TELEGEI

Home

Біртуарлар

Жанболат Аупбаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Біртуарлар

Мен бұл мақаланы неге жазып отырмын? Кəкімжан аға Қазыбаевтың80 жылдығына байла-нысты əу бастағы ойым басқа тақырыпты қаузау еді. Бірақ кейінгі кезде“Қошқарбаевты тапқан анау зерттеуші еді”, “Біз болмасақ, ұмытылып қалатын адам болатын ол”,– деген əңгіме көбейіп кетті. Соның салдарынан Рахаңды ең алғаш жазған, ширек ғасырдан астам уақыт бойы насихаттап, қоғамдық пікір қалыптастырған жəне мойындатқ

Жанболат ƏЛИХАНҰЛЫ (Аупбаев)

АЛМАТЫ

«ҚАЗАҚСТАН»

УДК 070

ББК 76.01

Ə 54

Бұл кітап Қазақстан Республикасы Мəдениет
жəне Ақпарат министрлігінің əлеуметтік
маңызды əдебиет тізіміне енгізілген
Жанболат Əлиханұлы (АУПБАЕВ).

Ə 54 Біртуарлар: - Алматы: «Қазақстан», 2008. - 408 б.

ІSBN 9965-10-087-Х

Ə 45020200000-05

00(05)-09

УДК 070

ББК 76.01

© «Қазақстан» 2009

ІSBN 9965-10-087-Х

© Əлиханұлы Ж., 2009

АҚ ПАРАҚ

(Алғысөз орнына)
Басқа біреу емес, талай жылдан бері əйгілі “Комсо-
мольская правданың” құтына айналған табиғат тамыршысы
Василий Песковтің өзі бірде оған былай депті:

– Сен өзің жап-жас жігіт екенсің. Мына ақ парақ

секілдісің. Өмірің жаңа ғана басталды. Көп бол са,
журналистік өмірбаяныңа бір-екі-ақ сөйлем ғана жазыл ған
шығар. Қалғанының бəрі аппақ. Сондықтан сен өзің белгілі
бір тақырып тауып ал. Əйтпесе, бəрі бекер...

* * *
Бұл Мəскеудің төріндегі жастар журналистикасының
шынайы шеберханасы “Комсомольская правданың” шаңы-
рағында, жазу өнерінің майталманы Песковтің бөлме-

сінде болған əңгіме. Сол кездегі Одақ астанасына тəжірибе
жинақтауға барған жас журналист табиғаттың тілін білетін,
төрткүл дүниеге танымал аға буын əріптесін іздеп күнде
келеді. Ол кісі редакцияда көп отырмайтын көрінеді.

Жолқапшығын арқалап, фотоаппаратын мойнына іліп,
дүниенің қойны-қонышын шарлайды да жүреді екен. Қос
ат мініп қусаң да ұстай алмайсың. Бір күні ол кезекті са-
пардан келеді. Атағы жер жарғанымен қарапайым адам

екені байқалады. Шынында да журналис тиканың жампозы
ешқашан мақаласының соңына Лениндік сыйлықтың лау-
реаты екенін көрсетпейтін. Тіпті аты-жөнін де толық жаз-
бай, “В.Песков” деп қана қысқа қайырып, қол қоятын. Ва-

силий Михайлович өзін іздеп, сонау қазақ жұртынан келіп
отырған қағілез қара жігітке ризашылық білдіреді. Сөйтеді
де əңгімеге тартады.

– Иə, жарқыным! Немен шұғылданып жүрсің өзі? Айтшы

маған?

– Жазып жүрмін...

– Ал не жазасың сонда?

– Не жазайын... Тапсырма береді. Зырылдап заводқа ке-

тем. Шапқылап шаруашылыққа аттанам. Барып келемін де
бұрқыратып жазам, – дейді бұл.

– Сен олай істеме, – депті сонда əйгілі əріптесі жас

журналистке. – Ондай науқандық тапсырмаларды сол
қолыңмен сүйкей сал. Ал өзіңнің рухани діңгегіңе айна-
латын дүниелеріңді оң қолыңмен жаз. Сонда үш-төрт жыл
өткен соң артыңда із қалады. Жазғаның ертең кітап болып

шығады. Ал қар тоқтату, мал төлдету, қора-қопсыны жөндеу
туралы жаздың делік. Мұның бəрінен ешқандай белгі
қалмайды. Оны ертең парақтайсың да терең бір күрсінесің.
Сондықтан тосын тақырыптың соңына түс. Нəтижесі жаман

болмайды. Сөйт, көгершінім!
Талайға арман болған “Комсомольская правданың”
шаңырағында отырып, Песковпен пікірлесіп қайтқан жи-
ырма алты жастағы Жанболат Аупбаев келген соң та-

лап тұлпарына қамшыны басты дейсің. Бұл кезде оның
“Лениншіл жастың” қабырғасында жүргеніне үш жыл бо-
лып еді. Бір тақырыпқа бейімделу орыс журналистерінің
дəстүрінде қашаннан бар үрдіс. Ылғи науқандық шару-

алардан көз ашпайтын жастар газетінің қызметкерлері
соларға қатты қызығатын. “Шіркін-ай, біз де осылай жазсақ
қой”,– деп армандайтын. Ол тұста қазақ баспасөзіндегі-
лердің ішінде бір тақырыпты қаузағаны некен-саяқ. Сей-

дахмет Бердіқұлов жас күнінен спорт тақырыбын серік етті.
Ақселеу Сейдімбек этнографиялық тақырыпқа бойлады.
Олардың соңын ала журналистикаға ат қосқан Жарылқап
Бейсенбайұлы сурет өнері туралы қалам тербеп, газеттің

“Аққу” эстетикалық клубын жүргізді. Кейін жолқапшығын
арқалап, Шоқан ғұмыр кешкен, ұлы ғалымның ізі қалған
мекендерді бетке алып, саяхатқа шықты. Аға буынның
ішінен белгілі бір тақырыпқа маманданған осы үшеуінің

ғана аты ауызға ілінетін еді.
Содан кейіпкеріміз Песковтың “Таңғы шық” деп аталатын
кітабына жазып берген қолтаңбасына қарап отырып, ойға

берілді. Тыңнан жол іздеді. Ақыры, жеке творчествосының
кілтін тапты. Тағдыры ерек, мінез-құлқы бөлек, айрықша
адамдар Аупбаев шығармашылығының алтын арқауына ай-
налды. Елді елең еткізген, талайды таңғалдырған, бұрын

беймəлім болып келген қазақтар жайында құлшына қалам
сілтеді. Əлем құлақ түрген оқиғалардың өз жұртына қатысты
қалтарыс тұстарын қазбалады, тосын құбылыстардың қыр-
сырын ашуға ұмтылды. Жер жаһанды қанға бөктірген

сұрапыл соғыс тарихындағы ақтаңдақтарды іздеп тапты.
Бұл жағынан ол қазақ журналистикасына “Комсомольская
правданың” үлгісін əкелді. Бірақ жазған дүниесінің бəрінің
өн бойында ұлттық ұстын айқын аңғарылып тұрды. Журна-

листикада жаңа жол тапқан Жанболат Аупбаев əр мақаласы
арқылы елді селт еткізетін жаңалық ұсынып, қалың Қазақ
елінен сүйінші сұрап отырды. Оның əрбір жарияланымы
келесі мақаласына жарнама болды. Сол кездің жастары

Жанболаттың жазғандарын жата-жастанып оқыды. Сөйтіп,
ол журналистік өмірінің ақ парағын өзгеше өрнектеп толты-
ра бастады.
Ақ парақ демекші...

Жанболат жалпы ақ параққа ерте қол созды. Ол алдымен
ақ параққа сурет салды. Зерделі бала өмірден ойға түйгенін
қағаз бетіне түрлі-түсті қарындашпен өрнектеді. Бір суретін
əлі күнге дейін қастерлеп сақтап қойыпты. Оны 1965 жылы

28 сəуір күні салыпты. Көктем келген мезгіл. Сөлімен
сеңнен деңгейі көтеріліп, төңіректі су алған өзен жағасы.
Жарқабақта жұмыр қарағайдан қиып салған үй сұлбасы
көрінеді. Одан беріректегі ағаш басында қараторғай ұясы

тұр. Арбиған бұтақтар мен күшіктей бастаған шыбықтар...
Былай қарасаң, сол жылдарда қазақтың бар баласы жаппай
салатын дəстүрлі сурет. Бірақ Жақаңның теректе отырған
торғайларының тұрқы бөлек. Тіпті торғайдан гөрі топшысы

қаттырақ басқа бір мақұлыққа көбірек келе ме, қалай? Алай-
да суреттің көркемдік шешімінде жай баланың өрнегіне
ұқсаңқырамайтын өзгеше бір үрдіс бар. Аупбаевтың құстары
өршеленіп, алға ұмсынып тұр. Яғни, өміршеңдіктің, өрлеу

мен өрмелеудің нышаны бар. Балаң туындыға психологтың
көзқарасымен үңілсек, автордың ұстанымы оптимизммен
орайлас екенін анық аңғарасың. Соны сезсе керек, сурет
пəнінің мұғалімі бұл “туындыға” “бес” қойыпты. Суретшіде

алдымен бояу, сосын көңілі ояу болуы керек деген қағидаға
жүгінсек, бала Жанболат тап осы өнерді шындап қуса,
ойлы тұжырым жасайтын қарымды қылқалам иесі болып
қалыптасқандай екен.

Содан кейін ол ақ параққа өлең жазды. Алғашқы өлеңі
1967 жылы аудандық газетке шықты. Бірақ ақындық
өнерді өзіне серік ете қойған жоқ. Себебі, адам ақын болып
қалыптаспайтын, керісінше ақын болып туатын көрінеді.

Табиғи таланттың тіпті өлеңді жазып əуре болмайтынын,
оның кеудесінен жыр дегенің өзінен-өзі ағыл-тегіл төгіліп
жататынын ерте ұқты. Мысал керек пе? Мінекей. Алыстан
іздеудің де қажеті жоқ. Тап осы Нарынқолдан шыққан екі

бірдей сұрапыл ақын ағасы Мұқағали мен Еркін дүниені
дүрілдетіп тұр. Жаза алсаң, соларша жаз! Ал олай болмайды
екен, онда... Сосын қойды өлеңді. Ортақол ақын болғанды
қаламады.

Бірақ ақ парақты қолынан тастамады. Енді оған
мақалаларын жазды. “Жақсы журналист болып та елге
қызмет етуге болады ғой”, – деген ойды ерте ұқты. Соған
мықтап бекінді. Үш-төрт-ақ орысы бар Нарынқол сияқты

алыстағы ауылдан қазақ мектебін бітіріп-ақ Кеңес Одағының
“Правда” секілді бас басылымының Қазақстан дағы тілшісі
болған Тельман Жанұзақов ағасы журналистикадағы
жампоздықтың үлгісін көрсеткен жоқ па?! Осы тұжырымға

тоқтаған жас өрен ақ армандарын тоғытқан ақ парақтың жа-
лына мықтап жармасты. Сөйтіп ақ ниетпен болашаққа жол
тартты.
* * *

Сексенінші жылдардың басында журналистика факуль-
те тіне оқуға түскен біздердің кумиріміз Жанболат Аупба-
ев болды. “Осы күнгі ең мықты журналист кім?”, – десең,
жастар бірауыздан Жанболат Аупбаевты атайтын. Таңертең

пошташы жатақхананың кіре берісіндегі үстел үстінде
“Комсомольская правданы” үйіп əкеп тастайды. Сол-ақ
екен, студенттер оны пышақ үстінен бөліп əкетеді. Бұл
басылымға сол тұста жатақханадағылардың бірі қалмай

жазылады. Өзі де газет біткеннің төресі. Үйренетін нəрсе
жеткілікті. Бұрынғы Одақтың қаламы қарымды журналис-
те рінің бəрі сонда шоғырланған. Фотоаппаратын өңгеріп,
адам аяғы баспаған қиырларды шарлауға құмар Василий

Песков, қоғам һəм мораль тақырыбының иін қандырып
илейтін Инна Руденко, ғарыш мəселелерін жілікше шағатын
Ярослав Головановтың мақалалары шыққан газет қолдан
қолға көшіп жүреді. Күніне елді елең еткізетін кемінде бір

танымдық дүние жарық көреді. Жапатармағай таласып-тар-
масып оқимыз.
Бұл тұстағы “Лениншіл жастың” да оқырмандар
арасындағы беделі “Комсомольская правдадан” бір кем емес.

Пошташы оны да қаптатып əкеледі. Сейдахмет Бердіқұлов
басқаратын басылым журналистерінің айдарынан жел есіп
тұр. Есімдері жалпақ жұртқа кең танымал. Ел ішіне сапарға
шыға қалса, халық оларды ғарышкерді күткендей əлпештеп

қарсы алады. Солардың ішінде əсіресе жұртшылықтың Жан-
болат Аупбаевқа деген ықыласы алабөтен еді. Ол “Лениншіл
жастағы” бұрыннан бар лиризмді берік ұстанумен бірге
“Комсомольская правда” мен “Литературная газетадағы”

драматизм мен психологизм үрдістерін жастар басылымы-
на батыл орнықтыра бастады. Сөйтіп оның мақалалары мен
очерктері осы ерекшеліктері арқылы елді ауық-ауық дүр
еткізумен болды. Жұрттың аузында тек соның аты жүреді.

Оқимыз. Қызығамыз. Таңғаламыз.
Қалай таңғалмайсың? Атақты қолбасшы Георгий Жуков
1945 жылы Жеңіс парадына мініп шыққан Араб атты сəйгүлік
біздің Луговойда өмірге келген Абсенттің “əкесі” көрінеді.

Осыны жылқы зауытына барып, жылнамаларды ақтарып
отырып, Аупбаев анықтады. Александр Матросовтың
ерлігін қайталағандардың бəрі шейіт болғаны белгілі. “Ма-
тросов ерлігі” деген ұғым – өлім себелеп тұрған пулеметтің

ұясын кеудеңмен жауып, өз еркіңмен жан тапсыру деген сөз.
Демек, тірі қалу мүмкін емес. Бірақ соған қарамастан одан да
аман қалған кісі бар екен! Оны айтасың, ол адам басқа емес,
өзіміздің қазақ болып шықты. Аты-жөні – Сабалақ Ораза-

линов. Əлі күнге дейін арамызда көптің бірі болып елеусіз
жүрген оны Аупбаев іздеп тауып, темір жол бойындағы
шағын күркенің ішінде отырып сағаттап əңгімелесіпті. Сол
Сабалақтың ғайыптан тайып, аман қалғанының арқасында

дүниеге келген ұлы Асқар Оразалинов кейін су добынан
еліміз құрамасының капитаны болып, аламан бəйгелерде
талай рет топ жарды. Ғарышқа алғаш рет самғаған Юрий
Гагариннің ұстазы қазақ екен. Оны да жалпақ жұртқа Жан-

болат аға таныстырды. Соғыс кезінде Батыс Қазақстан
аспанында жау ұшағы ойқастай бой көрсетіпті. Бірақ сол
неміс ұшағын көп еркінсітпей біздің ұшқыш таран жасап
соғып, Орда ауданының құмына құлатыпты. Мұның да жай-

жапсарын басқа емес Жанболат Аупбаев баяндайды. Əлемді
шарлаған əйгілі суреттің жайын айтсаңшы... Бір аяғы жоқ
майдангер Брест қамалындағы 1941 жылғы шайқасқан
жеріне жиырма жылдан кейін келіп, окоптың жақтауына

маңдайын сүйеп, жылап тұр. Бұл суретті Беларусь теле-
граф агенттігінің фототілшісі Михаил Ананьин түсірген. Ол
атақты публицист, Лениндік сыйлықтың лауреаты Сергей
Смирновтың “Брест қамалы” атты кітабында жарияланған.

Ал талай халықаралық көрмелерге қойылып, бүкіл дүние
жүзін шарлап шыққан “Соғысқа лағынет!” деп аталатын
осы суреттегі кісінің кім екенін білесіз бе? Сөйтсек, өзіміз
ҚазГу-дің коридорында күнде көріп, жанынан ойқастап өтіп

жүрген биофактың профессоры Владимир Фурсов екен.
Белгілі ғалым. Ғылым докторы. Тағдыры тым аянышты
көрінеді. Аяғынан жараланып, тұтқынға түскен. Жіліншігін
сондағы лагерьде кескізіп, өлім аузынан қалған. Көрмеген

қорлығы жоқ. Соның бəрінен аман-есен өткен. Көйлегін
құшақтап туған ба дерсің. Демек, жұртты естен тандыратын
жаңалық алыста ғана емес, іргеңде, тіпті иегіңнің астында да
тұратын көрінеді. Тек оны іздеп табу керек. Жанболат Ауп-

баев осы қағиданы қазақ баспасөзіне мықтап орнықтырды.
Міне, оның тағы бір тамаша дүниесін оқып отырмыз.
Құпиясы көп Көккөлдің жағасында күнұзаққа сарылып,
алып құбыжықты аңдыпты. Осы көлді мекен еткен аждаһа

ара-тұра басын көтеріп, төңірекке көз салады екен деген
қауесет тарап кеткен. Осыған орай арнайы келген беті. Сол
еңбегіне қарай əлгі елді дүрліктірген құбыжығы құрғыр
көл бетіне шыға қоймайды. Автормен бірге сол жексұрын

пəленің тезірек көрінуін сен де тағатсыздана күтесің. Бірақ
күткен ғұрлы берекетің кетеді. Көккөл құбыжығы əне-

міне дегенше аяқ астынан сопаң етіп, су бетінде пайда бо-
лып, журналист ағамызды асай-мүсейімен қосып жұтып
жіберетіндей көрінеді. Сөйтіп, мақаланың аяғына жеткенше
жүрегің суылдап, əбден діңкең құриды.

Бала көңіл бізге Жанболат Аупбаев қолынан келмейтіні,
іздеп таппайтыны жоқ мүмкіндігі шексіз адам секілді
сезілетін. Тіпті оның сол тұста сұм соғыстың небір қоясын
ақтарғаны соншалық, Матросовтың ерлігін Матросовтан

бұрын қайталаған қазақты тауып берсе де таңғалмайтын
едік.
Осының бəрі журналист мамандығын игеремін деп
Алматыға келген біз секілді бозөкпелерге қатты əсер етті.

“Қой, редакцияға барайық, атағы жер дүниені тітіретіп
тұрған Аупбаевты өз көзімізбен көрейік”,– дестік. “Мен оны
жақсы білемін, – деді тастай пысық курстасымыз Мұратбек
Тоқтағазин. – Менің жездем ғой ол. Біздің ауылдағы Лəззат

деген əдемі əпкемізге үйленген. Сендерді өзім ертіп апа-
рып таныстырайын”. Түнімен қалғып-мүлгіп отырып,
бұрқыратып жиі мақала жазатын Мұратбектің өзі күнде
“Лениншіл жастан” шықпайды. Бірде жездесіне барады,

бірде өзгесіне барады, əйтеуір кешке қарай жатақханаға бір
құшақ бу ала кіреді. Бірақ қолы тимеді ме, əлде ұмытып кетті
ме, Тоқтағазиннің бізді Жанболат Аупбаевпен таныстыру
рəсімі түрлі себептерге байланысты кешеуілдей берді. Со-

сын бір-екі жігіт Максим Горький көшесіндегі 50-ші үйді
бетке алып, тартып кеттік.
Сөйтіп, жетінші қабаттағы “Лениншіл жасқа” Жанболат
Аупбаевты іздеп келіп тұрмыз. Танысуға батылдығымыз

жете қоймас. Ең болмаса сыртынан көріп кетсек дейміз.
Ол кезде қазіргідей қит етсе журналистердің мақалаларын
суретімен қоса беріп жататын үрдіс жоқ. “Лениншіл жастың”
сайыпқырандарының атын естігеніміз болмаса, ешқайсысын

түстеп танымаймыз. Қарсы алдымыздан былғары күрте ки-
ген кербез жігіт ағасы шыға келді. Жүріс-тұрысы маңғаз.
Шашы қалың. Көзі оттай жанып, төңірегіне сынай көз та-
стайды. Мінез-құлқында паңдық бар. Атақ-даңқы дүрілдеп

тұрған Аупбаев дəу де болса осы шығар дейміз. Басқаша
болуы мүмкін емес. Қасына баруға жігеріміз жетпеді.
Айналсоқтап жүріп, біреулерден сыр тартып көрсек, Аупба-
ев емес, сол тұста есімі елге кең танылған сыншы Қамбар

Керейқұлов екен. Əрі қарай кеттік.
Əне, бір жігіт ағасы бөлмеден шығып барады. Шашы
ептеп бурыл тартқан. Бойы екі метрге жуық. Адымы кең.
Асықпай қозғалады, сыбырлаңқырап сөйлейді. “Бой-сойы

келіскен кісі екен, атақты Жақаң осы шығар”,– деп соның
ізінен ердік те отырдық. Ұзынтұра ағайдың соңынан қалмай,
газеттің машбюросына, одан əрі “Ленинская смена” басы-
лымы орналасқан арғы қанатқа да барып қайттық. Ол да:

“Бұлар неғып менің төңірегімде күйбеңдеп жүр?” дегендей
бізге жəймен ғана күдіктене көз тастап қояды. Бірақ сонша
аңдыған еңбегіміз ақталмады. Бұл ағамыз да іздеген кісіміз
емес, газеттің шаруа жастар бөлімінің меңгерушісі Саттар

Сапарбеков болып шықты.
Міне, тағы бір ағамыз бері қарай баяу аяңдап келеді.
Көзілдірік таққан, келбеті келіскен жігіт екен. Шашының
əрбір талына дейін қисаймай орнында тұр. Аса ұқыпты

екені бірден байқалады. Модалар салонының ішінен қазір
ғана жұтынып шыға келгендей əсер қалдырады. Ендеше,
мұнтаздай киінген мына кісінің Аупбаев болмауы мүмкін
емес. Бұл енді таза соның өзі. Тек барып амандасуымыз ғана

қалды. Сонда да алдымен анықтап алайық деп, жол-жөнекей
жолыққан бір кісіден сұрап едік: “Сендер не, жауапты хат-
шымыз Ерғали Сағатовты танымайсыңдар ма?”,– деп бізге
біртүрлі көзбен қарады.

Сөйтіп жүріп оны көрдік-ау ақыры. Қағілез қара жігіт
екен. Сол кезде оның ілгеріде Бауыржан Момышұлымен те-
лефон арқылы сөйлескенде “тырыли арық қарамын” дейтіні
есіме түсті. Бұл қалай ойымызға келмеген? Тез қимылдайды.

Бағанадан бері қасымыздан сан рет өткен-ді. Ол кісіні
Аупбаевтың дəл өзі деп кім ойлаған? Өте қарапайым əрі
кішіпейіл көрінді. Ал енді бізге сонысы қатты ұнады.
Ешқандай жасандылығы жоқ, табиғи мінез-құлыққа ие

мұндай адамдардың алдына мақалаңды еркін алып кіресің.
Терісіне сыймай сызданып отыратындарға мүлде жолағың
келмейді. Көп ұзамай журфактың студенттері Аупбаевтың
айналасына үйіріле бастады. Жазған-сызғанымызды алды-

мен соған ұсынатын болдық.
Бір күні атақты электрмен дəнекерлеуші Манат Ахметова

туралы очерк жазып апардым. Бұл сол кезде атағы дүрілдеп
шыға бастаған құрылысшы апамыздың Мəскеуде өтетін
съезге делегат болып ұсынылып жатқан кезі еді. Жанболат
аға қалың қағаздың арасында көміліп отырып, жазғанымды

көп жөндемей, ептеп қана мұртын басып, газетке ұсынды.
Менің
балаңдықтың
иісі

аңқып
тұрған
сүреңсіздеу
тақырыбымды “Қала оттары жымыңдайды” деп өзгертті.

Ұзамай жарқ етіп, “Лениншіл жасқа” шыға келді. Ол осылай-
ша жалғыз мен ғана емес, өзіміз қатарлы талай студенттің
қаламын қатырып тұрып ұштап берді.
* * *

Жақаң рухани нəрді өзінің отының басынан алыпты.
Əкесі қарапайым ұста болған. Қазақ ұстаны жақсы көреді
ғой. Оның үстіне қазір де көзі тірі, тоқсанға таяп қалған
Əлихан ақсақалдың тақуалығы керемет. Кеңес дəуірінде на-

маз оқыды. Ешкімнен қарыз алмады. Ешкімге қарыз болма-
ды. Өмір бойы орден-медаль дегендерге қарсы екен. Бұған
ол кісі адамдарды таластыратын, қызғаныш туғы затын
жағымсыз нəрсе деп қарапты. Осы мінез Жақаңа да дарыған.

Бəйгеге суырылып көп түсе бермейді. Жеткен биігінің бəрін
қанағат қылады. Мақаласының соңында тұрған аты-жөнін
марапаттың бəрінен де артық көреді. Біреудің алдына түсемін
деп ешқашан жанығып ұмтылған емес. Атақ-абыройы, бақ-

несібесі мұны өзі іздеп тапты. Соған қарамастан Алматыдағы
журналистика энциклопе диясын шығарушылар Жақаңды
жинаққа енгізуді “ұмы тып” кетіпті. Бəлкім: “Ол кісінің өзі
де бір энцик лопе дия ғой”,– деген шығар.

Шешесі əкесіндей емес, мінезді кісі екен. Тілге өте
жүйрік. Адамның ойына келмейтін, ел естімеген мақал-
мəтелдерді түйдектете айтып тастап отырған. Оның
айтқан тіркестерін қазақтың тіл ғылымының тарланда-

ры түзген фразеологиялық сөздікті он қайыра ақтарсаң да
таба алмайсың. Мысалы: “Куəнің екі беті қап қара”, дейді.
Əдепкіде əр нəрсеге зерек ұлдың өзі осыны ұқпай қалатын.
Сөйтсе, куə деген дауласқан екі жақтың ортасында қалған

бір бейшара екен ғой. Анаған да, мынаған да жалтақтайды.
“Елемеген бұта көз шығарады”, деп ескертіп отырады. Шы-
нында да солай ғой. Байқамасаң басыңа тас боп тиетін нəрсе
аз ба... Көрпесі жиналмай, үйінің іші шашылып жататын

əйелдерді көрсе: “Ақсары алып қашқандай”, деп күйінеді
екен жарықтық. Бала Жанболат “ақсары” дегеннің не екенін
түсіне қоймайтын. Соған есейгенде көзі жетті. Бірде өзен
жағасында отырды. Мамыражай тыныш тіршілік. Сиырдың

жапасын шоқыған қара қарға, шықылықтаған сауысқан,
жөнімен жайылған мал... Бір уақытта бір құс келіп əлгілердің
ту-талақайын шығарды. Ақсары деген нəлет сол екен. Өте
бір тентек кішкене ғана берекесіз құс. Даусы да жаман.

Тыныштықтың шырқын бұзып, бəрін алатайдай бүлдірді де
кетті. Соның кесірінен жаңағы тіршілік иелерінің əрқайсысы
əр жаққа қашты. Осындай сөздерді сəт сайын тоғытып оты-
ратын ел ішіндегі көзі тірі “фразеологиялық сөздік” – Нұрша

апамыз Жанболаттың бойына сөз құнарын əбден сіңіріп ба-
рып, 1998 жылы өмірден өтті.
Ел жаппай бас қойып оқыған мақалалар мен очерктерге
дерек іздеу оңайға түскен жоқ. Қолға түспейтін кейіпкерлерін

дамылсыз аңдыған кездері болды. Əйгілі публицист Генрих
Боровикті Павлодардың қонақ үйінде ұйқы көрмей түнімен
күтіп отырды. Жанына барайын десе, шіренген шенеуніктер
қақпайлап жолатпайды. Содан түннің бір уағында құрметті

қонақты Мəскеуге ұшырып жіберудің алдында жолаяқ жа-
сап жарбаңдағандарға қарамай атақты əріптесінің бөлмесіне
кешірім сұрап кіріп барды. Басқаша жол жоқ еді. Генрих Бо-
ровик – 1967 жылы АҚШ-та АПН-ның тілшісі болып, баяғы

Уақытша үкіметтің басшысы Керенскиймен əңгімелескен
адам. Оның: “Мен 1917 жылғы 7 қарашада Қысқы сарайдан
əйелдің киімін киіп қашқаным жоқ. Тарихшыларыңыз солай
жазып жүр. Қақпадан Америка елшілігі жіберген машинаға

мініп кеткенмін. Құдай үшін елге соны жеткізіңізші”, – деген
жалынышты дауысын өз құлағымен естіген, халықаралық
дəрежеде мойындалған қаламгер. Павлодарға өзі келіп
тұрған осындай “олжаны” қолдан жіберіп алу ағаттық бо-

лар еді. Ғажабы сол, Генрих Авиэзорович өте инабатты адам
екен. Жалпаңбайлардың өз бөлмесінен шыға тұруын өтінді
де жас тілшіге жарты сағат бойы сұхбат берді. Осы кезде
оның Алматыдан бірге еріп келген əріптестері қонақ үйдің

бөлмесінде шалқасынан түсіп, тəтті ұйқының құшағына

беріліп жатыр еді. Бұл бір ғана мысал. Жанболат аға
барлық мақаласының кейіпкерлері мен деректерін осылай
жанкештілікпен іздеді. Соның бəрін тереңнен толғанып, ар
ісінің азабымен арпалысып отырып, жүрегімен жазды. “Жас

Алаштың” оқырмандарын дүр сілкіндірген талай дүниенің
редакциядағы жұмыс кабинеті мен үкінің ұясындай
қазыналық пəтердің айналымға келмейтін кухнясында
жазылғанын бүгінде біреу білсе, біреу білмес.

Ол қазақтың тұғыры биік бес басылымында қызмет істеді.
Жастығын “Жас Алашқа” арнады. Байыпты байламдарын
“Қазақстан коммунисінде” қалдырды. “Халық кеңесінде”
шығармашылығының жаңа тынысын ашты. Аты өзгерген

“Ақиқатты” парасатты пайымдарымен байытты. “Астана
ақшамының” ізашары болып, оның соны сүрлеуге түсуіне
үлес қосты. Қазір аға газет “Егемен Қазақстанда” бас редак-
тор болып отыр. Мұнда келген соң “Етжеңді “Егемендіні”

елмен қауыштырды. “Жəдігер” жинағы арқылы газеттің та-
рихын түзді. Аға басылымдағы 11 жыл ішінде “Потаниннің
туысы”, “Балуан Шолақтың немересі”, “Ас!”, “Конструктор
Калашников”, “Номад”, “Тянь-Шанның ковбойы”, “Димаш

ағаның дəрігері”, “Тимур”, “Қойшыбай мен Тойшыбай”
секілді 100-ге жуық танымдық мақалаларды өмірге əкелді.
Басшылық қызметте жүрсе де жазудан қол үзген жоқ. Ең ба-
стысы осы да.

* * *
Ол əлі күнге дейін өзінің журналистік ғұмырының ақ
парағын тағдыры ерекше, болмысы бөлекше адамдар туралы
ойлы жазбалармен, тың деректермен, мəнді мəліметтермен

толтырып келеді. Бірақ оны кір шалдырмай үнемі таза
ұстады. Аупбаевтың ақ парағына қаламның сиясынан басқа
ештеңенің дағы түскен емес.
Бауыржан ОМАРҰЛЫ,

Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитетінің төрағасы,
филология ғылымдарының докторы,
профессор

НАМЫСҰЛЫ

Не болғанының бəрін тəптіштеп айтып жатпай-ақ қоялық, Баукеңмен алғашқы күнгі жүргізген “келіссөзіміз” сəтсіз аяқталды. Келесі күні ол кісінің үйіне қайыра қоңырау шалдық. – Əй, – деді телефонның екінші басындағы дауыс,– сен осы менен қанша шақырым жерде тұрсың? Бұл күтпеген сұрақ еді. Көкбазар қасындағы Баспасөз үйі мен Гоголь көшесіндегі “Радиотехника” дүкенінің арасын кім өлшеп көрген? Бірақ сұрақтың аты – сұрақ. Оған жауап бермеуге болмайды. – Бір шақырымдай жерде тұрмын, Бауке. – А, онда мəселе былай, қарағым. Маған Қазақ радиосынан адамдар келмекші. Егер олардан бұрын үйге кіріп кетсең, жолыңның болғаны. Ал, кешігіп, не əлгілермен қабаттасып, қосақталып келсең, онда маған өкпелеме. Қабылдамаймын. Баукең осыны айтты да телефонды дірілдете жөткірініп алды. Содан соң: – Бір шақырым дегенің жүгіре білген жанға жеті-ақ минуттық жол. Немене, қозы қарның бар ма еді? Онда қарызға бір-екі минут қосуға болады, – деді. – Жо-жоқ... Тырыли арық қарамын, Бауке... – Олай болса, мына ыстықта сорламайтын болдың. А нука, бегом марш! ...Асфальт көше бойымен аңыратып келемін. Еңкейіп отырған Емелев ескерткішінен өте бергенде, сағатыма қарадым. Редакциядан шыққаныма үш-ақ минут болыпты. Енді бір ышқынсам, жетіп-ақ қалатын сияқтымын. Санамда: “Бұл – ойын емес, бұл – тəртіп, бұл – бұйрық”,– деген сөздер жаңғырығады. ...Уақыт. Тарих. Осы қос ұғым бір-бірінен ажырағысыз. Белгілі бір уақыттың ішінде ұлы өзгерістер өмірге келеді, дүние жаңарып, ерлік істер туындап жатады. Ал, тарих... иə, тарих – уақыттың шежірешісі, адам баласының басынан өткен жайларының, ерлік істерінің куəгері. Ерлікті жасайтын кім? Адам. Ол уақыт пен тарихтың əманда жадында. Əлмисақтан белгілі осы қағиданы қаншалықты қайталағанымызбен, сол оқиғаны, сол жайды өз басынан өткерген жан болмаса, біз ол жайында тіптен көп білеміз деп айта аламыз ба? Жоқ. Кезінде Совет Одағының Батыры, генерал-майор И.В.Панфилов атындағы, Ленин, Қызыл Ту жəне Суворов орденді 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының батальон, полк командирі болған, одан соң 9-шы гвар диялық Қызыл Тулы атқыштар дивизиясының командирі дəрежесіне көтерілген, халық батыры деп елі сыйлаған Баукеңді – Бауыржан Момышұлын көргенде, біз, міне, осыны ойлап, осыны түсінгендей, осыған көз жібергендей халде едік. – Қоятын сұрағыңды қоя бер, бала. – Əңгімемізді Ұлы Отан соғысының 115-ші күнінен бастасақ, Бауке... – Е, ол күні не болып еді? Оның мұрты тікірейіп барып басылды. “Ашуланды-ау”?– деп ойладым ішімнен. Жоқ, олай емес екен. Əлден уақытта ол: – Айтар сөзіңді қитұрқыландырмай-ақ айтсаңшы, – деді өкпелі үнмен. – Сол күні, Бауке, 316-шы атқыштар дивизиясы Москва түбінде алғаш рет ұрысқа кірді емес пе? – А-а... Онда бұл сұрағың орынды екен, қарағым. 41-дің күзіндегі жағдай қандай еді, панфиловшылардың алғашқы шайқас жолдары неден басталды дегенді білмек болып отырсың ғой. Ол былай... 1941 жылғы октябрьде жау жаяу əскерлерінің – 42, танктерінің – 75, зеңбірек пен минометтерінің – 45, авиациясының – 31 процентін Отанымыздың астанасы – Москваны басып алуға жұмсады. Біздің Батыс, Резерв, Брянск майдандарының жауынгерлері осынша нөпір күшке қарсы тұрды. Генерал-лейтенант К.К.Рокоссовский басқарған 16шы армия өзінің қатарына біздің Қазақстанда жасақталған 316-шы атқыштар дивизиясын қосып алды да, Москваға

апаратын Волоколамск тас жолы бойында жауға өліспей
беріспей, тістесіп жатып алды.
14–16 октябрь аралығында панфиловшы жауынгерлер
алғаш рет шайқасқа кірді. Біздер дұшпанның танк жəне екі

жаяу əскер дивизиясына қарсы аянбай күрестік. Күш тең емес
еді. Соған қарамастан уақыттан ұту мəселесі алға қойылды.
Біздің жігіттер жиырма сегіз күн бойы дамыл таппады. Бұл
уақыт аралығында жау не бары жиырма бес шақырым ғана

алға жылжи алды. Соғыстың алғашқы күндерінде тəулігіне
25–30 шақырым алға басқан оларға бұл мимырт жүріс тым
қымбатқа түсті десе де болғандай еді. Мұның өзі 7-31 ок-
тябрь аралығында немістердің Москваға жасаған бірінші

шабуылының күйреуіне əкеліп соқтырды.
...15 ноябрьде фашистер 13 танк, 31 жаяу əскер, 7 мотор-
лы дивизиясымен Москваға екінші рет жойқын шабуылға
шықты. Мұндайды тарих бұрын-соңды көріп-білмеген еді...

Гитлер 1940 жылдың көктемінде Францияны жаулап алуға
11 танк дивизиясын аттандырғанда, бүкіл əлем шулаған-
ды. Енді ол Москваға қарсы жалпы саны 51 дивизиясын
жұмсағанда, адам баласының жаны түршікті. Міне, осы

сұрапыл соғыстың ортасында біздің панфи ловшылар да
жүрді. Жүріп қойған жоқ, өз қарсылас тарымен қас батырлар-
ша шайқасып, шайнасып жатты.
Осы жерге келгенде Баукең əңгімесін үзді де, үстел

үстінде жатқан “Қазақстан” сигаретіне қол созды. Темекісін
асықпай тұтатып алып, бір нүктеге қадалып үнсіз отырып
қалды. Не ойлады екен, жарықтық?
Иə, ол қиын уақыт еді. Ресейдің омбы қарларында,

батпақты ормандарында күші басым жауға қарсы бірнеше
күн бойы нəр татпаған, ұйқы көрмеген жауынгерлер аяу-
сыз күрес жүргізіп жатты. Өйткені болашақтың тағдыры
солардың қолдарында еді.

Əлемнің əлдебір түкпірінде жер-жиһан гүлдеп, музыка
əуеніне елтісе, Голливудта Чарли Чаплиннің қатысуымен
күлдіргі фильмдер түсіріліп жатты. Ал Швейцария курорт-
тарында тау шаңғысынан спорт жарыстары өткізілді. Алай-

да, дəл сол сəтте жер шарындағы адал ниетті əрбір адам
Москваның тағдырын ойлады. Өйткені осынау ұлы шайқас
барша адамзат тіршілігін шешуге тиіс болатын..
Осы кезде дивизияның даңқы шыға бастаған болар,

Бауке?

– 15 ноябрьде,– деді бүркіт қабағын бір дір еткізген

əңгіме иесі, – оны біздің дивизиядағы бірде қуанышты,
бірде қайғылы оқиғаларға ұласқан жəйттерден-ақ анық аң-
ғаруға болатын еді. Басқасын былай қойғанда мыналарды
алып қаралық. 16 ноябрь. Дубосеково разъезінде 50 жау

танкісінің жолын бөгеген 28 батырдың қазасы. 16 ноябрь.
316-шы атқыштар дивизиясын 8-ші гвардиялық дивизия деп
атау жəне оны Қызыл Ту орденімен наградтау туралы СССР
Жоғарғы Советі Президиумы Указының жария лануы.

ноябрь. Иван Васильевич Панфиловтың опат болуы.
6 декабрь. 8-ші гвардиялық дивизия жауынгерлерінің
басқа да əскери бөлімдермен бірлесе шабуыл жасай отырып,
Москва түбіндегі Крюково деревнясын жаудан азат етуі.

Декабрь айының басында Москва түбінде қорғаныс
ұрыстары тоқтатылып, ендігі жерде біздің əскерлердің
жойқын шабуылы басталды. Отанымыздың астанасына таяп
келіп қалған жаудың күші тойтарылып, 200 шақырым жер-

ге қуылып тасталды. Дұшпан Москва іргесінде 11 танк, 4
моторлы, 23 жаяу əскер дивизиясынан айрылды. Міне, ай-
наласы жарты айға жетер-жетпес уақыттың ішіндегі осы
оқиғалар біраз жайды аңғартпай ма?

Дивизияның Москва түбіндегі шайқаста атағы шықты.
Бірақ ол тым қымбатқа түсті. Өкініштісі сол, Қазақстанда
алғаш жасақталған (ол бізде құрылған 16 дивизия, 7
бригаданың тұңғышы еді) панфиловшылар дивизиясын дағы

18 мың адамның бəрінің бірдей ерлігі ел аузында қалған жоқ.
Мұнда əлі де аты аталмаған ерлер аз емес. Соғыс болған соң,
сол да, қарағым. Сондықтан да Москваға ұмтылған дұшпан
атаулының жұлынын үзген жандарға əр уақытта да ата-баба

тілімен айтқанда, топырақтарың торқа болсын деп басымды
иіп, тағзым етемін.
Баукең осы сөзін айтып болып, сөніп қалған темекісін
енді тұтата берген кезде, бөлмеге Жəмила апай кіріп Қазақ

радиосынан бір жігіттің келіп тұрғанын хабарлады.

– Ол ана бөлмеге кірсін. Қазір біз де сол жаққа барамыз.

Қарсыдағы есікті нұсқай орнынан көтерілген Баукең:

– Сен де жүр. Өзіңе қажетті деген жері болса, тыңдап, жа-

зып ал. Одан кейін ол тақырыпқа мені қайтып ма за лаушы
болма, – деді нығарлай сөйлеп.
Радиожурналист Юрий Шапорев төрт сұрақ əзірлеп
əкеліпті. Жарты сағат ішінде оның үшеуіне жауап беріп

үлгерген Баукең: “Батыр Бауыржан...” – деп басталатын
соңғы сауалға келгенде, қабақ шытты.

– Мен бұл сұраққа жауап бермеймін. “Батыр, батыр...”

деп несіне жар сала бересіңдер осы. Батырлығым жоқ, ал
батылдығымның бары рас.
Бұл сөзді естігенде, біздің ойымызға мынадай бір оқиға
орала берді.

Ұлы Жеңістің жиырма бес жылдығын тойлап жатқан
күні Совет Одағының маршалы Г. К. Жуков əдебиетшілердің
Москвадағы Орталық үйіне келеді. Ол сахнаға көтерілгенде,
залдағылар орындарынан тұрып: “Жеңістің авторы жаса-

сын! Ура!” – деп дауыстайды. Əлгі сөздерді естігенде, мар-
шал тұнжыраған күйде тұрып қалған.
Содан соң микрофонға жақындайды да, бұйрық беріп
тұрғандай қысқа да қатқыл үнмен: “Ұлы Отан соғысындағы

Жеңістің бірден-бір авторы – партия бастаған барша совет
халқы. Осыны мықтап есте ұстауларыңызды өтінемін”,–
дейді.
Маршал мен дивизия командирі. Олардың өздеріне берілген

бағаға деген көзқарастары... Қандай қарапайымдылық,
қандай кішіпейілділік. Аға ұрпақ өкілдері бүгінгі жастарды
өздерінің осы сөздерімен-ақ тəрбиелеп отырған жоқ па?

– Ұлы Отан соғысының алғашқы жылында неміс

армиясы Москва түбінде масқара болып, оңбай жеңілді, –
деді Баукең. Бұл фашистік қарулы күштердің генера литетіне
сұмдық зобалаң туғызды. Оны Гитлердің 1941 жылдың
декабрінде Москва бағытындағы шабуылға қатысқан 177

генералын шайқаста қабілетсіздік көрсетті деп айыптап,
армиядан мүлде аластауынан, фельдмар шалдар – Бок, Рун-
штед, Лееб пен моторландырылған 2-ші танк армиясының
қолбасшысы Гудерианды қыз меттерінен жұлып тастауынан

анық байқауға болатын. Ол ол ма, гитлерлік Германияның
құрлықтағы əскерлерінің бас қолбасшысы фельдмаршал
Браухич те өзінің қызмет орнынан осы кезде кеткен еді.
“Генералдардың мұндай тамұқ отында өртенуі, – деп еске

алды кейінірек ағылшынның əскери тарихшысы Фуллер,–
сонау Марн түбіндегі шайқастан бері болып көрмеген жайт”.
Менің мұндағы айтпағым, астана іргесіндегі бұл жеңісіміз
совет-герман майданында ұлы бетбұрыс болды, Батыстағы

мемлекеттердің “жеңілмейтін армия” деген сандырағының
күлі көкке ұшты, үшінші рейхтің генералитетіндегі əскери
мамандарды психологиялық дағдарысқа ұшыратты. Біздің
Қазақстанда жасақталған дивизияның осы ұлы шайқасқа

қатысып, Отан тапсырмасын абыроймен орындауы – зор
мақтаныш еді. Мен оны ойдан қосып отырғаным жоқ, бұл
өзі Ұлы Отан соғысының тарихында солай деп бағаланып,
солай деп айтылған. Тағы қандай сұрағың бар?

– Майдан даласында өзін-өзі құрбан ету, жанкештілік,

ерлік, қорқақтық... Соғыста мұның бəрі де болды ғой. Осы-
лар сіздің есіңізде қандай жағдайлар арқылы сақталып
қалды.

– Отан үшін өлімге бас тігу, ерлік... Бұл жайлар Бектің,

Момышұлының кітаптарында аз жазылды деп ойлайсың ба,
жоқ əлде соларды қайтадан айт деп тұрсың ба? Ертеректе
“Төлеген Тоқтаров” деген əңгіме жазғанмын... Білмегеніңді
содан біл, содан жауап аласың. Ал қорқақтық деген сөзіңе

келетін болсақ: “Соғыста мен қорықпадым”,– деген адам
болса, маған жібер. Көрейін. Онда адамдар неге қорықпасын?
Қорықты. Бірақ мұны өлімнен бас сауғалап қашу деп емес,
мынадай мағынада, мынадай жағдайда түсінген жөн.

Соғыс басталған күннің кешінде Батыс майдандағы
əскери Əуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майо-
ры Копец өзін-өзі атып өлтірді. Бұл не, қорқақтық: па? Жоқ,
ол кезінде халықтық Испанияға көмекке барған интернацио-

налдық бригаданың нағыз жаужүрегі, фран ко шылардың
тəубасын келтірген батыл ұшқыш болатын. Қызу қанды,
албырт қолбасшы фашист авиациясының опасыздықпен
баса-көктеп кірген шабуылынан алғашқы күннің ішінде

жоғалтқан
аэродромдарына,
қапы
қалған

қаһарман
ұландарының қазасына күйіп кетіп, соған шыдай алмай опат
болды. Мұны қорқынышпен, қорқақтықпен шатастыруға
болмайды, қарағым.

Ал нағыз қорқақтық деген не сонда? Соғыста оны да
көруге, байқауға тура келді. Нағыз қорқақтық деген өлімнен

қорқу емес, майдан алаңындағы сол сəтте, сол сағатта бо-
лып жатқан қиындықты, шындықты жасырмай айтудан
тайсақтау, жауапкершілікті өзіне алмай, басқа біреуге ауда-
ру. Соғыста одан өткен қауіпті, одан өткен қатерлі нəрсе жоқ.

Өйткені мұндай қорқақтықтың арты біреудің қымбат өмірін
қиюмен немесе көп құрбандыққа жол берумен аяқталатын.
Тегінде, адам баласы қызу ұрыс үстінде өлім туралы
ойланбайды. Жау оғы батырға тие ме, су жүрек қорқаққа

тап келе ме, оны ол таңдап та жатпайды. Бұл қатер көзге
көрінбей, алды-артыңды орағытып жүреді деуге болады.
От пен оқ ішіндегі арпалыста ол шіркіннен аман қалсам деп
үміттенудің өзі – тым тайғанақ үміт. “Ең жақсысы – оны

естен мүлдем шығарып жіберу”,– дейтінбіз біз жауынгер-
лерге.

– Отан солдаты Бауыржан Момышұлының өмірі, творче-

ствосы – жастарға əскери-патриоттық тəрбие берудің тама-
ша үлгісі. Кейінгі жеткіншек ұрпақты еліміздің ерлік тари-
хымен терең таныстыра түсуде, ерлік дəстүріне тəрбиелеуде
ардагер ағаның тағы қандай ойлары бар? Енді соны білсек...

– Біз өзі эпоспен ауызданып, сонымен өмір сүрген

халықпыз, бала. Шыбындаған аттай шұлғи бермей, оны
ана қалқаңқұлағыңа құйып ал. Ата-бабамыздың тарихын-
дағы ерлік, батырлық қасиеттеріміз сол эпостан нəр алып,
дамыған. Оның алтын арқауы, адал тəрбиесі кешегі Ұлы Отан

соғысындағы қазақ жігіттерінің бойынанда үзілген жоқ. Біз
кезінде соған қуанып, соны мақтаныш тұттық. Бүгінгі жас
ұрпақ халқымыздың ерлік гимні – батырлар жырына сергек
те сезімталдықпен қараса, оқыса екен деймін. Олай дейтінім,

ерлік дəстүріне тəрбиелеудің табиғи əліппесі, міне, осында.
Жеткіншек ұрпақты еліміздің ерлік тарихына баулуда
азамат соғысының отты жылдарындағы, Ұлы Отан соғысы-
ның сын сағатындағы жаппай ерліктер өзінше бір үлкен мек-

теп. Бұл бүгінгі жастар жадынан шығаратын нəрсе емес.
Халық батырымен арадағы əңгімені бұдан əрі соза бер-
сек, ескерту естіп қалармыз деген оймен кетуге жинала
бергенімізде, ол кісі оң қолымен ишарат жасап, орындыққа

қайтадан отырғызды.

– Мен сендерге көп ұрсатыным бар, – деді ардагер аға

жөткірініп қойып,– оны орынсыз қыжырлыққа санамаң-
дар, қарақтарым. Бұл тиісуге қара таппағандықтан емес,
халқымызда: “Ата – балаға сыншы”, – деген дана сөз бар.
Ұрыссам – бойларыңдағы мінді көріп қалып ұрсамын.

Көрген кемшілікке көз жұмып қарау – қасиетімде жоқ нəрсе.
Өмірде жалтақ болмаңдар, біреудің аузына қарап, соның
айтқанына көніп, айдауына жүруді ізеттілік осы екен деп
жаңсақ түсінбеңдер. Үлкеннің айтқанын екі етпеу, сөзге

тоқтау – сыйластықтың, əдептіліктің əліппесі екені рас.
Бірақ тек сонымен шектеліп қалушылық жас адамға пай-
да бермейді. Оған қосымша өзіңнің кісілігің, жол білер
азаматтығың болуы керек. Əйтпесе біреудің айтқанына

көніп, айдауымен жүру немесе “барып кел, алып келдің”
адамы ретіндегі қолбала болу жасқаншақтыққа, кіріптар-
лыкқа ұшыратады. Сендер бейқұт, жақсы заманда уызға
жарып туған ұрпақсыңдар. Сондықтан батыл болыңдар,

жүректеріңде жігер, көздеріңде от ойнап тұрсын. Понятно,
тебе!

– Түсіндім! – дедім қарт кісінің алдында барынша

ширақ болуға тырысып.

– Олай болса, жөнел, бала. Мен шаршадым, дем алайын.

Осы бір сөзді айтып, Баукең сұқ саусағымен орныңнан
тұр дегендей белгі берді. Қағаз, қарындашымды жинап жа-
тып, қартқа қайыра көз салдым. Үй иесі қаққан қазықтай бо-
лып тіп-тік отыр екен. “Шаршағаны қайсы, жарықтық тың,

əлі ширақ қой”, – деген оймен есікке бет алдым.
* * *
Бұл əңгімені осымен аяқтауға болар еді. Бірақ, халқы-
мыздың аяулы перзенті Баукеңнің өмірінің соңғы кездеріне

қатысты төмендегі екі-үш мөлтек сəтті оқырмандарға ха-
бардар етуді өзіміздің парызымыз əрі міндетіміз санадық.
Соның біріншісі, 1981 жылғы 14 июльдегі 8-ші гвардиялық
диви зия құрылуының 40 жылдығы қарсаңындағы кездесу-

ден кейін арада үш ай өткен соң, редакцияның тапсырмасы-
мен ол кісіге тағы да телефон соғуыма тура келді. Баукеңнің
“Известия” газетінің 1981 жылдың 24 ноябріндегі санында
“Мəңгі өшпес ерлік” (ескерте кетелік, бұл оның орталық

баспасөзде жарияланған соңғы дүниесі еді) атты мақаласы

жарияланды да, сол дүниені жастар газетіне аударып басу
үшін, автордың рұқсатын алуымыз қажет болды. Біздің бұл
өтінішімізге ол кісі келісім бермеді.

– Керегі жоқ, – деді. Баукеңнің сондағы қарлығыңқы

үні құлағымызда əлі шыңылдап тұр. – Əуре болып қайте-
сіңдер. Құдайға шүкір, бүгінгі елдің бəрі оқыған, сауатты.
Оларға менің дүнием керек болып жатса, қажет деп тапса,
сол шыққан газеттен тауып алсын. Аудармаңдар!

Арада арбаның дөңгелегіндей айналып ай өтті. Бұл аста-
намыз Алматының миллионыншы тұрғыны өмірге келген
Жаңа жыл қарсаңы – 31 декабрь болатын. Қуа нышты ха-
бар! Одақтағы миллион тұрғыны бар қалалар қатарына 22-

ші болып Алматы да қосылды. Ал “Миллио ныншы адам
кім еді?” – дейсіздер ғой. Ол – “Алмаата промстрой” тресіне
қарасты № 22 құрылыс-монтаж басқармасында балташы-бе-
тоншы болып істейтін Дəулет Қадырсызов пен сол трестің

сылақшысы Гүлназия Жақы пованың тұңғышы – Бауыржан
есімді сəби болатын. Бауыржан! Алматының миллионыншы
тұрғынына Бауыржан есімі қойылуының өзі қандай жара-
сымды. Мұнда жас сəби батырлығымен атағы жер жарған ай-

бынды атасы Баукең есіміне лайық, еліне, халқына ардақты
азамат болып өссін деген игі тілек, ізгі ниет жатқандай. Біз
сол сəтте Ұлы Отан соғысынан кейін дүниеге келген сансыз
Бауыржандардың ең кішісі туралы хабарды дереу Баукеңе

жеткізіп, интервью алу үшін телефон құлағын бұрай
бастадық. Ол бұл хабарды толқи отырып естіп білді де, бізді
үйіне шақырды.

– Сəбиге қандай тілек тілер едіңіз? – дедік біз журна лист

Жарылқап Бейсенбаев екеуміз ол кісіге қосарлана сұрақ
қойып. Сауалды асықпай тыңдап алған майдангер-жазушы
темекісін будақтата сəл ойланып отырды да, былай деді:

– Біраз күндерден бері тұмауратып үйде жатыр едім.

Бүгін қуанышты хабар естідім. Дүниеге қаламыздың
миллионыншы тұрғыны болып бір сəби келіпті. Сəбидің
атын Бауыржан қойыпты. Əрине, шүкір, Қазақстанда
менен басқа да Бауыржандар аз емес. Солардың ішіндегі

жасы үлкен жасамысы да, жолы үлкені де мен екенім
белгілі. Менің жасым қазір жетпістен асып кетті.
Сəбидің дүниеге келгені қашан да қуаныш. Ата дəстүрі
бойынша, бүгін өзім ақсақал ретінде қуанып отырмын. Мен

əуелі сəбидің ата-анасына нəрестенің бауы берік болсын ай-
тамын. Бауыржан есімді сəби дені сау болып өсіп, ер жетіп,
өз қатарынан қалмай, болашақта туған Отанының ортан
қолдай азаматтарының бірі болсын деп, ақ ниетпен ақ ба-

тамды беремін!

– Сəби Алматыда туды, – деді бұдан соң Баукең,–

менің өз басым баяғыда осы қаламызды кішкентай ста-
ница кезінде көргенмін. Бұл заманда ол өсіп, өркендеп
кетті. Қазақстан сияқты үлкен республиканың атына лайық
астана болып отыр. Оның экономикасының, мəдениетінің,

ғылымының, білімінің дамуы да ерекше қарқынды. Мұнда
жас ұрпақтың жақсы тəрбие алып өсуіне барлық жағдайлар
жасалған. Мен өз тарихындағы елеулі оқиғалардың бірін
атап өтіп отырған астанамызға алдағы уақытта өркендеп,

даңқың асып өрлей берсін деп тілеймін!
Əсірелеп, боямаңдар. Мен не айттым, соны қағазға
түсіріп тасқа басыңдар, – деді атамыз өз сөзін аяқтай келе.
Біз бұл тілекті орындайтынымызды айтып уəде бердік.

Ертеңінде жастар газетінде батыр жайындағы материал
жарық көрді. Бұл – Баукеңнің төлтума баспасөзімізге берген
соңғы сұхбаты еді.
Содан арада бес ай, он күн өткен соң, Баукең дүниеден

қайтты. Сөйтіп, туған елдің тастүлегі – Намысұлының
жүрегі мəңгілікке тоқтады.
1981 жыл.

ҮЛКЕН

КІСІ

– Қадірлі Димаш аға! Біз көзі қарақты үлкен-кішінің

бəрі сіздің ғибратты өмір жолыңыз бен атқарған
қызметіңіз жайлы жақсы біледі ғой деп ойлаймыз.
Бірақ өзіңіздің туып-өскен жеріңіз, ата-анаңыз, сəбилік,
балалық шағыңыздың қалай, қай жерде өткендігі тура-

лы тұстарға келгенде, жасыратыны жоқ, көпшілігіміздің
мүдіріп қаларымыз анық. Себебі, олар сіздің жұртқа
белгілі ресми өмірбаяныңызда таратылып айтылмай,
бір-екі сөйлеммен ғана тұжырымдалып кетеді. Ендеше,

əңгімеңізді міне, осы сұрақтарға жауап беруден бастасақ
дейміз. Бұған қалай қарайсыз?

– Түсінікті. Менің ата-бабаларым мал шаруашылығын

кəсіп еткен жандар екен. Ауылымыз Құйған маңайындағы
Күрті мен Іле өзені жағалауын мекендеп, бертінірек келген-
де тау бөктеріндегі Алматы өзенінің оң жағалауына тұрақты
түрде қоныс теуіпті. Тарих үшін керек болар, көнекөз қария

ретінде айтарым, жоғарыдағы аталған жерлер Ұлы Қазан
төңкерісіне дейін Жетісу губерниясының Верный уезіндегі
Төменгі Іле болысына қараса, ал Кеңес өкіметінен бергі
кезеңде Алматы облысының Балқаш, Күрті аудандары

территориясының құрамында болып келеді.
Атам Жұмабай жас кезінде мұсылман мектебінде оқып,
оны үздік бітіргеннен кейін еңбек жолын осы аймақтағы
қазақ, татар балаларына дəріс беруден бастайды. Сөйтіп

жүргенінде 1885 жылы менің əкем Меңліахмет өмірге
келеді де, атамыз оны 14 жасқа толысымен Верный көпесі И.
Ғабдолуəлиевтің шаруашылығына жұмысқа орналас тыра-
ды. Ал өзі содан кейін көп ұзамай Түркия арқылы Сауд Ара-

биясына сапар шегіп, Мекке мен Мединеге қажылық етуге
барған. Одан ол Үндістан мен Ауғанстанды басып өтіп, 1905
жылы отбасы, ошақ қасына аман-есен оралады. Əкем 1917
жылға дейін көпес И. Ғабдолуəлиевке жалданып жұмыс

істеді де ешқандай оқу орнын бітіре алмады. Бірақ соған
қарамастан өз бетінше білімін көтерудің арқасында орысша-
қазақшаға өте сауатты болды. Кеңес өкіметі тұсында ол кісі
Алматы облысының ауыл шаруашылық жəне сауда орында-

рында жұмыс істеді. Содан соң зейнеткерлік еңбек демалы-
сына шыққаннан кейін көп уақыт өткен соң, 1976 жылы 90
жасқа 3 ай қалғанында дүние салды. Осы арада анам Зухра
Байырқызы туралы да бір-екі ауыз сөз айта кетейін. Шешем

Зайцевка (қазіргі Алматы облысының Шелек селосы) елді
мекеніндегі кедей шаруаның қызы еді. Ибалы, мейірімді осы
бір ғазиз жан əкеммен бірге 70 жылдан астам шəй деспей,
тату-тəтті ғұмыр кешіп, 1973 жылы 86 жасында көз жұмды.

... Мен өзім біздің отбасымыз Верныйдың Сарқант
көшесіндегі Ивановтардың үйі деп аталатын мекен-жайды
жалға алып тұрғанында дүниеге келіппін. Ол жер қаланың
Үлкен станица жағында еді. Кейін мен екі жасқа толғанымда

əкем басқа жерден шағын ғана жеке үй салыпты да соған
көшіп кіріппіз. Балалық жастық шағым өткен осы үйді əлі
ұмытқаным жоқ. Оның барлық көрінісі бүгінге дейін көз ал-
дымда. Мекен-жайымыз Старокладбищенская көшесіндегі

12-ші үй деп аталатын. Кейін ол Вокзал көшесі, одан сон,
Сталин, ал тіптен бертініректе Коммунистік проспекті де-
ген атауларға ие болып келді де, таяуда тағы да өзгертіліп,
Абылай хан есіміне ие болды. Осыдан 80 жылға жуық уақыт

бұрын салынған біздің сол үйіміз қазір жоқ. Ол баяғыда-
ақ бұзылып, оның орнына электр товарларын сататын ма-
газин бой көтерген. Сонымен інішек, алғашқы сауалыңа
қадір-халімше жауап бердім ғой деп ойлаймын. Өйткені,

туып-өскен жер, ата-ана, сəбилік, балалық шақ туралы сөз
қозғалғанда мен сияқты қарт адамның еске түсіріп айтары
міне, жоғарыдағыдай жайлар болса керек.

– Сіз жақсы білесіз, əлемге мəшһүр шешен де, көпті

көрген көсем де... бəрі-бəрі өздерінің ең ұмытылмас
кездері туралы сөз қозғағанында, əңгіменің əлқиссасы
деп алғашқы оқыған мектебін, тұңғыш ұстазын, бір пар-
тада отырған кластастарын еске алудан бастайды. Осы

орайда сіз білім ұясының табалдырығын қашан, кай
жерде аттадыңыз, ең алғашқы мұғаліміңіз кім еді, құрбы
құрдастарыңыз..., олардың кейінгі тағдыры қалай бол-
ды деген сауалдардың өз-өзінен туындары анық. Бұған

не деп жауап берер едіңіз?

– Иə, адам санасында əсіресе оның мектеп қабырғасында

өткен жылдарының ұмытылмай, ұзақ сақталатыны рас.
Мұның ақиқат шындық екендігіне осыдан үш жыл бұрын
мен тағы бір рет анық көз жеткіздім. Қалай дейсің ғой? 1988
жылы “Өзім өмір сүрген уақыт” атты естелік кітабымды

жазуға отырғанымда көп нəрсені, соның ішінде осыдан 65-
70 жыл бұрынғы мектебім мен ондағы ұстаздарымды да еске
алуыма тура келді. Ғажабы сол, оларды мен ұмытпаппын!
Соның кейбіреуін жүйелеп айтар болсам ол былай.

Білім ұясының есігін тұңғыш рет мен қаладағы Алма-
ты (қазіргі Емелев) көшесінің бойында орналасқан Чер-
нышевский атындағы № 19 мектепте аштым. Бұл бірінші
басқыштағы төрт жылдық бастауыш білім ұясы еді. Оны

түгескен соң екінші басқыштағы орта білімді қазіргі Ал-
маты кондитер фабрикасы тұрған жерде орналасқан № 14
мектепте алдым. Сондағы ұстаздарымды, олардың шəкірт
тəрбиесі десе ішкен асын жерге қоятын еңбекқорлығын күні

бүгінге дейін ұмытқаным жоқ. Мəселен, математикадан
сабақ берген С. И. Соколовты, физика пəнінің мұғалімдері
А. А. Астраханцев пен И. П. Масленниковты, табиғаттану
жəне география мамандары Туғарин мен Б. Н. Дублицкийді,

қоғамтанудан сабақ берген Е. Войцеховскийді ылғи да алғыс
сөзіммен еске алып отырамын. Сөз реті келіп тұрғанда мені
орыс тілінде сауатты жаздырып, жатық сөйлеуге өлшеусіз
күш-жігер жұмсаған тіл мамандары Анна Павловна мен Лю-

бовь Александровнаның есімдерін де ерекше атап айтқым
келеді. Жүрегіне ізгілік шуағын ұялатқан осы ұстаздарымның
біреуі Анна Павловнамен кейін мен арада көп уақыт өткен
соң кездескенім бар. Бұл 1955 жылы еді. Онда мен Қазақ ССР

Министрлер Кеңесінің Төрағасы болатынмын. Қат-қабат
қарбаласқа толы жұмыс күндерінің бірінде маған қарт əжей
телефон соғып: “Аты-жөнім Анна Павловна. Ұмытпасаңыз,
бір кездері № 14 мектепте сабақ берген ұстазыңызбын”, –

деді де мүмкін болса қабылдауымды өтінді. Неге ұмытайын
ол кісіні... Мекен-жайының қай жерде екенін сұрап ал-
дым да дереу көлік жібертіп, жұмыс күнінің аяғына та-
ман шақыртып алдым. Сол кеште шашы аппақ қардай боп

ағарып, кəрілікке мойын ұсынса да жинақы жүрісінен, таза киім киісі мен жоғары мəдениетті сөзінен танбаған зиялы қарт ұстазыммен ұзақ отырып əңгімелесіп, сырласқаным бар. Ол кісі қайтарында өзінің тұрғын үй мəселесіне байланысты қиналып жүргенін айтып, қол ұшын беруімді өтінді. Мен Анна Павловнаның бұл келісін ең алғашқы əрі ең соңғы жолығысу деп қабылдадым да өтінішін көп кешікпей-ақ қанағаттандырдым. Мектептегі өткен жылдар... Бұл кезең менің есімде сондай-ақ ұстаздарымның өз мамандығына берілген адалдығы мен, ал шəкірттердің мұғалімдерге деген шексіз құрметімен сақталып қалды деп батыл айта аламын. Əрине, білім ұясының қабырғасында жүргенде мен жақсы оқыдым. Бірақ топтан жеке дара қара үзіп шыққан, сөйтіп жұртты сол кезде-ақ таңғалдырған озат оқушы болып едім деп мақтана алмаймын. Өйткені талап дегеніңіз өте күшті еді. Шəкірттік кездегі есімде қалған тағы бір жəйт мынадай: мектебімізде “бригадалық əдіс” деген оқу тəсілі кеңінен қолданылатын. Оның мақсаты – екпінді, озат оқушының сабақты нашар үлгеретін жолдасын “жетекке” алып, алдыңғы қатарға қосуға сөз беруі еді. Мұндай көмектің сөз жоқ, пайдасы, нəтижесі болмай қоймайтын. Біздер міне осылай оқып, осылай ержеткенбіз. – Тағдыр, өмір жолы дегеніңіз кызық қой. Мəселен, аты əлемге əйгілі хирург Н. М. Амосов өзінің өмір жолын алғашында конструкторлықтан бастаса, маршал А.М.Васи льевский “Барлық өмірімнің мəні” атты мемуарында жас кезінде агроном болғысы келген ойын айтады. Бірақ... иə, бірақ бұл адамдар тарихтағы өз орындарын кейін біреуі медицина əлемінен, екіншісі əскери ғылым саласынан тапқаны анық. Ал, сіздің жастық шағыңызда сондай кейбір армандардың кеудеңізде бүр жарған сəті болды ма? Болса, қандай мамандықты меңгеруді қалаған едіңіз? – Əркімнің өмір жолы əртүрлі ғой. Əу бастағы жүрек қалауым солай болды ма, жоқ əлде шынымен болашақ мамандыққа деген сенімнің күштілігі ерекше əсер етті ме білмеймін, əйтеуір мен оң мен солымды танығанымнан бастап бір ғана арманның жетегінде болғаным анық. Ол сонау мектеп қабырғасында жүргеннің өзінде-ақ тау-кен инженері болсам деген ой еді. Бұған себеп болған нəрсе меніңше мына төмендегі екі жəйттен бастау алған сияқты. Оның біріншісі, тау-кен ісімен шұғылдану сол кездегі біздің ұлт өкілдері үшін өте сирек мамандыққа қол созу болып саналса, екіншісі, тұңғыш қазақ инженері Мұхамеджан Тынышбаевтың мен үшін орны мүлде бөлек жан екендігі еді. Неге десең 1906 жылы Петербургтегі жол құрылысы инженерлерін даярлайтын институтты үздік оқып бітірген, кейін Кеңес өкіметі тұсында атақты Түрксіб шойын жолын салуға бар күш-жігерін аямаған, энциклопедиялық білімі бар осы бір үлкен жүректі азаматтың туған халқы үшін істеген игі істері мені ылғи да мақтаныш сезіміне бөлейтін. “Осы кісідей болсам, осындай ағаның жолымен жүрсем”, – деген балаң қиял ақыры мені болашақта бір ғана мамандық – инженерлік кəсіпті таңдауыма белімді бекем буғызды. Мұхамеджан ағаның өмір жолы менің мамандық таңдауыма ғана ықпал етіп қойған жоқ, халықтың абзал ұлына деген ынтызарлық келе-келе оның зиялы отбасы мүшелерімен, атап айтқанда ұлы Ескендірмен туыс адамдай араласып кетуіме себепші болды. Ескендір Мұхамеджанұлы Тынышбаев қазір республикаға белгілі кинооператор, “Қазақфильмнің” ең қарт өнер шебері… Онымен менің арамыздағы достық қатынасқа əлі күнге дейін қылау түсіп көрген емес. Сонымен ойымды түйіп айтар болсам, мен жас кезімде тек инженер болуды ғана армандадым. Оны қалағаныма өкінбеймін. Себебі, өткен өмір жолым бұл таңдаудың дұрыс екендігін толық көрсетіп берді. – Сіздің үйіңізде қазір отызыншы-қырқыншы жылдардағы Балқаш мыс бірлестігінде машинист, мастер, бас инженер, Риддер кенішінде директор болып жұмыс істеген кезіңізді еске түсіретін заттар сақталған ба? Сақталса, ол нендей дүниелер? Оларды көргенде есіңізге қандай оқиғалар оралады деп ойлайсыз? – Бұл сауалға менің жеке архивімдегі көптеген суреттердің ішінен сол жылдарға қатысты бір-екі фотосуреттің тарихын баяндай отырып жауап бергенім жөн ғой деп ойлаймын. Сонда аталмыш тақырыптағы əңгімеміз нанымды да тартымды болып шығары анық. Мəселен, отызыншы

жылдардың аяқ кезінде түсірілген мына бір фотосу ретті
алып қаралық. Мұнда Кремльдегі Свердлов залы бейне-
ленген. Сондағы Бүкілодақтық Орталық Атқару Коми-
тетінің Төрағасы М. И. Калининді ортаға ала қаумалап

тұрған Балқаш мыс бірлестігінің еңбек озаттары арасында
мен де бармын. “Сонда бұл сурет қашан, қандай жағдайда,
нендей оқиғаның құрметіне орай түсірілген еді?” – дейсің
ғой. Айтайын.

...Алғашында тұсаулы аттай кібіртіктеп басталған
Балқаш мыс бірлестігінің құрылысы 1936 жылдан бастап
қанатын кеңге жайды да көп кешікпей оның даңқы бүкіл
одақты шарлап кеті. Сондағы жұмыс істеген біздер үшін,

əсіресе 1938 жыл ерекше табысты болған еді. Олай дейтінім,
сол жылдың сəуірінде Қоңыраттың кен жынысынан тұңғыш
концентрат, ал мамыр айында бірінші штейн айырылып
алынды да қарашаның 24-інде металлургтер Балқаштың

мол кенінен алғашқы мыс өзенін ағызды. Қазақстандағы
осы өндірістік бірлестіктің мемлекетке өнім бере бастауы
Москвада айтарлықтай еңбек жетістігі ретінде қабылданып,
КСРО Жоғарғы Кеңесі біздің кеншілеріміз бен инженер-

техник қызметкерлеріміздің үлкен бір тобын орден, медаль-
дармен наградтады. Солардың қатарында мен де “Еңбектегі
ерлігі үшін” медалімен аталып өтілдім. Ескерте кетейін,
бұл менің үкімет тарапынан алған тұңғыш наградам бола-

тын. 1939 жылдың шілде айында бізді Москваға шақырып,
Кремльдің атақты Свердлов залына алып келді. Награданы
М.И.Кали нин табыс етті. Салтанатты сəт аяқтала бергенде
Бүкіл одақтық Төраға: “Мүмкін араларыңызда жауапсөзге

дайындалып отырған жолдастар да бар шығар. Қысыл-
маңыздар. Қане, кім сөйлейді?” – деді көзілдірігін көтеріп
қойып. “Мен!” – деген таза қазақша дауыс естілді осы сəтте
залдан. Бəріміз жалт қарадық та тани кеттік. Шымкент-

тен келген металлург еді. Мінбеге көтерілісімен қазақша
ағызды-ай келіп сабазың. Бүкілодақтық Төрағада үн жоқ. Ол
біздің ұлттың тілін білмесе де, металлургтің сөзін бөлмей,
бар зейінімен тыңдап шықты. Тек жауапсөз аяқталғаннан

кейін ғана: “Мүмкін болса аударма арқылы осы сөздің
мазмұнымен таныстырсаңыздар”, – деген өтінішін айтты.
Мен бірінші қатарда отырған едім. Михаил Ивановичтің
жаңағыдай тілегін естіген соң орнымнан тұрдым да

жерлесімнің жалынды сөзін орыс тілінде толық баяндап
бердім. Осыдан кейін ескерткіш ретіндегі суретке түсу
рəсімі болды. Оған түсер алдында Бүкілодақтық Төрағаның
мені шақырып алып, өзінің қасына отырғызғанын да əлі

күнге дейін ұмытқаным жоқ.
Ал енді мына екінші суретке назар аударғын, қарағым.
Мұны көрген сайын 1939–1940 жылдардағы Риддер кен
орнында директор болып жүрген кезім еске түседі. Мен

мұнда Г. Хайдин, Б. Тайжанов жəне басқа да біраз озат
бұрғышылардың арасында тұрмын. Бұл адамдар сол кездегі
Кривой-Рог шахтасындағы Семиволос пен Оралдағы Ян-
кин нің жаңашыл əдісін Шығыс Қазақстан рудниктерінде

тұңғыш меңгерген, соның нəтижесінде сменалық жоспар-
ларын 500 процентке дейін орындауға қол жеткізген нағыз
еңбек саңлақтары еді. Осы адамдарға барлай қарап отыр-
ғанымда мына тұрған Балапан Тайжанов туралы қызықты

бір жəйт ойға оралады да жүзіме күлкі үйіріледі. Ол ең жо-
ғары разрядты жұмысшы, өз ісінің нағыз бесаспап шебе-
рі, керемет еңбекқор адам болатын. Бірақ оның бойында
жалғыз ғана “мін” бар-ды. Ол Бəкеңнің осы Риддер кен

ор нында қаншама уақыттан бері жұмыс істеп келе жат қа-
нына қарамастан бірде-бір ауыз орысша сөз білмейтіндігі
еді. Əрине, жұмысшы адам үшін мұның ешқандай айып
еместігі анық жəне онда тұрған ештеңе де жоқ қой. Бірақ,

Тайжановтың жұбайының орыс ұлтынан екендігін еске
алғанда оны құрдастары: “Түздегіні түсінікті дейік, ал
үйдегі жағдайда бір-біріңмен калай түсінісесіңдер. Ымдап
сөйлесесіңдер ме, жоқ əлде...” – деп қажайтын да жататын.

Суреттер – өткен күннің, адамның жүріп өткен өмір
жолының белгісі. Суреттерде тұнған сыр бар. Оларды
көргенде көкейдегі көмескіленіп бара жатқан кейбір жəйттер
қайтадан жаңғырып, жаның жаңарғандай болады. Сонымен

сөзімді түйіп айтсам, менің үйімде отызыншы-қырқыншы
жылдары Балқашта, Риддерде жұмыс істеп жүрген кезімнен
қалған анау айтқандай ерекше зат жоқ. Бірақ ешуақытта
да тозбайтын, жоғалмайтын белгі бар. Ол – архивімді

ақтарып, аша қалғанда жоғарыдағыдай шежіре-сырды шер-
те жөнелетін фотосуреттер.

– Біз кезінде Қазақстанға əлем елдерінің əртүрлі көзқарастағы біраз басшылары мен қоғам қайраткерлері нің келіп қайтқанын, олардың бəрі сіздің қабылдауыңызда болғанын жақсы білеміз. Бұл жоғары дəрежелі қонақтар республикамыздың қай жерлерінде болды жəне өз елдеріне қазақ халқы туралы қандай пікірмен қайтты деп ойлайсыз? – Сауалың өте орынды. Өйткені сұхбат:барысында мұндай оқиғаларға назар аудармай кетпеуге əсте де болмайды. Əңгімені 1955 жылдан бастайын. Бұл жылы Советтік Қазақстан өзінің тарихында тұңғыш рет халықаралық жоғары деңгейде екі шетел мемлекетінің басшысын қабыл дады. Ол Алматыға Үндістанның Премьерминистрі Джава харлал Неру мен Бирма елінің басшысы У. Нудың келуі еді. Джавахарлал Неру Қазақстан астанасына өзінің қызы Индираны ертіп келді. Қадірлі конақты аэропорттан республика Компартиясы Орталық Комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Л. И. Брежнев екеуміз қарсы алдық. Үндістан Премьерінің сонда самолет трапынан түскеннен кейінгі салтанатты рəсімнен соң, айтқан мына бір сөзі есімде. Ол аэропорт алаңынан қалаға, одан оны қоршаған тау сілемдеріне көз жүгіртіп тұрып: “Сіздердің Алматыңыз біздің Кашмирден аумайды екен”, – деді. Тағы бір айта кететін жəйт, сол күні... одан кейін де Қазақстан астанасына келген тұңғыш шетел мемлекетінің басшысын көріп қалу үшін жол-жөнекей жиналған халықта есеп жоқ деуге болатын. Астана тұрғындары Джавахарлал Неру мен оның қызы Индира аралаған жерлердің бəрінде де оларға шексіз құрмет көрсетті. Халықтың осы көңіл-күйінен мен сонда мына бір нəрсені анық байқадым деп айта аламын. Ол сол күндері қазақ стандықтардың экономикасы нығая түскен өз республика сының енді жалғыз одақ қана емес, халықаралық деңгейде де айтарлықтай беделге ие бола бастағанын алғаш рет сезініп, түйсінгендігі еді. Осыдан кейін төрт жылдан соң, яғни 1959 жылғы шілдеде, Қазақстан астанасына Вьетнам революциясының көсемі Хо Ши Миннің келгені бар. Оның сапарының негізгі мақсаты біздің республикадағы партия, кеңес, шаруашылық органдарының іс-тəжірибесімен танысу еді. Хо Ши Мин келер кезде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Беляев Алматыда жоқ, демалыста болатын. Сондықтан да қонақты республика Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы Кəріпжанов екеуміз қарсы алып, оның жұмыс істеуіне қажетті жағдайдың бəрін жасадық. Хо Ши Мин Қазақстан астанасына келген осы сапарында республика Ғылым академиясында болып, президент Қ. И. Сəтбаевпен кездесті. Содан кейін қала іргесіндегі Қас келең, Талғар аудандарының бірқатар шаруашылықтарында болып, сондағы мəдени дақылдар егілген егістік алқап тарын аралады. Алматыдан аттанарда өзінің Қазақстанмен танысуына бар мүмкіндік туғызып, лайықты жағдай жасағаны үшін республика үкіметіне терең сезімді алғыс айтқан хатын жазып қалдырды. Сөз орайында Хо Ши Миннің ССРО-ға, оның ішінде Қазақстанға келген осы сапарындағы өзім білетін мына бір жəйтті айта кеткенді жөн көріп отырмын. Біздің елге келген соң жүріп-тұруға керек болар деп оған белгілі бір мөлшердегі кеңес ақшасы беріледі. Бірақ, Хо Ши Мин жеке басы үшін оның бірде-бір тиынына тиіспеген. Сапар мерзімі бітіп, өз отанына қайтарында ол əлгі ақшаның шыпшырғасын шығармастан түгелдей кеңес банкісіне қайтадан өткізіп кеткен. Халық игілігінің неден жиналып, неден құралатынын білген қандай ұлы адам десеңізші! Менің жүрегімде ол міне содан кейін қарапайым, əділ, кемеңгер жанның бірі ретінде мəңгілікке сақталып қалды. – Республика басшысы болып қызмет атқарған отыз жылдан астам уақыт ішінде сіз диқанбаба Ыбырай Жақаевпен, шопаната Жазылбек Қуанышбаевпен, қазақ ауыз əдебиеті Могиканының соңғы тұяғы Кенен Əзірбаевпен ұдайы байланыста, тығыз қарымқатынаста болдыңыз. Осы кісілермен алғаш рет қалай таныстыңыз? Сізбен кезінде бұл адамдардың тағдырын байланыстырған не нəрсе еді? – 1954 жылғы көктем күндерінің бірінде Қазақ ССР Ғылым академиясы тың игеруге байланысты жер-жердегі ауыл шаруашылық озаттарының басын қосып, кеңейтілген мəжіліс өткізді. Ыбырай Жақаевпен мен міне алғаш рет сонда танысқан едім. Кеңес аяқталғаннан кейін ол кісімен

көп əңгімелесіп, көп сырластым. Сөз реті келіп қал ған бір
сəтте Ыбекеңе: “Қалай ойлайсыз, Жетісуда да күріш өсер ме
еді?” – дедім. Сонда атақты диқан: “Жетісудың кей жері қара
топырақты, кей жері тастақты ғой. Күрішке боз топырақ ке-

рек. Оған бір жараса, Іле бойы жарап қалар”, – деді. Кезінде
мен де талай рет бұл аймақ туралы осындай ойға келген бо-
латынмын. Содан уақыт дегенің зырлап өтіп жатты. Алпы-
сыншы жылдары Ыбекеңді Сыр бойынан арнайы шақыртып

алдым да бір кездері өзі айтқан Іле бойына, ондағы Ақдала
атырабына апардым. Екеуміз сонда бұл аймаққа күріш
өсіруге болады деген ұйғарымға келгенбіз. Бұл пікірімізді
мамандар да қызу қостады. Үмітіміз алдаған жоқ. Бір кездегі

Ақдала бертін келе күміс күрішті бақ далаға айналды. Ыбы-
рай Жақаевпен мен өмірінің соңғы сəтіне дейін байланы-
сымды үзгенім жоқ. Жақсылық, қуаныштарының бəріне
ортақ болдым.

Жазылбек Қуанышбаев менің есімде төрт түлік малдың
киесі, сайын даланың иесі ретінде сақталып қалды. Ол
кісіні исі қазақ баласының бағы мен бақыты бір басынан
байқалатын кеңпейіл қария деп де айтуға болады. Мен

Жазекеңмен де көп əңгімелесетінмен, ол еңбек ететін Жамбыл
облысының Мойынқұм ауданына жиі барып тұратынмын.
Атақты шопанның мұрагері – егіз ұлдар Қойшыбай мен Той-
шыбай дүниеге келгенде ақсақал мені сол қуаныш тойына да

шақырған. Кейін əлгі қос жеткіншек қарт шопан əкесін ертіп
Алматыға келді. Оқуға түспек ниеттері бар екен. Мен оларға
үй жөнінен жəрдем бердім.
Ақын Кенен Əзірбаев туралы не айтуға болар еді? Бұл

кісімен де өмір бойы сыйласып өттім деуіме толық негіз бар.
Ол менен гөрі менің əкеммен жақсы əңгімелесетін. Оған бұл
қариялардың сонау ертеден бергі бір-бірін жақсы білетін
таныстығы себеп болса керек. Кенекеңді, кезінде мен ауыз

əдебиетінің соңғы тұяқтары Жамбыл, Шашубай сияқты
халық ақындарының көзі ретінде ерекше бағала ғанмын.
Қазірде де бұл кісінің артында қалған шығар маларына
құрметпен қараймын.

– Алпысыншы-жетпісінші жылдардың республи-

ка мəдениеті мен өмірінде үлкен бір белес болғанын
қазақ зиялылары жақсы біледі. Мəселен, бұл кезеңдерде
біраз ірі рухани коллективтік еңбектер жасалды. Бірақ
солардың өмірге жолдама алуына кезінде Орталықтан

рұқсат алудың өте қиын болғанын, сіздің көмегіңізді
қажет еткенін біз шет жағалап болса да білеміз. Осы
мəселелер кезінде қалай шешілген еді?

– Бұған “Қыз Жібек” фильмі түсірілген кездегі

қиындықтарды мысал етіп айтуға болады. Фильм қолға
алынған кезде алғаш жобаланғанындай бір серияға сыймай-
тыны айқын болды. Ол кезде бар мəселе Мəскеуде шешіледі
ғой. “Қазақфильм” студиясының сол кездегі директоры Ка-

мал Смайылов пен фильмнің бас режиссері Сұлтан Қожықов
“Қыз Жібектің” алғашқы нұсқасын Одақтық Комитетке апа-
рып көрсеткен. Ондағы басшылар: “Екінші серияға кажетті
материалдарды бере алмаймыз, қосымша ақша (200 мың

сом керек болатын) бөле алмаймыз, бұрынғы бекітілген
көлемдегі, бекітілген қаржымен шығарыңдар” – деп
қасарысып отырып алған. Мен бұл хабарды Мəскеуге барған
кезекті сапарымда республи каның Тұрақты өкілдігіндегі

қонақүйде К.Смайыловтың өз аузынан естідім. Ол барлық
мəн-жайды айтып, менен көмек сұрады. Мұны естігеннен
кейін дереу тікелей теле фонмен Одақтық Кинематогра-
фия комитетінің төрағасы А. В. Романовпен сөйлестім де

өтінішімді айттым, жəрдем беруін сұрадым. Əңгіме арасын-
да бұл туындының қазақ ұлттық киноөнері тарихындағы
тұңғыш екі сериялы фильм болғалы отырғанын ерекше атап
көрсеттім. Сондай-ақ А. В. Романовқа ескі таныстығымды

да базына етіп айттым. Себебі, ол ертеректе біздің Ақтөбеде
жұмыс істеген еді. Ертеңіне мəселе бірден шешілді – қаржы
да бөлінді, “Қыз Жібек” фильміне байланысты басқа түрлі
кедергілер де жойылды. Ең бастысы кинофильм екі сери-

ялы болып шығатын болды. Ол кездері қай нəрсе оп-оңай
шешіле қалушы еді, қарағым... Дəл сондай кедергінің он екі
томдық Қазақ Совет Энциклопедиясын шығару кезінде де
алдан көлденең тұрғаны бар. Бұл коллективтік еңбектің де

өмірге келуі ұзақ əңгіме. Оны бір реті келгенде айтармын
деп ойлаймын.

– Кезінде сіз түрлі ресми делегациялардың басшысы

болып КСРО елі атынан көптеген шет мемлекеттерге ба-
рып қайттыңыз. Сонда өзіңізге сол елдердің басшылары

қалай ықылас танытты жəне олар адам, басшы ретінде
жеке қабі леттерімен қандай əсер қалдырды деп ойлай-
сыз?

– Бұл сауалыңа қысқаша түрде былай деп жауап

беруіме болады. Бірінші, өз өмірімде мен Кеңес Одағының
сыртқа жіберетін ресми делегацияларының құрамында
17 мемлекетке барып қайтқан адаммын. Шетелдерге бай-
ланысты тұңғыш сапарым сонау елуінші жылдардың

ортасында Қытай Халық Республикасына барудан ба-
сталды да соңғы жол жүруім 1985 жылғы қазанда Жапони-
ямен аяқталды. Екінші, осының бəрі менің таяуда жазып
біткен “Өзім өмір сүрген уақыт” атты мемуарымда толық

көрінісін тапқан сияқты. Аталмыш кітапта Біріккен Араб
Республикасының Президенті Гамаль Абдель Насер, Алжир
Халық Республикасының басшысы Бумедьен, Үндістанның
Премьер-министрі Индира Ганди, Иран шахы Мұхаммед

Реза Пехлеви, АҚШ Пре зиденті Эйзенхауер жəне басқалары
туралы жеке-жеке тараулар бар. Өз басым оқырмандар олар-
дан көптеген қызық жəйттерді таба алады ғой деп ойлаймын.

– Бос уақытыңызды қалай өткізіп жүрсіз? Күнделікті

жұмыс тəртібіңіз... Болашақта тағы да бір жаңа есте лік
кітап жазу ойыңызда жоқ па?

– Зейнеткерлік еңбек демалысындағы адам екенімді

жұрттың бəрі жақсы біледі. Сондықтан менің күнделікті
тіршілігім серуендеп бой жазудан, кітап оқудан (үйімде
бай кітапханам бар), жазумен шұғылданудан тұрады. Жазу
демекші, таяуда маған Галина Серебрякованың “Өзім жəне

өзгелер туралы” деген кітабы ерекше ой салды. Жоғарыда
айтқан мемуарымда мен өзім туралы айтып болдым
деп ойлаймын. Енді өзгелер, өзім кездескен, жүздескен
қайраткерлердің тағы бір үлкен тобы туралы жазбақшымын.

Қазір соған дайындалып, соған қажетті материалдарды
сұрыптаудамын.
1992 жыл.

“МОГИКАННЫҢ”

СОҢҒЫ ТҰЯҒЫ

Телефоннан сергек жауап қатқан үн естілді. Мен ол кісіге
редакцияның тапсырмасымен қоңырау шалған шаруамды
айттым.

– Егер бос уақытыңыз болса...

– Сол шіркінің далада жатқан жоқ-ау, шырағым.

Дегенмен, келіп қайт. Бір ретін табармыз.
“Келіссөз” осымен бітті. Мен болашақ кейіпкеріме
баруға, онымен жүзбе-жүз дидарласып, көңілімді көптен
бері тербетіп жүрген сауалдарға жауап алуға жиналдым.

Əншейінде ұзақ күттіретін автобус бұл жолы өз мінезінен
жаңылған сияқты. Аялдамадағы жұртты сыпыра-сиы-
ра мінгізіп алды да, көсем атындағы көшемен төмен қарай
жүйткіп кеп берді. Жуыр маңда түсе қоймайтын жандар

болса керек, жайлы орынға жайғасқан бір топ жүргінші
аз-кем уақыттан соң күбір-күбір əңгімеге көшті. Олардың
біреуі ТМД басшыларының Ташкенттегі кездесуін айтса,
екіншісі сонау Əзірбайжандағы үкімет басына кайтадан

келіп, іле ізім-қайым жоқ болған Аяз Мүтəлибовты сөз ету-
де. Үшіншісі... Автобус іші əйтеуір, қып-қызыл саясат. Ал,
мен болсам енді аз уақыттан соң жүздескелі отырған жан-
мен арадағы болатын əңгімені қалай бастап, қалай аяқтау

жөнінде ойланып, ол кісі туралы өзімнің нендей нəрседен
хабардар екенімді іштей талғам таразысына салудамын.
Менің білетінім, ол өзіміздің қазақ зиялы қауымына
өте жақсы таныс адам – Шота Ыдырысұлы Уəлихановтың

республикаға еңбегі сіңген сəулетші, көрнекті қоғам қай-
рат кері əрі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлы-
ғының лауреаты екендігі. Байыппен бағдарлап қарар болсақ
“1932” деп аталатын мешін жылы əйгілі Сырымбет тауының

етегінде, даланың дара дарыны, сүйікті Шоқанды тəрбиелеп
өсірген аяулы əже Айғанымның мекен-жайында, қазақтың
ұлы ханы Абылай ұрпағының отбасында дүниеге келген
текті атаның баласы, Ұлы Отан соғысынан кейінгі ел ес

жия бастаған кезеңде қанында бар қабілетімен кей класты
аттай өтіп, онжылдықты сегіз жылда тауысқан, сөйтіп орта
мектепті күміс медальмен тəмамдаған жеткіншек, одан соң
1950–1956 жылдар аралығында Мəскеудің сəулет инсти-

тутында оқып, оны ойдағыдай бітірген жоғары білімді ма-
ман 40 жылға жуық уақыттан бері өзінің күші мен жігерін,
талантын өнер атты құдіретті əлемнің ең бір күр делі, соны-
мен қатар нəзік те əсем саласына арнап келіпті. Ол – өзіміз

сөз еткелі отырған кейіпкеріміздің Қазақстан дағы мону-
менттер мен ескерткіштердің, үй құрылыстары ның жобасын
уақыт, замана талабына сай жаңаша жасауға деген өршіл
мақсаты. Сəулетші бұл бағытта табыссыз да болмаған.

Оған Шота Ыдырысұлының 1969–1990 жылдар аралығында
өмірге келген Алматыдағы Шоқан, Əліби, Тоқаш, Ғани
ескерткіштері, “Универсам” дүкені мен “Казгипрозем” үйі,
Семей облысының Қарауыл селосын дағы Абай ескерткіші

анық дəлел бола алады. Осы туындыларды қарап отырып
ойға қаласың. Себебі, мұндағы автор шығармаларына тəн
нəрсе: салынған дүниенің өз орталығымен үйлесімділігі,
ұлттық қолтаңбасының болуы жəне талғамының биіктігі

дер едік. Содан кейін, иə, содан кейін сəулетшінің ерек-
ше із қалдырған саласы респуб ликамыздағы ауыл-село
құрылысы. Жер сілкінісіне шыдамды біртұтас бетоннан
құйылған, көлемді блок негізінде қабысқан ғимараттар

кешенін дамытуда Шота Ыдырысұлы оның авторларының
бірінен саналады. Бұл бағыттағы құрылыс Қазақстанда жəне
бұрынғы КСРО-ның көптеген республикаларында кең өріс
алған.

Шота Ыдырысұлының ел, халық алдындағы атқарған
қызметі жоғарыдағы сəулетшілік өнермен ғана шектеледі
десек онда біздің мықтап қателескеніміз. Ол білгір маман,
беделді басшы да болған адам. Бұлай дейтініміз, өзіміз

сөз етіп отырған жан əр жылдары “Казгорстройпроект”
мемлекеттік институтында сəулетші, КСРО-дағы Сəулет
жəне құрылыс академиясының Қазақ бөлімінде ғылыми
қызметкер, Алматы қаласы бас сəулетшісінің, орынбаса-

ры, “Казграждансель проект” жобалау институтында бас
сəулетші қызметтерін абыроймен атқарып, бертініректегі

он жыл бойы Қазақстан Сəулетшілер одағына біліктілікпен жетекшілік етті. Бұл кезеңде ол осы саладағы жергілікті ұлт кадрларының басын біріктіруге, бұрынғы Одаққа кірген көптеген республикалардың сəулетшілерімен достық жəне өнераралық қарым-қатынас орнатуға айтарлықтай еңбек сіңірді. “Ойды ой қозғайды”,– демекші мен осы жəйттерді еске алып, əр кездері оқыған, жинақтаған дерек-мағлұматтарды көз алдымнан қайтара өткізіп келе жатып Гоголь мен Панфилов көшесінің түйіскен жерінде орналасқан еңселі үйге қалай жеткенімді де білмей қалдым. – Маған қояр сауалыңды неден өрбіткелі отырғаныңды шамамен болса да болжайтын сияқтымын, – деді Шөкең алғашқы аман-саулықтан соңғы орнай қалған үнсіздікте сəл күлімсірей түсіп. – Ол əңгіме желісін менің өмірбаянымды сұраудан бастау ғой. – Жоқ, ағасы. – Онда сені мүмкін менің мамандығым, сəулет өнеріне келу жолымдағы жағдаяттар қызықтыратын шығар. – Тағы да қателестіңіз. – ?... – Əңгіменің, əлқисасын сіздің бабаңыз Абылай ұрпақтарының кешегі, бүгінгі тағдырынан бастасақ. Дұрыс түсініңіз, сізге мен бұл сұрақты алты алашқа аты мəлім асылдың соңғы сынығы болғандығыңыздан жəне баба ңызға қатысты мəлімет-деректерді табандылықпен іздеп, тауып, жүйелей жинақтап жүргендіктен қойып отырмын. Сонымен алғашқы сауал: Абылай ұрпақтарының бірі, өзіңіздің туған атаңыз Мақы Шыңғысұлы Уəлиханов кім болған? Немен шұғылданған? Өзіңіздің өмір жолыңызға ерекше ықпал еткен бұл адам жайында не айта алар едіңіз? – Егер менің бойымдағы жазу-сызуға, сурет-сəулетке қатысты қабілет болса, – деп бастады əңгімесін Шөкең, – соның бəрін өз басым атам Мақыдан қалған “жұқана” деп есептеймін. Ал ол кісінің өнер дүниесіне келу жолының өзі күрделі əрі шытырман. Неге дейсің ғой? Атам бес жасқа толғанда сүзекпен ауырады да қатты талықсыған оны төлеңгіттер шетінеп кеттіге санайды. Сөйтіп, олар “өлікті” салқын киіз үйге шығарып, күзетіп отырса, бала ыңырсып тіршіліктен хабар береді. Алғашында қорқып кетсе де артынан мəселенің мəн-жайын тез байыптап үлгерген ауыл адамдары атамның əке-шешесінен сүйінші сұратып, оны тас бұлауға салады да бетін бері қаратады. Бірақ Мақы содан бастап құлақ пен тілден айырылған екен. Шыңғыс сұлтан мылқау баласының тағдырына қатты қиналады. Қайтсе де хат танытуды ойлап, 1855 жылы Петербургке қазақ депутациясын бастап барған сапарында ол кісі сол жерге он жастағы Мақыны қоса ертіп апарады. Егер біз Шоқан Уəлиханов шығармаларының 4-ші томындағы 179-бетке көз салатын болсақ онда одан Сібір комитетінің төрағасы, князь А. Чернышевтің Шыңғыс сұлтанның атынан патшаға жазған арызы басылғанын көреміз. Ол құжатта Петербургтегі патша сарайы жанындағы мылқаулар училищесіне Мақыны орналастыру керектігі айтылған. Бірақ өтініш бірден орындалмайды. Патша шенеуніктері атамды бұратана халықтың өкілі деп санап, аталмыш оқу орнында орын бола тұрса да оған оны қабылдағысы келмегені жауап хаттан анық аңғарылады. Шыңғыс сұлтан бұған қатты намыстанады. Қазақтың ақсүйек тұқымының өзін басқалардан кем санап, төменшіктеткеніне қорланған ол кісі 23 наурыз күні екінші Александр патша қабылдағанда өзімен бірге Мақыны да ерте барады. – Бұл кімнің баласы, – дейді патша. – Менің бақытсыз ұлым еді, – деп жауап береді Шыңғыс. – Неге бақытсыз дейсіз? – Балам мылқау. Сіздерде мектеп ашылған екен, орын болмағандықтан түсе алмады. Сол кездесуден кейін Мақы оқуға алынады. Петербургтегі бұл училищенің тəрбиесі өте жоғары дəрежеде болған. Мұнда жүріп-тұру, көпшілік жерде өзінөзі қалай ұстау керек дегеннен бастап, балалардың қабілетіне қарай творчествомен шұғылдануына барынша жағдай жа са лыпты. Шəкірттер шеберханада токарьлықты, ағаш ұста лығын, гравюра, литография өнерін, сурет салуды үйренген. Архив құжаттарына зер салып қарағанда училище оқушыларына Петербург Көркем-сурет академиясының профессорлары да сабақ берген тəрізді. Ал кейбір мүғалімдер шетелдерден арнайы алдырылған. Мысалы, суретші

Шиллингтің, көркем жазудың білгірі Шлезингер мен лито-
графия шебері Лоренцтің фамилиялары атам Мақы оқыған
жылдардағы класс журналдарында өте жиі ұшырасады.
Мақы Уəлиханов зейінді шəкірт болады. Училищедегі

білім алу тəртібі туралы жазылған нұсқауда: “Қабілеті орта
деп табылған балалар мұнда бес жылдан артық оқуға, та-
лантты кандидаттардың орнын алуға болмайды”, – деп
жазылған. Демек, училищеде қабілеті аса жоғары емес

шəкірттерді бес жылдан артық ұстамаған. Ал, атам Мақы
болса мұнда тоғыз жыл оқып, аталмыш білім ұясының
толық курсын 1864 жылы 4 қыркүйекте бітіріп шығады. Ат-
тестатына қарасақ, одан біз оның суреттен, көркем жазудан

өте жақсы, арифметика мен орыс тілінен жақсы деген баға
алғанын көреміз.
Атам училищені тəмəмдағаннан кейін екі жыл Петер-
бургте жұмыс істейді де елге оралады. Содан соң Батыс

Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде, Көкшетау уезі
бастығының мекемесінде іс жүргізуші қызметін атқарады.
Жұмыс істеп жүріп сурет салу, қолөнермен айналысу,
жаңадан салынып жатқан елді мекендердің жобасын сызу

сияқты сүйікті кəсібін ұмыт калдырмай, оның бəрін қатар
алып жүре білген. Соның нəтижесінде бірнеше халықаралық
жəне бүкілресейлік көрмелерге қатысып, алтын медальға
да ие болады. Таяуда атама қатысты төмендегідей екі

жаңа деректі анықтадым. Оның бірі осы күнгі Көкшетау
облысының Володар ауданындағы клуб болып тұрған ескі
шіркеудің Мақы жобасымен салынғандығы да, екіншісі 1876
жылғы тамыз айында Петербургте өткен ориенталистердің

ІІІ кон гресіндегі көрмеде тағы да сол кісінің еңбектері
көрсетіліп жоғары баға алғандығы.
Шөкең осы сөздерді айтты да бірауық үнсіз қалды.
Байқаймын, ойын жинақтау үшін санасынан кезекті бір

мағлұмат-деректерді сұрыптай өткізіп отырған сияқты.
Сол сəтте менің есіме төмендегідей жəйттер оралды. Оның
алғашқысы Г.Н.Потаниннің 1895 жылы жазылған “Ең соңғы
қазақ ханзадасының киіз үйінде” атты мақаласы еді. Мұнда

белгілі саяхатшы: “Көкшетау қаласындағы орыс клубы
Мақы Уəлихановты қадірлі қонақ ретінде қабылдайтын.
Ол жайдары мінезімен, сəнді жүріс-тұрысымен, тама-
ша инабаттылығымен таңқалдыратын”, – деп өзінің жан

жолдасы Шоқанның інісіне деген сүйіспеншілік сезімін
білдіреді. Содан кейін, иə, содан кейін зерттеуші-ғалым
Қ.Мұхамедхановтың еңбекқор лығымен табылған “Қазақ”
газетінің 1916 жылғы 16 маусымдағы санын да еске ала кет-

песке болмайды. Мұнда “Мақы Шыңғысұлы Уəлиханов”
деген тақырыппен азанама жарияланып, осы бір қазақ
зиялысының өз заманында дарынды өнер иесі болғандығы
егжей-тегжейлі баяндалған. Байқап қараған адамға осы

жəйттердің өзі-ақ Мақының кім екендігін толық анықтап
беріп тұрған жоқ па?

– Абылай ұрпақтары туралы сөз еткенде, – дедім

мен терең ойға беріліп кеткен Шөкеңді қайтадан əңгімеге
тартып, – былайғы жұрттың Уəли хан мен Кенесарыдан, На-
урызбай мен Сыздықтан, Шыңғыс сұлтан мен оның балала-
ры Шоқан, Мақыдан басқа көп ешкімді біле бермейтіндігі

анық. Сондықтан...

– Ойыңды түсіндім, – деді сөзімді бөліп жіберген

Шөкең. – Сұрайын дегенің хан тұқымының олардан
басқа да ұрпақтарының тағдыры ғой. Айтайын. Шоқан
Уəлихановтың жазба деректерінде Абылайдың 12 əйелі
болғандығы, бұлардан 30 ұл мен 40 қыз қалғандығы тура-

лы мəлімет бар. Бабамыздың сол бел балаларынан тараған
немерелерінің ішіндегі көп айтылмай, зерттеушілер наза-
рына ілікпей жүрген жанның бірі Ғұбайдолла дер едім. Рас,
оны атасы Абылай сияқты ірі тұлға дей алмаймын. Мəселе

басқада. Ол қазақ даласының ең соңғы ханзадасы еді. Ре-
сей патшалығының Батыс Сібір жөніндегі рефор маторы
М.Сперанский XІX ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан
бастап Дала өлкесіндегі хандық билікті жойып, елді аға

сұлтандық басқару жүйесіне көшірген кезде тақыт мұрагері
Ғұбайдолла Уəлиханов бұған қатты наразы болды. Сөйтті де
атасы Абылай сияқты Цин империясымен дипломатиялық
байланыс жасауға, Қытай мемлекетінің сенім грамотасын

алуға əрекет етті. Бірақ Ресей патшалығы оның бұл ойын
жүзеге асыртпады. 1824 жылғы 12 шілдеде Ғұбайдолла
тұтқынға алынды да, Калугаға айдалған дағыстандық
имам Шəміл сияқты ол да Березов қаласына жер аударыл-

ды. Сөйтіп оның жазалануымен қазақ даласындағы хандық билік те біржола жойылды. Тағы бір-екі дерек айтайын, 1975 жылы Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясындағы Гидрогеология ғылыми-зерттеу институтының директоры Нəтай Əзімханұлы Кенесарин деген ағай қайтыс болды. Ол кім еді дейсің ғой? Бұл кісі Кенесары атасының атын алып жүргені үшін жазықсыз жазалауға ұшырап, туған елінен бір емес екі рет шетке кетуге мəжбүр болған Абылай баба мыздың ұрпағы еді. Бір кереметі, Нəтай ағаның қаншама қуғын-сүргін көргеніне қарамастан ғылым жолындағы табандылығына, тіршілігіндегі тындырып кеткен таптұйнақтай істеріне еріксіз таңғаласың. Атап айтқанда, ол 1935 жылы Орта Азия институтының тау-кен факультетін бітірген соң Қарағанды қаласын, Ембі мұнай кəсіпшілігін жер асты суымен қамтамасыз ету үшін аянбай тер төгеді. Елден қуғындалып, Ташкентке паналағаннан кейін ғалым Өзбекстанның Құйғанияр, Мырзашөл далаларын, Бұхар шұраты мен Əмудария алаптарын игеруге, солтүстік Ферғана каналын салуға үлкен күш-жігер жұмсайды. Сол үшін де Нəтай Əзімханұлы геология-минералогия ғылымының докторы, профессор, Өзбекстанның еңбек сіңірген геологы деген атақтар алды. Абылай ұрпақтарының тағдырына қатысты əңгімені Ұлы Отан соғысы жылдарында Бірінші Беларусь майданының құрамындағы 312-ші дивизияда қызмет еткен Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Александр Гаврилович Моисеевскийге қатысты дерекпен аяқтағым келеді. Осы бір абзал азамат жоғарыдағы айтып өткен Нəтай Əзім ханұлына жазған хатында өзінің Кенесарыға жиеншар болатындығын хабарлаған. Кейін архив дəйектемелерінде расталғанындай Александр Гаврилович шынында да бізге туысқан болып шықты. Қалай дейсің ғой? 1842 жылдың 21 наурызындағы бір шайқаста патша əскерлері Кене сарының əйелі Күнімжан ханымды қызымен бірге ұстап алып кепілдікке əкетеді. А.Г.Моисеевский Кенесарының сол тұтқынға түскен қызының немересі екен. Өкініштісі сол, Александр Гавриловичпен кездесуге кеш қалдық. Біз оған қатысты шежірені анықтап, архив құжаттарын ақтарып жүргенімізде Мəскеуде тұратын ол кісі қайтыс болып кетті. ...Осы мезетте телефон шылдырлады. Үй иесі əңгімесін үзіп, ауызғы бөлмеге беттеді. Мен қарап отырғанша деген оймен бірауық кең де жарық бөлмедегі кітап сөрелеріне назар аудардым. Содан кейін қабырғадағы Абылай мен Уəлінің, Шыңғыс сұлтанның портреттерін көріп, соларға байыппен барлай көз тіктім. Сөйттім де: “Дұрыс-ақ, бұл аяулы жандардың бейнелері осы үйдің төрінде тұрмағанда қайда тұрады?” – дедім ішімнен күбірлей сөйлеп. Қабыр ғадағы осы жансыз суреттерге қарап отырып маған кенет мынадай ой сап ете түсті. Ол: “Хан ордасынан, оның қара шаңырағын ұстаған кейінгі мұрагерлерінен бүгінгі күнге дейін жеткен ескерткіш, белгілер қалды ма екен? Қалса соны көрер ме еді шіркін...” – деген əуесқойлық сезімнің лап етіп тұтануы еді. – Бұл қойып отырған сұрағың өте орынды, – деді телефонмен сөйлесіп келіп орнына кайта отырған Шөкең. – Олай дейтінім, осы жəйтті өзім де кезекті бір жазылуға тиіс мақалама арқау етіп, “Хан ордасы қазынасының тағдыры” деген атпен оқырмандарға хабардар етейін деп жүр едім. Енді міне, өзің менің осы ойлап жүрген ойымның дəл үстінен түсіп, жүгімді жеңілдетіп отырған сияқтысың, шырағым. Сондықтан бұны да еш бүкпесіз баяндап берейін. Жалпы, Абылай тұқымынан қыз ұзатылса, жиһаздары жаңадан жасалады екен. Ал, келін түссе жақсы мүліктері ордаға тартылатын болған. Оның сыртында Абылайға, Уəліге орыс, қытай патшалары мен қоқан, қалмақ хандарының берген сый-сияпат, тарту-таралғылары қаншама еді десеңізші. Тарихи құжаттардағы кейбір сөйлем жолдары бұл туралы сараң да болса былай деп сыр шертеді. “Абылай 1759 жылы Руссияға бағынамын деп Петерборға туысы Жолбарысты жібергенде Елизавета Петровна қазақ даласының билеушісіне сыртын алтын зермен əдіптеген, жағасына құндыз кіреуке салған бұлғын ішік жіберген” “Бұхар əмірі: “Үндістанның патшасы сыйлап еді”, – деп қазақ ханына жанжағы жайдың оғындай жалтылдаған жұдырықтай жақұт тасын ескерткішке берген”. “Қытайдың патшасы Абылайға аттанған елшісінен алтын табаққа салынған аққу мойын фарфор құмыра мен алпыс кəрлен кесе жіберген”. Осындай

сый-сияпаттан жиналған қазыналардың елшілер арқылы
алмасылған қағаз құжат тардың барлығын əжеміз Айғаным
шып-шырғасын шығар май түгел сақтап, оларды теңдер мен
сандықтардан көк темде бір, күзде бір алып жел қақтырғаннан

кейін қайтып ордаға жинап коятын болған. Əжеміз қайтыс
болған соң Шыңғыс бабамыз да əлгі мұраларға өте ұқыпты
қараған. Содан кейін үстіміздегі ғасырдың басында ханның
қара шаңырағы мен ордадағы қазынаға Шыңғыс сұлтанның

ең кіші ұлы Қоқыш (шын аты Нұрахмет) бас ие болып қалған.
Мə селе міне, осы жерге келгенде тым аянышты əрі өкінішті
сипат алады. Олай дейтінім, 1921 жылдың көктемінде елде
“ақ банды” деген шығып, Сырымбет тауындағы “хан орда-

сын” талапайға салған. Осы қатыгез тонаушылықтың жай-
жапсарын жазушы Сəбең – Сəбит Мұқанов өте жақсы білуші
еді. Өмірінің соңында шежіре қарт бұл туралы маған былай
деп айтқаны бар: “1921 жылы жергілікті үкімет жоғарыдағы

оқиғаны тексеріп қайту үшін сол жерге мені жіберді. Бар-
сам орданың мұрагері – Шыңғыстың кіші ұлы, жасы қартаң
тартқан Қоқыш екен. Кедей шаруалы ол жайлауға шығуға
күші болмай, қысқы ағаш үйінде отырып қапты. Банды-

лар оның үйін осындай сəтте, көшкен елге ілесе алмай
қыстауда жалғыз түтін боп қалған кезде талаған. Қапыдан
келген қарақшылар “хан ордасында” не бар, соның бəрін,
құжаттарға дейін түгел қотарып əкеткен. Қағаздар оларға не

үшін керек болды екен десеңші. Қоқышпен əңгімелескенде
ұққаным, бандылар Абылайдың Бұхара Шəріптен алдырған,
кейін Айғаным бірінші Николай Батыс Сібірге келгенде
ақбоз үйге төсеген ұзыны да, көлденеңі де кең мешіттің ішіне

молынан жететін кілемді бөлісе алмай дал болыпты. Ақыры
оны қарақшылар он екі бөлікке бөлген. Біздің қолымызға сол
он екінің бір бөлігі ғана түсті. Оның өзі кішігірім кілемдей
екен, түсі тотының қанатындай құлпырады”.

“Хан ордасындағы” мұраның қысқаша айтқандағы
тағдыры міне, осылай, інішек. Əрине, осы арада сенің
көңіліңде: “Бандылар Сырымбетке шабуыл жасағанда тек
“орданы” ғана басып алып, сондағы қазына-мүлікті то-

нап кетті. Ал, Қоқыштың өзінің, балаларының үйі аман
қалды емес пе? Демек, сол шаңырақ иелерінде бірді-екілі
ескерткіш, белгі сақталып қалуы мүмкін еді ғой”, – де-
ген дүдəмал сұрақтың тууы мүмкін. Рас, əу бастағы мол

қазынаның қазан түбінде қалған қаспақтай жұқаналары
отызыншы жылдардың басына дейін Қоқыш атамыздың
балаларының үйінде сақталып келіпті. Ол сол шаңырақтағы
зілдей ауыр қара абдыра еді дейді білетіндер. Осы ең соңғы

мұрағат 1928–1930 жылдары жоқ болған. Қалай дейсің ғой?...
Сол кезеңдегі, яғни ұжымдастыру мен тəркілеудегі “құлақ”
деген қорқынышты сөз елдің үрейін ұшырып тұрған күздің
қарасуық бір түнінде үлкен үйдегі қара абдыра Сырым-

беттегі зиратқа апарып жасырылады. Арада аз уақыт өткен
соң ел арасында: “Ойбай, хан тұқымының құпия коймасы
бар екен”, – деген сөз гу ете түседі. Сөйтсе, бəрін бүлдіріп
жүрген Қоқыш атамның күйеу баласы Зікіш екен. “Орда-

дан” қалған ең соңғы ескерткіш, белгі, қағаздарды апарып
жасырғандардың бел ортасында жүрген күйеу жігітке:
“Ешкімге байқатпай барып, абдыраны ашып көрсем, асыл
зат болса аз-мұз алып пайдалансам”, – деген жымысқы ой

келмей ме? Сөйтіп ол əлгі жерге бір емес бірнеше рет ба-
рып, алғанын азық-түлікке айырбастап жүргенін жұрт сез-
бей ме? Сезген соң олар жергілікті жердегі жандайшаптарға
жоғарыдағы құпия қойма туралы жаңалықты жеткізбей ме?

Не керек, содан Зікіштің басына іс түсіп, сотталатын бола-
ды. Оқиға насырға шапқан соң ол: “Бəрі де құрысын, аман
қалсам игі еді”, – деп белсенділерге абдыраны өзі апарып
көрсетеді. Содан бері ондағы заттардан да, қағаздардан да

ешқандай хабар жоқ.

– Шөке, – дедім мен “хан ордасынан” қалған мұ-

раларға байланысты сауалға қадери-халінше жауап беріп
болған əңгіме иесіне келесі кезекте, – сіздің ұлт зиялы-
сы ретіндегі халқымыздың тарихына, бертінгі сіз бен біз
оқыған оқулықтардағы түрлі тұжырымдарға деген жеке

көзқарасыңыз бұрын қалай болып келді, енді қазір қандай?

– Бұл мəселелерге өз басым еш уақытта да біржақты

қараған емеспін, – деді осы жерде қызбаланып кеткен
Шөкең. – Қазақ тарихы өмірдің тəлкегіне түсіп, тұтқын
адамға ұқсады. Қасқыр тартқан қойдай болып, ол бізге жы-
рым-жырым, көп беттері сарғайған, тозған күйінде жетті.

Ал тарихи тұлғалардың өздері ғана емес, ұрпақ тарының
тартқан азабы қаншама десеңші. Абылайханов, Уəлиханов,

Кенесарин болғандығы үшін қудаланған, түрмеге отырған,
атылып кеткен əке-ағалардың ақжарқын кескін-келбеті көз
алдыңнан кетер ме? Құдай-ау, адамдар туғанда əке-шешені
таңдамай тумай ма? Балаларының не жазығы бар еді? Айта

берсе, Абылайдың өзі көп жылғы саяси тұтқыннан бүгін
ғана оралып отыр. Енді тəубе, шексіз саясаттандырылған,
жалған көзқарастан ауылы мыздың іргесін бөлектеп, хан
тұқымы, байдың баласы дегендерге үрке қарамай, есіміз

жаңа-жаңа кіре бастаған сияқты.

– Иə, – дедім мен əңгіме иесінің ашына айтқан мы-

на сөзінен өзімше ой топшылап. – Журналист əріптесім
Əмірхан Меңдеке айтқандай хан мен бай да, би мен би-
менде де құдайдың пендесі емес пе еді. Олар неге тегіс жа-
ман болуға тиіс? Байлығы, дəулеті бар адам нені бүлдіріп

қойып еді. Ал, жоқтықтың несі жақсы? Біле білсек Ресей от-
аршыларына, асыра сілтеуге, ұлт мəселелерін бұрмалауға
қарсы жан сала күрескен, халқымыздың тəуелсіздігі үшін
басын бəйгеге тіккен қазақ зиялыларының басым көпшілігі

дəулетті, текті ортадан шыққандар емес пе еді? Соларға
біз не істедік? Аттық, астық, қырдық, жер аударып, ше-
телге қаңғытып жібердік. Əсілі МГУ-дің ректоры, акаде-
мик Павловтың: “Ресейдің бүкіл ақыл-ойының зəузаттығы,

тұқымдық қоры азамат соғысы мен ұжымдастыру кезінде
қаза тапқаны бар, шетелге бас сауғалап кеткені бар 2 мил-
лион зиялы, ақсүйекпен бірге кетті”, – деп зар илегенінде
үлкен шындық бар. Көбіміз мəңгүрттікті бертінгі жылдарға

теліп жүрміз. Жоқ, біздіңше ол құбылыс бір қазақты бірнеше
тапқа бөлген, сөйтіп еті тірі, көзі ашық хан, бай тұқымын
жаппай қырған, нəтижесінде өңшең иіс алмастар елге би бо-
лып бишік үйірген жиырмасыншы-отызыншы жылдардан

басталатын сияқты.

– Бүгінгі ұрпақ Абылайды жалпылама емес, жете,

жеке білуі үшін не істелуі керек деп ойлайсыз?

– Ол туралы ақиқаттың ерте ме, кеш пе айтылатыны-

на кəміл сенген Мұхаң, Мұхтар Əуезов: “Қазақтың дербес
ел болуына, əрі-беріден соң қазақтың қазақ болуына, басы
қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен
еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас. Жасымыз

болса келе жатыр, кейінгілер түсіне ме, түсінбей ме, Абы-
лай туралы бір күрделі ғылыми еңбек жазылса екен. Əзірше
баспаға басу қиынға түсер, бірақ арнайы архивте қалса
дұрыс болады”, – деген екен. Мен Мұхаң армандаған сол

кезең туды, сондықтан ғалымдарымыз тездетіп бабамыз
туралы күрделі зерттеу еңбекті, қаламгерлеріміз кең тыны-
сты тарихи көркем туындыны өмірге əкелсе екен деймін.
Бұл – бір. Екінші, осы уақытқа дейін В. Кузнецов, Г.Гуревич

сияқты ғалымдар Еуразия елдеріне тараған еңбектерінде
Абылайды қулық пен айлакерлікке келгенде алдына жан
салмайтын, ең зұлым, адамзат мəдениетіне қаскөй билеуші
ретінде бейнелеп, осындай жағым сыз пікірді елдің құлағына

құйып қойды. Не деген бассыздық. Абылайға мұндай жа-
ланы оның қас дұшпаны да жаппаған. Керісінше, Жоңғар
билеушісі Қалден Цереннен: “Ол заманынан жүз жыл
бұрын ерте туды, оның бүкіл əлемді билеу қолынан келеді”,

– деген қайран қаларлық сөз қалған. Сондықтан ғасырлар

бəйгесінен озып келген осындай əділ пікірлер арқылы
мемлекетіміздің басшылары, қоғам қайраткерлері реті кел-
ген жерде жоғарыдағыдай ұшқары тұжырымдарға соққы
беріп, оны жоққа шығаруы керек деп ойлаймын. Міне, сонда

ғана біз бабамыздың алдындағы парызымызды өтей аламыз.
Жə, ойымды осымен доғарайын. Жалпы бұл бағытта айта-
тын пікірлер көп. Ал əзірше осы да жетер, шырағым.

– Енді Шоқан еңбектерінің қазіргі хал-жағдайы, ке зінде

ұлы ғалыммен пікірлес, сырлас, дос болған көр некті орыс
зиялыларының ұрпақтарымен сіздің араңыз дағы байланыс
туралы бір-екі ауыз сөз айта кетсеңіз.

– Өзің білесің, Шоқан ағаның артында қалдырған

ғылыми мұралары Əлкей Марғұлан сияқты ғұлама ғалым-
ның арқасында бас-аяғы 5 том болып жинақталып, орыс
тілінде екі рет жарық көрді ғой. Оның сыртында Мəскеудегі
“Молодая гвардия” баспасынан Г.Стрелкованың “ЖЗЛ” се-

риясымен “Шоқан Уəлиханов” деген деректі өмір баяндық
кітаптың шыққаны да бар. Даланың дара дарыны туралы
А. Əшімов көп сериялы телефильм де түсірді. Осылардың
бəріне шүкіршілік ете отырып, қиналатын сəттерім де

жоқ емес. Ол – Шоқан Уəлихановтың толық шығармалар
жинағының күні бүгінге дейін қазақ тіліне аударылмауы.
Бұл мəселе неге қолға алынбайды, ғалым аға еңбектерінің 5

томы туған ана тілінде сөйлейтін уақыты əлдеқашан жеткен жоқ па деп қатты ойланамын. Ал Шоқанмен досжар болған орыс зиялыларының ұрпақтары мен менің арамдағы байланыс деген сұрағыңа келсек мəселе былай: саяхатшы Г.Н.Потаниннің бір шөбересі осы біздің республикамызда тұрады. Ол Көкшетау облысындағы Шучье ауданының бас сəулетшісі болып қызмет істейді. Жазушы Ф.М.Достоевскийдің ұрпақтары Дмитрий мен Татьяна Санкт-Петербургте ғұмыр кешіп жатыр. Өте қарапайым, кішіпейіл жандар. 1984 жылы олар маған Алматыға қонаққа келіп қайтты. Кейін мен Дмитрий Достоевскийдің шақыруымен Санкт-Петербургке бардым. Байланысымызды үзгеміз жоқ, хабарласып тұрамыз. ...Əңгіме аяқталуға жақындап келе жатты. Мен үй иесіне ең соңғы сұрақты қоюға ыңғайландым. Ол суретшілер Жандарбек Мəлібеков пен Шота Уəлихановтың шығармашылық ізденісімен дүниеге келіп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі сегізінші сессиясының, қарауына ұсынылған, сөйтіп тағдыры əне-міне шешілгелі тұрған мемлекеттік белгіміз – Елтаңба жобасының идеясы мен мазмұны жөніндегі сауал еді. – Бұл сұраққа деген жауапты мына суретке қарап отыр да содан өзің тап шырағым, – деді Шөкең сызу чертежін салатын альбомынан бір эскизді абайлай алып шығып. Анықтап қараймын, сөйтсем, ол – Елтаңбаның əбден дайын болған жобасы екен. Оны көргенде мен мынадай жəйттерді ұққандай болдым. Зеңгір көк аспан аясында шаңырақ орналасқан. Ол туған ұямыздың нышаны. Жалпы көшпелі халықтардың дəстүрлі ұғымында бүкіл ғалам күмбез түрінде кейіптелген ғой. “Шаңырағың биік болсын!” – деген терең мағыналы ақ тілек міне, осыдан шыққан. Бұл сондай-ақ: “Үйіңе, отбасыңа бейбітшілік, аман-саулық тілеймін. Осы кең əлем сияқты өсіп, өркен жай”, деген ниетті де аңғартып тұрған тəрізді. Содан соң Елтаңбада сегіз бұрышты жұлдыз (кейін ол бес бұрышты жұлдызбен алмастырылды), аңызға айналған ай мүйізді пырақ жəне “Қазақстан” деген жазу алынған. Дəстүрлі қанатты тұлпар – пырақ бейнесі биік самғауды, болашақ туралы арманды білдіргендей. Тұлпардың көкке сермелген қанаттары ортақ отауымыз – шаңырағымызды қорғап тұр. Пырақтың ширатылған ай мүйізі қайсарлықты, қайраттылықты көрсеткендей əрі көне тарихымыздан да хабар бергендей. Үй иесімен қоштасып, сыртқа шықтым. Əңгіме əсерінен арыла алмағандықтан болар ойымда да, санамда да көк мұнармен көлбең қаққан Көкшетау, сұлу Сырымбет бөктері, сонда өмірге келіп, өсіп-өнген Абылай ұрпақтары... Содан кейін есіме төмендегідей екі мөлтек жəйт оралды. Оның біріншісі – ақын Қадыр Мырзалиевтің: Ағайынның ашытқанда миын дау, Талай қазақ аруағыңа сыйынды-ау. Хаһан болу оңай емес, Əйтсе де, Уəлиханов болу одан қиындау, – деген жалғыз шумақ өлеңі еді. Ал екіншісі мынадай шағын штрих. Осыдан оншақты жыл бұрын Республика Ғылым академиясы алаңындағы Шоқан Уəлиханов ескерткіші алдында серуендеп жүрген Шотаға бір танысы кездеседі де: – Осы сенің фамилияңнан қорқамын, – депті. Сонда Шота: – Фамилияма бір көлеңке түсіріп алмасам екен деп, сенен бұрын өзім қорқамын, – деген екен. Қандай ақылды сөз! 1992 жыл.

