Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – елдік жолында ірі із қалдырған, ел тарихында және әлемдік саясатта өзіндік орны бар тұлға, осы заманғы Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы. Мемлекет басшысы қызметін отыз жыл бойы атқара жүріп, ол егемен Қазақстанды құру іс...
Нұрсұлтан Назарбаев
МЕНІҢ ӨМІРІМ
Бодандықтан — бостандыққа
Астана
ІSBN 978-601-11-0091-5
© Н. Ә. Назарбаев, 2023
© «Фолиант» баспасы» ЖШС, 2024
ӘОЖ 323/324(574)
КБЖ 66.3(5Каз)
Н17
Назарбаев, Нұрсұлтан Әбішұлы
Менің өмірім. Бодандықтан — бостандыққа / Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев. — Астана : Фолиант, 2024. — 2-ші
басылым. — 688 б.
ІSBN 978-601-11-0091-5
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назар
баев — елдік жолында ірі із қалдырған, ел тарихында және әлемдік сая
сатта өзіндік орны бар тұлға, осы заманғы Қазақстан мемлекеттілігінің
негізін қалаушы. Мемлекет басшысы қызметін отыз жыл бойы атқара
жүріп, ол егемен Қазақстанды құру ісіне, туған елін өркениет биігіне
көтеруге бөлекше үлес қосты.
Саясаткер өзінің мемуарлық кітабында бүкіл өмір жолын әсерлі әң
гімелейді, тәуелсіздік тарихының бел-белестерін бейнелі түрде көрсетеді,
осы жолдағы жетістіктер мен кемістіктердің сыр-сипатын ашып айтады.
Өткен өмірдің өрелі өнегесі мен ащы сабақтары жайында шынайы сыр
шертеді.
Тарихтың тар кезеңінде тәуелсіздік туын тіктеп, елді бодандықтан
бостандыққа бастау бақыты бұйырған тұлғаның соқтықпалы, соқпақсыз
тағдыры туралы терең толғаныстары қай буынның оқырмандары үшін
де тағылымды екені талассыз.
ӘОЖ 323/324(574)
КБЖ 66.3(5Каз)
Н17
— 3 —
МЕМУАР МҰРАТЫ
ШЕШІМ
2019 жылдың 18 наурызы.
Сол күні, еліміздің ұлық мерекесі Наурыздың қарсаңында біз
елордамызда бас мешіттің іргетасын қаладық.
Сол күні мен өз өмірімдегі аса мәнді шешімдердің бірін қабыл
дадым.
Барлық рәсімдерді атқарып болып, қаланың орталығына жүріп
кеттік. Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты өз көлігіме шақы
рып алдым. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа
ғимаратын ашуға бара жаттық. Мен сөз бастадым.
— Қасым-Жомарт, айтылуы тиіс сөздің айтылатын кезі келді, —
дедім.
Әңгіменің не жайында қозғалатынын біліп тұрғанын не білмей
тұрғанын байқамадым, кәсіби дипломат емес пе, үндей қоймады.
— Мен ертең кейінгі кезде толғандырып жүрген мәселе жөнінде
маңызды, жоқ — аса маңызды шешім қабылдаймын. Өзіңе көптен ай
тып жүрген ойымды жүзеге асырамын. Халыққа Үндеу жариялаймын.
Сөздің ауаны қайда ауып бара жатқанын дәл аңғарғаны анық.
— Мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігімді тоқтатамын. Консти
туцияға сәйкес Президент міндетін атқаруды саған өткіземін, — дедім.
Ол әлі үнсіз. Сәл сәттен кейін барып:
— Әлі де ойлансаңыз қайтеді? Ерте емес пе қазірше? — деді.
— Жоқ. Ерте емес. Мен әбден ойланғанмын. Уақыты келді.
Осы сөзімнен кейін екеуміз де үнсіз қалдық.
Мұндай шешім қабылдарда мен мемлекет билігінің басында ұзақ
уақыт тұрғанымды ескерген едім: бес жыл Қазақ КСР Үкіметінің
төрағасы, отыз жылға жуық тәуелсіз Қазақстанның бірінші басшы
сы болдым. Жасым сексенге жақындап келе жатты, денсаулығым да
сыр бере бастады. Алайда ең бастысы ол да емес, ең бастысы — әлем
өзгеріп барады, көшбасшылардың жаңа буыны келуде. Біздің де
өзгеруіміз керек. Тәуелсіз мемлекет құру міндеті орындалды. Өз елім
үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 4 —
Жаңа мешіттің орны қаланың шет жағында еді. 2017 жылы ха
лықаралық «ЭКСПО» көрмесі өткізілген маңайға жақын. Ол кезде
әлі мұнда ештеңе жоқ. Теп-тегіс жер. Айналаға көз салдым. Бір жақта
сонау көкжиекке тіреліп жатқан шетсіз-шексіз сайын дала. Бір жақта
сол сайын даланың төсінде орнаған жаңа қала. Осы сурет — дала мен
қаланың астасқан тұсы әлі күнге көз алдымда. Бұл суретте біздің
үшінші мыңжылдықтағы, жиырма бірінші ғасырдың бас шебінде
гі бар болмысымыз тұнып тұрғандай. Қазақтың ұғымында туған
жермен теңестіріле айтылатын кең-байтақ жазық өңірді де, ауылды
жерді де, жапан түзді де, атажұртты да жанымызға жақын бір сөзбен
«дала» дей береміз, кеңдікті, мол пішілгендікті, жомарттықты айт
сақ, «даладай» деп сөйлейміз, тіпті, көпқабатты пәтерімізден аулаға
шығып қайтсақ та «далада жүріп келдім» дей саламыз, осы арқылы
өзімізді сол ұлы ұғыммен ұштастыра түсеміз. Байтақ дала, боз дала,
бұла дала деп аялай атаймыз. Ірі елді мекенді, отырықшы кентті си
паттайтын «қала» сөзі бізде қорғаныш, сүйеніш, тірек мағынасында
да айтылады. Дала мен қаланың ұштасуы біздің дәстүрлі санамыз
бен жаһандану заманындағы жалпыадамзаттық құндылықтардың
қабысуындай көрінеді. Арқа төсіндегі алтын алқадай етіп, елорданы
тұрғызуымыз елдік ерлігі болғаны талассыз. Осы шешімге келудің,
әсіресе оны іске асырудың қаншалықты қиынға түскені маған мәлім.
Мемлекет өмірі үшін өте маңызды осы мәселенің түйіні Сарыарқа
белінде, қазақтың бас қаласы — Астана жерінде тарқатылуының
өзіндік символдық мәні бары күмәнсіз еді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы екеуміз көлікте келе жатып, ендігі атқа
рылар шаруаларды ақылдаса бастадық. Арамызда бұл әңгіме бұрын
да қозғалған. Ол кезде нақты ай тұрмақ, нақты жыл да аталмайтын.
Қасым-Жомарт Кемелұлының Біріккен Ұлттар Ұйымына қызмет
ке баруының жайы былай. Біріккен Ұлттар Ұйымының сол кездегі
Бас хатшысы Пан Ги Мун мырзамен ежелден, Оңтүстік Кореяның
министрі кезінен жақсы таныс, жақын едім. Соны пайдаланып, «Қа
зақстаннан Ұйымға басшылық қызметке бір адам алуға болмай ма?»
деп бірнеше рет айтып көрдім. Бұл мәселе ақыры шешілуге айналды.
Мен Тоқаевты ұсындым. Ұсынысым қабылданды. Ол сынақтардың
бәрінен сәтті өтті. БҰҰ-ға барарының алдында Қасым-Жомартпен
ашық сөйлесіп, «Керек болып қалсаң, қайта шақырамын. Оған іштей
дайын жүр» дедім. Келістік. Шынын айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйы
мы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің
бас директоры, Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы
қызметінде жүрген жерінен 2013 жылы елге қайтуға шақырғанымда
Мемуар мұраты
— 5 —
түпкі ойым кезі келгенде мемлекет тізгінін қолына ұстату, оған дейін
Конституцияға сәйкес Қазақстандағы билік жүйесінің екінші тұлғасы
болып табылатын Сенат төрағалығын қайтадан атқарып, маңызды
мәселелер шешіміне тікелей араласуға мүмкіндік жасау еді. Қасекең
содан бергі алты жылдық уақыт сынағынан да абыроймен өтті. Ел
тізгінін оған кәміл сеніммен тапсыра алатыныма біржолата көзім
жетті. Оның адамдық қасиеттеріне күмән келтіріп көрген емеспін,
өйткені біз көптеген жылдар бойы бірге жұмыс істедік қой. Премьер-
министр қызметіне тағайындағанымда да осыны ойлаған болатынмын.
Бұл шешімге ел халқын психологиялық тұрғыдан дайындауға
да мән бергенім рас. 2015 жылғы президенттік сайлаудың алдында,
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қоғам өкілдерімен кездес
кенімде кандидатурамды сайлауға ұсынуды өтінген мыңдаған хат
тар алып отырғанымды айтқаным, сонымен бірге, жеке жоспарым
басқашалау болатын деп ағымнан жарылғаным да бар еді. Сол тұста
Елбасы елді өмір бойы басқарсын деген ұсынысты референдумға
шығару жөнінде әңгіме болған. Шығыс Қазақстанда жасалған ол
ұсынысты елдің әр өңірі қолдап кетті. Оған бүкіл ел бойынша 5 мил
лиондай адам қол қойған. 5 миллион дауыс деген сайлаушылардың
көпшілігі. Тіпті мұны мәселенің шешілуі деуге де болатын. Әрине,
мен үшін қуанышты жағдай ретінде қарайтындай. Бірақ… Төңіре
гімдегі әріптестерім дабырлап қолдады. Мен шешім қабылдауым
керек еді. Өмірінің аяғына дейін лауазымды тек корольдер ұстайды.
Олар билікті мұрагерлікпен алады. Егер біз бұлай істесек, әлемдік
қоғамдастықта жаппай сынға ұшырар едік. Екінші жағынан, 5 мил
лион адамның сөзін қалай жерге тастауға болады? Сондықтан мезгілі
нен бұрын сайлау өткізу қажеттігі туды. 2015 жылғы сайлауда халық
маған 97,75 пайыз қолдаумен дауыс берді. Кей жерлерде тіпті кезекке
ұзақ тұрып дауыс бергендер болды. Ресейден сайлауға байқаушы
ретінде қатысқан атақты азамат, ауған соғысының батыры, Ингуш
Республикасының тұңғыш президенті Руслан Аушевтің баспасөздегі
сұхбатында осыған таң-тамаша қалып айтқаны есімде. Сондайлық
зор сенім көрсеткені үшін халқыма ризамын.
Одан кейін де төрт жыл өтті. Бірқатар өзгерістер жасайтын уақыт
жетті. 2017 жылғы 15 қаңтарда ел жұртшылығын мемлекеттің саяси
жүйесінде реформалар жасау қажеттігі жөнінде хабардар еттім.
Тәуелсіздіктің бастапқы белесінде, бейберекеттік белең алған кезде
күшті президенттік көлбеу билік мемлекет ретінде қалыптасу бары
сындағы алапат қиындықтарды еңсеру үшін керек болды. Ол кезінде
өзін ақтады. Алдағы реформа басқару жүйесінің тиімділігін арттыруы
тиіс еді. Солай жасалды да. Конституцияның он тоғыз бабына түзету
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 6 —
енгізілді. Президенттің бірқатар өкілеттіктері мемлекеттік биліктің
өзге тармақтарына таратылып берілді. Үкімет пен Парламенттің
рөлдері анағұрлым күшейе түсті. 2018 жылдың 5 шілдесінде мен
«Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Заңға қол
қойдым, бұрын кеңес қосу-ақылдасу органы болып табылған бұл
құрылымға кең өкілеттіліктер берілді.
Әйтсе де, елдің болашағы туралы ойлағанда әлемдік жағымсыз
үрдістер қатты алаңдататын. Кеңес Одағы ыдыраған, социалистік
лагерь тараған, Варшава Шарты тоқтатылған, «қырғи қабақ соғыс»
аяқталған кезден кейін біркіндікті бола бастаған дүние қайтадан
қоскіндікті болуға айналды. Путиннің тұсында әлемдік держава қал
пына келген Ресей АҚШ-пен тіресуге көшті. Қытай қатты күшейіп
кетті. Мұндай жаңа жағдайда Қазақстан дамуының жаңа стратегиясы
қалыптастырылуы, ел өмірінде жаңа белес басталуы қажет екендігі
анық еді. Бұл міндетті жүзеге асыруға болашақта кім басшылық жа
сай алады? Қазақстанның өркендеу жолын одан әрі жалғастырудың
ауыр жүгін кім көтере алады? Биліктің тізгінін кімге сеніп тапсыра
аламын? Осындай ойлар талай түндер бойы тыным бермейтін, тіпті
жанымды жейтін. Ақыры түптің түбінде таңдауым Тоқаевқа тоқтады.
«Түсті» демей, «тоқтады» деуімнің мәні бар.
Қасым-Жомартты мен әуелде Қазақстан Үкіметін басқарып жүр
генімде, 1985 жылы Бейжіңге КСРО Жоғарғы Кеңесі делегациясының
құрамында барған сапарым кезінде көргенмін. Қытай тілінде зулап
тұрған келбетті қазақ жігіті есімде қалып қойған, өзімен сонда қысқа
қайырым сөйлесіп те үлгергенмін. 1992 жылы Мәскеудегі ол жұ
мыс істеп жүрген Сыртқы істер министрлігіне арнайы барып, елге
шақырғанмын. Белгілі әннің сөзімен «Бери шинель, пошли домой»
дегенім де есімде.
Алайда… Иә, саясатта «алайдасыз» аяқ баса алмайсың. Ізбасар
ретінде таңдаған адамыңа қанша жерден сенімдімін дегенде де, ел
басшысының ауысуы оңай іс емес. Талай жылдан бері осы оқиғаның
түбінде бір болмай қоймайтынын біліп, аңысын аңдып, барысын
барлап отырған билік төңірегіндегі таласшыл топтарды былай қой
ғанда, отыз жылдай уақыт бойында бір адамның басшылығына бойы
үйренген, жүрген-тұрғанына көзі үйренген, сөйлеген сөзіне құлағы
үйренген халықтың қалыпты көңіл күйін аударып түсіруге тәуекел
ету қиын-ақ. Қай заманда да, қай қоғамда да биліктің ауысар тұсында
сан түрлі тәуекел қоса жүреді. Ондай кезеңдерде елде сілкіністер
басталып, тәртіпсіздік орын алып, әншейінде бұғып тұратын саяси
күштердің билікке жанталаса ұмтылатыны аз болмайды. Осыларды
ескергендіктен де мен әуелі қоғамның тамырын басып көруге бел
Мемуар мұраты
— 7 —
байладым. 2019 жылдың 4 ақпанында Конституциялық Кеңестен
Конституциядағы президент өкілетінің тоқтауы туралы 42‑бабының
3‑тармағын түсіндіруді сұрадым. Шыны керек, бұған жұртшылықтың
қатты елеңдеп кетпеуін қамдадым. Сауал түсірген күннің ертеңін
де-ақ мәлімдеме жасап, Конституциялық Кеңеске сұрақ қою әдеткі
ресім екенін, бұл арқылы қандай жағдайда Президент өз еркімен
отставкаға кете алады дегенді білгім келгенін айттым. «Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» заңға сәйкес,
Конституциялық Кеңес Конституцияға ресми түсіндірме беруге
құқылы. Заңнамада олқылықтардың орын алуы — болып тұратын
жағдай. Мысалы, Конституцияда Президентті алмастыру жолдары
айқындалмаған, сондай-ақ оның өз еркімен отставкаға кету жағдайы
ойластырылмаған. Бұл Конституцияда қарастырылмаған. Ол жағы
жазылмаған. Бұл мәселенің өзектілігі зор екенін ескеріп, мен Кон
ституциялық Кеңестен осы ережені түсіндіруді сұрадым. «Бүгінде
қоғамды сайлау, транзит, тағы басқа мәселелер қызықтырады. Бірақ
бұл тақырыпқа қатысты жұртты дүрліктірудің қажеті жоқ. Ата заңы
мызда, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Консти
туциялық заңда сайлау өткізудің тәртібі мен уақыты, өкілеттіліктің
аяқталу мерзімі анық жазылған. Конституцияға сәйкес Президент
кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде мәлімдеме жасауға құқылы, бірақ
ондай жағдай бола қоймас. Сондықтан, тыныштық сақтап, күнделікті
жұмыспен айналыса беру керек», дедім өз мәлімдемемде.
15 ақпанда Конституциялық Кеңес менің сұрауыма жауап беріп,
«аталған нормада президент өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату не
гіздері толық емес» деп түсіндірді. Кеңестің пайымдауынша, «Негізгі
заңнан мемлекет басшысының отставкаға шығу құқығы туындайды».
Конституциялық кеңес таратқан хабарламада: «Конституцияның
42‑бабы 3‑тармағындағы «сондай-ақ президент қызметінен мерзімінен
бұрын босатылған… жағдайда…» деген сөз тіркесі оның өкілеттігін
мерзімінен бұрын тоқтатудың негізі ретінде мемлекет басшысының
отставкаға шығуын да қамтиды» деп жазылған.
Сонымен, мемлекет басшысының отставкаға кетуінің заңдық теті
гі айқындалды. Менің мәлімдемем де, Конституциялық Кеңестің
түсіндірмесі де көпшіліктің күпті көңіл күйін түпкілікті тыншыт
пағаны түсінікті еді. Енді ойға алғанды іске асыруға нақтырақ кірістім.
21 ақпанда мен Бақытжан Сағынтаев басқаратын Үкіметті отставкаға
жіберу жөнінде шешім қабылдағанымды жарияладым. «Ішкі жалпы
өнім тек шикізат есебінен өсіп жатыр. Үкімет пен Ұлттық банк эконо
миканың өсуіне жағдай жасай алмады. Мемлекеттік бағдарламалар
орындалғанымен, негізгі бағыттар бойынша нақты нәтижеге қол
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 8 —
жетпеді. Жұмыс орындары аз құрылып жатыр. Әсіресе, ауылдарда
жұмыс орындары аз. Шағын және орта бизнес өскен жоқ. Шағын
және орта бизнесті дамыту әкімдер мен министрлердің негізгі міндеті
болған еді», делінді менің мәлімдемемде. Көп ұзамай, Парламент
Мәжілісінің келісімі бойынша, мен Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі қызметіне Асқар Маминді тағайындадым.
Осы шешімдер, бұған қоса Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарты жыл
дай уақыт бұрын Би-би-си телекомпаниясының журналисі Стивен
Сакурға берген сұхбатындағы бір сұраққа қайтарған: «Шынын айт
қанда, мен Президент Назарбаев екі мың жиырмасыншы жылы пре
зиденттік сайлауға бара қояды деп ойламаймын. Ол өте дана адам,
әбден көкейге қонымды шешім қабылдайды. Менің ойымша, бізде
жиырмасыншы жылғы президенттік сайлау Президент Назарбаевтың
қатысуынсыз, басқа кандидаттармен өткізіледі. Әрине, бұл менің
жеке пікірім. Президент шешімді өзі қабылдайды» деген жауабы
елде үлкен бір өзгеріс болмай қоймайтынын және ол өзгеріс тым
ұзаққа созылмайтынын айқын аңғарта бастаған еді.
ҮНДЕУ
Ертеңінде, 2019 жылдың 19 наурызында мен телевидение арқылы
Қазақстан халқына Үндеуімді жария еттім.
«Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу
жолдайтынымды білесіздер.
Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын.
Бірақ бүгінгі үндеудің маңызы зор.
Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілетті
гімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл — оңай шешім емес.
Биыл еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметімді атқарып
келе жатқаныма 30 жыл толады.
Халқым маған тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болу
мүмкіндігін берді».
Сөзімді осылай бастадым да, өткен жылдардағы тындырылған
істердің негізгілерін санамалай келіп, басты тақырыпқа ауыстым.
«Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алда
ғы міндетім — басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамта
масыз ету. Олар елімізді жаңғырту процестерін жалғастыратын
болады.
Қазақстандағы билік сабақтастығы конституциялық тұрғыдан
реттелген. Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған
Мемуар мұраты
— 9 —
жағдайда оның өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін Сенат
төрағасына беріледі. Содан кейін жаңа Президент сайлауы болады.
Қазір Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы
Тоқаев. Оны сіздер жақсы білесіздер. Ол Мәскеу мемлекеттік халықа
ралық қатынастар институтының түлегі, ғылым докторы. Ағылшын
және қытай тілдерін еркін меңгерген. Басшылық лауазымдарда қыз
мет етіп, мол тәжірибе жинады. Еліміздің сыртқы саясатының қа
лыптасу жылдарында Сыртқы істер министрі, Премьер-министрдің
орынбасары және Премьер-министр, Сенат Төрағасы болды. Елімізді,
оның экономикасы мен саясатын жетік біледі.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары болып жұ
мыс істеді. Бұл — оның дипломат ретінде сіңірген еңбегінің және
Қазақстанға деген зор сенімнің жемісі.
Ол Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен дерлік менімен
бірге жұмыс істеп келеді. Мен оны жақсы білемін. Ол — адал әрі жа
уапкершілігі жоғары азамат. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын
жан-жақты сезінеді. Ол барлық бағдарламаларды әзірлеуге және
қабылдауға атсалысты.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты
азамат деп сенемін».
Үндеуімді былай аяқтадым.
«Құрметті қазақстандықтар! Менің отандастарым!
Мен бүгінгі сөзімді сіздердің әрқайсыңызға арнаймын.
Еліміздің алдында ауқымды міндеттер тұр. Жетістікке жететінімізге
сенемін.
Мен Қазақстанның болашағын қалай елестетемін?
Болашақ қазақстандықтар білімді, үш тілде — қазақша, орысша,
ағылшынша сөйлейтін, еркін адамдардың қоғамын қалыптастыра
тынына нық сенімдімін.
Олар — әлемнің азаматтары. Олар дүниені шарлайды. Олар жаңа
білім алуға құштар. Олар — еңбексүйгіш. Олар — өз елінің патри
оттары.
Қазақстан 2050 жылы Жалпыға ортақ еңбек қоғамына айналады
деп сенемін.
Бұл — бәрі де адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты
мемлекет. Оның білім саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік
болады. Онда бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрады. Азамат
тары еркін әрі тең құқылы, ал билігі әділетті болмақ. Мұндай елде
заң үстемдік етеді.
Мен дұрыс жолмен келе жатқанымызға сенімдімін. Бізді тура
жолдан ештеңе де тайдыра алмайды.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 10 —
Егер біз күшті болсақ, бәрі де бізбен санасады.
Егер біз әлдеқандай күшке немесе басқа біреуге үміт артсақ, қол
жеткізген жетістіктің бәрінен айрыламыз».
Осылай дедім де, бүкіл халықтың көз алдында өзімнің өкілеттігімді
мерзімінен бұрын тоқтататыным, Конституцияға сәйкес Президент
міндетін атқаруды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсыратыным туралы
Жарлыққа қол қойдым.
Жалпы, дүниеде отставканы және ізбасары кім болатынын ойла
майтын ел басшысы жоқ шығар. Отставка — айтуға ғана оңай. Оған
талайдың тәуекелі тұрмайды. Әсіресе өз еркімен отставкаға кетуге.
Біреулер жылдар бойы үйренген билік бишігін қимайды, сөйтіп
басы жерге жеткенше «тағына» жабысып, өзін де, елін де қинайды.
Біреулер өзінің атқарған ісіне болашақта қандай баға берілеріне,
орнына қандай адам келеріне, ең бастысы — елінің ертеңіне сенбейді.
Біреулер билік эстафетасын демократиялық жолмен тапсырудың заң
ды тетігін таппағандықтан, дұрысырақ айтқанда — кезінде сол тетікті
жасамағандықтан тығырыққа тіреледі. Шүкір, біздің Қазақстанда билік
тің ауысуы Конституцияға сәйкес, тиісті заң ауқымында атқарылды.
2019 жылғы 9 маусымда елде мерзімінен бұрын Президент сайла
уы өткізілді. Сайлауға қатысқан 9 274 110 адамның 6 539 715‑і, яғни
70,96 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап дауыс берді. Мұның
өзі менің шешімімнің дұрыстығын қуаттау болатын. Халық осындай
таңдау жасау арқылы маған да қолдау көрсетті. Сөйтіп, мен «Билікті
алғаннан да берген артық» деген сөздің мағынасына бойлай түстім.
Өз шешіміме өкінген емеспін.
АҚ ҚАҒАЗДЫҢ АЛДЫНДА
Ел Президентінің қызметін тапсырғаннан кейін жұмысымның бір
шама азайғаны, бос уақытымның едәуір көбейгені өзінен-өзі түсінікті.
Арғы-бергіні ой елегіне салуға, өмір өткелдерін санада сараптауға
мүмкіндік молайды. Осы тұрғыдан толғана-толғана келіп, ақыры
бастан кешкенді баян етіп, көрген-білгенді, ойға түйгенді қағазға
түсіруге бел будым.
Мұны бастауға бекінудің өзі оңайға түскен жоқ. Бір қарағанда
дәл менің өзім жайында, өзім өмір сүрген уақыт жайында кітап да
йындауға қатты қиналатындай жөнім де жоқ сияқты. Бүкіл өмірім
сан мәрте қалың жұртшылықтың алдына жайылған — мен туралы
жазылған кітаптардың санына екі қолдың саусағы жете қоймайтын
Мемуар мұраты
— 11 —
шығар. Олардың арасында халықаралық ауқымда танылған, туынды
лары әлемнің талай тіліне аударылған аса беделді авторлар да бар.
Әр жылдарда жария көрген өзімнің кітаптарым да аз емес. Жасаған
баяндамаларым, сөйлеген сөздерім, берген сұхбаттарым сан түрлі
жинақтарға шыққан. Қалаған материалымды қалаған уақытымда
алдыма тоса қоятын кітапхана тағы бар. Біз Қазақстанда бүкіл өр
кениетті әлем ұстанатын үрдіс бойынша осындай кітапхана қалып
тастыра алдық. Америка Құрама Штаттарында, басқа да дамыған
мемлекеттерде ел басшысы қызметінен кеткен әр президенттің өз
кітапханасы жасақталады. Кітапхана деген дәстүрлі аты ғана. Әйт
песе, онда тек кітап жиналмайды. Ол кітапхананың арқауында сол
президент мемлекет басқарған жылдардағы барлық баспа өнімдері,
аудио, бейне жазбалар, фотолар, жазысқан хаттар, басқа да архивтік
құжаттар қатталады, ұқыпты сақталады. Мұнда келген әр адам, әсіре
се жас ұрпақ өкілдері мемлекетіміздің тәуелсіздік тарихына қанығып,
елдік белестерін бағамдайды, өзінің алдындағы буынның тындырған
ісін көз алдынан өткізеді, сөйтіп ел ертеңіне сенімін арттыра түседі.
Барша архив ғылыми негізде түзілген. Қажет деген дерегіңді жинап
ал да, керегіңді жүйелеп жаза бер. Әйтсе де, негізгі мәселе болашақ
кітаптың бүгінгі замандастарға, келер ұрпаққа берер тағылымында.
Мемуар жазуды не үшін қолға алуға тиісті едім?
Мен өзім басы-қасында жүрген жайларды жазбақшымын. Бар
шаға белгілі айдан анық ақиқатты тағы бір еске салып өтсек, мемуар
дегеніміз естелік иесінің өзі куә болған, қатысқан оқиғалар неме
се өзі араласып-құраласқан адамдар жайындағы жазбалары ғой.
Мемуардың иесі өз өмірін тарихи ыңғайда қарастырады да, өзінің
іс-әрекеттерін өз заманындағы жалпы тарихи процестің бір бөл
шегі ретінде талдап-таразылайды. Заманауи уақыт хроникасымен
салыстырғанда авторлық мемуарлардың сәл субъективтілеу келіп
жататыны сондықтан. Тіпті аты әлемге танымал саяси қайраткер
лердің, тарихта өшпес із қалдырған тұлғалардың мемуарларында да
біржақтылық бола береді. Мемуаршылардың өздерінің тындырған
істерін, қалдырған іздерін жарқырата, жалаулата жазатындары, жақ
сысын асыра, жаманын жасыра көрсететіндері де табиғи жай. Адам
болғаннан кейін, пенде болғаннан кейін саясаткер атаулының жүз
пайыздық объективтілікке қол жеткізуі қиын да шығар, бірақ бұл
оған ұмтылмау керек дегенді білдірмейді. Бұл тұрғыдан қарағанда
мен Эдуард Шеварднадзенің «Темір шымылдық күйрегенде» («Когда
рухнул железный занавес») атты кітабына алғы сөз жазған КСРО-
ның бұрынғы сыртқы істер министрі Александр Бессмертныхтың
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 12 —
«Мемуар жазу — тәуекелді қажет ететін шаруа, әсіресе саясаткерлер
үшін солай. Обалы не керек, олар солай екен деп қаламдарын тұсап
тұрған жоқ. Осының арқасында тарих белгілі бір дәуірдің қарама-
қайшылықты құбылыстарын немесе толымды тұлғаның өзіндік сипа
тын жақсырақ тануға көмектесетін куәліктермен және құжаттармен
толыға түседі» деген пікірімен келісемін.
Бұл сипаттағы әдебиетке кезіндегі саясаттың салқыны тиетіні де
сөзсіз. Әйгілі қолбасшы Георгий Жуковтың естеліктерінде («Воспоми
нания и размышления») Екінші дүниежүзілік соғыстағы Сталиннің
алатын орны жөнінде жазылуы Хрущевтің жеке басқа табынуды
әшкерелеу науқанынан кейін тұқыртылып жіберілген аса күрделі
тұлғаның бейнесін қалпына келтіруге көп үлес қосты, соның өзінде
де бар шындықты толық аша алған жоқ. Ал Энвер Ходжаның «Ста
линмен бірге. Естеліктер» («Со Сталиным. Воспоминания») кітабын
оқып отырсаңыз, қазір дүние дидарындағы ең қанқұйлы диктатор
лардың бірі саналатын Сталиннің келбетінен көлеңке де таба алмай
қаласыз. Сәбит Мұқановтың бәріміз жас кезде қызыға оқыған «Өмір
мектебінде» жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы тап тартысына,
идеологиялық қарама-қайшылықтарға дәл, әділ баға берілуі қиын да
еді. Әйтсе де, Сәбеңнің трилогиясы сол заманның кең ауқымды суретін
салатын, дәуір шындығын мүмкіндігінше жан-жақты қамтитын па
норамалық туынды ретінде әлі де құнды. Танымдық мәліметтерінің
салмағы жағынан кезінде қызыға оқыған кітабымның бірі — Джава
харлал Нерудің «Өмірбаяны» («Автобиография»). Соншалықты мол
деректі шығарманың түрмеде жазылғанын ойласаңыз, автордың аса
қуатты жадына қайран қаласыз.
«Әр ұрпақ тарихты қайта жазып шығады» деген сөз бар. Бәл
кім, ақиқаттан онша алыс кете қоймайтын тұжырым. Бірақ күні
кеше өз басымыздан өткендердің көрер көзге өңін айналдырып жі
берушілікпен келісе қоюға болмас. Оны айтып отырған себебіміз:
қазір саяси мемуар жазу қайтадан үрдіске айналды. Ол бір жағынан
түсінікті де. Зымыран уақыт бұрын бірнеше онжылдықтарды қамти
тындай орасан оқиғаларды бүгінде бір жылдың ішіне сыйғызып
жіберіп жатқаны рас. Соны пайдаланып, кейбір мемуар жазғыштар
тарихты қайтадан кесіп-пішуге тырысып бағуда» — 1996 жылы жарық
көрген «Ғасырлар тоғысында» атты кітабымда осылай айтқан екенмін.
Демек, егемендіктің елең-алаңында шыққан сол еңбегімнің өзінде
жалпы мемуар жанрына кәдімгідей күдікпен қараған көрінемін. Ал
енді солай екен деп, өзіңнің өмірің жайында жазудан атымен бас
тартудың жөні бар ма? Жөні жоқ, әрине.
Мемуар мұраты
— 13 —
Оның үстіне мына жайды да ескерген абзал. Мен ел билігінің ұшар
басында ұзақ уақыт болдым. Талайды көруге де, талайға баға беруге де
әбден жететін уақыт. Мұндай уақыттың оннан бір бөлігінде мемлекет
басқарған қайраткерлердің де арасында естелік кітаптарын жазып
үлгергендері баршылық. Айталық, Борис Ельцин өзі ел басқарған он
жылдың ішінде «Исповедь на заданную тему», «Записки президента»,
«Президентский марафон» деген үш бірдей мемуарлық кітап беріп
тастаған еді. Қарап отырсаңыз, болашақ мемуарларға талай авторлар
қызметте жүргенінде-ақ кірісетін көрінеді. «Президенттік мерзімімнің
соңғы бір жылында мен өзімнің мемуарларымды жазуды кәдімгідей
ойластыра бастадым», дейді Кіші Джордж Буш «Түйінді шешімдер»
(«Ключевые решения») атты кітабында. Иә, қай құбылысқа да көңіл
көзімен, терең зердемен қарай алсаң, сегіз жылдық президенттік
мерзімнің арқауында да оқырманға ой салар туынды қалдыруға әб
ден-ақ болады. «Түйінді шешімдердің» авторы солай ете алған. Кітап
та 2001–2009 жылдар ішінде әлемнің ең қуатты елінде орын алған
оқиғалар, соның ішінде 2001 жылғы 11 қыркүйектегі сұмдық теракт,
одан кейінгі Ирак соғысы туралы әсерлі әңгімеленеді. Тәліптерге не
терроршылармен байланысты үзесіңдер, не терроршылардың кебін
киесіңдер деп талап қоятыны, «Менің елімнің жанына салынған бұл
жараны да, оны кімдер салғанын да ұмытпаймын. Берілмеймін де,
тыншымаймын да. Америка халқының бостандығы мен қауіпсіздігі
жолындағы бұл күресте алған бетімнен қайтпаймын» деп белдесуге
бекінгені есте қалып қояды. Сегіз жыл АҚШ сынды алып елді басқару
оңай емес.
Қазақстанның және шет елдердің баспаларының мемуар кітабым
ды дайындау жөнінде өтініш жасауы да көптен ойда жүрген іске бет
бұруды тездетіп жіберді. Айтқандай, көптеген мемуар авторлары
естеліктерге кірісуге осындай немесе осыған ұқсас ұсыныстардың
түрткі болғанын жазады. Махатма Гандидің «Менің өмірім» («Моя
жизнь») кітабының ең басы: «Осыдан бес жыл бұрын, жақын жүрген
қызметтес жолдастарымның қолқалауымен, өмірбаянымды жазып
беруге келіскен едім». Андрей Громыконың «Есте қалғандар» («Па
мятное») атты қостомдығының ең басы: «Бұл кітап аяқастынан дүние
ге келе қалған жоқ. Естеліктер жазу идеясын маған талай адамдар
ұсынатын. Осындай ойды қызметтес жолдастар да, жақын жандарым
да, атымен бейтаныс кеңестік азаматтар да, тіпті шетелдіктер де ай
тушы еді». Джон Д. Рокфеллердің «Миллиардер мемуарларының»
(«Мемуары миллиардера») ең басы: «Әр адамның өмірінде өзінің
жүріп өткен бел-белестерінің бастылары болып табылатын үлкенді-
кішілі оқиғаларға тағы бір қайырыла қарағысы келетін сәт туады ғой
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 14 —
деп ойлаймын. Осылайша мына менің де аяқастынан жасы жеткен
сөзуардың еркелігін көрсеткім, сөйтіп өзімнің әжептәуір дүрілдеген
өмірімде араласқан адамдарым мен бастан кешкен жайларым жөнін
де әңгіме шертуді бастап жібергім келіп отыр». АҚШ тәуелсіздігі
жолындағы күрес көшбасшыларының бірі Бенджамин Франклин
өзінің ұлына хат түрінде жазған «Уақыт дегеніміз — ақша!» («Вре
мя — деньги!») атты кітабын: «Қымбатты ұлым! Өзімнің арғы тегім
туралы деректер жинауды дәйім ұнататынмын. Тегінде, сен Англияда
менімен бірге болған кезде көзі тірі туысқандарымыздың бәрінен
осыны сұрағыштағанымды, сол үшін әлгі сапарға әдейі аттанғаны
мызды ұмыта қоймаған шығарсың. Талай тұстары өзіңе белгісіздеу
менің өмірімнің жай-жапсарын білу саған да қызықты болады деп
шамалағандықтан, бірнеше апта бойы ешкім мазамды алмайтын
бос күндерімнен сезінер ләззатымды тосып тұрғандықтан, енді мен
үстел басына отырамын да, жазуға кірісемін» деп бастайды.
Жоғарыдағы мысалдардан осы кітапқа дайындыққа кірісерде ай
лар бойы әлемдік мемуарлық әдебиетті шұқшия қарауға, бұрын
оқыған кітаптарыма қайта оралуға, кезінде сан түрлі себеппен мойын
бұра қоймаған көптеген авторлардың туындыларын қолға алуға тура
келгені көрініп тұр. Сонда бір байқағаным — мемуар жазушылар
дың басым көпшілігі, ел өміріне етене араласқан, әсіресе мемлекет
басқарған адамдардың өз замандастарына, келер ұрпаққа естеліктер
қалдыруы орынды болатынын айтады екен. Өзім Германия канцлері
қызметіндегі еңбегін ерекше бағалайтын Герхард Шрёдер «Шешім
дер. Менің саясаттағы өмірім» («Решения. Моя жизнь в политике»)
атты кітабының алғы сөзінде былай дейді: «Бұл кітапты жазуды мен
өзіме кәдімгідей сынақ санадым, сонымен бірге осы жұмыс маған
көп көмегін де көрсетті. Өткенге ойша үңілу пайдалы-ақ: жүріп
өткен жолыңа көз салып, ұмыт болған немесе жадыдан баяғыда-ақ
өшіп кеткен жайларды бағамдайсың; белгілі бір белесте бұрынғы
бағытты неге жалғастырғаныңды еске түсіресің; қиялыңды қозғап,
әлгі жолайырықты елестетесің де, жаңағы жерде жүргеніңде неге
бұрылып сала бергеніңді немесе басқа жолды неге іздемегеніңді
талдайсың; кезіндегі шешімдердің қандай нәтижеге жеткізгенін біле
тұра, олардың сол тұстағы ниеттерге сай келген-келмегенін, мақсатқа
жеткізген-жеткізбегенін тексересің».
Рас сөз. Біз — саясаткерміз. Тарихшы емеспіз. Тарихшының ақыл
ды болуы оңай, өйткені ол кейін не болғанын біледі, оқиғаны да,
оның салдарын да қатар көре алады деген сөздің жаны бар. Бірақ
саясаткердің жасағанын тарихшы жасай алмайды — тарихқа ықпал
ету оның пешенесіне жазылмаған. «Тарихты ең көп өзгерткендер —
Мемуар мұраты
— 15 —
тарихшылар» деген әзіл-шыны аралас сөз ақиқаттан ауа жайылушы
ларға арнап айтылған. Оның үстіне тарихшының уақыт перспекти
васын пайдалануға мүмкіндігі бар, оқиғаға қай кезде және қалай
баға беру өз еркінде. Солай болғанның өзінде, мысалы, Кеңес Одағы
күйрегелі отыз жыл өтсе де, соның салдарлары жайында соншама
автор сөз етсе де, оның себептерін терең талдап шыққан толымды
ғылыми туындыны әлі күнге табу қиын. Мұның өзі тарихи оқиғаларға
баға беру аса ауыр міндет екенін бадырайтып көрсете түседі.
Кітап, әсіресе мемуар жазудың басты шарттарының бірі — өз
уақытыңа өзің қожайын болуың. Бұл жанрдағы шығармалардың
көбіне автордың жасы есейген кезде дүниеге келетіні де сондықтан.
Мәселе, негізінде, жаста ғана емес. Мәселе сол егде жастың өз өміріңе
баға беруге мүмкіндік ашатынында. Жасың есейген кезде ғана өмір
дегеннің мына тынымсыз тірліктегі орныңды табудың соңында жүру
екенін ұғынатын сияқтысың. Өзіңді тапқаның — өмірді танығаның.
Уақыт арақашықтығы өмірдің бір-бірімен бытысып, шатысып жатқан
жіптерін жалғауға жағдай жасай алады. «Лицом к лицу лица не уви
дать. Большое видится на расстоянье» деп Есенин айтқандай, араға
жылдар салып барып жүріп өткен жолыңа қараған кезде көп нәрсені
басқаша көретінің күмәнсіз. Кешегі күн бізге бүгінгіні дұрыс түсінуге
көмектесуі тиіс. Бүгінгіні дұрыс түсіне алсақ, келешегімізді де көзге
анық елестетеміз. Тығырыққа тірелердей қауіп төнгенде жолаушы
да алдымен келген жағына көз тігеді.
Бұл кітапты кәдімгі өмірбаян деп те, тарихи зерттеу деп те қарауға
болмайды. Иә, кітапта мен өз өмірімнің бел-белестерін әңгімелей
мін, қос ғасырда өзім көрген немесе тағдырыма әсер еткен оқиғалар
жөнінде жазамын. Сондықтан мұнда негізгі назарды өзіме аударып
кететін тұстар кездесетін де шығар. Бірақ өзіңнің өмірің жайындағы
кітапта бұдан құтылу қиын да ғой. Басқаларға қарасам, өзгелер де
әлгі шырмауға жиі түсетін көрінеді. Кіші Джордж Буштың «Түйінді
шешімдер» («Ключевые решения») кітабының 121‑бетіндегі мына
тұсты сызып қойыппын. Әдейі орысша мәтінді келтірейін: «Я чув
ствовал себя комфортно рядом с Бобом. Он откровенный, скромный
человек, имевший достаточно внутренних сил. Я пообещал ему, что
у него будет доступ ко мне в любое время. Далее я сообщил ему,
что есть еще кое-что, о чем он должен узнать, перед тем как вступит
в должность: я всерьез рассматривал вариант увеличения количества
войск, которые присутствуют в Ираке. Я сказал ему, что знал о том,
что у него чудесная жизнь в A&M, но его страна нуждается в нем».
Көріп тұрсыз, мұнда да «я», яғни «мен» аз емес. Әйтсе де, кітапта
батыр Бауыржанның «Мен істедім дегенше, Мың істеді десеңші, Мың
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 16 —
істеді дегенше, Ер істеді десеңші, Ер істеді дегенше, Ел істеді десеңші»
деген аталық сөзін ұстануға тырысамын. Сонымен бірге, Баукеңнің
одан әрі «Мен мыңдікі болмасам, Ер елдікі болмаса, Кім істеді дер
едің?» деп айтқанын да есте тұтудың артығы жоқ.
Мемуар жазу қандай саясаткер үшін де тәуекелдің ісі екенін
айттым. Әсіресе жиырмасыншы ғасырдың саясаткері үшін тіпті де
қиын іс. Адамзаттың ұлан-ғайыр көші жалғаса береді. Уақыт деген
сығымдалып барады. Бұрынғы он жылдағы оқиға қазіргі бір жылда
өте салады. Осының бәрі рас. Соның өзінде де алдағы ғасырлардың
ішінде адамзат өмірін өзгерткен аса ауқымды саяси оқиғалардың
саны мен салмағы жағынан дәл сол жиырмасыншы ғасырмен са
лыстыруға келетіндері бола қоймайтын сияқты көрінеді. Арғыға
барып, алыс елдерді айтпай-ақ, тіпті көрші мемлекеттерді сөз ет
пей-ақ қоялық, өзіміздің, әкелеріміздің, аталарымыздың, бабала
рымыздың тағдыры байланған Кеңес Одағын алсақ та, айналдырған
жүз жылдың ішінде дүниенің тағдырына ықпал етіп тұрған Ресей
атты империяның бірінші дүниежүзілік соғыстың, революцияның
салдарынан күйреп түскенін, ұтымды ұранмен, өтімді уәдемен жа
лаңаяқ жарлы-жақыбайды соңынан ерте білген большевиктердің
жаңа мемлекет құрғанын, мемлекет құра салып, өз халқын азамат
соғысымен бір қырғанын, аштықпен екі қырғанын, сөйтіп жүріп-
ақ елді индустрияландырып, екінші дүниежүзілік соғыста жеңіп
шыққанын, халықты ілім-білімге жеткізіп, ғарышқа адамды алғаш
ұшырғанын, аттыға ерем деп жаяудың таңы айырылғанының керін
келтіріп, жанталаса қарулану жарысында жеңіліп, ақыр аяғында
айдың-күннің аманында ыдырап тынғанын, бір кездегі дүрілдеген
державаның қираған үйіндісінің орнында он бес тәуелсіз мемлекет
отау тіккенін қалайша адамзат тарихындағы алапат оқиғалар демес
сің?! Біз осылардың біразын өз көзімізбен көрдік, біразын өз көзімен
көргендермен қатар өмір сүрдік. Әрине, мұның бәрін өткен күннің
тәжірибесін таразыға тартып, бағамдай білу парыз. Сонда ғана біз
өзіміз көп айта беретін тарих тағылымына тақала түсеміз. Бұл үшін
өте керек өлшемнің бірі — уақыт.
Қазіргідей кезеңде жиырмасыншы ғасырдың орасан оқиғаларына
сырт көзбен қарайтындай, солардың бәрін салқын сабырға салып,
таразылайтындай уақыт арақашықтығы бар деудің реті келеді. Лев
Троцкий «Менің өмірім» («Моя жизнь») атты кітабында (байқайсыз
ба, мемуарлардың талайына осындай, бірінен-бірі аумайтын тақырып
қойылады): «Осы күні мемуар бұрынғы қай кездегіден де көбейіп
тұр. Себебі, айтатын жай жеткілікті. Бастан кешіп жатқан тарихқа
қызығушылық ол дәуірдің кернеуі күшті болған сайын, бұрылыс-
Мемуар мұраты
— 17 —
құбылыстары көп болған сайын барынша арта түседі» деп жазады.
Троцкийдің ол кітабы 1930 жылы шыққан. Яғни, жиырмасыншы
ғасыр оқиғаларының ішінен ол кезде орын алып үлгергені Бірінші
дүниежүзілік соғыс, Октябрь революциясы, КСРО-ның құрылуы ғана.
Былай қарағанда, уақыт арақашықтығы талабы сақталмаған сияқты.
Соның өзінде өткенді ой елегінен өткізе алатын адамға «айтатын жай
жеткілікті» еді. Жаңа мен бір сөйлемге сыйғызып, санамалап өткен
оқиғалардың дені ғасырдың кейінгі жетпіс жылының үлесіне тиеді.
Олардың ішіндегі алпыс жылының оқиғаларын мен өз көзіммен
көре алдым.
«Өзінің өткен өмір жолын есіне түсіре отырып, жылдар бойы
жинаған тәжірибесіне, көрген-білгеніне, басынан кешіргеніне талдау
жасай отырып, бұрынғы немесе қазіргі құбылыстарды ой елегінен
өткізуге тырысатын кез келген адамның қандай қатерге душар бола
тынын жақсы түсінемін. Өйткені, қалай болғанда да, өзінің өмірбаян
дық жайларын егжей-тегжейлі еріксіз еске алуына тура келеді, ал
онда неше түрлі оқиғалар болады, ұсақ-түйек нәрселерге малтығып,
маңызды мәселені екінші кезектегі мәселемен шатастырып алуы да,
бұрынғы көңіл күй сезімі пендешілік бұра тартуға бой алдырып,
субъективизмге ұрынуы да ғажап емес. Әсіресе өзің аралас-құралас
жүрген таныс адамдар туралы айтып беру қиынның қиыны» — сонау
1991 жылы шыққан «Әділеттің ақ жолы» атты кітабымда осылай деген
едім. Ол кезде КСРО дін аман, Компартия орнында тұрған. Содан бері
талай заман өтті, талай кезең келмеске кетті. Бірақ біз мына жердің
бетіне адамзат тарихының аса бір талмау тұсында, аса бір шешуші
шағында қонақ болған буын ретінде шүкіршілік айтуға тиіспіз.
Әуел баста ақынның: «Бұл дүниеге оның қатерлі шағында келген
кісі шадыман» деген сөзін түсіне қоймағанымды мойындаймын.
Бәлкім, нағыз жырсүйер қауым мұныма ден қоймас, ал енді әдеби
сыншылар менімен тіпті келіспес те, дегенмен қазір маған Федор
Иванович Тютчев жұмыр басты пенденің өмірдегі сәулелі жақтар
ды ғана емес, сонымен қатар оның қайшылықтарға толы көлеңкелі
жақтарын да алғыс айта қабыл алуына мүмкіндік беретін айрықша
бір шуақты шақты айтқан сияқты көрінеді. Онда тіршіліктің аса биік
және ақырына дейін түсініп болмайтын мән-мағынасы жатқандай.
Бәлкім, бұл қараңғы түнекте ұзақ уақыт адасып жүріп, тескентаудың
ар жағында жарық барын әлі көрмесе де ойша сезініп, қайдан келіп,
қайда баратынын бағдарлаған, әбден арып-ашыған, ауыр жолының
түпкі мақсаты қандай екенін ұғынған жолаушының жағдайы секілді
шығар. Қазір біз табан жолымызды түк көрмей, қарманып жүріп
табудан арылып келе жатқандаймыз. Бірақ әлі де тайып кетудің,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 18 —
таптаурын болған бұлтарысты бұралаң жолға түсіп кетудің қаупі
зор. Мұндай сәттерде өткеннің тағылымы туралы тәптіштеу дәстүрге
айналған дерлік. Мұндайда ақиқаттан айнымау маңызды. Ал ақиқат
алдымен көзкөргендердің еншісі.
Илья Эренбургтің «Куәгерлер ауыз ашпаса, аңыздар андыздайды»
деп жазғаны бар. Айтқандай, оның соғыс жылдарында жазған «Қа
зақтар» атты очеркі сол сұрапыл сынақта халқымыздың жақсы атын
шығарған, даңқын асырған дүниелердің бірі. Демек, біз өзіміз өмір
сүрген дәуір туралы қолдан келгенінше бар шындықты айқара ашып
көрсетуге тиіспіз. Неге «қолдан келгенінше» деп жазып отырмын?
Негесі сол, «Ақиқатын Алла біледі» деп біздің ұлы тарихшымыз
Мұхаммед Хайдар Дулати жазып кеткендей, жұмыр басты пенде
бәрін бірдей біле алмайды. Бәрін бірдей біле алмағаннан кейін бәрі
не бірдей білікті баға да бере алмайды. Мұның басы ашық. Алайда
ақиқатқа барынша жақындауға мүмкіндік мол деудің де артығы жоқ.
Жиырмасыншы ғасырдың күрделі сипаты жайында да, Жер бетінің
құрлықтағы бөлігінің алтыдан бірін алып жатқан КСРО атты мемле
кеттің болмыс-бітімі туралы да, сол держава ыдырағанда қайтадан
көтерілген тәуелсіз мемлекеттер жөнінде де, өзіміздің Қазақста
нымыздың өзіндік жолы жөнінде де аз кітап жазылмаған. Оқитын
нәрсе де, ойланатын мәселе де жеткілікті. Еліміздің жаңа тарихына
қатысты жайлардың біразы менің кезінде шыққан «Әділеттің ақ
жолы», «Ғасырлар тоғысында» сияқты кітаптарымда қамтылған.
Ондағы тұжырымдардың, толғаныстардың кейбір үзіктерін осы ең
бекте ыңғайына қарай пайдаланатыным өзінен-өзі түсінікті нәрсе.
Негізінде, мемуарларды дайындау барысында кезінде жарық көрген
материалдарды пайдалану дәстүрі саяси әдебиетте бар.
Фидель Кастро атақты шешен ретінде бүкіл дүниеге танымал —
ол 1960 жылғы 26 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымында 4 сағат
29 минут бойы сөйлеген. Одан бұрын, елуінші жылдарда Кашмир
дауы кезінде Үндістанның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Қауіпсіздік
Кеңесінің отырысында 7 сағат сөйлеген көрінеді, бірақ ол сөз әрі кетсе
дипломаттардың ғана есінде қалған. Естігенін есінен шығармайтын
жады да феномен дерліктей сол Кастроның өзі «Менің өмірім» («Моя
жизнь») атты сұхбаттық ғұмырбаянында керек жерінде кезінде сөй
леген сөздеріне, жасаған мәлімдемелеріне, баяндамаларына жүгінуді
артық көрмеген. Кітапты дайындаған журналист Игнасио Рамоне
бұл жөнінде: «Куба жетекшісі бұрын айтылғандарды қайта айтудың
қажеті жоқ деп шешті, сөйтті де менің кейбір сұрақтарыма жауаптың
орнына немесе өзінің берген жауабын кеңейте түсу мақсатымен кей
тұстарда оның таяудағы сөздерінен, мәлімдемелерінен немесе басқа
Мемуар мұраты
— 19 —
да баяндамаларынан мысал алуды ұсынды» деп жазады. Кейінгі
уақыттағы президенттердің, премьерлердің бүкіл тыныс-тіршілігі,
жүрген-тұрғаны, сөйлеген сөздері, берген сұхбаттары негізінен алған
да хатқа түсіп, қатталып тұратыны түсінікті. Бұл жағдай да мемуар
жазуға өз көмегін тигізді. Оның үстіне сонау Теміртауда, Қарағандыда
қызметте жүрген кезімнен бері көрген-білгендерімді, ой-сезімдерімді
ауық-ауық ақ қағазға түсіріп қоятын әдетімнің пайдасын да көргелі
отырмын. Жадыңның мықтылығына қанша сенгенде де, кезінде жа
зылып қалған жайдың жөні басқаша.
ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ
Адамның саяси лауазымы биік болған сайын оның жауапкершілігі
де жоғарылай түсетіні талассыз. Сондықтан саясаткер үшін өз кіта
бында келтірілетін әр деректің дәйектілігі, дәлдігі маңызды, ал бұған
құжаттарға құнтты қарау арқылы ғана қол жеткізе аласың. Қаласа да,
қаламаса да, мемлекет басқарған тұлғаның мемуары сол мемлекеттің
тарихнамасын құрастыруға әсер етпей қоймайды. Жалпы, тарихты
халық жасайтыны басы ашық жай. Сонымен бірге, тарихқа халықты
басқарған тұлғалардың нақты ықпалы болатыны тағы талассыз. Бұған
мысалды жүз-жүздеп келтіре беру қиын емес. Елдің географиялық
орналасу жағдайы мен экономикалық дамуының ерекшеліктері,
өткендегі тәжірибенің өзгешелігі мен ақыр аяғы адамдардың мента
литеті — осының бәрі реформа нәтижелеріне және түпкі қорытын
дыларға объективті әсер етеді. Алайда, менің пікірімше, объективті
себептер әрдайым айқындаушы болып табылмайды, өте көптеген
жағдайлар осы елдер басшыларының субъективті сапасына тәуелді.
Міне, сондықтан біздің мемлекетті құруға кіріскенде, мен олар бастан
өткерген табыстар мен сәтсіздіктердің сырын білу үшін көптеген мем
лекеттердің негізін салушы тұлғалардың өмірбаянына көңіл қойып
таныстым. Бұл тұрғыдан Махатма Гандидің «Моя жизнь. Моя вера»,
Наполеон Бонапарттың «Мысли узника Святой Елены», Франклин
Рузвельттің «Беседы у камина», Шарль де Голльдің «Битва за Европу»,
Маргарет Тэтчердің «Автобиография», Ли Куан Юдің «Сингапур
ское чудо», «Из третьего мира — в первый», Махатхир Мохамадтың
«Доктор своей страны», Шимон Перестің «Робким мечтам здесь не
место», Билл Клинтонның «Моя жизнь», Эдуард Шеварднадзенің
«Когда рухнул железный занавес», Герхард Шрёдердің «Решения.
Моя жизнь в политике», Михаил Горбачевтің «Жизнь и реформы»,
Борис Ельциннің «Президентский марафон», Владимир Путиннің
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 20 —
«От первого лица», Нельсон Манделаның «Долгая дорога к свобо
де» сияқты кітаптарын, Генри Форд, Бенджамин Франклин, Джон
Рокфеллер еңбектерін оқырман ретінде разылықпен атай аламын.
Басқа да кітаптар баршылық.
Өз елдерінің тарихында аса көрнекті рөл атқарған тұлғалар өне
гесі жетерлік. Олар Түркияның тұңғыш президенті Кемал Ататүрік,
америкалық 31‑президент Франклин Делано Рузвельт, «қытайлық
реформалардың әкесі» Дэн Сяопин, Малайзияның бұрынғы премьер-
министрі Махатхир Мохамад — бұл қатарды әрі қарай жалғастыра
беруге болады. Сондай тұлғалардың арасындағы мен үшін орны
бөлек үш адам — Мұстафа Кемал Ататүрік, Шарль де Голль мен Ли
Куан Ю туралы кейінірек жеке тоқталмақ ойым бар. Екінші жағынан,
өткеннің оқиғалары жайында ой толғағанда ресми мәліметтермен
шектеліп қалу да жөнсіз. Өйткені бұл кітаптың сипаты менің бұған
дейінгі еңбектерімнен өзгешелеу болуы тиіс екенін тарау басында
айтып та өттім. Тарихшы немесе жазушы алға қоятын міндетті мен
алға қоя алмаймын. «Бұл кітап — менің көзіммен қарағандағы Малай
зия тарихы. Бұл кітап сонымен бірге менің өмірімнің де тарихы» —
Махатхир Мохамадтың осы сөзін мен де айтсам болады. Бұл кітапта
мен туған Қазақстанымның жаңа тарихын баян етуге тырысамын, осы
істе менің маңдайыма бұйырған тағдырымды әңгімелеймін. Соның
өзінде де өзім қатысқан, басы-қасында жүрген оқиғаларды суреттеп
өтумен шектелу жөнсіз деп білемін. Қандай кітап болсын, оған қойы
лар басты талаптың бірі — оқуға қызғылықтылығы. Хал-қадерімше
оқырманды тараудан тарауға тартып отыруға ұмтыламын. Оның
қалай шығарын көре жатармыз. Негізінде, менің өмірімде тағылым
алар жай да, оқыс оқиға да, тағдыр тартысы да, шым-шытырық ши
еленіс те жетіп артылады… Мұның солай екеніне осы кітапты оқып
шыққан адам көз жеткізе алады.
Мемлекет басшысы ретіндегі қызметім мені алуан-алуан адамдар
мен араластырды, сан түрлі сапарларға алып шықты. Аты әлемге
әйгілі қайраткерлермен де, аса қуатты елдердің басшыларымен де
талай рет кездестім, сағаттап сұхбат құрдым. Осы жолда тілдескен
кездерім көп, елімнің мүддесін қорғап, табандылық, қажыр-қайрат
танытып, тірескен кездерім де аз емес. Қазақстан тәуелсіздігін нығайту
жөніндегі әрбір қадам маңызды да елеулі болды. Сондай тұлғалар
мен кездесулер жайындағы әңгіме де әсерлі әрі пайдалы шығады деп
шамалаймын. Михаил Суслов, Дінмұхамед Қонаев, Маргарет Тэтчер,
Цзян Цзэминь, Ху Цзиньтао, Си Цзиньпин, Шимон Перес, Ясир
Арафат, Михаил Горбачев, Борис Ельцин, Владимир Путин, Виктор
Черномырдин, әкелі-балалы Буштар, Ганс Дитрих Геншер, Гельмут
Мемуар мұраты
— 21 —
Коль, Жак Ширак, Франсуа Миттеран, Джеймс Бейкер, Альберт
Гор, Иоанн Павел ІІ, Хуан Карлос І, Фахд ибн Абдул-Азиз Әл Сауд,
Заид ибн Сұлтан Әл-Нахайян, Билл Клинтон, Барак Обама, Дональд
Трамп, Тұрғыт Өзал, Режеп Тайып Ердоған, Сильвио Берлускони,
Эдуард Шеварднадзе, Гейдар Әлиев, Александр Лукашенко тәрізді
ірі лауазым иелерімен, Юрий Гагарин, Галина Уланова, Зураб Це
ретели, Пласидо Доминго, Шыңғыс Айтматов, Бибігүл Төлегенова,
Әбіш Кекілбаев, Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев сынды әр саланың
саңлақтарымен жолықтырған өмір жолыма дән разымын. Осы арада
аталған, аталмай кеткен адамдар жайында да естеліктеріммен бөлісіп
отырамын. Оларды мемлекет басшысы, саяси қайраткер, мәдениет
жұлдызы ретінде ғана емес, кәдімгі ет пен сүйектен жаралған адам
ретінде де қарастыру оқырманға қызғылықты болар деп білемін.
Жалпы, әлемнің 71 елін аралаған кезде, жалпы саны 534 рет шетел
сапарына шыққанда көрген-білгендерімнің кейбірін шет-жағалап
айтудың да өз тағылымы табылатыны талассыз.
Мемуар жазу тек тікелей өзіңнің көрген-білгеніңмен шектелу де
ген сөз емес. Туған еліңнің тағдыры туралы толғанғанда отаныңның
арғы-бергідегі тарихы, соған ықпал жасаған оқиғалар мен адамдар
хақында айтпай тұра алмайсың. «Өткен заман әлдеқайда алыста,
өз уақытының аясында емес, осында, менің ішімде. Өткен заман —
мен өзім, ол — менің өмірім. Өткен заманның қазіргі күндегі алар
орны оның біздің өмірімізге жасай алатын ықпалымен өлшенеді»
деп Х. Ортега-и-Гассет өте орынды айтқан. Егер біз қуатты мемлекет
болғымыз келсе, Мәңгілік Ел құрғымыз келсе, онда халық тарихының
қайнар бастауларын бойға да, ойға да сіңіруге тиіспіз. Сондықтан
кітапта халықтың өткен өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырған тұлға
лар туралы толғаныстарды тұздықтап отырумен қатар, қазақтың
тағдырында айрықша орын алатын жиырмасыншы ғасырдың орасан
мәнді оқиғалары жөніндегі ойларым да орын алатын болады. Қазан
төңкерісі, азамат соғысы, алапат аштық, жаппай жазалау, соғыс, ұлт
ұстындарын қирату, көлденең көк аттыға билетіп, сағымызды сын
дыруға тырысу, ақ қар, көк мұзға намыс жалауын жаққан желтоқсан,
тайғанақ тұста жарияланған тәуелсіздік, ел егемендігін еңселенту
жолындағы ерен еңбегіміз, осы бел-белестердегі бастан кешкеніміз
жөніндегі әр кез-әр кезде үзік-үзік күйде жазып тастап отырған толға
ныстарым кітап барысында таратыла түседі. Ол әдетімнің пайдасын
бұрын да көргенмін. Мысалы, 1991 жылғы тамыз бүлігі кезінде ТЖМК
басшылығымен — Янаевпен, Крючковпен, Шейнинмен, Павловпен,
Лукьяновпен, Язовпен, соларға қарсы Мәскеу халқын көтеріп шыққан
Ельцинмен сөйлескендерім сағат-сағатымен, минут-минутымен
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 22 —
күнделікке түсіп қалған еді. Кейін оларды менің өмірім, қызметім
жөнінде көп әрі жүйелі жазған, отыз жылдан бері жанымда келе
жатқан мемлекеттік қайраткер, әріптес азамат Махмұт Қасымбеков
өз кітабының бір тарауында пайдаланды.
Мемлекет басшысының ғұмырбаяны ел азаматтарының қай-қайсы
сына да қызықты десек те, өмір айдынына жаңа құлаш жайып жатқан
жастардың орны бөлек екені түсінікті. Біздің жастарымызға осының
бәрінің қалай басталғаны, оқиғалардың қалай өрістегені, ел үшін
сондайлық күрделі кезеңде қабылданған қандай да бір шешімдердің
негізгі ой қисыны неде екені жөнінде нақты фактілер мен әділ талдау
дың болғаны маңызды. Бүгінде тәуелсіздіктің таңсәрісінде дүниеге
келген балалардың өзі университет, институт бітіріп, үлкен өмірге
аяқ басты. Адамның жаратылысы сондай, ол өткенді тез ұмытуға
бейім тұрады. Еліміздегі бейбіт өмір мен игілікті тірлік, біз бастан
кешіп жатқан экономикалық өзгерістер, азаматтарымыздың өмірге
құштарлығы, өз күшіне және ертеңгі күнге деген сенімділігі біз үшін
кәдуілгі жайға айналуда.
Әрине, қол жеткендерімізді айта отырып, мен орын алған
олқылықтарды да айналып өтпекші емеспін. Мұның бәріне хал-қа
дерімше талдау жасауға тырысамын.
Қазақстан тәуелсіздігінің таңсәрі шағында елімізге келген, бізге
көп кеңесін берген асыл адам — Сингапур кереметін жасаушы көш
басшы Ли Куан Ю өзінің «Үшінші әлемнен — бірінші әлемге» атты
кітабының кіріспесінде былай дейді: «Мен бұл кітапты Сингапурдың
біздегі қоғамдық тұрақтылықты, экономикалық өсуді және өркендеуді
тап бір өзінен-өзі болғандай көретін жас тұрғындары үшін жаздым.
Жастарымыз ауқымы 640 шаршы километр жерді ғана құрайтын,
қандай да бір табиғат ресурсынан ада-күде, таяуда ғана тәуелсіздігін
ала сала ұлтшылдық саясатын жүргізе бастаған үлкен мемлекеттердің
қоршауында тұрған шап-шағын елдің тіршілік кешіп кетуі қандайлық
қиынға түскенін білсе дедім. 1942 жылғы соғыс өртіне шарпылғандар,
Сингапурды жапондардың жаулап алғанын көргендер, Сингапур
дың жаңа экономикасын жасауға қатысқандар қай нәрсеге де нақты
шындық тұрғысынан қарайды. Біз қоғамдық тәртіп, жеке қауіпсіздік,
экономикалық және әлеуметтік ілгерілеу мен өркендеу аяқастынан
орнай салмайтынын, мұның бәрі тынбай жұмсалған күш-жігер мен
халық сайлаған адал да тиімді үкіметтің тарапынан ұдайы назар салу
дың нәтижесі екенін ұмыта алмаймыз». Бұл сөзге мен де толығымен
қосылар едім. Мысалы, бізге де жаппай жұмыссыздықты жою оңайға
түспегені белгілі. Жастарымыз Орталыққа шикізат жөнелтуге ғана
бейімделген экономиканың әртараптандырылуы, түгелімен мемлекет
Мемуар мұраты
— 23 —
меншігі болып, шын мәнінде иесіздікке ұшырап тұрған мүліктің
жекешелендірілуі, бір нәрсеге қожайындық ету сезімінің орнығуы,
шекараларымыздың шегенделуі, өз әскеріміздің құрылуы, астана
мыздың ауыстырылып, туымыздың еліміздің қақ ортасына тігілуі,
сөйтіп біздің жерімізге көз алартқандардың көмейіне құм құйылуы,
сан түрлі этностың бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай
тату тірлігін, мықты бірлігін сақтап қалуы, Қазақстанымыздың ішкі
саясаты тұрақты, сыртқы саясаты орнықты, алысқа да, жақынға да
абыройлы мемлекетке айналуы оңайға түспегенін білсе дейміз.
Қазақстанның қаз басуы да, қалыптасуы да 1991 жылы бастал
мағанын басын аша айту керек. Сан ғасырлық алуан тағдырлы та
рих, азаттық жолындағы айқас, жасампаздыққа бастаған жанкешті
жұмыс, елдікке жеткізген ерен еңбек — Тәуелсіздік таңын аттырған
ұлан асулар. Оның бәрін білу, соның бәрінің бағасына жету — ұлттық
мақтаныштың және баянды болашақтың кепілі. Тарих қазіргі күнге де,
келешекке де қызмет етуі тиіс. Өткендегі саяси тәжірибеден бүгінде
сабақ ала білудің маңызы да бөлек. Ақырғы ақиқатты айтамын дейтін
адам — адасатын адам немесе айналасын алдайтын адам. Оның үстіне
қандай оқиғаға, қандай тұлғаға да баға беру қай қырынан қарауға
тікелей байланысты. Ал бір адам ештеңеге де, ешкімге де барлық
қырынан бірдей қарай алмайды. Алайда өзің көргенді, өзің сезгенді
ашық айту, әлің жеткен жерге дейін әділ болу — адамдық парызы,
адалдық қарызы. Мен мұны әрдайым жадымнан шығармаймын.
Мен туралы жазылған кітаптардың арасында назар аударарлық
еңбектердің бірі — Бейбіт Сапаралының «Тұңғыш Президенттің бала
лық шағы» деген кітабы. Автор кіріспе тұста былай дейді: «Естелікна
ма дегенде жек көру, жақсы көру, жағымпаздану, жанын жай таптыру
мақсатында жалған куәлік беру, біле тұра өтірікті қосып жіберу, не
болмаса әдейілеп емес болмағанды жады жаңылыстырып болғандай
етіп әсіре боямалап суреттеу жағдайлары да күнделікті тұрмыста
кездесіп жатады. Санасы жарқ етіп, баяғы бір оқиғаны қаз-қалпында
көз алдында келтіретін тағдыр талқылары да аз емес. Көзімен көр
месе де естіген, жанама куәгер болған сәттерді қартайған шағында
аңызға айналдырып, қарапайым тіршілік көрінісін әфсаналық миф
терге ұластырып жіберетін замандастар да өмірде сирек болсын
ұшырасып жатады. Тасқұрсау тәртіптен әбден теперіш көріп, «Сен
тимесең, мен тимен, бадыраң көз» деген қағиданы бекем ұстанып,
барлығы болды-ау деген кезде, барлық мәселе талқыланып бітті-ау
деген кезде білек түріп белсеніп шығып, барлығынан басқаша әңгіме
айта бастайтын сайыпқырандар да мынау жарық жалғанда төбе
көрсетіп қалып жатады. Жазғанын, жадына түйгенін жылдар бойы
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 24 —
на жариялай алмай, булығып, қыстығып, терісіне сыймай жүретін
құрбы-құрдастар да ортамызда жоқ емес, баршылық. Осылайша, кез
келген адам баласының өмір жолына қарасаңыз, тағдыр-талайына
зер салсаңыз, қарама-қайшылықты көрініске толы ғұмыр белестері
көз алдыңызда буалдырланып тұра қалады».
Өз кітабымда мен осы жайды да дәйім есте ұстап отырмақпын.
ХХ ғасырда жаһанды шарпыған орасан оқиғалардың ешқайсысы
да Қазақстанды айналып өткен жоқ, қазақты шарпымай кеткен жоқ.
Әкелеріміз оның бас жағындағы сүргелеңдерді көрсе, тұстастарымыз
соғыстан кейінгі сілкіністерді көрді, балаларымыздың маңдайына
тәуелсіздік таңының қалай атқанын тамашалау, жаңа мемлекетті
құруға, қалыптастыруға қатынасу жазылды, ал немерелеріміздің
үлесіне азаттықты жаңа жағдайда, әлдеқайда күрделі кезеңде баянды
ету жұмысы тиіп тұр. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі
мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің:
қатер төнген сәттерде бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа
халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында
тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының
астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.
Тарихтың тоғысуы мен тағдырдың табысуы қатар үйлесіп, мені Қа
зақ елінің сын сағаттағы көшбасшысына айналдырды — Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті атанып, тәуелсіздіктің тар
жол, тайғақ кешулі сапарының тізгінін ұстадым. Мен жеткен жеңіс
терім мен алған асуларымды ең әуелі туған халқыммен байланыс
тыруға дағдыланған адаммын. Сондықтан қиналсам да, қуансам да
бар-жоғымның сыншысы, ар-намысымның өлшемі тек халқым деп
ойлаймын.
Бұл жол оңай жол болған жоқ. Бұл жолда мен талай асудан астым,
талай белді бастым. Ойға алғанымның бәрін бірдей орындай алған
жоқпын. Тегінде, саясатта бұлай жасау мүмкін де емес. «Саясат —
қолдан келетінді жасай алу өнері» деп содан айтылған. Жолсызбен
жүргендіктен жаңылыс басқан кездеріміз де болды. Оның объективті
себептері де, субъективті себептері де бар. Мұның өзі әбден табиғи
нәрсе. Кемістіктердің кейде жетістіктерден де көбірек пайда келтіруі
мүмкін, өйткені сәтсіздіктен сабақ алу жеңілірек. Бірақ, қалай дегенде
де, мына жай анық: Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде орнықты.
Әлемде мойындалды. Бұл — басы ашық ақиқат.
Саясат жолы — сайыс жолы. Бүгінгі күнге жеткенше талай кедергі
ге де кездестім. Олардың кейбірін заман қойды, кейбірін қоғам қойды,
кейбірін адам қойды. Бұл кітаптағы әңгіме біреулермен есеп айырысу
емес, оқиғаларға, адамдарға бағасын беру тұрғысынан ғана қозғалады.
Мемуар мұраты
— 25 —
Адамдар шындықты білмеген кезде неше түрлі долбарлар туатыны
белгілі. Қазақстанның жаңа тарихының өзінің «ақтаңдақтары» да
жетіп жатыр. Шүкіршілік, алдымнан тосылған асулардың бәрінен де
өттім. Жер шарының басқа бөліктеріндей емес, КСРО-ның ыдырауы
тарихи негізі атымен жоқ жаңа мемлекеттердің пайда болуына емес,
тарихи тамыры тереңде жатқан, кейін күшпен жойыла жаздаған
мемлекеттіліктердің қайтадан қалпына келтірілуіне ұласты. Мем
лекеттіліктердің жаңадан жандандырылуының жан-жақты күрделі
процестері бізден өзіміздің дара жолымызды — Қазақстан жолын
табуды талап етті. Кітапта осы жолдың қалай басталғаны, қалай қа
лыптасқаны, қалай жалғасқаны жайында жазылады. Еліміз туралы
бірқатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында қалыптасып
кеткен қасаң қалыпты түсініктерден арылтуға ұмтылу да мемуардың
бір мақсаты.
Мемуаршы — романист емес. Ол жұрттың бәріне бірдей ұнау
ға ұмтылмауы тиіс. Бұл кітапты оқыған адамның оны жақтыруы-
жақтырмауы өз алдына бөлек әңгіме, ең бастысы — осы туынды
арқылы елдің тағдыры, елдің болашағы туралы ойға қалуы. Әр адам
ның өзінің ел тағдырына тікелей жауаптылығы туралы толғануы.
Халық пен билік деп сөйлеудің өзі шартты. Өйткені билікті де халық
қалыптастырады. Сайлау арқылы, қоғамдық пікір арқылы. Билік —
халықтың бір бөлігі.
Ненің де негізгі бағасын уақыт пен тарих береді. Замандастарыңның
әрқайсысы өзін зор санайды, өзін жоғары қояды. Мен өз тарапымнан
халыққа бүкіл әлем таныған, мойындаған тәуелсіз мемлекетті, мықты
экономикасы, бекітілген шекарасы бар елді, тәуелсіздік жылдарында
тәрбиеленген жастарды қалдырып барамын деп мақтанышпен, ауыз
толтыра айта аламын.
Тарих дегеніміз ең алдымен сол елдің адамдарының тағдыры. Ел
адамдарының тағдырынан ел тағдыры, яғни мемлекет тарихы құра
лады. Мемлекет тарихына сол елдің билік тізгіні қолға тиген адамның
басқалардан көбірек ықпал ете алатыны өзінен-өзі түсінікті жай.
Жалпы, ел басқарған адамның сол елдегі халыққа жүз пайыз жағуы
қиямет-қайым міндет сияқты. Мен де өз алдыма дәл мұндай мақсат
қойған емеспін. Бірақ бүкіл өмір жолымда дәйім ортақ істі ойлап
жүргенімді, хал-қадерімше халықтың қамы үшін еңбек еткенімді,
алашым дегенде аянып қалмағанымды анық айта аламын. Бұған өмір
өткелдеріме менімен бірге сапар шегіп шыққаныңызда өзіңіздің де
көзіңіз жетеді деп сенемін, қадірменді оқырман.
Мен жайында бірнеше өмірбаяндық кітап пен тарихи зерттеулер
жазылғанын айтуға тиіспін. Қ.К. Тоқаевтың кітаптарында біздің сырт
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 26 —
қы саяси бағытымыздың қалыптасуы және бірқатар тарихи тұлғалар
туралы терең толғаныстар бар. Ол еңбектерде менің қызметіме де
баға берілген. Басқа шығармалардың арасынан кезінде қазақстандық
танымал журналист, публицист С. Абдрахмановтың менен кең-мол
етіп алған, кейіннен «Өмір өткелдері» атты кітапқа басылған сұх
баттар жинағын (осы мемуарға сол кітаптың мәтіні арқау болғалы
отыр), британиялық жазушы Дж. Айткеннің, ресейлік қаламгерлер
Н. Зеньковичтің, Р. Медведевтің, Л. Млечиннің, С. Плехановтың,
О. Видованың, сондай-ақ басқа да авторлардың кітаптарын атаудың
жөні келеді. Саясаттанушы, публицист М. Қасымбеков мен туралы
көп жазды. Олардың бәріне де разымын. Әйтсе де, мен өз мемуа
рымды жазып жатырмын.
— 27 —
ҰШҚАН ҰЯ
ҮШҚОҢЫР
Өз өмірім жайындағы ғұмырбаяндық кітабымның кіріспеден ке
йінгі алғашқы тарауын «Ұшқан ұя» деп атап отырмын. Бұл қазақтың
жанына өте жақын ұғым. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»
дейді халық мақалы. Киіз үй тіккенде маңдайшаға уық шаншитын
ұялар жасайды. Тіршілігіне шүкіршілік етсе, «Мал қолда, жан ұяда»
деп сөйлейді. Туған жерді, өскен елді де аялай сөйлеп, ұшқан ұяға
балайды. Әрбір адам секілді, менің де мына жұмыр жердің бетіндегі
ең ардақты мекенім өзімнің ұшқан ұям — ата-бабам өскен орта, туған
отбасым. Әңгімені де осыдан таратайын.
Мен 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қаскелең ауданын
дағы Шамалған деген ауылда, таулы өлкеде дүниеге келгенмін. Өмір
жолым шопанның киіз үйінен басталған. Тіпті жасым беске толғанға
дейін мені төмендегі ауылға анда-санда ғана түсіреді екен.
Әр адамның шыққан тегі, өскен ортасы туралы айтқанда оның
туған жері туралы да міндетті түрде әңгімеленетіні әбден-ақ қисынды.
Өзімнің балалық шағым жайындағы сөздің де өмірге келген өңірім
жөнінде айтудан басталғаны орынды болатын сияқты. Өйткені кез
келген адам ең алдымен табиғат перзенті. Адамның қалыптасуына
климат пен ландшафт қатар қатысатыны ғылыми негізде әлдеқашан
дәлелденген. Менің туған жерім — тау, ал жігіт, азаматтыққа жеткен
жерім — дала. Таудың биіктігі мен даланың кеңдігі ақыл-ойыма да,
мінезіме де қатар әсер еткен сияқты десем, артық айттыға балана
қоймас. Мен алдымен өзім өскен өлкенің жер бедеріне, табиғат сұлу
лығына қарыздармын деп білемін.
«Жер жаннаты — Жетісу» деп бекерге айтылмаған ғой. Шығысында
Жоңғар Алатауымен, батысында Қаратау жоталарымен шектесіп жа
татын бұл өлкеге жеті су жайылған. Жердің атын Жетісу дегізген сол
өзендердің құрамына қайсылары кіретінін әркім әртүрлі айтады. Бір
ғалымдар Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал, Көксу дейді,
бір ғалымдар Басқан мен Сарқанның орнына Аягөз бен Ілені қояды,
анығын атау қиын. Тегінде, жеті санын қасиетті санайтын біздің қазақ
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 28 —
жеті су деп қасиетті өзендер деген мағынада қойған шығар. Қалай
болғанда да, бұл жерде су қоры мол. Сулы жер — нулы жер. Тау басы
сыңсыған орман, тау етегі жасыл жайлау.
Сол асыл аймақтың айшығы айрықша бір тұсы — Үшқоңыр жай
лауы. «Әркімге өзінің туған жері — Мысыр шаһары» дегендей, әрине,
мен үшін мына жердің бетінде Алатаудай тау да, Үшқоңырдай жай
лау да болмақ емес. Құдайдың бір жарата салған жері. «Үшқоңыр
Алатаудың қойнауында, Әкемнің ізі қалған жайлауында. Қасқасу гүр-
гүр тасып, гүлі еркелеп, Арқары жайылатын аймағында» дейтінім бар
менің сөзіме жазылған «Үшқоңыр» деген әнде. Әр жылдарда берген
сұхбаттарымды қарап отырсам, солардың бірінде: «Көптеген елдерді
араладым… бірақ бәрі өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатау
дың бір бөктеріне жамбастай жығылған Үшқоңыр төбесіне жетпеді.
Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…» деппін.
Сұлулығы бөлекше Үшқоңырдың сипатына талай адам тамсанған.
Солардың бірі — қазақтың ұлы қаламгері Мұхтар Әуезов. Мұхаңның
1948 жылы жазған «Үшқоңыр жайлауында» деген очеркі «Таудың
жалтыр, ашық күні қуанта шықты. Биіктен қарағанда көкжиек шексіз
боп кеңейіп, жырақтаған. Аспанда шаңқылдаған қыран ғана жүреді
дегендей биікте отырмыз. Әуе таза, дүние жым-жырт. Биіктеген сайын
үнсіз, мол сабырлы, кең тыныштық бар. Табиғат даналық танытады.
Зор биіктің бәрінің басы ұзақ тыныштыққа шомып тұрса керек. Тегі,
үлкен атаулының бәрі айғайсыз, дырдусыз болғандай. Өз күшін та
нығанға да, танымағанға да бір қалыпты тыныш қана, елеусіз қарай
тын тәрізді. Бұл өлке Үшқоңыр жайлауы аталады. Биікте Үшқоңыр,
Екінар, Түлкілі сай. Баурайда: үш сала боп ағатын шың бұлақтар бар.
Төскейлерде: Сәт жайлау, Қасқасу деген кең қоныстар, мол өрістер
бар. Жайлай отырып, пішен шабатын мол шалғындар және бар. Ол
Үлкен Дегерес, Кіші Дегерес аталады. Жанама, Қаратау, Ақшоқыдай
қырғызға қарай асатын асулар бар. Қырғыз бен қазақ арасына ортақ
жайлау Еңсу, Жасылкөл де жақын. Мынау биік жайлау, салқын бел
де отырса да, бізбен әңгімелескен колхозшылар Жасылкөлді өзгеше
мадақтайды» деп басталады. Үшқоңырдың жанындағы сайлардан
өткенде әрі қарай Қарасаз, Үлкенсаз, Кішісаз, Ботасаз, Құлансаз де
ген сияқты неше түрлі жайлаулар жалғасып кете береді. «Құдайдың
құдіретін көрем десең, тауға бар» дейді. Өте әдемі жерлер. Көрсең
көз тоймайды. Қасқасу, Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақыстақ, Қастек,
Жиренайғыр, Ырғайты деген өзендер, Қарақия, Ақтасты, Сарыжазық,
Суықтөбе деген таулар талай-талай оқиғаларға куә болған жерлер.
Баяғы жоңғар шапқыншылығы кезінде Шамалғанның тұсында талай
шайқастар болған.
Ұшқан ұя
— 29 —
БАТЫРЛАР МЕН АҚЫНДАР ЕЛІ
Біз туған жердің даңқы осындай болғанда, біз өскен елдің даңқы
да ерекше еді. Бабаларымыздың ең аты аңызға айналғаны — Қарасай
Алтынайұлы. Аты бүкіл бір тайпаның ұранына айналған мұндай
адамдар қазақ тарихында баршылық. Қазақтың «Ақжол!», «Бекет!»,
«Бақтияр!» деп атқа шабатыны сияқты, мұндағы ел «Қарасай!» деп
ұрандаған. Атамыздың атының ұранға айналуы бір ұрыста жау шебін
бұзып өтіп, Суықтөбеге туын тіккеннен кейін басталған көрінеді.
Жамбылдың: «Арғы атам аруақты ер Қарасай, теңселген дүбірінен
тау менен сай!» дейтіні бар. Қарасай — ертеректегі батыр. Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұламадан көп бұрын, он жетінші ғасырдың
басында, орта шенінде қазақ әскерлері басшыларының бірі болған.
Қарасай батырдың есімін қазақ тарихы үшін қастерлі ете түсетін
жай — еліміздің әр қиырындағы шайқастарға қатысқаны. Оның арғын
Ағынтай батырмен жан аямас достығы, ақыры екі батырдың Арқада,
Көкшенің Айыртау сілеміндегі Құлшынбай деген төбеде бір бейітте
қатар жерленгені белгілі. Кейіннен, осы тәуелсіздік жылдарында қос
батырдың басына кесене орнатылды. Қарасай батырдың тікелей өз
ұрпақтарына ғана емес, бүкіл қазаққа қалдырған басты өнегесі бірлікті
ту етіп өткені деген дұрыс. Біз бабаларымыздың аруағын ардақтап
өскен қазақ емеспіз бе? Ел ішінде ол туралы көп әңгіме айтылатын.
Нақты тарихи деректерге сүйенсек, Қарасай батыр он жетінші ғасыр
дағы аса мәнді шайқастарда, әсіресе 1652 жылғы қанқасап қырғында
ерекше көзге түскен. Сүйінбайдың: «Жау тисе жапан далада, Бөрілі
найза аламыз, Қарасайлап шабамыз, Қызыл қанға батамыз, Бөрілі
байрақ астында, Ту түсіріп, жау алған, Қазыбек, Қастек атамыз. Бөрі
басы — ұраным, Бөрілі менің байрағым. Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып
кетер қайдағым» деп жырлағаны белгілі.
Қазақ болған соң жеті атаны білу парыз. Бұл, жалпы, баршаға па
рыз дер едім. Мұның өзі қазақтың этностық ерекшелігі ғана емес. Жеті
аталық ұстанымның, яғни жеті буын алмасқанға дейін қыз алыспау
дың артықшылығын қазіргі мықты медицинаның өзі дәлелдеген. Бұл
мәселенің бір жағы. Екінші жағы, бұдан да маңыздырақ жағы — ха
лықтың біте қайнасқан бауырластығының бастауы болуы. Жеті ата
ұғымы арқылы әр қазақта бір атаның балаларымыз деген қасиетті
сезім орныға түскен. Әркім өзінің бабаларынан тек жақсылықты
көргісі келетіні, алдындағылардан тек өнеге тапқысы келетіні белгілі.
Кейінгілер сын көзімен қарайтынын, ұрпақтары мақтаныш етіп айта
жүретін істер қалдыруы тиіс екенін ойлаудың өзі адамдарды жауап
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 30 —
кершілікке шақырып тұратын. Қарасай батырдың тікелей ұрпағы
мыз деген сезім ерлікке де, өрлікке де міндеттейтіндей көрінетін. Біз
де осыны бала күнімізден сезініп өстік. Жеті атамды сұрағандарға:
«Қарасай — Көшек — Айдар — Мырзатай — Кенбаба — Еділ — Са
пақбай — Назарбай — Әбіш» деп сақылдата жауап беретінмін.
Біздің елді батырлар мен ақындар елі деп те дәріптеп жатады.
Ел аузындағы «Екейде елу бақсы, сексен ақын, Жаратып мінеді екен
ерттеп атын. Қобызы, домбырасы үнін қосып, Гулейді жын қаққан
дай кешке жақын» деген өлең де тегін шықпаған болар, тегі. Әуезов
«Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп баға берген Сүйінбай мен
Горький «ХХ ғасырдың Гомері» деп атаған Жамбыл — бар қазақтың
мақтанышы. Біз бала күннен Жәкеңнің атын ардақтап, жырын жат
тап өстік. Бар қазақ сөйтті ғой, дегенмен дәл біздің ауылға жақын
жерде, Алатаудың бауырында туғаннан кейін бөлекше жақындығы
тағы талассыз. Жамбылдың даңқындай дүрілдеген даңқ бергі қазақта
ешкімде болмаған шығар. Аты ауыздан түспейтін. Совхоз да Жам
был, колхоз да Жамбыл, мектеп те Жамбыл. Тіпті қала да, облыс та
Жамбыл. Кітаптардағы, оқулықтардағы белгілі өлеңдерінің сыртында
айтыстарын да үлкен кісілер жиі сөз ететін. Жамбылдың ақындығы
шынында да елден ерен болған.
Мен өзімді ақындық қонған адамдар қатарына қоса қоймаймын.
Жүрегімді тербеген жайларды хал-қадерімше қағазға көшіріп тұра
тыным бар. Жанымдағы жігіттер менің өлеңдерімді жинап, жұқа
кітап етіп те бастырды. Оның бірнешеуіне ән де жазылды. Бекболат
Тілеухан шығарған «Менің елімді», Алтынбек Қоразбаев шығарған
«Үшқоңырды» талай әнші орындайды. Өзімнің әндерім де бар.
Алғашқысы «Шұбарат» деп аталатын. 1973 жылы мен бастамашы
болып, «Социалистік Қазақстан» газеті редакциясының аппаратынан
бірнеше адамды, бүкіл облыстардағы меншікті тілшілерді Темір
тауға шақырған едік. Сонда журналистерге жайылған дастарқанды
жүргізіп, «Шұбаратты» домбырамен айтып бергенмін. «Алатау —
туған жерім, менің елім. Сағындым арасынан ескен желін. Арқада
ардақталып жүрсем-дағы, Ер жігіт ұмытар ма туған жерін?!» деген
сөздерін сол жолғы іссапарға барған журналист Уахап Қыдырханов
кейін баспасөзге де жариялады. «Шұбарат» Теміртауда, Қарағандыда
ұзақ жылдар жүргенімде ауылды сағынып шығарғаным. «Шұбарат
Алатаудың етегінде, Шамалған тұрады екен жетегінде. Арқадан асыл
жарды тапсам-дағы Туған жер, сенен алыс кетемін бе?» деп те сол
әнде жазғанмын. Қазір мен ол өлеңді сол кезгі көңіл күйдің көрінісі
деп қана қарай аламын. Ақындардың жыр жинақтарын мүмкіндік
Ұшқан ұя
— 31 —
тапқанымша оқып тұрамын. Ал енді бабалар әсері дегенге келсек,
біздің ауылдағы жиын-той бала күнімізде айтыссыз өтпейтін. Ай
қыш-ұйқыш айтысатын да жататын. Арасында ән де, күй де орын
далып тұрады. Би биленетіні есімде жоқ.
Бірақ әдебиетпен айналыспаған адамның өлең жазуында тұрған не
бар? Бұл қасиет көп қазаққа тән емес пе? Екі ауыз сөздің басын құра
майтын қазақ жоқ дейміз ғой. Ойды өлеңмен жеткізуге шебер кісілер
менің әкем Әбіш пен анам Әлжан еді. Қарапайым адамдар ғой, сонда
да той-томалақтарда, тіпті үйде де ұйқастырып сөйлеп отыратын.
Сонымен, нақты менің өзіме мұндай қабілет тікелей әке-шешемнен
жұғысқан сияқты. Әсіресе, шешем ақжарқын, көңілді, айтқыш адам
болған. Қандай жағдайда да тауып айтатын, өткір тілді кісі, көңілді
кісі еді. Анау жоқ, мынау жоқ деп әйелдікпен әңгіме айтпай, барға
қанағат етіп жарқылдап, жайраңдап жүретін. Әншілігі өз алдына бір
бөлек. Ауылдағы той атаулы менің анам бармай басталмайтын, бәрі
«Әлжан келсін» деп күтетін. Әкем Әбіштің де суырып салмалығы
барын тұстастары айтатын. Кластас досым Сәдуақас Есімбай балалық
шағымызға арнап кітап жазған. Сонда: «Әбіш әкеміз, әсіресе, айтысуға
өте шебер болатын. Талай айтыстарды өз құлағыммен естігем. Той-то
малақтарда «той бастарды» жұбайы Әлжан анамызбен қосыла той
иесіне ризашылықтарын айтумен бірге, кейбір қонақтардың тойдағы
ерсі қылықтарын әзілге айналдырып, елді күлдіріп отырушы еді»,
деп еске алады. Әке-шешемнің құрбы-құрдастары да қалжыңқой,
өлең құрастырғыш кісілер еді.
ҰРПАҚҚА — ҰЛАҒАТ
Атам туралы кезінде «Назарбай — қолында мөрі бар адам болған
екен…» деп қана айтумен шектелгенмін. Ол кісі ауыл-аймақты
басқарған, көп жыл би қызметін атқарған. Тортай Сәдуақасовтың
«Назарбай би және туған өлке тарихы» деген кітабында бұл жайын
да нақты деректер келтірілген. Ол кітап сол кезде де құжаттардың
ұқыптылықпен жүргізілгенін көрсетеді. Архив деректерінде Қаскелең
болысының қанша ауылы болса, сол ауылдардың бәріндегі сайлау
жасындағы адамдар, олардың жасы, малы (жылқы, қой деп нақты
бөлінген, неге екенін, түйе, қара мал саны берілмепті) нақты тізім
делген. Мысалы, Сүйінбай бабамызда 70 жылқы, 200 қой, Жанысбай,
Жігітбай, Назарбай деген үш ағайындының малы қоса есептеліп,
3 жылқы, 50 қой деп көрсетіліпті. Бұл ол кез үшін аз мал. Әр үйге бір
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 32 —
жылқы, он бес шақты қойдан ғана келіп тұр ғой. Соған қарағанда,
жалпы біздің әулет о бастан бай болмаған. Малшылардың, қойшы
лардың ұрпағымын дейтінім сол.
Назарбай бидің мөрін менің әжем ешкімге бермей, өзінде ұстайды
екен. Мұны анам айтып отыратын. Ол мөр қазір елордадағы музейге
қойылған.
Атамыздың өзі өскен өлкеде белгілі бір із қалдырған тұлға екені
талас тудырмайды. Ертеректе шыққан «Әділеттің ақ жолы» деген кіта
бымда: «Кейінгі кезде өзінің «пролетарлық» тегімен көкірек қағу басқа
бір нәрсенің салқынымен алмасты: қайткенде де өз тегінен «ақсүйек
тік» қасиет іздеп табу етек алды. Ондай біздің тұқымда болған емес.
Мен — қойшылардың ұлымын, немересімін және шөбересімін. Де
мек, ешқандай ақсүйектер әулетінен емеспін» деп жазғаным бар.
Бұл кітап кеңестік кезеңде, тәуелсіздікке дейін жарық көрген. Мәселе
кезінде партком хатшысы, обком хатшысы, Орталық Комитеттің
хатшысы, Үкіметтің басшысы қызметтерін атқарған адамның атасы
би болғанын айтып жатпайтынында ғана емес. Қазақта бабадан атаға,
атадан балаға, баладан немереге ауысып жататын ақсүйектік, яғни
аристократтық титулдар жоқ. Мысалы, грузиндерде князьдің баласы
князь күйінде шыға келеді. Ағылшындарда лордтың баласы да лорд.
Орыстарда да солай. Дворян әулетінің балалары дворянин, графтың
баласы граф деген сияқты. Мұның жақсы жағы да бар, жаман жағы
да бар. Жақсы жағы әулет дәстүрін жалғастыру жауапкершілігінің
өзі адамды ширатып тұратынында. Жаман жағы жаңағы атақты
адамның ерекше еңбек етпей-ақ, дайын күйінде алатынында. Ол үшін
мақтанудың қандай жөні бар? Жалпы, адамның өткенімен мақтана
беруі оның бүгін мақтанатыны аз екенінің белгісі де болуы мүмкін…
Солай емес пе? Ата-бабаларың мақтануға тұрарлық тұлғалар дегенде
де сенің өзіңнің оған нақты қатысың қандай? Сіңірген еңбегің қандай?
Сенің ата-бабаларыңа еңбек сіңіруің мүмкін емес. Сенің еңбегің сіңсе,
балаларыңа, немерелеріңе сіңеді. Осындай балалар тәрбиеледім,
осындай немерелер өсірдім деп мақтаныш етсең бір жөн. Әрине,
халық үшін еңбек еткен адамдарды мақтаныш тұту керек. Егер олар
сенің әулетіңнен шықса, тіпті жақсы. Бірақ бұл арада мақтаныштан
гөрі жауапкершілік сезімі алға шыққаны дұрыс. Мен сондай адамның
ұрпағымын, қазір бәленшенің ұрпағы деген атты абыроймен алып
жүрмін бе деген тұрғыда ойланған, қиналған жөн. Әркім өз бақытын
өзі жасауы керек. Әркім өз несібесін өзі теруі керек.
Мен үшін Мырзабала әжемнің орны тіпті бөлек. Әжемнің қолында
өскендіктен, әжемді апа, анамды жеңеше дейтінмін. Нұрсұлтан деп
атымды әжем қойған екен. Сонда ол кісі Құранда аталатын есімнің
Ұшқан ұя
— 33 —
бірі Нұр, бірі Сұлтан екенін білген бе, жоқ, әлде мағыналық жағына
баса мән беріп қойылған есім бе, ол арасын ажыратып айта алмай
мын. Мұндайда қазақ «аузына құдай салған» дейді. Солай болған
шығар. Әжем Аллаға сенетін, бес уақыт намазын оқып, ораза тұтатын
адам еді. Аттың әуезді естілуіне де көңіл бөлсе керек. Халқымызда
Нұрсұлтан есімді ұлдардың көбеюі, бір жағынан, менің жолымды
берсін деп ырымдаудан, екінші жағынан, аттың мағынасына, әдемі
айтылатынына қызыққандықтан деп ойлаймын.
…Мырзабала әжем мені бес жасқа дейін жұрттан жасырғандай
етіп өсіріпті. Әрі тұңғыш, әрі әбден зарығып көрген немересімін ғой.
Үйге біреу кірсе, мені етпетімнен теріс қаратып жатқыза салады екен.
«Немереңіз жүрді ме, әже?» деп сұрағандарға: «Құдай бір немере
беріп еді, оның өзін де қауқарсыз етіп берді» дейді екен. Мені қашан
шауып жүріп кеткенше қып-қызыл матадан киіндіріп қойғаны да
өзінше қызық. Көз тимесін дегені. Бір күні қып-қызыл бешпенті бар
маған аспаннан бүркіт шүйіліп түсе жаздапты. Одан кейін қызыл
кигізгенді қойыпты.
Біздің ауыл Шамалған Алматы мен Ұзынағаштың ортасында ор
наласқан. Әрқайсысынан қашықтығы шамалас. Жамбыл ауылының
төңірегінде тұратын туыстарға атпен де, ат арбамен де бара беретін
біз. Үлкендердің айтуынша, Жамбыл атамыз да атқа мініп, тау бөк
терін аралап жүреді екен. Менің әжем Мырзабаламен жақсы таныс
болса керек. Мен ол кездерде 4–5 жастамын. Көргенім есімде қала
бермейтін кез ғой. Бірақ бүкіл жұрт білетін, күллі аймақ дүрліге
әңгіме етіп жүретін адам болғаннан кейін бе, бір сәт көз алдымда.
Жамбыл атаның Алғадай деген ұлы майданда қаза тапқанда анам мені
Ұзынағашқа ала барған екен. Сонда атаға көңіл айту үшін Алматыдан,
маңайдан көп адам келіпті. Үйдің алдындағы мен бұрын көрмеген
ұзын қара мәшине ғана есімде қалып қойыпты. Анам айтып отырушы
еді, атаның жанында үнемі бір жалтырбас кісі, бір толық денелі ақ
сары кісі жүрген еді деп. Кейін естідім — ол кісілер республиканың
басшысы Жұмабай Шаяхметов пен жазушы Сәбит Мұқанов екен.
Кезінде Сәбең біздің үйде де болыпты. Оны мен мектептің жоғарғы
кластарында жүргенде ғана білдім. Мектептегі кезімізде оқулықтарға
еніп жүретін «Колхозды ауыл осындай» деген өлең бар еді. Сәбит
Мұқановтың өлеңі. Сол өлеңнің соңғы шумағын Сәбең біздің үйде
жазыпты. Жайлау туралы өлеңінің аяқталуына өзінің көңілі толмай
жүрсе керек. Әкем мен анам кезектесіп ән айтқанда, ол кісі бір кезде
қалам-қағазын шығарып, малдас құрып отырған жерінде тізесіне жаза
бастапты. Сөйтіп сәлден кейін ұзақ өлеңді оқып, «Мына соңғы шумағын
жаңа ғана жаздым, түйіні келіспей жүр еді, жақсы болды», депті.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 34 —
Малшылар өмірімен танысуға келген бір топ жазушының арасын
да әншілері де бар екен. Әншілерінің ішінен жұрттың есінде Жамал
Омарова ерекше қалыпты. Қонақтарға Үшқоңырдың жақсы деген
киіз үйлері тігіліпті. Сонда біздің киіз үйге Сәбең түсіпті. Әкемнің
«Мұндай үлкен кісі де осыншама қарапайым болады екен» деп ай
тып отыратыны есімде. Әкем інім Сатыбалды екеумізді шақырып,
Сәбеңе сәлем бергізіпті. Тағы бір қызық жағдай бар. Сонда Сәбеңнің
шабытын шақырған ән орыстың «Вечерний звон, вечерний звон, Как
много дум наводит он» деп келетін әні екен. Әкемнің Шамалғандағы
орыс достарынан үйренгені ғой.
Менің әкем Әбіш қарапайым өмір сүрген, ғұмыр бойы жұмыс
істеген адам. Мал да баққан, егін де еккен, бау да өсірген, бақша да
салған. Отбасын өзінің ақ-адал еңбегімен асыраған. Мен туғаннан
кейінгі жылы біздің таудағы қыстауымызда біреудің абайсыздығынан
өрт шығыпты. Әкем сол өртті сөндіріп жүріп, бір қолын иығына дейін
қатты күйдіріп алыпты. Соғыс басталғанда әскери комиссариатқа
шақырып, дәрігерлік комиссия қолының қатып-семіп қалғанына
байланысты майданға жарамсыздық билетін берген. Оны «ақ билет»
дейтін. Көп жыл таудағы жайлауда мал бағып, көшіп-қонып жүр
гендіктен, біздің бала күнімізде өзіміздің үйіміз де болмаған еді. Ол
үйді біз кейін өзіміз салып алғанбыз.
Әкемнің алдымен айтарлық қасиеті — еңбекқорлығы. Иә, мен нағыз
еңбекқор кісі деп әкемді айтар едім. Әкенің балаға айтқан ақылынан
гөрі көрсеткен өнегесі көбірек жұғады. Әкем маған ең қарапайым, бірақ
ең қасиетті қағиданы ұғындырып кетті. Ол қағида — ерінбей, қажымай-
талмай еңбек ету. Солай еңбек етсең ғана бағыңның жанатыны. Осы
өнегесі үшін мен әкеме өмір-бақи қарыздармын. Менің әкем мен ше
шем де еңбек арқылы табысқан. Үшқоңырда танысқан. Сол жерде
жұрт әлі күнге «Арестанттар жолы» дейтін жол бар. Тауға шығатын
айналма жол. Оны салғандар бай-кулактар мен … жер аударылған
молдалар екен!.. Олардың арасында Бұқарада медресе бітіргендер
де бар көрінеді. Менің анам сондай бір молданың қызы болған соң
әкесімен бірге жер аударылған. Әлгі құрылыста әкем үш жүз арес
тантқа бригадирлік етіпті. Шешем Шу жақтан келіп, аспазшылық
жұмыс істеп жүреді. Танысқаннан кейін бір жыл өткенде үйленіпті.
Негізінде әкемнің басты шаруасы мал бағу болатын. Егер оны
ертеден түнге дейін еңбек етті десем, бәрібір бұл да жетімсіз соғып
жатар еді. Мен оның қай кезде ұйықтайтынын немесе ештеңе істе
мей, құр тынығып отырған сәтін көрген емеспін. Бірде отын жарса,
бірде томар қопаратын, енді бірде бірдеңе сату үшін базарға кетіп
бара жататын. Ол дәулетті орыстармен араласып өскендіктен егін
Ұшқан ұя
— 35 —
салуды да жақсы білетін. Пәлендей білімі болмаса да, миуа ағашта
рын будандастыруға кәнігі еді. Жұрт біздің баққа келіп, таңғажайып
жемістерді немесе бір жағында кәдімгі апорт алмасы, екінші жағында
уылжыған алмұрт пісіп тұрған ағашты қызықтайтын. Әкем өсірген
ондай алманы кейін еш жерден көрмегенмін. Өзінің сүйікті сортты
алмасы — апортты ол келесі көктемге дейін бұзбай сақтайтын еді.
Кешегі кезеңде адамның ойына келмейтін неше түрлі нәрселер
бола беретін. Күндердің бір күнінде әкем өз қолымен еккен алма
бағын бір түнде өзі отап тастаған. Неге? Себебі, үй маңындағы
жерімізді (ол жарты гектар еді) азайта бастады, әуелі он соттықты,
одан соң тағы да бірте-бірте кесіп ала берді… Әкем ат десе ішкен
асын жерге қоятын. Бірақ көп ұзамай ат ұстауға да тыйым салынды.
Сондағы себеп жемшөп колхозға керек екен. Ал бірде өз көзіме өзім
сенбедім: әкем алма ағаштарын өз қолымен отап жатыр. Сөйтсем,
әр түп ағаш үшін салық төлеуден құтылу керек болыпты. Үй-іші
қатты тарықты: ішетініміз құр шай ғана, анда-санда бір түйір қант
тиеді. Маңдайға біткен жалғыз сиырдан колхозға тапсырылуы тиіс
сары май мөлшерінің көптігі сонша, өзімізге тек қаймағы бөлінген
көк сүт қалатын. Хрущевтің сондағысы өз шаруашылығы барлар
колхозда жанын салып жұмыс істемейді деген ой. Соның солақай
шешімімен бізді асырап отырған бақ та қысқарып, қырқылып қалды.
Ауылдастарымның осыған қатты ашуланғаны есімде.
Әрине, көп нәрсені түсіндіре аламыз. Бірақ соншалықты еңбекқор
адамдарымыздың мұндай мүшкіл халге қалай тап болғанын кей-кей
де ойлай бастасаң-ақ, сайтан алғырды еш түсінбей бас қатыруға
тура келетінін қайтерсің!.. Кейін, басқа елдерді аралап, талай фер
мерлердің тірлігімен таныстым. Олар жеке меншікті жұмысы үшін
мемлекеттен еңбегіне қарай ақы алады. Өз тапқаны өзінікі. Менің
әкем өз еңбекқорлығымен жаңағыдай жағдайда бай адам болар еді
деп ойлағанмын сонда.
Жалпы, әкем көзі ашық, көкірегі ояу кісі еді. Жұрт айтса болдының,
көп айтса көндінің адамы емес еді. Әр нәрсеге өзінше қарай алатын.
Жиын-жиналыста айтпағанмен, дастарқан басында, үй ішінде өзінің
пікірлерін де айтып қалатын. Осыған бір дәлел келтірейін.
1962 жылы мен, жас металлург, комсомол съезінің делегаты болып
Мәскеуден үйге оралғаным әлі есімде. Әрине, әсер деген ұшан-теңіз!
Әкем мен көршілерге асығып-үсігіп Хрущев туралы, оның еліміздің
комсомолдары алдындағы сөйлеген сөзі туралы, қала мен ауыл ара
сындағы өзгешеліктердің бірте-бірте жойылып, село өмірінде кере
мет мүмкіндіктер болатынын баса айттым. Үлкендердің маған көңіл
бөлгеніне масаттанып, ақсақалдардың жүзіндегі мысқылды байқамай
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 36 —
сайрай беріппін. Ал әкем маған күстаналап қарап отыр екен. Ақы
ры, нұрлы болашаққа қарай бағытталған қозғалысымызға кедергі
жасайтын қосалқы жеке шаруашылық пен үй маңындағы учаскені
жөн-жосықсыз жерден алып, жерге салғанымда төзімі таусылды,
білем. Сонда маған қарап, былай деген еді:
— Тоқтат, балам, мұндай сөзді радиодан ести-ести құлағымыз
сарсыған. Одан-дағы мынаны айтшы: Мәскеудегілердің есі дұрыс па
өзі? Әлде отызыншы жылдағыдай тағы да аштықпен титықтатпақ па?
Ауыл адамында жер болмаса, қойшыны жеке малынсыз қалдырсақ —
олар даладағы жел қуған қаңбақ емес пе? Сұлтан (үйде мені осылай
атайтын), сен ренжімей-ақ қой, жүрегің жарыла қуанатындай ештеңе
жоқ, сен бізге жаманат хабар жеткіздің…
Әке сөзінің дұрыстығына арада жылдар өткенде көзім толық жетті.
Бір мақаламда: «Өзімнің кәсіби жолымды «ақ саусақтар» секілді
кабинетте де, паркетте де емес, жұмысшы-металлург ретінде баста
дым. Ал бұл, атап айтсам, нағыз кәсіп! Қанша жыл өтсе де, бұл еңбек
мектебін ұмыту мүмкін емес» деп жазған едім. Бұл арада менің кәсі
би жолым айтылып отыр. Ал жалпы өзімнің еңбек жолым одан да
ертерек, тіпті бала күнімнен басталды дей аламын. Мен ес білгеннен
еңбектің ортасында өстім. Үшқоңырдың биігінде салынған жолда да
әкемнің қолының таңбасы қалған. Анам да жұмыс десе жанып түсетін.
Үйдің жұмысын тындырып тастап, көрші-қолаңның шаруасына қа
расып жүретініне қайран қалатынмын. Біздің үйдің адамдары ғана
емес, бүкіл ауыл негізінен еңбеккер еді. Сол тәрбиені көріп өстік.
Қазір бүкіл педагогтық ұжымдар қайтсек тиімді ұйымдастырамыз
деп бастарын қатырып жүрген еңбек тәрбиесі дейтініміз менің мектеп
қабырғасындағы жылдарымда көкейкесті қиын проблема болмайтын.
Егер сол кезде әлдекім балалардың бойында еңбекті құрметтеу сезімін
тәрбиелеу қажет деп өзеуресе, бәлкім, оны есуас санар еді. Өйткені
біз ауа жұтып тыныстаудың қажеттігі жөнінде дәнеңе айтпаймыз ғой.
…Соғыстан кейінгі кезең, қырқыншы жылдардың аяғы мен елуінші
жылдардың бас кезі. Анама колхоз күтіп-баптауға бір гектар қызылша
егетін жер тапсырды. Әр жанұяға берілетін осындай жер болатын.
Көктемнен бастап алғашқы қар түскенге дейін толастамайтын азап
еңбек. Тұқым сепкеннен кейін ми қайнатқан ыстық күн астында бел
жазбай жүріп, осынау гектардағы егісті сиретіп қолмен жұлуды көзге
елестетіп көріңізші. Бұл ғұмыр бойы есте қалады. Ал ақырында қы
зылша тамырлап, піскен кезде оны үлкен пышақпен тазалап, тиеп
өткізіп, содан соң Боралдай қант зауытына барып, бір жарым қапшық
қант алу үшін колхоздан берілетін анықтамаға қол жеткізу керек. Ең
беккүніңе алатының сол ғана, ал ақшалай соқыр тиын да төленбейтін.
Ұшқан ұя
— 37 —
Әкеме таудың қия бетіне бірнеше гектар бидай егіп, астығын кол
хозға өткізу тапсырылғаны есімде қалыпты. Бидай піскенде әкем
екеуміз оны қолмен орғанбыз. Түнделетіп айдың жарығымен ордық.
Масақ біркелкі, бірыңғай жатуы үшін шалғыға тырма қосақталатын.
Бұндай ауыр жұмыста екі-үш сағат осылай жұмыс істегеннен кейін
тұла бойың сіресіп, белің жан шыдатпастай сыздайтын еді. Біз орып,
шешем баулап, қызылдау үшін колхоз орталығындағы қырманға
апаратынбыз. Ауылдың барлық колхозшылары солай өмір сүретін.
Уақыт сондай еді.
Бұны неге еске алып отырмын? Ол кезде қанша шарқ ұрып кол
хозда ойың онға, санаң санға бөлінгенімен өмір сүру, дәлірек айтқан
да, аман қалу үй маңындағы қосалқы шаруашылықтың арқасында
ғана мүмкін болатын еді. Жаңылмасам, біз еңбеккүнге бір рет қана
толмаған жеті қап бидай алғанбыз. Үш-төрт центнер тартқан шығар
шамасы. Біз ол астықты колхоз орталығынан арбамен алып кел
дік, көңіліміз өсіп, өзімізді бақытты сезініп келдік. Қанша дегенмен,
өзіміздің табан ақы, маңдай терімізбен тапқанымыз ғой. Еңбектің
наны тәтті. Мұндай жағдай жылда болмайтын. Тек өнім молдау
шыққан жылы ғана еңбекақы ретінде берілетін.
Еңбек әртүрлі. Оқу да еңбек. Үлкендерге көмектесу де еңбек. Ба
ланы еңбекке тәрбиелеу кішкентайында үй шаруасына қолғабыс
тигізуге үйретуден, сабақты жақсы оқытудан басталуы керек. Жас
күнінде ұл мен қызды қиындықтан қорғаштай берудің қажеті жоқ.
Бала деген шаршамайды. Мен, мысалы, төртінші сыныпқа дейін
әкемнің ағасының үйінде жатып оқыдым. Мектеп біз тұрған үйден
алты-жеті шақырым жерде еді. Күзде, көктемде ештеңе емес, ойнап
жүріп-ақ жетіп қаласың. Қыста қиын. Сағат жоқ. Әтештің шақы
руымен оянасың да, ұйқың ашылар-ашылмаста жолға шығасың.
Кейде сол әтеші құрғыр мезгілсіз шақыра ма, сабақ басталардан екі
сағаттай бұрын барып қалатын кездерім де болатын. Ондайда күзетші
ішке кіргізіп, пеш жанында ұйықтап та алатынмын. Пеш демекші,
балалардың бірінің сол пешке қатысты қызық әңгімесі бар… Мұғалім
келсе, Қуатбек Бокин деген бала пеш түбінде екі аяқты созып тастап,
ұйқыны соғып жатыр екен. Үстінен бұрқырап бу шығады дейді. Киімі
өртенгелі жатыр ма деп шошып кетіпті. Сөйтсе, жаңағы бала мек
тепке асығып келе жатып, суға құлап қалыпты, пештің ыстығынан
шалбарының кеуіп жатқаны екен…
Мектептен үйге келгеннен бір тынбайсың. Малға шөп салу керек,
қорада қи тазалау керек, үйге су әкелу керек, бақшаның арам шөбін
жұлу керек. Үйдегі балалардың үлкенімін. Мен істемесем, кім істейді?
Ал енді қазір ойлап отырсам, соның бәрі баға жетпес өмір мектебі,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 38 —
еңбек мектебі екен. Сол еңбек мектебінен ерте өткізгені үшін ата-
анама шексіз қарыздармын.
Мен ата-анамның тұңғышымын, зарығып күткен перзентімін.
Әке-шешем үйленгеннен кейін біраз жыл бала көрмей жүріп қалған
екен. Содан ақыры осы жақтағы ел үшін ерекше әулиелі Райымбек
бабаның басына барып, екі күн қатар түнепті, перзент сұрап, тәу
етіпті. Біздің бала кезімізде ол бейіт Алматының шетінде үлкен төбе
болып көрінетін. Құран Кәрімде тілеу, сұрауды тек Аллаға айту керек
дейді. Бірақ біздің салтымызда аруаққа сену де бар ғой. Ал Райымбек
бабаның аруағын халық ерекше ардақтайды.
Атақты Хангелді батырдың немересі Райымбек — аты ұрпағына
ұран болған ұлы тұлға, он сегізінші ғасырдың басында жоңғарларға
қарсы күрес қолбасшыларының бірі. Бабаның сол мекенге жерле
нуінің өз хикаясы бар. Дәмі таусылардың алдында: «Сүйегімді менің
түйеме артыңдар. Жануар қай жерге жетіп, әлі құрып шөксе, сол жер
менің бейітім болсын» деп өсиет еткен екен. Атан түйе жүргеннен
жүріп отырып, дәл ұлы жолдың бойына келгенде шөгіпті. Батырға
топырақ бұйырған сол жер киелі орынға айналған. Тілек тілеушілер
басына түнеп, мінәжат ететін.
Райымбек бабаның басына түнеген түнде анам түс көріпті. Түсінде
теңізге түсіп кеткен екенмін дейді. Судан демі тарылмай, кәдімгідей
жүре беріпті. Теңіздің түбінде аппақ күмістен жасалған ұзын мыл
тық жатыр екен. Жаңағы мылтықты мойнына іліп алып, жүзгеннен
жүзіп отырып жағаға шығыпты. Таңертең бейіттің шырақшысы түсін
жорыпты. Ұл бала табасың, балаң мықты болады, жасы ұзақ болады,
осы балаң сенің мақтанышың болады, ел қорғайтын адам болады
депті. Мылтыққа байланысты жорығаны ғой. Расында да, арада көп
ұзамай, дүниеге мен келіппін. Бұл әңгіме ес білгелі менің құлағымда.
Райымбек батыр кесенесіне талай зиярат еткенмін.
Менің анам Әлжан Жатқанбайқызы 1910 жылы Жамбыл облысы
Қордай ауданының Қасық ауылында дүниеге келген. Құжаттағы 1905
жыл қате жазылған деп өзі айтып отыратын. «Жаныс көп пе, қамыс
көп пе?» дегізген қалың Жаныстың ішіндегі қабырғалы ру қасқарау
дан тарайды. Мәшһүр-Жүсіп «Қасқарау деген елдің аты қосылған
жерде өзге ел бәйге алмайды. Және бұл күнгеше өзге елге қарағанда
Қасқарау жылқысы жүйрік келеді» деп жазған екен. Мүйізді Өте
ген атанған Өтеген батыр осы Қасқараудан. «Ән тыңдағың келсе,
Қасыққа бар, қыз алғың келсе, Қасықтан ал» деген сөз бар. Соған
қарағанда, Қасықтан әншілер де көп шыққан, қыз бала тәрбиелеудің
өзіндік дәстүрлі ортасы да қалыптасқан. Анам да жас күнінен ашық-
жарқын, өжет, өткір болып өсіпті. Жиын-тойда жарқылдап жүріп,
Ұшқан ұя
— 39 —
«әнші Әлжан» атаныпты. Туған ағасы Бөлеген «Қасық» колхозын
басқарып тұрғанда сол жерге ол замандағы «Бүкілодақтық староста»
М. И. Калинин барып, колхоз төрағасының үйінде қонақта болыпты.
Сонда Калининмен бірге барған Ораз Жандосовтың дастарқанға бата
сұрағанда Михаил Иванович ақсақалдың кәдімгідей қолын жайып,
орысша «Береке көзі — социализмде, колхозда, әумин» деп бата
бергені жиналған жұртты қайран қалдырыпты. Алайда, арада көп
уақыт өтпей, Бөлеген ағасы «халық жауы» атанады, атасының үл
кен молда екені де ауыр айып ретінде тағылады. Балапан басына,
тұрымтай тұсына тараған тар кезеңде анам, басқа жер аударылған
ауылдастарымен бірге, Алматы жаққа аттанған. Алатау баурайында
салынып жатқан бұралаң жолдың құрылысына тамақ пісіруші болып
келгенін, бұл кезде әкем жол салушыларға бригадирлік етіп жүргенін
айтып өткенмін. Сөйтіп, әкем мен шешемнің тағдыр тоғыстыруына
себепкер — еңбек.
Кім айтса да, анасының қадір-қасиетін жеткізе алар ма? Меккеге
үш рет арқалап апарып келсең де, ана парызы өтелмейді дейді ғой.
Мен көп қазақтың балалары сияқты әкенің ісінен үлгі алып, оның
қаталдығына шыдап, ананың тәрбиесімен өскен баламын. Әкем күн
діз-түні жұмыста, мен анамның жанындамын. Анамның мені жанын
дай жақсы көретінін білетінмін. Сол шексіз ана махаббатына бөленіп
өстім. Баланы анасы шын сүйіп өсірсе, ол бала бақытты боларына
мен сенемін. Баланы жалдаған әйел емес, анасының өзі тәрбиелегенін
ұнатамын. Сондай бала дұрыс жолдан таймасына сенемін. Өзі қара
пайым, сауаты жоқ адам болса да, өмірден үйренгені, көрген-білгені
көп анам әр уақытта көз алдымда, жүрегімді елжіретіп тұрады. Қиын
шешімдер қабылдар кезде түсіме кіріп, ақыл беріп кетеді.
Мен негізі анама тартқанмын. Нағашыларым да осындай дөңгелек
жүзді болған екен. Теміртауда жұмыс істеп жүргенімде анам қонаққа
келіп, «Сені көрсем Бөлеген ағам көз алдымда тұра қалады. Өң-түсің
де, қимылдарың да аумай қалған» деп көз жасын бір сығып алған еді.
Анамды еске алғанда кейде қиялдап отырып, ойлаймын ғой: ол
кісінің жасы жүзге жетсе, осы кезге дейінгіні көруі мүмкін еді-ау,
тоқсанға жетсе, елдің есейгенін, баласының Арқада жаңа астана
салдырып жатқанын көрер еді-ау, тіпті сексеннен сәл асса да тәуел
сіздік таңы атқанына куә болар еді-ау деп. Анам 1977 жылы дүниеден
өтті. Менің ат жалын тартып, азамат болғанымды ғана көрді. Аз күн
ғана ауырып, ағайын-туғанына аманатын айтып, жүріп кете берген.
Менің шетелден әкелген жеп-жеңіл қоңыр тоным бар еді. Соны
Гүлжан келініне беріп, «Енемнен қалған көзі еді деп киіп жүрерсің»,
депті. Келіні: «Қойыңыз, әлі-ақ осы тонмен талай қонаққа барасыз»
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 40 —
десе, айтыпты: «Тілімнің сайрап тұрғанына алданып қалмаңдар,
дайындықсыз болмаңдар. Дүниеде болжаусыз нәрсе үшеу: толғақ
болжаусыз, қонақ болжаусыз, өлім болжаусыз. Ажал айтып кел
мейді, айла таптырмайды. Алды сайран, арты ойран дүние осы»,
деп. Осылай кесек-кесек кесіп түсетін, тіліп айтатын адам еді. Ірі
сөйлейтін. Үйде оңаша қалғанымызда «Баламды тіл-көзден сақтай
гөр. Осы шырағым аман болса, түбі маңдайы жарқырап, көптің
алдына шығады» деп отыратын. Бала емеспін бе, ол кезде көптің
алдына шығуды оқуда озат болу, мектептің мақтаулы шәкірті атану
деп қарайтыным да рас еді.
Анам менің оқуыма қатты көңіл бөлетін, бар жағдайды жасайтын.
Сабақтан келгенде тамағымды берген соң арнайы демалдырып қоя
тын, одан кейін үй тапсырмаларын орындауға тағы екі-үш сағатқа
отырғызады. Мен сабақты әбден дайындап біткенше достарым үйге
келмейді деп ойлайтынмын. Сөйтсем, сабағым біткенше анам ешкімді
үйге кіргізбейді екен. Кейде тіпті «Сұлтан үйде жоқ» дей салады екен.
Ойынға жібермеу үшін. Соны бала болса да достарымның ешқай
сысы маған «Кеше саған барып едік, кіре алмай қайтып кеттік» деп
кінәлап айтқан емес. Мұның өзіне ішкі мәдениет керек қой. Ауыл
балаларының жаны нәзік, сезімі сергек болады.
Адам бойындағы жақсылықтың бәрі алдымен ананың ақ сүтінен.
Қазақтың «Ана сүтін ақтамағанды адам жақтамайды» дейтіні бар.
Әйелді өмірдің тірегі дейміз. Әйел өмірдің тірегі ғана емес, әйел —
өмірдің өзі. Бұрын бір сұхбатымда айтқанмын: әйелдің жағдайы
қандай болса, қоғамның жағдайы да сондай. Біз жас ұрпаққа, ба
лаларымызға, немерелерімізге ата-ананың қадір-қасиетін білуді
ұдайы айта жүруге тиіспіз. Анасына рақым етпеген адам, баласынан
рақым күтпесе де болатынын ұмытпайтындай етуіміз керек. Әуезов
тің «Адамдық негізі — әйел» дейтіні содан ғой.
Бір құрсақтан үш ұл, бір қыз едік. Едік дейтінім — артымнан ер
ген Сатыбалды деген інім көлік апатынан ерте, 34 жасында қайтыс
болып кетті. Көп күттіріп, менен кейін жеті жылдан кейін туған бала
еді. Өте сымбатты, зор тұлғалы, алапат қарулы жігіт болатын. Сол
інімді жұрттың бәрі Қарасай атасындай деп сөйлейтін. Көз тиді ме,
қайдам. Одан кейінгі — Әнипа деген қарындасым. Сатыбалды екеуі
мен Қарағандыда жүргенде қолымызға келіп, біраз болды, оқыды.
Әнипа тұрмысқа шықты, қызы, немерелері бар. Кенжеміз — Болат.
Училище бітіріп, механизатор, жүргізуші болып, кейін жоғары білім
алды. Болат кенже болған соң еркелеу өсті… Сол еркелігінен тартқан
зардабы да аз емес. Ол зардапты өзі тартып қана қоймай, жасымның
Ұшқан ұя
— 41 —
егде шағында маған да тартқызды. Қайтерсің. Өз қолыңды өзің кесе
алмайсың. Бірақ, әйтсе де, бауырдың аты бауыр, бәрін көтересің. Қа
лайда жақсы көресің. Болаттың жүрегі жомарт, жұртқа болсын деп
тұрады. Қайырымдылықпен көп айналысты. Оның көмегін көргендер
аз емес. Жас кезінде шетінеген, менен кейін туған Айсұлтан, Сатыбал
дының алдында туған Нұрғазипа болды. Балалары тұрмаған соң ел
салты бойынша жаңа туған баланы терезеден шығарып, бір туыстарға
беріп, солардан қайтадан сатып алады екен. Ақысы бір қап ұн, бір бау
отын ағашы, қой сияқты болады. Сатыбалдының аты солай қойылған.
Бауырларыммен бірге өткізген балалықтың бал күндерін ойласам,
әлі де ет жүрегім елжіреп кетеді. Ағаға қарап, іні өсетінін ұдайы
есімде ұстаушы едім. Оқысам да, жұмыс істесем де бауырларыма
үлгі болуды алдымен ойладым.
Шамалған ауылы дәл Алатаудың етегінде, ал біздің көше ең тауға
жақын еді. Сондықтан ғой «Подгорная» аталатыны. Балалық шақты
еске алсам, сол таулар есіме түседі. Таулар біз үшін үйіміз сияқты
болатын. Шаруашылық, өмір — барлығы таумен байланысты. Әкем
сағат таңғы бесте оятып, тауға бар да, Жұмақан ағаңа мынаны беріп
қайт дейді. 4–5 сағат жүріп, таудағы малшыларға жетем. Тапсыр
масын орындап, кешкі 10‑да үйге келемін. Шаршау деген жоқ. Бұл
өзі жиі болып тұратын жай. Жазда жайлауда әкеммен бірге шөп
шабамыз, көкпар тартамыз. Қатар-қатар тұрған киіз үйлерде тойлар
болады, ақындар келеді, айтысады. Заңғар таулар. Баурайы жайлау,
басы қар. Шөбінің қалыңдығынан кей жерлерде атпен келе жатқанда
ат көрінбейді. Әр сайда бұлақ, өзен. Қандай сұлулық, қандай керемет.
Небір қызықтар өтті ғой бастан. Біреуін айтайын. Сатыбалды ер
келеу өсті. Сабағын бірде оқып, бірде оқымай қалады. Ойнап кете
береді. Сондайда бір жолы анам Сатыбалдыны ұрсып-ұрсып, қолына
оқулық ұстатып, моншаға кіргізіп, сыртынан құлып салып кетіпті.
Сабақтан келсем, қарындасым Әнипа дегбірі қашып, «Аға, жеңешем
(балалардың бәрі мен сияқты анамды «жеңеше» дейтін, Мырзабала
әжемнің бәрімізге үйреткені сондай) Сатыбалдыны моншаға қамап
қойды», деп сыбырлайды. Қайтсін, қарындас қой. Барып, терезенің
әйнек ағашын абайлап алдым да, Сатыбалдыны сыртқа шығарып жі
бердім. Кеш болды. Астың уақыты келді. Қамап кеткен баласын анасы
тамаққа шақырайын деп құлыпты ашып, моншаға кірсе… оқулығы
жатыр, Сатыбалды жоқ… Анам ентігіп үйге кіріп келді. «Ойбай, мон
шаның есігі жабық тұр, ішінде Сатыбалды жоқ!», дейді. Мен күліп,
«Онда мұржадан шығып кеткен болды ғой», дей салдым. Анам тағы
салып ұрып сыртқа жүгірді. Қайтып келіп, мән-жайға қаныққан соң:
«Сасқанымнан жүгіріп барып, мұржаны қараппын ғой» деп күледі…
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 42 —
МЕКТЕП ТӘЛІМІ
Бірінші сыныпқа 1947–1948 оқу жылында бардым. Шамалғандағы
Д. Фурманов атындағы мектеп еді. Шамалғанда ол кезде қазақ аз.
Содан да жаңағы мектепте екі класс орысша, бір ғана класс қазақша
болды. Оның өзінде жеті-ақ оқушы бар. Бір жағынан, бұл жақсы да.
Балаға толып отырған кластан гөрі мұғалім шәкірттеріне көбірек
көңіл бөледі, сабақты да жиі сұрайды. Кеше жауап бердім ғой, бүгін
сұрамас деп балалықпен босаңсып отырмайсың.
Алғашқы ұстазым — Тәкура Алғадайқызы Смайылова апайымыз.
Қолымызға дәптер беріп, қалам ұстатып, алғашқы әріптерді қағазға
түсірткен тұңғыш мұғаліміміз. Өзіміз Тәкку апай дейтінбіз. Қыздар
педагогика институтын бітірген білікті маман еді. Бар білгенін балаға
беруден аянбайтын. Тәкку апайдың аузынан естіген «Білім алмай,
болдым деме, еңбек етпей, толдым деме», «Екілікке жылап, жасыңды
төккенше — бестікке теріңді төк» деген сөздер мақал сияқты жады
мызда жатталып қалыпты. Апайымыз 1990 жылы қайтыс болғанда
көңіл айтып, жеделхат жібергенмін. «Елбасы сыныптастары» деген
кітапта Тәкура апайдың қызы Қарлығаш Смайылова: «Болашақ
Тұңғыш Президенттің қолына алғаш қалам ұстатқан ұстаздан асқан
бақытты адам жоқ шығар деп ойлаймын. Ендеше, менің анам Тәку
ра — шын бақытты жан!» деп жазыпты. Шамалғандағы Қарасай батыр
атындағы мектептегі шағын музейде Тәкура апайдың фотосуреті
ілулі тұр. Алғашқы ұстазымызға құрметіміз бөлекше еді. Қай жерде
алдымыздан шықса да бас киімімізді шешіп амандасатынбыз. Жалпы,
әділдігін айту керек, кешегі коммунистік партия мектепке барынша
көңіл бөліп отырды. Мектепті тек білім беретін жер деп қарамады,
алдымен адам тәрбиелейтін орын деп қарады. Мұғалімдерден тек
сабақ үлгерімі ғана сұралмады, ұл мен қыздың келешектегі кісілігінің
негізін қалай қалап жатқанын да қадағалап, талап етіп отырды. Бұл
бүгін де, ертең де, қашан да ескеретін жай.
Математика пәнінің мұғалімі Жылқыбай Қарасаев ағай қатты
есімде қалды. Қатаң талап қоятын. «Сорлы адам болып қала берем
демесең, мына математиканы қалайда үйрен» деуші еді. Ағай біздің
есеп шығаруға деген құштарлығымызды оятты. Егер сол кісі болмаған
да, мен инженер-металлург болмас едім. Себебі математика барлық
жерде керек. Математика кім-кімнің де ойлау қабілетін ұштай түседі.
Өмірімде ерекше із қалдырған ұстаздарымның бірі — Сейітхан
Исаев ағайымыз. Бұл кісі де жоғары білімді маман — Қазақ педаго
гика институтын бітірген тарихшы мұғалім болатын. Сейітхан ағай
мектеп партия ұйымының хатшысы, ал мен комсомол ұйымының
Ұшқан ұя
— 43 —
хатшысымын. Содан да мені жай шәкірті емес, көмекшісіндей көретін.
Қоғамдық жұмыстарға бейімділігімді байқаған, белсенділігімді оятқан
адам — осы Сейітхан ағай. Ұзақ жасап, жасы 102‑ге жетіп қайтыс бол
ды. Жақсы естеліктер жазып қалдырды. Бір тұсында әкем жайында
былай депті: «Менің тағы бір есімде сақталғаны — Әбіш ақсақалдың
көреген, көзі ашық, көкірегі ояу адам екені. Шамалғаннан келген
жеті балаға Абай атындағы орта мектептің жанындағы интернаттан
мемлекет есебінен жататын орын, ішетін тамақ берілетін болып
шешіліп, оларды қарсы алдық. Бірақ Нұрсұлтан интернат жатағына
жатпай, бір туысының үйіне ақы төлеп жатуға бел буғанын естіп,
Әбіш ақсақалдан «Сіз жасалған жеңілдіктен қашқаныңыз қалай, үйі
ңізде басқа да балаларыңыз бар, тұрмыстарыңызға ауыртпашылық
түседі ғой» деген ақылымызға, ол кісі «Интернатта жатса, көпшілік
тің арасында ойынға айналып, оқуын нашарлатып алады ғой» деп,
Нұрсұлтанның келешегіне, білім алуына жағдай жасап, қанша қиын
дық болса да, баласын өмір талабынан қалдырмауға ұмтылуы нағыз
әкелік қамқорлық еді».
Сейітхан ағайдың сабақтарынан менің тарихқа қызығушылығым
да оянды. Өзімше ойыма келген күдік-күмәндерімді де айтып қоя
тынмын. Әлем тарихы, Ресей тарихы, кеңес тарихы оқытылады. Қазақ
тарихы оқытылмайды. Бүкіл дүниенің батырларын білеміз, ал бізде
батырлар болмаған ба? Болмауы мүмкін емес қой. Әйтпесе, жеріміз
мұндай кең болмас еді ғой. Осындайларды сұраймын. Ағайым: «Та
рихқа бөлінген сағат аздау, сағатты көбейтсе, Қазақстанның тарихын
да оқимыз, балалар» дейді. Үзіліс кезінде өзіне шақырып алып, «Білгің
келгенді менен сұрай бер, сабақтан кейін үйге келе бер», деп қояды.
Тоты Сейітжанова, Панар Есімқызы, Жылқыбай Қарасаев, Мыр
затай Ихамберлин, Қылыш Омаров, Қаматай Сафарғалиев сияқты
мұғалімдеріміз есте. Оқытушыларымыз У. Игелмановты, Ә. Сары
баевты, Қ. Қошбаевты, Б. Кенжекеевті, басқа да ағайлар мен апайла
рымызды құрмет тұтамыз. Кейін белгілі жазушы, журналист болған,
«Білім және еңбек» журналын алғаш басқарған Талап Сұлтанбеков
орыс тілінің мұғалімі еді. Шахмат үйірмесін ұйымдастырып, бізді
соған үйретті. Дене тәрбиесінен сабақ берген Николай Шлыков та
есімде. Соғыс ардагері еді. Николай Федорович әскери тәрбие са
бағында бес шақырым қашықтыққа қояр да қоймай жүгіртетін еді.
Сол жақсы болды. Шынығып өстік.
Мұғалімдеріміз балаларға кең қарайтын. Еркелігімізді көтеретін.
Менімен бесінші класқа дейін бірге оқыған, бізбен көрші тұрған Гүл
сім Асқарбаева шағын естелігінде: «Бірде Нұрсұлтан сол тәтеміздің
(географиядан беретін Тоты Сейітжанова апай) сөмкесіне кішкен
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 44 —
тай тасбақа салып қойды, мұғалім сөмкесін ашып, ыршып түсті де,
шошығаннан айқайлап жіберді. Балалар кім істегенін айтып қо
йып, тәтей Нұрсұлтанға «директорға барасың» деп ұрысқаны бар»
деп жазыпты. Тоты апай сол жолы мені директорға алып барған да
жоқ. Ұрысты да қойды. Маған сабақ болды. Кейіннен дәл соған ұқсас
жағдайды «Менің атым Қожа» деген фильмнен көріп, таңғалғаным
есімде. Онда Қожа апайының сөмкесіне құрбақа салып қояды ғой.
Бізбен бірге бірінші класқа барған балалар әрқилы себеппен әр
жаққа кете берді, араларында мектепті бітірмегендері де біршама.
Бірінші кластан мектеп бітіргенге дейін біздің ауылда бірге оқыған
үшеуміз ғана: Қыдырғали Байбеков, Сәдуақас Есімбаев және мен.
Кластастармен әлі күнге араласып, сыйласып тұрамыз. Олармен
жолыққанда бір жасап қаламыз. Менсіз де өздері араласып тұрады,
жағдайымды түсінеді ғой. Кластастардың 40 жылдан кейінгі кезде
суіне арнайы барғанмын.
Соңғы, оныншы класта оқып жүргенімде бір қызық жағдай болды.
Қытайдан хат келіпті. Ол кезде Кеңес Одағы мен Қытайдың арасы
жақсы. Чжоу Бай-Сяо деген жас жігіт кеңестік дос тапқысы, онымен
хат алмасып тұрғысы келетінін жазыпты. Оған оқу озаты, белсенді
комсомол мүшесі жауап қайтаруы керек екен. «Мен ерте кезден
бастап-ақ Совет Одағымен жете танысуға құмар едім. Ол үшін Со
вет Одағынан бір комсомолецпен байланыс жасауды аңсайтынмын.
Бірақ ол арманым осы күнге дейін орындалмай келеді» депті ол
хатында. Таңдау маған түсіпті. Менің жауабым Қытайға жіберілді
және аудандық «Коммунизм үшін» газетіне (1958 жыл, 16 наурыз)
жарияланды. Редакцияның алғысөзінде: «Төменде Чжоу Бай-Сяо
жолдастың хаты мен суретін және Абай атындағы қазақ орта мек
тебінің оқушысы, жас комсомолец Назарбаевтың достық жауабын
беріп отырмыз» делінген.
Сондағы жазғаным мынау:
Алыстағы қытайлық досыма
Сәлеметсіз бе?
Совет Одағының ВЛКСМ Орталық Комитеті Сіздің өтінішіңізді
орындап, Сізбен хат жазысып, достық байланыс жасап тұру үшін Сіздің
хатыңызды маған жіберіпті. Сонымен қатар, мен сіздің хатыңызды, су
ретіңізді және Янцзы өзеніне салынған көпірдің суретін алдым.
Сізбен хат жазысып, достық қарым-қатынаста болуға шын жүрек
тен зор қуанышты екенімді және өзімнің, сіздің арманыңыз — Совет
Одағымен жете танысу болса, Сізге қолымнан келгенше көмектесуге
даяр екенімді білдіремін.
Ұшқан ұя
— 45 —
Алдымен, Сіздің хатыңызға жауаптың мұнша кешігуіне себепкер мен
емес екенімді айтып, кешірім сұраймын.
Мен Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Алматы облысы,
Қаскелең ауданы, Қаскелең селосының Абай атындағы орта мектебінің Х
класында оқимын. Бірінші кластан бастап, бүгінге дейін өте жақсы оқып
келемін. 1956 жылдан бері комсомол қатарындамын. Менің әке-шешем
осы Қаскелең ауданының Ворошилов атындағы колхозының мүшелері.
Социализм орнату жолында орасан зор табыстарға жетіп отырған
Ұлы Қытай халқының комсомолец жастарымен тығыз байланыс жасап,
жете танысу — біздің әрқайсымыз үшін зор қуаныш. Ал осы мүмкіншілік
үлесіме тиіп отырған мен шексіз қуанатынымды тағы да қайталап
айтамын.
Біздің советтік Отанымыздың жастары сүйікті Коммунистік пар
тияның зор қамқорлығын ескере отырып, әр уақытта өз Отанына пайда
келтіруге тырысады. Ал мен орта мектепті бітірген соң жоғары оқу
орындарының біріне түсіп, келешекте коммунизмнің саналы құрылыс
шыларының бірі болсам деп ойлаймын.
Менің Сізге өте көп сұрақтар қойғым келеді, бірақ бір хатқа оның
бәрін сыйдыру мүмкін емес және бұл хатым тек таныстық хат. Келесі
хаттарда бір-бірімізден көп нәрселерді сұрап білуге толық мүмкіншілігіміз
болар деп сенемін. Бұл хатымды осымен аяқтаймын. Сіздің құрметті
оқытушылық қызметіңізде тамаша табыстарға жетуіңізге шын жүрек
тен тілектеспін.
Асыға хат күтемін. Советтік досыңыз Назарбаев Нұрсұлтан.
Менің адресім: СССР, Қазақ Советтік социалистік республикасы,
Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Қаскелең селосы, Абай атындағы қазақ
орта мектебі. Назарбаев Нұрсұлтан.
Қарапайым ғана хат болғанымен, осыны жазуым, оның газетке
жариялануы маған кәдімгідей әсер етті. Мына әлемде не болып, не
қойып жатыр, кімдер бізге дос, кімдер бізге дұшпан, неге дос, неге
дұшпан деген сияқты сұрақтар төңірегінде әжептәуір бас қатыра
тынды шығардым. Бұрынғыдай тек көркем әдебиет оқи бермей,
газеттерге көбірек қарай бастадым.
Ауылымыздың астанаға, Алматыға жақын тұрғанының да пай
дасын көп көрдік. Аудан орталығы Қаскелең жаяу баратын жер —
бес-алты шақырым. Шындап жүріп кетсең, тіпті Алматыға да жаяу
жетуге болады — отыз шақырым. Анда-санда автобуспен барып, қала
өмірін де көріп қаламыз. Жүріс-тұрысымызға, киген киімімізге, сөй
леген сөзімізге, оқыған кітаптарымызға басқашалау қарап қайтамыз
ондайда. Шамалған тұрғындарының көпұлттылығы да бізге жақсы
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 46 —
әсер етті. Ата-анамның тағы бір ғибраты — адам жатырқамау. Көпұлт
ты ортада өскендіктен, ол кісілер тілінің жеткенінше әр халықтың
өкілдерімен сөйлесіп жататын, көршілердің бәрімен тату тұратын.
Бұл маған тек жақсы жағынан әсер етті. Соғыс кезінде небәрі екі бөл
мелі үйіміздің бір бөлмесін әкем жер аударылған балқар отбасына
берген. Кейін сол кісілердің балаларымен (Хұсейін деген ұлы менімен
құрдас еді) достасып кеттік, көп жыл бойы хат жазысып тұрдық.
Көптілді, көпдінді ортада өмір сүру адамды кеңдікке, татулыққа тәр
биелейді. Шамалғанда алуан түрлі ұлт пен ұлыстың басы түйіскен еді.
Бұрынғы қазақ, орыс, украиндарға соғыс жылдарында Қазақстанға
жер аударылған балқарлар, шешендер, немістер, месхет түріктері,
қарашайлар, күрдтер қосылды. Солардың бәріне қазақтар тар үйі
нен ығысып орын тауып, баспана берді. Біздің үйдің бір қанатында
балқарлар тұрған. Мектепте бізге әскери дайындықтан сабақ берген
мұғаліміміз Рагим Дурсунов соғыс кезінде Қазақстанға депортация
ланған отбасынан еді. Кавказдан жер аударылған месхет түріктері,
шешендер, балқарлар, қарашайлар соғыс біткеннен кейін де әскери
комендатураның қарауында жүретін. Оларға ауылдан басқа жерге
барып қайтудың өзіне тыйым салынғаны есімде.
Бұл өзі баяғыдан келе жатқан саясат. Халықтың біразын елдің
шығыс жақ бетіне аударып, жер беріп, отарланған өңірлерде орыстар
ды көбейту мақсатымен Столыпин үкіметі тұсында көп адам қазақ
даласына келді. Оларға бәйек болып, ең құнарлы, сулы, нулы жерлер
берілді. Сөйтіп, біздің ауылдағы Шамалған өзенінің оң жағын Ресей
дің еуропалық бөлігінен келгендер мекендепті. Қазақтар өзеннің сол
жағына көшіріліпті. Кейін тарихты қарап отырсам, мұндай жағдай
әр өңірде болған екен. Мысалы, Жайықтың екі жағын переселендер
жайлаған. Балық ұстайтын тұстарда қазақтарға ат суаруға да рұқсат
етілмеген. Көкшетауда да солай болған, ең әдемі, қолайлы жерлер
көшіп келушілерге бөлініп, қазақтар басқа жаққа ығыстырылған.
Заман сондай еді.
Қай жерде қандай мектеп болса, қай ұлттың баласы да сол мек
тептің тілінде оқи беретін. Біздің мектепте де қазақша оқыған украин,
шешен балалары есімде. Менің әкем кішкентай күнімнен басқа ұлт
тың балаларымен араласып өскенімді, орысша еркін білгенімді қалап
тұрды. Ал өзі орысшаны жақсы сөйлейтін. Тіпті, балқар, түріктердің
тілін үйреніп, еркін сөйлейтін. Мұның себебі сол жылдардағыдай
«орысша білмесең, нан тауып жей алмайсың» деген сөзде ғана емес
деп ойлаймын. Әкем осы арқылы менің жай ғана «нан тауып жеуден»
гөрі үлкенірек мақсат ұстануымды ойлаған сияқты. Тіпті мен үшін
Ұшқан ұя
— 47 —
орысша сөйлейтіндері көп көшеге әдейі көшіп барған да болатын.
Бұрын ылғи қазақтар тұратын Колхозная деген көшеден орысы көп
Панфилов көшесіне солай ауысқанбыз. Карманов деген орыстың
құлайын деп тұрған үйін әкем сатып алып, кейіннен өз қолымызбен
дәл сол жерге үй салдық. Мен мектепті қазақша бастап, алты жылдан
кейін орысшаға ауыстым, үш жылдан кейін қазақшаға қайта орал
дым. Мектепті қазақша бітірдім. Осының арқасында ауыл мектебін
бітірген кездің өзінде орысша да таза сөйлеп, таза жазатынмын.
Орыстың классикалық әдебиетін де, орыс тіліне аударылған әлем
әдебиетін де еркін оқитынмын. Қос тілді қатар игергеннің пайдасын
өмір бақи көріп келемін. Бұл арада мәселе тіл білуде ғана емес. Тіл
білу діл білуге бастайды. Ділді, яғни жүректі білу адамды тануға,
халықты тануға бастайды. Осы қарапайым нәрсені біраз жұрттың
әлі күнге түсінбейтініне таңым бар.
Жалпы, кешегі кеңестік кезеңнің сан түрлі ұлт пен ұлыстың
басын қосып, бір шаңырақтың астында негізінен кейде күшпен,
әкімшілікпен болса да ұлтаралық татулықты сақтағанын айтпауға
болмайды. «Негізінен» дейтінім, тұтас халықтарға сенімсіздік көр
сетіп, жер аударып, ұзақ жылдар коменданттық бақылауда ұстап,
кей жерлерді бір республикадан бір республикаға беріп, қайта алып,
болашақ қақтығыстарға арқау жасап бергені де бар екенін ұмыта
алмаймыз. Қалай дегенде де, кеңестік интернационализмді сол кез
дегі идеологияның ойлап тапқаны етіп көрсету әділетсіздік. Интер
национализм болған, бар және бола да береді. Соның өзі жақсы да.
Біздің Қазақстанның тәуелсіздіктің ең бір қиын жылдарында ауыз
біршіліктен айрылмағаны негізі кешегі кеңестік кезеңде қаланған
сол бауырмашылдық сезімнің адамдар бойында сақталғандығының
да арқасы.
Қаскелеңдегі Абай атындағы орта мектепте спортпен шұғылда
нуға нақты мүмкіндік туды. Күреспен айналыса бастағаным, бокспен
шұғылданып көргенім сол жылдары. Спортты жаныма серік ету
дің пайдасын өмір бойы сезінумен келемін. Спорт тәнді ғана шы
нықтырмайды, жанды да шынықтырады. Намысшыл болуға, жеңіске
ұмтылуға үйретеді.
Мектепте өте жақсы оқыдым дей аламын. Күміс медальмен
бітірдім. Аттестатта бір ғана төрттік бағам болды. Әрине, бұған қат
ты өкіндім. Барлық кластарды мақтау грамотасымен бітірдім ғой.
Айтқандай, өкінетінімнің әбден жөні бар. Медалист шығарамыз,
аудандық оқу бөлімінен мақтау естиміз деп жүріп, ағайларымыз бір
нәрсені бүлдіріп алыпты. Қате кетіп қалмасын, Нұрсұлтан жазған
шығарманың емле қателері болса, яғни, үтір, сызықшалары дұрыс
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 48 —
қойылмай қалса, түзетіп жіберілсін деп тапсырған ағайымыз өзі
кейбір емлені дұрыс қоспапты да, сол үшін «төрт» қойылыпты.
Менің мектеп бітіруім, егер осылай деп айтуға болса, бір «тарихи»
оқиғамен тұспа-тұс келді. «Коммунизм» дегеніміз Совет өкіметі және
бүкіл елімізді электрлендіру» деген әйгілі лениндік қағидаға химия
ландыру деген нәрсе қосылды. Шамасы, Н. С. Хрущев Совет өкіметі
де, электр де жеткілікті бола тұра, әлі де коммунизмнің төбесі көріне
қоймағандықтан, тағы бір қоспаны шұғыл түрде қыстыру керек деп
санаған-ау, сірә.
Қысқасы, мен Қазақ мемлекеттік университетінің химия факуль
тетіне түсуге бел байладым. Әкем бұл ниетімді бірден қолдай кетті.
Байқауымша, ол да химияландыру туралы әңгімелер мен радио
хабарларын көп естіген болуы керек.
Өмірде түрлі әділетсіздіктер бар екенін, жұрттың институтқа пара
беріп те түсетінін мен әкемнен сол жолы ақ батасын беріп, сапарға
шығарып салардың алдында ғана естідім. Жатақхана бөлмесінде алты
абитуриент тұрдық. Өзімді қосқанда үшеуіміз қатардағы, қарапайым
ауыл балалары едік, ал өзге үшеуі дөкей бастықтардың балалары
екен. Біреуінің әкесі, жаңылмасам, батыс жақтағы бір облыстық пар
тия комитетінің хатшысы, екіншісінің әкесі Алматы облысындағы
бір аупарткомның хатшысы, үшіншісінің әкесі, кім екені дәл есімде
жоқ, ол да дөкейдің бірі болатын. Біз, ауылдан келгендер, емтиханға
күн демей, түн демей, бас көтермей дайындалатынбыз. Керісінше,
біздің көршілеріміз күндіз-түні қыдырудан қолдары тимей жүрді.
Қалай шашса да ақшалары жетіп жатты. Біресе паркке, біресе биге
кететін. Дегенмен, ол үшеуінің екеуі еш нәрсе де білмейтіні ә деген
нен-ақ байқалып қалды.
Бастықтардың «сері» балалары емтиханды сәтті тапсырып, оқуға
түсіп кеткенін айтып жату артық деп ойлаймын. Мені әуелгі негізгі
пән емтиханында әбден қинады. Бәрібір химиядан бес деген үздік
баға алдым. Алайда басқа сынақтарда емтихан алушылардың алдын
ала кесіп-пішіп қойған ниеті салқынын тигізді. Соның салдарынан
оқуға түсу үшін ауадай қажет бір балл жетпей қалды. Қабылдау
емтиханында өзімді бір жарым сағат қинап, шын мәнінде тиянақты
білімім бар екеніне көзі жеткен химия профессорының шырылдап
ара түсуі де қабылдау комиссиясына ықпал ете алған жоқ.
Талабым тасқа шағылып, Алматының көшесінде ұнжырғам түсіп
келе жатқанымда, күтпеген бір оқиға болды. Торқалталарын толты
рып алып, базардан шыққан үш ұшқыш жігітті көре қалдым. Сымға
тартқандай сымбатты жігіттер, киімдері де сондай әдемі. Аяқастынан
бала күнгі арманым алдымнан шыға келгендей болды. Бала күнде
Ұшқан ұя
— 49 —
кім ұшқыш болуды армандамайды дейсіз? Соңдарынан біраз жерге
ілесіп отырып, ақыры тіл қаттым. «Қалай ұшқыш бола аламын? Қай
жерде оқу керек? Қандай емтихандар тапсыру керек?» деп асығып-
үсігіп, бастырмалатып жатырмын. Әлгілер тұра қалды да, менің ат
тестатымды қолдарына алды. «Ой, мынандай аттестатпен сен қандай
оқуға да түсе аласың! Ал, жүр бізбен» деді де, ерте жөнелді. Біздің
барған жеріміз республиканың азаматтық авиация басқармасы екен.
Мына қызықты қараңыз: жаңағы жігіттер сол күні Киевке ұшқалы
тұрған көрінеді, дәл сол күні Киев азаматтық авиация институтына
абитуриенттер қабылдау басталады екен, әбден жолым болыпты.
Әуелде осылай қуануын қуанғаныммен, әкеме бұл жайында қалай
айтарымды уайымдай бастадым. Әрі ойлап, бері ойлап, қазірше
айтпай тұруға бекіндім. «Жаңбыр-жаңбырдың арасында» дегендей,
сан түрлі сылтаумен Алматыға ара-тұра келіп жүріп, барлық емти
хандарды тапсырып шықтым. Оқуға қабылдандым!
Одан кейінгіні ойласам, қазір де жүрегім ауырады. Менің ит арқасы
қияндағы Киев деген қалаға кететін болғаным, ата-бабам көрмеген
ұшқыш деген кәсіптің соңына түспек ниетім біздің үй тұрмақ, бүкіл
ағайынды дүр сілкіндірді. Әсіресе, әке-шешеме бір ауыз айтпай,
сондай шешім қабылдағаным қатты ашу туғызды. Мұндай жағдай
бүгінде де қай ата-ананы болсын ренжітеді, ал ол кезде бұл құлақ
естіп, көз көрмегендей қадам еді. Қысқасы, ағайын-туған жиналып
келіп, мені Киевке бармауға көндірді. Анамның «Ажалыңнан бұрын
өлгелі жүрсің бе?!» деген сөзін ол кезде шешенің баланы уайымдаға
ны ғой деп ұққанмын. Сөйтсем, оның басқа себебі де бар екен. Біздің
бала күнімізде ауыл маңына жолаушылар ұшағы құлап, адамдар
қаза тауыпты.
Не керек, ағайынның, ата-ананың айтқанынан аса алмадым. Мына
қызықты қараңыз, сонда бәрібір маған Украинаның дәмі бұйырып
тұр екен. Біраз күннен кейін комсомол газетінен Теміртаудағы жаңа
ашылатын металлургиялық комбинатқа жастарды шақырады деген
хабарландыруды оқыдым. Сөйтіп, Теміртауға жеттім. Ол жақтан
бізді бірден-ақ Украинаға, Днепродзержинск қаласына оқуға жіберді.
— 50 —
ЖОЛ БАСЫ
ЖАСТЫҚ КЕШУІ
Жол деген сөздің мағынасы кең. Әдетте жол деп жүретін сүрлеуді,
төселген тегістікті айтады. Бір жаққа бет алып, сапарға шығуды да жол
дейді. Ұстанған бағытты, беталысты да осылай атай береді. Абайдың
«Түзу жолдан қайтпаған» дейтіні бар ғой. Жолынан жығылмады,
жолын сыйлады, жол көрсетті, жолын тапты, жолымен шешілді
деген сияқты ұғымдардың бәрі жинала келіп, бұл сөздің терең мәнін
танытып тұр. Ал қазақ санасына келгенде ата жолын қуу, жол бастау,
жол беру дегендей жаңа қырлары қосыла түседі. Солардың ішіндегі
менің бөлек назар аударғым келіп отырғаны — «жол басы».
Өмір жолыңның қалай түзілуі сол жолдың қалай басталуына
байланысты. «Жолы болды» деген сөз текке айтылмаған. Осы тұрғы
дан қарағанда мен өмірде салған беттен жолым болды дей аламын.
Қараңызшы: жастар газетіндегі титімдей ғана хабарландыру көзіме
түспесе (ол кезде газетті күн құрғатпай оқып жүрмейтініміз рас
қой), ойға да келмеген, түске де кірмеген қияндағы қала Теміртауға
аттанар ма едім, Теміртауға жетіп, жұмысшы жолын жаңа бастай
бергенімде металлургияның ұлттық кадрларын жасақтау міндеті алға
қойылып, сондағы қазақ жастарын Днепродзержинск қаласындағы
металлургия зауытына оқуға жіберу туралы шешім қабылданбаса,
мен көз көріп, құлақ естімеген Украинадан бір-ақ шығар ма едім?
Металлургия мектебі мықтап қалыптасқан, жұмысшы ортасы берік
ортадан мамандық алып оралар ма едім? Бірақ тағдырым дәл солай
шешілді. Дәл солай шешілгеніне разымын.
Жастық шақ — романтикалы шақ. Қиындықтың өзінен қызық
тауып, өзіңді сынап көруге құлшынып тұратын кез. Әлгі газетте ме
таллургтер дайындайтын техникалық училищеге жастарды шақыра
тыны жазылған екен. Теміртаудың аты жаңа-жаңа дүрілдей бастаған.
Қарағандының түбінде үлкен зауыт салынып жатыр, ол Қазақстанның
Магниткасы болады екен деген хабар дүңк-дүңк естіледі. Магнитка!..
Кеңес Одағында бұл сөзді білмейтін адам кемде-кем. Магнитогорск
металлургия комбинатының Челябинск облысында орналасқанынан
Жол басы
— 51 —
хабарсыздардың өзі соғыс кезінде танктерді қаптаған берік болат сол
жерде құйылған екен, одан кейін-ақ біз бой бермеппіз деп аңыз ететін.
Енді сондай комбинат Қазақстанда құрылғалы жатыр дейді. Бұл ком
бинат Қазақстан Магниткасы аталады дейді. Қалай қызықпассың?!
Магнитка деген атының өзі магниттей тартып кетпей ме?
Магнитканың тарихы сонау отызыншы жылдарда, индустриялан
дыру кезінде басталғаны белгілі. Алып металлургия зауыты салынған
сол маңайдағы Магнитная деген тау түгелдей қара металл рудасынан
тұратын. Ол таудың рудасы әлі күнге қорытылып келеді. Жаңағы за
уытта жылына 20 миллион тонна болат өндірілетін. Мұндай ауқым
дүниеде болып көрген емес. Содан да металлург атану кезінде өте
құрметті еді. Оның үстіне, сол жылы ел Үкіметі Теміртауда бүкіл
одақтық екпінді құрылыстың басталғанын хабарлаған. Комсомолдың
съезінде Қазақстан Магниткасы комсомолдық құрылыс болады деп
шешілген. Мен өзім мектептегі комсомол ұйымының жұмысына бел
сене қатысатынмын, комсомолға қатысты әңгіменің бәріне құлағым
түрік жүретін. Жанымда жастыққа тән желпініс бар, бой толған
күш-қуат. Неге өзіңді сынап көрмеске? Ойымды әкеме айтып едім,
ол кісі ұзақ ойланып отырып қалды. Ақыры келісті. Әрине, ол кез
де бізді Теміртаудан әрі қарай оқуға Украинаға жіберетінін білген
жоқпын. Әкем мұны білсе, меніңше, Теміртауға баруыма қарсы болар
еді. Жалпы, әкемнің менің Теміртауға баруыма келісім беруінің өзі
де оңайға түскен жоқ. Өйткені комсомолдық екпінді құрылыс екен
деген жас жігітке желік бітірер жақсы атымен бірге, ол жерге неше
түрлі адам жиналып жатыр екен, араларында жер аударылғандар,
тіпті баскесерлер де табылады екен деген сияқты көңілге қорқыныш
қашыратын әңгімелер де ауыздан ауызға тарап тұрған еді. Әйтсе де,
соның бәрін біздің жастық жігеріміз жеңді. Ол кезде комсомолдық
жолдама дегеннің өзі жас адамға үлкен қанат бітіретін. Алматыдағы
Сталин көшесінде, қазіргі Абылайхан даңғылында орналасқан ком
сомол комитетіне барып едім, онда жалдану жөніндегі бюро деген
болады екен, бірер күнде-ақ мәселені шешіп, қолыма жолдама ұстат
ты. Содан пойызға отырып, Теміртауға тарттым да кеттім.
Теміртауға барып түскенде мен кеңестік идеологияның жоқты
бардай, барды нардай етіп көрсететін сипатымен алғаш рет бетпе-бет
келдім десем де болады. Баспасөз бетінде дүрілдетіп, дүңкілдетіп
жатқан алып зауыттың орнында құрылыстың жұрнағы ғана. Қайда
қарасаң да қазылған шұңқыр, үйілген тас, құм, құрылыс материалда
рының қалдықтары… Жол деген жоқ. Баспана деген жоқ. Әуелде үш
күн бойы бір жертөледе түнеп шықтық. Одан кейін Нұраның арғы
жағындағы Токаревка деген поселкедегі жатақханаға жайғастырған
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 52 —
болды. Ең қызығы — істейтін жұмыс жоқ. Әлі ештеңе басталмаған.
Қазір ойлап отырсам, соның өзі жақсы шыққан екен. Жұмыс та
былса, сол жұмысты істеп кете берер ме едік. Содан бізді жинап
алды да, орта мектеп бітіргендердің металлург мамандығына оқып
келуге мүмкіндігі барын айтты. Бәріміз дерлік бірден-ақ келістік.
Төрт жүздей жігіт іріктеліпті. Жастардың бір тобын Урал жаққа, бір
тобын Сібір жаққа, енді бір тобын Украинаға жіберетін көрінеді. Мен
Украинаға баратын топқа қосылыппын. Енді осыдан кейін қазақтың
«дәм тартып тұр» деген сөзіне қалай сенбейсің? Мені, расында да,
Украинаның дәмі тартып тұрған болып шықты.
Пойызға мініп, алыс жолға аттандық. Білмегенді білсек, көрмегенді
көрсек деген құштарлық та бар, сол әлі білмеген, әлі көрмеген жай
ларды ойлап алаңдау да бар. Ондай алаңдау балаларының тілеуін
тілеп үйде отырған ата-аналарымызда тіпті күшті. Бір жай есіме
түсіп тұр. Днепродзержинскіге барған соң жақындасып кеткен досым
Қабидолла Сәрекенов оралдық жігіт екен. Сол Қабидолла Қарағанды
дан шыққан пойыздың Орал арқылы өтетінін біле тұра, үйдегілерге
хабар бермепті. Ондағысы — ата-анам ойынан айнып, мені пойыздан
түсіріп алып қала ма деген қауіп. Бұл да ғажап емес еді.
ДНЕПРОДЗЕРЖИНСК
Біз Днепродзержинскіге Мәскеу арқылы бардық. Қалаға шығып,
Қызыл алаңды, метро деген кереметті көрдік. Ауылдан келген бала
лардың шамаданы жоқ, қолдарына қапшық ұстаған. Әлгілер метро
вагондарының жабылатынын білмейді. Қаптарының ұшы есік сыр
тында қалды. Сол салбыраған күйінде келді. Оған біз күліп, мәзбіз.
Ресейдің табиғаты да тамаша. Әйтсе де, Украинаға өткеннен-ақ
жер дидарының өзгеше келбеті қайран қалдырды. Жап-жасыл өлке.
Шоқ-шоқ орман. Мол сулы өзендер. Біз барып түскен Днепродзер
жинск айдын шалқар Днепрдің жағасында орналасқан әдемі қала
екен. Мектепте орыс әдебиеті пәнінде жаттаған Гогольдің қара сөз
бен жырлаған «Чуден Днепр при тихой погоде…» деп басталатын
үзіндісін еске түсіріп жатырмыз. Расында да, Днепрге қанша қарасаң
да көз тоймайды.
Днепродзержинскінің 2016 жылдан бері өзінің тарихи атауын
қайта алып, Каменское қаласы атанғанын білемін. Сонда да бозбала
күнімізде жадымызда жатталған, санамызда сақталған бұрынғы ат
бізге ыстық-ақ. Әлі де баяғыдай Дзержинка деп айтқым келіп тұрады.
Қаланың атын жұрттың бәрі осылай ықшамдап атайтын.
Жол басы
— 53 —
Ол кезде Днепродзержинскінің тұрғындары шамамен 200 мың
адамдай еді. Шағын болса да, қала өнеркәсіп орындарына тұнып
тұр. Ұзын саны 35 кәсіпорын бар екенін кейінірек білдім. Қаланың
іргетасын Запорожье казактары қалаған көрінеді. Біз барған Днепр
металлургия зауытын, кәсіпорынның қазіргі атауы — Камет-Сталь,
1887–1889 жылдары Польша, Бельгия, Франция акционерлері тұрғы
зыпты. Қалаға 1936 жылы атақты чекист Феликс Дзержинскийдің аты
берілген. Солай еді ғой. Әйтпесе, Феликс Эдмундович жарықтықтың
ол жерге табаны да тиіп көрмепті. Бұл мәліметтерді кейін анықтап
жатырмыз, негізінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған
ауыл балаларын қаланың аты да, заты да онша қызықтыра қойған
жоқ. Бар ойымыз комбинатта. Бұл не нәрсе? Біз қайда келдік? Нені
үйретеді? Кім болып шығамыз? Оқи аламыз ба? Шыдас береміз бе?
Қайсысының бетіне қарасаң да осындай сұрақтарды оқығандайсың.
Несін жасырайын, жаңа келгендердің көпшілігіне, соның ішінде
менің өзіме де, Днепр металлургия зауыты алғаш барып көргеніміз
де-ақ жүрегімізді мұздататындай ауыр әсер етті. Мәселе мынада еді:
біздің арамызда қалада өскен, ондағы өнеркәсіп жұмысшылары
ның қандай жағдайда және қандай тәртіппен еңбек ететінінен тым
құрыса жалпылама хабары бар жастар өте-мөте аз екен. Кең сахара
төсінде өскен баланың металлургия зауытына бірінші рет келуін көз
алдыңызға елестету қиын емес шығар. Айнала төңірек тарсылдап-
гүрсілдеп жатқан бір нәрсе, жарқ-жұрқ еткен ұшқындар жаңбырдай
шашырайды және осының бәрі де сенің үстіңе қарай ұшып, құлап
келе жатқандай. Балқыған шойын арықтағы суша ағады — жақын
дап баруға шошисың. Міне, осындай дозақта бүкіл өміріңді өткізу
ге тура келетінін ойлаудың өзі де бізді сораптан шығарып жібере
алмады. Оның үстіне және бір ұят іс болды. Шамасы, жүйкесінің
жұқарғанынан немесе тәжірибесіздіктен зиянды газды көп жұтып
қойған біздің жігіттеріміздің біреуі қалжырап құлап түсті. Сөйтіп,
алғашқы танысу экскурсиямыз жедел түрде тоқтатылды. Арада бір
неше күн өткенде және бір жігітіміз үйіме қайтамын деп қиғылық
салды. Міне, осыдан кейін зауытта біз туралы қандай өсек гулегенін
ойша елестете беріңіз!
Әлгі оқиғалардан кейін-ақ талайымыздың бойымызда да, ойымыз
да да намыс сезімі қайнап шыға келгендей еді. Намыс болғанда да
кәдімгі ұлттық намыс сезімі еді ол.
Днепродзержинскіге барған беттен біздің күш-қуатымызды, дене
тұрпатымызды байқап көріп, күші мығым дегендерді домнашы
лар, яғни горновойлар тобына, қалғандарды басқа мамандықтарға
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 54 —
бөлді. Кран машинистері, қыздыру пештерінің балқытушылары
деген мамандықтар да болды. Бәрі әлі күнге көз алдымда. Училище
жатақханасының үшінші қабатында қаз-қатар тізілген кереуеттер
тұратын. Терезе алдындағы кеспектерге гүл егіп қойылған. Асхана
жақтан украин борщының танау жаратын хош иісі жетіп жатады.
Таңғы алтыда зауыт гудогынан оянып, дене шынықтыруды жасайды
да, кешегі ауыл балалары шала ұйқы күйде сабаққа жанталаса жи
налады. Сабақтан келісімен тамаққа тойып аласың да, сәл демалып,
зауытқа тартасың. Онда күн сайын төрт сағат өндірісте жұмыс істей
тінбіз. Балалықпен де жөндеп қоштасып үлгермеген кезіміз ғой, кей
күндері талып құлағандай шаршайсың. Ұйықтап тұрсаң, қайтадан
шауып ала жөнелесің. Ғажап күндер болатын. Жас кезіңдегі қиын
дықтың өзі ләззат. Днепродзержинскідегі күндер қазір жастықтың
жақсы бір түсі сияқты.
НАМЫС
Айналаға ақыл көзімен қарайтын әрбір адам ұлты туралы, өзінің
халықтың бір өкілі екені туралы жас күнінен ой түйе алады. Ал ба
лалық шақтан көпұлтты ортада өскендерде бұл сезім басқаларға
қарағанда басымырақ болады. Шамалғанда көптеген ұлт өкілдері
тұрғанын жаздым ғой. Орыс, украин, неміс, әзербайжан, түрік сияқты
көптеген ұлттың балаларымен араласып-құраласып, жарыса, жаға
ласа өстік. Сабақ оқуда болсын, спортта болсын, көркемөнерпаздар
үйірмесіне қатысуда болсын, намысты бермеуге тырысатынбыз. Ол
кезде одақтас республикалар жұрты бір-бірін онша біле бермейтін.
Днепродзержинскіде жүргенде бізді біреулердің қытайлар, біреу
лердің кәрістер деп жататынын талай естігенбіз. Қытайдан, Кореядан
келген шәкірттер, жұмысшылар да бар еді онда. Мәскеудегілердің өзі
республикалар астаналарын дұрыс атай алмайтынын да көргеніміз
есімде.
Күндердің бір күнінде қаламызға Бибігүл Төлегенова келіп, кон
церт қояды екен деген хабар жетті. Днепродзержинск тұрғындарының
қазақ өнері туралы қанша білетіні белгілі. Оның үстіне Бибігүлдің
онша таныла да қоймаған кезі. Зал болса мың орындық. Қазақтың жас
әншісін тыңдаймыз деп Днепродзержинскінің мың адамы жинала қа
латынына сенім аз еді. Білгенімізше қолдан хабарландырулар жазып,
ондайды «афиша» дейтінін кейін естідік, мектептерге, мекемелерге
өзіміз барып, билет таратып, ақыры мың адамдық залды толтырып
тындық. Үлкен гүл шоғын алуды да ұмытқан жоқпыз. Концерт біт
Жол басы
— 55 —
кенде сахнаға шығып, сол гүлді әнші апайымызға тапсырып, қазақша,
орысша, украинша араластырып алғыс айтқаным да бар. Осыны бізге
істетіп жүрген күш те намысшылдық болатын.
Адамның бір қасиетті парызы — өз ұлтының, туған халқының
жақсы атын шығаруы. Ұлт та, халық та жеке адамдардан құрала
ды. Егер әр адам елдің туы менің де қолымда деп санаса, онда елдің
бағы жанады. «Ел намысы — ер намысы» дегенді қазақ содан айтқан.
Халқымыздың «Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат» дейтіні
де бар. Абай да қара сөзінде бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл за
мандағылардан артық екі мінезі бар деп, соның біріншісіне қазақтың
ел басы, топ басы деген кісілерге сенетінін, екіншісіне намысшыл
келетінін атаған ғой.
Қазақтың намысшылдығы біз тәуелсіз мемлекет құрған жылдарда
жаңаша көрінді. Қазіргі қазақ намысшыл болмаса, біз тарихи тұрғы
дан қарағанда аз уақыттың аясында мұндай мемлекет құра алмас едік.
Елді ұйыстырушы ұлт болып тұра алмас едік. Тәуелсіздік жолына
қатар түскен елдердің кеуде тұсында жүре алмас едік. Сол намыс
шылдығымыз бізді Днепродзержинскіде де талай тығырықтан алып
шықты. Сол намысшылдығымыздың арқасында біз біраз уақыттан
кейін-ақ қазақ жастарының қабілетсіздігі деген сыпсың сөзді тыйғыза
алдық. Оған біздің жігіттердің күрес секциясына қатысып, өздерінің
күшін дәлелдеуі де әсер етті.
Ол жылдары Днепродзержинскіде еркін күрес ерекше кең тараған.
Бойларында күші тасыған жас жігіттер қиындығы мол еңбек ауысы
мынан кейін де секцияға барып, күреспен айналысатын. Бірде спорт
залына біз де барып қалдық. Жай, әншейін қызықтау үшін. Ал күрес
кілемінің үстіндегі арпалысып жатқан жігіттерді көргенде еркін күрес
тің біздің қазақша күреске ұқсас екенін бірден байқадық. Қазақша
күрес кез келген ауылдағы әр балаға таныс. Бірақ спортшылардың
белінде дағдылы белбеулері жоқ екен. Бірақ бұл жағдай бізді тіпті
де абыржыта қойған жоқ. Ал төртбақ келген ақсары жігіт менімен
күш сынасасың ба деп ұсыныс жасаған кезде мен ойланып тұрмастан,
шешіне бастадым да, кілем үстіне шықтым. Турасын айтайын, менің
пошымым спортшыға тіпті де ұқсамайтын еді. Үстімде — кәдімгі
майка, бұтымда — балағы ұзын дамбал. Бүкіл спорт залы күлкіге
көмілді. Мен оған тіпті мән бермедім. Әкем ерінбей-жалықпай үй
реткен тобықтан қағу әдісін шу дегеннен қолданып, қарсыласымды
алып ұрдым. Күлкі сап тыйылды. Мұның есесіне жерлестерімнің мені
қолпаштап қолдаған қуанышты айқай-шуы естілді. Алғашқы мүлт
кеткеніне ызаланған қарсыласым қызбалыққа басты. Міне, тап осы
кезде мен оны біржола қапсырып алдым да, көзді ашып-жұмғанша
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 56 —
жамбасымнан асыра лақтырдым. Оның екі жауырыны бірдей кілемнің
үстіне сарт ете қалды. Әлгі жігіт орнынан тұрып, басын шайқай берді:
«Жарайсың, Қазақстан!» дегендегісі.
Күресіп, белдесіп өскен халықтың баласы емеспіз бе, көп ұзамай
басқа жігіттер де сол секцияға жазыла бастады, бара-бара тіпті өзіміз
жеке команда құрып алдық. Зауыттық, қалалық жарыстарға қатысып
жүрдік. Бұл біздің өзімізге деген сенімімізді күшейте түсті. Бірте-бірте
қалаға да үйрендік, дала баласына тән болып келетін ұялшақтықтан
да арыла бастадық. Спорттың адам рухын көтеріп жіберетін сондай
сиқыры бар. Училищеде жүргенде спорт секциясында еркін күрестен
жаттықтырушым болған Лев Рудольфович Ежевский өмірімде өз
ізін қалдырған адамдардың бірі. Кілем үстінде терімізді сығып ала
тын. Ол кісі бізді қажырлылықтың, қайраттылықтың, қайсарлықтың
мектебінен өткізді. Сол мектептің тағылымы әлі күнге маған күш
қосып келеді.
Еркін күрес секциясында жүріп танысқан Микола Литошко кейін
нен менің ең жақын достарымның біріне айналды. Ата-анасы да
бір асыл адамдар еді. Миколаның анасы Екатерина Карповна мені
кәдімгі екінші ұлындай көрді. Днепрдің ар жағындағы үйіне жиі
барып тұратынмын. Қашан барсам да жылы-жұмсағын алдыма
тосатын. Сенбі күндері кейде қонып та кететінмін. Таңертең анасы
жейдемді, шалбарымды үтіктеп қоятын. Днепрге барып шомыла
тынбыз, қайықта серуендейтінбіз. Демалысқа үйге қайтқанымызда
Қазақстанға барғанша пойызда жеп баруға жететіндей етіп дәмді
бәліштер пісіріп беретіні де есімде. Микола кейін Теміртауға кел
ді. Сондағы комбинатта жұмыс істеді. Осы жақта жүргенде әскер
қатарына алынды да, әскерден соң ол өзінің Украинасында қалды.
Арада көп жыл өткенде, 1994 жылы ғана досымды қайта таптым.
Оны Қазақстанға шақырдым.
Күрес кілемінде өзімізді мойындатқаннан кейін бара-бара бе
деліміз өсе бастады. № 8 техникалық училищедегі (қазір металлур
гия институты болды) ұстаздарымыздың бірі Нина Филипповна
Быковская кейін өз естелігінде директор Петр Семененконың сол
кезде айтқан «Қазақ жігіттері әлсіз емес, олар жайдары жүректі.
Қазақ халқынан талантты адамдардың — әншілердің, күйшілердің,
ақын-жазушылардың көп шығатыны содан. Олар металлург маман
дығын алғаш рет игеруге де тас түйін бекініп отыр. Қазақстанның
болашағы осы балаларға тікелей байланысты» деген сөзін келтіріпті.
Намысшылдық дегеннен шығады, сол Нина Филипповнаға біздегі
бір жігіттің қатты ашуланғаны бар. Емтиханда «үш» қойған екен, ол
жігіт оқытушыны трамвай аялдамасында көріп қалып, «Сіз маған
Жол басы
— 57 —
неге «үш» қойдыңыз?» деп айқайлайтын көрінеді. Жаңағы жігітке
емтиханда қайтарған жауабы қате екенін түсіндіріп, апайдан кешірім
сұрауы керек екенін айтқанмын. Кейін әдейі барып тұрып, «Мен
дұрыс жасамаппын. Нұрсұлтан сізден кешірім сұрауға жіберді»
депті.
Сол естелігінде Нина Филипповна былай жазады: «Қазақ бала
ларының көбі орысшаны нашар білетін, ал Нұрсұлтан орысшаға
ағып тұратын. Сондықтан ол аудармашының міндетін де қоса атқа
ратын. Балалардың тілі жетпей жатса, Нұрсұлтан көмекке келетін.
Тіпті металлургияның терминдерін достарына қазақша түсіндіріп
беретін». Осыған байланысты мынандай бір күлкілі жағдайды айта
кеткім келіп отыр.
Расында да, училищедегі қазақ жігіттерінің арасында менің бірден
көзге түскенімнің басты себебі орысша еркін сөйлейтінім болған
шығар. Біздегі жігіттердің көбі әуелде ойын орысша айқын айта да
алмайтын. Көбі таза қазақ ауылдарынан шыққандар. Араларында
соны өз мақсатына пайдалана қоятындары да табылатын. «Мен пәнді
білемін, бірақ жақсылап айтуға тілім жетпейді», дейді. Содан оқы
тушы мені шақырады. «Өз тілінде айта берсін, сен аударып отыр»
дейді маған. Мен жаңағы жігітке айтамын: «Тоқтамай сөйлей бер,
нені айтсаң соны айт, тек тоқтама, ара-арасында домнаның, пештің
сөздерін араластырып қой, қалғанын өзім қатырамын», деймін. Анау
қазақша әңгімені бастайды. Ауылдағы көрген-білгендерін бе, ата-ана
сын қалай сағынғанын ба айтып, әйтеуір ойына келгенін сөйлей жөне
леді. Басқа балалар күлкісін әрең тежеп отырады. Қойылған сұраққа
дәл жауап беріп жатқандай, соны мен аударып қана тұрғандай етіп
сөйлеп кеп беремін. Мұғалім: «Дұрыс, біледі екенсің, жақсы біледі
екенсің, бірақ орысшаны үйрен, үйренбесең болмайды, қашанғы
жаныңда аудармашың жүреді» деген сияқты сөздерін айтып, жоғары
бағасын қояды. Сөйтіп жүргенде, бір күні әшкереге түстік. Не айтсаң
да, тоқтамай сөйлей бер дегеннен кейін біздің балалардың біреуі: «Ой,
кеше әбден қыдырдық қой. Кешке паркке де бардық, киноға да кірдік»
деген сияқты беталды әңгімені оңды-солды жосылтпай ма? Мен бол
сам «чугун», «форсунка высокого давления», «нормализационный
отжиг» деген сияқты сөздермен «аударып» жатырмын. Бір кезде
мұғалім: «Подожди, подожди-ка» деді. «Слушай, что за парк, что за
кино?..» дейді анаған. Ол не айтсын?.. Осындай да қызықтар болып
жататын. Балалықтан толық кете қоймаған, жігіттікке толық жете
қоймаған бұла шағымыз еді ғой. Жастық шаққа жететін не бар дей
сің бұл өмірде? Жастық шақ осындай әрпіл-тәрпілдігімен де қызық.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 58 —
ҰМЫТЫЛМАС КҮНДЕР
Біз — болашақ металлургтерміз. Біз оқитын № 8 техникалық учи
лище Ф. Э. Дзержинский атындағы Днепр металлургия зауытына
қарасты. Сонда училищедегі алғашқы сабақ не жөнінде болуы керек?
Әрине, металлургия туралы болуы керек. Жоқ, біздің алғашқы сабағы
мыз басқа тақырыпқа арналды. Алғашқы сабағымыз… махаббатқа
арналды! Сабақты осылайша оқыс бастап жүрген оқытушымыздың
аты-жөні Дмитрий Изотович Погорелов еді.
Ол біздің бүкіл тобымыздың тәлімгері болды. Металлургтерде
«мастер» деген сөз бар. Шебер-инженерді де, жұмысшылардың тәр
биешісін де солай атайды.
Ұстазымыздың алғашқы сабағы ерекше есте қалған. Сол сабақта
ол кісі металлургия туралы бір ауыз да сөз айтпады-ау деймін. Са
бағын жаңа бастай бергенде: «Ал, жігіттер, қалай, украинның сұлу
қыздарымен танысып үлгердіңдер ме?» дегені. Мұндайды күтпеген
біз не айтарымызды білмей, үнсіз отырдық та қалдық, жанарымызды
тайдырып, басымыз төмен түсіп барады. Мұғалім жаңағы тақырыпты
жалғастыра берді. «Ал сендер қызбен қалай қыдыруды, қалыңдықты
қалай таңдауды білесіңдер ме?» деп қояды. Оны біз қайдан білейік?
Бәріміздің білгіміз келіп барады. Дмитрий Изотович сол алғашқы
сабағын түгелдей тәрбие тақырыбына арнады.
Дмитрий Изотовичтің жасы сол кезде 45‑тің шамасында еді. Өзі
металлургия маманы. Техника ғылымдарының кандидаты. Ауылдан
келген бізге киім киюдің, тазалықтың, көпшіліктің алдында өзіңді
қалай ұстаудың бәрін үйрететін. Біз ұстазымызды жақсы көретінбіз.
Ол кісімен бар сырымызды бөлісе беретінбіз. Қазақстаннан барған
шәкірттердің кейбірі қиыншылыққа шыдамай, үйге қайтамыз де
генді шығарған. Сонда шебер бәрімізді жинап, қарапайым тілмен
ұғынықты етіп, көп әңгіме айтты. «Завод құрышты ғана шыңдамайды,
завод адамды да шыңдайды» деген сөзі есімде. «Біз осы Украинада
қазақтардың қандай батырлықпен соғысқанын жақсы білеміз. Сен
дердің бабаларың шетінен батырлар болған. Шетінен батырлар бол
маса, Қазақстанның жері сондай кең болар ма еді?» дегені де есімде.
Осылай айтып-айтып келіп, «Ата-аналарың сендердің алғашқы қиын
дыққа шыдамай, елге қашпақ болғандарыңды естісе, не күйде болады,
мұндағы адамдар не ойлайды?» деп бітіргенінде үйге қайтамыз деп
жүргендердің бәрі ұялғандарынан жерге қараған еді. Сөйтіп, олардың
біреуі де оқудан кеткен жоқ, ақыры бәрі училищені бітіріп шықты.
Бірде училище дәлізінде шәкірттердің бірі шебер болып жұмыс
істейтін апайға дөрекі тіл қатып қалды. Бәріміз қатты қиналдық.
Жол басы
— 59 —
Соның артынша өткен сабағында Дмитрий Изотович біраз уақытын
жасы үлкен кісілерді құрметтеу жөнінде әңгімелеуге арнады. Шығыс
халықтарында, соның ішінде, әрине, қазақтарда да үлкенге құрмет
ерекше екенін, қазақтардың ақсақалдармен, ата-анамен ақылдаспай
ешқандай шешім қабылдамайтынын әдемілеп айта келіп, адамгер
шілік, парасат, ізеттілік туралы біраз жайды қозғаған-ды.
Әрине, училищедегі ұстаздарымыздың бізге басты тәлімі метал
лургияның әліппесінен бастап, құрыш құюдың қыр-сырын қолмен
қойғандай түсіндіріп, ғұмыр бойына жетерліктей етіп құлағымызға
құйып, көз алдымызда көрсетіп бергені. Мен ешқандай жоғары оқу
орны осы мамандықты сол екі жылдың ішінде Днепродзержинскі
де үйренгенімді үйретіп шыға алмас еді деп бұрын айтқаным бар.
Сонымды тағы айтамын. Кейін институтта металлургия ғылымын
оқығанда маған бәрі дерлік таныс әрі түсінікті болып шықты. Мұның
басты себебі — училищеде болат балқытудың теориясы мен прак
тикасын қатар біліп шыққанымыз. Ол жерде сабақ пен комбинат
цехындағы жұмыс үйлестіріле жүретін.
Дмитрий Изотовичтің психолог ретіндегі қабілетіне қайран қа
латынбыз. Өндірістік оқу шебері қандай болуы керек десе, мен сол
кісіні үлгі етіп ұстар едім. Кәсіпке мінсіз үйрететіні өз алдына, ол кісі
шәкірттерге кәдімгі әкесі, ағасы сияқты қарайтын. Кейін естідім, туа
бітті педагог күйінде жаралғаннан шығар, училищеден кетіп, метал
лургия зауытына жұмысқа орналасқан екен, бәрібір оқытушылыққа
қайта оралыпты, зейнетке де сол жерден шығыпты. 1994 жылы Украи
наға барғанымда артында қалған жалғыз қызы Ольга Погорелованы
тауып алып, жағдайын сұрап, көмегімді аяған жоқпын.
Ұстазым туралы қысқа қайырым сөзімді түйіндейтін тұста бұған
дейін де көптеген кітаптарда келтірілген мына бір оқиғаны айта
кетейін.
Кезекті сабақ аяқталуға жақындағанда балалар Дмитрий Изото
вичке жан-жақтан жамырай сұрақ қоя қалды. «Айтыңызшы, біздің
болашағымыз қандай?», «Біз кім боламыз?», «Қайсымыздан қандай
адам шығады?» деп жатыр. Оқытушы көзін сығырайта қарап, күлім
сіреп тұрып алды да: «Соны білгілерің келіп бара ма?» деді. Сөйтті
де, әркімнің тұсына келіп, «Сен жақсы металлург боласың», «Сенен
инженер шығады», «Сен цех бастығына көтерілесің» дей бастады. Ал
дәл маған келгенде айтқанына бәріміз аң-таң қалдық. «Нұрсұлтан,
сен үкімет басқарасың» дегені… Бұған не айтайын? Жақсы көрген
шәкіртін көтермелеп сөйлегені ме, жоқ, әлде талабына қанат бітіріп
қояйын дегені ме? Болмаса он сегізге жаңа толған жігітке осындай
сөзді қалай айтты екен? Кейін училищеде бірге оқыған достар бас
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 60 —
қосқанымызда Дмитрий Изотовичтің сондағы айтқандарының бәрі
айна-қатесіз дәл келгеніне таң-тамаша қалатынбыз. Бұл айтқанымды
Микола Литошканың мына сөздері де растайды: «Мен Нұрсұлтанның
әйтеуір бір үлкен басшы, ірі тұлға болатынына сенетінмін. Бірақ дәл
сондай биіктен көрермін деп ойламаған едім. Ол кезде бүкілодақтық
телевизия жалғыз еді ғой. Содан халық депутаттарының съезін қы
зығып көретінбіз. Бір күні азиялық республикалар делегациясының
арасынан біреу сөйлеп жатты. Сөздері батыл, ұғынықты әрі жігерлі
дауысы жарқын шығып тұрды. Бір жерден естіген таныс дауысым
сияқты. Теледидарға жақын барып қарасам… баяғы өзімнің Нұр
сұлтаным… Айғайлап жіберуге шақ қалдым. Сөйтсем, ол Қазақстан
Республикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасы болған екен. Мен
досымның жетістігіне қатты қуандым. Үй-ішіме оның баяғы мастері
Дмитрий Погореловтің сөзін айтып жатырмын. Қысқасы, сол күні
біздің үйде шағын той жасалды. Нұрсұлтанды танитын жолдаста
рымның үйлеріне де хабарласып, әйтеуір түнімен ұйықтамадық қой».
Әрине, мен Дмитрий Изотовичтің ол сөзінен кейін мансабымның
жарқын жоспарын құра қоймағаным анық, бірақ, сонымен бірге
өзіме, күшіме сенімім артып шыға келгені, мұның өзі түптің түбінде
бағамды білгізе бастағаны тағы талассыз еді. Оны мен айтқалы отыр
ған келесі хикая растайды деп ойлаймын.
Днепродзержинскіге Қарағандыдан шығып, Мәскеу арқылы жет
кенімізді айттым ғой. Бұл ұзақ жол. Адам жолда сыналады. Арамызда
неше түрлі жігіт бар екен. Алыс ауылдағы қойшының балалары да,
бұзықтық жолға түсіп немесе ұрлық жасап, сотталып үлгергендер
де. Солардың бірі әуелден-ақ көзге түскен. Аты-жөні — Рыспанбек
Төлендиев. Өзі еңгезердей. Бойын күш кернеп тұрғаны бірден көрі
неді. Балалар үйінде жүргенінде интернатты өртеп жіберуден де
тайынбапты. Салған беттен-ақ соның айналасына үйіріліп, жағым
паздана бастағандар табыла кетті. Днепродзержинскіге барып, сабақ
басталғаннан кейін бірнеше күн өткенде, тобымызға староста таға
йындау керек болғанда алдымен Рыспанбектің аты аталды. Мейлі
дедік те қойдық. Сөйтсек, ол сабаққа тіпті жоқ екен. Нашар оқиды,
кешігеді де жүреді. Орысшасы әлсіз. Бара-бара байқап қарасам, оқу
жағын былай қойғанда, мен одан қара күштен де қалыспайтын сияқ
тымын. Әйтеуір, ыға қоймадым. Бірте-бірте мұнымды басқалар да
бағалай бастады. Оның үстіне еркін күрес секциясына жазылғаннан,
қалалық жарысқа қатысып, екінші разряд нормасын орындаған
нан кейін менің айналама үйірілушілер көбейді. Мұның аяғы ақы
ры Дмитрий Изотовичтің ұсынысы бойынша оны старосталықтан
түсіріп, мені сайлаумен бітті. Сол-ақ екен, Рыспанбектің қабағынан
Жол басы
— 61 —
қар жауды. Намыстанып, тіпті қорланғандай болып кетті. Менімен
амандасқанды қойды. Ызбарлана, ызалана қарайтын маған. Дегенмен,
уақыт шіркін бәрін орнына қояды ғой. Мен оған да аудармашы болып
көмектестім. Күндер, айлар өте келе оның мені мойындамасқа амалы
қалмады. Сөйте-сөйте оның өзі де өзгере бастады. Сабаққа ықыласы
күшейді, құлшына жауап беретін, тәуір баға алатын болды. Одан
үмітін үзуге айналған мұғалімдер де қуанып жүрді. Әрине, арамыз
дағы салқындық сақталып қалды. Қастығын тастағанмен, достығын
бастаған жоқ. Сөйтіп жүріп оқу бітірдік. Әйтсе де, екеуміздің бәсе
кеміз оған жақсы әсер еткені айдан анық. Рыспанбек жетім болып
өскен еді. Кейін ол украин қызына үйленгенде қыздың үйіне құда
орнына мен барып, айттырдым. Ол сонда қалып, технологиялық
институтты бітірді, инженер-химик дипломын алып, Магниткаға
келді, қатардағы технологтан ауысым бастығына көтерілді. Теміртауда
қайта жолыққанымызда дос көңілмен табыстық.
Президент кезімде қабылдауыма сұранғандардың арасынан Рыспан
бектің аты-жөнін оқып қалдым. Теміртаудан әдейі келіпті. Қабылда
дым. Кабинетіме кірген бетте екеуміз де бір-бірімізге «Сәлем, староста!»
деп әзілдей амандасып жаттық. Сол күні оны үйіме ертіп апардым.
Байырғы металлургтердің әдетімен бірер рөмкені тартып та жібердік.
Кенет адамның ойына келмейтін бір әңгімені бастағаны. Былай дейді:
— Сен, Нұрсұлтан, білесің бе, бір кезде мен сені өлердей жек
көруші едім. Онда сені менің орныма топ жетекшісі етіп сайлаған
болатын. Сені өлтіруге қанша рет оқталдым десеңші! Демалысқа үйі
мізге қайтып келе жатқанда пойыздан лақтырып жібергім де келді.
Бірақ сен қырсыққанда тамбурға шықпай қойдың. Зауытта жүргенде
металл құйылған шөмішке итеріп жібермек те болдым. Енді сенен
кешірім сұрап, бір жеңілдеп қалсам деп тұрмын.
Шынымды айтайын, мен не күйге түскенімді білмей қалдым. Өйт
кені өзімнің металл құйылған үлкен шөмішке қарай қалай ұшып
бара жатқанымды, енді бір сәтте менен буға айналған бұлт қана
қалатынын елестеттім. Еркектердің емін-еркін айтылған мұндай
әңгімесін естіген әйелімнің халі қандай болды десеңізші. Ол естіп
тұрған сөзіне тіпті де сенбеді.
— Сен әзілдеп тұрған шығарсың? — деді жұбайым Сара.
— Жоқ, бәрі дәл солай болған, — деді ол. — Қатты қинап жүр
ген жай еді, айтпасыма мүмкіндігім қалмады. Міне, ақыры айттым,
жеңілдеп қалдым. Сөйтіп, Сара Алпысқызы, сенің күйеуіңмен тіре
суім менің адам болуыма көмектескен еді.
Украина жерінен мен алған тағы бір сабақ — қандай жағдайда да
алдымен тіл табысу жолын іздеу керектігі. Училищеде бірге оқыған
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 62 —
досым Сатыбалды Ибрагимов естелігінде 1959 жылдың 31 желтоқ
санында болған оқиғаны жазған. Жігіттеріміз Жаңа жылды мейрам
ханада қарсы алып жатып, араларындағы біреуі джаз оркестрінің
жетекшісімен сөзге келісіп қалыпты. Даудың аяғы төбелеске ұла
сыпты. Күрестің, бокстың секциясына барып жүрген, күнделікті
қара жұмыспен шыныққан жігіттер біраз ойқастаған. Тіпті біреуі
трубада ойнайтын музыканттың ернін жырып жіберіпті. Төбелес
бастаушыларды милиция ұстап, қамап тастапты. Содан ертеңінде
айқай-шу басталды. Училищеге органның адамдары, оқу орнының
активі, мұғалімдер жиналып, үлкен әңгіме қозғалды. «Қазақстан
нан келгендер не оқи алмайды, не дұрыс жүре алмайды, бұларды
елдеріне қайтару керек» деген сөз белең алып бара жатты. Шыда
май, сөз сұрап, ортаға шықтым. Қазақстандық шәкірттердің бәрінің
бірдей кінәлі болуы қисынға келмейтінін айттым, нақты төбелес
ті бастағандардың джаздың жігіттерінен кешірім сұрауға дайын
екенін жеткіздім, екінші тарапты осы оқиғаны дабырайта бермеуге
шақырдым. Жиналған жұрт осы ұсынысты қолдады. Біз Қазақстанға
қайтарылмайтын болдық. Қазір ғой жастық желікпен не жеңілой
лылықпен орын алып қалатын осындай кикілжіңдерді ұлтаралық
қақтығыс сияқты сипаттап, алаулатып-жалаулатып жатамыз. Ол
кезде елде достық сенімі күшті еді, адамдар бір-біріне кешіріммен,
кеңдікпен қарайтын. 1994 жылы Днепродзержинскідегі бұрынғы
№ 8 техникалық училищеде болғанымда құрметті қонақтар кітабы
на: «Баршаңызға игілік, шыдамдылық, жарқын болашақ, ең қымбат
қазынамызды — ортақ Отанымыз, бұрынғы КСРО халықтарының
арасындағы достықты сақтап қалуды тілеймін» деп жазған екенмін.
Амал не, сол достық сақталмай тұр қазір. Кімнің кінәсі көбірек, түбі
бір тамырдан тараған бауырлас халықтардың арасына сызат неден
түсті дегенді талдап жатпақ емеспін. Тек осы жөні де, жолы да қи
сынға келмейтін қиғаштық түбі бір тоқталса деп тілек етемін.
Украинада мен қоғамдық қызметтің де алғашқы мектебінен өттім.
Бір күні училище комсомол комитетіне кіріп, «Біздегі комсомол жи
налыстары туралы айтпақшымын» дегенім бар. «Жиналыстар туралы?
Не айтпақшысың?» деді маған. «Жиналыстар ұнамайды. Қызықсыз
өтеді, таптаурын үлгімен өтеді, комсомолдар жиналысқа барғысы
келмейді», деймін мен. Хатшы қыз елең ете қалып, «Ал сонда өзің не
ұсынбақшысың?» деді. Өзімше ұсыныстарымды айттым. Зауыттағы
Социалистік Еңбек Ерлерімен, ардагер металлургтермен кездесулер
өткізейік, училищеде халық би ансамблінің концертін ұйымдасты
райық, жас металлургтерге салынып жатқан үйдің құрылысына
көмектесейік дедім. Ұсыныстарымның бәрі қабылданды. «Инициатива
Жол басы
— 63 —
наказуема» дегендей, енді сол жұмыстардың бәрін маған үйіп-төгіп
тапсырып қойды. Комсомол комитетінің жұмысына белсене арала
суым жұрт алдында сөйлеуге машықтануыма көмектесті. Ауыл бала
сының ұяңдығы, расын айтсам, бұрыннан-ақ бойымда жоқ еді, енді
тіпті ашылып, барынша шешен, әсерлі сөйлеуге тырысатын болдым.
Днепродзержинск мен үшін интернационализмнің де үлкен мек
тебіне айналды. Сан түрлі ұлттың ұлдарымен, қыздарымен араласып,
өзімізді солардың бәрімен тең ұстауға тырыстық. Кез келген адам
өзін белгілі бір ата-ананың баласы ғана емес, өз халқының да баласы
сезінуі керек. Сонда саған елің үшін, ұлтың үшін де жауапкершілік
жүктелетінін түсінесің.
Жалпы, Украина жері маған жастығымның жақсы жылдары өткен,
көп тағылым берген мекен ретінде қымбат.
Көп жылдар өтті, бірақ біз кейін Қазақстан Магниткасында жұмыс
істеу үшін Украинада металлургия мамандықтарын игерген кезеңді
қимай еске аламыз. Бұл біздің жас кезіміз болғандықтан ғана емес.
Днепрдегі демалыс күндеріміз, Днепродзержинск цехы, балқымамен
алғашқы кездесу, алғашқы қорқыныштарымыз, алғашқы ұстаздары
мыз — осының бәрі жүректе сақталып қалды. Ұмытпаймыз.
Жан жылытар жайлар көп-ақ. 1993 жылы мен Днепродзержинскі
ден хат алдым. Шағын ғана хат. Мәтінін толық әрі сол күйінде кел
тірсем де болады: «Здравствуйте, Нурсултан Абишевич. Наконец-то
я решилась написать Вам письмо. Смотрю по телевизору все пе
редачи и радуюсь за Вас, за Вашу принципиальность, уверенность
в намеченных целях, доброте к людям (видела на вашем празднике).
Одобряю и радуюсь. Вспомните Днепродзержинск, общежитие
(1958–1960 г.), вспомните и меня, Анну Сергеевну — коменданта-
воспитателя, вспоминаю вас всех, Вы относились ко мне как к матери,
уважали. Вы были среди них и комсомольским вожаком и старостой
группы. Извините, отрываю у Вас время. Желаю успехов и семейного
счастья. С ув. к Вам Анна Сергеевна.». Үлкен әріптермен, бір бетке
бар жазғаны осы. «Конечно, вспомнил и Вас, Анна Сергеевна, нашу
общежитскую Маму. Сколько сердечного, поистине материнского
тепла Вы тратили на нас! Только с годами понимаешь, что это могут
делать только богатые душой и сердцем люди. Спасибо огромное
Вам!» — Анна Сергеевна Аверкиеваға жазған хатымдағы жолдар бұл.
Днепродзержинск техникалық училищесінде оқығандардың
көпшілігі кейін Қазақстанда металлургия зауыттарында жұмыс
істеді. Олар бүгін де менің үлкен достарым. Арасында мемлекеттік
қызметте, ғылымда, бизнесте табысқа жеткендер бар. Училищедегі
оқу, Магниткадағы жұмыс біздің мінезімізді шыңдады, өмірлік ұста
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 64 —
нымдарды белгіледі, берік іргетас болды. Іс жүзінде менің өмірлік
жолым сонда басталды. Днепродзержинскідегі оқу жылдары, одан
кейінгі Теміртаудағы жұмыс мені жігіт, азамат ретінде қалыптастыр
ды, интернационалдық ортада еркін өмір сүруге бейімдеді. Мен бола
шақ басшы қызметкер, мемлекеттік қайраткер ретінде сол жылдарда
қалыпқа түстім, құрыштай құйылып шықтым дей аламын. Осы үшін
де жастық жылдарымда жолыққан жандардың бәріне қарыздармын.
Ол жылдар мен үшін жол басы.
Мемуар жазып жүргенімде Киевтен бір кітап келді. 700 беттік
фолиант. «Нурсултан Назарбаев. Испытание историей» деп ата
лады. «АДЕФ-Украина» баспа үйі 2021 жылы шығарған. Бір елдің
мемлекеттілік жолындағы тәжірибесі басқа елде қызығушылық туғы
зып жатқаны, әрине, бізді қуантады. Басылымның аннотациясында:
«Кітапта негізгі назар елдің дағдарысты жағдайлардан шығуының,
өткір әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуінің, көпұлт
ты және көпконфессиялы қазақстандық социумда тұрақтылық пен
іскерлік белсенділікті қамтамасыз етуінің, көрші мемлекеттермен
орнықты қатынастарды сақтауының басқа елдерге үлгі болатындай
тәжірибесіне аударылған» делінген. Кітаптың «Бастау», «Қалыптасу»,
«Тарихтың сын сағатында», «Барыстың секіруі» — қазақстандық ға
жайып», «Жетістіктер жиынтығы», «Болашаққа ұмтылыс символы»
сияқты тақырыпшалары оның мазмұнынан жақсы хабардар етіп
тұр. Украин оқырмандарына жазған алғы сөзімнің бір тұсында сонда
өткізген жылдарыма разылық ретінде былай дедім:
«Сол жылдарды еске ала отырып, өзімнің жадымда жатталып
қалған, менің мінезімнің, керек болса — менің болмыс-бітімімнің
ерекшелік сипатына айналған аса маңызды жайларды бөле айтқым
келеді.
Бәрінен бұрын бұл — әртүрлі ұлттар өкілдерінің арасындағы ай
нымас достық, мұны кезінде бір үйдің баласындай болу деп өте әділ
айтатын. Басқа халықтардың дәстүрлеріне, жетістіктеріне, тәжіри
бесіне, әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау ахуалы менің бойымда
олардағы үздік үлгінің бәрін үйренуге деген ұмтылысты тәрбиеледі.
Осылар арқылы мен біздің бүкіл өміріміздің арқауы еңбек екенін,
адамды бағалаудың ең әділ өлшемі оның еңбекке, қоғамдық парызға
қалай қарайтыны екенін байыптап өстім».
Иә, Днепр бойындағы ол жылдар бізге өмірді тек Еңбек қана өз
гертетінін біржолата ұғындырып берген еді.
Еңбек адамды абыройға бөлейтінін біз сол училищеде жүрген
де-ақ сезініп үлгердік. Қалалық «Дзержинець» газетінің 1960 жылғы
10 ақпандағы нөмірінде менің станок басындағы суретім басылып,
Жол басы
— 65 —
былай деп жазылған: «В технічному училищі № 8 вчаться професіям
металургів молоді казахи. Особливо хороших успіхів у навчанні доби
вається Нурсултан Назарбаєв, який оволодіває спеціальністю горно
вого. Він завжди допомогає своім товаришам» — мұның қазақшасы
былай болып шығады: «№ 8 техникалық училищеде жас қазақтар
металлургия мамандығын оқып-үйренуде. Горновой мамандығын
меңгеріп жүрген Нұрсұлтан Назарбаев ерекше табысқа жетуде.
Ол қашанда өзінің жолдастарына көмектеседі». Жасы жиырмаға
да толмаған жігітті мұндай жылы сөз қандайлық жігерлендіретінін
айтып жату артық шығар. Арада екі жыл өткенде, 1962 жылғы
6 сәуірде облыстық «Социалистическая Караганда» газеті Д. Никола
евтың «Нурсултан — рабочий человек» деген мақаласын жариялады.
Оған да бір дүр сілкініп қалғаным есімде. «Еңбек адамы» — қандай
абыройлы атақ!
Украинадағы оқуымыздың аяғы елдегі бір дүрбелеңді жағдайға
тұспа-тұс келді. Қазақстанға, Теміртауға көзімізді тігіп, құлағымыз
ды түріп жүрген кезіміз. Газеттен Теміртау деген сөзді оқып қалсақ,
теледидардан, радиодан Теміртаудың атын естіп қалсақ, елеңдейміз
де тұрамыз. Күні ертең барайын деп, жұмыс бастайын деп жатқан
қаламыз ғой. Біз барғанша Магнитканың құрылысы бітіп, шөміштен
құрыш құйылып кететіндей көреміз. Сөйтіп жүргенде бір күні Темір
тау туралы жайсыз, жоқ, жайсыз деген қайда, қорқынышты әңгіме
дүңк ете қалды. Қалаға әскер кіргізіпті, атыс болыпты, өлгендер де бар
екен деген сөз шықты. Сенер-сенбесімізді білмейміз. Кеңес Одағында
ондай болады деп ойлай да қоймайтын кезіміз ғой. Сөйтсе де, секем
ала бастадық. Секем алмасымызға да болмады. Теміртау туралы
әңгіме сап тыйылды. Газеттер жазбайды, радио айтпайды. Ұстазда
рымыздан сұрасақ, ештеңе демейді. Білмей ме, білсе де айтпай ма —
белгісіз. Ақыры, бұл әңгіме шындыққа айналды. Бір жұмысшының
сол кезде өте сирек шаммен жұмыс істейтін радиоқабылдағышы
бар екен. Сол «Голос Америки» радиостанциясынан естіпті. Естіп,
тісіңнен шығарма деп біреуге айтыпты. Ол тісіңнен шығарма деп тағы
біреуге айтыпты. Ол тағы біреуге тісіңнен шығарма деп айтыпты…
Теміртауда құрылысшылардың көтеріліске шыққаны, оларды қару
дың күшімен зорға басқаны рас көрінеді. Жел тұрмаса, шөптің басы
қимылдамайтынын білетін жасқа келген кезіміз ғой, қатты қобалжи
бастадық. Енді не де болса тезірек елге қайтуға асықтық. Ол жақта
бізді не күтіп тұрғанын білген жоқпыз, әрине.
— 66 —
ТЕМІРТАУ ТАҒЫЛЫМЫ
БҮЛІК САБАҒЫ
Мұнда бізді ештеңе күтіп тұрмаған екен…
«Сендер ерте келіп қалыпсыңдар.
Домна әлі біткен жоқ. Жұмыс жоқ» — Теміртауда біздің естіген
алғашқы сөзіміз осы болды.
Қалаға 1960 жылдың 1 мамыр күні келіп түскенбіз. Ешқандай
мерекелік көңіл күй байқамадық. Бізді қарсы алмағанын айтпай-ақ
қояйын. Днепродзержинскіде жазып берген адрес бойынша барсақ,
ол жатақхананың құрылысы әлі бітпепті. Бір үйдің жертөлесінде
ұйықтап шығып, ертеңінде зауыттың кеңсесіне барғанда біз алды
на кірген бастықтың аузынан шыққан сөзі жаңағы. Алып-ұшқан
көңіліміз кәдімгідей басылып қалды. Кейбіреулер тіпті құлазып
сала берді. Алғашқы аптада-ақ ауыл қайдасың деп тартып кеткендер
де табылды. Мен жұмысты тастауды, қайтуды ойлаған да жоқпын.
Ренжігенім, аптығымның қайтқаны рас. «Шешінген судан тайынбас»
дегендей, енді не де болса, алға қойған мақсаттан таймауға бекіндім.
Сондықтан да жұмысты бетоншылықтан бастауды ұсынғанда көп
ойланып жатпай, келісім бердім. Мұныма өкінбеймін де. Қолыма
жұғып қалған ештеңесі жоқ. Қайта тағы бір мамандықты игеріп ал
дым. Бір айдай ғана бетон құйып, домна құрылысы аяқталысымен
металлург ретінде зауыт штатына қабылдандым.
Бастықпаған бала көңіл кезім ғой, келген бетте мән бере қоймаған
мын, біраз уақыттан кейін оны-мұны оқып, үлкендердің әңгімесін
тыңдап барып байқасам, Арқа төсінде осындай алып комбинаттың
дүниеге келуі біздің ұлы ғалымымыз Қаныш Сәтбаевтың әріден ой
лаған дара ақылының арқасы екен. Қанекең сонау отызыншы жылдар
дың аяқ жағында-ақ Қарағандының түбінен толық металлургиялық
циклы бар зауыт салуды ұсыныпты. Белгілі ғалымдар М. П. Руса
ковпен, А. Н. Сперанскиймен бірлесе отырып, осы жерде металл
балқытуға нағыз қолайлы жағдайлар түгел бар екенін дәлелдепті:
кокстелетін көмірдің аса бай қоры тиіп тұр, темір және марганец
рудаларының, әктас пен доломиттің кен орындары да жақын, ме
Теміртау тағылымы
— 67 —
таллургия өндірісі үшін ауадай қажет су табылады. Шығарылған
өнімді тасымалдау да жеңіл — Қарағанды тоғыз жолдың торабында.
Расында да, темір рудасының Атасу, Соколов-Сарыбай, Лисаков,
Качар кеніштері, Қарағанды көмір бассейні орналасқан бұл өңірде
дәл осындай комбинаттың дүниеге келуі әбден заңды еді. 1942 жылы
КСРО Ғылым академиясының президенті, академик В. Л. Комаров
Қазақстанның қазба байлықтарын қорғаныс мақсатына пайдалану
жайында айта келіп, «Қара металлургия саласында біз, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты Қ. И. Сәтбаевтың басшылығымен жүргізілген
зерттеу жұмыстарын негізге ала отырып, Орталық Қазақстанда жаңа
металлургия зауытын салатын орынды таңдау мәселесін қарастыруға
тиіспіз» деп атап өткен екен. Магниткаға арналған, 1985 жылы жарық
көрген «Стальной профиль Казахстана» атты кітабыма материал
жинастырған кезде бұл мәлімет «Казахстан в период Великой Отече
ственной войны (Сборник документов и материалов)» деген кітаптан
табылған болатын. Әуелгіде бұл идея бірден қолдау таба қоймаға
нымен, соғыс басталып, немістер металлургия зауыттары бар Украи
наны басып алған кезде КСРО Қорғаныс комитеті осы жерде сортты
прокат пен қаңылтыр табағын шығаратын кәсіпорын салу жөнінде
қаулы қабылдайды да, келесі, 1944 жылы Қазақ металлургия зауыты
салынады. Ол кездегі жаңа кәсіпорынның қуаты да, мамандары мен
жұмысшыларының біліктілігі де белгілі, әрине. Техника өте қат.
Руданы, металды тасуға 15 автокөлік, 2 тракторға қоса 158 өгіз, жүк
арбалар, шаналар пайдаланылған екен. Соғыстан кейінгі жылдарда,
елді қалпына келтіру қауырт қолға алынып, индустрияландыру қыза
түскен кезде Қарағанды жерінде Уралдағы сияқты жаңа Магнитка
тұрғызу идеясы қайтадан көтеріледі. Ақыры 1956 жылы Қарағанды
металлургия комбинатын салу туралы қаулы қабылданады, кейіннен
өткен комсомол съезі болашақ Қазақстан Магниткасын бүкілодақтық
екпінді комсомолдық құрылыс деп жариялайды. Сөйтіп, Теміртау
ға алып елдің түкпір-түкпірінен комсомолдық жолдамамен сегіз
мыңнан астам жастар ағылады. Солардың бірі — жастар газетінен
хабарландыру оқып, тәуекелге бел буған мына мен.
Жалпы, ол кезде мұндағы қаптаған нысандарда ұзын саны жиыр
ма мыңдай адам жұмыс істеген. Сонша адамның бабын табу оңай
емес, әрине. Жұмыс ауыр. Тұрғынжай жетіспейді. Азық-түлік жағы
өте нашар.
Ақыр аяғында құрылысшылардың шыдамы шегінен шығады —
1959 жылдың 29 шілдесінде жаппай тәртіп бұзу бастайды. Менің 1991
жылы шыққан «Әділеттің ақ жолы» атты кітабымда бұл жайында
былай делінеді: «Ол кезде, 59‑дың жазында, ұзақ уақыт тұмшаланып
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 68 —
келген халық наразылығы өздігінен әрі қуатты серпінмен бұрқ ете
қалған. Күллі елімізден келген жастар кәдуілгі адами мұқтаждық
пен қамқорлықты түкке де баламайтын әміршіл-әкімшіл жүйенің
таптаурын әдістеріне тап болған. Цехтардың, домналар мен мартен
дердің корпустары екпінді қарқынмен тұрғызылып жатса да, адамдар
шатырларды, асығыс салынған барактарды баспана еткен. Көп ретте
жұрттың бәріне бірдей арнаулы киім де жете бермейтін. Әсіресе
судың болмай қалуы жан күйзелтетін. Оны құрылысшыларға әдетте
түске салым әкелетін, онда да лайланған, мүңкіген иісі бар су. Ал
енді тамақ туралы айтудың өзі артық. Жұмысшыларды жабдықтау
бөлімінің базасында көп етті, сібір пельменін, жемістерді шірітіп
алып, жерге көміп тастағаны туралы хабар, ал мұндай тағамдардың
барын құрылыстағылардың бірде-бірі білмеген екен, төзімнің соңғы
шегіне жеткізген. Бұған қоса бетон, басқа да құрылыс материалда
рын әкелу үздік-создықталып, осылайша бос тұрып қалу жұмысшы
қалтасынан төлене бастаған.
29 шілдеде кірпіш қалаушылар, бетоншылар, монтаждаушылар
бар мыңдаған адам жұмысын тастап, бастықтармен арақатынасын
анықтау үшін трест үйінің алдындағы алаңға жиналады. Ашу-ыза
кернеген құрылысшылар өздерімен ешкімнің де сөйлескісі келмей
тініне көз жеткізген соң әділдікті өз беттерінше орнатпақ болған.
Азық-түлік дүкендерінің құлыптары бұзылып, адамдар көкөністің,
картоптың «қорын жасауға» кіріскен. Баз біреулер араққа да жеткен.
Дүрбелеңді пайдаланған пәлекет адамдар өнеркәсіп бұйымдарын
буып-түйіп әкете бастаған…».
Көз көргендердің әңгімесін естісеңіз, төбе құйқаңыз шымырлайды.
Қалаға әскер кіргізіліпті, коменданттық сағат жарияланыпты, жүздеген
адам қамалыпты, ал бұзақылығы шектен шыққан деп танылған алты
адам ең ауыр жазаға — атуға кесіліпті… Алыстағы Днепродзержинскіге
дүңкілі жеткен орасан оқыс оқиғаның жайы осылай екен. Біз, әрине,
училищеде мұның егжей-тегжейі тұрмақ, жалпы нобайын да білген
жоқпыз. Әйтсе де, сонау мұхиттың ар жағында жүрген Хрущевтің
шамына тиетіндей сұрақ қойылғанынан-ақ Теміртауда жағдайдың
тыныш емес екенін сезгенбіз. АҚШ президенті Эйзенхауэрдің: «Ха
лық неге бүлік шығарып жатыр?» дегеніне Хрущев бетпақтығына
басып: «Бұл бос сөз. Қазақстанда ешқандай да бүлік жоқ» деп қысқа
қайыра салған екен. Алайда орын алған қайғы-қасірет жөніндегі
ақиқатқа біздің оқу бітіріп, мамандық алып, республикамызға қай
тып келгеннен кейін ғана көзіміз жетті. Жабық қоғамда солай болады.
Егер бір жайтты айтпағанда, бұл туралы еске алмауға да болатын
еді: өйткені бұл «Кузнецкстрой» уақытының емес, біздің осы дәуірдің
Теміртау тағылымы
— 69 —
құрылысы еді ғой. Егер де жас кеңес мемлекетінің қалыптасу ке
зеңінде индустрияландыру үшін шалған құрбандарымызға қандай
да бір дәлел тауып жатқанымен, алпысыншы, одан кейінгі жылдары
адамдарға деген осындай немкеттілікті, немқұрайдылықты немен
түсіндіруге болар еді? Біздің мақсат пен құралды шатыстырып алып,
адамды бәрін жалмап жатқан экономикалық алып шығырдың шыла
уына айналдыруымыз қалай? Ол адамнан барған сайын көп нәрсені
талап етіп, оның орнына еш нәрсе қайтармады. Амалсыздан «ұлы
құрылыстардың» бастауынан-ақ біз өзіміз үшін ынтымақтаса қазуға
кіріскен зұлмат шұңқырды көрген Андрей Платонов мүмкін дұрыс
айтқан да шығар деп ойлайсың. Оның «Котлован» деген кітабын
бәріміз қызыға оқыдық қой.
Өкінішке қарай, Теміртаудағы трагедиялық оқиғадан тиісінше
сабақ алынған жоқ. Жағдайды жүйелі түрде жөндеудің орнына бүлік
шығарған қаланың тұрғындарын амалын тауып тыныштандыру
жолы таңдалды.
Теміртауға қайтып келген бойда бізді бәрінен бұрын таңғалдырған
нәрсе қала дүкендерінде азық-түлік өнімдері мен өнеркәсіп тауар
ларының сіресіп тұрған молдығы еді. Бұл жағынан алғанда жұпыны
көрінетін Днепродзержинскіден кейін өз көзімізге өзіміз сенбей,
таңғалдық. Сөрелерде қара уылдырық та, қызыл уылдырық та, балық
та, қою сүт те, коньяктың, шараптың түр-түрі толып тұрды. Қанша
керек болса да — еркіңіз! Неше түрлі талғаммен тігілген киім-кешек,
тіпті импорттық киім-кешек те жеткілікті еді.
Мұндай молшылықтың бәрі қалаға тәртіп орнату үшін келіп кет
кен Брежневтің сапарынан соң пайда болған көрінеді. Толқу болған
нан кейін қабағынан қар жауып, бірден жеткен оның ренжулі келгенін
әңгімелейді жұрт. Құрылыс нысандарын жаяу аралапты, бірақ жұмыс
шылардың ешқайсысымен тілдеспепті. Оның соңынан Теміртаудағы
оқиға түбінде жеңіл тимейтінін түсінген жергілікті басшылардың
үлкен тобы — нөкерлер еріп жүріпті. Шынында да, көптеген партия
және шаруашылық басшылары «сенімді ақтай алмағандар» ретінде
көп ұзамай жұмыстарынан қуылды, кейбіреулері партия қатарынан
шығарылды.
Теміртау оқиғасы туралы әңгімелеу кешегі кеңестік кезеңнің си
паты туралы әңгімелеу деген сөз. Сталин қайтқаннан кейінгі кезеңде
Кеңес одағының ішкі саясатында да, сыртқы саясатында да белгілі бір
дәрежеде ырықтандыру, яғни либерализация жүргені белгілі. Белгілі
бір дәрежеде деп әдейі айтып отырмын. Жалпы, КСРО-ның негізін
Ресей қалады десек, оның өзіндік сипатын да орыстың саяси тарихы
айқындаған. Ал ол тарихқа авторитаризм өте-мөте тән еді. Сталиндік
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 70 —
дәуір, большевиктердің әміршіл-әкімшіл жүйеге бейім болып шығуы
авторитаризм дәстүрін тіпті одан сайын күшейтіп жіберді. Әуелде
авторитаризмді, яғни Сталиннің жеке басына табынуды сынаумен
біраз абырой жинап алған Хрущевтің өзі көп ұзамай белден басудың,
күшке салудың көкесін көрсете бастады. Жеңіс маршалы Жуковтың
сол тұста қалай қудаланғанын бүгінде бәріміз білеміз. Хрущевтің
жеке басқа табынуды әшкерелеуі де жартыкештеу қадам еді. Біз ол
кезде мектеп баласымыз ғой, үлкендердің әңгімесінен Сталиннің
өзін әшкерелеуден тайынбаған мықты шыққанын естіп, таңданып
жүргенбіз. Көп ұзамай ол кісілердің өзара сөздерінен «Осының бәрін
енді халыққа ашық айтпай ма, түсіндірмей ме, неменесін жасырады»
деген сияқты айтқандарын да ести бастадық. Расында да, пленумда
Сталинді әшкерелеген баяндаманың газеттерге шықпағанына, ха
лыққа тек жалпы мазмұны жеткізілгеніне жұрттың талайы-ақ іштей
наразы күйде қалған еді. Сөйтсек, ол баяндама көп ұзамай Америкада
жарияланып та кеткен екен, орталық қалаларда батылдығы жеткен
адамдар көшірмесін біреуден біреуге беріп, оқып та жүрген екен.
Экономиканың саясатқа бағындырылуы, саясатқа бейімделіп
құрылуы — кеңестік қоғамның түбіне жеткен жайдың бірі. Хрущевтің
бұрыннан қалыптасып қалған, өз кезеңі үшін уақыт сынынан да өткен
шаруашылық тетіктерін талқандауы, атап айтқанда, орталықтағы
салалық министрліктердің орнына жергілікті жерлерде халық шаруа
шылығы кеңестерін (совнархоздар) құруы үлкен қателік болды. Оның
Американы қуып жетіп, басып озу жөніндегі міндет-межесіне сол
кездегі көзі қарақты жұрттың бәрі күле қарады деп ойлаймын. 1956
жылы АҚШ-та 16 миллион тонна ет, ал СССР-да 7,5 миллион тонна
ет өндірілген екен. Жартысына да жетпейді. Соны 1961 жылға дейін
екі еседен астам өсіру мүмкін бе? Волюнтаризмнің дәл өзі. Хрущев
Лениннің электрификациясына қоса «химизация» дегенді шығарды.
Жүгеріден артық ешқандай азық жоқ деп, ел жаппай жүгерімен
айналысуға кірісті. 1980 жылы коммунизмде өмір сүреміз дегені
есімізде. Халықтың біраз бөлігі сол уәдеге сенді. Мәселенің өзі де
сонда. Хрущевтің ол уәдесі 1957 жылдың мамыр айында айтылған.
Содан жұрт енді ел өміріндегі жаңалықтарды, жақсылықтарды күте
бастамай ма? Күте бастайды. Ал жаңалықтар, жақсылықтар келудің
орнына жағдай бұрынғыдан да нашарлай түседі. Теміртаудағы бүлік
солай шыққан. Сол кезде қалаға Орталық Комитеттің екінші хатшысы
Брежнев келгенде 1956–1958 жылдарда құрылысқа 150 мың кісінің
бүкіл елден жеткізілгені айтылыпты. Соншама адамға лайықталып
азық-түлік жеткізіледі екен де, оларды сақтайтын тоңазытқыштар
Теміртау тағылымы
— 71 —
дың аздығынан тиісті адамдар біраз бөлігін базарға сатуға шығарып,
қалғанын көміп тастап отырады екен. Қарағандыда Дмитрий Оськин
деген жазушы бар еді. Өзі бұрын металлург болған кісі. Кейіннен
екеуміз достасып кеткенбіз. Соның «Двум смертьям не бывать» деген
кітабында талай нәрсе жазылған.
Теміртау оқиғасынан тиісті тағылым алынған жоқ. Арада 3 жыл
өткенде Новочеркасск қаласында үлкен бүлік шықты. Осының ал
дында партияның Орталық Комитеті халыққа үндеуінде қалаларда
халықты етпен қамтамасыз етуде едәуір қиындықтар орын алып
отырғаны айтылған. Мал шаруашылығының механикаландырылуы
мен еңбек өнімділігінің деңгейі ет пен сүт өндіруге кететін шығынды
мемлекеттің сол өнімдерді сатып алатын бағасынан асып кетуіне апа
рып соқтырған еді. Мұндайда, әрине, баға қымбаттайды. Ұмытпасам,
сол тұста еттің барлық түрі шамамен орташа 35 пайызға жоғарыла
ды ғой деймін. Новочеркасскідегі жұмысшылардың жан айқайы ең
қажетті тағам өнімдерінің күрт қымбаттауынан шыққан.
Біз қалаға келердің алдындағы жайсыз оқиға, яғни Теміртау бүлігі
кейін мені көп-көп ойға қалдырды. Комбинат парткомының хатшы
сы кезімде де, қалалық партия комитетінің хатшысы болғанымда
да еңбек адамының хал-күйі, тұрмыс жайы қалай, жөндеп жұмыс
істеуіне жағдайы бар ма, жоқ па дегенді дәйім есімнен шығармауға
тырыстым. Бұл жөнінде қандай қадамдар жасай алғанымды сөздің
реті келгенде әңгімелеймін.
ОТТЫ ӨЗЕН
Ал қазір 1960 жылға, біз болашақ Магниткаға келген кезге қайта
оралайын.
Өмір біртіндеп өзінің үйреншікті арнасына түсе бастады. Домна
пешін әлі іске қоспағанын айттым ғой. Бізді «Казметаллургстрой»
тресінің «Доменстрой» басқармасына орналастырды. Маған, жоғары
да жазғанымдай, жедел түрде бетоншы мамандығын игеруге, метал
лургия агрегаттарының іргетасына бетон қабылдауды үйренуге тура
келді. Ауысым-ауысыммен күндіз-түні жұмыс істедік: бетондауды
бір сәтке де тоқтатпастан, бетонды ыстық күйінде қабылдау қажет
еді. Тұрмыс жағдайымыз дегенде… бізді ылғалды да лас жертөледен
от жағылмайтын жатақханаға көшіргенін, онда біз тар төсекке екі
адамнан жатып, матрац жамылып жылынатынымызды, еш жерде
кептіріне алмағандықтан, брезент киімдерімізді аязда қалдыраты
нымызды, өйткені су-су әрі зіл батпан болып тұрғаннан гөрі мұз боп
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 72 —
қатқан күйінде кию оңай екенін, таңертең жұмысқа өзіміздің басты
құралдарымыз: үлкен балға мен жалпақ күректі қалай алатынымызды
еске алмай-ақ қойсам да болар еді. Кеш сайын шаршайтынымыз
сондай, кереуетке құлай кетіп, ұйықтай беретінмін, ұйықтай бе
ретінмін. Бізді күндізгі ауысымға дайындалу үшін ертеңіне таңғы
бес жарымда оятқан кезде кешегі жұмыс күнінен кейін денемнің
дел-сал болып, демалуға үлгермегенін жиі сезінетінмін. Күн сайын
жолға бір сағат кететін. Мұндайда тек жастығыңа, күш-қуатыңа се
несің. Қарапайым тәрбие жұмысы дегенді былай қойғанда, аздап
кәдімгі адам сияқты демалуды ұйымдастыруды ойлап жатқан ешкім
жоқ. Жастардың басты ермегі — топтасып төбелесу. Днепропетровск
Одессаға, Свердловск Череповецкіге, Гомель тағы бір қалаға қарсы
шығып, дүрлігеді де жатады. Сондай төбелестерде кісі өлімі де болып
тұрады. Өзіңді өзің қорғамасаң, сені ешкім қорғамайды. Жұдырығың
ды тастүйін жұмып, ә дегенге мә деуге дайын тұруға тура келеді.
Ауылдағы мектепте боксқа жазылғанымның, училищеде күреске
жаттыққанымның пайдасын талай көрдім. Әйтсе де, желігі басылмаған
жасқа ағалардың аялы алақаны болмаса, солар сақтандырып, бағыт-
бағдар беріп жүрмесе, ақыл-парасатқа үйретпесе, бұғанасы бекімеген
бозбалалар тағдырының басқа жаққа бұрылып кетпесіне кім кепіл?
Бір жақсы жері, біз барған бетте жанашыр адамдардың, шын
мәніндегі ұстаздардың ортасына түстік. Днепродзержинскіде бола
шақ мамандығымыздың негізіне әбден қаныққанымызға да көзіміз
жетті. Мен училищеден сегізінші разряд алып шыққан едім. Мұның
өзі толық жоғары мамандығы бар жұмысшы деген сөз. Өйткені қара
металлургиядағы ең жоғары разряд — оныншы разряд. Сондықтан
да мен аға металлургтердің айтқанын қағып алып, ойындағысын
орындауға дайын тұратынмын. Үйренуден жалыққан емеспін.
Қара металлургияның қыр-сырына қанықтырған ұстаздарымның
біреуін ғана айтып өтейін. Ол — Борис Васильевич Яговитов. Осы
бір абзал жанды адамды, нағыз маманды ешқашан ұмытпаймын.
Бізді пешке жұмыс істеуге ауыстырғанда ол бригадиріміз, аға гор
новой еді. Егер менен, нағыз большевик дегеніміз кім деп сұраса, өз
пікірімше, әрқашан сол кісіні еске алар едім. Осы жай жұмыскер
адамның өмірге деген көзқарасының үлгісі, өз ісіне берілгендігі менің
партия қатарына өтуіме түрткі болды. Ол кісі маған кепілдеме берді.
Мен партияға бұл ұйым адамдарға әділеттілік әкелетін, жалғандық
пен кемістікке қарсы тұратын күш иесі деген толық сеніммен өттім.
Б. В. Яговитов өзінің алған білімі оншалықты көп болып көрінбе
генмен (небәрі жеті кластық білімі бар адамнан мұның бәрі қайдан
шығады деп қайран қалатынмын), металлургиялық процесті кейбір
Теміртау тағылымы
— 73 —
жоғары білімді инженерлерден артық білетін. Мәселен, ағып келе
жатқан құйманың химиялық құрамын бір көргеннен-ақ, жай көзбен,
бәрін де таңғалдырарлықтай дәлдікпен анықтайтын. Ол Теміртауға
үлкен Магниткадан — Магнитогорск металлургия комбинатынан,
әулетімен бірге келген. Жігіттеріміздің бірінің ұнжырғасы түссе, оның
ұдайы «Ештеңе етпейді, сен әлі-ақ нағыз металлург боласың!» деп, дем
беріп қоятыны есімде. Мұндай сөзге кім-кім де қанаттанып қалады ғой.
Адам, әсіресе жас шақта, еркін болуы керек. Бәрін көруі керек.
Жақсыны да, жаманды да, озықты да, тозықты да қарап, өзі ой қо
рытуы керек. Ойыңдағыны орындау үшін кейде тәртіп бұзуға тура
келуі де мүмкін. Мен өзімді, әсіресе жас күнімде, сондай бір ешқандай
тентектігі жоқ, сонша әдепті, үлгілі едім демеймін. Әрине, басбұзар
лығым болған жоқ. Ата-ананың адал бол, темекі, арақтан аулақ жүр
дегендей ақыл-өсиеті де бар. Мектепте де, кейін де үздік оқығанмын.
Содан қарап мені барлық жағынан түп-түгел, теп-тегіс деудің жөні
жоқ. Мен талайды көрген адаммын. Өмір мені әртүрлі жағдайда
сынға салып байқаған. Оның қилы сәттерін осы кітапты жазу ба
рысында тағы айта да жатармын. Өмірде бәрі болады. Бар мәселе
солардың бәрін там-тұмдап көріп, тағылым алып, дұрыс қорытынды
жасай білуде. Мысалы, жұмысшы ортасында кезінде арақты ауызға
атымен алмайтындар некен-саяқ кездесетін. Біз солардың арасында
едік. Оның үстіне біз металлургтердің ішінде өстік. Ал олар оқшау
ланғандарды ұнатпайтын. Сондықтан ненің болса да дәмін бірге таттық.
Өмір деген төселген тақтай емес. Әсіресе жас кезіңде алдыңнан
шығатын сынақ көп. Жұмысшы ортадағы сондай сынақтардың бірі —
ұжымда қалыптасып қалған дәстүрлерден шет тұрмау. Әлгіндей
дәстүрлердің бірі — алғашқы жалақыны «жуу»… Кезегім келгенде
бүкіл бригаданы — сегіз адамды сыраханаға алып барғаным есімде.
Ойым — ағаларды сыйлау, ортаға кіру рәсімін атқару. Оны «пропис
ка» дейтін. Жасым жиырмаға келгенімен ол кезде аузыма ішімдік
атаулыны алып көрмегенмін. Ауылда ғой, мұндай әдет жоқ. Учили
щеде де болған емес. «Қанша әкелейін?» десем, «Ала бер» дейді. Мол
етіп алдым. Өздері түні бойы ұйықтамаған, қапырық цехтан шыққан.
Айтқандай, біздің Қарағандының бұл істегі өзіндік жаңалығы —
арақты сырамен сораптау! «Пиво без водки — деньги на ветер» деп
«мақалдайтындары» да бар. Сырттарынан таңдана қарап отырмын.
Жаңағы жігіттер біраздан кейін менің өзімді қажай бастады. «Оу,
сен зіңгіттей жігіт бола тұра, ішпейтінің қалай? Іш. Әйтеуір бір кезде
бастау керек қой», дейді. Жігіт емеспін бе, металлург емеспін бе?..
Ақыры бір бастау керек көрінеді?.. Сөйтіп, ағаларымыз бізге метал
лургияны ғана емес, металлургтер тірлігін де үйретіп шығарған.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 74 —
Бірақ жақсыны да, жаманды да көре жүріп, жақсысынан үйреніп,
жаманынан жиреніп өстік. Қай нәрседе де артық кетуге болмайтынын,
артық нәрсе ойыңды да, бойыңды да бұзатынын жастайымыздан
біле алдық. Теміртаудағы өмір университетінің бізге берген тағы бір
тағылымы осы.
Мен шойын құюшылықтан бастадым, соңынан төртінші горновой
етіп тағайындады. Горновойдың еңбегі деген не? Бұл сол скрап бөл
шектегіш ауыр сүңгі және оны күреу үшін керек жалпақ күрек деген
сөз. Ал анау ішкі жағында температурасы 2000 градусқа жететін нағыз
тозақ жатады. Оның үстіне газ бен шаң. Жігіттерге түсетін салмақ
та орасан ауыр. Металл балқыту барысы шағынуға да, демалуға да
мүмкіндік бермейді — тек өзіңе сене аласың. Машықтығың жетпейді
екен, металл тез қатып қалады да, үсті-үстіне апат болады. Сөйтіп,
асбест желбегеймен тікелей жалынға кіріп-шығуға тура келеді. Бір
ауысымда жарты шелек тұзды су ішіп, сонша ылғал термен шығып
жатады. Жұмыстан соң жарты сағат мұздай суға түсіп, жан шақы
расың. Егер жаз болса, сыртқа шыға қалсаң, онда да 35 градус күйіп
тұрады. Жігіттер ылғи титықтап шаршап шығады, келесі ауысымға
дейін бұлшық еттері тынығып та үлгермейді — бәрі бірдей шыныққан
жандар емес қой. Бірсыпырасы шыдай алмай, кетіп те жатты.
Кейін, неше түрлі саяси азан-қазаннан, шешім қабылдардағы
қиындықтардан қажығанда, әділетсіз кінәлау мен беталды сынға
ашынғанда мен өзіме-өзім «Сен пеш түбіндегі азапты жұмысқа шы
даған едің ғой, бұған да шыдайсың» деп жігер беретінмін.
Сөйтіп жүргенде бір күні аяқастынан Теміртауға әкем келе қалды.
Келе қалғанымен қоймай, жұмысыма баруға құлшынды. Қырсыққан
да қымыран іриді дегендей, дәл сол түні, әкем біздің цехқа баратында
үлкен бір апат болмасы бар ма?! Күнделікті атқаратын азапты, ауыр
міндетімізге қоса, апатты жөндеуге тура келіп, қатты жанталастық.
Әкем осының бәрін көріп тұрды. Ертеңінде мені қатты қыспаққа
алды. «Неге сонша жаныңды азапқа саласың? Мен әкемнен үш жа
сымда жетім қалып едім, қиындықтың бәрінен өтіп едім. Бірақ тап
мұндай тозақты көрген емеспін. Құрысын, таста бәрін!» деп әбден
үгіттеді. Әкеме әлім жеткенше бәрін түсіндірдім. Бұл намыстың ісі
дедім. Ақыры райынан қайтардым. Осы істің соңына түскен екенсің,
аяғына шығар онда деген сыңаймен келісімін берді.
Біздің қатарымыздағы үлкен стажы бар металлургтер Уралдан,
Украинадан, Кузнецк металлургия зауытынан шақырылатын, қыр
уар жолқаржы төленетін, бірден пәтер де берілетін. Әлгілер біздің
ауыр еңбектен қалжырап құлап түскен кейбір жігіттерімізді цех
тан зембілмен көтеріп әкетіп бара жатқанда: «Осыларды жұмысқа
Теміртау тағылымы
— 75 —
қалай үйретерсің! Бұлар мал бағу үшін ғана жаратылған ғой!» деп
қолдарын сілтейтін. Турасын айтайын, мұндай сөздер жаныма қатты
батып жүрді. Бірақ сол жұмысшыларға ренжімеймін. Біріншіден,
бұл дөрекілік көбінесе сауатсыздықтан туындап жататын, өйткені
көпшілігінің үш-төрт кластық қана білімі бар. Әйтсе де, зауыттық
тәжірибесі мол. Екіншіден, олардың сөздерінде әлдебір ұлттық кем
сітушілік астар жоқ болатын. Өздерінің ойынша, басқа кез келген
қарапайым пенденің қолынан келе бермейтін күрделі де қауіпті
мамандық иелеріне тән, кәсіби мамандықтың артықшылығына деген,
бірақ кәсіби мамандыққа мақтана менменсудің кешірерлік сезімі ғана
бар еді. Қайткенде де бізді металлург етіп шығарған сол азаматтар.
Сол кезде мен өзіме ант етіп едім: осы жерде өлермін, өртеніп те
кетермін, бірақ мен туралы әлгіндей сөз айтылмайды! Осы антымды
берік ұстадым. Менімен бірге көптеген жолдастарым да сыннан сүрін
бей өтіп, жоғары дәрежелі мамандар, атақты металлургтер болып
шықты. Днепродзержинскіде бірге оқыған, Теміртауда жұмысты
бірге бастаған достарымның бірі — Қабидолла Сәрекенов кейін: «Пат
риотизм бір күнде қалыптаса қоймайды, ол қанға ананың сүтімен
сіңеді. Өзімізді мысалға келтірсем, Теміртауға келген жастардың
басында талай қиыншылық болды. Қолма-қол металлург болып
кету оңай емес-ті. Жұмыс ауыр. Кейбір жігіттер ауылына қайтып
кетті, кейбіреулері «Бізге бір жеңілдіктер жасалса» деп күңкілдеді.
Сонда Нұрсұлтанның бір емес, бірнеше рет: «Маған қандай жеңілдік
болуы керек! Аяқ-қолым сау. Мен қазақ екенмін деп басқалардан
өзіме ерекше қамқорлық сұрауым керек пе? Жоқ! Мен қазақпын. Бұл
менің елім! Менің жерім! Маған ешқандай жеңілдіктің қажеті жоқ!
Адал еңбекпен, күреспен өз нанымды, өз орнымды табуым керек»,
деп айтқанын естіген едім», деп жазыпты. Магниткада табысқан
тағы бір досым, атақты металлург, Социалистік Еңбек Ері Төлеген
Адам-Юсуповті тыңдап көрейік: «Жасырмай айтайын, металлург
болу қиыннан да қиын іс. Әуелде бұл кәсіпке кіріскендер көп болға
нымен, тұрақтап қалғандары аз еді. Көптеген құрдастарымыз ауыр
еңбекке шыдамай, кейбіреуі оқу бітіргеннен кейін де ата-аналары
ның жағдайын сылтау етіп немесе басқа мамандық таңдадым деп,
Магниткадан кетіп қалды. Мысалы, Қазақстаннан Магнитогорскіге
(бізді Украинаға жібергенде Төлеген Магнитогорскіге баратын топқа
қосылған екен) 68 жігіт барған едік. Солардың сегізі ғана металлургия
ға қайтып оралды. Мұндағы жұмыс тәулік бойы жүреді, біреулер
келіп, біреулер кетіп жатады. Күнбе-күн солай, демалыс, мереке деген
болмайды. Әсіресе, авариялардан кейін адамдар шыдай алмайтын.
Шойынды құятын жер табылмай қалғанда сол күреске директордан
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 76 —
бастап бәріміз араласатынбыз. Домнадан мартенге дейін шойынды
жүз тонналық шөмішпен жеткізу дегенді көз алдыңызға елестетіп
көріңізші. Бүкіл комбинат аяғынан тік тұратын. Қыста қардың үрлей
соғатыны сондай, тіпті жұмыс істей алмай қалатынбыз — қатқан
шойынды лақтырып тастауға, оны кейін қолмен тазартуға тура ке
летін. Бұл шаруа бір аптаға созылатын, сол әбден есімде қалыпты.
Ауысымда, пеш түбінде істегенімізде бір күннің сегіз сағатының
ішінде алты рет өнім шығаратынбыз. Мұның өзі шамамен үш мың
тонна шойын деген сөз. Еңбектің ауырлығынан, цехтағы ыстықтан
кей жігіттердің мұрнынан қан кететін. Әйтсе де, егер адам домнаға
жан-тәнімен берілсе, жақсы көріп кетсе, ол жерден кете алмай қала
ды. Қандай қиын болса да кете алмайды». Дәл айтқан.
Домнаға жан-тәніммен берілдім деуім қиын. Бірақ адам бәріне
үйренеді, төселеді. Солай біз де үйреніп кеттік.
Қай істен де нәтиже шыққаны жақсы. Менің жұмысымнан да
нәтиже шықты. Домна пешіне ауыстырылғаннан кейін айлығым да
өсе бастады. Жоспар 120–150 пайызға орындалып жатты. Ондайда
жалақы да тиісінше көбейетін. Кейде тіпті айына үш жарым мың сом
алатын болдым! Ескі рубльдің кезі. Кейінгімен есептегенде 350 сом.
Бұл дегеніңіз өте көп ақша. Сол ақшаның жартысын ауылға, әкеме
жіберіп тұрдым. Әлгі мол ақшаны алған сайын аң-таң қалып, мұндай
ақы төлейтін қандай жұмыс бұл өзі деп Теміртауға келіп жүргені
ғой. Жұмысымды көріп, неше мың төлесе де істейтін жер емес екен
деп мені үгіттеп кеткен болатын. Оны жаңа айттым.
1960 жылдың 3 шілдесі Қазақстан Магниткасының дүниеге келген
күні деп есептеледі. Дәл сол күні Қазақстан мен Орталық Азиядағы
алғашқы домна пеші іске қосылды. Дәл сағат 15.00‑де Магнитканың
шамамен отыз бес мыңдай жұмысшылары бір мезетте «Ура!» деген
айқайға басты. Сол сәтте № 1 домна пешінен отты өзен сарқырай
аға жөнелді — болат арнасы ашылды. Қарағандылық қаламгер Әмен
Әзиев «Егемен Қазақстан» газетінің 2000 жылғы 1 шілдедегі санына
шыққан «От алауында шыныққан жастық шақ» атты мақаласында
былай деп жазған:
«Үшінші шілде күні Теміртаудың көшелері, мәдениет, тұрмыс
ошақтары, автобустар мен трамвайлар мерекедегідей безендірілді.
Мыңдаған тұрғын сапқа тұрып, ұрандар, портреттер мен тулар кө
теріп, Магниткаға қарай лек-лек болып ағылды. Түске таман бірінші
домнаның сыртындағы ашық алаңға халық лық толды. Құю цехының
ішінде көптеген қонақтар, тілшілер, фотосуретшілер, кинооператор
лар мүлде топырлап кетті. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев бастаған
партия мен үкімет өкілдері көрінді. Зауыттың сол кездегі директо
Теміртау тағылымы
— 77 —
ры Вячеслав Куликов, домна цехының бастығы Константин Зайцев
Димекеңе түсінік беріп тұрды.
Бір кезде көздеріне қара көзілдірік киген обер-мастер К. П. Ге
ращенко мен горновой А. Набиуллин отқа төзімді қапастың аузын
бұрғы мәшинесімен бұзып жіберді. Жарқыраған жалын, қып-қы
зыл шоқ, сап-сарыала өзен ақпаның (желобаның) үстіне лап қойды.
Шыжылдаған, шашыраған алтын ұшқындар құдды бір отшашудай
боп атылды. Сарай іші күндізгідей ғажап сәулеге бөленді. Бұл та
рихи оқиға сағат 15‑тен 7 минут өткенде болды. Араларында сол
кезде небәрі 20 жастағы жас жігіт Нұрсұлтан Назарбаев бар, барлық
горновойлар «Кармет Завод. Первый Казахстанский чугун. Июль,
1960» деген жазулар жазылған, көлемі шағын медальондар құйып
алды. Шойыншылардың өнері от дариясын ағызғанда және қабылдау
үстінде айқын көрінді. Сәл төменде тұрған 100 тонналық ожаулар
бірінің артынан бірі көз қарытқан балқымаға шөпілдеп тола баста
ды. Үкімет адамдары мен қонақтар сыртқа шығып, митингі өтетін
жерге қарай бет алды… Бұл қуанышты сәтті біз де көптің бірі болып
өз көзімізбен көргенбіз». Бұған мынандай жайларды анықтаңқырап
қосайын. Домна пешіне алғашқы вагон руданы Шәміл Бектенов
басқаратын бірінші бригада тиеді. Олардан кейін Геращенко мен
Набиуллиннің екінші бригадасы шойын астауды ашты. Мұнан ке
йін іске мен жұмыс істейтін үшінші бригада қосылды. Бізге циклдің
соңғы жұмысы — металды шойын құймаларға құю бұйырды. Сөй
тіп, Қазақстан өнеркәсібінің жаңа дәуірі басталды. Жиырма жасқа
толуыма үш күн қалған еді!
Жаңағы мақаласында жазушы алып құрылыста атқарылған алапат
жұмысты былайша сығымдап айтқан: «1953–1954 жылдары осы ме
таллургия кешенінің орнайтын орнын анықтау жұмысына Қазақ КСР
Ғылым академиясының президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың
өзі басшылық еткен. Салынатын құрылыс бірден-ақ «Қазақстан Маг
ниткасы» атанды. Одақта теңдесі сирек зауыттың бүкіл құрылысын
алты жылда аяқтау үшін қыруар жұмыс атқарылды. Әуелі 33 мил
лион текше метр топырақ қазылды, 2,5 миллион текше метр бетон
құйылды, 160 мың текше метр көлемде отқа төзімді кірпіш, 460 мың
текше метр көлемде жай кірпіш қаланды. Бұған қоса тораптардың
іргеліктеріне, қабырғалары мен төбеліктеріне 910 мың тонна темір
бетон бөлшектері құрастырылды. Ал құрылыс алаңына салынған
теміржолдар 380 шақырымға жетті». Расында да, ғажап емес пе?
Осындай жанкешті жұмыстың, ерен еңбектің арқасында Кеңес Одағы
қанқасап соғыстан қансырап шыққаннан кейінгі айналасы жиырма
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 78 —
шақты жылдың ішінде-ақ әлемдегі екінші қуатты державаға айнала
алған болатын.
1960 жылы алғашқы шойынды балқыту тек Қарағанды метал
лургия комбинатының тууы болып қана қойған жоқ. Іс жүзінде бұл
Қазақстанның бүкіл қара металлургиясының тұсауы кесілген күн еді.
Ол жерде бұрын шағын елді мекен, палаталық қалашық пен
бүкілодақтық екпінді құрылысқа келген мен сияқты мыңдаған жастар
болды. Адамдар қолымен алғашқы домна тұрғызылып, өндіріске
қосылды. Бұл — құрылысшылардың, монтаждаушылардың, реттеу
шілердің, металлургтердің алып ұжымының нағыз еңбектегі ерлігі.
Сол бір шын мәніндегі тарихи балқымаға өзімнің де қатысқанымды
өте мақтан ететінмін. Кезінде металлург мамандығын таңдағаныма
ризамын.
Бұл жерде мінез шыңдалды, бұл жерде мен өте маңызды өмірлік
тәжірибе алдым, жаңа сенімді достар таптым.
Олег Тищенко, Александр Коркин, Николай Давыдов, Олег Соско
вец, Владимир Кац, Махмұд Ақбиев, Арғын Жүнісов саяқты тамаша
адамдармен бірге жұмыс істегеніме қуаныштымын.
Жолдастарымның арасында төртінші домна пешінің горнында
бірге тұрғандар маған айрықша қымбат. Олар Қабидолла Сәрекенов,
Владимир Колбаса, Төлеутай Сүлейменов.
Тұңғыш балқымаға және сол тұңғыш шойынды қабылдауға Дне
продзержинскідегі техникалық училищеде бірге оқыған достарым —
Аманәлі Әбдіраманов, Сахан Батырханов, Рахметулла Жанарбаев,
Марат Қыстаубаев, Талмахан Құрманбаев, Әмірбек Қырықбаев,
Тұрғанбек Орынбаев, Алтай Сәлімов, Қабидолла Сәрекенов, Әбдіқа
дыр Соқбеков, Жасұзан Сұлтанбеков, тағы басқалар қатысты. 2010
жылғы шілдеде еліміз Қазақстан Магниткасының 50 жылдығын атап
өтті. Мерейтойлық, мерекелік балқымаға мені арнайы шақырды.
Үстіме металлургтің киімін киіп, қолыма баяғыдай шөміш алып, тағы
да отты өзеннің алдына келдім. Көз алдыма жастық шағым, жалын
шағым қайтадан орала қалды. Сол сәт естен кетпейді.
Салтанатты митингіде сөйлеген сөзімде 50 жыл бұрын, алғашқы
қазақстандық шойынның құйылуы тек Қарағанды металлургия комби
натының дүниеге келуі ғана емес, бүкіл Қазақстан қара металлургия
сының дүниеге келуі екенін айттым, атақты металлург Арғын Жүні
совке «Қазақстанның Еңбек Ері» құрметті атағының алтын жұлдызын
табыс еттім. «AрceлoрMиттал Теміртау» акционерлік қоғамының аға
өндірістік шебері В. И. Деркачқа «Отан» орденін, Ресей Федерация
сының қаржы-өнеркәсіптік топтары қауымдастығының президенті
О. Н. Сосковецке, «AрceлoрMиттал Теміртау» акционерлік қоғамының
Теміртау тағылымы
— 79 —
суық металл кесушісі В. В. Ткаченкоға ІІ дәрежелі «Барыс» орденін,
«AрceлoрMиттал Теміртау» акционерлік қоғамы директорлар кеңесі
нің төрағасы Л. Митталға ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыстадым.
«AрceлoрMиттал Теміртау» акционерлік қоғамы комбинатты
қиын жағдайда тығырықтан шығарғаны анық. Сол тұстағы жалғыз
жол шетелден инвестиция тарту еді. Біз соны жасадық. Дер кезін
де қуатты инвестор таба білгеніміздің арқасында біз комбинатты
аман сақтап қала алдық. Азаматтарымыздың әлеуметтік қорғалуы
қамтамасыз етілді. Комбинаттың дамуына жүздеген миллиондаған
доллар жұмсалды. Соның арқасында өндіріс жаңғыртылып, қазіргі
заманғы жабдықтармен, ең жаңа технологиямен қамтамасыз етілді.
Жаңа қосымша қуаттар пайда болды. Болат өндіру көлемін жылына
6 миллион тоннаға жеткізу межеленді. Алайда уақыт өте келе жаңа
проблемалар да туындамай тұрмады. Әсіресе кейінгі жылдарда адам
өліміне әкеліп соқтырған технологиялық апаттардың қайта-қайта
орын алуы жан ауыртады. Акционерлік қоғам кәсіпорындарында
қауіпсіздіктің сақталуына тиісінше көңіл бөле отырып, бұл метал
лургия алыбындағы өндіріс көлемін кемітіп алуға жол бермеудің
амалы да табылатынына сенемін.
ЕСКЕРІЛГЕН ЕҢБЕК
Магнитка алғаш өнім бере бастаған кезде мен құю мәшинесінің
шойыншысы едім. Одан соң горновой болдым. Училищеден алған
мамандық осы. Ол домна пешінің негізгі жұмысы. Алғашқы балқы
ма алған сол тарихи сәт «Первый чугун Казахстанской Магнитки»
деген деректі фильмде бейнеленіп қалған. Мен туралы түсірілген
деректі ленталарда бір көрсетілмей қоймайтын белгілі кадрлар сол
фильмнен. Жұмыста көзге түскендігім шығар. Оның алдында мек
тепте де, училищеде де озат оқып, көзге түскен қалпыммен мұнда да
намысты қолдан бермеуге тырысып бақтым. Еңбегім жана бастады.
Жарты жыл өткенде 7‑разрядты төртінші горновой, тағы бір жылдан
кейін 8‑разрядты үшінші горновой, ал 1962 жылдың ақпан айында
9‑разрядты екінші горновой, одан кейін 10‑разрядты газшы болдым.
Металлургтер бұл жетістіктің қадірін жақсы біледі. Домна процесін
жүргізіп, көрікке басшылық етуге әдетте талай жылдар жұмсалады.
Біз болсақ тез өттік.
Бұл бір ерекше кезең еді. Оны әдеттегідей «жылымық» дей салу аз.
«Хрущев жылымығы» дегенде біз алдымен саяси айыппен қамалған
дарды түрмеден босатуды, қоғамдағы белгілі бір еркіндікті айтамыз
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 80 —
ғой. Шын мәнісінде, Кеңес Одағы соғыстан кейінгі қираған шаруа
шылықты қалпына келтіріп қана қоймай, жаңа өндірістер ашып,
тың технологиядағы табыстарымен әлемді таңғалдырып жатқан
кезең еді ол. 1961 жылы Юрий Гагариннің адамзат тарихында алғаш
рет ғарыш жүзіне көтерілуі бүкіл кеңес қоғамының рух сілкінісінің
ғажап шарықтауы болған-ды.
Сол жылы маған «Коммунистік еңбек екпіндісі» атағы берілді.
Кезінде бұл едәуір құрметтің белгісі еді. Карметкомбинаттың архи
вінде сол атаққа ұсынылғанымда жазылған пікірлер сақталып қалып
ты. Петр Граськов, Александр Щербаков, Николай Канищев сияқты
аға металлургтер менен көп үміт күтіп, жақсы сөздерін арнапты.
Шынын айтқанда, Петр Андреевич Граськовтің көрікшінің барбиған
саусақтарымен ақ қағазға арбита түсірген сол пікіріндегі: «Мен
Назарбаев жолдас туралы көп жазбаймын. Назарбаев жолдас туралы
бір-ақ сөз айтамын: өте жақсы жігіт» деген қарапайым ғана сөйлемі
кейіннен өзім туралы жазылған талай мақтау мақалалардан артық
көрінеді. Ал Николай Павлович Канищевтің ой толғамын оқыған
да жұмысшы адамның сөз саптауына сондай сүйсіндім. «Металл
балқыту үшін ғылымның, практиканың, тәжірибенің, эксперименттің
тоғысуы шарт, ал бұл үшін металлургтен ойлаудың, іс-қимылдың,
жасампаздық істің айқындығы талап етіледі. Өндірілген металда
қуат пен ерік-жігер жұмыла танылады, психология қалыптасады,
адамның жан дүниесі ашылады», деп жазған екен.
Атым ауызға алына бастады. Газетке жиі шығатын болдым.
Сол тұста маған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамота
сы және БЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет грамотасы табыс
етілді. Бұлар едәуір салмағы бар наградалар. Мысалы, Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар кейін,
жасы толғанда республикалық дәрежедегі зейнеткер атағынан үміт
керлер қатарына қосылатын.
Қазақ шаруасын мандытпайды деген сөз талайлардың аузынан
шыққан. Қадыр Мырзалиевтің: «Бір жаманы — шаруасын ман
дытпаған, Бір жақсысы — қулықпен жанды ұтпаған» деп келетін
өлеңі бар ғой. Әрине, бүкіл халық туралы бір ауыз сөзбен баға
беруге тырысу жөнсіз. Әйтсе де, белгілі бір тарихи жағдайларға,
әлеуметтік-экономикалық ортаға байланысты қалыптасатын мінез,
әдет дегендер болатынын да жоққа шығару қажетсіз. Негізінен мал
шаруашылығымен айналысу қоғам мүшелерін еңбекке біркелкі тарт
пайтынын біз анық ұғынуға тиіспіз. Екінші жағынан ұшы-қиырсыз
даланың өзі де адамды мына дүниеге ой көзімен қарауға бейім
деп тұратындай көрінеді. Көшпелі өмір салты біздің халқымыздың
Теміртау тағылымы
— 81 —
бойына тұтынушылық психологияны, дүниеқорлықты жуытпады.
Қыстауға немесе жайлауға жиналғанда бар дүние-мүлкін бір-екі
түйенің үстіне, бір арбаға сыйдыруға тура келетінін білгендіктен
де қазақ басы артық нәрсе ұстамаған. Осындай-осындайдан барып
халқымыз ұлы адамдық қасиеттерді қалыптастырды. Сөз өнерін, саз
өнерін ғажайып биіктерге шығарды. Ол да еңбек. Ой еңбегі, рух еңбегі.
Айта кететін тағы мынандай жай бар. Кеңестер кезінде үлкен өн
діріс орындарында кәсіби мамандыққа, жалақысы мол жұмыстарға
бізді жібере қоймайтын. Қарағанды, Балқаш, Екібастұз, Теміртауда
салынған зауыттардағы мамандар тек Ресейдің түкпір-түкпірінен
әкелінді. Сол кезде қазақ жастарын әр өңірден жинап, үлкен ме
таллургия орталықтарына жіберді. Мысалы, біз Украинаға бардық,
басқалары Уралдың зауыттарына, Кузнецкіге, Череповецкіге тарт
ты. Украинаның өзінде Запорожсталь, Кривожсталь сияқты ірі ме
таллургия орталықтары болды. Сол кездегі мәлімет бойынша, он
мыңға тарта қазақ жастары өндіріске тартылды делінеді. Оның ішінде
құрылысшылар, жай жұмысшылар бар. Қазақ жастарын өндіріске
дәл осындай тарту, әрине, алғаш рет еді. Бұл шараның маңызы зор
еді. Біздің көзге көрініп, үздік атанып, ақпарат құралдарының бетіне
шығуымыз басқа жастарға үлгі болса керек.
«Қазақ жастары — Қазақстан Магниткасына!» деген шақыруға үн
қосып келген қандасымыздың аз ғана бөлігі металлургияда тұрақтап
қалғаны рас. Теміртауда алғашқы жылдары қазақ жігіттерінің саны
небәрі үш пайыз болғаны да рас. Бұл мәселеге жан-жағынан, былай
ша айтқанда, диалектикалық тұрғыдан қарау керек. Кінәлай салу
оп-оңай. Әуелі біздің ұлтымыз үшін ол кезде қара металлургия тұр
мақ, жалпы индустрия орындарында жұмыс істеу тосын кәсіп екенін
ескерген жөн. Сол тұста басқа өлкелерден шақырылған адамдарға
алдымен жағдай жасалды, мысалы, Теміртаудағы болгарларға арнап
үйлер салынды. Ресейден, Украинадан, тағы басқа жерлерден келген
адамдарға пәтер беріп, келгені үшін қаражат бөліп, жұмысқа орна
ластыруда көп қамқорлық көрсетілгенін де ұмытпайық.
Тағы бір жағдай бар. Қазақтар бөлекше балажан болады. Содан да
ұлын да, қызын да қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай,
әлпештеп өсіреді, қолынан келгенше қиындық көрсетпеуге тыры
сады. Мұның жақсы жағы да бар, жаман жағы да бар. Жақсы жағы
белгілі. Жаман жағы — алдынан шығатын өмірдің қиындықтарына
қайрап, шынықтырып салмайтыны. Сондай-сондай себептерден бі
раз қазақ жастары Магниткадан кетіп қалды. Олардың ішінде менің
достарым да болды. Сол былайынша да азғана жігіттердің өзі ауыр
және қауіпті жұмысқа шыдамай, жайма-шуақ жүріп, жаймашуақ
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 82 —
тұратын ауылын, даласын аңсады. Кейбіреулері жұмыс үстінде құлап
түсіп, дәрігерлер алып кететін. Қаның қайнамай ма сол кезде? Оның
үстіне қара металлургиядағы қара жұмыстың нағыз азап екені тағы
рас. Әйтсе де, біз сол азапқа шыдас бердік. Жас кезіңде сондайға
шыдап, шыңдалмағанда қай кезде шыңдаласың! Сондайға шыдаған
ның арқасында қазақтың намысын сақтап қалдық. Мен өз басым
талай жігітті үгіттеп, тоқтатқанмын. Олардың бірі — Магниткада
бірге жұмыс істеген досым Қуаныш Омашев. Ол Қарағанды облы
сының Ақтоғай ауданының жігіті еді, ауылы жақын. Бірде ол маған
металлургиядан кеткісі келіп жүргенін сыр ғып айтты. «Неге?» деп
сұрадым әуелі. Ауылда бұл жерге қарағанда жұмыстың жеңілдігін,
кез келген уақытта демалуға болатынын айтты. «Қуаныш, — дедім
сөзін мұқият тыңдап алған соң, — сен кетесің. Мен кетемін. Ол кетеді.
Сонда Қазақ Магниткасында кім қалмақ? Бізде, қазақтарда намыс
деген бар емес пе еді? Бұл — біздің Магниткамыз. Бұл — біздің бо
лашағымыз. Ұрпағымыздың мақтанышына айналар алып өндіріс.
Жан-жақтан келіп жатқан өзге ұлттардан металлургияның қыр-сы
рын үйреніп, келешекте өз қолымызға алмаймыз ба Магнитканы?».
Осы бірауыз сөзім оны тоқтатты. Беделді металлургтердің біріне
айналды. Инженер-металлург болып, құрметті зейнетке шықты.
Қуаныш досыммен талай қызығымыз бірге өтті. № 3 шағын ауданда
жаңа салынған үйлерден пәтер алып, көрші тұрдық. Үйді-үйімізге
барып-келіп, араласып-құраласып жүретінбіз. Сараның қолы ашық,
дастарқаны жиылмайды. Қуаныштар келгенде: «Бәрің Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан деп осыны жақсы көресіңдер, сендердің нағыз бауырла
рың мен емеспін бе?» деп әзілдейтін. Сара Арқаның қызы ғой. Әзіл
демекші, ана бір жылы Қуанышқа айтқанмын, «Сендерге пирамиданы
көрсетемін» деп. Содан олар «Нұрсұлтан бізді Египетке шақырып
жатыр, пирамиданы көрсетпекші» деп, әбден дайындалып жүріпті,
әйелдеріне де айтып қойыпты. «Бәлен күні Астанаға келсін» деп тағы
хабар бергіздім. Олардың бәрін халық формасына қарап «Пирами
да» атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайының салтанатты
ашылуына алып бардым… Бәрі соны көпке дейін айтып жүрді.
Жалпы, баласын кім жақсы көрмейді. Бірақ есейе келе баланың
ата-анадан алыстау болып, өз жолын іздеп тапқаны жөн. Өмір жолы
оңай емес. Сол жолдың қиыншылығына төзбесе, өмір күресінде жеңу
оңайға түспейді. Мен ауылымнан, ата-анамнан тұңғыш рет алыс
кеткенде көп сағынып, көп қиналдым. Менің жанымдағы елдің әр
түкпірінен келген жастардың көңілдері де сондай еді. Бірақ уақыт өте
бәріне көндік, төздік. Өзің үшін өзің шешім қабылдаудың не екенін
үйрендік. Бұл үлкен өмір мектебі болды.
Теміртау тағылымы
— 83 —
Талай достарымның балалары әкелерінің жолын қуды. Міне, бізге
керегі де осы емес пе? Балаларды қиындыққа қайрап салудың жөні
бөлек. Жан-Жак Руссоның айтқаны бар, «Балаңызды бақытсыз етудің
таптырмас тәсілін білесіз бе? Жастайынан ешқашан бетін қайтарма
саңыз, бақытсыз етуге сол жетіп жатыр» деп. Керемет айтылған сөз.
Баланы оқуға да, еңбекке де мәжбүрлеу керек. Бала деген кішкентай
күнінен осының бәрінің соншалықты керектігін, пайдалылығын өзді
гінен терең пайымдай алмайды да. Оның бәрі заңды нәрсе. Баланың
аты бала. Жақсы өмір, лайықты өмір тек біліммен, тек еңбекпен
келеді деп баулу керек бала күнінен. Тәтті нан ащы термен келетінін
ұғындыру керек.
Еңбекті тек жұмыс деп қарауға болмайды. Ол екеуінің айырмасы
болмаса, екеуін екі сөзбен атамас еді. Адал еңбектің аздырмайты
нын, арамдықтың бойды жаздырмайтынын біледі біздің халқымыз.
Бейнеттің түбі зейнет екенін де айтады біздің қазақ. Еңбек сені адам
ретінде қалыптастырады, сенің мінезіңді шыңдайды, сенің дүниеге
көзқарасыңды орнықтырады. Жұмысшылар ортасының ашықтығы,
әр ұлттан құралса да жанының мөлдірлігі сені де тазартып тұрады.
Ол жерде бойыңа бітпеген қасиетті бардай көрсету деген, ойыңа
сыймайтын сөзді айтып, өзіңді дардай көрсету деген болмайды. Ба
рынша табиғи жүресің. Мынандай бір жағдай есімде. Магнитка парт
комының хатшысы кезім. Комбинаттағы кран машинистері жұмыс
істеуден бас тартыпты. Салқындатқыш аппарат істен шыққан екен.
Кран машинисі дәл ағып жатқан шойынның үстінде болады, оны
салқындатпаса өте қиын. Мамандар уәде берген құрал-жабдықтарын
дер кезінде жеткізбепті. Енді болмаса бүкіл комбинаттың жұмысына
нұқсан келейін деп тұр. Оқиға орнына бардым. Бәрін көрдім. Кранға
көтеріліп, кабинаға кірдім де жұмыс істей бастадым. Кәдімгі каби
неттегі киіміммен. Мені көріп машинистер орындарына оралды.
Еңбек адамының көңіл күйіне қарау, жұмысқа қажетті жағдай
ды жасау да мәселенің мәселесі. Біз еңбек қоғамын құрамыз десек,
әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асырамыз десек, осы жағына қатты
қарауымыз керек.
Абай: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген. Ол
қазақты үйренуге үндеді. Бұл сөздің мағынасы әлі де жойылған жоқ.
Алыстан да, жақыннан да үйренетін нәрсеміз көп әлі. Өзгелерден
үйрене жүрсек қана, өзіміз де үйрететін ұлтқа айнала аламыз.
Жұмысқа орналасқаныма екі жыл да толмай жатып, КОКП мү
шелігіне кандидаттыққа қабылдандым. Кейбір кітаптарда менің
бұл қадамымды мансап сатысы үшін жасалды деп те түсіндіреді.
Мұны осылайша оңайлатып айта салудың жөні келмейді. Біріншіден,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 84 —
партияға жұмысшыларды көбірек тарту деген саясат жүргізілді.
Партияның авангарды жұмысшылар делінетін. Екіншіден, ол кезде
партия мүшесі болмасаң, бригадирліктен жоғарылай алмайтының
белгілі. Тіпті осы жағын ескергенімде де тұрған өрескел ештеңе жоқ
деп ойлаймын. Ең бастысы бұл емес. Ең бастысы — сол заманда кеңес
қоғамының таңдаулы, алдыңғы қатарлы бөлігі компартия мүшелері
болғандығы. Әрине, көптің ішінде кім кездеспейді дейсің, коммунис
тердің арасында да неше түрлі адамдар табылатын.
Коммунистік партия қатарының өсуін негізінен жұмысшыларды
тарту мен қолдан қамтамасыз ету оған колхоз-совхоздағы шаруалардың
енжарлығына, ал интеллигенцияның көбіне сырттай бақылаушылыққа
тұтастай алғанда партияға сын көзбен қараушылыққа апарып соқтыр
ғанын да айтпасқа болмайды. Бұл жөнінде жұрт неше түрлі анекдот
та шығаратын. Партияға өтетін жұмысшыларға талаптың төмендігіне
қатысты мынандай бір мысқыл әңгіме еске түседі. Ол кезде парткомис
сия деген бар. Кілең партия ардагерлерінен құралатын сол комиссия
кандидаттарға сұрақ қояды. Бір жұмысшы комиссияға келіпті. «Кеңес
Одағы мен Үндістанның арасындағы сауда байланыстары туралы не
айта аласыз?» деген сұрақ қойылады. Картадан Үндістанды өзі тауып
көрсетуі неғайбыл ол адам «сауда байланыстарының» не екенін біл
мей, үнсіз тұра береді. Сұрақ қоюшы әйтеуір жауап алу үшін: «Біз
Үндістаннан не сатып аламыз?» дейді. Бұған да жауап болмайды. Енді
сұрақ әбден оңайлатылып, «Таңертең не ішесіз? Есіңізге түсіріңізші?»
деп қойылады. Сонда барып аң-таң қалған кандидат: «Қияр тұздығы
ма?!» дейді…
Әзіл түбі — зіл, әрине. Әйтсе де, ол уақытта елді алға бастаған
негізгі күш партия мүшелері екені ешқандай талас тудырмайды.
«Әділеттің ақ жолы» кітабында біздің бригадиріміз, аға горновой
Борис Яговитов туралы жазғанмын. Оның өз ісіне берілгендігі менің
партия қатарына өтуімнің бір түрткісі болды дер едім. Бір күні Борис
Васильевич әңгімеге шақырып, мені партияға өтудің артықшылықта
рына сендіре бастады. «Сені жақсы қызметтік өсу жолы күтіп тұр,
бірақ жетістікке жету үшін партияға өту керек», деді ол. Көп ұза
май-ақ цехтық парткомға шақырды. Оның алдында партком бас
қосып, мені партия мүшелігіне кандидаттыққа алу мәселесін қарас
тырған екен. Ендігі бір жыл ішінде мені қадағалап, сынаққа алатын
көрінеді. Егер сол уақыттың ішінде өзімді жақсы жұмысшы етіп
көрсете алсам, басқадай ыңғайсыз жағдайларға түсіп қалмасам, тағы
сондай қауіп-қатерден сақ болсам, онда бір жылдан кейін партия
мүшелігіне алатындарын айтты.
Теміртау тағылымы
— 85 —
Иә, партияға өтуге мені ешкім де итермелеген жоқ. Партия ұйым
дастырушыларының жұмысшыларды партияға өту үшін өтініш
беруге үгіттеп жүргенін, ал сонымен қатар инженер-техник қыз
меткерлердің анкета алу үшін кейде жылдар бойы кезекте тұра
тынын байқағаным едәуір кейінгі кезде еді. Жолды ашу, жеңілдік
алу, жоғарылай өсу дегендер ойға да келмейтін. Әлгінде айтқандай,
нақты мысалдар көз алдымызда тұратын — өйткені цехтағы комму
нистер әрқашан өнеге еді, олар қандай қиын жағдайда да ешкімді
ұятқа қалдырмауға тырысатын. Оның үстіне, олар партия ұйымының
ықпалы күшті екенін білетін, егер керек болса, цех бастығына немесе
кез келген өзге жетекшілерге талап қоя алатын.
1962 жылдың ақпан айында Магнитка жастары мені Қазақстан
комсомолының Х съезіне делегат етіп сайлады. Бұл кезде жасым әлі
жиырма екіге де толмаған еді. Съезд мінберінен Теміртауда алып
комбинат салып жатқан мың-мыңдаған құрдастарымның, тұстас
тарымның көкейкесті мәселелерін көтеруге тырыстым. «Теміртау
дың комбинатында да, қаласында да біразын өз күшімізбен шешіп
жатқан проблемалар бар, сонымен бірге біз өзіміз шеше алмайтын
проблемалар да бар. Жастардың көңілдегідей демалуы, көркем
өнерпаздықпен шұғылдануы үшін мәдениет сарайы жоқ. Таланттар
жеткілікті. Спорт шеберлері, разрядтылар бар, алайда стадион жоқ.
Қала комсомолдары атынан біз үшін қиын осы мәселені шешіп бе
руді сұраймын. Талай жас жігіттер талай нәрсені үйренгісі келеді,
бірақ қаламызда оған мүмкіндік аз. Үкімет қаулысы бойынша қалада
жоғары техникалық оқу орнын салу керек деп шешілген, әйткенмен
екі жылдан бері біз тек арлы-берлі сапырылысқан қағазды ғана көріп
жүрміз, мәселенің түйіні табылатын түрі көрінбейді. Көптеген ірі
зауыттарда мұндай ЖОО-лар құрылған. Жоғары білім министр
лігі де, Мемлекеттік жоспарлау комитеті де, республика комсомо
лының орталық комитеті де әлі күнге дейін осы құрылысты қолға
алуға қажетті шараларды жүзеге асырмай отыр. Бізге осындай оқу
орны керек. Теміртаудың комсомолдары мен жастары өз қаласында
инженер-металлургтер дайындайтын зауыт-втуз болғанын көптен
қалайды, содан да осы мәселе тіреліп тұрған ұйымдарға үміт арта
қарайды. Мұны шешетін уақыт келді… Бізге неге өнердің майталман
шеберлері келіп тұрмайды? Шығармашылық тұлғалар — белгілі бір
мәдени орта қалыптасып үлгерген Алматының, басқа да орталық
қалалардың ақындары, жазушылары да сирек келеді. Жазушыларды,
ақындарды осы заманның батырларын біздің арамыздан іздеуге, ол
үшін бізге келуге шақырамын…», деп сөйлеген сөзім жап-жақсы
шыққандай болды. Олай дейтінім — талай рет қол шапалақталды.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 86 —
Түйіндейтін тұста: «Ең соңында съезд мінбесінен жастарға арнаған
бір өтінішімді айтпай түсе алмаймын. Қазақстан Магниткасында
қазақ қыздары ілуде бір кездеседі. Біз жастық романтикасына бай
қаламызға қазақ қыздарын шақырамыз, бәріңізге жұмыс табылады,
сіздерді құшақ жая қарсы аламыз» деп айтқаныма зал толы жұрт ду
күліп, қолпаштап жөнелді. Ол кезде Магниткаға бұған дейін келген
аз ғана қазақ қыздарының арасында менің болашақ жарым, үш пер
зентімнің анасы Сара жүргенін мен білген жоқпын…
«КӨМЕК КЕРЕК ПЕ?»
Парткомдағылардың мені партия мүшелігіне кандидаттыққа
ұсынатын кезде бір жылдық сынақ мерзімінде басқадай ыңғайсыз
жағдайларға түсіп қалмасаң, мысалы, қыздарға қырындаймын деп
жүріп, ұят іске бармасаң деп ескертетіндей жөні де бар. Жалпы,
мұндай қауіпті қандай жас жігітке де айтудың артығы жоқ шығар.
Оның үстіне менің ғашық бола қалатыным рас еді. Украинада жүр
генде сымбатты Людмилаға, досым Миколаның қарындасы Наташаға
көңілім құлаған. Теміртауда да жастық шақтың көрігін қыздырған
қыздар талай кездесті. Бірге қызметтес болған Әбдеш Қалмырзаев
тың мына сөздері дәл айтылған: «Орталық Қазақстанның азаматтары
оны біздің ауылдың баласы емес деп шеттеткен жоқ. Нұрсұлтанды
Арқаның ұл-қыздары қатты қадірледі, олар оны өздеріне жетекші
етіп сайлады. Қыздары жүрек сезімдерін аяған жоқ». Осының бәрі
өмір ғой. Әйтсе де, көңіліңді толқын атқандай теңселтіп жіберетін,
шын махаббатпен жолықтыратын адамның жөні бөлек екен. Мен
үшін Сара осындай адам болып шықты.
Сара Алпысқызы Арқа төсіндегі әйгілі әулеттен. Арғы тегі дәулетті
кісілер. Арғын ішіндегі қуатты атаның бірі Қуандықтан тарайтын
атақты Қонақай байдың немересі. Байдың баласы деп Сараның әкесі
Алпыс ақсақал кейінгі кезге дейін қудаланып келіпті. Баяғы заманнан
Нұраның бойын ен жайлаған бұл әулеттің қоңы кеңестің тұсында
да тая қоймады, әкесі сауда саласында істейтін. Арбаш деген ағасы
металлург еді. Алыс ағайыны Сыздық Әбішев Қарағанды қалалық
сауда басқармасының бастығы болатын. Сыздық Жұматайұлының
іскерлігіне, тындырымдылығына жаңа мемлекет құру барысында да
талай рет көзім жетті. Сара бес жасында анасы өмірден өтіп, еңбекке
ерте араласыпты. Тігінші, электрик мамандығын игеріп, Магниткада
жұмыс істеп жүр екен. Алғаш көргенімде көркіне қатты сүйсінген
мін. Әдемі қара юбка мен ақ блузка киіп келгені көз алдымда. Сенбі
Теміртау тағылымы
— 87 —
күнгі би кешінде биге шақыруға көпке дейін батылым бармағаны да
есімде. Байқасам, оның аяғына бас ұратын жігіттер жағы жеткілікті
сияқты. Олардың кейбіреулері қызғаныштан төбелесе кетуге де дайын
тұратын. Қызды алғаш рет биге шақырғаннан-ақ соңынан қалмауға
айналдым. Жүрген-тұрғанының бәрін зерттеп алдым. Ән салады
екен, би сабағына барады екен, хорға қатысады екен. Қызды көбірек
көру, жақынырақ араласу үшін не істеу керек? Әрине, хорға жазылу
керек… Ойымды Қабидолла досыма айтсам, ол шоршып түсті. Кейін
оны өзі Сара Алпысқызының мерейтойына арнаған мақаласында:
«Нұрсұлтан бір күні маған: «Хорға барайық», деді. Мен түсінбей
тұрмын. «Біздің мұнда келгендегі мақсатымыз инженер болу еді
ғой. Өзіміз таңертеңнен кешке дейін ауыр жұмыс істейміз. Оның
үстіне жоғары оқу орнына түсу үшін дайындалуға да уақыт керек.
Енді хорды қайдан шығардың?». Мен көнбегеніммен, «барайық» деп
қиылып тұрып алған соң, ақыры дегенім болды. Ол кезде Теміртау
қаласындағы № 110 кешкі мектептің залына хор айтуға қазақ жаста
ры жиналатын. Ұйымдастырушысы кейіннен Жоғарғы Сот судьясы
болған Кеңес Жармағамбетовтің зайыбы Алтын деген кісі еді. Біз
барған соң дауысымызды тексеріп, тенорлардың қатарына жазды.
Бір рет ән салғанымыз есте. Үйірмеге Сара да барады екен. Оның да
уысы сопрано. Сараны көргеннен соң барып Нұрекеңнің неге осында
келуге бейіл болғанын түсіндім», деп жазған.
Сонымен қызбен бірге ән салуға қол жетті. Ендігі мақсат — бірге
билеу… Ол үшін би сабағына жазылу керек. Оны да шештім. Сол
кездегі модаға айналған билер — вальс пен фокстрот. Оларды да үй
реніп, би үйірмесінде Сарамен билейтін болдым. Осы көңілімді сұлу
қыз да бағалады. Бірте-бірте тіл табысып, жатақханасына шығарып
сала бастадым. Ендігі мақсат — сөз салу… Бірақ…
Әр жерде әртүрлі ыңғайда сөз етіліп қалатын осы «бірақтың» да
мемуар бетінде айтылғаны жөн деп ойлаймын.
Сараға көңіл білдіруін білдіргенмен, нақты сөз салуға, үйленуді
ұсынуға кәдімгідей кедергі келтіріп тұрған бір жай бар еді. Ол — менің
атастырылып қойғандығым… Осы мәселенің басын ашу керек еді.
Жаныма онша жаға қоймайтын, кезінде жүйке де жұқартқан бұл
мәселе жөнінде қайбір жылы мен туралы кітап дайындауға арнайы
келіп, айтқандарымның бәрін апталап диктофонға түсірген, кейін
әлемнің бірнеше тіліне аударылған «Нұрсұлтан Назарбаев және Қа
зақстанның қарышты қадамы» атты кітап шығарған белгілі ағылшын
қаламгері Джонатан Айткеннің жазғанын көлденең тартумен шек
телейін. Ол бұл хикаяны былай баяндайды:
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 88 —
«Назарбаевтың атастырылып қойған қызы бар еді. Былай айтқан
да, бұл әдеттегіден тыс атастыру болатын, өйткені ол қалыңдығына
ешқашан маған шық деп ұсыныс та жасамаған, күйеу боларлық
сезімі де жоқ еді.
Назарбаевтың бірінші қалыңдығына деген қарым-қатынасын
келісім деп қана айтуға болар, өйткені олардың үйленуі туралы
шешімді олардың өздері емес, ата-аналары қабылдаған еді. Шешім
қабылданғанда Нұрсұлтан бес жаста ғана еді. 1945 жылғы күзде оның
әкесі Әбіш Шамалғандағы құрдасының үйінде — өздерінің көршісінде
қонақта болады. Олар кейін Әзтай деген есім берілген қыздарының
дүниеге келуін тойлайды. Шілдехана құдаласу рәсіміне ұласып,
ата-аналар балаларымызды қосайық деген ауызша келісімге келеді.
Нұрсұлтан әлі бала, ал Әзтай бесікте жатқанына қарамастан, қа
зақтың ескі дәстүрі бойынша, атастырылғандардың кейін үйленуі
міндетті болатын.
Тойға қатысқан отбасының алты мүшесінің арасынан Нұрсұлтан
ғана ортағасырлық дәстүр бойынша жасалған бұл атастырудың шын
мәніндегі күшін түсінген жоқ. Тек мектепке барғаннан кейін ғана
бұл оны алаңдата бастады. «Тіпті бірінші сыныптың өзінде-ақ сы
ныптастар маған қолын шошайтып: «Әне, күйеу бала келе жатыр»
десетін, — деп еске алады ол. — Бұған қатты қысылатын едім. Жұрт
мазақтаған сайын, мен одан қашатын болдым. Бала кезімде ол қызды
көрсем, қаша жөнелетінмін».
Қашып кеткені немесе тіпті болат балқыту жұмысына Теміртауға
жай ғана кетіп қалғаны Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзтайға үйлену мін
детінің күшін жойған жоқ. Осындай дәстүрдің сақталуы міндетті деп
есептеген Әлжанның, Нұрсұлтанның анасының, қатып қалған сенімі
осындай болатын. Ол жеткіншек қалыңдық Әзтайды Назарбаевтар
отбасына жиі шақыратын, оны жылы қарсы алып, «Түбінде бұл үй
сенікі болады» деп құлағына құюшы еді. Бұл дәстүрлі сөздер үйлену
тойының болмай қоймайтынын білдіретін. Бірақ оған үйлену күйеу
баланың ниетіне де кірген жоқ, бұл тұрғысындағы бар ойы барған
сайын Сара Қонақаеваның жағына қарай ауа берді.
1962 жылғы жазғы демалыс кезінде Назарбаев отбасын көріп қайту
үшін Шамалғанға келді. Шешесі Әзтайдың үйіне, оның әкесі қайтыс
болуына байланысты көңіл айтып шығуға мәжбүрледі. Босағадан
аттай бере, Нұрсұлтан туған айдай толыса бой жетіп, салт бойынша
отанасы болуға жеткен 17 жастағы Әзтаймен бетпе-бет келіп қалды.
«Мен оған қарсы болғаным сондай, оның жүзіне де қарағым кел
меді, — дейді Назарбаев. — Мен бөлмеден бірден-ақ шығып кетуге
Теміртау тағылымы
— 89 —
тырыстым. Бірақ ол артымнан қуып жетіп, білегімнен ұстап, «Неге
қашып жүрсің?» деді.
Әзтай мен Нұрсұлтан бірінші рет атастыру туралы сөз қозғады.
Әзтай әкесінің қайтыс болар алдында өз қызын уәде бойынша Әбіштің
баласына ұзатуы керектігін еске салғанын айтты. Бұл уәдені бұзудың
бір-ақ жолы бар еді, ол үшін Нұрсұлтан ресми түрде атастырған
қыздан бас тартып, оған бостандық беруі керек.
«Сондықтан маған үйленесің бе, үйленбейсің бе, осы жерде айтуға
тиіссің», — деп талап етті Әзтай. Қазір ол кезде қыздың бір жағына
шығу туралы талап ете отырып, өзінің қандай жауап күткенін тап
басып айту қиын. Ал Нұрсұлтан қаперіне ештеңе де алмады. «Сенің
басың бос, сен басқа адаммен тұрмыс құра аласың, — деп жауап
бергенін еске алады ол. — Осы сөздерді айтқаннан кейін иығымнан
бір ауыр жүк түскендей болды, өйткені сол сәттен бастап Сараға
көңілімді еркін білдіруіме болатын еді».
Айткеннің айтқанына қосып-аларым жоқ. Болған — болды, өткен —
өтті. Бұл да өмір атты кітаптың бір парағы. Ол да қағазға түсті, міне.
Қосып не айтайын? Ол ауылдың бір өжет қызы еді. Ертерек өмірден
озды. Қазақта мұндайда «бұйрық біледі» деген сөз бар. Анам Әзтай
ды қалады, мені үгіттеді. Бәрін бір тағдыр біледі. Мүмкін, ол жол да
дұрыс болар ма еді деген ой кейде келіп тұрады.
Сарамен түпкілікті тіл табысуымның себепкері хорға жазылуым
да, би үйірмесіне баруым да емес еді. Біздің жүрек жақындастыруы
мыздың себепкері де Магнитка болып шықты.
Бәрі күні бүгінгідей көз алдымда. 1962 жылдың жазы еді. Түнгі
ауысымда болат балқыту зауытындағы цехта авария орын алды.
Домна пешіндегі металл сыртқа ағып, цех еденіне жайылып кетті.
Әдетте мұндай апаттан кейін барша жұрт жұмылып, қалдықты
түгел жинауға кіріседі. Бұл бұлжымас тәртіп. Өзің бүлдіргенді өзің
ретке келтіруің керек. Ауысым жұмысшылары қанша уақыт өтсе де,
цехты тазалап, өндірісті қайта іске қосқанша сонда бола беруі тиіс.
Құйылып түскен металды жинап, бәрін тазалап шыққанша тұтас
бір тәулік кетті. Жиырма төрт сағат бойы тікеден тік тұрып жұмыс
істеу оңай ма, әбден қалжырадық, тіпті әлсіредік десе де болады.
Тұла бойымыз қазанның түп күйесіндей, тек көзіміз жылтырайды,
тісіміз ақсияды. Сондай бір кезде ту сыртымнан нәзік үн естілді.
«Көмек керек пе? Су әкелейін бе?» дейді қыз дауысы. Бұл Сараның
дауысы еді. Ол сол түні электрик ретінде кезекшілігін атқарған екен.
Аварияның орнын көруге келіпті. Дәл маған келіп тіл қатыпты…
Көмектеспек болыпты. Сол бірауыз сөзден мен қыз жүрегінің маған
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 90 —
біржола бұрылғанын айқын ұғындым. Мен Магниткаға, Теміртауға
осы бақытты сыйлағаны үшін де қарыздармын.
Көп ұзамай неке құрдық. Үйлену тойымыз 1962 жылғы 25 тамызда
«Комсомолец» деген шағын кафеде өтті. Облыстық, қалалық комсо
мол басшылары қатысты. Мен ол кезде кәдімгідей елге әйгілі бола
бастаған едім. Одан бір ай бұрын Хельсинки қаласында өткен дүние
жүзі жастарының фестиваліне қатынасып келгенмін. Олар үшін өте
арзан, біз үшін қызықты, синтетикалық қызыл-жасыл кофталарды
ала келіп, Сараға сыйлағанмын.
Өмірімнің өн бойында жаныма серік болып, үш бірдей перзент
сүю қуанышын сыйлап, жүрегімді жылытып жүргені үшін мен Сара
Алпысқызына қарыздармын. Қыздарым Дариға мен Динара Қараған
дыда туды, ал Әлия Алматыда дүниеге келді.
Өзі анасынан жастай айырылған Сара Алпысқызы балаларға жан
жомарттығы қандай қажет екенін жақсы түсінеді. Тәуелсіздік жылда
рының бас кезінде ол «Бөбек» қорын құрды. «Бөбек» отыз жылға жуық
уақыттың ішінде мың-мыңдаған сәбилердің көз жасын сүртіп, мемле
кеттің қамқорлығын көрсетті. Талайдың сауабын алды. Сара қазір де
мейірімділік, қайырымдылық іс-шараларына дәйім қатысып келеді.
Билл Клинтонның «Менің өмірім» деген кітабын оқып шықтым.
Бір тұста былай деп жазыпты: «Көп уақытқа дейін жалпы ешқашан
үйленбейтін шығармын деп ойлаушы едім. Міне, енді үйлендім,
үйленгенім өзіме ұнады, әйтсе де, біз екеуміз үшін мұның немен бі
тетінін біле алған жоқпын. Біздің некеміз туралы Америкадағы неке
атаулының қандайынан да көп жазылып, көп айтылған болар, тегі.
Енді қазір, үйленгеніме 30 жылға жуықтаған кезде, достарымның
талайы айырылысқанын, табысқанын және ажырасқанын көрген
кезде мен қуанышы мен бақытсыздығы, міндеттілігі мен өкініші қатар
жүретін бұл неке дегеніңіз айдаладағы бөгде адамдар тұрмақ, ерлі-за
йыптылардың өздері кілтін таба алмайтын құпия екенін түсіндім.
1975 жылдың 11 қазанында мен мұның ештеңесін де білген жоқпын».
Бұл сөздің терең мағынасы бар. Кейін, кітаптың бір жерінде, бәлкім,
осы ойымды таратып та айтармын…
ХЕЛЬСИНКИ. ПІКІРСАЙЫС. ГАГАРИН
Мұның алдындағы тараушада 1962 жылы Қазақстан комсомолы
ның съезінде делегат ретінде сөз сөйлегенімді жазған едім. Съезде
республика комсомолы орталық комитетінің мүшелігіне, сондай-ақ
бүкілодақтық комсомол съезіне делегаттыққа сайландым. Теміртау
Теміртау тағылымы
— 91 —
жастарының атынан кеңестік комсомолдың Мәскеудегі форумына
Магнитканың комсомол ұйымының хатшысы Р. Ғибадуллин, мон
тажшылар бригадирі В. Михно үшеуміз бардық. Одақтық съезде
БЛКЖО Орталық комитетінің мүшелігіне кандидаттыққа өттім. Сол
тұста Хельсинкидегі Бүкіләлемдік жастар фестиваліне де қатыстым.
Осы сапар есімде қатты қалып қойды.
Жастар мен студенттердің бүкіләлемдік фестивальдерін өткізу
соғыс біте салысымен, 1947 жылы басталған екен. Біздің бозбала
күніміздегі ерекше дүбірлі жиын, әрине, 1957 жылғы Мәскеу фес
тивалі. Черчилль айтатын «темір шымылдықты» ашуға жасалған
алғашқы әрекет те сол болар. Мәскеу фестиваліне әлемнің 131 елінен
34 мың жігіттер мен қыздар келді дегенді кезінде газеттен оқып, таң
қалғаным бар. Хельсинки фестиваліне 137 елден 18 мың адам қатысты.
Олар 1500 ұйымның өкілдері еді. Фестиваль 1962 жылғы 28 шілде
мен 6 тамыз аралығында өтті. Жасыратыны жоқ, бізді әлемдік фо
румға әбден-ақ дайындады. БЛКЖО Орталық комитетінде, Орталық
комсомол мектебінде идеологиялық жағынан шыңдалып шықтық.
Мұның бір себебі — Хельсинкиде алғаш рет Халықаралық фести
валь клубы ашылатыны, ол жерде конкурстармен, концерттермен,
көрмелермен бірге пікірсайыстар да ұйымдастырылатыны еді. Өйт
кені біздің делегацияның саяси бағдарламасындағы ең басты мәселе
«Социализмнің капитализмнен артықшылығы» деген тақырыптағы
пікірсайысқа ойдағыдай қатысу болатын. Мәскеудегі тыңғылықты
дайындықтың нәтижесінде біздің санамызға барлық капиталистік
елдерде буржуа-езушілер еңбекші халықтың қанын ұдайы сүлік
тей соруда, ал батыс елдеріндегі прогресшіл жастар бір ғана басты
мақсатты — сол зіл батпан бұғауды неғұрлым тезірек лақтырып
тастауды ғана көздеп өмір сүруде деген сенім терең сіңіп қалуы тиіс
еді. Фестивальге барысымен бізді таң қалдырған жағдай — батыстағы
құрбы-құрдастарымызды қатты толғандыратын мәселе социалистік
елдердің, ең алдымен, әрине, КСРО-ның тарапынан оларға төніп
тұрған коммунистік қауіп-қатер болып шыққаны. Оларды тыңдап
отырсаңыз, мүмкіндік туған жердің бәрінде де коммунистік идея
ларды білектің күшімен, найзаның ұшымен дегендей орнатуға әзір
көрінеміз. Хельсинкиге америкалық «Матильда» кемесінің келуі,
онда «студенттік бар» ашылып, виски беріле бастауы, сан түрлі тілде
антикоммунистік әдебиет таратылуы, ақысы төленіп қойылған фин
жеткіншектерінің социалистік елдерден келген жастардың автобуста
рына тас лақтыратыны, пластикалық бомбалардың жарылуы… сияқ
ты көріністер содан бері алпыс жыл өтсе де әлі күнге көз алдымда.
Қысқасы, екі дүниенің идеологтары мен насихатшылары бір-біріне
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 92 —
тіпті де ақысын жібермеді. Обалы не керек, біз сыр бермедік. Олар
дың қоятын негізгі сұрағы біреу — «Кеңес Одағындағылардың қандай
қазынасы бар?». Қанша дегенмен, біздегі айлықтың, шәкіртақының,
зейнетақының көлемін, пәтерлердің мөлшерін біліп тұр ғой. Біз де
айылымызды жимаймыз. Қайтаратын негізгі жауабымыз біреу —
біз бақытты ақшамен өлшемейміз, біз болашақ үшін өмір сүреміз,
біз әділдікпен ғұмыр кешіп, жаңа қоғам орнатып жатырмыз, бізде
адамдар бай мен кедейге, ақ пен қараға бөлінбейді…
Америка студенттерімен кездесу кезінде есте қаларлықтай қызық
жай болды. Сол пікірсайысқа кеңес жағы қарапайым жұмыскер
ретінде мені дайындаған еді. Тегі, бұлай таңдау жасауда Қазақстан
нан келгенім, қазақ екенім, металлургияның ұлттық кадры екенім
алдымен ескерілген шығар. Маған социалистік қоғамның жетістік
тері, капиталистік қоғамның кемістіктері туралы неше түрлі «табан
тайдырмайтындай» фактілерді алдын ала жинап берді, оның бәрін
сөйлеген сөзімде, сұрақтарға қайтарған жауаптарымда мүмкінді
гінше молынан пайдаланып бақтым. Ара-арасында тым шешенсіп
те кеткен жерлерім болды-ау деймін. Нью-Йорктегі Колумбия уни
верситетінен келген Питер Хорн деген жігіт мені болат балқытушы
емес, пікір таластыруға әдейі дайындап әкелген адам, өйткені жұ
мысшы үшін тым білімді, тым сырбаз деп айыптай бастады. Оның
жанындағы серіктесі — Бруклин университетінен келген Карен Ла
года деген студент қыз да әбден қадалып алды. Оның ойынша, мен
әлдебір биік лауазымды коммунистің ұлы болғанымның арқасында
ғана әлемдік фестивальге қатысып отырған көрінемін. Олай емес
екенін қалай дәлелдейін? «Мен болат балқыту зауытындағы домна
пешінің қарапайым жұмысшысымын» дегеніме иланатын түрі жоқ.
Амалсыздан сүйменді қыса-қыса, шөмішті ұстай-ұстай мүйізденіп
кеткен қос алақанымды алдына тоса қойдым. Карен менің металлург
екеніме сонда барып сенді. Өзінің сүйріктей нәзік саусақтарымен
қолымдағы қатқыл бедерлерді аялай сипап, бетіме таңдана қара
ды… Ең бір қызығы — кеңестік және америкалық жастардың пікір
сайысындағы өте әсерлі сәт ретінде осы әңгіменің фин газеттерінде
жазылғандығы. «Жергілікті және халықаралық баспасөз Назарбаев
жағына шығып, бұл тартыс туралы бояуы қанық репортаждар жа
риялады. Көпшілікке бұлай танылу фестивальде оның беделін арт
тыра түсті, ұйымдастырушылар оны Хельсинкидің Сенат алаңында
кеңестік делегацияның жарық жұлдызы, әлемнің тұңғыш ғарышкері
Юрий Гагаринмен бірге фотосуретке түсуге шақырды» — Джонатан
Айткеннің кітабындағы осы тұстан «кеңестік делегацияның жарық
жұлдызы» деген тіркесті бөле атағым келеді. Жалпы, өз өмірімде
Теміртау тағылымы
— 93 —
кездескен адамдарымның ішінде Гагариннің алар орны алабөтен.
Оны алғаш көргенімде қазақтың «Ұлық болсаң, кішік бол» деген
сөзі ойыма оралған еді. Бүкіл планета алақанына салып аялағандай
бұл адамның кісілігіне сай кішілігі қайран қалдыратын. Ал жайдары
жымиюы, риясыз күлуі дегеніңіз тіпті ғажап! Хельсинкидегі сан түрлі
кездесулерде алдымыздан талай шыққан қиын жағдайлардан бізді
делегациямызда Юрий Алексеевичтің болуы құтқарып қалып жүрді.
Оның қарапайымдылығы мен сүйкімділігі айналасындағылардың
бәрін өзіне баурап алатын, ал онымен Сенат алаңында ұйымдасты
рылған ғажайып ыстық кездесуді мен ұзақ уақыт бойы бізге құпия
сырын ашпай келген жүректерге жол табудың шын мәніндегі жеңісі
деп атар едім. Сол күндерде «Комсомольская правда» газеті жаңағы
оқиғадан фоторепортаж жариялады. Сөйтіп, мен заманымыздың
аңызға айналған адамымен бірге суретке түсу қуанышына ие болдым.
«КАТКОВ ЖОЛДАСПЕН ОЙНАУҒА БОЛМАЙДЫ!»
Хельсинкиден оралған соң алдымен бізді Қазақстан комсомолының
басшылары қарсы алды. Фестивальден алған әсерлерімізді әңгіме
леу үшін әрқайсымызды республиканың әр облысына жіберді. Сол
кездесулер де мен үшін жұртшылық алдында өз ойымды еркін жет
кізудің тағы бір мағыналы мектебіне айналды. Бара-бара қоғамдық
жұмысқа қызығушылығым да арта түсті. Әйтсе де, домна цехынан
бөлек шығуды, металлург мамандығын ауыстыруды тіпті ойыма да
алып көрген емеспін. Бұл кезде мен басқа да бірқатар мәселелерді
шешіп үлгерген едім. Армандаған қызға үйленгенім, пәтер алғаны
мыз, ай сайын министрдің айлығынан да артық жалақы қолға тиетіні,
Қарағанды политехникалық институтына оқуға түскенім, оқудың
өндірістен қол үзусіз жалғасып жатқаны, спортпен айналысатыным,
қоғамдық белсенділігім… Жиырманың бесеуіне жаңа жеткен жас
жігітке бұдан артық не керек!
Хельсинкиден кейінгі танымалдығымның артуы, өзімнің де мінезім
ашылып, бұрынғыдан да көпшіл бола түсуім, жұрт алдында сөйлей-
сөйлей ысылғаным металлург достарымның маған түптің түбінде
қоғамдық жұмысқа ауысасың-ау, сол жақтан жоғарылайсың-ау деп
айтатын сөздерін көбейте бастады. Комсомолдың съездеріне қаты
са жүріп, реті келген жерде сөз ала жүріп, бірте-бірте қарапайым
жұмысшыдан бастап министрге дейінгі әртүрлі адамдармен қарым-
қатынас жасау тәжірибесін жинақтадым. Шынымды айтайын, бұл
тәжірибе оңайлықпен келген жоқ. Оны мен домна пешінің жанында
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 94 —
жүріп жинайтын «ыстық стаждан» бірде-бір кем емес дер едім. Ком
сомол белсендісі ретінде біраз көзге түскен соң мен қайтадан өз ор
тама оралдым, өзімнің жаным сүйетін, онсыз кім екенімді елестете
де алмайтын ісім — металлургияның тереңіне тағы да сүңгіп кеттім.
Не айтатыны бар, металлургия — ғажайып сала. Мемлекеттің
индустриялық қуаты ең алдымен металлургия өндірісінің көлемімен
айқындалады. Өмірдің бар саласына металл керек. Трактордың соқа
сы да, хирургтің скальпелі де, ғарыш кемелері де, танк қаптамала
ры да — бәрі металдан жасалады. Бұл өзі — нағыз ғылым. Мектеп
бітірерде университеттің химия факультетіне түсуге ұмтылғанда да
бойымда металлургияның сиқырына қанығуға құмарлық бар бола
тын. Металлургиялық процесс кен қазудан басталады, одан руда мен
көмір өндіріледі, руданы агломерация фабрикасында ұнтақтайды,
көмірден кокс жасайды. Рудадағы темірді жай топырақтан ажырату
үшін известняк (кәдімгі әктас) қажет. Бұл өндіріс бүкіл химияны түгел
қамтиды, одан шайыр, пек, фенол және басқа элементтер алынады.
Агломерациялық және коксохимиялық өндірістер — бастапқы белес.
Агломерат пен кокс домна пешінде аса жоғары температураға түсіп,
өте күрделі химиялық реакциялардың әсерінен шойын пайда болады.
Болат алу үшін конвертерге металл сынықтары мен сұйық шойын
құяды. Оттегімен үрлеген соң көміртегі шығып кетеді де, болат қа
лады. Енді сұйық болат ұдайы құйылма мәшинесінің кристаллиза
торына салынып, одан қаңылтыр шығаратын темір алынады, қаңыл
тырды табақшаны илемдейтін цехта тиісті қалыңдыққа келтіреді.
Сөйтіп тау-таста, сай-сайда жасырынып жатқан жентек-жентек руда
адам қолымен кәдімгі консервінің қалбырындай жұп-жұқа металға
айналады. Осының бәрі сенің көз алдыңда өтіп жатады, осының бәрі
дерлік сенің қолыңмен атқарылады. Керемет қой. Жиырма алты жа
сымда өндірістегі жұмыс өтілім жеті жылға толып үлгерген-ді. Осы
уақыттың ішінде мені үш рет оператордың көмекшісі лауазымына
және екі рет газбен байытушы лауазымына жоғарылатқан болатын.
1967 жылы ауысымның аға бас газ байытушысы едім. Бұл домна
процесін жүргізетін инженердің жұмысы. Істей бергенде алдымда
ауысым, цех басшысы лауазымдары тұрды. Бірақ өмір мені басқаша
жолға бұра бастады.
Сүйікті ісіммен айналысу қоғамдық жұмыстармен де құлшына
шұғылдануыма кедергісін келтірген жоқ. 1968 жылдың жазында
мені домна цехы партия бюросының мүшесі етіп сайлады, көп уақыт
өтпей-ақ партбюро хатшысы болдым. Ара-арасында комсомолдық
тапсырмаларды да орындап қоямын: «Комсомолдық прожектор»
штабын басқарамын, жас жұмысшылардың отынды үнемдеу жолын
Теміртау тағылымы
— 95 —
да социалистік жарысқа түсуіне бастамашылық еттім. Комсомолдың
елу жылдығында Мәскеуге барып, БЛКЖО Орталық комитетінің
мерейтойлық пленумына да қатысып қайттым. Сол жолы жаңа ғана
тағайындалған «БЛКЖО құрмет белгісін» алғашқылардың қатарын
да алдым. Партбюро хатшылығына сайлана салысымен қоғамдық
жұмыстарым бұрынғыдан да көбейді, адамдармен анағұрлым тығыз
араласатын болдым, жиын-жиналыстарда жиі сөз сөйлей бастадым.
Цехта да, зауытта да, аудандық конференцияда да сөйлей жүріп,
аудиторияның алдында өзімді еркін ұстауды үйрендім. Тіпті, менің
цех парторгына сайлануымнан кейін бастауыш партия ұйымының
талап етуімен сол цехтың бастығы ауыстырылды. Шешімді барлық
коммунистер түгел қолдады. Ол кез үшін бұл бұрын-соңды кездесіп
көрмеген жағдай еді. Мұның өзі бастауыш ұйымның да, сол ұсынысты
жасаған менің беделімді биіктете түсті.
Нағыз достық сезімі де еңбекте шыңдалады. Біз бір бригадада тоғыз
адам жұмыс істедік. Тоғызымыз тоғыз ұлттың баласы екенбіз. Соны
еске алған емеспіз. Әрқайсымыздың жұмысымыз, міндетіміз белгілі.
Егер бір адамның өзі ісін дұрыс тындырмаса, онда бүкіл бригадаға
қауіп. Ондайда қайдан жалқаулық болады?!
Нағыз демократия дегенің де сол ортада. Болат қорытушы бетің
бар, жүзің бар деп жатпайды, ойлағанын тіке айтады. Не істейсің
оған, қолындағы күрегін, темір көсеуін тартып аласың ба? Партком
ның сайлау конференцияларында металлургтерге ұнамайтын, олар
білмейтін адам ешқашан басшылыққа өте алмайтын.
Тәртіпті нығайту үшін ымырасыз күрес ашуға өзіміз жұмылдыра
алған коммунистердің рөлі туралы айтқанда мына бір жайға тоқтала
кетейін. Ол жылдарда бізде демократия да, басшылар атына сын айту
да болатын — мұның өзі әсіресе еңбек коллективтеріндегі партия
ұйымдарында күшті еді. Қазіргі шуылдақ ұранды демократия емес,
ол нағыз баршаның дауысын ескеретін жай еді. Мысалы, партия
жиналыстары мен конференциялары қалай болса солай, жып-жыл
мағай өте салмайтын. Әсіресе мәселе партбюроны, парткомды және
хатшыларды сайлауға келіп тірелген кезде қызу айтыс, өткір сын
өрістейтін. «Сен тимесең, мен тимен» деген принцип атымен жоқ еді.
Бірде комбинат парткомы хатшысының орынбасарлығына облыстық
партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі болып
істеген қабілетті, адал да инабатты адам ұсынылды. Бірақ мәселе
насырға шапты. Конференция делегаттары: комбинатта идеолог
қызметінде металлургияны білетін және түсінетін адамдар істеуі
керек деп отырып алды. Сөйтіп, әлгі жолдасты ұсынған облыстық
және қалалық партия комитеттерінің бірінші хатшылары ештеңе
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 96 —
де істей алмады. Яғни ол кезде де балама кандидатуралар ұсыныла
тын, шен-шекпенді сыйлап бас ұру деген онша күшті болмайтын.
Сөйтіп жүргенде… Күндердің бір күнінде Теміртау қалалық пар
тия комитетінің бірінші хатшысы Лазарь Михайлович Катковтың
қабылдауына шақырды. Бардым. Кезекті партиялық тапсырманы
орындауға деп ойлағанмын. Жоқ, бұл жолғы әңгіменің ауаны басқаша.
Лазарь Михайлович сөзді алыстан бастап, мені мақтап-мақтап келді
де, жас коммунист екенімді еске салып барып, негізгі шаруасына
ауысты. Ал негізгі шаруасы… мені Теміртау қалалық комсомол ко
митетінің бірінші хатшысы қызметіне ұсыну екен… Ал керек болса!
Тіпті ойламаған жай. Бұл не деген сөз? Бұл жас күніңнен жаның қа
лаған мамандықтан бас тарту деген сөз емес пе? Бұл өзіңнің өміріңнің
басты ісіне, сүйікті кәсібіңе айналған, сені осынша абыройға бөлеген
жұмыстан бас тарту деген сөз емес пе? Өмірлік ұстанымыңнан бас
тарту деген сөз емес пе? Бір сәттің ішінде осындай ойлар басымды
әңкі-тәңкі етіп жіберді. Бойымды жинап, ойымды жұптап барып,
«Рақмет сеніміңізге. Мен бұл ұсыныстан бас тартамын…» дедім.
Бірінші хатшы бетіме бажырайып қарады да қалды. Сәлден кейін
есін жинағандай болып, «Неге? Не себептен?» деді. «Қалаға комсо
мол қызметкерлерінен гөрі металлургтер көбірек керек…». Осыны
қалай айтқанымды өзім де білмей қалдым. Әйтпесе, өзіме бірден
қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшылығына келісім беруім
ұсынылады деп тіпті де күткен жоқ болатынмын. Ол кезде мен өз
таңдауымды өзгертіп, қалған тағдырымды саяси мансаппен байла
ныстырамын деп ойлаған да емеспін. Металлург мамандығын тастау
деген миыма маңайламайтын. Адамның ойынан ұшқыр не бар?
Сол екі арада қалалық комсомол хатшысының айлығы менің алып
жүрген айлығымнан үш еседей кем екенін де, ең бастысы — «ыстық
стажымды» жоғалтуға тура келетінін де ойлап үлгердім. «Ыстық
стаждың» мәнісін түсіндіре кетейін. Ол көптеген жеңілдіктер алып
береді, зейнетке мерзімінен бұрын шығуды қамтамасыз етеді. Әрине,
бірінші хатшының кабинетінде жалақының жайын да, металлург
өтілін де ауызға алған жоқпын. Бәрібір ұсынылған қызметтен үзілді-
кесілді бас тарттым. Осы кезде барып Теміртауда кеңінен тараған
«Катков жолдаспен ойнауға болмайды!» деген қанатты сөздің мәнін
толық сезіндім. «Катков жолдас» әуелі ойлану үшін бір тәулік мұрсат
берді. Бір күннен кейін әңгіме шамамен сол бағытта қайта жалғасты.
«Болат балқыту зауытында білікті металлургтердің жетіспеушілігіне
алаңдаушылығымды түсінулеріңізді сұраймын, — дедім. — Мені оқуға
болат балқытуға машықтану үшін жіберді. Мен зауытқа керекпін,
ал сіздерге комсомолдағы бұл орынға қою үшін басқа адамдардың
Теміртау тағылымы
— 97 —
қаншасы керек болса, соншасын табу қиын емес». Катков бәрібір
жібімеді. Бұл әңгіменің аяғы «Байқа, үшінші рет шақыру күтпе!»
деумен бітті.
Әрине, мынандай ұсынысты басқаша қарағанда болашаққа жол
ашатын үлкен қызметтің басы деп қарауға болар еді. Себебі, комсо
мол қызметінен партия қызметіне ауысып, өсіп жатқандар аз емес.
Бір жағынан, мұндай шешім қабылдауым бұл жөнінен тәжірибемнің
жоқтығынан және зауыттан басқа жұмыс туралы ойланып көрме
генімнен де шығар.
Домнама келіп, жұмысымды жалғастырдым. Екі аптадан кейін
қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы етіп басқа кісіні
сайлады. Осымен әңгіме аяқталды деп ойлағанмын. Сөйтсем, мен пар
тияны да, партиялық жүйені де жете білмейді екенмін. Білмейтінімді
мені қалалық партия комитетінің бюро мәжілісіне шақырғанда бір-
ақ білдім. Саяси шикілігім үшін… жігерсіздік көрсеткенім үшін…
партиялық есеп карточкама жазылатын қатаң сөгіс жарияланды.
Бюро құрамына кіретін зауыт директоры мен партком хатшысы мені
қызғыштай қорғап-ақ бағып еді, амал не, Катков жолдас айтқанынан
қайтпады. Шешім қабылданды. Қатты күйіндім.
Осы арада қазіргі оқырман үшін, әсіресе оқырмандардың жас буы
ны үшін коммунистің жеке есеп карточкасына жазылатын қатаң сөгіс
дегеннің мәнісін түсіндіре кетейін. Партия мүшесінің өмір бойына бір
ғана есеп карточкасы болады. Қай жұмысқа барса, сол жердің партия
ұйымының сейфінде тұрады. Жаңа жерге ала барады. Жаңа хатшыға
береді. Оны ол оқиды да, коммунистің бетіне қарайды. «Сөгіс алған
екенсіз ғой? Не үшін? Қандай жағдайда?». Коммунист түсіндіреді.
Хатшы не түсінеді, не түсінбейді. Түсінген күнде де күдік-күмәні қа
лып қояды. Бұл — бергі жағы. Қатардағы коммунистің жаңа жұмыс
орнына ауысқандағы жағдайы. Ал басшылар номенклатурасына
кіретін қызметке адам іріктегенде есеп карточкасындағы жазулар
міндетті түрде еске алынады, сарапқа салынады. Ондайда бір жерде
болмаса бір жерде, қандай да бір жағдаймен, бір рет сүрініп кеткен
адамға сенімсіздік көрсету оңайдың оңайы. Катковтың шешіміне
қатты күйінетінімнің бір себебі сол.
Мына әділетсіздікпен қалай күресуге болады, Катковпен қалай
тіресуге болады? Абырой бергенде, қалалық партия комитетінің
тұп-тура қарсы бетінде телеграф бар еді. БЛКЖО Орталық коми
тетінің мүшелігіне кандидат емеспін бе? Съезд делегаты емеспін бе?
«БЛКЖО-ның құрмет белгісін» алған мақтаулы металлург емеспін
бе? Неге айтпаймын мына жайды? Ешкім тонымды шешіп алмайды
ғой. Содан көшені кесіп өтіп, телеграфқа кірдім. Орталық комитет
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 98 —
мүшелеріне одақтық комсомол басшыларының телефон нөмірлері
берілген. Барлық лауазымдарымды санап тұрып өзімді таныстырып
едім, хатшы қыз БЛКЖО Орталық комитетінің бірінші хатшысы
С. П. Павловпен қосты да жіберді. Сергей Павлович мені мұқият
тыңдады. Толқып отырып сөйлеген сөзімді бір рет те бұзған жоқ.
Бәрін түгел айтып шықтым. «Қатаң сөгіс бермекші ме? Не үшін?
Шынайы пікіріңді білдіргенің үшін бе? Бұл арада түсініксіз бірдеңе
бар. Біз облыстық партия комитетіне осының мән-жайын анықтаңыз
дар деп өтініш айтатын боламыз», деді де менімен жылы қоштас
ты. Комсомол партияның қолғанаты деуші едік. Жоқ, Мәскеуде
отырса, комсомол да жай қолғанат күйде қалмайды екен. Біраз
күннен кейін Қарағанды облыстық партия комитетінің бюросы
осы мәселені қарап, Теміртау қалкомы шешімінің күшін жойды.
Тіпті Л. М. Катковқа «кадр іріктеуге дұрыс қарамағаны үшін» жаза
берілді. Менің жолым ашылғанының бір себебі Павловқа сөзімнің
жеткені, ал екінші себебі обкомның бірінші хатшысы Николай
Банниковтың Катковты жаны сүймейтіндігі болып шықты. Ол: «Бұл
не істегендері? Біз жақсы металлургтерді осыншама қиындықпен
жинап жүрсек, олардың бірін лақтырып тастап, комсомолдың жұ
мысына отырғызып қоюымыз керек пе? Қалкомдікі дұрыс емес!»
деп ашу шақырыпты.
Бұл оқиға менің өмірімде терең із қалдырды. Әйтсе де, әділетке
деген сенімімді тіпті де шайқалта алған жоқ. Алайда не нәрсенің
бәріне сене беру керек пе деген ой өзімді қатты толғандырды. Одан
кейін де әміршілдік стильмен бетпе-бет келуге, бұрын кәдімгі үйрен
шікті әрі әбден табиғи нәрсе деп есептелетін партиядағы казармалық
тәртіппен ашықтан-ашық қақтығысқа шығуға тура келіп жүрді. Ал
«сара бағытпен», өздерінің пайымдауынша, сәл де болса келіспей
тіндей бір нәрсені тауып алып, ондай жағдайдан тіпті де жол беруге
келмейтін қайдағы бір қарсылықты бірден көре қоятын адамдарға
өз ойымды дәлелдеп, түсіндіруден қиын еш нәрсе жоқ екен. Кәдімгі
көкейге қонымды адам ақылына жүгіну мұндайда көбінесе «Мен —
партияның солдатымын» деген бір-ақ ауыз сөзбен кесіп тасталады.
Ал солдатқа рұқсат етілмейінше тәжікелесіп жатуға болмайтыны
белгілі. Осыдан барып сол кеңестік қоғамды да, коммунистік партия
ны да құртқан індеттің бірі — өз бетіңше ойланбау, өзіндік пікіріңді
айтпау басталады. Мұндай психология партияның басшы буынын
имандылық жағынан бұзып бітті. Өзінше танылатын партиялық
этиканың сырттай қатал сияқты көрінетін шеңберінің сыртында
екіжүзділік пен бетімен кетушілік жиі-жиі кездесетін болды. Сол
ақыры партияның түбіне жетіп тынды.
— 99 —
БИЛІК БАСПАЛДАҚТАРЫ
КОМСОМОЛ
Өткенімізді табанға салып таптағаннан ләззат алатын адамдарды
түсінбеймін. Олар әсіресе саясаткерлердің арасында көп кездеседі.
Өзін-өзі сыйлайтын адамға, әсіресе саясаткерге қандай күрделі, қан
дай қиын болса да, өз өткенін өзі ұмытуға тырысу, өзінен бұрынғы
ларға бар пәлені аудара салу ұят нәрсе. Бұл — кешегі күнді аңсау емес,
тауқыметі мол, бірақ өзіңе етене өз тарихыңды қастерлеу. Кітапты
жазу барысында замандастарыммен ой бөлісе отырып, бастан кеш
кеніміздің күнгейі мен көлеңкесін безбенге қатар тартуға, салыстыра
салмақтауға ұмтылғанда бір ғана бояумен бейнелей салуға болатын
құбылыстың жоқтығына көз жетеді.
Сондай күрделі құбылыстың бірі — комсомол.
Кеңестік саяси жүйенің өзі туғызған, өзі тұншықтырған феномені.
Қазіргі жастарға комсомол сөзінің «коммунистический союз мо
лодежи» дегеннің ықшамдалған түрі екенін айту да артық болмауы
әбден мүмкін. 1917 жылғы ақпан революциясы елдегі жастардың да
қоғамдық-саяси белсенділігін арттырып, жер-жерде жастар ұйым
дары көптеп құрыла бастаған екен. Кеңес Одағында бұл саладағы
жұмыстың идеологиялық негізі, ұстанар басты құжаты В. И. Ленин
нің 1920 жылы комсомолдың ІІІ съезінде сөйлеген «Жастар одақта
рының міндеттері» деген сөзі екені белгілі. Комсомолдың милли
ондаған жігіттер мен қыздар үшін жалындаған жастықтың, берік
достықтың, буырқанған бұла күштің, асқақ романтиканың балама
атауы болғаны шығар күндей шындық. Оны терістеу мүмкін емес.
Тым алысқа бармай-ақ, өзіміздің Қазақстанды алсақ та, бір ғана Ғани
Мұратбаевтың, жасы небәрі жиырма үшке жеткенше республикада
жастар одағын ұйымдастырып, РЛКЖО Орталық комитетінің бюро
мүшелігіне кандидаттыққа, Коммунистік жастар интернационалы
атқару комитетінің мүшелігіне жеткен, «Жас Алаш» газетін құрып, өзі
редакторлық еткен аңыз адамның биік бейнесі баршамызды алдағы
асқарларға шақырып тұрғанын тарих ұмытпайды. Біз біліп өскен,
бертіндегі комсомол жетекшілерінен Сағындық Кенжебаевтың,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 100 —
Қосай Егізбаевтың, Өзбекәлі Жәнібековтің есімдері ерекше ардақты.
Өз басым Өзбекәлі Жәнібековтің ағалық қамқорлығын, кісілік көме
гін көп көрдім. Леонид Млечиннің «Назарбаев. Групповой портрет
с президентом» (М., 2010) атты кітабында Өзекеңнің мен жайындағы
пікірі былай келтірілген: «1962 жылдың сәуір айынан 1970 жылға
дейін оның өсу-қалыптасу жолы менің көз алдымда өтті. Комсо
молдың орталық комитетінің бірінші хатшылығына резервте оның
фамилиясы да тұрды. Тезірек өсуі, тәжірибе жинақтауы үшін мен
оны әртүрлі одақтық және республикалық іс-шараларға өзіммен
бірге алып жүрдім, биік мінбелерден сөйлеуіне жағдай жасадым.
Бір жолы екеуміз Ленин мавзолейінде қатар да тұрғанбыз».
Ол кездегі біздің ұғымымызда комсомолға қатысты нәрсенің бәрі
тазалықпен, адалдықпен, құштарлықпен байланысты сияқты көрі
нетін. Теміртауға да екпінді комсомолдық құрылыс болады екен
дегеннен кейін келген едім. Мектепте жүргенде-ақ «Алға, комсомол!
Туың қолыңда. Алға, комсомол! Жеңіс жолында» деп шабыттана
шырқайтынбыз. Кейіннен оған Фрадкиннің, Дунаевскийдің, Алек
сандровтың, Пахмутованың, Колмановскийдің әсем де әсерлі әндері
қосылды. Біз осылай өстік. Бара-бара комсомол коммунистік партия
ның көмекшісі мен резервіне айналды. Статистика бойынша партия
қатарына өткен әр он коммунистің жетеуіне комсомол кепілдік етіп
келген екен. Комсомол жұмысы болашақ саясаткерлер үшін тамаша
мектеп болғаны талассыз. Бұл іске қоғамдық негізде қатысқанның
өзінде қандай тағылым, тәрбие алғанымды комсомол съезінен, Хель
синкидегі фестивальден кейін анық сезінгенмін.
Мұның бәрін не үшін айтып отырмын? Қанша жерден бас тартқа
ныммен, бас тартамын деп жүріп, тіпті есеп карточкама жазылған
қатаң сөгіс алып қала жаздағаныммен, менің комсомол жұмысына
бәрібір тартылғанымның себебін түсіндіру үшін айтып отырмын.
Басқа облысқа ауыстырып жіберілген Катковтың орнына келген
Николай Григорьевич Давыдов деген кісі мені арнайы шақырып,
адамша, жақсылап сөйлесті. Катков құсап, бармай көр дегендей
сыңайда айтқан жоқ. «Катковпен қарым-қатынасыңның қандай болға
нын естігенмін. Әйтсе де, мен де саған өтініш айтпақшымын. Осында,
қалалық партия комитетінде ауыр өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі
болып біраз уақыт істеп берші. Өз комбинатыңа тікелей кураторлық
етесің, сені ешкім де металлургиядан ажыратайын деп отырған жоқ.
Біраз жұмыс істейсің де, зауытқа қайтасың. Бұл пайдалы болады»
деді. Қайта-қайта партияның зықысына тие беру жөнсіз еді. Оның
үстіне айлықтан басқаны ойламайтын адамдай көрінуге де намыс
тандым. Қалалық партия комитетіндегі жұмысым шынында да аз ғана
Билік баспалдақтары
— 101 —
уақытқа — жарты жылға созылды. Мен ұсынылған қызметке — қала
лық комсомол комитетін басқаруға барған жігіт міндетін ойдағыдай
атқара алмады да, көп ұзамай маған қала жастарының жетекшісі
болу жөнінде ұсыныс түсті. Бұл жолы бас тартудың реті келмеді.
БЛКЖО Орталық комитетінің мүшелігіне кандидаттың комсомол
жұмысынан бойын аулақ салуын ешкім де дұрыс түсінбес еді. Оның
үстіне сол жылғы наурызда Теміртау қалалық кеңесінің депутаты
болып сайланғанмын.
Осы кезге дейін менде буырқанған тіршілік теңізінде өзімді кәдімгі
дей мығым сезінетін адамға тән төзімділік қоры жиналып қалған-ды.
Жоғары білім алдым. Мен және біздің цехтан бірнеше жігіт зауыт өзі
стипендия төлейтін жолдамамен барып, Қарағанды политехника
лық институтына түстік. Сол тұста жоғары білім саласында Никита
Сергеевичтің ойына келген кезекті қайта құру жүріп жатқан — оқу
ды өндіріске барынша жақындатуға шешім қабылданған еді. Үлкен
зауыттардың жанында өндіріспен тікелей байланысты, ықшам түрде
ВТУЗ (высшее техническое учебное заведение) деп аталатын жоғары
оқу орындарын ашу бүкіл елде жүре бастады. Тапсырмамыз ауыр
болғанымен, оқу онша қиынға түскен жоқ: егер біз кешкі ауысымда
жұмыс істесек, лекция күндіз, ал күндіз жұмыс істесек, керісінше,
кешке оқылатын. Сондай-ақ ай сайын лекция тыңдауға, семинар
өткізуге және лабораториялық жұмыстарға бірнеше күн бөлінетін.
Оның үстіне жалақымызды ала беретінбіз. Осындай біршама қолайлы
жүйе бойынша біз бір жыл оқыдық. Алғашқы үш курсты Қарағанды
политехника институтында оқып, одан соң тікелей металлургия ком
бинатының жанынан ашылған политехтің металлургия факультеті
негізінде зауыт-втуз құрылды. Дипломды да сол жерден алған едік.
Кітапқа материал жинастырғанда Теміртау қалалық архивінен
комсомол жетекшісі қызметіндегі сөздерімді алдыртқанмын. Біразы
сақталған екен. Соларды оқып отырсам, ә дегеннен қайткенде де шын
дықты айтуға талаптаныппын. 1970 жылдың ақпанында Қарағанды
облыстық комсомол комитетінің есеп беру-сайлау конференциясында
сөз сөйлегенімде былай деппін: «Қала бойынша жасалған талдау бұ
зақылықтың 66 пайызы сенбі, жексенбі күндері, сағат 18 бен 20‑ның
арасында, көбіне мас күйде жасалатынын көрсетті, мұның өзі біздің
әлі де жастардың бос уақытымен, оларды көркемөнерпаздыққа,
спортқа, клубтар, жастар кафелерінің жұмыстарына, техникалық
шығармашылыққа және басқа да формаларға тартумен айналыса
алмағанымызды дәлелдейді».
Басқа жердегі сөздерім де осы сыңайда болып келеді екен. Ол кезде
мұндай ащы сын ресми мінбелерден көп естіле бермейтін.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 102 —
Комсомол қызметінің идеологиялық сипаты басым болатын.
Сыртқы жарқыл-жұрқылы көп еді де, ішкі бұлқынысы аз еді. Көз
бояушылық жиі кездесетін. Болашақ жұбайыммен отбасы құруға
уағдаласқанымызда жастар жетекшілері бұл тойды комсомол-жастар
үйлену тойы етіп өткізіп берейік деді. Жарайды. Рақмет! Той үстінде
бізге жаңа пәтердің кілті тапсырылды… Тіпті керемет. Той тарқаған
кезде түнделетіп бізге айтқан адрес бойынша барсақ, әлгі айтқан сек
сен пәтерлік бес қабатты үйдің іргетасы енді қазыла бастаған болып
шықты… Енді қайда барамыз? Жолдас жігітім өзінің екі бөлмелік
пәтеріне шақырды. Бардық. Сөйтсек, ол екі баласымен, әжесімен
бірге тұрады екен… Қайтейік, алғашқы неке түнімізді сонда, әжейдің
жанында өткіздік…
Николай Зенькович «Нурсултан Назарбаев. Новое прочтение
биографии» атты кітабында: «Комсомолда өткен жылдарынан
Назарбаев нені есте сақтап қалды? Қағазбастылық пен формализмді»
деп жазыпты. Рас. Жұмыс көбіне сөзге, қағазға негізделетін. Қала
лық комитеттен облыстық комитет, облыстық комитеттен Орталық
комитет, біздегі Орталық комитеттен Мәскеудегі Орталық комитет
алуан ақпар, есеп, мәлімет, рапорт сұратады да жатады, сұратады да
жатады. Сол қағаздарды жарқыратып жазып берсең болды — жақсы
атың шыға береді. Өйткені бәрі де өздерінің қарамағындағы коми
теттердің жұмысы кедір-бұдырсыз жүріп жатқанын жақсы көреді.
Сөздің өзі де әдетте әбден жаттанды болып келетін. Бір жолы
мынандай жағдай басымнан өтті. Комсомолдың активінде құттықтау
сөз сөйлеуім керек еді. Мұндайда сөз салынған папканы мінберге
алдын ала апарып қояды. Ашасың да оқи бересің. Мінберге шығып,
папканы ашсам… бос. Қағаз жоқ. Кеше кешке өзім біраз жерін тү
зетіп, қайта бастырған, бір-екі рет оқып шыққан мәтін еді. Папкаға
салуды біреу ұмытып кетіпті. Енді қайтемін? «Кешіріңіздер» деп
түсіндіріп, жұрт көзінше қағазды іздетіп жатпайсың ғой. Содан залға
бір қарап, «папкадағы қағазға» бір «қарап», құттықтауды «түгел
оқып» шықтым. Ешкім ештеңе байқаған жоқ. Жадымның мықты екені
рас. Бір-екі рет оқып шыққан мәтіннің ұзын-ырғасы есімде қалғаны
да рас. Бірақ түгел жаттап алмайсың ғой. Мені ол арада алдымен
құтқарған жағдай — сондай мәтіндерде бірінен-біріне көше беретін
стандартты сөйлемдер, жаттанды болған ойлар.
Комсомол партияның көлеңкесін саялап жүргенін ешкім де жоққа
шығара алмайды. Тіпті комсомол жасады деп дақпыртталып, дәріп
теліп жататын жұмыстардың өзі шынтуайтына келгенде, тікелей
партия комитеттерінің басшылығымен, күнбе-күнгі бақылауымен
жүзеге асатын. Кей тұстарда комсомол жетекшілері қалайда жоға
Билік баспалдақтары
— 103 —
рыдағылардың көзіне түсу үшін көкейге қонымсыз, тіпті ұлтына обал
жасайтындай қадамдардан да тайынбайтын. Ең бастысы — патриот
тық бастама көтеріп, көзге түсіп қалу. Сәті түссе — өсіп қалу. Мысалы,
бүкіл аудан жастарының мектептен кейін мал шаруашылығында
жұмысқа қалуы, сөйтіп «екінші тыңды» игеруі сияқты ұйғарымдар
жасалып, жүз-жүздеген жастар амалдың жоғынан қойдың соңына
түсуге мәжбүр болатын. Комсомолдың есебінен шығармаса, қолына
аттестат бермесе, ешкім де ешқайда кете алмайтын. Олардың ара
сында оқуға қабілеттілері, тіпті таланттылары аз емес-ау деп ойлап,
қиналып жатпайтын. Біздің аса көрнекті қаламгеріміз, кейіннен ірі
мемлекет қайраткері болған Әбіш Кекілбаев мектеп бітіретін жылы
бүкіл ауданның жастары сондай шешім қабылдаған екен. Абырой
болғанда, дәл сол жылы облыстық атқару комитетінің төрағасы қыз
метіне Нұртас Оңдасынов ағамыз бара қалыпты. Сол ауданға жолы
түскен бетте-ақ: «Қазақтың маңдайына мал бағу ғана жазылып қо
йып па? Балалардың бетін қайтармаңдар» деп, жаңағы шешімнің
күшін жойғызыпты. Жарайды, Әбіштің жолы болыпты. Әйтсе де,
әр облысқа Нұртас Оңдасыновтай басшы бара бере ме? Қаншама
жастың сондай солақайлықтан өмір жолын бастамай жатып, тауы
шағылып, тауаны қайтқаны белгілі ғой.
Сол тұста өндірістен қол үзбегенім, жұмысшылармен, инженер-
техник қызметкерлермен, партия активімен қоян-қолтық араласып
жүргенім, алып индустрия аймағының қара қазанында қайнағаным
қай жағынан қарағанда да маған өлшеусіз пайда тигізді. Теміртауда
барлық басшылықтың да, партия, комсомол, кәсіподақтың жұмысы
да металлургия комбинатымен байланысты еді. Сондықтан зауыттан
қол үзген жоқпын деуге болады.
1971 жылдың маусым айында мені Теміртау қалалық партия коми
тетінің екінші хатшылығына сайлады. Мұның өзі маған көрсетілген
зор сенім.
Тасым өрлеп, талабым төрлеп тұрған сол тұста тағдырдың ауыр
соққысына душар болдым. Жетпіс үшке жаңа жеткен жасында әкем
Әбіш өмірден өтті. Еңсемді езген қайғыны серпілтудің ең сенімді
жолы жаңа жұмысқа жан-тәніммен беріліп, жан азабын азайту еді.
ПАРТИЯ
Екінші хатшы өнеркәсіпке, күрделі құрылысқа, көлік жүйесіне
жауап беретін. Ал қаладағы өнеркәсіп ең алдымен — металлургия
комбинаты. Күн демей, түн демей жұмыс істедік. Сол кезде
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 104 —
Карметкомбинатта 250 тонналық конвертер, 600 тонналық мартен
пеші іске қосылды. Өзімді бұл қызметке сайлағанда мен әдеттегідей
«кабинеттік» ұғымдағы партия жұмысымен мүлдем айналыспадым
десем де болғандай. Маған қалалық партия комитетінің металлур
гия комбинаты құрылысының қоғамдық-саяси штабындағы өкілінің
міндеттері жүктелді де, күндіз-түні жұмыс басында жүруге көштім.
Бұл жұмысты өзімше «комиссарлық прораб» деп атадым. Ә дегенде
мен құрылыс басқарушымен қатар қойылдым ба, әлде оның орны
на қойылдым ба, ол жағы түсініксіз еді. Кейде сонша шарқ ұрудан
көз алдың тұманданатын: біресе домна пешіндегі бұзылған жерді
түзеп, біресе конвертерге түнгі графикті түзіп, жүздеген қажетті ак
тілерді өткізіп, жексенбіліктер ұйымдастырып, бетон, металл, құрал-
жабдықтарды тасуды қамтамасыз етіп, шапқылайсың да жүресің.
Күн сайын ондаған, жүздеген адаммен сөйлесетінмін. Олар тәулік
бойы құрылыс штабына әртүрлі мәселелермен, кейде тіпті күтпе
ген қам-қарекет шаруаларымен және өтініштерімен ағылып келіп
жататын: біреулері егер бетон жеткізу жолға қойылмаса, бригаданы
басқа жаққа алып кетемін деп қорқытса, енді біреулері маскүнем
күйеуіне ықпал жасауды талап ететін…
Екінші хатшы лауазымы маған жоғары қызметтегі көптеген
адамдармен араласуға мүмкіндік берді. Үлкен ЦК-дан, кіші ЦК-
дан партия қызметкерлері ағылып келетін де жататын. Артық-ауыс
ақылын беретін де жататын. Бәрінің сұрайтыны тек жоспар көр
сеткіштері. Оны орындау үшін адамға қандай жағдайлар керек, ол
жағдайлардың қайсысы жасалған, қайсысы жасалмаған дегенді ешкім
ауызға да алмайды. Жағдай жасалмаған соң кадрлар тұрақтамайды.
Сол кезде біздің комбинатта кадрлардың ауысуы 30 пайызға дейін
жететін. Әрбір үшінші адам тұрақты жұмыс істемейді деген сөз бұл.
Сондықтан 1973 жылдың қазан айында металлургия комбинаты пар
тия комитетінің хатшысы қызметіне кіріскен кезімде мен шаруаны
металлургтерге жағдай жасауды ойластырудан бастадым. Кітаптың
«Бүлік тағылымы» деп аталған тараушасында 1959 жылғы Теміртау
оқиғасынан осындай түйін түйгенімді аңғартып өткенмін.
Партиялық иерархиядан хабары жоқ бүгінгі оқырмандар қала
лық партия комитетінің екінші хатшылығынан сол қаланың ішінде
орналасқан комбинаттың партком хатшылығына ауысуды қызмет
бабында төмендеу деп те ойлап қалуы мүмкін екенін ескеріп, бұл
жаңа жұмыстың салмағы жөнінде бірер ауыз сөзбен айтып өткенім
артық емес деп санаймын. Бүгінгілерге мұндай түсіндіру қажет-ақ.
Кеңестік кезеңде қызметтің салмағы ол лауазымның қай жердің но
менклатурасына кіретінімен оп-оңай анықталатын. Қалкомның екінші
Билік баспалдақтары
— 105 —
хатшылығы тұрмақ, бірінші хатшылығы да Қазақстан компартиясы
Орталық Комитетінің номенклатурасына кіретін, ал Карметкомби
наттың партком хатшылығы КОКП Орталық Комитетінің номенкла
турасы. Өйткені Кармет — республикадағы ғана емес, Одақтағы ең
маңызды өнеркәсіп орны. Комбинат цифрлары әлі күнге жадымда:
әрқайсысы шағын зауыт дейтіндей 95 цехы болатын, ондаған тепловоз
жүретін ішкі теміржолдарының ұзындығы 400 шақырымға жететін,
бір жарым мың жүк мәшинелері, өзінің электр стансасы бар еді…
Карметте ол кезде отыз мыңнан астам адам жұмыс істейтін, олардың
екі жарым мыңы коммунистер. Қазақстан Магниткасы бүкіл ел эко
номикасы үшін стратегиялық нысан еді. Кеңес Одағын болат қорыту
дан әлемде бірінші орынға алып шыққан кәсіпорындардың бірі еді.
Теміртаудың тағдырымдағы ерекше орны интернационалдық
ортада өмір сүруге, еңбек етуге бұрыннан да бейімдігі бар мені сан
ұлттың адамдарымен емін-еркін аралас-құралас жүруге әбден үй
реткені дер едім. Бірлігі жақсының тірлігі тапшы болмайды. Бірге
жүрген соң, көрші тұрған соң мүдделер бірікпей қоймайды. Ынты
мақ үшін ымыраға бара алмағандардың не күйде екені белгілі. Сан
түрлі этностың басы қосылған елдерде ұйымшылдықтың ұйытқысы
болу міндетін сол мекеннің иесі өз мойнына алуы керек. Тәуелсіздік
туы қолға тиісімен қазақ халқы дәл солай еткеніне бүкіл әлем куә.
Біз келісім саясатынсыз ел бола алмайтынымызды бірден-ақ білдік.
Солай еттік те. Жалпы, біздің қазақ тумысынан көпшіл, бауырмашыл.
Оның бір себебі біздің мына алып даламыздың тарихи даму жолының
дәлізінде тұрғандығы да сияқты. Мен бала күнімнен көпұлтты ортада
өскенмін. Балалық шағымды әңгімелегенде мұны жаздым да. Әйтсе
де, мектепте, училищеде өзге ұлттың өкілдерімен бірге оқу бір басқа
да, сан түрлі халықтың арасында ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу,
басшылық жасау деген бір басқа. Бұл жағынан Теміртау мен үшін баға
жеткісіз мектеп болды. Барша жұртпен тіл табысып, ортақ шаруаны
бірлесе атқарып жүре бердік. Қазақстанда ол кезде басқа ұлттардың
үлес салмағы қазіргіден әлдеқайда көп болғаны рас. Ол кезде қазақ
халқының тіліне, мәдениетіне, дәстүріне елеулі нұқсан келгені де рас.
Патша өкіметінің отарлау саясаты кезінде де, сталиндік жер аудару,
тың игеру, екпінді құрылыстар салу кезінде де адамдардың көбінесе
саясаттың тетігіне айналғаны белгілі. Сондай жағдайда да қазақтар
ғасырлар бойы қалыптасқан қонақжайлық салтын, мейірімділік
дәстүрін бұзған жоқ. Екінші жағынан, әлгіндей сүргіндер кезінде
қалыптасқан көпұлтты ұжымдарда адамдардың достығы сынақтан
өтіп, шыңдалатыны да белгілі. Ондайда жұрт бір-бірін ең алдымен
түсіне қарап емес, ісіне қарап бағалайды. Магниткада мен оны талай
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 106 —
көрдім. Интернационализм, достыққа беріктік сияқты Теміртауда
бойыма сіңірген қасиеттер менің Қарағандыдағы жұмысымда да,
Орталық Комитеттегі, Үкіметтегі жұмысымда да, кейін Президент
ретіндегі қызметімде де көп көмектесті.
Менің нағыз партиялық жұмысым тап сол комбинаттың өзінде
басталды дей аламын. Ол жұмысты сипаттардан бұрын сол кезде
комбинат директоры болған Олег Иванович Тищенконы разылық
сөзбен еске алып өткім келеді. Жақсы кісі еді. Жұмыс десе жанын
салатын. Алғашқы жылы шаруамыз онша жүрмеді. Қайда қара
саң да, берекесіз тірлікті көресің. Қыдырып кетіп қалу, жұмысқа
шықпай қою, ауысымға кешігіп келу дегендер әбден әдетке айналған.
Осы тұста біздің ең негізгі назарды бастауыш еңбек буындарындағы
партиялық топтарға аударғанымыз өзін-өзі ақтады. Қазір ойлап
отырсаң, сол кездегі нағыз коммунистердің адалдығына, іскерлі
гіне, жұмысқа жаны ашитынына қатты сүйсінесің. Біз солардың
арқасында комбинат ұжымының ыдырауын, кәсіби шеберліктің
төмендеуін, өнім сапасының нашарлауын тоқтата алдық. Бұл қазір
айтуға оңай. Қаншама қыруар жұмыс жасадық сол кездерде. Әйтсе
де, адамдардың шын көңілмен еңбек етуіне жағдай жасамайынша,
ешқандай түбірлі өзгеріс болмайтынына әбден көзім жетті. Сөйтіп,
Мәскеуге, КОКП Орталық Комитетіне баяндау хат жазуға бекіндім.
Негізінде, қабылданған тәртіп бойынша, обкомды, республиканың
орталық комитетін айналып өтіп, тікелей Мәскеуге жазу қызметтік
тәртіпті бұзу саналады. Мен басқа жол іздедім. Сол кездегі «Правда»
газетінің тілшісі Михаил Полторанинмен кездесіп, мақала дайын
дауды ұсындым. Михаил Никифорович — қазақстандық, Риддерде
туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін
бітірген. Құрдаспыз деуге де болады, менен бір-ақ жас үлкен. Жиі
хабарласып тұратынбыз. Ол мақала еліміздің басты газетінің бетінде
«Артта қалғандар есебінде» («Причислен к отстающим») деген атпен
шықты. Барлық кемшіліктер айтылды. Бірақ мен бұл арада да өз ла
уазымымның КОКП Орталық Комитетіне қарасты екенін пайдаланғым
келді. Ол жақта елдің аса ірі металлургия кәсіпорнындағы істің апат
ты жағдайы жөніндегі дабылымызға өте түсіністікпен қарады. Көп
ұзамай бізге КОКП Орталық Комитетінің жаңадан сайланған хат
шысы Владимир Иванович Долгих келді. Мықты адам екенін бірден
байқадық. Бұған дейін Норильск металлургия комбинатын табысты
басқарғаны көрініп-ақ тұрды. Кейіннен екі мәрте Социалистік Еңбек
Ері атанды. КОКП Орталық Комитеті Саяси бюросы мүшелігіне кан
дидат болып, КСРО Жоғарғы Кеңесіне, Ресей Мемлекеттік Думасына
Билік баспалдақтары
— 107 —
депутаттыққа сайланды. Жасы 94‑ке келгенше Федерация кеңесінің
мүшесі болды. 2020 жылы 96 жасында өмірден өтті.
Кешегі кеңестік кезең бізден бірте-бірте алыстап барады. Әуелгі
бетте, қайта құрудың тұсында, тәуелсіздік эйфориясының кезінде ол
қоғам жайында негізінен теріс пікірдің орныққаны рас. Екі қоғамдық
жүйенің жарысында социализмнің артта қалғаны, екі идеологияның
бәсекесінде марксизм-ленинизмнің күйрегені анық көрініп тұрды,
жұрт соның бәріне тек коммунистерді кінәлі санады. Ол негізінен
орынды да еді. Дегенмен, тұтас қоғам тұрмақ, бүтін заман тұрмақ,
жеке адамның өзін бір бояумен бояп шығуға болмайды. Мәселе қай
партияның басқаруында емес, қалай басқаруда екенін біз әлемдегі
қазіргі ірі мемлекеттердің талайының тәжірибесінен, әсіресе ұлы
көршіміз Қытайдың тыныс-тіршілігінен көріп отырмыз. Жалпы, тек
артықшылықтан немесе тек кемшіліктен тұратын қоғамдық жүйені
табу мүмкін емес. Академик Сахаров қайта құрудың қым-қиғаш
айтыстары тұсында, халық депутаттары съезінде социализмнің де,
капитализмнің де өзіндік артықшылықтарын жақындастыруға ұмты
латын конвергенция теориясын жақтаған еді. Экономикада мұны
жүзеге асыру қиын екеніне көзіміз жетті, ал әлеуметтік салада әр
жүйенің төл сипаттарын жымдастыруға тырысқан артықтық етпейді.
Долгихтің нақты істің адамы екені сондай, өзі біздің қаламызда
төрт күн бойы жүріп, жағдаймен әбден танысып кетісімен арада
небәрі үш апта өткенде Теміртауға Мәскеуден елу адамдық бригада
сау ете қалды. Мақсаттары — Орталық Комитеттің Секретариатына
комбинат парткомының жұмысы туралы мәселе дайындау. Бригада
апталап жүріп, әбден ішек-қарнымызды ақтарғандай тексерді, проб
лемалардың барлығын анықтады, сөйтіп үлкен жазба дайындады.
Шыны керек, әуелде жатқан жыланды өзім түртіп қалғаным не деп
ойлағаным да рас. Дегенмен, бәрі де көңілдегідей бітті.
Журналист Айтбай Сәулебек кезінде Мәскеуге арнайы барып,
87 жастағы Владимир Ивановичтің әңгімесін диктофонға түсіріп
қайтқан, оны «Елбасының алтын бесігі» атты кітабында жариялаған
екен. Ол кісі былай депті:
«Кезек күттірмес мәселелерді шешуіміз қажет болды. Сол сәтте
комбинаттың парторгына Нұрсұлтан Назарбаев сайланған. Шы
нымды айтсам, қазақтан мұндай батыл адам шығады деп күтпеген
ем. Ол мәселені төтесінен қойды. Алдында қалалық партия коми
тетіндегілерді тыңдап жүрген ем, партком хатшысының бұлтартпас
ұстанымынан кейін кей пікірлерімді өзгерте бастадым.
Проблемаға терең зерттеу жүргізудің арқасында КОКП ОК атына
тиісті ұсыныстарды келтіріп, хат дайындадым. Бұл құжат алдымен
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 108 —
ОК Секретариатының талқылауынан өтті. Содан кейін комбинаттың
қиын халі жөніндегі мәселелер айтыла келе, оны түзетудің іс-шара
лары нақты көрсетілген ауадай қажет шешім қабылданды.
Моншақтап тер төгудің нәтижесінде комбинаттағы ғана емес,
Теміртау қаласындағы, тіпті облыстағы ахуал жақсартылды: кадр
мәселесі шешімін тапты, кадрлар тұрақтандырылды, еңбек қауіпсізді
гін сақтаудың тәртібі тиісті дәрежеге қойылды. Міне, осындай жарқын
істерімен Қазақстан Магниткасы Одақтағы озық кәсіпорынға айна
лып қана қойған жоқ, металлургия саласындағы үлгілі комбинат
қатарына қосылды.
Сөз жоқ, Нұрсұлтан Әбішұлының сол кездегі еңбегі ересен. Ол
Қазақстан Магниткасын аяғынан тік тұрғызды!
Несін жасырамыз, егер де Назарбаев сияқты батыл партком хат
шысы болмай, жалтақ, жағымпаз біреу кезіккенде, қазақтың маңда
йындағы жалғыз комбинат әлдеқашан жабылып қалар ма еді?».
Владимир Ивановичтің ол пікіріне рақмет. Әрине, мұнда парт
ком хатшысының атқарған рөлі тым артық бағаланып тұр. Мәселе
бұл арадағы негізгі кілтипан тек биік деңгейдегі шешімдер арқылы
жүзеге аса алатын қадамдарда екенінде. Біздің еңбегіміз, істің көзін
білгеніміз негізгі түйінді тарқататын жіпті дер кезінде, дәл тапқаны
мызда. Солай екеніне арада біраз уақыт өткенде Сусловтың алдына
барғанымда, ертеңінде Орталық Комитеттің Секретариатында есеп
бергенімде көзім жете түсті. Ол заманда Секретариатта есеп беру
кім үшін де айрықша маңызды оқиға. Сталиннің: «Тарих үш кезеңге
бөлінеді: матриархат, патриархат және секретариат…» деген әзіл
сөзі текке айтылмаған.
М. А. Суслов — партияға Сталин тұсында келген буынның өкілі.
Өмір үрдісінде өзіне-өзі қатал қарайтын, өз күшін жұмсап жүрген іске
мейлінше сенетін адам еді. Суслов — аңызға айналған тұлға. Брежневті
алға тосып, Хрущевті тақтан тайдыру операциясын жүзеге асыру
жүрек жұтқан қайраткердің ғана қолынан келер еді. Николай Зень
ковичтің сөзіне жүгінсек, «Марксизм-ленинизм теориясын ешкім де
одан артық білмейтін, өзі түйінді рөл атқарған Хрущев пен Брежнев
заманында одан басқа ешқандай қайраткер КОКП-ның бүкіл прак
тикасын, саясатындағы бүкіл өзгерістерді таныта алмайтын. Суслов
Саяси бюродағы көп әріптестеріне ұқсамайтын еді. Оны айтасыз,
тәжірибесі, білімі, жалпы мәдениеті бойынша ол Орталық комитеттің
басқа хатшыларынан анағұрлым биік тұратын». Кезінде Орталық
комитет аппаратында жұмыс істеген Михаил Ненашевтің «Залож
ник времени» деген кітабында Сусловтың Секретариат отырыстарын
Билік баспалдақтары
— 109 —
жүргізуі әсерлі жазылған: «Өзін көрсетуге тырысудан атымен ада:
дәйім табиғи қалыпта — әбден шып-шымыр, жұп-жұмыр, патшалық
гимназияның мұғалімі сияқты. Секретариатты нақпа-нақ, дәлме-дәл,
бос сөзсіз өткізеді. Төтен бір жағдайда ғана Секретариат уақыты бір
сағаттан асатын. Сөйлеушілерге 5–7 минут беріледі. Айтарыңды ай
тып бітпесең, 1 минуттан кейін М. А. Суслов: «Рақмет» дейді, содан
қобалжыған шешен қағаздарын жинастыра бастайды».
Жалпы, маған Михаил Андреевич жақсы әсер қалдырды. Әрине,
оның елдің бас идеологы ретінде атқарған жұмысына әрқилы баға
беруге болады. Оны «сұр кардинал», «партиялық Аракчеев» деп те
жатады. Сусловтың күнгейі де, көлеңкесі де көп, күрделі тұлға екені
анық. Брежневтің идеологияға шорқақтығын пайдаланып, бұл сала
ны бір өзі билеп-төстеп алғанын да білеміз. Сусловтың сөзі шешуші
салмаққа ие, одан Андроповтың өзі ығатын көрінеді дегенді де естіп
жататынбыз. Ал нақты Теміртау мәселесін талқылаған тұста мен
оның проблеманың түйінін дәл ұстай алатын алғыр адам екеніне
көз жеткіздім.
М. А. Сусловпен бірінші кездесуім егжей-тегжейлі есімде қалып
қойыпты. Мұның себебі де бар еді. Ол кезде жас болатынмын, ал
маған аса ірі металлургиялық комбинаттың тағдыры жөнінде, бүгін
гі үрдіспен айтқанда, «заманымыздың ұлы адамдарының бірімен»
күрделі әңгіме өткізудің салмағы жүктелді.
Мені кабинетіне алып кіргенде, ұзын бойлы, тарамыс, еңкіштеу
келген Суслов үстелінен бері шығып, қол беріп амандасты.
— Ең алдымен, жас жігіт, Теміртауыңыздың қайда екенін көр
сетіңіз.
Қабырғада ілулі тұрған Кеңес Одағының картасына жақындадым.
— Міне, Михаил Андреевич, мына жерде. Мынау — Қарағанды.
Осы қалаға іргелес, селеулі далаға еліміздегі қара металлургия алып
тарының бірін орнаттық. Бұл соғыстан кейінгі жылдардағы страте
гиялық объектінің…
— Айта беріңіз, айта беріңіз.
Мен де әңгімені жалғастыра отырып, бәрін қаз-қалпында түгел
айттым. Адамдарға ешқандай жағдай жасалмаса да, комбинатты
қалай салып шыққанымызды айттым. Алып құрылыстың жүздеген
ірі-ірі кем-кетіктерін, комбинаттың әлі қоршалмағанын, болат табақ
шаларды кім көрінгеннің қалай болса солай үйді-үйіне мәшинемен
тасып алып кете алатынын да айттым. Тұрғын үйдің, балабақшаның
салынбағанын, күнделікті қажетті азық-түлік өнімдері мен бұйымдар
дың жетіспейтінін де сөз еттім. Ауа райының аса қолайсыздығын,
боранды-шашынды күндері жұмысшылардың комбинатқа жете
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 110 —
алмай қалатыны жөнінде де айттым. Әйелдерге жұмыс табыла бер
мейтінін де жасырған жоқпын…
Ол менің сөзімді бөлместен ықылас қоя тыңдады. Ал содан кейін
сұрақ бере бастады, тіпті ұсақ-түйек жайларға да көңіл аударып,
қойын дәптеріне түртіп алды. «Комбинат кадрларының арасында
қазақтардың саны қанша?», «Тамақ бағасы қандай?» деген сұрақтарға
да жауап бердім.
Әңгіменің аяғында:
— Ертең Секретариатта сіз не туралы айтпақшысыз? — деп сұрады.
Мен сөйлейтін сөзімнің дайын екенін айттым.
— Қазір маған айтқандарыңызды ертең де түгелдей айтып
шығуыңызға кеңес беремін.
М. А. Сусловпен болған әңгіме сенімімді күшейтті. Біріншіден,
менің түсінуімше, мұнда бізді ешкім де сөгіс арқалатып жіберу үшін
жинап жатқан жоқ. Екіншіден, менің әңгімем М. А. Сусловты ой
ландырған, комбинаттың қиын жағдайда қалып отырғанын түсінген
тәрізді. Өйткені жоғарыда айтқанымдай, мені өте мұқият тыңдап,
өзінің сұрақтарын біздегі жылдар бойы жинақталып қалған мәселе
лерге байланысты қойды ғой.
…Секретариатта Металлургия және ауыр мәшине жасау министр
лігінің басшылары сазайларын тартты. Суслов оларға: «Аса маңызды
мемлекеттік істі былық-шылыққа айналдырып жібергенсіңдер!»
деді. Осы мәжіліс Қазақстан металлургтерінің мәдени-тұрмыстық
жағдайын жақсарту үшін ССРО Министрлер Кеңесіне тиісті қаулы
қабылдауды жүктеумен аяқталды. Бұл құжатты даярлайтын комис
сияға мені де мүше етіп кіргізді. Министрлер Кеңесінің қаулысына
біздің «қуып жүріп» кіргізген цифрларымыз әлі күнге дейін есімде.
Әр жыл сайын 80 мың шаршы метр тұрғын үй мен 1660 орындық екі
балабақшаны пайдалануға беруге, екі кәсіптік-техникалық училище
мен металлургиялық техникум үйін салуға, ВТУЗ-ға арналған мекен
жай, Мәдениет сарайын, спорт кешенін, металлургтердің демалыс
базасын тұрғызуға шешім қабылданған-ды…
Секретариаттан кейін партияның Орталық Комитеті мен үкімет
тің бірлескен қаулысы дайындалды. Көп уақыт өтпей-ақ қаламыз
өзгере бастады. Тұтас тұрғын үй орамдары бой көтерді, балабақ
шалар, стадион, бассейн салынды, демалыс үйі, сауықтыру-емдеу
мекенжайы салынды. Ең ғажабы — бірте-бірте пәтер кезегі жо
йылды. Кадрлар тұрақтанды. Адамға көңіл бөлінгеннен кейін-ақ
жұмыс та жүре бастады. Комбинаттың өндірістік көрсеткіштері ай
өткен сайын жақсара берді. Теміртаудың тынысы ашылып, құлашы
кеңейе түсті.
Билік баспалдақтары
— 111 —
Орталық Комитет Секретариатындағы сөзім, одан кейін қабыл
данған қаулының нақты нәтижелері беделімді өсіргені анық. Алма
тыдағылар да маған содан кейін барып шындап назар аудара бастады
ғой деймін. Олай дейтінім, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев арада
біраз жыл өткенде, көңіл қошы келген бір сәтте Мәскеудегі сөзімнің
әсері күшті болғанын, Орталық комитеттегілер мені есіне сақтап
қалғанын айтқан еді. Сол Секретариаттан соң М. Суслов Димекеңе
телефон шалып, мына жігітке көңіл аударыңыз деген екен. Осыдан
кейін көп ұзамай Қарағанды облыстық партия комитетінің өнеркәсіп
жөніндегі хатшысы қызметіне жоғарылауыма Мәскеудегі мәжілістің
шешуші әсері бар деп шамалаймын.
1979 жылы Орталық Комитеттің өнеркәсіп жөніндегі хатшысы
қызметіне келісім алуға барғанымда маған Суслов: «Міне, сізді өсіріп
шығардық!» деген. Біреудің өсіруімен ешкім де алысқа бара алмайды.
Өсірумен қызметке қоюға болады, әйтсе де ондай қызмет баянды
болмайды. Ең абзалы — Абайдың: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген сөзін ұдайы есте ұстау.
СЕНІМ
Қарағанды обкомының хатшысы ретіндегі алғашқы кездегі жұмы
сымда Теміртауда жүргенде КОКП Орталық Комитетімен, одақтық
үкіметпен қарым-қатынас жасау тәжірибесі маған көп көмектесті.
Жаңа қызмет орнына келгеннен кейін таңдау жасауым керек болды:
алдағы кезде қалай өмір сүріп, қалай әрекет ету жөн? Рас, партия
қайраткерлерінің бірнеше буынының өкілдері баяғыдан бері таптау
рын еткен және сынап көрген бір жол бар да еді. Ол жолмен жүрсең,
өкімет билігі сатыларында өз жағдайыңды нығайта түсуің, сырт көзге
байқала бермейтін ерекше заңдары бар күрделі иерархиялық басқару
жүйесінде қолыңнан келген тәсілді түгел қолданып, тас қамалдай
берік өз тобыңды құруың керек болады. Бірақ комбинатта істеген
жылдары менің миыма басқаша бір қарапайым қағида сіңген еді. Ол
мынау: егер сенің шынымен адамдардың игілігі үшін жұмыс істегің
келсе, онда сол адамдардың өздеріне арқа сүйеу керек. Осы қағиданы
бұлжытпай орындауға біржола бел будым.
Арқада арқа сүйер берік тірегім болды да. Ол Қарағанды металлур
гия комбинатының ұжымы еді. Бәлкім, металлургтердің өзіме деген
ықыласын асырып айтып та отырған шығармын, дегенмен, қажет
жерінде олардың мені қолдайтынына кәміл сендім. Шамасы, бұлай
сенуім қалай дегенде де негізсіз емес еді. Мысалы, мұны содан бір
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 112 —
жыл бұрын металлургтер өзімді тікелей жасырын жабық дауыспен
партия съезіне делегат етіп сайлағанда да байқауыма тура келген.
Ең қиыны, тегінде, шахтерлердің сеніміне кіру болды-ау деймін.
Қанша дегенмен, олар мен үшін жаңа мамандық иелері ғой. Шах
терлер өздерін мойындата алған адамдарды ғана мойындайды. Ең
болмаса ашық пікірлесе алатындай дәрежеде мойындасын десең,
онда шахтаға түс, лаваға кір. Мен солай еттім. Өйткені шахтердің
табиғатын, мінез-құлқын түсіне алмаған адам олар үшін ешкім емес
екенін бірден бағамдадым.
Қарағанды көмір бассейнінде ол кезде 26 жерасты шахтасы бар еді.
Метан газының мөлшері жағынан олармен, шамасы, тек ағылшын
шахталары ғана теңесе алатын шығар: әр тонна көмірге 19 текше
метрден келеді. Көмір қабаттарының күрделі құрылымы жарылыс
қаупін ұдайы тудырады, одан төбенің опырылып құлау қаупі де кем
емес. Осы шахталардың бәрін де көріп шығу үшін жарты жыл уақы
тым кетті. Күлкілі оқиғаларға да ұшырадым, қиын жағдайларға да
тап болдым. Бір рет менен бірнеше метр жерде төбенің опырылып
түскені бар. Әйтеуір, аман қалдық. Тап жанымыздағы адамдарды
көз алдымызда басып қалған жағдайлар да кездесті. Забойға түскен
шахтер ауысым біткенде міндетті түрде сыртқа аман-есен шығады
деп ешкім кепілдік ете алмайтын.
Істің жағдайына тереңірек қанығып, егжей-тегжейлі танысқан соң
көмір бассейніндегі проблемалардың ұсақ-түйегіне дейін металлур
гия комбинатындағы өзіме таныс қырсық атаулымен егіз қозыдай
ұқсас екеніне көзім жетті. Мұнда да барлық мәселе күрделі қаржы
мен қорды бөлудің орталықтандырылуына барып тіреледі екен.
Тұрғын үй мәселесі де «мемлекеттік жоғары мүдденің» көлеңкесінде
қалып қойған. «Шығынды аз жұмсап, өнімді көп өндірейік» дейтін
бұрыннан белгілі қағида ақыр аяғында мынаған әкеп соқтырған: жер
астындағы көмірді қазып алудың жаңа аймақтары игерілмеген, оның
есесіне, сөздің тура мағынасында, қаланың астын үңги берген. Жер
қыртысы шөккен, су құбырлары үзілген, жолдар опырылып түскен,
үйлер, ғимараттар құлаған. Басқа да проблемалар жеткілікті.
Тағы да Орталыққа жүгінуге бекіндім.
Шахтерлердің жағдайын жақсарту жөнінде көлемді құжат да
йындап, тиісті тәртіп бойынша жолдадық, барлық ұсыныстарымызды
дәлелді айтуға тырыстық. Мәскеу біздің ойымызды қолдады. Хат
шылыққа келген алғашқы жылымның аяғында-ақ одақтық үкімет
тің қаулысы шықты. Тұрғын үйлерді көптеп салуға, коммуналдық
шаруашылықты жақсартуға, жылу-электр орталығын кеңейтуге
мүмкіндік ашылды. Сол тұста 22 мың бала балабақшаға барғаны
Билік баспалдақтары
— 113 —
есімде. Жақсы өмірдің басты кепілі еңбек десек, жақсы еңбек етудің
бір кепілі — спорт. Денсаулық мықты болмайынша, қандай еңбегің
де өнбейді. Ой еңбегіне де денсаулық керек. Соны ескеріп, Теміртауда
жеңіл атлетика манежін, «Металлург» стадионын, «Жастар» жүзу
бассейнін, санаторий-профилакторий салдыртқанбыз. Ол кезде мұн
дай спорттық нысандар республиканың өзге қалаларында сирек еді.
Абырой болғанда, одақтық үкіметтің қаулысы қабылданып қана
қойған жоқ, онда көзделген құрылыстың бәріне тиісті қаржы да
бөлінді. Еңбегім еленіп, ел арасында беделім артты. Қарағандыға
келгеніме жарты жыл жаңа толған кезде мені облыстық партия ко
митетінің екінші хатшысы етіп сайлады.
Бұл жұмыс сипаты жағынан бұрынғы қызметтің жалғасы сияқты,
бірақ ауқымы жағынан, әрине, анағұрлым үлкен. Облыстың өнер
кәсіп орындары бір жылда 4 миллиард сомның өнімін шығаратын.
Түсті металлургия, химия және мұнай-химия салалары да мен үшін
бірте-бірте ашыла бастады. Мен барған бетте-ақ басшы партия қыз
меткерлерінің жұмысшы тап өкілдерімен, еңбек адамымен лайық
ты пікірлесуі жетіспей жататынын байқадым. Облыстық партия
активінде қауіпсіздік техникасы мәселесі жөнінде арнайы сөйлеп,
Гостехнадзордың анықтаған фактілерінің бәрін жайып салғанмын.
1978 жылдың 20 ақпаны әлі есімде. Ол күні «Сокурская» шахтасында
алапат авария болып, 73 шахтер жер астында көз жұмған еді. Бұл
жолы қатаңдық көрсетуге тура келді, шахтаның директорын да, бас
инженерін де жұмыстарынан алып, партия қатарынан шығарып,
сотқа бергенбіз. Олай етпесе де болмады. Еңбек адамына тиісті жағдай
жасамаудың арты қашан да қиын жағдайларға соқтырады.
Облыстық ауқымдағы жұмыс маған көп нәрсені бадырайта көр
сетіп берді. Орталық та, республика да алдымен металл мен көмірді
ғана сұрайтындықтан, Теміртауда да, Қарағандыда да әйелдердің
қоғамдық өндіріске тартылуы тіпті мардымсыз екен. Жақсылап
есептеп кеп жіберсек, Қарағанды мен Теміртауда еңбекке жарамды
тұрғындардың ішінен 50 мың адам жұмысқа тартылмаған болып
шықты. Одақтық министрге хат жазып, облыста жеңіл өнеркәсіп
орындарын ашуға мүмкіндік алдық. Осының бәріне негізінен жұмыс
шы ортасынан өскенімнің, еңбек адамының психологиясын, еңбектің
қиындығын, қадір-қасиетін жақсы білетінімнің, ең бастысы — өзімді
аямағанымның, еңбекқорлығымның арқасында қол жетті деп сенім
мен айта аламын. Бұрын біздің Қарағанды облысында жұмыс істе
ген, кейін Ресейдің Омбы облысының губернаторы болған Леонид
Полежаев өзінің кітабында «Назарбаев партияның бесігінде өскен
жоқ» деп жазыпты. Онысы рас.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 114 —
Жастық кешуінің ең бір сырлы сәттерін Теміртауда, Қарағандыда
сезіндім дей аламын. Кейіннен ел басқарудың ең қиын сынақтары
ның бірінен де мен осында, Қарағанды жерінде өттім. 1989 жылдың
шілдесінде шахтерлер жаппай ереуілге шыққанда кәдімгідей қиын
жағдай қалыптасты. Мен ол күндері Мәскеуде едім. Республика ком
партиясының басшысы қызметіне кіріскеніме әлі ай да толған жоқ.
Билік тізгіндерінің бәрі Кремльдің қолында тұрған кез. Горбачевпен,
Рыжковпен, басқа да лауазымды адамдармен алдын ала сөйлесіп,
жуық арада шешуге болатын мәселелер жөнінде ақылдасып, бірден
Қарағандыға ұшып келдім. Әуежайдан митинг өтіп жатқан орта
лық алаңға тіке тарттым. «Құрметті шахтерлер! Құрметті жерлес
терім!» деп бастадым сөзімді. Бір сағатқа жуық сөйледім. Алаңдағы
15 мыңдай адам тыныштық сақтап тыңдады. Ішкі жағдайды ашық
айттым, ереуілден шахтерлердің өздерінің қандай зиян шегіп жатқа
нын да ашып айттым. Шахтерлер сөзге тоқтады. Обкомның бірінші
хатшысы Локотуниннің шахтерлер талабы бойынша қызметінен
босатылатынын, олардың «Қарағандыкөмір» бірлестігінің басшысын
орнынан алу жөніндегі талабымен де келісу мүмкін екенін хабарла
дым. Артынша Мәскеуден мен шақыртқан одақтық министр де, басқа
жауапты адамдар да келді. Оларға: «Сіздер Қазақстанды тек шикізат
қорының көзі деп қарайсыздар. Саясаттарыңызды өзгертпесеңіздер
болмайды» деп кесіп айттым. Әр екі сағаттан кейін аз ғана үзіліс
жасап, түні бойы жұмыс істедік. Шахтерлер де таңға дейін алаңнан
кеткен жоқ. Митингілерін жалғастырып жатты. Таңғы сағат 6‑дан
15 минут өткенде мінберге қайта көтерілдім. Қабылданған шешім
дерді баяндадым. Ақыр аяғында кеншілер біздің жұмысымызды қол
дайтындарын білдіріп, бізге үміт артумен тарады. 30 сағатқа созылған
ереуілді тыныш тарату, ең бастысы — шахтерлердің көкейге қонымды
талаптарын қанағаттандырудың жолдарын табу, жекелеген талап
тардың орынсыздығын дәлелдеу оңайға түскен жоқ. Шахтерлердің
проблемалары сол кездегі жалпы елдегі жағдайға байланысты еді.
Өндіріс орындары тоқтай бастады. Көмірге деген сұраныс азайды,
сондықтан кеншілердің табысы күрт төмендеді. Жағдайға азық-түлік
жетіспеушілігі де әсер етті.
Бұл оқиға бізге көп ой салды. Проблеманың қаншалықты тамыры
тереңде жатқанын барынша байыптылықпен түсінуге мүмкіндік
берді. Кейіннен, тәуелсіздіктің алғашқы белесінде, комбинат ұжымы
бірнеше ай бойы жалақысыз отырып қалған шарасыз күндерде, қолда
бар мүмкіндіктердің бәрін саралай келіп, шетелдіктер көмегіне арқа
сүйеуге тура келеді деген тоқтам жасадық. Содан бергі жылдарда
комбинаттың тұрақты дамуы қамтамасыз етілгені бүгінде баршаға
Билік баспалдақтары
— 115 —
белгілі. Шетелдік инвесторға арқа сүйеу Арқадағы алыпты аман алып
қалудың жалғыз дұрыс жолы болғанын уақыттың өзі көрсетіп берді.
Қарағанды жұрты да, республика басшылығы да, Мәскеудегі ор
талық та облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы
қызметтеріндегі жұмысымды жоғары бағалады. Екі жарым жылдан
кейін мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің өнеркәсіп
мәселелері бойынша хатшысы болып сайландым.
Алматыға көшіп келгенге дейінгі өмірімнің он жеті жылы ата-
анамның жанында өтсе, жиырма бір жылы Украина мен Арқада
өткен екен. Сонда жүргенде Қарағанды политехника институтының
филиалын — Карметкомбинат жанындағы жоғары техникалық оқу
орнын бітірдім, КОКП Орталық Комитеті жанындағы үш жылдық
Жоғары партия мектебінің де дипломын алдым. Мұнда менің мі
незім қалыптасты. Дүниетанымым айқындалды. Ненің не екенін де,
кімнің кім екенін де, шындап айтқанда, осы жерде біле бастадық.
Өмір мектебінің сол сынақтарының бәрінен де мені жастайымнан
еңбекке баулынып өскенім алып шықты.
Өмір болған соң оның асуы да, сайы да, әртүрлі бұрылыстары
мен бұлтарыстары да болады, барлық жерде бірдей түп-түгел дұрыс
шешім қабылдай беру де қиын. Бірақ өмірде ешқашан адастырмай
тын, ешқашан қателестірмейтін, әрқашан абыройға бөлейтін бір
жол бар. Ол жол — еңбек жолы. Еңбектің адам өміріндегі, қоғам
өміріндегі алар орнын қалпына келтіру жолы. Біз осы жолмен жүруге
тиіспіз. Мен өз басым өмір бойы еңбекті ту етіп ұстап келе жатқан
адам ретінде халықты да осы жолға шақырамын. Заманды өзгертетін
де, қоғамды өзгертетін де, адамды өзгертетін де — тек еңбек, еңбек
және еңбек қана. Тағы да айтамын: біз үшін еңбек — шешуші ұлттық
фактор. Қандай ұлт бола алатынымызды қалай жұмыс істейтініміз
айқындайды. Еңселі елдікке еңбек, тек еңбек қана жеткізеді.
Ойымды қорытып айтсам, мен Магнитканы, Теміртауды, ондағы
адамдардың тағдырын өз тағдырымнан бөлек қарай алмаймын.
Азамат ретіндегі алтын бесігім — Теміртау, мемлекеттік қайраткер
ретінде қалыпқа құйған қазынам — Қарағанды дейтінім сондықтан.
Өмірімде Теміртау мен Қарағанды болмағанда, Арқа елінің арқа
ландырар сенімі болмағанда, мен Президент бола алмас едім деген
ойымды осы тұста тағы бір қайталап айтқым келеді.
Алдымда — Алматы.
— 116 —
ҚИЛЫ КЕЗЕҢ
АРҚАДАН — АЛАТАУҒА
Мұның алдындағы тарауды «Алдымда — Алматы» деп бітірген
едім. Сол қысқа сөйлемге асқар Алатаудың аясында тұрған аяулы
Алматыға деген сағынышымды сыйғызуға тырысқанмын. Ол кезде
кімнің Алматыда тұрғысы келмейді дейсіз. Бір көрген адамның түсіне
кірмей қоймайтын ғажап сұлу мекен. Оның үстіне бұл бала күннен
атпен, арбамен, кейін автобуспен барып-келіп жүрген, өзімнің туған
жерімдегі қала ғой. Астанамыз ғой. Алматыға мені асықтыратын тағы
бір жай, жоқ, тағы бір емес, басты бір жай — сол қаланың іргесінде
ата-анамның тұратындығы. Ұлының сонша жыл алыста жұмыс істеп,
қызмет еткеніне, бауыр еті баласын жыл он екі айда бір келетін де
малысында ғана көре алатынына қиналған апам: «Алматыдан жұ
мыс жұрттың бәріне табылғанда, менің Сұлтаныма ғана табылмай
қалыпты» деп те налитын. Міне, енді сол Алматыға қайтып келе
жатырмын. Бірақ көңілім дәл бұрынғыдай алып-ұшпайтын сияқты.
Неге десеңіз, екі жыл бұрын, 1977 жылы анам қайтыс болған еді.
Аспан айналып жерге түскендей қатты қайғырдым сонда. Ол кісі
ұлының Алматыға оралғанын, өзінің жанына жақындағанын ақыры
көре алмады. Анам өмірден өтердің алдында ғана Шамалғанға барып,
халін біліп кеткен едім.
Мәскеуге аттанар алдында ауылға барып, анамның көңілін сұрай
ын деген ойда болдым. Ол кісі біраздан ауырып жүрген. Теміртауға
алдырып, комбинаттың клиникасына жатқызып, біраз емдеттік. Ол
кезде бұл өте жақсы жабдықталған, маманданған денсаулық мекемесі
еді. Жағдайы түзелмеді. Өзі де соны байқап, ауылға, үйге апаруды
сұрады. Әкелдік. Үйге барғанымда, төсек тартып жатты. Бір апта
дан бері тұра алмайды деді. Жанында қолын ұстап біраз отырып,
әңгімемді айттым, әңгімесін тыңдадым. «Балам, мен сені енді көре
алмайтын шығармын» деп көзіне жас алды. Мен: «Жоқ, әлі талай
бірге боламыз. Енді жиі келіп тұрамын, тіпті Алматыға келуім де
жақындап қалды ғой», деп қалжыңдадым. Батасын берді. Қоштасып,
орнымнан тұрдым да, есік алдына шықтым. Артымнан біреу келе
Қилы кезең
— 117 —
жатқандай болды. Қарасам — анам. Бір апта бойы тұра алмай жатқан
кісі далаға өзі шықты. Үй алдындағы орындыққа бірге отырдық. Мені
құшақтап, қолымды сипалап: «Баланың үлкені сенсің, артыңдағы
іні-қарындасқа көз салып, көмектес» деді. Мен үшін көп қайғырма,
әкеңнің артынан бара жатырмын дегенді айтты.
Қайран қасиетті анам! Не істесең де, қарызынан құтыла алмас ана!
Ананың қадіріне тірі жүргенде жету керек. Өмірдің қиындығына
қарамай, жоқшылыққа қарамай, жүрегіндегі бар мейірін, сезімін
саған арнап, күндіз-түні тілеуіңді тілеп отыратын сол анаң. Жақ
сылығыңды асырып, жамандығыңды жасырып, бәрін де кешіретін
сол анаң. Тіршіліктің бар шаруасын сыпырып тастап, сол анаңды
құрметтеп, сыйлағанға не жетсін. Әттең, әттең деп тек кейін ойлай
сың. Жыл сайын анамның қабіріне барып отырып, іштей кешірім
сұраймын.
Жамандықты кім ойлайды, апамның денсаулығы тез арада сыр
береді-ау деген уайымға бой алдыра қоймағанмын. Қарағанды об
комының хатшылығына ұсынылып, Алматыда Орталық Комитетте
әңгімелесуден өтіп, түпкілікті бекітілуге Мәскеуге кеткенмін. Нашар
жатыр деген хабарды алып, қайтадан ұшып жеткенше жан анам
өмірден өтіп кете барды. Топырақ салуға ғана үлгердім. Сонда ана
шымның мына дүниемен қоштасатын сәтінде жанында бола алма
дым-ау, соңғы сөздерін ести алмадым-ау, жақын жерде тұрсам жетер
едім-ау деп қатты қамыққаным бар.
Иә, Арқада жүрген жылдарымда Алматыға қашан қайтар екенмін
дегенді жиі-жиі ойлап қоюшы едім. Соның өзінде де анамның қаза
сынан екі жыл өткеннен кейін маған Алматыға, Орталық Комитет
хатшылығына шақыру жасалғанда азаматтығымның алтын бесігіндей
болған Арқа жерімен, ондағы жора-жолдастармен қимай-қимай
қоштастым. Жүрегімнің бір бөлшегі сонда қалып қойғандай күй
кештім. Уақытша бара жатқандай сезімде болдым. Айтқандай, ақыры
сол сезімім алдамаған екен.
Шіркін, Арқаның азаматтары-ай! Ең алдымен еңбегіңе, адалдығыңа,
кісілігіңе қарайды. Жақсыны жатсынбайды. Барыңды бағалайды.
Қадірлісін құрметтейді. Теміртау мен Қарағандыда өмірімнің жиыр
ма жылы өтті ғой. Жастықтың жалынымен жұмысқа жан-тәніммен
беріліп, ерте кетіп, кеш келіп жүріп, ауылдың алыстығын онша ой
лай да бермеппін. Сағыныш та бірте-бірте санаға сіңетін сезім екен.
Ауық-ауық ішің уылжып кетеді.
Жаңа да жауапты қызметке тағайындалуым жайында не айтуға
болады? Осылай да осылай, жұмысымды жақсы атқардым, еңбегім
бағаланды, содан кейін мынандай биік қызметте көтерілдім демеймін
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 118 —
ғой енді. Қайткенде де аянып қалмағаным анық. Сол жиырма жылдың
ішінде ысылдым, шыңдалдым, неше түрлі адамдармен араласып-
құраласып, сан түрлі ұлт өкілдерімен істес болдым. Менің басқа
облыста емес, Қарағандыда жұмыс істегенімнің де өзіндік орны бар
сияқты көрінеді. Иә, Теміртау мен Қарағанды мектебі кадрларды
қатты шыңдайды. Бүкіл ел үшін стратегиялық мәнді, Қазақстанның
ең индустриялы өңірі, аса маңызды өнім шығаратын Қазақстан Маг
ниткасы, Қарағанды көмір бассейні, түсті металл, химия өнімдері
қашанда Мәскеудің назарында тұрған. Ондағы кадрларға да дәйім
ерекше көңіл бөлінген.
Сөйтіп, 1979 жылдың желтоқсанында Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің хатшысы қызметіне сайландым. Солай деп,
сайландым деп айтуын айтамыз ғой. Дегенмен адамды жан-жағынан,
сан қырынан зерттеп, қарайтын, өмір жолын талдайтын, резервке
қосатын, ақыры талай адамның арасынан таңдайтын. Алдын ала
Алматыдағы үлкен үйде әңгіме өткізіледі, одан кейін Мәскеудегі
үлкен үйге барасың, талай кабинетте боласың, кандидатураң КОКП
Орталық Комитетінің секретариатында қаралады, талқыланады, со
дан кейін Кремль «батасын» берсе ғана мұндағы Орталық комитеттің
пленумы «сайлай» алады.
1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы
қызметіне келуімде партия басшыларының баз бірінің пікірі де өз
рөлін атқарғаны сөзсіз. Алайда бұған дейінгі жүріп өткен жолым,
әйтсе-дағы мені өмір жолымда кездескен әртүрлі адамдар шыңдап,
өсірді деп санауыма негіз береді. Олар кімдер? Олар — маған ұстаз
дық еткен, көмек көрсеткен, менімен бірге жұмыс істеп, маман ретін
де шыңдалуыма, азамат ретінде қалыптасуыма септескен жандар.
Теміртауда комбинат директоры О. Тищенко өте іскер металлургия
маманы еді. Қала партия ұйымының басшысы Н. Давыдов, Қарағанды
облысының сол кездегі атқару комитетінің төрағасы С. Досмағамбетов,
«Казметаллургстрой» тресінің басшысы А. Коркин секілді адамдар
өз тәжірибесімен, нақты ісімен, қолдауымен жәрдем етті. КОКП
Орталық Комитеті мен Үкіметтің Қарағанды облысына қатысты қау
лысының жобасын жасау жөніндегі жұмыстың ақтық белесінде бар
салмақ Сұлтан Қапарұлы екеумізге түсті. Ол кезде обкомның бірінші
хатшысы В. К. Акулинцев кезекті демалысын алып, шетелге кеткен-ді.
Отты көсеп жүргенде жұмысшылар арасында да ұстаздарым аз
емес еді. Олардың бәрін айтып шығу тұрмақ, еске толық түсіру де
қиын. Тіпті маған әртүрлі себеппен зиян келтірген, жолыма көлденең
тұрған кісілерден де пайда көрдім деуіме болады. Ондай кедергілер,
әсіресе, жас кезіңде ширатады, шынықтырады, өмірдің күнгейі мен
Қилы кезең
— 119 —
көлеңкесін қатар көруге үйретеді, ненің жақсы, ненің жаман екенін
ажыратқызады.
Әрине, мұндай жоғары лауазымды қызметке жастай көтерілуімде
республика басшысы Д. А. Қонаевтың маған деген ықыласты қабағы
ның да әсері бар. Жастарды мұндай лауазымға қоя бермейтін Бреж
невтің «кадрлар тұрақтылығын» жақтайтын кезі. «Жастай» дегенді
сол кездегі өлшемді ескеріп айтып отырмын. Әйтпесе, қырықтағы
адам жас бола ма екен? «Отызыңда орда бұзбасаң, қырқыңда қамал
ала алмайсың» дейді қазақтың мақалы. Тәуелсіздік жылдарында
отыздан жаңа асқан қаншама жігітке жауапты қызметтердің тізгінін
ұстаттық, солардың көбі сенімді ақтап шықты ғой. Айтқандай, жас
кадрларға сенім бұрынырақта Кеңес Одағында да көрсетілетін. Мы
салы, Косыгин де, Суслов та, Громыко да билікке жастай араласқан
дар. Косыгин 39 жасында РСФСР Халық комиссарлары кеңесінің
төрағалығына тағайындалған. Суслов 45 жасында КОКП Орталық
Комитетінің хатшылығына сайланған. Громыко 34 жасында КСРО-
ның АҚШ-тағы елшісі болған.
«Өз республикасының астанасында оның жағдайы Мәскеуге келіп-
кетіп жүргендегісінен гөрі күрделі болды» — мен туралы жазылған
бір кітаптағы осы сөз Алматыдағы жұмысыма жаңа кіріскен кездегі
ахуалды дәл сипаттайды. Қазақстан билігінің жоғары буынында
бірінші басшыға ықпал ететін неше түрлі топтар қалыптасып үл
герген екен. Осыдан он жылдай ғана бұрын жұмысшы ортасынан
шыққан адамның жасы қырыққа толмай жатып республикадағы
түйінді қызметке келуі жұрттың бәріне бірдей ұнай қоймайтыны
өзінен-өзі түсінікті еді. «Түйінді қызмет» дейтінім — өнеркәсіп, транс
порт пен байланыс қай республика үшін де маңызды салалар, ал
Қазақстан үшін алдымен басымдық берілетін бағыттар. «Қырыққа
толмай жатып» дейтінім — қырық деген шынында да қызық жас.
Евгений Евтушенко «Сорокалетье — странная пора, Когда ты еще
молод и не молод, И старики тебя понять не могут, И юность, чтоб
понять, не так мудра» деп сондықтан жазған ғой.
Алматы бізді неше түрлі айла-шарғысымен, топтық мүдделерімен,
қызғанышымен қарсы алды. Кейбіреулерге үйіміздегі жиһаздардың
жұпынылығы да, сенбі күні жұмысқа галстуксіз бара салатыным да,
спортпен айналысатыным да, соның ішінде ол кезде буржуазиялық
өмір салтының белгісіндей саналатын тенниспен шұғылданатыным
да, спектакль, концерттерді жиі тамашалайтыным да, әйтеуір, бәрі
ерсі көрініп тұрыпты. «Оу, мына біздің ЦК-ның хатшысы доп ойнай
ды екен ғой» деген күлкіні де сыртымнан естіп жүрдім. Дастарқан
басында домбыра шертіп, ән айтатыным, ара-арасында өзім сүйетін
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 120 —
ақындардың өлеңдерін оқып жіберетінім болса-болмаса да «қазақ
шылығымның» бұлтартпас дәлеліндей. Кейін білдім, мұнда ғана емес,
Мәскеуде де «провинциядан» келгендерге әуелде шекеден қарайды
екен. КОКП Орталық Комитетінің хатшылығына сайланғанда Нико
лай Иванович Рыжков сондай қызметте бұрыннан істейтін Владимир
Иванович Долгихтен сұрапты, мұнда мерекелер қалай өтеді, қалай
аталады, қайда жиналады, ол жерге әйеліммен баруға бола ма деп.
Долгих оның бетіне таңдана қарап, жауабын қысқа қайырыпты: «Еш
кім ешкіммен, ешқайда жиналмайды. Ондайыңды ұмыт». Михаил
Сергеевич Горбачев те Мәскеуге ОК хатшылығына келген кезін солай
айтқан. «Алғашқы күннен-ақ жалғыздық сезімі пайда болды — құдды
бір адам тұрмайтын аралға апарып тасталғандай күй кештік, қайда
келгеніңді, не боп, не қойып жатқанын біле алмайсың» дейтін. Дәл
осындай жағдай менде де болды.
Біреулер артық санайтын көрінеді деп өзіңнің болмысыңнан бас
тарта алмайсың ғой. Баратын жеріме барып, араласатын адамым
мен араласып жүре бердім. Алғаш келген бетте көрші тұрған атақты
актер Сәбит Оразбаевпен жиі бас қосып, әндетіп, термелетіп жата
тынбыз. Иманжүсіптің әнін айтқаныма таңданғаны әлі есімде. Алма
тыда Иманжүсіптің әні тұрмақ, атын ауызға алмайтын кез. Жүрген-
тұрғанымның бәрі бақылауда екенін білетінмін. Кімдерді қабыл
дағаның, кімге қонаққа барғаның, кіммен серуендеп, әңгіме-дүкен
құрғаның, нендей жайларды қозғағаның — бәр-бәрі «Біріншіге» жетіп
жатады. Теміртау, Қарағандыда мұндай әдет атымен жоқ еді. Жұмыс
шылар арасында қалыптасқан еркін, өршіл мінезбен жүре бердім.
Орталық комитеттің хатшысы лауазымы менің өмірімде үлкен
белес екенін жаңа жұмыстың алғашқы күндерінен-ақ сезіндім дей
аламын. Бүкіл республика аумағында ойлау, одақтық министрлік
термен ұдайы байланыста болу стратегиялық мәні бар мәселелермен
айналысуға мүмкіндік ашады. Осы қызметті атқарған төрт жыл
дан астам уақыттың ішінде республиканың индустриялық әлеуетін
нығайту бағытында қыруар жұмыс атқарылды, әсіресе, мұнай, газ,
химия өнеркәсібінде, мәшине жасау, халық тұтынатын тауарлар
өндіру ісінде бірқатар ілгерілеушілікке қол жетті. Ірі мәселелер
Мәскеуде шешілетінін түсініп, кезінде Теміртауда өзін-өзі ақтаған
жұмыс тәжірибем бойынша мұнда да мүмкіндігінше КОКП Орта
лық Комитетінің, одақтық үкіметтің, министрлердің алдына өткір
мәселелер қойып, олардың тиісті шешім табуына күш салып жүрдім.
Төрт жылдың ішінде республиканың барлық облыстарында бірнеше
реттен болып, белді деген өнеркәсіп нысандарындағы жағдаймен
жақсылап таныстым. Ол кезеңде батыс облыстарда мұнай өндіруді
Қилы кезең
— 121 —
өркендетумен, Екібастұз жылу-энергетика кешенін салу, Қарағанды
металлургия комбинатын дамыту, түсті металдардың жаңа түрлерін
шығаруды игеру сияқты өте күрделі шаруалармен шұғылдандым.
Қазақстанды индустриялық-аграрлық республикаға айналдыру жо
лында жүйелі, жемісті жұмыс істеуге жанымды салып бақтым. Сол
жылдары Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған едім.
Біреулердің сол кезді «көсемді» жаппай мадақтап, дәріптеумен
өткен даңғазалық салтанатқа толы айқай-шу шеруіндей, «жоғарыда»
тек жүгенсіздік пен заңсыздық етек алған, ал «төменде» тәртіпсіздік
орнап, ел бет-бетімен жүрген дегенді айтқандарын да естідік. Дәл
олай емес, әрине. Өмір жалғасып жатты. Еліміз қиындықпен болса
да өмір сүрді. Тіпті «тоқырау кезеңі» делінетін сол кездің өзінде
мемлекет тек біржақты дамыған жоқ. Қазақстанның индустриялық
әлеуеті күшті күйде еді. Елдегі ірі өнеркәсіп орындарының біразы
бізде шоғырланған. Қазақстанның индустриялық қуаты талайлар
ды қайран қалдыратын. Орталықтағы, шығыстағы полиметалл кен
орындарының зауыттары бүкіл елдегі мыстың үштен бірін, мы
рыштың, қорғасынның үштен екі бөлігін, титан мен магнийдің 90
пайызын өндіретін, оңтүстіктегі фосфорит орындары Одақтағы
сары фосфордың барлығын дерлік беретін. КСРО-дағы хром тү
гелдей дерлік Ақтөбе облысында өндірілетін. Бірақ осындай мол
байлыққа ие бола тұра, Қазақстандағы жұрттың әл-ауқаты өзге
республикаларға қарағанда төмен еді. Себебі, біздегі өндірілетін
барша шикізаттың оннан тоғыз бөлігі әрі қарай өңдеуден өткізу үшін
басқа жаққа жіберілетін. Түпкілікті өнімнің табысы түгелдей басқа
республикаларға түсетін. Біздің өндіретін дайын өніміміздің көлемі
10 пайыздан сәл ғана асатын. Өңдеу кәсіпорындарының жоқтығы
сондай, ақыр аяғы миллиондап қой өсіретін Қазақстанда қойшы
лардың кәдімгі қалың қара тонын дұрыстап тігетін орын да болма
ды ғой. Осы мәселе бойынша Мәскеудегі Орталық Комитетте ауыл
шаруашылығына жауапты салалық хатшы қызметіне жаңа кірісіп
жатқан М. С. Горбачевке арнайы барып, жеңіл өнеркәсіп министрі
Тарасовқа телефон соққызып, Семейге тері өңдейтін фабрикаға
шетелдік жабдық алдыртуға қол жеткізгенім бар.
Өндіргіш күштерді орналастыру сияқты маңызды стратегиялық
мәселелер әркімнің ықтиярымен жоспарсыз шешіле салатын. Ай
талық, артық жұмыс күші жинақталып қалған жерлерге күнделікті
халық тұтынатын бұйымдар шығаратын шағын кәсіпорындар салу
дың орнына 10–15 мың жұмысшы орны бар алып кәсіпорындар —
«салалық флагмандар» бой көтеретін. Мәселен, әйелдерді еңбекке
орналастыру керек деген ниетпен Қостанайда аса ірі мәуіті-шұға
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 122 —
комбинаты салынды. Әйелдерді жұмысқа әрең дегенде орналастырып
біткен кезде, енді тұрғын халықтың арасында ерлердің үлес салмағы
күрт кеміп кеткенін байқадық. Елабугада дизельді двигательдер жа
сайтын зауыт салынбақшы дегенді ойда-жоқта құлағым шалып қалған.
Ақылға салып қарасам, бұл зауыттың Қостанайда салынғаны тиімді
көрінді. Сонда елеулі экономикалық проблемалар да, демография
лық қиындықтар да шешілген болар еді. Тағы да Мәскеуге бардым.
ОК хатшысы А. П. Кириленко мені жылы қабылдады. Неге екенін
қайдам, Назарбаевты бір көруді армандап жүрген адамдай-ақ, тіпті
бетімнен сүйіп қарсы алды, өз қасына отыруға шақырды. Біздің ойы
мыз бен жоспарларымызды түп-түгел, әрі, өзімше, оның көзін жеткі
зетіндей етіп егжей-тегжейлі айтып бердім ғой деймін. Байқаймын,
тым самарқау тыңдап отыр, сөзім айдалаға кетіп жатқан сияқты. Ол
кісінің денсаулығы, әсіресе ойлау қабілеті төмендегенін кейін білдім.
Әлгіндей әдеттен тыс оғаш әңгімеден кейін мынадай сұрақ қойды:
— Сонымен сенікі қандай проблема?
— Андрей Павлович, дизельді двигательдер шығаратын зауыт
Қазақстанда салынса деген өтінішім бар.
Сол кезде Орталық Комитеттің бөлім меңгерушісі Фроловты шақы
рып алды. Автомобиль өнеркәсібінің министрі Поляковқа телефон
соғылды. Мәселе бас-аяғы он минутта шешілді де қалды. Айтқандай,
сол зауыт қазір отандық автокөліктерді құрастырып жатыр. Мысалы,
2020 жылы Қостанай зауыты нарыққа 50 мың автомобиль шығарған.
Қазір «СарыаркаАвтоПром» әлемдік брендке жататын көліктердің
10 түрін ұсынып отыр.
Алайда осындай шешіле қалатын мәселелерге қуанудың орнына
ренжитін, тіпті ызаланатын адамдар да табылады екен. Менің Мәскеу
мен, Орталық Комитетпен, Үкіметпен емін-еркін байланыс жасай
тыным, қолға алған істі тындырып қайтатыным талайларға, нақты
айтқанда — біздің бюро мүшелеріне де ұнамайтынын байқай баста
дым. Олардың бірқатары қызғанушылықты қойып, қарсыластарға
айналуға көшті. Билл Клинтонның «Менің өмірім» атты мемуарын
дағы: «Дұшпандарым өздерінен өздері, менің мен болғаным үшін ғана
пайда бола қалатын, ал саясатқа кіріскенімнен кейін ұстанған пози
цияма, нені өзгерткім келгеніне байланысты шыға келуге айналды»
деген сөзінің дұрыстығы анық. Мен де дәл осылай болды деп айтар
едім. Осы істерім, әрине, «Біріншінің» де құлағына жетті. Бір күні
Д. Қонаев маған: «Ой, сен Мәскеуде Политбюро мүшелеріне кіргіш
екенсің ғой» деп қалды. Мен мұның бәрі республиканың қамы деп,
шешілген мәселелер жөнінде айтып бердім. Бәрібір көңілінде дық
қалғаны көрініп тұрды. Қайтерсің.
Қилы кезең
— 123 —
«БРЕЖНЕВЩИНА»
П. Е. Шелесттің «Да не судимы будете» деген естеліктер жинағының
бір тарауы «Утверждение брежневщины» деп аталады. Көптеген жыл
дар бойы Украина компартиясын басқарып, КОКП Орталық Коми
теті саяси бюросының мүшесі болған бұл адамның Л. И. Брежневтің
билікке келуіне тікелей араласқаны белгілі. Сол жүйенің ішек-қар
нын ақтарардай жақсы білген кісінің «брежневщина» деп ат қойып,
айдар таққан құбылысы қандай құбылыс еді? Қазір айтқыштар мен
жазғыштар қалай айтқанда да, қалай жазғанда да, тындырған ісінің
көлеңкелі жағын ғана көлденеңдетіп, Л. И. Брежневті тек аянышты
адамдай көрсетуге тырысқанда да, әлемдегі сол кездегі екі ұлы держа
ваның бірін 18 жыл бойы басқару тегін адамның қолынан келмейтіні
өзінен-өзі түсінікті жай ғой.
«Мен екі Брежневпен жұмыс істедім. Біреуі сау еді, біреуі ауру
еді. Екеуі екі түрлі адам болатын» деп жазады Александр Бовин.
Мен сол екі адамның біреуін — ауру Брежневті ғана көре алдым.
Сау Брежневтің, яғни Қазақстанға келіп, тың игеру науқанына бас
шылық жасаған, Мәскеуге көтеріліп, Саяси бюро мүшелігіне жеткен,
волюнтарист Хрущевтің шектен шыққанына шыдамай, оны тақтан
тайдыру операциясына, яғни мүлт кетсең өз басыңды өзің жұта
тындай қатерлі іске тәуекелі тұрған тұлғаның, алдындағы адамның
бүлдіріп кеткен талай ісін жөндеп берген қажырлы қайраткердің
алғашқы адымдарын сырттай қолдап жүрдік. Бес күндік жұмыс
аптасын енгізуі, зейнет жасын әйелдерге 55, ер кісілерге 60 жас деп
белгілеп беруі, колхозшыларға жалақы мен зейнетақы тағайындауы
сияқты шешімдері бүкіл халықтың көңіліне жаққаны есімізде. Айта
кету керек, Брежнев Кеңес Одағының Қарулы Күштерін нығайтуға,
әсіресе стратегиялық зымырандар жасалуына тікелей әрі тиімді
басшылық етті. Бізде жұмыс істеген кезінен бері Д. А. Қонаевпен
адамдық жақын қарым-қатынасына қуанып, осы байланыстан
Қазақстанымызға талай жақсылық келіп жатқанын сезініп жүрдік.
Алайда бара-бара Брежневтің бағыты бұзыла бастады. Косыгин ре
формаларына тұсау салуын, 1968 жылғы Прага көтерілісін танкімен
таптауын, 1979 жылы Ауғанстанға әскер кіргізуін айтудың өзі жеткілікті.
Бейбіт күнде Кеңес Одағы Батырының алтын жұлдызын үш рет алуы,
Шолохов, Әуезов, Леонов, Твардовский, Айтматовтармен «теңесіп»,
әдебиет саласындағы Лениндік сыйлықтың лауреаты атануы, қоғам
дық ғылымдар бойынша ең жоғары наградаға — Карл Маркс атын
дағы Алтын медальға ие болуы, ақыр аяғында тек соғыста ғана берілуі
тиіс «Жеңіс» орденімен марапатталуы оны бүкіл әлемде келемежге
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 124 —
айналдырды. Жетпісінші жылдардың орта шенінен елде парақор
лықтың, ұрлықтың жүгенсіз кеткені, бюджеттің жыртығын арақтан
түсетін ақшамен бітеу қалыпты жайға айналғаны, рухани жадап-
жүдеудің әбден шегіне жеткені баршамыздың жанымызды жегідей
жейтін. Оның үстіне 1976 жылы Брежневтің ауыр инсульт алғанын
естіп жаттық. Жұрттың алдына шығып, жарқылдап сөйлеу тұрмақ,
жұмыс бабындағы жиналыстардың өзінде ол жазылып, алдына қо
йылған мәтіннен тыс бір ауыз сөз де айта алмайтынын талай көргенбіз.
Брежневтің алдында болған емеспін. 1980 жылы Қазақстан компар
тиясы Орталық комитетінің хатшылығына бекітілуге барғанда мені
М. А. Суслов қабылдаған. Дегенмен, дәл сол жылы Леонид Ильичті
жақыннан тани алдым.
Қазақстанның 60 жылдығына КОКП Орталық Комитеті Саяси
бюросының мүшелері түгел келген еді. Бас хатшының түрі кісі аяр
лықтай. Көзқарасы мүлде бейжай, меңіреу. Ауыр қозғалады. Екі
жағында үнемі еңгезердей екі жігіт жүреді.
Екі жайт есімде қалыпты. Салтанатты мәжілістің үзілісінде бар
лық басшылар сахнаның бүйіріндегі бөлмеге жиналды. Өте ыстық
әрі қапырық еді. Сондықтан бәріміз сырт киімдерімізді шешіп, шай
ішуге кірістік. Леонид Ильичті кенет төте телефонға шақырды. Ол
қайтып келгенде (әлгі екі жігіт сүйемелдеп әкелді) дауыстап жаңа
лығын айта бастады:
— Герек менімен кездесуді қасарыса талап ететін көрінеді. Бірақ
Андроповтың адамдары кездесудің қажеті жоқ дейді. Геректің күні
бітті-ау деймін. Андроповтың адамдары онда Каня деген бір жақсы
жігіт бар дегенді айтады.
Польшада ол кезде күрделі оқиғалар болып жатқан. «Солидар
ность» жаңа-жаңа бас көтерген кез. Жаңағы оқиғаның байыбына мен
кейінірек, Поляк Біріккен жұмысшы партиясы Орталық комитетінің
бірінші хатшылығына Каня сайланғанда барып жеттім. Миллион
даған адамның тағдырына қатысты мәселелер осылай шешіле беретін.
Ендігі бір оқиға Әуезов атындағы театрдың фойесінде өткен үлкен
мерекелік қабылдау кезінде болды. Оған мыңға тарта адам қатыс
ты. Фойенің екі қабатына да үстелдер қойылды. Жұрт жайғасып
бола бергенде, Д. А. Қонаев партиямыздың маршалы, армиямыздың
маршалы деп шұбыртып келіп, Леонид Ильич Брежнев үшін тост
көтеруімізді ұсынды. Бокалға ернімізді тигізіп, орнына қойғанымыз
сол болатын, «тостың құрметті иесі» күтпеген жерден тұрды да,
есікке қарай беттеді. Бүкіл басшылар, әлбетте, оның соңынан ерді.
Брежнев есік алдына шығып, өз көлігіне отырды да, бүкіл мәшинелер
тізбегі қозғала берді. Ол қай жерге және не үшін келгенін ұмытып
Қилы кезең
— 125 —
қалғаны анық еді. Мұндай адам аяныш сезімінен басқа не тудырсын?
Андерсен жазатын кәдімгі жалаңаш король оқиғасы осы емес пе?
Айналасындағы адамдардың осындай масқараны көрсе де көрмеген
болуы кейіннен Черненконың тұсында тағы қайталанды. Әрине, мен
бұл сәттерді есімде сақтап қалдым. Осындай халде жүргенде мұндай
биік лауазымды қайтеді екен?
Қазіргі оқырман Брежневтің тұсында (1964–1980 жылдарда) Үкімет
басқарған Алексей Николаевич Косыгин есіміне онша қанық болма
уы да мүмкін. Ал Косыгин — бүкіл әлем білген, бағалаған тұлға. Ли
Куан Юдің «Үшінші әлемнен — бірінші әлемге» атты кітабындағы
«Косыгин мені нәзік жанды әрі терең адам ретінде таңғалдырды»
деген бір ауыз сөз кеңестік премьердің азуын айға білеген алпауыт
саясаткерлерді мойындатқанын дәлелдейді. Осы тұрғыдан қарағанда
«брежневщинаның» мемлекетке, халыққа жасаған орасан бір обалы
аса көрнекті реформатор тұлға, экономиканың білгірі Косыгиннің
құлашын аштырмағаны, қадамын бастырмағаны дер едім. Мен Ми
нистрлер Кеңесінің төрағасы қызметіне кірісіп, КСРО Үкіметінің
отырыстарына қатыса бастағанымда өзге республикалардағы әріп
тестерімнен, аппарат қызметкерлерінен Алексей Николаевичтің
елдегі шаруашылықтың жайын жаңғақтай шағатыны, күн тәртібіне
шығарылған кез келген мәселе бойынша дәйім білікті пікір айтатыны,
мінберге көтеріліп алып, қызыл сөзді сапырмақ болғандарды тыйып
тастайтыны туралы разылық сөздерін талай естігенмін. А. Н. Косы
гин қолға алған реформалар жеріне жеткізілгенде Кеңес Одағының
тарихы басқаша түзілер еді деушілер де аз емес қазір. Өз басым дәл
бұлай кесіп айтудан тартынамын. Бастан-аяқ мемлекеттік меншікке,
ұжымдық жауапкершілікке негізделген, осы арқылы адамның жеке
бастамашылдығын шектеген экономикалық жүйенің түптің түбін
де тығырыққа тірелері талассыз болатын. Сонымен бірге, Косыгин
реформалары, айталық, өндіріс орындарына еркіндік беру, табыста
рын өздерінде қалдыру, директорларды сайлау сияқты қадамдары
экономиканы түбегейлі түземегенімен, ойдағыдай жүзеге асырылған
жағдайда тығырыққа тірелген экономикаға серпін беретіні, жоспар
лы экономиканың бойындағы резерв, ресурстардың барынша іске
қосылатыны, елдің бәсекеге қабілеттілігінің анағұрлым артатыны да
анық еді. Амал не, Брежнев жаңалық атаулыны жатсынды.
Біреулер қайта құру кезіндегі құлшыныспен, біреулер жария
лылық кезіндегі желпініспен өздері бәрін о бастан білгендей сөйлей,
жаза бастады ғой ана жылдары. Расында да, мен өзім әуелден-ақ
жоспарлы экономиканың барлық жағын бірдей көре қалдым, бәрін
бірден біле алдым демеймін. Жаңа мемлекет құру жұмысын, әсіресе,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 126 —
индустрияландыруды, соғыстан күйреген халық шаруашылығын
қалпына келтіруді жылдар бойы жоспарлы түрде жүргізгеннің арқа
сында елде талай іргелі шаруалар атқарылғанын ешкім де теріске
шығармайды. Бірақ ол экономиканың адамдардың мұң-мұқтажынан
мүлде қол үзу қаупі бар екенін атымен көрмеу де мүмкін емес еді.
Әбден қиғаштанып кеткен экономиканың бір үлгісі бізде бола
тын. Мынаны ғана айтайын: кәсіпорындарымыздың 95 пайызы Ор
талықтан басқарылатын. 95 пайызы!.. Республикадағы өнеркәсіп
орындарының 53 пайызы одақтық министрліктерге, 40 пайызы
одақтық-республикалық министрліктерге қарайтын. Бұған түсінік
теменің керегі жоқ. Орталық Комитеттің хатшысы қызметіне сайлана
салысымен айналысқан бірінші ірі шаруам — Екібастұз электр стан
салары шоғырының құрылысы кезінде бүкіл елдегі көкейге қоным
сыз жағдайға көзім анық жетті. Құны жүз миллиондық стансалар
салуға ақша табылады, ал құны мыңдық балабақшалар, мектептер
салуға табылмайды. Сол тұста Қазақстанда халық тұтынатын тауар
лардың алпыс пайызы өзге республикалардан жеткізілетін. Қырық
миллионнан астам қойы бар (бір кезде оның санын 50 миллионға
жеткіземіз деп те жанталасқанбыз) Қазақстанда жұрт қай жерде
де еттің кезегіне шұбырып тұрып жататын. Өйткені бізде ет өңдеу
кәсіпорындары ойластырылмаған. Содан кейін қой еті сол туша
күйінде вагон-вагонымен сыртқа жіберіле беретін.
Көкейге қонымсыз, ақылға қиғаш жағдай қалыптасты. Неше түр
лі өнеркәсіптік ірі нысандар жылма жыл салынып жатады, қыруар
қаржы игеріліп жатады, жалақы да жаман емес сияқты, сөйтсе де бір
бітпейтін де қоймайтын «дефицит». Тәуір дүниені тек тамыр-таныс
арқылы ғана алуға болатынына жұрттың бойы үйреніп, ойы көндігіп
кеткен. Тұрғындардың тауарларға деген сұранысы жылдық тауар
айналымының бестен бір бөлігін ғана құрайтын. Ширек бөлігіне де
жетпейді деген сөз ғой бұл.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарындағы әлемдік конъюнкту
ра Кеңес Одағына әбден қолайлы болды. 1973 жылғы араб-израиль
соғысынан кейін мұнай экспорттайтын мұсылман елдерінің шешімі
бойынша мұнайды өндіру де, оны сыртқа шығару да қатты шектел
ді. Сол-ақ екен әлемдік нарықта мұнайдың бағасы аспандап кетті.
Бұрын барреліне 13 доллар төленетін мұнайдың 1 баррелі 34 долларға
көтерілді. Ал Кеңес Одағы экспортының негізгі көзі — мұнай. Тек
мұнайды шетке шығарудың өзінен ел жылына шамамен 16 миллиард
доллар пайда табатын. Ол кездегі доллардың нақты сатып алу қабілеті
тіпті басқаша, әрине. Сол тұста дүкендерімізге импорттық тауарлар
қаптап түсіп жататын. Иә, Сібір мұнайы Еуропаға ағылды. Бері қарай
Қилы кезең
— 127 —
мұнай долларлары ағылды. Халықтың әл-ауқаты біршама көтерілді.
Мұнай долларларына халық тұтынатын бұйымдарды көптеп сатып
алу мүмкіндігі әл-ауқатты жақсарту жөнінде елде әжептәуір жұмыс
жасалып жатқандай әсер де қалдырғаны бар. Алайда сексенінші
жылдардың басына қарай жағдай атымен өзгеріп сала берді. Сауд
Арабиясы аз уақыттың аясында мұнай өндіруді үш еседен артық
өсіруге қол жеткізіп еді, мұнайдың бір баррелінің бағасы 10 долларға
құлдырап түсті де кетті. Мұның өзі Кеңес Одағын қаржылық тұрғыдан
да, бюджеттік тұрғыдан да бірден сазға отырғызды. Мұнай қаражатын
қылғытып жұтуға жаман үйреніп қалған экономика күйреп түсті,
өйткені ел басшылығы шаруашылық механизмдерін қайтадан құру
үшін нақты ештеңе де жасамаған болатын. Бұл — барша елдер сабақ
алатындай тарих тағылымдарының бірі. Менің біз мұнайы мен газы
жоқ ел сияқты өмір сүруге үйренуіміз керек, әлемдік шикізат баға
сына тәуелділіктен құтылуымыз керек деп айта беретінім, біраздан
кейін үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын
қолға алуға кіріскеніміз содан. Жер астының байлығы ерте ме, кеш
пе түбі бір таусылмай қоймайтынын ұдайы ұмытпауымыз керек.
Оның үстіне қазір «жасыл экономика» деген жолға көштік.
Өзіндік өнім шығаруға күрделі қаржы салудан гөрі дайын өнімдер
сатып алу оңайға түсетіндіктен, елде ғылыми-техникалық прогресс
тоқырады. Шикізат сатуға арқа сүйеген шаруашылықпен тіршілік
кеше тұра, әскери-өнеркәсіптік кешенге АҚШ-пен бірдей қаржы
жұмсауға тура келген «қырғи қабақ соғыс» саясаты да елді әбден
титықтатты. Жалпы, қарулану жолындағы бәсеке — Кеңес Одағы
құлауының негізгі себептерінің бірі. КСРО-ның күйреуіне сырттан
ықпал да болды дегенде біз осыны да айтамыз. Бір кезде «зұлымдық
империясы» ұғымын ойлап тапқан Рональд Рейган естеліктерінде:
«Егер ешқандай өзгеріске ұшырамаса, коммунизмнің өз салмағын
көтере алмай, өзінен-өзі құлайтынына менің көзім анық жетті. Мен
біз ел ретінде кеңестік жүйенің сол бір сызаттарын пайдалана оты
рып, оның күйреу процесін қалай тездете аламыз дегенді ойладым»,
деп еш бүкпесіз жазған еді. Сол жолда жанталаса қарулану Батыс
тың басты құралына айналды. НАТО елдері «қырғи қабақ соғыс»
жағдайында қарулануды оңды-солды қарқындата берді, стратегиялық
тепе-теңдікке қол жеткіземіз деп Кеңес Одағы да тапқан-баққанын
қарулануға, әскерді жабдықтауға жұмсап жатты. Бар айырмашылығы
жаңағы міндетті шешуге олардың бюджетінің шамалы бөлігінің өзі
жететін, ал қарулану шығындары біздегі бюджеттің бел омыртқасын
опырып түсіретін. Нақты айтсақ, КСРО қорғаныс мүддесіне ішкі жал
пы өнімнің 20 пайызын жұмсайтын, ал АҚШ 6 пайызын жұмсайтын.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 128 —
Ел қауіпсіздігін ойлап, Қарулы Күштерді нығайту, әрине, дұрыс.
Бірақ мұндай бәсекеге әр ел өзінің әліне қарап кірісуі керек. Әлдеқай
да бай елдердің қаражаты ішкі жағдайға да еркін жетіп жатты. Біз
болсақ, қаруланудағы тепе-теңдікке өз халқымыздың кедейленуінің
есебінен жеттік. Соғыс жағдайы болса ештеңеге қарамайсың ғой, ал
бейбітшілік жағдайында қақтығыстық сипаттағы мәселелерді бейбіт
жолмен шешуге тырысу керек еді.
Өте жоғары деңгейге көтерілген әскери технология жетістіктері
азаматтық кәсіпорындарда атымен пайдаланылмады. Сөйтіп, көк
жүзінде зымыраған ұшақтарды мүлтіксіз атып түсіретін техника
сы бар ел (сонау алпысыншы жылдардың өзінде біздің әуеге қарсы
қорғанысымыз америкалық Пауэрстің шпион ұшағын 10 мың метр
лік биіктікте жайратып еді ғой) қарапайым ғана халық тұтынатын
бұйымдарды сапалы етіп жасауды үйренбей-ақ қойды. Сонау ға
рышта корабльдерді түйістіре алатын ел өзі жасаған мәшинелердің
ішіне ауа реттейтін қондырғы — кондиционер орнатуды білмеген
соң не айтуға болады? Әскери-өнеркәсіптік кешеннің сұрағанының
бәрі берілетін бюджеттен. Мұның өзі бейне бір экономика ішіндегі
экономика сияқты еді. Сонша шығын жұмсалған әскери саланың
шын шамасы Мәскеудің Қызыл алаңына Руст деген бір әуесқой жі
гіт басқарған спорттық ұшақ тапа-тал түсте келіп қонғанда анық
көрінген жоқ па? Әскери-әуе күштері ол ұшақты да, ұшқышты да
аяған жоқ қой, атып түсіре алмады ғой. Ал енді осындай жағдайда
басқарушы аппараттың жөнсіз өсірілуі де экономикаға қосымша
ауыр салмақ салды. 1985 жылға қарай КСРО-дағы үлкенді-кішілі
шенеунік атаулының ұзын саны 18 миллион адамға жеткен екен.
Сонда жұмыс істейтін алты-жеті адамға бір шенеуніктен келіп тұр
ғой. Олардың жалақысына, аппаратты ұстауға жыл сайын бюджет
тің 10 пайызы жұмсалатын. Компартияның қатары да ретсіз өсіп,
мүшелерінің саны 19 миллионға барған еді. Партия мүшелерінің
қатары қалыңдаған сайын аппараттың да үлкейе беретіні өзінен-өзі
түсінікті. Мәскеудегі жолдастарымның бірі айтқан КОКП Орталық
Комитетінің аппаратындағы жауапты қызметкерлердің санының өзі
1500‑ге жетті деген сөз есімде қалыпты.
Кеңес экономикасының қиын кезеңге тіреле бастағанын сезіну
үшін үлкен сұңғылалықтың керегі жоқ болатын. Кез келген дүкенге
бас сұқсаңыз осыншалық табиғат байлығы, осынша жері, осындай
елі бар мемлекетте мұндай жағдайдың орын алуы жөнсіз екені ойға
келмей қоймайтын. Кейіннен «тоқырау» деп аталған келеңсіз кезең
біздің босағамыздан сол тұста аттаған.
Қилы кезең
— 129 —
1977 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданды. Ол «ке
мелденген социализм Конституциясы» деп дәріптеліп жатты. Ал іс
жүзінде дәл сол тұста социалистік жүйе, оның көшбасшысы санала
тын Кеңес Одағы даму сипатынан айырылып біткен еді. Жетпісінші-
сексенінші жылдарда елдің бюджеті шығынды күйінде қала бер
ген-ді. Бұл кезеңде ұлттық табыстың өсу қарқыны әбден төмендеп,
2–3 пайызға барды — оның алдындағы онжылдықтарда 6–7 пайыздық
жылдық өсім қамтамасыз етілетін. Жаңа Конституцияда өмірдің ол
нақтылығы ескерілген жоқ. Қайта елдің Негізгі Заңы брежневшіл
жүйенің қатып-семіп қалған ішкі және сыртқы саясатын біржолата
құжаттап, қуаттап берді, партияның бүкіл қоғамға идеологиялық
қатаң бақылауын заңдастырды, ұлт мәселесінде ушығы жетіп тұрған
мәселелерді одан әрі қарай ысырып, бүркемелей түсті. Сол жылдарда
ауыл шаруашылығы негізінен шығынмен жұмыс істеуге айналды.
Сырттан азық-түлік тасу қалыпты жай болды. Жалпы, сексенінші
жылдарда Кеңес Одағы жыл сайын орташа есеппен 30 миллион тонна
бидай сатып алып келген. Масқара жағдай емес пе? Ал біз револю
цияға дейін Ресейдің Еуропаға ет, бидай сатып тұрғанын білетін едік
қой. Тәуелсіздік жылдарында біз бидайды, етті де экспортқа шығара
алатынымызды дәлелдедік. Істі бейберекет жүргізгенімізден барша
адамзаттың көз алдында айдынды Аралдан айырылып бара жатқа
нымыз, оны құтқарамыз деп Сібір өзендерінің арнасын Қазақстанға,
Орта Азия республикаларына бұрмаққа әрекеттенгеніміз тағы бар.
Тығырықтан шығудың жолдары атымен қарастырылмады деудің
жөні жоқ. Қарастырылды. Ең жоғары деңгейде де бұл мәселе талқы
ланып тұрды. Мен 1979 жылы Орталық комитет хатшылығына сай
ланған кезде Мәскеуде экономиканың хал-ахуалы туралы талдамалық
баяндама дайындалып жатқанынан хабардар болдым. Ол жұмысқа
одақтық Үкімет Төрағасының орынбасары, академик В.А. Кириллин
басшылық жасайды екен. Баяндамада кеңес экономикасының ауыр
жағдайы ашық айтылыпты, озық технологияны пайдалануда өте
кейін қалғанымыз, күннен-күнге асқынып бара жатқан қаржылық-
экономикалық проблемаларды түбегейлі өзгерістерсіз, құрылымдық
реформасыз шешу мүмкін еместігі айқын көрсетіліпті деп те жүрді
білетіндер. Алайда ол баяндама Саяси бюро мүшелерінің ашу-ызасын
туғызыпты. Артынша Кириллинді орнынан босатып, ол дайындатқан
баяндаманы құпиялап, жауып тастаған. Косыгиннің тапсырмасы
бойынша әзірленген құжат еді ол. Ақыры, Алексей Николаевич
сол соққыны көтере алмады. Көп ұзамай инфарктқа ұшырап, 1980
жылы жұмыстан босатылды да, сол жылдың аяғында жүрек қысы
мынан қайтыс болды. Оның орнына келген Николай Тихонов жан
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 130 —
тыныштықты көбірек күйттейтін адам еді. Бәрі де бәз-баяғы қалпына
қайта түсе қалды. Брежнев өмірден өткен соң Бас хатшылыққа
сайланған Андроповтың әуелде біраз үміт ұялатқаны рас. Оның
«Карл Маркс ілімі және КСРО-дағы социалистік құрылыстың кейбір
мәселелері» деген мақаласы жұртшылықты бір сілкінтіп тастағаны
есімізде. Сілкінтіп демекші, Андропов билігінің алғашқы жылының
өзінде ел өмірінің көптеген салаларында белсенділік арта түсті. Бұл
сөзге дәлел ретінде 1993 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі алдын
дағы жылмен салыстырғанда 4 пайызға, ұлттық табыс 3,1 пайызға
көбейгенін айтудың өзі жеткілікті. Жалпы, Андропов КСРО жетек
шілерінің арасында көптен көрінбей кеткен ірі интеллектуал еді.
Александр Бовиннің, Евгений Чазовтың мемуарларында оның кең
эрудициясын танытатын мысал аз емес. Алайда оның өмірі ұзаққа
бармады. Ел басшылығында бір жыл, үш ай ғана тұрды, сол қысқа
мерзімнің өзінің алты-жеті айын аурухана төсегінде өткізді. 1984
жылдың басында ауыр науқастан көз жұмды. Оның орнына келген
Черненко одан да өткен аурушаң екен. Ең жаманы — тіпті сап-сау
болса да, мұндай алып мемлекетті алып жүре алатын адам емес екен.
Айтқандай, әр жылдардағы қызмет лауазымыма байланысты мен
1982 жылы Брежневтің, 1984 жылы Андроповтың, 1985 жылы Чер
ненконың Мәскеудің Қызыл алаңындағы қабырға іргесіне жерлену
рәсімдеріне қатыстым. Сонда әлемнің көптеген елінен келген деле
гация мүшелерінің жүздерінен, көздерінен ел қайғысына ортақтасу
дан гөрі қаусаған басшыларды қайта-қайта бас тұғырға қоя беретін
мынандай мемлекетті аяушылықты көбірек көретінмін. Айнала
сы үш жылдың ішінде үш бірдей Бас хатшының бірінен кейін бірі
өмірден өтуі Кеңес Одағының тарих сахнасынан кетуінің ескертуін
дей де сезілетін. Кремльдегілердің денсаулығына жауапты 4‑ші Бас
басқарманың дәрігерлері Черненко Бас хатшылыққа сайланғанда
«Мы вступили в период трех «П» — пятилетку пышных похорон» деп
сөйлегендерін Евгений Чазов өзінің «Здоровье и власть» кітабында
жазған. Бұл сөзді дәрігер мамандығына тән цинизмге ғана жатқызып
қоя салмайсың, әрине.
КЕЛЕҢСІЗДІКПЕН КЕЛІСПЕУ
Менің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы,
республика Үкіметінің Төрағасы қызметтерін атқарған уақытым
жалпы ел өміріндегі, соның ішінде Қазақстандағы күрделі кезең
ге тұспа-тұс келді. Жан жадыратқан жайлар да, жүйке жұқартқан
Қилы кезең
— 131 —
жайлар да аз болған жоқ. Партиялық басшылық әдістерінің өзіндік
артықшылықтары мен кемшіліктерін де көре алдым, Үкімет жұмы
сын үйлестірудің тағылымды мектебінен де өттім.
Орталық Комитет хатшысы қызметінде мен депутаттық жұмыстан
да біраз тәжірибе жинақтай алдым. Жамбыл облысының Меркі өңірі
нен республика Парламентіне сайланғанымда сол жерде халыққа
қажетті біраз құрылыстар тұрғызуға нақты жәрдем етуге мүмкіндігім
болды. Мұнда да одақтық ведомстволармен тікелей жұмыс істеу
дің пайдасы тиді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Леңгір сайлау
округінен КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа сайланғанымда да
солай жасадым.
Ел экономикасының қандайлық сырқаулы екенін 1984 жылғы
көктемде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметіне
тағайындалған кезде бұрынғыдан да айқын сезіне түстім.
Мұны айтардың алдында сол қызметке тағайындаларда көргенімді
әңгімелеп берейін.
Белгіленген тәртіп бойынша республика Үкіметі басшысының кан
дидатурасын Бас хатшы мақұлдауы тиіс. Ол үшін көзбе-көз кездесу,
әңгімелесу міндетті. Сөйтіп, Мәскеуге жол тарттым.
Бас хатшымен кездесудің қашан болатыны туралы телефон қоңы
рауын күтіп, қонақүйден шықпай отырып алуға мәжбүр болдым.
Осылай күтумен үш күн өтті. Ақырында телефон соғылды: «Әзірше
қабылдай алмайды — науқас. Ұшып кете беріңіз» деді.
Бір аптадан кейін тағы да Мәскеуге шақырды. Тағы да қонақүйде
күтумен отырдым. Үшінші күні телефон соғылды: «Әзірше күте
тұрыңыз, Константин Устинович Мәскеуде жоқ, шамасы, қала сыр
тындағы резиденциясында демалып жатқан болуы керек» деді.
«Күтіңіз. Мүмкін, сол резиденцияға барып қалармыз» деді. Бір күннен
соң сол тірлік тағы қайталанды. «Қабылдай алмайды, Алматыға қайта
беріңіз» деді. Мұны айтқан — М. С. Горбачев. Ол екінші хатшы еді.
Тек үшінші кезекте ғана мақсат орындалды. Черненкоға мені
Е. К. Лигачев ертіп барды. Бұл кездесуге менің мұқият әзірленгенім,
ұялып қалмас үшін республикадағы істің жайы туралы қандай да
болсын сұрақты алдын ала болжап, мұқият әзірленуге тырысқаным
табиғи нәрсе еді. Біз кабинетке кіргенімізде Константин Устинович
өз үстелінің басында шаршап-шалдыққан, қажыған күйде отыр екен.
Көзінің жанары сөніп бара жатқан сияқты көрінді. Қатты ауырып
отырғаны өңінен де байқалды — шашы аппақ қудай, жүзінде қан-сөл
жоқ. Қолын әрең дегенде енжар созды.
Е. К. Лигачев мен туралы айта бастады, одақтас республикалар
дың барлық премьерлерінің ішіндегі ең жасы мен болатынымды
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 132 —
да ескертіп өтті. Черненко демін әзер алып, үн-түнсіз отырды. Ли
гачев өз сөзін аяқтаған кезде ол ақыры алғашқы және соңғы жалғыз
сұрағын қойды:
— Мұның жасы қаншада?
— 44‑ке қарай қадам басты, Константин Устинович. Ең жас пре
мьеріміз осы болады, — деп Егор Кузьмич тағы да қайталауға мәжбүр
болды.
Черненко күтпеген жерден орнынан көтерілді де, маған қарай
жүрді. Бірақ кенеттен теңселіп құлап бара жатқандай көрінді. Жа
нындағы әлеуетті жігіт оны зорға дегенде сүйеп үлгерді.
— Барған соң жолдастарға сәлем айтыңыз.
Көңілімді құлазыта әсер қалдырған қабылдау осымен бітті.
Мұндай кездесулерден кейін еріксіз ойға қаласың. «Аса ірі мем
лекеттің басында осындай адам да отырады екен-ау! Біз қайда кетіп
бара жатырмыз өзі?» деген уайым жаныңды жейді.
Сан түрлі жағдайды көріп, көңілді талай рет күдік-күмән қамаға
нымен, Алматыға келгенге, республикалық ауқымдағы істің жайымен
жақын танысқанға дейін мен тұтас қоғамдық жүйе жөнінде теріс
ойларға ешқашан бой алдырып көрген емес едім. Өйтетін жөнім де
жоқ еді. Өйтетін жөнім қайдан болсын, егер мектеп бітіргелі мем
лекет қамқорлығын көріп келе жатсам, мемлекет мені жер түбіндегі
Украинаға оқуға жіберсе, металлург мамандығын алған соң ең белді
кәсіпорынға жұмысқа орналастырса, ол жерде мол табыс тапсам,
абыройға бөленсем, беделім көтеріліп, қала, облыс, республика
деңгейінде лауазымды қызметтерге тағайындалсам, осының бәрі
бірінен кейін бірі, өз жолымен, ретімен келіп тұрса. Тоталитарлық
жүйе идеологиясының тәрбиесін жүйелі көрген адам болған соң
социализмнің артықшылықтарына нық сенетінім де рас. Біз сол
жүйеде өстік, тәрбиелендік, комсомолдың, партияның мектебінен
өттік. Сол қоғамның індеттерін сол кезде-ақ көре қалғандай, сөйтіп,
ақылы уақтылы кіре қалғандай сөйлейтіндердің сөзіне сенбеймін.
Жағдайдың өзгеруіне және желдің қай жақтан соғатынына қарай
көзді ашып-жұмғанша өңін өзгерте қоятын кесіртке сияқты құбылып
шыға білу қабілеті күшті адамдар туралы айтып та отырған жоқпын.
Дегенмен, қызметтік лауазымыма байланысты менің қолым жеткен
мәліметтер, мен куә болған жайлар ет жүректі ездірмей тұра ал
майтын.
Кеңес Одағының шаруашылық жүйесі кейде кездейсоқ фактор
ларға тәуелді болатын. Шын мәнінде ол елде сөздің толық мағына
сындағы жоспарлы экономика орнықпады деудің де жөні бар. Не
гізінде, жұмысты жоспарлап жүргізу жаман да нәрсе емес қой. Бірақ
Қилы кезең
— 133 —
бар мәселе қалай жоспарлауда. Еңбек ресурстары артық жиналып
қалса-ақ сол қалаға 10–15 мың жұмыс орны бар алып кәсіпорындар
салына беретін. Ол не шығарады, ол өнім сұранысқа ие бола ма, өте
ме, өтпей ме деп бас қатырудың қажеті жоқ. Өйткені қай кәсіпо
рынның өнімдерін қай жер алатыны алдын ала белгіленіп қойылған.
Алушының таңдау мүмкіндігі жоқ, сондықтан шығарушының сапа
ны жақсартуға ұмтылысы да жоқ. Өйткені дәл сол тауарды дәл сол
жер, дәл сол бағамен сатып алуға тиіс екенін жұрттың бәрі біледі.
Үлкен-үлкен мәселелердің өзі көбіне-көп сол мәселені қарайтын
адамның алдына кіре алуыңа, оған тиісті адамға телефон соқтыра
алуыңа, республика басшыларының Мәскеу алдындағы беделіне,
адамдық қарым-қатынасына байланысты шешілетін.
Бүкіл елдегі жалпы жағдай Қазақстанға да тән екені түсінікті. Істің
бар мәні қалайда, қайткенде де жоспар орындауға тіреліп тұрған соң
шаруашылық басшылары жоғарыға рапорт беруді ғана көздеп, кей
жылдары тіпті совхоздар мен колхоздардың қамбасындағы соңғы дәні
не дейін мемлекетке өткізіп жіберетіні, дәл сондай құрама жемді ке
йіннен мал азығы үшін үш есе қымбат бағасына сатып алуға мәжбүр
етілетіні жиі кездесетін. Мен Үкімет басына келгенге дейін ешқашан
ауыл шаруашылығының мәселелерімен тікелей айналыспаған едім.
Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметіне кіріскен соң байыптап,
бойлап қарасам, аграрлық сала әбден былығып біткен екен. Дабыл
қаға бастадық. Совхоздарда тұрғын үйлер тіпті салынбайды десе де
болады, ауыл балаларының балабақша көретіндері мүлде аз. Көзбояу
шылық әсіресе мал шаруашылығында тіпті шектен шығыпты. Жеке
малын отарға қосып қою деген әбден белең алып кеткен, жұрт назар
аудармайтын кәдуілгі жайға айналған. Мысалы, Батыс Қазақстан
облысында (ол кезде Орал облысы аталатын) 27 совхоз директоры,
колхоз төрағалары, олардың орынбасарлары өз малын мемлекеттен
айлық алатын шопандарға бақтырып, мемлекеттің жемшөбінен
жемдеп келген. Ондай жеке малдың көптігі сондай (бір совхозда
есепте жоқ тоғыз жүзге жуық мал басы анықталғаны есімде қалып
ты), санақ кезінде жалпы есепке қоса салады да, әр жүз саулықтан
алынатын төлдің санын арттырып шыға келеді. Бұл жағынан ондай
мал шаруашылық басшыларына тиімді де. Ал шын мәнінде мемлекет
меншігіндегі мал талан-таражға түсіп, әбден азайып кеткен. Мысалы,
мал санағы қайта жүргізілгенде бір ғана бұрынғы Семей облысында
330 мың бас малдың жетіспейтіні анықталғаны бар.
Бұрын жасырылып келген алдауды тоқтатсам, елге жақсылық
жасаймын деп ойлап, ақыры, бұл мәселені Бюроның алдына қойып,
бүкіл республикадағы мал басын қайта санатуды ұсындым. Алғашқы
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 134 —
да қолдау таппаған соң қайтадан жазбаша ұсыныс жасадым. Таңға
ларлық жағдай — мәселенің мәнін анықтауға үзілді-кесілді тыйым
салынды. Сөйтсем, республикадағы жағдай туралы Мәскеуге беріліп
жатқан ресми ақпараттарды жоққа шығаруы мүмкін қадамдардың
ешқайсысына да рұқсат етілмейді екен. Ақыры, біз бұл шаруаны Ха
лықтық бақылау комитетінің көмегімен құпия түрде атқара алдық,
көп, тіпті көп былықтың бетін аштық. Совхоз директорларының,
колхоз басқармасы төрағаларының жартысынан астамы ауыстырыл
ды, олардың әрбір үшіншісі өз міндетін ойдағыдай атқара алмағаны
үшін орындарынан босатылды. Мен Орталық Комитеттің кезекті
пленумы қарсаңында обкомның бірінші хатшылары мен облатком
төрағаларының алдында сөз сөйлеуге келісім алдым. Сонда бәрін
жайып салдым. Кеңесті басқарып отырған Бірінші хатшы Д. А. Қонаев
ештеңе айтпады, тек «Хабарламаны назарға аламыз» деумен ғана
тынды. Мен сөйлеп бітісімен «Шақырылған жолдастар боспын деп
санай алады», деді де, кеңесті тез таратып жіберді. Мұны күткен жоқ
едім. Әлгі мәліметтер талданып, талқыланып, тиісті қорытынды жа
салады, былық-шылыққа жол бергендер жазаланады деп сенгенмін.
Мәжіліс артынан Д. Қонаев мені жеке қалдырды да, былай деді:
«Біздің республика Мәскеу алдында жақсы орында. Біз бесжылдық
бойынша Орталық Комитет пен Министрлер Кеңесінің қызыл туын
жеңіп алдық. Ал сенің мына көрсетіп отырғандарың бізге қандай
абырой бермек? Әлде сен республикаға қарсысың ба?». Мен тіпті
де ондай ойым жоқ екенін, ондай ойым болуы мүмкін емес екенін,
керісінше, экономиканы түзеу үшін жасағанымды айттым. «Сен
мұны қой» деді ол кісі.
Осы тұста менің Қонаевпен қарым-қатынасым туралы арнайы
әңгімелеудің жөні бар сияқты көрінеді.
ҚОНАЕВПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС: ТІРЕСУ МЕН ТҮСІНІСУ
«Қазақ елінің тағылымды тарихында заман жүгін арқалаған талай
толағай тұлғалар болды. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайрат
кері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев — сондай біртуар болмыс иесі» —
Д. А. Қонаевтың 100 жылдығына арналып, Абай атындағы опера және
балет театрында өткізілген салтанатты жиналыста сөйлеген сөзім
осылай басталған еді. Иә, Дінмұхамед Ахметұлы — тәуелсіздікке
дейінгі тарихымыздың тегеурінді тұлғасы.
Өмір сүрген дәуірінің күрделілігін түсінбей тұрып, оның елге
сіңірген еңбегін толық әділдікпен бағалау мүмкін емес. Барлық ар
Қилы кезең
— 135 —
тықшылықтары мен кемшіліктерін қоса алғандағы өз заманының
перзенті болған Қонаев орталықтандырылған жүйенің қыспағында
қалып, дербес саясат жүргізе алмады. Оның өзі заңды да еді. Қонаев
тың жеке тағдырының драмалық қайшылығы да сонда. Бірақ сол бір
қатқыл шеңбердің шегінде де Дінмұхамед Ахметұлы республика үшін
қолынан келгеннің бәрін істей білді. Осы үшін де халқымыз Димекеңді
ардақ тұтты. Оның республиканың территориялық тұтастығы жо
лында шамасы жеткенше күрескенін де білеміз. Мысалы, Маңғыстау
мұнайын осы істе тәжірибесі көп түрікмендер игергені орынды деген
Хрущевтің ұсынысына қарсы шыққаны, ақыры өз ұстанымын қорғап
қалғаны, сол Хрущевтің Оңтүстік Қазақстанның мақталы ауданда
рын осы дақылды өсіруге шебер диқандары көп Өзбекстанға беру
керек дегенімен келіспей, ақыры сонысы үшін республика басшысы
қызметінен тайдырылғаны, билік басына Брежнев келгенде ғана өз
орнына қайта оралғаны баршаға белгілі. Қайта құрудың құйындай
құбылған жылдарында, егемендіктің бастапқы тұсында біраз респуб
ликаларда бұрын ел басқарған адамдарға қайтадан баға беріліп, кей
жерлерде олардың ескерткіштерін қиратып тастап еді. Бұрын да
осылай болған. Жаңа басшылық жаңа бағыныштыларды іріктейді де,
кемшіліктің бәрін бұрынғыларға жаба салады. Кей елдерде бейіттерді
қазудан да тайынбады. Қазақ елі ондай желікке ерген жоқ. Оған мен
де жол берген жоқпын. Алайда менің Қонаевқа құрметім ол кісінің
тек күнгейлі жағын көріп, көлеңкелі тұсына көз жұма қарауыма негіз
бола алмайды деп ойлаймын.
Мен Қонаевпен 1977 жылы жақынырақ танысқан едім. Қарағандыға
келген бір сапарында Дінмұхамед Ахметұлы екеуміздің үлкен өндіріс
ортасынан шыққанымызға, мамандығымыз металлург екеніне, Орта
лық Қазақстанда еңбек еткенімізге назар аударған, жылы сөйлескен.
Дегенмен, бұл мәселенің бір ғана жағы және негізгі жағы да емес.
Екінші жағы және негізгі жағы республика басшылығына өнеркәсіптің
қайнаған қазанында пісіп шыққан, партиялық жұмыстың бірнеше
сатысынан өткен, қай жағынан да сенімді кадрдың қажет болуында
деп ойлаймын. Иә, мен жасымнан елге белгілі металлург ретінде
танылдым, комсомол қайраткері атандым, ақпарат құралдарында
мен туралы кеңінен айтылған. Жаза басқан жерім жоқ. Өмірде бір
айтарлықтай қате жіберсең, партия оны кешірмеуші еді. Ондайларды
өсірмейтін. Бұл да ескерілген шығар. Маған Мәскеудің оң көзімен
қарап тұрғаны тағы бар. КОКП Орталық Комитетінің Секретариа
тындағы талқылаудан кейін Сусловтың Алматыға телефондап, мен
жайында жылы сөз айтқанын Қонаевтың ұмытпағаны анық. Суслов
тың қарауына оның өзі білетін адамды ұсыну әлдеқайда көкейге
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 136 —
қонымды екені белгілі. Ол кезде ұсынған кандидатураңның Мәскеу
тарапынан қолдау таппай қалуы деген республика басшылығы үшін
үлкен мін, кадр саясатындағы бадырайып тұрған қателік саналатын.
Республикалардың орталық комитеттеріндегі басқа сала хатшыларын
былайынша бекіте салса да, бүкіл ел үшін аса маңызды стратегиялық
шикізат өндірілетін салаға жауап беретін хатшының қызметі Мәскеу
дің тек өзі шешетін мәселе болатын.
Әрине, Қарағанды обкомының хатшысы, Орталық Комитеттің
хатшысы, Үкімет басшысы қызметтерінің бәріне де менің кандидату
рамды Қонаев ұсынып отырғаны сөзсіз. Бұл жайында өзі мемуарын
да: «Обкомның салалық хатшысы қызметіне жергілікті кісіні сайлау
ойластырылған еді. Мен Орталық Комитеттің партиялық органдар
бөліміне тиісті тапсырма бердім де, көп ұзамай бұл орынға Темір
тау қалалық партия комитетінде, одан кейін Карметкомбинаттың
парткомында хатшы болып істеген Н. Назарбаевтың кандидатурасы
ұсынылды. Қалалық партия комитеті жақсы мінездеме берген. Мен
жас коммунистің болашағына қамқорлық жасауға бекіндім де, ОК
бюросында оның кандидатурасын қолдадым. Арада біраз уақыт
өткеннен кейін ол обкомның екінші хатшысы болды. Қарағандыға
бір жолым түскенде біз Акулинцев, Досмұхамедов және Назарбаев
бәріміз Қарқаралыға бардық. Сонда онымен жақынырақ таныстым.
Шынымды айтайын, Н. Назарбаев маған ұнады, уақыты келгенде
мен оны Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің өнеркәсіп
жөніндегі хатшысы қызметіне ұсындым», деп жазған. Жалпы, адамға
қамқорлық жасау, кадрлардың жағдайын ойлау Димекеңнің айта
жүретіндей абзал қасиеті еді.
Адамның жан-жақты танылуына мүмкіндік беретін. Менің
ғалымдардың, жазушылардың, өнер адамдарының арасында жиі
болатынымды білгендіктен, маған негізгі жұмысыма қатысы шама
лы тапсырмалар да жүктеп тұратын. Бір жолы халқымыздың ғажа
йып композиторы Нұрғиса Тілендиевті КСРО халық артисі атағын
алатындай етуді айтқаны бар. Тағы бірде КСРО Ғылым академия
сының президенті Анатолий Александровтың Алматыға сапарын
дайындауымды, келгенінен кеткеніне дейін бірге жүруімді қалаған
еді. Әйтпесе, мұның бәрі ОК-нің идеология жөніндегі хатшысының
міндетіне кіреді ғой.
Д.А. Қонаев жаны жайдары адам болатын. Халық музыкасын жақ
сы көретін. Нұрғиса Тілендиевтің әндерін, домбырамен күй тартқа
нын мақтағаны есімде. Дастарқан басында әдемі әзіл тыңдағанды
ұнататын. Спиртті ішімдікке онша жоқ еді, бірақ қонақтарының
жақсылап алып отырғанын қалайтын.
Қилы кезең
— 137 —
Зайыбы Зухра Шәріпқызы қонақжай кісі еді. Балалары болмады.
Сөйтсе де өзара махаббатын өмірінің соңғы күндеріне дейін сақтап
өтті. Жады мықты. Талай нәрсені есте ұстаған. Сталинді құрмет
тұтатын, оны «мұртты» деп қоятын, ол жөнінде әңгімелерді жаны
қалайтын әрі өзі де көп айтатын. Қазақтардың тарихын білетін, ұмыт
пайтын, алайда бұл жөнінде де партия бағытын қатты ұстанатын.
Өкінішке қарай, Біріншінің маған қатты сенуі, кей сөздерінде ықы
ласын жасырмай білдіріп отыратыны қызғаныштың қызыл шоғын да
қоздата түсті. Айналасындағылардың арасынан мен туралы теріс пікір
қалыптастыруға тырысушылар да табылмай қалмады. Бұл 1981 жылы
Орталық Комитет мүшелерімен бейресми әңгіме кезінде Дінмұхамед
Ахметұлының: «Сендердің ешқайсыларың да республиканың келесі
басшысы бола алмайсыңдар. Бұл сөзіме ренжімеңдер! Тек Нұрсұлтан
Назарбаевта ғана менің мұрагерім болуға әжептәуір мүмкіндік бар.
Ол айтарлықтай жас әрі айтарлықтай дарынды» деп айтып қалған
әлде айтып салған сөзінен кейін менің бақталастарым тіпті өрше
леніп кетті. Біраз амбициялы азаматтар, әрине, бұған іштей қарсы
болды. Қонаевтың ол кездегі маған бөлекше ықыласы айтылып жүрді.
Қонаевтың бойындағы қайшылықтардың бәрі дерлік ең алдымен
өзі өмір сүрген заманға, өзі қызмет еткен қоғамға байланысты. Ол
кезде республикалардың бәрі Орталықтың қатаң бақылауында бол
ды. Қия бастырмайтын, ауыз аштырмайтын. Қарапайым ғана ша
руашылық мәселелерінің ешқайсысын да Мәскеудің келісімінсіз
шеше алу мүмкін еместігі, қаржы бөлудің, іске кірісудің нақты тетігі
жоқтығы жанды қинайтын.
Бір жолы біз Алматыдан Солтүстік Қазақстанға ұшып шықтық.
Иллюминатордан ұшы-қиырсыз далаға қарап келе жатырмыз.
Аяқастынан ақтарылып, «Қарашы, біздің еліміз қандай! Шіркін,
дербес болсақ қой» деп қалды. Сөйтті де саусағымен ернін жауып,
маған қарады. Содан кейін «Тегі, кету керек шығар, бәрі жалықтыр
ды» деді. Бұл оның ішкі ойы еді. Мен үндеген жоқпын.
Екеуара әңгіме кезіндегі кейбір пікірлері мынандай. Брежневтің
«Біздің партия қазір сондай күшті, біз жұмыс жасамасақ та, партия
елді өз беделімен басқара береді» дейтінін келтіретін. Тағы бір сөзі —
«Жақсы басшы боламын десең, қол астыңдағылар сенен қорқуы ке
рек». Қонаев бұл сөзді айтумен қатар, өзі соған шындап сенетін де.
Горбачевке іші жыли қоймайтын. Жалпы, оны көпке дейін мо
йындаған да емес. Көңілі түскен кезде маған Горбачевпен Орталық
босатуды талап етіп жатқан кейбір кадрлар жөнінде сөйлесіп беру
ді сұрайтын. Оның өзімен арасы онша болмады, әйтсе де, қарым-
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 138 —
қатынаста партиялық тәртіппен сыйластық сақтайтын. Ставрополье
ден Мәскеуге ОК хатшысы болып сарт ете қалғанын ұнатпайтынын
ашық айтатын. «Этот молодой человек» деп сөйлейтін. Сөйтсек, ол
орынға лайық адам іздеп, Саяси бюро мүшелерінен пікір сұрағанда
Қонаев бұрын Қазақстанда істеген, Украинадағы Полтава обкомының
бірінші хатшысы, Социалистік Еңбек Ері Федор Моргунді қолдаған
көрінеді. Онысын Горбачев сезетін көрінеді. Мәскеуге барғанында
Горбачевке кіріп те шықпайтын, бар шаруасын Брежнев арқылы
тындырып қайта беретін. Мұнысы сол кезде-ақ көңілі көп жерде
жүрген Михаил Сергеевичтің зығырданын қайнататыны түсінікті.
Сондықтан Қонаевтың Горбачев Бас хатшы болғанда қуана қоймағаны
да түсінікті. 1985 жылғы сәуір пленумын, іле-шала басталған қайта
құру саясатын жақсылықтың бастауы деп білгенімен, көп ұзамай-ақ
Горбачевтің алғашқы қадамдарынан көңілі қалып үлгерді. Өзара
әңгімеде «Мынау жаңа шыққан Хрущев» дегені бар.
Д. А. Қонаев тіпті де біржақты ғана тұлға емес-ті. Оның беделінің
артуы Брежневтің қолдауының арқасында ғана жүзеге асты деп түсін
діру — уақытты да, оның өзі тудырған перзенттерін де кешірілмес
дәрежеде тұрпайыландыру. Менің көзқарасым бойынша, Д. А. Қо
наев өмірінің басты түйткілі — партиялық тіректің мызғымастығы
мен аса құдіреттілігіне, партиялық басшылық жасау дәстүрлерінің
ешқашан да қателеспейтініне ондаған жылдар бойы қалыптасып
келген кәміл сенім. Беделдің буы биліктің биік шыңына шыққан
адамды ертелі-кеш алмай қоймайды. Ал беделге негізделген билік
өзін бағынышты адамдардың үрейлі қорқынышы жағдайында ғана
сенімді сезінеді. Қонаевтың драмасы өзі шексіз сенген, өзі адал қызмет
еткен партияның тарихтың күресініне кетіп бара жатқанын, жалпы,
социалистік даму жолын таңдаған жүйенің өзге қоғамдық жүйемен
бәсекеде жеңіліске ұшырай бастағанын дер кезінде тани алмағаны
деген дұрыстыққа келетін шығар.
Жылдар бойы қордаланып келген келеңсіз құбылыстардың қандай
да белгілі бір себебін ашуға менің тарапымнан жасалған әр әрекет
Қонаев екеуміздің арамызды бұрынғыдан да суыта берді. Бірінші
басшының жеке басына тән қасиеттері мен ар-намысына дақ түсіру
ге ешқандай да қатысы жоқ кез келген қадамның өзі оның беделін
түсіру үшін қасақана жасалған зұлымдық әрекет есебінде бағаланды.
Ақыры арамыз алшақтай бастады. Ұстазыммен ұстасуыма тура
келді.
Еске алуға да, жазуға да жайсыздау тақырып болғандықтан, бірақ
өз өмірің жайыңдағы кітапта мұны еш айналып өте алмайтындықтан,
мен үшінші жақтан баяндау тәсілін қолданайын. Сергей Плеханов
Қилы кезең
— 139 —
«Жібектей есілмеген жол» («Не шелковый путь») деген кітабында
бұл туралы былай дейді:
«Тағайындалғаннан кейін небәрі бір жарым жыл ғана өтті, ал
Бірінші мен премьердің қарым-қатынасы мейлінше өзгерді. Қонаев
көз алдына елестеткен айтқанынан шықпайтын үкімет басшысының
орнына, оның жанына іштегі кикілжіңді сыртқа шығаруға қабілетті
адам келді. Ал кикілжіңдер едәуір жиналып қалған еді. Тоқырау
жылдарының бір ұстыны Брежневтің адал әріптесі болған. Сол кезең
де, бүкіл Кеңес Одағындағыдай, Қазақстанда да елеулі өзгерістердің
көбейгені сондай, оларды тек соқыр адамның көрмеуі және көзге
ілмеуі мүмкін еді. Қонаев соқыр емес еді, керісінше, республикалық
номенклатурадағы есімдері көбірек немесе азырақ белгілі қайраткер
лердің әрқайсысының ішкі сырларын жақсы білді. Бірақ біртіндеп
бойға сіңген кремльдік шал-шауқандардың мүддесіне орай, бәрі
нен де бұрын «қымбатты Леонид Ильич жолдасты» алаңдатудан
қорқып, шындықты әсірелеп көрсету дағдысы өзін өсіріп шығарған
жүйеге адал қызмет еткен Қонаевтың өзінің екінші болмысына
айналды. Сталин өлгеннен кейінгі жылдары қалыптасқан билік
табиғаты осындай-ды. Билеуші топ бәрінен бұрын тыныштықты
қалады, ал кез келген әділет іздеуші жүйе тұрақсыздығының се
бепкері ретінде танылды. «Не, саған басқалардан көп керек пе?»
дейтін еді жұмысшылар қарапайым түрде өздерінің шамадан тыс
пысықай жолдасына. Неғұрлым тісқаққан бюрократтар қызмет
бабындағы әріптесіне де, бір-біріне де ешқашан мұндайды айтпас
еді, оның есесіне қауіп-қатерді аңға тән иісшілдікпен сезінді, бүлік
шілді жолатпайтын ынтымақтастық өрісін бір ғана биотокпен жасап
отырды. «Жұмыс істеуге кедергі келтірмеңдер» — осынау кеңестік
бюрократтық қалтарыстардың тар әлемінде қалыптасқан тылсым
тіркес демократия кезеңіне дейін жетті. Бірақ ендігі жерде оны
корпоративтік жайма-шуақ тірлікті бұзғысы келгендерге қарсы
қалқан ретінде қолдануға көшті.
Қонаевтың «ерте жетілген жасты» тезге салу ниетін ашық түрде
білдіргеніне қарамастан, Назарбаевта өз қарсыласына деген жек
көрушілік болған жоқ. Ол тіпті өзінің кей кезде қарт жауынгерге таң
қалатынын аңғарды. Шынында да, қайраткердің таңғажайып үлгісі
тазартулармен және жаппай қуғын-сүргінмен қыздырылған саяси
ортада өсіп шыққан-ды. Назарбаев егер жауласпай, ынтымақты
қызмет істесе, республика басшылығында екі дербес ойыншының
тұруы әбден мүмкін екенін өзінің барлық іс-қимылдарымен дәлел
деді. Бұл прагматиктің ой қисыны еді. Бірақ ол өз өмірінің үлкен
бөлігін биліктің өзіне сай пирамидасын қалыптастыруға арнаған
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 140 —
адам үшін үйлеспейтін дүние болып еді. Бұл фигурада екі шыңның
тұруы мүмкін емес! Қалыпты пікірсайысты ол өз беделіне жасалған
қастандық ретінде қабылдады. Оның іс-әрекеттеріне тартыс қисыны
басшылық етті. Оған сәйкес қарсыластардың тек біреуі ғана қалуы
тиіс болатын…».
Сергей Плеханов жазушы ретінде бұл тіресуді өліспей беріспеуге
жеткендік етіп құйындатыңқырап, қиындатыңқырап жазған, әрине.
Бірақ істің жайы негізінен алғанда осы шамалас еді. Дегенмен, оның
республика басшылығында екі дербес ойыншының тұруы туралы
айтқанымен келіспес едім, өйткені республиканың басында Қонаев
пен қатар, одан дербес тұру ойыма да кіріп-шықпаған. Үш мәрте
Социалистік Еңбек Ерінің, Саяси бюро мүшесінің беделі ондайды
ойлатпайды да. Менің бар ниетім ортақ істі қолдан келгенше жақ
сарту, орын алған қиғаштықтарды бірге түзету болатын. Өкінішке
қарай, бұл ниетті Димекең билікке ұмтылу әрекеті деп түсінді.
Біздің ішкі тартысымыз Қазақстан Компартиясының XVІ съезінде
шырқау шегіне жетті. Қабылданған тәртіп, жазылмаған заң бойынша
партиялық съездерде екі баяндама жасалады. Біріншісі — республика
партия ұйымы басшысының есепті баяндамасы, екіншісі — Үкімет
Төрағасының қосымша баяндамасы. Сол жылғы аталуы — «КСРО-
ның 1986–1990 жылдарға және 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған
экономикалық және әлеуметтік дамуының Негізгі бағыттарының
жобасы туралы». Баяндамам негізінен сынға құрылды. Әдетте мұндай
құжат экономикада атқарылған істерді санамалап, алдағы міндеттерді
айтып шығумен шектелетін. Орталық комитетке алдын ала берген
нұсқам дәл сондай болатын… Съезде оқылған нұсқаға ұйымдық-
партиялық бөлімде рұқсат етілмейтіні анық еді. Сондықтан осындай
айлаға бардым амалсыздан. Сенімді көздерден тиісті мәліметтерді
алдыртып, баяндама мәтінін қолмен жазып шықтым. Оны менен
басқа ешкім көрген жоқ. Атап айтқанда, былай деген едім:
«…Өнеркәсіптің бірқатар салаларында бесжылдық тапсырмалары
орындалмады. Өндіріс көлемі мен еңбек өнімділігінің өсу қарқыны
жалпы алғанда тиісінше 3,6 және 4,6 пункт кем болды. Өнім беру
жөніндегі шарттық міндеттемелерін әрбір төртінші кәсіпорын орын
дамады, ал қор қайтарымы 15 процент кеміді. Жүргізілген тексе
рудің деректеріне қарағанда, соңғы 9 жылдың ішінде тапсырылған
334 объектінің тең жартысына жуығы нормативті қуатына жеткен
жоқ. Село еңбеккерлері де көп қарыздар болып қалды. Мемлекетке
бес жылдың ішінде миллиондаған тонна астық кем берілді, малша
руашылық өнімінің негізгі түрлері бойынша да тапсырмалар орын
далған жоқ. Құрылыста 2,7 миллиард сом күрделі қаржы кем игерілді.
Қилы кезең
— 141 —
Жол берілген артта қалушылық едәуір дәрежеде жекелеген
министрлердің, комитеттер мен облыстық атқару комитеттері
төрағаларының жұмысты КОКП Орталық Комитетінің 1985 жылғы
сәуір пленумының нұсқауларына сәйкес қайта құра алмағанының,
өз күш-жігерін мемлекеттік жоспар тәртібін нығайтуға емес, көбі
не-көп жоспарларға түзету енгізу үшін алуан түрлі себептер мен
дәлелдер табуға жұмсағанының салдары. Өздерін статистикалық
мәліметтердің орташа тәуірлігімен және қарамағындағы адамдардың
табысқа жеттік деген даурықпасымен жұбатып, олар қалыптасқан
жағдайға белсене араласудың, оны жақсы жағына қарай өзгертудің
орнына сол жағдайға бейімделу позициясын ұстады.
Жергілікті жерлерде қалыптасқан, жекелеген табыстарды бады
райтып көрсетудің және қайдағы бір еңбегі үшін аудандық және об
лыстық бастықтарды мадақтаудың әлі жойылмаған стилі өзінің теріс
зардаптарын тигізуде. Осының бәрінің мүмкін болуының тағы бір
себебі — республика басшылығы мұндай жарамсыз жұмыс әдістерін
дер кезінде және партиялық принциптілікпен тыйып отырмады…».
Ауыр сын. Ойсыраған олқылықтарды айқара ашатын фактілер.
Амал жоқ, осылардың бәрін айтпасыма болмады. Баяндамаға бұлай
етіп жазу жан ауыртатындай қиындыққа түскені рас. Съездегі сөзімді
сөйлердің алдындағы түнде ұйықтай алмағаным да рас. Өмір жо
лымдағы биік белестердің бәріне Димекеңнің әсері барын былай
қойғанда, біз — қазақпыз, Шығыс адамдарымыз, бізде жасы үлкенге
құрметпен қарау — міндет, парыз. Сондықтан баяндамада Д. А. Қо
наевтың атына тікелей сын айтқан жоқпын. Еш жерде ол кісінің аты-
жөні нақты аталған жоқ. Дегенмен, республика басшысы бәріне де
жауапты екені онсыз да белгілі ғой.
Оның есесіне Дінмұхамед Ахметұлының туған інісін аяп қалмадым.
Баяндамада мынандай сөздер бар:
«…Академияның президенті А. М. Қонаев бастаған оның бас
шылығы істі енжар, тиісті инициативасыз жүргізеді. Академия бас
шылығы республиканың ғылыми күштерін ғылымның өзінің және
халық шаруашылығының іргелі проблемаларын шешуге жұмыл
дыра алмады. Сондықтан да академияның бірде-бір институтының
елімізде құрылған салааралық ғылыми-техникалық комплекстер
құрамына енбей қалуы, ал бүкіл бесжылдық тұсында бірде-бір ли
цензиялық келісім жасалмауы тіпті де кездейсоқтық емес. Енгізілген
бір шешімнің экономикалық пайдасы өткен жылы 1980 жылмен
салыстырғанда 2 еседей кемігені, ал Ғылым академиясының 76 ұсы
нысынан, олардың ақаулықтарының көп болуы себепті, үстіміздегі
жылдың мемлекеттік жоспарына тек 5 ұсыныс, министрліктер мен
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 142 —
ведомстволардың жоспарларына 9 ұсыныс қана енгізілуі де көңілге
күдік ұялатады.
Республика Ғылым академиясы бізде сын айтылмайтын ұйымға
айналғанын бүгін съезде ашық айтуымыз керек. Онда жарамсақтық,
жағымпаздық ахуалы жасалған. Сондықтан болуы керек, Ғылым ака
демиясының президенті Министрлер Кеңесінің мәжілістерінде де,
баланс комиссияларында да төбе көрсетпейді. Сөйтіп, ол өз міндетін
атқарудан бойын аулақ салып отыр. Димаш Ахметұлы, оны тәртіпке
шақыратын кез жетті деп ойлаймын».
Бұл айтқандарым Алматыға да, бүкіл елге де белгілі еді.
Осы тұста жұрт дуылдата қол соқты. Негізінде, Асқар Қонаевты
бұлай ашына сынауға құқым да бар еді. Туған інісінің өнбейтін жұ
мысы, ұятты жүріс-тұрысы туралы (әңгіменің ашығы керек, оның
Академия жұмысын ақсатқаны аздай, ішкілікке салынатыны, тіпті
содан қызмет орнына сирек келетіні Алматыға әбден жайылған бола
тын) өзіне алдын ала айтқанмын. Сізден басқа оған ешкімнің ықпалы
жүрмейді, бауырыңызды жөнге келтірсеңіз деген тілек тұрғысында.
Димекең ол сөзімді дұрыс қабылдаған сияқты еді, алайда бір күннен
кейін-ақ Асқар Қонаев маған телефон соғып, қайта-қайта өзін неге
ұнатпайтынымды ғана сұраумен болды. Ішіп алғаны сөзінен сезіліп
тұрды. Содан кейін ғана бұл мәселені партиялық трибунаға шығаруға
тура келді. Ғылым академиясына байланысты сын ол баяндамадағы
көптеген жайлардың бірі ғана. Мәселе бірінші басшының туған інісіне
қатысты болған соң елдің есінде ерекше қалған сияқты.
Мына жайдың басын ашып алайын. Мен Қонаевтың ту сыртынан
сын садағын қадаған жоқпын. Өз сөзімде республикада қалыптасқан
жағдай өзгертілуі тиіс екенін айттым, ашық айттым. Қазақстандағы
кемшіліктер тек Орталық Комитеттің жұмысына байланысты емес
қой. Оның бәрі мен өзім басқарып отырған Үкіметке тікелей қатысты
ғой. Демек, мен өз қызметіме де сын көзімен қарап отырмын деген
сөз. Олқылықтарды бірлесе түзетуге, өзгерістер жасауға шақырдым.
Кемшіліктерді көрсету арқылы соларды жоюдың жолдарын бірлесіп
талқылауды ұсындым. Ол қадамдарымның бәрін де Қонаевқа жаным
ашығандықтан, елдің жақсы атын ойлағандықтан жасадым.
Мұның бәрі оңайға түспегені түсінікті. Бір жерден оқығаным ойға
оралып тұр. Хрущев баяғы атышулы пленумда Сталиннің кемшілік
терін айтып, сынға алып жатқанда залдан біреу: «Сіз неге оған тірі
кезінде осы сынды айтпадыңыз?» деп сұрақ қойыпты. Сонда Хрущев:
«Сұрақ қойған кім? Шықсын мына мінбеге» депті. Зал үн-түнсіз.
Ешкім жауап бермейді. «Енді түсіндің бе? Мен де сендей болған
мын ол кезде», дейді Хрущев. Саяси бюро мүшесіне, республиканың
Қилы кезең
— 143 —
сыйлы басшысына үш мың адамның көзінше, партия съезі кезінде
сын айту қаншалықты тәуекелге тұрғанын аңғарту үшін келтірдім
бұл мысалды.
Баяндамам залда бомба жарылғандай әсер етті. Басқа республи
каларды қайдам, әйтеуір, Қазақстан Компартиясының арғы-бергі
тарихында партиялық съезде дәл мұндайлық ашық сынның, ащы
сынның айтылып көрмегені анық. Мәселені бұлай батыл қою арқылы
Қонаевқа көмектесетін шығармын, әбден енжарланып алған басшы
лардың тобын әлдебір серпілдіре алармын, Орталық Комитеттің
бірінші хатшысын да ертелі-кеш біржола жұтпай тынбайтын ми
батпақтан сақтандырармын деген үмітте болдым.
Делегаттар дүр сілкінді. Съезге қатысушылар баяндамамды талай
рет қол шапалақтап бөліп отырды, ал мінберден түсерімде кәдімгі
овация залды кернеп кетті. Сол кездегі ахуалды «Правда» газеті бас
редакторының орынбасары, менің көптен бергі танысым Дмитрий
Валовой 1993 жылы шыққан «Кремлевский тупик и Назарбаев»
атты кітабында: «Зал Назарбаевқа қол соқты, ал шенеуніктер одан
аулақ жүре бастады» деп дәл сипаттаған. Дмитрий Васильевичпен
кешке бас қостық. Жаңалықтардан менің бір ауыз синхронымды да
бермеді, 2–3 секундтық көріністе тек баяндамашы ретінде бой көр
сеттім де қойдым, диктор жалпылама айтылған тұстардан бірнеше
сөйлемімді оқумен шектелді. Валовойдың: «Қоғамда өзгерістер
болмай қоймайды. Біраз уақыттан кейін сен осы әрекетіңді әлі-ақ
мақтаныш ететін боласың. Оның үстіне сен бұл әрекетіңді аз ғана
топ адамның алдында емес, республиканың барлық өңірлерінен
келген ең лайықты өкілдердің алдында жасадың ғой» деген сөзі
есімде қалып қойыпты.
Д. Валовой съезд жұмысы туралы мақаласын негізінен сынға құрып
жазыпты. Ол кезде Саяси бюро мүшесін сынға алу деген сирек кез
десетін батылдық. Бұған «Правданы» басқаратын академик В. Г. Афа
насьевтің ғана тәуекелі тұрды. Кейін маған Дмитрий Васильевич
таңғы ас кезіндегі мынандай бір әңгімені айтып берді. «Известия»
газеті бас редакторының орынбасары Анатолий Друзенко (съезд
туралы жазуға арнайы келген) әріптесін іскер де батыл мақаласымен
құттықтап: «Қазіргі бас редакторымыз тұрғанда біз «Известияда»
мұндай мақалалар шығаруды тек армандай аламыз» депті. Олар
кәдуілгі жайдақ мақала бере салған еді.
Адамдар республикада өзгеріс болмай қоймайтынына сене баста
ды. Өзгеріс дегенді дәл бірінші басшылықпен тікелей байланыстыра
салудың жөні жоқ. Д. А. Қонаев сол съезде Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметіне қайта сайланды,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 144 —
арада біраз уақыт өткеннен кейін КОКП-ның кезекті, XXVІІ съезінде
Саяси бюроға мүшелігін де сақтап қалды. Республикалық съезден
кейін сәл уақыт аңысын аңдыған адамдар, әсіресе, Мемлекеттік қа
уіпсіздік комитеті мені қаралауды, қудалауды бұрынғыдан да кү
шейтті. «Назарбаевтың күні санаулы қалды» дегенді айналамдағы
жұрттың көзінен-ақ оқып жүрдім.
Не айтары бар, Қонаевтай тұлғамен қақтығысуға тура келгені
қиын-ақ болды. Ахуалдың психологиялық тұрғыдан ауырлығын бы
лай қойғанда, съезд өткен күннің ертеңінде-ақ шын мәнінде қуғын
дауға түстім. Бір-ақ нәрсені айтайын: Қазақстан Компартиясының
XVІ съезі мен КОКП XXVІІ съезінің аралығында өткен үш аптаның
ішінде менің үстімнен 53 анонимді арыз-шағым ұйымдастырылды.
Олардың бәрін де неше түрлі комиссиялар мұқият тексерді. Ауылда
слесарь-сантехник болып істейтін інімнің үйін де өлшепті. Ағасының
беделін пайдаланып, үлкен үй салып алған жоқ па екен деп барады
ғой баяғы. Барса — ауылдағы көп үйдің бірі. Біреулер түн ішінде үй
телефонына тыным бермейді. Айтпайтындары жоқ. Өшіріп тастай
алмайсың. Жалғыз байланыс жолы сол. Бірінші хатшының өзі іздеп
қалуы мүмкін. Біреулер үйге телефон шалып, мені көлік апатынан
қайтыс болды деп те хабарлапты. Жүйкесі әбден жұқарған Сараның
бір күні: «Құрысын бәрі, тасташы бәрін. Теміртауға көшіп кетейікші.
Сен жақсы металлургсің ғой. Күнімізді көреміз» дегені де бар.
Мен үшін ауыр кезең басталды. Өзімді Қонаевты қаралаушы етіп
көрсетуге тырысқан адамдар табылғанын жазып қайтейін. Тіпті менің
съездегі баяндамам басылған газеттерді дүңгіршектерден түгелдей
сатып алуды (яғни, жинатып алуды) ұйымдастырғандарын айтсай
шы. Салауат бәріне. Оның үстіне ол адамдардың өздерінің лайықсыз
қылықтары үшін шын ниеттерімен өкінгенін де білемін. Олардың
арасынан қолынан іс келетіндері кейін неше түрлі қызметтерге ілікті.
1986 жылғы желтоқсанның бас кезінде мен КСРО Министрлер
Кеңесінің Төрағасы Н. И. Рыжковпен бірге Қазақстанның мұнай және
газ орындарын аралаған сапардан Алматыға қайтып оралдым. Бізді
осының алдында ғана Мәскеуге барып қайтқан Қонаев қарсы алды
және өзінің зейнетке шығу жөнінде өтініш бергенін хабарлады. Оның
бұл хабарды бізге әлдебір қанағаттанған сезіммен, әлдебір мақтанған
кейіппен айтуының себебі онша түсінікті бола қоймады. Өйткені
«75‑ке дейін жұмыс істеймін де кетемін» деп айтушы еді. Оған әлі
бір жылдай бар. Өзі сол жылы Саяси бюро мүшелігіне қайтадан
сайланған.
Сөйтсек, кейін білдім, жағдай былай болған екен. Қонаев
Назарбаевты Министрлер Кеңесі Төрағасы қызметінен босату (мұны
Қилы кезең
— 145 —
өзі шеше алмайды, Мәскеудің рұқсаты керек), егер реті келсе, Сырт
қы істер министрлігі жүйесі бойынша шетелге жұмысқа ауыстыру
жөніндегі ұсынысын айтып, М. С. Горбачевке кіреді. Ал ол болса, Қо
наевтың өзінің үстінен Қазақстаннан арыз-шағым көп екенін, соның
ішінде Орталық Комитеттің хатшылары келіп, Бірінші хатшының
жұмысына көңілі толмаушылығын білдіргенін, қажет деп тапса,
бәрін Кремльге шақырып, көзбе-көз сөйлесуге келісетінін айтады.
Сонда Қонаев: «Қажет емес. Өзім кетемін», дейді.
Оқиғалардың одан әрі өрбуі шым-шытырық.
Д. А. Қонаев өзінің мемуар кітабының қазақша нұсқасында («Өтті
дәурен осылай») Горбачевтің алдына зейнет демалысына шығу жөнін
дегі өтінішін қалай бергенін жазады. Нақты айтқанда, былай дейді:
«Горбачев, менің байқауымда, бұл әңгімеге тас-түйін отырса керек:
— Ұсынысыңызды құптаймын, өтінішіңіз Саяси бюрода қара
лады, — деп аз-кем үнсіз отырды да, өз байламын айтты. — Жұмыс
мойын бұрғызатын емес, соған орай Қазақстан Компартиясы Орта
лық комитетінің пленумына қатыса алмаймын, Разумовский барады.
Бас хатшы менен «Өз орныңызға кімді лайық деп отырсыз?» — деп,
бір ауыз сыр тартар деген ой қылаң берген, шынымды айтсам, іштей
үміттеніп едім. Зады, жолы да, жөні де солай ғой. Оның есесіне мен
сұрадым. Горбачев:
— Ол мәселені шешуді бізге қалдырыңыз, — деп қысқа қайырды».
Кітаптың орысша нұсқасы сәл басқашалау, бірақ мағынасы сол:
«Ол өтінішімді алды да, тілегімді қолдайтынын айтты. Мәселені
Саяси бюроның қарауына шығаратын болды.
Әңгіменің соңында мен Горбачевтен орныма кім хатшы болатынын
сұрадым. Ол: «Бұл мәселені шешуді біздің өзімізге қалдырыңыз» деп
жауап берді. Содан кейін біз қоштастық та, мен Алматыға жүріп
кеттім».
Сонымен, мына жайдың басы ашық: Қонаев орнына ешкімді ұсын
баған, орнына кім болатынын сұраған да қойған. Мұны өзі жазып
отыр.
Горбачевтің «Жизнь и реформы» деген қостомдық мемуарында
бұл әңгіме өзгеше келтірілген. Ізбасар адам туралы әңгіме болғанда
Қонаев ешкімнің аты-жөнін атамайды. Оны айтасыз, Горбачевтің
жазуы бойынша, Қонаев Қазақстан басшылығына орыс азаматын
әкелуді ұсынады…
«Михаил Сергеевич, — деді ол, — қазір бұл орынға қоятын еш
кім жоқ, әсіресе жергілікті қазақтардан. Мұндай күрделі жағдайда
бірінші хатшы қызметінде орыс болуы тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 146 —
Бұл оның тарапынан ең алдымен Назарбаевтың сайлануына жол
бермеуді көздеп, ойластырылған қадам еді. Олардың ара-қатынасы
қатты ушығып кеткен-ді, әйтпесе бұрын Қонаев оған қамқоршы
болып жүретін».
Жарайды, Горбачев — сыры белгілі, сөзіне куә керек адам дейік.
Қонаевтың олай айтуы, өзінің халқынан республика басқара алатын
бір адам жоқ деуі мүмкін емес дейік тіпті. Солай деген күннің өзінде
де Қонаевтың сөзінен не аңғарылып тұр? Бұдан Қонаевтың өз орны
на ешкімді ұсынбағанымен қоймай, қызметтен кетіп бара жатқа
нында, енді жоғалтатын ештеңесі жоқ кезде «Бұл мәселені шешуді
біздің өзімізге қалдырыңыз» деген сөзге ләм-мим демей, кабинеттен
шығып жүре бергені көрініп тұр. Иә, Қонаев өзінің орнына Мәскеу
кімді жібермек ойы бар екенін сұраумен ғана шектелген. Оның ме
муарында Горбачевтің «Бұл мәселенің шешімін бізге қалдырыныз.
Республикаға жақсы коммунист ұсынылады және жіберіледі» дегені
ғана келтірілген.
Бұл жайды түсіну өте қиын. Өмірдің ащысын да, тұщысын да,
өрін де, ылдиын да көрген, ақылды адамның жеме-жемге келгенде
шамшылдыққа бой алдырғаны, жеке басының өкпесін жеңуге күші
жетпегені қайран қалдырады. Орнына мені ұсынбайтыны белгілі.
Өкпелі. Сонда Қазақстанды осынша жыл басқара отырып, бір лайық
ты азаматты тәрбиелеп шықпағаны ма?
Д. Қонаевтың Мәскеуден келіп, кабинетіне бюро мүшелерін жи
нағаны есте. Болған әңгімені баяндады. Горбачевке барғанын, отстав
каға кету жөнінде өтініш бергенін хабарлады да, біраз үнсіз қалды.
Не дер екен деп отырмыз. Сондағы айтқаны: «Сендердің ешқайсысың
менің орныма сайланбайсыңдар. Бірінші хатшылыққа ұлты орыс
адам келеді». Осылай деді де, үңіліп бізге қарады. Әсіресе маған
үңіліңкіреп қарады. Әлде маған солай көрінді ме? Ақыры сол айтқаны
келді. Мұның аяғы республикамызды басқаруға атымен кездейсоқ
адамның топ ете түсуіне, ұлттық намысымызға тиіп, сағымызды
сындыруға әрекет жасауға соқтырды.
Кітабымның келесі тарауы сол оқиғаға арналады.
Оның аты — Желтоқсан.
— 147 —
ЖЕЛТОҚСАН
ҰЛТТЫ ОЙЛАСАҢ — ҰЛТШЫЛСЫҢ
«Біз Камал Сейітжанұлымен осы жөнінде пікір алмастық. Мен:
— Мынауы өте қауіпті екен, ол ұлтшыл болып айыпталып жүр
месе жарайды, — дедім.
Бірақ бәрі де ың-шыңсыз өтті, бағдарлама Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінде қабылданды. Жұмыс басталды».
Бұл — көрнекті қаламгер Әкім Таразидің жазғаны. Камал Сейіт
жанұлы деп отырғаны — танымал публицист, мемлекет қайраткері
Камал Смайылов. Осының алдында «Күндердің бір күнінде мен
Назарбаев Қазақстанның артта қалған отыз ауданын дамыту үшін
жағдай жасау бағдарламасын жария еткенін оқыдым» деген сөйлем
бар. Таңданарлық жай емес пе? Жаңадан тағайындалған Үкімет бас
шысы жұмысқа кіріседі. Республикадағы жағдайға талдау жасатады.
Жағдайдың қай жерде тәуір, қай жерде ауыр екенін анықтайды.
Сөйтеді де жағдайы ең ауыр отыз ауданды іріктеуді тапсырады. Ең
алдымен сол аудандардың жағдайын дұрыстау керек деп шешеді.
Соларға көбірек көңіл бөле бастайды. Болған-біткені осы. Бұдан
қандай ұлтшылдық таба аларсыз? Жоқ, табуға болады екен. «Біз ол
отыз ауданның халқы түгелдей қазақтардан тұратынын білетінбіз.
Олар шалғайдағы далалық аудандар болатын», дейді жазушы. Міне,
мәселе қайда? Үкімет басшысы елдегі ең артта қалған аудандарды
дамытуға арналған бағдарлама қабылдатса, сол аудандардың халқы
қазақтар болғаны үшін ұлтшыл атану қаупі бар екен! Ұлтты ойла
саң — ұлтшылсың… Біз осындай қоғамнан шыққан едік.
Кеңес Одағының басшылығы қайта құру саясатын елді жаңғырту
дың нақты бағдарламасын жасап алмай жатып бастап жіберген-ді.
Атақты америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында
Владимир Путин: «Тегінде, Горбачев үшін де, оның айналасындағылар
үшін де елге өзгерістер керек болып тұрғаны түсінікті еді. Әйтсе де,
мен бүгінгі таңда нық сеніммен мынаны айта аламын: олар қандай
өзгерістер керектігін және оған қалай қол жеткізу керектігін түсінген
жоқ» деген. Әрине, мақсатқа қалай қол жеткізу керектігін түсінбеу
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 148 —
онша айып емес, Путиннің бұл бағасындағы ең ауыры — олар қандай
өзгерістер керектігін түсінбеді дегені. Расында да, солай еді. Сенека
ның айтқаны бар ғой: «Қай кемежайға бет алғанын білмейтін кеменің
желі оңынан тұрмайды». Қайта құрудың нақты айқындамасының
жоқтығы ұлтаралық қатынастарға ерекше салқынын тигізді. Көпұлт
ты мемлекет жағдайында нақ осы неғұрлым маңызды мәселенің
қайта құруды бастаушылардың назарынан мүлдем тыс қалғанына
тек қана таңдануға болады. Ал ұлтаралық қатынастар КСРО-дай
федералдық мемлекетте ең ерекше көңіл бөлуді, ең терең талдауды
қажет ететін сала еді. Бұл істе елді ұстап тұрған жалғыз партияның
өзінде айқындық, бірауыздылық табылмады.
Туған мемлекетін оңды-солды сынап сөйлейтіндердің баз біреу
лері тәуелсіздік өзі қолымызға қона қалды деп те соғады. КСРО та
рағанда тәуелсіз болып шыға келдік деседі. Мен тәуелсіздік жолында
халқымыздың сан ғасырлық күресі күні кешеге дейін жалғасқанын
дәлелдеу үшін 1986 жылдың қарлы желтоқсанында Алматыдағы
алаңға шыққан өрімдей жастардың шын мәнінде тәуелсіз Қазақстан
жолында ту көтергенін әңгімелеп бермекпін.
Иә, Желтоқсанда Алматы ұлт мәселесін шешудің социалистік док
тринасының күлі көкке ұшқанын айдай әлемге әйгіледі. Біз таптық
сезімнің ұлттық сезімнен басымдығына негізделген кез келген док
тринаның алысқа бармайтынын айқын ұғынуымыз қажет. ХХ ғасыр
марксизмнің түбегейлі қағидаларының бірі болып табылатын ұлттық
сипаттан таптық сипат жоғары тұрады деген қисынын түбірімен
жоққа шығарып берді. Кәдуілгі айта беретін кеңес халқы дегеннен
«аға халықтың» ерекше орны бар дейтінге дейінгі талай аңыздар,
шынтуайтына келгенде, ұлттық сезім мен ұлттық сананы езіп-жан
шудың көп жылға созылған жымысқы саясаттың бүркеншігі ғана
болатын. Өмірдің барлық саласына «жаңа тарихи қауымдастық —
кеңес халқының» моральдық кодексін күштеп енгізу адамдардың
ұлттық сезімін, халықтардың өзінің этникалық тегін тануға деген
ұмтылысын жойып жібере алмады.
Ұлт мәселесін шешудің тоталитарлық тәсілдері тұңғыш рет Қа
зақстанда сыр берді. Тіпті Шығыс Еуропада өз алдына мемлекет
құрып отырған Венгриядағы 1956 жылғы, Чехословакиядағы 1968
жылғы ұлттық бой көрсетулер дөрекі күш қолдану арқылы басып
тасталған еді. 1986 жылғы оқиғалардан кейін қазақ халқына ұлтшыл
деп асығыс тағылған айыпты жүйенің өзі алып тастауға мәжбүр
болды. Оны сәл кейінірек айтамын.
Аңызбен апталып, қалыппен қапталған ұлттық сана-сезім соғыс
тан кейін алғаш рет саяси іс-қимылға ұласты. Ашықтан-ашық саяси
Желтоқсан
— 149 —
қарсы шығудың мұндай жаңа үлгісі бүкіл Кеңес Одағындағы ұлттық-
демократиялық қозғалыстың дамуына орасан серпін берді. Тбилиси
дегі, Бакудегі, Киевтегі, Мәскеудегі, Балтық бойындағы, елдің басқа
да қалаларындағы осы тектес оқиғалардың барлығы Алматыдан
кейін болған еді.
Әрине, одақтық мемлекетте демократиялық үдерістердің мұн
дайлық қарқынмен өрістеуінің басқа да сан түрлі себептері бар.
Дегенмен бұл істегі негізгі тетіктің бірін өздерін басқаның айтқа
нынан шықпайтын құлақкесті орындаушылар емес, азаттықсүйгіш
ата-бабаларының мұрагерлері деп сезінген қазақ жастары қозғап
жібергені даусыз.
Арғы замандардағы жатжұрттықтар басқыншылығына, бергі за
мандардағы отаршылдыққа қарсы күресті айтпағанда, бір мемлекетке
біріккен күні кешегі жиырмасыншы ғасырдың өзінде большевик
тердің зорлықшыл, қорлықшыл саясаты халықтың ашу-ызаға толы
талай қарсылығын туғызған еді. Режимге қарсы бас көтергендердің
қатары өсе түсті. Қарсыласу қозғалысы бүкіл Қазақстанды қамтыды.
1929–1931 жылдары шаруалардың 380 рет басталған бүлігі мен кө
терілісіне 80 мыңға жуық адам қатысты. Ең ірілері — Созақ, Ырғыз,
Ақсу, Адай, Қарақұм және басқа да көтерілістер. Бәрі де Қызыл Ар
мияның тұрақты әскерінің күшімен аяусыз басып-жаншылды.
Аяқастынан кездейсоқ біреу шыға келіп, республиканы билей бе
ретін жағдай қалай қалыптасты? Мәселе, міне, осында. Желтоқсанда
жастар шын мәнінде алаңға нақты Колбинге қарсы болып шыққан
жоқ, жастар алаңға ең алдымен ұлттық намысты қорғап, қоғамды
жайлап алған жалғандыққа, қазақ елі бар деп есептемегеніне, бізді
мүлдем білмейтін адамның басшылыққа келуіне қарсы шықты. Одан
он жыл бұрын республика билігіне сырттан адам әкелінсе, тіпті ол
таңдау басқа ұлттың өкіліне түссе, мұндай жағдай орын алмауы да әб
ден мүмкін еді. Негізінде, Қазақ КСР-нің тарихындағы жетпіс жылдай
уақыттың ішінде республика Компартиясының бірінші хатшылығына
ұлты қазақ екі-ақ адам сайланған ғой: Жұмабай Шаяхметов пен Дін
мұхамед Қонаев. Жиырмасыншы жылдардың басында, небәрі жарты
жылға (1921 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында) Қырғыз
облысының бюро хатшысы болып жұмыс істеген Мұхамед-Хафиз
Мырзағалиевті есептегеннің өзінде республика басқарған қазақтың
санын үшке зорға жеткіземіз. Соғыстан кейінгі жағдайды алсақ та,
Қазақстанға Скворцов, Борков, Пономаренко, Брежнев, Яковлев,
Беляев сияқты талай басшылар Мәскеудің ұйғарымымен бірінен
соң бірі келіп, кетіп жататын. Олардың ешқайсысының бірінші хат
шылыққа сайлануы оқыс оқиғаға айналмаған еді. Желтоқсан оқиғасы
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 150 —
бізде ел намысын, ер намысын бәрінен биік қоя білетін жаңа буын
өсіп шыққанын, тың тұрпатты ұлттық сана-сезім қалыптасқанын
көрсетіп берді. Ең бастысы — ол жаңа буын өз тізгініміздің өз қолы
мызда болмауы неге соқтыратынына назарды шындап аударта алды.
Горбачевтің Қонаевтың отставка жөніндегі өтінішін алғанда «Пле
нумға Разумовский барады» деуінің өзінде көп гәп жатыр. Арада
біраз уақыт өткенде Щербицкий Украина Компартиясының бірінші
хатшылығынан ауыстырылғанда Киевтегі ұйымдық пленумға Гор
бачевтің өзі барып қатысқан еді. Яғни, Украинадағы аса маңызды
өзгеріске мемлекет басшысы барды. Ал Қазақстандағы аса маңызды
өзгеріске тіпті Саяси бюро мүшелерінің бірін жіберудің өзі артық
деп саналды. Разумовский Орталық Комитет хатшысы ғана еді. Міне,
саған тең құқықтылық!
Мәскеу шу шығады-ау, наразылық туады-ау деген республика
ларға өзгеше өбектеп қарайтын. Мысалы, жарытып кен өндіріп,
жайқалтып егін, мыңғыртып мал өсіріп жатпаса да, басқа бір рес
публикаларда халықтың әл-ауқат деңгейі әлдеқайда жоғары еді.
Момын, көнбіс қазақтар көтеріледі-ау деген ойды олар қаперіне де
алмаған. Одақтық өндірістің құрылымы да тізгінге қол созуға тіпті
мүмкіндік бермейтін. Ол заманда биліктің қай сатысында да бірін
ші басшы қазақ болса, екінші басшы орыс немесе керісінше етіп
қойылатын. Ең негізгі себеп қашанда экономикада жатады. Қазақ
жастарын өндірісте жұмыс істеуге дайындамады. Іс жүзінде ұлтты
қалыптастыратын жұмысшы табы екені ескерілмеді. Немесе нағыз
ұлттың қалыптасуына мүдделілік болмады деген де орынды шығар.
Тіпті зауыт жұмысшыларының ішінде біліктілігі жоғары маман
дықтарға, табысы мол орындарға қазақ жастарын қоймады. Оны
мен өз көзіммен талай көрдім.
Одақтық орталықтың тұтас бір халықтың мүддесін аяқасты ететін
дігі, қазақтардың айдың-күннің аманында, өз жерінде азшылыққа
айналғаны, жоқ, дұрысы — айналдырылғаны (1989 жылғы санақтың
өзінде қазақтардың саны республика халқының 40 пайызына да жет
пеген) ұлттық сананы әбден қорлап біткен еді. Қалаларда «қазақ қа
баттары» деген ұғым болғаны бәріміздің есімізде. «Қазақ қабаттары»
деп лифті жоқ үйлердің бірінші және бесінші қабаттарын айтатын.
Жергілікті ұлт өкілдеріне пәтерлер көбіне сол қабаттардан тиетін.
Сөйтіп, республикаға аты берілген халық шын мәнінде өз жерінде
өгейге айналғандай еді. Мәдениеті мен тілінен, ұлттық бейнесінен
айырылу қаупі төнгенде қандай халықтың да ашынатыны анық.
Дінімізден ажыратылған, тілімізден алыстатылған, мәдениетіміз
Желтоқсан
— 151 —
мыжылған, сөйтіп құқымыз тапталған күй кешкенбіз. Мұндайда
шыдамы таусылған халықтың шамырқанбауы, ашу-ызаға булықпауы
мүмкін де емес. Ұлттық намыс — ұлы ұғым. 1979 жылы Қазақстанда
неміс автономиясын құру туралы әңгіме көтерілгенде Целиноградта
ардагерлер мен жастардың қарсылық шеруіне шығуы соның белгісі.
Бірақ Мәскеу оған сәтсіз экспериментке қатысты кездейсоқ эпизод
сияқты қарай салды. Ол оқиғадан Орталық сабақ алған жоқ. Мұның
аяғы Желтоқсанға соқтырды.
Бұл қалай басталып еді?
Дінмұхамед Ахметұлы қызметтен кету жөнінде өтініш бергенін
айтқаннан кейін оның орнына келетін адамды Мәскеу белгілеп отыр
ғаны анық болды. Әйтсе де, дәл осындай шешім қабылданады дегенді
тіпті де ойламаппыз. Әрине, саясаттың бұралаң-бұлтарыстарында
бәрі бола береді. Субъективизм де. Тіпті кездейсоқтық та. Сонда
да Қонаев өз орнына өз халқының арасынан дайындаған азаматты
ұсынбайды деп кім ойлайды?
Тек 15 желтоқсанда, ұйымдастыру пленумы белгіленген күннен
бір күн бұрын ғана, Мәскеуден ұшып келген ұшақтың баспалдағы
жанында бұл қызметке бұған дейін Ульянов облыстық партия ко
митетінің бірінші хатшысы болып істеген Г. В. Колбиннің ұсынылып
отырғанын білдік. Колбинмен бірге КОКП Орталық Комитетінің
кадрлар мәселесімен айналысатын хатшысы Г. П. Разумовский де
келді.
Аса маңызды проблемаға, шын мәнінде Қазақстанның болашақ
тағдырына, мұндай тұрғыдан қарау республика Компартиясы Орта
лық Комитеті бюросының мүшелерін мейлінше аң-таң қалдырғанын
айтуға тиіспін. Бәріміздің де мең-зең күйге түскеніміз соншалық,
тіпті ұсынылған кандидатураны бюро мәжілісінде талқылаудың, ең
болмағанда «протокол үшін» талқылаудың қажеттігі ешқайсымыз
дың да ойымызға кіріп-шықпапты. Турасын айтқанда, талқылайтын
да дәнеңе жоқ еді — өйткені Колбин жөнінде біздің ешқайсымыз
да мардымды ештеңе білмейтін едік. Бас-аяғы небары 18 минөтке
созылған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы
да тап осындай жұрт аң-таң қалған мең-зең жағдайда өтті. Жұрт
тың бәрі қолдарын көтерді, Колбин Орталық Комитеттің бірінші
хатшылығына сайланып шыға келді. Орталыққа ойсыз-түйсіксіз бас
шұлғып бағынудың ескі дерті, казармалық психологияның «біз пар
тияның солдаттары ғанамыз» деген ескі дерті тағы да қайта қозып,
үстем түсті. Мұның зардабы қандай болатынын ешкім де ойланған
жоқ. Ал ол зардап өзін көп күттірмеді.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 152 —
КӨТЕРІЛІС
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшы
сын сайлаған пленумының аяғы таңертеңнен Алматы жастарының
Брежнев атындағы орталық алаңға жиналуына, пленум шешіміне
қарсылық білдіруіне ұласты. Алаңдағы оқиғаның республиканы
басқаруға кадрдың шеттен әкелінуіне наразылық білдіру тұрғысында
ғана басталғанын айту шарт. «Қазақтар өздерін өздері басқара ал
майды» деген сөздің өзі сүйекке таңба емес пе? Сондай сәтте біздің
ұлттық намысымызды алдымен жастарымыз қорғап шықты.
Басын ашып айтайын: желтоқсан оқиғасы халықтың ішке сыймаған
ашу-ызасының сыртқа ақтарылып кетуінен, яғни стихиялы түрде
басталды. Расына келгенде, өз басым алаңға жастар жиналып жатыр
деген хабарды естіген алғашқы сәтте қатты толқыдым.
Көп айтса — көніп, жұрт айтса — сеніп жүре беретін уақыт келмеске
кете бастаған еді. Әсіресе, партияның өзі елді қайтадан құрамыз деп,
демократияны дамытамыз деп, жариялылықты жалаулатып жатқан
да, Бас хатшының өзі аузын ашса-ақ адам құқын қамтамасыз етуді
айтып жүргенде халықтың әділеттілікті күтуі, саясатты айқындау
шылар елмен санасады деп сенуі әбден орынды еді. Сондай жағдайда
мына шешім, белден басатын, елдігіңді қорлайтын мынандай қадам
әбден шектен шыққандық болатын.
Әрине, кез келген жаппай наразылық — кемшіліктердің тұтас
кешенінің көрінісі. Желтоқсан оқиғасы да — республикада жылдар
бойы жинақталып келген әлеуметтік-саяси кереғарлықтардың сал
дары. Адамдар ұлттық мектептердің тіпті аздығына, тілінің, дінінің
шетке ысырылғанына, жастардың жұмыссыздығына, ең қарапайым
тұтыну тауарларының өзін табу қиын екеніне қатты ашынатын.
Алаңдағы жастардың арасында Қонаевтың отставкасына қарсылық
білдіріп, оны қорғағандардың табылмағаны назар аудартады. Олар
дың басты талабы Қазақстанды қазақ азаматы басқаруы керек дегенге
келіп саюының да ешқандай артықтығы жоқ еді. Мұның қисыны да
бар. КСРО, қанша дегенмен, федералдық мемлекет болды. Қазақстан,
қанша дегенмен, ұлттық республика саналды. Қазақ Кеңестік Социа
листік Республикасы аталды. Атаудың ең басында «Қазақ» сөзі тұрды.
Кеңестік идеология патша өкіметі тұсында «халықтар абақтысына»
айналған ел социализм кезінде ұлттардың өзін-өзі басқаруына жағдай
жасады дегенді жағы талмай айтудан жалықпайтын. Ал елдіктің
бір белгісі еліңді өзің басқаруың емес пе? Сонымен бірге, «Әр ха
лыққа — өз көсемі!» деген сияқты плакаттармен қатар Қазақстанды
қазақстандық басқарсын деген талаптар да қойылды.
Желтоқсан
— 153 —
Қанша жерден өзімнің жазуым ыңғайсыз десем де, мына жай
ды айту керек: алаңда аты алдымен аталған, ең жиі аталған адам —
Назарбаев. Бұлай болуының да өзіндік ой қисыны бар. Қазақ. Респуб
ликадағы екінші адам. Үкіметті басқарып тұр. ОК хатшысы болған.
Обком хатшысы болған. Өндірістен шыққан. Жасы да келеді. Неге
аталмасқа? Аталды.
Алаңда атым алдымен аталуы өзіме бәле болып жабысқаны түсінік
ті жай. Мені сол шиеленіске қатысты мәселелерден бірден ығысты
рып тастады. Жалпы, салған беттен жергілікті кадрлардың бәріне
сенімсіздік көрсетілді. Алаңға жастар жинала бастағаннан-ақ Колбин,
тіпті, екінші хатшы Мирошхинді бөлмесіне ашықтан-ашық кіргізіп
алып, есікті жауып, екеуі Мәскеумен сөйлесуге кірісті. Бюроның басқа
мүшелері кіреберісте тұрып қалдық… Осындай жағдайлар да болды.
«О моем времени» атты кітабында Қонаев былай дейді:
«17 желтоқсанда сағат 11 шамасында маған ҚКП ОК-нің екінші
хатшысы О. С. Мирошхин телефондады да, Орталық Комитетке ке
луімді сұрады. «Неге байланысты? Мен зейнеттемін ғой!» дегеніме:
«Алаңда жастар жиналып жатыр. Олар ОК-нің кеше өткен пленумы
ның шешімін түсіндіруді талап етуде. Сіз жиналғандардың алдында
сөйлеп, істің мәнін ұғындырсаңыз жақсы болар еді».
«Жарайды, — дедім мен. — Колбин келісе ме?».
Мирошхин тұтқаны Колбинге берді. Ол ОК-ге келуімді және
жастардың алдында сөйлеуімді сұрады. Мен келістім. ОК-ге тез кел
дім де, ОК бірінші хатшысының кабинетіне кірдім, Бюро мүшелері
түгел сонда екен. Олар алаңға жиналғандарға не істеу керегін ақыл
даса бастады. Колбин Назарбаев пен Камалиденовке жастардың ал
дында сөйлеуді тапсырды. Маған ешқандай тапсырма берілген жоқ.
Колбиннің кабинетінде екі сағаттан артық отырғаныма қарамастан,
менің сөйлеуім жөнінде әңгіме болған жоқ. Содан кейін Колбин
Мәскеумен сөйлесе бастады, оған кедергі келтірмеу үшін біз бәріміз,
Мирошхиннен басқаларымыз, кабинеттен шықтық.
Біраз уақыттан соң Колбин ОК бюро мүшелерінің барлығын жина
ды, мені шақырды. Маған қарап: «Сіз боссыз, демала беріңіз. Өзіміз
шара қабылдаймыз да, тәртіп орнатамыз» деді.
Кетерде Мирошхиннен мені неге шақырғанын, неге сөйлеуге мүм
кіндік бермегенін сұрадым. Ол: «Ақылдастық та, сіздің алаңда сөй
леуіңіздің керегі жоқ деп шештік» деп жауап қайтарды».
Желтоқсан бұзақы ұлтшылдықтың салдарынан шықпағанын
уақыт әлдеқашан дәлелдеді. Қазір кезіндегі ондай айыптауды сөз
етіп жатудың өзі артық. Ол оқиғаға әлем саясаткерлері бірауызды
баға бергелі қашан. Солардың бірі — Эдуард Шеварднадзе: «Қайта
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 154 —
құру басталғаннан кейін, 1986 жылы Қазақстанның партиялық бас
шылығында болған ауыстыру студенттердің жаппай қарсылығын
туғызды. Көтеріліс милиция мен әскер бөлімдерінің күшімен ба
сылды. Қан төгілді. Алайда саяси бюро, әдеттегідей, тәртіпсіздікті
бастаушыларды ұлтшылдар мен экстремистер деп санау керек деген
қорытынды жасаумен шектелді», деп жазды.
Ә дегеннен-ақ демонстрация таза бейбіт сипатта болғаны айдан
анық. Ол, бізді нағыз достық пен туысқандықтың ғасырлар бойғы
дәстүрлері байланыстырған орыс халқын айтпаған күннің өзінде,
ешбір жағдайда Қазақстанды мекендейтін басқа ұлттарға қарсы
бағытталған емес. Жастар Қазақстан Компартиясы Орталық Ко
митетінің V пленумынан кейін республиканың көптеген комму
нистерінің жанын қатты қинаған сезімді ашық және адал білдірді.
Адамдарды ұлтшылдыққа бейім деп айыптап, мәселені жылы жауып
қоя салу бәрінен оңай. Бірақ бұл ақиқатқа сай келе ме? Жағдайдың
шиеленісе түсуіне тоқырау жылдары шешімін таппаған әлеуметтік
проблемалардың тұтас бір кешені түрткі болғаны даусыз. Азық-түлік
ке, тұрғын үйге, халық тұтынатын арзан тауарларға қатысты қиын
шылықтар ең алдымен халықтың табысы аз жіктеріне ауыр тиді,
олардың арасында студенттердің де шылқымайға батып отырмағаны
белгілі еді. Оның үстіне, әлі есімізде, дәл желтоқсан оқиғаларының
қарсаңында «еңбексіз табыс» дейтінге қарсы күрес басталған. Ол
бұрын студенттерге үйінің бір бұрышы мен бөлмелерін беріп кел
ген көптеген үй иелерін бұдан бас тартуға мәжбүр етті, үш мыңдай
студент баспанасыз қалды.
Шынтуайтында, жастардың алаңға шығуы қайта түлеп келе жатқан
ұлттық сана-сезімнің стихиялық көрінісі еді. Сондықтан да «астыртын
ұлтшылдық ұйымды» немесе оқиғалардың нақты ұйымдастырушы
сын іздестіру бос әурешілік болып шықты. Қараңғы бөлмеден қара
мысықты іздеу, әсіресе, ол онда жоқ кезде іздеу абырой әпермейтін
іс екені бесенеден белгілі жайт.
Жастардың ұлттық сезімін қатты қозғаған басқа да себептер бар
еді. Мен студенттердің ұлттық құрамын белгілейтін «пайызқұмар
лықты» айтып тұрмын, соның алдында онымен кейбір басшылар
ерекше құлшыныспен айналыса бастаған. Бұл арада ондай ұстаным
республикалық дәрежедегі жоғары лауазымды идеологиялық бас
тықтардың тарапынан мақұлданғанын қоса кеткен жөн.
Әділдік үшін мына жайды айтайын. Желтоқсан қарсаңындағы
жылдарда ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы қызметінде істеген
Закаш Камалиденов кейіннен сол ісі үшін өкінетінін ашық білдіріп
өтіпті. Бір сұхбатында былай депті: «Жоғары оқу орындарында оқи
Желтоқсан
— 155 —
тын студенттердің пайыздық өлшемі туралы айтқаным есіме түскенде
бетімнен отым шығады. Идеология құлы болу деген сол…».
Айтпақшы, республика өмірінің объективті түрде қалыптасқан
саяси, ұлттық, әлеуметтік және моральдық-адамгершілік жағдайла
рын ескермей жүргізілген осы таза формальді есептердің нәтижесі
М. С. Соломенцев басқарған комиссияның мүшелеріне өте ұнап
қалды. Олар бұл деректерді тарту-таралғы ретінде, атышулы «қазақ
ұлтшылдығы» дейтіннің тікелей болғанына бұлтартпас айғақ ретінде
қабылдады. Ал Алматыда қазақ тілінде тәрбие беретін балабақшаның
ашылуы төңірегінде қаншама әңгіме өрбіді десеңізші. Осынау қара
пайым, қазіргі өлшемдер бойынша тіпті қатардағы оқиға интернацио
нализмді әлсірету, халықтардың достығына жойқын соққы беру деп те
көрсетілді. Партиялық және мемлекеттік кемелділіктің нышанындай
көрінетін дардай адамдарды қаншалықты әбігерге салғанын бүлдір
шіндер білсе ғой, шіркін! Дардай адам демей қайтейін, егер ол адам
Саяси бюро мүшесі, КОКП Орталық Комитетінің хатшысы болса!
Леонид Млечин 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін Ал
матыға жанталасып жеткен Саяси бюро мүшесі Михаил Соломен
цевтің қала зиялыларымен кездесудегі сөзі жайында былай жаза
ды: «Бір мәселенің басы ашық, — деді Алматыда Михаил Соломен
цев, — бұл кездейсоқ құбылыс емес, бұл стихиялы құбылыс емес. Бұл
ұйымдастырылған нәрсе. Кім ұйымдастырғаны бізге белгісіз, оны
табар-таппасымызды айту маған қиын. Белгілі бір топтың адамда
ры қылмысты жауапкершілікке тартылады. Тегі, сот процестері
жүретін шығар, екі-үш процесс ашық жүргізілер. Халыққа мұның
бәрін жақсылап көрсету керек… Саясатта, студенттерді іріктеуде
бұрмалауға жол берілген. Кадрларды осылай іріктеуге бола ма екен?
Мен білемін — мұнда оқыту қазақ тілінде жүретін қазақ мектептерін
ашу жөнінде пікірталас жүріп жатыр… Алматыда мектепке дейінгі
мекемелер де ұлттық белгілер бойынша құрыла бастаған ба? Қалай,
жолдас бюро мүшелері? Бұдан әрі не болады? Интернационалдық
тәрбиенің жағдайы өте нашар. Қаланың қалай толығып жатқанын да
анықтау керек. Міне, Алматы. Есімде, мен осында жұмыс істегенде
қазақ тұрғындары сегіз пайызды құрайтын. Дұрыс айтып тұрмын
ғой? Қазір он алты пайызға шығып кетіпті. Екі есе көбейіпті…».
Назар аударыңыз: «Қазір он алты пайызға шығып кетіпті. Екі есе
көбейіпті…» … Ұлттық республиканың астанасында сол ұлт өкіл
дерінің үлесі «он алты пайызға шығып кеткенін» көп көруге, олар
«екі есе көбейіпті» деуге не айтуға болады? Ұлыдержавалық астамдық
деп осыны айтпағанда, нені айту керек сонда?!
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 156 —
Соломенцев кейіннен «Зачистка в Политбюро. Как Горбачев уби
рал «врагов перестройки» деген кітап жазыпты. Кітабының бір жерін
де былай депті: «Мәскеумен, Горбачевпен ұдайы байланыста болдым.
Ол жағдай қалпына келгенше Қазақстанда бола тұруымды өтінді.
Оқиғаның себебін сұрады. «Бұл — ұлтшылдық. Колбинді алып кету
керек», деп жауап бердім мен. Біраз күн өткенде Назарбаев Мәскеуге
телефон соқты, менің Алматыдағы оқиға жөніндегі жазбамды оқыға
нын, негізгі себеп ұлтшылдық деген бағаммен келіспейтінін айтты.
— Менімен бірге Алматы базарына бармағаныңыз өкінішті, — деп
жауап бердім мен оған. — Ол жерде қарапайым адамдар көп болды,
олар мына бүлікті Бірінші хатшы етіп орысты сайлағанына бола
басшылардың өзі шығарып отыр деп жамырай айтты…».
Саяси бюро мүшесі Соломенцевке дәл сол күндері дәл солай деп,
яғни оқиғаның себебін ұлтшылдықпен байланыстыра салу жөнсіз
деп сеніммен айтуымның, Алматыдағы оқиғаның негізгі себебі ұлт
шылдық деген бағамен келіспеуімнің себебі неде еді?
Себебі көп. Соның біреуі — республикада қазақ мектептерінің
ұдайы қысқаруы, қазақ тілінің тек қана тұрмыстық, екінші дәрежелі
және тіпті үшінші дәрежелі деңгейге құлдырап бара жатқаны. Бұл
мәселе партия және мемлекет басшыларының ешқайсысын он
даған жылдар бойы толғандырған емес. Тоқырау жылдарынан бізге
мұраға қалған осы бір рухани қиғаштықтармен келіспейтінін батыл
білдіру үшін алаңға шыққан жастардың құлшынысын айыптауға
бола ма екен?
1985–1991 жылдарда КСРО Үкіметін басқарған Н. И. Рыжков Алма
тының бас алаңындағы оқиғаның бір себебі одақтық биліктің жергілік
ті кадрлармен келеңсіз қарым-қатынасы деп санайды: «Орталықтың
республикалар басшыларына ғана емес, ондағы халыққа да белден
баса билік жүргізетіні, партияның кадрлық саясатына жауап беретін
Лигачевтің, ашығын айтқанда, опыр-топыр, ойқы-шойқы жұмысы,
соның жетегінде кеткен Бас хатшының кәдімгі ақымақтығы елдегі
қоғамдық қатынастардың бүкіл жүйесінің қайта құрылатынына
жастық құлшыныспен сенген адамдардың ашу-ызасын туғызды —
олардың жан-жүрегіне былш еткізіп түкіріп жіберген еді». Иә, солай
болған еді.
Енді алаңдағы оқиғалардың қалай өрбігені жайында айтайын.
Таңертең жұмысқа келісімен көмекшім Бюро мүшелері түгел
Камалиденовтің кабинетіне жиналып отырғанын айтты. Бардым.
Ол кабинетте Орталық Комитеттің хатшысы кезімде мен отырған
мын. ОК ғимаратының Брежнев атындағы алаңға қарайтын бетінде
болатын. Қабылдау бөлмесіне кірген бетте-ақ көз салып үлгердім —
Желтоқсан
— 157 —
алаңдағының бәрі алақандағыдай көрініп тұр. Мен кабинет есігін
аттағаннан бәрі маған қарай тесіле қалды.
— Бәріміз жиналдық, сізді күтудеміз, — деді Колбин. — Мына
спектакль туралы не айтасыз? Жағымсыз жағдай.
Сөзіне, үніне барынша зіл салуға тырысып сөйлегені сезіледі.
Колбиннен шығып, алаң жаққа бара жатқанымда осы сәттер
өмірімді бұған дейінгі және бұдан кейінгі деп бөлетінін санам тұр
мақ, сүйегіммен де сезінгендей болдым. Сынақ сағаты соққан еді.
1986 жылдың 17 желтоқсанының ызғарлы таңы еді бұл.
Республиканың басты алаңында тіресу басталды.
Өкінішке қарай, алаңдағы екі жақ та үнқатысуға дайын болмай
шықты. Оған сол кезде саяси мәдениет жетіспеді. Бір жақ жаппай
жазғыруға, алаңдағыларды түгел айыптауға ауысты, бір жақ тастар
мен мұз кесектерін қолға алды. Күш көрсетуді, сыртқы сипаты бо
йынша қарасақ, қарсылық көрсетушілер бастады. Бірақ бұл сырттай
қарағанда ғана. Милиционерлердің погонын жұлып, олардың беттері
не мұз кесектерін лақтырып, тәртіп сақшыларына тіл тигізген жастар
екені рас. Шепті бұзып өтіп, Орталық партия комитетінің ғимаратына
ұмтылғандар да жастар екені де рас. Ал іс жүзінде оларды осы әре
кеттерге арандатты деу дұрыс. Мемлекет қауіпсіздігі комитеті, Ішкі
істер министрлігі сияқты органдар мәселенің ушыға түсуіне, алаңға
шыққандарды бұзақылыққа итермелеуге, сөйтіп олардың кінәсін
көбейтуге мүдделі еді. Арандатуларды арнаулы қызмет адамдары
ұйымдастырды деуге де дәлел жеткілікті. Мысалы, нақты жазалау
шаралары 17 желтоқсан күні кешке басталды. Оған дейін алаңдағы
күш құрылымдары белсенді әрекетке кірісе алмай тұр еді. Пленум
шешіміне наразылық білдіріп жатырсыңдар деп жұртты бас жоқ, көз
жоқ ұрып-соға алмайды ғой. Сол күні кеште Орталық комитет ғима
ратының бір бөлмесіне терезеден «ракетницаның» оғы тиіп, кабинетте
кілем мен жиһаз өртене бастады. Бұл нағыз іздегенге сұраған болды.
Мұны билікке қарсы қарулы шабуыл деп бағалауға, заң бойынша
қатаң жазалауды бастауға ілік табылды. Арнаулы қызмет адамдары
арандатты дейтінім — студенттердің, жұмысшы жастардың қолына
200–300 метрдей жерге ататын «ракетница» қайдан тиеді? Демек,
біреу ұстата қойған.
Үнемі қорқытып-үркітіп сөйлеу, тек қана жазғыру, ұрсу жастарды
одан сайын ашындыра түсті. Олардың алдында мінберден сөйлегенде
де, орталарына барып бетпе-бет жүздескенде де, қала көшелерімен
шерушілермен бірге жүргенде де жастардың арасында ұлттық на
мыс үшін қасық қанын қиып беруге әзір небір азаматтар бар екеніне
көзім жетті.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 158 —
Ақыры Алматыға әскер кіргізілді. Бірақ ол әскер Қазақстанның
өзінен кіргізілген жоқ. Осы арада сол кезде Орта Азия әскери округі
әскерлерінің қолбасшысы болған генерал Владимир Лобовтың: «Заң
бойынша әскерді азаматтық шиеленіске тартуға менің құқым жоқ»
деп, Алматы көшелеріне әскер кіргізуге келіспегенін әділдік үшін
разылықпен айту парыз. Республика Жоғарғы Кеңесі Төралқасы
құрған комиссияның тұжырымдары мен ұсыныстарында желтоқсан
оқиғасы кезінде шектен шыққандардың арасында генерал Лобовтың
аты аталмайтын себебі сол. Кейіннен Алматыға Фрунзе (қазіргі Біш
кек), Ташкент, Челябинск, Новосибирск, Уфа, Свердловск, Тбилиси
қалаларынан шұғыл түрде ұшақтармен ішкі істер әскерлерінің ар
наулы бөлімдері әкелінді. Операция «Метель‑1986» деп аталды.
Енді Горбачевтің өзін тыңдап көрейік. «Жизнь и реформы» кіта
бында былай делінген:
«Саяси бюро мүшелерімен қайта-қайта талқылай келіп, біз
Г. В. Колбиннің кандидатурасына тоқтадық. Оны сайлау туралы ұсы
ныс Бюрода да, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пле
нумында да қолдау тапты. Алайда оқиғалардың одан арғы өрістеуіне
қарасақ, меніңше, біз қайткенмен де қате жібердік деп ойлаймын.
Біз қайта құрудың бастапқы шебінде тұрдық, сөйтсе де белгілі бір
дәрежеде ескі тәсілдермен әрекет еттік. Шешіміміздің салдары тіпті де
біз есептегендей болып шыққан жоқ. 1986 жылғы 17–18 желтоқсанда
Алматыда тәртіпсіздік басталды. Алдымен Алматының студент топ
тарынан шықты, одан кейін басқа жерлерге ауысты. Әп-сәтте ахуал
драмалық сипатқа ауысып сала берді. Күш қолданылды».
Сонымен, анықтап алайық. 16 желтоқсанда республика жетекшісі
болып Г. Колбин сайланды. Ол күн тыныш өтті. Тіресу 17 желтоқ
санның кешінде басталып, 18 желтоқсанда жалғасты.
Ішкі әскер бөлімдерінің сол күндердегі қатыгездігі оқиғаға қа
тысушыларды жазалау кезінде жүздеген адамдар қанды қырғын
құрбаны болды деген алыпқашпа сөздердің шығуына жол ашты.
Дәл ондай топтап өлтіріп, көптеп көме салатын жағдайлар кездес
пегенімен, алаңда көрсетілген қатыгездік ерекше еді. Жиналғандар
ды қуып-тарату кезінде сойыл, саперлік күректер, қызмет иттері
пайдаланылғанын, жүздеген жастардың жарақат алғанын, оларды
Алматының сырт жағына апарып, қараңғы далада, түнгі суықта сырт
киімсіз қалдырып кеткенін ойласаң жаның түршігіп, қаның қайнайды.
Колбинмен 1986 жылғы 31 желтоқсан күні өткен кездесуде ар
дақты ақынымыз, майдангер Жұбан Молдағалиев былай деген: «Өрт
сөндіруші мәшинелерді — су атқылағышты, жұлқынған иттерді,
Желтоқсан
— 159 —
көпқатпарлы резеңке тоқпақтарды сұрқия арандатудың құрбаны
болған жас жігіттер мен қыздарға қарсы ойланбастан шұғыл ала
жүгіруді қостаймын десем, онда өз арымның алдында, сіздердің
бәріңіздің алдарыңызда ақ-адал болмас едім. Мені мына нәрселер
толғандырады: өкімет органдары тәртіпті қалпына келтіруге көмек
көрсетуге шақырғандардың және жуасытушы құралдармен қару
ланғандардың барлығы етегіне намаз оқыған интернационалист
екеніне біздің көзіміз жете ме? Олардың арасында тәртіпсіздікке
қатысушыларды ызаландырып, ашындыру үшін жағдайды пайда
ланған және соның салдарынан ұлтаралық алауыздықты қоздырған
жаны да, қолы да таза емес адамдар болмады ма екен?! Көзімен көр
гендердің айтқанындай, 17–18 жастағы қыздарды шашынан сүйрей
сабаған солар емес пе екен? Ақырында, содан кейінгі күндері қалалық
көлікте, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тіл тигізу мен
қоқан-лоқы жасау солардан шығып отырған жоқ па екен? Мен сондай
ұят оқиғаны және оның артынша не болғанын естігенде, жасырып
қайтейін, осы күнге дейін өмір сүргеніме өкіндім».
Желтоқсан оқиғасынан кейін соған қатысы бардың бәрін жаппай
жазалау қатты қарқын алды. Талайлар оқудан шығарылды, талайлар
партия қатарынан, қызметінен қуылды.
Алаңға жиналғандардың ортасына бара салысымен менің алдымен
ойлағаным республика халқының ұлттық белгі бойынша бөліну
қаупінің төніп тұрғандығы еді. Иә, өзіміз сол кезде оңды-солды, мән
бермей айта беретін «біртұтас совет халқы» дегеніміз кеңестік кезеңнің
көп аңыздарының бірі екен. Алаңдағылардың арасында өзге ұлт өкіл
дері де бар-ды. Бірақ, қалай дегенде де, олардың дені қазақтар еді.
Ертеңіне шерушілерге қарсы құрылған «халық жасақшыларының»
барлығы дерлік орыстар еді. Сұмдық қауіп емес пе? Сұмдық қауіп.
Біздің республикамызда қазақтар мен орыстар арасында осындай
тіресу туатындай жағдай бар ма еді? Атымен болған емес. Онда бұл
ауыр ахуалды кім жасап отыр? Сөз жоқ, билік жасап отыр. Мәскеу
дің, Орталықтың билігі жасап отыр. Саясат ойынының салдарынан
бұрын осы жерге табаны тиіп көрмеген қуыршақ қызметкерді ең
биік орынтаққа қонжита салды да, тып-тыныш Қазақстанның ойран-
ботқасын шығара жаздады.
Бір мемлекет құрамында кадрлардың ауыс-түйісі деген болмай
тұрмайды. Біз Мәскеу жіберген қаншама адамдардың басшылығымен
жұмыс істеген, бәрімен дерлік тіл табысқан халықпыз. Алайда әр
нәрсе өз уақытында. Жиырмасыншы, отызыншы жылдар тұрмақ,
соғыстан кейінгі кезеңдегі жағдайды да түсінерміз. Ал енді халық ұлт
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 160 —
ретінде ұйыса бастаған, бүкіл ел жаңарып, мемлекет енді демократия
жолына түсеміз деп әлемге жариялап жатқан сексенінші жылдардағы
мына зорлыққа не жорық?!
Қайғылы оқиғаға жол бермеудің мүмкіндігі бар ма еді деген сұрақ
әркімнің ойына келген шығар. Сол кезде бізде демократияландыру
мен жариялылықтың бүгінгі тәжірибесі болғанда, әпербақандық
ықтималдығын тыйып тастайтын өз сезімдерін білдірудің жеткілікті
мәдениеті болғанда оған, сірә, жол берілмес те еді. Мұны егемендіктің
басында Қарағанды шахтерлері ереуіл жасаған кезде шиеленіс одан
артық демесе кем түспей, жағдайдың өте өткір екеніне қарамастан,
біз ортақ күш-жігермен сындарлы диалогты жолға қойып, бір-біріне
кереғар шептерден үйлесімділік тауып, ақылға қонымды мәмілелер
таба алған күндер айқын дәлелдеді.
1986 жылғы желтоқсанда бұлай болған жоқ. Ол кезде әрбір жақтың
санасында сол бір әміршілдік жүйе жылдар бойы көкейімізге сіңіріп
келген тұрақты, үйреншікті, сөзсіз жаншып тасталуы тиіс жаудың
бейнесі басым түсіп жатты. Оның үстіне сол кездегі нақты жағдайды
да түсіну қажет. Ал оның өзі тіпті де жақсы емес еді. Ойлап көрейікші:
бірінші басшының республикаға келгеніне екінші күн ғана, ол мұнда
ешкімді білмейді, жағдаймен әлі таныс емес, ал Орталық Комитет
тің үйі алдындағы алаңда аса қуатты қоздырғыш күш — топтанған
адамдар, олардың көңіл күйі мен ұрандары да оның пайдасына тиіп
жатпаған еді. Ал оның қасында Мәскеуден келген, тек қана әміршіл-
әкімшіл әдістермен іс-қимыл жасауға дағдыланған кеңесшілері жүрді.
Олар жергілікті партия және кеңес басшыларын жағдайға бақылау
жасаудан толық шеттетуге тырысты, шешімдерді аз ғана топ болып,
жоғарыда жазғанымдай, шын мәнінде есікті жауып алып қабылдап
жатты.
КОКП Орталық Комитеті республиканың партия ұжымы жөнінде
қабылдаған қаулының әрбір жолын ақтау үшін идеологиялық шара
лар бірінен кейін бірі боратылды. Оғаштықтарға дейін жол берілді.
Ұлты славян адамның қаншасы республикадан тыс жерлерге кеткені
тәптіштеп есептеліп, әрбір жағдайды тек қана «ұлтшылдардың тіміскі
әрекеттері» деп түсіндіре бастады. Ал олар негізінен орыстілді халқы
басым облыстардан, яғни ұлттық сипаттағы қандай да себептер ешбір
пайда болмайтын жерлерден кеткен еді. Алайда бұл фактінің өзі
де идеологиялық науқанды ұйымдастырушылардың ешқайсысын
селт еткізген жоқ. Бүкіл осы идеологиялық дүрлікпе ұлтаралық
қатынастарды тек шиеленістіре түсті, ұзақ жылдар бойы қалыпты,
тату көршілік жағдайында тұрып келген адамдарды бір-біріне: осы
ның өзі ұлтшыл емес пе екен, шовинист емес пе екен деп сезіктене,
Желтоқсан
— 161 —
күдіктене қарауға мәжбүр етті. Екі бала төбелесіп қалса, олардың
ұлты кім екенін бірден анықтай бастайтын.
Мен желтоқсан оқиғаларына байланысты барлық мәселелердің
толық, дәл және түсінікті етіп анықталуын жақтадым. КОКП Орта
лық Комитетінің пленумында сөйлегенімде, атап айтқанда, Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің бюросы қазақ халқы КОКП
Орталық Комитетінің атышулы қаулысында ұлтшыл деп орынсыз
және намысқа тиетіндей айыпталды деген позицияға толық қосы
латынын мәлімдедім. КОКП Орталық Комитетінің Саяси бюросы
біздің үнімізді естіп қана қоймай, сонымен қатар, оған қолдау біл
дірді. Ақыры ол қаулының түзетілуіне қол жеткіздік. Горбачев өз
мемуарында: «Саяси бюродағы әңгімені түйіндерде мен «біздің қа
зақ халқының интернационализміне күмән келтіруге негізіміз жоқ»
дедім. Бұл сөз Қазақстанда бірден-ақ жарияланды және жұртты
тыныштандырғандай болды. Әйтсе де, қаулының мәтінінде қазақ
ұлтшылдығын еске алу сақталып қалды. Кейін бұл пункт алынып
тасталды» деп қана өте шыққан.
Ол заманда партиялық қаулыны өзгерту дегеніңіз қиямет-қайым
қиын іс. Сондай-ақ біз, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жел
тоқсан оқиғасы бойынша тәуелсіз комиссиясын құруды, оған қоғамдық
және бейресми ұйымдардың өкілдерін кіргізуді жақтадық. Көп ұзамай
желтоқсан шындығы ашылды. Жазықсыз жазаланғандар түрмеден бо
сатылды, жүздеген студенттер оқу орындарына қайтадан қабылданды.
Ең өкініштісі, желтоқсан оқиғасы адам өлімінсіз өтпеді. Студент
Қайрат Рысқұлбеков телестудия күзетшісі Савицкийді өлтірді деп
сотталды. Оған ату жазасы кесілді. Кейіннен Қайраттың Савицкий
өлімі кезінде қаланың басқа бір жағында болғаны жөнінде айғақтар
да табылды. Қайраттың «өз күнәсін мойындауы» адам айтқысыз
азаптаудан кейін зорлықпен алынғаны анық. Оған жала жауып, нақақ
көрсеткен басқа бір адам жөнінде де сөз шыққан. Қайрат ақыры түр
меде өзіне-өзі қол жұмсаған делінді. Бұл да күмәнді нәрсе. Тегінде,
оған бір камерада отырған рецидивистің қатысуы да мүмкін. Осының
бәрін ескере келіп, мен ұлт намысы жолында, өз сөзімен айтқанда,
«еркек тоқты құрбандық» болған Қайрат Рысқұлбековке «Халық
қаһарманы» атағын беру жөнінде Жарлық шығардым.
Жастарға қарсы асыра сілтей жасалған қиянат қасіретке ұласты.
Мұндағы қарама-қайшылық сол, ереуілдің басталғаны қатысушы
лардың көпшілігі Горбачевтің қайта құру мен жариялылық туралы
сөздеріне шын жүрегімен сеніп қалғандығынан еді. Мұндай күш
көрсетуден кейін олардың кеңестік басқару жүйесіне деген құрметі
нен жұрнақ та қалмады.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 162 —
ЗАУАЛ
«Геннадий Колбин кеңес билігі күнінің батуын өзінше тездетті» —
Джонатан Айткеннің бұл сөзімен келіспеуге болмайды. Онымен екі
жарым жылдай бірге жұмыс істеген адам ретінде мен бұл бағаны
қуаттаймын. Айткеннің кітабындағы: «Назарбаев Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасы басшылығындағы екінші адам болып
қала берді, бірақ жаңа Бірінші хатшы Геннадий Колбинмен жұмыс
істеу кезінде көптеген проблемалар аяқтан шалуын қоймады. Жел
тоқсан оқиғаларының жарақатынан кейін халықты тыныштандыру
орнына, Колбин өзі шеруді ұйымдастырды деп айыптаған адамдар
дың соңына түсіп, кінәлілерді іздеуге кірісті. Назарбаев оның бұл
әрекетін тоқтатуға тырысты. 1987 жылдың алғашқы аптасы бойы екі
басшы бұл тақырыпта көп әрі ашық әңгімелесті. Басында Колбин
премьер-министрдің кеңесін ден қоя тыңдап жүрген сияқты еді.
Алайда олардың қызмет қатынастары бірте-бірте үш фактордың
әсерінен — Мәскеудің араласуынан, тым көп уәде берушілік орын
алған басшылықтың ресми машығынан және олардың бір-біріне
деген адалдық іргетасының жарықтарын жалаңаштаған, өзара на
мысқа тию мен өзара соққыласудан суый берді». «Бірінші хатшының
сәтсіздіктері оның Премьер-министрмен қатынасын бұзды. Колбин
өзінің қарамағындағы адамға тергеу жүргізуге МҚК-не бұйырып,
Назарбаевты мәскеулік аппараттың қандай да бір жоғары орнына
ауыстыруға қол жеткізуге тырысып, Қонаевтың үлгісіне басты. Алай
да Горбачев мұндай ұсынысты қабылдамады» деген сөздер де рас.
Иә, Колбин жаңа орында бұрынғы кадрларға сүйенудің ор
нына, олардан — ең алдымен менен қалайда құтылуға тырысты.
Сондағы тағатын бар айыбы — менің алаңдағы жастардың ішіне
барғаным, онымен қоймай, олармен бірге қала көшелерінде жүр
генім. Осыдан желтоқсан оқиғасын ұйымдастырушылардың бірі
Назарбаев, алғашқы күні Үкімет басшысы өздерімен араласқаннан
кейін ертеңіне жастар алаңға сеніммен жиналды дегенді шығарғы
сы келді. Бірақ мен мұны олардың ой-ниетін өз ауыздарынан есту
үшін, оларға қалыптасқан жағдайды түсіндіру үшін, оларды қа
уіпті қадамдарға ұрынудан, арандатуға еруден сақтандыру үшін
істедім. Дәл сондай сын сағатта халықтың ортасында болмауым да
мүмкін емес еді. Жастардың арасында өткізген үш сағаттың ішінде
олардың қайта-қайта қойған сұрақтарының ең негізгісі: «Ең құры
са, жұрттың пікірін біліп алмай тұрып, республика басшылығы
на Қазақстанды, онда мекендеп жатқан халықты, оның мәдениеті
Желтоқсан
— 163 —
мен дәстүрлерін білмейтін адамды қойғандары қалай?». Осынау
қарапайым да орынды сұраққа қайтарар жауап табылмады.
Өкінішке қарай, Желтоқсан оқиғасын билікке ұмтылған Назарбаев
ұйымдастырды деген сөзді одан кейін көп ұзамай КОКП Орталық
Комитетінің пленумында Мәскеуде Д. А. Қонаев та айтты. Сол күні
алғаш рет жүрегім ұстап, қан қысымым көтеріліп, мені пленумнан
ауруханаға әкетті. Мың градустық домна пешіне шыдаған металлург
денсаулығының өзі де ағаның асылық айтқан сөзіне шыдай алмай
қалды.
Зайыбы Зухра Шәріпқызы өмірден өткенде халықтық ғұрып бо
йынша көңіл айта барғанымда Димекеңнің мені құшақтап тұрып,
«Кешіре ғой мені, кешіре ғой» деуінде сол сөзіне өкініші де жатыр
деп ұқтым. Көңілім қатты босады. Мен де: «Жоқ, кешірімді мен сізден
сұрауға тиіспін. Сіз мені кешіріңіз» деп жауап қаттым. Расында да,
менің өзім де уақыт өте келе ол кезде Қонаевтың жаңа жағдайға
бейімделе алмайтынын ескермегенімді, жасауға шамасы келмей
қалған нәрсені талап еткенімді түсіндім. Жаңалықты жатсыну сол
кезде Д. А.Қонаевтың ғана басында болмағаны анық. Көптеген партия,
үкімет басшылары өзгерістерді өгейсінген күйінде кетті.
Ақсақалмен құшақ жая көрісіп, көңіл айтқан соң ол кісі жайланып
отырып, біраз әңгіме айтты. «Небір замандар өтті, биік қызметте
тұрғанда, адам әйтеуір бір қателеспей қоймайды, біз бір-бірімізді
кешіруіміз керек деді. Сіздер жасап жатқан жұмыстарды мен қол
даймын, сіздерді халық та түсінеді, қолдайды деп ойлаймын. Менің
ешкімге ешқандай өкпем жоқ деді. Өзім де бір жеңілдеп қалдым», деді.
Ол кісі өмірден өтерінің алдында үйіне хабарласып, Оңтүстік
Қазақстанда, Ордабасыдағы үш ұлы биді еске алу шарасына бірге
баруға шақырғанмын. «Мен сияқты шалды қайнаған ыстыққа несіне
сүйрелейсің. Жолда өліп қалмайын тағы», деп әзілдей күлгені есімде.
Димекеңнің өмірінің соңғы жылдарында саясаттан аулақтап, ина
батты ақсақалға лайықты өмір сүргені де тектіліктің бір белгісі еді.
Дінмұхамед Ахметұлымен өзара өкпеміздің ол кісінің көзі тірісінде
тарқағанына тәубе деймін. Қайтерсің, саясаттың сойқан дауылдары
адамды әртүрлі жағдайға салып сынайды.
Тарихта билік басына кездейсоқ кісілердің келген кездері көп. Он
дай жағдайларды тізбелеп жатпайын. Мысалы, Сталиннен кейін елді
Хрущевтей кісінің басқара қалатын қандай қисыны бар еді? «Жалпы,
мен Колбинмен екі рет кездескенімді, әр кездескен сайын респуб
лика басшылығына кездейсоқ адам келгеніне көзім жете түскенін
айтуға тиіспін. Оның бойында біздің республикамыздай ірі партия
ұйымын ойдағыдай басқаратын қабілет болған жоқ. Кәдімгі сөзбен
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 164 —
айтсақ, ол басқа адамның орнына отыра қалды. Оны Қазақстанға
жұмысқа жіберу КОКП Орталық Комитеті Саяси бюросының үлкен
қателігі болды» — Д. А. Қонаевтың бұл пікірі бізге Колбин қалай келе
қалды деген сұраққа тоталитарлық қоғамның белден басатын кадр
саясатының кереғар табиғаты ғана жауап бере алатынын көрсетеді.
Айтқандай, Колбиннің Қонаевқа қарым-қатынасынан да оның кек
шілдігі, ұсақтығы танылып тұратын. Өзі Қазақстаннан кете кеткенше
Дінмұхамед Ахметұлының соңына түсумен болды, оны қаралайтын
неше түрлі мақалалар дайындатты, республиканы басқарған кездегі
жүрген-тұрғанының бәрін тексертті. Жақын араласқан қызметкерлері,
тіпті күзетшілер қуғынға түсті. Қонаевтың көмекшісі Д. Бекежа
нов, ОК іс басқарушысы А. Статенин сотталды. Шымкент облыстық
партия комитетінің бірінші хатшысы А. Асқаровтың істі болуын
Қонаевпен байланыстырғысы келді. Асқаровтың қызы Қонаевтың
бауырының келіні еді. Ескерткішін алып тастатуға, тағы басқаларды
ұйымдастыруға тырысты. Қысқасы, тырнақ астынан кір іздеп бақты.
Абырой болғанда, ондай ештеңе табылған жоқ. Академиктік ғылыми
лауазымына сәйкес ай сайын қосылатын қомақты ақшаны отыз жыл
дай бойы балалар үйінің есебіне аудартып тұрған Димекеңнен ондай
ештеңе табылуы да мүмкін емес еді. Негізінде осы тұста Орталық сол
кезде бүкіл елді шулатқан «өзбек ісі» дегендей масқараны бізде де
жүзеге асырып, «қазақ ісін» жасаудан тартынған жоқ, алайда біздегі
қоғамдық ахуал қанша дегенмен басқаша қалыптасқан.
«Әділдігін айту керек, Колбин кеткеннен кейін маған көзқарас
күрт өзгерді» деп кітабында өзі жазғанындай, Димекеңнің өмірінің
соңғы жылдары жайлы өтті. Ел сыйлаған ақсақалдың кемелдігін көр
сетті. Кейбір «бұрынғылардай» емес, саясаттан толығымен аулақтап,
инабатын жоғалтпай, өзін ақылды ұстады. Маған тілекші болды.
«Тап бүгінгідей ай сайын төмендеп бара жатқан халықтың мүшкіл
жағдайында, экономиканың құлдырап, Кеңес одағының ыдырау
қаупі төніп тұрған тұста мен адал көңілмен Назарбаевқа табыс тіле
гім келеді. Қазақстан президенті ретінде ол қиындықтарды жеңеді,
ауыр дағдарыстан тезірек шығудың жолын табады деп сенемін» деп
жазды мемуарында.
Ақырғы ұшырасуымыздағы сөздері әлі есімнен кетпейді. «Сенің
айтқандарың да, істегендерің де дұрыс болып шықты, Нұрсұлтан.
Мен сен алған бағытты қолдаймын» деп еді. Мен сол кезде осыдан
он жыл бұрын іске осылай бірге кіріссек қой деп қынжыла ойладым.
Қонаевтың қадір-қасиеті ол кісі 1993 жылы өмірден өткен күн
дерде бөлекше білінді. Опера және балет театрында марқұммен
Желтоқсан
— 165 —
қоштасу, театрдан Кеңсай зиратына барар жолдың екі бетіндегі қа
ралы халықтың тұнжырай тұрысы біздің асылды ардақтай алатын
даңқты дәстүріміздің жарасымды жалғасы болды. Біз мұны менің
Жарлығыммен қабылданған Д. А. Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру
шаралары арқылы да тиянақтай түстік. Дінмұхамед Ахметұлының
есімі Тау-кен институтына, Шығыс Қазақстан облысындағы өзі жұ
мыс істеген «Лениногорск металлургия комбинаты» акционерлік
қоғамына берілді, Алматыдағы Карл Маркс көшесі Қонаев көшесі
болып өзгертілді, Д. А. Қонаевтың музей-үйі ашылды. Алматыдағы
ескерткіші сақталып қалды. Тұрған үйіне мемориалдық тақта орна
тылды. Елордамыздағы ең басты, Ақордаға келіп тірелетін көшелердің
бірі Қонаевтың атында.
Амал не, осындай тұлғаның біз кешіре алғанмен, тарих кешіре
алмайтын қателігінен қазақ елінің айдын көліне қаңғып келген шүре
гей қонды. Әнге айналған «Қара бауыр қасқалдақ» жырында осылай
айтылады.
Колбин — Компартия тәрбиесінен өткен партократтың тап өзі.
Свердловск обкомында Рыжковпен, Грузияда Шеварднадземен
жұмыс істеген. Ульянов обкомының бірінші хатшысы қызметінде
Горбачевтің алкогольге қарсы науқанын ойдағыдай жүргізіп, көзге
түскен. Кадрларды ауыстырып-түйістіруде де алдына жан салмаған.
Қазақстандағы басшы кадрлар қайта құрудың талаптарына дайын
емес деген желеумен Горбачевтің ұйғарымымен бір күні бізге сарт
ете қалды. Өмір бойы тек партия қызметін атқарып, партия қайда
жұмсаса, сонда жүрген ол өзінің қайда баратынын, қандай жүкті
мойнына артатынын ойланып та жатпаған болса керек. Қалай де
генде де, оның бізге өзі сұранып келмегені анық. Жіберді — келді,
тапсырды — істеді, шақырды — кетті. Колбиннің драмасы да осында.
Республика үкіметін басқарып, Г. В. Колбинмен тікелей жұмыс
істеген адам ретінде оның Қазақстанда қандай рөл атқарғаны тура
лы үндемей қалуымның реті жоқ сияқты. Геннадий Васильевичтің
республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы
орнындағы қызметінің басталуымен тұспа-тұс түсіп, оны есте қал
дырған шиеленіске оның жеке басы кінәлі емес екендігі айқын нәрсе.
Қазақстанға сұранып келген жоқ дедім ғой. Мұның өзі бәрінен де
бұрын оның шалдыққан қырсығы, бәлкім, ескі өнегеге еліктеп өскен,
әміршілдік-әкімшілдік жүйенің үстемдігі жағдайында тәрбиеленген
үлкен басшының шын мәніндегі қасіреті де болар. Ол өзінің бұрынғы
жұмыс тәсілдерінен бас тарта алған жоқ, уақыттың күрт өзгерген
сипатын дер кезінде аңғармады. Маған 1986 жылғы Желтоқсан оқиға
ларынан барынша дерлік өзінше қорытындылар шығарған Орталық
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 166 —
та оны ерікті-еріксіз түрде қатал әкімгершілік, жеке билеп-төстеу
саясатына итермелеп отырды ғой деген ой келеді.
Әкімгершілік жұмыс стилі кезіндегі басшылық етудің басты
құралы — кеңестер өткізу, бұрқыратып қағаз жолдап, тапсырма
беру, өтініш айту. Мысалы, 1987 жылы Қазақстанның Министрлер
Кеңесіне одақтық, республикалық және жергілікті органдардан
40 мың құжат келіп түскен екен. Әртүрлі дәрежедегі және бағыттағы
облыстық басшылардың — облыстық партия комитеттері хатшы
ларының, облыстық атқару комитеттері төрағаларының, басқарма
бастықтарының, шаруашылық қызметкерлерінің жиыны өткізілмей
тін апта болмаған шығар, тегі. Жоғарыдан үздіксіз көрсетер қысым
мен тықсыру ешқандай негізі жоқ шалағай жобалардың жасалуына
алып барып соғатын, ал олар, өз кезегінде көбінесе ұрандық сипаты
бар алуан түрлі шешімдер мен бағдарламалар ретінде қабылданып
жататын. Мысалы, Қазақстандағы бүкіл тұрғын үй мәселелерін бес
жылдың ішінде шешу, аса қысқа мерзімде азық-түлік проблемасын
жою міндеттері қойылды. Қазақ тілін білмейтін басшылардың бар
лығынан да оны тез әрі шұғыл үйрену талап етілді. Мұндай талап
тың маңызды екеніне дәлел ретінде Колбиннің өзі Орталық Коми
теттің кезекті пленумында баяндаманы қазақ тілінде жасауға уәде
беріп салды. Ал маскүнемдікке қарсы бітіспес күрестің кеңінен етек
алғаны, түрлі саламаттылық аймақтары құрылғаны табиғи нәрсе
сияқты көрінді. Соның салдарынан да адамдардың ішімдік орнына
иіссуды, тіс тазалайтын пастаны, гуталинді пайдалана бастағанын
былай қойғанда, нашақорлық пен улы заттарды шегу проблемалары
туындады. Колбиннің өзі татып алмайтындардың қатарынан емес еді.
Басшылықтың осындай әдістерін сынап-міней отырып, өзімнің
бұған түк қатысым болмады деп, тіпті де жауапкершіліктен бойды
аулақ салғым, тек бейтарап куә ретінде ғана көрінгім келмейді. Жоқ,
олай емес. Кезінде осының көпшілігін мен де табиғи, қажетті нәрседей
қабылдадым. Әкімшілдік жасаудың барынша тұрлаусыздығы мен
теріс екеніне толық көз жеткізу үшін маған да бірсыпыра уақыт, жеке
өзімнің қателіктерім мен жаңсақтықтарымды бастан кешіру қажет
болды. Бірақ сол кезеңде менің де, республиканың басшылығын
дағы жолдастарымның да барша күш-жігерімізбен Г. В. Колбинге
көмектескіміз келді, оны теріс шешімдер қабылдаудан сақтандыруға
тырыстық. Оның көптеген қателіктері бадырайып, көзге көрініп тұрға
нына қарамастан, жаңа бірінші хатшыға қарсы, айталық, топ құру
сияқты нәрселер өңіміз тұрмақ, түсімізге де кірген емес — өйткені
мұның алдында өте ауыр кезеңдерді басымыздан өткерген едік қой.
Желтоқсан
— 167 —
Қағидатты және маңызды мәселелер бойынша ол менің берген көп
теген кеңестерімді дұрыс қабылдады. Бұл кеңестер, екеуміздің де
ортақ пікіріміз бойынша, тұйыққа тірелген көптеген жағдайдан алып
шығуға көмектесті. Екеуміздің арамызда бұл тақырыпта бірнеше рет
ашықтан-ашық риясыз ұзақ әңгімелер де болды.
1987 жылдың өн бойында Колбиннің КОКП Орталық Комитеті
мен КСРО Министрлер Кеңесінің басшылығына мені Мәскеуге алып
кетіп, басқа жұмысқа ауыстыру жөнінде әлденеше рет ұсыныс жа
сағанын білген кезімде қалай таңдандым десеңізші.
Шамасы, өздерінің айналасындағы адамдарға сенбеу әміршілдік-
әкімшілдік жүйенің, әрбір басшы жеке өзінің қарақан басының аман
дығын ғана ойлауға мәжбүр етілген кезеңнің қалдырған мұрасының
бірі шығар. Мұндай іске әсіресе жоғары буындағы шенеуніктерге ерек
ше тән секемшілдік пен сыртқа сырын білдірмеу ахуалы итермелеп
отырады. Ал осыдан кейін мұндай ортада тәрбиеленген адамдарға
өзіңді мансап та, жеке басыңның қам-қарекеті де емес, басқа, неғұр
лым биік мақсаттар мен мүдделер қызықтыратынын түсіндіріп не
дәлелдеп көр. Іс жүзінде мүмкін емес нәрсе.
«Алайда Колбин ақыры халыққа танымал бола алмай-ақ қойды.
Өзін басқаруға жіберген республика туралы ештеңе білмейтін, қа
зақтардың мінез-құлқынан бейхабар болғандықтан ол мұнда ешкім
мен достаса да алмады, іскерлік байланыс орната да алмады. Барған
сайын жападан жалғыз қалып бара жатқанын сезінгендіктен де басын
тауға да, тасқа да соғып, қайдағы бір шала туған «бастамаларды»
көтеруін жалғастыра берді. Не болып, не қойып жатқаны жайында
тек жалпылама ақпарат беретін ресми қарым-қатынастардың құр
сауынан құтылу үшін ол «Правда» газетінің республиканың әртүрлі
облыстарында тіркелген тілшілерін өзіне шақыруды әдетке айнал
дырды, енді солар арқылы нақты проблемалар және адамдардың
билікке қалай қарайтыны жөнінде білмекке ұмтылды. Біріншінің
кабинетіндегі әлгіндей әңгімелерден кейін жұрт саунаға шақырылып,
онда біраз сілтенілетін, мұның өзі «партия бағытынан» едәуір ауытқу
болып табылатын. Неге десеңіз, Горбачевтің алкогольге қарсы атақты
науқанына дейін Колбин Ульяновскідегі жұмысы кезінде ішімдікке
салынуға қарсы бітіспес күресімен атағы шыққан еді ғой. Ал Қа
зақстанға келген соң, Бас хатшы оны «ұрындырғанын» және қақпан
нан құтылар амал жоқ екенін білгеннен кейін оның өзі де Орталық
комитеттен үйіне келген соң бөтелкемен оңаша қалып, құсалығын
сонымен басуды жиілетті» — Сергей Плехановтың осы жазғанын да
растауға тура келеді. Тек бір жағдайды қоса айтайын. Қазақстан оның
өз басына да құтсыз жер болды. Алматыда он жасар немересінен
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 168 —
айырылды. Немересін осында жерледі. Қайғысын жеңілейту үшін
де бөтелкеге бауыр басып кеткен шығар, кім біледі.
Жалғыздықтан бір құтыла алмай-ақ қойды. Біреуді мақтап, біреуді
даттап, мақтағанын даттағанына айдап салып жатса да, ешкім оны
жанына жақын көрген жоқ. Осы Қазақстанға мені қай құдай айдап
келді дегенді сөзінен оқымасақ та, көзінен оқып тұратынбыз. Қанша
дегенмен, талай жерде басшылық қызметте істеп көрген кісі ғой,
өзін бұрын табаны тиіп көрмеген республикаға жіберудің қателік
болғанын іштей мойындайтын.
Сол жылдарда қайта құрудың дүмпуімен Алматы сахналарында
батыл шешімге құрылған спектакльдер қойылып жататын. Шерхан
Мұртазаның пьесасы бойынша сахналанған «Сталинге хат» драма
сы ашаршылықтың ащы шындығын айтып, Сталинге хат жазған
Тұрар Рысқұловтың азаматтық ерлігі туралы еді. Үкімет басшысы
ның орынбасары Мырзатай Жолдасбеков спектакль жөнінде жылы
пікір айтып келді, мені театрға шақырды. Геннадий Васильевичке
хабарласып, бірге баруды ұсындым. Келісті. Бардық. Көрді. Қойы
лым басталғаннан-ақ түрі өзгеріп сала берді. Меңірейіп отырды да
қойды. Спектакльден кейін әдетте басшылық театр директорының
кабинетіне кіретін, қойылым үшін (тіпті онша ұнамаса да) мезірет
бойынша алғыс айтылатын, режиссерге, актерлерге табыс тіленетін.
Колбин соның біреуін де жасамады. Орнынан тұрды да, бірден шығар
есікке беттеді. Ауыз ашпаған күйі мәшинесіне отырып, кетті де қалды.
Сонша саңылаусыз болмай шықты. Талай нәрсені түсінді. Спектакль
дің сүйегі әлдеқашан қурап қалған Голощекин туралы емес, тура
сол сияқты Қазақстанға келіп, білгенін істемекші болып жатқан өзі
туралы екенін түсінді. Бұл жерден есі барында кету керек екенін сол
күні түпкілікті ұққан шығар-ау, тегінде. Мүмкін, Орталыққа өтінішін
де сол кезде айтты ма екен, кім біледі?
Ақыры республикадағы жағдайды дұрыстаудың жолын таба алма
ды ол. «Тұрғын үй‑1991» бағдарламасы бойынша үйсіз жүргендердің
бәрі сол кезге дейін үйлі болады дегені барып тұрған популизм еді.
Жоғары жаққа жөнді мәлімет беру үшін жергілікті басшылар енді
күрке, қоралардың бәрін «шаршы метрге» қосып жаза бастады. Сон
дай көзбояушылық басталғаннан кейін халық жаңағы «Жилье‑1991»
бағдарламасын «Жулье‑1991» атап кеткен. Халық деген айтқыш қой.
Геннадий Васильевич күндердің бір күнінде азық-түлік мәселесін
Қазақстанның аспанынан көктемде, күзде арлы-берлі ұшып өтетін
жыл құстарын атып алу арқылы шешіп тастауға болады дегенді
шығарды. Қазақстандағы барлық шөп-шаламды сарайларда сақтай
мыз деп те айтты. Еттің түр-түрін көбейту керек деп нұсқау берді.
Желтоқсан
— 169 —
Соны орындау үшін дүкендерде малдың басын бір түрге, сирағын бір
түрге, өкпе-бауырын бір түрге жатқызып есептейтін болды. Әсіресе,
жыл құстарын атып алуды ұйымдастыруды қозғағанда не айтары
мызды білмей қалдық. Біреулер осындай ақыл беріпті: бүкіл алып
Еуразия құрлығындағы құс атаулының барлығы дерлік қыстауға
жылы Үндістанға Қазақстан аспаны арқылы ұшып барады екен де,
көктем шыға сол ізімен кері қайтады екен, санына сан жетпейтін
көрінеді. Ен байлық… «Жарлық қатты, жан тәтті» дегендей, бір жан
дайшаптар әлгі жоспарды жүзеге асырудың жоспарына да кірісе
бастауға ыңғайланды… Абырой болғанда, арада апта өтпей жатып,
«Комсомольская правда» осы жөнінде сойып салған фельетон жария
лады, Қазақстандағылар ойлап тапқан аңшылық авантюрасының
халықаралық шарттарды ашықтан-ашық аяққа басу екенін әшке
реледі. Колбин бәрібір: «Сондай бір пікірдің ұсыныс ретінде ортаға
салынып қалғаны рас, мен зерттеп көріңдер дегенді ғана айтқанмын.
Ешқандай шешім қабылданған жоқ. Бұл бізге жабылған жала» деп
бет бақтырмай қойды. Шешім шығып үлгермегені рас еді.
Не керек, Колбиннің біздің көсегемізді көгертпейтініне бірте-бірте
Кремльдің де көзі жетті. Сонда Орталықтың бұл қателігін түсінуіне
екі жарым жыл уақыт керек болған ба деген сұрақ тууы заңды шығар.
Мұның жауабы оңай. Горбачев бұл шешімінің әділетсіздігін оқиғадан
кейін бірден түсінсе, мойындаса, ол сол кезде-ақ қатесін түзетер еді.
Бірақ ол заман басқа. Саяси бюро ешқашан қате шешім шығармайды
деген ұғым берік қалыптасқан. Сондықтан да Колбин өз орнында
осынша уақыт бойы қала берді. Оның жұмысының мандымағанына,
сенімді ақтамағанына, сөйтіп, Кремльді, қазақша айтқанда, ұятқа
қалдырғанына Орталықтың көзі әбден жеткеннен кейін, оның өзін
де Мәскеудегі жоғары лауазымды қызметке ұсыну деген сылтауды
көлденең тартып барып қана кері шақырып алды Колбинді. Басқаша
жасауға амал да қалмаған еді.
Колбинді келтірген де Мәскеу, Колбинді кетірген де Мәскеу. Бүкіл
бюро мүшелері оған көмектесіп бақты, мен де қолдан келгенінше
жәрдемімді аямадым. Нәтижесі бәрібір осылай шықты. Колбин
соңғы бір жылының ішінде жұмысты қойды десе де болады. Маған
сенгендей нышан білдіріп, бар мәселені өзің қарай бер дегенді айтты.
Кетуінің жағдайын ойластыра бастады.
Содан Халық депутаттарының кезекті съезінде Колбин КСРО Ха
лықтық бақылау комитеті төрағасының босаған орнына сайланды.
Мұны Кремль өз қателігін сыпайы бүркемелеу үшін жасады. Көп
ұзамай Одақ тарады да, Колбин зейнетке шықты. Кетер Колбин
кеткеннен кейін, шыны керек, онымен байланысым үзіліп қалған еді.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 170 —
Қат-қабат шаруа да мойын бұрғызбайтын. Колбиннің драмасы оның
Қазақстаннан кетуімен, артынша қызметсіз қалуымен де бітпеген
екен. Кейінірек қайтыс болғанын естігенбіз. Бірақ дүниеден қалай
өткенінің жай-жапсарын білмеппіз. Сөйтсек…
Александра Скворцованың «Исторический детектив. Железный
канцлер Ульяновской области» деген мақаласын оқып, аң-таң қал
дым. Автор былай дейді:
«Зейнеткер Колбин көп уақытын үйде өткізетін, көшеге сирек
шығатын, тіпті ештеңе оқымайтын, көршілерімен де араласпайтын.
Ульяновскіде қарамағында істегендердің бірі Самсонов бір жолы үйі
не қонаққа барып қалып, кезінде қолды-аяққа тұрмайтын Геннадий
Васильевичтің сонша өзгергеніне таң қалған. Ол тіпті сөйлеспейді,
күні бойы диванда жата береді, ешкімді көргісі келмейді.
Геннадий Колбин 1998 жылы қайтыс болды. Оның өлімі де өмірінің
соңғы жылдарындай аянышты. Немересін көріп қайту үшін қы
зына қонаққа бара жатады да, аяқастынан халі нашарлап, пойыз
орындығына жантая кетеді, сөйтіп жүрек талмасынан тура метро
вагонының ішінде өмірден өтеді.
Оны бес күн бойы ешкім іздемейді, «үйсіз-күйсіз біреу» ретінде
жерлеуге дайындап жатқанда кездейсоқ оқиға көмектеседі. Бөлімше
милиционерлерінің біріне оның бет-әлпеті таныс сияқты көрінеді,
кейіннен ол бұл кескінді мінберден көргенін еске түсіреді. Құқық
қорғау органдары жабылып жүріп, туысқандары табылады».
Солай аяқталыпты өмірі.
— 171 —
ҚАЙТА ҚҰРУ: ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ
ПЛЕНУМНАН — ЕРЕУІЛГЕ
«Колбинге байланысты жасалған қателікті түзету талап етілді. Бұл
біздің ұлтаралық қатынастар саласындағы алғашқы ірі қателігіміз
болды, мен оны қайталамауға ұйғардым. Бәріміз де қазақтар өз рес
публикасын өздері басқаруы тиіс деген қорытындыға келдік те, жаңа
басшыларының кім болуы керектігін өздерінің шешуіне қалдырдық».