БИІК ШЫҢДА ҚАР ЖАТАДЫ Кейде өзің творчествосын бір кісідей-ақ жақсы білемін деп жүрген атақты ақын-жазушы ағаларымызбен əңгімелескенде олардың түрлі анықтамалықтар мен оқулықтардағы өмірбаянында қамтылмаған, бұрын көп ешкім байқамаған детальдарға тап болып, таң-тамаша қаларыңыз анық. Қарымды қаламгер, белсенді қоғам қайраткері, публицист Дмитрий Федорович Снегиннің 80 жасқа толуы қарсаңындағы біздің ол кісімен жүздесуіміз кезінде міне, дəл осындай жағдай қайталанды. Əу баста: “Жазушының өмірі, қызметі, шығармалары бізге жақсы таныс қой. Əдебиет зерттеушілері өз уақытында бұл бағытта жеткілікті еңбектенгендіктен енді одан “Америка аша қоятындай” жаңалық таппаспыз. Сондықтан əңгімені қаламгердің бүгінгі саяси оқиғаларға, ұлттар арасындағы шетін мəселелерге байланысты көзқарасын білуден бастап, соңын оның қазіргі кездегі жазып жатқан тың туындысының жай-жапсарын білумен аяқтау керек шығар, сірə”, – деп ойлағанбыз. Бірақ, Дмитрий Федоровичпен сөйлесе, сырласа келгенде алғашқы пікірімізден айнып, мақала мазмұнын мүлде басқаша құруға бел байладық. Ол жазушының өмірі мен творчествосындағы осыған дейін өте сирек сөз болған жəйттер мен оның замана ағымы жариялылық кезіне орай айтқан тың фактілерін оқырмандарға шағын штрих, детальдер арқылы қадери-халімізше баяндап беруге күш салу еді. – Менің осы ұзақ ғұмырымда көз жеткізген бір нəрсем, – дейді Дмитрий Федорович, – ол адам зердесінің балалық шақтағы көрген оқиғаларды ешуақытта да ұмытпай тындығы. Шынымды айтайын, күні кешегі болған жəйттердің көбі қазір есімде жоқ, ал бірақ осыдан 70 жыл бұрынғы көріністер əлі де көз алдымда. Айтшы, бұл не ғажап, не құдірет деп ойлайсың? Мен, міне осыған таңқаламын. Иə, ол үшін бұрынғы Верный, қазіргі Алматының тастақты

көшелерінде қызыл комиссар Дмитрий Фурмановтың
ауыздығын қарш-қарш шайнаған арғымақпен кіші стани-
цадағы қорғанға қарай желе жортып бара жатқаны, төңкеріс
демоны Лев Троцкийдің қазіргі Гоголь көше сіндегі “Жетісу”

қонақ үйі маңайындағы гүлзарда паң əрі тəкаппар кейіппен
серуен құрып жүргені, экономика мəселелерінің ірі рефор-
маторы Александр Чаяновтың Қазақ ауыл шаруашылығы
институты студенттері алдында тереңнен толғай лекция

оқып тұрғаны осы күні кеше ғана сияқты болып көрінеді де
тұрады.
Рас, Дмитрий Фурманов жөніндегі есте қалғандарын ол
өзінің “Ежелгі Верныйда”, “Таңсəрі мен сəске түстің арасы”

атты тарихи романдарында талапқа талғам қоя отырып, ба-
рынша шыншылдықпен жаздым деп ойлайды. Қаламгердің
пайымдауынша
қызыл

комиссардың
адамгершілікке,
зиялылыққа тəн игі қасиеттерімен қатар қате басқан
қадамдары да болған сияқты. Ол онда Жетісу губерниясының

тыныс-тіршілігін орта ғасырдың ар жақ, бер жағы ретінде
ғана елестетіп, Верный қаласын қараңғы, сауатсыз, жабайы
елдің мекені деп ұққандығы жəне осы түсінігінен орталыққа
аттанғанынша айыға алмай кеткендігі. Дауыл алдындағы

тыныштық – төңкеріске дейін Зеньков, Недзвецкий, Бокин,
Жандосов, Виноградов сияқты озық ойлы жандардың от-
аны болған Жетісу жері алдындағы Дмитрий Фурмановтың
кешірілмес кінəсі де, түзете алмас қатесі де міне, осында еді.

Бұл ойын қаламгер большевиктер бейнесіне шаң жуытпай-
тын сонау социалистік реализм əдебиеті тұсында да жасыр-
май айтқан, қазір тіптен ашық, батыл көтеруде.
Дмитрий

Федоровичтің
есінде
“үздіксіз
төңкеріс”

теоретигі Лев Троцкийді де өзінің Алматы көшелерінде
қалай көргені жақсы сақталынып қалған. Он үш-он төрт
жастағы кезі болуы керек, бірде ол əкесі жаздырып алып
оқитын “Шаруа” журналының ескі сандарын қолына алғаны

бар. Соның біреуінің мұқабасында қырынан түскен бұйра
шаш, дөңес мұрын, шоқша сақалды адамның суреті бар еді.
Астында “Үкімет мүшесі – Л.Д.Троцкий” деп жазылған бүл
бейне оның көз алдынан көпке дейін кетпей жүрді. Арада

оншақты күн өткенде анасы Митяны базарға жұмсағаны
бар. Сол кездегі Губернатор үйі деп аталатын орамға жете
бергенде ол қолында сəнді тросы бар, тайыншадай ит жетек-
теген төртпақ денелі адамды көріп тоқтай қалды. Қарайды,

жүргіншінің өңі де, жүзі де өзіне таныс, кеше ғана жүздескен
жан сияқты. “Қайдан, қашан көрдім осы кісіні?” – деп ой-
лады жеткіншек оның сыртынан көз алмай тұрып. Сол
сəтте Митяның есіне журнал, ондағы сурет сап ете түсті.

“Қой қателескен шығармын, – деп ойлады бала көңілі, –
Мəскеудегі Троцкий бұл жерге қайдан келсін? Үкімет мүшесі,
атақты адамның Алматыда ит жетектеп жүруі мүмкін емес”.
Сөйткен де қолын бір сілтеп базарға қарай кете берген.

Бірақ, арада үш-төрт ай өткенде Митя əлгі адаммен
қала сыртындағы Таулықырат беткейінде тағы да кездесіп
қалды. Ол тұратын Садовая көшесінің балалары бұл жерге
жыл сайын бүлдірген теруге келіп жүретін. Осы жолы да

жеткіншектер өздеріне таныс тау бөктеріне ертелете жетіп,
енді жидек іздей бергенде жандарынан бір емес, үш ит ерт-
кен аңшы сопаң етіп шыға келді. Үрпиісіп қалған балаларды
көрген бейсауат жүргінші бұларға жақын келіп, қорқудың

қажеті жоқ екенін, өзінің аң аулап жүргенін, Лев Давидович
деген ағалары болатынын айтты да олармен кəдімгі ересек
адамдар сияқты сөйлесіп, əңгімелескені бар.
Арада бір жылдай уақыт өтеді. Қыстың қыраулы

бір күнінде Алматы мен Бішкек арасына кіре тартатын
Митяның үлкен ағасы Парфиль үйге кештете келіп мы-
надай əңгіме айтады. Олар Қордай асуына жақындағанда
омбы қардан жүре алмай тоқтап қалған автомашинаны

көреді. Оны қоршаған жеті-сегіз əскери адам кірекештерді
тоқтатады да жарау атты, жүгі жеңіл Парфильдің шанасы-
на кабинадағы бір əйел мен брезент жабылған кузовтағы
екі ер адамды əкеп отырғызып, Бішкекке дейін апарып са-

луды талап етеді. Қалған шаналарға бөлініп отырған қызыл
əскерлердің біреуі жолда кірекештерге бұл əкеле жатқан
адамдары Лев Давидович Троцкий деген саяси тұтқынның
өзі жəне жұбайы мен баласы екенін айтып қалады. Ағасы

бұл жайды баяндағанда бұған дейін бойы өсіп, ойы ержет-
кен Митя əлгі адамның осы қалада былтырдан бері айда-
уда жүрген Троцкийдің нақ өзі екенін біледі. Иə, кірекеш
Парфильдің айтқанының бəрі де рас болатын. Себебі,

Троцкий 1929 жылғы 22 қаңтарда орталықтан келген зілді

нұсқауға сəйкес өзі мұнда тура бір жыл болған Алматымен
еріксіз қоштасып, ГПУ қызметкерлерінің қырағы күзетімен
Бішкекке аттандырылған. Содан кейін ол Ташкент-Мəскеу
поезына отырғызылып Ақтөбеге, одан Астраханьға, ақыры

12 ақпанда “Ильич” жолаушылар кеме сімен Қара теңіз
арқылы Түркияға сырттатылып жібе рілгені мəлім.
Дмитрий Федоровичтің жастық шағындағы өмір жолын-
да ерекше із қалдырған адамдардың бірі – есімі ғылымда көп

жылдар бойы əділетсіздікпен аталмай келген ірі экономист-
ғалым Александр Васильевич Чаянов еді. Тағдыр бұл адам-
мен оны Алматы ауыл шаруашылығы институтының ауди-
ториясында жолықтырды. Тəуелсіз ой-пікірі үшін жазықсыз

жазалауға ұшырап, Алматыға жер аударылып келген Алек-
сандр Васильевич Чаянов аталмыш институттың жеміс-
жидек факультетінде оқитын бұған жəне Сергей Калмыков,
Айман Жанғалиев, Александр Гукасян сияқты студент доста-

рына статистика пəнінен сабақ беретін. Осы жерде ғой нəзік
жанды, өнерден хабары мол профессордың жас Митяның
əдебиетке деген бейімділігін байқап: “Антик дəуіріндегі
ұлы ақындардың бірі Виргилий бау-бақша əлемі туралы

пайымдауларын поэзия құдыретімен кестелеп, танымдық
кітап жазған. Сен де диплом жұмысыңды өлеңмен өрнекте,
өлеңмен баянда. Ауыл шаруашылығына қажет мамандығыңа
поэзия көзімен, поэзия сазымен қара. Сонда сенің бойыңды

рухани жұтаңдық билемейді”, – деп айтқаны.
Иə, Александр Васильевич Чаянов жалғыз экономика
мəселесінің білгірі ғана емес, өнер мен ғылымның көптеген
салаларынан мол хабары бар ғажайып адам болатын. Ол осы

Алматы ауыл шаруашылығы институтында оқытушы болып
жүріп “Кооперация туралы” деген атақты еңбегін жазды,
көп жылдар бойы өзі тірнектеп жинаған Еуропа бейнелеу
өнеріндегі гравюра туындыларын зерттеумен айналысты.

Дмитрий Федоровичке институтты тəмамдар тұсында ол
жақсы көретін сүйікті шəкіртіне Альфред Дюрердің “Төрт
пері” атты гравюрасын сыйлағаны бар. Александр Васи-
льевич Чаяновтың сол ескерткіші жазушының үйінде күні

бүгінге дейін бар. Осы ұзақ ғұмырында оның өзінің жеке
басында да, отбасында да қиын жағдайлар болмай қалған
жоқ. Бірақ соның бəріне де қарамай Дмитрий Федорович осы
картинаны міне, алпыс жылдан астам уақыттан бері аяулы

ұстазының көзіндей көріп, қастерлей сақтап келеді.
Жоғарыда біз өзіміз сөз етіп отырған кейіпкеріміздің
əдебиет,
журналистика,

тарих
салаларын
қамтитын
гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орнын емес, ауыл

шаруашылығы мамандарын даярлайтын институтқа түсіп,
соны тəмамдағанын сөз арасында айтып өттік қой деп ой-
лаймыз. Көп жұрт оның өмірбаянындағы осы бір жайды біле
де бермейді жəне оған онша мəн беріп те көрген емес. Ал,

байыппен бағдарлап қарасақ бұл Жетісу сияқты шырышы
бұзылмаған арда табиғат аясында туып-өскен оның қасиетті
Жер-ана жанашыры болсам, соның тылсым сырларын ашсам
деген жүрекжарды арманы еді. Содан кейін, иə, содан кейін

бұл мамандық оған қоршаған ортаны жете білу, өмірді терең
тану үшін де керек болатын. Осындай романтикамен, энту-
зиазммен жігерленген ол жəне оның достарына отызыншы
жылдардың бас кезінде Алматыдан Мəскеу түбіндегі Коз-

лово селосына барып, Бүкілодақтық бағбаната Иван Влади-
мирович Мичуринге жолыққандарының өзі кездейсоқ оқиға
емес.

– Алыс сапарға деген жол қаражатын табу үшін сабақтан

кейінгі бос уақытымызда жалданып жұмыс істеуге тура
келді, – дейді Дмитрий Федорович сол 1932 жылғы оқиғаны
ойлана еске алып. – Ол кезде Алматыдағы қызу қарқынмен
жүріп жатқан құрылыстың бірі қазіргі Бөгенбай мен Пан-

филов көшелерінің қиылысындағы Түркісіб теміржолы
басқармасының кеңсесі еді. Міне, біз сонда барып жер
қаздық, кірпіш тасып, тақтай түсірдік. Ақыры жеткілікті
қаражат жинадық-ау деген кезде сапарға аттануға бел

байладық.
Мəскеу маңына жеткен соң Козлово селосындағы бағбан-
атаның үйін тауып алу алматылық студенттерге онша
қиынға түскен жоқ. Бірақ үсті-үстіне келе беретін делега-

циялардан əбден запы болған кінəмшіл қарт бұларды да
сондай шулыған топтың бірі деп ойлады ма, қайдам, əйтеуір
оларды қабылдап, əңгімелесуден мүлдем бас тартты. Сон-
да студент-энтузиазистер не істеді дейсіздер ғой. Үй иесі

бізбен қашан жүздесіп, əнгімелескенше кетпейміз деп
келісті де беседкаға жайғасып жатып алды. Түс болды. Кеш

те батты, жиекті қара қалпағын милығына түсіре киген та-
рамыс денелі қарттың бұларға қарай беттеп келе жатқаны
байқалды. Сол жерде əңгіме тиегі ағытылды-ай дейсіз. Иван
Владимирович Жетісу өлкесін академик Вавиловтың “Дүние

жүзіндегі қолайлы табиғат орталары” теориясы бойынша
сырттай білетін болып шықты. Пікір алысу таң атып, тауық
шақырғанша толастамады. Ертесінде қарт бағбан бұларға
өзінің жеміс ағаштары егілген тəжірибе бағын көрсетіп, бір

аптаға жұмыс істеуге қалдырды. Ал, мерзімді уақыт бітіп,
студенттер елге қайтар кезде ол қазақстандық студенттерді
өте жақсы көріп қалғанын айтып, бұлармен қимай қоштасты.
Бұл күндері қалың жұртшылық Дмитрий Федорович

Снегинді белді прозашы, қара сөздің майталман шебері
ретінде жақсы біледі. Оған жазушының “Шалғай шеп-
те”, “Парламентерлер рейхстагтан шығып келеді”, “Күту”,
“Ежелгі Верныйда”, “Таңсəрі мен сəске түстің арасы” сияқты

əр жылдары жазған роман, повестері анық дəлел. Бірақ оның
үлкен əдебиетке келер жолдағы алғашқы қадамын сұлулық
пен нəзіктік музасы – поэзиядан бастап, жоғарыдағы
прозалық шығармаларының алдында “Шығыстан соққан

самал жел” (1934 ж.), “Жетісу” (1936 ж.) сияқты екі-үш жыр
жинаған шығарғандығын, ақиық ақын Ілияс Жансүгіров пен
жыр дүлдүлі Нұрлыбек Баймұратовтың шығармаларының
орыс тіліндегі табанды аудармашысы болғандығын қазір

осы бəріміз дерлік түгел біле береміз бе? Жоқ. Міне, бұл да
оның көп қырлы творчествосының бір қайнар көзі болса ке-
рек.

– Сіздің ең алғашқы шығармаңыздың баспасөзде

жариялануына кім ықпал етті жəне “Поцелуев” деген
əу бастағы тума, төл фамилияңыздың орнына “Снегин”
атты
бүгінде

бəрімізге
белгілі
псевдонимді
таңдап

алуыңызға не себеп болды? – дедім мен жазушымен арадағы
əңгіменің келесі бір ұрымтал тұсында.

– Шынымды айтсам, бұл екі нəрсеге бір-ақ адам себеп-

ші болды ғой деп ойлаймын, – дейді Дмитрий Федорович.

– Ол – журналист Виктор Черкесов. Осы бір ақкөңіл жанмен

отызыншы жылдардың бас кезінде мен Алматы дағы кəсіп-
одақтар клубында құрылған жас əдбиетшілер үйірмесінде
танысқан болатынмын. Сол кездері “Советская степь”
газетінде жұмыс істейтін ол шектен тыс ұялшақ тығым

мен жасқаншақтығымды сезді-ау деймін бір күні: “Сенің
өлеңдерің ешкімдікінен де кем емес. Неге газет-журналдарға
ұсынбай
жүрсің?

Мұның
жарамайды?
Сын шылардан
сескенсең бүркеншік фамилиямен жариялап көрейік. Сонда

сенің кім екеніңді ешкім де білмейді. Ондай дəстүрдің қазіргі
кеңес əдебиетінде бар екенін кім жоққа шығарады? Ойлап
қарашы, Горький, Бедный... Бұл олардың шын фамилиялары
емес, бүркеншік есімі”, – деді. Содан ол екеуміз əлгі жер-

де əрі ақылдасып, бері ақылдасып баспасөзге менің атаман
Анненковтың қанды қырғыны туралы жазылған поэмамның
бір тарауын ұсынуды ұйғардық. Ал, псевдонимге келгенде
менің есіме ақын Сергей Есениннің өзім таяуда ғана оқыған

“Анна Снегина” поэмасы оралды да “Снегин” деген фамили-
яны таңдағаным дұрыс шығар деген шешімге келдім. Содан
арада ай, одан кейін арбаның дөңгелегіндей айналып жыл
өткенде Виктор Черкесовтің қуанышы қойнына сыймай

алақайлап жеткенін көрсең. Көзі күлім қаққан ол қолыма
“Қазақстан” (қазіргі “Простор”) журналының 1933 жылғы
1-ші санын ұстатты да басылымның жуан ортасынан орын
тепкен Дмитрий Снегин деген ақынның поэма тарауларын

көрсетті. Əңгіменің тоқетері, содан бергі 59 жыл бойы мен
міне, осы фамилиямен шығып келемін.
...Сексеннің сеңгіріне шыққан қарт қаламгер осы сөздерді
айтты да бір сəтке үнсіз қалды. Мен көгілдір көзінен əлі нұры

тая қоймаған, денесінде артық ет жоқ, көкірегі көреген, ақылы
айдын əңгіме иесіне байыппен барлай қарадым. Дмитрий
Федоровичтің шашы аппақ қудай боп ағарған екен. Құдды
қыста да, жазда да биік шың басында көз шағылыстырып жа-

татын ақша қар дерсің. Осыны көргенде есіме ақын ағамыз
Сағынғали Сейітовтің: “Шашым ның ақтығы жанымның
ақтығы, көңілімнің пəктігі, Санаман сірə да – мінім деп тап
мұны. Шашым ның ақтығы – арымның ақ гүлі, санамның

сафтығы, Санаман сірə да – мінім де тап мұны”, – деп соңғы
сөйлемдері қайталанып келетін өлең жолдары түсті. Осы сөз
дəл қарсы алдымда ойға шомып отырған Дмитрий Федо-

ровичке арналып айтылғандай болып көрінді. Жоғарыдағы
əсерден болар: “Жылдың қай мерзімінде болмасын биік тау-
да, шың басында ғана қар жатады жəне ол кіршіксіз, таза
қарлар”, – деп күбірледім ішімнен мен.

– Адам өмірінде өзінің бір жұлдызды сəттері болады, –

деді əңгімеміз аяқтала бергенде Дмитрий Федорович. – Менің
жұлдызды сəтім Қазақстанда туғаным, қазақ халқының
Мұхтар, Ғабит, Сəбит, Бауыржан сияқты перзенттерімен
тағдырлас, сырлас болғаным деп есептеймін. Бұл ғажайып

жандар туралы қазір ұзақ та, қызықты əңгімелер айту-
ыма болар еді. Бірақ оған уақыт керек қой. Солай емес
пе? Сондықтан оларға мен бір-бір сөзбен төмендегідей
анықтама бергім келіп тұр. Мұхтар дегенде оны бір сөзбен

“ғұлама” деп бейнелеуге болады. Ғабитті – “зергер”, Сəбитті

– “халық” дер едім. Ал Бауыржанға “ар-намыс” деген

теңеу лайық. Өкінішке қарай, осы аяулы жандардың бəрі
қазір біздің арамызда жоқ. Оларды өмірдің қатал ағысы
тіршілік жағалауынан жұлып алып кеткелі қашан... Осыны
ойлағанда өзегің өртенеді. Тірі жүрген менің міндетім – со-

лар жөнінде естелік жазу. Оны бастадым деп те айтуыма
болады. Мəселен, Бауыржан кайтыс болардың аз-ақ алдын-
да жеке архивінің үлкен бір бөлігін маған беріп, аманаттап
кетті. Қазір мен майдандас досымның сол тапсырмасын бір

жүйеге түсіріп, бітіруге таяу қалдым. Өмір болса Мұхтар,
Ғабит, Сəбиттің аманаттарын да орындайтыныма күмəнім
жоқ. Тек құдай мен сияқты қарт адамның көретін көзі мен
ақылынан айырмасын деңіз.

...Дмитрий Федорович Снегин.
Ол – қазақ халқының рухани мұрасын біліктілікпен,
жанашырлықпен зерттеуші Радлов, Потанин сияқты орыс
зиялыларының бүгінгі ізбасары.

Ол – халқымыздың аяулы ұлдары Тоқаш, Ораз, Бауыр-
жан сияқты тұлғалардың күрмеуі көп күрделі өмірін өз
шығар маларында шыншылдықпен суреттеп, оларды орыс
оқыр ман дарына алғаш таныстырған бірден-бір көркемсөз

шебері.
Ол – ана тіліміздің мемлекеттік мəртебе алуына бел
шеше кірісіп, үміт ұстараның жүзінде тұрған кезде: “Егер
мен бүгін, дəл қазір қазақ тілінің тағдырына ара түспесем,

онда мені ұстазым Мұхтар Əуезовтің, майдандас досым Ба-
уыржан Момышұлының əруағы кешірмейді”, – деп өз ойын
қандастарының алдында жалтақтамай ашық айтып, тура
биде туғандық жоқ екенін танытқан қайраткер.

Ол – Қазақстандағы өз нанын адал жеп жүрген бірден-бір
орыс азаматы.
Шіркін, біздегі барлық орыс осы Метрей ағайдай болса
ғой...

1992 жыл.

БҰЛ ӨМІРГЕ

БІР-АҚ РЕТ

КЕЛЕМІЗ...

Живу, я, в этом мире только раз...
А.С.Пушкин
“Таугүл” мөлтек ауданындағы 4-ші үйдің сегізінші
қабатына көтерілгенімде күн екіндіге таянып қалған кез

еді. Есікті Азаттың өзі ашты. Алғашқы аман-саулықтан
кейінгі əңгімеден соң үй иесі оның аузынан төмендегідей
жан тебірентерлік хабарды естіп білдім. Осы таяуда оған
өзінің бір кездегі туған Отаны – Шыңжаңнан 41 жыл бойы

көрмеген əкесі іздеп келіпті.

– Ол кісі қазір үйде жоқ. Кеше ғана Əулиеатаға жүріп

кетті. Сонда тұратын ағайындарымызды аралап, жүздесіп
қайтпақшы. Суретін көремін десеңіз, мінеки,– деді Азат
толқыған үнмен.
“Біреуді қуантып, біреуді жылатып өтетін тағдыр-

ай”, – дедім ішімнен мен жоғарыдағы хабарды естіген
сəтте. Сөйттім де бейтаныс қарттың суретін алып, терең
ойға кеттім. Иə, сонау қырқыншы жылдардың ортасында
Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарман

жауынгерлерінің бірі болған, одан кейін Үрімші қаласының
əскери комиссары қызметін атқарған Мырзат атты мына
ақсақалдың кайта бүгінгі күнге дейінгі тіршілікте татар
дəмі, көрер қызығы бар екен. Неге десеңіз ол 1953 жылы

Қытай үкіметінің “жаптым жала, жақтым күйе” деген
солақай саясатымен ұсталып, ату жазасына кесілген кезінде,
одан соң бұл қатал үкімнің 25 жыл түрмеде отыру жазасы-
мен алмастырылған сəтінде қазақ ағайындарға ілесіп, бергі

бетке өткен алты жасар жалғыз ұлын, бүгінде ер жетіп, есімі
республикаға белгілі болған суретші əрі қолөнер шебері
мына Азатын көремін деп ойлады ма? Əй қайдам... Шүкір,
жаза мерзімі қанша ұзақ, ауыр болса да ол соның бəріне

шыда ған, төтеп берген. Сөйткен де 1978 жылы түрмеден

босап шығысымен Құлжаға келіп, бір кездегі тас ошағы
талқан болған отбасын іздестірген. Нəтижесінде баласының
Қазақстанға өтіп кеткенін естиді. Сол күннен бастап ол кісі
қайткенде де Алматыға келіп, жалғыз ұлын бір көріп қайтуды

армандайды. Енді міне, естіп-біліп отырмыз, жетпістің
екеуіне келген қарттың бұл тілегі тек биыл ғана орындалып-
ты. Қандай қиын, сонымен катар қандай қуанышты кездесу
десеңізші. “Бұған да шүкір”, – дейсің іштей.

– Сонда бұл кісінің айыбы не? Əкеңіз Қытай үкіметіне

неден жазықты болып қалып еді? –дедім мен Азатқа суретті
қайтарып беріп жатып.

– Айыбы сол, ол – бек пен төренің, ақсүйектер

əулетінің ұрпағы болғандығы. Басқа ештеңе де емес. Олар
менің əкем сияқты жандар еркіндікте жүрсе Шығыс
Түркістанда жеке дара билік пен тəуелсіздікті көксеушілік
бел алып кете ме деген күдікті ойда болды. Сөйтті де

ұйғырлардың Қотан, Қашғар, Құмыл, Алтышəрі сияқты
аймақтарындағы зиялыларын аяусыз жазалап, қызыл
қырғынға үшыратты. Жалпы елдің бас көтерерлері де
сол дəулеттілер отбасынан оқығандар еді ғой, – деді үй

иесі терең күрсініп.
Азаттың сөзіне қарағанда ол əкесі жағынан аты Жетісу
өңіріне жақсы мəлім адам Уəлібай Юлдашевтің, ал шешесі
жағынан Шығыс Түркістандағы ірі жер иеленуші Абдолла

қожаның тұқымы болып келеді екен. Уəлібай Юлдашевті
кім білмейді дейсіз? Бəріміз де жақсы білеміз. Себебі ол
кісінің өз заманында Жетісу генерал-губернаторы Г.А.Кол -
паковскиймен жəне Ұлы жүздегі албан руының сұлтаны

Тезек төремен дос, сыйлас болғаны тарихтан мəлім. Мұның
сыртында бірінші гильдиялы көпес атанған ұйғыр бекза-
дасы ол қайырымдылық пен ізгілік, мейірбандықтан да
құралақан болмаған жан. Оған Уəлібай Юлдашевтің Қытай

астанасы Бежін шаһарынан Хон Пик атты ірі сəулетшіні
шақыртып, өз қаржысына Жаркент қаласындағы мұсылман
мешітін салдырған бір ғана мысалды айтсақ, соның өзі
жеткілікті ғой деп ойлаймыз. Ал, оның баласы, өзіміз сөз

етіп отырған Азаттың атасы Əкімбек төре ше? Үй иесінің
айтуына қарағанда ол кісі де заманындағы өзіндік бір
қайталанбас кесек тұлға болған сияқты. Бұған оның 1944
жылғы:12 қарашада Шыңжаңдағы үш аймақты қамтыған

ұлт-азаттық көтерілісі жеңіске жеткен соң құрылған Шығыс
Түркістан Республикасының вице-президенті, ал 1945 жылы
ең соңғы тəуелсіз ұйғыр мемлекетінің президенті болып
сайланғаны анық дəлел бола алады.

– Əкем ұсталғанда мен 4 жаста едім,– дейді Азат.–

Содан бастап біздің отбасымыз өмірден, өз ортасынан
шеттетіліп, отырса опақ, тұрса сопақ күйге түсті. Жергілікті
үкіметтің бұл суық көзқарасы мен өгей пиғылын туыс-
қандарымыз да сезбей қалған жоқ. Үрейленіп, болашағы мыз

үшін қатты алаңдап жүрді. Ақыры олар бір күні шешеме сол
кездері атамекеніне қайтуға тұңғыш рет қам жасап жатқан
қазақ диаспорасының көшіне ілесіп, бергі бетке өтіп кетуге
кеңес берді. Сонымен біз 1955 жылы əкем нің тамыры Мəжит

деген отағасының қос азаматтық паспортына тіркелдік те
Семей облысының Үржар ауда нына келіп қоныс тептік.
Əлі есімде, ол уақыттағы тұрмыс жағдайы мұнда да онша
мəз емес болатын. Өйткені, бұл біреуді жесір, енді біреуді

жетім еткен алапат соғыстан кейін небəрі он-ақ жыл өткен
өліара кез еді. Сондықтан ел қоңыртөбел ғана тірлік кешіп,
есін енді-енді жинап келе жатты да бізді құшақ жайып қарсы
алатындай шамалары болмады. Шеттен келген қазақтар

мұны түсінді. Сөйтті де ширек ғасыр ішіндегі тəргілеу мен
аштықтан, жазықсыз жазалау мен соғыстан сансыраған елге
демеу болу үшін қолдарынан не келеді, соны атқарып, жан
бағуға кірісті. Солардың бірі Мəжит отағасы еді. Қытайда

білікті заң қызметкері, бір аймақтың прокуроры болған ол
кісі мұнда келген соң өзінің жəне біздің отбасын асырау
үшін Үржар элеваторына астық түсіретін қара жұмысшы
болып орналасты. Өз мамандығын өзгерту Мəжит ағаға

оңай тиген жоқ. Оны бұрын үнемі ашық-жарқын жүретін
бұл адамның енді көп үндемейтін, тұйық мінезді жанға
айналғанынан анық байқауға болатын. Отағасының сол
уақыттардағы кескін-келбеті əлі күнге дейін көз алдымда:

жұмыстан қанша шаршап-шалдығып келсе де ешкімге кейіп,
ұрыспайтын, үй ішіндегі балалар дың басынан сипап ойлана-
тын да отыратын. Ақыры ол кісі жанын жеген əлдебір ішкі
күйзеліс пен ауыр еңбектен төменшіктеп жүріп, 1961 жылы

қайтыс болды. Қарап отырсаңыз бұл да бір тағдыр. Жəне көп
адамдар мүлде түсіне бермейтін аянышты, ауыр тағдыр.

Азаттың жоғарыдағы əңгімесін тыңдап отырғанымда
менің ойыма төмендегідей жəйттер оралды. Алпысын-
шы жылдардың бас кезі болатын. Сол кездегі қалыптасқан
жағдай бойынша біздің Алматы облысындағы таулы өлке

Нарынқол шекарасынан да қазақ диаспорасын бергі бетке
өткізу басталып, олар сол жердегі түрлі жұмыстарға орна-
ласып жатты. Біразы қой бағуға кетті, енді біразын балшық
илетіп, шикі кірпіш құюға жіберді, қалғандары жүк түсіріп,

егін суғару, шалғы шауып, жол жөндеу сияқты істерге
кірісті. Бір ғажабы сонда бұл қандастарымыз: “Жоқ, бұл
менің мамандығыма келмейді”,– деп қарсылық білдір меді.
Жергілікті жердің талабына төзімділікпен қарап, жұмсаған

жаққа қыңқ демей бара берді. Сонда олардың бəрі иісалмас,
“өк” десе жүріп, “шөк” десе тұратын көрсо қыр жандар еді
дейсіз бе? Жоқ. Бұл ағайын дарымыздың ішінде сол кездің
өзінде-ақ білімді азаматтар көп болатын. Мəселен, арғы бет-

тен келгендердің арасын дағы Сейілхан деген жігіт ағасы
менің əлі есімде. Қой бағатын. Бір жазда ол жайлауға көшіп
бара жатып, Хан-Тəңірі шыңының етегіндегі шетелдік аль-
пинистер лагеріне тап болады да əлгілермен ағылшын

тілінде əңгіме-дүкен құрады. Мұны басқа шопандар көрмей
ме? Жағаларын ұстап, ауылдастарына айтпай ма? Əңгіме
аудандағы қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің кұлағына
жетпей ме? Содан олар ал кеп Сейілханды тергесін дейсіз.

Істің насырға шапқанын сезген шопан төрдегі абдыраны
ашады да орган қызметкерлеріне əлдебір құжатты көрсетеді.
Сөйтсе ол... Пекин университетінің əлем тілдері факультетін
үздік бітірген жоғары білімді маман екен. Осындай адамға

мұнда келген соң мектептегі мұғалімдік орын да тимей,
пешене сіне қой бағу жазылғаны қандай аянышты десеңізші.
Салпаңқұлақтардың сергелдеңінен кейін Сейілхан жүнжіп
кетті. Ешкіммен араласпай, саяқ жүретін болды. Сөйтті де

ақыры өмірден томаға-тұйық мінезбен баз кешті.
Осы оқиға еске түскенде еріксізден-еріксіз жоғарыдағы
Азат айтқан Мəжит отағасын көз алдыңа келтіресің.
Сөйтесің, де: “Ол да, бұл да жан күйзелісінен жапа шеккен

адамдар екен-ау”,– дейсің іштей.

– 1963 жылы,– деді үй иесі маналы бері бөлме ішінде

орнаған үнсіздікті бұзып,– біздің отбасымыз Үржардан
Алматыға көшіп келіп, Аэродром көшесіне орын тепті. Өзім
де сеземін, ұстаздарым да айтады, сурет салуға бейімім бар
сияқты. Бірақ ізденуге, шұғылдануға жағдай жоқ. Себебі

ол уақыт тұрмысымыздың əлі де оңалып кете қоймаған
кезі еді. Сондықтан не істедім дейсіз ғой? Мектептегі
сабағым аяқталысымен ұйғыр махалласындағы өзім сияқты
балаларға еріп, қаланың “Дорожник” аймағындағы қоқыс

төгетін жерден бөтелке жинаймын. Оны анама əкеп берген
соң Рысқұлов даңғылының бойындағы қалалық безендіру
комбинатына барамын да плакат сөздері мен көше атта-
рын, жол қауіпсіздігі белгілерін жазуға тапсырыс берген

мекемелердің жұмыстарын орындап, тиын-тебен табамын.
Ал, таңертең... мектептегі сабақ. Осы арада сіз: “Бұл жігіттің
коқыстан бөтелке жинағанына дейін айтқаны несі? Оған ар-
ланбай ма екен?” – деп ойлауыңыз мүмкін. Неге арланамын,

неге намыстанамын? Себебі ол менің өмірім, жүріп өткен
жолым ғой. Керек десеңіз – тағдырым да. Сондықтан кейде
адам басындағы осындай жəйттерді де жасырып-жабудың
қажеті жоқ деп есептеймін. Бұған қалай қарайсыз?

– Дұрыс,– деп басымды изедім мен оның жоғарыдағы

сөзінің əсерінен арыла алмай. Сөйттім де: “Сізді біз
ең алдымен талантты суретші ретінде бағалағанымыз
бар, – дедім əңгіме желісін одан əрі жалғастыруға тырысып.–
Егер қателеспесем бұл алпысыншы жылдардың аяқ кезі бо-

латын. Содан соң... иə, содан соң ел өзіңізді ұйғыр халқының
қолөнерін дамытушы бесаспап шебер, оның ежелгі үлгілерін
тұңғыш рет жинап, сақтаушы этнограф ретінде бағалай ба-
стады. Айтыңызшы, сонда бұл күрделі əрі қиын жұмысты

қолға алуыңызға не нəрсе себеп болды жəне оны қалай
жүзеге асырдыныз?
Азаттың айтуына қарағанда бұған мынадай жəйт түрткі
болған. Жазғы каникул күндерінің бірінде ол сурет учи-

лищесі окушыларымен Самарқанд қаласына экскурсияға
келіп, əйгілі Шахи-Зинд, Гур-Эмир кешендерін аралайды.
Сапарлас достары Шир-Дор медіресесін тамашалауға бет
алған кезде бұл Регистан алаңындағы гүлзарда қаз мойынды

құмғанын қасына койып терең ойда отырған қартты көреді.
Кəрілік əбден меңдеп, қудай боп ағарған сақалы желмен
желбіреген қарияның жүзі тым жабырқау еді. Бірақ соған

қарамастан өзіміз білетін аңыздағы Диоген дəруіштей əрі
айбынды, əрі аруақты жан сияқты боп та көрінгендей бол-
ды ол Азаттың көзіне. “Тегін адам емес”,– деді ішінен бұл.
Сөйтті де: “Чоң, дада”,– деп қартқа ұйғыр тілінде қалай үн

қатқанын өзі де сезбей қалды.

– О не, ұлым? – деді бұған мейірлене караған қария.

– Мына құмғаныңызды көруге бола ма?–деді Азат

бұл жолы енді батылдана түсіп.

– Неге болмасын. Болады. Көре ғой,– деп жауап берді қарт.

Аз отырған соң: “Мен Қашғарданмын,– деді əлсіз үнмен.–
Атам да, əкем де қолөнер шеберлері еді. Өзім де соны кəсіп
еттім. Қартайғанда басыма қиын-қыстау күн туды. Бергі бет-
ке өтуге тура келді. Сонда туған отанымнан осы құмғанды

ғана алып келдім. Себебі бұл жастық шағымның белгісі.
Жігіт кезімде мұны мен бар өнерімді салып өзім жасаған бо-
латынмын. Қарашы, ұлым. Əдемі емес пе, ə?
Қарт осы сөздерді айтты да ауыр күрсінді. Ал құмған

шынында да ғажап еді. Ондағы ұйғырдың көне, ежелгі нəзік
ою-өрнектерін Азат күні бүгінге дейін еш жерден көрген де,
кездестірген де емес.
Қашғарлық қариямен арадағы сол кездесуден кейін жас

жігіттің санасында енді төмендегідей ойлар сəуле шашты
да тұрды. Бірі – өзінің суретшілік кəсібімен қатар металл,
ағаш, сүйек сияқты шикізаттармен жұмыс істейтін халық
қолөнерінің қыры мен сырын үйренсем, соның нағыз беса-

спап шебері болып шықсам деген арман да, екіншісі – ұйғыр
халқының ұмытылып, жойылып бара жатқан көне мəдениет
үлгілерін жинауға талпыныс жасап көрсем, түбінде сон-
дай экспонаттардан халық музейін ашсам деген батыл

шешім еді. Осы мақсатпен кейін ол Самарқандқа қайта бар-
ды. Барды да зергер Батыр Рахматовқа үйренуші шəкірт
болып орналасып, қарт ұстадан өзі білмейтін көп жайға
қанықты. Бұл бағыттағы ізденісін содан кейін ол арада екі

жыл өткен соң Бұхардағы тағы бір атақты зергер Сəлімжан
Хамидовтың қоластында одан əрі жалғастырып, шеберлігін
ұштай түсті. Осы арада айта кетер бір жəйт, бұл қос ұста
шəкірттерді өнерге баулудың Шығыс үлгісіндегі тəртібі мен

тəрбиесіне өте берік жандар еді. Олар үйренуші жастармен:
“Талаптандың ба, кел. Үйренуге ниеттендің бе, көр. Білмедің
бе, сұра. Зердеңе аз да болса бірдеңе тоқыдың ба, соны өз
бетіңмен жасауға талаптан”,– деген əдіспен жұмыс істейтін.

Демек бұл: “Саған арнайы уақыт бөліп жатпаймыз. Бəрін де
күнделікті іс барысында көресің. Сол арқылы үйренесің”,–
деген қағида еді. Азат қарт ұсталардың осы талаптарының
бəріне көнді. Қиындықтарына шыдады. Сындарынан

сүрінбей өтті. Сөйтті де Алматыға көп нəрсені көрген, көп
жəйтті көңіліне тоқыған шебер ретінде оралды.
Арада ай... содан соң арбаның дөңгелегіндей айналған
жыл өтті. Бұл кезеңде біздің кейіпкеріміз өзінің жеке

шығармашылық кəсібіне бел шеше кірісіп, бірталай игі
істердің басын қайырып үлгерген еді. Соның нəтижесінде
ел оны енді суретші ғана емес, халық қолөнері үрдісіне
жаңаша сипат берген зерделі зергер, ешкімге ұқсамайтын

өзіндік қолтаңбасы бар шебер ретінде танып білді. Бірақ
соның өзінде Азатқа əу бастағы көңілге түйген тағы бір іс –
ұйғыр мəдениетінің көне үлгілерін жинастыру жөніндегі ой
маза берген емес. “Асығу керек,– дейтін мұндайда ол өз-өзін

қамшылап. – Іске кірісу қажет. Əйтпесе кеш болады”.
Бірақ қалай, кайтіп? Бұл сұраққа деген жауап кездейсоқ
табылды. Бірде Азат қала шетіндегі төбешікте аққала жасап
ойнап жүрген балалардың жанынан өтіп бара жатқан. Ке-

нет көзі сайға қарай сырғанақ тепкелі тұрған жасөспірімнің
қолындағы басы қайқиған əлдебір затты шалып қалмасы бар
ма... Сөйтсе бұл сырты сүйекпен қапталған көне ер екен. Иə, ер
болғанда да ол ғасырымыздың басында Тұрфандағы белгісіз

шебердің қолмен “жасалған құш бас иер” деп аталатын
құстұмсық ер еді. Жетпіс-сексен жылдық уақыт талқысына
төтеп берген осы жəдігерді біздің заманымыздың адамдары
не істеген дейсіз ғой?.. Үйлерінен ауызғы бөлмеге, ауызғы

бөлмеден дəлізге, дəлізден қораға шығарып тастаған. Одан
кейін балаларына сырғанақ тебетін шана ретінде ойнауға
берген. Содан не керек, Азат əлгі жерде балақайды ата-ана-
сына ертіп апарып, үй иесінен ескі ертоқымды аттай қалап

алғаны бар. Тағы бірде ол мынадай жайға кез болды. Бішкек
қаласының маңындағы ұйғыр отбасының табалдырығын ат-
тай бергенде сілейіп тұрды да қалды. Себебі, бір замандар-
да дəулетті үйдің сəн-салтанатын арттырған жолбарыстың

бейнесі бар өткен ғасырдағы Хотан кілемінің жұрнағы осы

үйдің аяқ киім шешетін жеріндегі төсеніш болып жатқан
еді. Енді тағы бір көне мұра – ташкенттік ұйғырлардан
табылған тамбырды айта кетелік. Дыбыс шығару мүмкіндігі
өте жоғары бұл музыкалық аспаптың шанағы... түйенің

қабырғасын пайдалана отырып құрастырылған болып
шықты. Осы құпияның түйінін шешу үшін белгісіз ұйғыр
Страдивариі оған қаншама жылғы ғұмырын сарп етті екен
деп ойлайсың. Ал, Жаркент қаласын аралап жүріп тапқан

көне компас – құбылнама ше? Сыртқы пошымы бадам
жемісіне ұқсайтын бұл құралдың жасалғанына екі ғасырдай
уақыт өткен. Содан бері ол Жібек жолының бойымен түрлі
бағытқа жол тартқан қанша керуенбасыға сенімді серік бол-

ды екен десейші. Ғажабы сол, құбылнама күні бүгінге дейін
мүлтіксіз жұмыс істеуде. Аспапты қай жаққа бұрсаң да оның
құстың тұмсығындай үшкір тілі табандап тұрып Шығысты
көрсетеді де тұрады. Бұған қалай таңданбассың...

Коллекциялар... Экспонаттар... Ойлап қарасаң, олардың
марка, күнпарақ, значок сияқты түр-түрі болатыны белгілі.
Азаттың біз көрген коллекциялары бұлардың ешқайсысына
да жатпайды. Себебі, оның қолға алған ісі лып етпе

əуесқойлық сезімнен емес, мақсатты жұмыстан туған. Бір. Ол
жинаған экспонаттардың əрқайсысының өзіндік айтар ойы
бар. Екі. Содан кейін осы дүниелерді көргенде ұйғырлардың
арғы-бергі тарихынан хабардар боласың. Үш.

Ұйғырлардың тарихы демекші бұл халықтың күрмеуі
көп күрделі тағдырында түрлі жағдайларға байланы-
сты шарықтау мен құлдырау да, гүлдену мен тоқырау да
болған. Айталық, Шығыс Түркістанның төл перзенттері

олар түркі нəсілділердің ішінде алғашқылардың бірі болып
диқаншылықпен айналысқан, отырықшылыққа бейімделіп,
қалалар салған, өздеріне лайық жазуды ойлап тапқан.
Олардың аруз тектес əліпбиі Қытайдың Тань дəуіріндегі

жылнамаларда, Шыңғысхан мемлекетінің іс-қағаздарында
жиі кездеседі. Сондай-ақ, ұйғыр қыз-келіншектерінің
əсемдікке іңкəрлігі, сұлулығы мен сымбат тылығы жөнінде
Шығыс Түркістанға саяхат жасап барған жиһангерлер жа-

рыса əңгімелеген. Бұлардың қатарында Ш. Уəлиханов пен Н.
Прежевальский де бар еді.
Ұйғырлар өз тарихының əр кезеңінде шаман, буд-
да, несториан, ислам діндерінің бəрін де ұстанған. Осы

ағымдардың қай-қайсысы болмасын біз сөз етіп отырған
халықтың мəдениетіне айтарлықтай із қалдырғаны анык.
Уақыт өте келе олар өзінің мемлекеттігін жоғалта баста-
ды. Осы кезеңде бұлардың ғасырлар бойы жасаған рухани

мұрасына да қиын күн туды.
Зауал, əсіресе, Қытайдағы “мəдени революция” тұсында
ерекше байқалды. Соның салдарынан мұндағы ұлттық
сипаттағы жəдігер атаулының бəрі өртеліп, жойылды,

қалпына келместей етіп қиратылып, ұрпақтар санасынан
өшірілді. Сөйтіп, ұйғыр мəдениетіне үлкен нұқсан келтірілді.
Міне, осы тұста Азат өзінің халық мұрасын жинастырып,
сақтау, оларды реставрациядан өткізіп, көрмелер өткізу

жөніндегі қолға алған ісінің дұрыс екендігін бұрынғыдан
да гөрі терең сезіп, білген еді. 1977 жылы ол жылдар бойы
əркімнен терміштеп жүріп жинаған 300-дей коллекциясынан
Алматыда тұңғыш рет көрме өткізді. Сонда оны көруге кел-

ген ұйғыр ақсақалдарының көңілдері босап, көздеріне жас
алғаны бар. Кейін олар мұнда өздері ғана келіп қоймай, бала-
лары мен немерелерін де ертіп əкеп жүрді. “Ұйғыр халқының
қолданбалы өнері” деп аталатын бұл көрме одан соң, 1980

жылы Талдықорған облысының Панфилов ауданындағы
Жаркент мешітінде, 1983 жылы Мəскеудегі Сатира теа-
трында, 1985 жылы Қырғызстан астанасы Бішкектегі тарих
музейінде одан əрі жалғасын тапты. Сөз орайында аталмыш

қалаларда ұйымдастырылған осы мəдени шаралардың үлкен
табыспен өткенін айта кетуіміз керек. Оны сол көрмелерді
тамашалауға келген мыңдаған өнер жанашырлары мен
шетел туристерінің “Пікір-тілек кітапшаларына” жазып

қалдырған жылы лебіздерінен анық байқауға болады.
Сөз соңында өзіміздің кейіпкеріміз Азат Əкімбектің тағы
бір қырын айтып өтуді жөн көріп отырмыз. Ол суретші,
қолөнер шебері, этнограф қана емес нағыз азамат та. Азамат

болғанда да тəуелсіз Қазақстанның тынышты ғына тілек тес,
жақсылығына жанкүйер жан. Мұны оның егемендігіміз үшін
ес кетіп, жан шығып жатқан тұста: “Бізге автономия керек.
Жетісу – ұйғырлардың жері. Біз Қазақ станның федерациялық

республика болуын жақтаймыз”,– деп бүйректен сирақ
шығарған Кабиров пен Əлиева сияқты ғалымдар мен Қ.Го-

жамбердиев секілді көсемсымақтың қитұрқы əрекет теріне
батыл тойтарыс берген адалдығынан анық аңғаруға болады.

– Аталмыш мақала авторлары пікірлерінің жаңсақтығы

сондай,– дейді Азат,– бұл кəдімгі шəлкес мінезді жас баланың
ағасымен таласып қалғанда бəрін де “өзімдікі”, тіпті “əке-
шешем де менікі” деуге дейін баратыны тəрізді өзімшіл
қылығына ұқсайды. Оларға салсаң Жібек жолы – менікі

(ұйғырлардың Жібек жолы), сондай-ақ Балқаш, Ыстықкөл,
Іле менікі, Отырар, Баласағұн, Алматы – ол да менікі, тіпті
қимақтар, қаңлылар, қыпшақтар сияқты тайпалардың бəрі
де – өзімдікі деген тəрізді қиғаш пікір лер. Əрине, бұл жер-

де олардың шəлкес мінезді баладан бір айырмашылығы

– өздері қойып отырған талаптарды орынды деп дəлелдеп

баққысы келеді. Бірақ өздері келтір ген дəлелдері өздерінің
айтқандарын мүлде теріске шыға рады. Осыған байланысты
менің пікірім мынадай: біздің халқымызға пайдасынан зи-
яны көп мұндай “ақыл-кеңес тің” қажеті жоқ. Халыққа не

қажет, қалай өмір сүреді, оны елдің өзі шешеді.
Жасыратын несі бар, егер халықты тұтас алатын болсақ,
қазіргі ұйғырлардың жағдайы шынында да қиын: олардың
көпшілік бөлігі Қытайдың Лобнор полигонындағы əлі күнге

тоқтаусыз жүріп келе жатқан ядролық сынақтардың салдары-
нан қырғынға ұшырауда. Сондай-ақ бала тууды жоспар-
лы түрде шектеушілік, ассимиляция сияқты толып жатқан
жағдайлардан кейін менің қандастарым рухани құлдырау

шегінде тұрғандай болып көрінеді. Сондай-ақ, басқа
елдердегі сияқты, Қазақстанды мекендейтін ұйғырлардың
пробле масы да жоқ деп айта алмаймын. Бірақ бұған бауыр-
лас қазақ халқының не кінəсі бар? Олардың бізге қарағанда

тəуелсіздік ке енді қолы жетіп, етек-жеңін жиғаны ма? Егер
жарияла нымың авторлары өз халқы үшін емешегі үзіліп
тұрса, онда олар қазақ халқының тарихы мен мəдениетіне
құрметпен қа рап қана қоймай, бүгінгі олар кешіп отырған

хал-жағдайды терең түсінуі керек еді. Біз енді тек М.Кабиров
пен М. Əлие ва ның, Қ.Гожам бер диевтің іске асыра алмаған
жымысқы ойларының астарын қазақстандық ұйғырлар
түсініп, олар байқамағанды көпші лік қауым дұрыс бағалай

алады деп үміт етеміз.
Жетісуда ұйғыр автономиясын ұйымдастыру идеясының
көңілге қатты түйткіл салатыны – Қазақстанның тəуелсіз ел
болып, ту көтеріп, егеменді ел болған сəтінде бас көтеруі.

Отарлық шырмауынан құтылған жас мемлекетті қаншама ел
танып, оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты əр
мемлекеттің королі де, премьері де шын пейілмен қабылдап
жатқанда, қазақстандықтар деп аталатын, сан жылдар

қазақтың жерін жерлеп, суын сулаған ұйғырлар, орыстар,
кəріс, дұңғандар қазақтың қолын қысып құттықтауымыз
керек-ақ еді. Өкінішке қарай кейбіреуіміз олай етпедік. Ав-
тономия бер деп ұят іс жасадық. Ойлап қараңызшы, бүгін

оны ұйғыр сұраса, ертең казактар, немістер талап етпей ме?
Сонда тəуелсіз Қазақ мемлекетінен не қалады?

– Сен 91-дің тамызында қайда болдың? Баррикаданың

қай жағында жүрдің? – деп сұрау бүгінде Ресейде əдетке ай-
налыпты, – деді Азат бұдан кейін сəл ойланып отырып. – Ал:
“Сен 86-ның желтоқсанында қайда болдың? Баррикаданың
қай жағында жүрдің?” – деп Қазақстанда бізден біреу сұрады

ма? Жоқ. Ұят та болса шынын айтайық, біз қазақстандықтар,
баррикадада болғанымыз жоқ. Алаңға қазақтан басқа ешкім
шықпады. Біз өзімізге тиімді, немкетті бақылаушының рөлін
ойнап, қорғаншақтық позицияға тығылдық. Қақпамызды

жауып, ілгегін тас қып бекітіп, өртеніп жатқан менің жерім
емес дегендей ар-ұятымызды алдаған болдық. Ал барып
тұрған ұяттан безгендер бөркін аспанға лақтырып: “Сендер-
ге сол керек, жазаңды əлі тартасың”, – деп табалағандай бол-

ды. Егер желтоқсанның сол бір ызғарлы күндерінде күрзіге
жығылып, қан жоса болған қазақтың жас жігіті мен қызы
бүгін бізден: “Сен 86-ның желтоқсанында қайда болдың?”

– деп сұраса не айтар едік? Ештеңе де айта алмаймыз. Олар

мұны сұрамаса бұл да қазақ халқының жайдарлылығы,
кеңпейілділігі мен кек сақтамайтындығы. Халық: “Қоныс
іздеме, қоңсы ізде” – деуші еді. Біздің көбіміз – орыс та,
ұйғыр да, неміс те, чешен де қоныс іздеген жоқпыз. Қоңсы

таңдауға шамамыз да болмады. Тағдыр бізді қиын-қыстау
кезеңде əкеп, Қазақстан жерінде, қазақтың кең жазира елінде
тұруға жазыпты. Бұған да шүкіршілік.
Қалай тұрамыз?

Бұл сұрауды сепаратистер өздеріне өздері қойсын.
Саяси капитал жинағысы келген көкезу демагогтар,

жас мемлекетімізді бірде автономияға жіліктеп, бірде
федерацияға бөлгісі келетін əсіре ұраншылдар өздерінен
өздері сұрасын. Ал, біздер, қазақстандықтар, бірге тұрып
жатырмыз. Тілейтініміз – тыныштық...

Қала... Кеш... Ымырт... Қараңғыда буалдырлана жанған
неон шамдардың сəулесіне ойлана қарап жүріп келемін.
Есіме кенет 1987 жылғы 14 наурызда өткен Қазақстан Ком-
партиясы Орталық Комитетінің VІІІ пленумындағы мына

бір оқиға оралды. Сол жиналыста республиканың идео-
логия хатшысынан бастап автопарктің парторгына дейін
бəрі біздің халқымызды кінəлап, еңсе көтертпей тұқыртып
жатты. Дүниеде қазақтан асқан оңбаған, озбыр халық жоқ

дегенге дейін барған бишігештер көп болды. Жүрегің қан
жылап, ішіңнен тынып отырған сондай сəтте ұлты басқа
бір адамның: “Менің жеке өз басым қазақ халқына кінə
қоя алмаймын. Осы жерде өстім, осы жерде оқыдым. Көріп

отырсыздар, осы жерде жұмыс істеп келемін. Қазақ халқын
кінəлауға болмайды”, – деп аз да болса жылы сөз айтқанын
қалай ұмытарсың. Бұл лебіз ол кезде ерлікпен тең болатын.
Мұны айтқан сол кездегі республикааралық “Ленин кичи”

газетінің бас редакторы, ақкөңіл қарт Инокентий Хан еді.
Уақыт өте келе ондай жанашыр жандар көбейді. Олар орыс
Александр Княгинин мен Иван Щеголихин, əзірбайжан
қызы Асылы Османова, неміс ұлтының өкілі Герольд

Бельгер еді. Мені ұйғыр зиялысы Азат Əкімбектің де осы
қатардан табылғаны бек қуантады. Оған оның жоғарыдағы
сөздері анық дəлел.
1993 жыл.

МАҚАЛ АТА

– Ассалаумағалейкум!

– Уағалейкумассалам! Молда бол қарағым. Төрге шық.

Үй иесі осы сөздерді айтты да бетіме барлай қарап, есіне
əлденені түсіргендей болды. Сөйтті де: “Бұдан жиырма жыл
бұрын көргенімде түбіт мұртты, үркек көзді, тырыли арық
қара бала едің, ə, – деді ойлана тіл қатып. – Енді міне... Иə...

Өзгермеген тек тарамыс денең ғана”, – деп қуақылана жы-
миды.
Мына сөзді естігенде бүйрегім бүлк ете түсті. “Зердесі
не деген мықты еді бұл кісінің? Сонау қоян жылғы қызық

қылық, қате қадамымды калай ұмытпаған?” – деп ойладым
ішімнен. Сөйттім де ақсақал ақынмен ең алғаш кездесіп,
танысқанымды есіме алдым.
1973 жылдың желтоқсан айы еді. Республикалық жа-

стар газеті “Лениншіл жасқа” жаңадан жұмысқа орналасқан
кезім. Көкбазардың қарсы бетіндегі тоғыз қабатты Бас пасөз
үйінде сол жылдары қазақтың кіл мықты марқас қалары
қызмет істейтін. Атап айтсақ: Құрманбек Сағын дықов,

Төлеубай Ыдырысов, Балғабек Қыдыр бекұлы, Мұзафар
Əлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Сейдахмет Бердіқұлов,
Фариза Оңғарсынова, Қалдарбек Найман баев... Бəрі-бəрі
де осында еді. Міне, былайғы жұрт “кіші Жазушылар

одағы” деп атап кеткен аталмыш мекемеге жоғарыдағы
ағаларымызбен бірге кіріп, бірге шығып жүрдік. Сонда осы
кісілердің сұсы баса ма, жоқ əлде мысы баса ма, білмеймін,
əйтеуір, өз басым: оларды көргенде сəлемдесуден тайсақтап,

қорғалақтап, ыңғайсыз күйге түсетінмін де қалатынмын.
Тумысынан бұйығы, тұйық боп басылып өскен ауыл
балаларының көбіне тəн осындай кісікиік, тағы мінезден
арылтқысы келді-ау деймін, бас редакторымыз Сейдахмет

Бердіқұлов редакциядағы бір жиналыста: “Бізде Мұзағаң,
Мұзафар Əлімбаев сияқты үлкен ақындарымыздың өзін
көзге ілмей өте шығатын жігіттер пайда болыпты. Бұл жара-
майды. Амандасуға да кісі ұяла ма екен? Ондай жасықтықты

қойыңдар”, – деп бұдан былай кім-кімнің де болсын бойы-
нан мұндай əбестік тің қайталанбауын ескертті.
Əңгіменің өзім туралы болып отырғанын ішім сезген мен
жиналыс үстінде де, одан кейін де не істерімді білмей қатты

қысылайын. Ақыры жасырынып жүріп жан сақтай алма-
сымды біліп, тоғызыншы қабаттағы “Балдырған” журналы-
на барайын. Бас редактор болып жұмыс істейтін Мұзағаңа
кірейін. Ол кісіге өз тарапымнан бір кемшіліктің кеткенін,

мұның бөтен ой, жаман пиғылдан емес, тырнақалды ту-
ындымды жаңа жазып жүрген жас тілші менің есімдері
елге танылған таланттармен тереземді тең ұстап сөйлесіп,
сəлемдесуге əлі ерте-ау деп именуден барып туған ағаттық

екенін тілімнің жеткенінше түсіндіріп айтайын. Мұны
естіген Мұзағаң ішек-сілесі қатқанша күліп, мəз болсын кеп.

– Дəл осындай жағдай ертеректе менің басымнан да өткен

қарағым, – деді ол кісі. – Оқасы жоқ. Өмірде бəрі де бола-
ды. Сөйтті де: – Жүр, бойың үйренсін, сені ақын-жазушы
ағаларыңмен таныстырайын. Есіңде сақта, ұстазым Мұқан
Иманжановтан алған тəрбием бұл, – деп көрші бөлмедегі

өзінің жауапты хатшысы Тұмағаңа, Тұманбай Мол-
дағалиевке ертіп апарды. Одан соң “Білім жəне еңбек тің”
бас редакторы Қалдарбек Найманбаевтың кабинетіне кіріп,
танысу рəсімін жасаттырды. Қайтып келе жат қанымызда

“Қазақстан коммунисінің” бөлім мең герушісі Төлеубай
Ыдырысов кездесе қалсын. Жолбасшым ə дегеннен-ақ
“Лениншіл жастың” жаңа қызметкері еке німді айтып, ол
кісімен де қол алыстырып жіберді.

Міне, содан бастап Мұзағаң екеуміз жақсы таныспыз.
Бұл таныстық келе-келе аға мен іні арасындағы сыйластық,
рухани тұрғыдағы сырластық қарым-қатынасқа ұласты.
Ал соңғы кездері ол кісі менің тіршілігіме тілектес, жақсы-

лығыма жанкүйер жандардың біріне айналды десем еш
қателеспеймін. Содан болар, аяулы аға жетпіске толады деген
хабарды естігенде өзімен тағы бір рет жүздесіп, қаламгердің
өскен ортасы, əдебиетке келу жолы, өлең мен аударма, зерт-

теу салаларындағы ізденісі, өмірлік тəжірибесі жөнінен сыр
суыртпақтауға жəне осы арқылы творчество лық лаборато-

риясымен жақсылап тұрып танысуға келіп тұрған бетім ғой
баяғы.

– Сөйле, батыр, – деді үй иесі жоғарыдағы жəйттерді есіме

түсіріп, терең ойға шомып кеткен маған барлай қарап. Не
деп сөйлейін... Қарт кісіні орынсыз мазалап, əуре-сарсаңға
салмас үшін осы қажет болар-ау деген сұрақтарымды дай-
ындап, тасқа бастырып əкелген едім. Соларды жайымен ал-

дына қойдым да жауабын тостым.

– Алғашқы сауалыңда: “Сіздің бойыңыздағы əсемдік,

сұлулық, сезімталдық əлемі – ақындық талант пен құдіретті
қара сөз өнерінің қайнар көзі – мақал, мəтелдерге деген
қабілеттің қалыптасуына негіз қалаған не нəрсе деп ойлай-
сыз?” – дейсің, ə. Оған əсер еткен, – деді əнгіме иесі, – ең

алдымен менің алтын бесік – атамекенім Маралдының
шырышы бұзылмаған арда табиғаты мен көз жанарыңды
суырып əкетердей əсем көрінісі деп айтуыма болады. Бір
шеті Сібірдегі Құлынды даласымен шектесіп, екінші шеті

Арқаның ақселеулі аймағына сұғына еніп жатқан бұл
өңір бала күнімде қыз күлкілі бұлақтары сылдырай ағып,
құлын жоны көрінбейтін көкмайса шалғыны самал желмен
толқындана тербеліп тұрар еді. Бəрінен де Маралдының

дуадақ ұшқан дарқан даласы мен топырағы тоңмайдай
томырылған құнарлы қырқаларын айтсайшы... Міне, осын-
дай өңірде өмірге келген адам қалай ақын болмасын? Егер
біреу: “Жыр əлеміне келер жолда кімге қарыздарсыз?”

– десе, онда мен еш ойланбастан: “Қасиетті туған жеріме,

оның қиялыма қанат бітірген сұлу да əсем табиғатына бо-
рыштармын”, – деп жауап берер едім.
Содан кейін... иə, содан кейін менің өлең өлкесіне қадам
басуыма анам Зейнептің үлкен ықпалы болғандығын

атап айтқым келеді. Сəби кезден есте сақталып қалған
бір елес мынадай: шешем үйде іс тігіп отырып та, ауыл
іргесіндегі тоғайдан шөмшек теріп жүріп те əн салудан
əсте жалықпайтын. Тумысынан ақынжанды, өнерпаз ол кісі

сондай-ақ, халық ауыз əдебиетіндегі қисса-дастандарды да
нəшіне келтіріп жатқа айтушы еді. Сенесің бе, өмірде Абай
деген ұлы адамның болғанын тұңғыш рет мен өз анамның
аузынан естіп, пайғамбар ақынның əнге жазылған өлеңдерін

сол ғазиз жаннан тыңдаған жайым бар. Шешемнің Абай ата-
мыздан кейінгі маған айтқан тағы бір ақыны да əлі күнге
жадымда. Ол Сəбит Дөнентаев болатын. Жə... осы жəйттерді
сөз ете отырып айтайын дегенім мынау: жас жеткіншектің

жан дүниесіне рухани нəр мен нұр беретін нəрсе ананың ақ
сүті, ананың əлдиі, ананың бесік жыры мен ананың айтқан
əңгімелері дер едім. Сондықтан да бұл жағынан уыздығы
жарыған мен өлең кітаптарымның бірінде: “...Құйдың мол

құлағыма қазақ жырын. Жырла деп жан тебіренте жақсы
күнді”, – деп толғанғаным бар. Мұны асыл анам Зейнепке ақ
жүрегіммен айтқан алғысым деп ұғуға болады.
Сөз өнеріне деген менің бойымдағы құштарлықтың

оянуына əсер еткен үшінші бір жағдай деп өзім туып-
өскен Қызылағаш ауылындағы ділмар қарттарды, əкем
Айтмағамбеттің
құрбы-құрдастарын

айтуыма
болады.
Біреуі – бақпа, екіншісі – ақпа, үшіншісі – лақпа бұл кісілер
сөйлеп кеп кеткенде “Еңлік-Кебектегі” Нысан абыз бен

Еспембет бидің монологын тыңдағандай əсерде қалушы
едік. Сондай-ақ, күнделікті ауыл тіршілігіндегі оқиғалардан
туындап жататын тапқыр да ұшқыр, ойлы сөздердің өзі біз
үшін үлкен бір мектеп болатын. Мəселен аты Маралды аты-

рабына мəлім шешен Бəстемидің Мағауиясын алайық. Бір
күні Садуақас деген замандасы Мəкеңнің үйіне келсе ол кісі
терезеге жақтау жасап жатыр екен. Алпыстан асқанша адам
боп үй шаруасына араласып кермеген Мағауияның мына

кəсібіне таңқалған құрдасы: “Төрелігің мен серілігіңе басып
ғұмыр бойы бір шеге қағып көрмеп ең. Мына өнерді қашан,
қай жерде үйренгенсің?”– деп қағытады. Сонда ділмар
Мағауия: “Əй, Садуақас-ай, осыны да білмейсің бе? Көз бен

қол көңілдің жалшысы емес пе?” – депті. Мұндай тапқыр
əңгіменің көбі Əбдіразақтың Боранбайына телініп айтыла-
тыны да əлі есімде. Соның бірі мынау: “Боранбайдың ақын-
жырау, əнші-күйшілерді жинап, қонақасы беріп жіберетін

əдеті екен. Содан əбден ығыр болған бəйбішесі: “Осы сен
неменеңе жетісіп ақын жинай бересің?” – деп кейіпті. Сон-
да қара тілге келгенде қанжардай отағасы: “Мен ақын жи-
нап жүрген жоқпын, ақыл жинап жүрмін”, – деп əйелін бір

ауыз сөзбен тыйып тастапты. Көрдің бе, қандай əрлі де,
нəрлі əңгімелер? Осыдан кейін қалай ғана сөз өнерін қадір
тұтпассың, қастерлемессің. “Шие шиеге қарап рең алады”, –

дейді халық даналығы. Ендеше, менің өлең мен сөз өнеріне
талаптануым өскен ортама қарай бой түзегеніме байланы-
сты болғаны анық.
Мұзағаң осы сөздерді айтты да сəл үнсіз қалды. Содан

соң стол үстіндегі көзілдірігін алып, манағы мен берген
қағаздағы келесі сұраққа үңілді. Ол: “Сіздің ең алғаш жазған,
баспа бетінде тұңғыш рет жарық көрген туындыңыз есіңізде
ме?” –деген əуесқойлық сезім мен танымдық тұрғыдан

туындаған сауал болатын.

– Е, неге есімде болмасын... Есімде. Менің тырнақалды

шығармам осыдан 54 жыл бұрын, 1939 жылдың 18 маусы-
мында Павлодар облыстық “Қызыл ту” газетінде жарық
көрген болатын, – деді əңгіме иесі бұған бірден сақ еткізіп
жауап беріп. – Оның жариялануының өзі қызық оқиға. Пе-

дучилищеде оқитын кезім. Редакцияға өлең апарамын.
Шықпайды. Тауаным қайтып, тауым шағылып жүрген сон-
дай күндердің бірінде: “Мына туындың бізге ұнады. 18 ма-
усым – пролетариаттың ұлы жыршысы Максим Горькийдің

қайтыс болған күні ғой. Соған орайластырып əзірлеп
берейік”, – деді облыстық газеттің əдебиет бөліміндегі жігіт
ағасы. Алақайлап кеп қуанайын. 17 маусым күні кешкісін
Павлодардың Ленин көшесіндегі баспахана терезесіне кеп

төндім. Бір машина газет басып жатыр екен. Жүрегім лүп
ете түсті. Қараймын, бұл “Большевистский путь”. Келесі
кезек “Қызыл тудыкі”. Сарғайып соны күтейін. Бірақ
неге екені белгісіз қас қарая іштегі тарсылдаған машина

тоқтады. Тіл қатып, біреуден сұрап алу қайда: терезе əйнегі
қалың болғандықтан даусың естілмейді. Ұнжырғам түсіп,
жатақханаға қайттым. Ертеңіне таң аласақтан оянып, тағы
да баспаханаға қарай тартайын. Ешкім жоқ, əлі тыныштық.

Əлден уақытта тысқа бір жігіт шықты. Сұрап ем: “Газет ба-
сатын машина қирап қалды”, – деді. Сорым-ай. Ертеңінде де
есіл уақытым зая кетті. Келесі, яғни, 21-і күні сəскеде терезе
əйнегіне мұрны жабысқан мені көріп аяп кетті ме, əйтеуір,

іштегі бір жұмысшы жігіт: “О, не?” – дегендей иек қақты.
Даусымды естімейтінін білдім де кітапқабымнан қағаз
алып: “Қызыл ту”, 18 маусым қайда?” –деп жазып əйнекке
қыстырып ем, іле: “Бүгін”, – деген қиқы-жиқы əріптегі

жазуды оқыдым. Тағы да сарғайып отырып тосайын. Кеш
бата бере тарсыл-гүрсіл басталды дейсің. Көзіме ыстық
“Қызыл ту” машинадан аударылып түсіп, қатталып жатыр.
Ішке кіргізбейді, газет сұраудан қорқамын. Біраз тұрып, не

де болса ертеңгі күнді күтуге тура келді. Таңертең шыда-
мым жетпей, қасымдағы Ерғали Ғалымжанов деген жігітті
жұлқылай оятып: “Бүгін менің өлеңім газетке шығады”, –
дедім дегбірсізденіп. “Əу, Əлімбайдың немересі, түс көрдің

бе, бұл не қылған əулиелік? Басылғанын өзің көрмей жатып,
сүйінші сұрағаның қалай?” – деді ол аң-таң қалып. Екеуміз
орталық көше бұрылысындағы киоскіге жарыса жеттік.
Кезегім келгенде: “Қызыл тудың” 2 данасын беріңіз”, –

дедім аптығып. Ала сала ашып кеп жібергенімде, үшінші
беттегі “Горький” деген өлеңім көзіме оттай басылды.
Ерғали сезімтал еді, бас салып бетімнен сүйіп жатыр. Он
алты жасымда тұңғыш рет жарық көрген туындымның тари-

хы міне, осындай қарағым. Шынымды айтсам, ол күні менің
қолтығымды жел кеулемеді, кайта иығымда жүк тұрғанын
сезінгендей едім. Сол сəтте мұның жауапкершілік жүгі
екенін білдім-ау деймін. Содан бастап бұл сезімнен ажырап

көрген емеспін.
Үй иесі осы сөздерді айтып болған кезде менің ойыма аяқ
астынан бір сауал сап ете түсті. Ол бұл кісінің жас кезінде
есімдері қазақ еліне мəлім жерлестері Мəшһүр Жүсіп

Көпеев, Естай Беркімбаев, Майра, Иса Байзақов сияқты
сом алтынның сынықтарын көрді ме екен, көрсе олардың
бойынан кейінгі ұрпақтарға үлгі-өнеге боларлық нендей
қасиеттерді байқады екен деген қызығушылық сезім бола-

тын.

– Мəшһүр Жүсіп Көпеевті көргенім жоқ, – деді Мұзағаң

жоғарыдағы сауалымды асықпай тыңдап алып. – Бірақ сөз
орайында айта кетейін, Павлодардағы педучилищеде мен
ол кісінің немересі Қонақпен бірге оқыдым. Сабаққа алғыр,
зейінді жігіт еді. Атасының ауыз əдебиеті үлгілері жиналған

“Мес” кітабы осы Қонақтың қолында болатын. Ұлы Отан
соғысы басталғанда ол майданға аттанды. Сонда опат
болғанын кейін естідім.
Ал Естай мен Исаны көрдім. Алдымен Естай туралы

айтайын: 1939 жылы облыс ақындарының слеті өтті. Оған
Алматыдан белгілі ақын Жұмағали Саин келді. Слетке

қатысушылардың ең жасы үлкені – аты бүкіл Қазақстанға
белгілі Естай Беркімбаев та, ең кішісі – он алтыдағы жас
талапкер мен едім. Екі-үш күнге созылған жиыннан соң та-
нымал таланттар өнерлерін көрсету үшін сахнаға шықты.

Естайды міне, тұңғыш рет сонда көрдім. Қазір ойлап
қарасам, ол кісінің “Хорлан” əнін қоңырлатып айтып бергені
ғана есімде. Басқасы жадымда жоқ... Көз алдыма келтіре ал-
маймын.

Содан соң... иə, содан соң 1941 жылы Ұлы Отан соғысы
басталғаннан кейін бір апта шамасында Семей қаласында
халық ақындарының облысаралық байқауы өткені бар.
Оған Павлодардан үлкен өнерпаз Естай Беркімбаев, əйгілі

əнші Балабек Ержанов жəне жас ақын мен боп бардық. Бұл
жолы да Есағаңмен жақын таныстым деп айта алмаймын.
Байқағаным, аузына берік – бақпа. Мінезі – салмақты. Құс
ұйқы, құс тəбет, талғампаз. Өз əндерінен басқа туынды-

ларды айтпайды екен.
Сол жылдың шілде, əлде тамыз айында ғой деймін,
Естай Беркімбаевпен үшінші рет кездесіп, ол кісімен екі
айдай сапарлас болудың сəті түсті. Бұл Павлодарда мəдени-

үгіт бригадасының құрылып, республикамыздың орталық,
шығыс облыстарына өнер көрсетуге аттанған кезі еді. Оның
құрамында мен де бар болатынмын. Міндетім – конфе-
рансье. Міне, сонда ғой, қазақ романсының шырқау шыңы

–“Хорлан” əнінің авторымен өте жақын танысқаным. Ол

қыран көз, қызыл шырайлы, сыптығыр денелі кісі бола-
тын. Кіді де сыпа қарт еді. Əңгімені өте əдемі айтатын. Жас
кезінде Біржан сал мен Ақан серіге, Жарылғапбердіге ілесіп,
Арқаны əн мен күйге бөлеп жүрген күндерін еске алғанда

жүзі ерекше нұрланып кетуші еді. Бір басында үш бірдей
ғажайып өнері бар: композитор, ақын əрі əнші бұл кісі сол
кезде жетпіс бір жаста болатын. Соған қарамастан қимылы
ширақ, ойы да сергек көрінуші еді бізге.

Енді Иса туралы бірер ауыз сөз. Павлодарда бес-алты
жасар кезімде шала-пұла көрген бұл жыр дүлдүлін мен
1941 жылы Семейде қайтара ұшыратып, оның өлеңді оңды-
солды сілтейтін суырып салма қабілетіне таңқалғаным бар.

Қалай дейсің ғой? Халық ақындарының облысаралық осы
байқауында барқыт тақиялы бала ақын Нұтфолла Шəкенов:
“Иса аға келіпті дейді. Қайтсек те көріп қалайық”, – деп
маған сыбырлаумен болды. Бірақ ол кісі жиында тіпті төбе

көрсетпей қойды. Байқаудың соңғы күні Абай музейінің
іргесіндегі қонақүйде Сапарғали, Төлеу, Нұрлыбек сияқты
аға ақындардың əңгімесін тыңдап, қымыз ішіп отыр-
ғанымызда есіктен дабырлай кірген бір-екі адамды көрдік.

Қаршыға бітімді, өткір көзді, шапаты жігіт ағасы табал-
дырықтан аттай бере төрде отырғандардың біріне: “Ə, сен
өзің осында отырмысың? Мен екем ғой оп-оңай шоқыр
құсың”... – деп өлеңдетіп тиісе жөнелді. Содан соң төменірек

отырған жыраулардың бірінің домбырасын қолынан жұлып
алып: “Қараңдар домбыраның еркесіне. Ақынның шығып
алды
желкесіне...

Тоғайдың
жаман-жұман
шəлдірігі.
Даланың тең түспекші серкесіне”, – деп одан əрі ағызды-ай

дейсің. Сол сəтте ақсақал ақын Сапарғали Əлімбетов: “Оу,
Исажан, ақылың бар еді ғой... Сабаңа түс, қасыма отыршы
қарағым. Нұрлыбекке базынаң болса, кейін айт”, – деп еді:
“Сапаш ағам айтты ғой, Сапаш ағам. Бітті, мен қойдым.

Əйтпесе...” –деді де үлкендермен сəлемдесуге көшті. Осы
көріністен мен Исаның өр мінезді, тəкаппар, намысқой ақын
екенін, бірақ жасы үлкен ағаларының алдында інілік ізетті
де сақтай білетін кішіпейілділігін аңғарғандай болдым.

Содан көп ұзамай майданға аттандым. Ұлы Отан соғысы
аяқталғаннан кейін де əскер қатарынан босай алмай, 1948
жылы əрең деп елге оралғанымда Иса ақынның Жеңіс күніне
екі ай қалғанда қайтыс болғанын естіп, қатты қайғырдым.

– Ұлы Отан соғысы демекші сіз сол сұрапыл күндердің

куəгерісіз. Ендеше, сөз орайы мен əңгіме ретіне қарай біз бұл
тақырыпқа да тоқталып, майдандағы өміріңізге, творче ство-
ңызға соға кеткеніміз жөн шығар деп ойлаймын.

– Оның дұрыс, қарағым. Бірақ, осы арада бір ескерте

кететін жəйт бар. Өз басым əскердегі өмірім мен шайқас
күндерінде туған өлең-жырларым туралы əр жылдары жарық
көрген “Өрнекті сөз – ортақ қазына”, “Қалам қайраты”,
“Көңіл күнделігінен” деген кітаптарымда жеткілікті жаз-

дым ғой деп ойлаймын. Мұның сыртында 9 мамыр – Жеңіс
күні қарсаңында өздеріңдей газет тілшілерінің өтінішіне
байланысты аталмыш тақырыпты əр қырынан алып,
қадір-халімше баяндап беріп келе жатқан жайым тағы бар.

Сондықтан олардағы ой мен оқиғаларды қайталап жатпай,
менің творчестволық лабораториямдағы бұған дейін көп
сөз болмаған басқа бір тың сауалға жауап іздеуге көшсек.
Мəселен, мақал-мəтелдер мен қанатты сөздерді тауып жинау,

оларды жүйеге түсіру туралы айтуды өтінген мына бесінші
сұрағың... Ол маған ұнайды. Əңгімені осыдан бастап қайта
жалғастырсақ... Бұған қалай қарайсың?

– Жақсы. Келістік.

– Жасыратын ештеңесі жоқ, кейде: “Осы Мұзафар

мұқым қазақтағы мақал-мəтелді кайдан біле береді?” –
деген əзілді де жиі естіп қаламын, – деді үй иесі. – Мұның
таңдай қағып таңырқамаса да қағытқысы кеп жүретін
құрбы-кұрдастарымның сөзі екенін жақсы түсінемін. Осын-

дай əңгімелерді естігенде: “Бұл замандастарым қарапайым
шындықтың өзін көп біле бермейді-ау”, – деп ойлаймын.
Неге дейсің ғой? Мақал-мəтелдерге, нақылдарға менің бір
табан жақындығымның құпиясы тым қарапайым. Тұңғыш

естіген не оқыған нəрлі сөздерді еш уақытта ескерусіз
қалдырмаймын. Қойын дəптеріме түртіп аламын. Қайталап
оқимын, зерделеп қараймын. Поэтикалық тұрғыдан алып
қарағандағы салмақтылығы неде – соны анықтаймын. Осы-

дан кейін барып алфавиттік каталогыма жүйелеп жазып,
жаңасын іздеуге кірісемін. Мысал керек пе, айтайын.
Осыдан біраз жыл бұрын Павлодар облысындағы
Қраснокут ауданына барып, аудандық партия комитетінің

сол кездегі бірінші хатшысы, менің бала күнгі досым Сату
Баймағамбетовтің үйінен дəм таттық. Шешей əлі тың екен. Ол
кісі əңгіме арасында: “Баяғыда біздің ауылда бір ақын жігіт
өзінен жасы үлкен қызға ғашық болып, қасіретке ұшырады”,

– деп сөз бастады. “Өзінен үлкен қызға ғашық болғаны несі

екен?” – деп отырғандардың дегбірсіздеу біреуі сөзге ара-
ласып еді, шешей: “Е, қарағым, оның несіне таңданасың?
Ақыл басқа қарамайды, ғашықтық жасқа қарамайды”, –
деп бір тың ой тіркесін айтып салғаны. Мұны естіген мен:

“Апа, мына сөзді өзіңіз айтып отырсыз ба? Кімнің нақылы?

– дегенімде: “Бұл ертеден бар ескі сөз. Бала кезімде естіген

болатынмын”, – деп жауап берді шешей.
Міне, керемет сөз керек болса!
Қанатты сөздер мен нақылдарға назар аудару барысындағы
мына бір оқиға да есімде. Қызылорда облысының Қармақшы

ауданындағы қарт мұғалім Əлқуат Қайнарбаевпен мен 1969
жылы күзде таныстым. Сол аудан шаруашылығын аралаған
сапарымызда бізбен Əлекең үш-төрт күн бірге болып, көп-
көп əңгіме шертті. Сөзді аялай, құрметтей білетін жан екен.

Қарт өз айтуынша, Қазақстан Республикасының Ғылым
академиясындағы қолжазба қорына 110 мың жолдай ауыз
əдебиетінің үлгілерін өткізген. Ойлап қарағын: қандай
қыруар еңбек, күш-жігер десеңші бұл. Кейін білдім, сол

Əлекең сөз баласын теруші ғана емес, өзі оны егуші де екен.
Астанаға оралған соң ол кісіден жазып алған көптеген мақал-
мə телдерді “Мəдениет жəне тұрмыс” журналына жариялат-
қаным бар. Олар: “Түйілген адамның тілі байланар. Адасқан

адамның басы айналар”. “Білім биіктің басында. Ақыл аяқ
астында”. “Түлкіні құрылған қақпан ұстамайды. Құ руын
тапқан ұстайды”, – деген жұп-жұмыр мақалдар еді.
Байыптап қарасаң бұл да жетік сөз. Жетелі сөз. Автор дың

төлтумасы.
Мұзағаң осы сөздерді айтты да сəл үнсіз калды. Содан
соң менің: “Айтыңызшы, өлең қалай жазылады? Ол өмірге
оңайлықпен келеді деп ойлайсыз ба? Бұл жөніндегі өз

тəжірибеңізден түйген тұжырымыңыз...” – деп басталатын
келесі сұрағыма жауап беруге ыңғайланды.

– Өлеңнің өмірге келуі əрқалай, – деді үй иесі жөткірініп

қойып. – Өз басым көбінесе оған болат өзектей болар мазмұн,
поэтикалық ой таппай кіріспеймін. Алдымен неден бастап,
қалай өрбітерімді, немен түйін жасарымды тұспалдау, жо-
рамал түрінде анықтап аламын. Содан кейінгі шығарманың

қандай ырғақпен, қай көлемде жазылатындығы іздену,
толғану үстінде белгілі болады. Мұндайда тағы бір нəрсені
ескеру керек. Ол сенің өмірге келтірген өлең жолдарыңның
бəрі де жазып отырған туын дыңның тұлғасына клетка боп

біте бермейтіндігі. Ойлану, толғану барысында талай-та-
лай жанама, қажетсіз сөздер де жазылуы мүмкін. Оларды
өшіресің, қайта жазасың. Өлеңнің ұзын-ырғасын салуға ты-
рысып отырып, ақыры оның өзіңнің көңіліңдегідей желісін

тартасың да компози циялық қабырғасын қалап шығасың.
Сөйтіп осындай еңбектенудің арқасында сенің ақындық ой-
ізіңнің бəрі қағаз бетіне түседі...

Мойындау керек, бірден өмірге келе қоймайтын, оңайлықпен жазыла салмайтын, тез бітпейтін поэзиялық туындылар да болады. Мысалы 1955 жылы сорабын сала бастаған “Құрбымның күнделігі” деген поэмамды 1958 жылы əзер аяқтаған жайым бар. “Естай-Хорлан” дастаны туралы да осыны айтуыма болады. Оны мен 1962 жылы бастаған едім. Алты жыл еңбектеніп жүріп 1968 жылы аяқтап шықтым. Аударма саласында да сондай қиындықтар болады. Бұған мысал ретінде бірде Генрих Гейненің сегіз жол өлеңін тəржімалау үшін табандатып алты сағат отырғанымды айтсам, соның өзі жеткілікті ғой деп ойлаймын. Осы арада айта кететін бір жəйт, өлең жазғанда қиналатын жалғыз мен ғана емес сияқтымын. Орыс ақыны Е.Шевелеваның “Сəуірмен сырласу” деген жыры 1939 жылы басталып, 1969 жылы жазылып бітіпті. Əрине, бұдан бір өлеңді 40 жыл жазуың керек деген ұғым тумауға тиіс. Əңгіме сөзіңнің иін қандырмай елге ұсынбау турасында дер едім. Мұндай жағдай оқыс ойлы, адуын да асқақ үнді ақын Олжас Сүлейменовтің де басында болған. “Мəскеудің Горький атындағы əдебиет институтында оқып жүрген кезім еді,– деген болатын ол бірде. – Бір өлең үшін аттай бір жарым жыл еңбектендім. Маған “Огонек” журналындағы поэзия бөлімінің меңгерушісі, қатаң редактор Анатолий Кудрейко тап болды. Бұл баяғыда Маяковскийдің атақты өлеңіне аты іліккен ақын еді. Мен Кудрейконың алдына сан рет бардым. Ол бір жарым жыл ішінде əр жолымды қаншама қайта жаздырды, қаншама сөзді саралатты десеңші? Ақыры жақсы өлең дүниеге келді”. Осыдан кейін Мұзағаң да, мен де бір сəтке үнсіз қалдық. Сағатыма қарадым. Əңгіме-дүкен құрғанымызға бес сағаттай уақыт болыпты. Бұдан əрі қарт кісіні қинамас үшін қалған екі-үш сұрақты ауызекі түрде жеделдете қоюыма тура келді. – Бүгінгі күнге дейін қанша кітабыңыз жарыққа шықты? – Поэзия, эссе, зерттеу... Бəрін есептегенде – 45. Төл туындыларым 38 тілге аударылған. 300-дей əн өлеңдерінің авторымын. – Жаңа бір əзірдегі əңгіме арасында жеке кітапханаңызда 9 мыңдай кітаптың бар екенін айтқан едіңіз. Солар дың ішіндегі өзіңіз ерекше жақсы көріп, бағалайтыныңыз қандай шығармалар? – Сөздіктер. Олар елу томды құрайды. Мұның ішінде орыс сөздігінің атасы Дальдың көзі тірісінде жарық көрген өз сөздігі де бар. Оны мен 1951 жылы Мəскеуде “Букинист” дүкенінен сатып алған едім. Қызығын күні бүгінге дейін көріп келемін. – Сізді күнделік жазады деп естиміз... – Иə. Ол өзі үш түрлі. Біріншісін күн сайын жүргізіп отырамын Екіншісі – апта, ай көлемінде болған қызықты оқиғалар, есте қалған елеулі сəттер туралы деталь, штрихтарды қамтиды. Үшінші күнделігім... творчестволық құпиям. – Өмір, заман туралы ойыңыз. – Бұл сауалыңа ақын ағам Қалижан Бекхожиннің төмендегі өлең жолдарымен жауап бергім келіп тұр. Əрине, өмір, заман жөніндегі ойымды өзімнің поэтикалық туындыларыммен айтып беруге де болар еді. Бірақ, неге екенін білмеймін... Қалижан ағаның осы шумақтарын жақсы көремін де тұрамын. Мұны ақынның ақынға деген құрметі деп түсін. Поэзияға деген махаббат деп біл. Жарай ма? Ал енді тыңда. Өмір деген кеңістікте осынау, Мен де құспын, ұшқан көкте шырылдап. Құстың ізі көріне ме, досым-ау, Əуезін тек тыңдар мүлгіп шырын-бақ. Өмір деген тұңғиықта осынау, Мен де тамшы толқындармен ыршыған. Толқын жарға соғылмай ма досым-ау, Ағынның да жетер жері бір шыған. Өмір деген құж-құж тауда осынау, Мен де шынар қараңдаған қатпарда. Қырау шалар шынар басын досым-ау, Қар да түсер басы биік шатқалға. Өмір деген сахнада осынау,

Кейіпкерміз сынға түсіп байқалар.
Пердең мəңгі жабылғанша досым-ау,
Сəт пен сəтсіз көрінісің қайталар...
Өмір. Оны бұдан артық қалай айтарсың, қалай сурет-

теп, бейнелерсің? Егер біреу: “Өмір туралы сыр шертіп,
толғаншы”, – десе мұны біздің де айтайын деген, айтқалы
жүрген, түбінде айтатын ойымыз екендігі анық. Бірақ
ғажабы сол, ол Мұзағаң сөз еткендей ақындардың мұны

бəрімізден де бұрын айтқандығында.
1993 жыл.

ТҮЙЕ БАЛУАН

Алматыдан таң алакеуімде аттанды. Содан бері терең
ой құшағында. Қөңілі əлденеге алабұртады, əлденеге
мазасызданады. Бойында өзі түсінбеген бір енжарлық,
жүзінде бұрын-соңды байқалмаған мұң бар. Осындай дел-

сал кейіппен Қапшағайдан өтті. Əрі-сəрі ой жетегімен
Шеңгелдіні де артқа қалдырды. Арқарлының асуына
таянғанда өз-өзінен ширықты дейсің. “Бұл не? ” – деді ма-
шина педалін қаттырақ басып, рульді əлеуетті қолымен қыса

ұстаған ол: “Несіне жүрек сінемін? Неге қобалжимын сон-
ша? Халық депутаттығына сайлауға түс. Қалаулымыз бол”,

– деп шақырған жерлес терімнің өзі ғой. Барайын. Көрейін.

Кілемдегі жан алып, жан беріскен күрестен қорықпай келіп,
өмірдегі мынадай бейбіт сыннан бүгежектегенім Əбілсейіт
атыма жараспас”.
Өзін-өзі іштей осылай деген ол орындыққа тіктеле оты-

рып, алға көз жіберді. Жол... Иə, алда ұзақ жол жатыр. Не
істеу керек? Есіне жерлестерімен болатын кездесу түсті.
Онда əрине түрлі тақырып, түрлі мазмұндағы сұрақтардың
қойылары анық. Сондықтан мынадай ұзақ жолда ұмытқаның

болса асықпай еске түсіріп, өмір жолын: ой елегінен өткізіп
алғанның артықтығы бола қоймас, сірə. Ол осы пікірін
дұрыс деп тапты. Сөйтті де алдындағы спидометр стрелка-
сына қарап қойып, соғыс жылдарындағы жүдеу де жыртық

көңіл балалық шағы мен студенттік кезін, содан кейін күрес
əлеміндегі қиын да қызықты өмір баспалдақтарын көз алды-
на елестетті.
Əкесі Рүстем қазір осы өзі келе жатқан Сарқант

ауданындағы “Қызыл орақ” колхозынан майданға аттанғанда
Əбілсейіт үш жаста еді. Отан солдаты содан қайтып отбасы,
ошақ қасына оралмады. Марқұм елде қалған тұяқтарын өмір
бойы сағындырған күйі Ленинград бағытындағы шайқаста

опат болды. Содан бастап анасы Рақила, үлкен əпкесі
Ажар, інілері Əлсейіт пен Нұрсейіт жəне Байсейіт соғыс
жылдарындағы тыл өміріне тəн тұрмыс тақсыретін тарта
жүріп Жеңіс күніне жеткен жайы бар.

Болашақ балуан мектепте жаман оқыған жоқ. Ол Покати-
ловка селосындағы орта мектепте дəріс алған жылдарында
математикаға өте зерек еді. Соған қарамастан кейін басқа
мамандыққа баруға бел буды. Неге олай етті, мұны бір өзі

ғана біледі. Мектепте Николай Степанович Серебрянни-
ков деген дене шынықтыру пəнінің мұғалімі бар болатын.
Оныншы класты бітіретін жылы сол кісінің айтқан ақылы
бұған үлкен ой салды. “Əбілсейіт, – деген əлгі ұстазы бірде. –

Осы жұрт сенің құдай берген бір қабілетіңді байқамай жүр.
Ол елден ерек жаратылған бойың мен бұла күшің. Соған
бап керек, шеберлігіңді ұштайтын жаттықтырушы қажет.
Сондықтан астанадағы дене шынықтыру институтына ба-

рып бағыңды сынағаның дұрыс”.
Ұстазының айтқаны келді. Жас жігіт сыннан сүрінбей
өтіп, оқуға түсті. Бірақ... иə, бірақ астанадағы алғашқы
жыл оған азап пен тозақтан бірде кем емес болып көрінгені

анық. Жүгіру, секіру штанга көтеріп, снаряд лақтыру сияқты
жаттығудың неше түрінен сыр берген жері жоқ əрине. Неге
десеңіз ондай қиындықтарға Əбілсейіттің табандылығы мен
кайсарлығы жетіп артылатын. Мұның жүйкесіне тигені еркін

күрес ережесіне бойұсына алмағандығы еді. Қарсыласыңды
шалып қалсаң, тəртіп бұзған болып шығасың. Жамбасқа
алып жығайын десең, мұндай тəсіл ережеде жоқ дейді. Со-
дан қойшы əйтеуір, жаттықтырушы Петр Филиппович

Матущактың тынымсыз еңбегі оны күрес əдістеріне терең
бойлатып жүріп, ақыры тағалаған аттай етіп шығарғаны
бар. Соның нəтижесінде ол 1958 жылғы қалалық жарыста
тұңғыш рет жеңімпаз атанды. Одан кейін екі жыл өткен

соң рес публикалық жарыстың жүлделі орындарына қол
жеткізді.
Ал 1963 жылы...
Иə, 1963 жылы Əбілсейіт қатарынан үш бірдей дабысы

жер жарар даңқты жеңіске жетіп, күрес десе ішкен асын
жерге қоятын жанкүйерлерін шексіз қуанышқа бөледі.
Оның алғашқысы балуанның Ахметжан Қазымбетов,
Алексей Семкин, Аманкелді Ғабсаттаров секілді саңлақ

жерлес терімен бірге Мəскеуге аттанып, КСРО халықтары
спартакиадасының чемпионы атанып қайтуы да, екіншісі
сол кездегі Александр Медведь, Гурам Сагарадзе, Алек-
сандр Иваницкий жəне Анатолий Албул сияқты алып күш

иелерінің қатарында Жапонияға сапар шегіп, ол жерден де
абыройлы оралуы еді. Ал үшіншісі... иə үшіншісі атақты
Стамбул сапары болатын. Адамның жас кезіндегі зердесі
қандай мықты десеңізші, шіркін. Арада қаншама жылдар

өтті, бірақ сол бір жұлдызды сəтке толы тамаша күндер
балуан есінде төмендегідей көріністер арқылы мықтап
сақталып қалды.
Мəскеудегі КСРО халықтарының спартакиадасындағы

айқасты Қазақстан командасы бет қаратпас басым қимылмен
бастады. Оған дəлел ретінде бəсекенің алғашқы күні Ах-
метжан Қазымбетовтің молдаван балуанының жауырынын
жерге небəрі екі-ақ минутта тигізгенін, Алексей Семкиннің

ленинградтық қарсыласын шыркө белек айналдырып жүріп
алып ұрғанын, Лев Москалевтің кездесуді тең аяқтағанын
айтуға болар еді. Кезек жартылай ауыр салмақтағы
Əбілсейіт Айхановқа жақындағанда төрешілер құрамында

жүрген жаттықтырушы Қабден Байдосов: “Сенімен эстон
балуаны Тиит Мадалвее күресуі мүмкін”, – деген хабар
айтып кетті. Бұл Тиитті жақсы білетін. 1962 жылы Ригада
өткен одақ чемпионатының ақтық айқасында Əбілсейіт тек

осы эстон жігітінен ғана жеңіліс тауып, алтын медальді оған
қолдан бергендей өкінішті күй кешкен еді. Сол Тиит арада
бір жыл өткен соң тағы да мұның алдынан шығып отыр.
“Енді қапыда қала қоймаспын”, – деп ойлады Əбілсейіт

жоғарыдағы хабарды естігенде. Сөйтті де кілемге тас-түйін
кейіппен беттеді.
Тиит те тайсалар емес. Төртбақ денесін тік ұстаған күйі
ортаға жетіп келді де алғашкы сəттен бастап-ақ күреске ба-

тыл кірісіп кетті. Оның бұлайша еркінситін жөні де бар. Неге
десеңіз бұрын бір рет үстем болған адамның кілем үстінде
сұсы басып тұратыны белгілі. Тииттің алғашқы кезде қазақ
балуанына осы артықшылықты қарсы қойғысы келген

сыңайы бар. Шамалауынша ол мұны ес жиғызбай ықтырып
алып, сосын еркін кетпекші. Əбілсейіт бұл қулықты тез сезе
қойды. Сөйтті де бойын жинап алып, ұстаса жібермейтін
құрыш білегімен оны қышқаш құрсауға алды дейсің. Үйіріп

əкеліп олай да лақтырды, бұлай да лақтырды. Осының
нəтижесінде эстон жігітінің қорғануға шамасы келмей
қалды. Сөйтіп таразының басы Əбілсейіт жағына ауды да
белгіленген уақытқа дейін ол Тиитті кілемнен тағы да екі-

үш рет аударып тастады. Эстон балуаны содан соң оңала ал-
мады. Төреші Əбілсейіт Айхановтың қолын көтерді.
Ресей астанасын он күн бойы дүрілдеткен КСРО
халықтарының спартакиадасы да аяқталуға жақындады.

Сондағы
одақтас
республикалардың
жартылай

ауыр
салмақтағы балуандарының ақтық айқасында Əбілсейіт
мəскеулік алып күш иелерінің бірі Батраз Борукаевпен белде-
суге шықты. Осы сыннан сүрінбей өтсе, мерейі үстем болып

чемпион атанбақ. Батраз ашаңдау болғанымен өте қарулы,
қуатты жігіт еді. Оны білек терісін керіп тұрған бұлшық
еттері-ақ дəлелдеп тұрғандай. Əбілсейіт бұл бəсекеде өте
сақ қимылдады. Асыққан жоқ. Өзіне қолайлы сəттерді күтіп

жүрді де қойды. Сондай бір оңтайы келіп қалған тұста бұл
Батраздың оң қолын қармақша іліп алып, кері қайырды. Со-
дан соң іле-шала оны аударып тастап, басымен шаншылтқан
күйі төмен қарай ұстап тұрды да қойды. Мəскеулік балуан

мұндай əдіске шыдамады. Жығылғанын мойындап, қолымен
кілемді ұрды.
Сөйтіп, Əбілсейіт Айханов КСРО халықтары спарта-
киадасы чемпиондығының тұғырына ең алғаш осылай

көтерілген еді. Сол бір жұлдызды сəттер-ай десеңші! Ондай
қуанышты күн естен кетер ме?!
1963 жылғы жеңіс жолы мұнымен ғана шектеліп қалған
жоқ. Ол Жапонияда одан əрі жалғасты. Қалай дейсіз ғой?..

Күншығыс еліндегі спорттық бəсекенің алғашқы күнінде
Кеңес Одағынан барған екі топтың бірі – дзю-дошы жігіт-
тер жапон балуандарынан оңбай жеңілді. Бірақ кезек еркін
күрес жарысына келгенде ел мүлде күтпеген жағдай дың

куəсі болды. Атап айтқанда, бұл сында Бериашвили – Абені,
Сагарадзе – Конекені, Медведь – Такавиді, ал Хохашвили –
Батанабені қирата жеңбесі бар ма? Солардың ішінде əсіресе
бəрінен де Əбілсейіттің жеңісі керемет еді. Ол өз елінің

мықтысы атанып жүрген болат білек, бура сан, төртбақ
денелі Какавеноның жауырынын бар болғаны қырық төрт

секундта жерге тигізіп, Токио тұрғындарын таң-тамаша
қалдырды. Бұл бұл ма, қызықтың көкесі екін ші, үшінші
күндері одан əрі жалғасты. Əбілсейіт осы кез десулерде Ике-
даны, содан кейін салмағы жүз килограмдық Такавиді жа-

уырынымен кілемге таза түсіріп, жапондық тардың көзін
тағы бір бақырайтты. Ал соңғы, финалдық кездесуде ол
Жапонияның “ұлы балуаны” Сасакимен төс түйістірді.
Бұл белдесу былай болған еді.

Кілемге
шығардың
алдында
Əбілсейіт

салмағын
өлшеттіруге тұрды. 96 килограмм екен. Сол мезетте мұнымен
қатар келіп Сасаки да өлшенді. Таразы тілі оған 98 деген
цифрды көрсетті. Іштей байқап қарайды, жапон балуанының

бойы бұдан əлдеқайда кіші сияқты. Бірақ саны мен қолының
бұлшық еттері бұлт-бұлт етіп ойнап, терісін кере тырсиып
тұр. Бөлмеден шығарда ол Əбілсейітке қарады. Қарады да
жымиып күлді. Сол кезде бұл да езу тартты. Əдемі жігіт

екен. Бет пішінінен ақылды кейіп байқалады. Сөйтіп, олар
кілем үстіне шықпай жатып-ақ достасып кеткендей болды.
Содан кейін көп ұзамай белдесу де басталды. Аңдысып
жүріп байқады, уақыт өтіп бара жатқан сияқты. Осыны

сезген Əбілсейіт не болса о болсын деген оймен шабуылға
көшті де өзінің соңғы кездерде игерген “қайшылау” əдісін
қолданып көруге бел байлады. Бұл тəсіл ауада жасала-
тын. Ондайда қарсыласының шынтақ тұсын бір қолыңмен

мықтап ұстайсың да өте тез жылдамдықпен секіріп, ауада
көлденең жағдайға келесің. Сол сəтте екі аяғыңның ара-
сында қалған əріптесіңді бір аяғыңмен кеудеден, екінші
аяғыңмен тізе сыртынан қағасың да өзің жерге оң қолыңа

сүйене келіп жамбастай түсесің. Əбілсейіт, міне, осы əдісті
жасағанда Сасаки мұны байқамады, ма, жоқ əлде түсінбеді
ме əйтеуір қарсыласа алмай қалды. Жапондықтар шу ете
түсті. Бірақ бəрі де кеш еді. Сасаки бұл кезде бір жақ жа-

уырынымен қапталдай көлбеп, кілемге құлап келе жатқан
болатын. Осы тəсілін ойдағыдай жүзеге асырған Əбілсейіт
бұдан кейін де бірнеше жеңіл-желпі əдістерді қолданып,
ұпай санын арттыруға күш салуды ұмытқан жоқ. Ал Саса-

ки болса шабуылға шығып, батыл қимыл көрсетуді қойған
сияқты. Тек қорғанумен жүрді де қойды. Сірə, ол “ұлы балу-
ан” атағына жауырыны жерге тиді дейтін “таза жеңіс” дағын
түсіргісі келмеген болуы керек. Ақыры ол осы мақсатына

жетті де. Төрешілер Айхановтың Сасакиді ұпай санымен
ұтқанын хабарлады да оның қолын көтерді.
...Əбілсейіт үшін Жапониядан кейін тағы бір үлкен ел
Түркияға барған сапарының, сондағы Стамбул кілемінің

үстіндегі айқаста қол жеткізген жеңісінің орны тіптен бөлек.
Бөлек болатын себебі... Жə, мұны да тағы басынан бастайық.
Бұлар Кіші Азия жеріне он жеті адам болып аттанды. Бəрі де
сол кездегі кілең мен атайын сен тұр дейтін Александр Ива-

ницкий, Ростом Абашидзе, Анатолий Колесов, Роман Руруа,
Алексей Семкин сияқты классика лық жəне еркін күрестің
майталмандары еді. Ол уақытта Түркия балуандарының
да айы оңынан туып, тасы өрге домалап дегендей дəуірлеп

тұрған кезі. Неге десеңіз алпы сыншы жылдардың басында
əлемдік спорт аренасына Ақ бас, Атли, Оган, Аталай, Қабылан
секілді түрік жігіттерінің есімдері жиі аталатын жəне сол
кездердегі дүниежүзілік чемпионаттардың алтын, күміс

медальдарының дені көбі несе осы ел күрес шеберлерінің
қанжығасына байланып жа татын. Міне, осындай мемлекет-
ке бару, оның жоғарыда ғы дай алып күш иелерімен кездесу
өткізу анау-мынау ел балуандарының қолынан келе бермесі

анық. Сөздің тоқетерін айтқанда мұндай батыл қадамға
сол кездегі одақтас республикалардың құрамаларынан
жасақталған Əбілсейіт пен оның əріптестері ғана бара алды
деп айтуға болады.

Түркия астанасы Стамбулға келіп жаттығуға кіріскенде
Əбілсейіттің күтпеген жағдайға ұшырамасы бар ма? Ол ауыр
салмақтағы Александр Иваницкиймен күрделі бір тəсілді
қайталаймын деп жүріп, оң аяғының сіңірін созып алды. Ба-

сында ет қызуымен байқамаған екен, кілемге шығар тұста
тізесінің төменгі балтыр еті күп болып ісіп, ауруы жанына
бата бастады. Соған қарамастан белгіленген бел десуге бар-
маса болмайды. Себебі, мұның алдында күрескен Алексей

Семкин Оган деген балуаннан, ал Юрий Гусов атақты Ата-
лайдан жеңіліс тауып, жаттықтырушы И.Ко жар скийдің жер-
ге қарап қалған жайы бар. “Тəуекел”,– деді сіңірі созылған
аяғы сыздап тұрса да, сыр бермеуге тырысқан Əбілсейіт. –

Барайын. Көрейін. Күресейін. Жығылсам жер көтермей ме?”

Сөйтті де қарсыласы Гиоседин Ильмаз тұрған кілемге қарай
беттеді.
Танысу рəсімінен кейін-ақ екі балуан шартта-шұрт ұстаса
кеп түсті. Іле қайтадан ажырасып, бірін-бірі аңдуға көшті.

Əбілсейіт артық қимылға бармауға бейіл. Себебі оның əр
кезде де қарсыласына өзінің оң аяғын беріп, сол арқылы
оны алдаусыратып барып, аударып тастайтын əдеті бар еді.
Бірақ ол артықшылықтан кешеден бері айырылып қалды.

Сондықтан енді жайымен ғана қимылдап, Ильмаздың
қарымын байқап көрмек. Өстіп жүргенде оңтайлы бір сəт
келіп қалғандай болды. Соны дер уағында пайдаланған
Əбілсейіт қарсыласын басынан асыра лақтырды. Содан кейін

ес жиғызбай иығынан жұлқи тартып шалқасынан түсіргенде
Ильмаз басымен жер тіреп тұра қалды. Қазақ балуанының
бұл тəуекелшіл қимылы текке кеткен жоқ. Осы əдісі, осы
ұмтылысы үшін ол екі ұпай алды. Ал қарсыласы тұра келіп

бұған тарпа бас салды. Əбілсейіт те қарап қалған жоқ. Тағы да
оны қаусыра құшақтап алып, кілем үстіне етпетінен түсірді.
Осы кезде оған өзінің оң аяғының күші соншалықты қажет
еді. Егер сіңірі созылмағанда оны Ильмаздың екі аяғының

ортасына қайшылай апарып, бір қолын кері қайырып, ауда-
рып түсіруге болатын-ды. Амал қанша, Əбілсейіт мұндай
тəуекелге барғысы келмеді. Ұпай санымен жеңуге мүмкін-
шілігі бар екенін ескерді де соны қанағат тұтты. Арада он

минут өтті. Төреші Айхановтың қолын көтерді. Жұрт шулап
жатыр. Олардың бұған қошемет көрсетіп жатқаны немесе
жерлес балуанының жеңілісіне күйініп жатқаны белгісіз.
Арада үш күн өтті. Əбілсейіттің аяғының ауырғаны ба-

сылмай қойды. Ол енді Ильмазбен күреспейтін шығармын,
кілемге Қабыланмен белдесуге түсермін деп ойлаған бола-
тын. Бірақ бəрі бұрынғыдай орын орындарында қалыпты. Бұл
тағы да Ильмазға қарсы шығатын болды. Кілемге беттегенде

түрік балуаны Аталайдың Юрий Гусовтан басым түскенін
естіді. Байқайды, осы жеңіс сарай толы жанкүйерлерге дем
беріп кеткендей. Олардың айқайы жер-көкті дірілдетіп түр.
Ысқыру мен қол шапалақтаудан құлақ тұнады. Əбілсейіт

терлеп кетті. Ильмаздың шабуылына шабуылмен жауап
қайтарып аңысын аңдып жүр. Арада төрт минуттай уақыт
өтті. Бұлар бір-біріне əлі ештеңе жасай алған жоқ. Енді бір
минуттан соң айқастың алғашқы кезегі бітеді. Əбілсейіт ең

болмаса соған дейін Ильмазды бір аударып тастасам деп ой-
лап қояды. Осы мезетте түрік балуаны шабуылға шықты.
Бірақ ол мұны қапсыра құшақтап басынан асыра берем де-
генде, Əбілсейіт қарсыласын қырқа шалып қалды да, Ильмаз

шалқасынан түсті. Таза түсті. Осылайша бес минут өткенде
төреші мұның қолын көтерді.
Қиындықпен келген бұл жеңісті оның өмір бойы ұмытпай
жүрген себебі міне, осында.

...Одан кейін де каншама қызықты белдесулер болды
десеңізші. Соның бəрінде де Əбілсейіттің мерейі үстем бо-
лып отырды. Əсіресе, 1964 жылғы Иранға барған сапары,
ондағы Болгария, Жапония, Ирак сияқты елдердің балуан-

дары қатысқан халықаралық жарыста тегерандық Мойзепер
мен Амери сынды алып күш иелерінің жауырынын жерге
тигізуі оның даңқына даңқ қосқандай еді. Сондай-ақ, 1965
жылы Қазақстан құрама команда сының сапында Үндістанға

аттанып, онда сондағы Желандер, Пхавара қалаларының ба-
луандары Бим Синх пен Джим Синхті жеңгені де өзінше бір
қызық əңгіме. Бұдан кейін ...иə, бұдан кейін ол Моңғолияда
Тувдин-Доржды, Чехословакияда Клементті жеңіп, елге

үлкен атақ-абыроймен оралды. Сол кездері оның одақтас
респуб ликаларда өткен бұдан басқа да түрлі чемпионаттарға
қатысып, қол жеткізген жетістіктері қаншама еді десеңізші.
Көп, тіптен көп.

Əбілсейіт Айханов жетпісінші жылдардың басында өзіне
талай қуаныш пен жеңіс сыйлаған боз кілеммен қоштасып,
жаттықтырушылық
жұмысқа

ауысты.
Халықаралық
дəрежедегі спорт шебері ол бұл бағытта да табыссыз болған
жоқ. Содан бергі жиырма жыл уақыт ішінде Əбекең еркін

күрестегі ел мақтанышына айналған спорт шеберлері –
А.Бұғыбаев, Ж. Көрпебаев, Р. Нұрманов, А.Мұсабеков сынды
чемпиондарды баулып шығарды. Бапкердің 1983–1986 жыл-
дары Кабулға барып, Ауғанстанның ұлттық коман дасының

жаттықтырушысы болып қызмет атқарғаны тағы бар. Сол
жылдарда ол ондағы парсы, пуштун балуандарының басын
қосып, бабын тауып, бойларындағы қуат көздерін ашып,

төртеуін халықаралық дəрежедегі спорт шебері, жиырма
екісін халықаралық жарыстардың жүлдегері деген атаққа
жеткізді.
Даңқты балуан қай уақытта, қай кезде болмасын

халқымыздың ұлттық спортын одан əрі дамыту ісінен
ешуақытта да шет қалған емес. Ол қашан да игі бастамалардың
қасында жүреді. Соңғы кездері Əбекең Қазақстан ұлттық
“Күрес” федерациясының президенті болды. Орталық Азия

жəне Қазақстан халықтарының “Курас” федерациясының
вице-президенті, Моңғолияның ұлттық күресі “Көпсатай”
федерациясының вице-президенті міндеттерін атқаруда.
“Жүрген жерде із қалады”,– деген міне, осы.

1993 жыл.

ШЕРАҒА

Мен ол кісінің үйіне келіп кіргенде теледидардағы “Ор-
бита” каналынан кинорежиссер Тенгиз Абуладзенің “За-
уал” фильмі жүріп жатты. Байқаймын, күрделі əрі керемет
деген дүниелердің өзіне онша көп бой алдырып, таңданыс

таныта бермейтін Шерағаңның мына өнер туындысына
ынта-ықыласы ерекше сияқты. Ол фильмге құлай беріліп,
ондағы əрбір кадрға жан-тəнімен көз тігуде. “Қызық”, –
деп күбірледім ішімнен мен. Сөйттім де үй иесінің ойын

бөлмейін деген ниетпен іргеде тұрған шеткі орындыққа
келіп, соған үнсіз тізе бүктім.
“Зауал” фильмін көрген адам жақсы біледі, мұнда төбе
кұйқаңды шымырлатып, жүрегіңді сыздататын бір көрініс

бар. Ол – замана трагедиясы – репрессия жылдарында
ұсталып кеткен арыстардың əйелдері мен балаларының
əркімге жаутаңдаған мүсəпір де мүшкіл халі. “Халық
жауларының” артында қалған тұяқтары өздерінің айдаудағы

əкелерінен келер хат-хабарды почтадан күтпейді. Олар
оны теміржол станциясы басындағы Сібірден күн сайын
əкелініп түсіріліп жататын тау-тау бөренелерден іздейді.
Сөйтіп жетімектер өздері көрмеген, білмеген ағаш дайын-

даушы тұтқындардың қарағайдың кесілген түбіне, қабығы
аршылмаған самыр сынның бүйіріне “Реваз”, “Нодар”,
“Давид” деп жазған жүздеген кісі аттарын тауып оқиды.
Іздеушілер осылардың арасынан аттас есім, ұқсас фамилия-

ны кездестіріп қалса: “Бұл менің əкем, ағам”, – деп сол жан-
сыз жазулардан жыртық көңілдеріне жұбаныш тапқандай
болады. Қандай аянышты, ауыр көрініс десеңізші.
Міне, фильмнің осы жеріне келгенде Шерағаң қатты

күрсінді. Сейтті де теледидарды сырт еткізіп өшіріп, ор-
нынан тұрды. Осы сəтте менің де жүрегім шым ете түсті.
“Қандай ұқсастық... Абуладзе туындысындағы мына сюжетті
көріп отырып, бұл кісінің сол бір нəубеттегі өз тағдыры да

есіне түсіп кетті-ау шамасы”, – деп ойладым ішімнен. Олай
дейтінім, сол сəтте есіме Шерағаңның ресми өмірбаянын-
дағы: “Жазушының əкесі Мұртаза сталиндік репрессияның
құрбаны”, – деген сөйлем мен оның “Бұлтсыз күнгі найзағай”

повесіндегі бас кейіпкер Нариманның: “...Кімді сағынамын?
Жүрегім кімге деген сағыныштан сыздайды? Ауылда қалған
анашымды екен ғой... Ал, əке ше? Əке байғұстың сүйегі
Сібірдің қай қарағайының түбінде қалғанын білмеймін”, –

деп толғанатын монологы сап ете түскен еді.
“Бұл кісімен арадағы əңгімені осы тұстан бастап, осы
төңіректен өрбітіп əкеткенім жөн шығар, сірə?”. Жоға-
рыдағы жəйттерді тез ой елегінен өткізіп үлгерген мен

ішімнен осындай шешімге келдім. Сөйттім де Шерағаңның
жазу столына отыруын күтіп, портфелімнен қағаз-қаламым
мен диктофонымды ала бастадым.

– Ойың дұрыс, – деді алғашқы сауалымды зейін қоя

тыңдаған үй иесі. – Олай дейтінім, өмірімнің өзің айтып
отырған кезеңі туралы шынында да күні бүгінге дейін көп
ештеңе жазылмай келеді. Оған: “Мынау кінəлі, мынадай
жағдай кедергі келтіріп еді”, – деп ешкімді де жазғырмаймын.

Мұны айтқызбай келген уақыт, күні кешеге дейін үстемдік
құрып келген темір тəртіп. Сондықтан өмірбаянымдағы
бұл “ақтаңдақтар” бағытында сөз қозғар болсам мəселе бы-
лай: əкем Мұртаза елге сыйлы, көзі ашық, сыпа кісі екен.

Ол ұсталардың алдындағы бір-екі көрініс күні бүгінге дейін
көз алдымда. Жаз кезі болатын. Қырғыз айырлы ақ қалпағы
мен ақ кителі үстіне əдемі жарасқан əкем үйден шықты да
мама ағаштағы байлаулы тұрған ақбоз атқа барып мінді. Со-

дан кейін шешем Айшаға бірдеңе деп тіл қатты-ау деймін,
ол кісі ошақ басындағы істеп жатқан жұмысын қоя салып,
маған қарай жүрді. Жете бере құмырсқаның илеуін шимен
шұқып ойнап отырған бес жасар мені жерден көтеріп алды

да көкемнің алдына апарып отырғызды. Біз жүріп кеттік.
Жолда əкемнің басымды сипап қойып күрсінгені, ыңылдап
бір əн айтқаны есімде. Тауға келдік. Ұшқатты бөктерге
жақындағанымызда ол кісі: “Шөлдедің бе, қарағым? Сəл

аялдайық”, – деп атынан түсті де мені ағаш көлеңкесіне
отырғызды. Сөйтті де өзі сол жердегі киіздей боп ұйысқан
қалың жалбызды аршып, оның астынан ботаның көзіндей

боп мөлдіреген қайнар бұлақ шығарды. Тұма əбден ашылып
болды-ау деген кезде көкем ондағы суды қос қолымен көсіп
алып маған ішкізді. Содан соң одан өзі де бір-екі ұрттап,
жан-жағына ойлана қарап отырып қалды. Ол кісінің сол тау

ішіндегі, одан қайтып келе жатып ескі зират басына құран
оқығандағы мұңды да сынық жүзі күні бүгінге дейін көз ал-
дымнан кетпейді.
Енді сол жылғы есімде қалған екінші оқиғаны баяндай-

ын. Бұл жаңағыдан да көңілсіз əрі қорқынышты көрініс дер
едім. Қыс кезі болатын. Кешқұрым шақ. Күні бойы үй бетін
көрмей, сырғанақтан оралған мені шешем əйда, ұрыссын
келіп... Көкем аттан түсіп жатыр екен. Жылам сыраған

түрімді көріп: “Тиіспе, балаға”, – деді Айшаға қатқылдау
үнмен. Сөйтті де тау аңғарындағы қызыл құлақтанып ба-
тып бара жатқан күнге қарады. Ұнамады-ау деймін, ба-
сын шайқады да мені ертіп үйге кірді. Кешкі шай аузыма

тиер-тиместен ұйықтап қалсам керек, түн ортасындағы
тарс-тұрс еткен дыбыстан шошып ояндым. “Не көрдім?” –
дейсің ғой. Кернейі қисайып, аузы ашыла түтіндеген темір
пеш... Жүкаяқтан аударыла құлаған көрпе-жастық... Топса-

сы жұлынып, шалқасынан ашық қалған сықырлауық есік...
Одан бөлмеге лап қойған суық ауа терезе алдындағы май-
шамды жалп-жалп еткізе үрлеп, қабырғадан қорқынышты
сəуле ойнатады. Жылаған күйі сыртқа шықтым. Сол ме-

зетте беткей етегіндегі өзен жақтан: “Кө кесі-ау, бұлардың
мұнысы несі? Қайда əкетіп барады сені?” – деген шешемнің
ащы дауысын естідім. Оған əкем: “Қайт кейін, үйге бар.
Балалар шошиды”, – деп тістене айғайлады. Бұдан əрі не

болғанын білмеймін. Білетінім – түн, аяз, ай. Сосын өзендегі
сықырлап, шиқылдаған көпір тақтай лары. Оны дүңкілдете
басып алыстап бара жатқан аяқ дыбыстары...
Ертесінде ауылға: “Түнде “іңкібі” (НКВД) Мұртазаны

ұстап алып кетіпті. Оның “рысқұлшинаға” (“рысқұлов-
щинаға”) қатысы бар екен”, – деген сөз тарады. Содан бастап
ел біздің үйге келуді қойды. Кірмейді де. Көре қалсаң теріс
айналып, сырғақси бұрылып кетеді. Ал əкейден хабар жоқ.

Ақыры ол кісінің бір дерегін білу үшін шешем екеуміз ау-
дан орталығына баруға жиналдық. Міне, абақты ауласының
алдындағы қалың шоғыр елдің арасында тұрмыз. Бұлардың
бəрі де біз сияқты жылап-сықтаған “халық жауларының” ту-

ыстары. Əкіреңдеген күзетшілердің екпіні қатты. Ешкімді
маңына жолатар емес. Кешке жақын қарауыл ауысты. Бұл
кезде жақындарымен жүздесуден үмітін үзген біраз адам
түрме маңынан тарап, ауылдарына қайта бастаған болатын.

Осы сəтті күтіп тұрғандай-ақ жаңадан келген екі күзетшінің
жастауы: – “Жеңгей, – деді ақырын жанымыздан өтіп
бара жатып. – Мен ана шеттен қайта оралғанша балаңыз
есікке барсын да əкесінің атын атап шақырсын. Тілдесіп

қалыңыздар. Ертең кеш болады”.
Мына сөзді естігенде шешем бар, бара ғой дегендей
арқамнан түртіп қалып, алдымдағы барақ үйді нұсқады.
Күзетші айтқан есікке сүрініп-қабынып əрең жеттім. Жеттім

де күнге құрып, жігі ашылып кеткен тақтай саңлауына
бетімді төсей: “Көке”, – дедім кемсеңдеп. Сол сəтте:
“Мұртаза, бұл сенің балаң. Тез бері кел”, – деп күбірлескен
дауыстар естілді ар жақтан. Сөйткенше болған жоқ, əкемнің

де үнін құлағым шалып қалды. “Айналайын, – деді ол кісі да-
усы жарықшақтанып. – Айналайын! Мен сені көріп тұрмын.
Жылама. Шешең екеуің келдің бе?”

– Иə, көке!

Осы кезде арт жағымнан шу шыққандай болды. Жалт
қарасам,
ауланың
екінші

бетіндегі
үйшіктен
басын
қылтитқан мосқал күзетші бізге іш тартқан жастауына не

қарап тұрсың дегендей оны балағаттап жатыр екен.

– Сен енді бұл жерде көп тұрма қарағым, – деді

əкем де ар жақтан бірдеңені сезгендей. – Мə, мынаны ал
да кері қайт. Бол жарығым, тездет.
Ол кісі осы бір сөздерді айтып үлгеріп, тақтай арасындағы
саңлаудан беторамалын өткізе бастады. Мен оны ала сала,

шешеме қарай жүгірдім. Ауылға қайттық. Үйге келген
соң апам беторамалдың бүктеуін жазды. Одан оймақтың
көлеміндей үшбұрышты тұмар мен үйіміздегі “Зингер” тігін
машинасының екі тал инесі шықты. Əкем бұларды бізге

неге, не үшін берді, білмеймін. Бірақ оны көрген шешем бе-
торамалды кеудесіне басқан күйі ботадай боздап жыласын
келіп...

– Бұдан кейін əкеңізден бір хабар болды ма?

– Жоқ. Тек 1940 жылдың аяғында біздің үйге ар-

найы хат келгені бар. Онда көкемнің Сібірдегі Зея өзені
бойында болғаны, ағаш дайындаушылар бригадасында
жүріп қарағай басып қалғаны, содан қазаға ұшырағаны
туралы айтылыпты. Бұған сенерімізді де, сенбесімізді де

білмедік. Сөйтіп жүргенде 1947 жылы Жуалыға іргелес
Түлкібасқа əкеммен бірге “халық жауы” боп айдалып
кеткен таныс ағайынымыз қайтып оралыпты деп естідік.
Іздеп барып əңгімелестім, көкемнің Сібірде болғаны рас

екен. “Қалай қайтыс болды? Бұл туралы не білесіз?” – де-
ген сұрағыма таныс ағайынымыз: “Ол кісі безгек ауруынан
дүние салған сияқты еді”, – деп күмілжи жауап берді де
қойды. Міне, əкем туралы осы екі хабардан басқа ешқандай

дерек жоқ.
Шерағаң осы сөздерді айтты да сəл үнсіз қалды. Содан
кейін стол үстіндегі жатқан “Аполлон” темекісінің қорабына
қол созып, шылым тұтатты. Ал мен жоғарыдағы əңгімеден

кейінгі ауыр ойдан арылу үшін терезеге, одан оның ар
жағындағы мұнартқан тау шыңдарына қарадым. Содан
кейін назарым қайтып келіп қабырғадағы кітап сөрелері мен
олардың арасындағы əртүрлі фотоларға ауды. Солардың

ішінен көзіме ерекше ыстық болып көрінгені иманжүзді қарт
ананың суреті еді. Қызығы сол, бейтаныс апаға қараған сай-
ын ол кісінің бейнесі өзімнің əжеме ұқсап бара жатқандай
əсерде қалдым.