М. С. Горбачевтің мемуарындағы осы сөздер — заманның өзгер
генінің даусыз дәлелі.
Республика басшысы ауысатыны анықталған кезде Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметіне
ұсынылатын кандидатуралардың біразы қаралғанын анық білемін.
Республикадағы екінші лауазым иесі, шаруашылықты нақты жүр
гізіп отырған адам ретінде танылып қалғаным талассыз еді. Сөйтсе
де, КОКП Орталық Комитеті менің бұл лауазымға сайлануыма онша
құлықтылық танытқан жоқ.
Оны талай адамнан естіп-білдім. Солардың бірі — кейіннен көп
теген жылдар бойы менің кеңесшім, көмекшім лауазымында жұмыс
істеген өз кәсібінің тамаша маманы, асыл азамат Игорь Романов.
Оның естелігінен үзінді алумен шектелейін:
«Әйтсе де, КОКП Орталық Комитеті 1989 жылы басқа кандида
тураны іздеудей-ақ іздеп бақты, бұған менің өзімнің көз жеткізуіме
тура келді. Сол жылдың көктемінде Кремльге «идеология активін»
жинады, оған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті идеология
бөлімі жетекшісінің бірінші орынбасары ретінде мен де қатыстым.
Отырыстардың бірі кезінде дәл залдың өзінен мені КОКП ОК-і ұйым
дық бөлімінің Қазақстан мен Орта Азия секторының меңгерушісі
Н. Ф. Мищенкоға шақырып алып кетті. Ол салған беттен әңгімені
егер Г. В. Колбин басқа қызметке тағайындалып жатса, оны партия
активінің қатарынан кім алмастыра алар еді деген сұрақтан бастады.
Сәл сасыңқырып қалдым, дегенмен бірден-ақ ең жақсы кандидатура
Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаев болар еді деп жауап
бердім. Сұхбаттасушым өз ойымды тиянақтауды сұрады. Мен ол кісі
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 172 —
республикада шүбәсіз беделге ие, экономиканы, әсіресе Қазақстан
дағы істің жайын тамаша біледі, экономиканы реформалау жөнінде
батыл ойлары бар, оларды ашық айтып жүреді дедім.
Одан кейін Н. Ф. Мищенко мені ұйымдық бөлім меңгерушісі
орынбасарларының біріне, одан әрі қарай КОКП Орталық Коми
тетінің хатшысы әрі КОКП ОК-нің партия құрылысы және кадр
саясаты жөніндегі комиссиясының төрағасы Г. П. Разумовскийге
алып барды. Әңгімеміз қысқа қайырылды, алайда дәл сол адам
маған менің пікірім республиканың қазіргі басшылығының ұсыны
мымен бір жерден шықпайтынын айтты. Оған қоса, менің З. К. Ка
малиденов, М. С. Меңдібаев, Е. Н. Әуелбековтің кандидатуралары
жайында не ойлайтынымды сұрады. Әрине, мен ол адамдарды
білетінмін, жасап жүрген еңбектеріне көлеңке келтірмей-ақ, олар
мен Министрлер Кеңесі төрағасының Қазақстанның іс жүзіндегі
бірінші басшысы қызметіне дайындығы тұрғысынан қарағандағы
айырмасын негіздеуге тырыстым. Кейін анықталғанындай, менің
айтқанымдай пікірді «собеседование» жасалған адамдардың бәрі
дерлік айтыпты.
Әрі қарай оқиғалар құйындап ала жөнелді. Мәскеу талай жыл
дар бойы Кремль жүргізіп келген моноцентризм практикасының
дәрменсіздігіне және жергілікті жердегі қоғамдық пікірді елемеуге
болмайтынына анық көз жеткізді де, «артқа шегінді». Сөйтіп, 1989 жыл
дың маусымында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды».
2010 жылы шыққан «Өмір жолдары» деген кітабында кезінде Қа
зақстан Компартиясы Орталық Комитетінің идеологиялық жұмыс
жөніндегі хатшысы қызметін атқарған Закаш Камалиденов КОКП
Орталық комитетінің бірқатар жауапты қызметкерлерінің қабыл
дауында болғанын, ондағы әңгімелерде кадрлар мәселесі жөнінде
тамыр басып көргенін растап жазған. Атап айтқанда, К. Н. Могиль
ниченко одан: «Республикада бұл жұмысты атқару, бірінші басшы
болу кімнің қолынан келеді деп ойлайсыз?» деп сұрайды. Бұл: «Мен
ол орынға лайық кісінің атын атай алам. Ол — Назарбаев Нұрсұлтан
Әбішұлы. Тәжірибесі мол, Министрлер Кеңесін басқарады. Эконо
миканы жақсы біледі», дейді.
Кейіннен баспасөзге берген сұхбатында Закаш Камалиденұлы
осыған байланысты тіпті «Әр адам өз әлін білуі керек. «Әлін білме
ген — әлек» дейді халқымыз» деп те жіберіпті.
ОК басшылығының арасында тіпті кандидатурама қарсы пікір
айтып барған адамдардың болғаны да белгілі. Себебін сұраса,
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 173 —
«Назарбаев неудобный» дейтін көрінеді. Ыңғайсыз, қолайсыз, бағын
бай кететіні де бар дегендері ғой. Себебі мен елдің шешілмеген
мәселелерін, экономика жағдайын мінберден де, БАҚ бетінде де
айтып жүрдім. Сонда Горбачев оларды бір-ақ сөзбен тоқтатыпты:
«Лучше один неудобный Назарбаев, чем весь неудобный Казахстан»
деп. Сөзінің жаны бар. Бұл мәселе, яғни республика басшылығын
белден басып, тізеге салып ауыстыру Орталықтың беделін бес тиын
еткен еді. Ол қадамын Мәскеу тағы қайталауға тырысса, онда абыройы
тіпті айрандай төгілер еді. Соның өзінде де әлгілер біраз жерге дейін
іштей қарсыласып бақты. Ақыр аяғында қоғамдық пікірді зерттеу
дегенді шығарды. Алматы көшелерінде «Назарбаев ұлтшыл емес пе?»
деген бір ғана сұрақтан тұратын сауалнама жүргізді, аяқастынан де
мократияны аңсай қалып, Орталық Комитеттің пленумында бірінші
хатшыны сайлау ресімін жабық дауыс беру арқылы өткізді. Бұл —
бұрын-соңды болмаған нәрсе. Қол көтеріп сайлай салатын. Кадрлар
ды таңдау мен іріктеуге мұндайлық ыждағатты көзқарасты, жетек
шілер сайлауын барынша демократияландыруды жақтаймын ғой,
әрине. Алайда мынандай сұрақ туады: қазақстандық коммунистерге
беймәлім Г. В. Колбин бірінші хатшылыққа сайланатын V пленумды
дайындау кезінде мұндай принциптілік неге танытылмаған? Колбин
демекші, 1989 жылдың 25 мамырында жұмысын бастаған КСРО халық
депутаттарының І съезінде Қазақстан атынан сөздің бірінші хатшыға
емес, Министрлер Кеңесінің төрағасына, яғни маған берілгенінің
өзінен саясаттың самалын сезер жұрт біраз нәрсе сезген де болатын.
Сол съездің алты томдық стенографиялық есебіне қарап, қызық үшін
ерінбей санап отырсам, менің сөзіме сегіз рет қол соғылған екен.
Әсіресе, «Жалпы өнімді тауармен емес, соммен есептеу он екінші
бесжылдықта тіпті күшейіп кетті, өзінің шырқау шыңына шықты.
Ведомстволардың көрсеткішін емес, адамдардың қажеттіліктерін
қанағаттандыру деген де жай ұран сөз күйінде қалды. Ал енді қазір
ең бір көнерген көрсеткішке — өзіміз құрмет тұтатын төрт бірдей
ведомство енгізген еңбек өнімділігі мен орташа жалақының арақа
тынасына қайта оралуға мәжбүр күйге түсіп отырмыз. Олар маған
ренжімей-ақ қойсын, бірақ айтайын: бұл құжатқа кәсіпорындарда
«Төрттік банданың хаты» аты берілген» дегенімде бес мың адамдық
залдағы жұрттың әбден айызы қанғаны есімде.
1989 жылғы 22 маусымда республика Компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы қызметіне сайландым. Пленумдағы
жабық, құпия дауыс беру нәтижесінде менің кандидатурамды Ор
талық Комитеттің 158 мүшесінің 154‑і қолдады. Төрт адам ғана
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 174 —
қарсы шығыпты. Бұл өте жоғары көрсеткіш деп білемін. Жарыс
сөзде сөйлеушілер менің атыма көптеген жылы пікірлер айтты.
Жергілікті өнеркәсіп министрі И. Б. Еділбаев, Лениногор полиметалл
комбинатының директоры И. И. Думанов, Талдықорған облысын
дағы «Октябрьдің 40 жылдығы» аграрлық фирмасының төрағасы
Н. Н. Головацкий, Қарағанды облыстық партия комитетінің бірінші
хатшысы В. И. Локотунин, Жамбыл облыстық партия комитетінің
бірінші хатшысы С. М. Байжанов, Қарағанды металлургия комби
натының жайма илем цехының аға біліктеушісі С. В. Дрожжин,
Алматы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы Н. Е. Руснак, Ал
маты облысындағы «Каменский» асыл тұқымды зауытының сауын
шысы В. А. Кузьменко, Павлодар облыстық партия комитетінің
бірінші хатшысы Ю. А. Мещеряков, Қызылорда облыстық партия
комитетінің бірінші хатшысы Е. Н. Әуелбеков кандидаттың қыз
метіне әр қырынан баға берді. Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің
сөзіне ғана аз-кем тоқталғым келеді. Мәселе мынада — ОК бірінші
хатшылығына оның кандидатурасы да қаралған деп шамаланатын.
Екеуміздің көзқарасымыз талай тұстарда тоғыспай қала беретінін
біраз жұрт білетін. Ол кісінің бұл мәселенің басын аша кеткені
орынды шыққан сияқты көрінді. «Естеріңізде бар шығар, талай рет
сөйлегенмін, жасы үлкен адам ретінде сынға да алғанмын, алайда
мен Нұрсұлтан Әбішұлы сыннан дұрыс қорытынды жасайтынын
айтуға тиіспін. Кейінгі жылдарда біздің арамызда бірде-бір рет
келіспеушілік болған жоқ, барлық мәселелерде тіл табысып жүрдік,
ал қалған жайдың бәрі — жай сөз ғана» деу арқылы ол келіспеушілік
тер кездескенін айтып қана қойған жоқ, мені «көптеген мәселені:
экономиканы да, мәдениетті де жан-жақты қамти қарастыратын»,
сөздерінен «кең ауқымдылық сезілетін» саяси жетекші ретінде си
паттады, Назарбаевты Орталық Комитеттің бірінші хатшысы етіп
таңдау турашыл шешім болады дегенді атап өтті. Сондықтан да бұл
сөз маған осындай күрделі тұлғаның әділдігін көрсететін, мойын
дауын білдіретін пікір ретінде әсер етті.
Пленумның соңындағы қорытынды сөзімде былай деген едім:
«Біздің партиямыз бен республикамыздың тарихындағы мұндай
лық бетбұрыс сәтте Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетіне
және маған жүктелген күллі жауапкершілікті түсінемін.
Адамдар көптеген өмірлік маңызы зор әлеуметтік-экономикалық
және қоғамдық-саяси проблемалардың, соның ішінде тоқырау кезін
де көмескілендіріліп немесе айтылмай келген ұлтаралық қатынастар
саласындағы проблемалардың шешілуін қайта құрумен байланыс
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 175 —
тырады. Олардың қаншалықты күрделі екенін соңғы жылдардың
оқиғалары көрсетеді. Дегенмен, оларды шешу жолдары айқындал
ды. Енді тек белгіленгенді неғұрлым белсенді түрде жүзеге асыру
қажет.
Бұл мәселелердегі менің ұстанымым барлығыңызға аян. Ол КСРО
халық депутаттарының І съезінде сөйлеген сөзімде айқын тұжы
рымдалған-ды. Мен қазақстандықтардың мүдделерін білдіруге ты
рыстым және ол біздің республикамыздан сайланған бір топ депу
таттардың ортақ тұғырнамасы болатын. Сол бағдарламаны жүзеге
асыру бағытын табандылықпен ұстанамын деп сіздерді сендіргім
келеді. Республиканың бірінші басшысы үшін халық мүддесінен
жоғары ештеңе жоқ деп есептеймін».
Пленум аяқталысымен, Алматы ауыр мәшине жасау зауытына
бардым. Өзіме етене жақын жұмысшылар, инженерлер ұжымының
пікірін білгім келді. Зауыт цехтарын аралап, қабылданған шешімді
айттым. Ішінде пленум өткенін білетіндері де, әлі біле қоймағанда
ры да бар екен. Ең бастысы — бәрі пленум болатынын біледі және
онда менің бірінші хатшылыққа сайланатынымды біледі. «Неге олай
ойлайсыздар?» деп сұрадым. «Енді қайтадан сырттан адам әкелу
мүмкін емес екенін білеміз. Ал біздің республикада бұл қызметке
Назарбаевтан басқа лайықты адам жоқ» деп сөйлейді. Бұл сөз маған
пленумның шешімінен де артық сезім ұялатты. Жұмысшылар айтса,
тек ойындағысын айтады ғой. Маған баяғыдан белгілі.
Өмірімнің жаңа белесі, аса жауапты белесі басталып кетті.
Ұйымдастыру пленумына арнайы келген Саяси бюро мүшесі,
ОК хатшысы В. М. Чебриковті шығарып салып, жұмысыма кірістім.
Донбасс, Кузбасс көмір орталықтарында басталған шахтерлер ере
уілі сол күндері Қарағандыда бұрқ ете қалды. Дереу сонда бардым.
Горбачев маған Қарағандыға бармасаң болмайды деді. Мен көмір
өндірісі түгелдей Мәскеудегі министрге бағынады, министр менімен
бірге барсын деп айттым. Осыған келістік.
Ұшақ Қарағандыға қонысымен әуежайдан тіке орталық алаңға
тарттым. Жаз кезі. Шахталардан шыққан бойы, киімдерін ауыстыр
май, қап-қара, май-май күйінде алаңға келген екі мыңға жуық адам
ның түрлері ызалы еді. Кімге қарсы сөйлейді? Басшылыққа. Жалақы
аз. Дүкендерде тамақ тапшы. Қаптаған сұрақ. Шешімі жоқ. Мені
әуежайда қарсы алған облыс басшысы қамқорлық жасағандай
болып, «Мыналар ашулы, қазір бармай-ақ қояйық» деді. Шешінген
судан тайынбас. Тура солардың ортасына тарттым. Шыжыған ыстық
күннің астында сағаттар бойы бетпе-бет сөйлестік. Қарағандыдағы
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 176 —
ереуіл белгілі бір дәрежеде Кузбасс пен Донбасстағы кеншілер бел
сенділерімен жақын байланыс орнатудан да шыққанын анықтадық.
Ондағы да, мұндағы да проблемалар ұқсас. Мәскеуден журналиспіз
деп келгендердің арасында арандатушылар бар екені байқалды.
Одақтық Үкіметтің орынбасары және екі министр сол күні-ақ біздің
өтінішімізбен Мәскеуден келіп, оларға кеншілер алдында жауап
бергіздік, қордаланған мәселелерді шешу жөніндегі уәделерін алдық.
Көмір өндірушілер мен өнім алушылардың арасындағы байланыс
үзілгендіктен, көмір жеткізілмей, еңбекке жалақы төленбей жатқан
еді. Шахтерлер түптің түбінде менің уәждеріммен келісті. Обкомда,
Орталық комитетте істеп жүргенде шахтаға талай түсіп, олармен
тілдескенім, мәселелерін шешіп қайтып жүргенім ұмытылмапты.
Араларында мені жақсы танитын адамдар да бар екен. Кейіннен
республикадағы барлық қоғамдық бірлестіктердің басшыларымен
кездесіп, осындай қиын жағдайда экономиканы түзеп алу үшін бір
жыл мерзімге ереуілдерге мораторий жариялау жөнінде уағдалас
тық жасалды. Мораторий шарты сақталды. Оның мерзімін ұзарту
қажеттігі болған жоқ. Республикадағы жағдай тұрақты қалыпқа
түсе бастады.
Шахтерлер ереуілінен біз көп тағылым алдық. Ең бастысы, ере
уіл жұмысшылар экономикалық тетіктерді жаңғырту жөніндегі
жоғарыдан түсіп жатқан нұсқау-тапсырмаларды қабылдай алмай
тынын көрсетіп берді. Мұның өзі кәдімгі бір қоңырау сияқты еді,
біз Қарағандыдағы жағдайды реттемесек, ол ертең Павлодарда,
бүрсігүні Өскеменде деген сияқты жалғасып кете баруы әбден мүм
кін болатын. Сол тұста республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында
сөйлеген сөзімде мен мұндай ереуілдердің тағы бір толқынына ел
экономикасы шыдас бере алмайды дегенді ашық айтқанмын. Он
дай оқиғалар жалғасын тапқанда, экономикалық көрсеткіштердің
төмендейтінін былай қойғанда, адамдардың әл-ауқатын жақсарту
бағытында жаңа ғана қолға алынып жатқан шаруаларымыз жүзе
ге аспай қалатын еді. Бір жақсысы, шахтерлерге осыны түсіндіре
білдік. Олардың біраз талаптары қанағаттандырылысымен, ереуіл
комитетінің жұмысқа шығу жөніндегі шешімі бірден-ақ орындал
ды. Қарағандыдағы ереуілден кейін халықпен етене болу, жұрт
шылықпен ашық сөйлесу, өзіміздің мүмкіндікпен-ақ шешіп тастауға
болатын мәселелерді кейінге қалдырмау қажеттігі әркімге де анық
көрінді. Шахтерлер ереуілі еш кеткен жоқ. Айлар бойы Орталықпен
жүргізілген әңгіменің, келіссөздің арқасында 1991 жылдың жазын
да, яғни Тәуелсіздікке дейін-ақ менің Көмір өнеркәсібі министрі
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 177 —
Щадовпен, Металлургия министрі Сосковецпен, Радиоөнеркәсіп
министрі Шимкомен кездесуімнің нәтижесі бойынша коммюникеге
қол қойылды. Ол коммюнике кәсіпорындардың Қазақстан юрис
дикциясына көшуін тиімді әрі қажетті деп таныды.
Бұл тәуелсіздікке жасалған нақты қадам еді.
Иә, жаңа қызметке кірісер-кіріспесте осындай жайсыз жағдаймен
бетпе-бет келгенбіз. Қарағандының «Тентек» (сол арадағы өзеннің
атымен қойылған, кезінде буырқанып ақса керек) шахтасы бастап,
басқалары қостап, бірнеше күн бойы көмір өндірілмей қалу қаупі
төнді. Жалпы, ереуіл атаулы қай кезде де қауіпті. Ал сол кезде тіпті
қатерлі болатын. Экономика ереуілдерді көтере алатындай жағдайда
емес еді.
Бұл ереуіл біздегі бар мәселенің түпкі мәні адамның кәсіпорын
ның да, жердің де қожайыны еместігі, содан да оның қазынаның
меншігіне қалай болса солай қарайтындығы екенін тағы да көрсетіп
берді. КСРО-дағы еңбек өнімділігінің төмендігі, мысалы, америкалық
жұмысшының бір күн ішінде біздегі жұмысшыдан үш есе көп өнім
шығаратыны адамдарымыздың соншама жалқаулығынан, соншама
біліксіздігінен емес. Бар бәле өміріміздің де, өніміміздің де түпкі
нәтижемен байланысты болмауында. Өндіріп істесең де, алатының —
сол айлық, таңертеңнен кешке дейін жай сенделіп жүрсең де, ала
тының — сол айлық. Жақсы жұмыс істеудегі мақсат не сонда? Озат
атану ма? Құрмет тақтасына жазылу ма? Грамота алу ма? Әрине,
олардың да өзінің рөлі бар, әйтсе де тек моральдық көтермелеумен
алысқа бара алмайтынымыз анық.
Президент лауазымын тағайындау мәселесін қараған халық де
путаттарының ІІІ съезінде республика Жоғарғы Кеңесі жерді, оның
қазыналарын, суды, орманды, басқа да табиғат ресурстарын респуб
лика меншігі деп жариялау құқын өзінде қалдырады дегенді ашық
айттым. Бұл мәлімдемемді ешкім ультиматум түрінде қабыл алмауы
қажеттігін де ескерттім.
КСРО-ның федералды мемлекет екені, Конституция бойынша
әрбір одақтық республика дербес мемлекеттік құрылым деп сана
латыны атымен ұмыт қалдырылды. Расында да, өзінің жеріне, өзінің
байлығына иелік ете алмайтын дербес мемлекеттік құрылым бола
ма екен? Экономикаға егелік ету жоқ жерде саяси егемендік жөнінде
айтудың да артық екені бесенеден белгілі.
Халық депутаттарының съездері сол кездегі кеңестік қоғамның
санасында терең із қалдырғаны талассыз. Коммунистік партияның
күні өтіп бара жатқанын, оны реформалау жөнінде нақты қадамдар
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 178 —
жасалмаса, жағдайдың күн өткен сайын қиындай түсетінін де сол
съездер көрсетіп берді. Бір депутаттың: «Партияның қадірін өзінің
іс-әрекетімен партияның өзі ғана кетіре алады» деп айтқаны есімде.
Ауыр әрі әділ осы сөз партия басшылығын ойландыруы тиіс еді.
Олай болмады.
Қайта құру деген қоғам өмірін демократияландыруға, сол арқылы
адамдар бойында бұғып жатқан бастамашылдық қуатты оятуға бағыт
талған, о баста жап-жақсы мақсаттарды көздеген шаруа еді. Сол
шаруа құр сөзге айналып кетті. Барлық деңгейде жауапкершілік
төмендеді. Тәртіп нашарлады. Тәртіптің кез келген жұмыстың мін
детті шарты екені, тәртіп болмаған жерде демократия, ерте ме, кеш
пе, қоғамды хаос пен бейберекеттікке ұрындырмай қоймайтыны
ескерілмеді. Екінің бірі еді: не біз осыны жасайтынбыз, не біз ха
лықтың сенімінен айырылатынбыз. Соның екіншісі болды. Горбачев
билігі халықтың сенімінен айырылды. Қоғамдық меншік дегенді
бетке тұту арқылы орталық ведомстволар негізінен өз мүдделерін
көздеген-ді. Олар республикалардың саясатында егемендік көбейе
түскен сайын өздерінің құзыреті кеми беретінін ойлаудан аса алмады.
Бір кезде қатарында 20 миллион коммунист тұрған Компартияның
қатары селдірей түскені де сондықтан. Кандидаттардың мүшелікке
өтуден бас тартуы жиіледі, партиядан шығуға өтініш жазатындар
көбейді. Партияның лайықты тың күштермен толығуы іс жүзінде
тоқтады деуге де келеді. Сол тұста бірқатар комитеттерде партиялық
стажы бір жылға да толмаған адамдарды нұсқаушылық жұмысқа алу
фактілері де кездескен. Бұрын ондай қызметке біраз жыл стажы бар,
тәжірибелі адамды ғана алушы еді. Оны айтамыз, бір ауданда жас
коммунист аупарткомның нұсқаушысы қызметіне партиялық билетті
алған күні тағайындалған екен. Әрине, мұның бәрі партияның беделін
төмендете түсті. Кейбір облыстық партия конференцияларында,
мысалы, бізде Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Талдықорған облыс
тарында, обкомның бірінші хатшылары қайтадан сайланбай қалды.
Компартияның күнделікті жұмысын көбік сөз көміп кеткені сол
партияның өзі жариялаған демократияның да қадірін түсіре берді.
Демократия — мемлекеттің өмір сүру пішіні. Оны адамның аузына
не келсе соны айтуы, ойына не келсе соны істеуі, жауапсыздықпен
ұштасып жататын жүгенсіздік деп ұғуға тіпті де болмайды. Халық
бәрінен бұрын екі нәрседен — анархия мен деспотиядан қорқады.
Демократия осы екеуінің ортасынан табылуы тиіс. Қайта құруды
бастаушылар осыны ескермеді.
Партияның дағдарысы қайта құрудың дағдарысына айналды.
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 179 —
ДАҒДЫЛЫ ДАҒДАРЫС
Кеңестік құқық қорғаушы Андрей Амальриктің 1969 жылы жазған
сыни эссесінің аты таң қаларлық: «Кеңес Одағы 1984 жылға дейін тұра
ала ма?» Кезінде самиздатта басылған, қолжазба күйінде кеңінен
тараған ол эссені біз 1991 жылы шыққан «Погружение в трясину» жи
нағында жарияланғанда ғана оқи алдық. Автор бұл жылды Джордж
Оруэллдің «1984» деген даңқты романының атауынан алып отырғаны
белгілі. Әлемнің 62 тіліне аударылған жауһар туынды авторы өзі әб
ден әшкерелеген кеңестік тоталитаризмнің дәл сол жылға жеткенде
маңдайы тасқа соғылатынын қалай білген десеңізші.
Иә, 1984 жыл кеңес империясы дағдарысының шыңына шыққан
шағы болатын. 2010 жылы басылған «Перестройка и крах СССР.
1985–1993» атты кітаптағы үш дерекке назар салсақ та, бұған көзіміз
анық жетеді. Профессор В. Д. Патрушев: «Біз (яғни, тұрғын халық)
тауар сатып алуға… 65 миллиард адам-сағат жұмсаймыз. Әлгі
65 миллиард адам-сағатқа сатып алушылардың керек тауарды іздеу
ге жұмсайтын уақыты қосылмайтынын ескерте кетейін. Бұл халық
шаруашылығында жұмыс істейтін 35 миллион адамның жұмыс
уақытының жылдық қорына сәйкес келеді». Экономика ғылымда
рының докторы О. Р. Лацис КСРО-да кезектерде «жұмыс істейтін»
адамдардың саны бүкіл өнеркәсіптегі адамдардың санына тең —
37,6 миллион екенін айтқан. Профессор З. В. Коробкина: «Картоп
тың егу, өсіру, жинау, сақтау, тасу және сату кезіндегі шығыны сол
дақылдың 50–70 пайызына жетеді» деген. Қазір бұл айтылғандарға
сену тұрмақ, қалай ғана осылай болатынына түсіну де қиын сияқты.
КОКП нағыз партия-мемлекетке айналған еді. Большевизм социа
лизм тағдыры сайлаудың нәтижесіне, парламентте дауыс беруге
тәуелді болмауы үшін о бастан-ақ бәрін де істеді. Мемлекет «Кеңес
Одағы» деп, парламент «Жоғарғы Кеңес» деп, жергілікті өкімет орган
дары облыстық, қалалық, аудандық кеңестер деп аталғанымен, қандай
да бір мәселені халықпен кеңесіп шешудің ишарасы да жасалмады.
Бірде-бір кеңес органы партия органдарының нұсқауынсыз бірде-бір
қадам аттап баса алмайтын. Тәуелсіз сот туралы әңгіме етудің де жөні
келмейді. Соттар арқа сүйейтін құқықтық нормалардың 70 пайызы
құпиялы күйде сақталғанын айту жетіп жатыр.
Брежнев билігінің бастапқы белесінде халықтың әл-ауқаты аз-аздап
болса да артып отырған еді. Алайда жетпісінші-сексенінші жылдар
да КСРО нарықтық экономика елдерінен біржолата артта қалуға
көшті. Тығырықтан шығудың жолдары дұрыстап іздестірілген де
жоқ. Брежнев қайтыс болғаннан кейін Ю. В. Андропов аппаратқа
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 180 —
ел өмірін өзгерту жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырған екен.
Сонда ұсынылған шаралардың кеуде тұсында Брежневтің кезіндегі
тұрақталып қалған кадрларды ауыстыру, оның барлық туысқандарын,
жарамсақтарын, министрлердің 70–80 пайызын зейнетке шығару
тұрыпты. Осыны жасаса-ақ, талай нәрсе орнына келе қалатын көрі
неді. Андроповтың біз өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамның қандай
қоғам екенін әлі толық білмейміз деген ойы сондай тарөрістілікке
көзі жеткеннен кейін айтылған-ау, әсте.
Андроповтың тәртіп орнату керек дегенін төмендегілер тіпті өрес
кел орындады. Азық-түлік алу үшін дүкен маңында кезекте тұрған
адамдарды тексере бастады. Олардың жұмыс орындарын тастап,
сонда келгені анықталып жатты. Өндірісте тәртіптің бұл жолмен
орнатылуы мүмкін емес еді. Республикаларда тексеру, қылмыс іздеу
басталды.
Ел өзгеріс күткен еді. Қайта құрудың бастапқы қадамдарын қуана
қарсы алған еді. Кәдімгі бір қалың тұман сейіліп, айналамызды ен
ді-енді айқын көре бастағандай болған едік. Екінші жағынан, ондаған
жылдар бойы желдетілмеген бөлменің терезесін айқара ашып кеп
жібергенде, лап ете қалған саяси оттегіден жұрттың басы айналып
сала берді деген сөздің де жаны бар.
Жетпіс жылдай бұрынғы революцияның қажеттігіне, сол рево
люцияның арқасында шыққан ұрандардың негізінде құрылған со
циализмнің дұрыстығына күдік-күмән көріне бастаған кезде елде
қайта құру қолға алынды. Күдік-күмән қалай көрінбесін, егер осын
дай алып мемлекет бар тапқан-таянғанын милитаризмнің өмірі бір
тойып көрмейтін өңешіне тығындай беріп, халқын ішер ас, киер
киімге жарытпай отырса?! Елдің табиғи және еңбек ресурстары біздің
буын-буынымызды әбден босаңсытып бітірген-ді. Экономиканың
экстенсивті дамуының өзі әйтеуір күн көруге жетіп жататын. Мұндай
байтақ елде шаруашылықта кәдуілгі тәртіп орнатудың, ұйымшылдық
пен жауапкершілікті күшейтудің өзі-ақ өмірді өзгерте алатынын сезу
үшін сұңғыла саясаткер болудың қажеті жоқ-тын.
Сұңғыла саясаткерлер елде өзгерістер жасалмай қоймайтынын
анық айтатын. Бізге келіп қайтқан сапарынан кейін Маргарет Тэт
чер мемуарлық кітабында: «Кеңес Одағында өткізген сол күндерім
де коммунистік жүйенің тынысы тарылып бара жатқанын айқын
сезіндім. Ойыма Токвильдің: «Нашар үкімет үшін ең бір қауіпті шақ
реформаға кіріскен кезінде басталатынын тәжірибе дәлелдейді» де
ген қанатты сөзі оралды. Маған ұйымдастырылған жылы қабылдау
да, орыс халқының шынайы ықыласы да, кеңес басшылығының ұзақ
келіссөз кезіндегі құрметі де мұнда терең өзгерістер басталатынын
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 181 —
айғақтайтын. Батыстық блокта Рональд Рейган екеуміз танытып
тұрған бостандық жүйесі бірте-бірте белең алып бара жатты. Мен
бұл елде үлкен өзгерістер болатынын сездім — алайда ол өзгерістер
мұндайлық тез бола қалады дегенді көз алдыма елестете де алған
жоқпын» деп жазған.
Міне, мәселенің мәнісі осында — өзгерістердің мұндайлық тез
бола қалғанында…
Қайта құру идеясын халық қос қолын көтере қолдады. Қазіргі буын
«қайта құру», «жариялылық» ұғымдарының бізге 1985 жылғы сәуір
пленумынан кейін кәдімгі сәуір самалындай ескенін соншалықты
сергек сезіне де қоймайды, әрине. Ал біз көп үміт артқан едік. Сол
үміттеріміздің біреуі ақталғаны анық — адамдарға ақиқатты айту
құқы қайтарып берілді. Мені Қазақстан Компартиясының съезінде
сөз сөйлеп, республикадағы кемшіліктерді қоясын қопара айтуға
итермелеген де осы күш еді.
Шыңына шығып, жеріне жеткен былық-шылық әшкереленіп
жатты. Ой тұсауы ағытылып, тіл шідері шешілді. Адамның жеке
бастамашылдығына жол ашылды. Ел басындағы партия өткеніне
өкініп, қателіктерінен қорытынды шығарып, тіпті айтқанынан қай
тып жатты. Мысалы, Орталық Комитеттің қаулысындағы «қазақ
ұлтшылдығы» ұғымының қате екені ресми түрде мойындалды.
Біздің талап-шағымымыздың бәрі орынды деп табылды, сөйтіп
құжатқа тиісті өзгертулер енгізілді. Ең бастысы — қазақ халқын
ұлтшыл деген айып алынып тасталды, ақылға сыйымды ой мен
әділеттілік салтанат құрды.
Мұның бәрі оңай емес. Жетпіс жыл бойына күндіз-түні бір тын
баған насихат мәшинесінің ықпалы тағы бар. Кеңестік насихаттың
қандайлық күш екенін академик Андрей Сахаровтың өзінің бойында
кеңес насихатынан толық иммунитет болмады деп айтқаны, ол ма
шақаттан мен енді ғана түпкілікті арылып келемін дегені растайды.
КСРО Конституциясынан коммунистік партияның жетекшілік рөлі
көрсетілген алтыншы бапты алып тастау жөніндегі жалғыз ұсыны
сымен-ақ жетпіс жыл билік құрған жүйені жалпасынан түсірген
Сахаровтың өзі осындай күйде болғанда, басқаларға не жорық?..
Менің Михаил Сергеевич Горбачевке көзқарасым кітаптарымда да,
көптеген сұхбаттарымда да жеткілікті айтылған деп ойлаймын. Оның
бүкіл әлемді дүр сілкіндірген ұлы үдерісті бастап берген жаһандық
ауқымдағы реформатор екені ешқандай талас туғызбайды. Горба
чевтің шын мәнінде тарихи тұлға екенін айтудың өзі артық. Қайта
құруды қолға алуға Горбачевті ешкім мәжбүрлеген жоқ. Ол бұл
істі елді өзгерту үшін, халықты өзгерту үшін, сананы өзгерту үшін,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 182 —
демократиялық қоғам құру үшін қолға алды. Бұл істі бастамаған
да Горбачевтің елді кемінде он-он бес жыл емін-еркін басқаратын
дай мүмкіндігі бар еді деп санаушылар да аз емес. Сонымен бірге,
Горбачевтің КСРО-дай алып елді басқаруға шын мәнінде шамасы
келмеді деушілер де жетіп жатыр. Мұндай тұлғаларға нағыз баға
ны тарих беретінін де ұмытпайық. Ал замандастарға келсек, олар
субъективтілікке салынады.
Уақыт өтіп кеткен соң әр саясаткердің ісін бағалау оңай. Бірақ,
көп сарапшылардың сол кездегі ахуалдан сол саясаткердің жеке
басын бөліп алып баға беруі дұрыс емес деп ойлаймын. Ал мен сол
жылдары Горбачевтің де, Ельциннің де қасында, қызметтес болдым.
Қателіктерін жеке кездесулерде де, мінберлерден де айтып жүрдім.
Сондықтан менің бұл кітапта оларға берер бағамды сол кездегі ай
тылғандардың жалғасы деп бағалау қажет.
Горбачевтің үлкен елді ойдағыдай басқара алмау себептерінің бірі
Михаил Сергеевичтің өмірді, халықты онша білмегендігі сияқты.
Оның КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне келген
ге дейінгі өмір жолын шолып қарасаңыз, ешқашан кедергілерге
кездеспегенін көресіз. Өзі көп жылдар жұмыс істеген Ставрополье
өлкесінде оған қиын түйіндерді шешуге тура келген жоқ. Пятигорск,
Ессентуки, Железноводск, Кисловодск сияқты курортты қалаларымен
танымал ол өлкеде Михаил Сергеевич Мәскеуден демалысқа келетін
ел басшыларымен ұдайы кездесуге, өзін танытуға мүмкіндік алды.
Комсомол, партия қызметтерінің сатыларынан өтті. Оның барлық
өмір тәжірибесі сол ғана. Экономикаға үңіліп, түсіну қабілеті аз еді.
Сол кезде елде кез келген нәрсе тапшы бола салатын. Әсіресе,
азық-түлік. Мысалы, бидайды елде бидай жетпейтін, шетелден сатып
алуға тура келетін. АҚШ, Канадамен келісіп, Горбачев олардан бидай
алды. Астық келіп, кеме Балтық теңізінің портына келіп тұрады. Ал
төлейтін ақша жоқ. Әр елден несие сұрап отырғанын Горбачевтің
кабинетінде талай көрдім. Қатты таңғалдым. Елге жаным ашыды.
Міне, қазір Ресей де, біз де астықты экспортқа шығарып жатырмыз.
Ол кезде не болған?
«Таққа отырғанға дейін Горбачев ауыл шаруашылығын басқар
ды. Біздің ауыл шаруашылығымыздың ахуалы жаңа бас хатшының
іскерлік қасиеттеріне соншама үкілі үміт артуға мүмкіндік бере қой
майтын» деп жазған Александр Минкиннің сөзінің жаны бар. Сөз
демекші, сөйлегенде Михаил Сергеевич алдына кісі салдырмайтын.
Соның өзінде де, алдымен өз сөзін өзі тыңдап, өзіне-өзі сүйсінетіні
көрініп тұратын. Профессор-психологтар Горбачевтің тұлғалық
типін нарцисстер қатарына жатқызыпты. Солай шығар. Тек жағым
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 183 —
ды рөлдерді жақсы көретін, сондай бейнелерді ғана келістіре ойнай
алатын актерлер сияқты еді.
Ол көпке дейін социализм идеясынан шыға алмады. Рефор
маның бәрін «социализм с человеческим лицом» деген қағидаға
байланыстырды. Яғни, не оңға, не солға бұрыла алмай — бел ортада
әуре-сарсаң күйге түсті. Қиыншылықтың бәрі Ленин идеяларын, со
циалистік жолды бұрмалаудан, коммунистік саясатты дұрыс жүргіз
бегендіктен деп көпке дейін айта беретін. Батыс басшылары «досым»
деп арқасынан қағып, демократияны үдете түсуге шақырды, ал ішкі
жағдай бірден олай жасауға мүмкіндік бермейтін еді. Оған өз басы
да дайын емес еді. Сөйтіп, алдынан зор қиыншылықтар туды.
Қайта құруға кіріскен кезде Горбачев мұны қалай жүзеге асыраты
нын көз алдына анық елестетпеді деп ойлаймын. Бұл оның осындай
ірі жұмысты қолға алғанда қандай бағыттарға басымдық бергенінен де
көрінеді. Шын мәнінде, ашығын айтайықшы, қайта құру неден бастал
ды? Ішімдікпен күрестен басталды. Сол тұста Қазақстан Үкіметін
басқарған адам ретінде мен алкоголь сатудан бюджетке қандай та
быс келіп тұрғанын жақсы білемін. Одақ бойынша көрсеткіштер де
есімде. 1980–1984 жылдар аралығында ішімдік сатудан шамамен 70
миллиард сом кіріс түскен еді. Ол кез әр сомның доллардан әлдеқайда
құнды кезі. Шаруаға дәл осылайша науқанмен кірісердің алдында сол
ақшаның орнын немен толтырамыз дегенді ойлау керек еді. Орнын
толтыратын ештеңе жоқ болатын. Мұндай науқанның халықтың негіз
гі бөлігіне қалай әсер ететіні белгілі ғой. Бұрынғы ондаған жылдарда
ішімдік бюджеттің бүйірін бұлтитып қана қоймай, кеңес халқының
саяси белсенділігін бұқтырып та келгенін бәріміз білетінбіз. Ал ха
лықтың негізгі бөлігі арақтың кезегінде сағаттап тұрғаннан-ақ, оны
алыпсатардың қолынан анағұрлым қымбатқа сатып ала бастаған
нан-ақ ол шаруаны қолға алған адамға, яғни Горбачевке, сол арқылы
қайта құруға іштей қарсы шығуға бейімделетінін ескеру керек еді.
Оның ешқайсысы ескерілген жоқ. Тарихи тәжірибе де ойға алынбады.
КСРО-ның алғашқы жылдарында бұрынғы «құрғақ заң» тектен-текке
жойылмағанын, оны жоюға бюджет тапшылығы итермелегенін бас
шылық мүлде білмеді деуге бола ма? Әрине, алкоголизммен күресу
керек еді. Бірақ ол жұмысты нақты жағдаймен есептесіп, реалистік
тұрғыдан жүргізу керек еді. Фидель Кастроның: «Менің өмірім» атты
кітабында КСРО-дағы әлгі науқанға қатысты: «Ол елде бұл мәселенің
шешілуі қиын деп ойлаймын; бұған ұзақ-ұзақ уағыз қажет болады,
өйткені орыс халқы арақтың айыру әдісімен қалай жасалатынын
баяғыдан біледі. Мен тіпті Горбачевпен осы жөнінде сөйлескенмін
де» деп айтқаны да бар.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 184 —
Спиртті ішімдіктерді сатудан бюджетке түсетін кірістің бір жыл
дың ішінде екі есе азайып кетуі, сыра өндірісінің төрт есе құлдыра
уы, жүзім плантацияларының құртылуы, ұйымдасқан қылмыстың
алғашқы белгілері — ресейлік арақ мафиясының пайда болуы, спирт
контрабандасының шығуы, бәрінен де бұрын ел халқының қолға
алынған бастамалардың берекесіздігінен түңілуі — осының бәрі қайта
құрудың бастапқы белесте-ақ сүрінуіне әкеліп соқтырды.
Егер билік басындағы адам мәселенің мән-жайын өзі пайымдап,
түсініп алып, артын ойлап кіріспесе, төңірегінде кеңесшілер көбейеді.
Олар елдің халқы ішкіш болып кетті, сондықтан жұмыс істемейді,
жанұялар бұзылып жатыр, ұлтымыздың болашағы жоқ деді. Әсіресе
бұған итермелеген Е. Лигачев деп ойлаймын. Ол өзі ішпейтін адам еді.
Мен мұны білемін. М. Горбачевтің өзі, республикалардың, министр
ліктердің басшылары туралы олай деп айта алмайтынсың. Негізінен
кеңес берушілердің айтқандары рас. Ал бұл шараның экономикаға
әсері қандай? Оны ойламады. Тек осы сәтсіз науқанның өзінен ел
бюджеті 1985–1990 жылдардың арасында құны шамамен 100 мил
лиард долларға тең ақша жоғалтты деп есептеледі.
Ішімдікке қарсы науқанның қандайлық қолапайсыздықпен жүр
гізілгенін «Жизнь и реформы» деген қос томдық мемуарында Гор
бачевтің өзінің де жасырмай жазғаны бар: «Қаулының орындалуын
бақылау Лигачев пен Соломенцевке жүктелді. Іске екі иығын жұлып
жеп кіріскен олар бәрін де абсурдқа апарып аяқтады… Жергілікті
жердегі партия жетекшілерінен, министрлерден, шаруашылық бас
шыларынан спиртті ішімдік өндірісін қысқарту жоспарын «асыра
орындауды» және оны лимонадпен алмастыруды талап етті. «Артта
қалғандарды» жерден алып, жерге салып, жұмыстан қуып, партиядан
шығаруға дейін барды. Экономикаға орасан залал келтірілгеніне қа
рамастан, «графиктен озуға» қол жеткізгендерге теңесуге шақырды.
Біздің қоғам ұзақ уақыт бойы жасалатын тыңғылықты жұмыстан
гөрі «революциялық секірістерге» көбірек бой үйреткен ғой. Алко
гольге қарсы күрес науқаны, өкінішке қарай, әміршіл әдістердің, шаш
ал десе, бас алудың, шолақ белсенділіктің жап-жақсы ойластырылған
істің берекесін кетіретінінің тағы бір күйінішті мысалына айналды.
Дүкендер, арақ-шарап зауыттары жанталаса жабыла бастады, кей
жерлерде жүзімдіктерді отауға да кірісіп кетті. Қаулыда қарасты
рылмаса да, жеңіл шарап өндірісі қысқартылды. Чехословакиядан
сатып алынған сыра қайнататын қымбат бағалы құрал-жабдық тот
басып, тозып бітті. Жұрт жаппай самогон айдауға ауысты. Дүкендер
ден қант құрыды; қант жетпегеннен кейін кондитер өнімдері күрт
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 185 —
кеміді. Содан кейін дүкендерден арзан әтірлер жоғалатын болды,
жұрт енді соны ішуге көшті. Сан түрлі «алмастырғыштарды» пай
даланған соң ауру көбейді. Сағаттап кезекте тұру, қандай да бір атап
өтетін салтанатты жағдай үшін арақтың немесе шараптың бөтелкесін
алудан үмітті күйде қорлана күту адамдардың әбден зықысына тиді.
Бастық атаулының атына айтылмаған балағат қалмады, сондай сөздер
дәстүрлі түрде елдегі шаруаға түгелдей жауапты деп саналатын бас
хатшыға бәрінен көп тиді. Маған «минеральный секретарь» деген
лақап ат осылай таңылды»
Осының бәрі рас. Әтірге байланысты сол кезде шыққан бір әзіл
әңгіме есіме түсіп отыр. Дүкенге бет-жүздері күлгінденіп, көздерінің
алды көгеріп кеткен екі еркек пен бір әйел келеді. Біреуі тұрып: «Екі
«Шипр», бір «Ландыш» беріңіз» дейді. Сатушы тыжырына қарап:
«Үш «Шипр» ала салсайшы» дейді. Сонда әлгі: «Бізді неге ренжітесіз?
Арамызда бикеш бар ғой» деген екен…
Михаил Сергеевич экономикадағы басымдықтарды дәл айқын
дай алмады. Салған беттен жаңа технологиялар сатып алуға, жаңа
қуаттарды іске қосуға ұмтылуға бағыт ұсталды. Әрине, кеңестік эко
номиканың өндірістік қуаттарының тозығы жеткені рас еді. Оларды
ауыстыру керек еді. Әйтсе де, жаңа технологиялардың жаңа өнім
дер бере бастауына дейін көп уақыт өтетіні ескерілмеді. Ал кеңес
еліндегі ең қиын мәселе азық-түліктің, тұрғын үйдің, тауарлар мен
қызметтердің жетіспеуі, яғни халықтың материалдық әл-ауқатының
төмендігі болатын. Бүкіл әлемде ұлттық табыстың 70–80 пайызы
тұтынуға жұмсалады, қалған бөлігі ғана қор жинауға бағытталады,
ал бізде бәрі төңкеріліп түскен еді. Шынтуайтында, адамдарға керегі
миллиондаған тонна мұнай да, болат та, көмір де емес, солар арқылы
келетін тұрмыстық жақсылықтар — жақсы пәтер, жайлы көлік, жа
расымды киім ғой. Кедейлік жағдайында жариялылықтың өзі көңіл
толмаушылықты күшейте түсетіні ойластырылмады. Демократия
ны дамыту қарқынында да асығыстық орын алғаны анық. Бұл істе
шектен шығудың қатері ерекше. Горбачевтің қайта құру саясатының
сәтсіздігі — саясатты экономиканың алдына шығарудың қандайлық
зардаптарға соқтыратынының айқын айғағы.
Әр нәрсені сырттан сөз ету, сынау оңай, ал іс жүзінде орындау қиын.
Қанша айтсақ та, Горбачев саясатта, экономикада тығырыққа тірелген
елдің бетін бері бұрып, жаңа жолға салуға тырысты. Бұл — анық. Жа
риялылық келді, еркіндік орнай бастады. Оны ұмытпауымыз керек.
Тәуелсіз мемлекеттердің келуіне де қозғау салған күш — қайта
құру.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 186 —
ЕКІ ҚОШҚАРДЫҢ БАСЫ…
М. С. Горбачев туралы жазылған кітаптардың арасындағы ең
ерекшесі америкалық танымал тарихшы, саясаттанушы, Пулитцер
сыйлығының лауреаты Уильям Таубманның «Горбачев. Его жизнь
и время» атты кітабы болып көрінеді. Кітаптың қайта құру жыл
дарындағы Горбачев пен Ельциннің қарым-қатынасын сипаттауға
арналған тарауының тақырыбы — «Два скорпиона в банке». Орыс
халқында «Два медведя в одной берлоге не живут» деген сөз бар.
Мұның қазақы ұғымға қайырғандағы түрі — «Екі қошқардың басы
бір қазанға сыймайды» деген мақалымыз.
Негізінде саясат Горбачев үшін белгілі бір дәрежеде мақсаттың
өзіне айналып кеткендей де әсер қалдырады. Шын мәнінде, Горбачев
басты қарсыласы ретінде Ельцинді қолдан жасап алды десе де бола
ды. Оны Свердлов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы
қызметін атқарып тұрған жерінен елпілдетіп-желпілдетіп, сонау
Сібірден Орталық Комитетке алып келді. Әкелме дегендерді тыңда
мады. Мәскеуге, ОК аппаратына құрылыс бөлімінің меңгерушісі
қызметіне шақырғанда Н. И. Рыжковтың: «Басыңызға бәле болады»
дегенін М. С. Горбачев «Остаюсь оптимистом» атты кітабында жазған.
Күмән айтылғаннан кейін Горбачев кадр мәселесіне жауапты хатшы
Е. К. Лигачевті Свердловскіге арнайы жібереді де, ол: «Ельцин — нағыз
бізге керек адам. Білімі де бар, мінезі де бар. Ауқымды қызметкер,
істі алып кетеді» деп келеді. Ақыры Горбачев Ельцинді Мәскеуге
әкеліп қана қойған жоқ, аппаратта аз уақыт жұмыс істегеннен кейін
ОК хатшысы етіп сайлаттырды, көп ұзамай Мәскеу қалалық партия
комитетінің бірінші хатшысы қызметіне апарды. Бұл тағдыр дегенді
қойсаңызшы, сөйтіп, Горбачев өзіне қарсы шығатын адамды өзі сонау
Сібірдің түкпірінен тауып алып, суырып әкелген еді. Ақыр аяғында
өзі оны Мәскеу қалкомының бірінші хатшылығынан босату жөнінде
шешім қабылдады.
Сол кезде КСРО Жоғарғы Кеңесінің ішінде бір топ оппозицио
нерлер қалыптасқан. Олар Горбачевтің беделі түсе бастағанын сезіп,
оған қарсы шығуға бет алды. Сол топқа жетекші бола алатын адам
іздеп жүргенде Ельцин мен Горбачевтің арасы суи бастағанын көрді
де, Ельциннің қолтығына су бүркіп, тайталасқа түсуге үгіттеді.
1987 жылғы күзде Ельциннің қызметтен кетуге өтініш жазғаны
белгілі. Өтінішін қарауды Горбачев келесі пленумға қалдырған. Сол
пленумда Ельцин қайта құрудың қарқынына қатысты болмашы ғана
сын айтқан. Оған сөз бергізбеу де қолында тұрған. У. Таубман былай
деп жазады: «Күн тәртібінің негізгі мәселесі Горбачевтің революция
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 187 —
мерекесінің мүшелтойының құрметіне жасайтын баяндамасын талқы
лау еді. Пікірлерін жазбаша түрде беруі үшін баяндама мәтіні пленумға
қатысушыларға алдын ала таратылған, сондықтан енді залдан шығып
сөз сөйлеу күтілмейтін. Алайда Лигачев мұндайда дәстүрлі-мезірет
түрінде айтылуы тиіс «Жарыссөз ашпайтын болармыз?» деген сөзді
қосқан. Залдан ыққа жығылып, көне кететін дауыстар шыққан. Сол кезде
Ельцин қолын қорғалақтай көтерді де, қайта түсірді. Горбачев байқап
қалыпты: «Міне, Б. Н. Ельцин бірдеңе айтпақшы». «Ал онда келіңіз
дер, шешейік: пікірталас ашамыз ба?», деді Лигачев. Залдан «Жоқ!»
деген қатты дауыстар тағы естілді. «Ашпаймыз», деді Лигачев. Ельцин
орнынан сәл тұра берді де, қайтадан отырды. Горбачев тағы бастады:
«Ельцин жолдас сөз сөйлемекші». Лигачев Ельцинді мінберге шақырды».
Ельциннің сондағы сөзінен улыған-шулыған жасайтын да ештеңе
жоқ еді. Ол негізінен Лигачевті сынаған, жөнді-жөнсіз ұрса беретінін
айтқан, қайта құру барысында қағазбастылық қарқын ала бастағанын
мінеген, Саяси бюро мүшелерінің кейбірінің тарапынан Бас хатшы
ның атына артық мадақ көбейгенін атап көрсеткен, «жолдастықтың
демократиялық түрлері орныға бастаған қазіргідей кезде» бұған жол
бермеу керектігін алға тартқан. Бас жарып, көз шығармаған. Өзара
сынды өрістетуге шақырып жатқан Горбачевтің өзі. Ал содан басталды
деңіз! Жиырма бес адам сөйлеген, пленум тағы бес сағатқа созылған.
Бәрі дерлік Горбачевті ақтаған, бәрі дерлік Ельцинді даттаған. Шевард
надзе тіпті Ельцинді «сатқын» деп атаған. Бітіп тұрған пленумды әрі
қарай жалғастыртып, төрағалықты да өз қолына алып, сонша адамға
сөз берген, Ельцинді қайта құрудың басты қарсыласындай етіп шыға
рып, одан күрескер жасаған Горбачевтің өзі. Жалпы, ойлап отырсақ,
Борис Николаевичті көкке көтерген де Горбачевтің өзі ғой. Ол өмірге
әкелген сөз бостандығы болмаса, негізінен жұртқа жақсыатты көріну
ге, яғни популизмге арқа сүйейтін Ельцин феномені де болмас еді.
«На Руси любят гонимых» — ежелден келе жатқан сөз. Кім
қыспаққа түссе, соны жақтай қалатын әдет тек Ресейде емес, барлық
елде бар. Жаңағы адамның айтып жүргені, істеп жүргені дұрыс па,
бұрыс па — жұрттың онда шатағы шамалы. Обал болып кетпесін
дейді де, қорғаштай бастайды. Мәскеуліктер Ельциннің қалалық
партия комитетінің бірінші хатшылығынан босатылуына дәл осы
лайша қарады. Бұл мәселені көтерген де, қызметтен кету жөніндегі
өтінішін жазған да, ол өтінішін қарай қоймағанда пленумда қайтадан
қозғаған да Ельциннің өзі екені айдалада қалды. Жұрт енді Ельцинді
жақтауға ауысты. Бұл кезде халық Горбачевтің сылдыр сөзіне тойып
болған-ды. Оның үстіне билікке ондаған жылдар бойы айта алмай
келген сөзді айтудың, тіпті ашық қарсылық білдірудің сәті түсіп
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 188 —
тұрған еді. Ельциннің есебі дәл шықты. Мәскеу қаласындағы № 1
сайлау округінен КСРО халық депутаттығына түскенінде ол өзінің
басты қарсыласы — Лихачев атындағы автокөлік зауытының (ЗИЛ)
директоры Евгений Браковтың быт-шытын шығарып, 89 пайыздық
дауыспен жеңіске жетті. Кейін Ресей президентінің сайлауына
түскенінде Ельцин 57,3 пайыз дауыс алды. Ол сайлауға оншақты
адам қатысқанын, негізгі үміткер — КОКП Орталық Комитетінің
Саяси бюросынан бастап, зауыттағы цех парткомының хатшысына
дейін қолдаған, бүкіл БАҚ біткен жабыла жақтаған, қосыла мақтаған
КСРО Үкіметінің басшысы Николай Рыжков небәрі 16,8 пайыз дауыс
алғанын ескерсек, бұл ерен көрсеткіш еді. Мұның бәрі елдің Ельцин
ді соншалықты жақсы көргенінен емес, сөзі мен ісі ажырап, беделі
түскен Горбачевті жек көре бастағанынан еді.
Иә, ақиқатын айтқанда, депутаттық сайлауда да, президенттік сай
лауда да мәскеуліктер болсын, жалпы ресейліктер болсын, Ельцинге
қолдауын көрсету үшін емес, Горбачевке қарсылығын таныту үшін
дауыс берді. Сайлау демекші, Горбачевтің тағы бір қателігі — қайта
құрудан жұрт үміті үзілмей тұрған кезде, демократиялық өзгеріс
терден көп нәрсе күтіп тұрған кезде президенттікке бүкілхалықтық
сайлау жолымен сайланып алмағаны. Бұл ұсынысты да өзіне талай
айтқан едік. Мұның зардабын ол кейін көп тартты. Әсіресе, барлық
республикаларда президенттік сайлаулар бүкілхалықтық дауыс беру
жолымен өткеннен кейін ондай мандатты депутаттардың қолынан
ғана алған Горбачев билігінің легитимдігіне едәуір сызат түсті. Оны
өзіміз нақты сезінетінбіз.
Ол әртүрлі лагерлердің арасында арлы-берлі жүрумен болды,
басы қосылмайтын нәрселердің басын қосуға, өзіне атымен қарсы
адамдарды қалайда өз жағына тартуға тырысты. Сөйтіп, ақыр аяғын
да, оны оң жағындағылар да, сол жағындағылар да тастап кетті, ең
жақын тартқан адамдары тіпті сатып кетті. Мұндайда солай болады.
Саясаткерлерде бұрыннан келе жатқан нақыл сөз бар. Саясаткер
қайткенде де өз партиясымен, өз жақтастарымен аяғына дейін бір
болуы керек. Егер жеңсең — жеңдің, тіпті жеңілсең де халықтың
30–40 пайызы қолдайды, сонда да сыйлы күйде қаласың. Адамның
тұлғасының тұтас құйылмауы әрқашан осындай жағдайға жеткізеді.
Кез келген басшы дербес, батыл болуы керек, ал КСРО-дай алып ел
дің басшысына мұндай қасиет ауадай қажет. Горбачев бетсіз, дөрекі
адам емес еді. Интеллигент болатын. Оған Ельциннің адуындылығы,
ымырасыздығы жетіспей тұратын.
Сол кездегі дағдарыстың бар себебін қоғамдық жүйеге сүйей са
лудың жөні келмейді. Дағдарыстың басты себебі үкімет жіберген
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 189 —
қателіктерде еді. Елде дағдарыстан шығудың жолдарын ұсынған
ақылды, ойлы экономистер мен саясаткерлер аз болған жоқ. Әттең,
олардың көбін орталық қажет етпеді. Соған әлі күнге таң қаламын.
Горбачев төңірегіне ондай адамдарды жинай алмады.
Орталықтың нақты жағдаймен санаспауы, біліксіз қабылданған
шешімдері Горбачев пен Ельциннің арасын тіпті ашып жіберді. Мен
осы екі тұлғаның басы сыйыспауына кәдімгідей алаңдадым. Екеуінің
де өзіндік әлеуеті жеткілікті. Бір-бірін толықтыруы тиіс адамдар еді.
Елге де керегі сол. Екеуі екі жаққа тартты да тұрды. Мен қолымнан
келгенінше олардың ұстанымдарын жақындатуға тырыстым. Гор
бачевпен де, Ельцинмен де ара-қатынасым жақсы еді. Талай рет
үшеулеп отырып та сөйлескенбіз. Әне-міне тіл табысатындай болады
да, қайтадан ерегес жолына түсіп кетеді. Сол тұста маған ол екеуінің
қайсысына бүйрегіңіз көбірек бұрады дегендей арандату сұрақтары
да қойылып қалатын. Ондайда мен екі лидердің де саяси, адамдық
қасиеттерін жоғары бағалаймын, әйтсе де олардың тіресуі тым алысқа
кетіп қалды, енді тіл табыспайтын да сияқты, мұндай жағдайда мен
мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ететін жақты қолдаймын
деген сыңайда барынша дипломатиялық тілмен жауап қайтаруға ты-
рысатынмын. Ақыры, бұл текетірес әбден асқынды. Борис Николаевич
жыл басында теледидардан тікелей эфирде сөз сөйлеп, М. С. Горба
чевтің ұстанымынан, саясатынан алшақтайтынын ашық айтып, оның
отставкаға кетуін талап етті. Оның алдында мұндай талапты КСРО
халық депутаты Сажи Умалатова да айтқан. Ол үндеуге 400 депутат
қол қойған. Михаил Сергеевичтің абыройы партияның өз ішінде
де тіпті төмендеді: 1991 жылғы сәуірде өткен Орталық Комитеттің
пленумында елдегі облыстық партия комитеттерінің 75 бірінші хат
шысының 45‑і Горбачевтің КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы
қызметінен кеткенін қалайтындарын айтқан еді. Орталық Комитет
пленумдарының жөнді-жөнсіз жиі шақырылғаны (1989 жылы 8 пле
нум өткен!) жұртты мезі етіп жібергені де бұған әсер етті.
Горбачев беделінің мықтап түсуі сол кезден басталды. Горбачевтің
беделінің түсуі Ельциннің беделін көтере бергені белгілі. Жұрт рефор
маны жиып қойып, осы екеуінің текетіресі немен бітетінін күтуге көшті.
Ресей тарихындағы (тек оларда ғана емес) бірінші басшыға қарсы
шығу ерлік белгісі деп санайтын қағида бұл арада да өз ісін істеді.
Ельцин… Бұл тұлғаның жұмбағы жетіп артылады.
Ресей Президенті В. В. Путин «Жизнь замечательных людей» серия
сымен жарық көрген Борис Минаевтың «Ельцин» атты кітабының
алғы сөзінде: «Бұл тұлғаның ауқымын жеріне жеткізе айту қиын. Ең
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 190 —
бір қайтпас қарсыластарының өзі оның бойынан кез келген саясат
керді абыройға бөлейтін қасиеттерді тауып, мойындауға мәжбүр. Ол
ешқашан жауапкершілікті басқаның иығына аударып салған емес,
бәрін өз мойнына алатын және мұны ерегесіп тұрып жасайтын. Ол
не істесе де, жанын сала істейтін, ынты-шынтымен, толық берілетін».
Келер ұрпақ қалыптастыратын пікірге бүгінгі буынның берер
бағасы арқау етілетіні талассыз.
Көп жыл жақын араласып-құраласқан Борис Николаевич туралы
кейбір ойларымды ортаға салуым артық болмас деп отырмын.
Ельцин РСФСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметіне сайланған
нан кейін оның Горбачевпен тіресуі басқаша сипатқа ауысты. Бұл
тіресудің аяғы КСРО атты державаның ыдырауына алып келді. Әри
не, мемлекетті екі адам құлата салмайды. Әсіресе, Кеңес Одағындай
мемлекетті. Экономикалық жүйенің нарықтық елдермен бәсекеге
шыдас бермеуі, бірпартиялы саяси жүйенің демократияны дамыта
алмауы, қарулану жолындағы жанталас, қоғамдық меншіктің адамдар
бойындағы жеке бастамашылдықты бұқтырып ұстауы… — КСРО-
ның құлауына себеп көп.
Кеңестік кезеңді көксеушілердің бар бәлені Горбачевтің билік
басына келуінен көретін ұшқары пікірлеріне назар аудармаса да
болады. Сонымен бірге, Михаил Сергеевичтің қайта құруды өмір
шең өрістете білмеуі, мемлекеттің федералдық сипатын ескермей,
республикалардың құқын орынсыз шектеуі, сөйтіп, орталықтан бас
ала қашатын көңіл күйді күшейтіп жіберуі ақыр аяғында қайта құру
саясатына сенімді азайта түсті. Қайта құруға сенім азайған сайын оны
бастаушыға қарсы шыққан адамға, яғни Ельцинге сенім арта түсті.
Горбачевке Ельциннің қысастығы, әрине, ол РСФСР президенті
болып сайланғаннан кейін тіпті зорайды. Инаугурациядан соң он
күн өте салысымен Ельцин қол қойған алғашқы жарлықтардың бірі
«РСФСР-дің мемлекеттік органдары мен мекемелерінде саяси пар
тиялар мен бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың қызметін тоқтату
туралы» деп аталды. Былайша айтқанда, бір жарлықпен-ақ Ельцин
Ресейді партиясыздандырып жіберді. Жарлықтың КСРО Конститу
циясына қайшы келетініне қарамады да. КОКП-ны негізгі тірегінен —
Ресей коммунистерінен айыру оның тамырына балта шабудың дәл
өзі еді. Ельцин бұл қадамы арқылы Горбачевті бір сәтте армиясыз
қалған генералға айналдыра салды. Бұған себеп — Ресей коммунис
терінің іріткішілдігі. Елдің ырың-жырыңын шығаруды ортақ бір
партияның ұлттық-республикалық пәтерлерге бөлінуі бастап берді.
Ресей Компартиясын құру — дәл сондай қадам. Александр Дзасохов
«Как много событий вмещает жизнь» атты кітабында бұл қадамға
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 191 —
байланысты «Әу бастан интернационалистердің біртұтас партиясы
болып құрылған КОКП конфедералистер партиясына айналды» деп,
ащы да болса, анық айтқан.
Әлемдегі бірде-бір партия аппараттың жұмысы жағынан да,
ұйымдастырушылық мүмкіндіктері жағынан да КОКП-ға маңайла
са алмайтын. Оның біртұтастығына қатты соққы берген оқиға, жаңа
айтқанымдай, Ресей Компартиясының құрылуы. «Басқа республи
калардың бәрінде өз компартиясы бар, елдегі ең ірі республикада өз
компартиясы жоғы қалай?» дегенді шығарып, ақыры өз компартия
сын құрып тынды. Дұрысында сол алып елдің ұйытқысы РСФСР еді
ғой! КОКП басшылығының өзі де тұтастай дерлік сол республиканың
адамдарынан құралатын. Мысалы, КОКП Орталық Комитеті Саяси
Бюросының мүшесі болған Қонаевтың өзі сол Бюроның маңызды
отырыстарына шақырылмайтын. Съездер алдындағы, пленумдар
алдындағы отырыстары болмаса.
Жалпы, Ресейде кешегі кеңестік кезеңді көксейтіндер көп. Елде әлі
күнге компартияның едәуір ықпалды екені де сондықтан. Шынтуай
тында, Одақты ыдыратуды бастаған сол ресейліктердің өзі. Алдымен
өз алдына компартия құрып, орталықтанған жүйені әлсіретті, одан
кейін РСФСР-дің егемендігін жариялап, тәуелсіздік алды. Генна
дий Бурбулис: «Біздің стратегиямыздың мәнісі мынада еді: Борис
Ельцин РСФСР басшысының қызметі жолындағы күреске нақты
ұстаныммен — Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
қабылдауға қол жеткізу үшін түсуге тиіс болды» деген. Сонда олар
кімнен тәуелсіздік алды десеңізші? Кремльден, Горбачевтен алдық
демесе, дербестік алып шығатын басқа ешқандай орын, ешқандай
адам жоқ еді ғой? Ельциннің Горбачевпен текетіресі болмағанда
Кеңес Одағы сол күйінде тұра берер еді деудің жөні келмейді. Тарих
тегершегінің айналысы, ерте ме, кеш пе, саяси және экономикалық
жүйенің тоқырауына әкеле жатқан. Бірақ бұл қоғамды реформалау
үмітсіз іс еді деген сөз емес. Екі басшының басы піспеуі ел өмірін
өзгерту талабын тасқа соқтырды. Е. М. Примаковтың «Встречи на
перекрестках» атты кітабында бір саясаттанушының авторға айтқан:
«Білесің бе, егер Ельцин партияның бас хатшысы болып сайланғанда,
партия қоғамдағы маңызы мен орнын сақтап қалар еді» деген сөзі
келтірілген. Ол да мүмкін. Ельциннің билік атаулыға құмарлығынан
бәрін де күтуге болатын.
Обалы не керек, М. С. Горбачев ретті жерінде мені қолдап отырды.
Бұл арада оның мені Б. Н. Ельцинмен күресінде сенетін тірек көрмек
ойы да жоқ емес еді. Қандай ниетпен ойға алғанда да, мені өзіне
жақын ұстағысы келгені рас.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 192 —
Александр Дзасоховтың жоғарыда аталған кітабында «Алма-Ата.
Доверительная миссия» деген тарау бар. Тарау «1990 жылдың күзінде
Горбачев менен Алматыға жол жүруімді және Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың КСРО вице-президенті қызметіне келісімін алып ке
луімді сұрады. Михаил Сергеевич өзінің бұл ниетін Назарбаев жа
нымда болса екен деген тілегімен түсіндірді. Ол кезде вице-президент
лауазымын енгізуді Горбачев мемлекеттік басқару жүйесін нығайту
дың шешуші қадамдарының бірі ретінде қарастыратын. Нұрсұлтан
Әбішұлы кандидатурасының таңдалуының негізгі сендірерлік дәлелі
алып республиканы табысты басқару тәжірибесін экономикалық
және саяси ақиқат болмыспен ұштастыра білуі еді. Назарбаевтың
біздің көпұлтты мемлекетіміздің өзіндік табиғатын жақсы түсі
нетіні де маңызды болатын» деп басталады. Мұнан кейін автордың
бұл миссияға құлшына кіріскені айтылады. Горбачевтің кітабында:
«Назарбаев туралы ойладым, бірақ оның орнын Қазақстанда баса
алатын адамды таппадым. Ойлануға уақыт қалмады, сол кезде Янаев
«қолға түсе кетті». Қатты қателескен жерім сол!» деген жолдар бар.
Мемлекеттегі екінші лауазымның мәселесін «қолға түсе кеткен» кан
дидатура бойынша шеше салған соң не дерсіз!
Иә, Жоғарғы Кеңестің отырысында КСРО вице-президенттігіне
менің кандидатурамды одақтық республикалар, автономиялардың
көпшілігі ұсынғаны рас. Егер мен дауысқа салу тізімінен өз фами
лиямды өз еркіммен алмасам, өтіп те кетер едім. Өйткені бұл кезде
Горбачев айналасындағы адамдардың біразынан айырылып қалған
еді — Громыконы, Әлиевті Саяси бюродан шығарды, Лигачевті ка
дрлармен айналыспайтын етіп, ауыл шаруашылығына жіберді,
өзіне ең жақын деген Шеварднадзе мен Яковлев одан теріс айнала
бастады. Сол кезде ол маған қолқа салуды күшейтті. Шынтуайтында,
мәселе маған ол қызметтің ұсынылуында немесе менің ол қызметке
келісу-келіспеуімде де емес. Мәселе алдымен сол қызметтің керекті
немесе керексіздігінде. Маған «Правда» газеті 1990 жылдың аяғын
да сол қызмет жөнінде нақты сұрақ қойған. Мен ол сұраққа нақты
жауап қайтарғанмын. Вице-президент лауазымын Президенттің
көмекшісіндей көретінімді айтқанмын. «Сол вице-президенттің не
үшін керектігін білмеймін. Егер біз Федерация кеңесін елдің ішкі
және нағыз өміршең, пәрменді орган етіп құратын болсақ, егер Фе
дерация кеңесінің шешімдері барлық аумақтарда міндетті етілетін
жарлықтармен ресімделсе, онда вице-президент немен айналысады?
Егер оған Конституцияны өзгерту жобасындағы рөл тисе, онда бұл
кезекті көмекшілік қызмет. Мен өзімді ондай құрылымда елестете
алмаймын» дегенмін.
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 193 —
Михаил Сергеевич кейінірек те маған деген дұрыс көңілін үнемі
көрсетіп жүрді. Жылдар өткен соң: «Мен Нұрсұлтан Назарбаевты
республикалық және жалпыодақтық ауқымдағы қайраткерлердің
қатарынан дәйім бөлек қарайтынмын. Менің ойымша, оның бойында
біздің заманымыздың нағыз патриоттары мен интернационалистері
нің, әлемді қозғалыс үстінде көре алатын, толғағы жеткен өзгерістерге
сындарлы ықпал ете алатын адамдардың көптеген жақсы қасиет
тері тоғысқан. Жаңа Одақтық шартқа қол қоярдың алдында менің
жаңарған Одақтың үкімет басшысы қызметіне ең лайықты тұлға
Нұрсұлтан Назарбаев бола алар еді деп сенгенім сондықтан. ГКЧП
авантюристерінің 1991 жылғы тамыздағы астыртын сөз байласуы бұл
ойымды жүзеге асыруға кедергі келтірді» дегені де бар. Өзің туралы
жақсы сөзін айтып жүрген адам жайында сын пікір жазудың ыңғай
сыз екенін біле тұра, осы кітаптың әр жер-әр жерінде Горбачевтің
қызметіне теріс баға да беруге тура келеді. Амал жоқ, шындық ай
тылуы тиіс. Горбачев — күнгейі мен көлеңкесі тең түсетін күрделі тұлға.
Михаил Сергеевичтің маған жасаған екі ұсынысының ең елеулісі —
КСРО Премьер-министрі болу. Бұл өте жоғары сенім еді. Горбачевтің
экономиканың бетінен қалқитынын білгендіктен де, бұл ұсынысты ел
өмірін өзгертудің нақты мүмкіндігі ретінде қараудың жөні бар. 1990
жылдың аяғы. Премьер Рыжков отставкаға кеткен. Экономикалық
ахуалдың әбден нашарлаған кезі. Не істеу керек? Өз республикамыз
да да жұмыс көп. Әрине, мемлекет басшысына «жоқ» демедім. Не
гізінде, барғым келмеді. Бұл түйінді қалай шешуге болады? Амалын
тапқан сияқтымын. Мен егер Үкімет төрағалығына кірісуге келіссем,
онда ең алдымен барлық республикаларда болып шығуым керек,
олардың парламенттерінің осы тағайындауға келісімін алуым ке
рек, экономикалық реформаларды алаңдаусыз жүргізетіндей кең
өкілеттілік қолыма берілуі керек дегенді айттым. Мұны сол кездегі
ахуалдың өзі талап ететін. Бір республикалар Орталықты қолдады,
біреулері қолдамады. Бұл жағдайда парламенттердің келісімі үкімет
тің жұмысын қолдауды білдіретін. «Олар менің тағайындалуымды
мақұлдаған жағдайда, маған бірқатар тосын шараларды қабылдауға
тура келеді. Сондықтан мен бүкіл экономикалық саясат тізгінін қо
лымда ұстауым керек, шешімдерді үкімет қабылдауға тиіс дегенді
де айттым. Михаил Сергеевичтің түрі өзгеріңкіреп кетті. «Сонда мен
істейтін не қалады?» деді. «Сіз президент болып қаласыз. Сіз ішкі
және сыртқы саясатпен, халықаралық қатынастармен айналысасыз.
Біз экономикамен шұғылданамыз да, өз жұмысымыз жөнінде сізге
баяндап тұрамыз» дедім. Ол кісі үнсіз қалды. Әрине, Горбачевтің өз
өкілеттігін өз қолымен шектеуге келіспейтіні белгілі. Оны білетінмін.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 194 —
Әдейі айттым. Горбачевке менің ол қызметке республикалар пар
ламенттерінің қолдауына ие болған соң ғана кірісе аламын дегенім
де ұнамады. Мұндай жағдайда премьердің легитимдігі анағұрлым
арта түсетін еді.
Рас, Горбачев мұндай ұсынысты кейін тағы бір рет жасады. Оның
жай-жапсарын реті келген тұста жазармын…
Иә, коммунист ретінде де, саясатшы ретінде де Горбачев мұндай
терең өзгерістер жасаймын ғой деп ойлаған жоқ. Көп адамның па
йымдауынша, ол тек ішкі саяси жүйеге жекелеген түзетулер енгізіп,
«қырғи қабақ» соғысты әлсіретіп, «тарихи тұлға» ретінде де атын
шығаруды мақсат етті. Егер осындай минимум бағдарлама тұрғы
сынан келер болсақ, Горбачев батыс саясатшыларының, әсіресе өз
«әріптестері» — мемлекет басшыларының қалтқысыздығына қат
тырақ сеніп қалғанға ұқсайды. Бұл жағынан, Горбачев пен оның
төңірегінің М. Тэтчер, Р. Рейган, Дж. Буш және басқа Батыс саясат
керлерімен тым тез, тым біте қайнасып кеткенін жаңаша зерделеуге
тура келетін шығар. Менің байқауымша, тарихта тек реформатор
ғана емес, әлемдік деңгейдегі саясатшы күйінде қалғысы келген Гор
бачевтің ішкі пиғылы да талай нәрсеге түрткі салған сияқты. Оны
кейбір ұсақ-түйектердің өзінен-ақ айқын аңғаруға болады. Мен оның
Батыс көсемдерімен телефон арқылы талай сөйлескенінде қасында
тұрдым. М. Тэтчермен өз адамындай, Бушпен ішек-қарны арала
сып кеткен өз досындай боп көрінуге қатты тырысатын. Бірде ол
кабинетінде мен отырғанда, телефонды қолына алып жатып: «Қара
да тұр, қазір мен оған Джордж деймін, ол маған Михаил дейді», —
деп ескертті. Бұған өзі қатты мәз болатын. Біз онысын түсіне алмай
тынбыз. Сөйтіп жүргенде досы Джордж Буш Белая Вежа келісімі
бойынша президенттігінен айырылып қалған мәскеулік әріптесі
Михаил Сергеевичке тіпті телефон соғып, ниеттестігін білдірген де
жоқ. Оның есесіне, Борис Ельцинмен телефон арқылы ұзақ сөйлесіп,
мемлекетте мәңгілік достар болмайтынына, мәңгілік саяси мүдделер
ғана болатынына көзімізді тағы бір жеткізді.
Саясатта талай нәрсеге куәмін. Мысалы, Шеварднадзе АҚШ басшы
ларына өте сыйлы болды. Германияны біріктіріп берген, Ауғанстан
нан кеткен еңбегі бар ғой. Әсіресе АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы
Дж. Бейкер маған «Ол кісі менің ескі досым» дейтін. Сол Шеварднадзе
биліктен айрылып, далада қалғанда ескі досының халін де сұраған жоқ.
Енді мына парадоксқа қараңыз: Горбачевті сол күндерде өзі
таңдаған, биік лауазымдарға тағайындаған адамдары… сатып кетті,
керісінше — Горбачевті сол күндерде өзі қызметтен алған, саясаттан
қуып тастаған адамы… құтқарып қалды.
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 195 —
ТАРИХ ТӘЛКЕГІ
1991 жылдың сәуір айында менен Италияның «Ля Стампа» басылы
мы сұхбат алып, «1993 жылы, президенттік мандаты біткенге дейін
Горбачев билікті қолдан шығарып алмай ма?» деген сұрақ қойған.
Ол сұраққа бұл оның өзіне байланысты екенін, оның мүмкіндігі биыл
тарылып тұр деп ойлайтынымды айтқанмын. Егер ол шешуші бет
бұрыс жасаса, өкімет билігін қолына нық ұстап, тұрғындар көңілінен
шығатын бағдарламаны ұсынса, істі жүргізе бастаса, жеңіске жетер де,
ал олай етпеген жағдайда 1991 жыл ол үшін соңғы жыл болуы ғажап
емес деп жауап қайтарғанмын. Айтқаным айдай келді. Бірақ бұл менің
көріпкелдігімнен емес. Оқиғалардың даму барысына талдау жасай
отырып, сол кездегі үдерістерді ой елегінен өткізіп барып айтқаным.
Одақтық биліктің елдегі қоғамдық-саяси ахуалды бақылаудан ай
рылып қалғаны 1991 жылдың басында көкірегінде көзі бар әр адамға
бадырайып көрініп тұрған еді. Вильнюсте қан төгілгеннен кейін ел
жұртшылығы да, Батыс әлемі де Михаил Сергеевичтің не дейтінін күтті.
Ел президенті парламентте өзінің ол оқиғадан «хабарсыз» қалғанын
мәлімдеді… Мұны сол күндері Балтық бойына тез жетіп, бір сұхбат
тан кейін бір сұхбат бере бастаған Ельцин жақсы пайдаланып кетті.
1991 жылы Кеңес Одағының ғана емес, бүкіл әлемнің тағдырына
әсер еткен аса маңызды оқиғалар орын алды. Жылдың басынан-ақ
жайсыз хабарлар жан-жақтан жетіп жатты. Бір жағынан, әкімшіл-
әміршіл жүйенің қирап бітуімен, екінші жағынан, нарықтық қатынас
тардың жоқтығынан өндірістегі дағдарыс тіпті тереңдей түсті. Баға
ның бәрін белгілеп, бекітіп қойғаннан кейін дүкендердегі тауардың
тапшылығы бұрынғы күйінде тұрды. Базардағы, кооперациядағы
баға аспандай берді. Колхоздар мен совхоздар мемлекетке астық
сатуға мүдделі болмауға айналды. Содан барып шетелден астық
сатып алуға бөлінетін валютаның көлемі тіпті көбейіп кетті. Қыр
сыққанда қымыран іриді дегендей, дәл сол жылы әлемдегі мұнай
бағасы да күрт түсті.
Басқасы аздай, сол кезде «заңдар соғысы» деген де шықты. Өзге
республикаларды былай қойғанда, РСФСР-дің өзінде КСРО заңда
рына қайшы келетін заңдар қабылдана бастады. Ресейдегілер бір
заң бойынша зейнеткерлердің бәріне жоғары төлем белгіледі. Ол
ақшаның қайдан табылатыны ескерілген жоқ. Жаңағы шешімнің
КСРО-ның басқа республикаларындағы халыққа қалай әсер ететіні
қаперге алынған жоқ. Қалай әсер ететіні белгілі — «Әне, Ресейде өзінің
зейнеткерлеріне көп зейнетақы белгілеп жатыр. Біздің олардан неміз
кем?» дейтіндер шығады. Ресейдің жоғарылатылған зейнетақыны таба
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 196 —
алмай титықтап тұрғанын, ол ақшаны өзге салалардан жұлмалауға
мәжбүр етілгенін мына жақта бәріміз көріп отырдық. Көзге ұратын
қиғаштықтарды амалдың жоғынан айттық та.
КСРО халық депутаттарының ІV съезінде былай дегенмін:
«Демократияландыру туралы әсем сөздердің сірнесіне қақалған
еліміздің ырзық іздеп, Еуропаның бай «дастарқандарына» телміре
бастауына мәжбүр еткен саясатпен келісе алмаймын.
Жәбір шегіп, қорлық көрген халық мынаны сұрауға хақылы: біздегі
мәшине жасау саласын жаңғырту жөніндегі уәденің және сонша
лықты кеңінен жарнамаланған конверсияның жемісі қайда? Ғылыми-
техникалық прогрестің өз кезінде белгіленген бағдарламасының нақты
нәтижелері қайда? Қаулы арқылы бөлінген және ұқсату өнеркәсібі
мен ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалады дейтін 77 миллиард
сом қайда? Біз қайта құруды бастаған осы практикалық қадамдар
әбден дұрыс болатын. Алайда ізгі ниеттер, құмға сіңгендей, саяси
көпірме сөздің астында қалды.
Бүгінгі таңда қорғаныс кәсіпорындарының таңдаулы инженерлері,
ең білікті жұмысшылары қарапайым кәстрөлдерді қалай шығарамыз
деп бас қатыруда. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Батыстағы
қарапайым халық тұтынатын бұйымдар көрмесін әзірлегенін айт
сам, мемлекеттің үлкен құпиясын ашпаспын деп ойлаймын! Көрме
шынында да көз тартады. Мемлекет қауіпсіздігі органдары осындай
істермен шұғылдана бастаған болса, бізге Министрлер Кеңесінің
аппараты не үшін керек? Бұл туралы айту ұят әрі жанға батады».
Елімізде ұлтаралық қатынастардың барған сайын шиеленісуі
басталған игі өзгерістерге төніп отырған тағы бір нақты қауіп екені
анық болатын. Қазақстанда осы келеңсіз үрдістердің алдын алуға,
оларға қарсы әрекет етуге қаншалықты уақыт, күш-жігер жұмсалды
десеңізші. Бұл арадағы қиындық бізге осы саладағы іске әсер негізінен
сырттан жасалғандығында еді. Солженицын деген сәуегей шығып,
Ресейді қалай көркейтпек ойы барын айтты да, ұлттарды бір-бірі
не айдап салып тынды. Әлгі жазушы қазақтар мал бағып барған
жерінің бәрін өзінің жері санай берген деп те сандалды, республи
каның теріскей облыстары Ресейге тиесілі еді деп те сандырақтады.
Ермактың басқыншылық жорықтарына, яғни он алтыншы ғасырға
дейін орыс адамының аяғы Орал тауынан бері аттап басып көрме
генін ойына да алған жоқ. Осының бәрі 1990 жылы, яғни Компартия
орнында тұрған, баспасөзге партиялық бақылау алына қоймаған,
цензура жойылмаған кезде басылды. Бұдан басшылық атымен ха
барсыз болды дегенге мен тіпті де сенбеймін.
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 197 —
Бірқатар аймақтарда аса шетін шиеленісті сақтау әлдебіреулер
ге өте тиімді, әлдебіреулер осы үдерістерді саналы түрде немесе,
жұмсартып айтқанда, алысты болжай алмайтынына байланысты
қоздырып отыр деген сенім де қалыптаса бастағандай еді. Мәскеу
саясаткерлерінің біразы казактардың қолтығына су бүркуден де кетәрі
болған жоқ. Олар Қазақстанның батысындағы, солтүстігіндегі, шығы
сындағы кейбір облыстарда тапа-тал түсте қайқы қылыш салаңдатып
жүретінді шығарды. Сондықтан да, М. С. Горбачевтің қатысуымен 1991
жылғы 30 мамырда Алматыда өткен республикалық актив жиналы
сында театр толы жұрттың алдында: «Михаил Сергеевич, айтыңыз
шы, Сіздің орынбасарыңыз, ел вице-президенті Янаевтың казактар
өкілдерін қабылдауын қалай бағалау жөн? Әңгіме не жайында өткені
бізге беймәлім, бірақ оның өзі Орал облысында жікшілдік қозға
лыстардың жаңа толқынына себеп болды. Ал оған жауап ретінде
жергілікті халықтың тиісті қимылы өршіді. Халықтарды осылайша
қақтығыстыру кімге тиімді екенін мен білмеймін, бірақ ол көпұлтты
Қазақстанға, сондай-ақ бүкіл елімізге зиян келтіретініне сенемін.
…Казактардың жекелеген бөлімдерінің құрылуы туралы әңгімелер
де бізді алаңдататынын жасырмаймын. Олар кімнен қорғанбақшы?
Бәлкім, бұрынғы патшалық империяның аз ұлттарының есіне қа
русыз көшпенділерді отарлау кезеңін салғысы келетін болар? Сол
кезеңдегі алдауды, кемсітуді және қаталдықты халық осы уақытқа
дейін ұмытқан жоқ. Жалпы алғанда, кейбіреулердің нақты уақыт
пен кеңістік туралы ұғымы өзгерген-ау деген әсер қалыптасып отыр»
деп айтуыма тура келген.
Горбачев Кеңес Одағының бұрынғы қалпында тұра алмайтынын
ақыры толық түсінбей-ақ қойған сияқты. Бұл үшін әкімшілік және
жоспарлы экономика қажет еді. Олар күйреді. Басқасын былай қой
ғанда, КСРО-дай алып елді бір орталықтан басқару ендігі жерде
мүмкін еместігі анық болатын. Мен жаңарған Одақтың ендігі жер
де федерация күйінде қала алмайтынын әу бастан-ақ ескерткен
мін. «Өтіп кеткен уақыттың соңынан қууымыз жететін шығар» деп
КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында да сөйлегенмін.
«Ешкімнің де қиялға берілмеуі керек екенін атап көрсеткім келеді. Қа
зақстан ешқашан да бірде-бір аймақтың «айыл-тартпасы» болмайды,
ешқашан да оның «кіші інісі» болмайды» деп те басын ашып айтқан
мын. Ал Горбачев тіпті Украина өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін
де бұрынғы Одақты реформалау керек, орталық пен республикалар
арасында жаңаша қарым-қатынас орнату керек деуін қоймады. Кеңес
Одағы ең әрі барғанда конфедерация түрінде ғана сақтала алатын
еді. Горбачев конфедерация идеясын да қолдамай, ақыр аяғында
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 198 —
федерациядан да айрылды. 1990 жылдың аяғына қарай жаңа одақ
құруға тек 4 республика — Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан
дайын тұрды. Мен Горбачевке: «Осылай біріксек, бізді қолдайсыз
ба, кейін ол одаққа кімдердің қосылатынын көре жатармыз» дедім.
Михаил Сергеевич тіпті көнбей қойды. Ол «Республикалардың бәрін
де ұстап қаламыз, бәлкім, Балтық бойындағылар да әлі райынан
қайтар» дегенді айтты. Ново-Огареводағы келіссөз солай басталған
еді. Бұл да Горбачевтің саяси реализмінің әлсіздігін көрсетеді.
Жыл басынан-ақ одақтық басшылық Балтық бойындағы респуб
ликаларға байланысты тізеге салу, күшке басу әдісін қолдануға
көшті. Литвада тікелей президенттік билік енгізуге әрекет жасалды.
Бұл үшін республика компартиясының ішінен іріткі туғызудан да
тартынған жоқ Мәскеу. Ақыр аяғында Вильнюске әскер кіргізіліп,
атышулы «Альфаның» көмегімен сондағы Баспасөз үйі мен телеор
талық басып алынды. Халық өзі сайлаған Жоғарғы Кеңесті қорғауға
шықты. Адамдар құрбан болды. Мұнымен де қоймай, мұндай күш
көрсету біраз күннен кейін Ригада қайталанды. Онда да қан төгіл
ді. Осы оқиғалар Горбачевтің беделін қатты құлдыратып жіберді.
Соның алдында ғана, 1990 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель
сыйлығын алған адамның бетпердесі сыпырылды. Оның сөз жүзінде
ғана демократ екенін енді Батыс біржолата білді. Қазақта «қасықтап
жинағанды шелектеп төгу» деген сөз бар емес пе, дәл соның өзі
болды да қойды. Батыс елдері КСРО басшылығын жай ғана айыптаған
жоқ, өздерінің қаржылық көмек беру жөніндегі уағдаластықтарын
да қайта қарай бастады. Миллиардтаған долларлық несиелер елге
келмей қалды. Онсыз да Одаққа арқанмен сүйресең де көнбейін деп
тұрған Балтық бойындағы үш республика Вильнюс пен Ригадағы
оқиғалардан кейін әбден ішін тартып алды. Ресейге өз еркімен
қосылған делінетін, алдымен Ресей империясының құрамында, одан
кейін Кеңес Одағының құрамында, барлығы 260 жыл өмір сүріп
жатқан, халқының жартысынан астамын өзге ұлт өкілдері құрап
отырған Қазақстанның өзінің берекесі кете бастаған Одаққа орай
екіойлы болып отырғанда содан жарты ғасыр ғана бұрын, Екінші
дүниежүзілік соғыстың алдында КСРО-ға күштеп қосылған ол рес
публикалардың енді беті бері қарамайтынын түсіну қиын емес еді.
Амал не, Горбачев оны да түсінбеді. Немесе түсінгісі келмеді. Мұның
ақыры республикалардың дербестікке ұмтылу талабын күшейте түсті.
Парламенттердің бірінен кейін бірі мемлекеттік егемендік туралы
декларациялар қабылдай бастады. Бірінен кейін бірі республика
президенттерін сайлай бастады. Қазақстан да солай етті.
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 199 —
Республикаларда президент институтын енгізу жалпыодақтық
құрылымдарды көзсіз көшіріп алу емес еді. Атқарушы биліктің жұ
мылдырушы бастауларын, қазіргі күллі мемлекет тетігінің тепе-тең
және тиімді қызметін өмір қисынының өзі талап етті. Қазақ КСР-нің
ұлттық мемлекеттігін, саяси егемендігін нығайту, оны кеңестік социа
листік федерация шеңберіндегі жаңа, нақты мазмұнмен байыту, КСР
Одағы мен республиканың өкілеттіктерін неғұрлым айқын межелеу
жөніндегі шараларды қабылдау президент билігінің назарында тұрады
деп нық сендік.
Өмірде абсолютті егемендік те, абсолютті еркіндік те, абсолютті
демократия да болмайды. Әлемдегі мемлекеттердің бәрі бір-біріне
тәуелді, бірінен-бірі ақша алып, бір-бірімен сауда жасайды, сондықтан
реттегіш тетіктерді қолданады. Эйфорияға салынудың қажеті жоқ.
Мына дүниеде бәрі де өзара байланысты. Оның үстіне Қазақстанның
бөлекше бітімін де ескеру керек. Экономиканың өзіндік сипатына,
республиканың геосаяси жағдайына, полиэтностық құрамына бай
ланысты қазақстандықтар одақтық мемлекеттің аясындағы біртұтас
экономикалық, әлеуметтік және өмірлік кеңістіктің жойылуын өзге
өңірдегі тұрғындардан өткірлеу сезінетінін ойламау мүмкін емес еді.
Ол кезде Қазақстан тұрғылықты халқы көпшілік емес жалғыз рес
публика екенін ұмытпаған жөн. Оның үстіне біз жаңа Одақтық Шарт
ты Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны нақты мазмұнмен то
лықтырудың жақсы жолы деп білдік. Ең бастысы — Одақ сақталмаса,
жетпіс жылдан астам уақыт бойы қалыптасқан шаруашылық байла
ныстарының үзіліп тынатыны, негізінен шикізат өндіруге бейімделген
Қазақстан экономикасының тығырыққа тірелетіні анық болатын. Дәл
солай екеніне кейіннен көзіміз жетті де. Сондықтан да біз мүмкін
дігінше орталық пен республикалардың жаңаша қарым-қатынасын
қалыптастыруға күш салдық. КСРО-ның қирауы көп қақтығыстарға
әкелетінін, экономикаға кері әсер ететінін біліп, алдымен конфедера
ция құрып, тәуелсіздікке содан кейін барсақ деп ойладық. Бір шектен
бір шекке шығандап, конфедерацияға да, біртұтас мемлекетке де
үміт артып, шөре-шөре жүруді қою керек деп санадық. Федерация
керек, бірақ ол жаңа, осы заманғы қағидаттар негізінде құрылғаны
жөн дедік. Әсіресе, Орта Азия мен Қазақстанның жағдайы нашар еді.
Әлемдік нарықта сұранысқа ие минералдық ресурстарға бай біздің
республикамыз әлеуметтік дамуда қатты артта қалып, экологиялық
дағдарыс шегінде тұрған. КСРО халық депутаттарының І съезінде
«ыдыс-аяқ дүкеніне кіріп кеткен піл сияқты дөкір әрекеттерімен
министрліктер Аралдың түбіне жетіп тынды» дегенмін. Өзім құрмет
тұтатын Николай Иванович Рыжковты да қатты сынға алғанмын
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 200 —
сонда. Горбачевтің үзіліс кезінде маған келіп: «Нұрсұлтан, бұл не
істегенің? Енді мен Рыжковты Үкімет төрағалығына қалай ұсынамын?
Құлатып жіберуі мүмкін…» дегені бар. «Ол іске өзім көмектесемін»
дедім де, Рыжковтың кандидатурасы дауысқа салынатын кезде сөз
сұрап, «Сын іске жәрдемдесу үшін айтылады, сын айтылған сайын
адамдардан бас тарта берсек, талай нәрсені бүлдіреміз, сондықтан
Үкіметтің жұмысына салиқалы баға бергеніміз жөн болады» дедім.
Рыжков Үкімет төрағалығына сайланды. Өкінішке қарай, ол қайта
құру барысында өзін қалыптастырған жүйенің ықпалынан шыға ал
май-ақ қойды. Үкімет басшысы кезімде Мәскеуде әріптестерімізбен
кездескенде әзіл-шынын араластырып, Николай Иванович респуб
ликаларға «Уралмаштың» цехтарындай қарайды дейтінбіз. Бұрын
ол сол ірі кәсіпорынды — Урал мәшине жасау зауытын басқарған.
Рыжковтың нарыққа көшуге батылдығы жетіспеді немесе бұрынғы
жүйеге бейімделген адам ретінде содан басқа дұрыс жол жоқ деп
ойлады. Ақыры 1990 жылғы желтоқсан айында Жоғарғы Кеңес де
путаттарының талап етуімен Н. И. Рыжков орнынан кетуге мәжбүр
етілді. Менің кандидатурамның КСРО Үкіметінің басшысы қызметіне
қаралатыны, міне, сол кезде.
Негізінде, нарықтан қорқасоқтайтындай жөніміз де бар еді. Біз
бұрынғы социалистік елдердегі жағдайды көріп отырдық. Поль
шаны алайық. Онда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы үш
жылы ішінде өндіріс 40 пайызға құлдырады, ұлттық кіріс 25 пайызға
қысқарды, жұмыссыздар қатары 2,5 миллионға жетіп, еңбекке жа
рамды халықтың 13 пайызынан асып кетті, халықтың кірісі үштен бір
есе азайды. Осының бәріне диалектикалық тұрғыдан, яғни болмай
қоймайтын қиындық ретінде қарау керек еді, тәуекел ету керек еді.
КСРО басшылығына сол тәуекел жетіспеді.
Басшының беделін елі көтереді. Желтоқсан оқиғасынан кейінгі
сұмдық сынақта біздің халқымыз өзінің бойындағы бар жақсы қаси
еттерін танытты. Республика жұрты татулығын сақтап қалды. Жаңа
шаруашылық қарым-қатынастарын орнатуда да біз басқа өңірлерден
гөрі икемділік таныта білдік. Нарыққа көшудің алғышарттары пайда
болды. Кадрларымыздың дайындығы да жалпы алғанда көңілдегі
дей екені көрінді. Одақтық алқалы жиындарда, съездер мен сессия
ларда Қазақстанның үні жарқын шыға бастады. Тек Қазақстанның
емес, басқа республикалардың мұң-мұқтажын да қозғап отырдым.
Осындай-осындай жағдайлардан ұлтаралық татулықты басқа басқа
лардың бәрінен берік ұстап, жаңа экономиканың белгілері өзгелер
ден көбірек көрініп отырған республиканың басшысына бөлегірек
назар аударылды ғой деп ойлаймын. Оның үстіне мен әр уақытта
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 201 —
экономикалық ынтымақтастықтың қажет екенін, интеграция заман
талабы екенін, қалыптасқан адами қатынастарды сақтау қажет екенін
де айтып жүрдім.
Саяси дағдарыс күшейген үстіне күшейе берді. Одақтық билік
тің әлсіздігі Горбачевті елді сақтаудың жолын референдум арқылы
шешуге итермеледі. Бүкілхалықтық референдумға «КСРО-ны тең
құқықты егемен республикалардың жаңарған федерациясы түрінде
сақтауды жақтайсыз ба?» деген тұрғыда сұрақ шығарылды. Орасан
қиыншылықты басынан кешіп жатқан ел енді Одақ ыдыраса қайтеміз
деп қорықты. Ел халқы наурызда өткен ол референдумда, әрине,
Одақты сақтауды жақтады. Неге «әрине» деп айтып отырмын? Олай
дейтінім, басқарудың авторитарлық пішініне құрылған елде кон
серватизм басым болады. Адамдар қалыпты жайдың өзгермегенін
қалап тұрады. Сонымен бірге, КСРО-ға кірген республикалардың
халқы бірлікті, ортақ Отанды сақтауды жақтағаны да анық. Әйтсе
де, Горбачев осы референдумды өткізу арқылы ұтты ма, ұтылды ма
деген сұрақ қойсақ, мен негізінен ұтылды дер едім. Неге? Себебі,
РСФСР-дің Жоғарғы Кеңесі сол референдумға «Сіз бүкілхалықтық
дауыс беру жолымен РСФСР президенті қызметі енгізілуін қажет деп
санайсыз ба?» деген ыңғайдағы тағы бір сұрақ қосуға қол жеткізді.
Ресейдегі референдумға қатысушылардың басым бөлігі бұған қол
дау білдірді. Горбачев билігіне Ресей басшылығы тарапынан орасан
мықты соққы жасалды. Одан кейін Ресейде президент сайлауы өтті.
Ельцин жеңіске жетті. Сайлау алдында елді аралау кезінде Ельцин
болашақта Ресейдің одақтық құрылымдардың бәрінен, одақтық ми
нистрліктердің бәрінен бас тартатынын мәлімдеді. Ельцин одақтық
деңгейге тек Қорғаныс, Қатынас жолдары және Атом энергетикасы
министрліктерін ғана қалдыруға келісетінін айтты. Жалпы, Ресейдің
халықаралық қатынастар субъектісі ретіндегі тәуелсіздігін жақтады.
1990 жылғы 12 маусымда (КСРО ол кезде әлі тірі) Ресей өз тәуелсіздігін
жариялады. Кімнен? Б. Ельциннің ойында өз басы М. Горбачевтен
тәуелсіз болғысы келді. Осыны баз біреулер пайдаланды.
Ас бөлмеде жұбайлар ұрыса берсе, жанұя ажырайды. Компанияда
менеджерлер таласса, ол банкрот болады. Ал мемлекет басшылығы
(элита) таласқа түссе, мемлекет ыдырайды. Құриды. Юлий Цезарьды
өлтіргендер кейіннен қатесін білді, опық жеді. Сөйтіп, Ежелгі Рим
әлсіреп, жойылу жолына түсті.
Көктем, жаз бойы жаңа Одақтық Шарттың төңірегінде дау-дамай
қызып жатты. Сәуірде Ново-Огаревода тоғыз республика басшы
сының КСРО президентімен кездесуі өтті. Республикалар нақты
құқықтар мен өкілеттіктер талап етті, орталық болса биліктің бар
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 202 —
тетіктерін өз қолында қалдыруға жанталасты. Ақырында елдегі
әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалды тұрақтандыру жөнін
дегі шаралар туралы ортақ хаттамаға қол қоюмен тарадық. Онда
Одақтың жаңа Конституциясын талдап-жасау жөнінде айтылды.
Әйтсе де, ол кезде Кеңес Одағының енді қандай мемлекет болатыны
жөнінде ортақ бір тұжырымға келген жоқпыз.
Одақтық шартқа қатысты мәселелерге одақтық республикалардың
құрамындағы автономиялардың да араластырылуын (А. Лукьяновтың
ұсынысы бойынша) Горбачевтің республикалар позициясын әлсіре
ту амалы деп қарайтындар дұрысын айтты ғой деймін. Кейіннен
мұның зардабы көп болды. Әсіресе, Ресей үшін. Автономиялардың
мәртебесін республикалар деңгейіне теңестіру арқылы ендігі жерде
федерациялық республиканың өз ішінде егемендік үшін күрес бастал
ды. Оның аяғы неге соқтырғаны баршаға белгілі. Шешенстандағы
соғысты айтудың өзі жеткілікті.
Одақты сақтау, жаңа мәртебесін айқындау, құрылымын анықтау
мәселелерінде Горбачев пен Ельциннің ұстанымдарын жақындату
жөнінде талай әрекет еткенмін дедім ғой. Сондай бір кездесуіміз
шілденің аяғында өтті. Леонид Млечин «Назарбаев. Групповой порт
рет с президентом» деген кітабында 1991 жылдың 3 қаңтарында ел
Үкіметінің жаңа басшысы жөнінде әңгіме қозғалғанын, Евгений
Примаков пен Вадим Бакатин ол қызметке менің кандидатурамды
ұсынғанын жазады да, «Ол кезде мәселе кейінге қалдырылған еді.
Әйтсе де, шілде айында шешім қабылданды» дейді.
Ол қандай шешім дейсіз ғой? Куәгерлерді сөйлетіп көрейін.
Алдымен Горбачевті тыңдап алайық. Біз осы кітапта бірнеше рет
жүгініп үлгерген «Жизнь и реформы» атты қос томдық мемуарында
ол былай жазады: «Шілденің дәл аяғында, мен демалысқа кетердің
алдында Ново-Огаревода Ельцинмен және Назарбаевпен кездестім.
Әңгіме Одақтық Шартқа қол қойылғаннан кейін қандай қадамдар
жасайтынымыз жөнінде болды. Шарттың республикалар үшін
де, Одақ үшін де жасайтын мүмкіндіктерін барынша пайдалануға
келістік. Кадрлар туралы әңгіме қозғалды. Әрине, алдымен Егемен
мемлекеттер одағының Президенті туралы сөз етілді. Ельцин бұл
қызметке Горбачевті ұсынды. Пікір алысу барысында Назарбаевты
Кабинет басшылығына қою жөнінде ұсыныс туды. Ол егер одақтық
Кабинеттің дербес жұмыс істеу мүмкіндігі болса, бұл жауапкер
шілікті өз мойнына алатынын айтты. Атқарушы биліктің жоғарғы
эшелонын едәуір жаңарту — премьердің орынбасарларын, әсіресе,
түйінді министрліктердің басшыларын ауыстыру қажеттігі туралы
да айтылды. Язов пен Крючковтың зейнетке шығуы керектігі жөнінде
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 203 —
мәселе қозғалды. Әлі есімде, Ельцин біртүрлі тынышы кетіп отырды:
тап жанында біреу тың тыңдап тұрғандай. Тынышы кеткені сондай, ол
тіпті бірнеше рет дәлізге шығып, жан-жағына қарағыштап та келді».
Иә, Ельциннің кездесу кезінде жүрегі бір жамандықты сезгендей
болғаны есімде. Борис Николаевич өзінің күдігін айтқанда Горбачев:
«Ты что, Борис? Да брось ты» деп тыйып тастаған еді. КСРО-дай елдің
президенті өзі ұйымдастырып отырған құпия кездесудің қауіпсіздігін
қамтамасыз ете алмайды деп кім ойлаған? Горбачевтің өзі де Ельцин
нің әлгі қаупіне қатты шамданып қалды. «Осындайды қалай ойлай
аласыздар? Мен — Кеңес Одағының президентімін» деп кесіп айтты.
Содан кейін-ақ ашық әңгімемізді жалғастыра бердік. Айтқандай,
кейін, 2017 жылы шыққан «Остаюсь оптимистом» атты кітабында
Михаил Сергеевич сол әңгімені тағы келтірген: «Назарбаев туралы
әңгіме көтерілді, оны одақтық премьер етпек болдық. Назарбаев:
егер бұл нақты жұмыс болса ғана деді…». Солай дегенім рас. Оны
жоғарыда айтқанмын.
Бұл кездесудің құпия түрде өткені түсінікті. Біз күні бойы, одан
кейін түннің бір уағына дейін көп мәселені талқыладық. Ельцин кадр
лық өзгерістер жөнінде нақты ұсыныстар жасады. Ол президентке
егер сіз жаңарған федерацияға үміт артсаңыз, республикалар ондай
федерацияға айналаңыздағы жексұрын тұлғалардың кейбіреуінен
құтылсаңыз ғана кіреді деді. МҚК төрағасы Крючков, ал Қорғаныс
министрі Язов болып қала берсе, Одақтың жаңарғанына кім сенеді
дегенді де айтты. Мен өз тарапымнан Ішкі істер министрі Пуго мен
Мемлекеттік телерадио комитетінің төрағасы Кравченконы міндетті
түрде ауыстыру керек дегенді қостым. Янаевтан қандай вице-президент
шықпақшы деп те айттым. Горбачев Крючков пен Пугоны ауыстыруға
бірден-ақ уәде берді. Пікір алысу барысында сол кездегі премьер-
министр Валентин Павловты ауыстыру керектігіне үшеуіміз де келістік.
Мынандай жоспар жасалды. Одақтық шартқа қол қойылғаннан
кейін іске батыл кірісуге бекіндік. Жаңа Конституция қабылдануын
күтіп жатпай-ақ ел президенті сайлауын өткізуге, жаңа парламент,
жаңа үкімет құруға уағдаластық. Алайда…
Түбінде Ельциннің күдігі дұрысқа шықты. Оны кейін білдік.
Енді Ельцинді тыңдайық. Борис Николаевич премьер туралы
әңгіменің қалай қозғалғаны жайында былай жазады: «Горбачев
«Ол қызметке кімді лайық көресіздер?» деп сұрады. Мен Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевты ұсындым. Горбачев әуелі таңданып қалды,
одан кейін осы нұсқаны тез бағалады да, келісетінін айтты. «Басқа
кандидатураларды 20 тамыздан кейін талқылаймыз» деп әңгімені
бітірді. Ол кездесу солай өткен, менің ойымша, біз үшеуіміз уағда
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 204 —
ласқан жайларды жүзеге асырғанда көп нәрсе басқаша болар еді.
Тарихтың тіпті басқаша жолмен жүріп кетуі мүмкін еді. Арада біраз
уақыт өткеннен кейін мен КСРО Президентінің, Ресей Президентінің
және Қазақстан басшысы әңгімесінің қағазға түсірілген нұсқасын
өз көзіммен көрдім». Сөйтсек… біздің не айтқанымыздың бәрін
Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті жазып алып жатыпты. Оның бір
дәлелі — сол әңгіменің жазбасын Ельциннің өз көзімен көргені. Одан
да өткен дәлелі — сол әңгімеде қызметтерінен ауыстыру жоспар
ланған адамдардың бәрі дерлік жиырма күннен кейін ұйымдасты
рылған Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет (ГКЧП)
дегеннің құрамына кіргені…
Ново-Огареводағы сол түнде Горбачев пен Ельцинге Кабинет басқа
руға келісім бергеніммен, кейін ол ойымыздың жүзеге аспағанына
іштей қуанғаным рас. Ашығын айтсақ, сол тұста маған ұсынылған
биік лауазымды қызметтердің бәрі де шынтуайтында баянсыз бо
латын. Баянсыз дейтінім — сол кездің өзінде қайта құру идеясының
толықтай күйреп біткені кеудесінде сәулесі бар әр адамға-ақ айқын
еді. Елдегі жағдай жақсару тұрмақ, бұрынғыдан да нашарлай түскенін
әркім көріп отырды. Мемлекеттің ыдырауға түсу қаупі де айқындала
бастады. Ең қиыны, ең қатерлісі осы еді. Негізінде, қай заманда да
империялардың тарауы тұрмақ, кез келген елдің бөлінуі де қанды
оқиғаларға ұласып жатады. Күні кеше бұрынғы Югославияның көз
алдымызда қызыл қанға қалай бөккенін бәріміз көрдік, жанымыз
түршікті. Одақтың ыдырау үдерісін бетімен жіберіп алғанымызда
біздің алдымыздан да сондай апаттың шығуы әбден мүмкін еді. Оның
үстіне КСРО-ның көптеген республикаларында ұлтаралық қатынас
тар да ушыға бастаған-ды. Абырой бергенде, кешегі кеңестік кезеңде
халықтар арасында қалыптасып үлгерген достық қатынастарының
арқасында біз ондай апатқа ұрынбадық. Осындай тұста мен ең ал
дымен Қазақстанның тағдыры туралы, өз халқымның ертеңгі күні
туралы ойлануға, толғануға тиіс едім. Экономикаға қолайлы жағдай
жасалуы үшін, еліміздегі көпұлтты жұртшылықтың тыныштығы үшін
КСРО-ны қайта өзгертіп қалыптастыруға, оны шын мәніндегі егемен
елдердің еркін одағы ретінде жаңаша құруға қолдан келгенінше
әрекет еттік. Бұл саясаттан біз ұттық. Себебі, ешкім бізге ішімізде де,
сыртымызда да айып таға алмады. Өз тәуелсіздігімізді дау-дамайсыз
жарияладық. Әрине, әуелде біз де республикалар күшті болса, одақ
та күшті болады дегенді көпке дейін ұстанып келдік. Бірақ бара-бара
мұның мүмкіндігі қалмауға айналды.
Чеховтың бір кейіпкері «Этого не может быть, потому что этого не
может быть никогда» деген. Болмайтын нәрсе болмайды. Кеңес Одағы
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 205 —
атты ол мемлекет ең алдымен идеологиялық негізде құрылған еді.
Тым ауқымды болатын. Динозаврлардың алапат үлкендігі сын сағатта
олардың мықтылығын емес, әлсіздігін көрсеткен жоқ па? Одақтың
күйреуін қайта құрудың сәтсіз жүргізілуімен, Горбачевтің басшылық
әдістерінің әлсіздігімен, славян республикаларының сепаратизмімен,
Батыстың ықпалымен, басқа да көптеген себептермен түсіндіре салуға
болмайды. Бұл күйреу — жалпы империя атаулының табиғатынан
туындайтын заңды қорытынды. Әрине, әртүрлі жағдаяттар сәтімен
қабыса келгенде Кеңес Одағының тұтас мемлекет түрінде өмір сүруін
ұзарта түсе алар едік. Оған менің үлес қосуым да мүмкін еді. Бірақ
тарихтың өзінің даму заңдылықтары бар. Мемлекеттің тарар тұсында
өзіме ұсынылған қызметтерде жұмыс істеуге тура келмегені — тағ
дырдың маған жасаған бір жақсылығы. Ең қиын, ең күрделі кезеңде
бар қажыр-қайратым, бар білік-білімім Қазақстанның мемлекеттік
мүддесіне бағытталғанына ризамын.
Кез келген оқиғаға бір нәрсе түрткі болуы керек. Құпия әң
гімеміздің МҚК басшысына жетуі ондағы жоспарларды орындат
пауға итермелеуі көкейге қонады. Бірақ бұл түрткі ғана. Негізінде,
КСРО-дай елдің тарауы тым жайма-шуақ жүзеге аспайтын да еді.
Сондықтан, егер нақты қарасақ, ақыры болмай қоймауға айналған
үдерістің тездеуіне осы оқиғаның қозғау салуы ненің не екенін, кімнің
кім екенін айқындауға да мүмкіндік бергенін айтуға тиіспін.
Жалпы, ГКЧП бүлігі, арада талай жыл өтсе де, талай кітап жазылса
да әлі күнге ақиқаты толық ашылмаған жайлардың бірі.
Негізгі мәселе мынада: біздегі социалистік жоспарлау жүйесінің
елді одан ары қарай да дамытатын мұршасы болмады. Жүйе жұ
мысының тоқырауы, жалпы экономиканың әлсіреуі, халықтың әл-
ауқатының нашарлауы осындай дағдарысқа әкеліп тіреген еді. Бұл
қадамның арғы жағында бес-алты жыл бойғы бітпейтін де қоймайтын
көпсөзділіктен әбден шаршаған, төзімі сарқылған, түңілуге айналған
халықтың ыза-кегін өз мақсаттарына пайдаланып қалуға тырысқан
шағын топтың заңсыз әрекеті тұрғаны анық. Олар өз мақсатына жету
үшін айла-шарғыдан, ашықтан-ашық өтірік айтудан да тайынған жоқ.
ГКЧП бүлігіне қозғау салған негізгі жай — Горбачевтің 20 тамыз
күні жаңа Одақтық шартқа қол қойылатынын жариялауы. Оны
ұйымдастырушылар ең алдымен республикалардың жаңа мәртебе
иеленуіне қарсы шығуға тырысты. Олар Одақты бұрынғы күйінде,
күшпен сақтап қаламыз деп ойлады. Бұл жол қандыбалақ жол болар
еді. Сондықтан бұл бүлікті ең алдымен одақтас республикалардың
егемендік жолындағы күресіне қарсылық деп бағалаған орынды.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 206 —
Елдегі екі ірі басшының — М. С. Горбачев пен Б. Н. Ельциннің 20 та
мызда жаңа Одақтық шартқа қол қойылатынына қамсыз сенгенінің
дәлелі олардың екеуінің де соның алдында ғана Мәскеуден кеткендігі.
Горбачев демалуға Қырымдағы резиденциясы — Форосқа аттанды,
Ельцин ресми сапармен Қазақстанға келді. Әрине, жалпы жағдайға
алаңдаушылық болғаны анық, бірақ істің дәл мұндайлық насырға
шабуы мүмкін екенін болжамағандары тағы анық. Ондайды мен де
ойлап көрген жоқпын. Сол күндерде Қазақстан мен Ресей арасын
дағы хаттамаға қол қою рәсімінде сөйлеген сөзімде журналистерге
Борис Николаевич екеуміз 20 тамызда республикалар парламент
терінің тапсыруы бойынша, келісімшартқа қолдарымызды қою үшін
Мәскеуге ұшқалы отырғанымызды айтқанмын. Горбачев өз кітабында
былай депті: «Иә, жағдайдың ауырлығына қарамастан мен 1991 жыл
дың тамызында Форосқа демалуға кеттім. Иә, демалысқа шықтым.
Шықпауым керек еді… Бірақ мен өзімнің айналамда нақұрыстар мен
ештеңені пайымдауға шамасы келмейтін кездейсоқ кісілер жиналған
дегенді ойламаппын да!»…
Алматыда Ельцинді біз қазақы қонақжайлылықпен құрметтедік.
Құрметтегеніміз сондай, Борис Николаевичтің Мәскеуге ұшуы қайта-
қайта кейінге қалдырыла берді. Ельцин кейін өзінің кітабында ұшу
уақытының ауыстырылғанына алаңдадым, бұл не болғаны деп
ойлап қойдым деп жазыпты. Оған себепкер өзі. Алдымен қадірменді
қонақ ретінде сыйға тартылған сәйгүлікке ер салдыртуды талап етті,
айтқанға көнбей, етжеңді денесімен асау атқа ақыры отыра берген
де ерімен бірге сырғып жерге түсті. Одан кейін Талғар шатқалына
барғанымызда тау өзеніне шомыламын дегенді шығарды. Мәскеуде
өзен суына ұдайы түсіп тұратын көрінеді. Бірақ бұл құтырына ағып
жатқан таудың долы өзені ғой. Мен: «Бұл жерге шомылуға болмайды.
Ағысы қатты және су өте суық», деймін. Ол: «Жоқ, мен барамын!»,
дейді. Тіпті айқайласып та қалдық. Көнбейді. Ельциннің қауіпсіздік
қызметі сол екі арада өзеннің тайыздау жеріне тастан бөгет салып
үлгерді. Әйтеуір, енді ағып кетпейтіні анық. Қояр да қоймай, сабазың
шомылып шықты. Су сүйектен өтетіндей суық еді. Енді қайтадан
қыздырынбасқа амал қалмады… Ұшағы 3 сағатқа кешігіп ұшты.
Көптеген жылдар бойы Борис Николаевичтің көмекшісі болған Лев
Суханов өзінің «Как Ельцин стал президентом» атты кітабында бұл
жайында: «Ельцин сол жолы да әдетінен танбады: тау өзеніне шо
мылып алды. Суы мұздай еді» деп жазған.
Джонатан Айткен: «Осы үш сағаттық бөгеліс, сірә, Борис Ельциннің
өмірін сақтап қалса керек. Ресей Президенті бірнеше жыл өткен
нен кейін өзінің бірқатар көмекшілеріне әңгімелеп беру тарихына
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 207 —
қарағанда, ол Талғар шатқалында суға малтып жүргенінде, төңкеріске
қатысушылар Кеңес Одағының Үкіметін құлату мақсатымен Мәскеуде
өздерінің алғашқы қадамдарын жасай бастаған. Ельциннің айтуы
бойынша, олардың ең қара ниетті бұйрықтарының бірін 18 тамыз
күні ертеңгісін Қазақстанның батысында орналасқан Ақтөбе әскери
базасындағы кеңестік әуе қорғанысы күштері алған. Бұл Алматыдан
Мәскеу бағытына кешкі сағат 5‑те ұшып шыққан ұшақты атып түсіру
ге арналған бұйрық еді. Бірақ бұл осылай болды ма, жоқ па, нақтысы
белгісіз» деп жазған. Меніңше, мұның қисыны келмейді. Мәселе бүлік
бастаушылардың бөлекше адамгершілігінде емес, мәселе олардың
мұндай әрекетке тәуекел ете алмайтындарында. Олар президент
ұшағын аспанда атып түсіру тұрмақ, Мәскеу әуежайында қаннен-
қаперсіз траптан түсіп келе жатқан Ельцинді қамауға алуға да дәті
жетпеген адамдар. Олар тіпті Ельцин дачадан Ақ үйге келе жатқанда
президенттің көлігін тоқтатуға да шамасы жетпеген адамдар.
Ойламаған жерден төтенше жағдай қалыптасты. Қонағымды шыға
рып салып, түнде тастай қатып ұйықтап, таңертең жұмысқа жина
лып жатсам… радиодан адам таңғаларлық сөздер естіле бастады.
Горбачевтің денсаулығы ел басқаруға жарамай қалыпты… Елдегі
жағдай шегіне шыққандықтан, тәртіп орнату, Конституция талапта
рын орындау үшін Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет
құрылыпты… Мемлекет басшысының міндетін атқару вице-прези
дентке жүктеліпті…
Радиодан мәлімдемені ести салысымен аулаға шыққанымда
жүрегім зырқ ете қалды. Қарасам… мәшинем жоқ! Не ойлауға бо
лады? Сол арада біреулер келіп, қамауға алса, таңғалмас едім. Сөйт
сем, жүргізуші көлікті көлеңкеге қойыпты да, менің шыққанымды
байқамай қалыпты. Иә, сол сәттерде бәрі де мүмкін еді. Бірден Ельцин
нің Мәскеудегі кездесу кезінде алаңдап отырған жүзі көз алдыма келе
қалды. Шынында да, сөзімізді тыңдағаны ма? Адамның ойынан ұшқыр
не бар? Сол сәтте елдің жағдайын да, егемендігіміздің тағдырын да,
өзімнің халімді де, отбасымның, бала-шағамның жайын да ойлап кеттім.
Жұмысқа жеткенім сол еді, Ельцин хабарласты. Cалған беттен-ақ
ол бұл әрекетті нағыз төңкеріс деп бағалады, біз неге болса да дайын
тұруымыз керек деді. ГКЧП-ға бірлесе қарсы шығуға шақырды. Мен
оны қолдайтынымды айттым. «ЖЗЛ» сериясынан шыққан Ельцин
туралы кітаптың авторы Борис Минаев бұл әңгімені «Б.Н.-мен ара
лары соншалықты жақсы болмағанына қарамастан, республикалар
басшылары — Назарбаев, Кравчук тарапынан да қолдау сөздері ай
тылды, оларға Ақ үйде отырып Ельциннің өзі телефондаған еді. Бұл
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 208 —
сигналдар өте маңызды болатын» деп келтірген. Иә, сол сәтте мұндай
қолдау өте маңызды еді.
Ельциннің айтуынша, Мәскеуге қарай танктер жылжып келе
жатқан көрінеді. Біз бірауыздылық танытуға уағдаластық, өзге рес
публикалар басшыларымен де сөйлесуге келістік. Арада жиырма
минуттай өткенде маған Мемлекет қауіпсіздігі қызметінің төраға
сы В. А. Крючков телефон соқты. Мәлімдемедегі жайларды айтты.
Ел жетер жеріне жетті, төтенше жағдай тек қылмыстық мафиямен
күресу үшін жарияланып отыр, Мәскеуде картоптың бағасы 5 сомға
барды деген сияқтыларды сөйлеп кетті. Елдегі жағдайды тұрақтатып,
ар жағын өздеріңізге береміз. Басшыны да өздеріңіз сайлайсыздар,
оның бірі өзіңіз боларсыз, деді. Мен: «Сол мәселені сіз шешпессіз»
дедім. «Горбачев қайда?» деп сұрадым. Горбачев ауыр науқас, ол
бәрін біледі, оның мәлімдемесін естисіздер, денсаулығының жағдайын
жариялаймыз деді Крючков. Горбачев науқас, жұмысқа жарамсыз,
ол бәрінен хабардар, соның келісімімен әрекет етіп отырмыз дегенді
маған арада бір сағат өткенде КОКП Орталық Комитетінің хатшысы
Олег Шенин де айтты. Премьер Павлов та телефон соғып, осылай деді.
Ең ерекше әңгімені ГКЧП-ның басшысы, вице-президент Геннадий
Янаевтан естідім. Оған салсаңыз, Горбачев бұлар қабылдап жатқан
шараларды біледі және олармен келісетін сыңайлы. Тіпті Төтенше
жағдай жөніндегі мемлекеттік комитеттің жоспарына Горбачевтің өзі
«батасын бергендей» сөйлейді. «Отанды қорғап қалушы қаһарман»
қалыптасқан жағдай конституциялық нормаларды түгел сақтауға
мүмкіндік бермей тұр, бірақ КСРО Жоғарғы Кеңесі мұның бәрін
артынан заңдастырып қояды деуден де тайынбады. Менің Янаев
туралы пікірім ешқашан да жоғары болған емес, бірақ оны мұндай
көзжұмбайлыққа салынған өтірікті айтуға бара алады деп ойламап
пын. Екі күн ғана бұрын сап-сау жүрген Горбачевтің денсаулығы
аяқастынан тіпті жұмыс істей алмай қалатындай нашарлайтындай,
өзі жанын сала қорғаған Одақтық шарт жобасынан бас тартатындай
не болыпты сонша?!
Янаевтың өмірінің көбі комсомол қызметінде өтті. Осы салада Гор
бачевпен бірге істеп, жақсы таныс, дос болған. Өзі ылғи ішіп жүретін
адам. Бірде И. Каримов мені қонақүйдегі нөміріне шақырған. Сонда
осы Янаевтың үстел астында сұлап жатқанын көрдім. Масқара. Мен
Янаевты біршама білгендіктен, әуелде оның осындай тәуекелге бара
алғанына таң қалып едім. «Адамды тану қиын екен ғой, әрекетке
шамасы жететін болды ғой» деп ойлағанмын. Сөйтсем, қателесіппін,
әуелдегі әсерім дұрыс екен. Янаевтың да, оның төңірегіндегілердің
де шама-шарқы олардың алғашқы баспасөз мәслихатында-ақ бірден
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 209 —
көрінді. Әсіресе, Янаевтың дірілдеген саусақтары ондай адамның ел
басқаруы мүмкін емес екенін айқын танытты. Дәл сол сәтте оның
КСРО вице-президенттігіне сайланардың алдында бір депутаттың
«Денсаулық жағдайыңыз қалай?» деген сұрағына «Әйелімнің шағымы
жоқ» деп жауап бергені есіме түсе кетті…
Кәдімгідей күрделі жағдай қалыптасқаны анық еді. Сол күні
республикалық органдар басшыларының басын шұғыл қосып,
ақылдасуды артық көрмедім. Таң қаларлығы, басшылардың біразы
ГКЧП-ға қолдау көрсетуді жақтап шықты. Біздің арамызда «нағыз
коммунистер» бар еді. Олар ГКЧП-ні Одақты қорғау деп білді. Мені
аса абай болуға, төтенше жағдай жариялаушыларды айыптамауға
шақырып бақты. Әйтсе де, біз бірнеше адам оңашаланып құрған,
республикалар қатыспаған комитет егемендік туралы декларация
ларды аяқасты етіп жатқанын айтпай тұра алмадық. Бұлай деуге
маған Қазақстанда қалыптасқан саяси тұрақтылық пен ұлтаралық
келісім мүмкіндік берді.
Қазақстан халқына арнаған Үндеуде былай дегенмін:
«Еліміз үшін осынау жауапты сәтте сіздерді байсалдылық пен
ұстамдылық сақтауға шақырамын. Қазір бұл ерекше қажет, өйткені
біздің әрқайсымыздың тарапымыздан жасалған қандай да болсын
қызбалық, ойластырылмаған іс-әрекет аса ауыр әлеуметтік сілкініс
тердің бастамасына айналуы мүмкін.
Мен сөзімді барлық азаматтарға, біздің көпұлтты республиканы
мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдеріне арнаймын.
Бұл күндері біз өзіміз үшін әрқашанда бірлік пен өзара түсіністіктің
негізі болып келген халықтар арасындағы достықтың ғасырлар бо
йына жинақталған тәжірибесіне арқа сүйеуге тиіспіз.
Мен сөзімді Қазақстанның еңбек ұжымдарына арнаймын. Қазір
жоғары саналылық пен ұйымшылдықты сақтау аса маңызды. Халық
шаруашылығында аласапыранға жол беруге болмайды. Егіннің, азық-
түлік ресурстарының тағдыры қолында тұрған ауыл еңбеккерлеріне
ерекше жауапкершілік жүктеледі.
Мен сөзімді республиканың барлық саяси күштері мен қозғалыс
тарының өкілдеріне арнаймын. Өткінші алауыздықтан бойды аулақ
салу, ақыл-парасатты, халық алдындағы жауапкершілік сезімін бас
шылыққа алу, егеске жол бермеу өте маңызды.
Мен Қазақстан аумағында орналасқан КСРО Қарулы Күштері,
Мемлекет қауіпсіздігі комитеті және Ішкі істер министрлігі бөлімдері
мен бөлімшелерінің әскер құрамын конституциялық нормаларға
адалдыққа, жеке адамның құқықтары мен жергілікті өкімет органда
рын құрметтеуге шақырамын. Қазақстан аумағында төтенше жағдай
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 210 —
енгізілмейтінін, бүкіл өкімет билігі Қазақ КСР-інің Мемлекеттік
егемендігі туралы қабылданған декларациясына және Конституция
сына сәйкес толығымен кеңес органдарына тиесілі екенін ерекше
атап көрсеткім келеді.
Мен республиканың егемендігін нығайту саясатына және демокра
тия, Одағымыздың бірлігі қағидаттарына адалдықты қуаттаймын,
басталған реформаны жүзеге асыруға бекемдік білдіремін. Қазақстан
халқы жоғары саналылық, қырағылық пен топтасқандық танытады
деп кәміл сенемін».
Бұлай айтпаса да болмайтын еді. Жұртты жедел жиып жіберіп,
«ендігі жерде егемендік-егемендік деп езеурей берудің жөнсіздігін,
тіл деп, дін деп тым еркінсіп кетпеу керек екенін» ескерте бастаған,
«осындай өзгерістің болатыны белгілі еді» деп сәуегейси сөйлеген
басшылар да шығып үлгерген. Бірақ біз олардың аты-жөнін анықтап,
тізімін жасап жатпадық. Жаңағыдай екіұдай кезде психологиялық
тосқауылдарды талқандап кете қоймадың деп ешкімді жазғырудың реті
шамалы. Талайлар әбден берекесі кеткен тірліктен түңіліп, «не болса
да әйтеуір бір өзгеріс болсыншы» деген ойға да бекінген шығар, бәлкім.
Мәскеуде жағдай әбден асқынды. Қалаға әскер кіргізілді. Халық
көшеге шықты. Қан төгілді. Ельцин жақтастарын жұрт Ақ үй деп
атап кеткен Үкімет үйіне жинап, ашық қарсыласуға көшті. Көше
лерде баррикадалар қаптады. Елге азамат соғысының қаупі төнді.
КСРО Қорғаныс министрі Д. Т. Язовпен сөйлестім. Әңгімеміз өте
қатқыл өтті. Оның жөні де бар. Дмитрий Тимофеевич Қазақстандағы
әскери округтің қолбасшысы болған, талай жыл Алматыда тұрған,
біз отбасымызбен араласатынбыз. Сонымды пайдаланып, «Дмитрий
Тимофеевич, қайдағы бәлеге қайдан шатылып жүрсіз? Енді не істе
мекшісіз?» — дедім төтесінен тартып. Әскери адам емес пе, ол да
ашығын айтып жатыр, «Құдай ақы, білмеймін. Мына ақымақтармен
байланысып қалғаным. Ал сіз не ақыл айтасыз?» — деді басылыңқы
рап. «Сіз соғыстың батырысыз ғой, өзіңіз әкесіз, атасыз. Мәскеудің
көшелерінде әйелдер мен балаларға оқ атқызып қоймақшысыз ба?
Ақ үйге барып, өз президентін шабуылдан қорғап тұрған жастардың
қанына қолыңызды былғамақшысыз ба?» деп төпелеп жатырмын.
Язов: «Мәскеуге танкілерді кіргіздім, бірақ әрі қарай не істейтінім
жөнінде бұйрық алғаным жоқ», — дейді. Мен: «Бұйрықты қайтесіз.
Одан да осы төңкерісті ұйымдастырған адамдарды қамауға алсаңыз
шы. Алдымен танкілерді Мәскеуден алып кетіңіз», деп кеңес бердім.
Менің сөзім бе, әлде басқа оқиғалар себеп болды ма, арада жиыр
ма минуттай өткенде маған оның көмекшісі телефон соғып, Ақ үйге
беттеген танкілердің тоқтатылғанын хабарлады. Артынша Янаевпен
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 211 —
сөйлестім. Янаевқа сіздер құрған комитет Конституцияға қайшы,
қабылданған қаулы да заңға сәйкес келмейді дедім. Ол менің бұл айт
қаныммен келісті. «Иә, ондай мәселелер бар, бірақ жағдай осыған
мәжбүрлеп тұр» дегенді айтты. Горбачев бәрінен хабардар дегенді тағы
қуаттады. Қажет болса, Мәскеуге ұшып барайын, Төтенше комитет
пен Жоғарғы Кеңеске араағайындық етейін дедім. Ол қуанып кетті.
Бұл ойымнан Ельцин қайтарды. «Нұрсұлтан, республикадан тысқа
ры жерге аттап басушы болмаңыз. Мұндай жағдайда өз үйіңіз — өз
қамалыңыз», деді Борис Николаевич. Сөзінің жаны бар. Мұндағы бас
шылықтағы кісілер де менің Мәскеуге ұшпақ ойымды қолдаған жоқ.
Жоғарғы Кеңес төралқасы да президент елде болуы керек деп шешті.
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет мүшелері дереу
іс-қимылға басты. Республикаға телефон соғу тоқтатылды, Орталық
телевизия мен газеттерге менің мәлімдемемді ешбір жағдайда жария
ламау жөнінде әмір түсті. Алайда біздің аузымызға қақпақ қоюдың
реті келмеді. Менің баспасөз қызметім мәтінді әртүрлі бұқаралық
ақпарат құралдарына, оның ішінде шетелдік ақпарат құралдарына
жедел түрде бере білді. Қазақстанның кесімді сөзін бүкіл дүниежүзі
естіді. Америка Құрама Штаттарында 20 тамыз күнгі кеште біздің
салиқалы ұстанымымыз, ТЖМК-ні қолдаудан бас тартқанымыз
күштердің ара салмағын демократия жағына қарай басып жіберді
деген ақпарат ресми түрде таратылды.
Янаевпен ашық әңгіме нақты нәтижеге жеткізді. Ол Ақ үйге ша
буыл жасалмайтынына сендірді. Мен мұны Ельцинге айттым. Бұл
жағдай Борис Николаевичке ерекше жігер қосты деп ойлаймын. Өзі
де ер адам еді ғой. Оның танкінің үстіне шығып алып, мәлімдеме
оқығанын «Вести» бағдарламасы көрсеткеннен кейін-ақ Ельцин халық
батырына айналып жүре берді. Ертеңіне Ақ үйді қалың қоршаған
халықты көргеннен кейін онсыз да өздері не істерін білмей тұрған
бүлікшілер райынан қайтып, ақыр аяғында Форосқа ұшып баруға,
енді Горбачевтің алдына өздері жығылуға мәжбүр болды. Сөйтіп,
үш күнге созылған бүлік басылды да қалды.
Төтенше жағдай жөніндегі комитетті құрушылардың шолақтығы,
дәрменсіздігі, шынында да, айран-асыр қалдырады. Олар мәселені
баяғы Хрущевті тақтан тайдырған кездегідей етіп шеше саламыз,
қалың тобыр соңымыздан ере кетеді деп ойлаған сияқты. Қайдан,
қоғам да, адам да қатты өзгеріп үлгерген еді ғой.
Менің есімде ерекше қалғаны — бүлік біткеннен кейін Михаил
Сергеевичпен алғаш рет сөйлескен сәтім. Сол әңгіменің соншалықты
жан тебірентерлік болғаны. Горбачевтің дірілдеген дауысынан оның
қандайлық есеңгірерлік күйді бастан кешкені аңғарылып тұрды.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 212 —
Михаил Сергеевич Қазақстанның бүкіл халқына бостандық пен демо
кратия қағидаттарына, заңды түрде сайланған мемлекеттік билікке
адалдық танытқаны үшін қатты разылық білдірді. Дәл сол кезде
оның қабылдау бөлмесінде Янаев, Крючков, Бакланов, тағы басқалар
аудиенция күтіп тұр екен. Оларды қабылдардың алдында Горбачев
Ельцинмен, менімен сөйлесіп алмақшы болыпты. Біздің әңгімеміз
он минуттан да аса қойған жоқ қой деймін, бірақ соның өзінде мен
қатты толқып, бойым жеңілдеп қалды. А. Дзасохов өз кітабында: «Мен
онымен Қырымда бір рет қана сөйлестім. Әңгіме 21 тамызда сағат
16‑да болды. Ол менің өзі сөйлесіп отырған үшінші адам екенімді
айтты. Маған дейін Бушпен және Назарбаевпен сөйлескен екен», деп
жазған. Телефон тұтқасын орнына қойғаннан кейін сағатыма қара
сам, кешкі тоғыз екен. Теледидар Мәскеуден «Время» бағдарламасын
бере бастады. Онда бүліктің басылғаны жөнінде ештеңе айтылған
жоқ. Әйтсе де, Горбачевпен сөйлескеннен кейін мен бүліктің толық
басылғанына ешқандай күмәнданбадым. Осы қуанышты қазақстан
дықтарға тезірек жеткізгім келді.
Не істеу керек? Ойыма телеорталық түсе кетті. Телеорталық каби
нетімнің терезесінен көрініп тұратын. Дереу сонда тарттық. Барсақ,
ондағылар президенттің өзі келгеніне сенбейді, көмекшілерімнің
«Студия табу керек, мәлімдемені жазып алу керек» дегеніне аң-таң.
Мені көргеннен кейін барып қана студияны дайындай бастады. Рес
публика халқына жаңа ғана КСРО президенті Михаил Сергеевич
Горбачевпен сөйлескенімді, оның аман-сау екенін, өз міндетіне қайта
кіріскенін жеткіздім. Төңкеріс күндерінде республика басшылығына
қолдау, демеу көрсеткені үшін көпұлтты халқымызға алғысымды
айттым. Қызық болғанда… студиядан шыға бергенімде телевизия
қызметкерлері қинала тұрып, жаңағы мәлімдемемді қайта айтуымды
сұрады. Сөйтсем, олардың да әбден асып-сасқаны ғой, менің сөзімді
жазып алуды ұмытып кетіпті… Студияға қайта кіріп, әлгі айтқан
дарымды сол ыңғайда жаңадан айтып шықтым. Қайта жазғанда
алғашқыдағыдан әсерлірек сөйлеген сияқтымын.
Социализм сергелдеңінің соңы сынды тамыз оқиғасы Кеңес
Одағындағы саяси үдерістерді жеделдетіп жіберді. Одақтың ыды
рауын тоқтату енді мүмкін болмай қалды.
Бұл бүлік көп нәрсені анықтады. Бұл бүлік компартияның саяси
өлімімен аяқталды.
Михаил Горбачевтің «Остаюсь оптимистом» атты кітабында КОКП
Орталық Комитетінің хатшысы Олег Баклановтың тамыздағы іс-әре
кеті туралы жазылған мынандай жолдар бар: «Ол мені комитетті
қолдауға шақырып, «Сіз демала тұрасыз, сіз жоқта біз «лас жұмысты»
Қайта құру: қызығы мен шыжығы
— 213 —
(!) тындырамыз, содан кейін сіз Мәскеуге қайтып ораласыз» деді».
Бұл сөзге түсініктеменің қажеті болмас деймін.
19–20 тамыз аралығында Қазақстан Компартиясы Орталық Коми
тетінің атына КОКП Орталық Комитетінен Төтенше жағдай жөніндегі
мемлекеттік комитет дейтіннің іс-әрекеттері мен қаулыларын КОКП
Орталық Комитетінің хатшылығы қолдап отырғанын бұлтартпастан
растайтын біраз құжаттар келіп түсті. Мәселен, бір құпия жазбада,
атап айтқанда, былай делінеді: «…Төтенше жағдайдың енгізілуіне
байланысты коммунистердің КСРО-дағы Төтенше жағдай жөніндегі
комитетке жәрдемдесуге қатысуы турасында шаралар қолданыңыз
дар». Осынысы арқылы КОКП Орталық Комитетінің хатшылығы бе
делін түсіріп, өзін қатардағы коммунистерге қарсы қойды, халықтың
шынайы мұқтаждары мен мүдделерінен қол үзгендігін, тоталитарлық
ойлауға бейімдігін көрсетті.
Таңдау жасайтын шақ туды.
Мен Саяси бюроның және КОКП Орталық Комитетінің құрамында
бола алмайтынымды және осы органдардан шығатынымды, Қазақстан
партия ұйымының басшысы ретінде республика коммунистерінің
алдына Қазақстан компартиясының КОКП құрамынан бөлінуі туралы
мәселе қоятынымды мәлімдедім. Сол күндері мыңдаған коммунис
терден, партияда жоқтардан алған хаттарым мен жеделхаттарым
мені бұл шешімімнің дұрыстығына сендіре түсті.
Қайта құрудың қызығы мен шыжығы тарих тәлкегіне ұласып
барып басылды.
Тарауды түйіндейтін тұста өзімді дәйім қажап келген ойымды
ортаға салайын. Горбачевтің жағдайы қиын еді. Уақыт өте күрделі
болатын. Билік қолынан сусып бара жатты. Меніңше, Горбачев елде
төтенше жағдай жариялауды ойлаған сияқты. Кей-кейде сондайды
аңғартып қалатындай еді. Егер ГКЧП жеңіп кеткенде М. Горбачев
ақ атқа мініп шыға келер еді. Бәлкім, ондай жағдайда осының бәрін
білгенін мойындар ма еді. Бұйрық бермегенмен, «Мен кеттім, сендер
бірдеңе жасай беріңдер» деп ымдады ғой. Төңкеріске кіріскендер
тым бекемсіз әрі қорқақ болып шықты. Бұл менің таза өз пікірім.
Бұл істе басы ашылмаған нәрсе әлі баршылық.
— 214 —
ПОЛИГОН
СЕРГЕЛДЕҢНІҢ СОҢЫ
«Жалпы, ГКЧП бүлігі, арада отыз жыл өтсе де, талай кітап жа
зылса да әлі күнге ақиқаты толық ашылмаған жайлардың бірі» —
өткен тарауда осылай дегенмін. Горбачев Форостан келгеннен кейінгі
алғашқы баспасөз мәслихатында: «Всего я вам не скажу. Всего я не
скажу никогда» деген болатын журналистерге. Ол күндердегі оқиға
ларға сағат сайын дерлік араласып отырғаныммен, бүлік тұсында
Мәскеуде, соның дәл басы-қасында жүрмеген соң сырттан тон пішу
артық. Әйтпесе, ГКЧП туралы сан түрлі пікір бар.
«Янаевтың сөзіне қарағанда, 1991 жылдың көктемінде-ақ Горбачев
әлеует министрліктеріне елде төтенше жағдай енгізу жөнінде ұсы
ныстар дайындауды тапсырған. Іс-әрекеттің төрт нұсқасы әзірленген.
Осыған қарап, ГКЧП-ны құру идеясы Горбачевке тиесілі деуге де
болады. Әйтеуір, одан атымен бас тартпаған. Демалысқа шығарынан
бір күн бұрын, 3 тамызда министрлер кабинетінің отырысында ол:
«Біз Кеңес Одағын күйретуге жол бермейміз, төтенше жағдай енгізуге
дейінгі барлық шараларды қабылдаймыз», деген. Осыны айтқан да,
Форосқа жүріп кеткен.
19 тамызда жария етілген құжат — Горбачевке дайындалған нұсқа
лардың бірі. 18 тамызда бір топ жолдастары Форосқа ұшып келгенде
Горбачев оларға төтенше жағдайды енгізу керек емес демеген. Сөз
бе-сөз келтіргенде былай деген: «Шара қолдану керек, бірақ сіздер
мені түсініңіздер, мен бұл іске араласа алмаймын».
Николай Зенькович осылай жазады.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Анатолий Лукьянов Внуково‑3
әуежайында шығарып салу кезінде серіктестері жан-жақтан мұндайға
бұдан әрі төзу мүмкін еместігін, елге қатер төніп тұрғанын айтып, бір
деңе істеу керек дей бергенде Горбачевтің нақпа-нақ етіп: «Ал, байқап
көріңдер, байқап көріңдер» дегенін растаған. Нені байқап көріңдер
дегенін кім білсін. Жеке кездесулеріміздің бірінде Горбачев маған да
ішінде жүрген күдігін білдіріп, сауалын қойған. Мен ол кезде оған
мұндай күрделі мәселе бойынша ешқандай жауап бере алмағанмын.
Полигон
— 215 —
ГКЧП мүшелерінің кітаптарын қарап отырсаңыз, олар тіпті Гор
бачевтің тікелей тапсырмасын орындағандай сөйлейді. Сергей Пле
хановтың: «ГКЧП-ның іс-әрекеттері ол атқарушы орган, ал шешім
қабылдау орталығы Комитеттен тыс тұр дегендей ойға жетелейтін.
Оның мүшелері біреулердің нұсқауын күтіп тұрғандай әсер қал
дыратын, сол нұсқау түспеген кезде олар асып-саса бастады. Тегін
де, осы сенімсіздікті Ельциннің айналасындағылар байқап қалды
да, мұны КСРО президентінің оғаштау көрінетін оқшаулануымен
байланыстырды. Олардың қолында қандай да бір іліктер болуы
да мүмкін, содан да Горбачевке диктатураны дайындауға бірге қа
тысқанын «ұстап алғанын», енді оның келісімге келуін қалайтынын
аңғартты. Шынтуайтында, оны төңкерісті дайындауға қатысты деп
тікелей айыптау Ресей басшылығының өзіне онша ыңғайлы емес
еді — онда ГКЧП-ның іс-әрекеттері легитимді шығатын. Ал қармаққа
ілінген Горбачевті қалағанынша ұстау әлдеқайда оңай еді», деп те
жазғаны бар. Мысалы, Язовқа әскерді Мәскеуге тартуды бұйыруын
бұйырғанмен, одан әрі қарай ешқандай нұсқау бере алмағаны сол
сенімсіздіктен деу керек. Публицистер біраз нәрсені оңайлатып жі
береді деген күннің өзінде, үлкен саясаткер Шеварднадзенің қолға
алынғалы жатқан бүлік туралы Горбачев біліп отырды дегенін (ол бір
жолы биік мінбеден «диктатура келе жатыр» деп ашық айтқан еді)
есепке алмағанның өзінде, оның Форостан қайтып келгендегі түрі
жеңген адамнан гөрі жеңілген адамға көбірек ұқсайтынын бүкіл
әлем көзбен көргені анық.
Борис Николаевичпен теннис ойнап жүрген күндерімізде ол
доптың ішке түскені немесе сыртқа кеткені күмәнді жердің бәрінде
«Аут!» деп айқай салатын. Сол сөзі қайталана бергеннен кейін мен
де реніш білдірдім: «Борис Николаевич, бұлай ойнасақ, сізді жеңу
жалпы мүмкін болмайды ғой!» деп. Сонда Ельцин маған: «Менің
өмірім онсыз да қиын, ал сіз мені осы жерде де жеңіліс тапсын дейсіз
бе?» — деген. Иә, ол күрескер болатын, жеңілуге төзбейтін. ГКЧП
оған іздегенге сұраған бола кетті. Мәскеуде халықты соңынан ертіп,
Ақ үй төңірегіне баррикадалар орнатып, бүлікшілердің бетін қай
тарғанымен қоймай, Форостағы президентке арнайы ұшақ жіберіп,
Мәскеуге аман-есен алдыртты. 21 тамызда Төтенше жағдай жөніндегі
мемлекеттік комитет делінетіннің мүшелерінің бәрі қамауға алынып,
артынан қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Горбачев Ельциннің бүлікті басудағы шешуші рөлін сөзсіз мо
йындады. Мұның ақыры ел президентін РСФСР Жоғарғы Кеңесінің
отырысына шақырып, Ельциннің компартияның қызметін тоқтату
жөніндегі жарлыққа Горбачевтің көзінше қол қоюымен аяқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 216 —
Бүкіл ақпарат құралдарының көзінше мінбенің жанына барып, Гор
бачевке «қолды қой» деп дікілдеп тұрып алды. Мұнысы, әрине, Гор
бачевтің абыройын төгудің әрекеті еді. Горбачев: «Борис Николаевич,
қоя тұрыңыз, бұлай етуге болмайды…» деуден аса алмады. Бір айдан
кейін Бас хатшының өзі де өзінің партиясын тастап шықты.
Осы сергелдеңнің соңы бізге бір мүмкіндік туғызды…
Семей полигоны — «қырғи қабақ соғыстың» мұрасы.
1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталған Америка
бомбаларынан кейін жанталаса қаруланудың жағаласқан жарысы
басталып кетті. Сталиннің тапсыруымен, Берияның қадағалауымен,
Курчатовтың басшылығымен аз уақыттың аясында кеңестік атом бом
басын жасауға қол жеткізілді. Кеңес Одағы атом қаруының құпиясын
барлау, шпионаж жолымен қолға түсірген деген де әңгіме бар. Кейін
шынымен-ақ бұл істің Берияның басшылығымен жүзеге асырылғаны
анықталды. Бірақ тіпті солай болған күннің өзінде, қағазға жазылған
формула өздігінен бомбаға айнала салмайтыны тағы белгілі. Халықа
ралық жағдай қатты ұшынып тұрған сол жылдарда кеңестік физик
тердің Отан қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ірі іс тындырғанын
айтпаудың жөні жоқ. 1947 жылы Сталин Семей қаласының маңында
ядролық полигон құру жөніндегі шешімге қол қойды. Құпия қалаға
«Семипалатинск — 21» деген жасырын ат берілді. Арада небәрі екі
жыл өткенде…
«1949 жылғы 29 тамызда…
Тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып
бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қомағай қадалып, оны
шарпып өтті де, дәл бір Күн орнына күн болғысы келгендей аспанға
көтеріле берді. Жер оқыстан қатты ауырсынып, шыңғырып жіберді.
Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарықтырар сәуле бас айнал
дырып жібергендей бір сәтте жалмаған жер қабағының ыстық күлі
мен иісі көкке көтеріле берді. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар
түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан-жаққа таратып,
көз көріп, құлақ естімеген, аяуды білмейтін жау жақындап қалғанын
жеткізгендей болды. Орасан зор, бірақ көзге көрінбейтін сыпырғы
естен танған тіршілік иелері мен ештеңені түсінбеген өсімдікті жер
бетінен бір демде жұлып алып, талай-талай шақырымға серпіп тас
тағандай еді. Ертегінің сұмдық Айдаһары жер қойнауынан кенет
шығып, оның денесін орасан от тілімен жалмап өткендей еді. Сол ау
мақта әдейі қалдырылған қой-ешкі тұрған жерінде түгел күйіп кетті.
Таяу жерлердегі сирек ауылдар мен бірлі-жарым селоларда тұра
тын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен
от-жалынға таңырқап, үйлерінен жүгіріп шығып, көкжиекке үн-түн
Полигон
— 217 —
сіз, демін ішіне ала қарап тұрды, ал онда адамның ойы мен тәжіри
бесіне еш сыймайтын екінші күн жарқ етіп, қайта сөніп бара жатты.
Бәрі бітті… Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен да
ланың тұл жамылғысы. Жаңа жұмыртқа жарған балапандай, қайда,
неге баратынын білмейтіндей әлтек-тәлтек басқан соқыр бүркіттер.
Жан тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың,
қасқырлардың, түнде ғана тынымсыз жортқан кесірткелердің денесі.
Олардың жанталасынан кімге қаратып айтылғаны белгісіз «Нелік
тен…?» деген үнсіз сұрақ сезілетіндей. Ал зәресі ұшып, аңырған
адамдар «Ол не?» деген сұраққа жауап таба алмай, беймәлім құрсау
дан босана алмай тұр. Бұрын-соңды көрмеген бұл құбылыс, оларды
үн-түнсіз қатып қалуға мәжбүр етті, өздері де байқамай, дала өріс
тері мен тау бөктерлерінің бұрынғы шешек атқан, гүл жайнаған
рақат күндеріне, бәлкім, енді қайтып оралуы кәдік күндеріне тағзым
еткендей еді».
Бұл үзінді менің КСРО-дағы тұңғыш атом бомбасын сынау жөнінде
де әңгімеленетін «Бейбітшілік эпицентрі» атты кітабымнан алынып
отыр.
Мұндай сұрапыл суретті оған дейін фантаст жазушылар да қағаз
бетіне түсіре алмаған шығар, тегі. Осы оқиға қазақ даласында болды.
Полигон неге Қазақстанға орналастырылған?
Әдетте бұл жер Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған жері еді,
оның үстіне негізгі коммуникация желілерінен оншалықты қашық
емес, сондай-ақ үлкен қону алаңын салу мүмкіндігінің болуы ескеріл
ді деген сияқты сөздер алдымен көлденең тартылатын. Сөйтіп, об
лыс орталығынан небәрі жүз елу шақырым жерді таңдап алыпты.
Тым ұзаққа теміржол тартып жатпау үшін. Көп шығын жұмсамау
үшін. Болашақ полигон туралы толық ақпарат ел халқынан жасырын
ұсталды. Сынақ орнына жап-жақын жерде толып жатқан ауылдар
мен кенттер бар еді. Әр нәрсені өз атымен атайтын болсақ, олардың
бәрі де іс жүзінде мемлекеттің әскери-саяси мүддесіне құрбан етіл
ген. Саналы түрде. Әйтпесе, ядролық сынақтардың сол маңайдағы
елді мекендер адамдарының денсаулығына қандай әсер ететінін,
қандай қатер төндіретінін олар білмеді емес, білген. АҚШ-тың атом
қаруына монополиясын қайткенде де тезірек жоюды ғана мақсат
тұтқан кеңестік билік іс жүзінде жүз мыңдаған адамдардың өмірін
түкке тұрғысыз бірдеңе деп қараған. Ядролық жарылыс жасалатыны
жөнінде сондағы халыққа ескерту 1953 жылдан ғана басталған. Соған
дейін, яғни тұтастай төрт жыл бойы адамдарға алдын ала хабарлау
да, оларды жарылыс орнынан алыс жерге уақытша алып кету де
ойластырылмаған. Әсіресе алғашқы жарылыстың зардабы ерекше
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 218 —
тиген. Радиоактивті заттектер сол маңайдағы барлық елді мекендерді
жауып қалған. Не болып, не қойып жатқанынан атымен хабары жоқ
ауылдардағы тұрғындар радиациялық сәуленің өте үлкен дозасын
алған. Сұмдық емес пе? Өз халқына осындайлық жаны ашымаған,
тіпті адамдарды эксперимент нысаны ретінде кәдімгі тәжірибе жа
сайтын қоян көжектеріндей қарастырған өкіметке осыдан кейін қалай
ішің жылиды?! Тіпті қайта құру басталып, жариялылық саясаты жү
зеге асырыла бастаған 1986 жылдың өзінде, Чернобыль атом электр
станциясында жарылыс болғанда да Мәскеу сол апат жайындағы
ақпаратты екі тәулік бойы жасырып ұстаған ғой. Ал апат сәуірдің
аяғында, аптаның соңында орын алған еді. Адамдар сенбі-жексенбіде
қаннен-қаперсіз көшеде қыдырып, серуенге шығып, саяжайларға
барып жүрген-ді. Тым құрыса, дәл сол екі күнде адамдар апаттан
хабардар етіліп, үйде отырғанда радиация жұқтыру әлдеқайда азаяр
еді. Қайтерсің, сол да жасалмады.
Халық шаруашылығындағы тоқырау құбылыстары әміршіл-
төрешіл жүйенің өндіргіш күштерді жоспарлау мен орналастыру
дағы қарама-қайшылығы мен кемшіліктерін ашып берді. Қазақстанда
табиғат ресурстарын жыртқыштықпен пайдалану барған сайын
күшті сезілді, баяу әрекет ететін экологиялық «миналар» қойылды.
Олардың ең үлкені Семей полигоны болатын. Полигон маңайындағы
ядролық зорлық — біздің ата-бабаларымыздың жеріне деген тағылық
қатынастың түгесілмейтін үлгілерінің ең бір сорақысы.
Қазақ халқы демократияға, ешбір асыра айтары жоқ, азап ше
гіп жүріп жеткенін, әрі біраз бөлігі ақылға сыйымсыз коммунистік
тәжірибе барысында жойылып кеткенін атап айтқым келеді. Респуб
ликаның байлығы мен гүлденуіне қабат жетерлік табиғат ресурста
рының теңдесі жоқ қорлары бар Қазақстан орталықтың шикізат
шылауына, адам айтқысыз имансыздық бағыттағы сынақ полигонына
айналды. Иә, қазақстандықтар — сынақтың неше атасынан өткен,
соның ішінде атомдық сынақты да көрген, нағыз «сыналып шыққан»
адамдар. Кешегі кеңестік кезеңде біздің республикамызды мақтаған
да «халықтар достығының лабораториясы» дейтіні есте. Лаборато
рия — эксперимент жасайтын орын. Патша заманында қазақ жерінде
салынған бекіністің — бұрынғы Алматының «Верный» аталғаны да
«адалдықпен» қоса «құлақкестілікті» де («верноподанный») аңғартып
тұратын. Император, мысалы, шешен жеріндегі бекіністі олай атаған
жоқ — «Грозный» деп атады.
Мұндай қысымшылық пен әділетсіздік талайға дейін жалғасып кел
ді. Ұлт мүддесін қорғаған азаматтарға «ұлтшыл» деген айып тағылып,
қудалауға түсті, талайы атылып та кетті. Республиканың ұлттық
Полигон
— 219 —
құрамына таяу арада түзеп болмастай орасан нұқсан келтірілді, жер
құнары азып, атамекен тозып кетті. Айдынды Аралымыз тартылды.
Тың жерлерді игеру барысында Сарыарқаның шалғыны азды. Абай
туған Шыңғыстауды қырық жыл бойы Семей ядролық полигонындағы
сынақтар сілкінтіп тұрды. Осында әуеде, жерде және жер астында
жарылып, жарты миллионнан астам адамдарға зардап шектірген
зарядтардың жиынтық қуаты Хиросима мен Нагасакидегі қасіреттің
көзі болған қондырғылардың қуатынан жүздеген есе асып түсетін.
Қазақстанда ядролық қаруды сынауды, соның ішінде жер бетінде
сынақ жүргізе отырып, жүйе өз мемлекетінің азаматтарына қарсы
адамзат тарихындағы ең қайғылы қылмыстардың бірін жасады. Тек
біздің республикада ғана жарты миллионнан астам адам радиация
дан зардап шекті. Олардың көпшілігі күш-жігері толысқан шақта
өмірден өтті, жүздеген мыңы денсаулығынан біржола айырылды.
Балалардың бірнеше ұрпағы туа сала өмірлік мүгедектікке таңылды.
Академик Рымғали Нұрғали маған бала күнінде «ядролық саңы
рауқұлақты» талай көргенін айтқаны есімде. Ол — Абай ауданының
тумасы. Кейін университетке оқуға түскенінде азаматтық қорғаныс
пәнінен сабақ беретін капитан емтиханда ядролық жарылысты су
реттеп айтуды сұрағанда суырыла сөйлеп, мектепте жүргенде жа
рылыстың қалай жасалғанын, соның ішінде әлгі «саңырауқұлақты»
да көргенін әңгімелеймін деп басы бәлеге қала жаздаған екен. Жаңағы
капитан емтиханнан кейін студент Рымғалиды оңашаға шығарып,
білегінен қысқаштай қыса ұстап, енді ол жөнінде аузын ашса, өзі де,
туысқандары да құритынын ескертеді. Иә, сол зұлмат суретті жылдар
бойы жүз мыңдаған адамдар көрген. Радиоактивтік сәуле алған жарты
миллионнан астам қазақстандықтардың денсаулығы бұрынғы КСРО
басшылығының есі кеткенше ядролық жанталаса қарулануының
құрбандығына шалынды. Біздің халқымызға келтірілген орасан зор
материалдық және моральдық зиянды есептеп шығу мүмкін емес.
Қарағанды обкомының хатшысы болып жүргенімде Қарқаралы,
Егіндібұлақ жағына талай барғанмын. Тамаша жерлер ғой. Қолға
тиетін жалғыз жексенбіде сәті түссе, тартып кететінбіз. Қыста қасқыр
соғатынбыз. Сондай сапарлардың бірінде жолдастарым Дәулет деген
аңшы жігітпен таныстырған. Аңшылықтың талай қызығын көрсетіп
еді. Жасы ол кезде елуге келіп қалса да, отыздағы жігіттей көрінетін.
Кейін естідім — сол Дәулет досымыз жаман дерттің тырнағына ілі
гіпті. Себебі белгілі — іргедегі полигон. Содан тарайтын радиация.
Дәулет сияқты талай адамның ауырғанын, талайының сол аурудан
жазылмағанын білемін. Тіпті өзіміз тұратын Қарағандының өзін
де кейде аяқастынан шамдалдар шайқала жөнелетін, серванттағы
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 220 —
ыдыстар сықырлай бастайтын. Балаларымыз көздері бақырайып,
қорыққаннан жанымызға жетіп келеді. Не болғанын сұрайды. Айта
алмаймыз. Көршілес Семей жерінде кезекті атом сынағы жасалғанын
біз сол сәтте біле қоятынбыз. Қарағанды мен Семейдің арасы қанша
қашық болса да, дүмпудің бізге жетіп тұрғанын қараңыз.
Полигон туралы мен ең әуелі Теміртауда жұмысты қатар бастаған
Төлеутай Сүлейменовтен естігенмін. Ол семейлік еді. Маған сыбыр
лағандай етіп айтатын әңгімесіне сенер-сенбесімді білмейтінмін.
«Он-он бір жасар кезім. Бір сәтте аспан қақ айырылып кеткендей
болды. Аулада тұрған пешімізді жел ұшырып ала жөнелді. Тере
зенің бәрі қаусап түсті. Үйдің мұржасы құлап жатыр. Мал маңырап,
иттер үріп, азан-қазан. Көшеге атып шыққан жұрт орын-орнында
қатқан да қалған. Ненің не екенін біз, балалар тұрмақ, үлкендер де
түсінер емес. Сөйтсек, ол «ударная волна» екен», дейтін Төлеутай
досым. Оның ағасы мен бір қарындасы ауруға шалдығып, өмірден
ерте өткен еді. Кейін саясатқа араласып, үлкен қызметте жүргенінде
Төлеутай Сүлейменов ел делегациясының құрамында АҚШ-қа ба
рады да, сол жерде оларға Семей полигоны туралы деректі фильм
көрсетеді. Әлгі фильмді Төлеутай ақырына дейін көруге шыдамапты.
«Көз жасыма ие бола алмадым. Ауылдарда бірен-саран кәрі-құртаң
адамдар, қойлар, иттер қалғаны көрсетілген. Оларды алып шығуға
мүмкіндік болған да ғой, бірақ тастап кеткен. Дүн-дүниенің бәрі
құйынға айналып, аспанға ұшып жатыр. Одан әрі залда отыруға
шамам келмеді» дегені есімде.
Қайта құру — күрделі құбылыс. Оның күнгейі де жеткілікті, көлең
келі жағы да жеткілікті. Көлеңкелі жағын өткен тарауда біраз айттық.
Күнгей жағының ең бір жақсы жері — жариялылық. Сол жылдарда
кеңес заманындағы небір сорақылықтардың беті ашылды. Жиырма
сыншы, отызыншы жылдардағы ашаршылық, одан кейінгі жаппай
жазалау, соғыстың шындығы, тың игеру кезінде еліміз көрген қиянат,
желтоқсанның қасіреті сияқты жайлардың бәрі айтылды. Елім деп
өткен арыстарымыз да сол тұста ақталды. Семей полигонындағы
ахуал туралы ақиқат та алғаш рет жариялылық кезінде ақтарылды.
Оған дейін Орталық комитет хатшысының да, Үкімет басшысының
да, тіпті КОКП Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі лауа
зымында отырған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы Д. Қонаев та полигондағы жағдайға араласу тұрмақ,
онда баруға да мүмкіндігі болған жоқ. Ол кездегі республика басшы
сымен ешкім ақылдасқан да жоқ, полигонға жер беруді сұраған да
жоқ. Бармаған соң, өз көзімізбен көрмеген соң, әрине, біле де алма
дық. Бұл мәселелердің барлығы аса маңызды мемлекеттік құпияға
Полигон
— 221 —
жататын. Оны айтамыз, әскери нысан саналатын ядролық сынақ
полигонын былай қойғанда, республика басшысы тіпті Байқоңырға
бірде-бір рет бара алған емес. Байқоңырға аяқ басқан бірінші Қа
зақстан басшысы — мен. Сонда біздің республиканың Конституция
бойынша бекітілген мәртебесінің сақталуының да жөні жоқ қой.
Бәрі бос сөз. Ол кезде бәрін Орталық шешетін, бәрін Мәскеу билеп-
төстейтін. Ядролық полигон өзінше бір мемлекет ішіндегі мемлекет
сияқты еді. Сондықтан біз қайта құруға осы полигонды жабуға жол
ашып бергені үшін де разы болуға тиіспіз деп ойлаймын.
АЖАЛ АРАНЫНА ҚҰМ ҚҰЮ
Полигон ақиқатының айтылуына 1986 жылғы Чернобыль апа
ты қатты қозғау салды. Онда атмосфераға тараған радиациядан 4
мыңнан астам адам рак ауруына шалдыққаны жария етілген еді. Семей
жеріндегі ядролық сынақтардың салдарын есептеп, біздің маман
дар Қазақстандағы полигонның зардабы кемінде екі Чернобыльдай
болған деген қорытындыға келді. Қазақ жерінде қырық жылдан астам
уақытта 456 ядролық жарылыс жасалған екен. Соның ішінде 116‑сы
ашық әдіспен, яғни жер бетінде немесе аспанда жасалған. Олардың
зарядтарының жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасы
ның қуатынан екі жарым мың есе көп. Жаңағы цифрлар айтуға ғана
оңай. Осыншама жарылысты көз алдыңызға елестетудің өзі қиын.
1963 жылы атом қаруын атмосферада, ғарышта және суда сынауға
тыйым салу жөніндегі шартқа қол қойылғаны белгілі. Содан кейінгі
жарылыстардың бәрі де жер астында жасалып келген. Талай жылдар
бойы жерасты жарылыстарының зиянсыздығы жөнінде аңыз тара
тылып жүрген. Ол аңыздың да күлін көкке ұшырған күштің аты —
жариялылық. Қайта құру жылдарында радиоактивті элементтердің
атмосфераға шығып кетуінің барлық фактілері ашық айтылып, олар
дың айналадағы ортаға, адамдардың денсаулығына қандай зиян кел
тіргені жазыла бастады. Мысалы, сынақтар басталғалы бері жергілікті
тұрғындар арасында ракпен ауыратындардың саны үш есе артыпты.
Менің қатты ашу-ызамды туғызған жағдай жаңағы Чернобыль
апатынан кейін бірнеше ай өтпей жатып Семей сынақ полигонының
аумағын кеңейту жөнінде тапсырма алғанымыз болды. Ол жөнінде
бірінші хатшымен келісім жасалыпты. «Бізге жаңа жерлер керек.
Нақты дайындық жұмысымен айналысатын генералдар мен маман
дарды қарсы алуға дайындалыңыздар» — Қорғаныс министрлігін
дегі дәу дөкейдің сөзі осындай. Қаным басыма шапшыды. «Немене,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 222 —
Орталық Комитет пен Үкіметтің қаулысы шығып па еді? Неге мен,
Қазақстан Үкіметінің басшысы, мұны алғаш рет естіп отырмын?»,
десем, «Қаулы шықпаса, шығады. Жоба жасалған, Орталық Коми
тет келіскен. Біз құжатты жібергенде қол қойыңыз да, айтқанды
істеңіз», — деп түйеден түскендей сөйлейді. «Кешіріңіз, мен ондай
құжатқа қол қоймаймын. Қол қоймайтыным былай тұрсын, ондай
шешімді өзгертуге тырысамын», — дедім. Колбинге хабарласып,
«Бұл не жағдай, сіз келісім берді деген сөз рас па?» десем, «Сон
дай бір әңгіме болған, ұмытпасам, жаңа полигон салу туралы емес,
бұрынғының аумағын кеңейту туралы айтты-ау деймін. Немене, про
блема бар ма еді?» дейді. Проблема бар екенін, үлкен проблема бар
екенін түсіндіріп бердім. Колбин: «Оларды тоқтатпақ болсақ, екеу
мізді де орнымыздан алып тынады» дегенімен, менің сөздерім әсер
етті-ау, ақыр аяғында «Жарайды, онда өзіңіз тоқтатуға тырысыңыз»
деді. Обалы не, сөйтіп менің жолымды ашып берді. Енді өзіміздегі
Орталық Комитеттің хатшыларымен сөйлесе бастадым. Бірі аттап
баспайды. Михаил Горбачев пен Рональд Рейганның бірнеше рет
кездескенін, ол келіссөзде «қырғи қабақ соғысты» тоқтатудың жайы
нақты талқыланып жүргенін айтсам да көнбейді. Тап бір мен Кеңес
Одағының қорғаныс қабілетін әлсіретуге әдейі әрекет етіп жатқан
адамдай қарайды. Амал жоқ, белгіленген тәртіпті бұзып, Колбинді
айналып өтуге, Бас хатшыға тікелей хабарласуға тура келді. Михаил
Сергеевич бұл тақырып талқылауға жатпайды дегенді айтты да қойды.
Әншейінде көп сөйлейтін адам тіпті нақтылы бола қалыпты.
Бізге жариялылық, демократия көмекке келді.
Полигонның аумағын кеңейтетін жерді сол кездегі Талдықорған
облысының территориясы есебінен қосып алу көзделген. Облыстық
атқару комитетінің төрағасы Сейілбек Шауқамановты Алматыға
арнайы шақырттым. Телефонмен талқылайтын тақырып емес.
«Не істегіңіз келсе, соны істеңіз, бірақ қалайда полигонның аумағы
кеңейтілетіні туралы сыбыс таратыңыз. Сонымен қатар, бірнеше
күннен кейін көпшілік аяқастынан жиналған қарсылық митингісін
өткізіңіздер», — дедім оған. Шауқаманов шошып кетті. «Мұнымен
айналыссақ, сіз екеуміз де жұмыссыз қаламыз ғой», дейді. «Мені
қайдам, мына сіздің жұмыссыз қалатыныңыз анық. Мұнымен айна
лыспасаңыз, сізді жұмыстан мен өзім босатамын» дедім амалсыз
дан. Ол бұйрығыма бағынды. Облыстың жерінен жаңа ірі сынақ
полигоны ашылғалы жатыр екен деген әңгімені елге таратты. Біз
ебін тауып, Семей өңіріндегі рак ауруымен ауыратындардың деңгейі
өте жоғарылығын куәландыратын құпия, бірақ шындыққа сәйкес
мәліметтердің баспасөзге шығып кетуін («утечка») ұйымдастырдық.
Полигон
— 223 —
Әңгіме көбейіп, қарсылық күшейіп келе жатқанын, Талдықорғанда,
Алматыда көп адам қатысатын митинг ұйымдастырылуы мүмкін
екенін республикалық МҚК Орталыққа хабарлап тұрды. Мәскеу
ге қара аспанды төндіріп, қара суды алдырып, бұлай бара берсе,
1986 жылғы желтоқсандағы жағдай қайталануы мүмкін, бірақ енді
бүкіл республика көлемін қамтуы мүмкін деген үрейлі қызметтік
жазбалар жіберіп жаттық. Семей облыстық партия комитетінің
бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев 1989 жылғы 20 ақпанда Мәскеуге,
Горбачевтің атына шифрлы жеделхат жолдады. Бұл мәселе менімен
астыртын келісілді. Белгілі семейлік жазушы Медеу Сәрсеке былай
еске алды: «Мен бұл оқиғаға нақ сол күні Кешірім досымның үйінде
отырып, өзім куә болғанмын. Ақпанның соңына таман ол мені кеш
кісін үйіне шақырды. Қабағы түсіңкі, әйелі де томсарып отыр. Мен
не болғанын сұрап едім, жарытымды жауап ала алмадым. Сөйтіп
отырғанда үкіметтік ВЧ телефоны шырылдады. Кешірім телефон
тұтқасын көтеріп: «Да, Геннадий Васильевич» дегені сол, ар жақтан
айқай басталып қоя берді. Колбиннің «Кто ты такой?» деп бастап,
ақылдаспай Мәскеуге жеделхат жібергені үшін күйіп-пісіп жатқа
ны анық естіліп тұрды. Мен шыдай алмай дәлізге шығып кеттім де,
әңгіме тоқтаған соң қайта кірдім. Досым сонда да ашыла қоймады.
Сәлден кейін тағы телефон шырылдады. Қоңырау шалған Нұрсұлтан
Назарбаев болып шықты. Әңгіме ауанынан Нұрекеңнің еш нәрседен
сескенбе, өзім қорғаймын дегенін де аңғардым. Содан дастарқанға
отырғанда барып, Мәскеуге жеделхат жібергенін, бірақ бұл жағдайды
ешкімге айтпауымды өтінді. Әрине, бұл ол кезде расында да тістен
шығаруға болмайтын жағдай еді».
Рас, жеме-жемге келгенде, яғни Парламентте полигон мәселе
сі арнайы қаралған тұста облыс басшылығының қосымша екі жа
рылысқа келісім беруді жақтағаны да бар. Оларға сол жарылыстар
үшін қомақты өтемақы уәде етілген еді. «Полигон» атты телесери
алда осының бәрі баян етілген. Әрине, ол деректі лента емес, ішінде
авторлық фантазия да бар. Әйтсе де, фильмдегідей етіп, Кешірім
Бозтаевтың қадамын алған бағытынан айну сияқты етіп көрсетудің
қисыны онша келмейді. Ол облыс жұртшылығының, зардапты көп
көрген халықтың мүддесін ойлаған еді. Екінші жағынан, біздің бір
жарылысқа болса да келісуіміз Мәскеудің алдындағы мәмілешілді
гіміз сияқты шығып, ұстанымымызды әлсіретуі әбден мүмкін екенін
де айтпай тұра алмаймын. Бізді халық та дұрыс түсінбейтін еді.
Сол жеделхат жөнінде түрлі әңгіме шығып қалып жатады. Біреу
лер онда Семей полигонын жабу тікелей талап етіліпті деп әсіре
летеді. Біреулер полигонды басқа жерге ауыстыруды ғана сұраған
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 224 —
екен деп әлсіретеді. Ақиқат бел ортада жатады ғой. Мәселенің басын
ашып алу үшін құжаттың түйінді тұсын келтірейін: «Облыстың
партия комитеттері халықтың арасында ауқымды түсіндіру жұ
мысын жүргізуде. Қалыптасқан ахуалға алаңдай отырып, партия
обкомы КОКП Орталық Комитетінен тиісті министрліктер мен ве
домстволарға жарылыстардың жиілігі мен қуатын уақытша тоқтата
тұруды немесе қатты қысқартуды, ал болашақта ядролық сынақтар
ды басқа бір, келісуге болатындай жерге ауыстыруды тапсыруды
өтінеді». Иә, көріп тұрғанымыздай, жеделхатта полигонды жабу
жөнінде мәселе қойылған жоқ. Жарылыстарды уақытша тоқтата
тұру, қуатын қысқарту, полигонның орнын ауыстыру мүмкіндігін
қарастыру өтінілді. Сонда бұл аз ба? Аз емес. Ол кездегі жағдайда
бұдан артықты талап ету жөнсіз. Ең бастысы — дабыл қаға алдық.
Үніміз жетер жерге жетті.
Ақыр аяғында Мәскеу ол жобадан бас тартуға мәжбүр болды.
Полигонды кеңейтпеуін кеңейтпеді. Сынақ алаңының ауқымы
18,5 мың шаршы километр, ал жалпы пайдаланылатын жер ауқымы
304 мың шаршы километр болатын. Бірақ сынақтарды жалғастыра
берді. Ақыры шыдамымызды шегінен шығарды.
1989 жылғы қыста жасалған кезекті жарылыс кезінде атмосфераға
радиоактивті заттектер тарап кетті.
Мұндай жағдай бұрын да орын алғанына ешқандай күмән жоқ.
Ал ол оқиғаның Чернобыльден кейін қайталанғаны тіпті қанымызды
қайнатты. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары бұл жайында сол
түні-ақ хабар таратып, шулатып ала жөнелді. Бізге керегі де — осы.
Қызық болғанда, дәл сол күні Олжас Сүлейменовтің одақтық парла
ментке депутаттыққа кандидат ретінде теледидардан, тікелей эфир
арқылы сөйлейтін күні екен. Ол депутаттыққа Алматы қаласынан
түсіп жатқан. Қаладан сайланудан үмітін үзе бастап, қатты күйзеліп
жүрген. Ертеңінде, 28 ақпан күні Қазақстан Жазушылар одағының
ғимараты алдында митинг болып, оны Олжас Сүлейменов басқарды.
Олжас құрған, біз қолдау көрсетіп отырған «Невада-Семей» қоғамдық
қозғалысы көп шаруа атқарды. Олжастың өзі кейін Алматыда сай
лауға түсуден бас тартты, шынын айтқанда, мұны амалдың жоғынан
істеді. Сайланатын мүмкіндігі де аз еді. Оның қарсыласы Алматы
ауыр мәшине жасау зауытының жұмысшысы болатын. Тұрғындар
сол азаматты көбірек қолдады. Ол жұмыс істейтін зауыт сайлау окру
гінің дәл ортасында еді. Сондықтан Олжастан басым түсіп тұрды.
О. Сүлейменовтің қарсыластары оны кәдімгі ұлтшылдың өзі етіп
шығаруға тырысқан. «Аз и Я» кітабынан, Жазушылар одағының ал
дындағы митингте сөйлеген сөзінен кейін ақынды олай етіп көрсету
Полигон
— 225 —
онша қиын да емес еді. Сайлауға енді түсе қалса, Алматыдан депутат
тыққа өтпейтініне көзі жеткен соң Олжас ақылдасуға маған келген.
Мен оған Семей жақтан түсуге, сайлауалды бағдарламасының басты
тақырыбы етіп полигон проблемасын алуға кеңес бердім. Кешірім
Бозтаевтың «Семей полигоны» атты кітабында бұл жайында да ай
тылған: «Алматыда дауысқа түскен Олжас қиындыққа ұшырапты.
Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаев маған телефон ша
лып, жағдайды айтып, О. Сүлейменовті Семей облысынан депутат
тыққа өткізуімді өтінді. «Сүлейменов сізге көмектеседі. Полигонға
қарсы күресте жақсы жәрдемші болады», деді Нұрсұлтан Әбішұлы».
Джонатан Айткен «Қазақстан. Тосынсыйлар мен қасаң қалыптар»
атты кітабында: «Назарбаевтың астыртын ойынының арқасында
Сүлейменов кандидат болды да, депутаттыққа сайланды» деген.
Мейлі. Десін. Менің «астыртын ойынымның» бар мәні Олжасқа де
путаттыққа өтудің сенімді жолын мегзегенім ғана. Елге белгілі аза
маттың биік мінберден сөзімізді сөйлеуін қамдағаным ғана. Семей
жерінен дауысқа түскенде жер тағдырын, ел тағдырын бар дауыспен
айтатын ақиық ақынның жай ғана жеңіске емес, салтанатты жеңіске
жеткенін айтып жату қажет те емес шығар.
Біздің, орталықтың билігі әлі де күшінде тұрғанына қарамастан,
антиядролық қозғалысты толық қолдауымыздың мәні үлкен болды,
ондай қолдаусыз мұндай әрекеттің қандайы да қатаң басылып таста
латын еді. «Невада-Семей» қозғалысының белсенділігі, Олжастың
өзінің танымалдығы маған республикадағы қоғамдық пікірді поли
гонды жабуға дайындауға ерекше жәрдемдесті. Олжастың: «Біздің
жерімізде бейбітшілік деп ойлаушы едік, сөйтсек, қырық жылдан
бері соғыс жүріп жатыр екен. Ол соғыстың аты — өз халқыңа қарсы
тыныш жүріп жатқан атом соғысы…» деп сөйлейтіні де асырып
айтатын ақынға жарасып тұратын.
Мен енді полигон мәселесін одақтық деңгейде көтеруге бел будым.
Бұлай етуге маған КСРО Жоғарғы Кеңесі депутатының манда
ты да кең жол ашты. Ол кезде республика Министрлер Кеңесінің
төрағасы едім. 1989 жылғы 30 мамырда Жоғарғы Кеңестің пленар
лық отырысында: «Мен 1949 жылдан бері жұмыс істейтін және онда
әуедегі жарылыстар басталған Семей ядролық полигоны туралы
айтқым келеді. Сол кезден бері бұл жердің халқының саны төрт есе
өсті. Алайда әскерилер ядролық сынақтар іс жүзінде адамдардың
денсаулығына игі әсер етеді деп бізді сендіргісі келеді. Бүгін бұл
мемлекеттік қажеттілік екенін біз түсінеміз, бірақ мұндай жағдай
да атомдық жарылыстардың қоршаған ортаға әсеріне нақты терең
талдау жүргізілуі керек. Ал оның нәтижелерімен халықты хабардар
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 226 —
етуге тиіспіз», деп сөйледім. Сонда әскерилердің маған айтпаған сөзі
қалмады. Елдің ең басты стратегиялық нысанына қастандық деп те,
Кеңес Одағының қорғаныс қабілетін бүлдіру әрекеті деп те бағалады.
Мені «үйден қоқыс шығарған», «саяси ұпай жинаған» адам етіп көр
сеткілері келді. Генералитет үшін полигонды жабу деген түске де кір
мейтін нәрсе. Әлбетте, бұл мәселеде менің орталық партаппараттың,
әскери-өнеркәсіптік кешен басшыларының, одақтық министрліктер
мен ведомстволардың және т. б. бетке ұстарлар тарапынан пәрменді
және аса қуатты қарсылыққа тап болғаным түсінікті. Қазақстан ол
кезде әлі тәуелсіз мемлекет еместігін, барлық басқа да республика
лар сияқты орталықтың қатаң тәртібіне, әсіресе, әскери-өнеркәсіптік
кешен сынды саладағы қатаң тәртіпке бағынышты екенін ұмытпау
керек. Мәскеу ырықтандыру әскери-өнеркәсіптік кешенге жүрмейді
дегенді ашық мәлімдеді. Сол жылдарды ұмыта қоймаған адамдардың
бәрі де осынау бұрын-соңды болып көрмеген қадамның қандайлық
тәуекелге бел буу екенін анық біледі, өйткені оның мән-маңызы бір
республиканың ауқымынан анағұрлым асып түсетін.
Қазақстанның Одақ көлемінде өсіп келе жатқан беделінің арқа
сында мен әскери ведомстволармен қарым-қатынасымызда дәлелді,
өте дәйекті және орнықты айқындама ұстауға тырыстым. Біз қоғам
дық ұйымдар мен қозғалыстардың пәрменді қолдауы арқылы қазақ
жерінде кез келген ведомствоның ойына келгенін істеп, иелік жасаған
жауапсыздығын тоқтатуға ұмтылдық.
Сәтсіз жасалған тамыздағы төңкеріс әрекеті жағдайды күрт өзгертіп
жіберді. Орталық биліктің қатты әлсіреуін мен ядролық сынақтарды
тоқтатуға пайдалануға бел будым, нақты айтқанда — полигонды жабу
тәуекеліне кірістім… Шегінер жол жоқ еді.
Ал, жабайық дейік. Бірақ қалай жабамыз? Қашан жабамыз? Мәс
кеуді оған келістіруге (шын мәнінде — көндіруге) бола ма? Қайтіп?
Ойлап қарасам, мұндай қадамға баруға дәл сол кезден артық кезді
табу мүмкін емес екен.
КСРО-да адам таң қаларлық жағдай қалыптасты. Партия жоқ. Ел
президентін бар деуге де болады, жоқ деуге де болады. Мәскеу өзімен-
өзі әуре. Орталықтың одақтас республикаларға ықпалы азайған үсті
не азайып барады. Кремльдің беделі түсіп бітті. Ельцин Горбачевті
тыңдамауға айналды. Ендеше, полигонды осы кезде жаппағанда,
қай кезде жабамыз? «Құланның қасуына — мылтықтың басуы» деп
осындайды айтпай ма?
Бірақ мұндай ірі, кәдімгідей қатерлі қадам үшін үлкен дайындық
керек. Мәселені жан-жақты ойластыру қажет. Жарайды, мәскеулік,
қазақстандық генералитеттің қысымына шыдас бердік дейік. Оларды
Полигон
— 227 —
биік лауазымдардан, жоғары жалақылардан, қосымша табыстардан
айырылуға көндірдік дейік. Әйтсе де, әскери-өнеркәсіптік кешен тек
генералдардан тұрмайды ғой. Кез келген үлкен шешімдер мыңдаған
адамдардың тағдырына әсер етіп жататынын есте ұстаған жөн. Кур
чатов қаласында ол кезде 50 мыңдай адам тұратын. Полигон жабыл
са, одан ғалымдар мен әскерилер кетеді. Мұндағы қалған жұрттың
жағдайы не болады? Айтқандай, кейін қалада небәрі 10 мыңға да
жетпейтін адам қалды. Сол көшкен 40 мыңның Ресейге барып орна
ласуы, жұмыс, баспана табуы оңайға түсті дейсіз бе? Әрине, оңайға
түскен жоқ. Ол мәселенің туындауын Ресей басшылығы қолдады
дейсіз бе? Әрине, қолдаған жоқ. Оңай болмайтынын, ірі көршіміздің
қолдамайтынын білсек те, өзімізге қаншама қысым жасалатынын
анық сезсек те, біз халқымыздың амандығы үшін, еліміздің ертеңі
үшін осы қиын қадамға тәуекел еттік. Тәуекел еттік те, мақсатымызға
жеттік.
1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңестің мені Қазақ КСР Прези
денті етіп сайлауы полигонға қарсы жүргізген жұмысыма тың серпін
қосты. Президент лауазымына кіріскеннен кейінгі алғашқы қолға
алған шаруаларымның бірі «Әлем сайлаушылары ядролық қаруға
қарсы» деген тақырыпта үлкен конференция өткізуге дайындық
болды. Алдымен қоғамдық пікірді дайындау, әсіресе халықаралық
қоғамдастық тарапынан қолдау табуға ұмтылу керек еді. Конферен
цияға қызығушылық біз ойлағаннан да асып түсті. Жиын 24 мамырда
басталып, үш күн бойы жүрді. Әлемнің отызға жуық елінен деле
гациялар келді. Конференцияның соңы Алматыдағы бейбітшілік
шеруіне ұласып кетті. «Семей-Хиросима» телекөпірінің өткізілуі,
кейіннен оның жазбасы бүкіл Кеңес Одағына көрсетілгені миллион
даған адамдарға қатты әсер етті. Енді қозғалысқа бүкіл республика
қосылды. Қайда барсаң да, жұрттың алдымен сұрайтыны — поли
гонның келешек тағдыры. Радиофобияның күшейгені сондай, бір
кездесуде «Полигонның зардабынан Семейдің жер астына түсіп ке
тетіні рас па?» деген сұрақ қойылғаны да бар. Ал «Саржалда тұратын
барлық туысқандарым науқас. Бұл радиацияның әсері ме?», «Бізге
жер астындағы сынақтардың зияны жоқ деп еді ғой. Олай болмағаны
ма?» дегендей сұрақтар тіпті толастамайтын. Халық әбден ширығып
алды. Әсіресе, «Невада-Семейдің» Абай ауданының орталығы Қа
рауылда өткізген сан мың адамдық митингісінің эмоциялық әсері
бөлекше. Оған қатысқан адамдардың әрқайсысы бір-бір тас алып,
оны талай жерге дейін көтеріп барып, Абай атамыздың балалық
шағы өткен Қарауылдың жанынан қолдан тастөбе жасады. Жер-жер
де қозғалысқа қолдау білдірген жиындар ұйымдастырылып жатты.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 228 —
Мысалы, Қарағандыда тиісті петицияға 130 мың адам қол қойды.
Жалпы республика бойынша қол қойғандардың саны 2 миллионнан
асып кетті. Бұл қозғалысқа, оны республика басшылығының барын
ша қолдауына Мәскеудің барынша қарсылық білдіріп баққанын
әңгімелеудің өзі артық шығар. Мені Мәскеуге, қорғаныс мәселесіне
жауапты ОК хатшысы, Үкімет басшылары шақырып, үгіттеп жатты.
Полигон туралы шешімге Парламенттің қолдауын алуды жөн
көрдім.
Алдымен полигонға барып, жер қойнауындағы соңғы жарылы
сы жасалған жердің нақ ортасында тұрып (жер қап-қара болатын,
быт-шыты шыққан, әлі қызуы қайтпағандай, қиыршық тас жатты)
қайтқан соң, мен, КСРО басшылығының келісімін алмай-ақ, Пар
ламенттің ядролық полигонды жабу туралы мәселені талқылайтын
арнаулы сессиясы ашылатынын жарияладым.
Сессияға әскерилер мен ядрошы ғалымдардың үлкен бір тобы
қатысуға тырысып бақты. Олардың депутаттарды полигонды жап
пауға үгіттейтіні айқын еді. Мәскеуден келген басшылар, генералдар
уәдені үйіп-төгетіні, ядролық жарылыстың зиянсыздығы туралы,
тағы басқа әңгімені көбейтері, бұл елдің қауіпсіздігі үшін керек,
Америкадан қалып қою қатерлі деп қара аспанды төндіретіні анық
еді. Бірақ мен оларды сессияға қатыстыра алмайтын едім. Сарапшы
лар ретінде бір-екі адам ғана сөйледі. Мәселені қазақстандықтардың
өздері шешуі тиіс болатын.
Таңертең басталған талқылау кешке дейін созылды. Сөз берілмей
қалған адам жоқ. «Ядролық лоббидің» депутаттардың бір бөлігімен
жақсылап жұмыс істегені байқалып тұрды. Қорытынды кезеңде
кейбір депутаттар ғана емес, Семей облысының кейбір басшыла
ры да (жарылысқа жанталаса қарсы шыққандар) аймақ үшін елеу
лі материалдық өтем алу мақсатымен, бірнеше жарылыс өткізуге
мүмкіндік жасауды сұрай бастады. Ондай уәделер, орындалмайтын
уәделер бұрын да талай берілген. Әрі сол уәдені тағы беріп отырған
Орталықтың ертеңгі күні де белгісіз…
Қорытынды сөзімде мен жауапкершілікті өз мойныма алаты
нымды айтып, өкілеттігімді пайдаланып, полигонды Жарлықпен
жабатынымды жарияладым.
Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа 1991 жылғы
29 тамызда, дәл сол сессия үстінде қол қойдым.
Осы датаны әдейі таңдадық. Семей жеріндегі алғашқы ядролық
сынақ жарылысы 1949 жылы 29 тамызда жасалғанын ескердік.
«Қазақ КСР-нің КСРО мен АҚШ арасындағы стратегиялық әскери
паритетті қамтамасыз еткен ядролық әлеуетті жасау жөніндегі өзінің
Полигон
— 229 —
парызын атқарғанын ескере отырып, республика жұртшылығының
талабына құлақ аса келіп, Семей ядролық полигонын жабуға қаулы
етемін» делінді Жарлықтың бірінші пунктінде. Одан кейінгі пункт
терде полигонды ғылыми-зерттеу орталығына айналдыру, зардап
шеккендерге төленетін өтемақының мөлшерін анықтау, осы өңірде
және маңайдағы аймақтарда тұратын адамдардың өмірін жақсарту
бағдарламасын бекіту сияқты мәселелер қамтылған.
Бұл шешім оңайға түскен жоқ. Оған біз халқымыздың қайсарлығы
мен күш-жігерінің, ауызбірлігі мен жылдар бойғы табанды іс-әре
кетінің нәтижесінде қол жеткіздік.
КСРО қорғаныс министрі Евгений Шапошников жыл соңына дейін
Семейге белгіленген үш жарылыстың енді Арктикадағы Жаңа Жер
аралында орналасқан сынақ полигонында жасалатынын хабарлады.
Басқа амалы да жоқ еді. Сөйтіп, біз 40 жылдан астам уақыт бойы қа
зақ жерін тітіретіп келген тажалды тұншықтырып тындық. Ажалдың
аранына өз қолымызбен құм құйдық.
«ҚАРҒАМАЙЫН ДЕСЕМ — ЖАЛМАУЫЗЫМ»…
Бүкіл халықтың қолдауын алып, біз ядролық қарудың адамзатқа
қарсы жарылыстарына біржақты тыйым салатынымызды, барлық
қазақстандықтардың шын мәнінде бас ауруына айналған Семей
полигонын жапқанымызды әлемге жариялап, Қазақстан ядролық
қару мен оның сынақтарынан арылған аймақ болады деп мәлімдедік.
Ұзақ жылдарға созылған қатігез ядролық сынақтар аса ауыр эконо
микалық, әлеуметтік, рухани күйзелістер алып келді. Олар халықтың
мойнына зілмауыр салмақ болып түсті. Соның салдарына халықтың
қарсылығы әлдеқашан-ақ пісіп-жетілген еді. Мұндай қадам әлемде
тұңғыш рет қабылданды және көптеген мемлекеттердің ядролық
қаруға деген көзқарасын өзгертіп, бұл проблемаға неғұрлым сал
мақтылықпен және жауапкершілікпен қарай бастауына әсер етті.
Сол кездегі жағдайда мұндай шешімді қабылдау оңай емес-ті.
Қазақстан өзінің егемендігін мәлімдегеніне қарамастан, орталықтың
өктемдігі бұрынғыдан да қатая түсті. Біздің шешіміміз, әсіресе режимдік
әскери нысанға байланысты шешіміміз шектен шыққан өрескелдік
ретінде қабылданғаны да рас. Бірақ өткенді қайтару және адамдар
дың ерік-жігерін мойыту мүмкін емес еді. Демек, біздің полигонды
жабуымыздың өзін Қазақстан халқының дербес даму жолын түп
кілікті және үзілді-кесілді таңдағанының белгісі ретінде бағалауға
негізіміз бар.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 230 —
Бірақ полигонды жабу басты мәселе емес, бұл істегі маңызды,
бірақ бастапқы қадам еді. Ең басты мәселе — Қазақстан жеріндегі
ядролық қарудың ендігі тағдыры. Саяси тұрғыдан да, техникалық
тұрғыдан да бұл проблема әлдеқайда күрделі болатын. Кеңес Одағы,
өзінің экономикалық және әлеуметтік дамуда қанша артта қалғанына
қарамастан, мемлекет қауіпсіздігі үшін аса қиын түйінді шеше алған
еді. Ядролық қару-жарақ және олардың ұшырғыштары жөнінен
АҚШ-пен стратегиялық тепе-теңдікке қол жеткізілгенін, ал жекеле
ген позициялар бойынша бүкіл НАТО елдерінің бәрін қосқандағы
қуаттан да артық әскери әлеует жиналғанын мамандардың бәрі де
айтатын. Сондықтан да КСРО-ның айықпас ауруға шалдығып, енді
«беті бері қарамайтыны» анық аңғарылғаннан кейін-ақ бүкіл Батыс
әлемі осындағы қисапсыз тажал қаруы кімнің қолында қалады, оның
жайы не болады дегенді ойлап бас қатыра бастады. Соның ішіндегі
ең қатерлі ядролық қару — шахталардағы континентаралық зымы
рандар Қазақстанда орналастырылған еді. Біздің республикамызда
континентаралық баллистикалық зымырандар мен бомбалаушы ауыр
ұшақтар үшін зарядтардың 1216 ядролық оқтұмсығы бар болатын.
Жұрттың біразы соның бәрі Семей полигонында орналасқандай
көретін. Олай емес. Зымырандардың шахталық ұшырғыш қондыр
ғылары елдің қиыр-қиырында жайғастырылған еді. Қазіргі Астананың
маңайында, Ақмола облысында стратегиялық мақсаттағы зымыран
дық әскерлердің дивизиясы орналасқан. Тағы бір сондай зымыран
дық дивизия Шығыс Қазақстан облысында еді. Қызылорда жақта
14 шахтадан тұратын ұшырғыш қондырғылар кешені, Семей жақта
12 шахталық кешен тұрды. Бәрін санамалай беріп қайтейін, қысқасы,
Қазақстанда жер бетіндегі континентаралық баллистикалық зымы
рандарды ұшыратын 148 шахталық қондырғы шоғырландырылған
еді. 148! Осының бәрін көзге елестетудің өзі қорқынышты! Батыста
СС‑18 «Сатана» деп аталатын сол зымырандарды көрген сайын денем
дір ете қалатын. Жаңағы зымыранның ұзындығы 34 метр, жуандығы
3 метр.
Иә, полигон жабылғанымен, Қазақстанда ядролық қару-жарақ қала
берді. Қыруар қару-жарақ! Ядролық! Олар — соққы беретін бөлінгіш
оқтұмсықтары бар стратегиялық зымырандар және ұзаққа жететін
бомбалаушы ұшақтар, солар жарақталатын атомдық және термо
ядролық зарядтар. Ұшырғы шахталарда әрқайсысы ядролық оқтұм
сықпен жарақталған тұп-тура 104 континентаралық баллистикалық
зымырандар бар еді. Осынау зымырандардың салмағы 7,6 тонна,
қирату радиусы 12 мың шақырымдай. Бұл тажалды әлеует қуаты
жағынан әлемде төртінші болатын.
Полигон
— 231 —
Сонымен, кейбір басқа ядролық державалармен салыстырғанда,
Қазақстан аумағында қиратқыш әлеуеті жағынан орасан зор ядро
лық арсенал қалыптасқан еді. Біздегі қарудың жиынтық ядролық
қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының
аса маңызды стратегиялық нысандарының барлығының тамтығын
да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану тұтас бір
мемлекеттерді жермен-жексен етуге мүмкіндік беретін.
Осы мұраның бәрі Қазақстанға дайын күйінде қоя салған нәрсе
емес. Мұны басын ашып айту керек. Бізде ядролық қарудың бел
сенді компоненттерін өндіретін қажетті инфрақұрылым да, тиісті
ресурстық база да болды. Курчатовта 50 мың адам тұрғанын жаз
дым ғой. Оған қоса Алматыда ядролық физика институты жұмыс
істейтін, ондағы ғалымдардың деңгейі өте жоғары. Тағы бір маңыз
ды жай бар. Ол — біздегі уран қоры. Дүниежүзіндегі барланған
уран қорының 25 пайызы бір елде — Қазақстанда. Жалпы, әлемдегі
уранның жартысы екі-ақ елде — Оңтүстік Африка Республикасы
мен Қазақстанда екенін де еске сала кетейін. Бүкіл елдің атом қон
дырғылары мен нысандарының ядролық отынының 85 пайызын
біз қамтамасыз етіп келгенбіз. Байытылған уранды ядролық энер
гетикалық реакторлардың отыны ретінде де пайдалануға мүмкін
дік бар. Әрине, «ядролық шамаданның» Мәскеуде болғаны, қару
тетіктерін жөндейтін мамандардың орталықта екені түсінікті жай.
Тәуелсіздік жарияланған кезде қолдануға дайын тұрған ядролық
қару-жарақ бойынша Қазақстан Англияны, Францияны және Қы
тайды қосқандағыдан да артық әлеуетке ие еді. Қазақстан осынау
алапат армададан түгелімен ерікті түрде бас тарту жөнінде әлемдік
тарихта тұңғыш шешім қабылдады.
Бұл біздің саналы таңдауымыз, ол, ең алдымен, Қазақстан халқы
ның атом қаруын сынаудың сұрапыл зардаптарын өз көзімен көр
генінен туындаған шешім еді. Бұл шешім сол кез үшін өте күрделі
жағдайда қабылданды. Өйткені тоталитарлық қоғамда еркін ой ай
тудың кез келген көрінісі, халықтың кез келген шеруі қатаң жұды
рыққа тап болатын. Жариялылық саясаты келісімен қоғам өмірін
демократияландырудың ұшқындары да шыға бастады. Адамдар
бұған сенді. Қазақстан басшылығы полигонды жабу мәселесін 1987
жылдан көтере бастағанын жоғарыда жаздым. Сонда бұл жұмысы
мыз бас-аяғы төрт жылға созылды деуге бола ма? Жоқ, болмайды.
Өйткені жұмыс мұнымен біткен жоқ.
Енді біздің алдымызда үлкен, тағдыршешті дилемма тұрды. Қа
зақстан ядролық қаруы бар мемлекет бола ма, әлде ондай қаруы
жоқ мемлекет бола ма? Бұл Гамлеттің «Болу ма, бордай тозу ма?»
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 232 —
деген сұрапыл сұрағының дәл өзі еді. Біздің жол айрығында қалай
жүретініміз, қандай бағытты таңдайтынымыз дәл осы мәселеге
тіреліп тұрғанын мен ақыл-ойыммен де, жан-жүрегіммен де, сезім-
түйсігіммен де айқын ұғындым.
Сол айлардағы уайымшыл күндер мен ұйқысыз түндердегі жа
нымды жеген, жүйкемді жұқартқан жайлардың бірі де осы бола
тын. Былай қарасаң, бәрі де ап-айқын сияқты. Кешегі Кеңес Одағы
саған полигон салып беріпті, сенің жеріңе жүздеген шахта қондыр
ғыларын орнатып беріпті, оларға континентаралық зымырандарды
қойып беріпті. Дайын тұр. Осының бәрін ала cалсаң, әлемдегі қуаты
жағынан төртінші ядролық арсеналға ие бола қаласың. Сенімен алыс
та, жақын да санасатын болады. Сенен алыс та, жақын да сескенетін
болады. Әлемнің стратегиялық державаларының бестігіне қосылу
деген тәуелсіз мемлекет ретінде жаңа құрылып жатқан біз тұрмақ,
біраздан дербес ел күйінде келе жатқан талайдың түсіне ғана кіретін
нәрсе емес пе? Бірақ мұның бәрі былайша қарағанда ғана. Амал не,
осындай оп-оңай ой қисынына бой алдырған саясаткерлеріміз, қай
раткерлеріміз де аз болмады. Олар Қазақстан аумағында ядролық
қаруды қалайда қалдыру керектігін төтесінен дәлелдеп жатты.
2001 жылы 28 тамыз күні, Семей полигонының жабылуына дәл
он жыл толарда Алматыда менің «Бейбітшілік кіндігі» атты кіта
бымның тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесерде сөйлеген сөзімде мен
Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы қандайлық қиын шешім
болғанын, бұл үшін елдің өзінің ішінде сан рет сынға алынғанымды,
мұндайлық қуатты қалқанды қолға беріп қою елдің қауіпсіздігін
ойламау деген сыңайда ауыр айыптар да тағылғанын ашық айттым.
Академик Р. Н. Сагдеев журналистерге сұхбат бергенде Қазақстан
Президентіне кезінде бірқатар мұсылман елдері тарапынан да қысым
жасалған деп әңгімелеген. Соның жай-жапсарын да айта кетейін.
Қысым дегені онша дәл болмас, бәлкім. Бірақ жан-жақтан қау
малап, үгіттеп, өтініп баққандары рас. Әсіресе, бірқатар мұсылман
елдерінің басшыларының сәлемін жеткізіп, «ислам бомбасын» қолдан
шығармауға кеңес берген өкілдер баршылық. Қазақстанға ядролық
күштерді ұстап тұру үшін өте қомақты ақша да ұсынды. Сол тұста
кейбір шетелдік ақпарат құралдары ашық бопсалауға да көшті.
Назарбаев Тегеранға екі рет жасырын барып қайтыпты, ядролық
қаруды сататын болып қайтыпты деп те соқты. Муаммар Каддафиден
де хат келген, ол менен атом қаруын «ислам игілігі үшін» сақтап қа
луды сұраған. Бір мұнай өндіруші бай мемлекеттен ядролық қаруды
сақтау үшін бізге 6 миллиард доллар да ұсынылған. Алматыға алып
«Боинг‑747» ұшағымен Палестинаны Азат ету Ұйымының төрағасы
Полигон
— 233 —
Ясир Арафат та келген. «Боингті» оған Ливия лидері Каддафи беріпті.
Арафат тілінің жеткенінше сөйлеп, мені ядролық қаруды қалайда
Қазақстанда қалдыруға бейімдеп бақты. Сөзінің ең бір қызық жері
мынау болды. Ядролық қаруды өздеріңізде қалдырсаңыздар, осы
«Боингтің» ішіне 100 долларлық банкноттан қаншасы сыйса, сонша
ақша аласыздар дейді…
Елдің өз ішіндегі пікір де бірауызды емес еді. Бір полковниктің:
«Тежеу қаруынсыз (бұл жағдайда ондай нәрсе ядролық қару) қалып,
біз әр текті авантюристер үшін есігімізді шалқасынан ашып тастай
мыз. Біздің шекараларымыздың қауіпсіздігіне қазір кім кепілдік бере
алады? Әлде, шынында да, біздің қорғауға татырлық ештеңеміз жоқ
па? Ядролық қарусыз біз Кувейттен күштіміз бе?..» дегені бар. Тағы
бір саясаткер тіпті: «Қазақстан аумағында ядролық қарудың болуын,
бір кезде Құдай Адамға айтқан: «Мінеки, Адам, мынау — Хауа, өзіңе
жар таңда» деген секілді басы ашық нәрседей қабылдаған жөн, де
мек, оған ешқандай балама жоқ» деп тұрып, кесіп айтқан. Құдіретті
Қазақстан ядролық қаруы жоқ, біздің қамқорлығымызға мұқтаж
көптеген елдерді паналатудың орталығына бірден айналады, бізбен
келіссөз жүргізу үшін ядролық қаруы бар елдердің мемлекет қай
раткерлері кезекке тұрады… деген сияқты «ядролық Нью-Васюки»
жоспарларын жасаушылар да табылды. Оларға қарсы қандай уәж
келтірген жөн?
«Қарғайын десем — жалғызым, қарғамайын десем — жалмауызым»
дейді ғой қазақ. Осы сөзді сол кезде бізде қалған ядролық қаруға
байланысты да айтуға болар. Негізінде, Қазақстан өзіндегі тактика
лық ядролық күштерді ұстай алатын да еді, бақылай алатын да еді.
Мәселе басқада. Қырық жылдан астам бойы сілкіністен көз ашпаған
туған жерімізді тәуелсіздік жағдайында жаңа жарылыстармен жа
ралауды жалғастыруға ешқандай қақымыз жоқ еді. Сол жылдары
шығып, «Невада-Семей» қозғалысының ұраны сияқты болып кеткен
«Заман-ай» деген әндегі «Неге біздер у ішеміз суаттан, Неге біздер
ажыраймыз тұяқтан? Туған жерді тоздырғанша, заман-ай, Неге жерге
кірмейміз біз ұяттан?» деп келетін сөздер әрі сай-сүйегімізді сыр
қырататын, әрі жігерімізді жанып, қайратымызды қамшылайтын.
Біздің мына әлемдегі басты орнымыз — жер. Бізді өмірге әкелетін
де — жер, бізді асырап, бағып-қағатын да — жер, бізді қайтадан қой
нына алатын да — жер. Жер-Ана дейтініміз сондықтан. Мұндай ұғым
әлемнің барлық халықтарында бар. Сондықтан осы табиғи бірлікті,
адам мен жердің бірлігін бұзатын кез келген нәрсе біздің өмір сал
тымызды да бұзады. Оған жол берілмеуі керек. Мәселе осы психо
логиялық факторда ғана емес, мәселе мұндай қаруды иеленудің жас
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 234 —
мемлекетке пайдадан гөрі зияны көп екенінде. Бұл арада қаруды
қолда қалдыру арқылы шегетін орасан материалдық шығынымызды
айтып жатпай-ақ қояйық. Дегенмен, анықтама ретінде толыққанды
бір зымырандық дивизияны ұстап тұрудың шығыны сол кездегі
Қазақстанның барлық Қарулы Күштерін ұстап тұру шығынымен
бірдей болғанын да қоса кетейін.
Ядролық мемлекеттер деп танылған, өздеріне сол қаруды тарат
пау міндетін алған әлемдегі бес елге (АҚШ, КСРО, Қытай, Англия,
Франция) тағы бір мемлекеттің қосылуы бүкіл әлемде соғыстан ке
йінгі жылдарда қалыптасып, зорға сақталып келе жатқан ядролық
таратпау жүйесін бүлдірер еді.
Бұл — мәселенің саяси жағы. Реалист, прагматик ретінде мен ядро
лық қаруды сақтап қалу біздің мемлекетімізді әлемдік қоғамдастықта
бірден-ақ шеттетуге, аластауға ұрындыратынын анық ұғындым. Он
дай жағдайда Қазақстан бірден-ақ оқшаулануға түсетін еді. Ондай
жағдайда Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында да, одан
кейін де қол жеткізген инвестициялардың бәрін тек түсінде көрер еді.
Ал сонда қайтпек керек? Қолымыздағы қаруды басқаға басыбүтін
бере салып, құтылғанымызға қуанып отыра беруіміз керек пе? Үлкен
саясат олай жасалмайды. Ондай қарапайым шешімдермен мемлекет
мүддесі көңілдегідей қорғалмайды. Бәрін де ақылмен, керек жерінде
айламен де шешу керек. Айла — ақылдың бір түрі. Әйтеуір, саясатта
солай.
Қазақстанды тез арада «ядросыз клубқа» кіруге үндеушілер өз
халықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, өз мемлекеттерінің
стратегиялық мүдделерін сақтауды басшылыққа алды. Бірақ біздің
іс-әрекеттеріміздің қисыны да содан туды.
Иә, мен 1991–1992 жылдарда зымырандар қазақ жерінде қала
береді деп талай айттым. 1991 жылы күзде Ұлыбританияға ресми
сапармен барардың алдында Мәскеуде ағылшын журналистерімен
баспасөз мәслихатын өткізгенде де ядролық техниканы қайта орна
ластыру мүмкін еместігі түсінікті, ендеше, біздің ел аумағында орна
ласқан барлық қару-жарақ бізде қала береді дегенмін. Мұндай ойды
америкалық «Крисчен Сайенс Монитор» газетіне берген сұхбатымда
да айтқанмын. «Мен Президент Бушқа хат жазып, біздің ядролық
қарусыз мемлекет болу ниетіміз бар екенін хабарладым. Алайда мен
одан оқтұмсықтар жойылғанға дейін Қазақстанды уақытша ядро
лық держава ретінде қарастыруды өтіндім», дегенмін. «Вашингтон
пост» газетіне берген сұхбатымда өз пікірімді одан әрі нақтылай
түстім: «Біз ертең Достастықтың, Ресей басшылығының не болатынын
білмейміз. Ендеше, АҚШ бізден, Үндістаннан, Пәкістаннан талап
Полигон
— 235 —
еткенін (ядролық қаруларды таратпау жөніндегі келісімшартқа қа
лайда қол қоюды) олардан да неге талап етпейді? Неге Англия мен
Франция 30 жыл бойына ядролық қаруды таратпау режиміне қо
сылмай келді? Неге мұндай қысым тек Қазақстанға ғана жасалады?
Бұл әдепке сыймайды!» дедім. Тіпті елдің өз ішінде де, тікелей эфир
сұхбатында атомдық ракеталардың бір орталықтан басқарылатынын
ескертіп, сондықтан олар тұрған жерінде тұра берсін дегенім бар.
Әрине, мұның бәрі түпкі ойым емес еді. Түпкі ойым қайткенде де
ел аумағындағы осы қарудың қадірін арттырып, сол арқылы елдің
бағасын білдіру, ақыр аяғында ядролық қарудан бас тартудың міндетті
шарты ретінде мемлекетіміздің қауіпсіздігіне кепілдік алу болатын.
Бұл жөніндегі әңгімелер талайдан жүріп жатқан. Кеңес кезінде-ақ,
дәлірек айтсам, 1991 жылдың 16 наурызында АҚШ-тың мемлекеттік
хатшысы Джеймс Бейкер мені Мәскеудегі елшілікке шақырған. Түн
ортасы ауа кездескенбіз. Сол жолғы әңгімеде мен Дж. Бейкерге стра
тегиялық зымырандарды Қазақстанда қалдыруға мәжбүр болаты
нымызды айтқанмын, өз мемлекетімнің қауіпсіздігіне берік кепілдік
берілмей тұрып, оларды басқа жаққа көшіріп жіберуге қақым жоқ
екенін ескерткенмін. Дж. Бейкер менімен ол жолы келіспегенімен,
біздің ұстанымымызбен санасатындай әсер қалдырды. Біздің бір-
біріміз жайындағы әсеріміз де жақсы қалыптасқандай болды. Кейін
Джеймс Бейкер өзінің «Мәмілегерлік саясаты» атты кітабында сол
кездесуіміз жайында: «Мен таңғы үште ғана өз бөлмеме оралдым.
Сонда Назарбаевпен әлгі үш сағаттық кездесуім бұған дейінгі кезде
сулерімнің ішіндегі ең жақсысы болғанын іштей сезіндім. Ол ешбір
асыра бағалаусыз-ақ айтарлықтай әсер қалдыратын айтулы лидер
екен… Назарбаев керек нәрсені дәл көре алады, түсінікті нәрсені
жүзеге асатындай жүйелі жолға қоя алады», деп жазыпты. Көңіліне
рақмет. Әйтпесе, оның маған ренжитіндей әбден жөні бар еді. Тек бір
күннің өзінде ол менімен төрт рет сөйлесіп, төрт рет өз президентіне
мәлімет беру үшін кеткен.
Қазақстанда қалып бара жатқан ядролық қарудың жағдайына
сол тұста өз басымен өзі әлек болып жүрген көршілес Ресейден гөрі,
Атланттың арғы жағындағы Америка көбірек көңіл бөлді. Біз
тәуелсіздік жариялаған күннің ертеңінде, 1991 жылғы 17 желтоқсанда
Бейкердің Алматыға жанталасып жеткені — соның даусыз дәлелі.
Тәуелсіздігімізге құтты болсын айтып, байғазы беруге келген жоқ,
Қазақстан территориясындағы ядролық қарудың ендігі тағдыры не
болатынын білуге келді, әрине. Мемлекеттік хатшы сол жолы маған
АҚШ Президенті Дж. Буштың ресми сапармен келіп қайтуға шақы
руын табыс етті.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 236 —
Алдағы сапардың күн тәртібіндегі негізгі мәселе не екенін олар да,
біз де біліп отырдық. Ол сапар 1992 жылдың мамыр айында жасалды.
Еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы ең қиын өткелдерінің бірі
сол сапар еді. Өте қиын жағдайға түстік. Менің АҚШ Президентімен
кездесуім үш рет кейінге қалдырылды. Себебі, біз өзімізге қол қоюға
ұсынылған құжаттардың әр бабы бойынша таласып, дауластық. Басты
шартымыз — Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беру. Америка
лықтар оған келіспеді. Ақыр аяғында қысым көрсетуге көшті. Егер
ядролық қарулар туралы құжатқа бүгін қол қоймасақ, ертең қалған
мемлекетаралық құжаттардың бәріне де қол қойылмайтынын мәлім
дедік. Ал ол құжаттар экономикалық қарым-қатынас мәселелерін
қозғағанмен, Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беру жөнінде бір
ауыз сөз айтпайтын. Мен де дегенге жетпей тынбау үшін тәуекелге
міндім. Ондай жағдайда елге оралуға әзірлене бастайтынымызды
айттым. Ақыры америкалықтар райларынан қайтты. АҚШ-тың біз
сұраған кепілдіктерді беретіні және басқа ядролық мемлекеттерге
де осыны ұсынатыны туралы құжатқа қол қойылды. Экономикада
стратегиялық қарым-қатынас орнатамыз деп келістік.
Құрама Штаттар 1992 жылы ядролық қарусыз мемлекет атанумен
шектелу туралы сөз көтерді. Мен айтқанымнан қайтпадым: әуелі
ұлы мемлекеттер біздің қауіпсіздігімізге кепілдік берсін, сосын біз өз
аумағымыздағы барлық ядролық қарулардан бас тартамыз. Осыған
байланысты, «Вашингтон пост» газеті мені АҚШ-тың Қазақстан
ды ядролық қарусыз мемлекет атануға үзілді-кесілді кепілдік етуге
көндіргісі келетін кейінгі әрекеттеріне шамданушылық білдірді деп
жазды. АҚШ-тың ресми адамдары Қазақстанға ядролық қаруларды
таратпау жөніндегі келісімге «ядролық қарусыз мемлекет» ретінде
қол қойғызғысы келді. Біз одан үзілді-кесілді бас тарттық.
Дегенмен, айтысып-тартысып жүріп, ақыр аяғында бәрі де ой
дағыдай бітті. Біз Ядролық стратегиялық қару-жарақты қысқарту
жөніндегі шартқа қол қоюға және Ресейдің көмегімен 120 СС‑18
зымыранын Қазақстаннан әкетуге уәде еттік. АҚШ, Біріккен Ұлт
тар Ұйымының Жарғысына сәйкес, Қазақстанға агрессия жасалған
жағдайда барлық қажетті қадамдарды жасауға міндеттенді. Оған қоса
біз Вашингтоннан техникалық жәрдем, саудадағы, энергетикадағы
ынтымақтастық, америкалық «Шеврон» компаниясының Қазақстан
дағы мұнай орындарын зерттеуге 10 миллиард долларлық инвестиция
салатыны жөніндегі келісімдердің тұтас бір дестесін алып қайттық.
Біздің Вашингтондағы ұстанымымыз Батысты кәдімгідей абыр
жыта бастады. Қазақстанға саясаттың серкелері жиі келетін болды.
Қонақтардың ішінде ядролық қаруға ие мемлекеттердің сыртқы істер
Полигон
— 237 —
министрлері де бар еді. Бір жолы Францияның мемлекеттік министрі,
сыртқы істер министрі Р. Дюма арнайы сапармен келді. Мен оған да
Америкадағы айтқанымды қайталадым.
Сөйтіп жүргенде АҚШ-та президент ауысты. Мемлекет басы
на Билл Клинтон келді. Сәті түсіп, жаңа әкімшілікпен саясаттағы
сабақтастыққа қол жеткізе алдық. Бұған бізге Иран көмектесті…
Клинтон «Менің өмірім» атты кітабында кеңестен кейінгі кеңістік
те қалған ядролық қаруға басқа елдердің қолы жетпеуіне әрекет
еткенін Мәскеуге ресми сапарын баяндайтын тұста былай жазған:
«Салтанатты рәсімдерге қатысқаннан кейінгі күннің ертеңінде біз
Ельцинмен Мәскеу Кремлінің Екатерина залында кездестік. Мен
әңгімені Ираннан бастап, Ельцинге Украинаның, Беларусь пен Қа
зақстанның аумағынан ядролық қаруды алып шығуды қамтамасыз
ету бойынша бірге жұмыс істегенімізді еске салдым — енді біз әлгі
қарудың өзіміздің елдерімізге қатер төндіруге қауқарлы Иран сияқты
мемлекеттердің қолына түспеуіне кедергі келтіруге тиіс едік».
АҚШ-тың біздің елдің мемлекеттік қауіпсіздігіне кепілдік беруі
туралы түпкілікті шешімі Клинтон әкімшілігінің кезінде қабыл
данғанымен, оның да өзінің қызық-шыжығы жетіп жатыр. Алма
тыға АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы У. Кристоффер келгенде
Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшартқа бізді ақысына
ештеңе сұрамай қол қойғызуға тырысты. Бұл жолы да үш сағат бойы
табандап отырып алып, Қазақстанның геосаяси жағдайы жөнінде
біраз әңгіме қозғауға, қауіпсіздік кепілдігі берілген жағдайда ғана
келісімшартқа қол қойылатынын, оның өзінде АҚШ Президентімен
жеке кездесу кезінде ғана қойылатынын басын ашып айтуға тура
келді. «Келісімшартқа қосылмаймыз. Ядролық зымырандарды
жоймаймыз. Стратегиялық шабуылдаушы қарулы күштер жөнін
дегі (СНВ‑1) шарт бойынша, зымырандарды басқа елдердің қалай
қысқартып жатқанына қарап, біртіндеп қысқартамыз» дедім. Қатты
таңғалды. Тіпті шамданды да. У. Кристоффердің менімен келіссөздің
соңында: «Президент мырза, сіз оңай шағылмайтын жаңғақ екенсіз»,
дегені содан. «Нью-Йорк Таймс» 1993 жылдың 24 қазанында «Қазақ
Американы өз беделін күшейтуге пайдаланады» деген дабырайма
тақырыппен көлемді мақала жариялады. Бір үзіндісін келтірейін:
«Қазақстан Президенті бүгін Құрама Штаттармен саясат ойнап,
ұтып шықты. Президент Назарбаев пен мемлекеттік хатшы Уоррен
Кристоффер Қазақстанның ядролық қаруды бөлшектеуге берілетін
Америка көмегін қалай пайдаланатыны егжей-тегжейлі көрсетілген
техникалық келісімшартқа қол қойып, сол тойланады деп жоспар
ланып еді.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 238 —
Алайда бүгін таңертең Кристоффер мырза Назарбаевтың каби
нетіне кіргенде, қазақ лидері оған қолындағы қаламды тастай тұруды
ұсынды. «Әрине, Қазақстан келісімге қол қойғысы келеді», — деді
ол, — бірақ Клинтонмен көзбе-көз отырып қана…».
1993 жылдың желтоқсанында АҚШ вице-президенті А. Гор Алма
тыға келді. Ұзақ уақыт бетпе-бет сөйлесе отырып, мен оған ядролық
қару мәселесінде неге мұндай бағыт ұстанғанымды егжей-тегжейлі
түсіндірдім. Оның үстіне зымырандарды елден шығару кезінде оған
қолданылған барша қондырғылар мен қарулық уранға төлем беру
қажет екенін айттым. Бұл біздің жерімізге жасалған зиянның өтемі
болуы тиіс еді. Ақыр соңында АҚШ-та сенаторлар Сэм-Нанн қоры
құрылып, Қазақстанға жалпы құны 1 миллиард долларға жуық ақша
төленетін келісімге келдік.
Полигонды жабу — атқарылар ауқымды істің басы ғана. Өйткені
біздің жерімізде қырғи қабақ соғыстың аса қатерлі мұрасы — бұрынғы
әскери ведомстволар полигон жабылғанға дейін орнатқан ядролық
заряд сақталып келді. Осы қауіптің бар екенін Қазақстан мен Ресей
мамандарының шағын ғана тобы білді, бірақ соған қарамастан мен,
мемлекет басшысы ретінде, оны жоюдың мүмкіндіктері жайында
үнемі ойластырумен жүрдім. Менің тапсырмам бойынша зарядты
адамдарға және қоршаған ортаға қауіпсіз түрде жоюдың нұсқалары
әзірленді. Соның нәтижесінде мамандар оңтайлы шешім қабылдады:
зарядты кәдімгі қопарғыш құрылғысының көмегімен жару ұйға
рылды. Бұл орайда ядролық жарылыс дейтін болмайды, радиация
мен рентген сәулесінің таралу мүмкіндігі толық жойылады. Зарядты
бөлшектеу жөніндегі жұмыстың бүкіл барысы менің қатаң қадағала
уыммен жүрді. Әрі бұл күндері осынау бірегей операцияны аяқтау
туралы ақпарат үнемі маған келіп түсіп жатты. Сөйтіп, Қазақстан
әскерилер мен мамандардың іс-әрекетіне қатаң бақылауды қамта
масыз етті. Ақыры ресейлік және қазақстандық жойымпаздардың
күш-жігерімен біздің мемлекетіміздің ядролық өмірбаянына соңғы
нүкте қойылды.
Қазақстанның қарусыздану саласындағы қадамдары дүниежүзілік
жетекші державалар мен халықаралық ұйымдардың жоғары баға
сына ие болды, ол баршаға белгілі. Қытай Халық Республикасының
Төрағасы Си Цзиньпин Нидерландының Гаага қаласында ядролық
қауіпсіздік жөнінде мемлекет басшыларының саммитінде сөйлеген
сөзінде: «Қытай ядролық материалдарды заңсыз сату, тасымалдау
ға соққы беру саласында Ресей, Қазақстан елдерімен бірқыдыру
ынтымақтастық нысандарын жүргізді» деп бұл іске біздің қосқан
үлесімізді атап айтқан.
Полигон
— 239 —
Біз тажал себуші сынақтарға бірінші болып тыйым салғанымызды
мақтанышпен айта аламыз. Ядролық мемлекеттердің бәрі Қазақстан
нан үлгі ала бастады. Планетамыздағы басқа полигондар да үнсіз қал
ды. «Ядролық клуб» державалары сынаққа мораторийді сақтап отыр.
Ядролық арсеналдан бас тарту Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік
ісіндегі болашақ стратегиясын айқындап берді. Жас елдің осы маңыз
ды үлесін әлемдік қоғамдастық лайықты түрде бағалады. 2010 жылы
Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит өткен
күндерде «Foreіgn Polіcy» журналы: «Вашингтон советтік ядролық
арсеналдың өзіне тиесілі бөлігінен бас тартқан Қазақстанға бүкіл әлем
үшін түпкілікті мақсат — толық ядролық қарусыздану болып табы
латын істен ұтып шыққан ел ретінде құрмет көрсетті», деп жазды.
Ядролық қаруға қарсы қозғалыс бірте-бірте өзін бар дауысымен
танытып келеді. Сондықтан ол, менің кәміл сенімім бойынша, түптің
түбінде атом қаруы мен басқа да қару түрлерін сынауға толық тыйым
салып, өз дегеніне жетеді.
Бұл орайда БҰҰ-ның 2009 жылғы қабылдаған шешіміне сәйкес
29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-әрекет күні деп
жарияланғанында да біздің еңбегіміз бар екенін айтудың реті бар.
«САПФИР» ОПЕРАЦИЯСЫ
Полигонның жыры оны жабумен де, бұрынғы әскери ведомство
лар орнатқан ядролық зарядтарды жоюмен де, зарядты бөлшектеу
жөніндегі жұмыспен де бітпеген болып шықты…
Ойламаған жерден кәдімгі детектив дейтіндей оқиғалар басталып
кете барды. Детектив демекші, ол оқиғалар қазірдің өзінде дәл сол
жанрдағы көркем лентаның арқауына айналып үлгерген: қазақстан
дық кинорежиссер Игорь Вовнянконың 2011 жылы түсірілген «001 жүк»
атты фильмі осы жайында. Пулитцер сыйлығының лауреаты Дэвид
Хоффманның «Қысқаш қол» деген кітабында бұл операцияның ба
рысы бажайлап жазылған.
Бәрін басынан айтайын.
1991 жылы КСРО тараған кезде ел аумағында ядролық оқтұм
сықтардың, ату және жеткізу құралдарының неше түрі қалғаны бел
гілі. Олардың төңірегінде сан алуан лабораториялар, реакторлар,
өндіріс нысандары салынатыны тағы түсінікті. Сондай нысандар
дың бірі — Шығыс Қазақстандағы Үлбі металлургия зауыты. Оқтұм
сықтар, құралдар жөнінде белгілі бір тәртіп сақталғаны сөзсіз, әрине.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 240 —
Ал енді инфрақұрылымдар туралы олай айту қиындау. 1993 жылы
Ресейдің атом энергиясы министрі Виктор Михайлов аяқастынан
елдегі қару-жарақтық уранның өздері ойлағаннан әлдеқайда көп,
яғни шамамен 1,2 мың метр-тонна екенін мәлімдегенде «бардак»
деген бір сөзбен сипатталатын берекесіздіктің ашпаған есігі, кірме
ген тесігі қалмағанына көзіміз жеткен. Сол «бардактың» бір белгісі
архивтерде еді. Бюджетте айлыққа ақша жетпей, инфляция құрық
бермей, экономика құлдырап тұрғанда архивтерді түгендеп шығуға
жағдай да жоқ болатын. 1993 жылғы ақпанда Үлбі металлургия зауы
тына тексеру жасай келген Атом энергиясы жөніндегі халықаралық
агенттік (МАГАТЭ) онда аса байытылған уран сақталуы мүмкін деген
қорытынды жасап кетеді. Бірақ таба алмайды. Содан біз Мәскеуге
сауал салдық: бізде байытылған уран бар ма, жоқ па? Мәскеу «жоқ»
деп жауап қайтарды. Жоқ болса, жоқ болсын.
Кейін Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары, Шығыс Қа
зақстан облысының әкімі қызметтерін атқарған Виталий Метте сол
тұста Үлбі металлургия комбинатының директоры еді. МАГАТЭ
комиссиясы кеткен соң Метте өзінің зауытынан әлгі уранды әбден
іздетеді. Ақыры… құпия қойманы табады! Қоймада 600 килограмм
аса байытылған (90–91 пайыздық) уран сақталған екен. Бұл нағыз
сенсациялық жағдай еді. Ресейліктермен хабарластым. Әуелде алпы
сыншы жылдарда Кеңес Одағы мен Қытай соғыс жағдайына жақын
дап тұрғанда әскерилер құпия күйде шекараға таяу тұста сақтаған
шығар деп ойлағанмын. Олар Қазақстан жерінде қалған уранның
бізге тиесілігін, ендігі тағдырын өзіміз шешуге құқылы екенімізді
растады. Мұны не істейміз? Атом өндірісі бізде жоқ. Атом электр
станциясы да жоқ, оны сала алатын мүмкіндік те жоқ. Сақтау тым
қауіпті. Өте көп уран. Көптігі сондай, орташа жиырма атом бомба
сын жасауға жететіндей. Архивтерді қопартып қарасақ, Үлбі зауыты
атом өнеркәсібі үшін негізгі екі материал — бериллий мен тантал
шығарумен қатар, «Лира» деп аталған құпия бағдарламаның аясында
сүңгуір қайықтарға қажетті жоғары байытылған уран өндірумен де
шұғылданыпты. Бағдарлама тоқтатылғаннан кейін ол уран ұмытылып
кетіпті. Немесе ерекше материалды көрші елдің аумағынан алып
шығуға байланысты машақаты көп әрі қауіпті жұмысқа жауапты
болатын адамдар әдейі ұмыттырып жіберген.
Ядролық қаруды тараптау жөніндегі келісімшартқа қол қой
ған ел ретінде әлгі уранды мықтап сақтауға тиіспіз. Оған қыруар
қаржы керек. Сақтағанда не істейміз? Сатуға ұйғардық. Құпия
ақпарат АҚШ-тың тиісті қызмет орындарының құлағына жеткізілді.
Олар АҚШ елшісі Уильям Кортни арқылы мәселені анықтап, ел
Полигон
— 241 —
басшылығын хабардар етті. 1994 жылғы 14 ақпан күні, менің АҚШ-
қа ресми сапарым кезінде президентпен арадағы әңгімеден кейін
У. Кортни менен Қазақстанда табылған уран туралы мәліметтерді
тексеру үшін Өскеменге сарапшылар жіберуге келісімімді сұрады…
Бұлайша асығудың бір себебі иесіз қалған оқтұмсықтар мен ядро
лық материалдардың терроршылардың немесе АҚШ-қа дұшпан
ниеттегі күштердің қолына түсу қаупі еді. Ливия көсемі Муаммар
Каддафи менен атом қаруын «ислам игілігі үшін» сақтап қалуды
сұрағанын мұнан бұрын жазғанмын.
Енді Вашингтон мен Мәскеу арасында әңгіме басталды: Қазақстан
нан қару-жарақтық уранды кім сатып алады? Мәскеу бірден бас
тартты — тегі, елдің ондай ядролық отынға ақша бөлетін шамасы
болмады-ау. Біздегі байытылған уранды ақыры америкалықтар са
тып алды. АҚШ-тың арнаулы қызмет орындарының отызға жуық
маманы МАГАТЭ талаптарына сәйкес, Үлбі металлургия зауытында
өндірістік қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру үшін Қазақстанға
іссапарға аттандырылды. Бұл операцияға «Сапфир» деген ат берілді.
Материалды тасып әкету үшін Үлбі зауыты аумағында мини-лабо
ратория тұрғызылды. Жұмыстың құпиялылығы қамтамасыз етілді.
Америкалықтар ай бойына жеті мың контейнерде сақталған, аса
байытылған уранды тот баспайтын болаттан жасалған 1400 канистрге
ауыстырып салды. Әрине, жүк жетер жеріне жеткенше көңіліміз тын
шыған жоқ. Әлгі алып жүк ұшақтары Делавэр штатындағы әскери
әуежайға дейін аспанда 20 сағат бойы ұшқан, жанармайды аспанда
құю жүзеге асырылған. С‑5 ұшақтарының тарихтағы тоқтамай ең
ұзақ ұшуы сол жолы екен. Операцияны басынан аяғына дейін ви
це-президент А. Гор қадағалап отырды.
«Сапфир» қай жағынан да сәтті аяқталды.
Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшартқа сәйкес бізге
жүктелетін міндеттен құтылдық.
Өнеркәсіпті қаланың қақ ортасындағы қатердің көзін жойдық.
Уранды нарықтық бағасы бойынша америкалықтарға 90 миллион
долларға сатып қана қоймай, біздегі ядролық қаруды бөлшектеуге
берілетін 85 миллион долларлық көмегін де алдық. Доллардың ол
кездегі бағамын және Қазақстанның ол кездегі экономикалық жағда
йын ескерсеңіз, мұның аса қомақты ақша екеніне көз жетеді.
1994 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы
ның Будапештте өткен саммитінде Америка Құрама Штаттары,
Ресей Федерациясы, Ұлыбритания тарапынан Қазақстан қауіпсізді
гіне берілетін кепілдіктер туралы Меморандумға қол қойылды. Ол
құжатта аталған мемлекеттер Қазақстанның саяси тәуелсіздігіне,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 242 —
аумақтық тұтастығына қарсы күш қолданбауға, экономикалық
зорлық-зомбылық көрсетуден бас тартуға міндеттенді. Кейіннен
ондай кепілдіктерді біз Қытай мен Франция тарапынан да алдық.
Бұл шын мәнінде тарихи оқиға еді. Қазақстан алдынан жаңа жол
ашылды. Ол баянды бейбітшіліктің, жемісті жасампаздықтың жолы
еді.
Біз халықтың тілегін орындадық. Бұл тәуелсіз Қазақстанның ең
алғашқы қадамдарының бірі болды. Біз тоталитарлық кеңестік өткен
нің қателіктерін ұғынып, түзей бастадық. Біз жаңа демократиялық
жолға түстік және бұл жолдың іргетасы ядролық қарусыз Қазақстан
туралы нақ осы тарихи шешіммен қаланды.
Әрине, ә дегеннен қарусыздану жолына түсуіміз жалғыз дұрыс
шешім болды. Еліміздің ядролық статусы сақталуының салдарларын
көзге елестетудің өзі қиын. Әлемдік саясат сахнасына қолына ядро
лық бомба ұстап шыға келгендей көрінетін жас мемлекеттің түтіп
желінетінін айтып жату артық. Бізді халықаралық қоғамдастықтың са
латын (міндетті түрде) санкциялары-ақ титықтатып тынатын. Инвес
тицияларды армандауға да болмайтын. Сыртқы инвестицияларсыз
біз экономикамызды аяғынан тік тұрғыза алмайтынбыз. Осының
бәрі бір-біріне қосыла келіп, жас мемлекеттің тәуелсіздігіне нақты
қауіп төндірмей қоймайтын еді.
— 243 —
ЕЛЕҢ-АЛАҢ
КҮЙРЕУ
1991 жылдың басында да, қайта құру тығырыққа тіреліп тұрған
тұста да мынандай ел аз уақыттың аясында тарап кете қалады деп
ойлағандар көп кездеспегені анық. Э. Шеварднадзенің «Мен Кеңес
Одағының түбі тарамай қоймайтынын сезетінмін, алайда бұл ең
бері дегенде он-он бес жылда болады деп шамалайтынмын» де
генін оқығанбыз, бірақ бұл сөздердің өзі де ол ел тарағаннан кейін
он сегіз жыл өткенде жарияланған ғой. Оның үстіне, сол жылғы
наурызда КСРО-да бүкілодақтық референдум өткізіліп, оған қаты
сушылардың жетпіс алты пайызы Одақты сақтауды, жаңғыртуды
жақтаған. Қазақстандықтар мұны барынша қолдады. Референдум
қорытындылары жаңа Одақтық шарт жобасын дайындауға жол
ашты. Алып елді меңдеген дағдарыстан бірде-бір республиканың
жеке-дара шыға алмайтыны айқын еді. Жаңа Одақтық шартқа қол
қоюға мүдделі болғанымыздың тағы бір себебі — «Ресейдің көсегесін
көгерту» жоспарларының талай жұртты желіктіріп жібергені. Ол
бойынша айналадағы республикалармен арадағы шекараларды
қайта қарау да ойластырылған болатын. Реакция күштерін еңсеру
дің қызды-қыздысымен кейбір саяси және қоғамдық қайраткерлер
құтқарушылықтың кесірлі идеясына қайта бет бұрып, демократия
жалауы астында бұрынғы империялық, ұлыдержавалық ой-санаға
қайтып оралды. Мұның өзі, атап айтқанда, бұрынғы кеңес респуб
ликаларының бірқатарына қойылған белгілі аумақтық талаптардан
байқалды. Соның салдарынан олардың кейбіреулері өзінің мемле
кеттік тәуелсіздігін жариялауды тездетті. Украинадағы желтоқсан
референдумының салдары оның айқын көрінісі болды. Мемлекеттік
тәуелсіздікке берік бағыт ұстанған әрі орталықтың тиісті әрекеті
болмаған бұл республика іс жүзінде кірігу үдерісінен шығып қалды.
Қарашаның 14‑інде Мемлекеттік кеңестің Украина өкілі қатыспаған
мәжілісінде М. С. Горбачев республикалар басшыларының бірауызды
пікіріне тағы да құлақ асқысы келмеді. Сол жолы ол саяси бірліксіз
экономикалық бірлікті көз алдына келтіре алмайтынын мәлімдеді
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 244 —
және орталықтандырылған мемлекеттік құрылымның қажеттігін
талап етті. Одан да зорын айтсам, Михаил Сергеевич тіпті ұсынысы
қабылданбаған жағдайда қызметтен кетемін дегенді шығарды.
Бірқатар маңызды көрсеткіштер бойынша біздің республика
мыздың жағдайы елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда тәуірлеу
болды. Бұған біз бәрінен бұрын қалыпты ахуалды сақтаудың, жұмыс
ты дұрыс ұйымдастыра алудың арқасында қол жеткіздік. Әйтсе де,
дағдарысты жағдайдан толық шыға алған жоқпыз. Оның басты себебі
ондаған жылдар бойы республика өнеркәсібі құрылымының әбден
бытысып біткені еді. Соның салдарынан Қазақстан елдің тек шикізат
өндіретін өңіріне айналған-ды. Біздің шикізаттың қызығын басқа
лар көретін. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін орталықтағы
баспасөзде Қазақстан жасалған жақсылықты білмеді, басқалардың
есебінен масыл күйінде тұрып жатқанын ұмытты деген сияқты әң
гімеге дейін айтқан мақалалар да шыққан. Сырттай қарасаңыз, солай
да сияқты. Қазақстанда өндірілген ұлттық табыс пен республиканың
оны дамытуға пайдаланатын ұлттық табысының айырмасы 5 мил
лиард сомды құрайтын. Сөйтіп, республикаға жыл сайын одақтық
бюджеттен екі-екі жарым миллиард сомдай қаржы дотация түрін
де берілетін. Бір миллиард пұт Қазақстан астығын өткіземіз деген
ұранмен (айтқандай, миллиард деп ауыз толтыра сөйлеу үшін кило,
тонна ұғымдары тұрғанда әлдеқашан ұмыт болған пұт өлшемі қол
данылатын, 16 кило 380 грамды 1 пұтқа қайтадан өлшеп жататын)
өндірілген астық түгелдей (мал азығын қосқанда) мемлекетке өт
кізілетін. Кейін соны мал азығына, тұқымдыққа жалынып жүріп,
сатып алатын. Әрине, мұндайда ауыл шаруашылығы дотациялы сала
болады. Осындайдан баратын да жерінің асты да, үсті де байлыққа
толы Қазақстан дотациялық республика деген аттан құтыла алмай
жүретін. Ал мәселенің мәнісіне тереңірек қарасаңыз, басқаша қоры
тынды жасайсыз. Бюджеттегі жаңағы үйлесімсіздіктің сыры бәрінен
бұрын Қазақстанның өнімдеріне жөнсіз төмен баға қойылғандықтан
өзге республикалармен сайма-сай айырбас жасай алмайтынында.
Бір-екі жайды келтірейін. Ақтөбе облысындағы тау-кен комбинаты
бүкіл елдегі хром рудасының 95 пайызын өндіретін. Комбинат оның
тоннасын 27 сомнан өткізетін. Ал Сыртқы экономикалық байланыс
тар министрлігі әлгі руданың тоннасын шетке 100 валюталық сомға
сататын. Былай қарағанда, үш есе ғана артық сатқан сияқты ма? Олай
емес. Сомның сатып алу қабілетін қоса есептесеңіз, руданың бағасы
о бастағыдан кемінде 23 есе артық болып шығады. Балқаш мысы
16 есе қымбатқа сатылатын. Жаңағы министрлік валюта түсімінен
кәсіпорынға да, өңірге де тас татырмайды. Еңбек ұжымдары одақтық
Елең-алаң
— 245 —
министрліктерден өз тапқандарының аз ғана табысының өзін қол
жайғандай күйде сұрап жүргендері. Бұған қалай төзе аларсың?! Сол
кезде балабақша салудың өзіне Мәскеудің рұқсаты керек еді дегенге
бүгінгі адамдар сене де қоймас.
Тамыз төңкерісі ескі тоталитарлық режиммен, бұрынғы идеоло
гиямен халықтардың жаңа демократиялық ұмтылыстары арасын
дағы қарама-қайшылықтың қаншама зор екенін айқын көрсетті.
Ол оқиға Компартияны бетперде тұтқан реакциялық күштердің
тарихтың объективті дамуына кедергі келтірмекке жанталасының,
қолдан сусып бара жатқан билікке жабысуының, әбден іріп-шіріп
біткен империялық, тоталитарлық режимді қайта қалпына келтіру
далбасасының нақ өзі еді. Бұдан кейін республикалардың толықтай
мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылуы тек ұлттық сана-сезімнің өрлеуінің
ғана емес, тоталитарлық орталықтың қыспағынан құтылу әрекетінің
де нәтижесіне айналды. Былайша айтқанда, ГКЧП бүлігінің пайдасы
да болды. Ол, біріншіден, онсыз да талқаны таусылуға таяу тұрған
КОКП-ның тарих сахнасынан кетуін тездетіп берді, екіншіден, одақтас
республикалардың тәуелсіздік тарихының бастауына жол ашты. Мы
салы, Украина «тамыз бүлігінен» іле-шала, 24 тамызда өз тәуелсіздігін
жариялады. Ельцин танк үстіне шығып, мәскеуліктерді баррикадаға
шақырған, Горбачев Форостағы «тұтқыннан» босатылып келіп, Ресей
парламентінің көз алдында Ельцин ұсынған қағаздарға оның бетіне
жаутаң-жаутаң қарап тұрып қол қоюға мәжбүр етілген, қысқасы,
Орталық билігінің күлі көкке ұшуға жақын қалған шақты мен де пай
далануды ұйғардым. Оның орайы да келіп тұр еді. Сол күндерде өз
жарлығыммен полигонды жапқанымды өткен тарауда жазғанмын.
КСРО атты елдің сол күйінде ұзақ уақыт тұра алмайтыны анық
еді. Неге дейсіз ғой? Мен КСРО халық депутаттарының 1990 жылы
өткен ІV съезінде Одақ қирап барады деген сөзді естігенде күйге
лектенбейтінімді айтқанмын. Ол үшін Орталықты айыптап, күйіп-
піспейтінімді де жасырмағанмын. Себебі, осындай жағдай ерте ме,
кеш пе түбі бір болмай қоймайтын еді. Іргетасы дұрыс қаланбаған үй
ұзақ тұра алмайды. 1985 жылдың сәуір самалы соға бастағаннан-ақ
әлемдегі соңғы империяның қабырғасы дірілдей жөнелгені содан.
Өйткені Кеңес Одағы — әуелден саясатқа, идеологияға негізделіп
құрылған мемлекет. Кез келген мемлекет алдымен экономикаға арқа
сүйеуге тиіс. Саясаттан жасалған экономика экономикадан жасалған
саясаттың алдында қашанда дәрменсіз болып шығады.
Мені бұл ойға түпкілікті тоқтатқан екі жағдай еді. Оның бірін
шісі — 1991 жылдың жазында Қытайға барған сапарымыз. Қытайда
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 246 —
өткізген бір апта ішінде мен біздегі өзгерістердің дені саясат сала
сында, ал олардағы өзгерістердің дені экономика саласында болып
жатқанын және мұның өзі нақты нәтижеге жеткізгенін көрдім. Сол
жылдың қыркүйек айында Қазақстанға «Сингапур кереметінің» ав
торы Ли Куан Юдің келуі, онымен ұзақ әңгімелесуім де көп ой салды.
Сингапур экономикасының қарқынды дамуының және оның әлемдік
нарыққа кірігуінің тәжірибесі Қазақстан экономикасын реформалауға
өте пайдалы болып шықты. Нарық экономикасындағы биік бедел
иесі, тегі орыс америкалық ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты
Василий Леонтьевтің «Егер сіздер таланттарға жол ашпасаңыздар,
онда бірде-бір мәселені шеше алмайсыздар» деген сөзі де ойландыр
ды. Осындай үйренетін үлгілерді көргендіктен де мен Мәскеуде,
Алматыда сөйлеген сөздерімнің көбінде Орталықтың экономикалық
реформаларды жүргізудегі қателіктерін қатаң сынға алып жүрдім.
Атышулы ГКЧП-ның абыройсыз аяқталуы да заңды. Енді ешкім
де тарих тегершігін кері айналдыра алмайтынына, еркіндіктің таза
ауасын жұтқан халықтың мойнына тоталитарлық бұғауды қайтадан
кигізуге болмайтынына көз жетті. Алайда абсолютті тәуелсіздік жоқ
екенін ешқандай жағдайда да ұмытпау керек. Осы дүниеде өмір
сүретін бәріміз де бір-бірімізге тәуелдіміз. Ол саяси, экономикалық,
экологиялық немесе қоғамдық қарым-қатынастардың кез келген
саласында болсын, бәрібір. Біз ол кезде еліміздегі барлық республи
калармен дәстүрлі достық байланыстарды сақтауды борышымыз деп
білдік. Біз бұған әрқашанда жіті көңіл бөлдік. Алыс-жақын елдердің
бәрімен жақсы тұруды қай кезде де жақтаймыз.
Сол тұста Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстанның Егемен
Мемлекеттер Одағын құру жөніндегі ұсынысы орталықтың келеңсіз
саясатынан туындаған-ды. Жаңа Одақтық шартты әзірлеу жөніндегі
жұмыс тұйыққа тірелген. Сол кезде КСРО Президентіне егер қол
қою кешіктіріле берсе, республикалар жаңа Одақтың өзегі болуға
және орталықтың қатысуынсыз-ақ шарт жасауға әзір екенін тура
айттық. Бұл М. С. Горбачевті интеграциялық үдерістің мазмұны мен
қарқынына қатысты өз ұстанымын қайта қарауға және оны жан
дандыруға мәжбүр етті. Шын мәнінде Ново-Огарево кездесулері
нақ сол жолы басталған. Оның немен аяқталғаны баршаға мәлім.
Тамыз оқиғалары — кертартпа күштердің қайткенде де тарихтың
объективті барысына бөгет жасап, айырылғанын қайтарудың, мүлдем
іріп-шіріген империялық, тоталитарлық режимді қайта жанданды
рудың жанұшырған әрекеті. Бүлікшілер бұған қол жеткізе алмады,
бірақ орталықтан ауытқу үрдісі күшейді. Республикалардың толық
Елең-алаң
— 247 —
мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылуы енді тек сана-сезімнің буырқана
өсуін ғана емес, сондай-ақ өздерін тоталитарлық орталықты қайта
жандандырудан сақтауға деген берік ниетін де көрсетті.
Сондай аумалы-төкпелі жағдайда да Қазақстан тарихи бірлікті
сақтау идеясын табанды және дәйекті түрде қолдауын жалғастыра
берді. КСРО халық депутаттарының төтенше съезінде мен Ново-
Огарево үдерісіне қатысушы республикалар басшыларының тапсы
руымен мәлімдеме жасадым, онда мемлекеттік басқару жүйесін
түбегейлі реформалау, конфедерациялық негізде жаңа, жаңарған
Одақ құруды ұсындым. Ол кезеңде бұл ұсыныс қалыптасқан саяси
жағдайға барынша сай шыққанына сенімдімін. Горбачевтің көмек
шісі, республикалар басшыларының Ново-Огареводағы кездесулерін
дайындауға белсенді атсалысқан Георгий Шахназаров мұны тиісінше
бағалаған: «Ново-Огареводағы «отырыстардың» тағы бір түйінді
тұлғасы Нұрсұлтан Назарбаев еді. Мен бұл адамды ОК пленумда
рының біріндегі сөзін тыңдағаннан кейін қатты сыйлай бастадым.
Ол жағдайды боямалап жатпай, қатқыл сөйледі, бірақ кейбір ше
шендер сияқты ұрынып сөйлеген жоқ. Кейде дау-дамайдың шешімі
Нұрсұлтан Әбішұлының айтқанына Ельцин де, Кравчук те, «авто
номияшылар» да құлақ асатынының арқасында табылатын. Респуб
ликалардың болашақ федерациядағы көкейге қонымды өзімен-өзі
болуын жақтай тұра, ол тұтастай халықшаруашылық ағзасының
бүлінуі неге апарып соғатынын білгендіктен де одақтық міндеттердің
әлсіремеуін қалайтын».
1980 жылдардың соңына қарай бұрынғы КСРО-да одақтас рес
публикаларға өз аумақтарындағы ұлттық байлықты иеленудің, пай
даланудың және билеудің айрықша құқымен қоса кең өкілдіктер
бере отырып, орталықтың жаппай өктемдігінен бас тартуды көз
дейтін федерацияның сапалық жаңа пішінін іздеу қызу жүргізілгені
белгілі. Ал Орталық республикалардың оған өз еркімен ұсынатын
өкілдіктердің нақпа-нақ келісілген ауқымына ие болуы тиіс еді. Осы
көзқарастар мен қағидалардың бәрі жаңа Одақтық шартта бейнеленуі
керек-ті. Алайда оған қол қоюдың реті қайта-қайта бұзылып, кезек
ті бір сағымға айналды. Шарт жобасының қай нұсқасын қараса да,
Горбачев бірден өзін іздей бастайтын. «Мен мұның қай жеріндемін?
Кремльдің орны қайда? Кеңес Одағы президентінің рөлі қандай
болмақшы?» деп тықақтай беретін.
Ресейдің, Украинаның, Қазақстанның, Белоруссияның ынтасымен
басталған Ново-Огарево үдерісі тамыздағы мемлекеттік төңкеріс
әрекетіне байланысты үзілді, сөйтіп біз өзгеше құндылық пен уақыт
өлшеміне тап келдік. Елдің саяси жүйесі көз алдымызда күйреп,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 248 —
қауіпті шекке жетті. Бүлікшілер қолға алған күштеп қайта
интеграциялау әрекеті кері нәтижеге әкелді: ыдырау үдерісін же
делдете түсті.
Мемлекеттік жүйенің дағдарысы басталды. Нарыққа тез арада
көшу дәмесі де елес екен. Нарық көбінесе қарабайыр жайма базарға
айналды. Меншікті жекешелендіру оның иесі болмағандықтан пәр
менді қызмет атқара алмады. Ел бюджеті несиелік алаяқтықтың
көзіне айналды. Халық билігі ретіндегі демократия көбінесе әртүр
лі ықпалды топтардың билік жолындағы күресімен, жершілдіктің
күшеюімен алмасты. Бостандықтың жемісін көп ретте қатардағы
азаматтар емес, неше түрлі қылмысты және маргинал элементтер
пайдаланып кетті.
Гәп мынада: ол кезде Одақ басшыларында сындарлы әлеуметтік-
экономикалық және саяси өзгерістердің ешқандай бағдарламасы жоқ
еді. Кеңестік жүйенің іргелі негіздерінің бірде-біріне — КОКП-ның
жетекші рөліне, мемлекеттік меншік монополиясына, идеологиялық
өктемдікке күдік келтірілмеді. Ал қайта құрудың басты объектілері
нақ осылар болуы тиіс-ті. Нәтижесінде, жүйені реформалау емес,
қайта оның заңды күйреуі жүзеге асты.
Мен экономикалық формация ауысып, қоғамдық жүйе өзгеріп
жатқан өтпелі шақта КСРО сияқты алып мемлекетті күрт бөлшек
теуге жол беру жөнсіз, тіпті қауіпті екенін талай рет айттым. Бар
назарды нарыққа бірте-бірте ауысудың жолын қарастыруға, оған
көшудің алғашқы бір жарым, екі жылында көп қиындық болатыны
на, халықтың әл-ауқаты күрт түсіп кететініне көнуге тура келетініне
аударуға шақырдым. Экономиканы жөндеудің, нұсқау беру мен мо
нополизмге негізделген құрылымды қиратудың мұнан басқа жолы
жоқ екенін еске салумен жүрдім. 1991 жылғы 2 наурызда Орталық
телевидениеден тікелей эфирде сөйлегенім қатты есімде қалды.
«Қатты» дейтінім — алдын ала құлақтандырылған сол хабарға орай
Останкиноға менің атыма мыңнан астам хат пен жеделхат келген
екен. Тікелей эфир барысында қойылған сұрақ та өте көп болды.
Біз жұртқа мәселенің мәнін түсіндіріп, қоғамдық сананы адамдар
дың барлығы істің жайын жақсартуға мүдделілік танытатындай етіп
өзгертуге тиіс едік. Сол бағытта біраз жұмыс атқарылды да. Әйтсе
де, Одақтың іргесін оның негізін қалаған Ресей Федерациясының өзі
алдымен қазғанына тарих куә. Нақтырақ айтқанда, оның жақсыатты
атануға құмар саясаткерлері қазды. Ресей алдымен өз Компартиясын
құрып, КОКП-ның біртұтастығын бұзды, одан кейін мемлекеттік
тәуелсіздігін алдымен жариялап, КСРО-ның біртұтастығын бұзды.
Оны жұрттың бәрі біледі.
Елең-алаң
— 249 —
Одақты жаңғырту ниетінен күдер үздірген себептің бірі — Горба
чевтің екіұдай саясаты. Ол біресе ана лагерьге, біресе мына лагерьге
арқа сүйеп, басы қосылмайтындардың басын қосуға, тіпті жауығып
алғандардың өзін өз жағына тартуға жанталасып бақты. Ақыр аяғында
ешкім оны қолдамайтын болып шықты.
КСРО қалай күйреді дегеннен бұрын ол мемлекет неге күйреді
деп сұрақ қойған орынды шығар. Бұл мәселе біз үшін өте маңызды.
Кеңес Одағының күйреу себептерін талдаушылардың пікірлері екі
арнаға келіп саяды. Бұның себебін тек Горбачевтің билік басына
келуінен ғана іздейтін пікірлерге көңіл аударып жатпай-ақ қояйық.
Мұндайлық аса ірі құбылыстарды бір адамның іс-әрекеттерімен
түсіндіре салу қиын шығар. Олай айтатындардың арасында сал
мақты сөз иелері де аз емес. Евгений Чазов: «Тіпті қазір де мен мына
сұраққа айқын жауап қайтара алмаймын: М. С. Горбачев кім? Дүниені
төңкеріп түсірген батыр ма, әлде ұлы державаны күйретіп тынған
сатқын ба?» деп жазған, Александр Бовин: «Ресейде билік құру үшін
Ельцин Одақты күйретті» деген. Жаны бар сөздер. Тек мәселені тым
оңайлатып түсіндіретіні болмаса. Шынтуайтында, КСРО-ның күйреуі
қыруар факторлардың бір-бірімен тоғысып, өзара соғысып келуінен
деу орындылау. Солардың ішіндегі ең бастыларының қатарында
технологиялық мешеуліктің күшейе түсуін, бар тапқанын жанталаса
қарулануға жұмсап келген сыңаржақ экономиканы атау жөн. Бұл
жолда ел басшылығы мемлекеттің алтын қорына қолды мықтап
салудан да тайынбаған. Мысалы, Кеңес Одағы сыртқа мың тоннадай
алтынды, яғни елдің алтын қорының елеулі бөлігін 1989–1991 жылдар
ішінде сатқан екен. Сонда қорда небәрі 300 тоннадай алтын қалыпты.
Демек, Сталин дүниеден өткенде КСРО-да 2500 тонна алтын болған
деген мәліметке сенудің де реті бар сияқты. Орталықтың жұмы
сындағы берекесіздікті тамыздағы бүлік одан әрі былықтыра түсті.
Кремль билігінің әлсіреуі елдің ыдырауын тездетті. Ұзақ жылдар
бойы халықтың басын біріктіріп келген ортақ идеология шатқаяқтай
бастады. Бұл империялық ойлау жүйесінің трагедиясы еді. Ал импе
рия атаулы, ерте ме, кеш пе, түптің түбінде тарап тынады. Тарихтан
басқа мысал таба алмайсыз.
Ашығын айтқанда, билікті Ельцин тартып та алған жоқ. Билік ол
кезде Мәскеудің көшесінде аяқ астына тапталып, жерде жатқан еді.
Ельцин жерде жатқан билікті көтеріп қана алды.
Құлақ асуға тұрарлық пікірлердің бірін тыңдасаңыз: Кеңес Одағы
өздерінің бірден-бір идеологиялық және геосаяси бәсекелестерінің
көзін құртуға тырысқан сыртқы және ішкі іріткі күштердің бірлес
кен қимылының кесірінен құлаған. Екіншісіне ден қойсаңыз: бұл
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 250 —
әлдеқашан математикалық дәлдікпен жете мөлшерленген, ешқандай
объективті де, субъективті де себепсіз-ақ, тап сол кезеңде қалайда
болмай қоймайтын заңды құбылыс. Бұл пікірлер кешегі кеңестік
кеңістіктің қазіргі ахуалына деген әрқилы көзқарастар ауқымының
қаншалықты ұлғайып, олардың өзара қайшылығының қаншалықты
асқындап кеткенін көрсете алады. Кеңес Одағының мемлекет ретін
де және қоғамдық-саяси режим ретінде күйреуінің себептерін сөз
еткенде оны дәл бір 1991 жылмен таңбалай қою әрі басшылықтың
субъективті қателіктерімен түсіндіре салу онша дұрыс емес. Бұл —
стратегиялық, ғылыми-техникалық жеңіліс. Ол жеңіліс бір сәтте
басталмаған, ол процесс 70–80 жылдардың өн бойында жүріп жатқан.
Кәсіпорындардың ескірген құрал-жабдығы, басқарудың күні өт
кен тәсілдері, бесжылдықтарды орындауда көрсеткіштерді көпіртіп
жазу адамдардың тұрмысын нашарлатуға, тауарларды қымбаттатуға,
тапшылыққа әкеліп соқтырды. Бұл жай қарағанда да көзге ұрып
тұратын.
Негізінде, қай елдің де ыдырауы ауыр үдеріс. Ал Кеңес Одағын
дай қолдан құрастырылған, халқы біте қайнаса араласып кеткен
мемлекеттің ыдырауы асқан ауыртпалық әкеледі. Мысалы, бір ата-
ананың үш баласы үш республикада тұрып жатты дейік. Олардың
сол республикаларға жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі немесе
комсомолдық жолдамамен баруы да, қызмет бабымен ауысып ба
руы да, отбасы құрудың жайымен баруы да әбден мүмкін. Енді әлгі
үш адамның аяқастынан үш мемлекеттің азаматтары болып шыға
келуін көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Осындай тағдырлардың да
табылатыны талассыз. Сондайлардың бәрі бірдей жаңа тәуелсіз елдің
дүниеге келуіне, тұрғылықты халықтың дербес мемлекет құруына
қуана қалады деп кім кепілдік бере алады? Оларды неге қуанбайсың
деп кім кінәлай алады? Одақ тарағаннан кейін туындаған көші-қон, тіл
және азаматтық проблемаларына түсіністікпен қарауға тура келеді.
Көпұлтты Кеңес Одағының тұрғындары аяқастынан 15 мемлекетке
бөлініп шыға келгенде бұдан басқа нәрсе күтудің өзі қиын еді. Оның
үстіне Кеңес Одағының күйреуі адам айтқысыз жұмыссыздықпен,
асқынған инфляциямен, шаруашылық қатынастарының бұзылуымен
қоса жүрді.
Әуелде Одақты сақтауды жақтағаныммен, бара-бара менің сөз
дерімде, сұхбаттарымда республиканың «толық егемендігі» туралы
жиірек айтыла бастады. Мысалы, 1990 жылы «Егемен Қазақстан»
газетінің қызметкерлерімен кездескенімде: «Толық егемендік мәселесі
оңай емес» дегенмін. Мұның түпкі мәні кәдімгі тәуелсіздік екенін
түсіну қиынға соқпайтын. Ол кезде мен үшін жаңарған Одақтың енді
Елең-алаң
— 251 —
федерация болмайтынының басы ашық еді. Өтіп кеткен уақыттың
соңынан жүгіре алмайсың ғой. Бұлай ету жаяу жүріп желмен жа
рысқандай жай. Біз кезінде Андрей Сахаровтың Одақты тең құқықты
елдер достастығы ретінде қайта қалыптау жөніндегі көкейге қонымды
ұсынысына құлақ аспадық. Кейін бұл мәселемен басқаша тұрғыдан
айналысатын болдық.
1990 жылдың басында Қазақстандағы саяси ахуал барынша күрде
лене түсті. Ұлттық сана-сезім күшейді. Сол жылы сайланған Жоғарғы
Кеңеске халық қамын ойлайтын небір мықты азаматтар келді. Шын
мәнінде, мен депутаттық корпуспен жұмыс істеудің нағыз тәжірибесін
Қазақ КСР-ның он екінші шақырылған Жоғарғы Кеңесінде ғана ала
алдым дегенім жөн. Ол Жоғарғы Кеңес қағидатты түрде өте маңызды
екі мәселені шешіп беруімен тарихта қалды. Біріншісі — республика
Президенті лауазымын енгізгені және Қазақ КСР-ның Президентін
сайлағаны. Екіншісі — Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі тура
лы Декларацияны қабылдағаны. Мұның екеуі де талас-тартыспен
өтті. Мысалы, Декларация жобасындағы ұлттық мемлекеттілік те
зисі үлкен дау-дамай туғызды. Сессия стенограммасын қарап оты
рып, Өзбекәлі Жәнібековтің ұлттық мемлекеттілік пен құқықтық
мемлекет ұғымдарын қарама-қарсы қоюға назаланған сөзіне, Са
лық Зимановтың құқықтық мемлекеттің өзі ұлттық мемлекеттілік
қалыптастырудың арқауында ғана құрыла алатынын айтқанына,
Әбіш Кекілбаевтың қайта құрудың бір жақсы жері халықтардың
нағыз ұлттық дамуынсыз шынайы интернационализм болмайты
нын көрсеткені екенін дәлелдеп сөйлегеніне көңілім толды. Әсіресе,
академик Салық Зимановтың әріптестерінің алдында табандатқан
алты сағат бойы тікесінен тік тұрып, неше түрлі (арасында түсінбей
қойылғаны да, қитұрқылықпен қойылғаны да, арандатушылықпен
қойылғаны да бар) сұрақтарға салқын сабырмен, асқан ақылмен, дана
дипломатиямен жауап беріп, бәрін орын-орнына қойып шыққаны
қайраткер ғалымның ел үшін атқарған ерен ісі екенін разылықпен
айтқым келеді. Жалпы, сол жолғы, яғни сол Жоғарғы Кеңеске кілең
бір сайдың тасындай азаматтардың жиналғанын ойласаң айызың
қанады, халқың үшін мақтанасың, марқаясың. Төраға Серікболсын
Әбділдиннің заң шығарушы органның жұмысын шебер үйлестіре
білгенін де айтып өтуді парызым санаймын.
Осындай қолдауға сүйене келіп, мен: «Кез келген саяси іс-әрекет
жақсы ниетті емес, қалыптасқан нақты болмысты арқау етуі тиіс.
Бұл орайда Декларациядан ұлттық мемлекеттілік мәселесін ғана
емес, жалпы қазақ халқы туралы айтылатын сөзді алып тастауды
ұсынатындармен келісуге болмайды. Олай етсек, бізді КСРО-ның
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 252 —
басқа ұлттарынан кемшін жағдайға түсірілетін қазақ халқы дұрыс
түсінбейді. Одақтас республикалардың осы тектес декларацияла
рын қараңыздар — бәрінде ұлттық мемлекеттілік туралы ереже бар.
Республика аумағында қазақ халқының саны басым еместігіне ғана
қарап, бұл тезисті құжаттан алып тастау саяси тұрғыдан қате бола
ды. Бүкіл тарихының ұзына бойында интернационализм идеяларын
адалдығынан айнымаған қазақ халқына бұлай қарау жарамайды»
деп сөйлеппін. Президент бола алатын адамның ұлты жөнінде де
қызба-қызу пікірталас жүргені есте. Айтыса-айтыса келіп, ақыры
дауыс беруге қатысқан 293 депутаттың 213‑і Декларацияны жақтады,
71 депутат қарсы шықты, 8 адам қалыс қалды, 1 адам дауыс бермеуді
дұрыс деп тапты.
1990 жылғы 25 қазанда қабылданған «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік
егемендігі туралы» Декларация республика егемендігін заң жүзінде
бекітудің бастамасы болды. Бастамасы. Декларация — мемлекеттің
негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат. Ниет.
Нәтиже емес. Бірақ жақсы нәтиже игі ниеттен басталмай ма? Бұл
жағынан Егемендік декларациясының өзіндік маңызды орны бар.
«НАЗАРБАЕВ КЕЛМЕДІ»
«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев менің жақсы әрі
жарқын досым. Шамалауымша, ол менің отставкаға кетуімді қолдай
қойған жоқ, бірақ бұл жөнінде ештеңе айтпады, әдеттегісіндей өзін
тыңғылықты, сабырлы ұстады… Нұрсұлтанда өз республикасында
кеңес кезінен бері келе жатқан бір беріктік бар, менің ойымша, бұл
оның саясатта болсын, экономикада болсын, оқыс түбегейлі өзгеріс
терді, секірістерді, ауытқу атаулыны мойындамайтынынан. Ол өзінің
іс-әрекеттерінде шығыстық сақтықты, сарабдалдықты және замана
уилықты біріктіре біледі. Ол бойыңа сенімділік сіңіріп тұрады. Бұл
талай адамға бітпейтін қасиет» — Борис Ельцин «Президентский
марафон» кітабында осылай деп жазыпты. Расында да, Борис Ни
колаевичпен арамызда жақын қарым-қатынас орнаған-ды. Тамыз
оқиғаларының алдында Ново-Огаревода өткен кездесуде ол мені
КСРО премьерлігіне ұсынғанын бұрын келтіргенмін. Ельцинмен
сенісіп жұмыс істеуге болатын. Сөзге тоқтайтын. Айтуы да, қайтуы да
тез. Бірде ол маған соншалықты тосын ұсыныс жасады. «Нұрсұлтан
Әбішұлы, Теңізді Ресейге берсеңіздер қайтеді?» дегені. Теңіз — Аты
рау облысындағы ірі мұнай-газ кешені. Ондағы мұнайдың барланған
қорының көлемі 25 миллиард баррель. Қалжыңдап тұр ма десем,
Елең-алаң
— 253 —
өңінен ондайы байқалмайды. Тегі, тамырымды басып көрмекші.
Қайтер екен деп: «Онда бізге Орынбор қаласын облысымен қосып
бере қойыңыздар», дедім. Ельцин шоршып түсті. «Сонда, немене,
Қазақстанның Ресейге жер дауы бар ма еді?» дейді. Жауабымды тез
қайтардым: «Жоқ, Борис Николаевич. Жай, Орынбор революцияға
дейінгі Қазақстанның астанасы болған қала ғой…». Борис Николаевич
маған жарқылдай қарап, қарқылдай күліп жіберді.
Арамызда неше түрлі жағдай болды. Әркім өз елінің мүддесін
ойлап, айтысып, тартысып та қала беретінбіз. Бірақ ол да, мен де
шектен шықпайтынбыз. Грузияның бұрынғы премьер-министрі Тен
гиз Сигуа бір жерде: «…Назарбаев орнынан атып тұрды да, орысша
сыбап кеп жіберді. Мен ол Ельцинді салып қалмауы үшін көтере
берген қолын ұстай алдым» деген екен. Онысы «Почему распался
СССР» деген кітапқа да басылыпты. Сондықтан басын ашып айтуға
мәжбүрмін: ТМД саммиттерінің бірінде Ельциннің шыдамымды
әбден тауысқаны рас, қатты сөз айтып қалғаным да рас. Бірақ қол
көтеру болған емес. Ельцин екеуміздің арамызда әлгіндей ақылға
сыймайтын іс-әрекеттің болуы мүмкін емес. Грузиндер өзгелерді де
өздеріндей қызуқанды санайтын секілді. Айтқандай, бір қарағанда
арсын-гүрсін көрінетін Ельциннің баршамен тек «сіз» деп сөйлесетіні
көп жайды аңғартады. Керісінше, сырт көзге сыпайының сыпайы
сындай әсер қалдыратын Горбачев жасқа да, кәріге де «сен» дейтін.
Станислав Шушкевичтің: «Кремльге келіп, Горбачевпен алғаш рет
жеке кездескенімде ол менімен «сен» деп сөйлескен. Ал мен тіпті
студентке ешқашан «сен» деп көрмегенмін! Қысқасы, мұнысы маған
ұнаған жоқ» дегені бар.
1991 жылғы қалыптасқан ауыр жағдайда Ельцин тіресу, тайталасу
жолын таңдады. Горбачевті тұқырту үшін мемлекетті құрдымға ите
руден, онсыз да терең дағдарысты шиеленістіре түсуден тайынбады.
Ақылды адамдардың өзара тіл табысуы қиын болатыны таңданарлық.
КСРО-дай ұлы елді екі адамның ерегесі жалп еткізіп жыға салмай
тыны белгілі дегеннің өзінде де, олардың бірі қыздырманың қызыл
сөзінің қызығымен нақты істен алшақтап, екіншісі аз уақытта артық
ұпай алып беретін арзан уәделермен танымалдылығын арттырып,
екі жақтап қиындықтарды қаптатқаны мемлекеттің іргесін шайқалта
түсті. Бұл істе Горбачев пен Ельциннің бітпейтін де қоймайтын те
кетіресі мен Борис Николаевичті елдегі көшбасшылыққа итермелеп
баққан Өңіраралық топтың интеллектуалды өкілдерінің әсері әсіресе
бүлдірушілік рөл атқарды. Олардың бұл саяси ойыны бірі кетіп, бірі
қалумен бітетінін болжағандар көп болғаны талассыз, бірақ дәл осы
дан мынандай алып ел тарап тынады дей қойғандар көп табылмағаны
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 254 —
тағы талассыз. Сол тұста «Неделя» апталығына (1989, № 23) берген
сұхбатымда: «Горбачев пен Ельциннің арасындағы қақтығыс жан
ауыртады. Әрқайсысын жеке алып қарағанда олардың бойында бірін-
бірі жақсы толықтыра алатын әлеует бар, ол әлеует елге соншалықты
керек! Ашығын айтайын, мен кейінгі кезде олардың ұстанымдарын
жақындату үшін араларына белсене түсе бастадым. Менің Ельцин
мен де, Горбачевпен де өзара тіл табысатынымды білесіздер. Талай
әңгімелестік, талай сөйлестік, бір сәттерде олар бір-бірімен түсінісе
кететіндей көрінетін. Келісті-ау, ұстанымдарын жақындатты-ау деп
ойлай бергеніңде әрқайсысы өзінің дегенін істеп, сөздерінен тайқи
салатын. Горбачев пен Ельцинді олардың өркеуделігі баса-көктеп
кетеді деуге ауыз бармайды, өйткені ол адамдарға халықтың сенімі
жүктелген. Мұндай бітіспестікті бірдеңемен түсіндіру қиын. Қазіргі
текетірестің басты желісі осы болып тұрғаны өкінішті, өте өкінішті»
деген екенмін.
1936 жылғы КСРО Конституциясында әр республика Одақ құра
мынан шығуға құқылы деп көрсетілген. Сөз жүзінде, әрине. Іс жүзінде
бірде-бір республикада өнеркәсіп өндірісінің толық аяқталған циклы
жоқ. Әйтеуір, аяқ жағындағы бір істі басқа республикаға байлантып
қояды. Мысалы, мақтаны Орта Азияда егеді, тереді, бірақ матаға
Ресейде айналдырады. Демек, кетем десең де кете алмайсың, кетсең,
күніңді көре алмайсың. Осының бәрі әуел баста сондай бір зымиян
дықпен, алыстан ойластырылған. Мысалы, Қазақстанның батысында
сол кездің өзінде мұнай мен газ конденсатының бай қоры болды.
Бірақ оларды өз жеріңде өңдеп, бензинге немесе кәдімгі тұтынатын
газға айналдыра алмайсың. Ондай кәсіпорындардың бәрі Ресейдің
Қазақстанмен шектес облыстарына салынып қойған… Мұндай жағдай
біз егемендікке қол жеткізгеннен кейін де талайға дейін созылып
келді. Сөйтіп жүргенде, 1977 жылғы КСРО Конституциясынан бір
саңылау табыла кетті. Онда «Кеңес Одағы егемен мемлекеттерден
құралады» деген сөз тіркесі бар екен. Мемлекеттерден!.. Егемен мем
лекеттерден! Бұрын ешкім мән беріп жатпайтын осы сөз асып-сасқан
ахуалда ойға дер кезінде оралды. Одақ мемлекеттерден құралса,
онда федерация емес, конфедерация болып шықпай ма? Енді жұрт
республикалардың конституцияларын ақтара бастады. 1978 жылы
қабылданған Қазақ КСР Конституциясында «Қазақ КСР-і — егеменді
кеңестік социалистік мемлекет» деп жазылыпты. Мемлекет! Басқа
одақтас республикаларда да солай жазылғаны сөзсіз.
1991 жылғы тамыз айындағы белгілі оқиғалардан кейін тәуелсіз
жаңа мемлекеттердің қалыптасуы басталды. Бұл болашақтағы
проблемалардың әмбебап дауасы ретінде егемендік идеясына еліктеу
Елең-алаң
— 255 —
кезеңі еді. Ашық айтылмағанымен, тәуелсіздікті жариялап, демокра
тия мен нарық бағытын белгілесе-ақ, барлық қиыншылықтар артта
қалатындай көрінді.
Тәуелсіздік жариялау үшін Одақтан шығу керек.
Ал, қалай шығу керек? Шығуға бола ма өзі?
Мұның да жолы табылғандай. Тапқан адам Сергей Шахрай дейді.
КСРО 1922 жылы құрылған. Әуелі оны құрғандар — РСФСР, Украи
на, Белоруссия, Закавказье. Кейін Закавказье тарап, оның орнын
да үш одақтас республика құрылды. КСРО құрылтайшыларынан
қалғандары — РСФСР, Украина, Белоруссия. Осы үш республика
ның басшылары бас біріктіріп, өздері құрған федерацияны өздері
таратпаққа бекінді… 17 наурыз күні КСРО-ның тағдырына қатысты
бүкілодақтық референдум өткізілгеніне, онда урнаның алдына кел
гендердің басым бөлігі КСРО-ны сақтауды жақтағанына қарап жатқан
жоқ. Қарап жатпаған себебі — бұл кезде Ресей бастап, Украина қос
тап, жалғаса жөнелген тәуелсіздік жариялау жарысы жетер жеріне
жетіп те қалған болатын.
Ресей, Украина, Беларусь басшыларының Белая Вежа тоғайын
дағы кездесуі атымен күтпеген оқиға емес еді. КСРО-ның құламай
қоймайтынын жұрттың бәрі де білді. Тек оның алдын ала болжауға
келмейтін арналармен жүзеге асып, саяси күштердің шиеленіскен
текетіресіне айналып кету қаупі қатты ойлантатын.