– Бұл менің анам Айша, – деді шылымын күлсалғышқа

жайлап апарып қойған Шерағаң. – Жарықтық қайратты,
төзімді, сөзге ұста кісі еді. Қасіретті 37-ші жылға бұла күнін
берген, қаһарлы 41-де жалғызбастылық пен жалғызіліктің
көкесін көрген, одан бергі кездерде барға қанағат етіп, жоққа

салауат айтып, құдай деп ғұмыр кешкен осы аяулы жанның
жаратқан жапбар иесінен сұрар үш тілегі мен өзіне ғана тəн
құпия бір сыры болды. “Баламның ат жалын тартып мініп,
адам болғанын көрсем, арманым жоқ”, – дейтін аруағыңнан

айналайын апам. Оны көрді. “Келін түсіріп, немере сүйсем,
екі дүниеде менен бақытты адам болмас еді”, – деп мінəжат
ететін марқұм. Оны да көрді. “Құдайдан ендігі сұрарым,
жаратқан ием мені енді осылардың артында қалдырмай, ал-

дында алса екен”, – дейтін жарықтық. Алла тағала оның бұл
тілегін де орындады. Ал, ешкімге айтпаған құпия сыры...
Иə, ол апамның əкем Мұртазаға деген өмір бойы өшпеген
махаббаты мен сағынышы еді. Мұны маған ол кісі ашып

айтпағанымен ғұмырының соңғы жылдарындағы екеуа-
ра бір əңгімеден кездейсоқ сезіп, байқап қалдым. “Сен осы
Рысқұлов туралы кітап жазды дейді ғой”, – деді шешем
“Қызыл жебе” тетралогиясының бірінші томы жарыққа

шыққанда. “Иə”, – дедім мен. “Сенің əкең Мұртазаны
“рысқұлшына” деп ұстап əкетіп еді. Сол ма?”. “Сол”. Анам
кимешегін түзеп, қолындағы күміс жүзіктерін сипаған күйі
сəл ойланып отырды да: “Одан да өз əкеңді жазбайсың ба?”

– деді жай ғана.

Көрдің бе, қалай?... Анамның ұғымында ол кісі де өзінше
бір Тұрар .. Өзінше бір тұлға... Сондықтан оны ешкімнен
кем көрмеген, кем көргісі де келмейді. Сөйтіп шешем сүйегі
Сібірдің бір түкпірінде баяғыда-ақ қурап қалған Мұртазасын

өле-өлгенше жүрегінде сақтап, көзі жұмылғанша сағынып
өтті.
...Келесі əңгіме тақырыбы кейіпкеріміздің Ұлы Отан
соғысы жылдарындағы балалық шағына қарай ойысты.

– Бұл туралы мен жаздым емес пе? – деді қайқы қылыш

сияқты кара қою қасын дір еткізе көтерген үй иесі өткір
көзін маған тіктей қадап. – Ендеше сол жазғандарымды
өзімнің балалық шағым туралы айтқаным деп біл. Себебі
олардағы өмір суреттерінің еш қоспасы жоқ. Бəрі де тылдағы

соғыс ызғары қарып өткен қазақ ауылында болған, көзбен
көріп, бастан кешкен жəйттер. Байыппен зер салып қарасаң
осылардың ішіндегі штрих, детальдарда менің де жыртық
көңіл, жүдеу жүз бейнем жүр. Ал, оны табу, танып-байқау

ешкімге де онша көп қиындық келтіре қоймас деп ойлаймын.
Мен түсіндім. Шерағаң бұл жерде өзінің “Белгісіз
солдаттың баласы”, “Мылтықсыз майдан”, “41-ші жылғы
келіншек”, “Интернат наны” повестері мен “Ақсай-Көксай”,

“Сол бір күз” əңгімелеріндегі кішкентай кейіпкерлер туралы
айтып отыр. Шынында да аталмыш шығармаларда 1941-1945
жылдардағы қазақ ауылының “қара қағаздан” шошынған
зəразап халі, апайтөстерін апатқа тосқан боздақтарынан

айырылған ата-аналардың зары мен бұла шағын болашақтың
бодауына берген жесірлердің жоқтауы, бəрі-бəрі төбе
құйқаңды шымырла тар ащы шындықты жеріне жеткізе

суреттеледі. Солардың ішіндегі соғыс жылының балалары – əкелерін көрмей өсіп келе жатқан жетімек тердің өксікке толы өмірлері де өзінше бір əлем. Мəселен лағынет атқыр жоқшылықтың кесірінен қырманнан қамыт ұрлап, оны кезбе сығанға беріп бəтеңке алған Ноянның кейін зар илеп, өз ойын өз ары жазғыра опынғаны (“Сол бір күз”), өртеңге өскен гүлдей боп бой тү зеп келе жатқан қос өркен Нұрперзент пен Айзаданың ба лауса, пəк сезім дері табиғат емес тағдыр үсігіне ұрынып, содан мəңгілікке солғаны (“Мылтықсыз майдан”), бал дəу рен балалығын ертеңнен қара кешке дейін жұмыстан бас алдырмайтын сұм соғыс тонаған қарадомалақтардың қатігез бригадирден жасырынып, есекпен көкпар тартқандағы патша көңілі (“Интернат наны”) кім-кімді болса да енжар қалдырмайды. Солардың арасында біздің өзіміз сөз етіп отырған кейіп керіміздің де балалық шағы жүр. Əсіресе ол жазушының “Ақсай-Көксай” əңгімесіндегі мына бір детальдан анық көрінеді. “Əкей кеткелі еркек атаулыдан мұндай мейірім көрмеген басым, көңілім босап, оқыстан даусым шығып кетті де булығып-булығып шалдың ақ жейделі арық кеудесіне басымды тыға түстім. Өзім ес білгелі тұңғыш рет дидарласып тұрған қарттың маған əкемдей жақын көрінгені сонша, оның бауырынан ажырағым келмеді. Əлі булығып, өксігімді тоқтата алмай, кайта булығуым үдей түсті. Бұл үнсіз тұншыққан жылауда толып жатқан шағым бар еді: əкейдің жоқтығы, Қайрақбай қарауылдың сиырың колхоздың жоңышқасына түсіп кетті деп шешемді былапыт сөзбен балағаттағаны, қыстың ұзақ боранды түндерінде үрпек бас үш бала Айшаның бауырына тығылып, бір көрпенің астында, боранның ұлыма даусын тыңдап, қорқып жататынымыз, Салман деген шалдың мені көрсе дереу: “О жетімек, о жетімек”, – деп басын шайқай беретіні... бəрі-бəрі мына шалдың алдында ақтарылған арыз еді. Үнсіз, тілсіз арыз”. Міне, біздің кейіпкеріміздің Ұлы Отан соғысы кезіндегі балалық шағы... Егер ол 1941-1945 жылдардағы қазақ ауылының қабырғасын қайыстырған жоғарыдағыдай шындықтарды сол бала кезінде көрмесе, ондағы өмір көріністерін балапан жүрегіне түйіп өспесе жазбас еді. Оларды оқырмандарға дəл осылай жеткізіп бере алмас та еді. Демек мұның бəрі оның көзімен көрген, басынан өткізген жағдаяттар. Сондықтан Шерағаң шығармала рындағы тыл балаларының кермек өмірбаяны өзінің де өмірбаяны екені анық. – Сіздің алпысыншы-жетпісінші жəне сексенінші жылдардағы өміріңіз біздің көз алдымызда өтіп келеді, – дедім мен маналы бергі үнсіздіктен кейін Шерағаңды қайтадан əңгімеге тартып. – Бұл кезеңдердегі қызметіңіз бен творчествоңыздан, қайраткерлігіңізден бүгінгі ұрпақ жақсы хабардар. Бірақ... иə, бірақ елуінші жылдардағы МГУдің студенті, одан кейін республикалық “Лениншіл жас”, “Социалистік Қазақстан” газеттерінің қызметкері болған Шерхан Мұртаза туралы əлі де көп ешкімнің жөнді ештеңе біле бермейтіні тағы бар. Ендеше осы жөнінде... – Ойыңды түсіндім. Айтайын. 1950 жылы орта мектепті бітірген соң аңсарым Алматыға ауды да тұрды. Алакөңіл боп жүргенімді сезген анам Айша бір күні кешкісін: “Қатарыңнан қалма, қарағым”, – деген бір-ақ сөз айтты қайраттанып. Сөйтті де екі ешкісін Кременев кадағы базарға апарып сатып, сол тиын-тебенмен мені астанаға оқуға аттандырды. Мұнда келсем РСФСР Оқу министрлігінің көшпелі комиссиясы жергілікті ұлт жастарынан полиграфия, баспа саласының мамандарын даярлау үшін өздерінің жоғары оқу орындарына талапкерлер жинап жатыр екен. “Орталық қалада оқимыз, жер көріп, ел танимыз”, – деп желп-желп етеді оған құжат тапсырғандар. Бұған делебең қалай қозбасын. “Тəуекел”, – деп тізімделдім мен де. Ауызша əңгімелесу болды. Өттім. Емтихан тапсырдым. Өттім. Сөйтіп енді сол дүрмекпен Мəскеуге тартайын... Бірақ шынымды айтсам, аталмыш оқу мені алғашқы күннен-ақ өзіне онша қызықтыра қоймады. Ақыры жарты жылдан кейін ізденіп жүріп, МГУ-дің журналистика факультетіне ауыстым. Міне, содан бастап менің Мəскеудегі қиын да қызықты бес жылдық студенттік өмірім басталды деуге болады. Одақ астанасында өткен студенттік жылдар... Бұл кезеңдегі есімде ерекше сақталып қалған жəйт деп күні-түні жатпай-тұрмай ізденіп, əлем əдебиетінен мол мағлұмат алуға ұмтылған күндерімді айтуыма болады. Сондай-ақ тағы бір ұмытылмас оқиғалар ол: курстас жігіттермен бірге сабақтан соң Қазан вокзалына барып жүк түсіріп, содан нəпақа тауып

жүрген кездер, “халықтардың əкесі” Иосиф Сталин дүние
салған күнгі Мəскеудегі өзім куə болған көріністер, батыр
қазақ Баукеңмен, Бауыржан Момыш ұлы мен тұңғыш рет
осы қалада кездесіп, танысқан сəттер дер едім. Алдымен

оқу жөнінде бірер сөз. Мойындауым керек, ауылдағы мек-
теп қабырғасында алған білімім мұнда келгенде жіп есуге
жарамай қалды. Өзімді-өзім сүмірейтіп қайтейін, орыстың
классикалық туындыларынан онша қаражаяу емес болатын-

мын. Бірақ əлем əдебиеті дегеніңіз бір мұхит екен. Солар-
ды ел-елге бөліп, одан кейін қадым, қайта өрлеу, гүлдену
дəуірлері деп жіліктеп оқу маған оңайға түскен жоқ. Қатты
қиналдым. Қинала жүріп меңгердім. Егер қазір мен Тютчев

пен Блоктың, Есениннің өлеңдерін жатқа айтып, Вольтер
мен Дидродан ауызекі дəйексөз келтірсем, ол сол күндердегі
алған білімімнің жұқанасы деп білерсің. Бұл менің шын
сөзім.

Мəскеудегі өткен студенттік күндерімде маған өмір сүру
оңай болған жоқ. Стипендия бірде тиеді, бірде тимейді.
Ауылдан келетін көмек атымен жоқ. Бар сенетінім – қара
күшім. Түсінбедің бе? Бұл өзім сияқты жоқ-жітік, тесікөкпе

курстастарыммен бірге сабақ аралығында Қазан вокзалына
барып жүк түсіріп, содан тапқан тиын-тебенмен күн көру
деген сөз. Жүктің де түр-түрі бар. Егер бізге Орта Азия мен
Қазақстаннан келген поездардағы жеміс вагондары тап келе

қалса ол жақсы. Себебі бұлардағы алма, алмұрттар жəшігімен
келеді де көтеруге жеңіл əрі ыңғайлы болғандықтан жүмыс
тез бітеді. Ал Қиыр Шығыс пен Сібірден жіберілген бөшке-
бөшке балық, кеспек-кеспек тұздалған қияр, капусталарды

түсіру дегенің енді нағыз азап. Вокзалдан осындай жұмыс
істеп келіп сабаққа кіргенімізде МГУ коридорлары мен ау-
диторияларына киімімізге сіңген тер мен селедканың исі
жайылып кететін де ленинградтық, киевтік ақсаусақ кур-

стас қыздар біздің жанымыздан тұра қашатын.
Енді Мəскеуде оқып жүрген күндерімде Баукеңді, Бауыр-
жан Момышұлын тұңғыш рет қалай көріп, ол кісімен қалай
танысқанымды айтайын. 1954 жылдың қысы еді. Максим

Горький (қазіргі Тверь) көшесімен төмен түсіп келе жаттым.
Метроға жете бергенімде үстіндегі əскери киімі өзіне құйып
қойғандай боп жарасқан, тіп-тік денесінде бір мін жоқ,
сұсты да айбарлы қазақ полковнигі қарсы ұшырасып қалды.

Жанынан өтіп бара жатып басқалардан ерекше боп көрінген
осы адамға тағы бір рет көз тоқтатқым кеп қалай кері
бұрылғанымды өзім де байқамай қалдым. Сол сəтте ол кісі
де маған жалт қарады. Сөйтті де: “Əй, сен өзің кімсің?” – деді

маған нық дауыспен. “Студентпін” – дедім мен сасқалақтап.
“Көріп тұрмын студент екенінді”, – деді үнін манағыдан сəл
жұмсартқан бейтаныс жан. “Не мене, мені таныдың ба? Əлде
біреуге ұқсатып тұрмысың?” “Жоқ, – деп күмілжідім мен. –

Өтіп бара жатқан сізді кө ріп, қалай артыма бұрылғанымды
өзім де байқамай қал дым”. Мына сөзіме ол кісі рахаттана
күлді. Сөйтті де: “Сен дім сөзіңе бала, – деді жылыұшырай
қарап. – Жүр, əңгімелесейік”.

Ресторанға келдік. Даяшылар ас мəзірін əкелгенге дейін
бейтаныс полковник өзінің Қазақстанның Жамбыл облы-
сындағы Жуалы ауданында туғанын, отызыншы жылдар-
дың аяғынан бастап Қиыр Шығыста əскери қызмет атқар-

ғанын, Ұлы Отан соғысы кезінде Алматыда жасақталған
316-шы атқыштар дивизиясы жауынгерлерімен бірге Мəс-
кеуді корғап, одан кейін Прибалтика майданында комдив
болғанын баяндады. Əңгімесінің соңында: “Соғыстан кейін

əскери академияны бітірдім. Қазір Калинин қаласында
қызмет атқарамын. Аты-жөнім – Бауыржан Момышұлы”,

– деді. Мына сөзді естігенде мен селк ете түстім. Көз ал-

дыма бұл кісінің 1942 жылдың қысында біздің ауылға де-
малыс алып келгені, бүкіл Жуалы өңірінің тұрғындары:
“Батыр Бауыржанды көреміз”, – деп тайлы-таяғы қалмай
қарсы алғаны елестеді. Содан қойшы, сөз ретіне қарай енді

мен де өзімді қысылып-қымтырылып таныстыра бастадым.
Байқап қалдым, Баукең менің əкемді білетін болып шықты.
Көкемнің Сібірден қайтпай қалғанын естігенде тұнжырап
отырып қалды. Тамақ ішіп, сыртқа беттегенде: “Хабарласып

тұр қарағым. Қиналсаң маған кел. Өзім де хал-жағдайыңды
біліп тұрармын”, – деп адресін берді. Міне, Баукеңмен мен
ең алғаш рет осылай танысқан едім. Кездейсоқ басталған
бұл байланысымыз содан кейінгі 30 жыл бойына бір рет те

үзіліп көрген жок. Өмірінің соңына дейін ол кісі маған қатал
сыншы, ұлағатты ұстаз, ақылшы аға ал, мен оған ілтипатты,
ізетті іні бола білдім ғой деп ойлаймын. Бұл шындық.

Осы кезде телефон шылдырлады. Шерағаң əңгімесін
үзіп, ауызғы бөлмеге беттеді. Жазу столының жанында
жал ғыз қалған мен терең ойға берілдім. Есіме кейіпкері-
міздің МГУ-ді бітіріп келгеннен соң “Лениншіл жас” газе-

тінде жұмыс істеген кезіндегі замандастарының айтқан
сөздері түсті. “Мен Шерханның жастар газетіндегі екі
жағдайына куəмін, – деген еді осы тоқсаныншы жылдардың
басындағы екеуара бір əңгімеде жазушы Сейдахмет Берді-

құлов. – Алғашқысы оның жазудың “ақ бурасы ойнағанда”
кешкі сағат алтыдан соң редакцияда қалып бас көтермей
мақалаға кірісетіні, сөйтіп түннің бір уағында редактордың
қабылдау бөлмесіндегі ескі диванға құлай кететіндігі. Оның

сол сəттегі бейнесі құдды найзаның сағағында ұйықтаған
баяғының батырларын көз алдыңа елестетер еді. Содан соң
оның толықсыған жас келіншегін, сарышақа балаларын ай-
лап Алматыға тастап, кепкасын баса киген күйі, керзі етігіне

ақ жем түскенше қоянның аяғын жеген көкбалақ жүріспен
Есілдің арғы беті мен бергі бетін, Сарыарқаның сайын да-
ласын шарлап кететінін қалай айтпассың. Бұл – бір. Екінші
есімде қалған жəйт, 1958 жылы көне Мысыр соғыстың көк

түтініне қақалды. Бұл өздерің тарихтан бі летін Суец шатағы
ғой баяғы. Сол түндері əр үйдің ди намигінен: “Мұсылман
жұрты көтеріл! Араб елінің еңсесін басқысы келген отар-
шыл зұлымдарға қарсы бірге атта найық”, – деген ұран бой

тітіретіп жатты. Сонда Шерхан екеуміздің жарты бет қағазға
ойланбастан отты өтініш жазып, əскери комиссариатқа апа-
рып бергеніміз əлі есімде. Көп ұзамай “Лениншіл жас” газеті
редакциясына: “Кіші лейтенант Мұртазаев, кіші лейтенант

Бердіқұлов жолдастар. Патриоттық инициативаларыңызға
рахмет. Қажет деп тапсақ еріктілер тобына алғашқылардың
бірі етіп қабыл даймыз. Əскери комиссар Авилов”, – деп қол
қойған хат келгені бар”.

Жазушы Сейдахмет Бердіқұлов осылай десе, əріптес інісі
Қалдарбек Найманбаев: “Шерағаң “Лениншіл жас” газеті
редакторының орынбасары болып жүргенінде бұрынғы бір
бастық кісіге қызмет керек екен де... Сонымен Шерағаңа

бөлім меңгерушісі бол дейді ғой жұқалап. Бұл сөзді естіген
Шерағаң басшылық қызметті жиып қойды да ешкімге
ештеңе деместен Қарағандыға меншікті тілші боп тартып
отырды”, – дейді.

Иə, өзіміздің кейіпкерімізбен сол жылдары “Лениншіл
жаста” бірге қызмет істескен əріптестері осылай деді. Біз
бұл сөздерге сенеміз. Өйткені көзкөрген куəгерлерден асып
қайда барушы едік.

Үй иесімен келесі тақырыптағы əңгіме желісі оның соңғы
отыз жыл ғұмырын сарп етіп жазған бес томдық “Қызыл
жебе” тетралогиясы төңірегінде өрбіді. Мұндағы ойым: “Ба-
сты кейіпкеріңіз Тұрар Рысқұловтың есімін тұңғыш рет сіз

қашан, қай уақытта естідіңіз? Аталмыш шығарманы жазу
идеясы калай туды? Кең ауқымды, көп салалы осы тарихи-
көркем туындыға қажет дерек, фактілерді жинауды неден
бастадыңыз?” – деген сауалдарға жауап іздеп, оқырмандарды

жазушының осы бағыттағы творчестволық лабораториясы-
нан хабардар ету еді.

– Менің бала кезімде Тұрар Рысқұловтың есімі ауызға

алынбайтын, – деді Шерағаң жоғарыдағы сұрақтардың
алғашқысына. – Оны білетін ауылдың ересек адамдары: “Е,
есіл ер... Нақақтан кетті ғой. Енді ондай қайраткер қайда”, –
деп сыбырласып қана еске алатын. Тұңғыш рет бұл адамның

кім екенін 1960 жылы “Социалистік Қазақ стан” газетінде
жарияланған қарт журналист, байырғы большевик Рахма-
лы Байжарасовтың көлемді мақаласынан оқып білдім. Жеке
адамға табыну кезеңінде Рахмалы ақсақалдың өзі де жапа

шегіп, көп жыл айдауда жүріп келген кісі еді. Бірақ үлкен
газетте мақаласы жарық көрсе де қуаныш ұзаққа бармады,
сол кездегі солақай догматтар газеттің редакторын айыптап,
мақаланың авторы Рахмалы Байжарасовқа да моральдық

тұрғыдан қысым жасады. Дегенмен осы бір аяулы жанның
жазған материалынан сол кездегі жас ұрпақ Тұрар
Рысқұловтың кім екенінен біршама хабардар болды десем
бұл артық айтқандық емес. Соның өзі шындықтың қалың

шымылдығының ептеп түрілгендігінің белгісі еді. Содан
аз уақыт өткен соң Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметін
зерт теу үшін арнаулы комиссия құрылды. Сол комиссия ның
қорытындысы бойынша Тұрар ағамыздың атына жа ғылған

қара күйе жуылып, ардақты есім біржолата ақталды.
Сөз ретіне қарай Рахмалы Байжарасовтың мақаласы

жарыққа шығар алдындағы мына бір оқиғаны айта кетейін.
Сол 1960 жыл болатын. “Социалистік Қазақстан” газетінің
кіші əдеби қызметкерімін. Секретариатта Ким дейтін
қартаңдау келген ретушер бар еді. Бір күні бөлмесіне бас

сұқсам ол кісі шеті жеміріліп сынып кеткен ескі суретті
жамап-жасқап отыр екен. Əуесқойлықпен үңіліп қарап
едім: “Сто, не узнаесь”, – деді. (Бұл Ким ағайдың: “Что, не
узнаешь”, – дегені). “Нет”, – дедім мен. “Рисыкулов”, – деді

ол кісі жұмысынан бас алмаған күйі естілер-естілмес дау-
ыспен жай ғана. Жүрегім шым ете қалды. Газеттің нөмірі
жарыққа шыққаннан кейін осы суретті (түпнұсқаны) маған
берсеңіз деп қолқа салдым ретушер қартқа. “Не знаю, – деді

сол тұқшыңдаған қалпы Ким ағай. Ақыры отырып-отырып:
“Ладно – деді. – Только никому не покасывай”. Міне, Тұрар
Рысқұлов туралы менің қолыма түскен тұңғыш дерек осы
еді.

Содан бастап болашақ кейіпкерім туралы фактілер мен
тарихи құжаттарды тірнектей отырып жинауды өмірімнің
басты мұратына айналдырдым. Күрмеуі көп күрделі бұл
жұмыс үш бағытта жүрді. Оның біріншісі, уақыт оздыр-

май Тұрар Рысқұловты көрген, білген көзі тірі адамдарды
іздестіріп, əңгімелесіп қалу, сол арқылы өткен кезеңнің
болмысын танып-білуге күш салу дер едім. Алдыма басты
міндет етіп қойған осындай ізденістің арқасында тағдыр мені

талай тамаша адамдарға жолықтырды. Олар: Тұрар Рысқұ-
ловтың жан жары Əзиза Түбекқызы, Жанша Досмұхаме-
довтың жұбайы Ольга Константиновна, Мұхамеджан Ты-
нышбаевтың бел баласы, қазірде көзі тірі қарт киноопе ратор

Ескендір Тынышбаев, əдебиетіміздің пайғамбарлары Ғабит
Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафин еді. Бұл кісілердің айтқан
естеліктері жиырмасыншы – отызыншы жыл дардағы біраз
мəселелерді өз мəнінде айқындауға көп көмек берді. Енді

екінші бағытты айтайын. Ол “Қызыл жебе” тетралогия-
сы үшін өзімнің ұзақ жылдар бойы үзбестен архивтерді
жағалап, дерек жинауым дер едім. Қиындығы мен азабы
көп бұл ізденіс мені қайда апармады?.. Алматы, Бішкек,

Ташкент, Орынбор, Баку, Самара, Мəскеу, Улан-Батор...
Осы қалалардағы архивтер дің бəрінде де маған толық
мүмкіндік, еркіндік берілген жоқ. Ұстараның жүзіндегі үміт
пен күдіктің үстінде отырып жұмыс істедім. Мемлекеттік

қауіпсіздік комитетінің өкілдері əрбір мұра ғаттағы құжатты
қолыма ұстатқанда бұларды көшірмей, қағазға жазбай, тек
оқып, танысуды ғана талап етіп отырды. Сондықтан көн-
көнбе ойға сақтап қалуға дағдылануға тура келді. Рас, олар

кейін маған ептеп кеңшілік жасауға ниет еткені бар. Бірақ
шыға берісте қағазға түртіп алғандарымды мұқият тексеріп,
тең жартысын қайшымен қиып алып қалатын... Жə, сөз
соңында үшінші бағыт туралы бірер сөз айта кетейін. Бұған

өзімнің жазушы лық қабілет-қарымым мен ой қорытуымды,
фантазиямды жатқызуға болады. Деректер мен фактілерді
сұрыптау, тетралогияның əр кітабына жоспар құру, персо-
наждарды іріктеу, ком позиция, сюжет, кульминация... Бұлар

да ізденіс əрине... Бірақ бəрімізге түсінікті болғандықтан
оны қазбалап жатудың керегі жоқ деп есептеймін.

– “Қызыл жебе” тетралогиясының қай кітабын жазу,

жарыққа шығару сізге қиын тиді деп ойлайсыз?

– Барлығы да оңайлықпен дүниеге келген жоқ, шы -

рағым. Бес кітаптан тұратын бұл тарихи-көркем шы-
ғар маға отыз жылдық ғұмырым кетті. Сұрадың ғой,
айтайын... Үшінші кітап – “Жұлдыз көпірдің” жолы өте
ауыр болды. “Жұлдыз” журналы баспады. Жазушылар

одағындағы
талқылау
біржақты
өтті...

Мұндайда
баспалардың ұстайтын позициясы да белгілі ғой... Қолбала
сияқ ты жалтақ көзқарас. Осындай кезде Ғабең, Ғабит
Мүсіре повтің шарапаты тиді. Кітаптың даулы болып жатқа-

нын естіген болуы керек, оқып шығып, “Социалистік Қазақ-
стан” газетіне “Жұлдыз көпір жəне Тұрар” деген мақала
жазып, маған араша түсті. Жалпы “Қызыл жебеге” кіретін
кітаптарыма байланысты мен екі адамға қарыздармын. Олар

жазушы Ғабең, Ғабит Мүсірепов пен мемлекеттік Қауіп сіздік
комитетінің сол кездегі басшыларының бірі, генерал-майор
Тілеулиев. Бұл асыл жандар əрқашанда менің жүрегімде.
Оларды ылғи да алғыс сезіммен еске алып отырамын.

Əңгіме аяқталды. Мен Шерағаңмен қоштасып далаға
шықтым. “Жазушы аға туралы тағы не айтуға болар еді? –
деймін іштей. – Иə, не айтуға болар еді?” Ойыма төмендегі
жəйттер оралды. Алпысыншы жылдардың аяғында “Ленин-

шіл жаста” алымдылық танытып, жетпісінші жылдарда

“Жалын”, “Жұлдыз”, “Қазақ əдебиетіне” жан бітірген кім? Сол. Сексенінші жылдардың соңында етпетінен түсіп жатып қалған “Социалистік Қазақстан” газетінің еңсесін көтеріп, оған ұлттық ояну үрдісіндегі жаңа атау берген кім? Тағы да сол. Енді тоқсаныншы жылдарға келейік. Тəуелсіздігіміздің таңсəрісі деп аталатын егемендігіміздің елең-алаң шағында Парламентке мүше болып сайланып, халқымыздың тілі, жері, диаспорасы, Ата Заңы туралы ақырып теңдік сұраған кім? Шерағаң. Алпысқа келсе де ақмылтық журналистігінен ажырамай, қысқа да нұсқа үлгідегі жазудың қабырғасын сындырып жүрген кім? Шерағаң. Оған кейіпкеріміздің адамның жанын жейтін ауыр жұмыстар атқарып жүргеніне қарамастан “Қызыл жебенің” бесінші кітабы “Тамұқты” былай қойғанда “Сталинге хат”, “Жалғызүйлік зілзала”, “Нағашы-жиен” пьесалары мен “Не жетпейді?” публицистикалық жинағы, АҚШ, Түркия, Пəкстан, Үндістан сапарларынан туған жаңа үлгідегі жолжазбалары анық дəлел бола алады. Астанадағы Төлебаев көшесімен жоғары өрлеп келе жатып мен міне, есіме осы жəйттерді түсірдім. Содан соң ойыма тағы бір оқиға оралды. 1992 жылдың қыркүйек айы еді. Жоғарғы Кеңестің Ұлт саясаты жəне мəдениет пен тілді дамыту жөніндегі комитеті ұйымдастырған экспедицияның құрамында біз Маңғыстау облысындағы ежелгі ескерткіштердің жай-күйімен танысып жүрдік. Қайтар жолда Ақтаудан ұшқан əуе лайнері Алматыға емес, Жамбылға қарай тіке тартты. Сөйтсек, Əулиеата жерінде Шерағаңның алпыс жылдығы аталып өтпекші екен. Самолеттегі үкімет адамдары міне, осы мерейтойға асығып келе жатыпты. Арада біраз уақыт өткен соң əуе лайнері Жамбыл аэропортына да келіп қонды. Иллюминатордан көріп отырмыз, қонақтарды облыс орталығының басшылары шат-шадыман жүзбен қарсы алуда. Жалынды сөз... Құшақ-құшақ гүл... Нағыз мерекелік көрініс дерсіз. Көп ұзамай үкімет адамдары бар жақсылар мен жайсаңдар мінген көлік керуені аэропорттан Жуалыға қарай қозғалды. Ал самолет салонындағы қалған “ұсақ-түйек” біздер əуеге көтеріліп, Алматыға қарай тарттық. Сол сəтте ойыма ақтаулық арынды ақын Темірхан Медетбековтің Үстірт үстіндегі Шерқала қамалы маңында жүрген күндерімізде Шерағаң туралы аңыратып тұрып оқыған төмендегідей өлең жолдары оралды. Сартта-сұрт шайқастарда сан атылған, Көп жұрттан көш ілгері дара туған. Мен білсем, иір бұтақ осы кісі Қазақтың намысынан жаратылған. Қосылмай топ-тобырдың ағысына. Қол берген алыбына, арысына. Намыстан жаратылып, сосын өзі Қазақтың айналған ғой намысына. Өткелін ертеңінің бойлап көрген. Мен білсем, иір бұтақ, осы жанға, Қаратау қайыспа деп қайрат берген, Алатау майыспа деп айбат берген. Қашанда тайғақ емес, мəрт шыдамы, Күйінсе ойларынан өрт шығады. Осы жан иілместен, бүгілместен, Сынса да шамырқанып шарт сынады. Құр түсін, өзің мейлі құр түсінбе, Қазақтық айбар жатыр түр-түсінде. Осы жан – жарқылдаған найзағайым Шатырлап жағаласқан бұлт ішінде. Өткенін өміріндей күте білген, Түбіттей теміріңді түте білген. Қазақта сирек, сирек осы жандай, Тік сөйлеп, тіке кетіп, тіке жүрген. Иə, ақын дұрыс айтады. Шерағаң туралы бүгінгі елдің ойында жүрген пікір де міне, осы. 1994 жыл.

ОЛЖАС

Аласартпай асыл туын басқаның,

Асқақ ұста туған дала аспанын.
О. Сүлейменов.
Ол өмірге келгенде дүние дүбірлі оқиғаларға толы
еді. Қалай дейсіз ғой? Бұл кезде алыстағы Абисси-

ния жері от-жалынға оранып, Мадридте алапат
шайқас басталған болатын. Ұшқыш Валерий Чка-
лов əлем тарихында тұңғыш рет Солтүстік по-
люс арқылы Мəскеу – Портленд (АҚШ) аралығын

қонбастан ұшып өтуге əзірленіп жатты. Ал, авто-
номия атауынан арылған, сөйтіп одақтас республи-
калар қатарына жаңа ғана қосылған Қазақстанның
өнер шеберлері болса бұл уақытта Үлкен театрдағы

өздерінің алғашқы онкүндігін сəтті өткізіп, елге та-
быспен оралған еді. Осымен бір мезетте... иə, осы-
мен бір мезетте жазықсыз жазалау – репрессияның
қара құйыны біздің республикамызға да үйіріліп кеп

қалған болатын.

– Кейін барша жұрт замана трагедиясы деп атап кеткен

37-ші жылғы нəубет басталғанда мен бір жасқа жаңа ғана
толған сəби екенмін, – деді Олжас аға Медеу іргесіндегі
үкінің ұясындай дача терезесінен қылаулай жауған қарға көз
тастаған күйі ойлана тіл қатып. – Есейе келе білдім, оның

ызғары біздің отбасымызды да қарып өтіпті. Олай дейтінім

– туған əкем, əскери қызметкер Омар Сүлейме новтің сол

зобалаңда халық жауы атанып, атылып кеткен дігі. Анам
Фатиманың айтуынша ол кісі республикамыздағы тұңғыш
құрылған қазақ атты əскер полкінің офицері болған. Еске
түсірейік, Сталин 37-ші жылғы нəубетті ойластырғанда бұл

бағыттағы “ұйымдастыру жұмысын” ең алдымен барлық

жердегі ұлттық əскери бөлімдерді таратудан бастады емес
пе? Сөйтіп олардағы басшы командирлер құрамын атып-
асып, лагерьлерге айдауға жібергені мəлім. Менің əкем міне,
осы кезеңнің құрбаны. Ол сол кезде ұсталып, хабарсыз кетті.

Рас, кейін тарихшы Лев Николаевич Гумилев маған өзінің
репрессия жылда рындағы көрген азабын сөз ете келіп,
түрмеде Омар Сүлей менов деген адаммен жылға жуық уақыт
бірге жатқанын, сөзіне, сырт келбетіндегі ұқсастықтарға

қарағанда ол кісінің менің əкем екенін айтып сендіргені бар.
Бұдан басқа ешқандай дерек жоқ.
Ақын аға осы сөздерді айтты да ауыр күрсінді.
Күрсінетін жөні бар. Неге десеңіз əңгімеміз жоғарыдағыдай

көңілсіз, қиын жəйтті еске алудан басталып кетті емес пе?
Оның үстіне бұл күні Алматының ауа райы да онша оңып
тұрған жоқ болатын. Астана аспаны біртүрлі тұнжыраңқы,
тұмандатқан күйде еді. Бұған елдің осының алдында ғана

“Халық Конгресі Партиясы” съезінде жасаған оның баян-
дамасына түсінбестік туғызғанын, Қазақстан Жазушылар
одағы басқармасы мүшелерінің ресми ақпарат құралдары
арқылы оған өкпе арта жариялаған ашық хатын қосыңыз...

Осының бəрін ой елегінен өткізіп үлгерген мен ақынды
мазалағым келмеді. Бірауық өзіммен-өзім болып отырдым
да Олжас ағаның ата-бабалары туралы бұдан бұрынырақта
айтқан бір əңгімесін еске алдым.

Əкесі жөніндегі қайғылы оқиғаны біздің кейіпкеріміз бес
жасқа келген кезінде тұңғыш рет атасының аузынан естиді.
“Есіңде ұста, ұлым, – деген ол кісі 41-дің қара суық күзіндегі
көңілсіз түндердің бірінде мұның көрпесін қымтап жатып,–

сен əкең жағынан Арқадағы Олжабай батыр мен əнші Жаяу
Мұсаның, ал шешең жағынан Жетісу жұрты Бəделбаевтардың
ұрпағынан тарайсың. Осыны ұмытпа” “Олар кім? Қандай
адамдар болған?” – деп сұрамай ма сəби көңілді бүлдіршін.

“Бəделбаевтар – Алматы бекініске арналған қала болып
салына бастаған кезде соған отырықшы ретінде ірге теп-
кен санаулы қазақтардың бірі. Шеберлер əулеті. Өзің
іңгəлап өмірге келген мынау Кіші станицаның Крепост-

ной көшесіндегі көптеген үйлер сол нағашыларыңның
қатысуымен салын ған. Ал, Олжабай бабаңа келсек ол атақты
Абылай хан əскерінің оң қанатын басқарған баһадүр. Ел ау-
зында бұл кісі туралы мынадай аңыз бар, – деп жауап береді

дана қарт немересінің сауалына. – Жоңғар шапқыншы-
ларына қарсы шешуші шайқастың қарсаңы болса керек.
Сұрапыл соғыстың оңайға соқпасын білген игі жақсылар
хан ордасына жиналады да үш күн, үш түн отырып кеңеседі.

Бірақ ауызбірлікке, мəмлеге келе алмайды. Сонда ашу мен
ызаға булыққан Олжабай баһадүр жасауылдарының біріне
даладан улы жыланды ұстап əкелуге бұйрық береді. Тап-
сырма орындалған мезетте ол түсі суық, қауіпті жəндікті

мойнынан қылғындырып тұрып ұстайды. Сонан соң оның
қайқаңдаған басын тісімен кірш еткізіп тістеп алып түкіріп
тастайды. Сөйтеді де: “Ал, енді түсінікті ме, жарандар?”

– дейді қатуланып. “Түсінікті, – деп шу ете түседі сон-

да барып батырдың ойын оның морт мінезді қимылынан
анық ұққан жұрт. Бұл: “Мынау улы, қорқынышты жылан-
ның байрағында аждаһа белгісі бар анау жоңғарлардан еш
айырмашылығы жоқ. Жау қанша айлакер, қауіпті болға-

нымен бізде оған төтеп беретін қуатты күш бар. Бірақ ауыз-
бірлік жетіспей түр. Сондықтан бəтуаға келейік, аға йын.
Жұмылған жұдырықтай болып жауға аттанайық. Солай ет-
сек қана жоңғарларды мына жылан сияқты тұншықтырып,

басын қыршып жұлып аламыз”,– деген сөз еді. Міне, осыдан
кейін мəмлеге келген ел жоңғарларға қарсы дүрк көтеріліп,
жауға өлтіре соққы берген деседі.
Олжабай – тарихта бар адам. Олжас ағамыз болса сол

тұлғадан тараған əулеттің жетінші ұрпағы. Халқымызда
ата-баба бойындағы дара қабілеттер мен сирек қасиеттер
генеологиялық нақ осы буында бір көрініс беріп өтеді де-
ген ұғым бар. Соған қарағанда бұл сөзде бір шындық бар

сияқты.

– Балалық, жастық шағымды еске алғанда екінші əкем

Əбдуəли Қарағұлов туралы айтпай кете алмаймын, – деді
Олжас аға маналы бері үзіліп қалған əңгіме желісін қайта
жалғап. – Жастайынан баспаханадағы қорғасын əрпінің уын
жұтып, көзін газет жұмысымен ашқан, Коммунистік жур-

налистика институтының (КИЖ) алғашқы түлектерінің
бірі болған, республика баспасөзінде жұмыс істеген ұзақ
жылғы қызметінде осы саланың талай буынын тəрбиелеген
бұ кісінің алдында өзімнің қарызым мен парызым көп деп

есептеймін. Себебі, Əбекең мені оқытты, өсірді, тəрбиеледі.
Өмір жолымның еркін, тəуелсіз қалыптасуына барынша
жағдай жасады. Мұны ешуақытта да ұмытпаймын. Со-
нымен, інішек, осылардың бəрін елеп-екшей келгенде мен

өзімді қазақ деген елдің үш жүзіне ортақ перзентпін деп
есептеймін. Қалай дейсің ғой? Жазушылар одағына келіп
жұмыс істегенге дейін өз басым халқымыздың ру, тайпа
боп бөлінетінінен хабарсыз едім. Мұнда оның білгірлері

жеткілікті болып шықты. Олар аталмыш мəселеге байла-
нысты сауатымды ашуға тырыссын келіп. Əрқайсысы өзіне
қарай тартады. Бір жағына бұрылсаң – қателескенің. Барып
тұрған əділетсіздік те сол ғой. Осыны мықтап есте ұстаған

мен ата-тегімді, руымды қазбалап сұраушыларға: “Өзімді
өмірге əкеліп, ақ сүтін берген анам – ұлы жүз. Туған əкем

– орта жүз. Ал, ат жалын тартып мінгізіп, азамат қатарына

қосқан отағасы – екінші əкем – кіші жүз. Сондықтан мен
өзімді үш жүздің төл перзентімін деп айтуыма толық хақым
бар”,– деп жауап бердім. Қалай ойлайсың, дұрысы да осы емес
пе? Сөз арасында нағыз ұлттық сана-сезім қалалықтардың

екінші-үшінші ұрпа ғында ғана пайда болады деген ойым-
ды ешкімнен жасырғым келмейді. Ауылдағылар, сондай-ақ
қалалықтардың бірінші ұрпағы əзірге тайпалық ұғымның
жетегінде жүр. Бұл – шындық, өмір шындығы. Оған

ренжудің қажеті жоқ.

– Біз ақын, зерттеуші, қайраткер Олжасты жақсы

біле міз, – дедім мен осы сəтте əңгіме иесінің жоғарыдағы
сөздерінен кейінгі екі арада орнай қалған үнсіздікті
пайдаланып. – Бірақ бала, оқушы, студент Олжас көп
адамға əлі белгісіз. Осы жөнінде...

– Ойыңды түсіндім. Өмірімнің өзің айтып отырған

кезеңі туралы шынында да күні бүгінге дейін көп ештеңе
жазылмай, ұмыт қалып келгені рас. Сондықтан осы
олқылықтың орнын толтыру бағытында сөз қозғар болсам
мəселе былай: мен орыс мектебінде оқыдым. Ол кездері

Алматыда жергілікті ұлт балалары дəріс алатын білім
ұялары некен-саяқ деуге болатын. Қазақтар да қалада
өте аз еді. Бұл əсіресе біз тұратын Кіші жəне Үлкен
станицалардың шектескен тұсында ерекше сезілетін. Сөйтіп

мектептегі балалық шағымның көп бөлігі қаласам да,
қаламасам да өз-өзімді күн сайын дəлелдеуге тура келетін
көшеаралық қақтығыстар мен қызылшеке төбелестер
арасында өтіп жүрді. Ескерте кетейін, қазақ ретіндегі

намысым, ар-абыройым міне, сол кезде шыңдалды. Ол
уақытта, иə... ол уақытта парктер мен би алаңдарындағы
кездейсоқ оқиғаларда тек қана адал, күшті, ержүрек,
достарын сатпайтын жəне айтқанынан қайтпайтын бала

ғана құрметке ие болатын. Біле білсең бұл да бір мек-
теп. Кейін оның өмірлік кəдеңе жарайтыны анық. Со-
нымен бұдан түйер қорытынды мынау дер едім: егер сен
бала кезіңде адам ретінде өз-өзіңді қалыптастыра алсаң,

онда қоғамның өз азаматы бола аласың, кез-келген
мамандықта да лайықты жетістікке қол жеткізесің. Адал
əріптестіктен туындайтын бəсекелестік қана өмірлік қайнар
көзге айнала алады.

Ақын ағаның мына сөзін естіп отырғанымда көз алдымнан
кинорежиссер Халықбек Салықовтың “Балкон” фильмі елес
беріп өткендей болды. Сценарийін жас драматург Шахмар-
дан Құсайынов жазған бұл кинохикаяға өзек боп тартылған

басты нəрсе ол осы Олжас Сүлейме новтің өмірбаяндық,
лирикалық жырлары десек еш қателеспейміз. Оқиға елуінші
жылдары Алматы қаласында өтеді. Мұнда біз соғыс алдын-
да туған, тылдың ауырт палығын көрген жасөспірімдердің

тағдырына куə боламыз. Сондай-ақ олардың жеңістен кейін
де аш күзеңдей бүгіліп жүріп өмір сүргенін, сол аралықта
сотқарлық, сотанақтық деп аталатын шпаналық мектепті де
тəмəмдап үлгергенін көреміз. Ақырында бірінің əкесі халық

жауы боп ұсталып кеткен, екіншісінің көкесі майдан дала-
сында қаза тапқан шеркөкірек қала балалары жазушы Илья
Эренбург айтқан “оттепель”– “жылымықты” да көретін
күнге жетеді. Солардың бірі міне, осы Олжас. Фильмнен

мұны сіз үнсіз сезіп білесіз. “Балкон” кино туын дысында
бұдан басқа бəрімізді таңғалдыратын бір нəрсе бар. Ол кино-
режиссер Халықбек Салықовтың өзі бертін туған ұрпақтың
өкілі болса да қырқыншы-елуінші жылдардағы Олжас пен

оның құрдастарының тыныс-тіршілігін дөп басқаны, мінез-
құлықтарын айнытпай бере білгені, сол уақыттағы Алматы
қаласының көрінісін экранда қаз-қалпында көрсете алғаны.

– Енді жазу мəселесі мен студенттік шағыма келейін, –

деді Олжас аға сəл жөткірініп қойып. – Əдебиетпен шұғыл-
дануды өте ерте бастадым. Төртінші класта оқып жүрген-
нің өзінде менің жазған шығармаларым мектептегі үздік
туындылар қатарында аталып жүрді. Грамматика, триго-

нометрия жəне математика сүйіп оқитын пəндерім еді.
Мектепті бітірген соң ҚазМУ-дің журналистика факуль-
тет іне оқуға түскім келді Бірақ, Əбекең: “Ортаңқол га-
зет қызметкері болып жүргеннен гөрі қатардағы инженер

мамандығын игергеніңнің өзі артық”, – деп құлаққағыс
жасаған соң геология факультетіне баруға бел будым.
Мұнда жаман оқығаным жоқ. Мұнай жəне газ көздерін
зерттейтін инженер-барлаушы дипломын алып шыққан нан

кейін көңілім өлең өлкесін аңсады да тұрды. Ақыры тəуекел
деп Мəскеудегі Əдебиет институтына тарттым да кеттім.
Мен барғанда онда қазақшадан орысшаға тəржіме жасай-
тын көркем аударма бөліміне қабылдау жүріп жатыр екен.

Конкурста біздің республикамыздан бес адам қабыл данғаны
хабарланды. Олар: ақиық ақын Ілияс Жансү гіров тің ұлы Бо-
лат, əйгілі көркемсөз шебері Бейімбет Май линнің баласы
Мереке, атақты жазушы Ғабит Мүсіре повтің туысы Əбділда

Ботбаев, қазақ тілінің түбін түсіріп сөйлейтін Орал казагы
Иван Голубев жəне мен едім.
Əдебиет институтында барлық республикалардан дерлік
жасақталған ұлттық топтар болды. Ресейліктер де көп еді.

Солардың арасындағы айқай-шуы мол студенттік өмір
ағынымен біз де жүріп жаттық. Студенттік өмір ағыны...
Бұл дегеніңіз əртүрлі бəсекеден тұрады емес пе? Оны
еркіндіктің, табандылықтың, сан алуан мінез-құлық пен

таланттардың күресі деуге болады. Меніңше біз онда өзімізді
лайықты ұстай білдік қой деп ойлаймын. Себебі, ол кездері
əрқайсымыздың санамызда: “Сен қазақ деген халықтың
өкілісің,

Қазақстанның
елшісісің.
Сондықтан
мұнда

өзгелерге үлгі-өнеге бола біл”, – деген ой атой салып тұрды.
Осының нəтижесінде ондағылар бізге қарап, халқымыздың
кім екендігін танып білді деп айта аламын. Мұндай жауап-
кер шілік жүгі өзіңе, өзіңнің іс-əрекетіңе сын көзбен қарауға

үйретеді екен. Олай дейтінім, көп ұзамай институтта əлде-
кімнен теперіш көргендер бізді пана тұтып келетіндей бе-
делге ие болдық. Егер жатақханада курстасымыздың ақшасы
ұрланса, ол əділдік іздеп ең алдымен қазақ тобына келетін-

ді. Ұрыны табатынбыз. Мəселен сондай суық қолдылардың
бірі өзінің кінəсін мойындап, институттан кету жөнінде
өтініш жазғаны əлі есімде. Сондай-ақ, екінші бір студент-
ке содырлардың тізесі батса, жəбірленуші қазақтардан келіп

араша сұрайтын. Ал біз сотқарларды іздеп барып, жақсылап
тұрып жазалайтынбыз. Үшінші біреуге стипендия тимей
қалса, онда оның біздің бөлмені келіп жағалайтынын да,
сөйтіп ортақ қазанымыздан ас ішіп жүретінін де ұмытқаным

жоқ. Осының бəрін көріп-білген Балтық жағалауы мен Кав-
каз аймағының өкілдері, Сібірдің орыстары: “Қазақтар – ең
əділетті халық”,– деп айтып жүрді. Иə, институтта да, одан
кейін де, жалпы қай жерде жүрсем де мен жоғарыдағыдай

құрметке өзімнің іс-қимылым арқылы лайықты болуға ты-
рыстым. Мынау көпұлтты əлемде қазақтармен кездескен
адамдар бізді жомарт та дархан, кеңпейілді, əлсіздерге та-
яныш, зұлым дарға жаны қас халық ретінде таныса деп ар-

мандадым. Адалдық тəлімі анамыз айтатын: “Шалқайғанға
шалқай: ол Құдайдың ұлы емес. Еңкейгенге еңкей: ол əкеңнің
құлы емес”,– деген мақалмен тəрбиеленді. Мен, ешуақытта
да осы даналық сөзден айныған емеспін.

Кейіпкерімізбен əңгіме-дүкен құрғалы біраз уақыттың
боп қалғанын бөлме ішіне түскен каракөлеңке анық
аңғартқандай еді. Осыны байқаған Олжас аға орнынан жай-
лап көтерілді де сырт еткізіп электр шамының түймесін

басып қалды. Содан соң терезе жақтауына сүйенген күйі
сырттағы жапалақтай жауған қар ұшқындарына ойлана
көз тікті. Ал мен болсам қойын дəптерімдегі алдын-ала
дайындап əкелген көп сұрақтардың ішіндегі: “Əдебиет

институтындағы өзіңізге дəріс берген ұстаздар. Олар кімдер
еді? Бұл творчество иелерінің бойынан қандай қасиеттер мен
ерекшеліктерді байқадым деп ойлайсыз?” – деген сауалдарға
үңілдім.

– Менің ұстаздарым əртүрлі адамдар, – деді бұған ақын

аға.– Олардың арасында поэзия жанрының майын езіп ішкен
небір білгірлер, өлең өлкесіне қуатты талантымен енді ғана
арындап келіп кірген курстастарым, тіпті менің тырнақалды
туындыларымды алғаш рет тыңдап, пікір айта бастаған

қарапайым оқырмандар, бəрі-бəрі де бар. Солардың ішінде

əсіресе маған ерекше қымбат көрінетіні əрі ғалым, əрі
ақын, əйгілі педагог Л. Озеров пен сол кездегі ресейлік по-
эзия патриархтарының бірі Л. Мартынов дер едім. Сондай-
ақ əдебиеттегі ең үлкен мектеп жолынан ақын А. Кудрейко

арқылы өткенімді де егжей-тегжейлі айта кеткім келеді.
1959 жылы еді. Анатолий Кудрейко бұл кезде “Ого-
нек” журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып
жұмыс істейтін. Өлеңдерімен таныстығым жоқ. Тек ол

бізге В.Мая ковскийдің: “Мудреватые Кудрейки, Кудре-
ватые Муд рейки – кто их черту разберет?” – деген уытты
жыр жолдары арқылы ғана белгілі болатын. Мен енді соған
“Арғымақтар” деген тұңғыш туындымды алып бардым. Ол

оны қызыл қарындашпен аяусыз шимайлап жаратпай таста-
ды. Жатақханаға келгеннен кейін өлеңімді басынан аяғына
дейін қайтадан мүлде бөлек жазып, екі-үш күннен соң оған
тағы да алып бардым. Анатолий Кудрейко оны окып, тағы

да шимақтады. Мен енді жаңаша тəсілмен жаздым. Ол бұл
өлеңімді жəне қабылдамады. Содан қойшы, осы қатал бөлім
меңгерушісіне жыл бойына бір өлеңімді шыңына жеткізе
қайта-қайта өңдеп алып барып жүрдім. Соның өзінде ол

одан “əлсіз”, “оралымсыз” шумақтарды тауып отырды.
Мен бəрібір алған бетімнен қайтпадым. Жазғанымның
үстіне жаза түстім. “Арғымақ тардан” басқа бірде-бір
өлеңімді ұсынбадым. Редакцияға барып жүріп, “Огонектің”

шовинистік бағыттағы журнал дардың бірі екендігіне де
көзім жетті. Себебі, онда орыс есімді ақындардың əлсіз
өлеңдері ешбір киындықсыз-ақ жарияланып жатты. Ал,
Анатолий Қудрейко маған: “Сені кін баспаймыз, өйткені –

қазақсың”,– деп ашықтан-ашық айта алмады. Сондықтан да
ол менімен күресудің жоғары дағыдай азапты тəсілін пай-
даланды Мен болсам, бұл жолда өзімнің төзімді екенімді
көрсетіп қана қоймай, шынығып, шыңдала бердім. Сөйтіп,

өз бетімше бірде-бір институт, бірде-бір ұлы шебер үйрете
алмайтын өлең жазу мектебінен дəріс алдым. Ақыры орыс
поэзиясының күрделі құрылымдары мен ішкі заңдылық-
тарын терең сезініп, игергенім соншалық, олардың сол

кездегі белгілі-ау деген өлең шығарғыштарынан да жақ-
сырақ жаза бастадым жəне “творчество бейнетін” онша көп
сезіне бермейтін дəрежеге жеттім. Оған мысал ретінде сол
жылдарғы бір түннің ішнде бірнеше өлеңді, ал бір аптада

поэма жазғанымды айтуыма болады.
Иə, өлшеусіз жігер мен төзімге толы осындай жанкешті
еңбегінің нəтижесінде оны бірінші болып ақын Леонид
Мартынов таныды. “Қазақ ақыны Олжас Сүлейменов,– деп

жазды ол “Литературная газетаның” 1959 жылғы 13 мау-
сым дағы оған сəт сапар тілеген өзінің беташар мақала-
сында, – орыс тілінде жазатынына қарамастан, бүкіл бол-
мысымен қазақ ақыны, атам заманнан бергі үміт-арманын

орыс халқының үміт-арманымен ұштастырып келе жатқан
асқақ рухты өз халқының адал перзенті. Олжас Сүлейменов
тұрмыстық, географиялық, этикалық, эстетикалық тарихи
байланыстардың жанды айғағы”. Бұл пікір оқыс ойлы, ас қақ

үнді, адуын талантты шабыттандырмай, қанаттандыр май
қойған жоқ. 1961 жылдың 12 сəуірінде жас ақын өңі түгіл
түсінде де көрмеген жұмбақ əлем жөнінде атымен де, заты-
мен де жаңа сөз айтып, бар даусымен саңқ етті. Сөйтіп Ю.

Гагарин адамзат тарихында тұңғыш рет ғарышқа самғаған
күні біздің кейіпкеріміздің таңертең жазған өлеңі түс кезінде
самолетпен астана аспанынан листовка боп жауды. Ал, ара-
да бір апта өткенде осы жыр негізінде өмірге келген “Адамға

табын, Жер енді!” поэмасы баспаханаға терімге жіберіліп,
жарты айдан соң жеке кітап боп жарыққа шықты. Бұған
дəл сол жылы өмірге жолдама алған оның тағы бір жинағы
“Арғымақтарды” қосыңыз.

Сөйтіп, Олжас үшін нағыз жұлдызды сəт басталған
еді! Біреулер бұл кезде: “Олжас Сүлейменов – орыс тілді
ақын”,– деп кінəлап жатты. Бұған төрелік айту қиын, əрине.
Бірақ мына бір жəйтті мықтап есте ұстағанымыз жөн дер

едік. Сол кездегі Қазақстанды, яғни 60–70-ші жылдардағы
қазақ халқын дүние жүзіне танытатын, əлем мəдениетімен
тікелей байланыстыратын бірден-бір төте жол осы бола-
тын. Соның арқасында оның “Қылықты түн”, “Шапағатты

шақ”, “Мешін жылы”, “Қыш кітабы” атты жинақтары одақ
көлемінен асып, Еуразияны елең еткізді. Шетел баспасөзі
оның ешкімге ұқсамайтын өзіндік үні мен ойлау жүйесі
туралы таңдана да таңырқай жазды. Сенбейсіз бе? Онда

тыңдаңыз. Француз қаламгері Андре Делю “Юманите”
газетінде: “Олжас Сүлейменовтің даусы əлемнің бүгінгі

аса көрнекті ақындық даусына жатады” – десе, Сорбон-
на университетінің профессоры, аудармашы Леон Робель:
“Біздің мың сан бөлшектерден тұратын мынау əлеміміз
талайдан бері мұндай зор дауысты естіген жоқ еді. Біз

Сүлейменовті сондықтан да Гильгамеш, Гюго, Хлебников
секілді ұлылардың табиғи, танымал мұрагері деп білеміз”,

– деп ағынан жарылды. Мұның сыртында... иə, мұның сыр-

тында келбетті де келісті қазақ ақынының дүниежүзілік
жастар фестивалінде оқыған өлеңдері София аспанында
саңқылдады, Париждегі бейбітшілік форумында қарт Мон-
мартр қабырғаларын солқылдатты... Əлем Олжасқа қол

соқты! Өстіп жүргенде...
Иə, өстіп жүргенде 1975 жылы “Жазушы” баспа-
сынан біздің кейіпкеріміздің “Аз и Я” кітабы жарыққа
шығып, ол “Игорь жасағы туралы жырды” зерттеуші орыс

ғалымдарының төбесінен жай түсіргендей болды. Жұрт бұл
еңбектің не туралы екенін, аталмыш туындының кезінде
қандай айтыс тудырғанын жақсы білсе керек.

– Бірақ,– деді Олжас аға осы арада маналы бергі үзіліп

қалған əңгіме желісін қайта жалғап, – олар оның қалай
туып, қалай өмірге келгенінен хабарсыз ғой деп ойлай-
мын. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, “Аз и Я”-
ны не себепті жазғанымды айтқым келеді. Идея сол баяғы

Мəскеуде оқып жүрген 1960 жылдан бастау алған болатын.
Инсти тутта сабақ беретін ұстаздарымның бірі, профессор
В.М.Си дельников курс жұмысы ретінде маған “Игорь жасағы
туралы жырдағы түркизмдер” тақырыбын ұсынды. Содан

соң еңбекке байланысты кітаптар мен мақалалардың теле-
гей теңізіне күмп беріп қойып кеп кетейін. Əрине қарапайым
тапсырмаға бола соншама көп оқып, ізденудің қажеті де жоқ
еді. Бірақ бастаған іске терең бойлап, еліктегенім сонша,

бұл “курс жұмысын” институтты тə мам дап, кітап жарық
көргенше жаздым десем де болғандай. Ақыры содан 15 жыл
өткен соң “Аз и Я” өмірге келді. Сол сол-ақ екен айғай-шу
басталды дейсің... Шабуылға бірінші болып “Молодая гвар-

дия” журналы (1975 ж., № 12) шықты. Одан соң намысқа
тию жағынан бір де кем емес мақала “Москва” басылы-
мында (1976 ж., № 1) жарық көрді. Оның артынан бұларға
“Звезда” (1976 ж., №6) журналы қосылды. Олардың бəрі де

“провинцияда тұратын авторды” тəртіпке шақырып, жа-
залауды талап етіп жатты. Ақыры Мəскеуге түсінік беру-
ге шақырылдым. Алдымен КОКП Орталық Комитетінде
менімен “ибалы” əңгіме өткізілді. Ондағы қайраткерлердің

бірі: “Казақ халқын жақсы білемін. Момын адамдар еді. Сен
неге ондай емессің?” – деп сұрақ қойды. “Халық” сөзін бір
ғана теңеумен анықтауға болмайды, – дедім мен оған. – Бұл
маркстік көзқарас емес. Егер момын халық болса, онда мо-

мын емес те халық болғаны. Жақсы болса, ендеше жаман
халықтың да бар екені анық. Құр момындық – шектеліп
қалушылық. Мен тұрмыста момын болуға келісемін, ал
сезім мен білімін жеткізуде жазушыға тұйықталып қалуға

болмайды деп санаймын”.
Əңгімеміз жараспады. Мəселе КОКП Орталық Комите-
тінде талқыланбақшы болып шешілді де “кінəлі кітапқа”
баға беруге ондағы Ғылым, Мəдениет, Үгіт жəне насихат

деп аталатын үш бөлім жұмылдырылды. Бұл енді Л.И.Бреж-
невтің сол кезде жақындап келе жаткан КОКП XXV съезіне
жасайтын есепті баяндамасына кемшілік ретіндегі факт боп
ілігу деген сөз еді. Жағдайдың бұлайша сипат алуы респу-

блика басшыларын да алаңдатып, мазасыздандыра бастады.
Мұны Д. А. Қонаевтың “Аз и Я”-ны оқып шығуға отырып,
содан кейін оны Л. И. Брежневке алып барға нынан анық
аңғаруға болатын. Содан біршама уақыт өткен соң, Димекең

Бас хатшыға телефон соғып: “Кітапта ұлт шыл дық бар ма,
əлде жоқ па?” – деген бір ғана сүрақ қой ды. Л. И. Брежнев:
“Мұнда ұлтшылдықтың исі де сезіл мейді”, – деп жауап
берді.

Мəселе тəмамдалды. Талқылау енді КОКП Орталық
Комитетінде емес, КСРО Ғылым академиясының филиа-
лы Волхонкада өтетін болып шешілді. Содан кейін кітап
бас идеолог М. А. Сусловтың нұсқауымен Қазақстан Ком-

партиясы Орталық Комитетінің бюросына қойылып, мен
онда өкініш білдіре отырып газеттерге хат жариялауым
тиіс екен. Алдымен Волхонкадағы пікірталас жөнінде бір
ауыз сөз: 1976 жылдың 13 ақпанындағы таңғы сағат 9-дан

кешкі 6-ға дейін созылған бұл жиналыста 46 кісі сөз алды.
Солардың ішіндегі отқа май құя түскен сорақы ой акаде-
мик Б.А.Рыбаковтікі еді. Ол баяндамасын: “Алматыда орыс

халқына қарсы бағытталған ең бір қатерлі де қауіпті кітап
басылып шықты”, – деген сөйлеммен бастады. Пікірталаста
мен де аянбадым. Сөйтіп, мұндағы күрес итжығыспен
аяқталды. Мəскеуден қайтып келген соң Қазақстан Ком-

партиясы Орталық Комитетінің бюросы болып өтті. Онда
қаулы қабылданып, “Аз и Я”-ны кітапханалар мен сауда
орындарынан алып тастады. Содан 1990 жылға дейін менің
бұл шығармам жайында бірде-бір мақала жарық көрген жоқ

жəне тілге де тиек болған емес. Оң пікір соңғы рет 1976 жылы
“Молодежь Эстонии” журналында айтылды-ау деймін.
Бірақ осынысы үшін автор Ю.Минераловтың көп жəбір-жапа
шеккені əлі есімде. Кітабыма берген жақсы бағасы үшін Вен-

грияда да бір журнал катты зардап шекті деп естідім.
Əңгіме иесі жоғарыдағы оқиғаларды айтып болғанда
менің ойыма төмендегідей жəйттер оралды. “Аз и Я” кітап
болып шыққан күнінен бастап орталықтың қаһарына ілікті

де басқа тілдерге аударылу былай тұрсын, шыққанының
өзі дүкен сөрелері мен кітапханалардан сыпырылып алын-
ды. Бұл сол кездегі КОКП Орталық Комитетінің хатшысы
М. А. Суслов пен Совет Армиясындағы Əскери-теңіз фло-

ты саяси Бас басқармасының бастығы, армия генералы А.
А. Епишевтің жарлығы болатын. Шетел баспа лары мен со-
вет қаламгерлерінің өзара байланысын қада ғалап отыратын
Бүкілодақтық авторлық құқық агенттігінің сырт мемле-

кеттерде аударылмасын деген тізімінде тыйым салынған бес
кітаптың бірі де осы “Аз и Я” еді. Соған қара мастан ол Жапо-
ния мен Венгрияда аударылып, жеке кітап болып басылып
шықты, ал Францияда шығып үлгере алмады.

Орталық бұл кітаптан неге шошынды? Мəскеудегі кейбір
кеудемсоқ, шамшылдарға қатты батқаны, ежелгі орыс
əдебиетінің тұңғыш жазба үлгісіне басқа ұлт өкілінің талдау
жасап, пікір айтқаны болатын. Олардың ойынша, славян-

түркі халықтарының көне мəдениеті туралы мұндай пікірді
өзге ұлттың зиялылары емес, тек орыс халқының оқымыс-
тылары ғана айтуы тиістін. Сөйтіп, олардың сана сында
“Игорь жасағы туралы жыр” хақында “бөтен” еш кімнің сөз

айтуы мүмкін емес, бұл ұлы орыс халқының мұ расы бол-
ғандықтан оны тек орыстар ғана зерттей алады деген дүмше
ой қалыптасқан еді. Сондықтан да мұндай өркөкіректердің:
“Қазақстанның бұл кітабын Ресей еш уақытта кешіре алмай-

ды”, – деуі тегін болмаса керек. “Аз и Я”-ға міне осы себепті
тыйым салынды. Кітап бұғауланды. Ақыры оған 15 жылдан
соң барып бостандық берілді. Ал, қазақ тілінде ол тұңғыш
рет 1992 жылы ғана барып жарық көрді.

Кейіпкерімізбен келесі тақырыптағы əңгіме желісі оның
Дінмұхаммед аға Қонаевпен арадағы достық байланысы,
бұл қарым-қатынастың əр кезең, əр уақытта қалай жалғасын
тапқандығы жөнінде өрбіді. Мұндағы ойым, былайғы жұрт

көп айта беретін осы сөздің дұрысы мен бұрысы қайсы деген
сауалға жауап іздеп, оқырмандарды содан хабардар ету еді.

– Димаш Ахметұлымен алғаш рет 1962 жылдың жазында

таныстым, – деді Олжас аға бұл сауалға. – Сөз ретіне қарай
айта кетейін, ол кісі біздің əдебиетіміз бен өнерімізде пайда
болған əрбір жаңа есімді дер уақытында байқап, қадағалап
отыратын. Оның осы қасиетін көп адамдар қазірде де ұмыта

қоймаған шығар деп ойлаймын. Димекең сол кездері Жазу-
шылар одағынан сəл ғана жоғары жердегі ақ үйдің екінші
қабатында (кейін оған қарт қаламгер Əлжаппар Əбішев
қоныстанды) тұрушы еді. Республика басшысының таңертең

Комсомол көшесінің бойына орналасқан Үкімет үйіндегі
жұмысына жаяу кетіп бара жатқанын көретінмін. Бір күні ол
кісінің жиек жолмен бері бұрылғанын байқап қалдым да алы-
стан орағытып өткім кеп одаққа қиялай тарттым. Димекең

мені танып (теледидар ол кездері мені қазіргіге қарағанда
көбірек көрсететін), өзіне шақырды. Сəлемдесіп болғаннан
кейін əңгімелесіп отырып Орталық Комитет үйінің есігіне
дейін бірге бардым. Жол-жөнекей қалай тұратынымды, не

жазып жүргенімді сұрады. Осы кездесуден кейін-ақ оған де-
ген өз көзқарасымды берік қалыптастырдым жəне ол пікірім
содан қайтып ешуақытта да өзгерген емес.
1962 жылғы 16 желтоқсанда Мəскеуде Қазақстан

мəдениетінің күндері салтанатпен ашылып, біздің өнер
шеберлеріміз Съездер сарайында концерт қойды. Бұл кешті
мен өлең оқумен аштым. Концерт басталарда залдың сол
жақтағы үкімет басшыларына арналған ложасына Н.С.Хрущев

бастаған КОКП Орталық Комитеті Төралқасының мүше-
лері келіп жайғасты да, ал оң қанатта Димаш Ахметұлы
жападан-жалғыз отырды. Бұл көрініс сəл ерсілеу көрініп,

жүрегім дір ете түсті. Əрине мен онда Д.А.Қонаевтың дəл
сол күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы қызметінен босатылғанын білген жоқ едім.
Содан бір апта өтпей Димекеңнің бұған дейін өзін ашықтан-

ашық қошеметтеп келген жағымпаздардан алғаш рет көңілі
қалды. Жандайшаптар енді жаңа басшыға көрініп қалу үшін
мінбеден оны ағаш атқа мінгізіп, сан саққа жүгірте қаралап
жатты. Олардың қатарында менің əріптестерім жазушылар

да бар еді. Шыдай алмадым. Республикалық деңгейде өтіп
жатқан идеологиялық кеңесте мен ақын ретінде тəуекел
деп өзімнің азаматтық сөзімді айттым. Əлі есімде, үйге
келсем анам қатты мазасызданып отыр екен. Əбекең болса

түксиіп алыпты. Өйткені, партиялық газеттің редакторы
оған менің сол күнгі қылығым оның қолына қараған алты
бала мен болымсыз жалақы алып отырған қызметіне теріс
əсерін тигізуі мүмкін еді. Өз бөлмеме өтіп бара жатқанымда

мамам: “Абай бол, балам”, – деді жайымен. Мен оны дұрыс
түсіндім. “Болам, мама, Абайдай болам!” – деп жауап бердім
ол кісіге. Шыны да осы болатын. Содан бері бұл уəдемді
адал орындауға тырысып келемін.

Арада көп жыл өткеннен кейін де Д. А. Қонаев үшін:
“16 желтоқсан” күні ауыр болып тиді. Бұл жерде мен 1986
жылды айтып отырмын. Димаш Ахметұлы екінші рет ре-
спублика басшылығынан кеткен сол күні 1962 жылдың

оқиғасы тағы да өте қатаң түрде қайталанды. Енді Д. А.
Қонаевтың бұрынғы əріптестері оның бұл қызметке еш
уақытта да қайта оралып келмейтінін əбден түсініп, ашық
шабуылға шықты. Олар Қазақстан Компартиясы Орталық

Комитетінің 1987 жылғы 14 наурызда өткен VІІІ плену-
мында жаңа басшы Г. Колбинге көрініп қалу үшін Диме кеңе
“жеке басқа табыну” деген ауыр кінə тағып, соны жарыса
айтып жатты. Д. А. Қонаев залда отырған еді. Тұтқындалған

қылмыскерден əрмен болды. Күні кеше ғана оның алдында
құрдай жорғалағандар енді, міне, оны жерден алып, жерге
салуда. Осының бəріне куəгер болып отырға нымда Димаш
Ахметұлының 1976 жылы “Аз и Я” кітабым үшін маған қалай

араша түскені көз алдыма келді. “Сонда қуғын-сүргінге
ұшыратпай, басымдағы сергелдең бұлтын сейілткен осы
кісі еді ғой. Демек, енді маған да аза мат тық танытудың реті
келді”, – деп ойладым ішімнен. Сөйтіп, Орталық Комитет

мүшесі ретіндегі сөз сөйлеу құқымды пайдаланып, мінбеге
көтерілдім. Қатты толқығаным есімде. Тігісін жатқызып
сөйлей алмағаныммен Димаш Ахметұлын көп жылдар-
дан бері білетіндігімді, бірақ одан диктатордың бейнесін

көрмегенімді, сондықтан оған қатысты “жеке басқа табыну”
деген сөзді дұрыс емес деп есептей тін дігімді айттым. Неге
десеңіз, біздің ұғымымыздағы “жеке бас қа табыну” қуғын-
сүргін, жазалау толқыны сияқты белгі лерден байқалмаушы

ма еді. Ал Қазақстанды Д. А. Қонаев басқарып тұрған кезде
мұндай теріс құбылыстың болма ғаны анық.
Пленумдағы осы сөзімнен кейін мен отырсам опақ, тұрсам
сопақ болдым да қалдым. Республикалық партия газетінде

бір пысық: “Сүлейменов Орталық Комитетке қашанға дейін
билік жүргізе бермекші?” – деп жазды. Бұл соңғы ескер-
ту еді. Түсініктеме беруге барған бір мəжілістің арасында
Димаш Ахметұлы: “Мəскеуге кеткенің жөн болар”, – деп

сақтандырды. Солай істедім де. Жазушы Юлиан Семеновтің
пəтерінде жатып М.Горбачевке хат жаздым. Г. Яковлев мені
құтқарып қалды. Уақыты жеткен кезде бұл жылдардағы
оқиғалардың бəрін түгел тізіп, нақты адамдардың аты-жөнін

атап тұрып ашық жазамын. Сонда қайта құрудың қалай ба-
сталып, жақсы идеяның қалай қор болғанын, бəрін-бəрін ай-
тамын. Ал, əзірше осымен шектелейік.
Əңгіме аяқталып келе жатты. Уақыттың біраз жерге барып

қалғанын сезсем де тəуекел деп ең соңғы сұрағымды қойып
қалуға бел байладым. Ол: “Сіздің бастамаңызбен өмірге
келіп, ядролық қатер бұлтын сейілткен “Невада–Семей”
қозғалысы... Бұл батыл ой ең алғаш рет неден бастау алды

деп ойлайсыз? Соған нақтылы мысалдар келтіре отырып
жауап берсеңіз”, – деген сауал еді. Бұл сұрақты қойғандағы
мақсатым: жұрт бір кезде “полигон” деп айтудан қорқатын
мемлекеттік құпияға қарсы шығу ешкімге ешуақытта да

мүмкін еместей көрінген, бірақ бəрі ойдағыдай аяқталған-
нан кейін кəдуілгі нəрсе сияқты ұғымға телініп кеткен ұлы
істің мəн-жайын ел толық білсе деген ойдан туындаған бо-
латын.

– Оқиғаның 1989 жылғы 28 ақпанда болғанын өзің жақсы

білесің,– деді жоғарыдағы сауалға ойлана тіл қатқан əңгіме

иесі. – Соның алдында, яғни 13 жəне 17 ақпан күндері Се-
мей полигонында кезекті жерасты жарылысы жасалған
еді. Мұны маған Шаған əскери аэродромынан бір ұшқыш
телефон соғып хабарлады. Ол өз сөзінде аталмыш ядролық

сынақтан кейін жер қойнауынан зиянды газдардың ұшып
шыққан дығын жəне осы радиоактивті бұлттың полигон
маңайын дағы ауылдар мен əскери қалашықтың үстін ба-
сып өткенді гін айтты. Мұны естіген соң мен Үкімет аты-

на сұрау салып, хат жаздым. Оған менімен бірге Д.Снегин,
С.Мұратбеков, Қ. Мырзалиев секілді жазушы депутаттар
қол қойды.
Үкімет комиссиясы полигонға ұшып шығып жұмыс

жүргізгенімен бізге жауап берілмеді. Уақыт өткізбей
мəскеулік ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланыс жаса-
дым. Олар дан алған мəліметке қарағанда оқиға шын мəнінде
солай болған. Мұны американдық ғалымдар да растады.

“Бейбіт халыққа қарсы қырық жыл бойы жүргізіліп кел-
ген бұл қылмысты қазақстандықтардың білуі керек”, – де-
ген тұжырымға келдім ішімнен. 25 ақпанда теледидардағы
тікелей эфирден сөйлеуім керек болатын. Онда КСРО

Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде өзімнің
сайлау алдындағы бағдарламамды айтуға тиіс едім. Мен
енді оны бір шетке ысырып қойып, теледидар басшы ла ры-
ның шошынғанына қарамастан жоғарыдағы жəйтті эфир

арқылы жасырмай айттым да жұртты Жазушылар одағының
алдына жиналуға шақыр дым. 28 ақпан күні одаққа мыңнан
астам адам келді. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан
кейін Қазақстанда бол ған тұңғыш митинг еді. Сөйтіп, рес-

пуб ликадағы демократия мектебінің негізін қалаған “Нева-
да – Семей” қозғалысы осылайша дүниеге келді. Оның
ауқымынан кейін “Азат” (ол кезде бұлар белсенді де ұйым-
шыл еді) қозғалысы, “Қазақстанның Халық Конгресі” пар-

тиясы жəне басқа да ұйымдар бөлініп шықты.
Қозғалыс қазір өзінің қалыпты тірлігімен өмір сүруде.
Оның өмірге келіп, жігерлі де белсенді жұмыс жүргізуімен
полигон жабылды. Жер бетіндегі қалған полигондар мо-

раторий жариялады. Тек Қытайдағы Лобнар ғана бұған
қосылмай отыр.
Осы жерде біз əлемдегі ядролық қарусыздану жолындағы
нəтижелі болған алғашқы қадамның Қазақстанда, қазақстан-

дықтардың күшімен жүзеге асқандығын есте сақтауымыз
керек.
Жер жүзінде біздің жақтастарымыз көп. Қарсыластары-
мыз да жоқ емес. Олардың көпшілігі осында, Алматыда.

Бұлардың саясатқа араласып отырған “Невада – Семей”
қозғалысының рөлін төмендетуге тырысқан кездері болды,
ондай əрекет əлі де бар. Бірақ біз мойымаймыз. Таяуда жеті
жылдығымызды атап өттік. “Невада – Семей” өзінің атын

Қазақстанның жаңа тарихына жазды, мұны ешкім де өшіре
алмайды. Қозғалыс республикамыздың тыныш тығына,
ұлтаралық қарым-қатынас ісіне өзіндік үлесін қосуда.
Рим дəуірінен бері қарай: “Бейбітшілікті қаласаң – соғысқа

дайындал!”, – деген қағида үстемдік құрып келді. Бірақ бұл
адамзат баласына ешқандай бақыт əкелген емес. “Невада –
Семей” қозғалысы жеті жыл ішінде: “Бейбітшілікті қаласаң

– бейбітшілікке дайындал!” – деген ұранмен жер шарын ара-

лап өтті. Бұл сөз планетамыздағы əскерилікке қарсы барлық
қозғалыстың девизіне айналды. Менің мақсатым Отанымда
тыныштық, бейбітшілік болса екен деймін. Осы үшін өмір
сүремін, осы үшін күресемін.

– Өз өміріңізде қайғылы, қуанышты оқиғалар кездесті

ме? Кездессе ол қандай жағдайларға байланысты болды деп
ойлайсыз?

– Қайғылы жағдай... Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев,

Санжар Оразұлы Жандосов секілді пікірлес, ниеттес жан-
дардың өмірден өтуі маған оңай болған жоқ. Ал қуанышты
оқиғалардың қатарына махаббатты, бала, немере сүюді жат-
қызар едім. Құдай маған қыз берді. Бірақ ме нің атым мен,

есіміммен аталатын ұлдарым көп. Қазақстандағы Олжастар
жүздеп, мыңдап саналады десем қателеспейтін шығармын,
сірə. Бұлар жалғыз біздің республикамызда ғана емес, таяу
шетелдерде де баршылық. Мəселен орыс фамилиялы Ол-

жас Мəскеуде, əзірбайжандық Олжас Бакуде тұрса, сегіз
жасар чешен Олжас, бес жастағы түрік Олжас өз елдерінде
сəу-сəлемет өмір сүріп жатыр. Олардың дұрыс тəлім-тəрбие
алып, үлкен азамат болып өсуі үшін, əйтеуір бір кезде, өз

жарғысы, өзіндік ар-имандылық кодексі жəне өз қоры бар
“Олжастар клубын” құрсам деймін. Сондықтан да бүгінгі

мүмкіндікті пайдалана отырып, мені оқитын барлық
Олжастарға, олардың ата-аналарына сəлем жолдағым келеді.
Менің атыма, редакцияға өздеріңіз туралы қысқаша айтып,
мекенжайларыңызды көрсетіп, хат жазып жіберсеңіздер

екен. Онда қазіргі жағдайларыңыз жөнінде, қиындықтар мен
үміттеріңіз турасында айтсаңыздар. Менің мұндағы ойым,
сіздердің туыс, ағалы-інілі адамдар секілді таныс-біліс
болуларыңызға септігімді тигізу.

Əңгіме аяқталды. Қайтуға жиналдым. Ақын аға мені
қақпаға дейін шығарып салып тұрып, қолымды қатты қыса
қоштасты. Дачадан ұзай бере диктофонымды іске қостым.
Ондағы құлақшадан төмендегідей сөздер естілді.

“Мен ұлы достарымның, көкжал жауларымның арқа-
сында ақын болдым. Дəл осындай орта əр уақытта менімен
бірге жүріп, шығармашылық шабытымды қайрап келеді.
Олардың бірі мені мақұлдаса, екіншісі өз жұмысыммен ай-

налыспай отырғанымды айтып кінəлайды.
“Сен геологсың. Сондықтан мұнай көздерін іздеп, жөніңе
жүр. Ал өлең жазу біздің шаруамыз”, – деген сөзге жауап
ретінде мен жиырмаға жуық кітап шығардым. Лауреат атан-

дым. Шетелде шыққан “Əлем ақындары” атты поэзиялық
жинаққа ендім.
Бертін келе: “Сен ақынсың. Өлең жаз. Тарихпен айналы-
сып қайтесің. Бұл жұмыспен шұғылдануға өзінің маман-

дары, академиктері жеткілікті. Сондықтан бұған араласпай-
ақ қой”, – деген сөздерді де естігенімді жасыр маймын. Оған
жауап ретінде мен өлең жазатын уақытымды жылдар бойы
ғылыми кітапханаларда өткізуіме тура келді. Өйткені акаде-

миктер маған өз халқымның тарихын жеткілікті дəрежеде
түсіндіріп бере алмады. Менің сол кездері: “Жеті атасын
білмеген – қазақ емес, жеті ғасырын білмеген – ұлт емес”,–
дегенім бар. Осы сөзімді бүгін тағы да қайталап айтқым

келеді.
Қазірде де маған “өзіме тиісті емес шаруамен” айналы-
суыма тура келіп жүр. Атап айтқанда: экологияда – “Нева-
да – Семей” қозғалысы, саясатта – “Қазақстанның Халық

Конгресі” партиясы, экономикада – “Кіші индустрия” бағ-
дарла масын жасау... Өзімнің Отанымның, өзімнің халқым -
ның өміріне қатысты мұндай бастамалардың бəрі менің
жұмысым деп білемін. Осы арқылы елге сəл де болса

көмегім тиіп жатса, онда мен өзімді ақын ретінде бақытты
сезінемін деп есептеймін. Жас кезімде құм ішінде бір гео-
логты қалай құтқарғандығым жөнінде жазған өлеңім бар-ды.
Осындай сезім: “Уа, Алла! Біреуді құтқарудың қуанышын

сыйла маған”, – деп Құран жолдарында да жазылған. Мен
əрбір адамға біреуді құтқарудың осындай бақытын сезінуді
тілеймін”.
...Қыс. Кеш. Медеуден қалаға қайтып келе жатырмын.

Жанарымда – тау, орман көрінісі, ал санамда – ақын ағаның
жоғарыдағы жүрек тебірентерлік сөздері.
Қар қылаулап тұр...
1994 жыл.

ƏБІШ

– Əбеке! Сіз қандай ортада дүниеге келдіңіз? Ата-

анаңыз кім, нендей кəсіптің иелері еді? Қайда оқыдыңыз?
Өзіңізге дəріс берген ұстаздарыңыз бен ауылдастарыңыз...
Олар туралы не айтасыз?

– Өзім туған Маңғыстау мен Үстіртті былай қойып,

Жайық бойы, қазақтың Мұғаджары мен Түрікпеннің
Балкан таулары арасын алып жатқан аймақтағы талай-
талай ескі күмбездердің маңдайынан менің тікелей ата-
бабаларымның

аты-жөндерін
ұшырастыруға
болады.
Сондықтан шығар, олардан қалған ұрпаққа отызыншы

жылдары айырықша зобалаң туыпты. Егер Ораз Исаев,
Алшын Меңдалиев, Ахмет Мəметов (Мəншүк Мəметованың
əкесі) сынды азаматтар ел ауып, жер ауып бара жатқан босқын
ауылдарды Көпет-Дағ сілемдерінен қайырып, қайта көшіріп

əкелмегенде, менің Мазендеран мен Гиляннің біреуінде
тууым əбден мүмкін еді. Жалпы ата-анамның біресе Орск

– Гурьев темір жолын салысып, біресе Қарабұғаз тұзын

өндірісіп, біресе Маңғыстауда ашылған көмір шахталарына
орналасып, “кəсіп қуып” кетуі де “таптық шайқастардың”
талай қатпарынан сыр аң ғартқандай. Өз əкем домбырашы,
атқұмар, сауық шыл кісі болыпты. Сталинград түбінде қаза

тауыпты. Көз ашқаннан көргенім – жетім-жесір қауым. Бом-
балауды да мен алғаш рет кинодан емес, өмірден көрдім.
Сталинград майданы тұсында, Маңғыстаудың Таушық де-
ген ауылында, біз тұратын баспанадан бір шақырымдай

жердегі кірпіш зауытына бомба түсті. Сонда жарылған су
құбыры содан қайтып жөнделген жоқ. Сондағы су жиылған
қазаншұң қырға елге барған сайын бір соғып тұрамын. Əлі
күнге таусыла қоймаған жарығыма шүкіршілік айтып, тəубе

ететін жерім де сол.
Ауылдастарымның несін айтасыз... Өңшең абзал жандар

еді. Кейде мен бала кезімде адамзаттың ең таңдаулы өкілдері
біздің ауылға жиналған ба деп қалатынмын.
Жақсы адамдар болмаса, көзін ашар-ашпаста жетім
қалған ұрпақтың өкілдері кісі қатарына қосыла алар

ма еді. Мектепте, университетте алдынан дəріс алған
мұғалімдерімнің бəрін де құрмет тұтамын. Алайда, бір
кісіні бөліп айтқым келеді. Ол – Тауман Амандосов. Қазақ
қаламгерлерінің талай буынының “өкіл əкесі”. Универси-

тетіміздің екі бірдей факультетінің тізгінін ұзақ жыл ұстаған
мызғымас “темір декан”. Алдына барғанда қабағын ашпай,
“шатынап” тұрғанымен, ондай ақкөңіл, ондай мейірбан
адам аз еді. Тауымның шағылмауына, жігерімнің жығыл-

мауына Тəукеңдей еңбек еткен адам кем де кем. Рухани
ұстаздарымнан Мұхтар Əуезов пен Алшын Мевдалиевтің
орындары ерекше. Егер ғазиз Мұқаңның алдын көрмесе,
қазіргі қазақ зиялыларының өресі əлдеқайда аласа, параса-

ты əлдеқайда тайыз болған болар еді. Көбіміздің “болмасақ
та, ұқсап баққан” “бір ғалы мымыз” – Мұқаң. Тағдыр мен
тарихқа Мұқаңды біздің тұсымызға дейін тірі жеткізгені
үшін қанша мəрте алғыс айтсақ та көптік етпейді.

Менің рухани қалыптасуыма тап сондай шешуші ықпал
ете алған адам – Алшекем, Алшын Меңдалиев. Универси-
тет бітіріп, газетке жұмысқа қалдым. Жазушылар одағының
үйі. Үшінші қабаттың шағын бөлмесіндегі менің столым-

ның басында бір бейтаныс адам отыр. Есіктен аттай беріп
ем: “Е, Əбішжан, келдің бе?” – деп орнынан тұрды. Басы
төбеге сəл жетпей қалды. Қысыңқы көз, шұнақ құлақ, кел-
те мұрын, келте сақал, қапсағай денелі қария. Үні биязы.

Сөзі майда. Жастайымнан көп естігенмін. “Адайдың Ал-
шыны”. Босқан елді қайырып, аштыққа ұшыраған жұттың
алдына басқа аймақтардан мал айдап əкеп салған атпал аза-
мат. Анастас Микоян, Қайғысыз Атабаев, Сəду Оңғалбаев,

Ораз Исаев, Төлесін Əлиев, Жалау Мыңбаев, Əліби Жан-
келдин, Халел, Жанша Досмұхаметовтер, Мұстафа Шоқаев,
Əлімхан Ермеков, Ермұхан Бекмаха новтармен тізелес оты-
рып, қилы кезеңдердің ащы-тұщы дəмін бірге татысқан

қажымас қайраткер. Сібірге екі рет айдалып, екеуінен де
елге аман жеткен аздың бірі. Тірі шежіре. Егер тағдыр оны
жолықтырмағында, мен де арғы-бергіден бейхабар көп
тексіздің бірі болып қалуым ғажап емес-ті.

Елге оралған соң: “Əбіш деген жазушы бала шықты”, –
деген лақапты естіп, əдейі іздеп кеп жолығуының да мəні
бар. Əкемді, атамды, арғы бабамды өз көзімен көріп, той-
ларына түсіп, астарына қатынасып, аралас-құралас жүрген

ағайын ғой. Қалмақтың Аюке хан заманындағы пірлерінің
бірі Қара Боқан ламаның маған қалай түп нағашы болаты-
нын, бағзы бабам Қожаназардың əлім Көтібармен, табын
Асаумен, беріш Итемгенмен қалай бажа болып, түркімен

Əжіниязбекпен, байбақты Шолан (Сырым Датовтың ата-
сы), адай Есет, Қонай батырлармен құдаласқанынан бастап,
өзімнің тарихи “төркінімнің” талай қатпарын да сол кісі
ашып берген-ді. Өлке мен ұлттың тарихынан ондай хабар-

дар сұңғылаларды көп кезіктіре қоймайсыз. Бағзы заман
тақырыбын бауыр тартып кетуіме түрткі болған кісі екеу
болса, бірі, біреу болса, өзі Алшекем еді десем, шындықтан
аулақ кете қоймаспын.

– Балалық шақтағы ең алғашқы жазған əдеби

дүниеңіз есіңізде ме? Есіңізде болса тырнақалды сол
шығармаңыздың тууына не себеп болды жəне онда нені
бейнелеп көрсеттім деп ойлайсыз?

– Мен үш қыздың ортасындағы жалғыз ұл болдым.

Мектепке бармай тұрып-ақ, əпкелерімнің кітаптарына
əлім жеттік жасап, оқып, сауат аштым. Ол кезде кітап,
газет-журнал дегендер өте аз еді. Қолға түскенін құр жіберіп
көрмеппін. Əдебиетке де сол кезде құмарттым. Əуелі өлең

жаздым. Алғашқы өлеңімнің қалай туғаны есімде жоқ.
Шамасы, ауылдағы ағаларымның ынтық бойжеткендеріне
өлеңмен хат жазып беруден бастасам керек. Талай жеңгелерім
əуелде бастарын айналдырған сөздің кімнен шыққанын əлі

білмейді. Менің өйтіп басқаларға сауын айтылып кеткен
сөздерім жеткілікті.

– Баспасөз бетінде тұңғыш рет қашан, қалай көрін-

діңіз? Біз еміс-еміс естіген бір əңгіме мынадай. Елуінші
жылдардың бас кезі, “Лениншіл жасқа” бұрын əдеби
ортада көп көрінбеген автордың мақаласы келіп
түседі. Материалдың тақырыбына, көтерген мəселенің

салмақтылығына қарап, редакция қызметкерлері оны

газетке жариялаған. Мақала астанада жанды қоғамдық
пікір туғызып, зиялы қауым оның авторының кім екенін
сұрастырады. Сөйтсе ол... Гурьев облысының шалғай
ауылындағы сегізінші класс оқушысы сіз екенсіз. Осы

рас па? Рас болса, сол оқиға қалай болып еді өзі?

– Иə, рас. Сегізінші класта оқып жүргенде бір қазақ

жазушысы мен бір орыс жазушысының екі кітабын қатар
оқып қалыппын. Сөйтсем, екеуі – бір-бірінің көшірмесі
екен. Тоғызыншы класта оқитын Сəбит Абдуллин дейтін
əдебиетқұмар бала екеуміз əлгі ұрлықты айтып мақала

жаздық. Ол əдеби қауымды біраз дүрліктіріпті. Бірақ, мен
баспасөзде одан бұрын жарияландым. Бесінші класта
жүргенде аудандық газетте “Екпінді” егін екпей ме?” деген
мақалам шықты. Ол колхоз басқармасында талқыланды.

Мəжіліске өзім қатыстым. Басқарма мүшелері: “Кекілбаев
жолдастың мақаласында көрсетілген кемшіліктерді түгел
мойындап, оны жоюдың шараларын қабылдады”. Со-
дан дəндедім де аудандық газетті місе тұтпай, орысша,

қазақша қысқа хабарлар жазып, облыстық газеттердің бетін
бермейтінді шығардым.

– Балалық шағыңызда, мектепте оқып жүрген кезіңізде

өзіңізге ерекше əсер еткен кітап деп қай қаламгердің
туындысын айтар едіңіз? Қазіргі көзқарасыңызбен
қарағанда ол шығарма сізге несімен ұнап, есте қалды деп
ойлайсыз?

– Оныншы класта Нина Васильевна Моисеева деген

мəскеулік мұғалима орыс тілі мен əдебиетінен сабақ берді.
Алыс ауылға тап болған астаналық қыз жаңғызсырайтын
болса керек. Біздің класқа кіргенде жадырап сала беретін.
Ең түпкі партада Қаржау Төлеуов деген баламен бірге оты-

ратын менің қасыма кеп, əуелі дудыраған шашымды мақтап
алатын, сосын басымды сипап тұрып сабағын бастай-
тын. Егер айтқанын тыңдамай, қиялданып отырғанымды
байқап қалса: “Əй, классик, бүйтіп жалқаулана берсең,

тоғызыншы кластағы бір бойжеткенге айтып қоямын”, – деп
қалжыңдайтын.
Сол мұғалима бірде менің көңілсіз жүргенімді көріп,
үйінен екі кітап əкеп берді. Біреуі – Шарлотта Бронтенің

“Джен Эйрі”, екіншісі;– Гетенің “Бозбала Вертердің жан аза-
бы”. Екеуі де орысшаға əлі жетік емес оқырман мен үшін өте
“ауыр” шығарма. Бірақ, кітап сөзінің де кісінің жанын жеп,
күйзелте алатынына алғаш рет сонда көзім жетті. Шамасы,

біреуіндегі шытырман романтикалық сюжет пен жұмбақ
тағдыр,
екіншісіндегі
нəзік

сезімталдық
“мəжнүндік
кезеңді” бастан кеше бастаған жасөспірімнің алабұртқан
жан дүниесін əлде бір етенелігімен, кітаптағы ахуал мен

көңілдегі ахуалдың өзара үндестігімен баурап алса керек.
Содан бастап ол кездегі топан судай қаптап жататын “боя-
машыл” романдардан бой тартатынды шығардым.

– Ақын Ғали Орманов өзінің арман сапарына

аттанардағы көңіл-күйін: “Аттанып ауыл-анадан, оқуға
кеттім қалаға. Жабыла маған қараған, жаутаңдай кеттім
далаға. Жарбиған жаман тон-тұмақ, жабысып кетті
үстімде. Жанайын деген бір шырақ, жалтылдап кетті

ішімде”, – деп суреттейді. Сіз ше? Балалықтың соңы,
жігіттіктің алды болып табылатын сол кездегі көңіл-
күйіңіз қандай еді? Атамекенді қимай аттанған, түбекті
жағалап Гурьевке жеткен, одан Алматыға қарай бетте-

ген сəттер несімен есіңізде қалды?

– Ауылдан біз де бір жағынан қуана, бір жағынан

күйзеле аттанғанбыз. Бір орынға он бала таласатын бəсеке
сол 1957 жылы бізден басталды. Екі жыл жұмыс жасағандар
“үштік” алса да оқуға түсетін тəртіп біз мектеп бітірген
жылы шықты. Гурьевтен Қандыағашқа дейін бір поезға,

Қандыағаштан Арысқа дейін бір поезға, Арыстан Алматыға
дейін тағы бір поезға ауысып мініп, əзер жеттік. Вагон іші
ығы-жығы. Орын тимейді. Бір орынға бірнеше жолаушы
кезектесіп ұйықтаймыз. Сол кезден қалған əсер болса керек,

əлі күнге дейін түсімде ұшақ күтіп, поездан орын жетпей,
əбігерге түсіп жүремін.

– Алматы. 1957 жыл. Бұл жазықсыз жазалау, репрес-

сияның қарақұйыны соғып өткеннен кейінгі 19 жылдан
соң басталған “жылымықтың” алғашқы кезі еді. Сол
уақытта Жазушылар одағында қазақ көркемсөзінің хас
шебері Бейімбет Майлинге арналған жиналыс жүріп

жатты. Басқосу ортадан ауа берген кезде президиумға
залдан тілдей қағаз келіп түсті. Онда: “Ағай, осы кеш-
ке Биағаңа арнап жазылған өлеңімді ала келген едім.

Сол жыр-шумақтарымды оқуға бола ма? Уақыт жет-
пей жатса өкпе жоқ. Айып етпеңіздер. Əбіш Кекілбаев.
КазГУ-дің 1-ші курс студенті”, деп жазылған еді.
Орталық мемлекеттік архивтегі Б. Майлии қорының

құжаттары арасында сақталып қалған осы дерек сіздің
əдебиет əлеміне поэзия арқылы келгеніңізден хабар
береді. Сөз ретіне қарай осы жөнінде айта кетсеңіз деген
өті ні ші міз бар. Бұған қалай қарайсыз?

– Иə, Бейімбет, Сəкен, Ілияс үшеуі енді ақталып

жатқанда біз университетке түстік. Қазақ қауымы “Аме-
риканы қайта ашқандай” қатты қуанды. Ол кезде руха-
ни дүниенің жасы мен кəрісі сапырылысып бірге жүретін.
Аш қалсақ та жаңа қойылым, концерт, əдеби жиындарды

жібермейтінбіз. Барғасын да жайымызға қарап отыр май не
өлең оқып, не пікір айтып қыстырылмасқа қыстырылып
бағатынбыз.

– Қазір өлең жазасыз ба? Бүгінгі ақындарға деген

көзқа расыңыз қандай? Олардың ішінен кімдерді тұшы-
нып оқисыз?

– Бір рет ұрлық қылғанның қолы жыбырлап тұрады

деседі ғой. Бір рет өлең жазғандардың да көмейі бүл кіл деп
тұратын тəрізді. Біздің поэзия жақсы ақындар мен жақсы
өлеңдерге ешқашан кенде болып көрген жоқ. Қазір де солай.
Жігіттерімізді былай қойғанда, балауса қарындас тарымыз

Гүлнəр Салықбаева, Ханбибі Есенқараевалардың лирика-
сы мені қатты тебірентеді. Жуырда Зайда Елғон диеваның
қарасөзбен жазылған поэтикалық новеллаларын оқығанда
қатты қайран қалдым. Қазақ жанының мұншама сезімтал-

дығын, қазақ сөзінің мұншама дəлдігін қазақ көзінің
мұншама байқампаздығын, қазақ парасатының мұншама
тереңдігін бұған дейін жете аңғара алмай, жете бағалай ал-
май келгендей болып, қараптан-қарап абыржып қалдым.

– Сіздің ірі эрудит екеніңіз əмбеге аян. Бойыңыздағы

ел қызығатын осы рухани байлықтың бір күнде
жиналмағаны
жəне
белгілі.

Соның
үлкен
үлесі,
соқталы бөлігі жас кезіңіздегі ізденісіңізде жатыр десек

қателеспейтін шығармыз. Ақ пен қараны ажыратуға
тырысқан сол студенттік жылдарыңызда бір-біріне
қарама-қарсы тұлғалар: Демьян Бедный, Марина Цве-
таева, Владимир Маяковский, Осип Мандельштам,

Александр Серафимович, Иван Бунин шығармаларын
салыстыра оқу жүйесін бойыңызда қалай қалыптастыр-
дыңыз?
Өзіміздің бес арысты ше? Мағжан Жұмабаев пен

Жүсіпбек Аймауытовтың, Ахмет Байтұрсынов пен
Міржақып
Дулатовтың,
Шəкəрім

Құдайбердиевтің
мұраларын тұңғыш рет қай жерде, қандай жағдайда тау-
ып оқи бастадыңыз? Шыныңызды айтыңызшы, сіз сонда
бұл адамдардың ақталатынына, олардың шығармалары

халқымызға қайта оралатынына сендіңіз бе? Замана тра-
гедиясы атанған осы мəселенің тоңын еріту төңірегіндегі
пікірталастарда кезінде өз тарапыңыздан не қостыңыз?

– Біздің буынның не бітіріп, не қойғанын басқалар

айта жатар. Мен білетін бір ақиқат: тым түртіншек, тым
елгезек, еңбекқор, ашқарақ оқырман бола алғанымыз
дау туғызбаса керек. Алпысыншы жылдардың “жылымы-
ғына” дəндеген біздер “жабық бөлімдегі”, “құпия бөлімдегі”,

“саяси мансұқталған кітаптарды” оқуға, сол кездегі кейбір
сыншы ағаларымыз айтқандай “бесіктен беліміз шықпай
жатып”, сұғына кірістік. Орыс əдебиетінің де “аласталған
туындыларын” артынан шырақ алып түсіп жүріп оқыдық.

Шетел жазушыларын өзіміз ғана оқып қоймай, өзгелерге
де оқы дегеніміз үшін “болашақ синявскийлер” деген
қорқынышты атақ алдық. Қайта құрудан кейін қолға түсе
бастаған Фрейд пен Шопенгауэрді, Ницше мен Джойсты,

Шпенглер мен Хейдегерді, Поппер мен Фроммды, Ортегга-
и-Гассет пен Ясперсті Луначарский тұсындағы “Акаде-
мия” баспасының басылымдары мен “қызмет бабындағы”
əдебиеттер сериясынан оқып бақтық. Сократ пен Платон-

ның, Аристотель мен Цицеронның, Тацит пен Плутархтың,
Руссо мен Гегельдің, Кант пен Гельвецийдің, Монтескье
мен Алекс де Токвильдің, Макиавелли мен Монтеннің,
Локк пен Гоббстың, Вебер мен Дюркгеймнің мемлекет та-

рихы мен теориясы туралы еңбектерін де біздер ең алдымен
парақтаған болармыз. Косидовский мен Парандовскийді,
Тойнби мен Гумилевті ат басындай алтын беріп тауып алуға
пейіл едік. Осылардың бəрін де білу үшін оқыдық. Бір кезде

нақты қажетімізге жарайды-ау деп ойлаған жоқпыз. Бірақ:

“Білгесін айтамыз да”,– дейтін Əлкей Марғұлан ағамыздың кебін киіп, аузымыздан жазып қалған жерлеріміз де аз болмады. Сол үшін біресе “Жа лаңаш көл окопына” аттанып, біресе тарихи ескерткіштерге “шырақшы” болып, біресе құрылысшы, біресе театр мен киноның жоғын жоқтасып, əдебиет ауылынан аласталып кеткен тұстарымыз да бар. Ғажабы сол, күндердің күнінде оның бəрі де керекке жарады. Өз тарихымыздың көмескі беттерінің жарыққа шығуына, ақтаңдақтарының жойы луына хал-қадерымызша атсалыстық. Тарихи əділетсіздік көрген суреткерлеріміз бен олардың шығармаларының ақталуына, бұрмаланған ақиқаттардың қалпына келтірілуіне қолма-қол араластық. Ахмет Байтұрсынов ақталғанда “Ақаң күндерін” өткізуге Торғайға бардық. Сырағаң, Ғафаң, Зекеңдер бəрі жүріп, мені топ бастығы етіп қойды. Атақты Ақкөлдің Ақаң туған Сартүбегіне де аунап тұрдық. Ол кездегі “Южный”, қазіргі Ахмет Байтұрсынов кеңшары ның тар клубында мінбеге шыға бергенімде бір əжеміз орнынан тұрып: “Жас та болсаң, Жəнібек пен Ахаңдай екі атамызды тірілтіп келген азамат екенсің. Жолың үлкен ғой”, – деп иіліп сəлем еткенде тілімнен бұрын көзім ағытылып кеткені бар. Еліміздің егемендігі мен тəуелсіздігін қамтамасыз ететін қасиетті кезеңге аман жетіп, ел мүддесі жолындағы сайыскерлер сапына іліге алғанымыз үшін де “өткен ереуіл, қалған салауат” деп зор қанағатпен айта аламыз. – Жазушы Герольд Бельгердің сіздің творчествоңыз жөнінде қалам тербеген “Дала балладалары” атты мақаласында: “Мұнымен қатар ол жас кезінде Лев Толстойдың көп томдық “Соғыс жəне бейбітшілік” романының тарауларын аудар ды”, – деген сөйлем бар. Бұған біреу назар аударар, біреу назар аудармас. Ал, бізді қызықтыратыны сіздің ешкімнің тісі батпаған осы шығарманы тəржімалауға студент болып жүріп араласқаныңыз. Сол оқиға қалай болып еді, аға? “Соғыс жəне бейбітшілікті” аудару идеясы қайдан, неден бастау алды. Мұндай жауапты жұмысқа тартылған тəржімашылар кімдер еді? Олардың қатарына ҚазГУ-дің V курс студенті сіз қалай қосылдыңыз? – Жастық не істетпейді деген ғой. Əуелі сыншылықтан, ақындықтан бастағандықтан ба, прозаға бірден тəуекел ете қоймадым. Біраз уақыт аударма жасап, қалам сынап көрейін дедім. Мопассанның “Өмір”, “Пьер мен Жан” романдарын аудардым. Қолжазбамды тапсырғаныммен, аузынан сүті кеппеген жас қаламгерге ондай сүбелі сыбаға беруге ешкімнің тəуекелі тұра қоймады. “Жазушы” баспасында Мұхаң – Мұхамед Нұртазин басқаратын аударма редакциясындағы кісілер, обалдары не керек, маған айрықша іш тартты. Қолжазбаның сапасын да жақсы бағалады. Болашақтағы тақырыптық жоспарға іліктіру үшін əртүрлі аударма жинақтарға қатыстырып бақты. Сөйтіп жүргенде, өндірісте тұрған “Соғыс жəне бейбітшіліктің” үшінші томының тəржімасы жарамсыз деп табылды. Тиражы жиналып қойған кітапты кідіртпес үшін Ғафу Қайырбековты бас қылып жаңа аудармашылар тобы құрылды. Оған мен де іліктім. Əуелі бес баспа табақтай көлем беріп еді. Артынан басқа бір аудармашы шығара алмаған тағы бір бес баспа табақ көлем қосылды. Сөйтіп, Лев Толстойдың беделімен жоғарыдағы аты аталған Мопассан романдары аудармаларын бастыруға мүмкіндік алдым. – Ертеректе жазушы Оразбек Сəрсенбаев “Дружба народов” журналына мақала жазды. Сондағы: “Əбіштің сөйлеген сөзіне ұлы Мұхтар Əуезовтің өзі орнынан тұрып қол соқты”, – деген сөйлемге қайта-қайта қарап, шұқшия оқығаным менің əлі күнге дейін есімнен кетпейді. Бұл оқиғадан біз аз да болса хабардармыз. Бірақ кейінгі ұрпақ мұны біле ме? Жоқ. Ендеше, Əбеке, сол ұмытылмас сəтті еске түсіріп, қазіргі жастарымызға ғибрат ретінде айтып бергеннің артықтығы бола қоймас деп ойлаймын. – Рухани белсенділіктен көрген азабымның да аз емес екендігін жоғарыда айттым. Бірақ, мерейімнің тасыған тұстары да баршылық. Екінші курстан бастап университеттің əдеби бірлестігін басқардым. Уақыт өте келе азулы бірлестік атандық. Əбдіжəміл Нүрпейісовтің “Жұлдызда” шыққан “Қан мен терін” талқыладық. Əбекең біздің пікірталасымыздан соң баспадағы қолжазбасын қайтып алып, біраз өзгерістер енгізбекші болды. Бірақ, бірдеңенің соңына түссе, дегеніне жетпей тоқтамайтын қайсарлығына басып, романды бастан аяқ қайта жазып шықты. Сол-ақ екен, уни-

верситетке келіп, қолжазба талқылату үрдіске айналды.
Ғабиден Мұстафин “Дауылдан кейініне” пікір білдіруді
сұрады. Зейін Шашкин “Тоқаш Бокинін” алып келді. Жас
ақындардың да талай қолжаз басы бірлестік “сүзгісінен” өтіп

үлгерді. Оның бəрін місе тұтпай, қазақтың жиырмасыншы
ғасырға лайық жаңа поэзиясын қалыптастыруға бетбұрыс
жасағымыз келді. Сол мақсатпен университетте “Жас по-
эзия күнін” өткізетін болдық. Оған жас ақындармен қоса

əдебиет ақсақалдарын түгел шақырдық. Соған арнап сауал-
дама алу үшін Мұхтар Əуезовпен сөйлестім. Поэзия күніне
келіп, сөз сөйлеуін өтіндім. Ол кісі маған жас ақындардың
кітаптарын жиып беруді тапсырды. Поэзия күніне келіп,

“Жыл құсындай жаңалық сеземіз” дейтін атақты сөзін
сөйледі. Бұл ардақты жазушымыздың көпшілік алдында
сөйлеген соңғы сөзі болды. Арада бірер ай өткесін Жазу-
шылар одағында жылдың əдеби қорытындысы шығарылды.

Сонда Ғафу Қайырбеков пен Зейін Шашкин орынсыз
сынға ұшырады. Үлкен адамдардың арасында керексіз та-
лас туды. Ой-пікірімді ортаға салып көруге тəуекел еттім.
Əдебиетіміздің ақсақал, қарасақалда рының түгел жиналған

жиыны. Мұқаңның да тыңдап отырғанын аңғарып, бір
жағынан масаттанып тұрғаныммен бір жағынан абыр-
жып та тұрдым. Бірақ қобалжығанымды білдірмей, басым
сөйлеуге тырыстым. Артынан бір қадірменді қаламгер

көшеде көріп қап, арқамнан қақты: “Ай, сен анау күні жақсы
сөйледің ғой. Мұқаң сол күні кеште бір жерде дастархан ба-
сында отырғанда өзі де əлденеше рет есіне алды. Əсіресе:
“Қызғаныштың қара күшігі жақыннан үрсе, балтырыңды

тістейді, алыстан үрсе, құлағыңды тістейді, бірақ, бəрісі
бір жүрегіңді жара лайды”,– деген сөзіңе қатты сүйсінді”,–
деді. Оразбектің айтып отырғаны сол жиналыс қой. Оған
Қаскелеңдегі педагогикалық тəжірибеде жүрген жерімізден

кеп, бəріміз қатысқанбыз.

– Алпысыншы-жетпісінші жылдардағы Əбіш Кекіл-

баев ты біз “Лениншіл жас” пен “Қазақ əдебиетінің” қыз-
меткері, “Қазақфильм” киностудиясының бас редакторы
ретінде жақсы білеміз. Ол кез аталмыш творчестволық
ұжымдардың басылымдарда көкейтесті проблемалар-

ды дүркірете көтерген, экрандарға “Əн қанаты”, “Қилы
кезең”, “Қыз Жібек”, “Атаманның ақыры” фильмдерін
табыспен шығарған, сөйтіп айдарынан жел есіп, бағы
жанып тұрған кезі еді ғой. Сонда осы коллективтер-

де кімдермен бірге жұмыс істедіңіз, ондағы есте қалар,
ғибрат болар оқиғалар деп нені айтар едіңіз?

– Ол уақыт қазақ киносының жұлдызды кезеңі еді ғой.

Шəкен Айманов мен бас редакторлыққа енді кіріскен кез-
де марқұм болып кетті. Сұлтан Қожықов, Мəжит Бегалин,
Құлахмет Қожықов, Ескендір Тынышбаев, Андрей Михал-
ков – Кончаловский, Никита Михалков, Төлеміс Өкеев, Бо-

лат Мансұров, Вадим Абдрашитовтармен істес болғаным
өмірлік тəжірибемнің көбеюіне, ой-санамның кеңеюіне үлкен
пайда болды. Бір жақсысы, кино дүниесі қыбыр-жыбыр,
сыпсың-сыбыр дегенді білмейтін. Не де болса, бетке айтып,

ашық таласатын. Киношылар одағының кинодраматургия
жайлы пленумына қатысқан Сапарғали Бегалин ағамыз
баласы Мəжитке: “Апыр-ай, бір-біріне бетің бар, жүзің бар
демейді екенсіңдер, артынан қалай бірге жүресіңдер?” – деп

таңқалыпты. Біз дəл солай жағымыз талғанша таласып-та-
ласып, артынан мəз-мейрам боп, бір дастарқанның басын-
да отыратынбыз. Кектесу, өштесу дегенді білмейтінбіз.
Киностудиядағы қызмет мен үшін нағыз университет болды

десем, артық айтқан болмаспын.

– Сіздің “Ханшадария хикаясы” атты алғашқы пове-

сіңіздің үзінділері “Лениншіл жасқа” жарияланғанда мен
сегізінші класта оқитын едім. Қатты ұнады. Таңқалдым.
Сондағы: “Бұл өзі əлде шындық əлде өтірік. Ақиқатын
білетін адамдарды... Жіберген уақыт өзі көрге тығып”, –

деп ақын Е.Ібітанов шығармасынан алынған эпиграфты
көпке дейін күбірлей қайталауды əдетке айналдырғаным
күні бүгінге дейін есімде. Сізден сұрайын дегенім,
Əбеке, əдебиет əлеміне өзіңізді бірден танытқан бұл

туындыңызды жазуға нендей жəйт түрткі болды? “Хан-
шадария хикаясын” жастар газетіне жарияларда кіммен
ақылдастыңыз? Аталмыш дүниеңізді қандай жағдайда
жүріп жазған едіңіз? Осыны бір еске түсіріп көріңізші.

– Студент кезімізден ойға бостандық берілсе, енді

беріледі деп үміт еткеніміз бекершілік болды. Қайтадан
əлеуметтік көлгірлік заманы басталды. Қаралай сенбеу,

каралай алалау, қаралай ғайбаттау, сөз бағу, сөз тасу дерті қайтадан өріс жайды. Қаршадай бала əдебиетшілердің өздеріне батпандай айып тағылатын болды. Мен студент кезімде “Лениншіл жас” газетінде жарияланған: “Обалар, ылғи обалар, қатар-қатар қаздиған; обалар, өңшең молалар, найзаменен қаздырған: жылдар көшсе, жұрты оның – осынау жатқан обалар, бəрі де көне жыр соның, ойыңа кейде оралар; обалар ылғи маңайым, төңірек толы жыр дастан; елегізе қараймын; ерлер жатыр тұрмастан; тұрсадағы күйіп іш, мақтана шолам маңайды; ендігі қалған сүйініш – обалар мынау талайғы”,– деген өлеңім Орталық партия Комитеті хатшысының баяндамасына ілігіп, сынға ұшырады. Орталық Комитет пленумында марқұм Əнуар Əлімжанов шығып сөйлеп, ол сынға қарсы дау айтты. Содан бастап-ақ өкімет өктемдігі мəселесіне айрықша көңіл бөлетінді шығардым. Билік табиғатын пайымдап көруге тəуекел еткен алғашқы туындым – “Ханшадария хикаясы” еді. Оны өзім бірнеше жыл қызмет жасаған, жас əдебиет пен жас өнерді насихаттауда ала бөтен еңбек еткен “Лениншіл жасқа” жариялатқанды жөн көрдім. Кейін бұл тақырып шығармашылығымның тақырыбына айналды. – Ендігі əңгіме “Күйші” повесіндегі “мəңгүрт” сөзі туралы. Мұнда сіз бұл ұғымды көркем əдебиетте бірінші боп айтып, өз шығармаңызда оны бірінші боп қолдандыңыз. Арада 12 жыл өткен соң ол жазушы Шыңғыс Айтматовтың “Боранды бекет” романының тілі арқылы əлеуметтік философиялық мəнге ие халықаралық лексиконға айналды. Осы арада оқырман менің санамда кейде: “Бұл жөнінде “Күйшінің” авторы не ойлайды? Ал “Боран ды бекет” рома нының иесі ше?” – деген қияңқы пікір қылаң беріп қалады. Егер айып етпесеңіз, осы мəселе төңірегіндегі өз ойыңызды білуге бола ма? – Бірде “Ақ кемесін” жариялатып, Шыңғыс Айтматов Алматыға келді. Дос-жаран боп Қалтай Мұхамеджановтың үйіне жиналдық. Əбдіжəміл Нұрпейісов, Тахауи Ахтанов, Асқар Сүлейменов, Бердібек Соқпақбаев, Камал Смайыловтар бас қосқан дастарқан мəжілісті маған жүргізуге тура келді. Үзілісте Шықаң “Дружба народовтан” менің повесімді оқығанын, ұнатқанын, əсіресе мəңгүрт тақырыбына қатты қызыққанын айтты. Араға бірнеше жылдар салып, “Боранды бекет” шықты. Бұл əуендестікке мəскеулік сыншылар едəуір мəн беріп, біраз сөз қозғапты. Сол жылдары Нодар Думбадзенің шақыруымен “Лите ратурная газетаның” Тбилисиде өткен “алқақотанында” сөз сөйлеп, əлгі жəйтке өз көзқарасымды білдірдім. Əлем дік классикада ондай мысалдар өте көп. Бір ғана неміс əде биетінде жалғыз Фауст тақырыбына ондаған шығар малар жазылған. Дон-Жуан, Эдип құбылыстары қанша қаламға ілікпеген? Бірақ, əркім əр қырынан келген. Мен шек сіз кекшілдіктің шексіз қатыгездікке, ал шексіз қаты гездік рухани мəңгүрттікке ұрындыратынын сөз етсем, Шыңғыс Айтматов рухани мəңгүрттіктің қайтадан шексіз қатыгездікті тірілтетінін егжей-тегжейледі. Бұл тақырыпты əлі де илей түсетіндей талай қыры бар екеніне қазір көзім қатты жетіп жүр. – Сіз тарихи-философиялық тақырыпқа өте ерте бет бұрған, соған маманданған қаламгерсіз. Оған жоғарыдағы аты аталған повестеріңізден басқа “Аңыздың ақыры”, “Үркер”, “Елең-алаң” романдары мен “Ұйқыдағы арудың оянуы” деректі кітабыңыз анық дəлел бола алады. Жас жазушылардың қаперінде жүрер жəйт ретінде айтыңызшы, бұл тақырыптың қиындығы неде деп ойлайсыз? Сосын... Ия, сосын сіз адамзат тарихындағы, өз еліміздің жүріп өткен жолындағы қандай ғасырды, кезең мен уақытты, дəуірді ерекше жақсы көремін деп айтар едіңіз? Неге? – Мен бүгінгінің бас қатырар жұмбақтарының шешуін өткеннен іздеп табуға мəжбүр кезеңдерде ер жеттім. Өз тұсымның өзек күйдірер философиялық мəселелерін өткен болмысқа бойлай отырып пайымдадым. Əдебиеттің міндеті – заманды ұғыну емес адамды ұғыну. Заманалық ақиқаттар неғұрлым терең ашылған сайын адам табиғаты солғұрлым жұмбақтана береді. Адамның тұрмыс əшкерелей алмайтын ең бір тұңғиық құпияларын өнер мен билік қана əшкерелеп бере алады. Құштарлықтың бұл екеуінен асқан парасат майданы жоқ. Махаббатта дегенге жетуге, құмардан шығуға болады. Ал өнер мен билікте дегенге жету, құмардан шығу еш мүмкін емес. Өкімет табиғатын терең зерттеу арқылы шы ғыстық сананың, шығыстық мінез-құлықтың шыңы-

рауларына бойлап, адамзаттың артта қалған бөліктері са-
налып келген халықтардың рухани ізденісі бағзы заман-
дардың өзінде қандай мəңгілік мəселелерді қамтығанын
көрсету – менің екінші бір мақсатым болды. Мені əлімсақ-

тан бүгінгіге дейінгі кезеңдердің бəрі де қызықтырады.
Оқыған, зерттеген, ойлантқан, толғантқан жəйттер баршы-
лық. Ғұмыр беріп, сəті түссе, оқушы қауыммен тағы да та-
рих жайында сұхбаттасар тұстар туады деп ойлаймын.

– Сөз арасында оқырмандарды өзіңіздің творчестволық

лабораторияңыздан хабардар ететін төмендегідей сұ рақ -
тарға жауап бере кетсеңіз. Сіз шығарманы күн құр ғат -
пай, уақыт таңдамай жазасыз ба, жоқ əлде твор честволық
шабытты күтіп жүріп қалам тартасыз ба? Қолға алған

туындыңызды аяқтағанда қандай көңіл- күйде боласыз?
Кейіпкерлеріңізбен қалай қоштасасыз? Қазір не жазып
жүрсіз? Болашақта нендей тақырыпқа қалам тартпақ
ойыңызда бар?

– Ұзақ толғатып барып, жазуға отыруға тəуекел ете-

мін. Шабытпен кірісіп, қашан бітіргенше бас көтермей
еңбектенгенді ұнатамын. Жасырақ кезімде күндіз қызметте
болып, түні бойы жазып, жақ сүйегім салдырағанша
үстелден тұрмайтын едім. “Үркер” мен “Елең-алаң”, “Аңыз-

дың ақыры” мен “Құс қанаты” кітабына кірген повестерімнің
бəрі бас-аяғы он жылдың ішінде жазылды. Жаңа шығарманы
бастауға қандай ынтызар болсаң, аяқтағанда бір жағынан
қуанғанмен, бір жағынан құлазып қаласың. Кейіпкерлер

ортасы өзің жүрген ортадан гөрі қызығырақ, мəндірек
кой. Түні бойы басқа бір заманда дəурен кешіп, таңертең
көшеге шыққанда, қапелімде қайда келе жатқаныңды
білмей, абдырып қалатын да кездерің болады. Суреткердің

ең үлкен бақыты да – бірнеше ғасырда қатарынан бірнеше
кісі боп өмір сүре алатындығында ғой. Қазір көсемсөз бол-
маса, көлемді ештеңеге қол тигізе қойған жоқпын. Тарихи
циклімді жалғастырар материалдар тосып тұр. Тарихи-

философиялық ой-толғам кітабын жазуға да құмартам. Бəрі
де уақыт пен істің сəтіне байланысты. Əйтпесе, жазатын
тақырып, айтатын ой-пікір, əсер жетпей жатқан ештеңесі
жоқ. Ол жағынан құдайға шүкір...

– Сіздің творчестволық өмірбаяныңызда шетелдік

атақты сөз зергерлерімен, түрлі лауазымдағы ресми
қызме тіңізде əлемдік көшбасшы қайраткерлермен кезде-
сулерде ерекше есте сақталып қалған жəйттер болды ма?
Бол са ол қандай оқиғалар деп айтар едіңіз?

– Мен негізінде, əлеуметтік енжарлар тобына жатпа-

сам керек. Өйткені, бала жасымда мектебімді қойып, ауыл,
аудан, облыстың қоғамдық өмірінде танымал едім. Уни-
верситетке келгесін ол белсенділікті тастап, негізінен сту-
дент тердің əдеби-ғылыми ізденімпаздылығы қозғалысы-

ның басы-қасында болдым. Республикалық əдебиет, жас тар
газетінің беттерінде əдебиет пен өнердің даулы мəсе-
лелеріне ерте араласып қап, жас шығармашыл күштердің
намысын жыртамын деп, талай рет суық қабаққа іліктім.

Тіп ті университетті бітірерде кітабымның баспаға қабыл-
дан ғанына, өзімнің Жазушылар одағына қызметке шақы-
рыл ғаныма қарамастан, ауылдық мектепке жұмысқа бөлін-
дім. Марқұм Ілияс Омаров араласып, əзер алып қалды.

Əдебиет пен өнер сынында көркемөнердегі қасаңдықты
тездетіп жойып, жаңашылдықты тездетіп дамытамыз деген
“қиқарлығымыз” үшін марқұм Асқар Сүлейменов екеуміз
партиялық баспасөз бетінде “дайын тұрған диссиденттер”

деп айыпталып, сол кездегі əдеби жиналыстардың бірінде
Олжас ақын айтқандай, біреуіміз “əдеби қара жұмысқа”,
біреуіміз нағыз “солдатщинаға” айдалып кеттік. Соған
қарап, мені кейбіреулер көпке үйірімді жандар санатынан

санауы да мүмкін. Шын мəнінде, тап олай емес. Той іздеп,
алқа аңсап, атақ шығару жағынан орашолақтығым бір ба-
сыма жетерлік. Оған бəлкім мінезім де сай емес шығар.
Əйтпесе, бүкілодақтық, халықаралық əдеби-мəдени өмірге

сонау жетпісінші жылдардан бастап араластым. Беделді
шығармашылық ұйымдардың басшылығына мүше болдым.
Одақ түгілі дүние жүзіне мəшһүр тұлғалармен де талай рет
дастарқандас, мəжілістес, сапарлас болдым. Талайының

айтқан əңгімеме, жазған шығармаларыма ықыластары ауды.
Кітаптарымды өзімнен ала алмағасын, таныстарымнан
сұратып алып, оқығандары да бар. Қысқасы, айтулылармен
айқұшақ қауышып, жақсы-жайсаңдармен майлы қасықтай

араласып, жанаса кетуге епсектігім жетпейді. Тіпті өз
шығармаларымды өзге тілдерге аударып бастырған аудар-

машыларымның да көпшілігін тек хат арқылы ғана тани мын.
Мені көп аударып көп бастырып, көп насихаттаған шетел
баспагерлері мен сыншылары да алыстан өздері іздеп келіп,
жүздесті. Əйтеуір өз қара басымның жеке мүддесіне келген-

де, неге екенін қайдам, бет моншағым үзіледі де тұрады. Ал,
көпке ортақ мəселелерге келгенде ондай емес сияқтымын.
Алпысыншы жылдардан берменгі өнер мен əдебиетке
жақсылығы тиді дейтін жаңа істердің қай-қайсысының

тұсында да бастамашылар санатынан болдым. Мəдениет
министрлігіне қызметке жіберілгенде Орталық музей,
Орталық концерт залы, Шоқан Уəлиханов комплексі құ-
рылыстарына бола Орталық Комитет хатшыларынан ба-

стап жанжалдаспаған адамым қалмады. Əбден көңілі
қалған бір ағамның: “Музей мен ескерткіш дегенде Өзбек-
əлі (Жəнібеков) өлігін сататын еді. Сен одан кем емес даукес
екенсің”,– дегені есімде. Кейін ескерткіш қорғау қоғамына

барғанымда да “Жібек жолы” қозғалысын ұйымдастырамын
деп, Эрмитаждағы тайқазанды алдыртуға атсалысамын
деп, бүкілодақтық дəрежедегі даукестер есебіне іліккенмін.
Алматыда өтетін халықаралық симпо зиумға келген Эрми-

таж директорының орынбасары теле ви зиялық тікелей хабар
үстінде туып қалған таласта: “Мы нандай ұрымталдап ұрыс
салатын əдетіңізге баса берсеңіз, ақыры алмай, тынбайтын
шығарсыздар”,– деп күңк етіп еді.

Ол кезде көбіне көп бастай жөнелушілік емес, қостай
жөнелушілік азаматтық белсенділік саналатын. Өз пікір, өз
ұсыныстарын айту əлеуметтік қиқарлық деп бағала натын.
Ол, əрине, кім-кімнің де жігерін мұқатып, жүрегін шайлық-

тырады. Тек кейінгі онжылдықта ғана ол көзқарас өзгеріп
келеді ғой. Бұл кезеңдегі əлеуметтік өмірге араласуыма өзім
іштей қанағат қылам. Ол, негізінен, жүйелі мақсатқа – хал-
қымыз бен қоғамымызға тарихтың өзі беріп отырған мүм-

кіндіктерді зая етіп алмау жолына жұмсалып келе жат қан
сияқты. Бұл ретте бірер оқиға айырықша ойға түседі.
86-ның ызғырығы өте сала, болған шаруаға бейшара зи-
ялы қауымды күйдіру əрекеті басталды. Əсіресе, тарихқа

үйірсек жазушылардың соңына шала байлауға құмарлар
көбейді. Менің үстімнен де сөз шығыпты. Жаңа келген
бірінші басшының сейфінде əдейі бір бума қағаз жатқанын,
соған байланысты қабылдауда болған адамдардан: “Ол

өзі кім? Тарихты, этнографияны көп зерттепті. Осында да
ұзақ істепті. Білмейтіні жоқ дейді ғой”,– деп сұрапты. Ар-
тынан оның тапсырмасымен қалаға, орталық аппаратқа
келген қонақ басшыларды басқалары да: “Соның орысшаға

аударылған соңғы романындағы ана деген сөзді, мына де-
ген сөзді неге айтып отыр?”–деп тіміскіленуді көбейтіпті.
“Өзі қандай адам? Келіп кетпес пе екен?” – деп те бопса-
лапты. Көппен бірге жиналыстарға барып жүрсем де оңаша

сұхбатқа қалмауға тырыстым. Қалып қайтемін, қай бір ба-
уыры езіліп барады дейсің... Барған кісілерден індетіп не
сұрайтын дарын естігенмін. Біздің халықтың ішек-қарынын
əбден өздерімізге ақтартып алмақ. Елдігіміздің өткен-

кеткені мен тұрмыс-салтынан, мінез-құлқынан, қазіргісінен
біраз нəрсені білсек білетін шығармыз. Бірақ, оны кімге ай-
тып, кімге айтпауды да білетіндей болдық қой. Қашқалақтап
жүргенімді сезіп: “Соған анандай қызмет, мынандай қызмет

қалай болар екен”,– деп те емексітіп көріпті. Ондай қаңқу
өзгелердің құлағына қалай тиетінін біледі. “Пəленің ду-
дай қара басының бірі осы. Осыған абай болыңыздар”,–
дейтіндер де табылмай қалмапты. Кейбір облыс басшыла-

рынан да “сол қалай” деп сыр тартып көрсе керек. Туғалы
көрісіп-біліспеген, сырттарынан аттарына қанық сыйлы
ағаларымыз: “Өзіңіз кіріп шықпайсыз ба? Жағдайыңызды
өзіңізден артық кім түсіндіреді? Бұл əншейін құмарлық

емес. Сырттан күйдіру, біреулерге қаралай қосақтап қойып,
аяқтан шалудың артының неге ұрындыратынын білесіз ғой.
Асқынып кетпей тұрып, алдынан өтіңізші”,– деп телефон
шалды. Барсам, елбектеп, маңайына үйірілсем, жоғарылап

кетпегенмен орынсыз сезіктен аулақ болатынымды білдім.
Бірақ, біреулердің бір-біріне дүрдараздығына бола, қосақ
арасында босқа күйіп, əбден маңдайыма тигендіктен, бəрібір
тырп етпедім. Ақыры, демалысқа шыққан ағаларымыздың

қалған өміріне талшық болатын бір шетқақпай мекемеден
барып бір-ақ шықтым. Онда да тыныштық бермеді. Аман-
дасып кетуге кіріп шығайын деген кейбір ағайындарды аял-
дамада көлік күтіп тұрғансыған кейбір қара көзілдірікті бей-

таныс адамдар: “Мына мекемеге жаңа келген басшы жұртты
жиі жинайды дейді ғой. Не айтады екен өзі?” – деп жолдан

тоқтатып ап, қайдағы бір “аңқау” сұрақтардың астына алып-
ты. Əншейін ескерткіш аралауға барған сапарларда бірге
болғандардан да: “Қайда тоқтады, кімдермен сөйлесті, не
деді?” – деп індеткендері де еміс-еміс естіліп жатты.

Егер ондай дəурен одан əрі созыла бергенінде жағдайы-
мыздың не болатыны айтпай-ақ белгілі еді. Тіпті, іштегі
құсаңды айтатын адам табылмас түрі бар. Біреуіне сенбейсің,
біреуіне зияным тиіп кетіп, обалына қалам ба деп қорқасың.

Қотыр аттай оқшаулана бергеннен басқа амалың жоқ.
Дұшпанның табасы ештеңе емес қой. Кешеге дейін бір
қосаққа бірге көгенделіп, бір қамшыдан бірге таяқ жеген, ата
сақалы аузына шыққан, жаны ашиды деген ағалары мыздың

талай жерде: “Е, оның аттан ауып, ақ шаңдаққа көміліп, осы
қалғаны қалған ғой”,– деп қауқылдасқан дарын естігенде,
əрине, төбең көкке жетпейді ғой.
Алайда, жетім өссек те, құқайды көрсек те, өркөкірек

болмағанымен əуелден жеркөкірек те, көркөкірек те болмауға
тырысып, талпынып баққан намысымыз бар, жүрегімізде
қыжылымыз бар, жерде қалмауға тырысып бақтық. Ол кез-
де де əлеуметке айтар пікірімізді реті келген жерде айтуға

жаттықтық.
Дүниеге қара суды қаптатуға дайындар қашан да
табылғанмен, кұдайда да көз бар ғой...
89-дың көктемі. Бішкекте “Наурыз” деп аталатын те-

атр фестивалі өтті. Жюриінің құрамына жігіттер мені де
ұсыныпты. Мейманханаға келе сала серіктерім Жазушылар
одағымен хабарласты. Артынша-ақ телефон шылдырлады.
Шыңғыс Айтматов ағамыз сəлемдесіп, жөн сұрасты. Түс

қайта көлігін жіберіп, тығылып жазу жазып жатқан жеріне
шақырды. Көңіліміздің қаяулы жүргенін біледі ғой. Жан-
жақтан ағылып келіп жатқан атақтылардың ешқайсысын
қабылдамай тұрып Алматыдан барған үшеумізді қол

қусырып қонақ етті. “Хал қалай?” – деген сұрағына: “Біздің
халдің несін сұрайсыз? Айтқанмен кім естіп жатыр? Жан-
жағымыздан жанашырлық естиміз бе деп құлағымызды
тоса-тоса, түк естімеген соң, керең боп қалдық па деп

жүрміз”,– деп інілік базына айттым. Аға бардан деген
ғой. Арқамнан қапсыра құшақтап: “Өздерің келмейсіңдер.
Сырттан сұқақтағанның да реті қиын. Қане, айтшы, өзің”,

– деп ақсия күлді. Ол бір көңілде құлта қалдырмай көкірек

босатысқан күн болды. Жағдайды түгел жайып салдық. Ең
басты уайым да айтылды. “Жұртқа жаппай мəулет келіп
жатса, бізге айрықша нəубет келіп тұр. Заман бұл бағытымен
жүре берсе, демократия айтылғанда айтылмай калмайтын

тəуелсіздік мəселесі де сөз болады. Сонда төрінде өз азама-
ты отырған халықтардың қай-қайсысы да өз мүддесін емін-
еркін айта алады. Ал бірді бірге итерген көлденең көк аттыға
көш бастатқан біздің сөзімізді кім сөйлейді? Өзіміз айтсақ

байы сабаған қатынның бажылындай көреді. Адамзаттың
көңілін түгел таппақ болып жүрген көңілшек көсемдерге
біз жайында айтатын аузы дуалы ара ағайындықты кімнен
күтеміз? Əлде, жалғыз өзін бұрышқа тұрғызып қойған

жексұрын бала қалпымызда қала береміз бе?” – дегенімде,
Шықаң: “Шыда. Оң жамбасқа келетін тұс та болар. Соны
күтелік”, – деп күле жұбатты. Арада көп уақыт өтпей, халық
депутаттарының бүкілодақтық құрылтайы да іске кірісті.

Бір күні кешқұрым телефон шылдырады. Анада Бішкекке
барған серіктерімнің бірі. “Əбеке, телевизорды қараңызшы”,

– деді. Қарасам – мінбеде Шыңғыс Айтматов. Қазақстан,

қазақ халқы жайындағы сай-сүйекті сырқыратқан атақты
сөзін айтып тұр екен. Ет жүрегім езіліп қоя берді.
Үзілген үміт енді жалғанады деп жүргенде, бір күні
құлқын сəріден үлкен үйге шақырылдым. Жаңаөзеннен

“тосын” хабар келіпті. “Үкімет комиссиясы жүріп кетті.
Еліңіз ғой. Сіздің барғаныңыз дұрыс болар еді. Қасыңызға
сөзіңіз өтетін басқа əріптестеріңізді де ертуге болады”.
Хабар тиісімен, Əбе Нұрпейісов, Зеке Қабдолов, Əнеке

Əлімжановтар да жетіп келді. Сол бойда Ақтауға ұштық.
Барсақ əуежай толы бауырымен жер сызған көк-сұр əскери
ұшақтар шегірткедей қаптап тұр. Жаңаөзенде əуе десанты
жауынгерлері өріп жүр. “Е, енді бізді уысынан шығармайын

дегені ғой”... Көкірек тұсым мұздап қоя берді. Ашулы топқа
басу айттық. Алматыға келіп, шындықты айттық. Оқиғаға
беріліп жатқан сұрқия бағаны түзетуге күш салдық. Бір күні
телевизордан қонақ бастығымыздың Мəскеуде қалып қоюға

бел байлағанын білдік. Дүрліктіріп келіп еді. Дүр ліктіріп
кетті. Түбі қайыр... Біздің далаға сол жылы көктем дəл сол
күндері шыққандай болды.

Содан бастап, ағарған көңіл ағара берді. Күллі халықты
жаппай қаралаған қаулының күшін жойғызу жолындағы
күрес басталды. Орталықтан келген бірі даукес, бірі жымыс-
қы талай комиссиямен қызу таластың қақ ортасында жүр дік.

Дегенге жеттік. Ақырында, тəуелсіздік жариялайтын күн де
туды. Оны заңды түрде айғақтайтын бірден бір құжат 92-
нің көктеміндегі Ресеймен терезесі тең мемле кеттер ретінде
екеуара жасасқан келісім шарт еді. Ресейдің Сыртқы істер

министрінің орынбасары бастаған жұмыс то бы мен бірлесе
отырып екі президент қол қоятын құжат тың жобасын
талқылауға ең кемі жарты күн уақыт кетеді. Зорға мəмілеге
келген бап ертең таңертең барып қайта оқы сақ атымен

өзгеріп кетеді. Ши шығаратын – жұмыс тобы басшысының
өзі. Күн сайын сүрінетініміз үш тіркес: “Одақтастық қарым-
қатынас”, “қос азаматтық”, “адам құқын бақылайтын аралас
комиссия”. Өзі тарихшы ол айтқан деректеріңнің ешқайсысын

құлаққа ілмейді. Құдды бір қазақ жері халықаралық заңдық
нормаларға сəйкес отарланғандай, қит етсең халықаралық
нормаларды көлде нең тартады. “Бұл темір бетондай берік
қағидалар”,– деп тепсініп отырып алады. Сыпайылықтан

ештеңе шықпасқа айналды. Ақырында: “Халықаралык
стандартқа жүгінсек, біздің екі жақтың жұмыс тобы да
сəйкестілік қағидасы бойынша түзілуі керек еді. Біздің
жұмыс тобымызды Пар ламент басшысының орынбасары

басқарады. Құрамында екі парламенттік комитет төрағасы,
үш министр бар. Ал сіздің топқа қараңыз... Ендеше, біз бұл
деңгейде келіссөзді тоқтатуға мəжбүр боламыз”,– деп айтуға
тура келді. Хабар жоғарғы жаққа да жетсе керек. Ертеңіне

Мемлекеттік хатшының өзі қабылдады. Екі жақты тыңдап
алып: “Қазақ стан тарапының ұсыныстарын мұқият ескеру
керек”,– деп қадай тапсырып, құжатты əзірлеуді тездетуді
өтінді.

Ертеңіне тағы да талас. Кешегі мəміле тағы да жайына
қалған. Бұл жолы: “Бұл мекемеде, бұл құрамда, бұл залда
емес, атымен басқа залдағы басқа құраммен ғана əңгімені
жалғастыра аламыз”, – деп үзілді-кесілді талап қоюға тура

келді. Мейманханамызға барып, Елбасымыздың Нью-
Йорктен оралуын тостық. Елшіліктен хабар жетісімен Елба-
сына барып, жағдайды баяндадық. Ол Ресейдің Мемлекеттік
хатшысына телефон соқты: “Біздің кісілер тек сіздің

өзіңізбен ғана сөйлесе алады”,– деді.
Мемлекеттік хатшыдағы мəжілісте министрдің орын-
басары қайтадан қасарысты. Қайтадан “халықаралық
норманың темір бетондарын” көлденең тартты. Қыршаңқы

мінезге қыршаңқы сөзбен тойтарыс беруге тура келді.
“Қайдағы бір темір бетон конструкцияларды сөз қылудың
қажеті қанша? Біз сиыр қора салуға емес, мемлекетаралық
жаңа

қарым-қатынастарымызды
белгілеуге
жиналдық
қой”,– деп едік, зығырданы қайнаған министрдің орын-

басары: “Ендеше, мен қызметімді тастаймын”,– деп бұрқ
етті. Оған ашуланған Мемлекеттік хатшы орнынан тұрып
кетті. “Несі бар, ол өтінішіңізді қабыл алуға болады”,– деді.
Сосын өз адамдарына: “Қазақстанның жағдайы ерек ше

екенін ескеріңіздер. Ұсыныстармен есептесіңіздер. Бүгін
кешқұрым қол қоюға құжат дайын болсын”,– деп қатты тап-
сырды.
Тəуелсіздіктің

ешқашан
оңайлықпен
келмейтінін
осыдан-ақ көре беруге болады. Сонда бой көрсеткен

əлгіндей қырсық мінездер əлі тоқталды ма? Көрші екі елдің,
тату-тəтті екі халықтың арасына сына қаққысы келетіндер
əлемдік, қоғамдық пікірді де адастырып баққысы келеді.
Қайсібір жылы Алматыға АҚШ-тың бұрынғы президент-

терінің біреуі келді. Біз елшіліктегі əңгімеде қостілділік пен
қосазаматтық туралы: “Бұған дейін мұнда тек бір тараптың
ғана мүддесі көзделіп, екінші тараптың да сондай мүддесі
атымен ескерілмеді. Егер дəл сол жағдай дəл сол қалпында

қала берсін дейтіндерге құлақ асар болсақ, адам құқын аяққа
басудың нағыз сорақы үлгісін қорғаған боп шығар едік”,– деп
сөз бастап, жағдайды жан-жақты түсіндірмесек, қадірлі мей-
ман алғашқыда айтып қалған жаңсақ пікірімен еліне оралар

еді. Сөйтіп өзгелердің де сондай көзқарас қалыптастыруына
себепші болар еді.
Қазіргідей жағдайда əлеуметтік өмірге белсене араласу
оңай еместігін былай қойғанда, бұл күндіз күлкіңді, түнде

ұйқыңды бұзатындай үрейлі іс. Одан олжа таппайсың. Атақ
асырмайсың. Керексіз шатақтарға да ұрынатын тұстарың аз
емес. Жауларың түгілі достарыңның өзі: “Осыған осынша-
ма сабылатын не бар еді”,– деп күлетіндері аз емес. Одан

жасқанып, жалтара берсек, есемізді кім түгендейді? Бүгін түгенделмеген есе ертең түгенделе ме? Құдайға шүкір, оны түсінетін азаматтарымыз баршылық. Тек енжарлыққа да, əулекілікке де ұрынбай, ұрымталын тауып іс қылсаң, бəрінің де халқымыздың пайдасына шығары сөзсіз. Түбінің қайырын берсе, қай-қайсымыздың да қазіргі қиналғанымыздың зейнеті өзіміздің алдымыздан шықпағанмен, ұрпағымыздың алдынан шығары сөзсіз. Ендеше, ештеңеден тауымыз шағылмасын. Ел келешегі жолында уақытша бейнеттің, уақытша жоқшылық пен қысылтаңдықтың бəріне де шыдаған жөн. – Өмірдің мəні неде? Əрине бұл сауалға талай ойшыл сол кездегі заман, уақыт ағымын бағамдай отырып өз - де рі нің қадери-халінше тұжырым жасағаны белгілі. Сіз ше, Əбеке? Бүгін осы сұраққа қалай жауап берер едіңіз? – Алыстағыны армандап, қолдағыдан айырылып қалмау. Қолдағыға мəз болып, өз тілеуіңді өзің кеспей келешекті кеңінен қамдастырып күн кешу. Елдігіміздің тағдыры сынға түсіп тұрған талайлы кезеңде өмір сүріп жатқан замандастарымыз тіршілігінің ең басты мəні осы болса керек. Артымыздағы ұрпаққа аз күндік ырзық емес, баянды болашақ тастап кете алсақ қана бұл дүниеге босқа келіп, босқа кетпегендігіміз. – Өткеннің бəрі сағыныш... Өткеннің бəрі қызық... Сол өткеннің бəрі енді қайта оралмас арман... Сіз міне, елу ден астыңыз. Алпыс деген асқарға беттеп барасыз. Осы ған дейін өзіңізді-өзіңіз танып болдыңыз ба? Сіздің көзқа ра сыңызша адамның өзін-өзі тануы дегеніміз не өзі? – Адам өзін де, өзгелерді де, күллі болмысты да еш қа шан түгел танып үлгере алмайды. Білгісі келген сайын білмейтіні көбейе түседі. Өйткені, өмір мəңгі де, ғұмыр қысқа. Соған қарамастан білуге ынтықтығын жоғалтпаған адам нағыз парасатты адам. – Атақ, адалдық туралы ойыңыз. – Атақты шатақпен де табуға болады ғой. Қалқадырың жеткенше ешкімді жарылқап тастамасаң да, ешкім ге қиянатың тимей өмір сүре алсаң, міне, сол ғанибет. Атақты алтынмен аптап, күміспен күптеп қойсаң да тот басуы ықтимал. Ал адалдық пен абзалдықты тот баса алмайды, өлім жеңе алмайды. Сондықтан атағың бар болғаннан гөрі ұятың бар болғаны дұрысырақ. Бірақ, пенде шіркін дақпыртты да даңқ деп түсініп қаламыз ғой. – Ой еңбегімен шұғылданатын жəне əкім боп қызмет атқаратын адам үшін ең қауіпті нəрсе не деп айтар едіңіз? – Кім болсаң да біреуге қиянатың тиіп кетпеуден ар тық қатер жоқ. Əкімдік сондай қауіпке ұрынып қалуға итермелеуі мүмкін. Ал ойшылдық ондай қатерден сақтан дыра алады. Сондықтан бұл екеуінің қатар болатыны олардың біреуінің болып, біреуінің болмағанынан да, тіпті екеуінің бірдей болмағанынан да тиімдірек. Құдай бірақ бізге ондай-ондай көңілшектігін көп істей бер мейді ғой. – Бүгінгі қоғам... Қазіргі заман... Өтпелі кезең өткелдері... Еліміздің даму жолы... Ойнамалы мінез танытып қоятын саясат туралы ойыңыз. – Бұл үлкен əңгіме. Өз алдына талқылайтын ұзақ тақырып. Өтпелі кезең десек те, ойнамалы кезең десек те қателеспейміз. Меніңше, соңғысы дұрысырақ сияқты. Сынықшылар бүгін салып кеткен сынығы ертең бұзы лып қалса, “сынығың ойнамалы” екен дейді. Қазіргі көп құбылыс соны еске салады. Өйткені, болып жатқан оқиғаны жұрт əртүрлі қабылдап, əртүрлі түсініп отыр. Біреулерге кешегі дəуренмен қоштасуға тура келеді. Олар үшін бұл “күйреу кезеңі”. Екінші біреулерге қалыптаса бастаған жаңа жағдайға икемделуге тура келеді. Олар үшін бұл “өтпелі кезең”. Ал үшінші біреулердің өлгені тіріліп, өшкені жанбақшы, басынан ауып кеткен бақ қайта оралмақшы. Олар үшін бұл “қайта өрлеу”, “қайта түлеу” кезеңі. Ал төртінші біреулер үшін, атымен жаңа ұрпақтар үшін бұл, шын мəніндегі, дəурендеу кезеңі. Мүдде алуандығы əрекет алуандығын туғызады. Күрес содан өрбиді. Қоғамды жаңа сапаға көшіретін тұста бірауыздылыққа да, алауыздыққа да шақыруға болмайды. Тек бəрімізге де болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершілікті ұмытпау шарт. Өйткені, дəл қазір қайқайсымыз да тарих сынының алдында жалаңаш тұрмыз. Одан ойымызды да, бойымызды да ештеңе көлегейлей алмайды. Саяси ойындар шын пиғылымызды аша түспесе,

жасыра түспейді. Мұндай тұста ертең опық жемес үшін ең
басты нысананы дұрыс белгілеп алуымыз керек.
Кешегі кеңестік кеңістікте қазір тек сырт қарағанда
ғана біртекті, бір мақсатты өзгерістер, ал шын мəнінде

əр текті, əр мақсатты өзгерістер өтіп жатыр. Біреулердің
мемлекеттілігіне ешқандай қауіп туып тұрған жоқ. Ұқсата
білсе, байлығы да жетеді. Ондай елге өз бойындағы табиғи
мүмкіндікті толық аша алатындай жаңа рухани мүмкіндік

беретін демократиялық қатынастарды нығайту – басты
мұрат. Мəселен, Ресей демократия мəселесін дұрыстап шеше
алса, адамзат қауымдастығында абыройлы орын иемдене
алар еді. Екінші біреулерге, өз мемлекеттілігін нығайтуға

керекті демографиялық, моральдық, саяси мүмкіндіктердің
бəрі бар. Тек соны баянды етіп қалуға талшық болатын
экономикалық жаңа қатынастар керек. Олар тек өз ісінде
ғана емес, өзімен тектес кеңістіктерде де сондай ахуалдың

тез орныққанына тілектес. Оның үстіне, мұндай елдер гео-
саяси жағынан да бір жағында болмаса да, екінші жағынан
əлгіндей кеңістікпен жалғасып жатыр. Сондықтан, олар
өздеріне ең жетіңкіремей тұрған экономикалық опти-

мумды қамтамасыз етуге күш салады. Мəселен, Балтық
бойы мемлекеттері дəл осындай жағдайда. Украина да
дəл сондай жағдайда бола алатын мүмкіндікке ие. Бұл
санаттағылар үшін, негізінде, экономикалық реформа басты

мұрат болса керек. Ал үшінші біреулердің демографиялық,
экономгеографиялық мүмкіндік жағынан мемлекеттілігіне
көзге көрініп тұрған қауіп жоқ. Сондықтан саяси рефор-
ма мен экономикалық реформаны үйлестіре жүргізе алса,

тəуелсіздіктерін одан əрі баянды ете түседі. Мəселен, Орта
Азия мемлекеттері объективті түрде сондай алғышарттарға
ие. Төртінші біреулер тəуелсіздікке керекті демографиялық
оптимумға да, экономикалық оптимумға да ие. Бұл елдер

тек осы жағдайды алдымен байқап қалып, сырттан апарып
таңылған аймақтық жанжалдардың шырмауынан шыға ал-
май отыр. Олар бұл ахуалдан енді екі жақтың бастарындағы
ұқсас тағдырды бірдей ұғына алуынан туындайтын өзара

мəмілеге қол жеткізе алса ғана арыла алады. Мұндай
мемлекеттердің жағдайына тек бүкіл дүние жүзілік бедел-
ге ие халықаралық ұйымдар болмаса, қалған тараптан бо-
латын сыртқы ықпал əсер ете алмайды. Қайта ол оқиғаны

одан əрмен шиеленістіруі мүмкін. Кавказ елдеріндегі
қалыптасқан жай-жапсар осындай. Олар қандай реформаны
да тек жоғарыдағыдай жанжалдардан аман шыға алған соң
ғана ойдағыдай өрістете алады.

Ал, біздің Қазақстан ше... Мұндағы өзгерістердің өрнегі
ең нəзік жіптерден тоқылып жатыр. Мұнда тəуелсіз мемле-
кет орнатуға əбден лайық экономикалық, географиялық жəне
экологиялық орта бар. Ол, бірақ, түбірімен өзгеріп жатқан

дүниедегі түпкілікті тепе-теңдік түбегейлі қамтамасыз
етіліп болмаған жағдайда, сыпайылап айтқанда тым шетін
геосаяси кеңістікке орналасқан. Мұнда жетілген көп салалы
экономиканы дамытуға табиғи ресурстар толығымен жетеді.

Бірақ соған лайық технологиялық, моральдық, финанстық
ресурстар атымен жетімсіз. Бұл жағынан, ол баяғы ақ, қызыл
империялар тұсынан бермен қарай таланып, талапайға,
талан-таражға түсіп үлгерілгенмен, игеріліп үлгерілмеген

қазына аралы. Демек, мұнда тəуелсіздігімізге тірек бола ала-
тындай экономикалық оптимум жасау мəселесін енді қолға
алуға тура келеді.
Тəуелсіздіктің экономикалық, географиялық оптимум-

дарынан артық болмаса, кем маңызға ие емес алғышарты

– демографиялық оптимум. Ол да тек табиғатқа тəуелді

болып қалмай, саясаттың ұқыпты араласуын қажет
ететін сала. Бізге ұқсайтын көп құрамды қоғамда, бір кез-
де Дж. Миль айтқандай, демографиялық институттарды
қалыптастыру, тіпті мүмкін емес дейтіндей қиын шаруа.

Бірақ қалыптастыру керек. Өйткені, қазіргі дүние түгілі
бұрынғы дүние жағдайында өзімізді-өзіміз қамтамасыз ете
алатындай алғышарттардың еш біріне əлі күнге ие емеспіз.
Ол үшін қалған дүниемен ықпалдасуымыз керек. Қалған

дүние енді экономикалық төлеммен қоса саяси төлемді
де қажет етеді. Қысқасы, бұл құрылым халықаралық
еңбек, игілік бөлісу мен экономикалық қатынастардың
бірізділікпен дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-

саяси құрылымдардың да бірізділікке түскенін қалайды. Де-
мек, демократияны талап етеді. Онымен есептеспейтіндей,
біз жүздеген миллиондап саналатын шектен тыс көп халық
емеспіз. Қаласақ та, қаламасақ та есептесуге мəжбүрміз.

Оның үстіне, əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғандай,
адамдардың экономикалық бостандығын қамтамасыз ету
үшін демократия керек. Демократиялық қарым-қатынастың
экономикадағы арнасы – нарық. Ал, нарық та өз-өзінен қарық

қыла салмайды. Олай болса, бұл үрдіске бізден əлде қайда
бұрын көшкен Африка табиғи байлықтың тапшылығынан
осы күнге дейін аштықтан арыла алмай отырған жоқ.
Оған ол көбінесе көп, экономикалық қатынастарына са-

яси қатынастары сəйкес келмейтіндіктен, жаңашылдық
пен дəстүршілдіктің тайталасында басымдылықты дұрыс
таңдай алмаудан, халықаралық тенденциялардан гөрі
аймақты тенденцияларға көбірек бой алдырудан ұрынып

отыр. Біз соның бəрінен қорытынды шығаруымыз керек. Ол
үшін ала-құла демографиялық ахуалымызды, шала-шарпы
экономикалық құрылымымызды, ешқайсысы əлі түпкілікті
арнасын тауып болмай, тасыған судай аламан асыр болып

жатқан айнала қоршаған саяси кеңістігімізді бір сəт те естен
шығаруға хақымыз жоқ. Мұндай жағдайда ойнамалы сая-
сат ұстануға мəжбүрміз. Қажет десеңіз, көп айтылатын ор-
нықты ахуалымыздың өзі сол ойнамалы саясаттың арқа-

сында қамтамасыз етіліп отыр. Ол, бірақ, алаңғасарлықтан
емес,
абайшылдықтан
өрбіп

жатқан
ойнамалылық.
Аңыстың артын баға білгендіктен жұрт қатарлы тəуелсіз-
дікке ие болдық. Тəуелсіздік – біз үшін ең басты мұрат,

ерекше құндылық. Тəуелсіздіктен айырылсақ, бəрінен, ай-
ырыламыз. Өйткені, біздегідей алабажақ, шым-шыты рық
қоғамда ешқандай реформаны да алдын-ала жүйелеусіз
жүзеге асыра алмайсыз. Ондай бейқамдық неге жеткізетінін

көрсетті. Бұдан əрі де сол қалпымызда жүре берсек, бардан
айырыламыз. Ал жоқты бар етпек түгіл, бардың қолымызда
қалғанын сақтап қалу үшін де жүйелі басқару керек. Ол
үшін мемлекеттілікті нығайту қажет. Мемлекеттіліктің

құқықтық негізі – тəуелсіздік. Сондықтан да, біз қай істе
де тəуелсіздікке баса маңыз беруге тиіспіз. Өйткені, демо-
кратияны тездетіп орнатуға асығатындар Қазақстанның сая-
си кеңістік ретіндегі дербестігін қадірлей білуі керек. Ондай

орнықты кеңістік жоқ жерде саяси реформа дегеніне жете
алмайды. Ол кеңістік шайылып кетсе, демократия да шай-
ылып кетеді. Өйткені біздің төңірегімізде демокра тиялық
үрдіске түбегейлі көшіп болған бір де бір ел жоқ. Бəрінде де

неғайбыл ахуал. Нарыққа көшіп, экономикалық мұраттарына
тезірек жеткілері келетіндер де Қазақстанның экономикалық
кеңістік ретіндегі дербестігін бағалай білуі керек. Олардың
бастапқы капитал жинап, оны айналымға түсіріп, одан өнім

шығарып, оны əлемдік нарықтың додасына қосып, ұтысқа
шығатындай дəрежеге дейін шыңдалуы үшін де əзірге дер-
бес экономикалық кеңістік қажет. Өйткені, ұлттық капитал,
ұлттық бизнес тек ұлттық өндіріс бар жерде ғана қалыптаса

алады. Жалғыз алып сатарлық отандық экономика жасай ал-
майды. Қарабайыр алыпсатарлық түгілі өркениетті сауда,
өркениетті бизнес тек аралдық немесе өткелдік кеңістіктегі
мөлтек мемле кеттерде ғана ең басты экономикалық

сипатқа айналған. Құдайға шүкір, Қазақстан аралда емес,
екі материктің то ғысында, шығыс жарты шардың төрінде,
алып конти нентте, табиғи қазба байлықтардың үстінде
орналасқан. Сол жағдайды пайдаланып, табиғи ресурстарды

өндіріп, бұйымға айналдырып, əлемдік айналымға түсіруге
жетілмей тұрып, отандық экономика жасақталды, отандық
іскер қауым қалыптасты деп санау даңғойлық. Қазіргі іскер
қауым деп жүргендеріміз – əлемдік бəсекелестер түгілі

парақор ұлықтардың тегеуіріндеріне шындап төтеп бере
алмай келе жатқан əлжуаз құбылыс. Олар əзір экономи-
калық құбылыс ретінде де, саяси құбылыс ретінде де
əлемдегі іскерлік акулалардың бір қылғуына да жарамай-

тын шабақ деңгейінде. Оларды жоймауымыз керек. Қолдап,
жетілдіруіміз қажет. Сондықтан, мемлекеттік институттарға
немқұрайлы қарап, біржолата азаматтық қоғам институт-
тарының əуенімен кетуге, мемлекетіміздің тарихи төркін-

де рін атымен ұмытып, оның ұлттық сипатына бейтарап
қарауға, əлі бір көйлек тігіп, оны өткізіп, тиынға айнал-
дыруға үйренбей жатып, экономикалық дамуымыздың, сая-
си дамуымыздың бірден-бір кепілі, бар байлығымыздың əрі

қоймасы, əрі құлпы болып отырған жерімізді сауда-саттыққа
салуға əлі ерте. Ол деңгейге жету үшін де көп нəрсені жүйелі
жүргізе білу қажет. Оған өз тізгінің өз қолыңда болса ғана,
егемендігің, тəуелсіздігің, мемлекет тілігің болса ғана жете

аласың. Олардың бəрін билік жолындағы саяси күрестің до-
дасына салу біздің басымыздағы бүгінгі таңдағы ең үлкен

қауіп. Шын қауіп. Бəрі-бəрімізге де сол қауіпке төтеп бере
алатындай азаматтық тұрлаулылық, саяси қырағылық ке-
рек. Ол үшін елге, жерге деген перзенттік махаббат қажет.
Иə, оңып тұрған ештеңе жоқ. Бəрі қиын. Қайтеміз, шыдау ке-

рек. Шыдай жүріп, шыңдалу керек. Жылай бермей, жұбату
керек. Жұбата жүріп, əуелі жан сақтауға, сосын ел сақтауға,
жер сақтауға жетілу керек. Өйтпесек, бұл қиындықтардан
шамалы уақытта құтыла алмаймыз. Алайда, қиын екен деп

өмір сүрмеуге болмайды ғой...
Қысқасы, мына заманда, ағайын, ешкімнің сөзіне сенбе,
өзіңе сен! Қарақан басыңның, қатын-балаңның, халқыңның
қамы үшін жасап жүрген нақты əрекетің мен ісіңе сен!

1995 жыл.

КЕЙІПКЕР

ТІЗГІНҚАҒАР СӨЗ: Қасым Қайсенов... Оның есімі
соғыстан кейінгі онжылдықтардан бері жер жара дүрілдегені
ешкімге де жасырын сыр емес. Ел бұл кісінің ерлігі жөнінде
ең ал ғаш рет Украинадағы партизан құрамасының командирі

С.А.Ковпактың 1944 жылы республика үкіметіне жолдаған
ресми хатынан оқып білді. Содан кейін кейіпкеріміз 1954
жылы қолына қалам алып, “Ажал аузынан” деген кітабымен
оқырмандарды өзінің Украина, Молдавия, Чехословакия

жəне Румыния жерлеріндегі жанкешті жорықтарынан толық
хабардар етті. 1960 – 1965 жылдар да Қасекең өміріндегі
ұмытылмас сəттер болып есептеледі. Бұл кезеңде Киевтегі
Орталық партизан штабы мен Подольскідегі КСРО Қорғаныс

министрлігінің архивінен ол кісінің жау тылындағы
қаһармандық қимылдары жөнінде тың деректер табылып,
ел арасында Қ.Қайсеновке Кеңес Одағының Батыры атағын
беру туралы қоғамдық пікір бел алды. Ал жетпісінші жыл-

дары ше? Ол уақыт та кейіпкеріміз үшін өте қымбат əрі
қимас кез дер едік біз. Неге десеңіз бұл жыл дарда оның
бұрынғы “Илько Витряк”, “Жау тылын дағы бала”, “Днеп-
рде” атты туындылары қайта басылып шығуымен бірге,

олардың қатары автордың “Переяслав пар тизандары”, “Сол
жылдары” деген жаңа кітаптарымен то лыға түсті. Партизан-
жазушы осы кезеңде арнайы ша қырумен республикамыздың
түкпір-түкпірін көп аралап, ондағы кеңшар-ұжымшар

еңбеккерлерінің, мектеп оқу шыларының сүйікті адамы,
қадірменді қонағына айналды.
Сексенінші жылдардың ортасынан бастап қоғамымыз-
дың абыр-сабыр күйге түскені бəрімізге жақсы мəлім. Қайта

құру... Митингілік демократия... Егемендіктің елең-алаң
шағы... Нарық қыспағына түсу... Осындай ию-қию кезде де
халық Қасым Қайсеновтей ардақты ұлына деген ізгі сезімі
мен ыстық ықыласын жоғалтқан емес. Оған ел атынан

өкілдік алған көптеген қоғам қайраткерлерінің бұл кісіге
Батыр атағын беру жөнінде бұрынғы КСРО Пре зиденті
мен Қазақстан Республикасының басшыларына жолдаған
өтініштері анық дəлел бола алады.

“Қазір Қасекең қайда? Денсаулығы қалай? Ардагер ағаның
осы уақытқа дейін ішке бүгіп, айтпай келген ойлары бол-
са бүгінгідей жариялылық кезінде оны неге сұрап жарыққа
шығармайсыздар? Жеңістің 50 жылдығы қарсаңында аты

аңызға айналған жанның өмірінен бүгінгі ұрпақты тағы бір
хабардар етіп, ол кісіге “Халық қаһарманы” атағын беруді
газеттеріңіз арқылы республика басшыларының есіне
қайтара салып қоюдың еш артықтығы болмас еді”,– деген

де хаттар келіп жатады редакциямызға. “Бұл да дұрыс екен-
ау,– деп ойлағанбыз біз бірде сондай оқырман өтініштерін
арқалаған конверттерді іріктеп отырып.– Ендеше батыр
ағамызбен хабарласайық. Іздеп барайық. Əңгімелесейік.

Сөйтіп бүгінгі 90-шы жылдар өрендерін таңғажайып тағдыр
иесі – аңыз адам өмірінің бұрындары онша көп сөз болмаған
беймəлім тұстарымен таныстыруға күш салайық”.
Осындай шешіммен Қасекеңе жолығуға бел байлаған едік.

Ойымыз алдамады. Партизан-жазушымен əңгіме бары сында
біраз тың, тосын деректердің айтылуына мұрындық болып,
қозғау салған сияқтымыз. Енді, міне, соларды сіздердің
назарларыңызға ұсынып отырмыз құрметті оқырман.

– Аға! Өзіңізбен кездесердің алдында мен сіздің жазған

деректі шығармаларыңыздың бəрін дерлік қайтадан
оқып шықтым. Сондағы байқалатын бір нəрсе – бұл
кітаптарыңызда соғыс кезіндегі өміріңіз мол қамтылады
да оған дейінгі туған жер, өскен орта, жастық шағыңыз

туралы онша көп ештеңе айтылмайды. Неге?

– Керек болса, қажет деп тапсаң айтайын қарағым.

Мен Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы
Асубұлақ ауылында дүниеге келдім. Бұл өзі сұлу табиғат
аясындағы көркі көз тойдыратын шағын елді мекен. Сол
жерде тұңғыш рет мектеп есігін ашып, орталау білім ал-

ган соң Өскемендегі саяси-ағарту техникумына оқуға түс-
тім. Оны бітіргеннен кейін облыстық халық ағарту бөлі-
лімінде инспектор болып жұмыс істедім. Өстіп жүргенде
1939 жылы армия қатарына шақырылмасым бар ма?..

– Бұл əскери-барлау мектебіне баратын кезіңіз ғой

шамасы...

– Иə.

– Оған қалай түсіп жүрсіз? Білетіндер аталмыш əс-

кери оқу орнына басқа ұлттың өкілдерін қабылдамайтын
еді дейді ғой.

– Ол рас. Оған мен денсаулығымның мықтылығы мен

күш-қуатымның молдығы, жүйкемнің төзімділігі мен
есте сақтау қабілетімнің ерекшелігі арқасында ғана өттім.
Мəскеу іргесіндегі əскери бөлімшеде қызмет етіп жүр едім,
комиссияға шақырды. Содан олар басымнан бақайшағыма

дейін ал кеп тексерсін дейсің. Сынақтың қиындығы сонша,
оған іріктеп əкелген 350 жауынгерден көп ұзамай бар-жоғы
52-ақ адам қалдық. Бұлардың арасында мұсылман баласы
дегеннен жалғыз мен ғана бармын. Басқа ешкім жоқ. Қойшы,

содан не керек... Өткелектен өткізіп жүріп, алатын оқуына
алды ғой ақыры. Қайталап айтамын қарағым, сарапшылар
бұл құпия оқу орнына мені қабылдайын деп қабылдаған жоқ.
Оған мен өзімнің дене бітімімнің ерекшелігімен, буырқан ған

бұла күшіммен, сондай-ақ табандылық, көнбістік, төзімділік
сияқты қасиеттеріммен өттім.

– Бұл мектепті қашан бітірдіңіз?

– 1941 жылы жазға салым. Оқуымыздың аяқталуы

соғыстың басталуымен тұспа-тұс келді ғой.

– Соғыста сіз барлаушы-десантшы болдыңыз. Дивер-

сиялық топтың жетекшісі – партизандық өмір жолынан
өттіңіз. Сонда майданның арғы бетіндегі сапарға қалай
əзірленуші едіңіздер? Самолет ішіндегі көңіл-күй, люктен
парашютпен секірердегі қам-қарекет, бұрын көрмеген,

біл меген жерге əуеден түсіп келе жатқандағы ішкі психо-
логиялық арпалыс туралы қазір не айта аласыз?

– Жау тылына түсу дегенің нағыз азап. Ол жаққа

аттану тек түн ішінде ғана жүргізілетін. Жабық маши-
намен аэродромға келер едік. Сол жерде бізді “Дуглас”
самолетінің ішіне кіргізіп, қарама-қарсы отыруға бұйрық
беретін. Арқамыздағы парашют рюкзагына жіп өткізіп,

оның ілгегін төбедегі жылжымалы роликке бекітіп қоя-
тыны да есімде. Жасыратын несі бар, майдан шебінен
өтердегі оқ шымылдығынан абыржымасын, самолет люгі-
нен секірерде батыл болсын дей ме екен 200 грамнан

арақ та беріп қоюшы еді. Белгілі межеге жеткенде есік
ашылатын да біріміздің артымыздан біріміз 5 мың метр-
лік қап-қара тұңғиыққа қарай қарғитынбыз. Тəртіп бо-
йынша алғашқы 1 мың метр кеңістіктен атқан оқша ағып

өтуің керек. Сол сəттегі азапты айтпа... Бұл кезде басың
төмен тартып кетеді де денеңді бағындыра алмай қатты
əуре-сарсаңға түсесің. Көзіңнен жас парлап, жүрегің ау-
зыңнан шығып кетердей азапты күй кешесің. Өстіп жан-

таласа құлдилап келе жатқанда парашют ашылады-ау
ақыры. “Уһ”,– дейсің іштей. Сөйтесің де жан-жағыңа қарап,
серіктеріңді іздейсің. Асты-үстіңде бір-бір ақ күмбезге ілініп,
олар да келе жатады иманы қасым боп. Осыдан кейін орманға

аман-есен түсудің қам-қарекетіне кірісе бастаймыз. Бұл жер-
де көп нəрсе салмаққа тығыз байланысты. Десантшының
алып келе жатқан жүгі өзінің денесінің салмағының жарты-
сындай ғана болуы керек. Егер ол одан сəл артып кетсе, бітті,

құрығаның деп есептей бер. Жерге түскеніңде аяғыңның
жіліншігі қақ бөлініп сынады да қалады. Сондай-ақ əуеден
төмен қарай келе жатқанда жау ортасына түсіп қалмаймын
ба деген күдік те мазаңды алумен болады. Сөз ретіне қарай

айта кетейін, біздің жоғарыдағыдай сапарларымызда он-
дай жағдайлар да кездеспей қалған жоқ. Ал, одан тірі қалу
дегенің... Жə, бұл енді басқа əңгіме.

– Басыңызды өлімге тіккен осындай қиын да қауіпті

сапарға тұңғыш рет қашан аттандыңыз?

– 41-дің қарашасында. Ол кезде Оңтүстік батыс май даны

штабының қарамағында едік. Сол жерде біз дер ден арнайы
топ жасақталынды да бірден жау тылына түсірілдік. Алға
қойылған мақсат Украинаның Полтава облысында партизан
қозғалысын ұйымдастыру болды.

– Ал соңғы тапсырма ше?

– Оған 44-тің маусым айын айтуға болады. Ол жолы

біз Венгриядағы Карпат тауына аттанып, күшті жау
тосқауылына ұшырадық. Қиян-кескі сол шайқаста 53
қаруласымыздың 46-ы қаза тапты да тірі қалған жетеу міз
кейін 200 адамдық отряд құруға қол жеткізіп, о бастағы

берілген тапсырманы ойдағыдай орындап шықтық.

– Сол уақыт, яғни, 1941 – 1944 жылдар аралығын дағы

жорықтарда өзіңіздің есіңізде ерекше сақталып қалған жəйт деп қандай оқиғаны айтар едіңіз? – Е-е, ондай сəттер көп қой... Көп шырағым. Бірақ солардың арасында əсіресе 1943 жылдың күзінде Днепрді жалдап етіп, Букрин плацдармының оң жақ пұшпағын ұстап тұрған шайқас күні бүгінге дейін көз алдымнан кетпейді. Осы ұрыс операциясындағы қимылым үшін украин партизандарының көкжалдары А.Тканко мен Е.Ломако: “Оның бұл ерлігі Кеңес Одағының батыры атағына лайық”,– деп жоғары жаққа хат жазғаны бар. – Өкінішке қарай осы эпизодты сіз көп кітаптарыңызда өте қысқа жазып, шолақ қайырасыз. Мұны біз автор өзіңіздің кемшілігіңіз еді деп ойламаймыз, əрине. Керісінше оны оқырман алдындағы қарапайымдылық пен кішіпейілділік принципін ұстанған азаматтық позицияңыз деп білеміз. Бірақ сыпайылық, əдеп сақтау осы екен деп өткен оқиғаға, дəлелденген фактіге қиянат жасауға болмайды ғой. Осы тұрғыдан келгенде енді қазір сол жəйтті кеңейтіп, анықтап айтудың реті келген жоқ па? – Айтайын. 1943 жылғы 17 қыркүйекте Чапаев атындағы партизан құрамасында ерекше бір қуанышты оқиға болды. Бұл күні біз “Үлкен жерден” аттанғаннан кейінгі 1 жыл 10 айдан соң барып өз əскерлеріміз – Р. М. Малиновский басқарған 3-ші Украина майданының танкистерімен кездестік. Айтпақшы, соның алдында Днепрдің оң жағына өтіп үлгерген жау Букрин плацдармын жасап алып, Қызыл Армияның шабуылдаушы бөлімдерін өзенге беттетпей жатыр деген хабар естіген болатынбыз. Рас екен. Оны өзімізбен кездескен 5-ші танк бригадасы командирінің бізге берген тапсырмасынан анық білдік. Оның пайым дауынша партизандар бұл өңірдің жер жағдайының жақсы біледі. Сондықтан олар қайткенде де Днепрдің арғы бетіне өтіп, қосымша күш жеткенше сол жердің бір пұшпағын ұстап тұра тұруы керек. “Оң жағалауға жетіп, көзге түскендерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілетін болады”,– деді бригада командирі бізбен əңгімелесіп оты рып. Сөйтті де: “Кімдер баратынын тезірек анықтаңыздар да оларды жағалауға шұғыл аттандырыңыздар”,– деді сөзін нықтап. Мына бұйрықты естіген партизан құрамасының басшылығы өзара ақылдаса келіп, бұл операцияны орындауға менің отрядым лайық деген шешімге келді. Мұндайда мəселе былай: берілген тапсырма сөзбұйдаға салынбайды. Оған уəж де жүрмейді. Ол тек орындалады. Осы есіме түскен мен: “Жарайды”,– дедім қысқа ғана. Сөйттім де отрядымды жинап алып, жағалауға қарай жүріп кеттім. Міне, Днепр... Оның арғы беті кеше ғана өзіміз талай жортқан Панитов орманы. Енді сол жаққа қайта өтпекпіз, қайта бармақпыз. Бұлай боларын білгенде... Өстіп ойланып жатқанда күн батып, кеш те түсе бастады. Қас қарая бере қара судағы күні бұрын байластыра əзірлеп қойған бөренелерді иықпен демей жылжытып, арғы бетке өтуге əрекет ете бастадық. Осы кезде жау аспанға жарқырауық ракеталарын атып, су үстінің астан-кестеңін шығарды дейсің. Төңкерілген қайық... Оққа ұшқан жігіттер... Жанталасып жүріп қараймын, Днепрдің орта тұсынан асқан сияқтымыз. “Енді сəл шыдасақ...”– деймін ішімнен. Бір мезетте бөрене – салды ықтап келе жатқан біздерді су ағыны шыркөбелек айналдырып төмен қарай ала кеп жөнелмесі бар ма? Сол екпінмен біраз ақтық. Ақыры өзенге сұғына еніп тұрған мүйіске кеп соғылдық та жан-дəрмен деп жағаға шықтық. Бекініс жасай бастағанымызда бізбен бірге өткен байланысшы солдат катушка сымын ағаш бұтағына іліп, өз тірлігімен өзі болып жатқан. Əлден уақытта ол: “Сізді телефонға шақырады”,– деді ентігіп. Мен наушникке ұмтылдым. “Жолдас, отряд командирі,– деді арғы жақтағы дауыс.– Сіздердің оң жағалауға жетіп, табан тірегендеріңізді байланысқа бірінші болып шыққандарыңыздан біліп отырмыз. Рахмет! Енді сол жерді сағат 12-ге дейін ұстап тұруға тырысыңыздар. Ерліктеріңіз жоғары наградамен...” Осы жерге келгенде телефон үзіліп кетті де рация үнсіз қалды. “Сағат 12-сі несі?– деймін күйініп.– Қосымша күшті арттарыңнан іле-шала жібереміз демеп пе еді кетерде. Қайда енді онысы?” Осы оймен Днепрге жабыға қарадым. Өзен беті əлемтапырақ. Жарқырауық ракеталар аспанға асылып алып, айналаны күндізгідей сəулелендіріп тұр. “Түсінікті,– дедім ішімнен.– Олар өте алмай жатыр”. Жағдайды осылай деп шамалаған соң жолдастарыма енді өз күшімізге сенуден

басқа амалдың қалмағанын айтып, жағалауға тиіп тұрған
Григоровка селосын алуды бұйырдым. Өзіміз бұрыннан
жақсы білетін бұл елді мекенді жаудан тез босаттық. Сөйттік
те сол жерге тістесіп жатып алдық. Содан таң атты. Күн

шығып, түс болды. Бірақ арттан келетін күш əлі көрінбейді.
Өстіп жатқанда дəл жанымнан бірдеңе гүрс ете түскені... Сол
сол-ақ екен не болғанын білмеймін, аспан жерге төңкеріле
құлағандай боп, дүние көз алдымнан көшіп жүре берді.

Ар жағы есімде жоқ. Бұлыңғыр, бұлдыр бірдеңе. Көзімді
ашсам, дала госпиталында жатыр екенмін. “Контузияға
ұшырағансың”,– дейді санитарлар. Олар негізгі бөліммен
бірге Григоровка селосына келіп кіргенде менің топырақ

астынан шығып жатқан аяғымды көріп тауып алғанын
айтты. Кейін білдім, бұлар бізге жіберілген қосымша күш
емес, мүлде басқа құраманың жауынгерлері болып шықты.
Сөйтіп Днепрден бірінші боп өткендегі ерлігіміз аяқ асты-

нан ұмыт қалды да кейін ол ұзақ жылдан соң барып парти-
зан штабының архивінен бір-ақ табылды.

– Жау тылынан қашан шықтыңыз?

– 1944 жылдың аяғында.

– Содан елге бірден қайттыңыз ба? Жоқ əлде...

– Қалай десем екен... Бұл өзі былай болды. Жау

тылынан шыққан соң мені оншақты адаммен бірге Киев
қаласындағы Орталық партизандар қозғалысты штабына
жіберді. Мұнда: “Партизандық соғыс осымен бітті. Сон-
дықтан енді сендер жау тылына қайтып бармайсыңдар.

Біразыңды армия қатарына аламыз да, ал кейбіреулеріңді
азаматтық қызметке қалдырамыз”,– дегенді айтты. Мен
əскерге ілінбей, сол “кейбіреулердің” қатарында қалып
қойдым. Осыдан соң маған: “Соғысқа жібермесе мұнда

енді не бар? Одан да елге қайтайын”,– деген ой келді де
оны штабтағыларға жасырмай айтып шықтым. Бірақ олар
кесіп-пішіп ештеңе дей қоймады. Өстіп жүргенімде
С. А. Ковпак шақырып жатыр деп естідім.

– Вася, – деді амандасып болғаннан кейін Сидор Ар-

темьевич.– Сен еліңе қайтам деп жүр екенсің. Немене,
біздің Украина ұнамай ма саған?

– Неге ұнамасын, ұнайды. Бірақ, енді жау тылына

жібермесе, армияға алмаса мұнда не істеймін?

– Иə, оның рас. Ол жаққа енді ешкім жіберілмей-

ді,– деді Сидор Артемьевич.– Себебі, біздің жеріміз фа-
шистерден түгел азат етіліп, партизандар өз міндеттерін
толық орындады. Ал, армияға келсек... Онда барып не
істейсің? Партизандық жорық күндерінде сен адам саны

бригадаға тең отрядқа, мен көлемі дивизияға парапар құ-
рамаға басшылық еттім. Енді олай болмайды. Біздер ар-
мияға алынсақ командир емес, тек қатардағы солдат
қана болып барамыз. Өйткені сен де, мен де академия,

училище бітірген жоқпыз ғой. Бұл – бір. Екінші... Елі-
ңе бардың дейік. Бұл жаққа ертерек кеткендіктен онда
сені көп ешкім білмеуі, Украинадағы ерлігіңнен хабар-
сыз болуы мүмкін. Сонда табиғатыңда бар тентек, қияңқы

мінезіңмен кімге сиясың? Еркелігіңді кім көтереді? Егер
сол жерде қызметте жүріп, бір нəрсені бүлдіріп алсаң не
болғаны? Сені кім біледі, кім ара түседі?– деп ол кісі
екі қолының жуан да қысқа саусақтарынан керегекөз тор

жасап, маған барлай қарады. Онысын мен түсіндім. “Мі-
нез-құлқыңды жақсы білемін. Содырлық жасап соттала-
сың”,– деп отыр. Сидор Артемьевич жоғарыдары сөзден
кейін біраз үнсіз отырды да: “Сені біз жақсы көреміз,

Вася. Көз алдымызда жүре тұр. Бейбіт өмірге бейімделіп,
мамандық алғаннан кейін еліңе жақсылап шығарып са-
лайық”,– деді қамқор үнмен. Мен ештеңе деместен шы-
ғып кеттім.

Келесі күні штабқа келсем: “Сізді кадрлар бөлімінің
бастығы, полковник Сперанский іздеп жатыр”,– деді
кезекші. Бардым. Полковниктің алдында басына көнетоз
кепкі киген, үстінде күздік пальтосы бар бейтаныс қазақ

отыр екен: “Мен Жұмағали Саин деген ағаң боламын,– деді
ол кісі аман-саулықтан соң.– Ақынмын. Осында Вороши-
ловград облысында партизандар қатарында болып едім.
Енді елге қайтайын деп документтерімді жөндетіп жүрмін.

Ал сен ше?” “Мені жібергілері келмейді?” “Сөзді қой, бала.
Өзіңнің шынымен елге қайтқың келе ме?” “Иə”. “Ендеше
осы пікіріңнен тайма. Бұлармен өзім сөйлесемін”.
Осылай деген Жұмекең ал кеп іске кірісті дейсің. Кір-

меген есігі, бармаған бастығы жоқ. Оларға бұл жігіттің
болашағына, жағдайына өзім жауап беремін дейтін сияқты.

Сөйтіп жүріп мені босатып алды да елге алып қайтты ғой... – Соғыстан кейін жау тылындағы сіздің ерлігіңіз туралы қалам тартқан адамдар болды ма? Болса олар кімдер еді? – Бұл сауалыңа: “Жазушы Ғабдол Сланов”,– деп жауап бергім келеді. Қырқыншы жылдардың аяқ кезі болатын. Ол кісі менімен ұзақ сөйлесіп, əңгімелерімді жалықпай тыңдаушы еді. Сөйтіп жүріп бір күні “Алтай баласы” атты деректі шығармасын жарқ еткізгені. Онда жалғыз мен ғана емес, бүкіл Қайса əулеті қамтылып, бəрімізге жылы лебіздер айтылады. – Ал өзіңіз жазушылыққа қалай бет бұрып жүрсіз? Жалпы сіздің творчестволық жұмыспен шұғылданып, кітап шығарумен шындап айналысуыңызға ең алғаш рет кімдер ықпал етті деп ойлайсыз? – Бұған алдымен Жұмекең – Жұмағали Саинды, Шах мет Хұсайыновты, содан соң тағы да сол Ғабдол аға Слановты айтар едім. Бəрі де менің ауызекі түрде айтатын əңгімелерімнен басталды. “Қасым, – дейтін сонда ол кісілер, – сен жас та болсаң көп нəрсені көрген екенсің. Осыларды қағаз бетіне түсіріп көрсең қалай болады? Жас қан ба. Мына оқиғаларды бізге қалай айтып жүрсің, ойдан ешнəрсе қоспай, солай тізіп жаза бер. Көркемдеймін. Əдемілеймін деп те əуре болма. Бұлар осынысымен-ақ əсерлі. Бір қиналарсың... Екі қиналарсың. Көр де тұр, содан кейін қалай жазып кеткеніңді өзің де білмей қаласың”. Ақыры осы ағаларымның айтқаны келді де тұрды. Біраз уақыттан кейін естеліктерім шыға бастағаны... Жазуға, творчествоға бет бұруымның қысқаша тарихы міне осы, қарағым. – Елуінші жылдардың аяғы мен алпысыншы жылдардың басында сізге Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы қоғамдық пікір бел алып еді деп естиміз. Ол əңгіме кейін де толастаған жоқ болатын дейді білетіндер. Енді осы жөнінде... – Иə, ол рас. Тұңғыш рет ондай хат Украинадағы партизан отрядының мүшесі Н.И.Воронецкаядан келген еді. Ол Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.И.Беляевтің атына жолданған болатын. Содан кейін алпысыншы жылдары депутат-жазушы С.Мұқанов бастаған бір топ қаламгерлер КОКП Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.С.Хрущевке, ал Украина партизан қозғалысының ардагерлері Е.Ломако, В.Лавриненков, А.Тканко Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы И.Юсуповке мен туралы өз өтініштерін білдірді. Мұндай хат кезінде Л.И.Брежневке, одан бертін М.С.Горбачевке де жолданды. Осы мазмұндағы ең соңғы өтініш 1992 жылы Украинадағы Черкассы қаласынан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың атына келгені жəне бар. Оны жолдаған Кеңес Одағының Батыры, қарт партизан А.Тканко болатын. Бірақ бəрі де жауапсыз, нəтижесіз қалып отырды. – Сол хаттар мен құжаттар қазір сіздің қолыңызда бар ма? Егер жеке архивіңізде сақтап жүрсеңіз оларды көруге бола ма? – Иə, бар. Көрсетейін. Міне, олар мыналар... Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н. И. БЕЛЯЕВ жолдасқа ХАТ (ү з і н д і) ...Біздің бұрынғы партизан отрядының командирі Қасым Қайсенов сіздерде, Қазақстанда тұрады жəне Жазушылар одағында қызмет істейді. Ол оккупация уақытында Украинада орасан зор патриоттық жұмыстар атқарды. И.К.Примак, Е.Д.Ломако жолдастармен бірлесіп, Ржищев, Миронов, Переяслав, Кагарлык аудандарында жасырын ұйымдардың негізін қалады жəне В.И. Чапаев атындағы партизан құрамасын құрып, Киев пен Полтава облыстарының аумағында жауға қарсы күрес жүргізді. Құраманың бүкіл жауынгерлік, əскери іс-қимылдары Қ.Қайсеновтің есімімен тығыз байланысты. Оның ерлік істерін бұл хатта толық айтып шығу мүмкін емес. Бір ғана факт: ол басқарған отряд 1943 жылғы 22 қыркүйекте Днепрді жалдап өтіп, Григоровка, Зарубенец жəне Луковец селоларын жаудан қиян-кескі шайқаспен тартып алып, оларды Кеңес армиясының бөлімдері келіп жеткенше ұстап

тұрды. Міне, осы ерлігі үшін-ақ оған Кеңес Одағының Батыры атағын беру керек еді. ...Менің келтірген деректерімнің бəрі Киев облыстық партия комитетінің архивіндегі партизан құрамасының есептерінде анық та нақты жазылған. Оның ерлік істерін Украинада тұратын көзі тірі адамдар да, аттары аталған аудандардың тұрғындары да өте жақсы біледі. ...Сөзімді түйіндей келгенде оған Батыр атағын жасырын ұйымның негізін қалағаны үшін де, Примакпен, Ломакомен бірге орасан үлкен партизан отрядын ұйымдастырғаны үшін де, құрама командирі Примакты өз денесімен жауып құтқарып қалғаны үшін де жəне ол Қызыл Армия Днепрге жақындап қалғанда арнайы тапсырмамен бірінші болып оң жағалауға өткені үшін де беру керек еді. Өкінішке қарай оның осынау ерлік істері мен санасаң сан жетпейтін қаһармандықтары əлі күнге дейін ескерусіз келеді. Сізге осы хатты жаза отырып, қажет болған жағдайда, жолданған есептерді салыстырып жəне Қ.Қайсенов жолдас тың ерлік істеріне куəгерлерден көзбе-көз анықтама алып, КСРО Жоғарғы Кеңесіне біздің бұрынғы партизан отря дының командирі Қ. Қайсенов жолдасқа Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы мəселе қоюыңызды сұраймын. Сəлеммен, Надежда Ивановна Воронецкя Киев қаласы. Мəскеу. Кремль. Н. С. ХРУЩЕВ жолдасқа ХАТ (ү з і н д і) Біз, Қазақстан жазушылары осы хатты Сізге мына төмендегідей мəселелер бойынша жолдап отырмыз. Жерлесіміз Қ.Қайсенов Ұлы Отан соғысы жылдарында өз басын сан мəрте өлімге байлап, Отанымызды гитлершіл басқыншылардың шапқыншылығынан қаһармандықпен қорғап, жау тылында ерлік пен жанқиярлықтың үлгісін көрсете білді. 1. Қ.Қайсенов Киев облыстық астыртын ұйым жетекшілерінің бірі. (“Растаушы” – № 1 көшірме). 2. Ол сондай-ақ В.И.Чапаев атындағы партизан құрамасын ұйымдастырушы да. Бұл құрама Киев жəне Полтава облыстарының территорияларында ұрыс қимылдарын жүргізді. Кейін Қ.Қайсенов осы құраманың 3-ші отрядын басқарды. (“Растаушы” – № 2 көшірме). 3. Қ.Қайсенов соғыстың қиын жағдайында жау тылына бірнеше рет түсірілді. (“Растаушы” – “Жау тылына түсірілер алдында” фотосынан көшірме). 4. Ол өз отрядын бастап Днепр өзенінен бірінші болып өтті. Жəне Григоровка, Зарубенец, Луковец селоларын ұрыспен алып, оларды Кеңес армиясының бөлімшелері келіп жеткенге дейін ұстап тұрды. (“Растаушы” – В.И.Чапаев атындағы партизан құрамасының есебіндегі 54-ші бет). 5. Қ. Қайсенов сондай-ақ “Закарпатье” партизан қозғалысын ұйымдастыруға да белсене араласты. Ол Кеңес Одағының Батыры А.В.Тканкомен бірге 1944 жылғы маусымда Закарпат Украинасының территориясына түсірі ліп, “Закарпатье” партизан қозғалысын өмірге əкелді жəне осы құраманың 6-шы отрядын басқарды (“Растаушы” – “Жау тылына ұшар алдында” фотосынан көшірме). ...Біз Қ. Қайсеновтің еңбектері мен ерлік істерінің бір бөлігін ғана санамалап өттік. Ал ол туралы халық аузында жүрген аңыз-əңгімелер қаншама... Сондықтан да біздер – жазушылар Сізден бұрынғы партизан отрядының командирі, халқымыздың адал перзенті, соғыс жылдарында жанқияр лықпен шайқасқан, бейбіт күндерде аянбай еңбек етіп келе жатқан Қ.Қайсеновке Кеңес Одағының Батыры атағының берілуін сұраймыз. Оған бұл атақтың берілуі адамгерші ліктің, Ұлы Отанымызды мекендеген туысқан халықтар достығының тағы бір айқын көрінісі болар еді. С.МҰҚАНОВ – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, жазушы; Т.ЖАРОКОВ – жазушы, X. ЕРҒАЛИЕВ – жазушы; Қ.ШАҢҒЫТБАЕВ – жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы; Ө.ҚАНАХИН – жазушы, Қазақстан

Компартиясы Орталық Комитетінің сектор меңгерушісі; Қ. ЫДЫРЫСОВ – жазушы. Алматы қаласы. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы И. ЮСУПОВ жолдасқа ХАТ (үзінді) Біз украиналықтар Қазақстан жазушылары мен ғалымдарының бұрынғы партизан отрядының командирі Қ.Қайсеновке Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы талап-тілегіне үн қосамыз. Қ.Қайсенов жау тылында жүргенде Украина мен Закарпат Украинасының оккупа цияланған территорияларында астыртын ұйымдар құру мен партизан отрядтарын ұйымдастыруға белсене қатысты. Ол жау тылында көптеген ерліктер жасады. Қаһарман қазақ В.И.Чапаев атындағы партизан құрамасы басшылығы мен Кеңес армиясының шолғыншы бөлімдері командованиесінің тапсырмасы бойынша өз отрядымен Григоровка селосы ауданының тұсынан Днепр өзенінен бірінші болып өтті. Сол үшін ол Кеңес Одағының Батыры атағын алуға лайықты деп білеміз. В.И.Чапаев атындағы партизан құрамасының бұрынғы комиссары Е.Д.ЛОМАКО; бұрынғы партизан, екі мəрте Кеңес Одағының Батыры, генерал-лейтенант В.Д.ЛАВРИНЕНКОВ, Закарпатье партизан құрамасының бұрынғы командирі, Кеңес Одағының Батыры А.В.ТКАНКО. Мəскеу. Кремлъ. КСРО Президенті М. С. ГОРБАЧЕВКЕ ЖЕДЕЛХАТ Жеңістің 45 жылдығы қарсаңында бұрынғы бір топ майдангерге Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы Жарлығыңызды совет адамдары зор ризашылықпен қарсы алды. Бірақ олардың арасында марқұмдар – Г.Булатов пен Р.Қошқарбаевтың болмауы қынжылтады. Бұл екі жауынгер сол 1945 жылдың өзінде-ақ осы атаққа ұсынылғанды. Рейхстаг фасадына бірінші болып Жеңіс туын тіккен олардың ерлігі туралы таяуда, 1990 жылғы мамыр айында “Правда” газеті қайтадан жазды. Біз шындықтың қалпына келтіріліп, Булатов пен Қошқарбаевқа тарихтың қаға берісінде қалып қоймай, орыс жəне қазақ халықтарының туысқандық достығын іс жүзінде көрсеткендері үшін Батыр атағы берілуін сұраймыз. Сондай-ақ осы Кеңес Одағы Батырларының тізімінде – марқұм, полковник, дивизия командирі Бауыржан Момышұлы да тұруы керек еді. Бұл күрделі тұлға жазушы А.Бектің “Волоколам тас жолы” повесінде айтылғанындай, қаһарлы 1941 жылда Отан астанасы – Мəскеуді кеудесін оққа тосып қорғаған қазақ халқының аңызға айналған батыры. Сонымен бірге Қасым Қайсеновтің де ұмыт қалмауын ерекше өтініп сұраймыз. Ол Ұлы Отан соғысында ерлігі аңыз болған партизан, украин халқының сүйікті ұлы, Киев қаласының құрметті азаматы, генерал Ковпактың қанаттас жолдасы. Осы үндеу 1990 жылғы 8 мамырда бұрынғы майдангер энциклопедияшыларға құрмет көрсету үстінде Қазақ Кеңес Энциклопедиясы Бас редакциясының ұжымының қатысуымен бірауыздан қабылданды. Қазақ Кеңес Энциклопедиясы ұжымы атынан; Р.НҰРҒАЛИЕВ – ККЭ-нің бас редакторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Б. ЖҮСІПОВ – партбюро хатшысы. Алматы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.НАЗАРБАЕВҚА ХАТ Мен запастағы полковник, Кеңес Одағының Батыры, профессор А. В.Тканко қазақ жазушысы, Украинадағы пар-

тизан отрядының командирі Қ.Қайсеновтің 75 жылдық
мерейтойының жақын қалуына орай, оған Қазақстан
Республикасының Батыры құрметті атағын беру туралы
өтініш етіп, Сізге осы хатты жолдап отырмын.

Қасым – Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен-ақ ба-
тыл, жүрек жұтқан жауынгер болды. Оның қаһармандық
ерлігі Украина жерін гитлершіл басқыншылардан азат
етумен тығыз байланысты. Ол Днепрден Карпатқа дейінгі

аралықты фашистерден тазартуға бағытталған көптеген
əскери операцияларға қатысып, халық сенімін ақтаған
қаһарман партизан.
22 жасқа қараған шағында УШПД штабы Қасымды жау

тылында партизандық күресті ұйымдастыру үшін Украи-
наға десант етіп түсірді. Сол жерде ол В.И.Чапаев атындағы
Киев облыстық партизан құрамасын ұйымдастырып ерлік-
пен шайқасты. Қ.Қайсенов Днепрдегі өткелдерді алуға бі-

рін ші болып қатысушы жəне Букрин плацдармындағы 3-ші
танк армиясының Днепрден жеңіспен өтуіне атсалысушы.
Бұдан кейін Қ.Қайсенов 4-ші Украина майданының
Карпат таулары асуларынан өтуіне көмек көрсету үшін

партизан құрамасының басшы тобының құрамында За-
карпат Украинасының территориясына түсірілді. Мен
осы басшы топты басқарған едім. Мұнда құрамында 870
партизан бар құрама өмірге келді. Қ.Қайсеновтің отря-

ды соның ішіндегі ең таңдаулысы болатын. 1944 жылғы
қыркүйекте оның жігіттері “Белая Таня” концлагерінен
1500 əскери тұтқынды азат етті. Осы ерлігі үшін Закар-
пат Украинасының партизан құрамасы Қ.Қайсеновті Ба-

тыр атағына ұсынып еді. Бірақ УШПД басқармасы Укра-
ина азат етілісімен таратылды да өтініш ұмыт қалды.
Сізден құрметті Президент, хатымның басында айтылған
мəселенің ескерусіз қалмауын сұраймын.

Сəлеммен, А.В.ТКАНКО,
Кеңес Одағының Батыры
Украина Республикасы
Черкассы қаласы.

– Қасым аға! Бұл хаттарды өзіңізден сұрап алып,

олармен егжей-тегжейлі танысып отырғанымызды сіз дұ-
рыс түсінеді ғой деп ойлаймыз. Мұндағы мақсатымыз –
осы құжаттардың бәрін ел білсін, газет оқырмандары кө-
зімен көрсін деген ой ғой біздікі. Енді әңгімемізді қайта

жалғастырайық. Майдангер ретінде шыныңызды айты-
ңызшы... Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі бейбіт кезең-
дегі өз ұлтымыздан шыққан офицер кадрларымыздың көр-
сеткен ерлігі, сіңірген еңбегі Кеңес үкіметі тұсында онда-

ғы әскери басшылық тарапынан дұрыс, әділ бағаланды
деп ойлайсыз ба?

– Жоқ. Бұл мәселе өз мәнінде елеп-ескерілді деп ай-

та алмаймын. Соғыс кезінде ұсақ ұлт өкілдері өздерінің
жасаған ерліктерін бағалаттыру жөнінен де, лауазым алу-
дан да қатты шетқақпай көрді. Мысалы Баукең – Ба-
уыржанды алайық. Ол кісі полк пен дивизияны да басқарды

ғой. Жоғары шенді әскери адамдар ғана жетекшілік ететін
осындай орынды иеленгеніне қарамастан оған генерал
атағын бермеді. Баукең сияқты полковниктік дәрежеден
әрі асырмай отставкаға жіберілген білімді, талантты қазақ

офицерлері бізде көп болатын. Қазір осы Алматыда Ғазиз
Сағитов, Қадеш Имашев деген аяулы азаматтар тұрады.
Оның алғашқысы дивизияға жетекшілік еткен полковник
те, соңғысы нағыз жаужүрек ұшқыш подполковник. Міне,

осы талантты, қабілетті әскери кадрларымыз өз кезінде
өсірілмеді де отставкаға шығарылып жіберілді. Ал, Сағадат
Нұрмағамбетов ше?.. Алтын жұлдызы бар десең бар, Әскери
округ қолбасшысының орынбасары десең орынбасар оған

генерал-лейтенанттан артық шен берілмеді. Округ қолбас-
шылығына жоғарылатылмай-ақ қойды. Осының бәрі де
шовинистік кеудемсоқ көзқарастың салдары ғой, қарағым.
Мен өзім 1941 жылы әскери барлаушылар училищесін

бітіргенде аға лейтенант едім. Жау тылында жүргенде
диверсиялық ротаның, партизан отрядының (полкпен
бірдей) командирі болдым. 1942 жылы арнайы білімді маман
ретінде бірден жоғарылатылып майор атағын алғанымды

Орталық штаб рация арқылы арнайы түрде хабарлағаны бар.
Содан кейін мүлдем ескерусіз қалдым да жау тылынан ешбір
шенсіз, жалғыз партизан медалімен қайттым. Қазіргі кеудеме
тағып жүрген сөлкебайларым кейін әр жердегі газеттердің

хабарлауымен табылған наградалар. Кеңес Одағының Баты-

ры атағын екі рет алған Талғат Бигелдинов елге подполков-
ник шенінде келді. Ал ол секілді қос Алтын жұлдыз алған
орыстардан кезінде генерал болмағаны жоқ.

– Ең соңғы сауал... Менің байқауымша сіздің өміріңіз

ылғи да кездейсоқ жәйттер мен күтпеген оқиғалардан
тұратын сияқты. Бұл қалай?

– Соған өзім де таңғаламын, қарағым. Жас кезімдегі

жағдайларды ғой, кітаптарымнан жақсы білесің. Ал енді
қартайдым, кездейсоқ жәйттердің ауылы менен алыстаған
шығар дейін десем, олар тағы да алдымнан шыға береді...
Күлме маған... 1993 жылдың күзінде мынадай оқиғаға

ұшырағаным бар. Үйде жатыр едім, Шығыс Қазақстан об-
лысы келіп кетсін деп сәлем айтыпты. Бардым. Елден ай-
налайын, хан көтеріп қарсы алды. Қайтарымда облыстық
әкімшіліктің жігіттері иіліп төсек, жазылып жастық

болып самолетке де өздері мінгізіп жібермесі бар ма?
“Алаңда маңыз. Жеңгейге хабарлап айттық. Енді екі жарым
сағаттан кейін Алматыдағы үйіңізде боласыз”,– деді олар
қоштасып жатып. “Рахмет, айналайындар!”– деймін риза

көңілмен. Сөйтіп әуеге көтерілейік. Самолет ұшып келеді,
ұшып келеді, бірақ Алматы көрінбейді. Қалғып кетіп оян-
сам түн..., бөтен аэропорт. “Қай жер?”–деп сұраймын аң-
таң болып. “Кемерово қаласы”,– дейді стюардесса. Сонда

ғана барып облыстық әкімшілік жігіттерінің шатасқанын,
Алматы деп Кемеровоның көлігіне мінгізіп жібергенін
түсіндім. Өкінгеннен, ренжігеннен не пайда, әрекет етуге
көштім. Қайыра билет алып, Өскеменге қайта ұшайын де-

сем кассадағылар: “Осы таяуда бізде Ресейдің жаңа рублі
шыққан. Мына сабан ақшаңызды алмаймыз”,– деп жолат-
пайды. Қонақ үйге барайын, тамақ ішейін десем де осындай
кедергі. Таң атқан соң бұрын өзін көрмеген, білмеген, бірақ

аты сырттай таныс Амангелді Төлеев есіме түсті. “Облыстық
Кеңестің төрағасы ғой. Ақшамды ауыстырып беруге
көмектесер”,– деп ойладым ішімнен. Сөйттім де оған сол
аэропорттан телефон соқтым. “Мен сізді білемін. Ешқайда

қозғалмай, сол орныңызда тұрыңыз. Қазір көмекшімді
жіберемін”,– деді ескі танысымдай аңқылдап тіл қатқан ол.
“Жау жерінде бір үйің болсын”,– деген рас-ау. Амангелді
Ресей Президентінің пәрменімен елдегі Кеңестердің та-

рап жатқан үстіне келгеніме, жағдайының шатқаяқтап
тұрғанына қарамастан мені өте жақсы қабылдады. “Бүгін
бұл жақтан Қазақстанға самолет ұшпайды. Ертең қайтыңыз.
Көмекшім сізді қонақүйге де орналастырады, билет те

әпереді. Ешнәрсеге алаңда маңыз”,– деді ол жігерлі үнмен.
Сөйтті де мұндағы саяси-әлеуметтік ахуалдың қиын екенін,
отбасына қастандық жасалғанын, қарапайым халықтың
өзін жақсы көретінін, таяуда жаңа кітабының шыққанын

баяндап өтті. “Жағдай бұлай болса елге, Қазақстанға
қайтпайсың ба, айнала йын”,– дедім мен оны жоғарыдағы
айтқан әңгімелерінен кейін аяп кетіп. “Жоқ. Бармаймын,–
деді ол.– Біріншіден, Қазақстанға менің еңбегім сіңген жоқ.

Не деп барамын? Екіншіден, қиындық туғанда саяси баспа-
на сұрағандай боп төменшіктеп бару тағы жараспайды. Ол
маған өліммен тең. Үшіншіден, мұндағы қалың бұқараның
мен дегенде жаны басқа. Жақсы көреді. Сыйлайды. “Кетпе.

Шыда”,– дейді. Сенімнен артық не бар? Демек енді не көрсем
де осылармен бірге көрмекпін”.
Ертесінде мен Өскеменге аттандым. Содан қашан
Алматыға жетер-жеткенше көз алдымнан сонау Сібір

жерінде жүрген Амангелді Төлеев кетпей қойды. Онымен
мені кездестірген кездейсоқтық па? Жоқ. Дәм-тұз, тағдыр
шығар, бәлкім.
ТІЗГІНТАРТАР СӨЗ: Құрметті оқырман! Біз бұл

сұхбатымызда Қасым Қайсенов сияқты абзал ағамыздың
барлық қырын жан-жақты ашып бердік деп айта алмаймыз.
Жоғарыдағы баяндалған жәйттер қайталанбас тұлға, аңыз
адамның ұзақ өмір жолындағы үзік-үзік суреттер ғана. Ой-

ымыз сол шағын көріністер арқылы партизан-жазушының
ерлік жолдарынан бүгінгі ұрпақты хабардар ету, осындай
адамның бар екенін олардың есіне қайтара бір салып өту бо-
латын. Содан кейін... иә, содан кейін Жеңістің 50 жылдығы

қарсаңында Қасым ағаға кезінде бүкіл халық болып ала
алмаған қамал – Батыр атағын берудің кезі жеткен жоқ па
деген ойға қозғау салу еді. Осы ниетпен “Халық кеңесі”
газетінің 1995 жылғы 2 наурызында шыққан мақаламыздың

соңын: “Ал, сіздер ше, халайық? Сіздер бұған не дейсіздер?”–
деген сөйлеммен аяқтаған болатынбыз. Бұл пікірге респу-
блика тұрғындарының қызу үн қосқаны әлі күнге дейін

есімізде. Олардың редакцияға жолдаған хаттарын жақсылап
тұрып сұрыптап, қоғамдық пікір ретінде көлемді етіп газет-
ке бергеніміз бар.
Өстіп жүргенде 9 мамыр – Жеңіс күніне де екі аптадай

уақыт қалған. Бір күні, яғни, 24 сәуірдің кешінде редакция
секретариатындағы телетайп аппараты әдеттегісінше тық-
тық етіп, газетке баратын соңғы ресми материалдарды бере
бастады. Солардың ішіндегі: “Литерлі!!!”–деп үш леп белгісі

соғылған қуанышты хабар ол: “1941 –1945 жылдардағы
Ұлы Отан соғысына қатысушылардың бір тобын Қазақстан
Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау
туралы”,– деген Елбасымыздың Жарлығы еді. Онда: “Май-

дан даласында көрсеткен жауынгерлік ерлігі, соғыстан
кейінгі жылдарда сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық
қызметі үшін мыналарға жоғары ерекшелік белгісі–“Халық
қаһарманы” атағы беріліп, айырықша ерекшелік белгісі –

Алтын жұлдыз тапсырылсын: Қайсенов Қасымға – жазушы,
Алматы қаласы; Кулаков Алексей Карповичке – зейнеткер,
Қарағанды облысының Осакаров ауданы; Таипов Мур динге

– зейнеткер, Алматы облысының Ұйғыр ауданы”,– деп жа-

зылыпты.
Ертесінде, 1995 жылдың 25 сәуірі күні жоғарыдағы
қуанышты хабар республикалық газеттердің бәрінде
жарияланып, ел бұл оқиғадан толық хабардар болды.

Халық өз бағасын: “Батыр!”– деп баяғыда-ақ беріп қойған
қаһармандар – Бауыржан Момышұлы бар емес пе? Міне,
содан кейінгі Қасым Қайсеновке аталмыш атақтың берілуі
кезіндегі еш қоспасы жоқ шағын өмір суреті осындай еді,

қадірлі оқырман.
1995 жыл.

ӨЗГЕГЕ

ҰҚСАМАЙТЫН

ӨМІР

Бірде біздер астанадағы “Ғалымдар үйіне” шақырылып,
онда осында өтетін саяси партиялардың үйлестіру кеңесіне
қатысқанымыз бар. Сол басқосуда әңгіме кешегі, бүгінгі
ұлттық сана-сезім рухы төңірегіне ойысып, оның ояну

үрдісі кезеңіне келіп тірелгенде қып-қызыл пікірталас туды
да кетті. Дауды қоздырған “демократ” Дәметов еді. Ол қыза-
қыза келіп жазушы Сәтімжан Санбаевқа: “Қазір бәріңіз
білгіш сіз дер. Батырсыздар. Осындай сөзді 86-шы жылы айт-

пай қай да қалдыңыздар?” – деген дөкір сұрақты қойып кеп
қалды.

– Қарағым,– деді бұған Сәтімжан Хамзаұлы,– сен пионер

болып барабан соғып, комсомолға өтемін деп устав жаттап
жүргеніңде біз ел, халық үшін істейтінімізді сол кезде-ақ
істеп, жасайтынымызды сол уақытта-ақ жасадық қой деп
ойлаймын. Және солардың бәрін ешқандай айғай-шусыз, да-

быра-дусыз жан баласына міндетсімей жүзеге асырған едік.
Қазіргідей жариялылық жоқ ол кездегі қоғамға деген ішкі
қарсылық – үнсіз оппозиция әрекетін қауіпті, қиын қимыл
емес еді деп кім айта алады?

Иә, жазушы аға сол жолғы сөзі мен ойын көпшілікке
дұрыс айтып, дұрыс жеткізе білді. Десек те біз өткенді
тез ұмытатын халықпыз ғой. Сорымыз да сонда. Әйтпесе
“хрущевтік жылымықтан” соң ұстараның жүзіндегі үміт

пен күдік қатар аунаған алпысыншы-жетпісінші жылдар
творчестволық интеллигенция үшін нағыз психологиялық
арпалысқа толы үнсіз күрес кезеңі емес пе еді. Мәселен
ғалым Мұхтар Мағауиннің еңбегін еске түсіріп көрелік.

Ол үшін қазақ әдебиетінің тарихы XV ғасырдан баста-
лады деген тың да жаңа концепцияны ұстанған “Қобыз
сарыны” монографиясын жазу, өлеңдерінің әр жолынан
өр де ер бабаларымыздың асқақ рухы атой салып тұрған

дала номадтарының мұрасы “Алдаспан” жинағын шығару,
репрессияға ұшырап ақталмаған замана трагедиясының
құрбаны
Шәкәрім

Құдайбердіұлын
Ленинградтағы
“Қазақстан ақындары” антологиясына нар тәуекелмен
енгізіп, жарыққа шығару оңай болды дейсіз бе? Немесе Ілияс

Есенберлиннің “Қаһары” мен Олжас Сүлейменовтің “Аз и Я”
кітаптарын алып қарайық. Олар сол кездегі ұрпақты ұлттық
сана-сезімнің оянуына үндеу емей немене? Бұған башқұрт
қаламгері Сәйфи Құдаштың республика үкіметі басшыла-

рына жазған хатына байланысты қазақ зиялыларының ақын
Мағжан Жұмабаевты ақтау жөніндегі КазГУ-де өткен жиы-
нын қосыңыз. Айта берсек мұндай мысалдар көп. Осының
бәрі сол жылдардың өзінде-ақ біздегі творчестволық

интеллигенцияның кеңестік қоғам мен оның идеологиясына
деген ішкі қарсылығын көрсе тетін жәйттер еді. Ал, жазу-
шы, киноактер және аудармашы Сәтімжан Санбаевқа келер
болсақ...

– Ол өте ұзақ әңгіме,– деді кейіпкеріміз маған ойлана тіл

қатып.– Шығармаларымды орыс тілінде жазатын менің және
менің замандастарымның өмірін, көзқарас эволю циясын
танып-білу үшін бәрін де басынан бастап айту керек. Сонда
ғана ол көпшілікке түсінікті болатын сияқты. Егер шыдамың

жетіп тыңдасаң... айтайын.
Мен бәріне де бейіл екенімді білдірдім.
...Ол сөйлеп отыр. Көз алдымнан ақшағыл құмдар
мен бор таулар өлкесі Маңғыстау мұнарта көшіп, аптап

аңызақтан аңқасы кепкен Атырау даласы елес беруде.
Әңгіме иесінің айтуынша ол міне осы аймақтағы атақты
Дербіс батырдың ұрпағы, ауыл мұғалімі Хамза Санбаевтың
отбасында дүниеге келген. Хамза жас кезінде Бөкей орда-

сы деп аталған сол батыс өңіріндегі мынау деген мықты
азаматтармен таныс-біліс, үзеңгі жолдас болған адам екен.
Мәселен оның 1915 жылы алғашқы қазақ дәрігері Халел
Досмұхамедовпен тізе қоса отырып, елге обаға қарсы егу

жұмыстарын жүргізгені, тұңғыш юрист, Дума депутаты
Бақытжан Қаратаевпен бірге 1920 жылы Ойыл ревкомында
қызмет істегені немесе басын кеңестік темір ноқтаға имей
кеткен “дала көкжалы” Құныскереймен 1929 жылы артельдік

шаруашылық ұйымдастырғаны көп жәйтті аңғартқандай.
Сәтімжан осындай отбасында өмірге келген уақытта

әкесінің арғы-бергіні бағамдай келіп, елдегі сауатсыздықты
жою жұмысы – ұстаздыққа біржолата бет бұрған кезі еді.
Көпті көрген қазақ зиялысы ол мұндай шешімге аяқ астынан
келді деп ойлауға бола ма? Жоқ. Бұл кезде Хамзаның жоғарыда

аты аталған ниеттес, пікірлес жора-жолдастарының бәрі әр
кездегі елі мен жері үшін айтқан ашық пікірі, озық көзқарасы
үшін жазықсыз жазалау – репрессия құрбаны боп кеткен бо-
латын. Сондықтан да ол өзінің ендігі міндеті өрттен кейінгі

өртеңге өркен өсіру, яғни нәубетке ұшырап, оталып кеткен
оқығандарымыздың орнын басатын ойлы ұрпақ тәрбиелеу
деп білді. Осы арада, құрметті оқушым, біз оқиға желісінен
оза отырып, сіздерге мынадай жәйтті айта кетелік. Ол Мақат

поселкесіндегі іргесін өзі қалап, өзі сабақ берген, кейін сон-
да 30 жыл директор боп құрметті еңбек демалысына шыққан
Хамза Санбаевтың орта мектебінен есімі елімізге белгілі
академик Зейнолла Қабдолов, ақын Меңдекеш Сатыбалдиев,

жазушы Берқайыр Аманшин сияқты ағаларымыздың түлеп
ұшқан дығы дер едік. Бұл ұстаз арманының орындалғаны
емей немене?!
...Отызыншы жылдардағы Мақат, Ембі өңірі... Бұл

аймақты тарихи оқулықтардан кеңестік дәуірдің алғашқы
бесжылдықтарында өмірге келген ірі мұнай ошағы ретінде
жақсы білеміз. Қуатты ұранмен қанаттанған сол кездегі
елдің ерен қимылы-ай десеңші шіркін!.. Бақытты болашаққа

ұмтылған адамдар жанын аямай теміржол салды. Күн-түн
демей мұнай кәсіпшіліктерінің мұнараларын тұрғызды.
Уақытпен санаспай еңбек етіп, электр желілерін тартты. Бір
сөзбен айтқанда, ол кездері мұнда қым-қуыт қимылға толы

тіршілік қазаны бұрқ-сарқ қайнап, жаңа өмірге құлшынған
жергілікті халықтың талабы тауды бұзып, тасты жаратын
деңгейде еді. Бірақ... иә, бірақ осындай ұлы дүбір, ұлан ғайыр
істермен бірге Мақатта мүлдем құпия басқа бір өмір, басқа

бір тіршілік қатар жүріп жатты. Ол өзіміз сөз етіп отырған
аймаққа қасіретті “ГУЛАГ архипелагының” құрамына
кіретін саяси тұтқындар лагерінің де келіп ірге тепкендігі
болатын.

– Қандай кереғар көрініс десеңші,– дейді Сәтімжан

аға балалық шақтағы көз алдында қалып қойған сол бір
өмір суреттерін еске алып.– Поселкені қақ жарып өтетін
теміржолдың батыс жағында алаулап-жалаулаған ұраншыл
тіршілік атой салып жататын. Ал, шығыс тұстағы құладүз...

тікенді сым темірмен қоршалған сұсты барактар еді. Әкемнің
айтуынша, оның алғашқы тұрғындары 1934 жылдан бастап
бой көрсете бастаса керек. Олар “эсер”, “меньшевик” деп ат
қойылып, айдар тағылған Ленинград, Мәскеу ғалымдары

екен. Содан кейін бұларға 1940 жылы Балтық бойынан жер
аударылған латыш, эстон графтарының үрім-бұтақтары
қосылыпты. Бала болсам да жақсы білемін, ең соңғы этап
мұнда 1944 жылы келді. Ол Сталинград майданында қолға

түскен неміс тұтқындары мен депортацияға ұшыраған че-
шен-ингуш отбасылары болатын. Міне, бауырым, біз осын-
дай ортада өсіп, ержет тік. Бір жағымызда – еркін емір!
Ал, екінші жағымызда... темір торлы тіршілік. Өзің ойлап

қарашы... Мұны сол кез дері қалай түсініп, түйсінуге болар
еді?
Иə, бұл сұраққа деген жауапты ол балалық шағында
таба алмағаны анық. Бірақ кейін, арада 40 жыл өткен соң

Берлиндегі баспагерлердің халықаралық симпозиумында
сөйлеген сөзінде Сəтімжан аға ол жөнінде: “Бала кезімде
мен адамдардың екі түрлі өмірін көріп өстім. Біріншісінде

– ресми, алдамшы, қолдан жасалған ұраншыл кезеңнің

қысымымен
қалыпқа
салынған
отырықшы

тіршілік
менмұндалап тұратын. Ол дəлірек айтсақ, нағыз өмір емес,
коммунистік еріксіздік жағдайындағы күнкөрістің амал-ай-
ласы, əдіс-тəсілі еді. Екіншісі – көшпенділердің шынайы,

ешбір қоспасы жоқ таза өмірі болатын. Бұл ата-бабалары-
мыздың бүкіл болмыс-бітімін көз алдыңа айна-қатесіз алып
келіп, осы құдіретімен ол адамдардың ой-санасын əлми-
сақтан қалыптасқан салт-дəстүріміз бен əдет-ғұрпымызды

жоғалтпай сақтап қалуға үндейтін. Сөйтіп ол уақытта бір-
біріне қарама-қайшы екі əлем – тоталитарлық кеңес мек тебі
мен қазақтың дəстүрлі қара шаңырағы болашақ ұрпақ біз
үшін іштей текетіресе күресіп жатты”,– деп еске алады.

Мұны біз Сəтімжан ағаның жер ортасы жасқа келіп, ақыл
тоқтатқандағы тұжырым-толғамы деп қабылдағаны мыз жөн
құрметті оқушым. Ал, балалық, жастық шағында ше? Əрине,
ол кездері кейіпкеріміздің сол уақыттағы өмір ағымын

осылай болуға тиіс тіршілік шығар деп қабылдап, есейіп-

ержеткені анық. Атап айтқанда, ол да басқа жасөспірімдер
сияқты мойнына алқызыл галстук тағынып, кеңес мектебінде
оқыды. Ауыл балалары арасындағы “соғыс” ойынында Ча-
пай болып қол бастауға құлшынды. Романтика отаны – Тың

жерге аттануды армандады. Айға ұшырылған тұңғыш жер
серігіне таңданып, космонавт болуға талаптанған кездері де
жоқ емес. Бұл – шындық.

– Ашығын айтыңызшы... Дегенмен жас кезіңізде кім

болуды армандаған едіңіз? Инженер... Жазушы... Кино-
актер... Осылардың қайсысы? – деп сұрақ қойдым мен
əңгіменің бір ұрымтал тұсында Сəтімжан ағаға.

– Бұлардың ешқайсысы да емес,– деді ол кісі менің

жоғарыдағы сауалдарыма күлімсірей тіл қатып.– Шы-
нымды айтсам ол кездері атақты спортшы, оның ішінде
еркін күрестен чемпион болуды армандаған едім. Неге
дейсің ғой?... Тоғызыншы класта оқып жүргенімде өзімнен

бір саты жоғары оқитын балалардан оңбай таяқ жегенім
бар. Олар менің сол кластағы бойжеткенге ғашық болып
қырындағанымды кешіре алмады да сілейтіп тұрып таяққа
жықты. Міне, осы оқиғадан соң күшті болуға, күрестің

көкесін көрсететін спорт шебері атануға іштей ант ет-
кен болатынмын. Ақыры бұл мақсатыма жеттім де. Бірақ
ол арманым кейінірек, орта мектепті бітіріп, РСФСР-дағы
Орынбор ауыл шаруашылығы институтына оқуға түскенде

орындалған еді. Сол жерде мен техника ғылымының канди-
даты, тамаша педагог, жаны жайсаң жаттықтырушы Ю. Тро-
фимовпен таныстым да, ол мені кілем үстіндегі күрделі өнер

– күрес əлеміне жетелей жөнелді.

Институт қабырғасында өткен студенттік жылдар... Ой-
лап қарасақ бұл кезең біздің кейіпкеріміз үшін табыссыз
болмаған сияқты. Олай дейтініміз, орта мектепті алтын ме-
дальмен бітірген алғыр жас бөтен ел, бөгде жердегі жоғары

оқу орнында өте жақсы оқиды. Бос уақытында күреске де-
ген құштарлық – боз кілемдегі белдесуге үзбей қатысып,
алдымен спорт шеберлігіне кандидат, содан кейін спорт
шебері атанады. Ал 1961 жылы ғарышқа тұңғыш рет адам

ұшып, дүние дүр сілкінгенде сарапшы мамандар оны Куй-
бышев авиация институтына ауысуға кеңес беріп, космо-
навтар отрядының қосалқы құрамына қосуға ниет білдіреді.
Əрине, басқа біреу болса тағдырдың өзіне оң қабақ танытқан

осы мүмкіндігін қалт жібермей қағып ала қояр еді. Бірақ
таңғаларлығы сол.., Сəтімжан аға неге екені белгісіз атал-
мыш ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартады. Мұны түсіну де,
түсіндіріп айту да қиын. Бəлкім оған оның сол кездері кейін

ғылыми еңбекке айналдырмақ ойы бар “Ауыл-селодағы мал
фермаларын кешенді түрде механикаландыру” атты диплом
жұмысына деген шексіз қызығушылық, өз салмақ дəрежесі
бойынша классикалық күрестен РСФСР құрама командасы-

на қабылданып, одақтық аренаға жол ашылған жұлдызды
сəт, қысқы-жазғы каникул кездерінде астанамыз Алматыға
келіп, əдебиетіміз бен өнеріміздің “хрущевтік жылымық”
тұсында дүр етіп көтерілген жаңа лек, жас перілері Олжас

Сүлейменов, Салихиддин Айтбаев, Қалихан ЬІсқақов, Асқар
Сүлейме новтермен творчестволық байланыс орнатуы себеп
болған шығар... Кім біледі?
Өстіп жүргенде...

...Қыс еді. Ымырт үйіріліп қалған кез болатын. Ала-
шұбар қарлы жолмен аңырап келе жатқан “УАЗ” машина-
сы кішкене өзектегі қызыл су жайылған көктайғақ мұзға
табан тірей алмады да, қатарынан төрт-бес рет аунап ба-

рып, доңғалақтары ауаға асылған күйі тұрып қалды. Көзді
ашып жұмғанша болған бұл оқиға Сəтімжанның өндірістік
тəжірибеден өтіп келе жатқан совхозынан 50 шақырым жер-
де болған еді. Алда Орынборға ұшатын Гурьев аэропорты-

на дейін əлі 20 шақырым жол бар-ды. Сондай-ақ Мəскеудегі
классикалық күрестен өтетін бүкілодақтық жарыстың ба-
сталуына да небəрі 28 сағат уақыт қалған болатын. Кенет...
апат... Быт-шыты шыққан машина мен қимылсыз қалған

жолаушы əйелді көрген жүргізуші жігітте ес қалмады. Ол
үсті-басын қан жапқан Сəтімжан мен қазаға ұшыраған бей-
таныс келіншектің қолынан ұшып кеткен сəбидің өлі-тірі
екенін ұмытып, бетін басып айғайлаған күйі айдалаға безіп

кетті. Не істеу керек? “Алға қарай қозғалайын. Нəрестені
аман сақтап қалуға қам жасайын. Əйтпесе екеуміздің де
үсіп өлуіміз мүмкін”. Атыраудың қара суығы қақаған сол
бір аязды түнінде Сəтімжанның басына келгені осы ой бол-

ды. Сөйтіп ол өз жағдайының өте ауыр екеніне қарамастан
шырылдаған сəбиді қойнына тыққан күйі жанталаса алға

ұмтылды. Қанша жүргені белгісіз, əлде түн ортасы, əлде
таңға жуық мезгіл ме екен, жел өтіндегі шамы шайқалақтап
тұрған разъезд үйшігіне жетті. Сол жерде мосқал тартқан бір
кісінің сəбиді мұның қолынан алып, өзін əрекетпен жеңіп,

сенім көкжиегін сол арқылы кеңейтіп жоқ.

– Байқап отырған шығарсың, жоғарыдағы жəйттер

кəдімгі кинодағы оқиға сияқты емес пе, ə?– деді осы араға
келгенде Сəтімжан аға.– Саған айтайын дегенім, менің ба-
сымда болған осы көрініс енді өмірде қайталанбаса екен,
құдай ондай жағдайды ешкімнің басына бермесе екен деп

тілеймін, бауырым. Себебі, сол апат кесірінен алға қойған
қаншама арман-мақсатым аяқасты болып, айтпай келген ау-
рудан қанша уақыт азап шегіп жаттым десеңші... Разъезден
ауруханаға қалай тап болдым, білмеймін. Тағы да тура сол

кинодағыдай оқиға... Апаттан кейінгі есімде қалғаны жол
қараушының аядай тар күңгірт бөлмесі еді. Енді қарасам
биік те кең, жарық палатада жатырмын. Айналам, аппақ, ақ
дүние... Содан бастап адам төзгісіз ұзақ, азапты күндер ба-

сталды дейсің.
Өтіп болмайды. Ауруханадан ауруханаға ауысу... Палата-
дан палатаға жөткеу... Аппақ дүниеден аппақ дүниеге көшу...
Өстіп отырып ел айта беретін Қырым жағалауынан бір-ақ

шықтым. Мұнда да сол баяғы бірсарынды сұрқай тіршілік.
Олай дейтінім, көздің жауын алып, көкке өрлеген сұлу
кипаристерді тек терезеден ғана көремін. Жұпар шашқан
гүл шетен исін желдеткіш арқылы сезіп жатамын. Далаға

шыға алмаймын. Төсекке таңылған күйі сарыжамбас болып
жатамын да қоямын.
Сəтімжан ағаның жоғарыдағы əңгімесін тыңдап оты-
рып мен оның “Тағы бір жаз” романындағы шағын эпи-

зодты есіме түсірдім. Айтпақшы, бұл туындыны автордың
өмірбаяны деп те айтуға болар еді. Міне, сол эпизодта ауыр
операциядан кейін ұзақ уақыт төсек тартып жатып басын
көтерген роман кейіпкері Кəрімнің дүниеге екінші рет кел-

гендей болған көңіл-күйі суреттеледі. Оның сондағы жан
дүниесіне зер салсаңыз... Мұны түсініп-түйсіну үшін “жыл-
дап төсек тартып жату” аз болар, сірə. Оқиғаның шарықтау
шегінде Кəрім беті бері қарағаннан кейін бірінші рет палата-

да жатып тамақтанудан бас тартады да, асханаға өз аяғымен
баруға əрекет жасайды. Дəрігердің рұхсатынсыз аулаға се-
руендеуге шығады. Он қадам... Жиырма... Тағы да он адым
алға жүру... Иə, бұл Кəрім үшін өмір сүруге, тіршілікке

қайта оралуға деген ішкі құлшыныс еді. Медицина тілімен
айтқанда ол сырқат анатомиясының мүмкіндік шегі деген-
нен артық, аздап болса да артық əрекет болатын.
Міне, Сəтімжан аға өмірге тап осындай тірлікпен қайта

орала бастады. Əр атқан таңды жоғарыдағы қайсар əрекетпен
жеңіп, сенім көкжиегін сол арқылы кеңейтіп отырды.

– Жазуға, жазушылық өмірге қалай бет бұрдыңыз?

– Білмеймін,– дейді кейіпкеріміз бұл сауалға иығын

көтеріп қойып.– Мүмкін оған... Иə... Қиналған кездерім-
де төсек жақтауынан қалай тірек табамын деп қарман-
сам, қағаз-қаламнан да солай таяныш іздеген болармын.
Өйткені кешегі тепсе темір үзетін жас жігіт мен енді

шарасыздықпен бетпе-бет жалғыз қалдым ғой. Кезекті бір
консилиумда
дəрігерлер:
“Осыдан

оңалып
кетсеңіз
совхозға бару дегенді ойыңыздан шығарыңыз. Себебі сізге
тұрақты түрде ұзақ емделуге тура келеді. Ал ауылда

ондай жағдай жоқ. Сондықтан қажетті дəрі-дəрмек, тиіс-
ті мамандар бар қалалы жерге қоныс аударыңыз. Басқа
жұмыс істеңіз”,– деген ақыл айтты. Содан бастап бір бөлегі
алынып тасталған өкпеммен өмірге жармасудың оңай

еместігін түсіндім. Суға кеткен тал қармайдының кебін киіп,
төсекке таңылған мен енді ойымды орап, қолымды қозғар
қандай да бір мүмкіндік болса, сонымен шұғылдануға бел
байладым. Бұған осы бəріміздің бойымызда бар сақтану

түйсігі де бой ұрғызған шығар, бəлкім.
Кейде адамдардың кинодағы кейіпкерлердей өмір сүретіні
бар ғой. Аяқ астынан келген қиындыққа тап болған жандарға
зер салып қарасаңыз сын сағатта олар өздерін əрқилы ұстап;

əртүрлі мінез-құлық көрсетіп жатады. Біреулер ашынып,
қаратастай қатыгезденеді. Екіншісі жанындағы жанның
қиналғанын көріп, өз ауруын ұмытады. Торыққан шақта
үшінші біреу өмірден баз кешіп, күдер үзсе, қалғандары

қараңғыдан жарық іздеп, əр сəулеге жанкештілікпен жарма-
сады. Жалпы басқа түскен бəледен арылу қалауыңа байла-
нысты емес деген рас сөз. Ол ең алдымен адамның рухы-
на байланысты дер едік. Сəтімжан аға қарманған тал – ана

сүтімен қанға сіңген, əке шаңырағында бойға жиған рухани
қор, атамекеннің ғажайып аңыздары, көненің көркем келбеті

– Атырау, Маңғыстаудың кешегісі мен бүгінгі өмірі бола-

тын. Иə, жоқтан бар пайда болмайды, негізсізден негізді ту-
майды деген сол, əнеки.
Алғашқы тырнақалды туындысы “Дала жұлдыздары”
повесін Сəтімжан аға Қырымдағы аурухана төсегінде жа-

тып жазып бітіріп, оны Мəскеуге, “Советский писатель”
баспасына жіберді. Көп кешікпей ол жақтан хат та алды.
Онда: “Кітабыңыз бізге ұнады. Енді сізбен ақылдаса оты-
рып, қолжазбамен жұмыс істеуіміз керек. Сол үшін жеке

əңгімелесуге бізге келіп кетіңіз. В. Карпов”,– деген жылы
лебізге толы жолдар бар еді. Өкінішке қарай, Сəтімжан
аға ол жолы Мəскеуге бара алмады. Қарға адым жер жүру
мұң болып тұрғанда Мəскеу қайда, бұл қайда... Дегенмен,

көңілге қуаныш ұялататын бір жəйт “Дала жұлдыздары” со-
дан кейін көп кешікпей Алматыда жарық көрді. Сондай-ақ
аталмыш повесті бірінші болып оқыған “Советский писа-
тель” баспасының редакторы В.Карпов пен танысудың сəті

де осыдан соң болған еді.
Ал кейіпкеріміздің қолжазбасына тұңғыш пікір жазған
Б. Рунин болса ол Сəтімжан Санбаев сынды қазақ жазушы-
сының дүниеге келуіне өзінің себі тигенін күні бүгінге дейін

білмейді. Мəскеулік əдебиетшілердің сол бір жылы қолдауы
болмағанда Сəтімжан аға “Дала жұлдыздары” повесімен
Алматыдағы “Жазушы” баспасына келмес те еді.

– Осыдан кейін мен өз жағалауымды айқындадым,–

дейді біздің кейіпкеріміз.– Сөйтіп енді ойда жүрген басқа
шығармаларымды жазуға батыл кірісе бастадым.
1969 жылы Мəскеуде жас ақын-жазушылардың бү-
кілодақтық кеңесі өтті. Ондағы проза секциясына арналған

семинарды Шыңғыс Айтматов жүргізді. Сəтімжан аға атақты
жазушы талқысына сиясы əлі кеуіп үлгермеген “Ақ аруана”
повесін ұсынды. Басқа қалам иелерінің шығарма ларынан
гөрі осы туындыға көп тоқталған Шыңғыс Төреқұлұлы:

“Ақ аруана” авторынан нағыз жазушы шығады. Мен бұған
сенімдімін”,– деген аталы сөзін айтты.
1972 жылы “Простор” журналының бірінші санын-
да Сəтімжан Санбаевтың “Аңызды аңсағанда” атты повесі

басылды. Бұл оның “Дала жұлдыздары”, “Тағы бір жаз”,
“Ақ аруана”, “Көп ажал” туындыларынан кейінгі тарихи
тақырыпқа арналған кезекті шығармасы еді. Аталмыш по-
весть жарық көрісімен-ақ Сəтімжан аға “Вопросы литерату-

ры” журналы бас редакторының орынбасары Е. Осетровтан:
“Қымбатты дос! “Аңызды аңсағанда” атты шығармаңызды
бас алмай оқып шықтым. Мұны өз басым тарихқа деген
терең сезімге толы талантты да тамаша поэтикалық ту-

ынды дер едім. Жақсы шығарманы дүниеге əкелуіңізбен
шын жүректен құттықтаймын!” – деген жеделхат алды.
Иə, аурухана төсегінде жазылған алғашқы қолжазба жəне
жоғарыдағы жеделхат... Байыппен бағдарлап қарасақ, бұл

екеуінің арасын бар болғаны бес-ақ жыл бөліп жатқанын
байқар едік. Оған сол уақыт аралығынан бері “қолжазба
бізге ұнады”, “нағыз жазушы шығады”, “талантты” деген
жылы сөз тіркестерінің айтылып үлгерілгенін қосыңыз. Бұл

нағыз творчестволық самғау емес пе? Міне, соғыс жылдары
ұрпағының өкілі, терең ақыл-ой, биік парасат иесі Сəтімжан
Санбаев жазушылыққа осылай келген болатын.
Жоғарыдағы біз баяндап өткен жəйттерден оқушы

қауым кейіпкеріміздің негізгі де басты бір қырына толық
көз жеткізді ғой деп ойлаймыз. Ол оның өзгелер үшін
мүлдем күтпеген күрмеуі көп күрделі өнер – қаламгерлік
кəсіпке қалай келгендігі дер едік. Енді тағдыры өзгеге көп

ұқсай бермейтін талант иесінің азаматтық белсенді өмірлік
бағыт-бағдарын айқындайтын тағы бір екі-үш жағдайға
тоқталғанды жөн көріп отырмыз. Оның біріншісі Сəтімжан
ағаның сол алпысыншы жылдардағы “хрущевтік жылы-

мықпен” пайда болған ұлттық сана-сезімнің қайта ояну
үрдісі кезінде Олжас Сүлейменов, Мұрат Əуезов үшеуі
бірігіп, ол уақыт үшін “басы даулы, сөзі жаулы” деп есеп-
телген ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын жасы-

рын түрде жинап бастыруды қолға алуы да, екінші Абай
Абай болғалы ешкім ойластырмаған нəрсе – ұлы ақынның
“Қара сөздерін” орыс тіліне тұңғыш рет аударып, жарыққа
шығаруы еді. Ал, үшіншісі... иə, үшіншісі Сəтімжан ағаның

денсаулығының дімкəстігін өміршең оптимизге жеңдіріп,
бойындағы тағы бір қабілетімен “Қазақфильмдегі” ұлттық

кадр, колорит жетіспей жатқан киноактерлік салаға атсалы-
суы болатын.

– Алпысыншы жылдардың ортасы еді,– деп еске алады

əңгіме иесі ол кезді.– Бір күні Олжас осы Алматыда Мағжан
ақынның жары Зылиха апайдың тұратынын айтты. Мұрат
Əуезов екеуміз əркімнен сұрастырып жүріп ол кісінің ме-
кенжайы Тимирязев көшесінің бойындағы Ботаника бағы

маңында екенін анықтадық. Іздеп барсақ Зылиха апай ескі бір
бөлмелі пəтерде жүдеу тіршілікпен ғұмыр кешіп жатыр екен.
Содан бастап Олжас, Мұрат, мен үшеуміз ол үйге жиі-жиі
барып, ақынның мұрасын жинастыру, білетін адамдардың

естелігін жазып алып қалу, Мағжанды ақтау туралы жоғары
орындарға құжаттар дайындау секілді мəселелерді қолға ала
бастадық. Мұнымен қоса өз жалақымыздың бір бөлігінен
ақынның жесіріне сырттай “пенсия” тағайындап, оны ол

кісіге ай сайын міндетті түрде почтамен салып жіберіп
жүрдік. Біздің тарапымыздан жасалған бұл көмекті Зы-
лиха апай білетін. Оны ол кісінің үшеумізді көрген сайын
қатты қысыла тынынан, сосын мереке күндері құттықтап

барғанымызда қуыс үйден құры шықпаңдар дегенді сыл-
тауратып біреумізге бет орамал, екіншімізге жейде, одан
кейінгімізге галстук беріп шығарып салатын шағын сый-
сияпатынан анық аңғаратынбыз. Жə, сонымен уақыт осы-

лай өтіп жатты. Бұл мерзім ішінде біз Мағжанның 10 мың
жолға жуық өз өлеңін жəне ол тəржімелеген Вс. Ивановтың
“Сəби”, Г. Гейненің “Күннің батуы”, Е. Кольцовтың
“Шалдың үміті” сияқты шығармаларын тауып, оларды №1

кезектегі əзірлікке ұстауға ұйғарым жасадық. Ол ақынның
шығармаларын машинкаға бастыру жəне мүмкіндігінше
орыс тіліне аударып қою деген сөз еді. Алғашқы міндетті
Жазушылар одағында Ғабең, Ғабит Мүсірепов хатшы болған

50-ші жылдардан бастап табан аудармай жұмыс істеп келе
жатқан тəжірибелі кеңсе қызметкері Роза Жанғожина апай
өз жауапкершілігіне алды да, Мағжанның біз жинаған туын-
дыларын машинкаға 4 дана етіп басып берді. Содан кейінгі

жұмыс – тəржіме мəселесін жас ақын Қайрат Бақбергенов
орындап шықты. Сөз ретіне қарай айта кетейін, осының
бəрін біз Академиядағы Əдебиет жəне өнер институтының
ойына кіріп шықпаған кезде қолға алып, бұл жұмыстарды

ешқандай дабыра-дусыз, жасырын түрде істеген едік. Мұны
Олжас та, мен де, Мұрат та нақты фактілермен дəлелдей ала-
мыз.

– Ал, Абайдың “Қара сөздерін” сіздің орыс тіліне ау-

дарып, тəржіме жасауыңызға нендей жəйт себеп болды
деп ойлайсыз?

– Бұған сол кезең ұрпақтарының бойындағы буыр-

қана оянған ұлттық сана-сезім рухынан туған қажеттілік
қозғау салды деп жауап берер едім. Иə, алпысыншы
жылдарда халқымыздың болмысын, тарихы мен мəдениетін
жаңаша танып білуге деген құлшыныс керемет болатын.

Мұндай жағдайда Абайды оқымау, зерттемеу, оған жүгінбеу
мүмкін емес нəрсе еді. Əсіресе ол орыстанып, ана тілінен
адасып қалған жас интеллигенция өкілдерінің ұлттық
сезімін ояту үшін өте қажет болды. Абайдың “Қара сөздерін”

тəржімелеуді мен, міне, осындай кезде қолға алдым жəне ол
өз уақытында істелген дұрыс шаруа болды ғой деп ойлай-
мын.
Ескерте кетейін, ұлы ақынның 45 сөзден тұратын

“Ғақлияларын” тəржімелеуге кіріскенде 28 жаста едім.
1890 жылы басталып 1898 жылы біткен бұл шығарма
біздің ғасырымыздың 70-ші жылдарына дейін орысшаға
аударылмаған

болатын.
Аударманы
былай
қойғанда

“Ғақлиялардың” кейбір сөздері мен сөйлемдерінің өзі ана
тілімізде үнемі қысқарып, қырқылған күйде жарық көріп
келген-ді. Мен сол қиянаттардың бəрінің орнын толтыру-
ды, “Қара сөздерді” толық күйінде аударып шығуды алды-

ма басты мақсат етіп қойдым. Жəне аталмыш шығарманы
тəржімелеу үшін орысша сөйлейтін емес, орыс-ша жаза-
тын адам керек деген принцип ұстандым. Өйткені Абайды
сөзбе-сөз аудару Абай творчествосының құнын түсірумен

бірдей еді. Сондықтан ұлы ақынның “Қара сөздерін” басқа
тілге тəржімелегенде ондағы ой орамдарын көркем əдебиет
заңдылықтарымен үйлестіре отырып түзіп шығуға тура
келді. Солай істедім де.

“Ғақлияларды” 1968 жылдың аяғында аударып бітірдім.
Көп кешікпей “Жазушы” баспасының көркемдік кеңесінде
үлкен талқылау болып, сарапшылар қолжазбаға жақсы баға
берді. Сонымен оған арнаулы редактор болып Рая Арыс-

ланова бекітілді де, тиісті корректуралық, техникалың
жөндеулерден соң баспаханаға терілуге жіберілді. Бірақ со-
дан кейінгі бір жыл бойына дерлік қолжазбаны қайтып көре
алмай-ақ қойдық. Аударма қайда? Ол кімдердің қолында

жүр? Білмейміз. Ақыры 1970 жылы Абайдың 125 жылдық
тойына 4 ай қалғанда қолжазба баспаға кітап боп бір-ақ
келді. Тəртіп бойынша бұлай болмауы керек еді. Таңдана
отырып салыстырсақ, аударманың біраз жері өзгертілген

жəне қысқарған. Кейін білдік, оны істеген Партия тари-
хы институтының қызметкерлері болып шықты. Бірдеңе
дейін десек, кітап өндірістен мүлде алынып қала ма деп
жасқанамыз. Ақыры директор І. Есенберлин боп бəріміз:

“Не де болса шықсын. Елдің қолына тисін. Кем-кетігін
кейін толтыра жатармыз”,– деген тоқтамға келдік. Міне,
“Ғақлиялардың” орыс тілінде алғаш рет жарық көруінің
қысқаша тарихы осылай, бауырым! Жоғарыдағы қолдан

жасалған кедергілерді есептемегенде “Қара сөздердің” басқа
тілге аударылуы Абайдың 125 жылдық тойы кезіндегі үлкен
оқиға болды.
Жазушы, аудармашы, киноактер Сəтімжан Санбаев! Иə,

əдебиетке алпысыншы жылдардың ортасында келіп, жетпі-
сінші жылдардың басында творчестволық бар күш-қуатын
айқын танытқан бұл есім сол кездегі оқырман қауымға өте
жақсы таныс еді. Ол уақытта біздің кейіпкеріміз өзінің жас-

тығына қарамастан қазақ қаламгерлерінің ішінде бірінші
болып “Ақ аруана” повесі арқылы Бальзак, Золя, Мопассан,
Киплинг, Антуан де Сент-Экзюпери, Хэмингуей сияқты сөз
зергерлерімен бірге “Əлем классиктерінің антологиясы” се-

риясына кіріп, шығармалары 16 тілге аударылып та үлгерген
болатын. Бірақ тағы да күтпеген жағдай... Сəтсіздік... Қолдан
жасалған ол қиянат бұл жолы өкіметтен, өкіметтің бишігеш
идеологтарының нақ өзінен келген болатын. Қалай дейсіз

ғой...
Партияның XXV съезі шақырылардан екі жыл бұрын
сонау “хрущевтік жылымық” тұсында бүр жарып біраз
дүрілдеген ой еркіндігінің қалған-құтқанына мықтап тұрып

тұсау салу басталды. Мұны біздің Қазақстан мысалын-
да ақын Мағжан Жұмабаевтың зайыбы Зылиха апайдың
тиісті орындардан: “Ол жəне оның тобындағы адамдар
ақталмайды”,– деген қатыгез жауапты естіген соң үмітін

біржолата үзіп Алматыдан Петропавлға аттануынан, ғалым
Мұрат Əуезовтің жетекшілік етуімен “Ғылым” баспасы-
нан шығып жатқан “Көшпенділер мəдениеті” жинағының
цензура пышағына ілігіп туралуынан, кинорежиссер В.

Пұсырмановтың “Құлагер” (сценарийін жазған Асқар
Сүлейменов) фильмінің экранға жіберілмей, ақын Олжас
Сүлейменовтің “Аз и Я” кітабының дүкен сөрелерінен жи-
налып алуынан анық аңғаруға болатын. Сондай кеп жазу-

шы Сəтімжан Санбаевтың басына да келді. Бұл уақытта
оның сценарийімен жəне өзінің қатысуымен “Ақ таулар
арасында” атты көркем фильм түсіріліп бітіп, экранға енді
жолдама алайын деп тұр еді. “Кино үйіндегі” Орталық Ко-

митет қызметкерлері қатысқан жабық талқылау кезінде
олардың тарапынан: “Фильм авторы көзтамыры қиылған
түйенің суқараңғы боп қалуы арқылы ештеңені сезіп-білмес
көрсоқыр елге айналып барады деп өз ұлтының болашағын

мегзеп отырған жоқ па? Аруананың басқа жұртты жерсінбей,
өз еліне қарай қайта-қайта қаша беруінің астарында қандай
сыр жатыр? Қауіпті идея осы лейтмотивтен бастау ал-
май ма?”– деген əңгіме өрбіді де, ақыры ол Мəскеуге

барған жерінде кəмпескеге ұшырап тəргіленді. Осыдан
бастап біздің кейіпкеріміздің журналға, баспаға ұсынған
кітаптарына “сын көзбен қарау”, “ақыл айту”, əңгіме,
повестердегі сюжеттерді орынсыз қысқар тып, жарияламауға

тырысу көбейді. Сəтімжан аға мұндай қысымға шыдай ал-
мады. Өндіріс тақырыбын зерттеп, жұмысшы өмірін жаза-
мын деген желеумен уақытша Павлодар трактор заводына
инженер боп кетуге мəжбүр болды. Содан соң Мəскеудің М.

Горький атындағы əдебиет институтына оқуға бару... Одан
Алматыға қайтып келу... Бұдан кейін тағы да Балқаш кен-
металлургия комбинатына инженер боп кету... Осы жерлер-
де жүріп ол кейіпкерлер тағдыры мен оқиғалар желісі бір-

бірімен сабақтас 4 роман (“Площадка”, “Площадь”, “Карьер”,
“Карьера”) жазды. Бірақ бірде-біреуі жарияланбады. Əсіресе
солардың ішіндегі “Алаң” романының тағдыры аянышты-ақ.
Бұл қолжазба баспаға қабылданып, жарыққа шығуға жақын

қалған кезде цензураның пəрменімен өндірістен алынып та-
сталынды. Бар гəп ондағы басты кейіпкерден Дінмұхаммед

Ахметұлы Қонаевтың прототипі көрініп тұрғандығында
еді. Егер ол кез 1986 жылдың желтоқсаны екенін еске ала-
тын болсақ, мəселе түсінікті ғой деп ойлаймыз. Бұл уақытта
билік басынан кетіп, сынға ұшырап жатқан бұрынғы

бірінші басшыны кітап бетінде жағымды кейіпкер ретінде
насихаттауға жол беріп қою сол кездегі идеология идолда-
ры үшін сөз жоқ “кешірілмес, кешіруге жатпайтын күнə”
болып есептелетін. Осыны жақсы білген Димаш Ахметұлы

1987 жылы жазушыға оның өз көңіліне қарамауын, сөйтіп,
романдағы басты кейіпкерді өзгертіп, кітабын шығара
беруін айтқаны бар. Бірақ автор оған көнбеді. Ол өзінің əу
бастағы позициясын өзгертпейтінін, қажет болса өмір бойы

сол пікірінде қалатынын мəлімдеді.

– Қазір енді сол туындыларыңызды жарыққа шығарудың

реті келген жоқ па?

– Иə, келді,– деді Сəтімжан аға.– Осыдан жарты

жыл бұрын үйге “Жалын” журналының бас редакторы
Мереке Құлкенов телефон шалды. Кейінгі кездегі жан
қиналысымды жақсы білетін ол ұзақ жылдардан бергі
жарық көрмеген романдарым мен əңгімелерімді өзінің

“Өлке” баспасынан 5 том көлемінде шығарып беруге
шешім қабылдағанын айтты. “Рахмет! Көп жаса!”–дедім
ішім нен. Қазір бұл бағыттағы жұмыс жақсы жүріп жатыр.
Қолжазбаларым – баспаханада. Терімде!

...Əңгіме аяқталды. Мен үй иесімен қоштасып сыртқа
беттедім. Кетіп бара жатып артыма тағы бір бұрылып
қарағым келді. Бұл жолы көз алдымда жазу столындағы
қаламгер Санбаев емес, В. Карповтың “Ұшы-қиырсыз жол”

фильміндегі комиссар Əліби Жанкелдинді, А. Əшімовтың
“Шоқан Уəлиханов” телесериалындағы Тезек төрені, С.
Тəукеловтың “Батыр Баян” картинасындағы Абылай ханды
ойнаған келбетті де келісті киноактер, рухы мықты текті

қазақ Санбаев тұрды.
...Əу баста ол басқа мамандықтың иесі еді.
Тағдыр оны жазушы, киноактер етті...
...Сəтімжан Хамзаұлы бұған өкінбейді.

Өйткені ол өзгеге ұқсамайтын өмір иесі...
...Мəселе сонда!
1996 жыл.

БƏЙГЕ АТЫ

МҮСІНІН

ЖАСЫРАДЫ

– Кешігіп қалмасам нетті?...

Өз-өзіне іштей осылай деп үн қатқан Сəкең төс қалтасын
қарманды. Сөйтті де ондағы қолына іліккен қатырма қағазға
жүріп келе жатып тағы бір рет көз салды. Мұнда: “Құрметті
Сайын аға! Сізді республикалық Оқушылар сарайындағы

өзіңіздің творчествоңызға арналған кездесуге шақырамыз.
Жүздесу үстіміздегі жылғы 1 қыркүйек – Білім күні сағат
12-де басталады”,– деп жазылған еді. “Жоқ, кешікпеппін”,–
деді шақыру билетіндегі уақытты көріп көңілін демдеген ол

қолындағы сағатына қарап. “Кездесуге дейін əлі 10 минут
бар екен. Үлгеремін”. Осылай деп ой түйген Сəкең Сəтбаев
пен Достық көшелерінің қиылысындағы биік күмбезді
ғимаратқа қарай бет алды.

...Қаламгер аға Оқушылар сарайы қызметкерлерінің ба-
стауымен конференц-залға келіп кіргенде оның ішін дуыл-
дай соғылған шапалақ үні көміп кетті. Төр жаққа өте беріп
байқады, жүздесуге ұстазы, шəкірті бар дегендей ұзын саны

жүз-жүз елуге жуық адам жиналған сияқты, “Жиналыс десе
жаратпай, одан ат-тонын ала қашатын мына заманда бұл да
жаман емес. Осының өзіне шүкір шілік”,– деп ойлады Сəкең
залдағы оқырмандарға барлай қарап. Сөйтті де осы кезде-

суге жауапты қызметкердің сөзіне құлақ түрді. Методист
қарындастың айтуына қара ғанда алдымен жазушы ағаның
өмірі жəне творчестосы туралы баяндама тыңдалмақ. Содан
кейін оның соңы оқыр ман мен қаламгер арасындағы сұрақ-

жауапқа ұласпақшы.
“Сайын Мұратбеков ағай 1936 жылы Талдықорған
облысының Қапал ауданында дүниеге келген. Жеті жылдық
мектепті туған ауылында оқып, он жылдықты Талдықорған

қаласындағы қазақ мектебінде бітірді”.
Мінбеге шығарда елге: “Астанадағы № 2 орта мектептің
оқушысы”,– деп таныстырылған қалқаңқұлақ қара баланың
баяндамасындағы алғашқы сөз міне нақ осылай басталды.

Мұны естігенде Сəкеңнің ішкі сезім пернесі дір ете түсіп, өн
бойынан əлдебір белгісіз ағын жүгіріп өткендей болды. Оған
қозғау салған өзі үшін ешқашан ұмытылмас сəт – балалық
шақ атты үлкен өмір мектебінің шолтаң етіп, бар жоғы екі-

ақ сөйлемге сыйып кеткендігі еді. Иə, бұл айтуға ғана оңай.
Əйтпесе... Осыны ойлауы мұң екен, көз алдына басқа бір та-
ныс-бейтаныс көріністер келгендей əсерде қалды да қойды.
Көңіл түкпірінен көтеріліп шыққан ол елестер төмендегідей

жанды өмір суреттері еді.
...1942 жылдың қысы. Ешкіөлмес тауының етегі ұйытқи
соққан ақтүтек бораннан көрінбей тұр. Толассыз жауған
қалың қар ауладағы бəкене үйлерді көміп тастап, оларды

мұржаларына дейін басып қалған десе де болады. Сыртқа
шығып, қарға адым жер жүре алмайсың. Дала аяздан дом-
быра тартып тұр.
Ішін тарта ұлыған боран үнінен мезі боп барып көзі ілініп

кеткен ол бір мезетте шар етіп шошып оянды.