Мен 8 желтоқсан күні М. Горбачевтің шақыруымен Мәскеуге бар
дым. 9 желтоқсанда төрт республиканың — Ресей, Украина, Беларусь
пен Қазақстанның басшылары кездесіп, Одақтық шарт туралы ақыл
дасамыз дегенбіз. Ол кезде Мәскеуде жиі-жиі бас қосатынбыз. Баруға
бәріміз келісім бергенбіз. Алайда, сол күннің алдында Ресей, Украина,
Белоруссия басшылары белорус тоғайларының бір түкпіріндегі ре
зиденцияда жасырын жолығып жатыр екен. Горбачевпен кездесудің
алдын орап кетіпті. Борис Ельциннің, Леонид Кравчуктің, Станислав
Шушкевичтің мемуарларында, естеліктерінде, сұхбаттарында Белове
жьедегі кездесудің аяқастынан, құпия түрде ұйымдастырылғаны, мені
кездесуге шақыру идеясы жұмыс барысында туғаны ашықтан-ашық
айтылады. Мұның алдында жаңа конфедерация құру, оны «Егемен
Республикалар Одағы» — «Союз Суверенных Республик» деп атау
жөнінде әңгіме қозғалып жүретін. Сонда қысқартып сөйлегенде
СССР-дің орнына ССР құрылған болып шығатын. Жұрттың көзі де,
құлағы да үйренген сөз. Үшеуі бас қосыпты да, ССР аббревиатурасы
«Союз Славянских Республик» сияқты оқылып кету қаупі бар екенін
ойлай қалыпты. Енді славян емес президент керек бола қалыпты…
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 256 —
Олардың үшеуі де Беловежье келісімінде экспромт элементтері
көп кездескенін, оған қатысушылардың құрамы да апыл-ғұпыл қа
растырылғанын айылын жимай жазады. Айтқандай, Солженицын
сол тұста Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінде Назарбаевты Бело
вежьеге шақырмады деген өкінішін білдірген. Бос сөз. Шақырған.
Мен бармағанмын.
Дәлел керек пе? Жетіп жатыр.
Шушкевич былай дейді: «Назарбаевтың Мәскеуге ұшып келе
жатқанын білеміз. Оны өзімізге шақырсақ қайтеді? Шақыратын
болып шештік! Белгілі жай ғой, Борис Николаевичтің шақырғаны
дұрыс. Назарбаевтың ұшағымен байланыстық».
Кравчук былай дейді: «Беловежьедегі келісімнің жұмысын аяқтап
қалған кезде Ельцин: «Назарбаевты шақырған жаман болмас еді»
деді. Оған хабарлассақ, Назарбаевтың Мәскеуге ұшып бара жатқанын,
ұшақпен байланысуға мүмкіндік жоқ екенін айтты».
Ельцин былай дейді: «Құжаттар негізінен дайын болып қалған
кезде біз Назарбаевпен байланысып, Қазақстан Президентін дос
тастықтың құрылтайшылығына шақыруға бекіндік. Дәл сол кезде
Назарбаев аспанда, ұшақ ішінде, Мәскеуге бара жатыр екен. Оның
дереу бізге ұшып келуі үшін ұшағын бұрып жіберу деген кісі қы
зығарлықтай идея еді. Біз оның ұшағымен байланысуға тырыстық.
Ұшақта біз онымен сөйлесе алатындай байланыс жүйесі жоқ екені
анықталды».
Бір-бірін қайталайтын бұл сала құлаш үзінділерді не үшін келтіріп
отырмын? Кездесудің шикілі-пісілі дайындалғанын дәлелдеу үшін.
Соның артынша Шушкевич былай жазады: «Бірақ басқа бір байла
ныс арқылы Назарбаевтың ұшағы техникалық себептерге байланысты
Мәскеуден шыға алмайтыны хабарланды. Назарбаевтың Вискули
ге дейінгі және Вискулиден кейінгі әр қадамы «Шығыстың жолы
шым-шытырық» («Восток — дело тонкое») деген кең тараған сөздің
дұрыстығын танытып тұрды». Қайтерсіз, шынында да, «Шығыстың
жолы шым-шытырық»…
Ельцин өз кітабында ұшағымды Белоруссияға бұрмағаным үшін
мені былай кінәлайды: «Сол сағаттарда Назарбаев Қазақстанның, өз
республикасының еуразиялық сипатын бағалауы тиіс еді. Қазақстан
мен ұзыннан-ұзақ ортақ шекарасы, ортақ байланыстары мен мүдде
лері бар Ресейді ойлауы керек еді. Әйтсе де, ең бастысы — Орталық
Азия өңірі, көршілерінің бәрі сонда. Қаны бойынша, жаны бойынша
бауырлары сонда. Несі бар, бұл оның тәуелсіз шешімі болып шықты.
Назарбаев келмеді. Сөйтіп, біз тарихи Беловежье келісіміне үшеуміз
қол қойдық».
Елең-алаң
— 257 —
Бұл сөзі рас. Мен Мәскеу әуежайына түскен бетте Б. Ельцин те
лефон шалған. Осылай да осылай, Беловежье деген жерде үшеуміз
шешім қабылдап, арнайы келісімшарт жасадық, сен бізді қолдасаң,
қол қойсаң жақсы болар еді дейді. Ол қандай құжат? Не жайында?
Мәселенің мәніне қанып алмай тұрып, қалай жол жүрмекпін? Әрине,
бара алмаймын. Оларға үш славян республикасы бірігіп алып, оңа
ша шешім қабылдапты деген әңгімеден қашу керек болып тұрғаны
белгілі. Бүтін бір алып елдің тағдырын осылайша, опыр-топырда,
оп-оңай шеше салу көкейге қона ма өзі?
Мұны сол кездесудің басы-қасында болған, тіпті келісім мәтінін
кәдімгі жазу мәшіңкесіне қолдан теріп шыққан Сергей Шахрай 2021
жылы жарық көрген «Как я написал Конституцию эпохи Ельцина
и Путина» деген кітабында былай жазған:
«Басты тұжырымдарды айқындап алған бір шақта Қазақстан пре
зиденті Назарбаевқа телефон соғылды, оның да қол қойғаны керек
еді. Ондай беделді көшбасшының қолдауына сүйену өте маңызды
болатын. Бірақ ол келмеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Вискулиге келе жатыпты-мыс, оны орта
жолдан Мәскеуде КСРО премьер-министрінің қызметін беруге уәде
еткен Горбачев қағып алып қалыпты-мыс деген аңыз әңгіме бар.
Бұл болжам маған қиыннан қиыстыру болып көрінеді, өйткені
қазақ президенті — өте тәжірибелі саясаткер. Ол сол сәтте іс жүзінде
де, сөз жүзінде де одақтық үкімет жоқ екенін тамаша біліп отырды:
бұрынғы үкімет бүліктен кейін доғарысқа жіберілген, ал жаңа үкімет
құрылмаған күйі қалған. Иван Силаев басқаратын КСРО-ның Рес
публикааралық экономикалық комитеті ғана жұмыс істеп тұрды.
Назарбаевтың нені басқаруы мүмкін еді? «Қирау» мен «астыртын
сөз байласу» деген әңгіме осындайдан шығады — үкіметі жоқ бұл
не қылған ел?
Меніңше, Нұрсұлтан Әбішұлының Мәскеуде кідіруі мен бізге
Вискулиге ұшып келмеуінің «техникалық себептері» бар. Ол өте сақ
адам. Тегі, кішкене күте тұрып, мұның бәрі немен бітетінінің аңысын
аңдиын деген сияқты».
Сонымен, «Назарбаев келмеді». Неге келмеді?
Кездесудің бейресми түрде, егер әр нәрсені өз атымен атайтын
болсақ, оңаша, тіпті жасырын жиналып жатқанынан, ел басшысының
хабарсыздығынан-ақ ондағы әңгіме не жөнінде қозғалатынын шама
лау қиын емес еді. Мені ол жерге келісімге төртінші құрылтайшы
ретінде қол қоюға шақырып отыр. Шушкевич жазғандай, ұшағым
техникалық себептерге байланысты Мәскеуден шыға алмады… Ал
ұшақ неге «шыға алуы» тиіс еді? Ойлап қарайықшы.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 258 —
Бір жағынан, соның алдында ғана бүкіл ел бойынша референ
дум жүргізіліп, онда қатысушылардың басым көпшілігі КСРО-ны
біртұтас мемлекет ретінде сақтауды жақтаған. Қазақстанда Одақтың
сақталуын жақтаушылардың үлесі басқа республикалардың бәрі
нен де жоғары (94 пайыздан астам) болып шыққаны түсінікті. Елдің
еркімен санаспаудың еш жөні жоқ. «Онда референдумды неге өт
кіздіңіздер?» демей ме жұрт? Екінші жағынан, саясаткер ретінде
гі ішкі түйсігім халқының жартысынан астамын өзге ұлт өкілдері
құрайтын (қазақтардың үлесі небәрі 39 пайыз еді) республиканың
басшысы ретінде мұндай келісімге қол қою тұрмақ, оны талқылай
тын кездесуге қатысуымның өзі қисынға келмейтінін сездірді. Мәселе
тіпті Қазақстандай көпұлтты, көптілді, көпдінді елдің жетекшісіне
олай ету жараспайтынында ғана емес. Жалпы, бөлінетін үдерістердің
қандайынан да, күні кеше бір елдің аясында өмір сүрген одақтас
республикалар тұрмақ, ағайынның, туысқанның арасын ашатын
қадамдардан да алшақ жүрген жөн деп білемін. Айтқандай, содан
небәрі 24 күн ғана бұрын, яғни 14 қарашада Ново-Огаревода біз тағы
бас қосып, бірнеше сағат бойы осы мәселені талқылағанбыз. Соңынан
өткізілген баспасөз мәслихатында Михаил Сергеевич бәріміздің
Интерфакс агенттігі қойған «Одақ бола ма?» деген сұраққа жауап
беруімізді сұраған. Алдымен сөйлеген Ельцин: «Одақтың құрамына
неше мемлекет кіретінін дәл айту қиын. Бірақ бүгінгі талқылаудан
кейін мен Одақ болады деп берік сеніп отырмын» деген. Одан кейін
сөйлеген мен: «Қазақстанның Одақтың сақталғанын жақтағанын
білесіздер, бірақ біз оның бұрынғы Одақ емес, жаңарған Одақ, егемен,
тең құқылы мемлекеттердің одағы болғанын қалаймыз» дегенмін.
Беларусь, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан президенттері де
негізінен осы тұрғыда айтқан. Міне, сол әңгімеден бір ай да өтпей жа
тып, пікір түбірімен өзгеріп шыға келіп отыр. Рас, Ново-Огареводағы
ол кездесуге Украина президенті қатыспаған.
Назарбаевты Беловежьеге шақырудың аяқастынан ойлап табылға
ны қол қоюға славян емес президенттің керек бола қалғанына байла
нысты екеніне, ол оқиғаға қатысқан адамдардың талайы екі кеш бойы
ағыл-тегіл ішімдік құйылғанын жазғанына, сол кезде Беларусь сыртқы
істер министрі қызметін атқарған Петр Кравченконың «Беларусь на
распутье, или Правда о Беловежском соглашении» атты кітабын
да: «Беловежье келісіміне 23 литр самогон кетті» делінгеніне назар
аударып жатпақ емеспін. Онсыз да Беловежье келісімінде күмәнді
жай жеткілікті. Арада алты жыл өткенде Александр Лукашенко сол
тоғайда Кравчук пен Шушкевич Ельцинге КСРО президенті қызметін
Елең-алаң
— 259 —
уәде еткен еді деп әйгіледі. Мұндай мүмкіндік қарастырылғанын
Ельциннің өзі де толықтай теріске шығармайды:
«Иә, мен мұндай «жолды» да ескермей тұра алмас едім.
Ашық түрде Горбачевтің орнын алуға тырысу. Одақтың төріне
шығып, оның «жоғарыдан» басталған реформаларын қайта жалғас
тыру. Айналасындағы жақын адамдарының сатқындығынан Горбачев
жүріп өте алмаған жолды жүріп өту. Михаил Сергеевич әрекет еткен
дей, империялық мәшинені бірте-бірте, жоспарлы түрде боршалау.
Мұндай мүмкіндік болды».
Жарайды, жоғарыда айтылғанның бәрін оқиғалардың түрліше
даму нұсқалары деп қана қарайық. Бірақ сол күндері басқа қауіптің
басқа төнгені анық еді. Ол қауіп — елдің екі одаққа, шартты түрде
айтқанда, славяндардың және түркілердің одағына бөліну қаупі еді.
Екінші одаққа Тәжікстан да қосылатыны түсінікті.
Александр Минкин былай деп жазған:
«Ресей Орталық Азияның бұрынғы республикаларын өзінен кері
теуіп шығару үшін бәрін де істейді. Олардың басын қосу үшін де
бәрін істейді.
Айналамызға достарды жинап алып, оларды бір-бірімен шағысты
рып қоятын жалғыз ақылды сыртқы саясаттың орнына біз керісінше
істедік.
Алдымен Беловежье тоғайында славян одағын құрдық.
Ресей, Украина мен Белоруссияның біріккенін және КСРО-ны
таратқанын ести салысымен, жұрттың бәрі дәл сол кеште-ақ бұған
кереғар қадам жасалуы — ислам одағы құрылуы жөніндегі хабарды
күтті.
Алданған, қорланған Назарбаевтың бұл қадамнан қалай бас тартқа
нын бір Алла ғана біледі».
Алданған жоқпын, алданбағаннан кейін қорланған да жоқпын.
Біз славян одағына кереғар етіп түркі одағын құрудан бас тарттық.
Ақылға келіп, сабырға салып отырып, осындай шешім қабылдадық.
13 желтоқсанда Түрікменстан астанасы Ашғабадта Орталық Азия
республикаларының басшылары — С. Ниязов, И. Каримов, А. Ақаев,
Р. Нәбиев және мен бас қостық. Келіссөз үстеліне отырысымен,
түрікмен жағы Беловежье шешіміне жауап ретінде, Түркі одағын,
яғни Орталық Азия мемлекеттері конфедерациясын құру туралы
дайындалған жобаны талқымызға салды. Жобада славян елдері бас
шыларының әрекеті айыпталады. Мен мұндай бөліністің қатері үлкен
екенін айта келіп, ресми түрде шешім қабылдамауды жақтадым. Ель
цин бізді үштік одаққа қосылыңдар деп үгіттеп бақты. Ол түркітектес
елдердің одағы құрылуы мүмкіндігінен қатты сескенді. Қалыптасқан
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 260 —
күрделі жағдайды сараптай келіп, мен ондай одаққа қосылмайты
нымызды, бірақ тең құқықты, жаңа одақ құру мәселесін талқылауға
болатынын айттым. Славяндар бұл ойды қабылдады. Сол үшін таяу
арада Алматыда бас қосуды, Достастықтың құрылуын заңды етуді
ұсындым. Президенттер менің ойыммен келісті, келешек келісімге қол
қоюшылардың құқы бірдей болуын талап етуді жеткізуімді сұрады.
Абырой болғанда, біз көкейге қонымды жаңа шешім қабылдай алдық.
Орталық Азия республикалары сондай қиын кезде елді түркі-славян
тайталасынан сақтау үшін бәрін де істеп бақты. Халықтарды этностық
және конфессиялық белгілері бойынша бөлшектеуге тырысқан, дереу
Түркістан конфедерациясын құрып тастауға шақырған күштердің
жетегінде кетсек не боларын ойлаудың өзі қорқынышты. Бұл қауіпті
«славяндар» да сезді, әрине. Б. Н. Ельцин Ашғабадқа бірнеше рет
телефондады, не шешкенімізді сұрап тұрды. Кәдімгідей толқыды.
Ашғабадтағы кездесу біткенше Беловежье кездесуіне қатысқан үш
басшы да, М. С. Горбачев те маған сағат сайын дерлік хабарласып
тұрды. Менің бағытымды Ислам Каримовтің қостағаны іс тағдырын
біржола шешті. Ақыры біз славян республикаларымен диалогты
бастау, КСРО-ның Еуропа-Азия кіндіктері бойынша ыдырауына жол
бермеу керек деп шештік. Жаңа құрылғалы жатқан Достастыққа жай
қосылушылар емес, толыққанды құрылтайшылар ретінде кіреміз деп
мәлімдедік. Бізді Беларуське келіп, құжаттарға қол қоюға шақырды.
Оған көнбедік. Өйтсек, шынында да «қосылушылар» болып шығар
едік. Мен келесі кездесуді Қазақстанда өткізуді ұсындым. Бұл ұсыныс
қабылданды. Көп ұзатпай Алматыда жиналуға, КСРО-ның тағдырын
бірге шешуге уағдаластық.
Ортақ шешімді басшылыққа ала отырып, мен тәуелсіз мемле
кеттердің басшыларын Алматыда жинау үшін бар күш-жігерімді
жұмсадым. Бұл ретте ішкі шиыршық атуы кейде тым асқындап
тұрған жағдайды кездесу қарсаңында ушықтырып алмаудың барлық
мүмкіндіктері қарастырылды. Шамшыл, бос лепірмелік пен қажетсіз
айтыстардың орнына икемділік пен саяси ұстамдылық басым болуы
үшін, Қазақстан кездесуінің қорытындысында ешкім өзін ұтылған
деп сезінбеуі үшін қолдан келгеннің бәрі жасалды. Аса үлкен дайын
дық жұмысы жүргізілді, оның барысында біздің сарапшыларымыз
Мәскеуде, Минскіде және Киевте болып, болашақ құжаттардың әрбір
жолын мұқият келісті.
Нәтижесінде, біз өзіміз күткендегіден де көп іс тындыра алдық.
Он бір мемлекет сапалық жағынан жаңа құрылымға, атап айтқанда,
не мемлекет емес, не мемлекет үстіндегі құрылым емес Достастыққа
бірігуге шешім қабылдады. ТМД-ның құрылуына байланысты
Елең-алаң
— 261 —
69 жылдық тарихы бар Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
енді өмір сүруін тоқтатып, тарих тұңғиығынан орын алды. Бұрын
КСРО-ға кірген республикалардың ерікті таңдауы негізінде оның
құрылуы қалыптасқан жағдайда жалпыға бірдей болашақ үшін тез
арада қажетті ымыраға келу мақсатындағы бірден-бір ақылға қоным
ды шешім болды деп сеніммен айтудың жөні бар. Биліктен айрылып,
өкпелі қалған Михаил Сергеевичтің СНГ аббревиатурасын «Сумели
Навредить Горбачеву» деп түсіндіретіні сол кез еді.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы деп аталатын алып
мемлекет ресми түрде Алматыда таратылды. КСРО-ны тарату және
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру жөніндегі тарихи шешім
дер егемен мемлекеттер басшыларының Қазақстан астанасындағы
кездесуінде 1991 жылғы 21 желтоқсан күні қабылданды, сол күні
Алматы декларациясына қол қойылды. Кейіннен бұл шешімді
оған қол қойған мемлекеттердің парламенттері бекітті. Сөйтіп,
КСРО-ның өмір сүруі де-юре түрінде де тоқтатылды. Тегінде, Ал
матының атының айдай әлемге алғаш жайылуы да сол жолы болған
шығар. Кеңес Одағында қалыптасқан жағдайға алаңдаған бүкіл дү
ниежүзілік қоғамдастықтың назары ол күндері Алматыға ауды деу
ешқандай әсірелеу емес. «Өз Достастығымыздың тағдырын шеше
отырып, біз көбіне-көп аса күрделі, бірақ, меніңше, онша үмітсіз
де емес проблемаларды шешудің жауапты, шын демократиялық
және өркениетті амалдарын табады деп өзімізге үміт артып отыр
ған планетаның саяси, экономикалық және адамгершілік ахуалын
айқындаймыз. Сіздерді, қымбатты достар, бүгін таңда өзімізге сон
шама қажетті мәмілеге қол жеткізуде барынша шыдамдылық пен
өзара түсіністік, саяси икемділік танытуға шақырамын», деген едім
сонда әріптестеріме.
Жинақталған тәжірибенің арқасында біз мемлекеттік құрылыстың
және мемлекетаралық қарым-қатынастардың осы заманғы міндет
терін түсінудің мейлінше жаңа деңгейіне шыға алдық. Ең бастысы,
әуелден-ақ текетіресушілік пен сенімсіздік идеясын туғызатын эт
ностық, діни және басқа да белгілер бойынша зиянды бөлінушілікті
болдырмау біздің қолымыздан келді. Шығыс пен Батыстың құшағын
шынайы достықта айқастырып, біз оқиғалардың барысына алаңдаулы
әртүрлі ұлттардың миллиондаған адамдарының өте ділгер сұрағына
жауап бере алдық. Қазақстан астанасында бір-бірімізге қарай бетте
ген қадамымызды біз «жоғарыдан» ешкім айтпай-ақ, орталықтағы
әлдебір «беделді ағаның» саусағымен нұсқауынсыз-ақ жасағанымызды
ерекше қанағатпен атап өтпекпін.
Сонымен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 262 —
Уильям Таубман Горбачев туралы кітабында: «кеңестік басшылар
дың Алматыдағы кездесуінен кейін іс жүзінде Горбачевке үкім шыға
рылды» деп жазыпты. Онша дәл айтылмаған. Біріншіден, ол күндері
Алматыда кеңестік басшылар бас қосқан жоқ, жаңадан құрылған
тәуелсіз мемлекеттердің президенттері бас қосты. Екіншіден, Гор
бачевке үкімді Уақыттың өзі шығарды. Сол үкімнің уақытын Горба
чевтің өзі тездетті.
ГОРБАЧЕВ КЕТТІ
Алматы кездесуінде КСРО Президенті туралы мәселе қозғалғаны
түсінікті. Бұл жөнінде көзқарас қилы-қилы болды. Мен мәселені
халықаралық құқық нормаларына мейлінше жақындатып шешуді,
атап айтқанда, М. С. Горбачевтің қызметтен кетуін КСРО Жоғарғы
Кеңесі сессиясының соңғы мәжілісінде қабылдауды ұсындым. Бірақ
Ресейдің, Украинаның, Беларусьтің, басқа республикалардың бас
шылары тәуелсіз мемлекеттердің жоғарғы органдары одақтық пар
ламенттен өз өкілдерін кері шақырып алу туралы шешім қабылдап
қойғанына сілтеме жасады. Демек, тиісті кворум болмайды. Объек
тивті шындық осындай. Жоғарғы Кеңес Горбачевті қолдап шығады
деп те үміттенген сияқты.
Бұл мәселені Горбачевтің өзі шешіп берді.
Бұрын КСРО-ға енген республикалардың ерікті таңдау негізінде
жаңа Достастық құруы қалыптасқан жағдайда ортақ болашақ үшін
қажетті мәмілеге жедел қол жеткізу мақсатындағы бірден-бір па
расатты шешім болғанымен бүгінде жұрттың бәрі дерлік келісетін
шығар. Әрине, кезінде бұл Кеңес Одағының келешегі туралы бүкіл
халықтық референдумның қорытындысына қайшы емес пе деген
сұрақ талай қойылған. Былайша қарағанда, мүмкін, қайшы көрінер.
Бірақ сол жолдың өзінде-ақ қазақстандықтар орталықтан «жіберіл
ген» түсініксіз нұсқаға емес, республика Жоғарғы Кеңесі қабылдаған
тұжырымдамаға дауыс бергенін еске сала кетейін. Сондай-ақ басқа
бір нәрсені де атап өткім келеді. Біз әрқашан да тиісті кезеңдегі ба
рынша мүмкін болатынды басшылыққа алып, әрқашан да еліміздің
бейберекет ыдырауының алдын алуға тырыстық. Бұл мағынада біздің
арымыз таза. Горбачев те өзін лайықты ұстады деудің жөні бар. Әй
теуір, дәл кетерінде қолын қанға былғамай кетті.
«1991 жылы мен билікті бердім. Қантөгісті болдырмау үшін өзім
кеттім. Болған-біткені сол», деп жазды Михаил Сергеевич. Онысы
рас. Алматыдағы, Тбилисидегі, Еревандағы, Вильнюстегі, Ригадағы,
Елең-алаң
— 263 —
Бакудегі, Кишиневтегі қантөгістерден кейін олай етпеуге шамасы да
жоқ еді дей салу оңай. Шындығында да, Горбачев соңғы жылдарда
күштік құрылымдарға арқа сүйеуді азайтқан еді. Оны ойласа, қо
лында мүмкіндігі аз да болған жоқ. Беловежье келісіміне байланысты
Евгений Примаковтың: «Горбачевтің тәуекелі тұрмады. Тіпті ешкімді
қамауға алудың да қажеті жоқ-тын. Белорус округінің әскерлеріне
Беловежье тоғайын қоршауға алуға команда беру, сөйтіп бүлікшілер
өздерін өздері сылқия тойған ішімдікпен жігерлендіре отырып, тізе
ге салған күйінде қол қойған құжаттарды тартып алу жетіп жатыр
еді. Олар қамаудан қорықпады дейсіз бе?» дегені бар. Беловежьеден
бір күн өткеннен кейін Горбачев Ельцинді Кремльге шақырғанда
оның «Мені қамауға алмай ма?» дегені де белгілі. Горбачев Кремль
ге Кравчук пен Шушкевичтің де келуін қалаған екен, бірақ олар өз
іс-әрекеттеріне есеп беріп жатуды қажет деп таппапты. Президент
шақырады, қазірше болса да сол елдің құрамындағы республиканың
басшылары келмейді. Президент соған шыдап отыра береді.
Мен сол әңгімеге бастан-аяқ қатыстым. Тіпті тыңдауға ұят. Жазуға
да ұят. Сондықтан сөзді кезінде мен туралы кітап шығарған Сергей
Плехановқа берейін. Оған бұл жайды мен айтқанмын:
«Ельцин кіріп келгенде КСРО президенті бірден орнынан тұр
ды, қой көздерінде өшпенділік оты лаулап шыға келді. Еңгезердей
қарсыласы да оған зілдене тесіліп қарады — түнде әбден сілтегені
көрініп тұр. Горбачев ұрысты бастап кетті: президенттің көзі тіріде
бұл қадамға қалай бардыңдар, бұл не қылған оңаша сөз байласу,
Конституция табанға тапталған…
— Сіз нэменэ, мені тэргеуге шақырдыңыз ба? — қызарған көзінің
қиығымен кабинет иесіне кәрлене қарап, ысқырына сөйледі Ель
цин. — Сіз енді президент емессіз.
Орнынан тұрып, үстелді айналып өтті де, Горбачев бүрісе түскен
креслоны саусағымен нұсқап, арс ете қалды:
— Бұл жерде мен отыратын боламын. Мен!
Президент емесі қалай, деп тұлданып шыға келді Михаил Сергее
вич. Жоғарғы бас қолбасшы кім? Конституция кепілі кім?
Сөйтіп, боқтық сөзге кезек берді. Ельцин де есесін жібермеді. Сол
салғыласқаннан олар бір жарым сағат салғыласты, дұшпан адамдар —
иә, дұшпан адамдар, енді бұған ешқандай күмән жоқ! — бір-біріне
ойындағысының бәрін ақтарып салды. Назарбаев әуелде бітісуге
шақырған сөздер айтуға тырысып еді, дауласушылар оған тоқтар
болмады, содан кейін ол Кеңес Одағын құртып тынған драманың
соңғы актісінің үнсіз куәгері күйінде отыра берді. Өздерінің билікшіл
кеудемсоқтықтығын мыңжылдық тарихы бар мемлекеттің мүддесінен
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 264 —
жоғары қойған екі адамның өзара өшпенділігі жау армиялары да
жасай алмағанды жасап тынды. Оның көз алдында өткен замандарда
талай қайталанған көрініс көлбеңдеп өтіп жатты — күйкі күрестен
үлкен де кіші державалар күйрейді, әулеттердің шаңырағы ортасына
түседі, діни алауыздық өршиді. Өз Отаныңның тәуелсіздігі алдында
мұнан өткен тағылымды сабақ алу мүмкін емес те болатын».
Горбачев пен Ельциннің айтыс-тартысын тыңдап отырып, көз
алдыма Михаил Сергеевичтің ел басқаруға қалай кіріскені келді.
Одақтас республикалар компартиялары орталық комитеттері
бірінші хатшыларының шілдеде өткен кеңесінде сөйлеген сөзінде
М. С. Горбачевтің тура былай дегені есімде: «Қазір бізге өз беделімізді
іспен нығайту керек, әр күн, әр апта, әр ай сайын тым болмаса кіші
гірім жеңістерге жетіп отыруға тиіспіз. Бізге күні ертең қандай да
бір тапшылықтың «көбесі сөгіліп», ушыққан экономикалық мәселе
шешіліп, көліктің жұмысы жолға қойылып отырғаны керек». Соған
орай мен де Алматыға келген соң: «Бұдан шашырамау, әр істің басын
бір шалмау керек деген қорытынды шығады. Күш-жігерді экономи
каның 2–3 көкейкесті проблемасына жұмылдырып, бірінші кезекте
солардың түбегейлі шешілуін қамтамасыз ету қажет. Сол пробле
маларды таңдау — жергілікті партия органдарының ісі» дегенмін.
Өйткені қайта құруды бастаушыға сенгенмін.
Сөз жоқ, қайта құру әлем туралы және өзіміз туралы, жалпыадам
заттық құндылықтардың шын өлшемі туралы түсінігімізді түбірімен
өзгертті. Өткеннің қателіктерін мойындаған партияның Орталық
Комитеті, оның басшылығы 1985 жылғы сәуірде партиялық саясат
бағытын күрт өзгертті, кеңес қоғамын демократияландыру жағы
на қарай батыл қадам жасады. Партия қайта құруды жүзеге асы
ру үшін халық алдында жауапкершілікті өз мойнына алды. Соның
нәтижесінде біз саяси жүйенің терең өзгерістерінің куәгері болдық,
бұл өзгерістердің барысында шын мәнінде жаңа кеңестер құрылды,
заң шығарушылық және атқарушылық өкімет билігі ажыратылды.
Сталинизм мен тоқырау кезеңінің қылмыстары әшкереленді. Қазақ
даласындағы аштықтың ақиқаты айтыла бастады. Елім деп еңіреген
ерлердің ардақты аттары қалпына келтірілді. Жазықсыз жазаланған
тау таланттардың шоқтығы биік шығармалары халыққа қайтарыл
ды. Түбегейлі экономикалық реформаны жүзеге асыру үшін заң
шығарушылық негіз әзірленді. Біздің еліміз халықаралық аренада
сапалық жаңа келбетімен танылды, мұның өзі қазіргі дүниенің ең
күрделі проблемаларын шешуге кірісуге мүмкіндік берді. Жаңаша
ойлау жүйесі қағидаттары негізінде қоғамның дамуы тұрлаулы си
пат ала бастады. Мұның бәрі тарихи өлшем бойынша қысқа мерзім
Елең-алаң
— 265 —
ішінде жүзеге асты. Алайда атақты сәуір пленумынан кейін жіберген
ағаттықтар да, қайта құрумен қатар келген келеңсіз құбылыстар да
қыруар екені даусыз.
Еліміз миллиардтаған несие алып жатты, ал олардың орынды
пайдаланылатынына ешқандай кепілдік болған жоқ. Біз нарыққа
даярлығы мол, нарықтық қатынастарды бүге-шігесіне дейін білетін
адамдарсыз қадам бастық. Экономикадағы мұндай жауапсыздыққа
тіпті тоталитарлық жүйе де бара алмас еді. Еске түсірейікші, өткен
ғасырдың отызыншы жылдарында қолға алынған индустрияландыру
қарсаңында жүздеген кеңес инженерлері тағылым алу үшін батыс ел
деріне жіберіліп, біздің өнеркәсіп орындарымызда соншама сырттан
шақырылған шетелдік мамандар жұмыс істеген еді ғой. Жарайды,
оны қояйық, мына біздің өзімізді, ауылдан шыққан қазақ балаларын
металлургияның ұлттық кадрларын тәрбиелеу үшін бір тобымызды
Украинаға, бір тобымызды Уралға, бір тобымызды Сібірге жіберіп,
оқытып, тоқытып, шыңдап, ширатып шығарғаны күні кеше еді ғой!
Осының өзі жасалмағаннан кейін, ұзақ мерзімді іскер перспективаға
емес, қайта әп-сәттік экономикалық сұғанақтыққа бағдарланған
отандық кәсіпкерліктің тым тұрпайылануына таңдану қажет пе?
Иә, стратегиялық тұрғыдан мен дәйім М. С. Горбачевтің бағытына
қосылдым, бұл жөнінде өзімді оның серігі деп санадым және осы ұста
нымда нық тұрдым. Алайда қайта құру саясаты ел ішінде тактиканы
өзгертуді, аса маңызды бағыттарда батыл іс-қимылдар жасауды талап
еткен кезде әуелі Бас хатшының солқылдақтығы, дәрменсіздігі қайран
қалдырды. Содан да Б. Ельцин өктемсіп, дөрекілік көрсете бастады.
Ел Президенті оған өзіне сай жауап қайтара алмады. Ол кезде әр
күн, әр сағат қымбат еді. Елдің бірлігін аман сақтап қалудың уыстан
шығып бара жатқан мүмкіндігінен айырылды Горбачев. Әйтпесе, Ор
талық ұсынып отырған референдум қалай дегенмен Одақтық шартқа
жеткізетін жол еді. Соны пайдалана алмаған адамға не айтарсың!
Айтпақшы, КСРО халық депутаттарының ІV съезінде М. С. Горба
чевті саяси енжарлығы үшін, өзі бастамашылық еткен қайта құру
бағытын бекем жүргізуге қабілетсіздігі үшін сынағанымда мен нақ
осы жайында айтқанмын. Алайда, Президент пен оның үкіметі тиісті
тұжырымдар жасай алмады. Мысалы, ол жүргізген кадр саясатын
алайық. Президенттің сатқын болып шыққан ең жақын серігі —
Янаев сол ІV съезде вице-Президент болып сайланды. Ал оны басқа
біреу емес, нақ М. С. Горбачевтің өзі ұсынды. Оның таңдауына таң
қалған мен мәжілістер арасындағы үзілісте, алғашқы дауыс берудің
нәтижесінде кандидатура өтпеген уақытта, Михаил Сергеевичтен:
«Неліктен нақ осы Янаев?» деп ашық сұрағаным есімде. Горбачев сол
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 266 —
жолы ештеңе деп жауап қайтарған да жоқ, Янаевты табанды түрде
ұсынуды жалғастыра берді және басқа кандидатура туралы естігісі
де келмеді. Аяғы айтарлықтай трагедияға соқтырған «кадр іріктеу»
ісі, міне, осындай.
Сол кезде оның мүсәпір халін көрдім. Досы, курстасы Лукьянов та
оны сатып кетті. Көшбасшылардың көбінің көрген күні сол.
1991 жылғы 25 желтоқсан күні М. С. Горбачев телевидение арқылы
сөз сөйледі. Ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғанына
байланысты КСРО президенті ретіндегі қызметін тоқтататынын
мәлімдеді.
Кеңес Социалистік Республикалар Одағының орнында пайда
болған 15 жаңа мемлекет өздерінің тәуелсіздік тарихын бастады.
Тәуелсіздікке қол жеткізудің тар жол, тайғақ кешуі жайындағы
әңгімені келесі тараудың үлесіне қалдырайық. Өйткені тұрғылықты
ұлттың үлесі республика халқының қырық пайызына да жетпейтін
Қазақстанда тәуелсіздік жариялаудың жайы басқаларға қарағанда
өте-мөте өзгеше болған еді…
— 267 —
ТАҢСӘРІ
ТӘУЕЛСІЗДІК ТАБАЛДЫРЫҒЫНДА
Қай кезде де адамның ең қатты қастерлейтіні — бостандық. Адам
ның ең ерекше талпынысы — бостандыққа деген талпыныс. Ол тіпті
ондаған жылдар бойы ең қатал езгіде келсе де, ешқашан семіп қал
майды.
Тәуелсіздік деген сөздің ең оңайлатқанның өзінде екі мағынасы бар.
Адамға қатысты қолдансақ, біреуге бағынышты болмауды, еркіндікті,
бостандықты, ал елге қатысты қолдансақ, мемлекеттің өз саясатын
өз еркімен жүргізуге қабілеттілігін айтамыз.
Халқымыздың қатпар-қатпар тарих қойнауларына тамырын жай
ған, бірде қасіретті, бірде мейірбан тағдыры ұдайы тәуелсіздікке тал
пынумен өтті. Біздің бабаларымыздың азаттыққа ұмтылған тарихи
жолының азапты ізденістерін ескермей тұрып, Қазақстанның алдына
уақыттың өзі қойған міндеттердің ауқымы мен жауапкершілік жүгін
бағалау қиын.
Отпен ойнауды өз бизнестеріне айналдырып алған кейбір саясат
саудагерлері Қазақстанға тәуелсіздік көктен түсе қалды деп санды
рақтауын қоймай келеді. Бұл — барып тұрған жала әрі надандық.
Тәуелсіздіктің оралуы — ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азат
тық күресінің заңды өтеуі, осыншама байтақ жерді арпалыса жүріп
қорғап қалғанының арқасы. Біздің тәуелсіздігіміздің тамыры тереңде.
Бүгінімізді түйсініп, болашағымыздың сұлбасын көру үшін өткеніміз
ге үңілу қажет. Сондықтан да өзінің туған мемлекетін оңды-солды
сынап сөйлейтін баз біреулер тәуелсіздік өзі келіп қолымызға қона
қалды деуден де тайынбайтынын білгендіктен, мен осы жолда халқы
мыздың сан ғасырлар бойы күресіп келгенін, ең бергі мысалды айт
сақ — 1986 жылғы қарлы желтоқсанның күндерінде өрімдей жастар
тәуелсіз Қазақстан үшін атойлап алаңға шыққанын арамыздағы
аңғырттардың есіне әдейі сала кетпекпін. Бұл үшін ел тарихына
ойшолу жасауға тура келеді.
Осыдан мың жарым жылдай бұрын ұлан-байтақ Еуразия даласы
ның нақ кіндігінде көне түркілердің ұлы империясы пайда болды, ол
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 268 —
империя кейін мына шеті Қытайдан басталып, ана шеті Византияға
тіреліп жатқан алып кеңістікті бағындырып алған қуатты мемлекеттік
бірлестіктерге айналды. Сол уақыттардан бері біздің бабаларымыз
осы Ұлы Дала төсінде тұрақ-мекенін ауыстырмай ғұмыр кешіп келді,
қазір біз де тап сол өңірде өмір сүріп жатырмыз.
Қазір бізде Шыңғыс ханның әлем тарихында алатын орны туралы
таласатындар көп. Бұл мәселенің егжей-тегжейіне тереңдегім келмей
ді, ол тарихшылардың ісі, тек бұлтартпайтын мына бір жайды айтып
өтумен шектелейін: Ұлы Дала — Дешті Қыпшақтың әміршісі Жошы —
Шыңғыс ханның үлкен ұлы. Ал Жошы — тармағы Кенесарыға келіп
тірелетін барлық қазақ хандарының тікелей түп атасы. Мұның өзі
Алтын Орданың, Ақ Орданың , Көк Орданың тарихы, шын мәнін
де, түркі халықтарының және Шыңғыс әулеті билеген мемлекеттік
құрылымдардың тарихы болып табылатынын білдіреді. Айтқандай,
Жошының бейіті Ұлытау облысының жерінде жатыр.
Он бесінші ғасырда Қазақ хандығының құрылуы халықтың тарих
төсіндегі, уақыт кеңістігіндегі өзіне тиісті бөлекше орынды алып
тынғанын тиянақтады. Ұлы хандарымыз Керей мен Жәнібек оны саяси
тұрғыдан бедерлеп берді. Ұлттық тарихымыздың соңғы бес ғасыры —
халқымыздың өмір сүретін кеңістік үшін арпалысының шежіресі. Біз
өзіміздің өткендегі өмірімізге кілең бір кездейсоқ оқиғалар тізбегін
дей қарамауымыз керек. Шұғыл өркендеп кеткен Еуропа мен дами
түскен Қытай ХVІ–ХVІІ ғасырлардың өзінде көшпелі халықтардың
мүмкіндіктерін күрт кемітіп, олардың бойындағы күш-қуатын бір-
бірін жойып жіберуге жұмсатып қойды. Қазақтар мен жоңғарлардың
трагедиясы осылайша басталды. Ұлттың бойындағы қуат кернеуінің
күштілігі сондай, біз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» да
төтеп бере алдық, сөйтіп жеңіп шықтық. Бір болсақ, бізді алар жау
жоқ деген қарапайым ғана, қарапайым да болса мәңгілік ақиқат ойға
да сол тұста ден қойғанбыз. Елді қос өкпеден қысқан құрсаудан ха
лықтың басын қосқан айбынды ханымыз Абылайдың сөзі мен семсері
құтқарып қалатыны да сол. Алайда ол жеңістің қызығын ұзақ көре
алған жоқпыз. Біз тарихи тұрғыдан көштен қалып қойған халыққа
айнала бастадық.
Ресей империясының құрамында тұрған кезіміз көшпеліліктің
тарихтағы бағы баянды емес екеніне көз жеткізді. Абылай ханның
немересі Кенесарының қияпатты тұлғасы, тәуелсіздік үшін арпа
лысқан басқа да ерлердің бейнесі біздің жадымызда жатталып қалды.
Бұл трагедияның түйіні — ержүрек номадтардан уақыттың өзі бетін
бұрып алғанында. Мен 1991 жылдың жазында тәуелсіздік жолындағы
күресі кезінде қарақшылық қарекетке телінген қазақтың соңғы ханы —
Таңсәрі
— 269 —
айбынды Абылайдың немересі Кенесары Қасымұлының туғанына 190
жыл толуын тойлаған Көкшетау өңірінде болған едім. Сол күндері
есіме кезінде Шоқан Уәлиханов туралы «Оның заманы туады» фильмі
түсті. Таразда, ол кезде Әулиеата атанған қалада Шоқан Кенесарының
ұлы Сыздық сұлтанмен кездесуші еді ғой. Фильмде Шоқанның рөлін
Нұрмұхан Жантөрин, Сыздықтың рөлін Құрманбек Жандарбеков
ойнаған-ды. Сонау балалық шағымда менің жан дүниемді тереңнен
тебіренткен Шоқанның қасіретті халі еді. Қылығынан орыс патша
лығының монтанылығы мен зұлымдығы менмұндалап тұратын бас
тығының екіжүзділігіне көзі жеткен Шоқан жасақты тастап кетеді,
алайда өзінің аталас туысы Сыздық төремен де тіл табыса алмайды.
Фильмнің атауының өзі де өте әсерлі — «Оның заманы туады». Кейін
бұл көрегендік болып шықты емес пе?
Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық та
рихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты
мүмкіндік туды. Ол қазан революциясының барлық ұлттарға теңдік
беріледі деген әншейін үгіт әңгімесі еді. Алайда енді басқа трагедия —
тоталитаризм трагедиясы төніп, тарихымыздың жүз жылға жуық
белесін жапты да тастады. Тікелей немесе жанама шығындардың
кесірінен тек қазақтардың өзі айналасы бірнеше жылда халықтың
40 пайыздайынан айырылды да қалды. Миллиондаған орыстар,
украиндар, еврейлер опат болды… Тоталитаризм ұлтқа қарап жат
пайды. Этностың басына түскен осынау ақырзаманда ешқандай ұлт
тың кінәсі жоқ екенін, мұның өзі сол жүйенің табиғатынан туын
дағанын түсінетін шақ жетті. Ол жүйе тіпті тұяқ серпитін сәтінде де
Алматының алаңында жігіттер мен қыздардың қанына қол батырып
қалудан шіміріккен жоқ.
Патшалық Ресей тұсында біз отар ел едік, еркін бола алмадық,
тәуелді күй кештік. Республиканың өзіндік дербестігі бар деп ай
тылғанымен, кеңестік билік кезінде де еркіндік тимеді. Шын мәнінде
бұрын патшалар билесе, енді Мәскеу билеп тұрды. Міне, сондықтан
да мен кітабымның атауына «Бодандықтан — бостандыққа» деген
тақырыпша қосып отырмын.
Ұзақ жылдар бойы халықтың бойындағы қуат дамуға емес, өл
местің күнін кешуге жұмсалып жатты. Біз мыңжылдықтар тоғысар
тұсқа қилы-қилы мұраны арқалап жеттік, сонымен бірге ұлттық
тарихта бізге дейін ешқандай ұрпақтың қолына тимеген мүмкін
дікті де ала келдік. Қияметті де қияпатты жиырмасыншы ғасырдың
соңында бұған дейінгі жүздеген ұрпақтардың қолы жетпегенге қол
жеткіздік: тәуелсіз мемлекет құра алдық. Бізді ешқандай тарих желі
жер бетінен жойып жібермейтінінің басты кепілі — осы.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 270 —
Кремльдің түсініксіз, қайшылықты саясаты, экономикалық рефор
ма жүргізудегі көрінеу қателіктері, Одақтық шартқа қол қоюға барар
жолдағы жасаған елеулі кедергілері бізді республиканың мүддесін
қорғау мен дербестігін нығайтуға бағытталған бірсыпыра алдын
алу шараларын қолдануға мәжбүрледі. Орталықтан шеттеу үрдіс
терінің үдей түсуі жағдайында ең әуелі республика ауқымында билік
өкілеттіктерін шоғырландыру қажеттілігі барған сайын айқын сезілді.
1990 жылғы ақпанда менің Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы
болып сайлануым, одан кейін Қазақ КСР Президенті лауазымы ен
гізіліп, сол жылдың 24 сәуірінде Жоғарғы Кеңестің шешімімен Пре
зидент сайлануы осындай қадам. Қазақ КСР Президенті қызметінің
құрылуы тәуелсіз мемлекеттің саяси жүйесі қалыптасуына шешуші
ықпал жасаған және КСРО тарағаннан кейін мемлекеттік биліктің
сабақтастығын қамтамасыз еткен аса маңызды оқиғаға айналды.
Дүние дидарындағы кез келген халықтың талайына осындай тағдыр
бұйыра бермейді, мұншама қысқа мерзімде дәл осындай күрделі
міндеттерді шешу кез келген халықтың пешенесіне жазыла қоймайды.
Ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтай отырып, қуатты
мемлекет пен пәрменді экономика құру — ХХІ ғасырдың табалды
рығында біз алға қойған міндеттің тұжырымдалатын тіні, міне, осы.
Біз бұрын-соңды еш уақытта, ұлттық тарихымыздың ешбір белесінде
жүздеген жылдарды көздейтін өз мемлекеттігімізді құруға дәл осылай
жақын тұрған емес едік. Сондықтан сирек кездесетін осынау тарихи
мүмкіндікті пайдаланып қалу біздің ұрпақтың қасиетті міндетіне
айналды.
1990 жылғы 12 маусымда Ресей аяқастынан Егемендік деклара
циясын жариялап жіберді. «Егемендіктер шеруі» деген содан кейін
басталып кетті. Көптеген республикалар сондай шешімдер қабылдай
бастады. Декларация заң емес, ниет. Бірақ мұның өзі көпұлтты пар
ламентке және болашақта тәуелсіздік жариялау жөніндегі шешімге
дайындық сынағына айналды, ал тәуелсіздік күні кез келген ел үшін
басты күн және басты мереке болып саналады.
1990 жылғы 25 қазанда қабылданған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік
егемендігі туралы» Декларация жас мемлекеттің ел Президенті мен
Жоғарғы Кеңесі бастамашылық еткен тұңғыш негіз қалаушы заңна
малық актісі болды, елдің мемлекеттік-құқықтық жүйесін толық
мемлекеттік тәуелсіздікті ресімдеу жолымен одан әрі дамытудың
дайындық кезеңі содан басталды. Мемлекеттік егемендікті нығай
ту, саяси және экономикалық жаңғыртуларды жүзеге асыру сол
кездегі билік құрылымын дереу өзгертуді, елді басқарудың оңтайлы
үлгісін қалыптастыру мақсатымен өкілеттікті қайта бөлуді қажет етті.
Таңсәрі
— 271 —
Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын сақтау, халықаралық
деңгейдегі беделін нығайту жөніндегі табанды қызметіміз елдің шынайы
тәуелсіздікке жетуінің негізін қалап, қолайлы жағдай жасап берді.
Егемендік Декларациясы ел тарихынан өзінің лайықты орнын
қайтадан алды. Тәуелсіздіктен кейін бірнеше жыл бойы біз оны
Тәуелсіздік күнімен қатар тойлап келген едік. Кейін сол кездегі
қаржылық қиындықтарға байланысты уақыты жағынан бір-біріне
жақын тұрған екі мерекенің бірін кең көлемде атап өтпеуге, негізгі
назарды Тәуелсіздік күніне аударуға ұйғарым жасалған болатын.
Әрине, Республика күні ешқашан ұмыт қалдырылған емес. Әйтсе
де ресми мереке ретінде атаудың жөні бөлек. Реті келген тұста бұл
мәселе де өз шешімін тапты.
Ұлытаудағы 2022 жылғы ұлттық Құрылтайда Президент Қасым-
Жомарт Тоқаев былай деп атап өтті: «Елдің тарихи жадын жаңғырту
үшін үйлесімді саясаттың болуы ерекше маңызды. Осы орайда, біз
ел дамуының жаңа басымдықтарын белгілеп алуымыз керек. Ұлттық
мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн.
Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды
ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Еге
мендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек.
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік Егемендігі туралы
декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш
қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Прези
дент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды.
Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қада
мының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы
мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді».
«Тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадам» деген сөзге назар аударғым
келеді. Мемлекетті құру мәселесін түпкілікті шешудің жолы — тәуел
сіздік жариялау. Оны жариялайтын құжат — мемлекеттік тәуелсіздік
туралы Конституциялық заң.
Біз енді осы биікке ұмтылдық.
ТАҒДЫРЛЫ ТАҢДАУ
Одақ ыдырауға бет алып, КСРО құрамындағы республикалар
бірінен кейін бірі мемлекеттік тәуелсіздігін жарыса жариялап жатқан
сол 1991 жылдағы біздің жағдайды «қолайлы» деудің өзі даулы да
сияқты. Қазақстан халқының ерікті егемен ұлт ретінде өзінің ең қиын,
бірақ соншама маңызды қадамын жасауы оңайға түскен жоқ.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 272 —
Неге? Неліктен Қазақстан өз тәуелсіздігін өзімен қатар 15 респуб
ликаның соңғысы болып жариялады? Ол жылы маған да, билік басын
дағы азаматтардың бәріне де жан-жақтан «Неге кешігіп жатырмыз?
Өзге жұрттан неге қалып қойдық? Тәуелсіз ел болатын ойымыз бар
ма өзі?» деген сияқты сұрақтардың бораған қардай жауғанын айт
пасам да түсінікті.
Себеп көп. Себептердің себебі — мынау.
Одақтың тарауы — бұрынғы КСРО кеңістігіндегі миллиондаған
адамдар үшін аса ауыр драма. Ортақ отан ұғымы соңғы жетпіс жыл
дан астам уақытта санадан өтіп, сүйекке сіңуге айналған ол кезеңде
аяқастынан бөлек елдің азаматы бола қалу, өзінің жетпіс жеті атасы
ғұмыр кешкен тарихи отанынан әп-сәтте сырттай салу тағдырдың
жазуымен әр заманда не ата-бабасы, не өзі қазақ жеріне келген аға
йындарымызға оңайға түспегенін түсіну үшін көп ақылдың керегі
жоқ. Бұл, бері қойғанда, жанға қатты бататын эмоциялық стресс еді.
Жүректі жегідей жеп, жүйкені жұқартатын сол жағдайды миллион
даған қазақстандықтар да бастан кешті. Сол сынаққа шыдас берген
отандастарыма шексіз ризамын.
Қазақстандықтар демекші…
Тоқсаныншы жылдардың басында ел тұрғындарының шамамен
жартысы өздерінің болашақ тағдырын осы республикамен байла
ныстырмайтын. Гәп жекелеген дауыстардың этникалық орыстар
дың арасына үрей ұрығын себуінде, Солженицыннің қазақ жерінің
теріскей облыстарын Ресейге қосуға шақыруында, ол аз болғандай,
Горбачевтің қызметтен кетіп бара жатып, Қазақстанның «даулы бес
облысының жері» жөнінде әңгіме бықсытқанында, осындай экстре
мистік дауыстар тиісінше қазақ жағынан да естіліп, тіпті кейбір
парламент депутаттары саяси құқықтарды тек қазақтарға беру ту
ралы ережені Конституцияға енгізуді ұсынғанында да емес. Әрине,
бұлардың бәрі алаңдатты. Соның алдында ғана Сергей Терещенконы
премьер-министр қызметіне тағайындаған менің мұндай жалған пат
риоттарға батыл тойтарыс беруіме тура келді. Ол депутаттарға біз
халықты ұлттық ерекшелігі бойынша бөлмейтін, қайта біріктіретін
Конституция әзірлейтінімізді ескерттім. Айтқандай, бұл мәселе, яғни
республика тұрғындарының азаматтық бірегейлігі көптеген жылдар
бойы біздің басымызды қатырып келді. Тоқсаныншы жылдардың
ортасына барғанда ғана ел тұрғындарының үштен екі бөлігі өздерін
республика азаматы санауға айналды. 1998 жылғы мәлімет бойын
ша, тұрғындардың 85 пайызы Қазақстанды өз Отаны деп білді және
өзінің келешек тағдырын Қазақстанның болашағымен байланыстыр
ды. Иә, тәуелсіздік жарияланғаннан кейін жеті жыл өткенде де, әр
Таңсәрі
— 273 —
жүз адамның он бесі өзін әлі осы елдің азаматы санай қоймайтын.
Бұл проблеманы біз түптің түбінде шеше алдық. Миллиондаған
адамдардың санасындағы осы ғаламат алға басушылық — ұлттық-
мемлекеттік құрылыстың басты міндеті шешілгенінің ең маңызды
кепілі, өйткені тұрғындар өз тағдырын ел тағдырымен сәйкестен
діргенде ғана ол мемлекетті шын мәнінде қалыптасты деп санаудың
реті бар. Тәуелсіздік қолға тиісімен — 20 желтоқсанда қабылданған
алғашқы заңдардың бірі «Қазақстан Республикасының азаматтығы
туралы» заң болғаны да сондықтан. Ондай заңның қабылдануы еге
мен елдің міндетті белгілері қатарына жатады. Азаматтық адамның
нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысын білдіре отырып,
тұлғаның мемлекетпен байланысын да орнатады. Азаматтық беру
арқылы мемлекет адамның заңды құқыларын қамтамасыз етуге
міндеттенеді, азаматтық алу арқылы адам сол мемлекеттің заңдарын
сақтауға тиіс екенін қуаттайды.
Қысқасы, ол кездегі мәселенің мәселесі республика халқының не
гізгі бөлігінің ел ертеңіне сенбеуінде еді. Олардың талайының тәуел
сіздік қазақтарға ғана керек, қазақтар тәуелсіздік алып, өз мемлекетін
құратын болды деп қана санауында еді. Ең үлкен қауіп осы.
Бұл қауіп көп ұзамай расталды да.
Тәуелсіздік табалдырығында біздің еншімізге жантәсілім етуге
жуық экономиканың жұрнағы тиді, алайда соның өзін де игеру мен
зерделеу керек еді, өйткені республика бұрын өз әлеуетінің үлкен
бөлігін басқарып көрмеген.
Біздің қолымызға өлшемдері тұрғысынан жаңа Қазақстанның
мүддесіне сай келмейтін теміржол, автомобиль жолдары, энергия
жүйелері мен құбыр желілері тиді.
Біздің қолымызға әлемдік қалыптарға мүлде маңайламайтын
толып жатқан кәсіпорындар мен жабдықтар тиді.
Біздің қолымызға ахуалы мүшкіл ауылдары мен селолары қаптап
жатқан экстенсивті ауыл шаруашылығы тиді.
Біздің қолымызда жаңа жағдайдағы Конституция да, елдіктің
нышандары мен рәміздері де болған жоқ.
Біздің бүкіл заңнамамыз басқа идеологияға, басқа қоғамға, басқа
мақсаттарға лайықталған еді.
Алайда сол жылдары жаңа жағдайда не істеу қажет екенін білетін
адамдар бәрінен де қат болды. Біз ескіше өмір сүре алмайтынымыз
ды түсіндік, дегенмен, өзімізге не керек екенін, нені қалай істеуіміз
керек екенін білмей дағдардық.
Бәрін де іс жүзінде тақыр жерден бастамасқа амалымыз қалмады.
Дегенмен, бәрінен де бұрын басты бағытты таңдап алу қажеттігі туды.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 274 —
Мен дәл осылай болатынын білдім. Болжадым демеймін. Білдім
деймін.
Жарты ғасырлық ғұмыр жолым (тәуелсіздік таңы атқанда елу бірге
толып едім), жастайдан жұмысшы ортасында өскен өмір мектебім, ел
басқарған тәжірибем сол тұстағы ең ерекше міндет, ең басты мақсат
халықтың басын біріктіру, ортақ мұратқа жұмылдыру екенін айтып
тұрды. Сондықтан да басқа республикалар апта аралатып тәуелсіздік
тойын тойлап жатқанда мен Қазақстанның қиыр-қиырын шарлаумен,
сан түрлі ұжымдармен, алуан-алуан ұлттар өкілдерімен кездесумен
жүрдім. Қазақстанда Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі дер
лік бізден табылатынын, тек оларды көзін тауып өндіре алсақ, өңдей
алсақ, базарын тауып сата алсақ, ең бастысы — осы қыруар қазынаға
өзіміз иелік ете алсақ, дәулетіміз артып, сәулетіміз асатынын айтумен
болдым. Бара-бара біраз жұрттың беті бері бұрылды. Тәуелсіздік
қолға тисе, бұл байлықтың қызығын барша қазақстандықтар бірге
көретініне, яғни тәуелсіздік тек қазақтарға керек еместігіне көздері
жете бастады.
Кеңес Одағының ыдырай бастауына байланысты туған күрделі
құбылыстар бірте-бірте республика Президентін Парламенттің
сайлауы жартыкеш, белгілі бір дәрежеде уақытша шешім екеніне
көзімізді жеткізді. Президенттік мандатты депутаттардың қолынан
алу бір басқа да, оны бүкіл халықтың қолынан алу бір басқа екені
анық еді. Оның үстіне сол тұста президенттік билік пен сайланбалы
биліктің арасында кейбір қайшылықтар пайда болып, олар барған
сайын тереңдей де түскен-ді. Президенттен бастап, оның облыстағы,
аудандағы, қаладағы, ауылдағы өкіліне дейінгі аралықты нақпа-нақ
қамтитын атқарушы биліктің көлбеу құрылымы қажеттігі айқын
көрінді. Сондықтан да республика Президентін бүкіл халық және
тікелей сайлауы керектігі жөнінде әңгімелер заңды түрде шыға берді.
Өйткені адамдар халықтың толық, сөзсіз сенімін иеленген Президент,
ол тағайындайтын Үкімет қана экономиканы дағдарыстан шығара
алады деп санады. Мен Парламент депутаттары егер бұл мәселе
пісіп-жетілді деген тоқтамға келсе, егер бүкілхалықтық тікелей сайлау
экономика мен саясаттағы белгіленген шараларды жақсырақ жүзеге
асыруға септесетін болса, онда бұл шешімді қолдайтынымды айттым.
Бірте-бірте қоғамдық пікір ел президентін бүкіл халықтың сайла
уы идеясын қолдауға бейімделе берді. Оқиғалардың ой қисыны да
осыған алып келе жатыр еді.
Қазақстан Президентін сайлау 1991 жылғы 1 желтоқсанға бел
гіленді.
Таңсәрі
— 275 —
Мен сайлауға түсетінімді мәлімдедім.
Жер-жердегі сайлауалды кездесулерде өзімнің бағдарламамды
баяндаумен қатар, ел алдында тұрған мәселелердің түйінін тарқа
ту бүкіл халықтың жұмылуын қажет ететінін айтатынмын. Былай
дейтінмін: «Егер біз өз Отанымыздың нағыз патриоты болсақ, егер
дағдарыстан шығуға шынымен мүдделілік танытып, сол арқылы
халқымыздың лайықты өмір сүруін қаласақ, біз осы қиындықтарға
қасқая қарсы тұрып, оларға шыдас беруге тиіспіз. Осыдан 50 жыл
бұрын, нацистік Германияға қарсы соғыс кезінде Ұлыбританияның
Премьер-министрі Уинстон Черчилль өзінің халқына арнаған сөзін
де былай деген: «Бұл бәрімізден құрбандықты талап ететін ауыр
да қиын соғыс болмақ, бірақ бізде басқа таңдау жоқ». Ол соғыста
жеңіске жету үшін ауыртпалық пен қайғы-қасіреттен өтуге тура
келетінін халқынан жасырғысы келмеді. Қазақстан саяси тәуелсіздік
ке ие болды. Бірақ енді біз өзіміздің экономикалық дербестігіміз
үшін күрес жүргізуге тиіспіз. Сондықтан мен бүкпесіз айтайын:
Қазақстанның әрбір азаматынан, бірінші кезекте біз бен сізден елеулі
күш-жігер жұмсау қажет етіледі». Сонымен қатар, кездесулерде мен
Қазақстан Президенттігіне бүкіл халық атынан сайланған жағдайда
барша ұлт өкілдерінің тең құқылығын қамтамасыз етемін, ешкімді
де ұлты, тілі, діні жөнінен кемсітушілікке жол берілмейді дегенді
де дәйім атап айтып, қадап көрсетіп отыратынмын. 1991 жылдың
1 қарашасында Лондонда «Reuters» агенттігіне берген сұхбатымда:
«Қазақстанның қазіргі басшылығының саясаты сияқты, менің сая
сатым да елді ортағасырлық ұлтшылдық заманына сүйрелеуге негіз
делмейді. Біз адам құқы құрмет тұтылатын осы заманғы өркениетті
мемлекет құрмақшымыз. Шекаралық соғыстарға немесе әртүрлі
ұлттар, халықтар өкілдерінің арасындағы қақтығысқа жол бермеу
үшін мен қолымнан келгеннің бәрін де жасаймын» дегенмін. КСРО-
ны біржолата басып қалған экономиканың құлдырауы, қаржы
дағдарысы, ұлтаралық қақтығыстар жағдайында Қазақстандағы
қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандырудың алдын алу өте маңыз
ды еді. Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты туындаған қиын
әлеуметтік-экономикалық проблемаларды қалыпты жағдайда шешу
үшін тек қоғамдық келісім мен азаматтық жауапкершілік қажет-тін.
Сайлауалды бағдарламамды таныстыра жүріп, еш жерде де өй
темін де бүйтемін, бәрін ретке келтіремін, бәріңді ырысқа кенелтемін
деген емеспін. Кездесулердің барысында қойылған неше түрлі, тіпті
ыңғайсыз сұрақтарға да айнала шаппай, нақты жауап беруге, бола
тынды болады, болмайтынды болмайды деуге тырыстым.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 276 —
Әрине, жұрттың бәрі де алда тек президент сайлауы тұрмағанын,
бүкілхалықтық сенім мандатын алған адамның одан кейін ел тәуел
сіздігін жариялауға күш салатынын біліп отырды. Сондықтан мұны
да жасырмай айттық: «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуы
біздің барлығымызға аса зор және ешқандай теңдесі жоқ жауапкер
шілік жүктейді. Үш жүз жылға жуық уақыттан бері тұңғыш рет им
периялық және тоталитарлық құрылымдар тарапынан нұсқаусыз-ақ
қалай өмір сүруіміз керектігін өзіміз айқындайтын боламыз. Бірақ
бостандықтан масайрау сезімі өзінің шешілуі үшін күн сайынғы
қажырлы еңбекті талап ететін қыруар проблемалардың жиынтығын
бүркемелемеуі керек. Өйткені іс-әрекет бостандығы өзінен-өзі елді
тойындырып, киіндірмейді, адамша дұрыс өмір сүруге қажетті қара
жатты да бермейді. Мұны енді тек өзіміз қамдауға тиіспіз. Өзімізден
басқа ешкім де бізге көмектеспейді, тек өз күшімізге сенуіміз керек.
Кеңес өкіметінің тұсында республика дотацияда отырғанын еске
алайықшы. Демек, жетіспейтін қаржыны қазір бізге ешкім зерлі
табаққа салып әкеліп бермейді. Ал енді жаңа шығындар да қосылды,
оның ішінде армияны, ішкі әскерлерді ұстау шығыны да бар. Дереу
ақшамызды санап, шетелдік капиталды кеңінен тартуды қоса алғанда,
республика бюджетін толықтырудың көздерін табуымыз керек, тиімді
салық салу мен экономикалық реформаларды құқықтық жағынан
қамтамасыз етуді ескеруіміз керек».
Халық белсене қатысқан президенттік сайлау біздің азаттықты,
бостандықты қандай қадірлейтінімізді, тәуелсіздікті тосып жүрген
көңілімізді көрсетті. Республика бойынша сайлаушылар тізіміне
9 961 242 азамат енгізіліп, олардың 8 778 726‑сы, яғни 88,23 пайызы
дауыс беруге қатысты. Маған сайлаушылардың 98,78 пайызы, яғни
8 681 276 адам қолдау білдірді.
1991 жылғы 10 желтоқсанда жаңа сайланған Президенттің өз қыз
метіне кірісуінің салтанатты рәсімі — инаугурация өткізілді. Сол күні
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауы тарих еншісіне
ауысып, еліміз енді жаңаша — Қазақстан Республикасы аталатын
болып шешілді.
Бүкіл халық сайлаған Президент ретінде сөйлеген алғашқы
сөзімнің бір тұсында былай деген едім:
«Дана бабалар дәстүрімен осы салтанатты сәттегі сөзімді алдымен
атажұртыма, қасиетті халқыма арнаймын!
Бүгінгі күн — Қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн. Тарихтың
талай бұралаң белесінен өтіп, бұл күнге де жетіп отырмыз.
Бәрін де көрген халықпыз, бәріне көнген халықпыз. Ежелден ер
кіндікті аңсап, азаттықты көксеумен келе жатқан еліміздің басына
Таңсәрі
— 277 —
талай рет бақ та орнап, бағы да тайып, сағы да сынған, қилы кезең,
зар заманға да талай ұшыраған. Айқайлап жүріп ашаршылыққа
ұрынып, ұрандап жүріп ұлт мүддесін ұмытқанымыз да ақиқат.
Шүкір, кештеу де болса да, ес жиып, еңсе көтеріп, егеменді елдің
туын да тіге бастадық. Қазақстан Республикасының Президентін бүкіл
халық сайлағаны — осы жолдағы ең биік белестің бірі. Елдің қамын
ойлайды, намысын жібермейді деп бірауыздан сенім артқандарыңыз
үшін шын жүректен алғысымды айтамын.
Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін тарихтың қай сынағы
на да тәуекел деп бас тігуге дайынмын. Бұл жолда ең алдымен дана
халқыма, дарқан еліме, ата-бабаның аруағына сүйенемін.
Алдымызда қиын-қиын күндер, асуы биік белдер, айбынды мін
деттер тұр. Оның үдесінен шығу үшін ең алдымен бірлік, ынтымақ
керек. Тілі бөлек болса да, тілегі, үміті бір, тіл табысып, ежелден бірге
өмір сүріп келе жатқан іргелес елдермен татулық керек.
Қазақ мемлекетінің халықаралық қауымдастықта өзіне лайық
орын алуы, қазақ халқының, бүкіл қазақстандықтардың бақытты,
дәулетті өмір сүріп, өзіндік мәдениетін өркендетуі үшін бәрінен
бұрын республикада тыныштық болғаны жөн. Тар жол, тайғақ кешу
де қиындыққа төзіп, жалаң сөзге ермей, бір жағадан бас, бір жеңнен
қол шығарып, бір-бірімізге таяныш, сүйеніш бола білуіміз керек.
«Ырыс алды — ынтымақ» дейді халқымыз. Ынтымақ артпай, ырыс
артпайды. Байтақ жерімізде шынайы бауырмашылдықтың ақ туы
желбіресе деп армандаймын.
Ел бірлігі қашанда мүдде бірлігінен басталады. Біздің болашағы
мыз Қазақстан халқының ортақ мүдделестігінде. Біз мұны көздің
қарашығындай сақтауымыз керек.
Егеменді ел болудың жүгі де жеңіл болмайды. Ендігі жерде қалай
өмір сүретініміз қалай еңбек ететінімізге байланысты. Дәулетті тұр
мыс құрудың жұмысты жақсы істеуден басқа жолы жоқ».
Инаугурация рәсімі есте қаларлықтай, жүрек толқытарлықтай
өтті. Оны ұйымдастырушылар ата-баба дәстүрі мен осы заманғы
өркениетті жөн-жоралғыларды жақсы жымдастыра біліпті. Мысалы,
Президенттің ақ киіздің үстінде ант беруі табылған шешім болды
деп ойлаймын. Жасы тоқсаннан асқан халық ақыны Шәкір Әбеновтің
басалқалы бата беруі, халқымыздың кемел ойшылы Әбіш Кекілбаев
тың төгіліп тілек айтуы да жиналған жұртты тебірентіп жібергендей
көрінді. Сонда Әбіш сөзін былай түйіндеп еді:
«Дағдарыстан мейлінше шалдықпай шығу, оның жолына қол
дағы бар экономикалық және моральдық қуаттарды ұқыпты да
ұтымды жұмылдыру, орнықтылықты ойсыратпау, ұлттық жасарып-
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 278 —
жаңғыруымыз мәселелерін зиялы шешу, конституциялық құрылыс
тың мызғымас тиянақтылығын қамтамасыз ету, көркейген демокра
тиялық, праволық мемлекет орнатып, қалыптасқан байланыстарды
сақтай отырып, ықпалдастықтың түрлері мен аясын мейлінше кеңей
ту арқылы дүниежүзілік қауымдастыққа кірігуімізді тездету — жұрт
шылықтың Президент Назарбаевтан бірінші кезекте күтіп отырған
мәселелері.
Күллі әлемдік қоғамдық пікірдің айтуынша, бұл басқаның қолынан
келмесе де, Назарбаевтың қолынан келеді. Оның үстіне барлық отан
дастарының бірдей сеніп, бірдей қолдап отырғанын қосыңыз. Ол кез
келген жүкті жеңілдетіп, кез келген қиындықты оңайлатады.
Сондықтан да біз бүгін ортақ тағдырымыздың осындай жауапты
кезеңінде көсем көшбасшымызды сәтті тауып алғанымыз үшін бір-
бірімізді құттықтап, Президентімізге табыс, өзімізге бақыт тілеуге
әбден құқылымыз.
Ақ жол, ағайын!
Іске сәт, азамат!».
Тағы бір сәт есте қалды. Рәсім аяқталуға жақындап келе жатқан.
Салтанатты жиналысты жүргізуші рәсімді қорытуға тақаған тұста
ту сыртымнан бір оқыс дыбыс естілгендей болды. Жалт қарасам…
сахнадағы ту жайлап құлап келе жатыр!.. Қалай екенін қайдам, сол
сәтте артқа қарай сәл шалқайдым да, әлгі тудың сабынан оң қолым
мен ұстай алдым. Зал ду ете қалды. Үш мың адам бір сәтте демін ішке
тартқанның өзінде кәдімгідей үн кернейді екен. Ту тұғырға қайта
қойылды. Мұны жақсы ырымға баладық. Қазақтың туы жығылмай
ды екен дедік.
Солай болып та келеді. Солай бола да береді!
Ендігі мақсат — Тәуелсіздік жариялау.
Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біздің ата-бабаларымыздың сан
ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған
әділдігі. Ел егемендігі оңайлықпен келген жоқ. Алдын ала ойластыру
мен, зор ұйымдастырушылықпен, қапысыз дайындықпен жүзеге асты.
1991 жылдың жаздың аяғы мен күздің басынан-ақ мені жан-жақтан
сынап, арадай талаушылар көбейді. «Ресейшіл» деді, «орысшыл» деді,
«тәуекелсіз» деді. Сондағы тағылатын басты кінә — республиканың
тәуелсіздігін жариялауда өзгелерден кеш қалып жатқанымыз. Рас,
өзбектер де, қырғыздар да, түрікмендер де, тәжіктер де тәуелсізді
гін бізден бұрын жариялады. Дегенмен, ойлап қарайықшы. Балтық
бойындағы, Кавказдағы республикаларды айтпай-ақ қояйын, ал
өзімізбен көршілес сол ағайындармен дәл осы шаруада жарысқа
түсіп, жанталасқанымызда жағдайымыз не болар еді? Халықтың
Таңсәрі
— 279 —
40 пайызын ғана құрап отырған ұлттың жаңа мемлекеттің ұйытқысы
на айнала салуы оңайлыққа түсер ме еді? Оған өзгелер оңайлықпен
көнер ме еді? Саясаттың қызуы көтеріліп, Горбачев пен Ельциннің
текетіресі шегіне жетіп, бір кездері темірдей тәртіпке негізделген
орталықтағы басшылықтан береке кеткен сол тұста Қазақстан тара
пынан жіберілген жалғыз қателіктің өзі орны толмас трагедияға әкеп
соқтыруы әбден мүмкін еді. Біз ашуды ақылға, асығыстықты сабырға
жеңдіріп, үнемі әліптің артын бағып, аңысын аңдумен болдық.
Жоғарғы Кеңестің 1991 жылғы 16 желтоқсандағы кеңейтілген оты
рысының күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның жобасы шығарылды.
Былайша қарағанда, одақтас республикалардың ең соңынан осын
дай қадам жасағалы жатқан Қазақстанның тәуелсіздік жариялауына
ешқандай кедергі болмауы тиіс еді. Одақтың тарайтынына ешқандай
күмән қалған жоқ. КСРО қағаз жүзінде ғана тұр. Соның өзінде де
біраз дау-дамай көтерілді. «Осындай заң керек пе өзі? Бұрынғы импе
рия жоқ, енді Қазақстан кімнен тәуелсіз болмақшы?» деп бір депутат
шықты. «Мұндай мәселені тек халық шешуі керек. Референдумға салу
керек» деп бір депутат шықты. Тағы біреу «Асықпайық» деді. Тағы
біреу мемлекеттік тіл екеу — қазақ тілі мен орыс тілі болсын деді.
Тағы біреу үш тіл болсын деп, оған ағылшын тілін қосуды ұсынды.
Мен қыркүйек, қазан, қараша бойында облыстан облыс, қаладан
қала қалдырмай, барлық жерде жұртпен сөйлесіп, тәуелсіздіктің тек
қазақтарға емес, бүкіл қазақстандықтарға керектігін, жаңа мемлекет
ешкімді дініне, тіліне қарап алаламайтынын барынша ұғынықты,
қарапайым сөзбен түсіндіргеннің өзінде, соған баршаны дерлік ұй
ытқанның өзінде, басқа емес, Жоғарғы Кеңес депутатының өзі: «Біз
тәуелсіз мемлекет жариялау мәселесін талқылаудамыз. Ертең таңер
тең 17 миллион халықтың тең жарымы — орыстілді қауым бөтен
мемлекеттің азаматтары болып шыға келмек. Жолдастар, бұлай етуге
болмайды ғой» деген соң өзгелерге не жорық?! «Сендер, қазақтар,
республикада өздерің азшылық күйде отырып, қалай тәуелсіздік
жарияламақсыңдар?» демегеніне шүкір тағы. Парламенттегі 360
депутаттың ішінде дәл осылай ойлайтындары да табылатынына
күмән жоқ еді.
Талқылау әбден тығырыққа тірелген кезде, 16 желтоқсан күні
түстен кейін мен Жоғарғы Кеңеске келіп, депутаттарға мән-жайды
өзім түсіндіріп, олардың бұл шешімін бүкіл Қазақстан халқы күтіп
отырғанын жеткіздім. «Бұл заңды қабылдауымыз керек, өйткені
жалғыз біз ғана қалдық. Көпұлтты Қазақстан халқының алдында
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 280 —
біздің арымыз таза. Бұл — барлығы әр сөзіне үңіле отырып оқитын
маңызды заң. Менің сайлауалды бағдарламам, біз шешкелі отырған
барлық мәселелердің түйіні — осы. Басты мәселе — мемлекеттік
тәуелсіздік мәселесі. Артық шүйлігудің, ешқандай мән-маңызы жоқ
сөздерді қосудың қажеті жоқ. Заңды осы күйінде басым көпшілік
дауыс арқылы қабылдау керек деп санаймын. Баршаңыздан осыған
бейілділік білдірулеріңізді сұраймын» дедім. Мұнан кейін бұрын
қарсы сөйлеген депутаттардың біразы сабасына түсіп, заң жобасы
көпшілік дауыспен қабылданды. Бұл бәріміз көптен күткен мерейлі
мезет, тарихи оқиға еді.
Айтыса-айтыса келіп, депутаттар тоқтам жасады: заң жобасы
дауысқа қойылды.
Сол залда отырып, бір емес, екі емес, үш емес, 12 депутаттың
тәуелсіздікті жариялау туралы заңға қарсы дауыс бергеніне қайран
қалдым. Конституциялық заң басым дауыспен қабылданды. Дауыс
қорытындысы таблоға шыққан сәтте уақыт 18 сағат 45 минутты көр
сетіп тұр еді.
Тарихи әділеттілік орнап, бабаларымыздың ұлы арманы орын
далды. Бұған дейін декларация түріндегі мемлекеттік тәуелсіздік
енді конституциялық негізге ие болды.
Дүниеге Қазақстан Республикасы атты жаңа мемлекет келді.
Азаттықтың ақ таңы атты.
Көп ұзамай, 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясының
пленарлық мәжілісінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына қабыл
данып, әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесіне айналды.
Тарихтың ұлы сағаты соқты. Осындай ғаламат өзгерістердің куәла
ры және қатысушылары болу кез келген ұрпақтың үлесіне тие бер
мейді. Сол тұста біздің көз алдымызда әлемнің картасында жаңа мем
лекеттер шығып, қоғамдық-саяси және экономикалық формациялар,
мемлекеттік басқарудың пішіндері ауысып жатыр еді. Қазақстан да
осынау тарихи процеске белсене араласып кетті.
Мына жайды айту шарт. Тәуелсіздік жолындағы күрес тәуелсіздікке
қол жеткізген күні тоқтамайды. Ол күн әрі тәуелсіздікті нығайту жолын
дағы күрестің басталған күні болып саналады. Осылай қарауға тиіспіз.
Менің сол күндердегі көңіл күйім де әрбір қазақтың, әрбір қа
зақстандықтың көңіл күйіндей шығар. Бойымды қуаныш кернеді.
Ата-бабамыз сан ғасырлар бойы аңсап өткен азаттыққа қол жеткіз
генімізге қуандым. Кеудемде шүкіршілік тұрды. Заман ауысқанда,
қоғам ауысқанда алдымыздан ашылған тарихи мүмкіндікті қалт
жібермегенімізге, ақырын жүріп, анық басқанымызға, арандап қал
Таңсәрі
— 281 —
май арманымызға жеткенімізге шүкіршілік еттім. Тағдырдың қандай
теперішіне де төзген, бар сынақтан дарқан көңілін, жарқын сезімін
сақтап өткен өр де ер халқыма сендім, қазақстандықтардың береке-
бірлікті бағалаған күйде, бір қолдың саласындай, бір үйдің баласын
дай тату өмір сүретініне сендім.
Тәуелсіздік біздің бәрімізге зор жауапкершілік жүктейтінін әр
қазақстандықтың жүрегіне жеткізу басты міндет болды ол кезде. Үш
жүз жылдай уақыт бойы өзіміздің қалай өмір сүретінімізді өзіміз
айқындай алмай келген едік. Енді империясыз, тоталитаризмсіз соны
өзіміз шешуіміз керек. Бостандық қолға тиді екен деп бостан-босқа
масайрай берудің еш жөні жоқ еді. Бостандық өздігінен елді тойын
дырмайды да, киіндірмейді де, қалтаға ақша да салып бермейді. Тек
өз күшімізге сенуге тиіспіз.
Иә, көңілімде алаң да бар-ды. Өтпелі кезеңде бағаның қымбат
тайтынын, инфляцияның өсетінін, содан барып халықтың әл-ауқат
деңгейі төмендейтінін біліп, күннен-күнге күрделеніп бара жатқан
мына жағдай алдан жаңа сынақтар шығаратынын ойлап алаңдадым.
Жаңа сынақтар көп күттірген жоқ.
Ол кезде республикадағы жағдай шиеленісті әрі тұрақсыз қалпын
да тұрды. Іс жүзінде экономиканың барлық салаларында өндірістің
құлдырауы күшейді. Өндірістің қожырауына, бұрыннан қалыптас
қан шаруашылық байланыстарының үзілуіне қаржы жүйесіндегі
берекесіздік келіп қосылды сол тұста. Әсіресе, тиісінше экономи
калық әзірлік жасамай, әріптестермен келісіп алмай тұрып, Ресей
дің 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап бағаны босатып жіберуі сомды
ақша тұтынып отырған республикаларға қып-қызыл шығын әкелді.
Мұндай «естен тандыра емдеу», яғни «шоковая терапия» бұрынғы
шаруашылық тетіктерін нарық орнықпай жатып қиратып тынды
десе де болады.
1992 жылғы 3 қаңтарда, яғни тәуелсіздік жарияланғаннан ке
йін небәрі он сегіз күн өткенде бағаны ырықтандыруға тура кел
ді… Олай етпеу мүмкін емес еді. Онсыз да қиын жағдайды Ресей
басшылығының мына шешімі тіпті асқындырып жіберді. Екі елде
екі түрлі экономикалық ахуал қалыптасуға айналды. Оларда баға
ырықтан кеткен, біздегі баға бекітілген күйінде тұр, яғни бәлен есе
арзан. Екі елдің ақшасы да ортақ кез. Шекара деген жоқ. Біздің
өнімдерімізді, бәрінен бұрын азық-түлікті көрші елдерден кел
гендер жаппай сатып әкететін қауіп төнді. 1–3 қаңтар аралығында
шекаралас облыстарда сондай жағдай шаң беріп те қалды. Оған жол
беру ел экономикасын орны толмас шығынға ұшырататын. Бағаның
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 282 —
ырықтандырылмай қоймайтынын мен инаугурациялық сөзімде
әдейі айтқанмын. Ескерту түрінде. Жұрт іштей дайын жүрсін деп.
Нарыққа жарым-жартылай көшуге, бір аяқпен анда, бір аяқпен
мұнда тұруға болмайды. Нарық жағдайында баға өспей қоймайды.
Ол үдеріс тәуелсіздіктің алдында-ақ басталған. Бірақ оны белгілі
бір дәрежеде бақылауда ұстауға да мүмкіндік бар еді. Негізінде,
мен Ельцинге бағаның ырықтандырылуын 1992 жылғы 1 шілдеге
дейін шегеру жөнінде ұсыныс жасағанмын. Сол жылғы қыс өте бір
ауыр тиді, оның алдындағы жазда егін шықпай, азық-түлік атаулы
жетіспей тұрған. Мұндай жағдайда бағаны бетімен жіберу қауіпті
дегенмін. Өкінішке қарай, Ельциннің маңындағылар (ол кезде Ресей
үкіметінің басшылығында романтик-реформаторлар, неолиберал
экономистер жеткілікті) табандап отырып алыпты. Амал жоқ, үш
күннен кейін бағаны біз де босаттық. Оның адамдарға ауыр тиетінін,
әсіресе, халықтың тұрмысы төмен бөлігінің әл-ауқаты кедейшілік
тің шегінен де түсіп кететінін біле тұра бардық сол қадамға. Ал
жағдайды жеңілдету үшін не істеуге болар еді? Мұны да қатты ой
ландық. Ақыры нанның, сүттің барлық түрлеріне, сары май мен қат
ты ірімшіктен басқаларына, бағаны оған дейінгі бағадан үш еседен
артып кетпейтіндей деңгейде қалдыру туралы шешім қабылдадық.
Әрине, бұл нарықтық шешім емес. Нарықта тауар қай бағаға өтсе,
сол бағаға сатылуы керек. Өнім оны өндірушіге зиян шектірмеуі
тиіс. Экономикаға, бюджетке ауыр тиетінін біле тұра осылай еттік.
Қолдан келгенінше жалақыны өсірдік, зейнетақыны, жәрдемақы
мен шәкіртақыны ұлғайттық. Шаруашылықтар мен кәсіпорындар
басшыларын өз өнімдерін қала тұрғындарына қолжетімді бағамен
сатуға, сөйтіп қиын кезде халықты қолдауға шақырдық. Шынын
айтқанда, соған көндірдік. Ол кезде әлі көндіруге келетін. Рас, бюд
жеттік мекемелерде жалақыны өсіру жөніндегі шешім дер кезінде
қамтамасыз етілмеді. Қатты қысылған адамдарға тегін тамақ беру
үшін қайырымдылық асханаларын ашу жөнінде нақты қадамдар
да жасалмады. Жұрт нарық жағдайында жұмыс істеуге дайын да
емес еді ғой. Сол тұста теледидардан сөз сөйлеп, халыққа Үндеу
арнағанмын.
Біз өз еркімізден тыс ұрынған сол қиын жағдайдан шығудың жолы
халық үшін де, өнім өндірушілер үшін де қоқан-лоқы жасаумен
немесе ереуілге шығумен жалақыны өсіру, өнімнің кез келген қым
баттауының өтемін қайтару, иә болмаса өнімнің бағасын үнемі кө
тере беру емес екенін мен талай рет, соның ішінде сайлаушылармен
сайлау алдындағы кездесу кезінде де айтқанмын. Бұдан шығатын
Таңсәрі
— 283 —
жол біреу-ақ — халықтың әл-ауқатын ұдайы және дәйектілікпен
арттыра түсу үшін көбірек әрі жақсырақ еңбек ету. Осыған байла
нысты кәсіподақтар мен еңбекшілердің басқа да қоғамдық бірлестік
теріне өздерінің барлық күш-жігерін қазақстандықтарды өндірісті
ұйымдастыруды жетілдіру, оның көлемі мен ауқымын ұлғайту ісіне
топтастыруға бағыттау жөнінде ұсыныс айттым. Өйткені өндірістің
тоқтауының бәрі экономика мен адамдардың өмір сүру деңгейіне
қатты соққы болып тиетін еді, берекесіздік туғызып, нарықтық эко
номиканы енгізуге байланысты барлық үмітімізден айыруы мүмкін
еді. «Қазақстандықтар қазіргі қиыншылықтармен бетпе-бет келе
отырып, байсалдылық сақтайды, абыржымайды деп сенемін. Қайта
олар өздерінің барлық ықтимал күшін, жігері мен еркін жұмылды
ра отырып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару
көлемін еселей түсіп, өз еңбегімен республиканы қазіргі дағдарысты
жағдайдан алып шығатынына сенімдімін. Біздің әрқайсымыз өмірдің
өте қиын әрі күрделі кезеңіне қадам бастық. Онсыз өсіп-өркендеген
елдер қауымдастығына кіру мүмкін болмайтын әлеуметтік-нарықтық
шаруашылық құруға тәуекел ете отырып, біз бұл белесті бастан
өткізуге мәжбүрміз. Өздеріңіздің Президенттеріңіз ретінде, өтпелі
кезеңнің ауыртпалығы мен қиыншылықтарын халыққа жеңілдету
үшін, қолымнан келетін және мүмкіндігім жететін нәрсенің бәрін
істемекпін» дедім өз сөзімде.
Халқымыз сол бір қиын күндерде де даналығынан таймады, са
бырлылығынан айнымады. Зарығып көрген тәуелсіздігінің алғашқы
белесінде тіпті ашқұрсақ жүруге де бейілді болды. Қазақстандықтар
маған сенді. Сайлауға дейін де сіздерді үлде мен бүлдеге ораймын
демегенімді, қайта қиындыққа қарсы қайрап салғанымды бағалады.
Алда қиын күндер тұрғанын айтқанымды ескерді. Ақыры бұл елеулі
проблеманы да елді ереуілдетуге жеткізбей еңсеріп шықтық.
АПАТТАН БАСТАЛҒАН АЗАТТЫҚ
«Қазақстанның тәуелсіздігі апаттан басталды. Оның көпұлтты
халқының үлкен бір бөлігі шаттана масайраудың орнына, мәңгіріп
қалды, адамдар енді Кеңес Одағының азаматтары емес екендерін
білгенде есеңгіреген халге түсті. Жаңа, 1992 жылдың басында тұңғыш
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында тұрған проблемалар
дың ауырлығы соншалықты, елдің өмір сүруге деген мүмкіндігі ең
жақсы айтқанда — әлсіз, ал жаман айтқанда — болар-болмас қана еді.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 284 —
Халықаралық байқаушылар арасындағы оптимистер Қазақстан
он жылдай ғана өмір сүре алады деп есептеді. Пессимистер құрдым
одан әлдеқайда ерте келіп жетеді деп қауіптенді».
Джонатан Айткен кітабының «Толғағы қиын болған тәуелсіздік»
атты тарауы осылай басталады. Тараудың аты дәл қойылған.
Әрине, тәуелсіздік табалдырығында тұрғанда біз алдымыздан қар
лы Қаратаудай қаптаған қиындықтар шығатынын білдік. Вольтердің
«Ұлы кедергісіз ұлы істер болмайды» деген сөзін де еске түсірген
біз. Әйтсе де, оларды дәл мұндайлық деп шамалай алмағанымыз
шындық.
Тоқсаныншы жылдардың басында республика халқының жарты
сындайы өздерін Қазақстан азаматы деп санамағанын айтқан едім ғой.
«Қауіп қайдан болса, қатер содан» дегендей, алғашқы ауыртпашылық
осы мәселеден туындады.
Алғашқы екі жылдың өзінде-ақ Қазақстаннан 2 миллионнан астам
адам Ресейге, жарты миллиондай адам Германияға көшіп кетіп қал
ды. Көбі ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің білікті мамандары еді.
Кадрлық әлеуетті кәдімгідей ойсыратып түсті. Қазақстаннан көшкен
орыстардың дені — біздің республикамызға сан түрлі себептермен
әр кезде келгендер. Германияға қоныс аударған немістердің жайы
белгілі — оларды арғы ата-бабаларының мекені, қос мемлекеттің
біріккені ғана емес, іскер ағайындардың қолымен жасалған жайлы
тұрмыс, жақсы әл-ауқат та тартып тұрды. Кінәлайтын іс емес. Кеткісі
келгендер кетті. Олардың бұл таңдауына ел экономикасының бұлдыр
болашағы да әсер еткен еді.
Желтоқсанның бірі күні сайлау учаскелерінде жай ғана дауыс беру
өткен жоқ. Ол қазақтардың, орыстардың, украиндардың, кәрістердің,
немістердің, өзбектердің, ұйғырлардың — қазіргі шиеленісті уақыт
арқылы республикамыздың саламатты болашағына біртұтас жұ
мылып жол ашуды ұйғарғандардың барлығының жаңа туысқандық
қауымдастығын қалыптастырудың бастамасы болды.
КСРО күйрегеннен кейін Қазақстан аса ауыр дағдарысты бастан
кешті. Өндіріс құлдырады. Инфляция деген жай қалып, гипер
инфляция деген келді. Кез келген тауар аяқастынан қат бола салуға
айналды. Жаппай жұмыссыздық жайлады. Әлеуметтік шығындардың
бәрі дерлік қысқартыла бастады. Көз алдымызда дүкен сөрелері жы
лан жалағандай жалаңашталып шыға келді, ең керек нәрселердің —
нанның, балалар тағамының, сүттің, тұздың, қанттың, темекінің
соңынан ұзыннан-ұзақ кезекке тұру басталды. Электр жарығының,
газдың, жылудың алапат жетіспеушілігі шықты. Пәтерлерде газ
плиталары өшті, жұрт көпқабатты үйлердің ауласынан кірпіштен
Таңсәрі
— 285 —
қалана салған пештерде су қайнатуға, тамақ пісіруге көшті. Кейбір
пәтерлерде адамдар «буржуйка» аталатын пеш қойып алды, оның
тұрбасы терезеден көшеге сорайып тұратын. Ауруханаларда опе
рация кезінде электр сөніп те қалатын, ондайда дәрігерлер кәдімгі
қолшамның жарығымен жұмысты жалғастыра беретін. Жалақының,
зейнетақының талай айлап төленбеуі кәдуілгі жайға айналды. Мұн
дай аса ауыр машақаттарды созып айта беруге болады, осының бәрі
сол кездің ащы шындығы.
Қазіргі буынның мұны көзге елестетуі де қиын, алайда қазір өзі
нен-өзі бола қалғандай, осылай болуға тиістідей көрінетіннің бәрі
де бізге аса қиынға түскен еді. Бүгінгі жастар бұның бағасын білуі
керек.
Бұл нағыз кең ауқымды дағдарыс болатын. Санап-санап берейін.
Бұл — экономикалық дағдарыс. Қоғамдық жүйелер тиімділігінің
түйінді өлшемі — экономикалық тиімділік. Осы өлшем бойынша
алғанда, орталықтандырылған жоспарлы экономика, сайып келген
де, нарықтық экономиканың алдында үзілді-кесілді жеңіліс тапты.
Бұл — саяси дағдарыс. Салтанатты түрде жарияланған халық билігі
мен партиялық бюрократияның ат төбеліндей ғана игі жақсылардың
қолына шоғырланған билік арасындағы қарама-қайшылық қисын
ды шегіне жетті. Саяси құрылымдар көрер көзге ғана демократия
жасаған болып, шын мәнінде жергілікті және орталық деңгейдегі
барлық шешімдерді партия басшылары қабылдайтын.
Бұл — ұлттық дағдарыс. Интернационализм жария етілгеніне
қарамастан, социалистік жүйе ондаған жылдар бойына ұлттардың
еркін дамуын қатаң жаныштаумен келді. Атап айтқанда, Қазақстан
дағы күштеп ұжымдастыру жылдарында, сарапшылардың бағалауы
бойынша, бүкіл қазақ халқының жартысынан астамы аштан өлген
немесе шетке ауып кеткен. Елдің барлық халқы орасан зор зардап
шекті. Ұлттық дағдарыс — көп ретте экономикалық дағдарыстың сал
дары. Орталық пен өңірлердің арасындағы қарым-қатынас жартылай
отарлық сипатта болды. Республиканың экономикасына шикізаттық
бағыт, оның кешенсіз сипаты саналы түрде таңылды. Сыртқа өз ер
кімен шықпауы үшін Қазақстан көлік жүйесі бойынша да орталықпен
және басқа өңірлермен дәл осы деңгейде берік байланыстырылды.
Бүркемеленіп келген ұлтаралық шиеленіс тек күш қолдану қоқан-
лоқысымен ғана тежеліп отырды. Жүйе құлағаннан кейін бұрынғы
КСРО-ның аумағы ұлтаралық жанжалдар мен соғыс өртіне оранды.
Бұл — халықтың кінәсі емес, саясаткерлердің кінәсі.
Бұл — экологиялық дағдарыс. Дерексіз жалпыхалықтық, ал іс
жүзінде ведомстволық меншігі бар социалистік экономикалық
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 286 —
жүйенің ерекшеліктері министрліктер мен ведомстволардың шек
тен шыққан экологиялық қиянаттарына соқтырды. Проблеманың
мәні мынада: жер мен табиғи ресурстарға бақылаусыз қожалық
еткен ведомстволар сонымен қатар экологиялық таза өндірістерге
мүдделілік танытқан жоқ, өйткені болмай қоймайтын қасіреттер үшін
нақты жауапкершілік арқаламады. «Ешкімнің де иелігі еместің» бұл
кереметі өткен тарих көріп-білмеген ғаламат апаттарға киліктірді.
Экологиялық сауатсыздық қоғам мен табиғаттың тайталасына әкеліп
тіреді. Қазақстан бұл ретте аса қиын жағдайда қалды.
Бұл — имандылық дағдарысы. Идеологиялық символдар мен
адамдардың нақты құндылықтары арасында шыңырау пайда бол
ды. Басқарушы топтың екіжүзді ғибраты сан түрлі саяси іс-шара
ларға — жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, тағы басқаларға
немқұрайды қатысатын, жарияланған ұрандарға сенбейтін миллион
даған адамдарды да дәл сондай ғибратқа душар етпей қоймады. Сол
тұста бұл жүйенің оп-оңай ыдырай салғанына қайран қалушылар
оның әлдеқашан-ақ халықтың сенімінен айырылғанын, халықтың өзі
біздің Батыстан барған сайын кейін қалып, кеңестік экономиканың
дағдарысқа қарай құлдырап бара жатқанын көріп, түсініп отырға
нын ұмыта беретін. Кеңес өкіметінің соңғы жылдарында социалистік
мұраттар көбіне мысқыл туғызатын. Мұны жұрттың бәрі білетін,
алайда идеология билік басындағы аз топтың кеудемсоқтығына одан
әрі қызмет етуін қоймай, олардың мүдделерін жалпымемлекеттік
мүдде ретінде көрсетумен болды. Кеңестік қолтума идеологияның
болмыстан алшақ жатқан аңызын — ұлттардың біте қайнасуы тео
риясын, адамға «бұранданың» рөлін таңған мемлекет пен адамның
арақатынасы практикасын, ғылымға, әдебиетке, өнерге таңылған
партиялылықты еске түсірейік. Тіпті Отанға сүйіспеншілік, жақы
ныңа деген қамқорлық, ата-баба дәстүрлеріне адалдық сияқты табиғи
таза сезімдердің өзі «коммунизм құрылысшыларының моральдық
кодексінің» тар аясына тоғытылған-ды.
Дағдарыс, дағдарыс, дағдарыс…
Бәрінің басты себебі — бір кездегі біртұтас мемлекеттің күйреуі.
Соның салдарынан әркім барша жұрттан, барша жұрт әркімнен
тәуелді болған экономикалық кеңістік бөлшектеніп кетті. Бұған Қа
зақстан қатысқан жоқ, оған біз кінәлі емеспіз. Осы арада менің Белая
Вежадағы оңаша кездесуге «ұшағымның техникалық жағдайына
байланысты бара алмауымның» сыры ашылады. Сол кездесуге қа
тысқанымда, сол құжатқа қол қойғанымда КСРО ыдырағалы бері
әл-ауқаты айдан айға нашарлап бара жатқан жұртшылықтың маған
қандайлық ауыр айыптар тағатыны анық еді. Сайлауда мұндайлық
Таңсәрі
— 287 —
өте жоғары дауыс алуымның қиындығын, ең бастысы — Қазақстандай
көпұлтты, көптілді, көпдінді елде айқай-шусыз тәуелсіздік жариялау
оңайға түспейтінін айтпай-ақ қояйын.
Кеңес Одағының тарих сахнасынан кетуін белгілі ГКЧП бүлігі
қолдан тездетіп жібергенін айтуға тура келеді. Республикалардың
барлығы да, енді өздері толық мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылмаса,
тоталитарлық орталықты қайта жандандыру ниеті осылайша бас кө
тере беруі мүмкін екеніне көз жеткізді. Тамыз бүлігі болмағанда, соған
іле-шала Беловежьеде оңашалану келісімі жасалмағанда, бұрынғы
кеңестік республикалар бір-бірінен ірге ажыратуды әлдеқайда көкейге
қонымдырақ, өркениеттірек ете алар еді. Саяси тұрғыдағы тәуелсіздік
ті басы ашық мәселе ретінде қарастырып, жаңадан құрылған тәуел
сіз мемлекеттер экономикалық мүдделер тұрғысынан бір-бірімен
байланысын сол кездегіден әлдеқайда жоғары деңгейде сақтап қала
алар еді. Амал не, егемендіктің эйфориясына түсіп алған кейбір мем
лекеттер интеграциясыз-ақ өмір сүруге болатындай алдамшы ойға
елітіп, экономикалық, әлеуметтік мәселелерін өз бетінше шешуге
ұмтылып жатты. Ақыры талай жыл бойы қалыптасқан, қалыптас
қанда да берік қалыптасқан шаруашылық байланыстары үзілді,
өндірілген өнім жеріне жеткізілмей, қоймаға үйіле бастады, соның
салдарынан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында барлық бұрынғы
кеңестік республикаларда өндіріс қарқыны құлдырап, инфляция
аспандап, қымбатшылық ұшынып кетті. Ақша әбден құнсызданды.
Атақты айтқыш Қалтай Мұхамеджановтың «Базарда бір кемпір бір
кило алмаға екі кило ақша сұрап тұр» дейтіні сол кездің әзіл сөзі
болса керек.
— 288 —
ТЕҢГЕ — ТІРЕК
САТЫЛҒАН САБАН АҚША
Ал «бір кило алмаға екі кило ақша сұратпау» үшін не істеу керек?
Әрине, ақшаның сатып алу қабілетін күшейту керек, оның әлемдік
валюта саналатын долларға қатысты бағамын нығайту керек, тәуелсіз
қаржы саясатын жүргізу керек, ол үшін төл ақшамызды шығару ке
рек… Мұның бәрі белгілі. Кез келген базарда, кез келген митингіде
кез келген адам айта алатын сөздер. Айтуға оңай сөздер. Ал саясат —
қолдан келетінді жасай білу өнері…
Сол жылдарда біз нені орындай алатын едік? Орындай аларымыз
аз еді.
Алғашқы екі жыл біз үшін аса ауыр сынақ кезеңі болды. 1992 жылы
ел экономикасы құлдырап кетті: гиперинфляция, барлық жерде
жалақының, зейнетақының уақтылы төленбеуі, кәсіпорындар ара
сындағы байланыстың үзілуі, халық тұтынатын тауарлар мен нақты
ақша жеткізудің тоқтатылуы жалғасып жатты. Мұның бәрін бұрын
одақтық министрліктер бір орталықтан үйлестіретін, енді олар жоқ.
Өзара есеп айырысудың, тауарлар жеткізудің тұтас тізбектері үзілген.
Айналыстағы ақша жиынының жетіспеушілігі Қазақстанда әлеу
меттік шиеленістің күшейе түсуіне әкеліп соқтырды. Бұрынғы
одақтық республикалардың арасындағы қаржы байланыстарының
жоққа жуықтауы экономикалық жағдайды одан сайын ұшындырып
жіберді. Әрине, мұның бәрі қарапайым адамдардың өміріне әсер
ете бастады.
Проблеманы тым құрыса жарым-жартылай шешу үшін мен бөлі
нетін қолма-қол ақшаның көлемін көбейту жөнінде Мәскеуге бірнеше
рет өтініш айттым. Бұл ақша эмиссиясымен ол кезде Ресейдің Мемле
кеттік банкі айналысатынымен, тиісінше, барлық қаржы ресурстары
тек Мәскеуден бөлінетінімен байланысты. Ол жақтан ақша әне-міне
барып қалады деп сендірумен болатын. Алайда біздің жүгінісіміздің
назарға алынбай қалатын кездері де аз емес еді. Сөйтіп жүргенде
кідіртілген жалақының ақшасы инфляцияның жоғарылығынан
жұртқа жеткенше құнсызданып бітетін. Күннен-күнге проблемалар
Теңге – тірек
— 289 —
бірінің үстіне бірі үйіліп жатты, кәдімгі өрт сөндіргендей күйде жан
таласып жүретінбіз.
Осының бәрі халықтың басым бөлігі арасында әлеуметтік тұрақ
сыздықтың алғышартына айналды, ал ол ереуілдерге, митингілерге
соқтыратын.
Қалаларға, ауылдарға жиі шығып, халықты тыныштандыруды,
жағдайды түсіндіруді ойладық. Мен жұртты төзімділікке шақырдым,
қабылданып жатқан шаралар, алдымызда тұрған қиындықтар туралы
айттым. Адамдар маған сенді. Мен қай кезде де өзімнің уәделерімнің
бәрін орындауға тырыстым. Әсіресе, сол бір қиын кезде, көз алдымда,
былайша айтқанда, тұтас бір өркениет көшіп бара жатқанда әр сөзді
саралап айту, тіпті адамдармен әңгімелескенде сөз саптауды өзгерту
де қажет болатын. Жұрттың бәрінің жүйкесі жұқарып тұрған кез. Әлі
есімде, халық әуелі айқайлайды, улап-шулайды, содан кейін түсін
дірген сөзіңе жайлап құлақ аса бастайды. Мәселенің мәнісіне бойлап,
проблемаларды шешу үшін не істеп жатқанымызды естігеннен кейін
бірте-бірте тыныштала түседі. Тіпті топ ішінен біреудің: «Нұрсұлтан
Әбішұлы, темекі табылмас па екен?» деп қалатыны да болады. Мен
өзім темекі тартпаймын, әйтсе де осындай жайттар үшін деп қалтама
темекі қорабын сала жүретінмін. Кейде осының өзі-ақ шиеленіскен
ахуалды жайландырып жіберетін, сөйтіп үн қатысуымыз айналып
келгенде сындарлы шығатын.
Жалақы, зейнетақы, жәрдемақы төлеу үшін біз қағаз ақшаны Ре
сейден сатып алатынбыз. 1992 жылдың алғашқы жартысына дейін
Ресейдің Орталық Банкінен ақшалай қаражатты тегін алып келдік.
Бюджеттер бөлінген соң рубльді сатып алуға мәжбүр етілдік. Ал
қолма-қол ақшаның номиналда құны болғандықтан оны сатып алуға
Қазақстан бюджетінде қаражат жетіспеді, содан ел бірден-ақ қол
ма-қол ақшаның тапшылығын сезінді.
Төлем жүйесі тек жалғыз арна — Ұлттық банктің Мәскеудегі кор
респонденттік шоты арқылы жұмыс істеп тұрды. Қазақстан өзінің
төлем құжаттарын Алматыдағы Ұлттық банкке аударатын, өйткені ол
кезде бірде-бір коммерциялық банк шетелдік банктерге шыға алмай
тын. Елде коммерциялық банктердің саны шамамен 200‑ге жуықтап
қалғанына қарамастан, жағдай солай. Олардың бәрі де ұсақ банктер,
бірде-біреуінің Мәскеуде немесе басқа бұрынғы одақтас республика
ларда бөлімшелік тарамдары жоқ. Тіпті Мәскеудің коммерциялық
банктерінде корреспонденттік шоттары да жоқ. Осындай байла
ныстың болмауынан Қазақстаннан Ресейге, Ресейден Қазақстанға
төлемдер толықтай тоқтауға айналды. Аударымдар мен төлемдер
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 290 —
кейде жарты жылда зорға жететін. Ақша төлеудің ондаған жылдар
бойы қалыптасқан тетіктерінің аяқастынан тас-талқаны шықты.
Ақша аударудың бар ауыртпашылығы Ұлттық банктің иығына
түсті, ал ол республикааралық және халықаралық есеп айырысудың
бәріне қызмет көрсетуге дайын емес еді. Өмір бір орнында тұрмайды.
Құрал-жабдық пен өнім жөнелту жалғасуда. Ақша аударымының
ауқымы да алапат. Қазақстанның барлық облыстарынан Ұлттық
банктің бас кеңсесіне ақша аударымдарын жеделдету жөнінде қатынас
қағаз топырлап түсіп жатты, алайда бұл ағынға төтеп беру мүмкін
болмауға айналды. Бұрынғы КСРО елдерінің барлық мемлекетара
лық ақша аударымдары рубльмен атқарылды, ал бүкіл ақша-кредит
саясаты Ресейдің Орталық банкі мен Қаржы министрлігінің қолында
тұрды.
Одақтық және ресейлік үкіметтердің текетіресі 1991 жылғы тамыз
бүлігіне дейін-ақ жетер жеріне жетіп біткен еді. Одақтық бюджет
ке салық аударудан бас тартып, өз беттерінше, кейде бір-біріне ке
реғар келетін экономикалық бағдарламалар жасай бастаған Балтық
бойы республикалары мен Украина отқа май құя түсті. Оған қоса,
одақтық министрліктер мен ведомстволарда сандалу мен сенделу
байқалды. Бірлескен жұмыс сол кездің өзінде-ақ жоқ еді. Одақтық
аппарат әлсірей бастаған сайын РСФСР Үкіметі біршама жігерлірек
көрінетін. Әйтсе де оның өзінде де ауызбірлік болмайтын. РСФСР
Жоғарғы Кеңесіндегі жақсыаттану мен көпірмесөзділіктің арқасын
да Ресей Үкіметіне неше түрлі саясаткерлер мен экономистер кіріп
алды. Әсіресе екі бағдарлама бөлектеніп көрінетін, олар — Григорий
Явлинский тобының «500 күн» бағдарламасы мен кейін «Бағдар
лама — 91» атанып кеткен Егор Гайдардың «Ресейдің өтпелі кезеңдегі
стратегиясы» еді.
«500 күн» бағдарламасы алғаш рет бізде адамның жекеменшікке
құқықтылығы ұстанымын енгізді. Бағдарлама еркін экономикалық
іс-әрекетке, сондай-ақ кірістің өсуіне және әлеуметтік кепілдіктерге
құқықтылықты таныды. Экономиканың негізі кәсіпкер деп белгіленді.
Республикалардың экономикалық егемендікке құқықтылығы мойын
далды. Алғаш рет біртұтас экономикалық кеңістік ұғымы енгізілді.
Гайдардың Экономикалық саясат институты жасаған бағдарлама
салған беттен-ақ Ресейдің өзге республикалардан саяси және эконо
микалық тәуелсіздігін көздеді. Гайдар тобы өздерінің уәждемелерін
Ресей «бұрынғы КСРО аумағында шаруашылықты реформалаудың
көшбасшысы» болғандықтан да дербес, тез де мазмұнды реформа
жүргізуі тиіс, оларға кейіннен өзге республикалардың қосылмауға
шамасы қалмайды дегендей астамшыл түрде негіздеуге тырысты.
Теңге – тірек
— 291 —
Бұл ұстанымдар сол кезде таныла түскен «неолиберализмге» жа
татын. 1990 жылдардың басында КСРО-ның тарауынан кейін шыға
келген идеологиялық бос кеңістікті дереу неолиберализм толтыра
қойды да, экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатқан бұрынғы
социалистік мемлекеттер либерализм идеяларын барлық дерттен
жаза салатын дәру-дәрідей көрді. Бұл идеологияны бірқатар ел
дердің, әсіресе Ресейдің саясаткерлері қабыл алуының нәтижесінде
реформа қарқынды сипат алды. Неолиберализм реформаларын
кеңестен кейінгі кеңістікте жүзеге асырудың көшбасшылары Чикаго
университетінде оқып, неолиберализмнің өзінше бір партиялық
ұста-көрігінен шыңдалып шыққандықтан «Чикаго балалары» деп
аталып кеткен жас либералдар болды. Бірақ олар істің емес, сөздің
адамдары екені ұзамай-ақ көрінді.
1990 жылдың 12 маусымында, КСРО-ның құлауынан бір жылдан
астам уақыт бұрын Ресей өзінің егемендігін жариялады. Кімнен еге
мен деңізші? Кімнен болсын, КСРО-дан, одақтас республикалардан.
Менің ойымша, алып елдің ыдырауын бастап берген сәт осы еді. 1992
жылдың маусымында Ресейдің Тұңғыш Президенті Борис Ельцин
өзінің экономикалық кеңесшісі Егор Гайдарды Ресей Федерациясы
Үкіметі төрағасының міндетін атқарушы етіп тағайындады. Осы
лайша Ресейдің саяси және экономикалық дербестігіне біржолата
бағыт ұсталынды. Мұнан кейінгі қадам Гайдарды премьер-министр
қызметіне бекіту болуы тиіс еді, ол үшін Жоғарғы Кеңес депутатта
рының қолдауы қажет. Алайда Ресейдің Жоғарғы Кеңесі Гайдардың
кандидатурасын бекітпеді, сөйтіп 1992 жылдың аяғында бұл қызметке
Виктор Черномырдин тағайындалды. Жаңа премьер тағайындала
салысымен Алматыға жол тартты.
Черномырдин бес жыл премьер-министр болғанда Ресей та
рихында ірі із қалдырды. Виктор Степановичті Буденновскідегі
дағдарыс кезінде Ш. Басаевпен келісімге барды, сонысымен масқа
раға ұшырады деп кінәлайтындар табылады. Черномырдиннің жеке
басы үшін террориспен келісімге баруы масқара болса болар, бірақ
ол сол қадамы арқылы көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды
ғой. Бұл үшін оны айыптау жөнсіз. Үкіметті басқарып тұрып-ақ,
Шешенстандағы соғысты «война» демей, «бойня» деген ғой сабазың.
Жалпы, айтқыш еді. 1993 жылғы ақша реформасына қатысты «Хо
тели как лучше, а получилось как всегда» деген бір ауыз сөзімен-ақ
ол миллиондаған жандарды миығынан күлдіріп, көңілдерін орнына
түсірген еді. «Курс у нас один — правильный», «Лучше водки хуже
нет», «Надо же думать, что понимать» деген сияқты сөздерін есіме
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 292 —
алсам, мен де әлі күнге бір жымиып қоямын. Кең-мол пішілген.
Ойын ірікпейді. Сол жолы да сөйтіпті. Оны маған Ресей премьерін
күтіп алуға әуежайға барғандар кейін айтып берді. Қарсы алған
дардың ішінде Қазақстандағы Ресей елшісі болады, әрине. Өзін
таныстырады. «Кім?» деп таңданған сыңай танытады Виктор Сте
панович. Елші лауазымын, аты-жөнін қайталап айтады. «Сіз нені
меңзеп тұрсыз? Сайтан алғыр, сіз кімсіз өзі?» дейді Черномырдин.
Соны айтады да, дауыстап: «Егер Қазақстан өзін Ресейге тәуелсіз шет
мемлекетпін деп санаса, онда тағы бір ойлансын», — дейді. Міне,
алғашқы жылдардағы әңгіменің сиқы осындай еді. Әйтсе де, ескі
таныстар емеспіз бе, біздің арамыздағы әңгіме достық жағдайда өтті,
екі сағаттан ұзаққа созылды. Ол менімен көп мәселелер бойынша
кеңесті. Бізде жасалып жатқан реформаларға қызығатын. Өз қыз
метін бастардың алдында ақылдасайын деп келген екен. Неден баста
рын білмеді ғой. Біз болсақ, ол кезде тез қимылдап, біраз шаруаны
жасап үлгерген едік. Ашық сөйлестік. «Виктор Степанович, екеуміз
ескі доспыз. Сен — үкімет басшысысың. Шыныңды айтшы… Сіздер
ақша ауыстырып жатқандарыңызды да білеміз. Қазақстан сіздің
ықыласыңызбен, өзіміздің шын қалауымызбен рубль аймағында
қала ала ма? Егер қала алмасақ, ашығын айт, біз де өз әзірлігімізді
жасайық» дедім оған. Виктор Степанович Қазақстанның міндетті
түрде рубль кеңістігінде қалатынына мені сендірді. Сол әңгімеден
кейін менде рубль аймағын сақтап қалуға болады екен деген үміт
оянды. Өкінішке қарай, ол үмітім ақталған жоқ.
Экономикалық жағдай нашарлай түсті. Ресей басшылығы 1992
жылғы 2 қаңтардан бастап енгізген бағаның ырықтандырылуы өзінің
алғашқы жемісін бере бастады. Анағұрлым икемді позиция ұстана
отырып, біз бағаны бірден босатып жіберу қателігіне ұрынбауға ты
рыстық, оның жағымсыз салдарларын азайту жөнінде іс-шараларды
жүзеге асыру үшін бұл шешімді кейінге қалдыруға ұмтылдық. Қа
зақстанның Ресеймен экономикалық байланыстары тұтас кешенді
құбылыс қой. Алайда біз де бағаны ырқына жіберуге мәжбүр етілдік.
Тек азық-түліктің кейбір негізгі түрлерінің ғана бағасының өсуіне
жол бермедік. Ол бірінші кезектегі қажетті тауарлардың барынша
қысқартылған тізімі болатын. Өйтпеген күнде баға үйлесімсіздігі
бағасы белгіленіп қойылған тауарлардың тапшылығына ұрындырып,
мұның өзі бюджетке түсер салмақты ауырлатып жіберер еді. Екінші
жағынан, бағаны кезең-кезеңімен босатып отыру дәйім инфляцияны
күтіп жүрудің өзімен-ақ қатерлі екенін түсіндік. Мұндай жағдайда
экономика тұрақтанады деп үміттенудің жөні жоқ.
Теңге – тірек
— 293 —
Қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуде аса үлкен қиындықпен бет
пе-бет келген біз қайта-қайта Мәскеуге барып, экономикаға қажетті
қаржыны былай қойып, тым құрығанда адамдарға жалақысын төлеу
үшін қолма-қол ақшаны «суырып алуға» мәжбүр болдық. Мұндай
сапарлар 1992 жылдың бүкіл жазы мен күзінде жалғасты да жатты.
1992 жылдың шілдесінде Үкімет және Ресейдің Орталық банкі
мемлекет субъектілерінің арасында қолма-қол ақшасыз айналысты
өз бетінше енгізген кезде қолма-қол ақша қоры мен есеп айырысудың
қиындап бара жатқанын көрген кейбір елдер (Беларусь, Молдова
және Кавказ республикалары) өздерінің ұлттық валюталарын не
месе олардың орнына жүретін ақша белгілерін енгізді. Қолма-қол
ақшасыз айналысқа көшу техникалық тұрғыдан рубль аймағындағы
мемлекеттердің орталық банктері Ресейдің Орталық банкінде кор
респонденттік шоттар ашатын етіп жасалды, олардың айналымы
техникалық несиемен шектелді, ал өзара есеп айырысудың сальдосы
Ресей алдындағы мемлекеттік қарызға айналатын болды. Бұл әділет
сіздік еді. Қолынан келген қонышынан басып, қалғандар асып-сасып
жүретін жағдай қалыптасты. Жаңағы қағаздар үшін біз қыруар қа
ражат төлейтінбіз.
Сол күндерде мен ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл
шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. 1961–1992 жылдар аралығын
дағы банкноттардың Ресейде айналымнан шығарылуына байланысты
әлгі ақшаларды Қазақстанға заңсыз әкелу қауырт өсіп кеткен еді.
Ресейде істен шыққан ақша қап-қабымен бізге жетіп, кәдімгі сабан
ақшаға айналды. Сондықтан теңгені енгізудің экономикалық қана
емес, саяси да мәні ерекше.
Ресейдің мұндай экономикалық саясатын қабылдаудың қиындығы
бұл шешімнің келісілмей жасалғанында және жаңа тәртіпті енгізуге
10‑ақ күн қалғанда жария етілгенінде еді. Бәлкім, ресейлік қаржы
жүйесі бір нәрсені қүткен де шығар, дегенмен екі елдің шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің өзара есеп айырысуының ұсынылған сұл
басы төлемдерді жарты жылға дейін созып жіберуге, құжаттардың
жоғалуына және неше түрлі жалған төлем тапсырмаларының тара
луына әкеліп соқтырды. Бұл қағылған алғашқы дабыл еді, ол біздің
республикамыздың тиімді жұмыс істей алмай отырған біртұтас
рубль аймағында қала беруінің қаншалықты орынды екені жөнінде
қатты ойлануға мәжбүр етті.
Көршімізбен қарым-қатынаста қиындық қаншалықты көп болға
нымен, бізге біртұтас рубль кеңістігінен бас тарту оңайға түспеді.
Біздің кәсіпорындарымыздың барлығы дерлік, өңдеуші және өндіруші
өнеркәсібіміз түгелдей осы рубль төлеміне байланған ғой. Өзіміздің
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 294 —
ұлттық валютамызды енгізгенге дейін уақыт керек еді, қаражат керек
еді. Кәсіпорындар арасындағы қалыптасқан байланыстарды бірден
үзіп тастағымыз да келмеді. Ұлты орыс қазақстандықтардың едәуір
бөлігі сол кезде Ресеймен байланысты үзбеуді жақтайтындардың
жағында екені тағы бар. Алайда көрші елдің экономикалық блогының
басында тұрған шенеуніктер біздің проблемаларымызды да, оларды
шешу жөніндегі біздің ұсыныстарымыздың мәнін де түсінбейтіндеріне
барған сайын көзіміз жете түсті.
Ресей Үкіметімен, әсіресе оның 1992 жылы құралған реформатор
лар қанатымен (Гайдар, Шохин, Федоров, Шахрай және басқалар)
келіссөз барған сайын қиындай берді. Олардың көбі әлі еркіндіктен
есін жимай, бостан Ресейдің «ұлы болашағы» жөніндегі құрғақ қиял
дан арыла алмай жүрген-ді. Келіссөз кезінде олар Ресейге дотация
лы Қазақстандай «артық жүкті» лақтырып тастау тиімді дегенді
ашықтан-ашық айтатын. Оларға салсаңыз, біз ешқайда да кетпейміз,
біраз уақыттан кейін саяси кепілдіксіз, саяси дербестіксіз алдына
қайта «тізерлеп» барып, қойған шарттарына көнеміз.
Гайдардың Ресей Үкіметінің төрағасы қызметінен кетуі Ресейдің
бұл бағытына елеулі өзгеріс енгізе қойған жоқ. Қазақстан эконо
микасы үшін бәрінен де ауыр соққан 1993 жыл басталды. Егер 1992
жылы Ресейден келетін қолма-қол қаржыны бөлу рубль аймағындағы
республикалардың арасында біршама үйлесімді жүрген болса, 1993
жылдан Ресейдің экономикалық блогы үшін жауапты адамдар өз мақ
саттарын ғана күйттеуге көшіп, Қазақстанға қолма-қол ақша бөлуді
қайта-қайта кідірте берді, сөйтіп республикадағы әлеуметтік-саяси
ахуалға кейде тікелей, кейде жанама түрде ықпал жасауға айналды.
Көктемге қарай біз жалпы ақша алғанды қойдық. 1993 жылдың ма
мырында Ресей Үкіметі ТМД елдерін техникалық несиелеуді тоқтату
жөнінде шешім қабылдады. Мұның өзі бірден-ақ төлем жасамау
проблемасын туындатып жіберді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы қолма-қол
ақшасыз өзара есеп айырысумен қатар Ресейдің Орталық банкі
1993 жылғы үлгідегі жаңа банкноттарды басып шығаруға кірісті,
айырбас операциялары мен жаңа банкноттарды енгізу Сібір мен
Қиыр Шығыстан басталды. Үкіметпен және Орталық банкпен
келіссөз кезінде Ресей жағы бізді қолма-қол ақша немесе рубль
аймағының валютасы, жаңа банкноттарды басып шығару кезінде Қа
зақстанның мүддесі мен оның сұраныстары ескерілген, Кеңес Одағы
банкноттары (1961–1992 жылдардағы) бір сәтте, тартып ала қою жо
лымен ауыстырылмайды деп сендірді. Оған қоса жаңа үлгідегі банк
ноттарды енгізгеннен кейін Қазақстанның және рубль аймағындағы
Теңге – тірек
— 295 —
басқа да мемлекеттердің КСРО банкноттарына қазіргі сұранысы жақ
сырақ өтелетін болады, ал рубль аймағын құру кезінде ескі банкнот
тар Ресей Банкінің банкноттарына алмастырылады деп те сендірді.
1993 жылдың қаңтарында Давоста өткен Бүкіләлемдік экономи
калық форумда Виктор Черномырдиннің бізге жаңа банкноттарды
1 сәуірде береміз деп уәде еткеніне қарамастан, Ресей Қазақстанға
жаңа банкноттарды бөлмей қойды. Мұның өзі жалақы қарызын
бұрынғыдан да көбейтіп жіберді, өйткені Гознак фабрикалары
ның бәрі де Ресейдің жаңа валютасын басумен ғана айналысып
жатқан. Сөйтіп, Черномырдиннің ол уәдесі бірінші сәуір әзілі бо
лып шықты…
Сол жылдардағы оқиғалар менің «Ғасырлар тоғысында» атты
кітабымда егжей-тегжейлі жазылған. Бір үзіндісін келтірейін:
«Екінші рет 1993 жылы Давос экономикалық құрылтайында әң
гімелестік. В. Черномырдин екеуміз қатар отырып қалыппыз. Ауа
жұтуға тысқа шықтық. Әңгімені өзі бастады:
— Нұрсұлтан Әбішұлы, шамасы, 1 сәуірден жаңа ақша кіргіземіз.
Сен біліп қойсын деп айтып тұрмын. Қазақстан үшін қажетті мөлшер
де арнайы ақша бастырамыз. Ең болмағанда, оларға Қазақстанның
арнаулы белгісін саламыз.
— Виктор Степанович, бұл рас па?
— Рас.
Бірақ А. Шохин В. Черномырдиннен «жоғары» тұрған боп шықты.
1993 жылғы 26 шілдеде Ресей аяқастынан жаңа ақша шығарды. Сол
күні Ұлттық банкке республикаға қажетті барлық ақшаны бастырып
бітіруге бұйрық бердім.
Мәскеуге хабарластым:
— Виктор Степанович, біз ақшаны қашан аламыз?
— Жақында аласыздар.
Ұлттық банк төрағасы В. Геращенко шынын айтты:
— Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге керектің бәрін әзірлеп қойдым.
Басшылықтың пәрменін күтіп отырмын.
Әдейі айта кетейін, Виктор Геращенко Қазақстанды рубль ай
мағынан итеріп шығаруға ашық қарсы болды. Ол ең соңына дейін
бізге көмектесті. Тіпті теңгеміздің шығуына да жәрдемдесті.
Бірақ ақшаның келе қояр түрі жоқ… Сөйтсе, енді заңдарымызды
жақындастыруымыз керек екен. 20 тамызда мен тағы да Мәскеуге
барып, Б. Н. Ельцинмен ортақ рубльдік кеңістікте қалу туралы екінші
мәлімдемеге қол қойдық. Оған дейін Кеден туралы заңды өзгерттік.
Қаржыға байланысты заңдар Ресей заңдарымен сәйкестендірілді.
Ұлттық банк туралы заңға да өзгерістер енді.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 296 —
Рубль аймағы туралы сөйлесу үшін қыркүйекте Мәскеуге тағы
бардым. Рубль аймағы жайындағы ең соңғы келісімдерге қол қойыс
тық. Тек ратификация жасауымыз қалды. Дереу Алматыға қайтып
келіп, біздің Жоғарғы Кеңеспен таласқа түстім. Сендірдім. 12 қазанда
Қазақстан Жоғарғы Кеңесі рубль аймағы туралы барлық келісімдерді
бекітті. Премьер-министр С. А. Терещенконы Астраханьда жүрген
В. Черномырдинге жібердім. Тағы да келісімге қол жетті. Тағы да
бір апта күттік.
Түсініксіз бірдеңе басталды… 26 қарашада А. Шохин келді.
Екеуден-екеуміз. Бәсең дауыспен сөз бастады.
— Нұрсұлтан Әбішұлы, ұзап бара жатқан Ресей пойызының соңғы
вагонына (рубль аймағын айтып отыр) қарғып мінудің Сізге қажеті
қанша?
Мен теріме сыймай кеттім:
— Сіз кім боласыз? Черномырдиннен өкілдігіңіз бар ма?
— Сіз күшті басшысыз. Қазақстанның мүмкіндігі көп… Сіздер
бұл жағдайдан Ресейсіз де жақсы шыға аласыздар.
— Маған баға берудің керегі жоқ. Ресеймен қарым-қатынас жасау
керек пе, керек емес пе — оны жақсы білем. Турасын айт — біз рубль
аймағында боламыз ба, жоқ па?
— Бұл мүмкін емес.
Құдайы шыным, бәлкім, Александр Шохинге ренжудің қажеті
де жоқ шығар. Бәлкім, оның сондағы пікірі дұрыс та шығар. Жаман
айтпай, жақсы жоқ деген ғой. Өз мемлекетіңді құрып отырып, өз
ақшаңды шығармай болмайтын шығар. Ерте ме, кеш пе — әйтеуір
шығару керек қой. Бірақ мен Ресей бізбен экономикалық байланысын
бүйтіп бір сәтте үзе сала қоймас деп үміттеніп едім. Ақша — бүкіл
экономиканың қан тамыры. Ең болмаса, бізде орыс жұртының көп
екенін, олар ақша бірдей болмаса, Ресейдегі ағайын-тумаларымен
араласа да алмай қалатынын ескерер деп ойлағанмын. Әрі ақшаға
көшкен күнде де әуелі келісіп алып көшеміз ғой деп сенгенмін. Қа
зақстанға Ресей сияқты дос, экономикалық жағынан күшті ықпалдас
қандай қажет болса, Ресейге де экономикасы дамыған, күшті, демо
кратияшыл Қазақстан сондай қажет екеніне еш күмәнім қалмайтын.
Мынаны айта кетейін. 1992 жылдан бастап, Ресейдің пиғылы
анықталды. Олар батыс мамандарына сенді. «Чикаго балалары»
айтқанын істететінін мен білдім. Сол кездің өзінде мен тезірек өз
валютамызды енгізу керек екенін жасырмай айта бастадым. Жоғарғы
Кеңес депутаты, бұрынғы түсті металдар министрі Сауық Тәкежанов,
Ұлттық банк төрағасы Ғалым Байназаров, тағы басқалар бұл ойды
Теңге – тірек
— 297 —
қолдады. Ақылдаса келе, құпия түрде жұмыс тобын құрып, ұлттық
валюта жайын ойластыру тапсырылды. Бұл — біраз есеп-қисап
ты талап ететін мәселе. Оңай емес. Халықаралық валюта қорының
маманын шақырдық. Ресей рублінде қала тұру бізге қажеттігіне
қарамастан, бізді ақыры сыртта қалдыратынын білдім. Оның үстіне
өз валютаң болмаса, тәуелсіздіктің де тұғыры осал. Түбінде осы қа
дамымыз дұрыс шықты.
Сол жылдың маусымына қарай рубль аймағын құру жөнінде Ресей
үкіметімен келіссөзіміз тығырыққа түпкілікті тірелді, олар ақыр
аяғында рубль аймағының бұрынғы тұжырымдамасынан бас тарту
жөнінде шешім қабылдады. Алайда осы кезде ешкім күтпеген жай
орын алды. Рубль аймағына қатысушы елдердің арасында егер та
раптардың бірі рубль аймағынан шыққысы, өзінің валютасын енгіз
гісі келсе, онда өзге мемлекеттерді үш ай бұрын хабардар етуі тиіс
деген арнаулы келісімнің жасалғанына қарамастан, бүкіл рубльдік
кеңестікке пайдалану мақсатымен деп, 1993 жылдың 1 шілдесінде
Ресей іс жүзінде өзінің ұлттық валютасын енгізді.
Виктор Черномырдин маған осы жайында телефон соғып, біткен
істі хабарлаған күн — 30 маусымның таңы есіме түсіп тұр. Ресей осы
шешіммен қатар екі апта мерзім ішінде ұжымдық ақша жүйесінің
рубльді — Ресейдің жаңа валютасын пайдалануға негізделген прин
ципті және техникалық мәселелерін қарастыру жөнінде арнаулы
келіссөз жүргізуге әзір екені жөнінде мәлімдеме жасады. Ресей жаңа
тұрпаттағы рубль аймағын құру жөнінде нақты іс-шаралар туралы
келісімге қол қоюға дайын екенін де мәлімдеді, ондай келісім кейіннен
мемлекеттердің парламенттерінде бекітілуі тиіс. Бұл қадам біздің
Ресей лидерлеріне деген сенімімізге қатты селкеу түсірді, сол жолғы
«монеталық сатқындық» салқыны біздің қарым-қатынастарымызда
көпке дейін сезіліп тұрды.
Билік басындағылар осындай шешім жасағанымен, ортақ экономи
калық кеңістік қалыптастырудың өзіндік артықшылықтарын айқын
ұғынған адамдардың мұны құптамағандары да аз болмағаны анық.
Үкімет төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Сембаев маған мына
бір жайды айтып еді. Мәскеуде бірқатар министрліктер өкілдері
қатысқан жиында рубль аймағы жөнінде мәселе талқыланған екен.
Сонда Қазақстанға қойылған талаптардың орынсыздығына күйініп
кеткен бір әйел: «Господи, что же мы делаем, если Назарбаева вы
талкиваем» деп жыламсырай сөйлепті.
ТМД ауқымында мемлекеттер өздерінің валюталарын енгізгенге
дейін рубль аймағын сақтау жөнінде шартқа қол қойылғанымен,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 298 —
Ресей әу бастан-ақ бұрынғы КСРО-ның республикаларын рубль
аймағынан итеріп шығаруға әрекет жасаумен жүрді. Бұл атымен
әділетсіз қадам еді. Біз Ресейге сенім көрсеттік, арамыздағы тату
көршілік қарым-қатынастарға сендік. Бұл қадам Қазақстан үшін
ашық күнгі найзағайдай болды.
«БІЗГЕ КЕРЕГІ ДЕ СОЛ!»
В. С. Черномырдин маған телефон соққанда кабинетімде Әбіш
Кекілбаев отырған еді. Ол кезде мемлекеттік кеңесші қызметінде.
Әңгіменің ауанын байқап, бетіме таңырқай қарады. Мен де бір сәт
үнсіз қалдым. Қайтпек керек? Алдымен Дәулет Сембаевқа хабарлас
тым. «Бәрі бітті. Рубль аймағы енді жоқ» деп, телефонды орнына
қойдым. Әп-сәтте-ақ бойымды жинап алып, «Әй, өздеріңе жақсы
болса, солай-ақ болсын. Ендеше, бізге керегі де сол!» дедім де, қо
лымды бір сілтеп, орнымнан тұрып кеттім. Алдын ала дайындық
жасағанымыздың дұрыс екені тағы да анықталды.
Кішкене шегініс жасайын. Қазір біз ортақ нарық, елдеріміздің
жақын ықпалдасуы туралы айтып жатамыз. Мұндай ықпалдасудың
түпкілікті шешімі — эквивалентті немесе ортақ валюта. Кезінде біз
бір-бірімізбен келіскенімізде ол валютаның дүниеге келетін уақыты
жақындай түсер еді. Бірақ ол уақыт басқа. Әркім өз елінің тәуел
сіздігін ойлауға тиіс еді. Ресей бізден бөлектенсе, жағдайы жақсара
қалатындай көрді. Ал егемен республикалар «үлкен ағатайға» сен
беген күйінде тұрды.
Ал сол тұста жас Қазақстанның алдында екі айырық жол жатты:
біртұтас рубль аймағының қандай болатынын күтіп, көршіге көз
сүзіп қарап отыру, сөйтіп көршінің кепілі күйінде қала беру немесе
рубльдік «сыбайластықтан» құтылудың батыл қадамын жасау, төл
валютасын енгізіп, өз болашағы үшін барша жауапкершілікті өз
мойнына алу.
Бұл қиын таңдау еді. Ауыр шешім еді. Айналысқа түскен валю
таның орнықтылығын нықтау деген бір нәрсе. Ал қаржы жүйесін
жаңадан құру деген тіпті басқа нәрсе. Ол кезде мемлекетте тиісті
қаржы институттары қалыптаспаған еді, қаржы тетіктері болмады,
білікті кадрлар жетіспеді. Тиісті институттарды — Қаржы министр
лігін, Салық комитетін, Кеден комитетін, Ұлттық Банкті тез арада
жаңаша құру қажет еді. Бюджетті өз бетімізше жоспарлауды үйре
ну керек еді. Оның үстіне нарықтық қатынастарға бейімделген төл
Теңге – тірек
— 299 —
заңнамамыз да жоқ. Экономикалық проблемаларды шешу жөнінде
түбегейлі қадамдарды, міне, осындай жағдайда жасауға тура келген.
1992 жылдың көктемінде жаңа валютаның дизайнын жасату мақ
сатымен шығармашылық топ та құрылды. Бұл іс құпия ұсталды.
Жағдайдың төтендігі, жұмыстың жаңа сипаты шығармашылық топ
құрамына кірген бітімі бөлек тұлғалардың тарихи сәттің жауапкер
шілігі мен маңыздылығын сезінуіне әсер етті. Суретшілер Меңдібай
Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлелов, дизайнер Ти
мур Сүлейменов банкноттар мен шақа ақшалардың төрт нұсқасын
әзірледі. Барлық нұсқалар керемет әзірленді, кәсіби деңгейі де, төл
тумалық сипаты да тамаша шықты. Ұзақ талқылаудан кейін біздің
халқымыз үшін, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы үшін көп іс
тындырған атақты да тарихи тұлғалар бейнеленген нұсқаны таңдап
алдық. О баста 1 теңгелікте әл-Фараби, 3 теңгелікте Сүйінбай, 5 тең
гелікте Құрманғазы, 10 теңгелікте Шоқан, 20 теңгелікте Абай, 50 тең
гелікте Әбілқайыр, 100 теңгелікте Абылай хан бейнелері салынды.
Әуелде суретшілер бірінші президенттің, яғни менің бейнем са
лынған банкноттарды да ұсынды. Банкноттарда менің портретім са
лынғанына байланысты мынандай жағдай есіме түсіп тұр. Е. Асанбаев,
Т. Сүлейменов пен Ғ. Байназаров маған құны 50 теңгелік ақшаны көр
сетуге алып келіпті, бетіне менің бейнем салынған. Вице-президент
Ерік Асанбаев былай деді: «Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, тарихи тұлғасыз,
өйткені еркін Қазақстанның Тұңғыш Президентісіз. Сондықтан біз
теңгеге сіздің де портретіңізді салуды ұсынбақшымыз». Бұл сөзге мен
«Іс басында отырған Президент ретінде менің портретім банкнотта
бейнеленгенін қаламас едім» дедім. Бәріміз жаңағы ұсынысқа бір
күлісіп алдық та, ол нұсқадан бас тарттық.
Біздің тобымыз жұмыс істеп жатқан қала сыртындағы саяжайға
мен күн сайын кештетіп барып тұратынмын. Ақшаны қалай атай
мыз деген төңіректе біраз талас болды. «Сом» деп те, «ақша» деп
те, «теңге» деп те атау ұсынылды. Маған «алтын» деген атау көбірек
ұнайтын. Ақыр аяғында «теңгеге» тоқтадық, бұл атау орта ғасырлар
тарихынан алынған, ол кезде Қыпшақ даласында осылай аталған
шақа ақша айналымда жүрген. Әрі «деньги» мен «теңге» сөздерінің
түбірі бір. «Деньги» — түркизм.
Дегенмен, басты мәселе басқа еді. Ол кезде Қазақстанның өз банк
нот фабрикасы жоқ, ақшаның бәрі Мәскеуден тасылады. Мамандар
мен ақылдаса келіп, осынау ерекше тапсырысты Еуропадағы елдердің
біріне берген жөн деп шештік. Біздің таңдауымыз бұл салада аса мол
тәжірибе жинақтаған ағылшынның «Харрисон және ұлдары», «Томас
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 300 —
Де ля Ру» компанияларына түсті. Банкноттардың сапасы, келісім
шарттың қаржылық жағы және құпияны берік сақтайтыны ұнады.
Қазақстанның тапсырысты шетелге беруден басқа амалы қалмады.
Уақыт біздің қателеспегенімізді, дұрыс жолға түскенімізді көрсетті.
Жеті миллион долларға (бұл валютаны басып шығаруға берілген
төлем) тапсырылған көлемі дайындалған соң банкноттар республи
каға жасырын жағдайда жеткізілді. Төрт «ИЛ‑76» ұшағы Лондоннан
Оралға, одан облыстарға әрлі-берлі рейстер жасап тұрды. Тимур
Сүлейменов кейін маған ұшақтағы тау-тау болып үйілген ақшаның
арасындағы саңылауда жататынын айтқаны бар… Тиісті құжаттарға
«Мемлекет басшысының салынып жатқан резиденциясына керекті
мүлік» деп толтырдық. Ақшаны облыс орталықтарынан барлық ау
дандарға, сондағы банк бөлімшелеріне жеткізу өте жедел әрі мұқият
жүргізілді. Тегінде, дүниежүзінде жаңа ақшаны дәл осылайша тез
әрі табысты енгізген басқа ел жоқ та шығар.
Орасан мәнді жаңалықты бүкіл ел жаңа ақшаға көшуге іс жүзін
де екі тәулік қалғанда ғана естіді. 15 қараша күнгі таңғы сағат 8‑ден
бастап теңге енгізілді. Оған дейін осы шаруаның бірде-бір сыбысы
естілмегені соншалықты сүйсінтеді. Осының өзі біздің азаматтары
мыздың елдік сана деңгейіне көтерілгенін келісті көрсететін жай.
Әйтпесе, мен ұлттық валютаның идеясын айтқаннан бастап, оның
тұжырымдамасын ойластыруға, дизайнын жасауға, бастыратын елді
ақылдасуға, олармен шарт жасасуға, құнын төлеуге, бәлен ұшақпен
жасырын түрде Қазақстанға тасып әкелуге аз ғана топ қатысты де
геннің өзінде, елге жеткізілген ақшаны облыс орталықтарына, одан
аудан орталықтарына тасымалдаған, айырбас басталатын сағатқа
дейін сақтаған, күзеткен адамдардың саны онша аз болмағаны анық.
Солардың біреуінің болмаса біреуінен мемлекеттік құпияға қатысты
бір сыбыс шыққанның өзінде жағдай кәдімгідей қиындап қалуы
әбден мүмкін еді. Жобаға қатысты азаматтардың бәрі мұндай оқиға
ел тарихында бір-ақ рет болатынын айқын сезінді, жоғары жауап
кершілік танытты. Бұл операция Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
бақылауымен жүзеге асырылды. Мен құпияны ашып қойған адам
бірден қызметінен босатылып, сотқа берілетінін басын ашып айттым.
Мұның саяси маңызы бөлекше.
1993 жылғы қыркүйекте Ресей мен ТМД-ның басқа бес елінің ара
сында жаңа рубль аймағын құру қажеттігі жөнінде келісімге қол
қойылды. Бұл құжат жай ғана нысаншылдық еді, Ресейдің бұл ай
маққа ешкімді де қосқысы келмейтіні сол кездің өзінде-ақ белгілі.
Біздің өкілдеріміздің алдына атымен қабылдауға келмейтін шарттар
қойған кезде бұл тіпті айқындала түсті.
Теңге – тірек
— 301 —
Бір ай өткен соң, 1993 жылдың қарашасында мен өзімнің Жар
лығыммен Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі ресми үкімет комиссия
сының құрамын анықтадым. Премьер-министр Сергей Терещенко
басқаратын ол комиссия күн сайын дерлік отырыс өткізіп жүрді.
Комиссияның құрамына премьер-министрдің бірінші орынбаса
ры Д. Сембаев, қаржы министрі Е. Дербісов, экономика министрі
Б. Ізтілеуов, Ұлттық Банк төрағасы Ғ. Байназаров, Парламент коми
тетінің төрағасы С. Тәкежанов кірді. Комиссияға валютаны енгізу
жөніндегі бүкіл іс-шаралар кешеніне жауаптылық жүктелді, өте кең
өкілеттіктер берілді. Комиссия мүшелері лауазымдарының осыншама
биіктігі бұл мәселенің еліміз үшін қандайлық өткір екенін көрсетіп
тұр. Оған қоса, Д. Сембаев басқарған жұмыс тобы құрылды. Қанша
қағаз ақша керек және қандайлары керек деген сауалға жауап беру
үшін күрделі математикалық есеп жүргізілді. Комиссия мүшелерінің
шетелдік сарапшылармен сабағат алмасқан кезінде ағылшын эконо
мисі доктор Пейн бірден-ақ бізге кешегі Одақ кезінде көз үйренген
«жиырмабестіктер» емес, жиырма теңгелік керек дегенді айтты. Оның
есебі бойынша, алғашқы бетте ақшаның негізгі бөлігі айналымға
кетуі керек. Мұнан соң, сегіз айдың ішінде қағаз ақшаның тозаты
нын ескере келіп, ол жалбыраған банкноттарды алмастыру үшін
қанша ақша қажет болатынын есептеп берді. Кейін біз іс жүзінде
оның болжамдары барлық өлшемдер бойынша — әр номиналдың
саны бойынша да, қолма-қол ақшаның жалпы көлемі бойынша да,
инфляция бойынша да ақталғанына көз жеткіздік.
Комиссияның және жұмыс тобының мүшелері валютаның ен
гізілуінің ғана емес, оның қызмет етуінің де принциптері мен жағдай
ларын анықтауға, мемлекеттің ақша-несие саясатын өз бетімізше
жүзеге асырудың негіздерін белгілеуге тиіс еді. Әртүрлі нұсқалар
қарастырылды. Бір нұсқада Қазақстан рублінің номиналы 5, 10 және
50 мың рубльдік үш банкнотын енгізу, оларды Ресейде жасату көз
делді. Екінші нұсқада ең жоғары үш номиналды банкноттарды Ре
сейде жасату, одан кейін жағдай тұрақталғанша 1–2 жылға аралық
ұлттық валютаны енгізу, нағыз ұлттық валютаны одан кейін енгізу
көзделді. Үшінші нұсқа ұлттық валютаны рубльмен қатарластыра ен
гізуді қарастырды. Соңғы нұсқа — теңгені тікелей енгізу. Біз алғашқы
үш нұсқаны жарамсыз деп тауып, қабылдамай тастадық. Алдымен
аралық валютаны, одан кейін түпкілікті валютаны енгізу арқылы
халықты қайта-қайта қинай беруге болмайтын еді. Сондықтан да
талқылай-талқылай келіп, жұмыс тобы оның барлық кемшіліктері
мен артықшылықтарын пайымдаған кезде соңғы нұсқаны жақтап
бірауыздан дауыс берді.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 302 —
Артықшылықтардың басы ашық. Республика тәуелсіз ақша-несие
саясатын жүргізуді бірден-ақ бастап кете алады. Жаңа банкноттардың
бірнеше қорғалу деңгейі бар екені оны жалған жолмен жасап алу
мүмкіндігін азайтады. Ұлттық валютаны тікелей енгізу халықтың ақ
шасын бір рет ауыстыртады, оның үстіне 1990 жылдың желтоқсанында
номиналдары 50 және 100 рубльдік банкноттарды ауыстыру кезінде
қандай аласапыран басталғанын жұрт ұмыта қойған жоқ еді. Ақшаны
қалай ауыстыртатынымызды, бағамды қалай белгілейтінімізді, валю
таны енгізген кезде сыртқы әріптестермен қарым-қатынасымызды
қалай құратынымызды анықтау қажет болатын.
Валютаны енгізудің кемшіліктері де жоқ емес. Техникалық мәсе
лелердің барлығы, әсіресе шақаның қалай қолданылатыны әлі толық
пысықталмаған еді. Әуел беттен-ақ монета соғу мәселесінде қиындық
туды. Өскеменде салынып жатқан монета сарайы монетаның керекті
мөлшерін жылдың аяғына дейін соғып үлгермейтін еді. Сондықтан
жұмыс тобы аралық шара ретінде әуелі қағаз тиындар басу, содан
соң, монета сарайы дайын болған кезде айналымға шақа ақшаны
енгізу жөнінде шешім қабылдады.
Бұл шешім тұрғындардың жаңа валютаға психологиялық тұрғы
дан дайын еместігімен, адамдардың теңгені енгізуге тосырқай қара
уының нақты қаупі бар екендігімен де байланысты. Жаңа валютаны
қолдау үшін жүргізілетін қатаң ақша-кредит саясаты тұрғындардың,
депутаттардың арасынан жаңа валютаға қарсыларды да шығарады
деп оп-оңай болжай алар едік. Қысқа кезең ішінде ақша-кредит,
салық, бюджет, кеден және сыртқы сауда саясаттарының саласында
іс-шаралардың тұтас кешенін әзірлеу талап етілді, өйткені бір-ақ рет
әрекет жасауға болатын, ал уақыт өте аз қалған-ды.
1993 жылғы 5 қарашада мен «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөнін
дегі шұғыл шаралар туралы» Жарлыққа қол қойдым, онда ұлттық
валютаны енгізудің алдындағы қажетті қадамдар айқындалды. Бұл
шараның енгізілуі кеңес рубльдерінің айналымнан шығып қалған
банкноттарын Қазақстан аумағына заңсыз алып келу көлемінің қатты
өсіп кеткеніне байланысты еді, сырттан келген заңсыз ақша республи
каның қаржы жүйесін ыдыратып, онсыз да бас білдірмей бара жатқан
инфляцияны жеделдетіп, тұрғындардың әл-ауқатын нашарлата
түсетін. Мемлекет пен халықтың экономикалық мүдделерін қорғау
үшін банктерге жеке және заңды тұлғалардан 1961–1992 жылдар
аралығындағы банкноттар бойынша қолма-қол ақшаны арнаулы
шоттарға салу, Қазақстанның Ұлттық Банкінің қосымша нұсқауы
түскенше оларды жұмсауға құқы болмайтыны жайында жазбаша
өкім жіберілді.
Теңге – тірек
— 303 —
Бұл кезде мен қажетті дайындық іс-шаралары түгелдей аяқталды,
банк жүйесі ұлттық валютаны енгізуге әзір деген Мемлекеттік ко
миссия мүшелерінің барлығы қол қойған қорытындыны алған едім.
Мен саяси шешім қабылдап, валютаның енгізілетін күнін бел
гілеуім керек болды. Ол күнді 1993 жылғы 15 қараша деп белгіледік.
12 қарашада мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын
енгізу туралы» Жарлыққа қол қойдым, ол 13 қарашада жарияланды.
Мұнан көп бұрын өз валютасын енгізетіні жөнінде Қазақстан көрші
мемлекеттерді ашық та адал ескертті. Ол елдердің алғашқыларының
бірі Өзбекстан еді. Көршілес мемлекет те рубль аймағында біздегідей
проблемалармен бетпе-бет келіп жатқан болатын, оның үстіне бұл
ел маңызды әріптесіміз, экономикалық байланыстарымыз да тығыз.
Мен президент И. Каримовпен ұлттық валюталарды келісім бойын
ша, бір күнде, бір сағатта енгіземіз, бір-бірімізге зиян келтірмейміз
деп алдын ала уағдаластым. Дәл солай жасадық та. Өзбекстан өзінің
«сумын» 1993 жылғы 15 қарашада енгізді.
Жадымнан шықпас жұманың сол күнінде мен қатты толқыдым.
Қазақстанның барлық азаматтарын қазақстандық мемлекеттілікті
орнату жолында қолға алған ең батыл әрі түбегейлі қадам жөнінде
хабардар ету керек еді. Халық бұған қалай қарар екен? Осындай тө
тенше шараның қажеттілігін түсіне ме, мұны дұрыс қабылдай ма?
12 қараша күні кешке мен теледидар арқылы ел халқына сөз арна
дым, Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ұлттық валюта — теңге
енгізілетінін хабарладым.
Өз сөзімде мен мынандай төрт мәселеге назар аудардым:
Бірінші. Ресей рубль аймағынан өзі шықты, 26 шілдеден бастап
біздің валюталық жүйелеріміз бөлініп кетті, бізді жаңа рубль ай
мағына өткізбей жатыр, сондықтан да бұл қадам — мәжбүр қадам.
Екінші. Ұлттық валютаның енгізілуі Ресеймен және ТМД елдерімен
шаруашылық және басқа байланыстар үзіледі дегенді білдірмейді.
Үшінші. Бұл қадам республиканың экономикалық егемендігін
нығайту және тәуелсіз қаржылық саясат жүргізу үшін қажет.
Төртінші. Республика қолма-қол ақшаның жетіспеуінен қатты
қиындық көруде, бұл қадам — халықты қолма-қол ақшамен қамта
масыз етудің жалғыз жолы.
1993 жылғы 15 қарашада 08.00 сағаттан бастап Қазақстан аумағында
ұлттық валюта — теңге енгізілді.
Ол кезге дейін жаңа валютаның банкноттары мен монеталары
республиканың облыстары мен аудандарына жеткізілген. Бұрынғы
Одақтағы ақша реформаларының тәжірибесі ақша айырбастау тек
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 304 —
екінші деңгейдегі банктерде ғана өтпеуі керектігін, бұл іске пошта
бөлімшелері, жұмысшылары көп кәсіпорындар косылуға тиісті
гін көрсетеді. Теңгенің айырбас басталған бірінші күннен-ақ заңды
төлем құралы болуға тиіс. Рубль ақша айырбастауға деп белгілен
ген бес күннің бойында заңды төлем құралы ретінде қатар жүрді.
Бұл үшін рубльдің сол күндерде қаптап жұмсалуы мен тауарларды
шетінен сатып ала берудің алдын алу шараларын жүргізу керек.
Ұлттық валютаны қамтамасыз етудің жайы да ойластырылды, ол
төрт қайнардан — Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері, респуб
ликалық валюта қоры, сыртқы тұрақтандырушылық қор (егер ол
халықаралық ұйымдар тарапынан берілсе) және төлем балансының
оң сальдосы шығуы мүмкін деп қарастырылды. Мұнан кейінгі басты
міндет экспорт көлемін көбейту мен экспорттан валюталық түсімге
тәртіп орнату болды.
Кейіннен теңгенің еркін айырбасталуын қамтамасыз ету жағда
йына қол жетті. Бұл жай Халықаралық валюта қоры Келісімінің
VІІІ бабының шартына қосылу арқылы белгіленді. Осылайша Қа
зақстан қандай да бір валюта шектеуін енгізбеуге, қатарласпа валю
та бағамдарын қолданбауға, VІІІ баптың талабына қайшы келетін
екіжақты төлем келісімдерін жасаспауға немесе төлем балансына
байланысты себептер бойынша импортқа шектеу енгізуге міндеттенді.
Бұған дейінгі біздің күш-жігеріміз негізінен экономикалық пробле
маларды шешуге жұмылдырылды, ал өзіміздің ұлттық валютамызды
енгізгеннен кейін олар мүлдем жаңа мәнге ие болды. Экономикалық
қана емес, саяси жағынан да ірі осынау әрекет Қазақстан қоғамының
өміріндегі көптеген құбылыстарға жаңаша қарауды, мемлекеттік әрі
таза адами мүдделерді де ескере отырып, басталған реформаларды
сапалық жаңа ұстанымдар тұрғысынан тереңдетуді қамтамасыз ету
үшін бағытымызды қайтадан ой елегінен өткізіп, белгілі бір түзетулер
енгізуді талап етті. Төл валютамызды енгізу жағдайындағы халықтың
күрделі экономикалық ахуалға біртіндеп бой үйретуі мақсатымен біз
ақша құнсыздануының жаңадан шиыршық атуын болдырмау үшін
аса маңызды тауарлар мен қызметтердің бағасын уақытша реттеуге
шешім алдық.
Ұлттық валюта тәуелсіздіктің өзіндік бір символына айналды.
Теңгені енгізу өте ауыр экономикалық ахуалда жүргізілді. Ол жылы
гиперинфляцияның деңгейі 2 500 пайызға жетіп, ішкі жалпы өнімнің
көлемі алдындағы 1992 жылмен салыстырғанда 40 пайызға төмен
деп кетіп, өндіріс көлемінің құлдырауы 9,2 пайызға барған еді.
1 доллардың құны 990 рубльге теңескен болатын. Әлеуметтік және
Теңге – тірек
— 305 —
қаржылық коллапстың қатері айқын көрініп тұрды. Сондықтан да
ұлттық валютаны енгізу тұтыну нарығын, сол арқылы ел экономи
касын, тұрғындардың әл-ауқатын экономикалық апаттан құтқарып
қалу жолындағы қадам деп қаралуы тиіс.
Жалпы, 1993 жыл ел тарихына дербес экономикалық саясат
жүргізудің бастауы ретінде енді. Тәуелсіздіктің таңсәрі шағы бізді
көп нәрсеге үйретті. Солардың ең бастысы — қуатты экономика
жасалмайынша, саяси даму өте шатқаяқтап жүретінін, халықтың
наразылығын туғызып, ел жағдайын тұрақсыздандыруы мүмкін
екенін нақты көрсетіп бергені. Ал қуатты экономика жасаудың басты
жолы — мүлікке сенімді қожайын қалыптастыру. Меншік иелерін
дүниеге алып келу керек еді.
— 306 —
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ:
ЖАЛПЫДАН — ЖАЛҚЫҒА
ЕҢ ҚАЙШЫЛЫҚТЫ КЕЗЕҢ
«Социализм мен коммунизм өрлеп тұрған дәуірде жұрттың ау
зынан «ұлт меншігіне алу» («национализация») түспейтін. Дамудың
әмбебап рецепті сол болатын. Мемлекет өндіріс құралдарына иелік
етсе, онда бүкіл түсім соған келеді, делдалдар мен өзімшіл меншік
иелеріне тимейді деген сенім орныққан еді. Мемлекет бақылауымен
өндірілген байлық ашкөз пысықайларға бұйырмайды, ол байлықты
жұмысшылар үкіметі өз қолына алып, қоғамның барлық мүше
лерінің арасында адал да әділ бөліп береді делінетін. Алайда бұл
ұстаным бірқатар себептерге байланысты жүзеге аспады да, сағат тілі
кері аунап кетті. Жекешелендіру мен ұлт меншігінен алу идеялары
қайтадан байыпты түрде қарала бастады. Малайзияда мемлекеттік
кәсіпорындар көп емес еді, алайда олардың бірде-бірі тиімді жұмыс
істемейтін, содан барып біз оларды жеке корпорациялар ретінде
басқаруды ойластырдық. Мемлекеттік және жеке кәсіпорынның
басты айырмашылығы — жеке кәсіпорынның пайда алуға мақсатты
түрде ұмтылатыны».
Бұл сөздің иесі — Малайзияның премьер-министрі қызметін 1981–
2003 жылдар аралығында атқарып, өз елін ең қарқынды дамыған
елдердің қатарына шығарып берген ірі реформатор Махатхир Мо
хамад. Тоқсан үш жасында үкімет басына қайта келіп, әлемді қайран
қалдырған қайраткердің: «Ынталандыру тетігі пайда табу болғанда
кәсіпорын иелері де, жұмысшылар да, басқарушылар да жанын сала
еңбек етеді» дегені де бар.
Біздің қазақ та кем айтпаған сияқты. «Өзімдікі дегенде өгіз қара
күшім бар» дейді халық мақалы.
Жеке мүдде — ұлы күш.
Жекешелендіруге біз осылай қарадық. Оны салған беттен қолға
алдық. Бірақ жолы оңай болмады.
Тәуелсіздік тарихындағы ең қайшылықты кезең қайсысы деген
сұрақ қойылса, мен жекешелендіру кезеңі деп айтар едім.
Жекешелендіру: жалпыдан — жалқыға
— 307 —
Меншік бөлу қай заманда да, қай қоғамда да дау-дамайдың арқа
уына айналып, талас-тартыспен өтіп отырған. Рим империясы тұ
сында астықтың негізгі бөлігі императордың меншігіндегі алқаптарда
өндіріліпті де, сол жұмыстың орындалуын бақылау үшін тиісті мем
лекеттік мекемелер құрылыпты. Сол мекемелердегі бюрократияны
ұстаудың шығыны империяның құлдырауына алып келген себеп
тердің бірі деп те айтылады. Қытайдағы Мин әулеті кезінде өңдеу
өнеркәсібі жекешелендірілген екен. Мұның өзі оның алдындағы Сун
әулетінің орынсыз қатал мемлекеттік бақылауынан кейін жасалған
қадам көрінеді. Тарихқа тым тереңдемей-ақ, өткен ғасырдың сек
сенінші жылдарында М. Тэтчер жүргізген жекешелендірудің өзі елде
қандайлық қарсылық туғызғанын, металлургтердің, шахтерлердің
кәсіптік одақтарымен тірес кезіндегі табандылығы үшін оның «темір
леди» атанғанын ұмыта қойған жоқпыз.
Бұрынғы социалистік елдердің бірде-біреуінде жекешелендіру
кезеңіне басы айқын баға беріліп көрмеген. Польшадан, Венгрия мен
Чехиядан біздің ерекшелігіміз — жекешелендіруді мемлекеттік инсти
туттарды құрумен бір мезгілде жүргізгеніміз. Шығыс Еуропаға батыс
инвесторлары өздерінің өндіріс орындарын ауыстыруға дайын тұрып,
мемлекеттік меншіктің тезірек сатылуына мүдделі қолдау көрсетті.
Жекешелендіруді бізден бұрын бастап кеткен Ресей бұл іске қа
жетті заңнамалық базаны КСРО тарамай тұрып-ақ жасап алған-ды.
Соның өзінде олар да көп қиындыққа кездесті. Боливиядағы, Поль
шадағы, Ресейдегі «естен тандыра емдеу» саясаты тұжырымдамасы
ның авторы — америкалық экономист Джеффри Сакс көршілеріміз
дегі жекешелендіру негізінен аз ғана топтың мүддесіне орайласты
рылып жүргізілді деп санайды. Ол кезінде «Независимая газетаға»:
«Бізді ұятқа қалдырған басты нәрсе — реформаторлар риторикасы
мен олардың нақты істерінің арасындағы орасан алшақтық… Менің
ойымша, ресейлік басшылық марксшілдердің капитализм туралы
ең бір қиял дерліктей түсініктерінен де асып түсті: олар мемлекеттің
шаруасы капиталистердің шағын тобына қызмет ету, әлгілердің қал
тасына неғұрлым көп ақша салу және сол ақшаны неғұрлым тезірек
салу деп ұқты. Бұл естен тандыра емдеу емес. Бұл — байлықты ат
төбеліндей аз топтың мүддесі үшін кең көлемде қайта бөлуді мақсат
тұтқан қасақана, әдейі жасалған, жақсы ойластырылған акция» деп
жазған. Осы ойды тиянақтау үшін бір ғана деректі — жекешелендіру
барысында Ресей бюджеті осы істен Венгрия бюджеті түсіргеннен
кем қаражат тапқанын айтсақ та, жетіп жатыр. Әйтпесе, Ресей қайда,
Венгрия қайда! Ресей экономикасы сол кездің өзінде Венгрия эконо
микасын он орап алатын еді. Әлсіреген күнінде де солай болатын.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 308 —
Негізінде, оның алдындағы КСРО экономикасы қуаты жағынан әлем
дегі екінші экономика екенін де ұмытпау жөн. Әлемдік өнеркәсіп
өндірісінің 20 пайызы КСРО экономикасының үлесіне тиетін. Оның
әлеуетін тоқырау тұсындағы, қайта құру кезеңіндегі берекесіздік бо
саңсытып жіберген. Бұған коммунистерді, сол партияны басыбүтін
кінәлаудың да қисыны келмейді. Мәселе кім басқаруда емес, қалай
басқаруда. Мұның нақты мысалы — Қытайдың қазіргі шарықтауы.
Ал ол шарықтаудың көп себебінің бірі — экономикадағы жеке сек
тордың үлесінің артуы.
Социализм тұсында да бәрі бірдей жаман болған жоқ, талай жақсы
нәрсе болды деп айтқанмын, айтамын да. Бірақ сол жақсы нәрсенің
бәрін елдегі иесіздік, яғни меншіктің жоқтығы, жанашыр қожайын
ның жоқтығы теріске шығарып жіберді. Жақсы істесең де, орташа
істесең де, нашар істесең де — штаттық кестедегі бірдей айлықты алып
жүре беру, озып шыққанда «Социалистік жарыстың жеңімпазы» ата
ну, құрмет грамотасын алу, тіпті суырылғанда кеудеге медаль, орден
тағу адамдарды жұмысқа тиісінше құлшындырмайтынына көзіміз
әбден жетті. КСРО ыдырамай тұрғанда, атап айтқанда, 1991 жыл-
дың 11 маусымында, барлық деңгейдегі партия-шаруашылық активі
нің қысымына қарамай-ақ, біз Қазақстан компартиясы Орталық
комитеті Саяси бюросының «Қазақ КСР-інде мемлекеттік меншікті
қайта жаңарту мәселесіндегі Қазақстан компартиясының ұстанымы
туралы» қаулы қабылдағанбыз, оның басына: «ҚКП ОК Саяси бюросы
мемлекеттік меншікті қайта жаңарту ісінде табанды және салиқалы
саясат жүргізудің бөлекше маңыздылығына назар аударады. Бұл
процесс қоғамдық құрылыстың негізін қозғайды, билік жөніндегі
мәселеге тікелей қатысты» деп жазғанбыз. Оның себебі — партия
қайраткерлері меншікті өзгерту, нарыққа көшу идеяларына атымен
қарсы болды. 1991 жылғы 27 наурызда «Литературная газетада»
«Назарбаевтың командасында алауыздық бар ма?» («Раскол в ко
манде Назарбаева?») деген тақырыппен мақала жарияланды. Сонда
Целиноград обкомының бірінші хатшысы А. Г. Браун: «Назарбаев
бізді Оңтүстік Кореяға жіберіп, нарық дегеннің не екенін көрсетпек
сияқты. Бұрынғы жүйе еңбекшілердің мүддесін қорғайтын. Өстіп
жүріп монстр жасап алмайық тағы. Америкалықтар, ағылшындар
тонаған, сөйтіп барып байыған ғой…» дейді. Қостанай обкомының
бірінші хатшысы Н. Т. Князев менің шетелдік кеңесшілерді жұмысқа
шақырғанымды меңзеп: «Бұл ғалымдар нақты өмірден ештеңе де
түсінбейді! Фермада, адамдармен күнде кездесіп жүрген — мына біз!»
дейді. Міне, тәуелсіздік табалдырығын аттарда менің айналамдағы
адамдардың нарыққа көзқарасы осындай болатын.
Жекешелендіру: жалпыдан — жалқыға
— 309 —
Сондықтан да, өз билігіміз өзімізге тиген соң-ақ әлеуметтік-
экономикалық реформаларды тереңдетудің міндетті бір шарты
ретінде жекешелендіруді қолға алу қажет еді. Алайда біз бұл жұ
мысқа бірден кірісіп кете алған жоқпыз. Өйткені объективті себеп
тер бойынша, 1992 жылдың басынан бастап біздің үкіметіміз Ресей
еріксіз таңған ойын тәсілін қабылдауға мәжбүр етілді. Екі үкімет те
экономиканы ырықтандыруды, ақша-қаржы жүйесін тұрақтанды
руды қатар жүзеге асыруға ұмтылды. Өмір аз уақыттың аясында екі
мақсатқа қатарынан қол жеткізу мүмкін еместігін көрсетіп берді.
Сөйтіп, біз жекешелендіруді іс жүзінде 1993 жылдың басынан ғана
қолға алдық.
Кең ауқымды жекешелендіру — аса маңызды процесс. Ол —
қоғамдағы институттық өзгеріс. Экономикалық реформаның орта
лық буыны да сол. Мұндай күрделі салада жұмысты волюнтаристік
әрекеттерсіз, дәлме-дәл әрі мұқият жасалған тұжырымдаманың
негізінде жүргізу керек. Меншікті таратып беру деген қиын емес,
мәселе таратылған меншіктің жайы кейіннен не болатынында. Біз
жұрттың бәрін меншік иесі ету әрекеттері, олардың бәрін өндірістің
қожалары ету әрекеттері сәтсіздікке ұшыраған мысалдардың талайын
білеміз. Адам деген әрқилы жаратылған қой. Адамдардың бәрі бірдей
меншіктің иесі, мүліктің қожайыны, жұмыстың ұйымдастырушысы
болып кете алмайды. Меншік иесі жан аямай жұмыс істеуі керек,
басқара білуі керек, іске жаны ашуы керек, белгілі бір дәрежеде өзінің
капиталын, жағдайын, келешегін тәуекелге тігуі керек. Жұрттың бәрі
осыған қабілетті дей алмайсыз. Бірақ солай екен деп біреудің өзін
көрсетуіне мүмкіндік беріліп, екінші біреуге ондай мүмкіндіктің
берілмеуі де әділеттілікке жатпайды. Бастапқыда баршаға жағдай
бірдей жасалуы керек.
Мен бекіткен меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелен
діру бағдарламасында сауда, тұрмыстық қызмет, коммуналдық
шаруашылық, тұрғын үй кәсіпорындары, одан кейін өнеркәсіп,
құрылыс, ауыл шаруашылығы сияқты ірілеу салалар, одан кейін
индустрияның ірі кәсіпорындары кезең-кезеңімен түзілді. Инфляция
ның жедел қарқын алып бара жатқанын және тұрғындардың жеке
шелендіру үшін қаражаты жоқтығын ескере келіп, Қазақстанда бүкіл
тұрғындарға, ешкімді де қалдырмай, тұрғын үйді жекешелендіруге
қатысқанда төлем құралы бола алатын тұрғын үй жекешелендіру
купондары таратылып берілді. Бұл бағдарлама жұртшылықтың
бастамашылдығын ынталандырып қана қойған жоқ, сонымен қатар,
халықтың көңілінде жекешелендіру барысында мемлекеттің мүлкі
әділ бөлінеді деген үміт отын да оятты.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 310 —
1993 жылдың басында үкімет жекешелендірудің 2–3 жылға ар
налған мемлекеттік бағдарламасын даярлады. Ол бойынша шағын
жекешелендіру, жаппай жекешелендіру және жеке жобалар бойын
ша ірі индустрияны жекешелендіру басталатын болып белгіленді.
Бұл айтуға ғана оңай. Қазақстанда мұндай іс-шара бұрын ешқашан
жүргізілмеген. Ресейде де, бізге жақын басқа елдерде де жекешелен
діру тәжірибесі жоқ еді. Олар да бәрін жаңадан бастап жатыр. Әуелде
үй іргесіндегі, саяжайлық жерді сату онша қиынға түскен жоқ. Кәсіп
орындардың жағдайы басқаша. Олардың алды тоқтай бастады, жұмыс
істеп тұрғандары өнімдерін қоймаларға үйе бастады. Ел бойынша
жүздеген мың адам жұмыссыз қалды. Сол бір күрделі жағдайда
қай кәсіпорынның шын бағасы қандай екенін, болашағының бар-
жоғын дәл анықтау да қиын еді. Көптеген өнеркәсіп орындары тозығы
жеткен құрал-жабдықпен толып тұрған өндірістік және әкімшілік
ғимараттар ғана. Кәсіпорындардың көпшілігі қыруар қарызға белше
сінен батқан. Оларда пайда түсіретін өнім шығару көп күш-жігерді
қажет ететін. Жағдайды тұрақтандыруға бағытталған тез де тиімді
шараларды жүзеге асыру керек болды. Ол кезде жаппай сипат алған
талан-тараж бен ысырап та бір жағынан мемлекет меншігінен айыру
мен жекешелендіру үдерісін жеделдетіп жіберген жайттардың қата
рында. Ал жеделдете жүргізілген жерде қателік кетпей қоймайды.
Жекешелендірудің бас кезіндегі қателіктеріміздің себебі неде?
Себебі қарапайым — бәрі де жаңадан іске асырылып жатты. Өмірдің
нарыққа қарай күрт бет бұруын алғашында түсінбей, сенімсіздікпен
қабылдағанына адамдар кінәлі емес еді. Сондықтан адамдарды
қоғамдық жұмысқа тарту, оларға ілгерішіл өзгерістер мен жаңа
лықтарды таныту маңызды болды. Ал жекешелендіруді жүргізуі
тиіс адамдардың өзі, әрине, сол қоғамның өзінен, сол адамдардың
арасынан шыққан.
Бұл істің біздің елдегі алғашқы белесі туралы жазылған салиқалы
еңбектердің бірі — Владислав Ермаковичтің, Петр Козаржевскийдің,
Юлиан Панькувтің «Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру»
атты зерттеуі. Бұл авторлар — Біріккен Ұлттар Ұйымының даму
бағдарламасы (ПРООН) бойынша Қазақстан Республикасының мем
лекеттік меншікті басқару жөніндегі комитетінің консультанттары
болып жұмыс істеген, осы істің басы-қасында жүрген мамандар.
Ағылшын тілінен аударылып, 1996 жылы Варшавада жарық көрген
осы еңбекті жақында тағы бір қарап шықтым. «1991 жылы Қазақстан
Республикасының үкіметі түбегейлі экономикалық реформалар
бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті, бұл істе жекешелендіру Қа
зақстан экономикасын жаңғыртудың қозғаушы күшіне әрі маңызды
Жекешелендіру: жалпыдан — жалқыға
— 311 —
тетіктерінің біріне айналуы тиіс еді. Экономиканы трансформа
циялау жөніндегі барлық күш-жігердің табыстылығына жол ашар
кілт — мемлекетке тиісті активтердің жеке сектордың қолына жылдам
тапсырылуы деп шешілді. Осы мақсатқа қол жеткізу оңай шаруа
болмай шықты» деп басталады зерттеу. Айтқандары рас.
Шетелдік сарапшылардың пікірінше, дүниежүзінде әлі ешкім
де жекешелендірумен Қазақстандағыдай күрделі жағдайда айна
лыспаған көрінеді. Жұрт жекешелендіруден не күтті? Тұтыну ба
зарының арзан тауарлармен және қызметтермен жедел молығуын,
мемлекеттік бюджетке қомақты ақша түсуін әрі сонымен бірге бәрін
қамтитын әлеуметтік әділеттілікке міндетті түрде қол жеткізілуін
күтті. Бірақ жекешелендіру осы проблемалардың бәрін өздігінен
шеше алмайтынын о бастан-ақ анық түсінуіміз керек еді. Оның үстіне,
дүниежүзілік тәжірибе жекешелендіру, кез келген түбегейлі реформа
сияқты, алғашқы кезеңде экономикалық жағдайдың елеулі нашарла
уына апарып соғатынын көрсетеді, ал шаруашылық байланыстары
жүйесінде де қайта құруды талап етіп отырған біздің жағдайда бұл
тіпті болмай қоймайтын нәрсе. Қысқасы, тәуелсіздік табалдырығында
бізді алда қоғамның материалдық жағынан жіктелуі, кәсіпорын
дардың банкроттығы, жұмыссыздық, тұрмыс деңгейінің төмендеуі
сияқты үлкен қиындықтар күтіп тұрды. Осының барлығын бастан
өткізіп, еңсеруіміз керек еді.
Біздің еріксіз жіберілген әрбір қатеміз үшін төмпештеп қалуға
тырысатын сыншыларымыз да аз табылмайтынын әуел беттен-ақ
білгенбіз. Бірақ сынау оңай, ал іс тындыру одан әлдеқайда қиынырақ.
Қазақстанда жекешелендіру егемендік жолына бірге түскен өзге
елдерден де оқшаулау өтті. Неге?
1991 жылы біздің елдегі жұмысқа қабілетті адамдардың 87 па
йызы мемлекеттік секторда, оның ішінде 75 пайызы мемлекеттік
кәсіпорындарда жұмыс істеген. Қалған 13 пайызы кооперативтік
секторда, бірақ олардың да мемлекеттік сектордағыдан айырма
сы аз еді. Мемлекеттік мекемелердің материалдық активтерінің
баланстық құны 1991 жылдың аяғында 200 млрд. сомға тең немесе
Қазақстанның әр тұрғынына 11 мың сомнан келетін. Ол кезде, яғни
жекешелендіру бағдарламасын бастарда елімізде 21 мыңға жуық
мемлекеттік кәсіпорын бар-ды. Әр тұрғынның үлесіне тиетін негізгі
қорлардың Қазақстандағы құны Орта Азия (ол кезде осылай — Орта
Азия республикалары және Қазақстан деп айтылатын) республика
ларындағыдан 70 пайызға жоғары еді. Бұл көрсеткіш жөнінен Қа
зақстан Украинадан, Кавказ республикаларынан да биіктеу тұратын.
Сондықтан Қазақстан экономикасы капиталға айналуы жағынан
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 312 —
салыстырмалы түрде алғанда салмақтырақ болды, мұның өзі же
кешелендіру барысында қайта құрылымдауға қатысты анағұрлым
едәуір күш-жігер жұмсауды талап етті.
«Қазақстанды егеменді мемлекет есебінде қалыптастыру мен да
мытудың стратегиясында» мен барлық мемлекеттік активтердің 60–70
пайызы жеке меншікке өтуі тиіс деген міндет қойдым. 1993 жылдың
басына қарай 5 мыңға жуық нысан жекешелендірілді. Купонды меха
низмді қолдану арқылы тұрғын үй қорын жекешелендіру ең жылдам
әрі сәтті шара болды. Азын-аулақ төлемге қазақстандықтар сол кезде
өздері тұрып жатқан пәтерлерін жекешелендіріп алды. Олар енді
оны еркін нарықтық бағаға сәйкес сатып, басқасын ала алатын. Біздің
бұл істі жұртшылықтың жанына жағатын, ұғымына жақын жай
лардан бастағанымыз — үй іргесіндегі, саяжайдағы жер телімдерін,
ең бастысы — пәтерлерді азаматтардың иелігіне бергеніміз үлкен
көмек еді. Миллиондаған адамдар алғаш рет өздерін меншік иесі
сезінді. Дегенмен, мәселенің мәселесі меншікті мемлекет иелігінен
алуға келіп тірелетін.
Өндірістің құлдырауы, қаржылық нәрлендірудің ескі арналары
ның жойылуы бюджеттің кіріс бөлігін бірден кемітіп жіберді. Соның
салдарынан мемлекет өзінің шығындарын қатты қысқартуға мәжбүр
болды, ал бұл әлеуметтік салаға қатты әсер етті және халықтың тұр
мыс деңгейінің күрт төмендеуіне соқтырды. Мұның бәрі экономика
ны тұрақтандыру мен тез арада нарыққа көшу жөніндегі шұғыл әрі
батыл шараларды қажет етті. Осы мақсатпен бағаны ырықтандыру,
мемлекет иелігінен алу және жаппай жекешелендіру мен басқа да
қадамдар жасалды. Бірақ бұл айтылғаннан жекешелендіру бюджет
тапшылығына байланысты ғана қолға алынған дегендей аңғырт ой
шықпауы тиіс. Мемлекетке ақша керек болғаны рас, жекешелен
діруден түсетін қаржы есебінен жалақы, жәрдемақы, зейнетақы,
шәкіртақы төлеу ойластырылғаны рас, бірақ сол кездің өзінде біздің
түпкі мақсатымыз жалпы меншікті жалқы меншікке, яғни жаппай
иеленуді нақты иеленуге көшіру еді.
Кешегі өткен кеңес заманының тарих сахнасынан кетуінің басты
себебінің бірі — жаппай иесіздік. Қоғамдық меншік дегеннің өзі шын
мәнінде меншіксіздік, яғни кәдімгі иесіздік қой. «Өзіңдікі өзіңе, оттай
ыстық көзіңе» деген бар ғой. Қожайын керек. Неге болса да. Мүлікке
де. Үйге де. Жұмыс орнына да. Сонда ғана адамның жеке басының
мүдделілігі басталады.
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы өзекті бағыты
мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру еді. Экономиканы рефор
малау, оны дағдарысты жағдайдан шығару меншік қатынастарын тү
Жекешелендіру: жалпыдан — жалқыға
— 313 —
бегейлі өзгертпейінше мүмкін емесі айдан анық. Мемлекет иелігінен
алу мен жекешелендірудің қандай саяси, экономикалық, әлеуметтік
бағдарларды көздейтіні, таяудағы және одан арғы болашақта жұртты
қандай өмір күтіп тұрғаны Қазақстанның барлық азаматтарын өте-мө
те алаңдатты. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық
бағдарламасын отандастарымыздың оң қабылдауы өте маңызды еді.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің алғашқы кезеңінде
белгіленген шептерге толық қол жеткізе алмағанымызды мойында
уымыз керек. 1993 жылдың аяғына қарай республикада 1991 жылғы
баға бойынша құны 41 миллиард сомға жуық деп бағаланған 6 198
нысан өзгертілді. Жекешелендірілген кәсіпорындарда 767 мың адам іс
жүзінде меншік иелеріне айналды, бұл — оларда жұмыс істеушілер
санының 12 пайызы. Сауда және тұрмыстық қызмет көрсету ны
сандарын жекешелендіру жөніндегі белгіленген жоспарлар орын
далған жоқ. Мысалы, саудада жекешелендірілген кәсіпорындардың
үлесіне бөлшек тауар айналымының небәрі 4,5 пайызы ғана келді.
Тұрмыстық қызмет көрсетудегі мемлекеттік емес сектор белгіленген
50 пайыздың орнына тек 21 пайызға ғана тұрмыс қажетін өтейтін.
Басқаша айтқанда, біз әуелде мақсаттың ең бастысына — халықтың
басым көпшілігінің экономикадағы нарықтық өзгерістердің маңы
зын терең түсінуіне, өз ісін ұйымдастыра білетініне сенуіне, тота
литарлық режим кезінде айырылып қалған қожайын, меншік иесі
сезімін қайта иеленуіне жете алмадық. Тіпті, шынын айтсақ, о баста
жекешелендіруге негізінен кәсіпорындар мен мемлекеттік басқару
органдарының басшы қызметкерлері нақты мүдделі еді. Көптеген
себептерге байланысты жұртшылықтың белгілі бір бөлігі селқостық
танытуы олардың талайына тіпті қолайлы да еді, өйткені ол әртүрлі
қулық-сұмдықтарға жол ашатын.
Неге бұлай болды? Ең алдымен, экономикалық, әлеуметтік, сон
дай-ақ таза саяси тұрғыдан алғанда да осындай ауқымы кең және
ерекше күрделі шараны іске асырудағы тәжірибенің жоқтығы әсер
етті. Мысалы, істің құқықтық жағын алып қарайық. Меншік қатынас
тарын реттейтін қабылданған заңдар топтамасында жекешелендіру
үдерісіне кедергі келтіріп, сатушыны да, сондай-ақ тұтынушыны да
көбінесе тығырыққа тірейтін көптеген қайшылықтарға жол берілді.
«Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық депутаттары
ның жергілікті Кеңестері туралы», «Қазақ КСР-інің меншігі туралы»
заңдар жекешелендіру үдерісімен үйлеспеді. Тіпті «Мемлекет иелігі
нен алу және жекешелендіру туралы» заңның өзі де көп түзетулерді
қажет етті.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 314 —
Ал, жарайды, әуел бетте білместіктен, тиісті институттар қалып
таспағандықтан қателіктер кетті дейік. Сонда біз жекешелендіруді
мемлекеттік институттар түпкілікті қалыптасқанға дейін шегеріп тұра
алар ма едік? Көршілес Өзбекстанның тәжірибесі (ол ағайындардың
нарыққа бізден гөрі жақындау болғаны анық қой) меншік иелерін
қалыптастыруды кейінге шегеру біздің экономикалық жағдайымыз
ды қиындатып жіберуі мүмкін екенін көрсетіп берді. Біз тәуелсіздік
ке кеңес мемлекетімен бірге тарих қойнауына сіңіп кеткен тиімсіз
әскери-өнеркәсіптік экономика үшін бәсекеге шыдас бере алмайтын
және жеріне жеткізілмеген өнім өндіретін алып кәсіпорындармен
келіп кірдік.
Егер жекешелендіруге баға берсек, мен, біріншіден, мұның Қа
зақстан үшін мыңдаған дербес даму нүктелерін ашқан нәтижелі де
бастамашыл меншік иелерін қалыптастырудың тарихи үдерісі болға
нын айтар едім. Жекешелендіру жаңа экономикалық және қоғамдық
қатынастарға жол ашты. «Естен тандыра емдейтін» шаралар арқылы
мемлекет әуел бастан-ақ өнеркәсіптік мүдделі қолдаушылардың
ығында кетпейтінін, залалмен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
қолдан сүйемейтінін ашық аңғартқан.
Екіншіден, жекешелендіру кезінде жіберілген қателіктер біздің
бәріміз үшін үлкен сабақ болды. Жекешелендіру инвестициялық
купондары арқылы жаңадан шыққан қазақстандық бизнесмендерді
қолдаған мемлекет инвестициялық қорлардың қызмет аясының
заңнамалық негізін жасамады, қор меңгерушілеріне қойылатын
қаржылық және кәсіби талаптарды айқындамады, олардың салымшы
лар алдындағы жауапкершілігінің деңгейін белгілемеді. Кейіннен
жекешелендірудің осы кезеңінің күйрей қирауынан халықтың сен
беушілігі мен түңілушілігін еңсеру жөнінде мемлекеттің көп жұмыс
жүргізуіне тура келді.
ҚАТЕЛІКТЕР ҚҰРСАУЫНДА
Жаңа жұмыс болған соң қателіктер мен жаңылыс басулар да орын
алды. Мысалы, жекешелендіру инвестициялық купондарына артқан
үмітіміз ақталмады. Халыққа купондар таратылып берілуін берілді.
Олар купондарды кәсіпорындар акцияларын сатып алатын инвести
циялық қорларға салуын салды. Бірақ ақыр аяғында мұның бәрі әлгі
қорлардың өз активтерін өздерінің бүркеншік фирмалары арқылы
шығарып алуымен тынды. Мұны істегендер неге жауапқа тартылмады
деген сұрақ туар? Айтайын. Дәл сол кездегі заңнама бойынша бұл
Жекешелендіру: жалпыдан — жалқыға
— 315 —
заң бұзушылыққа жатпайтын, кәдімгі коммерциялық қадам болып
шықты. Сондықтан әлгі жағымсыз әрекеттер оны жасаған адамдардың
ар-ұятына артылған іс күйінде қалды. Кәсіпорындардың лайықты
меншік иелерінің қолына тимеген тұстары аз кездеспеді, тіпті өзі
басқарған кәсіпорынды түк қалдырмай тонап, тайып тұрғандар да
табылды.
Жекешелендіруді алғаш бастағанда азаматтық авиация да осы
іске іліккен еді. Өзіміздің азаматтар жүргізіп көрсін дегенбіз. Бол
мады. Олар «Эйр-Казахстанды» өз басқаруына алып, бересі қарыз
дары үшін шетелдік әуежайларда ұшақтарымызды қамауға түсірген
жағдайға дейін жеткізді. Шетелдік компаниялар ұшу сапарының
тым қауіптілігінен өз азаматтарының «Эйр-Казахстан» ұшақтарымен
ұшуына тыйым салды. Егер ағылшындармен бірлесіп «Эйр-Астана»
компаниясын құру жөніндегі менің шешімім болмаса, сол кезде біз
мүлде авиациясыз қалар едік.
Теміртаудағы жағдай тіпті қиын еді. Қазақстан индустриясының
алыбы — «Карметкомбинат» күрделі күйді бастан кешті. Комбинат
электр қуаты, көлік жөнінде үлкен қарызға батып, банкроттықтың
алдында тұрған. Металлургиялық агрегаттар тоқтай бастаған-ды.
Кәсіпорынды дағдарыстан шығаруға шамасы келетіндей инвестор
шарқ ұрып іздеп жатқан. Болат Әбілев бастаған жас бизнесмендер
стратегиялық инвесторды тарту жөніндегі өзінің көмегін ұсынды.
Австрияның «Фест Альпина» компаниясымен бірлесе отырып, олар
кәсіпорынның қаржылық мәселелерін шешуге және бүгінгі заманғы
менеджментті енгізуге міндеттенді.
Комбинатта жаппай талан-таражға салу белең алғандықтан, ин
весторлардың өтініші бойынша мен тиісті көмек көрсету жөнінде
Үкіметке тапсырма бердім. Кәсіпорынды қорғауды қамтамасыз етуге
республиканың солтүстік облыстарынан ішкі әскер бөлімшелері ал
дыртылды. Алайда біздің жас бизнесмендеріміздің сауда саласында
(оның өзінде кроссовкалар мен парфюмерия импортері ретінде ғана)
жинақтаған бүгінгі заманғы менеджмент тәжірибесі ірі өнеркәсіп
орнының жұмысын ұйымдастыру, металлургиядағы байсалды ше
телдік әріптестермен жұмыс істеу үшін жеткіліксіз болып шықты.
Металл саудасы және коксті жеткізу жөнінде шарт жасау кезінде
жіберілген қателіктің салдарынан 1995 жылдың басында кәсіпорында
кокстің үш-ақ күнге жететін қоры қалды, ал айналымдағы қаржы
мүлде таусылған еді. Кокс көмірден алынатыны белгілі, сонда іргедегі
Қарағандыдан көмір жеткізілмегені ғой! Кокссіз пеш тоқтайтыны, бір
тоқтаған пешті қайтадан іске қосу іс жүзінде мүмкін еместей екені
анық. Ал бұл — алапат апат. Оның үстіне комбинат көміршілерге,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 316 —
теміржолға, электр жүйесіне қарыз. Жалақы төленбегелі алты айдан
асқан. Жас бизнесмендер комбинатты тастай қашты. Арада бір ай
өтпей жатып, осы жаққа тартылған ішкі істер бөлімшелерінің көме
гі кәсіпорынды енді өзіміздің жас инвесторлардың талан-таражға
салуынан қорғау үшін қажет болды. Болат Әбілев енді шенеуніктер
президенттің отандық бизнесті қолдау бағытына кедергі келтіруде деуге
көшті. «Мұның өзі Карметкомбинаттың тағдырын ғана емес, респуб
ликадағы демократиялық жаңғырулардың тағдырын да шешеді» деп
сөйлей бастады. Оның осы сөзі газетке шыққан күні баспасөз мәслихаты
өткізіліп, комбинаттың бас директоры Семен Донской бас-аяғы екі-ақ
аптаның ішінде бірлескен кәсіпорын өкілдері «бұрын қалыптасқан
байланыстың бәрін тас-талқан еткенін, ал комбинатты басқару тек ме
талды таратумен тынғанын» дәлелдеп берді. Комбинат қолға тиісімен
23 мамыр мен 8 маусым арасында құны 16 миллион доллардың өнімін
жөнелтіп үлгерген, сонша ақшадан жұмысшыларға жалақы төлей
тін, комбинаттың айналым қаржысын толтыруға қаржы таппаған.
Сөйтіп, біздің кейбір жас бизнесмендеріміз артқан үмітті ақтамады.
Осындай жағдайда кәсіпорынды металдың әлемдік нарығында
мықты орны бар компаниялардың тарапынан ірі инвестиция са
лынуы ғана аман алып қала алатын еді. Сөйтіп, комбинат сатылды.
«Карметкомбинаттың» жаңа иелері бірден-ақ жалақы бойынша
қарызды өтеді, кері талап бойынша төлемдерді жасады. Жекеше
лендіру басталғаннан кейінгі сегіз жылдың ішінде инвестицияның
жалпы сомасы 521 миллион долларды құрады. Аз уақыттың ішінде
домна пештері жөнделді, аса маңызды технологиялық желілер қайта
жаңғыртылды. Оған қоса ыстық мырыштау және алюминдеу цехы
іске қосылды.
Сол тұста қалыптасқан ерекше, баламасыз шаруашылық жүр
гізу жағдайында металлургия алыптарын жекешелендіру жанама
меншік кешендерін сату жөнінде өзінше бір тізбек туғызып жіберді.
Мысалы, Қарағанды металлургия комбинатының активтерін сату
кезінде солай болды. Оларды «Испат Интернэшнл» компаниясы
1995 жылы сатып алған. Алайда кәсіпорынның ойдағыдай жұмыс
істеуі үшін өндірісті электр қуатымен, жарықпен, шикізатпен дер
кезінде қамтамасыз етіп тұру мәселесін шешу қажет еді. Осыған
байланысты 1996 жылы инвестор қалыпты өндірістік циклді жолға
қою мақсатымен Қарағанды екінші жылу-энергетика орталығын,
сондай-ақ көмір шахталарының негізгі бөлігін сатып алуға, оларды
инвестициялау проблемасын шешуге мәжбүр етілді. Келесі жылы
«Испат Кармет» акционерлік қоғамына «Карагандашахтауголь»
акционерлік қоғамының жанама қосалқы кәсіпорындары қосылды.
Жекешелендіру: жалпыдан — жалқыға
— 317 —
ТМД елдерінде шахтер ереуілдері толқын-толқын өтіп жатқан кез
еді ол. Мұндайлық ірі өнеркәсіпті өңірде өткір әлеуметтік және эко
номикалық проблемаларды шешуде кешеуілдік жасаудың бүкіл ел
үшін болжанбастай және өте ауыр зардаптары болуы мүмкін еді.
Біз оған ұрынбай өте алдық. Бұған «Карметкомбинаттың» орнықты
жұмыс істеуінің көп ықпалы тиді. Жекешелендіруге түспеген жанама
және аралас кәсіпорындардың басшылары кәсіпорындарын өңірде
өздерін жақсы танытқан инвесторға сатылатын нысандардың тізімі
не қосу жөнінде Үкіметке өтініш айта бастады. Үкімет бұл мәселені
шешуге қатты көңіл бөлді.
Жекешелендіруде жіберілген қателіктер қатаң сынға алынған.
Кезінде өркениетті елдердің барлығы осы бір күрделі, өте ауырт
палықты үдерістен өткен. Оның түпкілікті нәтижесі тиімді түрде
мемлекет меншігінен алу мен кәсіпорындарды жекешелендіру болып
шыққан-ды. Олардың бәрінде де дәл біздегідей қиындықтар орын
алды, бірақ олар бұл қиындықты абыроймен еңсере білді. Ал біз
үшін проблеманың бүкіл мәнісі — жекешелендіруге кеңестен кейінгі,
социалистік қоғамнан кейінгі кезеңнің жағдайында кіріскенімізде.
Ол кезде халықтың негізгі бөлігі қалыптасқан жағдайды түсініп, қа
былдағанымен, мемлекеттік меншікті сатып ала алмады, сондай-ақ
инвесторлардың міндетін де атқара алмады. Алайда жекешелендіру
қайтымсыз үдеріс, өйткені ол мақсат қана емес, шаруашылық жүр
гізудің тиімді жолдарын орнықтырудың тәсілі. Әрбір жаңа істегі си
яқты, мұнда да кемшіліктер, заң бұзу жайттары болғаны табиғи нәрсе.
Біздегі жекешелендірудің басты ерекшелігі — жылдам жүргізілген
дігі. Жекешелендіруге дайындықтың және сатудың өзінің ресімдері
барынша тығыз өткізілді. Тендерді дайындау мен өткізуге бір ай беріл
ді, ал аукционға одан да аз уақыт — 15 күн қалдырылды. Жекешелен
дірудің бұлай тым шұғыл жүргізілуінің негізгі себебі кәсіпорындар
дың қаржылық көздері мен негізгі қорларының «шайылуы» арқылы
заңсыз жекешелендіру тіпті тез жүріп жатқанында еді. Көптеген
кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілері жекешелендіруді әдейі
тежеді, алашақ қарызды қолдан қампайтып, кәсіпорындарды әбден
титықтатты, осы арқылы өздеріне және өздерінің жақын адамдарына
заңсыз баю үшін жағдай жасады. Егер бұл процесс осылай жалғаса
бергенде, кәсіпорындардың мұндай «коммерциялануынан» кейін же
кешелендіруге жарайтын ешқандай іске татырлық мүлік қалмас еді,
олардың одан әрі қалыпты жұмыс істеуінен үміт үзу керек болатын.
2006 жылы шыққан «Қазақстан жолы» атты кітабымда былай деп
жазғанмын: «Бүгінде біз экономикамыздың негізгі құрылымдық
реформалары аяқталды деп сеніммен айта аламыз. Мемлекеттік
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 318 —
мүлікті жекешелендіру жүзеге асырылып, дамыған нарықтың стан
дарттарына сай шаруашылық орта қалыптасты. Жекешелендіру
үрдісі — бұл әрқашанда мүлік бөлінісі. Социалистік тарихы бар кез
келген мемлекет жекешелендіруді жүргізіп, мемлекеттік мүлікті әділ
және тиімді бөлудің проблемаларымен ұшырасты. Әрине, біздің
республикамызда да жекешелендіру кезінде істің бәрі дау-шарсыз
өткен жоқ. Өйткені ол кезде жұрт «жеке меншік» деген ұғымның
өзінен қорықты. Алайда жекешелендірудің әрбір кезеңін жүргізген
уақытта біз, бірінші кезекте, халық пен мемлекеттің мүддесін көздедік.
Әрине, экономиканы реформалау үрдісі қате әрекеттерден, ой
ланбаған шешімдер мен әлеуметтік қиындықтардан ада болған жоқ.
Бірақ та біздің жағдайымыздың «қатты қызған» кезінде жекешелен
діру «әділетті» немесе «әділетсіз» бола алмады. Оған тек тиімді немесе
тиімсіз деген баға беру жөн. Бүгінде қоғамдық тамақтандыру мен
сауда, жеңіл, тағамдық, өңдеуші өнеркәсіп, түрлі қызмет көрсетулер,
агроөнеркәсіп өндірісі және т. б. секілді маңызды салалар экономика
ның мемлекеттік секторынан толықтай шығарылды. Энергетика және
шикізат салаларының үлкен бөлігі де жекеменшік секторға көшті.
Денсаулық сақтау мен білім, әсіресе жоғары білім беру салаларында
бәсекелестік орта жылдам дамуда.
Жекешелендіру туралы сөз еткенде, әлі күнге дейін әділетсіз же
кешелендіруге жол берілді деп санайтын, меншікті қайта бөлуді
қалайтын адамдар барын айту керек. Әлемде бастапқы жекешелен
діру ешқашан толық әділ өткен емес. Ешқандай қайта қараушылық
болмауы керек және болмайды да. Біздің еліміздің заңы осындай.
Ол — ол ма, даму заңдылықтары осындай. Біз меншікті жұрттың бар
лығын сөзсіз қанағаттандыратындай етіп ешқашан бөле алмаймыз».
Жекеменшік сенімді қорғалып, кепілдікке ие болғанда, кәсіп
керлер ел заңдарын адал сақтағанда ғана экономиканың қалыпты
дамитынына, адамдардың өмірі барған сайын жақсара түсетініне
сенімдімін. Көптеген табысты елдердің тәжірибесі осыны көрсетеді.
Бұл айтылғаннан жекешелендіру кезінде қолынан келгендер қо
нышынан баса береді деген ұғым тумайды. Алайда, өкінішке қарай,
солай болып та шыққан жайлар аз кездеспеді.
Жекешелендіру ісінде Семей облысы әкімінің орынбасары қыз
метінде жүрген жерінен Үкімет төрағасының бірінші орынбасары
лауазымына бірден жоғарылатылған Әкежан Қажыгелдиннің де
өзіндік ізі бар. Семейге сайлауалды сапармен барғанымда ол маған
жұмысының жақсы нәтижелерімен, нақты ұсыныстарымен тәуір
әсер қалдырған еді. Шынын айтқанда, сол кезде либералды риторика
құлаққа жақсы естілетін. Оны Ресей үкіметіне ауысып бара жатқан
Жекешелендіру: жалпыдан — жалқыға
— 319 —
Олег Сосковец өз орнына ұсынған. Сосковец Карметкомбинатты
басқарып тұрғанда бірқатар жобаларды Қажыгелдин басшылық
жасаған «Семей» қауымдастығымен қосылып атқарған екен. Содан
жақсы білетін көрінеді. Мен Сосковецке сендім. Кейбір авторлар
Қажыгелдиннің осыншама оқыс жоғарылауының негізгі себебі ха
лықаралық қаржы ұйымдарының тым қатқыл саясатын жүзеге асыра
тын, кейіннен (сәтсіздік болғанда немесе әлеуметтік қақтығыстар орын
ала қалғанда) аямай «сырғыта салатын» «камикадзе» керек болған
еді» деп топшылап жазыпты. Шындыққа жанаспайды. Мен кадр
саясатында ондай есепке құрылған шешімдер қабылдаған емеспін.
Қажыгелдинге мен сол тұстағы кәсіпкерлердің жаңа толқынының
іскер өкілі ретінде, қалыптан тыс ойлауға қабілетті адам деп сендім.
Мол мүмкіндік те бердім. Көп ұзамай оны Премьер-министр қызметі
не де тағайындадым. Обалы не керек, ол бастапқыда жаңа қызметті
жүйелі жүргізе білді. Талдау қабілеті бар, экономикалық білімі де
осал емес, сөзге ширақ. Инфляцияны ауыздықтау, теңгені тұрақтан
дыру жөнінде біраз шаруа тындырды. Бірақ мемлекет иелігінен алуға,
жекешелендіруге келгенде едәуір қателіктерге бой алдырды. Кейбір
кәсіпорындар (мысалы, Жәйремдегі «Сарыаркаполиметалл» акцио
нерлік қоғамы, Ащысай полиметалл комбинаты, тағы басқалары)
арзан бағаланып, жекешелендіріліп кеткені былай тұрсын, ірі өндіріс
орындарының өзі күмәнді саудаға түсті. Бара-бара Қажыгелдиннің
жекешелендіруге қатысты жекелеген қаулыларға Үкімет отыры
сын өткізбей-ақ қол қоя беретіні анықталды. Айталық, 1995 жылғы
19 желтоқсандағы «Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлесті
гі» ашық үлгідегі акционерлік қоғамын жекешелендірудің тәртібі
туралы» № 1815, 1996 жылғы 13 маусымдағы «Екібастұз ГРЭС‑1‑ді
жекешелендіру туралы» № 735 қаулыларға үкіметтік талқылаусыз
қол қойған. 2008 жылы «Қазақмыс» компаниясы Екібастұз ГРЭС-ін
сатылған бағасынан он шақты есе қымбатқа қайта сатып алды. 2003
жылы шыққан «Казахстан 90‑х. Правительство Кажегельдина: при
ватизация, коррупция и борьба за власть» атты кітапта осы жайға
байланысты: «1996 жылдың 26 маусымында Екібастұз ГРЭС‑1‑нің
өзінің нақты құны 23,7 млрд теңгелік меншік кешені голланд сау
дасының ресімімен жабық түрде өткізілген тендерде америкалық-
израильдік «AES Suntree Pover Ltd» компаниясына айқын төмен
бағамен 100 млн. теңгеге сатылды. Энергетика министрі Храпунов,
тендер комиссиясы төрағасының орынбасары бола тұра, тендердің
өзіне қатыспаған, әйтсе де қорытындыға қол қойып берген», — деп
көрсетілген. Әлгі кітапта: «Қайтпас-қайсар жекешелендіргіш» өзі пре
мьер болып тұрған жылдарда бүкіл мемлекеттік меншікті шетелдік
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 320 —
инвесторлардың қолына мырзалықпен таратып шықты. Тек табиғи
монополистер (электр станциялары, теміржолдар) ғана емес, тіпті
әлдебір бельгиялық фирманың бақылауына өтіп кеткен Алматының
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына дейін боршаланып, же
кешелендіріліп бітті», — деп жазылған.
Әрине, Қажыгелдиннің «бүкіл мемлекеттік меншікті шетелдік ин
весторлардың қолына мырзалықпен таратып шығатындай» мүмкіндігі
де болған емес. 1996 жылғы 15 шілдеде мен өзімнің жарлығыммен
премьердің Конституцияны және қолданыстағы заңнаманы бұза
отырып қабылдаған бірқатар қаулыларының күшін жойғызғанмын.
Ол қаулылар бойынша, мысалы, Ертіс полиметалл комбинаты мен
Үлбі металлургия зауыты банкрот болып танылуы тиіс еді. Банкрот
кәсіпорынның арғы тағдыры белгілі ғой — сатуға түседі. Шүкір, екі
кәсіпорын да қазірге дейін жақсы жұмыс істеп келеді.
Түбінде Ә. Қажыгелдиннің жекешелендіруге қатысты жұмыста
рынан кемшіліктер анықталды. Оған қоса пара алғаны белгілі болып,
құқық қорғау органдары оны жауапқа тартты. Сот шешімімен
12 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ ол, бұл мәселелердің
басы ашылғанша, шетелге емделемін деп барып, сонда қалып қойды.
Әлі күнге дейін қашқын күйінде жүр. Кейінгі жылдарда ол қайта-қайта
қазақстандықтарға қайырылып, елге келуге, «Уақытша мемлекеттік
төтенше комиссия» дегенді басқаруға әзір екенін айтты, кейіннен ол
ойынан айнып, тек келіп-кетіп жүргісі барын, ақыл-кеңесін беріп
тұруға дайын тұрғанын мәлімдеді. Қаңтар оқиғасы күндерінде «Мен
мына халықтың шыдамдылығына таң қаламын» («Я поражаюсь тер
пению этого народа») деп жұрттың шабына түртіп, іс жүзінде бүлікті
жалғастыруға шақырудан да тайынбады. Петр Столыпин 1907 жылы
Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінде «Мырзалар, сіздерге ұлы күй
зеліс керек, ал бізге ұлы Ресей керек» («Вам, господа, нужны великие
потрясения; нам нужна великая Россия») деп осындайдан айтқан.
Қаңтар Қажыгелдин сияқтылар үшін өзі жамандап жүрген жүйені
тағы бір рет табалап қалуға тырысудың ілігі ғана.
ЖЕМІСТЕР МЕН ЖЕҢІСТЕР
Қазақстанда жекешелендірудің төрт кезеңі өтті.
1991–1992 жылдардағы бірінші кезең бастамашы делінетін сипатта
болды, сол кезде мемлекеттік органдар тек кәсіпорын ұжымынан
тиісті өтініш алғаннан кейін ғана шешім шығаратын. Тек сонда ғана
аукциондар, конкурстар өткізілетін немесе еңбек ұжымына өндірістік
Жекешелендіру: жалпыдан — жалқыға
— 321 —
және әлеуметтік инфрақұрылымдарды тегін беру жүзеге асырылатын.
4,5 мыңнан астам нысан, соның ішінде ұжымдық меншікке берілген
500‑дей кеңшар солай жекешелендірілді. Айта кету керек, ауылшаруа
шылық кәсіпорындарын беру әрбір еңбеккердің мүлік және жер
пайларын анықтап, меншікті атап көрсету арқылы жүзеге асырылды.
Қазақстандағы жекешелендірудің бірінші белесінің тәжірибесі
меншікті өзгертудің қолда бар құралдарының шектеулілігін көрсетті,
олар ұжымдық негізге бағдарланып әзірленді, жалпы алғанда, бұл
сол кезде даусыз әрі табиғи әрекет болатын. Басқаша етсек, халық
бізді түсінбес еді.
Келесі белестің, мен Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру
дің ұлттық бағдарламасын бекіткен кездің негізгі нышандары баста
машыл мемлекет иелігінен алу қағидатынан бас тарту, монополияға
қарсы шаралар әзірлеп, қолдану болды. Осы мерзімде біз жекешелен
дірудің үш түріне — шағын және жаппай, жеке жобалар бойынша
және агроөнеркәсіптік кешен бойынша жекешелендіруге көштік.
Шағын жекешелендіруді қысқа мерзімде жүргізіп, 6 мыңнан астам
нысанды өткіздік. Бұл тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, қоғамдық
тамақтандыру өрістерін айтарлықтай жандандырып, саналуандықты
енгізуге мүмкіндік берді. Сол-ақ екен, осы салада бірден серпіліс
байқалды. Мыңдаған жаңа дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар,
шаштараздар ашылды. Дүкен сөрелері мен базарларға тауар толды.
Ірі нысандарды жекешелендіру де басталды. Сол кезеңде жеке
жобалар бойынша алдымен Алматы темекі комбинаты мен Шымкент
кондитер фабрикасы сатылды. Темекі комбинаты үшін америкалық
«Phіlіp Morrіs» компаниясы 100 млн. доллар төледі, ол кезде бұл
үлкен қаражат еді, сондай-ақ инвестор ретінде өндіріске 240 млн.
АҚШ долларын салуға міндеттенді. Жекешелендірудегі алғашқы ірі
табысымыз осы. Оның нәтижесін бірден көрдік: ұжымның жалақысы
көбейді, компания қызметшілер үшін тұрғын үйлер сатып алуға
кірісті. Мұның алдында комбинат тіпті жалақы төлеуге шамасыз
күйде қалып еді.
«Карметтің» қиын жағдайдан қалай шығарылғанын өткен тарау
шада айтқанмын.
1995 жылы «Жезказганцветмет» банкрот болу алдында тұрды, оның
170 миллион доллар қарызы бар еді, соның 10 миллион доллары —
жалақы бойынша. Келесі жылы «Samsung» корпорациясы компания
акцияларын сатып алу тендерін ұтып шықты. Ол қарыздан құтылып,
жүздеген миллион доллар инвестиция құйды. Сол жылдар ішінде
аз уақыттың аясында мыс өндіру көлемі 400 мың тоннаға жетті, бұл
комбинаттың бүкіл тарихындағы рекорд еді. Сол кезде қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 322 —
дықтардың ешқайсысы да әлі инвестор бола алмайтын. Ал әлгіндей
ірі өнеркәсіптік алыптарды тіпті үлес қосу арқылы да ұстап тұру
немесе сатып алу қиынға түсетін.
Кейінгі жылдарда компания «Samsung» корпорациясынан акция
лардың бақылау пакеттерін сатып алған отандық бизнесмендердің
қолына өтті. В.Ким жетекшілік ететін басшылық компания қызметін
тиімді жүргізе алды.
Кейіннен Соколов-Сарыбай кен өңдеу комбинаты, Павлодар алю
миний зауыты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты сияқты бірқатар кен
өндіруші және металлургиялық кәсіпорындар жекешелендірілді,
олар EPG компаниясына қосылды. Өткен жылдардың бәрінде екі
компания да табысты жұмыс істеп кел жатқанын айту жөн: өндіріс
көлемі артуда, құрал-жабдық жаңартылуда, жұмысшылардың жа
лақысы ұдайы өсуде, еңбек ету жағдайы жақсаруда.
Жекешелендірудің екінші кезеңі барысында біздің де шетелдік
әріптестерге қатынасымыз түбегейлі өзгерді. Қазақстандағы инвести
циялық климаттың жағымсыз сипаттары барына қарамастан (жоға
ры бикоммерциялық тәуекелшілдік және т. б.), шетелдік капитал
мен жергілікті капитал арасындағы тепе-теңдік қамтамасыз етілді.
Бірақ та бұл жеткіліксіз болатын. Біз өте қысқа мерзімде тікелей
инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заң қабылдадық, онда
шетелдік инвесторлар үшін жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесі
айтарлықтай кеңейтілді. Осы заң қабылданғаннан кейін шетел капи
талы біздің экономикамыздың өсуінде шешуші рөл атқара бастады.
Соның арқасында кәсіпорындардың еңбекақы, бюджет, зейнетақы
қоры бойынша, сондай-ақ энергетиктерге, көлік және басқа да аралас
ұйымдар қызметкерлеріне берешек қарыздары жойылды. Түптеп
келгенде, кез келген ел үшін ең қиын ресурс — жұмыс орны сақта
лып қалды. Шетелдік әріптестер кәсіпорындарды басқаруға жаңа
элементтер енгізді. Бәсекеге қабілетсіз социалистік экономиканың
қазақстандық басқарушылары тегін тәжірибеден өтті. Жекешелендіру
әлеуметтік және коммуналдық салалардың инфрақұрылымының
басым бөлігін сақтап қалуға жағдай туғызды.
1991 жылдан кейін жүргізілген күрделі жұмыс пен шетелдік ин
весторларды белсенді түрде тартудың барлығы алғашқы жемістерін
бере бастады. Мысалы, 1995 жылы ішкі жалпы өнім көлемі 992,5
млрд. теңгені құрады, ал өнеркәсіп өндірісі 13,6 пайызға өсті, соның
ішінде ол қара металлургияда 17,4 пайызға, түсті металлургияда 1,9 па
йызға ұлғайды. Бұл кәсіпорындарда еңбекақы 16–18 мың теңге болып,
республика бойынша орташа деңгейден 3 есе артты.
Жекешелендіру: жалпыдан — жалқыға
— 323 —
Қазақстанның мемлекеттік меншіктен жеке меншікке, әміршіл-
әкімшіл экономикадан байсалды, ұтымды жоспарлау мен менедж
ментке өтуі қиындыққа, күйзеліс пен титықтауға толы. Бұл жолда
өмірлік құндылықтардың талайы қирап түсті. Ғылыми мақалалар
мен кітаптарда ғана бәрі түсінікті, бәрі ап-айқын болып келеді. Ал
өмірде сезімдер мен сенімдер соқтығысып, әртүрлі топтардың, тіпті
ұрпақтардың мүдделері бір-бірімен кереғар келіп, кейде мұның аяғы
аянышты бітіп те жатады. Өкінішке қарай, өтпелі дәуірдің өмірлік
философиясы осындай. Біз осының бәрін өзіміздің өзегімізден
өткердік.
Біздің жас ұрпағымыздың басым көпшілігі қазіргідей табысқа
жету жолында қандай ғарасат күш-жігер жұмсағанымызды, қан
шалықты күйзеліске түскенімізді біле бермейді. Жүріп өткен жолы
социализммен байланысты әрбір мемлекет жекешелендіруді жүзеге
асыра отырып, мемлекеттік меншікті әділ әрі неғұрлым тиімді бөлу
мәселесімен бетпе-бет келгені белгілі. Біздің елдегі жекешелендіру
кезінде де бәрі төселген тақтайдай теп-тегіс өте қойған жоқ. Адамдар
ол тұста «жеке меншік» деген сөздің өзінен секемденетін еді ғой. Әйт
се де жекешелендірудің әрбір кезеңінің барысында біз ең алдымен
халықтың, мемлекеттің мүддесін көздедік.
Халқының 40 пайыздан астамы ауыл тұрғындары болып келетін
Қазақстан үшін аграрлық секторды реформалаудың экономикалық
қана емес, сонымен бірге әлеуметтік мәні де күшті еді. 90-шы жылдар
дың басында қабылданған арқаулық заңнамалық және нормативтік
құқықтық актілер ауыл шаруашылығында жерді мемлекет иелігінен
алу мен жекешелендіру жөнінде кең көлемді жұмыстарды бастауға
мүмкіндік туғызды. Сөйтіп, агроөнеркәсіп секторындағы реформамен
қатар мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру жөніндегі Ұлттық
бағдарлама қабылданды. Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпо
рындарын жекешелендірудің бірінші кезеңінде оларды ұжымдық
кәсіпорындар етіп қайта құру жүзеге асырылды. Мемлекеттік ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарының мүлкін еңбек ұжымдарының
мүшелеріне мүліктік жарналар арқылы бөліп беру іске асты да, ол
жекешелендіру куәліктермен расталды. Айта кету керек, тұрақты
жұмыс істейтін ірі кеңшарлардың тұтастығын қамтамасыз ету мақ
сатымен, 20 жыл басшылық жұмыс өтілі бар бірінші басшылары
на аталмыш шаруашылықтың мүліктік жарнасының 10 пайызы
біржола меншігіне және басқаруға 10 пайызы тағы 5 жылға берілді.
Шаруашылық қызметінде тиімді нәтижелерге жеткен жағдайда бес
жылдан кейін мүліктік жарнаның бұл бөлігі олардың меншігінде
қалдырылды. Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 324 —
өндірістік базасын сақтау мәселесі қаншалықты маңызды десек те,
оның негізі бәрібір — жер. Бірақ кеңшарлар мен ұжымшарлардың
жекешелендірілген жерлері кімге қалатын болады, жердің сапасын,
оның құнарлылығын сақтау туралы қамқорлықты шынында кім
жасай алады, жерді беру қандай түрде жүргізілуі тиіс? Міне, осын
дай маңызды сұрақтар маған маза бермеді, мен әрдайым соларға
оралып соғып отырдым. Жердің ыждағатты, жаны ауырып сүйетін,
нағыз іскер иесін табу керектігі түсінікті еді.
Бұл істе қол жеткізгеніміз аз емес. Аграрлық сектордағы жеке
шелендіру жерге иелікті орнықтырды. Кеңестік кезеңдегі астық
шаруашылығын, әсіресе оның өнім жинау, тасымалдау кезін еске
түсірейікші. Жыл сайын жаздың бел ортасында Қазақстанның мол
бидайы үшін бүкілхалықтық майдан ашылатын. Асырып айтқан сөз
емес, нағыз майдан. Қазақ даласының астықты алқаптарына Кеңес
Одағының қиыр-қиырынан механизаторлар келеді, әскерилер келеді,
университет, институт, техникумдардан студенттер келеді. Бәріне
комбайн керек, мәшине керек, жатақ керек, тамақ керек, жалақы
керек. Соның бәрін тауып беретінбіз. Өліп-талып, астық жиналып
бітеді. Жаңбыр жақсы жауған жылдарда Отан қамбасына жаңа қа
зақстандық миллиард пұт астық құйылады. Мәскеуге рапорт беріледі.
Астық жолындағы айқас жеңіспен аяқталды делінеді. Ол жеңістің
қандайлық бағамен келгенінде ешкімнің ісі жоқ. Ал қазір ше? Сырт
тан механизатор да келмейді, солдаттар да келмейді, студенттер
де келмейді. Келмеген соң оларға комбайн да, мәшине де, жатақ
та, тамақ та, жалақы да берілмейді. Әйтсе де, сол астық, мол астық
жылда алынып жатыр. Миллиард, одан да көп пұт бидай астық ору
қалыпты жайға айналды. Неге? Жерде қожайын бар. Ол қожайын
бір теңгесін де сыртқа жібермейді. Өзі егеді, өзі орады, өзі тасиды.
Пайдасын да өзі көреді.
2000 жылдары мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру
қарқынды жүре бастады, ал бұл белсенділік ауыл шаруашылығын
дағы нақты ахуалдың біртіндеп жақсара түсуіне алып келді. Жаңа
онжылдықтың алғашқы жылдарында-ақ Қазақстандағы ауыл шаруа
шылығының өсімі орта есеппен 8 пайыздан асты. Бұл Шығыс Еуропа
және ТМД елдерінің арасындағы ең үздік өсім еді. 2003 жылы астық
ору 1991 жылмен салыстырғанда 1,7 есе өссе, күнбағыс — 3 есе, шиітті
мақта — үштен бір бөлігінен астам арта түсті.
Ауыл шаруашылығына және ауыл тұрғындарына қолдау көрсе
ту үшін мен 2003–2005 жылдарды ауылды өркендету жылдары деп
жарияладым. Қаражаттың едәуір бөлігі ауыл инфрақұрылымына
және әлеуметтік салаға бағытталды. Мемлекеттің көмегіне сүйене
Жекешелендіру: жалпыдан — жалқыға
— 325 —
отырып, ауыл шаруашылығы дағдарыс құрсауынан шықты және
қалыпты нарықтық даму жағдайына көшті.
Қазақстан әлемдегі ең ірі астық өндірушілердің қатарына ене
бастады.
Өкінішке қарай, мал шаруашылығына қатысты жекешелендіру
соншалықты көңілдегідей жүрді дей алмаймыз. Қоғамдық меншік
тегі малды кеңшар, ұжымшар мүшелеріне бөліп беру (шын мәнін
де — таратып беру) әуелде елдегі мал басының күрт кеміп кетуіне
әкеп соқтырды. Кезіндегі кеңшарлардың атшаптырымдай аумақты
алып жатқан мал қоралары есік-терезелеріне бола жау шапқандай
талқандалып, қаңырап қалды. Ауыл маңындағы жерлердің жекеше
лендірілуі жұрттың жеке малын жаятын жерін тарылтты немесе тіпті
жоқ қылды. Жеріне жеткізе ойластырылмаған осы істің зардабын
әлі күнге тартып келеміз. Мал ұстаудың көзін білетін ағайынның
мың-мың басты мыңғырта бағып, байлыққа батып отырғандары аз
емес, солардың арқасында елдегі мал саны жылдан жылға артып та
келеді. Сонымен бірге, қорадағы малды күнделікті ішіп-жемі үшін
ұстайтын кісілердің жайылымдық жердің азайғанына байланысты
наразылығын да түсінуге болады.
Мемлекеттік патернализмнен экономикалық еркіндік пен кәсіп
керлікке төте тартып өте шығу халықтың арасында ғана емес, мем
лекеттік аппараттың негізгі бөлігінің тарапынан да қолдау таба
қоймаған қадам екенін де жасырғым келмейді. Бұл міндет талай
тұста тізеге сала отырып, жұртшылықтың жанына жақпайтындай
әдістермен жасалды. Оның есесіне нәтижесі жақсы шықты — қазір
бәрін де азаматтың өзі шешеді. Бұл өзгерістердің бәрі ең алдымен
қазақстандықтардың өздеріне керек еді, ел тұрғындарына меншік
иесі сезімін қайта оралту керек еді.
Жекешелендірудің 1996–1998 жылдарда жүргізілген үшінші ке
зеңі секторлық бағдарламаларға көшу белесі болып, электр энер
гетикасында және мұнай-газ саласында басталды. Оның барысында
іс жүзінде жұмыс істеп тұрған электр энергиясының стансалары
түгел жекешелендірілді. Бұл арқылы сату және инвестициялық мін
деттемелер түріндегі айтарлықтай қаржы бюджетке түсірілді. Дәл
осы жекешелендірудің шеңберінде 1997 жылы Шығыс Қазақстан
облысының елді мекендері мен өнеркәсіп орындарын энергиямен
қамтамасыз етудегі дағдарысты жағдай түзетілді.
1999 жылдан кейінгі төртінші кезең мемлекеттік меншікті реттеу
мен билеу мәселелерінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасында
өкілеттіктерді бөлу жөніндегі жаңа көзқарастармен ерекшеленді.
Бұл кезеңде Үкіметтің мемлекеттік меншікті пайдаланудан бюджетке
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 326 —
түсетін ақшалай қаражатты едәуір ұлғайту жөніндегі жұмысы жан
дандырылды. 2002 жылға дейін мемлекеттік меншікті жекешелендіру
ден түскен қаржы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігіне жіберіліп кел
се, 2002 жылдан бастап олар бюджет тапшылығын қаржыландыруға
бағытталды. 2003 жылдан ірі нысандарды жекешелендіруден алынған
қаржы мемлекеттік бюджеті шикізат секторының кәсіпорындары
қызметіне байланысты қалыптасатын елдердегі тұрақтандырушы
қорлар үлгісінде құрылған Ұлттық қорға салына бастады.
Мемлекет меншігінен алу мен жекешелендіру — біздің ел үшін
сананы төңкеріп түсіргендей тың шаруа. Шешуші қадам. Социализм
нен іргені аулақ салудың басы. Бұл істе кемістіктер көп кеткенін
білеміз. Жекешелендіргеннің жөні осы екен деп аудан орталығын
дағы жалғыз мәдениет үйін, жалғыз кітапхананы сатып жіберіп,
біраз жылдан кейін соның бәрін он есе бағасына қайта сатып алған
сияқты мысалдар аз емес.
Осы күрделі істің барлық жағдаяттарын ескере келгенде, елімізде
жекешелендірудің негізінен тиімді жүргізілгені даусыз екенін көреміз.
Оның артықшылықтары ағаттықтарынан артық.
Қазақстандықтардың күнбе-күнгі өміріне жекеменшік ұғымының
енуі ең алдымен қоғамдық сананың реформасы болып шықты. Сана
өзгерсе, адам өзгереді. Адам өзгерсе, қоғам өзгереді.
Жекешелендіру — Қазақстан қоғамын түбегейлі түлетіп берген
аса ірі реформа.
— 327 —
ПАРЛАМЕНТ: ТАРАТУ МА, ТАРАУ МА?
ЕСКІНІ ЖАМАСАҢ, ЕСІҢ КЕТЕДІ
«Депутаттармен күрес» («Борьба с депутатами») — Леонид Мле
чиннің мен туралы жазылған кітабының («Назарбаев. Групповой
портрет с президентом») бір тарауы тұп-тура осылай аталады…
Тартымды тақырып қоюға тырысқаны жақсы-ақ. Осы кітапты жазу
барысында мен де, әрине, жазушы болмағаннан кейін өз мүмкіндігіме
қарай, оқырманды қызықтырып тұратын тақырыптарға бүйрегім
бұратынын байқай бастадым. Әйтсе де, артық кетпеу керек.
Кеңестен кейінгі кеңістікте жаңа мемлекеттердің бірқатарында
биліктің екі бұтағы — парламент пен президент билігі арасындағы
тайталас қатты шиеленіскені белгілі. Менің де парламентпен әр
кезде әрқилы қарым-қатынасым болғаны рас. Жарасқан кезіміз көп,
таласқан кезіміз де бар. Дегенмен, олардың ешқайсысында да мен
тікелей депутаттармен, яғни нақты адамдармен, халық сайлаған
адамдармен күрескен де емеспін, тірескен де емеспін, мен күрессем,
ескірген саяси институтпен күрестім, мен тірессем, ескірген көзқа
распен тірестім, парламенттің, депутаттардың өзгеріп жатқан өмірге
бейім болуына ықпал етуге тырыстым.
Бұл жолда неше түрлі оқиғалар орын алды.
Ендігі әңгіме осы жайында.
Мишель Монтень айтқандай, «Кез келген халық үшін ең жақ
сы мемлекеттік құрылым — сол халықты тұтас күйінде сақтаған
құрылым». Қазақстанда биліктің атқарушы және заң шығарушы
тармақтарының текетіресін бейбіт жолмен және күш көрсетусіз
таратудың сәті түсті. Біз басқарудың тұрақтылықты нығайтуға және
қарқынды экономикалық дамуға септестік жасаған тиімді және де
мократиялық жүйесіне кезең-кезеңімен, бірте-бірте көше алдық. Ал
ТМД-дағы басқа кейбір елдердің бұл істе онша жолы бола қоймады.
«Жолы бола қоймады», тегі, жұмсартып айтылған сөз. Олардың
кейбірінде мемлекеттілікке, оның конституциялық құрылымының
өзіне оппозицияға шығудан да тайынбаған депутаттар табылды.
Тіпті мемлекеттіліктің өзін жоққа шығарып, мемлекеттік құрылысты
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 328 —
құлатуға шақыруға, сөйтіп билік бұтақтарының қауіпті текетіресін
өршітуге талаптанғандар аз болмады.
1992 жылы Тәжікстанда мұндай тіресу өңірлік қарама-қайшылық
тардың «құнарлы» топырағына түсе қалды. Душанбенің екі алаңында
көп күндерге созылған митингілерден басталған ол тіресудің аяғы
халықтың бірін-бірін қынадай қырған азамат соғысына ұласты, соғыс
бес жылға созылып, жүз мыңға жуық адамның өмірін қиды. Грузия
мен Әзербайжандағы қақтығыстар Тәжікстандағыдан кем түскен
жоқ, ол елдерде жақсыатты болып, жарқылдай сөйлеудің арқасын
да және белгілі бір дәрежеде парламенттердің көмегімен демагог-
диссиденттер Гамсахурдия мен Елчибей билік басына келді. Биліктің
бишігін аз ғана уақыт ұстағанымен, олардың дәлдүріштік, кейде
тіпті өз елдері үшін қиратушылық сипаты болған ішкі және сыртқы
саясатының сұрапыл салдарлары талайға дейін сезіліп тұрды. Бұл
елдер әлі күнге өздерінің аумақтық тұтастығын толық қалпына кел
тіре алмай отыр.
Өзінің мән-маңызы жағынан, әсіресе 1993 жылғы қазан айында
Ресейде орын алған оқиғалар өте тартысты және ауқымды. Сол тұста
Президент Ельцинге бейілді Кантемир дивизиясының танкілері Ре
сей Федерациясы Жоғарғы Кеңесінің түтіннен күйелештеніп кеткен
ғимаратын қалай атқылап жатқанын бүкіл әлемнің белді телеарна
лары тікелей көрсетіп тұрды. 1990 жылдардың басында Ресейдегі
жағдайдың болжап болмастай ауытқымалылығы Қазақстанның саяси
бедер-бейнесіне де елеулі ізін қалдырды. Мәскеудегі оқиғаларға зер
сала қарай отырып, Ресейді берекесіздік пен заңсыздыққа әкеліп
соқтырған атқарушы және заң шығарушы билік текетіресіне талдау
жасай келіп, мен Қазақстанда экономиканы белсенді ырықтандыруды
тек орталықтандырылған күшті президенттік биліктің арқасында
ғана жүзеге асыру мүмкін екен деген түпкілікті тоқтам жасадым.
Мұндай келіспеушіліктің көбі әу бастан парламентаризм табиға
тын дұрыс түсінбеуден туындаған. Парламент мүшесінің басты мін
деті — әлеуметтік және ұлттық мүдделерді үйлестіре отырып, жал
пыхалықтық, мемлекеттік мүддеге айналдыру, сөйтіп бүкіл халықтың
еркін білдіру. Өздерін императивті мандат иелері деп санайтындар
жергілікті билік орындарының айтуымен аймақтық дамуға қосымша
қаражат алудың құралына айналғандарын өздері де білмей қалады.
О баста мұндай мәселе өркениетті елдерде де бой көрсетсе керек,
өйткені Француз ұлттық жиналысы 1789 жылы өз депутаттарын
ешқандай императивті мандаттан тәуелсіз, бүкіл ұлттың еркін біл
діруші деп жариялаған.
Парламент: тарату ма, тарау ма?
— 329 —
Қазақстанда Жоғарғы Кеңес алғаш рет 1938 жылы, одақтас рес
публика болып құрылғаннан кейін ғана шақырылған. Одан беріде
депутат сайлау сол адамға қоғам тарапынан құрмет көрсетудің, оның
еңбегін ел атынан бағалаудың биік белгісі ретінде ғана қаралып кел
ді. Сайлау деген сөз ғана ғой, өйткені барлық жерде бюллетеньде
жалғыз кандидаттың аты-жөні жазулы тұратын. Ұзақ жылдар бойы
депутаттар тек аумақтық қағидат бойынша, белгілі бір округтерден
сайланып, олардың іскерлігі, белсенділігі негізінен сол аймақтың —
өзін депутат етіп, жоғарыға жіберген аймақтың мәселелерін шешуге
қалай араласқанына қарап айқындалатын. Мысалы, сайлауалды
кездесулер кезінде жұртшылық аудан орталығымен арадағы жол
нашар, соны жөндеп беруге атсалыссаңыз немесе мәдениет үйін
салдыртуға көмектессеңіз деп аманат айтады. Әдетте, ондай ама
наттар орындауға ыңғайы келетін, қаржысы табылатын мәселелерге
байланысты, тиісті орындармен алдын ала келісіліп барып беріледі,
кейіннен олар шешіледі де, депутат өз міндетін жақсы атқарған сана
лады. Ал тәуелсіздіктен кейінгі алғашқы жылдардың экономикалық
берекесіздігі, қаржы тапшылығы тұсында Жоғарғы Кеңеске бұрын
сайланып алған депутаттар жаңа жағдайға тап болды — сайлаушы
ларға берген уәдесінің үдесінен шығуы әлдеқайда қиындай бастады.
Депутаттардың көпшілігі бұған басты айыпкер атқарушы билік деп
білді. Заң шығарушы билік пен атқарушы биліктің арасына осылай
ша жік түсті. Бөлу, үлестіру қызметін өзіне алып, реформалардың
барысына жауапкершілікті атқарушы билікке итере салу ортақ ауруға
айналды. Сессия сайын онсыз да жартыкеш бюджет кәдімгі көкпарға
түскен тушадай тартқыланып жататын.
Бірақ президент пен парламент арасындағы келіспеушілік әуелде
одан туындаған жоқ.
Жаңарған елге жаңа Конституция жасау қажеттігінен туындады.
Ол жылдарда өткеннің тек жалпыадамзаттық құндылықтарын
ғана алып, бұрынғы таптаурындардан, таптық догмалар мен жалған
мұраттардан баз кешуді түбегейлі жариялаудың маңызы зор болатын.
Сол кездегі біздің қолданыстағы Конституциямызда уақыт сынына
төтеп бере алмаған, миллиондаған адамдарға қайғы-қасірет шектірген
«кеңес халқының мемлекеттік бірлігі», «социалистік жалпыхалықтық
мемлекет» және басқа да «социализм жеңістері» мадақталған-ды.
Осының бәрі ұзақ жылдар бойы бос даңғаза, тоталитарлық режимнің
конституциялық тұрғыдан алып тасталуға тиісті жылтырақ әшекейі
күйінде келген еді.
Конституцияның ауыстырылатынын жұрттың бәрі біліп отырды. Бар
мәселе жаңа Конституцияның жаңалығы неде болады дегенге келіп
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 330 —
тірелетін. Конституцияны қабылдау қоғам дамуының ұзақ мерзімді
мақсаттары мен басымдықтарын анықтап, оларды халықтың өмірлік
маңызды мүдделерімен салыстыру үшін қажет еді. Мемлекеттілікті
дамыту, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі, құқықтық
мемлекет орнату, азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді, өзіміз
үшін және өз ұрпақтарымыз үшін лайықты өмірді қамтамасыз
ету — тұжырымдап айтқанда біздің стратегиялық міндеттеріміз,
міне, осындай-ды. Конституция республиканың көпұлтты халқының
ой-арманы мен күш-жігерін жаңа саяси негізде біріктіру үшін керек.
Өмірлік маңызды мәселелеріне жауап тапқан соң адамдар ертеңгі
күніне деген сенімге ие болады, ал ол жылдары біздің көбімізге дәл
сол жетіспей тұрды.
Заң шығарушы билікті кәсіби парламент жүзеге асыруға тиісті
гіне, депутат одан басқа лауазым атқармауы керектігіне Жоғарғы
Кеңестің көзін жеткізудің өзі оңайға түскен жоқ. Өйткені ондағы
депутаттардың дені — лауазым иелері. Жылына екі рет жиналып,
аппарат дайындап берген заң жобаларын талқылап немесе талқы
лаған түр танытып, үйді-үйлеріне тарап жататын. Ескірген заңдарға
жедел түзетулер енгізуге, жаңа заңдардың жобаларын жеріне жеткізе
қарастыруға мүмкіндік жоқ. Өйткені шын мәніндегі кәсіби, икемді
парламент жоқ.
1990–1992 жылдары біз Қазақ КСР-нің Конституциясына жамау
салумен келдік. Президенттік билік, нарық экономикасына көшу,
жаңа саясат, тағы басқа нәрселерді ілгерілету үшін өзгерістер енгізу
мен жүрдік. Қазақтың «Ескіні жамасаң, есің кетеді» деген мақалын
осындайға айта аламыз. 1993 жылғы Конституцияның негізі — респуб
ликамыздың мемлекеттік егемендігі туралы 1990 жылғы 25 қазанда
қабылданған Декларация. Әрине, декларацияның аты — декларация.
Ол — мәлімдеу, хабарлау деген сөз. Мысалы, табысты декларациялау,
кедендік декларация деп те жатамыз ғой. Ал Тәуелсіздік — басқа ұғым.
Тәуелсіз елдің тұңғыш Конституциясының жобасын жасауда алға
қойылған міндеттердің ең негізгілерін бөліп айтсам, мыналар. Ал
дымен мемлекеттілікті нығайту, биліктің бүкіл жүйесін күшейту
қажет етілді. Одан кейін экономиканы реформалау, дағдарыстан
шығудың кезек күттірмейтін мәселелерін шешу керек еді. Сыртқы
саясат саласы да қалыптаспаған. Демократиялық институттар дамы
маған. Бұлардың үдесінен шығу оңайға түскен жоқ. Тәуелсіздіктің
алғашқы белесінде адамдарымыздың ақыл-ойында ондаған жылдар
бойы қатып-семіп қалған қасаң қалыптардан құтылу аса маңызды
болатын. Бұрынғы Конституцияның тұжырымдамасы мен құрылы
мы уақыт талабынан қалып қойғаны сондай, қанша жерден түзету,
Парламент: тарату ма, тарау ма?
— 331 —
толықтыру, өзгеріс енгізсең де, қайшылықтарды жоя алмайтынсың.
Егемендік туралы декларация қабылданғаннан Тәуелсіздік туралы
конституциялық заң қабылданғанға дейінгі аралықтағы 14 айдың
ішінде Конституцияға 7 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені,
кейде тіпті бір аптаның ішінде екі рет өзгертуге де тура келгені —
ойымның дәлелі. Мұнан әрі бұлай жалғаса бермейтіні анық еді.
Мен елдің постсоциалистік қоғамға қарай трансформациялану
қаупін анық сезіне бастадым. Біз тәуелсіздікке мұндай мақсатпен
ұмтылған емеспіз.
ЫРҒАСУ ЖӘНЕ ЫМЫРАЛАСУ
Жаңа Конституция жасау ісіне біз президент инаугурациясынан
кейін-ақ іле-шала кіріскенбіз. 1991 жылдың 15 желтоқсанында
Жоғарғы Кеңес қаулысымен Конституциялық комиссия құрылған.
1992 жылдың 1 маусымында депутаттар алдында Қазақстан Респуб
ликасы Конституциясының жобасы туралы сөз сөйлегенде: «Уақы
тымыздың күрделі екеніне қарамастан, біз Конституцияны ұзақ
мерзімге әзірлеп отырмыз» деп айтқаныммен, сол айтқаныма өзім
де онша сенбейтінмін. Неге? Себебі, ол кездегі Парламент мүше
лері де, Парламент басшылары да социалистік сана құрсауынан
арыла алмаған-ды, тіпті депутаттардың көпшілігі жаңа экономика,
жаңа саясат дегенді жан-жүрегімен сезінбейтін адамдар еді. Мұндай
жағдайда заман талабына сай Конституция түзіле салмайтын. Екінші
жағынан, мүлдем Конституциясыз алға жылжуға да болмайтын. Көп
нәрсе менің көңіліме қонбады, бірақ келіспеуге жағдайым келмеді.
Яғни, компромисс қажет етілді. Ырғасумен қатар, ымыраласу да
керек, онсыз жаңа Конституцияны тез арада қабылдау мүмкін емес.
Тәуелсіздік тарихын баян еткен мақалалардың арасында, тіпті
кейбір кітаптарда 1992–1993 жылдарда президент пен парламенттің
арасында қалыптасқан ахуалды нақты Назарбаев пен Әбділдиннің
тіресуіндей етіп көрсететіндері де табылады. Бұлай ету — мәселенің
мәнісін оңайлату. Сол жылдардағы біздің келіспеушілігіміз ескі мен
жаңаның болмай қоймауы тиіс келіспеушілігі еді. Ол келіспеушіліктің
түйінін тарқатуда екі жақтың да, соның ішінде парламент депутатта
рының да атқарған рөлі үлкен. Мәмілеге келмесек, ортақ іске нұқсан
жасайтынымызды конституциялық құрылыстың барлық қатысушы
лары түсінді. Мұны арнайы айтқым келеді. Олай дейтінім — алғашқы
Жоғарғы Кеңес өзін-өзі таратардың алдында елдің тұңғыш Конститу
циясын қабылдап, тарихи міндетін атқарып үлгерді. Жоба талай күн
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 332 —
бойы бүкіл елге теледидардан тікелей көрсету арқылы талқыланды.
1992 жылғы маусымда бірінші оқылымда қабылданған жоба барлық
республикалық, облыстық газеттерде жарияланып, талқылау жел
тоқсан айына дейін созылды. Сөйтіп, Конституция 1993 жылдың 28
қаңтарында қабылданды. Ол Конституция, өзіндік кемшіліктері бола
тұра, ұлттық-мемлекеттік құрылыстың негізін қалап қана қоймай,
елдегі демократияландыру процесін тереңдете түсуге септесті, саяси
реформаларға хал-қадерінше жәрдемдесті.
Парламент мүшелерімен келіспеушілік ә дегеннен Конституция
лық комиссияның отырыстарында-ақ басталды. Комиссия құрамына
Жоғарғы Кеңес Төралқасының мүшелері, ондағы комитеттердің
барлық төрағалары кіретіні белгілі. Өкінішті жері сол, олардың
көпшілігі комиссиядағы басты мақсаты келешектегі Конституция
да Жоғарғы Кеңестің, барлық деңгейдегі кеңестердің билік көлбе
уін қалайда сақтап қалу деп білгендей әсер қалдырды. Бұл Ресей
Жоғарғы Кеңесінің дәл осындай әрекеттеріне еліктеу болатын. Ол
кездегі депутаттардың көпшілігі Жоғарғы Кеңесте тұрақты жұмыс
істемейтін, халық қалаулысы міндетін негізгі шаруасымен қатар
атқара беретін. Заң шығарушылық іске тіпті бейімі жоқ сол адамдар
Жоғарғы Кеңеске келеді де, бюджеттің ала арқанын әрі тарт та бері
тартпен айналысады, қайткенде өзінің өңіріне көбірек ақша қарпып
қалуға тырысады. Бүкіл халыққа, тұтас мемлекетке қызмет ету екінші
қатарға ысырылады. Депутаттардың дені жалпы ұлттық мүдделер
деңгейіне көтеріле алмады, аймақтық мәселелерден шықпай қоятын.
Оларға белгілі бір салада жалақыны өсіру жөнінде шешім қабылдап,
жақсыатты бола қалу да түк емес еді. Қаржы қорларымен жеткілікті
қамтамасыз етілмеген зейнет заңнамасын қабылдаудың, әртүрлі әлеу
меттік төлемдер, ақшалай өтемақылар және жеңілдіктер белгілеудің
аяғы жұртшылықтың «мейірімді парламент» қабылдаған жақсы
заңдарды орындамаған «мейірімсіз үкіметке» наласымен ғана бітті.
Депутаттар біздің шаруамыз заң қабылдау, ал оны орындау үкімет
тің шаруасы деп қарап отыратын. Үкімет жоқ қаражатты қайдан
алады? Оған бас қатырмайтын. Мысалы, қарттарға өтемақы төлеу
мәселесін көтереді, нақты соманы айтады. Сөз бар ма, қарттарға
көмектесу керек. Алдымен олардың жалғызіліктілеріне көмектесу
керек. Бәріне бірдей қарайласу мүмкін емес. Балалары қайда? Пер
зенттік парыз қайда? Адамдық мейірім қайда? Соны айтсаң, Назар
баев әлеуметтік қорғауға көңіл бөлмейтіндей, көпбалалы аналарға
қарамайтындай етіп шығарады. Депутаттар белгілі бір өңірлер үшін,
белгілі бір әлеуметтік топтар үшін жеңілдіктер талап етеді. Заңдар
айқай-шумен қабылданады. Ең төменгі жалақыны 14,6 мың теңге
Парламент: тарату ма, тарау ма?
— 333 —
деп белгіледі. Жоқ ондай ақша, 10 мың теңге етіп белгілейік деймін.
Көнбейді. Жетпейтін ақша, әрине, заң талабының орындалмауына
әкеледі. Орындалмайтын заң мемлекеттің беделін түсіреді. Сол кезде
Парламент үйінің алдында ауық-ауық наразылық митингілері өтіп
жататын. Бірнеше рет аштық жариялаушылар да болды. Депутаттар
оларға барып, «Бізге не дейсіңдер? Бұл жөнінде біз қабылдаған заңда
былай жазылған, оның орындалуын Үкіметтен талап етіңдер» деп ар
тық-ауыс ақылдарын айтатын да, кабинеттеріне қайтатын. Сауыншы
лар мен тракторшыларды зейнетке 45 жаста шығару сияқты заңдар да
сол кезде қабылданған. Сиыр сауу да қиын жұмыс, трактор айдау да
қиын жұмыс, бірақ сөйте берсек, оларға төлейтін зейнетақыны қайдан
аламыз? Басқа мамандық иелері неге осыны талап етпесін енді? Эко
номика көңілдегідей дамымай, қазына қоржыны босап, зейнетақы,
жалақы төлей алмай тұрған кезде мұндай заңдардың пайдасынан
зияны көп. Түбінде мұның өзі мемлекетімізге қауіпті жағдай еді.
Ақыр аяғында әлеуметтік төлем бойынша бірнеше жылдық қарыз
жинақталды. Кейіннен әлгіндей мемлекет есебінен мырзалықтың
жөні келіспейтініне депутаттардың өздерінің де көздері жетті, тиісті
заңнан жаңағыдай көкейге қонымсыз баптар алынып тасталды.
Конституция жобасын жасауда да, оны Парламентте талқылауда
да мен бұл жағдайдың қоғам мен мемлекетті қақ жаруға жеткізбеуін
алдымен ойладым. Бұғанасы жаңа бекіп жатқан мемлекеттің, көпұлт
ты, көптілді, көпдінді мемлекеттің тыныштығы мен тұрақтылығын
сақтау бәрінен де маңызды еді. Елдегі ішкі саяси тұрақтылықты сақтап
қалсақ, мемлекеттің түйінді мәселелерін шеше жататынымызды
ұдайы есте ұстадым. Оны жете ойламаған жерде қандай жағдай
орын алуы мүмкін екенін Ресейдегі 1993 жылғы оқиғалар көрсетіп
берді. Қазір адамдардың көбі ұмытып та кеткен болса керек, сол
кездегі кейбір митингілерде облыстардың өкілеттілігін күшейту
дегенде оларды тап бір федерациялық құрылымның субъектілерін
дей ету жөнінде де талаптар қойылған. Мұның өзі егемендігімізге,
тұрақтылыққа, әрбір қазақстандықтың отбасының тыныштығына
тікелей қатер төндіретін жағдай екенін түсіну қиын емес. Жалпы,
сондай талаптар бір жағынан жақсы да болды. Өйткені осы арқылы
біз түрлі деңгейдегі әкімдерді сайлауға саралап қарау керектігін, ал
облыстар әкімдерін сайлаудан тартынған жөн екенін біржола ұқтық.
Ресейдің өзі де губернатор сайлауынан пайда тауып жарытпағанына
көп ұзамай жұрттың көзі жетті. Мысалы, бір өлкеде сатирик актер
губернаторлыққа сайланғаны есімде. «Актер» дегенді әдейі қосып
жазып отырмын. Жванецкий, Задорнов сияқты сатириктердің қоғам
өміріне қатысты пікірі — өздерінің ойы, толғамы. Ал сатирик актер —
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 334 —
тек сатирик автордың жазғанын жаттап алып, сахнада мәнерлеп ай
татын, өзгенің сөзімен жұртты күлкіге қарық қылатын, сөйтіп жүріп
өзін танымал ететін адам. Көпшілік танымал адамға дауыс берді де
қойды. Оның аяғы немен біткені белгілі.
Ұлттық мәселелер бойынша небір пікірсайыс өршіп жатты. Кон
ституциялық комиссияның кейбір мүшелері Президент те, Жоғарғы
Кеңес төрағасы да міндетті түрде қазақ болуы керек дегенді Конститу
цияға шегелеп жазып қоюды ұсынды. Менің мәжілістерде қайта-қайта
сөйлеп, мұндай әсірепатриотшылыққа тойтарыс бердім. Өркени
етті әлемдегі бірде-бір елде мұндай қағида Конституцияға жазыл
маған. Конституция көпұлтты халықты бөлуге емес, біріктіруге тиіс.
Конституция жобасында адамның еңбекке құқылығы туралы
бұрынғы баптың болмауы қызу айтыс туғызды. Егер адамның еңбек
етуге құқын қамтамасыз ете алмасақ, онда неменеге тәуелсіз мемлекет
атанып отырмыз деген сияқты өте өтімді сөздер де талай айтылды. Ал
енді шындықтың бетіне тіке қарайықшы. Біз әр адамның еңбек ету
құқын Конституция бойынша қамтамасыз ете аламыз ба? Ол мүмкін
емес. Жұмыссыз қалғанның бәрінің конституциялық құқы бұзылған
болып шыға ма сонда? Кез келген адамға жұмыс тауып беруге міндетті
ме екен мемлекет? Бүкіл әлемде нарық жағдайында ешкім де ондай ке
пілдік бере алмайды. Бере алмайды дегенім бер жағы, ол тіпті қажет те
емес. Еңбекке кепілдік берілген кешегі кеңестік кезеңде еңбектің қадірі
кеткенін ұмыта қойған жоқпыз. Сондай-ақ Конституция жобасында
тегін емдеу мен тегін білім мемлекеттік медицина мекемелерінде және
мемлекеттік орта білім орындарында, яғни мектептерде беріледі деп
жазылды. Олай жазылмаса, жекешенің мүмкіндігін шектер едік. Осы
мәселелер жөнінде бірнеше рет сөз алып, түсіндіру, кейбір депутат
тармен жеке кездесу қажет болды.
Әңгіменің ашығын айтқанда, менің ұсыныстарымның біразы
талқылау барысында өтпей қалды. Мысалы, қос палаталы парламент
жөніндегі ұсынысым қабылданбады. Президенттің парламентті та
рату қағидасын көздеген баптың өтпегені өзінен-өзі түсінікті. Парла
ментті тарату қағидасы қабылданбағаннан кейін, әрине, президентке
импичмент жариялау қағидасы да қарастырылмады. Әйтсе де, мен
мәселені ширықтырып жатқым келмеді. Парламентпен тартысқа
түсуден тартынуды жөн көрдім. Жағдай ішімізде де, сыртымызда да
күрделі еді. Мұндайда басты нәрсе мемлекеттің тұрақтылығын сақтап
қалу болуы тиіс. Тұрақтылық сақталса, ең өзекті деген мәселелердің
өзін уақыты келгенде шешіп алудың мүмкіндігі бар.
Мен қоғамның озық ойлы бөлігінің көзқарасын жүзеге асыра
алмадым. Менің ұсыныстарыма Жоғарғы Кеңес басшылығы мен
Парламент: тарату ма, тарау ма?
— 335 —
Төралқасының басым көпшілігі үзілді-кесілді қарсы тұрды. Қызу ай
тыстар шықты. Ол саяси кезеңнің сипатынан туындап жатқан жағдай
еді. Еліміз тәуелсіздік пен егемендік жолына енді қадам басқан-ды.
Одан әрі қарай міндеттің күрделілене беретінін жақсы түсіндім. Сол
тұстағы шешімім тактикалық тұрғыдан өзін-өзі ақтады деп ойлаймын.
Қазақстанда шын мәніндегі өрелі элита қалыптасуына көп уақыт
керек екеніне көз жете түсті.
Қазақ КСР-інің қолданыстағы Конституциясы жаңа Конституция
ны қабылдауды тек парламенттік жолмен іске асыруды қарастыратын.
Сондықтан да Жоғарғы Кеңес өзінің шешуші билік өкілеттілігінің
көбін сақтап қалды, ал бұл кезде президенттік билік қалыптасу са
тысында ғана болатын. Осы жағдайларда, қоғамды және мемлекетті
ыдыратуға жол бермеу, енді ғана қалыптасып келе жатқан мемле
кетте және полиэтникалық қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты
сақтау үшін мәмілеге баруға көндім. Түпкі нәтижесінде ішкі саяси
тұрақтылықты сақтау қажеттілігі ел үшін маңызды проблемалар
ды шешетін қағидатты және бұлтартпайтын міндеттерден жоғары
қойылды. Бұл арада мәмілеге баруға сыртқы саяси факторлардың
белгілі рөл атқарғанын айтуым қажет. Осы кезде біз ТМД-ның жеке
леген елдерінде конституциялық құрылысқа байланысты мәселелер
бойынша келіспеушілік шыққанының және жаңа конституцияларды
қабылдау ұзаққа созылғанының, соның аяғы қақтығыстарға ұрын
дырғанының куәсі болдық. Қазақстанның жаңа конституциялық
моделіне қатысты екіұштылық жүйелі әлеуметтік-экономикалық
және саяси-құқықтық реформалардың басталуына бөгет жасап,
билік тармақтары құзырларының конституциялық деңгейде нақты
көрсетілмегендігінен, олардың арасында орынсыз шиеленіс туғыз
ды. Конституциялық құрылыстың барлық қатысушылары мәмілеге
келудің қажеттігін түсінді.
Пікір алалығы болуына қарамастан, Конституцияны мүмкінді
гінше тезірек қабылдау керек еді. Себебі, тәуелсіздік мәртебесі бар
ел, екінші жыл бойы, сол бұрынғы, қоғам талаптарына жауап беру
ден қалған кеңестік дәуірдің Конституциясы бойынша өмір сүріп
жатты. Осы жағдайды толық түсінгендіктен және кеңестік кезеңде
сайланған Жоғарғы Кеңестегі консервативті көпшіліктің көңіл кү
йін білгендіктен, менің мәмілеге көнуім керек болды. Амалсыздан
көптеген мәселелер бойынша шегініс жасаудың салдарынан, 1993
жылғы бірінші Конституция қоғамдық және мемлекеттік дамудың
өмірлік мәселелеріне толықтай жауап бере алмады. Шынын айтқан
да, толықтай жауап бере алатын Конституция жасауға, қабылдауға
қоғамның өзі де дайын емес екеніне көз жетті.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 336 —
ҚАТЕЛІКТЕН ТУҒАН ҚАТЕЛІК
Мен кезінде парламентпен қарым-қатынаста екі бірдей бұрыс
шешім қабылдағанымды айтуым қажет. Ол кейінірек белгілі болды.
Біріншісі — жаңа мемлекеттің билік құрылымына вице-президент
лауазымын енгізу. Ол қызметке мен бұған дейін Жоғарғы Кеңестің
төрағасы қызметіндегі Ерік Асанбаевты ұсынған едім. Мұның сәтсіз
шешім екенін уақыт көп ұзатпай-ақ көрсетіп берді. Біздің жағдайы
мызда бұл лауазымдағы адам негізінен хаттамалық сипаттағы шаруа
лармен шектелуге мәжбүр етілетініне тез арада өзімнің де көзім жетті.
Вице-президент лауазымы бар бірқатар елдерде (мысалы, Америка
Құрама Штаттарында) президент үкіметті басқару міндетін қоса
атқаратынын толық ескермеген екенбіз. Вице-президент бізде пре
зидент пен премьер-министрдің арасындағы басы артық буын болып
шықты. Кейінгі Конституцияда бұл қызметті билік құрылымынан
алып тастауға шешім қабылданды. Содан соң, әсіресе Қазақстанның
Германиядағы елшісі қызметінен босатылғаннан соң бұрынғы вице-
президент Ерік Асанбаевтың маған көзқарасы бірте-бірте өзгере
бергенін айтуға да тура келеді.
Парламент басшысы міндетін жап-жақсы атқарып жүрген адамды
жоғарылатамын деп, төмендетіп алған осы қателіктен екінші қателік
туындады. 1990 жылға дейін Қазақстанның Мәскеудегі тұрақты өкілі
болып істеген Серікболсын Әбділдинді Жоғарғы Кеңес төрағасы
ның орынбасары қызметіне өзім ұсынған едім. Осыған байланысты
онымен сенімді әңгіме өткізгенмін. Мен бастапқыда елдегі рефор
маларды қолдаған, жанымда жүрген азаматқа сенуді жөн көрдім.
Оны Мәскеуде жүрген жерінен елге шақырып, Оңтүстік Қазақстан
нан депутаттыққа өтуіне септескенмін. Әйтпесе, оны сол облыстағы
жұрт онша тани да қоймайтын. Осының бәріне ризалық танытар,
жанымнан табылатын әріптес болар дегенмін. Қайтерсің, өмірде бәрі
бірдей ойлағаныңдай шыға бермейді, оған талай көзім жетті. Екеуміз
былай деп келіскенбіз. Сайлау өткенше Жоғарғы Кеңес Төрағасы
ның орынбасары лауазымын атқарады. Сайлау өткен соң басқа қыз
мет ұсынылады. Бірақ Сәкең сол екі арада (менің қолым тимегенін
пайдаланып) депутаттарды өз жағына тарта бастады. Біреуінің бала
сын жұмысқа орналастырып, біреуіне кредит алып беріп дегендей,
көңілдерін таба берді. Ақыр аяғында менің өзіме қарсы шығып, баяғы
«Бар билік Кеңестерге берілсін!» деген большевиктік ұранға көшті.
Өкінішке қарай, жұмыс бабында жақынырақ тани түскенде оның
кәдімгі функционер екенін, ескі жүйенің таптаурын тәсілдерінен
шыға алмайтынын, идеологиялық қасаң қалыптардан аса алмай
Парламент: тарату ма, тарау ма?
— 337 —
тынын көрдім. Сондықтан да Ерік Асанбаевтың орнына Жоғарғы
Кеңес төрағасын сайлау кезінде Серікболсын Әбділдиннің кандида
турасына іштей қырын қарағанмын. Тіпті екінші турға өтіп тұрған
жерінде оның төрағалыққа сайланбауын қалап, балама ретінде ол
кезде Жамбыл облыстық кеңесінің төрағасы қызметінде істейтін
Өмірбек Байгелдінің кандидатурасын ұсынғаным да бар. Бірақ ол
дауысқа түсуден бас тартты. Айтқандай, мұның алдында Әбділдин
мені төраға лауазымына қызықпаймын, ол орынға бармаймын деп
сендірген. Ақыры өзімен таласқан депутат Сауық Тәкежановтан артық
дауыс алып, С. Әбділдин Жоғарғы Кеңес төрағасы болып сайланды.
Парламентшілердің қолдауын иелену үшін төраға міндетін уақыт
ша атқарып тұрған кезінде атқарушы билік арқылы депутаттардың
сан түрлі өтініштерін қанағаттандыруы да бұған әсер етті. Біреуін
ғана айтайын. Әр депутатқа жеке қызметтік көлік бекітіліп берілді.
Жоғарғы Кеңеске бара қалған министрлер мәшинелерін қоятын жер
таппайтын — парламенттің айналасы иін тірескен көлікке толып
тұратын. Депутатты таңертең жұмысқа алып келеді де, жүргізушілері
қара кешке дейін тапжылмай отырады. Кейін бұдан бас тартыл
ды — депутаттар көлікті тапсырыс бойынша пайдаланатын болды.
Депутаттар көлік жетіспегендіктен жұмысқа немесе жиналысқа бара
алмай қалыпты дегенді естімеппін.
Жаңа қызметке сайлана салысымен Серікболсын Әбділдин: «Менің
ойымша, республиканың Жоғарғы Кеңесі өзінің тарихында тұңғыш
рет өз көшбасшысын орталықпен келіспей, партия және басқа орган
дардың ұсынымынсыз сайлады. Бұл бізге аса үлкен жауапкершілік
жүктейді… Мен парламенттің бағытын сенімді жолмен, Қазақстан
Республикасының көпұлтты халқын өркендету мақсатымен алып
жүру үшін бәрін де жасауға тырысамын» деп сөйледі. Ермұхамет
Ертісбаевтың «Казахстан и Назарбаев: логика перемен» атты кіта
бындағы: «Президенттің актерлік қабілеті нашар, сондықтан да ол
өзінің жақтырмағанын жасыра алмады: қынжылған түрмен Әбділ
динді құттықтауына тура келді. Назарбаевты түйсігі алдаған жоқ:
Әбділдин, бүкіл жаңғырту процесін мемлекет басшысы басқара
тынын, түйінді сөзді өзі айтуы тиіс екенін атымен елемеуге көшіп,
Президенттен тәуелсіз саясат жүргізуге тәуекел етті» деген сөздер
сол күрделі кезеңді дәл сипаттаған.
Уақыт бәрін де орын-орнына қояды. Бұл жолы да солай болды.
1993 жылғы Конституцияда Қазақстанның республика екені
жарияланған. Қандай республика екені анықталып айтылмаған.
Президенттік республика ма? Парламенттік республика ма? Кон
ституцияның құрылымында Жоғарғы Кеңес туралы айтылатын
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 338 —
тарауды Президент туралы айтылатын тараудың алдына орналас
тыру арқылы депутаттар жоғары өкілетті орган мемлекеттік бағы
ныстылықта белгілі бір дәрежеде үстемдік етеді дегенді ашықтан-
ашық білдірді. Бүкіл Қазақстан халқының атынан өкілдік ету құқы
тек Жоғарғы Кеңес пен Президентке берілетіні жазылған ереже де
соны аңғартатын. Соған қарағанда еліміздің ол кездегі саяси сипатын
парламенттік-президенттік республика ретінде анықтауға болар
еді. «Советы Казахстана» газетінде Президент пен Жоғарғы Кеңес
төрағасы туралы жазылған мақаланың «Две вершины одной горы»
деп аталғаны есімде. Мұның өзі мемлекетіміздің даму мүддесіне сай
келмейтін. Оркестрде бір адам дирижерлік етуі керек. Ең қиыны —
Жоғарғы Кеңестің басшылығы бара-бара тау басындағы ең биік екі
шыңның бірі болуды да місе тұтпай, іс жүзінде елдің саяси сипатын
парламенттік республикаға жақындатуға тырысып бақты. Бюджет
бекіту, үкімет құрамын қалыптастыру деген кәдімгі жаяу көкпарға
айналып кететін. Министрлікке, комитет төрағалығына ұсынған кан
дидатураларымның кейде күні бойы талқыланатыны, ал кейде тіпті
өтпей қалатыны қалыпты жайға айналып бара жатқан еді. Сондағы
мақсат — парламенттің күшін көрсетіп қою. Күшін көрсете берсін
ғой, бірақ осындай електен зорға өтіп барып тағайындалған үкімет
мүшелерінің жұмыстың жайымен қоса, депутаттардың көңілінен
шығуды да қатар ойлап, алаңдап жүретіні жаман.
Саяси мемуарларды, саясаткерлер туралы кітаптарды оқып отыр
саңыз, ел басшыларының талайы тіл табысатын парламентті қа
лағанын көресіз. Мұның өзі табиғи нәрсе ғой. Украинаның бұрынғы
президенті Леонид Кучма жайында жазылған К. Бондаренконың
«Портрет на фоне эпохи» атты кітабында: «Леонид Кучма Украина
«жаңа Кучманы» көреді деп уәде берді, сол уәдесінің үдесінен шықты.
Екінші президенттік мерзімге кірісе салысымен парламентті сілкілеуді
бастады. …Леонид Кучма айтып қана қоймай, іске көшуге бекінді.
Оған болжауға келетін, тіл алатын парламент керек еді» делінген.
Президент Л. Кучма мен Верховная Раданың басшысы А. Мороз
дың арасындағы тіресу туралы аз жазылмаған. Беларусь президенті
Александр Лукашенконың «Я перетрахивал и буду перетрахивать
парламент» дегені де сол кітапта келтірілген. Әрине, Александр
Григорьевичтің бұл арада «Я перетряхивал и буду перетряхивать»
дегенді айтқаны белгілі ғой.
Бірақ бұл арадағы негізгі мәселе тілалғыш парламентке қол жет
кізуде немесе жеткізе алмауда емес. Мәселенің басты мәнісі ел да
муының сол белесінде Қазақстанның мүддесі үшін бәрінен бұрын
Парламент: тарату ма, тарау ма?
— 339 —
күшті президенттік билік қажет екенінде еді. Ел өміріндегі маңызды
шешімдердің адамдық жеке қатынастарға байланысты қабылдана
салмайтынын түсіну керек.
Парламенттік республикалар — билікті жүзеге асырудағы басты
рөл саяси партияларға тиетін нысан. Елде күшті әлеуметтік негізі
бар саяси бірлестіктер қалыптасып үлгермеген жағдайда парла
менттік республика жөнінде сөз қозғаудың реті де келмейді. Мұндай
модель демократиясы жаңа қалыптасып жатқан Қазақстан тұрмақ,
демократиясы дамыған елдердің көбіне де онша үйлесе бермейді.
Парламенттік республикаларда саяси дағдарыстар президенттік,
президенттік-парламенттік республикалардағыдан жиірек кезде
сетінін дәлелдеу қиынға түспейді. Әсіресе сол кездегі ахуалда бұл бізге
негізінен зиян келтірді. 1990–1995 жылдарда Жоғарғы Кеңес депута
ты, парламент төрағасының орынбасары болған Зинаида Федотова
былай деп жазады: «1992–1993 жылдардағы Қазақстанның жағдайын
көз алдымызға елестетуіміз керек. Біз Конституция бойынша жұмыс
істеген кезде саясат саласы тынышсыз еді. Мемлекет қазынасынан тыс
есептен қаржыландырылатын жаңа үкіметтік емес ұйымдар бірінен
кейін бірі құрыла беретін. Олар маңайына белгілі бір электоратты
жинап алатын, қоғамда мазасыздық толқынын туғызып кетпеу үшін
кейде мемлекет солардың іс-әрекетінің алдын алуға мәжбүр бола
тын. Ереуілдер де орын алып тұратын: Парламенттің төңірегіне киіз
үйлер тігілетін, ішінде адамдар жататын».
Мен ел президенті ретінде биліктің заң шығарушы және атқарушы
тармақтарының бірлескен жұмысын жолға қоюға бар күшімді сал
дым. Кейде апталар бойы күнімен парламентте отырып, депутат
тардың дау-дамайын тыңдайтынмын, сауалдарына жауап қайтара
тынмын, кешке қарай кабинетіме келетінмін де, шешім қабылдауды
талап етіп тұрған кезек күттірмес мәселелермен айналысуға кірісетін
мін… Мәселе менің уақытым кетіп бара жатқанында емес. Мәселе
реформалардың уақыты өтіп бара жатқанында. Сөйтіп, бұрынғы
үйреншікті дағдылы идеологиялық тәсілдемелер мен қатып-семіп
қалған қағидаларды қорғаштауын қоймаған парламентшілердің
іс-әрекеті қоғамның реформашыл күштерімен қайшы келе бастады.
Соның салдарынан экономиканың күні өткен құрылымы сүрлене
сақталып, жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыру жөніндегі
бастаманың бәрі де тежеліп тұрды. Парламентшілердің ортасында
кәдімгі кеңестік менталитет әбден орнығып алған еді. Ол менталитет
билік тармақтарын әрқайсысы өзі жауап беретін саладағы міндет
терді аяғына дейін жеткізетіндей етіп бөлуге мүмкіндік қалдырмады.
Сол кездегі парламент басшылары да дәл сондай болды. Өкілетті
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 340 —
органдардың демократиялық құқықтық мемлекеттің табиғатына сай
келетін жаңа жүйесін жасау уақыт талабы екені айқын біліне бастады.
Ақыр аяғында мұны депутаттардың өздері де түсінді. Түсінбеу
мүмкін де емес еді. Бұрынғы жүйенің, кеңестер билігінің көлбеу
сипатын конституциялық қағидат түрінде сақтап қалу арқылы пар
ламент іс жүзінде мемлекетте қос билік орнауына жол ашты. Сол
қос биліктегі шешуші орын заң шығарушы билікке қарай ауысуға
айналды. Жоғарғы Кеңестің қысыр таласы таусылмады. Сессиялардың
арасындағы үзілістер де тым ұзаққа созылатын. Мұндай жұмысымен
парламент экономикалық реформаның құқықтық негізін жасауды
әдейі кешеуілдетіп отырған жоқ па деген де ой туа бастады. Прези
дент пен үкіметке реформа жүргізуге кедергі келтіруші кеңестердің
шешуші билігі жайлы мәселені түбегейлі шешу қажет болды. Мен
бұл мәселені тіпті референдумға шығаруға да іштей әзір едім.
Бұл кезде Қазақстан іс жүзінде парламенттік-президенттік респуб
ликаға айналып үлгерген-ді. Жоғарғы Кеңестің жөнсіз дербестігі елдегі
тұрақтылыққа қауіп төндіретіндей күйге жақындады. Сол тұста мен
Серікболсын Әбділдинмен әдейі жеке сөйлестім. Ресейде президент
Борис Ельцин мен Жоғарғы Кеңес басшысы Руслан Хасбулатовтың
тіл табыспауынан елде қандай жағдай орын алғанын есіне салдым,
біз өзара қатынасымызды ондайға апармауымыз керектігін айттым.
Сөзге құлақ қояр болмады. Ат құйрығын кесісердей, қатты кетістік.
БЕТПЕ-БЕТ
«Жоғарғы Кеңес пен президенттің бетпе-бет келуі қанды қырғынға,
Кеңестер Үйіне танктерден оқ атуға ұласқан Ресейдегідей болған жоқ,
Қазақстанда бәрі де басқаша өрбіді. Бұл істе Назарбаевтың жеке өзінің
үлкен еңбегі бар. Келіссөзді сәтті жүргізудің шебері, тайталасатын
адамдарын ой қисынымен және көкейге қонымды жайлармен сендіре
білетін талантқа ие Нұрсұлтан Әбішұлы мүмкін еместей көрінген
нәрсеге қол жеткізді — депутаттарды өзіне жау етіп алған жоқ. Ресей
депутаттары қызғанышпен сөз ететін ғажайып оқиға орын алды.
Сенсеңіз де сол, сенбесеңіз де сол — Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Кеңесі өзін-өзі таратып жіберді! 1993 жылдың желтоқса
нында парламент өз өкілеттілігін тапсырды» — Николай Зенькович
осылай жазады. Автордың Назарбаев депутаттарды өзіне жау етіп
алған жоқ деген сөзі рас. Бірақ «ғажайып оқиға орын алды» дегені
ыңғайға келмейді. Жалпы, өз басым саясатта ғажайыптар болатынына
сенбеймін. Неге мұны ғажайып оқиға емес деймін? Өйткені оқиға
Парламент: тарату ма, тарау ма?
— 341 —
лардың өрбуі түйіннің осылай тарқалуына әкеле жатқан-ды. Кеңестер
мемлекеттік құрылымды жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық және
саяси реформаларды одан әрі дамыту жолында құқықтық кедергіге
айнала бастаған еді. Олардың толық билігі үлгісі уақыт шындығына
сәйкеспейтін жағдайға келген еді.
Қайта құрудың бастапқы кезеңінде кеңестерге үлкен үміт артылға
нын барша жұрт біледі. Кеңес Одағы әбден идеологияланған қоғам
болғаннан кейін, ол жүйе өмір сүрген соңғы жылдарда әкімшіл-
әміршіл жүйені сынап сөйлемейтін адам қалмады. Әсіресе, КСРО
халық депутаттарының съездерінде депутаттар өңешін созып, қызыл
кеңірдек болатын да жататын. Бұған съезд жұмысының тікелей теле
трансляциямен көрсетілуі де әсер етті. Әлі есімде, съезді жүргізуші
бір мәселеге байланысты жұмыс жабық жағдайда жалғасатынын,
камералар сөндірілетінін хабарлады. Сол-ақ екен, микрофондар
жанында кезекке тұрғандардың жартысы орындарына қайта орала
бастады — біраз сөйлеушілердің теледидардан көрініп қалуға ұмты
латынының белгісі еді бұл.
Алғашқы съезде-ақ баяғы Ленин айтатын «Барлық билік Кеңестерге
берілсін!» деген ұран қайтадан жаңғырған. Әуелде ол ұстанымды біз
де қолдағанбыз. Партиялық билік кетіп, нағыз халық билігі орнайды
деп ойлағанбыз. Сөйтсек, кеңестер билікті алуға тіпті де дайын бол
май шықты. Жоқ, билікті алуға дайын ғой, сол билікті пайдалануға
дайын болмай шықты. Жетпіс жыл бойы партия комитеттерінің
айтқанына көніп, айдауымен жүріп үйренгендіктен кеңестер саяси
мәселелерде де, шаруашылық істерінде де дербес қимылдауға дәр
менсіздігін көрсетті.
Парламенттің реформаларға кедергі келтіріп отырғанын мен ашық
айтып жүрдім. Кейбір депутаттардың өздері де біз тарауымыз керек
дейтін. Мұны бірқатар ақпарат құралдары да жазып жатты. Ақыры
бұл іске қозғау салынды. Алматы қаласындағы Алатау аудандық
кеңесінің 1993 жылғы 16 қарашада барлық деңгейдегі депутаттарға
жариялаған үндеуінде былай деп айтылды: «Кеңестер көбіне-көп
бұрынғы үрдіс пен ескі идеологияның баламасы болып қалып отыр.
Өкілетті жүйенің қызметін реттейтін заңдардың әрі әбден ескіргендігі,
әрі тар ауқымы, депутаттық корпустың өз жұмысына деген ынтасы
ның азаюы Кеңестердің шын өмірден аулақ қалуын күшейтті. Олар
дың сайлаушылардың еркін жүзеге асыруға қабілетсіз екені күннен
күнге айқындала түсуде. Бұл депутаттық корпустың кінәсінен емес.
Себеп басқада — Кеңестердің толық билігі үрдісінің бүгінгі күннің
шындығына толығымен сәйкес келе алмайтын қауқарсыздығында».
Әуелде Алматының аудандық мәслихаттары тарапынан қолдау
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 342 —
тапқан бұл бастама кейіннен бүкіл республика бойынша жалғасып
жүре берді. Жергілікті мәслихаттардың сессияларында депутаттар
сайлаушылардың еркін жүзеге асыра алмай отырғандарын өздері
айтты. Ақыр аяғында бұл толқын Жоғарғы Кеңеске де жетті.
«Бүгінде парламент шешуші мәні бар заңдарды қабылдауға қауқар
сыз, өйткені оларды талқылау барысында сезімге салынушылық ба
сым, басқаша болмай да барады. Бұрын маған заңнамалық актілердің
жобасын кезекті сессиядан жарты жыл бұрын жеткізіп беретін, кейінгі
кезде мен оларды астанаға келгенде ғана алып жүрмін, мұндайда
заңдарды қайдан байыптап талқыларсың… Депутаттығымыздың бір
жылы қалды. Алайда бұл мерзімнің аяқталуын күтіп отыруға бол
майды, кешіге берсек, былайша айтқанда, өзіміздің түбімізге өзіміз
жетеміз. Бізге жаңа өкілетті органдар керек, бізге жаңа парламент
қажет. Біз өз қателеріміз жайында адалдықпен айтып, аренадан
кетуге тиіспіз. Мен өзім таңдауымды жасадым» — Ақмола қалалық
әкімшілігінің басшысы, депутат Аманжол Бөлекбаев осылай деп
жазған. Артынша 23 адамдық депутаттық топ (арасында кейін пар
ламент спикері болған Марат Оспанов та бар) жергілікті кеңестердің
өзін-өзі таратуын өкілетті биліктің дағдарысы ретінде сипаттады.
«Қазіргі парламенттің Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуына
қосқан үлесін тиісінше бағалай отырып, сонымен бірге біз бүгінгі
жағдайда өзіміздің депутаттық өкілеттігімізді алып тастауды аза
маттық парызымыз деп білеміз және сіздердің әрқайсыларыңызды
біздің қатарға қосылуға шақырамыз» — олардың мәлімдемесінде
осылай делінген. Расында да, тез арада-ақ көптеген депутаттар сол
қатарға қосылды.
Ол кезде мені осы үшін кінәлаушылар аз болмады. Кезінде
Жоғарғы Кеңес депутаты Л. Филаретованың парламентті тарату
идеясы президенттен шықты деп ашықтан-ашық айтқаны да бар.
Кейін сол сөзі үшін өзі кешірім сұрады. Ресейлік «Комсомольская
правда» «Назарбаев настаивает на разгоне Советов», «в отличие от
своего северного коллеги делает это не лобовыми атаками… депутаты
отказываются от власти «сами» деп жазған. Бұған не деуге болады?
Бар мәселе — түпкі нәтижеде. Оған әркім әрқилы жолмен қол жет
кізуі мүмкін. Әрине, мен кеңестердің өзін-өзі тарату үдерісіне теріс
қарасам, бұл істі алғашқы апталарда-ақ тоқтата алар да едім. Бар
мәселе төменнен көтерілген сол бастаманың шынында да уақыттың
талабымен үндес шыққанында ғой. Ондай бастамаға мен неге қарсы
тұруым керек? Жергілікті кеңестер депутаттары топ-тобымен маған
хат жазып, неге Жоғарғы Кеңес өзі тарамайды деген сауал қойып
жатты. Ондай сауалды мен депутаттардың өздерінің қарауына жі
Парламент: тарату ма, тарау ма?
— 343 —
беретінмін. Бір топ депутат ұжымдық өтініш жазып, өкілеттіктер
ден босатуды сұрағанда да мен «Конституция маған мұндай құқық
бермейді, сондықтан бұл мәселені Жоғарғы Кеңестің таяудағы сес
сиясында күн тәртібіне қоюларыңызға болады, оны қарайтын да,
шешетін де тек өздеріңіз» деп қана жауап қайтардым. Осы арқылы
сөз ұққан адамға көзқарасымды аңғартуға тырыстым. Шыны керек,
Конституция ондай мүмкіндік берсе, сол парламентті таратудан
тайынбас та едім. Ақыры 360 депутаттың 200‑і өкілеттігін тоқтату
жөнінде өтініш түсірді. Бұл Жоғарғы Кеңестің басым дауыспен өзін-
өзі тарату жөнінде шешім қабылдауына алып келді.
Иә, бұған депутаттар бастамашы болды. Таңданарлық жай. Бірақ
ақиқаты солай. Сол тұстағы Алматы қаласының әкімі Заманбек
Нұрқаділов Жоғарғы Кеңес төрағасының кезекті бір қитұрқы әре
кетінен кейін шыдамай кетіп, осы мәселемен маған келгенін, депу
таттардың біразы өкілеттіктерін тапсыруды ойлап жүргенін ортаға
салып, ақылдасқанын, парламенттің өзін-өзі таратуын ұсынғанын,
«Бітті. Мезі етті. Парламентті таратуға кірісемін» дегенін айтқан. Пре
зидент «Өзің біл» деді де қойды дейді. Енді не дейін? «О, жарайсың,
жақсы бопты, менің өзімнің де күтіп жүргенім осы еді, бұл ұсыныс
ойымнан дөп түсті» демеймін ғой. Президент олай дей алмайды.
«Өздерің тараңдар» деп айтты демегеніне шүкір. Е. Ертісбаев бұл
жөнінде: «Яғни, президент жеке өз атынан ешқандай тапсырма бер
меген, сонымен бірге басталған процеске кедергі де келтірмеген» деп
жазады. Неге кедергі келтіруім керек екен? Парламенттің тежеуішке
айналғанын көріп тұрмын. Тәуелсіздіктің сөреден аттануы кешеуілдеп
бара жатқанын байқап тұрмын.
Көптің көңілін күпті етіп келген осы мәселенің анық-қанығын
айтудың алдында менің бірқатар газет сұхбаттарына қайта-қайта
сілтеме жасауым қажет болады. Шындыққа көз жеткізу үшін осылай
етуге мәжбүрмін.