–Не...Не болды? Бірдеңеден қорықтың ба қарағым?–

деді пеш түбінде қол диірмен тартып отырған Мұ-
ратбек ақсақал немересіне жалт қарап.

–Ата... Апам мінген арба аударылып қалды,– деп

өкси тіл қатты бұл жаңа бір əзірде ғана көрген қорқы нышты
көріністен есін жия алмай.

–А-а, солай ма? Апырай, ə... Түсіңде қорықсаң, өңің-

де қуанасың деген, балам! Ештеңе етпес қане, таңдайыңды
көтерейін,– деді оған абдырай тіл қатқан ақсақал.
Өстіп жатқанда үйге даладағы аяздан үсті-басы аққырау
боп анасы Рəзия да келіп кірген. Шай үстіндегі өзара əңгіме

арасында атасы келініне немересінің манағы көрген түсін
айтты.

–Е-е, қойыңызшы ата,– деді оған келіні.– Осында

жүрген мені жау алар деймісіз. Одан да мұның көкесін
айтсаңызшы. Ненің күнін көріп жүр екен байғұс...

–Менің де ойлайтыным сол қарағым. Есіңде ме, осы

Сайып өмірге келерде ол “байдың баласы” деп ұсталып,
əрең оралмап па еді елге. Сол азаптан енді есін жия бергенде
мына соғыс атты тозаққа аттанғанын қайтерсің. Аман келсе
екен əйтеуір.

Сол кештегі əңгіме осымен тəмамдалған. Жатарда
Мұратбек қарт немересінің күндізгі көрген қорқынышты
түсін ұмыттырғысы келді ме, жоқ əлде шынымен көңілін ау-
лайын деді ме, əйтеуір мұның көрпесін қайта-қайта қымтап

қойып, “Жартыбайдың екі ешкісі” ертегісін айтуға кірісті.
Содан кейін ер бабалары Найзабек пен Шаншар туралы
əңгімелерін бастады. Атасының сөз арасындағы əңгімесіне
қарағанда майданда жүрген əкесі де небір қисса-дастандарды

жадуалдай жатқа соғатын жан екен. Ол Қобыланды, Қамбар,
Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын батырлардың аттары аталған
жерде ішкен асын жерге қойып, олардың жырдағы ерлігін
екі сөзінің бірінде айтып отырушы еді дейді. Содан болар,

қарғыс атқан əнебір қиын жылы НКВД адамдары оны ұстап
əкетуге келгенде: “Келініңіздің ай-күні жетіп отыр əке. Егер
ол ұл туса атын Сайын деп қоярсыз”,– деген тілек айтады.
Бұл оның “Ер Сайын” жырындағы əке кегін қуған батыр

болса екен деген арманы шығар, бəлкім.
Сол түні бала Сайын атасының жоғарыдағыдай жүрек
жылуына толы əңгімесін тыңдап жатып, қалай ұйықтап
кеткенін байқамай да қалған.

Содан бір айдан соң... иə, тура бір айдан соң бұлардың
отбасында оқыс оқиға болды. Қырман басынан жеткен
суық хабарға қарағанда колхоз жұмысында жүрген анасы
қайғылы қазаға ұшырапты.

–Қалай? Қайтіп? Мүмкін емес!...– деп шошып кет-

ті бұл үйге дауыс салып кірген ауыл адамдарын көр-
генде.

–Апырай... Əнеукүнгі түс тегін болмады-ау,– деді жү-

ре гінен жалын ата күрсініп, жер таяна отырып қалған
Мұратбек қарт.
Білетіндердің айтуынша оқиға былай болған. Кешке
жақын ауданнан: “Қызыл жұлдыз” колхозы таңертең МТС-

қа 20 шана бидай жеткізсін,– деген хабар келеді. Мұны
естіген ауыл белсенділері қырмандағы қыз-келіншектерді
астық қаптауға жұмылдырады. Содан кейін оларға дайын
болған дағарларды көтертіп, шанаға тиеттіреді. Осылай-

ша бұлар түні бойы бел шешпей еңбек етеді. Ақ тер, көк
тер боп жанұшыра қимылдайды. Бір мезетте Көлбай керең
мұрнынан сау ете түскен қанды тоқтата алмай, жүрелеп
отыра кеткен мұның анасы Рəзияны көреді. Ел ол кісіні сəл

демалып, есін жисын деп қосқа апарып жатқызады да өздері
қайтадан жұмысқа кіріседі. Содан олар МТС-қа жіберетін
шана керуенін жолға толық əзірлеп болып қоржынтамға
кірсе, анасы шалқасынан түскен күйі қимылсыз жатыр екен

дейді. Мұрнынан аққан қан мойнына ұйып қалыпты. Барып
қозғап көрсе, əлдеқашан жантəсілім етіп жүріп кеткен екен.
Бұл күні-түнгі ауыр жұмыстан əбден əлсіреп, зорығып
кеткендіктен болған қаза десті үлкендер.

– Əкең болса майданда. Шешең ғой мынадай күйге

ұшырады. Қой... енді болмас... Тірлік жасайық қарағым!
Апасының қырқынан кейін немересіне осылай деген
Мұратбек ақсақал көктем шыға бере күрек саптап, кетпен
шыңдаған өзгеше бір қарекетке кірісті. Елді титықтатқан

соғыстың үшінші жылының өздеріне оңай тимесін сезген
көнекөз қария етек-жеңін жинаған мына қимылымен оған
алдын-ала қам жасағандай еді. Əлі есінде, қар еріп, шыбық
күшіктей бастаған шақ болатын. Сол күні ол кісі үйдегі сары

самаурынды арқалап МТС-қа барып келді де айырбасқа
алған асқабақ, темекі тұқымдарын ескі кебежеге салып
қойды. Содан кейін бұған нағашысының бəсіреге берген көк
тайын үйреттіріп, оған Ақешкі сайынан қиған балғын тал-

дарды теңдеп əкеліп, үйдің артын қоршады.
Осылайша ол атасы екеуі қоржынтам іргесіндегі қой
қораның орнындай ғана құйқалы жерге бақша салуға
кіріскен. Жер аудару... Арық қазып, тұқым себу... Жүйек

бойындағы қылтиып шыққан əрбір өскінді мəпелей күтіп,
оны арамшөптерден тазарту... Суығы сүйектен өтіп, шеке-
ден шығар бұлақ суын бөгеп, бақшаға қарай бұру... Міне,
осының барлығы жетіге енді толған жыртық көңіл, жүдеу

жүз жасөспірім мен күш-қуаты əбден қайтып, тек мына
немересі үшін ғана қалқиып тірі жүрген сексен жастағы
қарияға оңай шаруа емес-ті. Бірақ тірлік ету керек. Аштан
өлмеу қажет. Сол үшін де бұлардың осылай тырбанулары

тиіс еді.
Баланың аты – бала. Кейде оның митыңдаған мына
тірліктен тұра қашқысы келіп, көңілінің алай-түлей болаты-
ны бар. Сондай сəттерде ол сүзіліп тұрып, ойдағы ауылға

ұзақ қарайды дейсің. Əне, онда ғой өзіндей балалар асыр

салып ойнап жүр. Ал, бұл болса... Атасы мұның ол ойын
сезе ме, əлгіндей кездерде қалбақтап жаны қалмайды. “Сəл
демалайық. Сусын іш”,– деп бақша шетіндегі күркеге ертіп
əкеледі. Сөйтеді де ертегі айтады. Майдандағы əкесіне хат

жаздыртады. Содан кейін колхоз бастығынан сұрап алып,
мəсісінің қонышына тығып жүрген жалғыз бет аудандық
газетті суырып алады да: “Соғыстан не хабар бар екен.
Оқы”,– дейді бұған.

– Мұнда біздің əскерлердің Курск түбінде жойқын

шабуылға шыққаны жазылыпты ата. Прохоровка деген село
үшін кескілескен ұрыс, қып-қызыл шайқас жүріп жатқан
көрінеді.

–Е, Алла!... Өзің жар бола гөр. Сонда əлгі əкең оның

қай жағында жүр екен?

–Көкем бұл жерде емес, Солтүстік майданда ғой.

–А, солай ма?!... Дегенмен ол əлгіндей кескілескен

жерден аулақ болсын да. Хатыңа сөйтіп ескертіп жаз.
Жарай ма?
Өстіп жүргенде күз де жеткен. Атасы мен немересі үй
артындағы бақшадан алған өнімдерін талшық етіп қыстан

да шыққан. Сөйтіп өлмеген құлға келді жаз деп көктемге де
іліккен.

– Сайын... Сүйінші! Əскерден ағаң келе жатыр!!!

– Қуанған мен қорыққан бірдей деген рас-ау... Көктемгі

шуаққа шекесі жіпси таспа тіліп отырған Мұратбек қарт
мына сөзді естігенде орнынан тұра алмай-ақ қалғаны. Тек:
“А құдай! Уа, жаратқан Алла!”–дей берді де немересіне көше
жақты нұсқады. Мұны: “Бар. Əкеңнің алдынан шық”,– деп

ұққан жасөспірім күнбатыстағы қасқа жолға қарай құстай
ұшты. Шетке шыға бере байқады, арқасында дорбасы бар
жалғыз жаяу ауылға жақындап та қалған екен. Қарсы алды-
нан соққан желден көзі жасаураған ол əй-шəй жоқ əлгі кісінің

қойнына барып қойды да кетті. Сөйтті де қыстығып тұрып
ұзақ жылады дейсің. Оның ағыл-тегіл бұл көз жасында: 42-
нің қытымыр қысындағы ана қазасынан кейінгі көрген азап,
сол жылдың аптап жазындағы атасы екеуі бастан кешкен

тозақ, былтыр күздегі колхоз бригадирінің қырмандағы
тұлықтасқа мінгізіп, жиын-теріннен соң бір уыс та бидай
бердіртпеген мазақ..., бəрі-бəрі де бар еді. Сондағы нала мен
наза, қорлық пен зорлық енді ып-ыстық көз жасы боп сыртқа

шығып жатыр..., шығып жатыр. Көз жасының ыстық та ащы
болатынын ол осы жолы тұңғыш рет сезген.

– Айналайын, жылама,– деді даусы дірілдей шыққан

əкесі бұның ебіл-себіл боп еңіреген түріне қарап.– Жылама.
Міне, мен келдім ғой. Енді қиналмайсыңдар. Бұдан былай
атаң екеуіңді арқама салып жүріп асыраймын, құлыным!
Осы кезде олардың қасына көк құнанымен тепеңдеп

Мұратбек ақсақал да келіп жеткен еді.
“Болашақ жазушының əдебиетке деген талабы мектеп
қабырғасында жүргенде-ақ байқалады. Мұны Сайын ағаның
сол кездегі аудандық, облыстық газеттерде жарық көрген

туындыларынан білуге болады. Жазуға, жазушылыққа де-
ген осы құштарлық оны 1954 жылы ҚазГУ-дің журналисти-
ка факультетіне алып келді”.
...Мінбедегі міндетіне мықтап кіріскен баяндамашы

баланың мына сөзі Сəкеңнің туу сонау алысқа шарлап кет-
кен ойын үзіп жібергендей болды. “Иə,– деді ол ішінен.

– Балақай дұрыс айтады”. Сөйтті де баяндамашының

“əдебиетке талабы”, “мектеп қабырғасында” деген сөзде ріне
орай төмендегідей жəйттерді есіне алды.
Шамасы 1947 жылдың күзі-ау деймін, Талдықорғанға
кеткен əкесі үйге қоңыр мұқабалы үлкен бір кітапты алып

келді. Бұған дейін атасының ертегілерін тыңдап, “Ана тілі”
оқулығындағы шағын əңгімелерді ғана оқумен шектеліп кел-
ген оған мына базарлық тілмен айтып жеткізгісіз қуанышты
оқиға болды.

– Қалада Ғалекеңе жолығып қалдым,– деді Сапарғали

əкесі Мұратбек ақсақалға.– Ол кісі елге соға алмайтынын
айтып, немереңіз екеуіңізге мына кітапты сəлемдемеге беріп
жіберді.
Əкесінің Ғалекең деп отырған адамы ақын, атақты Жəкең

– Жамбыл ақсақалдың хатшысы Ғали Орманов болатын.

Ешкіөлмес баурайында туып-өсіп, Алматыға ертерек оқуға
кеткен ол кісі бұлармен жақын туыс, аталас ағайын болып
келетін жайы бар. Мына кітап жасы жүзге жетіп барып, осы-
дан екі жыл ғана бұрын дүниеден озған ұлы жыраудың ба-

спадан жаңа шыққан толық жинағы екен. Ғалекең көп жыл-
дар бойы Жəкеңнің қасында жүргендіктен жəне осы кітапты

шығаруға тікелей қатысы болғандықтан оны Жетісудың
арғы-бергі ақындарынан хабары мол Мұратбек ақсақалға
əдейі беріп жіберген сияқты.

– Ой, бəрекелді! Ғалиға көп-көп рахмет!– деді атасы

ақын інісінің кісілігіне қатты риза болып. Сөйтті де: “Ал,
балам, бүгін кешке біздің үйге осы төңіректің кемпір-
шалдары ауыз ашуға жиналады. Сен сонда оларға мына
кітаптағы бір қызық дастанды оқып беретін бол. Жарай

ма?”– деген тілек білдірді.
Содан Жəкеңнің қалыңдығы кере қарыс келетін жыр
жинағының алғашқы беті “бісміллə” деп басталсын. Бесінші
кластың оқушысы бұл ондағы өлеңдерді бар өнерін сала

заулатып оқысын. Ел аузын ашып, көзін жұма тыңдасын.
“Сұраншы батыр”, “Құлмамбетпен айтыс”, “Жамбылдың
Айкүміс қызбен сөз қағысуы” сияқты туындылардың
қызығына берілген жұрт енді атасы мен кітап жəне бұл

үшеуін көрші үйдегі келесі күнгі ауыз ашуға шақырсын.
Ол жерде де жинақтағы жыр жолдарын оқу одан əрі қарай
жалғассын. Қойшы, мұның өзі бір қызық оқиға болды.
Сондағы есінде қалған бір жəйт, ол аталмыш кітаптағы

осы өңірден шыққан ақын Сара, Жəкеңнің жеке дəрігері
Рақымбай Досымбеков, ғылыми хатшысы болған Ғали Ор-
манов, халық ақыны Қалқа Жапсарбаев сияқты адамдарға
қатысы бар жерлерге келгенде əлгі сөйлемдерге ерекше мəн

беріп, қаттырақ дауыстап оқитын. Оны естіген қариялар:
“Апырау, мына кітапта біздің кісілердің де аттары жүр ғой.
Ой, ерім-ай!”–деп дүрліге қауқалақтасып қалатын.
Осыдан бастап бұл ауылда кітапқа деген ерекше бір

қызығушылық пайда болды. Қариялар Талдықорған жаққа
жүре қалған адам болса, оған міндетті түрде не Мұхтар
Əуезовтің “Абайын”, не Қалмақан Əбдіқадыровтың жаңадан
аудара бастаған “Мың бір түнін” тауып əкелуді тапсыратын.

Сөйтетін де қолдарына тиген əлгі кітаптарды алып келіп,
бала Сайынды қолқалайтын. Бұл болса бəлсінбейді. Нəшіне
келтіре отырып оқып береді.
Өстіп жүріп жетінші класқа да жеткен. Бірде Сəбит

Мұқановтың “Өмір мектебін” оқып шыққаннан кейін оның
көңіл түпкірінен қызық бір ой қылаң бергендей болды. Ол:
“Өзің көрген, күнде куə болып жүрген құбылыстардан да
мынадай дүние туады екен-ау. Əңгіме деген осы емес пе, өзі?!

Жазып көрсем қайтеді...”–деген балаң қиял еді. Осы оймен
ауылдағы қызық, кездейсоқ оқиғалардан құралған шағын
бір əңгімені қиқалақтата отырып жазып шыққаны бар.
“Біздің ауылдың кештері” атты тырнақалды бұл туындысын

енді кімге көрсетерін білмей басы қатсын. Өстіп жүргенде
əдебиет пəнінің мұғалімі сабақта отырған балаларға “Туған
жер” деген еркін тақырыпқа шығарма жазуға тапсыр-
ма бермесі бар ма? Оған қуанып кеткен бұл жоғарыдағы

əңгімесін сөмкесінен суырып алды да басқа қағазға əдемілеп
тұрып көшіріп, мұғалімге берді де жіберді. Ертесінде... иə,
ертесінде класқа көңілді кірген қарт ұстаз: “Бар-жоғы 45
минуттың ішінде ешбір қатесіз, ойлы да орнықты жазылған

шығарма”,– деп оның əңгімесін мақтасын келіп. Сөйтті де
оны мұның тартыншақтағанына қарамай, мектептегі “До-
стар” атты қабырға газетіне жариялаттырып жіберді.
Халқымызда: “Біреуге біреу себепші”,– деген сөз бар.

Бұған қоса: “Себепсіз салдар болмайды”,– дейміз ғой. Осы
тұрғыдан алып қарағанда: “Бала Сайынды болашақтағы
өмір жолына бейімдеп, оған ықпал еткен не нəрсе еді?”–
деген сауалдың ойға оралары анық. Бұған: “Оның тіні,

түпқазығы мұның соғыс ызғары қарып өткен балалық
шағындағы атасынан естіген ғажайып ертегілері мен кітап
оқуға деген құмарлығында, ауыл қариялары айтқан ғибрат-
ты əңгімелерді қалт жібермей қағып алған құймақұлақ-

тығында”,– деп жауап беруге болады. Міне, осындай руха-
ни сəулелерге толы табиғи тəрбие оны бірте-бірте əдебиет
атты күрмеуі көп күрделі өнер əлеміне қадам бастырған
еді. Оған оның жоғарыдағы “Біздің ауылдың кештері” əң-

гімесінен кейін жатпай-тұрмай ізденіп, “Қиян”, “Кем пір-
қосақ” новеллалары мен “Жолайырық”, “Қырдағы əн” се-
кілді скетч пьесаларын жазуы анық дəлел. Бұлардың бірі
сол кездері мектеп сахнасында қойылса, екіншісі аудандық

газетте жарық көріп жатты. Осылайша ол оныншы класты
бітірер тұста жазуға кəдімгідей төселіп қалған еді. Оны
1954 жылы өзінің облыстық газеттегі көркем шығармаларға
жарияланған творчестволық конкурсқа қатысып, “Кездесу”

деген əңгімесімен бас бəйгені жеңіп алғанынан байқауға бо-
латын.

Ал, нағыз үлкен əдебиет табалдырығын аттап, республи-
ка лық баспасөзде танылуына келсек... Ол былай болған еді.
...КазГУ-дің журналистика факультетіне түсе алмай,
Құр манғазы атындағы консерваторияның актерлік бөлі-

мінде оқып жүрген кезі. Қаланың күнбатыс жағындағы Тас-
тақта пəтер жалдап тұратын бес студент: Асанəлі Əші мов,
Райымбек Сейтметов, Матан Мұратəлиев, Мақай Нұрқасов
жəне бұл сабақтан ұшып-жығылып келеді де жүрек жалғап

алған соң əрқайсысы өз тірлігімен өзі боп кетеді. Асанəлі
мен Райымбек, Матан аласұрып роль сөздерін жаттай-
ды. Мақай мұрнынан шаншылып бірде өлең, бірде скетч
жазуға кіріседі. Ал, бұл болса төсегінің жанындағы тум-

бочканы теріс қаратып алып этюд жазуға отырады. Содан
сабақтан тыс берілген бұл тапсырма-жаттығуды орындау
да аяқталады. Қара шай, қатырма нанды ортаға алған олар
енді өз творчестволары туралы пікір алысуды бастайды.

Күндегі тірліктері осы. Сондай бір “əдеби кеште” ол доста-
рына өзінің жаңадан жазып бітірген “Менің қарындасым”
атты əңгімесін оқып бергені бар. Əсем табиғат көріністері
мен жылы лиризмге толы бұл туынды Асанəлі мен Мақайға

қатты ұнады. Сол жерде олар: “Əңгімеңнің кейіпкерлері де,
лейтмотиві де жастар, жастық шақ, махаббат туралы екен.
Сондықтан мұны “Лениншіл жасқа” апару керек. Ондағылар
сенің бұл шығармаңды сөз жоқ басады”,– деп кеңес берді.

Достарының айтқан пікірі көңіліне қонған ол ертесіне
республикалық жастар газетіне барған. Ондағы əдебиет
жəне өнер бөлімінде отырған кісі өзін: “Меңтай, – деп та-
ныстырды да.– Бір жұмадан кейін келерсің. Жауабын сонда

айтамын”,– деді. Сөйтті де əңгімесін столының тартпасына
сүлесоқ сала салды. Əлгі айтқан бір жұма да өтті. Бірақ... Уəде
тағы бір жетіге сырғыды. Ақырында аталмыш шығарманы
мұның көзінше оқуға мəжбүр болған ол кісі бір мезетте:

“Ой, жолың болғыр,– деді оны жазғыра сөйлеп.– Əңгімені
бірінші жақтан баяндайтын сен кім едің сонша? Оқиғаны өз
атынан сөйлеп, айту тек Горькийге ғана жарасқан. Сен сонда
өзіңді Алексей Максимовичпін деп ойлайсың ба? Жо-жоқ...

Мұның жарамайды інішек”.

–Ағасы-ау!... Көркем шығарманы қалай, қайтіп жазу... Ол

енді... Əркімнің өз шаруасы ғой!

– Сөзімді бөлме, жігітім. Мен пікірімді əлі айтып

біткенім жоқ. Қазақ қызы туған ағасына біреуге ғашық
болғанын сыр ғып айта ма екен? Бұл... Кейіпкеріңді айтамын-
ау... Неғылған ұятсыз қыз еді.

–Онда тұрған не бар? Кезінде ақын Сара өзінің жүрек

қалауы Жиенқұлда емес басқа жанда екенін ағаларына ғана
айтып қоймай, бүкіл дүйім жұртқа жария еткен ғой. Оған
қарағанда...

– Сөзді қой!... Əңгімең жарамайды. Мə, алып кет!

“Лениншіл жастан” тауы шағылып шығып, енді ол
“Қазақстан əйелдері” журналына тартты. Мұнда оны жур-
нал қызметкері Ғайыс Егембердиев қарсы алған.

– Не болды Сайын қарағым? Көңілсізсің ғой өзің, –

деді Ғайсекең мұның тұнжыраған жүзіне қарап.
Бұл болған жағдайды айтты.

– Қамықпа,– деді ол кісі жымиып.– Кəне, біз оқып

көрейік əңгімеңді.
Сөйтті де қолжазбасын сұрап алып, үнсіз оқып
шықты. Біраз отырды да: “Иə,– деді бойындағы ішкі сезім
толқынысын жасыра алмаған кейіппен.– Сенің мына əңгімең

– жаңалық! Бірақ, шынымды айтайын, мұндай дүниелер

қазір жарияланбайды. Уақыты келеді. Сонда шығады...
Айтпақшы, осыңды “Əдебиет жəне искусство” журналына
апарып көрші. Əнеукүні бір жағымды жаңалық етіп едім...
Мүмкін жолы болып кетер”.

...Арада арбаның дөңгелегіндей айналып ай..., содан кейін
жыл өтті. Бұл кезде Сайын консерваторияны тастап, ауылда
жүрген. Колхоздағы мəдени жұмыстардың ұйтқысы болып,
еңбекке дендеп араласқан кезі еді. “Əдебиет жəне искусство”

журналына апарған əңгімесінен хабар жоқ. “Күзде Жазу-
шы лар одағында жас ақын-жазушылардың республикалық
семинар-кеңесі өтеді екен”,– деген хабар келіп, облыстық
газеттің редакциясы Сайынды соған делегат етіп ұсынған.

Бұл кезіндегі айтулы үлкен жиын еді. Онда республика-
дағы бүкіл əдеби қауым бас қоспақ сияқты. Мəжілісті кі-
ріспе сөзбен Мұхтар Əуезов ашып, жастар поэзиясы туралы
Ə. Тəжібаев, жастар прозасы жөнінде Т. Ахтанов баяндама-

лар жасайтын болды. Белгіленген күні əдебиетке бейімі
бар талапкер атаулының бəрі тайлы-таяғы қалмай, жина-

лыс өтетін Үкімет үйіне ағылған. Семинар-кеңестің екінші
күні болуы керек, мінбеде баяндама жасап тұрған Тахауи
аға Ахта новтың: “Бізде шағын жанр – əңгімені жаңа фор-
ма, тың тақырыппен байыта отырып, оны жоғарғы деңгейге

көтерудің ізгі нышандары байқалуда. Оған жас жазушы
Сайын Мұратбековтің “Менің қарындасым” əңгімесін
мысалға келтіруге болады. Оймақтай нəрседен ой түйін-
деуге тырысқан бұл шығармада мөлдірлік, табиғилық, сыр-

шыл лиризм мен адам жанына барлау жасаған психологизм
ұшқындары бар”,– демесі бар ма?! Мына сөзді естігенде шет
жақта қаннен-қаперсіз отырған оның жүрегі солқ ете түсті.
“Апырау,– деп аң-таң қалды ол ішінен.– Менің əңгімемді Та-

хауи аға қайдан, қалай оқып жүр? Оны мен бұл кісіге берген
де, көрсеткен де жоқ едім ғой”.
Кейін естіді, сөйтсе ол былай болған екен. Семинар-
кеңеске байланысты дайындық кезінде Жазушылар одағында

баяндамаға қажетті материал-мəліметтер керек болады. Сол
кезде ондағы ұйымдастыру комитетінің бір мүшесі газет-
журнал редакциялары мен Қазақ радиосында жатқан жас
талапкерлердің туыныларын жинастыру керек деген ұсы ныс

айтады. Осы пікірдің негізінде “Қазақ əдебиеті”, “Лениншіл
жас”,
“Əдебиет
жəне

искусство”
басылым да рындағы
дүниелер одақтағы проза мен поэзия секцияла рына топта-
стырылады. “Менің қарындасым” əңгімесінің Тахауи аға

қолына түсіп, баяндамада жақсы баға алуының сыры міне,
осында еді. Сөз ретіне қарай айта кететін тағы бір жəйт,
жоғарыдағы жиынның соңында семинар-кеңесте ауызға
алынып, назарға іліккен шығармалар республикалық газет-

журналдарда жариялансын деген қаулының қабылдануы
болды. Ол ұйғарымға бірінші болып “Əдебиет жəне искус-
ство” журналы үн қосты да өзінің тұтас бір нөмірін жа-
стар творчествосына арнап жіберді. Оның ішінде “Менің

қарындасым” əңгімесі де бар еді. Осы жиында ол өзіне
жерлес, ақын Əділбек Абайділдановпен, оның досы, ақын
Мұқағали Мақатаевпен танысқан болатын. Олармен сондағы
жүздесіп-сырласу жас жазушының көңіл көк жиегін кеңейте

түсті.
Бұл “хрущевтік жылымықтың” жылы лебі біліне баста-
ған 1956 жыл болатын.
“1957 жылы КазГУ-дің журналистика факультетіне

түскен Сайын Мұратбеков екі жылдан соң, яғни 1959 жылы
сырттай оқуға ауысты. Сол уақыттан бастап əуелі екі жыл-
дай Қаратал аудандық, онан кейін Алматы облыстық га-
зет редакцияларында жұмыс істеді. 1961 жылы “Менің

қарындасым” атты тұңғыш жинағы жарық көрген жазушы
“Жұлдыз” журналына қызметке шақырылды”.
Баяндамашы баланың жоғарыдағы сөздері оның көз
алдына елуінші жылдардың аяқ кезін елестеткендей ме,

қалай?... Иə, ол уақытта Талдықорған мен Алматы облыс-
тары аяқ астынан біріктіріліп, барлық буындағы кадрлар-
дың сапы рылысуы басталған еді. Осы өзгеріс кезінде бас-
шылар жергі лікті жердегі босап қалған бес-алты адамды

бұл жұмыс істеп жүрген Қаратал аудандық газетіне де əкеп
тыққан. Олар дың бəрі де зейнет жасына жетіп қалған жаса-
мыс жандар еді. Редакция, баспахана жұмысынан мүлде ха-
бары жоқ бұл кісілер не істерін білмей, бөлмені көк түтінге

тол тырып отырады да қояды. Бар айтатындары: “Сайын
қара ғым! Қолыңа қуат берсін. Үмітіміз өзіңде! ”– деген жа-
лынышқа толы бір ғана сөз. Басқа ештеңе айтпайды. Сөйтеді
де темекілерін түтіндете сорып, қайтсем газет бетін тол-

тырамын деп олардың атынан хабар, мақала жазып жүрген
бұған жапақтай қарап отырады.
Газет жұмысымен осылай зыр жүгіріп жүрген оның ара-
тұра өткен жылғы Алматыда болған бір оқиғаны ойлап

қоятыны бар. КазГУ-дегі қысқы сессияға барған кезі еді.
Сонда оған Əбу аға Сəрсенбаев жолығып қалып: “Жазып
жүрген əңгімелеріңді жеке жинақ етіп шығару ойыңда жоқ
па? ”– деп сұраған. Сұрап қана қоймай, оның жөн-жобасын да

айтқан. Осы ақыл-кеңестен кейін ол сол жолы 18 əңгімеден
тұратын қолжазбасын машинкаға бастырып, баспаға тапсы-
рып кеткен. Бірақ, одан əлі хабар жоқ. Өстіп жүргенде тағы
да сессияға баратын уақыт келді. “Жақсы болды! Лекция

арасында баспаға соғып, қолжазбамның жағдайын білейін”,–
деген ол Алматыға аттанып бара жатып.
...Сессиядағы бір үзіліс сəтінде салып ұрып баспаға
келмей ме?! Сөйтсе қолжазбасы қолға алынбақ түгілі əлі

оқылмапты да. “Пікір айтылмаған, талқыланбаған кітапты
қарауға құқымыз жоқ”,– деді мұнда отырғандар.

– Сонда оған кім пікір жазуы керек?

– Одақтағы проза секциясы.

Содан бұл Əбекеңе – Əбу Сəрсенбаевқа кіріп, екеуі атал-
мыш секцияға келген. Онда отырған əдеби кеңесші мардым-
ды жауап айтпады. Тек: “Көреміз”,– деді де қойды. Осы сəтте
коридордан асыға басып өтіп бара жатқан Хамза Есенжа-

нов көрінді. Абдырап тұрған Əбекең енді сол кісіге қарай
беттеді.

– Асығыс едім... Кейін сөйлесейік,– деді Хамза аға

төменге түсіп бара жатып.
Əбекең болған жағдайды қысқаша айтып шықты.

– Бір жыл бойы оқылмай жатқан дейсің бе? Сонда

бұлар не қарап, не бітіріп жүр? Былай болсын, Сайын
қарағым... Қазір мен проза секциясының осы одақта бар
мүшелерін шақырайын. Сен солардың алдында жинағың-
дағы кез-келген бір əңгімеңді ал да оқып бер. Егер ол бізге

ұнаса, кітабыңның жолы болғаны. Ал көңілімізден шық-
паса, онда ешкімге өкпелеме. Жарай ма?
Осы сөзді айтқан Хамза аға бөлмесіне қарай қайта
бұрылды да бір жас жігітке проза секциясының қызметкер-

лері мен мүшелерін шақыруды өтінді. Ел жиналып болды-
ау деген кезде бұл тəуекел деп жинақтағы бір шығармасын
суырып алды. Сөйтті де дауыстап оқи жөнелді. Ол “Ата”
деп аталатын əңгіме еді. Бəрі тым-тырыс. Зейін қоя тыңдап

отыр. Ақыры шығарма да оқылып бітті. Осы кезде отыр-
ғандар ду ете түсті. Олар əңгіменің өздеріне ұнағанын, оның
толыққанды дүние екеніне шəк келтірмейтіндіктерін айтты.

– Міне, көрдіңдер ме?– деді əріптестеріне барлай

қараған Хамза аға. – Кейде бір жинақтың тағдырын оның
ішіндегі бір əңгіме де шешіп кете береді. Ендеше, біз бүгінгі
осы жиналысымызда проза секциясындағы бюрократтық
көріністің басына су құйдық деп есептейік те, кітап авторы

Сайын інімізге сəттілік тілейік. Жұлдызың жоғары болсын,
жарығым!
Хамза Есенжанов ол кездері Жазушылар одағындағы про-
за секциясын басқаратын. Жастық шағы замана трагедиясы

– репресссияның қара құйынына тап келіп, 17 жыл айдауда

жүрсе де оған еш мойымаған рухы мықты бұл кісі жалтақтау
мен жалпақтауды білмейтін жан еді. Жұрт оның бірбеткей
осы ермінезділігін жəне “Ақжайық” секілді кең тынысты
трилогиясының тарауларын Сібірдің меңіреу орманда рында

жүріп жазып, оны елге керзі етігінің қонышына тығып
əкеліп жариялаған жанкештілігі үшін жақсы көретін. Сый-
лап құрметтейтін. Енді, міне, арлы азамат сол ағаның ақ ба-
тасымен оның тұңғыш кітабы жарыққа шығуға жол тартып

бара жатты. Бұл ешқашан, ешуақытта да ұмытылмайтын
ерекше бір ғажайып сəт еді!
...Содан көп кешікпей ол Қараталдағы қарт “журналис-
термен” қош айтысып, Алматы облыстық “Коммунизм

таңы” (қазіргі “Жетісу”) газетіне қызметке ауысқан.
Үйренерлік, үйретерлік мектебі бар жақсы орта екен
бұл. Оған əсіресе мұндағы тəжірибелі редактор Əбдуəли
Қарағұлов, оның орынбасары Кəкімжан Қазыбаев, ақын

Қосжан Мүсірепов сияқты творчество өкілдерінің жұмыс
істейтіндігі ұнаған. Бұл кісілермен əдебиет, өнер тура-
лы пікірлесесің, ақылдасасың, ой таластырасың... Сөйтіп
өзіңнің көңіл көкжиегіңді кеңейтуге ұмтыласың... Өстіп

жүргенде 1962 жылдың басында “Жұлдыз” журналына
қызметке шақырылды. (Ол кезде редактор Жұбан Молдаға-
лиев болатын). 1963 жылдың басында журналға Əбдіжəміл
Нұрпейісов бас редактор болып келді. Сол кезде редакция

аппаратын əдебиеттің жаңашыл жас өркендері Зейнолла
Серікқалиев, Асқар Сүлейменов, Қадыр Мырзалиев, Сағи
Жиенбаев, Сабырхан Асанов, Герольд Бельгер сияқты та-
лант иелерімен толықтыру батыл қолға алынды.

Бұлар келгенде “Жұлдыздағы” материалдарда таптау-
рын дылық пен қасаңдық бел алып тұрған кез еді. Соның
сал дарынан соны стиль, тың ой, өзгеше формамен жазыл-
ған көптеген шығармалар жарыққа шықпай, редакция

столының тартпасында тұншығып жатты. Журналдың
жаңа қызметкерлері бірінші кезекте міне, осы дүниелерге
жол ашу керек деген ұйғарымға келді. Сол уақытқа дейін
бағы байланып келген ол туындылар кейін оқырмандардың

ыстық ықыласына бөленгені мəлім. Олар: Қалихан Ысқа-
қовтың “Қоңыр күз еді” повесі мен Бердібек Соқпақбаев-
тың “Өлгендер қайтып келмейді” романы, Тəкен Əлімқұ-
ловтың “Саржайлау”, “Көк қаршыға” əңгімелері, Олжас

Сүлейменовтің “Менің қаһарманым. Ол қандай болуы ке-

рек?” деген полемикалық мақаласы еді. Содан кейін ре-
дакция қызметкерлері журналда деректі əңгіме, очерк,
диалог арқылы ауыл проблемасын көтеру керек, бұл
жанрлар өмірдегі, адамдар характеріндегі болып жатқан

құбылыстарды анық та дəл ашып көрсетеді деген бастама
көтерді. Оған өздері белсене қатысты да. Осының негізінде
60-шы жылдардың ортасынан бастап орыс əдебиетіндегі
Овечкин, Тендряков, Астафьевтердің жазып жүрген дерев-

ня прозасына ұқсас бізде де қазақ ауылы өмірінің əңгімелері
пайда бола бастаған еді.
Осылайша... иə, осылайша ой оянған. Сезім сілкінген. Бұл
аралықта “Ауыл оттары, “Отау үй” кітаптарын шығар ған

ол шағын жанр – əңгімені көзге қомақты көрінетін роман-
повестердің тасасынан алып шығу құбылы сын жүзеге
асыруға бел шеше кіріскен.
“Жазушы аға 1969–1971 жылдары Мəскеудегі Əдебиет

инс титутында оқыды. 1971–1977 жылдары Қазақстан Ком-
пар тиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы, сектор меңге-
ру шісі болды. Ал, 1977–1980 жылдар аралығында “Қазақ
əде биеті” газетінің бас редакторы, 1980–1991 жылдары Қа-

зақстан Жазушылар одағының хатшысы, “Жазушы” бас-
па сының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының
екін ші хатшысы қызметтерін атқарды. Қаламгердің əр жыл-
дары жарық көрген “Отау үй”, “Жабайы алма”, “Көкорай”

кітаптары өмірдің өзінен ойып алынған шындыққа толы
шығармалар ретінде сыншылар тарапынан жоғары бағаға ие
болды”.
“Өмірдің өзінен ойып алынған шындыққа толы шығар-

малар... ”. Мына сөзді естігенде оның есіне осыдан біраз
жыл бұрынғы екі оқиға оралды. “Есіңде ме, мен ол кезде
“Сарбұлақ” совхозында интернат меңгерушісі болып жұмыс
істеуші едім ғой,– деген Байтұрбай деген туыс ағасы ауылға

барғанында.– Бір күні сенің “Ауыл оттары” атты жалғыз
дана кітабыңды біздің оқушылар кітапханадан тауып алып,
қолдан-қолға тигізбей оқып жүрді. Біраз уақыт өткен соң
əлгі жинақтағы “Күзгі бұралаң жол” атты əңгіменің жыр-

тылып алынғанын білген балалар шу шығарып, айыпкерді
іздеуге кіріссін. Ол көп кешікпей табылды да. “Кітаптағы
əңгімені неге жыртып алдың? Ол саған не үшін қажет бол-
ды?” – деп ортаға алмай ма кінəлі оқушыны жолдастары.

Сонда ол: “Басқа ешкім оқымасын деп əдейі жыртып алып
едім. Себебі онда мен..., мына менің өмірім туралы жазылған
екен,– деп бар сырын айтқан айыпкер өкіре жылап жібереді.
Кейін білсек, шынында əлгі оқушы соғыстан кейін туған,

бірақ: “Əкең қайда?” – деп сұрағандарға: “Соғыста қаза
тапқан”– деп күмілжи жауап беріп жүретін “Күзгі бұралаң
жол” əңгімесінің кейіпкері Қанатай сияқты жолдыбай бейбақ
екен. Содан оны: “Жоқ, бұл сен туралы емес. Қуыстанба.

Көркем əңгімеде мұндай ұқсастықтар бола береді”,– деп
əрең жұбатқанымыз бар”.
Байтұрбай ағасы осылай десе, Ғұмар деген тағы бір
ағайыны мынадай жəйтті айтады: “Сенің “Көкорай”

кітабыңда “Жусан исі” атты повесің бар емес пе?! Міне, соны
оқыған ауылдағы Тəжібай, Науқан деген өзіңмен құрбылас
механизатор екі жігіттің əуелі біреуі: “Бұл мен туралы
жазылған екен”, – дейді қызып отырып. Оны естіген кішісі:

“Жоқ, мұндағы Аянның тағдыры тура маған ұқсай ды” – деп
оған қарсы өз уəжін айтады. “Оттапсың! Ол – мен!”, “Жоқ,
сен емессің... Аян – мына менмін!” Содан екеуі сарт та сұрт
төбелесе кеп түседі де əйелдері арашаға түсіп əрең ажыра-

тып алады”.
Ал, қаламгер оның əр жылдарғы шығармаларына айтыл-
ған пікірлерге келгенде еске мəскеулік екі орыс əдебиет-
шісінің сөздері түседі. Сыншы П. Ульяшов ол туралы: “Шы-

найы да нəзік, психологиялық жағынан бедерлі рухани
порт рет сомдау – Сайын Мұратбековтың суреткерлік бас-
ты қасиеті”, – десе, В. Вартанов: “Бас қаһарманның біре гей
бітімін, даралығын сақтаумен қатар... Сайын Мұратбековтің

оқиғаға қатысушы əрбір кейіпкері əманда қайталанбас то-
лымды көркемдік тұлға болып шығады”, – деген жүрекжарды
сөзін айтады. Дəл осындай пікірлер сыншы А. Руденко-Дес-
някта да, В. Бондаренкода да, И. Крамовта да бар.

...Жазушы ағаның ойын сатырлай соғылған шапалақ үні
бөліп кетті. Мінбеге қараса баяндама аяқталған екен. Орны-
нан жіті көтерілген Сəкең өз міндетін атқарып біткен баланы
шақырып алды да, бетінен сүйіп, рахмет айтты. Содан кейін

жүздесудің сұрақ-жауап бөлімі басталған. Ондағы қойылған
сауалдың кейбіреулері мыналар еді.

СҰРАҚ: Сіздің жақсы көретін жазушыларыңыз... Үлгі
тұтатын қаламгер ағаларыңыз... Олар кімдер деп айтар
едіңіз?
ЖАУАП: Шетелдік творчество иелерінен Эрнест Хемин-

гуэй мен Генрих Бельді, Виктор Астафьевті жақсы көремін.
Ал өзіміздің төл əдебиетіміздің өкілдеріне келер болсақ,
жазушылар Бейімбет Майлин мен Бердібек Соқпақбаевтың
шығармалары мен үшін орны бөлек, ерекше дүниелер.

СҰРАҚ: Сіз қалай жұмыс істейсіз? Күні бойы бас алмай
отырып жазасыз ба, жоқ əлде... Творчестволық дағдыңыз
қандай?
ЖАУАП: Мен күн құрғатпай жазатын қаламгерлердің

қатарына қосылмаймын. Көп ойланамын. Көп толғанамын.
Діттеген дүниеме міне, содан соң барып қана кірісемін. Осы-
дан болар, шығармаларымның жазылып-аяқталуы да қызық.
Бір əңгімем өте тез бітеді. Екіншісі жылдарға созылып ба-

рып тəмамдалады. Мəселен, “Біреу” деген дүниемді алайық.
Ол 10 жыл бойы жазылды. Ал, “Басында Үшқараның...” атты
хикаятым бар-жоғы 2–3 күнде-ақ өмірге келді. Қалам герге
күн құрғатпай жазу міндет болмаса керек. Ондай жағдайда

ой қайталанып, жаттандылық белең алуы мүмкін. Менің
əдеби кредом – аз болса да саз жазу. Сол арқылы сапалы да
шебер орындалған толыққанды шығармаларға қол жеткізу.
СҰРАҚ: Өзіңізді əңгіме жанрына табиғи түрде тартқан

қозғаушы күштің қайнар көзі неде деп ойлайсыз?
ЖАУАП: Бұл сауалдарыңызға: “Ертегілер! ” –деген бір
ғана сөз айтқым келеді. Иə... иə, ертегілер. Баукең – Бауыр-
жан Момышұлы: “Біз өзі көне дəуір поэзиясындағы ерлік

жыры – эпоспен ауызданып, эпоспен ержеткен халық пыз”,

– демеп пе еді. Олай болса прозадағы қиял-ғажа йып қа толы

қарасөз үлгісі – қазақ ертегілерін де міне, со лай ұғып, со-
лай түсінгеніміз жөн. Біліміміз жетсе де білгіміз келмейді,
əйтпесе, кейбір ертегілер өзінің сюжеті мен композициясы,
психологиялық иірімдері жағынан бүгінгі қай жазушы-

ларымыздың шығармаларынан кем деп ойлауға болады?
Мəселен, “Күн астындағы Күнікей қыз” бен “Толыбай
сыншының баласы” атты ертегілерді алып көрелікші. Өз ба-
сым кезінде бұларды қазақ новеллисти касының алтын үлгісі

деп бағалағанмын, қазірде де сол пікірдемін. Тоқ етерін
айтқанда, менің əңгіме жанрын таң дауыма, новеллист бо-
лып қалыптасуыма: “Адам өзі сенер-сенбес нəрсе жазу ке-
рек екен ғой”, – деген таза əрі мөлдір творчестволық пікір

қалыптастырған қазақ ертегілерінің ықпалы өте зор болды.
СҰРАҚ: Сіз үшін жұмыс істеу ол жазу ғой. Олай болса
өзіңізге жылдың қай мезгілі өнімді болып көрінеді деп ой-
лайсыз?

ЖАУАП: Күз бен қысты ұнатамын. Жылдың бұл кездері
маған өте тыныш, ыңғайлы, əрі көп ешкім мазаламайтын
сияқты болып көрінеді. Ойымда пісіп-жетілген шығарма-
ларымды міне, осы уақытта отырып жазуға тырысамын.

СҰРАҚ: Қалам иелері үшін тағдыры таңғажайып тұлға-
лармен жүздесіп, пікірлесудің жөні бөлек қой. Өз өміріңіз-
дегі ерекше есте қалған сəттер деп қандай кездесуді айтар
едіңіз?

ЖАУАП: Бұған Жоһар Дудаевпен болған кездесуді ай-
туыма болады. Өз елінің біртуар азаматы осынау қаһарман
адаммен жүздесудің сəті 1994 жылдың ақпан айында түсті.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі чешен халқына жасалған депор-

тацияның 40 жылдығына байланысты ол Қазақстаннан Ол-
жас Сүлейменов бастап барған біздің делегацияны арнайы
қабылдады. Жоһар Дудаев алғаш көргеннен-ақ бəрімізге
қатты əсер қалдырды. Сөзі кесімді, ойлау жүйесі өте жүйрік,

қимылы ширақ та шапшаң жан екен. Нағыз демократпын,
ара халықтың ортасынан шыққан бұқараның баласымын
деген өкімет басшыларының өзінде бір ресмилік байқалып
тұрады емес пе. Ал, Жоһарда бұл сезілмеді. Ол маған кез-

келген сəтте атылуға дайын тұрған жолбарыс тəрізді көрінді.
Сондай-ақ көз алдымда бұл адам елінің еркіндігі үшін жа-
нын суырып беруге əзір ел ұлы ретінде қалып қойды.
СҰРАҚ: Əдебиет əлемінде жалт етіп бірден көзге түсіп,

артынан үн-түнсіз жоқ болып кеткен талант иелері туралы
не айтасыз? Ондай əріптестеріңізді өз өміріңізде кездестір-
діңіз бе? Кездестірсеңіз мұның себебі неде деп ойлайсыз?
ЖАУАП: Бір оқиға есімде. Алпысыншы жылдары бола-

тын. Оқырман қауымды баспасөз бетінде жарық көрген “Ақ
бантик” деген шағын əңгіме елең еткізді. Бұл шығарма ның
жұртқа ұнағаны оның мөлдірлігі еді. Авторы – Ерғали Ахме-
тов деген жас жігіт болып шықты. Талдықорған облысының

Панфилов ауданындағы “Басши” совхозында мұғалім екен.
Іздеп бардым. Əңгімелестім. Кейін ол астанаға көшіп келді.
Республикалық үлкен басылымда тиянақты қызметкер
ретінде жақсы жұмыс істеді. Бірақ, неге екені белгісіз, со-

дан қайтып “Ақ бантик” секілді əңгіме жаза алмады. Осыған
күні бүгінге дейін өзім де түсінбеймін...
СҰРАҚ: Қазір не жазып жүрсіз? Оқырмандарға қандай
жаңа дүниеңізді ұсынбақшысыз?

ЖАУАП: Соңғы жылдардағы өліара, өтпелі кезеңді алып
қаралық. Ол бəріміздің көз алдымызда өтіп жатыр ғой. Осы
уақыттағы толғауы тоқсан қиын тіршілікті бейнелей тін
қысқа-қысқа əңгімелер циклін жазып жүрмін. Бір ғана ортақ

тақырыпқа бағындырылған бұл ой үзіктерім “Уақыт ша...”
деп аталады. Мұндағы негізгі лейтмотив: “Қазіргі рухани
құлдырау да, қайыршылық та, ауылдың азып-тозуы да, бəрі-
бəрі де өтпелі, уақытша құбылыс болса екен”,– деген тілек.

...Осы сұрақ-жауап бөлімінен кейін кездесу де аяқталды.
Ел тарап, оқушылар сарайынан енді шығып келе жатқан
Сəкеңе немересін жетектеген қарт адам кездесті.

– Қарағым, Сайын! – деді ол кісі.– Мен Баданбек Əлім-

беков деген оқырман ағаң боламын. Ұлы Отан соғысына
қатыстым. Ұзақ жыл мектепте ұстаз боп қызмет атқардым.
Қазір зейнеткермін. Қазақта: “Бəйге аты мүсінін жасы-
рады”,– деген мақал бар ғой. Мен кітаптарыңды оқығанда,

өзіңді көргенде ылғи да осы сөз ойыма оралады. Халқыңды
жақсы шығармаларыңмен қуанта бер бауырым!
“Бəйге аты мүсінін жасырады”.
Ардагер ақсақалдың мына сөзін естігенде Сəкеңнің

жүрегі шым ете түсті...
1996 жыл.

ҒҰМЫР-ДАРИЯ

1995 жылғы ақпан айының аязды күндерінің бірінде “Халық кеңесі” редакциясының ұжымы Қазыбек би көшесіндегі 50-ші үйге келіп қоныс тебе бастады. Газетіміздің өмір сүрген бес жылы ішінде бұл біздің орын ауыстырған жетінші мекенжайымыз болатын. Келген соң байқадық, екінші қабаттағы ішектей созылған ұзын дəлізде бұған дейін де үш мекеме милығыса тірлік кешіп жатыр екен. Олардың екеуі: республикалық Бас салық инспекциясы мен Сауда палатасы бізге алакөз. Себебі, Қаржы министрлігі үйіндегі жаңа қоныстарының күрделі жөндеуден өтуін күткізбей, үстеріне басакөктеп кіргенімізді көрші леріміз тіптен кешіргісі келмейтін сияқты. Қызмет керлерімен кездесе қалсақ көздерінен ызғар шашып, суық қабақ танытады да жүреді. Ал үшінші мекеме –“Елім-ай” киностудиясымен жағдайымыз өте жақсы. Қарлы борандатып көшіп келген сол бір қытымыр қыс күні Асекең – Асанəлі Əшімов ағамыз арнайы келіп амандасып, ел дəстүрі – ерулік беру арқылы-ақ аяқтабағымызды араластырып жіберген. Содан бері олардың бізсіз, біздің оларсыз күніміз жоқ. Наурызды бірге тойлап, шахматты қоса ойнап дегендей əзіл-қалжыңымыз жарасып жүріп жаттық. Шүкір, бүл күнде Асекеңді білмейтін адам жоқ қой. Егер кеудесінде сəулесі бар-ау деген қазақтан: “Ол кім?”–десек əлгі көлденең көк аттыңыздың өзі: “Аса нəлі Əшімов “Қыз Жібек” фильміндегі Бекежанды, “Ата манның ақыры” картинасындағы чекист Чадия ров ты ойнаған киноактер, “Шоқан Уəлиханов” телесе риа лын өмірге əкелген кинорежиссер, М. Əуезов атын дағы академиялық драма театры сахнасының сер кесі...”– деп шұбырта жөнелері анық. Біздің айтпа ғымыз бұл емес құрметті оқырман! Айтайық, сөз етейік дегеніміз Асекеңнің “Елім-ай” киностудиясымен көрші болып отырған сол бір жыл “Халық кеңесінің” жігіттерін ол кісімен рухани жағынан жақындастырып, творчестволық тұрғыдан туыстастырып жібергендігінде еді. Бірден емес, біртіндеп басталған өркениет туралы өнегелі əңгімелер, өнер жөніндегі жүрек жарды сырлар, қазіргі қоғам хақындағы қызық көзқарасқа толы қызу пікірталас..., бəрі-бəрі күні бүгінге дейін жадымызда. Міне, солардың барлығы Асанəлі ағаның күрмеуі көп күрделі өмір жолындағы дүниетанымынан мол мағлұмат бергендей еді. Осыдан келіп: “Мұндай мүмкіндіктер көп туа бермес. Келесі жолғы кездесуде ол кісіден мына тақырыпты сұрасақ... Ал одан кейінгі жүздесуде төмендегідей мəселе жөнінде əңгіме қозғасақ... Жəне сол естігендерімізді еренсіз қалдырмай, қойын дəптерімізге түсіріп қойсақ”,– деп жоспарлауды əдетке айналдырғанымызды да қазір ешкімнен жасырғымыз келмейді, Халқымызда: “Керек тастың ауырлығы жоқ”,– деген мақал бар ғой. “КСРО жəне Қазақстан Респуб ликасының халық артисі, Мем лекеттік сыйлық тардың лауреаты Асанəлі Əші мов 60 жасқа келіпті. Осы мерейтой қарсаңында бұл кісі туралы елге не айтуға болар еді?”–деп толған ға ны мызда, міне, бұдан екі жыл бұрынғы жүргізілген сол жазбалар көмекке келіп, ойымызға тамызық тұтат қан дай болды. Ол төмендегі штрих-детальдар еді. Ж. А: Асеке! Сіз қандай ортада дүниеге келдіңіз. Атаанаңыз кім, нендей кəсіптің иелері еді? Қайда оқыдыңыз? Балалық шақ, ауылдастарыңыз... Олар туралы не айтасыз? А. Ə: Мен 1937 жылы Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы “ІІІ-Интернационал” колхозында өмірге келіппін. Төлқұжатымдағы жазылған туған күнім – 8 мамыр деген белгіге күні бүгінге дейін шəгім бар. Себебі, ол

уақыттағы қазақ ауылында əр отбасындағы оқиғаны дəл
бүгінгідей тып еткізіп қағазға түсіре қою қайдан болсын.
Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда “төл аяқтанған”,
“жер төсіне көк қылтиып шыққан” кезде туыппын. Соған

қарап: “Менің дүниеге келген кезім жыл мезгілінің бірі –
көктем айларының соңы-ау!”–деп шамалаймын.
Əкем 4 жасқа келгенімде соғысқа аттанып, содан елге
қайтып оралмады. Бала кезімдегі санамда ол кісінің түр-

тұлғасы мен жүріс-тұрысынан хабар берерлік буалдыр елес
бар еді. Бертін келе еміс-еміс көрініс одан да айырылып,
кеудемде тек сол бір ғазиз жанға деген мəңгілік сағыныш
сезімі ғана қалып қойды. Ал анама келсем, ол өте қайсар

жан. Алпысыншы жылдардың басына дейін өмірден көрген
қызығы шамалы бұл кісінің басынан кешпеген бейнеті
жоқ. Олай дейтінім, жиырма бір жасында жесір қалған
апам тылдағы ағаш соқамен жер жырту, қол орақпен егін

орып, тұлықтаспен астық бастыру сияқты қара жұмыстарға
жегілудей-ақ жегілді. Бəрінен бұрын соғыстың соңғы
жылындағы қасіретті айтсаңшы... Жеңіс күні жақындаған
көктемдегі елді жайлаған індет – шешек ауруы кезінде ол

үш сəбиінің екеуі – Нұрила мен Балқиядан бір күнде айы-
рылып, аңырады да қалды. Қайғыдан қан жұтқан жанға кол-
хоз белсенділерінің де көрсетпеген құқайы жоқ. Олар анам-
ды сол жылдың күзінде жер түбі – Сібірге қарағай кесуге

айдады да жіберді. Одан қайтып келген соң, 12–13-тердегі
мені жетектеген ол кісі Кентаудағы ағайындарына қарай
көшті. Сөйтті де ондағы наубайханаға орналасып, мен
Алматыға аттанғанша, одан кейін жоғары оқу орнын бітіріп,

өз қолым өз аузыма жеткенше бір тыным таппады ғой. Қазір
апам қолымда. Отыз жылдан астам уақыттан бері мені мен
немерелерінің ортасында Алматының тұрғыны боп ғұмыр
кешіп келе жатқан ол кісінің құдайдан тілейтін бір-ақ тілегі

бар. Ол: “Қалқайып жүрген қарғаларымның жамандығын
көрмесем, жаратқан ием мені осылардың алдында алса”,–
деген арман.
Енді: “Балалық шақ... ауылдастарыңыз туралы не ай-

тасыз?”– деген сауалыңа келетін болсақ мəселе былай.
Жас кездері Ұлы Отан соғысының тылдағы ызғарлы
тіршілігімен тұспа-тұс келген жазушыларымыз Бердібек
Соқпақбаевтың “Өлгендер қайтып келмейді”, Шерхан

Мұртазаның “Мылтықсыз майдан”, Сайын Мұратбековтің
“Жабайы алма” атты шығармалары бар емес пе? Екеуміз енді
солардағы суреттелген Еркін мен Нұрперзент, Қанат сияқты
жасөспірімдердің өмірлерін көз алдымызға елестетіп көрелік.

Басқаны қайдам, мен мəселен олардан соғыс жылдарындағы
өзімнің жыртық көңіл, жүдеу жүз тағдырымды көргендей
боламын. Демек, сол уақыттағы қазақ ауылының балалары
біздердің өмірімізді ақын Мұқағали Мақатаев: “Бəрі есімде

– далам да, тұрағым да. Тек есте жоқ: күлдім бе, жыладым

ба... Балалық шақ жарбиып жүретұғын. Өгіз жеккен соқаның
құлағында”– деп еске алса бұл оқиға маған да ортақ, ал
Қадыр Мырзалиев: “Мен мектепке түскен жылы... жасақты,
Жау тиісіп адам қаны жоса ақты. Жетпістегі шалдар орып

егінді. Жетідегі біздер тердік масақты”,– десе иə, ол көрініс
маған да бөтен емес деп айта аламын.
Ж. А: Киноактер əрі кинорежиссер ретінде (бұл сұрақты
неге қойып отырғанымды түсінуге тиіссіз) айтыңызшы...

Сіздің ең алғаш рет көрген киноңыз! Ол өзіңізге қалай əсер
етті? Есіңізге түсіре алсаңыз аталмыш оқиға қашан, қай
жерде болып еді деп ойлайсыз?
А. Ə: Қызық сауал екен... Айтайын! Егер қателеспесем

1949 жылдың күзі болуы керек... Колхоз қырманындағы
қыбыр лап жүрген кəрі-жас аяқ астынан дүрлігісті де қалды.
Айтатындары: “Кинау... Бүгін кешке қызыл отауда кинау
болады екен”,– деген бір ғана сөз. “Кинауы несі?”– дейміз

біздер балалар жағы бұған таңданып. Сөйтсек бұл олардың
кино дегені екен ғой. Ақыры не керек бала-шаға атаулы кеш
түспей-ақ əлгі керемет болатын жер – айтақыр алаңқайға ан-
дыздай жетіп, ондағы абыр-сабыр қимылға қарап тұрмыз.

Алдымен мұндағы қоржынтамның қабырғасына ақ мата
керілді. Содан соң колхоз механигі қырман шетіндегі екі
“ЧТЗ” тракторын айдап əкелді де тырқылдап тұрған оның
моторына арбадағы қара жəшіктері бар əлдебір аппараттың

шнурларын жалғастыра бастады. Кейін ойлап қарасам, бұл
ток беретін движок жоқ болғандықтан киномеханиктің фильм
көрсететін проек торға трактор моторындағы электр қуатын
пайдаланған тірлігі екен. Сөйткенше іңір қараңғылығы да

түскен. “Кинау” да басталған. Ғажап! Алдымен қабырғада

үздік-создық келе жатқан көш көрінді. Одан соң бір төбенің
шаңын бір төбеге қосқан жүйрік атты жігіттер көз алдымыз-
дан құйғыта өтіп жоқ болды да кетті. “Осыншама адам мен
ауыл-ауыл боп тігілген киіз үйлер алақандай ақ матаға қа-

лай сыйып тұр? Ауыздығымен алысқан мына сəйгүлік-
тердің тұяқтары қоржынтамның тіп-тік қабырғасынан
тайып кетпес пе екен?”–дейміз іштей үрейленіп. Ал кино-
дағы кадрлар болса дыбыссыз алға жылжуда. Өйткені он-

дағы кейіпкерлердің даусы мен оқиғалардың ұрымтал
тұсын демеп жіберетін музыка үнін ток беріп тұрған трак-
тор моторының дырылы естіртпейді. Бірақ оған мəн беріп
жатқан ешкім жоқ, қабырғадағы жыбыр-жыбыр еткен жан-

ды суреттерді көргендеріне мəз.
Бір мезетте басынан бақайшағына дейін қаруланған түр-
түсі бөлек сұсты əскерлер тобы қолдарына сойыл мен бақан
ұстаған қазақ жігіттерін тауға қарай тықсырып қуа баста-

ды. “Ойпырмай, енді не болар екен? Өлді-ау байғұстар...”

– деп шу ете қалды осы мезетте отырғандар. Сөйткенше

болған жоқ, төбе басында тұрған жігіт ағасы жанында-
ғыларға əлдене деп əмір берді де бел астындағы жусап
жатқан қалың жылқыны нұсқады. Сол сол-ақ екен далақтай
шапқан шабармандар құлын-тайы аралас қылқұйрықтар

үйірін зырылдауықпен үркіте айдап, қалың əскердің үстіне
қаптатты да жіберді. “Бəрекелде!” – десті мына тапқыр-
лыққа таңдай қағып, жүректері орындарына түскен жұрт.
Жасыратыны жоқ бұл көрініс бізге де ерекше əсер еткен

еді. Есіміз шыға еліргеніміз соншалық, сабан маяларынан
сырғып түскен бала-шаға қабырғадағы қым-қиғаш шайқас
жүріп жатқан экранның ішіне кіріп кете жаздадық. Қойшы,
содан не керек, түн ортасы ауа бергенде кино да аяқталуға

жақындады-ау... Көз алдымызда жау əскері қаумалаған жігіт
ағасы. Ол ауыздығын қарш-қарш шайнаған арғымағын
шыркөбелек айналдырып, анталаған ақтарға оқ жаудыруда.
Қимылы, атқа отырысы керемет! Ер үстінен тұрып та ата-

ды, жатып та атады. Ақыры аңдыған жау алмай қойсын ба,
қақ жүректің тұсынан қадалған оқтан ат бауырына бүгіле
құлады-ау сабазың. Ел күңіреніп кетті. “Қайран Амангелді!...
Есіл ерім-ай...”– дескен олар ошарылып тұрды да аздан соң

қырман басындағы қостарына тарай бастады.
Ол кездегі жағдай былай болатын. Егер ауылға кино
келе қалса, ол келесі колхоздан жіберілген көлік жеткенше
сол жердегі елге үш-төрт күн бойы қайта-қайта көрсетіле

беретін. 1949 жылдың күзіндегі ит арқасы қияндағы біздің
өңірге кездейсоқ келіп қалған “Амангелді” фильмі де солай
болды. Оны біздер бір апта бойы тамашаладық. Сондағы
есімде қалған бейкүнə бір балалық ойды күні бүгінге

дейін ұмытпаймын. Ол əрбір кешкі сеанс басталған сайын:
“Шіркін-ай, Амангелді бүгін өлмесе екен... Ертең... иə, ер-
тең өлсе ғой”,– деген тілек еді. Бірақ өкінішке қарай олай
болмай шығады. Амангелді күн сайын өледі де қалады. Өз

өмірімдегі тұңғыш рет көрген фильмімнен алған əсерім
міне, осындай бауырым! Шынымды айтайын, ол кезде ки-
ноактер боламын-ау, кинода ойнасам-ау деген лып еткен ой
мен жүрекжарды арманның ешқайсысы миыма келген емес.

Мұның бəрі кейін, кездейсоқ оқиғадан бастау алды ғой.
Ж. А: Иə, əу баста ауыл шаруашылығы институтына
түсемін деп келіп, консерваторияға қалай тап болғаныңыз
жөніндегі “Одиссей оқиғасын” сіз өзіңіздің “Майраның

əні” атты кітабыңызда өте жақсы айтқансыз. Оқырмандарға
белгілі ол жəйтті біз қазір қайталап жатпай, сондағы белгісіз,
бұрын көп ешкім назар аудармаған төмендегідей мəселеге
тоқталсақ... Бір əңгіме барысында сіз өнердегі алғашқы

қадамын консерваториядан бастап, одан кейінгі өмірлік жо-
лын əдебиет өлкесінен тапқан ақын-жазушы ағаларымыздың
болғанын айтқан едіңіз. Олар кімдер еді, Асеке! Сөз ара-
сында сол кездегі студент бұл кісілердің арман-мақсаты,

қабілет-қарымы туралы да ой толғай кетсеңіз.
А. Ə: Консерваторияның театр бөлімінде бізбен, яғни,
Фарида Шəріпова, Райымбек Сейтметов, Нүкетай Мыш-
паева, Сəбит Оразбаевтармен қатар болашақ қаламгерлер

Оспанхан Əубəкіров, Сайын Мұратбеков, Есенжол Домба-
ев та бірге оқыды. Кейін мұндағы халық аспаптары тобына
ақын Жұмекен Нəжімеденовтің де келіп түскені бар. Оспан-
хан бізге қарағанда оқып-тоқығаны, өмір көріп қалғаны бар

дегендей, сол кезде-ақ сөз бен тілге ұста сақа жігіт еді. Оның
сатираға бет бұруы бəріміз таласып-тарма сып шығаратын
“Актер” атты қабырға газетіне пародия, эпиграмма жа-
зып, қол жаттықтыруынан басталды. Аузын ашса жүрегі

көрінетін аңқылдақ Осекеңнің сол кездегі бір қызық мінезін
күні бүгінге дейін ұмытпаймын. Ол оның өзі жазған дүниесін
ең алдымеп өзі оқып мəз болып, сол əпенде қылығы арқылы
бəрімізді ду күлдіретіндігі еді.

Ал, Сəкеңе – Сайын Мұратбековке келетін болсақ, мен
онымен алғашқы курста бірге оқып қана қойғаным жоқ.
Тастақтағы жалға алған пəтерде бірге тұрған да жайымыз
бар. Үш жігіт: ол, Семейден келген Бекен Имақанов жəне

мен таңның атысынан күннің батысына дейін консерва-
тория, кітапхана, спорт залы деп тыным таппай зыр қаға-
тынбыз. Содан кеш бата қала шетіндегі құжырамызға
ұшып-жығылып жетіп, қара шəугімді ортаға алушы едік.

Сондағы ішіміздегі шайқорымыз осы Сайын. Ол шəйнек-
тегі сама нəгінің ағара бастағанына қарамастан еселей
құйылған қайнақ суды ысылдатып тартады да отырады.
Содан кейін төсегінің жанындағы тумбочкаға төнген күйі

түн ортасы ауғанша қағаздан бас көтермейтіні бар. Жазуы
құмырысқаның ізіндей ұсақ еді. Творчествоға деген осын-
дай ынтызарлығы арқылы Сəкең біз қиналатын бір сабаққа
ерекше қатты көмектесетін. Ол оның үйге берілген тапсыр-

ма – этюд құрастыруды Бекен мен маған мөлдіретіп тұрып
жазып беретіндігі еді. Ертесінде біз оны Асекең – Асқар
Тоқпанов ағамыздың алдында нəшіне келтіріп тұрып ай-
тып беріп, қатал оқытушының қаһарынан оп-оңай құтылып

кететінбіз.
Сөйткен Осекең, Сəкеңдер бұл күндері есімін ел білетін
үлкен қаламгерлер. Сайынның өзін, Оспанханның шығар-
ма ларын көрген сайын менің ойыма əйгілі Дельфий хра-

мындағы: “Өз бойыңа өзің үңіл”,– деп жазылған дəйексөз
бен Кіші Сенека данышанның: “Адам өз қабілетінің қандай
екенін бір іске кіріскенде ғана біледі”,– деген пікірлері ора-
лады. Шынында да ауыз ашпай тұрып əн сала аласың ба,

дауысың оған келе ме, жоқ па – əу баста оны бірден білу
қиын ғой. Тума творчество иелерінің, нағыз алысқа шаба-
тын өнер өкілдерінің бойындағы қуатты қабілет кейде келе-
келе көрініп, ашылатын да жағдай болады. Бұл жалт-жұлт,

тыз етпе “таланттылықтан” гөрі анағұрлым тегеурінді,
анағұрлым өміршең құбылыс. Олай болса өмірдегі бағыт-
бағдарың, іс-əрекетің бəрі-бəрі де өз бойыңа үңілуден баста-
лады, содан айқындалады дер едім.

Ж. А: Бір əңгімеңізде сіз: “Спорт секциясына барып
жүргенде”,– деген сөзді айтып қалған едіңіз. Жас кезіңізде
бойға күш, ойға қуат беретін осы саламен айналысқан кезіңіз
болды ма? Егер онымен шұғылдансаңыз кейінгі актерлік

кəсібіңізде мұның өзіңізге тигізген ықпалы қандай болды
деп ойлайсыз? Спортқа бойұруыңыз уақытша əуестік пе еді,
жоқ əлде...
А. Ə: Біз Алматыда оқып жүрген елуінші жылдардың

ортасында қазақ жастарының спортқа деген құлшынысы
тіптен ғаламат еді. Соғыстан кейінгі кезеңде дүр етіп бок-
стан Шоқыр Бөлтекұлының, күрестен Қабден Байдо сов-
тың, конькиден Ораз Қаңлыбаевтың республика, одақ

дең гейінде жарқырап шыға келуі, одан кейінгі Əбдісалан,
Əбілсейіт, Ғұсман сияқты саңлақтардың өз уақыттарынан
бұрын түлеп ұшуына қамшы салғызғандай болды. Ұлты-
мыздың намысы мен мақтанышына айналған осы аға-ініле-

ріміздің рекордтарына рухтанған біздер де шамамыз кел-
сін-келмесін əйтеуір бір-бір спорт түрімен шұғылдануды
алдымызға мақсат етіп қойғаынмыз бар. Мен фехтование-
нің жалынан ұстадым. Консерваторияны бітірер-бітірген ше

оған ұдайы барып, тер төге жаттығып жүрдім. Бірақ оқуды
аяқтап, театрға жұмысқа тұрғаннан кейін оны əрмен қарай
жалғастыруға мүмкіндік болмады. Тастап кеттім. Арада
жылдар өткен соң осы спорт түрінің маған көмекке келгені

бар. Ол “Қыз Жібек” фильміндегі Бекежанның, “Жаушы”
картинасындағы Қаражалдың рольдерін ойнаған кезімдегі
қылышпен семсерлесу, найза-садақ қолдануды наным-
ды шығару сияқты көріністерде сол фехтованиеден қалған

дағдының көп жеңілдік тигізгендігі еді.
Ж. А. Сіздің актерлік өмірбаяныңызда өшпес із қалдыр-
ған, өзіңізді творчестволық биік белеске көтерген “Қыз
Жібек” фильмі екені анық. Бұл туынды туралы кезінде көп

айтылып, көп жазылды да. Дегенмен өзіңіздің ойыңызша осы
кинодағы тағы қандай оқиғалар, нендей штрих-детальдар сөз
болмай ұмыт қалып келеді деп ойлай сыз. Содан соң... иə, со-
дан соң білетіндер: “Өндіріске қа был данарда бұл фильмнің

көп жері қиылып, кинолентадан мүлдем алынып тастал-

ды”,– дейді. Цензура тарапынан бол ған мұндай қиянат аталмыш туындының қай сериясындағы эпизодтарға жасалынып еді? Неге? “Қыз Жібектің” экранға шықпай қалған сол кадрларын қазір архивтен тауып, қайта дан қосуға болады деп ойлайсыз ба? А. Ə: Алдымен аталмыш фильмге қатысты бұрын сөз болмаған, ұмыт қалып келе жатқан штрих-детальдар деген сауалға жауап берейін. Иə, бұл картинада осыған дейін айтылып келгендерден басқа елге баяндап берер қызғылықты жəйттер əлі де баршылық. Мəселен, “Қыз Жібектің” сценарийін талқылауға арналған алғашқы басқосуда Ғабең – Ғабит Мүсіреповтің арнайы келіп, оны бəріміздің алдымызда басынан аяғына дейін өзі оқып, түсіндіріп бергенін көп жұрт біле бермеуі мүмкін. Мұны “Қазақфильмнің” сол кездегі директоры Камал Смайылов қалт жібермей: “Бұл өзі қайталана бермейтін оқиға. Ғабеңнің даусы студиямыздың алтын қорында қалсын”,– деп жазушының сондағы бір жарым сағаттық сөзін магнитофонға жаздыртып алған еді. Бірақ кейін ол қолды болып таптырмай кетті. Қандай өкінішті... Бұл – бір. Екінші... Фильм түсірілер кезде кинорежиссер Сұлтан Ходжиков республикамыздың түкпір-түкпірін шарлап жүріп, осы дұрыс-ау дейтін жиырмаға жуық ертұрманды тауып əкелгені бар. Соның ішіндегі күміс жүгенді құранды ер көздің жауын алушы еді. Сөйтсек бұл ақын Олжас Сүлейменовтің Алматы облысындағы ауылдардың бірінен сатып алып, үйіне экзотика ретінде қойып қойған “коллекциясы” болып шықты. Фильмде ол Құман Тастанбековке бұйырды. Қазір елдің аталмыш кинодағы Төлеген мінген ат үстінен көріп жүрген айшықты құранды ер сол Олжекеңнің дүниесі. Содан кейінгі осы уақытқа дейін көп сөз болмай келген тағы бір жайт деп басты кейіпкер Жібектің экрандағы сөзінің тарихын айтуға болар еді. Бұл рольді ойнаған Меруерт Өтекешова ол кездері қазақ тіліне өте шорқақ болды да фильмді дыбыстау кезінде бəрімізді қатты əуре-сарсаңға салды. Мұндай қиындықтан бізді Фарида Шəріпова құтқарды десем қателеспеймін ғой деп ойлаймын. Неге десеңіз Жібектің жеңгесінің ролін өте тамаша ойнап шыққан ол енді тұйыққа тіреліп тұрған жұмысты алға қарай жылжыту үшін барлық жауапкер шілікті өзіне ала отырып, экран сыртынан оқылатын текспен Меруерт орындаған бейненің дыбысын “жасауға” кірісті. Сөйтіп кинолентадағы сурет қана болып тұрған Жібектің түрлі жағдайдағы сезім толқыныстарына толы сөздерін Фарида нағыз бойжеткен қызға лайық сазды, əсем, нəзік дауыстармен шебер орындап шықты. Есімде қалған тағы бір детальды айтайын. Ол Өмірзақ Айтбаевтың Сырлыбайдың роліндегі аяғы сал, денсаулығы дімкəс Кененбай аға Қожабековті фильм түсіріліп біткенше арқалап алып жүруі еді. Қазіргі танымал ғалым, ғылым докторы, ал ол кездегі тұңғыш екі сериялы қазақ кинокартинасының жалаңтөс жанкүйері Өмірзақ кино түсіру алаңы десе ішкен асын жерге қойып, операторлар мен ассистенттердің қасынан шықпайтын. Келе-келе ол Кенекеңді атқа да, таққа да отырғызатын экран сыртындағы энтузиаст көмекшіге айналды. Менің көзқарасымша інінің ағаға деген осы ілтипаты көңілі қаяу Кененбай Қожабековтің жан жарасын жеңілдетіп, оның өзіне тапсырылған рольді сəтті ойнап шығуына үлкен моральдық демеу болды ғой деп ойлаймын. Енді “Қыз Жібектің” өндіріске қабылданар кездегі кей жерінің қиылып, біраз эпизодтардың экраннан мүлдем алынып тасталғандығы туралы мəселеге келейік. Иə, цензура тарапынан ондай қиянаттың болғаны рас. Соның кесірінен кинолентаның өн бойындағы Бекежанға қатысты еркін қимылға толы тұстар мен қазақ жасағының Қорен қалмақ қолымен шайқасы, содан соң фильм финалындағы Жайыққа ағып бара жатқан Жібектің желегін жат жерліктердің найзамен іліп алып, итше ырылдасып жыртуы сияқты кадрлар көрермендерге жетпей қалды. “Ол неге бұлай болды?”– дейсің ғой. Оған себеп сол кездегі социализм сарапшыларының басбұзар Бекежан тəрбиелі Төлегеннен басым болмауы тиіс, Қорен қалмақ қолымен арадағы шайқас бейнеленген көріністегі қазақ жасағының саны “Александр Невский” фильміндегі əскерлерден де көп боп кеткен-міс, кинорежиссердің жауларға суға ағып бара жатқан желекті жыртқызуында бір гəп бар деген секілді əсіре күмəнкүдіктері еді. Сөйтіп дала номады Бекежан қайшымен қырқылу тəсілі арқылы тəртіпке шақырылды да, Іленің

бойындағы бір ай бойы түсірілген керемет көрініс – қазақ-
қалмақ шайқасы экраннан мүлдем алынып тасталып, оның
орнында жаудың шағын шолғыншы тобымен қақтығысып
қалған шөре-шөре қазақ жігіттері ғана қалды. Ал, фильм

финалындағы Жібектің желегі мəселесінде шынында да
символдық астардың бары рас еді. Ол ел ішінде бірлік пен
ынтымақ, түсіністік бол маса, онда ұлы далаға сұқтанған
сырт көз сенің атақоныс-туған жеріңді мынау желек сияқты

дар-дар айырып, быт-шыт қылып жыртып, бөліп алады де-
ген меңзеу болатын. Цензура өнер тіліндегі осы бейнелеуді
дөп басып, дəл тапты. Сөйтті де оны көрермендерге
жеткізбей қағып түсіріп, экранда тек Жайыққа жетіп ма-

сайрап тұрған Қорен қалмақты ғана қалдырды. Қазір ки-
нолентадан қиылып, экраннан алынып қалған сол кад-
рларды фильмге енді қайтіп қоса алмайтынымыз өкінішті.
Себебі олар киносту дия қорында сақталмаған. Бұл оған

жауапты адамдардың салақтығынан, немқұрайдылығынан
емес, қаржылық-шаруашылық қатаң тəртіптің салдарынан
туған жəйт. Олай дейтініміз, пленканың құрамында күміс
болғандықтан оның əрбір метрінің өзі ол кезде есептеулі

дүниеге жататын. Қазірде де солай. Сондықтан оның
бракқа шығарылып жарамсыз болған, күн көзі шалып күйіп
кеткендерінің өзі мұқият жинастырылып алынатын да
өртеліп, олардың күлінен күміс айырылып алынатын. “Қыз

Жібектегі” қиылып қалған кадрлар меп эпизодтар да со-
лай болды. Оларды Сұлтан Ходжиков ағамыз жанын салып
қанша қорғаштағанымен, 5–6 жылдан соң амалсыз күміс
өндірушілердің қолына беруіне тура келді.

Ж. А: Жетпісінші жылдардың басы... Ол кезде біз сту-
дент едік. Жас творчество иелерінің құлағы түрік, əр нəрсеге
елеңдегіш келеді ғой... Бір күні КазГУ-дің коридорын:
“Қазақфильмнен” “Құлагер” мен “Ақ аруананы” алып та-

стапты”,– деген хабар шарлап кетті. Содан соң “Отқа оранған
Орал” фильмнің де тағдыры солай болғанын естідік. Арада
20 жыл өткеннен кейін ол туындылар экранға жолдама алды
əрине. Көрдік те. Біздің білейік дегеніміз, жетпісінші жыл-

дары сіз “Қазақфильмнің” бел ортасын дағы творчестволық
топта жүрдіңіз ғой. Сол оқиғалар қалай болып еді, аға?
Аталмыш фильмдер не үшін тұтқындалды деп ойлайсыз?
А. Ə: Алпысыншы жылдардың аяғында жазушы Сəтім-

жан Санбаев “Ақ аруана” повесін дүниеге əкелді. Мұхаң –
Мұхтар Əуезовтің атақты “Көксерек” шығармасынан кейінгі
зоологиялық тақырыпқа жазылған бұл тың да соны туын-
дыны ел өте жақсы қабылдады. Осыдан болу керек, кейін

Сəтімжан оны “Ақ таулар арасында” деген атпен экрандауға
кіріскені бар. Бірақ фильм біткен кезде дау туды. Кино
үйіндегі жабық талқылау кезінде сарапшылар комиссия-
сы мен цензура тарапынан: “Сценарий авторы көзтамыры

қиылған түйенің суқараңғы боп қалуы арқылы ештеңені
сезіп-білмес көрсоқыр елге айналып барады деп өз ұлтының
болашағын мегзеп отырған жоқ па? Аруананың басқа
жұртты жерсінбей, өз еліне қарай қайта-қайта қаша беруінің

астарында қандай сыр жатыр? Қоғамға қауіпті идея осы
лейтмотивтен бастау алып жүрмесін”,– деген əңгіме өрбіді
де ақыры ол Мəскеуге барған жерінде кəмпескеге ұшырап,
көрсетілмейтін киноленталар сөресіне қойылды.

“Ақ таулар арасында” фильмінің жағдайы осындай бол-
са, “Құлагер” кинокартинасын олай деп айта алмаймын.
Бұл туындыда да символдық астар болды əрине. Бірақ
кəсіби маман маған мұндағы көп мəселені аталмыш ки-

ноны түсіруші творчестволық топтың өздері ушықтырып
жіберген сияқты болып көрінеді де тұрады. Сценарий ав-
торы Асқар Сүлейменовтің идеясы жақсы-ақ еді. Өкінішке
қарай кинорежиссер мен операторлар оның сұңғыла ойлар

сілеміне дендеп ене алмады ма, əйтеуір біраз бұрмалаулар
мен жасандылыққа жол беріп алды. Оған фильмді қабылдап
алатын комиссия мүшелерінің “идеялық-таптық” тұрғыдағы
күмəн-күдігі қосылды да Батыраш заманындағы өмір

бəйгесінде бір мертіккен “Құлагер” тоталитарлық кезеңдегі
тұсаулы өнер бəсекесінде тағы сүрінді.
Енді... “Отқа оранған Орал” кинолентасы туралы бірер
сөз. Оның сценарийінің авторы Қалихан Ысқақов та қоюшы

режиссері Мəжит Бегалин болатын. “Ұрпағың ұмытпайды”
деп аталатын алғашқы түпнұсқасында ол екі сериялы фильм
ретінде жоспарланған еді. Бірақ сценарийді оқып шыққан
Орталық Комитеттің салалық бөлімі оның ішінде Алашорда

қайраткерлері Жанша Досмұхамедов, Арон Қаратаев, Халел
Досмұхамедов бар болғандықтан рұхсат беруден бастартты.

Жоғары жақ пен киностудия арасында екі жылға жуық сен-
делген Мəжит Бегалин ақыры олардың: “Сценарийді өзгерт,
бір серияға түсір”,– деген талабына амалсыз көніп, мəскеулік
жаңа автормен жұмыс істеуге отырды. Фильм түсіріліп боп

қалған кезде Мəжікең сол киноның əскери кеңесшілігіне
бекітілген орталықтағы орыс генералымен оңбай ұрсысып
қалыпты деп естідік. Ол оны Мəскеуге жеткізген... Соның
кесірінен “Отқа оранған Орал” жарамсыз, түсірілу сапасы

нашар деп табылып архивке жіберілді.
Ж. А: Кино залдарындағы экрандардан, теледидардан
өзіңіз ойнаған фильмдерді көргенде қандай əсерде боласыз?
Содан соң... Сіздің ойыңызша сол кинолента лардағы сəтті,

қызық, тапқыр шыққан көріністер деп қайсыларын айтар
едіңіз?
А. Ə: Өткеннің бəрі сағыныш... Өткеннің бəрі қызық...
Мен өзім ойнаған фильмдерді көріп отырғанда міне, осын-

дай ойда, əсерде боламын. Ал сол кинотуындылардағы
сəтті, тапқыр шыққан детальдар дегенге келсек, бұлардың
ішінен өзіме ерекше ұнайтыны төмендегі көріністер дер
едім. Олар: “Қыз Жібек” фильміндегі Қособаның түбінде

жатқан Бекежанның таң алдында мызғып кеткен күзетшісін
жүріп келе жатқан күйі тізесімен қаға-маға теуіп оятып өте
шығуы; “Атаманның ақыры” кинокартинасындағы чекист
Чадияровтың өзі жоқта бөлмесіне келіп тінту жүр гізген

жансыздардың іс-əрекетіне көз жеткізу үшін самайы нан бір
тал шашты жұлып алып, оны шарап шырынына батырған
соң шкаф есігіне “пломб” жасауы; “Шоқан Уəли ханов”
телесериалындағы Шыңғыс сұлтанның болыс сай лауын-

дағы бəсекеде жолы болмаған баласымен кездескен дегі
қамшысының сабын ердің қасына басып сындыруы арқылы
сəтсіздікті үнсіз тілмен білдіруі. Актер емес, көрермен
ретінде міне, осы көріністер өзіме қатты ұнайды.

Ж. А: Өзіңіздің замандастарыңыз, бүгінгі уақыт туралы
ойыңыз... Бұл туралы не айтасыз?
А. Ə: Мен балдəурен балалық шағы Ұлы Отан соғысымен
тұспа-тұс келген ұрпақ – өзімнің замандастарыма қай

жағынан болса да ризамын. Олар қазақ өнері мен ғылымы
үшін қолдарынан келгенінің бəрін жасады. Біздің ісімізге,
əрекетімізге тарих төреші дер едім. Алдымызда дүбірлетіп
XXІ ғасыр есік қағып тұр. Өркениет, прогресс үшін тақ сан-

ды ғасырлар адамзатқа үлкен жақсылық, игіліктер əкелген.
Мен XXІ ғасырдың тəуелсіз Қазақ еліне сондай болуын
тілеймін.
...Біз бұл сұхбат – мақаламызда қазақ өнері

шоқ жұлдыздарының бірі Асанəлі Əшімовтің өмірі
мен қызметін толық қамтыдық деп айта алмай-
мыз құрметті оқырман! Жоғарыдағы баяндалған
жəйттер 50-ден астам спектакльдер мен 20-

ға жуық кинода басты рольдерде ойнаған, 4
көркемсуретті фильм жасап, “Майраның əні” атты
өмірбаяндық кітап жазған ғұмыр-дария жанның
осыған дейін көп айтылмаған ой толғанысының

үзіктері ғана. Ол туралы үлкен əңгіме əлі алда.
1997 жыл.

ЖҰЛДЫЗДАР

ІЗ ТАСТАП

АҒАДЫ

“Сағат ағаң туралы елдің бəрі жазып жатыр. Сен ше?
Ол кісі жөнінде жұртқа айтатын ештеңең жоқ па еді? Неге
үндемей жүрсің?”
Осы тақылеттес сөздерді мен кейінгі кезде таныстарым-

нан өте жиі еститін болдым. Естіген сайын қатты қысы-
ламын. Қиналып..., ыңғайсызданамын. Мойындау керек,
жұрттың бұл бағыттағы айтқан базынасы орынды. Себебі,
Сағат аға Əшімбаев екеуміз бір жердің түлегіміз. Жас айыр-

машылықтарымызға байланысты класс баспалдақтарын
есептемегенде, ол кісімен бір мектепте оқыдық. Бір универ-
ситетті бітірдік. Жастар газеті “Лениншіл жаста” тізе қосып
қатар жұмыс істедік. Оған қоса миллионнан астам тұрғыны

бар қала Алматыда жұбымызды жазбай, көрші тұрған да
жайымыз бар. Ендеше...
Иə, ендеше Сəкең туралы елге сыр ғып айтар біраз жəйт
бар сияқты. Бірақ, еске алғанның, сөз еткеннің жөні осы екен

деп жоқты-барды тізбектеп, лағып кетуге де бол майды ғой.
Осындай ұстамсыздыққа ұрынбас үшін, құрметті оқырман,
бұл мақалада біз Сағат аға жөнінде бұрын жұрт көп ескер-
меген, онша назар аудармаған оқиға ларды ғана тілге тиек

еткенді жөн көріп отырмыз. Соның ең алғашқысы: “Болашақ
сыншының жас кезіндегі дүние танымы қандай болған жəне
ол ең алғаш баспасөз бетінде қалай, немен көрініп еді? ”– де-
ген сауалға жауап іздеу.

Менің білетінім: Сағат аға алпысыншы жылдардың бас
кезінде аудан орталығынан 8 шақырым жердегі XІX парт-
съезд кеңшарынан келіп, Нарынқолда тұратын нағашысы
Бəжік тің қолында оқыды. Алғашқы əсер адамды алдамайды

ғой. Оның өзім тұңғыш рет көрген сол кездегі кескін-кел-
беті күні бүгінге дейін көз алдымда. Көзілдірікті, жіңіш ке
келген аққұбаша арық жігіт болатын. “Қоғамдық жұмыс-
қа белсенді, сабаққа ынталы, өз бетінше көп оқып, көп

ізденетін жас”,– деп үлгі етуші еді біздерге Сағат ағаны
ұс таз дар қауымы. Мүғалімдеріміздің сол сөзі рас болды.
1965 жылы ол орта мектепті алтын медальмен аяқтады да
Алматыға аттанып, КазГУ-ге оқуға түсті. Міне, осы жəйттің

өзі-ақ оның жас кезіндегі алғырлығы мен қуатты қабылет-
қарымын анық аңғартса керек. Ал, болашақтағы үлкен ин-
теллект иесі оның ішкі рухани əлеміне, жандүниесінің өсу
эволюциясына келетін болсақ... Оны айғақтайтын нақты

мысалмен мен 1992 жылы бетпе-бет кездестім ғой деп ой-
лаймын. Ауылда еңбек демалысында жүргенмін. Ескі əдет
қой, ара-тұра аңсарым ауып орталық кітапханаға бас сұғып
қайтамын. Сондай күндердің бірінде кітапханашы əпкеміз

Орал Қасымбайқызының “Бұлар біздің оқырман дарымыз
болған” деген тақырыпта стенд жасап жатқанын көзім ша-
лып қалды. Сұр матамен қапталған тақтадағы тізімде біраз
адамның аты-жөні бар екен. Селоның қарт тұрғыны Г. Стро-

гонов, ұстаз Т.Сақалов, зейнеткер Ə.Ме йір беков... Бір ме-
зетте “С.Əшімбаев” деген фамилияға көзім түспесі бар ма?!
“Сіздерден Сағат аға да кітап алдырып оқып па еді? ”– дедім
алғашында ештеңеге түсінбей қалған мен кітапханашыға.

“Жоқ,– деді Орал тəте,– ол кісінің орта мектепте оқып жүрген
кезінен қалған оқырман кар точкасы бізде əлі сақтаулы.
Сенбейсің бе? Жүр, көрсе тейін”.
Кітапханашы əпкеміз берген парақшаға қараймын, ше-

кесінде “№ 764” деген цифр түр. Карточка 1964 жылдың 12
қазанында И. Буниннің екі томдық жинағымен ашы лыпты
да соңы 1966 жылдың 4 шілдесінде П. Мерименің “Маттео
Фальконе” кітабымен аяқталыпты. Парақшаға У.Фолкнердің

“Таңдамалысы”, Э. Хемингуэйдің “Қош бол, майдан! ”, В.
Шкловскийдің “Лев Толстой”, Г. Мелвиллдің “Мобби Дик”
секілді шығармалары бар 36 автор тізілген. Демек, оқушы
жəне студент Сағат жыл жарымға жуық уақыт ішінде бұл

жерден осыншама кітапты алып оқып шыққаны ғой! Мені
таңдандырғаны Сəкеңнің Э.Хемингуэй мен Дж. Лондонға
деген үйірсектігі болды. Ол аталмыш авторлар дың “Шал
мен теңіз” жəне “Өмірге қүштарлық” атты дүниелерін

кітапханадан бір емес екі рет алып оқып шыққан.
Осы жерде бір сауал: өзіміз сөз етіп отырған карточка-
дағы бұл тізімнен нені байқап, білуге болар еді деп ойлай-
сыздар? Бұдан аңдап, аңғаратынымыз сол оның мектеп

қабырғасында жүргеннің өзінде-ақ оқиғалы дүниелер емес,
ойлы туындыларды оқуға ұмтылғандығы. Содан соң... иə,
содан соң сол талап арқылы бойына өзгеге ұқсамайтын оқу
жүйесін, басқаша бір белсенді өмірлік бағдар қалыптас-

тырғандығы. Осындай мақсат-мұрат кейін астанадағы зия-
лы қауымның: “Энциклопедиялық білімі бар ірі эру дит”,–
деп баға берген сыншы Сағаттың болашақ дүние танымына
негіз қалағаны анық.

1997 жылғы мамыр айында Сəкеңнің 50 жылдық ме-
рейтойына орай Қазақ университетінде өткен жиында зал-
дан президиумдағыларға өте бір əдемі сұрақ қойылды. Ол:
“Сағат аға өзінің творчествосын бірден рецензия жазудан

бастады ма, жоқ əлде əңгіме, өлеңмен шұғылданып барып
сынға ауысты ма? Ең алғаш рет ол баспасөзде қалай, немен
кө рініп еді? ”– деген сауал болатын. Өкінішке орай оған еш-
кім нақты жауап бере алмады. Ал бірақ ол маған үлкен ой

салды. “Сол ма еді, сол емес пе еді? ”– дедім ішімнен зал-
да отырып: – “Ол менде бар сияқты еді ғой? Іздеп көрсем
қайтеді? ” Осы елесті қуалап үйге келдім. Келдім де қоян
жылғы қойын дəптерлерімді қопара бастадым. Міне, мы-

нау мектеп қабырғасында жүргеннен қалған қоңыр блок-
нот... Оның алғашқы беттеріне 1966 жылғы Анг лияда өткен
əлемдік VІІІ футбол чемпионатына қатыс қан командалардың
кездесу кестелерін жапсырып пын. Одан кейінгі парақтарда

“Қайрат” ойыншылары бейнелен ген фотосурет көзге жылы
ұшырайды. Ал, 8-ші бетке... “Ақыл дыдан шыққан сөз... ”
деген тақырыбы бар газет қиын дысын желімдеппін. “Тап-
тым!– дедім оны көргенде қуанып.– Ойым алдамапты? “Иə,

бұл Мəскеудің “Прог ресс” баспасынан 1966 жылы жарыққа
шыққан “Афо ризмы” атты кітаптан Сағат аға Əшімбаевтың
тəржіма жасаған əлем ойы алыптарының даналық сөздері
еді.

Өз пайымдауымша мен Сəкеңнің осы аудармасын оның
баспасөз бетінде жарияланған тұңғыш творчестволық еңбегі
ғой деп ойлаймын. Себебі, ол кісінің 1966 жылға дейін не
мектептегі қабырға газетінде, не аудандық, облыстық га-

зетте жарық көрген бірде-бір дүниесін көрген емеспін.
Оның үстіне 1981 жылы журналист Жарылқап Бейсенбаев

екеуміз “Лениншіл жастың” 60 жылдық шежіре кітабын
жасау үшін архивке отырғанымызда бұл басылымнан “С.
Əшімбаев” деген фамилияны 1967 жылдан бастап қана
ұшыратқаным бар. Ал, мына тəржімаға келер болсақ... Н. С.

Хрущев тұ сын да біріктірілген екі ауданның бірі Нарынқол
1966 жылдың көктемінде Кегеннен бөлініп шықты да оның
бұрынғы “Советтік шекара” газеті сол жылдың жазынан
бастап қайтадан жарық көре бастады. Осы кезде КазГУ-дің

І-курсын жаңа ғана аяқтап, елге келген Сағат аға аудандық
газетте өндірістік тəжірибеден өткен. “Ақыл дыдан шыққан
сөз...” атты даналық сөздер топтамасы “Советтік шекарада”
міне, сол кезде жарияланған. Қазір ойлап қарасам, Сағат

аға ол уақытта небары он тоғыз жаста ғана екен ғой. Соның
өзінде оның ойы орамды, тілі тұщымды, қабылет-қарымы
қарпымды екені аңғарылады. Оған абзал ағаның жинағынан
іріктеп тəржімелеген 16 даналық сөздің ішіндегі: “Кім өмірді

ұмытса, өмір де оны ұмытады” (Поуп), “Кейбір күлкілерде
кейбіреулердің рухани бейімаралығы жатады” (Лабрюйлер),
“Əдебиеттің қызметі – оқиғаларды идеяға айналдыру” (Сон-
таяна), “Дөрекілік – рухани əлсіздік” (Эшенбах), “Əркім-ақ

ақылды болғысы келеді, ал бола алмағандарға ақылдылық
қулық тəрізді көрінеді” (С. Джонсон),– деген жатық аударма-
лары толық дəлел бола алатын сияқты.
Көзі қарақты оқырмандар қазір Сағат ағаны салқар ойлы,

саңлақ сыншы ретінде өте жақсы бағалап, құрмет тейтіні
анық. Ал, бірақ көбіміз кезінде оның публицис тикамен де
шұғылданып, аудармашылық өнерге де ден қойғанын толық
біле береміз бе? Мұны айтып отырғаным, ол кісі “Лениншіл

жас” пен “Жұлдызда” жұмыс істеп жүрген кездерінде əдемі
де əсерлі 20-дан астам мақалалар мен 15-ке жуық аударма
жасаған адам. Солардың ішіндегі “Тырналар... сұлу тырна-
лар”, “Юсеф эс Сибаи жəне... Болат хан”, “Сөз жоқ, соның

іздері! ” атты очерк-портреттер мен “Менің Дағыстаным”,
“Өзім жəне өзгелер жайлы” деген тəржімелер кезінде қалың
оқушының көңіл кілтін дөп басқан, əлі де өзінің өміршеңдік
сипатын жоғалтпаған нəрлі, нəзік дүниелер дер едім.

“Тырналар... сұлу тырналар”– жанры жағынан лири-
калық суреттеме. Оны автор 1971 жылдың күзінде Көкше-
тау облысының Рузаев ауданына барған егін орағы са-
парынан жазып, қазан айында өзі істеп жүрген жастар

газетінің І-ші жəне 4-ші беттеріне бөліп жариялатқаны
есімде. Мақала табиғат бояуларына өте бай еді. Бұны оқып
отырғанда Сəкеңнің оймақтай нəрседен ой түйген орамды
тіліне тəнті болып: “Осыны жазып отырған сыншы Сағат

па, жоқ əлде суреткер Сағат па? ”– деп қайран қаларыңыз
анық. Ал, енді автордың одан кейінгі “Юсеф эс Сибаи жəне
... Болатхан” атты мақаласына келсек, ол да сол “Лениншіл
жаста” Азия-Африка елдері жазушыларының 1973 жылғы

қыркүйекте Алматыда өткен ІІІ конферен циясынан соң
шыққан болатын. Оның басты кейіпкері қазіргі белгілі ди-
пломат Болатхан Тайжанов еді. Ол кездері елге онша та-
нымал емес бұл жігіт халықаралық мəні зор аталмыш жи-

ында конференциядағы басты тұлға, қос құрлық елдері
жазушылары ассоциациясының төрағасы Юсеф эс Сибаиға
тəржімеші болып бекітіледі де осы жауапты жұмысты
шеберлікпен орындап шығады. Мұны көріп, бақылап жүрген

Сəкең: “Юсеф эс Сибаи сияқты терең ойлы, тұңғиық білімді
қаламгердің мінбелер мен теледидардағы ағылшын тілінде
сөйлеген сөзін ілесе əдіспен орысша-қазақшаға аудару оңай
шаруа емес. Ұлт намысы деп айтарлық осы сында Болатхан

ерледі! Сөйтіп ол логикасы жүйрік, ойлау машығы жоғары
интеллект иесі екенін көрсетті. Бүгінгі қазақ жастары міне,
осындай болуы керек”,– деп жар сала жазды. Сəкеңнің
жаңалық елге тез жетсе, жақсылық атаулыдан халқымыз дер

уақытында хабардар болса деген осындай мазасыз жүрек
дүрсілін оның бұдан басқа: Р. Ғамзатовтың 1972 жылы “Изве-
стия” газетінде тұңғыш жарияланған “Менің Дағыстаным”,
Ш. Айтматовтың 1973 жылы “Неделя” апталығында шыққан

“Өзім жəне өзгелер жайлы” аудармалары мен 1974 жылы
“Жетісу” газетіне Ə. Əлімжанов туралы жазған “Сөз жоқ,
соның іздері! ” атты творчестволық портретінен де байқау
онша қиын емес. Осыларды еске алғанда қазір ұмытылған

бұл дүниелер сыншының алдағы уақытта жарыққа шығар
кітаптарының біріне “Публицистикалары мен аудар малары”
деген тараумен енсе, оның еш артықтығы болмас еді-ау деп
ойлайсың.

Өз саласы бойынша оқ бойы алға озып, биік белеске
көтерілген талант иелерін көргенде: “Ол бірден осылай

бола қойды ма? Оның өскен, тəрбие алған ортасы қандай
еді? Ұстаздары кім болған?” – деген сұрақтардың туары
заңды құбылыс. Дəл осындай сауалды Сағат ағаға да бай-
ланысты қойып, жауап іздегенде менің ойыма мынадай

жəйт оралады. Рас, бұл мəселеде ол кісінің академик сыншы
Мұхамеджан Қаратаевты өте жақсы көріп, үлгі тұтқаны жа-
дымда. Бірақ Мұхаңның Қазақстан Жазушылар одағының
1971 жылғы мамырда өткен VІ съезінде жасаған қосымша

баяндамасындағы Сағат Əшімбаевтан бастап Бақытжан
Майтановқа дейін тізген бір сөйлемі болмаса, басқа қай
жиын, қай кітапта бата бергені есімде жоқ. Өз ойымша
Сəкең туралы тың пікір білдіріп, елге нағыз жүрекжарды

сөзін айтқан, толыққанды талдамалы мақала жазып, сəт са-
пар тілеген Зейнолла Серікқалиев сияқты. Олай дейтінім...
1974 жылы Сəкеңнің “Жазушы” баспасынан “Сын мұраты”
атты тұңғыш кітабы жарыққа шықты. Содан көп кешікпей

Зейнолла аға Серікқалиевтың “Лениншіл жас” газеті редак-
циясына келгені бар. Сəлем беріп, шаруа жайын сұрастық.
Сонда ол кісі: “Сын кітаптарының жолы ауыр ғой,– деді.–
Соған қарамастан Сағат пен Төлеген (Тоқбер генов.– Ж. А.)

өздерінің тұңғыш жинақтарын шығарған екен. Бас алмай
оқып шығып, риза болдым. Содан соң: “Осы уақытқа дейін
екі кітап шығарыппын. Өкінішке қарай бұл дүниелеріме
алдыңғы буын өкілдерінен не дұрыс, не бұрыс деген пікір

естіп көрмеппін. Ендеше мен алдыңғы лардың сол қателігін
түзетіп, əріптестеріме лебіз білдірейін. Сөйтіп сөзбен бол-
са да олардың, қолтықтарынан демеп, қанаттандырайын
деген оймен мақала жазып əкелдім”,– деп əдебиет бөліміне

кіріп кетті. Артынша жастар газетінде Зекеңнің əлгі дүниесі
“Қос қанат” деген атпен жарқ ете түскен еді. Онда Сағат пен
Төлеген ағаларымызға сыншы ре тінде нақты баға берілген
болатын. Мұны біздің ұмыт пағанымыз жөп.

Сəкең газетте қалай жұмыс істеген еді? Өмірінің көбін
баспасөз саласына арнаған абзал ағаның бұл бағыттағы
еңбегін еске алғанда көз алдымызға бас редактордың
орынбасары оның идеялардың қайнар көзі бола білген

тапқырлығы мен тың ой, соны пікірлерді жүзеге асырудағы
ұшқырлығы елестейді. Ғажабы сол ол: “Айтқанымның бəрі
алтын”,– дейтін астамшылыққа бармайтын. Лездемелерде
сөз алған қызметкерлерді: “Содан соң..., иə, содан соң ше?” –

деп қыздырып-қыздырып қойып, олардың əңгімелерінен ой
аулайтын.
Сөз орайына қарай айта кетейін, Сағат аға елге идея
беріп қана қоймайтын, реті келгенде өзі де олардан оны ала

білетін. 1989 жылғы бір оқиға есімде. Фурманов көшесін
бойлай əңгімелесіп келе жатқанымызда ол кісі қоғамдағы
бел алып тұрған төрешілдік (бюрократтық) пен бишігештік
(шенеуніктік) туралы сөз қозғады. Көңіліме қонбаған бір-

екі ойына: “Жоқ, олай емес қой... ”– дей беріп едім: “Қойшы,
осы сен не білесің?”–деп сөге кеп жөнелгені. Күйіп кеттім.
“Неге білмеймін?– дедім шарт ете түсіп.– Білемін! Əлкей
Марғұлан ағамыз айтпақшы, “білгеннен соң айтамыз

да”. “Ал..., ал, тыңдайық онда,– деді ашын ғаныма абыр-
жып қалған Сəкең.– Айта ғой. Құлағым сенде”. Əңгімемді
Салтыков-Щедриннің: “Ресейдің орта лық губернияларында
даяр асқа тік қасық 80 мың бюрократ жосып жүр”,– деген

сөзінен бастадым. Содан кейін В. Маяковскийдің: “Я вол-
ком бы выгрыз бюрократизм”,– деп келетін өлең жолда-
рына түстім де А.Мейерхольдтың отызыншы жылдардағы
“Бишігештер” пьесасы бойынша Кукрыныксылар жасаған

плакаттағы көрініс: стол.., теле фон..., оларға жоғарыдан
төніп тұрған жуан жұдырықты еске алдым. Бұдан соң жур-
налист А. Аграновскийдің: “Мемлекеттік құрылымдардағы
бюрократтық аппараттың далиып кеткені сонша, қазір

еліміздегі 1 жұмысшыға 4 шенеуніктен келеді”,– дейтін
пікіріне ойыстым. Ал, ол кездері əлі қаралана қоймаған күн
көсемнің: “Самый худший..., внутренный враг бюрокра-
тизм”,– атты сөзіне келгенімде: “Жə... болды. Жетеді. Мен

жеңілдім”,– деді жадырай күлген Сəкең. Сөйтті де: “Ара-
тұра сендермен де санасқанымыз жөн шығар, сірə ”,– деп ой-
ланып қалды. Содан бір айдан соң... иə, бір айдан соң теледи-
дар түймесін басып қалсам, Сағат аға хабар жүргізіп отыр.

Тақырыбы–“Бюрократия жəне демократия”. Байқаймын,
реті келген жерде жоғарыдағы фактілер сөз арасына тұздық
боп пайдаланылып жатыр. Мен оған ренжігенім жоқ. Қайта
“идеямның” өтіп, қажетке жарағанына қуандым.

Сағат аға!... Ол кісіні еске алғанда біздің арамыздағы
қарым-қатынасымыз да ойға оралмай қоймайды. Осы күні

жұрт аузында “жеке батырлар” туралы Ілияс Омаров айтты дейтін сөз бар. Өмірінде бөлу мен бөлінуді білмеген Ілекең Алматыдағы дара тірлік етіп жүрген жерлестерімен кездесіп қалғанда: “Жеке батырлар-ей! Халдерің қалай?” – деп амандасады екен. Біздің де міне, дəл солай ғұмыр кешкен жайымыз бар. Қызмет, жұмыс кезінде бір-бірімізге суық болдық. (Таулы өңірдің табиғаты суық қой. Бұл, бəлкім, содан шығар). Творчестволық жеңістеріміз бен жетістік терімізге де салқын қарадық. (Тау бұлағының суы салқын емес пе? Ол мүмкін содан болар). Ал, бірақ тіршіліктегі қуаныш пен қайғыда олай болғамыз жоқ. Ондай кезде жер лестер біздер: Сəкең мен Баққожа аға да, Тұрлыбек пен Рысбек те, Тұрсынжан мен Дүйсен де бəріміз біреуміз самауырға шоқ салсақ, екіншіміз ошаққа от жағып аяғы мыз дан тік тұрдық. Сөйтіп ешкімге салмақ салмай, жаны мызды жалдап жүріп жұмыс істеу арқылы өз қолымыз өзімізге жеткен азаматтар бір-бірімізге деген кіршіксіз де таза көңілімізді осындай адал ниет арқылы көрсеттік. Бұл – шындық. Таяуда мен ғалым Бекен Құлжановтың “Естеліктер ешқашан ескірмейді” мақаласынан төмендегідей ой ұшқынын көріп қалдым... Ол кісі былай дейді. “Егер жұлдызшы-астрономдардың сөзіне сенер болсақ (олар дəлдікті сүйетін халық), адам ғұмыры бейнебір кеңістікке шашылып кеткен ұсақ тозаң іспеттес. Тіршілік иелері олардың өмірі космос деп аталатын ғарыш əлемінің күнтізбесімен есептегенде секундтың сегізінен бір бөлігіне ғана созылады екен. Осынау қас-қағым сəттік қана уақытта əр адам жер бетінде өз қолтаңбасын қалдырып үлгеруге тиіс”. Менің ойымша Сəкең бұл үдеден шыққан сияқты. Себебі, ол өзінің қысқа ғұмырында ұлт менталитетінің қандай екенін толық көрсетіп, қазақ əдебиеті сынын өркениет деңгейіне көтере білген жан. Осының өзі үлкен ерлік емес пе?! ...Алматының шығыс қапталындағы Кеңсай деп аталатын биік текшеде қазақтың шоғыр жұлдыздарының үлкен бір тобы мəңгілік ұйқыға шомып жатыр. Олар: Əлкей Марғұ лан, Бауыржан Момышұлы, Ілияс Есенберлин, Рахымжан Қошқарбаев, Кəкімжан Қазыбаев, Сейдахмет Бердіқұлов, Оралхан Бөкеев сынды халқымыздың жақ сылары мен жайсаңдары. (Түбінде осы текшеге Париж ірге сіндегі пан теон маңдайшасына: “Бұл белгі өз перзент терін құрметтеуші туған Отаны атынан қойылған”,– деп жазылғандай бір сөз керек шығар, сірə). Міне, сол ағала рымыздың арасында Сағат Əшімбаев та бар. Иə, ол қазақ əдебиеті көгін дегі жұлдыздарымыздың бірі еді. Ақты да кетті. Бірақ артын да жарқыраған сəулеге толы із қалды. Жарық із... Өйткені... жұлдыздар із тастап ағады! 1997 жыл.

ШОЛОХОВТЫҢ

ӨКІЛ БАЛАСЫ

1987 жылдың 31 наурызы еді. ҚКП Орталық Комите-
тінің сектор меңгерушісі Амангелді Ахметəлімов ағамыз
бас таған бір топ адам Орал облысына аттандық. Мақсат –
осы аймақтағы аудандық газеттердің жағдайы, проблемасы

туралы бюроға материал əзірлеу. Облыс орталығына келіп
түскен соң, жанымызға бір-бір жолбасшыны ертіп алып, бө-
лінген аудандарға тарттық та кеттік. Менің серігім сол кез-
дегі облыстық кітапқұмарлар қоғамының бастығы Қуа тов

деген жігіт ағасы еді. Өте кішіпейіл, биязы бұл кісімен тез
тіл табысқаным сонша, кетер-кеткенше екеуміздің арамызда
айтылмаған əңгіме, қозғалмаған сыр қалмады.

– Сирек мамандық иелері мен тағдыры қызық жандар-

ды жазып жүрсің ғой, – деді жолбасшым Орда ауданынан
қайтып келе жатқанымызда. – Сондықтан қалаға барған соң
мен сені дəл сондай адамның бірімен жолықтырсам деген
ойым бар.

– Ол кім?

– Атақты жазушы Михаил Шолоховпен аралас-құралас

болған қазақ отбасы.

– Рамазанов емес пе?

– Жо-жоқ... Мүлде басқа адам... Бұлар Аманбаевтар

əулеті.

– Менің: “Рамазанов емес пе?” – деп отырғаным Миха-

ил Александровичті осы облысқа демалуға келген сайын
қарсы алып, шығарып салатын жоғарыдағыдай фа милиялы
қазақ шоферін жергілікті жазушы Николай Кор су нов пен
қарт журналист Хамидолла Қыдыров баспасөзде талай рет

жазған болатын. Жолбасшымның сөзіне сəт салып байқасам,
бұл кісінің айтып отырғаны мүлде басқа адам сияқты. Енде-
ше неге барып көрмеске? Неге əңгімелеспеске?
... Облыс орталығындағы көп қабатты үйлердің біріндегі

пəтер есігін жасы 40-тардағы əйел адам ашты. Жолбасшым

келген шаруамызды қысқаша айтып өткен соң үй иесі бізді
төрге оздырды да берген сауалдарымызға жауап қайтара ба-
стады. Ол кісінің сондағы айтқан əңгімесінен біз төмендегі
жайды ұқтық. Енді соған назар аударайық, құрметті

оқырман.
“Біз отағасым Амангелді Аманбаев екеуміз Шолоховтар
отбасын: Михаил Александрович пен Мария Петровнаны
алғаш рет 1970 жылдың күзінде көрдік. Оған дейін олармен

енем Ғайша жақын жəне жақсы таныс болған еді. Шолоховтар
оны Катя тəтей деп атайтын. Енем кеңшардың қонақ үйінде
алпысыншы жылдардың басынан бастап жұмыс істейтін.
Жазушы Дон бойынан Орал өңіріне аңшылыққа келген сай-

ын ылғи осында тоқтайтын еді. Ол өз уақытын Жаңақала
ауданының аумағында өткізіп, таңертеңнен құс ату мен
балық аулауға кететін. Ал, кешқұрым ауылға оралған соң
да адамдар арасында жиі болып, мектепке, кеңсеге ба-

рып əңгіме-дүкен құратын. Сондай-ақ жазушы “Бірлік”
кеңшарының директоры Мүсір Иманқұлұлы Айтасовпен
бірге шалғайдағы жайы лым дарға бет алып, шопандарға да
барушы еді. Онда қаламгер олардың тұрмысымен, өмірімен,

жұмысымен танысатын. Ерекше атап айтатын нəрсе, Шо-
лоховтар өте қарапайым, жұғымды адамдар еді. Біз олар-
мен тез тіл табыстық. Соның нəтижесінде бұл кісілер еркін
əңгімелесуге болатын адамдар екеніне толық көз жеткіздік.

1970 жылы 25 қыркүйекте мен Қисыққамыста толғатып,
ұл босандым. Ол кезде Михаил Александрович пен Мария
Петровна біздің кеңшарда болатын. Келесі күні перзентха-
наға тамақ əкелген енем: “Мына əдемі алмаларды Михаил

Александрович пен Мария Петровна беріп жіберді. Оның
үстіне олар сенің ұлды болғаныңа, жауынгер, отанымыздың
қорғаушысын дүниеге əкелгеніңе өте қуанышты”, – деді.
Əрине, мен олардың маған мұндай ілтипат білдіргеніне

өте қатты риза болдым. Мен тіпті жоғарыдағы сəлемдемеге
сенер-сенбесімді де білмедім. Одан кейін перзентхана-
дан шыққан соң отағасым екеуміз кеңесе келе, ұлымызға
ат қоюды Михаил Александровичпен ақылдасу керек деп

шештік. Ол кісі бізді жылы қабылдап, айтқан əңгімемізді
тыңдап алды да, былай деді: “Ал сендер ұлдың есімін кім
қоймақшы едіңіздер?” Біз оған: “Егер сіз рұқсат етсеңіз атын
Миша-Михаил деп қойғымыз келеді”, – дедік. Михаил Алек-

сандрович күлімсіреді де: “Бұл сіздерге ыңғайсыз болмай ма?
Түсінбестік тумаса Миша деп-ақ қойыңыздар. Қарсылығым
жоқ. Алыс Қазақстанда өкіл балам тұратындығына мен де
қуанып жүрер едім. Кейін оны Мұса деп атауларыңызға да,

айтуларыңызға да болады. Ал, оның орысшасы Михаил емес
пе?” – деп қуақылана жымиды.
Сөйтіп, Михаил Александровичтің құрметіне орай
ұлымыздың есімін Михаил деп қойдық. Сол жолғы

жүздесуде жазушы ерім екеумізге өзінің қолтаңбасымен
“Слово о Родине” атты кітапшасын сыйға тартты. Бір жыл-
дан соң Шолоховтар Қисыққамысқа қайта келді. Бұл кез-
де ұлымыз өсіп қалған еді. Тəй-тəй басып жүре бастаған.

Енемнің тұңғыш немересі болғандықтан, ол кісі Миша-
ны қолынан түсірмейтін. Ал, Михаил Александрович бол-
са, осының бəрін терезеден байқап отырады екен. Бір күні
кеңшар директоры Мүсір Айтасовқа: “Сен оларға айт, əжесі

баланы бекерге қинайды. Ол жерде жүріп үйренуі керек”,

– депті. Сол жолғы келгенінде Шолоховтар енеме орамал,

көйлек, ал Мишаға малақай мен ойыншық күшік əкеліп
берді. Мұның бəрі қазір үйімізде сақтаулы. Осы ілтипаты
үшін біз оларды керемет құрмет тұттық. Сол жылғы күзде
Михаил Александрович пен Мария Петровна Мишамен

бірге суретке де түсті. Фотоға сонда оларды ҚазТАГ немесе
облыстық газеттің тілшілері Гавриленко ма, жоқ əлде Варе-
ев пе, кім түсіргені дəл қазір есімде жоқ. Суретті ескерткіш
ретінде өзімізге сұрап алуға да батпаппыз.

1972 жылы біз Қисыққамыстан қалаға қоныс аудардық та,
ауылмен байланысымыз үзіліп қалды. 1980 жылдың жазында
отағасым Амангелді екеумізді обком арқылы із дестіріп, иде-
ология жөніндегі хатшы Мұрат Қалматаев шақыртып алды.

Сөйтсе, Михаил Александрович Шоло хов тың 75 жылдық ме-
рейтойына байланысты Дон бойын дағы Вешенская станица-
сында Орал облысының өкілдері бо лыпты. Жазушы олардан
Миша туралы сұрапты. Қайта рында бұл кісілерге Михаил

Александрович: “Менің өкіл ұлымды іздеп тауып, апарып
беріңдер”, – деп суретті кітап ша мен значок беріп жіберіпті.
Обкомға шақырылған отаға сым екеумізге Мұрат Қалматаев
міне сол сəлемдемені тапсырды. Вешенская станицасына

барған сол өкілдер кейін бізге Шолоховпен хабарласуды, ең болмағанда хат жазысып тұруды өтінгені есімізде. Өкінішке қарай бізде ондай мүмкіндік бола қоймады. Өстіп жүргенде 1984 жылы Нобель сыйлығының лауреаты, əйгілі “Тынық Дон” эпо пеясы мен “Көтерілген тың” дилогиясы авторының қайтыс болғанын естідік”. Үй иесі осы əңгімені айтты да: “Тағы қандай сұрақтарыңыз бар?” – дегендей бізге барлай қарады. Ойымызға Михаил Александрович ат қойған бала түсті. – Қазір сол Миша бар ма? – дедік үй ішіндегі тыныштықты бұзып. – Ол қайда? – Бар, – деді апай. – Көрші бөлмеде сабаққа дайындалып отыр. Шақырайын. Осы сөзді айтқан ол кісі көп кешікпей қара торы, тарамыс денелі жеткіншекті ертіп əкелді. Танысып, əңгі мелестік. Жасы 16-дағы бала оныншы класта оқиды екен. Сабаққа алғыр ол бізге өзінің болашақта инженер болмақ ойын айтты. ... Қазір еске алып отырсам, содан бері міне, тура 13 жыл уақыт өтіпті. Бұл атақты жазушы ат қойған сол бала қазір 30-дағы үлкен жігіт деген сөз. Сөз ретіне қарай айта кетейін, ол туралы мақаланы менің жоғарыдағы іссапардан оралған соң бірден жазып тастауыма əбден болатын еді, құрметті оқырман. Бірақ .., иə, бірақ сол кездегі жағдайға байланысты бұл тақырыптан саналы түрде тартыншақ тағанымды жасыра алмаймын. Неге десеңіз, ол уақыт Жел тоқсан оқиғасынан кейінгі халқымыздың орысша ат қойған қандастарымызға, аралас некеге отырған отбасыларымызға наразылық сезімі өрши түскен кез еді. Елдің жалған интер национализмнен жалыққан осындай көзқарасы тұсында жоғарыдағыдай тақырыпта мақала жазудың өзіңді көпшілік тарапынан неге апарып соқтыратыны түсінікті емес пе? Сондықтан уақытты тосу керек болды. Жə, сөзімізді мына бір өмірлік фактімен тəмамдайық. Жұмабеков деген қарағандылық қандасымыз Ұлы Отан соғысы жылдарында маршал Константин Рокоссовскийдің жүргізушісі болыпты. Атақты қолбасшы мен қатардағы жауынгер бір-бірін өте жақсы сыйлап, екеуінің арасында керемет түсінушілік орнапты. Жеңіс күні жеткенде қимай қоштасыпты. Еліне келген соң, сол Жұмабеков ұлды болады. Оған Константин деп қолбасшының атын қояды. Сол жігіт қазір ел сыйлайтын үлкен азамат болып, Қара ғанды облыстық қаржы басқармасында қызмет істейді екен. Ал, Қисыққамыстағы қарапайым қандасымыздың отбасына ықыласы түсіп, олардың тұңғышының қуаны шына ортақтасып ат қойған атақты казак орыс Шолохов тың өкіл баласы Михаил Амангелдіұлы Аманбаев деген қазақ қазір қайда? Оны білетіндер бар ма екен? P.S.Жоғарыдағы мақала газетке шыққаннан кейін редакцияға Батыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшіміз Темір Құсайыннан мынадай хабар келді. Михаил Аман гелді ұлы Аманбаев ержетіп, үлкен жігіт болыпты. Орал қаласында тұрады екен. Жұмысшы бо лып, облыс орталығындағы құрылыс компания ларының бірінде еңбек етеді дейді. 2000 жыл.

ОТАНДАС

Редакциядан əріптесім, журналист-жазушы Валерий
Михайлов туралы мақала жазуға тапсырма алдым. Бас
редакторымыздың айтуынша ол біздің халқымыздың тари-
хы үшін үлкен іс тындырған жан. Туған жері – Қазақстан

дегенде шығар жаны басқа. Нағыз патриот! Сондықтан да
тəуелсіздігіміздің он жылдық тойында мұндай отандасы-
мызды əсте де ұмыт қалдырмауға тиіспіз.
“Білемін,– дедім мен ішімнен жоғарыдағы сөздерді

естігенде.– Білемін!” Сөйттім де Валерий Федоровичке теле-
фон соғып, аз ғана уақытқа əңгімелесуге рұқсат сұра дым.
Барып жүздесіп, сұхбаттасып қайтқаннан кейін ол туралы
өзімнің осы күнге дейін көңілге түйгендерімді жаңа бір

əзірдегі жүздесуде қозғалған ойлармен толықтырып жазуға
отырдым.
Кейіпкеріміз туралы əңгіме қозғағанда оның шыққан
тегінің күрмеуі көп күрделі өмір жолдарынан өткен тағдыр

иелері екенін айтпай кетпеуге болмайды. Иə, ұйытқи соққан
репрессия атты уақыт дауылының қара құйыны бұлардың
ата-бабасының шаңырағын да айналып өтпеген. Білуімізше,
Валерийдің атасы Прокофий Михайлов Ресейдің Белго-

род губерниясындағы өз шаруасына өте ықтиятты, жұмыс
десе оның қабырғасын сындыратын қайратты да қайсар
адам болыпты. Кеңестік дəуірдегі тəргілеу науқаны кезінде
орташа дəулеті бар ол кісіге кулак деген ат жамалады да,

Қазақстанның Қарағанды облысына жер аударылады. Бұл
кез біздің еліміздегі замана зұлматы – “ұлы” жұттың бел
алып тұрған кезі еді. Оның зардабы Михайловтар отбасы-
на да тимей қоймайды. Аранын ашқан аштықтан бір үйдегі

бес жанның үшеуі опат болып, тек бұл нəубеттен Прокофий
қарттың өзі мен ұлы Федор ғана аман қалады.
Арада жылдар өтеді. Солақай саясаттың салдарынан
атамекенінен бір, отбасынан екі айырылған белгородтық

орыс шаруасы өзін, өзінің ұрпақ жалғастырар зəузаттық тегін толық күйреуден сақтап қалу үшін тағдырдың қатал соққысына мойымауға тырысады. Сөйтеді де Қарағанды шахтасында жан аямай еңбек етіп, жағдайын біртіндеп дұрыс жолға қоя бастайды. Оған оның Мəскеудегі слетке барған стахановшы, Сочидің Орджоникидзе атындағы санаторийіне демалуға келген Үндістан Премьері Джавахар лал Неруді қарсы алған орденді кенші, шахтерлер қауымына сирек көрсетілетін кұрмет – республикалық дəрежедегі дербес зейнеткер атанғаны анық дəлел. Сөйтіп кешегі кулак өзінің жанқиярлық еңбегінің арқасында енді кеңес қоға мындағы құдіретті де қуатты күш – жұмысшы табының атақты адамына айналады. – Атам ұзақ жасаған адам, – дегені бар бірде маған Валерий Федоровичтің. – Бірақ қашан көзін жұмғанша өкіметтің тəргілеу кезіндегі өзіне жасалған қиянатын кешір мей кетті. Зейнетке шыққан 60-шы жылдардың ортасында атамызды сол Белгород облысына көшіріп апарып, үй-жаймен қамтамасыз етуімізге біздің толық мүмкіндігіміз бар еді. Таңғаларлығы сол, ол оны қаламады. Дінінің қаттылығы сонша, тарихи тамыры – ежелгі Русь жерінен зорлықпен көшірілгенін өкіметтің өзіне істеген ең сорақы ісі деп ұғып, соны өмір бойы кек тұтумен болды. Сөйтті де сүйегінің қазақ топырағында қалуын өтінді. Өйткені, қазір өзі мəңгілікке дамылдаған Қарағандыда 1931 жылғы ашаршылықга көз жұмған əжеміз бен қарттың тағы екі перзенті жəне Саратовтан кулак боп айдалып келген қайын атасы Иван атай жатыр еді. – Ал əкеңіз ше? Ол кісі сол кездері атаңыздың бұл шешіміне қалай қарады? Қазіргі пікірі қандай?– дедім жоғарыдағы əңгімеден өзімше ой тарқатуға тырысқан мен. – Папамның да ұғымы осы болатын. Жəне бұл ойынан ол қазір де айныған емес,– деді бұл сауалға ойланып барып жауап қатқан Валерий. – Өйткені əкей өзін Қазақстаннан ешуақытта да бөліп-жарып қараған емес. Көзін тырнап ашқаннан бастап көргені де, баққаны да қазақтар, солардың тыныс-тіршілігі болса, солай болмағанда қайтеді. Иə, кейіпкерлеріміздің əкесі Федор Прокофьевич Михайловтың сондай жан екенінен біз де ептеп хабар дармыз. Олай дейтініміз, еңбек жолын кеншілер қаласын дағы орта мектептің директорлығынан бастап, кейін облыстық “Социалистическая Караганда” газетінің мəде ниет бөлімінің меңгерушісі, одан республикалық “Казах станская правда” газетінің редакторлығына дейін өскен оның қызмет барысындағы кесек мінездері мен ірі істерін бізге Құрманбек Сағындықов, Кеңес Үсебаев жəне Төлеу бай Ыдырысов секілді аға буын өкілдері жырдай ғып айтып беретін. Соның бірі мынадай оқиға. 60-шы жылдардың аяғында Мəскеуде “Социалистическая индустрия” атты жаңа одақтық газет ашылатын болады да оған редак торлыққа кім лайық деген мəселе козғалады. Сонда СОКП Орталық Комитетінің салалық хатшысы қызметін атқа ратын М.С.Соломенцев: “Кезінде Қарағандыда, одан кейін Алматыда жұмыс істегенімде осындай кадрдың іскерлігін байқағанмын”,– деп біздің Федор Прокофьевичтің канди датурасын атайды. Содан көп ұзамай Мəскеу мұны қыз метке шақырмай ма? Бұл əр нəрсені сылтауратып, түрлі бұлтаққа салып ол жұмысқа бармай қоймай ма? Ашуланған Соломенцев: “Оны ұсынған мен едім. Жақсылықты білмей жерге қаратты. Ұятқа қалайын деп тұрмын. Сөйлесіп беріңіз, көндіріп көріңіз”, – деп Д.А.Қонаевқа телефон соқпай ма? Димекең Федор Прокофьевичті шақырып алып мəселенің мəнісін сұрамай ма? Сонда ол: “Жүрсең ауасы өкпеңді қысады. Өлсең күл ғып крематорийге жағады. Бармаймын Мəскеуге. Одан да қазақтың осы кең даласында еркін өмір сүріп, ажал жетсе оның бір төбесінің баурайында дамылдап жатқаным жақсы”, – дейді. Міне, бүгінде жасы сексенге келіп, арудай арман қала Алматыда ғұмыр кешіп жатқан Федор Прокофьевич кезінде сөйткен жан. Осыдан кейін оны қалай патриот деп айтпайсыз?! Ал енді əңгіме иесі Валерийге келетін болсақ, ол да атасы Прокофий мен əкесі Федор секілді өзінің туған жері – Қазақстанды жан-жүрегімен сүйетін азамат. “Мұндай сезім, мұндай сүйіспеншілік оған туа бітті дарыған қасиет пе, жоқ əлде біртіндеп келген танымдық ұғым ба?”– деген сұрақ туады осы арада. “Тəлім алған отбасы мен өскен ортасынан

пайда болған үрдіс”,– деп жауап берер едік біз бұған. Олай
дейтініміз...
Бес əлде алты жасында болуы керек, ол тұңғыш рет
қазақ деген халықтың бар екенін білді. Бұл 1952-1953 жыл-

дары Қарағандыдағы Панфилов көшесінің бойында тұратын
кенші Жүнісовтердің пəтерінде болған еді. Сол үйдің бала-
сы Жеңіске ойнауға барған Валера алғаш рет əлгі жерден
асық, бауырсақ, құрт деген үш сөзді үйреніп қайтқанын күні

бүгінге дейін ұмытпайды. Кейін мұндай қарым-қатынас
мектепте одан əрі жалғасқаны өз-өзінен түсінікті.
Онжылдықты бітірген соң Қазақ политехникалық инсти -
ту тындағы геология факультетіне оқуға түсті. Сол кезден

бастап оның бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Бірінші
курстың жазындағы өндірістік тəжірибеден өту кезінде
Түркістанның Шорнақ селосына аттану. Екінші курста
Жамбыл өңіріндегі Ақсүйек даласында болу. Үшінші оқу

жылындағы көктемде Жезқазған аймағын шарлау. Ал 1967
жылдың жазындағы төртінші курста Ақтөбе облысының
Ойыл ауданына жол тарту... Міне, өстіп жүріп ол қазақ
даласының сырына үңілді, халқымыздың салт-дəстүрін

білді. Содан келіп оның өміріндегі ең басты еңбегі “Ұлы
жұттың жазбалары” туды.

– Студенттік шақтағы өндірістік тəжірибеден өтіп жүрген

кезім мен геологиялық партияда маман болып еңбек жолым-
ды бастағанымда қасіретті қазақ даласынан нені көрмедім,
нені кездестірмедім десеңізші, – дейді Валерий Федорович.

– Ақсөңке боп қураған адам сүйектері, қаңырап қалған ескі

ауыл орындары, ракета сынықтарына толы төбелер... Сондай-
ақ, бұларға енді белгісіз сынақ əсерінен қауырсындары түсіп
қалған даладағы қызылшақа құстарды қосыңыз. Осылардың
бəрін көру маған өте ауыр еді. Жоғарыдағыдай қорқынышты

да көңілсіз суреттер кейін менің уран кенінің мол қорын
тауып, елді таңғалдырсам деген романтикаға толы аңғал
ниетімді адыра қалдырды. Геолог болғым келмеді. Тіпті
сол мамандықтан біржолата безіндім де, көргендерімді

жалғанның жарығына шығару үшін журналистикаға ауы-
стым.
Кейіпкеріміздің санасында “Ұлы жұттың жазбалары” деп
аталатын деректі кітапты дүниеге əкелу міне, жоғары дағы

идеялардан кейін туған болатын. “Ұлы” жұт... Жиыр ма сын-
шы жылдардың аяғы мен отызыншы жылдардың басындағы
тəркілеу кезінде болған сүргінге халқымыз осылай деп ат
қойған. Шынында да бұл қазақ жерінде бұ рын-соңды кез-

деспеген қасірет еді. Еліміздің тарихын дағы қаралы кезең
дейтін “Ақтабан шұбырындының” өзі голощекиндік ге-
ноцид – 1931 жылғы ашаршылықтың алдын да түк емес
сияқты көрінеді. “Кіші октябрь” нəубеті нен қандастарымыз

сан мыңдап қырылды, алдындағы бар малынан айырыл-
ды. Жөңкіле көшіп, жат жерге ауды. Халқымыздың басы-
на үйірілген кесапаттың ауырлығы сондай: анасы – ба-
ласын, баласы – анасын көмусіз қалдыр ды. Өкініштісі,

кеңестік кезеңде осының бəрі кейінгі ұрпақтан жасырылды.
Ақпараттар ашық айтылмай, құжат тар құпия ұсталынды.
Сондықтан да бұл тақырыпты кө теруге, зерттеуге ешкімнің
жүрегі дауаламады.

Валерий Федоровичтің батылдығы да, табандылығы мен
көрегендігі де міне, осында. Ол аталмыш мəселеге басқалар
сияқты қарамады. Болашаққа үмітпен көз тікті. Сөйтті де
жаза берді, жаза берді. Жариялылық келгенде жарқ еткізіп

айды аспанға бір-ақ шығарды.
Сөйтіп, тарихымыздағы үлкен ақтаңдақ – “ұлы” жұтты
қазақ емес, орыс жазып шықты. Осы еңбегі үшін 1991 жылы
біз авторды Қазақстан Жазушылар одағының деректі прозаға

берілетін сыйлығына ұсындық. Сыйлық берілсін деген
шешім де шыққан. Бірақ ол Мəскеуде жүргенде одақтағы бір
жылпос оны авторға табыс етпей жеп кетті. Міне, біздің оған
айтқан рахметіміз... Валерий Федорович бұған лəм-мим де-

ген жоқ. Баяғы ақ адал көңілімен, ақжарқын қалпымен біздің
мəдениетіміз бен өнеріміз үшін қажымай, талмай еңбек етіп
келеді. Оған оның “Казахстанская правда” газетінің бас ре-
дакторы болғаннан бері сол басылымға “Қазақ баспасөзі

беттерінен”, “Казақтың салт-дəстүрлері”, “Қазақ халқының
мақал-мəтелдері” жəне тағы басқа да көптеген айдарлар
ашып, соларды тұрақты жүргізіп келе жатқаны анық дəлел.
Ал олар бұрын мұнда болмаған еді.

Осыдан он жыл шамасы бұрын мен қазақстандық қарт
орыс жазушысы Дмитрий Федорович Снегин туралы “Биік
шыңда қар жатады” атты мақала жазғаным бар. Онда:

“Ол – қазақ халқының рухани мұрасын біліктілікпен,
жана-шырлықпен зерттеуші Радлов, Потанин сияқты
орыс зиялыларының бүгінгі ізбасары. Ол – ана тіліміздің
мемлекеттік мəртебе алуына бел шеше кірісіп, үміт ұстара-

ның жүзінде тұрған кезде: “Егер мен бүгін, дəл қазір қазақ
тілінің тағдырына ара түспесем, онда мені ұстазым Мұхтар
Əуезовтің, майдандас досым Бауыржан Момышұлының
аруағы кешірмейді”, – деп өз ойын ағайындарының алдында

жалтақтамай ашық айтып, тура биде туғандық жоқ екенін
танытқан қайраткер. Ол – Қазақстандағы өз нанын адал жеп
жүрген бірден-бір орыс азаматы. Шіркін біздегі барлық орыс
осы Метрей ағайдай болса ғой...”, – деген жолдар бар еді.

Бұл пікірді Валерий Федоровичке де арнап айтуға болады.
Өйткені мен білетін Михайлов нақ осындай адам!
2001 жыл.

НОСТАЛЬГИЯ

Ойлап
қарасаң,
өткеннің
бəрі

сағыныш…
Өткеннің бəрі қызық… Сол өткеннің бəрі енді қайта
оралмас арман… Мұның бəрін бой өсіп, ой ержеткен
кезде емес, одан кейін… иə, көп кейін барып сезесің.

Міне, сонда көз алдыңа ең алдымен өзіңнің өмір
жолыңда кездескен жақсы адамдар келеді. Сол кез-
де оларды жүрегің шымырлап, жанарың жасаурап
тұрып еске аласың. Өзіңе жылы сөз айтқан, жана-

шыр болған мұндай жандар туралы мына тірлікте
қалай болғанда да əйтеуір бір лебіз айтып қалуың
керек сияқты. Өйткені өмір мəңгі болғанмен, ғұмыр
қысқа ғой…

БІЗДІҢ БІЛЕТІНІМІЗ: Алпысыншы жылдардың орта
тұсы. Ол уақытта алағай да бұлағай қимылға толы теңбіл
доп тəңірісі Пеленің есімі ауыздан-ауызға түспей тұрған кез.
Əлемдегі №1 футболшының бір матчта қанша рет шабуылға

түрткі болғаны, тіпті қарсыластары оны неше мəрте қылтадан
қаққаны сияқты жайларды жадуалдай жатқа соғатын
алыстағы ауыл капитаны – қара баланың əңгімесін естігенде,
оның сөзі өзіңді ағаш атқа теріс отырғызып жіберетінін сез-

бей да қалатынсыз. Себебі оның “Қайраттағы” ағасы “қара
маржан” қатысқан ойынды көрген, білген. Біздің капитаны-
мыз сол ағасынан естігендерін айтатын сияқты. Мұндайда:
“Дат тақсыр”! – деп уəж айтуға шама қайда, тек сілекей

шұбыртумен шектелетінбіз. Өстіп жүргенде, “Лениншіл
жас” газеті беттерінен Англиядағы VІІІ əлемдік чемпионат
туралы “Футбол кін дігін кескен елде” атты жолжаз ба жарқ
етіп шыға келмесі бар ма? Шекесінде “С.Бердіқұлов” деген

фамилия жазылған сол мақала лар серия сын “Ұшқыр” деген
нарынқол дық көше команда сының мүшелері, біздер, жата-
жастана оқыдық. Оқыдық та нағыз шындыққа көз жеткіздік.
Ол біз естіген футбол патша сының үш аяғы емес, екі аяғы

бар екендігі, ең бастысы, оның да біз сияқты жұмыр басты
пенде болғандығы еді. Ал, жолжазба авто рының “Қазақстан
пионері” газетінің дырдай редакторы екені миы мызға кіріп
те шыққан жоқ. Ол кездері біз оны журналист, жазушы деп

қарамай, Пеленің ет жақын інісі немесе футболдың майын
езіп ішкен білгірі деп ойладық.
Арада арбаның дөңгелегіндей айналып жылдар өтті.
Бой өсіп, ой ержеткен шақта көңіл шіркін басқа жайларға

алаңдайтын болды. Бұл енді: “Біздің Қазақстанның қалам
иелерінің арасында еңістен салса төске озатын Генрих Боро-
вик, Игорь Фесуненко сияқты ақ мылтық журналис тер неге
жоқ? Осылар сияқты біздің ағаларымыз неге əлем нің отты

нүктелеріне барып, дүниені дүбірлетпейді?” – деген сияқты
жаның ауыратын, көңілің елегізетін азаматтық сезімнің оя-
нуы еді. Белсенді өмірлік бағдарды қалып тас тырар осын-
дай кəмелеттік кезеңде өзімізге таныс “С.Бер діқұлов” есімі

баспасөз арқылы тағы да ұшырасқаны бар. Жер шарының
арғы бетіндегі ел – Мексикаға барып, “Жұмыр жерде теңбіл
доп” атты буырқанып-бұрсанған репортаждар сериясын
жазған кім? Сол. Атам қазақ аттап баспаған Австралияға ат-

танып, “Сеңгір-сеңгір таулардан, айдын шалқар көлдерден”
деген жолжазбаны оқырмандарға жеткізген кім? Сол.
Аяғын апыл-тапыл басқан Африка құрлығына сапар шегіп,
“Анго ланың елең-алаңы” хикаясын қазақ оқырмандарына

ұсынған кім? Тағы да сол. Тоқ етерін айтқанда, өзі құралпы
əріптестері атжалман, жұлымыр журналист деп айтатын
Сейдахмет Бердіқұловтың əлемдегі алты құрлықтың – Азия,
Америка, Австралия, Африка жəне Еуропа сияқты бесеуіне

табаны тиген Əнуар Əлімжановтан кейінгі қазақ қаламгері
екенін қазір осы бəріміз түгел дерлік біле береміз бе? Əй,
қайдам…
… Тағдыр мені осы адаммен 1973 жылдың желтоқсан ай-

ында “Лениншіл жас” газеті бас редакторының бөлме сінде
жолықтырды. Енді басталайын деп тұрған өмір жо лымның
ең алғашқы белгісі – еңбек кітапшама: “Комсомол тұрмысы”
бөліміне кіші əдеби қызметкер болып жұмысқа алынды”, –

деп солақай қолымен сойдақтата қол қойған да міне, осы
кісі. Содан бастап ол – ұстаз, біз – шəкірт болып арманшыл

жастардың ақ отауы “Лениншіл жаста” он үш жыл бірге
жұмыс істедік. Он үш жыл. Бұл бір қаламгердің мінез-
құлқын, қабілетін, адамгершілігі мен азаматтық болмысын
жақсы танып білумен қатар, оның бүкіл шығармашылығын

да бүге-шігесіне дейін қалдырмай жете зерттеу үшін аз
уақыт емес екені белгілі. Сол мерзім аралығында жазушы-
мен əлденеше рет сырласып, оның əр кітабының өмірге келуі
жөнінде өзінің, əріптестерінің айтқан талай тың, тосын

əңгімелеріне қаныққанымыз бар. Солардың ішінде əсіресе
Сейдахмет ағаның спорт тақы рыбына байланысты деректі
туындыларына қатысты ой-пікірлер ерекшелігін атап айтар
едік.

КЕЙІПКЕРДІҢ АЙТҚАНЫ: “Сейдахмет аға жайлы
лебізімді Рим Олимпиадасының күміс жүлдегері, тамаша
азамат Ғұсман Қосановтың маған сыр ғып айтқан мына
бір жүрекжарды сөзінен бастағым келіп отыр, – деген

еді бірде атақты футболшы Тимур Сегізбаев. – 1959 жыл.
Мəскеудегі Лужники стадионында КСРО халықтарының
жазғы ІІ спартакиадасының жеңіл атлеттер бəсекесі өтіп
жатқан болатын. Ең қысқа қашықтықта жүгіретін жігіттер

ширек финалдық сынның сөресіне қарай желдей ұштық.
Мен алғашқылардың бірі болып сөредегі сымдай тартылған
жіңішке сызықты қиып өтіп, ойқастай кері бұрылғанымда,
сонау төрде тұрған электротаблодан: “Қосанов – Қазақ стан”,

– деген жазу жалт етіп жанды да іле жалп етіп өшіп қалды.

Содан кейін дереу: “Қосанов – Молдавия”, – деп қайтадан
жарқ ете түсті. Сол сол-ақ екен бір қазақ жігіті иін тіресіп
отырған қарақұрым жанкүйерлердің арасынан сыналай өтіп,
алаңға жүгіріп шыққанын көзім шалып қалды. Жеңімпаздар

тұғырына қарай қаумалай алып бара жатқан маған жете
алмасын білген болу керек, ол енді елімізге əйгілі бапкер
Токаревтің етегінен ұстады да: “Өлтір месеңіз айтыңызшы.
Анау Қосанов деген жүйріктің Қазақ станға қандай қатысы

бар?” – деп ентіге сұрақ қойып жатты. Репортердің сол
сəттегі көңіл-күйін түсінген тренер оған: “Қосановтың сенің
республикаңа қатысы бар, айна лайын! Ол Молдавиядағы
əскери борышын өтеп жүрген қазақ жігіті”, – деп бүкпесіз

жауап берді. Ал, ертеңіне… иə, ертеңіне стадиондағы жа-
рыс жолында бой қыздырып жүр едім, аңдаусызда ту сыр-
тымнан келіп біреудің мені бас салып құшақтай алғаны.
Аң-таң қалып, бетіне қарадым. Кешегі алаңға алақайлап

жүгіріп шыққан жігіт… Жылап тұр. Қуаныштан жылағанын
түсіндім. Менің жеңімпаз бол ғанымда көзіндегі мөлдіреген
жасты жасырмаған журна лист Сейдахмет аға болатын.
Сол кездесуден кейін-ақ республика газеттерінде менің

есімімді атап алғаш сүйінші сұраған да сол кісі. Сейдахмет
Бердіқұлов кейін мен Рим Олимпиадасынан күміс жүлдегер
болып оралғанымда “Желаяқ” атты көлемді мақала да жаз-
ды. Жазушы ағаның азаматтығы мен намыс қой лығын өз ба-

сым еш уақытта да ұмытпаймын”.
Түсінесің бе, інішек? Бұл – Сейдахмет Бердіқұловтың бір
ғана мөлтек суреттемесіне кейіпкер болған тамаша қазақ
спортшысы Ғұсман Қосановтың көп ешкімге айтпаған жан

сыры, жүрекжарды сөзі. Ал, жазушының мұндай кейіпкер-
лері кезінде қаншама еді десеңші… Көп, тіптен көп. Егер
Сейдахмет Бердіқұлов туралы біреу дәл өзің сияқты пікір
сұрап, сыр суыртпақтай қалса, онда волейболшы Заңғар

Жәркешев те, велошабандоз Олег Түсімханов та, боксшы
Серік Қонақбаев пен балуан Жақсылық Үшкемпіров те,
бәрі-бәрі жоғарыдағыдай жылы және бірі екіншісінің ойын
қайталамайтын тың да соны лебіздер айтатынына менің тит-

тей де күмәнім жоқ. Ал, аяқ доп ойынының пақыры мына
маған келсек, Сәкеңнің қай спорттық тақырыпқа қалам
тартса да зерттеп, біліп барып жазатынын, содан кейін оны
спорттың жанкүйері ғана емес, қажет болса, соның белгілі

бір саласының ұстазы деу де керек екендігін атап айтқым
келеді. Бірінші пікіріме келтірер дәлелім мынау: фут-
болшы мен де, газетші сен де бәріміз оның жазғандарын
оқығанда спорт атты күрделі, қиын әлемнің бар қалтарысын

ұғынамыз, қызығына қанамыз, өзіміз білмеген тылсым сы-
рына терең бойлай еніп, табиғи түрде түсінеміз. Тоқ етерін
айтқанда Сәкең оқырмандарына футболға – аяқ, боксқа –
жұдырық емес, ақыл керек екенін шегелеп түсіндіретін жа-

зушы. Ал, ұстаз дейтін себебім, кезінде Қайратқа жетекшілік
еткен футбол өнерінің аса терең, ойлы мамандарының бірі
А.Севидов мықты деген адамдарды да менсіне бермейтін
жан еді. Міне, сол бапкердің өзі осы Сейдахмет ағамен үнемі

ақылдасып, пікір лесіп отыратын. Сонда Сәкең “Қайраттың”

жаттығу ба за сына келіп, Англия, Мехико чемпионатта-
рына қа тыс қан кезіндегі көңіліне түйген жаңа үрдістерді
бақайшағына шейін шағып айтқанда соларды аға бапкер-
ден де артық түсіндіретін. Қане, ойланайықшы, сонда бұл

ұстаздық қасиет емей немене?”.
* * *
БІЗДІҢ БІЛЕТІНІМІЗ: Жазушы Сейдахмет Бердіқұлов
шығармашылығының соқталы бөлегі негізінен спорт

тақырыбы екені анық. Десек те оның қайратты қалам
қарпуының сүбелі екінші бір саласы оқиғалары кездейсоқ
басталып, кездейсоқ аяқталатын, әрбір штрих, дета-
лы жанды қимыл-қозғалыспен ойнап тұратын, тілі еркін

де шұрайлы көркем туындылары екенін айтпай кетпеу-
ге болмайды. Соның ішіне әсіресе қаламгердің Ұлы Отан
соғысының ызғары соғып өткен тылдағы қазақ ауылының
тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін “Ол орамал жоғалмайды”,

“Нар тәуекел”, “Егеулі найза” повестерін атап айтар едік.
Басқаны қайдам, оқырман ретінде маған әсіресе соңғы
шығарма ерекше қымбат. Себебі…
1985 жыл. Республикалық жастар газетінде үлкен бір

даңқты датаға қызу әзірлік жүріп жатты. Ол – Жеңістің 40
жылдық мерекесі еді. Сол жылдың мамыр айында бүкіл ел
болып атап өтер бұл оқиғаны газет бетінде жаңаша тұрғыда
қалай, қайтіп көрсету керек? Бізді қинаған осы сауалға бай-

ланысты редакциядағы жиілеп кеткен жиналыстардың соңы
ақыры: “Әркім Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтарға
қатысты бұған дейін жазылмай келген бір-бір тақырыпты
тауып, соның жалына жармассын да, оны аяғына дейін

індете қазып жазып шықсын”, – деген ұйғарыммен
аяқталды. Жанталасқан тынымсыз идеялар ізденісіне толы
сондай күндердің бірінде менің есіме Сейдахмет ағаның ал-
пысыншы жылдардың аяқ кезінде жазылған “Егеулі найза”

повесінің сап ете түспесі бар ма? Аталмыш туындыда оның
басты кейіпкері журналист жігіт редакцияға келген оқырман
хатындағы төрт жол хабарға ден қояды да қиян түкпірдегі
Ақбілем ауылына аттанады. Әрине, сол жолғы сапарында

ол іздеген жоғын, яғни, Отан соғысына Ыбырайым қарттың
кіндігінен тарайтын 32 азаматтың қатысқанын таба алмай-
ды. Бірақ, есесіне бастапқы тақырыбын он орап аларлық та-
лай-талай боздақтардың, олардың тылдағы ата-аналары мен

асыл жарларының тағдырын біліп қайтады. Повесть осын-
дай басқаша шешім табуымен қымбат еді.
Алпысыншы жылдардың аяғында, студент кезімізде
оқыған әлгі туынды еске түскен сәтте: “Жазушының сондағы

баяндағаны бұл өмірде болуы да, болмауы да мүмкін көркем
шығарма кейіпкерлері еді ғой. Қаламгер қиялындағы сол ізгі
ниетті енді нақты өмірден іздеп көрсек қайтеді?” – деген ойға
келіп, тәуекел түбі – желқайыққа мінгенім әлі есімде. Сон-

да алыстағы ауылдарда нендей жәйттерге тап болдым дейсіз
ғой. Тура “Егеулі найза” повесіндегі оқиғалар тізбегі мен
дәл сондай шырышы бұзылмай тұрған тылдағы тақырыптар
қазынасына. Бұл жерде біз солардың біреуіне… иә, тек

біреуіне ғана тоқталайықшы. Повестегі: “Шешей шойыры-
лып барып көтерілді. Аяғының астына бәкене орындықты
қойып, пештің ар жағындағы қараңғы қуыстағы тақтай
сөреден сыртына шаң тұрған үлкен қара қобдишаны алып

ортамызға қойды. Толған хат… Майданнан жазылған жау-
ынгер ұлының хаты”, – деген сөйлем жолдары сізге де таныс
шығар құрметті оқырман. Міне, дәл сондай сәлемхаттарды
мен жазушының көркем шығармасының ой ұшқындарына

негіз болған нақты өмірден көрдім.
“… Біздің түтіннен аттанған төрт азаматтың соғыстан тек
жарымжан болып біреуі…, кенже ұлым ғана келді. Ал қалған
үшеуі.., олар оралмайды енді..” Талдықорған облысының

Ақсу ауданына барғанымда сағыныш сазы жүрегін шымыр-
латып, жанарына жас ұялаған қарт ана осы бір сөздерді өзегі
өртене отырып күбірлей айтқаны есімде.
“Әке! Майданға кетерде менің маңдайымнан сүйіп тұрып:

“Мә, құлыным, жоғалтпа, – деп бір тал шашыңды жұлып
беріп едің ғой. – Жоғалтпа, тығып қой. Мені сағынғанда осы
шашты тұтатқайсың. Сонда мен Ертөстіктің Шалқұйрық
аты құсап жетіп келемін, – деп едің. 43-ші жылдың қысында

өзіңді қатты сағынып, үй сыртындағы төбеге барып шақпақ
шақтым. Бір тал шашың лып етіп жанып кетті. Бірақ сен
уәдеңде тұрмадың. Келмедің… Сөйтіп, сенің өзіңнен де,
көзіңнен де айрылдым, әке. Ендігі көңілге медет етіп келе

жатқаным майданнан жазған хаттарың ғана, иә хаттарың”.
Алматы облысының Нарын қол ауданын аралағанымда
соғыс жылдарының жетімегі, бүгіндері жігіт ағасы болған
бөлімше механигі жоғарыдағы сөздерді егіле отырып айтып,

еңкілдей жылағаны әлі көз алдымда.
“Сауатсыздық сорлатты ғой мені, арысым. Әйтпесе
ауылдағы бар жаңалықты, соның ішіндегі ең үлкен жаңалық

– сен кеткенде іште қалған алты айлық Тұяқтың 41-дің

қысында қалай өмірге келгендігін айтып өзіңді қуантпас па
едім. Қолымнан келгені – көрші үйдегі Күлпән қыздан күнде
кешкісін сабақ алып, жеті айда жеті қаріп таныдым. Сөйттім
де 42-нің аптапты жазында қолымдағы бір парақ қағаздың

сау жерін қалдырмай: “Бошантай, Бошантай, Бошантай”, –
деген бір ғана сөзді жазып, хатты көз жасыма шылап, өзіңе
жөнелттім. Оны алдың ба, алмадың ба білмеймін”. Жам-
был облысының Луговой ауданына сапар шеккенімде 41-ші

жылғы келіншек, содан кейінгі қалған ғұмырын қара жолға
қараумен өткізген кейуана ананың осылай деп жүрегінен
жалын ата күрсінгені де жадымда.
Осындай

жандардың
сыртына
дала
пошта сының

белгілері айқыш-ұйқыш соғылған ыстық сәлемге толы
үшбұрышты үшбу хаттарды өзіңе оқуға бергенде тебіренбей
тұра алмайсың. Неге дейсіз ғой? Бір жапырақ қағазға не-
месе жауын герлік үндеу парақшасының ашық жерін

қуалап асығыс жазылған сөйлемдерге сыз окоптың сар ғыш
іздерінің табы түскен. Хаттардың сырты, кон верттердің аузы
көкаяз нанның күйігімен, сабынның алқынды қалдығымен
желімделген. Ал ішінде… иә, ішінде елге, жерге деген

сағыныш, жүрек тебірентерлік аманат сөздер атой салып
тұр.
Менің мұндағы айтайын дегенім, жазушы ағаның “Егеулі
найза” туындысы бір оқырманға қысқа да нұсқа тақырыбымен,

екінші оқырманға тартымды оқиға желісімен, үшіншісіне
шұрайлы тілімен қызықты болып көрінетіні анық. Ал, маған
бұл шығарма тамаша тақырып тауып беруге бірден-бір се-
бепкер болуымен құнды дер едім. Оны нақтылап айтсам осы

бір ғана идея менің журналистік шығармашылығымда сәтті
бір іске кең жол ашқанын, кейін ол өркен жая келіп Ұлы Отан
соғысындағы қазақ ұландарының сирек әрі таңғажайып
тағдырын баяндауға күш салған “Оққа тосылған отжүрек”

атты кітабымның өмір ге келуіне мұрындық болғанын қазір
ешкім нен жасырғым келмейді. Егер әр аға буын жазушы-
ның әр шығармасы өзінен кейінгі жас қалам ие ле рі не
нақ осылай ой салып, тың да соны ізде ністерге жетелеп

отырса қандай ғанибет десеңіз ші, шіркін! Әсілі ұрпақтар
арасындағы рухани байланыс сабақтастығының желісі,
олардың алғашқысының кейінгісіне ықпал етіп, үйретер
шеберлік мектебі дегеніміздің өзі осы болар, сірә.

ӘДЕБИЕТ АҚСАҚАЛЫНЫҢ АЙТҚАНЫ: “Мен оның
бұрынырақта жазылған бірнеше повестерін білемін, – де-
ген еді біз сөз етіп отырған қаламгер жайлы ақын Әбділда
Тәжібаев. – Бұлардың бәрі адамның жастық шағындағы іс-

әрекетін, нанымын сенімді суреттеген. Адам өмірінің ең
қымбат кезі – балалық шағы. Ол алыстаған сайын ыстығырақ,
сүйкімдірек. Осы балалық шақтың түрлі қызығын алдыңа
жайған, ішіңді жылытып, сезіміңді қозғайтын сәттерді

Сейдахметтің повестерінен көбірек жолықтыр дым. “Ол ора-
мал жоғалмайды” повесінен мына дай жолдарға кезігесің:
“Медальдардың сыртынан “За отвагу”, “За оборону Мо-
сквы” дегенді молырақ оқитын едік. “За взятие Буда пеш-

та” тәрізділері де келе бастады”. Қысқасы, соғыс бітуге
әне-міне деген күндер қалды. Соғыс ты көрмесе де оның
ауыр зардабын көріп өскен, әр күн сайын сумаң қағып,
босаға-босағаны сығалап жүрген қайғы-қасіретті жанымен

сезген балалық шақ осы. Мұнда автор соғыстың батысқа
жылжып бара жатқанын шебер жеткізеді. Тікелей баянда-
майды, медальдардың атының өзгере бастағаны арқылы
астарлы мағынамен айтып тұр. Адам есінен шықпайтын

осындай шымыр, әдемі, тосын әрекеттер Сей дахметтің
кейінгі “Жүрек ұйықтауды білмейді”, “Нар тәуекел”, “Егеулі
най за” повестеріне де, бүкіл шығармашылығына да тән.
Өз туындыла рының қай-қайсысында да болмасын ол адам

мінезін айқара ашатын, жеріне жеткізе танытатын бояу-
ларды ұтымды қолданады. Бұл бояулар баттасып жатпай-
ды, өз орнымен, өз ретімен пайдаға асып, әр түрі бір-бірін
толықты рып, құлпырған кең әлемге алып шығады.

Менің түсінік-танымым мен ұғымымдағы автордың
есте қалатын бір ерекшелігі оның жазушылық мәдениеті.

Кейіпкер характерін суреттеуде болсын, олардың диалогын беруде болсын жазушы көркем тілді емін-еркін пайдаланады, образды теңеулерді, бейнелі сөздерді сәтті таңдайды. Көркемсөз – ол үшін ой қиялының қанаты. Ұшарға қанаты, қонарға құйрығы жоқ құстың не сәні болмақ? Шырқау биікке көтеріле алмаған, дауылға қарсы самғай алмаған қыранның қайраттылығы, жігерлілігі қайсы? Шынар басындағы бұлбұл сан түрлі үнмен сайрамаса несі бұлбұл! Сол сияқты көркем тілмен өрілмеген проза да қанатсыз қыран, сайрамаған бұлбұл секілді. Осы орайда, Сейдахмет сөздің нәзік нақышына, тілдің шұрайына ерекше назар аударады. Автор баяндауларында әдемі теңеу, метафора, эпикалық екпін, емін-еркін көсілу, ұзаққа, кең әлемге құлаш ұру бар. Бұл оның жазушылық өнеріндегі ерекше өрнек, үлкен белгі. Кейінгі кезде мен оның көптеген жақсы шығармаларын оқыдым. Соның ішінде Сейдахметтің “Арбаған мені бір сиқыр” атты дүниесі ерекше ұнады. Жазушы бұл кітабында фи лософиялық астар мен психологиялық талдауларға барған. Адам жанын шымырлатып, іштей ойлантар, іштей тол ғантар тұстар бұл туындыда аз емес. Кітаптағы “Электрик”, “Бір тарының қауызы”, “Ескере жүрер наз деп біл” деген әңгімелерінің орны бөлек. Жазушының ұлы Жамбыл жайындағы сырына үңілейікші: “Оның ой-санасы өз халқының эпосымен тұтас үйлесім тапты. Жинақтап келіп, бейнелеп айтқанда эпос дегеніміз – Жамбыл, Жамбыл дегеніміз – эпос”, – десе Сейдахмет біз? бұл пікірді бар ықыласы мызбен қуаттаймыз. Ойымызды түйіп айтар болсақ, Сейдахметтің шығар ма - шы лығы – сан салалы, мәуелі шығарма шылық. Замандас сыры мен жасөспірімдер тіршілігі, спорт әлемі мен майдан кезіндегі тыл өмірі, аға ұрпақ ерлігі мен жастық романтикасы – оның шығармаларының өзекті желілері. Жазушы қаламы қай тақырыпқа салса да жүрдек, сезімтал, қайрат пен жігерге толы”. * * * БІЗДІҢ БІЛЕТІНІМІЗ: Жоғарыда біз жазушы Сейдахмет Бердіқұлов шығармашылығының ұрымтал тұстарын өзіміздің түсініп, түйсінген ойларымызбен, сондай-ақ оның кейіпкерлері мен қаламдастарының пікір-лебіздері мен үзік-үзік сыр етіп баяндап өттік. Енді оның журна листік тапқырлығы және азаматтық табандылығы жөнінде бір-екі ауыз сөз айтқымыз келеді. Қаламгер аға өмірінің соңғы кезінде “Ба лауса” баспасының директоры болды. Оның ал дын дағы он алты жыл бойына “Лениншіл жас” газетінде бас редакторлық қызмет атқарды. Міне, сонда ол газеттің әр нөміріндегі әңгіме, өлең, ма қалалар дың мазмұнды да мәнді болып шығуына, олар дың тақырыптарының тартымды да тапқыр лықпен қойылуына қаншалықты күш-жігер жұмсады десеңізші. Газетте істеген жігіттер жақсы біледі, әдетте басылымның макеті баспаханаға жіберілмес бұрын оны міндетті түрде бас редактор мұқият қарап шығуы керек. Сонда ол кісі беттердегі әлжуаздау, шипая тақырыптарды көрсе, оған қырғидай тиіп, етпеттеп жатқан олардың еңсесін көтеріп жіберетін. Бірде кезекті нөмірдің макеті әкелінгенде бас редактор тұнжырай ойланып біраз отырды да қаламын қағаз бетіне найзағайша ойнатып ала жөнелді. Сонда не болды дейсіз ғой. Бірінші беттегі “Жалындаған жас қайрат” деген жаттанды, таптаурынды айдар “Жастықтың жанар тау лары” атты экспрессиясы басым екпінді сөз тіркестері мен алмасты да екінші беттегі “Қыран қазасы” деп өкпеден қойып қалғандай қарадүрсін қойылған тақырып “Жұлдыз дар із тастап ағады” деген әрі ойлы, әрі мәдениетті сөйлем мен өзгертілді. Сондай-ақ төртінші беттегі “Бұлар Қазақстан спортының мақтаныштары болған” атты шұбалаңқы рубрика да қара сиямен белінен бір-ақ тартылып, оның орнына “Сол саңлақтар қайда екен?” деген сөз тіркесімен жұтынып шыға келді де одан сәл төмендеу тұрған, мазмұны Со вет Исамбаев, Әмин Тұяқов сияқты жүйрік, жеңіл атлеттер қатарының кейінгі кезде азайып кеткендігін проблема етіп көтерген мақала “Желаяқтар желмен ығып кеткен бе?” атты нақты да жинақы атауға ие болып шыға келді. Бұл Сәкеңнің газеттің бір ғана нөміріндегі айдарлар мен тақырыптарға жасаған өзгертулері. Ал, ол “Лениншіл жастың” он алты жыл бойына шыққан 4 мыңға жуық санын осындай қаншама ойлы да ойнақы сөз тіркестерімен өрнектеуге

күш салды десеңізші. Соның бәрі де бас редактордың газет
қайтсе жақсы шығады, қайтсе оқырмандардың жүрегіне
жол табады деген ішкі жандүниесінің бұлқынысы болатын.
Мұны кезінде біреулер түсінді, ал біреулер түсініп тұрса да

түсінгісі келмеді. Ол – шындық.
Ойды ой қозғайды ғой. Қазіргі нарық атты мынау өзара
бәсеке заманындағы кейбір пыс ықай журналистер арасын-
да: “Идея айтылмайды, сатылады”, – деген мәтел шықты.

Сонда бұл не? Шығармашылық иелері, біздер, бір-бірімізбен
бүкпесіз әңгімелесіп, ашық сырласудан немесе емін-
жарқын ой бөлісіп, тақырып ұсынудан, идея жарыстырудан
қалғанымыз ба? Мұны айтып отырған себебім, “Лениншіл

жасқа” жетекшілік еткен жылдарында Сейдахмет аға бөлме-
бөлмені аралай әңгіме айтып жүріп-ақ әрқайсымызға бір-
бір тың тақырыпты ұстатып кете баратын. Ал содан кейін
ізденбей, жазбай көр. Егер өзі айтқан сол идея ойдағыдай

орындалса, сол күні ол кісінің қуаны шында шек болмай-
тын, тура өзінің мақаласы жарық көргендей көңілденіп,
редакцияға сыймай кететін.
Әлі есімде, бірде біздің насихат бөліміне Сейдахмет аға

бас сұқты да сол жерде бәріміз ананы-мынаны айтып, біраз
әңгіменің басына су құйдық. Бөлмеден шығарында бас ре-
дактор: “Жаңа біз ғасыр пырағы Абсент туралы сөз қозғадық
қой. Ал оның әкесі Араб-Қазбек айғырының Мәскеудегі 1945

жылғы Жеңіс парадына маршал Жуков мініп шыққаннан
кейін Жамбылдағы Луговой жылқы заводына әкелінгенін
білесің бе? Осы тақырыпты індете қазып көрсең қайтеді?”

– деді. Мұндай тосын деректі естігенде жан қала ма? Құлан

өңірі қайдасың деп ертеңгісінде-ақ жолға шықтым. Соның
нәтижесінде “Маршал мінген ақбоз ат” очеркі жазылып, ол
көп ұзамай газет бетінде жарық көрді. Бұл Сәкең тарапынан
маған айтылған бір ғана идея. Ал ондай тақырыптардың

қаншасы Өтеген Оралбаев пен Қаныш Жиенбаевтың, қан-
шасы Жарылқап Бейсенбаевтың қанжығасына байланға нын
олардың өздері де айтатын шығар деп ойлаймын.
Мынадай оқиға да есімде. 1984 жылдың жел тоқсан ай-

ында бас редактор еңбек демалысына шығатын болды да
ол кісі бір айға дейін редак ция ға келмейтінін, сондықтан
қызметкерлердің жазған мақалаларын өзіне оқытып алу-
ын өтінді. Жігіттердің бәрі материалдарын кезекпен алып

кіріп, қайтып шығып жатты. Мен апарған өзімнің үш
очеркімнің тақырыптарының көңілдегідей болмағанын,
сәтсіздеу қойылғанын ол кісінің қас-қабағынан аңғардым
да, баспаханаға жібермей тартпама салып қойдым. Арада

он-он бес күндей уақыт өтті. Терезе сыртындағы қылаулай
жауған қар ұшқындарына қарап ойланып отырғанымда те-
лефон шырылдады. Трубканы көтердім. Редак тордың даусы.
“Таудағы Алма-Арасан санато рийін демін. Телефон байла-

нысы жоқ болған соң етекке түсіп, орманшының будкасы-
нан хабар ла сып тұрмын, – деді. Сөйтті де: – Ал, әнеукүнгі
очерк теріңе дұрыстау тақырыптар тапқан сияқты мын. Жа-
зып ал”, – демесі бар ма? Тыңдап қараймын, біріншісіне

“Әлемді шарлаған сурет”, екіншісіне “Кешігіп жеткен даңқ”,
үшіншісіне “Дүние шыр айналды жанарымнан” деген тақы-
рыптар қойыпты. Сонда бұл кісінің демалыста жүріп те га-
зет, тек қана газетті ойлайтынына таңқалдым. Сөйттім де,

Сәкеңнің: “Редактор – идеялардың қайнар көзі болуы керек”,

– деп қайталап айта беретін сөзіне шындап сендім.

ӘРІПТЕСТІҢ АЙТҚАНЫ: “Сейдахмет Берді құловпен
мен “Ленинская смена” газетінде жұ мыс істеп жүргенімде
жақсы таныс-біліс болдым, – дейтін журналист Юрий Ша-
порев. – Кейін “Литера тур ная газетаның” Қазақстан дағы

мен шікті тілшісі қызметін атқарғанымда да онымен арадағы
байланысымды үзгенім жоқ. Содан соң тағы да “Ленин ская
сменаға” жауапты хатшы бо лып келіп, ол кісі басшылық
еткен “Лениншіл жаспен” ты ғыз қарым-қаты наста бол-

дым. Сон да байқағаным – оның өз хал қының намысы де-
генде жүре гін жұлып беретін азамат екендігі. Сәкеңнің
бойындағы бұл қасиетті мен тоқырау жылдары деп атала тын
әміршіл діктің дәуірі жүріп тұр ған кездегі, содан кейінгі Қа-

зақ стандағы кіші 37-ші жыл бо луға сәл-ақ қалған 1986-ның
бұр қасыны тұсындағы сын сәт терде анық танып, білдім.
Дәлел керек пе, айтайын.
1979 жылғы наурыз айында Орталық Комитеттің насихат

және үгіт бөліміне газет-журнал редакторлары мен орынба-
сар лары шұғыл түрде шақырылдық. Мәжілістің соңында бө-
лім меңгерушісі Шестаков сәл қипақтап тұрды да елеу сіздеу
етіп газеттердің академик Сәтбаевтың 80 жылдығына арнап

бет ұйымдастырып жатқанынан хабардар екенін, бұл датаны
дабырайтып көрсетудің керегі жоқтығын, тек партиялық екі
газет қана ғалым туралы бір-екі материал мен шықса соның
өзі жеткілікті болатынын ескертіп өтті. Сол сәтте менің

жанымда отырған Сейдахмет Бердіқұлов: “Мұны кімнің
бұйрығы, кімнің нұсқауы деп білеміз?” – деді. Күтпеген жер-
ден қойылған бұл сұраққа не деп жауап берерін білмеген Ше-
стаков бір қызарып, бір бозарып тұрды да: “Бас идеологтың”,

– деді сес көрсеткен сыңаймен. “Лениншіл жастың” редак-

торы оған ыққан жоқ. Қайта: “Қазір бет қатталуға жақын.
Енді барып ондағы материал дарды алмастырсам, редакция
қызметкерлері не дейді? Ертең сонда мақала жаздырып
алған авторларға не бетімді айтам?” – деп одан әрмен қадала

түсті. Бірақ өкінішке қарай әділетті сауалға әділетсіздік
көрсетілді. Сұрақ жауапсыз қалды. Кейін оның осы сөзі
өзіне оңай тимегенін естіп-білдім.
Тағы бір мысал. 1986 жылғы желтоқсан бұрқасынынан

кейін республикадағы оқиғаға баға беруге М.Соломенцев-
тің келгені мәлім. Ол өзінің қасына Г.Колбин, М.Меңді баев
сияқты жандайшаптарын ертіп Ғылым академия сында, Жазу-
шылар одағында, жоғары оқу орындары мен қалалық партия

комитетінде ғылыми және шығармашылық интеллигенция
өкілдерімен кездесулер өткізді. Осындай жиналыстардың
бірінде Сейдахмет Бердіқұловтың мәскеу лік эмис сарға:
“Сіздер бізді ұлтшыл деп жатырсыздар. Жекелеген адам-

дар емес, бүкіл бір халықты осылай деп атауға қандай
хақыларыңыз бар? Астана көшелеріндегі қарттарымызды,
мектептен қайтқан балаларымызды басқа ұлттың өкілдері
неше түрлі сөздермен ғайбаттап, автобустардан желкелеп,

итеріп түсіруде. Ауыз ашайық десек: “Міне, көрдіңдер ме,
бұлар әлі де қарсыласуларын қояр емес”, – деп көзге шұқиды.
Сонда мұндай бассыздыққа кім тыйым салмақ? Моральдық
тұрғыдан жәбір-жапа шеккен менің қандастарыма кім демеу

болмақ?” – деп ашына сұрақ қойды. Мына сөзді естігенде
қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Шуликоның
зәресі ұшып кетті. Ол президиумдағы орнынан атып тұрды
да, залда тұрған жазушыға: “Отыр, үндеме!”, – дегендей сұқ

саусағын сермеп орындықты нұсқады. Сол мезетте Сәкең:
“Партия мен халықты бөліп тұрған, бірін екіншісінен алы-
статып тұрған міне, осындай әміршіл-әкімшіл саусақ-
тар”, – деді де ел лық толып отырған залдан шығып жүре

берді. Ол кезде мұндай сөз айту екінің бірінің қолынан келді
деп ойлайсың ба? Жоқ. Ал, Сәкеңнің ондай батылдыққа
барғанына мен куәмін.”
* * *

Сәкең қазір арамызда жоқ. Оны өмірдің қатал ағысы
тіршілік жағалауынан жұлып алып кеткелі қашан... Осыны
ойлағанда көңілің құлазып, кеудеңді өкініш сезімі билейді.
Олай дейтініміз...

“Метревели 2000 жылдың ойыншысы еді, – дегені бар
ол кісі 1981 жылы бір әңгімелескенімізде. – Сондықтан да
оның жаңаша ойлау машығын ешкім түсінбеді. Уақытынан
бұрын туған ғажап футболшы тобықтан тебу мен тірсектен

қағудың, ол аз десеңіз ашықтан-ашық аяқтан шалудың
нысанасына айналды. Сөйтті де адымын аштырмаған
кедергілердің кесірінен ол аренадан мезгілінен бұрын кетіп
тынды”.

Сәкеңнің тағдыры да өзінің айтқан осы әңгімесінің
кейіпкеріне ұқсастау болды десем, қателеспеймін ғой
деп ойлаймын. Бір мінезі үнемі боран мен бұрқасын іздеп
жүретін Че Гевараға, екінші қыры өн бойы булығу мен

шамырқанудан
ғана
тұратын
Владимир

Высоцкийге
ұқсайтын дүлей рухты дию – төл журналистикамыздың Де-
моны ол ұлттық намысқойлығымен, ойын ірікпей ашық ай-
татын бірбеткей мінезімен бишігештерге жақпады. Өз орта-

сында “неудоб ный” адам атанды. Сондықтан да Мемлекеттік
сыйлықтан “ұшып кетті”. (Қазіргідей бәйгелерге қосылса,
қара үзіп келеді екен-ау!). Он алты жыл бойына өсірмей
де өшірмей, бір орнынан ешқайда қозғалтпай “отырғызып

қойды”. (Футболдағы құдды № 13 ойыншының тағдыры).
Депутаттыққа “өте алмады”.
... Өмір ғой, қазірде де бәсекелер көп. Сол дүбірлі жарыстар
мен додаларда кейде бір ұпайымыз кем болып, бармақ шай-

нап жатамыз. Сондай кезде сесі мен сұсы мол сізді іздейміз,
аға! Ойлаймыз. Көз алдыға елестетеміз. Сағынамыз. Еске
аламыз. Ал сізді сағыну да біздер үшін бір бақыт, Сәке!
2003 жыл.

TERRA ІNCOGNІTO Археолог Кемел Ақышев... Бұл кісіні көзі қарақты жұрт жақсы біледі. Ал былайғы ел оның өмірбаянынан, атқар ған ісі мен қызметінен сырттай болса да хабардар. Өйткені ол археология атты күрмеуі көп күрделі ғылым саласының Қазақстандағы негізін салушылардың бірі. Олай дейтініміз, Кемекең саналы ғұмырының 48 жылын табан аудармай бір ғана жерде жұмыс істеуге арнаған жан. Ол – республика Ғылым академиясының Ш.Уəлиханов атындағы Тарих, археология жəне этнография институты. Міне, осы мекемеде біздің кейіпкеріміз академик Əлкей Марғұлан ақсақалдың алдын көріп, атақты ғалым Александр Натанович Бернштамның Қарғалыда жүргізген қазба жұмыстарына қатынасты. Одан кейін ол Орталық Қазақстан, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан экспе дици я ларына жетекшілік етіп, сол зерттеу объектіле ріндегі Бесшатырдың ғажайып жер асты жолдарын, Есік қорғанындағы дүниені дүр сілкіндірген Ал тын адамды, Отырардағы керемет жазба, қолөнер, сəулет жəдігерлерін тапты. Мұның сыртында біз өзіміз сөз етіп отырған жанның ғылыми тұрғыда тия нақтаған екі үлкен ісі жəне бар. Ол оның Орталық Азия өркение ті жүйесін дегі ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға ерекше еңбек сіңіргендігі жəне Алматыдағы тұңғыш археология музейін жасақтап құрғандығы дер едік. Осындай ауқымды жұмыстары үшін тарих ғылымы ның докторы Кемел Ақышев Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болып, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер атанды. “Парасат” орденімен марапат талып, Германия Археология

институтының коррес пондент-мүшелігіне сайланды. Отандық археологиядағы осындай тұлға ол жоға рыдағыдай жетістіктерге бір ден қол жеткізді ме? Аталмыш ғылым саласындағы асулар оған қалай бағын ды? Ал жалпы бұл кісінің өмір жолы, мəселен жеке өзі туралы біз осы не білеміз? Қане, ойланып көрелікші... Көзге елестетсек, шынында да сол жоғарыдағыдай кітаби анықтамадан өзге көп ештеңеден хабарымыз жоқ сияқты. Ендеше... – Жалпы, мен өз өмірімде халқымыздың біртуар ұлы Қанекеңе, Қаныш Имантайұлы Сəтбаевқа қарыздар адаммын, – деп бастады əңгімесін Кемекең. – Неге дейсің ғой. Біріншіден, ол кісі мені кішкентай күнімде ажал араны нан аман алып қалды. Екіншіден, кəмелеттік жасқа келге німде мамандық таңдауыма көмектесті. Үшіншіден, жұмыс қа орналасуыма ықпал етіп, өмір бойғы мұратымның темірқазығына айналған осы археология ғылымына бағыт сілтеп жіберді. Білесің бе? Түсінетін адамға осы жақсы лықтардың өзі аз нəрсе емес, шырағым. – Солай деңіз. Кейіпкеріміздің сөзіне қарағанда, алғашқы оқиға былай. Жəне... иə, жəне мəселе төмен де гідей. Егер біз қазақы жөн-жосыққа жүгін сек, Кемекең əке жағынан Баянауыл дағы атақты Мұса Шормановтың ұрпағы, ал шеше жағынан сол өңірге белгілі де беделді Сəт бай дың Имантайының жиені болып келеді. Се бе бі, оның əкесі Ақыш Мұса болыстың неме релерінің бірі болса, анасы Ғазиза болашақ ұлы ғалым Қанекең, Қаныш ағамыздың туған əпкесі еді. Міне, ауылы аралас, қойы қоралас осы отбасылар 1932 жылғы қазақ даласын жайлаған алапат ашаршылықта қатты есең гірейді. Елге қырылу қаупі төнеді. Қырылады да. Ол кезде Қаныш Имантайұлы Балқаш та ғы Қарсақбай мыс қорыту комбинаты гео ло гиялық барлау қызметінің жетекшісі екен. Күндер дің күнінде: “Жағдай осылай болып жатыр”, – деп оған Баянауылдан арнайы жі бе рілген адам келеді. Мына хабарды естігенде Қане кеңнің жүрегі қанжы лайды. Бірақ дереу есін жиып, шұғыл шешім қабылдайды. Ол: “Ұлы таудағы геологиялық барлау партиясына кеттім”, – деген сылтаумен полуторка машинасын алып, Баянауыл ға қарай тартуы еді. Ит арқасы қияндағы Балқаш пен Жасыбайдың арасында қанша жүргені белгісіз, елге келсе бір кездері 30-40 түтін боп отыратын Сəтбай ауылының тоз-тозы шы ғыпты. Жартысы Омбыға, қалғаны Қараған дыға ауып, еш теңесі қалмаған. “Үлкендерің бір құдайға аманат, ал бала ларды маған беріңдер. Бəрін жиып алып кетейін. Бұ лар ды аман алып қалудың жолы осы”, – дейді ісіп-кеуіп жатқан туыстарына əкелген азық-түлігін үлес тіріп жатып көңілі бұзылған ол. Сөйтеді де Керегетастағы Аужан қыстауында отырған жездесі Ақыштың отбасын білуге бұ ры лады. Келсе Ғазиза əпкесі қайтыс болыпты. Одан қал ған құйтақандай екі бала – Кемел мен Рəшаттың аш тықтан жүріп-тұруға шамалары келмей, көздері жыл тырап қана жатыр екен. Орыс шофері екеуі бұл балақан дарды арқаларына салып алып, сайдағы машиналарына келеді. Сөйтеді де жиендерін кузов үстіндегі өзге жеті мектерге қосып алып, Қарсақбайға қарай жүріп кетеді. – Сол кезде мен сегіз жаста едім, – дейді Кемел аға ауыр күрсініп. – Керегетастан шыққан соң еш жерге тоқ тамай бір күн, бір түн жүргеніміз есімде. Машина үстіндегі қаптаған арық-тұрақ балалардың ішінде бір ғана ересек адам болды. Ол – Қанекеңнің інісі Тəрмізи ағай еді. Мі не, сол туысымыз қарнымыз ашты-ау деген кезде үсті міз дегі құрым киізді көтереді де, оның астындағы бүктүсіп жат қан біздің аузымызға су тамызады. Содан соң əрқай сымыздың қолымызға тілдей ғана қатқан нанды ұстатып, жамылғымен қайта бүркеп тастайды. Баратын жерге жақын қалған болуымыз керек, үшінші күннің сəскесінде машина бір төбенің етегіне келіп тоқтады. Міне, осы жерде Қаныш аға мен шофер бізді жерге түсіріп, өздері кəдімгідей көз іліндіріп алды. Содан соң қайта қозғалдық. Ертесінде таң құланиектеніп атқанда Қарсақбай көшелеріне де келіп кірдік-ау. Қаныш аға үйіне келісімен Таисия жеңгейді зыр қақ тыра жүгіртіп, қаланың бір шетінде тұратын енесі Фелица Васильевнаны шақыртты. Олар бізді тамақтандырып, сонымен бір мезетте ауладағы қазанға су ысытуға кірісті. Бə ріміздің шашымыз бен тырнағымызды алып, бүкіл ба ла ны ал кеп

шомылдырсын дейсің. Содан 11 жан Қане кең нің үш бөлмелі
үйінде тұрып, бір айдан соң ол кісі ересектерімізді пансио-
натқа орналастырды. Бірақ Рəшат пен мені қолдарына алып
қалды. Сөйтті де сол Қарсақбайдағы мектепке оқуға берді.

Əдетте тұлпар болар тайдың жүрісі тұяқ сілтесінен
білінбей ме?! Ендеше ұлы атанатын адамдардың алғашқы
іс-əрекеті де ұлағаттылықтан басталары анық. Оған Ке-
мел ағаның Қанекең жайында айтқан жоғарыдағы əңгімесі

дəлел. Иə, кешегі голощекиндік геноцид – ақсүйек жұтта
біздің ұлт зиялыларының қай-қайсысы да халыққа қайтсек
қамқор боламыз деп қолынан келер істің бəрінен шет
қалмаған. Түрі де, сұры да жаман зұлматты жоғарғы жаққа

ерте бастан-ақ хабарлаған. Шырылдап айтқан. Хат жазып,
дабыл қаққан. Қайтеді, қолдарынан келгені сол да. Болмаған
соң шама-шарқынша қандастарын, соның ішінде əсіресе
балаларды жекелей сақтап қалуға тырысқан. Бұрындары

біз Алаштың айбарлы арысы Тұрар Рысқұловтың сол 1932
жылғы алапат ашаршылық кезінде елі міздің солтүстігі
мен батысынан Ресейге жетіп жы ғы лып, Қазан вокзалында
қаңғып жүрген қазақтарды Мəс кеу дегі пəтеріне паналатып,

қала сыртындағы Үкімет бер ген саяжайына апарып жасы-
рып аман алып қалғанын есту ші едік. Енді, міне, ұлтымыз-
дың тағы бір ұлы тұлғасы Қа ныш Сəтбаевтың да осын-
дай істен шет қалмағанын соған өзі тікелей куəгер болған

кейіпкеріміздің сөзінен бі ліп отырмыз. Ақылды адамдардың
атқарған ісі əрқашанда ақыл дылықпен аяқталады ғой. Егер
Қанекең сол кезде ел ден арып-ашып келіп, өзіне аянышты
хабар айтқан адам ның сөзіне селт етпей: “Балқаш қайда,

Баянауыл қайда? Жұмысты қайтіп тастап кетемін?” – деп
қарақан басын ғана күйттеп бармаса, барған күннің өзінде
ауылына ғана соғып, Керегетастағы Аужансайға бұрылмай
өте шықса, онда Алтын адамды табу арқылы Қазақ елінің

абыройын асырған атақты археолог мына Кемел Ақышев
қазір өмірде болар ма еді, болмас па еді. Əй, қайдам...

– Ал, Алматыға қашан келдіңіз? Өмір бойғы мұра тыңызға

айналған археолог мамандығын таңдауға нендей жəйт себеп
болды? – дедім мен жоғарыдағы əңгімеден кейін Кемекеңді
қайтадан сөзге тартып.

– 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды емес пе? Ел мен

бірге мен де əскерге шақырылып май данға кеттім, – деді
ол кісі бұл сұ ра ғыма. – Одан 1944 жылы ауыр жа ра ла нып
Алматыға келдім. Келдім де поли тех никалық институттың
геологиялық барлау факультетіне оқуға түстім. Сабақ қиын.

Оқ тиген қолыммен чертежді əзер сызамын. Оның үстіне
денсаулығым да онша оңалып кете қоймаған кез. Өстіп
сүлдерімді сүйретіп жүрген күндердің бірінде Қанекең
шақырып алып, жағ дайым ды сұрады. Жұмысы онсыз да ба-

сы нан асып жатқан адамға салмақ сал майын деген оймен:
“Бəрі де жақсы”, – деп жатырмын. Бірақ ол кісі менің бұл жа-
уабыма қанағаттанбады. Сұңғыла адам емес пе: “Мəселе бы-
лай, шырағым, – деп əңгімені төтесінен қойды. – Байқаймын,

жазуынан гөрі сызуы көп бұл мамандық болашақта саған
қол болмайтын сияқты. Өйткені ертең оқуыңды бітіріп,
бұрғылау алаңы мен шахта, карьерлерге барғаныңда неше
түрлі қиындыққа кездесесің. Сондықтан ол жерлердегідей

тарсыл-гүрсілден ада, айғай-шуы аз, өзі қызықты, өзі
құпия сырға толы археологияға бет бұрғаның жөн шығар.
Бұл біздің ғылымда əлі түрен түспеген тың сала. Тыныш
мамандық. Тек оқы, ізден, ой-қиялыңды іске бағындырып,

жаңалық аш. Болды! Мен КазГУ-дегі тарих факультетінің де-
каны Мұсатай Ақынжановпен сөйлесіп көрейін. Келіссе, бір
оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу қиын емес. Сəтін са-
лып жатса, сол факультеттегі археология бөліміне барғаның

дұрыс”, – деді. Əңгімені көбейтіп қайтейін, өзің сұраған бұл
мамандыққа, яғни археология атты ғылым саласына мен
міне, осылай келгенмін, шырағым. Көріп, естіп отырсың,
бұл да Қанекеңнің арқасы, сол кісінің маған тигізген шара-

паты.
Əлқисса, содан біздің кейіпкеріміз КазГУ-де бес жыл
оқиды да 1950 жылы республика Ғылым академиясының
Тарих, археология жəне этнография институтына келіп жұ-

мысқа орналасады. Ол кезде бұл ғылыми мекемені ғалым
С.Н.Покровский басқаратын. Жас маман міне, осы жерде
жүріп Ə.Марғұлан, А.Бернштам секілді атақ ты адамдар
жетекшілік еткен Оңтүстік жəне Орталық Қа зақстан экс-

педицияларына қатысады. Жүріс-тұрыс тарының өзі жатқан
бір тəрбие, сөйлеген əр сөздері сырға толы, тəжірибелері
таудай “екі шалмен” бірге болған сол сапарлар кейін оның

талай рет түсіне еніп, өмірінде өшпестей із қалдырғаны бар.
Өстіп жүріп аспирантураны да тəмамдап, 1953 жылы Ле-
нинградта сол кездегі одақтық ар хеология білгірлерінің бірі
М.П.Грызуновтың жетек ші лі гімен “Орталық Қазақ стан дағы

қола дəуірі” деген та қы рып та кандидаттық диссер тация
қорғайды. Байыптап қара ған жанға кешегі ашаршылық атты
нəубеттен аман қал ған əр он қазақ баласының бірі, одан
кейінгі Ұлы Отан соғысының жарымжан жауынгері, бертінгі

жыртық көңіл, жүдеу жүз университет студенті оның аз ғана
уақыт ішіндегі алға қарай тырмысқан бұл тірлігін нағыз
жан кеш тілік деуге болар еді. Өйткені Кемел Ақышев сол
кездегі ғылыми ортада қалып тасқан ұғыммен алып қара-

ғанда “əлі түбіт мұрт” немесе “шикіөкпе” деп есептелетін,
яғни академия дағы жазыл маған заң бойынша кандидаттық
диссертация қорғауға тым ертерек 29 жаста ғана болатын.

– Тарих институтында жұмыс істей бастаған сол 50-ші

жылдарда өзіңіз жеке жетекшілік етіп шыққан алғашқы
археологиялық экспедиция есіңізде ме? – дедім мен келесі
сəтте Кемекеңе арадағы үзіліп қалған əңгіме желісін қайта
жалғауға тырысып.

– Неге есімде болмасын. Есімде. Ол Жетісудың Іле

аңғарындағы Бесшатыр обаларын қазу ғой, – деді ғалым
ағамыз сол бір кезді сағына еске алғандай болып.

– Ол сапарға шығуға нендей жəйт себеп болды?

– 1954 жылы Ғылым академиясына республика Үкі ме-

тінен арнайы нұсқау келді. Онда сол кездегі онжылдық
мұғдарында Іле өзені бөгеліп, ол жерде үлкен су қоймасы
салынатындығы, сондықтан бұл маңайдағы тарихи маңызы
бар ескерткіштер мен обалар болса оларды қазып зерттеп,

қорытынды жасаудың қажет екендігі айтылыпты. Себебі,
Іле бөгелсе, аңғардағы біраз археологиялық объектілердің
су астында қалып қоюы мүмкін. Бұл содан кейінгі 16 жыл-
дан соң, яғни 1970 жылы пайдалануға берілген Қапшағай

ГЭС-іне байланысты дайындықтың басы еді. Сөз ретіне
қарай айта кетейін, 1985 жылғы гор ба чевтік қайта құру
кезінде түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкіл дері: “Алматы
іргесіндегі су электр стансасы ой лас ты рылмай жасалған іс

болды. Қонаевтың бұл идеясы Іле нің фаунасы мен флора-
сына сұмдық зиян келтірді”, – деп шулады ғой. Бос айып-
тау. Сандалған сөз. Сол кездегі Үкімет ол қадамға бару үшін
аталмыш аймақты барлық сала мамандарына он жыл егжей-

тегжейлі зерттетіп, содан соң ғана барып іске кіріскен. Соның
бірі жоғарыдағыдай тапсырма алған біздің археологиялық
экспедиция еді.
Жə, сонымен Бесшатырды қазуға кірістік дейсің. Бұл

өзі көне дүниенің керемет бір көзі деп таңданыспен айтуға
тұратын кешен болып шықты. Сіздер біздің 1970 жылғы
Есік қорғанынан тапқан Алтын адамымызды ауыз дары ңыз-
дан тастамайсыздар ғой. Ал, Бесшатыр... иə, Бес ша тыр... О-о,

ол одан да ғажап дер едім! Əрине, та был ған олжа жөнінен
емес... Археологиялық сұлу лық жағынан! Мұндағы батыс-
тан шығысқа қарай 1 шақырым, ал солтүстіктен оңтүстікке
қарай 2 ша қы рым алқаптағы үлкенді-кішілі 31 обаның ар-

хи тек туралық шешімі қандай десеңізші шіркін! Олар дың
арасындағы кейбіреулерінің биіктігі тіпті 20 метрге дейін
баратын мұнаралардың таспен өріп тұрып қаланған ерек-
ше бітімі ше?! Ғажабы сол, белгілі бір арақа шықтықты

сақтай отырып тізбектеле орналасқан 6 үлкен обаларда бір-
бірімен жалғасқан жер асты жолдары – катакомба бар болып
шықты! Бұл жердегі бізді ерекше таңғал дыр ған нəрсе міне,
осы құбылыс дер едік. Содан соң.... иə, содан соң өзіміз сөз

етіп отырған Бесшатыр ке шенін тұрғызған біздің қадым
ғасырдағы ба ба ла рымыз – сақтардың асқан еңбекқорлығын
атап айта кетпеске болмайды. Ойланып көріңізші, жо ға-
рыдағы 31 обаның ішіндегі ең үлкен деген бір үйін діге 50

мың текше метр тас пен топырақ кет кен. Оның маңындағы
қоршау тізбектеріне 3 ша қы рым жердегі карьерден дайын-
далып əкелген мың ға жуық қалақтас жұмсалған. Осындай
ірі оба лар дың ішіндегі тайпа көсемдері мен қолбасшылар

қабірінің қабырғаларын тұрғызуға жұмсалған Тянь-Шань
шыршасының бөренелері ше? Олар қорымнан 200-250
шақырым қашықтықтағы Алатау бөктерінде дайындалып,
өзен арқылы аққан салмен жеткізілген. Мұның бəрі со-

нау есте жоқ ескі за ман да атқарылған іс екенін еске алсақ,
оған қалай, қайтіп таңғалмассың?! Ал кешеннен табылған
археологиялық құндылықтарға келсек, олардың ішінен
қоршау қалақтастарындағы қазақтың “көз” таңбасына ұқсас

көне тайпа айырымдарына тəн күн рəмізін, қабірлердегі

көбелек тəрізді бəйнегі бар қысқа семсер – ақинақты, іші
қуыс алтын түйіршіктерді қосақтап дəнекерлеген моншақ-
тарды айтуға болады. Бұл заттық деректер Бесшатыр
қорымының біздің заманымыздан бұрынғы VІ-V ғасыр ларда

салынғанын көрсетеді.

– Ендігі кезек сіздің осыдан 33 жыл бұрын тапқан ең

үлкен ар хео ло гиялық олжаңыз – Алтын адам ның тарихын
баяндауға келген сияқ ты. Əлем ғалымдары тарапы нан “дү-
ние жүзілік өркениет үшін маңызы аса зор жаңалық” деп
бірауыздан мойындалған осы жəдігер қалай табылды, Кеме-

ке? Сол жылы өзі Есік қорғанындағы бұл обаны қа зу ға не
себеп болды? Сөздің тоқе те рі: бар оқиғаны, мəселенің бүкіл
мəн-жайын осы экспедицияның бас шысы əрі тікелей куəгері
болған адам ретінде өз аузыңыздан естісек...

– Əдетте үлкен нəрсенің бəрі ешкім күтпеген кездейсоқ

істен бастау алатыны тарихта талай рет дəлелденген жəйт.
Мына оқиға да дəл солай болды десем, еш қателес пей мін
ғой деп ойлаймын. Бəріне қоз ғау салған біздің Тарих, архео-
ло гия жəне этнография институтына бір орыс жігітінің

өтініш айтып келуі болды. Ол өзі Алматы іргесінен 50
шақырым жердегі Есік қаласының автобаза директоры
екен. Айтқан шаруасы: аудандық атқару комитеті бұларға
көлік кəсіпорнының аумағын кеңейту үшін қосымша жер

беріпті. Бірақ онда мемлекет қорғауына алынған екі оба бар
дейді. Автобаза директорының ойы: ертең құрылыс баста-
лып кеткенде дау тумас үшін тəртіп бойынша сол төбелерді
археологтарға қаздырып, мəселенің басын ашып алу екен.

“Келіп көрсеңіздер. Егер сіздерге трактор, бульдозер қажет
болып жатса, оның бəріне көмектесеміз”, – дейді.

– Бұл қай жылы еді?

– 1969 жылдың тамыз айы болатын. Ал, қыркүйекте

біз Есікке барып, қорғанның оңтүстік шетіндегі кіші оба-
ны қазуды бастадық. Бірақ көз ашпайтын күзгі жаңбырға
ұрынған соң жұмысты тоқтатып, 1970 жылғы жазда оны
қайта жалғастырдық. Кіші оба деп отырғанымыз биіктігі

5 метрлік төбе еді. Өкінішке қарай одан ештеңе шықпады.
Түк қалдырмай тонап кетіпті. Содан соң уақыт оздырмай
екіншісін, яғни биіктігі 6, ал диаметрі 60 метрлік үлкен
үйін діні қазуға кірістік. Оның ортаңғы бөлігіне кел ге ні-

міз де, мұндағы қабірдің де тоналғаны белгілі болды. Біздің
тəжірибемізде осындай обалардағы жерлеу рəсімдері біреу
ғана болмауға тиіс-тін. Алғашқысы көз алдау, адастыру, ал
екінші не үшіншісі бақилыққа аттанған атақты адамның

(егер ол атақты болмаса мынадай үлкен оба тұрғызылмас
еді) нағыз өз қабірі болып келетін. Сондықтан да қазба
жұ мысын одан əрі кеңейте жүргізіп жатқанымызда, ал-
ғаш қы тоналған бөлік жанындағы 10 метр қиыс тұстан

ке ремет ағаш қабырға шыға келді. Байқаймыз... бүтін. Бұ-
зыл маған бөренелі бөлме. “Құдай берді!” – дедік ішіміз ден.
Сөйттік те оны топырақтан арши бастадық. Төбесін ашып
қарағанымызда не көрдік дейсіз ғой?! Шегенделген табыт...

Ал ішінде... иə, ішінде еті əлдеқашан ағып кеткен ақсөңке
адам сүйегі, оның ұзына бойын айнала қоршап жарқ-жұрқ
еткен жүз əлде мыңға жуық алтын əшекейлер көзге шалын-
ды. Ғаламат, ғажап көрініс еді!

Бар болған оқиға міне, осы, шырағым. Ал одан арғы
жəйттер: жерленген адамның кім екені, жас мөлшері,
киіміндегі алтын əшекейлер саны, оның қай дəуірге жа та-
тыны, бəрі-бəрі кейін баспасөзде сан мəрте қайталанып

жазылды емес пе? Олжаның толық анықтамасы менің 1978
жылы Мəскеудегі “Искусство” баспасынан жарық көрген
“Курган Иссык” атты кітабымда хатталып-шотталып тұрып
айтылғаны жəне бар. Сондықтан оларды енді тағы да ежіктей

қайталап жатудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Өйткені ол бұл
жерде басы артық əңгіме.
Мына сөздерді тыңдап отырғанымда менің ойымды тағы
бір сұрақ мазалады. Ол: “Кезінде қабірде киімдері шіріп,

еті ағып, тек қаңқасы ғана қалған Алтын адамды археолог
мамандар осы күні біз көріп жүргендей етіп қалай əдемілеп
киіндіріп, оны қалай аяғынан тік тұрғызды екен?”, – деген
сауал еді.

– Ол былай болды, – деді бұған ойлана тіл қатқан кейіп-

керіміз. – Обадағы олжа əбден аршылып алын ған нан кейін
оны сол жердегі ашық аспан астында 2 ай бойы асықпай
зерттеп көріп, қажетті сипаттаманың бəрін жасап алдық.
Сөйттік те Ғылым академиясының лабора тория сы на келіп,

Алтын адамның сұлбасын сомдауға кірістік. Бұл шаруа-
мен екі адам – зергер-ұста Владимир Садомский жəне мен

өзім шұғылдандым. Əріптесіме жүктелген тапсырма: сақ
жауынгерінің үстіндегі киі мінен табылған үлкенді-кішілі
жəне əртүрлі пішіндегі 4 мың алтын əшекей бар емес пе?
Міне, оған соның көшірмесін жарқырауық сары анодты

алюминий қаңылтырынан жасап шығу тапсырылды. Ал
менің міндетім – сақ жауынгерінің манекен секілді дене
тұрқын өмірге əкеліп, соның негізінде оған қажет киімдерді
өлшеп, тігу болды. Осы жерде Владимир Садомскийдің

керемет ерік-жігері мен төзіміне, өз ісіне шексіз бе ріл ген
адалдығы мен түймеден түйін түйген шеберлігіне əлі күнге
дейін таңғаламын. Неткен білім, неткен мəдениет, неткен
адам гершілік десеңізші! Бұл өзі жазушы Николай Лес-

ков əңгімелерінің біріндегі биттей бүр генің өзін байқатпай
тағалап жіберген ұс таның ертегідей ерен еңбегіне парапар
тір лік болды. Екі жыл бойғы көз майын тауысқан қиын да
күрделі жұмысқа мыңқ етпеді-ау сабазың.

Содан не керек, 1973 жылдың көктемін де Алтын адам-
ды осылай жасап бола бер ге німізде, Ғылым академиясының
пре зи ден ті Шаһмардан Есенов екеуміз ҚКП Ор та лық
Комите тінің хатшысы Саттар Имашевтің қабылдауына

шақырыл дық. Он да ғы əңгімеде сол жылдың күзінде Ал ма-
тыда Азия-Африка елдері жазушы лары ның V халықаралық
конферен циясы өте тіні, жер шарының 69 мемлекетінен
келетін сол қонақ тарға мұндағы орыс шіркеуіне орналасқан

музейден басқа көрсететін көп ештеңеміздің жоқ екені айтыл-
ды. Сөз ретіне қарай өзіміздің археологиялық қазбалардан
табылған жəдігерлерді жинап, шетелдік қонақтар кеткенше
көрме сияқты бірдеңе ұйымдастырып қоюға болмас па екен

деген мəселе де айтылып қалды.

– Неге болмасын. Болады, – дедім мен бұл сауалға

бірден. – Егер ғимарат табылса, оны осы жерде нақты шешіп
берсеңіздер көрме емес, тіпті археологиялық музей де
жасауға болады?

– Рас па?

– Рас.

– Оған сонда не қоямыз? Бізде бір залды толтыра алатын-

дай экспонат бар ма өзі?

– Академия мен Орталық музейде мыңға жуық архео-

логиялық жəдігер тұр. Бəрі де бағалы. Өз салмағы бар
дүниелер. Солардың ішіндегі ең үлкені мəселен Есік қорға-
нынан табылған Алтын адам.

– Бəрекелді! Онда іске кірісейік, жігіттер!

Содан қауырт жұмыс басталып кетті дейсіз. Обалы не,
Орта лық Комитет айтқан сөзінде тұрды. Қалалық атқару
коми тетінен бұл музейге керек деп Ленин даңғылының “Ис-
кра” кинотеатры үстіндегі болашақ гастроном үйін бізге

жұлып алып берді. Оны қайта жабдықтап жасауға Құ ры-
лыс министрі Мұстақым Ықсановты мықтап жегіп қойды.
Бəрімізде маза жоқ. Тынымсыз тірлік, бітпейтін жү гіріс.
Күніне 16-17 сағатқа дейін жұмыс істеген кез де рі міз де бол-

ды. Қойшы, содан арада 4 ай өтіп, кон фе рен ция ашылуға
15 күн қалғанда бəрін бітіріп, “уһ” дедік-ау. Музейді көруге
ҚКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхаммед
Ахметұлы Қонаевтың өзі келді. Тұңғыш танысуы ғой,

əйнекпен қоршалған қаракүліңгір бұрыштағы жарқырай
сəуле шашып тұрған Алтын адамға қарап таңғалды. Басқа
экспонаттарға да зейін қоя үңіліп, зал ішінде өте көңілді
жүрді. Бəрін аралап болған соң ұжым мүшелерін жинап

алып алғыс айтты. Кетерінде маған бұрылып: “Не өтінішің
бар, Кемел? Археологиялық жұмыстарға байланысты туын-
даған проблема бар болса, жасырмай айт. Оны мына бас тық-
тарың тұрғанда, бəріміз бірігіп шешіп кетейік”, – деді күліп.

“Бастықтарың”, – де гені қасына өзімен бірге еріп келген
Орталық Коми тет тің идеология хатшысы Саттар Имашев
пен Ғылым акаде мия сының президенті Шаһмар дан Есенов
еді.

– Отырарды қазу керек, Димеке, – дедім мен бірден ол

кісінің жаңағы сөзін күтіп тұрғандай-ақ асыға-аптыға тіл
қатып. – Білесіз... Оңтүстік Қазақстанда сондай көне қала
орны бар ғой... Міне, соған қазба жұмысын жүргізуді бастау
керек.

– Иə, иə... білемін. Бірақ оған біздің шашымыз жете ме?

200 гектар аумақты алып жатқан жерді қалай қазамыз? Оған
көп қаражат керек қой.

– Солай болғанның өзінде де бұл қазба жұмысы бізге ке-

рек. Өйткені көп нəрсеге көз жеткізу қазір осы мəселеге бай-
ланысты болып отыр.

– Сонда одан не табамыз?

– Елдің санасына көне қазақ жерінде қала болған деген

ұғымды қалыптастырамыз. Ұлы Жібек жолындағы ша-
һардың сауда орталығына айналып, өз ақшасын шы ға руы,
сəулет үлгілерін өмірге келтіріп, су құбырлары жүйе сін
жүргізуі, қорған мен цитадель салуы – өр ке ниеттіліктің

белгісі. Отырарда міне, бұлардың бəрі бар. Енді тек соны
қазып, заттай айғақ ретінде орталыққа көр сетуіміз, дерек-
терді ғылыми айналымға түсіруіміз керек. Мəселе осында.
Димекең мына сөзді естігенде қатты ойланып қалды.

Кетерінде қолымды құшырлана қысып тұрып: “Түсіндім.
Бəрі де болады. Конференция өткен соң жоба-жос па рың ды
жасап, маған кел”, – деді. Бірақ ол кісінің қабыл дау ын да бола
алмадым. Менің орныма Ғылым акаде мия сы ның президенті

Шаһмардан Есенов кіріп, біздің институт жасаған “Отырар
археологиялық кешенді экспедиция сы ның көп жылдық қазба
жұмысы жоспарына” Димекеңнің келісімін алып шықты.
Сондағы бəрімізді қуантқан нəрсе, əсіресе, жобадағы Оты-

рарды қазушы мамандарға жыл сайын бөлінуге тиіс деп
көрсетілген 100 мың сом ақшаның қысқармай қолдау табуы
еді. Ол кезде бұл дегеніңіз өте мол қаржы болатын. Содан
1975 жылдан 1987 жылға дейін сол сома бізге еш кідіріссіз

келді де тұрды. Ал 1988 жылдан бастап үздік-создық болып
бөлініп беріліп жүрді де 1990 жылы мүлде тоқтады. Бұл кез-
де біз де Отырардағы өз жұ мы сымызды бітірген едік. Сөйтіп
Алтын адамның та бы луы мен, оны Димекеңнің арнайы келіп

көруімен отандық археологияда екі үлкен іс – Алматыдағы
респуб ли калық ар хеология музейі мен Отырарды қазу
жөніндегі көп жыл дық кешенді экспедицияны құру мəселесі
қоса біткені бар.

Кемел аға жоғарыдағы сөздерді айтып болды да: “Ал,
тағы не сұрайсың?” – дегендей маған ойлана қарады. Мен
үндемедім. Өйткені кейіпкерімізге қойылар соңғы сау-
ал – оның археологиядағы тағы бір үлкен жаңалығы бізге

белгілі болатын. Ол ғалымның осыдан 4 жыл бұрын Аста-
на іргесінен мүлде белгісіз көне қаланың орнын тап қан ды-
ғы еді. Сол кезде, яғни 1999 жылдың шілде айында біз атал-
мыш жерде қазба жұмысын жүргізіп жатқан Кемекеңді іздеп

барып əңгімелесіп, барлық жағдайға қанығып қайтқанбыз.
Оны қысқаша баяндар болсақ былай.
Археолог ағамыздың қолына бірде ХVІІІ ғасырда өмір
сүр ген орыс офицері, топограф И.Шангиннің күнделігі

түседі. Онда: “Мен Есіл жағасында қирап жатқан қаланы
көрдім. Кезінде тамаша елді мекен болғаны байқалады.
Бізді əсіресе оның іргесіндегі суы тұщы көлдің ғажайып
көрінісі таңғалдырды”, – деп жазылған екен. Кемекең осы

де ректі негізге ала отырып архивтен Целиноград (қазіргі
Ақмола – ред.) облысын 1974 жылы аэрофотодан түсірген
кө ріністі тауып алдыртады. Салыстырып қарағанда, топо-
граф И.Шангиннің күнделігінде айтылған көлдің суалған

орны мен оның жағасындағы шаһар құландысы қазіргі Аста-
на іргесінен 10 шақырым жерде жатқаны анықталады. Ол
кісі басқарған экспедиция мүшелері міне, 4 жылдан бері осы
жерді қазу үстінде. 3 мың шаршы метр аумақты топырақтан

аршыған кезде көне қаланың екі құрылыс қабатынан
тұратындығы белгілі болды. Оның үстіңгісі ХІІІ-ХV
ғасырларға тəн десек, астыңғысы Х-ХІІ ғасыр лар ға жатады.
Шаһардың ортасындағы төбеден 20-дан астам қабір мен 5

мазар табылып, төңіректен қалыңдығы 5 сан тимерлік бөлек
формалы кірпіштер, күміс тиын, темір жебе қазып алынды.
Қалада шағын кəсіпкерлік орындары болғаны бай қа ла-
ды. Онда қыштан түрлі ыдыс-аяқтар жасалынып, кірпіш

күйдіретін арнаулы орын жəне ұстахана жұмыс істегенін
айғақтайтын деректер бар. Əсіресе шаһар халқына қажет
су іргедегі көлден тікелей тартылғандығы айрықша əсер
қалдырады. Оған дəлел, көлден тұщы су алу үшін екі ортаға

шағын канал қазылған екен. Онда жел арқылы айналатын
сорап механизмі жұмыс істеп тұрған. Су соның күшімен
жоғарыға қарай шығарылып отырған.
Міне, осындай жайлар анықталған соң Кемекең үс ті міз-

дегі жылдың ақпан айында Президент Нұрсұлтан Əбіш-
ұлы Назарбаевқа кіргені бар. Ғалым онда Мемлекет бас-
шы сына Астана іргесінде Х-ХІІ ғасырларда пайда болған
Бұзоқ атты қала туралы толық айтып берді. Сөздің тоқетер

түйі ні, Қазақстанның қазіргі елордасының орнында сол ор-
та ғасырларда-ақ əскери ставка жəне билік рези ден ция сы
ретінде қызмет еткен қала болған деп есептейді археолог.
Халықаралық лексиконда “terra іnсognіto” деген сөз тіркесі

бар. Бұл ұғым көбінесе саяхатшылар мен жара ты лыстанушы

ғалымдардың зерттеу еңбекте рін де қолданылады. Оның
тура аудармасы – белгісіз жер. Иə...
Terra іnсognіto – беймəлім ел, ашылмаған арал, бейтаныс
қиыр шет.

Terra іnсognіto – құпиясы мол құрлық, жұмбақ жер,
ақтаңдақ нүкте.
Terra іnсognіto...
Егер Қазақстан археологиясын Атлантидаға теңе сек,

оның жер астындағы құпия, жұмбақ тылсымға толы сыр
сандығы – тerra іnсognіto əлемін ашып, игеру ге ізашар болған
санаулы адамдардың бірі деп біз Кемел Ақышевті айтар едік.
Өйткені белгісіз дүние Бесшатыр мен Құмтекейдегі құпиясы

көп Шығу шаһа рын, ашылмаған арал – Алтын адам мен ой-
шылдар отаны Отырарды, Астана іргесіндегі ақтаңдақ нүкте
Бұзоқты terra іnсognіto емес деп кім айтады. Жалпы тыңға
түрен салу, жер қабатында жатқан жаңалық тарды жарыққа

шығару оның кəсібі, өмірлік мұраты. Үнемі белгісіздіктен
белгісіздікке ұмтылу осы бір ты ным сыз ізденіс иесінің сти-
хиясы. Ол міне, осы жан кешті еңбегі арқылы археологияда
айтар лық тай жаңа лықтар ашу мен келеді. Аша беріңіз, ақ-

сақал!
2003 жыл.

МАТАЙДА ЖАСАЛҒАН

КАЛАШНИКОВ

АВТОМАТЫ

2003 жылдың 1 мамыры. Түнгі сағат 24-тен 15
минут кеткен кез. “Хабар” агенттігі көгілдір экран-
нан жұртты елең еткізерлік бір жаңалық айт-
ты. Телебағ дарлама басталардан бір сағат бұрын

Мəскеуден атақты əскери қару конструкторы,
генерал-лейте нант Михаил Тимофеевич Калашни-
ков Алматы əуе жайы на келіп түсіпті. Диктордың
сөзіне қарағанда бұрынғы КСРО-дағы АК, АКМ

автоматтарының атасы бұл кісі Қазақстанға
республикалық Ұланның қолбасшысы, генерал-май-
ор Болат Ысқақовтың жеке шақыруымен келе жа-
тыр екен. Əскерилердің құрметті қонаққа арнап

түзген жоспары бойынша қарт кон структор ал-
дымен бір кезде өзі тұңғыш еңбек жолын бастап,
сол жерде атыс қаруының алғашқы үлгісін жасаған
Матай стансасына бармақшы. Яғни, сондағы

теміржол депосында жұмыс істеген ардагерлермен
жүздесіп, орта мектептегі өзіне арналған музей-
бөлмені аралап көрмек. Ал содан соң, 6 мамыр күні
ол кісі Астанаға келіп, республикалық Ұланның

штабында лекция оқымақ.
Осы хабарды естіген біз ертеңіне республикалық
Ұланның баспасөз қызметіне байланысқа шықтық.
Конструктордың

елордаға
келетіні,
осындағы
офицер лік

құраммен
кездесіп,
жауынгерлердің
əскери-жат тығу жұмыстарымен танысатыны

рас екен. Теле фоннан осылай деп жауап қатқан
əріптесіміз Айдар Елтүзеров бізді ол шараларға
шақыруға, қонақпен штаб тағы болатын кездесуге
қатыстыруға уəде етті. Айтқандай-ақ арада бір

апта өткен соң Михаил Тимофеевич Калаш ни ков
Астанаға келді. Міне, ол кісінің сондағы өзі туралы,
өмірі жайлы айтқан дерек терінен біз төмендегідей
əңгімеге қанығып, көптеген жəйт терге көз жеткіз-

ген едік. Баяндап айтар болсақ, мəселе былай.
...Ол 1919 жылы Сібірдің Алтай өлкесіндегі Курья се-
лосында дүниеге келіпті. Əке-шешесі көп балалы жандар
екен. Оны анасы Александра Фроловнаның сол замандағы

ауыр тұрмысқа қарамай 17 перзентті өмірге əкеліп, 9-ын жер
қойнына берсе де 8-ін аман алып қалғанынан анық аңғаруға
болады. Солардың ішіндегі кенжесі кішкентай Миша бала
кезінен-ақ темір-терсекке үйір еді. Бір жолы оның досы Сер-

гей шүріппесі жоқ тот басқан 1914 жылғы үлгідегі браунингті
тауып алғаны бар. Михаил оны бөлшектеп, сынып қалған
пружинаның орнына дəл сондай серпігіш деталь жасады.
Сөйтті де өзі жіліктеп тастаған қаруды қайтадан жаңылмай

құрасты рып шықты. Нəти жесінде браунинг атылатын бол-
ды. Демек, ол сол кездің өзінде-ақ табиғат берген қабілет
қары мымен қарудың құрылымын түсінгені ғой. Бірақ, оны
жасағаны бар болсын, бұл жаңалық көрші-көлемге тарап

кетіп, əкесінің селолық кеңес төрағасына шақы рылғанын
қайтерсің. Əңгіменің насырға шапқанын білген балалар
құпияны ашпауға сөз байласты. Сөйтті де: “Ештеңені көрген
жоқ пыз, білген де емеспіз”, – деп азар да безер болды. Сол

бет бақтырмаған қалыппен браунингті оңашада бөлшектеп,
село іргесіндегі өзенге лақтырып жіберді.
Болашақ конструктор өстіп жүріп орта мектепті де
бітірген. Сол кезде досы Сергей бұған тағы бір “идеяның”

шетін
шығарды.
Оның
əңгімесіне

қарағанда
ағасы
Қазақстанның Матай деген стансасында паровоз машинисі
екен. Інісіне соңғы бір жазған хатында ол: “Мектеп бітірген

соң осында келгенің жөн болар еді. Мұнда өмір қызықты”,

– депті. Михаилға осы хабарды айтқан Сергей аталмыш

станса Қазақстан астанасына тиіп тұрғанын, онда аттың ба-
сындай алмалар мен қазандай қарбыздар өсетінін айтып, ал
кеп мазасын алсын. “Бірге барайық, сөйтіп ел, жер көрейік.
Жұмысқа орналасу жағынан қам жеме, оны ағам қатырады”,

– дейді.

Көп ойланып, ұзақ ақылдасқаннан кейін екі дос ақыры:
“Тəуекел!”, – деп 1936 жылы Сібірдегі Алтайдан Қазақ станға

тартып кеп берсін. Сергейдің ағасы азамат екен. Айтқан
сөзінде тұрды. Інісінің есепке жүйріктігіне қарай оны бух-
галтер, ал Михаилдың жазуының маржандай əдемі екенін
байқап, теміржол кеңсесіне техникалық хатшы етіп орнала-

стырды.
Осылайша ол Матайда табан аудармай екі жыл жұмыс
істеді. Қағылез, елгезек қимылының арқасында жергілікті
қоғамдық ұйым белсенділерінің біріне айналды. 1938 жылы

армия қатарына шақырылып, Киев əскери округінің танк
мектебіне оқуға түсті. Осы жерде ол баяғы темір-терсекке
деген үйірлігіне басып, сабақтан кейін де машина паркінен
шықпайтын болды. Ананы-мынаны шұқылап жүріп, өнер-

тап қыш жауынгер атанды. Бірде командование тарапынан
танк моторесурсын есептегіш аппарат жасауға конкурс жа-
рияланғаны бар. Міне, сол байқауда қатардағы қызыл əскер
Михаил Калашниковтың ойлап тапқан дүниесі оқыту шы-

лар тарапынан жаңалық деп бағаланды. Мұны естіген округ
қолбасшысы, генерал Г.К.Жуков курсантты өзіне шақыр-
тып алып, онымен ұзақ əңгімелесті. Ескерткішке қол сағат
сыйлады. Сөйтті де оны Мəскеудегі тəжірибе-сынақ орта-

лығына жіберді. Онда қызыл əскер Михаил Калашников-
тың жаңалығы бірінші орын алды да, мамандар моторесурс
есептегіш аппаратты енді Ленинградтағы арнаулы зауытта
жаппай шығаруға шешім қабылдады. Бірақ нақ осы кезде

Ұлы Отан соғысының басталып кетпесі бар ма?! Сөйтіп бұл
жұмыс аяқсыз қалып, прибор авторы өзінің танк бөліміне
кері шақыртылып алынды да майданға жіберілді.
...1941 жылдың қыркүйегінде механик-жүргізуші Ми хаил

Калашников қатты жараланды. Бет-аузы ақ дəкемен шанды-
лып, гимнастеркасы қанға бөккен оны госпитальға алып
келгенде жағдайы өте ауыр болатын. Əлдебіреулердің атын
атап, қызуы көтеріле сандырақтап, ес-түсін білмей аласұрып

жатты. Осылайша екі күн өткен. Үшінші күні сəл тыншып
еді, бірақ түн ортасында оның: “Атсаң даршы! Түйдектетіп,
нөсерлете атыңдар...” – деген ащы айғайы палатадағы жара-
лыларды шошытып оятты. Таңертең гісін балдаққа сүйенген

көршісі:

– Сен бауырым, немене, түсіңде де соғысып жүрсің бе?

Түнде жұртты қатты дүрліктірдің ғой, – деді бұған жақындап
келіп.

– Білесің бе? – деп жауап қатты Михаил Калашников

оған. – Көзім ілініп кеткені сол еді, дабыл үнін естідім. Ша-
буыл ға шыққан екенбіз деймін. Немістер шмайсерлері мен
оқты жаңбырша төгіп келеді. Ал қызыл əскерлер винтов-
каларының затворларын ашып-жабумен əлек. Сонда біздің

автоматтар қайда?

– Əлі жасап жатыр да, – деді осы тұста сөзге араласқан

екінші бір көршісі күйінішті үнмен күңк етіп.
Калашников шаршаңқы қалыпта көзін жұмды. Содан
күні бойы ешкімге тіл қатқан жоқ. Кешқұрым ғана əңгімеге
араласты.

– Осыншалық быт-шыт боп қай жерде жараландың? – деп

сұрады орта жастағы қызыл əскер одан.

– Брянск түбінде... Гудерианның “темір тажалдары” біз

мінген Т-34-ті шелпек қып кетті. Есімді жисам, танк іші көк
түтін... Төрт адамнан атқыш екеуміз ғана тірі қалыппыз.
Астыңғы люктен шыға бергенімізде, қасымызға снарядтың
келіп гүрс ете түспесі бар ма? Серігімнің не болғанын

білмеймін, ал менің жағдайым...

– Көріп отырмыз, – деді оған көршісі. –Тамтығың

қалмапты. Қайта аман қалғаныңа шүкір.
Михаил Калашниковтың төсектен басын көтеріп, тілге кел-
ген кезден бастап байқағаны, госпитальдағы жаралылардың
жиналып алып, ауыздарының сөзден босамайтындығы еді.

Əр кеш сайын палатада “солдат стратегиясы” туралы қызу
əңгіме өрбиді дейсіз. Оның соңы майдандағы қару-жарақтың
“əттегенайларына” келіп тіре летін. Иə, шынында неге бізде
автоматтар жоқ? Ол неге жасалмайды. Шіркін, қызыл əс-

кер лердің қолында да немістердікіндей бір-бір “дырылдақ”
болса ғой.
Сөз орайында айта кету керек, бұл жердегі жоғарыдағыдай
əңгімелер əйтеуір айтылу үшін айтылатын қысыр сөздер

емес еді. Оның арасында ойлы пікірлер де есті ліп қалатын.
Кезекті бір басқосуда Михаил Тимо феевичтің де сондай
тың ой – “пистолет-пулемет” жасау идеясын жолдастары-
на айтып қалғаны бар. Бұл пікір палатадағыларды қатты

таңғалдырды.

–Осыныңды қағаз бетіне түсіріп, сызып көрсең қайтеді. Міне, былай етіп... Содан соң оны жоғарғы жаққа жібермей міз бе. Мүмкін ол бір кəдеге жарап та қалар... – деді өзін Михаил Калашниковтың қарапайым, ұғынықты ойы баурап алған көршісі. – Көрейін, – деді бұл. – Сөйтті де сол күннен бастап ол винтовка, бесатардан əлдеқайда жеңіл əрі ықшам, ең бастысы қайта-қайта оқтап əуре болмай, бірден түйдектетіп ататын “пистолетпулеметтің” жобасын жасауға кірісіп кетті. Көмекші мен кеңесшілерден кенде болған жоқ. Олар сол палатадағы жаралылар еді. Біреуі қарындашының ұшын шығарып береді, екіншісі медбикеден дəптер сұрап əкеледі. Əйтеуір күні бойы үймелеп, мұның қасынан шықпайды. Əсіресе, шекарашы жігіт ке рахмет! Ол госпитальға келген-кеткендерден сұрастырып жүріп, профессор В.Федоровтың “Атыс қаруының эволюциясы” кітабын тауып əкеліп берді. Михаил Калашников оны бірнеше мəрте оқып шықты. Ол сонау бейбіт кездегі танк мектебінде танысқан автоматты қарулар жүйесін қайыра еске салуымен құнды еді. Осы оқу мен ойдағы өз идеясын соған сай тоқу біздің кейіпкерімізге түрлі сызбалар мен суреттерді тудыруға кең жол ашты. Сөй тіп 3 айға жуық уақыттың ішінде “пистолет-пуле меттің” жүздеген эскиздері жасалды. –Міне, тағы бір Дегтярев табылды. Мына қарқынына қарағанда біздің өнертапқышымыз Эдиссоннан да асып кетер ме екен, қайтер екен, – деп əзілдейтін сызудың қызығына түсіп, бас көтермей жұмыс істеп жатқан оны палатадағы қызыл əскерлер. Арада жарты жыл өтті. Бір күні госпитальға келген комиссия мұндағы жара лыларды екі топқа бөлді. Олардың ұйғарымы бойынша емханада қатарға тез қосыла тындар ғана қалуы керек. Ал ұзақ емделуді қажет ететіндер елге жіберілуі тиіс. Сержант Михаил Калашников соңғы тізімге ілікті. Яғни бұл енді үйіне барады деген сөз! Баласының əскерден келетінін естігенде оны Алтайдағы анасының қаншалықты жан толқынысымен күткенін түсінуге болады. Бұл да туған жеріне, ондағы аға-əпкелеріне жетуге асығулы еді. Бірақ “пистолет-пулемет” идеясын жүзеге асырсам-ау деген тынымсыз ой оны өзі соғысқа дейін жұмыс істеген Қазақстанның Матай стансасына тартты да тұрды. Себебі, осы жерде ол деподағы жолдастарының көмегімен ойлас тырған ісін қолға алып, қаруды сондағы шеберханада жасап шығуға сенімді еді. Иə, ол үміті алдамады. Матайға келген бетте өзін білетін жора-жолдастарын іздеп тауып алды. Оларға жол дорба сындағы сызбаларын жайып тастап, көмек көрсетуін өтінді. Дос тары бұл шаруаға құлшынып, жанып түсті дейсің! Мұнда да тура госпитальдағы сияқты жағдай қайталанды. Сменадағы жұмыстары аяқталған соң жолдастарының біреуі Михаил Тимофеевичтің айтуы мен қажетті темірлерді кесе ді, екіншісі сызба суреттегі бейне ленген бөлшектерді жона ды, үшіншісі детальдардың артық-кемін өлшеп егейді... Осылайша 5 айдай уақыт өтті. Ақыры оның “белбаласы” дайын болып, сынақтан өткізетін де күн туды. Бəрі де толқулы еді. Соның ішінде автордың сезім-күйін айтып жеткізу... Жоқ! Уақыт босқа өтпепті! Төгілген тер текке кетпепті! Матайдың елсіз құмындағы байқауда Михаил Калашниковтың “пистолет-пулеметі” өзіне тəн дауыспен “тыртыр” етіп сөйлеп қоя берді. Нысана алынды! Бұл 1942 жылдың күзі болатын. Осы оқиғадан екі-үш күн өткен соң біздің кейіпкеріміз Матайға тоқтаған жүк пойыздарының бірімен іргедегі Алматы ға жүріп кетті. Ойы – жаңадан жасалған қаруды облыстық əскери комиссариатқа апарып көрсету. Мұнда адамдар көп екен. Бəрі де иін тіресе кезек күтіп тұр. Солардың арасынан əрең дегенде сыналай өтіп, қабылдау бөлмесіне кірген ол адъютантқа: –Майдан госпиталінен тылға емделуге келген танкиспін. Өнертапқыштықпен шұғылданамын. Мұндағы бос уақытымды пайдаланып, көптен бері ойластырып, қолға алып жүрген ісімді бітірген жайым бар. Ол – жаңа үлгідегі автомат қаруы. Соны полковникке көрсеткім келеді, – деді. –Сіз не айтып тұрсыз? –деп шошып кетті Михаил Тимофеевичтің мына сөзін естіген адъютант. – Тылда жүріп.., соғыс жағдайындағы тəртіпті біле тұрып... Қалай мылтық жасап жүрсіз? Оған кім рұқсат берді? Тоқта... Тоқтай тұрыңыз!

Осылай деп айқай-шу көтерген ол өнертапқыш сер жант-
тың “пистолет-пулемет” ілінген шинелінің етегін жас қай
берді. Сөйтті де көрші бөлмеден екі жауынгерді шақы рып
алып, Михаил Тимофеевичті сол жерде дереу тұтқынға алды.

Ол міне, осылай алғаш рет гауптвахтаға түсті. Істің түсініксіз
жағдайға қарай ойысып, мүлдем басқаша сипат алып бара
жатқанын байқаған біздің кейіпкеріміз енді Алматыдағы
өзін білетін таныстарына сəлем айтып, солардың көмекке

келуін ойлай бастады. Есіне алғаш түскені, 1936-1937 жыл-
дары Түрксібтің Матайдағы комсо мол ұйымын басқарған,
енді Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінде қызмет істеп
жүрген Иосиф Коптев деген жолдасы болды. Күзетші жау-

ынгерге жалынып-жалпайып, міне соған хабар беруді өтінді.
Ертеңіне жағдай мүлде күрт өзгеріп сала берді.
Комсомолдың Орталық Комитетінен келген жолдасы мұны
кепілдікке алып, қуанышты бір хабар айтты. Облыстық

əскери комиссариатта болған оқиға респуб лика Үкіметі
басшыларының да құлағына жетіпті. Сондықтан олар
өнертапқыш сержантты көріп, əңгімелескісі келеді екен.
Осыны айтқан Иосиф Коптев көп кешікпей мұны Қазақ-

стан Компартиясы Орталық Комитетінің өнеркəсіп жөнін-
дегі хатшысы Ахметжан Қойшығұловтың кабинетіне алып
келді.

–Оғаштық үшін кешіріңіз. Кешегі кеткен ағаттық жөнінде

əскери комиссардан қатаң сұрайтын боламыз, – деді ол кісі.
Сөйтті де автоматты алып қарай бастады. Ұзаққа созылған
əңгімеден кейін Үкімет адамдары мынадай тоқтамға келді.
Сержант Михаил Калашниковтың жаңадан жасалған қаруы

– назар аударуға тұрарлық дүние. Тек оны жетілдіру қажет.

Ол үшін автор Алма тыға Мəскеуден көшіп келген С.Орджо-
никидзе атындағы авиация институты (МАИ) мамандары-
мен бірігіп жұмыс істеуі тиіс.
Зауыттың аты зауыт қой. Ол стансадағы депоның ше-

берха насы емес. Əрі мұндағы бесаспап мамандарды айт-
саңызшы! Ой өрісі де, істеген ісі де өзгеше. МАИ-дағы өт кен
үш ай ішінде жоғарыдағыдай білікті жандардың көме гімен
Михаил Калашни ковтың “белбаласы” адам айтқысыз өзгеріп

шыға келді. Бойындағы артық-кемі алынып тасталып, сып-
тай болған автоматты енді иесімен бірге “қару құдайы” ге-
нерал А.А.Благонравовқа көрсету қажет болды. Бұл кісі ол
кездері соғыс жағдайына байланысты Мəскеуден Өзбекстан

жеріне көшірілген Ф.Э.Дзержинский атындағы артиллерия
ака де миясында жұмыс істейтін еді. Самар қандқа өзін іздеп
келіп, кіре берісте сымша тартылып сəлем берген сержантты
қарт конструктор жылы шырай таныта қарсы алды.

–Кіріңіз. Келіңіз, құрметтім! – деп ерекше ықылас танытқан

ол кісі бірден қаруды алып қарай бастады. Бөлшектеп көріп,
қайта құрастырды. Басқа винтовка, карабиндердің деталь-
дарымен салыстырды. Əңгіме ұзаққа созылды. Қоштасарда
генерал Мəскеуге: “Айрықша өнертапқыштық, үлкен күш-

жігер мен еңбек, бірқатар техникалық мəселелерді шешудегі
даралық Калашников жолдасқа техникалық білім беруді
тілейтін талантты шебер деп қарауға міндеттейді. Сөз жоқ,
бұл жігіттен жақсы конструктор шығады”, – деген пікір жа-

зып берді.
“Қару құдайының” жоғарыдағы хаты Михаил Тимофее-
вичті қанаттандыра түсті. Рас, Мəскеу түбіндегі полигонға
келіп, алғашқы сынақтарға қатысқанда ол қару-жарақ жа-

сау ісінің шеберлері Дегтярев, Симонов, Шпагин жəне Су-
даев сынды тарландармен таласа алмайтынын білді. Жас
өнертапқышқа қажеті – ізденіс, ізденіс тағы да ізденіс еді. Ол
мұны жақсы түсінді. Сөйтті де осы қамалды алуға бел шеше

кірісіп кетті. Бір тəуірі, бұл полигонда оқу жəне жұмыс істеу
үшін барлық жағдай бар-тын. Жанында белгілі конструк-
торлар еңбек етті. Мұнда сондай-ақ кітапхана, қару-жарақ
мұражайы болды. Мұның бəрі оған үлкен жігер беріп, баға

жетпес мүмкіндік туғызды.
Осылайша 1944 жыл да келген...
...Жер-жиһанды Жеңіс атты қуанышты сөзбен дабылда-
тып 1945 жыл өткен.

Үміттендіріп 1946 жыл да біткен...
1947 жыл еді. Мемле кет тік комиссия ішінде Михаил
Калашников бар 6 конструк торды поли гонға шақыр ды.
Жаңа қару ларды сынауға рұқсат берілді-ау ақыры... Қа-

лай болар екен? Осы сұрақ олардың əрқайсының жүрегін
діріл қақтырғаны анық. Енді ше? Қаншама жылғы ең бек тің
қорытындысы десеңізші бұл...
Сонымен полигондағы байқау басталып кетті. Стволдың

шыдамдылығын тексеруге арналған үзіліссіз атыс... Ныса-
наны дəл алуды тексерген жекелеген сынақ... Басқа да то-
лассыз бұйрықтар... Қойылған талаптың қаталдығы сондай,
алғашқы күннің өзінде-ақ атақты Шпагин еңсесі түсіп үйіне

қайтты. Содан соң Дегтяревтің жолы болмады. Келе-келе
Судаев та сыр берді. Полигонда енді үш-ақ үміткер қалды.
Соңғы тур əскери жорық жағдайын еске түсіретін. Курсант-
тар автоматтарды суы бар жыралармен алып жүріп барып

атты. Сусыған құм үстімен жəне шаңды жолмен сүйретіп
отырып та сынады. Одан соң бұл қарулар жарқабақтан
етектегі қойтас үстіне тасталынып та көрілді. Бірақ
солардың бəрінде де Калашниковтың автоматы дəл атудан,

кідіріссіз оқ шығарудан жазбады. Қатал емтихан АК-ның
үздік сапада екенін көрсетіп, оның авторына жеңіс əкелді.
Содан арада біраз уақыт өткен соң, яғни 1949 жылы орталық
газеттер беттерінде: “Бірінші дəрежелі Мемле кеттік сыйлық

қару түрін дайындағаны үшін аға сержант Калашников Ми-
хаил Тимофеевичке берілді”, – деген хабар шықты. Сөйтіп
7,62 миллиметрлік патронға арналған АК автоматы КСРО
атты алып державаның армиясына негізгі қару ретінде

қабылданды.

– Мемлекеттік сыйлыққа 16 мың сом ақша алдым, – дейді

Михаил Тимофеевич. – Ол кезде бұл дегеніңіз үлкен байлық
болатын. Оның 5 мың сомына сол уақытта жаңадан шыға
бастаған “Победа” жеңіл мəшинесін сатып алғаным есімде.
Осыдан кейін Үкімет оны Ижевск қару-жарақ зауытын-

дағы конструкторлық орталыққа жұмыс істеуге жіберді.
Мақсат – АК-ның жаңартылған түріне (АКМ) қол жеткізу
еді. Оған Михаил Тимофеевич 8 жылға жуық уақытын
жұмсады. Осы кезде, яғни 1957 жылы ол қайғылы хабар

естіді. 1942 жылы Матайда бір баласымен қалған əйелі
маневр жасап жүрген пойыздардың арасына түсіп қайтыс
болыпты. Дереу жолға жиналды. Бұл Қазақстанға оның
араға 15 жыл салып барып оралғаны еді. Осы сапарында ол

Матайдағы анасыз қалған жалғыз ұлы Викторды өзімен қоса
ерте кетті де, Ижевскіге барып екінші рет отбасын құрап,
өмір бойы сонда тұрақтап қалды.

–Қазақстандағы кішкентай ғана нүкте – Матай стан сасы

есіме түссе, өз басым оны ылғи да зор сүйіспеншілік пен
еске аламын, – дейді Михаил Тимофеевич. – Себебі бұл жер
менің өмірбаянымдағы екі үлкен оқиғаның куəгері. Оның
біріншісі, өзіме шексіз даңқ сыйлаған жаңалығым – АК-ның

алғашқы нұсқасының тұсауы кесілген жер болса, екіншісі,
өмірімнің жалғасы, мұрагерім Виктордың іңгəлап жарық
дүние есігін ашқан, балалық шағы өткен мекені. Иə, Матай
менің осындай қос қуанышымның куəгері.

...Француз социологтары 2000 жылы ХХ ғасырда адамзат
ғұмырына түбегейлі өзгерістер енгізуге себеп болған жаңа-
лықтар тізімін жариялағаны бар. Зерттеушілер пікірінше
олар дың ұзын саны 30 шақты. Тізімді 1903 жылы америка-

лық ағайынды Райттар ойлап тапқан аэроплан бастайды.
Содан бері азаматтық авиация қызметін 1,6 миллиард адам
пайдаланған екен. Екінші орында 1908 жылы ұйымдас-
тырылған “Форд Т” автокөлігінің сериялық өндірісі тұр.

Қазір əлемдегі көлік саны жарты миллиардқа жеткен. Таң-
дайға тəттілігімен сезілетін, өндірісі 1915 жылы ашылған
Кока-кола да осы тізімнен ойып тұрып орын алған. Социо-
логтар пікірінше, 1919 жылы тоңазытқыштың, 1920 жылы

теледидар дың қолдануға енгізілуі адам тұрмысына айтар-
лықтай əсер еткен. Сарапшылар дерегіне қарағанда, бүгінде
теледидар француздар отбасының тек 6 пайызында ғана жоқ
екен. 1945 жылы компьютер дəуірі басталды. 1947 жылдың

айшықты оқиғасы – Калашников автоматының (АК) пай-
да болуы дейді француздар. Зерттеу мəліметтері бойынша
əлемде оның 60 миллион данасы жасалған.
ХХ ғасырдағы жаңалықтар тізімін осы жерден үзейік те,

енді мына пікірге ой жіберейік. Америкалықтар кезінде:
“Орыс сержанты бүкіл Варшава блогын қару ландырды”,

– деген болатын. Алайда, сол “орыс сержанты” қаруының

бүгінде бүкіл əлемге əйгілі екенін ескерсек, бұл пікір
де қазір көмескі тартты деуге əбден болады. Ол жасаған
нұсқаларды əскердің шағын топтары да, жер қайыстырған
құрамалар да қолда нысқа енгізген. Əрі бұл қару əлемнің

55 мемлекетіне экспор т талады. Түрлі деректерге қарағанда
ны сана алу қабілеті 800 метрге дейін жететін, стволының
өміршеңдігі 18 мың оқ шығаруға шыдайтын, кəдімгі жəне із
тастаушы, сондай-ақ сауыт бұзар-күйдір гіш оқтармен атыла

беретін Калаш ников автоматы əлемдегі 6 мемлекеттің туы
мен елтаңбасынан орын алған.

–Осыдан 15 жыл бұрын Мəскеу түбіндегі “Выстрел”

жоғары курсының тыңдаушылары алдында лекция оқы-
дым, – дейді Михаил Тимофеевич. –Негізінде бұл сол
кездегі бізге достас Азия жəне Африка елдерінен келген əс-
кери элита еді. Мен сөзімді аяқтап бола бергенде, қо лында

кіш кентай ғана жалауы бар тығыршық денелі афри калық,
Мозам биктің қорғаныс министрі орнынан кө терілді. “Жас
республикамыздың жалауында құрметті кон структор қа-
руы ның бейнеленгенін мақтаныш сезіммен жет кізгім келе-

ді. Шет жерлік империа листер езгісіне қарсы күресте бұл
автомат түрі біздің символымызға айналды. Ал оның жа-
нын дағы ашық кітап – сауатсыздыққа қарсы күресті, кетпен

– бұғаудан босатылған еңбекті бейнелейді”, – деді ол маған.

Шетелдіктер
айт пақшы,
Калаш ников тың
шабуылға

оңтайлы винтовкасы бүгінде жаяу əскердің ең көп таралған
автоматтық қаруы. Вьетнам, Ауған стан, Никарагуа, Аф рика
құрлығында, Таяу Шығыс пен Жер ша ры ның басқа да “ыс тық
нүктелерінде” сынақтан өткен АКМ өзін ең сенімді, тиімді

жəне құрылымы жағы нан қарапайым екенін дəлелдеді. Осы
орайда мынадай сирек деректі келтірген жөн болар. Вьетнам
соғысында көз жұмған америкалық тардың 30 пайызы дəл
сын сағатта мылтығының сыр беруі себебінен қаза болған.

Ал АКМ-мен қаруланған əскерде мұндай жағдай мүлде
тіркелме ген. Табиғаттың ең бір қатал кездері – аптап ыстық,
нөсерлі жауын, батпақ пен шаң-топырақ арасында да бұл ав-
томат өзінен қажет етілген талаптардың бəрін шайқастарда

мүлтіксіз атқарған.
...Михаил
Тимофеевич
Калашников

қазір
Ижевск
қаласында тұрады. Өзінің айтуынша ол тым қарапайым
өмір сүреді екен. Автомат атасының бар табысы – “Ижмаш”

концерніндегі қару жасайтын конструкторлық орталық
жетекшісіне төленетін қарапайым ғана зейнетақы мен
жалақы. Зауыттың төлейтіні небары 5 мың 800 рубль (190
доллар шамасы), қосымша əскери зейнетақысы бар, көп де-

генде ол 200 доллардан аспайды. “Ижевскінің құрметті аза-
маты” атағына 4500 рубль (150 доллар) жəне Ресей Президенті
арнайы тағайындаған осынша сомадағы зейнетақыны алып
тұрады. Бəрін қосқанда 900 доллар. Батыс өлше мімен

қарағанда ортанқол тірлікке жарап жатқан қаржы Ресей,
əсіресе қияндағы Ижевск үшін əжептəуір дəулет.
...Жоғарыдағы əңгіменің бəріне біз даңқты кон-
структордың Астанаға келген күні Республикалық

Ұланның штабында болған кездесуде қаныққан
едік. Ол 6 мамырдың кеші болатын. Ертесінде Ми-
хаил Ти мо феевич аталмыш əскери құрылымның
жауынгерлері арасында болды. Ұланның бас кор-

пусы мен казарма ларын аралап көріп, осындағы
“Құрметті
меймандар”
кітабына

қолтаңба
қалдырды. Ал 8 мамыр күні қарт конструкторды
республика Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назар-
баев қабылдап, оған І дəрежелі “Достық” орденін

табыс етті. 84 жастағы автомат атасының
елордадағы болған күндері туралы айтар əңгіме,
міне, осы.
2003 жыл.

НОМАД – 1 – 2003 жылдың 21 маусымында “Извес тияда” жазушыкиносценарист Рустам Ибра гим бековтің газет тілшісімен сұхбаты жарияланды. Сонда əзірбайжан қаламгері: “Дүние жүзі əлми сақтан бері гладиаторлар мен ковбойлар, самурайлар, сондай-ақ рыцарьлар туралы жақсы біледі. Енді əлемге номадтар хақында мағлұмат беретін кез жеткен жоқ па?!”– деген жақсы бір ой айтты. Шынында, номадтар дегеніміз кімдер осы? Ол: “Көшпелілер!”– деп айтар едік біз. Иə… иə, көшпелілер. Бұл атау кеңестік кезеңдегі тарихи оқулықтарда онша көп қолданылған жоқ. Оның орнына түземдіктер мен варварлар, яғни, тағылар, жабайылар деп атауға көбірек “мəн” берілді. Осы жолдардың авторы мысалы, номад сөзін ең алғаш 1971 жылы КазГУ-дің 2-ші курс студенті боп жүрген кезінде жазушы-ғалым Мұхтар Мағауин құрастырған “Алдаспан” жинағынан оқып білгені бар. Сөйтсек оның мазмұны шырышы бұзылмаған арда табиғат аясындағы алаңсыз күн кешкен дала перзенттері ұғымын білдіреді екен ғой. Ал, бұл дегеніңіз көшпелілер, яғни біздің ер де өр мінезді атабабаларымыздың өзі емес пе?! Бір ғажабы таза номадтар, ұлы дала ұланы– нағыз нояндар кезінде өздерінің қандай жандар болғанын ірі сөзімен, кесек мінезімен дəлелдеп кеткен. Оның эталоны мəселен ХV ғасырдағы жауынгер жырау Қазтуған мен Доспанбет. Оның образы мысалы ХVІІ-ХVШ ғасырлардағы Жиембет пен Ақтамберді. Оның символы сондай-ақ ХІХ ғасырдағы қазақ даласын буырқандырып-бұрсандырған хан Кене. Ал ХХ ғасырда ше? Жоқ. Номадтарға бұл дəуір қырын келді. Оған себеп, дəл осы кезеңде олар өмір сүріп, ғұмыр кешіп келген ортаның түрлі төңкерістер сапырылысына түсіп, қоғамның

сұмдық саясаттанып кетуі еді. Бұл атам заманнан бері арда табиғат аясында алаңсыз күн кешкен көшпелілерге ұнамады. Еркіндігін, бейғам тірлігін аңсап, олай бұлқынды, былай бұлқынды. Бірақ, иə, бірақ болмады. Бостандық үшін бастарын беріп тынды. Олар мə селен Нарындағы Құныскерей, Арқадағы Кейкі, Же тісудағы Жақыпберді сияқты арыстартын. Ноқтаға басы сыймаған бұл номадтардың алғашқы екеуінің есімі мерзімді басылымдардағы əр кезгі жарық көрген мақалалардан жақсы таныс. Бұған қоса жазушы Ақан Нұрманов кезінде Кейкі батыр туралы “Құланның ажалы”, қаламгер Марат Мəжитұлы Құныскерей жөнінде “Құмдағы із” деген романдар да жазған. Ал, Жетісудағы Жақыпберді мерген ше? Ол кім? Төмендегі əңгіме міне, енді сол жайында болмақ. – 2 – Аты осы уақытқа дейін онша көп аталмай келген бұл адамның өмірі күрмеуі көп күрделі қайшылықтарға толы. Тағдыр кезінде оның ата-бабасына да сондай соқтықпалы соқпақсыз қиын жолды ұсынған екен. Олай дейтініміз, Жақыпбердінің арғы тегі Əз Тəуке тұсында өмір сүрген Əлмерек абыздан бастау алады. Күмбезі Алматы іргесіндегі Покровка елді мекенінде тұрған осы əулиенің бел баласы Жəнібек ел аузында жалғыз жортып жау түсірген ақкөз батыр ретінде қалса, одан кейінгі ұрпақтарының бірі Пұсыр ман өз заманының үлкен мəмілегер адамы болыпты. Оған дəлел, Қытайда шыққан “Қазақтың қысқаша тарихы” кітабындағы: “1758 жылы қарашада Төле бидің баласы Жолан, Хангелдінің інісі Пұсырман елші болып астанаға барып, Жиянь-Лунь патшаға жолықты (ҚХР, “Шыңжаң” баспасы, 1987 ж., 466-467-беттер)”– деген дерек. (Осы жерде оқырмандарға мұндағы Хангелді деп отырған адам ның атақты Райымбек батырдың атасы, ал астана сөзінің Бейжің де, Жиянь-Лунь дегені Ежен хан екенін айта кеткіміз келеді – авт.). Жақыпбердінің төртінші атасы Пұсырман міне, осындай адам болса, оның одан бергі бір бабасы Тазабек Жетісу генерал-губернаторы Г.Колпаков ский əскеріне қарсы шыққан, 1871 жылы таран шы лардың сатқындығы салдарынан қолға түсіп, казак-орыстардың айуандығымен атылған батыр ретінде ел аузында қалған адам. Ал, одан бергі тарихқа үңілер болсақ, оның ағасы Əубəкірдің 1916 жылғы Қарқара көтерілісіндегі жанкешті ерлігі ойға оралмай қоймайды. Бұл кісінің ғаламаттығы сол, бас көтеру аяусыз басыпжаншылғаннан кейін оған жетекшілік жасаған 16 адамды Қарақол стани цасының түрмесіне түн ішінде апарып атқанда, үш оқ тисе де өлмей, дуалдан секіріп кетіп жасырынып тірі қалғандығы. Осы оқиға ұлы жазушы Мұхтар Əуезовтің “Қилы заман” романында өте шебер суреттеліп, Əубəкір аталмыш шығарманың басты кейіп керлерінің біріне айналған. Айтпақшы, Мұхаңның Қарқара көтерілісі туралы жоғарыдағы туындысында өзіміз сөз етпек боп отырған Жақыпберді мергеннің де прототипі бар. Ол онда Жанпейіс деген атпен бейнеленген. – 3 – Осы күні баспасөз беттерінде нақты деректерге сүйенбей, “сөйткен екен”, “болыпты-мыс”, “солай сияқты” деген топшылауларға толы дүниелер көбейіп кетті. Біз бұл мақаламызда ондай дүдамал, сенімсіз нəрселерден бойымызды аулақ салып, нақты мəліметке сүйенетінімізді ашып айтқымыз келеді. Оған дəлел – кезінде Жақыпбердіні көзімен көрген, кейіпкеріміздің 1929-1933 жылдардағы əрекетін бала кезінде есте сақтап қалған адамды тауып, жолығып сөйлес кендігіміз. Ол – мергеннің ағасы Əубəкірден туған Бəукей ақсақал. Кеңестік Қазақстандағы НЭП, кəмпеске дүрбелеңінде шекараның арғы бетіне ауып, Шыңжаңда жастық шағы өткен, есейе келе сондағы үш аймақ төңкерісі қатарында болып, Шығыс Түркістан армиясының полковнигі шенін иеленген бұл кісі қазір Алматының түбіндегі Покровка елді мекенінде Əлмерек абыз күмбезінің шырақшысы болып отыр. 81 жастағы қарияның сөзі əлі ширақ, ойы орамды. Өткен күндерін жадуалдай жатқа біледі. – Мен 1922 жылы туғанмын,– дейді ақсақал. – Қарқара өңіріндегі кəмпеске, яғни, тəркілеу басталғанда 7-8 жастағы бала болатынмын. Ес біліп қалған кезім ғой. Сондықтан да

ауылдағы оқиғалардың көбі күні бүгінге дейін көз алдымда.
Əңгімені кəмпескеден бастап отырған себебім, Жақыпберді
атамыздың елі үшін жанын шүберекке түйіп, басын тауға
да, тасқа да соққан жанкешті əрекеті сол 1929-1933 жылдар-

мен тұспа-тұс келеді.

– Ал оған дейін ше?

Бəукей қарияның айтуынша алты жасында ат құлағында
ойнап, мүшелінде мерген атанған, содан соң Жетісуға
Түркістан жақтан ауып келген ауыз əдебиетінің білгірі
Жүсіпбек қожа Шайхысламұлынан дəріс алған Жақыпберді

нағыз сегіз қырлы, бір сырлы намысқой тау ноянының өзі
болған. Əсіресе, оның құралайды көзге атқан, оғы жерге
түспеген мергендігі өзінше бір жыр-аңыз. Оған төмендегідей
мысалдар анық дəлел.

– Кеген өңірінде Қасымбек Қашқынбаев деген ел-жұртқа

сыйлы қария болды,– дейді Бəукей ақсақал. – Жасы 90-нан
асып барып бақилыққа аттанған бұл кісі Николай патша за-
манында уезд кеңсесінде писарь, Кеңес өкіметі кезінде ұзақ
жыл аудандық сот қызметтерін атқарған адам еді. Міне,

сол Қасекеңмен Қытайдан атамекенге қайта оралған 1956
жылы Жақыпбердінің мергендігі мен бекзат тұлғасы ту-
ралы өз көзімен көрген жəйтті замандасы Əшім Досбаев
ақсақалға былай деп əңгімелегені бар: “1913 жылы Қарқара

жəрмеңкесінде Романовтар тұқымының патша тағына
отырғанына 300 жыл толуына байланысты үлкен той өтті.
Бүкіл Албан-Бұғы жиналған бұл мерекеге уездегі ұлық та
келген. Бір мезетте тойдың қызығын көріп тамашалау үшін

арнайы жасалған мінбеде отырған оның алдынан астында
сүліктей қара жорға аты бар Жақыпберді салдыртып өте
шықты. Сонда оған көзі түскен ұлық мергенді шақыртып
алды да: “Сен маған мына астыңдағы сəйгүлігіңді бер.