Жоғарғы Кеңестің 12–13‑шақырылымдардағы депутаты Владимир
Чернышев бұл бастаманы басқа емес, дәл Нұрқаділовтің неге көтеріп
жүргеніне байланысты бір журналистің «Қуаты күшті мэрдің жеке
басына сол кездегі Жоғарғы Кеңес неге жақпай қалған?» деп қойған
сұрағына былай жауап қайтарған: «12‑шақырылымдағы Жоғарғы
Кеңес атқарушы биліктің кез келген өкілін кез келген уақытта ауыс
тыра алатын. Заманбек Нұрқаділов ол кезде Алматы әкімшілігінің
басшысы еді, Жоғарғы Кеңестің билігінің жоғарылығы сондай, оны
да тезге салып отыратын. Менің өзім Алматы әкімшілігінің ел Кон
ституциясын бұзуына байланысты онымен бірнеше рет түс шайысып
қалғанмын. Сондықтан бұл Жоғарғы Кеңесті құрту керек болды,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 344 —
депутаттар тым көп білетін, тым көп құқыға ие еді. Осы себептен
Заманбек Қалабайұлы өзінің жеке мақсатын да көздеді, әрі Назар
баевтың тағын да бекіте түсті». Сол сұхбатта ол былай деп те айтады:
«Осы мәлімдемесінде маған бәрінен де Заманбек Қалабайұлының
тұңғыш мемлекеттік төңкерісті дәл өзі ойластырып, жүзеге асырғанын
ақыры бүкіл әлемге жария еткені ұнады. Нұрсұлтан Назарбаевтың
бұған еш қатысы жоқ». Бір сұхбатта «Сіздің басыңызға бұл идея
қайдан келіп жүр?» деген сұраққа Заманбек: «Ол кезде қалалық
әкімдіктің заң бөлімін Зағипа Балиева басқаратын. Мен одан Жоғарғы
Кеңеске қатысты заң құжаттарының бәрін алып келуді сұрадым. Сол
қағаздардың арасынан мен жергілікті кеңестер туралы заңды көрдім.
Көрдім де, бірден КОКП жарғысын есіме түсірдім, онда партияның
негізі бастауыш ұйымдар екені айтылатын. Демек, ұқсастық бойынша,
Жоғарғы Кеңестің негізі атқарушы биліктің төменгі буындары болып
шығады. Содан мен істі Алматының Алатау ауданының кеңесінен
бастадым. Келесі күні тағы жеті аудандық кеңес пен қалалық кеңес
«өзін-өзі таратты». Одан кейін бұл «бастаманы» Қарағанды іліп алып
кетті, артынша үдеріс бүкіл ел бойынша жүріп кетті» деп жауап берген.
Мәселе ақыры шешілді. Егер бұлай шешілмегенде, мен бүкілха
лықтық референдум өткізуге де дайын тұрған едім.
Ақиқатына келгенде, Жоғарғы Кеңестің тарамауы мүмкін емес-
ті. Бар мәселе оның не ерте, не кеш тарауында ғана болып тұрған.
Жоғарғы Кеңесті өзін-өзі таратуға жеткізген жағдайлардың ең бас
тысы — жалпы кеңестік жүйенің күйрей қирауы. Біздің бағымыз —
биліктің екі тармағының, яғни атқарушы және заң шығарушы тар
мақтардың келіспеушілігін тыныш шешуге қол жеткізгеніміз.
Ал Әбділдин сол күндері ойында ештеңе жоқ күйде парламент
тік делегацияны бастап Үндістанға жол жүріп кеткен. Сейдахмет
Құттықадамның сөзімен айтқанда, «Ол парламент спикері болып
аттанды да, … жұмыссыз болып оралды».
Жалпы, жылдар өте келе, бүгінгі күн биігінен қарағанда, өз басым
Серікболсын Әбділдаұлына айтар өкпем жоқ. Тәуелсіздіктің 20 жыл
дығына арналған салтанатты жиналыста азаттықтың алғашқы тәй-
тәй басқан жылдарында жанымда болып, бірге қызмет атқарған
азаматтардың ішінде есімін атап, ризашылығымды білдіргенмін.
Өз сеніміне сай, өз мүмкіндігіне сай жұмыс істеді. Не айтса да, өзіме
айтты, көзіме айтты, тасада тұрып тас атпады, шетелге қашып, елін
жамандап жатпады. Келіспеушілікті қақтығысқа жеткізбеуге септес
ті. Президенттік және парламенттік биліктің тіресуі бейбіт жолмен
бітті. Жеңілісін мойындаған Серікболсын Әбділдаұлының қызметтен
лайықты кеткенін де айтқым келеді. Жоғарғы Кеңестің мен қатысқан
Парламент: тарату ма, тарау ма?
— 345 —
мәжілісінде ол: «Конституцияға сәйкес, жаңа, ұдайы жұмыс істейтін
парламент құрудың қажеттілігі пісіп-жетілді. Сіздер мен біз орасан
іс тындырдық, адал жұмыс істедік, қолымыздан келгеннің бәрін жа
садық. Сонымен бірге біз үкіметпен де, сот билігімен де егеске түскен
жоқпыз, мұндайда өзге мемлекеттерде оқ-дәрінің иісі де шығып
қалған еді. Оппоненттеріміз қазіргі Жоғарғы Кеңестің атына тікелей
айып таға алмайды. Біздің шақырылым тарихи шақырылым болды
және солай болып қала береді» деп, салмақты сөз сөйледі. «Ұдайы
жұмыс істейтін парламент құрудың қажеттілігі пісіп-жетілді» дегенді
алыстан ойлап айтқандай екен, өзі кейін (1999–2004 жылдарда) екін
ші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты болды. Көптеген
жылдар бойы Компартияны басқарды.
Талай жылдарға созылған басшылық қызметімде оппозициялық
бағытты ең жүйелі жүргізген адам ретінде де құрметке лайықты.
Мысалы, 1999 жылғы президенттік сайлауда мен қатысушылардың
79,78 пайызының дауысын алдым. Мені 5 миллион 846 мыңнан астам
адам жақтады. Сонда С. Әбділдин 11,70 пайыз дауысқа ие болған,
яғни оны 857 мыңнан астам адам жақтады. Одан кейінгі сайлауларда
ешбір қарсыласым мұндай көп дауыс алып көрген жоқ. Осының өзі
Серікболсын Әбділдиннің саясаттағы салмағын көрсететіні күмәнсіз.
Әр қадамыңды аңдып, кез келген кемшілігіңді көзге шұқып айтып
тұратын, сөйтіп босаңсуға мүмкіндік бермейтін мықты оппозицияның
болмауы жақсылыққа апармайтынын кейінгі өмірдің өзі дәлелдеп
берді…
ТАҒЫ ДА ДАҒДАРЫС ҚАТЕРІ
1994 жылдың наурыз айында жаңа парламент сайланды.
Сайлау өте тартысты өтті. Жоғарғы Кеңес «қызыл парламент»
болудан қалды. Мұндағы күштердің арасалмағы былай еді: ең көп
дауысты (32) «Қазақстанның халық бірлігі» одағы (СНЕК), Қазақстан
ның «Халықтық конгресі» (22), Қазақстанның социалистік (бұрынғы
Компартия) партиясы (12), Кәсіподақтар федерациясы (12) алды,
қалған орындар Шаруалар одағына, «Ладқа», ұлтшыл-патриоттарға,
билікке өкпелі шен иелеріне тиді.
Мен бұл парламентке үлкен үміт арттым. Алайда үмітім ақталма
ды. Депутаттар жұмысқа кірісе сала өздерінің не үшін сайланғанда
рын ұмытып кеткендей болды. Оған әуелгі беттегі төраға сайлауының
дау-дамайы да әсер етті. О басында бұл орынға Қуаныш Сұлтанов,
Олжас Сүлейменов, Ғазиз Алдамжаров, Әбіш Кекілбаев, Сұлтан
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 346 —
Сартаев ұсынылған. Олжас өз кандидатурасын алып тастады. Екін
ші турда 92 дауыс алып, Ә. Кекілбаев Жоғарғы Кеңес төрағалығына
сайланды. Төраға сайлауы онсыз да құрақ көрпедей парламентті
тіпті ара-дара етіп жіберді. Жоғарғы Кеңесте аса маңызды өмірлік
заңдарды талқылау қызу жүріп жатты, бірақ одан келер нақты пай
да шамалы еді. Парламентті көбік сөз көміп кетті. Айтыстан айтыс,
тартыстан тартыс жалғасатын да жататын. Соның салдарынан өзі
жұмыс істеген бір жылдың ішінде жаңа Жоғарғы Кеңес небәрі …7 заң
қабылдады. Әсіресе 1994 жылғы бюджет жобасының табандатқан үш
ай бойы талқылануы, сөйтіп жыл ортасына дейін елдің бекітілген
бюджетсіз жұмыс істеуіне тура келгені жанымызға қатты батты. Бұл
арада Әбіш Кекілбаевтың тым жайлы мінезінің, ешкімнің көңілін
қалдырмауға тырысатынының теріс әсері де болды-ау деймін. Сол
жағдайдан кейін Әбіштің басты қасиеті басшылық жасау емес, ой
шылдық таныту екеніне көзім жетті. Мемлекеттік кеңесші, Мемле
кеттік хатшы, Сенат депутаты ретінде көп іс тындырды.
Парламент шақырылымдарының жұмыс нәтижелілігіне салыс
тырма ретінде мына деректі келтірейін: одан кейін сайланған жаңа
Мәжіліс алғашқы 5 айдың ішінде-ақ 35 заң қабылдады. Ал бүгінде
парламенттік жұмыс әбден қалыптасқан, ырғаққа түскен.
Жаңа парламентпен жасалатын жұмыстың ең бастысы ретінде
жаңа Конституция жобасын түзуді белгіледік. Өйткені биліктің мей
лінше сара әрі табанды құрылымын қалыптастыру, түбегейлі эконо
микалық сипаты және қоғамдық-саяси зор маңызы бар мәселелерді
конституциялық деңгейде шешу қажеттігі күннен күнге айқындала
түсті. Әділет министрі Нағашыбай Шәйкеновті шақырып, екеуміз
ұзақ сөйлестік. Ол білікті заңгер, мемлекетшіл тұлға еді. Мен оған
сендім. Оған конституциялық реформаның негізгі бағыттарын си
паттап бердім және құжаттармен одан әрі жұмыс істеу үшін жаңа
Конституцияның үлгі жобасын тапсырдым. Әрине, жобаның аса
құпия жағдайда жасалғаны белгілі. Құжат жан-жақты қаралып, жоба
дайындалған соң әбден талқыланып, Жоғарғы Кеңестің қарауына
ұсынылуға тиіс еді. Өте тыңғылықты жұмыс атқарылды. Кейін санап
қарасам, біз Конституция мәтінінің 18 нұсқасын әзірлеппіз. Мен өзім
20 елдің конституциясын қадала оқып, конспектілеп шыққан болатын
мын. Ондағы ойым дамудың әрқилы сатыларында тұрған, әлеуметтік-
мәдени, ұлттық және басқа да ерекшеліктері бар, құқықтық жүйелері
де әртүрлі елдерде Конституция басты мақсатқа — тұрақтылықты
нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға, демократияны дамытуға
қол жеткізуге қалай көмектеседі дегенді анықтау еді.
Парламент: тарату ма, тарау ма?
— 347 —
Бірақ мен жаңа Конституция жөніндегі әңгімені осы арадан үзе
тұруға мәжбүрмін…
Күтпеген жағдай болды.
Бұл оқиға біздің жаңа Конституция жобасын жасау, Парламентте
талқылау жөніндегі ойларымызды бұзып кетуімен де, еліміз үшін
парламентаризмнің, демократияның елеулі сынағына айналуымен де
ерекше. Сондықтан, бұрын талай айтсам да, бұл жайды мемуарлық
кітапта қозғамай кетудің жөні жоқ.
«Казахстанская правда» газетінде журналист Татьяна Квятковская
ның сын мақаласы жарияланды. Ол Алматы қаласындағы Абылай
хан сайлау округінде сайлау туралы кодекс талабы бұзылды деп
санайтынын айтып, Орталық сайлау комиссиясына айып тақты.
Т. Квятковскаяның өзі сол округтен депутаттыққа түсіп, өтпей қалған.
Сайлауда жеңілгендердің дау айтатын әдеті ғой деп, о баста бұған
онша мән берілмеді. Шағым ұзақ қаралды. Кейіннен Конституциялық
сот шығарған шешім барша жұртты айран-асыр қалдырды. Сөйтсек,
бұл жерде үлкен мина жатқан болып шықты. Дау тек бір округке
қатысты емес екен. Жоғарғы Кеңес сайлауы мен жергілікті кеңестер
сайлауы бірге өткізілгендіктен, Орталық сайлау комиссиясының да
уысты санауға байланысты енгізген әдісі «бір сайлаушы — бір дауыс»
дейтін конституциялық қағиданың бүкіл ел бойынша бұрмалануына
ұрындырыпты және сайлау жөніндегі Кодексте көрсетілген сайлау
жүйесін өзгертіп жіберіпті. Дауды қараған Конституциялық сот өз
қаулысында: «Орталық сайлау комиссиясы өзінің өкілеттілігін жоға
рылатып, Конституцияның 60‑бабын бұзды» деген шешім шығарды.
Бұл не деген сөз? Бұл өткен сайлау қорытындылары мен Жоғарғы
Кеңес депутаттары өкілеттілігінің заңдылығы күмәнді деген сөз… Иә,
тап солай: Конституциялық соттың шешімі бойынша өткен сайлау
дың қорытындыларына да, Жоғарғы Кеңес депутаттары қызметінің
заңға сәйкестігіне де күмән келтірілді. Сайлаудың заңдылығына деген
күмән сонда сайланған Парламенттің легитимдігіне күмән келтіру,
тиісінше ол қабылдаған, қабылдайтын заңдардың легитимдігіне
күмән келтіру болып шығатыны өзінен-өзі түсінікті.
Қайтпек керек? Әрі ойланып, бері ойланып, 1995 жылғы 8 наурыз
да мен журналистерді жинап, Конституциялық соттың шешіміне
қатысты мәлімдеме жасадым.
«Соттың қабылдаған шешімі бәріміз үшін де күтпеген оқиға болды.
Мемлекетіміздің тарихында бұрын-соңды мұндай жағдай кездескен
емес. Мен мемлекеттік биліктің орнықтылығын жақтап келдім және
әлі де жақтай беремін.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 348 —
Өйткені біздің жүргізіп жатқан реформаларымыздың тағдыры
осыған байланысты, бұл ретте еліміздің бұдан бір жыл бұрын сай
ланған парламентінің де атқарар қызметі аз емес. Мен Жоғарғы
Кеңеске үлкен үміт артамын. Әрине, таластар, шамадан тыс қызба
лық ұшырап қалатыны да рас. Дегенмен біз алғашқы кезден бастап
жемісті тіл табысуға қол жеткізіп келгенбіз.
Жуырда биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтары ара
сында келісімді ықпалдастықты қамтамасыз ету туралы келісімге қол
қойысқанымыз — соның айғағы. Енді, міне, Конституциялық соттың
шешімі төбеден түскендей оқиға болып отыр. Тек парасаттылық,
ұстамдылық, заңға мүлтіксіз бағыну ғана біз үшін бірден-бір дұрыс
шешім тауып, парламент дағдарысына жол бермеуге мүмкіндік
туғызады.
Сөйте тұрса да, Конституциялық соттың шешімі кімнің мүддесін
қозғаса да, оған құрметпен қарауымыз керек. Тек сондай жағдайда
ғана Қазақстан шынында да құқықтық мемлекетке, заңның салтанат
құруына қарай бағыт алып бара жатыр деп айта аламыз»
Қиын жағдай қалыптасты. Әңгіменің ашығын айтқанда, елімізге
парламенттік дағдарыстың қаупі анық төнді. Мен енді ресми түрде
Конституциялық соттың қаулысына қарсылық енгіздім. Бір күн
нен кейін ол қаулыға Жоғарғы Кеңес Төрағасы Әбіш Кекілбаев та
қарсылық енгізді. Міне, осы тұста біздің еліміздің демократиялық
дамудың едәуір деңгейіне көтерілгені анық көрінді. Конституциялық
сот біз енгізген қарсылықтарды тойтарып шықты. Қарапайымдатып
айтсақ, қайтарып тастады. «Конституциялық сот Президент пен Қа
зақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес Төрағасының қарсылықтарын
қабыл алмау және Конституциялық соттың 1995 жылғы 6 наурыздағы
қаулысын күшінде қалдыру керек деп анықтайды. Анықтама шағым
беруге жатпайды» — Қазақстан Республикасы Конституциялық
сотының 1995 жылғы 10 наурыздағы анықтамасында тап осылай
жазылды.
Енді жағдай шындап қиындады. Мен Конституциялық сотқа олар
шығарған қаулының құқықтық салдары турасында сұраныс жасадым.
Сұраныста бұл қаулы Жоғарғы Кеңес сайлауын Конституцияға сәй
кес емес деп тани ма, депутаттар өкілеттілігін Конституцияға сәйкес
емес деп тани ма, егер олар Конституцияға сәйкес келмесе, онда
заңнамалық сипаты бар шешімдерді кім қабылдайды деген сияқты
мәселелер қозғалды. Конституциялық сот берген қосымша анықтама
бойынша ел Парламенті Конституцияға сәйкес емес деп танылды.
Конституциялық соттың шешімімен Парламент таратылды.
Парламент: тарату ма, тарау ма?
— 349 —
Заңсыз деп танылған Жоғарғы Кеңес құрған Үкіметтің өкілеттілігі
де Конституцияға сәйкес емес болып шықты. Үкімет орнынан түсті.
Орталық сайлау комиссиясы да орнынан түсті.
Мұның бәрі айтуға, жазуға ғана оңай. Депутаттыққа сайланға
ныңа жыл жаңа толғанда Орталық сайлау комиссиясы жіберген
қателік үшін зорға қолың жеткен мандаттан айырыла салу қалай
оңай болсын? Министр қызметін атқарып жүрген жеріңнен ойда
жоқта ОСК-нің орашолақтығынан орныңнан босап, отставкаға кету
қайдан оңай болсын? Қатты айқай-шу көтерілді. Біраз депутаттар
кабинеттерін босатпай, Парламент ғимаратында қонып жүрді, пи
кеттер ұйымдастырды. Бірақ олардың қарсылығын халық қолдаған
жоқ. Шулап-шулап, шаршаған соң ақыры қойды. Біз таратылған
Парламент депутаттарының барлығының да лайықты жұмысқа ор
наластырылуын қадағаладық. Жазықсыздан жазықты болғандары
белгілі ғой. Қайта бекітілгенде үкіметтің бұрынғы құрамын негізінен
сақтап қалдық.
Халқымыз бәрінің байыбына барды. Ел парламентінің екі бірдей
құрамының қатарынан тарауының себептерін де терең түсінді. Та
нымал журналист-жазушы Сарбас Ақтаевтың мақаласындағы мына
сөздер осының тағы бір дәлелі: «Жоғарғы Кеңеске келсек, бұрынғы
парламент өздігінен тарап, соңғысы заңсыз деп танылғанда құра
мында қаншама қадірлес азаматтар, қаламдас достарымыз бар
қай-қайсымыз да алғашында әжептәуір қынжылдық. Алайда ақыл
таразысына салып көрсек, сессия сайын қостілділік деп қиқулап, қос
азаматтық деп қыңқылдап, жер сатуға жібермейді деп жұлқынып,
Конституцияға өзгеріс енгізбейді деп әкіреңдеп, мәжілісті жұмыстан
гөрі ұрысқа айналдырып, адым аттатпай қойған көкезу көпірмелерді
ауыздықтай алмай, бір жылда он шақты заңды қабылдаған парла
менттің тарағанына өкінетін де ештеңе жоқ екен».
Ең бастысы — елде билік вакуумы орын алмады. Парламенттік
дағдарыс көп ұзамай-ақ еңсерілді. Еліміз бұл саяси сынақтан абы
роймен шыға білді. Халықаралық қоғамдастық жас демократияның
майысса да, сынбағанын тиісінше бағалады. АҚШ-тың Қазақстан
Республикасындағы елшісі Уильям Кортни сол күндері берген сұх
батында былай деген болатын:
«Бұл — демократияның салтанат құруы. Өкіметтің барлық тар
мақтары өз қызметін атқарғандықтан ешқандай дағдарыс болған жоқ.
Конституциялық сот сайлаудың заңсыз өткені туралы қорытындыға
келу үшін жеткілікті мөлшерде сақтық пен пайымдылық танытты…
Біз сіздердің Конституциялық сотыңыздың шешімін құрметтейміз.
Қазақстанда демократияның едәуір орныққанын бүгін бүкіл дүние
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 350 —
жүзі түсініп отыр. Сіздер бұның бәрінен өте байыпты және байсалды
өттіңіздер, сондықтан да дағдарысқа ұшырамадыңыздар… Бұл ТМД
мемлекеттері ғана емес, тіпті АҚШ-ты қоса, өзін демократиялық
елміз деп санайтын басқа мемлекеттер үшін де жақсы үлгі болып
табылады. Қазақстан демократияның шәкірті емес, ұстазы ретінде
көріне алды. Бұл үшін барлық қазақстандықтар мақтануы керек.
Қазақстанды АҚШ-тың да мақтаныш тұтатын жөні бар… Соңғы
оқиғалар… Конституцияға құрмет көрсете алған Сіздердің ел бас
шылығының да саяси беделін көтеріп тастады».
Айтқыштар бар ғой. Олжас Сүлейменов «Для разгона парламента
в России понадобились танки, а в Казахстане хватило одной Таньки»
деген сөз шығарыпты сол күндері… «Танька» деп еркелетіп отырға
ны — Татьяна Квятковская. Кейіннен мұндай сөзді Қалтай Мұхамед
жановтан да естідім. Классик жазушымыз Әбдіжәміл Нұрпейісовтің
70 жасқа толуына арналып жайылған дастарқан басында Қалекең дін
мәселелерін қозғап, сол кездегі бас мүфтиді сынап отырды. Екеуінің
араздасып, тіпті соттасып жүретінін білетінмін. Маған: «Діннің бе
делін көтеру керек болып тұр. Ол үшін бас мүфтиді ауыстырған жөн.
Осыны ойластырыңызшы?» дейді. Мен: «Біз зайырлы мемлекетпіз,
діннің ісіне араласпаймыз, ондай нәрсе қолымыздан келмейді» деп
жауап беремін. Сонда ғой Қалтай ағамыздың: «Нұреке, бір мүфтиді
ауыстыру екі парламентті таратудан қиын болып па?» дейтіні…
РЕФЕРЕНДУМ. КОНСТИТУЦИЯ
Әзіл жақсы, әрине. Ал байсалды түрде айтсақ, ол кезде қалыптас
қан жағдайдың драматизмі ерекше еді. Бір Парламенттің өзін-өзі
таратуы, екінші Парламенттің Конституциялық соттың шешімімен
заңсыз деп танылуы жас мемлекеттің парламентаризмі үшін оңайға
түскен жоқ. Елдегі саяси ахуал үшін алдымен жауапты адам ретінде
мен де талай тұста қатты толқыдым. Мені бәрінен бұрын ел өмірі
тым саясиланып кетер ме екен деген ой алаңдатты. Біз бұл кезде «Ал
дымен — экономика, саясат — содан кейін» деген қағидатты ұстанып,
реформаларды нақты қолға ала бастаған едік. Қоғамдық өмірдің тым
саясилануы халқымызды жасампаздық жұмыстан алаңдататыны
анық болатын. Сондықтан да менің президент ретінде парламенттік
дағдарыс қаупіне алаңдауымның себебін түсіну қиын емес. Уақыт
өте келе, көп нәрсе ұмытылып, көмескілене бастаған кезде ғана сол
жылдардағы жағдай жайында салқын сабырмен сөйлей аламыз. Өз
уақытында мұндай коллизиялар әлі буыны бекімеген тәуелсіздігімізге,
Парламент: тарату ма, тарау ма?
— 351 —
елдегі тұрақтылыққа едәуір салмақ салған еді. Әсіресе, реформалар
қозғалысқа қосыла қоймаған, экономикалық ахуал өте қиын кезде сая
саттағы орнықтылықтың қай кездегіден де қажеттірек екенін бәріміз
білетінбіз. Мен елдіктің қиын бір белесі кезінде барынша байыптылық
танытқан халқымызға, мемлекет тағдыры үшін жауапкершілікті сер
гек сезінген сол кездегі халық қалаулыларына разылығымды білдіруді
парыз санаймын. Осының арқасында елімізде ауыр парламенттік
дағдарыс орын алған жоқ. Оның есесіне бұл оқиға жас мемлекеттің
демократия сынағынан өткен үлкен мектебіне айналды.
Иә, елде парламенттік дағдарыстың алдын алудың тағы да сәті
түсті. Бірақ үнемі бұлай бола береді деп кім кепілдік ете алады?
Ешкім де. Бұған тек заң, заңдылық кепілдік етуі керек. Ал оның ең
сенімді жолы — Конституция. Жұрттың бәрі тақ тұратын Ата Заң.
Осы тұрғыдан алғанда, америкалықтардың өз Конституциясына
көзқарасы мейлінше назар аударарлық. Кейде бұл ұлт үшін қастерлі
еш нәрсе жоқ сияқты болып көрінеді: президент, конгресс, кез келген
лауазымды адам, заңның қандайы болса да оңды-солды қатаң сынға
алынып жатады. Бірақ олар үшін Конституциядан қастерлі нәрсе
жоқ, оны АҚШ-тың барлық азаматтары әспеттеп тұрып, демократия
лық жолмен ұйымдастырылған құрылыстың кепілі мен пәрменді
жұмыс істейтін құралы ретінде қорғайды. Біз үйренетін бір үлгі осы.
Конституцияға келешектің кепілі деп қарауымыз керек. Ал ол үшін
сондай құрметке лайықты Конституция әзірлеу керек.
Мұның сенімді кепілі — Конституция жобасын бүкіл халықтың
талқылауы, оны бүкіл халықтың қабылдауы.
1993 жылғы Конституцияны Жоғарғы Кеңес қабылдады. Бұдан,
әрине, оны халық қабылдамады деген оп-оңай ой шығарудың орны
жоқ. Парламент — республиканың жоғары өкілетті органы, оған
депутаттар сайлау арқылы халық өз өкілеттігін парламентке сеніп
тапсырады. Сонда да 1993 жылы жаңа мемлекетті құрудың қағи
даттарын халықтың өзі айқындамағандай, халыққа Конституцияны
Жоғарғы Кеңес сыйлай салғандай әсер қалғаны рас. Ондай әсерді
кезінде мен өзім де сезінгенмін. 1990 жылғы 24 сәуірден 1991 жылғы
1 желтоқсанға дейін Жоғарғы Кеңес сайлаған президент болып келдім
ғой. Алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауы 1991 жылы, Тәуел
сіздік қарсаңында өткізілді. Қанша дегенмен, тікелей сайлаудың жөні
басқаша. Бұл айтылған сөз Конституцияға да қатысты.
Негізгі Заңның нақтылы әлеуметтік-экономикалық және саяси
үдерістерден қол үзіп қалғаны айқын көріне бастады. Онда әрқи
лы мемлекеттік институттардың арасында кездеспей тұрмайтын
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 352 —
келіспеушіліктерді еңсерудің тетіктері жоқ еді. Мұның өзі биліктің
атқарушы және заң шығарушы тармақтарының арасындағы қарама-
қайшылықты объективті түрде өршіте түсетін жағдай.
Сонымен, ел тағы да, уақытша болса да, парламентсіз қалды. Мем
лекетте аяқастынан қалыптасқан осы тосын тығырықтан бізді сол
жылдың наурызында құрылған жаңа қоғамдық институт — Қазақстан
халқы Ассамблеясы алып шықты. Бұл ұйым ол кезде «Қазақстан ха
лықтарының Ассамблеясы» деп аталатын. Кейіннен «Біз, Қазақстан
халқы…» деп басталатын конституциялық қағиданы, ең бастысы —
этностарға бөлінсе де, халықтарға бөлінбейтін қазақстандық біртұтас
тықты ескере отырып, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» деген атауға
тоқтадық. Оны құру жөніндегі ұсынысты мен елдің ұлттық мәдени
орталықтарының жетекшілерімен 1995 жылғы 16 ақпанда өткен
кеңесте жария еттім. Ассамблея менің Жарлығыммен 1 наурызда
құрылды.
Бүкіл Қазақстан халқының болашағы үшін орасан зор тарихи
жауапкершілік жүктелген Ассамблеяны құру бастамасы біздің қоға
мымыздың қойнауынан туған. Соған сәйкес, республикада қыруар
дайындық жұмыстары жүргізілді. Облыстарда кіші ассамблеялар
құрылды, оған ең лайықты адамдар сайланды.
Ассамблеяның бірінші сессиясы өткен жолымызға және болып
жатқан қоғамдық-саяси үдерістерге талдау жасау, ұлттық саясатты
жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын белгілеу мақсатымен 24 нау
рызда шақырылды. Алқалы жиын біз қоғамдық тұрақтылықты қа
лай сақтап, нығайтуға, келесі парламент сайлауына дейінгі кезеңде
істі қалай жүргізуге болады, қоғамды реформалауды қалай тездету
керек дейтін сұрақтарға жауап беруге тиіс еді. Ассамблея бізге Қа
зақстан қоғамының барлық этностық топтарын жаңғыру мен даму
идеологиясының төңірегіне топтастыруға, қандай да бір этнокра
тиялық үрдістердің алдын алуға, азаматтарымыздың миграциялық
көңіл күйін төмендетуге мүмкіндік берді. Ұлттар мен ұлыстардың
таңдаулы өкілдері мұнымен де шектеліп қалмады. Ассамблеядағы
пікір алмасудың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы
Президентінің өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту
туралы республикалық референдум өткізу қажеттігі жөнінде қарар
қабылданды. Ол — ел басшысына сенімді нықтау және оған Қазақстан
ды реформалау ісінде ерекше өкілеттіктер беру мәселесіне қатысты
тағдыршешті ұсыныс.
Референдумның қорытындысы жүрегімді тебірентті. Дауыс берген
дердің 95,46 пайызы, яғни 7 932 834 адам менің өкілеттігімді ұзартуды
жақтапты. Бұл ерекше сенім, бөлекше қолдау еді. Сәуірдің 29‑ы мен
Парламент: тарату ма, тарау ма?
— 353 —
үшін өмірімнің бір шырқау сәті болды. Мен өзінің байсалды таңда
уы арқылы біздің ортақ Отанымызға таяудағы бес жылдың ішінде
тұрақтылық пен жасампаздыққа мүмкіндік туғызған миллиондаған
қазақстандықтарға шынайы алғысымды жеткіздім.
Одан бір жарым жылдай бұрын Президент пен жергілікті
әкімшілік басшыларына қосымша өкілеттіктер беру туралы заң қа
былданған. Менен ол заң мұның алдындағы парламентпен келіспей
жүрген кезде жасалған шығар дегенді талай рет сұраған. Жасырмай
айтқанмын: шындығында, солай. Ол кезде қандай жағдайдың да
орын алуы да мүмкін еді.
Алғашқы жылдарда нарық реформаларының жүргізілуі кереғар
лыққа толы еді, ара-арасында «батпаққа батып» та қалатын. Экономи
каны тұрақтандырудың біз талдап жасаған көптеген бағдарламалары
уақытша және оқшаулы сипат иеленді. Әдетте бір міндеттің шешілуі
басқа бір міндетті туындататын, оны орындау алдындағыдан ауыр бол
маса, жеңілге түспейтін. Бұл мәселелер көп ретте Жоғарғы Кеңестің
уақыт көшіне ілесе алмай жататынына, ал тіпті кейде экономикалық
реформаларға кедергі келтіретініне байланысты еді.
Мемлекет басшысына парламент құрылғанға дейін заң күші бар
жарлықтар шығаруға мүмкіндік беру елдегі саяси және экономикалық
реформаларды алған бетінен қайтпайтындай етті. Саяси сипаттағы
заңдарды айтсам, олардың арасынан сайлау туралы, республикалық
референдум туралы, парламент және оның депутаттарының мәр
тебесі туралы, Үкімет туралы, Президент туралы, Конституциялық
Кеңес туралы заңдарды бөле көрсеткен жөн. Екі Конституцияның
аралығындағы уақыт ішінде мен елдегі экономикалық реформаларға
тың тыныс ашқан 140‑тан астам нарықтық заңдарды бекіттім. Әрине,
біз мұны елде парламент сайлауы өткенге дейінгі кезеңде ғана пай
даландық. Сол уақыт аралығында мен шығарған жарлықтар арқылы
қолданысқа кірген заңдардың ол кездегі парламенттің тарапынан
қолдау таппауы әбден мүмкін еді. Бұл арқылы біз экономикалық
реформаларға заңды арқау дайындай алдық. Сол заңдарға кейінгі қос
палаталы парламенттің уақыт талабына сай кей-кейде, оның өзінде
ішінара ғана толықтырулар мен өзгерістер енгізгені олардың білікті
заңгерлердің қолынан шыққанын, жан-жақты талқылаудан өткенін
көрсетеді. Мұның өзі біз ойлап тапқан нәрсе емес. Үндістанның кон
ституциясы ел президенті парламент белгілі бір мәселе бойынша заң
ды шұғыл қабылдауға мүмкіндік таппаған кезде заңнамалық сипат
тағы жарлықтарға қол қоюға құқылы деп көрсетеді, яғни парламент
жұмысындағы үзіліс кезінде сондай жарлықтар қабылдана алады.
Корея Республикасының президенті экономикалық дағдарыс кезінде
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 354 —
немесе ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнгенде заң күші бар жарлықтар
шығаруы мүмкін. АҚШ президенті жарлық («орындаушылық бұй
рықтар») шығару өкілеттігін пайдаланып отырады. Конституцияда
көзделмеген бұл құқық прецеденттік құқық негізінде пайда болған
және әдетте федералдық үкімет қызметі саласында қолданылады.
Қысқасы, тиісті ресімдерді сақтай отырып, мұндай жарлықтар шыға
ру халықаралық практикада кездеседі және заңнамалық қызметтің
демократияға жатпайтын ресімі деп қарастырылмайды.
Президентке қайтадан парламент сайланғанша кең өкілдік беріл
гені, өкілеттілігімнің мерзімі ұзартылғаны жаңа Конституция жо
басын дайындауға да мол мүмкіндік жасады. Біз бастан кешкен екі
жағдай елдің Негізгі Заңының мемлекет үшін, әсіресе оның саяси
тұрақтылығы үшін қаншалықты маңызды екенін бадырайта көрсетіп
берді. Болашақ Конституцияның әрбір нормасы неше түрлі нұсқада
дайындалып, егжей-тегжейлі талқыланды. Ел болашағын айқындай
тын аса маңызды құжат дайындап жатқанымызды бәріміз де сергек
сезіндік. Барлық факторларды, барлық пікірлерді ескеру, солардың
арасынан жаңылыстырмайтын жалғыз нұсқаны таңдау қажет етілді.
Пікірталас салған беттен, жобаның алғашқы баптарынан-ақ баста
лып кетті. Әрбір бап бойынша түпкілікті шешім әлгі пікірлердің
барлығын талқылап болған соң ғана қабылданатын.
1995 жылғы Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан қандай
түбегейлі ерекшеліктері бар дейтін болсақ, мынаны айту керек. Ең
алдымен нақты да айқын қағидаттар ретінде қоғамдық татулық пен
саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық
даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды
мәселелерін демократиялық әдістермен, соның ішінде республика
лық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу
қарастырылды. Бұрынғы Конституцияда мұндай қағидаттар мүлде
белгіленбеген еді, соның өзі-ақ мемлекет саясатын болжап-білуі қиын
нәрсеге айналдыратын. Әу баста таңдаған жолдан болашақта ауытқып
кетпеуімізге көмектесетін бағыт-бағдарлар ретінде белгіленген түбе
гейлі қағидаттар Негізгі Заңның рухын танытып тұрды.
Жаңа Конституция Қазақстанды президенттік республика деп жа
риялады. Басқарудың нақ осы нысаны Қазақстан жағдайында оңтайлы
болатынын және қоғамның саяси, экономикалық жүйелерін ойдағы
дай реформалауға барынша қолайлы жағдай жасайтынын уақыт
көрсетіп берді. Біраздан кейін, елдегі қоғамдық институттар тиісінше
күшейген кезде мен өз өкілеттіктерімнің біразын Парламентке бер
генімді, сөйтіп іс жүзінде Қазақстанды президенттік-парламенттік
республикаға айналдыруға қадам жасағанымды халық біледі.
Парламент: тарату ма, тарау ма?
— 355 —
Парламент қос палаталы болып бекітілді. Ол жөніндегі ұсыны
сымды 1993 жылғы Конституцияда өткізе алмағанымды айтқанмын.
Тағы бір маңызды мәселе — Парламенттің міндеті заң шығарушылық
қызметке жұмылу екені нақты белгіленгені. Сонымен бірге, мемле
кеттік бюджетті бекіту, Үкіметтің бағдарламасын мақұлдау немесе
қабылдамай тастау, Премьер-министрді тағайындауға келісім беру,
Үкіметке сенімсіздік көрсету, оның мүшелерінің есептерін тыңдау
деген сияқты құзыреттердің барлығы да Парламентке бекітіп берілді.
Жобаны бүкіл халықтың талқылауы үшін баспасөзде жарияладық.
Бұл іске қаншалықты мән бергенімді мына бір мысалдан да көруге
болады. Жоба жарияланатын күні жұмыс тобының мүшелері Ба
уыржан Мұхамеджанов пен Константин Колпаковқа «Баспаханаға
өздерің барып, терілген мәтінді тікелей өздерің тексересіңдер, өздерің
қол қоясыңдар» деп тапсырдым. Олар маған түнгі сағат екі жарымда
үйге телефон соғып, бәрі де қалпында екенін айтты. Сонда барып
қол қоюға рұқсат алды.
Конституция жобасын бүкіл халық болып қалай талқылағаны
мызды айтып жатпай-ақ қояйын. Референдум нәтижелері шыққан
сәтте бойымды ерекше қуаныш сезімі биледі. Мен бүкіл халықтың
жеңісі үшін қуандым. Ойға алған мақсатқа жеткеніміз, біздің ісімізді
қазақстандықтардың соншама қолдағаны қатты толқытты.
Сөзді түйіндер тұста тақырыпқа шығарылған сауалға жауап қай
таратын болсам, кітаптың менің Жоғарғы Кеңеспен бір кездегі қи
лы-қилы қарым-қатынастарыма арналған бұл тарауын тарату туралы
емес, тарау туралы тарау деген дұрыс. Қалай айтқанда да, алғашқы
жылдардағы сол сілкіністерден қазақстандық парламентаризмнің
ширығып, ширап шыққаны талассыз.
— 356 —
ЕЛДІК ЕМТИХАНЫ
ЖАНБАҒЫС ҮШІН ЖАНТАЛАС
Тәуелсіздік таңы атқан тұста Қазақстан қайырым білмес жүйелік
дағдарыстың жылымына батып жүре берді. Бәрі де аяқастынан қи
рап түсті. Экономикалық байланыстар да, үйреншікті өмір салты
да, кісілік қасиеттер де өзгеріп кетті. Халық шаруашылығының белі
бүгілгені сондай, экономиканың көлемі 55 пайызға кеміді. Өнім
өткізетін жеріміз болмағандықтан, кәсіпорындардың бәрі дерлік
тоқтады. 1991 жылы біздің елімізге жантәсілім етуге жуықтап қалған
экономиканың жұрнағы тиді, бірақ соның өзін де игеру мен зерделеу
керек болды, өйткені республика бұрын өз әлеуетінің негізгі бөлігін
өзі басқарып көрмеген еді. Бұрынғы одақтас республикалар жетпіс
жыл бойы тек жоғарыдан айтылғанды жасаумен, төбеден түскен
тапсырманы орындаумен келгенін ескеру керек, мұның өзі кадрлар
дың дербес ойлау дәстүрін қалыптастыруға септеспейтін. Қысқасы,
тоқсаныншы жылдардың басында біз терең жардың тұсына тақау
тұрған едік.
Жанбағыс үшін жанталасып бақтық.
Біз неден бастадық, жол басында қолымызда не болды, сол кездегі
нақты мүмкіндіктеріміз қандай еді?
Әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуал шын мәнінде шатқаяқ
тап тұрған. Қазақстанның мүмкіндіктері сырттан осылай бағаланды:
экономикасы әлжуаз, қазынасы бос, саяси жүйесі балаң, кеңестер
заманынан әскери әлеует қана еншілеген ел саналдық. Былайғы дү
ние бізді көзге де ілген жоқ, әлемдік қоғамдастықты Қазақстанның
ядролық қару-жарағы ғана алаңдатты.
Тәуелсіздік жарияланғаннан кейінгі екі жыл біз үшін аса ауыр сын
болды. 1992 жылы экономика құлдиға қарай құлдырады. Барлық
жерде ақша әбден құнсызданды, еңбекақы, зейнетақы төленбеді,
кәсіпорындар арасындағы шаруашылық байланыстар үзілді, халық
тұтынатын тауарлар мен қолға берілетін ақша тоқтатылды. Мұның
барлығын бақылайтын бұрынғы одақтық министрліктер жоқ. Өзара
есеп айырысу мен тауар беру деген атымен жойылды. Сол кездегі бос
Елдік емтиханы
— 357 —
жатқан сөрелерді, нанға, балалар тағамдарына, тұзға, қантқа, темекіге
тұрған ұзыннан ұзақ кезекті қазір көз алдыңа елестету қандай қиын
болса да, бұл сол кездегі ащы шындық еді.
Бұрынғы одақтық республикалар арасындағы қаржы байланысы
мен өзара бірлесуінің үзілуі экономикалық жағдайды одан сайын
қиындатты. Әрине, оның қарапайым адамдардың өміріне тікелей
әсері болды. Ақшаның жетіспеуінің себебі Ресейдің мемлекеттік
банкісіне барып тірелді, барлық қаржы ресурстары Мәскеуден бөлініп
отыратын. Мен Мәскеуден бізге бөлінетін қолма-қол ақшаның көлемін
тым құрыса жарым-жартылай беруді талай рет сұрадым. Оған жауап
ретінде тек құрғақ уәде етілетін. Өтінішіміз ескерусіз қалатын. Ал
бөгелген ақша халықтың қолына тигенше мүлде құнсызданып кететін.
Қиындықтар үсті-үстіне туып, өсіп отырды, кәдімгі өрт сөндіргендей
жанталасып жататынбыз.
Осының бәрі елді ереуілдер мен митингілерге шығаратындай,
шықпасына қоймайтындай әлеуметтік тұрақсыздықтың алғышартта
ры еді. Халықты тыныштандыру, жағдайды түсіндіру үшін ауылдарға,
қалаларға жиі баруға тура келді. Мен адамдарды шыдамдылыққа
шақырып, жасап жатқан шараларымыз туралы, алдағы қиындықтар
туралы айтатынмын. Сол бір қысылшаң жағдайда жүздескенде сөй
лейтін сөзіңді дұрыстап, байқап айту, тіпті дауыстың ырғағын да
бақылау қажет еді. Елдің бәрінің жүйкесі әбден жұқарған-ды.
Экономикада мемлекеттік меншік басым. Нарық қатынастарын
дамыту үшін заңдық арқау мүлдем жоқ. Қолданыстағы заңдар жеке
меншік пен кәсіпкерлікке келгенде жазалауға бейім. Ең сұмдығы —
оларға қоғамдық пікір де теріс қарайтын!
Қырсыққанда, егемендік келген кезде тағы да саясат экономи
каның алдына шығып кетті. Кеңестік конституция бойынша өмір
сүрген жылдарымызды, жаңа Конституцияны Жоғарғы Кеңеспен
ымыраға келе жүріп қабылдауға мәжбүр болғанымызды, елдің
мемлекеттік сипатын түпкілікті анықтаудың өзіне талай уақыты
мыз кеткенін, талай жүйкеміз жұқарғанын өткен тарауда әңгіме
легенмін. 2005 жылы жарық көрген «Азия асқарлары» кітабының
авторлары сол кезге байланысты: «Бүкіл мемлекеттік ағзаны сақтап
қалу үшін ауру дене мүшесін кесіп тастау жөніндегі жанға тиетін,
алайда қажетті операцияны кейінге қалдырмай атқару қажет болды.
Дағдарыстан шығу күшті орталықтандырылған билікті нығайтуды
талап етті. Назарбаевтың ресейлік әріптесі Б. Ельцин бұл мәселені
парламент ғимаратын зеңбіректен атқылау арқылы шешті. Назар
баев болса, тек өзі ғана білетін тәсілдер арқылы Жоғарғы Кеңестің
өзін-өзі тарқатуына қол жеткізіп, қалыптасқан жағдайдан аман-
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 358 —
есен алып шықты» деп жазыпты. Мейлі. Мен «тек өзім ғана білетін
тәсілдерді» айтқанмын.
«Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің өздерінің өмір сүру ресурстарын
тауысуға айналған орталықтандырылған шаруашылық жүйелерінің
ыдырауын тоқтатуға тырысып, экономиканың тұрақтануы мен өсуге
серпін беру үшін қандайлық қиындықтармен бетпе-бет келгенін
көріп отырдық» — 2013 жылы Мәскеуден шыққан «Казахстан перед
барьером модернизации» атты кітабында Юрий Александров осылай
жазған. Дәл мұндайлық қиындықтармен бірден бетпе-бет келмеудің
мүмкіндігі бар ма еді? Бар еді. ТМД субъектілерінің экономикалық
саясаттағы қадамдарын әлдеқайда үйлесімдірек ету мүмкін еді. Эко
номикалық парасаттылықтың саяси шамшылдықтың құрбандығына
шалынуы әлдеқайда азырақ болуы мүмкін еді. Дегенмен, бәрібір
қазіргі Еуразиялық экономикалық одақ сияқты құрылымға ол кезде
қол жеткізілмейтін. Әр нәрсенің өзінің уақыты болады. Батыс Еуропа
да біртұтас Еуропа идеясы соғыстан кейін-ақ көтерілген. Бірақ оның
толыққанды түрде дүниеге келуіне қырық жылдан астам уақыт қажет
болды. Ал біздің Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы
идеямыз М. Ломоносов атындағы университетте мен ортаға тастаған
1994 жылдан бастап есептесек, бас-аяғы жиырма жылда аяқталды.
Бұл мұндай құрылымдардың құрылуы үшін қысқа мерзім саналады.
Нарық жағдайындағы экономикалық реформаның басты бір бағы
ты — бағаны ырықтандыру. Үкіметтің бағдарламасы ақша жиыны
мен нарықтағы тауар ұсынымының арасындағы тепе-теңдікті, өте
жанға бататын болса да, бір ғана жолмен — бағаны ырықтандырумен
қалпына келтірудің объективті қажеттілігін басшылыққа алды. Бұл
ретте нарыққа көшудің бастапқы кезеңінде нақты тауар өндірісінің
монополиялануы мен сыртқы сауданың ырықтандырылуы деңгейіне
байланысты бағамен реттеу көзделді. Бағаның одан әрі босатылуы
тек уақыт еншісіндегі мәселе деп қаралды да, «рубль аймағына»
кіретін басқа мемлекеттермен келісімді саясат жүргізу жорамалдан
ды. Саясат дегенде, 1993 жылға дейін біздің дербес экономикалық
саясатымыз да болған жоқ. Бюджетті жоспарласақ та, инфляцияға
қарсы шараларды, әлеуметтік қолдау бағдарламаларын ойластыр
сақ та, біз күннен-күнге көрер көзге семіп бара жатқан сол баяғы
сомға қарайлайтынбыз. Оның үстіне бір «қаржы қайығына» мінгесіп
алғаннан кейін жеріне жете ойластырылмаған ырықтандыру бағдар
ламасына амалсыздан қосылдық. Өкінішке қарай, Ресейдің бағаны
ырықтандыру жөніндегі біржақты шаралары республикада тиісті
жұмыс жүргізіп, үкімет саясатына тактикалық сипаттағы өзгерістер
енгізуге мүмкіндік бермеді.
Елдік емтиханы
— 359 —
Тарихи таңдаудағы еркіндік аясы қашанда үстірт теориялардың
болжалды кеңістіктерінен тарлау. Сол тұста нарықтық реформалар
стратегиясына балама жол болмады ма деп сәуегейситіндер көбейе
бастады. Әрине, болды. Бұл алдымен баяғы «бұйрық соқпағына»
түсіп алып, шаруашылықты басқара беру жолы еді, бірақ онда
біз талон-кәртішке жүйесіне біржола тұрақтап, жұртшылықтың,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық ынталылығын
біржола жоятын едік. Бұл балама бейберекеттік пен мемлекеттің
күйреуінің баламасы еді.
Жылдар алға жылжи берді. Нарықтың неше түрлі өткелегінен
кейін мемлекет бірте-бірте еңсесін тіктеуге көшті. Былайша айтқан
да, ана жердің өртін бір, мына жердің өртін бір өшірумен жүретін
күндер келмеске кетіп, мемлекет қазынашылық тәртіпті күшейтуге
кірісуге мүмкіндік алды. 1999 жылы бюджет процесі саласындағы
нормативтік-құқықтық негізді жетілдіру жөнінде жұмыс басталды. Ең
бірінші кезекте күш-жігер бюджеттің кредиторлық берешегі өсуінің
жолын кесу үшін оның қалыптасуын алдын ала бақылаудың және
бюджет қаражатын мақсатты, тиімді жұмсауды қамтамасыз етудің
сенімді тетіктерін жасауға бағытталды. Біз барлық мемлекеттік меке
мелер тиісті қаржы жылына бюджет заңнамасы бойынша белгіленген
бюджеттік тағайындаулардың сомасынан артық қаржылық міндет
теме алуға құқылы еместігін алғаш рет заң жүзінде айқындадық.
Революцияны алып-ұшпа сезімге бай, ал реформаны бәріне төзімге
бай адамдар жүзеге асырады. Біз елімізді эволюциялық даму арна
сына салып, дәйекті институциялық реформаларды табанды түрде
жүргізе алдық.
Мұның кілті мұнай-газ секторы арқылы табылды.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРА АЛТЫНЫ
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы кезім
де мен өнеркәсіп мәселелеріне жауапты болатынмын. Сол тұста
өзім үшін жаңа сала — мұнайдың, газдың мәселелерін жан-жақты,
тыңғылықты зерттеуге тура келді. Оларды игерудің қауіп-қатерлі
талай тұстары барын да білдім. Әйтсе де, 1985 жылдың жазында
көргенім шын мәнінде қайран қалдырарлықтай еді.
Ол кезде Кеңес Одағында өндірістегі апаттар тұрмақ, табиғат апат
тарының өзі жұртшылыққа жария етіле бермейтін. Сонда да 23 шілде
күні Қазақстанның батысында орын алған осы апат жайында айнала
сы бір аптаның ішінде-ақ бүкіл елдің құлағы түрік жұрты хабардар
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 360 —
болып үлгерді. Оны жасырып-жабу мүмкін де емес еді. Апаттың
ауқымы алапат, сипаты сұмдық. Қазіргі Атырау облысының Теңіз
кен орнындағы бұрғылау жұмысы кезінде Т‑37 ұңғысынан мұнайдың
алып фонтаны бұрқ ете қалды. Бұл кезде бұрғы 4467 метрге жеткен
екен. Сол төрт жарым шақырым тереңдіктен атқылаған мұнай-газ
бұрқағы бұрғылау құралын ғаламат қысыммен жаныштап, көкке
көтеріп әкетті. Кен орнында үлкен өрт шықты. Аспанға шапшыған
алаудың биіктігі 250 метрге жетті. Ауаға таралған күкірт қышқылы
мен газдың көлемі 8 миллиард текше метрлік алаңды жайлады.
Айналадағы тіршілік атаулы қырыла бастады. Қанаты күйген құстар
жерге топ-топ етіп түсіп жататын. Ұңғыға жақындап, апаттың зар
дабымен алысқан адамдардың арасында кісі өлімі де болды. Өрттің
күштілігі сондай, бұрын отқа жанбайды деп келген арнаулы киімдер
бірнеше минутқа ғана төзетін болып шықты. Өрт сөндіретін құмның
өзі балқып, бықсып жана жөнелетін. Т‑37 ұңғысындағы апатты жою
ға КСРО-ның түкпір-түкпірінен ең білікті мамандар шақырылды.
Мұнай өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары И. Игревский
штаб басқарып, ұңғының маңайында өзі жүрді. Ең кереметі — мұнай
бұрқағы 400 тәуліктен астам уақыт бойы атқылап тұрды! Бой бе
ретін болмады. Тіпті амалы таусылып, тығырыққа тірелген одақтық
министрлік ақыр аяғында бұрқақты … жер астында атом бомбасын
жару жолымен тоқтату туралы ұсыныс та енгізді… Біз, әрине, өре
түрегелдік. Ол ойды жүзеге асыртпадық. Министрлік те тез райынан
қайтты. Қайта құру, жариялылық деген науқандар басталып кеткен
кез еді.
Енді не істеу керек? КСРО-дай алып елдің бір бұрқақты бұғаулауға
әлі келмейтіні белгілі болды — ұңғыға құбыр салып, соның бойымен
төмен қарай ауыр сұйықтық ағызуға мүмкіндік беретін технология
табылмады. Амал жоқ, кеңес басшылығы жалған намысты жиып
қойып, америкалықтар мен канадалықтардың көмегіне жүгінді. Аме
рикалық «Шеврон» және канадалық «Отис» компаниялары маман
дары ұңғыға құбыр жіберіп, ақыры алып бұрқақты әйтеуір сөндіріп
тынды. Техастық сарапшы Ред Адер осы түйткілдің түйінін тапқанша
өткен сол 400‑ден астам тәулік ішінде ауаға тараған өртпен бірге
34 миллион баррель мұнай жанып кеткен екен.
Бұл орасан оқиға қазақ жерінің қойнауында мұнайдың керемет
кернеулі көзі жатқанын және біздің елде мұндай мол байлықты иге
руге қажетті технология да, оның тілін білетін осы заманғы мамандар
да жоқ екенін бадырайтып көрсете түсті. Қатты ойлана бастадық.
Атам заманда осы өңірге ат басын бұрған атышулы жаулаушы
лар — ұлы Кир мен Александр Македонский Каспий өңірінің
Елдік емтиханы
— 361 —
«от шашқан тастарына» таңғалған екен. Кезінде Әбілқайыр ханның
қабылдауында болған ағылшын саудагері Гок жол-жөнекей Жем
өзенінің бойынан су емес, мұнай атқылап жатқан қайнарды көріп,
қайран қалыпты. Еліміздегі атақты мұнайшылар әулетінің өкілі,
тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш мұнай министрі — менің құрдасым
әрі досым Равиль Шырдабаевтың 2008 жылы жарық көрген «Нефть.
Вчера. Сегодня. Завтра» атты іргелі еңбегімен танысқан адам қазақ
жерінде мұнай өндірудің ертеде басталғанына көз жеткізеді. Атырау
өңірінде қомақты мұнай қоры барын алғаш рет 1717 жылы Хиуа
ға әскери-топографиялық экспедициямен (І Петрдің тапсырмасы
бойынша) аттанған Александр Бекович-Черкасский көрсеткен екен.
«Қазақстан мұнайының энциклопедиясы» кітабынан мына жолдарды
оқуға болады: «Ресейлік кәсіпкер С. Леман басқарған «Ембі-Каспий
серіктестігі» қазіргі Атырау облысындағы Қарашұңғыл кен орнында
тереңдігі 38 метрден 275 метрге дейін жететін 21 ұңғы қазған. Олар
тұңғыш мұнай фонтанын 1899 жылдың қараша айында тереңдігі
40 метрлік № 7 ұңғыдан атқылатқан, ол кезде тәулігіне шамамен
небәрі 20–25 тонна мұнай өндірген. Бұл оқиға Қазақстан мұнайы мен
мұнай өнеркәсібінің өндіруі мен дамуының басы болып саналады.
Одан кейін мұнай Доссор, Мақат, Ескене кен орындарынан алынды.
Каспий маңы мұнайын барлау, іздеу және өндіру мақсатымен әртүрлі
серіктестіктер, қоғамдар құрылды, олардың ішінде шетелдіктер де
болды. Сол кезде Қазақстан территориясында жұмыс істеген мұнай
өндірушілердің алғашқы сапында шведтің атақты өнеркәсіпшісі
Альфред Нобель де бар еді». Иә, таңданбаңыз: мұраға қалдырған
сыйлығымен атын тарихта таңбалаған Нобель кәсіпкерлік қызметін
біздің даладан бастаған. 2015 жылы мен Альфред Нобельдің шөбересі,
ірі экономист ғалым Филипп Нобельмен кездескенмін. Нобельдің ұр
пақтары олардың атақты бабасы Қарашұңғылдан тұңғыш мұнай фон
таны атқылауына тікелей қатысты болғанын мақтанышпен айтады.
Қарашұңғыл деген жер атының өзі сол ойпаңда қара түсті қоймалжың
сұйықтық баяғы заманнан бар екенін көрсетіп тұр ғой. Қалай болған
да да, бұл далада мұнай өндіру Ираннан да, Кувейттен де, Мексикадан
да, Норвегиядан да, Сауд Арабиясынан да бұрын басталған. Алайда,
Қазақстан, жер қойнауында осындай қымбат қазыналары бола тұра,
соларға иелік ете алмады. Мұнай кәсіпшіліктерінің барлығын одақтық
министрліктер басқарды. КСРО-ның жоғарғы партиялық басшылығы
біздің көмір-сутегі шикізатын өз күшімізбен игеріп, өндіруімізге жол
бермеді, барлық бастамаларымызға қызғанышпен қарады. Әйтпесе,
сол кездің өзінде, яғни қазақ жерінде мұнай өндіріле бастағалы жарты
ғасырдан асқан уақытта-ақ лайықты ұлттық мұнайшылар кадрлары
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 362 —
жасақталып үлгерген еді. Олардың арасынан тұңғыш кәсіби қазақ
мұнайшысы, көптеген жылдар бойы «Қазақстанмұнай» бірлестігін
басқарған, бүгінде Атыраудағы мұнай және газ институтына аты
берілген Сафи Өтебаевты бөле атауға болады. Мұнай мен газ сала
сында көптеген стратегиялық мәселелерді шешуде маған Энергетика
және минералдық ресурстар министрі қызметінде көмек көрсеткен
Нұрлан Балғымбаевқа, Бақтықожа Ізмұхамбетовке де разылығым
үлкен. Осы салаға еңбек сіңірген Ұзақбай Қарабалинге Қазақстанның
Еңбек Ері атағы берілді. Біздің мұнайшы инженерлеріміз Равиль
Шырдабаевты, Балтабек Қуандықовты атап өткім келеді. Нұрлан
Балғымбаев кейін Қазақстан үкіметін басқарды.
Теңіз мұнай кен орны 1979 жылы ашылған. Әлемдегі ең ірі бес
мұнай кен орнының бірі — Теңіз. Кейіннен Батыс Қазақстан облы
сындағы Қарашығанақ ашылды. Алайда бұл аса бай кен орындарын
игеруге Қазақстан өнеркәсібі іс жүзінде араласпады деуге де болады.
Қондырғылар мен өнімді жеткізуден бастап, бүкіл мамандар, жұмыс
шылар КСРО-ның түкпір-түкпірінен, дәстүрлі мұнайлы өңірлерден
әкелінетін. Сол кезде Орталық комитеттің өнеркәсіп саласы бойынша
хатшысы мен де, тіпті бірінші хатшы қызметіндегі, Саяси бюро мү
шесі Қонаев та сексенінші жылдардың аяғында Теңізге байланысты
жүргізілген кеңес-американ келіссөздерінің барысынан хабарсыз
күйде еді. Ал Теңіздегі барланған мұнай қоры жөніндегі мәлімет
жердің жетпіс жеті қабатының астындағы мемлекеттік құпия сана
латын. Ондай мәліметтер республикаларға айтылмайтын.
Жалпы, қай өнімді де жай өндіру үшін емес, өткізу үшін өндіреді
ғой. Кеңес Одағы тарағаннан кейін құбырдың көбі Ресей аумағында
қалды да, мұның өзі кеңестен кейінгі кеңістіктегі мұнай-газ секторы
жұмысының тиімділігіне айтарлықтай әсер етті. Осының бәрін ой
ластыра келіп, мен Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін-ақ әлемдік
мұнай өнеркәсібі алыптарымен келіссөз жүргізуді бастап кетуді жөн
көрдім.
Сол тұста әртүрлі себептерге байланысты Теңіз кен орнын игеру
жөніндегі Кеңес Одағының Мұнай өнеркәсібі министрлігі мен амери
калық «Шеврон» компаниясы арасындағы келіссөз тұйыққа тіреліп
тұрған. Мен осы қиындықты пайдаланып қалғым келді. Горбачевтің
атына 1991 жылдың шілдесінде жолдаған хатымда төбеден түскендей
етіп, «Осыдан бастап Қазақстан бұл кен орнына өзі бақылау орна
татын болады» деп жаздым. Бұл кезде мен Саяси бюро мүшесімін,
ең бастысы — Кеңес Одағының әлсіреп, Горбачевтің беделден айы
рылып, өзін қолдайтын әр республика басшысының бетіне жаутаңдап
тұрған кезі. Әсіресе, жаңа Одақтық шартқа қол қоюдың қарсаңында
Елдік емтиханы
— 363 —
ол маған біресе вице-президент, біресе премьер-министр қызмет
терін ұсынып, көңілімді аулап жүрген. Осының бәрі қосыла келіп,
Михаил Сергеевичтің Теңіз бойынша келіссөз тізгінін аяқастынан
Қазақстанға басыбүтін бере салуымен бітті. Біз бұл мүмкіндікті то
лық пайдаландық.
1991 жылғы 20 шілдеде АҚШ президенті Джордж Буш Мәскеуге
келіп, Горбачевпен келіссөз жүргізгенде менімен танысқысы барын
айтыпты. Содан кейін мені делегация құрамына қосыпты. Тегі, оған
«Шевронмен» келіссөз мәселесі Қазақстанға тапсырылғанын жеткіз
ген сияқты. Ол кездесудің қалай өткенін сыртқы саясат мәселелеріне
арналған тарауда жазамын. Америкалықтармен жасалған шарт екі
жаққа да тиімді шықты. Бұл оңайға түскен жоқ. Кеңестік кезеңдегі
шарттың қағидаларын қайта қарауға қол жеткізгеніміз үлкен табыс
болды. 1993 жылдың басында мен «Шеврон» компаниясының бас
шылығына хат жолдап, КСРО тарамай тұрған кезде қол қойылған
келісімнің шарттарын өзгертуді ұсындым. Біз мұнай игеру үшін
пайдалануға бөлінетін аумақты 23 мың шаршы километрден 2 мың
шаршы километрге түсіруді, келісімшарт мерзімін 50 жылдан 40
жылға шегеруді, Америка жағы бөлінетін табыстың өздері талап
еткендей 29 пайызын емес, 19 пайызын алғанын қалайтынымызды
айттық. Қалған 81 пайыз, салықпен қоса, Қазақстанға берілуі тиіс.
Егер ұсынысымыз бір аптаның ішінде қабылданбаса, бүкіл мәміле
бұзылатынын мәлімдедік. Басқа амалымыз қалмағандықтан, Теңіз
кен орнын игеру жөнінде халықаралық конкурс жариялауға мәжбүр
болатынымызды жеткіздік. Шынын айтқанда, ол кезде мұндай кон
курстар өткізуді көздейтін заңымыз да жоқ-тын. Біз «Мұнай туралы»
заңды 1995 жылы қабылдадық. Бұл үлкен тәуекел еді. Тәуекеліміз
сәтті шықты. Кеңес Одағының табандатқан он жыл бойы зерттеген,
ақыры аяғына шыға алмай, түйінін таба алмай кеткен мәселесін біз
айналасы бір жарым жылдың ішінде шештік те, тіпті қайта қарап
та тастадық. Бұлай айтуымның жөні бар. Теңіз 1979 жылы ашылды
дедім ғой. Ал келісім 1990 жылы жасалған. Арадағы он бір жылдың
ішінде ол кен орнынан бірде-бір тонна мұнай өндірілмеген. Ал біз
жаңа келісімге қол қойылысымен нақты істі бастап кеттік. Әрі өз
талабымызды қоя бастадық. Арада бірнеше күн өткенде «Chevron
Overseas» корпорациясының вице-президенті Ричард Мацке Алма
тыға ұшып келді, компания біз қойған талапқа көнетінін хабарлады.
5 сәуірде үкімет осы мәселені шұғыл қарап, бірлескен қазақ-американ
кәсіпорнын құру жөніндегі келісімнің жобасын мақұлдады. 6 сәуірде
мен «Chevron Corporatіon» корпорациясының басқарма басшысы
К. Деррді қабылдадым, сол күні «Теңізшевройл» аталатын бірлескен
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 364 —
кәсіпорын құру жөніндегі меморандумға қол қойдық. Біз де өз тара
пымыздан көкейге қонымды ымыраға келдік: Теңіз мұнайын барлау
мен игеруге қажетті жер мөлшері 2 мың шаршы километрден 4 мың
шаршы километрге дейін ұлғайтылды — америкалықтардың о баста
сұрағаны 23 шаршы километр екенін жоғарыда айтып өткенмін.
Кәсіпорынның Қазақстан жағының директоры қызметіне Равиль
Шырдабаев тағайындалды. Шешімге қол қойып болған соң оған:
«Равиль, бұл — ХХ ғасырдың мәмілесі. Біздің жас тәуелсіз мемле
кетімізге, әсіресе осы жобаға бүкіл әлем көз тігіп отыр. Жоба жүзеге
асуы тиіс. Әріптестер алға қойған мақсаттар орындалуы, бірлескен
кәсіпорын үлгілі болып шығуы тиіс» дегенім есімде. Америкалық
мұнайшыларға мұның стратегиялық мәні ерекше еді. Олар Қазақстан
жеріндегі қазынаға ортақтасу арқылы Таяу Шығыстағы кен орында
рынан тәуелділікті азайтуға тырысты. Араб әлемінен мұнай алудың
саяси сипаттағы қиындықтары толып жатыр.
Бірлескен кәсіпорын табысының 80 пайызы Қазақстанға, 20 пайызы
«Шевронға» тиесілі болып белгіленді. Бұл — біздің тұңғыш қомақты
табысымыз, мұнай майданындағы алғашқы жеңісіміз. Алғашқы төрт
жылдың өзінде, 1993–1997 жылдар арасында «Теңізшевройл» еліміз
ге 224 миллион доллар қаржы әкелді. 2019 жылы ТШО-ның өндіріс
көлемі 30 миллион тоннаға жетті. Теңіз кен орны коллекторындағы
алынатын мұнай шамасы 2033 жылға қарай 750 миллион тонна мен
1,1 миллиард тонна аралығында болады деп есептеледі. Кәсіпорында
4 мың адам жұмыс істейді, олардың 95 пайызы қазақстандықтар.
Отандастарымыздың үлес салмағын едәуір арттыруға кейінгі жыл
дардағы табанды талаптарымыздың арқасында қол жетті. 2021 жылы
Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі мен «Шев
рон» компаниясы Тікелей инвестициялар қорын құру жөнінде өзара
түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қазақстанда 248,5 млн
АҚШ доллары көлемінде инвестициялар қорын құратын бұл құжат
еліміздің коммерциялық кәсіпорындарына көмектесуді көздейді.
Шетел инвесторларының Қазақстанның мұнайы мен газын өндіруге
қатысты алуан қырлы қызметі қандай құрметке де лайық. «Шеврон»,
«Мобил», «Бритиш газ», «Бритиш Петролеум», «Статойл», «Тоталь»,
«Аджип», «Шелл», «Тексако», Қытай мұнай компаниясы, «Инпекс»
және басқа көптеген компаниялар Қазақстанға инвестициялар ғана
әкеп қойған жоқ. Олардың қатысуымен Қазақстан дүниежүзілік
мұнай нарығының ажырағысыз бөлігіне айналып келеді. Мұнай
арқылы Қазақстан бүкіл әлемге танылды. Оның ауқымын нақты
аңғарту үшін мен оқырман назарына кейбір деректер мен есептерді
ұсынайын.
Елдік емтиханы
— 365 —
Бүгінде Қазақстандағы дәлелденген мұнай шығару қоры 22 млрд
баррельге, ал газ — 67 трлн текше футқа тең. Ал егер ықтималды
шығару қорлары туралы айтсақ, онда халықаралық сарапшылардың
геологиялық және сейсмикалық мәліметтерге негізделген есептеулері
бойынша, мұнай 110 млрд баррель және газ — 117 трлн текше фут.
Сонымен, тек Қазақстанның үлесі ғана әлемдік кен шығару деңгейінің
5 пайызға жуығын құрайды деген болжам бар. Ал еліміздің халқы
бүгінгі таңда 20 миллионның маңайында екенін, Біріккен Ұлттар
Ұйымының экономика және әлеуметтік мәселелер департаментінің
болжамына қарағанда, 2100 жылы қазақстандықтардың саны 35 мил
лионнан асатынын ескерген күнде де, мұның қандай ғажайып қазына
екенін бағамдау қиын емес. Өйткені Қазақстанның барланған мұнай
қоры 100 жылға жетеді деп шамаланады.
Каспий өңірі қуат ресурстары қорының мөлшері бойынша дүние
жүзінде екінші шепке шыға бастағанына байланысты көптеген ел
дердің мүдделері сонда тоғысуға айналды. Дүниенің осы өңір арқылы
жалпыәлемдік өркендеу мен қауіпсіздіктің қосымша көзіне ие болары
немесе оның тағы бір жанжал ошағына ұласары Каспий маңы елдерінің
дәйекті, қауіпсіз әрі тұрлаулы дамуының қамтамасыз етілуіне, қуат
ресурстарын дүниежүзілік тұтыну нарықтарына тұрақты жеткізуге
байланысты. Басқаларға қарағанда, әсіресе Каспий өңірі кең қарымды
әрі мықты өңірлік ынтымақтастыққа зәру. Мұнда текетірес дейтін
болмауы тиіс, ал даулы мәселелер келіссөздер мен өзара бәтуалы
шарттар жолымен шешілуі керек. Каспий маңайы мемлекеттері мен
дүниежүзіндегі жетекші елдердің басшылары жауапкершілікпен
қарайтын болса, бұл — нақты сол мемлекеттер халықтарының да
арман-тілектеріне сай келетін, орындалуы әбден мүмкін міндет.
Енді әңгімені Каспий теңізі тақырыбына қарай бұрайын.
Бұған дейін көбіне еліміздің батыс өңіріндегі мұнай мен газ көз
дерін айтып келген едім. Ал Қазақстан мұнайы мен газының ең үлкен
қоры жер бетінде емес, теңіз қойнауында — Каспийдің тереңінде.
2000 жылдың мамыр айында ашылған Қашаған — соңғы 40 жылда
әлемде табылған кен орындарының ең үлкені. Оның көлемі Сауд
Арабиясындағы Гавар кен орнынан ғана шағындау. Экономикалық
ынтымақтастық пен даму ұйымының дербес органы — Халықаралық
энергетика агенттігінің болжауы бойынша, Қашағанда барланған
мұнай қорының көлемі 10 миллиард баррельден кем түспейді. Де
мек, қоры 9 миллиард баррель саналатын Теңізден де үлкен. Каспий
теңізінің көмір-сутегі ресурстары Солтүстік теңіз, Мексика бұғазы
және басқалар секілді ірі мұнайлы аймақтармен бәсекелесе алатыны
бүгінде талас тудырмайды.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 366 —
Каспий — қазынаға бай теңіз. Бұрын ол екі елдің — КСРО мен
Иранның арасында бөлініп келген. 1921, 1940 жылдарда жасалған
келісімдер бар. Бірақ жаңа тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан ке
йінгі негізгі қиындық Иранға тіреліп тұрмады. Каспийдің су түбіндегі
қазынасының басты бөлігі теңіздің КСРО-ға қарайтын секторында
екенін жұрттың бәрі білетін. Енді оны бөлу керек. Жаңа жағдайда
бес мемлекет — Ресей, Иран, Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан
бөлуі керек. Алдымен мына мәселенің басын ашуға тиіспіз. Каспий
теңіз бе, үлкен көл ме? Осы мәртебеге көп нәрсе байланысты. Теңіз
деп мұхиттың құрлыққа сұғына кіріп орналасқан немесе оның өзге
бөліктерінен құрлық жағалаулары, түбектер немесе аралдармен
бөлектеніп жатқан кішігірім бөлігін айтамыз. Әлемдік мұхиттардың
жағалау беттері теңіздерге толы. Материк ішіндегі Жерорта теңізі де
Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитымен байланысып жатыр.
Көл деп тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы
дербес ойыстарды айтамыз. Бұлай қарасаңыз, Каспий — көл. Байкал
сияқты. Бірақ Байкалды ешкім теңіз демейді, «Славное море — свя
щенный Байкал» деп әнде ғана айтылады. Ал Каспийді бәрі теңіз
дейді. Алапат көлеміне байланысты солай аталады. Арал да солай.
Бұл екеуі де бір кездегі Тетис мұхитының жұрнақтары. Өлі теңіз
бен Галилей теңізі атаулары ертедегі тарихшы, саяхатшылардың
жазғандарына қарап қойылып кеткен сияқты.
Әрине, Ресей де, Иран да Каспийдің бұрынғыдай екіге емес, беске
бөлінетінін ұнатпағаны түсінікті. Екі ел де Каспийді көл ретінде қа
растыруды жақтады. Ондай тұжырымдама бойынша теңіз түбінің
ресурстары жағалау мемлекеттерінің ешқайсысына да тиесілі болмай
ды, кез келген ел өз бетінше игере алады. Мұның келіспеушіліктерге,
дау-дамайға, бәлкім, тіпті қарулы қақтығыстарға соқтыру қатерін
былай қойғанда, Ресей мен Иранға артықшылық беретіні анық еді.
Ресейдің де, Иранның да экономикалық қуаты күшті, суасты бай
лықтарын қазуға технологиялары да, тиісті мамандары да жетеді,
ал бізде, әсіресе Қазақстан мен Түрікменстанда ондай технология
да, мамандар да жоқ. Бұл жағынан мұнайлы республика атанған
Әзербайжанның әлеуеті де анау айтқандай емес.
Мол байлық жүрген жерде зор саясат жүреді. Бұл мұнайға әсіресе
қатысты. Өйткені мұнайдың су түбінен табылатын кездері көп, ал су
түбі дегеніңіз не шекаралас көл, не шекаралас теңіз болып келеді.
Каспий біз үшін де сондай қиын түйінге айналды. Бұл түйіннің қат
ты байланғаны сондай, оны түпкілікті тарқатуға тұп-тура 22 жыл
кетті! Осы ширек ғасырдың ішінде Қазақстанның Каспий бойынша
Елдік емтиханы
— 367 —
ұстанымын әртүрлі деңгейде табанды түрде қорғаған азаматтардың
баршасына мен шын жүректен алғысымды айтамын.
1996 жылғы Ашғабадтағы кеңестің драмалық кернеуін айтудың
өзі жеткілікті. Жағалау мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері
қатысқан ол басқосуға Иран, Ресей және Түрікменстанның Каспий
теңізі түбінің көмір-сутегі ресурстарын барлау үшін бірлескен мұнай
компаниясын құратыны жөніндегі құжаттың жобасы ұсынылған.
Келешектегі компания теңіздің бүкіл акваториясы бойынша жұмыс
жүргізе алуы тиіс еді. Сөйтіп, біз Әзербайжанмен бірге азшылықта
қалып қойдық. Оның үстіне әзербайжан жағынан министрдің өзі
емес, орынбасары қатысыпты. Жігіттер жағдайдың бәрін маған тиісті
жолмен жеткізіп тұрды. Ендігі біздің мақсат үшжақты мұнай компа
ниясын құру жөніндегі құжатқа қалайда қол қойғызбау болды. Ол
мақсатқа жеттік те. Менің тапсырмам бойынша Қ. Тоқаев әзербайжан
дық әріптесімен бірлесе отырып, бұл мәселені ең жоғары деңгейде
талқылау керектігін айтады да, көп ұзатпай бес елдің басшылары
қатысатын кездесу өткізуді ұсынады. Ресей делегациясының басшы
сы Е. М. Примаков мәселені тым ушықтырмай, үшжақты компания
жөніндегі құжатқа Қазақстанды да, Әзербайжанды да қанағаттан
дыратындай түзетулер енгізу орынды болатынын айтады. Біздің
жігіттердің күткені де осы. Қазақстандық дипломаттар үшжақты
компанияның жұмыс аумағын сол үш елдің, яғни Ресейдің, Иран
мен Түрікменстанның жағалау аймақтарымен шектейтін ұсынысты
жобаға жазады. Жоба Примаковқа берілген кезде Ресей СІМ-нің
департамент директоры: «Евгений Максимович, мұндай құжатты
қабылдауға болмайды!» деп қатты дауыстап жібереді. Сол кезде оны
Тоқаев: «Жайыңызға отырыңыз, мұнда сізден жасы үлкен адамдар
бар» деп тоқтатады. Аса мәнді мәселе болған соң айтуға тура кел
гені ғой. Примаков Қазақстан жағы енгізген ұсынысты қолдайды.
Онымен Иранның, Түрікменстанның министрлері де келіседі. Сөйтіп,
ойластырылған компания құрылмай қалады. Бұл күйде компания
құрудың ешқандай мәні жоқ болатын.
Каспий проблемасындағы ең серпілісті жағдай — 1998 жылғы
6 шілдеде Қазақстан мен Ресей арасында Солтүстік Каспий жөніндегі
келісімшартқа қол қойылуы. Бұл арқылы екі ел теңіз табанын және
сондағы көмір-сутегі ресурстарын модификацияланған орталық
сызық бойынша бөлуге келісті. Осыдан кейін біз Каспий бойынша
басқа да көршілерімізбен — Әзербайжанмен, Түрікменстанмен шарт
жасасуға кірісе бастадық. Иранмен келісімге келу ұзаққа созылды.
Ресеймен келісімшартқа қол жеткізудің де өзінің қызығы бар.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 368 —
1998 жылдың 5 шілдесінде мен Ельцинмен кездесуге Мәскеуге
жүрдім. Негізгі мақсатым — Каспий мәселесін ақылдасу. Келіссөз
Кремльде өтті. Ертеңінде, 6 шілдеде менің туған күнім екенін елеп,
Борис Николаевич дастарқан басында әңгімелесуге шақырды. Әңгіме
барысында Каспий мәселесі де қозғалды. Келісім Ресейге де пайдалы
болатынына Б. Ельциннің көзі жетті.
Дастарқан басында қолыма іліккен сүлгіқағазды алып, Каспийдің
солтүстік бөлігінің сызбасын түсірдім де, теңіз түбін бөлудің егжей-
тегжейін әңгімелеп кеттім. Мен мұнай мен газға құқықты екі ел ара
сында «орталық сызықпен» бөлуді ұсындым. Ельцин көне қоймады.
Сол жақта екі арал бар — Жесткий және Укатный аталады. Шағын
аралдар, ел тұрмайды. Сол аралдарға ресейлік талап ескерілмеген
дейді. Мен онда Құрманғазы кен орнында сіздер үшін сызықты ығыс
тырайық деймін. Ельцин Хвалынское және Центральное кен орын
дарына ресейлік Лукойл компаниясының құқы қалай болады дейді.
Мен оларды екі елдің мұнай компаниялары тең үлесте қатысатын
бірлескен кәсіпорындарға енгізейік деймін. Түнгі сағат екіге дейін
таластық. Дегенмен, ақыры бір тоқтамға келдік. Ол тоқтам — Каспий
теңізінің екі ел жағындағы бөлігінің табанын орталық сызық бойын
ша бөлу. Әлгі сүлгіқағаздағы жазбаларымыз бен суреттерімізді түнгі
сағат екіде алып кеткен Ельциннің көмекшісі Сергей Приходько мен
Қазақстан Президенті аппаратының басшысы Нұртай Әбіқаев таңғы
тоғызға дейін екі ел басшыларының бірлескен мәлімдемесінің мәтінін
құрастырып шықты. Айтқандай, сол сүлгіқағаз қазір ел астанасын
дағы музейде тұр… Бұл кезде 6 шілденің, яғни менің туған күнімнің
таңы да атып үлгерген еді… Кейіннен Ресей мен Қазақстанның сол
ортақ ұстанымы 2000 жылдың 13 мамырында президент В. Путин
мен аралық сызықтардың координаттарын белгілейтін хаттамаға
қол қоюмен тиянақтала түсті. Осыдан кейін бірте-бірте бұрын көл
айдыны нұсқасын жақтап келген Әзербайжан да қазақстандық (енді
қазақстандық-ресейлік деуге де болады) нұсқаға қарай ойыса бастады.
1997 жылдың 27 ақпанында Қазақстанға сапары барысында Түрікмен
стан президенті Сапармұрад Ниязов та осы ұстаным негізге алынған
бірлескен мәлімдемеге қол қоюға көнді.
Иранмен келісу қиынға түсті. Каспий айналасындағы мемлекеттер
басшыларының алғашқы саммиті 2002 жылы Ашхабадта өтіп, келесі
саммит 2003 жылы Тегеранда ұйымдастырылатын болып келісілген.
Алайда ол жылы да, келесі жылы да, одан кейінгі жылы да саммит өт
кен жоқ. Екінші саммит 2007 жылы ғана шақырылды. Негізгі себеп —
Иранның Каспийді бірдей үлес бойынша, яғни әр елге айдынның
Елдік емтиханы
— 369 —
20 пайызы тиетіндей етіп бөлуді табандап жақтауы. Мұндай жағдайда
теңіз жағалауындағы шебі 724 километрді құрайтын Иранның үлесі
теңіз жағалауындағы шебі 2320 километрді құрайтын Қазақстанның
үлесімен теңесіп кететін еді. Бір қарағанда «қара қылды қақ жарған
дай» көрінетін бұл нұсқа тым оңайлатылған шешім болып шығатын.
Оның үстіне Иран көпке дейін Каспий бойынша екіжақты келісімдер
жасауға да қарсылық танытып келді. Алайда қалған төрт мемлекет
бір-бірімен келісім бекітуін тоқтатқан жоқ.
«Каспийдің мәртебесі секілді мәселені шешу кезінде асығыстық
деген болмауы керек. Мен келіссөздер үрдісінде аймақтың барлық
бес елінің мүддесі барынша мол ескерілетініне сенімдімін. Өйткені
қазір дүниежүзінде интеграциялық қатынастар деңгейінің маңы
зы артқаны соншалық, экономикалық жаһандану процесі әлемдік
нарықта емін-еркін өз үстемдігін жүргізіп, белгілі бір елдердің ха
лықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлін іс жүзінде билеп-төстеудің
тетігіне айналды» — 2007 жылы жарық көрген «Қазақстан жолы»
атты кітабымда осылай жазған едім. 11 жылдан кейін ол күн де кел
ді — 2018 жылғы 12 тамызда Ақтау қаласында Каспий маңы елдері
басшыларының бесінші саммиті өтіп, онда Каспийдің құқықтық
мәртебесі туралы конвенция қабылданды. Конвенция бойынша әр
тарап ені жағынан 15 теңіз милінен аспайтын территориялық сулар
белгілейді, оған балық аулайтын ені 10 миль аумақ тағы қосылады.
Мемлекеттер өздерінің территориялық суларында, балық аулайтын
аумақтарында ғылыми зерттеулер жүргізе алады. Каспий теңізінің
табанынан суасты кабельдері мен құбырлар тарта алады, бұл үшін
халықаралық экологиялық талаптар мен үлгіқалыптарды сақтау
шарт. Оған «бестіктің» түгел келісуі міндетті емес, секторы арқылы
кабель немесе құбыр өтетін елдер өзара келіссе жетіп жатыр. Өте
маңызды қағида — Каспий теңізінің айдынына үшінші тараптардың,
яғни оның жағалауындағы бес елден басқа мемлекеттердің қарулы
күштері кіргізілмеуі керек. Сөйтіп, Каспий айдынын қарусыздандыру
мәселесінде де үлкен қадам жасалды.
Каспий — жағалаудағы елдер халықтарының игілігі. Біздің бәріміз
Каспийді бейбітшілік, татукөршілік, достық пен ынтымақтастық ай
мағы ретінде сақтауға ұмтыламыз. Каспийдің құқықтық мәртебесін
бәтуаласып шешуге талпынуымыз қажеттігінің де негізгі себебі осы.
Теңіздің ресурстарын тиімді пайдаланып, оны келешек ұрпақ үшін
сақтау мақсатымен жағалаудағы мемлекеттердің әрқайсысы Каспийге
деген құқықтарын жарастыруды міндет санауы тиіс. Солай болады
да. Каспий достық теңізі күйінде қала береді.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 370 —
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ИГІЛІГІ
Қазақстан жауапты таңдау жасап, бәсекеге меншіктің сан алуан
пішіндерін дамытуға негізделген экономиканың әлеуметтік бағдарын
әу бастан айқындап алды. Алайда мақсатты жариялау бар да, елді
сапалық жағынан өзге ахуалға көшіру бар.
Өткен өзгерістердің басты қорытындыларына баға бергенде, дау
жоқ, мынаны мойындау керек: біз нарық тетігін іске қосып, сұраным
мен ұсыным бағаны реттейтін, тауар тасқынын, бәсеке табиғатын,
инвестициялық ағыстарды анықтайтын ахуалды жасай алдық.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып салық реформасын
жүргізді. 1995 жылы-ақ президенттің заңдық күші бар «Салық және
бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы» жарлығы жарияланды.
Соған сәйкес, салықтар саны үш еседен астам қысқартылды. Салық
қызметінің жұмысы қағидатты түрде өзге сипатқа ауысты. Салықтар
мемлекеттік бюджетті толықтыру әдісі ғана емес, инвестициялық-
өндірістік қызметті ынталандыру құралы деп те қарастырыла бастады.
Ел экономикасын индустрияландыру жолына көшіру ғана келе
шектің кемел кепілі екеніне 2008 жылы басталған әлемдік қаржы-
экономикалық дағдарысы көзімізді жеткізе түсті. Бұл дағдарыс бізді
түпкілікті стратегиямызды айқындауға итермелеуімен де пайда кел
тірді. Айналасы бір жыл ішінде экспорттық әлеуетіміз әлсіреп сала
берді. Мұнай бағасы 4 есе, металдар бағасы 2 есе түсіп кетті. Теңге
бағамы құлдырай жөнелді. Былайша қарағанда, жерінің асты да,
үсті де қазынаға толы Қазақстанға дағдарыс қатты әсер етпейтіндей
көрінетін. Иә, еліміз кейбір қазба байлықтарының абсолютті қорла
ры бойынша да, олардың өндіруі бойынша да жан басына шаққанда
әлемде бірінші орын алады. Бүгінде Қазақстан вольфрам, ванадий
кендерінің қоры бойынша әлемде бірінші, хромы бар кендер бо
йынша екінші (23 пайыз), марганец бойынша үшінші орын алады.
Қазақстанға әлемдегі уран қорының 25, қорғасынның 19, мырыштың
13, мыс пен темірдің 10 пайызы тиесілі. Алайда қандай қазба бай
лық болсын, игеруге, өндіруге, өңдеуге, пайдалануға байланысты
бағаланады. Қорғасын күйіндегі қорғасынның, мырыш күйіндегі мы
рыштың шикізат ретіндегіден басқа құны шамалы. Кеңестік кезеңде
бізді тек шикізаттық шылау ретінде ұстағаны белгілі. Енді ол кезеңге
оралу жоқ. Қанша жерден Қазақстан экономикасының локомотиві
болғанымен, мұнай мен газдың да түбінде бір таусылатыны талас
сыз. Сондықтан мен экономикалық жиын-жиналыстарда, үкіметтің
кеңейтілген отырыстарында, парламент палаталарының бірлескен
Елдік емтиханы
— 371 —
отырыстарында «Біз мұнайы мен газы жоқ ел сияқты өмір сүруге
үйренуіміз керек» деген ойды талай айтқанмын.
Біз «білім — ғылым — инновациялар» үштігі билеген постиндус
триялық әлемге қарай жылжып келеміз. БҰҰ жанындағы халықара
лық ұйымдар, жетекші еуропалық көшбасшылар, көптеген белгілі
экономистер мен саясаткерлер қазірдің өзінде Үшінші индустриялық
революция тұжырымдамасын қабылдап үлгерді. Бұл тұжырымда
маны белгілі америкалық ғалым Джереми Рифкин дәл түсіндіріп
берді: алғашқы революция бу қозғалтқышын ойлап шығарумен
байланысты болса, екіншісі — электр және тұңғыш байланыс құрал
дарын ойлап шығарумен, үшіншісі цифрландырумен бірге басталды.
Таяудағы жылдарда интернет технологиялар мен қайталама көздер
Үшінші индустриялық революция үшін жаңа инфрақұрылым құру
мақсатында бірігіп кететінін көріп отырмыз.
Барша әлемдегі жаһандану халықаралық және өңірлік экономика
лық интеграциямен, әртүрлі мемлекеттер мен өңірлердің бір-біріне
тәуелділігінің артуымен, әлемдік сауда ауқымының өзгеруімен, ішкі
және сыртқы нарықтар арасындағы шекаралардың жойылуымен
және жаңа нарықтардың пайда болуымен қатарласа жүретіні бел
гілі. Алайда бүгінгі жаһандану тіпті әлемдегі барынша ілгерілеген
мемлекеттердің өзіне де тұрақты даму мен экономикалық өркендеу
кепілдігін бере алмайды.
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу
қарқынына ықпал етті, бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ.
Жинақталған экономикалық әлеует сол үш жылдың аса қиын дағда
рыстық шайқасында бізге тұрлаулылықты қамтамасыз етті.
Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді
сақтап қалдық. Шағын және орта бизнесті қиыншылықта қалдыр
мадық. Агроөнеркәсіптік кешенге бұрын-соңды болмаған көмек
көрсеттік. Мемлекет үлестік құрылысты аяқтау жөніндегі барлық
шығындарды өз мойнына алды. Мұндай қадам сирек жасалады.
Шындығында, үй құрылысына ақша саламын, пәтер аламын деп
жүріп алаяқтарға алданып қалған үлескерлерге бүкіл әлемде «Бұл
сіздің өз проблемаңыз» дейді де қояды. Былайша қарағанда, бұл
қиындыққа мемлекеттің қандай қатысы бар? Бірақ біз олай ете ал
мадық. Азаматтарымызға көмектесуге бел будық.
Біз сондай сын сағатта асып-саспадық, жұмысты жүйелі жүргізіп,
рецессияға жол бермедік. Өйткені не істеу керегін білдік және мұны
жедел істедік. Дағдарыс басталғаннан кейінгі келесі жылда, яғни 2009
жылы экономиканың артуы 1,1 пайызды, өнеркәсіпте 1,7 пайызды
құрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің «серіппелі тобына»
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 372 —
қосылдық. Міне, сол тұста менің тапсырмам бойынша Үкімет Жедел
индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын
және Елді индустрияландырудың егжей-тегжейлі картасын әзірледі.
Жұртшылық дағдарыс атаулының қай-қайсысын да шамадан тыс
ауыртпашылық деп біледі. «Дағдарыс» ұғымының өзі әдетте «тығы
рыққа тірелу», «ауыр жағдай» дегендей нақтылы әлеуметтік әсермен
байланысты екендігінен де солай. Бірақ мен үшін, өмір тәжірибемді
ескере келгенде, дағдарыс атаулы шешім қабылдайтын кез жетті
дегенді білдіретін. Айтқандай, дағдарыс, яғни «кризис» сөзі грек
тілінен дәл осылайша, «шешім» деп аударылады екен. Кез келген
дағдарысты жағдай әлеуметтік ортада қалыптасқан нақты ахуалды
ғана айқындайды. Дағдарыс деген «апатты» да, «түйіні табылмайтын
дай» да болмайды, оны солай сезіну қоғамда әсіре әсершілдік белең
алғанда ғана бой көрсетпек. Мұндайда «ел жарқабаққа жақын қалды»,
«апаттың ауылы алыс емес» деген сыңайдағы үрей ұшырарлықтай
қыздырманың қызыл сөзіне желігудің жөні жоқ. Көкейге қонымды
басқармашылық көзқарастың ғана жөні бар. Қоғамның өзі жағдайды
қаншалықты қиын санаса — соншалықты қиын. Сондықтан кез келген
дағдарысты шығанға шығара шиеленістірудің қажеті шамалы, өйткені
дағдарыс атаулының түпкі мәні адамдардың тіршілік болмысына
және өмірлік мүдделеріне сай келетіндей жаңа шешім қабылдауға
тіреледі. Қандай дағдарыстың да тұсында ең алдымен қайтсек алға
басамыз дегенді ойлау керек.
Қазақстан экономикалық берекесіздіктің шырмауығына шыр
малғандай болған сол ең бір қиын жылдарда да біз халықты өз бо
лашағымыз өз қолымызда деген ойға ұйытуға ұмтылдық. Бәріміз
бірлесе жүріп, қиындық атаулыны еңсереміз дегенге елді сендіруге
тырыстық. Біздің болашағымыз, Қазақстанның болашағы тек өзіміздің
қолымызда екенін ұғындырдық. Береке басы бірлік екенін байып
таттық. Табанды жұмыс істесек және, ең бастысы, өзімізге, өзіміздің
ортақ мақсатымызға сенсек, онда бәрін де еңсеретінімізді, бәріне де
төтеп беретінімізді пайымдаттық.
Біз құр қиял қумайтынбыз. Тұтыну нарығын қалыпқа келтіру,
экономиканың шикізаттық сипатын бірте-бірте жою және ин
фрақұрылымды дамыту үшін ірі қадамдар жасау, болашақта жаңа
индустриялы елдердің қатарына қосылу міндетін алға қойдық. Бұл
үшін бізге жаңа стратегия керек еді. Оны «Қазақстан — 2030» деп
атадық.
Ұзақ мерзімді стратегияны талдап-жасау жөніндегі шешімді мен
1995 жылдың аяғында қабылдадым. 1996 жылдың сәуірінде Президент
аппаратында Жоғары экономикалық кеңес (ЖЭК) құрылды. Сөйтіп,
Елдік емтиханы
— 373 —
жұмыс басталып кетті. Мен кеңес мүшелерінің басын жиі-жиі қосып
отырдым. Жинап, ойға түйген тезистерімді айтып шығамын, біраз
уақыттан кейін олар соны қағазға түсіріп, Стратегияның сөз сапта
уына келтіріп, маған ұсынады. Одан әрі қарай мәтінді жетілдіру,
тереңдету жұмысы қайтадан басталады.
Стратегияны халыққа жария етудің жайы да маңызды еді. Оның ба
сымдықтарын жұртшылықтың жақсы түсінуі үшін олардың қысқа да
нұсқа болғаны жөн. Басымдықтар тым көбейіп кетсе, қызығушылық
төмендеп қалар еді немесе оларға көпшіліктің көңілі тола қоймайтын
еді. Сөйтіп, басымдықтардың санын жеті санымен шектеуге тоқтал
дық. Жеті қазақ үшін қасиетті сан ғой. Олар мыналар: 1. Ұлттық
қауіпсіздік. 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. 3. Ше
тел инвестициялары мен ішкі сақтық қордың деңгейі жоғары ашық
нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. 4. Қазақстан
азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. 5. Энергетикалық
ресурстар. 6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. 7. Кәсіби
мемлекет. Осы ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен азаматта
рымыздың күш-жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздің
бюджеті мен кадр саясатын қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне
алынуға тиіс деп белгіледік.
Бұл бізге не үшін қажет еді? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда
ендігі жерде тек бүгінгі күннің қамымен, ағымдағы міндеттерді то
лассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтынын терең түсіну сезімі
пісіп-жетілді. Стратегияда біз сол кезде басымыздан кешіп отырған
қиын жағдайлар бізді күш-қуатымыз бен үмітімізден айырмауы
керектігін айттық. Ол кезеңнің міндеттерінен өзге біздің буынның
келер ұрпақтар алдында орасан зор жүк арқалайтынын: әкелер мен
аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері ал
дындағы жауапкершілігі барын күнделікті есте ұстауы тиіс екенімізді
ескерттік.
Біз өз балаларымыз бен немерелеріміздің сонау алыс болашақта,
қазіргі біздің жасымызға жеткенде қандай күйде болғанын қалаймыз?
Олар бақуатты өмір сүре ме, қарындары тоқ, дендері сау, білімді де
білікті бола ма? Жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме? Бір-бірімен
тату-тәтті бола ма? Өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі
үшін алаңсыз бола алар ма, көшеде емін-еркін жүріп, өз дүние-
мүлкі үшін қауіптенбес болар ма? Біз оларға қуатты мемлекетті
гімізді және өзіміздің алыс-жақын көршілерімізбен достық қарым-
қатынасымызды мұра етіп қалдыра аламыз ба?
Осынау қарапайым, бірақ маңызды сұрақтарға жауап іздедік.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 374 —
Экономика — елдік емтиханы. Біз сол емтиханды жақсы тапсы
руға тырыстық. Қатаң да қарқынды реформаларды жүргізе отырып,
Қазақстан әлеуметтік-экономикалық салада елеулі нәтижеге жетті.
Реформаны қолға алған кездегі жағдайы онша жақсы болмағандықтан
да, Қазақстан тәжірибесінің мән-маңызы қазіргі кезде арта түседі.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы кедергілерді санап шығу
дың өзіне талай уақыт кетер еді.
Ол кезде ешкімде де жоспарлы экономикадан нарықтық эконо
микаға өтудің дайын теориясы, әсіресе стратегиясы болмады, мұның
тиімді тәжірибесінің үлгілері де жоқ еді. Кеңес адамдарының бірнеше
буыны ғұмыр кешкен империялық коммунизмнен мына заманға
қалай өткен жөн? «Қорқыныш патшалығынан» еркіндік пен демо
кратияға көшудің қандай жолы бар? «Темір шымылдықтан» әлемдік
қоғамдастықпен өзара әрекет етуге қалай ауысу керек? Мемлекетті
орталықтанған аппарат арқылы басқарудан қоғамның өзін-өзін басқа
руына өтудің жайы қалай? Бұлар оңай сұрақтар емес.
Бірінші кезеңде біз жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға
көшуді жүзеге асырсақ, стратегиялық жоспарлаудың екінші кезеңін
де макроэкономикалық тұрақтануды қамтамасыз ету, заңнамалық
базаны, қаржы жүйесін, әлеуметтік саланы және елдің өндірістік
секторын жетілдіру негізгі міндет болды. Үшінші кезеңнің міндеті —
агроиндустриялы елден индустриялы және постиндустриялы мемле
кетке көшу, дамушы елдер қатарынан дамыған елдер деңгейіне өту.
Үдемелі және орнықты даму мақсатында «Қазақстан‑2030» Стра
тегиясы ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтарды және оларды
жүйелі жүзеге асырудың тетіктерін айқындады. Әлемде постиндус
триялы қоғамның қалыптасуы әлі де аяқтала қойған жоқ. Осынау
үрдісте Қазақстанның суырыла алға шығып, индустриялық тұрғыдан
дамыған елдердің қатарына қосылуына мүмкіндігі бар. Ол үшін біз
екі міндетті жүзеге асыруға — қатары қалың орта тапты қалыптас
тыру арқылы барынша бай және кедей азаматтардың арасындағы
алшақтықты азайтуға және жаңа экономиканы құруға кірісуіміз
керек. Ал жаңа экономика — ең алдымен индустрияландыру.
«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы» жалпыұлт
тық дамудың жол нұсқаушысына айналды. Бұл бағдарлама халықтың
өзіне деген сенімін арттырды, өз тағдыры үшін жауапкершілікті өз
қолына алуға көмектесті, мемлекеттен садақа дәметпеуді үйретті.
Ол кезде «стратегия» деген сөз талайдың құлағына түрпідей тиетін.
1997 жылы еліміз індеткен дағдарыстан жаңа-жаңа шыға бастаған-ды,
алайда Оңтүстік-Шығыс Азия мен Ресейдегі қаржы дағдарысы енді-ен
ді белең ала берген еді. Оған қоса осы кезде әлемдік экономиканың
Елдік емтиханы
— 375 —
бүкіл тарихындағы мұнайдың бағасы ең бір төмендеген тұсына тап
келіп, бізді артқа қарай лақтырды да жіберді. Алайда біз үміт үзіп,
торығуға түспедік. Біздің салымыз суға кетпеді, біз толқынға қарсы
жүздік, ақыр аяғында табысқа жеттік.
Қазақстан мұнай долларларынсыз өмір сүруді үйренуге немесе,
басқаша айтқанда, «мұнай инесіне» бой алдырып қалмауы тиіс.
Әсіресе өндіріс арқылы түспеген ақшаны әлеуметтік салаға жөнсіз
жұмсауға әуестіктен, жалақыны беталды көтере беруден сақтану
керек, «әлдеқандай күн болады» деп жинақтай жүру қажет-ақ. 2000
жылы құрылған Ұлттық қор, міне, дәл осындай мақсатты көздеді.
Мұндай қор құру жөнінде ой маған 1997 жылы, «Қазақстан — 2030»
Стратегиясы жасалып жатқанда келген еді. Ол кезде көптеген халық
аралық кеңесшілер, отандық басқарушылар мен экономистер үшін
бұл ақылға сыйымсыз нәрседей көрінген-ді. Оның үстіне, бұл идея
жария етілгеннен кейін мұнай бағасы опырылып түсіп, бұл Ресейдегі
1998 жылғы тамыз дағдарысына соқтырды. Соның салдарынан біз
Ұлттық қор құру мәселесіне тек 2000 жылы ғана қайта орала алдық.
2011 жылғы 28 қаңтарда жария етілген «Болашақтың іргесін бір
ге қалайық!» атты Қазақстан халқына Жолдауымда экономиканың
үдемелі индустрияландыру бағдарламасын дамыта келіп, жедел
детілген әлеуметтік жаңғырту идеясын ұсындым. Бұл арқылы же
дел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен
экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу мақсаты алға қойылды.
Жалпы алғанда, экономиканы технологиямен жабдықтандырып,
оны инновациялық дамудың арнасына бағыттау, сапалы жаңа өн
діріс орындары мен ғылыми орталықтар ашу, адам мүмкіншілі
гінің сапасын көтеру сияқты ұлан-ғайыр міндеттер белгіленді.
2010 жылы аталған мемлекеттік бағдарламаның 2010–2014 жыл
дарға белгіленген бірінші индустриялық бесжылдық жоспары бастал
ды, сөйтіп экономиканы әртараптандырудың сипаты ретіндегі өте
белсенді өнеркәсіптік саясат жүргізілді. Бағдарлама экономикалық
дағдарыс туындатқан қатерлерге қайтарылған жауап болып шықты,
өнеркәсіп секторының одан әрі дамуына негіз қалап берді. Оны орын
дау барысында даму институттарының жүйесі жасалды, бірқатар
қажетті нормативті құқықтық актілер қабылданды, жекелеген тетік
тер пысықталып, инфрақұрылымдық шектеулер алынып тасталды.
Жаңа айтқанымдай, бағдарламаны жүзеге асырудың өзекті тетігі
Қазақстанның индустрияландыру картасы болды, оған ел экономи
касы үшін елеулі жобалардың бәрі енгізілді. Бірінші бесжылдықтың
тұсында да, одан кейін де олардың көбін мен тікелей өзім барып
немесе телекөпір арқылы ашып бердім.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 376 —
Қазақстанның индустрияландыру картасы аясында өнімнің 500‑ден
астам жаңа түрі шығарыла бастады. Мысалы, мәшине құрылысында
«Тұлпар Тальго» ЖШС ТМД кеңістігінде болмаған жолаушы вагонда
рын шығаруды игерді, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ локомо
тивтер, «Электровоз құрастыру зауыты» электровоздар, «Промаш
комплект» ЖШС бағыттамалық бұрмаларды, айқыштарды, тұтас
таптамалы доңғалақтарды, «СарыАрқаАвтопром» ЖШС ұсақ түйінді
құрастыру әдісімен Nomad, JAC, ІVECO, HYUNDAІ, Chevrolet Nіva
модельдерінің Ssang Yong маркалы автомобильдерін, «КАМАЗ-Ин
жиниринг» АҚ «КАМАЗ» маркалы жүктасығыштарды, жүкті өзі
түсірушілерді және арнаулы техниканы, «Кентау трансформатор
зауыты» АҚ электрлі трансформаторларды, «Карлскрона» ЖШС
сорғы жабдықтарын және ілмекті арматураны, «Maker» ЖШС тау-кен
рудасының жабдықтарын шығаруды игерді.
Алғашқы бесжылдық мықты өнеркәсіптік кәсіпкерліктің арқаулық
негізін жасау жөніндегі міндетті орындады. Елдің одан әрі қарай
индустрияландырылуына заңнамалық негіз жасалды. Іс жүзінде
өнеркәсіпке қажетті инфрақұрылым жасау мәселесі толықтай дерлік
шешілді.
Бизнеске тиісті бағдарламалар, сондай-ақ жеңілдетілген кредиттер
мен лизинг, инновациялық, экспорттық гранттар, сервистік қолдау
және басқа да тетіктер арқылы демеу жасалды.
Индустрияландырудың екінші кезеңінің аясында экспорттық тауар
лар жасау және Қазақстанның әлемдік нарықтарға шығуын қамта
масыз ету үшін өңдеуші секторға трансұлттық корпорацияларды
тарту жөнінде іс-шаралар атқарылды.
Тұтастай алғанда индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру
жылдарында құны 8 триллион теңгелік 1300 жоба іске қосылып, 120
мыңнан астам тұрақты жұмыс орны жасалды. Өңдеуші сектордың
өнеркәсіпке қосатын үлесі 2010 жылғы 31,8 пайыздан 2018 жылдың
аяғында 36 пайызға жетті, оның ІЖӨ-дегі үлесі 11,9 пайызды құрады.
Бұл табыстар отандық экономиканың беріктік қорын қамтамасыз
етуге мүмкіндік берді. Индустрияландыру ісінде министр Ә. Исеке
шевтің жемісті жұмысын атап өтуге тиіспін.
Постиндустриялық әлемнің белсенді бөлігі болу — аса жоғары
міндет.
Жаңа индустрияландыру — тәуелсіздіктің сенімді қозғалтқышы.
Бүгінде бізде электрониканың, мәшине жасаудың, авиация құрылы
сының, локомотивтер мен вагондар өндірісінің, құрылыс индустрия
сының жаңа салалары мен елімізде бұрын ешқашан болмаған басқа да
салалар құрылуда. Бүгінгі Қазақстан — экономикалық қуаты жағынан
Елдік емтиханы
— 377 —
ТМД-дағы екінші ел. ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында эко
номикалық өсім қарқыны бойынша Қазақстан әлемнің ең серпінді
экономикалары арасында үшінші сатыға көтерілді.
Біздің мақсатымыз — адам, оның мүдделері, тағдыры, білім алуы,
еңбекке орналасуы, сапалы тұрғын үй. Инновациялар негізіндегі
индустрияландыру біздің қоғамымыздың жаңа құнды бағдарына
айналды.
Біз ұлттық экономиканы жоспарлы түрде әртараптандыруда
мыз. Үдемелі индустрияландыру бағдарламасында он жыл ішінде
экономикамыздың бет-бейнеcін өзгертіп, оны шикізаттың әлемдік
бағаларының ауытқуына тәуелсіз ету міндетін қойдым.
Өмір индустриялық саясатқа түзету енгізу қажеттігін де көрсетті.
Біз индустрияландырудың ағымдағы басымдықтарын оңтайланды
рып, «өндірістің қатып-семген салаларынан» бас тартуымыз керек
екен. Бізге үдемелі индустриялық-инновациялық саясат жүргізу үшін
басымдық берілген салалардың санын шектеу қажет болып шықты.
Өйтпегенде бұл ресурстардың желге ұшуы мен нақты нәтижелердің
жоғалуына соқтыратынына көз жетті.
Индустрияландыру саясаты нақты нәтижеге жеткізді — Қазақстан
әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірді. «Қазақстан —
2030» стратегиясындағы басты мақсат мерзімінен бұрын орындалды.
Бұл — тарихи жетістік.
2012 жылы мен «Қазақстан‑2050» стратегиясын ұсындым. Біздің
алдымызға жаңа мақсат — ең дамыған елдердің отыздығына ену
мақсаты қойылды. Ұлттық экономикамыз инновациялық индустрия
ландыру жолына түсті. Бұл жолда мемлекет Үшінші индустриялық
революция нәтижесінде пайда болатын секторларды ескере отырып,
ұлттық компаниялар арқылы болашақтың экономикасын дамытуды
ынталандыруы тиіс.
Экономика — саяси тәуелсіздіктің негізі. Егер елді реформалау
жөнінде жасалған алғашқы қадамдарымыз іс жүзінде тек сол кезеңдегі
«посткеңестік» бейберекеттіктен аман қалу жөніндегі кезек күттір
мейтін шаралар болса, ал кейін жүргізілген реформалар стратегия
мен айқын жоспарлардың шеңберіне сыйғызылған және болашақтағы
нақты нәтижеге бағытталған.
Жаңа экономиканы құру — қиын да тәуекелді міндет. Оны
шешу кезінде біз «2003–2015 жылдарға арналған Қазақстанның
индустриялық-инновациялық даму стратегиясына» арқа сүйедік.
Оның бірінші кезеңін жүзеге асыру отандық экономиканың құрылы
мы мен өсу динамикасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берді. Стра
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 378 —
тегия мақсатына жету біздің экономиканың табиғи ресурстардың
әлемдік бағасының конъюнктурасына тәуелді болу проблемасын
шешті, диверсификациялау арқылы экономиканың шикізат бағы
тынан бас тартуына жағдай туғызды, сервистік-технологиялық эко
номикаға көшу үшін негіз қалады.
Әлемдік пандемия жағдайында да Қазақстан экономикасының
өсу динамикасын сақтап қалғаны қуантады. Индустрияландыруды
жалғастыру, тереңдету керек. Біз әлі де өзіміз шығара алатын талай
нәрсені сырттан әкелеміз. Шикізатты емес, дайын өнімді экспорттау
көбірек табыс түсіреді.
АУЫЛ — АЛТЫН БЕСІК
Өзендердің тапшылығына байланысты суармалы егіншілік ауқымы
шектелген, дақылдардың шығымдылығы табиғатқа, яғни жаңбырдың
көп-аздығына тікелей тәуелді Қазақстанға «тәуекелшіл егістік аймағы»
деп ғылыми термин тікелей қатысты. 1994 жылы тың және тыңайған
жерлерді игерудің 40 жылдығына орай ұйымдастырылған жиналыс
та мен сол 40 жылдың 10 жылы мүлде қуаңшылықты болғанын еске
салған едім. Орта есеппен әр 4 жыл сайын Қазақстанды қуаңшылық
қысып тұрған. Осыншалықты ұлан-ғайыр даласы мен байтақ егін
шілігі бар республиканың өзі астық пен жемді басқа жақтан сатып
алатын еді дегенге сенудің өзі қиын. Кей жылдарда ондай сатып алу
көлемі 2 миллион тоннаға дейін жететін. Дүниежүзінде бірде-бір
ел өзінің ауыл шаруашылығын осыншама шығынмен жүргізбейтін.
Біз тәуелсіздік табалдырығында Кеңес Одағынан осындай аграрлық
секторды мұраға алып қалып едік.
Иә, жер аумағы алапат, халқының бестен бірі ауыл шаруа
шылығымен айналысатын ел өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ете
алмайтын халге жеткен болатын. Ал кезінде бидай Ресейдің басты
кіріс көзі еді. Бүкіл экспорттың жартысы бидайдың үлесіне тиеді
екен. Он тоғызыншы ғасырдың аяғы мен жиырмасыншы ғасырдың
басында Ресей бидай нанын өндіру бойынша әлемде бірінші орында
тұрған екен. Дүниежүзіндегі бидайдың бестен бірі, арпаның үштен
бірі, сұлының төрттен бірі Ресейден шыққан. Экономикалық жағынан
ешқандай негізі жоқ күштеп ұжымдастыру отызыншы жылдарда
КСРО-ның ауыл шаруашылығын тығырыққа түпкілікті тіреп тынды.
Елде аштық басталған 1931–1932 жылдарда экспортқа 69,8 миллион
центнер бидай сатқан сол билікке не айтарсыз! Айтар сөз жоқ. Сон
Елдік емтиханы
— 379 —
дықтан кейбір саясаткерлер мен қалам иелері жерден алып, жерге
сала беретін тың игеру науқанына да тек қара бояу жаға сөйлеудің
жөні жоқ. Қалай дегенде де, осы арқылы елде аштық қатері жойылған
еді. Мысалы, біз өзіміз бала күнде тоя нан жеуді арман ететін кездің
шет жағасын көріп қалдық. Ал біздің алдымыздағы ұрпақ жеуге
нан табылмай қалатын уақытты аза бойы қаза болып еске алатын.
Отызыншы жылдар ашаршылығын айтып жатпайық.
Кеңестік экономиканың кембағалдығынан ең көп зардап шеккен
сала — ауыл шаруашылығы. Өкінішке қарай, нарыққа көшудің қиын
дығын да жон терісімен әуелі диқандар, малшылар сезінді. 1990–1994
жылдары ауыл шаруашылығында өнім көлемі 30 пайызға дейін құл
дыраған-ды. Әсіресе, мал шаруашылығының іргесі қатты шайқалды.
Қайтсек те мемлекетке миллиард пұт астық тапсырмай қоймаймыз
деген ұранмен жүріп, жайылымдардың аумағын тарылтып алдық,
жемшөп дайындау кеміді. Мал азды. Мысалы, сол тұста 1980 жылмен
салыстырғанда ірі қараның орташа салмағы 54 килограмға кеміп кет
кен. Соның салдарынан 1975–1985 жылдар аралығындағы аттай он жыл
дың ішінде халықтың жан басына шаққандағы ет тұтынуы төмендеген.
Өнім өндіру азайған соң, ауылды жұмыссыздық дендеді, селоның
еңбек нарығы әлсіреді. Жұрт аудан орталықтарына, қалаларға жап
пай көше бастады. Келешегі күмәнді саналғандықтан адамдар тастап
кеткен жүздеген елді мекен тарады. Кез келген ұлттың түп-тамыры
ауыл жұртында жататындықтан, бұл біздің бәріміздің жанымызға
қатты батты. Ауылға деген біздің ерекше көзқарасымыздың демо
графиялық, көші-қон және әлеуметтік астарлары да баршаға белгілі.
Тәуелсіздік пен қуатты мемлекет мұраттарын айрықша қастерлеп,
терең сезінген де осы жұрт, өйткені оның қаны мен жанында бабала
рымыздың үміті қаптаулы қалпында жатыр. Қазақ «Ауыл — алтын
бесік» деп текке айтпайды.
Шаруашылық жүргізудің бұрынғы, ескірген әдістерінен бас тарту
арқылы ғана біз ауыл экономикасын қалпына келтіре алдық. Бұл
жұмыс жерге нақты қожайын пайда болуынан басталды. Жер өзінің
нақты иесін тапты. Аграрлық сектор түп-түгел жекешелендірілді.
Ауылдың 1 миллиард долларлық қарызы жабылды. Экономикаға
реформа жасауды ауыл шаруашылығынан бастаған елдердің өтпелі
кезеңде әлеуметтік тұрғыдан шығынға азырақ ұшырайтынына көп
ұзамай-ақ көзіміз жетті. Абырой бергенде, тәуелсіздік тұсындағы
алғашқы егін науқаны аса табысты өтті. Ауа райы да қарасты, өз тіз
гіні өздеріне тиген диқандар да жанын салды. 1992 жылы рекордтық
өнім — 32 миллион тонна дәнді дақылдар жиналды. Соның бәрін
ауыл адамдары өз күшімен, сырттан ешкім шақырмай-ақ атқарды.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 380 —
«Бұрын жарты ақшамыз көмекке келушілерге кететін, енді соның
бәрі өзімізде қалды» деп, бір қостанайлық фермердің разылықпен
сөйлегені әлі есімде.
Алғашқы берекелі жылдың қомақты табысы бәрімізді қанаттан
дырып жіберді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан біз аграрлық
саланы реформалауға кірістік. Ауыл шаруашылығы ел экономика
сының маңызды буынына айналды. Аграрлық сектор аяғына нық
тұрды. Саладағы еңбек өнімділігі 2014 жылға қарай 2 есе, ал 2020
жылға қарай 4 есе көбейді. Төрт түліктің басы өсті. Бидай өндірісі жан
басына 1000 килодан асты, мұның өзі 2007 жылы-ақ Қазақстанның
Австралиядан оза отырып, әлемде осы көрсеткіш бойынша бірінші
орынға шығуына жағдай жасады. Бидай экспорты бойынша әлемде
7‑орынға көтерілдік. Мұның бәрі айтуға ғана оңай. Тұрғындардың
негізгі бөлігі дәстүршіл келетін, жер жыртатын, дән себетін, орақ ора
тын уақытқа дейін аупартком мен ауатком белгілеп беретініне әбден
үйреніп кеткен ауыл адамдарының жаңалықты жатсынып тұратыны
жиі болады. Әуелде ауылдағы кездесулерде жиналған жұртшылыққа
«Көп кешікпей ұжымшарлар мен кеңшарлар таратылады, соған
дайындала беріңіздер» десем, олар мені тап бір қалжыңдап тұрған
дай көретін. Оның үстіне өнім өндірушілер бұрынғыша мемлекет
тарапынан берілер көмектің сол қалпында қалуын күтумен жүрді.
Егін егу мен астық жинау тұсында жанар-жағар май бағасы төмен
детілсін деп табанды талап қояды. Жанар-жағар май өндірушілер
де табыс табуға ұмтылған жекеменшік компаниялары болса да, дәл
осы талап мемлекетке жылда айтылады да жатады.
Жаңа нарықтық қатынастар агроөнеркәсіп кешенін түбегейлі
қайта құруды талап етті. Біз жол айрығында тұрдық. Не ауылды
мемлекеттің тиісті қолдауы қажет екенін мойындауымыз керек. Не
мемлекеттік қаржыға арқа сүйеген ауыл шаруашылығы ешқашан
бәсекеге қабілетті бола алмайтынына көнуіміз керек. Бір қиырдан
бір қиырға шығып кететін осы екі жолдың екеуін де қамтитын даму
жолын таңдай алдық. Ауылды мемлекеттік қолдаудан бас тартпай
мыз. Ондағы әлеуметтік салаға — білім беруге, денсаулық сақтауға,
мәдени демалысқа, көріктендіруге, инфрақұрылымға қатысты қаржы
бөлу, сөз жоқ, қажет. Мұны тек мемлекет атқара алады. Тіпті ең бір
табысты фермердің өзінің сапалы ауыз суға құбыр тарту, жаңадан
жол салу сияқты шаруаларға шамасы келмейді. Ондағы өнім өн
дірушілер өздеріне тікелей қатысты түйіндерді өздері шешетін, өз
пайдасын өздері табатын дербес экономикалық агенттіктер дәреже
сіне көтерілуі керек. Уақытқа сай жұмыс істеуге тырысқан белсенді
Елдік емтиханы
— 381 —
фермерлермен көптеген кездесулерім аграрлық реформалар жүргізу
қажеттігіне менің көзімді жеткізе түсті. Сол реформалардың нәтижесі
үшін жауапкершілікті өз мойныма алдым.
Кадрлармен жұмыста үлкен қиындықтар кездесті. Бұрынғыдай
жұмыс істеуге үйренген бұрынғы басқарушы элитаның өкілдері жаңа
жағдайда жұмыс істегілері келмеді және жұмыс істей де алмады. 1994
жылы біз аграрлық сала адамдарының тың игерудің 40 жылдығына
орайластырылған кеңесін өткіздік. Мен өз сөзімде жерде нақты қо
жайын болуы керек, колхоздар, совхоздар жойылуы тиіс дедім. Сонда
қандай әңгіме басталды десеңші. Облыстардың белгілі басшылары
ұжымшарсыз және кеңшарсыз Қазақстанда аштық болады, ауыл
шаруашылығының экономикасы күйрейді деді. Бірақ өмір басқаны
көрсетті. Көп жылдар бірге істеген ескі достармен айырылысуға да
тура келді. Мен оларды түсінетінмін, бірақ оларды қызметтерінде
қалдыра алмадым, өйткені іске кедергі болды. Олардың біреулері
мұны түсінді, екінші біреулері ашық оппозицияға кетті, менің бірін
шілеріне де, екіншілеріне де араздығым да, өкпем де жоқ.
Жүргізілген реформалардың тиімділігінің арқасында, еліміздің
орнықты дамуын, экономиканың одан әрі өсуін, халықтың әл-ауқаты
ның көтерілуін қамтамасыз ететін бекініс жасадық деп, біздің толық
сеніммен айтуымызға болады.
Іс тетігін кадр шешеді десек, еліміздің аграрлық секторының табыс
тарында ауыл шаруашылығы министрі, вице-премьер қызметінде
әр жылдарда салаға жетекшілік еткен Ахметжан Есімовтің, Жәнібек
Кәрібжановтың іргелі істеріне, солтүстікқазақстандық Геннадий
Зенченконың, қостанайлық Валентин Двуреченскийдің, ақмолалық
Иван Сауэрдің үлкен шаруашылықтарды басқарған біліктілігіне
разылық сөзімді жеткізгім келеді.
Бұл саладағы Қазақстанның келешегі кемел. Азық-түлікке деген
қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады. Бізге таяу және
шалғай нарықтардың бәрі де астық пен етке зәру. Оның үстіне, «Ал
тын күн аспаны, алтын дән даласы» деп өзіміз әнұранда шырқайтыны
мыздай, күн қызуымен қатайып өсетін бидайымыздың сапасы бөлек
ше, қамырлылығы жоғары. Далада жайылатын малдың еті дәмдірек
келетіні тағы белгілі. Біз бұл мүмкіндікті қолдан шығарып алмауымыз
керек. Жаһанды жайлаған азық-түлік дағдарысы жағдайында әлемде
астық және ұн өндіру жөніндегі көшбасшылардың біріне айналған
Қазақстан көптеген дақылдардың егіс алқаптарын анағұрлым ұлғайту
мүмкіндігі болғандықтан, озық аграрлық технологиялар мен жаңа
инвестициялар үшін құнарлы топырақ саналады.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 382 —
ЖОЛДАР — ӨМІР ӨЗЕГІ
Жалпы, қай ел үшін де жолдың орны бөлекше. Ал өмірі көшпен
ділікпен өткен, құлан жортса, тұяғы тозатын, қыран ұшса, қанаты
күйетін ұшы-қиырсыз ұлы далада мекен еткен біздің халқымыз үшін
жолдың жөні тіпті басқаша. «Алыс жол атты сынайды, ауыр жол
ерді сынайды» дейді қазақ.
Қай заманда да байлықтың бір көзі, дәулеттің даусыз дәлелі елдің
жақсы жолдары мен жайлы коммуникациясы, сондай-ақ өз уақытына
сай жүріп-тұру құралы деп саналған. Адамдарды, жүкті өз елінің
ауқымында тасумен қатар, халықтар мен мемлекеттер арасындағы
экономикалық, сауда және мәдени байланысты жолға қою мүмкіндігі
табиғаттың өзіндей табиғи өлшем.
Біздің ата-бабаларымыз — номадтардың даусыз артықшылығы
көшпелі өмір сүргендігі, Еуразияның ұшы-қиыры жоқ кеңістігінде
көршілерімен сауда жасағандығы, аралас-құралас болғандығы. Ұлы
Жібек жолының бойымен арлы-берлі ағылған керуендер тек тең-тең
жүк тасып қана қойған жоқ, олар өзара тиімді ынтымақтастық, бейбіт
өмір сүру, мәдениеттердің өзара ықпалы, халықтар мүдделерінің тоғы
суы мен дамуының идеяларын да ел-елге, жер-жерге жеткізіп жүрді.
Осыған орай бір ғасырдай бұрынғы оқиға еске түседі.
Қазақстандағы түсті металлургияның тұңғыш кәсіпорны — Қарсақ
бай мыс балқыту зауытын салмақ болған ағылшындар кен өндірілетін
жерге зілбатпан жабдықты жеткізу үшін 1914 жылы алдымен тар
табанды темір жол тартуға кіріседі. Жолдың біраз жері біткен соң
шабаққа төселген рельстерді алып тастап, алдына қайта төсеп барып
жылжып отырған. Сөйтіп ұзындығы 380 шақырымдық жолды үш
жыл, 11 ай дегенде зорға жүріп өткен. Бұл хикаяның аяғы ағылшын
өнеркәсіпшілері үшін жақсы бітпеді. Олар зауытты іске қосып үл
гермеді: қазан төңкерісі заманды төңкеріп түсіріп, билік басына
большевиктер келді, Қарсақбай ұлт меншігіне айналдырылды.
Бұл мысалды экономиканың жедел дамуы үшін тиісінше жет
кізілім құралдарының қаншалықты маңызды екенін тағы бір қадап
көрсету үшін ғана айтып отырмын.
Планетаны қамтыған жаһандану қарқыны, әртүрлі елдердің эко
номикалық жүйелерінің даму деңгейінің бір-бірімен берік байла
ныстылығы, олардың өзара әріптестігінің көпкіндіктілігі жолдар
мен бағыттардың, көлік пен инфрақұрылымның барлық түрлерінің
тарамын дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін талап етеді.
Қазақстан әлемде өзінің аумағы жөнінен тоғызыншы орын алады,
алайда халықтың орналасуы (орташа алғанда бір шаршы шақырымда
Елдік емтиханы
— 383 —
6 адамнан) сирек. Мұндай жағдайда көлік пен коммуникация мем
лекеттің экономикалық қана емес, саяси да тұтастығын қамтамасыз
етуі тиіс. Бұл проблема еліміз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында
айрықша көкейкесті еді. Бұрынғы Кеңес Одағында бір орталыққа
қатаң бағындырылған экономика қағидаты бәрінен де нақ осы көлік-
коммуникация саласында табанды түрде жүзеге асырылған. Кезінде
«Қазақстан — 2030» стратегиясын жасағанда біз оны ұзақ мерзімді
жеті басымдықтың қатарына қосқанбыз. Бұл сала ұзақ мерзімдік
келешекте жан-жақты даму стратегиясына ілесуі тиіс, мұның өзі
біздің көлік және коммуникациялық қызметімізге ден қоятын жаңа
нарықтар іздеуге саяды деп атап көрсеткенбіз сонда. Осы заманғы
инфрақұрылымды қалыптастыру одан бұрын 1992 жылы қабыл
данған алғашқы стратегиямызда — Қазақстанның егемен мемлекет
ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясында да көзделген еді.
Иә, көлік коммуникацияларын дамыту — стратегиялық маңызы бар
міндет. Бүгінгі Қазақстанның келбеті осылай қалыптасып отырса,
мұның басты себептерінің бірі біздің осы міндеттің үдесінен шыға
білгенімізде.
Тәуелсіздік жылдарында бізде мыңдаған шақырым жаңа темір
жолдар мен қазіргі заманғы автомагистральдар салынды.
2014 жылы Ұлытауда «Жезқазған — Бейнеу» және «Арқалық —
Шұбаркөл» теміржол магистральдарының тұсауын кестім. Сондағы
елдің қуанғанын көрсеңіз. Ақын Жүрсін Ерман «Егемен Қазақстан»
газетіне разылық хатын жолдапты. Хатты «Құлжанбайға теміржол
мен барамын. Рақмет, Елбасы!» деп атапты. Газет оны бірінші бетке
жарқыратып басыпты. Құлжанбай деген теміржол бекетінің аты.
Жүрсіннің ауылы екен. Жезқазған жерінде екі теміржол магистралінің
тұсауы қатар кесілуі шынында да тарихи оқиға болды. Біз сол арқылы
Жезқазғанды енді теміржол тұйығында тұрмайтын қала еттік. Кешегі
кеңестік кезеңде біздегі барлық теміржол солтүстікке, Ресейге қарай
тартылған. Көлденең қатынайтын, елдің өңірлерін бір-бірімен бай
ланыстырып тұратын жолдар салынбаған. Оның Мәскеуге керегі не?
Мәскеуге керегі — Қазақстанның шикізатын тасу. Көлденең жолдар
дың жоқтығы біздің бәрімізді қатты қинайтын. Алғашқы кезде ондай
мүмкіндік табылмады. Айлықтың, зейнетақы, шәкіртақының өзін
уақытында төлей алмаған кездер ғой. Одан кейін де аса ірі жобаларды
жүзеге асыруға қаржымыз да, техникалық мүмкіндігіміз де жетпеді.
Ел экономикасы алға басып, қуаттанған кезде тұп-тура жарты трил
лион, яғни 500 миллиард теңге ақша бөлдік те, 1200 шақырымдық жол
салдық. Арқаның қыстағы сақылдаған сары аязында, жаздағы аптап
ыстығында әр шақырым тұрмақ, әр метрге шпал төсеп, рельс салу өте
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 384 —
қиын шаруа. Біз соны жасадық. Халықтың риза болатын жөні бар. Ол
теміржол айналасындағы төрт облыстың талай ауданының экономи
касына нәр қосты. Халықтың әл-ауқаты артты, жұмыс көбейді, ел мо
лайды. Халық Қазақстанды айқыш-ұйқыш шарпи бастаған жолдарды,
әсіресе Шығыс пен Батысты жалғастыратын Қытайдан Еуропаға тар
тылатын жолды қазірдің өзінде «Жаңа Жібек жолы» деп атай бастады.
Мұндай мысалды кез келген облыстан айта аламын.
Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысындағы Мақтаарал
ауданының тұрғындары одақтық мемлекет ыдырағаннан кейін Қа
зақстанның өзге өңірлеріне жету үшін Шардараны айналып, 120 шақы
рымдық ілмек жолмен жүруге мәжбүр болды. Соның өзінде де жол
Өзбекстан жері арқылы өтетін. Біз Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш
аудандары тұрғындарының Сырдария өзенінің жайылма тұсынан
тіке жол тарту жөніндегі өтінішін орындадық. Жалпы ұзындығы 53
шақырымға созылатын, 6 көпірі бар, ең ұзыны 437 метрге жетеді.
Бұл жолды салуға бюджеттен үш миллиард теңгеден артық қаржы
жұмсалды. Мәселе жолдың құнында ғана емес. Біз бұл нысанның
стратегиялық маңызын алдымен ойладық. Жолдың салынуы облыстың
одан әрі дамуына қуатты экономикалық серпін берді, ең бастысы сол
өңірдегі біздің азаматтарымыз көршілес мемлекеттің шекарасына
өтіп жатпай-ақ автокөлік жолы арқылы тікелей қатынас жасай алатын
болды. Басқаша айтқанда, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан елдің
экономикалық ағзасының қалыпты тыныстауы үшін экономиканың
қаны ұйып қалмайтындай, өсу мен дамудың емдеуі қиын дерттерін
шығармайтындай, қайта керісінше, жас мемлекеттің бойындағы бұла
күшін, толыққанды қуатын танытып тұратындай етуді қамдадық.
Еліміздің өндірістік инфрақұрылымының аса маңызды құрамдас
бөлігі, оның нағыз алға сүйрер локомотиві — теміржол көлігі. Тәуелсіз
Қазақстан көбіне-көп соның арқасында қалыптасып, буын бекітті.
Болат магистраль ел үшін маңызды жүктерді тасудың таптырмас
құралы, миллиондаған адамдар үшін қолжетімді және сенімді көлік
болды, ал көмір, руда, металдар, астық сияқты жүкті тасымалдау
үшін теміржол көлігіне ештеңе тең келмейді.
Қазақ темір жолы ұзындығы және жұмыс көлемі жөнінен бұрынғы
Одақтағы аса ірі магистраль еді. КСРО ыдырардың алдында Алматы,
Батыс Қазақстан және Тың темір жолдары КСРО Қатынас жолдары
министрлігіне қарайтын, кейіннен, ел тәуелсіздігі жағдайында толық
өндірістік және қаржылық дербестікке ие болды. Алайда кеңестен
кейінгі кеңістіктегі шаруашылық байланыстарының үзілуі біздің
алдымызға аса күрделі, кейде тіпті шешілместей көрінетін мәсе
Елдік емтиханы
— 385 —
лелерді қойды, олар қаржыны басқару, материалдық-техникалық
жабдықтау, өндірістік қорларды реттеу сияқты тағы басқа да осал
буындарды қамтитын. Теміржол көлігінің мұқтаждығы үшін локомо
тивтерді, вагондарды, жол техникасын, рельстерді, шпалдарды, басқа
да өндірістік-техникалық мақсаттағы өнім шығарумен айналысатын
зауыттардың бәрі де іс жүзінде Ресей мен Украинада қалып қойды.
Қазір ғой локомотивтердің өзін елордада құрастырып жатқанымыз.
Ол кезде бұл тек арман еді.
Қазақстан аумағында орналасқан өнеркәсіп орындары республика
темір жолының тұтыну қажеттігін небәрі 4 пайызға ғана қамтама
сыз ететін. Оның үстіне, бұрын қатаң әміршіл-әкімшіл жүйе және
қаржы-шаруашылық қызметін бір орталықтан басқару жағдайында
жұмыс істеп келген темір жол өзіне толық дербестік тиген кезде жаңа
жағдайда жұмыс істеуге атымен бейімделмеген болып шықты.
Ахуал жылдан-жылға нашарлай берді, 1996 жылы жүк тасымалы
ның көлемі 1990 жылғымен салыстырғанда 2,5 есе кеміп кетті. Қаржы
ландырудың жоқтығынан инвестициялық қызмет тоқтады, тіпті не
гізгі өндірістік қорлардың кәдуілгі ұдайы өндірісінің өзі қамтамасыз
етілмеді. Бұл қиындықтан қуатты транзиттік әлеуетімізді — біздің
даусыз артықшылығымызды дұрыс пайдалану арқылы шықтық. Біз
Еуропа мен Азия арасындағы саудада тиімді делдал рөлін алу мүм
кіндігіне ие болдық. Транзиттік әлеуетімізді дамытудың арқасында
2020 жылы Қазақстан арқылы жүк тасымалдау 2 есеге ұлғайды. 2050
жылға қарай бұл сан 10 есе ұлғаюға тиіс. Жеріміз арқылы жүк тасып,
пайда табу бір мақсат десек, басты мақсат экспортымызды әлемдік
нарықтарға қарай жылжыту болуы керек.
2014 жылдың аяғында тағы бір белес алынды — біз Иран президенті
Хасан Руханимен, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұ
хамедовпен бірге Қазақстан — Түрікменстан — Иран арасындағы
Өзен — Қызылқия — Берекет — Этрек — Горган теміржолын аштық.
Сөйтіп, тағы бір ірі нарыққа — халқы 80 миллион адамнан асатын
Иран нарығына жол салынды. Ол теміржол желісі жөніндегі келісім
2007 жылы жасалған. Негізінде бірнеше ел қатысатын жобалар көп
уақыт бұрын ойластырылады. Бірақ бұл іс 2005 жылғы Жолдаудан
кейін нақты қолға алынды. Гүлстан провинциясындағы салтанатты
жиында журналистер алдында сөйлеген сөзімде мен «Жалпы, жол,
көпір салу дегеніміз өте рақымды іс. Бұл жайында Құранда айтылған»
дегенмін. Қазақстан, Түрікменстан, Иран елдері бас-аяғы 900 шақы
рымға созылатын осы жолды салу арқылы Орталық Азия мен Парсы
шығанағындағы елдердің басын қосты. Жол ашылған жылы Иранға
1 миллион тонна астық экспорттаған екенбіз, ал Иранның астық
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 386 —
тұтыну мүмкіндігі 9–10 миллион тоннадай. Бұл дегеніңіз байтақ ба
зардың ашылуы ғой. Айтқандай, осындай жолдар салудың арқасында
бүгінде біздің астық терминалдарымыз Ақтауда, Әзербайжанның
Баку, Иранның Әмірабад порттарында жұмыс істеп тұр. Теміржол
желісі мен терминалдар біткен кезде Қазақстан Парсы шығанағы
мен Жерорта теңізі акваториясындағы елдерге жылына 3 миллион
тоннаға дейін жүк жөнелте алатын болады.
Бәрі де салыстыра қарағанда білінеді ғой. Қазақстан жерінде жиыр
масыншы ғасырда атақты теміржол — Түркісіб салынған. Оның ұзын
дығы 1442 шақырым. Ал тәуелсіздіктің отыз жылының өзінде жалпы
ұзындығы 2,5 мың шақырымдық бірнеше теміржол салынды. Ақсу-
Дегелең, Хромтау-Алтынсарин, Шар-Өскемен, Өзен-Түрікменстан
шекарасы, Жетіген-Қорғас, Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл,
Боржақты-Ерсай жолдары елге, халыққа қызмет еткелі көп болды.
Шу-Алматы арасында ұзындығы 112 шақырымдық электрлендіріл
ген қатарлас жол салынды. Тұтастай алғанда, бұл жобаны жүзеге
асыру жол учаскесінің өткізу қабілетін төрт есе көбейтуге, тәулігіне
68 жұп пойызға жеткізуге мүмкіндік береді, сөйтіп пойыздардың
жүру уақытын 1,5 есе қысқартады.
Ұзындығы 1036 шақырымдық «Жезқазған — Бейнеу» теміржол
желісі Қытайдан Еуропаға баратын жолды 1200 шақырымға жуық
қысқартты. 214 шақырымдық «Арқалық — Шұбаркөл» желісі Орта
лық Қазақстаннан солтүстік өңірлерге дейінгі қашықтықты 540 шақы
рымға азайтты. Ал 293 шақырымдық «Жетіген — Қорғас» теміржолы
шығыс қақпасын ашып, Қытайдың және бүкіл Азия субконтинентінің
базарына жол салып берді. Бұл Қытайдан Қазақстанның оңтүстік
өңірлеріне дейінгі аралықты 550 шақырымға кемітті.
2018 жылы пайдалануға берілген 14 шақырымдық «Боржақты —
Ерсай» теміржол желісі Құрық портындағы паром кешенін теміржол
магистралімен байланыстырды. Сондай-ақ астаналық «Нұрлы Жол»
жаңа вокзал кешенін салу жөніндегі жоба да жүзеге асты, ол тәулігіне
35 мың жолаушыға, 58 пойызға қызмет көрсете алады.
Қазір біздегі бүкіл теміржолдың ұзындығы 16 мың шақырымнан
асты, олардың 5 мыңдайында электровоздар жүреді.
Тәуелсіздік жылдарында су көлігі саласы да едәуір өзгерді. 2017
жылы Ақтау портын солтүстік бетке қарай кеңейту жұмысы аяқтал
ды. Қорғау мақсатындағы гидротехникалық ғимараттар, 3 айлақ,
6 астық силосы, кіру жолдары, сондай-ақ қосалқы нысандар салынды,
осының арқасында Ақтау портының өткізу мүмкіндігі 20 миллион
тоннадан асты.
Елдік емтиханы
— 387 —
Транскаспий мультимодальдық тасымалы аясында Құрық пор
тының паром кешені іске қосылды. Кешен вагондарды өңдеп өтуге
қажетті қуаты 4,2 миллион тонналық теміржол паром терминалынан
және жүк көліктеріне қызмет көрсететін қуаты 2 миллион тонналық
автокөлік паром терминалынан құралған.
Ақтау теңіз портын кеңейту және Құрық портында паром кешенін
салудың есебінен Каспийдегі порт инфрақұрылымы 16,5 миллион
тоннадан 27 миллион тоннаға дейін артты. Қытайдың Ляньюньган
портында логистикалық терминал салынды.
«Жаңа Жібек жолы» жобасы арқылы ірі трансқұрлықтық жолдар
тоғысады. Жүк тасқыны тұрақты өседі. Қытайды Еуропамен жалғас
тыратын бағыттың артықшылығы айқын, ол Суэц каналы арқылы
жүретін теңіз жолынан әлдеқайда қысқа. Тиімді инвестициялық
ахуал жасау, саяси және экономикалық тұрақтылық жөнінен де бұл
жобаның жақсылығы көп. Жоба аясында салынатын жолдар мыңдаған
адамға жаңа жұмыс орындарын тауып берді.
«Жаңа Жібек жолы» жобасының тек теміржолға ғана қатысты
емес екені түсінікті. Қытайдан Еуропаға тасымалданатын жүкті теңіз
жолымен салыстырғанда автокөлік арқылы тасымалдау мерзімін
3,5 есе қысқартады. Бұл істе «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халық
аралық транзит дәлізі сынды ірі жобаны жүзеге асыру үлкен іс болды.
Оның жалпы ұзындығы 8445 шақырымға жетті, 2787 шақырымы
Қазақстан аумағы арқылы өтті. 121 елді мекенмен сенімді көлік бай
ланысы орнатылды, ірі елді мекендерді және 2 асуды айналып өтетін
24 айналма жол салынды. Жобаны жүзеге асырудан түсетін орташа
жылдық экономикалық тиімділіктің жалпы жиынтығы 190 миллиард
теңгеден асады.
1970 жылдарда кеңес авиациясының көшбастаушысы — дыбыстан
ұшқыр Ту‑144 ұшағының тұрақты рейстері Мәскеу мен Алматыны
жалғастырып жататын. Мұның өзі кездейсоқ жай емес еді. Кеңес
Одағында Қазақ азаматтық авиация басқармасы өзінің жұмыс ауқы
мы жағынан Мәскеу басқармасынан кейінгі екінші орында тұратын.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Қазақстанның азаматтық авиа
циясы реформаның күрделі жолынан өтті.
Бұл жолдағы алғашқы шешімдердің бірі елдің өз ішіндегі және
сыртындағы әуе тасымалын жүзеге асыратын өз ұлттық авиакомпа
ниямызды құру болды. 1993 жылы үкімет қаулысымен Қазақ азамат
тық авиация басқармасы «Қазақстан әуе жолы» ұлттық акционерлік
авиакомпаниясы күйінде қайта құрылды. Бұл шешім азаматтық
авиация саласының тәуелсіздіктің алғашқы белесінде жұмыс істеуін
қамтамасыз етті.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 388 —
Сонымен бірге, ел экономикасындағы ең бір драмалы сәттер осы
азаматтық авиацияға қатысты деген пікірмен де келіспеске амал
жоқ. Бұл іс бізге қиынға түскенін жасырмаймын. Ондағы қателігіміз
авиацияға мемлекеттің қатысу үлесін ұзақ уақыт бойы тым жоғары
деңгейде ұстағанымызға, бәсекелі ортаны көпке дейін қалыптастыра
алмағанымызға байланысты. 1996 жылы жалғыз ұлттық тасымалдау
шы — «Қазақстан әуе жолы» мемлекеттік компаниясы банкротқа
ұшырады. Оның орнына жаңа компания — «Эйр Қазақстан» жабық
акционерлік қоғамы құрылды. Алайда жан-жақты ойластырылған
жалпысалалық стратегияның болмауынан және шетелдік, отандық
авиакомпаниялармен қатаң бәсекелестік жағдайына түскендіктен
«Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ның лизингке «Боинг‑737–200» тұрпатындағы
төрт әуе кемесін, екі «Эйрбас‑310» алуы оларды лизингтік есептеу мен
техникалық қосақтау кұны бойынша кіріптарлық күйге келтіретін
дей шарт жасасуға әкеліп соқтырды. Осы мәміленің салдарынан
туындаған қарыз міндеттемелері жылдан жылға қордалана берді,
компания бюджетіне ауыр салмақ салып, авиация тасымалынан
түскен пайданың бәрін сіңіріп жатты. Ұлттық авиакомпаниялардың
күрделі қаржылық жағдайы, бір күнде құрылып, бір күнде тарап
жататын компаниялар, тозығы жеткен авиапарк, техникалық қызмет
көрсетуге ақшаның жетіспеуі әуе сапарларының қауіпсіздігіне әсер
етпей қоймайтын еді. Мемлекеттің тарапынан экономикалық рет
теудің жоқтығы авиатасымал нарығын саланы титықтатып бітірген
бақылаусыз ұсақ компаниялардың жан-жаққа жұлмалауына жеткізді.
Мұның объективті себептері де болды. Ең бастысы — халықтың
қалтасындағы ақшаның аздығы. Жалпы, сол жылдарда жұрт жолға
аз шығатын. Шыға қалғанда да негізінен теміржолға, автобусқа оты
ратын. Авиабилеттер қалтаға тым қатты батушы еді. Жолаушылар аз
ұшатын болғандықтан, облыс орталықтарына қатынайтын рейстер
азайтылды, дұрысырақ айтқанда — өзін-өзі ақтамайтындықтан азай
ды. Нарық заңы солай — сұраныс кемісе, ұсыныс та кеми бастайды.
Нарық деген сол — жарыс, бәсеке, бақталастық, тіресу, күресу.
1999 жылы құрылған «Эйр Казахстан Групп» жабық акционерлік
қоғамының құрамына «Эйр Казахстан» авиакомпаниясынан басқа,
өңірлік тасымалдаушылар «Иртыш-Авиа» мен «Атырау әуе жолы»,
сондай-ақ «Атырау әуежайы», «АТМА — Атырау әуежайы және
тасымалдаушылар» кәсіпорындары, Алматы әуежайы мен респуб
ликалық «Казаэронавигация» мемлекеттік кәсіпорны кірді. Әйтсе
де, сала серпіле алмай-ақ қойды.
Атымен жаңа шешім табу қажет етілді.
Елдік емтиханы
— 389 —
2001 жылдың тамызында Қазақстан үкіметі мен британдық ВАЕ
Sуstems бірлескен «Эйр Астана» авиакомпаниясын құрды. Ниет
меморандумына 2000 жылы менің Ұлыбританияға сапарым кезінде
қол қойылды. Британияның ВАЕ Sуstems компаниясының биік беделі
«Эйр Астана» авиакомпаниясын әлемдік авиация қауымдастығында
тануды қамтамасыз етті. Осындай жұмыстардың арқасында еліміздің
азаматтық авиациясы ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орынға
шықты. Бұл саладағы табыстарымызға алыс шетелдерде де жоғары
баға берілді.
Қазақстанның әуежайларында жер инфрақұрылымы нысандарын
жаңғырту жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілді, осының арқасында әуе
кемелерінің барлық түрлерін қондыру-ұшыру мүмкіндігіне қол жетті.
2003–2016 жылдар аралығында Алматының, Астананың, Ақтаудың,
Қарағандының, Павлодардың, Жезқазғанның, Көкшетаудың, Тал
дықорғанның, Тараздың, Петропавлдың әуежайларындағы жолаушы
терминалдары қайта құрылымдалды. 2017 жылы Астана қаласының
әуежайындағы жаңа жолаушы терминалының құрылысы аяқталды,
сөйтіп оның өткізу мүмкіндігі жылына 8,2 миллион жалаушыға жетті,
бұл сағатына 2525 жолаушы деген сөз.
2018 жылы FІyArystan атты жаңа төмен бюджетті авиакомпания
құрылды.
Тарқатылмаған түйіндер де баршылық. Ұшу қауіпсіздігінің та
лаптары толық сақтала бермейтінінің салдарынан әуе апаттары әлі
ұшырасады. 2013 жылғы 29 қаңтарда Алматы облысының Талғар
ауданындағы Қызыл ту ауылының маңына SCAT авиакомпаниясының
Bombardіer CRJ‑200 ұшағы құлап, экипаж бен жолаушылар түгел
қаза тапты. 2019 жылғы 27 желтоқсанда Bek Aіr компаниясының
ұшағы жерден көтерілмей жатып, әуежай маңындағы екіқабатты
үйге соғылды, борттағы 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесінің
арасынан 12 адамның өмірі үзілді. Кей апаттардың себебі адами
фактор екені өте өкінішті.
Еліміздің картасын шола қарағанның өзінде автокөлік саласын
дамытуға оңтайлы бағыттарды байқауға болады. Автомобиль жол
дары — Қазақстанның көлік-коммуникация кешенінің ең маңызды
белгілерінің бірі, қазіргі жағдайда оның тиімді жұмыс істеуі және
тұрақты дамуы стратегиялық факторға айналған. Қазақстандағы
автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырым.
Тәуелсіздік жылдарында көлік кешенінде көп өзгеріс жасалды.
Экономиканың ырықтандырылуы мен көлік кешеніндегі құрылым
дық жаңғырулар көлік қызметінің еркін нарығын дамытуға себеп
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 390 —
кер болды, нормативтік-құқықтық негіз, сондай-ақ көлікті басқару
жүйесі өзгерді. Құрама пішіні және ұзындығы бойынша елде жалпы
пайдаланылатын жолдардың тарамы негізінен қалыптасып біткен.
Оны толықтыру үшін көршілес мемлекеттермен арадағы жолдарда
кейбір байланыстырушы учаскелерді салу керек.
Еуразия құрлығының ортасындағы Қазақстанның географиялық
орналасуы Азия мен Еуропаның арасында қалыптасып келе жатқан
трансқұрлықтық бағыттардың көлік магистральдарын пайдалану
үшін қолайлы жағдай жасайды, олардың көпшілігінде Қазақстан
автокөлік тарамының учаскелері бар.
Дағдарысты бастан кешкен 1993–1999 жылдарда автожолдар са
ласы тиісті деңгейде қаржыландырылған жоқ, соның салдарынан
жоспарлы негізде жөндеу жүргізілмеді, автомобиль жолдары мен
қолдан жасалған құрылыстарды ойдағыдай ұстауға мүмкіндік бол
мады. Елдің автомобиль паркінің өсуі мен көлік құралдарының жүк
көтергіштігінің артуы жол төсемелерін кәдімгі толқын соққандай
қирата бастады. Автомобиль жолдары тарамын қалпына келтіру
жөнінде ауқымды жұмыс қолға алынған 2001 жылы жолдардың
пайдаланылу ресурсы іс жүзінде таусылып біткен еді. Саланың басты
проблемасы жол төсемелерінің жүк көтергіштік қабілетінің барған
сайын кеміп бара жатқандығы екені анықталды. Сондықтан біздің
негізгі күш-жігеріміз ең алдымен Қазақстанның транзит әлеуетінің
негізін құрайтын халықаралық дәліздерге аударылды.
Менің Қазақстан халқына 2014 жылы арнаған «Нұрлы жол — бола
шаққа бастар жол» атты Жолдауым осы жөнінде болды. Оны жүзеге
асырудың аясында 2015–2019 жылдарға есептелген Инфрақұрылым
дық дамудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Ол құжат хаб қағидаты бойынша тиімді инфрақұрылым түзудің
негізінде елдің макроөңірлерін кіріктіру жолымен біртұтас эконо
микалық нарық қалыптастыруды көздеді.
Тұтастай алғанда осы арқылы Қазақстанның бүгінгі заманғы көлік
инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесіне кіріктіру, индустрия
лық, энергетикалық, білім және туристік инфрақұрылымды дамы
ту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен жылу беру, сумен
қамтамасыз ету және су бөлу жүйесінің инфрақұрылымын жаңғырту
көзделді. Бұның сыртында экспортты, кәсіпкерлік, отандық мәшине жа
сау және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау қарастырылды.
2015 жыл мен 2018 жылдың арасында бағдарлама аясында автожол
жобаларын жүзеге асыруға 1,1 триллион теңге бөлінді. Осы қаржы
ның есебінен 2,4 мың шақырым жол қайта құрылымдалды, І және ІІ
техникалық категориялар өлшемдері бойынша 5,6 мың шақырымдық
Елдік емтиханы
— 391 —
жол жөнделді. 2018 жылы 4,6 мың шақырым жерде, соның ішінде
«Орталық — Оңтүстік», «Орталық — Шығыс», «Талдықорған — Өске
мен», «Қалбатау — Майқапшағай», «Ақтөбе — Атырау — Астрахань»
сияқты ірі жобаларда жол салу жұмыстары жүргізілді.
Тәуелсіздік жылдарында автотранспорт тасымалының көлемі 6 есе
артты. Тұтастай алғанда егемен Қазақстанда республикалық маңызы
бар 12,5 мың шақырымдық жол салынды және қайта құрылымдалды.
Еліміздің автомобиль жолдары құрылысындағы маңызды оқиға
лардың бірі — «Алматы — Астана» жолының салынып бітуі. Осының
арқасында солтүстіктен оңтүстікке қарай тартылып жатқан ежелден
белгілі жолдың жаңа тынысы ашылды. Бұл бағыттың маңыздылығы
тарихтан жақсы мәлім. Ол — Ұлы Жібек жолының Қытай мен Сібірді
жалғап жатқан солтүстік тармағы. Бүгінде де бұл жолдың страте
гиялық маңызы үлкен, ол елдің көлік-транзиттік әлеуетін арттыру
ісіндегі шешуші буын.
Іс жүзінде біз елорда мен Алматының арасындағы автомобиль
жолын қайта салып шықтық. Мың шақырымнан астам қашықтыққа
әртүрлі өңірлердің климат жағдайын ескере отырып, сапалы асфальт
төселді. Оның солай төселуіне тікелей араласуға да мәжбүр болдым.
Жол жаңа төселе бастағанда жұмыстың жағдайын көруге астанадан
жүз шақырымдай жерге әдейі барғанмын. Асфальттің бірнеше жерін
шұқылап, қабатының қалыңдығын тексеріп көрсек… стандарттан
әлдеқайда жұқа. Жолды жонып жегендердің сазайы берілді. Ми
нистр орнынан алынды. Содан кейін барып, басқалар да аяғын тарта
бастады — бүкіл ел бойынша жол төсеу сапасы артты.
Астана мен Алматының арасындағы жол өте қымбатқа түсті, әйтсе
де, біз соны жүзеге асыруға тәуекел еттік. Талай мемлекеттер бұған да
уаламас еді. Біздің сәтті шыққан тәуекеліміз — елде жүргізіліп жатқан
реформалардың дұрыстығының дәлелі. Жобаға халықаралық қаржы
құрылымдарының белсенді араласуы да осыны көрсетеді. Бұрынғы
және қазіргі астаналарды байланыстырып жатқан жол экономика
лық тиімділігін әлдеқашан дәлелдеді. Бұл жолмен Қазақстанның да,
транзиттің де жүгі тасылуда, олардың ағыны анағұрлым арта түсті.
Оның үстіне жол бойында шағын және орта бизнесті өркендетуге мол
мүмкіндік ашылды — жаңа кафелер, қонақүйлер, техникалық қызмет
көрсету бекеттері мен жанармай стансалары, жол бойындағы сервистің
көптеген басқа да нысандары бой көтерді. Мыңдаған адамдар жұмыс
тапты. Бұл жол екі ірі қаланы байланыстырып қана қоймайды, оған
қоса елдің ұшы-қиырсыз кеңістігін біртұтас ете түседі.
Бұрын Еуропаға барып жүргенде кең әрі сапалы жолдарды көріп
таң қалушы едік. Олардың қалай, қашан салынғанын сұрағанымда
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 392 —
жергілікті басшылар Германияда Аденауэр канцлер болып тұрғанда,
Испанияда Франко билік құрғанда төселген жолдар деп түсіндіретін.
Сонда жақсы жолдың бірнеше буынға қызмет ете беретініне көз
жеткізетінбіз. Енді, міне, біз де немерелеріміз, шөберелеріміз зау
лап жүріп жататын жолдарды салдық. Келер ұрпақ сол жолдармен
жүргенде бізді де есіне алар.
Қазіргі таңда біздің елордамызды барлық облыс орталықтарымен
байланыстыратын автобандар жүйесі жасалды. Елді мекендер ара
сында жақсы жолдар салынды. Бұл да болса біздің тәуелсіздік жыл
дарындағы жеңісімізге жатады.
Инфрақұрылымдық жобаларды жасаудағы Үкіметтің үлкен рөлін
атап өткім келеді. А. Ұ. Мамин жақсы іс тындырды. Көлік және комму
никация министрі, вице-премьер және премьер-министр қызметтерін
атқара, «Қазақстан теміржолы» компаниясын басқара жүріп, осы
бағдарламаны орындау барысында жігерлі және нақтылы әрекет етті.
Баяғыда Украинада бірге оқыған шымкенттік жігіттердің «Мұндай
жол түсімізге де кірмейтін. Қазір Таразға, Алматыға, Қызылордаға
бұрынғыдан үш есе тез баратын болдық» деп қуана айтқаны есіме
түсіп отыр. Елдің ризалығынан артық не болсын.
Жалпы, елді жолдар біріктіреді. Жолдар адамдарды жақындасты
рады. Жолдар — өмір өзегі.
Қазақстандықтар өзінің жаңа елордасын салуға да елдің қиыр-қиы
рынан сол жолдармен ағылған болатын.
— 393 —
АСТАНА
ЖІГЕРЛЕНУ
Менің тапсыруым бойынша, 2001 жылдың мамыр айында елор
дамызда Кенесары ханға ескерткіш орнатылды. Сонда қатты ойға
шомып, тарихтың тылсымына қайран қалған едім. Қалай қайран
қалмассың, егер 1838 жылдың 28 мамырында, яғни дәл сондағыдай
көктем күндерінің бірінде Кенесары хан дәл осы жерде, өзінің туған
жерінде орнатылған Ақмола әскери бекінісін қоршап, өртеп жібер
ген болса, сайын Сарыарқадан сая таба алмаған сол асыл ханымыз
арада 160 жылдан аз ғана астам уақыт өткенде сол оқиға орын алған
мекенде тас тұғырға қайтадан қонса! Айтқандай, он тоғызыншы ға
сырдағы 28 мамыр жаңа стиль бойынша 10 маусымға сәйкес келеді.
Ал Қазақстанның жаңа астанасының халықаралық тұсаукесері 1998
жылы дәл 10 маусымда өткізілген. Сол күні Кенесары сарбаздарының
ерлігіне дәл 160 жыл толған екен. Шыны керек, бұл сәйкестікті біз
кейін білдік. Тарихшылар еске салды. Дәл солай шыққанына таң-та
маша қалдым. Негізінде тұсаукесер күнін өзімнің әдетім бойынша
сәрсенбінің сәтіне қойған едім.
Тарихты танып, зерделеу керек, тарихты таразылау керек, сонда
тағдырыңды, бүгінгі тұрпатыңды танисың, келешегіңді бағдарлай
сың, алдағы жүрер жолыңның сілемін табасың. Халқының басына
түскен тауқымет қабырғасын қайыстырып, сол жолда басын бәйгеге
тігіп, қасықтай қанын аямай, шыбын жанын шүберекке түйген өр
тұлғалардың тағдырын танытатын да, ұрпаққа өнеге етіп, алдына
тартатын да — тарих.
Халқының жоғын жоқтап, намысын қуған қас батырдың алғашқы
азат етуге тырысқан мекенінің бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің аста
насына айналуында да тағдырдың жазуы жатқандай. Кенесары хан
ның өмірі мен күресі тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау
керектігін ескертіп тұрғандай. Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін
басынан кешкен баянымен ескертіп кеткендей. Тәуелсіздіктің қадірін
білу керектігін, оны ауызбірлікпен, жасампаздық ісімізбен нығайту
керектігін ойға салғандай.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 394 —
Тәуелсіздік — қасиетті ұғым. Одақтан бөлініп шыққаннан, тәуел
сіздік алғаннан, Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданғаннан, Туды,
Гимнді, Гербті бекіткеннен ел бірден шын мәніндегі тәуелсіз мемлекет
бола қалмайды. Бола салмайды. Шынтуайтында, жаңағы жайлар
дың бәрі — кез келген мемлекеттің міндетті атрибуттары. Ел атанған
соң туың, гербің, гимнің қалайда жасалатыны, бекітілетіні белгілі.
Тәуелсіздіктің басты өлшемі — өзіңнің тағдырыңды өзің шешуге қа
білеттілігің. Тәуелсіз саясат жүргізе алуың. Соған шамаңның жетуі,
мүмкіндігіңнің келуі. Еуразияның қақ ортасында біз орнатқан Астана —
Қазақстан халқының дербес таңдауы. Астана — елдің болашаққа салған
көпірі. Жаңа қоғамның символы. Біз іс жүзінде жаңа мемлекет орна
туды астанамызды жаңадан салудан бастадық десек те, артығы жоқ.
Жаңа қоғамды жаңа идея ғана құра алады. Ал идея ойдан туады.
Мен әуелде жалпы қалалар туралы ойландым. Шпенглердің «Ұлттар
дегеніміз — қала салушы халықтар» деп айтқаны бар. Сөздік қоры
өте бай Абайда «ұлт» деген сөз қолданылмағанына назар аударып
көрейікші. Абайдың тұсында заманға, қоғамға сай ел болу, жұрт
болу мақсаты алға қойылған еді. Ұлттың мәдени-этникалық топтан
гөрі саяси сипатқа көбірек келетіні белгілі. Этностар адамзат тарихы
ның өн бойында болды, ал ұлттар жаңа дәуірде ғана қалыптасты.
Ұлт — этностан, халықтан бір саты биік тұрған ұғым. «Ұлттық уни
верситет», «Ұлттық кітапхана» дегенде ол жерде кілең бір ұлттың
өкілдері оқиды, ол жерге тек бір ұлттың өкілдері барады дегенді ойға
да алмаймыз ғой. Халықты мәдениеті өрелі ұлтқа айналдыратын
белгілердің бірі — қалалар. Мемлекет мәдениеттілігінің бір белгісі
де — қалалар. «Мәдениет» сөзінің өзі де арабтың маданият — қала,
қалалық деген сөзінен шыққан. Арабтар Мәдина қаласын «Мәдинәт
ән-нәби» — Пайғамбар қаласы деп ардақтайды.
Жаңа астана салу туралы ой маған тәуелсіздіктің алғашқы күн
дерінен-ақ келген еді десем, артық айтқандық емес.
Астана ауыстырудың қажеттілігі мемлекеттің түпкі мүдделерінен
ғана туындаған жоқ, мұның өзі біз үшін ХХІ ғасыр стратегиясының
бір нышаны. Қазақстанның тәуелсіздігіне қол жеткен тұста елдің
астанасы жаңа заманның көптеген жаңа талаптарына сай келуі тиіс
екеніне көзіміз жетті. Халықаралық қатынастардың барған сайын
жандана түсуі, елдің ішіндегі, елдің сыртындағы қаржылық, өндірістік,
коммерциялық байланыстардың қатты кеңеюі, сондай-ақ мемлекетті
басқарудың күрделіленуі астаналық міндеттердің санын арттырып,
сапасын күшейтуді талап етті. Осы тұрғыдан біз Алматыға басқаша
көзбен қарай бастадық. Ең алдымен, жаңа мемлекетіміз астанасының
мәртебесі елдің геосаяси жағдайы мен әлемдегі жалпы ахуал талап
Астана
— 395 —
ететін биік өлшемдерге сәйкес пе деген тұрғыда ойландық. Баяғыда
Макиавеллидің өзі ел астанасы елдің ортасында орналасқаны дұрыс
болатынын жазып кеткен. Тәуелсіздік қолға жаңа тиген тұста Алма
тының елдің шетінде, желдің өтінде тұрғаны көптеген проблемалар
туғызуы мүмкін екені байқала берді. Күрделі геосаяси себептерге
қоса, қаланың қазаншұңқырға салынғаны, содан да ауасының қатты
ластанып бара жатқаны, құрылыстың тау беткейіне жақындап, тығы
рыққа тіреле бастағаны, қаланы кеңейтер жер жоқтығы кім-кімге де
белгілі еді. Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Мұнда
өте қатты зілзалалар болған. Құрылыс салғанда сол жағын да ескеруге
тура келеді. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында-ақ, яғни астана
Алматыға көшісімен-ақ бұл мәселе қарастырылған. Қала орталығын
таудан алыстау жерге, жазық беткейге ауыстыру ойластырылған.
Тіпті Қапшағай жақтан болашақ теміржол вокзалының құрылысы
да қолға алынып үлгерген. Оның қаңқасы қазір де алыстан көрініп
тұрады. Қала әуежайының маңайына тұман жиі түсетіні де шет елдер
басшыларының ресми сапарларын тәуекелге тіреп тұруы мүмкін
болатын. Алматының астана мәртебесінсіз-ақ осы жылдарда қанша
лықты өскенін, экологиялық мәселелері әлі де шешілмегенін көріп
отырмыз, ал астана күйінде қала бергенінде ендігі жағдайын көзге
елестетудің өзі қиын. Қаланың әдемілігіне, табиғатының әсемдігіне,
әрине, айтар сөз жоқ. Бірақ жасыл желекке жаның жадырап, сәулетті
үйлерге сүйсініп, асқаралы Алатауға аңсарың ауып отыра бермей
сің ғой. Мемлекет құру керек. Ел болу керек. Халықты бір мақсатқа
ұйыту керек. Экономиканы дамыту керек. Басқа да «керектер» көп.
Тәуелсіздіктің табалдырығында бізге үш бірдей үлкен-үлкен мін
детті шешуге тура келді. Оның біріншісі — тәуелсіз мемлекет құру.
Екіншісі — жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшу.
Үшіншісі — тоталитаризмнен демократияға ауысу. Осылардың әрқай
сысы өзінше қиямет-қайым шаруа. Олар аз болғандай, сол тұста
бұғанасы бекімеген тәуелсіздігімізді сынаққа салғысы келетіндер де
көбейіп кетті. Тәуелсіздікті бекітетін нақты қадамдар жасау керек еді.
Азаттықтың өзінің жайы алмағайып кез болатын ол. «Бұлар дербес
ел болып тұра алмайды, ертең-ақ ырың-жырыңы шығып, алдымызға
қайтып келеді әлі» дейтіндер де аз емес-ті.
Егемендік жолындағы қадамымыздың алғашқы жылдарында
неше түрлі оқиғалар орын алды. Бұғанасы қатпаған жас мемлекет
тің беріктігін сынап көргісі келгендер алуан-алуан әрекет жасады.
Мысалы, 1993 жылдың аяғында Целиноградта славян қоғамдарының
бірлескен съезі өтті, онда қаланы Қазақстандағы славяндардың аста
насы деп жариялау жөнінде шешім де қабылданып кетті. Рас, бұла
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 396 —
рының ешқандай заңға маңайламайтын, қисынға сыймайтын шешім
екенін жаңағы «бірлескен съезді» ұйымдастырушылардың өздері-ақ
тез түсініп, әлгі шешімнің күшін жойған, арандатушы әрекеттері үшін
артынша кешірім де сұраған. Әйтсе де сондай қадам жасалғанының
өзі кім-кімге де секем алдырмай қоймайтын. Мұның бәрі баяғы Хру
щевтің Тың өлкесін РСФСР-ға қосу керек дейтін парықсыз ұсынысының
жүзеге асуын аңсайтындар әлі күнге бар екенін көрсетіп тұрған еді.
Одан бұрын, 1979 жылы дәл осы Целиноградта облыс аумағынан неміс
автономиясын құру туралы шешімге қарсылық білдірген ардагерлер
мен жастардың наразылық шеруі болғанын да ұмытпау керек.
Бірақ елдің астанасын ауыстырудың негізгі себебі бұл емес. Мұның
да басын ашып айтайын. Негізгі себебі — жас мемлекеттің тыныс-
тіршілігіне сілкініс алып келу қажеттігі. Жас мемлекеттің жаңа-жаңа
апыл-тапыл басқан шағында бас қатырар көп шаруалармен бірге
бұл мәселе де ойымнан бір кетпей қойды. Батыл-батыл шешімдерге
бармасақ, тосын қадамдар жасамасақ, тәуелсіздік жағдайында да
елдің дағдылы жолмен, инерциямен жүре беретіні, бірте-бірте баяғы
социализмдегі қара жолға қайта түсетіні көрініп тұрды. Осылардың
бәрін ойлай-ойлай келіп, ақыры елдегі түбірлі өзгерістерді астана
ауыстырудан бастаған жөн деген тоқтам жасадым. Күлкісіз күндерім,
ұйқысыз түндерім ақыры осылай дегізді.
Ал, жаңа мемлекет құру сынды жаңа істе жаңаша жігерлену керек
дейік, ел өміріне соны сілкініс алып келу керек дейік. Сонда қалай
жүзеге асырарсың оны? Сілкінуге ешқандай құлқы жоқ адамдарды
қалай сілкіндіруге болады? Съездердің сылдыр уағызына, марксизм-
ленинизмнің ұлы да, ұлық та классиктерінің дәйексөздеріне толған
миларды қалай тазалау керек? Ескі шырмауға маталып, мемлекеттің
әрең соғып тұрған жүрегі Алматыда ұйлыққан ескі тәртіптегі билеуші
элитаны қалай жұмылдырарсың?
Өзгерістер басталған сілкіністі уақыт — «парламенттік» 1991 және
1992 жылдар әлі жадымда. Егер әлдекім мені парламентаризмге
қарсы екен деп ойласа, құдай сақтасын. Демократия мен еркіндік
дегеніміз әр адамның ел үшін, халық үшін жауапкершілігі. Мен әр
дайым сындарлылықты және уақыттың бос сөзге төзбейтінін толық
сезіне білуді жақтаймын. Ал ол кезде қаншама саяси және реформа
торлық «мылжың» болды десеңізші… Өмірлік маңызы бар бірде-бір
заң өтпей жатты. Заңдарды парламенттік талқылау процесіне ара
ласпайтыны, килікпейтіні жоқ. Жөнді-жөнсіз талас бастап жіберудің,
жоқтан өзгені сағыздай созудың, лаққан пәлсапашылдықтың, сөйтіп
өзін көрсетіп қалудың кесірінен сындарлы сөздің бәрі бос мылжың
ның көбігіне көміліп кететін.
Астана
— 397 —
Мен сондай қажитынмын. Қатты шаршайтынмын. Бұл қажып-
шаршауым әлдебір іскерліктен, болмаса қабылданған, қабылданып
жатқан заңдардың көптігінен емес, керісінше, солардың мүлдем
жоқтығынан болатын. Қабылдануға тиісті кезекті заң қайдағы бір
түсіндірмелер мен ештеңе бермейтін талас-тартыстың көкпарына
айналған кездерде, таза суға сүңгіп кетіп, сол жерден жақсы тың
ойлармен, құлан-таза көңілмен шыққың-ақ келеді.
Барлық салада, бәрінде де түгелімен, түбегейлі өзгерістер қажет
деген айқын сезім мені барған сайын билеп алды. Қалыптасқан
жағдайдан, тірелген тұйықтан шығудың амалын іздеп, шарқ ұрдым.
Бәрін еңсере отырып қана, елді алға жылжытуға, сөйтіп өткеннің
кесел жарасын жазуға болатынын ұқтым.
Ширығып алып, қайта-қайта бұлқынып, мүмкіндігінше сені
ілгерілетуге тиіс адамдардың қасаңдығы мен оралымсыздығынан
құтылуға да болатын еді. Мұның өзі біршама уақыт қана жалғасқа
нымен, ұдайы жалғаса беруі мүмкін емес-ті. Адамдарды серпілтіп,
турасын айтқанда, бастың миын «желдетіп алуларына» әдеттен тыс,
төтен шешім керек болды. Қандай шешім әдеттен тыс, төтен шешім
бола алады? Жаңа мемлекетті жаңа жерді тірек етіп құрсақ қайтер
еді?.. Сол жаңа жер жаңа елге арқау болса, қайтер еді?.. Астанамыз
ды қай жерге орнатуды басқалар шешіп беретін кез келмеске кетті
емес пе? Өз тізгініміз өз қолымызда емес пе? Неге осы мүмкіндікті
пайдаланбасқа? Тағы біраз жыл өткізіп алсақ, мына митың жүріске
өзіміз де үйреніп, көндігіп кететініміз көрініп тұр ғой.
Сөйтіп, астананы көшіру қажеттігі туралы ойға бірте-бірте бекіне
бердім.
Алдымен бұл ойымды аз ғана топпен — ел элитасымен бөлістім.
Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары бастапқыда менің айт
қаныма «аң-таң қалды» десем, әңгіменің бергі жағы ғана болып
шығады. Іс жүзінде астананы көшіру қажеттігі туралы алғаш сыртқа
шығарған ойым менің көзімше жымиыспен (ал сыртымнан, сірə,
күлкімен) қабылданды. Ең қызығы, менің босқа сөйлемейтінімді
білетіндіктен, олардың бəрі дерлік астананы көшіру туралы ойымды
тым сəтсіздеу, орынсыздау қалжың деп қабылдады. Иә, 1993 жылдың
соңында сөйлеген сөздерімнің бірінде астананы Алматыдан басқа
қалаға көшіру керек дегенді абайлап айтып, аңысты байқадым, бы
лайша айтқанда, тамыр басып көрдім. Сол кезде залда тыңдап отыр
ған жұрттың көпшілігі мені жаңылып кетті не шамалы шаршаған
болар деп ойласа керек. Осы жерде Шарль де Голльдің жан-жағынан
суық жел үрлей соғып тұратын мемлекеттік мүдденің ұшар басына
шыққаныңда жаныңда бұрынғы достарың қалмайды деген сөзі еске
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 398 —
түседі. Сен шешімді тек өзің қабылдайсың, содан да басыңа жалғыз
дық түседі, жаныңды мұң торлайды. Көмекшілерің, кеңесшілерің
жəне серіктестерің жетерлік, бірақ шешімді қабылдайтын жəне оның
салдары үшін жауап беретін — бір өзің ғана. Сол тұста ойыма На
полеонның: «Мен кеңесшілерімді тыңдаған кезде ғана жаңылыстым,
бірақ шешімді өзім қабылдағанда қателескен емеспін» деген бір сөзі
де түскені бар. Бірақ ол басқа заман, басқарудың басқа мəнері еді.
Біздің заманымызда да шешім қабылдау, əрине, өте күрделі. 1994
жылдың басында мен астананы көшіру туралы ойымды тағы айт
тым. Бұл жолы да сөзім сəтсіз əзіл сияқты қабылданды. Бəрі күлді
де қойды, сонымен ұмыт болды деп ойлады.
Жоқ, ұмыт болған жоқ!
Бұл идея мені біржола баурап алды. Елдің нақты жағдайын са
раптағанда, қалай мемлекет құрамыз деп толғанғанда дәл осы ойға
жиі берілетінмін. Бұл тоқтам оңайға түспеді. Астана ауыстырған
жағдайда Алматыдан қозғалатының анық. Оған да қиналасың. Қиып
кететіндей қала ма Алматы?! Тәуелсіздігіміздің тал бесігі емес пе ол?
Желтоқсанның ақ қарына алау жаққан ұл-қыздарымыздың азаттықты
аңсап алаңға шыққан қаласы емес пе ол? Тіпті жеке өзімді алсам,
туған ауылыма тиіп тұрған жер емес пе Алматы? Арқа жерінде жиыр
ма жылдай жүргенімде қанша рет түсіме кірген аяулы мекен ғой
ол! Алғашқы немерелерім дүниеге келген қала ғой ол! Осылардың
бәрін ойлайсың. Сау басқа сақина тілеп алып жүрмейміз бе өзі деп
іштен тынған кездерім де бар. Ондайды енді айтып отырмын ғой.
Ал кезінде кей-кейде қалай шығарын ойлап қобалжитын кездерім
де болатынын жан баласына жақ ашып айтқан емеспін. Пәтер ауыс
тырудың өзіне адам қанша ойланады. Басқа қалаға көшуге тіпті бас
қатырады. Таңдауың сәтті шықса жақсы, сәтсіз шықса, ағылшындар
айтатындай, ол — өзіңнің жеке проблемаң. Ал бұл жерде мәселе
бүкіл елдің, ел болғанда да тәуелсіздігінің табалдырығында тұрған,
әлі әрі-сәрі күйдегі елдің тағдырын айқындайтын шешімге келіп
тіреледі ғой. Оған қалай қиналмассың?
Алматының жаңа мемлекеттің астанасы күйінде қала алмайты
нының тағы бір себебі болды. Қаншама жыл кеңестік социалистік
республиканың астанасы ретінде қалыптасып қалған ол қалада сол
кездегі сіреспе саясаттың салқыны бәрібір сезіліп тұратын. Басқа
сын былай қойғанда, Президент Аппаратының, Үкімет Кеңсесінің
кешегі Компартия ғимаратында отыруының өзі психологиялық
тұрғыдан көңілге біртүрлі әсер ететін сияқты көрінуші еді. Алматы
өзіне түскен жаңа геосаяси жүкті көтере алмады. Мен туралы кітап
жазған ағылшын авторы Джонатан Айткеннің Алматы жайында
Астана
— 399 —
қаланың аумақтық және экологиялық кемшіліктерден өзге жария
етіле бермейтін басқа да проблемаларын атағаны бар. Айткен Алма
тыны өзінің стилі мен мазмұны жөнінен кеңестік ахуалдағы шаһар
болатын, көп қазақтар онда өздерін жайсыз сезінетін деген еді. Әйтсе
де, сол Алматыдан астананы көшіруге бекінудің өзі оңай тәуекел емес.
Бұл шешімді қабылдау қиынға түсті ме? Жүрегім сыздады ма? Бола
ма, болмай ма? Осындай сұрақтардың бәріне мен: «Иә, қиын болды.
Оңайға түскен жоқ» деп жауап қайтаруға тиіспін. Шынын айтқанда,
мен барша жауапкершілікті өз мойныма арттым.
Жер жаннаты Жетісудағы ғажап қаланың бәріміз үшін бөлекше
қадір-қасиетін Астананың халықаралық тұсаукесерінде айтудай-ақ
айтқан сияқтымын. Былай деген едім: «Бәріміздің де жастық дәу
реніміз, дегендерімізге жетуіміз, кемелімізге келуіміз сол бір ғажайып
қаламен тығыз байланысты. Жаңаша дәурендеуіміздің дәл бір осы
шырайлы шағында, шапағатты сағаты мен мерейлі минуттарында
азаттығымыздың ақ құсын өз бауырынан аспандата самғатқан аяулы
Алматы мен әзіз Алатауға бәріміз де тікемізден тік тұрып, басымыз
жерге жеткенше иіліп, қанша мәрте тағзым етсек те, артықтығы жоқ
деп білем. Дүние тұрғанша тұр, жаннат қалпыңнан жазбай, жасай
бер, жайнай бер, қыдыр қонып, құт дарыған киелі қоныс, мүбәрак
мекен — Алматы!.. Биікке самғап, қиырды шарлау, заманнан қалмай
зымырай заулау — мына бізге өзің берген тәрбие, өзің көрсеткен
өнеге, өзің тапсырған тарихи аманат!».
Алайда осындай аяулы мекеннен де қозғалуға тура келді.
Сол кезде менің көмекшім болып жұмыс істеген И. Тасмағамбе
товтің «Отбасым жаңа ғана Алматыға көшіп келіп еді. Осы қалада
тұруды армандайтынбыз. Табиғаты қытымырлау Атыраудан кейін
Алматы маған жұмақтай көрінетін. Сөйтіп жүргенде мына табиғаты
қатал өлкеге қайтадан көшуге тура келгелі тұр» деп ағынан жарылға
ны бар. Көп адамдар сол шақта дәл осылай ойлағандықтан келтіріп
отырмын бұл сөзді.
Бұл шешімнің ұлттық қауіпсіздігімізге де тікелей қатысы бар.
Мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыз мекен еткен қасиетті қа
зақ жерінің бір бөлігін — аяулы Сарыарқаны саяси саудаға салып,
дарқан даламызды дау-дамайға айналдырғысы келетіндер бар кезде,
солтүстіктегі шұрайлы өңірге суық көзінің сұғын қадайтындар бар
кезде біз жылы жерде, әсем қала — Алматыда тыныш отыра алмас едік.
Иә, біз Алатаудың бауырына сыймай кеткен жоқпыз, қайта жер
жаннаты Жетісуды қимай-қимай кеттік. Тарихтың қатал талабы
осындай болды.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 400 —
ЖҰМЫЛУ
Астана жайын қозғағанда біз көбіне-көп оның Тәуелсіздіктің жемісі
екенін баса көрсетеміз. Сонымен бірге, тәуелсіздіктің өзі КСРО атты
елде сексенінші жылдардың орта шенінде басталған қайта құрудың,
демократияландырудың біз үшін басты жемісі екенін есте ұстау шарт.
Астананың өмірге келуі ең алдымен саяси күштердің бүкіл әлемде
жаңаша орналасуының нәтижесі деп білу керек. Астананың алғашқы
авторы — Тәуелсіздік. Қазақстан тәуелсіздік алмаса, Астана өмірге
келмес еді. Бұл басы ашық жай.
Астананы көшіру Қазақстанды жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде ор
нықтыруда зор рөл атқаратынына мен сенімді болдым. Неге сенімді
болдым? Былайша қарағанда, астана деген мемлекеттің әкімшілік
орталығы ғана емес пе? Оның ауыстырылуы, көшірілуі, тіпті жаңа
дан салынуы тәуелсіздікті орнықтыруға нақты қандай ықпал жасай
алады? Бір кезде бұлай ойлаушылар болса да, қазір астана ауысты
рудың орындылығына күмән келтірушілер қалмағаны неліктен?
Өйткені біздің тәуелсіздігіміз дәл осы шешім қабылданғаннан кейін,
сол шешім бойынша нақты қадам жасалғаннан кейін барып шын
мәніндегі толымды сипат ала бастады.
Кезінде менің ол ұсынысыма күмән келтіргендердің де сөздерінің
жаны бар. Жаны болмағанда ше? Тәуелсіздік тізгіні қолға тиген тұста
экономикада нағыз хаос орнай бастаған еді. Республикалар арасын
дағы талай жыл бойы қалыптасқан шаруашылық байланыстардың
бәрі бырт-бырт үзіліп, кәсіпорындар өнімдерін өткізе алмай, содан
жұрт кей жерлерде тіпті алты айлап жалақы ала алмай жүрген кез.
Жетпіс жылғы коммунистік идеологиядан запы болған жұртқа енді
қандай идеология ұсынсаң да, қабылдамайтындай көрініп тұрған кез.
Жасампаздық жұмыс тұрмақ, жан бағудың өзі уайымға айналған, та
лай отағасы үйде отырып қалып, бала-шағаны ала қапшық арқалаған
әйелі асырауға көшкен кез. Жаңа қала тұрмақ, жаңа үй салудың өзі
едәуір оқиға саналатын сол шақта аяқастынан астана ауыстыру туралы
әңгіме көтерілгенде кім-кімнің де қайран қалуын түсіну қиын емес.
Негізінде, сөз басында айтқанымдай, бұл туралы ойдың өзі сәл ер
теректе, 1992 жылы туған. Әйтсе де, ол кезде мұны тіс жарып ешкімге
айтқан емеспін. Айтпағаным да дұрыс болды. Ол жылы мұндай идея
көтеруге тіпті ерте еді. Ол жылы осыны айтсам, нағыз түсінбестіктің
көкесі сол болар еді.
Бұл таңдаудың да өзінің тарихи себептері бар. Ертедегі бабала
рымыз геосаясат дегеннің не екенін Макиавеллиді оқымай-ақ білген.
Содан да осы Сарыарқадағы Ортақ пен Кертақ, Ұлытау мен Кішітау
Астана
— 401 —
сияқты мекендерде баяғы Жошы мен Бату ханның заманын былай
қойғанда, Орда-Ежен, Тайбұға, Көшім, Орыс, Әбілқайыр, Шайбани
кезінен, берідегі Тәуке мен Абылай дәуірінен ұлысымыздың туы тігіл
ген. Осы жердегі ежелгі Бозоқ қаласы бір кезде Қыпшақ хандығының
астанасы болған. Бозоқтың орны Астанаға жап-жақын жерде.
Тиісті шешім қабылдамай тұрып, мен ұзақ ойландым, тарихшы
лармен, саясаттанушылармен, мәдениеттанушылармен ақылдастым,
басқа елдердің астаналарын көшіру тәжірибесімен таныстым. Жа
сайтын әр қадамымды ой елегінен өткіздім. Қазақтың «Не бел кетеді,
не белбеу кетеді» дейтініндей сын сағаты соққанын жан-жүрегіммен
сезіндім. Астана ауыстыруға бекіну арқылы өмір бойы жинап-терген
абыройымды да безбен басына салып тұрғанымды түсіндім. Бетін
әрі қылсын, бұл ойым көңілдегідей орындалмаған жағдайда өзімнің
саясаткер ретіндегі бет-бейнемнің біржолата бұзылатыны айдан
анық еді. Бірақ мен алған бетімнен қайтпадым. Қандай да бір тыл
сым күш маған орасан қуат, мол жігер беріп тұрғанын түйсіндім.
Бар ой-ниетім тек жаңа астана жайында ғана болды. Осыны ойлай
бергендіктен шығар, сондай күндердің бірінде анам түсіме кірді.
Маған қарап басын изегенін анық көрдім. «Бәрі дұрыс болады, кіріс,
балам» деді. Тәуекел!
Кез келген саясаткер әйтеуір бір өзгеріс жасағанды армандайды,
алға қойған мақсатына өзін арнайды, өзінің беделін, тіпті болашағын
бәске тігеді. Егер ірі міндетті шешерліктей мұндай арман болмаса,
онда оған саясатпен айналысудың керегі қанша? Егер сен алдыңа
қойған міндетіңді шешкен болсаң, айтылған сын жайына қалады.
Егер сен міндетіңді шеше алмасаң, онда жөніңе кете бер. Мәселе
осылай қойылған болатын. Іс басындағы лидер дәйім сыннан көз
ашпайды: жақсы істесең де жамансың, жаман істесең тіпті жамансың.
Сондықтан ең дұрысы — алға тарта беру.
Сонымен, астананы ауыстыруға іштей бекіндім. Қазірше — іштей.
Ал ауыстырсақ, қай жерге ауыстыру керек? Мәселенің мәселесі осы.
Алдымен ойға Ұлытау келді. Аты да, заты да астана болуға сұранып
тұрған сияқты. Қасиетті өңір. Бар қазақтың басы алдымен Ұлытауда
қосылған. Барлық ру-тайпалардың таңбалары тасқа қашалып, бабала
рымыз бірлікке анттасқан жер ғой. Тәуке хан Ұлытауда хан сайланған.
Абылайдың ордасы да Ұлытауда болған…
Бірақ біздің ғасыр — прагматизм ғасыры. Ұлытау күре жолдар
дан сырт жатыр, құла дала. Оның үстіне су көздері тапшылығының,
теміржолдың жоқтығының өзі бұл ойдан бірден бас тартқызды. Тым
көп қаржы кетер еді. Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе қалалары да
болашақ астана бола ала ма деген тұрғыда қарастырылды. Былайша
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 402 —
қарағанда, менің бүйрегім Қарағандыға көбірек бұрылуы тиіс еді. Сонда
еңбек жолымды бастадым, сонда үйлендім, сонда балалы-шағалы
болдым, сонда қызмет бабымен өстім. Бірақ Қарағанды шахтерлер қа
ласы болғандықтан, шахталардан қалатын жерасты қуыстары ойылуы
мүмкін екендігінен және өте ескірген инфрақұрылымынан ол қаланың
кандидатурасы жарамады. Көкшетаудың да инфрақұрылымының
әлсіздігі бірден көрінді. Өзіме өте ұнайтын Ақтөбеге қарай өтсек,
біз елдің бір қиырынан екінші қиырына шығып кететін едік. Жалпы,
қалаларды, әсіресе, астана болуға лайықты қалаларды бағалаудың
әлемде қабылданған 32 өлшемі бар екен. 1994 жылдың басында мен
құрған арнаулы комиссия әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер,
ауа райы, жер бедері, сейсмоахуал, қоршаған орта, инженерлік және
көлік инфрақұрылымы, коммуникациялар, құрылыс кешені, еңбек
ресурстары сияқты көптеген жағдаяттарды қарастыра келіп, қатал
климатына қарамастан Ақмоланың артықшылықтары көбірек деген
тұжырымға тоқтады.
Алдымен айтатын артықшылығы — Ақмола қазақ даласының жер
кіндігі дейтіндей маңайда тұрғандығы, ел экономикасының дамуын
айқындайтын ірі шаруашылық өңірлерінен алыс еместігі. Алматыдан
Ақмолаға дейін 1000 шақырымдай, ал Ақмоладан солтүстік өңірлерге
дейін шамамен 800 шақырымдай. Халықтың көші-қонын Қазақстан
ның басқа аймақтарына ауыстыру экономикалық және әлеуметтік
тұрғыдан тиімді екені де талассыз. Ел тығыз орналасқан оңтүстіктен
жұрттың солтүстікке ауысқаны керек еді. Оңтүстіктегі облыстармен
салыстырғанда Солтүстік аймақтағы халықтың тығыздығы едәуір
төмен. Тиісінше қазақтың үлес салмағы да аз. Бұл да ойымызда тұрды.
Тағы бір жақсы жері — тоғыз жолдың торабында екендігі. Ендігі бір
елеулі белгісі ретінде қаланың көлемі шағындығын, халқының саны
шектеулілігін, яғни құрылыс салуға да, сәулет жобаларын жүзеге
асыруға да тиісінше демографиялық өсуге де мүмкіндігі көптігін
айтуға болады. Қаланың қақ ортасының өзінде жалпы аумағы
30 гектардай жер бір қабатты ескі үйлермен толтырылған. Келешекте
ол үйлердің бәрін сүріп тастап, қалағаныңша құрылыс сала бересің.
Сөйтіп, қызық болғанда, Ақмоланың қала ретінде артта қалға
ны оның… өзіндік артықшылығына айналды. Парадокс деген сол.
Ақмоланың өзімнің көңіліме қонған тағы бір тұсы — ерке Есілдің
бойында тұрғаны. Өзен деген қаланың сәні ғой. Ауыз су, техникалық
су жағынан да көп қиындық келмейтініне көзіміз жетті. Көлік ин
фрақұрылымы қалада жақсы дамыған. Әкімшілік ғимараттарды әуел
гі бетте орналастыруға мүмкіндік бар. Арқаның ауасын айтсайшы!
Ақмоланың экологиялық тұрғыдан артықшылығы тіпті даусыз еді.
Астана
— 403 —
Мұндағы құрылыстың сейсмикалық қауіп жоқтығына байланысты
Алматыға қарағанда екі еседей арзанға түсетіні тағы бар. Осының
бәрін ойлай-ойлай, барлық жағынан есептей-есептей келіп, ақыры
болашақ астананың орны Ақмола болады деп шештік. Әуелі бұл идея
ны зиялы қауымның аузымен айтқызуды, қоғамдық пікірді зерттеп
байқауды орынды санадық. Алайда нәтиже мен күткендей шықпады.
Қоғам дүр сілкіне қоймады. Елдің алдында жүреді дейтін ғалымдар,
ақын-жазушылар да серпіле сөйлеп ала жөнелмеді. Академик Кен
жеғали Сағадиевтің «Астананы көшірудің астарында ұлт мүддесі
тұрды» деген мақаласындағы мына сөздер соның айғағы: «Алғашқыда
астананы жаңа орынға көшіру туралы Президент ойын қолдағандар
аз болды. Сол уақытта Президент басшылығымен жұмыс істеген
Мемлекеттік Кеңестің 1993 жылғы кезекті бір отырысы әлі есімде.
Құрамында Салық Зиманов, Шерхан Мұртаза, Иван Щеголихин,
Жабайхан Әбділдин, Манаш Қозыбаев, басқа да ел ағалары мен қай
раткерлер бар Кеңес күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, шешім қа
былдап, тарауға айналғанда Нұрсұлтан Әбішұлы басқаларға рақметін
айтып, бізден — Кеңес мүшелерінен тағы бір мәселе жөнінде пікір
алмасу үшін кідіре тұруды өтінді. Біз орнымызға қайта жайғасқанда
Нұрсұлтан Әбішұлы: «Астананы Алматыдан ел ортасына — Ақмолаға
ауыстыру керек деген ойым бар. Егемен еліміздің болашақ дамуын
жаңа астанадан бастасақ деймін. Сіздер бұған қалай қарайсыздар?»
деп сұрады. Біз, Кеңес мүшелері, бұрын ойға келмеген, барынша тың,
елді елең еткізетін осындай соны пікірге: «Ақмоланың ауасы жақсы,
бірақ ойлану керек» деген мардымсыз бір-екі сөзден артық ештеңе
айта алмадық». Академиктер осылай дегенде басқаларға не жорық?
Басқалар деймін, тіпті өзімнің отбасымда да бұл идея толық қолдау
таба қоймағанын жасырып-жабудың не жөні бар? Сара да маған:
«Нұреке, алдымен халықтың жағдайын жөндеп алу керек қой» деген
тұрғыда әйелдің артық-ауыс ақылын айтқан болатын. Әйтпесе, Сара
сол Арқаның қызы емес пе? Былайша айтқанда, төркін жұртына
топ еткелі тұрған жоқ па? Арқа демекші, кейіннен мәселенің бәрі
шешіліп, Ақмолаға бет алған ұлы көштің алғашқы ұшағымен жолға
бірге шыққан Оралбай Әбдікәрімов пен Ахметжан Есімов үшеуміз
жеке салондағы шай үстінде отырғанда Ахметжанға қаратып: «Мен,
жарайды, қайын жұртыма бара жатырмын. Оралбай өз жұртына бара
жатыр. Ал сен қайда барасың?» деп қалжыңдағаным бар. Оралбай
Астана түбіндегі Нұрада туған, Ахметжан — Жетісудың жігіті.
Ал, қалжыңсыз айтар болсақ, сол тұста Ақмолаға бет алған әрбір
қазақстандыққа «Сен қайда барасың?» деген сұрақ қойылса, олардың
әрқайсысы-ақ: «Жаңа астанаға барамын, жаңа арманға бет алып
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 404 —
барамын» деп жауап қайтарар еді. Жалпы, қайда баратыныңды
айқындап алу — үлкен мәселе. Генрик Сенкевичтің Нобель сый
лығын алған әйгілі романы «Камо грядеши» («Қайда барасың?»)
деп аталады ғой.
Астананы көшіруді біз əуел бастан геосаяси тұрғыда Қазақстанды
нығайтуға бағытталған қадам ретінде қарағанбыз. Сөйтіп, өзіміздің
бейбітшіл сыртқы саясатымыздың сан салалы бағыттылығын қуат
тадық. Осы əрекетімен Қазақстан Солтүстікпен жəне Оңтүстікпен,
Шығыспен жəне Батыспен тең құқықты ынтымақтастыққа ашықтығын
паш етті. Бұл еліміздің Еуропа мен Азия арасындағы орта тұс жағда
йының артықшылығын барынша нығайтуға мүмкіндік берді.
Сонымен бірге біздің таңдауымызда қауіпсіздік мəселесі маңыз
ды орын алды. Бұл тұрғыда тəуелсіз мемлекеттің астанасы сыртқы
шекаралардан алыстау жерде, мүмкіндігінше елдің ортасына таман
тұруы тиіс-ті. Мемлекеттік жоғарғы басқару органдары қызметінің
қауіпсіздігін, аймақтағы ахуалдың шиеленісуі мүмкін болған жағдай
да олардың жұмысының тиімділігін де қамтамасыз ету маңызды еді.
Бұл қаупіміздің негізсіз еместігін кейбір өңірдегі кейінгі оқиғалар
көрсетіп берді.
Астананы ауыстыру Қазақстанның экономикасын одан əрі дамыту
тұрғысынан да тиімді бола алатын еді. Осының арқасында халық пен
өндіргіш күштердің республика аумағы бойынша біржақты орна
ласуын біртіндеп түзеу, солтүстік жəне орталық өңірлерде шетелдік
тың жаңалықтарды, ғылымдандырылған өндірістерді, озық ауыл ша
руашылығы мәшинелерін жасауды, əрі өңдеуші ауыл өнеркəсібінің
кең желісін қауырт өркендету іс жүзінде мүмкін. Бұл Қазақстанның
өнеркəсіптік даму деңгейін арттырмақ, еңбек ресурстарын тиімді
пайдалануға жəне жұмыспен мейлінше толығырақ қамтамасыз етуге
мүмкіндік бермек-ті. Мұндай шешім елде тұрақтылық пен ұлтаралық
келісімді нығайту тұрғысынан даусыз артықшылықтар əкелетін қа
дамға айналуы тиіс. Астананы өз халқының құрамы жөнінен көпұлтты
өңірге көшіру көпэтносты мемлекет құруға, Қазақстанда тұратын
барлық этникалық топтар арасында достық пен ынтымақты сақтау
мен еселеуге деген бағыттың өзгермейтінін айқын көрсетпек-ті.
Бұл істі бастау үшін ең алдымен не керек еді? Парламенттің қолдауы.
Парламенттің қолдауын алу үшін депутаттарды осы шешімнің
орындылығына сендіру керек. Сонда қалай сендірмекпін?
Ақмоланың жаңа астанаға ықтимал орын ретіндегі артықшылықта
ры дегенде мен парламентшілердің алдына мынандай уәждерді
тартқан болатынмын.
Соларды санамалай отырып, еске салып өтейін.
Астана
— 405 —
Біріншіден, Ақмола Қазақстанның географиялық орталығы деуге
болатындай жерге және Қазақстан экономикасының жетекші әрі
қарқынды нүктелері болатындай ірі шаруашылық өңірлерге жақын
орналасқан.
Екіншіден, Ақмола ірі көлік тораптарының қиылысында тұр, біз
үшін көптеген шетелдерге шығатын ең қарапайым жол ретіндегі
Ресей көлік тораптарынан қашық емес.
Үшіншіден, қалада ол кезде 250 мың адам тұрды және сол кездегі
бас жоспарға сәйкес халық санын 400 мыңға дейін арттыру мүмкін
дігі қарастырылған. Жетекші сәулетшілердің бағалауынша, Ақмола
жақсы ойластырылып, жинақы етіп салынған, негізгі жоспарлау
аудандары сәтті қалыптастырылған. Қаланың орталық бөлігінде 30
гектардай бос аумақ бар, соларға күні бүгін-ақ қажетті объектілерді
жоспарлап әрі қазіргі бар инженерлік коммуникацияларға жалғасты
рып, құрылысын бастап жіберсе де болады. Жалпы алғанда тұтастай
қала аумағында да, жалғас жатқан аудандарда да бос жерлер көп
және олар кез келген сәулетшілік ойды жүзеге асыруға — ірі нысан
дар салуға, әдемі әрі жинақы қала маңын қалыптастыруға, шағын
қабатты құрылысты кеңінен жүргізуге жарап жатыр.
Төртіншіден, қала тіршілігін қамтамасыз етудің негізгі жүйелерінің
жай-күйі көп алаңдаушылық туғызбайды. Ол тіпті халқының саны
көздеген межеге жеткеннің өзінде ауыз су мен техникалық судан
тапшылық көрмейді. Тіпті ұзындығы шамалы ғана «Ертіс — Қа
рағанды — Есіл» каналын тарту сумен қамтамасыз етудің кез келген
проблемасын түбегейлі шешеді. Жылумен және газбен жабдықтау
жақсы жолға қойылған. Оның үстіне қолда бар жылу-электр орта
лықтарын дамыту мен қайта құру және жылумен жабдықтаудың
жаңа көзін салу жоспарланған, 1 млрд. текше метрден аса газ беруді
қамтамасыз ете алатын жаңа газ құбырын тарту жөніндегі жобалау
жұмыстары аяқталып келеді. Қуатпен жабдықтау жайы да жақсы.
Қазіргі бар қуаттарды көзделген дәрежеде кеңейту қала қуат жүйе
лерін үш есе сақтандыру кепілдігін бере алады. Екібастұз қуат ке
шенінің жақындығы да маңызды.
Бесіншіден, Ақмолада көлік инфрақұрылымы едәуір дамыған.
Теміржол станциясының өткізу және тиеу-түсіру мүмкіндіктерінің
жүк тасымалын әлденеше есе өсіруді қанағаттандыра алатындай
қосымша резервтері бар. 1800 адамға арналған жолаушылар вокза
лының жобалық қуаты да болашақта жолаушы тасымалын артты
руды қанағаттандыра алады. Қала теміржол арқылы республиканың
көптеген қалаларымен байланысты. Алматыға 24 сағатта жететін
жедел пойыз жүріп тұрады, оны 16 сағатқа дейін қысқарту көзделуде.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 406 —
Сондай-ақ облыс орталықтары мен жақын шетелдердің қалалары
на жаңа маршруттар ашылмақшы. Ақмола арқылы Қазақстанның
оңтүстігін біздің негізгі және стратегиялық серіктесіміз — Ресеймен
жалғастыратын «Екатеринбург — Алматы» автомагистралі өтеді.
Қала әуежайы қолайлы орналасқан. Аспаны қашанда ашық. Оның
ұшу-қону алабын небәрі 700 метрге ұзарту кез келген авиалайнерді
қабылдауға мүмкіндік береді. Аэровокзалдың сыйымдылығын 2 есе
арттыруға болады. Қалада қалыпты экологиялық жағдай бар және
ол болашақта да сақталуы мүмкін. Өнеркәсіптік аймақ тұрғын үйлер
алқабынан қашықта, теміржол төсемінен әрі солтүстік бетте, ал оның
тастандыларын жел қаладан аулақ әкетеді.
1994 жылғы 6 шілдеде депутаттар алдында сөз сөйледім. Сөзімде
астананы көшіруге кететін қаражаттың ішінде орны толмайтыны тек
көші-қонның нақты шығындары ғана болатынын, қалған қаржының
бәрі келешекке салынған инвестиция екенін айттым. Бүгінгі күннің
деңгейінен жоғарырақ қарай алсақ, мемлекеттің келешектегі мүдде
лері тұрғысынан ойлай алсақ, астананың Арқаға ауыстырылуы қай
жағынан қарағанда да өзін-өзі ақтайтын шешім дедім. Пікірталас
барысында депутаттардың біразы менің ұсынысымды қолдауға бе
йім емес екені көріне бастады. Олардың кейбіреулері экономиканың
мынандай дағдарысты кезеңінде, жұртқа жалақысын уақтылы төлей
алмай жатқанда астана ауыстыруға ешқандай мүмкіндік жоқ дегенді
көлденең тартса, енді біреулері идея негізінен дұрыс, бірақ оның
орындалуын кейінге қалдыру керек дегенді айтысты. Ашықтан-ашық
қарсылық білдіргендер де болды. Талқылау шегіне жақындаған тұста
Жоғарғы Кеңес Төрағасы Ә. Кекілбаев сөз тауып кетті. Аяқастынан:
«Президент астананы Ақмолаға көшіру жөніндегі ұсынысын шілде
айында енгізіп отыр. Келіңіздер, Нұрсұлтан Әбішұлының айтқанын
қолдайық, ұсынысын қабыл алайық. Мұның өзі Президентіміздің
туған күніне жасаған тартуымыз болсын», — деп жібергені… Сол-ақ
екен, ұсыныс дауысқа салынып, өтті де кетті. Рас, ұсынысым аз ғана
дауыс басымдығымен қабылданды. Тегі, жақтап дауыс берген депу
таттардың біразы «Туған күнінде Президенттің бетін қайтармай-ақ
қояйықшы. Мұның болатын-болмайтыны белгісіз ғой әлі» деп те
қараған сияқты. Талқылау уақытын туған күніме әдейі орайласты
рғаным да психологиялық тұрғыдан өзін ақтап шықты…
Пікірталас күн ұзаққа созылды. Талайлар менің ұсынысыма қол
дау білдірді. Талайлар ашықтан-ашық қарсы шықты. Сол күндері
депутаттардың пошталарына астана ауыстыруды жақтамайтындар
дың үндеулері, ашық хаттары түсіп жатқанын естіген едім. Парла
ментшілердің ел үніне құлақ түріп отыратыны, сайлаушылардың
Астана
— 407 —
пікірімен санасуға тиіс екені мәлім. Біраз адам сол тұрғыдан да сөй
леді-ау деймін. Серікхан Жақыпов құжат жобасының құқықтық
салмағы жоқ, сондықтан оны назарға алып қойса жетеді деді, Борис
Маринушкин экономикалық дағдарыс жағдайында астананы көшіру
туралы мәселе қараудың өзі қолайсыз дегенді айтты, Александр
Козлов мәселенің тактикалық жағына дау білдірді, көшіру мерзімін
көрсетпеуді ұсынды. Басқалардың не айтқаны есімде қалмапты,
әйтеуір күмән келтірушілердің негізгі ой жүйесі алдымен кезекте
тұрған экономикалық мәселелерді шешіп алайық та дегенге саятын.
Сол күнгі сөз сүргілісін атақты жазушымыз, сол кездегі Парламент
басшысы Әбіш Кекілбаев былай суреттейді:
«Ертеңіне жоспарлы мәжілісімізге жиналдық. Депутаттар хабар
ланып қалыпты. Әдеттегі абыр-сабырдан әп-сәтте тыйылып, құлақта
рын түре-түре қалыпты. Ақпарламаны Нұрсұлтан Әбішұлының өзі
жасады. Зал тым-тырыс. Сілтідей тынып, тыңдап отыр. Президент
сақадай сай әзірленіп келген. Қарша жауа жөнелген сұрақтарға еш
мүдірместен егжей-тегжейлі жауап беріп жатыр. Сұрақтар сонда
да тыйылар емес. Арасында әдейі намысқа тигісі келген қыршаңқы
сұрақтар да жеткілікті. Олардың көпшілігі мәселенің бұлайша төтен
қойылуынан әлдебір астар іздейді. Геосаяси айла-шарғы тапқысы
келетіндер де аз емес. Тіпті, өйтіп алыстан қармамай, күнделікті тұр
мыстық күйбең тіршілікпен, жекжат-жұрағаттықтың жай-жапсарына
байланыстыратындар да табылмай қалмады. Кейбірі бәрін апарып
қайдағы бір саяси амбицияларға телиді. Нұрсұлтан Әбішұлы кісінің
шамына тиетін сотанақ сұрақтардың өзіне төзімділік көрсетіп, ба
жайлап түсіндіріп, қажет болса, тіпті басынан асырып бақты. Ондай
түймедейден түйедей, тырнақ астынан кілегей іздейтіндерді былай
қойғанда, естияр деп жүрген азаматтардың өздерінің жуасытыл
маған тайға мінгендей, тақымдарын қысып, қобалжып отырғандары
байқалады. Көпшілігі басы қарқарадай Алатау мен жасыл торқа
жамылып Алматы тұрғанда, аяқастынан ақ түтек бораны арсы-күрсі
Арқа төсіндегі қайдағы бір күйелеш-күйелеш көнетоз қалаға көшудің
соншама неге керек болғанын, қанша ойланса да, ақылдарына сыйғыза
алар емес. Алматының жақсы қасиеттерінен ештеңе қалдырылмай,
түгел айтылды. Енді бармақшы астанамызда күтіп тұрған қиындықтар
мен кемшіліктердің де ешқайсысы ұмытылмай, көзінен тізіліп бақты.
Біреулер тіпті бұл ұлтараздықты қоздырады деп байбалам салды. Енді
біреулер бұл қылығымызға төңірегіміздегі көршілеріміздің не деуі
мүмкін екенін ойлап, қилы-қилы тон пішті. Әсіресе, терістік-батыс
көршіміздің шамына тиіп қалмас па екенбіз деген уайым әлденеше
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 408 —
рет ауыздан шықты. Ең бастысы — ауыспалы кезеңнің аусарлығы
жан-жағымыздан түгел анталап, зәремізді алып тұрғанда, жаңа аста
на тұрғызатын қыруар қаржыны қайдан табамыз деген уайым мен ол
кезде тұрмыс тапшылығынан тартпаған тауқыметі қалмай, «шықпа,
жаным, шықпалап» әзер шыдап отырған жадау-жүдеу әлеумет мұндай
жеройды шығынды талап ететін тым ересен шаруаны босқа шашылған
дық көріп, апшып қап жүрмес пе екен деген күдік жиі айтылды.
Бәле іздейтіндер мен жала жапқысы келетіндердің ойы, сірә, бел
гілі ғой. Елге, халыққа, Елбасына шындап жандары ашитындардың
өздері: «Арыстан айға шауып мертігіпті» дегеннің кебін киіп жүрмей
міз бе?!» деген күмәндарын жасыра алмай, қаралай күйзеліп отыр.
Көбінің көзінен: «Әлі де ойлана түссек қайтеді?!» дейтін уайым, шын
қиналыс байқалады. Жасыратын несі бар, менің өзім де сол ыңғайға
көбірек дес беріп отырғандаймын».
Дәл осы мәселеде мені Әбіштің де әуелде онша қолдамағаны рас.
Ақыры Жоғарғы Кеңес, менің қарсыластарымның қасарысқанына
қарамастан, Қазақстанның астанасын Ақмолаға көшіруге келісім беру
жөнінде көпшілік дауыспен шешім қабылдады. Әрине, шешімге ду
қол соғу болмады. Мен оны күткен де жоқ едім. Шынын айтқанда,
астананы көшіру туралы шешімнің Парламенттен бұлайша оңай өте
қоятынына сенген де жоқ едім. Ең бастысы — пікірталасты тоқтата
алдық. Астана ауысады! Президент ұсынды — Парламент қолдады.
Депутаттарды да түсінуге болады. Мынандай қысылтаяң заманда
осыншалықты ірі жобаны қолға алмай қоя тұрсақ қайтеді деп сақта
нудың да жөні бар. Кейін ойлап қарасам, тарихи әдебиеттерді індете
оқып отырсам, осындай тосын ойлар оқыстан ортаға тасталғанда
алдымен айтылатыны «Бұл мүмкін емес!» деген сөз екен. Бірте-бірте
«Мұнда бірдеңе бар…» делінетін көрінеді. Ақыр аяғында жұрттың
бәрі осының бәрін о бастан түсіне қойғандай болып, «Мұны кім біл
мейді!» деп шыға келеді…
1995 жылы 15 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының астана
сы туралы» заң күші бар жарлығым шықты. Жарлықта жоғарғы
және орталық органдарды Ақмола қаласына орналастыру жұмы
сын ұйымдастыру үшін Н. М. Макиевский басқаратын Мемлекеттік
комиссия құру туралы нұсқау берілді. Республиканың Үкіметіне
Ақмола қаласын жайластыру бойынша бюджеттен тыс қаржыны
жинақтау мақсатында бюджеттен тыс «Жаңа астана» қорын құру
міндеті жүктелді. Үкімет Ақмола қаласының құрылысын салуға және
инфрақұрылымын дамытуға қатысып жүрген инвесторларға салық,
кеден және тағы басқадай жеңілдіктерін беру туралы ұсыныстарды
дайындауы, содан соң менің қарауыма берулері тиіс болды.
Астана
— 409 —
Ірі жұмысты бастау оңай емес. Қай заманда да, қай қоғамда да
астана ауыстыру кез келген мемлекеттің өміріндегі ерекше оқиға,
тарихи белес. Жалпы, әлемде астаналар 140‑тан астам рет көшірілген
екен. Айталық, Санкт-Петербург — Мәскеуді, Карачи — Исламабадты,
Рио-де-Жанейро — Бразилианы, Мельбурн — Канберраны атаса да
болады. Қазақстанның астанасы өзінің орналасқан жерін әлденеше
рет ауыстырғанын еске алсақ та, жеткілікті. 1925 жылға дейін ол
Орынборда, содан соң Қызылордада, 1929 жылдан бері Алматыда
болды. Көшірудің себептері әртүрлі. Мысалы, Бразилияда астана
елдің алыстағы аумақтарын дамыту, жаңа экономикалық аймақтар
ашу мақсатымен ауыстырылған. Ресей мен Қытайда астаналар сырт
қы әскери қатерден құтылу үшін көшірілген. Мысалы, Аспанасты
елі астанасын алты рет ауыстырған екен. Астаналар ауыстырудың
бәрінде де бұл қадамдар баршаның жаппай қолдауына ие бола бер
меген. Менің досым — Испания королі Хуан Карлос І кезінде король
Филипп ІІ астананы Толедодан Мадридке ауыстырғанда қып-қызыл
дау шыққанын айтқан еді. Джордж Вашингтон елдің жаңа астанасын
жан баласы тұрмайтын жерге атымен жаңа қала салу арқылы ауыс
тырған кезде де аяусыз сынның астында қалған екен. Мен де ондай
сынның талайын естідім. Бір газет тіпті «Персональная столица Пре
зидента Назарбаева» деп тұрып мақала жариялады. Онда ешқандай
стратегиялық жоспар да орасан зор қаржыны еңбекақы, зейнетақы
төлеуден, азаматтардың басқа да проблемаларын шешуден бұрып
әкетуді ақтай алмайды деп жазылды. Мәскеудің «Комсомольская
правда» газеті сол тұста «Бізді осы аптада таң қалдырған тұлғалар»
деген айдардың аясында менің масалардан алқа таққан портретімді
орналастыра қойыпты. Иә, маса деген бар еді. Бірақ масалар Вашинг
тонда да, басқа қалаларда да болған ғой.
Шетел сапарлары кезінде мен дәйім басқа елдердің жаңа астана
лары қалай салынғанына қарауға тырысатынмын. Австралияның аста
насы — Канберраны, Бразилияның астанасы — Бразилианы көрдім.
Халық арасында «Ойбай, не дейсің, Ақмолада жаз бойы аңызақ
соғып тұрады екен, қыс болса қаланы қар басып қалады екен, өзі
батпақта тұр, ішуге жарайтын ауызсуы жоқ екен» дегендей неше
түрлі әңгімелер гулей есіп жатты. Ақмоланың ауа райы соншалықты
ғажайып деп айту қиын да шығар. Арқаның азынаған бораны апталап
соғатын кездері де бар. Бір жолы әуежай тәулік бойы жабық тұрып,
тіпті тікұшақ та қона алмайтындай жағдай болған соң Көкшетаудан
пойызбен келгенім де есімде. Бірақ туған еліңде жері жаман мекен
бола ма екен? Осының бәрі біздің Отанымыздың жері, Отанымыз
дың табиғаты, Отанымыздың климаты. Отанды сүю — оның суығына
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 410 —
шыдап, ыстығына күю. Туған жердің түтіні де тәтті емес пе? Ал Арқа
төсіндегі табиғаттың өзіндік сұлулығы бөлекше. Былай шықсаң —
Қорғалжын, былай шықсаң — Бурабай, былай шықсаң — Ереймен
тау, әрі қарай жүрсең — Баянауыл басталып кетеді. Арқаны қазақ
әрқашан арқа тұтқан. Әйтпесе Арқа деп атар ма еді? Қазақ «сары
дала» дегенде шөптің түсін айтпайды, ұшы-қиырсыз кеңдікті айтады.
Қайтейік, сол тұста қаланың халықаралық тұсаукесеріне дайындық
жөніндегі біздің жұмысымыз жайында «Жұтта жасалған той» деп
тұрып сөйлейтін журналистер де табылды. Газеттер мен телеарналар
Ақмоланың масасын да әбден жазды, көрсетудей-ақ көрсетті. Соның
ешқайсысына да жүйкемді жұқартып жатқан жоқпын. Ондай-ондайға
көңіл бөлуге де уақыт жоқ еді. Оған ең жақсы жауап — қаланың то
пырағын құрғату, масаның көзін жою. Біз ол мәселені тез-ақ шешіп
тастадық. Есіл жағалауындағы қамыстар толық құртылды, қаланың
ішіндегі ашық жердің бәріне шөп тұқымдары себілді, асфальттай
тын жердің бәрі асфальтталды. Сөйтіп, маса туралы ызың сөз де сап
тыйылды. Басқа да неше түрлі әңгімелер болды. Біреулер «Жұлдыз
жорамалшы Назарбаевқа 1997 жылы Алматыда жойқын зілзала
болады, қала қирап қалады деп айтыпты, содан Президент дереу
астананы ауыстыруға кірісіпті» деп те соғыпты. «Назарбаев астананы
әйелінің ауылына жақын жерге апарғалы жатыр екен» дегенге дейін
айтылды-ау, шіркін!
Әрине, мен астана ауыстыру арқылы өзімнің саяси болашағым
ды бәске тігіп тұрғанымды бұрынғыдан да тереңірек пайымдадым.
Ақмолаға жиі барғанда көбіне әуежайдан түсе сала тіке құрылыс
нысандарына тартатынмын. «Шешінген судан тайынбас» деп, жұ
мысқа кірісіп кеттік.
Қазақстан Парламентінің тарихи шешімінен кейінгі үш жылда
мен Ақмолаға ай сайын дерлік келіп тұрдым. Қазір ойлап отырсам,
тәуелсіз ел құрудың осы жылдарының бәрі де астана ауыстырудай
қиындыққа түскен екен.
ЖАСАМПАЗДЫҚ
«Қыста қарға көміліп, жазда масаға таланып, күзде балшыққа
малшынып, көктемде көшесі ойылып жататын Ақмоладан астана
жасау оңай іс емес, әрине» — менімен сұхбат жасаған журналистердің
бірі осылай дегені бар.
Оңай іс емес деген, бірақ мүмкін іс емес дегенді білдірмейді ғой!
Үлкен шаруаның оңайлықпен бітетіні болмайды.
Астана
— 411 —
Бәрінен бұрын ел көңілін жаңа елорда жаққа бұру, халықты жаңа
астанамыз жаңаша астана болатынына сендіру керек еді. Бұл да
қиынға түсті. Танымал жазушымыз Әкім Таразидің мына сөздері
не назар салайықшы: «Бұл ретте өзім алғашқыда «Ақмола аядай
ғана қала, ол қалай астана болады?» деген күдік-күшіктің шәуілін
көп естіп, күмәнға бой алдырған жандарды жиі кезіктіргенім рас.
Саз балшығы иленіп жатқан қу медиен даланың үстінен қалай қала
тұрғызбақшы деген сенімсіз ойдан біз де құралақан емес едік. Тоғыз
жолдың торабы ретінде Ақмоланы таңдаған Президент шешімін
түсіне қабылдағанымызбен, қаланың сол кездегі тозығы жеткен,
жұпыны сиқы әлі де жұрт сенімін жарқын жаққа бастап кете алмай
жатқан. Осылай екіұдай күй кешіп жүрген 1997 жылдың қысында
Алматыдан астананы Ақмолаға көшіруге байланысты салтанатты
жиналыс өтті. Он вагонның бағытын Арқаға түзулеп, солтүстікті
бетке алған игі жайсаңдар арасында мен де бар едім. Жиналыс өткен
соң, келесі күні Есіл үстінен өтетін жалғыз көпірдің үстінде марқұм
Сайын Мұратбеков екеуміз мұңайып, күпті көңілімізді жұбата алмай
тұрдық. Арғы жағалау — құлазыған дала. Кезінде облыс орталығы
болып та жарытпаған қаланың келбеті жанымды жабырқатты. «Мына
жазық дала ертең қалай көрікті қалаға айналып шыға келмек?» деген
сенімсіз ойдың санаға берік орнығып кетпей қойғаны — бәрі-бәрі рас».
«Облыс орталығы болып та жарытпаған» қаладан астана жасауға
кірістік…
Ең қиыны жаңа астанаға қажетті қаржының көзін табу еді. Қаржы
табылса, жұмыс жүреді. Бұл іске мен бар беделімді салдым. Ақмола
еркін экономикалық аймағының қорын құру арқылы біраз ақша жи
налды. Кеңес Одағынан қалған материалдық резервті де іске қостық.
Ол резерв соғыс шыға қалса деп жиналған металдар мен темір қорыт
паларынан, құрылыс материалдарынан тұратын. Соның Қазақстанға
қажетті бөлігін қалдырдық та, қалғанын сатып, одан түскен жиырма
миллион доллардай қаржыны астана қорына құйдық. Жалпы, біз
Астананы бюджетке көп салмақ түсірмей салуға тырыстық. Әр тең
генің есепте тұруын, артық шығын болмауын қадағаладық.
Малайзияның төртінші премьер-министрі Махатхир Мохамад
«Өз елінің емшісі» («Доктор своей страны») атты мемуарында елдің
жаңа әкімшілік орталығы Патруджайяны салу барысында сан түрлі
пікірлер орын алғанын айта келіп, «Патруджайя — аса бір ыңғайлы
қала. Версальда болғанымда экскурс жүргізушінің қала сұлулығын
мақтанышпен әңгімелеп жатқанын естігенмін. Алайда Версальды
салған Людовик ХІV-нің тұсында париждіктер ашқұрсақ өмір сүр
ген еді. Патруджайяны тұрғызу кезінде малайзиялықтар тоқ жүрді.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 412 —
Біз халықтың қажетін құрылыстың құрбандығына шалып жіберген
жоқпыз, мұның өзі Патруджайяның әміршілердің атақ шығарар
әуре-сарсаңы емес, ұлттық мақтаныштың символы екенін көрсетеді»
деп жазған. Сол сияқты, Қазақстан елордасының құрылысы да қа
зақстандықтардың қалтасын қаққан жоқ. Астана салуға жұмсалған
ақшаның бәрі дерлік инвестициялардың, отандық кәсіпкерлердің,
сондай-ақ шетелдік қамқоршылардың есебінен шықты.
Ақмола әкімі Аманжол Бөлекбаевтың принциптілігі есімде қа
лыпты. Қаладағы Республика даңғылын, әуежайға баратын жолды
асфальттау үшін жапон техникасын сатып алу жөнінде Үкімет шешім
қабылдаған. Әкім ол шешімді орындаудан бас тартады. Неге? Бағасы
тым қымбат — 4 миллион доллар. Асфальт төсейтін техника сонша
тұра ма дейді. Үкімет шешімді неге орындамайсың деп қысып бара
ды. Осыдан кейін ол, амал жоқ, маған келді. «Бұл бағамен келіспесең,
жауапкершілікті өз мойныңа жүктеп, өзің сатып ал», дедім. Содан ол
Германияға жүріп кетті. Барса, дәл сондай техника небәрі 800 мың
доллар тұрады екен… Ол техника тез-ақ келіп, сапалы асфальт төселді.
Жаңа құрылыстың басты қаржы көзі инвестициялар болды. Ше
телдік инвесторлардан пайызсыз несиені он жылдық мерзімге алуға
қол жеткіздім. Мұның сыртында гранттар мен өтемсіз инвестициялар
бойынша көптеген нысандар салынды. Мысалы, Президент резиден
циясы — Ақорда Әбу-Даби даму қорының 22 миллион долларлық
грантына тұрғызылған. «Нұр-Астана» мешітін Қатар мемлекеті
15 миллион долларға грант есебінен салды. 33 миллион долларлық
«Астана-Тауэр» орталығын Түркия қаржыландырды. Қазіргі Ауыл
шаруашылығы министрлігінің ғимараты — Кувейт гранты, Салтанат
сарайы — Оман әмірінің сыйлығы, «Алатау» спорт кешені мұнай
саласындағы инвесторлар гранты, тағы басқа. Ондай ғимараттар
бірталай. Сауд Арабиясының, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Италия
мен Жапонияның, басқа да елдердің гранттары, несиелері бірінен соң
бірі келіп жатты. Ол қаражаттың көпшілігі елге, елдің Президентіне
сый ретінде берілді. Мен сол елдерге арнайы сапарлап бардым, біз
мұсылмандар мекен ететін елдің астанасын салып жатырмыз дегенді
баса айттым. Көмек сұрадым. Бізге көмек көрсетті, сол үшін мен
бауырлас елдерге қашанда алғыс айтамын.
Өзіміздің азаматтар да ірілік танытты. Осы жаққа келгенде Ақмо
ланың бизнесмендерін жинаған едім. Оларға әңгіменің басын ашып
айттым. «Жігіттер, құрылысты жақсы салады екенсіздер. Көмектесіңіз
дер, соларды қалаға сыйлаңыздар», — дедім. Асқар Мамин деген
жігіттен өзі сатып алған «Мәскеу» қонақүйін мемлекетке қайтаруды
сұрадым. Азамат екен, сөзге келген жоқ, қайтарды да берді. Кейін
Астана
— 413 —
біз ол ғимаратқа Сыртқы істер министрлігін орналастырдық. Басқа
бизнесмендер де солай етті. Жаңа астанаға коттедждерін тарту етіп
сыйлады. Пейілге қарай бейіл де бөлінеді ғой. Сол Асқар Мамин
кейін дәл сол қаланы басқарды. Премьер-министр де болды.
Әрине, қиыншылықтар көп кездесті. Құрылыс біразға дейін қарқын
ала алмай-ақ қойды. Британияның «The Eсonomіst» апталық журна
лы 1997 жылдың шілдесінде: «Президент Назарбаев екі жыл бұрын
Қазақстанның солтүстігіндегі Ақмола қаласын жаңа астана ретінде
таңдағанда, оның бұл шешімі қөп қызығушылықты оята қоймаған…
Жалпы алғанда, осыған тікелей қатысты — бюрократтар, дипломат
тар мен бизнес иелері өздері тұрып үйренген Алматыны алыстағы
қонақжай емес Ақмолаға ауыстыруға бейіл емес… Солардың көбі
Назарбаев қайта ойланар деп үміттенеді. Бірақ Үкіметтің көшетін кезі
тез жақындап келеді, ал Президент Резиденциясы мен Парламент үйін
қоса алғанда, бірде-бір ғимараттың құрылысы осы жылдың аяғына
дейін бітетін емес…», — деп жазған болатын. Мұның бір себебі — Ақ
мола инфрақұрылымдық тұрғыдан қатты артта қалған еді. Басқасын
былай қойғанда, облыс басшысы А. Браунның өзі кабинетінде паль
томен, жанына жылытқыш қойып отырған соң, өзгелерге не жорық?
Қашаннан жұмыс істеп жүрсе де, қаланың жылуын жолға қоя алмапты.
Ол астананы көшіру туралы шешімді де селқос қабылдады, жұмысқа
жанын салған жоқ. Сөйтіп, оны ауыстыруға, қаланы, облысты жақсы
білетін Жәнібек Кәрібжановты облыс әкімі етіп қоюға тура келді.
Өкінішті жайлар да аз болған жоқ. Үлкен істе кемшілік кездеспей
тұрмайды. Өзіміз де жаңылыс басып жатамыз кейде. Соның біреуін
айтайын. Шетелдік елшілердің болашақ астана туралы пікірін дұрыс
қалыптастыру мақсатымен Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевқа дип
ломаттарды Ақмолаға апарып, қаланы көрсетуді тапсырып едім.
Сол сапар 1995 жылдың қақаған желтоқсанында ұйымдастырылды.
Әлі құрылыс бастала қоймаған, онсыз да сүреңсіз қала көрінісіне
Арқаның дәл сол күндері құтырына соғып кеткен ақ бораны, қырық
градусқа жақындаған сақылдаған сары аязы қосылғанда Алматыға
бой үйретіп қалған дипломаттардың тіпті есі шығып кетіпті. Жылы
жақтағы елдердің елшілері басына құлақшын киюді де ескермеген
екен. Солар құлақтарын үсітіп ала жаздапты. АҚШ елшісінің бас
киімін — әйелдің сәнді шляпасын жел ала қашып, басқалары соны қуа
жөнеліпті… Қысқасы, болашақ астананы дипкорпусқа таныстырамыз,
насихаттаймыз деген ниетіміздің нәтижесі керісінше шықты. Ол аз
болғандай, облыс әкімі А. Браун дипломаттармен кездесуінде: «Бұл
қайта әншейін жақсы ауа райы. Ал, шынында, бұдан да сойқан аяз,
жел болады. Жазда маса талайды», — деп үрейлендіріпті. Елшілердің
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 414 —
біразы Ақмола жуық маңайда орындалмайтын арман деген сияқты
пікірлерін таратып жіберді. Мұның өзі шетелдік елшіліктердің жаңа
астанаға ауысуын кәдімгідей кідірткеніне кейін көзіміз жетті. Ол
қателіктен де сабақ алдық.
Сол тұста маған Президенттің Іс басқарушысы қызметін атқарған,
қазір марқұм Владимир Ни қатты көмектесті. Істің көзін білетін адам
еді. Астананың халықаралық тұсаукесерін өткізердің алдындағы ахуал
есімде. Тұсаукесерге екі айдай уақыт қалғанда Владимир Васильевич
маған келіп тұр. «Конгресс-холлды қайта жабдықтау жөніндегі тен
дерді чехтар ұтып алған еді. Олар жасай алмайды. Үлгермейді. Сіз
маған чехтарды сол жерден қуып шығуға рұқсат етсеңіз…» — дейді.
Солай ету керектігіне көзімді жеткізіп, рұқсатымды алды, чехтарды,
өзінің сөзімен айтқанда, құрылыстан қуып шықты. Олар да өз кінәсін
түсініп, бізбен соттасып жатпады. Содан не істедік деңіз? Тұсауке
серге екі ай қалғанда түрік бизнесмендерімен шартқа отырып, солар
аталған мерзім ішінде Конгресс-холлды да, алдындағы алаңды да
тастай қатырды. Біз «Интерконтиненталь» қонақүйін де тұсаукесерге
солардың көмегімен дайындай алдық. Мұнда да қалыптан тыс шешім
қабылдауға тура келді. Шетелден жұмысшы күшін әкелуге арналған
лимитті тоқтата тұрып, түрік құрылысшылары ұшақпен жеткізілді.
Үш мың адам келді!
Бір жай есімде қатты қалып қойды. Әлгі «Интерконтиненталь»
қонақүйінің құрылысын ауық-ауық бақылап тұратынмын. Нысан
ды тапсыратын күн жақындағанда тағы бардым. Ең жоғарыдағы
қабаттарды көрмекші болдым. Тек жүк лифтілері ғана істейді екен.
Сонымен көтерілейік десем, күзет қызметі қауіптеніп, без-без етеді.
Ақыры қоймай, лифтіге мініп алдық. Лифтіміз жарты жолда тұрды
да қалды. Электр жарығы өшті. Тас қараңғы. Бір кезде бізді тауып,
есікті әупірімдеп ашты. Әрлі-берлі әбігермен жүріп, қонақүйдің
төбесіне көтерілдік. Жоғарыдан (қаладағы ең биік ғимарат сол еді)
қарап тұрып, көңілім орнына түсті. Басты нысан әзір екен. Қонақтар
ды қабылдайтын орын бар.
Президенттік қызметімнің бүге-шігесіне дейін мұқияттылықпен
қағазға түсіріп келген Махмұт Қасымбеков 2018 жылы, Астананың
20 жылдығы қарсаңында баспасөзде мен өткізген бір кеңестің стено
граммасын жариялады. Ол кеңес 1998 жылы 21 сәуірде өтіпті. Қазір
оқып отырсам, сол тұста кәдімгі қала басшысындай қызмет атқарған
екенмін ғой деп ойлаймын. Әуежайды сөз етсек, «Перрон жағындағы
беті, қалаға шығатын тұсы, залы, қабырғалары, төбесі, шатыры — бәрі
ойдағыдай болады ғой?» деймін, гала-концертті сөз етсек, «Бұл алаңға
5–6 мыңнан артық адам сыймайды. Теміржолшылар сарайының
Астана
— 415 —
алдында, жағалауда, тұрғын үй аумақтарында қосымша концерт
тер ұйымдастыруды тапсырамын. Бірақ бұл концерттер орталық
алаңдағыдан бір сағат кеш аяқталуы тиіс» деймін, көгалдандыру жұ
мыстарына тоқталсақ, тиісті адамға: «Сіз цистерналы мәшинелерді
жүргізіп, әрбір ағаш көктегенше су құйып тұруын ұйымдастыра
тын болыңыз» деймін… Қайтейін енді. Ірі істе ұсақ-түйекке дейін
қарауға тура келеді. Сол тұста қаладағы әр жаңа ғимаратқа қуанып
жүретінмін. «Эдем» деген бір дәмхананы барып ашқаным есімде.
Кәдімгі дәмхана. Шап-шағын. Қазір ондай дәмхананы ашуға қаланың
ішіндегі аудан әкімі де бармайтын шығар. Тіпті ондай нысандардың
тұсаукесерін өткізіп те жатпайтын болар.
Қала әлі де Ақмола аталатын. Бұл — тарихи атау, жаман ештеңесі
жоқ. Алайда бізді сынаушылар соны да сан-саққа жүгіртіп жатты.
Ақ мола дегенге келтіре берді. Бұл сөзді қабырға, қамал деп қарасты
руға болады. Әйтеуір, әр нәрсені айта берді. Мен осыны да ойладым.
Ақсақалдармен, тарихшылармен ақылдастым. Бәрі де қаланың атын
ауыстыруды жақтады. Қайткенде де ел астанасының атына «Ақмо
ла» онша жараспайды дегенді айтты. Әртүрлі ұсыныстар жасалды:
Сарыарқа, Есіл, тағы басқа атаулар қарастырылды. Маған сол ұсы
ныстардың ешқайсысы ұнаған жоқ. Қала тұсаукесерінің қарсаңында
мен Алматыдан ұшып келдім. Жол бойы осыны ойланып отырдым.
Ұшақ шассиі қону алаңына тиген сәтте астанаға келдік қой деген ой
сарт ете қалды. Астана! Қып-қысқа, ап-анық сөз, қандай тілде де ер
кін айтылады. Міне, табылды! Астананы Астана деуге тура келетіні
рас. Менің қала атауы жөніндегі ұсынысымды қала мәслихаты да,
парламент те қолдады. Қазақстан елордасының аты Астана болды.
Астананың тұсаукесері тамаша өтті. Оған көптеген елдердің пре
зиденттері қатысқаны абыройымызды асырды, мерейімізді тасыт
ты. Қаланың басты алаңындағы гала-концерт бітуге жақындағанда
басталып кеткен жауын да қонақтардың, тұрғындардың көңіл күйін
бұза алған жоқ. Бұл кезде біз Украина президенті Леонид Кучмамен
қосылып алып, «Ти ж мене підманула» деген әнді соқтырып жатқан
болатынбыз. Днепродзержинскіде жүргенде үйренген, содан бері
талай айтқан әнім ғой. Негізінде, ол жауын сол күні таңертеңнен-ақ
жауатын еді. Біз мереке күнінде жаңбырды болдырмау үшін парад
кезінде бұлттарды Мәскеу аспанына жеткізбей ыдыратып жіберетін
тәжірибесі бар ресейліктерге өтініш айттық. Көршілерімізден келген
ұшақтар йодты күміс пен құрғақ азоттың қосындысын шашып, төніп
келе жатқан бұлттар Астанаға жетпей жауып өте шықты. Ал түнге
қарай жауған жаңбыр тіпті мерекеге жарасып кеткендей болды.
Бұны да жақсылыққа баладық. Ырымшыл қазақ «Жақсының сөзі
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 416 —
жырмен тең, жаздағы жаңбыр нұрмен тең» демейтін бе еді? Жаңағы
жаңбырдың алдында барша жұртты тебіренткен тағы бір оқиға бол
ды. Сол күндері Жер шарын айналып ұшып жүрген «Мир» орбита
лық станциясындағы қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаевпен
ғарыштық телекөпір арқылы байланыс орнатылды. Талғат тұңғиық
түпсіз көк аспанның төрінен жаңа астанаға, қазақстандықтарға та
быс пен бақыт тіледі. Гитарасын ала кеткен екен, Абайдың «Айттым
сәлем, Қаламқас» әнін шырқап берді. Қазақ сөзі ғарыштан да естілді.
Алғаш рет біз астана ауыстырған күні естілді! Бұл да бір жеңіс еді.
ЖЕҢІС
«Егемен Қазақстан» газетінен оқыған мақаладағы мына бір жай
есімде қалып қойыпты. Бастауыш сыныпқа сабақ беретін мұғалім
апай (өзі елордаға Торғай өңірінен қоныс аударған екен) ата-анала
рымен бірге Алматыдан көшіп келген шәкірттерінен: «Айтыңдаршы,
Алматы да осы Астана сияқты әдемі ме?» деп сұрапты. Бұл нені
көрсетеді? Аз жылдың аясында мың-мыңдаған қазақстандықтар
үшін Астана жаңа заманғы қаланың үлгісіне айналғанын көрсетеді.
Тұсаукесер қарсаңында көптеген ғимараттар ретке келтіріліп,
қайта салынып, қосымша құрылыстар бой түзеді. Құрылыс-монтаж
бен жөндеу жұмыстарына білікті қызметшілер мен жұмысшылар
дың тұтастай бір армиясы — 13,8 мыңға жуық адам қатысты. Ғима
раттар ғана емес, сол кезде мөлшері 248 шаршы километр аумақты
алып жатқан Астана қаласының сыртқы бейнесі де тұсаукесерге орай
түбегейлі өзгерді. Біз қаланы көгалдандыру жөніндегі техникалық
жұмыстардан бастап тұрғындардың санасы мен салтына қала мəде
ниетінің нышандарын, елордалық ділді енгізуге дейінгі астананың
тыныс-тіршілігіндегі барлық иірімдерді ескеруге тырыстық. Мы
салы, тұсаукесер қарсаңында 100 мыңға жуық ағаш пен бұта-шілік
отырғызылды, бос жатқан жерлерге шөп егілді, бұлар Астана кел
бетін біршама жұмсарта түскендей болды. Ойға алған жұмыстарды
істей алдық. Бəрін болмаса да, елордаға келген қонақтарға да, өз
адамдарымызға да көрсетуге жететін жарамды нəрселерді жасаған
сияқтымыз. Қаланың инфрақұрылымы — жаңа астананың көшелері,
даңғылдары, алаңдары мен гүл бақтары ретке келтірілді, бұл жұмыс
сонау 1994 жылдан басталған болатын. Астананың сол кездегі басты
көшесі — Республика даңғылы (бұрынғы Тыңгерлер даңғылы) қазіргі
заманғы кейіпке еніп, негізгі көлік тасқынын көтере алатындай дəре
жеде толықтай қайта жасалды.
Астана
— 417 —
Қаржы министрлігін, басқа да көптеген көз тартар ғимараттарды
Қазақстанның ірі құрылыс компанияларының бірі «Базис-А» корпо
рациясының салғанын айтып өткім келеді. Бұл — құрылыс нарығында
өзін орнықты əрі сенімді түрде көрсеткен, ауқымды жобалардан
сескенбейтін, орындау сапасы тұрғысынан, өз қызметкерлері мен
қызметшілерінің кəсіби шеберлігі жағынан əлемдік стандарттарға сай
компания. Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаздың» Есілдің
сол жағалауында пайдалануға беріліп үлгерген аспанмен тірескен
«Транспорт-Тауэр» зəулім ғимаратын тұрғызу абыройы осы ком
панияға тиесілі. «Транспорт-Тауэр» зəулім ғимаратын жобалау мен
салуға арналған тапсырысты алу үшін бірнеше шетелдік жəне отан
дық компаниялар таласты. Бірақ осынау конкурста «Базис-А» компа
ниясының талантты сəулетшілері мен дизайнерлерінің жобасымен
ешкім бəсекелесе алмады. Орындалу шеберлігінен басқа, бұл жоба
ең бір үнемді жоба болып шықты. Ғимарат құрылысын салу кезінде
10 миллионға жуық доллар қаражат үнемдеуге мүмкіндік туды…
Қаладағы спорттың жайы да ұмыт қалған жоқ. Қысқа мерзім
ішінде айнадай жарқыраған «Алатау» спорт сарайы, сыртқы пішіні
өзінің өткір қырларымен кеңістікті жарып келе жатқан алып мұхит
кемесін елестететін «Қазақстан» спорт сарайы пайдалануға берілді.
Жаңа ипподром, ескек есу каналы, сегіз ашық корттан тұратын тен
нис орталығы, бизнес орталығының биік ғимараты жəне басқа да
көптеген құрылыстар салынды.
Əрине, жаңа астананың бірегей объектісі — «Думан» (қазіргі атауы
«Aіland») ойын-сауық кешені. Астананың тұрғындары мен қонақтары
əлемдік мұхиттардан бірнеше мыңдаған шақырым қашықта тұрса
да, теңіз суларымен толтырылған 13 орасан аквариумға орналасқан,
теңіз бен мұхит тұңғиығын мекендеушілердің құпия өмірінің қойна
уына шынымен бойлай алады. Сөйтіп кең дала төсінде бой көтерген
Астананың тіршілігін айтарлықтай жадыратып, жандандыруды
мақсат тұтқан бұл өзі кереметтей қызық əрі ғаламат күрделі жоба
ның əсемдігі мен маңыздылығын сезіне түседі. Əйнекті коридорды
бойлай жүріп, жан-жағыңды көзбен шолып, құдды бір капитан
Немо құсап, басыңды көтеріп қарасаң, тура көз алдыңда мұхит пен
теңіз тұңғиығының бейтаныс мекендеушілерін көресің, бұлар да
Қазақстан астанасына тұрақтады. «Думан» океанариумында көрген
теңіз жəндіктерінің (акулалар да бар) бəрінің атын атап, түсін түстеу
оңайға түспейді. Бірақ мəселе сонда ғана ма? Ең бастысы, бұдан бы
лай астана тұрғындары мен қонақтарының осынау кешенге барғанда,
өздерін толық құқылы теңіз жағалауындағы қалалар тұрғындары
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 418 —
сияқты сезінетінінде ғой. Океанариум салуға сол кездегі қала әкімі
Ә. Жақсыбеков көп қайрат жұмсады.
Су демекші, осы тұста мына жай еске түседі. 1999–2010 жылдарда
«Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жүйелі,
жемісті жұмысы елорданың ауыз суы нашар екен, су тарату жүйесі
талапқа сай емес екен деген алыпқашты әңгіменің бәрін бекерге
шығарды. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі елдер ішінде әр үйге, әр пә
терге арнаулы су есептегіш құралды алғаш қойған да, су арнасы іс
қағаздарын электрондық жүйеге негіздеп, көш бастап берген де осы
кәсіпорын болды. Мұндай мысалдарды қала шаруашылығының басқа
салаларынан да молынан келтіре аламыз.
Астананың бас жоспарын жүзеге асыру жаңа орталықтың құрылы
сынан басталды. Қаланың жаңа орталығында «Бәйтерек» монументі
тұрғызылды. Композицияның негізгі ұстап тұратын бөлігі алып
ағаштың діңін бейнелейді, ал композицияның жоғарғы бөлігіндегі
үлкен шар — аспан. «Астана — Бәйтерек» өзінің жалпы мағына
сында негізгі үш философиялық ұғымды — жер, өмір және аспан
ұғымдарын білдіреді. Қазақстан мен оның астанасы үшін «Бәйтерек»,
мәселен, Мәскеудегі Қызыл Алаң немесе Нью-Йорктегі Бостандық
статуясы секілді нысан.
Бұл бір өзінде философиялық, саяси және тарихи ойды тұтас жи
нақтаған бірегей құрылыс. Ежелгі аңыз жыр былай дейді: Көктөбенің
басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы — Бәйтерек
өседі екен. Жыл сайын Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі
Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл
сайын айдаһар-жылан жұмыртқаны жеп қояды. Осы оқиға жылма-
жыл қайталанып тұрады екен. Бұл көрініс күн мен түннің, қыс пен
жаздың ауысуын, қайырымдылық пен зұлымдықтың, жарық пен
қара түнектің күресін астарлы түрде бейнелейді. Аңыз бойынша,
халық батыры Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын
жұмыртқасын аман алып қалады, ал осыған разы болған құс оның
жерасты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі ағаш туралы
аңыз — бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңарған
Қазақстан мақсатының көрінісі. «Бәйтеректі» тұрғызуға қажет
қаржыны Оман сұлтаны Кабус сыйлады. 2003 жылдың қыркүйегін
дегі Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының бірінші съезінің
соңғы кезеңінде биіктігі 97 метрлік (1997 — астана көшірілген жыл)
«Бәйтерек» монументінің қаланы тамашалау алаңында діндер мен
конфессиялар басшыларының ағаштан жасалған тарихи полотноға
қол қою салтанаты болды. Онда қазақ және ағылшын тілдерінде:
«Бейбітшілік пен татулық өлкесі — Қазақстан ақ батаға бөлене берсін»
Астана
— 419 —
деген сөздер ойып жазылған. Қала басшыларының өтінішімен мен
ол жерде алақан таңбамды қалдырдым. Әлем діндерінің басшыла
ры жер жүзінің барлық адамдарына бейбітшілік, қайырымдылық
және келісім мұраттарын таратушы мемлекеттің астанасы ретінде
Қазақстанның жаңа астанасына осындай бата берді. 2006 жылдың
қыркүйегінде екінші съезд өткізілді. Қазіргідей әлемдегі соғыстар,
апаттар мен сілкіністер аясында Астанадағы Бейбітшілік пен келісім
сарайы діндер тоғысатын жерге айналды.
Хай-тек стилінің көшбасшысы, әлемдік архитектураның жарық
жұлдызы Норман Фостердің қолтаңбасы «Бәйтерекпен», «Пирамида
мен» бірге, «Хан Шатырда» және Президент Орталығында да қалды.
Жалпы, біздің бас қаланың сәулетіне дүние дидарындағы ең әйгілі
архитекторларды тарта алғанымызды мақтанышпен айтуға болады.
Мысалы, «Қазақстан» концерт залы италиялық атақты сәулетші
Манфред Николеттидің жобасымен тұрғызылды. Оңтүстік Кореяға
барған бір сапарымда сондағы концерт залының ішкі құрылымына
қайран қалып, акустикасына сүйсініп едім. Осындай етіп біз де салсақ
қой деп ойлап қойғанмын. Түптің түбінде біз олардан да асырып
жіберген сияқтымыз.
Астана бізді көп нәрсеге үйретті. Әуелгі бетте Есілдің сол жақ бетінде
құрылыс салу қиын, өзен арнасынан асса, сол жаққа құйылады деген
ойлардың жетегінде болғанымыз да рас. Қаланы болашақта Қараған
ды жаққа қарай дамытуды жақтағандардың сөзі өтімді көрінгені де
рас. Әйтсе де, бірте-бірте тәжірибе жинай бастадық. Бұрын батпақты
беткей, әрі кетсе коттеджден басқа ірі құрылыс салуға жарамайды
деп саналған сол жағалауды игеруге бүгінгі құрылыс технологиясы
мүмкіндік беретініне көз жеткіздік. Сондықтан да Астананы жоспар
лауға жарияланған конкурс әлемдегі қала құрылысы орталықтарында
зор қызығушылық туғызғанына куә болдық. Архитектор үшін ашық
далада жаңа қала жоспарлау деген нағыз қиялды қанаттандыратын,
шабытты шарықтататын мүмкіндік қой. Конкурсқа Жапониядан,
АҚШ-тан, Австралиядан, Италиядан, Франциядан, Германиядан,
Ресейден, Финляндиядан, Кореядан, Болгариядан, тағы басқа біраз
елден елуден астам жоба келіп түсті. Олардың ішінен 27 жоба кон
курсқа ілікті. Конкурстың қорытындысында дәуіріміздің аса көрнекті
архитекторы жапониялық Кисё Курокаваның жобасы жеңіп шықты.
Әйгілі концептуалист Курокава қаланы негізінен сол жағалауда өркен
детуді ойластырған еді. Әрине, ол жоба тек идея болатын. Өмір көп
нәрсені өзі өзгертті ғой. Біз де өмір талабына бағынып, істеп кеттік.
Мен қала әр жаққа қарай жайыла беретін мегаполиске айналмасын
деп талап қойған едім. Курокава осы талапты басшылыққа алды да,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 420 —
«Өмір қағидаты» аталған бірегей жобасын ұсынды. Сөйтіп, додада
жеңіп шықты. Мен қаланы жансыз нысан емес, тірі организм ретінде
қалыптастыруды, оның адаммен, қоршаған ортамен сәт сайын бай
ланысып тұруын қаладым. Сәулет стилі жағынан әрқилы болуын
көздедім. 2007 жылы Бразилияға барғанда атақты Оскар Нимейер
жобалап жасаған ел астанасы — Бразилианың модернистік стилінің
өзі бірөңкей болғандығы маған онша ұнамады. Бір стильдегі қала
лар түбі ескіреді екен-ау деген ойға келгенмін сонда. Яғни, Астанада
классикалық мәнердегі архитектура да, модерн үлгісіндегі сәулет
туындылары да аралас өрілгені жақсы. Мүмкіндігінше солай етіп
те келеміз. Ақорда, «Астана-опера» театры, Сыртқы істер, Қорға
ныс министрліктерінің ғимараттары, «Астана триумф» тұрғын үй
кешені классикалық стильде салынса, «Астана-Тауэр», «Хан шатыр»,
«Астана-арена», «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешені сияқты ны
сандар үшінші мыңжылдық архитектурасының үлгілері. Тәуелсіздік
сарайы, «Қазақ елі» монументі, «Қазақстан» концерт залы, «Мәң
гілік Ел» салтанат аркасы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Ұлттық
музей… — Астананың ажарын ашып тұрған, сан алуан стильдегі
сәулет туындыларының тізімін осылай жалғастыра беруге болады.
Бүгінгі таңда өңірде тең келерлігі жоқ алып құрылыс — астананың
Бас мешіті жұрттың бәрін сән-салтанатымен, аумағымен тәнті етеді.
Біздің кәсіпкерлеріміздің қаржысына тұрғызылған осынау орасан зор
ғимарат әлемдегі ең әйгілі мешіттер қатарына қосылады.
Денсаулық сақтау нысандарын салуға да бөлекше назар аударылды.
Астанада құрылған медициналық кластер аясында Ұлттық нейрохи
рургия орталығының, Ұлттық кардиология ғылыми орталығының,
Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының, осы заманғы құрал-ас
паптармен жабдықталған басқа да медициналық мекемелердің ғи
мараттары тұрғызылды.
Мен қаладағы өте елеулі нысандарды көңілім жайлана айтып
отырмын. Бірақ ондай нысандар көп, бәрін жазып тауыса алмайсың.
Солардың әрқайсысы менің жүрегімді тербеп, өзегімнен өтті десем,
асылық айтқаным болмас. Айтулы нысандардың іргетасын қалап,
ашып беріп отырдым.
Белгілі киноактер А. Джигарханян деректі фильм түсіруге Астанаға
келді. Таңертең оны қабылдадым. Кірген бетте айтқан сөзі есімде
қалып қойды: «Біз түнде келіп, қонақүйге орналастық. Таңертең
тұрып, көшеге қарадым. Голливуд түсіретін жаңа футуристік қалада
оянғандай күй кештім. Қатты таңдандым» деді. Астанамызға қайран
қалған осындай сөздерді көп естідім. Бұған қуанамын.
Астана
— 421 —
Астананың жаңа қалыптаса бастаған кезінде, жергілікті климат
жағдайын ескере келіп, мен қаланың «жасыл белдеуіне» айналатын
орманды аймақ жасау бастамасын көтергенмін. Біздің елімізде жазық
даладағы аңызақ өлкеде қолдан орман жасау тәжірибесі атымен бол
мағанын ескерте кетейін. Бұл жерде қалың орман жайқалады дегенге
талайлар сенген жоқ. Бірақ біз табандап тұрып алдық, бар білімді
салдық. Айналасы жиырма шақты жылдың ішінде сол ормандар
Астананы жазда жел мен шаңнан, қыста қатты борандардан қорғап
тұратын нағыз «жасыл өкпеге» айналды. Ол жерде қояндар, түлкілер,
қарсақтар, еліктер өріп жүреді, неше түрлі құстар қаптап жатыр.
Ағаш егу қаланың сыртында ғана емес, ішінде де жүргізіліп жат
ты. Қазіргі таңда Астанадағы жасыл желекті жердің көлемі 15 мың
гектарға жуықтады.
2021 жылы «жасыл белдеудің» аумағы 90 мыңдай жер болды, онда
өсімдіктердің 146 миллионнан астам ағашты-бұталы түрлері отырғы
зылған. Бүгінде ағаш егілген орындарға қала тұрғындары мен астана
қонақтары демалуға барады. Іс жүзінде Астананың жасыл аймағын
Бурабайдың орман-тоғайларымен жалғастырып жіберу мәселесі
шешілді деуге болады. Астана — Шортанды трассасы бойындағы
екпе ағаштардың көлемі 2575 гектарға жетті, оның ені 250 метрден
500 метрге дейінгі жерді алып, 160 шақырымға созылып жатыр.
Ең бастысы, қала инфрақұрылымы нағыз осы заманғы сипатта
қалыптасып келеді. Астана 2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін өткізгенде
өзінің аз жылдың аясында кемелдікке бет алғанын келісті көрсетті.
Елу бес елдің делегациясын қабылдау, мыңдаған адамдарға қалтқысыз
қызмет көрсету, сервис, логистика, қауіпсіздік тұрғысындағы күрделі
мәселелерді шешу ұзақ жылдарғы тарихы, дәстүрі бар астаналардың
өзіне де оңайға түспегенін білеміз. Елорда сол сынаққа да шыдас
берді.
Астанадағы саммит дәуірлік ауқымдағы оқиғаға айналды. ЕҚЫҰ-
ның Астаналық декларациясы қабылданды. Ол құжат Еуратлантика
және Еуразия қауіпсіздігі бірыңғай және бөлінбес қауымдастығы
қалыптасуының жаңа кезеңіне ауысқанын көрсетті. Енді «Хельсинки
рухы» ұғымы «Астана рухы» ұғымы феноменімен толықты. Аста
нада ЕҚЫҰ-ның ХХІ ғасырдағы тұңғыш саммиті өтті. 11 жыл бойы
бірде-бір ел Ұйымның жоғары форумын жинай алмады. Қазақстан
мұны жасай алды! Астана саммиті ЕҚЫҰ-ның барлық елдері үшін
біріктіруші табыс болды.
Бұдан бұрын ешкім де Қазақстанның елордасы Астана атақты
«Хельсинки рухының» лайықты мұрагері болатынын ойлай да
алған жоқ. 2010 жылы бұл іске асты. Біз ЕҚЫҰ-ға төрағалық аясында
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 422 —
өзіміздің іс-қимыл бағдарламамызды орындадық. Тұңғыш рет ЕҚЫҰ-
ның еуразиялық векторы белгіленді, мұның өзі бүкіл Еуразиядағы
қауіпсіздікті әлдеқайда берік етеді. Бұл біздің еліміздің және оның
әрбір азаматының қауіпсіздігі алдын ала ұзақ жылдарға берік болды
дегенді білдіреді.
Астана саммиті бүкіл Қазақстанның жұлдызын жарқыратты.
Қысқы Азиада ойындарын өткізуде де, «ЭКСПО‑2017» әлемдік
көрмесін ұйымдастыруда да бас қаламыз лайықты биіктен табыл
ды. Астанадай қала салмасақ, біз «ЭКСПО» сияқты әлемдік көрмені
өткізу құқын Еуропаның талай мықты елдерімен тартысып жүріп,
тартып ала алмайтын едік. Астананың кандидатурасын жақтап дауыс
берген елдер Қазақ мемлекетінің мынандай заманда мынандай қала
салғанын көріп, сүйсініп, таңданып, тиісінше бағалады. Мынандай
қала сала алған ел қандай көрмені де жайнатып өткізеріне сенді.
Солай болды да.
Халықаралық «ЭКСПО‑2017» көрмесін өткізу құқын біз елеулі
үміткер, осындай халықаралық форум өткізуде тәжірибесі бар бель
гиялық Льеж қаласын жеңіп барып алдық. «ЭКСПО» көрмесі — мәні
жағынан бүкіләлемдік экономикалық форумдармен, ал туристік
тартымдылығы жағынан әлемнің ең кең танымал спорт жарыста
рымен теңдес жаһандық ауқымдағы оқиға. Халықаралық көрмелер
ұйымдастырыла бастаған 160 жылдан астам уақытта олар негізінен
экономикалық алыптар саналатын — АҚШ, Франция, Германия,
Жапония, Бразилия, Канада, Ұлыбритания, Испания, Қытай және
басқа елдерде өтті. 2017 жылы олардың қатарына Қазақстан да қо
сылды. Осынау жаңа табысымыз біздің бүкіл әлемде құрметті елге
айналғанымызды тағы да тамаша танытты. Халықаралық көрмелер
бюросына мүше 160 мемлекеттің басым көпшілігі бізді жақтап дауыс
берді. Іс жүзінде Астананы бүкіл әлем таңдады! Біз небәрі 5 жылда
Көрме орталығын тұрғызып, жаңа қонақүйлер, жолдар салып, көлік
ті дамытып, қонақтарды қарсы алуға даярлықты қамтамасыз еттік,
үлкен дайындық жұмыстарын жүргіздік. Бұл міндеттің ауқымы аса
зор еді.
Қаланы мемлекет салады, ол идеяны құрылысшылар орындайды,
бұл іске архитекторлар, зауыттар, тағы басқалар жұмылады. Бірақ
оны іске асыру үшін бір адам — елдің басшысы бар жауапкершілікті
өз мойнына артып, табандылық пен жігер көрсетуі керек. Астана
ауыстыруға тоқтағанда қандай тәуекелге бел байлағанымды айқын
түсіндім. Бұл идеямның жүзеге асырылуы көңілдегідей шықпаған
жағдайда бүкіл өмірімнің бәсі басқаша бағаланары талассыз еді. Ел
тағдырына эксперимент жасауға болмайды. Бәрін де жеті рет емес,
Астана
— 423 —
жетпіс жеті рет өлшеп барып, бір-ақ кесуге тура келеді. Мен сол
қадамға тәуекел еттім. Тәуекелімді нақты есепке құруға тырыстым.
Кезінде Астана ауыстыру туралы шешімді күшке салып тұрып
қабылдаттырды дегендей сындар да айтылып қалатын. Алматыдан
астананы көшіру деген мәселені бүкілхалықтық референдумға сал
мағаным рас, Парламентке де ұсынысты оқыс енгізгенім, бәлен рет
талқылаттырып, кеңінен пікірталас ұйымдастырып жатпай, дауысқа
тез қойдырып жібергенім рас. Оның үстіне бұл істе өзімнің алдын
ала ойластырған аздаған қулығым болғаны да рас. Мен Парламентке
астана ауыстыру идеясын ғана ұсынып, оның орындалу мерзімін әдейі
тұмандатып қойып едім. Кейіннен баспасөзге берген сұхбаттарымда
қабылданған шешімде астананы көшірудің уақыты көрсетілмеген,
тек Үкіметке қажетті құжаттарды әзірлеу керектігі ғана айтылған,
бұл мәселе нақтылы түрде кейінірек шешіледі, ол болашақтың ісі
деп түсіндіріп те жүрдім. Ал шын мәнінде Парламент қолдауын
алысымен-ақ жұмысқа қызу кірісіп кеткенбіз. Осының бәрі рас. Әри
не, бұл мәселені күн тәртібіне тағы бірнеше жылдан кейін де қоюға
болар еді. Бірақ онымыз қателік болар еді. Уақыт өткізіп алар едік.
Мүмкіндік қолдан шығып кетер еді.
Астана менің өмірімнің өзегіне айналды. Арманды тілегіме айнал
ды. Анда-санда ойымды өлеңмен өріп қоятын әдетіммен:
Күн тұрғанша тұратын,
Жұрты сайран құратын,
Қала болсын Астана
— Осы менің Мұратым!
О, Ақорда — Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шақыр.
Баянды болсын Азаттық
— Осы менің Мақсатым! —
деп жазғаным да бар. Жыр деген жүректен шығады ғой.
Мейлінше қысқа мерзімнің ішінде біз жаңа байтағымыз — Аста
наны салдық. Ол елімізге аса қажет, баршаны өзіне тартып тұратын
ірі орталыққа, осы заманғы технологиялар мен инфрақұрылымды
«сынақтан өткізу» орталығына, экономиканы өркендетудің екпінді
қозғаушысына, шетел компаниялары тарапынан көрсетілген күшті
бәсекелестік жағдайында отандық құрылыс индустриясы дамуының
қуатты серіппесіне, автожолдарды, тұтас алғанда көлік саласын күшті
дамытушыға айналды.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 424 —
Астананы өркендету облыстар арасындағы байланысты күшей
тудің және жаңа рыноктар ашудың тегеурінді ынталандырғышына
айналды. Мемлекеттік аппарат толық жаңарды. Қажыр-қайрат пен
жасампаздықтың жаңа рухы біздің алып еліміздің орасан зор стра
тегиялық маңызды өңірін баурап алды.
Мұнда өнерді, ғылым мен білімді дамытуға айрықша жағдай туды.
Біздің еліміздің түрлі мәдениеттері мен алуан ойлы адамдары рухы
ның жан жадыратарлық өзара астасуы іске асты.
Астанада осы заманғы қалалық сәулетшілік-тұрмыстық мәдениет
қалыптасу үстінде. Ол еліміздің барлық өңірлері үшін өнегеге ай
налды. Басқа өңірлер Астана өнегесіне сүйеніп, өздері көптен күткен
жаңғыртуға кірісті.
Осының бәрін біз істедік!
Көптеген күмәншілдерді де көзге ілгеніміз жоқ. Әлемдік қаржы
дағдарысына да қарағанымыз жоқ. Бұл — біздің қабілетіміздің, мүм
кіндіктеріміздің, күш-қуатымыздың, ой ниетіміз бен табандылығы
мыздың ең үздік белгісі.
Біз өзіміздің қандай жағдайда да өзгерістерге әзір екенімізге және
оларды жүзеге асыруға қабілетіміз барына күллі әлемнің көзін жет
кіздік, ең бастысы бұған өз көзіміз жетті. Әрдайым осылай болсын!
Қалаға берілген ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» құрметті
атағы тек Қазақстан ғана емес, бүкіл Азия-Тынық мұхит аймағын
дағы ең алғашқы атақ, мұның өзі, әрине, елорда өміріндегі орасан
зор болса да тек ішкі өзгерістерді ғана мойындау емес.
Байтағымыздың бас қаласы өзінің сенімді де қарышты қимылымен
алға басып, қазақстандықтардың ынтымақ-бірлігінің нығаюына ықпал
етіп отыр. Өзінің жаңа биік мәртебесі арқылы біздегі бұл болашақтың
қаласы үшінші мыңжылдықта Қазақстанның адамгершілік құн
дылықтарын қалыптастыру орталығына айналды.
Қалалықтар елдің бас қаласының тұрғыны деген атақты мақтан
тұтатынын көріп жүрмін. Өз қаласын олар қандай сүйіспеншілікпен
жасандырып жатыр десеңізші! Мұнда адалдық қасиетті қалай қастер
тұтады десеңізші. Былайынша, бұл — ұсақ көріністер. Ал біздің жаңа
ғасырда, келешек мыңжылдықта Адамға, оның құқықтары мен бос
тандығына дәл осы құрметтен әлемдік өркениет жолы басталады.
Астана осы заманғы үлгі-қалыптарға сай келетін қала ретінде
салынды. Содан да Еуразиядағы халықаралық ықпалдастықтың ірі
орталықтарының біріне айнала алды. Елорданың даму қарқыны қай
жағынан қарағанда да көз қуантып, көңіл тоғайтады.
Елорда ауысарда Ақмоладағы халық саны 300 мың адамға да жет
песе, оның миллиондық мегаполиске айналғанына да біраз жылдың
Астана
— 425 —
жүзі болды. Астана елімізді де, тілімізді де түлетті. Бұрын қазақ
тілінде оқытатын 2 ғана мектебі бар (оның таңсықтығы сондай, бір
мектеп орналасқан көшенің аты… «Казахская» болған!) қалада қазір
34 мектеп қазақша сабақ береді, оның сыртында қазақша, орысша
қатар оқытатын 45 мектеп тағы бар.
Қала экономикасы шарықтап өсті. Астананың номиналды жалпы
өңірлік өнімі 7 триллион теңгеден асты, яғни 1997 жылмен салыс
тырғанда 272 есе артты. Оның 55 пайызы кәсіпкерлік сектордың
есебінен. Елордамыз донор қалаға айналғалы, жұмсаған қаржы
ны қайтарғалы қашан! Қалаға құйылған инвестиция 50 есе ұлғай
ды. Тұрғын үй құрылысы ерекше қанат жайды. Құрылыс жылдан
жылға артып келеді: 2020 жылы қалада тұрғызылған үйлердің аумағы
3 миллион шаршы метрден асады. Бір жылда! Бұл — бір жылдың
өзінде-ақ қаншама мыңдаған отбасы жаңа пәтерлі болды деген сөз.
Пәтер болғанда қандай! Астанаға Алматыдан көшіп келгендердің
бәрі де ол жақта мұндай пәтерлерге ешқашан қолы жетпегендерін
айтады. Астананың қызығын ең алдымен өзіміздің қазағымыз көріп
жатыр. Елдің қиыр-қиырынан құйылған көш елорданың қазақтарын
жылдан-жылға көбейтіп барады. Азаматтарымыздың патриоттық
рухын көтеруде де елорданың орны бөлек.
Астана бүкіл Қазақстанның дамуына локомотив болып отыр. Аста
на арқылы ел түлеп сала берді. Бұл қала адам ресурстарын дамытуға
қатты ықпал жасады. Талайлар осы қалаға келіп, қызықты жұмыс
тапты, білім алды, жаңа мамандықтар игерді, өзінің шаруасын дөң
гелетіп алып кетті. Түркістанның тез әрі сапалы салынуы — Астана
тәжірибесінің арқасы.
Астана ұлт табысының айшықты айғағына айналды. Елорда ха
лықтың тың тынысын ашты, жұртты дүр сілкіндіріп, жаңа жеңістерге
шабыттандырды. Астананың өзі, ондағы салынған әр ғимарат — біздің
игілігіміз.
Мен осы жобаны салған беттен қолдағаны, бұл жылдардың ішінде
ауызбіршілігімен, ұлттық тұтастығымен, мемлекет үшін жауап
тылығымен маған күш-жігер қосып отырғаны үшін халыққа қатты
разылығымды білдіремін. Мені қолдап қана қоймай, жанымнан
табылып, шын ниетімен араласып, Астананы бірге салысқан барша
азамат-әріптестеріме мың да бір ризамын.
Бәрін бірдей айтып шығу мүмкін емес. Дегенмен, қала салудың
басында жүрген біраз азаматтарды атап кетейін.
Өзім қаланың тұңғыш мэрі — Астана әкімі етіп тағайындаған
Әділбек Жақсыбековке дәйім алғысымды айтамын. Ол әкім болып
алты жыл істеді. Ақмоланың тумасы, қаланы да, айналасын да жақсы
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 426 —
біледі, содан да жұмысқа қинала қойған жоқ. Алғашқы күннен-ақ
жұмысқа жанын салды, аянбады. Ең бір қиын жылдар еді. Әзілкештігі
де көмекке келіп тұратын. Депутаттар, министрлер ыстық су жоқ, шо
мыла алмай жүрміз десе немесе әйелдер хабарласып, «Шаштаразды
қайдан табамыз?» десе, «Немене, сіздер Алматыдан осы жерге шаш
алдыруға, шомылуға келіп пе едіңіздер?» деп құтылатын көрінеді.
Бұрынғы құрылыс министрі Николай Макиевский де еске түседі.
Мен оны қала құрылысын басқаруға жібергенмін. Қандай мәселе бол
са да жұрт соған хабарласатын. Әсіресе ақшаның жетпей жатқанын,
салынған нысандардың ақысы төленбей тұрғанын көп айтатын. Ал
ол айылын жимай, «Сал деген соң сал, ақша болса ақымақ та сала
алады» дейді екен. Сол сөзі жұрттың аузында жүрді. Менің жаңа
қала жөніндегі идеямды сол кездегі премьер-министр Н. Балғымбаев,
сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев, қаржы министрі А. Павлов шын
ниеттерімен қолдап отырды.
Ақмола облысының жаңа әкімі болып тағайындалған Жәнібек
Кәрібжанов қаланың Қазақстанның жаңа елордасы сипатын алуы
үшін көп жұмыс атқарды. Көптеген нысандарға тарихи атаулары
қайтарылды. Астананы салуға, жабдықтауға сүбелі үлес қосты. Қа
ланың азық-түлік белдеуін жасауға да еселі еңбек сіңірді.
Астана, оны салған ерлер туралы әлі талай жазылады деп ойлаймын.
Бұл мәселенің ел тағдырындағы қандай қиын кезеңде көтерілгенін
ойлағанда разылық сезімім тіпті еселене түседі. Халқымыз «Күнімізді
зорға көріп жүргенде қайдағы жаңа астананы шығарып отыр? Басқа
айналысатын шаруасы қалмаған ба?» деген жоқ. Маған сенді. Екі тіз
гін, бір шылбырды беріп, еркін қимылдатты. «Жігітке елдік те оңай,
ерлік те оңай, Әгәрки қабырғалы болса халқы» деген сөзді осы тұста
тағы бір қайталап жіберсем, артықтық етпес.
Мен не істесем де қабырғалы халқыма арқа сүйеп істедім. Халқы
мыз бұл бастаманың елдің болашақтағы тағдыры үшін қандайлық
мәні барын бірден ұқты. Жасы да, жасамысы да ұлы көшке көлікті
болсын айтты, тілек қосып қана қойған жоқ, жан-тәнімен қолдады.
Ұлы көшке қосылды. Арқаның желіне қағылып, күніне тотығып,
жаңбырына малшынып, аязына тоңып жүріп, елдік ғимаратының
қадасын қағысты, балшығын илесті, кірпішін құйысты, қабырғасын
өрісті, шатырын жабысты. Осының арқасында біз бүгінде алыс та,
жақын да бірдей білетін, Батыс та, Шығыс та қатар сүйінетін, Отаны
мыздың жүрегіне, Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған ғажап қалаға
ие болып, шын мәніндегі өркениетті әлемнің ортасынан ойып тұрып
орын алып отырмыз. Мына дүниедегі ең дамыған отыз елдің қатарына
қосыламыз деген өршіл мақсатты алға қойып отырмыз. Ол күнге де
Астана
— 427 —
межелеген уақытта жетерімізге сенемін. Аз жылдың аясында осындай
қала сала алған, сөйтіп елдіктің ерлігін танытқан қазақстандықтардың
қолынан бәрі де келеді. Тәуелсіздігімізді, ел бірлігін сақтай білсек,
әлі алдымыздағы талай биіктерге көтеріле аламыз.
1992 жылы, Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайында:
«Құрылтайға қатысқан қонақтар Қазақстанның гүлденіп-көркейгеніне
таяу жылдарда куә болар» деп айтып едім. Сондағы тілегім Жа
ратқанға жеткендей, айтқаным келіп, Қазақстан аз уақытта әлемге
танылған айдынды ел болды. Экономикасы қуатты, саясаты тұрақты,
жері дәулетті, елі сәулетті мемлекет ретінде ірге орнықтырды. Оның
бір дәлелі — аз жылдың аясында Арқа төсінде ғасырдың ғажайыбы
атанған арайлы елордамыз, асқақ Астананы тұрғызғанымыз.
Кезінде желмая мініп, жер шолған Асан Қайғы бабамыз Есілдің
бойын көргенде: «Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен» депті.
Иә, бүгінде Астана шаһары шын мәнінде жерұйыққа айналған.
Сол тұста көкірегіме мына ойды түйіп едім. Үлкен іске кірісерде
басшы күдік-күмәнға бой алдырмауы, алға түсіп, ел көшін бастауы
керек.
Елордамыз — елдің ертеңін еңселенту ісіндегі ерен ерлігіміз.
— 428 —
СОҚПАҚСЫЗ СЫРТҚЫ САЯСАТ
17 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ ТАПСЫРМА
«Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім» дейді Абай. Тәуелсіздік та
рихына дәл келетін сөз. «Соқтықпалының» қиын-қыстау, азабы мол,
кедергісі көп дегенді, «соқпақсыздың» бағыт-бағдарсыз, тың жолмен,
тар жермен жүру дегенді білдіретіні белгілі. Егемен елдің сыртқы
саясатын соқпақсыз бастағанымыз рас. Өмірдің басқа салаларында,
қанша дегенмен, өзіндік жол, із, нұсқа болатын. Бидай егесің, орасың,
жинайсың, ретімен тапсырасың, кен қазасың, руда балқытасың, бо
лат құясың, тиісті жеріне жібересің, тасылатын жүкті тиейсің, барар
нүктесіне жеткізесің, түсіресің деген сияқты. Осы жұмыстар жөнімен
атқарыла берсе, экономика жүріп жатады. Ал сыртқы саясатты қалай
жүзеге асырады? Әрине, бабаларымыз бұны да білген. Білгендіктен
де мына Ұлы Даланы білектің күшімен ғана емес, біліктің күшімен де
қорғаған. Арғы замандарға бармай-ақ, бергі дәуірдің өзіне жүгініп,
айбынды хан Абылайдың саясаткерлігін алайықшы. Оның басқа
еңбегін былай қойып, тек Ресей мен Қытай арасында жүргізген дип
ломатиясы осының айқын айғағы. Екі жақпен де тіл табыса жүріп,
өз елін ондаған жылдар бойы іс жүзінде, «де-факто» дейміз ғой,
тәуелсіз ұстап тұра алғаны, ақыр аяғында өзінің дұшпанын, яғни
жоңғарларды олардың өзінің дұшпанының, яғни Цин империясы
ның қолымен қырғызып салғаны, сөйтіп Жоңғар мемлекетін жер
бетінен жойып жібергені әлемдік дипломатия тарихындағы ғажа
йып құбылыстардың бірі деп сеніммен айтуға болады. Кезінде қазақ
даласының батыс шекарасында тыныштық орнату хандарымыздың
басты сыртқы саяси міндетіне айналды. Негізгі жау — Жоңғар хан
дығымен күреске алаңсыз бет бұру үшін бұл аса қажет еді. Қоқан
хандығымен күресте қазақтардың өзін отарлап отырған орыстарға
арқа сүйегені де белгілі. Мұндай мысалдар баршылық. Бірақ одан
бері не болып, не қоймады? Дала дипломатиясының жібек жіптері
үзіліп қалғалы қай заман?
Біз сол үзілген жіптерді жемісті жалғай алдық.
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 429 —
Қазақтар сан ғасырлар бойы өзінің жері үшін, өзінің тәуелсізді
гі үшін күресіп келді. Тәуелсіздікті сақтап, нығайту — біздің бүкіл
өміріміздің басты мұраты.
Адамзат өркениеті дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің
үдемелі және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың
бастауында оның қауіпсіздігі мен егемендігі тұратынын көрсетеді.
Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түр
де қорғап, баянды етіп, ұрпақтарымызға қалдыруымыз қажет. Біз
өз мемлекеттілігімізден айырылып, егемендігіміздің стратегиялық
негіздерін, жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып
алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай
қисыны кез келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді
кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін
уақыты жағынан үздіксіз болуы керек.
Біздің сыртқы саясаттағы стратегиямыз Қазақстанның география
лық жағдайына негізделген. Біз Азияның кіндігінде орналасқанбыз.
Біздің Қытаймен ұзақ (1 700 км), Ресеймен одан да ұзақ (7,5 мың км)
шекарамыз бар, оңтүстікте Ауғанстан, Пәкістан, Иран мен Ирак секіл
ді елдерді қоса алғанда буырқанып жатқан ислам әлемі алыс емес.
Батыста — іс жүзінде мұнай мен газдың әлемдік «қоймасының» бірі
Каспий жатыр. Каспийдің тұрақтылық өңірі болып қалғаны және
оның ресурстары Каспий бойы мемлекеттерінің өркендеуіне қызмет
атқарғаны маңызды, ал ол әлемдік нарыққа қазіргіден көп энергия
ресурстарын бере алар еді.
Біз геосаяси, геоэкономикалық және транзиттік жолайрықтамыз.
Біз үлкен мемлекет емеспіз, бар-жоғы 20 миллиондаймыз. Бірақ та біз
осы заманғы, демократиялық және өркенді ел болғымыз келеді. Өңір
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біздің бастамамыз бойынша Азия
дағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес —
ЕҚЫҰ-ның өзіндік бір азиялық тұрпаты, Шанхай ынтымақтастық
ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ құрылған.
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жеңістері мен
татқан жемістерінің баршасының басты кепілінің бірі — сыртқы сая
сатымыздың сарабдалдығы. Басқасын былай қойғанда, Қазақстанның
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалыққа
қол жеткізуінің өзі білген жанға тамаша табыс. Біз бұл биікке бүкіл
ТМД кеңістігінде, бүкіл түркі әлемінде, бүкіл мұсылман дүниесінде
бірінші көтерілген мемлекетпіз. Оған қоса Қазақстан сол ЕҚЫҰ-ға
төраға болып тұрғанда ұйымның саммитін өткізе алды. Оның үстіне
ол саммит кезегі келгенде өткізілген, былайша айтқанда, сол жылы
өткізілуі тиіс саммит емес еді. Ол кезең ЕҚЫҰ белгілі бір дәрежеде
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 430 —
дағдарысқа ұшырап, тұрақты шақырылатын саммиттері ұйымда
стырылмағанына он бір жыл болған күрделі кезең болатын. Астана
саммитінің қадір-қасиетінің бөлектігі де сонда. Біз бұл биікке қалай
келдік? Сыртқы саясат саласындағы сынақтардан қалай сүрінбей
өттік?