Орнына жақсы екі ат аласың”,– деді. Бұған Жа қып берді:
“Жоқ, жоғары мəртебелім, өтінішіңізді орындай алмаймын.
Өйткені, осы атымның тайпал ған жүрісіне тербеле отырып
атқан оғым мүлт кеткен емес, нысанаға дəл тиеді”,– деп жау-

ап берді. Сол ме зетте олардан қашықтау жермен аттылы екі
қырғыз қиыстай өтіп бара жатты. Оның біреуінің атының
құйысқаны үстінде томпайып тұрған күміс қалыпты көзі
шалып қалған ұлық: “Сенің айтқан сөзің шын болса, ана

əшекейді атып түсірші”,– деді мергенге сынай қарап. Сол-ақ
екен Жақыпберді та қы мындағы мылтығын суырып ала сала
құйыс қан ның қалыбын жəне ат үстіндегі қырғыздың басын-
да ғы қалпағын ұшырып түсірді. Қас пен көздің ара сында

болған мына оқиғаға қайран қалған ұлық: “Жа райды, бара
бер”,– деп таңғалған бойда отырып қалды”.
Бəукей ақсақалдың сол Кеген өңіріндегі Тақабай қария-
дан естіген екінші бір дерегі де көңіл аударар лық жəйт.

20-шы жылдардың аяғында біз сөз етіп отырған Қарқара
аймағына атақты Ораз Жандосов бірінші хатшы боп келеді.
Жақыпбердінің есіміне сырттай қанық ол кісі бір күні
мергенмен танысу үшін оны өзі аң аулауға шыққан кезде

түстеніп отырған ауылға шақыртады. Аман-саулық сұрас-
қан нан кейін: “Жұрт сізді атқан оғы жерге түспеген адам
дейді. Сол өнеріңізді көрсек”,– деп қолқа салады. Сонда
бердеңкесіне сүйеніп орнынан көтерілген Жақыпберді Ораз-

ды далаға ертіп шығады да шырқау көкте шырылдап тұрған
бозторғайды көрсетіп: “Осыны алдыңызға топ еткіз сем,
нендей сый-сияпат жасар едіңіз?”– дейді. “Қалау өзіңізден
болсын”,– деп жауап береді оған аупартком хат шысы. Осы-

ны естіген мерген мылтығын көтере беріп кезен ген бойда-
ақ бозторғайды бұрқ еткізіп, қауырсындарын көк жүзінде
қаңғалақ ойнатады. Дем арасындағы дəлдікке ерекше
сүйсініп, қайран қалған Ораз сонда оған өзі аң аулауға алып

шыққан 50 тал қазыналық зауыт оғын түгел сыйлаған екен.
Жақыпберді туралы Кеген, Нарынқол елінің аузында
күні бүгінге дейін аңыз боп жүрген үшінші бір əңгіме тіпті
ғажап. Ол мергеннің 1929 жылы Қулық тауының Айырлы

асуында аэроплан атып түсіруі. Естіген адам сенер-сенбес
бұл оқиға қалай болған дейсіздер ғой. Айтайық. Сол жылы
Алматыға Кеген мен Шонжы, Нарынқол аймағындағы
жер гілікті өкімет орындарынан: “Кəмпеске мен ұжым-

дастыруды жұрт түсінбей жатыр. Олар ортақтасудан гөрі
өздерінің бұрынғыдай жеке тіршілік етуін қалайды. Сон-
дықтан да малдарын артельге бергісі келмей, шекараның
арғы бетіне көшіп кетуде. Оларды застава мен кордон-

дардан жасырын өткізушілер Сырт асуындағы қырғыз
Жақсылық Жантай, Нарынқолдағы Мергенбай жəне Кеген
өңіріндегі Жақыпберді. Тау іші қазір осындай бандыларға

толып кетті. Көмектесіңіздер,”–деген дабылдар көбейіп,
бұл облыс орталығындағы тиісті органдардың қатты
алаңдаушылығын туғызады. Осы мəселеге байланысты
өткізілген жиналыста ОГПУ басшылары ақылдаса келіп,

Тянь-Шань сілемдеріне ұшақ жіберіп, сол арқылы таулы
аймақтың арғы бетке ел өтеді-ау деген асуларына барлау
жүргізуге, қажет деп табылса бейбіт, алаңсыз кетіп бара жат-
қан көшті оқпен жасқап кері қайтаруға шешім қабыл дайды.

Осы мақсатпен Алматыдан шығысқа бет алған аэро план
Жаркент гарнизонын қоналқалық лагерь етіп, тауды үш күн
шарлайды. Төртінші тəулікте елсіз аңғарды бойлай шұбап,
асуға қарай көтеріліп келе жатқан бір көшті бай қайды. Бұл

шолақ белсенділердің шошаңдауынан əбден запы болған
əрі ұжымдасуды қаламай жеке тірлік кешуді көк сеген елді
Қытайға бастап алып бара жатқан Жақып бердінің кезекті
сапары еді. Ұшқыштар мұнда құралайды көзге атқан атақты

мергеннің барын қайдан білсін, жабайы қазақтар мына
“темір қанат құстан” қорқады деген оймен көштің үстімен:
“Қайт, кері қайт!”– дегендей дүрілдетіп бір өтеді. Екі өтеді.
Үшіншісінде тіпті тырсылдатып оқ себелеп те кетеді. Жұрт

абыржиды. Сонда Жақыпберді: “Қорықпаңдар. Мен қазір
мұның қазанын (бензин багын айтқаны болуы керек – авт.)
қақ айырамын. Тек сендер топталмай, шоғырланбай быты-
рай жүріп отырыңдар!”,–деп айғай салады. Сөйтеді де өзі

кері оралып келе жатқан аэропланның жақындауын күтеді.
Байқайды, ұшақ тым еркінсіп кеткен. Əдеттегіден де төмен
ұшып келеді. Тағы оқ жаудырмақ-ау шамасы. Иə… Бір ме-
зетте жұрт тарс еткен мылтық дауысын естиді. Сол-ақ екен

“темір қанат құс” шайқалақтай бастайды. Іле-шала артынан
ақшыл бу сияқты сыздықтаған түтін көрінеді. Ақыры не ке-
рек, ол көштің үстінен күңірене өткен күйі бір шақырымдай
жерге барып гүрс ете түседі.

Бұл өзі шын болған оқиға. Олай дейтініміз, біріншіден,
Айырлыдағы аэроплан хикаясы ел есінде тегіннен тегін
қалған жоқ. Сондықтан да ол міне, ел аузында жетпіс жыл-
дан бері айтылып келеді. Екіншіден, Жақыпбердінің оғынан

жер сүзе құлаған “темір қанат құс” иен тауда көпке дейін
жатқан. Оған ұшақтың аллюминиймен құрсауланған фанер
корпу сының қалдықтарын қырқыншы жылдардың ортасы-
на дейін көрдік деген аңшылардың сөздері куə. Үшінші, сол

за манда мергенмен бірге жүріп, бірге тұрған, кейін атаме-
кеннен ауған қазақтардың тағдыры туралы дастан жазып,
Қытайда атылған Əуезхан ақынның жоғарыдағы оқиғаны
жырға қосқандығы. Əңгіме иесі Бəукей ақсақалдың айту-

ына қарағанда ақынның аталмыш дастанында: “Талқандап
пулеметті бесатармен, Жақыпберді шын жүрек жұтқан ағам.
Айырлы асуында аэропланды атып, Жалғыз оқпен оны да
жыққан ағам”– деген жолдар бар екен. Мұны біз өлең деп

қана қарамай, дерек деп те ұғуымыз керек.

– 4 –

– Айырлы асуындағы аэроплан оқиғасынан кейін,– дейді

Бəукей ақсақал,– ОГПУ қызмет керлері Жақыпбер дінің ар-
тынан мықтап түсті. Жергілікті өкімет орындары оны енді
ауыл-аймақ арасындағы бас асауы басылмаған адам деп
емес, мемлекетке қарсы оқ атқан қауіпті элемент деп тап ты.

Сөйтті де шекара бойындағы комотрядтарға оны қайткенде
де ұстап, жазалауға арнайы тапсырма берді. Осыны біліп,
сезген мерген 1929 жылдан кейін атамекенге ат ізін сал-
май кетті. Содан тек туған елге 1930 жылдың нау рызында

ғана бой көрсетті. Бұл оның жақын-жұрат тарын арғы бет-
ке əкетуге келген соңғы сапары еді. Сол көштің ішінде 8
жастағы мен де бар болатынмын.

– Ол оқиға қалай болды? Сондағы көштен есіңізде ерек-

ше сақталып қалған жəйттер деп нені айтар едіңіз?

– Есімде қалғаны мергеннің əр жерде отырған бүкіл

туған-туыстарын Қулық тауының үстіндегі Өмірбай қыс-
тауына жинағандығы. Бұл атажұрттан аттанардан бір тəулік
бұрын болған оқиға. Сол күні кешке: “Біздің қайда түнеп
жатқанымызды білдіріп қояды”,– деп ауылдағы ұлып, үріп

əбден мазаны алған бүкіл итті атқызып тастағандығы. Со-
сын ол кісінің көш ұзап кеткенше комотрядты сай аузын-
да бөгей тұру мақсатымен өзі бас болып тосқауылға
қалғандығы. Таң ата ауыл қыстаудан қозғалып, асуға

көтерілді. Міне, сол кезде етекте атыс басталды. Біраздан
кейін мылтық үні басылып, түс бола бере тосқауылға қалған
топ көшке аман-есен келіп қосылды. Сөйтсе, оқиға былай

болған екен. Атыс басталғанда Жақыпберді ОГПУ əскерінің
құрамында жүрген туысы Берешев Жолдасбай деген кісіні
танып қалады. Оңтайы келген бір сəтте мерген: “Əй, Жол-
дасбай! Ана кəмəндіріңе айт, біз қан төгу үшін жүрге ні-

міз жоқ. Жолымызды бөгемесін. Əрқайсымыз өз жөні мізге
кетейік. Əйтпесе қиын болады”, – деп дауыстайды. Жол-
дасбай бұл сөзді орыс бастығына түсіндірген болуы керек,
мылтық үні саябырсып қалады. Бірақ, аздан кейін ашуланып,

ызбарланған сөз естіледі де ОГПУ бастығы қорбаңдап орны-
нан көтеріле береді. Сол мезетте мергеннің сарт ете түскен
оғынан оның басындағы фуражкасы жерге ұшып түседі. Екі
арада тым-тырыс тыныштық орнайды. Біраз уақыт өткен

соң тосқауылдағы жігіттер қарсы жақ адамдарының шепті
тастап жылыстай кетіп бара жатқанын байқайды.
Жə… Содан біздің көш жеделдете жүріп отырып бір
ойпатқа түскенін білемін. Осы жерде телеграф бағаналары

кездесті. Оны көрген мерген жанындағы жігіттерге бірдеңе
деп бұйрық беріп жатты. Сол-ақ екен олардың біреуі
қанжығасындағы қыл арқанды шешіп алып, оны əуеге қарай
лақтырды да жіп ұштығын екі жағынан төмен қарай басып,

зыңылдап тұрған сым темірлерді бырт-бырт үзді. Енді ой-
лап қарасам ол телефон байланысы жұмыс істемесін, Жар-
кент пен Алматы хабарсыз қалсын деген əрекет екен ғой.
Келесі күні таң ағарып атқанда Қорғас шека расындағы

үсті сірескен көк мұзды үлкен өзенге келдік. Шатқаяқтай
тай ға наған көліктерді демеп арғы бетке өткенімізде арты-
мыздан аттарының құйрықтары шорт кесілген оншақты
адам пайда бола қалды. “Комотряд!..”– деді үлкендер жағы.

Көріп тұрмыз, олардың екі-үшеуі аттарына қамшы басып,
жарқабақтан етектегі мұзға түсе бастады. Сол сəтте Əбіш
батыр түйенің қомындағы бесатарын жұлып алды да: “Əй,
бізде де мылтық бар. Жан керек болса қайтыңдар,”– деп

айғай салды. Солдаттар шамасы көштегі кісілерді құралсыз
тобыр деп ойлап, елді кері қайтара айдап əкетпек болса
керек. Мына дауысты естіген соң олар жағаға қарай кілт
бұрылды да барлығы өзенді бойлаған күйі Іле жаққа желе

жортып кете барды.
Осылайша шекарадан да өттік. Алдымызда суық та
сұрқай дала көсіліп жатты. Көзге қырау басқан шилер мен
шоқыларда қалбаңдаған бірен-саран қарға-құзғыннан басқа

ештеңе көрінбейді. Көштегі жұрт үнсіз. Əлсін-əлсін арттағы
мұнарта қалып бара жатқан Қалжат қыраттарына жалтақтап
қарай береді. Дариға-ай десеңізші, олардың көбі енді
атажұртқа қайта оралмасын сезгендей. Міне, сол күннен

бастап біздің жат жердегі өкініш пен өксікке толы өміріміз
басталған еді.

– 5 –

Аталарымыздың тағдыр тəлкегімен қиналып, қыспаққа
түскен кездерінде: “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі”, –
деп налитыны бар емес пе?! Міне, осы сөз тұп-тура 1929-
1932 жылдары кеңестік Қазақстаннан Қытайға ауған қан-

дастарымызға қаратып айтылған сияқты. Олай дейтініміз,
қызыл террордан өлдім-талдым деп əзер құтылып, арғы
бетке енді ғана тырнақ іліктірген жұртты мұнда тағы бір
зобалаң күтіп тұрған еді. Ол үркіншілікке ұшыраған бос-

қын дардың жергілікті жердегі атқамінерлер тарапынан сұм-
дық əлеуметтік кемсітушілікке ұшырағандығы болатын.
Оған мысал ретінде бір ғана жəйтті, яғни, Қытай жеріне
Алматы облысының Қорғас, Қалжат өңірлерінен өткен қан-

дастарымызды сібе мен дүнгендер, Нарынқол аймағы нан
барғандарды қалмақтар аяусыз тонап, мал-мүліктері мен
киім-кешектеріне дейін тартып алғанын айтсақ та жеткілікті
ғой деп ойлаймыз. Мұндай зорлық-зомбылық көрсетуден сол

жердің тұрғылықты қазақтары – қызайлар да қалысқан жоқ.
Олардың сондағы істегендері есі ауып, іргесін қымтай алмай
жатқан босқындар ауылының малын барымталап, сондағы
момын шаруа адамдарының жібі түзу əйелдеріне көзін тігу

сияқты қысастықтар еді.
Осындай тізе батырудан тек Жақыпбердінің ауылы ғана
аман-тын. Қарқарадағы атақ-даңқы шекараның Қытай жақ
бетіне өзінен əлденеше жыл бұрын ерте жеткен мергенге

мұндағы шын жыр балақ, шұбар төстер өктемдік таныта ал-
мады. Аруақты жанның айбатынан ығып, онымен тек “сіз”
деп сөйлеуге мəжбүр болып жүрді. Көп ке шікпей осы ны
байқаған басқа босқындар Жақып бердіні жиі жағалайтын

болды. Өйткені олар батыр ауылына келіп орын тепсе, жəбір-

жападан аман қалатынын біліп-сезген еді. Өзін арқа тұтқан
мұндай жандарды мерген жатсын бады. Оларды қолдап,
бауырмалдық көрсетіп отырды. Сөйтіп оның ауылының
іргесі кеңейе берді.

Бірақ… иə, бірақ… Уақыт өте келе Қытай қазақтарының
атқамінерлері мен Жақыпбердінің арасындағы бейтараптық
бұзылып, мəселенің ушығуы міне, нақ осы жерден келіп
шықпасы бар ма? Кеудесін ешкімге бастырғысы келмейтін

“қайдағы бір қашқынның” көз алдарында бедел алып
бара жатқанын байқаған бай-манаптар оны қайткенде де
тізерлетуді ойластыра бастады. Оның бірден-бір жолы
жоғары жаққа “жоқты бардай, барды құдай ұрғандай” етіп,

қара жерге көк аспанды төндіре көрсетіп хат жазу еді. Ақыры
олар солай етті де. 1931 жылдың көктемінде тұрғылықты
қазақ тардың бір топ ақалақшы, зəңгілері Қытай өкіметінің
Іле уəлаятын билеуші ұлығы Дутыңға: “Елде Жақыпберді

деген қашқын пайда болды. Оның маңындағы 50 шама-
лы үйдің барлығының мылтықтары бар. Қаруларыңды
тапсыр десек, оған ешқайсысы құлақ аспайды. Ел адамда-
ры бұлардан қорқып, қатты үрейленуде. Сіз бізді мархабат

етіп, қолы мызға тамға ұстатып жұрт басқаруға қойдыңыз.
Өзіңіздің өкіліңіз сол біздерді, мəртебелі тақсыр, ол көзіне
де ілгісі келмейді. Сондықтан сіз оған шара қолданып, хань
жұрты на адал пенделеріңізді қорғауыңызды жалбарынып

сұрай мыз”, – деген мазмұнда шағым түсірді.
Жергілікті қазақтардан мұндай əрекетті күтпеген мер-
ген не істерін білмеді. Қатты күйінгені сонша: “Бүйтіп
тірі жүргенше сонау 16-шы жылғы Қарқара көтерілісінде

неге өліп кетпедім екен”, – деп бір ойлады. Содан соң ше-
карадан қайта өтіп, Жаркент тегі ОГПУ-ге: “Не істесеңдер
де еріктерің. Міне, мен келдім. Сүйегім жат жердегі қарға-
құзғынға жем бол ғанша, туған жерде қалсын”, – деп Кеңес

өкіметіне өз еркімен барып берілуге де тəуекел етпек болды.
Осындай əрі-сəрі күйде жүрген кезде тұрғылықты елдегі
адал ниет дос-жар адамдар оған: “Қытай ұлықтарының көз
алды тар да арты кең келеді. Өкіметтің қабағы жібігенше

ауылыңызбен көзден таса бола тұрғаныңыз жөн. Бұған
лайық жер де бар. Ол Тянь-Шанның меңіреу түпкіріндегі
Қаң ғал тауы. Соның адам аяғы жетпес Ақбұлақ сайына
барып қоныстаныңыз. Сұқ көзден аулақ болсаңыз уақыт

өте келе оқиғаның ізі суып, дабыр да басылар, жағдай да
жақсарып қалар”, – деп кеңес береді.

– Бізге ниеттес адамдардың айтқан Қаңғал тауы бір

ғажап жер екен, – деді жоғарыдағы жəйттердің бəрін баян-
дап келіп сəл тыныс алған Бəукей ақсақал. – Төңірек ну
орман. Оған кіріп кеткен жан арнайы жолбасшысы болма-
са қайдан келіп қайдан шыққанын білмей дал болары хақ.

Сол қалың жыныстың қақ ортасында Аят дейтін алаң бар
екен. Көш осы жерге келіп жүктерін түсірді де тірлік ету
қамына кірісті. Үлкендер бөрікбас қарағайлардың діңіндегі
ұсақ бұтақтарды сылып тастап, оның төңірегіне ұзын сы-

рықтарды уық сияқты етіп тіреген күйі үстін жалбызбен
жауып тастағанда, ол алты қанат үйдің көлеміндей жаппа
тəрізді күрке болып шыға келді. Ауыл адамдарының барлы-
ғы алаң жиегін айналдыра осындай “үйлер” жасап алды.

Осы жерде бір жарым жылдай тұрдық. Сол уақыт ішінде
Жақыпберді Іле бойындағы шекара əскерлерінің бастығы
Мадарын жіберген 30 шеріктің екі жорығын тас-талқан етіп,
ауылға беттетпей кері қайтарды. Артынша жасақ үшінші

рет келе жатыр екен деген хабар тағы естіліп қалды. Сол кез-
де шолғыншы жігіттер мергенге Қаңғал тауы ның түпкірінде
өздері мекендеп отырған мына Аят алаңынан да қолайлы
Ақбұлақ деген жайлаудың бар екенін айтып келді. Оның

кереметтігі сол, аталмыш жердің төңірегі төбеңе қарасаң
тақияң түсер құзар шыңдармен қоршал ғандығы еді. Ал
сайдың аузы атты адам: “Алла!” – деп əрең өтер қақпатаспен
тұйықталыпты. Осы қылтаға жете берер жерде адуын тау

өзені арқырай ағып жатыр. Оның өткел берер тарлауыт бір
тұсында небəрі екі-үш бөренеден тұратын селкілдек көпір
бар болып шықты. Ол алмалы-салмалы екен. Көш өтіп кет-
кен соң бұл қарағайларды арқан мен қақпатасқа қарай тар-

тып алсаң, Ақбұлаққа ешкім аяқ аттап баса алмасы анық.
Көп кешікпей міне біз осы жерге келіп жеттік. Мұндағы
өміріміз жаман болған жоқ. Бір жылдай тыныш өмір сүр-
дік. Ал келесі жылы… иə, келесі жылы… Оңбадық. Оның

себепшісі тағы да сол жергілікті өңірдегі зомагер ақалақшы,
зəңгілер еді.

– 6 –

Оқиға былай болған. Ақбұлаққа барып бекін ген Жақып-
бердіні қолға түсіре алмасын білген Қытай өкіметі енді
оған қарсы басқа бір айла-шар ғы ойлап табады. Ол мергенді
қаралап, ша ғым данып жүрген жергілікті атқамінерлердің

ішінен Рақыш, Жылтыңбай, Тыныбай жəне Сұраншы есім-
ді төрт зəңгіні таңдап алады да оларды батырға елшілікке
жібереді. Ондағы мақ сат: “Іле өлкесінің ұлығы Дутың сіздің
осыған дейін істеген əрекеттеріңіздің бəрін кешіріп, бұдан

былай өзіңіз бен жақтастарыңызды қудаламайтын бол-
ды. Мұны ұлық бірлік кеп тыныштықты ой лағаннан туған
шешімім деп отыр. Егер қарула ры ңызды тастап, ел арасына
оралсаңыздар, жұрт қатарлы тірлік етемін десеңіздер Дутың

ауылы ңызға керекті жер де бермек, адамдарыңызды азамат-
тыққа да қабылдамақ”, – деген сөзге мер генді сендіру еді.
Осыны айтқан елшілер: “Қастық ойлап, арамдық жасасақ
Құдай ұрсын, Құран ұрсын, ақбоз биенің қаны ұрсын”, –

дейді де өздері арнайы алып келген жылқыны құрбан дыққа
шалып жібереді. Ант қабылдар алдындағы көне дəстүр бой-
ынша мылтықтың аузын жалап, оқ тістеседі.
Мұны көрген Жақыпберді: “Тұрғылықты қазақтардың

ішіндегі ел тізгінін ұстаған азаматтар Қытай өкіметіне тілек
айтып, Дутыңды ымыраға келтірген екен ғой. Мына кісілер
ақ сақалды адамдар. Алдай қоймас. Тəуекел, барайын. Ар-
тымнан ерген елге де обал болды. Олар да енді белін боса-

тып, бейқуат өмір сүрсін”, – деп елшілерге сенеді де келісімді
қабыл алатынын айтады. Соның дəлелі ретінде бірінші ке-
зекте өзіне ең жақын төрт туысының үйін зəңгілерге қосып
жібереді. Келесі жетіде қалған 40 түтінмен өзі де тау етегіне

түседі. Ертесінде таңғы намазға тұрған мерген бүкіл ауылдың
шеріктер қоршауында қалғанын көреді. Көреді де бармағын
шайнайды. Атыс сала жүріп тосқауылдан сыты лып шығып
кетеді. Бірақ енді ол қайда бармақ? Туған жер болса алыста.

Арқа сүйер ауылының жағдайы мынау. Тар қапас, тұтқында.
Жалғыз жүріп не бітірмек? Іші қазандай қайнайды, бірақ
күресерге енді дəрмен жоқ. Ақыры: “Оларға керегі ел емес,
мен ғой. Ауылдағы қарттар мен бала-шағаның не жазығы бар?

Елдің обалына қалғанша, өзім барып берілейін. Сөйтейін де
бейкүнə жандарды өлімнен құтқарайын”, – деген оймен тау
етегіне қайтадан түседі. Сол бойда Көксу өзенінің қабағында
отырған Ма ман шал зəңгінің үйіне келіп, қолға түсетінін ай-

тады. Қытай шеріктері келген кезде мерген мылтығын орта-
сынан бір опырып өзенге лақтырып жіберген күйі қарагер
атының мой нынан құшақтап, батыстағы бұлдыраған қайран
атамекен – Қарқараға мұңдана қарап тұр еді дейді білетіндер.

Бұл 1933 жылдың ызғарлы көктемі болатын.

– 7 –

Халқымызда: “Жетім қозы тасбауыр, маңырар да оты-
ғар”, – деген сөз бар. Сол айтқандай Жақыпберді қолға
түс кен соң оның ауылы панасыз қалды. Бұл жерде “пана-
сыз қал ды” деген сөз аз. Өйткені мергеннің өзін, оған қоса

оның 23 жақын серіктерін іріктеп тұрып алып Күре қама-
лына апарып атқан Қытай өкіметі батырдың қалған жұр-
тын жергілікті атқамінерлердің талапайына тастап кеп
жіберді. Бірақ не көрмеген қашқындар ауылы бұл. Зорлық-

зом былықтан белдері бүгілгенімен, ешкімге тізерлеп жа-
лын бады. Аштықтан арып-ашқанымен, арын жоғалтпады.
Жүректері іштей тілім-тілім боп қарс айырыл ғанымен, көз
жастарын сыртқа шығармады. Өстіп келер күннен үмітін

үзбей жүріп, 1944 жылғы “Үш аймақ көтерілісіне” жеткен
жайы бар.
Осы халық толқуы Құлжа, Үрімші, Тарба ғатайда етек
ала келіп, соның негізінде Шығыс Түркістан армиясы құ-

рыл ғаны белгілі. Сол əскери күшке қарайтын Іле дивизия-
сының құрамындағы №1 Текес атты əскер полкі 1946
жылы Күре қамалына келіп кірді. Мезгіл шілде айы еді. Бір
күні штаб маңында дабырласа үн қатқан үш-төрт ұйғыр

ақсақалдарының даусы естілді.

– Біз полк командирінің орынбасары Бəукей Əубəкір-

ұлын іздеп жүрміз, – деді олар.

– Ол – менмін. Қандай шаруаларыңыз бар еді? – деді

жорық шатырынан жайлап шыққан подполковник ше ніндегі
25-26-лардағы қазақ жігіті.

– Жақыпберді мерген туысыңыз ғой.

– Иə. Ол кісі менің əкемнің туған інісі.

– Оның қалай атылғанын, денесінің қай жерде жатқа нын

білесіз бе?

– Жоқ.

– Ендеше тыңдаңыз, – деді ұйғыр қария лары ның ішіндегі

жасы үлкен бір ақсақал. – Біз сол оқиғаны көзбен көрген
адам дармыз. Соны сізге айтайық деп келдік. Ол былай бол-
ды қара ғым. 1933 жылдың көктемінде қытайлар ішінде
Жақыпберді мерген бар, жалпы саны 24 адамды осы Күре

қамалына айдап əкелді. Екі-үш күннен соң оларды біздің
махалла жақтағы ескі қорғанға қарай алып жүрді де əлгі
бейбақтарды күшпен жиналған халықтың алдына қарсы
қаратып тұрғы зып қойып ата бастады. Алдымен қол-

аяқтары кісендеулі 12 тұтқын оққа байланды. Содан соңғы
кезек орталарында Жақыпберді бар екінші топқа келді. Оқ
гүрс етіп бір дүркін атылғанда мерген оған жығылмады.
“Тоқтат!” – деді ол бұйрық беріп тұрған қамал басшысы

шұбар бет қытайға. – “Екі рет ату ешбір елдің заңында жоқ”.
Бірақ қараниет əскербасы оған қарамады, батырды қайтара
атуға бұйрық берді. Қайран ер бұл жолы да жығылмады,
бірақ үндемеді. Үшінші оқ сарт етіп тигенде: “Сен де, сенің

өкіметіңде əділдік қайда?” – деді де шалқа сынан құлады.
Жиналған ел күңіреніп кетті. Жыламаған адам қалған жоқ.
Ал шұбар бет əскербасы болса шеріктерін сапқа тұрғызып
алды да қамал ішіне кіріп бара жатып бізге: “Енді жерлей

берулеріңе болады”, – дегендей ишара жасады. Марқұмдарға
жақындағанымызда иə, құдауенде, Жақыпбердінің денесі
басы шүйдесімен, ал екі аяғының өкшесі жерге тірелген
күйде жауырыны мен белі жерге тимей жатыр екен. Мына

кереметті көрген біз бəріміз: “Бұл марқұм нағыз шейіт екен”,

– деп Аллаға иман кел тірістік. Сөйттік те барлығына жаназа

шығарып, махалла іргесіндегі Жанбұлақ қорымына апарып
жерледік”.
Осындай шерлі хикаяны шерткен ұйғыр ақсақалдары
полк командирінің орынбасары Бəукей Əубəкірұлын мер ген

жерленген зиратқа қарай алып жүрді. Ол Күре қама лының
солтүстігіндегі Жоңғар Алатауының Талқы асуы тұсы ның
Сарбұлақ сайымен қанаттас атақты Лянь-Тəй-Зы көмір кені
бар қыратының сілемі екен. Жанбұлақ деп аталатын осы

қорымның шығыс жақ шетінде көлемі киіз үйдің орнындай
екі төмпешік қарауытады. Аралары бір-бірінен бес-алты
қадамдай осы қос топырақ үйіндісі Жақыпбердімен бірге
атылған 24 адамның мүрдесі болып шықты.

2003 жыл.

ТЯНЬ-ШАННЫҢ

КОВБОЙЫ

– 1 –

Осыдан отыз жыл шамасы бұрын “Қырғызфильм” ки-
ностудиясы “Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері” деген кино-
лентаны экранға шығарғаны бар. Ондағы басты кейіпкер
Қарабалта атты адам еді. Фильмде ол өзі сері, өзі батыр,

өзі мерген тау нояны ретінде көрсетіледі. Кейін елде Кеңес
өкіметі орнаған соң Қарабалта Тянь-Шань тауларының
арасына орныға бастаған қызылдар застава сына жұмысқа
алынады. Сөйтеді де шекарашыларға жолбас шы қызметін

атқарады. Келе-келе мерген бұдан да барқадар таппайды.
Бірде Қашғариядан өткен көкнəр тасушы контрабанданы
ұстай алмай қалған комотряд бастығы бар кінəні із кесуші
Қарабалтаға үйіп-төгеді. Артынша оны қуғындап, түрмеге

жабады. Бұған қапаланып күйінген тау нояны ретін тау-
ып темір тордан қашып шығады да Тянь-Шанның меңіреу
түкпіріндегі тек өзі ғана білетін бір аймаққа тартады. Ол
атақты Хантəңірі шыңының егегіндегі қырғыздардың ұмыт

бола бастаған көне тайпасының айылы еді. Фильмнің бұдан
кейінгі оқиғасын баяндап жатудың қажеті жоқ. Себебі,
ол сол кездегі идеологиялық ұстанымға сəйкес өте қатты
саясаттандырылған болатын. Оны кинолентадағы басты

кейіпкердің жоғарыдағыдай “адасу” жолына түскен соң неше
түрлі “Одиссей оқиғасын” бастан кешіріп барып қайтадан
Кеңес өкіметін келіп тапқан “шешімінен” анық аңғарар едік.
Енді екінші бір туындыға назар аударалық. Ол –

“Қазақфильмнің” 1984 жылы экранға шыққан “Ақырғы
аманат” атты кинолентасы. Сценарийін ақын О.Сүлейме-
нов жазып, фильмнің түсірілуін кинорежиссер А.Тəжібаев
жүзеге асырған, мұндағы оқиға да Тянь-Шань тауындағы

Хантəңірі етегінде өтеді. Басты кейіпкер – Ораз мерген
атанған сол өңірге белгілі тау нояны. Əңгімені шиырып ай-
тар болсақ, бұл да сол Қара балта сияқты бетіне ешкім қарсы
келмеген нағыз “мен атайын, сен тұр” дейтін ер де өр мінезді

марқасқаның өзі. Ол да алдымен қызыл дарға қызмет етеді.
Содан кейін бұлардан опа таппасын білген соң ат құйрығын
кесісіп, ОГПУ тілімен айтқанда “контра” атанып, “банды”
болады.

Осы жерде назар аударатын бір жайт бар. Ол – сюжеттері
бөлек болып келгенімен, аталмыш екі фильмдегі басты
кейіпкерлер – Қарабалта мен Ораз мерген тағдырларының
ұқсастығы, оқиғаның да бір жерде – Тянь-Шанның

оңтүстік-шығысындағы шекаралық аймақта өтетіндігі əрі
уақытының да бір мезгілде – 1928-1929 жылғы кəнпеске
кезінде болғандығы.
“Сонда бұл “көшпелі сюжет” қалай, қайдан алынған? –

деген ой келеді көкейге. – Оның бастау көзі неде? Қырғыз
жəне қазақ фильм деріндегі басты кейіпкер – қос мергеннің
прототипі кім? Олар өзі өмірде болған адамдар ма, жоқ əлде
шартты түрдегі əдеби образ əдісімен алынған жиынтық бей-

не ме?”
Біздіңше, жоғарыда аталған фильмдердегі оқиғалардың
негізі өмірде болған бір-ақ адамда жатқан сияқты. Ол
кезінде Нарынқол өңірінде асқан батырлығымен, əбжіл іс-

əрекетімен аты аңыз боп қалған Мергенбай атты қыран көз,
қырағы жанар қол мерген дер едік.
Бұл кісі кім? Қандай адам болған? Жоғары дағыдай
тұжырым жасауымызға не себеп?

Енді соны айтайық.

– 2 –

Мергенбайдың балалық, жастық шағы қалай, қандай
жағдайда өткені, оның құралайды көзге атқан мергендік
қасиеті ел назарына ең алғаш рет қашан, қайтіп ілінгені
туралы ешқандай дерек жоқ. Жұрттың бұл адам жайында

білетіні үш-төрт-ақ нəрсе. Соның алғашқысы, оның 1884
жылы Жетісу губерниясындағы Жаркент уезінің Нарынқол
өңірінде туғандығы. Одан кейінгі мəлімет мергеннің есей-
ген кездегі шекараның арғы бетінен келіп дүркін-дүркін

шабуыл жасаған барымташы қалмақтармен, ішкі Ресей-

ден қоныс аударған отаршыл казак орыстармен, сондай-ақ
НЭП, кəнпеске кезіндегі қызылдар отрядымен қалай жан
аямай шайқасқандығы туралы ұрпақ тан-ұрпаққа аңыз боп
қалған ғажап əңгімелер. Ең соңғы дерек, кеудесін ешкімге

бастырмаған осы бір құрыш білекті, жолбарыс жүректі
жанның 1932 жылы жат жерде оққа ұшып, опат болғандығы.
Өзі батыр, өзі сері, өзі мерген бұл адам туралы міне, осы-
лардан басқа ешқандай мəлімет жоқ. Десек те, Мергенбайдың

белгісіз, жұмбақ, көмескі өмірбаянының көп бөлігін оның
ел аузындағы осы күнге дейін жүрген керемет əңгімелер
көтеріп тұрғандай. Оқиғасы өте қою əрі адам таңданарлық
сол хикаялардың үш-төртеуін баяндауға рұқсат етіңіздер,

құрметті оқырман. Сонда кейіпкеріміздің кім екендігі толық
белгілі болмақ.
...Нарынқол селосында Ахмет Сарыбаев деген қаршыға
денелі қағілез қарт болды. Негізгі кəсібі ұста, ол өзі өте сыпа,

дегдар адам еді. Сол кісі 1964 жылдың қысында замандасы
Шөкетай Құлболдиев деген қарияның үйіндегі соғымбасыға
келіп отырып, Мергенбайдың ел аузына ең алғаш рет іліккен
ерлік қимылы туралы мынадай əңгіме айтқаны бар. 1904-

1906 жылдардың шамасы болса керек. Ішкі Ресейден жаяу-
жалпылап келген қарашекпен мұжықтар қазіргі Нарынқол
селосы тұрған жерге жетеді де өздерінше оған Охотни-
чий деп ат қояды. Сөйтеді де, ес жиып, етек жапқан соң

төңіректегі ауылдарға көз алартып, күш көрсете бастайды.
Сондағысы олардың мұндағы дүкенге қант-шай алуға кел-
ген қазақтардың атын үркітіп, көшеге кіргізбеу, орталық
базардағы диірменге ұн тарту үшін əкелген бидайларының

қабын тесіп мазақтау сияқты қияңқы əрекеттер-тін. Келе-
келе бұлар Байынқол өзенінен Қызылұш жазығына қарай
су шығаратын бөгенге де иелік етіп, елді оған жолатпауға
айналады. Еске түсі рейік, осындай оқиғалар дəл сол кездері

Арқа аймағында да етек алғаны, оны жазушылар Спанди-
яр Көбеев пен Сабыр Шарипов өз шығар маларында ашына
сөз еткені мəлім. Міне, осындай жайт, яғни тоған құлағынан
егістікке су бұру үшін келген қазақтарды соққыға жығу,

орыстар орналасқан елді мекенге жақындаған жергілікті
тұрғын дардың малдарын бақшамызға түсті деп атып тастау
сол кездегі Жетісу жеріндегі, оның қиыр бір шеті Нарынқол
өңіріндегі де қалыпты құбылыс еді.

Жə, сонымен мұндағы келімсектердің зорлық-зомбылығы
зорая береді. Олардың шектен шыққаны соншалық, бірде
Прохор деген алкеуде мұжық село іргесіндегі қара жол-
да қаннен қаперсіз кетіп бара жатқан аттылы қазақты

қарауылға алып, нысана ретінде атуға дейін барады. Бұдан
өткен бассыздық, бұдан өткен қорлық болмас, сірə. Осылай
деп күйінген Ұзақ батыр (жазушы М.Əуезовтің 1916 жылғы
Қарқара көтерілісі туралы жазылған “Қилы заман” романы-

на басты кейіпкер болған адам – авт.) ақылдасып, кеңесуге
елді шақырады.

– Оншақты орыстың оспадарлығына бола атқа қонайын

десем, ақыл тоқтатқан адам ретіндегі атыма ұят. Ал үндемей
отыра берейін десем, бұлардың күн сайын қанымды
қайнатқан мына ит əрекеті өтіп барады. Бұған не дейсіңдер,
жұртым? Намысқа басып шауып алайын ба, қайтейін? –

дейді назаланған батыр руластарына.
Жиналып отырған ел ағалары Ұзақтың шалт мінезді,
шорт қимыл мына əрекетін күтпесе керек, кесімді сөз айта
алмай абдырап қалады. Сол кезде олардың арасынан екі

иығына екі кісі мінгендей зор денелі, көзі шоқтай жайнаған
жігіт суырылып шығады да:

– Дат, батырекесі! – деп бір тізесін бүккен күйі қамшысын

жерге тастайды.

– Датың болса айт! – дейді Ұзақ.

– Бұл жерде мұжықтарға көп болып күш көрсетудің

қажеті жоқ сияқты, – деп бастайды сөзін сонда жас жігіт.

– Олай етсек, бұлардың сө зін сөйлеп, жоғын жоқтайтын

өкімет Алматыдан əскер шығарары анық. Сондықтан
қарашек пендердің осыған дейінгі қысастығына біз алды мен
ел ішіндегі бір тентектің ісі дейтіндей кіші гірім қияңқылық-
тармен жауап беріп көрейік. Ал, мұны, яғни, переселендерге

тиіп-қашып қыр көр сетуді маған тапсырыңыз. Көрейін мен
олардың əуселесін.
Тосыннан айтылған мына сөзге не дерін білмеген ба-
тыр жан-жағына қарайды. Бірақ мөндім-мөндім боп мүлгіп

отырған жұрттан жөнді жауап ала алмайды. Мұны көріп
терең күрсінген Ұзақ: “Жарайды, бұлай да бір əрекет жасап

көрейік. Мүмкін осыдан кейін олар ойланып, ақылға келер”,

– дейді.

Осылайша батырдан бата алған Мергенбай атты жас жігіт
ауылына келіп күні бойы сайланып-қамданады. Сөйтеді де
түн ортасынан ауа бере Текестен он бес шақырым жердегі
Нарынқолға суыт жүріп кетеді. Селоға иек арта бергенде

аласақ танып таң да атады. Байқайды, бұл күн орыстардың
пасха мейрамы екен. “Құдай берді!” – деп күбірлейді ол өзі
өрмелеп шығып бекінген диірмен шатырынан жүз метрдей
жердегі шіркеуге көз тастап тұрып. – Енді алаңға ел тезірек

жиналса екен”.
Айтқандай-ақ күн көтеріле бере шіркеуге қарай село
халқы ағылып келе бастайды. Бір мезетте, яғни күмбездегі
қаңғыр-күңгір етіп қағылған қоңыраудан соң қолындағы

шынжыр шамдалды түтіндеткен поп көрінеді. Шоқынуға
келген ел сілтідей тына қалады. Осы мезетте таңғы тымық
ауаны қақ айырған күйі тарс-тарс етіп екі рет атылған
мылтық даусы естіледі. Сол-ақ екен шіркеу төбесіндегі ағаш

крест жан-жаққа жаңқа-жаңқа боп ұшады. Сөйтеді де оның
қалған ұстыны шиық етіп бір жағына қисая құлайды. Іле
əуеден қаңғалақ ойнап келіп, алаң жиегіне топ ете түседі.
Мұны көрген поп сілейіп тұрып қалады. Дьякон ойбай сап

сақалын жұлады. Ал мұжықтар болса есі кетіп, бала-шаға
азан-қазан болады. Пересе лен дер өстіп бақырып-шақырып
жатқанда диірменнің су ағатын науасымен өзенге сырғанап
түскен Мергенбай жағалаудағы тоғайға кіріп жоқ болады.

Шынын айту керек, ай мен күннің аманында қайдағы бір
“басурманның” өздерін осыншалық басынған мына мазағы
кəпірлердің төбесінен жай түсіргендей болады. О заманда бұ
заман, шіркеудің төбесіндегі кресті жабайы қыр қазағы атып

түсіріп кетіпті дегенді кім естіген?! Жəне мұның қасиетті
пасха күнінде болғанын қарамайсың ба… Бұл өзі естір
құлаққа ұят, көрер көзге жаман ырым ғой. Масқара!!! Естерін
жиған соң осылай деп күйінген казак орыстар жұдырығын

түйе кіжініп, жерге түкіре тепсініп қатты қорланады.
Қапаланады. Содан соң ертеңнен қалмай атқа қонуға, сөйтіп
түземдіктердің тұқымын тұздай құртуға серттеседі де бар
өшін медуха мен самогоннан алып, түнімен жорық əнін ай-

тып сенделеді.
Таңертеңгі оқиғадан кейін: “Селода не болып жатыр
екен?” – деп қараңғы түсе Нарынқолға қайта айналып соққан
Мергенбай тоғай шетінен баспалап қараса, мұжықтардың

жоғарыдағыдай шала мас боп жүрген қимыл-əрекетін көреді.
Біраздан кейін үйлердегі оттар сөніп, көшелерде тыныштық
орнайды. Ал біздің кейіпкеріміз болса түнді кірпік ілмей
өткізіп, таңның атуын тағатсыздана күтеді. Ертесінде күн

шыға арақты бастары қалғанша ішкен мұжықтар мəңгіріп
жүріп аттарын ерттеп, алаңға жиналады да, жорық алдын-
да құлшылық ету үшін шіркеуге кіреді. Осы мезетті күтіп
жатқан Мергенбай өзен жарқа бағындағы бақылау орны-

нан шығып, қалақай лардың арасымен селоға білдірмей
келіп кіреді. Сөйтеді де орыстардың екі дөңбекті екі
жағына қойып, ортасын ұзын бөренемен бекіткен мамағаш
қатарларына еңбектей жетіп, ондағы байлаулы тұрған

отыз шақты аттың шылбырларын кездікпен қиып шығады.
Іле шеттегі біреуіне міне сала, қалың жылқыны өткелге
қарай дүркірете айдап жөнеледі. Сырттағы тұяқ дүрбірінен
тағы бір пəленің болғанын біліп, шіркеуден сүріне-қабына

шыққан келімсектер не істерлерін білмей сілейіп тұрып
қалады. Қарайды, алаңдағы екі-үш қатар мамағашта бірде-
бір ат қалмаған. Оларды кешегі оңбаған басурман көз
ұшында шаңдата айдап əкетіп барады. Ақымақ болды деген

осы. Аяқ артар лаусыз жорыққа шығып көр енді…
Өздерін соңғы екі күн бойы жер қылған мына əрекеттен
ұнжырғасы түскен переселендер: “ Не істейміз енді?” – де-
гендей ақылдасуға отырады. Шіркеу төбесіндегі кресті

атып түсіру… Жорыққа мінетін аттарды ер-тұрманымен ай-
дап əкету… Осының бəрін істеп жүрген бір ғана дикарь…
Ал олардың мұнда оны немесе жиырмасы келсе не болмақ?
Айтқандай ертең əлгі зəнталақ тағы айна лып соғып,

үйлерімізге от қойып кетіп жүрмесін. Сондықтан басы-
мыз аман, бауырымыз бүтін тұрғанда сауға деп араға елші
салайық.
Осындай шешімге келген село общинасы ерте сінде поп

пен сол төңіректегі қазақтардың Нарынқолдағы жалғыз та-
мыры Николай Набо ковты (бұл кісі 1902 жылы неміс ғалымы
Г.Мерцбахердің Хантəңірі шыңын зерттеуге келген сапары-

на жолбасшы болған адам – авт.) Ұзақ батырдың ауылына
араағайындыққа жібереді.

–Құдай біреу… Біз оның күнəһар пенде леріміз, – дейді

тарантастан рясасын шұбалта түсіп жатқан дінбасы
Ұзаққа. –Мұжықтардан бір қателік өтті. Енді ондай жағдай
қайталанбайды. Басбұзарларды, қазақтарға қияңқылық
көрсеткен тентектерді тыямыз дейді село общинасы. Осы

сөзіме сеніңіз, батыр. Бұл біздің шын уəдеміз. Анттан
аттасақ, қарғыс атсын! Міне, крест… Міне, Христос!
…Білетіндердің айтуынша Ұзаққа керегі де осы сөз
болған сияқты. Өйткені, ол кезде пересе лендердің артында

олардың сөзін сөйлеп, жоғын жоқтайтын өкімет тұрды емес
пе. Жергілікті қазақтар тарапынан сəл қарсылық сезіл се,
губер натор Верныйдан əскер шығарып, елді қанға бөк тіруі
бек мүмкін еді. Осыны сезіп, білген Ұзақ мəселені ушық-

тырмай, поптың кешірім сөзін қабыл алып, мұжық тардың
жылқыларын өздеріне қайтартып бергізген екен. Со дан ба-
стап Мерген байдың есімі ел аузына ілігеді. Қазақ тар орыс-
тармен тамыр болып, бейбіт өмір сүруге көшеді.

– 3 –

Осы біз қит етсе: “Орыстан көрген қор лығымыз-ай!…”.
“Бұлардың бізге істемегені бар ма-ай…” дейміз. Дұрыс
қой, бірақ ол кездегі қазақтар үшін басқа ұлттар да оңай
жау болмаған. Оған мəселен Маңғыстаудағы адайлар

Үстіртте ғасырлар бойы түркімендермен қалай шайнасып
өтсе, Жетісудың Тянь-Шань тауларындағы албандардың да
қырғыздармен, одан қала берді қалмақтармен нақ осылай
арпалысқаны анық дəлел. Мұны əсіресе шекараның арғы

бетінен сайланып келіп, қандастарымызды қан қақсатқан
қалмақтардың небір сұмдық əрекеттерінен көруге бола-
ды. Дəл сондай бір жағдай 1915 жылы Нарынқолдың Сырт
жайлауында болған. Оқиға қалай басталған дейсіздер ғой...

Айтайық.
Бір күні Ұзақ батыр өзінің жора-жолдастарымен қырғыз
еліндегі үлкен тойға аттанады. Мұны ел ішіндегі жансыз дар-
дан алдын ала біліп алған Қытай шекарасындағы қалмақтар

тұтқиылдан келіп, бейқұт жатқан ауылға бөрідей тиеді.
Олардың қатігездіктері сондай, өрістегі үш үйір жылқы мен
желідегі отызға жуық құлынды биені былай қойғанда, тігулі
тұрған киіз үйлердің жасау-жабдықтарын да түк қалдырмай

сыпырып алып, туырлық пен басқұрға дейін үптеп кетеді.
Бұл оқиғаны ойда шөп шауып жатқан Мергенбай жайлаудан
келген жаушыдан сол күні ел орынға отыра бере естиді. Хабар
тиісімен батыр жанына Асаубек пен Тойбай деген серіктерін

ертіп алып, Хантəңіріні жанай өтетін Асутөр шатқалына
қарай тартады. Өйткені, ол қалмақтардың Қытайға қайта
өтуі үшін осы жерден басқа жолмен жүрмейтінін жəне
барымташылардың сəскеде айдаған жылқыны таң ата сол

асуға жеткізетіндігін дəл болжайды. Сөйтіп қуғыншылар
жетектеріндегі аттарына ауысып міне отырып, жерге жарық
түсе бастағанда діттеген тұсқа жетеді де жақсылап тұрып
бекінеді. Көп ұзамай күн шығып, барымташылар да көрінеді.

Топтың алдында ала тақиясын шыт орамалмен баса тартып,
қаусырмалы сыр ма шапан киген бір адам ноқталанған кəрі
айғырды тақымға сала тартып, сол арқылы қалың жылқыны
шұбырта ертіп келеді екен. Оны ұзақ бақылаған Мерген-

бай бір мезетте: “Мынау мұсылман баласы болып шықты.
Қалмақтарға жалданған қашғарлық-ау шамасы. Қанын
мойнымызға жүктемейік. Ескерту ретінде оның иығындағы
мылтық бауын жұлдыра атайық. Қаруы жерге түссе, бізге

қауіп төндіре қоймас”, – дейді де, жолбасшы сартты ұзақ
көздейді. Əңгіменің тоқетері, жылқының алды шатқалдан
шығып, асуға да көтеріледі. Ала тақиялы қашғарлық қалың
қойтастың арасында бекініп жатқан бұларға елу қадамдай

тақап келеді. Міне, осы уақытта батыр шүріппені басып
қалады. Сол-ақ екен сырма шекпеннің иығынан бұрқ еткен
мақта үлпектерімен бірге мылтық бауы да қоса қиылып,
иесінің арқасынан сусыған винтовка ат тұяғының астындағы

тасқа сақ ете түседі. Қаруынан айырылған қашғарлықта
ес қалмайды. Иығын бір қолымен баса ойбайлаған күйі
кері қашады. Атыс басталады. Ақыры төрт қалмақ оққа
ұшып, қалғандары сауға сұрайды. Тізе бүгіп, қолға түседі.

Оларды Ұзақ батырдың ауылы көпке дейін ит сілікпесін
шығара жалшылықта ұстап, кейін арғы беттен ат-шапан ай-
ыбын тартып келген іздеушілеріне қайтарып берген екен.
Ал Мергенбайдың “жұлдырып ату” тəсілін содан кейін

аталмыш аймақтағы ешбір адам қайталай алмапты деседі
үлкендерден бізге жеткен əңгіме.

– 4 –

1967 жылдың жазы. Он бес жастағы бала кезім. Ұлы
Қазан төңкерісінің 50 жылдығы жақындап келе жатқан
уақыт еді. Міне, осы мерекенің қарсаңында Нарынқол ауда-
нында “Үш ұрпақтың кездесуі” атты үлкен бір мəдени шара

өтті. Сонда ғой біздер ауылдың қарасирақтары тұңғыш рет
өзіміздің өңірден шыққан Бердібек Соқпақ баев, Мұқағали
Мақатаев,
Тельман

Жанұзақов
секілді
ақын-жазушы
ағаларымыз бен Нүкетай Мышбаева сияқты əртіс əпкемізді

жүзбе-жүз көретініміз. Ол кісілердің сол сапарынан есімде
қалғаны бұл жерлестеріміздің елге жай келмей, өздерімен
бірге “Қазақфильмнің” “Арман атаман”, “Қилы кезең”,
“Əн қанатында” деп аталатын су жаңа кино ленталарын

қоса əкелгендігі еді. Осылардың ішінде ауыл дағы ата-
əжелерімізге ерекше ұнап, көңілдерін керемет толқыныс
сезіміне бөлегені “Қиыл кезең” көркемсуретті фильмі болды.
Себебі, картинадағы қол пулеметтерді атқа теңдей артып тау

жоталарына тосқауыл құрған комотряд жауынгерлері, за-
става шолғыншылары ның көзіне түспес үшін қолат-қолатты
қуалай арғы бетке үдере көшкен қалың жұрт, қашқындарды
Қытай жеріне өте берер кезде қанжоса ғып қырып тастаған

шошақ шлемді қызыл əскерлер.., бəрі-бəрі де олардың бала
кездерінде көзбен көрген жайттары, тіпті кейбіреулерінің
тікелей бас тан кешкен оқиғалары болатын. Осы ащы өмір
суреттерін көре отырып, біреуінің əкесі шекарада оққа

ұшқан, екін шісінің туысы арғы бетке өтіп кетіп, атамекеніне
орала алмай аһ ұра көз жұмған бұл шерменделердің: “Өй,
мына Шальдин деген комиссарың біздің Сарыжаз комен-
датурасын салған кəмəндір ғой…” “Ал анау көшкен жұртты

тау асырып əкетіп бара жатқан жолбасшы Мергенбай батыр
емес пе?” деп қараңғы клуб залында отырып күбірлескен
сөздері əлі күнге дейін құла ғымнан кетпейді.
Иə, 1932 жылдың дүрбелеңін бала кездерінде көріп

қалған, сөйтіп арада 30 жыл өтсе де оны əлі ұмыта қоймаған
ауылдастарымның бұл болжамында сөз жоқ бір негіз бар
еді. Өйткені, аталмыш фильмдегі Шальдиннің 1924-1930
жыл дары Жаркент-Нарынқол линиялық шекара заставала-

рының бастығы міндетін атқарғаны, ал жергілікті жағдайды
жақсы білетін Мергенбай батырдың сол кезеңдерде оған
көмекші болғаны анық-тын. Бірақ… иə, бірақ кейін қызыл
командир мен тау ноянының арасында түрлі түсінбестіктер

туып, олардың жолы екіге айырылғаны тағы шындық. Оған
себеп болған Кеңес өкіметінің 1928-1930 жылдардағы кəн-
песке, НЭП секілді солақай саясатындағы содырлықтар
еді. Бұл науқандар бойынша алдымен ауқатты адамдардың

мал-мүлкі күшпен тартып алынып, олардың отбасыла-
ры басқа жаққа зорлықпен жер аударылды. Содан соң ор-
таша шаруаларға кезек келіп, бұл бейшаралар ет, жүн,
астық салығының астында қалды. Тіпті аң мүйізі мен мал

сүйегін жинап өткізу керек деген жоспардың да шыққанын
қайтерсің. Осындай сорақылықтың салдарынан ел аз ғана
уақыттың ішінде қолындағы бірді-екілі ірі қара мен қой-
ешкілерінен айырылып шыға келді. Кезек əр үйдегі аяқ

артар жылқы малына да жақындаған. Міне, сол кезде:
“Ат – қанатым!” – деп білетін қазақ бұл қорлыққа шыда-
мады. Шолақ белсенділерге: “Білгеніңді істеп ал”, – деген
наразылық ретінде олардың бір бөлігі іргедегі Қытай жеріне

ауа көшсе, екінші тобы Тянь-Шань тауының сілемдеріне
сіңіп кетіп жатты. Өкімет бұларды “банды” деп атады.
Сөйтті де қашып-пысқан мұндай бейбақтардың сары ізіне
шөп алып түсіп, оларды ұстаған жерінде сөзге келтірмей

атып, асуға кірісті.
Мергенбайға Кеңес өкіметінің бұл қатігездігі ұнамады.
Оның
жоғарыдағыдай

бассыздыққа
шыдамай,
өзінің
ішкі наразылығын Жаркент- Нарынқол линиялық шека-

ра заставаларының бастығы Шальдинге ашық айтатыны
міне, осы тұс. Сол сол-ақ екен бұрынғы “керемет із кесуші”,
“ком отрядтың таңдаулы жолбасшысы”, “совет қызыл əскер -
лерінің сенімді серігі” деп дəріптеліп жүрген жан отыр-

са опақ, тұрса сопақ болады да қалады. Еске түсірейік,
“Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері” фильміндегі тау нояны
Қарабалтаның Кеңес өкіметіне бір-ақ күнде сенімсіз боп
шыға келетіні бар емес пе? Міне, Мергенбайдың басындағы

жағдай да тура сол оқиғаның нақ өзі еді. Содан қойшы,
уақыт өте келе бір күні Сарыжаз комендантының бұйры-
ғымен жорыққа қатысудан шеттетілген, екінші күні қару

ұстап жүру құқынан айрылған біздің кейіпкеріміздің заста-
вадан кетуінен басқа жол қалмайды.
Мергенбай үшін енді бір-ақ үміт қалған еді. Ол – тəркілеу
мен салықтан зəрезап болып, артельге бірігуден бас тартқан,

сөйтіп Тянь-Шань сілем дерін сағалап отырған қандастарына
барып қо сылу-тын. Сөйтіп қызылдар қырып тастамай
тұрғанда оларды жинап, арғы бетке көшіруге көмектесу бо-
латын. Осы мақсатпен батыр 1929-1932 жыл дары жат жерге

кетуге тəуекел еткен жеті көшті шекарадан аман-есен алып
өтеді. Солардың ішінде жұрттың осы күнге дейін аңыз ғып
айтатыны Мерген байдың 80 түтіннен тұратын алтыншы
көшті ұйымдастырып, соған жолбасшы болған сапары. Əр

отбасында 3-4 жан бар деп есептегеннің өзінде 300 қаралы
адамды құрай тын, 800-ден астам малы бар 2-3 ауыл Қақпақ
аңғарын бойлай жоғары өрлегенде бұлардың соңына мұздай
қаруланған 30 шекарашы түсіп кеп береді. Бірде атысып,

бірде із адастырған бұлар Сары қолатқа жетіп, одан Бо-
зымбай сайына аяқ іліктіреді. Осыдан кейін Тұйықашаға
бұрылады. Қанша алдаусыратса да комотряд қашқындардың
соңынан бəрібір қалмай қояды. Ақыры көш Асутөрге келеді

де қос қап талы қалың қар, қарсы беткейі көк мұз аңғардың
түкпірінде не ары, не бері жүре алмай тұйықталып қалады.
Не істеу керек? Жағдайды ой елегінен тез өткізіп үлгерген
Мергенбай алдымен қолында қаруы бар 18 адамды көштен

екі шақы рымдай жердегі шоңғал тасты мүйіске тосқауылға
қояды. Содан соң епті, қиымылы ширақ деген 30-40 жігітті
тағы да іріктеп алып, қолдарына балта, шот береді де дереу
асу дың мұзды қапталынан адамның аяқ ұшы тұратындай

кертпеш-кертпеш ойық жасауға жұмылдырады. Ал қалған
қатын-қалаш, бала-шағаға комотряд келіп қалмай тұрғанда
сай табанына барып, мол ғып отын жинап əкелуге əмір
береді.

Қашқындар көші қу жандары үшін осылай арпалысып
жатады. Келесі күні сəске түсте аттары əбден болдырған,
оның үстіне адасып барып ізді қайта тапқан, сөйтіп əбден
ит сілікпесі шыққан шекарашылар отряды қара көрсетеді.

Бұларды тосқауылдағы мергендер тобы алыстан жасқай
атып, сай аузына маңайлатпайды. Екі жақ аңдысуға көшеді.
Осы жерде комотрядқа жолбасшы болып келе жатқан із
кесуші жігіт командиріне: “Қаш қын дардың осынша адам,

осынша малмен ақ қар, көк мұз жапқан мына тұйық сайда
жата беруі мүмкін емес. Екі-үш күннен кейін олар жағарға
отыны, мал жаяр өрісі жоқ жерден өздері де безіп шығып,
бізге келіп беріледі. Сондықтан сол сəтті асықпай күтейік”,

– деп кеңес береді. Ал бұл ме зетте көштегілер қызу тірлік,

қиын жұ мыс үстінде еді. Атпал жігіттер қарлы асуға ал-
дымен екі қатар етіп адам аяғы тұрарлық ойықтар жасап
шығады. Содан соң сол баспалдақтардың орта сындағы ашық
жердің ұзына бойына көштегі киіз үйлердің туырлығын

кесіп-кесіп, мұзға сырғы май тын дай етіп жапсыра төсейді.
Сөйтеді де осы жұмыстың бəрі біткен соң Мер ген бай бүкіл
жұртты жоғ арыдағы қолдан жа салған кертпеш-кертпеш
баспалдақ тарға қос қатар етіп тұрғызып, ортадағы қыл-

дай “киіз соқпақпен” бар малды бір-бірлеп демей айдата-
ды. Өстіп отырып көш аман-есен таудан асып кетеді. Бұл
ме зет те комотряд адамдары сайдағы мүйіс тің ар жағынан
сыздықтай көтеріл ген түтінді көріп: “Қашқындар ешқайда

кетпеген екен ғой. Көп ұзамай өздері келіп берілер”, – деп
алаңсыз отыра береді. Осылайша бір, екі күн өтеді. Үшін-
ші күні жылтылдап жанған от та өшіп, беткейді көлбеген
түтін де сейі леді. Сөйтіп, төңірек жым-жырт күйге түседі.

Бұған сезіктенген шекарашылар ақы рын-ақырын баспалап
келіп қараса, аң ғар да жан жоқ, ешкім қалмаған. Жұртта тек
көз алдау үшін жаққан от орындары ғана қараяды. Қызыл
əскер лер қаш қындардың мұз үстіне төселген киізбен, балта,

шотпен ойып жасаған тепкі шек термен асудан баяғыда асып
кеткенін көріп, сандарын бір-ақ соғады.
Қазақтардың таулы асулардағы мұз белдерден мал-
жанының табанына киіз төсеп өтуі... Бұл ойдан шығарылған

əңгіме емес, құрметті оқырман. Ол жаугершілік заман-
дарда өте көп болған оқиға. Бұған Орталық Азияны зерт-
теген саяхатшылардың жолжазбаларындағы мысалдарды
былай қойғанда, қадірменді қариямыз Халифа ағамыздың

“Алтайдан Анадолыға дейін” деген еңбегіндегі деректерді
дəлел ретінде келтіруге болады. Сонда ол кісі 1948 жылы
Қытайдың Баркөл аймағынан ауған қазақтардың Гима-
лай тауына келгенде жоғарыдағыдай əдіспен мұзды асудан

аман-есен асып түскенін егжей-тегжейлі жазған.

Жə, сонымен біз енді кейіпкеріміздің атамекенге келген
ең соңғы сапарын ай тайық та сонымен əңгімемізді аяқтайық.
Бұл Мергенбайдың тəркілеуден қашқан елді арғы бетке
өткізудегі жетінші көші еді. Оқиға 1932 жылдың күзінде

болған. Батыр соңына ерген 30 түтінді бұл жолы шалғайдағы
Хантəңірі етегі арқылы емес, төте асу – Ойқарағай тауы-
мен алып жүреді. Қашқындар Жабыр қырқасынан аса бер-
генде көшке арып-ашқан екі жігіт келіп қосылады. Əңгіме

төркініне қарағанда олардың да ойы шекара асып кету екен.
Жұрт жəутең деген кейіптегі бұл екеуінен күдік тенбейді,
қайта мүсіркеп қатарларына қосып алады. Көш таң ата
Қасаң қиясынан өтіп, Қытай жеріне аяқ басады. Осы жер-

де қалмақ тардың тосқауылына тап болып, атыс басталады.
Шайқаста Керімбала деген кемпірдің ұлы Нұр оққа ұшады.
Мұны көрген Мергенбай: “Қап, мына ит қалмақтың қапыда
біреудің жалғызын жайратқаны-ай... Атыңдар, аямаңдар

кəпірді! Қырыңдар!” – деп өзі де қарсы жақтағы қалың топқа
қарай жүрелей отыра қалып, бірнеше оқ шығарады. Бір
кезде мылтығының шаппасын тарта беріп: “Е-е-е...” – деп
шалқалай береді. Сөй теді де қайран ер тілге келмеген күйі

жүріп кетеді.
Ел аузынан бізге жеткен əңгіме бойынша оқ батырдың жа-
уырынынан тиіп, ішек-қарынын талқандап кеткен. Сұмдығы
сол, ажалдың алдынан емес, артынан орағытып келгендігі

еді. Сөздің тоқетері, Мергенбай ту сыртынан атылған оқтан
мерт болған. Ал ту сырт деген сөз көш, көштің іші емес пе?
Жұрт осы күнге дейін бұл қазаны үдере ауып бара жатқан
елге Жабыр қырқасында кездейсоқ қосылған екі жігіттен

көреді. “ОГПУ-дің əдейі дайындаған жансыздары екен.
Мерген байды ту сыртынан атқан солар”, – деседі олар.

– 5 –

Міне, Мергенбай осындай адам болған. Ма қаламыздың
басында
айтылған
“Қырғыз фильм нің”

“Ыстықкөлдің
алқызыл гүлдері”, “Қазақ фильм нің” “Ақырғы аманат”
киноленталарындағы оның прототипі (ол болмаған күнде
сюжеттік елесі) желі тартып жатуы əбден мүмкін. Бұлай

деуімізге мынадай жайттар себеп болып отыр. Бірінші,
оқиғаның жері жағынан бір аймақта, уақыт мөлшері жөнінен
бір кезеңге сəйкес келуі. Екінші, бұл өңірдегі қазақтар
қырғыздармен баяғыда да, бүгінде де үйі аралас, қойы

қоралас болып келе жатқан жұрт. Міне, төскейде малы,
төсекте басы қосылған осы көрші ел адамдарының Мер-
генбай батыр туралы əңгімелерді естіп, біл меуі, ол қырғыз
кинематографистеріне ой салмауы мүмкін емес. Үшінші,

ақын Олжас Сүлейменовке келер болсақ, оның жас кезінде
Хантəңіріні символ тұтып, оны өзінің творчестволық кредо-
сына айналдырғаны, бірнеше мəрте альпинистер мен атақты
шың етегіне барып қайтқаны белгілі. Оған Олжекеңнің

“Қыш кітабы” жинағындағы диалогтары мен “Құс күні”
əңгімесіндегі оқиғалар анық дəлел бола алады. Міне, сондай
сапарларда ақын жергілікті жұрт аузынан Мергенбай тура-
лы əңгімелерді естуі ғажап емес. Оған оның əкесі, Жетісу

өңірінен мол хабары бар адам Əбекеңнің, Əбдуəли Қарағұлов
ақсақалдың да қозғау салуы мүмкін. Осыдан келіп “Ақырғы
аманат” киносценарийінің тууы табиғи заңдылық.
Тау нояны Мергенбай... Бұл өзі Тянь-Шань сілемдерін

көп жылдардан бері кезіп жүрген ертегі еді. Сол ертегінің
біз білетін бір елесі осы.
2004 жыл.

АС! Күнделікті тіршілігімізде зайырлы қоғамға тəн үрдіспен айтылатын, өркениеттілік белгісі ретінде қолданылатын шетелдік сирек сөздер бар. Ылғи бол маса да ыңғайымызға қарай пайдаланатын сол экс прессиялық қуаты мол терминдердің бір парасы мэтр, маэстро, ас атты ұғымдар дер едік. С.И.Ожеговтің “Орыс тілінің сөздігі” кітабында бұлардың алғаш қысына: “ ылым, өнер жəне əдебиет саласындағы айырықша дарынымен көзге түскен адамдарды ерек шелеп тұратын атау”, – деп түсінік берілсе, екін шісіне: “Ірі музыканттар мен қылқалам иелерін, сондай-ақ шахмат əлеміндегі көрнекті тұлғаларды əспеттейтін сөз”, – атты анықтама, ал үшіншісіне: “Өз ісінің үлкен білгірі”, – деген тұжырым жасалған. Міне, осы ұғымдарды ой елегінен өткізіп безбендегенде, олардың ішіндегі соңғысы біздің өзіміз төменде сөз етпек боп отырған кейіпкерімізге дəлме-дəл келетін сияқты. Олай дейтініміз… Иосиф Львович Будневич – Қазақстандағы қазіргі көзі тірі жалғыз байырғы фотожурналист. Өзі ғұмыр кешкен 76 жылдық өмірінің ішінде республикамызда ол жүрмеген жол, ол куəгер болмаған оқиға, ол кездеспе ген атақты адамдар əй жоқ шығар, сірə! Бұған қоса осы бір мазасыз мамандық иесінің кезінде алғашқы ең бек жолын ҚазТАГ-тан бастап, одан кейінгі қызме тін одақтық Совинформбюро, АПН секілді алып ақпа рат агенттіктерінде жалғастырғанын айтпағанда, Қазақстан туралы түсірген фотосуреттері дүние жүзінің 100-ден астам елінің баспасөз беттерінде жа рияланып, солардың көбінде жүлдегер атанғанын сөз етпе-

генде, сондай-ақ əлемнің Австралия мен Канададан басқа жерінің бəрінде болып, өз отандастарын солардың тұрмыс-тіршілігінен хабардар ете білу жөніндегі ізгі мақсат миссиясын былай қойғанда ол соңғы он жыл бойына тəуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың жеке фотографы бол ған адам. Осы қызмет, осы жұмыстардың бəрінде Иосиф Львович бір сəтке де болса босаңсып, не арқасын кеңге салып, енжарлық пен бойкүйездікке жол беріп көрген емес. Қайта жанын сала еңбек ету арқылы та лапқа талғам қоя жүріп, қабылеттіліктің небір ға жайып үлгілерін көрсете білді. Соның нəтижесінде ол өз уақытынан көп бұрын ерекшеленіп шығып, əріп тес тері тарапынан шын мəнінде мойындалған шебер лікке қол жеткізді. “Өз ісінің үлкен білгірі – нағыз ас!” – деп міне, осындай адамдарды айтар болар, бəлкім. Ал, оның бəрі неден бастау алып, кейіпкеріміздің бойында ол қалай, қайтып қалыптасқан еді? – Қазақстанда бес жасымнан бастап тұрып келемін, деп бастады бұл бағыттағы əңгімесін Иосиф Львович. – Ал, мұнда қайдан, қалай келдіңіз дейсің бе? Ленинградтан. Əкемді 1932 жылы ол жақтан Алматыға жұмыс істеуге жіберіпті. Содан қазақ жерінде табан аудармай тұрып қалған жайымыз бар. Рас, өзім жарық дүние есігін ашып, өмірге келген Нева жағалауындағы сол бір қалаға Ұлы Отан соғысынан кейін қайта барып, екі жыл оқығаным есімде. Мен түскен ол оқу орны Ленинград кино инженерлері институты (ЛИКИ) деп аталатын. Одан алып шығатын мамандығым жай техникалық жұмыс еді. Атап айтқанда жан-жақтан түсіріліп əкелінген фильмдердің пленкаларын химиялық реактивтер арқылы жуып, дайындау-тын. Маған ол онша ұнамады. Əке-шешемнің: “Осы оқуды бітіріп ал. Қалғанын кейін көрерсің”, – деп үгіттегеніне, тіпті кейіп, ұрысқанына қарамастан мен оны үшінші курсқа келгенде біржолата тастап шықтым. Сөйттім де бала күннен бергі хоббиім – фотоаппаратымды арқалап, пейзаж бен экзотикаға бай романтика Отаны – Қазақстанға қайта оралдым. Келе сала Алматыдағы газет-журналдарды төңіректеп, осы бағыттағы қарым-қабылетімді көрсетуге күш салдым. Байқаймын, талпынысым жаман емес сияқты. Олай дейтінім, түсірген суреттерімнің баспасөз беттерінде шыға бастауы еді. Өстіп жүріп штаттан тыс фототілші деген бір жапырақ қағазға да қол жеткіздім-ау… Бұған төбем көкке жеткендей болып қандай қуандым десеңші! Оны сөзбен айтып жеткізу қиын. Тіптен қиын. – Айтыңызшы, – дедім осы арада есіме бір нəре түскен мен ол кісінің сөзін бөліп. – Фотоаппаратыңыздың объективіне іліккен сондағы алғашқы суреттер қандай тақырыптағы, нендей жанрдағы рəсімдер еді? Ал, жалпы… иə, жалпы сол кездегі өзіңіздің баспасөз бетіндегі жарыққа шығарған тұңғыш туындыңыз есіңізде ме? Егер есіңізде болса, онда не бейнеленіп, ол қандай газетке басылып шыққан еді? – Неге есімде болмасын. Бəрі де жадымда, көз алдымда ғой. Алғашқы түсірген суреттерімнің ішіндегі біреуі мəселен тұңғыш рет “Қазақстан пионері” газетінде жарияланған болатын. Бұл 1947 жылдың күзі еді. Алақандай фотода қатар-қатар қойылған партадағы оқушылар бейнеленген. Онда шəкірттер өздеріне сабақ беріп тұрған мұғалиманың сөзін зейін қоя тыңдап отыр. Сурет астындағы сөйлемдерде оның Алматы облысындағы Қаскелең селосының орта мектебіндегі “Еңбектегі ерлігі үшін” медалімен марапатталған үлгілі ұстаз екендігі айтылған болатын. Түсінесің бе? Міне, сол сурет менің баспасөз бетінде жарияланған ең алғашқы туындым болып есептеледі. … Иə, осындай сəтті дебюттерінен соң Иосиф Львовичтің “Ленинская смена” газетіне жұмысқа қабылданғаны бар. Тыным таппай зыр жүгіріп жүретін қағылез жігіт мұнда тартымды этюдтерімен, бояуы ашық та айқын фотосуреттерімен жəне оларды түсірудегі тапқыр шешімдерімен мамандарды өзіне бірден жалт қаратады. Осындай жаңашылдығы 1952 жылы оны республикамыздағы ең үлкен ресми ақпарат орталығы – ҚазТАГ-тың фотохроника бөлі мінен бір-ақ шығарады. Ал, одан əрі ол Совинформ бюроның Орта Азия жəне Қазақстан бойынша фототілшісі болып, 1961 жылы АПН сияқты алып агенттікке қарай адымдайды. – Өзіңіз жұмыс істеген ҚазТАГ-тың 50-ші жылдардағы

жағдайы қандай еді? – деймін мен сөз арасында кейіп керіме. – Қиын…, өте қиын болатын, – дейді мүйіз жиекті көзілдірігін сол қолымен түзеп қойып ойлана тіл қатқан ол. – Оны мəселен мына бір мысалдан-ақ ұғуға болады. 1958 жылдың ақпаны еді. Алматыға КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы К.Е.Ворошилов келді. Сапар мақсаты – Тың игерудегі жəне одан мол өнім алудағы жетістігі үшін республикамызға Ленин орденін тапсыру-тын. Осы оқиғаға байланысты Совинформбюродан ҚазТАГ-қа берілген тапсырма: “Мəскеуде шығатын “Правда” мен “Известияны” қайткенде де Алматыдағы салтанатты жина лыстың ресми суретімен қамтамасыз ету керек”, – болды. Міне, проблема… Өйткені бізде фототелеграф жоқ еді. Орта Азия елдері бойынша ол тек Ташкентте ғана бар-тын. Жалма-жан аэропортқа телефон шалдық. Қас қылған дай бізден Өзбекстан астанасына қатынайтын ұшақтың ұшу уақыты тұп-тура жиын басталар сəт – түс кезімен тұспа-тұс келеді екен. Бар үміт осы ұшақта болғандықтан қайткенде де бір əрекет жасау қажет деп шештік. Сөйттік те ақыры Азаматтық əуе авиациясының бастығына Орталық Комитеттің хатшысын сала отырып, əлгі рейсті екі сағатқа кешіктіріп ұшыруға уағдаластық. Осыдан кейін Абай атындағы опера жəне балет театрында басталғалы жатқан жиналысқа жетіп үлгердік те, президиум мен залдағы елді 30 минут бойы аямай түсіріп, суфлер ме, гример ме, əйтеуір солардың біреуінің қараңғы бөлмесіне қарай жүгірдік. Онда пленканы арнаулы капсюльге қайыра орап, содан кейін оны химиялық реактив құйылған лажы шелекке салған күйі машинаға міндік. Қалған шаруаларды ұшақ салоны ішінде жалғастырып, кешкі сағат 9-да Ташкентке де жеттік-ау. Фототелеграф үйіне келген соң Совинформбюроға іріктелген кадрларды бірнеше вариант етіп, түні бойы Мəскеуге жіберумен болдық. Ертесінде “Правданы” алып қараймыз… Шығыпты! Бəрімізді ақ тер, көк тер еткен панорамалы сурет бірінші бетте көлдей болып жатыр. Міне, осыдан соң ғана барып: “Уһ!” – деп ес жиғанымыз есімде. Мұндағы айтайын дегенім, осы оқиға арқылы ҚазТАГ-тың сол кездегі техникалық базасының қандай екендігін нақты мысал арқылы көзге елестету. Біз міне, ол кезде солай жұмыс істеп, сондай жағдайларды да бастан кешіргенбіз. – Ал, Совинформбюро мен АПН-ға қалай барып жүрсіз? Онда кімдермен жұмыс істеп, нендей тəжірибе жинақтадым деп ойлайсыз? – Басын ашып айтайын, Совинформбюро мен АПН-ды бірінің шекпенінен бірі шыққан бір мекеме деуге болады. 1958 жылы оған Н.С.Хрущевтің күйеу баласы А.Аджубей басшы боп келді де мемлекеттік жоспарлау комитетінен мол қаржы бөлгізіп, агенттіктің атағын дүріл детіп жіберді. Содан көп уақыт өтпей ол АПН (Жаңалықтар баспасөз агенттігі) деген атпен қайта құрылып, Мəскеудің қақ ортасынан ойып тұрып орын тепті. Əріптестеріміздің арасындағы: “Қарсы алдымызда – Пушкин, оның артында – Россия, ал Россиядан кейін – АПН”, – деген əзілдің шыққаны міне, сол кез. Шынында да ақын атындағы алаң мен ел есіміндегі кинотеатр жəне біз сөз етіп отырған мекеме бəрі үйме-жүйме боп бір жерде орналасқан-тын. АПН сондай-ақ кілең ығай мен сығайдың, атап айтқанда маршалдар С.М.Буденый мен К.Е.Ворошиловтың, Орта лық Комитет хатшысы Л.И.Брежневтің ұл-қыздарының жұмыс істейтін жылы жері еді. Сондықтан да Мəскеуде армян радиосы айтыпты дейтін төмендегідей анекдоттың шыққаны бар. Көшеде біреу өзіне қарсы жолыққан жүр гіншіден: “Пушкин алаңын əскерлер неге қоршауға алып күзетіп тұр?” – деп сұрайды. Сонда ол: “АПН-да кілең маршалдар мен генералдардың балалары жұмыс істейтінін білмеуші ме ең. Бүгін алтын жағалы, оқалы түймелі сол көкелеріміз осындағы өтетін ата-аналар жиналысына келіп, еркетотайларының тəртібін қарап жатыр емес пе?” – деп жауап беріпті-міс. Бірақ…, иə бірақ бұл мекеме тек дөкейлердің балаларының жұмсақ бесік, жылы ұясы ғана емес, сонымен қатар журналистиканың нағыз мен атайын, сен тұр дейтін атжалман репортерлері мен небір от пен судан өтіп шыңдалған көкжал фототілшілерінің де қасиетті ордасы болатын. Олар мəселен, Кеңес Одағындағы алғашқы бесжылдықтың алып құрылысы – ДнепроГЭС-тің куəгері болған, Солтүстік Мұзды мұхитты зерттеуші “Челюскин” кемесі экспедициясының мүшелерін өз көздерімен көрген, Ұлы Отан соғысын дағы Жеңіс парадына қатысқан Евгений Халдей, Борис Задвиль, Василий Малышев, Макс Альберт, Григорий

Зельма, Абрам Штеренберг, Георгий Петрусов секілді
тұлғалар еді. Ал, “Огонек” журналындағы өз ісінің үлкен
білгірі, қажымас, қайтпас, қайсар фотошебер Дмитрий
Бальтерманц ше? Бұлардың əрқайсысы бір-бір шеберлік

мектебінің иелері еді. Мен міне осындай тамаша адамдар-
мен жұмыс істедім. Жұмыс істей жүріп, олардан көп нəрсені
үйрендім. АПН ол кезде əлемнің 58 еліне арнап 6 тілде жур-
нал шығаратын. Осы басылымға қажетті суреттерді іріктеу

үшін əлгі кісілер Тың немесе Маңғыстау өңірінен жаңа ғана
оралған мені қоршап алып, іссапардан түсіріп əкелген фото-
ларымды таңдауға отыратын. Сөйтетін де 30-40 көріністен
тек 3-4-уін ғана жаратып, оларды журнал бетіне жарыққа

шығарғанда: “Осыларды түсірген шыны мен-ақ мына менмін
бе? Қандай тамаша! ” – деп өзіме-өзім таңғалатынмын. Фо-
толарды сараптауға, макетке салып орналастыруға келгенде
жоғарыдағы кəрі тарландардың талғампаздығы сұмдық еді.

Олардың сұңғылалығында, көре гендігінде шек жоқ бола-
тын.
Əңгіме иесі жоғарыдағы сөздерді айтып отырғанда біздің
ойымызға мына бір жəйт оралды. 1974 жылдың күзі бола-

тын. “Лениншіл жаста” шапқылап жұмыс істеп жүрген жас
кезіміз. Бір күні Баспасөз үйінде орналасқан редакцияларға
жа йсыздау хабар тарағаны бар. Ол: “Қызылордада “Главрис-
совхоз строй дың” тікұшағы апатқа ұшырапты. Оның бор-

тында АПН-ның Орта Азия мен Қазақстандағы фототілшісі
Иосиф Будневич бар екен. Жараланып, өлім аузынан
қалыпты”, – деген сөз еді. Кейіпкерімізбен бүгінгідей емін-
жарқын, ашық сырласып отыр ғанда осыдан 29 жыл бұрынғы

сол оқиғаны өзінен сұрап көруге бекіндік.

– Иə, ондай жағдайдың болғаны рас, – деді Иосиф Льво-

вич жөткірініп қойып. – 1974 жылдың 19 қа рашасында “Ка-
захстанская правда” газетінің қызмет кері Борис Масаль ский
екеуміз Қызылорда облы сындағы каналды суретке түсіру
үшін “МИ-2” тікұшағына отыр дық. Жолбас шымыз осын-

дағы суландыру жүйесі ме ке месіне қарасты жыл жымалы
механикалық ко лон наның бастығы Ми рон Шек деген азамат
еді. Борт та ұшқышпен қосқанда бə ріміз төрт адамбыз. Əуеге
кө терілгенімізге 20 минут тай уақыт өткен. Бірақ жо ға рылай

алмай, төмендеп келе жат қан сияқтымыз. Күдігімді Бо риске
айтып едім, ол бұған мəн бер мегендей сыңай танытты. Содан
не керек, Сырдария өзеніне жақындай бергенімізде тікұшақ
төмен қарай құлдырады дейсің. Көзді ашып-жұмғанша су

бөгейтін топырақ үйіндісіне кеп гүрс ете түстік. Біреу лер
мұндай кездегі жағдайды: “Көзім нің оты жарқ етті. Есімнен
танып қалыппын. Ештеңені білмеймін”, – деп жатады ғой.
а жа бы сол, менде ондай галюцинация болған жоқ. “Мұның

не?” – дегендей қою шаңға қақалған ұшқышқа қарағаным,
құлағымның тарс бітеліп қалып, мең-зең халде теңселіп
отырғаным жадымда. Міне, содан кейін барып ұйықтап
кеткен дей болдым. Ар жағы есімде жоқ.

Көзімді ауруханада аштым. Қызылордада екенмін. Бел-
омыртқам қатты зақымданыпты. Қозғалтпайды. Дəрігер-
лерге қойған алғашқы сұрағым жолдастарымның жағдайы
болды. Олардың айтуына қарағанда Борис Масальскийдің

бұғанасы шытынапты. Мирон Шек жолда көз жұмған. Ұш-
қыш тірі екен. Содан қойшы, Қызылорда мен Алматы ның
ауруханасында екі ай жаттым. Үшінші айда ептеп ілбіп
жүруге жарап, мəшинемнің рөліне отыратындай дəрежеге

жеттім. Алты ай дегенде барып сауықтым-ау. Ал, енді мына
қызыққа қараңыз. Сегіз айдан кейін қайтадан іссапарға ат-
танып, Павлодар облысындағы Яков Геринг басқаратын
“Қазақстанның 30 жылдығы” ұжымшарына барғанда тағы

да “МИ-2” тікұшағына мінуге тура келмесім бар ма?! Бортқа
көтерілерде маңдайымнан суық тер бұрқ ете түсті. Бірақ:
“Неден шошынсаң, содан емделесің”, – деген сөз бар емес
пе?! Сол есіме түскен мен тəуекел деп іш ке қалай кірдім,

солай қорқыныш пен үрей атаулыдан бір ден сейіліп жүре
бердім. Сөйтіп ол психологиялық қиын дықты да өмірге де-
ген құштарлықпен жеңген жайым бар.

– АПН-да қанша уақыт жұмыс істедіңіз?

– Артық-кемі жоқ 18 жыл.

– Содан соң…

– 1976 жылы аталмыш агенттікте кезекті қайта құру

жүрді. Сондағы ықшамдаудан кейін мен өзімнің бір кездегі
жұмыс істеген жерім ҚазТАГ-қа қайта оралдым.
Иə, бұл мекемеге келіп еңбек еткен жылдарда да ол
көптеген оқиғалардың куəсі болды.

Себебі, республикадағы үкіметтік шаралардың дені
ҚазТАГ-тың суретінсіз газет-журналдарға шықпайтын.
Көптеген жауапты тапсырмаларды орындауға белсене
араласты.

Өйткені, түрлі ресми жиындар мен шетелдік делегация-
ларды баспасөз бетінде насихаттау аталмыш агенттіктің
фототілшісінсіз болмайтын.
Біраз лауазымды адамдармен танысты.

Олай болатыны, республикалық деңгейдегі қызметке
сайланған немесе тағайындалған басшыларды ақпарат
құралдары арқылы елге таныстыру тағы да ҚазТАГ-тың фо-
тохроника редакциясынсыз жүзеге аспайтын.

Сондай кезде, сондай сəтте Иосиф Львовичтің танысқан
адамдарының бірі тəуелсіз Қазақ елінің бүгінгі Президенті
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев еді.
Оқиға былай болды. 1979 жылғы желтоқсанда Қазақстан

Компартиясы Орталық Комитетінің кезекті пленумы өтті.
Онда Қарағанды обкомы басшыларының бірі боп жүрген
Нұрсұлтан Əбішұлы Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің хатшысы болып сайланды. Тəртіп бойынша

жаңа қызметке келген республикалық деңгейдегі басшы
“Социа лис тік Қазақстан”, “Казахстанская правда” газеттері
арқылы елге таныстырылуы керек. Ал оған қажетті суретті
ҚазТАГ-тың фототілшісі түсіруі тиіс еді. Нұрсұлтан

Əбішұлы мен Иосиф Львовичтің арасындағы таныстық
бұдан 23 жыл бұрын міне, осылай басталған-тын.

– 1992 жылы, – дейді кейіпкеріміз, – Елбасының жеке

фотографы деген жаңа қызмет орны белгіленді. Президент
Əкімшілігінің аппараты бұл жауапты жұмысқа ҚазТАГ-тан
мені лайықты деп тапты. Содан он жыл бойы осы міндетті
атқарып, Нұрсұлтан Əбішұлының республика мыздағы,

шетелдердегі сапарларының бəріне куəгер болғаным бар.

Еліміздің
бірінші
адамының
жеке

фотографы
міндетін атқару, əрине, үлкен бақыт, зор құрмет. Ол Үкімет
адамдары ның сенің кəсіби шеберлігіңнің жоғары екенін
бағалап, мойындағанының жəне осындай іске лайық деп

тауып, сенім көрсеткенінің белгісі. Сонымен қатар бұл
жұмыстың өте қиын да жауапты міндет екенін ашып айтқым
келеді. Олай дейтінім, мемлекеттік дəрежедегі ресми кезде-
сулер мен қабылдауларды суретке түсіру үшін ыңғайлы орын

таба білу, ондағы əр сəтті қалт жібермей дер кезінде қамтып
қалуға ұмтылу фототілші мына біздер ден асқан дəлдік пен
шапшаңдықты, сезімталдықты талап етеді. Мұндай шара-
ларда телеоператорлар мен фоторепор терлердің еркін жүріп

тұруына да айтарлықтай шектеу қойылған. Рас, өзіміздің
Қазақстанда Президент секьюиритиі мені жақсы таниды.
Сондықтан да егер жоғарыдағыдай ресми қарсы алу не-
месе қабылдауларда мен мəселен ыңғайсыз жерде тұрып

қалып, фотоаппаратыма қажетті объект дұрыс ілінбей
жатқан жағдайда арнаулы қызмет адамдарының сəл-пəл
ығысып тұруын өтініп, шаруамды ойдағыдай бітіріп алуыма
əбден болады. Ал, шетелдерде ше? Жо-жоқ, атай көрмеңіз.

Онда қарауылдың иығынан қағып өтініш айтпақ түгілі,
белгіленген орныңнан қозғалуға болмайды. Халықаралық
дипломатия ережесіндегі прото колдық тəртіп бұл. Ал, қия
бассаң əдепсіздік көрсеткенің болып есептеледі. Міне, бұл

мен атқарған жоғарыдағы қыз меттің бір ғана қиындығы.
Басқасын, иə, басқасын кейін тағы айтармын.

– Президентпен бірге сонда қанша елде болдыңыз?

– Австралия мен Канадаға ғана аяғым жетпеді. Жер

шарының ірі деген қалған елдерінде түгелге жуық болдым
деп айта аламын. 1996 жылғы бір ғана мамыр айында тіпті
Франция астанасы Парижге үш рет сапар шегуіме тура
келгені бар. Өйткені жұмыс бабы солай болды.

– Соңғы кезде сіз бұл қызметті Сергей Бонда рен коға

бердіңіз ғой?

– Иə.

– Қазір не істей сіз?

– Алматыдағы Пре зидент резиденциясында баспасөз

қыз метінің филиалы бар емес пе. Міне, сонда фотомұрағат
мəсе лелері жөніндегі кеңесшімін. Осы жұмысты атқара
жүріп 1999-2000 жылдары тəуелсіз Қа зақстанның тұңғыш
Президенті Н.Ə.Назарбаев туралы екі үл кен фотоальбом-

ды өмірге əкел дік. “Өмірге əкелдік”, – деп көпше айтып
отырған себебім, ал ғашқысына 300, ал кейінгі сіне 250 түрлі-
түсті слайд енген бұл кітаптардағы суреттер менің шығар-
ма шы лы ғым екендігі де, ал құрастырып, жасап шығару

жұмыста рына Асқар Есмаханов пен Владимир Алябьевтің

атсалыс қандығы. Содан соң… иə, содан соң 2001 жылы рес-
пуб ликамыздағы ғылым, білім, өндіріс жəне шаруа шылық
салаларында еңбек етіп жүрген таңдаулы қыз-келіншектерді
қамтыған “Жүз əйелдің жүзі” деген фото альбом шығардық.

Суреттерінің бəрін өзім түсірген бұл жинаққа бастама-
шылық танытқан, демеушілік көрсеткен Қазақстандағы
іскер əйелдер ассоциациясы болды. Соңғы жылдары
Нұрсұлтан Əбішұлының өзінің “Бейбітшілік эпицентрі”,

жазушы Геннадий Толмачевтің “Лидер” атты кітабы жа-
рыққа шыққаны жұртшылыққа жақсы мəлім. Сол туын-
дыларға пайдаланылған фотолардың бəрі де өзім түсіріп,
жинақтаған архивтен алынған суреттер. Мен қазір міне,

осындай жұмыстарға қызмет жасаймын, мамандарға ақыл-
кеңес беріп, көмек көрсетемін.
Иосиф Будневич!
Ол атақты Теміртау домнасының ашылуына, Тыңдағы

алғашқы миллиардтың алынуына, Маңғыстаудың игеріліп,
Ащысай полиметалл комбинатының бой көтеруіне куəгер
болған кісі. Бұл – тарих па? Тарих!
Ол ХХ ғасырдағы біздің біртуарларымыз М.Əуезов,

Қ.Сəтбаев, Д.Қонаев, .Мүсірепов, Ш.Жиенқұлова, Ы.Жа қаев,
тағы басқа жүздеген тұлғаларымыздың бейнесін бүгінгі
ұрпаққа жеткізген жан. Бұл – жылнама ма? Жылнама!
Ол француздың атақты “Конкорд” жолаушылар ұшағы-

мен иық тірестірген ғажап əуе лайнері ТУ-144-тің “Алма-
ты-Мəскеу” ашылу рейсіне қатысып, қазақтың қос қыра ны
Т.Əубəкіров пен Т.Мұсабаевты Торғай даласында ғарыш тан
тұңғыш қарсы алған санаулы адамдардың бірі. Бұл – шежіре

ме? Шежіре!
Ол жинаған, оның өмір бойы түсірген фотоларының өзі
бір архив, бір мұрағат. Бұл факт ме? Факт!
Қазақтың өзі онша назар аудармаған кей дүниесін рет-

теп, ашық-шашық қалдырған фотомұраларын жүйелеп,
жоқ-жітігін жинастырып жүрген осындай адамдарға риза
боласың. Рахмет айтқың келеді. Рахмет айтамыз да!
2004 жыл.

ТИМУР

Уақыт, замана дейміз. Тіршіліктің көзі оның
да өз ағысымен жүріп-жүріп келіп, бір бұлқынып
қалатын кезі болады. Өн бойынан жаңғыру лебі
сезіліп,

жаңару
үрдісіне
бастайтын
мұндай

құбылысты тарих тілінде сілкіну сəті деп атай-
ды. Сондай уақытта ғой, тұлғалардың туып,
жұлдыздар шоғырының жарқ етіп жанатыны.
Қазақ елі үшін міне, осындай бір кез ХХ ғасырдың

60-шы жылдары болған сияқты. Олай дейтініміз,
сол уақыт бедерінде туған республикамыздың
рухани, мəдени жəне басқа да өмірінде айдары-
нан жел ескен небір дүлдүлдер одақтық аренаға

түйдек-түйдегімен
шығып,
өздерінің
ғажап

қабілеттерімен жұртты таңғалдырып жатты.
Оған əдебиеттегі құбылыс Олжас Сүлейменовті
айтпағанда, ғылымдағы ядролық физика білгірі
Жабағы Тəкібаевты сөз етпегенде, графикадағы

қылқалам шебері Мақым Қисамединовті былай
қойғанда, сол кездегі төл спортымыздың өзінен
қаншама саңлақтар сараланып шықты десеңізші!
Еске түсірейік, олар: спринттік қашықтықтағы

желаяқ ұсман Қосанов, гүрзі жұдырықты боксшы
Əбдісалан Нұрмаханов, түйе балуан Əбілсейіт
Айханов, атақты футболшы Тимур Сегізбаев, во-
лейболшы Октябрь Жарылғапов, шахматшы Аида

Мүсілімова, конькиші Ораз Қаңлыбаев жəне альпи-
нист Сырым Күдерин еді.
Иə, бұлар сол кездегі жас ұрпақ біздің бойтұма-
ры мыз болатын. Мақтанышымыз, керек десеңіз

темір қазығымыз əрі ұранымыз да еді олар. Сол се-
бептен де осы саңлақтарға еліктеп өсіп, ержеттік,
бой түзедік. Солардың ішінде, əсіресе, атақты
футболшы Тимур Сегізбаевқа деген құрметіміз

ерекше-тін. Өйткені, ауылдық жердегі кез кел-
ген қазақ баласының доп теппейтіні, футболды
ардақтамайтыны аз еді. Сондықтан да ол бізге
етене жақын болды. Бəріміз де оны ерекше құрмет

тұтып, есімін жүрегімізге жаттап өстік.
Сол Тимур Сегізбаев қазір қайда? Не істеп жүр?
Өзі көптен бері газет-журнал беттерінен көрінбей
кетті, оның себебі неде? Ардақты азамат бүгінгі

заман мен қоғам, отандық футбол туралы не ой-
лайды? Міне, осы жəне осыдан басқа да сұрақтарға
жауап алу үшін біз Тимур Санжарұлын іздеп тауып,
онымен əңгімелескен едік.

– Тимур аға, сіз бен біз əңгімемізді ең алдымен небəрі

үш-ақ əріптен тұратын “доп” деген сөзден бастап көрсек.
Өйткені, ол кейін өзіңіздің өміріңіздің мəні мен мұратына
айналған, сөйтіп есіміңізді бүкіл елге мəшһүр етуге негіз
қалаған ұғым болды ғой. Ендеше, осы сиқырлы сөз

тұңғыш рет сіздің санаңызда қалай, қашан қалыптасты?
Допқа үйірсектік танытып, футбол əлеміне қарай қадам
басуға не нəрсе себеп болды деп ойлайсыз?

– Шынымды айтайын, əкем Санжар Бақты байұлы заң

қызметкері болғандықтан ба, əйтеуір ерекше тəртіптің ада-
мы еді. Əрине, балалары біздер үшін оқу, білім дегенде ол
кісі ештеңесін аям ай тын. Бірақ асық атып, доп қуу сияқты
елтең-сел тең ойынға жаны қас еді. Бұл біздің Есік село-

сында тұрған кездегі жағдайымыз. Ал 1949 жылы Алматыға
көшіп келген соң мынадай оқиға болды.
Күз кезі-тін. Екінші класта оқимын. Мектептен қайтып
ке ле жатып, трамвай ішінде Боря Калганов деген бала-

мен танысып қалдым. Шүйіркелесе келе ол маған өзінің де
біздің Пчеловодная орамында тұратынын, сонда көше бала-
ларынан жасақталған “Ястреб” атты футбол командасының
бар екенін айтты. Сөйтті де: “Бүгін Кіші станицадағы “Ка-

заки разбойники” командасымен кездесетін едік. Бір ойын-
шымыз жетпей тұр. Бармай қалсақ қарсылас тары мыздың:
“Олар бізден қорықты”, – деген мазағына ұшы рай тынымыз
анық. Келсең қайтеді. Құдай біледі, сен доп тебе алатын

баласың. Мен біліп, сезіп тұрмын. Жүрексінбе. Жүр!” – деп
желпілдетті.
Мына сөзді естігенде делебем қозып, Боряның артынан
қалай ергенімді, ескі Верный бекінісінің маңайындағы Зем-

ляной вал иініне келіп, ондағы “Ястреб” көше командасы ның
балаларына не себеп тен қосылып кеткенімді өзім де сезбей
қал дым. Жə… Ойнап жүріп байқаймын, жиі-жиі алда нып
қала беретінім болмаса, басқалардан жыл дам дау сияқтымын.

Осы ұшқырлықпен қарсылас тар қақ пасы маңайына екі-үш
барып қайтқаным есімде. Ақ тер, көк тер боп шапқылап
жүрміз. Бірақ екі жақтан да есеп ашылар емес. Бір мезетте
өзіне бағытталған допты қағып алған “Казаки разбойни-

ки” командасы қақпашысының үс тіне зырқырай жүгіріп
келе жатқан үш-төрт бала екпіні мізді тоқтата алмаған күйі
апыр-топыр құлап түспесіміз бар ма. Міне, осы сəтте ешкім
күтпеген оқиға болды. Қақ пашы өзінің үстін басып қалған

балалардың астынан тырбаңдап шыға алмай жатыр. Ал оның
қолынан ұшып кеткен доп жерге құйымшағыммен құлаған
менің алдыма келіп топ ете түсті. Дереу тақымымды қыса
қойдым. Сөйттім де бұтымның арасындағы “тұтқындалған”

доппен бірге екі метрдей жердегі ашық қалған қақпаға
ышқына атылдым. Алаң у-шу. Қарсы жақ: “Екі аяқтың арасы-
на қыс тырып алып, қақпаға кіргізілген доп голға есеп телін-
бейді”, – деп өзеурейді. Біздікілер: “Жоқ. Қалай ойнасаң,

олай ойна, тек қолмен қағып кіргізілмеген доптан басқа-
ның бəрі голға жатқызылады”, – деп екіленеді. Кесімді сөзді
ойынға төрешілік етіп жүрген сол кездегі Алматы физкуль-
тура технику мының студенті, осы Кіші станица ның тумасы

бұйрабас орыс жігіті айтты. “Балалар, – деді ол, – футболда
қақпаға баспен соғып, кеудемен ите ріп кіргізілетін доптар да
бар ғой. Ал олар есепке алынғанда, екі аяқпен қысып алып
орындалған мына голдың не жазы ғы бар? Қайта бұл тапқыр-

лық. Сондықтан да көп сөзді қойып, ойынды алаң ортасынан
бастаңдар”, – деді төреші.
Əңгіменің тоқетері, сол күнгі ойын 1:0 есебімен біздің
пайдамызға шешілді. Жеңіске жеткізген жалғыз голдың

иесі менің болғаныма елден ерек қуанған Боря Калгановта
ес жоқ. Өйткені, сол ғой мені тауып, мұнда ертіп əкелген.
Сондықтан да аңқылдай келіп, арқамнан қағады. Құшақ-
тайды. Күле береді. Қойшы, содан не керек, қайтарымда

“Ястреб” командасының мүшелері мені қолдарына қақпа-
қылдай көтеріп отырып, үйге дейін əндете əкеліп салды.
Доп атты сиқырлы өнермен өз басым ең алғаш рет міне,
осылай танысып, табысқанмын, бауырым. Жоғарыдағы

оқиға бəлкім менің өмірбаянымдағы кездейсоқтық болар.
Мүмкін үлкен футбол əлеміне негіз қалаған алғашқы бас-
пал дақ шығар. Білмей мін… Білетінім, осыдан кейінгі көше,
мектеп, одан қалалық жарыстағы командалар арасындағы

бəсекелердің бəрінің менсіз өтпейтін болғандығы еді.

– Адамның ең бір бақытты кезі оның балалық шағы

ғой. Бұл уақытта ол көп ештеңені ойламайды, өмірді
кіршіксіз таза қалпында қабылдап, өзін қоршаған
ортадағы жағдаят тың бəрін мөлдір, пəк деп ұғады.
Жəне бір ғажабы, көбіміз есейе келе осы бергі өмірдегі

біраз жайларды жадымызға сақтай алмай, санамыздан
шығарып алып жатсақ та балалық шақтағы көрген-
білгенімізді ешуақытта, ешқашанда ұмыт пай тынды ғы-
мыз. Осы тұрғыдан алып қарағанда 50-ші жылдардың

ұланы сіздің есіңізде сол уақытта өшпестей боп жатта-
лып қалған қандай жəйт жəне өзіңізді таңғалдырған не
нəрсе еді деп ойлайсыз?

– Ондай нəрселер көп.., өте көп болды деп айта ала-

мын. Соның алғашқысы, мəселен, 1952 жылы Алматыдағы
өзім көзбен анық көрген ғажайып дер едім. 11-12 жастағы
кезіміз ғой. Құрдастарым Жəнібек Сауранбаев, Диас Ома-
ров бастаған бір топ бала мектептегі сабақтан кейін 28

панфиловшылар паркінің спорт алаңына келеміз. Сөйтеміз
де осындағы Октябрь Жарылға повтың волейболшылар
командасының тордан қиыс кеткен доптарын əкеліп бе-
руге қолғабыс тигіземіз. Сондай сəттердің бірінде кенет

менің көзім көрші алаңдағы өтіп жатқан баскетболшы-
лар бəсекесіне, олардың арасындағы бойы сұмдық ұзын,
денесі де өте зор жігітке түсті. Ол басқалар сияқты алаөкпе
боп көп жүгірмейді. Қарсыластар жағының шебіне өтіп

алып, ыңғайлы сəтті күтіп тұрады да қояды. Серіктерінің
ебін тауып өзіне қарай лақтырған добын көрсе, оны иілмей
не секірмей-ақ қағып алып, төменге үңілгендей кейіппен
шығыршыққа тастай салады. “Бұл кім?” дейміз аң-таң бо-

лып. Сөйтсек, ол бойы 2 метр 33 сантиметр Уəйіс Ақтаев де-
ген феномен екен. Кейін сұрастырып білсек, тұрқы жағынан
өте ерек бұл баскетболшы сол кездегі КСРО көлемінде
ғана емес, бүкіл əлемдегі ең биік ойыншының бірі екен. Ал

сол ғажайып жан – қайталанбас құбылыс иесін қазір кім
біледі? Ешкім де. Егер Алматының көнекөз тұрғындарынан
сұрастырып, архивтерден суретін іздестіріп тапса, сол Уəйіс
газетке жазатын жақсы-ақ тақырып болар еді, шіркін!

Бала кезімдегі екінші бір ұмытылмас оқиға ол – совет
футболының атасы деуге болатын ұлы адам – Николай Пе-
трович Старостинді көріп, əңгімесін тыңдауым дер едім.
1919-1936 жылдары Мəскеудің “Красная Пресня”, “Дукат”,

“Спартак” командаларында өнер көрсетіп, жанкүйерлердің
шексіз сүйіспеншілігіне бөленген, содан соң білгір бап-
кер атанған бұл кісі Ұлы Отан соғысынан кейін үкіметке
сенімсіз адам ретінде жер аударылып, 1951-1955 жылдары

Алматыда тұрды. Көзінде мұң болға нымен, шымыр денелі,
шалқақ кең кеуделі осы бір жан қасынан өтіп бара жатқан
кез келген адамның назарын өзіне аудартпай қоймайтын.
Сол кездері елулерді алқымдап қалған Николай Петрович-

тің итті өте жақсы көретінін байқайтынбыз. Күн сайын
кешкі лік тайыншадай ағылшын тұқымды ала төбетті же-
тектеген оны Коммунистік проспектідегі қазіргі Амангелді
ескерт кіші тұрған скверден жиі көруге болатын. Бір жолы

Нико лай Петровичті сырттай бақылап жүрген біздер қанша
жүрексінсек те батылымыз жетіп, атақты футболшыға
шұрқырай сəлем бергеніміз бар. Бұған қатты риза болған ол
кісі жөн сұрасып танысқан соң ал кеп əңгіме тиегін ағытты

дейсің. Аты аңызға айналған адамның сондағы бір ұлағатты
сөзі əлі есімде.

– Футбол адамды өзіне баурап тартатын эмоция лық əсері

мен қасиеті жағынан өнер əлеміне өте жақын нəрсе, – де-
ген Николай Петрович бізге ойлана қарап. – Көз алдарыңа
елестетіп көріңдерші, мықты актерлердің қимы лы, ми-
микасы сахнада ешқашан да екінші рет қайталанбай ды

ғой. Ендеше нағыз шебер, саңлақ ойыншы да, міне, со лай
болуға тиіс. Егер шабуылшының бір əдісі алаңда қай та лана
берсе, қарсыластары оны біліп алады да келесі сəтте сол
тəсілді өзіне кері қолданып, оның адымын аш тыр май қояды.

Сондықтан, балалар, футбол деген үнемі ізденістен тұратын
творчестволық өнер. Оған əманда жаңа шылдық тəн. Оны
аяқпен ғана емес, баспен де ойлап ойнай білу керек. Осыны
ұмытпағайсыңдар.

Қазір мен атақты футболшы Николай Старостин
жоғарыдағы ғажап, ойлы сөздерді оң-солымызды танып
үлгермеген біздерге неге айтты екен деп жиі ойға қаламын.
Иə, атағынан ат үркетін аяқдоп тарланының құйтақандай

балаларды ересектерге балап бүкпесіз əңгіме шертуінде
қандай сыр бар? Мүмкін сол кезде ол кісі басына іс түскен
қиын шақта өзі пана тапқан Қазақстанда, оның астанасы Ал-
матыда футбол атты құдіретті спорт түрінің көп кешікпей

дүркірей өркен жаятынына, ал жанында тұрған мына
қарасирақтар дың сол өнердің алғашқы қарлығаштары бола-
тынына сенген шығар. Иə, солай.

– Енді сіз бен біз мына сауалға жауап іздеп көрсек.

Егер Тимур Сегізбаев өзінің өмірлік мұраты – футболға
деген құштарлығын бастапқы, яғни алғашқы əңгімеде
айтылғандай кездейсоқ жағдайда ашып, таппаған болса,
онда ол тағы кім болуы мүмкін еді? Кейін есейіп, ақыл

тоқтатқан кезде осыны өзіңіз бір сəтке де болса есіңізге
алып, ой сарабына салып көрдіңіз бе?

– Жоқ, қалай болғанда да бəрібір мен бұл кəсіп тен

ешқайда кетпес едім. Ол дəлелдеуді қажет етпей тін шындық.
Əрине, егер сіз: “Жас кезіңізде бойыңыз дан тағы қандай
қабілеттің ұшқыны байқа лушы еді?” – деп сұрасаңыз,
онда бұл енді мүлде басқа əңгіме. Олай дейтінім, нендей

ерекшелігімді ескергенін білмеймін, 1954 жылы жетінші
класта оқып жүргенімде маған кинорежиссер Шəкен Айма-
новтың көзі түскені бар. Ол кезде “Қазақфильм” киносту-
диясы біздің №33 мектепке қарама-қарсы орналасқан бо-

латын. Комсомол жəне 8 март көшелерінің қиылысын дағы
оның кең ауласы доп қуған балалардан босамаушы еді. Бір
күні сол жерде жүрген мені Шəкен аға: “Міне, киноға қажет
бас кейіпкерді таптым!” – деп шап беріп ұстап алды да

ішке жетелей жөнелді. Ол кісінің айтуына қарағанда таяуда
“Қанатты сыйлық” атты фильм түсірілмек ші екен. Сондағы
бас кейіпкер – жас ұланның рөлін мен ойнауым керек бо-
лып шықты. Көп кешікпей оқиғасы биік шыңдағы жартасқа

салған бүркіттің ұясына қиындықпен өрмелеп шығып, одан
қыран балапанын алып түсетін құсбегінің баласы тура-
лы осы кинолентаға дайындық басталып кеп кетті дейсің.
Түрлі сынақтардың бəрінен өтіп, кино түсірілетін Тянь-

Шань тауларына енді аттанайық деп тұрғанымызда біздің
республикалық жасөспірімдер коман дасының Фрунзедегі
Бүкілодақтық жарысқа қаты саты ны туралы хабар келді. Ал-
дымда екі түрлі таңдау тұрды. Оның бірі кино да, екіншісі

– футбол. Мен соңғы жолды қаладым. Сөйттім де Фрунзе-

ге тартып тұрдым. Ал “Қанатты сыйлыққа” келсек, ондағы
маған бекітілген құсбегі баласы ның рөлін кластасым Аман
Əміреев ойнап шықты. Жəне ойнағанда қандай, өте жақсы
орындады деп батыл айта аламын.

Жастық шақтағы бойымда байқалған тағы бір қабілет ол
менің гимнастикаға деген бейімділігім еді. Мұны ең алғаш
көріп білген өзім оқитын №33 мектептегі дене тəрбиесінің
мұғалімі Сыздықов ағай болатын. Спорттың бұл түрімен ай-

налысуымды осы ұстазымнан да кем қаламаған кластасым
Олег Тен дер едім. Кейін КСРО спорт шебері, Қазақстанның
бірнеше дүркін чемпионы атанған атақты атлет ол бірде
өзіміз жаттығып жүрген Бəрібаев көшесіндегі физкульту-

ра техникумының спорт залында тұрып: “Міне, көрдің бе?

– деді. – Мен турникте “күн” жасауды жарты жылда əзер

үйрендім. Ал сен болсаң, Тимур, мұны екі жаттығудан
соң-ақ меңгеріп кеттің. Білесің бе, сенен өте күшті гимнаст
шығады!”
Турниктің белтемірін қос қолыңмен ұстап тұрып, бар

денеңмен бүкіл кеңістікте қалықтай шыр айналатын “күн”
əдісін жасау оңай емес. Ол от алған ұшақтың пропеллері
сияқты зырылдаған тынымсыз қимыл. Міне сондай сəтте
саусақтарың сəл сусып кетсе.., біткенің. Жазым боласың.

Екінші разрядты гимнастар ғана орындай алатын осындай
жаттығуды сегізінші класс оқушысы менің бірден меңгеріп
кетуім көп ұзамай физкультура техникумы оқытушылары-
ның құлағына да жетіпті. Спорт залына іздеп келіп қи-

мылымды көрген мамандардың ішінен жата кеп жабысқан
жанның бірі Жəнібек Қуанышбаев атты оқытушы бол-
ды (бұл кісі атақты актер Қаллеке – Қалибек Қуанышбаев
ағамыздың ұлы еді. Ол спорттық гимнастикадан қазақ

жастары ның арасынан шыққан алғашқы КСРО спорт
шебері-тін. 60-шы жылдары жоғары оқу орны болып қайта
құрылған Қазақ физкультура институтында жемісті жұмыс
істеп, кейін Мəскеуге ауысты. Сонда педагогика ғылымда-

рының кандидаты атағын алып, зейнетке шықты). Міне,
сол Жəнібек аға менің əрбір жаттығуыма ерінбей келіп
көріп жүріп, бір айдан кейін: “Жақсы гимнаст боласың, Ти-
мур. Əрі кетсе екі жылда спорт шебері атанбасаң қолыңды

əкел!” – деді. Алайда мен бұл салаға да түкпілікті бет бұра
алмадым. Оған “кінəлі” тағы да өзім мүшесі болып табы-
латын республикалық жасөспірімдер команда сының 1956-
1958 жылдардағы Орта Азия мен Прибалтика елдерінде

өткізілген футбол турнирлері еді. Қысқасын айтқанда, қол
босамады. Уақыт жетпеді. Сөйтіп…

– Түсінікті. Енді біз əңгімемізді атақты “Қайрат”

командасына қарай бұрсақ. Бұл ұжымның 50-60-шы
жылдардағы жағдайы қандай еді? Сіз оған қашан, қалай
қабылдандыңыз?

– Əу баста “Алматы” деп құрылып, одан кейін “Ди-

намо” атауына ие болған бұл команда 1932-1953 жылдар
аралығында аймақтық, Бүкілодақтық футбол чемпионатта-
рында ала-құла ойнап жүрді. Оның 1954 жылғы “Локомо-
тив”, 1955 жылғы “Урожай” деген аттары да ел есінде шығар

деп ойлаймын. Сөйткен кəсіби ұжым 1956 жылы “Қайрат”
атты қуатты сөзді иеленіп, еліміздің “Б” класындағы азулы
коман далардың қатарынан көріне бастады. Оның бұлайша
тез күшеюі республикалық физкультура жəне спорт ко-

митетіне төраға болып Кəркен Ахметовтің келіп, ұжым
құрамын талантты жастармен толықтыруға ерек ше назар
аударуымен тығыз байланысты болатын.

– Жасырмай айтыңызшы, команданың сол кездегі

ұлттық құрамы қандай еді?

– Бəрі дерлік славян тектестер болатын.

– Сонда сіз негізгі құрамға алынған 1960 жылға дейін

“Қайратта” бірде-бір қазақ жігіті ойнамаған ба?

– Неге ойнамасын. Ойнаған. Тарих үшін айтайын, 50-

ші жылдардың өн бойында мұнда Болат Ищанов, Болат
Бисопанов, Кеңес Төлемісов жəне Болат Артықов секілді
қандастарымыз болған. Бірақ 1958 жылы мен аталмыш

команданың қосалқы құрамына алғаш рет дайындыққа шақырылғанымда, олардың жасы келіп “Қайратпен” қоштаса бастаған екен. Ал 1960 жылы командаға негізгі ойыншы болып келгенімде, осындағы 22 жігіттің ішіндегі жалғыз қазақ болғаным жəне рас. Кейін ғой, Диас Омаров пен Сайлаубек Есімбековтің қатарға қосылып, қандаста рымыздың қарасын көбейткені. Жə… Əңгіме тақырыбынан сəл ауытқып кеттік-ау деймін… Ойымды қайта сабақтайын. Жалпы менің “Қайратқа” алынуыма ерекше еңбек сіңірген адам ол республикалық физкультура жəне спорт комитетінің төрағасы Кəркен аға Ахме тов. Міне, сол кісі кейін естіп білуімше команда басшы ларының бұлталақтаған бюрократтық сылтауларының бəрінің басына су құяды да, оларды құлақтарынан басып оты рып көндіріп, физкультура институтының ректо ры Хамза Мұхамеджановтан 2-ші курста оқып жүрген мені сабаққа еркін қатыстыру тəртібі арқылы “Қайратқа” жіберілуімді өтінеді. Хамза ағай ғажап адам еді. Ақылын айтып, сəт сапар тілей шығарып салды. Команданың жат тығу базасына қарай тартайын. Мұнда келсем, өзім бұрыннан білетін Сергей Квочкиннен басқасының бəрі бейтаныс адам дар. Олар: Красноярскіден шақырылған Олег Маль цев, Ангарскіден келген Вадим Степанов, бар наулдық Станислав Каминский, свердловскілік Владимир Скулкин жəне басқалар екен. Тез танысып, достасып кеттік. Сөйттік те жан алып, жан беріскен жаттығуға кірістік. Сол жылы “Қайрат” “А” класының бірінші тобында өнер көрсететін болды. Бұл тек біздер ғана емес, республи камыздағы мыңдаған жанкүйерлер үшін де үлкен қуаныш еді. Алғашқы матчты сырт алаңда, Ленинградтың “Адмиралтеец” командасымен өткізіп, 0:0 есебімен тең түстік те, 12 мамыр күні “Бела русьпен” кездесу үшін Минскіге келдік. Бұл менің негізгі құраммен алаңға тұңғыш шығуым болатын. Жүрек лүп-лүп соғады. Кеудемде: “Шіркін-ай, осы ойында гол соғып, менен көп үміт күткен мықты қазақ Кəркен Ахметов ағаны бір қуантсам”, – деген ақ адал арман бар. ажабы сол, Құдай адамның шын ниетпен тілеген тілеуін береді екен. Олай дейтінім, мен осы матчта гол соқтым. Біреу емес… Екеу! Ойын аяқталғанда байқағаным, қарсыластардың қақпашысы Денисенко маған қайта-қайта қарап, басын шайқай береді. Шамасы өзі жіберіп алған қос допты елеусіздеу ғана жүрген мына кішкентай “монголоидтың” соққанына сенбейтін сияқты. Ал менің көз алдыма сол сəтте мүлде басқа нəрсе келді. Ол осыдан тура 11 жыл бұрынғы жағдай: Алматы… Ескі Верный бекінісіндегі алаң… “Ястреб” пен “Ка заки разбойники” көше командаларының кездесуі… Сондағы мен соққан тұңғыш гол… Енді, міне, атақты “Қайраттың” сапында алаңға алғаш рет шығып, тағы да алғашқы доптың иесі атанып тұрмын. Қандай ұқсастық десеңізші! Ұқсастық болғанда да өте керемет, көп қайталана бермейтін ғажап ұқсастық. – Тимур аға, білесіз бе, кезінде жұрт аузында сіздің осы “Қайратта” ойнап жүрген кезіңізден қалған ертегіге бергісіз екі əңгіме болды. Оның біріншісі, біздің команданың Мəскеудің азуын айға білеген атақты “Спартагын” өз алаңында бет қаратпай жеңудегі ерен еңбегіңіз. Ал, екіншісі.., иə, екіншісі: “Тимур Сегізбаевтың аяқ күшінің тегеуріні сұмдық екен. Егер ол допты оң аяғымен тебетін болса, қарсы алдындағы қорғаушы, не қақпашы тіл тартпай кетуі кəдік дейді. Сондықтан төрешілер оның бұл аяғымен гол соғуына рұқсат жоқ деп оған қызыл шүберек байлап қояды екен де допты тек сол аяғымен тепкізеді-міс”, – деген сол кездегі Алматы ға барып келген ауыл адамдары арасындағы аңыз. Қазір біз, əрине, мұның ел, халық сүйіспеншілігінен туған əсірелеу екенін жақсы білеміз. Десек те… – Ойыңызды түсіндім. Алдымен “Спартак” туралы айтайын. Ол – шындық. Оқиға 1964 жылғы 6 қыркүйекте болды. Соның алдында, яғни бұдан бес ай шамасы бұрын біз олардан өз алаңымызда 1:0 есебімен жеңіліп қалғанбыз. Ол кезде “Спартактың” құрамында КСРО құрама командасының белді мүшелері Игорь Нетто, Николай Осянин, алымжан Хұсайынов сияқты атақты футболшылар ойнайтын дықтан бұл ұжым “Қайратқа” оңай шағылатын жаңғақ емес-ті. Оның үстіне қарсыластарымыз бізді өз алаңында қабылдап отыр ғой. Бірақ соған қарамастан матч алдында менің бойымда өзім түсінбеген бір желпініс пайда болды. Байқаймын,

ойын кезінде де қимылым өте жеңіл. Алдымда алынбайтын
қамал, аспайтын асу жоқ сияқты. Алаңда қанша жүгірсем де
шаршау дегенді білмеймін. Қарсыластарыммен бетпе-бет
келген жеке бəсекелерде де мерейім үстем, олардан допты

оп-оңай алдап алып кетіп, “Спартак” ойыншыларын жиі-жиі
жер соқтырамын.
Обалы не керек, қорғаныста менімен бірге жүр ген
Леонид Остроушко мен Станислав Каминский де матч

басталғаннан-ақ жандарын сала қимылдады. Тізе қосып
серіктескен біз жиі-жиі айып алаңына өтіп, алдымыздағы
Анатолий Ченцов пен Сергей Квочкинге қайта-қайта пас
береміз. Бірақ олардың тепкен доптары бірде бағанаға тисе,

екіншісінде қақпаны жанап қана өтіп, жүйкемізді əбден жүн
қылды. Ашуға ерік берсең, өзіңе зиян. Сондықтан шыдау ке-
рек, басқа амалды қарастыру қажет.
Бір мезетте байқадым, “Спартактың” қақпасында тұрған

Владимир Лисицын алаңның ортасындағы шабуылдың
қара жұмысын атқарып жүрген менен онша қауіп күтпей-
тін сияқты əсер қалдырды. Осыны сезген мен енді қулыққа
көштім. Аяғыма доп тиген бір мезетте сол қанаттағы Сер-

гей Квочкин жаққа алаңдай бердім. Ол да менен пас дəмет-
кендей сыңай танытып, жанындағы қорғаушылардан қаш-
ты-ай дейсің. Ал менің бар назарым Лисицында. Қақпашы
мені Сергейге доп тастайды деп ойлады ма, сол қанатқа

қарай үш-төрт қадам жасағанда, оң жақ бұрыш ашық қалды.
Қатты соқтым. Зымыраған доп тордан бір-ақ шықты. Ста-
дион дүр ете түсті. Қуанғанымнан жерге отыра кеттім.
Жүгіріп жеткен достарым арқамнан бір-бір қағып, жаным-

нан ойқастай өтіп жатыр. Трибунада ысқырық… Айқай-шу
құлақты тұндырады.
Бірінші тайм осымен бітті. Үзілістен соң мен шабуылшы
Сергей Квочкиннің орнына алғы шепке шықтым. Қорға-

нысымыздан саңлау таппақшы болған алаң иелері енді аяқ-
тарына доп тисе болды, бір-біріне өте дəл пас беріп өлер-
мендікпен алға ұмты лады дейсің. Бірақ сол жылдары спорт
маман дарының арасында “Қайраттың” бетоны” деп ата лып

кеткен Вадим Степанов бастаған жігіттеріміздің тасқа-
мал қорғанысы “Спартак” сайыпқырандарына былқ ет педі.
Алғы шептегі біз де допты іліп алсақ болды, шұғыл қар сы
шабуылға шығамыз. Міне, Квочкин емпеңдеп алға ұм тыл ды.

Қапталдасқан екі ойыншыны жер соқтыра сыты лып шықты
да Каминскийге қарай пас тастады. Ол көп күттірген жоқ,
жан-жағын тез шолып өтті де допты ортаға қарай ойқастай
берген маған заулатты. Қарсы ұмтылған қорғаушыдан қас-

қағым сəтке ғана бұрын жеткен мен оны тоқтамастан бірден
қатты тептім. Өз ойыншыларының тасасынан қимылымды
байқай алмаған қақпашы тағы да қапы қалды. Гол! 2:0!!!
Матч аяқталған күннің ертеңінде сол кездері одаққа 7 мил-

лион данамен тарайтын “Комсомоль ская правда” газетінде
“Тимур жəне оның команда сы”, ал республикадағы тиражы
160 мыңдық “Ленин шіл жаста” “Бəрекелді!” деген мақала-
лар шыққаны есімде. Оларда айдарынан жел ескен “Спар-

такты” “Қайраттың” жеңгені туралы əдемі талдау жасалып,
қос голдың авторы мен жөнінде де жылы, жақсы пікірлер
айтылған болатын.
Ал енді: “Футболшы Тимур Сегізбаевтың аяқ күшінің

тегеуріні сұмдық екен. Сондықтан төрешілер оның оң аяғын
“тұтқындап”, голды тек сол аяғымен соғуға рұқсат беріпті-
міс”, деген сөзге келсек, мəселе былай. Бұл – алыпқашпа
сөз. Ойдан шығарылған аңыз. Бəрі керісінше дер едім.

Яғни, менің ол кездегі аяқ күшімнің соққысы орташа еді
де жылдамдығым өте жоғары-тын. Олай болатын себебі
де бар. Доп соққандағы тегеурінділік адам аяғының үлкен-
кішілігіне байланысты. Түсінбедіңіз бе? Мысал келтіре

отырып айтайын. Жалпы сол кездегі одақ футболшылары
арасындағы аяқ қуаты жағынан ерекше ойыншылар “Қай-
раттағы” Вадим Степанов пен “Пахтакордағы” Геннадий
Красницкий еді. Себебі, олардың біреуі 43, екіншісі 44

размерлі бутсы киетін. Ал менің аяқ киімімнің өлшемі 39-
дан асқан емес. Жоғарыдағыдай алып размерлі аяқпен доп
тепкен Вадим Степанов соққысының ғаламаттығы жанын-
да біздікі не тəйірі. Қарсыластарымыздың қақпасына 40-45

метр жерден қиналмай гол салған оның екі əрекеті əлі күнге
дейін көз алдымда. Мамандар: “Вадимнің тепкен добының
алғашқы ұшу қуаты 600-650 кг/күшке тең келуші еді”, деп
тамсанады. Футболдағы аяқ қуатының тегеурін ділігі деп,

міне, осыны айт!

– “Қайратта” қанша уақыт ойнадыңыз?