Тарихқа қарап отырсаңыз, ертедегі әміршілердің де, бертіндегі
басшылардың да бәрінің (әрине, мен елін жақсы басқарып, ізгі із
қалдырғандарын айтамын) халықаралық қатынастар мәселелерін
тікелей өз қолдарында ұстап отырғанына көзіңіз жетеді.
Мен еліміз өз тәуелсіздігін жариялаған күннің ертеңінде-ақ, 17 жел
тоқсанда біздің Ресей астанасындағы өкілдігімізге Мәскеудегі ше
тел елшілеріне жолығып, Қазақстанның тәуелсіздігіне байланысты
ой-пікірлерін білуді және жинақтап, мәлімет беруді тапсырдым.
«Мәскеудегі шетел елшілеріне жолығып» дегеніме қазіргі жас оқыр
мандар таңданатыны анық, бәлкім, тіпті түсінбейтін де шығар. Мәселе
мынада. Бастапқы кезде тек бір біздің емес, ТМД елдерінің бәрінің
шет елдердегі мүдделері Ресейдің дипломатиялық өкілдіктері арқылы
қорғалатын. Бірде-біреуінде шетелдік елшіліктер болмайтын. Респуб
ликалар егемендік туралы декларацияларын бірінен кейін бірі жария
лаған 1990 жылдан кейін де шетелдерде елшілік ашу қолға алынып
көрмеген. Тәуелсіздік табалдырығында тұрғанда біздің Сыртқы істер
министрлігінің аты бар да, заты жоқ еді. Одақтас республикалардағы
ондай министрліктерді Орталық әйтеуір көз қылу үшін, республика
екен дегізу үшін ғана құрып қойған-ды. Олардың қызметі дипло
матиядан алыс жататын. Сол кезде айтылатын «республиканская
дипломатия» деген кекесінді сөз де болатын. Министрліктің негізгі
жұмысы Қазақстанға анда-санда келе қалған шетелдік қонақтарды
қарсы алып, шығарып салудың хаттамалық мәселелерімен айналысу
ғана еді. Айналасы он шақты адамдық штаты бар шағын мекеменің
одан басқаға шамасы да келмейтін. Алматының Бейбітшілік көшесін
дегі бір қабатты ағаш үйге орналасқан министрліктің жұмыс ауқымын
мынадан да аңғара аламыз. 1990 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас
Ассамблеясының 45‑сессиясына КСРО делегациясының құрамын
да қатысқан Ақмарал Арыстанбекова «Объединенные Нации и Ка
захстан» атты кітабында: «Ашығын айтайын, менің Біріккен Ұлттар
Ұйымы туралы түсінігім шала-пұла еді. Біздің СІМ-де, мысалы, БҰҰ
туралы бірде-бір құжат та, ешқандай ақпарат та болмайтын» деп
жазған. Қызығы сол, дәл сол Ақмарал кейін Қазақстанның Біріккен
Ұлттар Ұйымындағы біздің тұңғыш Тұрақты өкіліміз қызметін атқарды.
Қазақстанның Мәскеудегі Тұрақты өкілдігіне Парламенттің кон
ституциялық заңына дипломатиялық корпустың ұстанымын байқау
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 431 —
үшін тиісті тапсырма бергенде ондағылар бұл іске көмектесуді сұрап,
сол кезде КСРО Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейтін, оған
дейін Сингапурдағы, Қытайдағы елшілікте қызмет еткен Қасым-
Жомарт Тоқаевқа менің атымнан ұсыныс айтқан. Қасым-Жомартты
мен 1985 жылы Бейжіңге барғанда көргенімді, қытайша заулап
тұрған жас қазақ жігітін есте сақтап қалғанымды бұрын да жазған
мын. Вьетнамдағы Хайфонға Ресейдің бас консулы болу жөніндегі
кісі қызығарлықтай ұсыныстан бас тартып, (айтқандай, бұл туралы
өзінің кітабында «Бірақ жаңа тарихи заман келді, ол бар күшің мен
іскерлігіңді Қазақстанның игілігіне жұмсауға мүмкіндік береді» деп
жазған) жаңа мемлекет құрғалы жатқан туған еліне оралғалы жүрген
Қасым-Жомарт бұл шаруаға құлшына кірісті.
Тапсырма алысымен, 18 желтоқсанда Мәскеудегі тұрақты өкіліміз
Қанат Саудабаев екеуі Қытайдың, Ұлыбританияның, Германияның,
Жапонияның, Кореяның, Иранның елшіліктерінде болып қайтыпты.
«Шет елдердің елшіліктеріне ноталар жіберіп, біз келесі күні ол кезде
мәртебелі саналатын қара «Волгаға» отырдық та, дипломатиялық
миссиялардың басшыларына барып шықтық. Сол кездегі жағдай
бойынша бұл сапарымыз біз үшін қаншалық көңіл толқытарлық
оқиға болғанын айтып жату артық шығар, өйткені әңгіме Қазақстанды
халықаралық мойындау туралы еді. Қорытындысында Президент
Н. Назарбаевтың атына құжат дайындалды» — Қ. Тоқаевтың «Беласу»
кітабында осылай делінген. Сондықтан Қазақстан Республикасының
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің халықаралық сая
саттағы ең алғашқы адымына тікелей қатысқан адам екенін атап айту
шарт. Алғашқы тапсырманы тыңғылықты орындаған тәжірибелі
дипломатты мен көп ұзамай Қазақстанға шақырдым және бірден
Сыртқы істер министрінің орынбасары етіп тағайындадым.
1991 жылдың өзінде біз Қазақстанды жігерлі түрде әлемге таныта
бастадық. Сол кезде мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джеймс
Бейкермен, Ұлыбританияның премьер-министрі Джон Мейджормен,
Австрия канцлері Франц Враницкиймен, Германия саясаткерлері —
вице-канцлер, сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншермен және
қаржы министрі Теодор Вайгельмен, Австралияның және Иранның
сыртқы саясат ведомстволарының басшылары — Гарет Эванспен
және Али-Акбар Велаятимен, Сингапур премьер-министрі Ли Куан
Юмен, Мәскеуде аккредиттелген АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Болга
рия, Мексика және басқа елдердің елшілерімен, сондай-ақ шетелдік
бизнес өкілдерімен кездестім.
Сингапур лидері Ли Куан Юді Алматыға шақырып, көп сөйлес
кенім өте пайдалы болды. Сол тұста үкімет басшысы лауазымын
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 432 —
тапсырған Ли Куан Ю менің шақыруымды қуана қабыл алды да,
1991 жылдың мамырында Алматыға келді. 69 жастағы Сингапур
саясатының патриархы Министрлер Кеңесінде жұмыс істейтін жас
экономистердің алдында лекция оқыды. Ескі шоғырдан шыққан
біздің көптеген кадрларымыз болып жатқан оқиғалардың енді беті
қайтпайтынын түсінген жоқ. Соншама жылдар бойы бүкіл әлемнен
жабық бола отырып, біз жаһандану қатерін толық мөлшерде сезіне
алмадық. Оның мүмкіндіктерін де түсіне қоймадық. Бізде өзіне тән
«ашық әлемде өмір сүру тәжірибесі» болмады. Ли Куан Юдің сол
лекциялары біз үшін ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды
әзірлеуде бағдарға айналды. Өзіміздің даму жолымызды табу үшін
қандай мақсатқа қол жеткізгіміз келетінін анықтап алу қажет-ті.
«Саяси тұрақтылық бәрінен де маңызды. Азиялық қоғамда тәртіп пен
реттілік біртіндеп дамуы тиіс демократиядан гөрі маңыздырақ» — бұл
сөздер Ли Куан Юдің саяси кредосы еді. Мұндай көзқарастың өзімнің
жаныма жағатынын ешқашан жасырған емеспін. Мен әрқашанда
«Алдымен экономика, одан кейін саясат» дегенді айтып отырдым. Ол
үшін мені талай рет сынады да. Бірақ саясатты адамдардың әл-ауқаты
мен тыныштығынан маңызды санаған КСРО-ның ыдырау көрінісі
менің көз алдымда тұрған еді. Ли Куан Ю мұнда аптадан астам уақыт
болды, лекцияларда оның айтқандарын біреулер түсінді, біреулер
түсінген жоқ. Менің өзім де ол кезде оның айтқандарының талайын
түсіне алған жоқпын. «Ой, саған ұзақ жұмыс істеуге тура келеді,
қаншама ондаған жыл керек болатынын білмеймін», деді ол біздің
елден кетіп бара жатып. Бірақ кейін, жұмысымыздың нәтижелерін
көргенде барып: «Сен жарадың, мен қателесіппін», — деді. Міне,
осының өзі біздің сыртқы саясат саласындағы қызметімізден көрген
алғашқы нақты пайдамыздың бірі еді.
КӨРШІ. ДОС. СЕРІКТЕС. ОДАҚТАС
«География бізді көрші етті. Тарих бізді дос етті. Экономика бізді
серіктес етті. Қажеттілік бізді одақтас етті» — Джон Кеннедидің
бұл сөзі АҚШ пен Канада қатынастарына қатысты айтылған. Оны
Қазақстан мен Ресейге байланысты қолдануға да болады. Орнала
суы жағынан алғанда біздің еліміз аса ықпалды үш геосаяси орта
лықтың — Ресейдің, Қытайдың және мұсылман әлемінің ортасында
тұр. Соның өзінде де сыртқы саясаттың міндеттері туралы айтқанда
біз бәрінен бұрын Ресей Федерациясымен қарым-қатынасты ауызға
аламыз. Өйткені Қазақстан мен Ресейді де, қазақтар мен орыстарды
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 433 —
да тарих табыстырған, тағдыр тоғыстырған. Сан ғасырлық бірге өткен
өмір қазақтар мен орыстардың, әрине, мен Қазақстандағы орыстарды
айтып тұрмын, мінез бітімін де жақындастырып жіберген. Біздегі
орыстардың Ресейдегі орыстардан кәдімгідей айырмасы бар екенін
әркім-ақ байқай алады. Мәселе Қазақстан халқының он бес пайыз
дайын орыс этносының өкілдері құрайтынында ғана емес, мәселе
Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік әріптестер болуға тиістілігінде.
Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы тұңғыш мемлекетаралық
шарты Ресей Федерациясымен жасалған. 1992 жылғы 25 мамырда қол
қойылған ол құжат «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республика
сы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы»
деп аталады. Оған Мәскеу қаласында Б. Ельцин екеуміз қол қойдық.
Ел басқарған адамға, әсіресе ұзақ уақыт басқарған адамға кінә ар
тылмай қоймайды. Отыз жылдың ішінде маған да неше түрлі айып
тағылды. Біреулер «ұлтшыл» деді, біреулер, керісінше, «орысшыл»
деді. «Ұлтшылын» кейіндеу айтармын, қазір «орысшылына», яғни
«ресейшіліне» келейін.
Тәуелсіздіктің алғашқы кезінде, 1993 жылғы 30 желтоқсанда Ре
сейдің «Постфактум» ақпарат агенттігінің тілшісі сұхбат алып, «Сізді
ресейшіл саясат жүргізеді деп кінәламай ма?» деген сұрақ қойған.
Сонда «Менің әкемнің достарының бәрі орыстар мен украиндар еді.
Мектепте де мен олардың балаларымен бірге оқыдым. Украинада
мен металлург болып шықтым. Мені инженер еткен орыс метал
лургтері, өйткені ол кезде қазақтар арасында металлургтер жоқ еді
және болуы да мүмкін емес еді. Докторлық диссертациямды Ресей
ғылым академиясында қорғадым. Ресейдің арқасында білім алып,
қазіргі экономиканы дамытқан басқа да қазақтар аз ба?» деп жауап
бергенмін. «Интернационализм» ұғымы мен үшін ешқашан бос сөз
болған емес. Қазақтардың орыстарға құрметі тарихи тұрғыда қалып
тасқан. Соған қарамастан, Ресейдегі кейбір саясаткерлердің алғашқы
жылдарда орыстар мен қазақтардың арасына жік салғысы келіп,
жанталасып баққаны жанымызды ауыртатын, жүйкемізді жұқар
татын. Мысалы, ортақ рубль аймағында барынша ұзағырақ қалуға
қаншама тырысқанымызға (бұл жайында осы кітаптың «Теңге —
тірек» тарауында жан-жақты жазғанмын) қарамастан, 1993 жылғы
күзде өз валютамызды енгізген тұста Мәскеу басылымдарында біздің
экономикалық саясатымызды бұрмалаған, интеграцияға бет алған
бағытымызды атымен басқаша түсіндіруге тырысқан мақалалар
жарыса жарияланып жатты. Тәуелсіздіктің екі жылдығына арналған
салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзімде Қазақстан екі мемлекеттің
арасындағы дәстүрлі достықты нығайтуда тең құқықтық пен өзара
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 434 —
сыйластық негізінде ғана жұмыс істейді деп мәлімдеуден басқа ама
лым қалмады.
Қазақ даласына байланысты «Оның қазіргі ауқымын коммунистер
ойына келгенді істеп, кесіп-піше салған: мал отарлары бір жылда
бір жүріп өткен жердің бәрін Қазақстандікі дей берген» деп санды
рақтаған Солженицынның сөзін әңгіме етпеуге де болар еді. Егер
оның айтқанын кәдімгідей салмақты саясаткерлер іліп әкетпесе,
егер соны Ресей парламентіндегі депутаттар мәртебелі мінберге
алып шығып жатпаса. Атышулы Жириновскийдің кітапсымағын
дағы мына сөздерді жиіркенбей оқи алмаймын. Өткен ғасырдың
алпысыншы-жетпісінші жылдарында өзінің туған қаласы Алматыда
жүргізілген «ұлт саясаты» туралы ол былай дейді: «Вообще, это был
город многонациональный — и унгуры, и дувгане (ол халықтардың
аты «уйгуры», «дунгане» деп жазылатынын да білмейді), и казахи,
и узбеки, и киргизи, и греки — много разных народов. Национальный
гнет я испытывал с самого детства. Я спрашивал маму: «Почему мы
не можем получить отдельную квартиру?». Мама отвечала: «Мы не
казахи. Нам трудно получить здесь квартиру. В первую очередь дают
казахам»… Осылай тарта береді. Ал, шындығында, дәл сол қалада
қазақ тілінде оқытатын бір ғана мектеп, бір ғана мектеп-интернат бар
еді. Бұл — республика астанасындағы жағдай. Алматыда қазақтардың
үлес салмағы ол кезде он пайыздан аспайтын. Қаладағы тұрғындар
дың он пайызы қалған тоқсан пайыз тұрғынды ұлттық езгіде ұстапты
дегенді көзге елестетіп көріңіз!.. Жалпы, тәуелсіздікке дейін қазақтар
дың саны республикадағы халықтың қырық пайызына да жетпегенін
тағы бір еске сала кетейін. Жиырмасыншы ғасыр қазақтарды өзінің
Отанында азшылыққа айналдырған қайғылы оқиғалардың ғасырына
айналғаны үшін қазақтардың еш кінәсі жоқ.
Қазақстандағы казачество мәселесінің де қолдан қоздырылғаны,
дирижерлердің сыртта тұрғаны талас тудырмайды. Бұл істе, өкінішке
қарай, Ельциннің де өз рөлі бар. Ресейдің біртұтастығын сақтаудың
Шешен Республикасындағы түйінді күшпен шешуден басқа жолын
таппаған ол әскери операцияларды бастарда казак ұйымдарына тіке
лей арқа сүйеді. Соғыс десе сілкініп сала беретін казак атамандарының
аттандап шыға келгеніне сүйсінген Ельцин тіпті «О государственном
реестре казачьих обществ», «О Главном управлении казачьих войск
при Президенте Российской Федерации» деген жарлықтар шығарып,
казактарға ресми мәртебе де берді, оларды «Ресей мемлекеттілігінің
ұстыны» деп те атады.
«Русский вестниктің» (1996, № 14–16) бетінде өздерін өздері «Рус
ское национально-освободительное движение в Казахстане» деп
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 435 —
атап, аттандап жүргендердің (іс жүзінде ондай қозғалыс тіркелмек
тұрмақ, құрылған да емес) менің атыма жолдаған үндеуіндегі: «Ваше
время истекает. Да здравствует великая, единая и неделимая Россия!
Казахстан в состав России! Это наша земля!» деген сөздеріне түсінікте
менің қажеті шамалы. Бірақ олардың әскер жасындағы казактардың
(дұрысы — өзін казак атайтын орыстардың) азаматтық парызын,
мысалы, Батыс Сібір әскери округінде атқаруын немесе Қазақстан
мен Ресей арасындағы шекараны күзетуге ғана тартылуын талап
етуіне заң тілімен түсініктеме берудің қажеттігі шықты. Казактар
ұлт емес, сословие екені белгілі. Қазақстан Конституциясы бойынша
сословиелік теңсіздікке тыйым салынған. Сол тұста мен Солтүстік
Қазақстандағы казактар тобымен кездесу өткіздім. Былай дедім: «Егер
сіздер тарихты, мәдениетті еске алғыларыңыз келсе, қауымдасып,
жиналып, дәстүрлі киімдеріңізді киіп, әндеріңізді айтқыларыңыз
келсе — тәңір жарылқасын. Бірақ Қазақстанда суық қару, от қару
ұстауға тыйым салынғанын, мемлекеттің әскерінен басқа әскерилен
ген ұйым болмауы тиіс екенін ұмытпаңыздар».
Мен осы мәселе көтерілгеннен-ақ казактар туралы әдебиетпен
біраз таныстым. Таныса келіп, патша заманында, отаршылдық кезде
казактардың жазалаушы отрядтары менің халқымның қанын судай,
көз жасын көлдей етіп ағызғанының талай қайғылы оқиғаларын оқы
дым. Казактар өмірінің көрнекті зерттеушісі тарихшы Н. Хорошхин
«Казак әскерлері» деген кітабында «Казактар азиялық тайпалармен
аянбай күресуде» деп ашық жазған және олар басты үш мемлекеттік
міндетті орындайды — орыс отарлауы мен орыс ықпалын белсенді
жүргізеді, «жаңа» жерлерді күзетеді, әскерге атты бөлімдер береді
деген. «История российского казачества», «История казачества» сияқ
ты кітаптарда да мұны дәлелдейтін неше түрлі фактілер бар. Бірақ
оларды кездесуде айтып жатпадым. Керегі не? Өткен — өтті, кеткен —
кетті. Әкелерінің ісіне балалары жауап бермейді. Оның үстіне казак
әскерлері отаршыл биліктің бұйрығын орындап отырған. Бұйрықтың
талқыланбайтыны белгілі. Есесіне, кеңестік большевиктердің Троц
кий, Свердлов сияқты көсемдері казактарды тек казак болғаны үшін
ғана, кезінде патшаға беріле қызмет еткені үшін ғана мың-мыңдап
қырғанынан да хабардармыз.
Қазақтар мен казактардың тарихында бір-бірімен байланысты
ратын желілер де аз емес. «Казак» сөзі еркін, бостан адам дегенді
білдіретіні белгілі. «Казак» — түркизм. Интернетті ашып қалсаңыз,
бұл сөздің мағынасын «от тюркского слова, значившего «удалец,
вольный человек» деп түсіндіре қояды. Крепостнойлық правоның
езгісінен қашып, Ресейдің оңтүстігіндегі далалық өңірге жиналған,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 436 —
бара-бара өзіндік еркін өмір салтын қалыптастырған адамдар тобын
«казактар» атай бастаған. Еркіндікке, бостандыққа шыққандар дегені.
Қазақтар да кезінде Моғолстандағы Шайбани әулетінен ат құйрығын
кесісіп, бөлек кетіп, өз алдына хандық құрғаны мәлім.
Қазақтар мен казактар демекші… Еліміздің атауының ағылшын
ша жазылуына байланысты бір ыңғайсыз жағдай болғаны бар. Біз
Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданғанда елдің аты ағылшын тілін
де «Kazakhstan» күйінде жазылатын. Дұрыс жазылатын. Осылай
болғанда «kh» арқылы қазақтың тіліндегі «қ» дыбысы дәл берілетін.
Бірнеше жылдан кейін ономастикалық комиссия елдің ағылшынша
атауын «Kazakstan» деп жазу жөнінде шешім шығарыпты. Сөйтіп,
біз қазақтардың елі емес, казактардың елі сияқты көрінетін болдық.
Бұл халықаралық ұйымдарда кәдімгідей түсінбеушілік туғызды.
Ақыры ол қателікті жөндедік. Ел атауы қайтадан «Kazakhstan» бо
лып жазыла бастады. Жалпы, дипломатияда ұсақ-түйек деген ұғым
жүрмеуі тиіс. Біздің бір жоғары лауазымды дипломатымыз Біріккен
Ұлттар Ұйымына жасыл түсті костюм киіп барған көрінеді. Сол-ақ
екен, дипломатиялық ортада бұл арқылы Қазақстанның исламдық
мемлекет екені меңзеліп тұр деген әңгіме тарап кетіпті. Одан кейін
жаңағы дипломатымыздың жасыл түсті киімге жолауды қойғаны
өзінен-өзі түсінікті шығар.
Бір жолы Мәскеуде «Независимая газетаның» тілшісі сұхбат алып,
арасында Қазақстанда жергілікті емес ұлт өкілдерін «ығыстыру сая
сатының» нышандары бар деген пікір жөнінде ойымды сұрады. «Кез
келген елде біреудің Конституцияны бұзғанына қалай қарар еді деп
ойлайсыз ба? Ал бізде заң бойынша тыйым салынғанына қарамастан,
кейде әскерилендірілген жасақтар құрамыз деп те өзеуреп жатады.
Қазақстан мен Ресей арасындағы шарт бойынша біздің елдер өздерінің
қатынастарын мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара
құрметтеу принциптерін басшылыққа ала отырып құруға міндет
тенсе де, шекараларды қайта бөлуге үндеулер естіліп қалып жата
ды. Сіздіңше, менің отандастарым «Қазақстан — Ресей құрамына»,
«Казактар жері — казактарға» деген үндеулер мен ұрандарға қалай
қарауы керек? Ресейліктер «Сахалин — Курил аралдары — Жапо
нияға» деген үндеуге қалай қараса, солай қарайды» дегенмін сонда.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бізге территорияларды қай
та қарауға байланысты неше түрлі ұрыншақ сөздер айтылғаны бір
бұл емес еді. Горбачевтің өзі биліктен кетіп бара жатып, Қазақстан
ның теріскейдегі бес облысы Ресейге тиесілі болуы тиіс еді деген
сыңайда сөйлеп салған. Мұндай сөздерге байланысты жауабымды
тез-ақ қайтардым. Б. Ельцинге жолдаған жеделхатымда мен Ресей
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 437 —
дің өзімен шекаралас республикаларға территориялық талабынан
айқын тұжырымдардан бас тартуы осы кезге дейін баспасөз бетін
де естілмеуіне байланысты Қазақстанда салдарын болжап білгісіз
жұртшылық қарсылығы күш алып келе жатқанын ашық жазғанмын.
Мұндай қауіпті саяси ойындар Қазақстанда ашу-ыза туғызып отыр
ғанын, осылай кете берсе, бұл бәріміз үшін де жағымсыз жайларға
соқтыратынын хабарлағанмын. Жеделхатым Кремльге жеткеннен
кейін-ақ Ресей саясаткерлерінің сол кездегі вице-президент А. Руцкой
басқарған үлкен тобы Қазақстанға келді. Ресей делегациясы бізбен
екіжақты келісімге қол қойды және Ресей біздің территориямызға
дәмелі емес әрі ешқашан дәмелік етпейді деген мәлімдеме жасады.
Сондай қадамдарымыздың арқасында Қазақстанның өз ұпайын ұт
тырмайтынына, ұрымтал тұста ешкімге ұрынбай-ақ өз позициясын
берік қорғайтынына тәуелсіздікке жыл толмай жатып-ақ барша
жұрт көз жеткізе алды. Ольга Видованың мен туралы кітабында
осы жайында да айтылған: «Нұрсұлтан Назарбаев бұл жөніндегі
өзінің позициясын бұлталақтаусыз былай деп білдірді: «Қазақстанға
(жалпы, кез келген басқа да республикаға) қандай да бір шекаралық
талап қою қантөгіске соқтырмай тынбайды. Мен бұл айтқанымның
жұртқа жеткенін қалаймын. Егер кімде-кім Назарбаев қорыққанынан
достасады, Қазақстаннан территорияның бір бөлігін тартып алуға
болады деп ойласа, ол адам қатты қателеседі. Бүгінде әркім өзінің
тәуелсіз мемлекетінің мүддесін қорғауға дайын».
Мұндай тамыр басып, сынап көру әрекеттері одан кейін де бірнеше
рет қайталанды. Солардың арасында Ресей Федерациясы Мемлекеттік
Думасының 1996 жылғы 15 наурыздағы қаулысын елеулі түрде назар
аударарлық құжат деп қарамасқа болмайды. Ол қаулыда Мемлекет
тік Дума РСФСР Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы
шартының күшін жою жөнінде шешім қабылдаған еді. Оны мойын
дау шын мәнінде КСРО-ны қалпына келтіруге кірісу деген сөз. Бұл,
әрине, РСФСР-дің өз ішіндегі мәселе емес, өйткені КСРО бір Ресей
Федерациясының аумағында қалпына келе алмайтыны өзінен-өзі
түсінікті. 1996 жылғы 17 наурыз күні мен республикалық телевизия
арқылы сөз сөйлеп, көршілес елдің заң шығарушы органының біздің
тәуелсіздігімізге нұқсан келтірерлік қадамына тиісті баға бердім.
Онда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының қаңтардың
19‑дағы мәжілісінің өзінде-ақ арнаулы мәлімдеме жасағанын, онда
Кеңес Одағын қалпына келтіру жөніндегі қандай да бір әрекеттің
ауыр зардаптары болатыны жайында сақтандырғанын еске салып
өттім. Сол сөзімде мұндай әрекеттердің ТМД аумағындағы ахуал
ды тұрақсыздандырып, тіпті қантөгіске апарып соқтыруы мүмкін
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 438 —
екені де айтылды. Осы мәлімдемеде Қазақстан өзінің егемендігі мен
тәуелсіздігін ешқашан да қолдан бермейтіні, ел тәуелсіздігіне оның
Конституциясында кепілдік етілгені, алайда интеграцияны терең
дету үшін ортақ күш-жігердің қажет екені атап көрсетілген. Саяси
қозғалыстардың, партиялардың немесе жекелеген адамдардың Кон
ституцияға қайшы келетін, еліміздегі жағдайды тұрақсыздандыруды
көздейтін кез келген әрекеттері заңсыз деп танылады және оларға
батыл тойтарыс берілетін болады. Еліміздің Конституциясын бұзуға
ешкімнің де қақысы жоқ және мен, ел Президенті ретінде, оның мүл
тіксіз сақталуын қатаң қадағалаймын деп кесіп айттым. Сөз саптауы
жағынан қатқыл шыққан бұл мәлімдеме еліміздегі саяси ахуалды тез
тұрақтандыруға шешуші ықпал етті. Көп ұзамай ресейлік депутаттар
да артық кеткендерін мойындап, райларынан қайтты.
Қазақта «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деген сөз бар.
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын бекіту мәселесіне байла
нысты осы сөзді еске түсіре аламыз. Тәуелсіздіктің бастапқы белесінде
Ресей Президенті Борис Ельциннің мемлекеттік шекараны белгілеудің
маңыздылығына тиісінше көңіл бөліп, сан түрлі саяси ойындарға
қатысты оңды-солды айтыла беретін жоғарыдағыдай жайсыз жай
ларды мүмкіндігінше реттеуге тырысқанын айту жөн. Дегенмен, бұл
мәселенің түйіні Путин президенттігінің тұсында ғана түпкілікті
тарқатылды. В. В. Путин 2005 жылы 18 қаңтарда екі елдің шекарасын
мәңгілікке шегендейтін ғасыр шартына — Қазақстан Республикасы
мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекара туралы
Шартқа менімен бірге қол қойды. Сөйтіп, өзіне дейінгі артық-кем
әңгіменің бәрін біржолата тоқтатты. Қазақстан-Ресей мемлекеттік
шекарасының бекітілуі жайында осы тақырыпқа арналған тарауда
толығырақ әңгімелейтін боламын.
Бір кезде Қазақстан-Ресей қатынастарында аздап шиеленістің
шыққаны сол тұста Ресейде барлық бұрынғы кеңестік республикалар
да қос азаматтық енгізілуі керек деген ойдың белең алып тұруына бай
ланысты еді. Бұл мәселеге шетелдік сарапшылар да алаңдаушылық
білдірді. Джордж Бреслауэрдің «Горбачев и Ельцин как лидеры» атты
кітабында «Ресей 1993–1995 жылдарда Достастық елдеріне «қос аза
маттық» туралы заңдар қабылдату үшін қысым көрсетті» деп жазған.
Автор 1995 жылғы сәуірде Сыртқы істер министрі Козыревтің Ресей
«шетелдегі отандастарды қорғау үшін» күш қолдануға дайын екенін
де айтып салғанын еске түсіреді. Рас, артынша «Осы қызыл сөздің
көбі әншейін мақтаншақтық болып шықты» деп қосып та қойған.
Біз еліміз аумағында бір ғана азаматтық болуы керек деп сана
дық. Шынында да, қос азаматтық пен тәуелсіз мемлекет ұғымы тіпті
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 439 —
қиыспайды. Оның үстіне жекешелендірудің жаңа ғана қызу жүріп
жатқан кезі. Меншікке байланысты туындауы мүмкін кез келген дауға
көрші мемлекет өзінің «жарты азаматының» мүддесі тұрғысынан
араласа берсе не болады? Жарайды, ондай даулар заң жолымен
шешіледі дей қояйық. Ал енді өз еліңізде тұрып жатқан адамдар
дың бір мезгілде көрші елдің де азаматы саналатын жағдайын көз
алдыңызға елестетіп көріңізші? Екі мемлекеттің бірдей азаматы қай
елдің әскеріне шақырылуы керек? Ол адам қалай сайланады және
сайлауға қалай қатысады? Осындай көп сұрақтар туындайтынын
түсіндірдік. Мұндай алаң көңілмен біртұтас мемлекет құру тіпті
мүмкін емес. Екінші жағынан, Кеңес Одағы ыдыраған кезде талай
адам өз болашағын жаңа құрылып жатқан жас мемлекетпен бай
ланыстыруға тәуекел етпей, өздерінің тарихи отандарына көшіп
кеткен. Қазақстан ол кезде ұзын саны 3 миллиондай адамынан, ең
білікті мамандарынан айрылған еді. Бұл факторды есепке алмауға
болмайтын. Ол уақытта қазақстандық азаматтық біртектілік мәселесі
қазіргіден әлдеқайда басқаша қарастырылатын. Мен Сыртқы істер
министрлігіне өз еліміздің аумағында қос азаматтыққа жол бермейтін,
сонымен бірге Қазақстанда тұрып жатқан Ресей азаматтарына, Ресей
де тұрып жатқан Қазақстан азаматтарына анау айтқандай қиындық
тудырмайтын келісім жобасын дайындауды тапсырдым. Ол құжатты
талқылау ұзаққа созылды, өте талас-тартысты өтті. Мәскеудегілер
Қазақстандағы ресейлік азаматтардың құқы қазақстандық азамат
тармен бірдей болуын, соның ішінде құқық қорғау органдарында,
соттарда, тіпті мемлекеттік басқару органдарында жұмыс істеу құқы
сақталуын табандап тұрып қорғады. Бұған келісу мүмкін емес еді.
Пікірталастармен бір жарым жылдай уақыт өтті. Ақыры мынандай
шешім жасалды. Көрші мемлекеттің аумағында ұдайы тұратын аза
маттардың құқы біршама шектелетін болды. Мысалы, олар өздері
тұратын елдің жоғары лауазымды мемлекеттік қызметтеріне, биліктің
өкілетті органдарына тағайындала да, сайлана да алмайтын болды,
дипломатиялық қызметке, құқық қорғау органдарына, атқарушы
билік органдарына орналаса алмайтын болды, ең бастысы — сай
лауларға қатыса алмайтын болды. Оның есесіне екі елде де көшіп
барған адамдарға азаматтық алу жеңілдетілді. Бұл мемлекеттер
арасындағы сенімді күшейте түсті. Жаңағыдай өз құқын өзі шектеу
арқылы толыққанды азамат атана алмайтынына көздері жеткеннен
кейін бұрын екі ойлы болып жүрген қазақстандықтардың барлығы
дерлік азаматтық жөніндегі бір тоқтамын жасады.
Қазақстан-Ресей қатынастарындағы сапалық жаңа кезең ел басшы
лығына Владимир Путиннің келуімен басталды. Путин президенттігі
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 440 —
Ресейдің тарихына айрықша белес болып енетініне ешкімнің күмәні
жоқ. Мұны оны жақтырмайтындар да мойындайды. Путин Ресейдегі
бейберекеттікті тоқтатты, биліктің беделін қалпына келтірді. Өзінің
Отанын қайтадан әлемдік держава биігіне шығарып берді. Ол істің
адамы, сөзіне берік кісі. Владимир Владимировичпен мемлекеттер
басшылары ретінде жиі кездескеніміз сондай, ол бір жолы «Мен
Қазақстанда тіркеліп алатын шығармын» деп әзілдеген де. Расында
да, жылына сегіз ретке дейін кездескен кездеріміз бар. Осыны 2006
жылы Мемлекеттік Думаның 100 жылдығына арналған отырыста
сөйлеген сөзімде айтқанмын.
«Ресейдегі кейбір саясаткерлердің орыстар мен қазақтар арасына
сына қағуға тырысатыны мен үшін аянышты. Сөйте тұра мен ондай
саясаткерлердің жеке пікірін мемлекет ретіндегі Ресейдің позиция
сынан бөліп қараймын» — 1995 жылы 15 қарашада «Независимая
газетаға берген сұхбатымдағы осы сөзімді ширек ғасырдан астам
уақыттан кейін сол күйінде тағы қайталауға тура келеді.
Ресей — біз үшін аса маңызды мемлекет. Көрші екі ел ортақ геосая
си жағдайда тұр және қашанда сондай жағдайда тұрады да. Біздің
проблемаларымыз да ортақ. Әлемдегі көптеген процестерге көзқа
растарымыз да ұқсас. Мына жайды да атап айту керек. Ресей — дү
ниежүзіндегі ең ірі ел ғана емес, ең бастысы — Ресей дүние жүзіндегі
әлеуеті жағынан ең қуатты ел. Бұл сөзді Ресей әлемдегі экономика
лық жағынан ең күшті ел деген мағынада түсінбеу керек. Мен елдің
жалпы әлеуетінің молдығын айтып тұрмын. Табиғат байлықтары,
энергия қуаттары, аграрлық мүмкіндігі жағынан біздің алып көр
шіміз шынында да өте қуатты. Түптің түбінде жері байдың елі бай
болмай қоймайды.
КЕЛІСТІ КЕЛІСІМ
2009 жылдың сәуір айында Қытайға жасаған кезекті ресми сапа
рым кезінде бір түсінбеушілік орын алды. Мен келіссөзде «Қытайға
осымен он бесінші рет келіп отырмын» деген едім. Қытай Төрағасы
Ху Цзиньтао «Қазақстан Президентінің біздің елімізге он алтыншы
сапары» деп сөйледі. Таңданып қалдым. Кейіннен сапарды дайындау
ға жауапты адамдарға мәселенің анық-қанығын білуді тапсырдым.
Олар біріншісі мынау, екіншісі мынау деп, он беске дейін қолмен
қойғандай санап шығып, ақталып жатыр. Дұрыс сияқты. Саналмай
қалған сапар жоқ. Онда қытайлықтар қалай есептеген? Мемлекеттілік
тарихының өзі бес мың жылдан асатын қытайлықтардың хаттамаға
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 441 —
да мықты екені даусыз. Сөйтсек, былай екен. 1991 жылғы шілдеде
жасаған сапарым да ресми сапар санатына қосылыпты. Ал ол кезде
Қазақстан тәуелсіз мемлекет емес еді, республикалар басшылары
ның шетелге шығуы сапар емес, жұмыс бабындағы іссапар сияқты
қаралатын. Жоқ, Қытай елі менің сол барысымды жаңа дәуірдегі
мемлекеттілік тарихының бірінші белесі деп санапты. Білген жанға
бұл да үлгі.
Сол жолы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Цзян Цзэ
миньмен, премьер-министр Ли Пэнмен, Бейжің, Шанхай қалалары
ның мэрлерімен кездестім. Шығыс Қытайдағы еркін экономикалық
аймақтарды көрдім. Ол сапар бұл ел жайындағы пікірімді түбірімен
өзгертті. Қытай-кеңес тайталасынан қалған жаңсақ түсініктерден, «қағаз
жолбарыстар» жайындағы ұшқалақ ұғымдардан арылмауға жағдай
қалмады. Басшылармен де, қарапайым азаматтармен де болған кезде
сулерде тұрақтылыққа деген, елдің іші мен сыртындағы тыныштыққа
деген құлшыныс анық байқалды. Ол біздің көзқарасымызбен де сәйке
сетін еді. Сапардан қайтып келгеннен кейін, Қазақстан компартиясы
Орталық комитетінің 1991 жылғы 20 шілдеде өткен ІV пленумында
сөйлеген сөзімде былай дегенмін: «Қытайға сапарымнан алған әсер
лерімді ой елегінен өткізгенде біз, іс жүзінде, бір медальдің екі жағы
болып отырғанымыз жайында ойға келемін. Бізде саяси саладағы
өзгерістер алға шықты, оларда — экономикалық саладағы өзгерістер
алдыңғы қатарға көтерілді». Осы арқылы да мен бәрін түптеп келгенде
алдымен экономика шешетінін аңғартуға тырысқанмын.
Адамзаттың ХХІ ғасырдағы дамуы көбіне-көп Аспан асты елімен
байланысты болатыны біздің сол сапарымыздың барысында-ақ ай
қын көрінген. Бүгінде көптеген мемлекеттер Қытаймен арақатынас
ты өз сыртқы саясатының негізгі өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан
үшін осынау болашағы аса зор, экономикасын қарышты қадаммен
дамытып жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату
айрықша маңызға ие.
Біздің тарихымыз ежелден тығыз байланысқан. Өз бастауларымыз
ды білгіміз келіп, ғасырлар тұңғиығынан өрбіп жатқан көп сауалдарға
жауап іздесек, сол арқылы өткеніміз бен бүгінімізге баға бергіміз
келсе, қытай жылнамаларынан барып бір-ақ шығамыз. Тарих тақы
рыбындағы туындыларымен танымал қаламгер Қойшығара Салға
раұлын кезінде Қытайға екі жылға арнайы жіберіп, архив ақтарып
қайтуды тапсырғаным да сондықтан еді. Ол бұл тапсырманы ой
дағыдай орындады, көрші елдің тарихына, қазақ жерімен байланыс
тарына қатысты мол материал жинап, он шақты кітап жариялады.
Тәуелсіздік тізгіні қолға тие салысымен, 1992 жылдың ақпанында
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 442 —
Үкімет басшысы басқарған делегацияны Қытайға жібергенімде де
негізгі мақсат өрлеу жолына түскен көрші елдің тәжірибесін зерттеп,
үйреніп қайту еді.
Біз қытай-кеңес қатынастарының екінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі тарихында көрмесе тұра алмайтындай күйіп-жанған достық
белестерін де, қайта көрместей боп кеткен өштестік кезеңдерін де
бастан кештік. Сол кезде Мао соғыстан қайтпайтынын, ірі құрбан
дыққа барса да (тіпті 300 миллион адам өлсе де) Қытай жеңіске жет
пей қоймайды деп сенетінін мәлімдеген болатын. Екі ұлы мемлекеттің
беттесер тұсында Қазақстан сол текетірестің нағыз өтінде тұрды. Иә,
дәл солай. Өтінде. Нағыз өтінде. Қарулы ірі қақтығыстың бірі біздің
Жалаңашкөлде өткені белгілі. Қазақстан бір кезде текетірестің өтін
де болса, қазір жаһанданудың өтінде. Қайткенде де екі ерен елдің
арасында, жазғыш журналистердің желпілдетіп жіберетін сөзіне
салсақ — аю мен айдаһардың арасында Қазақстан тұрады. Бұрын да
солай болған, қазір де солай, қашанда солай бола береді. Қазақстан
да бәрі өзгерсе де, елдің географиялық орналасуына байланысты
осы жағдай — екі ұлы көршінің — Ресей мен Қытайдың ортасында
тұруы өзгермейді. Сондықтан да еліміз дәйім Ресеймен де, Қытаймен
де бірдей қарым-қатынас жасауға міндетті. Біз осынау қарапайым
қағиданы әу бастан ұстанумен келеміз. Наполеонның «Елдің саяса
ты үшін оның тарихынан гөрі географиясы көбірек маңызды» деген
сөзін ұмытуға болмайды. Бұл ойды ұлы Конфуций баяғыда «Саясат
тарихтың, ал тарих географияның перзенті» деп айтқан.
Қытайдың қандай ерекше, қандай ересен ел екенін бір жолы
мынандай факті арқылы айтқаным бар. 1998 жылы қытай журналис
теріне берген сұхбатымда: «Қазір біз сіздермен әңгімелесіп отырғанда
Қытайда Құрама Штаттардың Президенті Б. Клинтон 9 күндік сапар
да жүр. АҚШ басшысы осындайлық ұзақ сапарда болған қандай да
бір басқа ел планетамызда бар ма екен. Бұл әлемдегі ұлы Қытайдың
рөлін, оның серпінділігі мен өскелең экономикалық қуатын, алдағы
жүз жылдықтағы таңғажайып перспективаларын айғақтайтын көпте
ген факторлардың біреуі ғана. Егер Қытай Халық Республикасының
саясат пен әскери саладағы, экономикадағы, мәдениет пен ғылымдағы
беделі жалпыға мәлім және талассыз болса, Азия-Тынық мұхиты ай
мағындағы қаржы дағдарысы Қытайдың шынайы қаржылық қуатын
көрсетіп берді» деген болатынмын.
Ел басшылығымен егжей-тегжейлі, емін-еркін, сеніскен келіссөз
жүргізе отырып, біз 1995 жылғы қыркүйектегі сапар барысында Қа
зақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қарым-
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 443 —
қатынасты одан әрі дамыту мен тереңдету жөніндегі декларацияға
қол қойдық. Сол құжаттың мәртебесіне байланысты өткен пікірсайыс
есімде. Біз Шартқа қол қоюды ниет еткен едік. Қытайлықтар біздің
дәстүрімізде шартқа қол қою тоқтатылған еді дейді. Расында да, олар
соңғы рет шартқа 1950 жылы Кеңес Одағымен қол қойысыпты. Олар
құжатты мәлімдеме деп атауды ұсынды. Біздің делегация мәміле
жолын іздеп, декларация деп атауға қытай жағын келістірді. Қытай
тілінде «декларация» сөзі әрі кең мағыналы, әрі мәртебелі естіледі
екен. Кейіннен, елдер арасы бұрынғыдан да жақындай түскен кезде Қа
зақстан мен ҚХР арасындағы мемлекетаралық құжат шарт деп аталды.
Бұл құжат тағы бір ірі мәселені шешуге жол ашты — үкіметтеріміз
Қытайдың Тынық мұхиттағы Ляньюньган портын біздің жүктерімізді
Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдері
не жөнелтетін және олардан келген жүктерді түсіріп алатын орын
ретінде пайдалану туралы келісім жасады. Осы арқылы біз үлкен
табысқа жеттік. Сауданың көбейгені сондай, біздің базарларымыз
Қытайдың арзанқол тауарларына аузы-мұрнынан шыға толып кетті.
Оның орнына Қазақстаннан таза шикізат ағыла бастады. Ақыр аяғын
да біз кеден бажының мөлшерін өсіруге мәжбүр болдық, Қытайдан
тауар әкелу төрт есе кемітілді. Цзян Цзэминьмен келіссөз барысында
осы шетін мәселе де қозғалды. Төраға түсіністік танытты. Сапасыз
тауарлар экспорты азайтылды. Мұның өзі ондағы сапаға қойылар
талапты арттырып, тауарлар жақсара түсті. Екі жақ та пайда тапты.
Елді бөлшектеуге ұмтылған сепаратизм әрекеттері бойынша да
Қытай жағы Қазақстан тарапынан толық қолдау көрді. Біз бұл ұстаны
мымыздан Шыңжаңдағы белгілі қайғылы оқиғалардан кейін де қайт
қан жоқпыз. Қытайға ресми сапарымның қорытындысы бойынша
сондағы Шоуду қаласында 1997 жылғы 22 ақпанда берген сұхбатымда
біз аумақтық тұтастықты, соның ішінде Қытайдың да аумақтық тұтас
тығын жақтап келгенімізді және жақтай беретінімізді, жікшілдікті
қолдамайтынымызды ашып айтқанмын. Қытай-Қазақстан мемле
кеттік шекарасы туралы шартқа Цзян Цзэминь Төраға кезінде қол
қойылғанын айрықша айтқан жөн. Бұл арқылы екі ел арасындағы
сенімнің нығайтылғаны сөзсіз.
Төраға Цзян Цзэминьнің маған ерекше көңілін көрсететін бір
жағдайды айта кетейін. Бір жылы мен қысқа уақытқа Қытай еліне
демалысқа барып, Хайнань аралында болдым. Қайтарымда Бейжің
ге соғып, Төрағамен жолықсам деген ойымды жеткіздім. Дәл сол
кезде Дэн Сяопин өмірден өтті. Енді кездесу болмайтын шығар деп
ойладым. Бүкіл әлемнен көңіл айтушы мемлекет басшылары келіп
жатыр ғой. Жоқ, кездесеміз, келсін деген хабар жіберіпті. Дэн Сяо
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 444 —
пин — өте құрметті адам, Қытайдағы жаңа реформаның атасы. Кең
көлемді жерлеу рәсімі жүріп жатса да, Цзян Цзэминь мені өз үйі
не — Жабық қаладағы резиденциясына шақырды. Дәл ондай күндері
ресми қабылдау жасай алмайтыны белгілі ғой. Кешкі аста отырып,
кеңінен әңгімелестік. Дэн Сяопин өзін жерлеуді дабырасыз өткізуді
және крематорийден шыққан күлін Қытай жеріне шашып жіберуді
тапсырыпты. Ол кісі жайында, жалпы жағдай жөнінде пікір алыстық.
Дэн Сяопинге құрметі бөлекше екенін айтты. Мені мұрагер етіп
ұсынды деді. Сол әңгіменің соңында Төраға: «Қытай Қазақстанның
мүддесіне қайшы келетін шешімді еш уақытта қабылдамайды» деді.
Күткен сөзім де осы еді. Кейіннен Қытай басшылары Ху Цзиньтао,
Си Цзиньпин де осы сөзді айтып келді. Іс жүзінде де солай болды.
Бұл үшін ұлы көршіміздің көшбасшыларына дән разымын.
Ел басшылығына 2003 жылдың наурызында келген Ху Цзиньтаомен
де жарасымды қатынас қалыптастыра алдық. Ол он жылдың ішінде
Қытайдың толымды табыстарға қол жеткізуін үйлестіре білді. Қытай
Төрағасының проблемалар мен мүмкіндіктердің қашанда бір-бірімен
байланысты екені, тиісті жағдай жасалғанда оның біреуін екіншісіне
айналдыруға болатыны жайында айтқан сөзі баршаға белгілі.
Ху Цзиньтао мырзамен ол Төрағаның орынбасары кезінде кездесуге
мүмкіншілік болды. Менің шақыруыммен, Төрағаның қолдауымен
ол кісі біздің елге сапармен келді. Өте татымды келіссөз жүргіздік.
Өзінің адами қасиеттерін көрсетті. Бір-бірімізді түсінгендей болдық.
Дәл сол күндері менің тұңғыш немеремнің тойы өтетін еді, мен Ху
Цзиньтаоны біздің салт-дәстүрімізді көріңіз деп тойға шақырдым.
Жұбайы екеуі тойға қатысты. Бұл да жақындаса түсуге, өзара сенімге
септесті. Ал кейінгі Төраға қызметінде жүйелі кездесіп тұрдық. Екі ел
арасындағы көптеген, соның ішінде экономикалық жағынан маңызды
шарттарға қол қойылды. Ол кісінің: «Жауларымыз Қытайды монстр
етіп көрсетіп, тіпті төңірегін жаулап алудан тайынбайды дегенге
дейін айтады. Ал біздің ондай ой тұрмақ, ішкі мәселелеріміз — ке
дейшілікпен күрес, экономикалық, ғылыми-техникалық проблема
ларымыз толып жатыр. Біз осылармен шұғылданудамыз. Қытайдан
ешкімге қауіп төнбейді. Ал екіжақты қатынастарға келсек, Қытай елі
Қазақстанға ешбір зиян келтірмеуді ылғи ойлайтын болады. Себебі
сіздер саясат жағынан да, экономика жағынан да бізге дос елсіздер»
дегені қатты есімде.
«Бақыт үшін күресу керек. Қытай мен Қазақстан ұлттық өрлеу мен
өркендеу жолымен қатар қадам басып, өздерінің армандарын жүзеге
асыра берсін, Қазақстан-Қытай қатынастарының жаңа көкжиектерін
ашсын. Ұлы Қытай мен ұлы Қазақстанға өркендеу мен қуаттылықты,
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 445 —
екі ел халықтарына бақыт пен мәңгі достық тілеймін» — бұл сөздерді
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин айтқан.
Билік басына 2013 жылы келген Си Цзиньпиннің ел өміріне енгізген
өзгерістерінің алып ауқымын дана Дэннің реформаларымен ғана са
лыстыруға болады. Оны Мао билік құрған уақыттан бергі ең ықпалды
саясаткер деудің артығы жоқ. Өйткені Төраға Си елді осыдан 40 жыл
бұрын алға қойылған ұлы мақсатқа — кедейшілікті жеңу мақсатына
жеткізді. Қытай Компартиясының 100 жылдығында Си Цзиньпин
Қытайда кедейшілікпен күрес толық жеңіспен аяқталғанын салта
натты түрде мәлімдеді. Бүкіләлемдік банктің деректері бойынша,
Қытай соңғы 40 жылда 850 миллионнан астам адамды кедейлік құр
сауынан құтқарған. Кейінгі 8 жылдың ішінде Қытай кедейшілікпен
күреске 1,6 триллион юань (шамамен 246 миллиард АҚШ доллары)
жұмсаған. Осы кезеңде 98,99 миллион село тұрғыны кедейшіліктен
құтылып, 832 уезд бен 128 мың деревня кедей өңірлер қатарынан
шығарылған. Мұның бәрінде де Си Цзиньпиннің партиялық тәртіпті
қатайту, ішкі бірлікті күшейту, сыбайлас жемқорлықты жою сияқты
басты бағыттардағы ірі қадамдарымен қатар, нарықтық экономи
ка реформаларын жемісті жүргізуінің, құқықтық институттарды
нығайтуының, сөйтіп, өзі «Қытай арманы» деп атаған жасампаздық
жоспардың жүйелі орындалуын қамтамасыз етуінің орны ерекше.
Дүниежүзінің сарапшылары бұл тамаша табысты Қытай тарихының
аса белесті оқиғасы деп бағалап отыр. Қытай елі өзінің алапат мүм
кіндігін COVІD‑19 пандемиясын аз уақыттың аясында ауыздықтауы
арқылы да даусыз дәлелдеді.
Наполеонның бір сөзі еске түседі. Болашақ император Француз
республикасының бірінші консулы кезінде Қытай туралы не ойлай
тынын сұрағанда ол картадағы осы елдің сұлбасына қарап тұрып:
«Мұнда бір алып ұйықтап жатыр. Ұйықтай берсін. Егер ол оянса,
әлемді дүр сілкіндіреді» деген екен. Негізінде, Қытай тарихтың ұзына
бойында ешқашан «ұйықтап» көрмеген. Бері қойғанда бес мың жыл
дық мемлекеттілік шежіресінде Қытайдың адамзат тарихында аса ірі
із қалдырғаны даусыз. Жер бетіндегі өмірді өзгертіп жіберген компас,
оқ-дәрі, қағаз, кітап басу сияқты ең ұлы жаңалықтарды қытайлар
ашқанын барша біледі. Сонымен бірге, сан түрлі жағдайға байла
нысты, жиырмасыншы ғасырдың аяғына дейін Қытайдың әлемдік
саясатта, экономикада өзіне лайықты орынды ала алмай келгені де рас
еді. Оның еуропалықтардың елді отарлауға тырысу әрекеті, сырттан
таңылған екі бірдей апиын соғысы, Синьхай революциясынан кейінгі
ішкі қырқыс, Жапония басқыншылығына қарсы күрес, коммунистер
мен Гоминьданның арасындағы азамат соғысы, «мәдени революция»
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 446 —
әкелген берекесіздік сияқты соқталдай-соқталдай себептері болды.
Бірақ Қытай ауыр сынақта сыр бермеді, даралығын да, даналығын
да көрсете алды. Енді, міне, бәрі жөніне келе бастады: бүгінде Қытай
экономикасының көлемі жағынан әлемдегі екінші ел және сарапшы
лардың болжамы бойынша, оның әлемдегі бірінші елге айналатын
уақыты тым алыс та емес.
АМЕРИКАНЫ АШУ
Былайша қарағанда, осы тараушаға көкейге қонымсыздау тақырып
қойылған сияқты. Америка баяғыда ашылған ғой. Ол құрлыққа Хрис
тофор Колумбтан, Америго Веспуччиден де көп бұрын викингтер
барғаны қазір баршаға мәлім жай. Кейбір ғалымдарымыз, мысалы,
бұл тақырыпқа жүйелі қалам тартқан Әділ Ахметов, Беринг бұғазы
бөлінбей тұрғанда арғыалтайлық түркі тайпалары Аляскаға аяқ
басқан, Америка үндістерінің тіліндегі бізбен ұқсас сөздер соның
айғағы деп те жүр. Ол арасын ғылым айыра жатар. Біздің айтпағы
мыз — Американың әр заманда, әрқилы ашыла беретіндігі. Оны әр
адам да өзінше ашады. Ел болып басы біріккелі бергі айналасы екі
жүз елу жыл да толмаған уақыт аясында мыңдаған жылдық тарихы
бар елдердің де алдына түсіп, бүгінде әлемдегі ең қуатты мемлекетке
айналып отырған Америка Құрама Штаттарын әр ел де өзінше аша
ды. Аша алмауы да мүмкін. Бәрі де, бір жағынан, тарихи жағдаятқа,
екінші жағынан, елдің өзіне, елді басқарған адамдарға байланысты.
Тарихи жағдаятқа байланысты дейтініміз — кешегі кеңестік кезеңде,
КСРО құрамында тұрғанда тіпті сонау 1946 жылдың өзінде, Біріккен
Ұлттар Ұйымы жаңа құрылған бетте-ақ әлемдегі ең биік дәрежелі
сол ұйымға мүшелікке қабылданған Украина мен Белоруссияның да
шын мәнінде Американы сөздің толық мағынасында аша алуы мүмкін
емес еді. Бірінші басшысының өзі әрі барғанда кеңестік делегация
құрамына қосылатын басқа одақтас республикалардың Американы
шындап тануы, білуі жөнінде тіпті әңгіме жоқ. Мұндай мүмкіндікті
мемлекетке, халыққа тек тәуелсіздік бере алады.
Ерекше назар аударарлық жай — біздің Американы ашуымыздан
бұрын Американың бізді ашуы басталғаны. Иә, солай. Кеңес Одағы
ның енді беті бері қарамайтынын білгеннен-ақ Америка Құрама
Штаттары Қазақстандағы орасан бай көмірсутегі қорларына назар
аударуға көшкен. Атап айтқанда, «Шеврон» компаниясы сексенінші
жылдардың аяғында-ақ Теңіз мұнай кенішінің игерілуі жөнінде әңгіме
қозғағаны кітаптарда жазылып жүр. Менің АҚШ президенті үлкен
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 447 —
Дж. Бушпен алғаш танысуым республика басшысы ретінде Горба
чев басқарған Кеңес Одағы делегациясының құрамында сол кісінің
Мәскеуге сапары кезінде болған еді. «Ол Теңіз кен орны жөніндегі
келіссөз барысын сұрастырды. Президент ретінде бизнес мәселелері
нен аулақ тұруы керек екенін, бірақ республика басшысы қатысып
отырғандықтан, жағдайдың қалай өрбіп жатқанын білгісі келетінін
ашық айтты. Мен америкалық компанияның қатысуымен бұл аса
ірі мұнай кенішін қалай дамытқымыз келетінін егжей-тегжейлі ба
яндап бердім. Ол менің мәселені жете білетініме өте таңғалды. Егер
Қазақстан мүддесі тіреліп тұрса, мен ол мәселені неге жете білмеуім
керек?! Кейінгі келіссөзде квота бөлісу жөнінде дауласып қалдық.
«Шеврон» жалпы табыстың 35 пайызын алғысы келді. Мен оны
19 пайызға дейін төмендетуге көндірдім.
1990 жылдың шілдесінде Солтүстік Америка жеріне жасаған сапа
рым есімде қалып қойды. Ол сапар Канададан басталды, Альберта
провинциясында болдым. Жергілікті ауылшаруашылық өндірісімен
таныстым, мал шаруашылығы саласы қалай жұмыс істейтінін көрдім.
Одан соң біз делегациямен бірге АҚШ-тың Денвер қаласына бардық,
ол жер де ауылшаруашылық өңірінің орталығы болып табылады.
Бұдан кейін Чикагоға ұштық. Сөйтіп, мен АҚШ деген елді алғаш рет
осылай аралап көрдім. Мені экономикаға қатысты жайдың бәрі де –
нарықтық экономика да, инвестициялық саясат та, басқа мәселелер
де қызықтырды. Бұл бағалы да пайдалы тәжірибе еді.
Сол жылы Қазақ КСР-нің Президенті ретінде Америкаға бірінші
рет сапар шеккенімде бағдарламаға АҚШ басшылығымен кезде
сулер кірмеген болатын. Себебі белгілі ғой. Тәуелсіздік алысымен
бізге көзқарас өзгеріп сала берді. Сол Үлкен Дж. Буш 1991 жылғы
17 желтоқсанда, яғни біз тәуелсіздік жариялаған күннің дәл ертеңінде,
Алматыға Мемлекеттік хатшы Джеймс Бейкерді арнайы жөнелтті.
Мақсат — ядролық қарудың жағдайын білу.
Қазақстан Президентінің АҚШ-қа 1992 жылы жасаған алғашқы
сапарында тек ядролық қару мәселесі ғана қаралмағаны түсінікті. Са
пар барысында одан бұрын «Шевронмен» басталған келіссөз көкейге
қонымды қисынға келіп, екі ел арасында «Теңізшевройл» бірлескен
кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойылды. Бұл кәсіпорын өз
қызметін 1993 жылы бастайтын, 2010 жылы тәулігіне 700 мың бар
рельден астам мұнай өндіру деңгейіне жететін болып уағдаласылды.
Келісімге сәйкес, «Шеврон» жобада оған қатысу үлесінің 50 пайызын
иеленеді, алайда оны өткізуден түскен табыстың шамамен 80 пайызы
Қазақстанның және 20 пайызы «Шевронның» үлесіне тиеді. Сон
дай-ақ сауда келісімінің, АҚШ жағынан салынатын инвестицияларды
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 448 —
қауіпсіздендіру туралы келісім, күрделі қаржыларды қорғау тура
лы келісім сияқты елдер арасындағы экономикалық қатынастарды
реттейтін негіз қалаушы құжаттардың да Қазақстан мен Құрама
Штаттар арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаратыны
анық еді. Бұл құжаттар екі елге де өзара саудада ең қолайлы жағдай
режимін жасау, сондай-ақ Қазақстан заңнамасының осы келісімнің және
тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім ережелерінің нормалары
мен талаптарына сай келуі жөнінде міндеттер жүктейді. Одан кейін
біздің еліміздегі мұнай кеніштерін бірлесе игеру жөніндегі жобаларға
АҚШ-тың «Мобил», «Тексако», «Амоко», «Экссон», басқа да ірі ком
паниялар қатыса бастады. Еліміз экономикасына келген сол әлемдік
ірі кәсіпорындардың алғашқы қарлығашы — америкалық «Шеврон».
Тәуелсіз Қазақстан аумағындағы тұңғыш елшілік АҚШ-тікі болуы да
тегін емес. 1991 жылғы 27 желтоқсанда алған алғашқы хатымда АҚШ
Президенті Үлкен Дж. Буш маған: «Біздің екі еліміз арасында толық
дипломатиялық қатынас орнатуды және тұрақты өкілдіктер алмасуды
қуана ұсынамын. Мен жақын болашақта Қазақстандағы Елшімізді
тағайындауға ниеттімін және Сізді Америка Құрама Штаттарындағы
Елшіңіз турасындағы Өз жоспарыңызды білдіруге шақырамын» деп
жазған. Сол хатында ол «Құрама Штаттар үкіметінің Қазақстанды
тәуелсіз мемлекет ретінде танитынын» хабарлады және Қазақстан
басшысын 1992 жылдың бірінші жартысында Вашингтонға келіп
қайтуға шақырды.
Орасан зор стратегиялық маңызы бар және екі жақ үшін де жаңа
экономикалық мүмкіндіктерге жол ашатын ұзақ мерзімді серіктес
тіктің негізі қалана бастаған 1994 жылдың 5 желтоқсанында Еуропа
дағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің Будапештегі
жоғары дәрежелі кездесуінде ядролы мемлекеттердің еліміздің қа
уіпсіздігіне кепілдік туралы меморандумға қол қойғанын осы кітап
тың «Полигон» атты тарауында жазғанмын.
1997 жылдың қараша айында АҚШ-қа жасалған кезекті ресми
сапардың қорытындысы жайында 4 желтоқсан күні қазақстандық
және шетелдік журналистерге баспасөз мәслихатында әңгімелеп
бергенімде Каспий қайраңын игеруге байланысты жоспарланған
күрделі қаржының жалпы құны 28 миллиард доллар, жобаланған
түсім мөлшері 80 миллиард доллар, бөлінетін табыс көлемі 69 мил
лиард доллар, оның қазақстандық үлесі 80 пайыз екенін атап көрсете
келіп, «Мұндайлық жоба-келісімдерге Құрама Штаттар бірде-бір
елмен қол қойып көрмеген деуге болады», деп айрықша айттым.
Содан бері Америка Құрама Штаттары Қазақстан экономикасының
ең ірі инвесторына айналды.
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 449 —
Біздің қарым-қатынастарымыз тек экономикалық байланыстармен
шектеліп қалған жоқ. Осы жылдарда еліміз жас мемлекет ретінде
демократия мектебінен өтумен болды. Аз уақыттың аясында озат
шәкірт атанды. 1999 жылғы желтоқсан айында АҚШ-қа жасаған
ресми сапары кезінде маған «Демократияны дамытуға қосқан аса
көрнекті үлесі үшін» дипломы табыс етілді.
2001 жылдың желтоқсанында жасалған бесінші сапардың жөні
бөлекше болды. Бөлекше болатыны — бұл жолы елдің жаңа президенті
кіші Дж. Бушпен кездесіп, келіссөз қорытындысы бойынша мемле
кеттердің қарым-қатынасын жаңа деңгейге шығаруға қол жеткізілді.
Екі президент ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікті нығайта беруге
бағытталған ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Стратегиялық әріптес… Мұндай сөз тіркесін АҚШ Әкімшілігі жиі
қолдана бермейді. Ондай анықтама Америка Құрама Штаттарының
сыртқы саясатында ықпалды орны бар мемлекеттерге қатыстырылып
қана айтылады. Қазақстан — өзінің қарым-қатынасын дүние жүзінің
ең ірі мемлекетімен стратегиялық серіктестік дәрежесіне дейін кө
терген Орталық Азиядағы қуатты мемлекет. Мұның өзі заң жүзіндегі
демократиялық серіктестік туралы Хартияда бекіді, ал іс жүзінде —
АҚШ-тың Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың ке
пілі ретіндегі тәуелсіз, демократиялық және қауіпсіз Қазақстанға,
біздің еліміздегі нарықтық және демократиялық реформаларға деген
шынайы мүдделілігінен көрінеді.
18 желтоқсанда Қазақстан Президентінің «Боингі» Хьюстон қала
сындағы «Джордж Буш Интерконтиненталь» әуежайына келіп қонды.
Иә, менің АҚШ-қа сапарым Хьюстоннан басталды. Хьюстон Америка
дағы көлемі жағынан төртінші қала, ол аэроғарыштық зерттеулердің
орталығы саналады, әйгілі НАСА агенттігі сонда орналасқан. Аме
рикалықтар Ай бетіне қонғанда айтылған алғашқы сөз «Хьюстон»
болғанын бүгінде біреу біліп, біреу біле бермеуі мүмкін. Хьюстон
сонымен бірге әлемнің энергетикалық орталығы саналады, ол қалада
орналасқан энергетика фирмаларының өзі бес мыңнан асады. Бұған
қоса мұнда экономиканың әртүрлі секторларына қатысты әлемдегі
ең ірі 18 компанияның штаб-пәтерлері жайғасқанын, бизнесті дамы
туға ең қолайлы жағдайлар сонда жасалғанын айтсақ, Хьюстонның
ел өміріндегі орны айшықтала түседі. Мұнда мен «Халлибертон»
компаниясының төрағасы Дэвид Лезармен, «Филипс Петролеум» ко
маниясының басшысы Джеймс Малвамен кездестім, Дж. Бейкер атын
дағы қоғамдық саясат институтына барып сөз сөйледім. Қазақстанның
Тәуелсіздіктің он жылы ішіндегі жүріп өткен жолы, демократияны
дамытудағы, нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы жетістіктер,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 450 —
екі елдің экономикалық ынтымақтастығы, халықаралық терроризммен
бірлесе күресуі жайында әңгімелеп, көптеген сұрақтарға жауап қай
тардым. Терроризм тақырыбы ол күндерде ерекше маңызды болатын.
2001 жылғы 11 қыркүйектегі трагедиялы оқиға біздің әлем құрылы
сының осал нәзіктігін қатал да болса нанымды көрсетіп берді. Біз ХХІ
ғасырдағы соғыстың көлеңкесін жан түршігерліктей айқын көрдік,
өйткені өз пайымын, өз сенімін, өз өмір салтын өзгелерге күшпен
таңудың тағы бір ерекше дөкір әрекетімен бетпе-бет келдік. Мен Аме
рикаға барардан дәл 100 күн бұрын халықаралық лаңкестер айдап алып
кеткен екі ұшақ Нью-Йорктің қақ ортасындағы Бүкіләлемдік Сауда
Орталығының әрқайсысы 110 қабаттық екі ғимаратын соғып, жермен
жексен еткен еді. Өкінішке қарай, сонда құрбан болған адамдардың
арасында Жанетта Цой деген Қазақстан азаматы да бар.
Хьюстонның жоғарыда жазылған жайларға қоса тағы бір ерек
шелігін айтайын. Ол ерекшелігі — сол тұстағы АҚШ Президенті
Дж. Буштың әкесі Үлкен Дж. Буштың сол қалада тұратындығы. 19
желтоқсанда, түс әлетінде АҚШ-тың 41‑президенті Үлкен Дж. Буш
мені өзінің резиденциясына шақырды. Ресми түрде бұрынғы пре
зиденттің резиденциясы төңірегі қоршалған, көгалдандырылған қос
қабатты шағын жеке үй екен. Үлкен Джордж Буштың қонақты күтіп
алу үшін аулаға ертерек шыққанын, сапар барысын көрсетуге барған
қазақстандық журналистермен біраз уақыт сөйлесіп тұрғанын кейін
естіп білдім. Екеуара емен-жарқын әңгіме кезінде экс-президент дәл
он жыл бұрын, 1991 жылдың 25 желтоқсанында маған жеке жолдауын
жөнелткенін, сол күннің ертеңінде екі елдің арасында дипломатиялық
қатынастар орнатылғанын разылықпен еске алды. Сырттай бақы
лағанда таза хаттамалық іс-шара сияқты ғана көрінетін осы жылы
шырайлы кездесудің өзі біздің тәуелсіздіктің бастапқы белесінде мем
лекетімізге оң көзімен қарап, көп көмек көрсеткен адамға шынайы
разылығының белгісіне ғана айналған жоқ, бұл кездесу орынды дип
ломатиялық шешім де болып шықты. Оған біздің арада бір күн өт
кенде, 21 желтоқсанда Ақ үйдің Сопақша кабинетінде АҚШ прези
денті Дж. Бушпен бір-бірімізді баяғыдан білетін адамдардай құшақ
айқастыра амандасып, бірден-ақ әзіл-қалжың араластыра сөйлеген
кезімізде көзім жетті. Иә, алдымен сонау түстіктегі Техасқа барып,
әкесіне сәлем беріп қайтқан адамға кім-кімнің де іш тартып тұратыны
анық еді. Келіссөз нәтижесі де ойлағанымыздай болды. Екі елдің ара
сындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.
2006 жылдың қыркүйегінде АҚШ-қа жасалған алтыншы сапар
АҚШ экс-президенті Дж. Бушпен бейресми кездесуден басталды.
Ұшағымыз алдымен Нью-Гэмпшир штатындағы Портсмут қаласының
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 451 —
әуежайына қонған еді. Сол жолғы бір қызықты жай ерекше есте
қалды. Экс-президенттің Атлант мұхиты жағасындағы үйі Мэн
штатының Кеннебанкпорт деген шағын қалашығында екен. Бұл өзі
сонау ХVІІІ ғасырда арғы бабалары салған әулеттік мекенжай. Кеш
бойы сан түрлі мәселені қозғаған әдемі отырыс болды. Демалатын
кез келген кезде үй иелері маған үйде қонып шығуды ұсынды. Ал
дымен мен ұйықтайтын бөлмеге бастап алып барды. Экс-прези
денттің жұбайы Барбара: «Сіз АҚШ-тың қазіргі президенті бізге
келгенде ұйықтаған төсекте ұйықтайсыз», деді. Осы мысалдың өзі
Америка Құрама Штаттарына екі бірдей президент берген әулеттің
Қазақстан басшысына қандайлық құрметпен қарағанын көрсетеді
емес пе? Жалпы, америкалықтар өздерін өте табиғи ұстай біледі.
Үлкен Джордж Буш ертеңіне штурвалға өзі отырып, үлкен катермен
бізді ашық мұхитқа серуенге алып шықты, катерге отырарда үйдің
шошаласына өзі көтеріліп, маған дәл келетін кроссовка тауып әкелді.
Мен жанымдағы делегация мүшелеріне: «Құдды құдаларымызға
келгендей болдық қой», деп әзілдеп жаттым. Ертеңінде АҚШ прези
денті Кіші Джордж Буш Ақ үйдегі кабинетінде мені: «Досым, өзіңді
Вашингтонда көргеніме қуаныштымын!» деп құшақтай қарсы алды.
Бұл ұмытылмастай кездесу еді.
Осындай сәттер адамдарды жақындастырады. Басшы адамдар
арқылы елдер де жақындаса түседі. Келесі президент Барак Оба
мамен де алғашқы кездесуден-ақ арамызда жақсы қарым-қатынас
орнады. Бүкіл әлем африкалық-америкалық Барак Обаманың АҚШ
президенті болып сайлануына таңғалысты. Ал оның құпиясы жай
ғана. Ол АҚШ-та «қара немесе ақ Американың» жоқ екенін, «азиялық
немесе латын Америкасы» жоқ екенін нақты да табанды түрде айт
ты. Америка Құрама Штаттары — біртұтас халық. Ондағы әр адам
жұлдызды-жолақ жалауға берілген және Отанын қорғауға әзір. Барак
Обама нақ осылай дейді. Ол ядролық қарусыз әлем үшін күресуді
ұсынды, әлемді бөлуге емес, оны біріктіруге уәде берді. Нақ осы үшін
америкалықтар оны президент етіп сайлады.
АҚШ президенті Барак Обаманың Қазақстан басшысын Ядро
лық қауіпсіздік мәселесіне арналған жаһандық саммитке арнайы
шақыруынан, саммиттен бір күн бұрын, кең-мол уақыт (45 минут)
бөліп, кездесуінен, маған саммиттің бірінші сессиясында, түске дейін
сөз берілуінен бастап, жиын қорытындыланар тұста естелік үшін
түсірілетін фотодағы орынның бірінші қатардың дәл ортасы болып
белгіленуіне дейін үлкен мәнге ие екенін көреміз. Саммитке қатысқан
44 елдің басшысымен кездесу де, оларға сөз беріп шығу да мүмкін
емес екені белгілі. Әлемдегі ең қуатты елдің басшысымен кездесу ғана
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 452 —
емес, келіссөз жүргізу, соның нәтижесінде бірлескен мәлімдемеге
қол қою жайшылықта да оңай емес, ал мынандай жаһандық жиын
тұсында тіпті қиын. Қазақстанға осындай құрмет көрсетілді.
Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісінің бірі —
Семей полигоны бойынша жүргізілген іс-шаралар. Ядролық қа
уіпсіздік саммитін ұйымдастыруда полигондағы жұмыс барысы
туралы мен АҚШ және Ресей президенттерімен бірнеше рет талқылау
өткіздім. Нәтижесінде полигонды радиоактивті материалдардан
тазарту мәселесі шешілді. Менің ұсынысыммен 2012 жылы 27 нау
рызда үш елдің — Қазақстанның, АҚШ-тың, Ресейдің президенттері
Семей полигоны туралы мәлімдеме жасадық. Полигондағы жұмыс
тардың аяқталғанының белгісі — үш тілдегі мемориал тақта. Онда:
«1996–2012»: әлем қауіпсіздеу бола түсті» деген сөздер жазылған.
Иә, әлем қауіпсіздеу бола түсті.
Бұл іске Қазақстан қатысып қана қойған жоқ, Қазақстан бұл істің
бастаушысы да болды.
ЕУРОПА ЕСІГІ
Әрине, жоғарыда айтылған жайлардан Америка Құрама Штатта
ры бізді дәйім қолдай бергендей, барлық жерде қуаттай жүргендей
ұғым тұрмауы керек. Сан түрлі себептерге байланысты көзқарастар
дың үйлеспей жатуы, Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан,
өңірлік ықпалдастыққа бейім ел ретіндегі сыртқы саясатымыздың
америкалықтарға жақпай қалуы атымен кездеспеді дей алмаймыз.
Мұның бәрі табиғи жай.
Біз Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төраға
лық етуге талпынған тұста дәл солай болып еді. Нақты айтқанда,
АҚШ Әкімшілігі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа ұмтылуын
құптамайтынын ашық аңғартқан. АҚШ ұстанымына байланысты
біз төрағалыққа өзіміз өтінім берген 2009 жылы емес, одан кейінгі
жылда ғана қол жеткізе алдық.
Иә, алдымен біз өтінімді 2009 жылға бергенбіз. 2006 жылы сол кез
дегі ЕҚЫҰ-ға төраға ел Бельгияның сыртқы істер министрі Карел де
Гюхт Астанаға келіп, біздің демократиялық үдерістерді орнықтыру
жөніндегі жұмысымызбен танысып, Орталық Азия өңірінде эконо
микалық ілгерілеу мен тұрақтылықтың көшбасшы елі Қазақстан бола
алады деген пікірін айтып кеткен. Біздің кандидатурамызды ЕҚЫҰ-ға
мүше көптеген елдер қолдайтын болған. Алайда жеме-жемге кел
генде біздің кандидатурамызға Ұлыбритания мен АҚШ қарсылық
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 453 —
білдірді. Олардың өкілдері Брюссельде өткен Сыртқы істер министр
лері кеңесінің мәжілісінде Қазақстанның демократияны дамытудағы
атқарып отырған жұмысы мінсіз емес деген тұрғыда сөйлепті. Оған
байланысты Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров қарсы
пікір білдіріпті. АҚШ пен Ұлыбритания тарапына біз демократияны
дамытудағы жұмысымыз мінсіз деп дау айтып жатпадық. Демо
кратияны дамытудағы жұмысы мінсіз ел бар ма екен мына әлемде?
АҚШ-тағы 2020 жылдың аяғында өткен президенттік сайлаудың аяғы
дау-дамайға, айқай-шуға ұласып, Дональд Трампты жақтаушылар
2021 жылдың 6 қаңтарында Капитолийге басып кірген жоқ па, тіпті
соның барысында бірнеше адам өлімі де орын алған жоқ па? Осы ма
демократия эталоны? Оның үстіне біздің еуропалық стандарттарға
сәйкес демократияны орнықтыруға кіріскенімізге көп болмағаны да
рас. Сонымен, біз ешкіммен таласып-тартысып жатпадық, өз ішімізде
Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау
жөнінде мемлекеттік комиссия құрдық, оны өзім басқардым. Ко
миссия жұмысында мемлекеттің негізгі саяси институттарын одан
әрі дамыту мен нығайту, биліктің түрлі тармақтарының неғұрлым
тиімді өзара іс-әрекеті, биліктің түрлі тармақтарының қызметіне
тәуелсіз қоғамдық бақылау жасау, олардың есептілігін, ашықтығын
және тиімділігін күшейту, Парламенттің жауапкершілігін ұлғайту
және рөлін нығайту сияқты бірқатар мәселелер нақты қаралып,
нақты шешімін тауып жатты. Осының бәрі тиісінше бағасын алды.
2007 жылы Мадридте өткен Сыртқы істер министрлері кеңесінің
отырысында 2010 жылғы төрағалық тізгінін Қазақстанға беру жөнінде
шешім қабылданды.
Біздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығымыз арқылы бүкіл әлемнің назары Ор
талық Азияға алғаш рет шындап аударылды деудің артығы жоқ. Өйт
кені осы арқылы Орталық Азиядағы тұңғыш мемлекет Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын басқаруға қол жеткізген
болатын. Бұл арқылы Қазақстанымыздың жаһандық қауіпсіздіктің
ұйытқысына, татулық пен тұрақтылықтың кепіліне, бейбітшіліктің
берекелі белдеуіне айналғаны бүкіл әлемге әйгіленіп еді. Мұның өзі
Қазақстан халқының тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыс
тарына халықаралық қоғамдастықтың жоғары құрметінің белгісі де
екені өзінен-өзі түсінікті.
Америка Құрама Штаттары басшылығының ЕҚЫҰ-ға Қазақстан
төрағалығы туралы ойын өзгертуді де отандық дипломатияның бір
табысы ретінде қараудың артығы жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаев кезін
де біздің АҚШ президентімен сол пікірталасымыз жайында жақсы
жазған. Қасым-Жомарт Кемелұлы былай дейді:
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 454 —
«Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығына байланысты мәселеге оның
көзқарасы қызық болып шықты. Дж. Буштың бұған қатысты жауабы
жайында айтпас бұрын, біз, яғни қазақстандық делегация мүшелері,
біздің президентті бұл шамшыл мәселе жайында әңгіме көтеруден
бас тартуға барынша үгіттеп бақтық. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлын
әбден білу керек: біз өз пайдамызға неғұрлым көбірек себеп айтқан
сайын, оның бұл жайтты америкалық әріптесімен талқылауға деген
тілегі одан сайын күшейе түсті.
Сонымен, «ОБСЕ» аббревиатурасын ести сала, АҚШ президенті
Дж. Буш Кондолиза Райсқа бұрылып:
«Конди, біз әлі де бұл ұйымның мүшесіміз бе?» деп сұрады. Мем
лекеттік хатшы қапелімде ойын жинақтау үшін көзімен жер шұқып
кетті. Оның жауабын күтпестен жігерлі президент мынадай ұзақ
сонар баянға түсті:
«Ойлаңыздаршы, төрағалық сіздерге қажет пе? ЕҚЫҰ — бұл күн
сайын біреуді талқылап, біреуді сөгіп немесе кінәлап жататын ұйым.
Оның ешқандай жақсылық әпермейтіні аян. Күн сайын сіздердің
не істеп, не қойғандарыңызды шам алып қарағандай тексереді, Қа
зақстанды басқа елдермен салыстыра бастайды. Сондықтан тағы бір
рет ойланып көріңіздер, сіздерге осы Ұйым керек пе?».
Біз алдын ала аңғарғандай, бұл — теріс жауаптың мұқият бүрке
меленген нышаны. Бірақ АҚШ-тың ұстанымы туралы тіке өздерінен
білудің маңызы талассыз еді. Өйткені сапардың алдында нендей
болжамдар мен дәйектер айтылмады дейсің. Мәселен, Н. Назарбаев
осы тақырыпты қозғаса болды, Дж. Буш өз Әкімшілігіндегі «сау күш
тердің» жетегімен ЕҚЫҰ-да төрағалыққа бірден келісе кетеді-мыс.
Ал енді біреулер өз ақпараттарының «арнайы арналарына» сілтеме
жасай отырып, әкімшілік пен мемдепартамент арасында күрделі
қайшылықтар бар деп соқты, сондықтан тиімді нәтижеге жету үшін
осы қайшылықтарды пайдаланып қалу керек дейді. Бағымызға орай,
бәрі де өз орнына келді, егер қайшылықтар бар болса да олар көлең
кеде қалып, принципті мәселелер бойынша АҚШ-тың үйлестірілген
ұстанымына кедергі жасамайтынына біздің президенттің көзі жетті.
Н. Назарбаев бұл мәселе бойынша біздің көзқарасымызды сенімді
түрде мәлімдей отырып, беріктік пен мығымдық танытты. Ол ЕҚЫҰ-ға
қатысушы елдердің басым бөлігі Қазақстанның ұйымға төрағалығына
қолдауын білдіріп қойғанын атап өтті. Бұл жағдайға мән бермеу,
осы елдерге қатысты алғанда дұрыс болмас, біздің бұған саяси да,
моральдік те қақымыз жоқ. Сондықтан АҚШ бұл арада анық аз
шылықта қалып отыр. Оның үстіне, мемлекеттерді төмен немесе
жоғары санаттарға бөлуге болмайды, қазір басқа уақыт, әлем өзгерді.
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 455 —
Қазақстан өзіне қатысты мұндай теріс қарым-қатынасқа лайық
емес, өйткені біздің еліміз ядролық қарусыздануға, халықаралық
терроризмге қарсы күреске елеулі үлес қосты, сондай-ақ нарықтық
экономика мен демократияға еңбек сіңірді.
Дж. Буш Қазақстанға жоғарыдан қарау жөнінде әңгіме де болмауы
тиіс деп жауап беруге асықты. Ол бұл тақырыпты дипломатиялық
ведомстволардың қарауына қалдыруды ұсынды. Н. Назарбаев пікір
таласты ушықтырғысы келмей, ұсыныспен келісті. К. Райс пен мен
президенттердің бұл шешімін бас изесумен қолдап, пікірталасты
президенттік деңгейде жалғастырудың мәні жоқ дегенді аңғартуға
тырыстық».
Дж. Бушқа мен: «Сіз мені досым дейсіз. Оныңызға рақмет. Біздің
елдеріміз — дос елдер. Сонда ОБСЕ-нің 57 елінің 56‑сы бізді қолдап,
ал досымыз АҚШ-тың қолдамағаны қалай болар екен?» дедім. Кешкі
ас Вашингтондағы тарихи музейде өтті. Кондолиза Райс та келді.
Ас үстінде маған: «Біз ақылдастық. Егер Сіз қарсы болмасаңыз, Қа
зақстанға төрағалықты 2009 жылы емес, 2010 жылға ұсынсақ деген
пікір бар» деді. Мен келістім. Мәселе шешілді.
Осыдан кейін-ақ жағдай өзгеріп сала берді.
Қанша дегенмен, АҚШ-тың пікірімен басқа елдер, әсіресе, Батыс
Еуропа қатты санасады. Төрағалығымыздың өзіміз о баста ұмтылған
2009 жылдан 2010 жылға ауысқаны бізге қайта жақсы болып шықты.
Біріншіден, төрағалыққа түсуге дұрыстап дайындала алдық. Екінші
ден, біз төраға болатын 2010 жылы атақты Хельсинки Шартына қол
қойылғанына дәл 35 жыл толды, мұның өзі бізге ЕҚЫҰ-ның 11 жылдан
бері шақырылмай келе жатқан Саммитін ұйымдастыру жөнінде
ұсыныс жасауымызға жақсы себепке айналды.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы бүкіл әлемге біздің қолымыз
дан не келетінін көрсетті, елімізді Еуроодақтың Орталық Азиядағы
түйінді серіктесі ретінде орнықтырды. Жалпы, Қазақстан төрағалығы
арқылы ЕҚЫҰ, былайша айтқанда, «еуразиялық бет-бейнеге» ие бол
ды дей аламыз. Осындай ұйымның Саммиті Еуразия құрлығының
ортасында, Брюссельден мыңдаған километр қашықтықта өтуінің өзі
еуропалық қауіпсіздік парадигмасының өзгергенін көрсетеді деген
пікір көкейге әбден қонымды.
Саммит сәтті өтті. Оның түпкілікті шешімі қызу талқылауға түсті.
Әзербайжан мен Армения әрқайсысы өз пікірін ұсынып, бір тоқтамға
келу әбден қиындаған кез де болды. Маған ол елдер басшыларымен
жеке-жеке сөйлесіп, мәмілеге көндіруге тура келді.
Германия Федеративтік Республикасының канцлері Ангела Мер
кельдің біздің елімізге, саммитке келгенде: «ЕҚЫҰ Саммиті алғаш рет
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 456 —
Орталық Азияда өтіп отыр. Ол бізге осы өңірге жаңаша қарауға мүмкін
дік береді. Саммит соңғы рет осыдан 11 жыл бұрын өткен еді, одан бері
дүние өзгерді, Ванкуверден Владивостокқа дейінгі кеңістік те өзгерді.
Астана соны айқын дәлелдеп отыр» дегені де бұл айтқаныма дәлел.
АЗИЯ — ӘЗ ҰЯ
Еліміз сыртқы саясаттағы белсенділігін салған беттен-ақ серпінді
бастады. Мен Қазақстан басшысы ретінде қатысқан Біріккен Ұлттар
Ұйымының Бас Ассамблеясының бірінші сессиясының өзінде жаһан
дық маңызы бар жаңа ұсыныс енгіздім — Азиядағы өзара іс-қимыл
және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) өткізу бойынша
бастама көтеруін осылай сипаттаудың артығы жоқ деп білемін.
Жалпы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты
құрылымды Азияда неге құрмасқа деген идея ешкімнің көңілінің
түкпірінде атымен жүрмеуі мүмкін де емес еді. Бірақ оны нақты
іске айналдырудың тетіктерін қарастыру керек қой. Соны бізге дейін
ешкім де қарастырмапты. Біздің еңбегіміз — Еуразия құрлығындағы
бейбітшілік пен қауіпсіздік проблемасы бойынша Азиядағы өзара
іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес өткізу бойынша
Қазақстанның нақты бастамасын көтергеніміз. Ең бастысы — ондай
кеңестің міндетін, сипатын белгілеп, ұйымдастырудың тетіктерін
көрсетіп бергеніміз, көптеген жылдар бойы жүйелі жұмыс жүргізіп,
мақсатты жеріне жеткізгеніміз, соны БҰҰ деңгейіне көтеріп, сон
дай-ақ — болашақ құрылым ретінде нақты алғаш рет айтқанымыз.
Айтылуы тиіс еді. Азиялықтар ғажайып жерде тұрады. Әлемнің
барлық ірі діндері — иудаизм, буддизм, христиандық, ислам — осы
құрлықта дүниеге келген. Бүкіл адамзаттың рухани ұстаздары — Лао
Цзы мен Гуатама Буддадан, Иса Мәсіх пен Мұхаммедтен бастап,
осы заманның Махатма Гандидің дәрежесіне дейінгі асқар ойлы
данышпандары біздің топырағымыздан шыққан. Сөйткен Азия ға
сырлар бойына жинақталғанның бәрін ой елегінен өткізіп, әлемдік
ынтымақтастық пен ұжымдық қауіпсіздіктің жаңа тұжырымдамасын
жинақтай алмай ма? Жинақтай алады. Мұндай ұстаным тіпті де
өңірлік автаркияны көздемейтін еді. Біз континент шекараларын
да томаға-тұйықталып қалмайтынымызды, керісінше, Азия елдері
мен халықтарының мүдделері дүниенің басқа қиырларында туған
бар жақсылық атаулыны жинайтынымызды әуел бастан-ақ мәлім
дедік. Оның үстіне біздің еліміз аумағының барлығы дерлік Азия
құрлығында орналасқан. Маған бір жолы «Сізге рухы жағынан Шығыс
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 457 —
жақынырақ па?» деген сұрақ қойылған еді. «Әрине. Мен осында,
Шығыста туғанмын ғой. Шығыстың рухын анамның сүтімен бойыма
сіңіргенмін» деп жауап қайтарғанмын.
АӨСШК — шындыққа айналған батыл жоба. Бұл халықаралық
ұжымдық құрылым түпкі мақсаты бойынша жалпыазиялық ұйымдар
тапшылығының орнын толтырып, келісім мен ынтымақтастықтың
өзара ықпалдастық кеңістігі мен айқын тетігін құруы тиіс еді. Осы
жоба арқылы тәуелсіз жас Қазақстан жаһандық әлемге қадам жа
сады. АӨСШК құру бастамасын әуелден-ақ Ресей, Қытай, АҚШ,
Германия, Жапония, Иран, Түркия, Австралия қолдады. 2002
жылдың 4 маусымында Алматыда Қазақстан, Ресей, Қытай, Пәкістан,
Түркия, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан президенттері,
Үндістан мен Әзербайжанның премьер-министрлері, Иранның, Еги
петтің, Израильдің және Палестинаның өкілетті тұлғалары, БҰҰ мен
ЕҚЫҰ-ның бақылаушы-мемлекеттері өкілдері қатысқан Азиядағы
өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің І саммиті
өтті. Басшылары алғашқы тарихи жиынға қатысқан 15 мемлекет
Азия аумағының 90 пайызын алып жатқан-ды, ал олардың халқының
саны 3 миллиардқа жуықтайтын немесе ғаламшарымыздың барлық
тұрғындарының жартысына жуығы еді.
АӨСШК форумының алғашқы жемісі — 2002 жылы Үндістан мен
Пәкістан сияқты екі ядролық державаның арасы шиеленісіп кеткен
кезде олардың диалогін қалпына келтіру. Үндістан премьер-министрі
А. Ваджпаи мен Пәкістан президенті П. Мүшаррафтың саммит
үстелінің басында бір-бірінен алыстау отыруын хаттамалық тұрғы
дан ойластыру қажет болғаны бар. Кезінде П. Мүшарраф Үндістан
Кашмирге басып кірген жағдайда ядролық қаруды қолдануға дайын
едім деп ағынан жарылғаны есте. Соғысқа соншалықты тақау тұрған
екі ел басшыларының басын бір саммитте қосу қандай қиындыққа
түскенін ежіктеп жатпай-ақ қояйын. А. Ваджпаи Қазақстанға келген
бетінде тілшілердің Пәкістанға қатысты сұрақтарының қандайына
да жауап беруден бас тартқан. Алматыдағы форумның аяқ жағында
Израиль мен Палестина делегациясының арасында айтыс басталып
кетті. Абырой болғанда, бұл кезде негізгі құжаттар қабылданып
қойған еді. Соны пайдаланып, оларды тоқтата алдым. Саммитке
Ислам Каримовтің науқастанып қалуына байланысты қатыспауы да
шетелдік тілшілер назарын аударды.
Сол күндері Алматыдағы үйімізге Владимир Путин мен Цзян Цзэ
миньді шақырып қонақ етуіміз, дастарқан басындағы шынайы ауанда
бәріміз білетін орыс әндерін қосыла шырқағанымыз, ал кейін үй
сыртындағы бау ішінде менің домбырамен ән айтқаным үшеуміздің
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 458 —
арамызды бұрынғыдан да жақындата түсті. Үлкен қызым Дариғаның
ән салуы құрметті қонақтарды таңдандырғанын да айта кетейін.
Біз бұдан кейін де АӨСШК-нің Азия құрлығында қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің ұжымдық тетігі рөлін жемісті атқара беретініне
сендік. АӨСШК І саммитінің басты оқиғасы — АӨСШК-нің ұйымдас
тырушылық негіздеріне, Азиядағы болашақ қауіпсіздік институтта
рына жол ашқан Алматы актісін жариялау. Кеңеске қатысушылар
менің АӨСШК Хатшылығын құру туралы ұсынысымды қабыл алды.
ХХІ ғасырдың басындағы күрделі халықаралық ахуал кезінде өткен
АӨСШК І саммиті Қазақстанның сыртқы саясатының үлкен жетістігі
не айналды және, әр нәрсені өз атымен атасақ, әлемдегі халықаралық
қатынастардың жаңа кезеңі бола алды. 2004 жылдың қазанындағы
АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде азиялық және
әлемдік дипломатияда теңдесі жоқ бірегей құжат — Сенім шарала
рының каталогі қабылданды. Құжатта қауіпсіздік, дау-дамайларды
бейбіт шешу және қарулануды бақылау мәселелері бойынша Азия
дағы көпжақты ынтымақтастық тұңғыш рет қарастырылды. 2006
жылдың 17 маусымында Алматыда АӨСШК ІІ саммиті өтті. Оған
Қазақстанмен бірге Қытай, Ресей, Пәкістан, Өзбекстан, Ауғанстан,
Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан басшылары, Тайланд
премьер-министрі, сондай-ақ Түркия, Израиль, Моңғолия, Корея
Республикасы, Үндістан, Иран, Палестина, Египеттің өкілдері қатысты.
Бүкіл әлем алдында АӨСШК форумы болашағы зор, макроөңірлік
бірлестік ретінде танылды. АӨСШК болашағын саралай отырып, мен
2010 жылдары Кеңестің толыққанды халықаралық ұйымға айналуы
үшін жағдай тудыратын диалог пен сенім деңгейіне жететініне үміт
арттым.
ШЫҰ-ның халықаралық ұйым ретінде қалыптасуы жаңа ғасырдың
алғашқы он жылдығы «Шанхай бестігі» үшін жаңа сапалық деңгей
ге — халықаралық ұйым деңгейіне өту уақыты болды. Осы процеске
Қазақстан белсене атсалысты. 2001 жылдың басында «Шанхай бестігіне»
қатысуға Өзбекстан ниет білдірді. Өзбекстанды қабылдау туралы шешім
маусым айында Қытайдың Шанхай қаласында өткен саммитте қабыл
данды. Бұл халықаралық ұйымды жасақтаудың соңғы нүктесі саналды.
«Сенімді келешекке» қол жеткізу үшін бүгін жаһандық деңгейде
ойлай білу маңызды. Бұл — заманауи мемлекеттің қауіпсіздігінің
шарты. Біздің құрылымы күрделі және жылдам өзгеріп отыратын
әлемімізде өз дәулетті тұрмысымыздың «тәуелсіз қабырғасын» тұрғы
зып алу жеткіліксіз. Қайдағы бір «тұрақтылық аралдары» туралы
қатып қалған жалған аңыздардан ада-күде арылу қажет. Ондай «арал
дар» болған емес, жаһанданып жатқан әлемде болуы мүмкін де емес.
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 459 —
Қауіпсіздік қандай да шекаралармен немесе шартты сызықтармен
бөліне алмайды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
бірегей құрылым. ЕҚЫҰ жауапкершілік аумағы жағынан болсын,
жұмысының нақты аумағы жағынан болсын, трансқұрлықтық сипат
иеленген ұйымға баяғыда айналып кеткен. 2000 жылдары ЕҚЫҰ
қызметінде «блоктық» сипаттың белгілері байқалып, посткеңестік
кеңістіктегі мемлекеттермен қарым-қатынаста қайшылық өрши
бастады. Осы кезеңде Қазақстан өз саясатын Ұйымның тұтастығын
нығайтып, бір жағынан Батыс елдерінің, екінші жағынан Еуразияның
текетірес деңгейін төмендетуге ыңғайлы етіп құра алды. Төрағалыққа
кірісе отырып, біз өз бағытымызды айқындап алған едік. Ең алдымен,
бұл — ХХІ ғасырда Ұйым өзі жинақтаған барлық тәжірибені барша
Еуразияда — жағалауларын Атлант, Тынық, Солтүстік мұзды және
Үнді мұхиттары шайып жатқан кеңістікте жаңа ауқымды қауіпсіздік
жүйесін жасап шығаруға пайдалана алады және пайдалануы тиіс де
ген үлкен сенім. Еуропа үшін бір саясат, Азия үшін мүлде басқа саясат
жүргізу мүмкін емес екенін мойындауымыз қажет. Осы кеңістіктегі
тұрақтылықты болашақ ұзақ мерзімді жоспарда трансеуроазиялық
қауіпсіздік жүйесін құру арқылы ғана нығайтуға болады. Қауіпсіздік
туралы кең ауқымда айтқан кезде, мен ЕҚЫҰ-ның өзін қоса алғанда,
бірқатар халықаралық құрылымдардың болашақ өзара әрекеттесті
гін меңзеймін. Әңгіме Қазақстан бастамасымен құрылған, бүгінде
жиырма жеті азиялық мемлекеттің басын қосқан АӨСШК процесі
төңірегінде де болып отыр. АӨСШК-нің ЕҚЫҰ-ның азиялық бала
масы ретінде құрылғаны жасырын емес. Мұнда ауқымды кеңістік
бар. 2010 жылы АӨСШК-нің Ыстамбұлдағы үшінші саммиті аясында
АӨСШК мен ЕҚЫҰ-ның алғашқы институттық форумы болашақтағы
қауіпсіздіктің трансконтиненттік белдеуін құрудың негізін іс жүзінде
қалағанын атап айтқым келеді.
АӨСШК процесінің басталғанына 20 жыл толуына арналған ме
рейтойлық отырыс 2012 жылғы қыркүйекте Астана қаласында өтті.
Қытай басшысы Си Цзиньпин Азиядағы өзара іс-қимыл және
сенім шаралары жөніндегі кеңестің 2014 жылғы 21 мамырдағы
ІV саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстанды «АӨСШК-нің бастамашы
мемлекеті» деп атады, біз мұны елімізге деген құрметтің бір көрінісі
деп білеміз. Біздің бәріміздің басымызды бірлескен күш-жігермен
Азияда қауіпсіздіктің сенімді жүйесін жасауға болады, жалпы бүкіл
дүниеде қауіпсіз әлемді ортақтаса орнатуға болады деген пікір қосты.
Біздің осындай Кеңес шақыру жөніндегі ұсынысымызды ә дегеннен-ақ
Азия аумағының 90 пайызын алып жатқан мемлекеттер қолдағанын
ерекше айту керек.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 460 —
«Сіз АӨСШК-ні құру туралы бастаманы БҰҰ мінберінен 1992 жылы
көтердіңіз. Кеңестің І саммиті 2002 жылы Алматыда шақырылды. Неге
осынша уақыт кетті деп ойлайсыз?» деп сұрақ қойды журналистер.
Мұндай ауқымды іс үшін он жыл деген көп уақыт емес. Еуропадағы қа
уіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын құруға тұп-тура жиырма жыл
жұмсалған. Біздің өз жолымызды еуропалықтардан екі есе жылдам
жүріп өткеніміздің бір себебі — уақыттың өзгергені, екінші себебі —
бұл іске тыңғылықты дайындықпен кіріскеніміз. Азиядағы көп елдерге
сапар шегіп, ел басшыларына түсіндіріп, олардың қолдауларын алу
қажет еді. Бұл жолда біздің дипломаттар да қыруар іс атқарды. Біздің
Сыртқы істер министрлігінің басшылары біраз елдерді аралап, түсінік
жұмысын жүргізді. Біраз шаруа Шанхай ынтымақтастық ұйымы
ның аясында тындырылып қалған еді. Сондықтан да АӨСШК Азия
құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ықпалды құралына
айнала алды.
АӨСШК құрылғалы бергі 20 жылдың ішінде оған мүше мемле
кеттердің арасында қандай да бір ірі қақтығыс болмағанын қадап
көрсетейін. Бұлай деу айтуға ғана оңай. Мына жайды да ескеру керек.
Азия Еуропа емес. Бұл құрлықта Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
де бір-бірімен бірнеше рет соғысып қалған, соғысып қалмаса да қару
мен қақтығысып қалған мемлекеттер бар. Мұндағы демократияның
сипаты да, халықаралық қарым-қатынастардың деңгейі де басқашалау.
Сондықтан да біз АӨСШК-ні құруға бастамашылық ету арқылы осы
заманғы сынақтарға қарсы тұрудың жаһандық жүйесінің ажырағысыз
бөлігін жасауға шешуші үлес қостық деп сеніммен айта аламыз. Бұл
жұмысымыз — нақты жұмыс. Қазақстан Кеңес хатшылығының қыз
метін қамтамасыз етудің ұйымдық және қаржылық мәселелерін шешу
жөнінде көп іс атқарды. Бүгінде АӨСШК-ге мүше елдерде Жер шары
халқының жартысы тұрып жатыр. Атқарылар шаруа қыруар. Өкінішке
қарай, Азияда саяси тұрақсыздық та аз емес, шиеленіс ошақтары да
біраз. Ауғанстан проблемасының өзі жетеді. Бұл елден АҚШ әскер
лерінің әкетілуіне байланысты күрделі мәселелер көбейгені, олардың
елдің өз ішінде тұйықталып қалмайтыны тағы белгілі. Өкінішке қарай,
Ауғанстандағы кейінгі оқиғалар осы қаупімізді растай түсіп отыр.
Ішкі саясаты жараспаған елдің сыртқы саясаты да табысты бола ал
майды. Еліңнің ішінде тыныштық, тұрақтылық, татулық болса, еліңнің
сыртында да жүзің жарқын жүреді, айтқан сөзің өтеді. Қазақстанның
халықаралық қызметіне біз ең алдымен елімізді дамытудың септе
гіші ретінде қараймыз. Ол жұмысымыз аз жылдың аясында нақты
нәтижесін берді. Бізді дүйім дүние таныды. Өйткені біз экономикасы
күшті, халықаралық қоғамдастықтағы ұстанымы берік мемлекет
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 461 —
құрдық. Бізді кей мәселелерде жанжалдарды реттеуге араағайын
етіп шақырып та жатады.
Қазақстанды тәуелсіздік алған кезінен бері бірде-бір қадамымен,
бірде-бір іс-әрекетімен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікке нұқсан
келтіріп көрмеген мемлекеттің өнегесі деп айтуға болатынының бас
ты себебін біздің әу бастан-ақ елдің сыртқы саясатына көпбағытты
сипат бергенімізбен түсіндірген жөн. Өткен уақыт бұл сипат Қа
зақстанның геосаяси жағдайына әбден сәйкес келетінін көрсетті. Біз
Жер шарының дәл осы жерінде орналасқандықтан сыртқы саясатты
дәл осылай жүргізуге тиістіміз. Біз Шығыс пен Батыстың, Азия мен
Еуропаның, ислам мен христиандықтың, түркілер мен славяндардың
арасындағы алтын көпір міндетін атқара беруден таймауымыз керек.
Одан кейінгі айтатын жағдай — сыртқы саясатымызды транспарентті,
ашық жүргізіп келе жатқанымыз. Мемлекеттің сыртқы саясатының
басым бағыты ретінде интеграциялық үрдістерді ұстанатынымыз
да ел беделін биіктете түсіп отыр. Ұлттық мүдделерді ілгерілетудің
бір сенімді жолы — дәйекті және болжамды сыртқы саясат жүргізу.
КЕҢІСТІКТІ КЕҢЕЙТУ
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті
ұйымдастыруға он жыл жұмсалса, біз ұсынған тағы бір ірі бастама
ның — Еуразиялық экономикалық одақ құру бастамасының жүзе
ге асуына дәл жиырма жыл кетті. Бұл көптеген елдердің мүддесін
қозғайтын ұсыныстардың өте кеңінен, ұзақ талқыланатынын, ең
бастысы — мұндай идеялардың өміршеңдігіне көз жеткізуге уақыт
сыны қажет болатынын көрсетеді.
Еуразиялық экономикалық одақ идеясын алайық. «Еуразия»,
«еуразияшылдық» деген ұғымдарды пайымдаудан бастайын. Біз
адамзат тұрақты өмір сүретін материктер бесеу дейміз: Азия, Еуропа,
Африка, Америка, Австралия. Ал таза геологиялық, географиялық
тұрғыдан қарасақ, Азия мен Еуропа жеке-жеке материктер болып
саналмайды. Азия мен Еуропа мыңдаған жылдар бойы бір-бірімен
тығыз байланыспай, дербес өмір сүріп келгендіктен, тарихи, саяси,
діни себептер ажыратқандықтан әрі жер көлемінің өте үлкендігіне
байланысты шартты түрде екі материк ретінде айтылады. Әйтпесе,
Еуропа мен Азия бір құрлықта орналасқан. Еуразияны дүниенің екі
бөлігінен — Еуропа мен Азиядан құралатын Жер шарының ең үлкен
материгі деп білуіміз керек. Алайда ресейлік еуразияшылар — Савиц
кий, Трубецкой, Бердяев, тағы басқалар Еуразия ұғымына тек геогра
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 462 —
фиялық мағына берген жоқ. Олар Еуразия деп сол кезде Ресей им
периясы алып жатқан территорияны атады. Ресейді Еуропа да емес,
Азия да емес, өзінше «ортадағы материк» деп санады. Империяның
тұтастығы үшін «еуропалық Ресей», «азиялық Ресей» ұғымдары жоқ,
ортақ Ресей — Еуразия бар деді. Бұл — Еуразия ұғымының сол кездегі
пайымдалуы. Ағылшынның Хэлфорд Макиндер деген ғалымының
кімде-кім Шығыс Еуропаны өз бақылауында ұстаса, сол Хартлендте,
яғни Еуразияның солтүстік-шығыс беткейінде, алып құрлықта үстем
болады, кімде-кім сол жерде үстем болса, бүкіл әлемде үстемдігін
орната алады деп жазғаны бар екен. Бұл сөз Еуразия аумағының
стратегиялық тұрғыдағы аса маңыздылығын көрсетеді. Одан бері
де тағы бір ғасырдай уақыт өтті. Сол уақыт ішінде бұрынғы Ресей
империясының орнында Кеңес Одағы деген мемлекет орнады, оның
құрамындағы он бес республика бір-бірімен соншалықты тығыз қо
йындасып, электр желілеріне дейін, темір жолдарына дейін, автокөлік
магистральдарына дейін мидай араласып кеткен біртұтас экономика
құрды. Жаңағы он бес республикада адамдардың мінез-құлқында,
психологиясында ұқсас жайлар көбейді. Тәуелсіздік келісімен бар
лық елдер бет-бетімен кетті. Ортақ базарымыздан айырылдық. Бір
елдегі тауар бір елге өтпей, қоймаларға жинала бастады, ақыры
кәсіпорындар, зауыттар, фабрикалар банкрот болды. Жүз мыңдаған
адам жұмыссыз қалды. Өкінішке қарай, КСРО-ның қирандысының
орнына құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы уақыттың объек
тивті талаптарына толық сай келмеді, халықтар зәру күйде отырған
интеграцияны қамтамасыз ете алмады.
Мен 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген
сөзімде тәуелсіз елдер арасындағы қарым-қатынастың сапалық жаңа
деңгейіне ауысуы қажет екенін, мұның пісіп-жетілгенін айттым.
Кеше ғана Одақтан зорға құтылғандай күйде отырған елдердің ха
лықтары «Одақ» сөзінен шошынатынын біліп, бірден-ақ әлемде
Еуропалық Одақ бар екенін, ойдағыдай өмір сүріп жатқанын қоса
айттым. Оларға құруға болатын одақты бізге неге құруға болмайды?
Еуразиялық одақтың ең алдымен біртұтас экономикалық кеңістік
қалыптастыруға тиіс екенін мен сол МГУ-дегі сөзімде-ақ басын аша
көрсеткенмін. Расында да, ойлап отырсақ, мемлекеттілік тарихы сан
ғасырларға кететін Еуропа елдерінің өзі бірігіп жатыр, ал біз болсақ
күннен-күнге бір-бірімізден алшақтап бара жатырмыз дегенмін.
Мәселе бірқатар саяси лидерлерде империяның қайта оралуынан
қорқыныш бар екенінде еді. Бірақ бұл сол кездің өзінде мүмкін нәрсе
болмайтын. Ал қазір тіпті мүмкін емес.
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 463 —
Бұл жоба Қазақстанның өзінде де бірден қызу қолдау таба қой
ған жоқ. Біреулер интеграцияны жақтады, біреулер интеграцияны
негізінен жақтай тұра, оны белгілі бір мөлшерде шектеуді ұсынды,
біреулер интеграциялық үдерістер қазір қажет емес деп санады.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Түрікменстан президенті
Сапармұрад Ниязов та менің ұсынысымды қолдаған жоқ. Рой Мед
ведев былай деп жазған: «Н. Назарбаевтың ММУ-дегі сөзі өз кезінде
ресейлік және халықаралық баспасөз бетінде қызба-қызу талқылан
ды. Көптеген ғалымдар мен қоғам қайраткерлері оның ұсынысын
белсенді қолдады. Алайда, ТМД елдерінің белді саясаткерлері ол
ұсыныстарды ескермей қоя салуға бейім тұрды немесе ашықтан-
ашық теріс көзқарас танытты. Айталық, Еуразиялық жоба туралы
Өзбекстан президенті Ислам Каримов едәуір сыни тұрғыда пікір
білдірді. «Еуразия идеясында қандай жаңалық бар? — деді ол «Неза
висимая газетаға» берген сұхбатында. — Тағы да айтамын: қосымша
қондырмалы саяси құрылымдар құрып, сол құрылымдарда тиісін
ше орын алу. Дөрекілеу, қатқыл айтып отырмын, бірақ шындығы
осы» («Независимая газета». 1994, 21 маусым). Бұл баға әділетсіз еді
әрі жобаның мақсатын бұрмалап көрсететін. Нұрсұлтан Назарбаев
ешқандай да саяси қондырма құрылымдар құруды ұсынған жоқ.
Ол ТМД елдерінің мемлекеттік және ұлттық егемендігін сақтауды
табанды түрде жақтады. Әңгіме экономикалық ынтымақтастықты
әлдеқайда тығыз ету және қауіпсіздік саласында ынтымақтасу жа
йында болып еді…».
Өзбекстан, Түрікменстан басшылары мұндай мәселелердің бәрі
кейінірек қарастырылуы керек деп санады. Менің достарым бұл
үдерістің сатыластықпен, эволюциялық жолмен жүретінін, біраз
уақытқа созылатынын ескермеді ғой деймін. Кейіннен көп нәрсе
өзгерді. Он шақты жыл бойы Қазақстанның интеграциялық баста
маларын қолдамай келген Өзбекстанның өзі 2005 жылдың аяғында
Еуразия экономикалық қоғамдастығына қосылу ниеті бар екенін
мәлімдеп, бірнеше айдан кейін, 2006 жылдың басында ЕурАзЭҚ-ке
байқаушы болып қосылды. 2016 жылы сайланған ел президенті Шав
кат Мирзиёев алғашқы күндерден-ақ бауырлас елдермен байланысты
бекіте түсу саясатын жүргізіп келе жатқанын разылықпен айтамын.
Шынында да, мұндай одақтар тәуелсіздікке тікелей қауіп төн
діреді деу жөнсіз. Еуропалық Одаққа қанша ел біріккен? Шекаралары
ашық. Көлікпен зулап келе жатқаныңда көрші елдің жеріне кіргеніңді
байқамай да қаласың. Ақшасы тұрмақ, банкі тұрмақ, парламентіне
дейін ортақ. Солар, немене, тәуелсіздігінен айырылып па екен? Қайта
өркендеп, дамып келе жатқан жоқ па?
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 464 —
1994 жылы қазан айында Мәскеуде өткен ТМД елдері басшыла
рының саммитінде Қазақстанның ұсынысын қаперге алумен шекте
лу, ондағы негізгі идеяларды ТМД-ның интеграциялық үдерістерін
тереңдету барысында пайдалану жөнінде шешім қабылданғанда
қуандым дей алмаймын. Сонша өкінген де жоқпын. Өйткені мен бұл
идеяның жүзеге асуы ұзақ жылдарға созылатынын анық білетінмін.
Мысалы, Еуропалық Одақ қалай құрылған? 1950 жылы көмір мен бо
лат жөнінде француз-герман бірлестігін құру жөнінде декларацияға
қол қойылған. Одан жеті жыл өткенде Еуропа экономикалық одағы
құрылған. Одан кейін тұтас ширек ғасыр, яғни 25 жыл өткенде барып
Еуропалық Одақ құру туралы Маастрихт шартына қол қойылған.
Сонда бұл идеяның басталуынан түйінделуіне дейінгі уақыт аралығы
бас-аяғы 42 жылға созылған болып шығады.
Менің ұсынысыма тым сақтықпен қарау кәдімгі «Негізі дұрыс қой,
сонда да қалай шығатынын қайдан білейік» деген сияқты ой қисы
нынан еді. Екінші жағынан, белгілі бір тұлғалар тарапынан идеяның
авторлығына қызғанышпен қарау да атымен болмады дей алмаймын.
Еуразиялық одақ идеясы ТМД-ны түбегейлі реформалау қажетті
гінен туындаған еді. Достастық шеңберінде біз біртұтас мемлекеттің
ыдырауынан кейін туындаған көптеген күрделі мәселелердің шешімін
таба алдық. Біздің ынтымақтастық күш жинап, кері қайтпас сипат
алды. Ең бастысы мынада: елдеріміздің халықтары Достастыққа сенді,
өйткені ол қантөгіс жанжалдарға жол бермеудің тиімді тетігіне ай
налып, біздің бәрімізді «Югославия сценарийінен» сақтай алды. Со
нымен бірге, біз оның салған беттен сансыз қағаздарға тұншыққанын
да көрдік. Көбіне-көп нақты өмірдің қажеттерінен қол үзген сансыз
құжаттар мен қарарларды өндірумен айналысатын ебедейсіз әрі
бюрократтық бірлестікке айналды. Қабылданған жүздеген бірлескен
құжаттардың бірлі-жарымы ғана іске асатын болды.
Интеграция деген КСРО заманына қайта оралу емес. Интеграция —
ең алдымен экономикалық прагматизм. Мысалы, еліміздің халқы
шамамен 20 миллион адам. Шүкір, өсіп жатырмыз. 25 миллионға
барамыз. 30 миллионға барамыз бір кезде. Бірақ мына жаһанданған
әлемде оның өзі өте тар нарық саналады. Біз өз халқымыздың қа
жетін ғана қанағаттандыратын экономикамен алысқа бара алмаймыз.
Бізге міндетті түрде сыртқы нарықтар керек. Сол нарықтардың ең
үлкені — 150 миллион адамдық Ресей нарығы немесе одан да кең
ТМД нарығы. Өкінішке қарай, қазірше біздің тауарларымыз Еуропа
ның, Американың нарығының талабына толық жауап бере алмайды,
Қытайдың нарығы онсыз да толып тұр. Ал Ресей нарығы, Беларусь
нарығы, басқа да көршілес нарықтар біздің тауарларға ыңғайлы,
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 465 —
біздің нарық та олар үшін өтімді. Сондықтан мен Еуразиялық эко
номикалық одақ құру жөніндегі жұмысты жылдар бойы жүйелі
түрде алға жылжытумен болдым. Алдымен Кеден одағы құрылды.
Одан кейін Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды. Одан
кейін, 2014 жылы, яғни идея ортаға салынғаннан соң 20 жыл өткенде
Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. ЕАЭО құру жөніндегі
Шартқа Астанада қол қойылуының символдық мәні бар. Өйткені
Қазақстан бұл идеяны ұсынып қана қойған жоқ, Қазақстан осы жыл
дардың өн бойында дәйім бұрынғы кеңестік кеңістіктегі басты инте
гратор ретінде көрініп келді. Кез келген ірі шаруа аяқастынан керемет
нәтижелер бере қоймайды. Еуразиялық экономикалық одақтың
жаңа құрылған тұсына Батыс әлемі мен Ресей арасындағы күрделі
шиеленістер, түрліше «санкциялық соғыстар» тап келді, сондықтан
бұл экономикалық одақтың әлеуеті қазірше толық ашылмай тұр.
Бірақ мемлекеттеріміздің алдынан байтақ та байсын нарық ашып
беретінінің өзі оның болашағы жарқын екенін көрсетеді.
О бастан-ақ маған бұл жобаның өзіміз талайдан көз жазып қалған
ізгілікке, жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталуы маңызды,
тіпті бір есептен басымырақ та болып көрінді. Неге десеңіз, біздің
бәріміздің сан ғасырлық ортақ тарихымыз бар, бірлесе өмір сүру
дәстүріміз бар, ортақ тағдырымыз бар. Халықтарымыздың бәрі бір-
бірімен, қазақша айтқанда, «ішек-қарны араласып» кеткен. Оның үстіне
жұрттың бәрі әлемде интеграциялық бірлесу үдерісі жүріп жатқанын,
айталық, Еуропалық Одаққа біріккен елдердің өркендеп тұрғанын
әрі ешқайсының да саяси егемендігінен айырылмағанын көріп отыр.
Әрине, біз Еуразиялық экономикалық одақ құруға біртіндеп, саты
лап келдік. Мысалы, әуелдегі Еуразиялық экономикалық қоғамдас
тықтың басты жетістігі — Беларусь, Қазақстан және Ресей арасындағы
Кеден одағын құру туралы келісімнің жасалғандығы. Бара-бара оған
Қырғызстан мен Армения қосылды. Айтқандай, бұл елдер кейіннен
Еуразиялық экономикалық одаққа да қосылды. Өйткені олар бұл
арада ескі саяси құрылымдарды емес, бұрынғы КСРО-ны қалпына
келтіруді емес, ұлттық мемлекеттердің экономикасы ықпалдастық
арқауы бола алатынын басшылыққа алып отырғанымызға көз жет
кізді. Негізінде өмір тәжірибесі өткен тарих та, тіпті тіл мен діннің
бірлігі де, қуатты этностық диаспоралар да нағыз ықпалдастық үшін
аздық ететінін көрсетіп беріп отыр. Бір діндегі, бір тілді арабтардың
ара-дара жүргені осы сөзімнің дәлелі. Кірігудің нақты басты мүддесі
экономикалық мүдде болғанда ғана ол баянды.
ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық етуіміздің де, Саммитін ойдағыдай
өткізуіміздің де, АӨСШК-нің бастамашысы болып, он жылдың ішін
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 466 —
де оны құруға қол жеткізуіміздің де, Еуразия экономикалық одағы
аясында ортақ базарымызды байтақ етуіміздің де мәні үлкен, әри
не. Сонымен бірге, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы сырт
қы саясатының ең басты жетістігі басқада. Ең жақсы сыртқы сая
сат — ішкі саясаттың жарасымды жалғасы. Елдегі қоғамдық-саяси
тұрақтылыққа сыртқы саяси жағдай жасаудың тетігіне, ұлттық қа
уіпсіздіктің бір кепіліне айналса, елдің экономикалық, әлеуметтік,
зияткерлік және мәдени дамуының, іштей реформалануының қо
лайлы сыртқы жағдайларын қамтамасыз етсе, міне, ең жақсы сыртқы
саясат — сол. Әншейін ана елмен де татумыз, мына елмен де татумыз
дегенді ғана сезінуден келер пайда шамалы. Сондықтан да мен тәу
елсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап сыртқы саясаттың, былайша
айтқанда, «экономикалануына» қатты назар аудардым. Бұл отандық
дипломатияның жаңа белеске, саяси прагматизмді басты қағидат
етіп ұстанатын белеске аяқ басуы екенін елшілерге ерекше ескерт
тім. Ол үшін біздің дипломаттарымыз мына әлемде жүріп жатқан
күрделі үдерістерден барынша экономикалық артықшылық таба
білуге, халықаралық қарым-қатынастардан біздің еліміз үшін пайда
лы үрдістерді көре білуге тиіс болды. Елшілердің қызметіне берілетін
бағалар қатарына сол елден тартылған инвестиция көлемі де қосылды.
Елдің өз ішіндегі «Алдымен — экономика, одан кейін сая
сат» қағидатын біз белгілі бір дәрежеде халықаралық қарым-
қатынастарымызда да қолдандық. Президенттің жанындағы Шетел
инвесторлары кеңесін сол үшін құрдым. Менің халықаралық сапар
ларым барысындағы негізгі мәселелердің бірі Қазақстанға инвести
циялау мәселесі болып келгені сондықтан. Тәуелсіздік жылдарында
Қазақстан экономикасына құйылған шетелдік төте инвестициялар
дың көлемі 400 миллиард доллардан астам соманы құрады. Бұл іс
жалғасып жатты. Тек бір ғана 2020 жылдың өзінде (бұл коронавирус
індеті басталып, алыс-беріс азайған кез) елімізге 17,1 миллиард тіке
инвестиция келген, соның көмегімен шетел қатысатын құны 1,6 мил
лиард долларлық 41 инвестициялық жоба іске қосылған, жаңадан
7 мыңнан астам жұмыс орны құрылған. Сырттан құйылған қаржы
ның 90 пайызы Еуроодақ елдерінің, АҚШ-тың, Ресейдің, Қытайдың,
Оңтүстік Кореяның, Түркияның, Біріккен Араб Әмірліктерінің, басқа
да белді елдердің үлесіне тиеді. Инвестициялар бізге неге келеді?
Себебі, инвесторлар бізге сенеді. Әлемде бізді сыйлайды. Мықты
экономикасы бар, халықаралық қоғамдастықта лайықты орны бар,
уәдесіне берік, шетел инвесторларына тиісті жағдай жасай алатын,
қаржының қайтарым беретініне кепілдік ете алатын мемлекет деп
сыйлайды. Біз бұл мәртебені бағалаймыз.
Соқпақсыз сыртқы саясат
— 467 —
Тәуелсіз мемлекетімізді батыстық демократия қағидаттарына не
гіздеп, алдыңғы қатарлы азиялық мемлекеттердің тәжірибесін және
еліміздегі көптілді, көпдінді қоғамның ерекшеліктерін ескере отырып
құруды әуелден ойластырған едік. Сол ойымызды орындауға сыртқы
саясатымызды орайластыра алдық. Қазақстанның мемлекеттілігі мен
тәуелсіздігін нығайтуға әлемдік қауымдастықпен ықпалдастықты кү
шейтуді құрал етіп қолдана білдік. Халықаралық бедел — салиқалы
сыртқы саясат пен дәйекті ішкі дамудың жиынтығы. Біз соған қол
жеткіздік.
Осы орайда тұңғыш сыртқы істер министрі Т. Сүлейменовтің, осы
қызметті ұзақ жылдар бойы атқарған Қ. Тоқаевтың, Е. Ыдырысовтың
сіңірген еңбегін атап өтуге тиіспін, олар маған тиімді сыртқы саясат
қалыптастыруға көмектесті.
Бұл жылдар ішінде демократия деген сөз өте жиі қолданылатын
болды. Оны батыс елдері, әсіресе АҚШ жағы аузынан тастамайтын,
бізді демократияға үйретуден шаршамайтын. Мен реті келгенде
былай дейтінмін: «Иә, біз демократия жолына түстік. Жаңа бастап
жатырмыз. Сіздер осы жолмен ғасырлар бойы жүріп келесіздер.
Біз жолдың басындамыз. Өзіміздің дәстүріміз, мәдениетіміз, төл
тарихымыз бар. Дініміз басқа. Мұның бәрін ескермеуге болмайды.
Америка соншалықты діннен, соншалықты тілден құралған ел. Қан
дай қиыншылықтарды бастан кешкенін білеміз. Бар болғаны осыдан
елу жылдай ғана бұрын ақ нәсілділер мен қара нәсілділер бөлек-
бөлек автобусқа мініп келген ел бізді қалай үйретеді»… Осындай
сөзді мен АҚШ-тың да, Еуропаның да саяси лауазымды адамдарына
айтып келгенмін. Тыңдайды, жағдайымызды түсінгендей болады,
бірақ баяғыны қайтадан бастайды. Саясаттың құлдары. Бұл жөнін
де Сингапур басшысы Ли Куан Ю өте нақты жауап берген. «Кейбір
жағдайларды есептемегенде, демократия дамушы елдерге бірде-бір
жақсы үкімет алып келген емес… Азиялықтар үшін пайдалы нәрсе
америкалықтар мен еуропалықтар үшін міндетті түрде пайдалы
болып шыға бермейді. Батыстың тұрғындары жеке тұлғаның бостан
дығы мен айрықша құқықтылығын бағалайды. Азиялық, қытайлық
мәдениеттің үлгісі бойынша мен еңбексүйгіш және тиімді үкіметті
бағалаймын» деген еді ол.
Қазақстанның сыртқы саясатының басым мақсаты — мемлекет
шекарасының өн бойында өзіндік бір сенім мен тату көршілік бел
деуін құру.
— 468 —
ШЕГЕНДЕЛГЕН ШЕКАРА
ЕЛДІКТІҢ БАСТЫ БЕЛГІСІ
Мемлекеттілік негізі — аумақтық тұтастық. Шекарасыз мемлекет
болмайды. Елдіктің басты белгісі — заңды түрде белгіленген аумағы.
Мемлекеттік шекара — тәуелсіздіктің басты белгілерінің бірі. Ел
дерді жақындататын да шекара, алыстататын да шекара. Достық та
осы жерде өріледі, қастық та осы жерде көрінеді. Елдер дос болса —
шекара жарастықты жалғастырады, елдер қас болса — алауыздықты
арттырады.
Біздің Конституциямызда республиканың егемендігі оның бүкіл
аумағын қамтитыны, мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғыл
мауын және бөлінбеуін қамтамасыз ететіні көрсетілген. Ал бұған
толық қол жеткізу үшін көп жұмыс атқаруға тура келетінін уақыттың
өзі дәлелдеп берді.
Демократиялық қағидаттар халықаралық қарым-қатынастарда
орныға қоймаған өткен замандарда бір елдің бір елге басып кіруі, сол
жерді өз иелігіне айналдыра салуы қалыпты жайға айналып кеткен.
Есте жоқ ескі кезеңдерді қозғамай-ақ қояйық, бергі уақыттың өзінде
шекаралас елдердің арасында жер үшін қаншама қанды қырқыс
болғанын білеміз. Саясаткерлер, дипломаттар өз еңбектерінде Эфио
пия мен Сомали, Иран мен Ирак, Израиль мен араб елдері, Үндістан
мен Пәкістан, Аргентина мен Ұлыбритания, Қытай мен Үндістан
арасындағы келіспеушіліктен шыққан қанды қырғындарды мысалға
келтіріп, іс жүзінде қазіргі заманның саяси картасы сан түрлі әскери
қақтығыстар мен отаршылдық соғыстардың, ұлт-азаттық қозғалыс
тарының нәтижесінде қалыптасқан деп санайды. Америка Құрама
Штаттарының өзі, мысалы, Мексикамен шекара дауын әлі шеше
алмай келеді. 1846–1848 жылдардағы американ-мексика соғысынан
кейін Штаттарға өткен үлкен аумақ үшін мексикалықтар әуелі
15 миллион долларлық контрибуция, одан кейін 1853 жылғы шекара
жылжытуда 10 миллион долларлық өтем алса да, демаркация бары
сындағы талас-тартыс тоқтамай тұр. Жыл сайын 1 миллионнан астам
адам Мексикадан АҚШ-қа заңсыз өтіп кетеді екен. Трамптың шека
Шегенделген шекара
— 469 —
раны биіктігі 4–5 метрлік металл қабырғамен жауып шығу талабы
да аяқсыз қалды. 3200 шақырымды металмен бітеп тастау АҚШ-тай
бай елге де оңайға түспейді. Қытайдың Жапониямен, Вьетнаммен
арасында аумақтық талас аз емес. Ресей мен Украинаның шекараға
қатысты қайшылықтары бауырлас екі ел арасын кәдімгідей алыс
татып жіберді. Олар шекара белгілеу жөніндегі жұмысты бастап,
Азов теңізі маңындағы бір кішкентай аралға байланысты тоқтамға
келе алмаған да, содан келіссөздер жалпы тоқтап қалған. Сонымен
бірге, әлемдік практикада шекара мәселелерін өркениетті, бейбіт
тәсілдермен, өзара уағдаластықтар негізінде реттеудің талай жақсы
мысалдары бар екенін де айтады.
Өкінішке қарай, өткен замандарда жалпы халықаралық қарым-
қатынастарда, соның ішінде біз құрамында болған Ресей империя
сында, одан кейінгі Кеңес Одағында шекара мәселесіне тиісінше
көңіл бөлінген жоқ. Мысалы, Қытайдың Ресейге территориялық
талап қоюы сонау Цин империясы ыдыраған кезден бері жалғасып
келеді. Сан түрлі ғасырларда Қытай бүкіл Байкал бойы мен Қиыр
Шығыстың талай жеріне көз салумен болған. Патшалық Ресей олар
дың ешқайсысына пысқырған емес. Ол саясатты большевиктер де,
кейіннен коммунистер де жалғастырды. Фактілерге сүйенген аргумент
іздеп жатпай-ақ, шекарада талқылайтын мәселе жоқ деп түйеден
түскендей түйе салу оларға түкке тұрмайтын. Громыкоға «Мистер
Нет» деген ат содан қойылған. Олай болатыны — Ресей империясы да,
Кеңес Одағы да дәйім Қытайдан әскери күші жағынан да, экономика
лық қуаты жағынан да басым түсетін. Тіпті алдын ала айтқан сөзден
тая салу да кеңестік сыртқы саясатта кездесе беретін. Қазақстандық
белгілі дипломат Вячеслав Ғизатов «Время перемен» атты кітабында
өзі КСРО Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеп жүрген кездегі
мына бір жайды әңгімелеген. Министр Э. А. Шеварднадзе қытай
лық әріптесі Цянь Цичэньмен келіссөз кезінде кеңес басшылығы
Хабаровск маңындағы басы даулы екі аралды Қытайға беру жөнінде
шешім қабылдағанын айтады. Кеңестік дипломаттар Бейжіңге ұшып
шыққанда делегация басшысы И. А. Рогачев жол жүрердің алдында
Саяси бюрода болған әңгімені жеткізеді. «Оның сөзіне қарағанда,
кеңес-қытай шекарасы картасын іле бастағанда Горбачев карталарды
орнына қойдыртады да, Бейжіңге қандай ұсыныспен баратында
рын сұрайды. Рогачев Шеварднадзе қытай министрімен Хабаровск
маңындағы екі аралды ҚХР-ға беруге уағдаласқанын, шекара бо
йынша басқа мәселелердің бәрі де келісіліп біткендіктен, бұл мәселе
келіссөздің табыстылығын қамтамасыз етуге тиістілігін айтқанда
Михаил Сергеевич өктем үнмен қытайларға ешқандай арал беріл
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 470 —
мейді дейді. Рогачев, әрине, Цянь Цичэньге айтылған уәденің жайы
қалай болатынын сұрағанда «Сендер дипломат емессіңдер ме, осындай
жағдайдан сытылып кетуге тиіссіңдер» деген жауап алады. Демократ
президент солай дегенде оған дейінгілердің не дей алғаны белгілі.
Лениннің «Для интернационалиста вопрос о границах второсте
пенный, если не десятистепенный» деген сөзі белгілі. Қолы жеткен
жерін қосып ала берген патша өкіметі де, кешегі кеңестік өкімет те
шекараны өктемдік жолмен шешіп келгені мәлім. «СССР с кем хочет,
с тем и граничит» деген қылжақ сөз солай шыққан. Негізінде, шекара,
шек сөздері жеткен жер, таусылар тұс тұрғысында ауызекі сөзде де
мөлшердің, шаманың, меженің белгісі ретінде, асып кетуге, басып
өтуге болмайтын шеп ретінде айтылады. «Шектен шығу» — шамадан
асудың, оғаш түсудің белгісі. Орыс тілінде де артық әңгімеге, әрекетке
барма дегенді «не переходи границу дозволенного» деп сөйлейді.
Кеңес Одағы сынды алып мемлекеттің ыдырауы оңай болған жоқ.
Тоқсаныншы жылдардың басында бұрынғы КСРО-ның күнгей ше
каралары тұрақсыздық пен әскери шиеленіс шебіне айналып шыға
келді, Ауғанстандағы соғыс шекараны аттап өтіп, Тәжікстандағы
азаматтық жанжалдарға жалғасты. Оның бер жағында Қазақстан
қол созым жерде тұрған еді. Жауапсыз саясатшылардың бауырлас
халықтар — өзбектер мен қырғыздарды бір-біріне айдап салғанын
да, қырғыз-тәжік шекарасында су мен жер үшін әлденеше қақтығыс
болғанын да көрдік. Қырғыз-тәжік шекарасында 2021 жылы орын
алған қысқа мерзімдік қарулы қақтығыстың негізгі себебі де екі ел
арасындағы мемлекеттік шекараның бекітілмеуі.
Осындай шетін жайлардың бәрін ой елегінен өткізе келгенде, біз
тәуелсіздік табалдырығында тұрғанда-ақ шекара мәселесі тағдыр
шешті мәселе екенін айқын көрдік.
Жалпы, қалыптасқан шекараларды қайта қарауға шақырудың
қандайы да тек шатаққа бастайды. Мен Германияның Сыртқы істер
министрі Ганс Дитрих Геншермен тәуелсіздікке дейін-ақ кездескен
едім. 1991 жылғы қарашада. Сонда Геншер менің шекараның мыз
ғымастығы қағидаты туралы айтқанымды толық қолдады. Ол Еуро
падағы соғыс атаулының бәрі шекараның төңірегінен шыққанын,
сондай даудың бәрі насырға шапқанын айтты. Арғы замандарда
талай жерлер талай мемлекеттердің қарауында болды, көбі қазір
жоқ мемлекеттер. Сондықтан, бәрін тарихқа тірей беретін болсақ,
шекара туралы даудың қандайының да мәні қалмайды. Бұл әбден-ақ
есте ұстайтын сөз.
Егер белгілі бір рудың, тайпаның өрісі мен қонысын сол рудың,
тайпаның шартты түрде болса да шекарасы деп қарасақ, өзіміздің
Шегенделген шекара
— 471 —
қазақта да жайылымдық, шабындық жер үшін ағайын арасында
айтысып-тартысып, кейде қамшы, шоқпар сілтесіп, тіпті бас жарып,
көз шығарып қалатын жағдайлар кездеспей тұрмаған. «Жер дауы,
жесір дауы» деп келетін сөздердің себебі содан. Қаншама тәуелсіз
елмін десең де, шекараң ашық-шашық жатса, ол іргедегі көршілердің
тарапынан түгел мойындалмаса, ондай тәуелсіздіктен береке шықпай
тыны белгілі. Жер дауы түпкілікті шешілмесе, ел ішінде тыныштық,
тұрақтылық болмайды, тұрақтылық жоқ жерде экономика алға
баспайды, ал бұл екеуі жоқ жерде мәдениет пен ғылымның алға
жылжуы мүмкін емес.
Шекара қай ел үшін де маңызды. Ал теңізге шыға алмайтын
мемлекет үшін тіпті маңызды. Қазақстан — сондай мемлекет. Бұл
сипатымыз бүкіл экономикалық саясатымызға дәйім әсер ететін
болады. Сондықтан да біз теңізге шыға алатын көршілерімізбен
қарым-қатынасқа ерекше құнттылықпен қарауға тиіспіз. «Теңіз
дерді» өзіміз жасауға тиіспіз. Біздің бір «теңізіміз» — Ресей. Тағы
бір «теңізіміз» — Қытай. Осы екі мемлекетті теңіз деп санасақ, біз
солардың жағасында тұрмыз. Әрине, бұл айтқаным — бейнелі сөз.
Экономикалық интеграция арқылы шекара шептерін кеңейте алаты
нымызды білдіргенім. Бірақ Қазақстанның теңізге тікелей шығатын
мүмкіндігі жоқ мемлекеттер қатарында қала беретіні де анық. Біз
үшін шекара тек көршіге өтуді, көршіден қайтуды ғана емес, көрші
арқылы бүкіл әлемге шығуды да білдіреді.
Шекара мәселесі — мемлекеттілігіңнің тағдырын айқындайтын
мәселе. Сондықтан да біз тәуелсіздігіміздің таңсәрі шағында-ақ
геосаяси жағдайымыздың өзіндік ерекшелігі елдің қауіпсіздігін
қамтамасыз етуде ең алдымен саяси құралдарға, оның ішінде кө
кейге қонымды, сарабдал дипломатияға арқа сүйеуді талап ететінін
нақты түсіндік. Сөйттік те ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі
қағидаттары елдің мемлекеттік және аумақтық тұтастығын бәрінен
бұрын бейбітсүйгіш саясат, қалыптасқан шекаралардың мызғымас
тығын қорғау арқылы қамтамасыз ету болуы тиіс деп белгіледік. 1991
жылғы аласапыран кезінде бет-бетімен кетудің аз-ақ алдында тұрған
елдер басшыларының басын өзімізде қостырып, Тәуелсіз Мемлекет
тер Достастығын құрған Алматы Декларациясында кеңестен кейінгі
республикалардың мемлекеттік шекаралары КСРО тараған кездегі
бұрынғы кеңестік республикалардың әкімшілік-аумақтық шекарала
ры болады деп көрсетілуіне қол жеткіздік. Ресми түрде белгіленген,
бекітілген шекараны қай мемлекеттің де бір жақты бұзуы немесе қайта
қарауға тырысуы халықаралық құқыққа қайшы келеді деген ұста
ныммен Алматы Декларациясына қол қоюшылардың бәрі де келісті.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 472 —
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң әлемнің саяси картасы негізінен
белгіленіп болғаннан кейін де қаншама территориялық қақтығыстар
өткені мәлім. КСРО тарих сахнасынан кетуге жақындаған кезде ра
дикалды ұстанымдағы саясаткерлер, ашықтан-ашық ұлтшылдық
бағыттағы қайраткерлер бір кезде әділетсіз бөлінген деп санаған
шекараларды қайта қарауды талап етіп жатты. Шекара дауларын
келіссөз жолымен реттеудің мүмкіндігі табылмаған тұстарда тіпті
бір елдің ішіндегі, тіпті «ерікті елдердің мызғымас одағы» деп са
налып, гимнде шырқап келген КСРО-ның өзіндегі республикалар
арасындағы шиеленісті қарым-қатынастар тікелей қақтығыстарға
соқтырды. Таулы Қарабақ дауы солай шыққан еді.
Қазақстанның мемлекеттік шекарасын белгілеу ісін біз еліміздің
халықаралық құқықтың барлық нормалары мен қағидаттарын то
лық сақтайтынын мәлімдеуден бастадық. Бұл жұмысты қай елден
бастадық?
Әрине, Қытайдан.
ЕСЕ ЖІБЕРМЕЙ ЕСЕПТЕСУ
Неге Қытайдан?
Бізге КСРО-дан қалған ауыр мұра көп еді. Солардың ішіндегі ең
ауыры — шекара мәселесінің шешілмегендігі. Оның ең үлкені — Қы
таймен екі арадағы шекара мәселелері. 1700 шақырымға созылған
шекараның өн бойына бұрын қаптаған қарулы күш шоғырланды
рылған-ды. Қытай-кеңес шекаралары ұзақ жылдар бойы шиеленіс
шебі болып келгені белгілі. Екі ел арасындағы шекара дауының әбден
шегіне жеткен жері — Даман аралындағы 1969 жылғы қақтығыс. Онда
жүздеген адам оққа ұшқан. Сондай қақтығыстардың бірі қазақ жерін
де де орын алды. Дәл сол жылы Жалаңашкөлде кеңес және қытай
әскерлерінің қанды қақтығысы өткенін де ұмыта қойған жоқпыз —
Семей аймағында қытай әскері шекараны бұзып өтіп, біздің жерімізге
кіріп кеткен еді.
Біздің Қытаймен шекарамыздың белгіленуі негізінен Ресей-Қытай,
КСРО-Қытай қатынастарының қалай қалыптасқанына тікелей бай
ланысты.
Қазақстан-Қытай шекарасының айқындалу тарихы ұзақ. Кемінде
үш ғасырдай уақытты алып жатыр. Ал жалпы қағаз жүзінде ресімделе
басталуының өзіне 150 жылдан асты. Қазақ жері Ресей империясы
ның құрамында болған кезде Ресей мен Қытай арасындағы шекара
алғаш рет құжатталған. Оның өзі Ресей мен Цин империясының
Шегенделген шекара
— 473 —
Орталық Азиядағы геосаяси мүдделеріне тікелей байланысты. Сол
тұста Жетісуға төрт жақтан бірдей дәмелілер шыққан еді. Бұл құй
қалы аумаққа осы жердің байырғы иесі ретінде қазақтар, жердің
біраз бөлігін нақты басып алған Қоқан хандығы, Жоңғарияны жең
ген, сөйтіп, оның қол астындағы аумаққа иелік етуге құқым бар деп
санаған Қытай, қазақ хандарынан орыс мемлекетіне адалдыққа ант
қабылдаған Ресей таласты. Осындай жағдайда Ресейдің де, Қытай
дың да сол жердегі өздерінің иеліктерін таңбалайтын шекаралық
шептерді белгілеп алуға мүдделілік танытуы заңды еді. Оның үстіне
ахуал да тыныш емес болатын. Атақты ақынымыз Мағжан Жұмаба
евтың «Арты — ор, алдында — көр, жан-жағы жау, Дағдарған Алаш
енді қайда бармақ?!» деген жолдары сол заманның сұрапыл суреті,
шыңғырған шындығы еді.
Шыңжаңдағы бітпейтін де қоймайтын ұлттық көтерілістерден
қажыған Қытай да Іле өлкесіндегі шекарасын заңдастырып алуға
ықылас танытты. Ресей мен Қытай арасындағы аумақтық шектеу
жөніндегі келіссөздер Шәуешекте 1862 жылы басталған. Оның хат
тамасына 1864 жылы қол қойылған. Шәуешек хаттамасы бойынша
қазақтар аумақтық шектеу бекітілген кезде олардың көшіп барған
жерлері қай елдің аумағында қалса, сол елдің бодандары ретінде
белгіленген. Қазақтың көптеген руларының бөлініп, ол елде де, бұл
елде де тұрып келгені содан. Әлгі қилы кезеңнен мынандай бір әңгіме
айтылады. Ресей жағынан, Қытай жағынан шекара белгілеушілер
келіп, «Мемлекеттер жерді межелеп алды, шекара мына жерден
өтеді, қай ауыл қай жақта қалатынын шешіп, сол жаққа көшсін» деген
сияқты әңгіме айтқанда асып-сасқан қазақтардың бірі: «Тақсыр, осы
біз ешкімге қарамайтын болсақ, осы жерде өзімізбен өзіміз тұра бер
сек қайтеді?» дейтін көрінеді… Бұл да шекара белгілеудің халықтар
тағдырына, адамдар тағдырына қандай әсер ететінін көрсететін жай.
Шәуешек хаттамасының тез орындалмауының бір себебі — Шың
жаңдағы дүнгендер мен ұйғырлардың көтерілісі. Ақыр аяғында 1871
жылы Ресей әскерлері Жоңғарияның стратегиялық тұрғыдан маңыз
ды саналатын Іле өлкесіне еніп, оның орталығы — Құлжаға бекініп
алады. Мұның соңы Цин империясы үкіметінің Іле өлкесін өзіне беру
туралы мәселе көтеруімен, ілелік ұйғырлар мен дүнгендердің Ресей
бодандығына өту жөнінде өтініш білдіруімен, соған байланысты екі
елдің арасы едәуір ушығуымен, 1881 жылы Петербург шартына сәй
кес шамамен 70 мыңдай ұйғырлардың, дүнгендердің, қазақтардың
Ресей империясының аумағына көшуімен біткен. Осы арада, сөз
ретін пайдаланып, Джонатан Айткеннің кітабындағы «Қытайдың
Шыңжаң провинциясында бір миллионнан астам қазақ тұрады.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 474 —
Қазақстанда шамамен 100 мың қытай ұйғырлары тұрады» деген
сөздің бұрыстығын айтқым келеді. Қазақстанда «қытай ұйғырлары»
тұрмайды, Қазақстанда қазақстандық ұйғырлар тұрады. Олар қазір
біздің ұйғырлар.
Ресей империясының шекара белгілеу кезінде талай жерде бел
ден басып жібергені, тіпті кей тұста шекараны Қытай жағына қарай
10–15 шақырымға дейін жылжытып қоюға да барғаны белгілі. Әсіре
се, 1917–1922 жылдардағы Азамат соғысы кезінде шекара қараусыз
қалып, белдеулік бағаналардың талайы жойылған.
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында, яғни Мәскеу мен Бей
жіңнің арасындағы идеологиялық текетірес әбден асқынған кезде кеңес-
қытай шекарасындағы жағдай да қиындаған. 1964 жылы басталған
келіссөздер ақыры үзіліп қалған. Ол кезде Бейжің КСРО-ға Қытай
ға тиесілі делінетін 34 мың шаршы километр «даулы аумақтарды»
қайтару жөнінде талап қойған. Қытай Халық Республикасының
Мемлекеттік Кеңес Премьері Чжоу Эньлай шекарадағы таласты
учаскелер жөніндегі мәселенің шешілмеуі қантөгіске соқтырмай
қоймайды деп мәлімдеген сол кезде. Бұл мәселенің ушыққаны сон
шалық, 1967 жылы ҚХР сыртқы істер министрі Чэнь И кеңес-қытай
қарым-қатынастарын үзу және соғыс жариялау мүмкіндігі жөнінде
мәлімдеуге дейін барғаны, ал Чжоу Эньлай АҚШ-пен соғыстан бұрын
Қытай мен КСРО арасында шекара соғысы басталуы мүмкін екенін
аңғартқаны белгілі. Ал 1969 жылғы екі қанды қақтығыстан кейін ядро
лық қаруға ие екі ірі социалистік держава соғыстың ернеуіне келіп
тірелген еді. Сол тұста Кеңес Одағы мен Қытай ықтимал соғысқа да
йындалды деп айтуға да болады. Түркістан әскери округіне қоса жаңа
дан Орта Азия әскери округі құрылғаны мұның нақты дәлелі. Тянь-
Шаньның екі бетіндегі талай асуларға әскери техника толтырылып,
бекіністер, аэродромдар мен арсеналдар, доттар, дзоттар салынған.
Қазір ел шетіндегі Нарынқол жаққа барсаңыз, олардың ізі әлі тұр.
Қазақстан сол тажалды текетірестің нағыз өтінде еді. Әйтеуір,
абырой болғанда, үлкен жанжалдың өрті өрши қойған жоқ. Ресей им
периясы да, Кеңес Одағы да Қытаймен шекараны түпкілікті анықта
маған күйі тарих сахнасынан кетті. Соңдарына дау-дамай шығатындай
көп мәселені қалдырып кетті. Ол түйіннің бәрін кейін біз тарқаттық.
Қазақстан — Қытай шекарасының барлық мәселелерінің халықа
ралық заңнама талаптарына сәйкес реттелуі — біздің дипломатия
мыздың жарқын жетістігі. Біз небәрі он жылдың ішінде Қытаймен
территориялық мәселені толық реттестіре алдық. Демаркацияланған
шекараның жалпы ұзындығы 1783 километрді құрады. Өткен ғасыр
дың 60 жылдарында басталып, әлемнің екі ірі ядролық державасын
Шегенделген шекара
— 475 —
қарулы қақтығысқа жеткізген, оны былай қойғанда, кәдімгі соғысқа
жақындатуға дейін барған талас жаңа жағдайда толық шешілді.
Шекара сызығын белгілеу жөніндегі жұмыс екі кезеңнен тұрды.
Әуелде, 1994 жылы шекараның ұзына бойындағы сызықтың өтуі
туралы келісімге қол қойылды. Талас тудыратын учаскелер ғана ол
келісімнен сырт қалдырылды. Мұның өзі екі жақтың шетін мәселелер
бойынша келісуге әзірлігін қуаттаған үлкен қадам еді.
Журналистер жағы сол кездегі Қытай басшысы Цзян Цзэминьмен
жеке қарым-қатынасымыз екі елдің арасындағы шекара мәселесін
шешудің үлкен факторы болды деген пікірді жиі айтады, жазады. Бұл
жөнінде не дей аламын? Мұндай үлкен саяси мәселе тек жеке қарым-
қатынас арқылы шешілді деу біржақтылау болар еді. Келіссөзде әр
мемлекет өз мүддесін қорғауға тырысады. Бұл істе тек нақты білім,
мықты айғақтама керек. Екі елге де тиімді ұсыныстар және мәміле
қажет. Осылардан кейін жеке қарым-қатынастың көмегі болуы мүмкін.
Менің Қытай еліне алғашқы ресми сапарым 1993 жылдың қаза
нында жасалды. Қытай тарабы ол сапарға ерекше мән беріп, бөлек
ше қонақжайлық танытты. Сонда Қытай басшылығы халықаралық
істерде барлық мемлекеттердің, олар үлкен болса да, орташа болса
да, тіпті кіші болса да, тең құқықты қарым-қатынас жасауын табанды
түрде жақтайтынын көрсетті. Қазір де көрсетіп келеді. Қытай тара
бы менің екі ел арасындағы шекараны делимитациялауға кірісуге,
сондай-ақ, кезінде Қытай Халық Республикасы мен Кеңес Одағының
арасында басталып, үзіліп қалған қарулы күштерді қысқарту және
шекара маңындағы сенімді нығайту, екі ел арасында достық қарым-
қатынас орнату жөніндегі келіссөз үдерісін жалғастыруға шақыр
ған ұсынысыммен де толық келісті. Қытай басшысы Цзян Цзэминь
шекараны заңдық тұрғыдан қағазға түсіру жөніндегі ұсынысты да
бірден қолдады. Келіссөз кезінде ол Қытай Қазақстанға территория
лық талаптар қоймайды, шекара мәселелері бізге тарихтан мұраға
қалған, ал оларды келіссөз жолымен, тең құқықтылық қағидаты,
мәмілеге келу және өзара жол беру негізінде шешуге болады деген
өте маңызды мәлімдеме жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр мен
көлеңке» атты кітабында Цзян Цзэминьнің «Шекара проблемасын
тым сүрлей бермей екеуміз шешуіміз керек: басшылардың келер
буындары бұл мәселені шеше алмайды, ондай жағдайда біз өзіміздің
ұрпақтарымызға көп қиындықтар қалдырамыз» деген сөзін келтіреді.
Ол рас. Бұл жөнінде сол әңгімеге қатысқан Қуаныш Сұлтановтың
да жазғаны бар. «Қытай өзімен шекаралас 15 мемлекеттің ішінде
Қазақстанмен бірінші болып толық шекаралық келісімге қол қойды»
дейді біздің Қытайдағы бұрынғы елшіміз. Бұл сөзге түсініктеме артық.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 476 —
Цзян Цзэминь екеуміздің шекара төңірегіндегі әңгімеге тікелей
араласып отыруымызға тура келді. Делегациялар бір учаске жөнінде
қайта-қайта айтысып, таласып қалып отырғанын естідім. Ұзындығы
екі шақырымдай жер екен. Әбден қарадық. Таулы-тасты жер. Тіпті
шөп те өспейді. Астынан қазба байлық шығып қалып жүре ме деп,
ол жағын да егжей-тегжейлі тексерді. Ештеңе табылмады. Сонда мен
Қытай басшылығына айттым, осындай алақандай жер үшін шекара
айқындау процесін тоқтатып қоймайық, сіздер ұлы елсіздер ғой, сол
жердің 40 пайызын алыңыздар да, 60 пайызын бізге қалдырыңыздар
деп. Ақыры дәл солай шешілді де.
Айналасындағы 15 мемлекеттің ешқайсымен ғасырлар бойы ше
кара бекітпей келген елмен қарым-қатынасымызда жаңа геосаяси
ахуалмен санасу қалыпты жайға айналғаны үшін, сондай жағдайға
жеткізген тәуелсіздігіміз үшін шүкіршілік етемін. Ең басты мәсе
лені — шекара мәселесін шеше алғанымыз екі елдің арасындағы
достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға негіз болды.
Әрине, шекара белгілеуде шешуші сөз мемлекеттер басшылары
на тиесілі. Елдің осы істегі саясатының тұжырымын ел басшылары
айқындайды. Қытайдың сол кездегі Төрағасы Цзян Цзэминьмен іш
ашысып ұзақ сөйлескенім қиын түйінді тарқатуға қолайлы жағдай
жасады. Сонымен бірге, стратегиясы белгіленген шаруаның такти
калық тұрғыдан ойдағыдай жүзеге асырылуы, яғни келіссөз про
цесінің көңілдегідей жүргізілуі, шекараның заңдық тұрғыдан мінсіз
ресімделуі, тиісті адамдардың ұпайымызды жіберіп алмайтындай
біліктілік, табандылық, елшілдік, мемлекетшілдік танытуы да өте
маңызды. Қазақстанның жас дипломатиясы сол биіктен табылғанын
айтқым келеді. Бұл істе Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби қытай
танушы екенінің көп ықпалы тиді. Қазақстан-Қытай келіссөздерін
жүргізуде мұның өзіндік маңызы болды.
Шекара жөніндегі келіссөзді қиындатқан негізгі мәселе — әуелден
талас тудырған учаскелер. Бұл жайында «Правда о государствен
ной границе Республики Казахстан» деген кітапта егжей-тегжейлі
жазылған, соқырға таяқ ұстатқандай нақты көрсетілген. Ол кітапты
оқыған адамның Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік
шекараны белгілеу кезінде біздің ешқандай есеміз кетпегеніне көзі
жетеді.
Қытайдың өзінде де Қазақстанмен шекара жөніндегі шартқа жұрт
тың бәрі бірдей риза болған жоқ. Аспан асты елінде Қытай үкіметі
Қазақстанға «жер беріп қойды» деушілер табылды. Олардың
арасында әскери адамдар көбірек еді. Бейжіңнің бұл істегі ұстаны
мы Гонконг пен Тайвань тарапынан да кезінде сыналғанынан жақсы
Шегенделген шекара
— 477 —
хабардармын. Олар Қытай өзінен әлдеқайда әлсіз мемлекетке «жол
беріп алды» деп санайтынын білдірген еді.
Екі жақтың сынаушыларына да мына жайды айту керек. Таласты
территориялар деп аталған жерлер — таласты территориялар. Ол
жерлерді біздің жеріміз еді деп кесіп айтудың да, ондай жерлер өзге
елге өткенде өз жеріңнен айырылғандай қиналудың да, ондай жерлер
өзіңе өткенде өзгенің жеріне ие болғандай қуанудың да реті жоқ. Бұны
тарихи әділдіктің қалпына келуі деп санау керек. Мұндай анықтау,
дәлдеу дипломатияда болып тұрады. Мысалы, демократиялық үрді
стер орнығып, халықаралық қарым-қатынастарда заңдылыққа тоқтау
қалыптаса бастаған кезде жүргізілген жаңа келіссөздер барысында
Даман аралының Қытайға тиесілі екені анықталған. Сөйтіп, Даман
Қытайға өткен. Ол арал қазір Чжэньбаодао деп аталады. Он тоғызын
шы ғасырдағы Ресей-Қытай құжаттары бойынша бекітілген картаға
қарап қана қатып қалса, кейбір елді мекендердің тағдыры басқаша
шешілуі мүмкін еді. Бір-екі мысал келтірейін. Шығыс Қазақстанның
Марқакөл ауданындағы Николаевка поселкесі сол кездегі тарихи
шарттармен бекітілген карта сызығына сүйенсек, Қытай аумағын
да қалуы тиіс болып шықты. Сол аудандағы Қызыл-Үй-Енке деген
шатқалдағы елді мекенді 1930 жылдарда кеңес үкіметінің рұқсаты
бойынша қытайлар игеріпті. Қытайлар әлі де тұрып жатыр екен.
Карта бойынша ол жер Қазақстанның аумағында қалуы тиіс. Қайтпек
керек? Бір ғасыр бұрынғы шарттан хабары да жоқ адамдардың не
жазығы бар? Қытай жағымен өзара тіл табыса отырып, Николаевка
Қазақстанда қалдырылды, тиісінше, Қызыл-Үй-Енке Қытайға қара
тылды. Халықаралық тәжірибеде шекараны жергілікті жерде анағұр
лым ыңғайлы белгілеу үшін аумақтардың аздаған бөлігін ауыстыру
бұрыннан бар. Мысалы, КСРО мен Польша арасындағы 1951 жылғы
15 ақпандағы шарт бойынша екі жақ экономикалық тиімділігіне
байланысты көлемдері бірдей екі аумақты алмастырып алған.
Шекара бекіту — қиямет-қайым жұмыс. Әсіресе әр әріпке әрі де,
бері де қарайтын қытайлықтармен ортақ құжат жасау оңай емес. 1997
жылы Алматыда қол қойылған бірінші қосымша келісімнің көлемі
1300 бет екендігінен-ақ атқарылған жұмыстың алапат ауқымы көрініп
тұр. Делимитация жасалып, яғни шарт қағазға қатталып шыққан
соң маңызы да, ауқымы да одан кем түспейтін екінші белес — де
маркация басталады. Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараға
еларалық белдеу белгілерін қойып бітіру бес жылға созылып, 2001
жылы аяқталды. Осы уақыт ішінде ұзындығы 1783 шақырымдық
мемлекеттік шекараның ұзына бойына 688 шекара бағаны қойылып
шыққан, оның 346‑сын Қазақстан жағы, 342‑сін Қытай жағы орнатқан.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 478 —
Ірі де игі іс тиянақ тапқан тұста Қытай компартиясының белді қыз
меткерлерінің бірі шекара туралы келісімге қол қойылғаннан кейін біз
оны дәл осы құжатта белгіленген күйінде картаға түсіреміз, бұрын біз
мұндай міндеттеме алған емес едік деп мәлімдеді. Ертеректе, кеңес-
қытай қатынастары барынша шиеленісіп тұрған кезде кейбір карта
ларында қазақ жерінің Балқашқа дейінгі бөлігін Қытай аумағы етіп
бейнелеген елде мұндай сөздің ресми түрде айтылуы өте маңызды.
Шекара туралы шарттарды Біріккен Ұлттар Ұйымының Секрета
риатында бекітудің де мәні үлкен болды. Мұның өзі ол құжаттар
дың заңдылығы мен бұлжымастығының қосымша кепілдігін осынау
әлемдік ұйымның беделімен тиянақтай түсуді білдіреді. Бұл жұмыс
та атқарылды.
Осылайша, Қазақстан Қытаймен заңды түрде бекітілген шекараға
ие болды. Ол шекара достық шекарасына айналды.
1999 жылғы 23 қарашада Бейжіңде «Қазақстан Республикасы мен
Қытай Халық Республикасы арасындағы шекаралық мәселелерді
толығымен реттеу туралы бірлескен мәлімдеме» аталатын құжатқа
қол қойылды. Онда «Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық
мәселелердің толығымен реттелгені» қанағаттанғандық сезіммен
атап өтілген, «Бұл екі жақты қарым-қатынастарда тарихи маңызға ие,
Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілік және достық қарым-
қатынастардың одан әрі дамуына ғана ықпал етіп қоймайды, сонымен
қатар осы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты ұстап тұруға да
қолайлы жағдай туғызады» деп қадап айтылған. Өте маңызды бұл
мәлімдемеге Қытай тарапынан Цянь Цичэнь, Қазақстан тарапынан
Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Көршісі дұрыстың көңілі тыныш.
ТАЛАСПЕН ТАБЫЛҒАН ТҮЙІН
Шекараға арналған тарауда Қытаймен қарым-қатынастың бөлекше
аталатын жөні бар. Қанша дегенмен, бұл ел — Ресей империясы құра
мында тұрғанымызда да, Кеңес Одағының құрамында болғанымызда
да біздің сол кездегі ортақ Отанымызбен бәсекелескен, тайталасқан,
тірескен, идеологиялық жағынан күрескен, тіпті қарулы қақтығысқа
дейін барған ел. Ал күні кеше кеңестік кеңістікте бірге өмір сүрген
республикалардың реті басқашалау. КСРО ыдырағанда біздің бейбіт
тарауымыздың өзі көп жайды аңғартады. 1991 жылғы 21 желтоқ
санда бұрынғы КСРО құрамындағы 11 республиканың басшысы
менің бастамам бойынша Алматыға жиналып, Тәуелсіз Мемлекеттер
Шегенделген шекара
— 479 —
Достастығын құру туралы келісімге қол қойғанда тараптар сол кезде
қалыптасқан шекаралардың мызғымастығын мойындайтынын да
мәлімдеген. Демек, ТМД атты жаңа құрылымға енген елдермен ара
дағы мемлекеттік шекараларды белгілеуде анау айтқандай қиындық
болмауы тиіс. Негізінде, солай болды да.
«Негізінде» дейтінім неліктен? Себебі, бұл елдермен шекара мәсе
лесінде де бірқатар қиындықтар туды. Өткен тарауда Ресейдің кейбір
саясаткерлерінің тарапынан әуел бетте Қазақстанға территориялық
талаптар қойылғанын, бұған байланысты маған мемлекет басшысы
ретінде ресми мәлімдемелер жасауға да тура келгенін айтқанмын.
Көрші елге астамси қарау, өкінішке қарай, тіпті Ресейдің басшылығы
тарапынан да аңғарылып қалып жүрді.
Кеңес Одағы тарағаннан кейін Ресей басшылығында бұрынғы
кеңестік республикалардың бөлініп шығуын, тәуелсіз мемлекет ата
нуын уақытша құбылыс, көп ұзамай жөнделетін қателік сияқты
көретін көзқарас талайға дейін сақталып келді. Черномырдиннің өзі
Қазақстанға келгенінде осында Ресейдің елшісі бар екеніне таңданған
дай қалып танытқанын, «Егер Қазақстан өзін Ресейге тәуелсіз мем
лекетпін деп санаса, онда тағы бір ойлансын» дегенін теңгені енгізуге
арналған тарауда жазғанмын. Жаңа жағдаймен бірден келісе қою,
бұған бірден көне қою қиын-ақ еді. Оңай ма, бірер жыл ғана бұрын
өзіңді аға, ақылшы тұтатындар енді өзіңмен тең сөйлеуге тырысып
тұрса, Мәскеуге іссапарға ағылып келіп, қонақүйден орын таба алмай,
әкімшінің бетіне телміріп жүретіндер енді өзің сияқты Вашингтонға,
Парижге, Лондонға барып, отельдерге орналасып жатса, оларға да
өзің сияқты шет елдерден делегациялар келіп, олар да өзің сияқты
халықаралық шарттар жасасып жатса. Оңай емес.
Сол кезде біздің дағдарысты ахуалда болғанымыз соншалық, кез
келген теориялау мәнсіз тірлік секілді көрінетін еді. Тек жан бағудың
жайымен жанталасып жататынбыз. Нақ сол кезде кейбір әңгүдіктер
жаңа тәуелсіз мемлекеттердің шекараларын қайта қарауды ұсынып
жатты. Осыншалық күрделі жағдайда, тарих безбеніне ұлт тағдыры
ның өзі түскен кезде, біз парасаттылық пен сабырлылық сақтадық та,
барлық алыс-жақын көршілермен түбегейлі келіссөздер өрістетіп,
елдің аумақтық тұрақтылығын орнықтыруға, сыртқы шекарасын
нығайтуға кірістік. Ең әуелі біз Қытай Халық Республикасымен шекара
аумағын анықтап алып, онымен екі жақты шартқа қол қойдық. Атап
өтуге болады, бұл нағыз жарып өту еді, өйткені бұрын патшалық
Ресей де, Кеңес Одағы да Қытаймен шекара мәселесін біржолата
шеше алмаған-ды. Біздің жағдайда мәселе ойдағыдай шешілді, әрі
бір ғана рет және біржола, ешқандай күмән мен бүкпесіз шешілді.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 480 —
Мемлекеттік шекара жөніндегі мәселелердің реттелуі және біздің
екі бірдей аса ірі көршілермен тиісті шарттарға қол қоюымыз ел
деріміздің арасындағы сенімді бүлдіруді мақсат еткен барлық қайта-
қайта көтеріле берген долбарлар мен саяси саудаға салудың аузына
құм құйды да, ол елдер біздің жақсы көршілеріміз бен әріптестеріміз
күйінде қалып отыр.
Әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы — Қазақстан мен Ресейдің ара
сындағы шекара: 7591 шақырым. Осыған сай екі ел арасындағы шека
ра келіссөздері де ұзақ жүрді: бас-аяғы 13 жылға созылды. Қазақстан
дипломатиясының бет-бейне бедеріне айналған көп бағытты дәйекті
саясаттың заңды нәтижесі 2005 жылы 18 қаңтарда өзінің мән-маңызы
жағынан тарихи оқиға — Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекет
тік шекара туралы шартқа қол қойылу болды. Елдің бас газеті «Егемен
Қазақстан» «Ғасыр шарты» деп атаған осы тарихи құжатқа қол қойы
луымен біздің ел өзінің құрлықтағы шекараларының халықаралық
құқықтық хатталуын толық аяқтады. Шарт күрделі келіссөз үдерісінің
және екі ел сарапшыларының ұзақ жылдарғы мұқият жұмысының
нәтижесі болды. Ал оған екі мемлекет басшыларының 1998 жылғы
6 шілдедегі Бірлескен мәлімдемесі, сондай-ақ Мемлекеттік шекара
ны делимитациялау туралы 1998 жылғы 12 желтоқсандағы Хаттама
негіз қалады. Тарихымызда тұңғыш рет біз өзіміздің стратегиялық
әріптесіміз — Ресеймен заң жүзінде ресімделген мемлекеттік шека
раға ие болдық. Біз бұл арқылы замандастарымыздың алдында да,
болашақ ұрпақтардың алдында да мақтана аламыз.
Бұған қалай қол жеткізілді?
Қытаймен шекара мәселесін шешуде ел басшысы Цзян Цзэ
миньмен жеке қарым-қатынасымыздың да өзіндік орны болғанын
айтқанмын. Ресей президенті Борис Ельцинмен адамдық аралас-
құраластығымыз да осы іске өзіндік әсерін тигізді. Менімен телефон
арқылы сөйлескенде Мемлекеттік Дума қабылдаған қаулылардың
Ресей Федерациясының халықаралық құқық субъектісі ретіндегі
мәртебесіне қатысы жоқтығын, Дума қаулыларының қандай да бір
құқықтық салдары болмайтынын қуаттаған адам да нақ Борис Ни
колаевич болатын. Екі ел басшыларының осы мәселеде салған беттен
тіл табысуы көптеген мәселелерді асықпай-саспай, тарихи құжаттар
негізінде, жөнімен қарастыруға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік
шекарасын делимитациялау жөніндегі келіссөздер 1999 жылдың
қыркүйек айында басталған. Келіссөздердің Астанада, Мәскеу мен
Алматыда ғана емес, Қазақстанның шекара шебіндегі жеті облыс
орталықтарында, Семейде, Ресейдің шекаралық өңірлеріндегі тоғыз
Шегенделген шекара
— 481 —
қаласында, сондай-ақ, Санкт-Петербургте өткізілгені мәселені сол
жерде нақты қарауға, саяси, экономикалық, заңдық, географиялық,
тарихи, мәдени, ұлттық және басқа да қырларынан егжей-тегжейлі
талдауға жағдай жасады. Барлық мәселелерді реттеуге жұмсалған
бес жарым жылдың ішінде келіссөздердің 50 раунды, олардың ішінде
делегациялардың 26 кеңейтілген отырысы, жұмыс топтарының 13
кездесуі, аз адамдық аядағы 11 кездесу өткен екен. Қыруар жұмыс
атқарылған. Екі жақ та мәселені кейінгі ұрпақтарға шешілмеген
мәселе қалмайтындай етіп қарастыруға тырысты. Кешегі кеңестік
кезеңдегі басшылардың республикалар, олардың шекаралары деген
ұғымдарды тіпті елеусіз етіп жібергені соншалық, Қазақ КСР-і мен
РСФСР арасындағы республикааралық шекара, КСРО Конституция
сына қайшы күйде, көршілес облыстардың өзара келісілген кезекші
карталарына, жер орналастыру мен орман орналастырудың кереғар
материалдарына ғана негізделген болып шықты. Соның салдарынан
шекараның біраз жерінде шаруашылық даулар туындап, бір тер
риторияның қағаз жүзінде екі республикаға қарап келгені сияқты
жайларға дейін анықталды. Ал Қазақстанның жеті облысы — Атырау,
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар
және Шығыс Қазақстан облыстары Ресей Федерациясының он екі
субъектісімен — Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор,
Челябі, Қорған, Түмен, Омбы, Новосибирск облыстарымен, сондай-ақ
Алтай өлкесі мен Алтай Республикасымен шектесетінін еске алсақ,
бұл шекараның әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара екенін тағы да
айтсақ, мәселелердің қаншалықты көлемді екенін шамалауға болады.
Негізгі қиындық республикааралық шекараның межелес облыс
тар арасындағы кезекші карталармен (оның өзіне облыстық атқару
комитеттерінің төрағалары ғана қол қойған) бекітілгенінде болып
шықты. Шекараның картографиялық материалының графикалық
қосымшасы берілмеген. КСРО-ның кезінде мұның үлкен кемшілік
саналмағаны белгілі. Әкімшілік-аумақтық шекаралар шаруашылық
жүргізуге, елді мекендерді орналастыруға онша кедергі келтірмейтін.
Айталық, Қазақстанның РСФСР құрамындағы автономиялық респуб
лика кезінде халықтың ұлттық құрамының қалыптасып үлгерген
арақатысына орай, Орынбор облысының біраз жері, Орынбор қаласы
(Қазақ АССР-нің астанасы болып тұрған кезінде) РСФСР-ға беріліп,
Астрахан облысындағы бұрынғы Бөкей ордасына қараған жерлер
автономиялық республикаға өткен.
Қытаймен шекара белгілеудегі сияқты кейбір мәселелер бұл жер
де де алдан шықты. Қостанай облысындағы Қарабалық ауданының
Огнеупорный поселкесінің басы дауға түскені жақсы есімде. Ол по
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 482 —
селке бұрынғы әкімшілік-аумақтық шекара сызығына жақын жерде
орналасқан. Жетпісінші жылдарда қалыптасқан бұл елді мекен
ді Магнитогорск металлургия комбинаты (атақты Магнитка) 1993
жылы 40 жылдық мерзімге жалға алған екен. Поселкенің бүкіл ин
фрақұрылымы түгелдей сол комбинаттың балансында. Ресей жағы
Огнеупорныйды маңайындағы 520 гектарлық жерімен қоса өздерінде
қалдыруды, орнына сол поселкенің оңтүстік жағынан 520 гектарлық
егістік жер беруді ұсынды. Талай жылдан бері Магниткамен етене
байланысып кеткен, оның үстіне тұрғындары түгелдей дерлік орыс
ұлтының өкілдері болып келетін поселке адамдары Ресей Федерация
сына қарауды қалады. Негізінен бидаймен айналысатын Қарабалық
ауданына қосымша егістік жер артық етпейді. Поселке мен егістік
жер алмастыру екі жақтың да көңілінен шықты. Шығыс Қазақстан
облысының Бородулиха ауданы мен Алтай өлкесінің Локтев ауда
ны арасындағы Локоть елді мекенінің маңындағы егістік жерлер де
осылай алмастырылды. Таласып-тартысып барып, түйіні табылған
осындай учаскелер біраз. Тек өндірістік-экономикалық мәселелермен
ғана емес, құқықтық, консулдық, шекаралық-кедендік ресімдермен
де байланысты проблемалар шығып отырды. Екі елдің азаматтары
ондай қиындықтарға жиі ұшырасатын. Мәселен, кезінде мен Батыс
Қазақстан облысының Ресейдің Саратов және Волгоград облыста
рымен түйісетін тұсында орналасқан Таловка кентінің тұрғындарынан
хат алдым. Оған қол қойған 100‑ден астам тұрғын мынаны жазды:
Ресейдің көрші аудандарында тұратын туған-туыстарына барып қайту
үшін өтуге және жүгін алып өтуге рұқсат керек, ал оны алу үшін 200
шақырымнан астам жердегі шекаралық-кедендік бекетке баруға тура
келеді, ал екі ауыл арасындағы қашықтық 18 шақырым ғана. Осының
бәрі қоғамдық пікірге, әсіресе шекаралас аудандардағы пікірге әсерін
тигізеді. Сондықтан шекаралық аумақтар тұрғындарының шекарадан
өтуінің оңайлатылған тәртібі туралы келісімнің әзірленуін жеделдету,
сондай-ақ екі елдің кедендік заңдарын жақындастыру және кедендік
құжаттарға бірдей талаптар белгілеуді дәйекті жүргізу қажет етілді.
Бұл орайда Қазақстанның Ресеймен шекара мәселелері бойынша
келіссөз жүргізетін үкіметтік комиссиясына жетекшілік еткен Мұрат
Атановтың еңбегін бөле атауға болады. Жалпы, еліміздің шекарала
рын түпкілікті бекіту ісіне арнаулы тапсырмалар бойынша елшілер
Вячеслав Ғизатов, Асқар Шәкіров, Биғали Тұрарбеков, Зүлфия Аман
жолова көп үлес қосты.
Бұл құжатты жеріне жеткізуге Ресей президенті Владимир Пу
тинмен ортақ тіл табыса, бүгінгі және болашақ ұрпақтарымыздың
мүддесін ойлай отырып, бірлесе атқарған жемісті жұмысымыздың
Шегенделген шекара
— 483 —
шешуші әсері болды. Владимир Владимирович бұл мәселені ұдайы
назарда ұстады. Мемлекеттер басшыларының бұл іске тікелей арала
суы көп түйінді тарқатты дей аламын. 2005 жылдың 18 қаңтарында
менің Ресей Федерациясына ресми сапарымның барысында біз бұл
Шартқа қол қоюдың шын мәнінде тарихи оқиға екенін атап айттық,
қадап көрсеттік. Мен бұл Шарт бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең ірі
екі елдің ынтымақтастығын сапалы жаңа белеске шығарады дедім.
Ресей президенті шекарадағы қарым-қатынасты реттеу өзара сенімді
арттыратынын айта келіп, мұның өзі Қазақстанның егемендігін Ресей
тарапының толықтай тануы екенін жеткізді, шарт бауырлас халықтар
дың жан-жақты кемелденуіне бағытталған стратегиялық әріптестіктің
жаңа кезеңінің басы деді. Иә, расында да, сол күні қадым замандардан
қазақ-орыс елдері арасында шекара бірінші рет заңды түрде тар
тылды. Қазақстан мен Ресейдің ортақ тарихы қалыптасқан. Біз қай
кезде де қуаныш пен қайғыны бірге бөлістік. Жарты бидайды жарып,
бүтін бидайды бөліп жедік. ХХ ғасырда әлем тарихындағы ең зұлмат
соғыста бірге шайқастық, жауды бірге жеңдік. Сондықтан да рухани
жағынан аса жақынбыз. Шекараны белгілеу шарасы Ресей үшін де
тарихи оқиға, бұған дейін империялық Ресей деген идеология енді
түп-тамырымен жойылып, халықтар арасындағы сенім бекітіле түсті.
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының өзара сенімге негізделген
жаңа кезеңі басталды.
Шекара жөніндегі әңгіме басталғанда талай жұрт Өзбекстанмен
келіссөздер қиын жүретін шығар деп шамалайтын. Олай болған
жоқ. Қазақстан басшылығы да, Өзбекстан басшылығы да о бастан-ақ
1991 жылғы Алматы Декларациясының барлық қол қоюшы мемле
кеттер қазірге дейін қалыптасқан шекаралардың мызғымастығын
мойындайды деген ұстанымына берік болды. Ең қиын жағдайларда
да біз ағайындас екі елдің дәстүрлі достығын, тарихи тамыры терең
туыстастығын ту етіп ұстап отырдық.
Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасы алғаш рет 1924–1925 жыл
дарда Орта Азия республикаларының ұлттық аражік ажыратуды
жүзеге асыру кезінде белгіленген. Ол кезде Қазақстан РСФСР-дің
құрамында болғандықтан әңгіме РСФСР мен Өзбек КСР-інің арасын
дағы шекара туралы екені түсінікті ғой. Екі республика арасындағы
қарым-қатынасқа едәуір салқынын тигізген жағдай — 1956 жылы
Бостандық ауданының, Мырзашөлдегі біраз жердің Қазақ КСР-інің
құрамынан алынып, Өзбек КСР-інің құрамына берілгені. Әрине, ол
кездегі тәсілдер бойынша алдымен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
аталған жерлерді Өзбекстанға беру жөнінде қаулысы, ал арада үш
күн өткеннен кейін Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің Қазақстаннан беріл
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 484 —
ген жаңа жерлерді қабылдап алу жөнінде қаулысы, араға ай салмай
жатып КСРО Жоғарғы Кеңесінің Қазақ КСР-і мен Өзбек КСР-нің ше
караларын ішінара өзгерту туралы қаулысы қабылданған. Былайша
айтқанда, Мәскеу екі республиканың өзара келіскен уағдаластықта
рын құжаттап қана қойған. Соған қарап, «Е, өзіміз солай шешкен
екенбіз ғой» дей қалудың қажеті жоқ. Өйтсек, 1986 жылы Қазақстан
коммунистерінің таңдаулы өкілдері республика басшылығына Кол
бинді өздері қалап алғандай болып шығады. Сондай заман еді ғой.
Бостандық ауданын Өзбекстанға берудің жайы 1956 жылғы 13 ақ
панда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «Қазақ КСР-і мен Өз
бек КСР-інің арасындағы шекараны ішінара өзгерту туралы» Жар
лығымен шешілген. Бірақ оның хикаясы сонау отызыншы жылдардан
басталады екен. Әуелде Өзбекстан коммунистік партиясының Орта
лық комитеті мен республика үкіметі КСРО Бүкілодақтық атқару
комитетінің алдына Қазақ КСР-інің Бостандық ауданының «Шыр
шыққұрылысқа» жақын орналасқан бөлігінің аумағы мен тұрғын
дарын Өзбек КСР-інің құрамына беру жөнінде өтініш айтуы туралы
шешім қабылдайды. Бұл шешім Қазақ АКСР-інің тиісті мемлекеттік
және партиялық құрылымдарымен алдын ала келісілмейді, бірден
Мәскеуге тіке жіберіледі. Ұсыныс, әрине, Қазақстан басшылығы
ның тарапынан теріс қабылданады. Ол кезде Мәскеу Қазақстанның
ұстанымын қолдайды да, мәселе жабылады. Бірақ арада жиырма
жыл өткенде Кремльдің көзқарасы қайтадан өзгереді. Себебін жаңа
айттым. Бір республика жер сұраған, екінші республика жер беруге
келіскен. Екі жақтың да Жоғарғы Кеңестері ол шешімдерді мақұл
даған. Құжаттардың ресімделуінде мін жоқ.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімінде экономиканың ор
тақтығы, территориялық жақындық, шаруашылық және мәдени бай
ланыстардың тығыздығы көрсетілген. Өзбек КСР-і Жоғарғы Кеңесінің
шешімінде өзбек халқының атынан бауырлас қазақ халқына сол
жерлерді бергені үшін терең алғыс сезімі білдірілген. Осынау достық
акт КОКП ХХ съезінің директиваларына байланысты шаруашылық
құрылысында жалпымемлекеттік міндеттерді ойдағыдай шешуге
септеседі және өзбек пен қазақ халықтарының мызғымас достығын
одан әрі нығайта түседі деп атап өтілген. Қысқасы, белгілі бір тер
риторияны екінші одақтас республикаға беру актісі сол кезеңдегі
кеңестік демократиялық нормалар мен қағидаттар аясында, барлық
конституциялық ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылған.
Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында бірқатар қоғамдық қозғалыс
тар мен партиялардың өкілдері кезінде Өзбекстанға өткен Бостандық
ауданын қайтарып алу мәселесін үстін-үстін көтерумен болды. Мұндай
Шегенделген шекара
— 485 —
талап қою қалыптасқан тарихи жаңа жағдайда, жаңа геосаяси ахуалда
атымен жөнсіз еді. Бұл Өзбекстанмен қарым-қатынасты түбірінен
үзуге алып келетін жол еді. Кезінде Қазақстанға қараған кейбір аудан
дарды республикаға қайтару жөніндегі талаптарға қатысты кезінде,
Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайында мынаны мәлімде
генмін: Мұндай ойланбай айтылған сөздер, жауапсыз жазылған газет
материалдары бауырлас халықтардың арасына жік салып, онсыз да
ушығып тұрған ұлтаралық қатынастарды шиеленістіргеннен басқа
ештеңе де бермейді. Біз тәуелсіз мемлекеттердің аумақтық тұтастығын
жақтаймыз, бүгінгі қалыптасқан шекаралардың мызғымауы тиіс
екенін қуаттаймыз, арандатушылыққа ермейміз.
Мұндайда қазақтың «Өнбес дауды болмас жігіт қуады» деген сөзіне
тоқтау керек. Кезінде Қоқан хандығына қарап тұрған еді деп біздің
біраз жерімізге олар көз тіксе, не айтар едік? Өйте берсек, Қазақ Авто
номиялық Кеңестік Социалистік Республикасы болып тұрғанында
Қарақалпақстанның Қазақстанға қараған кезі де бар. Сонда біз енді
Қарақалпақстанды даулауымыз керек пе? Ондай-ондай әңгіменің
бәріне барлық тараптар салауат айтуы тиіс.
Еншіміз бөлінбей келген замандарда ортақ тарихымыздың та
лай беттері Ташкентте жазылғаны рас, жиырмасыншы ғасырдың
басындағы зиялы қауымымыздың талай ірі тұлғалары сонда білім
алғаны, тіпті алғашқы жоғары оқу орнымыз — Қазақ педагогика
институтының негізі Ташкентте қаланғаны рас. Бауырлас екі ха
лықтың ортақ қазынасы аз емес. Қалың қазақ ұйысқан Бостандық
ауданы тұрмақ, Ташкенттің өзінде де қазақтар өте көп тұрған. Көп
тұрғаны сонша, 1924–1925 жылдарда Орта Азия республикаларының
ұлттық-аумақтық межеленуі барысында Ташкентті қазаққа астана
ету төңірегінде кәдімгідей пікірталас болған. Леонид Левитиннің «Уз
бекистан на историческом повороте» деген кітабында: «Ташкенттің
маңайындағы жерлерде қазақтар көп тұратынына сүйеніп, Ташкентті
Қазақстанға беру жөніндегі мәселе қызу таласқа түсті. Егер тиісті
архив құжаттарын мен өзім оқымасам, мұндайлық ақылға сыймай
тын сөздің айтылғанына сенбес едім» деп жазылыпты. Автор дұрыс
айтады. Осы мәселенің кәдімгідей айтыс арқауына айналғанының өзі,
тарихшының мұның «абсурд» екенін дәлелдеуіне мүмкіндік беретін
қажетті архив құжаттарының сақталуының өзі бұл қаланың қазақ
жүрегіне де қаншалық жақындығын тиянақтай түседі. Айтқандай,
Өзбекстан астанасы 1930 жылы ел ортасындағы Самарқаннан — сонау
ХІV ғасырдағы Әмір Темір заманынан мемлекет астанасы болып келе
жатқан қаладан ел шетіндегі Ташкентке ауыстырылған. Ташкентте
талай жыл би міндетін атқарған Төле би бабамыздың бейіті қаланың
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 486 —
қақ ортасында. Ислам Каримов 1993 жылы 28 мамырда қазақтың үш
ұлы биі — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке биді ардақтауға арналған
Ордабасы биігіндегі жиында сөйлеген сөзінде «Біздің базарымыз
да бір, мазарымыз да бір» деген. Одан екі күн бұрын, 26 мамырда
біз И. Каримов екеуміз Ташкентте болып, Төле би мен Шайхантаур
кесенелеріне тәу еткен едік.
Онсыз да қазақ-өзбек шекарасына қатысты бірқатар мәселелер
қордаланып қалған. Мысалы, бұрын бекітілген шекара Келес өзенінің
арнасы бойынша деп белгіленген. Ал Келес («Сарыағаш» санаторийін
де демалғанда талай көргенмін) аса үлкен болмаса да, ағыны қатты
өзен. Тасқын кезінде арнасынан шығып, жарды соғып, жағалауын
өзгертіп те жібереді. Бір жолы өзен тасығанда Келестің суы төрт
шақырым жердегі Сарыүйсін ауылына дейін жеткен екен. Осы жайды
ескере келіп, енді шекараны Келестің қазіргі арнасы бойынша тар
туға уағдаластық. Шардара су бөгені маңайында кезінде Өзбекстанға
уақытша пайдалануға берілген жерлер бар еді.
Екі елдің арасындағы ең қиын тұс Қазығұрт баурайындағы Бағыс
пен Туркестанец елді мекендерінің мәселесі болып шықты. Кезінде
бекітілген топографиялық карталарды қайтадан дәлдеп, салғастыра
келгенде мемлекеттік шекара осы екі елді мекенді кесіп өтетіні
анықталған. 1940 жылы бекітілген картаға Бағыс түспеген, ол кезде
поселке атымен болмаған екен, ал 1963 жылы бекітілген картада
поселке бар болса да белгіленбей қалыпты. Оның үстіне екі елді
мекеннің тұрғындары да түгелдей Қазақстан аумағында қалғылары
келетіндерін жеткізген. Өзбек жағы Бағыс елді мекеніне ешқандай
дау айтпағанымен, Туркестанец поселкесінің КСРО тарағаннан кейін
Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарауына беріл
генін еске салды. Осы екі арада ұлттық интеллигенцияның кейбір
топтарының мәселені қолдан ушықтыруымен дау-дамай қыза түсті.
Қызғаны сондай, ақыр аяғында тіпті Бағыс тұрғындары өздерінің
«тәуелсіз Бағыс Қазақ Республикасын» жариялап, «президентін»
сайлап та жіберді. Газеттер шулап ала жөнелді. Оны кәдімгі сепа
ратизм көрінісіндей бағалау басталды. Негізінде мұның өзі бір ауыл
тұрғындарын улатып-шулатып, заңды жолмен шешілуі тиіс мәселені
аяқастынан саясиландыра алған белгілі топтардың бүлдіргіш әрекет
терінің нәтижесі болатын. Бұл тұста да барлығын салқын сабырға
салдық. 2002 жылғы 4 шілдеде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы
аумақтық межелеу мәселесіне байланысты арнайы жиын өткіздім.
Жиында Қазақстанның үкіметтік делегациясы шекара туралы не
гізгі шартқа қол қойылғаннан бергі алты айдың ішінде қалған үш
учаске бойынша мәселелерді шеше алмағаны үшін сыналды. Мен
Шегенделген шекара
— 487 —
1956 және 1963 жылдарда КСРО, Қазақ КСР, Өзбек КСР Жоғарғы
Кеңестерінің нормативті-құқықтық актілерінің негізінде белгіленген
әкімшілік-аумақтық шекараны айқындайтын заңдық актілер мен кар
тографиялық материалдарды ревизиялауды жақтайтын ұстанымды
жарамсыз деп таныдық. Содан бергі 40–45 жылдың ішінде Қазақстан
жағы шекараның тартылуының дұрыстығына дау айтпаған екен. Бағыс
пен Туркестанецке үкіметтік делегацияның мүшелерін, Парламент
депутаттарын арнайы жібердім. Олар жергілікті тұрғындармен қайта-
қайта кездесіп, өзбек жағымен шекараның осы таласты учаскелері
бойынша жүргізіліп жатқан келіссөз үдерісінің мәнін түсіндірді.
Ақыр аяғында Бағыс Қазақстан жағына қарады да, Туркестанецте
тұратын, бірақ Өзбекстан аумағында қалғысы келмеген қандастары
мыз көшіріліп алынды. Бағыс маңындағы 517 гектарлық тау биігіндегі
жайылымдық жерлер Қызылорда облысындағы Нысан‑1, Нысан‑2
және Баймұрат аталатын жартылай шөлейт аймақтағы елді мекен
дер аймағына ауыстырылды. Мұндай мәселелер Арнасай су бөгеті
маңайында да жөнімен қарастырылды. 2002 жылғы 9 қыркүйекте
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы
мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелері туралы шартқа қол
қойылып, ұзындығы 2351 шақырымдық шекараны делимитациялау
мәселесі біржолата шешілді. Бұл істе Өзбекстан президенті Ислам
Каримовтың осы мәселені ұдайы назарда ұстауының мәні де үлкен
болды.
Қырғызстанмен шекара бекіту әуелде тіпті оңай жүретін секілді
еді. Ауылымыз аралас, қойымыз қоралас ағайын емес пе? КСРО
Бүкілодақтық орталық атқару комитеті 1930 жылы қабылдаған «Қазақ
және Қырғыз АССР-лерінің шекаралары туралы» қаулы бар екен.
Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау
жөніндегі келіссөз үдерісі сол шекараны нақтылау және сызығын
белгілеу ұстанымдары бойынша жүргізілді. Екі жақ та бір-біріне
ешқандай аумақтық талаптар қойған жоқ. Соның өзінде бірнеше
мәселе туындады. Біреуі Хан Тәңірі шыңынан Семенов шыңына дейін
гі аралықтағы шекара сызығына байланысты еді. Бұрынғы КСРО-ның
картографиялық материалдары бойынша шекара жаңағы екі шыңның
арасын тіке қосатын сызық бойынша жүретін. Қазақстандық альпи
нистер, оның ішінде Эверестке алғаш көтерілген Қазыбек Уәлиев те
бар, екі шыңның арасындағы сызықты Қырғызстан территориясына
қарай біршама жылжытуды ұсынды, өйткені Хан Тәңіріне көтерілу
маршрутының негізгі бөлігі батыс бетпен, тау баурайының жайдақтау
жағымен өтеді екен. Сонымен бірге шамамен екі жарым шақырымдай
жерді Қырғызстан территориясы арқылы өтуге тура келеді. Әуелде
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 488 —
қырғыз жағы бұл ұсынысты қарастырып көруге дайын екенін біл
дірген, тіпті біздің ұсынысымызды ескеретін сипаттамалық жоба
дайындап та қойған болатын. Бірақ кейіннен делегация басшылығы
Хан Тәңірі шыңы маңайындағы шекара сызығына қандай да бір түзету
енгізуге үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Несі бар, бұл олардың құқы.
Ақыры сол тұстағы шекара бұрынғы КСРО-ның картографиялық
материалдарындағы тіке сызық бойынша белгіленді.
Шекараның Шу өзені бойынша өтетініне байланысты да біраз та
ласты жайлар туды. Жаңағы мен айтқан ВЦИК-тің 1930 жылғы қаулы
сына сай жасалған картада шекара сызығы Шудың арнасы бойынша
деп белгіленген. Бірақ одан бергі 70 жылдың ішінде өзеннің арнасы
кей тұста ауысқан екен. Қазақстан жағы шекараны Шудың қазіргі
арнасы бойынша белгілеуді ұсынды. Бұл ұсыныс қабыл алынды. Өйт
кені Шудың 1930 жылғы арнасының талай жері топырақпен көміліп
те қалыпты, оның орнына Тоқмақ қаласының біраз құрылыстары
бой көтеріпті. Қырғыз жағы Бішкек — Шолпан Ата тасжолының Қа
зақстан жері арқылы өтетін 800 метрлік учаскесін өздеріне қаратуды
сұраған еді, бұл өтінішті орындай алмадық, өйткені жаңағы учаскеде
қазақстандықтар жекеменшік құрылыстар салып үлгерген екен.
Елдер арасындағы шекара белгілеуде туысқандық, адамгершілік
жағы да ескеріліп отырды. Қырғыздарда Степное деген бір село бар.
Шекара сызығы сол селоның дәл жанынан өтеді екен. Шекара анықтау
барысында сол ауылдың қабір-қорымы Қазақстан жағында қалатыны
анықталады. Қырғыздар жаңағы тұстан 13 гектар жер беруді, яғни
ата-бабалары жатқан бейіттің аумағын өздерінде қалдыруды сұрады.
Мен бұл өтінішке түсіністікпен қарауды тапсырдым. Шыңғыс Айт
матовтың «Боранды бекетінде» космодром аумағында қалып қойған
ата-баба бейітіне бара алмай, жақындарын өз жерінде жерлей алмай
жүретін қазақтар драмасы суреттелгені осындайда ойға оралады.
Оның есесіне Жамбыл ауданының біраз демалыс үйлері мен саяжай
лары картографиялық талап бойынша қырғыздарда қалып қоюы ке
рек екен, олар бізге сол жерлерді Қазақстанға қосуға келісті. Сондай-
сондай басқа да ауыс-түйістер болды, олардың бәрі дау-дамайсыз
шешілді. Тіпті қырғыз ағайындардың Қарқара жайлауы жөніндегі
таласы да ақыры түйінін тапты. «Ақыры» дейтінімнің мәні былай.
Қырғызстандағы кейбір партиялар шекара мәселесін алаулатып-
жалаулатып, саяси ұпай жинаудың құралына айналдырды. Ең көп
ауызға алғандары — Алматы облысының Райымбек ауданындағы сол
Қарқара жайлауы. Айтатындары — ВЦИК-тің 1930 жылғы қаулысы.
Онда Қарқара жайлауы Қазақ және Қырғыз АССР-лары малшыла
рының ортақ өрісі болады деп көрсетілген. Госгеонадзордың Қазақ
Шегенделген шекара
— 489 —
және Орта Азия аумақтық инспекцияларының кезекші карталарында,
сондай-ақ 1930 жылғы 27 тамыздағы екіжақты актіде Қазақ АССР-інің
малшыларына Қарқара өзенінің оң жақ бетіндегі Қарқара жайлауы
тиесілі деп айтылғанына сүйене отырып, ол жер Қазақстанға қарауы
тиіс екені дәлелденді. Малға ортақ пайдалану деген кеңес кезіндегі
әңгіме. Ол заманда бір беткейде бір республиканың, қарсы беткейде
басқа республиканың малы жайыла беруі қалыпты жай еді. Бәрібір,
осы мәселенің басын ашуға тұтастай жеті жыл кетті — 2001 жылғы
15 желтоқсанда қол қойылған екіжақты Шартты Қырғыз Республика
сының Жогоргу Кенеші 2008 жылғы 17 сәуірде ғана ратификациялады.
Президенттерімен тіл тауып, сөйлесу де қиын, ауық-ауық ауысып кете
береді… Бір қызығы, Шартты ратификациялап алып, Жогоргу Кенеш
комиссия құрған да, комиссияға Қарқара жайлауын «қайтарып алу»
жөнінде қосымша келіссөз жүргізуді тапсырған. Орталық Азияның
көршілес елдерімен шекараны делимитациялау жөніндегі комиссияға
бастан-аяқ дерлік қатысқан азаматтардың бірі мұны былай әңгіме
лейтін: «Әрі Шартты ратификациялау, әрі оның қағидаларын қайта
қарауды талап ету көкейге қонымсыз жай еді. Қырғыз әріптесім, өзім
сыйлайтын академик Салауат Күлембекұлы Аламановтың менен осы
жағдайдан шығуға көмек сұрағандағы асып-сасқан түрі көз алдымда,
өйткені тәжірибелі кәсіби дипломат болғандықтан ол мұндай талап
тың мағынасыздығын жақсы түсінетін. Мен оған Қазақстан жағына
Қарқара учаскесі бойынша қосымша келіссөз жүргізу жөнінде нота
жолдауға кеңес бердім. Ол дәл солай жасады. Жауап нотамызда біз
бұл мәселе қазақ-қырғыз шекарасын делимитациялау барысында
ол жердің Қазақстанға тиесілі екенін даусыз дәлелдейтін құжаттар
дың негізінде түпкілікті шешілгенін және біздің бұл мәселеге қайта
оралып, қандай да бір келіссөз жүргізу ниетіміз жоқтығын атап
көрсеттік. Сөйтіп, Аламанов айтқанды істеді, Жогоргу Кенештің
тапсырмасын орындады. Былайша айтқанда, өгізді де өлтірмеді,
арбаны да сындырмады».
Түрікмен ағайындармен шекараны белгілеуге байланысты әңгіме
болғанда кейбіреулер о баста Маңғыстау жақта кезінде түрікмендер
түріп шығарылған жерлер бар емес пе еді, сол тұстарда талас туып
жүрмей ме деп күдік-күмән келтірген. Солай делінетіні рас. Бірақ,
бір жақсысы — мемлекеттер арасындағы шекараны белгілеу жұ
мысы «делінетін» дегендей сөзге сүйенбейді, жасалған Шартқа, ол
бойынша бекітілген картаға сүйенеді. Ол заманда сол жердің бәрі
ресми түрде бір елдің — Ресей империясының жері. Мына жерге
дейін қазақтікі, мына жерге дейін түрікмендікі деп кесіп, ешкімнің
қолына қағаз ұстатылмаған.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 490 —
Дегенмен, түрікмен басшылығы әуелгі бетте осы тақырыпты еп
теп қозғап та көрген. Сол елде елші болып істеген Вячеслав Ғиза
тов президентке сенім грамотасын тапсырғандағы әңгімені былай
келтіреді: «Ниязов әңгімені қазақтар кезінде түрікмендерге тиесілі
Маңғышлақты күшпен басып алған деп мәлімдеуден бастады. Мұны
айтып тұрғаным ол жерді қайтарып алуды талап ету емес, бірақ
тарихи шындықты мойындаған дұрыс дегенді қосып қойды. Менің
жағдайымды көзге елестетіп көріңіз: жаңа ғана Назарбаевтың достық
сәлемін жеткіздім, жауап орнына естігенім, аздап түсіндірмесі бар
демесеңіз, іс жүзінде территориялық талап. Мен бұлайша ұрынуды
елші ретінде ешқандай жағдайда да жауапсыз қалдырмауға тиіспін
деген ой миымды шарлай жөнелді».
Әрі қарай автор былай деп жазады: «Енді менің кезегім келді. Са
бырға түсіп, түрікмен лидерінің сөзіне қайтарар жауабымды жұптай
бастадым. Қазақтар, түрікмендер сияқты, көшпелі халық болған, егер
біз аттарымыздың тұяғына ілесіп жүре берсек, ол тұяқтар алысқа
алып кетуі мүмкін дедім мен».
Шындығында ондай ұсыныс ресми түрде айтылған жоқ.
Негізінде, Қазақстан мен Түрікменстанның шекарасы Үстірт ой
патындағы ел қоныстанбаған шөлейт даламен өтеді, ол жерлер
шаруашылық тұрғыдан игерілмеген де. Мемлекеттік шекараның
көп қиындықсыз бекітілгенінің бір себебі де сол.
Тарихи әділдік үшін мынаны айтуымыз керек. Бір кездегі хан
дықтан айырылып, отар күйге түскен елдің әуелде автономиялық,
одан кейін одақтас республика болып құрылуы, аумағының негізінен
қазіргі мемлекеттік шекарасы бойымен белгіленуі кеңес өкіметінің
алғашқы жылдарында жүзеге асқан еді. «Ресей халықтары құқықта
рының декларациясында» ұлттарға өзін-өзі билеу құқы, тіпті бөлініп
шығып, дербес мемлекет құру құқы берілетіні жазылғанымен, боль
шевиктер ол уәдесінде тұрмайтынын Түркістандағы ұлттық автоно
мия құру талабын қанға бөктіріп тұрып қайтарғанын көрген ақылды
Алаш лидерлері Орталықтың алдына Ресей федерация құрамында
болатын республикаға қол жеткізу талабын қойды, мақсаттарының
үдесінен шықты. Кейіннен, 1924–1925 жылдарда жүргізілген ұлттық-
аумақтық межелену барысында қазақтар тұтас тұрған талай өңір
(Түркістан, Хорезм, Хиуа республикалары аумағының 40 пайыздан
астамы) Қазақ АССР-інің құрамына қосылды. Межелену нәтижесінде
Қазақстанның аумағы 2 миллион шаршы километрден 2,8 миллион
шаршы километрге жетті. Осыған қарап та біз алдыңғы аға буында
рымызда шекара белгілеу жөнінде толымды тәжірибе жинақталған
еді деп те айта аламыз. Тәуелсіз Қазақстан дипломатиясы далалық
Шегенделген шекара
— 491 —
даналықтың дара дәстүрлеріне сүйене отырып дамыды. Еліміздің
сарабдал сыртқы саясаты жүздеген жылдар бойы ата-бабаларымыз
санаға сіңірген көсемдік пен шешендіктің, керек жерінде тіресіп
тұрып алатын күрескерлік қасиетінің, керек жерінде сөзге тоқтай
қалатын мәмілегерлік мәдениетінің бүгінгі заман талабына сай жа
расымды жетілдірілуінің арқасында қалыптасты.
Қазақстан халықаралық тұрғыдан мойындалған шекарасын заңды
түрде бекітіп алды. Осымен болашақтағы кез келген аумақтық дау
қатері жойылды. Егер шекарада бір шақырым жер қағазға қаттал
май қалса да, дәл сол жерден жанжал шыға келуі оп-оңай. Мұндай
мәселелер мемлекет қалыптасуының бастапқы белесінде шешілуі
тиіс. Әйтпесе, тарқатылмаған түйін күйінде ұрпақтан ұрпаққа ауыса
беруі де мүмкін. Сондықтан да мен егемендік қолға тиісімен ел шебін
құқықтық тұрғыдан айқындау жүгін өз мойыныма алдым. Бұл мақ
сатқа қол жеткізілді. Қазақстан жерінің шекарасы әлем картасына
біржолата түсірілді.
Владимир Владимирович Путин 2005 жылы 18 қаңтарда Кремльде
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы Шартқа қол қойыл
ғаннан кейін: «Нұрсұлтан Әбішұлы, егер мен сізді осыншалықты
жақын білмесем, дәл бұлай боларына сенбес те едім, бәлкім, бұлай
болмас та еді. Сіз Қазақстан үшін тарихта ешкім ешқашан істемегенді
және істемейтінді жасадыңыз» деді. Әрине, адамның өзі туралы жақсы
сөзді өзі келтіруі ыңғайсыздау екенін білемін, бірақ бұл сөз ірі тарихи
оқиғаға байланысты айтылғандықтан әрі Путиндей әр сөзін санап
сөйлейтін саясаткердің бағасы болғандықтан әдейі жазып отырмын.
Қазақтар үшін жер — сакральді ұғым. Біз ата-бабаларымыз ама
наттап кеткен Ұлы Далаға ие бола алдық және қиын кезде шебін
сақтай білдік. Мемлекет шекарасын көздің қарашығындай қорғау —
қай кезде де ұмытпайтын міндетіміз. Қарулы күштер мен шекара
қызметін үйлесімді нығайту маңызды.
Әр нәрсені тиісінше бағалаған жақсы. Ата-бабаларымыз жан алыса,
жан берісе жүріп қорғап қалған байтақ жерімізді түпкілікті заңдас
тыру арқылы ұрпақтарымыздың алаңсыз өмір сүріп, жасампаздық
жұмыспен айналысуына мүмкіндік беретін жағдай жасай алғаны
мыз — баға жеткісіз бақыт.
Тәуелсіздіктің басты жеңісінің бірі — шегенделген шекара.
— 492 —
БІТІМГЕРЛІК БЕЛЕСТЕРІ
ҚАРАБАҚ: ҚАНТӨГІСТІҢ БЕТІН ҚАЙТАРУ
«Шабыспақ оңай, табыспақ қиын» дейді қазақ мақалы. «Ұрыс
ырысты қашырар, ынтымақ ұлысты асырар» деген де сөз бар. Ша
бысқанды табыстыратын не? Бітім. Алысқанды жарастыратын не?
Бітім.
Ерте заманда ел мен елдің жауластығы да, ру мен рудың арасын
дағы жер дауы, жесір дауы, құн дауы дегендер де көбіне-көп бітіммен
бітіп отырған. Кектескен, кетіскен, өштескен жақтарды бітістіру,
келеге келтіру қиынның қиыны. Соған сай орныққан дала заңының
арқасында ел мен ел татуластырар сөзге тоқтап, бітім соңы кеткен
есе, шыққан шығынды қайтарумен тынып, одан да өтіп, қыз алысып,
қыз беріскен құдалыққа ұласып жатады екен. Иә, араағайындық
дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан. Сөзге тоқтамайтын,
сеске тоқтайтын кейінгі кезеңдерде бітімгершіліктің жайы күрделене
түсті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған Біріккен Ұлттар
Ұйымының әлемдегі бейбітшілікті сақтауға бағытталған экономика
лық және саяси сипаттағы іс-шаралары жеткіліксіз болып шыққанда
қолданылатын бітімгершілік күштері жасақталғаны да сондықтан.
Бұл бағытта БҰҰ көп іс тындырды. 1948 жылдан бастап әлемнің 130 елі
БҰҰ аясындағы бітімгершілік операцияларына өздерінің әскери
лері мен полициясын жіберіп келген. Біріккен Ұлттар Ұйымының
бітімгершілік күштеріне 1988 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель
сыйлығы берілгені баршаға белгілі. Рас, одан кейінгі уақытта БҰҰ
бітімгершілік күштерінің қолда бар қуатымен агрессияны ауыздықтай
алмай қалған кездері аз емес. 1994 жылғы Руандадағы геноцид (онда
1994 жылғы 6 сәуір мен 18 шілде аралығында хуту үкіметі, әртүрлі
мәліметтер бойынша, 500 мың мен 1 миллион 101 мың адамға де
йінгі тутсилерді қырып тастаған) пен 1995 жылғы Босния Сребре
ницасындағы жаппай кісі өлтіру (онда бір түнде серб содырлары
сегіз мың мұсылманды өлтірген) соның дәлелі. Бұл нені көрсетеді?
Бұл қантөгісті, қақтығысты тоқтатудың, тым құрыса уақытша то
лас таптырудың басты жолы қаруды қарудың күшімен құрту емес,
Бітімгерлік белестері
— 493 —
жауласқан жақтарды жарастыруға тырысу, сөйтіп, келісімге келуге
жағдай жасау екенін көрсетеді.
Өз елінің қамымен ғана қалмай, өзгенің де жоғын жоқтай жүру,
қолдан келгенінше басқаларға қамқорлық жасау өскен, өркендеген
мемлекеттердің көбіне тән. Тіпті, бұл үшін өсіп, өркендеп кету де шарт
емес шығар. Бұл үшін елдіктің игілікті сипаты шарт. Қалай дегенде
де, Қазақстан Республикасы алғашқы қадамдарынан-ақ өзінің бей
бітшіл бағытын берік ұстанумен қатар, басқа елдердегі баяндылыққа
да назар салуды, керек жердің бәрінде аз дегенде сөз көмегін беруді
ұдайы есте ұстап келеді.
«Аз дегенде» деп айтатыным — Біріккен Ұлттар Ұйымының
бітімгершілік ұстанымын қолдайтын мемлекет ретінде Қазақстан
тәуелсіздіктің таңсәрі шағынан-ақ қарулы көмек қажет етілген ел
дерге қол ұшын созуға кіріскен.
Біздің алғашқы көмектескен еліміз — Тәжікстан.
Тәжікстанда 1992 жылы басталған азамат соғысы — посткеңестік
кеңістіктегі ең қанды қырғындардың бірі. Сарапшылардың бағала
уынша, әскери іс-шаралар барысында ондаған мың адам қырылып,
жүздеген мың адам босқынға айналды. Іс жүзінде тәжік-ауған ше
карасы күзетілмеді. Одан қарулы топтар еркін өтіп жататын, есірткі
еркін тасымалданатын және осының бәрі бүкіл аймаққа елеулі қатер
төндіретін.
1992 жылдың 11 қарашасында күрделі ахуалға орай, Тәжікстанның
Жоғарғы Кеңесі ТМД елдеріне республикаға бітімгерлік күштерін
енгізу туралы өтініш жолдады. 1993 жылдың 22 қаңтарында Минскі
дегі ТМД саммитінде мемлекет басшылары бұл үндеуді қарастырып,
қолдады. Осыған байланысты, мен Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде
құрамында шекара, ішкі және жаяу әскер түрлерінен құралған ро
талары бар 700 адамдық жеке құрама батальонды Тәжікстанға ауған
шекарасының учаскелерінің бірін күзетуге жіберуге бұйрық бердім.
Өкінішке қарай, кейбір сарбаздарымыз опат болды. Олар біздің ортақ
мүддемізді қорғауда өздерінің жауынгерлік борыштарын абыроймен
атқарды.
Қазақстан батальоны, тәуелсіз мемлекеттердің басқа да бөлім
шелерімен бірге, тәжік жерінде бейбітшілік орнатуға ықпал етті.
Алдына қойылған міндеттерді орындау барысында қазақстандық
сарбаздар бірнеше мәрте Тәжікстан аумағына енуге әрекет жасаған
қарулы құрылымдарға соққы берді, қару-жарақ пен есірткі тасыма
лына тосқауыл қойды. Олар жағдай тұрақталған 2001 жылға дейін
тәжік-ауған шекарасын күзетті. Осы уақытта батальон құрамында
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 494 —
8 мыңнан астам адам қызметтен өтті, көптеген офицерлер мен сол
даттар көрсеткен ерлігі үшін орден-медальдармен марапатталды.
Қазақстандықтар Ирактағы операцияларға да қатысты. Олардың
4 миллиондай жарылғыш затты жойғанын айтудың өзі жеткілікті.
Батыс Сахараға, Кот-д `Ивуарға, Ливанға жіберілген жігіттеріміз де
ұятқа қалдырған жоқ. Парламенттің «Қазақстан Республикасының
бітімгершілік қызметі туралы» Заң қабылдауы — мемлекеттің бұл
іске қандайлық мән беретінінің айғағы.
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — қазіргі заманның
басты және ең күрделі проблемаларының бірі. Осы проблеманы
тиімді шешу жолын іздестіру үшін жүріп келген жолымызды ой
елегінен өткізу де маңызды деп білемін. Сондықтан кітабымның
бір тарауын Қазақстанның халықаралық бітімгершілік ісіне қосқан
үлесін әңгімелеуге арнамақпын.
Менің бітімгерлік қызметпен айналысуым кешегі кеңестік кезең
де-ақ басталған.
Үлкен қоғамдық-саяси оқиғаның — ұлтаралық қатынастар мәселе
сін қарайтын КОКП ОК пленумының қарсаңында әрбір кеңес азама
тының осы істің жай-күйіне жан-тәнімен қобалжып, алаңдаушылық
білдіргені қалыпты жай еді. Таулы Қарабақ пен Сумгаиттегі, Ферғана
мен Абхазиядағы, басқа жерлердегі оқиғалардың кейбір өзгешелік
тері мен ерекшеліктеріне қарамастан, бәріне ортақ бір қасиеті бар
болатын. Атап айтсақ, олар кеңес адамдарының интернационалдық
бірлікке деген сеніміне селкеу түсірді, ұлтшылдық және шовинистік
желігуді өршітті, елдегі саяси жағдайды тұрақсыздандырды.
Күннен күнге беделі құлдырап бара жатқан Орталық өзінің ықпа
лын жоғалтып, оқиғалардың дамуына пәрменді әсер етуден толық ай
рылған жағдайда Ресей мен Қазақстан армян-әзербайжан жанжалын
реттеудің ауыр борышын өз мойнына алды. Белді екі республиканың
абыройы қантөгісті тоқтатып, азап шеккен халықтарға татулық пен
тыныштық әкелетініне үмітті едік. Рас, бұл адамның ақыл-ойы мен
күш-жігерін көп қажет ететін аса қиын іс екенін де түсіндік.
1991 жылғы күзде Борис Ельцинмен бірге Таулы Қарабаққа барға
нымда, ұлттар арасындағы қарым-қатынастың қандай шетін және
осал болатынына, бір-біріне қару ұстап қарсы тұрудың адамдарға
қандай зор қайғы әкелетініне тағы да көз жеткіздім. Мен Қарабақтағы
татулықты қорғай отырып, өз республикамыздағы татулықты қорға
дым, өйткені ұлтаралық қырғи қабақтық өртін ешқандай шекара да,
ешқандай егемендік те тоқтата алмайды. Оны тек халықтардың пара
сатты еркі, олардың шынайы туысқандықты, тату көршілік қарым-
қатынасты сақтауға деген жоғары жауапкершілігі ғана тоқтата алады.
Бітімгерлік белестері
— 495 —
Өтпелі кезеңнің қиындықтары, қайшылықтардың шиеленісуі
дағдарысты құбылыстармен қосыла келгенде күрделі әлеуметтік-
экономикалық жағдайды ықтималды шиқанды құбылысқа айнал
дырады. Адамдар арасындағы кез келген қақтығыс дәрі толтырылған
кеспекке тиетін сіріңке тәрізді. Әсіресе ол ұлтаралық негізде болса
тіпті қауіпті. Тегі, шынын айтқанда, бұған ұлтаралық қатынастардың
өзі қозғау салуы ықтимал. Осынау қақтығыстардың астарында көбі
не-көп қылмыстық әрекеттер жатады. Қарабақ қақтығысы нақ осыдан
басталған-ды. Кейін қақтығысқа екі тараптан да саясатшылар аралас
ты, ал олар шын мәнінде ондаған, одан кейін жүздеген, ал бара-бара
тіпті мыңдаған адамның тағдыры мен өміріне елең етпейтін де еді.
Өздерінің арам істерін тындырған олар көп ұзамай саяси аренадан
кетті, ал Армения мен Әзербайжанның арасында соғыс өрті лаулады.
Өз мемлекеттерінің экономикасын көтеріп, өздері мен балаларына
қалыпты тұрмыс жағдайын жасау орнына адамдар бірін-бірі өлтіруге
кірісті. 1988 жылғы ақпанда Таулы Қарабақ автономиялы облысы
Әзербайжанның құрамынан шығатыны жөнінде мәлімдеді.
Өкінішке қарай, Отанның бір шеті отқа оранып жатқанда ел
басқарып отырған М. С. Горбачев Таулы Қарабақ жанжалын тоқтату
тұрмақ, соған жөндеп басу айтуға да жарамады. Өкінішті жері —
Горбачев тайталасушы тараптардың уәждерін тең тыңдамады, ақпа
ратты біржақты алды. Ол өзінің мемуарында: «Сол күндері мен ақын
Сильва Капутикянмен және журналист Зорий Балаянмен кездестім.
Әңгімеге Г. Шахназаров қатысты» дейді. Олардың «Қарабақтағы ар
мяндарды қалай тықсыратыны, Армениядан ажырататыны» жайында
айтқандарын тыңдайды. Көмекшісі Шахназаров туралы «Ал оның
өзі Таулы Қарабақтан шыққан ғой, князь Шахназаровтардың әу
леті белгілі» деп қояды. Георгий Шахназаровтың Қарабақтағы князь
Мелик-Шахназаряндардың әулетінен шыққанын, фамилиясын кейін
орысша үлгіге келтіргенін барша жұрт білетін. Неге екенін, Горбачев
әзербайжан интеллигенциясының өкілдерімен де осындай кездесу
өткізгенін жазбапты. Айтқандай, Горбачевтің тағы бір көмекшісі —
«Шесть лет с Горбачевым», «Дневник помощника президента СССР»
деген танымал кітаптардың авторы Анатолий Сергеевич Черняев
баяғыда Түркістан өлкесінің әскери губернаторы болған, Орта Азия
жорығы кезінде Ташкентті басып алған Черняевтің ұрпағы. Орыстың
әскери жазушысы Константин Абаза 2008 жылы қайта басылған
«Завоевание Туркестана» деген кітабында Черняевтің Ташкент опе
рациясына Петербургтен тапсырма түспей-ақ, өз бетінше кіріскенін
арнайы көрсеткен. Біздің ұлы ғалымымыз Шоқан Уәлихановтың
Ресей офицері ретінде Черняевтің отрядында қызмет еткені, оның
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 496 —
Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласын жаулаудағы жантүршігерлік қаты
гездігімен келіспей, әскерді тастап кеткені белгілі. Шымкенттің біраз
уақыт Черняев атанған кезі де бар. Оны да Черняев әскері 1864 жылғы
19–25 қыркүйек арасындағы қанды қырғыннан кейін бағындырған.
Сол облыстың Сарыағаш ауданындағы бір елді мекеннің аты күні
кешеге дейін Черняевка болып келді.
Қарабақ қақтығысы қарсаңында Горбачевтің жанындағы адамдар
дың бірі мына жақты, бірі ана жақты жақтап, жұртты әуре-сарсаңға
салды. Мысалы, Саяси бюроның бір мүшесі (Лигачев) Баку жағын,
басқа бір мүшесі (Яковлев) Ереван жағын қолдап, өзара дауласып
жүретін. Біз аң-таң қалатынбыз. Сондықтан да мен М. Горбачевке
осы істегі дәрменсіздігі үшін жұрт алдында сын да айтқанмын. Бұл
қақтығыс КСРО Жоғарғы Кеңесі депутаттарының арасында қызу
талқыланып тұрды. Депутаттар ел басшысына, билікке екі респуб
ликаның арасындағы келіспеушілікке қатысты тиісті шара қолдану
жөнінде талай ұсыныс жасады. Одан түк шықпады. Ақыры съезд
атынан делегация жібермек те болды. Ол да аяқсыз қалды. Ереван
жағы Б. Ельциннің келгенін қалады. Ал мені екі жақ та бірдей сенетін
адам ретінде шақырды.
1991 жылдың 21–23 қыркүйегінде Б. Н. Ельцин екеуміз бітімгер
лік миссиясымен Таулы Қарабаққа бардық. Бармасқа да болмады.
Тарих қойнауына қабаттаса берген қателіктер енді өшпенділікке,
кектесуге бастаған еді. Ал Кавказда кектің жөні бөлек. Ол жердегі
соғыс өрті сөндірілмесе, елдің өзге өңірлеріне жайылатыны анық еді.
Маған Армения және Әзербайжан президенттері хабарласып, Ресей
президентімен бірге келу, жағдаймен көзбе-көз танысып, шешім
ұсыну жөнінде өтініш айтты. Мен ол ұсынысты Борис Николаевичке
жеткіздім. 1991 жылғы тамызда Алматыға келгенінде екеуміз Таулы
Қарабақтағы қырғынды тоқтату жөнінде үндеу қабылдадық. Бұл
сапардың Қазақстан үшін де қағидатты мәні бар-ды. Соның алдын
да ғана Солженицынның сойқанды мақаласы Мәскеу газеттерінде
басылып, бірнеше миллион данамен кітапша күйінде таратылып,
лаң тудырып тұрған. Қарабақ сапары біздің бекітілген территория
лардың мызғымастығы туралы ұстанымымызды айқын көрсетуге
де көмектесуі тиіс-ті. Бірақ бұл айтылғаннан Қазақстан басшысы
Қарабаққа Әзербайжан жағын қолдау үшін аттанған екен деген ой
тіпті де тумайды. Осы тақырыпта кезінде АҚШ-қа ресми сапарым
нан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында маған: «Қазақстанның
армян-әзербайжан дағдарысы жөніндегі ұстанымы және Түркиямен,
басқа да мұсылман елдерімен қарым-қатынасы қандай?» деп нақты
сұрақ қойылғаны бар. Түркиямен қарым-қатынасымыз жақсы екенін,
Бітімгерлік белестері
— 497 —
олардың нарықтық экономикаға көшу жөніндегі тәжірибесі ұнай
тынын, оның үстіне екі елдің жағдайы ұқсастығын айттым да, әрі
қарай былай дедім: «Армян-әзербайжан қақтығысы бойынша мен
Бутрос Гали мырзамен әңгімелестім, ана жақты немесе мына жақты
қандай да бір елдердің қолдауына жол беруге болмайтынын айттым.
Әзербайжанды мұсылман елі екен деп Түркия мен біз қолдасақ, ал
Арменияны басқа біреулер қолдаса, онда екінші Ливан шыға келеді.
Қайткен күнде де, бұл қақтығысқа сырт елдерді араластыруға бол
майды. Ауғанстанда да солай. Онда да сол елде әлі әрекет етіп жүрген
топтарды ешкім қолдамауы тиіс. Қайта сол өңірлерде бейбітшілік
орнауы үшін қолдан келетіннің бәрін де жасау керек. Сондықтан
да мен Әзербайжан өз аумағының тұтастығына нұқсан келуде деп
санауға құқылы екенін тағы да атап айтқым келеді».
Біз алдымен Бакуге бардық. Президент Аяз Мүтәлибов қақтығысқа
қатысты өз елінің көзқарасын баян етті. 25 баптан тұратын талабын
ұсынды. Олардың басты айтатыны — Әзербайжан жерінің тұтастығы.
Сонымен бірге, Таулы Қарабақтың бар екені де рас. Ондағы тұрғын
дардың 90 пайыздайы армяндар екені де рас. Демек, статус-квомен
санаспауға болмайды. Екі жақ қаласа да, қаламаса да, бір-бірімен
көрші тұра береді. Басқа жол жоқ. Біз Әзербайжан президентіне
Армения президентімен келіссөз үстеліне отыруды ұсындық. Сол
келіссөзге біз бітімшілер ретінде қатысайық дедік. Бұл үшін Ереванға
бізбен бірге баруға тура келеді. Мүтәлибов, әрине, одан бас тартты.
Енді біз Ереванға телефон соқтық. Левон Тер-Петросян, тиісінше, Ба
куде кездесуден бас тартты. Солай болатыны белгілі ғой. Екі жақты да
түсіну қиын емес. Борис Ельцин араағайындық кездесу орны ретінде
Железноводск қаласын ұсынды. Төрт жақты келіссөзді қосымша (екі
жақ — Ресей мен Қазақстан) сонда өткізу ұйғарылды. Таулы Қарабақ
өкілдері ол кездесуге өздері қалайда қатысуы тиіс екендерін айтып
отырып алды. Бұған Әзербайжан қалай келіссін? Шынын айтқанда, екі
жаққа да бұл ұсынысты дипломатиялық ишарат ретінде жасағанбыз.
Біз Бакуден Таулы Қарабақ «астанасы» Степанакертке ұшуға тиіс
едік. Сөйтсек, Ельциннің ішіне мәшинелер салынатын ауыр ұшағын
ондағы әуежай қондыра алмайтын көрінеді. Ұшағын емес-ау, ұшақта
рын — Мәскеуді басқарып жүргенінде артық кеткеннің бәрін атып
тастауға дайын тұратын Борис Николаевич біраз өзгеріп қалыпты —
ішіне бірнеше мәшине салып жүретін үш ұшақпен аттаныпты…
Содан біз тікұшақтармен Гәнжі қаласына баруға мәжбүр болдық.
Ұлы Низамидің отанындағы (оның тегі Гәнжәуи ғой) кездесулердің
қақтығыстың мән-жайына қанығуға көп пайдасы тиді. Мұндағы
жағдайдың қиындығын мына бір жайдың өзі таныта алады. Әуе
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 498 —
жайға түскен бетте бір әзербайжан журналисін қалың топ қоршап
алып, кепілге әкетті. Оны ақыры Ельциннің өтініші бойынша ғана
қайтарып берді. Кейіннен облыстық атқару комитеті ғимаратының
алдында армяндар түрік газетінің тілшісін тапа-тал түсте таяққа
жығып тастапты. Оны түсіріп жатқан әзербайжан телеоператоры
да қолды болып кетіпті. Жағдай осындай еді.
Шушаға ұштық. Кештете жетіп, ертеңіне Степанакертке бардық.
Қала соғыс жағдайында. Ғимараттар қиратылған, көшелері ойдым-
ойдым. Сапырылысып жүрген адамдар. Әрқайсысы өз ұранын айқай
лайды. Басында бізге ол жерге бару қауіпті деп айтып еді, сонысы рас
болды. Шушадан Степанакертке дейінгі жолда біздің жүргізушіміз
мәшинені әрлі-берлі бұра беріп, ирек жолмен айдағандай етті. Ондай
ды ұнатпайтын Ельцин: «Бұның не?!» деп қалды. Жүргізуші: «Мына
жолдың шұңқырларына сұйық жарылғыш құйып қойған. Кеше бір
мәшине жарылысқа ұшырады. Мен шұңқырларды айналып өтіп
келемін» деп түсіндірді.
Жалпы, армян жағы Ельцинге арқа сүйейтінін байқатты. Қанша
дегенмен, христиан тұтады-ау деймін. Әзербайжандардың маған
бейімделетіні сезіледі. Осылай болатынын біз келмей тұрып-ақ біл
генбіз. Бірақ Ельцин екеуміздің көңіліміз тек жанжалды шектеуде
болды.
Степанакерттегі кездесулерде неше түрлі ұсыныстар айтылды.
Біреулер бұл қақтығысты Әзербайжан мен Таулы Қарабақтың ара
сындағы қақтығыс деп тануды ұсынады. Біреулер Арцах (Таулы Қа
рабақты армяндар осылай атайды) жеке республика болуы керек
дейді. Біреулер кезінде біз Ресейге бағынғанбыз, Ресейдің автоно
миясы болуымыз керек дейді. Әйтеуір, Әзербайжанның құрамында
қалмаудың амалы.
22 қыркүйекте Ереванға барып, президент Л. А. Тер-Петросянмен
кездестік. Мұндағы негізгі түйін де әзербайжан жағының тек Арме
ниямен келіссөз жүргіземіз деуіне, армян жағының Таулы Қарабақ
қатыспайтын ондай кездесудің керегі не деуіне тірелді. Дегенмен,
айтыса-айтыса, ырғаса-ырғаса келіп, Железноводскіде төрт басшы —
Ельцин, Назарбаев, Мүтәлибов, Тер-Петросян кездесетінге ақыры
тоқтадық. Келіссөз күні-түні жүрді деуге болады. Сол сапарды «Еге
мен Қазақстан» газетінің бетінде жазу үшін барған танымал журна
лист Қайнар Олжай: «Біз — осында жиналған тілшілер — баспасөз
конференциясын тура 14 сағат тапжылмай күттік. Әлемнің түрлі
шалғайларында болып, небір оқиғалардың ортасынан табылған
тәжірибелері мол тілшілердің өзі дәл мұншалық сарғая күткен сәт
тері болған-болмағандарын еске түсіре алмаған», деп жазған еді.
Бітімгерлік белестері
— 499 —
14 сағаттық келіссөзден кейін өткізілген баспасөз мәслихаты кезінде
біз бірлескен мазмұндамаға қол қойылғанын хабарладық. Төрт жыл
бойы келіссөз үстеліне отыру тұрмақ, бір-бірімен сөйлесіп көрмеген
екі ел президенттерін кездестіру, ортақ құжатқа қол қойдыру оңайға
түспегенін айтудың өзі артық. Бұл соғысты тоқтатудың басы еді.
Таулы өңірдің, даулы өңірдің тарихы шым-шытырық, бытысып,
шиеленісіп жатыр. Біз Бакуге барғанда әзербайжанның бір топ та
рихшылары, жазушылары, саясаткерлері келіп, Таулы Қарабақтың
ықылым заманнан әзербайжанның жері екеніне дәлелдер айтумен
болды. Ол жерде қара жүзім көп өседі. Түркінің кәдімгі «қара» және
«бақ» деген сөздерінен құралған атау. Бірнеше адам сөйлеп, әңгіме
ұзаққа кетіп, әрең тоқтаттық. Ереванға барғанда, әрине, бәрі керісінше
түсіндірілді. Армян тарихшылары Қарабақ (олар сол жерді Карабах
демей, Арцах деп атайтынын жаздым) жерінде баяғыдан армяндар
тұратынын айтады. Біз күні бойы тек тыңдаумен отырдық. Екі жақ та
өз шындығын жеткізгісі келеді. Ал нағыз шындыққа жету қиын. Ұл
таралық жанжалдың өртін сөндіру қиямет-қайым екенін тағы көрдік.
Бір басталып кеткен соғысты тоқтату оңай емесі белгілі. Таулы
Қарабақ төңірегіндегі дағдарысты жағдай қатерлі сипат алып, іс
жүзінде тікелей әскери жанжалға киліктірді. Ол дағдарыс Әзербай
жан мен Армения арасындағы егеске әкеліп соқтырды. Қантөгісті
тоқтату және Қарабақ жанжалын өшіру мақсатында мен Әзербай
жан Республикасының Президенті Аяз Мүтәлибовпен, Армения
Республикасының Президенті Левон Тер-Петросянмен, сондай-ақ
ТМД Қарулы Күштері Бас Штабының бастығы Виктор Самсоновпен
келіссөз жүргіздім.
1992 жылғы 27 тамызда Алматыда менің бастамам бойынша Тау
лы Қарабақтағы қақтығысты реттеу мәселелері жөніндегі үш жақты
келіссөз басталды. Оған Әзербайжанның, Арменияның және Қа
зақстанның сыртқы істер министрлері қатысты. Келіссөз басталарда
министрлерді қабылдадым. Оларға дәл қазір мәселе кімдікі дұрыс,
кімдікі бұрыс дегенді анықтауға тіреліп тұрмағанын, бұл үшін едәуір
уақыт, қыруар күш-жігер керектігін, бүгінгі таңдағы басты міндет
қақтығысты тоқтатудың нақты жолдарын іздестіру екенін айттым.
Әзербайжан, Армения министрлері менің бұл ойыммен келісті, Қа
зақстанның бітімгерлік қызметіне алғыстарын білдірді. Ақыр аяғын
да, біздің сапарымыздан кейін тағы бір жылдай уақыт, дәлме-дәл
айтқанда 343 күн өткенде — 1992 жылғы қыркүйектің 1‑інде Мәскеу
уақытымен сағат 17.00‑де Әзербайжан Республикасы мен Армения
Республикасы арасындағы қантөгіс тоқтатылды. Мен бұл жөнінде
3 қыркүйекте мәлімдеме жасап: «Екі жақ бұл фактіні ауызша қуаттап,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 500 —
Армения мен Әзербайжан президенттері өкілдерінің шекарадағы
кездесуі барысында Қазақстан өкілінің қатысуымен қыркүйектің
3‑інде Мәскеу уақытымен 15.00‑де хаттамаға қол қоятын болады. Бұл
ұзаққа созылған жанжалды бейбіт реттеуге жол ашатын алғашқы,
ең қиын қадам. Армения Республикасы, Әзербайжан Республикасы
мен Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлерінің тамыздың
27‑сінде Алматыда болған кездесуінде қол жеткен келісімдерді нақты
жүзеге асыру басталды» деп хабарладым.
Бұл бітімде осы кезде Әзербайжан президенті қызметіне кіріскен
Гейдар Әлиевтің үлесі мол. Ол компромисстің адамы еді.
Қарабақ өрті мұнымен біржолата өшкен жоқ. Отыз жылға жуық
уақыт бойы бықсыған күйінде тұрды. Бірақ, ең бастысы — үш тең
төраға ретіндегі Ресей, АҚШ пен Франция қатысқан Минск тобы
ның күш-жігері арқасында қантөгіс тоқтатылды. Адамдардың бір-
бірін өлтіруіне жол жабылды. Бірақ, өкінішке қарай, одан көпке қол
жеткізудің сәті түспеді. Тегінде, ол кездегі жағдайда одан көпке қол
жеткізу мүмкін де болмаған шығар.
Қарабақтағы қажыр-қайратымыз соғысты, қантөгісті, алауыздықты
тоқтатуға тырысу аса маңызды іс екенін көрсетіп берді. Жан сала
кіріскенде, адамдарға, халықтарға жақсылық жасауды ойлағанда, игі
ниетпен қолға алған істен игілікті нәтиже шығаруға боларына сендірді.
Таулы Қарабақты халықаралық қоғамдастық мойындаған жоқ.
2015 жылы Армения Республикасы Еуразия экономикалық одағына
кіруге тілек білдіргенде мен ТМД басшыларының көзінше Армения
президентіне: «Келісіп алайық. Сіздер бұл одаққа Біріккен Ұлттар
Ұйымы ресми мойындайтын жер аумағымен кіресіздер» дегенмін.
Ол келісетінін айтқан.
Оқиғалардың одан кейін қалай өрбігені оқырманға жақсы мәлім.
2020 жылдың 27 қыркүйегінде Таулы Қарабақта соғыс өрті қайта
дан бұрқ ете қалды. Қырық күн бойы қатты жүрген соғыстың нәтиже
сінде Әзербайжан Таулы Қарабаққа бақылау орнатуға қол жеткізді.
9 қараша күні Әзербайжан, Армения және Ресей басшылары өңірде
атысты және ұрыс қимылдарын толық тоқтату жөніндегі үш жақты
келісімге қол қойды. Бұл істегі бітімгерлік миссиясының негізгі сал
мағы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге түсті.
Ресей демекші… Қарабақтан қайтқанымызда бізді әуежайда күтіп
тұрған журналистердің бірі маған оқыстан мынандай сұрақ қойып
қалды: «Президент мырза, Сіз қай коньякты ұнатасыз — армян ко
ньягін бе, әзербайжан коньягін бе?». Сондағы қайтарған жауабым:
«Мен орыстың арағын ұнатамын»…
Басқа не айтарсың!
Бітімгерлік белестері
— 501 —
2023 жылдың көктемінде ұзаққа созылған текетірестің түйіні
тарқатылуға таяды: Армения мен Әзербайжан екі елдің аумақтық
тұтастығын тану жөнінде өзара келісімге келетінін мәлімдеді. Осы
біткен істе бір кезде біз бастап берген бітімгерлік қызметтің үлесі
бар екенін сезіну мені қанағатқа бөлейді.
ҚЫРҒЫЗСТАН: ҚЫРҒЫННЫҢ АЛДЫН АЛУ
Өкінішке қарай, мен бітімгерлік миссиясын мұнан кейін де бір
неше рет атқаруға мәжбүр болдым. Соның бірі — 2010 жылғы Қыр
ғызстан дағдарысы.
Елдің экс-президенті Құрманбек Бакиев сол жылғы сәуір айындағы
мемлекеттік төңкерістен кейін отставкаға кеткен. Оның өзі де билік
басына мемлекеттік төңкеріс жасау жолымен — 2005 жылғы «қыз
ғалдақ революциясының» арқасында келген. Сәуірде Қырғызстанда
тағы да билікті күшпен тайдыру жүзеге асты. Бішкектегі қақтығыстар
кезінде ондаған адам өліп, жүздеген адам жарақат алды. 7 сәуірде
Бакиев елде төтенше жағдай жариялап, үкіметті отставкаға жіберді,
парламент таратылды. Ұлттық референдум өткізіліп, Уақытша үкімет
құрылды. Бакиевтің өзі Бішкектен қашып, Ошқа барып тығылды. Енді
қақтығыс алаңы елдің оңтүстігіне ойысты. Бакиев сол жерден жұртты
қаруландырып, Бішкекке аттандыруға, билікті қайтадан күшпен тар
тып алуға ұмтылып жатты. Мен оған хабарластым. «Құрманбек, сен
не істеп жүрсің? Не үшін? Қан төгесің. Қайтадан президент болып
отырамын дейсің бе? Осыдан кейін сен қалай жұмыс істей аласың?»
дедім. Бұл кезде Уақытша үкімет жасақталып, президент міндетін
атқару Роза Отынбаеваға ауысқан болатын. Маған: «Бірдеңе істеңіз
ші, Құрманбекті тыныштандырыңызшы» деді. Сөйткенше Вашинг
тонға — 12–15 сәуір күндері өтетін ядролық қарусыздану жөніндегі
жаһандық саммитке жүретін уақыт та келіп қалды. Ядролық қарудан
әлемде бірінші болып бас тартқан елдің басшысы ретінде мен арнайы
шақырылғанмын. Саммит кезінде жайсыз хабар жетті — Бакиевтің
жақтастары (Қырғызстанда солтүстік — оңтүстік болып тіресу бая
ғыдан бар) мың-мыңдап жиналып, қалың қолмен Бішкекке қарай
жүргелі жатыр екен. Оштың өзінде де оған қарсылар шығып, қан тө
гіліп үлгеріпті. Саммит кезінде АҚШ Президенті Барак Обама, Ресей
Президенті Дмитрий Медведев екеуін оңаша қалуды сұрадым. Жиын
өтетін залдың бір шетінде үшеуміз сөйлесіп тұрмыз. «Қырғызстанда
азамат соғысы басталғалы жатыр. Ол елдің жағдайын мен жақсы
білемін. Маған сеніңіздер. Бакиевті елден алып шықпасақ болмайды»
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 502 —
дедім екеуіне. Медведевке: «Бакиевті әкетемін. Ресей истребительдері
оны алып шығатын ұшағымызды қоршап жүрсін» дедім. Дмитрий
Анатольевич сөзге келген жоқ. Көрші елдегі тыныштық кім-кімге
де керек. Енді Бакиевпен әңгімеміз басталды. Ол жерлестерін ертіп,
Жалалабадқа барыпты. Сол жақтағыларды да қол жасақтап, Біш
кекті басып алуға үгіттеуге кірісіпті. Әрі айтамын — көнбейді, бері
айтамын — көнбейді. Тіпті болмаған соң елде азамат соғысы бастала
тынын, көп адам қырылатынын, бәлкім, өзі де өз басын жұтатынын
айттым. Ақыры ол менің ойыммен келісті. Содан күні бойы саммитке
қатысамын да, түні бойы Астанамен, Бішкекпен, Ошпен сөйлесемін
(онда түн болғанда мұнда күндіз ғой), дайындалып жатқан әскери
операцияның жай-күйін білемін.
Ақыры Бакиев Қазақстанға ұшып шығуға келісім берді. Тараз қала
сына алдыртатын болдық. Ол кезде Қорғаныс министрі Әділбек Жақсы
беков. Ұшақты дайындай бастады. Сол екі арада қырғыздағы әуежайға
қиыршық тас үйіп тастапты, ұшақ қона алмайды екен деген бір әңгіме
көтерілді. Рас-өтірігін дәл анықтау қиын. Әділбекке: «Ұшақты жібер.
Қонуға төмендеп барсын да, қарасын — қиыршық тас болса, жоғары
көтеріліп кетеді, болмаса, қонады» дедім. Құрманбекке борттың ұшып
шыққанын, дайын тұру керек екенін айттым. Жоқ, әуежайдың алаңы
таза екен. Операция бастан-аяқ құпия жағдайда жүргізілгендіктен,
ұшақтың мемлекеттік шекара аспанынан асып өтуге рұқсат алудың
өзі өте қиынға түскені белгілі. Оның үстіне қырғыз әскерінің нендей
күйде екені де, оларды кім басқаратыны да, әуеге қарсы қорғаныс
күштерінің қалай әрекет ететіні де белгісіз. Ешқандай ақпарат жоқ. Тек
Бакиевтің мені Жалалабадтағылар қолдайды, қорғайды деп сендірген
сөзі, біздің әскери ұшақты қауіпсіз қабылдауды қамтамасыз етемін
деген ауызша уәдесі ғана бар. Не керек, 15 сәуір күні ұшақ Бакиевті
аман-есен алып шықты. Кейін білдім, әлдебір қарулы топ әуежай
аумағына басып кіруге тырысыпты. Таразда да оңай болмапты — жел
дің жылдамдығы секундына 30 метрге жетіпті, сонда да тәуекелмен
ұшақты қондырыпты. Айтқандай, осы әскери операцияны мінсіз
атқарған әскери әуе күштері аға инспекторы, подполковник Игорь
Бейлин сол жылы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Журналистер оның орденді не үшін алғанын менен білді. Награда
ны тапсырып тұрып, «Жалалабадқа барған осы ұшқыш» деген едім.
Құрманбек Бакиев пен оның отбасын әуежайда Жамбыл облысы
ның әкімі Қанат Бозымбаев күтіп тұрды. Бакиев Қырғызстан прези
денті қызметінен бас тартатыны, отставкаға кететіні жөнінде мәлім
демеге қол қойды. Елдегі жағдай тез арада қалпына түсті.
Бітімгерлік белестері
— 503 —
Ақыры айтқаннан кейін 2005 жылы Асқар Ақаевты да Бішкектен
біз алып шыққанымызды қоса айта кетейін. Оны да алдымен Таразға
жеткізгенбіз. Екі жағдайда да біздің араағайындығымыздың арқасында
бауырлас елде Оңтүстік — Солтүстік болып тіресуден басталып, аза
мат соғысына ұласып кетуі мүмкін қырғын қатерінің алдын алудың
сәті түсті. Елдің оңтүстігіндегі қақтығыс кезінде екі мыңнан астам үй,
жүзден астам коммерциялық және оннан астам үкіметтік ғимараттар
қираған немесе бүлінген, жалпы зардап мөлшері 71 миллион АҚШ
доллары болып шыққан. Қазақстан өз тарапынан Қырғызстанға отын
және құрылыс материалдарын сатып алу үшін 10 миллион доллар
қаржымен көмектесті.
Ол кезде Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымының төрағасы болатын. Кейін сарапшылардың Қырғызстан
дағдарысы кезіндегі Қазақстанның іс-әрекеттері нағыз төрағалыққа
сай шықты деп жазғандарын да оқыдым.
Он бес жылдың ішінде Қырғызстанда үш рет мемлекеттік төңкеріс
жасалды. Осыдан кім ұтты, кім ұтылды? Ұтқан ешкім жоқ. Ұтылған —
халық. Бұл бүліктердің бәрінің басты себебі — экономиканың әл
сіздігі, елдің кедейлігі, билік көлбеуінің босаңдығы, тәуелсіздік пен
мемлекеттілікті қалыптастыру кезіндегі демократиялық институт
тардың орнықсыздығы. Қырғыз Республикасының Президенті Садыр
Жапаровтың сайлаудан кейін біздің еліміздің астанасына келген
сапарында «Қырғызстан Қазақстаннан 30 жылға қалып қойған екен»
дейтіні сондықтан.
УКРАИНА: ҮНДЕСТІРУГЕ ҰМТЫЛЫС
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің «Орыстар
мен украиндардың тарихи бірлігі туралы» атты мақаласы: «Жақында,
«Тіке желі» барысында Ресей-Украина қатынастары туралы сұраққа
жауап бере келіп, орыстар мен украиндар — бір халық, біртұтас
халық екенін айттым» деп басталады. «Кейінгі жылдарда Ресей мен
Украинаның арасында, шын мәнінде біртұтас тарихи және рухани
кеңістіктің бөлшектері арасында пайда болған дуалды үлкен ортақ
қасірет ретінде, трагедия ретінде қарайтынымды бірден атап айта
йын» делінеді мақалада. Бұл екі ел арасындағы шиеленістің осынша
шарықтауына Ежелгі Русьтің ортақ мұрагерлері болып табылатын
орыстар мен украиндар ғана емес, олармен ғасырлар бойы араласып-
құраласқан біз де қинала қараймыз. Украинаның бәрімізге ортақ
кеңістіктен алыстауы жалындаған жастық шағы, бозбала дәуренінің
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 504 —
ең бір тәтті жылдары сонда өткен адам ретінде менің де жанымды
жабырқататынын жасырмаймын. Ол елдегі дағдарысқа араағайын
дық ету үшін бірқатар мемлекеттер басшыларының маған қолқа
салуының бір себебі осында.
Иә, біз 1958–1960 жылдары Украина жерінде болып, металлург
мамандығын игердік. Сол жылдары ел азаматтарымен тығыз қатыс
тық. Бірге оқыған украин достарымыздың хуторларына барып, өмір
салттарымен таныстық. Сондағы ойлар мен сезімдер көңілімізде
терең із қалдырды. Бұл халық өте қарапайым, бауырмал, еңбекқор
екенін көрдік. Тіршіліктерінде қазақтарға ұқсас тұстар да бар екен.
Украиндардың өзін де, сөзін де сүймеу мүмкін емес. Кейбір украин
достарыммен әлі күнге дейін араластығымды үзбегенмін.
В. Путиннің мақаласында «Бұл, бәрінен бұрын, әртүрлі кезеңдерде
жіберілген өзіміздің қателіктеріміздің салдары. Сонымен бірге, бұл
қай кезде де біздің бірлігімізді қопаруға ұмтылып келген күштердің
мақсатты жұмысының да нәтижесі» деп те ашық айтылған. Бауыр
ластар бірлігін бұзуға барын салатын әрекет иелерінің жайы белгілі.
Батыс елдері — АҚШ бас болып, Украинадағы жағдайды қолдан
құтыртуға, сөйтіп басты қарсыласы, басты бәсекелесі — Ресейді қай
жағынан да тұқыртуға көптен әрекет жасап келеді. «Өзіміздің қа
теліктеріміздің салдары» — терең тезис. Тарих қайталанып тұрады.
Айналып келген сайын өткендегі жетістіктерді де, кемістіктерді де
алдыңнан шығаратыны болады.
Басқасын айтпай-ақ, соңғы бес ғасырдың ішінде украин тілін жою
жөніндегі патшалық Ресейдің жүйелі жұмысы жаныңды түршіктіреді.
Арнайы әдебиеттен мына жайларды білдім.
1622 жылы Михаил патша украинша басылған «Інжілдің» бәрін
өртеуді бұйырады. 1720 жылы І Петр украин тілінде кітап басуға
тыйым салатын жарлық шығарады. 1763 жылы Екатерина ІІ Киев-
Могилян академиясында украин тілінде сабақ беруге тыйым салады.
1747 жылы Кирилл-Мефодий бауырластығы талқандалып, украин
тілі мен мәдениетін аяусыз қудалау күшейтіледі, Шевченконың, Ку
лиштің, Костомаровтың, тағы басқалардың таңдаулы туындыларына
шек қойылады. 1864 жылы бастауыш мектеп туралы жарғы қабыл
данып, оқу тек орыс тілінде жүргізілуге көшеді. 1881 жылы халық
мектептерінде шіркеу дұғаларын украин тілінде айту, ал 1892 жылы
кітаптарды орысшадан украиншаға аудару тоқтатылады. Осылай
кете береді, кете береді. Әрине, мұнымен қазіргі украин ұлтшыл
дарының орыс тілін соншалықты тұқырту саясатын ақтаудың жөні
жоқ. Сонымен бірге, кез келген істің әйтеуір бір кезде жаңғырығы
Бітімгерлік белестері
— 505 —
болмай қоймайтынын, бабалардың қателіктері үшін ұрпақтарының
құн төлейтіні де кездесетінін ескерген жөн.
Бұның бәрі — жасалған өктемдіктердің салдары. Соңғы жылдардың
өзінде кейбір Ресей шенеуніктері баяғы өктемдікті тоқтатпады. КСРО
күйреген кезде Украина да біз көрген азаптың бәрін көрді. Оның
үстіне экспорттық тауарларының көпшілігін тек Ресейге шығаруға
мәжбүрледі. Ресей импортқа шектеулер қойды. Ең негізгі келіспеу
шілік газ бағасын Германияға жіберген газдың бағасынан жоғары
қойып, қинады. Сондай жаншып бағындыру да өз әсерін тигізді. Бұл
жөнінде Украина басшыларының өтінішімен Ресей басшыларымен
талай рет сөйлестім. Болмады. Осы оқиғадан дұрыс қорытынды
жасауымыз керек. Қателіктер екі жақтан да жіберілді деп Ресей пре
зиденті В. В. Путиннің айтқаны жөн сөз.
Украина дағдарысы — ХХІ ғасырдың басындағы ең күрделі сын-қа
терлердің бірі. Ол дағдарыс елдің оңтүстік-шығысындағы егесумен
шектелмейді. Бұл — кешенді құбылыс. Ол Майданнан әлдеқайда
бұрын басталған. Оның бір себебі әуелде ұлтаралық, кейіннен мемле
кетаралық қатынастарда жіберілген қателіктер десек, басты себебі —
ұлттық картаны қолда ойната отырып, адамдар арасына жылдар
бойы жүйелі түрде жік салып келген, арғы түбінде бауырлас ха
лықтарды бір-бірінен бөліп әкетуге, бара-бара бір-біріне айдап салуға
ұмтылған және сол мақсатына негізінен жеткен сыртқы күштердің
сұмдық сойқаны. Бір бұтақтан тараған орыс пен украинның арасын
осыншалықты аша алатын ол күштердің алапат әлеуетін ұдайы есте
ұстауға тура келеді.
Украинада 2014 жылы орын алған оқиғалар көзі қарақты оқырман
ның бәріне де белгілі. Содан бергі кезеңде Донбасста антитеррорлық
операция деген атаумен ондағы орыстілді жұртшылыққа не істелгені
де бүгінде баршаға мәлім. Сондықтан оларға тоқталып та, баға беріп
те жатпай-ақ қояйын.
Менің айтпағым — біздің бітімгерлік миссиямыз туралы.
Қазақстан Республикасының Президенті қызметімде менің ха
лықаралық мәселелер жөніндегі көмекшім болып келген Нұрлан
Онжанов өзінің «Бітімгер» атты кітабында сол жылдың басындағы
оқиғалар туралы былай дейді:
«Оқиғалар, күшейе түскен дағдарыстан шығудың басқа жолдарын
табуға әрекеттер болғанына қарамастан, жедел дамыды. Оның үстіне,
болып жатқан оқиғалардан хабар таратқан ақпараттар ағынында,
сондай-ақ 2014 жылғы наурыздың 10‑ы мен 14‑і аралығында Қазақстан
Президентінің АҚШ, Германия, Ұлыбритания және бірінші кезекте
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 506 —
Ресей басшыларымен бірқатар телефон арқылы сөйлесулері болды
деген хабар көрініс берді. Іс жүзінде, бұл Қазақстан басшысының
осындай күрделі геосаяси мәселеде араағайындық күш-жігер та
нытқан алғашқы оқиғасы еді.
Барлық телефон арқылы сөйлесулер референдум өткенге дейін
болғанын қаперге алсақ, әңгіменің не туралы өрбігенін түйсіну қиынға
түспесе керек. Батыс елдерінің басшылары Н. Ә. Назарбаевқа Ресей
Президенті В. В. Путинмен Қырым үдерістеріне ықпал ету туралы
сөйлесуін сұрап, өтінішпен шықты деп батыл түрде болжам жасай
аламын. Атап айтқанда, Қазақстанның Германиядағы Елшісі ретінде
мен Мемлекет басшысының А. Меркельмен телефон арқылы сөйле
суін ұйымдастыруға тікелей қатыстым. Осы әңгімені дайындау бары
сында және оның мазмұнын өзімнің неміс әріптестеріммен кейінгі
талқылауларым кезінде менің батыстық серіктестердің Нұрсұлтан
Назарбаевты осы күрделі мәселені талқылауға болатын және сенім
артуға лайықты адам ретінде көргеніне көзім жетті».
Арада жылдар өткеннен кейін мен оның бұл болжамын растай
аламын. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Ресей басшыларымен әңгіме
барысында ең алдымен Украинадағы ахуалға араласып, араағайындық
жасау жөнінде айтылған еді.
Украинадағы жағдай күн өткен сайын дерлік асқына түсті. 6 сәуірде
Донецк, Луганск, Харьков облыстарында әкімшілік үйлері, құқық
қорғау органдарының ғимараттары басып алына бастады, 12 мамырда
өткізілген референдумдар арқылы өз-өздерін Донецк Халық Респуб
ликасы, Луганск Халық Республикасы деп жариялаған құрылымдар
Ресейдің құрамына өту, Новороссияға бірігу тілектерін мәлімдеді.
Онсыз да шиеленісті ахуал 2014 жылғы 17 шілдеде Амстердамнан
Куала-Лумпурға ұшып бара жатқан малайзиялық ұшақтың Украи
на аспанында атып түсірілуінен, борттағы 295 адамның түгел қаза
табуынан кейін тіпті ушығып кетті.
Бұл аралықта маған басқа елдердің басшылары да хабарласа баста
ды. 2014 жылдың 29 шілдесінде Италия Республикасының премьер-
министрі Маттео Ренци Еуропалық Одақ Кеңесінің іс басындағы
төрағасы ретінде осы мәселе бойынша қоңырау шалды. Мен соның
ертеңінде Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы
сөйлесіп, М. Ренцимен әңгіменің жай-жапсарын талқыладым. Мұнан
кейін, 2014 жылдың 11 тамызында Беларусь Президенті А. Лукашен
комен телефон арқылы әңгімеде Еуразиялық «үштік» пен Украина
кездесуін өткізу ықтималдығы талқыланды. Аталған кездесуді Астана
да өткізу ұсынылды. Бұл ұсынысты жасаған — Финляндия президенті
Саули Ниинистё. Ол маған 18 тамызда телефон шалған-ды. Әрине, біз
Бітімгерлік белестері
— 507 —
оған дайын екенімізді айттық. Алайда Еуропалық комиссия төрағасы
Ж. М. Баррозумен ақылдасу нәтижесінде Беларусь, Қазақстан, Ресей,
Украина және Еуропалық Одақ басшыларының алғашқы кездесуі 2014
жылдың 26 тамызында Минскіде өткізілетін болып келісілді. Оның
алдында Путин мен Порошенконың жеке кездесуін ұйымдастыру
қажет еді. Біздің бұл ниетіміз жүзеге асты. Мәселелер алғаш рет
ашық түрде талқылана бастады. Британдық сарапшы Марк Ахмед:
«Кеден одағы көшбасшылары мен Украина президентінің Минскіде
өткен кездесуі — орын алған дау-жанжалдарды шешудегі алғашқы
орасан зор серпіліс. Келіссөздің жоғары деңгейде өтуі және түбегейлі
қарама-қарсы көзқарастардың дипломатиялық арнаға шығарылуы —
тараптардың қарама-қарсылықтарды мейлінше аз шығындармен
аяқтауға деген шынайы ниеттерінің айғағы» деп жазған еді.
Президент Порошенкомен әңгімеде ол кездесу Еуропа елдерінің
қатысуымен өтсе тиімді болатынын мәлімдеді. Осы істі жалғастыру
үшін мен Берлинге барып, канцлер А. Меркельмен келіссөз өткіздім.
Ол қатысуға келісімін берді. Берлиннен Киевке келіп, Порошенкомен
тағы сөйлестік. Киевтен Мәскеуге келдім. Президент В.В. Путинге
атқарылып жатқан жұмыс жайында айттым. Минск кездесуі осылай
ұйымдастырылды.
28 тамыздан бастап Украинаның Ресей жақ бетіндегі жағдай қатты
шиеленісті. Бұл кезде Ресей азаматтарының Украинадағы соғыс қи
мылдарына қатысуы туралы айтылып жүрген әңгіме ақыры ақиқатқа
айналды. Жасақшылар арасында мыңдаған еріктілер бар екені ашық
мәлімделді. НАТО өкілі тіпті ондағы ресейлік әскерилердің саны
мыңнан асады деуден де тайынған жоқ. Сол тұста украин әскерлерінің
үлкен тобы Донбасста қоршауға алынған еді. Бірақ жағдайдың сонша
лықты асқынғанына қарамастан, екі жақта да соғыс жағдайы енгізілген
жоқ. Сарапшылар Минск келіссөзі болмағанда, соғыс туындап кетуі
мүмкін еді дегенді де айтып, жазып жатты. Оған жол бермеген негізгі
себеп — П. Порошенко мен В. Путиннің телефон арқылы сөйлесуі.
Осы іске қозғаушы болғаныма шүкіршілік еттім.
Алайда босаңсудың ешқандай жөні жоқ еді.
Украинаның экс-президенті Леонид Кучмамен 7 қазанда, Германия
федералдық сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен
14 қарашада, Швейцария Конференциясының президенті, ЕҚЫҰ-ның
іс басындағы төрағасы Дидье Буркхальтермен 20 қарашада, Франция
президенті Франсуа Олландпен 5–6 желтоқсанда өткен кездесулер,
келіссөздер барысында Украинадағы дағдарыс мәселесі үнемі қозға
лып отырды.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 508 —
Ф. Олландтың сапарына арнайы тоқталайын. Кездесу Астанада
басталып, Алматыда жалғасты. Сапардың бағдарламасындағы іс-ша
раның бірі — Сорбонна университетінің Алматыдағы филиалын ашу.
Біздің әңгімеміз өзара сенімге құрылды. Франция президентімен
Украинадағы жағдай бойынша ымыраға келудің және қалыптасқан
жағдайдан шығудың жолын іздестірудің қажеттігі туралы қорытын
ды жасадық. Ресейге қатысты өз ойымды: «Мен ешкімнің де, соның
ішінде Путиннің де адвокаты болғым келмейді, бірақ менің объек
тивті талдауларым Украинадан кейін дәл сондай «көктемді» Ресейде
ұйымдастыру ниетінің жүзеге аспағанын, оның «Қырым көктемімен»
аяқталғанын көрсетеді. Ресейдің қуатын дұрыс бағаламауға болмайды.
Ол — аумағы жөнінен ең үлкен және ең бай ел» деп ашық айттым.
Әңгіме мұнымен де шектеліп қалмады. Олландпен сеніскен рай
дағы келіссөз барысында маған Франция Президентін көп кешік
тірмей Ресей Президентімен кездестірсе жақсы болар еді деген ой
келді. Қалай, қашан, қайда? Әдетте мемлекеттер басшыларының
кездесулері күні бұрын межеленеді, қарастырылатын тақырыптар
алдын ала талқыланады. Ондай талаптардың бәрін сақтай беруге
уақыт тар. Украинадағы атыстың тоқтамай тұрғаны анау. Мен Ол
ландты дағдарысты реттеу жөніндегі ресейлік ұстаныммен егжей-
тегжейлі таныстырдым. Олар француз президентін қызықтырған
сияқты көрінді. Путинмен кездесуден бас тартпайтыны сөздерінен
байқалып қалып отырды. Сол кездесуді осы күндерде-ақ ұйымдасты
рып жіберсек қайтеді?.. Мысалы, Қазақстаннан қайтар жолда Олланд
Мәскеуге аялдаса, тіпті уақыт таппаса, әуежайда болса да Путинмен
кездессе қайтеді?.. Осы мүмкін бе? Дипломатияда, әсіресе мемлекет
басшылары арасындағы дипломатияда мұндай жағдай бола ма өзі?
Бұрын болған жоқ. Бірақ болады екен.
Президент Олланд ондай кездесудің қажеттігі және шұғылдығы
жөніндегі менің айтқан тосын ойыммен келісті. Әрине, мен мұндай
ұсынысты жасарда оны Ресей президентімен алдын ала пысықтап
алғаным өзінен-өзі түсінікті шығар. Өйтпесе де болмайды. Олланд
келісіп, Путин келіспей жүрсе тағы… Владимир Владимировичтің
кесімді мінезін білемін ғой. Путин Олландпен кездесуге дайын екенін
хабарлады. Бұл әңгімені Франция президентіне жеткізіп, оның мақұл
дауын алдым. Сол-ақ екен, бүкіл әлемнің ақпарат агенттіктерін сен
сациялық тақырыптар қойылған хабарлар шарлай жөнелді. Жоспар
ланбаған кездесу! Аяқастынан қабылданған шешім! Қазақстаннан
Францияға бара жатқан жолда Олланд Мәскеуге соғып, Путинмен
кездеспекші! Негізгі тақырып — Украина! Кездесудің бастамашысы —
Назарбаев! Осылай кете береді.
Бітімгерлік белестері
— 509 —
Олланд пен Путин 6 желтоқсанда Мәскеудің Внуково әуежайында
кездесті. Белгілі саясаттанушы Ю. Солозобов бұл жайында: «Осымен
қазақстандық көшбасшы РФ мен Еуропа арасындағы ұзаққа созыл
мақ жанжалдың алдын алды және еуропалық саясатты сындарлы
ойлау рельсіне қайта қондырды. Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ,
батыстық саясаткерлер назарын санкциялар тығырығынан шығудың
шынайы жолы ретіндегі В. Путинмен тұрақты үнқатысу қалыбына
түсірді. Халықаралық шиеленістегі жаңа «бәсеңсу» Еуразиялық
экономикалық одақтың белсенді мүшесі ретіндегі Қазақстанның
өзі үшін де тиімді. Бұл қадам Қазақстан Республикасының және
оның көшбасшысының әлемдік беделін нығайтуға да қызмет етпек»
деп жазған (Ю. Солозобов. «Гроссмейстерский ход Нурсултана
Назарбаева». Экспертная оценка. Информационно-аналитический
центр 07.12.2014. www/іa centr.ru/expert/19707/). Кездесуде фран
цуз президенті шиеленістің басты ошағы — Украинадағы жағдай
ды талқылауды бірден ұсынған, Владимир Путин жауап ретінде
Украинаның аумақтық тұтастығы туралы және оңтүстік-шығыстағы
бітімге келуді қамтамасыз етудің қажеттігі туралы бірқатар маңыз
ды мәлімдемелер жасаған. Сарапшылар француз президентінің:
«Бізді жаңа қабырғалардың бөлуіне жол бермеу қажет деп ойлай
мын. Бізге шешімді бірлесіп іздеуге тура келеді» дегенін, В. Путин
өз кезегінде француздық әріптесінің сапары көптеген халықаралық
проблемаларды шешуге көмектесетініне сенім білдіргенін атап
өткен. Мәскеуден қайтарда Олланд Путинмен кездесу «дер кезінде
және пайдалы» болғанын баса көрсеткен.
4 желтоқсанда П. Порошенко 9 желтоқсаннан бастап «тыныштық
күнін» енгізу, сол күннен Донбасстағы ұрыс қимылдарын тоқтату
мүмкін екенін мәлімдеді. Халық жасақтары өз тарапынан Минск
уағдаластығын бұзбайтындарын, іс-әрекеттерін Киевтің әлеует
күштерінің іс-әрекеттеріне ғана сай жүргізетінін хабарлады. 9 жел
тоқсанда «тыныштық күні» басталды.
2014 жылғы 19 желтоқсанда П. Порошенко маған хабарласып,
Украинаға бұрыннан айтып жүрген шақыруын тағы да қуаттады.
22 желтоқсанда, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қа
уіпсіздік кеңесінің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің
кезекті отырысына барар жолда, Украинаға сапар жасаудың сәті түсті.
Сапар қорытындысы бойынша өткізілген брифингте П. Порошенко:
«Украинаның шығысындағы жағдайды одан әрі ушықтырмау жөнін
дегі біздің өзара іс-қимылымыз бен ұстанымдарымызды үйлестіру
жеке мәселе ретінде қарастырылды. Қазақстан халықаралық құқық
нормаларын сөзсіз сақтау ұстанымын білдірді. Өзінің халықаралық
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 510 —
аренадағы ықпалын жағдайды реттеуге пайдаланғаны үшін Қазақстан
президентіне алғысымды білдіремін» деп атап өтті.
Біз Киевтен Мәскеуге, Внуководан Кремльге жеткенше В. Путин,
А. Меркель, Ф. Олланд және П. Порошенко бір-бірімен телефонмен
сөйлесіп үлгерді. Әңгімелерде «Нормандтық төрттіктің» саммитін
ұйымдастыру мәселелері қаралды және бұл үшін Астана ең қолай
лы қала ретінде ұсынылды. Біз мұндай алаңды кез келген уақытта
ұсынуға дайын екенімізді білдірдік. Жыл аяқталарда, 30 желтоқ
санда Ақорда сайтында: «Келіссөз нәтижесінде Украина президенті
П. Порошенкомен және Ресей президенті В. Путинмен ГФР канцлері
А. Меркельдің және Франция президенті Ф. Олландтың қатысуы
жағдайында Астанада екі елдің басшыларының кездесуін өткізудің
мүмкін екені келісілді. Қазақстан өз тарапынан 2015 жылдың 15–16
қаңтарында немесе тараптар үшін басқа да қолайлы уақыттарда
келіссөзді өткізуге дайын» деген хабар жарияланды.
Бірақ бұл кездесу Астанада өткен жоқ, Минскіде өтті. Неге? Мұның
себебі қарапайым.
Германияға барғанымды жаңа айттым ғой. Еуропада басталып
кеткен Рождество мерекесіне байланысты А. Меркельмен 27 жел
тоқсан күні ғана сөйлесе алдым. Канцлер менімен украин мәселесін
талқылағысы келетінін айтты және бұл үшін көп ұзатпай Берлинде
кездесуді ұсынды. Келесі жылдың қаңтарында қысқа мерзімді дема
лысқа шығуды жоспарлап отыр едім, әйтсе де, мынадай маңызды
мәселе үшін демалыстан бас тарта тұрдым да, Германияға баратын
болып шештім. Келіссөз барысында біз украин жанжалын тек бейбіт
жолдармен ретке келтіру мүмкін деген ортақ ұстанымымызды қуат
тадық. А. Меркель менен «норманд төрттігі» кездесуін нақ Астанада
өткізу қаншалықты қағидатты мәселе деп ашық сұрады. Мен ашық
айттым: қағидатты емес, ең бастысы — нәтиже. Канцлер ханым ол
орынға Минскіні ұсынды. Біріншіден, Байланыс тобы жақын жерде
болады, олар жағдайды бақылауға, оқ атуды тоқтату жөнінде нақты
нәтижеге қол жеткізуге көбірек мүмкіндік алады. Екіншіден, Олланд
та, Меркель де сол кездесуден кейін Брюссельге — Еуроодақ Кеңесінің
отырысына ұшып баруы тиіс. Астанаға барып-қайтуға үлгермейді.
Жарайды. Біз өз сөзімізді айттық, ниетімізді білдірдік, дайындығы
мызды қуаттадық. Ең бастысы — «төрттік» пішімінде кездесу идеясын
көтердік және ол идея қолдау тапты. Мәселе шешілсе болды.
Әлемдік дипломатиядағы ең ұзақ келіссөздің бірі, тегінде, Минск
кездесуінде өткен шығар. Ол келіссөз 16 сағатқа созылған. Күні бойы,
түні бойы жүріп, 12 ақпанда таңға жақын аяқталған. В. Путиннің
таңертең журналистерге айтар сөзін: «Қайырлы таң! Бұл менің
Бітімгерлік белестері
— 511 —
өмірімдегі ең бір жақсы түн болған жоқ, алайда атқан таң, менің
ойымша, қайырлы, өйткені келіссөз үдерісінің барлық қиындықтары
на қарамастан, біз ең басты мәселеде келісімге келуге қол жеткіздік»
деп бастайтыны сол кез еді. А. Меркельдің: «Енді үміт ұшқыны пайда
болды» дейтіні де сол кез. Бұл ойын канцлер ертеңінде, 13 ақпанда
маған телефон соққанда да қуаттады. Ангела ханым ерекше әдепті
адам ғой, сөздің ретін келтіріп, кездесу орнын Астанадан Минскіге
ауыстыруды ұсынғаны үшін ғафу өтініп жатты. Мен Берлиндегі
сөзімді қайталадым: ең бастысы — нәтиже.
Нәтиже — Украинаның оңтүстік-шығысында тыныштық орнағаны.
Екі жақ ажырату сызығынан ауыр қару-жарақтарды шығара бастады.
Атыс тоқтады. Алты мыңнан астам адамның өмірін қиған, ондаған
мың адамды жарадар еткен, бір жарым миллион адамды босқынға
айналдырған ұрыс қимылдары толас тапты.
Біздің Украинадағы дағдарысқа байланысты бітімгерлік қыз
метіміз жайында жеткілікті жазылған. Сол пікірлердің бірінен
үзінді келтірумен шектелейін. Ресейлік қаламгер Сергей Плеханов
былай дейді:
«2014 жылдың жазы мен күзінде Украинаның шығысындағы
дау-жанжалға араағайындық жасау президенттік дипломатия
ның маңызды парағына айналды. Киев билігі мен Донбасс қарулы
жасақтарының тіресуіне әкеліп соқтырған ұзақ қантөгістен кейін
тараптардың бітімге келуі одан бетер қиындай түскендей еді. Жан
жалға жанама түрде тартылған Ресей бітімгерші рөліне мүлде жа
рай қоймайтын. Осындай жағдайда беделді өңірлік күш ретіндегі
Қазақстанның рөлі күрт өсе түсті. Елдің Киевпен және Мәскеумен
бірдей достық байланыстары бар, сондай-ақ, Еуроодақпен және
АҚШ-пен арадағы сенімді қарым-қатынастар да бұрыннан қалып
тасқан. Астанаға әлемдік жетекші державалар өкілдері жиі-жиі келе
бастады. Президент АҚШ президентімен, Германия канцлерімен,
Ұлыбритания премьер-министрімен және әлемдік саяси сахнаның
басқа да жетекші ойыншыларымен телефон арқылы сөйлесті. Одан
Владимир Путинмен қалай жұмыс жүргізу керектігі, ресейлік көш
басшыдан нені күтуге болатыны жөнінде ақыл-кеңестер сұрады.
Екіжақты қарсылықтардың дами түсуіне байланысты Украинадағы
дағдарысты реттеудегі Қазақстанның шешуші рөлі барған сайын
айқын бола түсті».
«22 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев Киевке келді. Президент
Порошенкомен және үкімет басшысы Яценюкпен ұзақ сағаттарға
созылған келіссөз жүрді. Қазақстан көшбасшысы өзімен әңгімеле
сушілердің дағдарыс ахуалын шешуге қалай қарайтынын өз ауыз
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 512 —
дарынан естіп білгісі келді. Мәміле мүмкіндігін талқылау үшін ол
Киевтен бірден Мәскеуге келді. Одан соң германиялық канцлер Мер
кельмен және француз президенті Олландпен телефон арқылы сөй
лесті. Осылайша Қазақстан астанасында төрт ел көшбасшыларының
жоғары деңгейдегі кездесуін өткізу идеясы туындады.
Жарты айдан соң, Ресейдің, Украинаның және Францияның көш
басшыларының Астанада кездесу туралы қағидатты келісімдеріне
қол жеткізе отырып, Қазақстан Президенті Германия канцлерімен
келіссөз жүргізу үшін Берлинге аттанды. Ангела Меркель де жанжал
дасушы тараптардың Минск келісімін нақтылы сақтауы жағдайында
Назарбаев бастамасын қолдайтынын білдірді.
Бірақ осыдан соң көп ұзамай Донбасста шиеленіс жаңаша қарқын
алып, ұрыс қимылдары үдей түсті. Соның алдында қол жеткізілген
дердің бәріне қатер төнді. Осы сәтте (21 қаңтарда) АҚШ президенті
Обама Астанаға телефон шалды. Ол Назарбаевқа оның дағдарысты
реттеудегі сындарлы рөлі үшін, татуластыру үдерісіне неғұрлым
ықпалды саясаткерлерді тарта білгені үшін алғыс айтты. Оған жауап
ретінде Қазақстан президенті Обамаға украин мәселесі бойынша
бітім іздеу ісіне неғұрлым белсенді араласу жөнінде өтініш білдірді.
Әңгімелесуші жақ қайғылы оқиғаны дипломатиялық жолмен шешу
ді жақтайтынына, Минск келісімдерін орындаудың оның кілті болып
табылатынына Назарбаевты сендірді. Ол халықаралық қауіпсіздікті
нығайту ісіндегі Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалады және
Назарбаевтың өзінің жанжалды бейбіт жолмен шешу жолын іздеуге
белсенді атсалысуын одан әрі жалғастыратынына сенім білдірді.
Қазақстан президенті ұсынған «норманд пішінінде» (Украина мен
Ресей басшыларының бетпе-бет емес, жетекші еуропалық елдер көш
басшыларының араға жүруімен кездесуі) келіссөз өткізу идеясы ақыр
соңында 2015 жылдың 11–12 ақпанында жүзеге асты. Минскіде өткен
ұзаққа созылған келіссөзден кейін қол жеткізілген уағдаластықтар
берік бейбітшілік орнатуға жол ашу мақсатын көздеді. Егер, әрине,
жауапты көзқарас басым түсіп, егер атысты тоқтатуды тараптар күш
көрсету арқылы шешуге деген жаңа талпыныс алдындағы тыныс алу
ретінде ғана қабылдамаса».
Владимир Путиннің мен сөз басында мысал келтірген мақаласы
«Ресей ешқашан «анти-Украина» болған емес, болмайды да. Ал Украи
наның қандай болмағын оның азаматтары шешеді» деген сөзбен
түйінделеді.
Украинадағы қақтығыстың алдын алудың, бетін қайтарудың ақыры
сәті түспеді. Біздің қолдан келгені сол соғыс оты тұтануының уақытын
Бітімгерлік белестері
— 513 —
созу ғана болып шыққанын бүгін көріп отырмыз. Амал нешік. Бұл істе
екі жақтан да үлкен кемшіліктер жіберілді. Әсіресе, Украинаның сол
кездегі президенті Петр Порошенконың шешуші сәтте келіссөзден
басын ала қашуының теріс әсері көбірек болды дер едім. Кезінде менің
Қарабаққа барған сапарым жөнінде жазған белгілі журналист Михаил
Чирковтың мына сөздеріне назар салайық: «Нұрсұлтан Назарбаев
алдымен Минскіде, одан кейін Киевте Петр Порошенконы Ресеймен
татуласудың ең жақсы жолы Путинмен көзбе-көз, ашықтан-ашық
сөйлесу, тығырықтан шығудың жолын бірлесе іздеу екеніне сендіріп
бақты, Астананы келіссөз алаңы ретінде ұсынды да. Көзін жеткізе
алмады. Қазақстан көшбасшысының арқасында Сириядағы азамат
соғысын тоқтату мақсатымен Женевадан кейінгі жаңа келіссөз орта
лығына айналғаны сияқты, Қазақстан астанасы «Минск процесінің»
жаңа алаңына әбден-ақ айнала алар еді». Қайтерсің, «Худой мир
лучше доброй ссоры» деген мақалды соны шығарған славяндардың
өзі ескермей жатады кейде.
Өкінішке қарай, біздің осыншама күш жұмсаған атысты тоқтатуға
қол жеткізген бітімгерлік әрекетіміз нақты нәтижеге қол жеткізбеді,
баянды бейбітшілікті түпкілікті қамтамасыз ете алмады. Саясатта
ойлағаныңның бәрі бірдей орындала бермейді. Оған көп факторлар
әсер етеді. 2022 жылғы 8 маусымда Германияның экс-канцлері Ангела
Меркель 2015 жылғы бітімгерлік іс-шараларды сынағандарға жауап
ретінде ол кездегі келісім Украинада тыныштық орнатқанын еске
салды. «Егер дипломатия табысқа жетпесе, ол қате болды деген сөз
емес» деді ол. Мен бұл сөзге қосыламын. Алайда өзім дәйім құрмет
пен қарап келген Меркель ханымның дәл сол 2022 жылдың аяғында
Zeіt агенттігіне берген сұхбатында Минск келісімі Украинаға уақыт
ұту үшін жасалған еді дегеніне таңданбау мүмкін емес. Мұндайда
дипломатия тілін жиып қойып сөйлейтін Беларусь Президенті Алек
сандр Лукашенконың «Егер, расында да, бәрі оның айтқанындай
болса, бұл жиіркенішті» деген сөзін еске салумен тоқтайын.
2022 жылдың ақпан айында Украинада Ресейдің арнаулы әскери
операциясы басталды.
Горбачевтің сыртқы саясаттағы қателіктерінің бірі — кезінде Батыс
елдерімен тиісті уағдаластықтар (екі Германияның қосылуы, Вар
шава Шартының күші жойылуы, Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің
шығарылуы, тағы басқа) жасаған кезде НАТО-ның Шығысқа қарай
жылжымайтындығы жөніндегі уәдені қағазға түсіріп, хаттамағандығы.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер келіссөз кезіндегі
ауызша әңгімеде «НАТО Шығыс жақ бетке кеңейтілмейді» деген,
бұл соған сенген де қоя салған. Осы да кәсіби саясаткердің тірлігі ме?
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 514 —
Жазбаша уағдаластықтың өзін бірде сақтап, бірде сақтамайтын
Батыс, әрине, ауызша берілген уәдеден оп-оңай тайқып кетті. Одан
беріде бұрынғы социалистік елдердің бәрі, бүкіл Балтық бойының
мемлекеттері НАТО-ға қабылданды. Ресейдің қауіпсіздік белдеуі та
рыла түсті. Ақыр аяғында Украина НАТО-ға кіру (одан да қиыны —
ядролық держава мәртебесін қалпына келтіру) ниетін жариялады.
Донбасстағы күрделі жағдайға байланысты қабылданған, төрт мем
лекет қол қойған Минск келісімдерін орындаудан бас тартты. Оливер
Стоунмен төрт фильмдік сұхбат кезінде (2016 жылы) Владимир Путин
Минск келісімдеріне қатысты былай деген: «Амнистия туралы заң қа
былданып, қолданысқа енгізілуі тиіс. Заң қабылданған, бірақ Украина
президенті оған қол қоймаған. Бұл аумақтарды басқарудың ерекше
мәртебесі туралы заң іске қосылуы тиіс. Заң қабылданып, оны Укра
ина парламенті қолдаған, бірақ қолданысқа енгізілмеген. Киев билігі
үшін ол шаруаны біз атқара алмаймыз, алайда түптеп келгенде бұл
орындалады және қақтығыс тоқтатылады деп қатты үміт артамыз».
Олай болмады. Дау-дамайдың аяғы соғысқа соқтырды. Оның ауқы
мы өзін-өзі жариялаған Донецк Халық Республикасы мен Луганск
Халық Республикасының шегінен шығып кетті. Өте өкінішті. Әрине,
бұл сөз 2022 жылдың басында Украина жерінде өрістеген арнау
лы әскери операцияның сипатын ақтауды білдірмейді, дегенмен
қай қақтығыстың себеп-салдарын іздегенде де ақиқаттың әдетте бел
ортада жататыны жайындағы қарапайым қағиданы ұмытпау жөн.
Оңайлықпен басы ашыла қоймайтын, аса күрделі осы коллизияны
ой елегінен өткізгенде Ли Куан Юдің «Орыстардың ұлы ұлт ретіндегі
күні бітті деп санайтындардың бәрі олардың ғарыш және атом сала
сындағы ғалымдарын, орталықтандырылған жоспарлау жүйесінен
тартқан барша зардаптарына қарамастан тәрбиелеп шығарған шах
мат гроссмейстерлерін, олимпиялық чемпиондарын еске түсіруі тиіс.
Орыстар коммунистік жүйедей емес, оларды тарихтың күресініне
лақтырып тастай алмайсың» деген сөздері еске түседі.
Осы орайда Қазақстанның тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен ұл
таралық қатынас мәдениетін қалыптастыру, ғасырлар бойғы дәстүрлі
достықты дамыту, ешкімді де тіліне, дініне қарап алаламау, кем
сітпеу, әркімнің өз ана тілінде сөйлеу құқын құрметтеу, тарихтан
адамдарды алыстататын емес, жақындататын мысалдарды алдымен
іздеу саясатын жүргізгенін, соның арқасында тілі басқа болғанымен
тілегі бір, жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тұтас халық тату өмір
сүріп жатқанын разылықпен айта аламыз. Біздің Конституциямыз
да «Біз, Қазақстан халқы…» деген сөздермен басталады. Осы бірлікті
көздің қарашығындай сақтау — елдігіміздің аса маңызды шарты.
Бітімгерлік белестері
— 515 —
СИРИЯ: ТҮЙІНДІ ТАРҚАТУ
Мың жыл бұрын арабтардың Таяу Шығыс және Жерорта теңізі
маңындағы халықтармен өзара байланысы ғылым мен өнердің сол
кез үшін ешкім естіп-біліп көрмеген өркендеуіне себепкер болды.
Араб мәдениеті ортағасырлық әлемге білімнің, этикалық және эсте
тикалық құндылықтардың бірегей құймасын алып келді, көптеген
халықтардың, соның ішінде еуропалық халықтардың да мәдениетінде
өшпес із қалдырды.
Өте өкініштісі, бұл жарқын жол әрі қарай жемісті жалғасқан
жоқ. Сан түрлі себептерге байланысты араб әлемінің дамуы тежел
ді. Ғылым мен білімдегі алғы шептерден айрылып қалу, діндестерді,
тілдестерді ажыратқан алауыздық, ғасырларға созылып кеткен отар
шылдық араб жұртының еңсесін езді, сағын сындырды. Әйтпесе, бұл
әлем — ұлы әлем. Араб әлемі ұғымына Таяу Шығыс пен Солтүстік
Африкадағы, сондай-ақ, Шығыс Африкадағы халықтың жалпы саны
400 миллионға жуықтайтын, шамамен 13 миллион шаршы километр
ді жайлап жатқан 23 ел кіреді. Жиырмасыншы ғасырда жаһанды
жаппай жайлаған отарсыздану үдерісі араб әлемін де дүр сілкіндірді.
Ең ғажабы — отаршылдар кеткен бойда, Алла арабтарға ұзақ уақыт
бойы көрген қорлықтарының есесін қайтарып, әрі төзімдеріне риза
болып, асқан байлық сыйлады. Ондай байлық сол өңірдегі мемле
кеттердің бәріне бірдей бұйырған жоқ. Египет езгісін халқының са
насынан шығару үшін 40 жыл бойы құм кездіріп, қазіргі Израильдің
орнына алып келді делінетін Моисейге байланысты айтылатын бір
әзіл әңгіме естігенмін. Еврейлер Моисейді: «Сонша жыл арып-ашып
келгенде дәл мұнайы жоқ жерге тоқтағанын көрмеймісің?!» деп
жазғыратын көрінеді. Расында да, Израильдің айналасының бәрі —
мұнайлы мемлекеттер. Бәрі де араб мемлекеттері. Қалай болғанда
да, мұнай араб дүниесін түбірімен өзгертіп жіберді.
Қазына жүрген жерде қатер қатар жүреді. Арабтардың мұнайы
да талайдың көз құртына айналды.
«Араб көктемінің» ең бір кең көлемді өткен елі — Сирия.
Сириядағы радикалды исламистердің күшеюі талай елдің ты
нышын ала бастады. Бұл елге әлемнің талай мемлекетінен «дін жо
лындағы күрескерлер» мың-мыңдап ағыла жөнелді. Өкінішке қарай,
солардың бірі — Қазақстан. «Жиһад» идеологиясына арбалған жүз
деген отандастарымыз 2001–2002 жылдарда «кәпірлермен соғысу
үшін» «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған — автордың
ескертуі) экстремистік тобының содырлары қатарына қосылды. Бұған
белгілі бір дәрежеде Қазақстан мен Түркияның арасында барыс-
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 516 —
келіске виза қажет еместігі де әсер етті. Елдің кез келген облысының
орталығынан Ыстамбұлға ұшып барған адамдарды осы істі саудаға
айналдырғандардың автобусқа тиеп, Сирияның шекарасына жеткізіп
салуы оп-оңай еді. 2020 жылғы ақпанда аяқталған «Жусан» операция
сы арқылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 595 адамды, соның ішінде
406 баланы Сирия мен Ирактан елге оралтты. Негізінен — Сириядан.
Ол балалардың арасында кішкентайында апарылғандары да бар, осы
он жылдың ішінде сонда туғандары да аз емес. 2021 жылдың жазын
да мәлімет сұратқанымда, маған Сирияда қалып қойған әлі біраз
қазақстандық бар, олардың 15‑і түрмеде отыр дегенді хабарлады.
Әділдігін айту керек, Башар Асад «араб көктемі» басталысымен
бірқатар саяси реформаларды жүзеге асыруға тырысқан еді. 1963
жылдан бері қолданылып келе жатқан төтенше жағдай режимін алып
тастау, елде көппартиялылықты енгізу, жалпыға ортақ сайлау өткізу,
жаңа конституция қабылдау сондай қадамдар болатын. Алайда елдегі
дағдарысты Асадқа қарсы оппозиция халықаралық ауқымға ауыстыра
алды, Сирияның ішкі ісіне сыртқы күштер белсене араласа бастады.
Президент Асад Ресейден әскери көмек сұрауға мәжбүр болды.
Ойламаған жерден бізге ұсыныс түсті. Ол ұсыныстың мәні — Қа
зақстанның Сирияның өз ішіндегі келіссөз үдерісіне араласуы. Ұсы
нысты Сирия оппозициясы жасады. Плюралистік қоғам орнату
жолындағы қозғалыстың көшбасшысы Ранда Кассис өзінің ұсыны
сын Қазақстанның әлемдік қоғамдастықта алатын сыйлы орнына,
сондай-ақ ел басшысының әртүрлі мемлекеттер лидерлерімен қа
лыпты қатынастарына қарап айтқанын мәлімдеді. Бұл арада біздің
Украинадағы дағдарысқа араағайындық жасауымыз ондағы оқ атуды
тоқтатуға жеткізгені де, Қазақстан халқының көпдінді құрамы да
ескерілді деп ойлаймын.
Сонымен, біз сириялықтарға үнқатысу алаңын дайындауға
кірістік. Бұл жұмыстың жай-жапсары Нұрлан Онжановтың 2017
жылы шыққан «Бітімгер. Сирия түйіні» атты екінші кітабында егжей-
тегжейлі баян етілген. Украинаға қатысты бірінші кітабынан кейін
авторға осы тақырыпты жалғастыру жөнінде көптеген ұсыныстар
айтылғанын атап өту керек.
Алғашқы кездесу Астанада 2015 жылғы 25–27 мамыр күндері өтті.
Сол басқосудың өзі едәуір ілгерілеуге қол жеткізді. Оппозициялық
топтардың көшбасшылары, этникалық және діни азшылықтар
өкілдері Сирия ұлттық бірлік мемлекеті күйінде қалуы тиіс дегенді
қуаттап, туындаған мәселелердің бәрін Сирия аумағының, халқы
ның біртұтастығы аясында әділ шешуге уағдаласты. Ранда Кассис
сириялықтар Қазақстан басшысы тіресуші тараптардың арасында
Бітімгерлік белестері
— 517 —
медиатор болады деп үміттенетінін атап айтып, «Біз Қазақстаннан
өте көп нәрсе күтеміз, өйткені бұл дағдарысты тек АҚШ-тың және
Еуропаның күшімен шешуге болмайды, мұны тек осы жерде, Қа
зақстанда ғана шеше аламыз» деп мәлімдеді. Біз бұл жұмыстың
күрделілігін, оның ұзаққа созылатынын, жүйке жұқартатынын жақ
сы білдік. «Егер Қазақстанға сенім көрсетілсе, біз ол сенімді ақтауға
тырысамыз» дедім мен.
Сириядағы оппозициялық топтардың келіссөзі жүйелі, жоспарлы
түрде, раундтар арқылы өте бастады. Екінші кездесудің нәтижесі
бойынша «Астана бастамасы» құжаты қабылданды. Онда Сириядағы
жағдайды реттеу жөнінде Қазақстан Президентінің мұсылман әлемі
көшбасшыларымен келіссөз жүргізуі сұралды. Мен бұл мәселені
Иордания королі Абдалла ІІ бен Аль-Хусейнмен, Қатар Әмірі шейх
Тамим бен Хамад Аль Танимен, Иран Президенті Хасан Руханимен,
Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абделазиз Аль Саудпен
келіссөз кезінде жан-жақты талқыладым. Эр-Риядқа сапарым ба
рысында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы Ияд
Маданимен әңгіменің де басты бір тақырыбы Сириядағы жағдайды
реттеуге атсалысу болды. Кейіннен, 2016 жылдың 13 сәуірінде Ислам
Ынтымақтастық Ыстамбұлда өткен 13‑саммитінде сөйлеген сөзімде
Ұйымға мүше елдердің назарын Сирия дағдарысына аударумен
қатар, мұсылман дүниесінің сүннит — шиит болып бөлініп кету
қаупіне де көңіл бөлдірдім.
Сирияаралық келіссөзді жүргізу 2015 жылдың аяғына қарай Ресей
мен Түркияның қарым-қатынасы қатты шиеленісуіне байланысты
бұрынғыдан да қиындап кетті. Қиындамауы да қиын еді.
Қазақстанның бұл іске араласу мүмкіндігі біздің елдің Біріккен
Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017–2018 жылдардағы тұрақты
емес мүшесі болып сайлануына байланысты көбейе түсті. Айтқандай,
біз бұл орынға әлемдегі мығым мемлекеттердің бірі — Таиландтан
басым түсіп барып сайландық: екінші раундта Қазақстанға 138 дауыс,
Таиландқа 55 дауыс берілді. Бұл — үлкен жеңіс. Таиландтың таны
мал ел екені талассыз ғой. Оның үстіне біз мұндай сыйлы органға
Орталық Азиядан сайланған бірінші ел болдық.
Ресей президенті В. Путиннің Жапонияға сапары кезінде журналис
тердің бірі оған Сириядағы жағдай туралы сұрақ қояды. Владимир
Владимирович соның алдында ғана Түркия президенті Ердоғанға
бейбіт келіссөзді жаңа алаңда жалғастыру жөнінде ұсыныс жасағанын
айта келіп: «Мұндай алаң Қазақстан елордасы — Астана бола алар
еді. Егер қақтығыс тараптары келіссе, онда біз президент Назарба
евқа осы процесті қолдау жөнінде өтініш айтамыз. Мұның сәті түссе,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 518 —
бұл, айталық, Женева келіссөзімен бәсекелеспейтін, қайта Женева
келіссөзін толықтыратын алаң болып шығады» дейді. Ертеңінде-ақ
алдымен Путин, одан кейін Ердоған маған телефон шалды. Сирия
аралық келіссөздің Астанада өткізілуін Бейжің де қолдады.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы «Сирияда
атысты тоқтату режимін қолдау туралы» қарарында Астанадағы кез
десу БҰҰ аясында өткізілетін саяси процестің маңызды бөлігі болып
табылатыны атап көрсетілген.
2017 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан астанасында басталған халық
аралық кездесуде шақырылған жеті делегация (Ресей, Түркия, Иран,
Б. Асад үкіметі, Сирия оппозициясы, БҰҰ, АҚШ) түгел бас қосты.
Олардың бір үстелдің басына жиналуы алғаш рет Астанада жүзе
ге асты. Айтқандай, Сирия оппозициясы кездесуге тұтас 45 минут
кешігіп келіпті. Жеме-жемге келгенде райларынан қайтқан сияқты.
Алғашқы кездесудің өзі сирияаралық келіссөз өтетін орын ретінде
біздің еліміздің дұрыс таңдалғанын танытып берді. Іс-шараның бас
пасөз орталығында шетелдік 389 журналист тіркелгенінің өзі Астана
кездесуіне бүкіл әлем назар аударғанының айқын айғағы еді.
Ұзаққа созылатын, қиын жұмыс басталды. 2019 жылдың қазанына
дейін Астанада Сирия бойынша келіссөздің 13 раунды өткізілді. Бұл
айтқанға ғана оңай. Олардың әрқайсысының күн тәртібін келісу, қаты
сушылардың Қазақстанға жетуін қамтамасыз ету, хаттама талаптарын
толық сақтау, тұрмыстық мәселелердің бәрін шешу жеңіл міндет
емес. Әр раундтың өз жүгі бар. Әрқайсысы тыңғылықты дайындықты
қажет етеді. Раундтан раундқа өткен сайын кездесуге қатысушылар
түпкі мақсатқа бірте-бірте жақындай берді. АҚШ тарапының басым
мақсаты Башар Асадты қалайда кетіру емес, «Ислам мемлекеті»
делінетінмен күрес екенін айтуы да сирияаралық келіссөздің нақты
ықпалы деу жөн.
Астана алаңы Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция өкілдері
нің бірінші рет бас қосқан жері екенін де біз қанағат сезімімен айта
аламыз.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Сирия бойынша арнау
лы өкілі Стаффан де Мистура Астана процесінің басты пайдасы БҰҰ
талайдан ұмтылып келе жатқан мақсатты орындауға — Сириядағы
атысты тоқтатуға қол жеткізгені деп атап айтқаны ұйымдастырушы
ел ретінде бізге де үлкен мерей болды.
Сирия дағдарысын шешуге Ресей мен Түркияның татуласуы жол
ашты.
Келесі тараушада осы іске біздің тікелей араласуымыздың қандай
нәтижеге қол жеткізгені жайында әңгімелемекпін.
Бітімгерлік белестері
— 519 —
ТҮРКИЯ — РЕСЕЙ: ТАРТЫСТАН КЕЙІНГІ ТІЛ ТАБЫСУ
2015 жылғы 24 қарашада түрік-сирия шекарасында тапсырма
орындап, базаға оралып келе жатқан ресейлік әскери әуе күшінің
«Су‑24М» бомбалаушы ұшағын Түркияның F‑16 жойғыш ұшағы
«әуе-әуе» класының зымыранымен атып түсірді. Экипаж командирі
Олег Пешков парашютпен қонғалы жатқанда үкіметке қарсы қарулы
күштердің тарапынан оққа ұшты. Түркия үкіметі соның алдында
ғана, 10 қазанда ел аспанына өтіп кететін барлық ұшақтарды жою
жөнінде бұйрық шығарған. Өйткені мұнан бұрын Сирияның әуеге
қарсы қорғаныс күштері Түркияның «F‑4» жойғыш ұшағының көзін
құртқан болатын.
Өте тосын жағдай қалыптасты. Ердоған Түркия өз шекарасын
қорғауға құқылы деп мәлімдеді. Ресей «Ислам мемлекеті» делінетін
құрылымның базаларын бомбалауды жамылып, сириялық турко
мандардың позициясына соққы жасады деді. Путин бұл оқиғаны
«терроризмге дем берушілердің жонарқадан пышақ сұғуы» деп
бағалады. Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров түрік бас
шылығы іс жүзінде ИГИЛ-дің жағына шықты деп те жіберді. Екі
ел кетісуге беттеді. Мәскеу Анкараны Сирия мен Ирактың Ислам
мемлекеті делінетін құрылым бақылайтын жерлерден мұнай тасы
малдайды деп кінәлады. Анкара дәл осындай айыпты Мәскеудің өзіне
тақты. Мәскеу экономикалық санкцияларға кірісті. Ресейдегі түрік
құрылыс компанияларының жұмысына тыйым салынды. Түркияға
барам дегендерге виза беру тоқтатылды. Бұл түріктер жаз болса ел
курорттарың жаппай жайлап, жатып алатын ресейлік туристерден,
яғни қып-қызыл ақшадан айрылады деген сөз. Түркиядан азық-түлік
алу тоқтатылды. Бұл түріктердің мың-мың тонналық көкөнісі көз
алдарында шіріп кетеді, яғни ел бюджетінің бір бұрышы үңірейіп
түседі деген сөз. Түркияның Ресейге азық-түлік экспортының көлемі
1,2 миллиард долларды құрайтын. Ердоған ресей-түрік қатынаста
ры бір ұшақ экипажының қателігінің құрбанына айналмауы керек
деді. Путин Қара теңіздің табаны арқылы төселетін «Түрік ағыны»
газ құбыры жобасының тоқтатылатынын айтты. Түрік лидері онда
газды Қатардан сатып алатынын мәлімдеді. Путин БҰҰ-ның климат
жөніндегі Парижде өткен конференциясында Ердоғанмен кездесуден
бас тартатынын жеткізді.
2015 жылғы 29 қарашада Режеп Тайып Ердоған маған телефон
соқты. Мен түрік әскерилерінің іс-қимылын айыптайтынымды ашық
айттым. «Ресей мен Түркия арасындағы болған жағдайға біз қатты
өкінеміз. Қазірше бізге оның барлық жай-жапсары толық мәлім емес.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 520 —
Дегенмен, ресейлік бомбалаушы ұшақтың Түркияға шабуыл жаса
мағаны — факт. Ол ұшақ Түркияға бет алған жоқ. Террористермен
соғысуға бара жатқан» дедім. Ердоған Путинмен кездескісі келетінін
жеткізді. 4 желтоқсанда Ресей Президентіне телефон соқтым. 21 жел
тоқсанда Мәскеудегі кездесу кезінде бұл мәселені түбегейлі талқыла
дық. Кремльдің талабы үшеу: Анкара, біріншіден, кешірім сұрауы
тиіс, екіншіден, кінәлілерді жазалауы тиіс, үшіншіден, келтірілген
зардаптың орнын толтыруға тиіс. 2016 жылғы 6 ақпанда Астанаға
келген Түркия Премьер-министрі А. Давутоғлумен екі жарым сағатқа
созылған әңгіме барысында мен түрік жағына В. Путиннің атына
Р. Ердоғанның хат жазуы жөнінде ұсыныс жасадым. Бұл ұсыныс
дұрыс қабылданды.
Енді қалған шаруа біздің араағайындығымызға келіп тірелді. Ер
доғанмен екі рет (Вашингтонда, Ыстамбұлда), Путинмен үш рет
(Мәскеуде, Астанада, Санкт-Петербургте) кездесе жүріп, дәйім орыс-
түрік қатынастарын қалпына келтірудің жолдарын іздестірумен
болдық. Р. Ердоғанмен ең түйінді кездесу 12 сәуірде Ыстамбұлда өтті.
Түрік президенті Ресей президентімен тіл табыспақ ниетін тағы да
жеткізді. Оңаша кездесуде біз В. Путинге жолданатын хаттың айтарын
да өзара сеніскен жағдайда талқыладық. Түркиядағы елшіміз Жан
сейіт Түймебаев хаттың жобасын түрік жағына жеткізіп қана қоймай,
түрік дипломаттарының өтініші бойынша, хаттың түпкілікті мәтінін
дайындауға да қатысты. Елшілік қызметкерлерінің «өкінеміз» («sorry»)
дегеннен гөрі қатқылдау, «кешірім сұраймыз» («apology») дегеннен
гөрі жұмсақтау «ғафу етіңіз» («извините») сөзін дәл табуы да түрік
жағын қатты ырза етіпті. Екі оттың ортасында қалған Ердоғанның
елдегі қоғамдық пікірмен, оппозициямен санаспауы да қиын еді. Айт
қандай, хаттың бастапқы мәтіні орысша дайындалған. Мұның бәрі
түріктің «Хюрриет» газетінің 2016 жылғы 9 тамыздағы нөмірінде жа
зылған. Николай Зеньковичтің «Нурсултан Назарбаев. Новое прочте
ние биографии» атты кітабында да осы мәселеге біраз көңіл бөлінген.
Бұл түйін ақыры Ташкентте тарқатылды.
Өзбекстан астанасында 2016 жылдың 23 маусымында Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі
өтті. Өзара уағдаластығымыз бойынша, Түркия президенті Ресей
президентіне жолдайтын хатының көшірмесін жіберуі керек еді. Елші
Ж. Түймебаев Р. Ердоғанның көшірмені емес, түпнұсқаны жеткізбек
болып шешкенін хабарлады. Бұл үшін Ердоған өзінің көмекшісі
Ибрагим Калынды арнаулы ұшақпен Ташкентке аттандырмақшы.
Осыған байланысты тағы бір мәселе шықты. Өзбек жағы өз астана
сының аспанын жауып тастаған — негізінде, мемлекет басшылары
Бітімгерлік белестері
— 521 —
көп жиналған мұндай ірі іс-шаралар кезінде қауіпсіздік мақсатында
сол қаланың әуежайы ешқандай ұшақты қабылдамайды. Біз де сөй
теміз, бәрі де сөйтеді. Енді екінші нұсқа ойластырылды. Ол бойын
ша түрік президентінің ұшағы Шымкентке келіп қонады, Ибрагим
Калын тікұшақпен шекараға жеткізіледі, ол жерден Қазақстан ел
шілігінің мәшинесімен қала сыртындағы «Дүрмен» резиденциясына
әкелінеді. Бірақ Ислам Әбдіғаниұлы Каримовпен достық қарым-
қатынасымыздың арқасында мәселені шештік — өзбек президенті
түрік бортының Ташкентке қонуына рұқсат етті. Бұл кезде түрік
ұшағы, қай қаланың әуежайы қабылдайтынын білмегендіктен, Қа
зақстан аумағының аспанында арлы-берлі қалықтап жүрген болатын.
Жанармайы да таусылуға жақындаған екен. Ақыры ұшақ та қонды,
Калын да резиденцияға жетіп, хатты қолымызға тигізіп үлгерді. «Үл
герді» дейтінім — Владимир Путин ШЫҰ саммиті біте салысымен,
Қытайға ресми сапармен бару үшін Ташкенттен Бейжіңге ұшып кетуі
керек еді. Нұрлан Онжанов Ердоғанның хатын Путиннің көмекшісі
Юрий Ушаковқа тапсырды. Ресей президенті хатты менің көзімше
ашып, ықтияттап оқыды да, көңілі толмайтынын білдіріп, бірер сөз
айтты. Сол кезде мен: «Владимир Владимирович, Сізге Ердоған қолын
созып тұр, созған қолды алыңыз» дедім. Ресей көшбасшысы сөзге
тоқтады. Өзіне тән даналығын танытты. Айтқаныммен келісіп қана
қойған жоқ, менің телефон арқылы Ердоғанмен сөйлесу жөніндегі
ұсынысымды да қолдады.
Кремль сайтына шыққан жолдау мәтіні көп ұзамай бұқаралық
ақпарат құралдарында да жарияланды. Өзінің жолдауында түрік
президенті Ресей Түркия үшін достас ел және стратегиялық әріптес
болып табылатынын, түрік билігі қатынастардың нашарлауын қа
ламайтынын айтады. «Біздің Ресей Федерациясының ұшағын атып
түсіру ниетіміз де, алдын ала ойластырған мақсатымыз да ешқашан
болған емес», дейді Ердоған. Хатта түрік президенті болған оқиға
үшін ғафу етуді сұрайды.
Көп ұзамай В. Путин мен Р. Ердоған телефон арқылы сөйлесті. Сол
әңгіменің ертеңінде Түркия президенті маған хабарласып, алғысын
айтты, ол түрік халқы Қазақстан Республикасы президентінің осынау
маңызды тарихи миссиясын ешқашан ұмытпайды дегенді қадап
көрсетті. Кейінірек, 2016 жылғы 16 тамызда Сочиде кездескенімізде
Ресей президенті В. Путин де разылығын білдірді. «Сіз ресей-түрік
қатынастарының қалпына келгенін еске салдыңыз. Бұл орайда Сізге
жұмсаған күш-жігеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді, Сіздің бітімгер
лік миссияңызды айтып тұрмын. Оның табысты аяқталғанын бәріміз
көрдік» деді Владимир Владимирович.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 522 —
Ресей-Түркия қарым-қатынастары бірте-бірте қалпына келе баста
ды. Түркияға қолданылған экономикалық санкциялар алынып тас
талды.
Түркияның «Ватан» газеті 78 миллиондық ел халқының атынан
бізге разылығын білдірді. «Тюркие», «Йени Акит», «Миллиет», «За
ман Дуния», «Тёркиш Уикли» газеттерінде, басқа да басылымдарда
Мәскеу мен Анкараның арасын жақындатып бергеніміз үшін алғыс
айтқан сөздер жарияланды.
Біздің бітімгерлік ісіндегі талассыз табыстарымыз салған беттен
көпвекторлы саясат ұстанғанымыздың, алыс және жақын шет ел
дердің бәрімен қалыпты қатынас орната алғанымыздың арқасы еді.
— 523 —
ӨМІР ӨРІМДЕРІ
ТҰЛҒАЛАР ТАҒЫЛЫМЫ
Саяси қайраткерлердің, әсіресе мемлекет басшыларының қайсы
сының мемуарлық әдебиетін оқысаңыз да, ол кітаптардан автордың
өзінің өмір жолында тағдыры түйіскен, қызмет бабы бойынша
қарым-қатынас жасаған адамдары жайында дәйім айтып отыра
тынын көресіз. Мұның өзі әбден табиғи жай. Сол дәстүрді мен де
бұзбайын.
Мемлекеттер басшыларымен ресми қарым-қатынастың сипаты
жайында бұл кітапта біршама жазылған. «Өмір өрімдері» деп аталған
мына тарауда мен олардың саясатта қалдырған іздері, тарихта алатын
орны туралы толғанумен қатар, өз тұстастарымның кісілік келбеті
не, өзіндік болмысына қатысты, бет-бейнесін аша түсетін адамдық
қасиеттеріне де азын-аулақ тоқталып отырмақпын.
Әуелгі айтарым ұстаздарым туралы. Бірақ оны тар мағынада
түсінбеу жөн. Ұстаз сөзінің аясы кең. Ұстаз деп, әрине, алдымен
тәлім-тәрбие, білім беретін мұғалімді, оқытушыны айтамыз. Бұл
тұрғыдан ұстаздан жолым болған адаммын дей аламын. Мектептегі
мұғалімдерім, Днепродзержинскідегі оқытушыларым, Қарағанды
политехникалық институтындағы доценттер, профессорлар өмірімде
ерекше із қалдырды. Сонымен бірге біз белгілі бір өнердің, кәсіптің
түрін үйретушіні де, ақылшы, басшыны да ұстаз дейміз. Бұл тұрғыдан
қарағанда Теміртау металлургия комбинатындағы тәлімгерлерім,
парткомда, қалкомда партиялық жұмыстың жөн-жобасын көрсеткен,
тиісті ақыл-кеңесін айтқан адамдар да ұстаздарым қатарына қосы
лады. Сан түрлі себептерге байланысты кезінде екеуміздің арамызда
алуан-алуан қарым-қатынас орнағанымен, мені Қарағандыға барған
бір сапарында танып-біліп, жанына жақын тұтып, әуелі Орталық
комитеттің хатшысы болуыма, кейіннен Үкімет басқаруыма тікелей
қамқорлық жасаған, өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп отырған халқы
мыздың ардақты азаматы, Қазақстанды ширек ғасыр бойы басқарған
Дінмұхамед Қонаевты да өзімнің ұстазым деп білемін. Сусымалы
саясаттың салдарынан арамыздың суып кеткен кезеңдері кездессе де,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 524 —
өмірінің соңғы жылдарында ағалы-інілі күйде қайта табысқанымызға
шүкіршілік етемін.
Димекең туралы жазғаныма мына бір жайды қоса кетейін. Ол
кісі республика басқарған уақыты қолға дербестік тимеген, Кремль
сапты аяққа ас құйып, сабынан қарауыл қарайтын уақыт екенін де
дәйім ескеруге тиіспіз. Көптеген жылдар бойы Орталық комитетте
ұйымдық бөлімді, кейіннен Партиялық бақылау комиссиясын басқа
рып келген Аманжол Қалықовтың журналиспен әңгіме барысында
«Дінмұхамед Ахметұлына байланысты өз халқының мүддесін ескере
бермеді деген айыпқа байланысты не айтар едіңіз?» деп қойылған
сұраққа қайтарған жауабында сондай күрделі жағдайда да партия
ның ұлт саясатының тиісті талаптарын сақтай отырып, өз халқының
есесін де жібермеуді ойлайтынын әңгімелеген.
Енді айтқалы отырғаным өз елдерінің тарихында аса көрнекті рөл
атқарған, менің мемлекет қайраткері, ел басшысы ретінде қалыпта
суыма тікелей немесе жанама әсер еткен көрнекті тұлғалар жайында.
Тәуелсіздік таңы атысымен жолымыз жиірек түскен елдің бірі, әри
не, Түркия болды. Сол сапарларда түрік халқының өзінің тұңғыш пре
зидентін қандайлық қадірлеп, қастерлейтіні қайран қалдыратын әрі
тәнті ететін. Елдің қай қаласына барсаң да, желбіреген түрік туымен
бірге жарқыраған Ататүрік портреті қарсы алады. Мемлекеттік ка
бинеттердің бәрінің төрінде — Ататүрік суреті. Қазақстандық «Еркін
қоғам» институтының Астана клубы шығарған «Азия асқарлары»
(«Азиатский прорыв») атты жинақтағы Ататүрік туралы очерктің
басында берілген «Мұстафа Кемал Ататүріктің билік құрған он бес
жылының, бүкіл әлем үшін демей-ақ қояйық, түрік ұлты үшін, ал
енді көбіне-көп Еуропа үшін де тарихи маңызын Оттоман портасы
ның оған дейінгі жеті ғасырымен салыстыруға әбден болады» деген
бағаның еш артығы жоқ. Бұрынғы одақтық республиканың негізінде
тәуелсіз мемлекет құрудың басында тұруды тағдыр жазған адам
ретінде маған Ататүріктің жаңа ел құру тәжірибесі өте маңызды
болған еді. Бұл арада Ататүрікке дейін Түркияның мықты мемлекет
болғанын, жаңа ел құрудың негізі барын да айту керек.
Бірінші дүниежүзілік соғыста қирай жеңіліп, бір кездегі даңқы
дүрілдеген Осман империясының тоз-тозы шыққан шақта, елді ағыл
шындар мен француздар, италиялықтар мен гректер ту-талақай етіп
бөліп алуға кіріскен кезде саясат сахнасына шыққан генерал Мұстафа
Кемал отанын басқыншылардан азат етіп қана қойған жоқ, ол жаңа
мемлекетті — Түркия Республикасын құрды. Елдің дамуын жаңа
сипатқа ауыстырып берді.
Өмір өрімдері
— 525 —
Ататүріктің әскери қолбасшы ретіндегі қасиетінің өзі ерекше.
Дарданелл бұғазы түбіндегі атақты Шанаққала шайқасында түрік
қолынан күш кетіп, әскер әбден әлсірегенде Ататүрік жауынгер
лерге: «Мен сендерге шабуылға шығыңдар деп бұйырмаймын, мен
сендерге майдан даласында жан тапсырыңдар деп бұйырамын!»
деген. Ақыры сол жерде саны жағынан аз түрік әскері жеңіске жет
кен. Мұстафа Кемалдың «Түрік болу қандай бақыт!», «Тал бойыңда,
алпыс екі тамырыңда түрік қаны ағып тұрғаны үшін бақыттысың
сен, жас ұрпақ!» деген сөздері Анкарадағы мавзолейінің қабырға
сында жазулы тұр. Бұл сөздер әр түрік баласына күш-қуат құюмен
келеді. Мен Ататүрікке қатысты қолым жеткен кітаптардың бәрін
оқып шықтым. Ел астанасын, сәулетті шаһар болғанымен, Босфор
бұғазы арқылы кез келген кемесімен оп-оңай кіріп келе салатын ше
телдің қарулы күштері тарапынан үнемі төніп тұратын қатері бар
Ыстамбұлдан сол тұста халқының саны 30 мың адамға да жетпейтін
шағын қалашық Анкараға ауыстыруының өзі Ататүріктің алыстан
ойлайтын сұңғыла саясаткерлігінің келісті бір көрінісі. Бұл жағынан
да жаңа астанамызды салу кезінде түрік бауырлардың жүріп өткен
жолы бізге сенім қоса түсті.
Ататүріктің өмірі маған ел тағдырында мемлекет басшысының
алар орны аса қомақты болатынын қолмен қойғандай көрсетіп бер
генімен де қымбат. Оның биік өнегесінің ел саясатында қандайлық
өрелі өрнек қалдырғанын мен өзім көп араласқан Тұрғыт Өзал,
Сүлейман Демирель, Абдолла Гүл, Режеп Тайып Ердоған сияқты
қайраткер ізбасарларының ірі істерінен дәйім көріп отырдым.
Мысалға Режеп Тайып Ердоғанды алайық. Оның тұсында Түркия
ның беделі өңірде де, әлемде де арта түсті. Сириядағы қақтығыс, Изра
ильмен, Ресеймен қатынасты қалпына келтіру соның дәлелі. Осындай
күрделі мәселелерді ол өз елінің мүддесі тұрғысынан біліктілікпен
шеше білді. Мен оның түркі халықтарын жақындастыру жөніндегі
қадамдарын дәйім қолдап отырдым. Отставкаға кеткенімнен кейін
ол мемлекеттер басшыларына мені түркі халықтарының ақсақалы
етіп сайлауды ұсынды. Бүгінде Ердоған әлемдік саясатқа нақты ықпал
жасап отырған тұлғалардың бірі. Осы арқылы Түрік елінің беделі
де арта түсіп келеді. 2022 жылғы Украинадағы Ресей жағы арнаулы
әскери операция деп атайтын қақтығыс кезінде Қара теңіздегі орыс
кемелеріне шабуыл жасау салдарынан Украина жерінде өсірілген
астықтың сыртқа шығарылуына тосқауыл қойылған болатын. Мұның
өзі ол астыққа күні қарап тұрған көптеген елдерді қиын жағдайда
қалдырды, ал Африканың кей мемлекеттеріне аштық қатерін төндірді.
Екінші жағынан, Ресейдің өз астығы мен минералды тыңайтқыштарын
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 526 —
Қара теңіз арқылы тасуға да кедергі көбейді. Сондай күрделі кезеңде
Ердоған өзінің бастамашылығы бойынша Путинмен де, Зеленскиймен
де тікелей сөйлесіп, астық дәлізін қалпына келтірудің жолын ұсын
ды. Бұл үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының көмегіне сүйену де тиісті
жемісін берді. Ыстамбұлда 2022 жылғы 22 шілдеде қол қойылған
меморандумға сәйкес Украина астығын Одесса, Черноморск, Южный
порттарынан тасу үшін қауіпсіз теңіз дәлізі жасалды.
Елім деген ерді елі де ардақтаумен келеді. 2023 жылғы 28 мамырда
Түркия халқы президенттік сайлаудың екінші турында Ердоғанның
кандидатурасына көбірек қолдау көрсетті. Режеп досымның ел сенімін
ақтай беретіні күмәнсіз деп білемін.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Француз республикасын бірі
нен соң бірі жалғасқан парламент дағдарысы жұлмалап жатты. Фран
ция қайта-қайта жеңіліске ұшырады. 1930 жылдары Франция саяси
тартыстарға тап болып, Германия тарапынан жасалған агрессияға
қарсы тиімді күресе алмады және осының салдарынан теңіздің ар
жағындағы өзінің жерлерінен айырылып қалды. Екінші дүниежүзілік
соғыстың ауыртпалығынан айығып үлгермей жатып, Алжирде ұзаққа
созылған қанды азамат соғысы басталды. Үндіқытай қақтығысына
киліккен француз армиясы вьетнам шаруаларымен соғыста мыңдаған
жауынгерлерін жоғалтты. 1950 жылдардың соңына қарай Франция
әлемдік держава мәртебесінен айырылды. Саяси дағдарыс экономи
каның жалпы жағдайына өз ізін қалдырды. Францияға өз тарихының
кезекті парақтарын неғұрлым тезірек қайта аударыстыру қажеттігі
туындады. Елге француз ұлтын топтастыруға қабілетті күшті тұлға
керек болды. Сондай тұлға генерал Шарль де Голль еді.
Оның өз елін Германия фашизмінен азат ету соғысын КСРО-
мен, АҚШ-пен, Ұлыбританиямен бірлесе, жүргізуі, сонымен қоса
одақтастарының ырқына кетіп қалмауы, кейіннен Франция коло
нияларындағы ұлт-азаттық қозғалыстарының алдын алып, Африка
дағы бұрынғы 15 отар елге тәуелсіздікті өзі ұсынуы дипломатиялық
кемеңгерлігін көрсетеді.
1958 жылы Алжирде әскери бүлік басталғанда Франция парла
менті ол кезде отставкада жүрген Голльді ел билігіне шақырып, сол
жылы ол Француз Республикасының президенті болып сайланған. Ол
кезде Алжирдің Франция құрамында қалуын ел халқының көпшілігі
жақтайды екен. Шын мәнінде, француз халқы сол тұста атақты ге
нералды елді сақтап қалатын адам ретінде президенттікке қалаған.
Дағдарыстың төрт жылы ішінде Шарль де Голль отаршылдықтың күні
өткеніне, ол түйінді ел тағдырын елдің өзі таңдау қағидаты бойын
ша шешу керектігіне халықтың көзін жеткізіп, 1962 жылы Алжирге
Өмір өрімдері
— 527 —
тәуелсіздік беру жөніндегі келісімге қол қойғанда, содан біраз бұрын
көпшілігі оны қолдан жібермеуді жақтап тұрған француздардың
тоқсан пайыздан астамы енді Алжир тәуелсіздігін қолдайтын болып
шыққан. Міне, дипломатияның күші деген осы. Шарль де Голль
дің «Қанжардың жүзімен» деген кітабында саясаткер бар қайрат-
қабілетін халықты соңынан ертуге жұмсауға, кейбір мәселелерде кезі
келгенге дейін өзінің түпкі мақсатын ішіне бүге ұстауға, оны дәл дер
шағында ғана ашуы тиіс екені айтылған. Есте ұстайтын сөз.
Өз отандастары арасында саяси қайраткерлігімен кеңінен танылып,
сөзсіз биік беделге ие болған де Голль күшті де тұрақты президенттік
республиканы құруға қол жеткізді. Тауаны қайтып, тізерлеп қалған
Францияны қысқа мерзім ішінде тік тұрғызды, фашистік жаулау
дан елді азат етіп, оның бұрынғы абыройын қалпына келтірді және
әлемдік державалар қатарына қайтадан кіргізді. Шарль де Голль
өз отандастарына өсиет етіп қалдырған Франция Конституциясы
елді қайта түлетіп, Еуропалық Одақтың жүрегіне айналдырды. Сол
уақытта Шарль де Голльді француз демократиясын «өлтіріп, жерлей
жаздады» деп кінәлауға дейін барған сыншылар да аз болмады. Бірде
оның сондайларға былай деп жауап бергені бар екен: «Мен сайлау
шылардың тым аңғал ұмытшақтығына, кереғар тенденциялардың
ықпалымен бөлініп-жарылуға бейім тұратын француздардың ескі
әдетіне, саяси ойындарға әуестігіне қайран қаламын. Осы тенденция
лардың ықпалымен, күшті билікке қарсы дүрдараздықтың отын
тұтандыра отырып, партиялар өз өктемдігін қалыпқа келтірер еді
де, елді қайтадан құлдырауға апарып соқтырар еді. Саяси партиялар
режимі Францияны 40‑жылдардың басында масқара жеңілістерге
ұрындырған жоқ па еді».
Шарль де Голль мемлекет басшысы елдің негізгі ұстындарына
жауапты, халықтың тағдырына кепілдік ете алатын адам болуы тиіс
деп санаған және соның үлгісін өзі көрсеткен. Ол саяси күрестерден
жоғары тұратын, сан түрлі күштерді Франция мүддесі жолында
біріктіретін, бүкіл Францияның атынан сөйлейтін, сондықтан да
әрекет ету, тағайындау, басқару, келіссөз жүргізу, керек жерінде
ұлттық дағдарыстардан алып шығу мәселелерінің барлығын дер
бес түрде шеше алатын тұлғаға айналды. Де Голль биліктің тиімді
көлбеуін қалыптастыра алды, елдің саясаты мен экономикасында
тәртіп орнатты, қаншама қатаң әрекет етсе де, оны ешкім диктатор
деп атаған жоқ.
Даңқты генералдан зиялы қауыммен жұмыс жүргізе білу жөнінде
де үйренетін жайлар жеткілікті. Париждегі жаппай наразылық-толқу
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 528 —
кезінде философ Сартр қамауға алынғанда де Голль «зиялы қауым
ның мұраты — билік ашындырған халықтың арасынан табылу» деп
мәлімдеген, өзіне қарсы шыққан адамды дереу босату туралы бұй
рық берген.
Франция мемлекетінің даму тәжірибесі бізге көп көмектесті. 1995
жылғы Қазақстан Конституциясының негізіне Франция Конститу
циясының басты қағидаттары арқау етілген. Франция тарихындағы
Бесінші республика деп аталатын 1958 жылдан бергі кезең тікелей
де Голль есімімен байланысты. Сол жылы басталған Алжир дағда
рысын сәтімен шешу оның атағын аспандатты. «Президент жетек
шілік етеді, үкімет басқарады, парламент заң шығарады» дейтін
қағидамен жұмыс істейтін мемлекеттік институт жағдайында прези
денттік өкілеттілігі Төртінші республика (1946–1958) тұсындағыдан
анағұрлым кеңейтілген. Төртінші республиканың 12 жылы ішінде
Францияда Министрлер Кеңесінің 22 құрамы ауысқан екен, сонда әр
үкімет орташа алғанда алты айдан жұмыс істеген, мемлекет билігі
бір дағдарыстан кейін бір дағдарысқа ұшырап тұрған болады.
Елге еңбек етудің келесі бір жарқын мысалы — Ли Куан Ю. Отыз
жылдан сәл асқан уақыт ішінде ол Сингапурды өмір сүру деңгейі
жоғары, дамыған қала-мемлекетке айналдыра алды. Бүгінгі күні
Сингапурдегі білім беру мен денсаулық сақтау жүйелері әлемдегі
ең үздіктердің бірі, жан басына шаққандағы кіріс 25 мың доллардан
асты, ел тәуелсіздігін алған кезде ол 1 мың долларға да жетпейтін еді.
Екі миллион халқы бар мегаполис ірі ұлтаралық компаниялардың
жұмыс істеуі үшін ерекше тартымды азиялық қалаға айналды.
Маған осы аса көрнекті тұлғамен жақын араласудың сәті түскеніне
разымын. 1991 жылы мамырда Ли Куан Ю менің шақыруым бо
йынша бейресми сапармен Алматыға келіп қайтқан еді. Міне, сол
кезден оның өмірінің соңына дейін жалғасқан біздің өзара достығы
мыз басталды. Ол Қазақстанда өткізген бес күннің ішінде еліміздің
жағдайымен танысып, сол кезде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінде
жұмыс істеп жүрген жас экономистер тобы алдында сөз сөйледі.
Табан астында ұйымдастырылған лекцияда Ли Куан Ю мемлекет-
қаланың қалай құрылғаны, қалай дамығаны туралы әңгімеледі. Ол
тыңдаушылар назарын 1965 жылы Сингапурдың тәуелсіздік алуымен
байланысты тап болған проблемаларға аударды. Бұл негізінен
мемлекеттік институттар мен өз армиясын құруы, ұлтаралық келісім
дерді сақтауы және көрші мемлекеттердің Сингапур ісіне араласпауы
жөніндегі проблемалар еді. Ли Куан Ю өзінің ерекше мінезімен, жі
герлі сөзімен және жарқын бейнесімен аудиторияны бірден баурап,
үйіріп әкетті. Шығысқа тән биязылығымен және өрнекті ойымен
Өмір өрімдері
— 529 —
Ли Куан Ю үлкен мемлекетті үлкен кемеге теңеп, оның еркін жүзуі
үшін кең айдын және қауіпсіз тереңдік қажет екенін, әйтпесе кеме
төңкеріліп қалатынын айтты. КСРО мен Қытай секілді тұғырлы мем
лекеттер үшін түбегейлі экономикалық реформаларды, содан кейін
саяси реформаларды жүргізуге ұзақ уақыт және түбегейлі есептеулер
қажет екен. Сонымен бірге, Сингапур мен Қазақстан секілді елдерден
тарих түбірлі өзгерістер мен қатаң тәсілдерді талап етеді екен, ұзақ
ойлану мен толғануға уақыт бермейді екен.
Ли Куан Ю өз лекциясында Батыс және Шығыс Германияның,
Солтүстік және Оңтүстік Кореяның дамуынан мысалдар келтіре оты
рып, аудиторияны коммунизмнің ешқандай болашағы жоқ екеніне
сендіруге тырысты. Бірыңғай мәдениеті, менталитеті, климаты және
табиғи ресурстары бола тұрып, коммунистік жүйедегі елдер өздерінің
капиталистік туысқандарымен бәсекелесе алмағанын айтты. Тәжіри
белі саясаткер және мемлекеттің көшбасшысы Ли Куан Ю КСРО-
ның сөзсіз құлайтынына, алайда соған қоса, Қазақстанның келешегі
зор екеніне күні бұрын нық сенімді болды. Дегенмен, жұрттың көбі
сол кезде оның біздің елдің атына айтылған сөзін тек шығыстық қо
нақтың дипломатиялық сыпайылығы деп қабылдады, алайда уақыт
оның көрегендікпен айтылғанын дәлелдеді. Жаңа дәуірмен бірге біз
күтпеген жаңа өзгерістер келе жатты. Мен Ли Куан Юге саясат эко
номиканың алдына түсіп кетпеуі тиіс екенін ерте бастан ескерткені
үшін де разымын.
«Бүгінгі таңда әлемде ірі әрі өте ықпалды бес-алты саясаткер бар,
Нұрсұлтан Назарбаев солардың қатарында тұр. Мен оған өте сенемін
және оның Қазақстанда жасап жатқан ісінің бәрімен де келісемін» —
бұл сөздерді мен мақтан етемін. Өзім жайындағы жоғары бағаны
өзімнің кітабымда келтіру ыңғайсыз екенін біле тұра, дәл осы сілте
меден бас тартпай отырмын. Өйткені бұл сөздерді айтқан адамның
аты-жөні — Маргарет Тэтчер. Бағаның бағасы сол бағаны берушінің
бағасына байланысты деген сөз рас. Біреудің аспандата айтқанынан
басқа біреудің жай ғана бас шұлғығаны қадірлірек болып көрінетіні де
бар. Ал Тэтчер өзінің бағасын да, сөзінің бағасын да білген адам. Мен
оның «Өмірбаян» деген кітабын қызыға оқып шықтым. Бір тұсында
Тэтчер 1950 жылы парламент сайлауына түскенінде «Сен ұлы адам
боласың — Черчилль сияқты» деген сәлемдеме алғанын келтіріпті.
Иә, Ұлыбритания үкіметін басқарған тұлғалардың ішінде аты аңызға
айналған Уинстон Черчилльден кейін ардақтала аталатыны Мар
гарет Тэтчер. Осы лауазымға үш рет сайланған саңлақ саясаткер.
Ұлыбританияға әлемдік держава мәртебесі Тэтчердің тұсында қайта
оралғанын дүниежүзі біледі. Эдуард Шеварднадзе естелік кітабында
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 530 —
Маргарет Тэтчермен британ парламентінің қауымдар палатасына
барғанын, Тэтчердің «сұрақтар сағатында» қалай жауап бергенін
таңдана жазған. Сонда премьер қойылған жиырма бес сұрақтың
әрқайсысына бір минут ішінде жауап қайтарып отырыпты, бүкіл
«сұрақтар сағаты» бас-аяғы қырық минуттың ішінде аяқталыпты.
«Темір ледидің» табандылығына тәнті болмау қиын. Ол шығынға
бата бастаған кәсіпорындарды ұлт меншігінен алып, жеке қолға
сатқан кезде сонда жұмыс істейтін миллионға жуық адамның өздеріне
басқа кәсіп іздеуіне тура келген еді. Миллион адамның жұмыстан
шығарылуы айтудың өзіне оңай емес. Соның бәріне әйел адам шы
дап баққан.
Бір мысал айта кетейін. Англияда көмір жер астынан қазылатын
және дүниедегі метан газы ең көп шахталар сонда болатын. Шахта
ларда жарылыстар, кісі өлімі көп кездесетін. Оның үстіне көмірдің
өзіндік құны қымбатқа түседі. Өзін-өзі ақтамайды. Әлгі шахталар
дың бәрін Тэтчер жапқызды, жүз мыңдаған шахтерлер жұмыссыз
қалды. Көмірді Австралиядан тасыта бастады. Сол тиімді болып
шықты. Одан кейін қолға алған ісі — Фолькленд аралдарын босату.
Айдаладағы сол аралдарға әскери-теңіз күштерін төкті. Әйел адам
тұрмақ, кім үшін де бұл ердің ерінің ғана қолынан келер тәуекел
еді. Маргарет Тэтчермен ол зейнетке шыққаннан кейін де кездесіп
тұрдық. Өзара сыйластығымыз сақталды.
Менің 1991 жылы Тэтчермен кездесуім экономикалық еркіндік пен
жекешелендіру жөніндегі ойларымды бетбұрыс бағытқа салып берді.
Сол жылғы 2 қыркүйекте Си-эн-эн компаниясы тілшісінің «Прези
дентке бұл кездесудің әсері қандай болды?» деген сұрағына «Елдегі
атышулы оқиғадан кейін (тамыз бүлігін айтқаным) бұл кездесудің
мен үшін маңызы зор. Әлемге әйгілі саясаткер Ұлыбританияның
премьер-министрі болған жылдары экономика мен саясат саласында
үлкен нәтижелерге қол жеткізе білді. Сондықтан ондай адамның
ақыл-ой деңгейі тұрғысынан елдегі, республикадағы жағдайға сай
пікір естудің маңызы ерекше» деп жауап қайтарғанмын. Ол кездесу
көз алдымда.
Маргарет Тэтчер менімен кездескісі келіп, бірнеше ұйымдарды
араағайындыққа жұмсап отырғаны белгілі болды. Ол бір сапарын
Алматыға жол-жөнекей аялдама жасайтындай етіп жоспарлапты.
Сөйтіп, алғаш рет жолығыстық. М. Тэтчер, əдеттегісіндей, жігерлі де
арынды адам боп көрінді. Сөйте тұра, биязы да елгезек мінез таныт
ты. Сәлемдесуден кейін бір-бірімізге қошемет айттық. Одан соң-ақ
әңгіме тақырыбына ауыстық. Маргарет Тэтчер барлық жағынан да аса
іскер əйел екен. Екеуміздің де ең адал жауап алғымыз келген, бірақ
Өмір өрімдері
— 531 —
ешкімге жарияламайтын сұрақтарымыз бар еді. Кейін көзім жетті:
Тэтчер «джентльмендік» сөзінде тұрды. Оны бәрінен бұрын біздегі
ракеталардың тағдыры толғантты. Мен Батыстың Қазақстанның тəуел
сіздік жариялауына қалай қарайтынын білгім келді. Шекарамыздың
мызғымастығы мен қауіпсіздігімізге кепілдік алудың қамын қарасты
рып жүргенмін. Ракеталар жөніндегі күпті көңілін бастым. Олардың
қауіпсіз екеніне, күзеттің мықтылығына, маңына көлденеңнен ешкім
бара алмайтынына сендірдім. Ядролық қару сатпақ ниетіміз жоқ
екенін, бұрынғы КСРО-ның бірлескен стратегиялық күштері жа
сақталатынын мəлімдедім. Бұл техниканы күзету жəне күту соларға
тапсырылмақшы. М. Тэтчерден де күткен жауабымды алдым. Егер
Қазақстан өз алдына мемлекет болып шықса, Ұлыбритания үкіметі
бізді қолдайтынын айтты. Ол аз десеңіз, М. Тэтчер Қазақстанның
аумақтық тұтастығы мен тəуелсіздігіне кепілдік беру керектігіне
Еуропа мемлекеттері басшыларының көздерін жеткізуге уəде етті.
Бұл кездесу Кеңес Одағы орнында тұрғанда өткен еді. М. Тэтчер
біздің республикада шығарылып жатқан заңдардың барлығынан
хабардар екен. Тіпті менің бұдан бірнеше жыл бұрын сөйлеген, бірақ
мазмұнын өзім де ұмыта бастаған сөздерімнен үзінділер келтірді.
Мұның өзі белгілі қоғам қайраткері Қазақстанға ерекше сипатпен
қарайтынын дәлелдесе керек. Сондықтан мен Алматыға аялдап,
республика басшылығымен кездесуді өзі ұсынған Тэтчер ханымға
барлық қазақстандықтар атынан алғысымды айттым.
Ресей парламентіндегілер еліміздің теріскейдегі жерлерін тап бір
өздеріне тиесілі территориядай сөйлей бастаған сол шақта Тэтчердің
Қазақстанның болашақтағы тәуелсіздігіне ғана емес, оның аумақтық
тұтастығына да кепілдік беру жөніндегі сөздері маған көп күш берді.
Өмірімде ізгі із қалдырған тұлғалардың тағы бірі — Рим Папасы
Иоанн Павел ІІ. Қазақстандағы католицизмнің бағзыдан келе жатқан
тарихы бар. Ватикан басшыларының қазіргі Қазақстан мен Орталық
Азияның аумағында сонау орта ғасырларда жасаған мемлекеттердің
хандарымен және басқа билеушілерімен жазысқан дипломатиялық
жазбаларын зерттеу мың жыл дерлік бұрынғы тарихи оқиғалардан
сыр тартатын жаңа ақпараттарды көлденең тарта алады. Оның үстіне
Қазақстанда 300 мыңнан астам католик дінін ұстанушылар бар. Біздегі
католик шіркеуінің өкілдері — поляктар, немістер, ішінара украиндар
елдің экономикалық, әлеуметтік, мәдени және ғылыми тұрғыдан өр
кендеуіне үлес қосуда. Біз заманның ортақ қиындығын, табыстар мен
жеңістердің қуанышын бірге бөлістік. Бүгінде Қазақстандағы католик
шіркеуі өзінің дәстүрлі миссиясын белсенді түрде қалпына келтіруде:
храмдар тұрғызылып, жаңа ғибадатханалар ашылуда. Басқа діндердің
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 532 —
өкілдері секілді католиктер де барша Қазақстан халқының бірлігі
мен келісімін нығайтуға ұмтылуда, ал шіркеу қызметкерлері ізгілік
пен әділдікке деген сенімнің сақталуына көмектесіп, адамдардың
бойында Отанға деген, өзінің жақынына деген сүйіспеншілік пен
құрмет сезімдерін тәрбиелеуде.
Астанамызда 2001 жылдың 22 қыркүйегінде Рим Папасын қарсы
алуымыз тәуелсіздік жылдарындағы белесті оқиғалардың бірі болды.
Соның дәл алдында ғана, 11 қыркүйекте АҚШ-та адамзат баласын
тітіреткен тағылық теракт жасалғаннан кейін Папа қауіпсіздік қа
мына байланысты Қазақстанға сапарынан бас тартуы мүмкін деген
болжамдар да айтылған. Алайда Иоанн Павел ІІ сөзінде тұрды. Уә
делі кезінде келді. Понтификтің сапары біздің еліміздің түрлі діни
нанымдар мен этностық топтардың өкілдері бірлесіп, татулықпен,
жарасымды өмір сүруінің жарқын мысалы екенін бүкіл әлемге көр
сетіп берді.
Рим Папасымен мен одан бұрын да кездескен едім. Ватикандағы
сол жүздесуден батыс діни үрдісінің мейлінше жүйеленіп, жетілгені
не, тіпті діни әдет-ғұрыптардың өзі мейлінше тәптіштеліп, тәртіпке
келтірілгеніне көз жеткіздім. Соның бәріне сырттай көз тастай оты
рып, күллі құрлықтың бұрыш-бұрышына түгел желі тартқан Папа
кеңесі мен монастырьлар батыс əлемін əлденеше ғасырлар бойына
өзара ықпалдастырып, өзара жымдастырып келе жатқан ұйытқы күш
екенін аңғару қиын емес. Батыс саясатшыларымен кездескен сайын
олардың жеке бастары əрқилы болғанымен, мəдени болмыстарының
бірыңғай, бір сипатты екенін аңғарып отырдым. Ол да əлгі шіркеулік
мəдениеттің ықпалынан сияқты.
Рим Папасымен Италияға ресми сапармен барғанымда кездес
кенім маған қатты әсер етті. Кездесуге өте жақсы әзірленген екен —
Қазақстанның алдында тұрған проблемалар төңірегінде емін-еркін,
көсіле сөйлеп отырды. Әрине, ол кісі мына дүниеде не болып, не
қойып жатқанын өте жақсы білетін және қай мәселе жөнінде де өз
пікірін айта алатын.
Папаның «Қорықпаңдар!» деген атақты ұран сөзі баршаға белгілі.
Оның 1979 жылы Польшаға жасаған сапары сол елдегі аса түйткілді
мәселенің түйінін тарқатуға шешуші әсер еткені бәріміздің есімізде.
«Солидарность» қозғалысы сол сапардан кейін пайда болған.
Мен Ватиканға кіші қызым Әлияны ерте барған едім, Рим Папасы
ның оған бата беруін өтіндім. Папа сұқ саусағын шошайта беріп еді,
бірақ қыздың жүзіне қарай салып, шамасы, оның христиан дінінде
емес екенін байқап, саусағын Әлияның маңдайына тақаған бойда
қалшиып қатты да қалды. Менде тап осы сәтті түсіріп алған фото
Өмір өрімдері
— 533 —
сурет естелік ретінде сақтаулы. Біз Рим Папасымен қырық минут
әңгімелестік. Папа бізді өзінің қала сыртындағы резиденциясында
қабылдаған. Сондағы кездесуге қатысқандардың әрқайсысына естелік
сыйлық беруді де қажет деп білді. Мен оған қазір барлық халықтар
дың өздеріне рухани сүйеніш іздеуде жүргенін, бұдан былай қалай
өмір сүруді білгісі келетінін айттым. ХХІ ғасыр ең негізгі екі діннің —
христиандық пен исламның бір-бірімен түсінісу ғасырына айналуы
тиіс дедім. Бұл пікіріммен келісті. Бірақ мен оған осы сапарымда
әлі Меккеге, Сауд Арабиясына да баратынымды әңгімелегенімде
олардың Рим шіркеуін тіпті де мойындамайтынын айтып шағынды,
мұсылмандардың дінбасылары неғұрлым төзімдірек болуы керек
қой дегенді айтты. Оның өзі — мешітте дұға оқыған тұңғыш Рим
Папасы. Ол оқиға кезінде дін дүниесін дүр сілкіндірген. Понтифик
тің Грекияға баруы католиктер мен православиеліктердің арасын
жақындатуға септесудің амалы еді. Бұл қадамы да Рим-католик шір
кеуі басшысының православие әлеміне алғаш табан тигізуі болатын.
ІІ Иоанн Павелмен Ватикандағы, Астанадағы кездесулеріміз менің
жан-жүрегімді бөлекше байыта түсті.
Елордамызға келгенде Рим Папасына бөлекше құрмет көрсеттік.
Астана әуежайында сөз сөйлегенде дала желінен қолындағы қағазы
ның бірнеше парағын жерге түсіріп алғанда дереу иіле қалып, бере
қойғаныма соншалықты мейіріммен қарағаны әлі көз алдымда. Осы
жай ғана әрекетіме — жасы үлкен адамға жасайтын қазақтың әдетіне
ақпарат құралдары зор мән беріп жазды.
Құттықтау сөзімде: «Қазақстан өз жерінде Жоғары Шапағатты
ны — барша адамзатты болашаққа бірлесе көз салуға, мәдениеттер
мен өркениеттердің диалогын бірлесе өркендетіп, адамдар арасын
дағы аралас-құраластықты тереңдетуге шақыратын рухани лидерді
құттықтайды. Нақ Иоанн Павел Екінші әлемнің барлық дәстүрлі
діндеріне қарай қадам жасағанын шынайы таңданыспен және құр
метпен атап өтпей тұра алмаймын. Сіз әрдайым мұсылман бауыр
ларыңызға шынайы тебіреніс сөздерін білдіріп, исламға, оның фило
софиясына, мәдениетіне, тарихына қызығушылық танытып келесіз.
Қазақстанның бүкіл халқының атынан, әлемдегі өте мазасыз жағдайға
қарамастан, Қазақстанға келемін деген өзіңіздің нық шешіміңізді
өзгертпегеніңіз үшін Сізге шынайы алғыс сезімін білдіргім келеді»
деп ақтарыла айттым. Ол кісі де жақсы сөзін аяп қалмады. «Қазақ
халқы, сені елді шынайы прогресс тұрғысынан, ынтымақтастық пен
бейбітшілік рухында құрудың жауапты міндеті күтіп тұр. Қазақстан,
азапқа түсушілер мен діни нанымдағылар жері, айдалғандар мен
қаһармандар жері, ойшылдар мен суреткерлер жері, ештеңеден
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 534 —
тайынба! Қазақстан, саған және сенің барлық тұрғындарыңа Құдайым
рақымын түсіріп, сенің болашағыңа келісім мен бейбітшіліктің нұрын
төксін!» деді ол жас мемлекеттің халқына. Солай болсын деп тілейік.
ІІ Иоанн Павелмен жақсы қарым-қатынас, тарихтан, философия
дан, мәдениеттен аса мол хабардар адаммен сұхбаттасу, Қазақстан
ның діндер түйісетін тұста орналасқанын сезіну мені біздің елімізде
әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бас қосуын өткізу туралы
ойға жетеледі. Ол съездер әр үш жыл сайын тұрақты шақырылып,
елордамыз Астанада өтіп тұрады, мына тынышсыз дүниедегі рухани
келісімге өзіндік септігін тигізіп келеді.
ГОРБАЧЕВ: КҮНГЕЙ МЕН КӨЛЕҢКЕ
Елімді әлемге таныту барысында мен мына дүниенің небір саясат
серкелерімен дидарластым, сол жүздеген кездесулер, келіссөздер
кезінде Қазақстанымның намысын бермей, мемлекет мүддесін та
банды түрде қорғадым.
Енді сол өзіммен тұстас тұлғалардың бірқатары жайында әңгіме
лемекпін. Олармен араласып-құраласу арқылы менің де саясаткер
ретінде өскенім сөзсіз.
Бұл тұрғыдан менің жақсы білетін адамымның бірі, әрине, Михаил
Горбачев. Сөз жоқ, ол ірі тұлға. Майкл Х. Харттың әлемнің сан алуан
тіліне аударылып, талай рет жарық көрген «Жүз ұлы адам» кітабына
адамзаттың өміріне ықпал еткен тұлғалар қатарында қосылуының
өзі Горбачевтің әлем тарихындағы орнын айқындап тұр.
Сол кітапты оқи бастаған бетте кәдімгідей таңданғаным есімде. Бұл
қалай? Әр саланың арғы-бергідегі ұлы өкілдерін былай қойғанда, ке
йінгі ғасырлардағы мемлекет қайраткерлерінің арасында Джордж Ва
шингтон, Симон Боливар, Иосиф Сталин, Джон Кеннеди, Владимир
Ленин, Мао Цзэдун сияқты саясат саңлақтарының сапына Михаил
Горбачев не үшін, қандай еңбегімен ене қалады? Билік басына саяси
шырғалаңдардың арқасында келсе, бастаған негізгі шаруасы — қайта
құру орта жолда омақасып, жеріне жетпей қалса, өзі басқарған алып
мемлекетті ел аман, жұрт тынышта ыдыратып алса, сол елде кейін
беделден біржолата айырылса (1996 жылы Ресейдегі президенттік
сайлауға түскенде жинаған бар дауысы 1 пайызға да жетпеген еді),
бұдан қалай ұлылық табуға болады? Әуелде осылай ойлағаным рас.
Бірақ автор ұстанатын ықпал теориясы бойынша ең бастысы адамның
ой-ниеті де емес, сол ой-ниетін жүзеге асыру барысында не тындыр
ғаны да емес, түптеп келгенде оның іс-әрекетінен қандай нәтиже
Өмір өрімдері
— 535 —
шыққаны. Бұл тұрғыдан қарағанда қайта құрудың әсері КСРО-ның
ауқымынан да асып кеткені, бүкіл планетаның тыныс-тіршілігіне
ықпал еткені анық. Кеңес Одағының күйреуі, оның орнында 15 тәуел
сіз мемлекеттің пайда болуы, социалистік лагердің тарауы сияқты
алапат мәнді оқиғалардың бәрі де қайта құру саясатының салдары.
Бірақ Горбачевтің өзі мұны қалаған жоқ қой. Ол әуелде ел өмірін
демократияландыруды, жариялылықты арттыруды ғана жоспарла
ды ғой. Қайта құрудың аяғы елдің тарауымен тынарын білер болса,
Горбачев бұл шаруаны бастамас та еді деп ойлаймын. «Алайда мен
біз Одақты сақтап қала алмаймыз дегенді ешқашан ойлаған емеспін.
Шынына келсек, ешкім де бұлай бола қалады деп болжай қойған
жоқ. Мұндайды бүкіл әлем болжаған жоқ» деп кезінде өзі де айтқан.
«Менің о бастағы және көкейкесті мақсатым коммунизмді, адамдар
ды езетін төзгісіз диктатураны жою болатын» дегенді кейін ойлап
шығарғаны күмәнсіз. Ал енді «Мені әйелім толық қолдады, ол мұның
қажет екенін тіпті менен бұрын түсінді. Дәл осы мақсатқа жету үшін
мен өзімнің партиядағы және елдегі орнымды пайдаландым, міне,
сондықтан да әйелім елде барған сайын табанды түрде биік лауазым
ала түсуім үшін мені дәйім итермелеп отырды» дегеніне тіпті айтар
сөз табу қиын…
М. Горбачев мұндай терең өзгерістер жасаймын деп ойлаған жоқ.
Көп адамның пайымдауынша, ол ішкі саяси жүйеге жекелеген түзе
тулер енгізіп, «қырғи қабақ» соғысты əлсіретіп, тарихи тұлға ретінде
атын шығаруды ғана мақсат етті. Егер осындай минимум бағдарлама
тұрғысынан келер болсақ, М. С. Горбачев батыс саясатшыларының,
əсіресе өз «əріптестері» — мемлекет басшыларының қалтқысыздығына
қаттырақ сеніп қалғанға ұқсайды. Бұл жағынан, М. С. Горбачев пен
оның төңірегінің М. Тэтчер, Р. Рейган, Дж. Буш жəне басқа Батыс
саясаткерлерімен тым тез, тым біте қайнасып кеткенін жаңаша зер
делеуге тура келетін шығар. Менің байқауымша, тарихта тек рефор
машы ғана емес, əлемдік деңгейдегі саясатшы күйінде қалғысы келген
М. С. Горбачевтің іш пиғылы да талай нəрсеге түрткі болған сияқты.
Горбачев айналасының айтқанынан шыға алмады. Біресе ананың
айтқанына, біресе мынаның айтқанына құлақ асты. Батыстағылар
бір кеңес берсе, елдегілер атымен кереғар кеңес берді. Өзіңдікінен
гөрі өзгенің ісіне түсіну қашанда оңай ғой. Ақыл айтқыштар қаптап
кетті. Тіпті кеңестің билік биігіне Михаил Сергеевичтің өзі көтеріп
шығарғандардың өзі жаңалықтың жаршысы боп жарытпады, біреу
лері өз-өздерінен тайсақтап кетті, біреулері төңкеріс ұйымдастыруға
дейін барды… Ол бастары бірікпейтіндердің бастарын біріктірем
деп, тіпті келіспейтіндермен де келісем деп, əр топқа бір аунап,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 536 —
əбден басы қатты. Ақыры, оңынан да, солынан да одақтас таппады.
Іштей екіұдай халге түсіп, əуре-сарсаң күй кешудің нағыз аянышты
драмасының бұдан асқан үлгісін табу қиын. М.С. Горбачев біреуді
тыңдап, бір əңгіме айтып, екінші біреуді тыңдап, екінші əңгіме айтты.
Дағдарыс үдей түсті. Ол не істерін білмей аласұрғаннан басқа ештеңе
бітірмеді. Сөйтіп жүріп, орасан зор өзгерістер жасап жатырмын деп
ойлады. М. Горбачев жұрттың бəрін əрдайым ақылдасуға шақыратын.
Бірақ тек өзі сөйлейтін. Мəжіліс бойына оның ұзын сонар монологін
тыңдап, басымыз ауыратын. Нобель сыйлығын алған соң ақиқатты
білетін бірден-бір адам өзім ғанамын деп ойлады.
Əйтпесе, өзін, халқын сыйлайтын басшы: «Егер Кеңес Одағы құла
са, мен Президент болмаймын» деген сөзді тісінен шығарар ма?
Ондайда кез келген адам ішінен: «Президент екенсің, еліңді құлатпа!
Қолыңнан келмесе, жөніңе кет!» демей ме?! Мұндай шешімсіздік,
əлсіздік пен жауапсыздық өкіметті дағдарысқа апарып соқтыратыны
талассыз. Маған М. С. Горбачевпен осы тақырыпқа бірнеше рет сөй
лесуіме тура келді жəне оны мінбеден көпшілік алдында сынадым
да. Ол өкпелейтін… Негізінде, Михаил Сергеевичтің менің өзіме
көзқарасы оң болғанын әділдік үшін айтуға тиіспін. Маған КСРО
вице-президенті, одақтық үкімет басшысы сияқты аса лауазымды
қызметтерді ұсынғанын осы кітаптың тиісті тарауында жазғанмын
да. Бірақ солай екен деп оның туған халқыңа, өзіңнің еліңе жасаған
жамандығына көз жұма қарай алмайсың ғой.
Мәскеу гуманитарлық университетінің ректоры, философия
ғылымдарының докторы Игорь Ильинский М. С. Горбачевтің психо
логиялық және саяси портретін ашуға арналған көлемді мақаласында
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына түрткі болған кадрлық шешімге,
яғни Колбиннің Қазақстан басшылығына жіберілуіне байланысты
мынандай төтен түйін жасапты: «Горбачев тарапынан жасалған бұн
дайлық аса дөрекі саяси қадамды кездейсоқ қателік деп ойлау жөнсіз.
Бұл түбелікті ұлттың халықтық қадір-қасиетін сынап байқау үшін
жасалған, бетке шапалақпен әдейі тартып қалғандай арандату еді.
Мұның өзі ұлттық сана-сезімнің қандайлық тез жараланғыш, оңай
тұтанғыш екенін жақсы білетін бүлікшілердің алғашқы авантюрасы
болатын. Кездейсоқтық емес еді! Кеңестік Социалистік (ұлттық! —
И.И.) Республикалар Одағын қиратудағы ең басты көзір дәл осы ұлт
шылдықты қоздыруға тігілген-ді. Горбачевтің мақсаты тұрғысынан
сол алғашқы қадам сәтті шықты».
Бұл сөз қатты ойға қалдырады. Колбиннің Қазақстан басшылығы
на келуін КОКП XXVІІ съезінің мінберінен «Өткеннен мұра болып
қалған ұлт мәселесі Кеңес Одағында сәтті шешілді» деп мәлімдеген
Өмір өрімдері
— 537 —
Горбачевтің алыстан ойлай алмауы, ұлттық республикалардағы
ахуалдан хабарсыздығы деп қана бағалауға бейімбіз. Негізінен солай
да. Екінші жағынан, Горбачевтің дәл сол экспериментті Қазақстан
нан, Қонаевты тақтан тайдырудан бастауы да тым тегін емес сияқты
көрінеді. Бұлай ойлаудың да жөні бар. Мұның өзі Горбачевтің тағы
бір қыры — кекшілдігінің белгісі сияқты…
Қазақстанға алғаш келгенінде Д. А. Қонаевқа ашықтан-ашық қы
рын қарағаны, көзіне ілмеуге тырысқанын жұрттан жасырып-жауып
жатпағаны Орталық телевидение сюжеті арқылы бүкіл Одаққа та
рағаны есте. Дәл сол тұс Дінмұхамед Ахметұлымен жұлдызымыз
жарасыңқырамай жүрген кез болса да, бұл менің көңіліме қатты
келді. Қалай дегенде де, республиканың бірінші басшысы ғой, әрі
КОКП Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі. Мұның мәніне
кейінірек қанықтым.
Тағы бір жайды айтайын. Горбачевтің Ставропольеден Мәскеуге
Орталық комитеттің ауыл шаруашылығына жауапты хатшысы ретін
де келуі жөнінде мәселе Саяси бюрода қаралған кезде Д. А. Қонаев
бірауыз өз пікірін айтып, ауыл шаруашылығының маманы емес қой
деп, басқа адамды ұсынған көрінеді. Ол да есінде қалған болар.
Горбачевтің бұрынғы одақтас республикалардың тәуелсіздігіне
соншама төзгісіздігі, қалыптасқан саяси ахуалмен, нақты жағдаймен
санаспауы жайында ашына жазбау қиын. Бір сұхбатта «Одақтың
қайта қалпына келуіне үміт бар ма?» деген сұраққа: «Бірақ олар (рес
публикалар дегені) енді қайтып келмейді. Кесірлер. Шетінен кесір.
Тым қоразданып кеткен. Президенттер, міне, мен қалай көрінемін
дегенді емес, өзімнен кейін қандай ірі із қалады дегенді ойлап ма
засыздануы тиіс. Тауық қораларында қоқилана бермей» деп жауап
қайтарыпты. Қайтерсің, 250 миллион халқы болған, жер-жаһандағы
құрлықтың алтыдан бір бөлігін жайлап жатқан алып елді басқарған
адамның сөзінің түрі осы. Өзгелер де өзіміз сияқты, өзгелер де ел
болуға құқылы деген қарапайым ойды санаға сіңірмейінше, сыртқы
саясатта салиқалылықты күту қиын.
М. Горбачев жайлы көп жазылды, әлі де жазылады. Кеңестен ке
йінгі кеңістікте ол мемлекетті күйретуші тұлға ретінде саналып,
құрметтен айрылды. Ал басқа елдер оны реформатор, ашық саясат
жүргізудің бастаушысы деп мадақтады. Сондықтан Нобель сыйлығы
ның лауреаты болды. Қанша айтқанмен, елдің ыдырауына оның бір
өзін кінәлап сөйлейтіндердің сөзі жөнсіз. Бұрынғы Одақ өзі де құлауға
айналған болатын. Оны мен анық білемін. Сондықтан оны тек бірбет
кей сынай беру де онша әділдікке жатпас. Оның үстіне 2022 жылы,
мен осы мемуарды жазып жатқанда Михаил Сергеевич 92 жасында
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 538 —
өмірден өтті. Жалпы, Горбачевтің әлем тарихын өзгерткен аса ірі
тұлға екені ешқандай талас тудырмайды. Ал ірі қайраткерлердің бір
бойында күнгей мен көлеңкенің қатар жүретін — жиі кездесетін жай.
ЕҢСЕГЕЙ БОЙЛЫ ЕР ЕЛЬЦИН
Горбачев туралы қалай айтқанда да, оның билік құрған кезінен
қалған бедерлі белгі баршылық. Ол әкелген жариялылықтың жарыққа
шығарған жарқын тұлғалары да көп. Соның бірі, бірегейі — Борис
Николаевич Ельцин.
Иә, Ельцин феноменін дүниеге қайта құру алып келді. О баста
біз сол қайта құру науқаны дүрілдеп тұрған сексенінші жылдарда
танысқан едік. Халық депутаттарының съездері бұрқылдап қайнаған
қазанды еске түсіретін. Өзінше ол да бір революциялық кезең еді.
Біреулер сөйлеп жатады, біреулер ысқырып жатады, біреулер еденді
тепкілеп жатады. Зерікпейсің. Сол тұста Ельцинді Свердлов облыстық
партия комитетінің бірінші хатшылығынан КОКП Орталық Коми
тетінің құрылыс бөлімінің меңгерушілігіне шақырды. Орталық Коми
тетте экономиканың салалары бойынша бөлімдер болатын. Оның бұл
орынды қоңылтақсығаны анық. Өйткені, одан бұрынғы свердловскілік
бірінші басшылардың кейбірі ОК хатшылығына бірден көтерілген еді.
Рас, көп ұзамай ол ОК хатшылығына сайланды. Дегенмен, бұған да
көңілі толмағаны талассыз. Ақыры Горбачев Ельцинді Мәскеу қалалық
партия комитетінің бірінші хатшылығына ұсынды. Ельциннің халық
арасындағы кең танымалдығы сол қызметтен басталды. Қалалық ав
тобуспен, троллейбуспен жүріп, жұртшылықпен ашық сөйлесетін.
Онысы нағыз популизм еді. Бірақ бұл көпшіліктің көңілінен шығатын.
Борис Николаевичтің әңгімелерінің кейбіріне сенер-сенбесіңді
білмейсің. Жас күнінде теміржол апатына түсіпті. Рельстен тайып
кеткен екен. Жұрттың талайы сол жерде жантәсілім етіпті. Оның өзі
аман қалыпты. Бір қолының екі саусағы сонда жұлыныпты дейді. Екі
саусағы жоғы рас. Тағы бір әңгімесінде оны біреулер қараңғы түнде
өзен үстіндегі көпірден тастай суық суға лақтырып жібереді. Бұл
Горбачевпен ұстаса бастаған кезі. Содан Ельцин әйтеуір бір жерде
өліп-талып жағаға шығады. Осының бәрін соншалықты жанын салып
айтады. Кім білсін. Куә жоқ.
Нағыз сібірлік азамат еді. Еңселі. Тұлғалы. Мінезі кесек. Сөйте
тұра жүрегі жұмсақ. Достаса білетін, достықтың қадірін білетін.
Сатқындық жасағанды, өтірік сөйлегенді кешірмейтін. Ельциннің
ішетіні жайында көп айтылған. Қай орыс ішпейді дейсің. Бірақ
Өмір өрімдері
— 539 —
көтеретін. Өз басым оның тым қатты кеткенін, ақылынан ажырай
тындай ішкенін көрген емеспін.
Қандай жағдайда да Ресейдің мүддесін ұмытпайтын.
Ельцин мені сыйлайтын, менімен санасатын. Ресейдің ең жоғары
наградасы — Қасиетті Апостол Андрей Первозванный орденімен
марапаттағаны — соның бір белгісі. № 3 орденді маған Алматыға өзі
келіп тапсырған. Бұның мынандай хикаясы бар. Ельциннің жүрегіне
ота жасатқан кезі. Өзбекстанға ресми сапардан соң Алматыға арнайы
соғатын болған. Ташкентте денсаулығы нашарлап, жанындағылар
«Енді Алматыға бармай-ақ қойыңыз, Мәскеуге қайтайық» деген екен.
«Жоқ, орденді мен өзім тапсыруым керек» деп тұрып алыпты. Алма
ты әуежайындағы әскери шерумен қарсы алу кезінде маған сыбырлап:
«Қолымнан ұстап тұр, әлім құрып жүр» деді. Көлікке отырып, рези
денцияға барар жолда оңашалап, «Мені мұнда қондырма, Мәскеуге
жібер, жағдайым онша емес» деп тағы нықтады. Сондай ер мінезін,
сөзіне беріктігін қалай ұмытайын. Адами қасиеттері мол еді.
Александр Бовин естеліктер кітабында былай деп жазыпты: «Мен
кейде Горбачевті Ельцинмен салыстырамын. Бұлардың алғашқы
сына көп кінә тағуға болады, әйтсе де ол тарихқа бізге бостандық
алып келген, алып тоталитарлық құбыжықты қиратқан адам ретінде
енді. Сөйтіп, не қылса да, «ол қолдан келмес ескерткіш орнатты». Ал
Ельцинді айтсақ, егер ол ештеңені жеріне жеткізбесе, тарихқа Кеңес
Одағын «таратып тынған» адам ретінде енеді. Державаны қиратушы
ретінде. Ұлы державаны».
Тағы бір сөзге сілтеме жасайын.
«Кеңес мемлекетінің күйреуінен кейін пайда болған қуыс кеңістікке
азуын бүкіл әлемге батыра бастаған ұйымдасқан қылмыс құрылымда
ры кіріп үлгерген еді. Ельцин ескі жүйені қиратты, бірақ жаңа жүйені
құра алған жоқ. Ол Ресей парламенті — Думамен жұмыс бабындағы
жақсы қарым-қатынасты, бір жағынан, мәмілеге келуге бейімсіздігі
нен, екінші жағынан, Думаның құрамына экстремистік ұлтшылдыққа
арқа сүйеген көне немесе репрессияшыл жаңа тәртіпті көксейтін
адамдар көптеп еніп кеткендігінен орната алмады» — Билл Клин
тонның осы сөзі рас. Ельцинде бел орта деген болмайтын. Не әрі,
не бері. Бір қиырдан бір қиырға шығып кете беретін. Кіріссе — бел
шеше кіріседі, сөйлесе — таусыла сөйлейді, ішсе — тауыса ішеді.
Құдай берген мықты денсаулығын арақпен улап, ауырғанды басатын
дәрілермен титықтатудан тынбайтын. Кейде тіпті шектен шыққан
жайлар да кездесетін.
1990 жылы біз Мәскеуге мемлекеттер басшыларының кездесуіне
жиналдық. Мәскеуде өткен сол кездесуге Мәскеудегі Ельцин саяжа
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 540 —
йында «ауырып жатқандықтан» қатыса алмады. Ертеңіне Завидовоға
бардым. Борис Николаевич тонға оранып, көлдегі ойықтан балық
аулап отыр екен. Жападан жалғыз. Аяп та кеттім. Негізгі уайымы —
дәрігерлердің ішімдік ішуге тыйым салғандығы. Ельцин менен өзім
тоқтаған жеке үйге барып, тоңазытқышты қарап қайтуды сұрады…
Не керек, ол кеш ақыры достық кешіне ұласты, сонымен бірге Борис
Николаевичтің ел басқару ісінен алшақтап бара жатқанын да көрдім.
Ельциннің өзі «Президентский марафон» атты кітабында: «Алкоголь
дің шынында да күйзелісті тез басатын құрал екеніне көзім жетті»
(«почувствовал, что алкоголь, действительно, средство, которое быстро
снимает стресс»), «Бірнеше рөмкеден кейін бойым жеңілдеп сала
бергені есімде. Сол жеңілдеген күйде оркестрге дирижерлік етуге де
жарап қалдым» («Я помню, что тяжесть отступила после нескольких
рюмок. И тогда, в этом состоянии легкости, можно было и оркестром
дирижировать») деп те жазған. Бұл арада ол Берлин әуежайындағы
жұртқа белгілі жағдайды жаны ауыра, өзін-өзі мысқылдай айтып отыр.
Кейде баланың ісін істейтін. «Мен күшті адаммын ба, әлсіз адаммын
ба? Жағдай шиеленісіп кетсе, әдетте, күшіме мінемін. Жай кезде —
сөлбірейіп те қаламын… Жұрттың бәрінің көзі үйренген Ельцинге
атымен ұқсамайтын кездерім де бар. Ақымақтық жасап, бала құсап
бірдеңені бүлдіріп алатыным да болады…» — өзі осылай жазады.
Жоқ жерден жарыс бастап, ерегесіп кететін. Бірде Өзбекстан бас
шысы И. Каримов телефон арқылы сөйлесіп, менің өз еліне баруым
ды кәдімгідей қиналып тұрып сұрады. «Не болып қалды?» деген
сұрағыма: «Ельцин ресми сапармен келе жатыр. Мен онымен сөйлесе
алмаймын. Сөзге келіп қаламын. Сені ол сыйлайды. Кел, көмектес»,
деді. Көрші ел ғой. Менің онымен қоса барғаным қисынсыз дедім.
Болмады. Ташкентке бардым. Кешкі қабылдаудан соң сергу үшін
бассейнге шақырды. И. Каримов бірінші сүңгіді де, су астында біраз
болды. Онысы кім ұзақ дем алмай тұра алады деген жарысқа шақыр
ғандай шықты. Ельцин мұндайда жанып сала береді. Ол сүңгіп кетті
де, су түбінде жатып алды. Оққағары сағатына қарап, санай бастады.
Бір минут өтті, екіншіге кетті. Күзет бастығы Коржаков: «Егер шыға
рып алмасақ, ол осы бассейнде өліп кетуге бар» деді. Ақыры солай
етті. Бұл айтып отырғаным — Ельцинге бір мінездеме. Ол ешкімді
алдына салғысы келмейтін.
Бірсөзді, мәрт адам болатын. Еркөңілділігі ерекше еді. Кейде тіпті
намысқа шауып, белден басып та жіберетін. Каспий теңізінің таба
нын бөлу сияқты аса күрделі мәселенің түйінін табу кезіндегі морт
мінезі есімде қалып қойыпты. Бұл мен туралы жазылған бір кітапта
былай келтірілген:
Өмір өрімдері
— 541 —
«Борис Николаевич марқұммен кезінде мынадай да бір сөз шар
пысуы болыпты. Екі ел үшін кезінде Каспийдің орталығындағы ше
кара шебін айқындау оңайға түспеген. Әрине, мұндайда ешкімді
кінәлаудың жөні жоқ. Қай елдің басшысы да жеме-жемге келгенде
өз мемлекеті мен халқының мүддесін ойлайды. Сол үшін тартысады.
Рас, жағдайды жан-жақты түсіндіріп, бұлтартпас уәждерді алға
тартқан кезде Борис Николаевич сөзге құлақ асып, әділдік жағына
ойысып, икемге келе бастайды екен. Бірақ артынан оңаша қалған
да, министрлері Борис Николаевичті шешімінен айнытып қойып
жүріпті. Содан барып онсыз да күрделі мәселенің түйінін тарқату
одан сайын ұзарып, созыла түседі.
Келіссөз куәгерлерінің айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлы осы жолы
да тұйықтан жол тауып кетеді.
— Борис Николаевич, — дейді Нұрсұлтан Әбішұлы, — біз осы неге
өз министрлеріміз бен көмекшілеріміздің айтқанына көне беруіміз
керек? Олардың міндеті ұсыныс беру ғана емес пе? Ақырғы шешімді
мына біз — президенттер қабылдауымыз керек қой!..
Бұл сөздер Ельциннің намысына тиіп кетсе керек, мол денесімен
көмекшілеріне еңсеріле бұрыла қарап:
— Әй, сөзді қойыңдар! Әкеліңдер шешімді! — деп алдындағы
үстелді жуан жұдырығымен бір қойып қалыпты.
Ал бұл келісімнің тарихи маңызы неде еді?
Шекара мәселесінің басы ашылмайынша, Каспий теңізінің қа
зақстандық аймағына шетелдік алпауыт инвесторлар аяғын аттап
та баспас екен».
Борис Ельциннің неше түрлі қызығы болатын. Біреуі — мынау.
Ресей президенті Еуропадағы елдердің біріне ресми сапармен бара
ды. Ол ел монархия дәстүрлері сақталған, король басқаратын ел екен.
Жаңа-жаңа өркен жая бастаған демократиядан әбден қажып біткен
Борис Николаевичке монархиялы мемлекеттегі король өкілеттіктері
қызық көрінеді. Соны сұрағыштай бастайды. «Уақыт өзгерді ғой, —
дейді король, — құрмет тұтуын құрмет тұтады, бірақ бұрынғыдай
айттым — бітті, кестім — үзілді дейтін кез келмеске кеткен». Кешке
қарай салтанатты қабылдау басталады. Дастарқанда официант ке
леді де, бокалына шарап құйып кетеді. «Арақ болмай ма?» — дейді
Ельцин корольге. «Жоқ, болмайды, біздің этикет сондай», — дей
ді король Ельцинге. «Құдай-ай, мен қай жерге тап келдім, король
официантқа бұйыра алмайды деген не пәле?!» — деп Борис Нико
лаевич пұшайман. Қонағының көңіл күйі бұзылғанын көріп, король
ақталу ретінде мынаны айтады: «Бізде демократия ғой. Мысалы,
менің сарайыма кіре берістің дәл жанында автобус аялдамасы бар.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 542 —
Сарайдың сәнін бұзып тұр. Әрі ыңғайсыз. Әне, сол аялдаманы алып
кетіңдер деп бұйыра алмаймын. Муниципалитетке өтініш түсіру ке
рек, олар пікірталас бастап жібереді де, ақыры ештеңе шешпейді»…
Осы әңгімені маған айтып, Борис Николаевич: «Автобус аялда
масын ауыстыра алмаған соң бүйтіп король болғаның бар болсын.
Менің көршім Нұрсұлтанды қарашы, алақандай аялдамаң не, тұтас
астананы ауыстырғысы келіп еді — ауыстыра салды деп тастағым
келді», — деп күлетін.
Өкінішке қарай, Астанаға жолы түскен соңғы сапарында марқұм
ды ренжітіп алдық. Борис Николаевич ол кезде құрметті демалыста
еді. Бізге президенттік инаугурацияға келген. Аппараттағы біреулер
ол отырған жерде Путин ыңғайсызданады деген сияқты ой қисы
нына еріп, Ельцинді президенттер жеке кездесетін кештің тізімінен
шығарып тастапты… Борис Николаевич өкпелеп, қонақүйге кетіп
қалыпты. Оны мен кейін білдім. Ланч бітісімен сәлемімді жеткізіп,
менің атымнан кешкі қабылдауға шақырттым. Еркөңілділігі сол ғой,
өкпесін ұмытып, қабылдауға келді. Ағынан жарылып, тамаша сөз
сөйледі. Журналистердің «Еңсегей бойлы ер Ельцин» деп жазатын
дай жөні бар.
Есіңе түсірсең, Борис Николаевич туралы әңгіме табыла береді.
Қалай дегенде де, Горбачевпен ерегесіп жүріп, оны тақтан тайдырып
тынған, сөйтіп Кеңес Одағының ыдырауына басты себепкер болған,
сонысымен ол кездегі одақтас республикалардың тәуелсіздік жолын
салуына септескен Ельциндей ерді біздің қадірлейтініміз күмәнсіз.
Обалы не, Горбачев те, Ельцин де маған дұрыс көзімен қарады.
Екеуі де маған «досым» деп сөйлейтін. Екеуі де тарихтағы өз мін
деттерін атқарып кеткен азаматтар еді. Қашанда халықтың билік
басындағыны жақтырмайтын, сынайтын әдеті. Ол өз басымызда да
бар. Мен бұл кісілерге бірыңғай теріс баға бере алмаймын.
Горбачев те, Ельцин де бір-бірімен қанша тіресе тұра, осыншама
көпұлтты, үлкен елді азамат соғысынан аман алып қалды. Ұлттық
республикалардың бейбіт жолмен тәуелсіздік алуына жағдай жасады.
Осыны қалай ұмытамыз?
КӨШБАСШЫ
1996 жылы ұлы ақынымыз Жамбылдың 150 жылдығы өзі «Ленин
градтық өренім» деген өлеңінде жарқырата жырлаған даңқты шаһар
Санкт-Петербургте аталып өткен. Қазақстандық делегация атақты
Таврия сарайындағы Дума залында ұйымдастырылған салтанатты
Өмір өрімдері
— 543 —
мәжіліске қатысқан, қала басшысы Анатолий Собчактің қабылда
уында болған. Ол кезде Собчактің бірінші орынбасары Владимир
Владимирович Путин еді. Арада небәрі бес жыл өткенде Путин Ресей
Федерациясының Президенті қызметіне сайланған. Бұл аралықта ол
Ресей Федерациясы Президенті іс басқарушысының орынбасары,
Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары,
кейіннен Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры, Қауіпсіздік
Кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарып үлгерді. Былайша қараған
да, көпшіліктің көзіне көріне қоймайтын сол лауазымдардың өзінде
Владимир Владимировичтің тастүйін тұлғасы тамаша танылды.
«Енді — ең бастысы. Путинмен әңгіме.
Бұл — екінші әңгімеміз болмақ. Өте қысқа әңгіме болады деп ой
лаймын. Алғашқы әңгімеміз менің қала сыртындағы кабинетімде
14 желтоқсан күні өткен. Парламент сайлауынан бес күн бұрын. Ол
әңгіме қысқа қайырылған жоқ еді.
Путиннің алғаш айтқаны мені таңдантып тастады: «Борис Нико
лаевич, мен мұндай шешімге дайын емеспін деп ойлаймын».
…Жоқ, бұл әлсіздіктің белгісі емес еді. Путинді әлсіз дей алмайсың.
Бұл күшті кісінің күдігі болатын. «Түсінесіз бе, Борис Николаевич,
мұның өзі аса ауыр тағдырды арқаға салу ғой», — деді ол». Содан
Путин 29 желтоқсан күнгі екінші әңгімеде ел тізгінін қолға алуға
тәуекел етеді. Тағы да Ельцин кітабына көз салайық: «Қоштасарда
Владимир Путинге есте қалатындай, мәнді сөз айтқым келді. Оның
алдында қандай азапты жұмыс күтіп тұр десеңізші. Оған сөзбен
болса да көмектескің келеді.
«Сақтаңдар… Ресейді сақтаңдар», — дедім мен оған. Путин маған
қарады да, басын изеді. Мәшинем бұрыла бастады. Көзімді жұмдым.
Қанша дегенмен, мен шаршадым. Қатты шаршадым».
Бұл үзінді Борис Ельциннің «Президент марафоны» кітабынан
алынған.
Иә, Ельцин сол тұста оған дейін тасада келген Путинді Ресей
Үкіметін басшылығына қойды, арада жарты жылға да жетпейтін
уақыт өткенде (1999 жылдың тамызы мен сол жылдың желтоқсаны)
өзінің тағдырлы таңдауын жасады — Ресей тағын Путинге ұсынды.
«Тақты ұсынғаны қалай? Ресей монархия емес қой?» демей-ақ
қойыңыз. Ельцин Путинді таңдағанда да, мен Тоқаевты таңдағанда
да президенттік сайлауда халық қалауы негізінен біздің ойымызбен
орайлас шығатынына кәміл сенгенбіз. Ол елде де, бұл елде де дәл
солай болды.
Путиннің қысқа кезеңдік премьерлігі ел есінде қалды. Елдегі екінші
тұлға бола тұра, ол талай жауапкершілікті өз мойнына алды. Кейін
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 544 —
нен тіпті екінші шешен соғысын бастап жіберуден де тайынған жоқ.
1999 жылдың 24 қыркүйегінде ол Астанадағы баспасөз мәслихатында
кейін бүкіл әлемге жайылып кеткен атақты сөзін айтты. «Мы будем
преследовать террористов везде. В аэропорту — так в аэропорту.
Значит, вы уж меня извините, в туалете поймаем, мы и в сортире их
замочим, в конце концов» деп тастады. Содан бері «мочить в сортире»
деген сөз таудан-тастан таймайтын, өз елінің қадір-қасиеті жолында
ештеңеден қайтпайтын кесімділіктің әркімнің-ақ санасына жетіп,
сүйегіне сіңетін баламасына айналып кетті. Соңыра Путиннің өзі сол
сөзіне «Абайламай қойып қалыппын» деген тұрғыда өкінген көрінеді.
Меніңше, өкінетін ештеңе жоқ. Тайраңдаған террористердің есін тез-
ақ жиғызған сөз болды. Әркіммен өзі түсінетін тілмен сөйлесу керек.
Ельцин өз кітабында «Қанша дегенмен, мен шаршадым. Қатты
шаршадым» дегенін жаздым. Шаршаған тек оның өзі емес еді. Ель
циннің шаршауы жалпыорыстық рухтың шаршауы болатын. Путин
қалың елді шаршаудың титықтатар тығырығынан алып шықты. Ең
бастысы — Владимир Владимирович Ресейдегі отаншылдықты орасан
арттырды. Путин билігі әлемдегі геосаяси күштер салмағына жаңа
ша қарауға мәжбүр етті. 2007 жылғы Мюнхен конференциясында
сөйлеген сөзінде ол: «Бұл модель жұмыс істемейді, өйткені, оның
негізінде бүгінгі заманғы өркениеттің моральдық-парасаттық арқауы
жоқ… Бірполярлы әлем деген немене? Бұл терминді қанша жерден
әспеттесе де, айналып келгенде ол іс жүзінде биліктің бір орталығы,
күштің бір орталығы, шешім қабылдаудың бір орталығы дегенді біл
діреді. Бұл — бір қожайынның, бір сувереннің әлемі. Мұның өзі түптің
түбінде осы жүйенің аясында тұрғандарға ғана емес, сол сувереннің
өзіне де қатерлі, өйткені, ол сол суверенді іштей қиратады…» деді.
Путиннің Мюнхендегі сөзінің әсері Черчилльдің Фултондағы
сөзінің әсерінен кем болған жоқ. Енді бүкіл дүние Ресейдің өзгергенін,
дүние дидарына есептеспеске, санаспасқа, мойындамасқа болмайтын
қуатты ел қайтып оралғанын көрді. Содан бері Ресейдің беделі арта
берді, арта берді…
Мынауыма жұрт не дейді деп жалтаңдап жату оған тән емес. Елі
үшін не керектінің бәрін істейді. Жаңа президент іске кірісе сала
қарсы әрекетке көшті. Өздеріне қарасты телеарналарды (ең негіз
гілері — ОРТ мен НТВ) пайдаланып, жаңа саясатқа тарпа бас салған
М. Гусинский, Б. Березовский, М. Ходорковский сияқты олигархтар
байлықты монополиялаумен тынбайтынын, түптің түбінде билік
ке ауыз салмай қоймайтынын жедел аңдаған Путин әлгілердің заң
бұзушылығын тез арада-ақ әшкерелеп үлгерді. Біреулері шетелге қаш
ты, біреулері түрмеге тоғытылды. Ақпарат тетіктері бір қолға тиді.
Өмір өрімдері
— 545 —
Ең бастысы — Ресейдің аса ірі экономикалық әлеуеті іске қосыл
ды. Путин өкімет басына келген алғашқы сегіз жылдың өзінде ел
азаматтарының нақты табысы 2,5 есе артқаны, жұмыссыздық пен
кедейшілік мөлшерінің 2 еседен артық кемігені, шетелдік инвестиция
көлемінің 7 есе өскені, шет елдермен сауда айналымының 5 еседен
астам артқаны — бұлтартпас фактілер. Бұл фактілерге түсініктеме
беріп жатудың өзі артық.
Владимир Владимировичпен ә дегеннен-ақ тіл табысып кеттік.
Менің кеңестен кейінгі кеңістіктегі интеграциялық бастамаларымның
бәріне қолдау білдіріп отырды. Біздегі кезекті президенттік сайлау
дан соң өткізілген инаугурацияда сөйлеген сөзінде: «Мен Қазақстан
халқын осы шешімімен және мемлекетте қол жеткізілген жоғары
дәрежелі саяси тұрақтылықпен, экономикалық және әлеуметтік даму
дың орасан қарқынымен құттықтаймын» деп ақтарыла айтқаны бар.
Ресейдің біздің еліміз үшін бөлекше орнына дәлел ретінде мына бір
жайды келтірейін. Астанада өте ауқымды конференция өтіп жатқан.
Конференция бағдарламасына шұқшия қарап отырған Путин бір
кезде алдындағы микрофонды қосып: «Мына қағазды дайындаған
адамдар — Назарбаевтың жаулары» деп салды. Бәріміз аң-таң қал
дық. Содан кейін Владимир Владимирович өз ойын: «Мұнда Ресей
АҚШ-пен, басқа да күштермен бірге өңірден тыс күш ретінде көр
сетіліпті. Қашаннан бері біз өңірден тыс күшке айналып жүрміз?»
деп түсіндірді. Сөзінің жаны бар болған соң мен үндемедім. Расында
да, өзіміздің құдай қосқан көршіміз Ресей біз үшін қалай өңірден
тыс күш бола қалады? Сөйтсем, конференция құжаттарын дайындау
әдеттегідей Сыртқы істер министрлігіне емес, Ішкі істер министрлі
гіне тапсырылған екен. Дипломатияның қыр-сырын, ең бастысы —
сыртқы саясаттың мән-жайын олар қайдан білсін? Әрине, Ресейді
біз саясаттың әдеттегі қасаң қалыптарына салып, шет елдердің бірі
қатарында ғана қарай алмаймыз. Путин осыны айтқан еді. Бұл да
жақын тұтушылықтың белгісі.
Владимир Владимирович өзінің адамгершілік қасиетін, бөлекше
жанашырлығын мен 2020 жылы коронавирус дертіне шалдыққанымда
да көрсетті. Ресейден жедел жіберілген ең таңдаулы вирусолог дәрі
герлердің он тәулік бойы күні-түні жанымнан кетпей, ол кезде әлі
емдеу тәсілдері толық анықтала қоймаған қауіпті аурудан құлан-таза
айықтырып шығарғанын ешқашан ұмытпаймын.
В. В. Путинмен арамыздағы берік байланыстың мен президент
тік қызметімді тапсырғаннан кейін де жалғасып жатқанының бір
дәлелі — 2022 жылдың маусым айында Мәскеуге арнайы барып, оны
елдің ұлттық мерекесімен — Ресей күнімен құттықтап қайтқаным.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 546 —
Бұл сапарым, бір жағынан, екі ел арасындағы қарым-қатынас орна
уының 30 жылдығына орайластырылған еді. Жылы жүздестік. Еркін
әңгімелестік. Бір-бірімізге мықты денсаулық пен амандық тіледік.
Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының ойдағыдай дамып келе
жатқанына разылық білдірдік.
Астанаға келген бір сапарында: «Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстан
ның ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа кандидатурасын Ресей соңына дейін
қолдайды», — дегені есімде. Солай жасады. 2007 жылдың 1 желтоқ
санында Мадридте шешім қабылданып жатқанда Владимир Вла
димировичпен таңертең телефон арқылы сөйлестім. Өзінің сөзсіз
қолдайтынын нықтады. В. Путин — екі сөйлемейтін жан. Арамызда
ешқашан бірдеңені бүгіп қалу, түсінбестік болған емес. Әріптестер
алдындағы өз міндетін ол адал орындайды. Сөзінде тұрмаған, мін
деттемелерін орындамаған адамдарға, мемлекеттер басшыларына
бір қатып қалса, жібімей қоятын мінезі де бар. Сөзі мірдің оғындай.
Мағынасы қатпар-қатпар болып келеді.
Осыдан біраз жыл бұрын теледидардан оған журналистің бір ел
президенті туралы қойған сұрағына жауабын тыңдадым. «Ол – жақ
сы актер» деді. Сөйтіп талантты тиісінше бағалайтынын көрсетті…
Ештеңе дей алмайсың. Кім-кімді де сөйлетпей қоймайтын Ларри
Кингтің баспасөз мәслихатында «Ресейдің «Курск» сүңгуір кемесіне
не болды?» деген сұрағына «Суға батып кетті» деп қоя салғаны да
елдің есінде. Журналист «Курск» қандай себеппен суға батып кетті
деп сұрап тұрған жоқ қой…
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Солженицын бастап, Жи
риновский қостап, көрші елдің біраз саясаткері қазақ жеріне көз
алартқанын басқа тарауда жазғанмын. Бұл төңіректегі күдік-күмәннің
бәріне Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы Шартқа Ресей
Президенті В. В. Путин екеуміз қол қойғаннан кейін түпкілікті жауап
берілгенін керек жерінде келтіргенмін.
Солженицын, Жириновский сияқтылар, өкінішке қарай, әлі бар.
Кейінгі жылдарда да бой көрсетті. Жалпы, саясатта мұндай жағдай
әрқашан бола да береді. Әлгіндейлерге салсаңыз, осы қалпымен
күндердің бір күнінде кезінде Ресей империясының құрамында еді
деген ой қисынымен Финляндияның, Польшаның жерін қайтадан
қосып алудың қамын қозғаудан қаймықпас, тегі. Жаңағыдай жай
дақ саясаткерлердің аузынан ауық-ауық шығып қалатын, аумақтық
тұтастыққа көз алартатын арандатушылық сөздерге тиісінше ғана
назар аударуды үйрену керек. Кім не демейді деп, жауапсыз қалдыра
салмағанмен, өз деңгейінде салмақты пікір айту жетіп жатыр. Олар
дың көздегені сол — тұрақтылықты сынап байқау, елдегі бірліктің
Өмір өрімдері
— 547 —
ұстынын ырғап көру, іштен ірітуге тырысу, әрі осы арқылы өздеріне
саяси ұпай жинап, танымалдығын арттыру. Сыртқы істер министрі
Сергей Лавров Қазақстанға 2021 жылы келгенінде Ресейдің біздің
елге ешқандай аумақтық талабы жоқ екені жөнінде ресми жауапты
айтты. Біз үшін ең маңыздысы — осы.
2014 жылы Қырым оқиғасы кезінде Қазақстан Біріккен Ұлттар
Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіндегі дауыс беруде қалыс қалды. Біз,
кез келген тәуелсіз мемлекет сияқты, Украинаның да аумақтық тұтас
тығын қолдайтынымызды аңғарттық. Одан кейін де біздің өзара қаты
настарымыз қалыпты арнада дами берді. Мұның өзі Владимир Вла
димировичтің әріптестер пікіріне құрметпен қарайтынын көрсетеді.
Сөзімді түйіндей келгенде В. В. Путиннің сөзге берік кісі екенін
айтпақпын. Ел басқарған адамға бұрын айтқан сөзінде тұра беру
кейде оңайға түспейтіні бар. Алайда мен Путиннің мәселе Ресейдің
пайдасына шешілмейтін сияқты көрінетіндей істе де уәдеден айны
мағанын көрдім. Оның достыққа адал екенін білемін. Адамның мұн
дай сирек кездесетін, әсіресе мемлекет басшыларында аз көрінетін
адамдық қасиеті құрметке бөлентеді әрі сенім ұялатады. Бұл жағынан
одан үйренуге болады. Қазір В.В. Путин туралы сан қилы пікір мен
бағаны естіп жатырмыз, бірақ осындай жағдайда басқалардың не
істейтінін айту қиындау.
КСРО ыдыраған алғашқы жылдарда Ресей мен Батыстың арасы
қалыпты күйге келетіндей көрінген. Б. Ельцин олардың лидерлерімен
жиі араласа бастады, экономикалық байланыстар жолға қойылды.
Айтқандай, М.С. Горбачевтің тұсында да Еуропамен де, Америкамен
де жақындасу мүмкіндігі ашылып, үміт оянған болатын. Бұл Ресейдің
көршілері ретінде бізге де теріс емес еді. Бірақ батыс елдері қашан
дағысындай достықты өз елдерінің мүдделерімен шектеп қойды.
Мүдде бітіп еді, достық та бітті. Өткен жылдардан біз алған тағы бір
тағылым — осы.
Өкінішке қарай, 2022 жылдың ақпанында Ресейдің Украинадағы
арнаулы әскери операциясы басталды. Мәскеу мұндай қадамның қа
жеттілігін Донбасс басшыларының өтініш айтуымен түсіндірді. Бұған
жауап ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Батыс
елдері ұстанған бағытты қолдайтын қарар қабылдап, қалыптасқан
дағдарыс үшін бар жауапкершілікті Ресейге аударды. Батыс елдері
Ресейге бұрын-соңды болып көрмеген санкциялар салды. Осындай
сәтті күтіп отырғандай, соған дайындалғандай болды да шықты. Бұл
жылдар ішінде НАТО Ресей шекарасына барған сайын жақындай
түскен еді. Сол соғыс үшін Батыс қанша қару мен қаржы жұмсады
десеңізші. Мұндай қадамдар бейбітшілікті жақындатпайды, соғыс
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 548 —
өртін тұтатады. Бәлкім, олардың күтіп отырғаны да осы шығар. Кез
келген соғыс келіссөзбен тынады ғой. Солай деп үміт етейік. Тарих
бұл оқиғалардың шындығын әлі ашады. Қазір бүкіл әлем осынау
бауырлас халықтардың бір-бірін қырып жатқан соғысының бітуін
қалап отыр.
Украинаның бұрынғы президенттерінің бірі 2003 жылы «Украи
на — Ресей емес» («Украина — не Россия») деп аталатын кітабында
«Біз Украинаны құрдық. Бірақ енді біздің алдымызда анағұрлым
қиын міндет тұр — енді біз украиндықтарды құруымыз керек» деп
жазған еді. Сол міндет айналасы жиырма шақты жылда орындалға
нын көрдік. Мұндай тұтастыққа қол жеткізген халықпен санасуға
тура келеді.
Әлі есімізде, сонау 1950 жылы Ұлыбританияның премьер-министрі
У. Черчилль әлемде тағы бір ұлы державаның пайда болуына жол
бермеу үшін Кеңес Одағына қарсы соғысқа дайындалуға шақырған
еді. Сондай тиісті жоспар да жасалған. Соғыс өрті тұтанбағанмен,
мұндай күрес ұдайы және әртүрлі әдіс-тәсілмен жалғасып жатты.
Енді сондай күрес Ресейге қарсы, оны талқандау мақсатымен жүр
гізілуде. Украинадағы соғыс сол ыңғайдан ғой деймін. Екі бауырлас
халықты араздастырудың, өздерінің сол мақсатын украиндықтардың
қолымен жүзеге асырудың сәті түсе қалды. Екі жақтың соңғы жыл
дар ішінде қате саясатты ұстанып келген қайраткерлері де осы отқа
май құя түсті.
Ресей мен Украина өз елдерінің және халықтарының келешегі
үшін осы тығырықтан шығудың жолын табады деп сенгім келеді.
Олар үшін бұл шаруаны өздерінен басқа ешкім де атқармақ емес.
ҮЙРЕНЕРЛІК ҮЛГІЛЕР
Мен мемлекет басында тұрғанда ұлы көршіміз — Қытай Халық
Республикасының үш басшысымен жақын араласа алдым, достық
қатынас орнаттым деуімнің артығы жоқ. Олардың әрқайсынан алар
тағылым аз емес.
Қытайдың бұрынғы Төрағасы Цзян Цзэминь екеуміздің адамдық
қарым-қатынасымыз елдер арасындағы тату көршілік қатынастардың
маңызды тетігіне айналды. Төраға жан-жақты білімді адам болатын.
Біздің ұқсас жақтарымыз көп екен. Ол да, мен де ән шырқағанды,
музыкалық аспаптарда ойнағанды жақсы көреміз, әдебиетті сүйіп
оқимыз. Оның үстіне әңгімемізге аудармашының да керегі жоқ —
Цзян Цзэминь орыс тілінде өте еркін сөйлейді: елуінші жылдары
Өмір өрімдері
— 549 —
Мәскеудегі Горький атындағы автомобиль зауытында жұмыс істеген,
сонда жүріп орыс әндеріне, орыс әдебиетіне сүйіспеншілігі оянған.
1997 жылы Ельцинмен екіжақты құжатқа қол қойғаннан кейін ол
бірден Ясная Полянаға баруға — Толстойға тағзым етуге асығыпты.
Ресейліктерге маған Толстой туралы лекция оқымай-ақ қойыңыз
дар деп айттым дейтін. Орыс классигінің шығармашылығын өте
жақсы білгені ғой. Пианиноға отыра қалып, талай шығарманы еркін
тартып кете беретін. Тағы бір қасиеті — әншілігі. Әсіресе кеңестік
кездегі орысша әндерді айтқанды жақсы көретін. Оның үш ғажайып
тенорды — Лучано Павароттиді, Хосе Каррерасты, Пласидо Домин
гоны Бейжіңдегі концерттен кейін дастарқандас болуға шақырғанын,
Лучаномен қосылып, «O sole mіo» әнін орындағанын кезінде БАҚ
кеңінен жазған. Сонда Лучано Павароттидің өзі Цзян осы өнердің
соңына түссе, ірі опера жұлдызы бола алар еді деген көрінеді. Кейін,
біздің үйде қонақта болғанда Цзян Цзэминь менің қызым Дариғамен
негізінен опералық арияларды қосыла шырқаған.
Бейжіңдегі үкіметтік қонақасы кезінде бәрімізді таң қалдырған бір
жай болды. Мен халық әні «Дударайды» айтпаққа бекінгенмін. Бір
шумағын орындап, енді қайырмаға көше бергенде Цзян Цзэминьнің
қолына микрофон ұстап, жаныма келе қалғаны. Сөйтті де… «Дуда
райды» қытайша жалғастыра жөнелді… Аң-таңмын. Біздің делегация
мүшелері де тілін жұтып алғандай үнсіз. Дуэтіміз аяқталғанда мен
бұл әнді қайдан білетінін сұрадым. Төраға: «Бұл қытайдың «Ақ рау
шан» әні ғой» дейді. Жоқ, бұл қазақтың әні, қазақ жігітіне ғашық
болған орыс қызы шығарған ән, ғашығының аты Думан екен, шашы
дудар екен, әннің аты содан қойылған деп жатырмын. Абырой болған
да, екі жақты да таң қалдырған осы таластың түйінін қабылдауда
қызмет етіп отырған қытай музыканты шешіп берді. Қазақтың осы
әні шекара асып, Қытайға жеткен екен, оны Вян Лобин деген ком
позитор өзінше өңдеп, жаңа атпен, жаңа мәтінмен елге таратыпты.
Цзян Цзэминь ұлттық дәстүр мен мәдениетті терең білуді ба
тыстың өркениеті жетістіктерімен терең үйлестірген. Оған Жапо
нияда оқығаны, АҚШ-та тәжірибеден өткені аз әсер етпесе керек.
Орыс, ағылшын, жапон тілдерін жетік біледі. Көзбе-көз жолығып,
тілмашсыз тіл қатысып, оңаша сұхбаттасқанда екі арадағы сенімсіздік
жым-жылас жоғалды. Сол бір байсалды мәслихаттан мен оның геосая
си жағдайды жетік талдай алатын адам екенін аңғардым. Төрағамен
әңгімеден көңілдегі көп күдікке жауап табылды. Шын мәнінде, кешегі
өткен Кеңес Одағының елді таратып тынған қырсықтары компар
тияның басқаруынан емес еді. Мәселе елді қандай компартияның,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 550 —
қалай басқаруында еді. Қытай Компартиясын реформалау бары
сында социализм мен капитализмнің, жоспар мен нарықтың жақсы
жақтарынан қосынды жасап шығарудың, яғни конвергенция жолын
табудың орайы келіпті. Ондағы реформаның бәрі партиялық тәртіп
пен мемлекеттік құрылымдардың қатаң қадағалауымен өткізілген.
Тәртіп — табыс тетігі. «Измге» тіреліп тұрған ештеңе жоқ, Дэн Сяопин
айтқандай, «Мысықтың түсі қандай екені маңызды емес, ең бастысы —
тышқанды жақсы ауласа болғаны» деп санайды қытайлықтар. Ал
біздің адамдар Андрей Сахаровты КСРО халық депутаттары съезінде
капитализмнің артықшылықтарын пайдалана білуге шақырғаны
үшін ысқырып, мінберден қуып түсірген болатын.
Онымен соңғы рет Бейжің түбіндегі үйінде кездестім. Бұл кезде
зейнетте еді. Ескі достардай табыстық. Бейжің Олимпиадасы өтіп
жатқан. Мені үйдің табалдырығында күтіп алды. «Өңім қалай екен?
Жасым 82‑ге толды» деп қояды. «Өңіңіз өте жақсы», дедім. Қайтерсің,
барша адамның барар жері біреу. 2022 жылы өмірден өтті.
Ұлы елге 2003–2013 жылдар арасында Төраға болған Ху Цзиньтао
мен қарым-қатынасымыз да өте жақсы еді. Оның 2008 жылғы Бейжің
олимпиадасы кезіндегі көрсеткен құрметін ұмыту тіпті мүмкін емес.
Сонда маған: «Олимпия ойындарының ашылуына 80‑нен астам мем
лекет пен үкімет басшылары келеді. Бірақ мен жеке қабылдауды үш
мейманға ғана — президент Дж. Бушқа, премьер В. Путинге және
Сізге ғана жасаймын» деген болатын. Дәл солай етті де.
Ху Цзиньтао кезінде Қытайдың жастар ұйымын басқарған, қарым-
қатынасқа өте ыңғайлы, сөзге шешен адам еді. Жыл сайын кездесіп
тұрдық. Бас-аяғы он жылдай араластық. Биыл ол кісі келсе, келесі
жылы мен баратынмын. Үйімде де қонақ болған. Сол күндері не
меремнің үйлену тойы өтетін еді. Жұбайы екеуі біздің салт-дәстүр
лерімізге өте қызыға қараған-ды. Талай мәселелерді еркін талқылай
тынбыз. Сөздің реті келгенде «Қытай үлкен ел, келешекте саясаты
қалай жалғасады?» дегенімде «Қытайдың өзінің ішкі проблемалары
толып жатыр. Әсіресе ауылдық жердегі жұмыссыздық қатты батады
бізге. Техникалық даму жағынан да мәселелер бар. Ғылымның жайы
да ойландырады. Сондықтан Қытай ешкімге қауіп төндірмейді. Қы
тай өз тарихында ешқашан еш елге соғыс ашқан емес. Тек қорғанып
отырған» деп айтқан. Тибет өңірінде басшы болған кезін еске түсіріп,
«Тибет монахтары, олардың ерекше қабілеттері туралы көп айты
лады, сол жердің ерекше қасиеті неде?» деп сұрадым. «Оның бәрі
жай сөз. Кедей өңір. Өздерінің ескі салт-ғұрпымен тұрып жатыр»
деп әңгімені қысқа қайырды. Дастарқан басында қытай жастарының
кең тараған әндерін айтып, өте көңілді отыратын.
Өмір өрімдері
— 551 —
Еңбегіңнің бағаланғаны жақсы. Әлемдегі ерен елдердің басшылары
бағалап жатса, тіпті жақсы. Бұл сөзді біздің Қытай көшбасшылары
ның Қазақстан жайындағы жылы лебізді пікірлерін қандайлық қадір
лейтінімізді қадап көрсету үшін жазып отырмын. ҚХР Төрағасы Си
Цзиньпин 2014 жылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары
жөніндегі кеңестің ІV саммитінде АӨСШК-ні құрудың бастамашысы
Қазақстан болғанын арнайы атап айтқанда біздің делегация бөлекше
мерейленіп қалған-ды. Кейбір мемлекеттер басшыларының өзге
елдердің еңбегін елей бермейтіні кездеседі.
Мен ел басқарған жылдары Қытай елі төрағаларының кісілік қалып
тарына, адамдық қасиеттеріне талай рет тәнті болдым. Әсіресе, олар
дың мәдениеттің, тарихтың қыр-сырын терең білуі үлгі аларлықтай.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин жайында
ойласам, оның маңғаз да сырбаз қалпы көз алдыма келе қалады. Ас
пан асты елі басшысының бұл сипатын оның жаңа қызметке кіріскен
бетте Мәскеуге жасаған сапары кезінде бүкіл әлем бір деталь арқылы
ғана тани алатындай болған. Кремльде Си Цзиньпин сөйлейтін тұста
микрофон жұмыс істемей қалған сәтті көрсететін бейнежазбада нағыз
ұлы елдің көшбасшысына тән салқын сабыр, ішкі мәдениет тәнті
етеді. Жаңағы микрофонды жөндеп біткенше Төраға өз орнында
жайбарақат тұра береді. Қабағын да шытпайды. Сол кезде ресейлік
«Комсомольская правда» газеті Си Цзиньпин жаңағы жерде құдды
дәл жанында әлдебір сымдарды шұқылап адам жүргенін атымен
аңғармағандай әсер қалдырды деп қайран қала жазған.
Си Цзиньпин — нағыз халықтық тұлға. Оның әкесі Си Чжоңсюнь
жас кезінде-ақ ірі қызметтерге жоғарылап, 1953 жылы Министрлер
кабинетінің бас хатшысы болған екен, кейін Маоның тұсында айыпты
саналып, алыс өңірге жер аударылыпты. Си Цзиньпин сол жақта,
бала күнінен еңбекке үйреніп өскен. «Ол жылдарда мен, ара-тұра бір
ауырып қалған кезде болмаса, 365 күнді мүлде демалыссыз өткізіп
жүрдім. Істемеген жұмысым қалған жоқ. Жауын-шашынға қарамай
ауыл адамдарымен бірге шөп шауып, мал бақтым. Кейде 100 кило
бидай салынған дағарды иыққа салып алып, ондаған шақырым жерге
жаяу тасыған кездеріміз де болды…», деп еске алады өзі.
Си Цзиньпиннің де әдебиетке ықыласы бөлекше. Ресейге сапа
ры кезінде ел элитасын орыс классикасының інжу-маржанын еркін
білетінімен риза еткен. Біздегі газеттердің бірінде оның жас күнінде
Чернышевскийдің «Не істеу керек?» романының бас кейіпкеріне
қатты еліктегені, шегелердің үстінде ұйықтайтын Рахметов сияқты
қарлы борандарда әдейі далаға кетіп қалып, желді аязда өзін өзі
сынайтыны сондайлық тәнтілікпен жазылды да. «Мен жас кезімде
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 552 —
А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Тургенев, Ф. Достоевский, Л. Толстой,
А. Чехов, т. б. әдебиет алыптарының шығармаларын оқып, орыс
әдебиетінің құдіретін терең сезіндім» дейді ол. Си Цзиньпин әсіресе
Достоевский шығармашылығын жақсы көреді және жақсы біледі.
Өнердің де жанашыры. 2013 жылы Қазақстанға келіп, Назарбаев
университетінде сөз сөйлегенде жалпы жұртшылық үшін тосын, му
зыка маңайындағы мамандардың шағын тобы ғана білетін бір жайды
айтып, жиналғандарды таң қалдырған. «1941 жылы Ұлы Отан соғы
сы басталғаннан кейін, Қытайдың әйгілі музыканты Шянь Шиңхай
жол-жөнекей Алматыға келеді. Мұнда ешқандай туыс-туғаны жоқ,
қалтасы қағылып, науқас меңдеткен оны қазақ музыканты Бақытжан
Байқадамов жақын тартып, оған бір жайлы тұрақ дайындап береді.
Алматыда тұрған кезінде Шянь Шиңхай «Ұлт азаттығы», «Қасиетті
соғыс», «Өзен тұтас қызарды» сынды әйгілі музыкалық туындыларды
өмірге әкеледі. Сондай-ақ қазақ батыры Амангелдінің жаужүректігін
бейнелейтін симфониялық дастан — «Амангелдіні» жазып, халықты
фашизмге қарсы соғыс жүргізуге жігерлендіріп, жергілікті халықтың
құрметіне бөленді. Сан ғасырдан бері осы байырғы Жібек жолында әр
ел халқы достықтың өшпес дастанын бірге жазды» деді сонда Қытай
Төрағасы қазақстандық студенттер алдында. Париж консерватория
сына түскен тұңғыш қытай студенті осы Шянь Шиңхай екенін, 1940
жылы Кеңес Одағына деректі фильмге музыка жазу үшін барарда
оны Мао Цзэдунның өзі қабылдағанын айту оның қандайлық дара
дарын болғанын танытып тұр.
Төрағаның әсерлі әңгімесі екі ел кинематографистерін де толқытты.
2019 жылы Қазақстан мен Қытай экрандарына «Қазақфильм» және
«Shіnework Pіctures» бірлесіп түсірген «Композитор» фильмі шықты.
Кинотуынды сол жылы ІХ Бейжің халықаралық кинофестиваліне
қатысып, жоғары баға алды.
Аспан асты елінің басшысы келіссөз кезінде Абайдың қара сөз
дерінен дәйек келтіретіні, Қазақстанды өзі жария еткен «Бір белдеу —
бір жол» жобасын Еуропаға есік ашып беретін аса маңызды ел деп
атайтыны, арамыздағы мүшел жастан да артық айырманы ескеріп,
ең бастысы — шығыстық классикалық дипломатияның үздік үлгісін
көрсетіп, ресми келіссөздердің кезінде мені тек досым емес, менің
үлкен ағам деп сөйлейтіні дәйім разылыққа бөлейді. «Ұлық болсаң,
кішік бол» дегенді қазақ осындай алып азаматтарға разылықтан айтқан.
Қазақстанға келген бір сапары кезінде қызық жағдай орын алды.
Астанадан Алматыға баруымыз керек еді. Си Цзиньпин мені өзінің
ұшағына шақырды. Сөйтіп бірге ұштық. Мемлекеттер басшылары
арасында мұндайлық сенім онша көп кездесе бермейді. Алматыға
Өмір өрімдері
— 553 —
барған соң сондағы резиденцияда әбден әңгімелестік, кейіннен оты
рысымызды өзен жағасында жалғастырдық.
Қытай басшыларының енді Қытайды ешкім кемсіте алмайды дей
тін сөзі белгілі. Он сегізінші ғасырда ағылшындардың Үндістаннан
алып келіп, апиын сатқаны, сол арқылы мемлекет қызметкерлерін
жемқор еткені, кейін жапон басқыншыларының қытайлықтарға
жасаған зұлымдық саясаты баршаға мәлім. Ел компартиясының 100
жылдығы тұсында, яғни 2021 жылы қабылданған шешім бойынша
Қытай Халық Республикасының ғасырлық мерекесіне қарай — 2049
жылға дейін бұл ел дүниедегі ең дамыған ел болуы тиіс. Бұл шешімнің
орындалатынына күмән жоқ.
Си Цзиньпин де делегациялардың ресми кездесуінде болсын,
өзара әңгімеде болсын, Қытай Қазақстанға зиян келтіретін ешқандай
қадамға бармайды дегенді баса айтып отыратын.
Іле өзенінің басы Қытай елінен шығады ғой. Балқашқа құятын
сол өзеннің суын Қытай көп пайдаланып кетсе, бізге қиын болатыны
белгілі. Мұндай тақырыптарды «ыңғайсыз келіссөздер» дейді. Олар
ды салалық министрліктерге ысыра беретін жағдай да ұшырасады.
Соған қарамай, Си Цзиньпинмен бұл мәселені де тікелей талқылап
жүрдік. Ол кісі біздің ұстанымымызға түсіністікпен қарап, өзен суын
пайдалану екі жаққа да тиімді келсін деп өз адамдарына тапсырма
беріп жататын.
Кездескен сайын М. Горбачевтің КСРО-ны қалай таратып алғанын
сұрайтын. Менің сол «қайта құрудың» қақ ортасында жүргенімді
және Горбачевке жақын болғанымды білген соң сұрайды ғой.
Си Цзиньпин билік басына келгеннен кейін партиялық тәртіпті
қатайтты. Жемқорлық күрес үлкен нәтижеге жеткізді. Елдің ішкі бір
лігі нығайды. Экономика қарыштап өркендеді. Ұлт мақсатын айқын
бейнелейтін «Қытай арманы» ұраны жемісті жүзеге асырылып жатыр.
Қытайдың Еуразия аумағына ықпалын күшейтетін «Бір белдеу және
бір жол» бастамасы кең құлашпен қолға алынды.
Президенттіктен кеткенімнен кейін Қытай Төрағасы маған телефон
шалып, өзінің сыйластығын білдірді. «Қытайдың қай провинциясына
келіп, демаламын десеңіз, есігіміз ашық» деп шақырды.
Си Цзиньпин мырзамен соңғы кездесуіміз Бейжіңде өтті. 2019
жылы «Жібек жолы» жобасына қатысқан елдер басшылары жиналған
үлкен кездесу болды. Мен ол кезде өз лауазымымды Қасым-Жомарт
Тоқаевқа тапсырған едім. Соған қарамай, кездесуге мені арнайы
шақырды. Сөз берді. Ертеңінде үлкен залда көп адам жиналды. Не
гізінен мемлекеттің басшы қызметкерлері. Сол жерде маған Қытай
Халық Республикасының ең жоғары марапаты — «Достық» орденін
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 554 —
тапсырды. Айта кету керек, оған дейін бұл елде орден тапсыру салты
болмайтын. Осы орденді соның алдында ғана тағайындаған еді. Менің
алдымда тек Ресей президенті Владимир Путинге тапсырылған. Әри
не, мұндай көңілі үшін Си Цзиньпин мырзаға ризалығым шексіз.
Ұлы Қытайдың басшысы осынша құрметтеп жатса, қалайша риза
болмайсың. Ең бастысы, мұндай қарым-қатынас мемлекетаралық
байланыстардың талай мәселелерін шешуге көмектеседі. ҚХР-дың
әрі инвестор, әрі көрші ретіндегі әлеуетін ескерсек, мұның өзі өте
маңызды. Бұл ұлы елмен қазақтардың, ел басшыларының мұндай
қатынасы болмағанын атап айтқан жөн.
Си Цзиньпиннің басшылығымен Қытай елі ғажайып табыстарға
қол жеткізуде. 2022 жылдың 16–22 қазан аралығында өткен Қытай
Коммунистік партиясының ХХ съезі Аспан асты елінің келешекте
жарқын жеңістерге апарар жоспарын жасап берді, құрылғанына
бір ғасырдан асқан көшбасшы партияның мемлекет тағдырындағы
шешуші орнын келісті көрсетті. Қытай Төрағасының «100 жылдық
тарихы бар Қытай Коммунистік партиясының күші мен жігері то
лысып тұр, біз бүкіл әлемді таң қалдыратын «жаңа әрі анағұрлым
ұлы кереметтерді» көрсете аламыз» деген сөзі күмәнсіз сендіреді.
Съезде Си Цзиньпин Қытай Компартиясының Бас хатшысы болып
қайтадан сайланды. Кейіннен ҚХР Төрағалығына сайланды. Мұндай
қатынастарды қадір тұтып, дәйім биік деңгейде ұстауымыз керек.
МЫҚТЫЛАРДЫҢ САН ТҮРЛІ МЕЗЕТТЕРІ
1992 жылы АҚШ-қа алғашқы сапарымда Үлкен Бушпен атақты
Сопақша кабинеттегі әңгімеден соң АҚШ президенті мені демалыс
бөлмесіне шақырды. «Қазір компьютер деген шықты ғой. Міне, мен
де соны үйрене бастадым» деп көрсетті. Қарасам — бөлмеде балалар
ойыншықтары көп. Немерелері келіп, сол жерде ойнай береді екен.
Менің де немерелерім бар екенін естіп, бір ойыншықты орап маған
ұсынды. Кешке қонақүйге келсем, президент жіберді деген қорапша
тұр екен. Біреуінде балалар ойыншықтары, екіншісінде теннис доп
тары. Менің теннис ойнайтынымды біліп алса керек. Бұл да Ақ үй
иесінің жаны жайлылығының бір белгісі сияқты. Бара-бара тіпті Ақ
үй ауласына шығып, әңгімелестік. Өзі ұнататын бір ойынға шақырды.
Шарты — арнайы әзірленген тағаларды лақтырып, ортадағы қазыққа
іліктіру. Қызық болғанда, мен ұтып кеттім. «Сіз де жиі ойнайсыз ба?»
деп сұрады Дж. Буш. Бірінші рет ойнап тұрғанымды айттым. Жаңа
бастағандардың жолы болғыш келеді. Ақ үйдің көгалында Дж. Бейкер
Өмір өрімдері
— 555 —
үшеуміз біраз серуендедік. Президент Бейкерге: «Джеймс, біз, шама
сы, жеңетін болармыз» деп қояды. «Иә, әрине» дейді Бейкер. Расын
да да, Буш сайлауда жеңетін сияқты көрінген. Соның алдында ғана
Ирактағы «Шөлдегі дауыл» операциясы сәтті аяқталып, америка
лықтар отаншылдық сезімге бөленіп, шаттанып тұрған еді. Алайда
Буш сайлауда жеңілді. Билл Клинтон жеңді. Американың Америка
екендігі де сонда — президент ауысқанымен, елдің ұстанған саясаты
түбегейлі өзгермейді. Ұлы елдің ұлы дәстүрлері сақтала береді.
Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен екі жаққа тиімді
әріптестігі Б. Клинтон әкімшілігінің тұсында да жемісті жалғасты.
1994 жылдың 28 сәуірінде баспасөзде АҚШ президентінің менің
атыма жолдаған хаты жарияланды. «Сапфир» операциясының қо
рытындысы бойынша президент Б. Клинтон: «Дүние ядролық қару
тарату мен ядролық терроризмнің тағы бір қаупінен құтылды. Бұл
істе Президент Н. Назарбаевтың көшбасшылығын ашық бағалаймын»
деп жоғары баға берді.
Мемлекет басқарудың әр елде өзінің қыры, өзінің сыры бар.
Ғұмырбаяндық кітабында «Менің саясаттағы өмірім кілең бір
ғанибетке тұнып тұрды» деп жазатын Билл Клинтонның өзі кезін
де құқайдың неше түрін көрген. Қасым-Жомарт Тоқаев «Беласу»
кітабында Америка президентінін бастан кешкен келеңсіз күйіне
тоқталып өткен: «Сол тұста Б. Клинтон шынында да тынығуды қажет
ететін жағдайда болатын. Ақ үйдің стажеры Моника Левинскимен
көңілдестік байланыстары төңірегіндегі жанжал ушығып тұрған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында бұл тосын оқиға «барынша ши
ратылып», тілшілер Ақ үйдегі ұрыс-керіс туралы өсек-аяңды өршітіп
жатты. Дегенмен, оның қожайынына риза болмасқа амалыңыз жоқ,
ол өзін ұстамды да лайықты ұстай білді. Тек Н. Назарбаевтың: «Сізге
қиын болып тұр ма?» — деп қулана қойған сауалына Б. Клинтон: «Өте
қиын. Мені күн сайын өлтіріп жатыр!» — дегенді айтты».
Ер азаматтың басына не келіп, не кетпейді! Әсіресе, бой десең
бойы, ой десең ойы бар, бұйра шашы бар, саксофонда ойнайтын,
шешен, президент Биллдей білдей жігіттің қыз-қырқынның көз құрты
болуына онша таңданудың да жөні жоқ. Бар мәселе, бар бәле оның
жұрт алдында жүруінде, көптің көз алдынан кетпеуінде. Тәуелсіздік
алғанына екі жүз жылдан асқан, әлемдегі ең қуатты экономикаға ие,
демократиялық институттары әбден жетілген АҚШ-тай елдің өзінде
президентке осындай ауыр салмақ түссе, бұғанасы беки де қоймаған
Қазақстан сынды жас мемлекетті басқарудың адамға салынған қан
дайлық сынақ екенін шамалай беру қиын емес.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 556 —
Отставкаға шыққанында ол Қазақстанға келді, өзінің науқас бала
ларға көмектесетін қорын таныстырды. Біз ынтымақтастық жөніндегі
меморандумға қол қойдық. Кездескенімізде менің құлағыма «Маған
саксофон сыйламай-ақ қойыңызшы» деп сыбырлады. Тегі, оның сол
аспапта ойнайтынын білгеннен кейін талай жерде саксофон сыйлай
берген сияқты.
Клинтон демекші… Тәжірибесіздігімізден бір ыңғайсыз жағдайға
қалғанымыз бар. Алматы кілем фабрикасына тапсырыс беріп, Клин
тонның портреті салынған шағын кілемше дайындатқанбыз. Әдемі
шыққан. Соны сыйлағанбыз. Бір-екі жылдан кейін ресми сапармен Ақ
үйге тағы барып, президентпен кездесуге кіргелі тұрғанда қарасам,
әлгі кілемшеміз қабылханада, еденде жатыр. Хатшы қызы прези
денттің бетінен басып, ары да өтеді, бері де өтеді… Олар мұндайға
мән беріп жатпайды екен. Қызық халық.
АҚШ-ты Кіші Буш басқарып тұрғанда, 18–22 желтоқсан аралығын
да жасалған менің сапарым 2001 жылдың маңызды сыртқы саяси
оқиғасы болды. 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік шабуыл
дардан кейін шиеленісе түскен жаһандық жағдай да келіссөзге ерек
ше маңыз үстеді. Алғашқы күннен-ақ Қазақстан терроризм мәсе
лелерінде АҚШ арнайы қызметтерімен белсенді ақпарат алмаса
бастады. Біз әріптестерімізге қажет көмек көрсеттік. Буш жеделдігіміз
пен ашықтығымызға ризашылық білдірді. Ауғанстандағы операция
басталған кезде, Америка ұшақтарының Қазақстан аумағы арқылы
ұшып өтуі үшін әуе дәліздерін ашу мәселесі өте шұғыл шешілді.
Біз басына қиын жағдай туғанда Америка халқымен бірге болдық.
Қазақстан халықаралық лаңкестікке қарсы күштерге әуе кеңістігін
ұсынды, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және терроризммен
күресте сенімді одақтасқа айнала алды.
2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі оқиғадан кейін «тарих ақырының»
оптимизмі күн тәртібінен толықтай алынып тасталғаны бәріне анық
көрінді. АҚШ-қа лаңкестік шабуыл әлемнің жаңа тарихындағы шұғыл
бетбұрысқа айналды. Менің сапарым кезінде қабылданып, «Жаңа
өзара қарым-қатынас» деп аталған бірлескен декларацияда АҚШ
президенті екеуміз екі елдің терроризммен күрес және экономика са
лаларында ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестігі туралы мәлімдедік.
Біз «Баку — Тбилиси — Жейхан» (БТЖ) мұнай бағытын қолдауды
қарастырған Энергетикалық әріптестік туралы меморандумға қол
қойдық. АҚШ Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіне
көмектесуге және баяғы қырғи қабақ соғыс кезінде қабылданған
Джексон-Вэник өзгертулерінде қарастырылған саудадағы шектеу
лерді алып тастауға міндеттеме алды. 2006 жылдың маусымында
Өмір өрімдері
— 557 —
БТЖ мұнай құбырына Қазақстан мұнайын жіберу туралы келісімге
қол қойылғаннан кейін сол жылдың қыркүйегінде АҚШ-қа жасаған
сапарым да ерекше жылы ауанда өтті.
Мен Буштардың Мэн штатындағы әулет иелігіне шақырылдым. Бұл
кезде Үлкен Буштың экс-президент болғанына талай жыл. Б. Клин
тонның президенттік кезеңі де өткен. Одан бұрын да Үлкен Буштың
Техастағы үйінде болғанмын. Біраз достарымен танысқанмын. Әулет
иелігінде бейресми жағдайда ең ықпалды америкалық әулеттердің
бірінің отағасы, Құрама Штаттардың қырық үшінші президенті Кіші
Дж. Буштың әкесі — Үлкен Дж. Бушпен екіжақты қарым-қатынастар
мен халықаралық саясат мәселелерін талқыладық.
Кіші Джордж Бушті есіме алғанда біздің 2001 жылғы алғашқы
кездесуіміз емес, 2006 жылғы екінші кездесуіміз көбірек ойыма ора
лады. Атлант мұхитының жағасында баласымен жолығудан бір күн
бұрын Үлкен Бушпен әңгімелескен едім. Әдетте, АҚШ президенттері
билік мерзімін аяқтаған соң, елдің қарапайым азаматына айналады,
саясатқа араласпайды. Шынында да солай, бірақ бұл жердегі жағдай
өзгешелеу. Ұмытпасам, Американың саяси тарихында мұндай жағдай
екі-ақ рет болған — он тоғызыншы ғасырдың бірінші жартысында
және жиырмасыншы, жиырма бірінші ғасырлардың тоғысында.
Тіпті алдағы жүз жылда да қайталануы неғайбыл. Әкесі мен баласы
әлем тарихындағы ең екпінді және тұрлаусыз жылдары — ұлы елді
бәрін қосқанда 12 жыл бойы биледі.
Мэн штатындағы Үлкен Буштың жазғы үйіне қонып шыққан соң,
біз таңғы сегізде мұхит жағасында отырдық. 2006 жылдың қыркүйе
гінің ашық таңы. Ауада өрмекші өрмегі қалқиды. Тыныштықты
толқындардың баяу дыбысы ғана әредік бұзады. Кофе ішіп, суға
ойлана көз тастаймыз. Миллиондаған жылдар бұрын, түрлі саясат
пен саясаткерлерге дейін, АҚШ пен Қазақстан пайда болғанға дейін,
тіпті мазасыз адамзат баласы шыққанға дейін Атлант мұхитының
толқындары дәл осылай жағаны шайып жатқан еді. Бізден кейін де
олар миллиондаған жылдар бойы осы жағалауларды соға бермек.
Мәңгіліктің куәгерлері — шағалалар ғана шаңқылдап, ерте күз таңы
ның жылы ауасын тілгілей ұшады…
2006 жылдың қыркүйегінде АҚШ-тың сол кездегі президенті —
Кіші Дж. Бушпен кездесуіміз кезінде Қазақстанның әлемнің бәсекеге
қабілетті елу елінің қатарына кіру жоспарын қолдайтыны айтыл
ды. Ақ үйдің Сопақша бөлмесінде менің жаңа мемлекетті, оның
астанасын қалай құрып жатқаным жайында әңгімем барысында
Кіші Джордж Буш сәл кідірді де, маған зерттей қарап: «Джордж
Вашингтонның Америка халқының тарихында қалғанындай, Сіз де
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 558 —
өз еліңіздің тарихында қаласыз», — деді. Осыны айтқанда арт жағын
дағы ілулі тұрған Американың тұңғыш президентінің портретіне бір
қарап қойды. Мұндай сөзді АҚШ президентінің аузынан есту жылы
әсер еткені рас. Сол кезде мені Джордж Буштың шынайылығы мен
ашықтығы таң қалдырып еді. Бұл — жоғары деңгейлі әлемдік саясатта
сирек кездесетін қасиет.
Мен Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы жөніндегі мәселені де
көтердім. Табандылығымыз жемісін берді. АҚШ мемлекеттік де
партаменті Қазақстан бастамасына ресми қолдау білдірді. Оның сол
кездесуде қалай шешілгенін «Соқпақсыз сыртқы саясат» тарауында
толығырақ етіп жазғанмын.
2009 жылдың қаңтар айында Б. Обама АҚШ президенті қызметіне
кірісті. Ақ үйдің жаңа басшысының халықаралық қатынастардағы
қақтығыстарды азайтуға бағытталған алғашқы қадамдарына Қазақстан
түсіністікпен қарады және қолдады. 2009 жылдың сәуірінде Парла
мент Сенатының Төрағасы Қ. Тоқаевпен әңгіме барысында Б. Обама
Қазақстан «АҚШ-тың досы және сенімді әріптесі» екенін атап өтті.
Әрине, АҚШ басшылығымен қарым-қатынасымыз дәйім жай
ма-шуақ бола берген жоқ. Олай болуы мүмкін де емес.
Бір жай есіме түсіп отыр. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Мад
лен Олбрайт елімізге келе салысымен демократия уағыздарын айта
бастады. Бірте-бірте біздегі кадр мәселесіне ауысуға айналды. Сол
тұста әлдебір даулы оқиғаға ілігіп қалған азаматтардың басшы қыз
метте жүргеніне таңданыс білдірді. Мен: «Сіз өз достарыңызды жолда
тастап кете бересіз бе?» деген сұрақ қойдым. Жоғары лауазымды
ханым ойланып қалды. «Дегенмен, ол адамдарды босатқан жөн» деді.
Амал жоқ, оған «Қазақстандағы кадр мәселесі Астанада шешіледі,
Вашингтонда емес» деп кесіп айтуға тура келді.
АҚШ президенттерінің арасында менің ең аз араласқан адамым —
Дональд Трамп. Оның тұсында ел экономикасы едәуір ілгеріледі.
Жұмыссыздық азайды. Салық көбейді. Трамптың екінші мерзімге
сайлана алмауына коронавирус пандемиясының да өзіндік әсері
болған сияқты. Қанша жерден мықты медицинасы бар дегенмен,
елдің денсаулық сақтау саласы індетке сыр берді. Әлемдік саясат
керлер арасында мінезі жайсыздау саналатын Трамппен де жақсы
қарым-қатынас орната алғанбыз. Ақ үйдегі келіссөз кезінде маған:
«Президент мырза, Сіз бен біздің арамызда химиялық бір жақын
дық бар сияқты, өзіңізбен жаңа ғана таныссақ та, маған бірден ұнап
қалдыңыз, мен Сізге сенемін» деген еді.
Тәуелсіздіктің бастапқы белесінде Ганс-Дитрих Геншер Қазақстанға
келіп қайтты. Ол Батыс Еуропаның соғыстан соңғы кезеңдегі ең бір
Өмір өрімдері
— 559 —
тəжірибелі саясаткері еді. Он жеті жыл бойына, əр қилы канцлерлер
тұсында Германияның сыртқы саясатын басқарды. Батыс Германия
ның беделінің соғыстан соң қайта өсуі, демократиялық мемлекет
болып танылуы осы Геншермен байланысты болғаны сөзсіз.
Ол маған өте сыпайы, қарапайым адам боп көрінді. Мен онымен де
аумақтық тұтастығымызға төнгелі тұрған ықтимал қауіптер туралы
сөйлестім. Ол мені қолдауға жəне жай-жапсарды канцлер Г. Кольге
баяндап беруге уəде етті. Кейін Германияға барған ресми сапарым
тұсында, Г. Кольмен əңгіме үстінде оның біздің әңгімемізге сонша
лықты тыңғылықты жəне егжей-тегжейлі дайындалғанын байқадым.
Ең бір ұсақ, ең бір елеусіз деген жайттардың өзі түгел қамтылыпты.
1991 жылғы 17 қарашадағы кездесуімізде Г.-Д. Геншер Қазақстан
мен қатынастарды ойдағыдай өрістетуге немістер өте ықыласты екенін
айтты. Біз шекара мызғымастығын сөз еттік. Г.-Д. Геншер: «Еуропа
тарихын білу өте қажет. Президент мырза, сіз шекара мызғымастығы
қағидасы туралы айттыңыз. Жалпы алғанда, Еуропадағы барлық
соғыс шекараның қырсығынан, біреулердің оны əрі, біреулердің бері
жылжытқысы келгендігінен шықты. Əрқашан да гəп біреулердің
өзінің өзгелерге ықпалын кеңейтуге тырысқанынан болды. Бəрінің де
арты істі насырға шаптырды. Енді қазір, екі дүниежүзілік соғыстан
кейін бұндайдың қайталанбауы керектігін əркім-ақ білуі тиіс. Əрине,
Югославияда бүгін соғысқа əкеп ұрындырып отырғандай, көптеген
қателіктер жіберілді. Егер мемлекетте көп ұлт болып, оның біреуі
үстемдікке ұмтылса, іс насырға шабады», — деді.
Г.-Д. Геншердің баспасөз мəслихатында айтылған бір сөзі есімнен
шықпайды. Сөз кейбір жерлердің байырғы екендігі не еместігі жа
йында болып жатқан-ды. Ол: «Еуропа картасындағы кез келген нүк
тені алыңызшы. XVІІ, V, VІІ, тіпті олардан басқа кез келген ғасырда ол
жерлер əртүрлі мемлекеттердің қарауында болды. Олардың көбі қазір
дүниеде жоқ. Ал біз 1991 жылы өмір сүріп отырмыз. Тарихқа құлақ
ассақ — шекара жайындағы кез келген даудың мəні жоқ. Таласушы
екі жақ та өткеннен өзіне пайдалы көп деректер келтіре алады. Біз,
ақылды адамзат ретінде, шекара дауын тыюымыз қажет. Біздің есі-
дертіміз келешекте жəне ынтымақтасты нығайтуда болуы тиіс. Тарих
тың бізге үйретер басты тағылымы осы», — деген еді. Меніңше, бұл ой
қазір де көкейкесті. Қазір де дау-дамайдың талайын көріп отырмыз.
Ресми сəттен соң мен Геншер мырзадан бейресми əңгіме үшін тағы
да аз уақыт бөлмес пе екен деп сұрадым. Ол қуана келісті. Шыным
ды айтсам, сол бір атақты саясаткермен бірнеше сағатқа созылған
əңгімеден қыруар тағылым алдым. Оның кейбір ойлары мені қатты
таң қалдырды. Демократия жайында сөз қозғауымыз мұң екен, біздің
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 560 —
ол жайындағы түсінігіміздің соншалықты тайыз екенін ұқтым. Демо
кратиялық мемлекеттің беделі туралы ойланғанда, ол мына бір жайға
тоқталды. Əлем Германияның демократиялық ел екенін ол тек әлемдік
қоғамдастық алдында фашизмнің тартқызған зардаптары үшін жария
кешірім сұрағанда барып мойындапты. Олай істеу оңайға түспепті.
Өйткені соғыстан кейінгі Германияда əскери киім киіп, не өз еркімен,
не еркінен тыс Гитлер туының астында қызмет еткен адамдар өте көп еді.
Мен кейін Германияға барғанымда, ол кезде сыртқы істер минис
трі болмаса да, Г. Д. Геншермен кездесіп тұрдым. Ол адам мені көп
нəрсеге үйретті. Ең бастысы — сөз жүзіндегі емес, іс жүзіндегі шын
демократияның қандай болатыны жөнінде тағылым алдым.
«Бізде көп жер жоқ, шексіз ресурс жоқ, өзендер жоқ, кеңістік жоқ.
Бізде бары тек ғылым ғана, технология мен еврейлердің ақылды
бастары ғана, мен «еврей даналығына», Израильдің нағыз ғылым
мемлекеті болуы тиіс екеніне сенемін. Біздің «шикізатымыз» — адам
ресурстары. Бізде мұнай да, алтын да, алмас та жоқ. Оның есесіне
бізде ақыл-ой мен интеллект бар. Біздің «қазбалы байлықтарымыз»
қос құлағымыздың екі ортасында орналасқан» — бұл сөздің иесі
Шимон Перес. Моисей, Иисус, Эйнштейн, Фрейд, Маркс, Пруст,
Гейне, Кафка, Спиноза, Фейхтвангер, Чаплин, Шагал, Эйзенштейн,
Гершвин сияқты ұлыларды берген ұлтты ұйыстырған Израиль мем
лекетін 2007–2014 жылдары басқарған, екі рет премьер-министр, он
рет (он сала бойынша!) министр болған, Нобель сыйлығын алған
бұл тұлғаның ірілігіне 2009 жылы Қазақстанға келген ресми сапары
кезінде көзім әбден жетті. Айтқандай, оның саяси мансабы 70 жылдан
астам уақытқа созылды — 2014 жылы президенттік мандатты тапсыр
ған кезінде оның жасы 92‑де еді. 2016 жылы өмірден өтті.
Шимон Перестің Қазақстанға сапары қарсаңында кез келген келіс
сөздің шырқын бұзатындай жайсыз жағдайлар орын алған еді. Біздің
елге Израиль қаруын жеткізу кезінде заңдылық бұзылғаны анықталған
болатын. Сол шатаққа жол бергені үшін қорғаныс министрі Даниал
Ахметов, оның қару-жарақ операцияларына жауап беретін орынба
сары қызметтерінен алынған. Осы жанжалға делдалдық жасаған Из
раиль азаматы Борис Шейнкман да қамалған. Шимон Перес келіссөз
барысында бұл тақырыпты да айналып өтпеді. Бірақ Шейнкманға заңға
қатысты қолдау көрсету және туысқандарының ауық-ауық келіп тұруы
на рұқсат ету жөнінде ғана өтініш айтты. Ал бұл кезде Шейнкманның
қызы Израильдің Жоғары әділет сотына шағым түсіріп, ел үкіметінің
әкесінің тағдырына араласуын және оны босатып алу үшін бәрін де
істеуін талап етіп, шулыған жасап жатқан. Ш. Перес тәуелсіз мемле
кеттің ішкі ісіне араласуға болмайтынын қағидатты түрде ұстанды.
Өмір өрімдері
— 561 —
2013 жылы мен Тель-Авив клиникасында емделдім. Ш. Перес маған
келіп, денсаулығымды сұрап шығуды орынды көріпті. Ол мені көрген
сайын құшағын жаятын, содан мен де оны қарсы алуға орнымнан тұр
дым. Сол сәттегі қолдауы үшін оған өте разымын. Менің шақыруым
бойынша ол Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің
съезіне қатысты.
Қазақстан халқы Шимон Пересті көреген көшбасшы, тарихта із
қалдырған тұлға, елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды жақсар
туға үлкен үлес қосқан беделді тұлға ретінде есте сақтайды. Онымен
кездесу дәйім есте қалатын, тағылым беретін.
Жаныма, жүрегіме жаққан адамдардың бірі — Испанияның бұ
рынғы королі Хуан Карлос І.
2000 жылдың қазан айында Испанияға жасаған ресми сапарым
кезінде менің құрметіме ұйымдастырылған әскери парад қатты есімде
қалып қойды. Мадридтің сыртындағы салтанатты сарайдың жанын
да аттылы әскер шеру тартып, ауыр артиллериядан дүркін-дүркін
құр дәрімен оқ атылғаны көз алдымда. Сол бір әсерлі сурет, король
қабылдауындағы ұядай кабинеттегі толған кітап, әдемі кәдесыйлар
сарай иесінің әсемдікті сүйетін сері қалпын танытып тұрған болатын.
Сол кезден біздің жақын достығымыз басталды. Бейресми түрде де
араласуға көштік. Бір жолы корольді Қазақстанға аңшылыққа да
шақырғанмын. Қатты разылықпен қайтып еді.
2004 жылғы 22 мамырда корольдің ұлы — мұрагер ханзада
Филипптің үйлену тойы болды. Мадридтің Альмудена кафедралы
соборындағы неке қию рәсіміне мен де шақырылдым. Осының өзі
біздің адамдық жақындығымыздың қандайлық екеніне бір мысал.
Еуропа мен Азияның монархтарын шақыртты. Президенттерден
мен ғана болдым.
І Хуан Карлостың өмірі — өзгеше өмір. 1947 жылы Испания монар
хия болып жарияланғанымен, корольдің тағы көп жыл бос тұрған.
Атақты Бурбондар әулетінен шыққан Хуан Карлос І таққа 1975 жылы,
Франко өмірден өткеннен кейін ғана отырған. Оның ел алдындағы
ерекше еңбектері көп. Соның бірі — 1981 жылғы бүлік кезіндегі іс-әре
кеті. Парламентті кепілге алып, үкіметті тұтқындаған генералдар
билік басына келуге шақ қалғанда король ел халқы алдында теледи
дардан сөз сөйлеп, монархия Конституцияда белгіленген демократия
ны тоқтатуға жол бермейтінін соншалықты сеніммен, соншалықты
бекзаттықпен айтқан екен. Халық бірден король сөзіне тоқтапты.
Корольмен бейресми жағдайда да көп араластым. Екеуміздің
Мальорка аралында бірнеше күн бірге демалған кезіміз де бар.
Нағыз сері кісі. Тенниспен, дзюдомен, каратемен айналысқан. Король
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 562 —
екенмін деп сіресіп тұрмайды, қаласа мотоциклге де отыра салады,
шаңғы тебуге тауға шығып та кетеді. Серфингпен айналысып жүріп,
суға кетіп қала жаздаған екі қызды қалай құтқарып қалғанын маған
әңгімелеген. Хуан Карлос І — өмірді қызықтау, әлемді тамашалау,
сұлулыққа сүйсіну жағынан көп тағылым бере алатын тұлға.
Хуан Карлос І бізге Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынты
мақтастық ұйымының төрағалығына таласқанымызда көп көмектесті.
Ол кезде ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Испанияның сыртқы істер
министрі болатын. Король үкімет, министр арқылы Қазақстанды
қолдайтын елдер қатарын қалыңдатуға кәдімгідей араласты. Сайлау
қорытындысы шыққан кезде, түннің бір уағында маған Астанаға
телефон соғып, жеңісімізбен құттықтағаны естен кетпейді.
Саясаткерлер арасындағы сері тұлғаның тағы бірі Сильвио Берлус
кони еді. Үлкен саясатқа жасы алпысқа жақындағанда араласса да,
ол таңданарлық табыстарға жетті. Төрт рет үкімет басқарды. Оның
үкімет билігіне алғаш келуі аңызға бергісіз — 1994 жылы «Алға, Ита
лия!» деген партия құрып, небәрі 60 күн өткенде сол жаңа партия
Италияда парламент сайлауында жеңіп шыққан… Кәсіпкер ретінде
орасан қаржы жинап, өз еліндегі ең бай адамдардың қатарына қо
сылды. Телемагнат ретінде кезінде хабар таратудың жаңа түрін —
кассетадан тікелей трансляция әдісін осы Берлускони ойлап тапқан
екен. «Милан» футбол клубын сатып алып, оның сегіз рет Италия
чемпиондығына, бес рет Чемпиондар лигасының біріншілігіне, үш
рет Құрлықаралық кубок иегеріне жетуіне себепкер болғаны бар.
Берлусконидің Путинмен достығы кезінде Ресей мен НАТО арасын
жақындастыруға септескен еді. Берлусконидің Ресей президентіне
арнап өзі шығарған «Мен қашанда өзіңді ойлаймын» деген әні де бар
тіпті. Айтқандай, ол өзінің 70 жылдығына авторлық әндер альбомын
дайындаған. Жайсаң жан. Ештеңеден тайынбайтын. Сүрінсе де қайта
тұрып, алға ұмтыла беретін.
Италияға 2003 жылы барған сапарымның қорытындысы бойынша
баспасөз мәслихаты берілді. Сильвио сөйлеп тұр. Тоқтамайды. Жал
пы, италиялықтар тез сөйлейді. Оған қоса Сильвио алыстан сермеп,
ойын ұзақтан қайырады. Ілеспе аударма жасайтын әйел әбден састы.
Берлусконидің мына айтқандарындағы фактілерді блокнотқа түртіп
үлгеру де мүмкін емес. Аяп кеттім. Қолыма микрофон алып, «Сіздің
осы айтқандарыңызды бойымызға бір сіңіріп алуға мүмкіндік берсеңіз
қайтеді?» дедім. Журналистер жамырай күліп жатыр. Берлускони
де күліп жіберді. Әрине, мемлекет басшысының сөзін мемлекет
басшысының бөлуі әдепке жата қоймайды. Мұны мен Сильвионың
ақжарқын мінезін, еркін рухын білгендіктен айтқан едім.
Өмір өрімдері
— 563 —
Оған қандай сын тақпаған десеңізші! Үкіметті жиырма жылдай
басқарғанында (төрт рет премьер-министр болғанын айтттым ғой)
Берлускони не көрмеді десеңізші. Дау-дамайдан басы арылмайтын.
Коррупцияны да жабатын, жас қыздарды бұзды деп те кінәлайтын,
соттасып, алысып-жұлысып жүріп соның бәрінен құтылатын. Дос
көрген адамынан ештеңе аямайтын.
2010 жылы ЕҚЫҰ-ның Астана саммиті кезінде қорытынды құжатты
қабылдарда тығырыққа тіреле жаздадық. Әзербайжан мен Армения
президенттері түпкілікті мәтіндегі түйіндермен келіспей, кетіп қалды.
Мен қалайда оларды келістіруге тырыстым. Ақыры келістірдім де.
Түн ортасында олардың атынан қорытынды құжатқа сол елдердің
сыртқы істер министрлері қол қойды. Сол түні менің жанымнан
шықпай, екі ел басшыларымен қайта-қайта сөйлескенімде жанымда
болған азамат осы Сильвио еді. Оны ұмытпаймын.
Адамның басына түспей тұрмайтын қысталаңдарды қысылмай кө
теру жағынан Сильвио Берлускони маған көп ой салды. Саясаткердің
алабөтен шыдамды болуы керектігін, өзіңді сынап, тіпті сыбап жатқан
адамдарға жауап сөзді шығындау қажетсіздігін ұмытпаған жөн.
Саясаткерлерді адамдық қарым-қатынас жақындастырады. Ұлыбри
тания премьер-министрі Тони Блэр мен Лондонға сапар жасайтын
ның алдында ұлды болған екен. Ресми кездесуден кейін қуанышына
ортақтастырды. Баласын қолыма алып, суретке түстік. Талай кітапқа
шыққан. Келіссөзіміз де табысты өтті. Оның ұлы Лео қазір үлкен жігіт.
Әкесі мен оған сыйлаған ойыншық арыстанды тастамайтын деп қоя
ды. Т. Блэрмен араластығымыз үзілген жоқ. Бұрынғы көшбасшылар
арасынан менің кеңесшілерімнің тобында болды. Олардың қатарында
Польшаның экс-президенті А. Квасьневский, Австрияның экс-канц
лері А. Гузенбауэр, Италияның бұрынғы премьері Р. Проди бар еді.
Сыртқы саясатымыз көп векторлы дедік. Оның басты бағыттарын
да қамти айта алу өте қиын. Әр бағыттың өзіндік ерекшеліктері,
өзіндік қиындықтары бар. Әрқайсына өзгеше жол табу керек. Си
Цзиньпин айтқандай, «Құлыпты өз кілті ғана ашады».
Тіпті тілі ортақ, діні ортақ, ділі ортақ деуге болатын бауырлас
Түркияның өзімен қарым-қатынас бірден тақтайдай тегіс қалыптаса
қалған жоқ. Біздің тәуелсіздігімізді алдымен таныған (сол күні, сол
сағаттарда Ұлттық Меджлистің отырысында үзіліс жариялап тұрып,
күн тәртібіне Қазақстан тәуелсіздігін тану жөнінде мәселе енгізіп, тез
шешім қабылдаған), экономикамызға алғашқы инвестицияларды
құйған, шәкірттердің сонда оқуына жол ашқан Түркия 1992 жылы
түркітілдес елдер — Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікмен
стан, Түркия және Өзбекстан басшыларының Анкарада өткен сам
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 564 —
митінде Түркітілдес мемлекеттер достастығын құру бастамасын
көтерді, ол бойынша Түркия көшбасшы ел рөлін атқаруы тиіс екенін
ашық аңғартты. Хаттама келісудің аз-ақ алдында тұрған еді.
Мен «Бізде бұған дейін бір үлкен аға болған. Ендігі жерде Қа
зақстан ешқашан ешкімнің інісі болмайды. Сондықтан мұндай де
кларацияға біз қол қоймаймыз», деп мәлімдедім. Оған қоса «Біздің
тіліміздің ортақ екенін, ортақ түркілік мәдениетті есімізге түсірейік
және бір-бірімізге қол созып, сауда-саттық жасайық, жақын және
ізгілікті елдер, достар болайық. Қарым-қатынасымызды осылай қа
лыптастырайық» деуге тура келді. Түркия президенті Т. Өзалмен
өте жылы қарым-қатынас жасап жүрген маған бұлай сөйлеу оңайға
түскен жоқ. Дегенмен, бәрінің басын әуелден ашып алу керек еді.
Оны үстіне менің ойымды саммитке өзге қатысушылар да қолдады.
Тұрғыт Өзал нағыз азамат еді. Сөзіме ренжімеді. Дұрыс түсінді.
Қазақстан-Түркия байланыстарына еш нұқсан келген жоқ, қайта тең
әріптестік сипатымен жаңаша дами бастады.
Тұрғыт Өзалға қатысты жайдың бәрі де есімде.
Ісіне мығым, сөзіне берік болғанымен, аса сезімтал жан еді. Түр
кістандағы қазақ-түрік университетінің студенттері Тұрғыт Өзалды
қарсы алып жатты. Қазақ дəстүрімен бір студент қыз Т. Өзалды жəне
жанұясын қошеметтеп, біздің халықтарымыз бен мемлекеттеріміздің
игілігіне еткен барлық еңбектерін атап, құттықтау жыр айтқанда, ол
көзіне жас алды.
Бірде ол жұбайымен жəне ұлымен біздің үйге қонаққа келді. Жас
кезімізді еске алдық. Оның əйелі Семра дəулетті әулеттен шыққан
екен. Өзалдың өзі əкесінен ерте қалыпты. Анасы Хафиза Өзал үш
ұлының жоғары білім алуына жағдай жасапты. Мемлекет стипендия
сының да көмегі тиіпті. Тұрғыт Өзал болашақ əйелінің ата-анасына
тым кедей күйеубала көрініпті. Бірақ Семраны өлердей сүйетін
жігіт қайын жұртына ұнау үшін жан-тəнін аямапты… Ақыры де
геніне жетіпті. Тұрғыт Өзалды жақын біле жүре көзім жеткені: ол
адамдарлың көңілін таба білетін, сенімділік ахуалын орната алатын
өте білімді, өте кемеңгер, адамгершілігі мол саясаткер еді.
Арада бірнеше жыл өтті. 1993 жылдың 17 сəуірінде аса көрнекті
саясатшы жəне мемлекет қайраткері дүние салды. Тек түрік халқы
емес, осынау əлемдік деңгейдегі лидерді құрмет тұтатын адамдардың
бəрі қара жамылды. Тұрғыт Өзалдың азалы шеруіне қатыса жүріп,
адамның қадірін көбіне көз жұмған соң түсінетінімізге қиналдым.
Тұрғыт Өзалға менің айтқаныма ұқсас әңгіме кейін президент
Сүлеймен Демирель екеуміздің арамызда да болған. Мен әңгіме ба
рысында түркітілдес ағайындарға ортақ бір академия құру жөніндегі
Өмір өрімдері
— 565 —
ойымды айтқан едім. Демирель: «Ұсынысты құптаймын. Сонда ол
академия қай елде орналасады?» деді. «Халыққа қарасақ, сіздің елде
орналасуы керек. Тарихқа қарасақ, біздің елде орналасуы керек»,
дедім мен. Сүлеймен аға райлана күліп, басын изеді. Түркияның
халқы 80 миллионнан астам, яғни Қазақстан халқынан бес еседей
артық. Бірақ түріктер біздің ұлы ақынымыз Мағжанның «Көп түрік
енші алысып, тарасқанда, Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?»
деген сөзін де, Х ғасырда Түркістан өлкесінен аттанған жаугер оғыз
дар — түрік-селжүктер Кіші Азияны басып алғанын, сол жерде кейін
Осман империясы құрылғанын да жақсы біледі. Қазақ жерін олардың
«Ана Ватан» деп ардақтайтыны сондықтан. Расында да, кейіннен Ха
лықаралық Түркі академиясы құрылып, ол Қазақстан астанасында
орналасты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Түркістан қаласында
Түркияның қолдауы мен инвестициясының арқасында Қожа Ахмет
Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті құрылды.
Оны С. Демирель екеуміз аштық.
Өзбекстанды ширек ғасырдан астам уақыт басқарған Ислам Ка
римовтің өз елінің тарихында алар орны бөлекше. Ел тәуелсіздігінің
экономикалық негізін қалауда қыруар еңбек еткен бұл адаммен
араласқан жылдарым ерекше есімде қалды.
1998 жылы елордамыз Астананың халықаралық тұсаукесерін өт
кіздік. Үлкен жиын болды. ТМД елдерінен президенттер келді. Сол
жиында сөз сөйлегенде Ислам Әбдіғаниұлы ел астанасын ауыстыру,
жаңа шаһар салу үшін адамда аттың басындай жүрек болуы керек,
сондай жүрек менің досым Нұрсұлтанда бар деген.
Мінез бітімінің мықтылығына дәлелге жарайтын бір жайды ғана
айтайын. Негізінде, жарықтық қиын адам еді. Кез келген мәселеге
өзіндік көзқарасын білдіретін. Ортақ тіл табысу оңайға түспейтін.
Шекара жөнінде сағаттап сөйлескенбіз. Ол жақта халық тығыз тұрады
ғой. Кей жерде шекара картадағы сызық бойынша бір ауылдың, бір
қышлақтың тұрмақ, бір үйдің ортасынан да өтетін болып шықты.
Кәдімгідей, асүй Қазақстанға, жатын бөлме Өзбекстанға қарауы тиіс.
Не істеу керек? Адамдардың мүддесіне қарай, елді мекендердегі ұлт
тық құрамға қарай икемделуге тура келеді. Немесе Шардара су бө
генін алайық. Бөген біз жақта, бөгет өзбек жақта қалғалы тұр. Сөйтіп
жүргенде бір күні ол маған хабарласты. «Саған барғым келеді» дейді.
Жақсы. Бірақ президенттің келуі мен жай достың келуінің айырмасы
бар ғой. «Қоя тұр. Талқылайтын тақырыптарды анықтайық, дайын
далайық» деймін. Ислам Әбдіғаниұлы: «Ешқандай талқылайтын
тақырып жоқ, тек сені көргім, сөйлескім келеді», деді. Өзім де толқып
кеттім. Күтіп алдым. Бейресми кездесу. Адамдық қарым-қатынас. Сол
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 566 —
жолы басымыз қосылып, әбден әңгімелестік, талай жайды талқылап
та тастадық. Көп мәселе шешілді. Соның ішінде шекара мәселелері
де. Өз елінің мықты басшысы еді. Қарым-қатынасқа жайсыздау болса
да, біз достаса білдік. Аяқастынан инсульттан өмірден өтті.
Өзбекстанның тұңғыш Президентінің игі ісін оның ізбасары, ірі
саяси қайраткер Шавкат Мирзиёев жарасымды, жемісті жалғастырып
алып кетті. Елде қолға алынған реформалардың арқасында бауырлас
елдің экономикалық әлеуеті арта түсіп келеді. Қазақстанмен жан-
жақты байланыс та анағұрлым жандана бастады.
Беларусь Президенті Александр Лукашенконың адамдық бейнесі
не де дәйім құрметпен қараймын. Саясатты ашық, адал жүргізеді.
Содан да дәйім жүзі жарқын. 1994 жылы мемлекет басшысы болып
сайланғаннан кейін Мәскеуге жасаған тұңғыш ресми сапары бары
сында Ельцинмен әңгіме кезінде оның Беловежье үшін ыңғайсызда
нып отырғанын байқайды. Сөйтеді де өзіне тән ашықтықпен: «Борис
Николаевич, Беловежье тоғайы жөніндегі ондай ойды басыңыздан
шығарып тастаңыз. Сізді ол келісімге қол қоюға Кравчук пен Шушке
вич мәжбүрледі. Бұл Горбачевпен күрестегі көмегіңізге берілген өтеу
болатын, өйткені олар екі аюдың бір апанға сыймайтынын түсінген
еді» деп айтып тастайды. Расы да солай. Сөздің орайын пайдаланып,
Александр Григорьевичтің достыққа адалдығына, еркөңілділігіне
тағы бір көңілім толған жайды еске алғым келеді. 2022 жылы күзде
АӨСШК (СВМДА) елдері басшыларының Астанадағы саммиті кезінде
аса тығыз бағдарламасына қарамастан, ол менің үйіме қонаққа келіп
кетті. Ескі достар ретінде емен-жарқын сөйлесіп, бір жасап қалдық.
Нағыз көшбасшы, нағыз азамат. В. Путин мен А. Лукашенконың
мен отставкаға шыққаннан кейін де үйіме келгені жүрегімді ерек
ше жылытты. Нағыз достар қай кезде де достар болып қала береді.
ЖАРҚЫН ТҰЛҒА
Көрнекті қайраткерлердің арасында айрықша айтатын адамда
рымның бірі — Гейдар Әлиев.
«Асығыс жасалған кадрлық тағайындаулардың кесірінен бірқатар
республикаларда, соның ішінде Қазақстанда ұлттық қатынастар шие
ленісіп кетті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың беделді
куә сөзі бойынша, Гейдар Әлиев КОКП Орталық Комитеті Саяси
бюросы мүшелерінің арасынан Алматыдағы 1986 жылғы оқиғалардың
алдында Горбачевті бұл жөнінде асығыс-үсігіс шешім қабылдамауға
көндіруге тырысқан жалғыз адам болды. Ол Қазақстан басшылығына
Өмір өрімдері
— 567 —
зейнетке шығып бара жатқан Д. Қонаевтың орнына «сырттан әкелін
ген» лидерді қоймау керек, жергілікті кадрды жоғарылату керек деп
табандап айтқан. Алайда оның сөзіне құлақ асылған жоқ, сөйтті де
болған іс болды — ашынған халық алаңдар мен көшелерге шықты,
оның аяғы қанды қақтығысқа ұласты.
Кейін де, ол Кремль басшылығын ұлт саясатындағы, соның ішін
де Кавказ республикаларындағы қиғаштықтар бойынша белсенді
түрде сынап, ушығып бара жатқан Қарабақ дағдарысына орай да
был қаққан кезде де солай болды. Бұл сыны, менің білуімде, оның
басшылықтың шыдамын шектен шығарған қадамы еді, содан да ол
отставкаға жіберілді».
Иә, солай болған. Саяси бюроның Колбин бойынша мәселе шешіл
ген мәжілісінде жұрттың бәрі үнсіз отырып қалған. Мәжілістен кейін
Әлиев Горбачевке кірген. Гейдар Әлиоғлының өзі сол әңгіме жайында
былай еске алады:
«Білесіз ғой, Михаил Сергеевич, жаңағы жерде ештеңе айтқым
келмеді, өйткені тиісінше жағдай болған жоқ. Әйтсе де, сізге мына
жайды айтпақпын, мен қанша дегенмен адамдардың ұлттық психо
логиясын білемін. Сіз қателік жіберіп тұрсыз. Колбин жаман адам
емес. Ол жап-жақсы бірінші хатшы бола алады. Ол Ульянов облы
сының бірінші хатшысы болды, бәлкім, жаман да істемеген шығар,
сонымен бірге көзбояушылықпен айналысқаны да бар. Бұл жұрттың
бәріне белгілі. Сіз оны Ресейдің ең ірі партия ұйымына басшылыққа
тағайындай алар едіңіз деп айтқым келеді. Ол жұмыс істейді. Бірақ
Қазақстанға Колбин жарамайды. Есіңізде болсын, сіз қателік жіберіп
тұрсыз». Горбачев маған қынжыла әрі зілдене қарап: «Жарайды,
көрерміз», деді. Сөйтіп, мен өз парызымды орындадым».
В. Андриянов пен Г. Мираламовтың «Жизнь замечательных людей»
сериясынан шыққан «Гейдар Алиев» атты кітабында осылай делінген.
«Молодая гвардия» баспасының «Тамаша адамдардың өмірі» атты
беделді сериясынан Гейдар Әлиев туралы кітап шығатын әбден жөні
бар. Гейдар Әлиев шынында да тамаша адам еді. Өмірден өткеніне
төрт жыл жаңа толған тұста оның балауыз мүсіні Лондондағы мадам
Тюссоның музейіне қойылғаны да тегін емес болатын.
Гейдар Әлиоғлымен мен қызметтің әртүрлі саласында араластым.
Әуелде, 1980 жылы мен Орталық комитеттің өнеркәсіп саласына
жауапты хатшысы қызметіне кіріскеннен кейін көп уақыт өтпей
жатып, яғни 1982 жылы ол КСРО Министрлер Кеңесі Төрағасының
бірінші орынбасары лауазымына жоғарылатылды, КОКП ОК Саяси
Бюросының мүшелігіне сайланды. Мәшине жасау, жеңіл өнеркәсіп,
көлік салаларына кураторлық еткендіктен, реті келген тұста хабар
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 568 —
ласып, ара-тұра сөйлесіп тұратын болдық. Әсіресе оның көлік сала
сын басқарғаны Қазақстанның мол астығын дер кезінде алып елдің
қиыр-қиырына тасып-жеткізуге көп көмектескені есімде. Әзербайжан
басшысын Брежнев жоғары бағалайтын, Мәскеуге алдыртады екен
деген әңгімені де естіп жүретінбіз. Брежнев өмірден өткенде оның
сол уәдесін орнына келген Андропов орындады.
Гейдар Әлиевтің аты ағып тұрған шешендігімен де шыққан. Пар
тия съездерінде, ОК пленумдарында шешіліп сөйлеп беретін, ойын
анық, ұғынықты етіп жеткізетін. Ол өзін мықты ұйымдастырушы,
білікті басшы ретінде танытты, бар білімі мен тәжірибесін туған рес
публикасының, елінің игілігіне арнады. Мемлекетке сіңірген еңбегі
үшін Социалистік Еңбек Ері деген ардақты атақты екі рет иеленді.
Іскерлігіне бір мысал келтірейін. Ол Әзербайжанды басқарып тұрған
жылдар, атап айтқанда — 1970–1980 жылдар арасында республикада
жүзім өндіру жылына 200 мың тоннадан 2 миллион тоннаға өскен
екен. Он жылда он есе! Кейін Горбачевтің антиалкогольдік жалаң
науқаны тұсында сондай өнім беріп тұрған жүзім плантациялары
аяусыз оталғанын ойласаң қаның қайнайды. Оның үстіне Горбачевке
іскер адамдар керек емес болып шықты. Әсіресе өзіндік пікірі бар,
беті бар адамдарды жанына жолатпауға тырысатын жарықтық. Көп
ұзамай, 1987 жылы-ақ Әлиев отставкаға жіберілді. Оның негізгі се
бебін жаңағы аталған кітапта өзі былай түсіндіреді: «Саяси Бюроның
отырыстарында мен талай рет соқыр тәуекелге құрылған жоспар
ларға өре тұра қарсы шықтым, маған кейде Михаил Горбачевті баз
бір жете ойластырылмаған шешімдер қабылдаудан бас тартқыза
алудың сәті түсетін. Ал енді менің басты «оппонентім» саналатын
Егор Лигачевті оның алкогольге қарсы күрес науқанынан қайтара
алмай-ақ қойдым — жүзім өсіретін республикаларға, соның ішін
де Әзербайжанға да, аса ауыр зиян келтірілді: тұтас алқаптардың
жүзімдіктері тамырымен жұлынды, зауыттар жұмысын тоқтатты».
Мәскеуде жұмыс істеп жүргенінде әйелі өмірден өтті. Сол күндері
Мәскеуде іссапарда едім. Көңіл айтып үйіне де кіріп шықтым, жер
леуге де қатыстым. Ұлын, қазіргі Әзербайжан Президенті Ильхам
Әлиевті, қызын, келінін алғаш рет сонда көргенмін. Ауыр күндерде
жанында болғанымнан біз бұрынғыдан да жақын араласа түстік.
Көп ұзамай инфаркт алып, ауруханаға түсіп қалғанында Орталық
клиникалық емханаға кіріп шыққанмын. Саяси Бюро мүшелерінің
арасынан сонда Николай Иванович Рыжков қана көңіл сұрауға
жарапты. Бұл кезде Горбачев оның үстінен қаралаушы материалдар
жинатып, «Өзбек ісі» сияқты етіп, «Әзербайжан ісін» бастауды ұй
ғарған екен. Мұны оның көмекшісі Черняевтің күнделігінде келтірілген
Өмір өрімдері
— 569 —
Горбачевтің «Будет процесс почище рашидовского» деген сөзі де
растайды. Мен бұған сенемін. Өйткені Горбачев біздің республика
да да ойран-топыр жасап, «Қазақ ісін» қолға алуға тырысып баққан
болатын. Онысынан ештеңе шыққан жоқ. Шықпайтын да еді.
Аққа құдай жақ екеніне Гейдар Әлиевтің тағылымды тағдыры
сендіре түседі. Горбачев керек етпегенімен, Әлиевті туған халқы керек
етті. Отставкаға кетіп, Мәскеуде пәтерінде жатқан жерінен әзербай
жандар оны елге шақырып алды. 1990 жылдың басында, Бакуге әскер
кіргізілген күннің ертеңінде ол Әзербайжанның тұрақты өкілдігінде
баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, Горбачевті Конституцияны
бұзғаны үшін айыптады. Көп ұзамай ел басына тоқсаныншы жыл
дардың опалаң-топалаңындағы демократия ойындарының арқасында
алмағайып келіп қалған Аяз Муталибов, Абулфаз Елчибей сияқты
селтеңбай саясаткерлер қолдарынан ештеңе келмей, бірінен кейін
бірі елден қашты, ең жаманы — олардың дәрменсіздігінен мемлекет
Қарабақтан түгелдей дерлік айырылды, оған қоса Әзербайжанның
өзінің біраз жері Қарабаққа қарап қалды.
Гейдар Әлиоғлы алдымен Нахичевань Автономиялық Республика
сының, кейіннен бүкіл Әзербайжанның парламентін басқарды. 1993
жылы ел халқы Гейдар Әлиевті президенттікке сайлады. Қарабақтағы
соғыс тоқтатылды, экономика қалыпқа келе бастады. Баку — Тби
лиси — Жейхан мұнай құбыры салынып, әзербайжан мұнайы ірі
нарықтарға тікелей шықты. Ел қазынасына қара алтын валютасы
құйыла бастады.
2003 жылы 80 жасында жүректен қайтыс болды. Аса ақылды,
қажырлы, тәжірибелі, күрескер болып жаратылған басшы еді.
Әке ісін оның ұлы Ильхам Гейдар оғлы Әлиев лайықты жалғас
тырды. Ильхам Әлиевпен тез тіл табысып, екі ел арасындағы эко
номикалық байланыстарды жемісті жолға қойдық. Каспий арқылы
Қазақстан мұнайын Бакуге, әрі қарай Баку — Жейханға алып бару
мәселесі шешілді. Ал 2021 жылы әскери жеңіспен Қарабақты қайта
рып алуға қол жеткізгені — айта қалатындай ерен ерлік.
СЕНІМДІ СЕРІК
Біз ел болып бірлесе, бір жағадан бас, бір жеңнен қол, бір ауыз
дан сөз шығарып, тәуелсіздігіміздің тұғырын бекіте алдық. Жаңа
мыңжылдықтың жаңа парағын аштық. Халқымыздың ауызбірлігі
мен еңбекқорлығының арқасында айналасы отыз жылдың ішінде
ғасырға тең жылдарды артқа тастадық.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 570 —
Қазір сол жылдардағы жетістіктерге сын айтудан тайынбайтындар
да табылып тұр. Алайда көп шаруа тындырылғаны талассыз.
Осындай еліміз үшін аса маңызды тарихи сын күндерде менің
жанымда болып, жасампаздықпен еңбек еткен, қолдаған, қиын-қилы
күндерде адалдығын көрсеткен азаматтар баршылық. Сондай серік
тес жандардың маңдай тері мен қосқан үлесін мемуарлық кітапта
разылықпен айту да бір ғанибет.
«Басқару дегеніміз — түзеу», деп Конфуций айтқандай, біз қате
лесе жүріп, түзедік, түзелдік. Бірімізден біріміз үйрендік. Бірімізге
біріміз тағылым бердік. Сөйтіп, тәуелсіздіктің тал бесігін тербетіп,
балаң бостандықтың бесік жырын қуатты маршқа айналдырдық. Ол
«Менің Қазақстаным» болып асқақтады.
Ел бастау қиын болмайды, еретін халқың болса, қол бастау қиын
болмайды, халықтық салтың болса, жол бастау қиын болмайды,
жаныңды ұғар жолдасың болса. Осындай жақсы дос, ниеттес әріптес
менің жанымда көп жүргеніне қуанамын. Арқамды арлы халқыма
сүйеп, жасқанбай қимылдағаным да сондай адамдардың арқасы.
Алдымен айтатыным — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт
Тоқаев.
Қасым-Жомартты алғаш рет 1985 жылы Бейжіңге барғанымда сон
дағы елшілікте көргенімді, сонда жадыма түйіп алғанымды кітаптың
бас жағында айтқанмын. Бір көргеннен-ақ есімде қалған еді. Мерей
тойыма орай 2020 жылы жариялаған «Тарихи тұлға тағылымы» атты
мақаласында Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Менің Елбасын алғаш
көргеніме де 35 жылдың жүзі болыпты. Нұрсұлтан Әбішұлы 1985
жылдың қыркүйегінде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы
кезінде Қытайға келген еді. Ол кезде елшілікте жұмыс істейтінмін.
Сонда Үкімет басшысының қытайлықтармен келіссөздер барысында
байқалған мол біліміне, тоталитаризм тұсында қалыптасқан жайлар
жөніндегі батыл ойларына, сөзінің жүйелілігіне бәріміз қатты разы
болғанбыз. Елшілік қызметкерлерімен бас-аяғы екі жарым сағатқа
созылған бейресми әңгімеден кейін бас қосқанымызда мен әріптес
теріме қарап: «Тегінде, біз Қазақстанның болашақ басшысымен сөй
лескен шығармыз» дедім. Арада бес жыл өткенде Нұрсұлтан Назар
баев еліміздің басшылығына келді» деп жазған. Өзінің «Беласу» атты
кітабында ақ жүректен ақтарылып: «Бұл үлкен жүректі адам менің
қабілетіме сенді, сенді де оны өзім туып-өскен Қазақстан игілігі үшін
аямай жұмсауыма жол ашты» деп те айтқан. Дәл солай.
Қ.К. Тоқаев 1992 жылы Сыртқы істер министрлігінің аппаратында
жұмыс істеп жүргенінде елге шақырып, бірден министрдің орын
басары қызметіне тағайындағанмын. Көп ұзамай министр болып
Өмір өрімдері
— 571 —
бекітілді. Содан бері бірге жұмыс істеп келдік. Үш жылға жуық уақыт
Үкіметті басқарды. Шыны керек, дәл сол тұста кәсіби дипломат таза
экономикалық мәселелерді біліктілікпен шеше ала ма деген күдік-
күмән да айтылмай қалған жоқ. Мен, бәрібір, тәуекел еттім. Тәуекелім
ақталды. Екінші жағынан, о бастан көзіме түскен, көңіліме қонған
азамат ретінде оның болашағына сендім, түптің түбінде аса үлкен
сенім көрсетілген жағдайда Үкімет басқарған тәжірибесі де қажет
екенін ескердім.
МГИМО-ны үздік бітіріп, бірден КСРО Сыртқы істер министр
лігінің орталық аппаратына жұмысқа қалдырылуы, Сингапурда,
Қытайда қызмет атқару сеніп тапсырылуы көп жайды аңғартады.
Өйткені, әсіресе сол кезде Қытайда жұмыс істеу дипломатқа бөлекше
жауапкершілік жүктейтін. Қасым-Жомарт Кемелұлы 1989 жылғы
атақты Тяньаньмэнь алаңындағы оқиғаның куәгері болған.
Ол мен тағайындаған лауазымдардың бәрінде лайықты қызмет
атқарды. Қандай орында да оның бөлекше білімділігі, ішкі мәдениеті,
ұйымдастырушылық қабілеті, бойына о бастан біткен ұстамдылығы,
кеңестік дипломатияның биік мектебінен өткен кәсібилігі келісті
көрініп тұратын. Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатын қа
лыптастыруда, әсіресе айналамыздағы елдердің бәрімен шекараны
делимитациялап алуымызда оның білімі көмекке келді. Аспан асты
елімен шекара сызығы жөнінде келіссөз жүргізу кезінде біздің сырт
қы істер министрінің қытайтанушы болғанының, ұлы көршіміздің
арғы-бергідегі саясатын, шекараның шытырман мәселелерін жетік
білгенінің көп пайдасын көрдік.
Оның саяси және практикалық тәжірибесінің қалыптасуына мен
де қатыстымын деп айта аламын. Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің
«Беласу» атты кітабында бұл жайында да ақтарылып айтқан: «Сонау
1985 жылы болашақ тәуелсіз Қазақстан Президентімен кездескеніме
тағдыр маған қанша ғұмыр берсе, соншалық ризашылық айтып
өтемін. Сол қысқа кездесу болмағанда менің туған жерге қайта ора
луым екіталай еді, өз Отаныма ғана емес, одан тысқары көптеген
жерлерге де танымал болуым мүмкін болмас та еді».
Қасым-Жомартты Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орын
басары қызметіне сол кездегі ұйым басшысы Пан Ги Мунмен көңіл
жарастығымды пайдаланып, ұсынғанымды кітаптың сыртқы саясатқа
арналған тарауында арнайы жазғанмын. Менің БҰҰ-ның Венадағы
бөлімшесіндегі лауазымға қатысты алғашқы ұсынысым өтпей қалды.
Әрине, мұндай мәселе салған беттен шешіле салмайды, ол ұсынған
нан, кандидатурасы қолдау тапқаннан бекітіле салатын қызмет емес.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 572 —
Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл жұмысқа көптеген тесттерден, бай
ыпты байқаулардан өтіп барып тағайындалды. БҰҰ-ның Женевадағы
бөлімшесін басқару білім мен тәжірибені қажет ететіні түсінікті. Ол
әлемдік деңгейдегі бұл қызметте де биіктен табыла білді.
Женеваға жүрерінде Қ.К. Тоқаевқа «Керек кезде елге шақырып
аламын. Әрқашан дайын бол» деп ашық айтқанмын. 2013 жылы,
яғни БҰҰ-дағы жұмысына екі жыл жаңа толғанда, ісі ілгерілеп, беделі
биіктеп тұрған кезінде оның Қазақстанға қайтуын сұрауға тура келді.
«Тура келді» деуімнің мәнісі мынада. Сол тұста аяқастынан денсау
лығым сыр берді. Театрдағы салтанатты мәжілістен кейін, концерт
бітіп, жұрттың бәрі орнынан көтерілетін кезде ложадағы орнымнан
тұрайын десем, денем құрысып қалғандай, бойым алдыртар емес.
Жұртқа байқатпай, креслода біраз отырып барып, бір кезде ғана де
немді тіктей алдым. Дегенмен, бұл бір сигнал еді. Жетпістің жуан ор
тасына жақындағанда жаспен санаспаса да болмайды екен. Металлур
гия комбинатындағы жылдар бойғы ауыр жұмыс ізсіз кетпепті. Жұ
мыс-жұмыс деп жүріп, аса ауыртпалық түсіріп жібергенімді түсіндім.
Рас, артынша Израиль, Германия клиникаларында әбден қаралып,
жағдайым дұрысталды. Әйтсе де, ойланбасқа болмай қалды. Прези
денттік — ауыр жұмыс. Қай жағынан да. Басқасын былай қойғанда,
мұхит асып, он екі сағат бойы ұшатын сапарларға да мықты денсау
лық керек. Президенттің денсаулығы дыңдай, аттан түспейтіндей,
алда жүретіндей болуы керек. Сөйтіп, Қасым-Жомартқа елге қайтуды,
тағы да Сенатты басқаруды ұсындым. Ондағы түпкі ой, әрине, белгілі.
2020 жылы, республика басшылығындағы қызметімнің 30 жыл
дығына арналып, Алматыда өткізілген конференцияда Оралбай
Әбдікәрімов менің сол кезде оған айтқан «Мұндай шешімді неге
қабылдағанымды түсініп отырған шығарсың. Түбінде менің орныма
келесі Президент Қасым-Жомарт болады» деген сөзімді жұртшылық
алдында жария еткен еді. Оралбай — сонау Қарағандыдан бері бірге
жұмыс істеп келе жатқан, қызметтің сан алуан белестерінен өткен,
өте адал, аузына берік азамат. Мемлекет құру жылдарында дәйім
жанымда болғандардың бірі. Ешкімге аша қоймайтын сырды оған
сенгендіктен де айтқан едім.
Ойдағыны жүзеге асыратын уақыт 2019 жылдың көктемі болып
шықты. Сол екі арадағы бес-алты жылдың ішінде Қасым-Жомарт
Кемелұлының ісіне де, өзіне де, сөзіне де әбден зер сала қарағаным
түсінікті жай. Ақыры бұл мәселе — мемлекет тағдыры үшін аса
маңызды мәселе жөнімен, жолымен, жақсы шешілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігі бүкіл әлем үшін де, ел
үшін де аса күрделі кезеңге тап келді. Қырымның Ресейге қосып алы
Өмір өрімдері
— 573 —
нуынан басталған ауқымды геосаяси шиеленістің аяғы санкциялық
соғыстарға ұласты, бірте-бірте бірполярлы болуға айналған дүние
қайтадан биполярлы сипатқа ауысты. Шикізат бағасы шарықтап, ол
қуат көздерінің қымбаттауына әкеліп соқтырды. Адамзаттың алдынан
шыққан пандемия апаты бүкіл планетаны қамтып, Қазақстанды да
қатты қыспаққа алды. Карантин жағдайында өндіріс көлемі қусы
рылды, шағын және орта бизнес тұралауға айналды, жүз мыңдаған
адам жұмыссыз қалып, оларға әлеуметтік қосымша төлем жасауға
тура келді. Ол аз болғандай, Арыста, Таразда қару-жарақ қойма
ларында алапат жарылыстар орын алып, Мақтааралды су басты,
Қордай жерінде трагедияға жол берілді. Осы қиындықтың бәрін
еңсеру оңайға түскен жоқ. Бұл кезеңде Қасым-Жомарт Кемелұлы
қай жағынан да нағыз Мемлекет басшысы ретінде танылды. Ал 2022
жылғы қаңтар оқиғасының сынағы тіпті бөлекше болды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар оқиғасынан кейінгі қадамда
рының бәріне бірдей қуанып отырдым десем, әрине, мұным адал
сөзге жатпайды. Бәріміз пендеміз. Айналаңа, ет жақын адамдарыңа
қатысты қабылданған қатаң шешімдерге толық объективтілікпен
қарау қиын да. Дегенмен, құқықтық қоғам құру ісін кешенді түрде
бастаған, сол жолда көптеген қиындықтарды еңсеруге тура келген,
туысқандарымның кейбіріне түскен сынақты тек менің жақындарыма
ғана емес, мемлекетіміздегі билік басында жүрген барша азаматтарға
қатаң сабақ болды деп қабылдаған мен үшін заңнан биік ештеңе
жоқ. Басшылардың, әсіресе бірінші басшылардың балаларының
төңірегінде қай кезде де оларға неше түрлі қызмет, ақша ұсынатын
жағымпаздар көп жүреді. Олардың түпкі ойы көздегенін алу, әл
гілер сол торға түседі. Бірақ оларда, яғни туысқандарда, балаларда
жауапкершілік сезімі болуы тиіс. Болашақтағы басшылар осыны
ескеруі керек. Сондықтан, егер бауырларым, ағайындарым менің
қызметімді малданып, теріс әрекеттерге барған болып шықса, кінәсі
сотта дәлелденіп, заңды шешім қабылданған жағдайда оның бәріне
түсіністікпен қарайтын, шыдайтын, қалай дегенде де, қоғамдағы
әділеттілікті орнықтыру жөніндегі жұмысты қолдайтын боламын.
2022 жылғы 20 қарашада «Астана-опера» театрындағы сайлау
учаскесінде урнаға бюллетень тастап шыққан бетімде журналистер
менен кімді қолдап дауыс бергенімді сұрады. Мұндайда не айтуға
болады? «Менің билікті өз еркіммен кімге бергенімді білесіздер ғой?
Өз таңдауымды сол кезде-ақ жасағанмын. Ол таңдауым — біржолата
таңдау» деумен шектелдім. Ертеңінде Қасым-Жомарт Кемелұлы
ның атына жолдаған құттықтау жеделхатымда: «Сізді президент
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 574 —
сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын!
Бұл — мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы,
сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға
және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете
білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға де
ген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі. Алдағы уақытта
да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіңізге
тілектеспін», деп жаздым.
Мемлекет басшысы үшін Қ. К. Тоқаевтың бойындағы сөзге беріктік
пен таңдаған бағыттан таймау сияқты адамдық қасиеттер өте маңыз
ды. Мен мұны жоғары бағалаймын.
ЗАМАНДАСТАР
Президенттің жұмысындағы күрделі тұстың бірі кадрларды іріктеу
деп білемін. Қызметке тағайындалған адам сол орында табысқа жеткізуі
тиіс, алайда әрдайым олай бола бермейді. Қызметтік саты бойынша
жөнімен көтерілгені, сөйтіп жүріп тәжірибе жинақтағаны дұрыс.
Мен осынау жылдарда талай азаматтарды жаныма тарттым, жақ
сы қызмет беріп, мәртебелерін өсірдім. Олардың елге танылуына
жағдай жасадым. Осы жылдар ішінде біз талайды тағайындадық та,
талайды орнынан босаттық та. Әрине, мұндай шешімге жұрттың
бәрінің бірдей көңілі тола бермейді. «Бес саусақ бірдей емес» деген
дей, өкінішке қарай, солардың кейбіреулері тапсырылған қызметті
ойдағыдай алып жүре алмай, әлсіздігі байқалған кезде жұмыстан
алғанымда, орынсыз өкпе танытып, ортақ іске де, өз еліне де қарсы
шығып жатты. Бізде қызметтен кеткенде ғана «білгір де іскер» болып
көрінетіндер де бар. Істес болғандардың арасында маған реніштілері
де аз емес екенін білемін. Олардың талайын қызметтен кетіруге тура
келгені де рас. Өйтпеске тағы амал жоқ. Біреуді қызметке қойғанда
сол жұмысты алып кетеді деп сеніп барып қоясың. Көбі алып кетеді.
Кейбіреуі сүрініп жатады, кейбіреуі тіпті былығып, ұятқа қалдыра
ды. Ондайларды қалай орнында қалдырасың? Осындайдан реніш
басталады. Сыртыңнан өкпе айтады. Тіпті жақын жандарыңның
өзі сатқындарға айналады. Сол ауыр тиеді. Бірақ мен ондайларға
ешқашан кектенген емеспін. Кезінде ежелгі Рим философы Сенека
өзінің туысқанына «Өзіңе кімнің дос, кімнің дос емес екенін білуің
үшін де қызметіңнен кетіп көрсең болады», «Сенің билігіңнен пайда
табу үшін жаныңа жақындағандар жоламай қояды. Ал кейбіреулері
сатып тынады» деп тағылым қалдырған екен. Бұған не айтарсың?
Өмір өрімдері
— 575 —
«Біреуді сатқан адамның өзін басқа біреу сатып кетеді» дейді ғой. Мен
соған сенемін. Ар деген адаммен қала береді де, оны азапқа салады.
Өмір — бәрін алдыңа келтіретін бумеранг. Сондықтан кітаптың осы
тұсында менімен бірге жұмыс істегендердің ешқайсысына ендігі
жерде өкпе-ренішім жоқ екенін айтып алғым келеді. Ең бастысы —
кадрлардың негізгі бөлігі артқан сенімді ақтағаны. Елдің табысын да
сондай жандар еселейді.
Тәуелсіз күндердің жарқын жылнамасын жазуға атсалысқан жан
дардың ішінен мен Әбіш Кекілбайұлы есімін әркез риза көңіл, риясыз
сезіммен айта жүремін.
Есіңде ерекше қалатын сөздер болады. Солардың бірі — 1991
жылғы желтоқсан айында Алматы қаласындағы Республика сарайын
да өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін ұлықтау
салтанатындағы Әбіш Кекілбайұлының сөзі. Сонда жұртымыздың
алдында тебірене сөз саптаған Әбекең: «Ойдағымыз болды. Орта
мыз толды. Төбедегі келді. Төрелескенде де ренжитін ретіміз жоқ.
Тек ұзағынан сүйіндіргей. Ақ жолдың алдындамыз. Үлкен тілектің
үстіндеміз», деп толғаған еді. Қуаныштан көкіректері атой салған
салтанатты қауым бұл сөзді «бәрекелді» деп ақ тілек, аппақ батадай
қабылдап, қостаған.
Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінде Әбекең қай қиырға сал
сам да, қиядан көрінді, қай тереңге салсам да бойлап та, ойлап та
шыға білді. Ойымдағының орайын тапты, қай істе де қайраткерлік
пен ерік-жігердің үлгісін көрсетті. Мемлекеттік-қоғамдық қызмет
тің аласапыранында жүріп, қаламын одан әрі ұштай білді. Қазақ
әдебиетінің ғана емес, қазақ саяси ойлау жүйесінің жаңа белестерін
қамтитын сындарлы толғаулар мен салдарлы мақалалар жазды, ел
мен жердің бүгіні мен ертеңі туралы көсілген ой, көсем сөз тудырды.
Тіл тағдырын, діл тағдырын, дін тағдырын ұштастырған ұлағатты
пікірлері мен ұрымтал ойлары жұртының жүрегіне жетті.
Әбіш дәйім қасымнан табылды. Мемлекеттік кеңесші, ұлттық
саясаттың ұраншысы болды. Кәсіби парламенттің төрағасы болды,
ел парламентаризмінің қалыптасуына үлес қосты. Мемлекеттік хат
шы болды. Қай қызметтің тізгінін ұстаса да жоғары жауапкершілік,
өз халқына деген перзенттік парыздан айныған жоқ. Ол басқарып
тұрған Парламенттің сайлануында заң бұзылған деп танылғанда да,
биіктен табылды. «Аттан түскен ақырет емес, тақтан түскен тақсырет
емес. Өз басыңнан бақ ауса да халқыңның басынан бақ аумасын»,
деді сонда Әбіш Кекілбайұлы. Шіркін-ай, осындай қазақ көбірек
болса екен деп тілейсің. Ақылды, көп оқыған кісі еді.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 576 —
Олжас Сүлейменов те шығармашылық талантымен қатар қоғам
дық белсенділігімен де танылған тұлға. Біз бір буынның өкілдеріміз.
Онымен комсомол жасындағы жылдарымыздан — жаңа-жаңа таны
мал бола бастаған кезінен бері достасып келдік. Мемлекет ыдырай
тын қиын жылдарда мен оны қолдап отырдым. Ана жылы Олжас
80 жасқа толғанда өз Жарлығыммен оған «Қазақстанның Еңбек Ері»
атағын бердім. Ғылымдағы қасаң қалыптарды қақыратып сындырып,
«Аз и Я» кітабын жазғанда да, менің бастамамды қолдап, «Невада-
Семей» қозғалысын құрып, ядролық полигонды жабуға үлкен көмек
көрсеткенде де азаматтық ерлік танытқан еді. Рас, алқынып тұрған
ақындығынан болар, Олжас Омарұлы кейде олай, кейде бұлай сөй
лей береді. «Arbat.medіa» сайты «Олжас Сүлейменов Қазақстанның
Тәуелсіздігі туралы пікірін жеті жылда екі рет өзгертті» («Олжас
Сулейменов за семь лет дважды поменял представление о Независи
мости Казахстана») деген мақала жариялапты. Қазақстанның Халық
конгресі партиясын қайта жаңғырту жөніндегі мәжілісте «Біз тәуел
сіздіктің қолымызға өздігінен түсе қалғанын білеміз» («Мы знаем,
независимость всем нам досталась автоматически») депті. Ал мен
президент болып тұрған 2015 жылғы пікірі атымен басқаша екен.
Мұны қазір көзқарастар эволюциясы деп атайтын көрінеді. Мейлі,
кейбіреулердің пікірі өзгере беретін шығар. Әйтсе де, плюрализмді
бетке тұтып алып, біздің ең қасиетті ұғымдарымызды тәлкек етуге
тырысу кім-кімге де жараспайды.
Ел элитасы аталатындардың бұрынғы басшы қызметтен кеткенде
жаңа басшыға жалпылдай қалатындары тарихтан жақсы белгілі. Зия
лы қауымның біразы осындай. Адам бойындағы пенделік қашанда
болады. Онда өзіңе жасаған жақсылықты ұмытпа деген сөздің ұмыт
қалғаны ма? Адам қателеседі, сөйтіп өзі жақсылық жасаған адамына
сенеді, соған сүйенеді. Бірақ өзіне соны жасаған адамды есінде сақта
майды және құрмет те тұтпайды. Адам деген солай жаратылған.
Тәуелсіздігімізді тұғырландырған әріптестер тобында Қаратай Тұры
совты атауға тиіспін. Бұл адамның табиғатын танытып тұратын бір
ғана түйінді сөз іздер болсақ, біз қазақтың «азамат» деген асыл ұғы
мын алдымен ауызға алатынымыз анық. Ол шын мәнінде Азамат еді.
Қаратай Тұрысұлы өзінің кәсіби биік өресімен, ұйымдастырушылық
тамаша талантымен, елім деген, жерім деген перзенттік жүрегімен,
қоғамдық белсенділігімен елдігімізді еңселенткен ерлердің ортасынан
ойып тұрып өз орнын иеленді, мемлекетіміздің мығымдануына іскер
басшы ретінде де, экономист-ғалым ретінде де, дара бітімді депутат
ретінде де көп еңбек сіңірді. Біз Қарекеңді асыл адам, барша жұрт
құрметтеген ардақты аға ретінде де биік бағалайтынбыз.
Өмір өрімдері
— 577 —
Вице-премьер қызметінде әлеуметтік салаға жауапты болған Мыр
затай Жолдасбеков тәуелсіз сана қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Білімге, ғылымға, мәдениетке, денсаулық сақтауға тиісті қаржы бөлуге
жағдай жоқ кезде де қолда бар әлеуетті сақтап қалып қана қоймай,
жаңа жағдайға сай жақсарта да білді.
Кейін бұл жолды комсомолдағы, партиядағы мағыналы мектеп
тен өткен Қуаныш Сұлтанов жемісті жалғастырды. Қуаныш тәуелсіз
елдің тұңғыш Ақпарат министрі, Қытайдағы елшіміз қызметінде,
Парламенттегі ұзақ жылдарғы жұмысында да ірі істер тындырды.
Қандай күрделі міндет жүктелсе де, әрқашанда абыройлы атқарды,
дәйім терең ойымен, салмақты сөзімен танылды. Қазақстан Компар
тиясының Орталық комитетінде бір кездегі бәріміздің комсомолдағы
ұстазымыз, кейіннен ұлт ұстазы биігіне көтерілген ардақты Өзбекәлі
Жәнібековтің өрелі өнегесін көрген бұл екі азамат тәуелсіздік та
рихында тағылымды із қалдырды.
Мемлекеттілік идеологиясын орнықтыруға көптеген жылдар
бойы Президент Әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі,
Әкімшілік басшысының орынбасары, Мемлекеттік хатшы қызмет
терін атқарған интеллектуал Марат Тәжиннің өзіндік орны бар.
Саясаттағы серіктерімнің қатарында Мұхтар Құл-Мұхаммедті
де разылықпен атай аламын. Ол кәсіпкерлікпен жастай араласып,
іскерлігімен көзге түсе білді. Мәдениет және ақпарат салаларын
басқарды, Президенттің баспасөз хатшысы, облыс әкімі, Мемлекеттік
хатшы болды. Қай қызметте де артылған сенімді ақтады.
Менімен бірге ең ұзақ жұмыс істеген адам ретінде Нұртай Әбіқаев
ты бөле атағым келеді. Нұртайдың ерекше харизмасы жоқ, суырылып
тұрған шешен де емес. Бірақ оның бойында бөлекше жауаптылық,
ортақ іске аса адал берілгендік бар. Ол менімен жұмысты Министрлер
Кеңесінің төрағасы қызметінде жүргенімде бастады. Кейіннен ОК
бірінші хатшысының, Президенттің көмекшісі, Президент Әкімшілі
гінің басшысы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. Осы
қызметтердің бәрінде Нұртай тыңғылықтығымен, ұсынықтылығымен
тамаша танылды. Мен оған қай істі де сеніп тапсыра алатынмын.
Соңғы кездегі ірі жұмысы — Сенат Төрағалығы. Бұл лауазымды да
сабырлы сарабдалдықпен атқарды. Ақыл-кеңесін жанашырлықпен
жасайтын. Кадр мәселесі бойынша айтатын ұсыныстары нақтылы,
дұрыс болып келетін. Ең бастысы, мен адамды берген сөзінен айны
майтыны, парызын ұмытпайтыны үшін қадірлеймін. Қазір демалыс
та. Кейде кездесіп, өткен-кеткенді еске алып қоямыз.
Үкімет басқарып тұрғанымда Материалдық-техникалық жабдықтау
жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы болған Ұзақбай Қарама
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 578 —
нов іскерлігімен көзге түскен-ді. Бірінші хатшы қызметіне кіріскеннен
кейін оны өзімнің орныма — Министрлер Кеңесінің төрағалығына
тағайындадым. Ұ. Қараманов қиын кезде жұмыс істеді. Одақ ыдырар
дың алдында ондаған жылдар бойы орныққан шаруашылықаралық
байланыстар бырт-бырт үзіліп, экономикаға мемлекеттік басшылық
әбден әлсіреген еді. Қазақ КСР-нің Премьер-министрі ретінде Ұзақ
бай Қараманов өзіне жүктелген ауыр міндеттің үдесінен шыға білді.
Сол жылдардағы әріптестерімнің қатарында тәуелсіз Қазақстанның
тұңғыш Премьер-министрі С. А. Терещенконы атап өтпей кете ал
маймын. Әр кезеңде үкімет басқарудың ауыр жүгін Н. Ө. Балғымбаев,
Д. К. Ахметов, И. Н. Тасмағамбетов және басқалары көтеріп жүрді.
Олар Қазақстан Республикасының дамуына үлкен үлес қосты.
Қандай шаруаны да бастау қиын. Біздің қорғаныс саламыздың да
аяққа тұруы оңайға түскен жоқ. Қазақстан Қарулы Күштері 1992 жыл
дың мамыр айында құрылды. Тұңғыш Қорғаныс министрі, кеңестік
кезде генерал-лейтенант шеніне жеткен тұңғыш қазақ Сағадат Нұр
мағамбетовке көп салмақ түсті. Басқару органдарын құру, қару-жа
рақтарды, әскери техника мен материалдық құралдарды қабылдау
және олардың сақталуын қамтамасыз ету, әскерлерді тікелей басқару,
офицерлердің елді-еліне кетіп, олардың жетіспеушілігі байқалуы
на байланысты әскери кадрлар әзірлеуді ұйымдастыру сияқты аса
күрделі мәселелерді көптеп-көмектесіп шешуге тура келді. Соның
бәрінде де кешегі соғыс майданынан Кеңес Одағының Батыры атанып
оралған Сағадат Қожахметұлының мол тәжірибесі, айрықша қайра
ты үлкен рөл атқарды. Мықты кісі еді. Қажымайтын. Қалжыңнан да
қайтпайтын. Бір жолы Талдықорған өңіріне барғанымыз еске түсіп
тұр. Әскери бөлімшелерді аралап жүргенімізде бір кезде танкке
отырып алдым да, оқулық нысаналарға оқ ата бастадым. Екі оғым
ның біреуі дәл ортаға тиіпті, екіншісі соған жақын соғылыпты. Кейін
бақылаушы сержант соны мәлімдегенінде Сағадат Қожахметұлының:
«Олай деме. Президент екі рет атып, үш рет тигізді деу керек» деп,
бәрімізді күлдіргені бар.
Тәуелсіздік тұсында тамаша танылған тұлғалардың тағы бірі —
екінші қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев. Әуе шабуылына қарсы
қорғаныс әскери академиясын бітірген білікті маман, эскадрилья
басқарған ұшқыш, авиаполк басқарған командир. Біз егемендік алған
тұста Мұхтар Қапашұлы Түрікменстанда дивизия басқарып жүр екен.
Кәсіби армиямызды жасақтау үшін біз ұлт кадрларын бүкіл кешегі
кеңестік кеңістіктен шам алып іздегендей іздедік, талай азаматтарды
таптық та. Әсіресе, генерал шеніне қол жеткізген қазақтар саусақпен
санарлық еді. Осындай жолмен Қазақстанға оралған Мұхтар Алтын
Өмір өрімдері
— 579 —
баев алдымен корпус командирі, кейіннен Қорғаныс министрінің
орынбасары, ал 1996–1999, 2001–2007 жылдарда министр болды.
Әдетте қорғаныс министрлігін жаяу әскерден шыққандар басқа
ратын. Бірақ ол әскерді өте жақсы жетілдіре білді. Өзінің бойында
армия көргендерде көп бола бермейтін интеллигенттілік көзге ұрып
тұратын. Жұртпен жақсы тіл табысатын. Қарулы Күштерді қалыптас
тыруға, әскерлер орналасқан өңірлермен байланыс орнатуға, кадет
корпусын ұйымдастыруға оның сіңірген еңбегі зор.
С. Нұрмағамбетов пен М. Алтынбаевқа мен «армия генералы»,
«Халық қаһарманы» атақтарын бердім.
Ұзақ жылдар қызметтес болған азаматтардың тағы бірі — Ахметжан
Есімов. Мамандығы бойынша аграрлық саланың инженері. Ауыл шар
уашылығын жақсы біледі. Халқы көп, экономикасы күрделі Алматы
облысын басқарғанда да, Ауыл шаруашылығы министрі болғанында
да көп іс тындырды. Аграрлық саланы жүргізудің бүгінгі жүйесі сол
жылдарда қалыптастырылған еді. Кеңестік кезеңдегі колхоз-совхоз
жүйесінен осы заманғы жеке меншікті жүйесіне ауысу оңайға түспе
гені белгілі. Бұл өте күрделі шаруа. Ешкім де жаңа жағдайдағы жа
уапкершілікті өз мойнына алғысы келмейтін. Біз сол тұста бүкіл ел
ден 50 шаруашылықты іріктеп алдық та, оларды 15–20 жылдан бері
басқарып келе жатқан директорларға: «Өз шаруашылықтарыңызды
өз меншіктеріңізге алыңыздар, акционер болыңыздар» дедік. Тала
йының тәуекелі тұрған жоқ. Талайын кәдімгідей көндіруге тура келді.
Солардың тәжірибесіне қарап, басқаларды үйрете бастадық. Бұл істе
Ахметжан Смағұлұлы нақты жұмыс жүргізді. ЭКСПО‑2017 халықа
ралық көрмесін ұйымдастыру барысында көп қиындыққа кездестік.
Ұрлық-қарлыққа жол берген басшыны түрмеге тығуға да тура келді.
Сондай сын сағатта көрме өткізудің бар шаруасын біз Ахметжан Есі
мовке тапсырдық. Бұл шешіміміз дұрыс болды. Құрылыс дер кезін
де аяқталды. Өте көп қаржы үнемделді. Көрме лайықты өткізілді.
Түптің түбінде қиын сынақтан жүзіміз жарқын шықты. Ахметжан
ның кейінгі кездегі тындырған тағы бір ірі ісі — «Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қорын басқарып, нақты нәтижеге қол жеткізгені.
Жарқын жанымен, жарқылдаған мінезімен жүрегіңді жылы
тып тұратын аяулы азаматтардың бірі Орал Мұхамеджанов еді.
Әкімшіліктің ұйымдастыру бөлімінде, ішкі саясат бөлімінде ізгі
ісімен көзге түскен ол депутаттық қызметті де абыроймен атқарды.
Кейіннен Парламент Мәжілісінің Төрағасы болып екі рет сайланды.
Оралдың бейресми отырыстарда қуатты да жағымды дауысымен
асқақтата ән салатын өнері де айыз қандыратын. Амал не, арамыздан
ерте кетіп қалды.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 580 —
Парламент Мәжілісінің тізгінін ұстаған тағы бір талантты тұлға —
Марат Оспанов. Ол Жоғарғы Кеңестің екі шақырылымында, Мәжі
лістің екі шақырылымында депутаттыққа сайланды. Мәскеуде Г. В. Пле-
ханов атындағы халық шаруашылығы институтын бітірген, экономика
ғылымдарының докторы. Оның салық инспекциясының жұмысын
жолға қоюдағы, шетел капиталын ел экономикасына тартудағы тын
дырған ісі қомақты.
Кейінгі жылдарда Мәжіліс жұмысын Нұрлан Нығматулин іскер
лікпен үйлестіріп отырды. Бұл кезеңде бірқатар маңызды заңдар
қабылданды, олардың арасында Парламент қызметін реформалауға
бағытталғандары да бар.
Елін және халқын сүйген, сол үшін беріле қызмет еткен азаматтар
дың бірі — Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев. Тәуелсіздік жылдарын
да Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеттің
төрағасы, Президент Әкімшілігінің Басшысы және Іс басқарушысы,
Жамбыл облысының әкімі, республикалық Қаржы полициясының
жетекшісі сияқты жауапты да күрделі қызметтерді зор абыроймен
атқара жүріп, өзінің мол білімі мен тәжірибесін еліміздің өсіп-өр
кендеуіне қалтқысыз жұмсады. Ол өзін әрдайым талантты ұйымдас
тырушы, жауапкершілік жүгін терең сезінетін, принципшіл азамат,
айнала төңірегіне сыйлы, ақжарқын жолдас ретінде көрсетті.
Бес бірдей облысты білікті басқарған Бердібек Сапарбаевты да
разылықпен атағым келеді. Өте жауапты, істің адамы еді. Бірнеше
облысқа, Үкіметке жетекшілік еткен Даниал Ахметовті де, қай өңірге
барғанында да табысты іс атқарған Сергей Кулагинді де жоғары баға
лаймын. Қай өңірге барғанында да, қай министрлікті басқарғанында
да абыройлы ісімен ел құрметіне бөленген Бақтықожа Ізмұхамбетовті,
Қырымбек Көшербаевты бөлек қадірлеймін. Менің жарлығым бо
йынша құрылған Түркістан облысын өркендету ісінде және әсіресе
Түркістан қаласын жаңғыртуды басқаруда өзін тамаша танытқан
Өмірзақ Шөкеевті атап айтқым келеді. Осы көне қаланы қайта түлету
және оған жаңаша әр беру жөнінде шешім қабылдаған болатынмын.
2018 жылы тиісті жоспар бекітілген. Оны жүзеге асыруға елдегі облыс
тар мен қалалардың әкімдіктері, отандық және шетелдік құрылыс
компаниялары, бизнес өкілдері жұмылдырылды. Жоспарды екі
жылда орындаудың сәті түсті. Бұл істе Шөкеевтің астананы салуға
қатысқан тәжірибесінің пайдасы тиді. Кезінде ол ең жас экономика
министрі болған еді, 35 жасында Қостанай облысының әкімі, кейіннен
Астана қаласының әкімі қызметтеріне тағайындалды.
Кешегі кеңестік кезеңде қыз-келіншектердің қызметте онша жолы
ашыла бермейтін. Аудандық, әрі барса облыстық партия комитетінің
Өмір өрімдері
— 581 —
әлеуметтік салаға жауапты хатшысы деңгейінен асқандары сирек бола
тын. Тәуелсіздік тұсында олар жарқырап көріне алды. Менімен бірге
жұмыс істеген, сеніп тапсырылған қызметтерді абыроймен атқарып,
министр биігіне көтерілген Зәуре Қадырованы, Бірғаным Әйтімованы,
Гүлжан Қарағұсованы, Айткүл Самақованы, Зағипа Балиеваны,
Наталья Коржованы, Гүлшара Әбдіқалықованы, Тамара Дүйсенованы
бөле атағым келеді. Кейінгі кезде Гүлшара Наушақызы әйелдер арасынан
шыққан тұңғыш Мемлекеттік хатшы, тұңғыш облыс әкімі бола алды.
Президенттің қызметіне Әкімшілікте көмек көрсететін адамдар
дың атқаратын ісі де өте үлкен. Біраз жыл Астананың алғашқы әкімі
болған, елорда ретінде қалыптасуына көп үлес қосқан Әділбек Жақ
сыбековке де разымын. Кейіннен Қорғаныс министрі, Әкімшілік
басшысы болды. 2005 жылғы президенттік сайлауды жандырып
өткізгеніміз де есімде.
Болат Өтемұратов көп жыл бойы менің көмекшім қызметін атқар
ды, оған дейін сыртқы экономикалық байланыстар министрінің
орынбасары, Қазақстанның Швейцариядағы елшісі лауазымдарында
істеген еді. Менің тапсырмаларымды орындауға жанын салатын. Өзін
Президенттің іс басқарушысы қызметінде де жақсы танытты. Қазір
ол ірі бизнесмен.
Әрине, қызметтес болғандардың бәрін бірдей атап шыға алмаймын,
азаматтар маған ренжімесін. Олардың бәріне де айтарым тек алғыс.
Жаныма жақын жандардың бірі — Махмұт Қасымбеков. Онымен
бірге жұмыс істеуіміз тіпті тәуелсіздіктен де бұрын басталған. Қа
зақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ
КСР Президенті қызметтерінде жүргенімде де аппараттың Жалпы
бөлімін ұршықтай үйіріп отырған азаматтың іскерлігін байқай
тынмын. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен Махмұт Базарқұлұлы
аппарат жұмысын жақсы жолға қойып, құжаттар айналымын ретке
келтірді, қабылданатын шешімдер жобасын сапалы дайындауға
септесті. Соның бәрі сырт көзге көрінбейтіндей шаруа сияқты болға
нымен, мұның мәні үлкен. Хаттарды, арыз-шағымды сергек қарау,
тиісті жеріне тиісті тапсырмамен жіберу, жауаптың дер кезінде қай
тарылуын, шешімнің дұрыс шығуын қадағалау өте маңызды.
Мемлекет басшысы жұмысының сыртылдап тұрған сағаттай ұйым
дастырылуында Іс басқармасының атқарар рөлі үлкен. Күнделікті
қызметтің сыртында шетелдік сапарларды ұйымдастырудың өзі көп
күш-жігерді қажет етеді. Қонақтарды қабылдау, Президенттің көлігін,
байланысын қамтамасыз ету, тұрмыстық қажеттерін өтеу де үлкен іс.
Астана Ақмолаға ауысқаннан кейін Іс басқармасының рөлі
бұрынғыдан да арта түсті. Президенттің ғана емес, Үкіметтің де,
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 582 —
басқа да билік органдарының қызметін қамтамасыз ету оңай шаруа
емес еді. Бәрі де — тұрғын үй де, көлік те, азық-түлік те, басқа қажетті
нәрселер де жетіспейтін.
Сол жылдарда Президенттің іс басқарушысы болып жұмыс істеген
Темірхан Досмұхамбетовті, Сарыбай Қалмырзаевты алғыспен еске
алып тұрамын. Қазір олар арамызда жоқ, тек жақсы істері жады
мызда қалды.
Бұл істе 17 жыл бойы Президенттің Іс басқармасына жетекшілік
еткен Абай Бисембаев менің ерекше есімде. Ол өз жұмысын асқан
жауапкершілікпен, адал атқарды. Тұрғын үймен, көлікпен қамтама
сыз ету, шетелдік сапарларды ұйымдастыру, Президент аппаратына
қажет нәрсенің бәрін тауып отыру оңай міндет емес, оған осының бәрі
жүктелетін. Қаңтар оқиғасы күндерінде мен тіпті арнаулы күзеттің
өзіне сене алмай қалған қиын шақтар болған еді. Сонда мені өзінің
көлігіне отырғызып, Алматының әуежайына жеткізіп, сын сағатта
елордада болуыма жағдай жасаған да осы Абай Айдарханұлы. Мұн
дай сәттер ұмытылмайды. Отставкаға шыққанымнан кейін де менің
жанымда қалуға шешім қабылдағаны көп жайды аңғартады. Оның
адамдық қасиетін танытады.
ТҮРЛІ-ТҮРЛІ ЖАҒДАЯТТАР
Саясатта юмордың да өзінің орны бар. Көңіліңе жаққан адаммен
жарасымды қалжың бір басқа, кейбір елеулі мәселелерде айтарыңды
әзіл араластыра отырып жеткізіп қалуға да болады.
АҚШ-тың қырық үшінші президенті Кіші Бушпен қарым-
қатынасымызды салған беттен реттеуге менің сол елге алғашқы ресми
сапарымның бағдарламасына оның әкесі — қырық бірінші президент
Үлкен Буш тұрып жатқан Техастың қосылғаны маған көмектесті.
Кездесуге оның бұрынғы әріптестері және мұнайдың ірі бизнесін
басқаратын жетекшілер шақырылған екен. Президент маған мынаны
айтты: «Сізбен кездескісі келетіндер аз болмай шықты, бірақ мен
оларға үстелімнің басында небәрі он орын бар, ол орындар толып
қалды дедім». Біз, қазақтар, мұндайды түсіне алмаймыз. Қайтерсің,
олар — америкалықтар.
Біздің келесі кездесуіміз, басқа тарауда айтып өткенімдей, мұхит
жағалауындағы оның әулетжайында болды.
Әңгімеміз аяқталар тұста Буш қулана езу тартып, тыныштықты
бұзды. «Сен Вашингтонға бүгін ұшасың ғой. Менен бірдеңе сұрағың
келетін болар? Көп адамдар мені, әкесі болғандықтан, ұлыма барып,
Өмір өрімдері
— 583 —
қолыма таяқ алып, оны қабаттан-қабатқа қуалай алады деп ойлайды.
Олай емес. Ол — АҚШ президенті, ал біз — ол басқаратын елдің аза
маттарымыз», — деді Буш. «Өтінішім жоқ. Әңгімелесіп, қонақжайлық
танытқаныңыз үшін, мұхит жағасындағы осы бір тамаша таң үшін
Сізге ризамын», — деп жауап бердім мен.
Вашингтонға келдік. Ақ үйге кірдік. Біздің қасымызда сыртқы істер
министрлері, ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшілер, екі елдің
елшілері бар. Америкалықтардан Колин Пауэлл, Кондолиза Райс
болғаны есімде. Әдеттегі амандықтан кейін, мен АҚШ-тың қырық
үшінші президентінен кешірім өтініп, қырық бірінші президент
оған бір сәлем айтып жібергенін, оны міндетті түрде айтқанымды
қалағанын жеткіздім. Сәлем өте қызықты еді. «Әкеңізден балаңызға
не айтасыз деп сұрадым. Ұлыма айта барыңыз, егер тілімді алмаса,
белдікпен құйрығынан тартып-тартып аламын» деді, оған қоса «Дәл
осылай, сөзді бұрмаламай айт» дегенді қосып қойды» дедім.
Бәрі ду күлді. Әрине, әңгіме ауаны өзгеріп сала берді. Президент
баласынан бұрын басқа штатта тұратын экс-президент әкесіне барып,
сәлем беріп шыққан адамға кім теріс қарай алсын?
Алыстағы америкалықтарға осылай әзілдегенде өзіңмен діндес,
тілдес, ділдес ағайынға айтарың одан кем болмайды, әрине.
Қазақ пен түрікменнің ауылы аралас, қойы қоралас қонған кезі де
көп, арасына араздық түсіп, жер дауына байланысты шекісіп, тіпті
кетісіп қалған кездері де бар. Ондайда түрікмендердің қазақ жеріне
кіріп кететіні, қазақтардың түрікмен жеріне сұғынып барып қала
тыны болмай тұрмаған. Жауынгер адай тайпасы сондай замандарда
Маңғыстаудың біраз бөлігінен түрікмендерді түріп шығарған деген
аңыздар айтылады. Сонымен бірге ол жерлерді бағзыда қазақтар
мекен еткен, кейін оларды түрікмендер ығыстырған деген аңыздар
да айтылады. Түбіне жету енді мүмкін емес.
Сапармұрад Ниязовпен екеуміз құрдас едік, жиі әзілдесе беретін
біз. Ол кең жүректі адам, өз елі үшін көп шаруа атқарған. Ашғабадты
көркейтті, экономиканы көтерді. Дос болатынбыз.
Ашғабадқа ресми сапарым кезіндегі қабылдау үстінде Сапармұрад
Ниязовтың: «Нұрсұлтан Әбішұлы, айып етпесеңіз, кезінде ауысқан
жерлер мәселесін де қарап қойсақ артық болмас еді», деп қалғаны
бар. Не айтқысы келіп тұрғаны белгілі. Содан мен сөзін жалғасты
руға мүмкіндік бермей: «Сапармұрад, ойыңды түсіндім, ондай іс
болса болған да шығар, өткен іс өтті. Сен одан да баяғыда адайлар
дың мына Ашғабадқа дейін түгел алып қоймағанына қуансайшы.
Айтқандай, осында, астанаға жақын жерде Қыпшақ деген ауыл бар.
Қыпшақтардың мұнда тұрғанының дәлелі», деп әзілдедім. Сапар
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 584 —
мұрад күліп жіберді. Екі жақтың делегация мүшелері қосыла күліп
жатыр. Сонымен ол әңгіме сол жерде бітті. Бұл сөз келіссөз кезінде
емес, қабылдау кезінде, яғни бейресми жағдайда айтылды. Түрікмен
жағы ондай мәселені ресми түрде көтерген емес. Сапармұрад, тегі,
жай тамыр басып көрейін деген сияқты.
Осындайда Минтемир Шаймиевтің Татарстан президенті кезін
де Қазанға барғанымда маған «Біздің татарларымыз қалай тұрып
жатыр?» дегеніне «Олар сіздің татарларыңыз емес, олар біздің та
тарларымыз» деп жауап қайтарғаным еске түседі. Сонда Минтемир
Шәріпұлы жадырай күліп, «Дұрыс айтасыз, Нұрсұлтан Әбішұлы,
расында да, олар — сіздің татарларыңыз. Ондағы татарлар туып-өскен
Қазақстанын өз отаны санайды, елін шын сүйеді және мақтаныш
етеді» деп сөзіме разылық білдірген.
Бір жолы НАТО-ның бас хатшысы Джордж Робертсонмен әңгіме
лесіп отырып, ол маған үлкен отбасынан шыққанын, ондағы ер-аза
маттардың, яғни әкесі, аға-інілерінің барлығы полицей мамандығын
алғанын, әскери жолға түскен жалғыз өзі екенін айтты. «Бір отар ақ
қойдың ішіндегі жалғыз қара тоқты сияқты жүремін» дейді. «Уайым
дамай-ақ қойыңыз, есесіне сіз күллі әлемге жандарм болдыңыз ғой»
деп едім, бетіме таңдана қарап, күліп жіберді. Расында да, НАТО-ның
планетаның әр шалғайына жетіп барып, Батыс дүниесінің өз тәртібін
қарудың күшімен орнатып жататыны бар ғой.
1994 жылғы Италия сапары кезінде (тәуелсіздіктің алғашқы жыл
дары еді) баспасөз мәслихатында сұрақ қоюшы журналистердің
бірінің сөзі мәселенің мәнісіне қанығудан гөрі жазғыру, кінәлауға
ойысып кете берді. Капиталистік дүниенің артықшылығы да айтыл
май қалмады. Жауабымды қайтара келіп, «Карл Маркс атақты екі
кітап жазды. Біреуі — «Капитал», екіншісі — «Манифест». Өкінішке
қарай, соның «Капиталы» сіздерге бұйырыпты да, біз 70 жыл бойы
«Манифесті» қанағат тұтуға мәжбүр болыппыз» дедім. Зал ду күлді.
Расында да, бәрі елдің қай жолды таңдауына байланысты ғой.
Жалпы, өзім қалжыңды жақсы көремін. Әзілдескенді ұнатамын.
Кейде қызық жағдаятты қолдан жасап жататыным да болады. Сірес
кен саясаттан, бітпейтін мәселеден шаршайсың да ғой. Бір жолы
Алматы маңындағы ауылдардың біреуіне барып, алма бағын ара
лап жүрдік. Астына алма жинайтын жәшіктер қойып алып, карта
соғып жатқан төрт кісіні көрдік. Жаз кезі. Үстімде қысқа жең көйлек.
Басымда күннен қорғанатын үлкен кепка. Жандарына бардым да,
«Бірге ойнасам бола ма?» деп қосыла кеттім. Картаны маған да та
рата бастады. Орталарында бір бөтелке арақ. Кезекті партия біткен
соң арақ құюға кірісті. Бәрі бұған дейін көздерін жерге жайылған
Өмір өрімдері
— 585 —
қағаз бетіндегі картадан алмай отырған. Алдымен іше бастаған жігіт
еңсесін тіктеп, стақандағысын сіміре бергенде маған қарап, қалшиып
қатты да қалды. «Сен, немене, Назарбаевсың ба?» дейді… «Мен, не
мене, ұқсамаймын ба?» деп жатырмын. Бәрі күлкіге көміліп қалды.
Сондай жайлар адамды сергітеді.
ҚАЙРАН ҚАЛДЫРҒАН СӘТТЕР
Шетелдік журналистердің бірі Италияда, Ватиканда өткен баспасөз
мәслихатында «Сіз бір-бірінен бөлек, тіпті бір-бірімен дұшпан болған
діндерді ұстанатын елдерге сапар шегіп жатырсыз. Бұл жөнінде не
айтар едіңіз?» деп сұрақ қойды. «Мен көпэтносты және көпдінді
елдің президентімін, біздің Конституциямызға сәйкес адамдардың
ар-ождан бостандығы құрметтеледі. Мен өзім қазақпын. Ал қазақтар
бағзы заманнан бері мұсылмандар. Әр мұсылман үшін өмірінде тым
құрығанда бір рет Мекке мен Мәдинеге бару, қасиетті Қағбаны көру
бөлек арман. Мен Ватиканды қатты құрметтеймін. Әйтсе де, таяу
күндерде Мұхаммед пайғамбардың елінде боламын дегенді ойласам,
жан-жүрегім ерекше тебіренеді» деп жауап қайтардым ол сұраққа.
Расында да, Мекке-Мәдине сапары ұмытылмастай есте қалды. Сауд
Арабиясындағы ерекше екі оқиға туралы айтпақпын.
Оның бірі — Қағбаға кіру.
Мен король Фахдқа қажыға келгенімді айттым. Əрине, қазір
қажылықтың кезі емес. Бірақ үшірə етуге əбден болады. Сол-ақ екен,
король құлшынып қоя берді. Менің қажыға бірінші рет келіп тұрға
нымды сұрап білді. Қағбаның ішіне кіргізіп көрсетуге бұйрық берді.
Дін істері жөніндегі министр орнынан атып тұрды:
— Мəртебелім, Қағбада қазір жөндеу жүріп жатыр ғой!
Король үндемей қалды.
— Біз оған ислам елдері басшыларын да жіберген жоқпыз əлі…
Король қысқа қайырды:
— Мен айтарымды айттым…
Министр иіліп тағзым етті.
Король Фахд мені мәшинеге дейін шығарып салды. Қоштасып
тұрып, зулхиджа айында толық қажылық етуге келіп қайтуға шақырды.
Бізді әл-Харам мешітіне түнде алып барды. Ол жерде адамдар түн
ортасында ғана азаяды. Жанымда Сара Алпысқызы, кенжеміз Әлия
бар. Біраз адам, әрине, айналамда тағы жүр. Бәрінің де, соның ішінде
оққағарымның да, Қағбаға кіргісі келеді. Сөйтіп тұрғанда елші Бағдад
Әміреев былай деді: «Нұрсұлтан Әбішұлы, Құдай үйі — Қағбаға ал
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 586 —
дымен кірген жалғыз қазақ Сіз болғаныңыз орынды». Сәл ойланып
қалдым. Дұрысы да осы ғой.
Қағбаның ішінде де, сыртында да құрылыс жүріп жатыр екен.
Біз үшін əдейі тақтайлар төселіпті. Корольдің арнайы рұқсатымен
Қағбаның ішіне кірдім. Мен аспан мен жердің арасында қалқып бара
жатқандай сезіндім. Төбеңде тұңғиық аспан тұрғандай. Ауық-ауық
жұлдыздар сығалап қалатындай. Кіреберісте, оң қолда ақсақалды
молда құран ақтарып отыр. Аспаннан түскен киелі кітаптардың
біреуі болып есептелетін бұл кітаптың əр беті алтынмен жалатылған.
Қақ ортада — қап-қара тас баған. Қатты толқығаным сондай, басқа
не көріп, не қойғаным есімде қалмапты.
Маған Қағбаның ішінде қанша қаласам, сонша уақыт болуға рұқ
сат етілді. Қағба ішінде қанша болғанымды білмеймін. Киелі орын
уақытқа бағынбайды ғой. Əйтеуір, тым кешең уақыт еді. Шығар есікте
тауап етуге келген бір топ адам бізді көріп, бастарын иіп, етпеттеп
жата кетті. Қағбаға кірудің қандай құрмет екенін біледі олар.
Король Фахд: «Алладан тілек тілеу керек. «Біз тәуелсіздік алған
нан кейін ғана осынша мұнай кеніне ие болдық. Сіздерге де Алла
енді береді» деді. Менен: «Сонда не тіледіңіз»? — деп жиі сұрайды.
Тəңірім куə, мен Алладан еліме, халқыма, қазақтарға шарапатыңды
аяма деп тіледім.
Меккеден кейін Мәдинеге бардық. Ол жерде Мұхаммед пайғам
бардың зиратының басына алып мешіт орнатылған.
Мәдинеде тағы бір ерекше оқиға болды. Ол күні аспан ашық еді.
Жаңбыр жаумайтын құрғақ кез екен. Бірақ біз қабірханадан шыққан
соң бір сағаттан кейін-ақ жауын нөсерлетіп қоя берді. Мешіттің мəр
мəр едені көл боп қалқып кетті. Арабтар жағаларын ұстап, тізерлеп
тағзым етті. Қасыма ертіп келе жатқан шырақшы-пірəдар: «Бұл —
жақсылықтың нышаны, Алла тілегіңізді қабыл қылды. Əйтпесе, бұл
арада екі айдан соң ғана жаңбыр жауатын кез болатын», — деді.
Мұны да жақсылыққа жорыдық.
2007 жылы Бразилияда мына бір жайға бәріміз аң-таң болдық. Рио-
де Жанейрода қаланың қай нүктесінен де биік тау үстіндегі Христос
статуясы көрініп тұрады. Алып прожекторлардың жарығымен түнде
тіпті жарқырап кетеді. Корковаду тауының ұшар шыңына қойылған,
биіктігі 38 метрлік алып мүсіннің маңына бармай кету деген Риоға
жолы түскеннің ойына келмейді. Біз де баратын болғанбыз, әрине.
Ол шаруа ресми бағдарламаның бәрі аяқталғаннан кейін, сапардың
соңғы күніне белгіленген. Таңертең қарасақ — қалың тұман. Христос
көрінбейді. Бәлкім, жанына барғанда көрінер. Жоқ, жақындағанда
да, тіпті түбіне тақағанда да тұман басып тұрды. Не істеу керек? Жа
Өмір өрімдері
— 587 —
нымдағылар «Болмады. Қайтқан дұрыс шығар» деп жатыр. «Ашы
лады. Енді бес минут күтсек ашылады» дедім. Күтіп тұрмыз. Айтқа
ным сол екі арада айналаға тарап кетіпті. Туристік гидтердің біреуі
микрофонмен «Бұл жерде Қазақстанның Президенті Назарбаев тұр
екен. Президент қазір тұман ашылады деп айтыпты» деп жіберіпті.
Жұрттың бәрі біз жаққа таңдана қарап қалған. О, ғажап, бес минуттай
уақыт өтті ме, өтпеді ме, тау басынан тұман түсе бастады. Әп-сәтте
аспан ашылып сала берді. Тіпті жарқырап күн шыға келді! Төбе ба
сын толтырып тұрған халық бетін бізге бұрып, ду қол шапалақтады.
Осындай қайран қалдырарлық сәттер де болады.
ЖҮРЕККЕ ӘМІР ЖҮРМЕЙДІ
Осы кітаптың бір тұсында Билл Клинтонның «Менің өмірім»
мемуарынан «Енді қазір, үйленгеніме 30 жылға жуықтаған кезде,
достарымның талайы айырылысқанын, табысқанын және ажырасқа
нын көрген кезде мен қуанышы мен бақытсыздығы, міндеттілігі мен
өкініші қатар жүретін бұл неке дегеніңіз айдаладағы бөгде адамдар
тұрмақ, ерлі-зайыптылардың өздері кілтін таба алмайтын құпия
екенін түсіндім» деген жолдарын келтіріп, «Бұл сөздің терең мағына
сы бар. Кейін, кітаптың бір жерінде, бәлкім, осы ойымды таратып та
айтармын» деп жазған едім. Соның реті енді келген сияқты. Тараудың
өзі де «Өмір өрімдері» аталады ғой.
Жазуын жазғанмен, бұған қатысты кейбір пікір-толғаныстарымды
қағазға түсіруге көпке дейін тәуекелім тұра қоймады. Батылсыздықтан
емес. Мен небір от пен суды көрген адаммын. Ыстықтан да, суықтан
да өттім. Біраз жасқа да келдім. Жоқ, мұны сөз етуден тартынуым
осы тақырыптың аса бір шетіндігінен, халқымыздың менталитетінің
өзіндік өте нәзік сипаттарын ескергендіктен. Батыс қабылдайтынның
бәрін Шығыс қабылдай бермейді. Соның ішінде адамның ішек-қар
нын ақтарып, қойын-қонышыңа кіріп кеткендей болып, неше түрліні
қопаратын авторлардың жазғандарына да құлай түсе қоймайды.
Отбасылық құндылықтар шығыс адамы үшін бөлекше бағалы.
Дегенмен, мемуарды қолға алғаннан кейін, өміріңнің неше түрлі
бел-белестерін жасырмай айтып, оқырманмен сыр бөлісіп отырған
нан кейін кейбір жайларды атымен айналып өтудің де жөні жоқ
сияқты көрінеді.
Сонымен…
Алпысыншы жылдардың басында, қызметке жаңа араласа бастаған
тұсымызда атақты қаламгер Ғабит Мүсіреповтің өзінен қырық шақты
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 588 —
жас кіші актрисаға, өзіміз «Менің атым Қожа» фильміндегі Майқано
ва апай рөлінде көріп, көркіне де, талантына да сүйсініп жүрген Раиса
Мұхамедияроваға үйленгенін естігенде шошыңқырап қалғаным бар.
Ол кезде маған кәдімгі кез келген коммунистің басына келетін ойлар
оралған шығар. Бәлкім, сөз зергерін іштей кінәлаған да болармын.
Әйтеуір, құптамағаным анық. Арада жылдар өтті. Ғабең де дүние
ден көшті. 2019 жылы актриса да өмірден озды. Сол тұста қолыма
Ғабит Мүсіреповтің хаттарынан, ойларынан, нақыл сөздерінен құрас
тырылған «Данадан қалған рухани дүние» деген кітап түсті. Қызыға
оқып шықтым. «Жан сырында» жазушы былай дейді:
«Мен әлдекімді іздегелі он бес жыл болды. Баладай сағынып, за
рығып іздедім. Көшелерден де, жиналыстардан да, оңнан да, солдан
да іздедім. Таба алмадым. Телефон соғар, хат жазар деп күттім. Түсіме
енер, әлдеқалай кездесер деп күттім. Кездеспеді.
Атын білмеймін, түсін танымаймын. Бірақ тек қана соны сағындым.
Он бес жыл іздедім, он бес жыл күттім, ақыры бір жиналыста кездесті.
Қою қара шашын арқасына жайыңқырап жіберген. Мөлдір қара
көзді ақ-сұрлаудан гөрі аққұбалау қыз екен. Жиналысқа кіріп келген
бетінде көзім түсті де, кірпігіне кірпігім ілініп қалғандай көзімді басқа
жаққа аудара алмай қойдым. Жүрегім кеудеме сыймай, тулай берді.
Бұған дейін таныспаған адамдар бір қарастық та табысып қалғандай
болдық. Мен одан көзімді аударғаным жоқ. Туралап қадалмаға
нымен қыздың көзі де ылғи мені жанай өтіп отырды. Мен солай
ұғындым. Әрі-беріден соң қыздың адал көздері қаймықпай қарады»…
Бұған не айтуға болады? Қаламгердің жасы алпыста. «Қыз Жібекті»
де, «Қозы Көрпеш-Баян сұлуды» да, «Қазақ солдатын» да, «Оянған
өлкені» де беріп үлгерген классик. Айтып отырғаны, аңсап отырға
ны — жиырмадан жаңа асқан жас сұлу.
Не айтуға болатынының жауабын халық атақты «Қыз Жібекте»
беріп те қойған сияқты. «Бектер мінер сұр қасқа, Шаба алмаса ұр
басқа. Батырлық, байлық кімде жоқ, Ғашықтық жөні бір басқа!»
дейді сол ұлы жыр. Махаббатты бәрінен биік қойып тұрғаны ғой.
Ғашықтықтың рух жақындығын, ерекше сүйіспеншілікті білдіретін
ұғым екенін, оның құмарлықтан биік екенін барша жұрт біледі.
Айтпаған сөз қалдырмаған Абайдың «Ғашықтық пен құмарлық — ол
екі жол» дегені де бар. Әрине, бұл ара махаббаттың адам өміріндегі
орны жөнінде ой толғап жататын жер емес. Ғабит Мүсірепов өмірін
дегі сол кернеулі күйдің кейінірек атақты «Ұлпан» повесін жазуға,
қарт би Есеней мен ақылына көркі сай жас Ұлпанның жан тебірентер
сезімін төгілте суреттеуге түрткі салғанын айтумен шектелейін де,
енді өзім ашып жазуға тәуекел етіп отырған хикаяға ауысайын.
Өмір өрімдері
— 589 —
Мен де сол күйді бастан кешкен адаммын.
Астана ауыстыру — мемлекеттің өмірінде де ғана емес, жүз
мыңдаған жандардың тағдырында да терең ізін қалдырған орасан
оқиға. Алматыдан Ақмолаға көшу идеясы жұрттың бәріне бірдей
ұнай қойған жоқ деу аздық етеді, бұл жұрттың көбіне ұнаған жоқ
деген дұрыстау шығар, тегінде. Не жасырары бар, астана көшіру тіпті
біздің отбасымыздың ішінде де көп күдік-күмән, тіпті талас туғызды.
Жұбайым Сара, өзі Арқаның, Ақмолаға тиіп тұрған Нұраның қызы
болса да, «Нұрсұлтан, ойланшы тағы. Мынандай қиын кезде керек пе
сол? Әуелі елдің көңілін орнықтырып алуды қамдасаңдар қайтеді?»
деп талай айтты. Бірақ мен алған бетімнен қайтпадым.
Астана Ақмолаға ауысқан бетте жаңа қалада біраз тұрғанымен,
Сара кейінірек Алматыға жиі барғыштай берді. Ол кезде қыздары
мыздың, күйеу балаларымыздың, тиісінше немерелеріміздің бәрі
Алматыда еді. Енді Сара «Сен жұмысыңнан алаңдама, мен мұнда
немерелерімнің жанында болайын» дегенді көбірек айта бастады.
Бара-бара Алматыда тұруға бейімделе берді. Астана салудың, елорда
қалыптастырудың қамымен жанталасып жүріп, бірте-бірте мен де ол
өмірге көндігуге айналдым. Дегенмен, жалғыздықтың аты — жалғыз
дық. Жұмыстан қажып келгенде отбасының бір шәугім шайды шүйір
келесіп ішкенін аңсайсың. Жүрегің жабығады. Жан жылылығын,
сырласатын адамды іздейсің.
Сөйтіп жүргенде… Бір жолы Талдықорғанға бардым. Өңірлерге
ондай сапарларда мемлекет басшысы траптан түскенде гүл шоғымен
қарсы алатын. Ондай рәсімге сол өңірдің көз тартар көрікті бойжет
кендерін таңдайтыны белгілі ғой. Көзіміз де, көңіліміз де үйренген.
Көз суарып, көңіл бітеумен тынасың. Әйтсе де сол жолғы әсерім
бөлекше. Әуежайда гүл шоғын ұсынған бойжеткен аса әдемі еді.
Оттай жанған жанары да, аппақ жүзі де, талшыбықтай мүсіні де
көпке дейін көз алдымнан кетпей жүрді.
Сондайда, ақын Қадырдың сөзімен айтқанда, «жүректі жетпісте
де қартайтпаған, сезімді сексенде де ортайтпаған» сері Ғабеңді және
де мұндай жағдайды басынан кешкен басқа да белгілі тұлғаларды
қалай еске алмассың? Ұлы Гете жетпістің екеуіне келгенде он сегіз
жастағы Ульрикаға ғашық болған жоқ па еді? Ульрика да ақынның
сол уыз сезімін өмір бойы (ол өзі 96 жас жасапты) жүрегінің терең
түкпірінде аялап, тек сол адамды сүюмен, сағынумен өткен жоқ па
еді? Адамзатқа Гетенің ақырғы махаббатынан туған ғажайып ғазалдар
қалды. Мұндай мысалдар жеткілікті. Өмірде де, өнерде де. Өзгелерде
де, өзімізде де.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 590 —
Арада біраз уақыт өтті. Мені Талдықорған әуежайында қарсы
алған әдемі қыз ойыма орала берді. Күндердің күнінде оны табудың
сәті аяқастынан түсе кетті. Газеттегі бір фото көзіме оттай басылды:
Астанада «Қазақстан аруы» конкурсы өтіп, бас жүлде — Гран-приді
сол қыз (есімі Әсел екен) жеңіп алыпты… Енді оны іздеу қиынға
түскен жоқ.
Таныстығымыз жарастыққа, жарастығымыз жақындыққа ұласты.
Бара-бара жүйелі түрде жолығуға айналдық. Әселдің бойынан да,
ойынан да өзім іздеген көп қасиет таптым. Ең бастысы — жылдар
бойғы жан жалғыздығынан арылдым.
Әңгімені ұзарта беріп қайтейін. Мұсылман жолымен некемізді
қидырдық. Әсел маған екі перзент — алтын асықтай екі ұл сыйлады.
2005 жылы Тауман, 2008 жылы Бәйкен дүниеге келді. Жасым алпыс
тың бел ортасына келгенде әке болу қуанышы, перзент сүю бақыты
басыма қайта қонды. Балаларымның тәй-тәй басқаны, тілі шыққаны,
былдырлап сөйлегені, ойыншықтармен ойнағаны, екеуін екі қолыма
алып, көтеріп жүретінім, мектепке барғанын, әріптерді танығанын
қызықтағанымыз, жұмыстан келгенімде алдымнан жүгіре шыға
тындары… Мұның бәрі жаңа астана салудың қиын-қыстау кезеңін
жеңілдеткендей де еді. Осыларды ойласам, ет жүрегім елжіреп сала
береді. Тегінде, адам баласына ең басты бақытты, ең баянды бақытты
бала ғана, перзент қана бере алатын болса керек.
Үш перзентімді, үкілеген үш қызымды — Дариғаны, Динараны,
Әлияны дүниеге әкелген, жас шағымнан жаныма жалау болған, небір
сын сағатта қасымнан табылған Сараға бар ғұмырымда ризамын
және қамқоршымын. Сол қилы кезеңде де мені түсінгенін, кешіргенін
мына өмірдегі бір жұбанышым көремін. Тауман туғанда Алматыға,
алдына барып, бар жайды ақтарып, айыбымды айтқанымда тектілігін
тағы да танытып еді айтулы әулеттің перзенті. «Бала — періште. Бала
бақытты болып өссін» деді сонда Сара. Қыздарым да мені дұрыс ұқты.
Сара Алпысқызының қай әйел үшін де қиын сынақта танытқан
кеңдігінің бір себебін іштей сезетін де сияқтымын. Атасы Арқадағы
атақты Қонақай бай екенін жаздым ғой. Сол кісіде ұл болмапты.
Ақыры алпыстан асқан жасында бәйбішесі өзі айттырып, жас қызға
үйлендірген екен. Ойлағанындай ұл туып, атын Алпыс қойыпты.
Кім біледі, бабадан тамыр тартқан сол дәстүр есіне түсіп, болған іске
кеңшілік көрсетті ме екен? Әйтеуір, онсыз да қиналған жанымды
қажай берген жоқ, сағымды сындырмады.
Мен өзім баланы ұл деп, қыз деп бөлетіндерден емеспін. Үш қы
зымды да жанымдай жақсы көремін. Олардан туған немерелерді
де жиен деп жатпаймын. Ұл бала — шаңырақты ұстайтын ие, әулет
Өмір өрімдері
— 591 —
жалғастырар кие. Демек, ендігі жерде менің ұрпақтарым да ата тегін
«Қарасай — Көшек — Айдар — Мырзатай — Кенбаба — Еділ — Са
пақбай — Назарбай — Әбіш — Нұрсұлтан — Тауман, Бәйкен» деп
әрі қарай жалғап кете беретін болады. Бұл да дәтке қуат.
Ұрпағыңның үзілмегені — үмітіңнің үзілмегені.
Қазір екі ұлым да ержетіп қалды. Көзқуанышымыз болып, жақ
сы өсіп келе жатыр. Адам балаларына айналу арқылы өз өмірін
жалғайды.
Міне, солай, ағайын. Жан сырымды жайып салдым алдыңызға.
Қалай десеңіз де, өзіңіз білесіз. Бұл — өмір.
Бір анық нәрсе бар. Жүрекке әмір жүрмейді.
— 592 —
САЯСАТ СЫНАҒЫ
ТІЛ ТАҒДЫРЫ — ЕЛ ТАҒДЫРЫ
«Түсініксіз жай — Украинадағы мектептерде неге украин тілі
оқытылады?», «Севастополь — атам заманнан орыс қаласы. Ондағы
маңдайшалар мен көрнектер неге және не үшін украин тілінде жа
зылған?».
Бұл сөздер көрнекті мемлекет қайраткері, 1963–1972 жылдар ара
сында Украина Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы,
КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі болған Петр Шелесттің «Да не
судимы будете» деген мемуарлық кітабынан алынып отыр.
Айтқан адам кім деп ойлайсыз? Мұндай сөз кімнің аузынан шығуы
мүмкін? Солженицынның бе? Жириновскийдің бе? Ұлыдержава
лық шовинизм ауруымен ауырған әлдебір әумесердің бе? Кімнің?
Қиналмай-ақ қойыңыз, бәрібір таба алмайсыз. Өйткені бұл сөзді
айтқан адам — Алексей Николаевич Косыгин. Иә, кәдімгі Косыгин —
сонау 1939 жылдың өзінде одақтық нарком (министр) болған, КСРО
Үкіметін талай жыл (1964–1980) басқарған, ең бір күрделі кезеңде
қиын экономикалық реформаларды жүзеге асыра алған аса көрнекті
мемлекет қайраткері. Ауызекі әңгімеде, пікір алысу ретінде айтып
қалған ба? Жоқ. 1972 жылғы 30 наурызда КОКП Орталық Комитеті
Саяси бюросының дұшпандық насихат және оның ықпалы, таптық
және идеологиялық күрестің шиеленісуі мәселелерін талқылаған
отырысында сөйлеген сөзінде айтқан. Мемлекет қауіпсіздігі коми
тетінің төрағасы Ю. В. Андропов баяндама жасап, күн тәртібіндегі
мәселе бойынша Саяси бюро мүшелерінің бәрі пікір білдірген екен.
«Коммунизмге баратындардың бәрі орысша сөйлеуі тиіс» дейтін
белден басқыш, кеудемсоқ Хрущев тақтан тайдырылғаннан кейін
он шақты жыл өткенде, ел үкіметі басшысының аузымен айтылған
сөз әлгіндей.
Міне, біз осындай қоғамнан шыққан едік.
Абдурахман Авторханов — белгілі советолог, танымал диссидент,
тіпті коллаборационист. Оның аузынан кеңестік кезеңге қатысты
жылы сөз шығуы оңай емес. Алайда сол атышулы А. Авторханов
Саясат сынағы
— 593 —
өзінің («Империя Кремля») атты кітабында «Кеңес өкіметі тұсында
одақтас республикалар арасында тіл үшін бірінші болып қазақтар
күресті» деп жазған. Бұл арада 1986 жылы Алматының бас алаңына
шыққан жастардың биліктің алдына қойған талаптарының бірі қа
зақ тілінде сабақ беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының
көбейтілуі екені ғана айтылып тұрған жоқ.
Ұлт интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері, әсіресе тың
игеру жылдарындағы әсіреңкіліктен кейін, қазақ тілінің құрдымға
кету қатері төніп тұрғанын сергек сезініп, дабыл қаққан еді. Бір ғасыр
дың ішінде үш түрлі жазуды қолдануға мәжбүр болған қазақ сияқты
халық мына жердің бетінде сирек. Ғасырлар бойғы араб әліпбиін
әуелі латынға, кейін кириллицаға ауыстыру арқылы кеңестік тота
литаризм елдегі түркі халықтарын және елдерін бірінің жазғанын
басқасы оқи алмайтындай күйге түсіріп тынды деу — мәселенің бір
жағын ғана айту. Бұл арқылы дүниенің төрт тарабындағы қазақтар
да бір-бірін оқудан қалған еді — бүгінде әлем қазақтары үш түрлі
жазуды пайдалануға мәжбүр: бұрынғы Кеңес одағы мен Моңғолия
қазақтары кириллицаны, Қытай қазақтары араб әліпбиінің төте
жазуын, Еуропа қазақтары латынды ұстанады.
Қазақ халқының басты байлығы, аса қастерлі қазынасы — ана
тілі. Қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы
болған — оның ғажайып тілі. Дауға салса — алмастай қиған, сезімге
салса — қырандай қалқыған, ойға салса — қорғасындай балқыған,
өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі
мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде
қымбат ештеңе жоқ.
Бұрынғы Одақ кезінде біздің үлес салмағымыз өз жерімізде бүкіл
тұрғындардың үштен бірін əзер құрай алған кезеңдер болған. Міне,
осындай жағдайдың өзінде қазақтардың басым көпшілігі өзінің ұл
тына берілген сезіміне қылау түсірген емес. Неге? Өйткені халық
өзінің ана тілінің қуатына сенді, сондай тіл жасай алған ата-бабаларын
орынды мақтаныш етті.
Амал не, кешегі кеңестік кезеңде қазақтың сол басты байлығы да
теперішті көрудей көрді.
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарындағы Қазақстанға тән өзіндік
ерекшеліктердің бірі — оның байырғы тұрғындары жалпы халықтың
көпшілігін құрай алмайтын бірден-бір республика болғандығы. То
талитарлық тәртіптің қатыгездікпен қанағанына, бір кездегі көсем
дердің шамшылдықпен басынып, кемсіте қарағанына барынша төзіп
келген қазақ халқының қайғы-қасіретке толы тарихындағы сойқанды
іс-әрекеттердің зардабы, міне, осындай. Бүгінгі оқырман сол кездегі
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 594 —
Қазақстанның астанасы Алматыда жалғыз ғана қазақ мектебі
(№ 12) болған еді, оған қоса негізінен шопандар балаларына арналған
тағы бір мектеп-интернат қана бар еді дегенге сене ме? Оңайлықпен
сене қоймайды. Шындығында дәл солай еді. Қазақ тілі мемлекеттік
мекемелерден түгелдей дерлік ысырылып, күнделікті тұрмыстағы,
от басы, ошақ қасындағы тілге айналған-ды. Әрбір үшінші қазақ
өзінің ана тілін білмейтін немесе өте нашар білетін. Ата мен немере
бір тілде сөйлесе алмайтын халге жеткен-ді. Ал мұның өзі жас ұрпақ
ежелгі ата тегіне жат бола түсті, рухани дәстүрлер жалғастығы үзіле
бастады, халықтың толыққанды мәдениетінің түп-тамыры қиылуға
бет алды дегенді білдіретін сұмдықтың нақ өзі ғой.
Туған тілімізді түлету жолындағы тартысымыз тәуелсіздікке де
йін-ақ басталған. Қайта құрудың сәуір самалы ескеннен-ақ бүкіл
Кеңес одағында әр халық өзінің ана тілін қорғаудың қамына кірісті.
Республика басшысы болып сайланғаннан кейін небәрі бес күн өт
кенде, яғни 1989 жылғы 27 маусымда шығармашыл және ғылыми
интеллигенция өкілдерімен кездескенімде қозғаған мәселемнің бірі
тіл тағдыры еді. Сонда сөйлеген сөзімде былай деппін: «Тоқыраудың
қысылтаяң шағындағы ұлт мүддесін бүркемелеу мен басып-жаншу
жүйесі, өзара қарым-қатынастың толық үйлесімі туралы бірбеткей
ләппай-тақсырлық ұрандар бұрын адамдардың ұлттық мәдениеті,
әсіресе тілі туралы алаңдаушылығын барынша тұқыртумен келді.
Қоғамымызды демократияландыру жағдайында бұл сезім қосымша
серпін алды. Сөйтіп, сіздер мен біздің бәріміз өзімізді, белгілі орыс
мақалында айтылатындай, «жеті атасын білмейтін жетесіздерге»,
отаны мен тарихи жады жоқ мәңгүрттерге айналдырмаққа ұмтылған
ескі пиғылға қарсы осынау өрлеудің куәсі болып отырмыз. Бірақ
сонымен бірге, өз мәдениеті мен тілінен, халқының ұлттық кейпі
нен айрылудың сананы сансыратқан қаупі кейде адамдарды басқа
бір шекке шығарып, өзін әдейі немесе түйсіксіз түрде өзге ұлттарға
қарсы қойғызады. Әрі мұндай шекке шығу әдетте рухани дүниесі
жұтаң адамдардан табылады. Мұндай «солшылдық» ауруынан арылу
неғұрлым тез болса, біздің қоғамымыздағы парасаттану үдерісінің
ұтысы соғұрлым көп болмақшы».
Сонда мені республика басшысы ретінде, ана тілін ардақтайтын
азамат ретінде нақты қандай жағдайлар алаңдатқан еді?
Қазақ тілінің қоғамдық қызмет ету аясы тарылып бара жатты. Осы
үдерісті тоқтату керек еді, неге десеңіз, қажеттілігі кеміген үстіне кеми
беретін тілдің болашағы жоқтығы жас балаға да белгілі. Сол кездесуді
дайындау барысында тілші ғалымдардың бізге берген мәліметтері
бойынша, қазақ тілі қоғамдық өмірдің тек 10 саласында ғана бел
Саясат сынағы
— 595 —
сенді қызмет атқарады екен. Тілін кемсіту мен ығыстыру — тарихи
тұрғыдан да, аумақтық жағынан да заңды түрде республикаға атын
берген ұлтты қадірлемеудің ең қорлық түрі.
Тіпті кейбіреулер ұлт тіліндегі мектептер сол ұлттардың өзіне
зиян келтіреді-міс деген теория соғудан, соны Лениннің еңбегіне
сүйеніп айтудан да тайынбады. 1987 жылы 11 сәуірде өткен республи
калық идеологиялық кеңесте осы жөнінде тағы да сөз етілді. Сонда
заңғар заңгеріміз, академик Салық Зиманов аяқастынан сөз сұрап,
мінберге көтеріліп, Ленин түбелікті ұлттардың мектептеріне де, ол
мектептерде ана тілінде оқытуға да қарсы болмағанын бұлтартпай
тын уәждермен дәлелдеп шыққан. Лениннің әркім сілтеме жасап
жүрген әлгі сөзі мәтіндегі мәнінен суырылып алынғанын, ол мақала
революцияға дейін, 1913–1914 жылдары жазылған, бундшылардың
(РСДРП-ның құрамында бола жүріп, ұлт мәселесінде большевик
термен көп айтысып-тартысқан еврей социалистік партиясының
өкілдері) «ұлттық-мәдени автономия» жөніндегі ұрандарына қарсы
жазылғанын, сондағы сөздің кеңестік мектепке де, кеңестік кезеңдегі
большевиктік тіл саясатына да ешқандай қатысы жоқтығын қолмен
қойғандай көрсеткен. Республикалық кеңесті ұйымдастыруға жауапты
адам ретінде Орталық комитеттің идеология мәселелеріне жауапты
хатшысы Закаш Камалиденовті «Сіз мұның бәрін білмеуіңіз мүмкін
емес, сіз мұның бәрін білесіз, сіз тек аппараттағылардың жазғанына
сеніп қалғансыз, сізді аппаратыңыз ұятқа қалдырып тұр» деп, тап
бір қорғаштағандай сөйлеп, мақтамен бауыздағаны да есімізде.
Менің алдымда республиканы басқарып тұрған Г. Колбин қазақ
тілінің мәселесі қозғала қалса болды, ілеспе аударма деген бар ғой,
соны пайдалану керек қой дегенінен танбайтын. Ал шын мәнінде ол
кезде біздің ірі қоғамдық шаралардағы ілеспе аударма жасау әре
кетіміз бос әурешілік еді: қазақтар орыс тілін білетіндіктен, аударма
ны тыңдамайтын, ал басқалардың құлақ қоймайтыны — оларда қазақ
тілін білуге деген алып бара жатқан қажеттілік жоқ. Алматыдағы екі
залда ғана (Орталық комитеттің пленум залында, Жоғарғы Кеңестің
отырыс залында) ілеспе аудармаға қажетті техникалық жарақтанды
ру жасалғанын, басқа жерде ондай мүмкіндік болмағанын да айта
кетейін. Облыстарда, аудандарда ілеспе аударма деген сөздің өзін
жаңа естіп жатқан кез.
Бұған кім кінәлі? Тоқырау кезеңі мен оның алдындағы жылдар
дың түйсіксіз саясаты ғана емес, қазақтілді жұртшылықтың өзі де
кінәлі. Біз орыстілді тұрғындарды қазақтың мәдениеті мен халықтық
дәстүрлеріне тартуға талпынып жарытпадық. Айтыс та өтіп жатады,
Наурыз да тойланады, ал орыстілді жұртшылық көлденең қала береді
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 596 —
де, кілең қазақы шаралар тек қазақтар үшін жасалады. Сондықтан,
кейін анықталғанындай, көпке танымал «Тамаша» концерт бағдар
ламасы өткен Целиноградтағы Тыңгерлер сарайынан шығып келе
жатқан қалың қазақты көрген облыстық партия комитеті кезекшісінің
милиция жасағын шақырта қойған масқарасына таңдануға бола ма?!
Қазақ тілінің өскелең ұрпаққа білім берудегі қолданыс аясы да тым
мардымсыз күйінде қалып отырған-ды. Қазақ орта мектептерінің
көптеген түлегі орыс тілін жеткілікті дәрежеде меңгеріп кете алмай
тынынан қиыншылық көргені жасырын емес еді.
Көп мәселе өзімізге, қазақтарға келіп тірелетін. Ол кезде қазақтар
дың талайы ана тілін білмейтін. Өзің сөйлемей тұрған тілді басқадан
қалай талап етерсің? Өзге жақтан келсең, қазақ тілі жоқ жерде өссең
бір жөн. Айтқандай, осындай бір жағдай есіме түсіп отыр. Ресейдің
Кемеров облысын жиырма жылдан артық басқарған Аман Төлеев
біздің қандасымыз. Арғы түбі Маңғыстаудан. Өмір бойы дерлік Ре
сейде тұрған, сонда жұмыс істеген. Оған қандай сын тағарсың? Соның
өзінде де ол Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайында сөз
сөйлегенінде әдейі айтқаным бар: «Аман, сенің мынауың не! Қазақ
шаны қашан үйренесің?» деп. «Келісемін, — дейді ол, — ана тіліңді
білмеу — ұят, Нұрсұлтан Әбішұлы! Түзелуге уәде беремін! Тек маған
жап-жас әрі сұлу мұғалиманы бекітіп берсеңіз болды». Сөз тауып
кетті. Ол бұл жайында өзінің «С моих слов записано верно» деген
атпен шыққан өмірбаяндық сұхбат кітабында әңгімелепті. Бірақ қа
зақша білмейтін қазақтардың бәріне жап-жас әрі сұлу мұғалиманы
қайдан тауып бере берерсің!..
Тіл — қолданыста болғанда ғана тірі, ұлт — қоғамдық қатынастарда
белсенді түрде пайдаланылатын кемел тілі бар болғанда ғана тірі.
Бұл — күллі адамзат тарихындағы айна-қатесіз ақиқат. Сонда біздің
тіліміз қандай тіл? Сонда біздің ұлтымыз қандай ұлт? Міне, мәселе
қайда!
Колбиннің тұсында мемлекеттік тіл мәртебесі жөніндегі әңгіме
қайта-қайта көтерілді. Орталық комитеттің бюро мүшелерінің ба
сым бөлігі мемлекеттік қазақ-орыс қос тілділігін бекітуді жақтауға
ойысып тұрды. Мемлекеттік тіл мәртебесін екі тілге қатар берейік
дегендердің арасында тіпті тілші ғалымдар да табылғаны өте өкінішті
еді. Өзінің ана тілін меңгермеген, меңгеруге мойыны жар бермейтін
нигилистердің осы ұстанымды құлай жақтағаны түсінікті. Олардың
қатары да едәуір қалың болатын. Сол кезде біз ұлттық интеллигенция
тарапынан қатты қолдау көрдік. Әсіресе Тіл білімі институтының
директоры, академик Әбдуәли Қайдаровтың азаматтық ерлігі, зия
лылық табандылығы ерекше тәнті еткенін атап айтқым келеді. Ол
Саясат сынағы
— 597 —
кісі Қазақстанда мемлекеттік тіл бір ғана тіл — қазақ тілі болуы керек
деген ұстанымынан еш қайтпады. Тіпті Колбиннің алдына екі рет
шақырылғанда да өзінің темірдей берік уәждерін алға тартып, көнбей
қойды. Орталық комитеттің идеологиялық бөлімінің меңгерушісі
Мырзатай Жолдасбеков академик ағасын алға тұтып, барған сайын
белең алып бара жатқан қоғамдық пікірге сүйеніп, қос мемлекеттік
тіл жөнінде бюро шешімін қабылдатуға шамасы келгенінше кедергі
жасап бақты.
Сөйтіп жүргенде Колбин Мәскеуге кетіп, қолымыз ұзарып сала
берді. Мемлекеттік тілді екі тіл етудің тиімсіздігін дәлелдеудің қа
мына кірістік. Мен алғашқы бюро отырысында-ақ мұндай жағдайда
азаматтардың бәрі екі мемлекеттік тілді бірдей білуге міндетті болып
шығады, ал бұл қазіргі таңда мүмкін емес, тіпті осының салдарынан
шиеленістер мен қақтығыстар туып кетуі ықтимал деген ойды көлде
нең тарттым. Бюро мүшелерінің біразы сол сәтте-ақ қатты ойланып
қалды… Енді осы ұстанымды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
жайлап насихаттап, қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал ете
бастадық. Тілдер туралы заңның жобасы жасалды. Түрлі ықтимал
нұсқалар қаралды. Талай рет жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар
мен ұзақ айтыстардан соң қазақ тілі жалғыз мемлекеттік тіл болып
қалдырылсын деген бір тұжырымға келдік, оған мемлекеттік және
жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тілмен қатар
орыс тілі ресми түрде қолданылады деген мазмұндағы маңызды ере
же қосылды. Сол кез үшін бұл проблеманың ең оңтайлы шешімі еді.
Бұған қоса белгілі бір тілді білмегені үшін азаматтардың құқығын
кемсітуге тыйым салынатыны жазылды. Жаңа заң жобасында бас
шылыққа алынған негізгі өлшем республикаға аты берілген халықтың
шынайы игілігіне басқа ұлт адамдарының құқықтары мен бостан
дықтарын шектеу арқылы жету мүмкін емес дейтін терең ой болды.
Түбелікті ұлттың тілін шынайы қорғау сындарлы шарадан — оның
мемлекеттік мәртебесін заң жүзінде бекітуден көрінгенін қалың
жұртшылық әділ мойындады. Дегенмен, осы қадамды жасай оты
рып, барлық тілдердің де еркін дамуына дәл осындай заң жолымен
кепілдік берілді. Бұл орайда орыс тілі әрбір ұлттың, әр адамның
қуатты зияткерлік әлеуеті рөлін сақтап қалды. Орыс тілі біздің мә
дениет байлығымыздың ажырамас бөлігі, ол әлемдік білімнің қалың
қатпарларын танудың қуатты құралы бола береді делінді. Жоғарыда
айтып кеткендей, тәуелсіздік жариялайтын жылы республикадағы
орыс ұлты, орыстілді азаматтардың ел халқындағы үлесі 60 пайыздан
астам еді. Осыны қалай ескермеуге болады?
Ендігі қалған шаруа, түпкілікті міндет — заңды қабылдау.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 598 —
Әрине, болашақ заңда көзделген басты мақсат — қазақ тілін ел
өміріндегі өзіне лайықты тұғырына қондыру. Оны бірден-бір мем
лекеттік тіл ету.
Бірақ… бұл кезде партияның беделі де төмендей бастаған.
Бұрынғыдай Жоғарғы Кеңеске тапсырма бере салатын кез келмеске
кеткен. Тек түсіндіру, ұғындыру, насихаттау жолымен ғана нәтижеге
жете алатын едік. Кез келген тілді тек декретпен мемлекеттік тіл етуге
болмайды. Мәселенің мәнісі қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде
нақты қалыптасуына қаржылық, ұйымдастырушылық, ғылыми-
әдістемелік тұрғыда жан-жақты жәрдемдесуге тіреліп тұрған еді, ал
бұл үшін жылдар бойғы табанды жұмыс талап етіледі.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі ең алдымен қазақтардың
өздеріне керек. Бұрын оның әдейі аз қажет етілуі салдарынан көптеген
қазақтардың өз ана тілін нашар білгеніне немесе талайының мүлдем
білмегеніне олар кінәлі емес. Екінші мемлекеттік тілді енгізу қазақ
тілін тұйықтап, іс жүзіндегі теңсіз жағдайын тереңдете түсер еді, ал
бұл қазақтарға жасалған тарихи әділетсіздік болар еді. Мұның өзі
бұрынғы империялық саясаттың салдарын жоюдағы біздің дәрмен
сіздігімізді де көрсететіні даусыз.
Тағы бір мәселе бар — қазақ тілін елдегі басты тіл етпеу қазақтарды
Орталық Азиядағы көрші халықтардың алдында кемшін жағдайға
қояды. Бұл ұдайы тұрақсыздандыру факторына айналып, ұлтшыл
дықты қолдаушы топтардың оны пайдаланып кетуіне мүмкіндік
туғызады. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі — орыс тілінің қолда
нылу аясын тарылтуға емес, қайта қазақтардың тілі жоғалып кетуін
болдырмауға және оны Қазақстандағы орыс тілінің деңгейіне дейін
көтеруге деген ұмтылыс екенін баршаның түсінуіне қол жеткізгеніміз
айта қаларлықтай нәтижеге айналды. Тіл төңірегіндегі айтыс-тартыс
кезінде орыс тілінің шектес жатқан Ресей тәрізді қуатты да мәңгілік
бесігі тұрғаны тәрізді маңызды жайт назардан тыс қалмады, мұндай
жағдайда осы ұлы тілге төніп тұрған қауіп бар деудің өзі қисынсыз.
Ал қазақ тіліне төнген қауіп аса зор еді. Сол қауіпті ерте бастан бол
жаған Ахмет Байтұрсынұлы «Сөзі жоғалған елдің өзі де жоғалады»
деп ескертіп кеткен.
Тіл тағдыры — ел тағдыры. Тіл барда ел де бар. Қазақ сөзінің зер
гері Ғабит Мүсірепов: «Ана тілі дегеніміз — сол тілді жасаған, жа
сап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын
да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі» деген. Халықтың
мәңгілігінің мәселесі… Қандай терең сөз! Кеше болмағанның бү
гін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ
ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас
Саясат сынағы
— 599 —
олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз. Егер ертеңгі келер ұрпақ мына
сайын дала төсінде бойыңды балқытып, жан дүниеңді шымырлата
тын ана тілінде сөйлемесе, онда ол күнге ұмтылудың да мәні шамалы
шығар деп ойлаған кездеріміз есімізде. Шүкір, енді ондай қауіптің
беті аулақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне
есті жұрттың бәрінің көзі жетті.
Нақты жұмыс «Ана тілі» аталатын қоғам құрудан басталды. Бірін
ші құрылтай жиналысы М. О. Әуезов атындағы драма театрында
өтті. Оның жұмысына республиканың бірінші басшысының қаты
суы біздің тіл мәселесіне қандайлық көңіл бөліп отырғанымызды
бадырайтып көрсете түсті. Қоғамды «Ана тілі» деп атауға келісім
берудегі ойымыз (ол кезде бар мәселе Орталық Комитетпен алдын
ала ақылдасылатын) Қазақстандағы барлық ұлттардың ана тілдерін
сақтауына, дамытуына септесетін ұйым құру еді. Өмірдің қай сала
сына да дендеп ене бастаған демократия бұл жолы да дегенін істетті.
Түстен кейінгі отырыстан-ақ қоғамды «Қазақ тілі» деп атау, қазақ
тілін өркендетуге ықыласты барша ұлт өкілдерін біріктіретін ұйымға
айналдыру жөнінде әңгіме көтеріліп кетті. Бұл ұсынысты жиналған
халық қызу қолдай жөнелді. Микрофонға жұлқына ұмтылатындар
көбейді. Қатты-қатты сөздер де шыға бастады. Мен пікірталасқа ара
ласпадым. Жұрттың айтқанының түйінін жазып алып қана отырдым.