– Артық-кемі жоқ 11 жыл. – Сол кездерде өзіңізге өзіңіз керемет риза болған, содан соң.., иə, содан соң қатты бір өкінген кезіңіз болды ма? – Əрине. Еліміздің бас командасы сапына қосылғаннан бастап кеудемде: “Шіркін, атақты Лев Яшин қорғаған қақпаға гол салсам!..” – деген бір арманның бүр жарғаны бар. Келе-келе ол ойымды да орындадым. Бұл 1966 жылы болған еді. Алматының орталық стадионындағы қасқағым сəттік сол оқиға жанкүйерлердің есінде қалған, иə, қалмаған да шығар. Өйткені, ол гол есепке алынбаған-тын. Оны енді төрешілердің арына қалды райық та, 1967 жылғы матчқа назар ауда райық. Біздің команданың “Динамомен” осы кездесуінде Лев Яшин үнемі дегбірсізденумен жүрді. Бақылап, аңдығаны мен еді десем, артық айтқандығым емес. Екінші таймның орта тұсында қарсыластарымыздың қорғаушысы біздің шабуылшыны аяқтан шалып құлатты. 18 метрлік айып алаңындағы допты мен соғатын болдым. Осы кезде атақты қақпашының шыр-пыры шықпасы бар ма?! Дайындалып жатқанымда əркімге бір бұйрық беріп жүрген оның: “С этим парнем не шути. Ставьте стенку!” – деген сөзін естіп қалдым. Осы əсер етті ме, жоқ кеудемдегі баяғы арманнан қалған құштарлық па білмеймін, əйтеуір допты дүлейлене кеп дүңк еткізейін. Атақты қақпашы “тоғыздықты” көздеген менің бұл соққымды қайқайып барып əрең қайтарды. Қайтарғаны бар болсын, басын қақпаның белағашына сақ еткізіп соғып алды да жерге ес-түссіз сұлап түсті. Бір минөт бойы үнсіз жатып қалған оның мына дəрменсіз түрін көр ген мен сол сəтте оған гол соқпасам да соққандай ерек ше əсер алғаным бар. Ал өкінішке байланысты сауалыңызға келсек, оған жеке басыма емес, “Қайрат” командасына қатысты бір жəйтпен жауап қайтарайын. 60-шы жылдардың басында Алматыға: “Орал қаласында алымжан Хұсайынов атты керемет футболшы бар екен. Назар аударып, қамқорлық көрсетсе, одан жақсы ойыншы шығайын деп тұр”, – деген хабар жетті. Мұны естіген біздің футбол федерациясы ның басшылары: “Барып көріңдер. Ұнатсаңдар “Қайратқа” алып келіңдер”, – деп бір нұсқаушы ны іссапарға жіберді. Бірақ ол көп кешік пей: “Ой, денесі тым əлжуаз екен. Бойы 134 санти метр, салмағы 64 килограмм одан дұрыс ойыншы шық пайды”, – деп қайтып келді. Сол алымжан кейін кім болды дейсіз ғой. Біздің барған нұсқау шыдан соң іле-шала Мəскеуден Оралға тағы бір маман жетеді. Сөйтеді де жас ойыншының тегін адам емес екенін байқап, атақты “Спар такқа” алып кетеді. Көзіміз көрді, аталмыш командада алды мен қорғаушы, одан кейін жартылай қорғау шы болып ойнап жүрген ол бертін келе Николай Осянинмен бірге шабуыл шебіне шықты. Сол кездері мəскеулік жанкүйер лердің “Спартак” командасын қағылез əрі өте ұшқыр а лымжан Хұ сайыновсыз көзге елестетуі мүмкін емес бола тын. Бəрінен де бұрын оның 1966 жылғы Англияда өткен VІІІ əлем чемпионатындағы КСРО футбол құрамасы сапын да өнер көрсеткенін айтсаңызшы. Сонда ғой оның атақты Италия құрамасындағы тұяғымен жер тарпыған тұлпар талант Мацолла ның адымын аштырмай қойып, осы матч тағды рын шешкен жалғыз доптың авторы атанатыны. Мұны еске алып отырғанымның өзіндік себебі бар. Өйт кені, алымжанның сол алтын голының арқасында ғана КСРО құрамасы əлемдік чемпио наттағы жартылай финалға иек артқан болатын. Сөйткен алымжан “Спартакта” өте ұзақ ойнап, жасыл алаңмен 34 жасында (футболшылар үшін бұл өте үлкен жас мөлшері) əрең қоштасты. Бір журналист одан: “Футболшы болу үшін оған қажет ең басты қасиет не деп ойлайсыз?” – дегенде ол: “Өзің ойнап жүрген команданың еңбек торысы болу”, – деп жауап бергені есімде. Бұл сөз кім-кімге де болсын: “Жалықпай еңбек ету керек”, – деген ді ұқтырары анық. Менің өкінішім – кезінде біздің осын дай тамаша ойыншыдан айырылып қалғанымыз. Егер Оралға барған маман алымжан Хұсайыновты тəуекел деп Алматыға алып келгенде, 60-70-ші жылдардағы “Қайрат тың” шығар тауы биік болар ма еді, қайтер еді?.. Өмірдегі бір өкінішім осы. – Өзіңізбен қазір əңгімелесіп отырғанда менің көз алдыма мынадай көрініс елес беріп өтті. Алматы. 1970 жыл. 9 мамыр. Орталық стадион. Сол күні КазГу-дің 1-ші курс студенті біздер төбеміздегі сіркірей жауған жаңбырдан бұға түсіп, сіздің “Қайратпен” қоштасу матчыңыз – жасыл алаңдағы соңғы ойыныңызды көріп отырған едік.

Сіз сонда үлкен футболдан неге кеттіңіз? Тым ерте емес пе еді? – Бəрі де денсаулыққа байланысты болды. 1967 жылдан бастап құяң (радикулит) деген пəле жабысып, мазалайтынды шығарды. Бертін келе тіпті жаттығу алаңының өзіне əрең барып жүрдім. Ақыры 1970 жылдың басында: “Футболды қоюым керек”, – деген берік шешімге келдім. Мұны естігенде бас бапкеріміз Севидов қатты қиналды. Бірақ көндірдім. Сөйттім де сол жылғы 9 мамырда соңғы рет алаңға шықтым. Ол өзіміздің “Қайрат” пен Бакудің “Нефтчиі” арасындағы матч еді. Онда мен көп ойнаған жоқпын. Алаңда 15 минөт болдым да, 10-шы нөмірлі жейдемді шабуылшы Чеботаровке шешіп беріп, туннельдегі гардеробқа кіріп кеттім. Бұл менің 29 жастағы кезім еді. – Содан кейін сіз бапкерлік жұмысқа ауысып, алдымен Қызылорданың “Мелиоратор”, содан кейін Қарағандының “Шахтер” командалары ойын шыларын жаттықтырдыңыз. Ал 80-ші жылдардың басында Иемен Халық Демократиялық Республи касына аттандыңыз. Осылардың ішінде өзіңіз сол футбол командаларының қайсысында жақсы қолтаңба қалдыра алдым деп ойлайсыз? – Иемен астанасы Аден қаласындағы күндерім… Оны еш уақытта да ұмытпаймын! Ол жерде мен өзімді нағыз бапкер ретінде сезінген жағдайым бар. Соның нəтижесінде бұл елге өте жақсы футбол командасын жасақтап бердім. Оған қоса халықаралық стандартқа сай келетін стадион мен ондағы футбол алаңының өмірге келуіне бар күш-жігерімді жұмсадым. Сол жасыл алаңды иемендіктер мен кеткен 22 жылдан бері əлі пайдаланып келеді екен. Оны Аденнен Алматыға келген спорт делегациясының басшысы бұрнағы жылғы бір кездесуде ризашылықпен атап айтқаны бар. Тимур Сегізбаев… Көпті көрген, еліміз өміріндегі біраз оқиғаның куəгері болған ағамызға сұрақ қоя берсең, талай сырға қанығарыңыз анық. Мəселен, оның кезінде КСРО құрама командасына қабылданбай қалуының өзі бір тарих. Кинорежиссер Шəкен Аймановтың “Тақиялы періште” фильміндегі “Қайрат” пен “Пахтакор” командалары матчын бейнелейтін эпизодқа түсуі өзінше қызық оқиға. Футбол тəңірісі Пелемен жүздесуі де жеке əңгіме. Ал қазіргі қоғам, бүгінгі отандық футбол туралы ойлары ше? Олар да салмақты, салиқалы пікірлерге толы пайымдаулар. Газет көлемі көтермегендіктен бұлардың бəрін бір сұхбатқа сыйғыза алмадық, құрметті оқырман. Əу бастағы ойымыз: “Бір кездегі саңлақ футболшы Тимур Сегізбаев қайда, не істеп жүр?” – деп іздеу салып, жағдайын білу еді. Жүздесіп, сырласа келе жоғарыдағыдай əңгіменің куəсі болдық. Байқап қарасақ, осылардың өзі кім-кімді де болсын бейжай қалдырмас өмір суреттері сияқты. Ал бүгінгі сұхбатқа кірмей, сыймай қалған детальдар мен штрихтар келесі бір мақаланың арқауы болмақ. 2006 жыл.

АРМИЯ ГЕНЕРАЛЫ

Сағадат Нұрмағамбетов! Ұлы Отан соғысы
басталғанда ол 17-дегі бозбала-тын. Көп кешікпей
əскер
қатарына

алынып,
1942-1943
жылдар
аралығында Бірінші Түркістан əскери училищесінде

оқыды. Содан соң майданға аттанған жас лей-
тенант
алғашында
пуле метшілер

взводын
басқар ды. Рота, батальон командирі болып Ку-
баньды, Украинаны, Молдавияны, Батыс Белорус-
сияны, сондай-ақ Польшаны азат етуге қатысты.

Сұрапыл соғысты Берлинде аяқтар кезде оған
Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сол кезде
ол небəрі 21 жаста ғана болатын. Ұлы Жеңістен
кейін М.В.Фрунзе атындағы Əскери академия-

ны бітіріп, Түркістан əскери округінің штабын-
да жұмыс істеді. Қазақтан шыққан алғашқы
жоғары білімді офицер кадры ретінде полк, диви-
зияны басқарды. Содан соң Қазақ КСР Азаматтық

қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия əскери
округі қолбасшысының орынбасары жəне Оңтүстік
əскер тобы қолбасшысының бірінші орынбасары
міндеттерін абыроймен атқарып, республикалық

соғыс жəне еңбек Ардагерлері кеңесінің жұмысына
біліктілікпен басшылық етті. Ал еліміз егемендік
алып, тəуелсіздікке қол жеткен ақжарылқап
кезеңде ше? Тұңғыш Қорғаныс министрі болды.

Қандастарымыздың арасындағы арғы-бергі заман-
дарда қол жетпеген ең жоғарғы əскери атақ – ар-
мия генералы шенін алды. Тəуелсіз Қазақ елінің бас
марапат белгісі – Халық Қаһарманы атанды.

Мен бұл кісімен үш рет кездесіп сұхбаттасқаным
бар. Бірінші жүздесу “Лениншіл жас” газетінде
жұмыс істеп жүргенімде, екінші кездесу “Қазақстан

коммунисі” журналында қызмет атқарған кезімде
болған еді. Ал асыл ағамен үшінші рет жолығып
əңгімелесуім тəуелсіздіктің 15 жылдығымен тұс-
па-тұс келді. Төменде сол сұхбаттарды сіздер-

ге ұсынып отырмын, құрметті оқырман қауым.
Оқыңыздар,
көріңіздер.
Көңілдеріңізден

шығып
жатса, алдымызға қойған мақсатымыздың орын-
дал ғаны деп білеміз.

БІРІНШІ ƏҢГІМЕ

(1980 жыл, 15 январь. Орта Азия əскери округінің штабы)

– Балалық шағыңыз қалай өтті, аға?

– Мен Ақмола облысының Алексеевка ауданындағы

Қосым ауылында, казақтың ескі жыл санауы бойынша
сиыр жылы дүниеге келіппін. Əкем Қожахмет есімді білер-
білместе көз жұмғандықтан ол кісінің кескін-келбетінің
қандай болғандығын көз алдыма анық елестете алмай-

мын. Ал анам Айса есімде. Ол біздің қыстауымыздан 10-15
шақырым ғана жерде орналасқан Қозған ауылының қызы
еді. Анам жаздыгүні тезек теруге шыққанда етегіне жарма-
сып, жанынан екі елі қалмайтынмын. Сондағы оның жүріс-

тұрысын, айтқан əңгімелері мен маған мейірлене қарайтын
аққұба жүзін күні бүгінге дейін ұмытқаным жоқ.

– Сен туғанда əкең қатты қуанып еді, – дейтін шешем

күрсініп. – Ат ұстарым, артымда қалар ұлым болды деп оты-
ратын.
Осындай аялы алақан иесі ғазиз анамнан мен сегіз жа-
сымда айырылдым. Ол кісі 1932 жылғы қалың елді қынадай

қырған ашаршылықта көз жұмды. Шешем қайтыс болғаннан
кейінгі менің панам да, асырап сақтаушым да үлкен ағайым
Сағит еді. Мені жетімсіретпей əке орнына əке, ана орнына
ана бола білген де міне, сол кісі. Бұл – бір.

Екінші айтайын дегенім – балалық шақ дегеннен соң ойға
оралады, біздің Қосым ауылының қазақтары ескі өлең-жыр
мен қисса-дастандарды көп білуші еді. Солардың ішінде
əсіресе Əлжан деген қарт есімде ерекше қалып қойыпты. Ол

тек Қобыланды, Ер Тарғын сияқты эпостық дастандарды ғана
айтып қоймай, осы өңірдегі елді жат жерлік жаудан қорғаған
Ер Қосай, Баян есімді батырлар туралы тарихи жырларды
жатқа соққанда алдына жан салмайтын. Бір ғажабы: “Біреуі

сол ерлердің батыр Баян, Баянның батырлығы халқына аян”,

– деп басталатын дастандағы біздің жасақтарымыздың қай-

қайсысы да жеңілмей, жекпе-жек ұрыста жауынан мерейі
үстем түсіп отыратын. Ал енді олардан кейін шыққан Есет,
Ағыбай сияқты батырлар жеті-сегіз жыл шайқасқаннан кейін
өздері де, əскерлері де қан жоса болып жеңіліп жататын.

Жырдағы оқиғаның бұлай біткеніне біз балалар ызаланып,
қатты намыстанатынбыз. Сөйтетінбіз де Əлжан қарттан:
“Бұлар неге жеңіле береді. Ал анау Ер Қосай мен Баяндай
неге болмайды?” – деп сұрайтынбыз. Сонда ол кісі: “Е-е,

қарақтарым-ай... Бұлардың кезінде мылтық, оқ, отты доп де-
ген пəле шығып кетті ғой. Қорғасындай құмалақтан батыр
да, бала да өліп жатады. Ақ найза мен қылыштың заманы
өткен. Енді алыстан келген бір темір құмалақ құртады да

кетеді. Мылтық пен зеңбірек қай жақта көп болса, өктемдік
те сол жақта”, – деп жауап беретін. Жалпы мен өз басым
“винтовка”, “пулемет”, “револьвер” деген əскери қарулардың
аттарын тұңғыш рет сол Əлжан қарттың аузынан естідім-ау

деп ойлаймын.
Балалық шақтағы тағы бір өмір суреті есімде. Ол біздің
Қосым өңірінің жазы самалды, ал қысы аязды, боранды бо-
лып келетін ауа райы еді. Оның қатал қысын қазір де сүйемін.

Неге десеңіз не күз емес, не көктем емес, жауған қары жылым-
сырап еріп жататын қыс көңіліме онша қонбайды. Қыстың
өзі ер азамат мінездес қайратты, ширақ, бірқалыпты болып
келгені абзал. Менің туған жерімнің қысы міне, осындай

еді. Атамекен ауа райының осы бір көрінісі кешегі Ұлы Отан
соғысы майданының Оңтүстік Украина, Батыс Белоруссия,
Польша сияқты жерлеріндегі көксоқта қарлы, тұманды, ми-
батпақ жолдарында сан рет көз алдыма елестегені бар.

– Жас кезіңізде кім болуды армандаған едіңіз?

Сондағы қиялдаған мамандығыңыз қазіргі кəсібіңізбен
үйлесім тапты деп ойлайсыз ба?

– Жоқ. Мектеп қабырғасында жүргенде мен география

пəнінің мұғалімі болуды армандайтынмын. Бұған деген
ынтызарлығымды ұстазым Клавдия Ивановна Белецкая

оятқан еді. Сол кездері біздерге, 7-8 класс оқушыларына
осы пəннен сабақ берген ол кісі мектептегі жалғыз көрнекі
құрал – ұстай-ұстай ақжемденіп кеткен құрлықтар глобу сын
шыр айналдыра отырып, Магеллан, Миклухо-Маклай, Пре-

жевальский саяхаттарын сөз етіп, қиял құсын Европа, Азия
елдеріне ұшырғанда: “Шіркін, сол жерлерге барар ма еді,
көрер ме еді?” – деп ойлайтынмын. Балаң кезде бүр жарған
арманның бірі – Европаны көруін көрдім. Бірақ мен ол жер-

ге саяхатшы, географ емес, екінші дүниежүзілік соғыстағы
азаттық армиясының солдаты болып бардым.

– Өзіңіздің өміріңізде үлкен сын болған Ұлы Отан

соғысын, оның басталғанын қалай, қашан естідіңіз? Сол
күн, сол сəт есіңізде ме?

– Неге есімде болмасын, бəрі де көз алдымда ғой.

Маусымның 22-і жексенбі еді. Мен соның алдында бір
апта бұрын Алексеевкадан Ақмолаға саяси ағарту жұмысы
қызметкерлерінің 3 айлық курсына оқуға келген болатын-
мын. “Бүгін күн жексенбі ғой, жайырақ тұрайық” деген

оймен жайбарақат жатқанымызда, жатақхана бөлмелерінің
есігін дүрсілдете қаққан мұғалімдердің даусы естілді.
Олар: “Соғыс басталды. Алаңға жиналыңдар, митинг бо-
лады” деген хабар айтты. Көшедегі репродуктор төңірегіне

топталған адамдарды көріп, соларға қарай беттедік. Одан
түске жақындаған мезгілде: “Бүгін таңғы сағат 4-те...”, –
деп басталған суық хабарды естігенде ел де, жер де ауыр
күрсінгендей болды. Оқуымыз жайына қалды. Бəріміз ат-

арбаларымызға үрпиісе мініп, ауылға қарай бет алдық. Үйге
келсем ағам Сағитқа əскери комиссариаттан шақыру қағазы
да келіп үлгеріпті. Содан қойшы, айналасы бір аптаның
ішінде ер-азаматтың бəрі майданға аттанды. Ал күзге қарай,

иə, күзге қарай біздің колхозға алғашқы “қара қағаздар” де
келе бастады. Мұндай ауыр жағдайды көргеннен кейін мен
майданға жіберуді өтініп, əскери комиссариатқа екі рет арыз
бердім. Бірақ олардан ешқандай жауап болмады. Ақыры

1942 жылдың жазында құлын-тайдай бірге өскен құрдасым
Орынбай Қашықов пен маған шақыру қағазы қатар келді.
Жолға тез жиналдық. Тез жиналмайтындай нем бар, артым-
да қарайлайтындай əке де, шеше де жоқ емес пе? Жолға мені

1941 жылдың күзінде Псков түбінде хабар-ошарсыз кеткен
Сағит ағамның үйіндегі жеңгем жылап-сықтап шығарып
салды. Бұл маған да, ол кісіге де өте ауыр тиді. Сол əлі
есімде.

– Ұлы Отан соғысының 1418 күнге созылғаны

бəрімізге жақсы мəлім. Осы уақыт ішіндегі сіздің
өміріңіздегі ең ауыр, ең мазасыз, ең бақытты үш сəт деп
қандай жəйттерді айтар едіңіз?

– Бұл дүниеде не ауыр десек, ол өзің қаламаған нəрсені

көзбен көрген ауыр екен. Мəселен, жан алып, жан беріскен
шайқастан соң жауды бір адым болса да ары жылжыттық-
ау деген қуанышпен əрбір елді мекенге ентелей жетіп кел-
генде көп ретте төбеден ұрғандай тұрып қалатынсың. Көз

алдыңда жүректі сыздатар сурет: діңінен қақ айырылған
ағаштар... терезесі үңірейген үйлер... желден ысқырық
тартқан мұржалар шалынар еді. Міне, мен үшін осыларды
көру соғыстағы ең ауыр сəттер болды.

Жоғарыдағы қойылған сұрағыңның екіншісіне келер
болсақ, сол уақыттардың ішіндегі көбірек мазасызданған
кезім деп мынаны айтар едім. Ол біздің 301-атқыштар ди-
визиясы (бұған 1052-полк, соның ішінде мен басқаратын

2-батальон де кіретін) жауынгерлерінің 1943 жылдың ма-
мырынан 1945 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта Кубань-
Днепр-Молдавия-Польша жерлерін басқын шылар дан азат
ете отырып, ескі герман шекарасы Мангушев плацдармы-

на иек артқан шақ. Готикалық стильмен салынған неміс
қалашығы Кюстринді көргенде жүрек шіркін соғыстың
аяқталуына аз қалғанын, жеңіс күнінің таянғанын сезгендей
еді. Не керек, өз басым ертең шабуылға шығамыз деген 1945

жылғы 14 қаңтардың сол бір бозамық таңын шыдамсыздық
сезіммен мазасыздана күткенім бар.
Ал соғыстағы менің өмірімдегі ең бақытты сəт дегенге
келер болсақ, ол əрине: “Көруге күн жазса...” дейтін ақ тілек

арманым – ұлы Жеңіске куəгер болуым. Мұны сөзбен айтып
жеткізу тіпті де мүмкін емес.

– Сіз бен біз енді мына бір өмірлік факт төңірегінде

ойланайықшы:
жүйкені
жұқартатын
бомба

үні,
ысқырған оқ астында шабуылға шығу. Оның үстіне
сандаған
тəуліктерді

ұйқысыз
өткізу,
сақылдаған
сары аязда сағаттар бойы қар үстінде қимылсыз жату,

мезгілімен тамақтанбау, барлауда өзен жалдап өту... Бұл соғыс кезіндегі жауынгерлер басынан кешірген қиындықтар. Бір таңқаларлық жəйт, сонда олар тіпті бейбіт кезеңдегі бел алатын сырқат – тұмау, суық тию, құяңмен ауырмаған ғой. Өз ойыңызша адамдардың соғыс кезіндегі осындай төзімділік қасиетін немен түсіндіруге болар еді деп ойлайсыз? – Бұл сұрақ маған майдангер жазушы Константин Симоновтың “Соғыс күнделіктері” дейтін шығармасындағы мына бір оқиғаны еске түсіріп отыр. Сол кездері “Красная звезда” газетінің майдандағы тілшісі болған ол 1943 жылдың қақаған қара суығында “инелік” деп аталатын əуе көлігі “У-2”-мен көршілес дивизияға бармақшы болады. Самолет жерден көтеріле бергенде тілшінің тұмағын жел ұшырып əкеткен. Константин Симоновтың мұндағы айтайын деп отырғаны, барар жеріне бас киімсіз жеткендігін баяндау емес, мəселе сол естеліктің соңындағы: “Уақытында ұшып түсіп ауырмағаныммен сырқат ізі кейіннен біліне бастағандай болды. Қазір басым суыққа өте төзімсіз. Сəл салқын тисе, қақсап қоя береді” деген сөйлемде. Байқайсың ба, күздің сондағы өткен қара суығы Константин Симоновқа кейіннен біліне бастаған. Соғыста адамдар неге ауырмасын... Ауырды. Бірақ сол кезде олардың ойында, санасында бір ғана жауапкершілік – Отанды қорғау жауапкершілігі атой салып тұрды. Сондықтан да: “Бүгін етігімнен су өтті, ертең ауырамын-ау” деген жай кездегі жаныңды күйттейтін ой ол кезде біз үшін жат еді. – Сіздің үйіңізде қазір сол соғыс жылдарындағы өзіңіздің жауынгерлік жолыңызды еске түсіретін заттар сақталған ба? Сақталса ол нендей дүниелер? – Шайқас күндерінен қалған бір белгі – тапаншамның кобурасын 1946 жылы Қазақстанның 25 жылдық тойына келгенде астанадағы орталық музей қызметкерлерінің аттай қалап сұрап алғаны бар. Ал өзімде қалғаны – жаңбыр тамшыларынан парақтарына сия жайылып кеткен ескі блокнот, əйнегі сынған қол сағат пен былғары куртка ғана. – Енді мынадай сұраққа жауап берсеңіз... Сіздің əскери қызметіңіздің көптеген жылы Кеңес Армиясы қатарында өтті. Сол уақыт ішінде ірі-ірі деген қолбасшылармен кездесіп, жүздесудің сəті түсті ме? Олар кімдер? Бұл кісілердің қазақ халқына, оның жауынгер ұлдарына деген ілтипат-лебіздері қандай еді? – Иə, өз өмірімде мен көптеген əскери қайраткер лермен кездесіп, жүздескен жайым бар. Оған алдыңғы кезекте Кеңес Одағының маршалы К.К.Рокоссовскийді айтар едім. Константин Константиновичпен мен 1965 жылы Мəскеу түбіндегі қорғаныстың 24 жылдығы мере кесінде кездестім. Атағы аңызға айналған қолбасшымен Волоколамск, Истра, Горюны, Нахабино елді мекендерін бірге араладық. Дубосеково разъезіне келгенімізде ол кісі маған қазақстандық жауынгерлердің ерлік істерін ұмытпағанын айта келіп былай деді. “Енді қаншалықты өмір сүретінімізді кім білсін, жолдас генерал. Бірақ сізге мына бір сөзімді ашық айтуға тиіспін. Қазақстан біздің ортақ жеңісіміз үшін қолдан келгеннің бəрін істеді. Соғыс жылдарында біз бұл республикадан шығатын қорғасын ның, көмір мен темірдің, оның колхоздарында өндірілетін азық-түліктің Отанымыз дың қорғаныс қуатын арттыруға қаншалықты зор үлес болып табылатынын жақсы білдік. Сол кездері тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық ісінен майдандағы жерлестерінің ерлігі асыптүспесе кем болған жоқ. Қазақстаннан келіп шайқасқа кірген əскери бөлімдер қай жерде болмасын өжет қимыл танытты. Мəселен, мен, 1941 жылдың күзінде 16-шы армияға жетекшілік еткен кезімде осы республикадан жасақталған 8-ші гвардиялық дивизияның қарамағыма келіп, Москваны жанкештілікпен қалай қорғағанын өте жақсы білемін. Сіздің жерлестеріңіз Сталинград шайқасында да үлкен өнегелілік көрсетті. Мен ол кезде сондағы Орталық майданның қолбасшысы едім. Сол бір қысылтаяң, қиын уақытта Қазақ ССР-інен келіп жетіп, шайқасқа кірген 72ші, 73-ші дивизиялар тылдағы жерлестерін ұятқа қалдырған жоқ, өшпес ерліктің үлгісін көрсетті. Сол үшін де осы қос дивизия “гвардиялық” деген құрметті атаққа ие болды”. Қазақстандық жауынгерлер туралы дəл жоғарыдағыдай жүрекжарды шын сөзін айтқан екінші бір адам ол əскери жазушы В.Карповтың “Қолбасшы” атты деректі романын дағы (айтпақшы В.Карпов екеуміз Ташкентте бір бөлімде қызмет еттік, кейін ол подполковник шенінде отставкаға шығып,

жазушылыққа біржолата бет бұрды) басты кейіпкер армия
генералы И.Е.Петров еді. Ұлы Отан соғысы жылдарында
даңқты ерлік жолынан өткен осы бір тамаша адам 1946-1950
жылдар аралығында Түркістан əскери округінде қолбасшы

болғанда мен осы кісінің қол астында қызмет еттім. Иван
Ефимовичтің айрықша бір қасиеті Орта Азиядағы 5
республиканың өзіне тəн ерекшеліктерін өте жақсы білетін.
Оған қарапайымдылық, ұлттық əскери кадрларға деген

қамқорлық, халықтардың, соның ішінде, қазақ халқының
салт-дəстүрлерін терең сезіммен сыйлай білушілік сияқты
қасиеттер тəн еді.
Біздің халқымызға деген мұндай сүйіспеншілікті ар-

мия генералы С.И.Лучинскийден де байқағаным бар. Осы
бір өте ірі əскери басшы шын мəніндегі нағыз интернацио-
налистің өзі еді. Ол Түркістан əскери округіндегі дивизия,
полкке жетекшілік ететін командирлердің арасында жер-

гілікті ұлт өкілдері болуы қажет екенін батыл жақтап, бұл
ойын іс жүзіне асыра да білетін. Оның айқын бір дəлелі,
осы қолбасшының тұсында екі қазақ офицері – полковник
Есболған Қалиев жəне сол кездегі подполковник шеніндегі

мына мен Түркістан əскери округінің тарихында тұңғыш
рет полк командирлері болып бекігеніміз бар. Бұл 1949
жылы еді.

– Бос уақытыңызда немен шұғылдануды ұнатасыз?

– Кітап оқуды, одан ешқашан жалыққан емеспін.

– СССР Қарулы Күштерінде өзіңіз сияқты 6-7 қазақ

генералы бар. Былайғы жұрт ондай ағаларымыздың
аты-жөнінен хабардар болғанымен, істеген ісін, атқарған
қызметін көп біле бермейді. Бүгінгі жастарға үлгі-өнеге
болсын деген ниетпен сұрап отырмын, сіз сол қазақ

генералдарының бəрін болмаса да өзіңіз өте жақсы
білетін кейбіреулерінің қасиеттерін, қабілеттерін айтып
бере алар ма едіңіз?

– Бұл бағыттағы əңгімені генерал-майор Шəкір Жек-

сенбаевтан бастағанымыз жөн шығар деп ойлаймын. Неге
десеңіз, ол біздің ғасырымыздағы екі үлкен соғысқа – 1918-
1920 жылдардағы азамат жəне 1941-1945 жылдар дағы Ұлы
Отан соғысына қатысқан жан. Содан кейін жалпы бұл

кісі совет дəуіріндегі қазақ əскери кадрларының ішінен
генералдық дəрежеге бірінші болып көтерілген адам. Тұң-
ғыш қазақ генералы оның тағы бір ерекшелігін айтайын,
ол совет армиясындағы химиялық қаруды алғаш сынақтан

өткізуге қатысқан, оның қыры мен сырын өте жетік мең-
герген маман еді. Осындай өмірлік тəжірибесі бай адам-
мен мен алғаш рет Ұлы Отан соғысынан кейін Алматыда,
Қазақстанның 25 жылдық тойында жолықтым. Сол алғашқы

кездесуде де, одан кейінгі жүздесулерде де Шəкір Жексенба-
ев менің жадымда өзінің жинақы, ширақ жүріс-тұрысымен,
мəдениетті, тəрбиелі сөздерімен, нағыз педа гог қа ғана тəн
ерекше қасиетімен мəңгілікке ұмытылмастай болып қалып

қойды.
Сөз орайында тағы бір қазақ генералы Нұрлы Бəйкенов
туралы айтпай кете алмаймын. Осы бір тамаша, абзал аза-
матпен менің таныстығым ең алғаш рет 50-ші жылдардың

орта тұсында басталды да достық, сыйластық қарым-
қатынасымыз əлі үзілген жоқ. Осы күнге дейін есімде,
мен М.В.Фрунзе атындағы академияны бітіргенімде, ол
Термездегі əскери бөлімде полк командирінің орынба-

сары еді. Содан кейінгі 30 жылға жуық уақыт ішінде
Нұрлы Бəйкеновтің бойындағы шыншылдық, адалдық, өз
жұмысына шексіз берілгендік, жас кадрларға қамқорлық
сияқты қасиеттерге ерекше тəнті болдым. Көп жылғы

əскери қызметімде мен талай генералдармен араласып,
сыйласқан жанмын. Бірақ солардың ішінен қарапайым-
дылығы, кішіпейілділігі жəне мəдениеттілігі жағынан
Нұрлы Бəйкеновке тең келетін адамды көргенім жоқ. Бұл

өмірде ондай адамдар аз, иə... аз.
Өзіміз əңгіме етіп отырған тақырыпқа байланысты
сөзімнің соңын генерал-лейтенант Жансен Кереевпен
аяқтайын. Ол таяуда 50-ге келмек. Осы ғұмырының ішінде

ол қатардағы училище курсантынан СССР Қарулы Күштері
Бас штабының басқарма бастығына дейінгі жолдан тез өтіп
үлгерді. Ойлап қараңыз, біз сөз етіп отырған азамат кезінде
жас болуы себепті Ұлы Отан соғысына қатыспаған. Əскери

кызметін тек бейбіт күндері, 50-ші жылдары ғана бастаған.
Соның өзінде СССР Қарулы Күштерінің күрмеуі көп күрделі
қызмет баспалдақтарынан сүрінбей өте білді. Оған себеп
болған Жансен Кереевтің əскери тума таланты мен қызмет

бабындағы, жұмыс барысындағы кез келген істе зеректік,
алғырлық, сергектік жəне принциптілік танытуы деп ой-
лаймын. Осы бағытынан таймаса, алдағы уақытта оның
жұлдызы бұдан да жоғары болары анық.

ЕКІНШІ ƏҢГІМЕ

(1990 жыл, 4 март. Офицерлер үйі
жанындағы ДОСААФ штабы)

– Биыл ел тағдырын еңкеймей көтерген сындарлы

кезең – Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 45 жыл
толады екен, қадірлі Сəке. Осы мереке қарсаңында сіз
жастарға біздің Жеңісіміздің маңызы жайында не айтар
едіңіз?

– Біздің Жеңісіміздің маңызы... Мұны толық түсіну

үшін мына өзің сияқты кейінгі ұрпаққа, ең алдымен, біздің
Отанымызға, тіпті бүкіл əлемге сол кездегі төнген қатердің
қаншалықты қиын да қауіпті болғанын қайталап айтуға
тура келеді. Қиын дейтін себебіміз – адамзаттың қас жауы

нацистік империя, фашизмнің ғасырлар бойы жасаған
ел игілігінің қайнар көздерін таптап өтіп, дүние жүзіне
үстемдік етуге тырысуы. Ал қауіпті болатыны – гитлерлік
Германияның бұл лаңының артында халықтардың қайғы-

қасіреті, көз жасы, олардың кейбірінің тіпті жер бетінен
мүлдем жоқ болып кету жағдайы көрініп тұрған жоқ па?!
Біз фашизммен, міне, осындай кезде, бүкіл Европа
басқыншы бəтеңкесінің табаны астында қалған сəтте бел-

десуге шықтық. Не өмір, не өлім! Өйткені бұл кезеңде
прогресшіл
ниеттегі
əлем

жұртшылығының,
ондағы
халықтар мен ұлттардың соңғы үміті, соңғы тірегі тек бізде
ғана қалған болатын. Сондықтан да олар 1941 жылдың

алғашқы айларын: “СССР осы ауыр сында фашизмге төтеп
бере ме, жоқ па?” деген екі ұдай сезімге толы қобалжу
сəттерімен өткеріп отырды. Қорыта айтқанда, бұл соғыс біз
үшін сұрапыл шайқас мектебі болып қана қойған жоқ, со-

нымен қатар ол 1917 жылғы Ұлы Октябрь социалистік ре-
волюциясынан кейінгі қол жеткен заңды жетістіктеріміз

– коммунистік мораль мен əлеуметтік дамуымыздың

өміршеңдігін, туысқан ұлттар бірлігінің мызғымас күшін
дəлелдеп берген сындарлы сынақ болды.
Біз жеңдік. Жеңіп қана қойғанымыз жоқ, басқыншы-
ларды өз жерімізден қуып шығып, фашистік езгіден бүкіл

Европаны азат еттік. Соның нəтижесінде мына сіздер мен
біздер өмір сүріп отырған қасиетті Отанымыз ешкім шəк
келтіре алмайтын зор беделге ие болды. Ол жер бетіндегі
миллиондаған адамдардың екінші дүние жүзілік соғыстан

кейін өзіміздің социалистік қоғамымызға деген сенімдерінің
арта
түскендігінен
айқын

аңғарылса
керек.
Біздің
Жеңісіміздің маңызы міне, осында.

– Соғыс кезінде сіз біздің партиямыздың басшылық

рөлін қалай сезіндіңіз жəне оны осы күні қалай баға-
лайсыз?

– Бұл соғыста 1898 жылы көсеміміз В.И.Ленин негізін

қалап, 1917 жылы Ұлы Октябрь социалистік революциясының
басты қозғаушы күші болған большевиктік партия болмаса,
онда біздің Отанымыздың тағдыры мүлде басқаша шешілген
болар еді. Өйткені, майдандағы ең қиын, ең жауапты істердің

ауыртпалығының барлығы да бірінші кезекте коммунистер-
ге жүктелді. Ал тылдағы ұйымдастыру жұмыстары ше? Ок-
купация қаупі төнген аймақтардан мемлекеттік маңызы бар
өнеркəсіп ошақтарын көшіру, оларды тез арада іске қосып,

қорғаныс қажетіне сай өнімдер шығару дəл қазір айтқанға
жеңіл болғанымен ол кезде қиынның қиыны еді. Нақты
мəліметтерге жүгінсек, 1941 жылдың июнь-ноябрь айла-
ры аралығында Батыстан Шығысқа қарай 1,5 мыңға жуық

өнеркəсіп орындары көшіріліп, олардың көбі аз мерзім
ішінде өз дəрежесіне лайық жұмыс атқара бастаған. Міне,
осы бір өмірлік фактінің өзінен-ақ Коммунистік партияның
ұйымдастырушылық ролін айқын аңғаруға болмай ма?

Қазіргі
жастар
еліміздегі
комсомолдық

екпінді
құрылыстардағы завод, фабрикаларды аяғынан тік тұрғызу
дегеннің не екенін жақсы біледі ғой деп ойлаймын. Біздің
шамалауымызша ондағы объектілердің іске қосылып,

жұмыс істей бастауы үшін кемінде 2-3 жыл уақыт қажет бол-
са керек. Ал Ұлы Отан соғысының алғашқы айларындағы
Харьков, Киев, Минск, Смоленск қалаларынан көшіріліп
əкелінген кəсіпорындардың не бары 70-90 күн ішінде само-

лет, танк шығара бастауын көзге елестетіп көрелікші. Бұл
дегеніміз еш уақытта еш нəрсемен салыстыруға келмей-
тін ұйымдастырушылық қабілет шыңы емес пе?! Комму-
нистік партия ел басына күн туған ауыр кезеңде осындай

іскерліктің, жанды басшылықтың үлгісін көрсете білді.
Тыл еңбеккерлерін Жеңіске үндеу... Майдандағы жауын-
герлерді шайқасқа шыңдау... Оларға совет солдатына лайық
идеялық-саяси тəрбие беру... Бұлар сүйікті Коммунистік

партиямыздың соғыс жылдарында өз мойнына алған сансыз
жұмыстарының санаулылары ғана. Ал оның бұдан басқа да
атқарған ұйымдастыру шаралары қаншама еді десеңізші?!
Мен қазір осы оқиғаларды еске түсіре отырып, сол кездері

Лениндік партияның қатарында болғанымды, оның жауын-
гер солдаты ретінде қызмет еткенімді мақтанышпен еске
аламын.

– Жолдас генерал, сол күндердің куəгері ретінде,

соғыстың алғашқы кезінен соңғы сəтіне дейінгі уақыт-
тар дағы біздің халқымыздың жүрегіне жол тапқан ба-
сты-басты оқиғалар мен мемлекеттік актілер жайында
айта кетсеңіз...

– Олар күні бүгінге дейін жадымда. Атап айтқанда: СССР

Қорғаныс Комитеті Председателінің 1941 жылдың 3 июлінде
совет халқына арнап сөйлеген сөзі. Бұдан біз партиямыздың
бүкіл ел басына төнген қауіп-қатерді елге жасырмай айтқан
шыншыл қасиетін аңғардық;

1941 жылдың 7 ноябріндегі Москвада өткен əскери парад.
Ол біздің еліміз еңбеккерлерінің, тіпті əлем жұртшылығының
көкейіне совет-герман майданындағы Қызыл Армияның
ауыр да қиын жағдайына, сəтсіздіктеріне қарамастан СССР-

дің нацистік империя – фашизмге төтеп бере алатындығын,
туысқан ұлттар бірлігі мен ынтымақтас тығының қайнар
күшінің сетінемегендігін ұялатты;
1943 жылдың авгусындағы Орел мен Белгородты азат

ету құрметіне орай Отанымыздың астанасы – Москвада
берілген алғашқы салют. Бұл – жау мекені Берлин əлі алыс
болғанымен түбінде оған да жетеміз деген сенімді кімде-
кімнің болмасын санасына сіңіргендей еді.

– Ұлы Отан соғысы жылдарындағы біздің көп

ұлтты совет əдебиетіндегі, өнеріндегі өзіңізге ұнаған
шығармалар?

– Ол кездері бұл салада Корнейчуктың “Майдан” пье-

сасы мен Шостаковичтің “Жетінші симфониясы” табысты
болғаны мəлім. Бұған ақын Александр Твардов скийдің “Ва-
силий Теркин” поэмасын да қосуға болады. Ол сол уақыттағы
оқырмандарға аса қажет, өз кезінде дəл туған еңбектердің

қатарына жатады. Совет солдаттарының жиынтық образын
көз алдыңа елестетер аталмыш шығарма бізге өзінің оқуға
қарапайым жеңіл тілімен, шыншыл дығымен, оқиғасының
əрбір майдангер жүрегіне жол табар жақындығымен

ұнайтын. “Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын”
ер көңіл Васяның оптимистік монологын жақсы білетініміз
сонша, жорық жолында келе жатқан біреуміз: “Ажалмен
Теркин кездесті. Тілге де келді сөйлесті. Ажал сонда жарма-

сты. Бейнебір қара албасты...” – деп жатқа заулатсақ, екінші
жауынгер ажал болып: “Қасың дамын күні-түн, Ұмытыпсың
мені тым. Міне, осы жолы аламын. Ұйықтатамын мəңгі
жым”,– дейтін. Сонда Теркиннің оған қайтарған жауабын

үшінші бір солдат: “Жұмысым көп ажалым, Берлинге мен де
барайын. Содан кейін алсаң ал. Өзіңе ерік салайын...” – деп
сөз кезегін келесісіне сырғытар еді. Соғыс кезіндегі əдеби
шығармалар дегендегі есіме түсетіндер міне осы. Ал үлкен

шығармалар кейін туды ғой. Олар жөнінде əңгіме басқа.

– Ел басына күн туған сол бір сұрапыл жылдардағы

фотосуреттерден біз петлицаны, сонан соң..., погон-
ды майдангер аға, əкелерімізді жиі көреміз. Əңгіме
орайында, Қызыл Армия жауынгерлерінің Ұлы Отан
соғысындағы əскери формасының не себепті өзгергендігі

жөнінде айта кетуге болмас па екен?

– Қызыл Армия жауынгерлері Москва түбіндегі ұлы

шайқастан кейінгі іргелі бетбұрыстың əрбір кезеңін
Жеңіске жақындата түскен күн деп білді. Олар ертең
басқыншыларды өз жерінен қуып шығып қана қоймай,
Европа халықтарын фашизм құлдығынан құтқару мис-

сиясына да қатыспақ. Сонда өздерін азат етуші совет
жауынгерлері мен оның офицер кадрларының əскери
белгілерін жұрт қалай танып білмек? Сол уақытқа дейінгі
жағаға тағылып келе жатқан петлица бұл міндетті атқара

алмасы анық. Оның үстіне социалистік ел армиясының

сырт тұлғасы, жалпы көрінісі бірден ерек шеленіп, басқалар
үлгі аларлықтай болып тұруы керек қой.
Міне, совет командованиесі біздің жауынгерлеріміздің ру-
хын көтеретін осындай жайлардың өзін елеусіз қалдырмай,

алдын-ала ескере отырып, Жеңіс күніне дейін оларды жаңа
əскери формамен жабдықтауды дұрыс деп тапты. Бұл шешім

– 1943 жылдың февраль айында жүзеге асырылды.

– “Азаттық”, “Бостандық солдаттары” киноэпопея-

сы мен “Ұлы Отан соғысы” көп сериялы деректі фильмі
жайындағы ойыңыз...

– “Мосфильм” туындылары – алғашқы екі қойылым

жайындағы пікіріммен оқырмандар жақсы таныс болса ке-
рек. Себебі ол кезінде “Лениншіл жас” газетінде жарық
көрген болатын. Ал өткен жылы өмірге келген 20 сери-
ялы деректі фильмге келер болсақ, бұл тарихи лентаны

жұртшылыққа жылына бір рет көрсетіп отырса, ол тіптен
артық етпегендік болар еді.

– 1986 жылғы КПСС ХХVІІ съезі мен 1988 жылғы ХVІІІ

партия конференциясынан кейін жариялылыққа кең жол
ашылып, ұлт мəселесін ашық айта бастадық қой. Менің
сұрағым: бізде кезінде қатеге айналған қағидалардың
көп болғаны енді айтылып жатыр. Солардың дұрыс

емес екендігін біле тұрсақ та уақытында іштей булығып,
оған тек күйінетінбіз де қоятынбыз. Сондай сəттер сіздің
басыңызда да болды ма? Болса ол қандай жайларға бай-
ланысты еді?

– Бұл сұраққа мен мына төмендегі бір мəселені айта оты-

рып жауап бергім келеді. Өзің де жақсы білетін болуың ке-
рек, бізде көп жылдар бойы ұлттық намысымызға тиетін
жаңсақ ұғым қалыптасып келді. Ол ұлы Октябрь төңкерісіне
дейін қазақ халқының тек 2-ақ проценті сауатты болды деген

қате қағида еді. Бұл – көпе-көрінеу бұрмалау, бізге жасалған
қиянат. Олай дейтінім, Ресейдегі 1897 жылы өткен тұңғыш
халық санағының деректері бойынша қазақ даласындағы
9 бен 49 жас аралығындағылардың сауаттылық дəрежесі

8,1 процент болған. Мұны Мəскеуден 1985 жылы шықкан
“Демографиялық энциклопедиялық сөздіктің” 117-бетіндегі
мəлімет анық дəлелдейді. Сондағы 8,1 процентке қазақ
ауылдарындағы мұсылманша білім алып, араб əрпімен

хат танығандардың санын қосатын болсақ, халқымыздың
сауаттылық дəрежесі кем дегенде 15 проценттің үстіне
шығары даусыз. Кезінде мен міне осыған қатты күйінгенім
бар. Алдағы уақытта осындай қателіктер қайталанбаса,

жоғарыдағыдай ағаттықтарға жол берілмесе екен деймін.

– Қазіргі таңда мамандық таңдау жастар өмірінде

маңызды роль атқарады. Бұл орайда генералдың
көзқарасын білу тіптен артық болмас еді...

– Мен мамандық таңдаудағы біржақтылықты ұнатпаймын.

Сондай-ақ,
“маған
бəрібір”
деген

ойсыз,
мақсатсыз,
немқұрайды көзқарастарға да қарсымын. Мамандық таңдау

– мектеп қабырғасынан басталуы қажет. Адам жан-жақты

дамуы үшін, мектептегі барлық пəнді алаламағаны дұрыс.
Қазіргі уақытта ғылым дегеніңіз бір-бірімен қоян-қолтық
араласып кетті ғой. Сондықтан қабілеттің тар өрістілігі, тар
жолды болуы талапсыздыққа əкеп соқтырады. Бұларға қоса

жеткіншектеріміз бір нəрсеге айрықша ынта-ықылас таны-
туы қажет. Жан жүрегін толқытқан сондай құштарлық оны
білім мен өнер шыңына шақырары анық.
Жалпы білім беретін жерлерде өзіне ұнаған, өзін

қызықтыратын үйірмелерге, мəдени-көпшілік шараларға
белсене араласу өте пайдалы. Мүмкін, əзірше жеткіншек
ештеңе тындырып тастамас, дегенмен, жас адам сондай
жерлердегі алғашқы ісі арқылы өзіне-өзі сенетін болады.

Сонда ғана олар өзінің өмір жолы – өз мамандығын қапысыз
сүйіп, қалтқысыз жұмыс істейді.
Маған ұнайтыны – Алматыдағы мектептер жанында
мұндай жақсы, пайдалы үйірмелердің көп екендігі. Мұның

өзі жас жеткіншектің ғылымның таңғажайып сырлары-
мен жоғары оқу орнының аудиториясында емес, мектеп
партасында-ақ танысуына жол ашады.

– Бізде Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мектеп

оқушыларының, əскери училищелердің курсанттарының
алдында кездесуге шақырып тұру дəстүрі бар. Ойлап
қарасақ, осында бір ескерілмей жүрген сəйкессіздік көзге
шалынады. Мектептегі, басқа да қоғамдық ұйымдардағы

жастар Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен 23 фев-
раль – Совет Армиясы мен Əскери Теңіз – Флоты күні
қарсаңында, немесе 9 май – Жеңіс күні кезінде ғана

жүздеседі. Мерекелік даталар қалай өтеді, солайша олар-
мен жас ұрпақтардың арасындағы байланыс саябырлап
қалғандай болады. Осы бір жəйтті алдағы уақытта қалай
үйлестіруге болар еді деп ойланаты нымызды жасыра ал-

маймыз. Сіз бұған қалай қарайсыз?

– Иə, бұл бір ескерерлік, құнттап қолға аларлық шаруа.

Осы орайда кейде маған да ой келеді. Оған қозғау салған
мына бір жəйттер ғой деймін.
Көп жылдардан бері Москвадағы Орталық демалыс
паркінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 9 май – Жеңіс

күнінде өзара кездесуі берік дəстүрге айналған. Ол күні
парк ішіндегі алаң түрлі дивизиялардың, бөлімшелердің ат-
тары жазылған арнаулы секцияларға бөлінеді де, Сібірден,
Украинадан, Ставрополь өлкесінен келген қарт майдангер-

лер сол секциялардағы жазу бойынша өздерінің қарулас до-
старын іздеп, соңы мəре-сəре қуанышты кездесуге ұласады.
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Орталық Советі биыл
тағы бір жақсы бастаманы өмірге əкелді. Ол – үстіміздегі

жылдың февралінен бастап, артиллеристердің Орелде,
теңізшілердің
Севастопольде,
танкистердің

Белгород-
та, санитар-медсестралардың Одессада, партизандардың
Брянскіде кездесуін ұйымдастыруы. Осы бір жақсы
дəстүр, жақсы салттың арасынан, өкінішке қарай, біз

өзіміздің жерлестерімізді көп ұшырата алмай жүрміз.
Оған жер шалғайлығы да əсер етеді-ау деймін де, мұндай
кездесуді республикамыздың астанасы Алматыда неге
ұйымдастырмасқа деп ойға кетемін. Бұған бізде мүмкіндік

бар емес пе? Қаладағы 28 гвардияшы-панфиловшылар
атындағы парктің “Даңқ мемориалы” жанында Қазақстаннан
жасақталған дивизия, құрамалар дың аттарын жазып, сол
жерге қарт майдангерлердің кездесуін ұйымдастырып отыр-

са, қандай ғанибет болар еді. Жылына бір рет өткізілетін
мұндай жүздесудің бүгінгі жастарымызға үлкен үлгі-өнеге
болатыны анық. Сонда ғана біздер өмір талабына лайық істер
атқаратын боламыз. Меніңше бастама, ұрпақтар дəстүрінің

сабақтастығы дегеннің өзі осындай жайлардан туындайтын
болса керек.

ҮШІНШІ ƏҢГІМЕ

(2006 жыл, 24 қараша. “Казспецэкспорт” РМК кеңсесі)

– Сағадат аға! 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы

жылдардың басы біздің жа ды мызда қоғамның демо-
кратия демімен демігіп, ал халықтың жариялылық
жаңғырығымен
буырқанып-бұрсанып

тұрған
сəті
ретінде есте қалып қойғаны анық. Егемендіктің елең-
алаңы деп аталатын сол шақта сіз қайда, не жұмыс

істеуші едіңіз?

– Əңгімені 1989 жылдан бастайын. Сол жазда 1969 жылы

Алматыда құрылып, Кеңес Одағының Қытайға қарсы қуатты
қалқаны бола білген Орта Азия əскери округі таратылды да
осы құрылым қолбасшысының орынбасары бо лып жүрген
мен КСРО Қорғаныс министрінің № 0398 бұйрығымен

отставкаға шықтым. Сөйтіп армия қатарын дағы 47 жыл
6 ай 10 күнге со зыл ған əскери қызметім аяқ тал ды. Содан
5 ай өткен соң Орталық Комитетке шақы рылдым. Онда
мені республика басшысы Нұрсұлтан Əбіш ұлы Назарбаев

қабылдап, Қазақстан Компартиясы атынан Жоғарғы Кеңес
депутаты сайлауына түсетінімді айтты. Сөйтіп, 1990 жылғы
19 наурызда ел Парламентіне бесінші рет мүше болып келіп,
мұндағы Ардагерлер, мү ге дектер жəне əскери қызметшілер

ісі жөніндегі комитет төрағасы қызметіне кірістім. Біздің
бұл комитетке сондай-ақ əскер дегі міндетті бо ры шын өтеп
жүрген жауын герлер мен олардың ата-аналарынан келген
арыздарды қарау жө ніндегі арнайы комиссияға да басшылық

ету тап сырылған болатын. Шынымды айтайын, сол кездегі
ең қиын мəселе осы еді. Өйткені, 90-шы жылдардың басын-
да мұндай шағым дар Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен,
əсіресе “ыстық нүкте лер” деп саналатын Закавказье мен

Приднестровьеден, елдің өзге өңірлерінен көптеп түсіп
жатты. Сонда жауынгерлер мен олардың ата-аналары не
деп дабыл қағады дейсіз ғой? Жанайқай иелері, əсіресе
əскердегі тəртіптің төмендеп, армиядан қашу бас тал ғанын,

құрылыс батальон дарындағы тамақ пен аяқ киім мəселесінің
проблемаға айналып, бөлімдердегі сақа солдаттардың

жаңадан келген жас тарға күш көрсету, бопсалау сияқты
əлім жеттігінің белең алғанын ашына баяндайтын.
Біз мұндай хаттардың бір де біреуіне енжар қарамауға
тырыстық. Өйткені, оның артында адам тағдыры тұр ғой.

Сондықтан қарама ғым дағылар боп бəріміз əрбір өтінішке
мұқият тексеру жүргізіп отыруға күш салдық. Əскери
округтердің қолбасшыларына, құрамалар мен гарнизон,
заставаларға, əскери прокуратураға тиісті шара қолдану

жөнінде талап қойдық.
Өстіп жүргенде 1991 жылғы 19 тамыз бүлігі басталды да
оның арты армиядағы адам түсінбес аласапыранға айналып
кетті. КОКП таратылған 26 тамыздан кейін соның алдындағы

бір жыл ішінде егемендік декларациясын жариялаған ре-
спубликалар енді нағыз дербестікке ұмтылып, кейбіреулері
өз тəуелсіздігіне қол жеткізіп те үл герді. Ал бұл оқиғалар
КСРО-ның соған дейінгі қуатты, күші біртұтас армиясының

буынын босаңсытып, іргесін шайқалтпай қойған жоқ.

– Елдегі мұндай оқиғаға сол кездегі орталық, яғни

Мəскеу қалай қарады? Құдіретті де қуатты дейтін
Қарулы Күштердің иесі – КСРО Қорғаныс министрлігі
ше? Бұл ведомство ыдырай бастаған одақ жағдайын тез
түсінген кейбір респуб ликалардың ұлттық армия құруға

деген талпынысына қандай көзқарас танытты деп ой-
лайсыз?

– Жоғарыдағыдай алмағайып кезде Мəс кеу ден арнайы

хабар келді. Онда КСРО Қорғаныс министрлігі ұйымдас-
тырған үлкен əскери кеңес өтетіндігі айтылған еді. Қазақ-
стан басшылығы оған қатысып, сөз сөйлеуді маған
тапсырды. 1991 жылдың қыркүйек айында болған бұл бас-

қосуда сол кездегі Қорғаныс министрі, авиация маршалы
Е.М.Шапошников мынадай хабарлама жасады. Бірінші,
армияға реформа керек. Ол үшін барлық əскери буындар-
да демократиялық қайта құрулар жүргізілуі тиіс. Екінші,

армия қатарынан қашқан жауынгерлерге амнистия жария-
ланбақшы. Бұл кешірім жоғарыдағыдай жүгенсіздікке
барғандардың бəріне бірдей емес, ол тек құрамында қыл-
мыстық ісі жоқ сол дат тар ға ғана жасалады. Сондықтан

ондай жауын герлер 1 қа рашаға дейін өздері қызмет ет-
кен əскери бөлімдерге қайта оралуы тиіс. Үшінші, одақтас
республикалардың 1990 жылдан бастап егемендік деклара-
циясына ие болуына бай ла нысты енді КСРО-дағы əскери

округтердің ше карасы қайта қаралатын болады. Осыған
сəйкес жастарды армия қатарына жаппай алу тоқ та тылып,
алдағы уақытта олар тек керек жерлерге ғана шақтап
шақырылады. Ел тыныштығы үшін қызмет ететін мұндай

жауынгерлерді ұстап тұ ру ға əр республика КСРО Қорғаныс
министр лі гіне жылына 3-5 пайыз көлемінде қаржы ауда рып
тұруы керек. Төртінші, одақтағы армияны басқару бұдан
былай кейбір өңірлерде “рес публика – округ” жүйесі бойын-

ша жүзеге ас пақ шы. Маршал Е.М.Шапошниковтың ай туын-
ша, мəселен, Ресей мен Украина үшін бұл мін детті түрде ке-
рек. Өйткені, олар стратегиялық қару-жараққа өте бай жəне
əскери құры лымдар тығыз топтасқан мемлекеттер. Ал басқа

рес пуб ликаларға келсек, бұларға округтердің қажеті жоқ.
Сондықтан ондағы Қарулы Күштерді əске ри командование
деп қана атау керек. Оған же тек шілік ететін əскербасын
сол республиканың бірінші басшысымен ақылдаса отырып

КСРО Пре зиденті мен Қорғаныс министрі тағайын дайды.
Маршал Е.М.Шапошников хабарламасын аяқтаған соң
мен сөз сұрадым. Мақсатым – оның айтқан ойларына қарсы
шығу болды. Өйткені сол сəтте бұлай етпеске бол майтын

еді. “Сіздің алғашқы пікіріңіз негізсіз, қате тұжы рым, – деп
бастадым сөзімді. – Себебі, демо кра тиялық қайта құрулар ең
алдымен мемле кеттің саяси органдарында жүргізілуі керек.
Содан кейін ғана барып ол Қарулы Күштерде жүзеге асатын

шаруа. Екінші, армиядан қашқан жауынгерлерге амнистия
жариялау да дəл қазір бізге ештеңе бермейді. Жарайды,
рақымшылық жасалсын дейік. Бірақ Бас штабтан бұйрық
шыға қалғанның өзінде мынадай аласапыран уақытта оның

ешқандай заңдық күші де, ықпалы да болмайтыны анық.
Өйткені, қазір тек еге мендіктерін ғана емес, тəуелсіздіктерін
де жария лап үлгер ген республикалардағы қоғам жəне мем-
лекет қайраткерлері мен саяси партиялар өкілдері əскердегі

өз азаматтарын туған Отанына қайтуға шақырып жатыр.
Бұл үдеріске енді ешкім тосқауыл қоя алмайды.
Сондай-ақ, – дедім мен сөзімнің аяғында, – сіз айтып
отырған үшінші жəне төртінші мəсе лелердің жағдайы да

тым бұлыңғыр əрі күмəнді. Олай дейтінім, дербестікке

ие бола бастаған елдер бұдан былай əскер жасындағы
жігіттерін басқа мемлекеттің Қарулы Күштеріне қызмет
етуге жібере ме? Тəуелсіздігін əне-міне алайын деп тұрған
Украина мен Бело руссия, Əзірбайжан мен Молдова өз

жерлеріндегі жаңа округ шекарасын белгілете ме? Керісінше
қазір олар өздерінің жеке Қорғаныс министрліктерін құруға
қызу əрекет етуде. Тоқ ете рін айтқанда, сіздер кешігіп қал-
дыңыздар. Сөз етіп отыр ғандарыңыз өз уақытынан көп кейін

айтылып отырған пікір. Мұндай нұсқау мен бұйрық армия-
ны қайта құрмайды, құртады.

– Жаңа сіз: “Украина, Белоруссия, Əзірбайжан жəне

Молдова сияқты мемлекеттер 1991 жылдың күзінен
бастап-ақ өздерінің дербес армиясы мен Қорғаныс
министрліктерін құруға əрекет ете бастады”,– дедіңіз.
Сонда олар неге сеніп, неге үміт артты деп ойлайсыз?

– Бұл сауалға: “Иə, сол жылдың аяғында ол елдерде

сондай ұмтылыстың болғаны рас. Бірақ Əзірбайжан мен
Молдованың неге сүйенгенін біл меймін, ал Украина мен
Белоруссияның мүмкін діктері өте мол еді”, – деп жауап
беруіме болады. Шындығында бұл мəселеде соңғы екі мем-

лекет Қарулы Күштерінің іргетасы баяғыда-ақ қаланып
қойылғандай əсер қалдыратын. Сөзіміз жалаң болмас
үшін Украинаны алып қарайық. Ол КСРО-ның оңтүстік-
еуропалық бөлігіндегі аса тиімді əскери аймаққа орналасқан

ел. Сондықтан да мұндағы Қара теңіз бен Азов теңізі аква-
ториясында қуатты флот тұрды. Бұл дегеніңіз, бортында
көптеген зымырандары жəне истребительдері бар радарлық-
локаторлық корабльдер мен катерлер деген сөз ғой. Оған

қоса аталмыш елде Киев, Одесса жəне Карпат бойы атты
үш бірдей əскери округ орналасқан-ды. Ол аз десеңіз, КСРО
Қарулы Күштеріндегі барлық əскери училищелердің тең
жартысына жуығы осы өңірге орныққан еді. Тек бұл ғана

ма, Харьков қаласындағы əуе шабуылына қарсы мамандар
даярлайтын академияны қайда қоясыз… Айтпақшы, сол кез-
де Бас штабтағы көпте ген генералдар мен адмиралдардың
дені украиндықтар болатын. Міне, осындай бай əскери-

техникалық арсеналы мен мол кадрлары бар ел дербес
Қорғаныс министрлігін құруға ұмтылма ғанда қайтеді.
Ал басқа республикалардағы жағдай бұған керісінше еді.
Оған Армения мен Түркіменстанда, Тəжікстан мен Қырғыз-

станда кіші, орта дəрежелі офицерлер дайындайтын бірде-
бір оқу орнының болмағанын, Əзірбайжанда – бір, Грузи-
яда – бір, Өзбекстанда – екі-ақ əскери училищенің жұмыс
істе генін айтсақ, соның өзі жеткілікті ғой деймін. Жасырып

қайте міз, ол кездері бұлардың сол республика лардағы оқу
орны деген аты ғана-тын. Өйткені мұның бəрінде кілең ұлы
халық тың ұлдары оқып, жергілікті ұлттың өкілдері 0,5 пай-
ыздан аспайтын. Сондықтан да Закавказье мен Орта Азия

мемле кеттері əскери кадрларға өте тапшы еді.

– Ал бізде ше?

– Асықпа. Оны сөз ретіне қарай айтамын.

– Жарайды… Сонымен Мəскеудегі маршал Е.М.Ша-

пош ников өткізген жиналыстан соң Алматыға орал-
дыңыздар.

– Иə. Келген бетте барлық жəйтті Елбасы мыз ға бүкпесіз

баяндап бердім. Əскери маман ретіндегі қаупімді де
жасырған жоқ пын. Себебі, ол кездері Қазақстанның 19 облы-
сында 250 мыңға жуық əскер тұрды. Республикалар бөлініп,
ырду-дырду болып жатқан сол тұста көкей леріне “бөтен

ой” келіп қалған кейбір шови нис тік пиғылдағы офицерлер
болса… Жə, оның бетін ары қылсын. Бейнелеп айтсам, 1991
жылдың күзі мен қысындағы біздің жағдайымыз жарылысқа
жақын тұрған апат аймағына ұқсайтын еді. Өйт кені, елдегі

ядролық полигондар мен стратегиялық зымырандарға
қатысты бір абайсыз əрекет Черно быльдағы сұмдықтан кем
соқпауы əбден мүмкін болатын.
Президент қатты ойланды. “Қиындықтан шығу үшін Ре-

сей – Қазақстан біріккен Қарулы Күш терін құруға ұсыныс
жасап көрсек пе екен?” де ген пікір айтты. Ол кездегі
жағдаймен есептеп қара ғанда бұл өте дұрыс ой болатын.
Неге десеңіз, біріншіден, егер мұндай идея жүзеге асса,

біздегі кейбір офицерлер арасындағы түрлі пиғылдарға
тосқауыл қойылып, қауіпсіздік мəселесі толық қамтамасыз
етілер еді. Екіншіден, Семей, Азғыр полигондары мен
Торғайдағы стратегиялық зымырандардың кілті Мəскеуде

болғанымен, бұлар біздің жерімізде тұр ғой. Сондықтан
əлемдік қауымдастық аталмыш мəселе жөнінен Қазақ стан ға
кінə тағып, доқ көр се тер болса, онда барлық жауап кершілікті

КСРО-ның мұрагері – Ресей көтеру ге тиіс-тін. Үшін ші ден,
жоғарыда біз сол кез дері республика аума ғын да 250 мыңға
жуық əскер тұрды дедік. Бұлардағы офицерлерге еңбек-
ақы төлеп, жауынгерлерді киіндіріп-ішіндіру, əске ри қала-

шықтар мен казар ма ларды жылумен қам тамасыз етіп, ұстап
тұру, тех никаларға жанармай тауып беру дегеніңіз адам ның
шашы жетпейтін сұмдық көп қаржы емес пе? Егер Прези-
дент айтқан Ресей – Қазақстан бірік кен Қарулы Күштерін

құрған жағдайда аталған шы ғынның бəрін демесек те денін
Мəскеу көтерер еді.
Бірақ мұндай идеяға Ресей үндемеді. Ақыры Елбасы
республикамыздың егемендік, қауіпсіздік жəне басқа да

өмірлік маңызды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатымен
1991 жылғы 25 қазанда “Қазақ КСР-ның мемлекеттік
Қорғаныс комитетін құру туралы” Жарлығын шығарды.

– Бұл Жарлықтың күші неде еді? Өкілет тік теріңіз

қандай болды? Комитет аппараты қа лай жасақталып,
жұмысты неден бастады ңыздар?

– Жарлық шығысымен Министрлер Кабинеті бізге Қазақ

КСР Əскери комиссариаты мен Азаматтық қорғаныс шта-
бын жəне ДОСААФ-ты бөліп беру жөнінде қаулы шығарды.
Комитет аппараты міне, осы мекемелердегі əскери кадр-
лардан жасақталды. Міндетіміз республикадағы əлі де

КСРО Қорғаныс министрлігіне қарайтын əскери бөлімдерге
бақылау орнатып, олардағы ауа жайылушы лыққа жол бер-
меу болды. Атап айтқанда, бұларға əскери қалашықтардың
тыныс-тіршілігін тұрақты жағдайда ұстап тұруға күш салу,

қару-жарақ арсеналдарына деген күзетті күшейтіп, азық-
түлік жəне киім-кешек қоймаларында орын ала бастаған
ұрлыққа тыйым салу, полигондар мен стратегиялық нысан-
дар орналасқан өңірлердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп,

темір жолдағы əскери составтардың қолды болып кетпеуіне,
техника лар дың талан-таражға түспеуіне тосқауыл қою
сияқты қадау-қадау міндеттер кіретін.
Ал бұл сол кезде айтуға ғана оңай нəрсе еді. Өйт кені

Қорғаныс комитеті бақылауындағы жоғарыдағыдай нысан-
дар кең байтақ респуб ли ка мыздың барлық аумағын алып
жатқан болатын. Дəлел керек пе? Айтайын. Ол уақытта
Алматыда Əуе Қорғанысы Күштерінің штабы, Сарыөзекте

осы құрылымның штаб корпусы мен мото атқыш тар ди-
визиясы, Қапшағайда десантшылар полкы, Талдықорған
мен Семейде авиациялық дивизия жəне авиациялық полк,
Өскеменде құрамында түрлі əскери бөлімдерді қамтыған

дивизия тұрды. Сондай-ақ, Ақмолада химиялық шабуыл-
дан қор ға натын полк, Петропавлда радиотехника бөлім де рі,
Қарағандыда мотоат қыш тар дивизиясы, Пав ло дарда үлкен
радиотехникалық база, Торғайда стра тегиялық мақсатқа

арналған зымырандар ны са нын қорғайтын арнайы диви-
зия бар еді. Ал елі міз дің оңтүс тік жəне батыс аймақтарына
келсек, Жам был облысында əске ри-инженерлік бөлім
мен авиа циялық полк, Шымкентте құ ры лысшы əс кер лер

бөлімі мен əртүрлі мақсатқа пайда ла ны лат ын екі бригада,
Қызылордада бактериологиялық қару ды сы нақтан өткізетін
Барсакелмес полигонын кү зе тетін арнайы бөлім, Ақтөбеде
артиллериялық бри гада, Ақтауда құрылысшы əскерлер

бөлімі, Аты рауда Азғыр полигонының жауынгерлері, Орал-
да байланысшылар бригадасы орналасқан-тын.
Міне, КСРО-ның тарап жатқан аласапыран кезінде
осындай ұлан-ғайыр əскери плацдармға бақылау жасап,

қиындықпен сəт сайын бетпе-бет келген сол сегіз ай мерзім
ішінде бір де бір төтен ше оқиғаға жол бермеу бізге оңай
болған жоқ. Бұл ретте Қорғаныс комитетінің төрағасы
маған Кеңес ар миясы қатарындағы ұзақ жылғы əскери

қыз метім де жинақталған іс-тəжірибем мен сол кездері Бас
штабтағы лауазымды қызметтерінен əлі кете қоймаған ескі
көз таныстарымның жəрдемі, сондай-ақ Орта Азия Əскери
округі қолбас шы сының орынбасары болып 16 жыл бойы

жұмыс істеген кезімде мұндағы мені жақсы танып-білген
офицерлердің жоғарыдағыдай алмағайып сəттерде бір
сөзімді екі етпей сыйлаған ілтипаты көмекке келді-ау деп
ойлаймын. Ал орынбасарларым: ге не рал-майор Н.Хлюпин

мен генерал-майор С.Ал тын беков жəне басқарма бастық-
тары, подпол ков ник тер: Л.Бақаев, А.Тасбо ла тов, М.Шам-
пиев, С.Таулановқа келсем, оларға сол кездегі екі айналып
келмейтін еркіндіктің бағасы мен ел-жұрт алдындағы па-

рыз, отаншылдық сезім мен егемендіктің қадір-қасиеті ерек-
ше рух бергені анық.

– Ал бұл уақытта, яғни 1991 жылдың қазаны мен

1992 жылдың сəуірі аралығында ұлттық армияны құру,
еліміздің дербес Қорғаныс министрлігін өмірге əкелу
бағытында не істелініп жатқан еді?

– Түпкі ойымыз да сол ғой баяғы. Бірақ түрлі жағдай-

лардың болуынан туындаған міндеттерден бас ала ал-
май қалдық. Оған 1991 жылдың күзіндегі Белая Вежа
оқиғасы, КСРО-ның құлап, содан кейін іле-шала құрылған
ТМД-ны айтсақ та жеткілікті. Сол жылдың аяғында, яғни

1991 жылдың 30 желтоқсанында Тəуелсіз Мемлекеттері
Достастығының басшылары Беларусь астанасы Минскіде
кездескені есімде. Осы жерде олар өз республикаларын-
да орналасқан бұрынғы одақ əскери құрылымдарының

негізінде төл Қарулы Күштерін құру мəселесін біржолата
шешіп тастауға ұмтылып, арты айқай-шу мен дау-дамайға
ұласты. Қазақстан атынан сөз алған Н.Ə.Назарбаев ай рық-
ша салмақтылық танытып, əріптестерін “армияны басып

алу” бағытындағы мұндай əрекеттерге бармауға шақырды.
Бірақ тəуелсіздік буына елтіген Украи на, Əзірбайжан
жəне Молдова бас шы лары өз жоспарларын қалайда жүзеге
асыруға тырысып, мəмілеге келе алмай тарқас ты. Содан көп

уақыт өтпей, яғни 1992 жылғы 19 қаңтарда Мəскеуге қайта
жиналған ел президенттері өздерінің ТМД аумағындағы
Қарулы Күштердің мемлеке т ара лық дəрежедегі мəртебесі
жөніндегі Келісімді қа былдауға əзір екендіктерін білдірді.

Мұның ақыры бұрынғы КСРО Қарулы Күштерінің рес-
публикалар арасындағы бөлінісіне əкеп соқтырды да маршал
Е.М.Шапошниковтың Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы
елдерінің біріккен армиясын құрамыз деген идеясы айдала-

да қалды. Армия тағы да абыржушылыққа ұшырады.
Бұл Қазақстан үшін өте қауіпті жағдай еді. Олай бола-
тыны қаһарлы қару – стратегиялық зымырандардың кілті
Мəскеуде де ал оқтұмсық нысандары əлі де біздің жерде

тұрған-тын. Осыны білген АҚШ-тың ресми адам дары Ва-
шингтоннан Алматыға жиі-жиі жортуыл жасап, тамырымыз-
ды басып көре бастады. Оны біздің республикамызға келіп
қайтқан сол елдің вице-президенті А.Гор мен мемлекеттік

Қорғаныс комитетінің арнаулы өкілі П.Бартолеомоның
жəне Қорғаныс министрі У.Перридің сапарларынан аңғаруға
болады. Сұрайтындары да, қоятын дары да бір сауал.
“Қазақстан ядролық ел ме, жоқ ядролық емес ел ме?” – дейді

олар. “Ядролық мемлекетпіз”, – деп жау ап беремін мен.
“Қалайша?”. “КСРО тараға нымен, оқ тұм сықтар əлі бізде
тұр ғой”. “Одан қа шан құтыласыздар?”. “Мемлекеттердің
бір-біріне тиіспеу туралы уағдаластығы мен ядролық

қаруды таратпау жөніндегі халықаралық шартқа қатысушы
елдердің кепілдемесін алған күні”. “Ел аумағында тұрған
бір стратегиялық зымыран нысанын барып көрсек қайтеді?”.
“Болмайды. Себебі, ешқандай халық аралық келісім не

шартқа қол жеткізбей тұрып, біз сіздерге ештеңені көрсете
алмаймыз”.
Міне, осындай арбасулардан біз қатты іш жиып, енді,
не де болса Ресеймен арадағы əскери мəселені айқындап

алуға бел байладық. Осы мақсатпен Елбасы өзінің кеңесшісі
Төлеген Жүкеев пен мені Мəскеуге жіберді. Онда бізді Пре-
зидент Б.Н.Ельциннің кеңесшісі Э.Бурбулис қабыл дады.
Кездесу кезінде бұдан былайғы жерде Ресей мен Қазақстан

арасындағы əскери қарым-қатынас қалай болмақ деген
мəселе қабырғасынан қойылды. Бурбулис: “Ресейді бəрін,
соның ішінде бөгде аймақтардағы əскерлерді де асырап-
сақтау тойдырып бітті. Бұрынғы одақтас респуб ликалар

тəуелсіздік алса да əлі бізге аузын ашады”, – деп тым дөрекі
тіл қатты.
Біз мұны күтпеген едік. Қарымта жауап қайтаруымызға
ту ра келді. “Қазақстан жылына 15-16 миллион тонна астық

өн ді реді, – дедім мен оған. – Ал өзіне қалдыратыны 2-3 мил-
лион тонна ғана. Қалғаны əлі КСРО-ның мұрагеріміз деп
отырған мына сіздердің елге жөнелтіледі. Оның үстіне ре-
спубликамыз Ресейдің құзырындағы Сібір, Түркістан, Орал,

Забайкалье сияқты төрт бірдей əскери округті бұрын ғыдай
етпен қамтамасыз етуде. Сонда кімді кім асырап отыр деп
ойлайсыз?”
Ол мұндай жауапты күтпесе керек. Абыржып қалды.

Сөйтті де жоғарыдағы пікірін шұғыл өзгертіп: “Сіз дұрыс
түсінбей қалдыңыз-ау деймін. Мен Қазақстанды меңзеп
отырған жоқпын. Онымен ерекше қарым-қатынастамыз.
Бірақ біз, ең алдымен өз əскерлерімізді ойлайтын боламыз.

Сөйтіп, таяуда төл Ресей армиясын құрамыз”, – деп аяқ
астынан “ағынан жарылды” да қалды.

Бурбулиспен арадағы осы əңгімеден соң бертінде Ресейдің
Қорғаныс министрі болған, ал сол кездегі Қарулы Күштер
комитетінің бірінші орынбасары іспеттес қызмет атқаратын
генерал-полковник Е.Грачевке кірдік. Ол да ұлыорыстық

астамшы лықтан арыла қоймаған жан екен. Мемлекеттік
масштабта ойлайтын түрі көрінбеді. Қарсылық білдірсең
қақпайлап, баланың сөзін айтады.
Мен оған сөз кезегінде: “Сіз Қазақстанда зымырандарды

əлемнің кез келген нүктесіне еркін жеткізе алатын страте-
гиялық мақсаттағы күштердің үш дивизиясы тұрғанын
білесіз бе?” – деп сұра дым. “Білемін”, – деді ол ойланбас-
тан. “Білсе ңіз ертең Қорғаныс министрлігін құру туралы

Б.Ельциннің, сонымен бір мезетте Н.Назарбаев тың Жар-
лығы шығады. Сонда не болады?”. “Ештеңе де”. “Қате-
лесесіз. Егер олай болған күнде мұның бə рі біздің төл
əскери меншігімізге айналады. Се бебі, ол Қазақстанның

жерінде тұр. Сөйтіп ертең сіздер бір зымыранды ғана емес,
бір зеңбіректі де алып кете алмайсыздар. Өйткені егемендік
дек ла ра циясы мен халықаралық шарттағы тəртіп солай”.
Əңгіме осымен бітті. Алматыға келген соң бəрін де

Елбасыға баяндадық. Президент ойланып отырып: “Ресей
төл армиясын заңды түрде құр сын. Сол сəтте біз де өзімізше
қимылдаймыз”, – деді. Көп күткеніміз жоқ. 1992 жылғы 7
мамыр күні Ресей Қорғаныс министрлігінің құрылғаны ту-

ралы хабарды естідік. Сол күні Елбасымыз да “Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерін құру туралы” № 745-ші
Жарлыққа қол қойды.

– Осымен бір мезетте сіз республика Қор ғаныс

министрі де болып тағайындалдыңыз.

– Иə.

– Айтыңызшы, елімізде бұрын-соңды болып көрмеген

бұл əскери ведомстводағы жұмысты неден бастадыңыз?
Қандай қиындықтар болды. Оларды қалай жеңуге күш
салдыңыз?

– Алғашқы жұмыс ұлттық кадрларды іздес тіріп, өзіміздің

қарадомалақтарды бір жерге жи нақтаудан өріс алды. Бұлай
етпейінше бол май тын еді. Себебі ол кезде біздің елде
орналасқан əскери бөлімдердегі офицерлердің 93 пайызы
славян тектестердің өкілі-тін. Енді айтуға болады, КСРО

армиясының қалдығы ретінде “ұмыт” қалған бұ рынғы
одақтас республика – біздегі əскерилердің көбінің көңіл-
күйі онша емес еді. Сондықтан тек қана ұлттық, иə, ұлттық
кадрларға ғана арқа сүйеу керек деп шештім. Сөйттім де,

бұрынғы Кеңес Одағының түкпір-түкпіріндегі қызметтерін
өткізіп беріп, Қазақстанға оралған қандас тарымыз: пол-
ковник Ə.Жарболов пен подполковник Д.Ха лықовты полк
командирлері, подпол ковник Б.Ер таевты дивизия командирі,

подполковник С.Ела манов ты десант құрамасының бастығы,
генерал-майор М.Ал тын баевты Əуе Қарулы Күштерінің
қолбасшысы етіп қойдым.
Байқап қараймын, қазақ кадрлары əлі де аз. Сондықтан

тəуекел деп Алматыдағы жоғары əскери командалық учи-
лищеге полковник А.Тасболатовты бастық етіп тағайын дап,
ондағы курсанттарды 11 мамандық бойынша оқытуға күш
салдым. Қазір бұл оқу орны Құрлықтағы əскерлердің əскери

институтына айналғаны белгілі. Ал ол кезде… Жə, содан бір
күні А.Тас бо латовты шақырып алдым да, былай дедім:

– Қазақ баласының қабілеті ешкімнен кем емес қарағым.

Өйткені өзім де қазақпын. Егер əс кери қызметке талабы
болса, ауылдан келген, бо йы 1 метр 70 сантиметрге жететін
қарадома лақ тардың бəрін бірінші кезекте қабыл дауға на зар
аудар. Қалай етсең олай ет, бұл учили ще де гі қазақ балалары

80-90 пайыздан кем болмасын.
1992 жылдың сол бір қиын көктемінде ертеңгі күннің
қамы үшін деп Отардағы əскери қалашықтан кіші офицер-
лер курсын ашқа ны мыз да есімде. Оған өзім барып сабақ

беріп жүр дім. Бұған қоса Ресейдің Қорғаныс министр лі-
гімен байланыс орнатып, талапты деген жас тары мызды
сондағы қаптаған əскери акаде мия лар мен училищелерге
оқытып алуға əрекет ете бастадық. Сонда ғой, Бас штаб

бастығы, генерал-полковник С.Дубининмен оңбай сөзге
келісіп қалғаным. Əрі айтамын көнбейді, бері айтамын бол-
майды. Шалқаяды, ат-тонын ала қашады.

– Аумалы-төкпелі мына дүниеде, – дедім бір кез-

де қаһарыма мінген мен, – бəрі сендерден сырт айналып
жатқанын неге түсінбейсіңдер? Латвия мен Литваның
емеурін танытуымен НАТО іргелеріңе иек арта бастаған жоқ
па? Закавказьедегі жағдайларың болса анау. Шатқаяқтап тұр.

Соған қарамай бізбен сөйлескілерің келмейді. Сонда кіммен байланыс орнатпақсыңдар? Сенімді одақтас, адал көршіні қайдан таппақсыңдар? Алмасаң алмай-ақ қой балаларымды. Оларды АҚШ пен Англия қазір-ақ қағып əкетейін деп тұр. Соларға апарып оқытамын. Ал сонда не болады? Мына сөзді естігенде С.Дубинин шошып кетті. Дереу мəймөңкеге көшіп, келісім береті нін айтты. Соның нəтижесінде 1992 жылдың тамыз айында 40 қазақ офицері Мəскеудегі əскери академияларға, 250 қарадомалақ курсант Вязьма, Рязань қалаларындағы танк, артиллерия училищелеріне жолдама алып, 2-3 жылдан соң мынау деген мықты əскери кадрлар болып қайта оралды. Республика Қорғаныс министрлігі құрылған нан бастап қолға алып, нəтижелі аяқтаған тағы бір ерекше күрделі ісіміз деп мынаны айтуға бо лар еді. Сол уақытта біз талай елдің көз құртына айналған ядролық оқтұмсықтардан құтылдық. Торғай мен Жармада тұрған 14 мың шақырым жер дегі нысанаға дəл барып түсетін зымыран дарды ақыры Ресей өз жеріне бөлшектеп тасып əкете бастады. Содан соң барып əлем бізге жылы қабақ танытып, АҚШ, Қытай, Германия, Үндістан секілді ірі мемлекеттердің Қорғаныс министрлерімен əскери саладағы өзара байланыс, материалдық-техникалық көмек жөніндегі келісімге қол жеткізгеніміз бар. Сөзімді мынадай терең мəні бар детальмен аяқтағым келіп отыр. Мен қай іс, қандай мəселе болмасын үнемі Президентпен ақылдаса шешіп отырдым. Қорғаныс министрлігі əп деп құрылған алғашқы айлардың бірінде Нұрсұлтан Əбішұлына əскери бөлімдер көп шоғырланған аймақтарды барып көрсеңіз, ондағы офицерлер мен жауынгерлер алдында сөз сөйлесеңіз деген тілек айттым. Елбасы бұл өтінішімді құлшына қабылдады. Міне, Аягөз гарнизонында тұрмыз. Əскери қызметшілерінің 80 пайыздан астамы өзге ұлт өкілдерінен тұратын мұндағы офицерлердің өңдері пəс, көз жанарларында сенімсіздік отының ұшқыны көрінеді. Осыны байқап, білген Нұрсұлтан Əбішұлы: “Сіздерге мен Мемлекет басшысы ретінде мынаны ашып айтқым келеді, – деді. – Қазақстан армиясы ешкімді алаламайды. Бұл – бір. Екінші, біз сіздерден Украина мен Грузия немесе Молдова Қарулы Күштеріндегі сияқты қайтадан ант қабылдау туралы талап қоймаймыз. Кезінде ортақ отанға бір рет ант бергенсіздер. Сол жете ді. Осыны мықтап есте ұстаңыздар”. Осы сөзді Президент Сарыөзекте де, Отарда да, Сары шағанда да қайталап айтты. Сол-ақ екен əрі-сəрі болып, көрші елдерге кетуге құйысқандары көтеріліп тұрған өзге ұлт офицерлерінің жүздері жадырап сала берді. Содан бастап армиядағы моральдық-психологиялық ахуал күрт өзгерді. Əскери кадрлардың бойында сенім оты маздады. Қазақстанды мекенім, жерім, елім, тағдырым деген патриотизм пайда болды. Міне, бір сөздің құдіреті қандай! Көпті көрген, еліміз өміріндегі ірі де іргелі оқиғалардың бəріне куəгері болған ағамыз – шежіре адам. Мəселен, Сағадат Қожахмет ұлының кезінде респуб ли ка лық Ұлан гвардиясын қалай құрып, жасақтағанының өзі бір тарих. Президент айтқан идея бой ын ша Щучинскідегі Кадет мектебін өмірге əкелуі өзінше қызық оқиға. Ұлттық армиямыз құрыл ған ал ғашқы жылдары жауынгерлерді қайтсем жалаңаяқ қалдырмаймын, тоңдырмаймын деп Тал - ды қ орғаннан тұңғыш əскери киім-кешек фабрикасын ұйымдастырғаны да жеке əңгіме. Ал Сə кеңнің ті келей қолға алып, басшылық етуімен Парламентте бекіген республика Қарулы Күштері, қор ғаныс, əс кери қызметшілер туралы заңдар мен əскери доктрина ше? Ұшан-теңіз тірлік. аламат ең бек. Егер осылардың бəрін бір сəтке көз алдыдан өткізіп, ой сарабына салған жан болса, онда олар кезінде ардагер ағаға № 1 Халық Қаһарманы атағының тегін берілмегеніне толық көз жеткізері анық. 2006 жыл.

АМАНАТ

Кəкең! Кəкімжан аға!!! Бүгіндері газет-жур-
нал беттері мен теледидар бағдарламаларынан
80 жылдығы қылаң беріп қалып жатқан асыл
азамат туралы ойлағанда көңілге көп жай ора-

лып, көп нəрсе еске түседі. Өйткені, ол күрмеуі көп
күрделі жолдардан өткен адам еді. Сондықтан да
оның өмірбаяны бай-тын. Осыны еске алғанда бұл
ағамыздың болмыс-бітімін бір мақалада егжей-

тегжейлі қамтып, толық ашып көрсету əсте
мүмкін емес. Оны біз бек жақсы түсінеміз. Соны
көңілге түйе отырып, төменде оқырман дарға тек
бір-ақ нəрсені баяндап айтсақ дейміз. Ол – Кəкеңнің

өмірден озардан жеті ай бұрынғы аманаты.
...1989 жылдың 4 марты* еді. Талдықорған облы сының
Ақсу ауданында “Қазақстан ком му нисі” журналының
“Партиялық жұмыс: іскерлік, жаңа шылдық, ізденіс” деген

тақырыпта “дөңгелек стол” басындағы сұхбаты өтетін бол-
ды. Оған ре дак циядан екі адам баруға шешім қабылданды.
Олар: бас редактор Кəкең жəне бөлім меңгерушісі мен.
Алматыдан ертелетіп аттандық. Қапшағайдан өтіп,

Шеңгелдіге иек артқанда: “Сөйле, батыр, – деді қаладан
шыққалы бері ауыр ойда отырған ағамыз кенеттен. – Мы-
надай ұзақ жолда бір-бірімізге əңгіме айтып отырмасақ бол-
мас, сірə”.

Мен қысылдым. Өйткені, барып кел-шауып келге
шамдағай, жұмысқа əбжіл болғаныммен, үлкендермен
арадағы былайғы қарым-қатынаста тəжірибем аз, əлі ашы-
ла қоймаған ұяң кезім. Сондықтан бəрімізді үнемі мысы ба-

сып тұратын басшымыздың алдында аты-жөні жоқ қандай
əңгіме айтуға болады?
Осыны сезді ғой дей мін, мəшине тере зе сінен сыртқа

барлай қа раған Кəкең: “Рахаң... Рахымжанды айтамын
да... Сол кісінің көзі тірісінде біздің редакцияға бас сұққан
соңғы келісі есіңде ме? – деді. – Бұл 1987 жылдың февралі
еді ғой. Мен онда батыр ағаңды өзімде көп ұс тамай, саған

əңгімелесуге жіберген болатынмын. Содан бір жыл алты ай-
дан соң қайран ер қайтыс болды емес пе?...”

– Иə, – дедім мен. – Ол кісі екеуміздің арамыздағы сұрақ-

жауап əңгіменің магнитофон таспасы сейфте сақтаулы тұр.
Қажет десеңіз мына сапардан қайтып оралған соң, сізге
берейін. Бірақ, екі нəрсеге түсінбедім. Ол өзіңіздің осыдан
31 жыл бұрын очеркіңіздің де, содан сəл кейінірек жарық

көрген кітабыңыздың да кейіпкерін маған жібергеніңіз
жəне Рахаңның кейбір мəселелер туралы тəптіштеп тұрып
сұраған сауалдарыма: “Баукең мен Кəкең біледі. Өйткені, ол
шаруа лардың басы-қасыңда сол кісілер жүрді ғой”, – деп көп

нəрсеге мардымды жауап бермегені.

– Мəселе міне, осында, бауырым. Саған қазір соны

айтқалы отырмын, – деді ағамыз мына ұзақ жол үстінде
үлкен бір əңгіме тиегін ағытуға ыңғайланғандай болып.

– Алдымен сөзді сенің бірінші сұрағыңа емес, екіншісіне

жауап беруден бастайын. Рейхстаг қаһарманы Рахым-
жан Қошқарбаевты маған тауып берген Баукең. Бауыржан
Момышұлы! Бұл кісінің бəйбішесі Жамал 50-ші жылдар дың
бас кезінде өзіміз жұмыс істеп жүрген “Лениншіл жаста” ма-

шинистка еді. 1956 жылдың көктемінде апамыз Баукеңнің
Мəскеудегі əскери қызметтен біржолата босап, Алматыға
келгенін айтты да, біздерді батыр ағамызбен таныстыру
үшін үйіне шақырды. Содан бастап ол кісінің назары маған

мықтап ауғанын жасырмаймын. Кейін тіпті батырдың
үлкен баласындай болып кетіп, Орынша апаңа үйленуге сөз
байласқан кезімде оны сол үйге келін етіп түсіріп, батасын
алған да жайым бар.

Сол Баукең, аруағыңнан айналайын асыл ағам бір күні
үйіне шақырды. Айтқан əңгімесі: өзіне соғысқа қатысқан
бейтаныс жас жігіт сəлем беруге келіпті. Ал тапсырған ша-
руасы: менің соған міндетті түрде жолығып, оны газетке

жазуымның керек екендігі.

– Білесің бе? – деді көзі ұшқын шашып, ширыққан Баукең.

– Мен де соғысқа қатыстым. Дивизияға дейін басқардым.

Төрт жыл бойғы сұрапылдың небір сұмдықтары көз ал-
дымда. Бірақ, Берлинді алардағы, рейхстагқа ту тігердегі
қырғын – ол нағыз ақырзаманның өзі. Жаңағы жігіт сол
тозақ отының ішінде болған. Сол алапаттан аруақ қолдап,

аман шыққан. Жеңіс жалауын тіккен! Тағдыр оның тарихи
адам ретіндегі өмірбаянын сол сəтте жазған!!! Сендердің
міндеттерің енді соны елге айтып, жалпақ жұртқа жеткізу.
Баукең осы сөздерді айтты да, қолыма тілдей қағазды

ұстатты. Онда: “Рахымжан. Рейхстаг қа һар маны! Стран-
но... Соғыс біткелі 13 жыл. Ешкім із демеген. Ахметжан
Қойшығұловтың қарама ғында жұмыс істейді”, – деп
жазылыпты. Мұны оқи сала болашақ кейіпкерімді ал

кеп іздейін. Көп кешікпей оны таптым да. Аңқылдаған
ақжарқын жігіт екен. Оңай тіл табыстық. Қайта-қайта ба-
рып, бес күндей əңгімелестім. Содан соң жазуға отыр дым.
Нəтижесінде 1958 жылдың 21 февралі күні “Лениншіл жас”

газетінде “Рейхстагқа ту тіккен қазақ” деген деректі очеркім
шықты. Ол республика жұртшылығын дүр сілкін дірді. Ал
редакцияға келген хатта есеп жоқ-тын.

– Осыдан кейін үкіметке де ой түсіп, билік тарапынан

қозғалыс болған шығар.

– Жоқ, бауырым... Оған тағы да араласып, мұрындық

болған Баукең. “Қалай?” дейсің ғой. Айтайын. 1960 жылы
февральда ағамыз мені шақырып жатыр деген хабар келді.
Бардым. Ол кісі сəл ойланып отырды да: “Сенің очеркің
арқылы Рахымжанның есімін ел білді. Енді оны батырлық

атаққа ұсыну керек. Мен Ілияс Омаровпен сөй лестім.
Өзіңмен кездескісі келеді. Құрқол барма. Жақсылап орысша
справка-анықтама жазып апар. Ілекең сондағы деректерді
тілге тиек етіп, республика басшыларымен сөйлеспекші”, –

деді.
...Көп кешікпей Ілияс Омаров ағамызға да жолықтым. Ол
уақытта бұл кісі Қазақ ССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті
председателінің бірінші орынбасары-тын. Өте жылы қарсы

алды. Жазып апарған қағазымды асықпай оқып шықты да:
“Мұны маған тастап кет. Үлкен жұмыс жасап сың, қарағым”,
деді риза кейіппен.
Содан біраз уақыт өткен соң Қазақстан Компартиясы

Орталық Комитетінің Əкімшілік бөліміне шақырылдым.

Онда менімен Мəметқа зин жолдас əңгімелесті. Сұраған
сауалдарының бəріне нақты дəлелмен жауап бердім.
Кейіннен білдік қой, Жеңістің 15 жылдығы қарсаңындағы осы
қарекетке мықтап атсалысқан адам Жұмабек Тəшенов екен.

Ол кезде бұл кісі Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының
председателі болып істейтін. Баукеңнің айтуында тиісті
материалдармен қаруланған Жұмекең Мəскеудегі СССР
Жоғарғы Советі Президиумы Предсе дателі нің орынбасары

ретіндегі бір айлық кезекшілік қызметінде Р.Қошқарбаев
жөнінде Бас штабтың архивіндегі материалдарды көтертеді.
Одан Рахымжанның кезінде Совет Одағының Батыры
атағына ұсынылғанын біледі. Сөйтеді де оның неліктен

өтпегені жайлы маршал И.С.Коневті шақыртып сұрайды.
Өйткені, бұл адам соғыстан кейін Бас штабтың бастығы
болған. Ж.Тəшенов тің қатқылдау сұрағына маршал шамда-
нып қалады. Екеуі қатты сөзге келеді. Бұл жайсыз ха бар сол

кездегі СССР Жоғарғы Советі Прези диумының Председателі
К.Е.Ворошиловқа жетеді. Климент Ефремович мəселені
ушықтырмас үшін өзінің орынбасары мен əйгілі маршалды
татуластыруға күш салады. Сөйтіп жүргенде даудың түйіні

назардан тыс қалады.

– Бəрі Климент Ефремовичтің азусыз ды ғы нан болды, –

депті Жұмабек Тəшенов күйіне отырып Баукеңе.

– Жұмекең де мен секілді қызба ғой. Екеу мізді құртып

жүрген мінез, – деді маған айтқан əңгімесінде Баукең.
Сөйтіп, алғашқы талпынысымыз сəтсіз аяқталды.
Осы жерге келгенде əңгіме кілт үзілді. Оған себеп болған
жүргізуші Серіктің мəшинені жайлап қана тоқтатып, капот-

ты аша бастағаны еді. Оны көрген біз де сыртқа шықтық.
Күн ала бұлт болып көрінгенмен, төңірек манаураған
жаймашуақ кейіпте. Жылы жел – алтынкүректің лебімен
жол жиегіндегі қар ағыл-тегіл еріп жатыр. Табиғаттың

осы көрінісіне сəл назар аудара қараған Кəкең бір мезетте
алдымыздағы Арқарлы асуына, оның шығысқа қарай иіндеп
барып, түу сонау Қоянкөз жайлауына қосылатын тұсына
көз тікті. Оған жапсарласа атақты Алтынемел мұнартады.

Байқап əрі біліп тұрмын, бұл өңірдің бəрі де ағамызға
баяғыдан таныс, ыстық жерлер. Олай болатыны, сонау 50-
ші жылдардың ортасында мына Қоянкөзде ол кездері есімі
елге əлі таныла қоймаған, кейін Социалистік Еңбек Ері ата-

натын Зылиха Тамшыбаеваның комсомол-жастар бригада-
сы отыратын. Оны Алматыдан “Лениншіл жастың” тілшісі
Кəкімжан Қазыбаев іздеп келіп, бірде репортаж, енді бірде
суреттеме, очерк жазып қайтатын. Газеттегі сол материал-

дар кейін ақын Қуандық Шаңғытбаевтың ойын оятып, одан
Қанабек Байсейітовпен бірге жазған “Беу, қыздар-ай!...” пье-
сасы туды емес пе?! Ал ағамыздың Алтынемелге аңсары
ауа қарап тұрғаны да түсінікті. Ол даланың дара жұлдызы,

ұлы Шоқанның мəңгілікке дамылдап жатқан жері ғой. 1982-
1985 жылдары Орталық Комитеттің хатшысы болып тұрған
кезінде Кəкең сол жерге Димекеңнің тапсырмасымен əр
алты ай сайын бір келетін. Сөйтіп жүріп ұлы ғалымның 150

жылдық юбилейін ЮНЕСКО деңгейінде өткізуге мұрындық
болып, Шанханайдағы Ш.Уəлиханов мемориалдық музей
комплексін өз уақытында пайдалануға беріп үлгерді емес пе.

– Арада төрт жыл уақыт өтті, – деді бəріміз мəшинедегі

орнымызға отырып, көлік Арқарлының асуына бет алғаннан
кейін Кəкең. – Алда Жеңістің 20 жылдығы жақындап келе
жатты. Баукең: “Рахымжан туралы жоғары жаққа хат
жазсақ, оған өкілеттіктері зор төрт адам қол қоятын болды,

– деп тағы бір əңгіменің шетін шығарды бір күні. Сол кісінің

түртпектеуімен мен енді Р.Қошқарбаев туралы табылған
соңғы тың деректерді қосып, тағы да анықтама жазуға отыр-
дым. Қазір сол документтің бір данасы əлі күнге архивімде
сақтаулы. Оған Баукең былай деп жазыпты: “Бұл тақырыпта

.М.Мүсіреповпен əңгіме болды. Оған алғашқы данасын
қалдырдым. 15 июль. 1964 жыл. Б.Момышұлы”.
Күзге тарта хат қайта-қайта жөнделіп, əбден толықты-
рылып барып дайын болды-ау, əйтеуір. Оған өкіметке

сөздері өтетін, қолдарында манда ты бар төрт атақты ағамыз
қол қойды. Олар: Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депута-
ты, респуб лика Жазушылар одағы басқармасының бірінші
хатшысы .Мүсірепов, СССР Жоғарғы Советінің депута-

ты, жазушы .Мұстафин, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің
депутаты, жазушы И.Шухов, республика Жоғарғы Советі
Президиумының мүшесі, ақын Ə.Тəжібаев еді.
Бұл бастаманы билік қолдады. Сөйтіп, Қазақстан Ком-

партиясы Орталық Комитетінің Бюросында арнайы қаулы

қабылданып, алты жыл бойы жинақталған бүкіл документ
Мəскеуге жіберілді. Ол кезде оны адамдардың аз ғана тобы
біле тін. Сеніміміз күшті болды. Өйткені, 1964 жыл дың
күзінен бастап еліміздегі жоғары басшылыққа басқа адамдар

келді ғой. Жақындап келе жатқан Жеңістің 20 жылдығында
олардан жаңа көзқарас, жаңа ықылас болар деп күттік.
Дүрілдеп 9 мамыр мейрамы да өте шықты. Бірақ Рахымжан
Қошқар баев туралы орталық үндемеді. Қандай өкінішті...

Кəкімжан аға сөйлеп отыр. Мен жоғарыдағы бірінен-бірі
өткен тың да соны деректерге толы тол ғанысты тыпыр ет-
пей үнсіз тыңдаудамын. Себе бі, бұл бұрын мүлде естімеген
жаңа əңгіме. Аға мыздың рейхстаг қаһарманы Рахымжан

Қош қарбаевтың ерлігін 50-ші жылдардың соңында газетке
бірінші болып жазған қаламгер екенін біле тінбіз. Кейін, яғни
1966 жылы басты кейіпкері Рахаң болып табылатын “Керне-
ген кек” атты деректі повестің де авторы атанғанынан хаба-

рымыз мол еді. Бірақ... иə, бірақ мынадай жан кешті тірлікке
ынты-шынтымен
араласуы...
Қайта-қайта

құшырлана
кірісуі... Бұл енді нағыз керемет, ғажап іс!

– Баукең менімен əңгімелесерде немесе бір жұмыс тап-

сырарда үнемі шақыртып алушы еді, – деп сөзін жалғады
Кəкімжан аға Мұқырға жетіп, Көксу өзенінен өте бергенде.

– Бұл жолы, яғни 1969 жылдың январында ақсақал маған

телефон арқылы өзі хабарласып, былай деді: “Рахымжан
десе абит Мүсірепов ішкен асын жерге қояды. Пікірі əлі
жоғары. Сол кісімен ақыл дасқайсың. Бастаған істі орта жол-
да қалдыруға болмайды”.

Батыр ағаның айтқаны біз үшін бұйрық. Ал ол сөзбұйдаға
салынбайды, орындалады. Осылай деген ішкі ойым көп
кешікпей мені абеңмен жүздестірді. Ақылдас тырды. Со-
дан кейін жоғары жаққа тағы бір хат кетті. Ол Жеңістің 25

жылдығы қарсаңында Р.Қошқарбаевтың ерлігін əділ бағалау
жөніндегі тілек-ұсыныс еді. Оған атақты Баукең, Бауыржан
Момышұлы өзі бастап, екі мəрте Совет Одағының Батыры
Сергей Луганский мен Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депу-

таты, ақын Жұбан Молдағалиев қостап, 12 адам қол қойды.
Бұл 1969 жылдың 29 январы болатын. Мəселені қарауға
уақыт жеткілікті болсын, ертең ешкімде де өкініш қалмасын
деп аталмыш документ Мəскеуге Жеңістің 25 жылдығынан

бір жыл алты ай бұрын əдейі ерте жіберілді. Тағы да үнсіздік.
Орталық бұл хатқа да лəм-мим деп жақ ашпады.
Сөзімді аяқтарда əділеттілікке қиянат болмас үшін,
мына бір жайды да анықтап айта кетейін. Жоғарыдағыдай

мазмұндағы ең соңғы хаттың абең, абит Мүсірепов бастаған
бір топ адамның қол қоюымен Л.И.Брежнев атына 1975 жылы
да жазылғаны бар. Мұны қолға алып, оның басы-қасында
болған жазушы Əзілхан Нұршайықов ағаң. Айтпақшы,

осыдан бір апта шамасы бұрын сол кісінің “Мəдениет жəне
тұрмыс” журналында “Ескірмеген естелік” атты мақаласы
шықты. Оқыдың ба?

– Иə, – деп жауап қаттым мен. – Февраль да ғы номер ғой.

Жалғасы № 3 санда жарияланатыны айтылыпты, – дедім
сөзім дəлелді əрі əсерлі болсын дегендей нықтап.

– Дұрыс, – деді Кəкімжан аға. Сөйтті де: – Міне,

Талдықорғанға да келдік. Мұнда обкомға кіріп шығуым
керек. Онда мені идеология жөніндегі хатшы Гүлша
Тəңірбергенова тосып отыр. Ал сендер қаланы аралаңдар.
40-45 минут көлемінде бой көрсетіп қалармын, – деді

жүргізуші Серік екеумізге.
Қаланы аралағанда қайда барамыз. Уақыт шектеулі. Оның
үстінде мұнда көре қоярлық жер де аз. Екі кітап дүкеніне
кіріп шығып, орталық алаңның шығыс жағындағы сұр үйге

қайтып келсек, Кəкең де баспалдақпен жайлап түсіп, бізге
қарай беттеп келеді екен.

– Сонда атақты адамдардың ақыл-кеңесімен сіз дайындап,

ол кісілер қол қойған жоғарыдағы үш хаттың тағдырынан
ешқандай хабар болма ғаны ма? – дедім мен көлігіміз Ақсуға
бет алған соң, ағамызды қайтадан сөзге тартып. – Өзіңіз кейін
Орталық Комитеттің хатшысы қызметін ат қарған кезіңізде

сол мүмкіндікті пайдаланып, Мəс кеудің үнсіздігінің сырын
білудің сəті түсті ме?

– Ол жұмбақтың жауабы мен үлкен үйге бармастан көп

уақыт бұрын-ақ белгілі болған, – деді ағамыз жоға рыдағы
сауалға күні бойы дайындалып отырған адамдай іле жауап
қатып. – 1980 жылы августа республикамыздың 60 жыл-
дығы тойланатын болды. Онда мен, өздерің біле сіңдер,

ҚазТАГ-тың директорымын. Той салтанатына Бас хатшы
Л.И.Брежневтің өзі келіп қатысты. Сондағы аз ғана билік

иелері арасындағы əңгімеде Леонид Ильичке алдымен Ра-
хымжан Қошқарбаев, содан соң Бауыржан Момышұлы
мəселесі құлаққағыс етілді. Оған Кремль қожайыны: “Та-
рихты қайта қарап қайтеміз”, деп өте қысқа жауап берді.

Бұл: “Бол ды, бітті. Бəрі осымен тəмам. Ондай тақырыпты
енді қайтіп қозғамаңдар” деген сөз еді. Ал: “Орталық
Комитеттің хатшысы кезіңізде жоғарыдағы жайттың ізіне
түсіп көрдіңіз бе?” деген сұрағыңа келетін болсақ былай. Иə,

осы лауазым арқасында Мəскеу архивтерінің басшыларын
біраз ақ тер-көк терге түсіргенім бар. Соның нəтижесінде
көптеген документтерге қолым жетті. Олардан ой түйетін
бір нəрсе: республиканың бұрынғы басшылары: атап

айтқанда, өзіміздің Орталық Комитет пе, Жоғарғы Совет
немесе Совмин бе, Баукең мен Рахаң туралы ұсыныстарға
олардың ешқайсысы қарсы болмаған. Қайта қолдап отырған.
Орталықтағы қолыма түскен деректерден өз басым осыған

анық көз жеткіздім. Бұл болашаққа өте керек нəрсе.

– Мен мұның бəрін саған неге айтып отырмын? – деді

осы арада сəл үнсіз қалып барып əңгімесін қайта жалғаған
Кəкімжан аға. – Біз қартайдық. Бір жылдан соң Баукең
айтқандай “дерпен”, яғни дербес пенсионер боламыз. Сөйтіп,
қоғамның қыз-қыз қайнап жатқан өмірінен алыстаймыз.

Ал бұл деген тіліңді біреу алып, біреуі алмай, пұшайман
күй кешесің деген сөз. Сонда рейхстаг қаһарманы тура-
лы жиып-терген дүние не болады? Жеңістің 15, 20, 25, 30
жылдығындағы бастамалар жағдайы қайда қалмақ. Оны ке-

лешекте кім жалғастырады? Осыны ойлай келе мен мынадай
шешім қабылдадым. Ол – қалаға оралған соң Рахаң туралы
30 жыл бойы жинаған архив деректерім нің көшірмесін саған
беру. Жассың. Болашағың алда. Қайда, қандай жағдайда

жүрсең де осы мəселе əйтеуір жүрек түкпіріңде жатсын де-
ген ниет қой менікі. Батыр ағаңмен өзіңді осыдан екі жыл
бұрын неге кездестіріп, əңгімелестірдім деп ойлайсың? Оның
мəнісі міне, осында, қарағым. Үмітсіз шайтан деген... Алда

Жеңістің 45 жылдығы келе жатыр. Одан кейін 50 жылдық та
бой көрсетпек. Сондай кезде үнсіз қалмасаңдар болғаны да.
Əңгіме аяқталды. Мен үндемедім. Тек иығымды көтердім
де қойдым. Өйткені, бұл елп етіп, бірден бас изей салатын

жеңіл-желпі шаруа емес еді. Салмағы ауыр, жолы қиын жүк
болатын. Сондықтан оны бірден қабылдай алмадым. “Жау-
абы жиырма жылдан бері табылмай келе жатқан жұмбаққа
жолап нем бар?” деген екіұдай сезім жетегінде қамалдым да

қалдым.
... Ақсудан Алматыға 7 мартта кештетіп жеттік. 10-ы күні
жұмысқа шықтық. Түске таман: “Бас редактор шақырып жа-
тыр”, деді хатшы қыз. Есікті ашып кіре бергенімде: “Міне,

бауырым! Саған айтқан документтер мынау”, деді Кəкімжан
аға сейф кілтін нығарлай жауып жатып. – “Жейтін на-
ным бар еді деп жүргенше, жеп тынайын”, депті ғой баяғы
ашаршылықта біреу. Сол айтқандай мына папканы саған

беріп, көңілімді жайландырайын. Айтарым: асықпа. Бүгін-
ертең қолға алатын шаруа емес. Жағдайға қарап қимылда.
Өмір ұзақ жол ғой, қалқам. Бір реті келіп қалар. Ал болма-
са... Қайтесің. Əйтеуір, осы іс саған аманат”, деді”.

Мына сөзді естігенде жүрегім дір ете түсті. Не істерімді
білмей бетіне қарадым ағамыздың. Əлі күнге дейін көз ал-
дымда: жайдары да жайбарақат, салмақты да сырбаз кейіпте
тұрған еді сол сəтте ол кісі. Қиналу мен ренжу немесе мұңаю

атымен жоқ-тын өңінде. Керісінше, дегдар, бекзат қалпымен
қарап тұрды маған.
...Содан тура жеті ай өткен соң Кəкімжан аға кенет-
тен қайтыс болды. Мен сонда барып бəрін бірақ түсіндім.

Түсіндім де: “Өмір бар жерде, қаза бар деген... Көп нəрсені
ерте ойластырған екен-ау жарықтық”, дедім ішімнен. Сөйте
отырып, 1990 жылдың басында ұзынқұлақтан: “Орталық
Комитеттегі Мемлекеттік наградалар бөлімі меңгерушісінің

бірінші орынбасары Көрік Дүйсеев Баукеңнің 80 жылдығы
қарсаңында кейбір мəселелерді анықтау үшін Мəскеуге
барады екен” деген хабарды естіп, сол кісіге жолығуға
бел будым. Ойым – Кəкеңнің қалдырып кеткен көшірме

қағаздарындағы дерек көздерді ағамыз дың қолына ұстатып,
сол арқылы орталықтан олардың куəландырған данала-
рын алдырту жөнінде өтініш жасау. Көрік Құндыз байұлы
1987-1989 жылдары “Социа лис тік Қазақстан” газетінің бас

ре дакторы болған адам. Барлық редакция бір ғимаратта
орналасқандықтан, Кəкімжан ағаға үнемі келіп-кетіп
əңгімелесіп жүретін. Бізді содан жақсы танитын. Соны бетке
ұстап келеміз ғой, баяғы.

– Жарайды, – деді ағамыз қашанғы елпілдеген кішіпейіл

мінезімен. – Əкел тізіміңді. Ала кетейін. Уақыт өте келе
мүмкін Рахаң мəселесімен де айналысып қалармыз. Сонда
қажетке жарары анық. Бірақ, есіңде болсын, қазіргі басты
тапсырма – Баукең.

Халық батырының 80 жылдығына байланысты ол ниет
пен тілектің бəріміздің ойлағанымыздай болып, абыроймен
орындалғанын қазір бүкіл жұрт біледі. 1990 жылғы 12 де-
кабрьде респуб ликаның жаңа басшысы Н.Ə.Назарбаев тың

орталықты мойын бұрғызбас дəлелдер арқылы көндіруімен
Бауыржан Момышұлына Совет Одағының Батыры атағы
берілді. “Тəубе! – дестік бұл ақжолтай хабарға. – Рахымжан
Қошқарбаевқа да осындай ақжарыл қап күн туса екен...”

Өстіп жүргенде арада төрт жыл өтті. Бұл кезде мен
“Халық кеңесі” газеті бас редакторының орынбасары едім.
Алда Жеңістің 50 жылдығы жақындап келе жатты. Осының
қарсаңында Рахаңды жоғарғы жақ есіне тағы бір салып

қойсақ қайтеді деген оймен басшымыз Сарбас Ақтаевқа
кіргенім есімде. “Қажетті деректің бəрі Көрік ағамызда.
Ол кісі оны Кəкеңнің қалдырған дереккөз тізімі арқылы
Мəскеуден анықтап қайтқан”, – дедім Сəкеңе, барлық

оқиғаның бүге-шегесін қалдырмай баяндап. Сарбас аға:
“Көрейік” деді де жоғарғы жаққа барлау жасауға кетті. Бір ай
шамасы уақыт өткеннен кейін ол кісі кабинетіне шақырып
алды да: “Қазір қоғамдық пікірдің бəрі Қасекең, Қасым

Қайсенов жағына ауып тұр”, – деді. – Бұл заңды да. Себебі,
халық көңілінің түкпірінде баяғыдан бері келе жатқан үш
ардақтымыз бар еді десек, солардан көзі тірі қалғаны –
осы партизан ағамыз ғой. Ал енді Баукең мен Рахаң қазір

мына өмірде жоқ. Сондықтан биліктің бұл кісіге бүйрегінің
бұруын: “Қарияның кеудесінде өкініш кетпей, ерлігінің
еленуін көзі тірі кезінде көрсін” деген тұрғыда түсінуіміз ке-
рек. Əңгіменің тоқ етері, қалай, не десек те енді жарты жыл-

дан соң бүкіл ақпарат құралдарының назары Қасекеңе қарай
ауады. Одан біз де тыс қалмауымыз керек. Тапсырма солай”.
Айтқандай-ақ, 1995 жылдың басынан бастап газет-жур-
нал мен телерадиода Қасекең туралы қуатты қоғамдық пікір

дүмпіп кеп берді дейсіз. Сəкең ескерткендей, бұдан “Халық
кеңесі” де шет қалмай, басшылықтың тапсыруымен менің де
аңыз адам туралы “Кейіпкер” атты көлемді мақала жазғаным
бар. Ақыры Жеңістің 50 жылдығы аталып өтілуіне екі

жеті қалғанда, яғни, 24 сəуір күні Қасым Қайсенов Елбасы
Жарлығымен “Халық қаһарманы” атағына ие болды. Əрине,
ол кезде Кеңес Одағының Батыры мəртебесі болса да жоқ.
Ал тəуелсіз Қазақстан ның ең жоғарғы наградасы партизан

ағамызға нағыз лайық марапат еді.
Арада тағы да біраз уақыт өтті. 1998 жылдың аяғында
мен “Егемен Қазақстанның” табалдыры ғын аттадым. Бұл
жаңа жылға бір апта қалған кез болатын. Келе сала газеттің

жылашар нөмірін шы ғаратын топқа жетекшілік етуге
жегілдім. Редак ция алқасының талабы: ол нөмір тартымды,
тың тақырыптарға толы болуы керек. “Тіпті жыл бойына
жүргізіп, көптің көңілін аударатын, сол арқылы басылымға

бедел əкелетін ірі идеялар мен жобалар болса, тіпті ғажап
болар еді”, дейді бас редакторымыз Ержұман Смайыл
жұмыстың ара-арасында.
Күні бойы ойландық. Көз алдымызға келер жылдың

келбетін əкелеміз. 1999 жыл... Қаңтар – Президент сайлауы;
сəуір – Қаныш Сəтбаевтың ғасырлық мерейтойы; желтоқсан

– “Егемен Қазақстанның” 80 жылдығы... Тағы не бар деген-

дей, күнтізбені қайта парақтауға көштік. Тоқта... Тоқта! “Ра-
хымжан Қошқарбаев. 1924 жылы 19 қазанда туған”. Сонда
ағамыз келер жылы қаншаға келеді? Дереу 99-дан 24-ті алып
тастап, санай бастадық. 75! О-о, бұл рейхстаг қаһарманының

мерейтойы ғой. Болды! Бітті! Осы датаны алға тартып, он ай
бойы қоғамдық пікір көрігін гуілдету керек. Құдай қаласа,
бұл бір керемет идея болайын деп тұр!
Содан отыра қалып, Рахаң туралы мақала жазайын.

Бісміллəсі Кəкімжан аға атынан бас та лып, тіні 1987 жылғы
магнитофон таспасындағы сұрақ-жауаптан өрілген бұл
дүниенің тақырыбы “Ха лық ала алмаған қамал” деп атал-
ды. Неге? Оның жауабын аталмыш материалдың “Сөз соңы”

тарауындағы сөйлемдер анық ашып берді ғой деп ойлай-
мын. “Халқымыз кезінде еш пəр мен, жарлықсыз “Батыр”
деп өз жүрек қалауымен ат берген үш қаһарман ның бар
екенін жақсы білесіздер, құрметті оқырман!” – делінген

бо л а тын онда. – Жариялылық пен демократия, тəуел сіздік
тұсында солардың екеуі – Бауыржан Момыш ұлы мен

Қасым Қайсенов кеш те болса, сол атаққа қол жеткізді емес пе? Ал Рахымжан Қошқарбаев ағамыз ұмыт қалды. Неге? Бізді міне осы сұрақ мазалайды. “Халық алмайтын қамал жоқ”, дейді қазақ даналығы. Əділеттілік қал пына келсін десек, ел екенімізді білдіргіміз келсе, Рахаң туралы 60-70ші жылдардағы қоғамдық пікір негізінде бір дүмпіп барып басылған ұм тылысты тағы да қайталап көрсек қайтеді? Сөйтейік, жарандар! Пікір білдірейік. Ұсыныс айтайық. Халық ала алмай келе жатқан қамалға тағы бір рет шабуыл жасап көрейік. Нəтижесі болып қалар...” Аталмыш мақала 1999 жылдың 1 қаңтарында “Егемен Қазақстанның” 5-ші бетінде жарық көрді. Сол-ақ екен, жержерден редакцияға қолдау хаттар қаптады-ай дейсіз. Олардың ішінде атақты Қ.Қайсенов пен Қостанай облысындағы Социалистік Еңбек Ері М.Яровойдың, Талды қорған облысындағы Жаркент өңірінің тұрғыны Т.Исабеков пен кезінде Рахаң директор болып тұрған “Алматы” қонақ үйінің əкімшісі қызметін атқарған зейнеткер С.Дəуренбекқызының лебіздері жүрек толқытарлық дүниелер еді. Міне, осындай пікірлерді əуелі Кəкімжан ағаның бізге қалдырып кеткен папкасындағы хаттарын ай шық тай орналастырып барып, содан соң жұртшылық ұсыныстарын “Иə, Қошқарбаев қандай атаққа болса да əбден лайық”, “Қашанғы атаусыз қалады?”, “Рахымжанға “Халық қаһарманы” ата ғын беру керек” деген ортақ тақырыптарға бағын дыра топтап, айына арнайы кесте бойынша екі реттен бердік те отырдық. Əлі есімде, сол жылғы 4 сəуір күні Мемлекет тік хатшы Əбекең, Əбіш Кекілбаевтың көмекшісі Тілекқабыл Боранғалиұлы редакцияға телефон соғып, “Егемен Қазақстандағы” Рахаң туралы соң ғы үш ай ішінде шыққан материалдарды жи нақтап жеткізіп беруді өтінді. “Иə, сəт”, дедік іштей. 5 мамыр күні Тілекқабыл тағы бір рет хабарласып: “Қошқарбаевтың жанындағы Григорий Булатов Ресейдің қай жерінен еді? Сондай бір мəлімет керек болып тұр”, – деді. “Вятканың орысы ғой”, – дедік сақ еткізіп. – Соғыстан оралған соң Кировск қалашығында тұрып, еңбек еткен”. Ал 7 мамыр күні түскі сағат 12-лер шамасында редакцияға тағы да тілеуіңді бергір Тілекқабыл алақайлай телефон соғып, бізді Мемлекеттік хатшыға қосты. Əбекең аман-саулықтан соң осы жаңа ғана Елбасының кабинетінен шыққанын, Президент Рахымжан Қошқарбаевқа “Халық қаһарманы” атағын беру туралы Жарлыққа қол қойғанын толқи тұрып айтты. Содан соң Рахаң ның елордада тұратын туыстарын іздеп табуды, оларға “Қазақстан” теле арнасының кешкі қоры тынды жаңалықтарында оқылатын Жарлықтан жарты сағат бұрын осы қуанышты хабарды жет кізуді тапсырып, газеттің 9 мамыр – Жеңіс күнгі мейрамынан кейінгі нөмі ріне арнайы мақаланың қажет екенін ескертті. Кешкі сағат 19-да курьер “Егемен Қазақ стан” редакциясына Елба сы Жарлығын жеткізді. Бұл құжат Мемлекеттік хатшы Əбіш Кекілбаев тың “Ұлы Жеңістің ерекше оқиғасы” деген түсініктеме мақаласымен бірге газеттің ертеңге шығып бара жатқан 8 мамыр күнгі нөміріне салынды. Ал оған дейін біз тілші Нұрхан Мыңбай екеуміз телефон арқылы Рахаңның Астанада тұратын немере інісі Кəртай Мұсабеков пен əпкесі Гүлшен Жұмағожинаны тауып, əңгімелесіп үлгерген едік. Ол сұхбат 11 мамыр күні аға газетте “Халық алған қамал” деген тақырыппен жарық көрді. Содан көп кешікпей редакцияға бейтаныс апайдың келіп, біздің бөлменің есігін имене ашқаны бар. “Атым – Рымжан, қарағым, – деді ол кісі даусы дірілдей. – Рахымжан ағаларыңның немере қарындасы болып келемін. Көп жыл осы Ақмоладағы кооператив техникумында сабақ бердім. Қазір зейнеткермін. Жақсы іс, үлкен азаматтық тірлік жасапсыңдар, айналайын. Үнсіз қалмайық деп туғантуысқандар атынан “Егемен Қазақстанға” рахмет айтқалы келдім”, деді. Сөйтті де көзі мөлтілдеп, егіліп қоя берді. “Жалғыз еді, – деді. – Бас көтерер іздеушісі жоқ еді”, – деді. Мұны көріп отырып енді менің көңілім босады. – Олай деп айтпаңыз, – дедім апайды жұба тып. – Артында қазақ деген халқы, Кəкімжан Қазыбаев секілді өмір бойғы жоқтаушысы боп өткен інісі тұрғанда Рахаң қалай жалғыз болады? Рахмет айтсаңыз алдымен батыр ағамызды алғаш рет газетке жазып, 31 жыл насихаттаған Кəкеңе айтыңыз. Осылай дедім де мен Рымжан апайға Кəкімжан аға туралы əйда кеп əңгіме соғайын. Қолына Кəкең туралы өзім құрастырып, 1996 жылы “Қазақстан” баспасынан Нұрмахан Оразбек ағамыз шығарып берген “Көзден кетсе де көңілде

қалған” естеліктер жинағын берейін. Сөйтіп, редакцияның кезекшілік атқарып жүрген көлігіне мінгізіп, Рымжан апайды үйіне шығарып салайын. Содан соң Алматы жақтан пойыз келетін шығысқа қарап тұрып: “Аманатыңыз орындалды, Кəкімжан аға!” деп күбірлей тіл қатып, көңілімді бір демдейін. Мен бұл мақаланы неге жазып отырмын? Кəкімжан аға Қазыбаевтың 80 жылдығына байланысты əу бастағы ойым басқа тақырыпты қаузау еді. Бірақ кейінгі кезде “Қошқарбаевты тапқан анау зерттеуші еді”, “Біз болмасақ, ұмытылып қалатын адам болатын ол”,– деген əңгіме көбейіп кетті. Соның салдарынан Рахаңды ең алғаш жазған, ширек ғасырдан астам уақыт бойы насихаттап, қоғамдық пікір қалыптастырған жəне мойындатқан адам – Кəкімжан Қазыбаев есімі ұмытылуға айналды. Мұның бəрі əдеп деген нəрсені білмегендік. Мəселенің мəнісіне терең бойламай, обал-сауапқа қарамағандық. Ондайлардың ойы жалған жарнама арқылы тарихта қалу. Тарихтың сахнасы тар. Оған көп ешкім сыя бермейді де. Қатарына кімді алып, кімді қоюды қария тарихтың өзі ғана біледі. Осыны ұмытпайық. 2009 жыл. МАЗМҰНЫ АҚ ПАРАҚ НАМЫСҰЛЫ ҮЛКЕН КІСІ “МОГИКАННЫҢ” СОҢҒЫ ТҰЯҒЫ БИІК ШЫҢДА ҚАР ЖАТАДЫ БҰЛ ӨМІРГЕ БІР-АҚ РЕТ КЕЛЕМІЗ... МАҚАЛ АТА ТҮЙЕ БАЛУАН ШЕРАҒА Олжас ƏБІШ КЕЙІПКЕР ӨЗГЕГЕ ҚСАМАЙТЫН ӨМІР БƏЙГЕ АТЫ МҮСІНІН ЖАСЫРАДЫ ҒҰМЫР-ДАРИЯ ЖҰЛДЫЗДАР ІЗ ТАСТАП АҒАДЫ ШОЛОХОВТЫҢ ӨКІЛ БАЛАСЫ ОТАНДАС НОСТАЛЬГИЯ TERRA ІNCOGNІTO МАТАЙДА ЖАСАЛҒАН КАЛАШНИКОВ АВТОМАТЫ НОМАД ТЯНЬ-ШАННЫҢ КОВБОЙЫ АС! ТИМУР АРМИЯ ГЕНЕРАЛЫ АМАНАТ

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