Ақтөбеден келген бір жігіт (ұмытпасам, мамандығы дәрігер еді) қы
за-қыза келіп, айқайға да ауысты. Сол кезде ғана қолыма микрофон
алдым. «Дұрыс айтасың… Сенің орныңда, залда отырсам, мен сенен
де қатты айқайлар едім…» дедім. Театр толы халық жым-жырт бола
қалды. Дәл сол сәтте құрылтай делегаттары тіл мәселесінің қандайлық
нәзіктігін, оның жолы Қазақстандай республикада қыздың жолынан
да жіңішкелігін сезінді де, түсінді де, жаңа басшының туған тілінің
тағдырына осы елдің бір перзенті ретінде алаңдайтынына, бұл қиын
түйінді түбінде тарқата алатынына сенді де.
Тіл туралы тартыстың тағы бір тұсын келтіре кетейін.
Жоғарғы Кеңестің отырысында тіл туралы заңның мемлекеттік тіл
мәртебесіне қатысты баптары қаралып жатқан. Екі тілді тең ұстайық,
екеуін бірдей дамытайық, елдегі тыныштықты сақтайық деген сияқ
ты уәждермен сөйлеушілер көбейе бастаған кез еді. Дауыс беретін
уақыт жақындап қалған. Осы кезде жазушы Әбіш Кекілбаевқа сөз
беру ұсынылды. Әбіш онда әлі депутат емес. Сессияға шақырылған
қаламгер. Регламент бойынша отырыста заң жобаларын талқылау
барысында депутаттар ғана сөйлей алады. Сессияны жүргізіп отыр
ған академик Қилыбай Медеубековке ымдап, Әбіш Кекілбаевтың
сөйлегені дұрыс дегенді аңғарттым. Әбішке сөз берілді. Жиналған
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 600 —
жұртшылық бұл қалай болғаны деп таңданып үлгергенше, көмейін
қызыл тілі күйдірген шешен жазушы төгілдіріп ала жөнелді. Логика
сы мен эмоциясы тең шықты. Айтып-айтып келіп, назарын залдағы
ұлты өзге депутаттарға тіктеп, былай деді: «Немене, кеше ел басына
күн туғанда, тар үйімізден орын ығысып, төрімізді ұсынғанда, тар
тыңқы дастарқанымызды алдарыңызға жайып, жарты күлшемізді
ауыздарыңызға ұстағанда, біз күндердің күнінде, бүгінгідей демо
кратия орнатып кемелденеміз деп жатқан заманда, өз үйімізде өз
тілімізде сөйлеу үшін мына сіздерден бүйтіп жылап тұрып рұқсат
сұраймыз ғой деп ойлап па едік?!». Бұндай сөзге тебіренбеу, мұндай
ой қисынына тоқтамау қиын еді. Дереу үзіліс жариялаттырып жіберу
керектігін білдірдім.
Үзілістен кейін сөйлеген депутаттар жаңаша пікір айта бастады.
Мемлекеттік тіл бір тіл — қазақ тілі болсын дегенді көпшілігі қол
дап сөйлеуге көшті. Таласты бапты дауысқа салғанда мемлекеттік
тіл тек қазақ тілі болып белгіленетін шешім қабылданды. Кейін ол
анықтама 1993 жылғы Конституцияға да солай ауысты. Ақыр аяғын
да депутаттардың көпшілігі мынадай конституциялық қағиданы
қолдады: «Қазақстан Республикасында қазақ тілі мемлекеттік тіл
болып табылады. Орыс тілі ұлтаралық қатынастар тілі болып сана
лады. Мемлекет ұлтаралық тілдің және тағы да басқа тілдердің қол
дану аясының сақталуына кепілдік береді, олардың еркін дамуына
жағдай жасайды». Кейінірек бұл мәселе 1995 жылғы Конституцияда
басқаша шешілді. Жаңа Конституцияның сөзсіз үлкен жетістігі — тіл
мәселесінде ұлттық мүдделердің келісімді көптүрлілігін мүлтіксіз
қанағаттандыруы. Негізгі заңда: «Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жер
гілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ
тілімен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін
үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» деп
атап көрсетілді. Бұл ереже ел халқының бір бөлігінің өздерінің де,
ұрпақтарының да болашағы үшін алаңдауын қойғызды. Сонымен
бірге, шын мәнінде кең тараған орыс тілі заңды түрде ешқандай
мағына бермейтін «ұлтаралық қатынастар тілі» деген анықтамамен
аталуын тоқтатып, мемлекеттік тілмен бірдей қызмет атқаратын
конституциялық кепілдік алды.
Әйтсе де, тілге байланысты таласты жайлар әлі жеткілікті еді.
Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу жөнінде кезінде жан-жақты ойлас
тырылмай қабылданып кеткен кесте бар-ды. Қайта құру кезінде
бекітілген әлгі кесте бойынша, оңтүстіктегі облыстарды былай қой
ғанда, солтүстіктегі аудандардың біразында да іс қағаздарын қазақша
Саясат сынағы
— 601 —
жүргізуге ауысу тоқсаныншы жылдардың орта шенінде-ақ жүзеге
асып қалуы тиіс еді… Соны алға тартып, кейбір төрешілдер қазақ
тілін білмейтіндерге қысым көрсетуден де кетәрі еместігін танытты.
Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу жөніндегі уақыттан оза шапқан
шалағай шешімдердің зардабы көп болды, белгілі бір дәрежеде
қоғамдық шиеленіс туғызды. Біз бірлесе отырып, қазақ тілінің мем
лекеттік тіл ретіндегі мәртебесі республика жұртшылығының едәуір
бөлігін қоғамдық-саяси өмірден қағажу етпейтіндей оңтайлы жолын
таба алдық. 1993 жылғы Конституцияның жобасына келіп түскен
ұсыныстар бойынша мемлекеттік тілді білмегені бойынша азаматтар
дың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге тыйым салынатыны
жөніндегі қағидат қолдау тапты. Сол арқылы ел халқының белгілі
бір бөлігінің өздерінің, балаларының болашағына алаңдаушылығы
тыйылды. Олардың ертеңгі күнге деген сенімі арта түсті, ал мұның
өзі азаматтарды қазақстандық отаншылдық сезіміне тәрбиелеу үшін
қолайлы жағдай туғызды.
Иә, тіл — саясат. Саясатта кез келген әрекет қарсы әрекетті қозға
май қоймайтынын дәйім ескеру керек. Ал сол тұста кей жерлердегі
жиын-жиналыстарда жаңағыдай пікірлерге жауап ретінде тілдер
туралы заңның күшін жою талабы да қойылды. Әкімшілік басшылары
мен жергілікті кеңестер төрағаларының 1992 жылғы 11–12 қарашада
өткен республикалық кеңесінде осы мәселеге қатты қадалғаным,
«Тіл мәселесі ешбір жағдайда арзанқол популизмнің, көпірме сөзді
алыпсатарлықтың өзегіне айналмауы керек. Қабылданған заңды
тоқтатып қоюмен елде тыныштық орнатуға болады деп шынымен
біреулер ойлай ма екен? Қазақ тілінің мүшкіл жағдайда тұрғаны,
әңгіме осы тілді құтқару туралы болып отырғаны ниеті дұрыс адамға
қалайша түсініксіз? Біздің ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақта
рының тілі жойылып кетуге тиіс емес. Кім өз еркімен мылқау күйде
қалғысы келеді? » деп атап айтқаным есімде. Шынында да, қолданыс
тағы заңды қайта қарау дегеніңіз қазақ ұлтын тәуелсіздікке қолын
қатар жеткізген ұлттардың жанында қорлаумен тең болып шығатын
еді. Ақыр аяғында біздің тіл саясатымыз қазақ және орыс тілдерінің,
басқа да тілдердің дамуы үшін тиісті жағдай жасауы керек деген
ұстанымға жұрттың бәрі тоқтады.
«Қазақ тілі» қоғамы құрылған беттен-ақ тілге деген пікірдің түбе
гейлі өзгеруіне қозғау салып берді, халқымыздың баланы ана тілінде
тәрбиелеуге, оқытуға ынта-ықыласын арттырды. Қоғамның қозғау
салуымен ашылған «Ана тілі» газетінің таралымы аз жылдың аясын
да 100 мың данадан асып кетті. Алғашқы жылдардағы серпілістің
нақты мысалдарына қарайықшы. 1990 жылмен салыстырғанда, 1992
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 602 —
жылдың аяғында қазақ тілінде тәрбиеленетін мектепке дейінгі бала
лар мекемелерінің саны 291‑ге, аралас тілдегі балабақшаның саны
364‑ке өскен, жаңадан 292 қазақ мектебі ашылған. 1990 жылы 105
мың бала қазақ мектебінің табалдырығынан аттаса, 1992 жылғы оқу
жылында ондай мектептерге 145 мың балдырған барған. Үш жылда
бір жарым есе өсіп шыға келген! Жалпы, тәуелсіздіктің алғашқы
алты жылында ел мектептерінде қазақша оқитын балалардың үлесі
60 пайызға дейін көтерілген. Бұл шын мәнінде ұлт тарихындағы
бетбұрыстың басталғанының, халқымыздың келешекке деген сенімі
нығая түскенінің даусыз дәлелі еді.
Мемлекеттік органдарда іс жүргізу негізінен қазақ тіліне көшіріл
ді. Тәуелсіздік табалдырығында тұрғанда қазақ мектептерінде оқи
тын шәкірттердің жалпы саны 32 пайыз ғана болатын. Бүгінде екі
миллионнан астам бала, яғни оқушылардың 65 пайызы қазақша
оқиды. Қазақ тіліндегі газет-журналдардың беделі биіктеп, таралымы
көбейді. Мысалы, «Егемен Қазақстан» газетінің таралымы 200 мың
данадан асып түсті. Нағыз ел газетіне айналды. Еліміздегі кітаптардың
80 пайыздан астамы қазақ тілінде жарық көруде. Әлемдік ақыл-ой
дың ең озық үлгілері, дүниежүзі әдебиетінің інжу-маржандары қа
зақ тіліне аударылуда. «Қазақстан» телеарнасы 2010 жылдан бастап
бірыңғай мемлекеттік тілде хабар таратуға ауысты. Маманданды
рылған «Балапан», «Абай» телеарналары ашылды.
Орталық Азиядағы тарихы ортақ, тілі туыс өзбек, түрікмен ағайын
дарымыз егемендігін жариялағаннан кейін көп ұзатпай-ақ өздерінің
жазуын латын әліпбиіне ауыстыру туралы шешім шығарған болатын.
Содан бергі отыз жылдай уақыт ішінде ол елдерде қабылданған әліп
билер бірнеше рет өзгеріске түсті. Мұның өзі жазуды жаңартудың
қиын міндет екенін көрсетеді.
Бірақ қиын міндет деген орындалмайтын міндет деген сөз емес
қой. Латынға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы тех
нологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы
ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты.
Онсыз да балаларымыз мектепте ағылшын тілін оқып, сол арқылы
латын әріптерін үйреніп жатыр. Демек, жас буын үшін латынға кө
шуге ешқандай қиындық, кедергі болмайды. Біз ең алдымен болашақ
ұрпағымыз үшін осындай шешім қабылдадық.
Латын жазуындағы қазақ әліпбиін қалыптастыру оңай шаруа емес.
Оның сан түрлі нұсқалары талқылауға түскені, түпкілікті шешім
қабылдау қиынға соғып тұрғаны түсінікті. Бұл істе асығыстыққа са
лынудың жөні жоқ, бірақ оны тым кейінге ысыра беруге де болмай
ды, өйткені мұның өзі ұлттық өмірлік мүддесіне сай келеді. Келер
Саясат сынағы
— 603 —
күндерге керекті әліпбиді кемелдендіру үшін жеті рет өлшеп, бір
рет кескен жөн.
Тілімізді түлетудің төңірегінде басқа да түйткілді мәселелер бар.
Орыстілді мектептерде қазақ тілінің оқытылуы сын көтермейді. Сон
дықтан да қазақ тілі пәнін он жыл оқыған баланың қазақша еркін
сөйлей алмай шығуы таңданарлық жай болудан қалып тұр. Бұл ара
дағы кілтипан сол мектептердегі оқыту сапасының төмендігі, қазақ
тілін оқытудың мемлекеттік жүйесін елегісі келмейтіндер қатарының
қазірше қалыңдығы ғана емес. Негізгі кілтипан қазақ тілін өрістету
ісін алдымен қазақтардың өзі бастауы керектігін ескермейтінімізде.
Кезінде «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деп айтқаным бар еді.
Қазақтардың өз ана тіліне құрметі барша отандастарымыздың мем
лекеттік тілге деген құрметін арттыра түседі.
Бүгінгі және келер ұрпақтың міндеті — бабадан қалған басты бай
лықты болашаққа жарқыратып жеткізу. Қазақстанның мемлекеттік
тәуелсіздігін шын мәнінде баянды ете білсек, қазақ тілінің тағдыры
да баянды болады. Мемлекеттің өзі нағыз, кемел мемлекет болмай
тұрып, оның мемлекеттік тілі де өзіне лайықты тұғырына қона ал
майды. Тіл мәселесі — уақыттың еншісі. Санның артуымен, сапаның
орнығуымен бірте-бірте бәрі де орнына келетініне күмән жоқ. Солай
боларына өз басым кәміл сенемін.
БІРЛІК ПЕН ТІРЛІК
Конфуций адамды парасатқа үш жол жеткізетінін айтқан екен.
Көне дүние данышпаны ең жеңіл жол — еліктеу жолы, ең ізгі жол —
ой сарабы жолы, ең ауыр жол — өз тәжірибеңнің жолы депті.
Қазақстан тәуелсіздік тарихында сол үш жолдың ең ауырын таңдады.
Бастапқы жылдарда біздің елімізге сырттан жасалған теріс ықпал
аз болған жоқ. Ол кезеңде көптеген шетелдік бұқаралық ақпарат
құралдарының Қазақстанның және оның басшылығының атына
бағытталған сыни тұрғыдағы, үзілді-кесілді, кейде тіпті ақылға сый
майтын пікірлері мен ой-толғамдары жиі жарияланып жүрді. Әл
гілерде Қазақстанда реформа жүргізудің қаншалықты орындылығы,
шекараны қайта қарау мүмкіндігі сияқты неше түрлі мәселе өткір
қойылатын. Америка саясаттанушылары, атап айтқанда, Збигнев
Бжезинский республиканың көпұлтты құрамына байланысты этнос
тық ішкі қақтығыс алапатқа алып келеді, өйтпеген күнде бізді Ресей,
Қытай немесе мұсылман мемлекеттері жұтып қояды деген қауіп
білдіріп жатты. Мысал үшін оның «Шалқар шахмат тақтасы» деген
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 604 —
кітабынан үзінді келтірудің өзі жетіп жатыр: «Бұл республикаларда
элита өкілдері ғана емес, көп ұзамай қарапайым адамдардың өздері
де бара-бара ұлтшылдық көңіл күй ауанына көбірек берілуі, сөйтіп,
тегінде, халықтың басым бөлігінің мұсылмандық бағытқа бейімделе
түсуі болмай қоймайтын нәрсе. Қазақстанда, табиғат байлықтарының
қоры соншалықты мол, алайда халқының саны 20 миллиондай ғана,
оның өзі қазақтар мен славяндарға шамамен теңдей бөлінген осынау
елде, тілдік және ұлттық негіздегі жарықшақ, зады, уақыт өте келе
үлкейе беретін шығар».
Бжезинский — «жағыңа жылан жұмыртқаласын» деп қана қоя
салатын адам емес. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі
кеңесшісі, қырғи қабақ соғыстың бас идеологі ретінде дүйім дүниеге
танылған бұл сұңғыла саясаткердің кезінде жасаған саяси болжамда
рының бәрі дерлік расқа шықты. КСРО ыдырайды деп еді — ыдыра
ды. Социалистік лагерь тарайды деп еді — тарады. Қытай күшейеді
деп еді — күшейді. Ресей мен Украинаның арасы нашарлайды деп
еді — нашарлады. Оның «Украина кетсе, Ресей еуразиялық империя
болудан қалады», «Алайда егер Мәскеу 52 миллион адамдық халқы
және ірі ресурстары бар, Қара теңізге құлаш жаятын Украинаны
бақылауды қайтарып ала алса, онда Ресей өзінен-өзі қайтадан Еуропа
мен Азияны жайлап жатқан қуатты империялық мемлекетке айна
лудың құралына ие болып шыға келеді» деп тұрып жазғаны да осы
екі елдің арасындағы болашақ тайталастың табиғатын тамыршыдай
тап басқан сөз екенін көрсетті. 2022 жылдың басында Ресей Украина
жерінде милитаризм жүйесін іске асыртпау («демилитаризация»),
ұлтшылдықтан арылту («денацификация») деген мақсатпен «арнаулы
әскери операцияны» жүзеге асыруға кірісті.
Алайда Бжезинскийдің бір болжамы — Қазақстанда тілдік және
ұлттық негіздегі жарықшақ уақыт өте келе үлкейе береді деген бол
жамы расқа шықпады. Неге? Алдымен оның бұлай болжам жасағаны
неліктен деген сауалға жауап іздеп көрейік.
Жүзжылдықтар тоғысындағы әлемдік үдерістердің барысы адам
затқа толып жатқан қауіптер мен беймазалық әкелді. Солардың
бірі — ұлтаралық қатынастардың шиеленісуі. Еуропаның бірқатар
мемлекеттерінде дамушы елдерден жаппай көшіп-қону және соған
байланысты мәдени-ұлттық шиеленіс елеулі проблемаға айналып
кетті. Кейбір азиялық елдерде ұлттық негіздегі өткір қақтығыстар бо
лып тұрады. Таяу және Орта Шығыс, Оңтүстік Азия мемлекеттерінің
арасында діни-этностық себептер бойынша көп жылдардан бергі
қайшылық жалғасуда. Африкада этностық жанжалдар кейде тұтас ха
лықтардың бауырлар арасындағы соғысына ұласып жатады. Алғашқы
Саясат сынағы
— 605 —
жылдарда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірқатар өңірлерін
де де ұлтаралық проблемалардың шиеленісе түсуі анық байқалды.
Адамзат өмірінің барған сайын жаңа қырларын қамтып, әлемді
бірегейлендіре түскен жаһандану жағдайында ұлт мәселесі шие
ленісіп кетті.
Планетадағы этностық жанжалдардың себептері сан алуан. Де
генмен, олардың көпшілігінің негізінде басты үш проблема жатыр.
Біріншіден, жаһандану халықтардың ықпалдастығын кеңейте
түседі. Ол барлық қоғамға технология жетістіктерімен қауышуға
мүмкіндік береді, экономикалық құрылымдарды түбегейлі өзгер
теді, әлемді біртұтас коммуникациялық жүйеге айналдырады. Бірақ
сонымен бірге ол көптеген адамның бойында өзінің тарихи тамы
рынан — ұлттық бірегейлігінен, тілінен, мәдени және діни дәстүр
лерінен айрылып қалу секілді табиғи қауіп туындатады. Бұл сезімдер
кейде өзге этностық және діни құндылықтар иелерін жақтырмау
сезімін қоздырады.
Екіншіден, жаһандану салдарынан кейбір ұлттық мемлекеттерде
ішкі қайшылықтар көбейе түседі. Мемлекеттік шекаралар неғұрлым
ашық бола бастайды. Солар арқылы қоғамға өркениет игіліктері
ғана емес, көптеген жалпыәлемдік қатерлер де төнеді. Қауіпсіздік
тің бұрынғы тетіктері халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм,
есірткі транзиті және адам саудасы секілді құбылыстармен күресте
онша тиімді бола бермейді. Жаңадан «халықтар көшуінің» ауқымды
үдерісі, бір жағынан, заңсыз көші-қон проблемасын шиеленістіре
береді. Ол әлемнің көптеген мемлекеттерінің бұрынғы негізінен
бірұлттық қалпын бұзуға жетелейді.
Үшіншіден, әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешіл
меуі ұлтаралық жанжалдардың тамырына нәр береді. Әлемнің
әртүрлі өңірлерінің дамуындағы алшақтықтар, тіпті бір қоғамның
ішінде адамдардың әлеуметтік жағдайының біркелкі еместігі анық
құбылысқа айналды.
Он тоғызыншы ғасырда қазақ даласын отарлаудың нақты кезеңі
басталды. Алтай мен Атыраудың арасындағы алып кеңістікте әр
жер-әр жерден әскери бекіністер салуға кіріскен казактармен бір
ге қоныс аударушы крестьяндар ағыла бастады. Сарапшылардың
бағалауы бойынша, революцияға дейін қазақ жеріне ішкі Ресей
ден 1 миллион 150 мың адам көшіп келген. Ұжымдастыру кезінде
КСРО-ның орталық аудандарынан Қазақстанға 250 мың тәркілен
ген шаруалар жер аударылды. Отызыншы жылдарда өнеркәсіп
құрылысы үшін елдің барлық түкпірлерінен, негізінен еуропалық
бөлігінен 1,2 миллион адам көшірілді. Соғыс кезінде Қазақстанға
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 606 —
800 мыңға таяу неміс, 18,5 мың кәріс, 102 мың поляк, Кавказ халықта
рының 507 мың өкілі зорлықпен әкелінді. Қырым татарлары, месхет
түріктері, гректер, қалмақтар мен басқа да халықтардың өкілдері де
мұнда өз еркімен келген жоқ-ты. Айтқандай, егемендік алғандағы
елдік ұрандарды Қазақстанға кезінде күштеп көшірілген халықтар
өкілдерінің қызу қолдауы бәрімізді қуантқан. Олардың еліміздегі
туысқан халықтардың ортақ шаңырағы астындағы өздерінің орны
мен парызын лайықты пайымдай білгеніне сүйсінгенбіз. Айталық,
кәрістердің Қазақстанға жер аударылуының 60, 70, 80 жылдықта
ры олардың өз тарихындағы қайғылы күн ретінде ғана емес, жаңа
Отанымен қауышқан елеулі дата ретінде де атап өтілуі жан тебірен
терлік. Демек, мұның өзі жер аударылған халықтардың көкейін
дегі өздері саяси қуғын-сүргінге ұшыраса да, хал-қадері жеткенше
көмегін аямаған қазақтарға деген шын разылық сезімінің айғағы.
Сондықтан да еліміздің жер-жерінде «Қазақ халқына мың алғыс»
аталатын еңселі ескерткіштер бой көтерген.
Халықтарды күштеп қоныстандыру барысында республика халқы
1,5 миллион адамға көбейді. Соғыс кезінде біздің тар үйімізге балқар
отбасы орналасқанын мен осы кітапта жазғанмын. Тың игеруге
1,5 миллион адам келді, ал жабық әскери объектілер тағы 150 мың
адамды қабылдады. Басқа ведомстволардың жұмыс күшін «ұйымдас
тырып жинауын» және біздің республикаға өз бетімен келгендерді
есептемегеннің өзінде жағдай осындай еді. Жиырмасыншы ғасырдың
басынан бергі кезде Қазақстанға 5,6 миллион адам қоныс аударды,
соның ішінде жер аударылғандар мен көшірілгендерді есептемегенде,
3,5 миллион адам тәуелсіздіктің алдындағы соңғы 40–50 жыл ішінде
келді. Біздің жерімізге өз еркінен тыс қоныстанғандардың еш кінәсі
жоқ екенін айтудың өзі артық.
Сталиндік қылмысты ұжымдастырудың қасіретті салдарынан
1,5 миллионға таяу қазақ өмірден өтті. 1930–1932 жылдары 1,3 мил
лион қазақ КСРО-дан шеткеріге біржола көшіп кетті. Қазақстан үшін
қуғын-сүргін саясатының жойқын сипатын көрсететін екі деректі кел
тірейін. 1930 жылы республикада 5 миллион 873 мың адам тұратын.
Ал 1933 жылға қарай, яғни небәрі үш жылдан кейін халықтың саны
2 миллион 493 мың адамға дейін кеміп кетті. Негізгі себебі — аштық.
Қазақ ұлты өзінің жаңарған мемлекеттілігіне өткен бүкіл тарихын
дағы азабымен жетті.
Жаңа мемлекет, жаңа қоғам, жаңа жүйе құруды ұлттардың теңдігін
жария етуден бастаған большевиктердің, олардың ісін жалғастырған
коммунистердің ұлт мәселесін осыншама асқындырып алуының
себебі неде? Түптің түбінде КСРО-ны таратып тынған орталықтан
Саясат сынағы
— 607 —
ат-тонын ала қашушылықты қоздырған негізгі күш тап осы ұлттық
проблемалар болып шыққаны қалай?
Мәселе мынада. Жиырмасыншы ғасырдың аяғындағы алапат
оқиғалар марксизмнің түбегейлі қағидаларының бірін — ұлттық
сипаттан таптық сипат жоғары тұрады деген қисынын түбірімен
тас-талқан етті. Байырғы да, кейінгі де марксистер, мәселеге тек тап
тық тұрғыдан келіп, ұлттық процестер мен ұлттық қатынастарда
күллі ұлт болып жұмыла білу факторының мейлінше өміршеңдігіне
тиісті көңіл бөлмеді. Алайда тарихтың тәжірибесі, қоғамның дамуы
ұлттық, этникалық фактордың маңызын күшейте түспесе, азайта
түскен жоқ. Айталық, бұрынғы Одақтың қомақты бөлігін иемденіп
жатқан Орталық Азия аймағындағы ұлттық, әлеуметтік процестердің
қалыптасуы мен дамуына отбасылық, діни, дәстүрлі билік институт
тарының тигізер ықпалына ешкім мән бере қоймады. Ал негізінде
Кеңестер Одағында ұлттық қатынас типтері сан алуан еді. Сондықтан
да Балтық бойындағы, Орталық Азиядағы, Кавказдағы ахуалдарды
реттеудің жүйелері түп-төркіндерінің әрқилылығына байланысты,
әрқилы өрістеуі ықтимал процестердің бағыт-бағдарына лайықталып,
әр алуан сипатта құрылуы тиіс еді.
Бірегей сан ұлттылығы бола тұра, Қазақстан өз тәуелсіздігінің
бастапқы белесінен-ақ ТМД елдеріндегі біздің жақын көршілеріміздің
қайғылы тағдырын қайталаған жоқ. Біз мемлекетіміздегі татулық
пен ұлтаралық тұрақтылықты сақтай алатынымызға кәміл сенімді
болдық.
Бұл сенім неге негізделді?
Ұлттық мәселені шешудің үш жолы бар деп есептеледі.
Біріншісі — кейбір елдер ұлты басқа халықты «мүйіздеу» саяса
тын жүргізеді, ал бұл қоныс аударып келгендерді жатырқамай қар
сы алатын қазақ халқына ешқашан тән болған емес. Бір халықтың
екінші халыққа кінә артуы еш мағынасыз және арты қауіпті екенін
ешкімге де түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Тайталас жолы орасан
зор сілкіністерге және адам құрбандығына соқтырады.
Екіншісі — ұлттық мәселеге мүлдем мән бермеу, сөйтіп, бұл про
блемалар өзінен-өзі шешіледі деп сену. Бірақ бұл да біз таңдайтын
жол емес.
Үшінші жол — өзіміз жүріп келе жатқан, көп еңбекті және ты
нымсыз жұмысты талап ететін, бірақ ең сенімді жол. Бұл — түйісу
нүктелерін іздеу, халықтар арасындағы келісім мен сенім аймақтарын
кеңейту жолы. Келісім саясаты мен парасатты ұлттық стратегиясыз
біз ешқандай міндеттерді шеше алмайтын едік.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 608 —
Біз әрқашан да сақ болып, алуан түрлі саяси жымысқы әрекет
тер ұлтаралық қана емес, сонымен қатар ұлтішілік жанжалдарды
туғызатын нақты қауіптің бар екенін ешқашан ұмытпауымыз керек.
Өйткені қазіргі қасіреттердің көп жағдайда әртүрлі этностар ара
сындағы алауыздыққа ғана емес, ұлттардың өз ішіндегі іріткіге де
тікелей байланысты болатынын көріп жүрміз.
Тәуелсіздіктің бастапқы белесінде бұл мәселе бізді кәдімгідей
алаңдатты. 1992 жылғы қарашада «Қазақ тілі» қоғамының ІІ құрыл
тайында: «Қазақтың қыр соңынан қалмай келе жатқан тағы бір дерт
туралы айтпай тұра алмаймын. Республика Президенті ретінде мені
ұлттық бірліктің жайы кәдімгідей алаңдатып отыр. Жүзге, руға
бөлінушілік жөнінде әңгіме көбейіп барады. Бұның өзі қоғамды
артқа тартатын, ұлт тұтастығына нұқсан келтіретін нәрсе. Өркениетті
дүниеде арғы тегім бәлен тайпадан деудің өзі ұят саналады. Ал біздің
біраз ағайын ата-бабаларының тұсындағы атауды әлі жамылып жүр.
Ол былай тұрсын, руы бойынша жақындасу, бірігу, тіпті «бір атаның
балалары» бас қосқан жиындар өткізу, қор құру сияқты жайлар бой
көрсетуде. Біз тіпті кейінгі кездегі түрліше мерейтойлардың өзін
бәсекеге, батыр санасып, би салыстыруға пайдаланып барамыз. Бұл —
масқара. Басқа айтар сөзім жоқ. Біз бүйтіп ел бола алмаймыз. Досқа
күлкі, дұшпанға таба боламыз. Біртұтас мемлекет құрып, тәуелсіздік
алғанда басымыз қосылмаса, мұны келер ұрпақ кешірмейді, тарих
кешірмейді», — деп ашына, ашыла айтқанмын. Амал нешік, сол
сөздерді отыз жылдан кейін де еске салып өту артық етпейін деп тұр.
Тіл туралы әңгіменің біразын 1998 жылы 17 наурызда өнер, мәде
ниет және ғылым саласындағы зиялы қауымның танымал өкілдерімен
кездесуде егжей-тегжейлі айтып өткенмін. Сонда сөйлеушілердің
бірі менің дәйім екі тілді — қазақша мен орысшаны араластыра қол
данатынымды жұқалап сынға да алды. Осыған байланысты «Мен —
көпұлтты, көпдінді, көптілді елдің президентімін. Қазақстанның бұл
жағдайы — талай заманғы, әсіресе кейінгі екі ғасырдағы саясаттың
салдары. Өз қызметімде республикадағы барлық ұлттар мен ұлыстар
дың ортақ мүддесін жүзеге асыруды көздеймін. Мұндай мемлекетті
ойдағыдай басқарудың мұнан басқа жолы жоқ. Ең маңыздысы — бұл
саясаттың осы елдің негізгі этносы болып табылатын қазақ халқы
ның ұлттық мүдделеріне нұқсан келтірмеуі. Бұл міндет ешқашан
да есімнен шыққан емес. Шықпайды да» деп нығарлап айтуға тура
келген еді. Тағы бір кездесуде танымал жазушы азамат «Қазақтың
жайын кім ойлайды?» деп қалғанда, бетіне тіке қарап: «Ал мен нені
ойлап жүрмін?» — дегенмін.
Саясат сынағы
— 609 —
Халықтың бірұлттық құрамы барлық қырсықтың емі деп үміт
тенудің жөні жоқ. Түрлі әулеттердің, өңірлік топтардың арасын
дағы күрес кейбір ұлттардың өзін-өзі жоя жаздаған соғыстарына
ұласқанын біз жақсы білеміз. Қазіргі Ауғанстандағы жағдай осындай.
Америкалықтар тастап шыққан ол елдің тарқатылмаған түйіндері
енді көбеймесе, азаймайтынын қазірдің өзінде айта беруге болады.
Мұндай жағдай кезінде ТМД аумағындағы кейбір елдерде де орын
алған. Азамат соғысына ұрынғанға дейін 5,6 миллион халқы бар
Тәжікстан ұрыс қимылдары барысында 300 мыңнан астам адамынан
айырылды. Босқындар мен жер ауғандардың саны, кейбір есептерге
қарағанда, 1,5 миллионнан астам, олардың жартысы елден кеткен.
1991 жылдың күзінде, КСРО ыдырап жатқан кезде бітімгерлік
миссиясымен Таулы Қарабаққа барғанымда ұлтаралық өшпенділіктің
шыңырау құзы қаншалықты тереңдігін, адамдардың бір-біріне ызасы
мен ашуы қаншалықты көрсоқыр болатынын, бейбіт өмір мен аяусыз
қан төгу бөліп тұратын шек қаншалықты жұқа екенін, жараны, азап
шеккен жүрек пен зердені емдеудің қаншалықты қиындығын айқын
сезіндім. Нақ сол кезде осының бәрі санама терең ұялап, өзіме-өзім
этносаралық араздық дүлейі ешқашан сыртқа шықпас үшін бәрін
істеймін деп іштей ант бергендей едім. Иә, өзге ұлттар өкілдерінің
қазақ жерінде мыңдап емес, миллиондап өмір сүруі — есептеспеуге
болмайтын фактор. Әлемнің арғы-бергідегі білгір дейтін саясаткер
лерінің ой қисынына салсақ, бұл қандай социумның да «Ахиллес
өкшесі» саналады. Мемлекет басшысы ретінде мен қабылдап алған
«мұра» осындай. Ал бұл «мұра» жақсы ма, жаман ба? Мемлекеттің
көпэтностылығы кемістік пе, жетістік пе? Жаңа елдің іргетасын қа
лауға кіріскенімізде кемістік саналды.
Біз көпұлттылықты жетістікке айналдыра алдық. Еліміздің еге
мендік тарихындағы ең басты табысы да осы.
Түбегейлі экономикалық және демократиялық жаңғыртуларды
моноұлтты мемлекетте ғана тиімді жүзеге асыруға болады деп са
найтындарды мен ешқашан қолдаған емеспін. Халықтардың алапат
араласып-құраласуы басталмай тұрып-ақ, жаһандану желі жұмыр
жердің қиыр-қиырына жетпей тұрып-ақ, баяғы заманның өзінде
талай елдің аясында сан түрлі ұлт пен ұлыс ұйыса өмір сүргенін біз
тарихтан жақсы білеміз. Әр халық, яғни әр этномәдени қауымдастық
өзінің мемлекеттілігіне ие бола алады деп сену де кәдімгі аңызға
сенетін аңғалдықтың тап өзі. Мына әлемде үш мыңдай халық бар,
ал мемлекеттер саны екі жүзге де жетпейді. Сондықтан көпэтнос
тылық қазіргі дүниедегі қалыпты жай. Көпэтностылық бар жерде
ұлт мәселесінің болуы да заңды. Ұлтаралық қатынастар өрісінде
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 610 —
туындайтын проблемаларды шешу тоталитаризм тұсындағыдан гөрі
либералдық қоғам жағдайында әлдеқайда күрделі. Бұрын мұндай
мәселелерді мемлекет қудалау, жазалау, ұрып-соғу, қуалау жолымен
«шеше салатын».
80-жылдардың соңында қатты шиеленіскен ұлттық қатынастар
дағы қарама-қайшылықтар халықтардың сана-сезімін ұзақ жылдар
бойы жаныштаудың салдарынан туған-ды. Нақ осы сала қоғамдағы
толғағы жеткен проблемалардың бүкіл тереңдігін танытатын неғұр
лым сезімтал барометр болып шықты. Мұның өзі бірқатар респуб
ликалардың тоталитарлық жүйеге ашық қарсы көтерілуіне жағдай
туғызды. Бұл істің басында Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан
оқиғасы тұрды, Балтық бойындағы, Кавказдағы республикаларда
бой көрсеткен бұлқыныстарға қазақ жастарының әділетсіздікке
қарсылығы серпін берді. Содан кейін барып, халықтардың ұлттық-
мемлекеттік теңсіздігі аса үлкен мемлекеттің саяси ыдырауының
басты негізіне айналды. Ақыр аяғында әлемдегі ең алып мемлекет
халықтардың нақты мемлекеттік егемендікке қол жеткізуге деген
табиғи ұмтылысына төтеп бере алмады.
Қазақстанның сыртқы саясаты ішкі мәселелермен, соның ішінде
ұлттық мәселелермен тығыз байланысты екенін есте ұстауымыздың
мәні үлкен. Менің Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі
идеям, басқа мәселелермен қоса, ұлтаралық, сондай-ақ мемлекетара
лық проблемалар мен қайшылықтарды өркениетті жолмен шешуді
көздеді. Егемен мемлекеттердің саяси тәуелсіздігін және этностық
бірегейлігін сақтау арқылы халықтардың бірлесуі — Еуразия кеңісті
гін бейбіт жолмен дамытудың бірден-бір парасатты және өркениетті
жолы. Басқа жол жоқ. Басқа жол тұйыққа тірейді. Арғы замандағы,
ашықтан-ашық отарлау кезіндегі ауыр ахуалды айтып, уақыт жоғалт
пай-ақ қояйын, лениндік ұлт саясаты деп аталған саясат жүргізілген
кезеңді ғана сөз етейін. Кеңестік тарихтан халықтар құқын табанға
салып таптаудың небір сорақы мысалдары табылады. Адамдардың
бейбіт күнде аштықтан миллиондап қырылуы, сүт бетіне шығатын
игі жақсылардың «халық жауы» атанып, жүз мыңдап атылуы, ай
далуы, тұтас халықтардың туған жерінен күштеп көшірілуі сияқты
сұрқиялылықтың алапат ауқымын адамзат баласы бұрын-соңды есті
ген де, білген де емес. Ресейдің белгілі тарихшысы Рой Медведевтің
есебі бойынша 1927–1953 жылдар аралығында КСРО-да шамамен
40 миллион адам қуғын-сүргінге ұшыраған екен. Басқалар бұдан да
асырып жазады.
Жазушы Оразбек Сәрсенбаев «Сын сағаты» деген мақаласында мені
«халқының тоқсан процентін өзбектер құрайтын Өзбекстанның емес,
Саясат сынағы
— 611 —
«халықтар достығының лабораториясына» айналған Қазақстанның
Президенті» деп сипаттаған еді. Сол қалған он пайыздық халыққа
байланысты да күрделі проблемалар туындаған кездер болғанын
білеміз. Қырғызстандағы Ош оқиғасы да орасан қайғы-қасіретке
соқтырғаны белгілі. Ағайындас халықтардың сол қанды қақтығысы
кезінде 893 адам өлтірілгенін ойласаң, сай-сүйегің сырқырайды.
Ұлтаралық қатынастардың түйінді мәселелері қай елдің де алдынан
ауық-ауық шығып тұрады.
Республика басшылығына келісімен, яғни Қазақстан компартиясы
Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайлана салысымен мен
алғашқы кездесулерімнің бірін (1989 жылғы 27 маусымда) жазушы
лармен, ғалымдармен, өнер адамдарымен, қоғам қайраткерлерімен
өткіздім. Шақырылған азаматтар өмірдің сан саласына қатысты сал
мақты пікірлер айтты. Солардың бірі — Қазақстанның халық жазушы
сы Иван Щеголихиннің Рим Папасының жүгенсіз капитализмнің
қаупі коммунизмнен кем түспейді деген сөзін келтіргені жадымда
жатталып қалды. Осы сөзден-ақ алдағы күндерде біздің бәрімізді
көп қиындықтар күтіп тұрғаны анық аңғарылған.
Әлеуметтану саласындағы зерттеу мәліметтері бойынша, 1992–1993
жылдары әрбір төртінші қазақстандықты ұлтаралық қатынастардың
ушығу қатері мазалаған. Көптеген адамдардың әуелде Қазақстан
ды ұлттық мемлекет ретінде мойындағысы келмегенін жасырып-
жабудың жөні жоқ. Екі миллионнан астам орыстың, 400 мың немістің
елден кетіп қалуының бір себебі де осы еді. Әрине, негізгі себебі —
өздері тарихи отан деп таныған елге оралуды қалауы. Осындай әңгіме
қозғалғанда Израильдің бұрынғы премьер-министрі Шимон Перес
пен арамызда болған әңгіме есіме түседі. Ол жеті жүз мыңға жуық
еврейдің Ресейден көшіп келгенін тілге тиек еткен еді. Сондай-ақ,
еврейлердің Ресейден басқа алыс шетелдерге аттанып жатқандары
қаншама. Бұл басқа ұлт өкілдерінің де басындағы жағдай: кейбір
деректерге қарағанда, кеңестен кейінгі кезеңде бұрынғы КСРО-дан
бір жарым миллион шамасында немістер кеткен. Алайда Ресейден
осындай үдере көшу үшін Кремльге кінә тағу кімнің ойына келген
екен? Әр адамның тұратын мекенін таңдауға ықтияры бар. Әлбет
те, қазақстандық орыстардың кейбіреулерінің Ресейді мекендеуді
қалағаны үшін қазақтардың титтей де кінәсі жоқ.
Орыс этносы өкілдерінің талайы КСРО тараған кезде қатты әбігерге
түсті. Бір сәтте талай адам өздерін шет елде тұрып жатқандай көрді.
Мұнда уақытша тұрмыз деген сезім қоздады. Алып империялар
ыдыраған кезде ондай катаклизмдер орын алмай қоймайды. Орыс
тардың, немістердің елден көптеп кетуіне қатты жаным ауырды.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 612 —
Олардың дені қалаларда тұратын, өнеркәсіпте ең білікті кәсіптерді
меңгергендер де солар еді, елдің жаңа экономикасын қалыптастыруға
қомақты үлес қоса алар еді. Бір жақсысы, теңдестірілген ұлт саясаты
көп ұзамай-ақ отандастарымыздың көкейіндегі күдік-күмәнді азайта
түсті — Қазақстаннан көшіп кетушілер қатары күрт кеміді.
Бұл кезеңде тағы бір ірі іс, игі іс қолға алынды. Тәуелсіздік жа
риялағанымызға жарты ай жаңа толғанда, нақты айтқанда — 1991
жылғы 31 желтоқсанда мен шет елдердегі қазақтарға арнап, радио
арқылы сөз сөйледім. Президент қызметіндегі алғашқы сөзімнің
бірін алыстағы ағайынға бағыштадым. «Қымбатты отандастар! Ежелгі
атамекенінен жырақтап қалған сіздерді кешегі күнге дейін ата-баба
жеріне қайта келе аламыз ба деген сұрақтың алаңдатып келгенін
мен жақсы білемін. Туған жердің түтіні де ыстық дейді халқымыз.
Қандас бауырларымызды байырғы ата қонысына тарту мақсатымен
адам құқы туралы еларалық ережелерді басшылыққа ала отырып,
Қазақстан Үкіметі «Басқа республикалардан және шет елдерден се
лолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамда
рын Қазақстанда қоныстандырудың тәртібі мен шарттары туралы»
арнаулы қаулы қабылдады. Сондықтан атамекенге келемін деуші
ағайындарға жол ашық. Ата-баба аруағы алдарыңыздан жарылқа
сын!», деген едім сонда. Көп ұзамай қазақ халқының тарихындағы
соңғы көш — шет елдердегі қандастарымыздың атамекенге ат басын
түзеген ұлы көші басталды. Келесі, 1992 жылдың күзінде Алматыда
Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы өткізілді. Оған әлемнің
отыздан астам елінен 700‑ден артық делегат қатысты.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орын
басары қызметінде көп шаруа тындырған қайраткер қаламгеріміз
Қалдарбек Найманбаев сол күндерді былай деп еске алған еді:
«Алматыға келгесін құрылтайдың әзірлігіне кірістік. Алғашқыда
дайындықтың жөн-жобасын сырттай бақылап жүрген Президент
құрылтайдың өтуіне жарты жыл қалғанда (Абай тойына дәл сөйтіп
кірісіп кетті ғой) әзірлік тізгінін өз қолына алды. Не керек, құрылтай
дүрілдеп өтті. Тойдың екінші күні, Абай атындағы Опера және балет
театрындағы жиында Түркиядан келген абыройлы ақсақал Дәлелхан
Жаналтай сөз алды.
— Бауырларым, — деп бастады да тоқтап қалды. Зал да тынып
отыр.
Егер мынау өмірде дозақ деген бар десек, сол дозақ отының та
лайынан өткен қайратты қарт аяқастынан еңкілдей жөнелсін. Мен
залға қарадым. Беторамалын қолына алғандар көп екен. Өзін-өзі
әрең, зорға тежеген Дәлелхан қажы:
Саясат сынағы
— 613 —
— Алыста жүріп, қазақпыз деуге бата алмайтын біз… Мұндай
күйге жетеміз деп кім ойлаған, — деді. — Өлгеніміз тірілді, өшкеніміз
жанды. Енді арман жоқ. Президентімізге Алланың нұры жаусын! Ел
дің басын қосты. Үлкен-кішімізді бірдей туған топыраққа алып келді.
Одан артық не керек? Бәріңізге бірлік тілеймін. Тыныштық тілеймін.
Сол күні халқымыздың тарихында тұңғыш рет Дүниежүзі қазақта
рының қауымдастығы құрылды».
Туған жерден алыста жүрген жандардың сағыныш сезімі жан
жүрегіңді тебірентеді. Түркияға алғаш барғанымдағы мына сәт әлі
көз алдымда. Ыстамбұл әуежайына түсе бергеннен-ақ қандастарымыз
қаумалап алды. Сәл шетке шығып, гүлзарға жақындағанымыз сол
еді, «Ақсарбас! Ақсарбас!» деген дауыс шығып, дайын тұрған жігіттер
үш бірдей ақ қошқарды шалып жіберді.
Иранда жиырма мың қазақ бар екен. Негізінен Гүрген деген жерде
тұрады екен. Солардың ішінен екі жүз адам төрт автобусқа мініп,
түнделетіп Тегеранға келіпті. Мақсат — тәуелсіз болған қазақ елінің
басшысын көру.
Қазақстан — отандастарды оралтумен мемлекеттік деңгейде ай
налысып жатқан әлемдегі үш елдің бірі. Германия мен Израиль
сияқты біз де бұл іске бюджеттен қаржы қарастырып отырмыз. Егер
Қазақстан Үкіметі тарапынан тиісті көңіл бөлінбесе, мемлекетаралық
байланыстар да халықаралық құжаттар арқылы реттелмесе, отан
дастарымыз туған жерге қалай келер еді? Келе алмас еді. Алғашқы
екі-үш жылдың өзінде Моңғолия, Иран, Түркия, Қытайдан көпте
ген отандастарымыз көшіп келді. ТМД елдерінен де көшіп келіп
жатқандар аз болмады. Жалпы, бұл жылдар ішінде ұзын саны мил
лионнан астам қандасымыз елге оралды деп шамаланады. Елге ел
қосылса — құт.
Қазақ мемлекеттілігінің бастапқы белесінде тілге, азаматтыққа,
миграцияға қатысты неше түрлі пікірталас тоқтаусыз жүріп жататын.
Тәуелсіздік қолға тиісімен ұлттық радикалдардың жеңіс эйфориясына
бой алдырғаны, орыс тілін ресми мәртебеден айыруды жақтағаны,
тіпті кей митингілерде орыстарды көшіруді талап еткен дауыстар да
шыққаны рас. Бұл бәле тілеп тұратын кейбіреулерге іздегенге сұраған
бола кетті. «Славян қозғалысы» делінетіннің басшылары осыны пай
даланып, «ұлтшылдықтың өршуі адамдарды елден кетуге шешім қа
былдауға, қос азаматтықты енгізу талабын қоюға, Ресей азаматтығын
алуға итермелеуде» деп мәлімдеме жасай қойды. Бұлардан туындаған
түйіндерді қалай тарқатқанымызды мен осы кітаптың «Соқпақсыз
сыртқы саясат» тарауында жазғанмын. Сол тұста қабылдаған дұрыс
шешімдеріміздің арқасында айналасы бірер жылдың ішінде-ақ осы
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 614 —
проблемаға байланысты алаңдайтын қазақстандықтардың саны
5–6 пайызға дейін төмендеген еді. Бұқаралық сананың жай-күйі —
сезімтал барометр. Ал ол қоғамның ұлтаралық қатынастар ахуалына
алаңдаушылығы ұдайы төмендеп келе жатқанын көрсетсе, мұның
өзі ұлттық саясат бағдарының дұрыс таңдап алынғанының айғағы.
Ақыры уақыт өзі бәрін орны-орнына қойып, біздің орын алған проб
лемаларды шешуге деген көзқарасымыздың дұрыстығын дәлелдеді.
Әйтсе де, этносаралық қатынастарда алдымыздан проблемалар
атымен шықпады деуге болмайды. Кейбіреуін еске түсіре кетейін.
1992 жылы Өскеменде төрт қазақ жігітінің шешен азаматтарының
қолынан қаза табуы елді дүр сілкіндірді. Суық хабар маған Респуб
лика сарайында отырғанымда жетті. Дәл сол күні «Бөбек» қорына
арналған телемарафон өтіп жатқан еді. Жанымда вице-премьер
Мырзатай Жолдасбеков бар. Шығыс Қазақстан облысының әкімі
телефонға шақырды. Ерекше жағдай болмаса, әкімнің президент
ті шақырмайтыны түсінікті. Әсіресе түнгі сағат он бірде. Әкімнің
ақпаратын тыңдап, тиісті тапсырмалар бердім де, орныма келдім.
Телемарафонның соңындағы жарты сағатқа зорға шыдадым. Залдан
шығып кетуге болмайды — алыпқашпа әңгіме гулеп ала жөнелер
еді. Тездетіп мемлекеттік комиссия құрдық, оларды түн ішінде ар
наулы ұшақпен Өскеменге аттандырдық. Ақпарат расталды: төрт
қазақ жігіті жауыздықпен өлтірілген, соны естіген қала тұрғындары
ашынып, іргеде орналасқан селоға қарай ағылған. Шұғыл жіберілген
әскер негізінен шешендер тұратын әлгі селоны қоршап алып, кек
алуға келген жұртты тоқтатты. Ақыры қылмыскерлер құқық қорғау
органдарының қолына берілді, шешен ақсақалдары кешірім сұрап,
қазақы кеңдіктің арқасында жағдай тұрақталды.
Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар кейін де қайталанып тұрды.
2006 жылғы тамызда Ақтаудағы орталық алаңға жиналған жұрт
шылық Кавказдан жұмыс іздеп келген тау халықтары өкілдерін елден
кетіруді талап етті. Сол жылдың қазанында Теңіз кен орнында қазақ
және түрік жұмысшыларының арасындағы жанжал жаппай төбе
леске ұласты. 2007 жылғы қазанда Оңтүстік Қазақстанның Төлеби
ауданындағы Маятас ауылында жергілікті қазақтар мен күрдтердің
қақтығысы өтті. Осының бәрі өкінішті, әрине. Дегенмен, дәтке қуат
ететін бір жай бар — мұндай тосын оқиғалардың ешқайсысы да
ашықтан-ашық жаппай зорлық-зомбылыққа ұласып кеткен жоқ.
1999 жылғы «Пугачев бүлігінің» де басталуынан аяқталуы тез бол
ды. Сол жылы Өскеменге Ресейден келген Виктор Казимирчук деген
біреу (өзін-өзі «Пугачев» деп атап алған) «революциялық романти
каға» елтіген шағын топты соңынан ертіп, Шығыс Қазақстан облыстық
Саясат сынағы
— 615 —
әкімшілігінің ғимаратын басып алуға әрекет жасады. Ондағы ойы —
облыс әкімі Виталий Меттені қызметтен кетуге көндіру, халықтың
қолдауына ие болып, «Орыс Алтайы республикасын» жариялау…
Жаңа «республиканы» әуелде Молдовадағы Приднестровье сияқты
ұстап тұру, бара-бара Ресейге қосылу… Қала тұрғындары оның сол
бутафориялық бүлігіне елең еткен де жоқ. Казимирчук жауапқа
тартылып, 18 жылға сотталды. Жеті жылдан кейін шартты түрде
бостандыққа шығып, келген жағына — Ресейіне кетті.
Журналист Супрунюк пен атаман Гунькин дегендердің төңіре
гіндегі дау-дамай да тез басылды: олардың екеуінің де бұрын заңды
бұзғаны үшін тергеуден қашып жүргендері дәлелденді. 1995 жылы
15 қарашада Ресейдің «Новая газета» басылымына берген сұхба
тымда былай деген екенмін: «Мәселе «Қазақстанда казактарды түр
меге отырғызып жатқанында» емес, Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарын бұзуға ешкімге жол берілмейтінінде.
Олардың жазықсыз немесе жазықты екенін сот айқындайды. Тек
заң бойынша шешіледі. Мен бұған берік кепілдік етемін. Өзім үшін
жан ауыртатын осы тақырыпты қорытарда мен Қазақстанда ұлттық
идеяға әбден берілген, Қазақстанды ең алдымен қазақтардың мем
лекеті ретінде көргісі келетін адамдардың аз еместігін ашық айтқым
бар. Мұны жасырмаймын. Ресей саясаткерлерінің біздегі орыстарды
қорғайтыны жөнінде әр мәлімдемесі жасалғаннан кейін-ақ маған
«Сен неге қазақтарды қорғайтыныңды мәлімдемейсің?» деп қысым
көрсете бастайды. Ортаға от тастап алатындай сөз бір-екі рет айтылып
қалса — бітті, жағдай бақылаудан шығып кетеді. Міне, сондықтан
да Қазақстанда бір ұлттың басқа ұлттардан артықшылығына жол
беруге болмайды. Барлық азаматтардың жүз пайыз тең құқықтығын
қамтамасыз еткенде ғана біз халықтар арасындағы тұрақтылық пен
жайлы қарым-қатынасты сақтай аламыз. Біз Қазақстаннан жұрттың
кеткенін қаламаймыз, ұлтаралық алауыздықты қаламаймыз. Қа
рапайым адамдардың бойында достық, түсіністік пен сенім сезімі
сақталып қалып отыр. Қазақстандағы татулық пен тыныштықты
қалпында ұстау — менің парызым».
Ресейдің Кеңестен кейінгі кеңістік институтының вице-прези
денті Евгений Кругловтың «Независимая газетадағы» мақаласынан
мына сөздерді келтірудің жөні бар: «Алайда Қазақстандағы орыс
мәселесі дегенді саудаға салу тыйылмай тұр. Өсек-аяңның негізгі
таратушылары — экс-премьер Әкежан Қажыгелдиннің төңірегіне ұй
лығып алған санаулы ғана, бірақ белсенді, байып біткен және айқай-
ұйқайшыл қайраткерлер тобы. Олар ұлттық қатынастар саласына
ерекше шімірікпей қарайды: ресейлік аудиторияға сөз арнағанда
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 616 —
Қазақстандағы орыстардың «сорлы қалпын» айтып, қайғы шеге қа
лады, батыстық аудиторияға сөз арнағанда «орыс ұлтшылдығынан»
төніп тұрған қатердің отын үрлей сөйлейді».
Кеңестік және ресейлік саяси қайраткер А. Яковлевтің бір мақа
ласындағы: «Ұлтшылдық — өмірде жолы болмаған, содан да енді өзі
сияқтылардың арасында ұлтты қорғау дейтін бүркенішпен қалқалау
ды мақсат ететін жексұрындардың келіп тығылатын соңғы бассауға
панасы. Олар ұлттың мүддесін қажет те қылмайды. Әйтпесе олар
осындай іс-әрекеттерінің неге апарып соғарын ойлаған болар еді»
деген сөздері еске түседі.
Этностар арасындағы тепе-теңдікті сақтамайынша, ұлтаралық қа
тынастарда нағыз әділеттілікті орнатпайынша елімізде тыныштық та
болмайтынын, келісімге де қол жетпейтінін біз тәуелсіздіктің алғашқы
күндерінен-ақ сергек сезіне алдық. Мен мұны жаңа мемлекеттілікті
қалыптастырудың қазақстандық нұсқасының айрықша белгісі деп
бағалар едім. Біз саяси тайталастың қантөгісті қақтығыстарға ұласуына
жол берген жоқпыз, біздегі парламенттік дағдарыстар қала көшелеріне
танктерді шығарудан аулақ тұрды, біз азаматтық қақтығыстарға жол
бермедік. Неге осылай болды? Өйткені этностық, діни және мәдени
қоғамдастықтар ықпалдасуының қазақстандық моделі баршаның
заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етті, қандай да бір кемсітушілік
ке, шеттетушілікке жол берген жоқ, сонымен қатар әр этностың
өзіндік бірегейлігі мен төл бітімін сақтап қалуға септесіп отырды.
Бұған қалай қол жеткіздік? Қазақстанның бірегейлігі этностардың
сан алуандығында екенін ескерудің, жаңа жағдайда тұрып жатқаны
мызды ұмытпаудың, ұлт мәселесін шешудің әмбебап амалы бол
майтынын айқын ұғынудың, ұлтаралық қатынастар эксперимент
жасайтын жер еместігін, бұл істе тоқсан тарау түйіндер мен түйт
кілдер тоғысатынын түсінудің арқасында қол жеткіздік.
Оның тетігін Қазақстан халқы Ассамблеясын құру арқылы таптық.
Отыз жылдық ел басқару жолымдағы ең сәтті шешімдердің бірі
Қазақстан халқы Ассамблеясын құру деп білемін. Мұндай институт
тың тоталитарлық қоғам жағдайында дүниеге келуі мүмкін емес еді.
Турасын айтсақ, ол жүйеге бұл керексіз еді. Өйткені ол кезде ұлттық
саясат өзгеше құралдармен жүзеге асырылатын. Иә, тоталитаризмге
халықтың тұтастығының қажеті жоқ. Ол ұлт мәселесін қолдан қиын
датып, халықтардың бір-біріне сенімсіздігін, күдікшілдігін арттыруға
мүдделі. Өйткені үрейге бой алдырған қоғамды билеу оңайға түседі.
Тоталитаризмге ұлттық тарихтың да қажеті жоқ. Ол ұлттың тарихи
жадын жойып, мәңгүрттік психологияны орнықтыруға мүдделі.
Өткенін білмейтін халықтың өзіне сенімі болмайды. Өзіне сенімі аз
Саясат сынағы
— 617 —
халықты айтқанға көндіре беру, айдағанға жүргізе беру онша қиын
емес. Тоталитарлық қоғам атаулының аңсайтыны да сол.
Ассамблея қызметінің нәтижелері тек Қазақстанда ғана танылып
қойған жоқ. Бүкіл әлемдегі беделді халықаралық ұйымдардың өкіл
дері Қазақстандағы ұлтаралық қатынастарды үйлесімді ету тәжіри
бесін зерделей келіп, оның зейін қоюға лайықты екенін атап көрсетті.
Мәселен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының
конференциясына қатысушылар, ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөнін
дегі Жоғарғы комиссары Макс ван дер Стул бас болып, осындай қо
рытындыға келді. Оның төрағалық етуімен Швейцарияда Қазақстан
дағы ұлттық саясат мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.
Төрағаның ЕҚЫҰ-да таратылған ресми мәлімдемесі: «Қазақстан
Республикасының басшылығы елдегі барлық этникалық топтардың
мүдделерін іске асыру және этносаралық қатынастарды одан әрі үй
лесімді ету үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ету саясатын дәйекті
түрде жүргізіп жатыр. Азаматтық институттар мен азаматтардың
көпшілігінің қолдауы және, ЕҚЫҰ-ны қоса алғанда, халықаралық
қоғамдастықтың жәрдем жасауы жағдайында осындай саясатқа бе
йімділік елдегі этносаралық қатынастарды әрі қарай тұрақтандыру
үшін берік негіз болып табылады», — деп жарияланды. Мұндай
жоғары халықаралық баға тектен-тек берілмейді, оның астарында
ауқымды да жүйелі жұмыс жатыр.
1995 жылы менің ұсынысым бойынша құрылған (әу баста Қазақстан
халықтары Ассамблеясы деп аталды, осы аттың өзінде біздің біртұтас
халық болып бірден біріге қалмағанымыз көрініп тұр) Ассамблея
ең бір қиын күндерде шын мәніндегі халық өкілеттілігінің органына
айнала алды. 2007 жылғы конституциялық реформа Ассамблеяны
жаңа сатыға көтерді — консультациялық-кеңесші органнан елдің
Негізгі Заңына енгізілген конституциялық институтқа айналдырды.
Шынын айтқанда, Ассамблея құрылғанға дейін мемлекеттің өкілетті
және атқарушы билік орындарында негізінен елдегі ірі этностардың
өкілдері бой көрсететін. Саны аз этностардың дауысы көбіне естіле
бермейтін. Олардың парламенттік сайлауда округтарда жеңіске
жету мүмкіндігі де аз еді. Кейіннен біз ол мәселені де шештік: Ас
самблеядан тоғыз адам Парламент Мәжілісіне сайланатын болды.
Олар да сайлаудың біраз белесінен өтетін. Алдымен ұлттық-мәдени
бірлестіктер өз кандидатураларын Ассамблея хатшылығына ұсына
ды, араларынан іріктеліп шыққандарын енді Ассамблея кеңесі дауыс
беру жолымен таңдайтын, сол екі електен өткен азаматтардың кан
дидатуралары Ассамблея сессиясында дауысқа түсетін. Мәжіліске
Ассамблеядан сайланған депутаттар этностар мәдениетіне қатысты
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 618 —
талай мәселелердің шешілуіне атсалысты. Мәжілістегі Қазақстан
халқы Ассамблеясының 30 адамдық депутаттық тобына палатадағы
партиялық фракциялардың өкілдері қатысқаны өте құптарлық. 2022
жылы бүкілхалықтық референдум бойынша Конституцияға енгізіл
ген өзгерістерде Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынатын 5 депутат
Президент шешімімен Сенат құрамына қосылатын болып белгіленді.
Қазақ елінің планетаның дәл осы тұсынан қоныс тебуі біздегі дос
тық дәстүрлерінің сан ғасырлық шежіресін жасап берді. Ассамблеяны
құрудың терең алғышарттары Қазақстанның және қазақ халқы та
рихының өзінде жатыр. Ұлы дала — түрлі халықтар мен этностарды
көп көрген өңір. Былайша айтқанда, жеті жұрт келіп, жеті жұрт
кеткен жер. Шығыс пен Батыстың дәлізі. Ұлы Жібек жолының күре
тамыры. Қазақтардың бойында, ойында ешкімді жатсынбау сезімі
баяғыдан қалыптасқан. Далалық кеңдіктің өзінде сан түрлі тіл мен
ділді көрген шыдамдылық пен төзімділік жатыр. «Кең болсаң, кем
болмайсың» — толеранттылықтың мұнан өткен түйінді формуласын
табу қиын. Осы кеңдік бүкіл Қазақстан халқына мұра болып ауысты,
жаңа мемлекеттің іргелі негіздерінің біріне айналды. Ассамблея
құрыла салысымен-ақ ұлттық радикалдар мен экстремистердің беті
қайта бастады — оларға бүкіл халық атынан ақыл айта алатын, қажет
кезде айып таға сөйлей алатын беделді ұйым пайда болған еді.
Әлемдік саясатта бұрын-соңды кездеспеген мұндай ұйымды құруға
менің бүкіл өмір жолым да себепкер еді десем, артық айтқандыққа
баланбас. Шамалғанда да, Қаскелеңде де, Днепродзержинскіде де,
Теміртауда да, Қарағандыда да дәйім көпұлтты ортада өстім, мені
жігіт, азамат етіп сондай орта қалыптастырды.
Ассамблея 1995 жылғы парламенттік дағдарыстан кейін мем
лекет басшысының өкілеттілігін 2000 жылға дейін ұзарту жөнінде
бүкілхалықтық референдум өткізу бастамасын көтеру арқылы ірі іс
тындырды. Сол тұста Ассамблея белгілі бір дәрежеде парламенттің
қызметін де атқарып кетті деудің артығы жоқ. Сессияға қатысқан 305
делегаттың 206‑сы шағын ассамблеяларда — облыстық мәслихаттарда,
ал қалғандары ұлттық-мәдени орталықтардан сайланған болатын,
осының өзі де бұл шешім халық шешімі ретінде шыққанын көрсетеді.
Біздің үлгімізден кейін басқа елдерде де осы тектес ассамблеялар
құрыла бастағаны көп жайды аңғартады. 1998 жылы Ресей халықта
ры Ассамблеясын құру кезінде Қазақстан тәжірибесі басшылыққа
алынғанын кезінде танымал саясаткер Рамазан Абуталипов ра
зылықпен айтқаны есімде. Ресей халықтары Ассамблеясы Кеңесінің
төрайымы Светлана Смирнованың: «Бүгінгі таңда да біздің ҚХА-дан
үйренеріміз бар. Қазақстанда мемлекет пен ұлттық-мәдени бірлестік
Саясат сынағы
— 619 —
тердің тізе қоса қызмет етуінің бірегей тәжірибесі жинақталған», —
деген бағасының да салмағы үлкен. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
хатшысы Кофи Аннанның Қазақстанға келіп кеткеннен кейін айтқан
«Қазақстан сан түрлі этностар тату өмір сүретін, этностық алуан
дылықты басқа түскен бәле емес, басқа қонған бақ деп білетін елдің
үлгісі бола алады» деген сөзін де орынды мақтаныш етеміз. Қалай
мақтаныш етпессің, егер Ассамблея арқылы Қазақстандағы барлық
этнос өкілдері өздерінің төл мәдениетін, салт-дәстүрлерін дамытуға,
ана тілін оқып-үйренуге, өмір болған соң туындамай тұрмайтын
мәселелерін билік орындарына жеткізуге, жүрекжарды сөздерін ҚХА
сессияларының мінберінен айтуға мүмкіндік алған болса.
Әйгілі кәсіби боксшы, WBA, ІBO, WBS нұсқалары бойынша әлем
чемпиондығын сан мәрте жеңіп алған Геннадий Головкин ҚХА сес
сиясында «Менің ұлтымды сұрағанда, былай деп жауап беремін:
«Менің әкем — орыс, шешем — кәріс, ал мен — қазақпын. Мен барлық
жеңісімді еліме, өз халқыма, өз Президентіме арнаймын!» дегенде
бүкіл зал дуылдата қол соққан. Сочи олимпиадасының қола жүлде
гері, мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тен «Қазақ халқы әлемдегі ең
жылы шырайлы және қонақжай халықтың бірі» аталған мақаласын
«Басқа ешбір елге ұқсамайтын ел — мен Қазақстанды өзімнің ше
телдік достарыма осылай сипаттаймын» деп бастаған. Иә, дәл солай.
Басқа жағын айтпағанда, Қазақстанның географиялық орналасуы
ның өзі ерекше ғой. Мұнда жұмыр жер бедерінің барлығы табылады:
биіктігі 7 мың метрлік Хан Тәңірі шыңы да осында, мұхит деңгейінен
132 метр төмен тұрған Қарақия ойысы да осында, бедірейіп жатқан
шөлді өңір Бетпақдала да осында, шалғыны жайқалған жер жаннаты
Жетісу да осында. Бізде тау да бар, бау да бар, шөл де бар, көл де бар.
Жыл мезгілдерінің төртеуі тұп-тұтас: аязды қыстан кейін көкорайлы
көктем келеді, одан кейін жарқырап жаз жетеді, жаздың аяғы қоңыр
күзге ұласады, қайтадан қыс түседі, солай жалғаса береді, жалғаса
береді. Біреуі қысқа, біреуі ұзын емес, бәрі өз уақытымен.
Өткен жылдар — біздің табыстарымыздың ғана жылдары емес.
Олар — осал тұстарымызды ашып көрсеткен, бізге төнген қауіп-
қатерлерді түсінуге көмектескен де жылдар. Бұл жылдар реформа
лардың табысты жүруімен қоса, тіпті мемлекеттің өзінің тұрақтылық
жағдайында өмір сүруі де ортақ үйіміздегі тыныштық пен татулыққа
тікелей байланысты екеніне көз жеткізді.
2020 жылғы 7 ақпандағы Қордай оқиғасы — бәріміз үшін ауыр
сабақ. Ол оқиға этностық радикализмнің кез келген түріне қатаң
тыйым салу мемлекет қауіпсіздігінің міндетті шарттарының бірі
екенін тағы да еске салып өтті. Оқиғаның артынша Қордайға барған
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 620 —
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тосын трагедия екі қылмыстық
топтың арасындағы заңсыз табыстар көзіне бақылау жасауға туған
таластан шыққанын мәлімдеді. Иә, біз этносаралық қақтығыс деп ат
қойып, айдар тағуға асығып тұратын оғаш жағдайлардың астарында
көбіне-көп әлеуметтік-экономикалық факторлар жатады.
Нарық біреулерді байытады, біреулерді кедейлетеді. Қоғамда бай
лар, кедейлер шығады. Бірте-бірте бай мен кедейдің арасы алшақтай
түседі. Енді «Ол неге бай? Мен неге кедеймін?» деген әңгіме көбейеді.
Бара-бара кімнің бай, кімнің кедей екеніне мән беріледі, одан да өтіп,
байлардың, кедейлердің қай ұлттан екені айтыла бастайды. Кей
біреулерде бұл алшақтық ұлтқа байланысты деген ұғым орнығады.
«Ол неге бай? Мен неге кедеймін?» деген сұрақ енді «Олар неге бай?
Біз неге кедейміз?» деген сұраққа ауысады.
2006 жылы Ассамблеяның ХІІ сессиясында сөйлеген сөзімде:
«Жоқшылық пен кедейшілік кезінде ұлтаралық қарым-қатынастарда
төзімділікке орын бола бермейді. Бұл — уақыт пен тәжірибе тезінен
өткен ақиқат. Бізде бейбітшілік пен келісім үшін берік іргетас
қаланған. Бүгінде еліміздің барлық этностық топтары әл-ауқаттың
жақсаруы мен экономикалық өрлеуді сезініп отыр. Соңғы жеті жылда
жан басына шаққандағы жалпы өнім Қазақстанда үш есе ұлғайды», —
деген болатынмын.
Алайда дүниежүзіндегі өзгеріп сала берген баға конъюнктурасына
байланысты негізгі шикізат түрлеріне бағаның күрт кемуі, сөйтіп ел
бюджетіне түсетін табыстың анағұрлым азаюы, дүркін-дүркін соғып
өткен әлемдік қаржы дағдарысынан туындаған теңге құнсыздануы,
әсіресе жаһанды жайлаған коронавирус пандемиясының адамдар
дың нақты табысын төмендетуі, жұмыссыздықты күшейтуі сияқты
ірі жайсыздықтар халықтың әл-ауқат деңгейін түсіріп тастады. Бұған
банктердің кредит саясатында жіберген қателіктері қосылды. Адамдар
дың төлем қабілетін ескермей, сұраған кредитін оңды-солды бере беру
ақыр аяғында қарызын қайтара алмайтындарды ашындыруға айналды.
Байқап отырсақ, біріншіден, ұлтаралық сипаты бар делініп жүр
ген кикілжіңдердің бәрі дерлік ауылдық жерлерден шығып жатады.
Екіншіден, ондай қақтығыстар жұртшылықтың нақты табысы жөні
нен төменгі орында тұрған өңірлерде, мысалы, Алматы, Жамбыл,
Түркістан сияқты облыстарда жиірек бой көрсетеді. Үшіншіден,
салыстырмалы түрдегі жұтау сезімі (депривация) ірі кәсіпорындар,
жылжымайтын мүлік басқа этнос өкілдеріне тиесілі болып келетін
жерлерде көбірек байқалады.
Мыңжылдықтар межесінде әлем этносаралық қатынастардың
қатты шиеленісу кезеңін бастан өткеруде. ХХІ ғасырдың басты проб
Саясат сынағы
— 621 —
лемаларының бірі — адамзаттың ұлтаралық татулықтың әмбебап
амалын таба алмауында. Бұл проблема орасан күйреткіш әлеуетке
ие, бейбітшілікке төнетін көптеген қатерлер мен сес көрсетулердің
негізінде осы жатыр.
Отыз жылдық тәуелсіздік тарихында осы мәселеде де біздің
үлесімізге тиген қиындықтар аз емес, бірақ басқа елдердің басынан
кешкенімен салыстырғанда, өтпелі кезеңнің көптеген қатерінен Қа
зақстан аман қалды және сол үшін шүкіршілік ете аламыз.
Ұлт мәселесінің түйінін біржолата тарқату еш мүмкін еместігіне
көзіміз жетіп келеді. Оны көсегесі көгерген дейтін, демократиясы
дамыған дейтін елдердің өзі жүзеге асыра алмай отыр. Осыған байла
нысты бізге ұлт мәселесін түпкілікті шешіп тастауға тырысушылықтан
бас тартып, түбегейлі түрде басқа стратегияға көшу қажет. Объек
тивті түрде туындап жататын қайшылықтарды сүрте салуға тырысу
әбес әурешілік. Алдағы кезде біздің бұл саладағы жұмысымыздың
басты бағыты сондай қайшылықтардың алдын алу, оның қатерлі
тайталастарға ұласып кетпеуіне қам жасау болуы тиіс.
СҮЙІНІШТЕР МЕН КҮЙІНІШТЕР
2022 жылдың ақпанында аса көрнекті қаламгеріміз Әбдіжәміл Нұр
пейісов жасы тоқсанның сегізіне қараған шақта өмірден өтті. Ғасырға
жуық ғұмыр кешті. Жас күнімізде «Қан мен терді» жата-жастана
оқып өскен біз осыдан жарты ғасыр бұрын, яғни трилогияның соңғы
кітабы «Күйреу» жарыққа шыққан кезден бері-ақ Әбеңді классик
деп таныдық. Сол биігінен түспей кетті. Марқұммен қоштасу сөзі
ретінде газетке жариялаған мақаласында танымал жазушымыз Дулат
Исабеков: «Жұрттың есінде бар шығар, Горбачев Алматыға келгенде
Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде жатқан Әбекеңді шақырып алды,
ол кісі сол күні ұшып келді де, ертесінде жиналысқа қатысып, өте
керемет баяндама жасағаны әлі есімізде», — деген екен.
Иә, солай болған. Қиын кез еді. Желтоқсан жарасы қанталап
тұрған. Қазақ жеріне табаны тиіп көрмеген Колбинді Қазақстанға
жіберіп, лаң салдырған адамның Алматыға алғаш рет жолы түскелі
жатыр. Елдің сөзін жеріне жеткізіп айтар адам іздегенде ойыма бір
ден Әбдіжәміл Нұрпейісов түсті. Мәскеуде екен. Телефон шалдым.
«Әбе, тез жетіңіз. Сіздің сөйлеуіңіз керек» деп.
Таңдауым дәл шықты. Әбе тіліп түсті. Желтоқсан оқиғасының
жай-жапсарын айқара ашты, республикадағы нақты жағдайды қол
мен қойғандай көрсетіп берді, орталықтың кеудемсоқтығы жалғаса
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 622 —
берсе, мұның аяғы немен тынуы мүмкін екенін де ескертті. Бір тұста
Горбачев мінбердегі адамның айтқанына назар салмаған сияқтанғы
сы келіп газет қарай бастағанда жазушы сөзін тоқтатып, «Михаил
Сергеевич, эти слова говорю я Вам» деп тіктеле қарағанда сасып та
қалған сәті әлі көз алдымда. Горбачев, әрине, опера театрындағы
кездесуде сөз сөйлеуге басқаны емес, дәл Нұрпейісовті неге қалаға
нымды түсінді. Бірақ маған Нұрпейісов неге сөйлейді деп айта ал
майтыны тағы белгілі. Неге сөйлемесін? Әлем таныған жазушы.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Бері қойғанда бүкіл
Кеңес Одағының сөз білер адамының бәрі мойындайды. Публицист
ретінде де аты әйгілі.
Елдік сынағындағы осындай жүздеген сәттің бірі бұл.
Көне дүние данышпаны Демокрит «Мемлекет басқару өнері —
өнер атаулының төресі» деген екен. Бұл сөзді мен де қуаттай аламын.
Мемуар кітабының бұл тараушасында мемлекетті қалыптастыру
саясатын саралау жолы, осы жолдағы түсіністік пен талас-тартыс,
сүйініштер мен күйініштер жайында әңгімелеуге бекініп отырмын.
Қазақстан — зайырлы мемлекет. Бұл — конституциялық қағидат.
Алайда біз мемлекеттің зайырлы сипатын дін еркіндігімен үйлестіруде
үйдей бәлеге бой алдырған сияқтымыз. Діннің рухсыздық пен аш
көздіктің алдындағы аса берік қорғаушы бөгеттердің бірі екенін,
халықтық даналықтың, мәдениеттер мен дәстүрлердің кей жағдайда
тіпті бірден-бір сақтаушысы болып келгенін ескере отырып, діни
сенім бостандығына кепілдік бердік. Мыңдаған мешіттер, шіркеу
лер, костельдер, синагогалар салынды. Сонымен бірге діннің діңгегі
дәстүрмен берік екенін де ұмытпауымыз керек еді. Бұл жағынан
ақсап жатқан тұстарымыз аз емес. Әңгіменің ашығына көшсек, дін
нің теріс ағымдарының жетегінде кеткен жастар азаймақ тұрмақ,
көбейіп барады. Ана бір жылдары мектепте хиджаб киюге бола ма,
болмай ма деген төңіректе баспасөз бетінде, теледидарда әжептәуір
әңгіме айтылғаны есте.
Көпдінді және көпұлтты ортада өскендігімнен шығар, мен хрис
тиандар мен мұсылмандардың арасындағы келіспеушілікті түсіне
бермейтінмін. Әрине, екі діннің де өзінің кемшіліктері мен кінәрат
тары бар. Христиандар крест жорықтарын жасаған, басқаша ойлай
тындарды отқа өртеген, тағы басқа да деген сияқты. Әйтсе де мұсыл
мандар да мінсіз емес, әсіресе әйелдердің құқын шектеуі, бір кезде
алда жүрген салаларда кейін қалғаны рас. Діндердің өздері жасап
алған қасаң қалыптарды қорғаштайтыны, бір-бірімен тіл табысуға
тырыспайтыны жаман. Бұл түптің түбінде елдердің қақтығысына
алып келуі мүмкін.
Саясат сынағы
— 623 —
Біз ұйымдастырған діндер съездері мәмілеге жету жолдарын із
дестіруді мақсат етеді. Барлық дінбасылар құдай бір дегенге тоқтай
ды. Онда неге сол бір құдайдың төңірегіне топтаспасқа немесе тіпті
болмағанда өзара тіл табыспасқа?
Бізді діннің саясилануы да алаңдатуы тиіс. Жекелеген діни топ
тардың мүддесі халықтың мүддесін қорғаумен бүркемеленген жерде
бұқаралық толқуларға бағыт беріледі, халықты саяси агрессияға итер
мелеген жерде, ерте ме, кеш пе, қан төгіледі. Жанжал отын тұтатушы
лар, әдетте, сүттен ақ, судан таза шығады, бірақ қантөгіске жол аша
тындар нақ солар болады. 2007 жылы Қарағандыда «Хизб ут Тахрир»
исламшылар тобының мүшелері билікті құлатуға, қазақ жерінде
ислам халифатын құруға әрекет еткені үшін тұтқындалып, сотталған
еді. 2016 жылы Ақтөбеде такфиризм аталатын деген ағымға (арғы
түбі — салафизм) қосылатын діншілдер тобы ИГИЛ-дің ресми өкілі
Абу Мухаммад аль-Аднанидің айтуы бойынша қарулы қарақшылық
жасады. Олар әуелі екі қару-жарақ дүкенін шабуылдап, олардың
иелерін өлтіріп, Ұлттық ұланның әскери бөліміне басып кірді. Бар
лығы 25 адам (оның 18‑і содырлар) өлді, 22 адам жарақат алды. 2022
жылғы қаңтар оқиғасында да діни фундаментализмнің қиратқыш
күші айқын көрінгені ақиқат. Бүлікшілердің талайы оқиға өтісімен
сандарын соғып қалып, сақалдарын сымпитып тастағанымен, ойран
шыл ой-сана сақалмен бірге санадан сыпырылып түсе салмайтыны
белгілі. Діни экстремизмнің қатері әлі де үлкен. Біздің ғасырлар бойы
қалыптасқан өнегелі салтымыз, дәстүрлі қалпымыз, ата-бабамыздан
қалған асыл бағытымыз бар. Сол жолмен жүрген абзал. Өзгенің қаң
сығы бізге таңсық бола алмайды. Тәуелсіз тарихымыздың алғашқы
белесінен алар бір ащы тағылым осы.
Саясат майданында өзің қолдайтын, өзіңді қолдайтын тұлғалар
мен де пікір алшақтығы болып жатады. Бірақ саясаттың басқа сала
лардан айырмашылығы сонда — мұнда әр үйлеспеушілік бойынша
таласқа түсу міндет емес, өз көзқарасыңды танытудың талай-талай
жолы бар. 2014 жылы баспасөз мәслихатында В. В. Путин менің атыма
жылы сөздерін арнай келіп, «ешқашан мемлекет болмаған аумақта
мемлекет құрды. Қазақтарда мемлекеттілік ешқашан болмаған —
мемлекеттілікті ол құрып берді. Бұл тұрғыдан қарағанда ол кеңестен
кейінгі кеңістік үшін де, Қазақстан үшін де атымен бөлек адам» деді.
Әрине, Владимир Владимирович мұны мені көтермелеу тұрғысында
айтты. Көрші елдің тарихын тұқырта қояйын деген ойдан аулақ екені
не сенімдімін. Сонымен бірге «қазақтарда мемлекеттілік ешқашан
болмаған» дегенді әрқилы ұғыну да мүмкін екені рас. Бұл сөз біздің
елімізде әжептәуір толқыныс туғызды. «Мир Путина. Россия и ее
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 624 —
лидер глазами Запада» кітабының авторы Анджела Стент сол тұстағы
ахуалға байланысты былай деп жазады: «Жауап тез қайтарылды. Қа
зақстан жедел түрде 1465 жылы құрылған Қазақ хандығының 550 жыл
дығын атап өту жоспарын жария етті. Назарбаев хандық «терминнің
бүгінгі пайымдалуы тұрғысынан қарағанда мемлекет деуге келмес те»
деп мойындағанымен, символдық мәні бар бұл датаны қолдан шыға
рып алу мүмкін емес еді. 2015 жылдың қыркүйегінде тыңғылықты
дайындықпен өткізілген мерекелік іс-шаралар кезінде дәстүрлі
киім-кешек, би көріністері, киіз үйлер (көшпелілердің дәстүрлі
тұрғынжайы), сондай-ақ Астана көшелерімен салтанатты шеру тарту
болды». Елдіктің ерен іс-шарасының, ұлыс тарихындағы ұлы оқиға
ның бұрыннан белгілі мерейлі белесінің көрші мемлекет басшысының
бірауыз сөзіне байланысты аталып өте салуы қисынға келмейтінін
дәлелдеудің қажеті шамалы. Қазақ хандығының 550 жылдығына
дайындық, әрине, ертерек ойластырылған. Аяқасты қолға алынбаған
дықтан да, оған қатысты іс-шаралар молынан ұйымдастырылды.
Мемлекеттілігіміздің мерейтойын бүкілхалықтық деңгейде осы
лай ауқымды атап өтуіміз қай жағынан да орынды шыққаны анық.
Мемлекеттілік дәстүрі әр елде әрқилы қалыптасады. Бізде әуелде
қағанат, кейіннен орда, одан соң хандық түрінде қалыптасты. Қазақ
хандығы өз алдына жеке ел болып, бұдан бес жарым ғасыр бұрын
ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы
дәуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы түрік
қағандығының, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орданың заңды мұрагері
еді. Атақты тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің деректері бо
йынша, 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде ерекше мәнді оқиға
болды — Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ұлысынан бөлініп,
Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді.
Осылайша, тарих сахнасына қазақ деген халық шығып, ұлан-ғайыр
өлке Қазақ жері деп атала бастады. Одан соң қасқа жолды Қасым
хан хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді.
Қазақта мемлекеттілік те болған, демократияның даусыз дәлелі —
ашық сайлау да болған. Оның бәрі сырт көз сыншылар тарапынан
да мойындалған. Алтын Орда заманынан бері қазақ жерінде билік
басына тек Шыңғыс әулетінен шыққандар келгенімен, олардың өз
арасынан іріктеу жолымен хан сайлауы өткізіліп отырған. Мұны таза
монархия деудің реті келмейді. Қазақстан Ресейге қосылатын кезеңде
екі ел арасында елшілікте жүрген М. Тевкелев «Қырғыз-қайсақта…
мұрагерлік жолымен хан болмайды, сайлау арқылы ғана хан болады»
деп жазған. Сол тұста Ресей отаршылдығының ойранды бастауында
Саясат сынағы
— 625 —
тұрған адамдардың бірі — Орынбор губернаторы И. И. Неплюев 1848
жылы 26 тамызда Ресей Сыртқы істер коллегиясына былай деп ха
барлаған: «Бұл қырғыз-қайсақта қалыптасқан салт бойынша ежелгі
хан-сұлтан әулетінің өкілдері мұрагерлік жолымен емес, халықтың
сайлауы бойынша ғана хандыққа жете алады. Ел ағалары және ха
лық қай сұлтанды қаласа, сол хан болып сайланады, ал ханның өкімі
мен беделі оның хандық дәрежесіне емес, халықтың қамын жеген
ой-парасаты мен өнімді іс-әрекетіне байланысты». Отар елінің орда
сын оңайлықпен мақтай қоймайтын адамдардың бұл сөздеріне көп
түсініктеменің қажеті жоқ.
Кітаптың мұның алдындағы тарауларында кеңестік кезеңдегі саяси
талас-тартыстар туралы біршама жазғанмын. Әсіресе, қайта құрудың
тұсында, тәуелсіздікке қол жеткізетін шақта неше түрлі қиындық алдан
шыққан еді. Төтенше жағдай жөніндегі комитет (ГКЧП) бүлігінен кейін
бедел біткеннен біржола айрылған Қазақстан компартиясы тарайтын
кездегі төтенше съезде маған залдан кейбіреулер «Біздің отырысымыз
ды партия жетекшісі өкілеттігін тапсырған Нұрсұлтан Назарбаев неге
жүргізеді?» деп айқайлаған. Қалай жүргізбейсің? Партияны тарату не
месе өзгерту керек емес пе? Сол жиында «Компартия барлық қылмысы
үшін тәубеге түсуі тиіс» дейтіндер де табылды. Кенес одағы Компартия
сының қатарында 18 миллион адам бар. Олардың бәрі бірдей партия
басшылығының істеріне қалай жауап бермекші? Ақыры компартия
Социалистік партияға айналдырылды. Кейін оның қайда кеткенін пар
тия мүшелерінің өзі білмей қалды-ау деймін. Серікболсын Әбділдин
құрған жаңа компартия да ықпалды күш бола алмады. Арада жыл
дар өткенде ол партия «Қазақстанның коммунистік халық партиясы»
аталды. «Коммунистік» деген сөзді ендігі жерде электораттың қолдауы
қиын екеніне көздері жеткен соң 2020 жылы «Қазақстанның халық пар
тиясы» деген жаңаша ат алды. Қазір Мәжілісте бірнеше депутаты бар.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мені кадрлар іріктеуде көбіне
бұрынғы партия қызметкерлеріне арқа сүйейді деген айыптаулар
көп айтылды. Енді қайтейін? Елде жалғыз партия болды. Қолынан
іс келетіннің бәрі сол жалғыз партияға қабылданды. Өзгеше ойлай
тындар, ортақ пікірге қосылмайтындар компартиядан сырт тұрды,
оларға басшылық қызмет берілген жоқ. Қызмет істемеген адам қа
лай шыңдалады, қалай өседі? Оның үстіне партиялық жетекшілік
жұмыста жүргендердің бәрін дерлік мен Орталық Комитеттің хат
шысы ретінде де, Үкімет төрағасы ретінде де, республиканың бірін
ші басшысы ретінде де жұмыс барысында көре алғанмын, сыннан
өткізе алғанмын. Мына менің өзім де дәл сол партия қызметінен өсіп
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 626 —
шыққан жоқпын ба? Демек, әуелгі бетте кадрларды партократтар,
партократ еместер деп бөлудің еш жөні жоқ еді. Алғаш таңдаған әкім
дер қатарындағы Ө. Байгелдидің, Ж. Кәрібжановтың, В. Гартманның,
Ш. Құлмахановтың, З. Нұрқаділовтің, С. Шауқамановтың, К. Укин
нің, Ф. Новиковтың, А. Браунның, С. Тұрсыновтың, Н. Есқалиевтің,
В. Брынкиннің, басқалардың бәрі де бұрын өздерін партиялық жұ
мыста танытқандар. Ол кезде партиялық жұмыс дегеннің өзі кәдімгі
шаруашылық жұмысының саясиланған түрі ғана. Бұл сапқа кейіндеу
қосылған С. Кулагин, Р. Шырдабаев, М. Үркімбаев, Б. Ізмұхамбетов,
Б. Сапарбаев, Қ. Көшербаев, С. Дәукеев, Ө. Шөкеев, Ә. Жақсыбеков,
И. Тасмағамбетов, П. Нефедов, Қ. Нағыманов, А. Бектемісов, Т. Ман
сұров, С. Түгелбаев, В. Метте, Т. Қадамбаев, С. Ахметов, Е. Қошанов,
Н. Ноғаев сияқты азаматтар да негізінен сенімнің үдесінен шыға
білді. Бәрін атап жату қиын-ақ. Аталған, аталмаған азаматтардың
барлығы өз уақытында, өз шамасынша сол кездегі қауырт жұмысқа
атсалысты. Әр жылдарда Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген
Н. Әбіқаев, О. Әбдікәрімов, А. Есімов, С. Қалмырзаев, Ә. Жақсыбеков,
М. Тәжин, Қ. Келімбетов, Н. Нығматулин, Ә. Исекешев, А. Мусин,
С. Үмбетов, Қ. Саудабаев, Б. Өтемұратов, тағы басқа әріптестерімнің
де көп көмегін көргенімді разылықпен айтамын.
Басшының бәрі бірдей барлық жағынан жақсы бола бермей
ді. Кешіріммен де қарау керек. Амангелді Бектемісов мамандығы
бойынша құрылысшы еді. Өзі инженер, тәжірибелі адам. Әкімдер
шаруашылықты білетіндерден шыққаны дұрыс деген оймен оны
Шығыс Қазақстан облысының әкімі етіп тағайындадым. Бір жолы
жазда облысқа бардым. Егінжайды көлікпен аралап келеміз. Маған
«Қараңызшы, жолдың екі жағындағы бидай жайқалып тұр» деп
екпіндеп әңгімелей бастады. Мәшинеде басқа адамдар да болған соң
үндемедім. Тоқтағаннан кейін өзіне: «Жаңағы жолдың екі жағындағы
көрсеткенің бидай емес — арпа. Айырмасын біліп алмайсың ба, тым
құрыса?» дедім. Осындай жағдайлар болып тұрады. Мінсіз маманды
қайдан таба береміз?
Адам деген сын сағатта танылады. Сондайда көзге түскендердің
бірі — Петр Нефедов. 1989 жылдың аяғында облыстық партия ұйы
мының бірінші хатшысы қызметіне бекітілген Е. А. Башмаковты
жұртшылыққа таныстыру үшін Қарағандыға жолым түсті. Жүрер
дің алдында Орталық Комитеттегі жоғары лауазымды біреу: «Жаңа
облыс басшысын ірі шахталардың бірінде, көп адамның көзінше
таныстырғаныңыз дұрыс болар еді. Бұл партия мен халық бірлігінің
айғағына айналар еді» деп ақыл қоса қалды. Ол да дұрыс екен дедім.
Саясат сынағы
— 627 —
Барған бетте-ақ оның сол тұстағы саяси ахуал үшін онша дұрыс емес
екеніне көзім жетті. Шахтерлер салғаннан улап-шулап ала жөнел
ді. Жаңа бірінші хатшының бұған дейін Орталық Комитетте хат
шы болғанына, мұның алдында Үкімет төрағасының орынбасары
қызметін атқарғанына қарайтын түрлері жоқ. Тіпті өзіңіз жақсы
білетін Қарағандыға сырттан адам әкелдіңіз деп мені кінәлауға көшті.
Төралқада менің жанымда «Карагандауголь» өндірістік бірлестігінің
Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы шахтасының дирек
торы отырған. Алғаш көрген адамым. Фамилиясы — Нефедов. Сол бір
кезде жиналыс тізгінін қолына ала бастады. Дереу өз адамдарына сөз
беріп жатқаны бадырайып көрініп тұр. Олар Башмаковты жақтайды,
әрине. Сондай екі-үш адам сөйлеп болғаны мұң екен, әлгі Нефедов:
«Шешім қабылданды! Бәрің жұмысқа барыңдар!» деп айқайлап жі
берді де, жиналысты жаба салды. Тәнті болдым. Сөйтсем, шахтерлер
директордан қатты қаймығады екен, оны тіпті Пиночет деп атайтын
көрінеді. Менімен қоштасып жатып Нефедов: «Нұрсұлтан Әбішұлы!
Қатқылдық пен қаталдық керек, әйтпесе бейберекеттік басталады»
деді. Оның батылдығы, кесімділігі маған ұнап қалды. Кейіннен Петр
Петровичті Қарағанды облысының әкімі етіп тағайындадым. Күрделі
облысты қиын кезде бес жыл ойдағыдай басқарды.
«Адал күйде қалғым келеді. Уақыт өте өзіңнің қателіктеріңді де
айқынырақ сезіне бастайсың» деп жазыпты Герхард Шрёдер. Мен
де қателіктер жайында ашық айтпақпын. Кезінде олардың кейбірін
көпшілік алдында жария еткенмін де. Мысалы, 1995 жылы Шығыс
Қазақстан облысына Леонид Десятникті әкім етіп қойдым. Оның
алдында менің кәсіпкерлік жөніндегі кеңесшім болып істеп еді, на
рықтық экономиканы біледі ғой, облыс кәсіпкерлерінің жұмысын
жандандырар деп сенгенмін. Қайтерсің, арада бес ай өтпей жатып,
оны орнынан алуға тура келді. Сол екі арада мемлекет қалтасы мен
өз қалтасын шатастырып үлгеріпті. Үстінен іс қозғалды. Кейін облыс
жұртшылығымен кездесуде осы кадрлық шешімімнің асығыс болға
нын мойындап, ғафу өтінгенмін.
Міндетті медициналық сақтандыру қорының (ФОМС) директоры
Талапкер Иманбаев қордың 100 млн. теңгесін (бұл ақша 1998 жылы
үлкен сома еді) мақсатсыз бөліп жібергені анықталғанда премьер
Қажыгелдин мұны абайсыз жасалған қадам, әлсіз банкке сәтсіз салым,
Иманбаев банк маманы болмағандықтан білмей қалған деп қорғаштап
бақты, қателіктен сабақ алды, енді жағдайды жөндейді деп сендірді.
Қызметінен де алмады. Ол лауазым премьердің құзыретіне жататын.
Сөйтіп жүргенімізде әлгі Иманбаев салық полициясының аузын
аңқайтып, шетелге қашты да кетті. Сол қашқаннан әлі қашып жүр.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 628 —
Тәуелсіздіктің бас жағында кадр саясатында ескі корпусқа —
бұрынғы партия қызметкерлеріне көбірек сенуге тура келгенін айт
тым ғой. Басқа амал да болмаған еді. Бір жақсысы, бұрынғы жүйеде
өзін лайықты танытқан азаматтардың көбі жаңа жағдайға тез бейім
деліп, нарықтық экономика, демократиялық басқару кезінде де жұ
мысты сәтімен жүргізе білді. Біз бәріміз тың тәсілдерді жүре-бара
үйрендік қой. Мынандай күлкілі жай еске түседі. Әкімдерді жинап,
нарық қоятын талаптар жөнінде екі сағаттай әңгіме өткізгенбіз. Жиын
соңынан Қызылорда облысының әкімі Сейілбек Шауқаманов келіп
тұр. «Нұреке, айтқандарыңыздан ештеңе түсінген жоқпын. Бірақ
берілген тапсырманың бәрін орындаймын» дейді… Адалдық та жақ
сы қасиет қой. Сейілбек біраз жыл Сыр өңірін білікті басқарып,
тәуелсіздікке өзіндік үлесін қосты. Ол өзі халықтың ішінен шыққан
азамат еді, ел де оны түсінетін. Ондай азаматтарды жүздеп атауға
болады. Облыс, қала, аудан, ауыл деңгейіндегі әкімдер, сан түрлі
министрлер, сан түрлі ведомстволардың басшылары мемлекеттілі
гімізді мығымдауға аянбай атсалысты.
Кеңес Одағы ыдырап, республикалар арасында мүлікті бөлу мәсе
лесі қиындаған кезде С. А. Терещенконы Үкімет басшысы етіп таға
йындадым. Сол кездегі келіссөздерде Терещенконың көмегі аз болған
жоқ. Ресей Үкіметінің басшысы В. Черномырдинмен, Орталық банк
төрағасы В. Геращенкомен келіссөздер жиі өтіп тұрды. Олармен
менің жеке қарым-қатынасым жақсы болғанымен, мәселе кейде
шешіліп, кейде шешілмей жататын. Содан В. Геращенконы арнайы
шақырдым. Сергей Александровичке: «Осымен бірге жүр, қалайда
мәселені келіс» дедім. Екеуі екі күн жоқ болып кетті. Үшінші күні
Терещенко келіп тұр. «Не істесеңіз де өзіңіз біліңіз, мен енді оның
қасында бола алмаймын» дейді. «Не болып қалды?». «Мен оның іш
кеніндей іше алмаймын»… Не істеу керек? «Сергей, сен енді тағы бір
күнге шыда, бізге керек ақшаға қалайда қол қойдыр» дедім. Сондағы
оның айтқан сөзі: «Осыдан өліп кетсем, менің отбасымның тағдырын
сізге сеніп қалдырамын»… Ол жылдары кейде мәселені осылай да
шешуге тура келген.
«Бәрін де кадр шешеді» деген сөз Сталиннен қалған дейді. Кімнен
қалса да, дұрыс сөз. Тәуелсіздік жылдарында кадрларды табу, тәрбие
леу, заман талабына бейімдеу оңайға түскен жоқ. Бас-аяғы кемінде
екі жүз елу жылдан артық уақытқа созылған бодандық, соның ішінде
Мәскеудің айтқанымен жүріп, айтқанымен тұрған жетпіс жылдан
астам мерзім ой-санамызды мәселені ақ патша шешеді, Кремль
шешеді, біздің міндет қойылған талапты орындау деген бағынышты
түсінікке әбден бейімдеп жіберген болатын. Қанша жерден бас қатыр
Саясат сынағы
— 629 —
ғаныңмен, шешім бәрібір басқа жақта қабылданатынын білгендік
тен де бастамашы ой тұқыртыла беретін. Әйтсе де, біз егемендіктің
бастапқы белесінен-ақ жаңа уақыттың ағымына сай келетін, талабына
жауап беретін кадрларды іріктеуге күш салдық. Мысалы, алғашқы
жылдардың өзінде сыртқы экономикалық байланыстардың барлық
негізгі бағыттары бойынша кадрларды оқытудың мемлекеттік бағдар
ламасын қабылдадық. Ол арқылы оқып шыққандар елге инвестиция
тартудың қыр-сырын тез арада-ақ меңгеріп алды. Басқа салалар
бойынша да осындай жұмыстар жүргізілді.
Кадрларды іріктегенде, көздеген өзгерістердің қарқыны мен
мерзімін белгілегенде, реформа жасаудың өзге елдердегі тәжіри
бесін сол күйінде көшіруге тырысқан тұстарымда өзімнің де жаза
басқан жерлерім болды десем, беделімді аяқ асты ете қоймаспын
деймін. Бірақ ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді деседі ғой.
Адам аласы ішінде. Бәрін бірдей жаза баспай тану оңай емес. Өзіңе
ұсыныс берген, мақтап-мадақтап сипаттаған айналаңдағы кісілерге
сенімсіздік көрсетудің де жөні жоқ кейде. Әйтсе де, басты мәселеде
қателескен жоқпыз деп кәміл сенемін. Қоғамды демократияланды
ру мен нарықтық экономиканы орнықтыруға ұстанған бағытымыз
дұрыс. Сондықтан «Сүйініштер мен күйініштер» деп аталған бұл
тараушаны қорыта келгенде тәуелсіздік жылдарында елдік жүгін бірге
көтеріскен адамдардың арасында күйіндіргеннен гөрі сүйіндіргендер
көп, әлдеқайда көп болғанын қадап айтқым бар. Күйіндіргендер
жайында да айтудың реті келеді әлі, өкінішке қарай.
ОППОЗИЦИЯ: ОЙЫН МЕН ОЙРАН
Алғашқы жылдарда жұрттың талайы өзіме қырын қарайтындай,
тап бір маған оппозицияда жүргендей көрінетін кездер аз болмайтын.
Жекешелендіру туралы, қаржы жүйесіндегі реформалар туралы,
ауыл шаруашылығы туралы, жер қойнауы туралы заңдарды қым-
қиғаш айтыс-тартыспен, зорға дегенде өткізгенбіз. Неге? Айналаңның
өзі толық қолдай қоймайды. Асықпайық дейді. Абайлайық дейді.
Нарыққа ауысамыз десең де, қарсылар шығады. Мұнай-газ нысан
дарын жекешелендіру керек десең де, қарсылар шығады. Басқаруға
шетелдік компанияларды тарту керек десең де, қарсылар шығады.
Оппозиция туралы тіпті айтар сөз жоқ. Оппозиция қалайда қарсы
шығуы тиіс деп саналады. Үстел басына отырып, ал не айтасыздар,
не ұсынасыздар десең, айтары шамалы, кейде тіпті кездесуге келе
қоятын адамы да табылмайды. Бір жолы вице-премьер Мырзатай
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 630 —
Жолдасбековке: «Әртүрлі топтардағы адамдарды шақырыңыз. Ашық
сөйлесейік» дедім. Ол: «Біз сөйлесіп жүрміз ғой. Қайтесіз. Бетпе-бет
келген соң артық-ауыс сөз айтылмай қалмайды» деп, қолдай қойма
ды. Бәрібір шақырттым. Жұрт пікірін еркін айтып үйренсін дедім.
Расында да, бәтуалы сөз шықпады. Бір жігіттер тіпті «Орыстарды
келген жағына қайтару керек» деген сияқты құлаққа кірмейтін әң
гімеге дейін айтты. Ауыл шаруашылығын жекешелендірсек, аштан
өлеміз деді. Ал сонда қаражатты қайдан аламыз десең, жауап бере
алмайды. Шама-шарқын әбден көрсетті. Шын мәнінде оппозиция
ретінде қалыптаспағандықтан, соған сәйкес лайықты іс-әрекет жасай
алмайтындықтан біздегі біраз партиялар бірнеше рет президенттік
сайлауларға бойкот жариялаудан артық ештеңе таппады. Бұрынғы
сенатор Ғани Қасымовтың былай айтқаны бар: «Олар президенттік
сайлаудағы өз стратегиясын айқындау үшін партия съезін өткізді.
Таңғы отырыстың аяғында «Азат» біріккен социал-демократиялық
партиясы өз кандидаты ретінде Болат Әбілевті ұсынады деп бірауыз
дан шешім қабылдады. Одан кейін түскі үзіліске шықты, үзілістен
кейін кенеттен сайлауға бойкот жариялау жөнінде ұйғарым жасалды.
Тегінде, олар ең бір түсініксіз және ең бір жылдам «саяси теріс ай
налу» үшін Гиннестің рекордтар кітабына кіргілері келген сияқты».
Былайша қарағанда, күліп қана қоятын жай сияқты. Олай емес.
Олай болмайтыны — өздері осылай оқыс бас тартады да, сайлаудан
кейін «Оппозиция қатыспағандықтан бұл сайлаудың қорытындысын
легитимді санаудың жөні жоқ» деп шыға келу үшін жасайды. «Оп
позиция қатыспады ғой, оппозиция қатысқанда сайлаудың нәтижесі
қалай боларын кім білсін?» деген әңгімеге сөйтіп қол жеткізіледі.
Бұл біреулерге жаны бар сөз секілді естіледі. Олардың ойлағандары
да осы.
Сайлауларға лайықты қарсыластар қатыспаса, олардың нағыз тар
тыссыз өтетіні белгілі. 1999 жылғы сайлауға Серікболсын Әбділдин
түскен еді. Сонда ол қарсы электоратты пайдалана біліп, 11 пайыз
дауыс жинаған. Одан кейінгі сайлаулар, өкінішке қарай, елеулі қар
сылассыз өтті. 2011 жылғы президенттік сайлауда өз кандидатура
ларын ұсынғандар арасынан компартия өкілі экономика секторын
қайтадан ұлт меншігіне айналдыру, байлықты түбегейлі түрде қай
тадан бөлуден басқа ешқандай жаңа идея айта алмады, жасылдар
партиясының өкілі айналадағы ортаны қорғау, ауылды көркейту
керек дегенмен ғана шектелді. Екеуінің де алған дауысы 1 пайыздың
о жақ, бұ жағында болып шықты. Расында да, келмеске кеткен кешегі
кезеңді көксейтін коммунистердің сөзіне ере қоятын адам аз бүгінде.
Қарсыластар арасынан көбірек дауыс алған Ғани Қасымовтың парла
Саясат сынағы
— 631 —
менттің өкілеттілігін кеңейту, саяси партиялардың құқығын көбей
ту, сот реформасын жасау жөніндегі ойлары орынды еді. Олардың
кейбірін мен кейіннен елді одан әрі дамыту бағдарламасын жасау
барысында ескердім де.
Президент Әкімшілігінде елдегі барлық қоғамдық күштердің
қызметіне қатысты зерделі талдау жасалып отырды. Оппозициялық
партиялардың біз жете көңіл бөле қоймаған жайларға назар аударған
сын пікірлері, үкімет жұмысына қатысты ескертпелері есте ұсталды.
Мұның алдындағы, 2005 жылғы сайлауда менің негізгі қарсыласым
Жармахан Тұяқбай 6,6 пайыз дауыс алған еді. Оның бағдарламасында
сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі орынды ойлары болды.
Бірақ президенттік сайлауда жеңіске жету үшін өмірге прокурордың
көзімен ғана қарау жеткіліксіз екені белгілі.
Оппозицияның сайлаулардағы сәтсіздігі неден? Басты себебінің
бірі — экономикалық тұғырының әлсіздігі. Осылай жасаса, өмірді
өзгертуге болар еді дегізетіндей нақты ұсыныстар дайындай алмай
тыны. Ұсыныс дайындағанның өзінде де соны қалай орындау керек,
оған қаражатты қайдан алу керек деген сұрақтарға жауап таппайты
ны. Аграрлық саланың іскер басшысы, «Зенченко и К» коммандиттік
серіктестігінің бас директоры болған Геннадий Зенченконың былай
дегені бар: «Оппозиция туралы айта кетейін. Бізде нағыз оппозиция
жоқ. Оппозицияда болу — дамудың, ең алдымен экономикалық да
мудың қолданылып жүргеннен басқа, өзіндік бағдарламасын жасай
алу деген сөз. Ондайдың ешқайсысын көріп-білген емеспін. Жоқ,
негізінде оппозиция керек, тым құрығанда биліктегілерді өз бағы
тын тыңғылықты елеп-екшеуге, ал шенеуніктерді бойды босатпауға
мәжбүр етіп, тітіркендіріп тұратын сыни күш ретінде де керек».
Тағы бір себебі — оппозициялық партияларды, қозғалыстарды, бір
лестіктерді әдетте мемлекеттік қызметте жолы болмаған бұрынғы
шенеуніктер басқаратыны. Атқа мініп жүргенінде ештеңе тындыра
қоймағандардың қайтадан атқа мінгенде де жөнді шаруа жасай ал
майтынын жұрт жақсы біледі.
Бұрынғы социалистік елдерде де, көршілес Ресейде де мемлекеттің
саяси өмірінде оппозиция елеулі рөл атқарады. Алайда Қазақстанда
оппозиция көпке дейін елеулі саяси күш ретінде қалыптаса алмай
келді. Билік басындағы «Нұр Отан» партиясын, сайлауда жеңген
партия құратын үкіметті қаншама сынағанымен, олардың анау айт
қандай әлеуметтік, материалдық және басқадай арқауы жоқ, сон
дықтан да саяси шешімдер қабылдауға ықпал ете алмайды. Мұның
бір себебі оппозициялық партиялардың жұмысы сайлау мен сайлау
дың арасында тыншып қалып, сайлау жақындағанда ғана жанталаса
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 632 —
бастайтыны болса керек. Кейінгі кезде «Нұр Отан» бұл жағынан
да жақсы үлгі көрсете білді. 2021 жылғы парламенттік сайлаудың
қарсаңында партияның тізіміне енгізілетін кандидаттар прайме
риз арқылы іріктелді, саясаткерлер қатарына жастардың жаңа легі
қосылды. Сонымен бірге, парламентті тым жасартып алмауды да
ойлаған жөн. Бүкіл әлемде елге аты мәлім, өмірдің ащы-тұщысын
көрген, мол тәжірибе жинаған, жасы егде адамдар да парламентте
отырады. Мысалы, Ұлыбританияда парламентшілердің орта жасы —
70, Ресейде бұл көрсеткіш 59 жас. Қазақта «Алпысқа келгеннен ақыл
сұра» деген де сөз бар ғой.
Қызмет берсең — разы, қызмет бермесең — наразы болу біздегі
оппозицияның біраз өкіліне тән. Қазіргі біздің оппозициямыз деп
жүргендердің арасында Т. Жөкеев, О. Жандосов сияқтылар бар. Олар
дың қолдарына кезінде лауазымды қызметтер сеніп тапсырылған,
міндетін тиісінше атқара алмай, орындарынан босатылған. Бұған
өздерінен басқа ешкім кінәлі емес. Алдымен өзін, өзінің мансабын
ойлайтын ондай адамдардың экономикалық талдауларының тайыз
дығы да көзге ұрып тұрады.
Кейде қарсыласты қолдан жасап та жатамыз. Журналист Бигелді
Ғабдуллин кезінде Қажыгелдиннің ақшасына ашылған «ХХІ век»
газетінде еліміз туралы неше түрлі теріс ойлы мақалалар жазған,
ақыр аяғында АҚШ-қа кетіп тынған еді. Арада жылдар өткенде,
менің көмегіммен Отанына оралған соң ол былай деп сыр ақтарған:
«1997 жылдың күзінде менің өмірімде түбегейлі өзгерістер бол
ды. Сол тұста мен 1993 жылы құрылған «Новое поколение» газетіне
басшылыққа келдім. Сол кездегі баспасөз министрі Алтынбек Сәр
сенбаев мені өзіне шақырып, газетті басқа бір адамға беруді өтінді.
Ол адам Рахат Әлиев болып шықты. Менің билік тарапынан қолдау
табу әрекеттерім түкке аспай қалды. Кейін Президенттің кеңесшісі
Ермұхамет Ертісбаев кітабында билік оппозицияны өз қолымен
жасады, егер Бигелді Ғабдуллиннен оның газетін тартып алмаса, ол
қатал оппозицияның қатарына кете қоймас еді деп жазды.
Сөйтіп, мен Нұрсұлтан Назарбаевпен баррикаданың қарсы жағына
шықтым».
Кейіннен Б. Ғабдуллин маған еліне оралуға көмектесуді сұрап,
өтініш жазды. Оның өтінішіне түсіністікпен қарадым да, Отанына
қайтуы үшін мүмкін болғанның бәрін істедім. Қазақстанға келген соң
ол «Central Asіa Monіtor» газетін құрып, басшылық жасады. Негізінен
объективті мақалалар жазуға тырысып жүрді.
Өз басым қазақстандық оппозицияны ешқашан билік үшін елеулі
проблема санаған емеспін. Бір кезде Шарль де Голльдің «Оппонент
Саясат сынағы
— 633 —
терімді сыйлаймын, бірақ оларға төзіп тұра алмаймын» деп айтқаны
бар екен. Астарланған сөз ғой. Әрине, демократиялық қоғамда оп
позиция болуы керек, билік онымен ынтымақтаса іс-әрекет жасауы
тиіс. Бірақ оппозицияның өзі де оппозиция бар дегізу үшін емес,
сындарлы ой-пікір айту үшін, ортақ іске жанашырлық таныту үшін
құрылуы керек қой.
Өмір оппозицияға көзқарасымызды да өзгертті. Бұрын сын айт
са, шоршып түсетінбіз. Кеңестік дәуірде билік жүргізетін саяси
режимге ашық оппозиция болуы мүмкін деген ойдың өзіне көне
қоймайтынбыз. Бірте-бірте бұған сабырмен қарауға көштік. Оппози
ция дегеніміз не? Мемлекеттің жетекшісі өз халқының көпшілігінің
көкейіндегісін тап басуға ұмтылуы тиіс. Жұрттың бәрі бірдей мен
ұстанған бағытқа риза болмайтынын білетінмін. Өркениетті оппо
зиция болғанын, оның өз бағдарламасын әзірлеп, өзінің ұсыныстары
біздің, яғни қазіргі биліктің ұсыныстарынан жақсы екенін дәлелдей
білгенін мен де қалайтынмын. Сондықтан елдегі халықтың әртүрлі
жіктері мен топтарының мүдделерін танытатын саяси партиялардың
құрылуы — қалыпты құбылыс. Олар биліктің қадамдарын мұқият
қадағалап отырады, қателіктеріне қоғамның назарын аударады, бей
жай жүруге мүмкіндік бермейді. Шынтуайтына келгенде, мұндай
адамдар кей-кейде кекірік атқан, кілең бір мақтау айтатын шенеу
ніктерден әлдеқайда пайдалы.
Демократиялық дамудан дәмесі бар кез келген саяси жүйеде оппо
зиция міндетті түрде болғаны жөн. Бар мәселе мынада ғана: ол қай
тұрғыдағы оппозиция? Әрқилы саяси экстремистер, апақ-сапақта
көзге түсіп қалу үшін елдегі ахуалды ушықтыра беруге құмар сая
саткерлер қоғамдық тепе-теңдік үшін аса қауіпті. Оппозиция мен
саяси радикализмнің ара-жігін ажыратып алу қажет. Сыншылдық
деген бар, міншілдік деген бар. Сыншылдық — сарапшылдық. Мін
шілдік — мін тергіштік. Тек мін көргіштік. Жақсыны көзге ілмеу,
жамандаудан басқаны білмеу. Саяси тілде ондайды «фронда» дейді.
Даукестікті «фрондерство» дейтіні содан. Көрмес түйені де көрместің
кебін киіп, елде ештеңе жасалмай жатыр деп сөйлеп, бәрін жоққа
шығара бергеннен кейін, әрине, ондай біржақтылық сенімсіздік туғы
зады. «Барды бар, жоқты жоқ деп айтса қайтеді?» дейтін сөз сондай
дан шығады. Кейбір оппозиционерлер өздері қандай саяси жүйе
құруды қалайтынын дұрыстап түсіндіре алмайды. Бірдеңе ұсынса,
олары нақты жағдайдан алыс, орындауға келмейтін орынсыз арман
болып шығады. Өйткені істің тетігін таба алмайды.
Мен қолымнан келгенінше сындарлы ойға бейім оппозиционер
лерді қолдауға дайын болдым. Олардың арасынан билік құрылымда
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 634 —
рына, президент аппаратына, үкіметке шақырғандарым да бар. Петр
Своиктің парламенттегі шешен тілмен айтатын батыл пікірлеріне
назар аударып жүретінмін. 1993 жылы оны Антимонополия ко
митетінің төрағасы қызметіне тағайындап, Үкімет құрамына енгіз
генімде премьер Сергей Терещенко наразылығын білдірген. Сонда
оған «Үкіметте тынышыңды алып тұратын біреудің жүргенінен зиян
жоқ» дегенмін.
Ондайлардың кейбіреулері әу баста қоғамға қиғаш ойлар айтып
жүргендер саналғанымен, бара-бара өздерінің батыл идеяларымен,
тосын ұсыныстарымен көзге түсіп, кейіннен мықты саясаткер ретінде
қалыптасты. Әлі есімде, Қазақстан компартиясы Орталық Коми
тетінің идеологиялық жұмыс мәселелеріне арналған пленумында
салаға жауапты хатшы Өзбекәлі Жәнібековтің баяндамасында Ақтөбе
медицина институтының КОКП тарихы кафедрасының меңгерушісі
Марат Оспанов пен Қарағанды мемлекеттік университетінің саясат
тарихы кафедрасының меңгерушісі Ермұхамет Ертісбаев қайта құру
саясатымен үйлеспейтін ой-пікірлерін жұртшылыққа таратады деп
сынға алынған болатын. Сөйтсек, олар қайта құрудың сылдыр сөзге
айналып бара жатқанын айтып, дұрыс сөйлеп жүрген екен. Көп ұзамай
екеуі де өз өңірлерінде суырылып шығып, 1990 жылғы парламенттік
сайлауда Жоғарғы Кеңеске депутаттыққа сайланды. Мемлекеттік
қызметте де іскерлік танытты. Марат Оспанов Шетелдік капиталды
пайдалану жөніндегі комитет төрағасы, Мәжілістің тұңғыш төраға
сы, Ермұхамет Ертісбаев Президент кеңесшісі, мәдениет және ақпа
рат министрі, Грузияда, Беларусьте елші болды. М. Оспанов пен
Е. Ертісбаев Жоғарғы Кеңесте «Демократиялық Қазақстан» депутат
тық тобын құрды, топ белгілі бір дәрежеде сындарлы оппозиция
міндетін атқарды.
1996 жылы бұрынғы социалистік партияның арқауында құрылған
«Азамат» қозғалысы жөнінде де осыны айтар едім. Қозғалыстың
«Қазақстан экономикадағы дәйексіз, қарама-қайшы және біліксіз
шешімдердің, саясаттағы тактикалық айла-амалдар мен номенкла
туралық ойындардың шумақ жібіне шырматылып қалды. Нақты
ойластырылған стратегиялық мақсаттары және оларды жүзеге асы
рудың тетіктері жоқ экономикалық реформалар ақтап алғысыздай
ұзаққа созылып кетті, жұртшылықтың ығырын шығарды, коммунис
тік кезді көксейтін көңіл күйге алып келді» дейтін мәлімдемесіне
П. Своик, М. Әуезов, С. Дуванов, Е. Жовтис, С. Құттықадам, Н. Маса
нов, В. Сиврюкова, Л. Соломин, Р. Таукина, Н. Фокина қол қойған еді.
Кейіннен оларға ғылым мен мәдениеттің бірқатар белді қайраткер
лері (барлығы 74 адам) қосылды. Олар «Азаматтың» бет-бағдарын
Саясат сынағы
— 635 —
сындарлы сипатқа ауыстыра білді. Әуелдегі мәлімдемеге «Біз Қа
зақстан Президентімен ынтымақтаса жұмыс істейміз, демократиялық,
өркениетті қоғам құрудың барлық қағидатты мәселелері бойынша
онымен сындарлы диалог жүргіземіз» деген сөйлем қосылуын талап
етіп қана қойған жоқ, Әкімшілікпен, Үкіметпен іскерлік байланыс
орната да алды.
Михаил Есенәлиев, Марат Шорманов, Сәбетқазы Ақатаев сияқты
беделді тұлғалар басқарған «Азат» партиясы мені «Назарбаев Ресей
дің қанатының астында қалғысы келеді» деп сынайтын, Қазақстан
халқының көпұлтты құрамын ескермейтін саяси қадамдар жасайтын.
Партияның өз ішінде бөліну дәл осы мәселе бойынша басталды.
«Азаттың» үкіметті доғарысқа жіберуді талап етіп, аштық жариялаған
көпкүндік қарсылық акциясынан ештеңе шыққан жоқ. Мұндай әсіре
әрекеттермен келіспеген М. Есенәлиевтің өзі басшылықтан кетті. Оның
орнына келген Жасарал Қуанышәлин «Назарбаевтың тым ресейшіл
саясаты» дегенді қайтадан жалаулата бастады, түркітілдес мемлекет
тердің басын бір елге біріктіретін Түркістан конфедерациясы идеясын
көтерумен болды. Этносаралық қатынастар мәселелері бойынша 1995
жылы Брюссельде өткізілген конференцияда Ж. Қуанышәлин Екінші
дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерлерін ресейлік
колониализм мен тоталитаризмнің құрбандары деуден де тайынбады.
«Азаттың» жап-жақсы ниетті, дұп-дұрыс ойды қозғай тұра, нақты
шешімге келгенде шектен шығып кететіні жиі кездесетін. Мысалы,
олар Ресей-Қазақстан шекарасына күмән келтірген Александр Сол
женицынды кінәлап қана қоймай, жазушыны өлім жазасына кесуді
де талап еткен еді…
Әуел баста желтоқсанда жапа шеккендерді ақтап алуға қол жеткізу
мақсатымен құрылған «Желтоқсан» ұлттық-демократиялық пар
тиясы (жетекшісі — Хасен Қожахметов) ұлттық сана-сезімді оятуға
хал-қадерінше септесті.
Мен Коммунистік партияның қатарынан шығып, оның жетек
шілігінен бас тартқаннан кейінгі уақыт аралығы Президенттің өзіне
қолдау білдіретін саяси күш қажет екенін көрсетіп берді. Бұған дейін
мемлекет басшысы қандай да бір партиялардан, қозғалыстардан,
бірлестіктерден сырт тұруы тиіс, қоғамның барлық топтарының
мүддесін білдірудің жалғыз жолы осы деген ойда болған едім. Пре
зидент пен халықтың арасында дәнекерлік қызмет атқаратын саяси
ұйым ретінде әу баста «Қазақстан халық бірлігінің одағы» құрылды.
1993 жылғы 6 ақпанда жаңа одақтың құрылтай конференциясында
компартиямен ат құйрығын үзіскен адамдардың көбі өздерінің көзқа
расына сай саяси тірек таппай жүргенін, сондықтан орталықшылдық
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 636 —
бағытын ұстанатын саяси бірлестік дүниеге келуі керек деп санайты
нымды айттым. Съезде сөйлеген сөзімде: «Мен одақтың қазіргі билік
құрылымдары өздеріне тиісті өкілеттіліктің заңды мерзімін толық
атқаруы тиіс деген ойын түгелдей қолдаймын. Сонымен бірге келер
күнге көз салу, қазіргі Жоғарғы Кеңестің орнын шын мәніндегі кәсі
би парламент басатын кезеңге дайындалу керек. Ол өзінен-өзі бола
қалмайды. Жаңадан депутат болатын адамдарды қажымай-талмай
іздеу, дайындау, ұсыну және заң шығарушы органға өткізе білу керек.
Өйткені жаңғыруларды заңнама түрінде тиімді қамтамасыз етпейін
ше, реформалардың табысқа жетуі мүмкін емес», — дегенмін. «Қа
зақстан халық бірлігінің одағы» кейін «Отан» партиясының негізіне
айналды. Оны құруға менің қадірлі әріптесім, ең қиын жылдарда
үкімет басқарған Сергей Терещенконың көп еңбегі сіңді.
2006 жылы «Отан» және «Асар» партияларының бірігуі Қазақстан
дағы партиялық жүйенің дамуында жаңа белес ашып берді. Бұл кез
де біртұтас «Отанның» жалпы мүшелерінің саны жеті жүз мыңнан
асқан болатын. Сайлауда жеңіп шыққан сайын «Отан» парламенттің
қарауына премьер-министрдің кандидатурасын ұсынып, жалпы
үкіметті тұтастай қалыптастыруға атсалысып жүрді. Ел алдында
тұрған міндеттерді ойдағыдай шешуге белсене араласу кейіннен
«Нұр Отан» аталған бұл партияны жалпыұлттық күшке, жетекші
саяси ұйымға айналдырды.
Мұндай мысалдар әлемде аз емес. Швецияның Социал-демокра
тиялық жұмысшы партиясы іс жүзінде 40 жыл басым мәртебеге
ие болды. Парламентке тікелей сайлауларда, елдің басқа кез келген
партиясына қарағанда, ұдайы көп орындарға қол жеткізіп отырды.
Жапонияның Либерал-демократиялық партиясында үздіксіз 40 жыл
билік басында тұрудың бірегей тәжірибесі бар еді. Сингапурда 1965
жылы тәуелсіздік алу сәтінен бастап Халықтық іс-әрекет партиясы
басымдық танытты. Малайзияда билеуші партия — Бірлескен Малай
зия ұлттық ұйымы 1955 жылдан бері өзгеріссіз көш басында болып
келді. Үндістанның Ұлттық конгресі аздаған үзілістермен Үндістанның
саяси өмірінде жарты ғасырдан астам үстем күшке айналды. Осы
елдердің барлығында экономика, әлеуметтік қамсыздандыру, денсау
лық сақтау, білім беру, кәсіби оқытып-үйрету, тұрғын үй құрылысы
сияқты бағыттарда айтарлықтай табыстарға қол жеткізудің сәті түсті.
Өмірдің бір орында тұрмайтыны сияқты, саяси партия да өзгеріп,
дамып отыруы тиіс. Уақыт талабына сай «Нұр Отан» да трансформа
цияға түсуге тырысты. Көптеген жылдар бойы партия сайлауларда
жеңіске жетіп келді. Адамдар партияға сенді, оны қолдады. Қажетті
ресурстарының бәрі бар «Нұр Отан» партиясы маңызды әлеуметтік-
Саясат сынағы
— 637 —
экономикалық реформаларды жүзеге асыруда сенімді тірек бола
алды. Біздің тұсымызда билік партиясы деп аталып келген «Нұр
Отан» өзіне артылған үмітті ақтады деп ойлаймын. Әр заманның өз
талабы болар.
Бұл партия елдің саяси жүйесінің осы заманғы бет-бейнесін қалып
тастыруда маңызды орын алды. Партияны оның төрағасы ретінде ел
Президенті басқарды, әр жылдарда төрағаның бірінші орынбасары
ретінде Бақытжан Жұмағұлов, Дархан Кәлетаев, Нұрлан Нығмату
лин, Бақытжан Сағынтаев, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Мәулен Әшімбаев
және басқа да саяси қайраткерлер қызмет етті. Олар осынау саяси
ұйымның жұмысына үлкен үлес қосты, сол үшін де ол азаматтарға
алғысымды айтамын. Сондай-ақ, ұйымның облыстық, қалалық, ау
дандық және бастауыш буындарындағы құрылымдарында жұмыс
істеген барша өкілдеріне разылығымды білдіремін.
2022 жылы партия «Аmanat» деген жаңа атқа ие болды.
Өткен жылдар ішінде Қазақстанда талай партия құрылды, талай
партия саясат сахнасынан ысырылып та шықты.
Кейде оппозициялық партиялар өзара билікке таласудың қыр
сығынан да азып-тозады. «Ақ жол» партиясының екіге бөлінуінің
басты себебі — Әлихан Бәйменов пен Алтынбек Сәрсенбаевтың
арасындағы келіспеушілік. Ол таластың өзі Қазақстанның Ресейдегі
бұрынғы елшісі А. Сәрсенбаев «Ақ жолға» келгеннен кейін басталған.
Әйтпесе, о баста оның ұйымдастыру комитетіне Ә. Бәйменов, О. Жан
досов, Қ. Келімбетов, Б. Имашев, Ж. Ертілесова, Б. Әбілев, С. Мыңбаев,
Д. Сембаев, Л. Жуланова, Н. Жүсіп сияқты елге белгілі тұлғалар кірген
болатын.
Осылардың біразы сол кезде жас адамдар еді. Жалпы, тоқсаныншы
жылдардың екінші жартысында біз өзінің бизнесін өркендете білген
бір топ жастарды билікке тарта бастадық. Оларға жұрт «младо
турки» деген ат та қойып алды. Біразына ұлттық компаниялардың,
біразына министрліктердің тізгіні берілді. Сол жастардың арасында
сенімді ақтағандары да бар, биліктің бишігін бизнестің тиімді бір түрі
деп білгендері де бар. Сол тәжірибені ескеру керек еді. Қай кезде де
жас, білімді адамдарды қызметте көтергің келеді. Дегенмен, нақты
тәжірибенің пайдасын ойламасқа болмайды. Өкінішке қарай, билік
пен бизнестің қойындасып кетуіне сол жылдары жол ашылып қал
ды. Алғашқы олигархтар шықты. Мен оларды әуелде көтермеледім,
«жас барыстар» деп қоятынмын. Бірте-бірте сол «жас барыстар» азу
тістерін көрсете бастады. Олар билікті арандатудан, ойлағандары
орындалмаған жағдайда халықаралық ұйымдарға жүгінуден де та
йынбауға айналды. Солардың бірі — Павлодар облысының әкімі
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 638 —
Ғалымжан Жақиянов премьер-министрдің тапсырмаларын орын
даудан, ол өткізетін үкімет жиналыстарына келуден бас тартатынын
естідім. Бұл енді шектен шыққандық.
Олар мұнымен де тоқтап қалмады. О. Жандосов, Ә. Бәйменов,
Ж. Ертілесова, Ғ. Жақиянов, М. Әбіләзов республикалық телеарна
арқылы мәлімдеме жасап, «Қазақстанның демократиялық таңдауы»
қозғалысын құратынын жария етті. Олар салған беттен сол кездегі
премьер-министр Қ. Тоқаевқа қарсы шықты, оны қызметтен кетіруді
талап етті. Тіпті маған «Не Тоқаевпен болыңыз, не бізбен болыңыз»
деген үзілді-кесілді талап қоюдан да тайынбады.
Осы тұста Қасым-Жомарт Кемелұлы да мінезін танытты. Үкімет
басшысы ел халқына үндеу жариялады. «Қазіргі Үкімет жұмыс істе
гелі екі жылдан асты. Біз экономиканы дағдарысты жағдайда қабыл
алған едік. Сөйте тұра, екі жылдың ішінде экономиканың өсімі ша
мамен 23 процентті құрады. Әлеуметтік төлемдер жөніндегі қарыз
ды іс жүзінде толық өтедік. Біз зейнетақы деңгейін екі рет көтердік
және оны келесі жылы одан әрі өсіру жөнінде ұсыныс енгіздік. Үкімет
дәрігерлер мен мұғалімдерге, бюджет саласының барлық қызметкер
леріне жалақыны өсіруді ойластырып отыр» деп басталатын үндеуде
жұмысқа кедергі келтіріп тұрған жайлар ашық, ашына айтылды.
«Алайда біздің қоғамымыздың қатты күйзеліске түскенін қалайтын
адамдар да табылады. Бұл мақсат үшін олар қолда бар құралдың
бәрін, тіпті интернет-террорды да қолданады. Елімізге жат пиғыл
дағы адамдардың қаржылай көмегінің арқасында лауазымды тұлға
лар, соның ішінде Президент те, өтірік пен былғанышқа белшеден
батырылатын болды» деген премьер өз үндеуінің соңында маған бір
топ лауазым иелерін қызметінен босату жөнінде ұсыныс енгізгенін
хабарлаған. Мен Қасым-Жомарт Тоқаев атаған адамдардың бәрін
де лауазымдарынан айыру жөніндегі жарлыққа қол қойдым. Сол
күндері премьер-министр шетел журналистеріне сұхбат бергенде:
«Президент олигархтарды биліктен аластатты. Олар енді Қазақстан
да шешім қабылдауға ықпал жасай алмайды» деген. Әбіләзов пен
Жақиянов қамауға алынды. Әбіләзовтің ірі америкалық заң фирма
сымен келісім жасап, адвокат жалдауынан, ал Жақияновтың бірне
ше күн бойы Франция елшілігінің ғимаратынан баспана іздеуінен
ештеңе шыққан жоқ.
Қалтасының мүддесін халықтың мүддесінен жоғары қоятындар
дың шын сиқын жұрт та тамыршыдай тани бастады. 1999 жылғы
президент сайлауына дайындық барысында Абай еліне, Жидебай
жеріне бардым. Ел қаумалай қарсы алды. Жағдайды айтты. Тілек
терін білдірді. Ақсақалдар батасын берді. Абай ауданын талай жыл
Саясат сынағы
— 639 —
басқарған Хафиз Матаевтың сөзі ерекше есімде қалды. Шешен кісі
екен. Бір тұста былай деп өтті: «Екі құлынымызды бәйгеге қосып,
тақымымызды қысып отырғанымызда екеуі де құдыққа құлады.
Бірін Жоғарғы Кеңеске көтердің, біріне үкіметті басқарттың, екеуі
де үмітіңді ақтамады. Құдыққа өздері ғана құлаған жоқ, бәрімізді де
құлатып отыр. Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған жерге келгенің дұрыс
болды, шырағым. Бұл өңір келесі ғасырда толғатып, тағы бір тұлғаны
туатын шығар, бүгінде сенің алдыңа түсетін ешкім жоқ. Семей өңірі
дауысын саған береді. Тарықсаң, шаршап-шалдықсаң, ақылдасам
десең, алдымен Түркістанға бар, одан соң осы Жидебайға кел, қалың
елің қасыңда болады». Мұндай сөзге қалай тебіренбессің! Ол кісінің
екі құлынымыз деп отырғандары — Серікболсын Әбділдин мен Әке
жан Қажыгелдин. Екеуі де Семейден. Екеуін де өзім өсіргенмін. Екеуі
де саясат бәйгесінде құлаған.
Ел туралы жадағай ойлау да, елдің тағдырымен жеңіл-желпі ой
нау да түбі жақсылыққа апармайды. Өсер елдің баласы арманшыл
болады, өшер елдің баласы жанжалшыл болады. Осыны ұмытпасақ
екен деймін.
«Саяси тепе-теңдікке жасаған талдауым негізінен дұрыс шықты,
бірақ мен маңызды бір нәрсені — даңққұмарлықты есепке алмай
қалыппын» дейді Маргарет Тэтчер «Өмірбаян» кітабында. Әлемдік
саясат корифейінің өзін жүрісінен жаңылдырып, өкінішке қалдырған
осы даңққұмарлықтың қандай зардаптары болуы мүмкін екенін
менің де білмей қалған кездерім бар. Бұл сөзімді алдымен екі жылдан
астам уақыт үкімет басында болған, тәуелсіздіктің таңсәрі шағында
ел экономикасын тұрақтандыруға үлес қосар деген Әкежан Қажы
гелдинге қатыстырып айтып отырмын. Былайша қарағанда, оған сөз
шығындайтын жөнім де жоқ сияқты, дегенмен сол кездегі жағдайдан
хабарсыз, ал бүгінде тек YouTube арнасындағы арзан әңгімелерді ғана
тыңдайтын оқырман үшін (өкінішке қарай, ондайлардың қатары
қазір қалың-ақ) кейбір жайдың басын аша кету керек.
Қажыгелдинді облыс әкімінің орынбасары кезінде назарға алғаным,
Семейдегі бір жиналыста сөйлеген сөзін батыл да оқыс ойлары үшін
ұнатқаным, сол жерден бірден үкіметке жоғарылатқаным, әуелде
премьердің бірінші орынбасарлығына қойғаным, араға бір жыл
да түспей жатып, үкіметтің тізгінін қолына ұстатқаным рас. Оның
кандидатурасын Жоғарғы Кеңеске ұсынарда: «Менің жеке пікірім
бойынша, ол білікті адам, нарықтық қатынастарды біледі. Бұл қазір
қажет-ақ. Егер біреу-міреудің ескертпесі болса, қанеки, бәрін өзіне
айтайық. Мен оған сенемін, мен оны ұсынамын», — дегенмін. Пар
ламент мені қолдаған.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 640 —
Әкежанға кең өкілеттілік беріп қойғанымды (мысалы, бірқатар
министрлерді, әкімдерді маған тікелей өзі ұсынатын) айналамдағылар
ұнатқан жоқ. Олар тіпті «Көресіз, бұл адам түбі сатып кетеді» деп
те айтты. Ешкім де Назарбаевтың жақтасы санай алмайтын саясат
танушы Нұрболат Масановтың өзі 1997 жылы бұл жөнінде: «Егер ол
билікке жетіп, экономикалық салада жасаған былықтарын саясат
саласына да енгізе бастайтын болса, адамдарды қаумалап ұстау мен
сотсыз-тергеусіз қудалау келетін күн де алыс емес деп шамалаймын.
Қажыгелдин күмәндану дегенді білмейді. Дәстүршіл Назарбаевқа
қарағанда ол нағыз шімірікпейтіннің дәл өзі. Содан да халық үшін де,
қоғам үшін де әлдеқайда қорқынышты. Бұл орайда мен саясаттанушы
ретінде Назарбаев мырзаға мынаны ескерткім келеді: Қажыгелдин
мырзадан қатты қауіптенгені жөн», — деп жазған еді.
Жаңа үкімет инфляцияның қарқынын бәсеңдету, теңге бағамын
тұрақтандыру жөнінде бірқатар қадамдар жасай алды. Мен барынша
қолдап отырдым. Әйтсе де, бара-бара «естен тандыра емдеу» бағыты
басым бола бастады. Төлем қабілетсіздігі, жалақы мен зейнетақыны
кешіктіру көбейді. Компрадорлық буржуазия бой көтеруге көшті.
Қажыгелдин аз уақыттың ішінде 152 кәсіпорынды сатуға шығарып
жіберді. Ол кезде барлық мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде
жекешелендіру тек Президенттің шешімімен қабылданатын. Ал
үкімет оны ұсынатын. Ұсынатын орган сол бағдарламаның сапасына
және орындалуына жауапты болатын. Қажыгелдин КГБ-ның тәрбие
сін көрген, соның курстарында оқып, батыстың нарық экономикасы
жөнінде біраз мағлұмат алған адам. Оны нарық жағдайында жұмыс
істеуге дайындаған. Жаңадан шығып жатқан, біздің адамдарға бейта
ныс нарықтық терминдерді жаттап алған соң ол жұртқа бәрін білгіш
сияқты көрінетін. Кейін белгілі болғандай, оны тыңшы немесе көше
агенті (топтун) ретінде пайдаланыпты. Сатқындығы еске түскенде сол
тәрбиесінің әсері шығар деп ойлаймын. Кейіннен Қажыгелдиннің
пара алғаны анықталып, оны 12 жылға бас бостандығынан айыру
жөнінде сот шешімі қабылданды. Бұл шешім әлі күшінде тұр.
Қажыгелдин үкімет басқарған тұста бізде де, Егор Гайдар басқарған
Ресей үкіметінің үлгісі пайдаланыла бастады, олигархиялық капита
лизм жолымен даму тұжырымдамасы қалыптасуға айналды. Пре
мьер әкімдермен өткізген бір жиналыста тіпті бастапқы капитал
еш уақытта адал жолмен жиналмайды дейтін теориясын да тарата
түсіндіріпті. Бұл жөнінде жазудың өзі жиіркенішті. Сондықтан сіл
теме жасап, мысал келтірумен шектелейін. «Казахстан 90‑х. Пра
вительство Кажегельдина: приватизация, коррупция и борьба за
Саясат сынағы
— 641 —
власть» (ИД «Credo», Алматы, 2003) кітабының авторлары: «Үкімет
басшысының жоғары лауазымында Қажыгелдин мырзаның бойын
дағы қазіргі жағдайынан түсіруге болатын пайданы қайткенде де
қағып қалуға тырысатын ұсақ ұры ләпкешіге тән белгілердің бәрі
бадырайып шыға келді. Іскер кісілердің және жоғары мемлекеттік
шенеуніктердің арасында Қажыгелдин (пара) алады және алғанда да
көп алады деген пікір баяғыдан-ақ орныққан»– деп жазған. Қалтаға
ағыл-тегіл құйылып жатқан ақшаның қайдан шыққанын түсіндірудің
амалын табу үшін ол «Караван» газетіне (1996 жыл, 27 желтоқсан)
берген сұхбатында: «Менің жеке қаражатым халықаралық қаржы
нарығымен байланысты, оның тіпті Кеңес Одағына да қатысы жоқ.
Мен — халықаралық брокермін», — дегенді де шығарған. Кейін ол
айтқанын ұмытып, «Рудный Алтай» газетінде (1997 жыл, 5 сәуір)
«Премьер-министр жалақысының мөлшері менің пара алуымды мо
ральдық жағынан ақтайды» («Уровень зарплаты премьер-министра
дает мне моральное оправдание брать взятки») деп те тікесінен тар
тыпты. Ауыз өзімдікі дейтін шығар. Бірақ ауыз өзінікі болғанымен,
ақша мемлекеттікі ғой.
Қалыптасқан ахуалды кейінірек ол былай сипаттады: «17 қыркүй
екте мен белгісіз бір аурудың нышанын сезіндім, қан қысымым қатты
көтерілді, құса бастадым. Дәрігерлер мұны гипертонияның күрт
асқынуы деп айқындады. Сол кезде мен президентке хабарласып, «Бір
жерге ұшып барып, диагнозды түпкілікті анықтап қайтсам қайтеді?»
дедім. Ол: «Жарайды, Ли Пэннің сапарынан кейін барсаң, бар» деді.
Әйтсе де, ертеңінде-ақ бұрынғыдан да қатты жедел ұстама бастал
ды. Маған президенттің жеке дәрігері келді де, менің дәрігерім іс
сапарда жүрген еді, «Сіздің хал-ахуалыңыз маған ұнамай тұр» деді.
Президент: «Ұшақ ал да, ұшып кет» деген. Содан ұштым да кет
тім. Дегенмен, біз бұл жайында әңгіме тарамасын деп уағдаластық.
Швейцарияда менің ауруым эмболия, яғни қан тамырларының бі
телуі деп шешті, ол дегеніңіз едәуір қауіпті нәрсе, бұдан адам өліп
те кетеді. Бақытсыз бола жаздағаным бағыма айналды деген осы
шығар деп ойлап қоямын қазір. Осыдан кейін мен телефон арқылы
президентпен сөйлесіп, отставкаға кету жөнінде өтінішімді айттым,
маған оның көмекшісі келді, осының бәрін қалай реттеу керегін со
нымен ақылдастық».
Шынтуайтында, мен оны шақырып алып, «Арыз жаз да, өз ер
кіңмен қызметтен кет» дегенмін. Ол солай етті. Өтінішінде былай
жазған еді: «Мемлекет қалыптасуының бетбұрыстық және ауыр бе
лестерінде үкіметтің ауысуы қалыпты жай, тек мемлекеттің өзі және
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 642 —
оның басшысының институты мызғымай тұруы тиіс. Алға қарай
серпінді дамудың жаңа бағдарламасын жасайтын жаңа команданың
уақыты келді. (…). Сізді ұятқа қалдырмауға және әрқашан Сіздің сая
сатыңыздың жақтасы болуға сөз беремін. Сіз маған қандай жағдайда
да, қандай кезде де, қажет тапқан шағыңызда сене аласыз. Өзіңіз
бастаған істі тек Сіз ғана жеріне жеткізетініңізге сенімдімін. Мемле
кет басшысы бола алатын басқа адамды көріп тұрғаным жоқ». Оның
мені қалай «ұятқа қалдырмағаны» белгілі.
Қажыгелдиннің кадр саясатындағы қадамдары да күмәнді еді.
1994 жылы Семей облысын басқаруға Ғалымжан Жақияновтың
кандидатурасын ұсынды. «Семей» қаржы-өнеркәсіптік тобының
бас директоры, екеуі сонда бірге жұмыс істеген, Алматыға кет
кенінде орнына Ғалымжанды қалдырған. Бизнестен келген бетін
де Ә. Қажыгелдиннің өзі іскерлік қабілетін анық көрсеткендіктен,
мен Ғ. Жақияновты әкімдік қызметке тағайындадым. Алайда көп
ұзамай-ақ Ә. Қажыгелдин мен Ғ. Жақияновтың арасы нашарлай
бастады. Әкімді қызметтен тайдыру үшін үкімет басшысы Семей
облысына қаржы-валюта бақылауын жүргізетін комиссия да жі
берді. Кейіннен Қажыгелдин мен Жақияновтың Семейдегі бизнесті
бөлісе алмағандықтан араздасқаны белгілі болды. «Семей-Көмір»
акционерлік қоғамының акцияларын Жақиянов арадағы біреулер
арқылы арзанға сатып алғаны, «Қаражыра» көмір орнын лицензиясыз
пайдаланып, компания алты миллиард теңге пайда тапқаны анықтал
ды. Жақиянов Павлодарға бара салып, Семейдегі «Бастау» жауапкер
шілігі шектеулі жеке компанияны сонда алдыртады да, арақ бизнесіне
кең жол ашады. Жас әкім бизнесмен Мұхтар Әбіләзовке қатысы бар
«Астана-Холдинг» компаниясына Павлодар химия зауытының акция
ларын заңсыз сатқан болып шықты. «Семей-Көмірдегі» былықтар
ашылғанда Ғ. Жақиянов тергеуге кедергі келтіруге тырысқан. Кейін
мұның бәрін саяси қудалау деп атай бастады. Істі болып, түрмеге
отырып шықты. Ақыры ол да шетелге тайып тұрды. Талай жыл бойы
саясат туралы ауыз ашпай жүрді де, 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан
кейін қайтадан өзін еске сала бастады. Кезіндегі саясатқа көңілі тол
маса, енді сол саясатты сынға алып, кезінде кеткен кемшіліктерді
түзетуге тырысып жатқан саясатқа да көңілі толмайды. Әйтеуір,
билік атаулыға қалайда қарсы болып, мойымас, қажымас күрескер
деген атты малданып жүрсе, өз амбициясы үшін жетіп жатыр.
«Жизнь замечательных людей» сериясынан Гейдар Әлиев туралы
кітап оқығанымда мына бір тұсы ойландырып тастады. Мәскеуден
Нахичеванға қайтып оралғанында жиналған жұртшылық қаума
Саясат сынағы
— 643 —
лап: «Әлиев жолдас, сіздің өзіңіздің Гейдар Әлиевке қоятын басты
сұрағыңыз қандай?» дегенде Гейдар Әлиоғлы былай депті: «Басты
сұрақ па? Онда мен өзіме былай айтар едім: «Әй, Әлиев жолдас, сен
неге кейбір адамдарды жақсылап тани алмай қалдың?»…
Осындай сұрақты әр деңгейдегі әр басшы өзіне-өзі қоя алар еді,
қоюға тиіс деп ойлаймын. Менің де «Неге кейбір адамдарды жақсы
лап тани алмай қалдым?» деп өкінетін кездерім болмай тұрмайды.
Қызметке тағайындар кезде Қажыгелдинге де, Жақияновқа да сенім
мен қарадым, екеуін де қолдадым. Иә, қандай мәселесі туса да, адам
оған өзін кінәлауы керек.
Білімді жастарды тәрбиелеп, мемлекеттік қызметке тарту әр уақыт
та ойымда тұрды. Сол 90-шы жылдары бір топ жастарды басшылық
қызметке қойдым. Министр, орынбасар, комитет төрағалары етіп
тағайындадым. Біреулері сенімді ақтап, елге адал қызмет етті. Енді
біреулері өздерінің түбіне өздері жетті. Өмір солай.
Мысалы, Виктор Храпуновты алайық. Техникум бітіргеннен кейін
өз мамандығы бойынша сатылап өсіп отырған, Алматы қалалық атқа
ру комитетінің төрағалығына жоғарылаған. Энергетика және табиғи
ресурстар министрі, Төтенше жағдайлар министрі қызметтеріне
тағайындадық. Алматы қаласының әкімі болып жүргенінде қалалық
энергетика кешенін Бельгияның «Трактебель» компаниясына сатып
жібергені, муниципалдық меншіктегі жерді жеке меншікке заңсыз
үлестіріп бергені анықталды. Үстінен 20 қылмыстық іс қозғалды.
Ақыры сыртқа кетіп тынды. Алаяқтығы, қылмыстық топ құрғаны, өз
өкілеттігін асыра пайдаланғаны, пара алғаны үшін интерпол желісі
арқылы халықаралық іздеу жарияланды.
«Апама жездем сай» дегендей, Храпуновтың жолын қуған адамдар
дың бірі — Мұхтар Әбіләзов. Ол да Қажыгелдиннің тұсында іскер
азамат саналып, шығандап шыға келген. «Астана-Холдинг» фирма
сын басқара жүріп, мол байлық жинап алған Әбіләзов энергетика,
индустрия және сауда министрі қызметіне кірісе сала өз қалтасын
бұрынғыдан да қампайтудың жайын ойлауға көшкен екен. Министр
болғанына бір жарым-ақ жыл өткен шақта оған мемлекет қаражатын
талан-таражға салды, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды,
қылмыстық топ құрды деген айып тағылып, үстінен іс қозғалды.
2002 жылы сот үкімімен 6 жылға түрмеге қамалды. Оны жазадан
мерзімінен бұрын босату жөнінде өтініштер айтылды, өзі де менің
атыма жаздым, жаңылдым деп қайта-қайта хат жазды. Ақыры оған
кешірім жасағанмын. Бұл менің сенгіштігімнен жіберген қателігім.
Жалпы, адамдардан жамандық күтпейтінімнен сан соғып қалған
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 644 —
кездерім аз емес. Сол сумақайға кешірім жасамауым керек еді. Осын
дай сатқындық жасайтын адамдар қалай жер басып жүретініне таң
қаламын. Мен оның сөзіне сендім. «Астана-Холдинг» компания
сы «БанкТұранӘлем» акционерлік қоғамының акцияларын сатып
алды, кейін БТА Банкі аталды. Банк қызметі жақсы бағалана бастады.
Алайда 2009 жылы ол қолындағы билігін асыра пайдаланғаны және
айла-шарғы жасағаны үшін үкімет қаулысымен банк басшылығынан
босатылды. Әбіләзовтің банк ақшасына қол салғаны, қол салғанда
да мол салғаны анықталды: ол банк директорлар кеңесінің төрағасы
болып тұрғанда құны 6 миллиард (!) АҚШ долларлық ақша талан-
таражға түскен екен. Аса ауқымды талан-тараждың тап өзі. Оның
Ресейдегі әбден жарнамалатқан жобалары — Мәскеуде 75 қабаттық
зәулім үй көтеретіні, Домодедово әуежайының маңынан 150 мың
адам тұратын тұтас бір шағын қалашық салдырып, оны «орыс Гол
ливудына» айналдыратыны қандай ақшаның есебінен жасалмақ
болғаны әшкереленді. Шетелге қашып кеткен Әбіләзовке үш бірдей
ел — Ресей, Украина, Қазақстан халықаралық іздеу жариялады. Ол
Еуропада ұсталып, Франция түрмесіне жабылды. Түрмеде үш жарым
жыл отырып, 2016 жылы Франция Мемлекеттік кеңесінің шешімімен
босатылды, «саяси себеппен қудалануда» деп тауып, Ресейге экстра
дициялаудан бас тартылды.
Ең сұмдығы — Әбіләзовтің «БанкТұранӘлемге» қалай қол жет
кізгені, нақты айтқанда — банкті алу үшін дос болып жүрген ада
мын өлтірткені анықталды. Әуелгі сот шешімі бойынша банктің
бұрынғы басшысы Ержан Тәтішев аң аулауға шыққан кезде оның
әріптестерінің бірі — Мұратхан Тоқмади мылтық шүріппесін аңдау
сызда басып қалып, абайсызда атып алған деп саналған еді. Сөйтсе,
кейін анықталғанындай, Тоқмади Тәтішевті Әбіләзовтің тапсырысы
бойынша әдейі өлтірген екен. Бұған не айтуға болады? Ұры әрі қа
рақшы. Отанын тонап, материалдық орасан шығынға батырған, еліне
жаман ат келтірген сатқын.
Мен осы кітапты бітіруге тақағанда көмекшілерім Интернеттен
«Франция Әбіләзовті саяси босқын мәртебесінен айырды», «Франция
Әбіләзовке баспана беруден бас тартты» деген материалдар әкеліп
берді. Екеуінің айтары бір. Алғашқысында былай делінген:
«Қылмысты істері үшін бірқатар елдерде айыпталған бұрынғы
қазақстандық банкир Мұхтар Әбіләзов 2020 жылы Босқындар құқы
жөніндегі ұлттық соттың (CNDA) шешімімен Францияда саяси бас
пана иеленген болатын. Алайда, ол шешімді 2021 жылдың өзінде-ақ
Әбіләзов жеке басының мүддесін ойлап, БТА-банкте алаяқтық сұл
Саясат сынағы
— 645 —
басын жасағаны үшін босқын мәртебесін ала алмайды деп қаулы
қабылдаған Франция Мемлекеттік кеңесі өзгертіп тастаған еді.
Мемкеңеспен келіспеген олигарх адвокаттары Пикуа мен Бейлу
нидің көмегіне жүгініп, сотқа апелляциялық шағым түсірді.
2022 жылдың 8 желтоқсанында CNDA сол шағым бойынша шешім
шығарды: Әбіләзовтің апелляциясы қабылданбады. Осылайша,
қашқын банкир Францияда саяси босқын мәртебесінен біржолата
айырылды. Заңнамаға сәйкес Мұхтар Әбіләзовті Франциядан де
портациялау немесе экстрадициялау күтіп тұр, бәлкім, Қазақстанға
қайта қайтарылуы да мүмкін».
Қылмыскер қанша құтырса да құрықтан құтылмайды.
Екіншісінде осы жайларға қоса мынаны айтқан: «Қазақстанда
Әбіләзовтің БТА Банктен 7 миллиард доллар шамасында ақша
жымқырғаны үшін 20 жылға түрмеде отыруға жаза алғанын, ал
2018 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін
өмір бойына түрмеге кесілгенін еске сала кетейік». «Әбіләзовті ақша
жымқырды деген күдікпен Ресей мен Украина да іздестіріп жатыр»
дегенді тағы қосып қойған.
«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» дейді қазақ.
Өмір болған соң сүйініш пен күйініш қатар жүреді. Сеніміңді
ақтамаған адамның қай-қайсысы да жүрегіңді ауыртады. Ал ондайлар
жаныңнан шықса, айналаңнан табылса, азаптың азабы.
«Менің отбасымның мүшелері туралы. Олар, өзге азаматтар сияқ
ты, таңдаған мамандықтары бойынша еңбек етуге немесе қоғамдық-
саяси қызметтер атқаруға және бизнеспен айналысуға құқылы.
Сонымен қатар барша қазақстандықтар сияқты, ел азаматтарын
теңестіретін бұлжымас заңға бағынуы тиіс.
Бұрынғы күйеу балам, үш жиен немеремнің әкесі Р. Әлиевтің шек
тен шығу арқылы тек өз отбасын, балаларын, мені ғана емес, тұтас
елді сатып кетуі — маған және менің отбасыма орасан қасірет болды.
Бұл жағдайды мен және туыстарым қайыспай қарсы алып, оған
шығарылған соттың шешімін әділ үкім ретінде қабылдадық. Басқаша
болуы мүмкін емес еді» — 2010 жылдың 4 маусымында ел халқына
жасаған үндеуімде осылай деп айтуға тура келді.
Мен оған сендім. Қалай сенбейін? Туған күйеу балам. Сөйтсем,
ол алдымен қара басының қамын ойлапты. Үстінен іс қозғалды. Сол
күндер — менің өмірімдегі өте бір ауыр күндер. Оның ісінің сотқа
берілгені, қорғап қалуды сұрап, құдамның келгені, немерелерімді
ертіп, көз жасын төгіп, қызымның келгені, әйелімнің өтінгені… Қай
терсің, қаншама қиналсам да, жүрегім қан жыласа да, заңсыздыққа
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 646 —
жол бере қоймадым. Кешіруге болатын істер де бар. Оны қарайтын
амнистия жөніндегі арнайы комиссия да бар. Кешіруге болатын іс пе
оның жасағаны? Адам өлтіруден де тайынбаған екен. «Нұрбанктің»
топ-менеджерлері Ж. Темірәлиев пен А. Хасеновті өлтіріп жібер
ген. Күлкісіз күндерім, ұйқысыз түндерім өтті сонда. Жоғарғы Сот
оны 20 жылға түрмеге қамауға үкім шығарды. Бұл кезде ол шетелге
жасырынып үлгерген еді. Сол жақта жүріп, қамауға алынды. Түр
меде көз жұмды.
Елде заңдылық салтанат құрсын, заң бұзғандарға кешірім жоқ,
тіпті олар жақын адамдарың болса да жазалануға тиісті.
Қ. Сатыбалдының жолсыздықтары жөнінде көп айтылды. Жалын
дап тұрған жігіт күнінде, 1981 жылы көлік апатынан қайтыс болған
туған бауырым Сатыбалдының ұлы Қайратты әкесіндей қамқорлық
жасап өсіріп едім. Хал-қадерінше білім алып, елдің ісіне араласып
жүрді. Қызмет бабында да жоғарылап жатты. Қайрат жоғары әскери
училищені бітіріп, ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қорғаныс минис
трлігінде істеді, Астана қаласы әкімінің орынбасары болды, кейіннен
бизнеске ауысты, қайырымдылықпен айналысты. Өңірлерде мешіт
тер, әлеуметтік нысандар салып, жұртқа тарту етіп жүрді. Ақтаудың,
Сарыағаштың тұрғындары оған әлі күнге разылығын білдіріп жата
ды. Әттең, бизнестегі қызметінде заң бұзуға жол беріпті. Кейіннен
«Қазақтелеком» ұлттық компаниясының қаржысын иемденді деген
айып тағылып, істі болды. Алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Менен журналистер «Немере ініңізге қатысты сот шешімін дұрыс
деп санайсыз ба?» деп сұрады. Не айтайын? «Сот шешімі әділ деп
ойлау керек деймін. Егер адам шешім әділ деп санамаса, шағымда
нуы тиіс» дедім.
Әрине, заң жағынан қарасақ, жоғарыда жазғанымдай, әр адам
таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуге, қоғамдық-саяси қыз
меттер атқаруға және бизнеспен айналысуға құқылы. Елдің барлық
азаматтары заң алдында бірдей екені тағы түсінікті. Дегенмен, ел
басқаратын адамның жақын жандары мемлекеттік қызметте не
месе квазимемлекеттік секторда жоғары лауазымдарға жеткені
жұртшылық тарапынан қандай да бір түсінбеушілік туғызатынын
ескермеуге тағы болмайды екен. Оны да уақыт дәлелдеп берді. Олар
сол биіктерге лайықты екенін танытқан күннің өзінде көптің ішінен
«Белгілі ғой, тіреушісі тіреп тұр ғой» деген сияқты сөз айтатындар
бәрібір табылмай қалмайды.
Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп.
Сынақтың көкесі перзент сынағы, бауыр сынағы екен.
Саясат сынағы
— 647 —
Бойымдағы туабітті қайырымдылық пен адамға сенгіштігім өзімді
ұрындырғанын мойындауға тиіспін. Президент кадрларға әділ қарауы
керек, бірақ оларға, әсіресе туысқандарына қатқыл да талапшыл бо
луы тиіс. Жоғарыда айтылған кадрлық қателіктерім үшін әлі күнге
жаным ауырады.
Әр адам өзінің тағдырын өзі жасайды деген сол!
ҚАҢТАР
Тарих жолы қай заманда да тайғақ.
Бұл айтылғанның дәлелі — 2022 жылғы қаңтар оқиғасы. Ол оқиға
тәуелсіздіктің отыз жылдық тарихында ел басына түскен ең ауыр
сынақ болды.
Қаңтарда ұйымдасқан экстремистік топтар елімізде жаппай
тәртіпсіздік орнатып, террорлық шабуыл жасады. Соның салда
рынан бейбіт тұрғындар зардап шекті. Лаңкестер елдігіміз бен еге
мендігімізге, тыныштығымыз бен тұтастығымызға қауіп төндіріп,
жұрттың берекесін қашырды. Сұйытылған газ бағасының оқыс кө
терілуіне байланысты туындаған жұртшылық наразылығын бетке
тұтып алып, жаппай бағынбаушылыққа шақырды. Экстремистер
тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, өрт қойды, вандализмге жол берді,
бірқатар облыс орталықтарында әкімшілік ғимараттарын, Алматы
әуежайын, қару сататын дүкендерді басып алды, қалыпты тіршілік
ету нысандарына шабуыл жасады, қала тұрғындарын, құқық қорғау
органдары қызметкерлерін ұрып-соқты, сабады. Мысалы, Алматыда
жүгенсіз кеткен тобыр Президент Резиденциясын, қалалық әкімдік
ғимаратын өртеп жіберді. Полицейлер, әскери қызметшілер, бейбіт
тұрғындар өлді.
Қай кезде де халықтың бір бөлігінің наразылығын тудыратын
себептер болып тұрады. Қиындықсыз өмір жоқ. Әйтсе де, кейінгі
жылдарда өзгермелі өмірдің өзінен табиғи түрде өрбіп жататын
проблемаларды жаһандық сипаттағы түйткілдер де толықтыруға
айналды. Мысалы, әлемдік конъюнктура, соның ішінде шикізат баға
сының құбылуы Қазақстан сияқты дүниежүзілік ықпалдастыққа
етене енген елдің экономикасына елеулі әсер етеді, осыдан барып
мемлекеттің экспорттық табысы төмендейді, бюджетке түсім азаяды.
Бұған соңғы кезеңдегі санкциялар соғысының жанама ықпалы да қо
сылатын болып алды. Мұның сыртында жаһандану желі жеделдетіп
жіберген жаңа сын-қатерлер де шығып жатыр.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 648 —
Бүкіл әлемді шарпып, адамзаттың өмір салтын өзгертіп жіберген
коронавирус пандемиясы Қазақстанға да қатты әсер етті. Қалалардың
қызу тіршілігін тоқтатып тастағандай күйге түсірген локдаундар,
қайта-қайта жарияланған карантиндер, жұмыстың негізгі бөлігінің он
лайн пішімге ауысуы, мектептегі балалардың айлар бойы мұғалімнің
бетін көрмей, компьютердің немесе смартфонның экраны арқылы са
бақ оқуы, ағайын-туған, дос-жаранның алыс-берістен, барыс-келістен
қалуы, қайда да жүзіңді тұмшалап, бетперде киіп жүру керектігі
жұрттың зықысын шығарды, жүйкесін жұқартты.
Бір емес, екі емес, үш дүркін келіп соққан девальвация ұлттық ва
люта — теңгенің құнын қатты түсіргені, соған байланысты ең қажетті
тауарлардың, бәрінен бұрын — азық-түліктің қымбаттауы халықтың
әл-ауқатын едәуір төмендетіп тастағаны рас.
Үкіметтің жұмысы да мандымады. Әлеуметтік инфрақұрылым
және денсаулық, білім саласын дамыту үшін мемлекеттік бағдарла
малар қабылданғанымен, жүйелі іс атқарылмады. Тұрғындардың
нақты табысы өспеді. Отбасылардың бюджетінде азық-түлікке деген
шығын көлемі арта түсті. Атқарушы органдардың салғырттығынан
тұрмыс күйі әлжуаз тұрғындардың бір бөлігі атаулы әлеуметтік
көмекпен қамтылмай қалды. Елеулі кемшіліктерге байланысты ал
дымен Бақытжан Сағынтаев үкіметі, кейіннен Асқар Мамин үкіметі
отставкаға жіберілді.
Осының бәрі ел арасында мемлекет саясатына көңілі толмайтын
топтардың қатарын қалыңдата түскені сөзсіз. Жалпы, ондай топтар
қай кезде де болады, болуы заңды да. Олардың сайлауларда дауыс
беруі де көбіне-көп нақты кандидатқа байланысты емес, сол тұста
қалыптасқан саяси ахуалға орайлас айқындалады. Мысалы, 2019
жылғы кезектен тыс президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев
дауыстың 70 пайыздан астамын алды. Негізгі қарсыласы Әміржан Қо
санов дауыстың 16 пайызын алды. Бұл да үлкен көрсеткіш, яғни оның
кандидатурасын бір жарым миллион адам жақтаған. Ол жайында
өзінің: «Тоқаевтың жеңісін мойындадым. Осы кезге дейін қасымнан та
былған әріптестеріммен ақылдастым. Мемлекеттің ресурсын ескеріп,
өзіміздің қазіргі мүмкіндігімізді бағамдай отырып мойындадым»,
деп айтқаны да бар екен. Оған дейін оппозиция өкілі президенттік
сайлауларда мұндай көп дауыс алып көрмеген болатын. Шынын
айтқанда, 1999 жылғы президенттік сайлаудағы Серікболсын Әбділ
диннен кейін басқа кәдімгідей тіреске түсетін кандидат та шыққан
жоқ. Олардың кейбірі тіпті «Менің мақсатым жеңу емес, өзімнің
ойларымды жұртшылыққа жеткізу» деп те сұхбат беріп жүретін.
Саясат сынағы
— 649 —
Жаңағы бір жарым миллион адам өздерінің кандидаты мемлекетті
Қ. К. Тоқаевтан артық басқара алады деп бірауыздан, берік сенген
жоқ, әрине.
Қаңтар оқиғасының басты себебі — билік үшін күрес. Экономи
калық қиындықтардың өзі сол күресті бастауға ілік ретінде пайда
ланылды. 2019 жылы мен өз еркіммен президенттік қызметтен бас
тартып, мемлекет басқару тізгінін Конституция талабына сәйкес
Сенат Төрағасына берген кезімде бұл шешіміме көптеген адамдардың
наразы болғанын анық білемін. Олардың біразы Қ. К. Тоқаевтың өмір
бойы дипломатия саласында жұмыс істегенін, нақты экономикамен
премьер-министрдің орынбасары, Үкімет басшысы қызметтеріндегі
бас-аяғы үш жылдың ішінде ғана тікелей айналысқанын ойлап, ел
өмірінің барлық мәселелеріне жауап беруі тиіс президенттік жүкті
арқалай ала ма деп іштей қауіптенгендер.
Менің ізбасар ретіндегі жасаған таңдауыма наразылық (іштей, әри
не) білдіргендердің кейбірі — президенттіктен дәме еткендер. Олар
алдымен маған қарсылық білдіре алмады. Одан кейін президенттік
сайлаудағы халық шешіміне қарсылық білдіре алмады.
Президенттер ауысқан кезде қашанда босаған орынға отыра қа
луға әрекет жасалады. Әрине, адамдар менің жасым ұлғайып келе
жатқанын, кетуді ойлайтынымды біліп жүрді. Бірақ оның қашан
болатынын білмеді. Оның үстіне бұның тез болғаны сондай, «үміт
керлер» көзін ашқанша іс бітіп те қалды. Солай деп ойлаймын. Бірақ
бұл менің жеке ойым.
2019 жылғы 9 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Респуб
ликасының Президенті болып сайланды.
Енді не істеу керек? Амал жоқ, 2024 жылғы сайлауды күтуге тура
келді.
2021 жылдың аяғында, 23 қарашада «Нұр Отан» партиясы Саяси
кеңесінің отырысында мен партия тізгінін ел Президенті Қасым-
Жомарт Тоқаевқа тапсыратынымды айттым. Президентке наразы
лардың бас көтеруіне осы шешім түпкілікті қозғау салған сияқты.
Неге десеңіз, билік партиясын басқаратын адамның сайлауда жеңіске
жетуге мүмкіндігі молая түседі деп саналады. Енді қарсы күштер
менің Тоқаевты 2024 жылғы сайлауда да қолдайтынымды көрді. Бұл
Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға дейін Президент болады деген
сөз. Яғни, үміт біржолата үзіледі деген сөз.
Мұның алдында мен Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға
лығын Президентке беру жөнінде шешім қабылдаған болатынмын.
Партия тізгінін ұстатудан кейінгі ойластырылған қадам Қ. К. Тоқаевқа
Қауіпсіздік Кеңесінің төрағалығын беру еді. Ол қадамды мен жылдың
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 650 —
басында жасамақшы едім. Оқиғалардың ой қисынының өзі осыған
алып келе жатқан-ды. Өйткені, билік транзиті тым ұзара берсе, елде
қос өкімет орнағандай әсер күшейе түсетіні анық еді. Бұлай дегенде
менің билікті ізбасарыма жеке өзім және өз еркіммен бергенім әдейі
ауызға алынбай кетеді. Халықтың толық қолдауына ие күйде (оны
2015 жылғы сайлау көрсетіп берді) Президент болып отыра беруге
мүмкіндігім бар кезде биліктің бір бөлігі маған неменеге керек? Оның
үстіне мен өзімнің өкілеттігімді екі жылдай уақытқа қысқарттым
ғой. Бұл шешімді неге дәл сол кезде қабылдағаным — басқа мәселе.
«Президент біреу болуы керек, басқалар оған тіреу болуы керек»
деп Шерхан Мұртаза айтқан. Мен осы қағидатты ұстануға тырыстым.
Әуелгі бетте, жаңа да жауапты жұмысқа бел шеше кірісіп, аса биік
лауазымға табиғи кірігіп кеткенше, қажет кезінде, өзі хабарласқанда
Қасым-Жомарт Кемелұлына кеңес беріп те жүрдім. Бұл жөнінде
Президенттің өзі де айтқан. «Кейде мен мемлекеттік басқарудың
бай тәжірибесіне ие адам ретінде ол кісіден кеңес сұрап тұрамын.
Сондықтан қағидатты түрде қарағанда біздің арамызда тандем дейтін
нәрсе жоқ. Ол кісінің өзі де бұл арада қосбилік жоқ, бізде тандем жоқ
деп айтқан. Заңды түрде сайланған президент бар. Жақында, партия
жетекшілерімен кездесуде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев баршаны
жаңа президенттің төңірегіне топтасуға шақырды», деген. Бұдан
артық не керек? Бәрі ап-айқын. Әйтсе де Президент аузына келгенді
айтатындар мен «Қазақы дуумвират: алғашқы сызат» («Казахский
дуумвират: первые трещины») деген сияқты мақалалар жариялауға
дейін баратындардың ойдан шығарған долбарларына сабырмен және
нақты жауап қайтарды.
Зейнетте жүргендіктен ол оқиғалардың бәрін сырттан бақылауыма,
жан ауыртуыма тура келді. Бұл арада сол күндерде не болып, не қой
ғанына егжей-тегжейлі тоқталып жатқым жоқ. Жеткілікті айтылған.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында құқық қорғау
органдарының жетекшілері тергеудің барысы және қорытындысы
туралы толық мәлімет берді.
Радикалды оппозицияның шын бет-бейнесі қаңтар оқиғасы кезінде
түпкілікті ашылды. Наразылық акциясы басталысымен-ақ Әбіләзов
қарсылық білдіруге шыққан адамдарға ұран салып, «іс-әрекетті үй
лестіруге» шақырған. Facebook арқылы демонстранттарға жолдаған
үндеуінде украиналық операторлардың кодын көрсетіпті. Әбіләзовтің
бұл жөнінде алдын ала құрған штабы Киевте орналасқаны анықтал
ды. Қантөгіске қатысы барын жасырмай айтады. Мақтаныш етіп
айтады. Айызы қанып айтады. Адамдардың қасіретін саясаттағы
жеңісіндей көріп сөйлейді. Неткен сұмдық.
Саясат сынағы
— 651 —
Оппозицияның аты — оппозиция. Әсіресе, бітіспес, радикалды
оппозиция іс басындағы билікке қарсы шығуы тиіс. Бірақ ешқандай
оппозицияның да наразылық білдіруге көшеге шыққан жұртты
билікті күшпен басып алуға үндеуге, әкімдіктерге, полиция департа
менттеріне, әскери бөлімшелерге, оқ-дәрі қоймаларына басып кіруге,
ғимараттарға өрт қоюға, қаланы тонауға, телестудияны қиратуға,
телемұнараны жаулауға шақыруға құқы жоқ. Мұның аты — бан
дитизм, терроризм. Терроризмді қолдау — қылмыс. Мемлекетке
қарсы жасалған, аса ауыр қылмыс. Өз елін — Отанын осылай сатуға,
халықты осылай арандатуға Қазақстанның жаулары ғана барады.
Сатқындар қай кезде де болған. Әсіресе саған ұдайы жағымпазда
нып, сен үшін өмірін қиятындай ант-су ішіп, қатты жақындайтындар
қауіпті. Тарихтан да, өзімнің өмірімнен де сатқындардың қалайда
сатып кететінін білемін. Өкінішке қарай, біздің интеллигенциямыз
дың кейбір өкілдері соларға ұқсас. Желбағарлар ғой. Жел қай жақтан
соқса, сол жаққа танауын тоса қояды.
Сол сүргелең күндер мен дүрбелең түндердің бәріміз үшін де,
осы елдің тәуелсіз мемлекет болып құрылуының бастауында тұрған,
Қазақстанды отыз жыл басқарған мен үшін де салмағы ауыр сау
алға айналғаны анық. Елдігімізге сын болған қилы кезеңдегі Қасым-
Жомарт Кемелұлының: «Мемлекет басшысы ретінде тағы да қайталап
айтамын. Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке
айналдыру үшін зор еңбек сіңірді» деген сөзін разылықпен келтіруді
артық көрмей отырмын. Бұл сөз маған үлкен демеу болды.
Сол сын сағатта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжым
дық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдерге Қазақстандағы
ахуалды тұрақтандыру жөнінде өтініш жасады.
Осылайша біздің еліміз өз тарихындағы аса бір ауыр сынақты
бастан кешті.
2022 жылғы күздің аяғында журналистер менен мемлекетке сатқын
дық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекет етті деп айыпталған
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің
артында кім тұрған деп ойлайтынымды сұраған болатын. Былай деп
жауап қайтардым: «Бұл сұрақ мені де қызықтырады, мен де тергеу
мен соттың аяқталғанын күтіп жүрмін. Мұның қандай себебі болды
және оның артында кім тұр? Жауабы өте қиын. Мәсімов менімен
бірге көптеген жылдар бойы жұмыс істеді, бірақ қайдан білерсің?
Иисус қасында отырған Иуданың кім екенін білді дейсіздер ме? Біз
құдай емеспіз ғой. Сондықтан соттың аяқталуын күтейік, меніңше,
сол кезде бәріміз де ақиқатқа көз жеткізетін боламыз».
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 652 —
Заң бұзған жазасыз кетпейтініне сенгендіктен айтқан едім мұны.
Дәл солай болды да.
Іс ұзақ, тыңғылықты қаралды. Тергеуді айтпағанда, сот процесінің
өзі жарты жылдан астам уақытқа созылды.
2023 жылғы 24 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөнін
дегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлттық қауіпсіздік коми
тетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке және оның орынбасарла
ры Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинге, М. Осиповке қатысты қылмыстық
іс бойынша үкім шығарды. К. Мәсімов пен Ә. Садықұлов мемлекетке
опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық
өкілеттігін асыра пайдалану, Д. Ерғожин билікті күшпен басып алу,
билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану, М. Осипов билік
пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бойынша айыпты деп
табылды.
Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды. Басқалар да тиісті жазасын алды.
Тарауды түйіндейтін тұста қасіретті қаңтар оқиғасының бір жыл
дығына орай Мәжіліс 2023 жылғы 5 қаңтарда өткізген парламент
тік тыңдау материалдарына жанымды ауырта отыра сілтеме жаса
мақпын. Телеэфирден тікелей көрсетілген, жұртшылықты жыл бойы
толғандырып келген талай сауалға жауап берген ол отырыс шын
мәнінде тарихи оқиғаға айналды. Мен Палата Төрағасы Ерлан Қо
шановтың парламенттік тыңдауды қорытындылайтын тұста айтқан:
«Бүлікшілердің басты мақсаты — халықты үрейлендіріп, қоғамды
аласапыран қылып, Президентті қызметінен кетуге мәжбүрлеу еді.
Мен Мемлекет басшысының осындай қиын жағдайда мойнына ауыр
жауапкершілік алып, батыл шешімдер қабылдағанына куә болдым.
Ол туралы айтылып та, жазылып та жүр. Соның бәрі — шындық!
Осындай сын сағатта Қасым-Жомарт Кемелұлы «Билік құламайды!»
деген бір ауыз сөзімен халыққа рух беріп, үндеу жариялады. Мемле
кетті бұрын-соңды болмаған қиындықтан алып шықты», деген сөзіне
толық қосыламын.
Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахмановтың «Қаңтар оқиғасы
кезінде мемлекеттік төңкеріс әрекеті жасалды ма, жоқ па? Егер мем
лекеттік төңкеріс әрекеті жасалған болса, оның ұйымдастырушыла
ры кімдер?» деген нақты сұрағына Бас прокурор Берік Асылов: «Біз
басқарылатын хаос кезінде еліміздің жоғарғы басшылығын ауысты
руға бағытталған операция тыңғылықты жоспарланған деп айта
аламыз. Шын мәнінде мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет етілді»
деп нақты жауап қайтарды.
Мемлекеттік төңкеріске дайындық 2021 жылдың өн бойында жүр
гізілгені анықталды. Бас прокурор депутаттар алдында сөйлеген
Саясат сынағы
— 653 —
сөзінде «2021 жыл бойы, жасырын түрде радикалды шара қолдану
үшін орындаушыларды дайындау жүргізілгенін ғана айта аламын.
Орындаушылардың қатарында ұйымдасқан қылмыстық топтар
болған. Олар адамдарды жинап, қаруландырған, рация және көлік
сатып алған. Тергеу анықтағандай, осы бүлдіргі әрекеттердің басында
күш құрылымдарының жекелеген өкілдері тұрған» деп те айтты. Мұ
ның даусыз дәлелі — 5 қаңтарда ҰҚК басшылығынан қағаз жүзінде
түскен тапсырма бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы
қалалық, Алматы облыстық, Қызылорда облыстық департаменттері
ғимараттарын жеке құрамның тастап шыққаны.
Тәубе, бұл сынақтан да өттік. Елдікке қатерді еңсерген және сағын
сындырмаған халық — қуатты халық. Мұндай елдің ертеңі еңселі
болмауы да мүмкін емес.
— 654 —
ЕРТЕҢІ ЕҢСЕЛІ ЕЛ
ТАЙҒАҚ КЕШУЛІ ТӘУЕЛСІЗДІК
«Адамзат тарихындағы ең айтулы оқиғаларға толы ғасырлар тоғы
сында елімізді басқару маған үлкен сеніммен қатар зор жауапкер
шілік жүктеді. Мен өзім басшылық еткен отыз жылға жуық уақыт
бойына туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді
аянбай жұмсадым» — 2021 жылдың желтоқсанында, Тәуелсіздіктің
отыз жылдығы қарсаңында жариялаған «Тәуелсіздік тағылымы» атты
мақаламда осылай дегенмін.
Ол күш-жігер текке кеткен жоқ!
Мен бұл сөзді нық сеніммен айта аламын. Аянбағаным анық. Аян
бағанымның арқасында азат елдің айбыны асқаны да анық.
Дәлелдейін.
Біз тәуелсіздік туын отыз жыл бойы орнықты ұстап келдік.
Отыз жыл бойы таңымыз тыныш атып, күніміз тыныш батты.
Отыз жыл бойы өстік, өркендедік. Қандай қарқынмен өстік, қаншама
өркендедік, бұдан көбірек өсе алар ма едік, өркендей алар ма едік
деген әңгіме — басқа әңгіме. Оған да келеміз.
Мемлекет құрылды. Тәуелсіздік тұғырланды. Ел бола алдық.
Дүние тағы да екі дай болып тіресуге айналған, күштілердің әл
сіздерге тізесін батыруы жиілей түскен қазіргідей күрделі кезеңде
бостандықты баянды ету бұрынғыдан да қиындап барады.
Ерлік пен елдікті ту еткен, жасампаздықты жалау еткен халқы
мыздың дербес мемлекеттілікті сан ғасырдан кейін ғана қалпына
келтіре алғаны біз үшін тәуелсіздіктің қадір-қасиеті алабөтен екенін
айрықша айғақтайды.
Арғыдағы бабаларымыз, бергідегі аталарымыз аласапыран заман
дардағы алақұйын дауылдарға төтеп беріп, елді, жерді сақтап қалды,
ұлық ұлыс құрды. Талай жұрт алапат соғыстар мен арпалысқан
айқастарда үдере көшіп, бордай тозып, тастай үгіліп, құмдай шайы
лып кеткен замандарда қазақтар түркі жұртының ата қонысын, қара
шаңырағын сақтап қалды. Дана бабаларымыз өзін ғана емес, адал
ғұрпын, дарқан көңілін, таза тілін, әсем әні мен қоңыр күйін, мәйек
Ертеңі еңселі ел
— 655 —
ті мәдениеті мен бай әдебиетін қоса сақтап, ұрпағына аманаттай
білді. Тамырын да, тарихын да, күш-қуатын да Ұлы даладан алатын,
көптеген этнос өкілдері татулық пен келісімде, береке-бірлікте бір
ге өмір сүріп жатқан дәл осындай елдің ұлы мен қызы болу — әр
қазақстандықтың маңдайына жазылған бақыт. Мен бұл сөзді қай
талаудан танбаймын.
Тәуелсіздіктің мән-мағынасы туралы түрлі ғылым өкілдері өзінше
тұжырым жасайтыны анық. Бірақ бір нәрсе ақиқат, ол — ата-бабала
рымыздың азаттық жолындағы жан алысып, жан беріскен сан ғасыр
лық күресінің заңды жемісі. Осы ауыр жолдағы сансыз шайқастар
мен көтерілістерде қаншама қаһармандарымыз шейіт кетті. Оларды
еске алу, құрметтеу — біздің парызымыз. Сондықтан біз жаңа заманда
қантөгіске жол бермей, тәу етер жалғыз киеміз — тәуелсіздікке сабыр
мен төзімділік, ақыл мен парасат арқылы қол жеткіздік.
Мұның бәрін өзімнің өмірімнен де көремін. Арғы дәуірлердегі
отаршылдыққа қарсы қиқаласқан күресті былай қойғанда, жаңа за
ман алдындағы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске Қарқара, Қастек,
Самсы деген өңірлерде менің батыр бабаларым да қатысқан. Бізді
талай ғасыр езген патша билігі құлап, большевиктер жарылқай ма де
генде халқымыз бұрын-соңды болып көрмеген алапат ашаршылыққа
ұрынды. Мұның сұмдық сипатын аңғарту үшін аз уақыт аясындағы —
1921–1922 және 1930–1932 жылдардағы зорлап ұжымдастырудың
қиянатынан қазақтың тең жартысы қырылғанын айтудың өзі жетіп
жатыр. Осындай екі-үш жылдық сүргіндерде тең жартысынан айы
рылған басқа халық бар ма екен мына жердің бетінде?!
Патшалық Ресейдегі 1913 жылғы ресми санақ бойынша, сол кез
де Дала өлкесінде, Түркістан өлкесіндегі қазақтарды қоспағанда,
5 миллион 597 мың халық тұрған. Түркістан өлкесінде де қазақтар аз
болмағаны белгілі. Ал арада жарты ғасырдай уақыт өткенде, КСРО-
да 1959 жылғы санақта Қазақстандағы қазақтардың саны 2 миллион
787 мыңға дейін кеміп, республика халқының 30 пайызын ғана құраған.
Бұл сұмдық сойқанда соғыс алдындағы сталиндік қанды репрессияның
ұлтымыздың сүт бетіне шығар қаймақтарын жалмап кеткенінің де
әсері үлкен. Оның сыртында тың игеру деген науқанның тұсында елге
бәрінен бұрын нан керек деп трактор бара алатын жердің бәрін дерлік
жыртып тастап, негізінен мал шаруашылығымен айналысатын қа
зақтарды жайылымсыз қалдырғаны, сөйтіп малдан айырғаны тағы бар.
Әрине, мен бұл оқиғалардың бәрін көзіммен көрмесем де, әкем мен
анамның өзегін мұң мен зар өртеп, жанарын жасқа шылап отырып
айтқан сөздерінен, азаттық жолында шейіт болған аруақтарға арнап,
күбірлеп оқыған дұғаларынан естіп-біліп, көкірегіме түйіп өстім.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 656 —
Қазақтың төзімділігіне кейде таңғаламын. Көнбеске көніп, шыда
масқа шыдаған, болашағы бұлдыр деген күннің өзінде сағын сындыр
май, келешектен үмітін үзбеген, қиындық атаулыға қасқая қарсы
тұрып, үздіксіз алға жылжыған, неткен мықты халық бұл! Осындай
халықтың бақытты болашағына қалай сенбейсің!
Мына ойды қайталай айтқым келеді.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, Тәуелсіздікті ұстап қалу әл
деқайда қиын. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың
басынан өткерген тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа
жөнсіз тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген.
Тәуелсіздікті қолда берік ұстап тұрудың қиындығынан қаймықпа
йық. Тәуекелі тұратындардың ғана қолы жетпесе, Тәуелсіздік бола
ма? Азаппен, арпалыспен келмесе, Азаттық бола ма? Оңайлықпен
келсе, оның қадірі бола ма? Қадірі жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?
Алдан шығар сын белестерден білекке — білек, жүрекке — жүрек,
тілекке — тілек қоса білсек қана абыройлы өте аламыз.
Өтеміз де!
Батыр бабалар қорғап қалған кең-байтақ өлкемізді түгел құлпыр
тып, түгел көркейту — біз бен ертеңгі жеткіншектердің үлесіне тиіп
тұр. Азат еліміздің жастары тәуелсіздікке барар жолдың қандай
азапты болғанын, оған қандай құрбандықтар мен сынақтар — 1916
жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, азамат соғысы, ашаршылықтың алапат
екі толқыны, саяси қуғын-сүргін мен репрессиялар, Ұлы Отан соғысы,
тың игеру жылдарындағы жаппай қоныс аударудың зардабы арқылы
жеткенімізді білуі керек. Мұның өзі өткен тарихты қастерлеп, одан
сабақ алу үшін қажет. Қазақта «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз,
жеті ғасырын білмейтін ел жетесіз» деген мақал бар.
Кеңес Одағы сынды алып империя өткен ғасырдың 70‑жылдары
тарихшылар қауымы «тоқырау» деп айдар таққан күрделі кезеңге аяқ
басты. Тек жоғары билік бекіткен жоспар мен қосып жазуға негізделген
кеңестік экономика, жалаң ой, жадағай пікірлі коммунистік идеология
қоғам дамуын тығырыққа тіреді. Тоқырау кезінде ел экономикасында
орын алған мүшкіл халді металлургия комбинатында істеген, Қараған
ды облыстық партия комитетінде хатшы, екінші хатшы қызметтерін
атқарған 70‑жылдардың соңында айқын аңғара бастадым. Ал маған
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы ретінде эконо
мика жағын басқару сеніп тапсырылған, кейіннен Қазақ КСР Үкіметінің
басшылығына тағайындалған 80‑жылдары жағдай тіпті асқынып
кетті. Сол он жылда мен кеңестік экономиканы толық тани алдым.
М. С. Горбачевтің «қайта құруы» тоқырауға тіреліп тұрған қоғамға
серпіліс әкеле алмады, керісінше, көпсөзділікке, жаппай жарнамалық
Ертеңі еңселі ел
— 657 —
ұрандарға жол берілді. Экономикалық базис жасалмай, асығыс
басталған «бетбұрыс» жылдар бойы қордаланған проблемаларды
одан әрі өршітіп, шарықтау шегіне жеткізді.
КСРО-дағы алғашқы демократиялық сайлаудың нәтижесінде ірік
телген халық депутаттарының І съезі 1989 жылдың мамыр-маусым
айларында өтті. Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы ретінде
алып Одақтың экономикасында орын алған мүшкіл жағдайды ашық
айтуға тура келді. Кремльдің Съездер сарайының мінберінен сөйлеген
сөзімді қаз-қалпында келтірер болсам, былай деген екенмін: «…Қыз
меттік міндетім бойынша практикалық экономика мәселелерімен
айналысып жүрген менің айтарым: біз бүгінде ел экономикасындағы
шынайы жағдайды нақты білмейміз. Өздеріңіз ойлап көріңіздер:
КСРО Мемлекеттік статистика комитетінің деректері бойынша, елдегі
азық-түлік өндірісі артқан, бірақ сөрелер бос. Жоспарлар орындалуда,
ал экономиканың ахуалы нашарлап барады. Неге? Мұндай «негелер»
тым көбейіп кетті. Түптің түбінде экономикадағы дағдарыстың қан
шалықты тереңдеп кеткенін анықтап, оны еңсерудің айқын жолын
табуымыз керек-ақ.
Он екінші бесжылдық жоспары тоқыраудың ең тозған дәстүрлері
негізінде жасалды».
Әрине, екі күннің бірінде «қайта құру», «бетбұрыс», тіпті «жедел
дету» деп ұрандатып жатқан М. Горбачевке «он екінші бесжылдық
тоқыраудың ең нашар дәстүрі негізінде жасалды» деген сөз ұнай
қойған жоқ. Тіпті регламентпен шектегісі келгендей сыңай танытты.
Бірақ залдың дүркірете қол соққаны оның мені тоқтатуына мүмкін
дік бермеді. Сөзімді аяқтап, залға қарасам, Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Г. В. Колбиннің өңі сұрланып
кеткен екен. Бірақ ел мүддесі, халық тағдыры талқыға түскен мұндай
сәттерде аянып қалуға болмайтын еді.
Одақтың кетеуі кетіп, іргесі сөгіле бастаған кейінгі екі жыл ішінде
қалыптасқан нақты жағдай тіпті ушыға түсті.
Кейін зерттеушілер «егемендік шеруі» деп айдар таққан үдерісті
1989 жылы алдымен Балтық елдері бастап, Кавказ республикалары
жалғастырды да, артынан бүкіл Кеңес Одағын қамтыды. 1990 жылдың
аяғына дейін Одақ құрамындағы 15 республика түгелдей өз егемен
дігін жариялап үлгергенімен, Эстония, Литва және Латвиядан басқа
12 республика әлі Одақ құрамында болатын. Бірақ М. С. Горбачев
қаншалықты жанталаса қимылдап, Одақты сақтап қалуға әрекет
еткенімен, КСРО-ның одан әрі ыдырауын тоқтату мүмкін емес еді.
Ыдырай бастаған нәрсені қалай сақтап қаларсың? Мен сол кездегі
оқиғалардың дәл ортасында жүрдім, ол кезең жайында әлі күнге дейін
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 658 —
ойланып қоямын. Дәл сол кезде елде нан жетпей жатқан. Бұрын
сыртқа бидай шығаратын ел енді өзі бидайсыз қалды. Тапсырыс
берілген бидай кемелерге тиелген күйі Балтық бойындағы порт
тарда тұр. Алайда оған төлейтін ақша жоқ, содан Михаил Горбачев
америкалықтардан ақша сұрады. Басқа салалардағы шаруасы да
осыған ұқсас болатын. Горбачев олардың айтқанын істеді, ал Батыс
оның айтқанын істемеді. Ельциннің тұсында да солай болды. Менің
осы сөзіммен келіспейтіндер табылатынын білемін. Бұл жөнінде
неше түрлі пікірлер бар. Иә, әлем өзгеріп кетті, қырғи қабақ соғыс
аяқталды, тағы басқа дейді. Ал қазір немене, дәл сондай текетірес
болып тұрған жоқ па?
Алып ел неліктен мұндай күйге түсті, неге күйреді? Көптеген шет
елдердің басшылары кездесулер кезінде менен осы жайында сұрай
тын. М. Горбачев КОКП Орталық комитеті Бас хатшысының барша
жұрт бағынатын мықты билігіне ие болып қалған еді ғой.
Осы жағдай Қытай Халық Республикасының басшыларын қатты
қайран қалдыратын. Біз мұны ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен талай
талқылағанбыз. Кездескен сайын менен сол жайдың қалай болғанын,
себебі неде екенін сұрайтын. Өзінің елін сондайдан сақтауды ойлай
тын болар, бәлкім. Мен қолымнан келгенше сақтандыратынмын,
Горбачевтің қателіктері жөнінде айтатынмын.
Горбачевпен бір сөйлескенімде мен абайлап, былай дедім: «Михаил
Сергеевич, осы өтпелі кезеңде біз Қытайдың тәжірибесін зерттеп
көрсек қалай болар еді?». Оның талағы тарс айырылды. «Не айтып
тұрсың, Нұрсұлтан? Артта қалған елден үйренетін не бар? Қарасай
шы, Батыс бізге көмектескелі жатыр ғой», деді. Егер батыс елдері
КСРО экономикасына қолдау көрсетсе, ақша берсе, қазір Украи
наға көмектескендей етсе, онда ел өйтіп-бүйтіп сақталып та қалар
еді. Бірақ Батыс мұны қалаған жоқ. Олар елдің ыдырап жатқанына
айыздары қанды. Батыс елдерінің лидерлері, өздерінің алыстан ой
ластырған жоспарларын көздей отырып, осындай нәрсеге ұрындыру
үшін Қытайды да айналдырып бақты. Әйтсе де көздегендері болмады.
Тарихтың жолы да, дәстүрлер де, өзге жағы да басқаша еді.
АҚШ президентінен бастап, Еуропа елдерінің басшыларына дейін
М. С. Горбачевті «Михаил досым» деп, арқасынан қағып қойып, оны
батыстық демократияға тезірек көше қоюға үгіттеп жатты. Сон
да ауқымды инвестиция құйылады, халық еуропалықтардай өмір
сүретін болады, даму басталады, тағы басқа деп сендірді. Тек демо
кратиялық қоғам құрсаң, сөз бостандығын берсең болды деді. Ол
соған сенді. Оны алдап соқты. Мұны кейін өзі де мойындады.
Ертеңі еңселі ел
— 659 —
Қытай Халық Республикасының, Малайзияның, Сингапурдың
көшбасшылары білім болмайынша, жеке меншігі қол сұғылмастай
қорғалған дамыған орта тап болмайынша, демократия өмір сүре
алмайды деді. Англияда, еуропалық елдерде, АҚШ-та демократия
ғасырлар бойы қалыптасқан ғой.
Келесі 1991 жылдың 18–21 тамызында әйгілі «тамыз бүлігі» жа
салды. Ол Кеңес Одағы басшылығының дәрменсіздігін күллі әлемге
танытты. Соның нәтижесінде 1991 жылдың тамыз-желтоқсан айла
рында қалған республикалар түгелдей өз тәуелсіздігін жария етті.
Сол жылдардағы жағдай, біз атқарған жұмыс жөнінде Қазақстан
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың былай деп айтқаны бар:
«30 жыл бұрынғы қиын-қыстау күндерді қысқаша еске салғым
келеді.
Сол кезді Нұрсұлтан Әбішұлынан артық білетін ешкім жоқ.
Өндіріс орындары жаппай тоқтап, жұмыссыздық белең алды.
Дүкен сөрелері бос қалып, жұрт әбден күйзелді.
Кешегі алып мемлекет ыдырап, дүние төңкеріліп жатты.
Ел тығырыққа тіреліп, болашағына алаңдаумен күн кешті.
Оның үстіне көптеген белгілі саясаткерлер мен саясаттанушылар
Қазақстан ешқашан егемен ел бола алмайды деп, түрлі болжам айт
қан еді.
Осындай өте ауыр ахуал Тұңғыш Президент үшін нағыз сынақ
болды.
Соған қарамастан, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шынайы лидер
ретінде тарихымызда бұрын болмаған аса күрделі реформаларды
жүзеге асырды.
«Бұл — тарихи ерлік» деп айтсақ, артық емес».
Біз бүгінде Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастырудың ең сын
кезеңдері артта қалды деп айта алатынымыз анық. Шекаралардың
шегенделгені, жерасты қазба байлықтарын игеруге қол жеткізілгені,
төл армиямыздың қуаттанғаны, бір кездегі Орталықтың шикізат
шылауы болудан құтылып, экономиканың түпкілікті өнім өндіруге
бейімделгені, индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық
даму жолына түскеніміз осының айғағы.
Тәуелсіздікті жариялау оңайға түскен жоқ, оны бүкіл әлемге та
ныту одан да қиын еді. Мен Қазақстан тәуелсіздігінің осындай биік
деңгейде танылуын да алдын ала ойластырып қойған болатынмын.
Бірнеше ай бұрын дипломатиялық арналар арқылы келісудің
нәтижесінде Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннің ертеңінде
елімізге ресми сапармен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Дж. Бей
кердің өзі келді. Тәуелсіздіктің хабарын ести салысымен сол күні
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 660 —
түнделетіп Алматы, қайдасың деп жолға шықпайтыны белгілі ғой.
Бұл оның Қазақстанға екінші сапары. Осы уақыт ішінде екеуміз өзара
сенімге негізделген достық қатынас орнатып үлгерген едік. АҚШ-тың
сыртқы саясатына жауапты тұлға Қазақстанды тұңғыш Президент
сайлауымен, тәуелсіздік жариялауымен шын жүректен құттықтады.
Бұл ақпаратты онымен бірге келген шетелдік журналистер қауымы
АҚШ пен Батыс елдеріне сол сәтте-ақ таратып жіберді.
Оқиғалар ағыны қарқын ала түсті. Экономикалық ынтымақтас
тықты сақтау үшін 21 желтоқсан күні Ресей, Украина, Беларусь, Өзбек
стан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Армения,
Молдова және Қазақстан президенттері бас қосқан кездесуде Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығын құру жөнінде декларацияға қол қойылды.
Саммит Қазақстан тарапының бастамасымен Алматыда өтті. Бұл бір
кездері «КСРО құрамына енген республикалардың ендігі тағдыры
қалай болады, кімнің жетегінде кетуі мүмкін?» деген әлем мемле
кеттерінің алаңдаушылығын сап тыйып, Достастық мемлекеттерінің
бірлестігі дүниеге келді.
Біз тәуелсіздікті қолда ұстап тұра аламыз ба, әлде берекесіздікке
жол беріп, бұрынғы күйімізге де зар болып қаламыз ба деген қауіп
алғашқы жылдарда аз айтылмағанын жасырып-жабудың жөні жоқ.
Қазақстан бұрынғы Одақ республикаларының арасында этносаралық
қақтығыстар тәуекеліне барынша бейім деп саналғанын еш ұмытпауға
тиіспіз. Не шықса да алдымен осылардан шығады деп болжалданған
дәл сол Қазақстан кейіннен сан түрлі ұлттар мен алуан-алуан дін
дердің жарасымды үйлесімінің үйренетін үлгісіне айналды. Тәуел
сіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз береке-бірлікке, ынтымаққа,
ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімге негізделген саясатты
жүзеге асырдық. Бұл елімізді үздіксіз өсу мен өркендеуге бастады.
Біз егемендік жолына түскенде өзіміз сияқты тәуелсіздігін жа
риялаған Грузия, Әзербайжан, Армения мемлекеттерінде, өкініш
ке қарай, соғыс өрті тұтанып, Приднестровье Молдовадан бөлініп
кетті. Тәжікстанда азамат соғысы өршіп, бауырлас қырғыз елінде
дүркін-дүркін дүмпулер мен қақтығыстар орын алып, сол жылдары
басталған келіспеушіліктер көпке дейін жалғасып, елдің берекесін
алып қана қойған жоқ, экономикасын да тұралатып, жылдар бойы
дамуын тежеді. Украинаның оңтүстік-шығысындағы осы күнгі жан
жалдың төркіні де тоқсаныншы жылдардан келе жатқан алауыз
дықтарда. Киевтің жаңа билігі салған беттен-ақ орыс тілін тұқыртуға
бағыт ұстады да, мұның өзі елдің Ресей жақ бетіндегі, негізінен орыс
тар тұратын облыстарындағы жұртшылықтың орынды наразылығын
Ертеңі еңселі ел
— 661 —
туғызды. Ел азаматтарын алалаудың аяғы неге апарып соқтырғаны
белгілі. Әлін білмеген әлек деген сол.
Иә, кейінгі жылдарда қиындық аз болмады.
2019 жылдың аяғында басталған коронавирус дерті барша адам
затқа қауіп-қатер төндірді. Кітапты баспаға дайындарда Интернет
мәліметтеріне тағы бір қарап, мына жайларды жазып алдым. 2022
жылдың 6 қарашасына дейін бүкіл әлемде осы дертпен 637 миллион
678 мыңнан астам ауру тіркеліп, 6 миллион 605 мыңнан астам адам
көз жұмыпты. Бұл COVІD‑19 тарихтағы қатерлі пандемиялардың бірі
деген сөз. Вирус экономикасы мықты, денсаулық сақтау саласы қуатты
саналатын мемлекеттердің өзін шайқалақтатып жіберді. Мысалы, сол
6 қарашадағы мәлімет бойынша АҚШ-та 99 миллионнан астам адам
(336 миллиондық ел халқының ширек бөлігінен артық) дерт жұқты
рып, олардың 1 миллион 98 мыңнан астамы көз жұмды. Ресейде 21
миллионнан астам адам коронавируспен ауырып, 390 мыңнан астамы
өмірден өтті. Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің
ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Тиісті сақтандыру шаралары
жасалды. Шекаралар дер кезінде жабылды. Дәрі-дәрмектің қажетті
қоры жасалды. Тез арада арнаулы ауруханалар жабдықталды. Нәти
жесінде, індеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей,
ахуал тұрақты назарда ұсталды. Ақыры біз ажалды дертті негізінен
ауыздықтай алдық. Қазақстан — коронавирусқа қарсы өз вакцинасын
шығарған әлемдегі алты елдің біреуі.
Пандемияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары да аса ауыр
соқты. Айларға созылып кеткен карантиндер кесірінен көптеген орта
және шағын бизнес орындары кәсібін тоқтатуға, адамдарды босатуға
мәжбүр болды. Жұмыссыздық көбейді. Мұнайдың бағасы құлдырап,
елдің экспорттан түсетін табысы азайды. Осы тұста біз кезінде ерте
бастан қамдаған Ұлттық қор көмекке келді. Мұны айтып тұрған се
бебім — 2008–2009 жылдардағы әлемдік қаржы-экономикалық дағда
рыс кезінде де дәл осы қор жәрдемдескен болатын. Түрлі әлеуметтік
топтарға, кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы саласына көмек көр
сетілді. Егер Қазақстан ұлттық экономикада қомақты табыстарға қол
жеткізбесе, кезінде осы қор құрылмаса, мұның бірі де болмас еді. Бел
гілі ұйғыр қаламгері Ахметжан Ашири сол тұста: «Менің есімде, осы
дан бірнеше жыл бұрын әлдебір оппозициялық топ өкілдері: «Ұлттық
қорды неге жамбасқа басып тығып отырмыз? Егер оны дәл қазір
халыққа таратып берсек, әр адамға 17000 теңгеден айналар еді!» деп,
оны биліктің кемшілігі ретінде атап, ұрандаған болатын. Сол ұранның
тар өрістіліктен, алысты көре алмаушылықтан туғанына көзіміз жетіп
отыр. Егер сонда 17 мың теңгені үлестіріп тастағанда, ол таландыдан
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 662 —
түскен малдай құмға сіңіп жоқ болар еді. Сол қорымыз одан беріде
қосылып отырып, мол қазынаға айналды. Ел үйден шыға алмай,
жұмыс орындары жабылып, халық қарап қалғанда Ұлттық қор іске
қосылды. 17 мың теңге емес, одан да көп болып халықтың қолына тиіп
жатыр. Одан өзге азық-түлікке, медициналық құрал-жабдықтарға,
өзге де құтқару жолына жұмсалуда» деп жазыпты. Солай.
Өткен жылдар ішінде жүйелі жүргізілген жұмыстың бірі — жем
қорлықпен күрес. Бұл жолда неше түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға
да тура келді. Бір рет Ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменовті
шақырып алдым да, «МАИ қызметкерлері пара алады. Осыны еш
кімге білдірмей, тексеріп көр» дедім. Министр: «Олардың пара
алатынын білемін. Алайда біз тиісті шаралар қабылдап, күресіп
жатырмыз» дейді. Бәрібір тікелей өзі тексеруін тапсырдым. Ақыры
Қайырбек Шошанұлы сол операцияны жүзеге асырды. Шымкенттен
Астанаға қарбыз артып шыққан көліктің жүргізушісінің жанына
отырып, жол бойындағы былықтың бәрін өз көзімен көріп шықты.
Министр құрған торға Астанаға жеткенше кеден қызметінің тоғыз
адамы, көлік инспекциясының жеті адамы, жиырма бір полиция
қызметкері түсіпті. Кейіннен жол полициясының барлық бекеттерін
алып тастау жөнінде шешім қабылданды.
Мемлекет қолға алған шаралардың арқасында елдегі коррупциялық
қылмыстардың саны 2009–2019 жылдарда 1775‑тен 1210‑ға азайды.
2012–2016 жылдарда 1900‑ден астам шенеунік сотқа тартылды. Мы
салы, «ЭКСПО‑2017» көрмесінің нысандарын тұрғызу барысында
мемлекетке орасан нұқсан келтірілді. «ЭКСПО‑2017» акционерлік
қоғамының қолы былыққа батқан басшылары тендер үшін «откат»
алуды әдетке айналдырған, оның сан миллиондық сомасы орындаушы-
фирмалардың қызмет көрсету құнына қосылатын болып шықты.
Бұл жылдар ішінде елді шулатқандай талай сыбайластық қылмыс
ашылды, олар — мемлекеттік сатып алу кезіндегі жолсыздықтар, пара
беру, бюджет қаржысын жымқыру, тағы басқалар. Ақыр аяғында
қылмысқа қатыстылардың бәрі әділ соттың алдына тартылды.
Өкінішке қарай, біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз май
дан ашқанымызға қарамастан, бұл індетті толық жоюдың сәті түспеді.
Бұл күрес көптеген елдерде жүріп жатыр, ешкім оның түбіне жеткен
емес. Жұмысты жалғастыра беру керек. Әйтпесе, соңғы он шақты
жылда бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізілгенін жоққа шығару мүм
кін емес. Жемқорлық фактілері үшін жүздеген лауазым иелері, он
даған департамент директорлары, комитет төрағалары, жекелеген
министрлер, облыс әкімдері, тіпті бір премьер-министр қылмыстық
жауапкершілікке тартылды. Миллиардтаған қаржы мемлекетке
Ертеңі еңселі ел
— 663 —
қайтарылды. Алайда осының бәрі жеткіліксіз болып шықты. Оның
үстіне атқарылған жұмыс жұртшылыққа тиісінше түсіндірілмеді.
Содан барып, мемлекет жемқорлықпен нашар күресіп отырғандай
теріс пікір орнықтырыла бастады. Атқарылып жатқан жұмысты
көрсетіп, әр жағдайды айтып отыру керек еді.
Біздің ел өз тәуелсіздігінің отыз жылдық белесіне әлсіз күйде кел
ген мемлекет пе? Осынша уақыт ішіндегі халықтың еңбегі еш кет
кені ме? Солай болуы мүмкін бе өзі? Мүмкін емес. Әсіресе жерінің
қойнауынан минералдық қазба байлықтарының барлығы дерлік
табылатын, ал тәуелсіздік жылдарында мұнай мен газдың жаңа, ірі
кен орындары ашылған Қазақстандай елдің жағдайында бұл тіпті
де мүмкін емес. Ең бастысы, біз бай тәжірибесі бар, әлемге танымал
инвесторларды тарта алдық. Олар біздің адамдарымызды қазба бай
лықтарды ұсынықтылықпен пайдалануға үйретті. Әлемдік нарықтарға
шығатын жолдарымыз болмаса да, мұнай және газ құбырларын
жүргізе білдік. Осы салалар үшін білікті мамандарды дайындадық.
Қазақстанның болашақ мемлекеттілігінің негізгі сипаттары 1991
жылға жетпей тұрып-ақ қалыптаса бастағанын да ескеру керек. Біздің
республикамыз сол кездің өзінде одақтың ірі шикізат базасы ретінде
қадірленетін, тек солардың түпкілікті өнімге айналуы өзге өңірлерде
жүзеге асатын да, бізге мол түсімнің тиын-тебені тиетін. Кейін бәрі өз
қолымызға көшті. Біз елімізді шетелдік инвестиция үшін тартымды
мекенге айналдыра алдық. Соның арқасында Қазақстанға осы жыл
дарда 400 миллиардқа жуық АҚШ долларынан астам тіке шетел ин
вестициясы салынды. Мұның қандайлық мол қаржы екенін шамалау
үшін бүкіл Орталық Азия елдеріне түскен барлық инвестицияның 70
пайызына тең екенін айтудың өзі жеткілікті. Мен жеке өзім жылына
бір рет, ал кейде екі рет Шетелдік инвесторлар кеңесін өткізіп отыр
дым, оларда қордаланып қалған мәселелердің бәрі шешілетін, ке
дергілер алынып тасталатын. Мұнымыз біздің инвесторларымыздың
тарапынан қолдау табатын. Олар бізге, біздің заңдарымызға сенетін.
Баспасөзде жазылып жүрген мына бір фактіге назар салайық.
Халқының саны шамамен 20 миллион адам Қазақстанның ішкі
жалпы өнімінің көлемі халықтың жалпы жиынтығы 55 миллионнан
асатын төрт елдің — Өзбекстанның, Қырғызстанның, Түрікменстан
ның, Тәжікстанның ішкі жалпы өнім көлемін қоса есептегендегіден екі
есеге жуық артық. Ал әр адамға шаққанда бұл көрсеткіш анағұрлым
өсе түседі. Бұған түсініктеме беріп жатудың қажеті жоқ.
Егемендік жолына өзімізбен қатар түскен елдердің кеуде тұсын
да тұрмыз. Осындай қысқа уақыттың ішінде Америкадай арындап
кету, Жапониядай жайқалып тұру деген болмайтын нәрсе. Әр нәрсе
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 664 —
жөнімен. Әрине, алда қыруар жұмыс тұр. Ол жұмысты қазақстан
дықтардың келешек буынының атқаруына тура келеді.
Бір сұхбатымда: «Мен Қазақстанды кеңес заманынан бері басқар
дым, 1984 жылы Қазақстан Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып
сайландым. Міне, 35 жыл өтті, КСРО ыдырағаннан кейінгі және соңғы
30 жыл аса ауыр жылдар болды. Бұрынғы КСРО республикаларын
дағы, соның ішінде Қазақстандағы да жағдай сынған ыдысты еске
түсіретін. Кәсіпорындардың барлық байланысы үзілді, 2 миллион
адам жұмыссыз, электр жоқ, дүкендерде нан жоқ, сүт жоқ, шұжық
жоқ. Міне, мен кезінде осындай Қазақстанды қабылдап алдым»,
деген екенмін.
Сол Қазақстан тәуелсіздік тұсында экономикалық қуатын 15 есеге
арттыра алды. 15 есеге! Мұны жоққа шығару мүмкін емес.
АЛЫНҒАН АСУЛАР
Мемуар кітабымды түйіндейтін тұста Қазақстанның бағындырған
белестері, алған асулары жайындағы ақиқатты айна-қатесіз мысал
дарды арқау ете айтуға бекініп отырмын.
«Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені
ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі
қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты —
толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын
бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы
жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай
жұмсаймын, қандай тәуекелге де барамын» — көп жыл бұрын, егемен
дік сапарымыздың бастауында үлкен бір жиында осылай дегенім бар.
Халық артқан жауапкершілік жүгін арқалай аламын ба деп уайым
дадым. Қазақстандықтар бастаған ісімді қостай ма деп қобалжыдым.
Қобалжу демекші… Белгілі кино қайраткері Дариға Тналина бір
сұхбатында былай депті: «Тәуелсіздік жаңа қолға тиген тұста қатты
қобалжығандардың бірі едім. Сол кезде біздің студиямызға Прези
дент келген. Нұрсұлтан Әбішұлымен қол алысып, амандасқан сәтте:
«Қазағы 40 процентке зорға жететін, тілінен айырылған, дінінен
айырылған, ділінен айырылған елің бар. Сол елмен мемлекет құра
аласың ба?» дедім. «Тырысайын, апа» деді. «Қатырамын, оған сөз бар
ма» деп жеңіл сөйлеген жоқ. Сонысына риза болдым».
Қатырамын деп қалай айтайын? Елдің жайы алақандағыдай ал
дымда тұр. Сондықтан да мен өзімді нағыз қиындыққа қайрап сал
дым. Мен осы халықтың жаны мен қанының бір бөлшегімін, сон
Ертеңі еңселі ел
— 665 —
дықтан тарихтың тар тұсында дәл мені таңдаған елдің сенімінен
қалайда шығуым керек дедім. Нені де болса елмен бірге көремін,
неге де болса елмен бірге төземін, алдан шығар бар қиындықты ел
мен бірге жеңемін деп, тәуекелдің қалтылдаған қайығына міндім.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырда азаматқа халқының көшінің
басында жүруден, ұлтының ұлы істеріне аянбай атсалысудан артық
қандай мәртебе керек?! Маған осы бақыт бұйырды. Мен басыма
қонған сол бақыттың бағасын білдім дей аламын. Елдік ісінде жүрген
адамға сынақ көп болатынын сол кезде-ақ сезінгенмін.
Тарихтың бетбұрысты кездерінде мемлекет басшысы жұрттың
бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ өміршең маңызы бар шешім
дерді қабылдауға тиіс. Солай етуге мен де мәжбүр едім.
Ең бастысы — біз әлемдік қоғамдастық таныған, тәуелсіз мемлекет
құрдық. Біздің дербес дамуымыз осыдан кейін ғана басталды.
Тәуелсіздіктің алғашқы белесінің жетістіктері ретінде мыналар
ды атауға болады: мемлекеттік рәміздеріміздің белгіленуі, билік
жүйесінің қалыптасуы, төл теңгеміздің айналымға қосылуы, өз ар
миямыздың құрылуы, Конституцияның қабылдануы, ана тіліміз
ге мемлекеттік тіл мәртебесінің берілуі, ұлттық мәдениетіміздің,
дініміздің жаңғыруы, Қазақстан халқы Ассамблеясының тағайында
луы, шет елдермен дипломатиялық қатынастардың орнығуы, елдің
стратегиялық даму бағдарының айқындалуы, туған жеріміздің атом
қаруынан тазартылуы, елордамыздың Есілдің бойына көшірілуі,
ауқымды экономикалық реформалардың қолға алынуы, Ұлттық
қордың құрылуы, шетте жүрген қандастарымыздың атамекенге қай
тарылуының қолға алынуы.
Талай істі тұтастай жаңадан бастадық. Кейбіреуін ғана таратайын.
Мемлекет басшысы ретінде тындырған шаруаларымның ішінде
шекараны толық бекітуді ерекше атай аламын. Бұл — тарихи жеңіс.
Мемлекеттік шекарамыздың тиісті түрде ресімделуі ел Тәуелсіздігінің
сенімді заңды және саяси кепіліне айналды.
Бабаларымыз бізге ұлы мұра етіп ұлан-ғайыр жер қалдырды.
Бірақ ол кешегі патша заманында да, Кеңес Одағы тұсында да ха
лықаралық құжаттармен ресімделмеді. Жалпы ұзындығы 14 мың
шақырымдық біздің шекарамыздың барлық ендігі мен бойлығына
қатысты сындарлы келіссөздер ұйымдастыру оңай міндет болған
жоқ. Бұған басшылығы алғашқы күндерден-ақ біздің тәуелсіздігіміз
ге, сондай-ақ шекарамызды нақтылау ісіне қолдау білдірген екі ұлы
көршіміздің — Ресей мен Қытайдың арқасында қол жеткізілгенін айта
кетуім керек. Біз Ресейдің және оның Президенті В. В. Путиннің, Цзян
Цзэминь жетекшілік еткен Қытай басшылығының тарихымыздағы
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 666 —
сол маңызды сәтте көрсеткен қолдауының әрдайым қадірін біліп,
ризашылықпен есте ұстауға тиіспіз. Мемлекеттік шекараны белгілеу
жолында біз жұмсаған күш-жігердің маңыздылығын түсіну үшін кеңес
тен кейінгі тәуелсіз мемлекеттердің басым бөлігі мұндай шаруаны
атқара алмағанын, олардың талайының әлі де өзара бекітілген мем
лекеттік шекарасы жоқ екенін есте ұстаған жөн. Мысалы, Ресей мен
Украина шекарасы да бекітілмеген, Қырғызстан мен Тәжікстан ше
карасы да бекітілмеген. Шекарасы бекітілмеген елдердің қандай ша
тақтарға ұрынып жатқанын, кейбіреуінің шат-шәлекейі шыққанын
көріп отырмыз. Құдай сондайдан сақтасын.
Елдіктің қай шаруасы жеңіл болып еді?
Заманның рухына сай келетін Конституция қабылдау, қос палаталы
кәсіби парламент құру оңайға түспегенін кім білмейді? Екі рет парла
мент дағдарысы қатері төнген жоқ па? Сол қиындықтар да еңсерілді.
Демократиялық қоғам құру жолында тындырған шаруамыз аз
ба? Аз емес. Кейбіреуін ғана атап өтейін.
Біз конфессияаралық келісім орнату арқылы діни наным-сенім
бостандығын қамтамасыз еттік.
Біз еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету
арқылы адамдарды үрейден арылттық.
Біз баспасөз еркіндігін қалыптастыру арқылы сөз бостандығын
баянды еттік.
Біз ашық та еркін қоғам құрдық.
Осының бәрі қазақстандық демократияның жетістіктері.
Бірпартиялық жүйеден көппартиялық жүйеге ауысу, тоталита
ризмнен демократияға өту қандай азапты сапар болды десеңізші.
Біздегі демократия көңілдегідей емес деген сөзді талай естігенбіз.
Басқалардың тәжірибесіне көз салайықшы. Айталық, бүгінгі Син
гапурды жасап берген Ли Куан Юдің бұл жөнінде мынандай пікір
лері бар: «Демократия мен сөз бостандығын орнатуға бағытталған кез
келген эволюциялық қадам бірте-бірте жасалуы тиіс», «Демократия
адамдар бір-біріне кеңдікпен қарайтындай, көпшіліктің құқын мо
йындайтындай мәдениетке ие болғанда ғана ойдағыдай шығады. Бұған
қажымай-талмай үйрету керек». Тағы бірде былай деген: «Азиялық
және батыстық қоғамдар мыңдаған жылдар бойы әртүрлі жолмен да
мып келді, сондықтан олардың ұстанатын мұраттары мен басшылыққа
алатын өлшемдер әрқилы. Солай болғандықтан да адам құқығы
саласындағы батыстық стандарттар әмбебап болып табылмайды».
Қай мәселеде де қатаң ұстануға тырысатын қағидамыз: бассыздыққа
ұрындырып, қантөгіске апаратын демократияны біз қабылдай ал
маймыз. Біздің демократиямыздың негізі — саяси, әлеуметтік және
Ертеңі еңселі ел
— 667 —
ұлтаралық тұрақтылық. Әлдебір елдер бізге «тыз етпе» демократияны
шұғыл орната салғанымыз үшін қол соқсын деп тілемедік. Ол үшін өз
халқымызға өзіміз тәжірибе жасағымыз келмеді. Демократиялану про
цесіне шектен шығушылық, бейберекеттік, бетімен лағушылық салда
рынан туатын ұрыс-жанжалдың өте қауіпті екенін ескермей болмайды.
Демократия мен әсіре демократия — екі басқа ұғымдар.
Тарих либералдық демократия дамуының шарты экономикалық
өсудің деңгейі, халықтың сауаттылығы, өмір сүру қалпы екенін
үйретеді. Ал аш-жалаңаштықты, кедейлікті жою үшін байлықтың
негізгі бөлігін жасайтын орта тап қалыптасуы тиіс. Жеке меншік
қол тигізілмейтіндей киелі күйге келуі керек. Міне, сондықтан да
Ұлыбритания мен Франция тәуелсіздік пен конституцияны қолына
ұстатып берген елдер (тиісінше 40 ел және 25 ел) солардың үлгісі
бойынша демократиялық болып шықпады. Иракта да, Ауғанстан
да да солай. 50 жылдай АҚШ-тың отарына айналған Филиппин де
демократия орната қоймады.
Жоспардан нарыққа, ұжымдық меншіктен жеке меншікке көшу
де ауыр да ауқымды іс еді.
Төл теңгені енгізудің жолы қиын болмады ма? Өз валютамызды
иеленген соң ғана шын мәніндегі экономикалық егемендікке қадам
бастық емес пе?
Жаңа экономиканың жемісін көргенше қанша жылымыз кетті!
Енді, міне, нақты нәтижесіне қол жеткізіп отырмыз.
Кеңес империясы құлаған сәтте бізде ішкі жалпы өнім екі есе
қысқарды, азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлардың тапшылығы
айқын сезілді.
Біздің үштұғырлы міндетіміз — нарықтық экономика құру, то
талитарлық идеологиялық жүйені бұзу және қоғамның барлық ин
ституттарын жаңғырту болды.
Біз әлсіз экономикамен және жағдайы жоқ азаматтармен демо
кратиялық институттар қалыптастыру мүмкін болмайтынын түсініп,
экономиканы дамыту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру ісіне
баса мән бердік. Соның нәтижесінде экономикамызды 15 есе, ал ха
лықтың табысын 9 есе (доллармен есептегенде) арттырып, кедейшілік
деңгейін 10 есеге жуық қысқарта алдық.
Осы жылдар ішінде біз салмақты шетелдік инвестицияларды тарта
алдық, Ұлы Жібек жолының бойында ірі инфрақұрылымдық жоба
ларды іске асырдық, жаңадан көптеген тауар түрлерін шығаратын
осы заманғы өндірістер құрдық, халықтың әл-ауқатын арттырдық.
Қазақстан саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да халықа
ралық процестердің толыққанды қатысушысына айналды. Тәуелсіздік
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 668 —
жылдарында елге шамамен 400 миллиард АҚШ доллары тікелей
шетел инвестициялары тартылды. Халықаралық валюта қорының
(ХВҚ) мәліметі бойынша, Қазақстанның ІЖӨ-сі 1993 жылғы 5,15 мил
лиард доллардан 2020 жылғы 164,79 миллиард долларға жетіп, 32 есе
өсті. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 1993 жылғы 304,85 доллардан
2020 жылғы 8,7 мың долларға жетіп, 28 есе артты. Қазақстан әлемдегі
дамыған 50 елдің қатарына қосылды.
Қазіргі биігімізге қарайық.
1991 жылы, тәуелсіздік бастауында біз шамамен 26 миллион тонна
мұнай өндіретінбіз. 2021 жылы Қазақстанда өндірілген мұнай көлемі
85,7 миллион тонна болып, қайта өңдеудің көлемі 17,1 миллион
тоннаны құрады. Біз бүгінде мұнайымызды қырыққа жуық елге
жеткізіп отырмыз. Сол жылы газ өндіру көлемі 54 миллиард текше
метрге жетіп, газ экспортының көлемі 7,7 миллиард текше метрге,
сұйытылған газ мөлшері 3,1 миллион тоннаға барды.
Инфрақұрылымдық бағдарламаны орындау барысында 14 мың
шақырым автожол салынды. Бұл бұрын-соңды болмаған, ұрпақтарға
кететін рекордтық іс. Осы заманғы жолдардың экономика үшін ерек
ше маңыздылығын атап айту керек. Қазір қазақстандықтар тамаша
төселген автобандармен жүріп жатыр. Өңірлердің байланысы ыңғай
лы, жылдам болып алды.
«Батыс Қытай — Батыс Еуропа» автокөлік белдеуінің Қазақстан
арқылы өтетін, ұзындығы 2800 шақырымдық бөлігін тез арада салып
шығу оңайға түсіп пе екен? Бүгінде еуропалық стандарттарға сай
сапамен, кең-мол етіп төселген, тақтайдай тегіс сол жолмен артар
жүгімізді тезірек жеткізіп, барар жерімізге уақтылы үлгеріп жатыр
мыз. Облыс пен облыстың арасын жалғап тұрған жаңа автокөлік
жолдарымыз қаншама?
Болашақ ұрпақтар бүгінгі буынның осы тартуын есте ұстасын
және қызығын көрсін.
Ал теміржолдар салуда біз нағыз сілкініс жасадық. 1200 шақы
рымдық «Бейнеу — Жезқазған», 540 шақырымдық «Сексеуіл — Бей
неу», 403 шақырымдық «Хромтау — Алтынсарин», 149 шақырымдық
«Шар — Өскемен», 184 шақырымдық «Ақсу — Дегелең» сияқты болат
магистральдарды салу деген айтуға ғана оңай. Жалпы, тәуелсіздік
жылдарында Қазақстанда жаңадан 2500 шақырымдық теміржол
төселгені — кеңестен кейінгі кеңістіктің рекордтық көрсеткіші. Біздің
буынның адамдары Байкал-Амур магистралінің (БАМ) құрылысы
қандай қарқынмен жүргізілгенін ұмыта қойған жоқ. Ол Бүкілодақтық
комсомол құрылысы болып жарияланған еді.
Ертеңі еңселі ел
— 669 —
Бұрын бидайдан миллиард пұт астық жинасақ, бөркімізді аспанға
ататынбыз. Бұл — 16 миллион тонна деген сөз. Оған диқандарға қо
сылып, студенттер, солдаттар, одақтас республикалардан келген ком
байншылар жабылып жататын. Қазір 20, тіпті 25 миллион тоннадан
астам бидайды қамбаға қиналмай құямыз. Оның жартысы экспортқа
шығарылады. Бар жұмысты шаруа қожалықтарының өзі-ақ тындырып
тастайды. Өйткені, қосымша жұмыскерді тартқаны үшін кететін
шығынды есептейтін қожайын пайда болды. Ауылшаруашылық техни
касы да қазір басқаша. Ауыл шаруашылығы — біздің экономикамыз
дың маңызды саласы. Бұл салада ауыл шаруашылығының барлық түр
лерінің өнімдерін молайта түсу үшін әлі де көп іс атқаруға тура келеді.
Алғашқы кезде күрт кеміп кеткен мал басы бірте-бірте өсіп келеді.
2012 жылы ірі қара 5,7 миллион бас болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш
8,2 миллионға жеткен, яғни он жылда өсім 44 пайызды құраған.
Белгілі публицист Дмитрий Валовой 1993 жылы шыққан «Крем
левский тупик и Назарбаев» атты кітабында: «Қазақстан Үкіметі бас
шысының пәтері шағын — шамамен 70 шаршы метрдей» деп жазған
еді. Қазір ондай пәтерде тұратындар жүз мыңдап саналады. Бір кезде
премьер-министр місе тұтқан 70 шаршы метрлік пәтерді тарсынатын
жағдайға жеттік. Шүкір. Отыз жылдың ішінде жалпы көлемі 169 мил
лион шаршы метр пәтер салынып, 1,5 миллион отандасымыз тұрғын
үй жағдайын жақсарта алды. Тұрғын үй құрылысына 3,6 триллион
теңге инвестиция жұмсалған. Ал статистика есепке ала бермейтін
игіліктер қаншама! Біз жеке құрылысқа жағдай жасай алдық. Ауылды
жерде ескі үйін кеңейтіп алғандар да, жаңадан үй салғандар да, ұлдары
мен келіндерін отау үй етіп шығарғандар да, қалалық жерде саяжайлы,
коттеджді, виллалы болып қалғандар да тұрғын үй жағдайын жақ
сартқандар қатарында қарастырылуы тиіс. Біздің қалаларымыз бен ірі
елді мекендерімізді, әсіресе Астана мен Алматыны алып қарайықшы.
Қай-қайсысында да жекешенің үйі салынған ірі массивтерді көресіз.
Қазіргі заманғы қалаларға бұл қалыпты жай. Кезінде тұрғын үйге
жұмсалған қаржыны заңдастыру жөнінде шешім қабылданған еді.
Біз халықтың өмір сүру деңгейі жоғары болатын елді құрып жатыр
мыз. Үйлер неғұрлым көп салынса, қаржы неғұрлым көп жұмсалса,
бюджетке түсетін салық та көбейе береді.
Елордамыз ұлттық мақтанышымызға айналды. Біз оны байтақ
даланың шын иесі кім екенін алыстың да, жақынның да есіне салу
үшін де жасадық. Бұл арқылы біз қазақтың осы бір құйқалы өңіріндегі
ұлттық дәстүрді, тілді, өнерді, әдетті, әдепті шайылудан, жойылудан
сақтап қалдық. Осы идеяны егемендіктің елең-алаңынан-ақ жеке-дара
қолға алып, талай-талай күмән келтірілгеніне қарамастан, соншама
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 670 —
қиындықты еңсере жүріп, жеріне жеткізгенім — өмір бойы айтып
өтер мақтанышым.
Астананың 25 жылдығына орай 2023 жылғы 5 шілдеде өткен бауыр
лас қалалардың форумында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тәуелсіз Қазақ
станның тарихы елдің бес қаласының тарихымен тығыз байланысты.
Астананы ауыстыру дұрыс геосаяси қадам болды. Бұл — халқымыз
дың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды және дер кезінде
қабылданған тарихи шешім. Тұңғыш Президенттің осы бастамасы
жаңа ұлттық идеяға айналды. Бұл шешім еліміздің, халқымыздың
ұлттық мүддесіне сай келгеніне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан
бәріміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл саладағы еңбегіне
лайықты, әділетті баға беруіміз керек» деп атап айтты.
Осы кітапты аяқтар кезде, 2023 жылғы 6 ақпанда Түркия мен Си
рияның шекарасы түйісетін тұста қатты жер сілкінісі болды. Зілзала
кіндігінде сілкініс күші 7,8 баллға жетті. Мыңдаған үйлер қирады,
ондаған мың адам көз жұмды. Хатай провинциясында тіпті қара жер
қақ айырылып кеткенін, ені 300 метрге, тереңдігі 30 метрге жететін
ұзыннан-ұзын алып жыра пайда болғанын интернеттен көрдік. Түр
киялық, сириялық бауырларымыздың қасіретіне жан-жүрегімізбен
ортақтаса отырып, сол күндері біздегі талай адамның кезінде ел аста
насын Арқа жеріне ауыстыру жөніндегі шешімді қабылдайтын тұста
Алматының аса қауіпті жер сілкінісі болуы мүмкін аймақта тұрға
нын ескергенімізді де ойға алғанына сенімдімін. Иә, астананы жер
сілкінісінің қатері жоқ жерге алып келу стратегиялық дұрыс қадам
екені бұл аса маңызды мемлекеттік мәселеге осы жағынан қарағанда
да айқын көріне түседі. Екінші жағынан, мынандай сұмдық табиғат
апаты біздің бәрімізге елдің оңтүстік, шығыс өңірінде, яғни жер сіл
кінісі қаупі айқын жерлерде, әсіресе 1910 жылы жойқын зілзала
орын алған Алматыда қала құрылысын жүргізуде тиісті талаптарды
қатаң сақтауды міндеттейді. «Сақтансаң — сақтаймын» деген сөз бар.
Біздің Астанамыз — тамаша қала, оның халқы өзінің елордасы үшін
де, өзінің елі үшін де лайықты мақтанады. Біз оны салуды мемлекет
қалыптасуының ең бір күрделі кезеңінде бастадық. Бірақ біз алған
беттен қайтқан жоқпыз. Сөйтіп мақсатқа жеттік. Кезінде Колумбтың
матростары жүзе беруден қажып, оны кері қайтуға үгіттеп баққан
екен. Бірақ капитан көнбей тұрып алған. Сөйтіп экипаж Америка
жағалауына жеткен, Колумб еуропалықтарға Жаңа Әлемді ашып
берген. Сол сияқты біз үшін де жаңа мемлекеттің жаңа астанасын
салу сондай маңызды белеске айналды.
Астананың жайын әңгімелегенде кезінде қаланың атын ауыстыру
жөнінде неше түрлі сөз айтылғанына назар салғым келеді. Осыған
байланысты түсініктеме бере кетпекпін.
Ертеңі еңселі ел
— 671 —
1998 жылғы 6 мамырда жаңа елордамыздың тұсаукесері алдында
мен Ақмола қаласының атын Астана деп өзгерту туралы ұсыныс жа
садым. Бұл орайда жергілікті билік орындарының, жұртшылықтың
тілегі және Үкімет жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комис
сияның қорытындысы еске алынды.
2010 жылдың желтоқсанында Астананың атын өзгерту, қаланы
Тұңғыш Президенттің атымен атау жөнінде «Желтоқсан жаңғырығы»
қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері бастама көтерді, оның
төрағасы Төлеген Әлжан болатын.
2016 жылдың қарашасында Парламент Мәжілісінің депутаты
Қ. Сұлтанов Тұңғыш Президенттің құрметіне қаланың атын өзгер
туді ұсынды. Мен ол ұсынысқа қарсылық білдірдім.
2019 жылдың 20 наурызында Президент Қ. К. Тоқаев Астананы
Нұр-Сұлтан деп атауды ұсынды. Ұсынысты қалалық мәслихаттың
депутаттары, кейіннен Парламент бірауыздан қолдады. 23 наурызда
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен елорданың атын
өзгерту жөніндегі тиісті жарлыққа қол қойылды.
2022 жылдың 17 қыркүйегінде дәл сол депутаттар қалаға Астана
атын қайтаруды жақтап дауыс берді.
Алайда, ең бастысы — біздің Астанамыздың елорда ретінде ор
ныққаны, қарқынды дамып келе жатқаны, қазақстандықтардың асқақ
азаматтығының айғағындай болып өркендеп өскені.
«Американы Америка еткен — автомобиль» деген сөз бар. Автомо
биль Қазақстанның да өмірін өзгертті. Жеке көлікке тек қалталылар
дың қолы жететін кез келмеске кетті. Елдегі халық саны 20 миллион
дай ғана екенін, әр үйде орташа алғанда бес адам болатынын ескерсек,
бізде шамамен 4 миллионның төңірегінде отбасы бар деуге келеді.
2021 жылдың 1 қазанына дейінгі мәлімет бойынша, Қазақстандағы
жеке көліктің саны 3,8 миллионнан астам екен. Бұдан бүгінде бізде
жеке көліксіз отбасы қалмаған деген қорытынды шықпайды, әрине.
Талайлардың көлік ала алмай жүргені белгілі. Сонымен бірге, қазір
ауылдық жердің өзінде бір үйден екі адамның жеке көлік мініп жүруі
онша таң емес. Ауласынан үш көлік шығып жататын үйлер де табы
лады. Қаланы айтпай-ақ қояйын. Соның өзінде де жеке автокөлік міну
қазақстандықтардың кәдуілгі өмір салтына айналғанын анық көреміз.
Бұл ненің белгісі? Барлықтың белгісі. Автомобиль молшылықтың да
мөлшері және жүріп-тұрудың құралы дегеннің өзінде де, біздегідей
халқы аз елде мұнша көліктің болуын жақсылыққа жатқызған жөн.
Айтқандай, сол көліктердің біразы қазір өзімізде құрастырылады.
Тарихта бірінші рет өзіміз автомобиль шығара бастадық. Бір кезде
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 672 —
мұны тек армандаушы едік. 2020 жылы еліміз 77 471 көлік шығарған.
Сол көрсеткіш 2019 жылы 50 541 болғанына назар аударсақ, автоө
неркәсіп саласының соңғы жылдарда дүр сілкініске түскенін көреміз.
Қазірдің өзінде автокөлік өнеркәсібі Қазақстандағы мәшине құрылы
сы көлемінің 33 пайызына жетіп қалған.
«Қазақтың тойы бітпейді» деп кінәлаймыз. Бітпесін. Тойымыз
тарқамасын. Бұлай дегенде мен сол тойлардың кейбіріндегі шашпа-
төкпелікті ақтағалы отырған жоқпын. Астамшылық, ысырап керек
емес. Бірақ кейінгі кезге дейінгі таусылмайтын тойлар нені білдіретін
еді? Қалай дегенде де, барлықты білдіретін еді.
Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығын мемлекетіміздің кемелдену
кезеңі дегенде осы кезеңде қол жеткендердің арасынан 2050 жылға
дейінгі дамудың стратегиялық бағдарламасын қабылдағанымызды,
бірнеше бағыт бойынша ауқымды жоспарларды жүзеге асырғаны
мызды, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұлттың рухын
көтергенімізді, көне Түркістанды түлеткенімізді, саяси реформаларды
жалғастырғанымызды, халықтың саны 20 миллионға жуық адамға
өскенін айтуға болады.
Ана тілімізді төрге оздырып, тұғырға қондыру тарихи жеңіске
жатпайды деп кім айта алады? Саны елдегі халықтың жартысына
да жетпей тұрған жұрттың тілін елдегі жалғыз мемлекеттік тілге
айналдырдық емес пе? Мыңға жуық қазақ мектебін аштық. Бір кезде
600‑ге жуық қазақ мектебін жапқан республика едік қой.
Тәуелсіздік жылдарында елімізде 1800‑ден астам мектеп салынды,
1999 жылдан бері балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 10 есе
өсті. 1800‑ден астам аурухана мен емхана тұрғызылды, адамдардың
орташа өмір сүру ұзақтығы 71,4 жасқа жетті. Ұлт денсаулығын нығай
туға, спортпен, дене тәрбиесімен айналысуға жағдай жасалды. Ел
бойынша 38 спорт нысаны бой көтерді, шамамен 8 мыңдай спорт
алаңдары бой көтерді.
Ұлт мәдениеті де жаңаша өрлей бастады. «Мәдени мұра» бағдарла
масы қолға алынып, соның арқасында көптеген артефакттер сақталып
қалды. 9 мемлекеттік қорық-музей құрылды, елде 20 театр ашылды.
Ұлттық кино әлемде танылып, мойындалды, қазақ мәдениетінің жас
шеберлері өз өнерін атақты сахналарда көрсетіп жүр.
Бар қазақ — бір қазақ.
Тарихтың тауқыметімен дүниенің төрт бұрышына тарыдай
шашырап кеткен қандастарымызды елге оралтудың орайын келтіру,
миллионнан астам бауырларымыздың атамекенге жетіп, ағайын
арасына сіңісуіне жағдай жасау қандай жауапты әрі сауапты іс
болғанын айтудың өзі артық. «Тоталитаризмнен азаттыққа көшу
Ертеңі еңселі ел
— 673 —
ешқашан жеңілге түспеген… Президент Назарбаев Қазақстанды
бүгінгі шыққан биігіне жеткізу үшін батылдық пен сақтықтың үй
лесімін пайдаланды. Коммунизм бұғауларын быт-шыт қылған ел
өзінің ерекше қазақы қасиеттерін сақтап қалды» — Маргарет Тэтчер
осылай деген. Қандастарымыз сол қазақы қасиеттерді қастерлі ете
түсуге септеседі, ал өздері ортақ отаншылдық сезімдерін серпілте
береді деп сенемін.
Бауырларыма, олармен жұмыс істейтін билік орындарына қатысты
айтар жайдың тағы бірі мынау. Тарихи Отанға оралуды міндетсудің
керегі жоқ. Ол — азамат парызы. Ол — мемлекеттің орындалған
қарызы. Джон Кеннедидің сөзін пайданалар болсақ, ең алдымен
«Қазақстаным маған не береді?» деп емес, «Мен Қазақстаныма не
беремін?» деп ойланған жөн. Ал Қазақстанға бере алатын көмектің
көкесі — халық азырақ орналасқан, жұмыс күшін көбірек керек ететін
өңірлерге көшіп бару, сол жерлерде өсіп-өну, еңбек ету, халқымыз
дың қатарын қалыңдату, елге ие, жерге кие болу.
Жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны уақтылы бере алмай
жатқанда құрыққа сырық жалғап жүріп, мемлекеттік «Болашақ» сти
пендиясын белгіледік, сол бойынша бүгінге дейін он бес мыңға жуық
жас шет елдердің таңдаулы оқу орындарында білім алды. Солардың
бірінің Facebook әлеуметтік желісіндегі пікірін келтірейін: «Болашақ»
бойынша оқығаным менің өмірімдегі ең бір тамаша тәжірибем деп
айта аламын, бұл бағдарлама — қазақстандық жастар үшін әлемнің ең
таңдаулы жоғары оқу орындарында білім алуға, өздерінің танымын
тереңдетіп, келешекте елдің дамуына пайдалануға кең мүмкіндік аша
тын алып терезе сынды бірегей жоба. Менің шетелдік достарымның
бәрі дерлік «Шынында да, Қазақстанда осындай бағдарлама бар ма?
Сонда қалай, Қазақстанда мемлекет өздерінің студенттері үшін ақы
төлейтіні рас па?!» деп сұрайтын және ««You are probably kіddіng
man!» деп қосып қоятын. Әлемдегі елдердің барлығының дерлік аза
маттары осындай бағдарлама бойынша оқуды тек арман ете алады
деп айтсам, еш артығы жоқ». Бұған не қосып-аларсыз? Дәл солай.
Түркілер төрі — Түркістанды түлеттік. Түркістан шаһары екі жыл
да бой көтеріп, сәнді қалаға айналды. Менің тапсырмам бойынша
Түркістан облысының құрылуы қазақ елінің шын мәнінде бүкіл түркі
жұртының қасиетті қара шаңырағы екенін айшықтай түсті. Шымкент
шаһары миллиондық мегаполиске айналды.
Көпвекторлы халықаралық қарым-қатынасты ойдағыдай орнатып,
Батыспен де, Шығыспен де тіл табыса білгеніміз, Тәуелсіз Мемле
кеттер Достастығын құрудың басында тұрғанымыз, Еуразиялық
экономикалық одақты, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 674 —
шаралары кеңесін құрудың бастамашысы болғанымыз, Еуропадағы
қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына, Ислам ынтымақтастығы
ұйымына төрағалық еткеніміз, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік
Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланғанымыз, Түркі кеңесін
ұйымдастырғанымыз, ЭКСПО — 2017 көрмесін, қысқы Азия ойында
рын өткізгеніміз, өзімізді білікті халықаралық медиатор ретінде таны
тып, бірқатар бітімгерлік миссиясын сәтті атқарғанымыз… Осының
бәрі әлемде Қазақстанның жақсы атын шығарып, дүние дидарына
танымал етті, қомақты инвестиция тарта алуымызға септесті.
Өркенді өзгерістерді осылай тізе берсек, таусылар ма? Мен сана
малап қана өткен осы жақсылықтың, жетістіктің бәрі өзіміздің қолы
мызбен жасалды, өзіміздің игілігіміз үшін жасалды. Бұлар — біздің
еркін ел ретінде алған абыройлы асуларымыз.
МЕНІҢ СЕНІМІМ
Ойға дес беретін адам атаулының ұдайы қамдайтыны дүниенің
сырына қанығу болса керек. Бірақ дүние адам ойына алдырта сал
майды. Халық әнінде:
Қудым сені, дүние, жалықпай-ақ,
Ұстатпайсың судағы балықтай-ақ.
Көрсетіп кейде алдыңды, кейде артыңды,
Дидарыңды қойдың ғой танытпай-ақ, —
делінетіні содан. Дүниенің дидарын танудың бір жолы — өткен
өміріңді шолу. Өткен күн бүгінгі күнді пайымдауға, келер күнді
болжауға көмектеседі дейміз. Тарих — өткенге есеп беру. Бұл кітап —
сол есеп берудің құралы. Мемуарды бұрынғылар әзіл-шыны аралас
«өзін-өзі ақтаудың және дұшпандардан кек алудың жолы» деп те
атаған көрінеді. Менде осы екі мақсаттың екеуі де жоқ. Бұл кітапта
өзім үшін маңызды деп білген, өзімді толғантатын жайлар туралы
жаздым. Әрине, адам ешқашан өзін-өзі толық тани алмайтынын да,
өзі өмір сүрген уақытты түбіне дейін түсіне алмайтынын да пайым
даймын. Солай екен деп таным жолындағы талпынысыңды тоқтатып
тастамайсың ғой.
Биліктің, даңқтың сынағымен қатар сәтсіздіктің сынағына да түсу
адамның өзін де, өзінің заманын да тереңірек пайымдауына септе
сетінін де білемін. Кейінгі жылдардағы бірқатар оқиғалар маған
мұндай мүмкіндікті молынан берген сияқты көрінеді. Көп нәрсені
ой елегінен өткізесің, сана сүзгісіне салып, қайтадан екшейсің.
Ертеңі еңселі ел
— 675 —
Қатерлі қаңтар күндерінде және ковид дертімен ауырғанымда мен
бүкіл елден жүздеген жеделхаттар алдым. Шетелден жазғандар да аз
болмады. Олар менің ел үшін еткен еңбегімді атады, қиын күндердің
артта қалатынына сенім білдірді, маған күш-қуат қосты.
Солтүстік Қазақстан облысынан хат жолдаған Ерболат Алпысбаев
тың жазған сөздерін келтірейін: «Сіздің ауыр, қажырлы және көп
жылдық еңбегіңіздің арқасында мен грантқа оқуға түсуге, міндетті оқу
бағдарламасы бойынша бүкіл Еуропаны тегін аралап шығуға, тіпті
өзімнің бизнесімді ашуға мүмкіндік алдым. Біз, Қазақстан жастары,
өз мақсаттарымызға жету үшін барлық жағдайға ие болып отырмыз.
Еуропада болғанымда мен тіпті олардың да жастарды мұндайлық
қолдауға жағдайы жоқ екенін көрдім. Жоғары оқу орнына 18 жаста
түсе қалу олар үшін қол жетпестей нәрсе, ал бізде бұл кәдуілгі жай.
Сіздің сөздеріңіз, айтқан ақыл-кеңестеріңіз біздің де, келешектегі
барлық ұрпақтардың да дәйім жадында жүреді. Сіздің еңбегіңіз
дәйім қазақстандықтардың есінен кетпейді».
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің
Қазақстан филиалының директоры Александр Сидорович арнау ха
тында: «Сіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ретінде
қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қаладыңыз, оның нығаюы мен
дамуына ауқымды үлес қостыңыз. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан
экономикалық және әлеуметтік дамуда қызығарлықтай табыстарға
қол жеткізді, әлемде биік беделге ие болды» деп жазған.
Бұлар — менің атыма келіп жатқан хаттар ағынының бір пара
сы ғана. Мұндай жылы сөздер Галина Михнованың, Талғат Май
лыбаевтың, Марфуға Айтхожинаның, Бағлан Бекқұловтың, Жабал
Ерғалиевтің, Элеонора Баталованың, Ерлан Болысбаевтың, Ержан
Жарылқасынның, Владимир Мартельдің, Рүстем Иқсатовтың, Мақсұт
Нариманның, Нұрлан Қожахметовтің, басқа да көптеген азамат
тардың хаттарында айтылған. Мұны қазақстандықтар жазып отыр.
Атқарылған жұмыстың нағыз бағасын халық береді. Мұндай сөздер
адамға қанат бітіреді, демеу болады, мен хат иелеріне алғысымды
білдіремін.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы
туралы» Заңның талқылануына байланысты да түсінік бере кеткім
келеді.
Аталған заң 2000 жылдың 20 шілдесінде қабылданған. Оған Аза
маттық партия бастамашылық жасады, Заңның мәтінін Парламент
Мәжілісінің депутаты Рахмет Мұқашев жазған делініп жүрді.
«Елбасы туралы» Конституциялық заңды қабылдау бастамасын
Парламентте Мәжіліс депутаттары Розақұл Халмұрадов, Әмзебек
Жолшыбеков және Светлана Ферхо 2010 жылғы 5 мамырда көтерген.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 676 —
Сол жылғы 13 мамырда Заңды Парламенттің қос палатасы қабылдап,
маған қол қоюға берді. Мен оған қол қойған жоқпын, өйткені салған
беттен бұған қарсы болғанмын.
2010 жылғы 14 маусымда (яғни, арада бір ай өткеннен кейін) Заңға
Парламент палаталарының спикерлері, Премьер-министр қол қойды.
Заң қабылданды деп саналды.
Бұл екі фактіні (Астананың атын өзгертуге және «Қазақстан Респуб
ликасының Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы» Заңға қатысты)
қайтадан келтірудегі мақсатым оларға менің жеке өзімнің қатысым
жоқ екенін айту. Демек, бұған байланысты менің уайымдайтын да
ештеңем жоқ. Уайымдаса, бүгін былай, ертең керісінше сөйлейтін
заң шығарушылар уайымдасын.
Ешкімге ренішім жоқ, ешкімге теріс ниетім де жоқ. Мен президент
болған жылдары халқымыз қыруар жұмыс атқарды. Кейбіреулер оны
ұмытып кетеді. Біздің дана халқымыз бәрін есте сақтайтынына сенемін.
Бәріміз де халықтың перзентіміз. Ал перзенттің парызы мен қа
рызының жөні басқа. Оның үстіне қазақтың «Енесі тепкен құлынның
еті ауырмайды» деген сөзі тағы бар.
Біз жаңа ел құрдық және соқтықпалы-соқпақсыз жермен жүрдік.
Мен үшін «Нені дұрыс деп білсең, соны істе, өйткені қалай еткенің
де де сынға ұшырамай қоймайсың» деген қағидат маңызды болды.
Кезінде екіжүзділер Дж. Вашингтон туралы неше түрліні айтқан
еді. Бірақ тарих бәрін өзінің орын-орнына қойды. Бұл орайда үн
дістердің «Біреудің басынан кешкенінің тым құрыса шет-жағасын
көріп-білмей тұрып, ол адам жайында пікір де айтпа, сын да айтпа»
деген сөзі әділетті.
Өзім қадірлейтін ақын Қуандық Шаңғытбаевтың «Сыналған күні»
деген өлеңі ойыма оралып отыр.
Алған дем, болашаққа басқан қадам —
Бәрі де бір сен үшін, асқар заман,
Еншіңде — күлсем де мен, күрсінсем де, —
Бар өмір бағыштаулы бастан саған.
Мен сенің аласа емес, биігіңмін,
Саясыз тұлдыр болсам, — күйігіңмін.
Бағзыда бас білмесем, кешір, елім,
Құлыңмын, құлыныңмын, құйыныңмын.
Бұл сөздер менің де жан-жүрегімді жарып шыққандай. «Бағзыда
бас білмесем, кешір, елім» дегенін де қайталай айта аламын. Халқым
ның кеңдігін білемін.
Ертеңі еңселі ел
— 677 —
Туған халқымды, сүйікті Қазақстанымды биіктерге бастаған жол
дың жетекшілігіне жарағаныма кәміл сенемін. Осынша жылдар ішінде
менің президенттігім арқылы әлемнің талай елінде қазақтар, Қа
зақстан туралы жақсы пікір қалыптасқанын да сеземін.
Халықтың негізгі бөлігі менің осы елдің еңсесін көтеру үшін күн
демей, түн демей еңбек еткенімді, сол еңбектен нақты нәтиже шыққа
нын жақсы білетініне күмәнсізбін.
Елдегі жаңғырудың ауқымы алып. Біз де, біздің балаларымыз да
оған толық әрі әділ баға бере алмайды. Атқарылған жұмыстың шын
мәнісін тек уақыт қана, тек тарих қана айқындайды. Таулар алыстаған
сайын асқақтайды. Қай кезде де осындай болған.
Әрине, сын да айтылып жатады. Әртүрлісі бар. Әділ сын да, әділет
сіз сын да. Мұндайда философтың «Әділетсіз сын — бүркемеленген
мақтау» деген сөзіне құлақ түрген жөн.
Қазақстан Республикасы Президентінің өз қызметіне кірісуіне
орай 2022 жылғы 26 қарашада өткізілген салтанатты ұлықтау рәсімі
басталардың алдында Тәуелсіздік сарайының залына кіріп келген
кезімде жұртшылықтың тік тұрып, орныма барып отырғанша қол
соққанын көру мен үшін бөлекше толқынысты сәт болды. Дана
халқымыздың осы жылдар ішінде, тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ
кешуінде жұртқа жасалған жақсылықтың бағасын білетініне, ұзақ
жылдарғы жұмыста, қилы-қилы қиындықтар тұсында жіберген
кемшіліктеріңе, тіпті жасаған қателіктеріңе кеңдікпен қарайтыны
на тағы да көз жеткізе түстім сонда. Ел басқарған адамның бақыты
дегеніміз де осы шығар, тегінде.
Қазақ елі өз тарихының ең бір жарқын жылдарына тәуелсіздік
тұсында жетті. Асығып жүріп, аптығып жүріп, асылық айтып жүріп,
арандап қалмауды, басымыздағы бақтан айырылып қалмауды ой
лауымыз керек.
Бақыт бағалай білгеннің ғана басында тұрады.
Менің маңдайыма өтпелі кезеңде көшбасшы болу сынағы бұйыр
ды. Біз соқпақсыз жолмен жүрдік. Соқтықпалы жол сүріндірді де.
Бірақ біз құлаған жоқпыз. Бойымызды тіктеп, ойымызды тіктеп, тек
алға ұмтылумен болдық. Қарқынымызға біреулердің көңілі толды,
біреулердің көңілі толмады. Жұртқа жаппай жағу мүмкін емес.
Конфуций дұрыс айтқан: «Әміршіні жақсы адамдар жақсы көріп,
жаман адамдар жек көрсе, дұрыс болады».
Мен жан-тәнімді салып, халқым үшін қолымнан келгеннің бәрін
жасадым. Ел тұрғызылды, шекара белгіленді, экономика құрылды,
Қазақстанды әлемде құрмет тұтады. Болашақ ұрпақтарға тек бұған
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 678 —
дейін жасалғанды жалғастыру, күшейту, нығайту қалды. Келешек
тегілерге жеңіл түседі.
Ақ Жайық бойындағы Аманғали деген ағамыз айтып кетіпті ғой:
Жігітке қиын екен жұртқа жақпақ,
Көңілін бай-кедейдің бірдей таппақ.
Қақ жарып қара қылды жүрсең-дағы,
Кетеді біреу мақтап, біреу даттап, —
деп. Оның үстіне сан түрлі себептерге байланысты дәйім қара қылды
қақ жару да қиын.
Елдің ең жоғарғы қызметінде, әсіресе жаңа мемлекет, жаңа эконо
мика құрылып жатқанда ұзақ болудың көп жылдар бойы жинақталған
тәжірибені кеңінен пайдалану, ойға алған бағдарламаларды нақты
жүзеге асыру жағынан өзіндік артықшылықтары бары талассыз.
Бұл әсіресе, жаңа мемлекет, жаңа экономика құрылып жатқан кезде
ерекше маңызды. Оны жоққа шығару жөнсіз. Әлемде билік басында
ұзақ болуы жұмысының жемістілігіне зиянын тигізбеген басшылар
баршылық. Франклин Делано Рузвельтті нағыз демократияшыл са
налатын америкалықтар қатарынан төрт рет президент етіп сайла
ды. Ел одан ұтылған жоқ, қайта ұтты: АҚШ отызыншы жылдардағы
«ұлы күйзелістен» шықты, экономиканы қарқындатты, Екінші дүни
ежүзілік соғыстағы жеңіске ерекше үлес қосты, соғыстан кейінгі әлемнің
бет-бейнесін айқындаған елге айналды. Махатхир Мохамад 1981–2003
жылдарда Малайзия үкіметін басқарды, елді барынша өркендетті,
2018 жылы, жасы тоқсанның үшеуіне келгенде Премьер-министр
қызметіне қайтадан кірісті. Ли Куан Ю Сингапурды 31 жыл басқар
ды, оны дамыған мемлекетке айналдырды. Бірақ бұл мысалдар —
ерекше жағдайлар. Негізінде, қай қызметте де тым ұзақ отырудың
аяғы жағдайға бойың үйренуге, айналаңдағы адамдардың өз ойын
ашық айтпауына, өз жұмысыңа дәйім сын көзімен қараудан қала
бастауыңа соқтыратынын да мойындауға тура келетін шығар, тегінде.
Сондықтан басшылардың билік басында болу уақытын шектеу мен
олардың алмасымдылығы — дұрыс ұстаным. 2022 жылғы 5 маусымда
өткен референдумда халық мұны қолдады.
Халық кешпейтін бір-ақ нәрсе бар: елдің қолына зарықтырып
барып қонған бақыт құсынан — азаттықтан айрылуды кешпейді.
Осыны ұмытпасақ екен. Тәуелсіздікті алудан да сақтау қиын. Оны
сақтау үшін, болашаққа лайықты алып баратындай етіп баптау үшін
жыл сайын, ай сайын, күн сайын күресу керек. Сонда ғана біз ата-баба
аманатын ақ-адал ақтай аламыз.
Ертеңі еңселі ел
— 679 —
Референдум қарсаңында белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев
маған хабарласып, сол жаңалықтарға қалай қарайтынымды сұра
ды. «Мен елдің Негізгі заңы қатып-семіп қалған құқықтық реликт
емес, Қазақстан қоғамының өмірін, ондағы өзгерістерді бейнелейтін
жанды механизм екенін дәйім қадап көрсететінмін. Өзгерістер бұрын
да енгізілген. Тұтастай алғанда, мен, егер бұл уақыттың көкейкесті
талабы болса, ілгерілеуге, қоғамның демократиялық тұрғыдан да
муына септесетін болса, әр буын Негізгі Заңға өзгерістер енгізуге
құқылы деп санаймын. Мені де, барша жұрт сияқты, орын алып
жатқан жайлар мемлекеттің және біздің халқымыздың мүддесіне
сай келетіндей шыққаны толғандырады» деп жауап қайтардым.
Біз өз тәуелсіздігімізді нығайттық. Біз барлық көршілерімізбен
шекараларымызды айқындап алдық, содан да бізге қазір қандай да
бір аумақтық кінәрат-талап қойылуы атымен мүмкін емес. Тәуелсіз
ел болу үшін мемлекетке әлем мойындаған шекара, дербес қуатты
әскер, ұлттық валюта, халықаралық тұрғыдан мойындалу қажет.
Бізде осылардың ешқайсысы жоқ еді. Мұның бәріне мен президент
тік еткен жылдарда және менің басшылығыммен қол жеткізілді. Ел
тыныштықта өмір сүрді, экономика өсіп жатты.
Айтпаса сөздің атасы өледі дейді біздің қазақ.
Бұл мемуар кітабында бір адамның, яғни автордың ғұмырбая
нымен шектелмей, мемлекет тарихын да әңгімелеуді, өз өмірімнің,
өз елімнің шежіресінің бері қойғанда елу жылдық белесін қамтуды
мақсат тұттым.
Естелік кітабында басымнан кешкен маңызды жайдың бәрі қамтыл
ды ма? Бұған бәрі дерлік қамтылды деп жауап берген дұрыс шығар.
Жадымның о бастан мықтылығына, кейінгі жиырма шақты жылда
мәнді деген жайларды, олар туралы ойларды қағазға түртіп отырған
ұқыптылығыма, маған мемуарға қажетті деректерді жинастыруға
көмектескен, қолжазбаның үстінен мұқият қарап, әдеби сипатын
жетілдірген, талай тұста пікір айтып, ойыма ой қосып отырған көмек
шілерімнің жауаптылығына сенгеннің өзінде, кітапты дайындау
барысында назардан тыс қалып кеткен, еске алуға әбден лайықты
оқиғалар болуы да мүмкін. Мемуарда авторлық субъективизм қа
лайда із қалдырмай тұрмайтыны тағы бар. Бірақ өмір жолымда
жамандықтан жақсылықтың көп болғаны, анағұрлым көп болғаны
даусыз. Сол үшін де мен өз өміріме ризамын.
Ауылда, қарапайым шаруа отбасында дүниеге келіп, ауыр жұмыс
істеп, еңбекпен шыңдалып, сәтін салған тұста қызметке араласып, бір
биіктен бір биікке бірте-бірте көтеріліп, дәйім өзімді-өзім қамшылап,
намысымды жанып, осы табыстарға жеттім. Қазақ елінің тұңғыш
Президенті болу бақыты менің маңдайыма бұйырды. Кеңес Одағы
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 680 —
кезінде республиканы басқарғанымды қосқанда ел тізгінін отыз жыл
бойы ұстадым. Жаратқанға тәубе деймін.
«Мен Малайзия халқына шын жүректен разымын, халықтың қолда
уымен 22 жыл бойы сүйікті елімді алға бастаумен болдым. Қолымнан
келгеннің бәрін де істедім, өз жұмысыма өзім баға беріп жатпаймын.
Бағаны менің замандастарым мен келер ұрпақ берсін» — өзім ерекше
құрметтейтін Махатхир Мохамадтың осы сөздері менің де ойымды
жеткізе алады.
Президенттік қызметке кіріскен беттегі басты мақсатым тығырыққа
тірелген елдің еңсесін түсірмей, тар жол, тайғақ кешуден алып өту
еді. Бұл орайда бізге жолбасшы болар жалғыз нәрсе халық қамын
күйттеуді мақсат етер саясат ұстану деп білдік. Солай ете алдық та.
Тарихты түзуге тікелей қатысушылардың жұртқа жаға беруі қиын.
Жалпы, адамға өзі үшін тосын нәрсені жасатудың өзі оңай емес қой.
Өзіне салса, адам үйренген жолымен жүре беруге бейім. Жаңа жолға
адымын аңдап басады. Қайда барарын, алдынан не күтіп тұрғанын
білмейді. Қазақстан халқы маған сеніп, біз ұсынған бағытқа түсті. Ол
үшін елге алғысым шексіз.
Ақсақалдық шаққа, қарттық белесіне жеттім. Өткенімді көңіл
көзімен шолып қарасам, өмірімнің алуан қырлы әрі мағыналы болға
нына сенімім арта түседі. Осындайда менің есіме Артур Шопенгау
эрдің «Қарттық келген кезде өзіңнің жас шағыңдағы қуатыңның бәрін
ескірмейтін, қартаюды білмейтін игі істерге жұмсағаныңды сезінуден
артық жұбаныш болмақ емес» деген ойы оралады. Міне, сондықтан
да мен елдегі билік транзитін эволюциялық жолмен өткізу жөнінде
шешім қабылдадым.
Бір жолы ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминь өзіне Дэн Сяопин: «Біз елдің
келесі басшысы кім болатынын анықтауға тиіспіз. Ақылдасайық» де
генін айтқаны бар. Сөйтіп, олар кездеседі де, пікір алмасады — ойлары
Ху Цзиньтаоға тоқтайды, ол Цзян Цзэминьнен кейін Төраға болады. Ал
мен елдің басшысы жөнінде ешкіммен ақылдасқан жоқпын. Бәрінен
де лайықтысы Қ. Тоқаев болады деген ойға тек жеке өзім келдім. Менің
айналамда өзін осы қызметке лайықты санаған адамдар да бар еді.
Қазақстан — Еуразия материгінің дәл ортасында орналасқан мем
лекет. Керей мен Жәнібек бастаған хандық құрылғалы бері ел талай
күрделі кезеңді бастан кешті. Жоңғарлармен жағаластық, оңтүстік
тегі көршілерімізбен жұлқыстық, бізді Ресей империясы отарлап
алды. Мұның бәрі белгілі. Енді бүгін мен халқымды, елімді қандай
болашақ күтіп тұр деп толғанамын. Біз үшін Ресей мемлекетінің
және Қытайдың саясаты, олармен қарым-қатынасымыз аса маңызды.
Шекаралар белгіленген, қос көршімізбен де жақсы, сенімді қарым-
Ертеңі еңселі ел
— 681 —
қатынас қалыптасқан. Осы қарым-қатынасты нығайту мен дамытуға
өте бір мұқият қарау керек. Біз ол елдерде келешекте қандай жағдай
болатынын және болашақ ұрпақтар сан түрлі жағдаятта не істейтінін
білмейміз. Біз үшін бауырлас түркітілдес мемлекеттермен байланыс
тар да маңызды. Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Түрікменстан,
Қырғызстан, сондай-ақ араб мемлекеттері, басқа да елдер — бізді
қолдайтын іргелі сауда және саяси әріптестер. Біз үшін АҚШ-пен
және Еуропамен қарым-қатынас та өте маңызды.
Біз бір болғанда әрдайым жеңіске жетіп отырдық. Ішкі тұтастық
пен отаншылдық ішкі саясатта басты орынға ие болуы тиіс. Бізге өсу
мен даму үшін уақыт керек, яғни тыныш уақыт керек. Менің ойымша,
сол кезде еліміз қуаттана түседі, әлемде достарын көбейтеді, сөйтіп
өркендеу үшін, әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін
қажетті жағдай жасалады.
Мен дәл солай боларына сенемін!
Осы жылдар ішінде ең басты жетістігіміздің қатарында бәрінен
бұрын елдің бірлігін сақтай алғанымызды айтқым келеді. Менің келер
ұрпаққа қалдырар айрықша аманатым — ел бірлігін көздің қарашы
ғындай сақтау. Отанымыздың бақытты болашағы біздің бірлігімізде.
Ел бірлігі — ерекше байлық. Бірлікті сұрап та ала алмайсың, сатып
та ала алмайсың. Бірлікті елдің басын құрап қана ала аласың, сол
жолда қиындықтың дәмін татып қана ала аласың.
Ел бірлігінің бастауы — қазақтың бірлігі. Қазақтың бүкіл тарихы —
бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ — тек бірігу, бірлесу жолында
келе жатқан халық. Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың,
тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Арғы-бергі тарихымыздың
ең ғибратты тағылымы, міне, осында.
«Жүзге бөлгеннің жүзі күйсін» деген біздің бабаларымыз. Руды
білу бір басқа, руға бөлу бір басқа. Атадан қалғанның бәрі алтын емес.
Ол заман өтті. Жаңа заман жетті. Дауы таусылмайтын елдің жауы
да таусылмайды. Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық
істе жарасқанға бұйырады.
Бірлігі жақсының тірлігі тапшы болмайды. Қазақтың бәрі бір-бірі
не ағайын, қазақстандықтардың бәрі бір-біріне туысқан.
Лайым, бірлігімізден айырмасын!
Менің бар тілегім, зар тілегім осы, ардақты халқым.
Сонымен, мемуар кітабын түйіндейтін кез де келді. Атқарылған
істің, қабылданған шешімнің, барған сапардың бәрін бірдей баяндай
беру мүмкін де емес, қажет те емес.
Отставкаға шыққалы бері талай күндерде өзегімнен өткізген,
талай түндерде ұйқымнан айырған кітап оқырманға сапар тартып
барады. Жолы болсын деймін.
Нұрсұлтан Назарбаев • Менің өмірім
— 682 —
Кітаптың жазылуы оңайға түскен жоқ. Балалық шағыңнан бүгінгі
күніңе дейінгі өмір жолыңды ойша шолып өту бір басқа да, соның
бәрін ақ қағазға түсіріп шығу бір басқа. Бұл жұмыс бас-аяғы үш
жылдан астам уақытты алды.
Кітапты түйіндер тұста мынаны айтқым келеді.
Біздің буынның маңдайына ұлы міндет жүктелді. Ол міндет —
тәуелсіз мемлекет құру. Біз бұл міндеттің үдесінен шықтық.
Біз тәуелсіз, дербес, еркін, егемен ел құра алдық.
Біз мына аумалы-төкпелі дүниенің аласапыранында ауытқымай
тұра алдық. Ата-бабаларымыз аманатқа қалдырған туған жерімізді,
көлемі жағынан мына алып әлемдегі тоғызыншы территорияны жаңа
мемлекеттің тұтас аумағы етіп сақтай алдық.
Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік.
Бар байлығымызды өзімізге бұйыратын еттік.
Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік.
Қысқасы, ел болудың ең ауыр белесінен өттік.
Ел қатарлы өмір сүріп жатырмыз. Болашағымыз — баянды.
Ұзын тарих бүгінгі буынның ұлы ісіне байыпты бағасын береді әлі.
Қазақстан жаңа дәуірдің қатал сынағынан сүрінбей өтетініне
сенімдімін.
Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Бұл арадағы мәселе сая
саттың мүмкін болатынды ғана мүмкін ету өнері екенінде емес. Бі
раз нәрсе жағдай бола тұра жасалмай қалды. Оның объективті де,
субъективті де себептері бар. Бұл — өмір. Дегенмен, Қазақстан қазіргі
қалпында да тәуелсіз мемлекет ретінде берік орныққан, саясаты
салиқалы, экономикасы қуатты ел. Ертеңі еңселі ел. Мен мұны осы
кітабым арқылы дәлелдеп шыға алдым деп ойлаймын.
Келер ұрпақтар елдіктің ісін біз жасағаннан да жақсырақ етіп жа
саса деп тілеймін. Ол үшін бұған дейін атқарылған шаруаны лайықты
жалғастыра отырып, жаңа заманға, жаңа талаптарға сай жаңаша
жұмыс істеуге тура келеді.
Солай боларына сенемін.
Менің бұл сенімім еркін елімнің барлығына, байтақ жерімнің
байлығына сенуден туған.
Менің бұл сенімім туған халқымның даналығына сенуден туған.
Лайым, сенімнен айырмасын.
Кітапты 2019 жылғы 18 наурыздан, Астанада салынатын жаңа
мешіттің іргетасын қалауды әңгімелеуден бастаған болатынмын.
Мен мемлекет тізгінін беруге бел байлағаным жөніндегі түпкілікті
шешімімді Қасым-Жомарт Тоқаевқа сол күні айтқан едім.
Кезінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қарай елорда тарихында
ерекше қалатындай жаңа мешіттің құрылысын бастау жөнінде шешім
Ертеңі еңселі ел
— 683 —
қабылдағанбыз. Сонда бір мезгілде 30 мың жамағат құлшылық ете
алатын, мұнараларының биіктігі 130 метр, негізгі күмбезінің биіктігі
әлемдегі көптеген ірі мешіттердің күмбезінің биіктігінен асып түсетін,
көлемі 57 мың шаршы метр ол мешіт Орталық Азияда теңдесі жоқ
ғимарат болады, оны тұрғызуға бюджеттен ешқандай қаржы шықпай
ды, шығынның бәрін қазақстандық қалталы азаматтар, менің Қорым
мен шетелдік демеушілер көтереді деп ойластырғанбыз.
Астананың көзге түсерлік нысандарының бәрін де тікелей өзім
назарда ұстаған едім. Бұл керемет мешіт — менің сүйікті қалама
жасаған соңғы сыйлығым.
Шүкір, жобамыз о баста ойластырғанымыздай шықты. Қалаға
әуежай жақ беттен келе жатқанда асқақтап көрінетін, ғажап ғима
рат болса екен дегенбіз. Әлемдегі ең үлкен бес мешіттің қатарына
қосылатын аппақ алып ғимараттың жалпы көлемі әу бастағыдан
асып та кетті — 68 мың шаршы метрге жетті. Оны жобалауға және
ойдағыдай жүзеге асыруға түрлі елдердің майталман мамандары мен
саңлақ сәулетшілері атсалысты. Осы сауапты іске қатысқан азамат
тардың бәріне, сондай-ақ оны салып шыққан «Sembol Constructіon»
компаниясына, оның мамандарына зор ризашылығымды білдіремін.
Өмірім туралы толғаныстарымды да сөз басында айтқан сол мешіт
ке байланыстырып аяқтайын.
Болашақ мешіттің іргетасын қалаған күннің ертеңінде мен прези
денттік қызметімді доғардым. Дәл сол тұста осы кітапты жазу туралы
ой келді де, біраз уақыттан кейін жұмысқа кірістім. Енді, міне, кітапты
мешіт құрылысы толық біткен кезде аяқтап отырмын. Тағдырыма
тәубе айтамын, мұның өзі маған жақсы бір ырым болып көрінеді.
2022 жылдың 16 желтоқсанында — Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік күнінде мешітке бардым. Жұма намазы еді. Мешіттің кең
залы толған адам. Мінәжатқа келгендердің бәрі орындарынан тұрып,
мені шынайы көңілмен қарсы алды. Сол сәттегі кеудемді кернеген
алғыс сезімін айтпай тұра алмаймын. Шынында да, халықтан өткен
дана жоқ, халықты алдай алмайсың.
Елімнің өмірі, өзімнің өмірім туралы жазылған, жан-жүрегімді
жарып шыққан кітабымды Бас мешітті ашарда айтылған тілегімнің
түйінімен бітіргім келеді:
Қазақстан — бейбітшілік пен жасампаздық мекені.
Тәуелсіздігімізді тұғырлы, елдігімізді ғұмырлы қылғай!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Осындай тілекті қасиетті Қағбаға кіргенде де айтқан едім.
Қабыл еткей!
Әумин!
МАЗМҰНЫ
МЕМУАР МҰРАТЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3 Шешім. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3 Үндеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8 Ақ қағаздың алдында. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10 Жауапкершілік жүгі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19 ҰШҚАН ҰЯ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27 Үшқоңыр. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27 Батырлар мен ақындар елі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29 Ұрпаққа — ұлағат. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31 Мектеп тәлімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 42 ЖОЛ БАСЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 50 Жастық кешуі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 50 Днепродзержинск . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 52 Намыс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 54 Ұмытылмас күндер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 58 ТЕМІРТАУ ТАҒЫЛЫМЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 66 Бүлік сабағы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 66 Отты өзен. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 71 Ескерілген еңбек. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 79 «Көмек керек пе?» . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 86 Хельсинки. Пікірсайыс. Гагарин. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 90 «Катков жолдаспен ойнауға болмайды!». . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 93 БИЛІК БАСПАЛДАҚТАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 99 Комсомол. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 99 Партия. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 103 Сенім. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 111 ҚИЛЫ КЕЗЕҢ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 116 Арқадан — Алатауға. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 116 «Брежневщина» . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 123 Келеңсіздікпен келіспеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 130 Қонаевпен қарым-қатынас: тіресу мен түсінісу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 134 ЖЕЛТОҚСАН. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 147 Ұлтты ойласаң — ұлтшылсың. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 147 Көтеріліс. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 152 Зауал . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 162
ҚАЙТА ҚҰРУ: ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 171 Пленумнан — ереуілге . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 171 Дағдылы дағдарыс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 179 Екі қошқардың басы… . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 186 Тарих тәлкегі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 195 ПОЛИГОН. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 214 Сергелдеңнің соңы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 214 Ажал аранына құм құю . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 221 «Қарғамайын десем — жалмауызым»…. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 229 «Сапфир» операциясы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 239 ЕЛЕҢ-АЛАҢ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 243 Күйреу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 243 «Назарбаев келмеді». . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 252 Горбачев кетті . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 262 ТАҢСӘРІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 267 Тәуелсіздік табалдырығында. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 267 Тағдырлы таңдау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 271 Апаттан басталған азаттық. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 283 ТЕҢГЕ — ТІРЕК . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 288 Сатылған сабан ақша. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 288 «Бізге керегі де сол!». . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 298
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ: ЖАЛПЫДАН — ЖАЛҚЫҒА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 306 Ең қайшылықты кезең. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 306 Қателіктер құрсауында. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 314 Жемістер мен жеңістер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 320 ПАРЛАМЕНТ: ТАРАТУ МА, ТАРАУ МА? . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 327 Ескіні жамасаң, есің кетеді. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 327 Ырғасу және ымыраласу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 331 Қателіктен туған қателік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 336 Бетпе-бет. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 340 Тағы да дағдарыс қатері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 345 Референдум. Конституция. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 350 ЕЛДІК ЕМТИХАНЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 356 Жанбағыс үшін жанталас. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 356 Қазақстанның қара алтыны. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 359 Индустрияландыру игілігі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 370
Ауыл — алтын бесік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 378 Жолдар — өмір өзегі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 382 АСТАНА. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 393 Жігерлену. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 393 Жұмылу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 400 Жасампаздық. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 410 Жеңіс. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 416 СОҚПАҚСЫЗ СЫРТҚЫ САЯСАТ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 428 17 желтоқсандағы тапсырма. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 428 Көрші. Дос. Серіктес. Одақтас. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 432 Келісті келісім. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 440 Американы ашу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 446 Еуропа есігі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 452 Азия — әз ұя . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 456 Кеңістікті кеңейту. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 461 ШЕГЕНДЕЛГЕН ШЕКАРА . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 468 Елдіктің басты белгісі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 468 Есе жібермей есептесу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 472 Таласпен табылған түйін . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 478 БІТІМГЕРЛІК БЕЛЕСТЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 492 Қарабақ: қантөгістің бетін қайтару. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 492 Қырғызстан: қырғынның алдын алу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 501 Украина: үндестіруге ұмтылыс. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 503 Сирия: түйінді тарқату. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 515 Түркия — Ресей: тартыстан кейінгі тіл табысу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 519 ӨМІР ӨРІМДЕРІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 523 Тұлғалар тағылымы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 523 Горбачев: күнгей мен көлеңке. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 534 Еңсегей бойлы ер Ельцин. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 538 Көшбасшы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 542 Үйренерлік үлгілер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 548 Мықтылардың сан түрлі мезеттері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 554 Жарқын тұлға . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 566 Сенімді серік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 569 Замандастар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 574 Түрлі-түрлі жағдаяттар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 582 Қайран қалдырған сәттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 585 Жүрекке әмір жүрмейді. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 587
САЯСАТ СЫНАҒЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 592 Тіл тағдыры — ел тағдыры. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 592 Бірлік пен тірлік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 603 Сүйініштер мен күйініштер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 621 Оппозиция: ойын мен ойран . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 629 Қаңтар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 647 ЕРТЕҢІ ЕҢСЕЛІ ЕЛ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 654 Тайғақ кешулі тәуелсіздік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 654 Алынған асулар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 664 Менің сенімім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 674
Нұрсұлтан Назарбаев
МЕНІҢ ӨМІРІМ
Бодандықтан — бостандыққа
Екінші басылым
Редакторы А. Берденбекқызы
Көркемдеуші редакторы Ж. Қазанқапов
Техникалық редакторы Ж. Досхожаев
Беттеген А. Кадикенова
Корректоры А. Абдрахманова
Басуға 08.01.2024 қол қойылды.
Пішімі 70 × 1001/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 55,9.
Тапсырыс №3. Таралымы 3000 дана.
«Фолиант» баспасы.
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13.
«Регис-СТ Полиграф» баспаханасында басылды.
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру