TELEGEI

Home

Бабалар сөзі. 48-том

Бабалар сөзі

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі. 48-том

«Бабалар сөзі» сериясының 48-томына «Көрұғлы» эпосының «Раушанбек», «Көрұғлының көрде түғаны», «Ғибрат жайы, Көрұғлының Райхан арабпен соғысы», «Көрұғлының Шағдатқа барғаны», «Көрұғлы сұлтан өлеңі», «Хикаят Көрұғлы сұлтан», «Үшбу Ғауазханның қиссасы-дүр», «Қисса Ғауазхан», «Түркімен Қасымхан» атт...

БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАР

РАУШАНБЕК

Бастайын Раушанбектің хикаятын,
Баласы Толыбайдың асылзатын.
Тарихын бастан өткен айтып берсем,
Болады қалай теріс насихатым?

«Зер қадірін зергер білер» деген мысал,
Айырмас танымаған сөздің парқын.
Бар екен Шаһарқұла деген қала,
Билеген Шағдат патша бүкіл халқын.

Жайылған әр дуанға мағлұматы, 10. Қайтпаған адамзаттан ешбір пәті.

Шағында өз жұртына артық бопты,
Халқына жүргеннен соң үкіматы.
Алпыс мың сексен алты сәргарда бар,
Зорлықшыл, өзі күншіл, пейілі тар.

Бір күні барлық халқын жиып алып,
Сұрапты: – Менен артық елде кім бар?
Жиналып қол астының келді бәрі,
Отырды патша алдында жас пен кәрі.

Бір палуан қол қусырып жауап берді, 20. Аттары Мейрамбасы деген ер-ді.

Белгілі палуан еді жаһан кезген,
Мұртына әсемдікке маржан тізген.
Майданда атқа мініп қарсы тұрса,
Көргендер тұлғасынан жаннан безген.

Бұл айтыпты: – Шағдат хан, сөзім тыңла,
Тыңласаң таңғажайып бар-дүр мұнда.
Есіттім мұсылманда бір патшаны,
Жауабым жалған емес, хилап қылма.

Патша екен дәрежелі, асқан сәні, 30. Көтерген тәрбиелеп мұсылманы.

Бір күні дұшман болып қарсы шығар,
Қанеки күн бұрыннан алсақ оны.
Көрген жоқ әскерлерің көптен ұрыс,
Бұл сөзім қалай, тақсыр, болар бұрыс.

Ей, шаһым, көңіліңізге қалай келер,
Дұшманға әскер алып ашсам ұрыс?!
Кеңесін мұның Шағдат ақыл көрді,
Ар-намыс, өз көңіліне мақұл келді.

«Әскерім бірі қалмай аттансын» деп, 40. Қайрат пен ашу қыстап шақырды елді.

Қарумен көп әскерін аттандырып,
Шағдат хан айтты мынау нақылды енді.
«Пенде ғып қолын байлап алып кел» деп,
Ақырып, қаһарланып алып демді:

– Астымда бар алтын тақытым,

Назбедеуге жабу жаптым.
Тез барыңдар, батырларым,
Ашылмай ма менім бақытым.
Арылдатып тұман басып,

50. Жау шабыңдар араласып.

Қонған жерге қарауыл қой,
Қалмаңдар ұйықтап қара басып.
Жаудан қорқып қашып келің,
Өлтіремін дарға асып.

Сен қашпасаң жау қашады,
Қаптай шауып ұмтылсаңдар,
Түрікпендер қалар сасып.
Шағдат хан көп әскерге айтты солай,

Мейрамға айтқан сөзі келді қолай. 60. Тарттырып сырнай-керней, дабыл қағып,

Ту ұстап Мейрам батыр жүрді бұлай.
Ақылхан түрікпен елдің ханы еді-ай,
Салдырған салтанатқа неше сарай.
Қызықтың неше түрлі бәрі сонда,

Көрген жан кете алмаушы ед қарай-қарай.
Тағдырдың әрне болса қалауында,
Толыбай сыншы бар ма хабарыңда?
Ат сейіс сыншы болып өткен екен

Әлгі айтқан Ақылханның заманында. 70. Үргеніш мекен еткен жерлері екен,

Бақ-дәулет жасынан-ақ берген екен.
Бар екен Раушан атты жалғыз ұлы,
Толыбай қаза жетіп өлген екен.
Тартпаған әсте Раушан қапалықты,

Жасынан үлкендерден бата алыпты.
Ажарлы, ақылы толық болғаннан соң,
Раушанбек сол себептен атаныпты.
Раушанға жасынан-ақ бақыт берді,

Қаратты ауызына тамам елді. 80. Халық билеп, сауық құрып жатқанында

Шағдаттың көп әскері жетіп келді.
Қаласын Ақылханның алды шауып,
Күн бұрын білмей қалды хабар тауып.
Патша деп Раушанбекті байлап алды,

Ханынан Ақылхандай етпей қауіп.
Пенде қып Раушанбекті алып кетті,
Көңіліне қайғы-қасірет салып кетті.
Жол жүріп қызылбастар шабуылдап,

Он күнде шаһарына алып кепті. 90. Раушанды алып келді Шағдатханға,

Дұшмандар мұны көріп қалды таңға.
Мейрамға шашу шашып, дүние беріп,
Сыйлық пен әнғам берді барша жанға.
Жалладқа Раушанбекті тапсырыпты,

Бейхабар болмағайсың мұнан депті.
Сол түні Шағдат ұйықтап сарайында
Бірталай таңғажайып түс көріпті.
Түсінде тұман басты жердің жүзін,

Дауылдан аша алмайды екі көзін. 100. Ұшырды басындағы киген тәжін,

Түсірді тақ үстінен ханның өзін.
Тақытынан аударылып жерге түсті,
Көрсеткен құдіретімен Тәңірім күшті.
Жар салып Шағдат қорқып халқын жиды,

Көрген соң ұйықтап жатып жаман түсті.
Ханыңыз қайғыланып көрген түстен,
Сандалып қалтыраумен есі кеткен.
Мирахор жалладтарға хабар айтып,

Сәргарда баршасына хабар жеткен. 110. Келіпті сәргардалар хабарменен,

Патшамыз қандай ақыл табар деген.
Қалмады қол астында жалғыз адам,
Шағдат хан шақырған соң қаһарменен.
Халық келді көріп патша үкіматын,

Білмейді не айтад деп ақиқатын.
Келген соң халық жиналып сарайына,
Айтады түсте көрген хикаятын.

– Кәрі мен тегіс жидым жастарыңды,

Айтамын көпке баян дастанымды. 120. Мен бүгін таңғажайып түс көріппін,

Білмесең тегіс алам бастарыңды.
Мазмұны мұндай болды көрген түсім,
Ұшырды басымдағы бақыт құсым.
«Баяндап бұл түсімді жорыңдар» деп,

Бәріне қол астының етті қысым.

– Мен айтайын түнде көрген түсімді,

Мені бүгін алтын тақтан түсірді.
Үкәмалар, жорып берші бұл қалай?
Алтын тәжім басымдағы ұшырды.

130. Мен отырдым өңім-түсім біле алмай,

Құлап жаттым ешбір хайла қыла алмай.
Бір мені емес, тау мен тасты көшірді,
Үкәмалар, баян әйла, бұл қалай?
Көп қамалды орнынан жұрт тұра алмай,

Падишаның көрген түсін біле алмай.
Қайран болып ақылынан адасты,
Ешқайсысы түс жоруын біле алмай.
Қалдырмаған шаһардағы адамды,

Тегіс жиған жақсы менен жаманды. 140. Қаласында жалғыз мыстан бар екен

Өнерімен қанықтырған ғаламды.
Әкімдана сол мыстанның аты еді,
Қысылған соң соған берді хабарды.
Қолдан келсе істейтіні жамандық,

Көріп жүрген халық сонан азарды.
Жасынан мыстан еді Тәңірім атқан,
Патшаға шақырған соң келе жатқан.
Екі көз тостағандай маңлайында,

Қарасаң мұрыны орақтай, жағы қатқан. 150. Үстіне бір құлағын жамылғы қып,

Астына бір құлағын төсеп жатқан.
Қайқайған ерні түрік, беті тесік,
Шүңірек көз, тісі сойдақ үңгір есік.
Қара жүз, көзі шегір, түсі суық,

Айтқанмен қанша мұнда болмайды есіп.
Жасы бар үш жүз жетпіс кеткен асып,
Өзінде тазалық жоқ малғұн басып.
«Бұл түсті мен табамын, қорықпаңдар» деп,

Алдына Шағдат ханның келді басып. 160. Шағдат хан «сөйлеңіз» деп әмір қылды,

Мыстанды келіп тұрған көзі көрді.

– Бір қасық қаным кешсең, айтар едім,

Патшалық қаһарыңнан қорқам, – депті.
Шағдат хан «Сөйле, – дейді, – қаның кештім»,
Мыстаннан таба алмай тұр басқа ешкім.
Ал сонда мыстан былай сөз сөйлейді:

– Айрылған, Шағдат хан, сен ақыл-есің.

Халқыңнан көрген түске аласың бас,
Тып-тыныш қол астыңа қыласың қас.

170. Патшаның көрген түсін білді мамаң,

Баянын біле тұрып айтпай болмас.
Құлақ салып сөзімді есіт, бектерім,
Бір ер келіп алар сенен кектерін.
Бұл барғаның басыңа бәле болмасын,

Құп тыңлағыл анаң айтқан гәптерін.
Самал тұрып ұшырыпты бақытыңды,
Түсіріпті астыңдағы тақытыңды.
Бір ер келіп алар несіп тақытыңды,

Бұл барғаның басыңа бәле болмасын! 180. Ұшырыпты көлден үйрек-қазыңды,

Қыс қылады сенің көрген жазыңды.
Еш көтермес сенің айтқан назыңды,
Бұл барғаның басыңа бәле болмасын!
Тыңламайды сенің еткен налаңды,

Шулатады қатын менен балаңды.
Быт-шыт қылып бұзар бір ер қалаңды,
Бұл барғаның басыңа бәле болмасын!
Тыңламайды сенің айтқан сөзіңді,

Ол ер келсе бере алмайды төзімді. 190. Шауып-шаншып алып кетед қызыңды,

Бұл барғаның басыңа бәле болмасын!
Осылай деп жорып берді анаңыз,
Қандай болар ақырын байқап қараңыз.

– Я есітіп, я көргенің бар ма еді,

Ел көрместі қайдан білдің, анамыз?
Кемпір айтты: – Ашуыңды шақырма,
Үлкендерден көп есіттім нақыл да.
Сайыпқыран бір ер пайда болмақшы,

Шамаласам, шығады екен жақында. 200. Шыға-дүрміш асылы түрікпен елінен,

Асыл заты мұсылманның бегінен.
Өзім білем әкесін оның байқадым,
Пайда болар Раушанбектің белінен.
Емес пайда Раушанбектің келгені,

Келгеннен соң жарар еді өлгені.
Құлақ салып сөзім тыңла, Шағдат хан,
Осылайша бұл мамаңның білгені.
Айтып болды мыстан сөзін тамамы,

Шағдат ханның тарылып қалды заманы. 210. «Кешіктірмей дарға тарт, – деп, – Раушанды»,

Падишаңыз жалладтарға қарады.
Бұл сөзімнің бар демеңіз реуі,
Сіз едіңіз еліміздің тіреуі.
Жалладтар кеп мойнына арқан тартқанда,

Бас уәзірдің арыз айтты біреуі:

– Бір қасықтай кешсең, тақсыр, қанымыз,

Қаһарлансаң тәнде қалмас жанымыз.
Жұртың тегіс, өзің аман тұрғанда,
Бір жаманға келмей қалмас әліміз.

220. Өлтіргенің бір жаманды ар болар,

Құлшылықпен өткен өмір тар болар.
Әйел алмай бала қайдан туады,
Құл қып сатсаң басыменен зар болар.
Тағдыр бітпей тәбділ болмас ажалға,

Шайтан кірмей пенде жолдан азар ма?!
Үшбу ақыл падишаға қол келіп,
Сатайын деп алып шықты базарға.
Раушанбекті базарға әкеп салады,

Құл деген соң жұрттың бәрі қарады. 230. Мың да бес жүз тіллә дейді бағасын,

Ешкім алмай, базар тарқап барады.
Берсе Тәңірім қиын емес кісіге,
Қараңыздар себеп болған ісіне.
Жалғыз үйлі түрікпен жігіт бар еді,

Көптен бері бұл шаһардың ішінде.
Бұл келгелі көп жыл өткен елінен,
Байлығының саны асқан шенінен.
Өз жұртына елін іздеп кете алмай,

Мағрұр болып дүниесінің көбінен. 240. Жылқысының есебінің саны жоқ,

Ақша менен байлық-дүние тағы көп.
Ешбір дұшман жүрмейді екен маңынан,
Өле кетсе қызылбастың малы деп.
Раушанбекті базар салды тағы да,

Ғаждамбекті душар етті бағына.
Назар салып қарап тұрса Ғаждамбек,
Түрікпендердің ұқсайды екен затына.
Бірте-бірте жақын барды қасына,

Қайғы-қасірет түскен Раушан басына. 250. Өз нәсілін таныған бұл Ғаждамбек,

Рақымы келді көзден аққан жасына.
«Ойлап тұрсам қайда қалды ағайын?
Дүние иттің жасымнан көрдім талайын.
Көп болғанда бір жылғы пайдам шығар да,

Қазынасынан жеткізер тағы Құдайым.
Елден шығып келіп едім жасымда,
Жалғыздықтың бар қайғысы басымда.
Тіллә беріп мұны сатып алайын,

Інімдей боп жүре берсін қасымда». 260. Осыны ойлап жетіп барды делдалға,

Жоғары айтып қызықпаңыз жалғанға.
Делдалменен ары-бері саудалап,
Сатып алды оны алты жүз тілләға.
Кешікпестен үйіне алып барады,

Әкелгенін әйелі де қалады.
Ғаждамбектің жалғыз қызы бар еді,
Жасы жетіп балиғатқа кеп еді.
Бір құлы бар, атын сұрсаң – Бабалы,

Жалғыз өзі көп жылқыны бағады. 270. Үргеніштен өзіменен бір келген,

Әр мінезі баласындай жағады.
Әйелінің аты еді – Күләйім,
Перзентсізден етуші еді уайым.
Раушанбекке қызын қосты некелеп,

Бір перзентті жеткізді деп Құдайым.
Екі жақсы бұйрық болып қосылды-ай,
Кетсе жақсы ақырын беріп тосылмай.
Шанбілден айдап келіп бұл жерге,

Құдіреті Жаратқанның осындай. 280. Ғаждамбекке жақын қонған жасынан,

Раушанбекті қалдырмайды қасынан.
Талаптары оңғарылып сол жылы,
Екі есе пайда көрді нарқынан.
Раушанбектің өз әкесі Толыбай,

Сыншылығы асқан еді халқынан.
Пайымы бір Раушанбектің кем емес,
Азап шеккен дұшмандардың зарпынан.
Тыңлағанға айтатұғын сөз келді,

Кешіктірмей айтар сөзім тез келді. 290. Базар жаққа бара жатып бір күні

Бір жылқының қу басына кез келді.
Қолына алды жатқан аттың қу басын,
Қу сүйектің сынап көрді тұлғасын.
Ол да жүрмей тоқтап тұрды Ғаждамбек,

Қасындағы Раушан жылап тұрғасын.
«Мен елімде жүруші едім алшақтап»,
Аға берді көзден жасы бұршақтап.
«Кім айтады сені тұлпар басы?!» деп,

Жатқан басты жылай берді құшақтап. 300. – Менім әкем аты шыққан Толыбай,

Түрікпен халқы еріп еді соңына-ай.
Мені соның баласы деп кім айтар?!
Пенде болдым қызылбастың қолында-ай.
Тірілікте сен секілді асыл жоқ,

Бұл уақытта бес тиындық бәсің жоқ.
Сен жатырсың топыраққа қуарып,
Кім айтады сені тұлпар басы деп?
Ғазиз басың жатыр топыраққа оранып,

Дұшман залым пенде қылды мені алып. 310. Басың қапты айдалада қуарып,

Кім айтады сені тұлпар басы деп?!
Сенің басың күнге күйіп қуарды,
Дұшман салды біздің басқа бұл зарды.
Бізден басқа көргендерге күмәнді,

Кім айтады сені тұлпар басы деп?!
Алла жазса тағдыр іске нешік-ті,
Менім күнім жылауменен кешіпті.
Раушанбектің жолда жылап тұрғанын

Халық егесі Шағдат хан мұны есітті. 320. Бұл дұшмандар қайран қалып бұл іске,

«Басыменен айдап кел мұнда» десіпті.
Басыменен айдап келді Раушанды,
Сұрамаққа көңілі кетті ахуалды.
«Мұның тұлпар екендігін сен қайдан

Білдіңіз?» деп Шағдат хан да сөзге алды.
Раушан айтты: – Мен еліңде болдым зар,
Пенде-дүрмін өзімде жоқ ықтияр.
Мұның тұлпар екендігін білгенім,

Байқағанға жеті жерде белгі бар. 330. Жеті жерде бар-дүр мұның белгісі,

Бір тұлпардың жетпіс жерде тынысы.
Сол жетпістің жетеуі бар басында,
Таңлайында жетеуінің бірісі.
Екі құлағында екеуі бар түбінде,

Екеуі бар отыз тістің жігінде.
Екеуінің орны көздің арасы,
Бізден басқа ешкім білмес бұ күнде.
Инанбасаң көрсетейін есепті,

Көрсетпесем айтты дерсің өсекті. 340. Бір қу бастың жеті жерде тынысын,

Өз қолымен Шағдат ханға көрсетті.
Шағдат хан сонда тұрып қайран қалды,
Қасына жолдастарын жиып алды.

– Уәзірлер, не айтасың сіздер бұған?

Бәріне жолдасының ақыл салды.
Уәзірлер айтты: – Тақсыр, біз сынайық,
Үш бөтен жылқы басын алдырайық.
Әкеліп үш баспенен салыстырып,

Оның да пормасына біз қарайық. 350. Ол бас та осы баспен бірдей шықса,

Зынданға ақымақты салдырайық.
Раушан білген шығар зерек болып,
Сөз шығар айта салған дөрек болып.
Әй, тақсыр, онда бұған тәкіраһ бер,

Ол бастан мұның пормысы бөлек болып.
Шағдат хан бұл кеңесті мақұл көрді,
«Бұл өзі бір табылған ақыл» деді.
Үш жаққа үш адамды жіберісіп,

Жылқының үш қу басын алдырды енді. 360. Раушанбек қайғырмайды намыс қылып,

Көбін жүр өнерменен таныс қылып.
Әлгі бас мына бастан бөтен шықты,
Төртеуін қарап көрсе салыстырып.
Шағдат хан бір нан әкеп бер деп айтты,

Раушанның сыншы екенін анық біліп.

– Сыншысың, бәрекелді, сен, – деп айтты,

Нанымды мынау берген же, – деп айтты.
Шарбақта екі жүз елу назбедеу бар,
Қайсысы соның тұлпар, көр, – деп айтты.

370. Жылқысын сонда Раушан аралады,

Ішінен оның тұлпар таба алмады.
Ала аяқ бір шағыр мен сұр екеуін,
Ішінен тәуір-ау деп шамалады.
«Қайсысы мұның тұлпар, білдің ба?» деп,

Шағдат хан Раушанбектен сөз сұрады.

– Кім сөйлер, – Раушан айтты, – тіл болмаса,

Тұлпарды кім таниды, ми болмаса.
Қолынан басқа атыңның түк келмейді,
Осы бір ала аяқ пен сұр болмаса.

380. Шағдат хан мұны естіп қуанады,

Көңілі айтқан сөзге жуанады.

– Бәрінен осы аттардың озар еді,

Көрдің бе торы ат мінген дуананы?
Бұл атты сатып алып біз жаратсақ,
Қай жерде бәйге болса сол алады.

– Қалжырап сенің өзің не дейсің, – деп,

Шағдат хан көз алартып бір қарады.

– Екі атымның біліп бердің шабарын,

Диуананың көп мақтайсың шолағын. 390. Өзің сыншы, ақылың зерек ер болсаң,

Мұнан басқа тағы бар ма табарың?

– Шағдат ханым, құлағың сал сен өзің,

Менім жалған емес айтқан бұл сөзім.
Адамзаттың білуші едім сырттанын,
Түйе малдың байқаушы едім жампозын.

– Үкіматты мен патшамын тағымда,

Әр патшадан артылып тұр бағым да.
Білгеніңді қалдырмай айт, жарқыным,
Онан басқа не білесің тағы да?

400. Раушан айтты: – Сыншылығым құрысын,

Біз пақырдың кетірдің, тақсыр, тынышын.
Сиыр малды аралап көріп аңласам,
Білуші едім бұқа малдың тынжысын.
Шағдат айтты: – Енді мұны сынайық,

Сыналуға болды бізге ылайық.
Түйе малын тегіс түгел көрсетіп,
Қайсы жампоз тауып берсін сұрайық.
Сыншылықтың қайдан білсін киесін,

Әр келенің ертіп жүрді иесін. 410. Шағдат өзі қырық уәзірмен басшы боп,

Қалдырмастан аралатты түйесін.
Түйе малдың бәрін көріп өтеді,
Ешбіріне қайрылмастан кетеді.
Көк ала бас қоспақ нарша тұр екен,

Бір қос үйдің есігіне жетеді.
Жұлым үйде бір қоспақ тұр байланып,
Екі-үш мәрте көрді Раушан айналып.
«Бұл түйемді таныдың ба, нең бар?» деп,

Жұлым үйден шыққан кісі шамданып. 420. Жұлым үйдің адамы екен иесі,

Көк ала бас қоспақ екен түйесі.
Жүк артқанда алпыс пұттан көтерген,
Артығырақ бір мал екен киесі.
Раушан айтты: – Бекерге ашу қылма, – деп,

Сөз айтайын, құлақ салып тыңла, – деп.
Осы түйең керек болды Шағдатқа,
Берер едің сатсаң қанша пұлға? – деп.

– Сат дейсіңіз мұны неге теңгеріп,

Айтасыз ба соны маған жөн көріп? 430. Арқасымен осы жалғыз түйенің

Отыр едік үш-төрт үй жан күн көріп.

– Шын кәдірін білген болсаң сен мұның,

Сұрасаң да айып емес ер құнын.
Сатамын деп ауызыңнан шығаршы,
Әперейін Шағдат ханнан нақ пұлын.

– Керек болса бес жүз тіллә бересің,

Патшазада, біздің жайды білесің.
Сізге ойланып бес жүз тіллә сұрадым,
Басқалардың мың тілләсы құрысын.

440. Шағдат айтты Раушанбекке: – Не дерсің?

Бес жүз тіллә бұған санап берерсің.
Айтқаныңнан шықпай қалса бұл түйе,
Сонда менен түрлі азапты көресің.
Раушан айтты: – Бұл сөзіңде тұра бер,

Тура қылып бес жүз тіллә санап бер.
Айтқанымнан шықпай қалса бұл түйе,
Сонда маған білгеніңді қыла бер.
Осы сөзге тұрақтатты патшасын,

Бес жүз тіллә санап берді ақшасын. 450. Бауыздамай соямыз деп түйені,

Тамашаға жиды жұрттың баршасын.
Аяғын да байламаймыз түйенің,
Шын зат болса шығармайды дыбысын.
Есі бүтін ерлер білер есепті,

Таза кісі бұзбайды әр кез несепті.
Мұның жампоз екендігін Шағдатқа
Тар қолтықтан бұрау салып көрсетті.
Раушанбек те арыстандай жүректі,

Бір Құдайдан көп сұрап жүр тілекті. 460. Шөгерді де бауыздамай түйені,

Арқасынан екі адамға іретті.
Үш-төрт адам сойып алды терісін,
Мен айтайын, тыңла сөздің келісін.
Жалаңаштап терісін алып болғанда

Жаны шықты, шығармады дыбысын.
Жұрттың бәрі мұны көріп таң қалды,
Анық сыншы екендігін аңғарды.
Түйеге де айтқаны рас келді деп,

Шағдат айтты «әкеп бер, – деп, – бір нанды». 470. Сыншылыққа мынауыңыз ұқсайды,

Менім көңілім осындайды қостайды.
Қандайында сиыр малдың тынжы бар,
Соны маған тауып бер деп қыстайды.
Амалы жоқ аралайды сиырын,

Талай жердің басты таппай қиырын.
Үш күн ұдай қарап жүріп таба алмай,
Жаңа білді сыншылықтың қиынын.
Сыншылыққа қайдан жүріп жетілді,

Қайғы басып таудай көңілі кетілді. 480. Әкесінің айтқаны түсіп есіне,

Басын шайқап көп қамыққан секілді.
Төмен қарап отыр еді өкініп,
Қашатұғын жері де жоқ бекініп.
Өзі қасқа, түсі тарғыл, ақ құйрық,

Тайпақ бастау келді бір бұқа өкіріп.
Келгенімен өз жайына тұрмады,
Кезіккеннен аяқпен жер тырнады.
Бұрып мойынын, қарап көзін алартып,

Дем алмастан алпыс екі шыңырады. 490. Бесті бұқа екен, жалпақ сауыры,

Кім толықпас келсе басқа дәуірі.
Тұрғандарға «мынаны ұстап сой» деді,
Тап осының тынжы екен деп бауыры.
Ұстап алып бауыздатып сойыпты,

Көріңдер деп қырық нөкер қойыпты.
Ішін жарып ашып көрсе бауырын,
Айтқанындай анық тынжы болыпты.
Шағдат көрді анық тынжы екенін,

Шаһарқұла дейді оның мекенін. 500. Өгізге де айтқаны рас келді деп,

Шағдат айтты: – Тағы бір нан әкелің.
Алып келді: – Сен же мынау нанды, – деп,
Атаңа рахмет, білігіңе, пәлі, – деп.
Тағы да айтты Раушанбекке Шағдат хан:

– Адамзаттың сырттаны деген кәні? – деп.

Раушан айтты: – Үш айтқаным келді деп,
Үшеуін де өз көзіңіз көрді, – деп.
Қайта-қайта айтпайын деп өтінді, –
Тақсыр, мені қинамаңыз енді, – деп.

510. Жалынған соң дейді Шағдат: – Қояйын,

Өнеріңді қол астыма жаяйын.
Енді менім өз басымды сынап бер,
Мен сонан соң саған риза болайын.

– Не айтайын, көңілімде айтар кеңес көп,

Жөніменен айта алмасам емес құп.
Мүсәпірмін ел-жұртымнан айрылған,
Тақсыр, сізді сынамаққа әддім жоқ.

– Ақылың болса еремісің шайтанға,

Атың қалсын кейінгіге айтарға. 520. «Хан жарлығы қалт болмайды» деген бар,

Менім айтқан бұл сөзімді қайтарма.
Раушан айтты: – Көңілің, тақсыр, шат, – дейді,
Бір сөз айтсам көңіліңе түсер дерт, – дейді.
Қайта-қайта айтпаймын деп өтінді,

– Қаның кештім, – Шағдат қоймай, – айт, – дейді.

– Қоймадыңыз, айт десеңіз айтамын,

Сіздей ханның қаһарынан қорқамын.
Не айтсам да ашуланбай көтерің,
Тақсыр, сізді әлдеқашан байқадым.

530. Шағдат айтты: – Мәнісіне түстім, – деп,

Шешілмейтін түйіндерді шештің, – деп.
Қайта-қайта қолын беріп ант ішті, –
Не айтсаң да қаныңызды кештім, – деп.

– Айт деп рұқсат бердіңіз бе, Шағдат хан,

Сенің әкең келген екен Бағдаттан.
Айтпайын-ақ десем дағы қоймайсың,
Өз әкеңіз наубай екен нан жапқан.
Алты атаңыз дегдар болып өтіпті,

Өз басыңа жетіншіде жетіпті. 540. Дәрежесі алтауының артық боп,

Бақыттары өздерімен кетіпті.
Айтатұғын сөзім келді өзіңе,
Қисық болса саларсыңыз тезіңе.
Нәсілсіздік, бұзықтығың, Шағдат хан,

Шисіз үйдей көрініп тұр көзіме.
Дәм бұйырып, тұзын таттым осы елден,
Бізге Тәңірім жазған шығар әзелден.
Дәл сен өзің ұғылы емессің патшаның,

Нанбасаңыз сұрап көрші шешеңнен. 550. Жұрттың бәрі мұның сөзін ұнатты,

Таудай көңілін Шағдат ханның құлатты.
«Мені кімнен туып едің, анам?» деп,
Шешесінен көп алдында сұрапты.
Шағдат хан тұр Раушанбекке қаһар қып,

Кемпір отыр сөйлей алмай дағдарып.
Пенде болған Раушанбекті көрген соң,
Қартаң кемпір сөйлеп жатыр аңғарып.

– Бұл баланың айтқаны рас, шырағым,

Қу дүниенің тапқаным жоқ тұрағын. 560. Мен патшаға жұпты болып келген соң,

Перзент тумай көзден ақты бұлағым.
Көзден жасым араласты қан болып,
Кетіп кейде дүние жүзі тар болып.
Ішкен ірің, жеген желім секілді,

Кеші-күндіз бір перзентке зар болып.
Жылап жүрдім көзден жасым тия алмай,
Ақырымның не боларын біле алмай.
Перзент үшін екінші әйел алуға

Патшам жүрді менім көңілім қия алмай. 570. Айтатұғын сөзім келді тағыда-ай,

Өтірік айтпан өлерімнің шағында-ай.
Бір нан жапқыш наубайымыз бар еді
Патшамыздың таққа мінген уағында-ай.
Нанын жауып наубай жүрді, пұл тауып,

Бағдаттан көшіп келген жер ауып.
Көп ауырып бір күн өлді бейшара,
Бәріміз де жатамыз ғой жер қауып.
Шешең менен өзің қалдың соңында,

Шешең өлді көп кешікпей тағы да. 580. Әке-шешең екеуі де өлген соң,

Балам, менім қалып өстің қолымда.
Ата-анаңнан жетім қалдың жасырақ,
Қолыма алып бала еттім асырап.
Үш жасыңнан бауырыма салған соң,

Өз баламнан көрдім сені жақсырақ.
Жігіт болдың бір күндері нұрланып,
Патшам өлді ажал торға шырмалып.
Патшамыздың орнындағы бала деп,

Тағын берді көп халайық қолға алып. 590. Сонан бері сен патшасың осы елге,

Өлмейтұғын себеп болар кеселге.
Бұл баланың айтқаны рас, шырағым,
Мұның сөзін жалған деме бекерге.
Мен қолыңда ана болдым неше жыл,

Раушан бұл білесің шарбақтағы қызыл гүл.
Мен шынымды айтып бердім жасырмай,
Ендігісін, Шағдат балам, өзің біл.
Шағдат хан бұл арада қалды қайран,

«Тудың, – деп шеше айтты, – сен наубайдан». 600. Раушанға Шағдат айтты ашуланып:

– Наубайдан туғанымды білдің қайдан?

– Қу басты, – Раушан айтты, – бердім сынап,

Басыңды «нан бер» дедің шайқаңқырап.
Тақ мініп, халық билеген патша болсаң,
Емес пе нан бер деуің ұятырақ?!
Түйенің жампозын да сынап бердім,

Оным да қате болмай көзбен көрдің.
Онда бір шапан кигіз дей алмадың,
Дұрыс па нан бер деуі сіздей ердің?!

610. Үшінші таптым тынжы сиыр малдан,

Аралап қарап жүріп мыңнан-саннан.
Онда бір ат мінгізсең көп бола ма,
Бергіздің бір күлше нан тағы маған.
Мұнан соң асылыңды шамаладым,

Ауызыңа наннан басқа нәрсе алмадың.
Нанның бір зары өткен жері бар-ау,
Осының нәсілінде деп ойладым.
Шағдат хан, осы менім білген жерім,

Өзімнің қайда қалды туған елім? 620. Торға түскен тұйғындай пенде болдым,

Өзіңде ықтиярың, Шағдат, сенің.
Шағдат хан сонда жаллад жидырыпты,
Өзінің зұлымдығын білдіріпті.
«Соларды көрген көзің осы ғой» деп,

Раушанның екі көзін ойдырыпты.
Айрылды екі көзден Раушанбек,
О баста ауызын бағып жүрмеді тек.
«Жолығар басқа бәле тілден» деген,

Жолықты бәлеге ақыр сол айтқан кеп. 630. Тұрыпты бірқатар жұрт зар жыласып,

«Залымдық қылды Шағдат» деп шуласып.
Ғаждамбек Раушанбекті жаны ашып,
Жетелеп алып шықты жіп ұстасып.
Екеуі жіп ұстасып үйге келді,

Бұлардың ахуалын Күләй көрді.
«Сорлылар, қандай бәле кез болды» деп,
Ақанай екеуінен сұрай берді.
Ғаждамбек айтып берді бастан-аяқ,

Көргенін қалдырмастан тастамай-ақ. 640. Есітіп сонда Ақанай зар жылады,

Деген бар «саяқ жүрсең жерсің таяқ».
Зар жылады Ақанай:

– Не күйге салдың, Хақ пана-ай?

Екі көзін ойыпты
Рақымсыз дұшман, бетпақ-ай.
Дұшманға қор қып қойғанша
Неге алмайсың, Жаппар-ай?!

Екі бірдей қамқорым
Елін іздеп бармаса,

650. Бір ер шығып біздерден

Дұшманнан кегін алмаса,
Ішінде кетер арманы-ай.
Сыр білдірмей жүре берсең болмай ма,
Елің қайда, ат сынайсың, бейшара-ай.

Әр нәрсенің білуші едің жобасын,
Шағдат ханның білген жоқ па ең шамасын?
Жүре бермей мүсәпірлік халіңмен,
Неге керек сынап Шағдат түйесін?!

Бірге жүрген қайда қалды үйірің, 660. Қыздыратын ағайын жоқ бүйірің.

Тынжыны алып қай ауруды емдеуші ең,
Не табар ең сынағанда сиырын?!
Мұнан кемдік ойлап тұрсам өтпеген,
Алла ісіне көп деген ғой жетпеген.

Сыналмаса сиырдың құрысын тұқымы,
Сәлау-мәлік неге қырып кетпеген?!
Оңалмайды әруақ басып аттаған,
Жақсы болмас жамандап ерді даттаған.

Сыналмаса түйенің құрысын тұқымы, 670. Неге өлмейді қырылып бәрі қатпадан?!

Қайғы-қасірет басыңыздан асыпты,
Кәусар көңілің тасқа тиіп жасыпты.
Көңілі қатты, адамзатқа рақымсыз,
Қорықпай нағып жамандадың пасықты?!

Не әйлайын, ойдырыпсың екі бірдей көзіңді,
Зағыпырандай сарғайтыпсың жүзіңді.
Көп қайғыны тірілей-ақ көрсетіп,
Қор қылыпты Жаппарекем өзіңді.

Енді қайдан сөнген көзің ашылсын, 680. Дұшман келіп аяғыңа бас ұрсын.

Аманыңда елге қашып кетіңдер,
Мұнда келіп басың қосқан асылсың.
Сыншылығың тиді сенің басыңа,
Рақым етсін көзден аққан жасыңа.

Аманыңда елге қашып жетіңдер,
Әгар өлсең ешкім келмес қасыңа.
Ақанай дер: – Өзім бақты қарамын,
Тағдыр іске нендей шара қыламын.

Қор қылыпты Жаппарекем Жасаған, 690. Лажым жоқ, енді қайда барамын?!

Осылай деп бейшаралар еңіресті,
Өкінгенмен өткен қайтып келмес-ті.
«Мал мен жанды Бабалыққа тапсырып,
Түрікпен елге қашайық», – деп кеңесті.

Шыдамады Шағдат салған азарға,
Тез қашпаса кездеседі ажалға.
Раушанбекті Ғаждам қолдан жетелеп,
Ат алмаққа алып келді базарға.

Ғаждамбектің көңілінде көп уайым, 700. Зар жылады Ақанай мен Күләйім.

Ғаждам жүрді Раушанбекті жетелеп,
Қандай малды душар қылар Құдайым.
Раушан айтты Ғаждамбекке: – Қам жеме,
Жүйрік атты дүбірінен де сынаймын.

Қандай малды Ием душар етеді,
Базар келіп аралап жүр екеуі.
Қолда аса, жалбыр торы ат астында,
«Аллаһу!» деп бір диуана өтеді.

Ғаждам айтты: – Өзі жалбыр торы, – деп, 710. Диуана екен үстінде бар тоны, – деп.

«Шақыр, – деді, – диуананы, – Раушанбек,
Нәсіп болып саудалайық соны» деп.
Ғаждам айтты: – Әй, диуана, тұра тұр,
Сөз айтамын, құлақ салып мойның бұр.

Сатамысың астыңдағы торы атты,
Біз көрейік, біразырақ сабыр қыл.
Диуана айтты: – Теріс емес сөздерің,
Мүшелерін байқап көрсін көздерің.

Түсіп сізге көрсетейін атымды, 720. Аламысың әурелемей өздерің?

Осылай деп көрсетіп жатыр торы атты,
Тұла бойын Раушан сипап сынапты.

– Сатар болсаң қашырмай айт бағасын, –

Раушанбектің көңіліне ұнады.

– Керек болса алпыс тіллә бер, – дейді,

Сатылмайды болса онан кем, – дейді.
Кемге сұрап әурелемей өзімді,
Ұнатпасаң басқа жылқы көр, – дейді.
Бұлар айтты: – Артық сұрап пұлдама,

730. Көп сөз айтып, бас ауыртып жырлама.

Айтқаныңнан сегіз тілләң кем болды,
Беремісің елу екі тілләға?
Диуана айтты «көп айтпадың терісті»,
Бұл саудаға бермекші болып келісті.

«Береке!» деп бір-біріне қол ұрып,
Ақшаларын қалтасынан берісті.
Раушан айтты: – Бізге келді ат, – дейді,
Біз ғаріпке болды Тәңірім жақ, – дейді.

Барлық жұмыс, бәрін қойып, Ғаждамбек, 740. Бұл атыңды түнекке сап бақ, – дейді.

Қырық күндік дайын қылды жем-шөпті,
Таса жерден соқты мықтап түнекті.
Қырық күн бағып, жем мен шөпке семіртіп,
Раушанбекті түнде апарып көрсетті.

Раушан айтты келіп тұрып маңына:

– Жылқы ермейді бұл тұлпардың шаңына.

Жоңышқамен, жеммен жақсы семірттің,
Енді қырық күн жаратсаң келер бабына.
Кім есітер мен бейшара наласын,

750. Күнде байқа күннен-күнге шамасын.

Терін алып, суын шайқап, таң асыр,
Ұшқан құс та көре алмайды шамасын.
Ғаждам, тыңла менім айтқан сөзімді,
Қор қылды ғой дұшман ойып көзімді.

Қара торының түрін тапсаң суытып,
Шаңың түгіл, таба алмайды ізіңді.
Ғаждамбек айтқан сөзді ұғып алды,
Егерлеп, жабу жауып мініп алды.

Жаратып күні-түні қырық күн жетіп, 760. Раушанды көрсеткелі тағы апарды.

Торыны көрді Раушан назар салып,
Ғам жерін сылап-сипап көңілі налып.
Алыпсың мұның терін қалдырмастан,
Оңғарсын талабыңды Жаппар Халық.

– Ғаждамбек, айтқан сөзге нан, – деп айтты,

Ақылсыз сөзге нанбас жан, – деп айтты.
Шағдаттың жеті қабат қорғаны бар,
Торыны сол дуалға сал, – деп айтты.
Ені бар әрқайсының жеті кезден,

770. Ұзыны он бір кездей, көрдім көзбен.

Салдырған Шағдат атын сынамаққа,
Қарғытар қандай адам жаннан безген.
Торыны салып сына сол дуалға,
Жаратқан жәрдем берсін нашар малға.

Қорғаннан, дуал түгіл, қарғып өтер,
Тұлпардың арызы жетсе Бір уа Барға.
Ғаждамбек айтқан сөзді ұғып алды,
Көңіліне махкам етіп бұл қиялды.

Жасырып түнде айдың жарығымен 780. Торыны алыстан кеп жолға салды.

Қорғанға тура салып қамшы басты,
Атылып сонда тұлпар аспанға ұшты.
Қорғаннан жеті қабат қарғып өтіп,
Қырық аршын ар жағына асып түсті.

Ғаждамбек көңілі тасып қайтып келді,
Торының қарғығанын айтып келді.
Тұлпардың маңлайынан сипап тұрып,
Раушанбек Ғаждамбекке сөз сөйледі.

– Ғаждам, тыңла менім айтқан сөзімді,

790. Қор қылды ғой дұшман ойып көзімді.

Менде көз жоқ, сізде көз бар, Ғаждамбек,
Кетермісің алып менім өзімді?
Дұшман сатып, алды менім пұлымды,
Көзімді ойып, солдырып тұр гүлімді.

Менде көз жоқ, сізде көз бар, Ғаждамбек,
Қалай дейсің менім айтқан сөзімді?
Ғаждам айтты: – Көңілің сенсе атыңа,
Мен алдына, сен мінерсің артыма.

Екеуімізді алып барса, арман жоқ, 800. Аман-есен түрікпен елдің халқына.

Алып сені түрікпен елге жөнейін,
Сені тастап жалғыз не күн көрейін.
Алла жазса тағдырдан кім құтылар,
Сізбен бірге мен ғам өлсем өлейін.

Кім көреді жүрегімнің парасын,
Қабыл етсін біздей ғаріп наласын.
Мінгесумен шығып кетіп дұшманнан,
Көрер күндер бар ма Үргеніш қаласын?!

Алдымызда асқар-асқар бел бар ма, 810. Бұл қалада достық қылар ер бар ма?!

Дұшмандардан аман-есен құтылып,
Ағайынды көретұғын күн бар ма?!
Өз елінен еріп келген Бабалы,
Дұшман салды көңілімізге сәнаны.

Кішкентайдан баламдай боп өсіп ең,
Қош-есен бол біз көргенше, Бабалы.
Анаңыздай болып еді Күләйім,
Бір перзентті бермеді оған Құдайым.

Жау жерінде жанашырым сен едің, 820. Көңіліңе сала көрме еш уайым.

Ақанайдың алдында жоқ інісі мен ағасы,
Дұшман салған көңілінде көп қапасы.
Қасы менен қабағына қарай жүр,
Қысылғанда Алла болсын панасы.

Бұл қаладан тұз-несібем үзілді,
Қан аралас көзден жасым тізілді.
Әрне етсе Жаратқанның өзінде,
Мал мен жанды, Бабалым, саған тапсырдым.

Мұнда тұрып жасытпайын күшімді, 830. Қайғы басып күйдіріп тұр ішімді.

Мен кеткен соң ойлап істе ісіңді,
Ақанай мен Күләйімді тапсырдым.
Мұнда тұрсам қызыл гүлім солар ма,
Мейманамыз ақыр бір күн толар ма.

Біздерден де бір ер перзент болар ма,
Әрне бәрін, балам, саған тапсырдым.
Раушанбек пенен Ғаждамбек
Жүрмек болды қамданып.

Бабалы мен Күләйім 840. Жылай берді дағдарып.

– Сіз кеткен соң біз ғаріп

Жүреміз кімге алданып?
Алдымда тұрған аға жоқ,
Туысқан, жегжат және жоқ,
Әлдекім кетер малданып.

Мұны естіп Ақанай,
Жылады ол да зарланып:

– Көкежан, қайда барасың,

Бізді тастап қамданып? 850. Кішкентайдан өсірдің,

Мен сорлыны қолға алып.
Алдымда тұрған аға жоқ,
Жыламайын мен нағып,
Көкежан, сізден соң қалып.

Тәбділі бізге тағдырдың
Осылай болды, ылаж жоқ,
Қасіретпенен қорланып.
Неғылайын жүрме деп,

Аяғыңа шырмалып. 860. Жүрсеңдер, жылдам жүріңдер,

Жазғанын Хақтың көріңдер.
Дұшманда қалдық зар жылап,
Көрерміз не күн біз ғаріп.
Тапсырдым Хаққа аманат,

Болмасын жолда жаманат.
Түрікпенге сіздер барғанша
Сақтасын пірлер саламат.
Қабыл ет деп ниетімді,

Тіледім Хақтан мінәжат. 870. Қара шашым тал-тал өріп жайлайын,

Дұшпан салған қорлыққа не әйлайын.
Сіз кеткен соң белді бекем байлайын,
Атажаным, жар-жолдасым, аман бол.
Мен жүріппін үшбу жолда бейқарар,

Әрне етсе Жаратқанның еркі бар.
Көп кешігіп енді жолдан қалмаңдар,
Көреміз бе, көрмейміз бе, алған жар?
Амандасып көп жылады Бабалы,

Құтты болсын ерлерімнің талабы. 880. Қош айтысып екі батыр аттанды,

Лажы жоқ, жылай-жылай қалады.
Шағдат ханның бұлар жүрген жұртында,
Бұл уақытта елін таппақ құлқында.
Дұшман келсе кіргізбеске қалаға,

Қарауыл бар, күзетіп тұр сыртында.
Ел табуға бұлар бетін түзеткен,
Азар көріп жүрегіне мұз өткен.
Дұшман келсе кіргізбеске шаһарға,

Екі жақтап күндіз-түні күзеткен. 890. Түнектен шыққан тұлпарға

Екеуара мінгесті.
«Хабарсыз қалсын дұшмандар,
Жылдамырақ жүр» десті.
Ғаждамбек айтты Раушанға:

– Қарауылбасы жігіттен

Рұқсат сұрап қал, – десті.
Раушан айтты Ғаждамға:

– Сұрап әуре болмаңыз,

Өзі дұшман қызылбас, 900. Өтінгенмен бермейді.

Тәуекел етіп Аллаға,
Қарғытайық, кел, – дейді.
Ақымақ адам өртенгенмен,
Хақтың оты сөнбейді.

Осыны айтып екеуі,
Кейін қайтты шегініп.
Біраз жерге барған соң,
Атының басын туралап

Қайтадан салды бекініп, 910. Атылды тұлпар секіріп.

Қарсы қарап салған соң,
Атуға мылтық жарамай,
Бас қамын қып қаша алмай,
Бірін-бірі құшақтап

Жығылып қалды тұтылып.
Тұлпардан туған жануар
Дарбазаның басынан
Оқтай болып атылды.

Бір-ақ шаңы көрініп, 920. Қарғып түскен бойымен,

Желе шауып жөнелді.
Артымнан қуып келер деп,
Әсте уайым қылмады.
Қамалап тұрған қарауыл,

«Пері ме екен, жын бе екен,
Япырым-ай, бұл не-дүр екен?»
Жиналып бәрі кеңесіп,
Шағдатқа хабар береді.

Шағдат хан сонда есітіп, 930. Тісіне-тісін кезеді.

– Кешегі Раушан түрікпен,

Заты басқа демесең,
Артықша сыншы ер еді.
Әкесі оның Толыбай
Хабарымда бар еді.

Көп түрікпеннің бегі еді,
Қапыда қалдық өлтірмей,
Себеппен мұнда кеп еді.
Көзін ойып алған соң,

940. Батқан шығар жанына.

Ер болса шыдап тұра ма
Намысы менен арына.
Диуана мінген торыны
Мақтағанда нанбап ем.

Сатып алып семіртіп,
Таса жерде жаратып,
Келтірген шығар бабына.
Әгар тұлпар болмаса,

Оңай емес бұл қарғу 950. Бұл шаһардың малына.

Мирахорлар, қайдасың,
Сұр менен шағырды алып кел,
Қумаққа соның қамына,
Басқа жылқы ере алмас,

Ерлерім, оның шаңына.
Екі батыр сайланып,
Қару-жарақ байланып
Екеуің мініп қуыңдар.

Қайрат келіп [егерде] 960. Орта жолда жетсеңдер,

Басын кесіп алып кел
Шағдат сынды ханыңа.
Алып келді мирахор,
Сұр менен ертіп шағырды.

Амалы нешік, қайтармас
Шағдаттың еткен әмірін.
Екеуі де ер еді
«Заманымда ешкімге

Бермеймін, – деген, – арымды». 970. Аңғарып тұр, жақсылар,

Тәубесі кімнің қабыл-ды.
Сұр менен шағыр жануар
Қара терге малынды.
Жетемін деп залымдар

Атқа берді зәбірді.
Үш күн, үш түн өткенше
Еш көрмеді дамылды.
Төртінші күнге жеткенде,

Бір белестен асқанда, 980. Көріп қалды дұшмандар

Бұлдыраған сағымды.
Көрген соң қатты қуанып,
Жүректері қабылды.
Қамшы басып қос батыр,

Зор беріп қуып келеді.
Қолға түссе аямайд,
Күштеріне сенеді.
Раушан менен Ғаждамбек,

Тұлпарды артық қинамай, 990. Арт жағына қарайлап,

Жайменен шоқып келеді.
Шындап басын жіберсе,
Көрінбей кетед дерегі.
Халыққа мәлім Раушанбек

Келе жатқан дұшманның
Дүбірінен біледі.
Раушан айтты Ғаждамға:

– Артыңа қарап бақ, – деді.

Біздей ғаріп нашарға 1000. Бір Алла болсын жақ, – деді.

Артымызда бір дүбір
Келе жатыр жақындап.
Назарың салып байқашы,
Пормасы қандай ат? – деді.

Қашып кетті деген соң,
Бізді қуып келеатқан
Қызылбас шығар тап, – деді.
Ғаждамбек айтты Раушанға:

– Құлағың бір сал деді,

1010. Айтқаным рас, нан, – деді.

Артымдағы дүбірді
Назарым салып байқасам,
Реңкі қара, ала аяқ,
Көзі шағыр мал, – деді.

Раушанбек айтты Ғаждамға:

– Хайласы мұның бар, – деді.

Шағыр ат болса бұл келген,
Торының басын қайтарып,
Астына күннің сал, – деді.

1020. Ғаждам тілін алыпты,

Дұшманды көзі шалыпты,
Торының басын қайтарып,
Астына күннің салыпты.
Астына күннің жөнелді,

Ғаждамбек, Раушан шұбалып.
Шағырды басқа төпелеп,
Әр бұтаға ұрынып,
Омақасып сүрініп,

Қызылбас қалды қуарып. 1030. Дариядай тасып келісті,

Демінен түсті су алып.
Онан-мұнан бас қосып,
Әлеумет отыр құралып.
Жалған деме, бұл анық,

Біраз жерге барған соң,
Басын бұрып тұлпардың,
Жолына түсті оралып.
Ғаждамбек атқа «шүу!» деді,

Раушан айтты Ғаждамға: 1040. – Желе шоқып жүре бер,

Жібермей басын тым, – деді.
Қамшыны ұрма сіз, – депті,
Қамшы батса жанына,
Алып қашад бұл, – дейді.

Шабуылмен кеш болып,
Қас қарайып күн батты.
Шоқытумен келатыр,
Жібермей басын тым қатты.

Бір уақыттар өткенде 1050. Көтеріліп ай туды.

Раушанбек сыншы айтулы,
Халыққа мәлім зерегі,
Бір дүбірді сезеді.
Ғаждамға айтып білдіріп,

Ақылдасып келеді.

– Артымызда бір дұшман,

Келе жатыр жақындап.
Азу тісі сақылдап,
Назарың салып тез қара,

1060. Тұлпардың қандай реңі?

Ғаждамбек айтты Раушанға:

– Сөзіме құлақ сал, – депті,

Айтқаным рас, нан, – депті.
Артымдағы дұшманды
Назарым салып байқасам,
Астындағы сұр, – депті.

Раушанбек айтты Ғаждамға:

– Бұл неткен ақымақ жан, – дейді,

Бұған да хайла бар, – дейді. 1070. Торының басын қайтарып,

Астына айдың сал, – дейді.
Ай астына салған соң,
Шаба алмай көзі қамасып,
Әр шұқырға жығылып,

Болдырып аты қалыпты.
Тұрғызып атын алады,
Қамшымен басқа сабады.
Есенде елін таппаққа,

Болдырған атын жетектеп, 1080. Айқайын салып дауыстап,

Жолдасын зорға табады.
Тұлпарларын қақпалап,
Еліне кетіп барады.
Бара берсін дұшмандар,

Раушан менен Ғаждамбек,
Соны айтамын манағы,
Дұшмандардан құтылып,
Келді екеуі шағына.

Шүкірлік етіп қуанып 1090. Алланың берген бағына.

Неше күндей шабылып,
Қара терге малынып,
Астындағы жануар
Келген сонда бабына.

Бір белестен асқанда,
Қуанып көңілі тасқанда,
Құтылдым деп дұшманнан,
Ұрды қамшы санына,

Батырған екен жанына. 1100. Тұлпарға қамшы батқан соң,

Ашынды жаман желігіп.
Жарауы түскен жануар
Ентікпеді демігіп.
Алып қашты екеуін

Ауыздығын кеміріп,
Бой бермеді тартса да.
Дауылдай борап шаңғытты,
Жүрегі сулап қорқады,

Жандарынан түңіліп. 1110. Тау мен тастан қайтпады,

Екі көзі жұмылып,
Атылып тұлпар сайлардан
Қайтпай белі бүгіліп,
Төрт аяғын сермейді,

Сүрінбейді мүдіріп.
Күн-түн ылау жеккенмен
Кемімейді қадамы.
Тыңлағандай ер болса

Сөзімнің жоқ алаңы. 1120. Енді айтайын хабарын

Үргеніш атты қаланы.
Енді айтайын Үргеніштей қаланы,
Түсінгендер сөзге құлақ салады.
Намаз жұма оқымаққа сол күні

Сол шаһардың жиналыпты адамы.
Намаз оқып шықты бәрі далаға,
Шын жүйріктен айтылмай сөз қала ма.
Бағанағы Раушан мен Ғаждамбек

Бұлар дағы келген екен шамаға. 1130. Ат жақсысы жақын етті алысын,

Тәңірі оңғарса енді табар танысын.
Намаз жұма оқып шыққан халайық
Есітіпті дүрсілдеген шабысын.
Бұл шабысқа қайран болды халайық,

Дүрсілдеген дабысы бар ажайып.
«Ел ме, жау ма, келе жатқан қандай жан,
Биік жерге шығып назар салайық».
Биік жерге шығып назар салады,

Шаң ішінде көрді жалғыз қараны. 1140. Көп жасаған бір кәрия бар еді,

Сол арада осылай ақыл табады.

– Сөз айтамын, балаларым, құлақ ас,

Түсінбесе надан сөзді тыңламас.
Толыбайдың баласы еді Раушанбек,
Әкеткелі көп болып ед қызылбас.
Өзі сыншы, бір тұлпарды тапқан-ды,

Бар бәледен Тәңірім өзі сақтар-ды.
Дұшмандардан аман-есен құтылып,
Елін іздеп қашып келе жатқан-ды.

1150. Бұл шабумен келатқанда желігіп,

Тартқанменен тоқтамайды шегініп.
Жеті жерге арқан керіп тұрыңдар,
Әр арқанға он адамнан бөлініп.
Бұл сөзімді шын екен деп біліңдер,

Жібек арқан бұғалықты салыңдар.
Жетеуінен тоқтата алмас болсаңдар,
Үстіндегі иесін алып қалыңдар.
Заманында Раушанбек те нар еді,

Сүйген ерге өзі Тәңірім жар еді. 1160. «Тұлпар басы тоқтамайды» деген сөз

Толыбайдан есітуім бар еді.
Бар адамдар мақұл көрді бұл істі,
Қарияның бұл айтқаны дұрыс-ты.
Жетпіс адам жеті жерге он-оннан,

Жібек арқан керіп қатар тұрыпты.
Сонда тұлпар келген екен шамаға,
Жолдан шығып қайрылмады шамаға.
Жеті қабат арқанға кеп ұрады,

Жұрттың бәрі қарап тұрды далада. 1170. Алтауынан қабат қарғып өтеді,

Тоқталмастан жетіншіге жетеді.
Алып қалды үстіндегі екеуін,
Шығып тұлпар бетіменен кетеді.
Шығып тұлпар кете берді бетімен,

Сыпырылып түсіп қалды көтінен.
Ағайындар жүгіріп келіп тұрғызып,
Құшақтасып көрісті жылап шетінен.
Раушанбектің көзі жоғын білісті,

Жаны ашып басын шайқап тұрысты. 1180. Туысқаны қолтығынан көтеріп,

Үйлеріне енді алып жүрісті.
Ағайыны бәрі келіп табысты,
Бастан-аяқ сұрап білді мәністі.
Бұл екеуі жата берсін құрметпен,

Кеткен тұлпар түзеп алды шабысты.
«Есіл тұлпар қолға түспей кетті-ау» деп,
Атқұмарлар нала болып қалысты.
«Қызылбастан қалай кекті алам» деп,

Ғаждам, Раушан көп ойлады намысты. 1190. Нәсілі таза тұлпар еді тегінде,

Раушан әбден сынап алған жерінде.
Сол бетімен ұстатпастан еш жанға,
Барып түсіп кетті қойып теңізге.
Раушанбек пен сөз айтамын Ғаждамнан,

Тірі пенде не көрмейді кезінде.
Бірлік қылды ортасынан туғаны,
Үйбасынан қаражатты жинады.
Шанбілбелдің шатыр салып басынан,

Раушанбекті соған қойып сыйлады. 1200. Ғаждамбекті туысқаны әкетті,

Сарай салып көрсетті халқы құрметті.
Ортасынан Барша сұлу әперіп,
Сондай сыйлық туысқаны көрсетті.
Осыменен бітті Раушан саласы,

Іште қалды Көрұғлыдай баласы.
Екінші сөз Күләйімнен айтамыз,

1207. Дұшмандарда қалды, ұзақ арасы.

КӨРҰҒЛЫНЫҢ КӨРДЕ ТУҒАНЫ

Екінші саласынан бұл кеңесім,
Баяндап білдірейін сөз егесін.
Сейілден Нақып жырау алған екен
Раушан мен Көрұғлының әңгімесін.

Нақыптан алдым мұны жазып мен де,
Жад алып жырлап бердім әрбір жерге.
Баспаған бұл тарауы, басылмаған,
Қолжазба келе жатқан бірден-бірге.

Сыр етіп ішке сақтап жүрмейін деп, 10. Жарыққа шығарғаным алып тілге.

Айтамын жауда қалған Күләйімнен,
Азарды берген Шағдат ғаріптерге.
Ақанай мен кейін қалған Күләйім,
Бабалының көңілінде көп уайым.

Дұшмандарда қалып зар жылап,
Соларды айтпай қалай шыдап тұрайын.
Ғаріптіктен шекті бұлар аһ-уһ-ай,
Қайғыменен өтті күндер бірталай.

Екі батыр елін іздеп қашқанда 20. Жүкті болып қалған екен Ақанай.

Жүкті болып туарына таянды,
Ұзақ өмір болмады бұған баянды.
Бір күн ұйықтап жатыр еді Ақанай,
Пірлері кеп түсінде берді аянды.

– Бізді білсең Қауыс-Қияс, қырық шілтен,

Құлағың сал, сөз айтамын енді мен.
Тағдыр бітіп, ажал уақытың таянды,
Бұл дүниеде көп тұрмайсың, балам, сен.
Жолдас ғой деп ойлама

30. Опасыз жалған дүниені.

Сүректі демі таусылса,
Кім табады шараны.
Тағдырдағы жазылмыш,
Өмірі бітсе тамамы.

Тоғыз ай он күн өткенде,
Күн бесінге жеткенде
Көр ішінде туасың
Ішіңдегі баланы.

Құдіретімен Жаратқан 40. Емшегіңнен сүт шығып,

Сонан қорек алады.
Тумастан бұрын жайылған
Қызылбасқа хабары.
Көрұғлы батыр атанып,

Пірлерінен бата алып,
Дұшманға ұрыс салады.
Шілтендер мұны айтып кетіп қалды,
Ақанай көп күн жүрмей сырқаттанды.

Сүректі тағдырдағы уақыты жетіп, 50. Бір күні ажал жетіп қазаланды.

Лақатқа Ақанайды қойды апарып,
Күләйім естен танды мұңлы ғаріп.
Саламат көр ішінде туды бала,
Сақтады құдіретімен Жаппар Халық.

Шілтендер алды орап келе сала,
Емізді ауызына салып мама.
Сүт шығып қурап қалған қу емшектен,
Бұзылмай бір қалыпты жатты тәні.

Емшектен шыққан сүті татиды бал, 60. Бабалы білмейд мұны, баққаны мал.

Пірлері жеміс беріп баға берді,
Берген соң мұндай қорек Хақ Зұлжалал.
Пірлері қойды тесік жатқан көрге,
Айып іс Хақ ісіне «пәлен» дерге.

Баланың көрге барып атын қой деп,
Жаратқан бұйрық берді шілтендерге.
Балаға жеміс берді шілтендер кеп,
Құрметтеп бағып жатыр осынша көп.

Кеңесіп ақылдасып бірлікпенен, 70. Баланың атын қойды Көрұғлы деп.

Баланы қырық шілтен таза күтті,
Бала үшін етіп жатыр көп қызметті.
Есі еніп, күннен-күнге аяқ басып,
Далаға кіріп-шығып жүріп кетті.

Күләйім жылап жүрді мұңлы ғаріп,
Бабалы жүре берді жылқы бағып.
Бір күні Көрұғлыға кездесіпті
Молаға жақынырақ келіп қалып.

Бір жылқы Толыбайдан қалған еді, 80. Бұрыннан Ғаждам сатып алған еді.

Тұлпардың нәсілінен болған жануар,
Жылқының бәріне бас болған еді.
Жануар өсіп-өніп көп болыпты,
Бабалы көп жылқыға кеп қосыпты.

Таң атып боз биені түстеп жоқтап,
Қайғысы Бабалының шоқ болыпты.
Іздейді көзін салып әр тараптан,
Көзге ыстық, жастайынан өзі баққан.

Аралап тау мен тасты таппай жүрсе, 90. Боз бие келе жатыр мола жақтан.

Мұны көріп қуанып қалды Бабалы,
Көп молаға жақын келді шамалы.
Дұға етіп кетейін деп басына,
Ақанайдың қабіріне барады.

Аттан түсіп тура келді басына,
Бетін жуды көзден аққан жасына.
Жалаңаяқ ізін көрді баланың,
Қабірінің келген кезде қасына.

Кейін тоқтап тұра қалды шегініп, 100. Аққан көзден жасын сүртті бекініп.

Қарап тұрса тура енді молаға,
Кіріп-шыққан ізі жатыр көрініп.
Бабалының қорқу кірді өзіне,
Жасын алып барып еді көзіне.

Ол уақтағы адамзаттан тәні жоқ,
Назар салып қарап тұрса ізіне.
Балалықтан ізі келмес шамаға,
Кідірместен тура енді молаға,

Не де болса ақиқатын біле алмай, 110. Іші толып қайта берді сәнаға.

Сақтанады, мұны ешкімге айтпады,
Қуанғаннан жүрегіне ас батпады.
Ақиқатын өз көзіммен көрем деп,
Ерте барып аңлып жатып байқады.

Таса жерге Бабаң барып бұғады,
Бұл моладан бала қашан шығады?!
Алыс жерге атын қойды тасалап,
Бабалының бір көрмекке мұраты.

Шықты бала бір уақытта қабірден, 120. Жұмыртқадай сары уыздан жаралған.

Бабалының қабыл болып тәубасы,
Іздегені мүсәпірдің табылған.
Топырақтан қорған салып ойнады,
Көрген сайын жамалына тоймады.

Сырттан көріп қайтып кету болмас деп,
Ұстап алып қайтайын деп ойлады.
Мұны ойлап түрегелді Бабалы,
Ақырын басып дәл қасына барады.

Ұстайын деп қолын Бабаң созғанда, 130. Сезіп қалып арт жағына қарады.

Ұстатпады, қашып кірді молаға,
Көрге барып қол созуға бола ма?
Күләйімге енді мұны айтам деп,
Күн батқан соң үйге келді қонаға.

– Анажаным, сөз айтамын, құлақ сал,

Әрне етсе Жаратқанның еркі бар.
Енді маған не бересіз сүйіншік,
Тілегіңді берген шығар Зұлжалал.
Екі бекзат кеткен жақтан келмеді,

140. Ақанайдың батты бізге өлгені.

Көр ішінде бір арыстан туыпты,
Ақиқатын біздей ұғылың көргені.
Жоқ болған соң боз биемді қарадым,
Ей, анажан, енді оңалар талабың.

Дұға етуге барып едім қабірге,
Жалаңаяқ ізін көрдім баланың.
Ол күн саған сыр айтпадым барар деп,
Қуанғаннан сом жүрегін жарар деп.

Әуелі өзім ақиқатын білейін, 150. Жалған болса ұят болып қалар деп.

Мен қуанып бездім тіпті жылқыдан,
Үш күн болды қалдым тағы ұйқыдан.
Не екенін сол баланың білем деп,
Аңлып жаттым ерте барып сыртынан.

Көп моланың аңлып жаттым жанында,
Бейперзенттің береке жоқ малында.
Бір жағында тесігі бар қабірдің,
Сыртқа шықты сәске түстің шағында.

Анық көрдім өз көзіммен, бала екен, 160. Сүйген ерге жаратқан Хақ жар екен.

Әбден байқап анық көрсем шамасын,
Жеті жасар баладай-ақ бар екен.
Жеті жасар баладай-ақ ізі бар,
Құралайдай мөлдіреген көзі бар.

Шыққан жері Ақанайдың қабірі,
Туды десем келетұғын жөні бар.
Бұл баланы туған шығар Ақанай,
Қайғы-қасірет өтті бастан бірталай.

Өзің барып көремісің, анажан, 170. Тілегіңді берген шығар бір Құдай.

Ол Күләйім мұны естіп жылады,
Басы айналып, есі кетіп құлады.
Біраз жатып ақыл-есін жиған соң,
Бабалымен мола жаққа шығады.

Ай батқан соң шықты екеуі далаға,
Кідірместен тура келді молаға.
Көрдің іші шам жаққандай раушан,
Жаратқанға шәк келтіріп бола ма?!

Құлағың сал бұл сөзімнің күшіне, 180. Бейсенбінің келген екен кешіне.

Ала бүркіт, аш арыстан секілді
Анасының жатыр екен төсінде.
Қалыбында жатыр екен анасы,
Тіріліктей бұзылған жоқ тәнесі.

Сол уақытта бір топ адам кез келді,
Бұлар қашып жатты анадай арасы.
Қырық шақты адам сәлдесі бар басында
Тізе бүкті ол қабірдің қасында.

Бала шығып сәлем беріп, қол алды, 190. Данышпандық ақыл берген жас ұлға.

Тыңлағанға әрбір сөзім келісті,
Келіспесе кім тыңлайды терісті.
Өрік, мейіз, құрма және әр түрлі
Беріп жатыр бұл балаға жемісті.

Көріп тұрды Күләйім мен Бабалы,
Шілтен екен бұл адамның тамамы.
Бір бұл емес, қай уақытта түн болса,
Сылап-сипап қайтады екен баланы.

«Әумин!» деп қол көтерді дұғаға, 200. «Көрұғлымды тапсырдым, – деп, – Құдаға».

Таң атпай-ақ ғайып болып жөнелді,
Ақиқаттан ғайыпты пірлер тұра ма.
Үйге қайтты Бабалы мен Күләйім,
«Біз мұңлыққа жар бола көр, Құдайым.

Қалай етсек ұстаймыз, – деп, – баланы»,
Бұрынғыдан қатты болды уайым.
Көп әлеумет, бұл сөзімнің сәл міні,
Шекер-балдай боп сөзімнің әрбірі.

Сырттан тұрып ұстай алмай Бабалы, 210. Әлек болып бірнеше күн аңлиды.

Ұзамады әгар шықса алысқа,
Бабаң дағы тырысып жүр намысқа.
Ұмтылғанда көрге еніп кетеді,
Жаяу түгіл, аттан озад жарысса.

Бұл қабірге кірейін десе аузы тар,
Көрге кіріп алатұғын қандай нар?!
Құса болып зағыпырандай сарғайып
Күләйімге Бабаң келіп етті зар.

– Мендей ұғылың қаза жетіп өлмейді,

220. Тілегімді Жаратқаным бермейді.

Қапа болып қасіретінен қартайдым,
Ұстай алмай шерменде болдым мен, – дейді.
Мұңлы болған Күләйім
Мұны естіп жылады.

Перзент пен ерден айырылған,
Жыламай нағып тынады:

– Жалғыздық жапа тартқызды

Ағайынның жырағы.
Жайымды айтып жалынсам,

230. Дұшманнан сағым сынады.

Біздей ғаріп пенденің
Болмады қабыл мұраты.
Бір Аллаға жад етіп
Түнімен жылап шығады.

Түн ортасы өткенде,
Таңға жақын жеткенде,
Көзі ұйқыға кеткенде,
Түсінде аян береді:

– Көтер, балам, басыңды,

240. Көзіңнен тый жасыңды.

Өлген қозың тірілді,
Тірілгені емес пе,
Енді бақытың ашылды.
Жалғыз да болса мыңмен тең,

Көр ішінде туғызды
Көрұғлыдай асылды.
Өзінен даңқы зор болып,
Дұшманға даңқы шашылды.

Жалған деп білме сен мұны, 250. Сіз түгіл, берген Жаратқан

Халқыңа бүкіл белгіні,
Жаһаннан асқан ерлігі.
Балаңа жолдас боламыз,
Қысылған жерде сүйейтін

Пірлеріміз белгілі.
Арыстандай айбатты,
Қатардан артық қайратты,
Баланың атын біз қойдық,

Көрден шыққан Көрұғлы. 260. Ер жеткен соң қолға ұстайды найзасын,

Кегіңді алад, тигізеді пайдасын.
Ей, Күләйім, қапа болып жылама,
Ұстайтұғын біз айтайық хайласын.
Баяндайық сізге тура, жөн істі,

Базар барып алғын, – дейді, – жемісті.
Көрұғлы ер жігіт болып келатыр,
Тірі болса кеңейтеді өрісті.
Дайын етіп өзіңді шақ еткейсің,

Өзің аулақ таса жерге кеткейсің. 270. Ол қабірдің бірте-бірте аузынан

Ұзақ қылып жемісіңді төккейсің.
Бала шығып жемісіңді көреді,
Дәмін алса таусылғанша тереді.
Адамзаттың нәпсі деген жауы-дүр,

Сонда сенің тілегіңді бередің.
Осылайша берді бұған аянды,
Таң да жақын атарына таянды.
Осыны айтып ғайып болды көзінен,

Ұйқысынан сол уақыт оянды. 280. Оянған соң түсі екенін біледі,

Қуанғаннан жарылғандай жүрегі.
Бабалыны қасына ертіп Күләйім,
Шаһар жаққа ерте азанда жүреді.
Қаласынан алды түрлі жемісті,

Жемісті алып ол қабірге келісті.
Қырық шілтеннің айтқанымен молаға
Ұзақ етіп біраз жерге төгісті.
Боз бие екен көп жылқының анасы,

Әсте жаман болмайды екен баласы. 290. Соның бірін ұстап мінді жылқыдан,

Құс та болса ұстар-ау деп шамасы.
Қыз баласы киер киім құрпыдан,
Жаяу озбас деп ойлайды жылқыдан.
Бір тасаға атын қойды жасырып,

Аңлып отыр шыға ма деп сыртынан.
Бала шығып ол жемісті көреді,
Дәмін алып таусылғанша тереді.
Бабалыны аңлып жатқан білмейді,

Жатқан жері көрінбейтін жер еді. 300. Тере-тере ұзап кетті қабырдан,

Қырдан асты, неше белес, бауырдан.
Жемістерді қызыққаннан уыстап,
Айырмайды екі қолын ауыздан.
Енді Бабаң атқа мініп желеді,

Құрықты алып, таса жермен келеді.
Еш нәрседен хабары жоқ Көрұғлы
Дәл қасына келген кезде көреді.
Көргеннен соң кейін қарай қашады,

Бабалы да атқа қамшы басады. 310. Жетпек түгіл, көрмей қалды қарасын,

Енді Бабаң қайтемін деп сасады.
Бұл балаға жете алмады шапқан ат,
Осыншама неткен жүйрік адамзат.
Күләйімге не бетімді айтам деп,

Өлімнен де күшті болды бұл ұят.
Бұл не деген адамзаттың тағысы,
Көрұғлының аттан озды шабысы.
Бала шығып жеміс тере кеткенде,

Шілтендердің келген екен бәрісі. 320. Бабалының әр мақсаты табылды,

Қос жолбарыс қарсы қарап шабылды.
Тесігі де бітіп қапты қабірдің,
Жүре алмады, жолбарысқа жалынды.
Сонда бала жолбарысқа сөйлейді:

– Өзім бәсша, қорқа-дүрмін мен, – дейді.

Арт жағымда келе жатыр бір дұшман,
Пірім болсаң жолымды босат сіз, – дейді.
Мені қуып келе жатыр бір дұшман,
Жаяу қашып шаршап келдім алыстан.

330. Жалғаншының адамынан қорқамын,

Есігімді босатсайшы, арыстан.
Құрық алып шауып келді Бабалы,
Бала қашты бетіне алып даланы.
Тауға қарап қашып кетті жеткізбей,

Бабаң жылап айтты мынау наланы:

– Сұрасам да, Тәңірім, тілек бермедің,

Артық шығар мұнан дағы өлгенім.
Қырық шілтен жалған ба екен айтқаны,
Өңім десем түсім бе қуып жүргенім?

340. Тауға келсе асқар-асқар бел екен,

Белден асса бір топ адам жүр екен.
Сәлем беріп Бабаң келіп қараса,
Ортасына баланы алып тұр екен.
Бабалыға берді бұлар жауапты:

– Бала қуып болдырыпсың бір атты.

Қашқаныңды ұстап тұрмыз біз, балам,
Мұқтажидан алайық деп сауапты.
Бұл жұмысты қайдан білсін Бабалы,
Шілтен екен бұл адамның тамамы.

350. Жазым болып және қашып кетер деп,

Аяқ-қолын байлап берді баланы.
«Жолың болсын, бақытты бол, балам» деп,
Ғайып болып кетті бұлар жөніне.
Көңілі тасып, Бабалы ер қуанып,

Көрұғлыны алып қайтты еліне.
Сонда бала жасын алды көзіне,
Құлағың сал Көрұғлының сөзіне:

– Қол-аяғым шешіп жібер, ағажан,

Қырық шілтен айтты бүгін өзіме. 360. Қашқанменен енді қайда барамын,

Тасқа тиіп ойылып қалған табаным.
Сізді тастап ешбір жаққа қашпаймын,
Шілтендерден жаңа тиді хабарың.
Байлаған жіп қиып барад білегім,

Өзіңменен қалмай бірге жүремін.
Шыныңменен мені аясаң, ағажан,
Сұрайтұғын сізден мынау тілегім.
Аға, енді амалы жоқ, көнейін,

Көрге кіріп мен анамды көрейін. 370. Ақ сүтіңе риза бол, – деп, – анажан,

Тым болмаса арыздасып келейін.
Бабалы айтты: – Көрұғлыжан, жасыма,
Рақымы келді көзден аққан жасына.
Байлауынан шешті армансыз болсын деп,

Анасының алып келді басына.
Келсе ауызы бітеліпті қабірдің,
Сөзін тыңла Көрұғлыдай сәбидің:

– Құмар болып келіп едім көрмекке,

Жаратқан Хақ, құдіретіңе не қылдым?! 380. Емшегіңді мауқым басып иіскеп,

Тарқамады көңілімдегі құмарым.
Кірейін десем бітеліпті бізге жол,
Бір көре алмай көңілімде қайғы мол.
Қош, анажан, қияметте көрерміз,

Бізге берген ақ сүтіңе риза бол.
Баланы алып Бабаң келді қуанып,
Бейшаралар басын қосты қуанып.
Мұны көріп жүгіріпті Күләйім,

Тағат қалмай көзден жасы шұбалып. 390. Көрұғлыны құшақтап аттан түсірді,

Үйіне әкеп шәрбат суын ішірді.

– Кәзір өлсем арманым жоқ көңілімде,

Жібек баулы қолға берді құсымды.
Қарағымды өңім бе осы көргенім,
Өңім болса тіріліпті өлгенім.
Түсім бе деп қорқып тұрмын әлі де,

Жаратқан Хақ, рас па осы бергенің?
Құрбан еттім маңлайдағы барымды,
Малым түгіл, пида еттім жанымды.

400. Медет беріп шілтен, пірім жар болса,

Дұшманымнан алып берер арымды.
Қайғыменен жасып қалған сүйегі,
Қурап қалған қос емшегі иеді.
Шыбын жанын пида етіп Күләйім,

Ақ бетінен қайта-қайта сүйеді.
Ажары бар сусын мейірі қанғандай,
Жылап жүрген жетті арманы жалғанда-ай.
Күн-күн сайын өсіп келед Көрұғлы,

Тірі болса намыс арын алғандай. 410. Соныменен келді он екі жасына,

Құс ұшырмай асырады басына.
Дұшмандарға көрсетпейтін Күләйім,
Бір күн шығып келді балдар қасына.
Асық ойнап ұтылып та қалады,

Ұтылған соң қайтадан тартып алады.
Мейлі кіші, мейлі үлкен болса да,
Лақтырып шыдатпады баланы.
Үлкен менен қарамады жасына,

«Ұрады» деп бала бармайд қасына. 420. Бір баланы жығып салып астына,

Шеке тамыр салып жатыр басына.
Бала айтты: – Өз басыңа жетерсің,
Қаңғып жүріп баһадүрлік етерсің.
Әкемізге баян етсек біз барып,

Бұл қалада бір күн тұрмай кетерсің.
Кім шақырды саған көр деп қызықты,
Ойнайын десек еш етпейсің түзікті.
Атамызға ұрғаныңды біз айтсақ,

Сен де қаңғып бір күн тұрмай кетерсің. 430. Бұл баланың ашуланып сөзінен,

Ашуланып жас ағызды көзінен.
Үйге қарай келе жатыр Көрұғлы,
Анасының сұрайын деп өзінен.
Анасының келді бала қасына,

Рақымы келді көзден аққан жасына.

– Қандай бала саған тиген, қалқам? – деп,

Қолын салды сипайын деп басына.

– Қарап тұрсам кім тиеді өзіме?

Ыза болып жас ағыздым көзіме. 440. Қасірет дағын шешесіне шағынған,

Құлағың сал Көрұғлының сөзіне.

– Біздей ұғылың рең-түсі солған-дүр,

Қайғы-дертке ішім бүгін толған-дүр.
Ел-жұртымды жасырмай айт, анажан,
Біздей қозың қайдан пайда болған-дүр?
Бір баланың сөзі маған бәнт болды,

Ішім толы қайғы менен дерт болды.
Біз кімдерден пайда болдық, анажан,
Шыдай алмай іші-бауырым от болды.

450. Мұны естіп жылай берді Күләйім:

– Амалым жоқ бұған нешік қылайын.

Бір жақсылық көрдім бе деп жүргенде,
Және қайдан пайда болдың уайым?
Бір ақсұңқар түсіп еді қолыма,
Құрбан еттім шыбын жаным жолына.

Мойны үзілгір дұшман иттің балдары,
Кез болды ғой маңлайымның сорына.
«Әгар айтсам мұнда тұрмай кетеді,
Айтпай қойсам қайғымен жүдеп бітеді».

460. Не де болса лажы жоқ Күләйім

Баласына елді баян етеді.

– Балам, сені қасіретте қып қоймайын,

Талдап сөзді ретімен жайлайын.
Құлақ салып жақсы тыңла, қарағым,
Жасырмайын, бәрін баян әйлайын.
Біздер келіп бұл қалаға кез болдық,

Әуелден-ақ дұшман итке сөз болдық.
Бұл Шағдаттың бізге өтіп тізесі,
Көрмегенді көріп, қалқам, қор болдық.

470. Ағып жатқан бұлақ сөйтіп шөл болды,

Екі батыр дұшмандарға қор болды.
Раушанбектің көзін ойып зарлатты,
Еш нәрсені көрмейтұғын көр болды.
Сен туған соң жүруші едім қуанып,

Екі бектен айырылғанда суалып.
Дұшмандардың қорлықтарын ұмытпай,
Қайғыменен кетті әжең қуарып.
Қайда жүрсең болсын Алла панамыз,

Үргеніш-дүр, балам, сенің қалаңыз. 480. Қасіретпен біздер қалдық зар жылап,

Қашып кетті әкең менен тағаңыз.
Айтып берді осылай деп анасы,
Көрұғлыдай тыңлап тұрды баласы.
Кезекпенен анасымен сөйлескен,

Көрұғлының сөзін тыңлап қарашы:

– Алланың добы-дүр адамның басы,

Құзғынға жем болсын дұшманның көші.
Тірі болсам мен қылармын сауғашы,
Анам, сізді бір Аллаға тапсырдым.

490. Тірі болса барып көрсем атамды,

Шығарайын ішімдегі қапамды.
Бір оралып мен алармын батаңды,
Рұқсат бер, кешір, ана, қатамды.
Мұны естіп ол Күләйім жылады,

Сөйлей алмай біразырақ тұрады.
Бір уақытта бас көтеріп, ес жиып,
Баласына айтты сонда мынаны:

– Барар жерің Үргеніш деген ел болар,

Атырабында Шанбіл деген бел болар. 500. Және туды қияметті күн бізге,

Бұл анаңның көрген күні не болар?
Он екіде, жас толмаған баласың,
Жолдасың жоқ, жалғыз кетіп барасың.
Жаратқанға тапсырдым сені, бар, балам,

Жол көрмеген әлде қандай боласың.
Хақ ісіне әрне етсе амал не,
Раушанбек пен Ғаждамбекке сәлем де.
Аман-есен онда барсаң, қарағым,

Қалдырмағын дұшмандарда анаңды. 510. Рұқсат алды анасынан жас бала,

Боз биеге қару-жарақ салды ала.
Жол жабдығын сайлап алып бір күні,
Бабалымен атқа мінді бұл бала.
Бабалы тау ішіне алып келді,

Қимайды жіберуге Көрұғлы ерді.
Еменнен садақ иіп, оғын жонып,
Баланың арқасына таңып берді.
Садақтың тартуын да біліп алды,

Есі еніп Көрұғлы бек ақылданды. 520. Бабалы таса жермен алып келіп,

Баяғы Ғаждам қашқан жолға салды.
Сол жерде қош айтысты жылап тұрып,
Бабалы қолын сүйді мойын бұрып.
Ізінен тұлпарлардың айырылма деп,

Қоштасып кетті бабаң кейін жүріп.
Бұлбұл сайрар қапаста,
Келе жатыр Көрұғлың
Боз биемен әсте-әсте.

Жөней берді ошал ұғылан, 530. Екі көзі шапырашты.

Көрмек болып елдеріні,
Үргеніш шаһар, белдеріні.
Әр асудан асып келед,
Байқап қарап жолдарыны.

Жалғыз өзі топтай болып,
Ұзатылған оқтай болып,
Жанып тұрған шоқтай болып,
Белдеріне кемер бағлап,

Дұшман сөзі жүрекке дағлап, 540. «Алла!» диәп жолға тартып,

Бір Аллаға зар-зар иғлап,
Дариядайын қайнап тасып,
Жош ұрады хәдден асып,
Жалғыз өзі жол тартыпты,

Шөлде таңмен араласып.
Қабат басты тау мен тасты,
Боз биеге қамшы басты.
Неше күндей тынбай жүріп,

Небір биік таудан асты. 550. Ай астында шолпан жұлдыз,

Су түбінде ойнар құндыз.
Жалғыз өзі келе жатыр,
Қырық бір кеш, қырық бір күндіз.
Жүрегінің парасыны,

Мұнша алыс арасыны,
Қырық күн тамам біткенінде,
Көрді Шанбіл қаласыны.
Ынтызар болып еліге,

Кездесті неше беліге. 560. Аман-есен Көрұғлы бек

Жетті өзінің еліге.
Жалғыз жүріп бала шөлдеп торықты,
Ел шетінде бір шопанға жолықты.
«Бұл шаһардың қандай аты, не-дүр?» деп,

Бұл шопаннан ел мәнісін сұрады.
Шопан айтты: – Түрікпен деген ел, – деді,
Үргеніш шаһар, Шанбіл деген бел, – деді.
Халық егесі Ақыл деген ханымыз,

Өзің кімсің, танымадым мен, – деді. 570. Көрұғлы айтты: – Мен де түрікпен боламын,

Жолаушымын, ел мәнісін сұраймын.
Түрікпен елде бір танысым бар еді,
Әгар білсең соған барып қонамын.
Шопан айтты: – Жолаушысың сен өзің,

Ел мәнісін көп білмеуші ем мен өзім.
Біле қойсам танысыңды сілтейін,
Кім де болса атын айтшы сен өзің.

– Толыбайдың баласы еді Раушанбек,

Аты шыққан, әркім білер асыл тек. 580. Осы уақта бары-жоғын білмеймін,

Бірі оның аты еді Ғаждамбек.
Шопан айтты: – Бұлар болса танысың,
Әлде қандай әлде жақын-алысың.
Осы уақта біреуі бар, бірі жоқ,

Білгенімнің мен айтайын мәнісін.
Ғаждамбек те заманында бек болған,
Арғы атасы текежәуміт тек болған.
Осы күнде Ғаждамбегі тірі-дүр,

Раушанбектің өлгеніне көп болған. 590. Әкесінің өлгендігін бала білді,

Алланың тағдырына мойынсұнды.
Елінен текежәуміт сұрап жүріп,
Үйіне тағасының келіп қонды.
Үйіне тағасының келіп қапты,

Таныды сұрамай-ақ асыл затты.
Құшақтап Ғаждамбектің мойынынан,
Жас бала өксіп-өксіп жылап жатты.
Тағасы есін білмей құлап қапты,

Баланың кім екенін танымапты. 600. Көтеріп басын жерден есін жиып,

«Қарағым, кім едің?» деп жөн сұрапты.
Айтады сонда бала көргендерін,
Ақанай қаза жетіп өлгендерін.
Қырық шілтен жәрдем беріп көрде туып,

Қалдырмай айтып өтті келгендерін.
Сәлемін Күләйімнің айтты және:

– Зар жылап анам қалды ол бейшара,

«Қалдырмай дұшмандарға алып кет» деп,
Көп сәлем айтты сізге анам және.

610. Солай деп сөзін бала тамам етті,

Танып-дүр сұрамай-ақ Ғаждамбекті.
Тағасы Көрұғлыны көргеннен соң,
Аллаға мың мәртебе шүкір етті.
Қолында Ғаждамбектің болды бала,

Әкесі өлгеніне көңілі нала.
Көрұғлы бәлиғатқа келе берсін,
Айтайын Ғаждамбектен бір сөз және.
Еліне Ғаждам, Раушан келген екен,

Раушан көп ауырып өлген екен. 620. Ел-жұрты бірлікпенен Ғаждамбекке

Ортадан бір қыз алып берген екен.
Жүреді Ғаждамбектің көңілі тасып,
Сұлуды еткеннен соң Тәңірім нәсіп.
Перизат құсни зиба, сақыпжамал,

Сыртынан көрген жанның бәрі де ашық.
Сыртынан көрген жандар ашық болған,
Баршагүл Ғаждамбекке нәсіп болған.
Мүләйім, сөзі шырын балдан тәтті,

629. Етеді Көрұғлыға жанын құрбан.

ҒИРАТ ЖАЙЫ, КӨРҰҒЛЫНЫҢ РАЙХАН АРАБПЕН СОҒЫСЫ

Ғаждамбек аң аулауға сайланады,
Құшақтап Көрұғлыны аймалады.
Баршагүл шыбын жанын пида қылад,
Көреді мұнан артық қай баланы.

Көрұғлы сол уақытта он үш жаста,
Бала жоқ тағасында мұнан басқа.
Ғаждамбек аңға шығып кеткен кезде,
Ат мініп келді біреу бір көк қасқа.

Аты бар көк қасқалы біреу келді, 10. Көрұғлы назар салып қарайды енді.

Наз бедеу қарап тұрса бір тікуар,
Сол атқа ашық болып көңіл бөлді.
Сол атқа Көрұғлының ышқы кетіп,
Биеме шаптырам деп қайтсем нетіп.

«Ей, аға, боз биеме бір шаптыр» деп,
Бала айтты бұл жігітке жауап етіп.

– Аға, сенің мен білмеймін атыңды,

Қайсы русың, білдіріп қой затыңды.
Мен айтамын сізге арыз-датымды,

20. Жаным аға, боз биеме бір шаптыр.

Құмар болдым құралайдай көзіне,
Һұшым кетті әсте оның ізіне.
Әрне десең берем тауып өзіңе,
Жаным аға, боз биеме бір шаптыр.

Өзін білген уәдесінен тая ма?
Жақсы кісі сыртқа сырын жая ма?
Бір шабуға айғырыңды аяма,
Жаным аға, боз биеме бір шаптыр.

Бір шабуға сізден, аға, сұраймын, 30. Шаптырар деп бетіңізге қараймын.

Әрне десең бұйрығыңа жараймын,
Жаным аға, боз биеме бір шаптыр.
Райханның сонда айтқан гәптері-ай:

– Мені білің араб жұрттың бектері-ай.

Айғырымның өте асыл тектері-ай,
Қалағаным берсең, балам, шап деді-ай.
Туған құлын жаман болмас затынан,
Бір құлыны мың тілләлық шетінен.

Мен шаптырам Көкқасқамды, балақай, 40. Бір сүйдірсең жеңешеңнің бетінен.

Қабыл болсын, бала, сенің тілегің,
Өзім дағы ынтық болып жүр едім.
Мен шаптырам Көкқасқамды, балақай,
Бір ұстатсаң жеңешеңнің білегін.

Жомарт адам уәдесіне жетеді,
Көрұғлының атқа ышқы кетеді.
Баршагүлдің ұстатпаққа білегін,
Арабпенен бала уағда етеді.

Арабпенен бала уағда байласты, 50. Атты көріп ақылынан адасты.

Боз биені көргеннен соң Көкқасқа,
Оқыранып шабайын деп жанасты.
Боз биеге шапты барып Көкқасқа,
Көрұғлының мақсаты сол бір асса.

Басын тартты назыл болар уақытта,
Қиял ойлап Райхан араб бір басқа.
Жарты асылы боз биеде қалады,
Жарты асылы жерге барып тамады.

Тақиясымен тосып алып Көрұғлы, 60. Боз биеге қайта апарып салады.

Райхан араб сонда тұрып күледі,
Бір данышпан екендігін біледі.
«Көкқасқамнан тұлпар туса қауіп» деп,
Ауызы айтқанмен іші қимай тұр еді.

Райхан араб бұл балаға сенбейді,
«Көкқасқамды бекер шаптырдым-ау мен» дейді.
Көрұғлы айтты: – Нәмарттық ғой бұл ісің,
Жақсы кісі болсаң, аға, шын деді.

Білсең, аға, мұның мақұл емес-ті, 70. Қабырғаммен ойлап тұрмын кеңесті.

Жеңешемді бір көрсетіп алыстан,
Кек алармын мен де етсем егесті.
Райхан айтты: – Бұл айтқаның дұрыс-ты,
Сен қу бала бітірдің ғой жұмысты.

Балам, сенің мәрттігіңді білуге,
Соның үшін ойнап еттім бұл істі.
Енді буаз болды биең қасқадан,
Мәрттігіңе көзім жетті, жас балам.

Еркек туса, балам, саған ат болад, 80. Мұның күшін алған емес басқа адам.

Бір себеппен ойлап едім қиялды,
Бұл ойласам өз басыма зиян-ды.
Енді, бала, не етсең де мейлің, – деп,
Өз ішінен Райхан араб ойлады.

Көдектікпен алдағанды білмей тұр,
Харамдықпен келіп тұрған мұндарды.
Көрұғлы айтты: – Біздің жайға жүр, – дейді,
О да деген адамшылық біл, – дейді.

Мен жеңгемнен хабар алып келейін, 90. Сонау үйдің сырт жағында тұр, – дейді.

Көрұғлы келді Баршагүлдің қасына,
Пәруана боп а йналып жатыр басына.
Бір сөзім бар сізге айтатын, жеңеше,
«Жалған айтад деме мені асла».

Әуелі айтты Райханды көргенін,
Құмар болып айғыр үшін бергенін.
«Бір кесемен шарап бер де, қайтып кел»,
Баян етті уағда етіп келгенін.

– Анау тұрған көзіңізді сал, – деді,

100. Тілім алып, жеңгем, соған бар, – деді.

Нәмарттықты басқа сатып алмайық,
Жалған сөйлеу бұқараға – ар, – деді.
Барша айтты: – Құлағың сал сөзіме,
Бұл жұмыстың пайдасы жоқ өзіңе.

Үйден шықсам саған жоқпын, шырағым,
Аңдып келген тағаңның жоқ кезінде.
Оған барсам қайтып мұнда келу жоқ,
Жеткізбейді астындағы аттары.

Мен қорқамын жүзлеріден, 110. От жанады көзлеріден.

Барайын десем қорқа-дүрмін,
Ілгері айтқан сөзлеріден.
Әсілі араб заттарыдан,
Бұрын жазған хатларыдан.

Шығайын десем түсі суық,
Ұстап алад барсам жуық.
Өз еліне қашып кетіп,
Жете алмайсың оны қуып.

Баршагүл барлық сырын айтып салды, 120. Жалынып Көрұғлы бек тынышын алды.

Қолына бір кесемен шарап алып,
Беруге Райханға алып барды.
Қашаннан ашық болып жүрген араб
Шап етіп ақ білектен ұстап алды.

Өңгеріп Баршагүлді алдына алып,
«Жас бала, қош боп тұр» деп, кетіп қалды.
Балаға Барша жылап амандасты,
Сол кезде Райхан араб қамшы басты.

Бітіріп ойындағы бұл мақсатын, 130. Дарияға Әму атты жақындасты.

Шоқпарын Көрұғлы бек алды қолға,
Жүгіріп боз биеге мінді ол да.
Зор беріп Көрұғлы да қуып келді,
Жетем деп Райханға қуып жолда.

Қуады боз биеге қамшы басып,
Жеңгесін алып қайтпақ болса нәсіп.
Қарғытып Көкқасқамен өтіп кетті,
Көрұғлы келген кезде жақындасып.

Сол уақта Көрұғлы бек ашуланды, 140. Салуға дарияға ыңғайланды.

Қамшылап жар басына келген кезде,
Ар жақтан Райхан араб айқай салды.

– Көрұғлы бала, тыңла менім гәбімді,

Ұғып алғын айтқан насихатымды.
Салмағайсың бұл дарияға атыңды,
Байталыңмен өзің набит боларсың.
Жаным бала, байталыңды баға бер,

Құлын туса жібек арқан таға бер.
Бұл сөзімді махкам тұтып ала көр,

150. Әгар түссең өзің набит боларсың.

Еркек туса, балам, сенің бағың-ды,
Дұрыстап бақ, аямай бер барыңды.
Соныменен сен алмасаң арыңды,
Осы күнде өзің набит боларсың.

Мықты болсаң үлкейгенде келе бер,
Менім айтқан бұл сөзіме көне бер.
Боз биеңді таза бағып жүре бер,
Бұған түссең, бала, набит боларсың.

Осылай деп айқайлап Райхан айтады, 160. Көрұғлы ойлап аттың басын тартады.

«Тірі жүрсем көремін» деп өкініп,
Басын шайқап кейін қарап қайтады.
Баршагүлді кетті алып қалаға,
Көрұғлының іші толды сәнаға.

Бұл ішінен келе жатыр ойланып,
«Не дәлелді айтамын, – деп, – тағама.
Досқа күлкі, дұшманыма сөз болдым,
Алтын басым ақымақтықтан жез болдым.

Атқа бола жеңешемнен айырылдым, 170. Мойыны үзілгір, қайдан келіп кез болдың?!»

Көрұғлының ақылының данасы,
Үйге қайтты ішке симай қапасы.
Райхан араб алып қашып кеткенде,
Аңға шығып кеткен екен тағасы.

Аңнан келсе үйінде жоқ қатыны,
Алла қосқан ақиреттік жақыны.
Қайда кетіп қалғандығын біле алмай,
Қайран болып отыр еді ақылы.

Сол уақытта Көрұғлы да келеді, 180. Тағасына келіп сәлем береді.

Үндей алмай төмен қарап мұңды боп,
Бір сұмдықтың болғандығын біледі.

– Көрұғлыжан, қайдан келдің сен, – дейді,

Аңнан шаршап жаңа келдім мен, – дейді.
Не себептен төмен қарап мұңайдың,
Қайда кетті білемісің сен? – дейді.
Көрұғлы айтты: – Таға, сөзге құлақ ас,

Асылында бар ар-намысқа шыдамас.
Сізге батып айтатұғын жүзім жоқ,

190. Ақымақтықтан бір іс еттім ұнамас.

Бүгін үш түн болды жалғыз жатыппын,
Сонда дағы бір қызыққа батыппын.
Жеңгем үшін ашуланба, нағашым,
Бір айғырдың тұқымына сатыппын.

Байқамадым сөздің бәлант-пәстіні,
Мініп келді бір бедеуді астыге.
Көргеннен соң құмар болдым сол атқа,
Байталымның шаптырмаққа үстіге.

Көргеннен соң ақыл-һұшым кетіп-дүр, 200. Хақ Тағалам айналдырды нетіп-дүр.

«Су бер» деген бұйрық еттім жеңгеме,
Алып қашпақ үшін қиял етіп-дүр.
Бізге Райхан дұшмандығын білдірді,
Жеңгемді алып, қызыл гүлім солдырды.

Надандығым, көдектігім бәле боп,
Не әйлайын, жүрек-бағырым тілдірді.
Ғаждам айтты: – Тыңла менім гәбімді,
Барша үшін мұқатпа аслан затыңды.

Жаппар Құдай өмір берсе басың жас, 210. Тірі болсаң бір аларсың кегіңді.

Өзің келдің биыл он үш жасыңа,
Мен садаға көзің бірлән қасыңа.
Неше найып бір басыңа құрбандық,
Әр нәрсенің ақырын тапсыр Құдаға.

Асы пенде адам көзге ілмей-дүр,
Жаратқанның не істерін білмей-дүр.
Әр іс етсе әркім қылар өзіне,
Жаппарекем Хақты наджах қылмайды.

Құдіретімен жасырғанды көрмей ме, 220. Жақсы менен жаманды өзі білмей ме.

Пенденің пиғылы Аллаға аян,
Пенде байғұс Хақ ісіне көнбей ме.
Мұның үшін қайғы салма ойыңа,
Мұндай істі миясар етті бойыма.

«Ассабр мифтахил фариқ» деген бар,
Бұйрық болса біреу келер қойныма.
Не көрмейді тірілікте ғаріп бас,
Қапа болып сен ағызба көзден жас.

Бақыт қонып алға өрлесін талабың, 230. Тәуекел деп шаттанып жүр, болмай пәс.

Тағасының риза болды сөзіне,
Келіп қарсы сөз айтпады өзіне.
«Бұл қорлығын тірі жүрсем ұмытпан,
Райханның көрсетермін көзіне».

Бұл сөзіне тағасы да шат болды,
Көрұғлының бір құмары ат болды.
Ат туғай деп асығып жүр Көрұғлы,
Ақырын күтіп не де болса бақты енді.

Бағып жүріп бірнеше күн өтеді, 240. Атсыз ердің әркімге ақы кетеді.

«Еркек құлын туса» деп жүр тілегі,
Бір күндері туарманға жетеді.
Көрұғлы жад етті Жаппар Хақты,
Ұйықтамай күндіз-түні бірдей бақты.

Он айдан өткеннен соң күні бітіп,
Боз бие аман есен құлын тапты.
Күзетіп Көрұғлы бек аңлып жүріп,
Түсірмей оны жерге қағып апты.

Қараса көзі айдай, порма қандай, 250. Құлынның пормасына қайран қапты.

Ішінен таса жердің соқты жайын,
Көзінен таса қылмай көріп дәйім.
Тоғайда құлын ойнап секіріп жүр,
Жуандап өсіп келед күн-күн сайын.

Құлынның мойны ұзын, қамыс құлақ,
Тірсекті, жалпақ сауыр, құйрық шолақ.
Есіктей омырауы жазық кеуде,
Жұлдыздай екі көзі жанған шырақ.

Зырқырап құлын шауып ойнағанда, 260. Кетеді ғайып болып көзден жырақ.

Үш мәрте анасынан қарғып өтті,
Сымбатты сырты сұлу тұлпар-пырақ.
Тай шықты, бір жыл өтті бағып жүріп,
Үйретті мойнына арқан тағып жүріп.

Келер жылы жасы толып құнан шықты,
Ыстықта күн тигізбей жауып жүріп.
Көрұғлы енді ұмытты қапалықты,
Жасынан шілтендерден бата алыпты.

«Ат туар ерге лайық» дегендейін, 270. Ғират деп мінезінен атаныпты.

Ғиратты дөненіне шейін бақты,
Жібектен мойнына ұзын арқан тақты.
Ақылхан Үргеніштің ханы еді,
Егесіз опат болып тақыты қапты.

Ұшырды дәулет құсты қолына алып,
Таппаққа халыққа ие патша лайық.
Арқандап Ғират атын бағып тұрса,
Басына Көрұғлының қонды барып.

Ұшырды дәулет құсты қолыменен, 280. Көрұғлы хабары жоқ оныменен.

Басына қайта-қайта қона берді,
Бұрынғы көріп білген жолыменен.
Ұшырды жұмырықпен ұрып бастан,
Үш мәрте қонды және айрылмастан.

Көп халық Көрұғлыны ұстап алды,
«Алтын тақ береміз, – деп, – зүбәржаттан».
Көрұғлы сонда көпке жауап берді:

– Қинама әуре қылып біздей ерді.

Ойларың таққа мін деп атымды алмақ, 290. Құртармын тірі жүрсем сендейлерді.

Хайла билән бала екен деп алдатпа,
Ұқсайсыңдар қызылбас пен қалмаққа.
Ойлап тұрсам бұл жақындық емес еш,
Алдайсыңдар дөненімді алмаққа.

Не қасиет бар бұл құсыңның басында,
Жетімдіктен тарттым қасірет жасымда.
Көрден шыққан Көрұғлымын, білмесең,
Әл бермейсің ойының ба, расың ба?

Қырқың бірдей ұшырыпсың бүркітті, 300. Дөненімді қолымдағы үркітті.

Жабылып кеп мені ортаға аласың,
Дөненімнен айрылмаймын мен тіпті.
Алладан қорқып пенденің ақын жемеспін,
Екіншілей бұл жерлерге келмеспін.

Қоя беріңдер әурелемей жайыма,
Түсім түгіл өңімде де көрмеспін.
Қорисың ба бұ Құдайдың даласын,
Ақың бардай мені ортаға аласың.

Аспандағы ұшқан құсқа қосылып, 310. Бәрің бірдей ақымақтыққа барасың.

Бәрің бірдей құтырдың ба жын ұрып,
Алтын тақта отырмаймын кідіріп.
Дөненімді бір көргенім артық, – деп,
Сыртқа шықты сол уақытта жүгіріп.

Қарамады халық құрмет еткенге,
Ойнап жүрген мақсатына жеткенге.
Сыртқа шықса орнында жоқ құнаны,
Көп залымдар ұрлап алып кеткен бе?

– Дөненім жоқ енді неден қорқамын,

320. Атымды іздеп жолға түсіп жортамын.

Әгар мұнан табылмаса Ғиратым,
Бұл шаһардың ұғырысын құртамын.
Дөненімді ұғыры алып кеткені,
Енді ойласам ажалының жеткені.

Ешбір адам маған шынын айтпайды,
Көп іздетіп қорлығының өткені.
Тауға шықса сайда адамдар жүр екен,
Ғиратты ұстап сипап жалын тұр екен.

Ашуланып жүгіріп келеді Көрұғлы, 330. Қарақшылар, ұғыры, залым осы екен.

– Таққа мін деп Ғиратымды алдыңдар,

Алғанменен қайда қашып бардыңдар.
Менен қорқып келген жерің осы ма,
Ей, Құдайдан қорықпаған ұғыры, залымдар.
Бұлар айтты: – Сен балаға қайранбыз,

Ұғыры болып табыламыз қайдан біз.
Қашып жүрген атыңды біз ұстасақ,
Зиян болып табылар ма пайдамыз.

– Таққа мін деп атымды ұрлап алғаның,

340. Алып келіп мені әуреге салғаның.

Алып келіп, алмадым деп танасың,
Бәлі, сенің сөздеріңе нанғаным.
Дат әйласаң есітпейді құлағым,
Мұндай жерге келмес менім құнаным.

Қашқанменен құтылмайсың, залымдар,
Білсем менім сіздерден-дүр күмәнім.

– Бізге келіп сөз сөйлейсің айтып күш,

Бүйте берсең алтын басың болар мыс.
Пайда залал ашылмастан, жас ұғылан,

350. Мынау ісің болды сенің асығыс.

– Салайын ба бастарыңа тұманды,

Тауып алдым мен сіздерден құнанды.
Бір шетіңнен иманыңды айта бер,
Енді менен құтылмағың күмәнді.
Бұлар айтты: – Теріс сөз ғой,балам, бұл,

Сөйлей берсе не демейді қызыл тіл.
Тәкаппарлық етемін деп көңліне,
Не боп кетті ақырында Әзәзіл.
Мықты болсаң асы болма Құдайға,

360. Сұлу болсаң сенбеңіз сіз шырайға.

Адамзаттың асылы топырақ болған соң,
Қанша мықты болғанменен не пайда.
Балам, тоқтап айтқан сөзім ұғып ал,
Көп болғанмен опасы жоқ дүние мал.

Ұлық тұтпай кішік тұтсаң өзіңді,
Мұратыңа жеткізер Хақ Зұлжалал.
Мұнда ... ... ...
Кеші-күндіз шылауыңда жүрдік те.

Сенен басқа қырық кісіміз бұл тұрған, 370. Сырттаныңның кеудесіне кірдік пе.

Сонда бала жетелеп жүр дөненді,
«Тәкаппарлық өткен екен менен-ді.
Мұның бәрі емес шығар жалғаншы,
«Қырықтан қыдыр, мыңнан уәли деген-ді».

Көп насихат айтты шілтен балаға:

– Тоқта, балам, құлағың сал нидаға.

Жаппар Құдай өмір берсе басың жас,
Мұддағаңды келтірерсің орынға.
Не себептен дөненіңді мінбедің,

380. Өзің шаршап мұнша бейнет көргенің.

Мың залалдан бір күн пайда деген бар,
Бұрынғының бұл нақылын білмедің.
Бұл Ғиратың мінуіңе жарапты,
Қай орынға етсең дағы талапты.

Адам болар бала екенсің, шырағым,
Жаяу жүрме, дұшманыңнан ұятты.
Көрұғлы айтты: – Еш нәрсені білмеймін,
Ішім қапа езу тартып күлмеймін.

Қырық шілтен рұқсат бермей өзіме, 390. Ғиратымды аслан әркез мінбеймін.

Қырық шілтен бәрі келмей қасыма,
Баршалары дұға қылмай жасыма,
Бірі келіп жүген ұрмай басына,
Дөненіме аслан әркез мінбеймін.

Қырық шілтен көтермесе назымды,
Бірі келіп жаппаса алтын қажымды,
Көтермелеп мінгізбесе өзімді,
Дөненіме аслан әркез мінбеймін.

– Осы сөзің өз көңліңе қона ма,

400. Сондай етсек сенің көңлің тына ма.

Қырық шілтен бізден артық бола ма,
Сендей бәсша мұнша ақымақ болар ма?
Ақанай дер сені туған анаңды,
Ғаждамбек дер білсең сенің тағаңды.

Шанбілбелге салып алтын қалаңды,
Сендей бәсша мұнша ақымақ болар ма?
Мұны айтып шілтендердің келді бәрі,
Отырды ортаға алып жас пен кәрі.

Баланы отырғызып шашын алып, 410. Тәрбие ете берді баршалары.

Басына тәж кигізді салындырып,
Үстіне тон кигізді малындырып.
Біреуі кемер байлап белдеріне,
Біреуі Ғиратына жүген ұрып.

Біреуі терлік пенен тоқым салды,
Біреуі жонасы мен ерін салды.
Біреуі аш беліне тартпа тартып,
Біреуі қынабына қылыш салды.

Жабылып Ғиратына мінгізеді, 420. Бойына бес қаруын ілгізеді.

«Қайырлы болсын, балам, Ғиратың» деп,
Ескертіп мына сөзді білгізеді:

– Көрұғлы, көңліңде не мұддаға бар,

Жеткізсін талабыңа Пәруардигар.
Етейік біздер дұға қол көтеріп,
Тілекті қабыл етсін Қадір Жаппар.
Бала айтты: – Ұзын болсын менім жасым,

Көтерің бұл даңқымның тәрбиясын.
Бара-бар дұшман маған пар келе алмай,

430. Соғысқа барсам бетім қайт болмасын.

– Үш мәрте тіле, балам, тілегіңді,

Дұшманға алдың сұрап керегіңді.
Өзіңе перзент сұрап неге алмайсың,
Баланың қасіреті тартар жүрегіңді.
Баланың қартайғанда қасіреті өтер,

Перзентсіз бұл дүниеде пенде бекер.
Жүрегің таудан қайтпай, басың тастан,
Өмірің соныменен өтіп кетер.
Көрұғлы бата алды шілтендерден,

440. «Әумин» деп қол жаяды бәрі бірден.

Ғиратты ойнақтатып шауып кетті,
Деді де «әйел жолдан, бала белден».
Ғайып Ерен шілтен пірі жоқ боп кетті,
Көрұғлы шауып келед түзеп бетті.

Азарын Райханның ұмытқан жоқ,
Шығармақ ішіндегі қайғы дертті.
Ағып өткен жайдай болып,
Ғиратына көңлі толып,

Қырық шілтенмен бір күн қонып, 450. Жөнелді бала, жөнелді.

Мұны қалды елі білмей,
Ғаждамбекті барып көрмей,
Бұл Ғираттың екпіндері,
Боран, соққан дауыл, желдей.

Жөнелді бала, жөнелді.
Жолға түсіп шауып келед бұл тұғры,
Жеңгемді алып қашып кетті Райхан ұғыры.
Райхан араб қарғып өткен дарияға,

Сол уақытта шауып келді Көрұғлы. 460. Әмудария жетіп келді басына,

Өзі жалғыз жолдасы жоқ қасында.
Жауап алып Ғиратына сөйлескен,
Құлағың сал Көрұғлының нашына.

– Сені мініп бұл дарияға келгенім,

Көрдіңіз бе шілтен жауап бергенін.
Райханда кеткен үшін кектерім,
Бали Ғират, өзіңді атып тастағыл.
Алтын жабдық ұрдым тіллә жүгенді,

Сыртым бүтін, ішім жалын тұман-ды. 470. Қарғымағың бұл дариядан күмәнді,

Бали Ғират, өзіңді атып тастағыл.
Алыс жерден салды жолға аямай,
Қамшы салды әл-жайына қарамай.
Қамшы түгіл бұрын жолға жүрмеген,

Мал да болса асыранды баладай.
Ұрған қамшы қатты батты Ғиратқа,
Және ыршып мінді Ғират қайратқа.
Ашуланып атылғанда жануар,

Атқан оқтай қарғып шықты ар жаққа. 480. Бұл дарияның бір жүз алпыс екі ені,

Алып ұшты Ғираттайын дөнені.
Жолға түсіп «тәуекел!» деп қамшы ұрып,
«Райхан араб, қайдасың» деп жөнеді.
Сөз бастайын әуел бастан,

Екі көдек шықтық жастан.
Алсақ кекті дұшман қастан,
Қадір Егем – панаһымсың.
Барар жерім тау мен тас-ты,

Жеңгемді алып араб қашты, 490. Қадір Егем – панаһымсың.

Осылай деп көңлін ашты,
Қабат басты тау мен тасты.
Райхан араб – мұның һұшты,
Жеңгесі үшін кетіп ышқы.

Ел шетіне келген кезде
Бір шопанға көзі түсті.

– Малың бағып жүрсің, шопан, жеріңде,

Мал баққаның теріс емес тегінде.
Бастан-аяқ бізге баян әйлашы,

500. Осы күнде не гәбің бар еліңде?

Шопан айтты еш гәбім жоқ елімде.
Араб дейді білсең менім тегімді.
Түрікпен елден бір сұлуды әкеліп,
Уақыты хош Райхан араб бегімде.

Үш жыл болды әкелгелі сұлуды,
Райханның әр мақсаты табылды.
Күндіз болса саяхат қып аң аулап,
Сұлуменен түнде мәжіліс құрулы.

Сұрайды ауылының ақиқатын, 510. Өзінің және тағы арғы затын.

Ол айтты: – Бай арабтың қойшысымын,
Райханға қожайыным болған жақын.
Малының мұнан басқа есебі жоқ,
Бар еді көп сұрайсың нендей ақың?

Ханымыз Райхан араб бастығымыз,
Есепсіз еліміз тоқ мастығымыз.
Сауына ханымыздың тілектеспіз,
Кетпеген бөтен жауға жастығымыз.

Сымбатың мінген атың бөлек екен, 520. Болмасын сіздің ханмен қастығыңыз.

Көрұғлы мұның сөзін тыңлап тұрды,
Қасына аттан түсіп жақын келді.
Үстінен бар киімін тонап алып,
Бір таудың қуысына айдап келді.

Үңгірге салып қойды мұны байлап,
«Қышқырсаң өлтірем» деп, қылыш қайрап.
Тағы да Райханды сұрап алды,
Бейшара айтып берді құстай сайрап.

Жайлауы еді Райханның Нараспан, 530. Ақбоз үйлер отыр қатар жарасқан.

Оты қашып ол бұлақтың бұл кезде,
Мал жайына шаруалыққа ары асқан.
Түрікпен елден бір баһадүр келед деп,
Көп айтушы ед бақсы-құшнаш бал ашқан.

Шопаннан жөнін сұрап жүріп кетті,
Іштері айтқан сөзге жылып кетті.
Бар екен Нараспандай айтқан бұлақ,
Басына сол бұлақтың келіп жетті.

Бір қарау қалыңға кеп түсті аттан, 540. Жаратқан жәрдем сұрап Жаппар Хақтан.

Үстінен бар киімін тығып тастап,
Шопанның жаман тонын киіп жатқан.
Шопанның бар лыпасын киіп алды,
Диуана мажырасына өзін салды.

Тұлпардың ерін алып тығып қойып,
Қалыңға байлап кетті жануарды.
Қолына алды аса, диуана боп,
Көрмекке жасы үлкен кейуана боп.

Қыл алып Ғиратының құйрығынан, 550. Желіммен сақал істеп хайламен көп.

Аты мен қалды қару бұлақ жақта,
Құдая, мен келгенше өзің сақта.
Ал енді Райхан жақтан сөз айтайын,
Көрұғлы кете берсін шаһар жаққа.

Бар екен Райхан араб жалғыз қызы,
Балқыған туған айдай нұрлы жүзі.
Кеудесі күйсандықтың суретіндей,
Еді ол сол заманның шын жұлдызы.

Мөлдір көз, қызыл жүзді, кірсіз тісі, 560. Нәзік бел, сүйрік саусақ, мінсіз түсі.

Тал бойы ұзын да емес, қысқа да емес,
Ақылға тең таразы әр мүшесі.
Құрбанкүл түс көріпті ұйықтап жатып,
Жатыр ед құс мамықта белден батып.

Түсінде сайран етіп түзге шықты,
Қырық қызбен ойнайын деп тамаша етіп.
Түсінде күміс құйрық бір құс келген,
Басы алтын, қанаты інжу, гауһар терген.

Тырнағы тас кесетін асыл болат, 570. Көтеріп Құрбанкүлді кетті жерден.

Оянды айқай салып, шошып, қорқып,
Отырды көпке шейін көңлі толқып.
Таң атып күн шыққан соң есін жиды,
Бұл түсін түнде көрген айтты жорытып.

Баршагүл былай дейді жорып түсін:

– Қарағым, ерлену ғой көрген түсің.

Жатасың жалғыз өзің нұрдай балқып,
Қаламқас, алма мойын, бойың мүсін.
Басың бос балбыраған сіз бір шынар,

580. Көруге шаһизада болған құмар.

Құс ілсе бір патшаның баласы алып,
Айқасып ақсұңқармен көңілің тынар.
Басы алтын болса – алтын тәжі,
Қанаты гауһар болса – ер мажазы.

Тырнағы тас тілетін болат болса,
Басынан бағы таймас қысы-жазы.

– Жоруын түсіңіздің қойдым біліп,

Ұзамай күйеу алар кетсе іліп.
Қызығы дүниенің осы ғой, – деп,

590. Әзілмен қойды екеуі аздап күліп.

Ал енді бұлар мұнда жүре берсін,
Дәуренді күліп-ойнап сүре берсін.
Бағана диуана боп кетіп еді,
Айтайық диуананың әңгімесін.

Көрұғлы диуана боп түсін бұзып,
Қолында асасы бар сөйлеп қызып.
Отырып әйелдерге бал ашады,
Алады бал басыға күміс жүзік.

Сол елді диуана боп аралады, 600. Жеңгесін алып кетпек шаралары.

Бір үйге шуылдаған кіріп келсе,
Тола екен қыз-келіншек, балалары.
Отырды көріп батыр үйдің ішін,
Танымайды көргенменен мұның түсін.

Бал ашып, бал басынан алып жатыр,
Тарқатып әйелдердің көңіл һұшын.
Сол үйде Баршагүл де кез болады,
Баланың оңғарды Хақ бұл жұмысын.

Баршагүл мұны көріп жетіп келді, 610. Таниды көргенннен-ақ Көрұғлы ерді.

«Қарағым, диуанажан, бал ашшы» деп,
Қолынан алтын балдақ алып берді.
Әйелдер мұны көріп ұнатпады,
Райханның сұлуы еді санақтағы.

Қаңғырған қайыршыға балдақ берді,
Шайтаны басылмаған шыдатпады.
Баршаны өсектер ым қағып,
Ойбай, жас қой, мас қой деп бірақ тағы.

Көрұғлы құмалақты ашып айтты: 620. – Екенсің ердің жары құлақтағы.

Бар екен бойыңызда қызба кесел,
Түсіңіз жақсы суға бұлақтағы.
Һәм және киім-кешек, кіріңді жу,
Күмістей мөлдіреген суаттағы.

Жазылып сен көр, мен көр боп кетесің,
Өзіңе есебі көп сауап тағы.
Ертерек ...  қам істеңіз,
Осылай балға түскен әруақ тағы.

Мұны ешкім сұрамады «бұ кім?» деп, 630. Жеңешесі қасын қақты күлімдеп.

Көрұғлы бек қайтып келіп қараса,
Шопан байғұс жатыр қатты дірілдеп.
Бейшараның қолын шешті босатып,
Шешіп берді «мынау сенің тоның», – деп.

«Бұл жұмысты бір адамға айтпаңыз,
Ажалыңның жеткені онда сорың», – деп.
Ант-су ішті «айтпаймын, – деп бала да, –
Әгар айтсам кездесерсің және де».

Бәлекеттен өз жайына құтылып, 640. Атын ерттеп Көрұғлы тұр тасада.

Барша сұлу Көрұғлыны байқады,
Іштен тынып біраз басын шайқады.
«Нараспанға кір жуамын бүгін» деп,
Райханға ұғындырып айтады.

«Барсаң бар» деп бар киімін береді,
Аңғырт аңқау сөзге нанғыш ер еді.
Құрбанкүлге «жүр» деп еді Баршагүл,
«Бара алмаймын» деді, «барам» демеді.

Барша жылап Райханға барады, 650. «Маған қызың ермей тұр» деп шағады.

«Ат көті күң, кім ереді саған» деп,
Салды менім көңіліме жараны.
Алып келіп көрсеткен опаң осы ма,
Адыра қалсын көрген күнім қарары.

Қай уақытта өгейлігін білдіреді,
Қалай туған мынау қызың арамы.
Райхан араб айқай салып. – Бар, – дейді,
Бұл сөзіме құлағыңды сал, – дейді.

Мұның тілін не себептен алмайсың, 660. Түрікпеннен сүйіп алған жар, – дейді.

Тап осыдан бар дегенге бармасаң,
Алмас қылыш басыңды алар дәл, – дейді.
Мына сөзді Құрбанкүл қыз ескерді,
Мінезі ожар әкесінен сескенді.

Бар киімін тегіс киіп үстіне,
Жүрегі шошып қорқа-қорқа кеш келді.
Ай мен күндей келсе екеуі бұлаққа,
Сүмбідей ғып мінген біреу пыраққа.

Үстінде кигенінің бәрі асыл, 670. Жалтыраған қылышы тұр қынапта.

Астындағы арғымағы бүгілген,
Өткір оқтай екі көзі тігілген.
Үстіндегі жігіт пері секілді,
Айбатынан көрген кісі кідірген.

Болат найза иінінде тұр асылған,
Ұшы қырлы масақ садақ асынған.
Қымқалаған асыл сауыт үстінде,
Сымбатына жарасып тұр жасылдан.

Мұны көріп Құрбанкүл қыз қараған, 680. Баршагүлден «мынау кім» деп сұраған:

– Адамзаттан түсі сұсты ер екен,

Астындағы аты қандай жараған.
Сонда Барша дейді қызға: – Қарағым,
Құрбанкүлжан көпке кеткен хабарың.
Даңқыңды естіп, ғашық болып сыртыңнан,

Көрейін деп нәсілі деп тазаның.
Көрұғлы да дайындалып безенген,
Ақсұңқардай душарласты кезеңнен.

– Кел, жеңеше, бал Ғиратқа мінгес, – деп,

690. Аттан түсті түсі шұғыл өзгерген.

Былайша деп жауап берді Баршагүл:

– Қасымда тұр, ертіп келдім қызыл гүл.

Мені апарсаң Ғаждам атты тағаңа,
«Салдақы боп келді, – дер, – бұл Баршагүл».
Нағашыңа дұшман қызын алып бар,
Ақылменен қыз бағасын танып бар.

Алып барсаң Құрбанкүлдей бек қызын,
Алғыс айтар текежәуміт халықтар.
Лайық емес мені ап кету намыңа,

700. Шанбілбелде аға сұлтан ханыңа.

Нағашыңа қос апарып бек қызын,
Алғыс берер барлық түрікпен бағыңа.
Адал сөзін Баршагүлдің есітті,
Айтқан сайын көңлі тасып өсіпті.

«Тоқсан жерден салдақы сіз болсаң да,
Мұндай қызға айырбасым нешік-ті».
Ақ білектен Құрбанкүлді шап етіп,
Бал Ғиратпен батыр жолға түсіпті.

«Барша жеңгем, қош болып тұр саламат, 710. Тірі болсам көрсетермін есікті».

Барша жылап Құрбанкүлге қош деді,

– Қор боламын деме, қалқам, еш деді.

Сені алатын Шанбілбелдің сұлтаны,
Халық сыйлаған түрікпен елге ес деді.
Көрген түсің айнымастан келгені,
Жаратқанның басыңа бақ бергені.

Ай мен күндей қосып тұрмын, абайла,
Менен артық таба алмайсың жеңгені.

– Мені алдап алып келдің бұлаққа,

720. Көз көрмейтін жібердің-ау жыраққа.

Өгейлікті маған, шешем, білдірдің,
Көкпардай боп кеттім ұқсап лаққа.
Қызды өңгеріп кетті ерің секіртіп,
Ауыздықтан ақ көбігін көпіртіп.

Үйге қайтып Барша жылап келеатыр,
Айқай салып даусын түрлі құбылтып.
Айқайлады ойбай салып анадан,
Ай барақ жүгіріп келіп даладан.

Райхан араб ұшып тұрып орнынан, 730. Тыр жалаңаш сыртқа шығып қараған.

Ыстаны жоқ, көйлегі жоқ, жалаңаш,
Жас баладай жүгіріп келді жалаң бас.
«Ойбай, Құдай, не жау тиді тез айт» деп,
Келіп тұрды түріне адам қарамас.

– Айтшы сені мұншама кім жылатқан,

Жау шықты ма Нараспандай бұлақтан?
Былайша деп жауап берді Баршагүл:

– Бір дұшманды көріп қаштым жырақтан.

Жын ба, дәу ме, пері ме, я шайтан ба, 740. Білсем жылап осындай боп қайтам ба.

Алып кетті Құрбанкүлді бір жігіт,
Ойбайым сап жүгіріп келдім айтарға.
Райхан айтты: – Қалай кетті айт оны,
Қалай қашты, беті тура қай жөні.

Немді кием, жылдам соны қуайын,
Жермен жексен қиратайын мен соны.

– Бар киімің қалып қойды бұлақта,

Есім шығып жүгіре бердім жылап та.
Әр нәрсені сылтауратып сөйледі,

750. «Көрұғлы бала ұзасын» деп жыраққа.

– Ойбай, Барша, не киемін мен, – дейді,

Тап бір нәрсе мен киетін сен, – дейді.
Атпен жетіп, басын кесіп қылышпен,
Жатқызайын қара жермен тең, – дейді.
Сонда Барша ақылменен біледі,

Анда-санда теріс қарап күледі.
Үйден барып алып келді Баршагүл,
Жаман көрпе жүк үстінде тұр еді.
Бір көрпені бір көрпеге тігеді,

760. Ортасынан мойнына әкеп іледі.

Бірі артын, бірі алдын жауып тұр,
Көкқасқаға жылдам жайдақ мінеді.
Атқа мінді екі көзі алақтап,
Көрұғлыны қуып келед жалақтап.

Көк найзасы қолға ұстаған алдында,
Екі аяғы үзеңгісіз салақтап.
Көкқасқамен шауып келді құтырып,
Бұлаққа кеп із қарады кідіріп.

Назар салып түсіп еді ізіне, 770. Шанбіл жаққа тартып кеткен сыдыртып.

Бал Ғираттың басқан ізін таныды,
Белден бүктеп өлтіретін жабыны.
«Көктемегір Көрұғлы бала екен» деп,
Аһ ұрғанда шығад аузынан жалыны.

Көкқасқаға енді қамшы басады,
Арандай ғып ат ауызын ашады.
Екі көзі жанған шоқтай қызарып,
Жұлдыздай боп ағып көбік шашады.

Орта жолда бар еді бір терең су, 780. Әмудария – ені ұзақ бұлдыр су.

Ар жағына өткен екен Көрұғлы,
Райхан да тоқтатпастан деді «шүу!».
Сонда тұлпар атқан оқтай сымпитты,
Райхан араб жығыла жаздап бұлт етті.

Қаһарланып атылғанда жануар,
Ар жағына дарияның дүрс етті.
Өте шығып Көрұғлыны қуады,
Енді қауіп жас батырға туады.

Бал Ғиратқа үстін-үстін қамшы ұрып, 790. Аспанға шаң түйдек-түйдек шығады.

Бірте-бірте келе жатыр жақындап,
Көкқасқаның азу тісі сақылдап.
Найза шаншым жерге еркін жете алмай,
Келе жатыр жебелетіп тақымдап.

Бал Ғират та өрши түсті, талмады,
Райхан да жете алмады, қалмады.
Біраз жерге қуғаннан соң Райхан,
Көкқасқаның тоқтық қылып талғаны.

Жете алмасын білгеннен соң Райхан, 800. «Тоқтай тұр» деп балаға айқай салғаны.

– Тас шапсам да кескен алмас қылышым,

Еліміздің талап еттім тірісін.
Сен кәзірде жас баласың, Көрұғлы,
Менім ешбір көрген жоқсың ұрысым.
Астыңдағы Көкқасқаның баласы ед,

Жеткізбеді, бұл да сенің ырысың.
Мен айтайын, балам, саған насихат,
Сақтағайсың көңіліңе етіп жад.
Қолыңдағы Құрбанкүлім перзентім,

810. Жүрегіне азар беріп салма дат.

Риза болдым, балам, сенің атыңа,
Тартқан екен Көкқасқамның затына.
Басына ұрма әйелің мен атыңның,
Бұл насихат қалсын, балам, жадыңда.

Жамандарға Ғиратыңды бақтырма,
Дұшманыңа ақыл-хайла таптырма.
Менім саған насихат қып айтқаным,
Ғиратыңды бір байталға шаптырма.

Құрбанкүлжан, қош болып тұр саламат, 820. Насихатым сеніменен аманат.

Бақытты бол, Құрбанкүлім, аман бол!
Қайтад көкең арманда боп жетпей ат.
Ат жеткенде көрер едім қайратын,
Көрұғлыдан кейін боп па айбатым.

Жете алмады, амал бар ма, Көкқасқам,
Араб жұртын шаңға ертпейтін бәйгі атым.
Қош болып тұр, қос көзімнің қарасы,
Артық еді ақылыңның данасы.

Сағынғанда бал Ғиратты көріп тұр, 830. Өзіміздің Көкқасқаның баласы.

Айналайын құралайдай көзіңнен,
Бал тамушы ед «көке» деген сөзіңнен.
Сенен басқа бұл көкеңде перзент жоқ,
Жүрек, бауырым сенің үшін езілген.

Осыны айтып аттың басын бұрады,
Шаруасы Райханның тынады.
«Қош болып тұр, көкежаным, көкем!» деп,
Құрбанкүл де айқай салып жылады.

– Маған, көке, өкпелеме өзіме,

840. Қарсы болдың бармайм деген сөзіме.

Бармаймын деп Нараспанға айтқаным,
Күн бұрыннан көрініп ед көзіме.
Жан көке деп қайысып тұр қабырғам,
От жанады үш жүз алпыс тамырдан.

Шыға алмайтын болат торға кездестім,
Сынып алтын шатырларым жамылған.
Лажым жоқ жазған тағдыр ісіне,
Душар болдым нақ сол күнгі түсіме.

Үлкен аға, кіші ініге сәлем айт, 850. Білдірерсіз Қызылбайдай кісіме.

Осыны айтып екі жаққа айрылды,
Райхан кейін, бұлар бермен қайрылды.
Енді Райхан шауып келіп кез болды,
Бағанағы дарияға айдынды.

Көкқасқаға басты сонда қамшыны,
Аттың сонда жазылмады аршыны.
Алғы аяғы жарға түсіп тұлпардың,
Артқы екі аяқ суға түсіп малшыды.

Райхан араб өкініші артылып, 860. Дариядан қалды пәті тартылып.

Мойнындағы жалбыраған көрпемен,
Жайдақ атпен жүзіп жүрді малтығып.
Райхан да арсалаңдау ер еді,
Қатарымен үзеңгісі тең еді.

Сексен қозы кежегінен істеген
Қара бөркі ағыспенен жөнеді.
Бірде батып, бірде шығад Көкқасқа,
Қайраттанды көк тұлпар да бір басқа.

Райхан араб мықтап ұстап жалынан, 870. Себеп болды терең суға батпасқа.

Біраз жерден жүзіп шықты қамшылап,
Көрпе зілдей, су сорғалап, тамшылап.
«Біреу көрсе ұят-ау, – деп, – түрімді»,
Тоңып келед, тұла бойы қалтырап.

Қала жақтан келе жатыр топ кісі,
Мұны көріп «емес қой, – деп, – тек кісі».
Біреуі айтты «мынау біздің Райхан» [деп],
Бұлар оның келді артынан жеткісі.

Біреуі айтты: – Мінген аты жайдақ па? 880. Мұны біреу жын ұрғандай айдап па?

Алды артында салпылдаған немене,
Жаман жабу жапқандай-ақ тайлаққа.
Біреуі айтты: – Әлде пері соққан ба,
Су сорғалайды, терең суға батқан ба.

Асығыстап және қайда барады,
Адасқан ба, қаңғырып я лаққан ба?
Қой тұрмайық, Райханды қуайық,
Қамаласып алды-артынан шығайық.

Бет алдына шығып кетер жын ұрса, 890. Кел, ертерек ұстауға амал қылайық.

Райхан қашып, қаласына жөнелді,
«Көпке күлкі болмайын, – деп, – мен енді».
Арттан қуған бір топ адам күледі,
Түсірді деп Райхан араб бір ерді.

Райхан араб қашып кетті сартылдап,
Көк найзасы күнге түсіп жарқылдап.
«Антұрғанда көйлек, ыстан жоқ па?» деп,
Мазақ етіп күліп келед қарқылдап.

Ал Райхан кете берсін еліне, 900. Енді келдік Көрұғлыдай еріңе.

Алып келіп Құрбанкүлдей бек қызын,
Қуанысты түрікпен елі сүйіне.
Түрікпендер көңлі судай тасады,
Бірлікпенен тойды үлкен жасады.

Бірнеше күн той-тамаша өткізіп,
Құрбанкүлді Ғаждамбекке қосады.
Жақсылыққа әркім сондай үміткер,
Сөз мәнісін өлшеп білер білікті ер.

Қиянатсыз алып келіп қосады-ай, 910. Шын асылзат емес пе бұл, жігіттер.

Түрікпендер берді ерге алғысын,
Бала батыр сілтеп өтті шалғысын.
Көрұғлы бек жүре берсін аң аулап,
Райханнан және айтамыз арғысын.

Үшінші енді айтамын үзіндісін,
Халық білген Көрұғлының тиімді ісін.
Қалдырмай білген сөзді тағы да айтып,
Әлеумет, қандырайын құлақ құрышын.

Райхан араб шауып келді қалаға, 920. Жұрттың бәрі шығып тұр ед далаға.

Үстіндегі көрпесінен ұялып,
Атыменен еніп кетті қораға.
Жұлқып тастап үстіндегі көрпесін,
Ұмытқан жоқ Құрбанкүлдей еркесін.

Баршагүлді шақырып тұр айқайлап,
Қабақ түйіп, күжірейтіп желкесін.
Барша әкелді көйлегі мен ыстанын,
«Сенсің, – дейді, – қыз қашырған дұшманым».

Сөгіп жатыр Баршагүлді бұралап, 930. «Ойыңа алған мақсатыңды дұрыстадың».

Екі-үш рет жұмырықпен мұштады,
Шайтан малғұн мұны азғырып қыстады.
Жан-жағынан көршілері жүгіріп,
Арашалап Райханды ұстады.

– Маған айтпай Көрұғлыны жасырдың,

Мекерлікпен хайлаңды да асырдың.
Жаман көрпе мойныма іліп әлемдеп,
Нараспанға қызды апарып жасырдың.
Мен көрмеймін, Барша, сенің түріңді,

940. Неге айтпайсың маған адал сырыңды.

Осы жерде су таппаған кісідей,
Нараспанға неге жудың кірімді?
Қайғы-қасірет жүрек, бауырын жандырды,
Баршагүлдің бар киімін алдырды.

Бөз көйлек пен жаман шарық кигізіп,
Түбі терең бір зынданға салдырды.
Құрбанкүлдің күйеуі еді Қызылбай,
Атастырып қойған екен бұрында-ай.

Аты шыққан араб жұрттың батыры ед, 950. Ерлігінің кемі жоқ ед мұның да-ай.

Райхан араб өзі берді хабарды:

– Көрұғлыдан көріп келдім азарды.

Құрбанкүлді алып қашты бұлақтан,
Құдай маған бермеді өлім-ажалды.
Осылай деп тұрды Райхан мұңайып:

– Мұндай жұмыс емес еді лайық.

Тізе қосып біз екеуміз бір жерге,
Түрікпен елін шауып, шаншып қырайық.
Намыстанып Қызылбай ер арланды:

960. – Сарп етемін осы жолда мал-жанды.

Көрұғлының басын кесіп, өлтіріп,
Мен бұзайын Шанбілдегі қорғанды.
Бұл қорлықты көріп тірі жүрмеймін,
Дұшмандарды саз балшықтай илеймін.

Ұлын құл ғып, қызын күң ғып талқандап,
Бағындырып түрікпен халқын билеймін.
Үш күн ұдай әскер жиды оң-солға,
Қызылбай ер ту көтеріп түсті алға.

Енді сөзді Көрұғлыдан айтайын, 970. Райхан араб келе берсін бұл жолда.

Бек қойды Көрұғлыны халық қалап,
Бағынып түрікпен халқы тұрған қарап.
Баһадүр сайлап алған қырық жігіт бар,
Жүреді қасына ертіп мыңға балап.

Сол кезде жиырмаға келген заулап,
Сақал-мұрт шығып келеді жаңа қаулап.
Лашын, алғыр сұңқар, жүйрік тазы,
Қаршыға, тұйғын, бүркіт алған баулап.

Бір күні қырық жігітін қасына ертіп, 980. Келіпті Һауадақ көлдің аңын аулап.

Мергендер киік қуып, садақ тартты,
Оқ тиіп, мұрттай ұшып құлап жатты.
Бүркіті қасқырды алып белден бүгіп,
Тазысы түлкі, қоян домалантты.

Ақсұңқар қаз-үйректі төстеп іліп,
Жүндерін жануардың бұрқыратты.
Аңдарын атқа теңдеп құсбегілер,
Кеш болып аңнан шаршап үйге қайтты.

Көрұғлы сарайында ұйықтап жатса, 990. Түсінде пірлері кеп дұшманды айтты:

«Құдықта Барша жылап жатыр қақсап,
Зынданға түбі терең кеткен тастап.
Бармасаң бүгін түнде, ала алмайсың,
Келеатыр жердің жүзін әскер қаптап.

Дарияның жағасына әскер төгіп,
Ей, балам, күтініп тұр қару тақтап.
Жинап ал азық-түлік, керегіңді,
Бекерге дұрыс емес бейғам жатпақ.

Дұшман жақын келе жатыр таянып, 1000. Жауды аяма, қалсын қанға боялып».

Таң сарғайып келе жатқан кезінде
Ұйқысынан кетті батыр оянып.
Көрұғлы ешкімге айтпай көрген түсін,
Жинады қару-жарақ, барлық күшін.

Дарияның жағасына әскер қойды,
«Тағдырдың көрермін, – деп, – жазған ісін».
Көрұғлы қасқарая кетті шауып,
Дұшманнан қорықпайды етіп қауіп.

Райханның қаласына түнде келіп, 1010. Баршаны жылап жатқан алды тауып.

Зынданға шауып келді қабақ түйіп,
Зарына шыдай алмай іші күйіп.
Баршагүл сонда жылап айтқан сөзі:
«Көрұғлы кетті-ау жауға мені қиып».

Баршагүл жылап тарықты,
Көп ойлап түрікпен халықты.

– Қосылған жарым Ғаждам ед,

Жалғаны жоқ, анық-ты.
Бөз көйлек киіп үстіме,

1020. Аяққа кидім шарықты.

Жеті күн жаттым зынданда,
Көрмедім ешбір жарықты.
Көрұғлыжаным болмаса,
Кім іздер біздей ғаріпті.

Шыдай алмай Көрұғлы,
«Келдім!» деп айқай салыпты.
Шүкірлік етіп Баршагүл,
Даусынан танып қалыпты.

Көрұғлы арқан салып берді дыбыс: 1030. – Болмайды жау жерінде босқа тұрыс.

Арқанды белге байлап мықтап ұста,
Жатпайды қап түбінде болат құрыш.
Баршагүл қуанғаннан жүрек жанды,
Арқанды белге байлап ұстап алды.

Білмеді қарауылдар ұйықтап қалып,
Құдықтан сау-саламат тартып алды.
Баршаны Ғиратының алдына алды,
Тұлпардың басын батыр жолға салды.

Дариядан таң сарғая қарғып өтіп, 1040. Баршаны аман-есен алып барды.

Қосылды Барша келіп түрікпендерге,
Құшақтасып көрісті Ғаждам ерге.
«Бақытың арта берсін, қарағым» деп,
Батасын беріп жатыр үлкендер де.

Көрұғлы жас та болса мыңға татыр,
Жеңгесін алып келіп қосты ақыр.
Қырық жігіт көп әскермен басын қосып,
Шетінде Әмудария тосып жатыр.

Көрұғлы көп әскермен жатыр тосып, 1050. Садақшы, мергендердің басын қосып.

Манағы Қызылбайдың көп әскері
Дарияның жағасына келді жосып.
Зынданға Райхан араб шауып келді,
«Баршагүл, Баршагүл!» деп дауыс берді.

Еш дыбыс Баршагүлден шықпаған соң,
«Япырым-ай, бұл қалай?» деп қауіптенді.
Тұлпармен олай-бұлай ізін кесті,
Айырды Барша сұлу ақыл-есті.

Қарғыған бал Ғираттың ізін танып, 1060. Есі ауып Көкқасқаның жалын құшты.

Әскерге Райхан араб қайтып келді,
Зынданда Барша жоғын айтып келді.
«Түрікпенді түнде барып қырайық» деп,
Кемеге сыйғанынша тола мінді.

Кемеге қараңғыда алды мініп,
Бойына қаруларын алды іліп.
Адамы Көрұғлының аңдып отыр,
Бұлардың келеатқанын анық біліп.

Көрініп батырлары бұрын келді, 1070. Көрұғлы атыңдар деп бұйрық берді.

Мергендер сатырлатып садақ тартты,
Дұшманға қарсы тұрып байлап белді.
Олар да қараңғыда тартып садақ,
Бұлар да атып жатыр көзді қадап.

Оқ тиіп кемелері суға толды,
Ғарық боп кейін қашты өңкей араб.
Түрікпендер шығармады бергі бетке,
Малтығып суды жұтып шықты шетке.

Үш кеме азық-түлік суға кетті, 1080. Жаратқан жар болмады жаман ниетке.

Малтығып біраз әскер келді жарға,
Адамдар арқан салып алды зорға.
Қызылбай Райханмен ақылдасты,
Өтетін мұнан басқа жері бар ма?

Райхан айтты: – Тоғайды тасаласақ,
Түрікпендер қарсы шықты жиып жасақ.
Өтетін қашығырақ бір өткел бар,
Өтерміз атымызды суға салсақ.

Тоғаймен жасырынып жүріп кетті, 1090. Белгілі батырларын қасына ертті.

Мес байлап аттарының тартпасына,
Дариядан тоғытылып аман өтті.
Өлімге шықты бұлар байлап басты,
Өлтірмек қолынан келсе мұның қасты.

Қызылбай майдан жерге жалғыз келіп,
«Көрұғлы, қайдасың?» деп жауап шашты.
Көрұғлы бал Ғиратпен қарсы ұмтылып,
Аюдай күркіресіп найзаласты.

Найзамен итерісіп қағысқанда, 1100. Шаңдатып жердің жүзін тұман басты.

Найзаға болмаған соң ұрды шоқпар,
Өлтірмей бірін-бірі емес тоқтар.
Қалқаннан ұрған [сайын] жалын шығып,
Айнала түсіп тұрды ұшқын шоқтар.

Шоқпарды қоя салып шапты қылыш,
Халайық таңғалғандай болды ұрыс.
Қылыш, найза, шоқпарды қоя салып,
Ұстасты ат үстінен салып күрес.

Екеуі ұстасумен жерге түсті, 1110. Ер екен Қызылбай да асқан күшті.

Аяқтан бірі шалып, бірі қағып,
Алысып екі батыр көп жұлқысты.
Көрұғлы жад етеді шілтен пірін,
Салмасаң біз ғаріпке көздің қырын.

Көп қуат Көрұғлыға пайда болды,
Тілегін қабыл етіп пірлер оның.
Белбеуге Көрұғлы бек салды қолды,
Ырғады Қызылбайды оңды-солды.

Көтеріп «я, пірім!» деп төсіне алып, 1120. Аяғын сереңдетіп алып ұрды.

Қырық жігіт шауып келіп алды байлап,
Байлауда жатты батыр көзі жайнап.
Райхан соғыспасқа қол көтерді,
«Қатемді кешіңіз» деп, апу әйлап.

Алдына айдап келді Ғаждамбектің,
Тыңлаңыз айтқан сөзін асыл тектің.

– Азғырған әзәзілдің тіліне еріп,

Нақақтан көп кісінің қанын төктің.
Қараңғы, ұятың жоқ, ниетің жаман,

1130. Болмайды айтуға да өкпе саған.

Мен жоқта Баршагүлді алып қашып,
Қаншама ақырет, азар бердің маған.
Райхан үндей алмай үні өшті,
Қызылбай «бағындым» деп, ант-су ішті.

Қатесін мойнына алып бағынған соң,
Байлаулы аяқ-қолын сонда шешті.
Дос болып Көрұғлы мен Қызылбай ер,
Отырып ойнап-күліп шарап ішті.

Тарқатып екі жақ та әскерлерін, 1140. Салауат өткендердің бәрін кешті.

Құрметтеп арабтарды етті қонақ,
Ғаждамбек көп кісінің басын құрап.
Кеңесіп түрікпендер бірлікпенен,
Баршаны қайта берді жазып талақ.

Райхан рұқсат сұрап қайтып кетті,
Қызылбай, Барша үшеуі барып жетті.
Шақырды Ғаждамбекті Райхан араб,
Білдіріп шын жігермен адал ниетті.

Ғаждамбек жиып алды өңшең қартты, 1150. Райханның қаласына сапар тартты.

Құрметтеп кәрілерді үйіне әкеп,
Алдына неше түрлі тағам тартты.
Қарттары түрікпен, араб басты қосып,
Үлгілі өткендерден нақыл айтты.

Әнпаздар домбырамен жырын айтып,
Күйшілер сыбызғы мен дутар тартты.
Райхан айтты: – Нар тартайын тоқсан айып,
Алдымен шыққан менмін жолдан тайып.

Ғаждам айтты: – Дүние-мал керек емес, 1160. Денсаулық терең байлық жүрмін байып.

Қызылбас Шағдат патша дұшманым бар,
Көмек бер Көрұғлыма қанат жайып.
Раушанның құл ғып сатып көзін ойған,
Бұл сырды айтпаушы едім жұртқа жайып.

Өлтірді небір асыл бектерімді,
Дұшманнан ала алмадым кектерімді.
Күләйім Бабалы мен жатыр сонда,
Қапалық іштен шығар дерттерімді.

Мінгізді кәрияларға бір-бір атты, 1170. Жібектен келістіріп шапан жапты.

«Көмекті Көрұғлыға береміз» деп,
Қызылбай, Райхан араб серттер айтты.
Ғаждамбек жолдасымен қайтты елге,
Бір-бір ат мініп келді Шанбілбелге.

Халықты Көрұғлыбек жаудан қорғап, 1176. Бас қосып қырық жігітпен жүрді бірге.

КӨРҰҒЛЫНЫҢ ШАҒДАТҚА БАРҒАНЫ

Еш дұшман кеміте алмайд Көрұғлы ерді,
Дұшманға қарсы тұрды байлап белді.
Бір күні ұйықтап жатып сарайында
Анасын Шағдаттағы түсте көрді.

– Көрұғлыжан, ұмыттың-ау, балам, – дейді,

Жаратқан болсын сенің панаң, – дейді.
Қозыдай жетім қалған маңыратып,
Салмадың біз ғаріпке назар, – дейді.
Осылай деп анасы

10. Түсінде берді аянды:

– Сәнаменен сарғайып,

Өлуге әжең таянды.
Қасіретпенен қартайдым,
Көтере алмай тәнамды.
Өлгенім де жақсы еді,

Көргенше күнде азарды.
Өлшеулі өмір бітпейді,
Бермеді Тәңірім ажалды.
Таң сарғайып атарда,

20. Көрұғлы шошып оянды.

Ат шаптырып Шанбілге,
Жинады барлық адамды:

– Шағдатқа барып келгенше

Хан қойдым, халқым, тағамды.
Өлімге басты байладым,
Алдымыз тұман, қараңғы.
Дұшманды тақтан құлатып,

Әкелем жаудан анамды.
Ала алмасам кегімді,

30. Дүние-мүлкім, Шанбілді

Көруге маған арам-ды.
Сиынғаным Құдірет,
Жәрдемшім шілтен бабам-ды.
Райхан араб, Қызылбай

Әскермен келді жиналып
Есіткен соң хабарды.
Үш жүз мың қосын аттанды,
Асынып қару, құралды.

Шағдаттан сөзді айтайық, 40. Қоя салып бұларды.

Айтайын енді сөзді Шағдат жақтан,
Бір күні сарайында ұйықтап жатқан.
Түсінде үш жолбарыс ауыз салып,
Құлатты падишаны алтын тақтан.

Қашамын деп құлап қалды жантайып,
Шағдат ханның қойды пәтін тойтарып.
Түсте көрген қатты азарын ұмытпай,
Қайғыменен Шағдат тұрды теңселіп:

– Түс жорушы шақыр мыстан анамды,

50. Жолбарысқа тістеттім түсте тәнамды.

Келді мыстан құлақтарын жамылып,
«Палымды ашып байқайын, – деп, – шамаңды».
Жауырынмен ашты мыстан қурасын,
Біраздан соң айтты палдың турасын,

Әрбір түрге түсін бұзып мақаммен:

– Қиыншылық көрер, Шағдат, бір басың.

Бір кездерде мыстан басын шайқады,
Біраз жерден болжап және байқады:

– Үш жолбарыс – түрік елдің батыры,

60. Хараб етер сіздің халық, тайпаны.

Бұл палыма толып жатыр түскен кеп,
Раушанды сатып алған Ғаждамбек.
Әскер жиып көп дұшмандар келеатыр,
Қамыңды же, әскер жина, жатпа тек.

Қайраты артық баһадүрдің біреуі,
Шілтен қолдап шылауында жүреді.
Қанша қосын жер майысып келеатыр,
Олар келсе аш бөрідей тиеді.

Осылай деп мыстан кемпір жылады, 70. «Шағдатхан патшам, енді шаруаң тынады.

Сіздер түгіл, біздерге де қауіп» деп,
Естен танып етбетінен құлады.
Біраз жатып мыстан көзін ашады,
Шағдат қорқып қатты, жаман сасады.

Мың кісіге Сайпар ханды шығарып,
«Шөлде қыр» деп, өкіметін шашады.
Мың кісімен түсті Сайпар бұлақтан,
Асу-белден жол келетін ұзақтан.

Бұл дұшмандар жата берсін жол тосып, 80. Ендігі сөз Көрұғлы мен арабтан.

Бал Ғиратпен шәкпір тартып келеді,
Жарақтанған қайтпас қайсар ер еді.
Асқар белден асып төмен түскенде
Тосқан жауды бұлар дағы көреді.

Өңкей батыр атты қойды шалықтап,
Қызылбастар көріп қалды анықтап.
Садақ тартып Сайпар батыр бұйырды,
«Бас тартсаңдар өлтірем, – деп, – айыптап».

Мың кісіге «ат, – деп, – Сайпар бұйырды, 90. Оңай жеңіп аламыз, – деп, – қиынды».

Тартты садақ дұшман залым сығалап,
Қардай борап оқ жаңбырдай құйылды.
Қарсы шауып келді түрікпен ерлері,
Найза, қылыш дұшмандарға сермеді.

Қолма-қолтық араласты батырлар,
Шаң-тұманнан бірін-бірі көрмеді.
Қорықпады қырық жігіт садақтан,
Оқ тигізбей сақтады Хақ жаратқан.

Шамалы адам шаһид болды оқ тиіп, 100. Қарсы шапқан түрікпен мен арабтан.

Сайпар батыр қамшы басты атына,
«Қалмаймын, – деп, – бір айқаспай қапыда».
Найза, шоқпар қабат ұстап қаһарман,
Белде қылыш жарқырайды қынапта.

Ұрайын деп қолына алды шоқпарын,
«Түрікпеннің қырамын, – деп, – топтарын».
Қызылбай ер садақ тартып өкпеден,
Мұрттай ұшып құшты Сайпар ат жалын.

Қарсы келген қылышпенен шабылды, 110. Қол көтеріп қызылбастар бағынды.

Қаруларын дұшмандардың жиып ап,
Айдап келді пенде қылып залымды.
Келіп қонды қайнап жатқан бұлаққа,
Ат шалдырды майса біткен құраққа.

Бір қызылбас байлағаннан босанып,
Қашып келіп хабар берді Шағдатқа:

– Жаудан қашып сізге хабар бергенім,

Анық көрдім жүз кісінің өлгенін.
Бастығы оның Көрұғлы мен Қызылбай,

120. Ондай ерді бұл дүниеде көрмедім.

Әскері көп, күннің көзі тұтылған,
Аттары да нағыз тұлпар ұмтылған.
Сайпар ханды садақ оғы өлтірді,
Қара басым жаудан қашып құтылған.

– Байқадың ба қанша екен шамасы?

– Аспан мен жер тұтасқандай арасы.

Есебінің қанша екенін білмеймін,
Тақсыр ханым, қандай болар шамасы.
Мұны естіп Шағдат қатты қысылды,

130. Мазмұнына айтқан сөздің түсінді.

Ақылдасып, халқын жиып Шағдат хан:

– Көрсетің, – дер, – жауға аямай күшіңді.

Меһрам айтты: – Көрұғлыны өлтірсем,
Палуандарын сізге байлап келтірсем.
Сонда маған не бересің, тақсырым,
Ойыңдағы мақсатыңды бітірсем.

Шағдат айтты: – Не десең де берейін,
Қайратыңды халық алдында көрейін.
Ел қорғаушым, жаным ортақ батырым,

140. Сертті орында, мұнан артық не дейін.

Жеңгеніңді көзімменен мен көрсем,
Ар-намысты қырып-жойып әперсең.
Баста бағым, тұрса тағым астымда,
Арманым жоқ дұшманымнан соң өлсем.

Жар салдырды Шағдатханың қалаға,
Бұйрық берді, ат шаптырды далаға.
Он жеті мен елу бестің арасы,
Келсін дейді қарамасын балаға.

Келді әскерлер Шағдатханға жиылып, 150. Қара бұлтай қабақтары түйіліп.

Қылыш, найза, садақтарын арқалап,
Шоқпарлары таудай болды үйіліп.
Шағдат патша қайғыланды күйініп,
Қаруланды әскерлері киініп.

Көрұғлы да жақын келіп бекінді,
Жаратқан мен пірлеріне сиынып.
Қызылбай мен Көрұғлы бек, Райхан,
Ақылдасып демін алып тыңайған.

Көп әскерді Қызылбайға тапсырып, 160. Атқа мінді жәрдем сұрап Құдайдан.

Анасына түнде шықты сайланып,
Дұшман-жаудың алдын ала ойланып.
Шабуылдап Ахметбек пен екеуі,
Тау ішімен қала сыртын айналып.

Жүрген жері дұшмандардың аралы,
Өзі көрген, кеткен жерін табады.
Екі батыр қарап жүрсе таба алмай,
Жылап жүред сол уақытта Бабалы.

Мұны естіп шауып келді маңына, 170. Кез боп қалды Бабалының малына.

Қорқып қалды ат дүбірін есітіп,
Дұшман ғой деп келе жатқан тағы да.
Сәлем беріп Бабалыға таныпты,
Амандасып құшақтасып қамықты.

«Раушан мен Ғаждам аман бар ма?» деп,
Мұңын айтып Көрұғлыға шағыпты.
Бабалы жылап зарланған:

– Көрмедім қызық жалғаннан,

Кеткелі дерек болмады 180. Раушанбек пен Ғаждамнан.

Басымда еркім болмады,
Күн көре алмадым бұл жаудан.
Көргенім, қалқам, рас па,
Кездестің қалай бұл таудан?

Көрұғлы айтты: – Жасыма,
Нелер келіп, не кетпес
Ер жігіттің басына.
Әскермен келдім аттанып,

Жолдасым көп қасымда. 190. Анамды барып көрейін,

Кетіп ем қашып жасымда.
Сал құлақ сөзге, жан аға,
Тұрмайық бекер далада.
Сіздерге аман қосылдым,

Мал деген бастан садаға.
Тағдырдың басқа жазғанын
Көрмеске пенде бола ма.
Жүріп кетті түн жарымда үшеуі,

Анасының үйіне кеп түседі. 200. Күләйімнен сүйінші сұрап Ахметбек,

Сөз білетін, жол бастайтын кісі еді.
Мұны естіп ұшып тұрды Күләйім:

– Рас па көрсеткенің, Құдайым?

Қарағымды көзіме бір көрсетші,
Ат пен түйе ал, сені ырза қылайын.
Үйіне келді Көрұғлы
Көзінен жасы төгіліп.

Құшақтады анасы,
Қабырғасы сөгіліп.

210. Есінен танды Күләйім,

Қысылып өкпе демігіп:

– Түсім бе деп қорқамын,

Көзіме тұрсың көрініп.
Мен бір өлген кісі едім,
Қайғымен жатқан көміліп.
Сүйіп жатыр баласын,

Қармақтай белі бүгіліп.

– Тірлігімде көрсет деп,

Жад етіп едім Алланы. 220. Сізден тірі айрылып,

Анаңның жауда қалғаны.
Тастан ауыр жүкті әкеп,
Үстіме менім салғаны.
Кәзір өлсем, арман жоқ,

Алдыңда жақсы алғаны.
Баласын сүйіп бейшара,
Кемпірдің бітті арманы.
«Ғаждамбек, Раушан бар ма?» деп,

Кемсеңдеп тағы жылады, 230. Сөйлеуге келмей дәрмені.

Ахметбек айтты: – Күләйім,
Ұста еді сөзге мүләйім, –
Ғаждамбек тірі саламат,
Етпеңіз қайғы, уайым.

Раушан балаң қайтты деп,
Есіттірді Ахметбек,
Өзі алды Тәңірім Құдайым.
Мұны естіп Күләйім

Іштегі шерін қозғады. 240. Баласын естіп боздады,

Дұшмандар біліп қалар деп,
Даусын көкке созбады.
Көңілдік айтып Ахметбек
Мынау сөзді толғады:

– Неше адамдар кетті өтіп,

Артында қалып мал-жаны.
Патша өткен дүниеден,
Пайтақ пен қалып қорғаны.
Қорқыт қашып өлімнен,

250. Қанша жерге барғаны.

Көп күндер қашып жүріпті,
Оны да ажал алғаны.
Өлшеулі өмір біткен соң,
Алады тағдыр пендені.

Үгіт айтып Ахметбек жуатып,
Ақылдасты көшу жағын ұнатып.
Күләйімді түн ішінде көшірді,
«Дұшман сезіп қалар, – дейді, – таң атып».

Ауыр жүгін тастап кетті құлыптап, 260. Дұшман залым білмей қалды ұйықтап.

Күләйімді шетке әкеліп қондырды,
Жылқыларын қуып келді құрықтап.
Бұл ақылын жұрттың бәрі ұнатты,
Мінгізіпті әскерлерге құр атты.

Қос басына бөліп беріп сойғызып,
Жылқылардың бәрін сөйтіп таратты.
Соғысуға белді байлап тақ тұрды,
Ұстап алған пенделерін бақтырды.

Шағдатханның қаласына бармаққа 270. Атқа мініп, дабыл қағып сап құрды.

Ақылдасты Көрұғлы, Райхан, Қызылбай:
«Бас тартпаңдар дұшман туы жығылмай».
Райханға соғыс туын ұстатып,
Қарсы шықты ердің көңілі бұзылмай.

Жер майысып келді Шағдат әскері,
Қазандай боп Меһрам ердің бастары.
Екі жақ та дабыл қағып төніп тұр,
Жекпе-жекке енді соғыс ашқалы.

Ахметбек – түрікпеннің батыры, 280. Қолда найза, баста қалқан шатыры.

Шаһимат Шараб қызылбастан келіп тұр,
Қандай болар екен мұның ақыры.
Шағдат патша халқын жиып біріккен,
Текежәуміт Ахметбек – түрікпен.

Шаһимат Шараб ақырып тұр майданда:

– Тырнағымнан аман қалмас іліккен.

Ахметбекке бата берді сиынып,
Ортасынан Көрұғлы бек бұйырып.
Қарсы келіп екі батыр айқасты,

290. Найзаласты қабақтары түйіліп.

Сықырлатты итерісіп найзасын,
Бір-біріне етіп жатыр хайласын.
Қынабынан қылыш алды қос батыр,
Итерісіп қолдары әбден талғасын.

Қарап тұрды көзін салып екі жақ,
Ахметбекке жәрдем берсін Жаппар Хақ.
Қылыштасты екі батыр аянбай,
Қан тамшылап Шаһиматқа түсіп дақ.

Ұрды шоқпар Ахметбек басына, 300. Бойын жазып соқты күшін асыра.

Бас жарылып, ағып миға қан кетіп,
Жаны шығып құлады аттың астына.
Түрікпен, араб қақты шаттық дабылын,
Шағдат тартты қасірет-қайғы зәбірін.

Зымыран деген бір батыры бар еді,
Соған «шық» деп берді Шағдат әмірін.
Батыр Зымыран келе жатыр ақырып,
Ахметбекке зәрлі тілін батырып.

Шыдай алмай Ахметбек те ұмтылды: 310. «Күн бұрыннан былшылдайсың гәп ұрып».

Ат үстінен жұлып алды баладай,
Әй-шәйіне, анау-мынау қарамай.
Лақтырды алып келіп жартасқа,
Ұзынынан сұлап жатты анадай.

Жылдам өлді Зымыран батыр ауырмай,
Күйдіріп тұр Шағдатханның бауыры-ай.
Таһир батыр Шағдатханнан келеатыр,
Боран соққан қаһарланып дауылдай.

Таһир келіп Ахметбекпен айқасты, 320. Найза салып екі батыр байқасты.

Ат үстінен бірін-бірі итеріп,
Қылышпен де шапқыласып шайқасты.
Ахметбек пірлеріне сиынды,
Таһир ерді аттан алып үйірді.

Алып ұрып, басын кесті қылышпен,
Шағдат көріп өте қатты күйінді.
Ахметбекті Көрұғлы ер шақырды,
«Деміңді ал» деп, тігіп қойды шатырды.

«Жан аямай қаруыңды көрсет» деп, 330. Көрұғлы ер шығарды Әнуар батырды.

Шағдатханнан Канған шықты асығып,
«Өзімді-өзім жүрмеймін, – деп, – жасырып».
Айқай салып жетіп келді қасына,
«Түрікпендер, кеттің-ау, – деп, – масығып».

Келе салып ұрды Канған шоқпарын,
Шоқпар тиіп болды қалқан от-жалын.
Әнуарбек басы айналып әлсіреп,
Мақтандырды қызылбастың топтарын.

Басы айналып Әнуарбек тұрғанда, 340. Миға жетті дұшман залым ұрғанда.

Әнуарды аттан алып лақтырып,
«Келіңдер!» деп, мақтанып тұр майданда.
Мұны көріп Шағдат тұрды шаттанып,
Қызылбастар күліп жатыр топтанып.

Тасқа құлап қаза болды Әнуарбек,
Түрікпен, араб алып кетті ат салып.
Осыменен қасқарайып күн батты,
Елшілер кеп арасына сөз қатты.

Таң атқан соң соғыспаққа келісіп, 350. Екі жақ та қарауылда тек жатты.

Таң атқанда дабыл қақты екі жақ,
Майдан жерге келіп тұрды түзіп сап.
Канған келді қызылбастан майданға,
«Шапшаң кел» деп, қышқырып тұр салып дақ.

Түрікпеннен шықты бұған Мұхитбек,
Рұқсат алды Көрұғлыдан тұрмай тек.
Шабуылдап жетіп келді майданға,
«Канған ерден қайтайын, – деп, – алып кек».

Қараңыздар Мұхитбектің ісіне, 360. Қарамады Канған ердің күшіне.

Канған батыр көтергенше шоқпарын,
Қанжар ұрды Мұхит батыр ішіне.
Жарып өтті Мұхитбектің қанжары,
Судай ақты өкпесінен қандары.

Аттан ауып омақасып құлады,
Өліп кетті Шағдатханның шонжары.
Дабыл қақты түрікпен, араб шаттанып,
Меһрам батыр өзі шықты аттанып.

Тоғыз қабат сауыт киіп үстіне, 370. Ақырып тұр майдан жерде мақтанып.

Бойы ұзын Меһрамбектің шамасы,
Өте жалпақ екі иықтың арасы.
Дәу қазандай үлкендігі басының,
Жарты аршындай әр саусақтың саласы.

Пілге мініп келіп тұрды қозғалмай,
Денесі үлкен, түсі суық тажалдай.

– Ажалыңа асыққаның, тез кел, – деп,

Қапы қалма, түрікпен, араб, арманда-ай.
Көрген жерді таңырқатып қаратқан,

380. Бойы тұла қаруланған жарақтан.

Қарсы ұмтылды «тәуекел, – деп Мұхитбек, –
Пана бол деп жалғыз өзің, Жаратқан».
Мұхит батыр ұрды қанжар бүйірден,
Қанжар батпай қармақ болып иілген.

Аттан алып Мұхитбекті лақтырды,
«Ауқаттанып қайтып кел, – деп, – үйіңнен».
Қызылбастар дабыл қағып шырғатқан,
Меһрам батыр ашуланып тасқа атқан.

Мұхит батыр дүниеден кетті өтіп, 390. Алып қайтты адам келіп арабтан.

Меһрам айтты: – Көрұғлыбек, кел өзің,
Мендей ерге бере алмайсың сен төзім.
Ілгеріде шауып алып еліңді,
Ойдырғанмын Раушанбектің мен көзін.

Бір қалаңды қиратқанмын еңсеріп, –
Айқайлап тұр майдан жерде белсеніп,

– Қызың күң боп, ұлың құл боп сатылған, –

Мақтанып тұр майдан жерде теңселіп.
Меһрамның өтті сөзі сүйектен,

400. Көрұғлының қаны қайнап жүректен.

Шауып кетті бес қаруын байлап ап,
Көп ісініп . . . . . . . . .
Шауып келді бал Ғиратпен жанына,
Шыдамай тұр намысы мен арына.

«Келсең, кел» деп пілдің басын бұрғанда,
Салды найза Меһрам ердің тәніне.
Салған найза белден сынды мүсіндей,
Қояр емес бірін-бірі түсірмей.

Алысумен қасқарайып күн батты, 410. Екі жақ та шамын жақты өшірмей.

Сатырлатып найзаларын қағысты,
Найза батпай қармақ болып майысты.
Шоқпармен де ұрды кезек аянбай,
Қолдан келген хайлаларын тауысты.

Таң атқанша екі батыр ұрысты,
Шапты аямай бір-біріне қылышты.
Белден сынды талай қару шыдамай,
Аю, қабылан, арыстандай жұлысты.

Сауыттың дал-дал болды жағалары, 420. Келмеді бір-біріне шамалары.

Көрұғлы сиынып жүр пірлеріне,
Қан аққан жарақаттан тәнадағы.
Хал кетіп екі батыр талып тұрды,
Жад етіп Көрұғлы бек налып тұрды.

Көп қуат Көрұғлыға пайда болып,
Шоқпармен Меһрамды мықтап ұрды.
Бас жарылып Меһрамбектен қан аққан,
Жәрдем етті Көрұғлыға Жаратқан.

Көрұғлыбек тартты садақ бүйірден, 430. Жарып өтті өкпе, бауыр, талақтан.

Кідірместен шапшаңдатып тағы атты,
Атқан оғын дәл жүректен қадалтты.
Пілден құлап жатты батыр теңкиіп,
Қуандырды түрікпен мен арабты.

Шағдат жылап жұлды сақал, шаштарын,
Төкті көзден қан аралас жастарын:

– Ел қорғайтын батырымнан айрылдым,

Мені, сірә, алмай қоймас дұшманым.
Шағдат жыртты пара-пара жағасын,

440. Келмейтінін білді енді шамасын.

«Әскерімнің бәрін жаппай болмас» деп,
Бұдан басқа таба алмады шарасын.
Екі жақ та демін алды болып кеш,
Шағдат ханнан шығып кетті ақыл-ес.

Таң атқан соң қалмай келді майданға,
«Жабылмасаң ала алмаймыз бұдан өш».
Соғыс туы Райхан араб қолында,
Барлық әскер Көрұғлының соңында.

Бұлар дағы қарсы ұмтылып ат қойды, 450. Олар дағы дайын тұрып жолында.

Қарсы ұмтылды екі жақ,
Жамыраған қойдай боп.
Біреуді біреу білмеді,
Қызылбас залым қандай көп.

Шапқыласты қылышпен,
Қандары ақты судай боп.
Шағдат хан көріп өлгенін,
Ашыды іші удай боп.

Бармағын тістеп шайнады, 460. Сақал-мұрты қудай боп.

Қарсыласып шабысты,
Әуеден түскен жайдай боп.
Өліктер қалды үйіліп,
Орылған пішен баудай боп.

Әскерінен айрылып,
Қу басы [қалды] жұрдай боп.
Қызылбай батыр өшігіп,
Қылышын тасқа қайрады.

Қарсы келген дұшмандар 470. Сойылған малдай жайрады.

Қашқандарын қуалап,
Желкеден салды найзаны.
Қылышпен шауып қиратып,
Дұшманның соры қайнады.

Шыдай алмай қызылбас
Қалаға қашып айдады.
Қуып жетіп қырық жігіт
Талайын ұстап байлады.

Қашатұғын жер таппай 480. Тауысты Шағдат хайланы.

Қаптай шауып көп әскер
Көшеде қырды салдатты.
Қорғанын бұзып Көрұғлы,
Ұстап алды Шағдатты.

Екі көзін ойып ап,
Бірнеше күн зарлатты.
Азар беріп өлтіріп,
Шаңырағын қаңыратты.

Бабалыны хан сайлап, 490. Халықты жиып теп-тегіс,

Бабалыға қаратты.
Бас уәзірі Шағдаттың,
Аты Бандүр Шаһман-ды.
Раушанбекті өлтіртпей

Сұрап алған осы еді,
Атасына айтты рахматты.
Көп дүние беріп қолына,
Бас уәзірге сайлатты.

Шаһман қызы Шәмсия, 500. Бабалы соны ұнатты.

Некелеп қосып екеуін,
Ойын-күлкі, қызойнақ,
Тамаша деген боп жатты.
Жылап жүрген Бабалы ед,

Мінгізді бұған пайтақты.
Ұстады мыстан кемпірді,
Тоймайтын ләпсің мынау деп,
Аузына құмды құйдырды.

Жамандық қылған осы еді, 510. Алдына мұның келтірді.

Буындырып сүйретіп,
Шығады елдің шетіне.
Күйе жағып бетіне,
Ит пен құсқа жем қылып,

Көрұғлы жетті сертіне.
Есепсіз қызылбастан адам өлді,
Қамбалап жинап алып бәрін көмді.
Араб пен түрікпендердің өлгендерін

Құрметтеп, таза арулап жақсы көмді. 520. Көрұғлы Шағдатханда біраз жатты,

Соқтырды шешесіне рабатты.
Үстіне тастан әкеп күмбез салып,
Басына көктас қойып жазды хатты.
«Жақсылап осы анамды көріп тұр» деп,

Тапсырды бір кісіге инабатты.
Халықтың үлкендерін жиып алып,
Мінгізді астарына бір-бір атты.
Тапсырып Бабалыны халайыққа,

Сұрады қайтайын деп рұқсатты. 530. Халайық Көрұғлыға бата беріп,

Айтыпты рұқсат беріп рахматты.
Батырлар бетін түзеп қайтты елге,
«Нұр жауар деген сөз бар талапты ерге».
Бабалы Күләйіммен ризаласып,

Құрметтеп әкеп салды біраз жерге.
Күләйім айтты: – Риза бол, балам, маған,
Жоқ еді тілің тиіп көңлім қалған.
Өсіп-өн, өркенде, – деп, бата берді, –

Мен риза өлсем дағы, балам, саған. 540. Қош айтысып батырлар,

Жолға түсті жосылып.
Шат болып қайтты ауылға,
Дұшманның үнін өшіріп.
Күләйімді құрметтеп,

Үстіне торқа кигізіп,
Теңселген жорға мінгізіп,
Келеатыр елге көшіріп.
Қонған жерге тамаша,

Шарабын ішкен есіріп, 550. Асығыстап келеатыр,

Жатпайды ерлер шешініп.
Күн-түн қатып жүрген соң,
Мұнарасы Шанбілдің
Көрінді көзге шошиып.

Шаһарға жақын келген соң,
Астында тұлпар тұрмады.
Ауыздықпенен алысып,
Көкқасқа менен бал Ғират

Бұрыннан жүрген танысып. 560. Жарап қалған жануар,

Қарындары қабысып.
Біріне-бірі соқтықты,
Үзеңгісі қағысып.
Шауып келед қалаға,

Күліп-ойнап жарысып.
Аттан түсіп үш батыр,
Ғаждамның қолын алады,
Аман-есен қауышып.

Уайымдап Ғаждамбек 570. Қайғыменен отыр ед,

Ақылын әбден тауысып.
Жүгіріп келді ағайын
Амандасып танысып.
«Келдің бе аман, балам, – деп,

Жаратқан болсын панаң» деп,
Сүйіп жатыр Ғаждамбек,
Қозыдай маңырап табысып.
Сағынып қалған Ғаждамбек,

Көзінен жасы тамады. 580. Мұңайып біраз отырып,

Күләйімді сұрады.
Шағдат ханның өлгенін,
Күләйім көшіп келгенін,
Құлағына салады.

Шоқтығы шығып Ғаждамбек,
Жан-жағына қарады.
«Бабалыны хан қойдық,
Бағынды барлық адамы».

Көңілі тасып Ғаждамбек, 590. Жүрегі оттай жанады.

Күләйімді көрмекке
Атпен шауып барады.
Ғаждамды көріп Күләйім,
Аттан жерге құлады.

Ғаждамбек түсіп атынан,
Басын сүйеп жылады.
Күләйім талып, ес жиып,
Көзінің жасын бұлады,

Құшақтасып тұрады. 600. – Аман ба, Ғаждам, қосағым?

Көрген соң сізді босадым.
Кәзір өлсем арман жоқ,
Ұлғайып жасты жасадым.
Дұшманнан қайттым кекті алып,

Дариядай шалқып тасамын.
Көрұғлым аман тұрғанда,
Дұшманды белден басамын,
Дүниенің бәрін шашамын.

Ғаждам айтты: – Күләйім, 610. Қосылдық бүгін саламат.

Әлі есімнен кетпейді
Шағдаттан көрген ғазабат.
Етікпенен су кештім,
Басыма түсіп аламат.

Шүкірлік еттім Аллаға,
Көрұғлым болды азамат.
«Сабырдың түбі – сары алтын»,
Кешегі өткен Раушанбек,

Ішінде кетті-ау жарақат. 620. Бақытты болсын Көрұғлым,

Көрсеткен бізге рахат.
Күләйімді Ғаждамбек келді үйге алып,
Амандасты түрікпен халқы жиналып.
Бірнеше күн ат шаптырып той жасап,

Бесті ат мінді жамбы атқандар бәйгі алып.
Палуан шығып әр ауылдан күресті,
Жығыса алмай көп алысып тіресті.
Жібек шапан, жыққандары тай алып,

Кәриялар алып жатыр үлесті. 630. Ән шырқап сауық етті шалып дутар,

Жиналып ойнап жатыр қыз бен ұлдар.
Бәйгеге мұнан кейін көп ат қосып,
Қарақшы қадап қойды, тігіп тулар.
Жаратып өңкей тұлпарды,

Дәйекшілерге айдатты.
Түн жарымда кеткен ат
Бесін кезде шаңдатты.
Көкқасқа мен бал Ғират

Алдына бір ат салмайды. 640. Әкесін сыйлап жануар

Бір қадам алға озбайды.
Қызылбай қосқан тарлан ат,
Ілесіп бұл да қалмайды.
Озамын деп Көкқасқа,

Маядай мойнын созады.
Аспанға шықты тозаңы,
Сыйламаса бал Ғират
Әкесінен озады.

Тарта-тарта балдардың 650. Алақаны тозады.

Тартқанына бой бермей,
Төрт аяғын созады.
Қарақшыдан бірге өтіп,
Шалдардың бәрі жылады.

Жыламасқа болар ма,
Шыққан соң айқай ұраны.
Қызылбай қосқан тарлан ат,
Үшінші болып бұл да өтті,

Тыңламай сай мен жыраны. 660. Жалғасып келді он бес ат,

Өзгесі қалған шаба алмай,
Желуге келмей дәрмені.
Он сегіз ат бәйгі алды,
Бөліп алып көп бала,

Халықтың көңілі тынады.
Сонымен той тарқатып, кетті тарап
Райхан Қызылбай мен рұқсат сұрап,
Бәйгіге алған малын үлестіріп,

Айрылды ойнап-күліп, ішіп шарап. 670. Райхан Қызылбайды алып келді,

Құрметтеп сыйлап жатыр Қызыл ерді.
Райхан Қызылбайға бір сөз айтып,
«Аралап біздің елден қыз ал» деді.
Ағасы Райханның Мәлік Дарап,

Қызылбай қыз алмаққа етті талап.
Бар еді Мәлік Дарап жалғыз қызы,
Жігітті жақтырмаушы ед қырын қарап.
Сол қыздың аты еді Зина Дарап,

Қызылбай ұнатыпты соны қалап. 680. Сол кезде он сегізге жасы жеткен,

Айрықша көркем еді түлкі тамақ.
Аққұба, құралай көз, пісте мұрын,
Қиғаш қас, жазық маңдай, лебізі шырын.
Нәзік бел, сүйрік саусақ, нұрлы жүзі,

Сипаттап тауыса алмаймын қыздың түрін.
Райхан, Мәлік Дарап кеңес етті,
Дарап та жақсы кісі ед адал ниетті.
Зинаның бірнеше күн тойын жасап,

Ұзатып Қызылбай ер алып кетті. 690. Қызылбай Зинаны алып келді елге,

Батырдың кетті даңқы талай жерге.
Үш батыр тізе қосып бірлікпенен,
Бақыты асып кетті күннен-күнге.
Әуезхан, Асанханды тартып алып,

Атанды аға сұлтан Шанбілбелге.
Ағажүніс, Гүлнар, Мысқал сұлуды алып,
Көрұғлы күйеу болған перілерге.
Көп жасап Көрұғлы бек жетті жүзге,

Сонда да шығып жүрді жапан түзге. 700. Безерген, Қалдарханды жеңіп алып,

Жүргізген ағалығын сондағы елге.
Жер жүзіне жайылған,
Түрікпен елдің батыры.
Өзінен перзент болмады,

Тумады пері қатыны.
Әуезхан мен Асанхан,
Екеуі өгей баласы,
Осылай болған ақыры.

Осымен сөзді бітірдім,
Өзім де шаршап бітілдім.
Айып етпе, жолдастар,

712. Келіспесе айтымы.

КӨРҰҒЛЫ СҰЛТАН ӨЛЕҢІ

Әйла медет, Жаппар Хақ,
Сөйлесін деп біздерге
Беріп едің тіл мен жақ.
Бір қиссаны аяқтап,

Тамам етіп кетейін,
Жар болса егер әруақ.
Неше болып таралған
Бұл өзбектің баласы.

Түрікпен халық ішінде 10. Ат пенен ердің сарасы.

Қазақпенен бұлардың
Әуелден-ақ бір екен
Ата менен анасы.
Түрікпеннен шықты Толыбай

Тұлпар мініп, ту алып.
Ерлігіне сүйеніп
Халқы жүрді қуанып.
Ерегіскен дұшпаннан

О да жүрді кек алып. 20. Мұның ұлы Шағалы,

Шағалының баласы
Патша болды Мұңдыбек.
Дұшпанға қылып ерлікті,
Кәпірден бұл да алды кек.

Пайғамбардың діні үшін
Қызылбаспен соғысты
Қарап тұрмай бұлар тек.
Арзрумда соғысып,

Жаулармен неше тоғысып, 30. Басын жойды бұл ерлік,

Жанды қоймас қырғын кек.
Жамағаты зар жылап,
Жесір қалды Алтыншаш.
Бота порым, ақ мамық,

Өзі сұлу, қолаң шаш,
Сұлулығы соншама
Көрген адам болар мас.
Бұрын тапқан бала жоқ,

Құдіретке қылар шара жоқ, 40. Жүкті болып бейшара,

Отыз бірде қалды жас.
Біраз уақыт өткен соң,
Алтыншаш бір күн ауырды.
Шақырып алды жанына

Бозұғландай бауырды.
Күні-түні жатады,
Ауруы жанға батады.
Есінен алмай жад етіп

Жаратқан Жаппар Қадірді. 50. Сүйген құлы риза-дүр

Құдайдың салған ісіне.
Әуел бастан тамамдап
Кіріп еді қырық шілтен
Сол күні мұның түсіне.

– Алла салды, дариға-ай,

Ғазиз басқа, не пәрман?
Толғатып бала тудырмай,
Ішімде кетті-ау көп арман.
Көргенім өтірік болмаса,

60. Ертеңгі күн өтермін.

Хақ бұйрығы осылай,
Нағып ылаж етермін.
Тоғыз ай, он күн көтерген,
Аһ, дариға, арманым

Көңілім кетті тына алмай.
Бұл қасіреттен жазылып,
Белімді бекем буа алмай.
Үміткер болған қуанышым

Бойымда кетті туа алмай. 70. Өзімменен ішімде

Бірге кетті арыстан.
Текежәуміт халқына
Болса керек данышпан.
Несібесін тілеген

Құрсақта жатып алыстан.
Атқа мініп, ер жетсе
Маңына келмес бір дұшпан.
Бір айдан соң табармын,

Ұмытып кетпе, шырағым, 80. Ашып ал көрден баланы,

Айналайын, Бозұғлан,
Менімен болсаң туысқан!
Бозұғланға мұны айтып,
Жұмды көзін Алтыншаш.

Құдіретіне Алланың
Сұнып мойын, қойды бас.
Жаназа оқып, кебіндеп,
Апарып қойды молаға

Ағайын, қауым, қарындас. 90. Апасының айтқанын

Анық расқа қоя алмай,
Қылмады мұны жұртқа паш.

КӨРҰҒЛЫНЫҢ КӨРДЕ ТУЫЛҒАН ЖЕРІ

Көр ішінде туғызып,
Жан беріп жисмін тебірентті.
Ғаусыл ағзам қырық шілтен
Мейізден қылған шәрбатты.

Сүт шығып ана төсінен
Бір-біріне емірентті.
Төстен бұлақ ағызып,

100. Көрұғлыны жағызып,

Бірнеше күн, жыл өтті.
Жеті жасқа келгенше
Үйретіп әрбір өнерді
Өткерді бастан міндетті.

Моладан шығып жүретін
Көрұғлы бекке күн жетті.
Қайрат күші бойына
Көрұғлының сыймайды.

Далаға шықпай тұруға 110. Еш тақаты болмайды.

Дүйсенбі күн тал түсте
Моладан шығып ерігіп,
Жалғыз жүріп ойнайды.
Бұл уақытта бала ғой,

Жалғыз ойын керегі.
Көрінгенге талпынып
Ұмтылады жүрегі.
Әлі күнге мұның жоқ

Емшектен басқа қорегі. 120. «Шәмбілбелдің мынау шәрі» деп,

Тас-топырақтан қорған қып
Тілеген сонда тілегі:
«Айналайын, Құдайым,
Айтқанымды қош көрші.

Дүниенің қызық сәулетін
Сатусыз маған бос берші.
Түрікпеннің жұртына
Аға сұлтан патша қып

Жаратқан Жаппар Ием-ай, 130. Жүз жиырма жыл жас берші.

Мал сойып жинап жұртымды,
Ақсақалдан бата алсам.
Ишан мен жиып қожаны,
Дұғасы мен хат алсам.

Түрікпенге ие боп,
Артымда қалып атағым,
Дүниені кезіп жұрт алсам,
Көрұғлы сұлтан атансам.

Сұр бұлтпен аспандағы ойнасам, 140. Кәпірлерді алдыма сап айдасам.

Шапса қылыш, атса мылтық өтпесе,
Жүз мың жауды айдаһардай жалмасам.
Аждаһадай ақырып,
Арыстандай ойнасам.

Бір Құдайдан қылар болсам үмітті,
Дарбазам болса алтын кілтті.
Өзім дүние кезіп, жұрттан асқан ер болсам,
Қасыма ертсем аждаһадай қырық бір атты жігітті.

Қасыма ертсем аждаһадай жандарды, 150. Құл қып сатсам қызылбастай жауларды.

Қырық жігіттің ортасында жүргенде
Құлатар ем дүниеде биік тауларды.
Белге байлап аспаһани болатты,
Көкке қарап қарғытып мінсем Ғиратты.

Түрікпеннің халқын жинап, хан болып,
Өлгенімше жағып өтсем шырақты.
Құдай үшін мешіт үйді салдырсам,
Көһи Қаптан құс сұлуды алдырсам.

Қартайғанша жаудан қайтпай жүрегім, 160. Жүз жиырма жасқа жетіп болдырсам.

Мен бір өтсем қатарыммен, теңіммен,
Болсам батыр дұшпан жүрмес шенімнен.
Қатын алсам перизатты періден,
Оймақ ауыз, күлім көзді сұлудан.

Көрұғлының шілтен болсын достары,
Перизаттың қалам болсын қастары.
Перзент тумас болса оның өзінен,
Болсын оның он төрт жаста жастары.

Шілтен пірім, сен емессің құлақсыз, 170. Атқа мінсем іс қылмаспын тұрақсыз.

Дүниеде перзент берме, қайрат бер,
Өліп кетсем ризамын тұяқсыз.
Шәмбілбелге соқтырсам алтын шаһарды,
Асқар таудай көрінсе биік мұнарлы.

Әр қақпаға мыңнан атты байлатсам,
Зер кекілді, мойыны алтын тұмарлы.
Кәпірлерге мен көрсетсем жұмысты,
Жүз мың жауға бермес болсам тынысты.

Түрікпеннің бар ұстасын жинатып, 180. Аспаһани соқтырсам өткір қылышты.

Алтын таққа салдырсам түрлі өнерді,
Әр қылыштың болса тіллә кемері.
Ешбір арман қалмас еді-ау көңілде,
Кәпірлерге қылсам түрлі өнерді.

Бір Құдайға қылсам әр күн тәубаны,
Сыйлап күтсем жасы үлкен ағаны.
Қырық жігітпен арақ-шарап ішетін,
Алтыннан жасатсам майхана орданы».

Көрден шыққан жері

Көрұғлы сұлтан бүлініп, 190. Туғаннан жауға өшіккен.

Пендесі құр қалмайды
Тәңірі жазған несіптен.
Бақыты ашылса біреудің,
Ғайыптағы нәрселер

Өз-өзінен кіреді
Домалап келіп есіктен.
Сөкпеңіздер айыптап
«Келтірді, – деп, – нешіктен?».

Мына бір жерін айтайын, 200. Апаның сөзін ұмытып,

Бозұғлан ер кешіккен.
Кешіккенін айтайын:
Бозұғланның бар екен
Ақбілек деген бір жары.

Сол күндегі адамнан
Артық екен ажары.
Соңынан ерген әуре боп,
Мал мен басын ұмытар

Оған түссе назары. 210. Кәпірлерден әр жерден

Іздеушілер көбейді.
Қашпаса егер бір жаққа,
Таянғандай секілді
Бозұғлан ердің ажалы.

Күйген таудың басына
Ақбілекті алып жөнелді,
Мінгені Қара тұлпары.
Қиядан көздеп іледі

Қолындағы сұңқары. 220. Ауламаққа көп екен

Құлан, құлжа, арқары.
Елсізге шығып дем алып,
Дұшпандардан алыс боп,
Қасіреті біраз тарқады.

Есептесе сол кезде
Жетпіс екі ай, жыл өтті.
Арқар, құлжа аулаған
Ақбілек пен Бозұғлан

Күйген тауды жайлаған. 230. Алтыншашты ұмытып,

Айтқан сөзге бармаған.
Апасының Бозұғлан
Айтқан сөзін ұмытты.
Етегінен Күйгеннің

Бір құланды қуыпты.
Құлан ұзап кеткен соң,
Сахара майдан даладан
Көп молаға жолықты.

Аң аулап жүр Бозұғлан 240. Сахара майдан даладан.

Өте берді гулетіп
Көп зиратты моладан.
Жалаң аяқ құм басқан,
Бір адамның ізі бар

Тым-ақ үлкен шамадан.
Тартты аттың тізгінін,
«Зияраттың ішінде,
Неғып жүр, – деп, – бұл адам?».

Апасының айтқаны 250. Есіне түсті сол кезде.

Жақсы адамның сөзінің
Болмас, сірә, іреуі.
Жер мен көктің бар ма екен
Ортасында тіреуі?!

Моланы батыр таныды,
Апасының тапсырған
Есіне түсті сол кезде
Қақсаған зарлап тілеуі.

Із иесі аң емес, 260. Байқаса, бөтен жан емес.

Өліктен тірі жан шықпас,
Құдіретке ғажап таң емес.
Байқап енді білді ойлап,
Көрде туып, көрде өскен

Көрұғлыдай жиені.
Зар етіп Хаққа қылды зар,
«Өлмесе менің болар, – деп, –
Алды-артымның сүйеуі.

Жапанда өскен тағыға 270. Қашан бір қолым жетеді?

Бере көр, Құдай, маған» деп,
Ұстауға талап етеді.
Түсіре алмай қолына
Арада төрт ай өтеді.

Қарасын көрсе алыстан
Жуықтатпай маңына
Жытып бір қашып кетеді.
Көрмегені жақсы екен,

Көріп бір қолы жете алмай, 280. Бозұғланның жүрегін

Ғашықтық оты өртеді.
Сандалды батыр далада,
Астына мінген тұлпары
Арыды қуып жете алмай.

Баладан әбден түңіліп,
Қайғыдан белі бүгіліп,
Қиып бір тастап кете алмай.
Төрт айдан соң Бозұғлан

Қайтты бір үйге түңіліп. 290. Бар хайласын тауысып,

Қалды күндей үңіліп.
Үйіне қайтып келген соң
Бозұғланды көрген соң,
Ақбілектей асыл зат

Алдынан шықты жүгіріп.
Бозұғлан сонда сөйледі:

– Сенсің менің Ақбілек,

Сүйген жарым, алғаным.
Қайтсем менің басылар

300. Көңлімдегі арманым?

Моласынан апамның
Бір тамаша ер көріп,
Күзетіп соны қалғаным.
Түсіре алмай қолыма,

Қапалықпен келіп тұр
Екі етегім көл болып
Көзден аққан жасыма.
Қоршаған бұлт сықылды

Зор қайғы орнап басыма. 310. Зарығып, жүдеп келіп тұр,

Тірі емес, бүгін өліп тұр,
Ауырлап жүгін «бақ!» етіп
Шөгіп бір қалды нарларың.
Есіктің алды қар ма екен

Қатар-қатар нар ма екен?!
Бір перзентке дүниеде
Бізден де ешкім зар ма екен?!
Арманы не екен дүниеде

Алдында бардың ағасы, 320. Артында бардың інісі,

Тетелес өссе баласы.
Алды-арты жоқ жалғыздың
Болмайды еш құн-бағасы.
Дұшпан келсе жалақтап,

Шабасың қайда далақтап?
Төрт болса көзің алақтап,
Мұнан қиын бар ма екен?!
Сор болар тұзың, еңбек еш,

Жаныңды қи да дария кеш. 330. Ұстап алсам қарағым,

Болар еді-ау сүйеніш.
Ақбілектей алғаным,
Саған бір қолқа салғаным,
Табарың бар ма бұған еш,

Қалай соны ұстармын?
Күйгенімнен көп сөйлеп
Ерте күнді қылдым кеш.
Сонда Ақбілек сөйлейді:

– Молада жүрген тағыға

340. Болдың ба мұндай ынтызар?

«Шын тілеген пендеге
Болар, – деген, – Алла жар».
Әр пенденің басында
Бола бермес мұң мен зар.

Биік тауда қар жатқан,
Жүк қалмас жолда нарға артқан.
Қақсатып қанша зарлатқан
Сүйген құлын Бір уа Бар.

Ашылар бір күн жүйесі, 350. Мұңайтып қоймас иесі.

Құдіреті күшті Құдайдың
Бір жарылқар күні бар.
Мен айтсам сөздің мақұлын,
Ұстайтын оның ақылын.

Алма деген жемістен
Көп қылып сонда алып бар.
Тастап кетсең әр жерге,
Теремін деп жүргенде,

Ілікпес пе екен ақсұңқар?! 360. Көр ішінде тудырған

Алланың қалай пәрмені?!
Жалғыздықтан кетіп жүр
Бозұғланның дәрмені.
Бітейін деп келеді

Тарыққан ердің арманы.
Теріп алып көп қылып
Бір бұтаны тасалап,
Әр жерге әкеп тастады

Қызықсын деп алманы. 370. Көрден шығып Көрұғлы

Алмаға жатқан қарады.
Қолына алып алманы
Сонда аузына салады.
Тәттісі жеген батырдың

Көңіліне әбден жарады.
Еш нәрседен хабарсыз
Далада өскен батырың
Бір-бірлеп теріп үстіне

Бозұғланның барады. 380. «Қарағым, кел!», деп ұмтылды

Көргеннен соң Бозұғлан.
Зып беріп бала жөнелді,
Құлашын жайып созылған.
Жерге басқан іздері

Жол боп жатыр қазылған.
Шаңына қалды ере алмай,
Қосылса да жақыннан.
Барса көрге Көрұғлы,

Есігінің алдында 390. Жатыр екен арыстан.

Тұрар емес шошынып,
Адасты батыр ақылдан:

– Кейін қалды адамзат

Менімен атпен жарысқан.
Өкпем күйіп шошынып,
Келіп тұрмын алыстан.
Жаумысың өзің, елмісің,

Кембісің өзің, теңбісің?!
Жөніңді айтшы сен маған,

400. Қалайшадан бұл жерде

Жатырсың келіп, арыстан?
Ұстай ма деп қауіп етіп
Адамзаттан қашамын.
Жаулықпен келсең сен маған,

Тырп еткізбей басамын.
Опыр-топыр ұйқалап,
Кәжік-күжік құйқалап,
Қабырғаңды күйретіп,

Жемтігіңді сүйретіп, 410. Екпініңді басамын.

Еркелемей былай тұр,
Көз салып маған мойның бұр.
Іздемесең қалың сор
Орнымды бер, арыстан!

Сонда арыстан сөйледі:

– Жау болуға жарамас,

Көрген жан сенің қараңды.
Танытуға мен келдім
Артыңда қуған ағаңды.

420. Мұнан былай емуге

Анаңның сүті арам-ды.
Нағашыңмен танысып,
Жаяулықтан құтылып,
Арғымақ мініп жарысып,

Дүниеге шығып, қорек қыл
Мұсылманға бұйрықты
Ләззатты халал тағамды.
Білдір деп мені жіберген

Қырық шілтен, Ғайып бабаң-ды. 430. Кіріп көрге көрісерге

Рұқсат жоқ анаңды.
Артыңнан қуған, таны енді,
Бозұғландай тағаң-ды.
Көрұғлы сонда сөйледі:

– Ей, арыстан, дүниеде

Мен жүзіңді көрмеспін.
Айрылсам ана сүтінен
Тірі де болып жүрмеспін.
Жалғаншы сенің сөзіңе

440. Анығын білмей ермеспін.

Өтірік пірлер айтпаса
Жүз жиырма жасамай
Жалғанда жаудан өлмеспін.
Жөніңді айтып білдірші,

Мен сені бұрын көргем жоқ,
Кім екенің білмеспін.
Сонда арыстан сөйлейді:

– Ендеше, баян етейін,

Көріп тұрған күніңмін. 450. Жаныңды раушан ететін

Хош иісті гүліңмін.
Кедергі болып асырмас,
Дұшпанға тартар беліңмін.
Қапаларыңды шығарар

Көңілдегі желіңмін.
Көр ішінде неше жыл
Балапандай баулыған,
Жалғанда бақ пен талайың

Қолдаушы Ғайып піріңмін. 460. Көргеннен соң батырдың

Піріне көңілі бітеді.
Төменшілік жүзімен
«Рұқсат бер» деп, өтініп,
Көп кішілік етеді.

Осылай сөйлеп тұрғанда
Қара атпенен сабалап
Бозұғлан ер де жетеді.
Талқан қылып тау-тасты

Қашуменен Көрұғлы 470. Шөгірлі таудан өтеді.

Қанатты Қара тұлпарға
Бір көрсетпей қарасын
Адастырып кетеді.
Бозұғлан жад етіп

Бір Құдайға жалынды.
Астындағы тұлпары
Қара терге малынды.
Қайғы түсіп көңіліне

Көзден жасы құйылды. 480. Пірлерден медет болмаса,

Ұстар ісі қиын-ды.
«Сал мұны түзу жолға, – деп, –
Түсіре көр қолға» деп,
Бозұғлан сонда зарланып,

Пірлерге жылап сиынды.
Қарсы алдынан жел тұрып
Соқтырды қара боранды.
Дүниенің тола шөп-шары

Балаға келіп оралды. 490. Аяққа бөгет боларлық

Әр нәрсе кеп килігіп
Теп-тегіс басы құралды.
Ауызға өкпе тығылды,
Алдынан шыққан қатты жел

Бір бастырмай аяғын.
Ғаусыл ағзам, қырық шілтен
Себепкер боп мүдіртіп,
Аяғын тұсап кідіртіп,

Тау мен тасқа сүрінтіп, 500. Дымы құрып жас бала

Бір жерге кеп жығылды.
Жатқан жерін көрген соң,
Шаршағанын білген соң,
Ұстайын деп түйілді,

Даярлап жібек киімді.
«Ашумен салып қалар, – деп,
Бір салса басты жарар», – деп,
Қусырып қолын әдеппен

Алдына келіп иілді. 510. Көрұғлы сонда сөйлейді:

– Адамзат маған пар ма еді,

Бір жетім пана таппастай
Дүние құрығыр тар ма еді?
Еркіме менің қоймастан,
Шешемнен қуып шығарып,

Осынша жер қашсам да,
Шаршамадың бір қалып.
Қашқанды қоймай еркіне,
Неге мұнша қыстадың?

520. Шаршап түсте қуғаннан

Кешке кеп зорға ұстадың.
Осыншама қуғандай,
Алды-артымды буғандай,
Көзімнен аққан бұл жасым

Өкшемді болды жуғандай.
Менде кеткен, адамзат,
Әкеңнің құны бар ма еді?
Бозұғлан сонда сөйлейді:

– Сенен басқа менің жоқ

530. Бұл уақытта тілегім.

Зәредей жоқ көңілімде
Сен үшін, қозым, іреуім.
Жалғыздық түсіп басыма
Серік қыла алмай шаршадым

Түрікпеннің біреуін.
Нағашың жүр қан жұтып,
Болмаған соң зар етіп
Алды-артымда сүйеуім.

Көрде туып, көрде өскен 540. Сен болмасаң, қарағым,

Көрұғлыдай жиенім.
Бала да болса Көрұғлы
Алыс емес жақынын
Ақылмен ойлап біледі.

Жеті жаста Көрұғлы
Ақсұңқар құстай түледі.
Талаптары ойлаған
Енді ретке келеді.

– Бұл сөзіңе нанбаймын,

550. Білсең айтшы, адамзат,

Жалған айтпай, шыныңды айт,
Менің әкем кім еді?
Бозұғлан сонда сөйлейді:

– Басыңды қос, шырағым,

Екі жерде жүрмелік.
Сұрасаң баян етейін,
Мен нағашың, жетімек.
Арзрумда соғысып,

Жаулармен неше тоғысып, 560. Ойран еткен әр жерге

Сенің әкең, Мұңдыбек!
Батырға түсті ақыл-ды,
Жақсы адамның маңайы
Күнде болар жиын-той.

Бір қиял кірді есіне,
Бар гәбін баян еткенсін
Кідірсін мұның несіне?
Пірлері келіп дәл сол күн,

Әуел бастан тамамдап, 570. Көрұғлыдай баланың

Кіріп еді түсіне.
Жар болса Тәңірім құлына
Даяр қылар керегін.
Көрұғлының Бозұғлан

Байлаған шешті білегін.
Көзінің жасын тыя алмай,
«Болды» деп қабыл тілегім.
Бозұғландай батырдың

Көңілінен қайғы арылды. 580. Мінгескен соң екеуі

Арам тер жүрген бойында,
Қара тұлпар шабылды.
Неше жыл бағып өсірген
Піскен қауын жарылды.

Жүз мың жауға беретін
Жалғыз өзі төтеп те,
Арыстан мұнан табылды.
Қауіпсіз жүрген дұшпанның

Кең дүниесі тарылды. 590. Моладан өте бергенде

Көрұғлы бек, арыстан
Бозұғланға жалынды:

– Тілегім бар, нағашы,

Қабыл көрсең тілейін.
Рұқсат берсең, анамды
Не халде екен, білейін!
Жансыз тәнін пида қып,

Асырап еді шешекем,
Барып тағы көрейін,

600. Екі төсін иіскелеп,

Мауқым басып аймалап,
Кешікпей, таға, келейін.
Кеткенім ғой арманда,
Көре алмаспын жалғанда,

Емшегін бір жол емейін!
Бозұғлан сонда сөйлейді:

– Болып тұрсың, қозым-ау,

Жалғанда менің шынарым.
Бұл жалғанда қалайша

610. Басылар менің құмарым.

Қайғыменен қан жұтып,
Бірнеше күндей байланған
Екі көзде жанарым.
Дұшпаным көп, қорқамын,

Қашып жүріп күн көрген
Күйген тауда тұрағым.
Тапсыр Хаққа, қайтесің,
«Келмейді» деп қорқамын,

Жібермеймін, шырағым. 620. Көрұғлы сонда сөйлейді:

– Қайран, ғазиз анам-ай,

Дүние жүзін әуес қып
Барады кетіп балаң-ай.
Жеті жыл жатып жаныңда
Қорек алып төсіңнен

Жол тартып енді барам-ай.
Ықтиярым жоқ басымда,
Оқымағыл бәддұға,
«Кетті,– деп, – тастап қарамай».

630. Шарасыздан барамын

Тағамның сөзін қия алмай,
Қайрылуға жарамай.
Көрұғлыны алып жөнелді,
Күйген таудың басына.

Бозұғланның көңілі өсіп,
Аға-інілі екеуі
Ақыл қосып, жөндесіп,
Күйген тауға келеді

Тұлпарға қара мінгесіп. 640. Асығып шауып келеді,

Жолыққанша сұлуға
Ақбілектей кездесіп.
Ақбілек пен Бозұғлан
Мекен еткен неше жыл

Күйген таудың дарасын.
Бітіруге келеді
Көңілдегі жарасын.
Қарап тұрса Ақбілек

Мінгесулі екі ердің 650. Көрді алыстан қарасын.

Екі көзі үңілді,
Көрейін деп жүгірді
Жиені мен тағасын.
«Өтірік пе, шын ба?» деп,

Зар етіп Хаққа келеді,
Қолымен ұстап жағасын.
Сүйіп жатыр иіскелеп,
Көзінен ағып қанды жас,

Көрұғлыдай баласын. 660. Мекен еткен неше жыл

Ақбілек пен Бозұғлан
Күйген таудың басында.
Көрұғлыдай арыстан
Екі зарлы, мұңдыға

Ермек болып қасында.
Шаттық кіріп көңіліне
Тыныштық алып жатады
Біраз уақыт осында.

Жанды аямас Бозұғлан 670. Енді өзіне тигеннен.

Мінді атқа желігіп
Көңілі қайтпас сүйгеннен.
Көрұғлы қызық көрсін деп,
Аң қумаққа Күйгеннен.

Жаннан қайтпас жүрегі
Қайратына сенгеннен.
Қара дамыл бермеді
Неше күндей мінгеннен.

Бозұғлан жанын қойып тұр 680. Көрұғлыдан аяуды.

Алыс емес аңдыған
Дұшпаны жақын, таяулы.
Келе жатқан сенделіп,
Кербиеге қос артқан

Бозұғлан көрді көзімен
Қырық бір жүрген жаяуды.
Көргеннен соң Бозұғлан
Үйіне қайтып шабады.

Астындағы Қараны 690. Екі жақтап сабады.

Көңілі жаман шошынып,
Мекен еткен жайына
Шабуыл қойып барады.
Бозұғлан келіп сөйлейді:

– Ей, шырағым, қайдасың?

Қырық бір дұшпан мен көрдім,
Сен таппасаң айласын.
«Қараға мінсең «Алла!» – деп, –
Іздеген жауың қайда?» деп,

700. Алдыңда бәрі жайрасын.

Ғаріп болған нағашың
Батыр туған ерінің
Көреді қашан пайдасын?
Атқа мінсең, бағланым,

Жүз мың дұшпан болса да,
Мен білемін қоймасың.
Мен болайын дұғада,
Кәміл пірлер қолдасын,

Қарағым бүгін ойнасын. 710. Бес қаруды іл беліңе,

Тырнақалды сапарың,
Бір Құдайға аманат,
Жауды қоспа үйіріне.
Кеудеден жанын айырып,

Таянт қолын бүйіріне!
Түсуге жаудың соңына
Оңар емес бұл күнде
Қарсы келген жолына.

Қараға мінді арыстан, 720. Несібесін тілеген

Құрсақта жатып алыстан.
Атқа мініп ер жетсе,
Маңына келмес бір дұшпан.
Баруға бетін түзеп тұр

Жолдас алмай жанына.
Көрұғлы сонда сөйлейді:

– Бозұғландай нағашым,

Әр тарапқа бұл күнде
Бүлініп тұр ойларым.

730. Жүз мың дұшпан болса да

Білмейсің бе, тағам-ау,
Жиеніңнің жайларын!
Тірі болсақ көрерміз
Қызылбас пен қалмақтың

Неше түрлі «тойларын».
Бозұғлан сонда сөйлейді:

– Сөзімді тыңда, шырағым,

Сақтасын Құдай, сақтасын.
Құдіретімен Алланың

740. Кәлам түсті аспаннан.

Мынау садақ қалыпты
Рүстем менен Дастаннан.
Ер жігіттің көп болар
Жау ішінде хайласы.

Ыбрайым Халелдің
Соққан мынау найзасы.
Сұраған соң, шырағым,
Баян етпек дұрыс-ты.

Мұнан былай асқан соң 750. Түзетерсің жүрісті.

Атаңыз өткен ер Дәуіт,
Саған кеткен қалдырып
Сауыт пенен қылышты.
Көрұғлы сұлтан қуанып,

Есітті мұны сүйініп.
Жау дегенсін талпынды
Аш бүркіттей түйіліп.
Бес қаруды асынып,

Сауытты алды киініп. 760. Сансыз дұшпан болса да

Қамайын деп иіріп.
Бозұғлан сонда сөйлейді:

– Көрұғлыны тапсырдым,

Я, Кәрім, я, Иләһи,
Ғаршы-күрсі, Лаух-қалам,
Мүлігіңде-дүр барша ғалам,
Қозыма бергіл сен жары.

Бағланым жауға жөнелді,
Бұл дүниенің сардары.

770. Сұлтаным қашан келгенше

Осы орында қозғалмай,
Нағашыңның тұрғаны.
Жауымды жаулап беретін,
Сен жанымның қорғаны.

Жолдасың жоқ қасыңда
Барасың жалғыз, жетімек.
Ғайыптан қолға түсіріп
Ақбілекпен екеуміз

Шүкіраналық етіп ек. 780. Көңілін пәс қып қайтармай,

Я, Мұхаммед пайғамбар,
Бере көр бізге бір тілек.
Мұсылман аз, көп кәпір,
Сала-дүр қозым заманақыр.

Қозыма бергіл сен жары,
Омар, Оспан, Әбубәкір!
Тозаққа кетер кәпір жаны,
Жад етемін, Жаппар, сені.

Дұшпандарға қор қылма деп, 790. Тапсырдым, я, хазірет Әлі.

Мұсылманға кәпірлер қас,
Қозымның көңілін қылма пәс.
Жәрдем бергіл, қырық шілтен,
Ғаусыл ағзам Қызыр, Ілияс.

Қараменен жөнелді
Екі жаққа сабалап.
Шошынар емес тұрса да
Жүз мың дұшпан қамалап.

Күйген таудың басында 800. Отыр екен қырық бір ер,

Әрқайсысы мислә шер,
Салса көзін шамалап.
Көзін салып байқаса,
Ойда біреу келеді

Тас бұршақтай домалап.
Сапабек деген бір ері
Бар еді мұның ішінде,
Есебі жоқ күшінде,

Тоғысқанда жаулармен 810. Мың санға өзін бағалап.

Жолдасына сол шақта
Сапабек тұрып айтады:

– Болады бүгін бір ермек,

Беті қайтар ер емес,
Алайын деп келеді
Жеті жасар жүгермек.
Ал енді біздер қашайық,

Күйген таудың басына.
Бір жерде тұрып өлмейік,

820. Қолдан намыс бермейік.

Қашып бәрі жөнелді,
Күйген тауға тырмысып,
Жоғары өрлеп басына.
Кербие қалды байлаулы,

Жүгі қалды жайраулы,
Олжа боп таудың тасына.
Басына түсіп уайым,
Жаннан басқа нәрсені

Ерлер қойды тілеуді. 830. Көрұғлы жетсе артынан,

Бұлардың орны сайлаулы.
Көрұғлы шауып сол шақта
Кербиеге барады.
«Тырнақалды олжам» деп,

Маңдайына тәу етіп,
Анықтап белгі салады.
Қашқан ерді иіріп,
Бір жерге әкеп қамады.

Құтылмасын білген соң, 840. Сапабектей асыл зат

Қол қусырып батырдан
Сауға деп жанын сұрады.
Құлақ салса сөзіне
Сапабектей асыл зат

Ұнады ердің көзіне.
«Тар жерде жолдас болар» деп,
Көзін салып қарады
Батырлардың жүзіне.

«Сұраған өзің қырық жігіт 850. Жолығар, – деп, – дәл бүгін»

Түсіне кіріп пірлері
Айтып еді өзіне.
Аттан түсіп Көрұғлы
Көріседі ерлерге.

Ел-жұртынан айрылып,
Жиһан кезген шерлерге.
Ғайыптан мұны кез қылған
Риза болды пірлерге.

– Қырық жігітім, серігім,

860. Аманат қоям бұл жерге.

Бес жылдан соң беліңе
Алмас қылыш байлатып,
Арғымақ ат сайлатып.
Қос-қос дабыл қақтырып,

Түрікпен халқын бақтырып,
Құс салып сайран етерсің
Һауадақ деген көлдерге.
Сапабек сонда айтады:

– Бұйрық болса Алладан,

870. Жолдас болып ерерміз.

Қалай жатып Күйгенде
Жаяу нағып жүрерміз?
Сұлтаным, айтқан сөзіңе
Шарасыздан көнерміз.

Бес жылғаша бұл жерде
Ішетін ас болмаса,
Киер киім болмаса,
Қалайшадан жүрерміз?

Біздерге рахым етсеңіз, 880. Кербиені тастап кетпесең,

Біз күмәнсіз өлерміз!
Көрұғлы сонда сөйлейді:

– Бұл аштықтың жолына

Түспеңіздер, нарларым,
Туған шығар, иншалла,
Жұлдыздарың оңына.
Көрұғлының, Сапабек,

Кәміл піріне жыласаң,
Арқар, құлан, киіктер

890. Өзі келіп шуласар

Ұстатып даяр қолыңа.
Саятшы қып тапсырдым
Қырық шілтен бас қосқан
Ғайып Ерен, Ілияс,

Басымды беріп тапсырдым.
Қозғалмастан жата бер,
Тәуекелден бас бұрма.
Талапқа белін буғандар,

«Далада аштан өлем, – деп, 900. Уайым-қайғы қылмаңдар!

Айтқанымнан бұрылып,
Бөтен жаққа бармаңдар,
Бөтен істі көңіліңе
Жігіт болсаң алмаңдар!

Бес жыл деген бес-ақ күн,
Уағададан танбаңдар.
Аманат қып тапсырдым
Сіздерді бабам ер Қамбар,

Пірлерім болса медеткер, 910. Ететұғын не қам бар?!

Кербиені алып жөнелді,
«Аман бол, – деп, – Сапабек!».
Өзі тірі тұрғанда
Дұшпандарға кетпес кек.

Бұл уақытта екпіні
Буырқанып, бұрсанып,
Мұздай темір құрсанып,
Қозғалтқандай жер мен көк.

Бозұғлан үйде жылайды: 920. «Бірер жауға сыналмай,

Мінді, – деп, – атқа ертерек».
Көрұғлы келді үйіне
Өсіп бір келді көңілі,
Іздеген жауды бұқтырып.

Нағашысын қуантып
Көңіліне шаттық көп кіріп.
Өзіне атын тапсырып,
Жата берді Көрұғлы

Жеңгесінің жанында, 930. Кербиені бақтырып.

Атасы өткен Мұңдыбек
Тұлпар мініп, ту ұстап.
Қозғалмаған табаны
Жалғанда жаудан жылыстап.

Жеткізіп қойған Құдайым,
Көңілге алған нәрсесін
Орны-орнымен дұрыстап.
Бозұғлан үйде жоқ еді,

Сырттан келіп бір адам 940. Жөн сұрайды дауыстап.

Райхан патшаның айтқаны:

– Қоңыраулы қатар-қатар нар бар ма,

Сөз айтпаймын ақымақ туған заңғарға.
Қалдарханның бәшасымын – Райхан,
Бұл ордада мен сөйлесер жан бар ма?
Мұны естіп Көрұғлы батыр сүйінді,

Қамқа тонды тал бойына киінді.
«Сөйлесуге саған жарар мен бар» деп,
Үйден шыға тысқа қарай жүгірді.

– Аға, сенің танымаймын затыңды,

950. Рас айтпай, өтірік айтқан – қатын-ды.

Саған берген аман-есен сәлемім,
Астыңдағы түсіп берші атыңды.
Көрген жерден көңіліне әбден жарады,
Екі көзі ішіп-жеп атты барады.

Үстіндегі Райханмен ісі жоқ,
Шыр айналып атты анықтап қарады.

– Ат таныған мұның өзі қандай бек,

Сатпай саған ат беремін қалай тек?
Көзің тиер Ғиратыма, қарама,

960. Жеті жасар көрден шыққан жүгермек!

– Кетесің бе көзім жасын ақтырып,

Мінер ме еді Ғиратыңды бақтырып.
Аға, маған басы бүтін бермесең,
Кер биеме кетсең қайтер шаптырып?!

– Үйге барып патша екенім білдірсең,

Айдын көлден лашынға қу ілдірсең.
Ғиратымның орамалы сол болсын,
Құшақтатып жеңешеңді сүйдірсең.
Мұның сөзін қабыл көрді Көрұғлы,

970. Алаңғасар ердің ісі белгілі.

«Сүйгізбекке Райхандай патшаға,
Тұрмын, – дейді, – жеңгем, сені бергелі».

– Жан жаратып сурет еткен Құдайым,

Жаңа шықты көңілімдегі уайым.
Ақ бетіңнен бір сүйгізсең нең кетер,
Кер биеме бір шаптырып қалайын.

– Бір ғапылық бізден бүгін өтпесін,

Білдім енді мені көрмей кетпесін.
Ат үстінен ала мені жөнеліп,

980. Тақымына қысып алып кетпесін.

– Сен шықпасаң, жеңгем, жүзің көрмеймін,

Тірі болып бұ дүниеде жүрмеймін.
Мен тіріде, жеңгем, қылма уайым,
Өзім өлмей сені жауға бермеймін.
Жиенінің көңілін қимай ұялып,

Түрегелді алма мойны бұралып.
Шыға келді ақ орданың ішінен
Таудан қашқан ақ түлкідей шұбалып.
[Көрұғлы тұр Ақбілекті тапсырып,

990. Райхан тұр ішкі сырын жасырып.

Неше жылғы ғашығы еді Ақбілек,
Ала қашты арғымағын шаптырып.]
Бір кеткен соң келер ме енді қайрылып?
Жаяулықтан қала берді қан жылап.

Балалықпен бұл қулықты аңдамай,
Жеңгесінен қапыда қалды айрылып.
«Мына дүние маған болды бүгін тар,
Құда досты, я, Мұхаммед пайғамбар,

Аңға кеткен нағашыма көрсетпей, 1000. Қазір менің жанымды алшы, Бір уа Бар.

Адам болып мен жүремін не халда,
Айрылып қап сорлы болдым арманда.
Аңға кеткен нағашыма көрсетпей,
Жеті жаста аманатың ал, Алла!».

Ғират ізі жол боп жатыр қазылған,
Әзел күнде осылайша жазылған.
Бұл жылаумен Көрұғлы бек тұрғанда
Бірнеше аңмен келді аңнан Бозұғлан:

– Бір қапалық балалықпен өтті ме,

1010. Аңдып жүрген дұшпанның көңілі бітті ме.

Мен келгенде неге жүгіре шықпады,
Алла қосқан Ақбілегім кетті ме?

– Төрт күн болды мен айрылып жатқалы,

Жиеніңді қарғап Құдай атқаны.
Жеңгетайым жоқтай көрме, нағашы,
Жиеніңнің бір айғырдың тұқымына сатқаны.

– Сүйген жарым үшін болған мен мұңдық,

Қапаланып еш болмайды бұған дық.
Жеңге түгіл, жаным саған құрбандық,

1020. Айғырынан алсаң тұқым арман жоқ.

Құлын тапса Ғират қылып мінерсің,
Есен болсаң ұзақ дәурен сүрерсің.
Сен тіріде уайым қылман, шырағым,
Аман болсаң өзің алып келерсің.

– Аспанда бар Үркер менен Таразы,

Қиқу салар тауықтардың қоразы.
Бұ сөзіңе көңілім менің шаттанды,
Жан нағашым, жаңа болдым мен разы.
Кербиенің толғатуы

Күні бітіп жеткен соң, 1030. Кербие бір күн толғатты.

Ішіндегі жануар
Шығара алмай Ғиратты.
От оттамай, су ішпей,
Дамылсыздан аунапты.

Отыз күндей дөңбекшіп
Ешбір тыным болмапты.
Шыдай алмай Көрұғлы
Аяңдап үйге барыпты.

Аспаһани қанжарын 1040. Қолына батыр алыпты.

«Құлыншағым жазым боп,
Тұншығып өліп қалар» деп,
Жұқа шаптың тұсынан
Бисмилла деп салыпты.

Қиғаш қамыс құлақты,
От орындай тұяқты,
Бір назбедеу ішінен
Шауып шықты жануар,

Бейне тұлпар сияқты. 1050. Ерге берді бір тілек,

Жеткізді атқа Құдірет.
Ойлағаны болған соң
Батырға енді не керек?
Бір көк ала Ғиратты

Алды қолға жетімек.
Бозұғлан кетті шапқылап
Өрдегі жатқан жылқыға.
Күн-түн жүріп дамылсыз

Шәмбілдің шықты беліне. 1060. Жылқы салған жағалай

Һауадақтың айдын көліне.
Мұнан айдап жөнелді
Жылқысынан белді деп
Бөліп алып жүз бие.

«Ғиратыңды еміз» деп,
Күйгенде жатқан дулатып
Айдап бір келді еріне.
Қой көтерер семізді,

Қатқанда бетін кім баспас 1070. Түпсіз терең теңізді!

Құндаққа орап Ғиратты,
Жас балаға ұқсатып
Тілегенін жегізді.
Күні-түні қосақтап

Бір өзіне Ғираттың
Жүз биені емізді.
Тәрбиелеп бағумен
Құлын тайдан бұл асты.

Құнан жаста Ғиратқа 1080. Көрген адам қарасты.

Дөнен жаста Ғиратқа
Бейне пырақ атындай,
Салған әбзел жарасты.
Жеңгесін батыр қумаққа,

Бес жасына қарамай
Жалына батыр жармасты.
Асықса да рұқсатсыз
Пірлерден медет болмас-ты.

Бір көргенше жеңгесін 1090. Көрұғлы батыр тұрмас-ты.

Жарқылдатып байлады
Беліне гауһар алмасты.
«Арманда ғапыл қалдым» деп,
Өлгенше естен қалмас-ты.

Жолыға алмай піріне
Жүгіре-жүгіре далада
Табандарын тас тесті.
Ғайып Ерен, қырық шілтен,

Шөгірлі тауда кездесті. 1100. «Қалдарханға барам» деп,

Рұқсат сұрап пірінен,
Сол жерде батыр сөйлесті.
Пірлері сонда сөйлейді:

– Бір шапқан соң Ғиратты

Ала алмассың тоқтатып.
Әр орында жүрмес бұл,
Ешбір серік жоқтатып.
Күн-түн жүрсең тоқтамас,

Алғайсың, жаным, ұмытпай, 1110. Отыз күнде бір оттатып.

Берді бата пірлері,
Шығатұғын кез болды
Ат пенен ердің терлері.
Жаудан қайтпас жүрегі

Нағыз осы күндері.
Жалғанда жоқ кездескен,
Екеуінің теңдері.
Бұл сөзімнің ішінде

Ажар мен жоқ өңдері. 1120. «Ақбілекті ізде», деп,

Бата берген теп-тегіс
Көрұғлының пірлері.
Пірлерінен бата алып,
Ғиратқа мінді арыстан.

Ойламайды қалар деп
Қатар шапқан жарыстан.
Балдырғандай майысқан,
Жез қармақтай қайысқан.

Он үш жасқа жетпей-ақ, 1130. Жау іздеген алыстан.

Көрсетпей күшін Ғираттың
Кім қорқады дабыстан?
Бозұғланға тапсырды:

– Шәмбілге қарай айда, – деп

Елді аударып қоныстан.
Бас қосып адам болыңдар,
Қай уақытта келемін,
Аузы түкті орыстан?

Мен тіріде, Бозұғлан, 1140. Кемдік болмас басыңа.

Ақбілекті көргенше
Өмір берсін жасыңа.
Күйген таудың басында
Қырық жігітім менің бар,

Сапабекке сәлем айт,
Ертіп ал соны қасыңа.
Бозұғлан сонда сөйлейді:

– Жаратушы, я, Жаппар,

Көрұғлы үшін қылдым зар. 1150. Жүзі жарқын, беті ашық

Бергіл бұған ықтияр.
Мен тапсырдым қозымды,
Үш жүз он үш мұрсалдар,
Сайыпқыран сардары

Жары бергіл, я, Хайдар.
Өзіңнен медет болмаса,
Біз ғаріпте не хал бар?
Жүрген жері қозымның

Болсын дәйім гүлістан. 1160. Аман болса, дұшпанға

Салса керек зымыстан.
Мен қозымды тапсырдым,
Я, Қожа Ахмет Иасауи,
Жатқан жайы Түркістан.

Барша пірлер, аманат,
Тар жол, тайғақ кешуде
Нашарларға болысқан.
Көрұғлы батыр жөнелді

Қарғытып басып, секіртіп. 1170. Астында Ғират ойнатып,

Сулығын жүген шайнатып.
Тұяқтан ұшқан тозаңы
Һауадақ көлін шаңдатып.
Үсті-басын шаң басты,

Күні-түні жол тартып.
Найзаның басын шоқтатып,
Бір жүріп Ғират кеткен соң,
Ала алмассың тоқтатып.

Керліктіріп келеді 1180. Айшылықты алты аттатып.

Тұяғы тиіп кеткенде
Тасты күл қып таптатып.
Ғират сынды жануар
Келе жатыр шаңдатып.

Белінде қару жарқылдап,
Райханға жүрді бет алып
Көз жіберіп қияға.
Қарауыл қарап, жер байқап,

Бір биік таудан асады. 1190. Жолдасы жоқ жанында,

Сөйткенмен кімнен сасады.
Ойына алмай дәнеме,
Ғиратқа қамшы басады.
Бет алдынан не келсе

Анадайдан қашады.
Көрұғлы батыр жау іздеп,
Шығып бір кетті елінен.
Жанды қара көрінбес

Сұлтанның жүрмес шенінен. 1200. Гулетумен барады

Дымсыздың өтіп көлінен.
Қарғытады Ғиратты
Таулы, тасты жерінен.
Өткелі жоқ өтетін,

Тұнжырап жатқан түбі жоқ.
Көркін деген бір судың
Соқты арыстан белінен.
Мақтайды батыр жалынып

Астындағы Ғиратты, 1210. Күдіре жалды, қыл құйрық,

Хайуан заттан сымбатты:

– Сен астымда жүргенде

Жай жүру маған қымбат-ты.
Құдайым бізге жазған жоқ
Тиыш ұйықтап жатпақты.
Жазған бір болғай маңдайға

Дұшпаннан кекті алмақты.
Осындай қиын жерлерде,
Айналайын, Ғиратым,

1220. Салсам бір саған салмақты.

Тәуекел деп Аллаға,
Астындағы Ғиратты
Көркіннен сонда қарғытты.
Баладай қылып өсірген

Көрұғлы батыр құндаққа.
Мінбек болып жау жаулап,
Жол үстінде қалмаққа.
Талай өткен жолы бұл

Қалдарханға бармаққа. 1230. Ерегіскен дұшпанға

Заманақыр салмаққа.
Ақбілекті айырып
Райханнан алмаққа.
Бес жылдан бергі серті бұл,

Әуелден-ақ дерті бұл,
Салмай көзін жан-жаққа.
Аспан-көкпен таласып,
Қарғып барып түседі

Сексен қадам ар жаққа. 1240. Жүгіртумен Көрұғлы

Келеді шаһар жанына,
Жайылып жатқан малына
Қарамайды көз салып
Бұлардың көп-азына.

Жөн сұрасып сөйлесті
Қой бағып жүрген қалжырап,
Кәріліктен балжырап,
Қартаңдау, болжыр тазына.

Әлқисса, сол шалды өлтіріп шаһар жаққа жүрейін деп тұрғанда Ғиратына сөйлегені:

– Он үшімде шығып едім соғысқа,

1250. Тіл білмейтін аузы түкті орысқа.

Мен келгенше, Ғират жаным, аман бол,
Берік болғын аспаһани қылышқа.
Қалдарханға жалғыз келген бұл басым,
Жалғыз сен боп Хақтан басқа жолдасым.

Бес қаруға, Ғират атым, ие бол,
Аунағанда түсіп бұлар қалмасын!
Бір ғапылық бүгін бізден өтпесін,
Жаяушылық түбімізге жетпесін.

Шілтен пірім, Ғиратыма мықты бол, 1260. Мен келгенше бір жау алып кетпесін. Көрұғлы сұлтан қолына таяқ алып, қойшы киімін киіп шаһарға келеді. Ақбілек Көрұғлыны танып сөйлескені:

– Жан жаратып сурет еткен Құдіретім,

Пайғамбардың артық сүйген үмбетім.
Аман-есен келдіңіз бе, асылзат,
Кейін қалған бізден жылап, перзентім.
Сен жалғызсың, мынау көп-дүр қызылбас,

Сен жылама, көңіліңді қыл қара тас.
Сен екенің қызылбастар білмесін,
Кейін тұрып, Көрұғлы бек, амандас.
Көңілімізден жаңа шықты қапалық,

1270. Жалғыз жүрген жау қолында мен мұңлық.

Өлсем Хаққа ризамын, мен көрдім,
Шыбын жаным саған болсын құрбандық.
Мәшһүр болған бұл халыққа дабысың,
Пірлерің мен Алла оңдасын жүрісің.

Көп кешікпей, Көрұғлы бек, кейін қайт,
Қандай күнде бітер екен жұмысың?
Сонда Көрұғлының айтқаны:

– Жермен-жексен қызылбасты етпекке,

Түп-түбіне кәпірлердің жетпекке.
Уағдан қалай, Ақбілектей жеңеше,

1280. Келіп едім алып сені кетпекке.

– Қызылбастар мазақ қылып күлмей ме,

Алла қайрат Көрұғлыға бермей ме?!
Сеніменен қашар едім бүгін түн,
«Өз байталын алып кетті» демей ме?!

[Әлқисса, Қалдарханның бір сұлу қызы бар еді, соны алып кет, маған екінші мәрте келерсің дегені:]

Талдап шашын он екіден өрейін,
Күн батқанша алдап қызды көрейін.
Ақшам уақты әзір болып тұр мұнда,
Шамам келсе, ертіп қызды келейін.

Осы жерде мен келгенше тұр дайын, 1290. Талабыңды қайтармасын Құдайым.

Онымен тең бұл дүниеде жан болмас,
Өзі сұлу, жұрттан асқан – Күләйім.
Ақбілек Көрұғлыны сөз байлаған жеріне қойып, Күләйімге келіп айтқаны:

– Қыз-ау бикеш, талдап шашты өрейік,

Қызғалдақ гүл Алтын бауда терейік.
Ағаң ұйықтап жатқанында, қыз бикеш,
Жан сүйсіне қызық көріп келейік.

– Бір ғапылық бізден, сірә, өтпесін,

Ағама жау түбімізге жетпесін.
Бұлай жүру бізге еп пе, жеңгежан,

1300. Қараңғыда бір жау алып кетпесін.

– Қыз бикештер талдап шашын өрер ме,

Қызғалдақ гүл Алтын бауда терер ме?!
Сенің ағаң Райхан күшті ер еді,
Маңайына дұшпан батып келер ме?!

– Жақсы лепес – жарым ырыс ырым-ды,

Оңашалап сұраймысың сырымды?
Сеніменен барар едім қосылып,
Айтсаң маған сонда ойлаған шыныңды.

– Бау ағаштан гүл терелік түн қатып,

1310. Жатқанменен не табамыз құр жатып.

Ойнап-күлер шағың осы, қыз бикеш,
Жүр, келейік біраз шерді тарқатып.

– Ақылы асқан менің жеңгем нар ма еді,

Ол айтқаның маған лайық пар ма еді?!
Ерік, әліме қоймай алып барасың,
Көрсет деген мені біреу бар ма еді?!

– Алтын-күміс Райханның қаласы,

Жазылмайды жүрегімнің жарасы.
Әнеу күнгі өзің айтқан жігітің,

1320. Көрсет деген Мырзабектің баласы.

– Барар едім, ендеше, оған сайланып,

Оянар деп тұрмын ағам ойланып.
Ағай білсе, бір-ақ күнде жоқ қылар,
Барсам дағы кешікпейін айланып.

– Ғашық болған сол жігітің өзіңе,

Қылма ........... мені соның сөзіне.
Көп тоқтатып мен қасына қоймаймын,
Бір көрініп қайтсаң болар көзіне.
Алып шықты алма мойнын бұралтып,

1330. Бау ағашқа жетіп келді түн қатып,

Он үш жасар Көрұғлы бек арыстан
Тұрған екен Ғират атын ойнатып.
Туды жұлдызы Көрұғлының оңынан,
Қараңғыда кім қуады соңынан.

«Мырзабектің баласы» деп, нандырып,
Алып келіп тапсырыпты қолынан.

– Аман-есен өз жұртыңды көргейсің,

Көп кешікпей іздеп мені келгейсің.
Қыз екен деп өзің бұған қызықпай,

1340. Бозұғландай нағашыңа бергейсің.

Нардай белі нағашыңның бүгілді,
Мен кеткен соң қабырғасы сөгілді.
Апарып бер осы қызды қолына,
Өзің бұған аудармай-ақ көңілді, –

деп қала береді. Таң атқан соң Ақбілек тұра сала кір жуып жатыр екен. Райхан түрегеліп үй ішінде жоқ болған соң, Ақбілекке «Күләйім қайда?» деп сұрап айтқаны:

– Тұра сала жан-жағыма қараймын,

Ерте тұрдың, қатын, сенен сұраймын.
Қарасам да көрінбейді бұл үйде,
Қайда кеткен қарындасым Күләйім?

– Үсті-басым жүдеп өзім кірлендім,

1350. Тұра сала жудым кірді-ермегім.

Жүзіқара түнде оянып жүр еді,
Төсегінде бар ма, жоқ па, білмедім.

– Аспаһани аш беліне ілгендей,

Он үшінде Ғиратына мінгендей.
Онан басқа еш дұшпаным жоқ еді,
Текежәуміт Көрұғлы бек келгендей.
Көрұғлыдан қусам айырып келермін,

Ғиратыма қайратпенен мінермін.
Көйлек-дамбал су қылыпсың, Ақбілек,

1360. Мен үстіме енді немді киермін?

– Бар деп айтсам, бегім, көңілің толады,

Жоқ деп айтсам, бегім, көңілің қалады.
Екі көрпе алды-артыңа ілдірсең,
Бірі камзол, бірі жейде болады.
Райханның қастарына келеді,

Бостау қылып екі көрпе іледі.
Ер ерттеп, Ғиратына мінеді,
Қос көрпені жалпылдатып жөнеді.
Құлақ салың Райханның сөзіне,

1370. Дөнен-бесті түсті Ғират ізіне.

Ертеменен қуып еді Райхан,
Нақ тал түсте көрініпті көзіне.
Көрұғлы бек Ғиратына айтқаны:

– Қаршығадай кеттім қызды ілдіріп,

Қарғы судан жүйріктігің білдіріп.
Зар жыласын артыңдағы Райхан,
Қызылбастың ішін кетші күйдіріп.
Мынау залым түскен екен соңыма,

Жұлдыздарым туған екен оңыма.
Ғаусыл ағзам, Ғиратыма бер медет,

1380. Ұстап берме қызылбастың қолына!

Көрұғлының көңілі тасып өседі,
Ғират қарғып Көркін судан өтеді.
Көрұғлы бек секірткенде Ғиратын
Қырық қадам ар жағына түседі.

Райхан келіп артынан атын қарғытып еді, алды қырға, арты суға түседі. Жете алмайтынын біліп Көрұғлыға дауыстап айтқаны:

– Астыңдағы Ғиратты

Басқа адамға бақтырма.
Жүз мың дұшпан болса да
Шаршайды деп тек тұрма.
Үстіне бір мінген соң

1390. Дамыл-тиыштық таптырма.

Қадірлей көр атыңды,
Қартайды деп күнінде
Бір байталға шаптырма!
Мен жете алмай Ғиратыммен қалғаным,

Өлгенімше іште кетер арманым.
Ғиратымның өз тұқымы жау болып,
Құрысын бүйтіп Ақбілекті алғаным.
Бір емшектес қарындасым Күләйім,

Қапыда өткен дүниеде бір уайым. 1400. Ағаң кетті екі көзі төрт болып,

Көргенімше қош-аман бол, Күләйім!
Зар жылатып екі көзім жас қылдың,
Ғиратымның өз тұқымы қас қылдың.
Көргенімше қош-аман бол, Күләйім,

Көрұғлыдай адам хорға тапсырдым, – деп қала берді. Көрұғлы аман-есен еліне келіп, Көрұғлыны түрікпен халқы хан көтеріп, ат қойды. Күләйімді Бозұғланға қосты. Түрікпен халқын жинап той-тамаша қылып, дабыл қақтырып, Шәмбіл деп шаһарына ат қойды. Көрұғлы сол уақытта көңілі толып айтқан сөзі:

– Қырық жігітім, сен қыларсың ерлікті,

Мен тіріде көрсетпеспін кемдікті.
Көрген адам әбзеліңе таң қалсын,
Масатыдан атқа тоқы терлікті.

1410. Қырық жігітім, әрбір талап ойлаңдар,

Жау дегенде жанған шоқтай жайнаңдар.
Қалдарханға талап қылды сұлтаның,
Тас кесетін алмас қылыш сайлаңдар.
Ұзақ берді Көрұғлыға өмірді,

Талай жігіт дәулетіне семірді.
Қырық екісі басын қосып бір жүрді,
Киіп алып өңкей болат темірді.
Ат құйрығын Ара шөлде өргендер,

Жау көрінсе берен сауыт кигендер. 1420. Қырық екісі басын қосып бір шықты,

Әрбіреуі жүз мың жауға тигендер.

– Бір ғапылат абайсызда өтпесін,

Жан қарсылық Бозұғланға етпесін.
Түрікпендей халқыма айтам өсиет,
Мен кетті деп алды-алдына кетпесін, –

деп, екінші қабат Райханға аттанған жолы сайын дала, елсізде келе жатып жігіттеріне айтқан сөзі:

– Баршамызда қаршыға құс, бидайық,

Бедеулерді оңашада сынайық.
Елсіз жерде ат өнері байқалсын,
Кел, жігіттер, ұзақ жарыс қылайық.

1430. Бедеулерге ерлер қамшы басады,

Бәрі кейін айдалада қалады.
Ғират мойнын көкке қарай созғанда,
Ұшқан құстың қанаты да талады.

– Құлақ салсаң, ей, жігіттер, сөзіме,

Жеті жаста кез болып ең өзіме.
Аялдаңдар Көркін судың басында,
Аман болсаң көрінерсің көзіме.

Солай деп жігіттеріне амандасып, сол жерде айтты: – Сендер маған ере алмайсыңдар. Мен Көркін судан Ғиратты секіртіп өтемін. Мен сендер келгенше қызылбастың талайын жайратармын. Аман болсам, қызылбастың қыз-келіншегін алдарыңа базарға салған малдай қылып айдатармын, – деп кете берді.

– Жан Ғиратым, басыңменен алыстың,

Тарта-тарта екі қолым қарыстың. 1440. Ағыныңа зорға шыдап келемін,

Әуедегі ұшқан құспен жарыстың.
Ғират айтты: – Патшаға хабар барыпты,
Сізден хабар қызылбастар алыпты.
Қоға таудың төбесінде тұр тоғыз мың,

Қарауылшы Райхан патша салыпты.

– Бір Құдайға бүгін қатты жылаймын,

Көлдей қылып көзім жасым бұлаймын.
Екі жетім қосылып ек жалғанда,
Ғират, сені осы жолы сынаймын.

1450. Жау дегенде мен жанымнан кешермін,

Түрікпенде Көрұғлыбек есермін.
Қоға тауға осы бүгін жетпесең,
Мен басыңды тап үш жерден кесермін.

– Аямастан сал қамшыңды өзіме,

Құлағың сал шын деп біліп сөзіме.
Намаздыгер, намазшамның кезінде
Жеткізермін Қоға таудың өзіне.
Есен-аман Көркін судан өткізді,

Көрұғлының көңілін Ғират біткізді. 1460. Намаздыгер болды-ау деген мезгілде

Қоға таудың дәл басына жеткізді.

Қоға тауға келіп, самсаған сары қолды көріп, аты жер тарпып тұрмаған соң жауға кірісуге ыңғайланып Ғиратына айтқан сөзі:

– Желпінбей жүйрік басылмас,

Желдетпей тұман ашылмас.
Таяқ тимей етіне,
Жара түспей бетіне,
Долданып батыр ашылмас.

Желігіп келген Ғиратым
Жер жүзі тола жау болса,
Мен үстінде жүргенде

1470. Жалғызын мұның қашырмас.

Астында Ғират жүргенде,
Жүз мың жауды көргенде,
Бір Құдайдан басқаға
Көрұғлы сұлтан бас ұрмас.

Кейін қалды қырық жігітім, ерлерім,
Шарап берген арыстандай шерлерім.
Қан төгілер осы бүгін кез болды,
Медет бергіл, Қызыр, Ілияс пірлерім.

Ұрысайын қызылбаспен жүз алуан, 1480. Сақтағайсың кәміл пірлер көп жаудан.

Бір өзіңе зар жылаймын сиынып,
Медеткерім медет бергіл, ер балуан!
Тірілікте көз бен тілге қылма шет,
Көп екен деп қайырмаймын жаудан бет.

Медет берші біздей ғаріп, мұңдыға,
Түркістанда я, Иасауи Қожа Ахмет.
Мен аспаннан лашын құстай түйілдім,
Жау дегенде қашан тоқтап тыйылдым?

Жан-жағымнан жар боп жүрген қолдаушы, 1490. Кәміл пірлер, баршаңызға сыйындым.

Бұ сөзді айтып бір Құдайды жад етіп,
Өңменінен кәпірлердің көзі өтіп.
Аралықта намаздыгер, намазшам
Кіріп барды ортасына сол жетіп.

Барған жері апыр-топыр болады,
Көргендері аттарынан құлады.
Қырық шілтен қолдаушысы болған соң,
Неткен адам бұған шыдап тұрады?!

Есітіңіз бұл қиссадан талай сөз, 1500. Ұрыс қылды ер Көрұғлы жиһанкез.

Қызылбастың өкшесін атқа бастырып,
Қалып жатыр ат астында неше жүз.
Мінген аты құсты ұшырмай басады,
Көзі көрген зәресі ұшып қашады.

Қарсыласар мұныменен бір жан жоқ,
Үріккен қойдай ұйлығысып қашады.
Ажалдысы кез боп өзі өледі,
Қырсықтысы тұпа-тура келеді.

Сілтегенде аспаһани қылышты 1510. Қызылбасты ортасынан бөледі.

Қызылбасты Тәңірім мұнша көп қылып,
Көп те болса жаратыпты шөп қылып.
Сирағынан ұстап алып кейбірін,
Кезек-кезек аспанға атты доп қылып.

Кейбіреуін жақпен көздеп атады,
Қолы тиген сеспей ғана қатады.
Жұдырықпен қойып қалса төбеге,
Ішек-қарыны ақтарылып жатады.

Тұла бойын шандып алған шарынып, 1520. Таусылмайды . . . тарылып.

Көрұғлының қайрат-күшін көрген соң,
Көбі өліпті жүректері жарылып.
Бірде-бірі маңайына келмейді,
Қалай қашып құтыларын білмейді.

Өліп жатыр қылар қайрат жоқтықтан,
Ерік өзінде болып ешкім өлмейді.
Ұрысады ер Көрұғлы арыстандай,
Қар бұзылып, көктемде су тасқандай.

Он төрт күндей ұрыс қылды Көрұғлы 1530. Бұрынғы өткен Рүстем менен Дастандай.

Қызылбасты қан қақсатып еңіретті,
Талайына татырды ажал шәрбатты.
Тап он жеті күн болғанда дамылсыз
Қоға таудың сай-сайынан қан кетті.

Саған өтірік, маған шындай әбден нан,
Таудан ақты сарқыраған қызыл қан.
Он жеті күн таң атқанда қараса,
Өлтіруге таба алмапты жалғыз жан.

Сонан бері тиыштық, дамыл алмапты, 1540. Өлтіретін жалғыз дұшпан қалмапты.

Аты сонда басыменен алысып,
Бес минутқа демалуға қоймапты.
Ер жігітке қарудың бар пайдасы,
Ат болмаса ердің болмас айласы.

Жерге шаншыса шыр айналып тұрмапты
Желкілдеген қолына алған найзасы.

– Кәні, маған айтсаңдаршы, жау қайда?

Жау бар болса аямайын тағы да.
Аттың әлі шабары бар он үш күн,

1550. Сенікі не, жындандың ба, ей, найза?

Сонда найза өз-өзінен тіл бітіп, боздаған түйедей күңіреніп, тыңдағанға бір түрлі үн шығарады:

– Жолдасың жоқ қасыңа ерген бір басың,

Мен білемін бір жатқан соң тұрмасың.
Атың менен бойдағы бес қаруың –
Қармап табар қасыңдағы жолдасың.
Тілеуіңде жүрген пірлер қолдасын,

Кәпірлердің тас-талқан қыл ордасын.
Бүгін мұнда жатсаң саған жеңгең жоқ,
Көріп тұрмын жылап тұрған көз жасын.
Біреу жылап жатса, біреу күліпті,

1560. Жалған құрғыр екі жүзді болыпты.

Райхан патша уәзірлермен кеңесіп,
Ақбілекке қатты азап қылыпты.
Жарым сағат өмірің босқа өтпесін,
Ұйқы дұшпан, дұшпандығын етпесін.

Жылдам жетіп, жеңгеңді айырып ала көр,
Өлсе қаны мойыныңда кетпесін.
Өне бойы қызыл қанға батыпты,
Ұйқы көрмей қабақтары қатыпты.

Бір кішкене мызғып дамыл алуға 1570. Аттан түсе қала батыр жатыпты.

Ғират сонда ауыздығын шайнапты,
Азу тісін шықыр-шықыр қайрапты.
Аяғымен тарпып қалып оятып,
Ұйықтауына ерік-әліне қоймапты.

«Тәк, жануар, құр-құр» деп қол сермепті,
Онысын ат бұйым құрлы көрмепті.
«Бір ұйықтасаң тұра алмайсың, жатпа» деп,
Жатса дағы дамыл тиыштық бермепті.

«Болды ма екен жеңгем, – дейді, – шын ғаріп», 1580. Қарғып тұрды Көрұғлы бек қозғалып.

Ғиратына мініп алды Көрұғлы,
Төрт қырлаған көк сүңгіні қолға алып.

– Жазған Ғират, төрт аяғың көтерсең,

Дамыл көрмей дүниеден өтерсің.
Жатқызбасаң мініп алып шабайын,
Мөлшерменен қай уақытта жетерсің?

– Шыққан терім менің бойдан аққанша,

Аямай шап құтпан азан айтқанша.
Мұсылманнан кәпір ерте жатады,

1590. Жеткізейін жұрттың алды жатқанша.

Ғират ұшып көкке қарай кетеді,
Жануардың жалы су-су етеді.
Алды жатып, жұрттың арты жатпай-ақ
Арзрумның шаһарына жетеді.

Құдай шебер қызыл тілді безеткен,
Ұрыс жайын қызылбастар түзеткен.
Қырық мың найза әр қақпаның аузында,
Мың, миллион салдаттар бар күзеткен.

Қызылбастар «Кімсің?» деп сұраса Көрұғлы шынын айтып береді.

– Қараңғыда атқа қамшы саласың,

1600. Мойның бұрмай бізге кетіп барасың.

Шыныңды айтпай қолға түсіп ұсталсаң,
Ашылмастай бір тұманға қаласың.

– Арғы атамыз ерлерге қылған қызмет

Өзім әкем патша болған Мұңдыбек.
Менің өзім көрден шыққан Көрұғлы,
Есітіңдер, қызылбастар, мұнан кеп.
Қызылбастар найза ала ұмтылды,

Ер Көрұғлы өз-өзінен құтырды.
Айқай-ұйқай шаңды аспанға ұшумен

1610. Айдың [жүзі] қап-қара боп тұтылды.

Кәпірлердің құртты батыр айласын,
Пірлер келіп тигізіп жүр пайдасын.
Көрұғлы бек дарытпады етіне
Кәпірлердің оқ пен қылыш, найзасын.

Көрұғлының Құдірет күшін асырды,
Алдына кеп талай батыр бас ұрды.
Түн ортасы болған шақта Көрұғлы
Тұс-тұсына кәпірлерді қашырды.

Қақпалардың аузын қызыл қан қылды, 1620. Жүрген жерін қара боран шаң қылды.

Әр қақпадан төрт мың найза сындырып,
Көрген жанға көп тамаша-таң қылды.

Көп әскерді қырып, жапа-жалғыз жүріп Ақбілекті іздеп Райханның ордасына келіп жеңгесіне: «Бар болсаң, шыға көр!» деп айтқаны:

– Қадір Алла пендесіне мейірбан,

Жоқтан өзі бар қып бізге берген жан.
Мен Көрұғлы келіп тұрмын сені іздеп,
Үйде болсаң шықшы бермен, жеңгежан!
Шақырса да жеңгесі жоқ, келмеді,

Бары-жоғын тыста тұрып білмеді.
Ғират атын айдалаға қаңтарып,

1630. Түсті батыр үйге жаяу кіргелі.

Атын тысқа байламай бос қалдырды,
Қараңғыда шам таба алмай қаңғырды.
Үйдің іші қараңғылық болған соң,
Тұс-тұсынан шамшырақты жандырды.

Сөйлеп тұрған бұл ордада кісі жоқ,
Басып кеткен қараңғыда ізі жоқ.
Қараса да таба алмайды бұл үйден,
Іздеп келген Ақбілектің өзі жоқ.

Жеңгесін үйден таба алмай, тысқа шығып, Ғиратына келіп айтқаны:

– Ғиратым, қандай әлің бар?

1640. Өкпе-бауыр, жалың бар.

Ақбілекті таба алмай,
Дағдарып болдым ынтызар.
Алыстан болжап көруші ең,
Ғайыптан хабар беруші ең.

Жеңгем қайда екенін
Болжап бір айтшы, жануар.
Сонда Ғират есінеді,
Көтеріп басын жан-жаққа.

Төңкеріп басын қарады 1650. Жан-жақтағы шарбаққа.

– Ақбілектей ғаріпті

Қырық бір құлаш шыңырауға
Бекітіп қолын салыпты.
Шамасы саған келе алмай,
Сонан бір өшін алмаққа.

Апарайын түп-түзу
Зынданда жатқан жеңгеңе
Қылсаң талап бармаққа.
Ер Көрұғлы Ғиратына мінеді,

1660. Кейде жортып, кейде аяңдап желеді.

Аулақ екен бұл шаһардан ол зындан,
Көргендей-ақ түзу тартып келеді.

– Жез бұйдалы, қоңырау таққан нармысың,

Бір көруге Шәмбілбелді зармысың?
Көрұғлы бек іздеп келді, жеңгежан,
Аман-есен бұл зынданда бармысың?

– Жүрген жолың оңғарсын да Құдайым,

Сен тіріде ойламаймын еш уайым.
Дауысыңды естіп көңілім шат болды,

1670. Мен жанымды саған құрбан қылайын!

– Көрұғлыдай іздеп келді дарқаның,

Түгел киіп сауыт-сайман, қалқанын.
Мен тастадым, жеңешем, ұстап шыға көр,
Өзің ескен мынау жібек арқаным.

– Тұр жылтырап екі көзім жайнаған,

Тұтқын болып жеңгең соры қайнаған.
Бұл арқаннан ұстар менде дәрмен жоқ,
Екі қолды тас қып мықтап байлаған.

– Келген екем жапа-жалғыз бекер мен,

1680. Алмай сені қалай тастап кетермін?

Түсіп кетсем шығаратын кісі жоқ,
Басқа түссе бұл жалғыздық нетермін?!

– Ғират қайда, мойнына арқан байласаң,

«Мен қозғалмай тырп етпе» деп қайрасаң.
Жұлып алып екеуімізді кетпей ме?
«Шүу, Ғират!» деп, қиқу салып айдасаң.
Ғиратының мойнына арқан байлады,

«Мен қозғалмай тырп етпе» деп, қайрады.
Көрұғлының өзі «шүу!» деп айдамай,

1690. Төрт табаны тұрған жерден таймады.

Аттың көзі шамшырақтай жанады,
Арқанменен Көрұғлы өзін салады.
Қырық бір құлаш шыңыраудың түбінен
Жеңгесінің қолын шешіп алады.

Бір Құдайым пендесіне пана-ды,
Қиқу дауыс арқан ұстап салады.
Шаншып алып ат құйрығын, ойнақтап,
Көрұғлыны бір-ақ жұлып алады.

Басын беріп бір Құдайдың жолына, 1700. Қарамайды жүргенде оң мен солына.

Шыға келді шыңыраудан Көрұғлы
Ақбілекті қабат ұстап қолына.
Бірін-бірі көрісумен көңілі өсіп,
Екі жарты бір бүтін боп селбесіп.

Түн ортасы мезгілінде Көрұғлы
Жүріп кетті көк алаға мінгесіп.
Көк аланың мінгесумен беліне,
Ойында жоқ қайтуға әлі еліне.

Қалған-құтқан бес мың қолмен Райхан 1710. Арзрумның кеткен қашып жеріне. Қызылбастарға ойранды салып, шаһары тұл қалып, Ақбілекті қырық бір құлаш шыңыраудан шығарып алып, Қоға тауға келіп тұрғанда Сапабек бас болып қырық жігіт сонда келеді. Амандасып, көрісіп мәз-мейрам болысып, қарық олжаға батысып, өзі бұл жерде тұрып, Сапабекті басшы қылып, қырық жігітпен Райханның соңынан қудыруға жіберді.

– «Қашқан жауға қатын да ер» деген сөз бар емес пе? Менің баруым ерліктен болмайды, – деп, өзі қалып жігіттері барады.

– Ер Сапабек, қашқан жауға барып кел,

Жаннан кешіп зор төбелес салып кел.
Жолдасының бәрін тегіс қырып кел,
Райханды тірі ұстап алып кел!

– Артымызда сіз тұрғанда қарайып,

Бір ұрысты мен бастайын ғажайып.
Бес мың қолға біз де тегіс барайық,
Ал, сұлтаным, батаңды бер қол жайып!
Көрұғлыдан қырық бірі бата тіледі,

1720. Райханнан жеңілмесін біледі.

Сұлтанынан қырық бірі бата алып,
Арзрумда жатқан жауға келеді.
Қырық бір жігіт сол кеткеннен кетеді,
Арасында бірнеше күн өтеді.

Күні-түні дамыл алмай жүргенсін,
Райханның ордасына жетеді.
Қырық бір жігіт барып ұрыс салады,
Үш мың қолды кідірмей-ақ алады.

Бәрінің де аты шаршап болдырып, 1730. Қырық бірі де қолға түсіп қалады.

Қолға түсіп естерінен танады,
Әрбіреуін қызылбастар сабады.
Көрұғлының зардабынан қорыққаннан
Өлтірмейді, бәрін байлап алады.

Көрұғлыны қырық шілтен қолдады,
Сол себептен ешкім мұнда өлмеді.
Ғират біліп ерлер қолға түскенін,
Жерді тарпып байлауында тұрмады.

– Жер тарписың, Ғират жаным, не білдің,

1740. Саған суы жақпады ма бұл жердің?

Қарап тұрып қара терге малындың,
Жауға кеткен ерлерімнен не білдің?

– Қырық жігітің Арзрумға барыпты,

Үш мың жауды кешікпей-ақ алыпты.
Жабы шіркін жау жолында сыр беріп
Қырық бірі қолға түсіп қалыпты.
Жерді тарпып шұлғып тұрған бұл басым,

Құндаққа орап мені өсірген жолдасым.
Арзрумда қолға түскен ерлердің

1750. Көріп тұрмын жылап тұрған көз жасын.

Мұны естіп Көрұғлы батыр күйінді,
Жау дегенде аш бүркіттей түйілді.
«Ат жоқ болды, мен де бірге барар ем» деп,
Сымдай белі Ақбілектің иілді.

– Мен Ғиратқа тәуекел деп мінермін,

Есен болсам он төрт күнде келермін.
Он төрт күннен бір күн асса күдер үз,
Жұрт жиылған ұлы тойда көрермін.

– Туралап шап кәпірлердің сыртынан,

1760. Тұқым қоймай кәпірлердің жұртынан.

Райханнан көп кемшілік мен көрдім,
Тесіп алып жетелеп кел ұртынан.
Ей, шырағым, құлағың сал сөзіме,
Тілек тілеп жас аламын көзіме.

Құдай досты пайғамбарға тапсырдым,
Төрт шаһариар жәрдем берсін өзіңе.
Ер Көрұғлы қош айтысып кетеді,
Екі ортада біраз уақыт өтеді.

Ертеменен атқа мінген уақытысы ед, 1770. Нақ тал түсте Арзрумға жетеді.

Келген жерден қатты сүрен салады,
Арзрумның бауыры мидай дала-ды.
Көрұғлының есіткен соң дауысын,
Ақыл-естен қызылбастар танады.

Жүрек қабы жарылғандар өледі,
Кім бетіне бой тоқтатып келеді?!
Көрұғлының есіткен соң дауысын,
Қырық жігітке қуат-қайрат бітеді.

Ұрысуға бәрі бетін түзеді, 1780. Қылыш тартып, жағын кезеп көреді.

Қырық бір ердің күші келіп бойына,
Байлауларын быт-шыт қылып үзеді.
Көрұғлының даусын құлақ есітті,
Жазған Құдай қызылбастан несіпті.

Босанып ап қырық бір жігіт байлаудан,
Тұра салып төбелесіп өшікті.
Қолындағы аспаһани қылыш-ты,
Мұны көріп кәпірлер қашып жылысты.

Сол майданда ер Көрұғлы бастапты 1790. Бұрын-соңды еш көрмеген ұрысты.

Бұлар – қасқыр, қызылбастар болып қой,
Қызыл қанға боялып жүр өне бой.
Әскербасы ер Көрұғлы болған соң,
Айтқан сөзге шын деп біліп, құлақ қой.

Өлген кәпір, өлмей қалған мұсылман,
Келген жаудан үйіріне жоқ қосылған.
Қуық басты, сырнай мойын қызылбас
Көрұғлының заманында тосылған.

Бастарына заманақыр салыпты, 1800. Қыз-қатыны, үйде жасы қалыпты.

Ақбілекке айтқан сертке жетуге
Райханды тірі ұстап алыпты.
Қызылбасқа неден мұндай өшікті?
Таптырмапты кіруге жерге тесікті.

Жаяу айдап, қан ағызып мұрнынан,
Екі ұртынан жіп өткізіп тесіпті.
Ақбілекке жаяу айдап келіпті,
Пышақпенен танауларын тіліпті.

Құлақ, мұрнын тауысқан соң кесумен, 1810. Құрттап, биттеп айдалада өліпті.

Қызылбасқа қылып қырғын кесірді,
Қойдай тізіп көгендепті жесірді.
Ер Көрұғлы ортасында тұрғанда
Бозбаласы түрікпеннің есірді.

Өзді-өздері сыбағасын бөледі,
Сансыз дүние қанша болса көнеді.
Райханның қазынасын есептеп,
Алып келіп Бозұғланға береді.

Көрұғлының даңқы жұртқа кетеді,
Бар өмірі салтанатпен өтеді.
Аман-есен Бозұғланға қосылып,

1822. Ақбілек те мұратына жетеді.

ХИКАЯТ КӨРҰҒЛЫ СҰЛТАН

Әмма, рауиян ахбар уа нақилан әсар андақ руаят қылұрларкем заман заман болғанда, Жамбылбел абад болғанда Жамбылның әуелгі хакімі Ағалық хан болды, андан Жығалы хан болды, андан соң он бес жасында, тіллә жығасы басында, қырық жігіті қасында Көрұғлы сұлтан хакім болды. Туғ-бидақ ширлап, тіллә қалқанлар дұрлап, бөпеклі найза ширлап, шердик болып ғарлап Жамбылбелні абад қылып уа тарапыге қырық фарсақ жерге қалға салдырып бәлантлігі қырық құлаш уа ені алты құлаш қылып қорғаныны жүз тоқсан жебе қылдырып уа ішіден жүз сексен шаррабе қылдырып уа ішінде оның тақытының алдыда Сүлеймен бекер болып уа лалазары алдыда Ирамбағы болды уа һәркім Жамбылбелні бір мәртебе көрсе арман қылып және бір мәртебе көрсем деп кетер ерді. Әмма, Көрұғлы сұлтан отыз жасыға келгенде Хауаджа Қызыр әлейһиссалам билән қырық шілтен, он екі имам бірлә келіп Көрұғлыны хақыға дұға қылды, пір хақи болды. Көрұғлыға һәрне бәле келсе дұға қылып, һәр пәледен қорғаушы олар болды. Әмма, қырық жасыға келгенде және Қызыр әлейһиссалам билән қырық шілтен, он екі имам келіп Көрұғлыға айттылар: – Ей, сұлтан, сенің не матлубың бар? – дейді. Бізден тілегіл, біздер саңа Хақ Тағаладан тілеп, алып берелік, – дейді. Анда Көрұғлы айттылар: – Ей, пір базаркуарлар, мені ата-бабам бұл уәлаятыға патша өтті. Һешқайсыны кейінінде ауазасы қалмады. Менің әуелі өмірім ұзақ болсын, екінші, даңқым болса өңге һеш нәмерсе тілемеспін, – дейді. Анда пірлері тілеп Көрұғлыға жүз жиырма жыл өмір алып береді уа және айттылар: – Ей, Көрұғлы, та өзің өлмей зәре жамандық көрмегіл уа және та қияметкеше сенің ерлігің де күнден-күнге бәлант болсын. Анда Көрұғлы сұлтан пірлерінің дұғасы билән бір ұлышке ләшкер тартып барса алмақ болды, қашпақ болмады. Ләкин қызылбас халқыға андағ зарабыны өткердіке. Ал, Көрұғлы келді десе қызылбасның жылап тұрған баласы қояр ерді. Та илик жасында Көрұғлының даңқыға ғашық болып Көһи Қап тағның падишаһының қызы Ағажүніс пері келіп тиді. Илик бес жасында Ирамбағыдан Гүлнар пері келіп тиді. Алпыс бес жасында Һиндустандан Мысқал пері келіп тиді. Тоғызыны адамзаттан алды. Һәрбірі перизаттан һәм хош руи ерді. Бұл он екі зағифадан һеш перзент болмады. Зираке пірлері үш мәртебе тіле дегенде даңқыны тілеп, перзент тілемеді. Ақыры жүз жасыға келгенде перзенттің дағы өтіп, бір перзент болмағаныға қапа болып, Исфаһан шаһарыдан Халдар дегеннің ұғылы Хасанханды алып қашып келіп, Хасанханны ұғылым деп, иіскеп гүлім деп, жан ділім деп, өлсем орнымда мирасқор перзентім деп өзіге ұғыл қылды. Уа Хасанхан келгенде Жамбылбел андағ абад болдыкем. Һеш нәмерседен Көрұғлы зәредик көңіліге алмады. Уа Хасанханны һәмма жігіттері сардар орнында көріп, барша ықтиярыны Хасанханға берді. Сол тариқыда бәз бес жыл өтті. Әмма, Көрұғлы хан Хасанханға бір мейірі жүз болып уа ел-жұртыдан көңілі тынып, Хасан алдыда, қырық жігіт жанында олтырып ерді. Анда Көрұғлы сұлтан неше жерден димсал келтіріп бір сөз айтты:

– Сөз айтұрмын емді бұ дем жүз алуан,

Бұ дәулетні бізге беріп-дүр Мәулан.
Жамбылбелде сүрдіңізлер көп дәурен,
Хали һәм арманың бар ма, қырық жігіт?!
Сүріш болса шырын жандан кештіңіз,

Дұшманларны найза білеп шаныштыңыз.
Сайлап-сайлап қызларны құштыңыз,
Хали һәм арманың бар ма, қырық жігіт?!
Һәрне деп әмір етсем аны қылдыңыз,

10. Мені өзіңізге сардар білдіңіз.

Арғымақны арлатып міндіңіз,
Хали һәм арманың бар ма, қырық жігіт?!
Кебін тонын ғанималарға піштіңіз,
Дұшманларның жүрек-бағырын тестіңіз.

Су орныға арақ-шарап іштіңіз,
Хали һәм арманың бар ма, қырық жігіт?!
Бір тағым Асқар-дүр, бір тағым Балқан,
Жамбылда шаһ, хакім, иесі өзім-дүр хан.

Жамбылдың сайласып керік тері қалқан, 20. Хали һәм арманың бар ма, қырық жігіт?!

Кәжім қылдың зүрбаф билән мауытны,
Ұрыста жоқтадым пірім Дәуітні.
Сайлап кидің ақ кіреуке сауытны,
Хали һәм арманың бар ма, қырық жігіт?!

Әуес қылып қызылбасқа қылдың тұрысны,
Рүстемдик майданда қылып ұрысны.
Белге салдың саф алтын қылышны,
Хали һәм арманың бар ма, қырық жігіт?!

Алмас қылыш бағладыңыз беліңе, 30. Дұшман қорқып шыға алмады жолыңа.

Қызыл жалау, найза бердім қолыңа,
Хали һәм арманың бар ма, қырық жігіт?!
Бұ сөзлерні айтқан Көрұғлы сұлтан,
Хақ Тағала бізге болғай мейірбан.

Ортаңызда дестегүл болды Хасанхан,
Хали һәм арманың бар ма, қырық жігіт?!

Анда жігітлер Көрұғлының бұ сөзіні естіп айттыке: – Ей, сұлтаным, раст айтұрсыз, бізлер әуел Құдай, ақыр сізнің дәулетіңізде сая қылып, ішпегенімізні ішіп, кимегенімізні киіп, һеш нәмерседен зәредик арман қалмады. Ләкин бір арманымыз сол-дүрке бұл уақытларда Хұнхар шаһ еліде Бұлдырық қасап дегеннің бір ұғылы бар ерміш. Хұсни көркем, көрген кісі аттан жығылұр ерміш, өзі періште сипатлық, хор халғат, ғилман сурет ерміш. Сол Ғауазханны алып келіп өзің тізеңіз үстіге олтырғызып ұғыл қылсаңыз, біздер оны бекзадамыз қылып ортамызда қойып, қызметіде болсақ һеш арманымыз қалмас ерді, – деп жігіттер Көрұғлы сұлтанға қарап неше жерлерден димсал келтіріп бір сөз айттылар:

– Құлақ салып есіт, Жамбылның шаһы,

Қырық жігітнің бір арманы сол ерүр.
Сіз ерүрсіз бізге пәшт-панаһы,

40. Қырық жігітнің бір арманы сол ерүр.

Сіз өлген соң кімлер жаншини болады,
Бейперзентнің өткен өмірі зая-ды.
Құда сізден бір перзентні аяды,
Қырық жігітнің бір арманы сол ерүр.

Шарх кешүр дегеніні қылмады,
Дүниядан өтерін пенде білмеді.
Жамбылбелде бір мирасқор болмады,
Қырық жігітнің бір арманы сол ерүр.

Жарқылдатып тіллә дабыл түймедің, 50. Һауадақ көлге сұңқарыны шүймедің.

Талындырып бір перзентні сүймедің,
Қырық жігітнің бір арманы сол ерүр.
Бақпадың қозым деп перзент жүзіге,
Бір перзентні Құда бермеді өзіңе.

Шығарып ойнатпай оны тізеңе,
Қырық жігітнің бір арманы сол ерүр.
Қырық жігітні тыңла емді бұл аһы,
Сіз ерүрсіз ғаріплернің панаһы.

Қай жерін айталық, Жамбылның шаһы, 60. Қырық жігітнің бір арманы сол ерүр. Әлқисса, Көрұғлы сұлтан қырық жігітнің бұ сөзлерін естіп өзіні бейперзенттігіне қапа болып, Ғауазханны алып келсе Жамбылны уа Ғиратны, дәптердегі хатны, қатардағы нарны, қазынадағы зерні, пешенедегі барының егесі, мирасқоры қылмақшы болып, қолыға бір кесе шарап алып «бұл қызметке талапкер бар ма?» деп Көрұғлы бір сөз дейді:

– Мені үшін бір жаныдан кешкүдей,

Ғанимларның жүрек-бағырын тескүдей.
Оң-солыдан бір азамат бармысың,
Сол кесе шарабыны алып ішкүдей?!
Қызмет десе дариядай тасқұдай,

Хұнхарда Ғауазыны алып қашқұдай.
Бұ кесені тегін демең, жігіттер,
Аманыдан лабларыдан ашқұдай.
Айтқан сөзіні дүрде қабыл қылғұдай,

70. Қызметке өзіні парша білгідей.

Оң-солыдан бір азамат бармысың,
Сол кесені мен алай дегүдей?!
Дұшманларны хусудин еп үлгідей,
Қызмет десе арғымаққа мінгідей.

Бұ кесені тегін демең, жаранлар,
Хұнхардан Ғауазны алып келгүдей.
Арман қалмас көрсем оның жүзіні,
Алтындан жасайын оның орныны.

Ғауазны һәркім алып келтірсе, 80. Қырық күнгеше берей оның тойыны.

Қызметкерге қатар билән нар берей,
Бисатымды, һәрнеме бар бәрін берей.
Ғауазханны һәркім алып келтірсе,
Бойға тең қылып аңа зер берей.

Үйретейін аңа сансыз ғылымны,
Тапсырайын аңа Жамбылбелімні.
Ғауазханны һәркім [алып] келтірсе,
Аңа берей текежәуміт елімні.

Берейін мен аңа бірде бахарымны, 90. Пидасы әйлайын аңа наһарымны.

Ғауазханны һәркім алып келтірсе,
Аңа берей Жамбылбелдей шаһарымны.
Шаһаншаһ дерлер асылы затымны,
Ғауаз алды менің көңіл-шатымны.

Ғауаз ұғылым келе қалса бәнәкаһ,
Үстіге міндірсем бұл Ғиратымны.
Көрұғлы дер мен қылұрмын зар-зар,
Не қылса құдіретлі Хақта ықтияр.

Сол кесені келіп қолдан алғұдай, 100. Оңы-солдан һеш бар ма екен талапкер?! Анда Көрұғлы сұлтанның бұ сөзін қырық жігіт естіп һешбірі қызмет бізден бітсін демеді. Тағы Көрұғлы үш мәртебе талапкер деділер. Жерден сада шықты, қырық жігіттен сада шықпады. Төртінші мәртебеде жолбарыс білеклік, қабылан жүреклік, Рүстем сипатлық, ұрысқа кереклі, нұр жүзлі, шырын сөзлі, құралай көзлі, саратан жұлдызлы, Омар мінезлі, терең ойлы, санаубар бойлы, дүр хошан рауи, періште хойлы, санбал мойлы, жас баладай балбырап, дүр кекілі жалбырап, тіллә жығасы басында, қырық жігіті қасында, Ғираты астында, ғайын он бес жасында Хасан жайдан тұрып, қол қусырып әдеп билә барып, атасының қолыдан кесені алып ішіп, фатиха [бер] деп Көрұғлыға бір сөз деді:

– Хасан балаң болды сізге ынтызар,

Сіз болыңыз дұға билән маңа жар.
Мен Ғауазға талап қылып барармын,
Үшбу жолға емді болдым талапкер.
Құлқың ерүр періштеден зияда,

Жүзің көрген шаһлар ерүр пияда.
Мен Хұнхарға талап қылып барамын,
Атажаным, болыңыз емді дұғада.
Мен барармын естімеген жерлерге,

110. Жүрегім тола-дүр ғам-шерлерге.

Мен барармын талап қылып Ғауазға,
Ғайбана тапсыр мені пірлерге.
Бұ жолда маңа жоқ іні-аға,
Түсермін хәдді жоқ ұзақ далаға.

Фатиха бер йабан бұ дем маңа сіз,
Тапсырыңыз мені Қадір Құдаға.
Қорқамын жаслықтан істерім хама,
Кішіктен іліндім мен ерлікке нама.

Һәрне болса қолың жазып дұға қыл, 120. Мені тапсырасыз он екі имамға.

Жад етемін пірім хазірет Әлині,
Әбубәкір, Омар, Оспан уәлині.
Бұ сапарға емді талап әйладым,
Құда берсін мендей ғаріп жолыны.

Бұ сөзлерні бір-бір айтұр Хасанхан,
Бір Құдадан өзге жоқ-дүр мейірбан.
Бұ сапарға жалғыз талап әйладым,
Фатиха бер маңа, Көрұғлы сұлтан.

Анда Көрұғлы сұлтан Хасанханның бұ сөзіні естіп, ерлігіне қайыл болып, он алты жасында қылған талапқа қайран болып ерді. – Ей, перзентім, нұр дедім, балықның тіріклігі су бірлән уа менің тіріклігім сен бірлән уа ләкин өзім қадимгі жастықта болмасам аслан сені жібермес ердім. Нешік, жасым жетіп, ғұмырым жүзден өтіп, білектің қайраты кетіп-дүр емді. Ей, перзентім, сен ол жолдарға жалғыз танһа бара алмассың. Хұнхаршаһның елі хәдден зияда көп. Һәрне болса қырық жігітні өзіңге һамраһ қылып алғайсың, деп, қырық жігітні Хасанханға қосып дайындап жігіттерге қарап бір сөз деді:

– Талап қып Ғауазханның жолыға,

130. Кірерсіз Бәдбақытның шөліге.

Өз басыңа беклік қылма, жігіттер,
Хасанхан не десе бағың тіліне.
Ғашық болдым бал Ғауазның жүзіге,
Түсе-дүр көзлерім қашан көзіге.

Иттифақны қолдан бермең, жігіттер,
Хасанхан не десе көнің сөзіге.
Баһар алың оның әйдік жүзіден,
Һәрне десе шықпаңыздар сөзіден.

Бас-басыңа бек болмаңыз, жігіттер, 140. Қорқыңыздар Көрұғлының тұзыден.

Хасанханны жалғызбасты білмеңіз,
Алдында һәрне айтып күлмеңіз.
Бұл сапарда Хасан болды сардарың,
Қозымды келгенше қапа қылмаңыз.

Шөлдерде қозымды қылмаңыз ділтең,
Хасан мейман болды сіздерге білсең.
Маңа қандай қызмет қылсаң аңа қыл,
Басыңды бер десе андан аямаң.

Дәулеті бар Хасанханның басыда, 150. Сардар болды бұл он алты жасыда.

Қызмет қылып кеші-күндіз, жігіттер,
Болыңызлар Хасанханның қасыда.
Көрұғлы дер құлақ салың біздерге,
Бізні айтқан бірнеше үшбу сөздерге.

Әруақ қолдап, пірлер болсын медеткер,
Хасанханды сардар еттім сіздерге.

Әмма, Көрұғлы сұлтан қырық жігітке бұ сөзні айтып, Хасанханды ошал жерде өз аузынан Хасанханды жігіттерге сұлтан қылмақшы болып беліге тіллә кемер бағлап, кемер илә тіллә қылыш бағлап, үстіне тоғыз қат лабас гунагун шаһана кидіріп, басына тілләдан тіккен күлдіріш сәлде бағлап уа сәлдесіге қоғыр шашақты тіллә жыға шаншып, хандар ғалламыда жарлық етіп Хасанханның басыға қыстырып андағ ары-бері көрген кісі сұлтанның жаныға келе алмас ерді. Көрген кісі шыдап тұра алмас ерді. Әмма, Көрұғлы хан һәм көріп уа жарасқан қабат сарпайға «Бәрәкалла!» деп Хасанханға қарап бір сөз деді:

– Екі көзің құралайдак жәудіреп,

Киген тондар жарасуда кәудіреп.
Бір-біріге барша келіп мүнәсіп,

160. Тоғыз қат тон шамал тігіп шәудіреп.

Жарарсың, балам, өлмесең һәр іске,
Ісіңді ерте қыл, қалмағыл кешке.
Киген тоның бір-біріге мүнәсіп,
Мен қайылмын белде тіллә қылышқа.

Қаматыңға қыз жауаны қарасар,
Хасратыңда санбал шашын тарасар.
Адамзат баласы сендей бола ма,
Киген тоның бір-біріге жарасар.

Дұшман шықпас та өлгенше жолыңа, 170. Бөпекті найзаны алсаң қолыңа.

Бәрәкалла сымбатыңнан, бойыңнан,
Жалбағайың мүнәсіп киген тоныңа.
Өзің өлмей дұшман келмес қасыңа,
Жаңа келдің сен он алты жасыңа.

Һәрне кисең бір-біріге жарасар,
Құп келісті тіллә жыға басыңа.
Басыма һажыранны матым салды да,
Ақыл-һұшым бір тарапта қалды да.

Қияметте менің жоқ-дүр арманым, 180. Бұралып сен тұрсың атаң алдыда.

Көрұғлы дер қылдың жүрегім дағлы,
Ғақыл илән һұшымны әйладың бағлы.
Хормысың, періштемісің білмеймін,
Бәрәкалла, Көрұғлы бекнің ұғылы.

Әмма Көрұғлы сұлтан бұ сөзні айтқандан соң Хасанхан жайыдан тұрып, қол қусырып фатиха тіледі. Анда Көрұғлы Хасанханға жауап бермекші болып, әуел Құдай, қалды пірлерге тапсырып бір сөз деді:

– Құлақ салғыл мен әйлаған нидаға,

Ғаріп көңілім болсын, жаным, пидаға.
Бойыңдан айналай сенің, перзентім,
Барғыл, балам, мен тапсырдым Құдаға.
Ғанимат-дүр маңа һәрбір кеңесің,

190. Нелейін сапарға жармасты басың.

Қызыр болсын кеші-күндіз жолдасың,
Әуел Құдай, қалды пірге тапсырдым.
Ғауазханға талап қылдың, қозым сен,
Пірлерге иғлаймын сенің үшін мен.

Жар жалғызым бір Аллаға тапсырдым,
Шылауыңда болып жүрсін шілтен.
Бір талап әйладың, қозым, аңа бар,
Та келгенше мен жолыңда ынтызар.

Шылауыңда Қызыр бірлә шілтенлер, 200. Он екі имам, пірлер болсын медеткер.

Сағ барып, жан балам, келгіл саламат,
Дұшманға Егем қылмасын маләмат.
Әуел Құдай, қалды пірлерге тапсырдым,
Та көргенше, қозым, сені аманат.

Сауға болсын Ілияс һәмише жарың,
Шөлде болсын һәм Қамбар үйің.
Жолың болсын, тез кешікпей келібан,
Көрсеткіл ертерек келіп дидарың.

Қырық жігітке хан әйладым өзіңні, 210. Ықтият әйлап аннан айтам сөзімні.

Жолың болып қалсаң, жан балам,
Келіп көрсет сен ертерек жүзіңні.
Сен кетсең көңіліме түсер тозағым,
Келгеніңше ғамға болұрмын һәмдәм.

Жер жүзінде пірлер қалмай сиындым,
Сағ барып, саламат келгіл, жан балам.
Көрұғлы дер мен қылұрмын зар-зар,
Пірлер болсын сен баламға медеткер.

Та көргенше мен тапсырдым аманат, 220. Һәмма пірлер саңа болсын желеудәр. Әлқисса, Хасанхан атасының бұ сөзіні есітіп, тап-тақаты қалмай, аяғыға бас қойып бір сөз деді:

– Ойран көңілім емді қинап жош емді,

Һажыранның кесесі бізге хош емді.
Мен Хұнхарға талап қылып барамын,
Та көргенше, ғаріп атам, қош емді!
Не кешер Ара шөлде хал емді,

Су орныға қанлар жұттық бал емді.
Бір талап әйладым Ғауаз ұғланға,
Дұға қылсаң, ғаріп атам, қош емді!
Сағынным, кім келүр менім қасыма,

230. Қарға, құзғын қонбасын де басыма.

Талап қылып мен Хұнхарға барамын,
Ара шөлде нелер түсер басыма.
Аққу ұшар айдын шалқар көлдерде,
Сапар қылдым дешті билә шөлдерде.

Ғаріп атам, дұға билән жоқтағыл,
Хәлдерім не кешер ұзақ жолдарда.
Сапар деген тарпе қатты ғаламат,
Ғаламаттан бәлки артық қиямет.

Нәсіп болса алты айда келүрмін, 240. Құдайым әйласа бізні саламат.

Хасанхандан есітіңіз бұ сөзні,
Лайық көрді бұ талапқа бір өзіні.
Құдай егер қолға берсе Ғауазны,
Атажан, көрерсіз алты айда бізні.

Әлқисса, Хасанхан бұ сөзні айтып, алмас қылышны беліге бағлап, ат үстіге жайланып, қырық жігіт билән шайланып, Көрұғлы сұлтанға қарап бір сөз деді:

Бәдбақытны шөліге түсіп,
Қырық жігіт бәрі нар болып,
Кейін қалмағы ар болып,
Шәпкір тартып садда беклер,

Хасанханы сардар болып. 250. Әдеп билән сөзіні сөзлеп,

Жүрер жолдарыны көзлеп,
Жөней берді саф бекзадалар,
Хұнхар шаһарыны ізлеп.
Шөлдерде атыны ғам беріп,

Сөз айтұр баршасы иіп,
Шәпкір тартып жөней берді,
Хұнхар шаһары қайдасың деп.
Арғымақ аттар арлап,

Тілләдан қалқан дұрлап, 260. Жөней берді бекзадалар,

Бөпеклі найза парлап.
Дұшманлар қашып зырлап,
Бұлар жолбарыстай ғырлап,
Садда беклер шәпкір тартты,

Туғы-бидақ шиырлап.
Итәк бедеу иреклеп,
Дұшманлар қорқып қайғылап,
Ақ-қызылдан туғ-бидақ

Беклер қолыда солқыллап. 270. Кішірді неше найзалар,

Һәрбірі мисал бізілер.
Ат шапқанда жарқылдайды
Қызыл білеулі найзалар.
Басқа түскен үшбу істер,

Не ерте қонбас, не кешлер.
Белдеріде жарқылдайды
Алтындан қылған қылыштар.
Жолға түскен саф бойдақтар,

Астыда бедеу ойнақтар. 280. Садақтар бектер қолында,

Тіллә құтаслы бидақлар.
Лай бола-дүр ішкен сулар,
Келе алмас жаныға қулар.
Шамал тисе шырқырайды

Қолыдағы алтын тулар.
Бір-біріге қылып ерлікні,
Атында нәжімлі терлікні.
О да желсе жарқырайды

Белде алтын белдіклер. 290. Ойыға олар келіп қуатлар,

Үстіде қызыл мәуітлер.
Ат шапқанда жарқырайды
Кіреуке алтын сауытлар.
Мінгендері бедеу атлар,

Салып жұртыға ғаламатлар.
Жиырма бес, отыз жасар
Бәрі бірдей азаматтар.
Зор қылып аттар жаныға,

Қамшылар ұрып саныға. 300. Бәдбақыт шөлі солқылдайды

Атларының ырғығаныға.
Тіллә жығалар басыға,
Келе алмас дұшман қасыға.
Бәдбақыт шөлі ларзан ұрар

Қырық жігітні даусыға.
Дұшманның шаһарын естеді,
Зор беріп атын қыстады.
Аударылып ат шаппаққа

Бір-біріден һәм ұстады. 310. Баршасы ұрысқа беуәста,

Жөней берді һәста-һәста.
Ат шапшып сапырысты,
Топ-топ болып десте-десте.
Кигені күлгін бана еді,

Арғымақ аттар мінеді.
Шәпкір ұрып кеші-күндіз,
Хұнхарға қарап жөнеді.
Кеші болса санап жұлдыз,

Кейі топ-топ, кейі жалғыз. 320. Шәпкір ұрды нужуандар,

Он бес кеші, он бес күндіз.
Түріп дешті даласын,
Көріп шөлдерні бәлесін.
Қырық бес күн жол жүргенде

Көрді Бәдбақытның қарасын.
Бұлбұлдар күлшін бағыға,
Жол бармай тағны зағыға.
Ғайын намазшам махалда

Барды Бәдбақытның тағыға.

Әлқисса, Хасанхан қырық жігітке бас болып шәпкір ұрып, Бәдбақыт тағының етегіге барып жаттылар. Әмма, Бәдбақыт тағының нәрижүзі Хұнхарның шаһары ерді, аты – Күржістан дер ерді. Күржістан шаһары[да] жүз жиырма жеті, жүз жетпіс шаһары бар ерді. Отыз екі дарбазасы бар ерді, һәр дарбазаның арасы бір тас жол ерді. Күржістан атырабы отыз екі фарсақ жер ерді, һәркім ерте бірлән шаһарға кірсе бесін уақытында зорығып базар басыға барар ерді. Бұ Бәдбақыт тағның кенересіде ерді. Ләкин бұ тағны Бәдбақыт тағы демегінің себебі ол әредік һәр уақыт сапар қылып келсе ерте бірлә ол тағның басыға қарар ерді. Әгар ол тағның басы ашық болса жолы болып қайтар ерді. Әгар басыға тұман түсіп жатса қырық жігітнің жолы болмай, қырылып бекер қайтар ерді. Әмма, Хасанхан қырық жігіт бірлә намазшам уақытыда келді. Ол тағның пәстіде жүз илик әулиелернің қадим жайлары бар ерді, Хасанхан ерте сахар тұрып зиярат қылып, әуел Құдай Тағалаға жалбарып, ақыры һәмма пірлерден медет тілеп, шафиғ келтіріп Хасанхан бір сөз деді: 330. – Жамбылбелде өзім едім шаһ,

Көрұғлыға бізні қылмағыл рәсуа.
Атыңдан айналай, жаратқан Алла,
Бір медет бер мендей ғаріп құлыңа.
Ғаріппін бұ жерде уай асрар,

Мүсәпірмін, сенден өзге кімім бар?!
Атыңдан айналай, жаратқан Жаппар,
Бір медет бер мендей ғаріп құлыңа.
Мүсәпірмін, менде жоқ-дүр жақсы хал,

Тауфиқ беріп, мені өзің жолға сал. 340. Мың бір оның хақы, я, Зұлжалал,

Бір медет бер мендей ғаріп құлыңа.
Көңілімде жоқ-дүр бейқарар, Алла,
Ғасыларға сіз ерүрсіз құп панаһ.
Тасаддиқ намыңмен, я, Расулалла,

Бір медет бер мүмін ғаріп құлыңа.
Үмітім бар, тыңла, сізден шапағат,
Һәмма адам жығылғанда қиямет.
Құданың досты, я, расул Ахмед,

Бір медет бер мендей ғаріп құлыңа. 350. Бұ шөлдерде мені етпеңіз қайран,

Қайран болып көңілім емес-дүр париян.
Әбубәкір сыдық, Омар, Оспан,
Бір медет уақты-дүр ғаріп құлыңа.
Үшбу тағны атырабыда лалезар,

Лалезар ішінде-дүр мен бейқарар.
Мұсылманны достым деген, шаһариар,
Бір медет бер мендей ғаріп құлыңа.
Үміт әйлар сенден һәмма мұсылман,

Қолың тұт, тыңла, уақты пір-ишан. 360. Сапаһның пірі, я, Шаһимардан,

Бір медет бер мендей ғаріп құлыңа.
Дертім көп жүректе, бола көр мейірім,
Рухыңны әйләғыл мен құлға һәмдәм.
Тасдиқың болай, я, Ғаусыл ағзам,

Бір медет уақыты-дүр ғаріп құлыңа.
Құдай-а, нәпсі үшін әйлама уәсуәс,
Нәпсі басыға ұрсам семсер алмас.
Пірім Ғауыс, Ғияс, Қызыр, Ілияс,

Бір медет бер мендей ғаріп құлыңа. 370. Үміт бірлә қолым жайып жүгіндім,

Тараххам уақты деп иәйдай бүгілдім.
Қырық шілтен, он екі имамға сиындым,
Бір медет уақыты-дүр ғаріп құлыңа.
Хасанхан дер көкке жетті фағанлар,

Дұғадан көрмедім зәре нышанлар.
Жер жүзіде һәмма кәміл ишанлар,
Бір медет бере көр ғаріп құлыңа.

Әлқисса, Хасанхан та намаз бамдат уақыты болғанша сол тарапқа мінәжат қылып, һәмма базаркуарларының қабіріге дұға қылып, медет тілеп, қайтып қырық жігітнің қасыға келіп, баршасы таһарат таза қылып, намаз бамдатны оқып, атларыға мініп, бұ Бәдбақыт тағының басыға қарады. Көрдікем Бәдбақыт тағының басыға бір қызыл ала тұман шөгіп жатып-дүр, реңі көп суық көрінер. Мұны көріп жігіттернің белі босай берді. Анда Хасанхан жігіттернің көңілі жарым болғанын біліп марданалық беріп, мәрт билән нәмәртның шеніге қарап бірнеше жерден димсал келтіріп бір сөз деді:

– Батыр Хасан сізге сөзлер,

Айтқан сөзіні біліңізлер. 380. Жаман адам қартайғанда

Ол өзінің басын көзлер.
Жаман құлға жетсе дәулет,
Барша ісі болұр мүлт.
Көрсе әгар үш-төрт перзент,

Көп болдым деп басын көзлер.
Ер жігіт қайым ұрысқа,
Кірмекке дәйім хұрұшқа.
Баһадүрлер кірсе ұрысқа,

Оның шаншып басын көзлер. 390. Жаманға батұр һәр нәрсе,

Тұра алмас һәрбірде тұрса.
Нәмәрт адам жауға барса,
Қашатұғын жерін көзлер.
Бір-біріге кіріс қылса,

Жанжал бірлә хұрұш қылса,
Жақсы билән ұрыс қылса
Татуласар ісін көзлер.
Нәмәртқа сөз қозғатсаң,

Жаныға барып сөз қатсаң, 400. Әзіл қылып бір сөз айтсаң,

Салмақлаған мүшін көзлер.
Хасанхан дер сөзіні білген,
Ер қызметін бір жақтаған.
Талап қылып азат жүрген,

Қылатұғын ісін көзлер.

Әлқисса, Хасанхан бұ сөзні айта-айта Бәдбақыт тағының басыға шықты. Көрдіке Күржістан шаһарының тамам мұнара пыштақлары ұзақтан жарқылдап көріне берді. Санадылар бір-бір мұнара пыштақ, жеті жүз сексен төрт мұнара пыштақ көрінді. Уа шаһар іші тұманданып жатып-дүр, асылы білінбей-дүр. Бұны көріп қырық жігіт қорқып ошал жерден ат басыны бұрып қайтпақшы болды. Андан соңыра Хасанхан жігітлеріге қарап: «мұраднелік беріп қайтсақ ұят болмай ма?» деп бір сөз деді:

– Алыста қалған-дүр Жамбылны елі,

Ұра-дүр бетлерге бұ тағның желі.
Белдеріңні махкам буың, жігіттер,
Тұманданып жатқан Хұнхарның елі.

410. Ұрыста ашылар жігітнің баһары,

Ғаним көрсе қаптар батырның заһары.
Дұшманның бағырыны қылың тұмары,
Ұрыста тарқар ерлер құмары.
Жігітпін деп ат-әнжам мініпсіз,

Тегін бе сіздерге Көрұғлы ісі?
Жігітпін деп ат үстіге мініпсіз,
Тегін бе сіздерге беклернің наны?
Алла дең, ашылсын мұсылман жолы,

Байлансын әмісе ғанимның қолы. 420. Жігітпін деп ат-әнжам мініпсіз,

Тегін бе сіздерге беклернің пұлы?
Тыңлаңыз жігіттер, айтайын мұны,
Бүгін болұр бізге махшарның күні.
Жан барша ұрысыңдар, жігіттер,

Тегін бе сіздерге беклернің тоны?
Көрұғлы бек бізні елден ұзатты,
Ғауаз келүр деп жайын түзетті.
Бұ жерде баршаңыз қайтпақшы болдың,

Сондай қылып бізге берді ме атты? 430. Барармыз біз нешік Жамбыл жұртыға,

Ел-жұрт қандай Ғауазханның затыға.
Бұ жерлерге жандан кешкен келеді,
Бір басыны қанжығалап атыға.
Қырық жігіт, босанбай атқа мін емді,

Һәрне болса тағдырыдан біл емді.
Кәңләл болмай бүгін тиыл емді,
Һәрне десем пәрменімді қыл емді.
«Алла!» деп, жан аямай ат қойың,

Егем асырар һәр бәледен біл емді. 440. Хасанхан дер тапсыр Хаққа өзіңні,

Қияметтей болатұғын күн емді.

Әмма, Хасанханның бұ сөзіні естіп, қайта батыр жігітлерні көңілі бір қарар болмай, қорқа берді. Ғам үстіге ғам басып, қырық жігіттен әруақ қашып, анда Хасанхан және жігіттерге қарап: – Әй, жігіттер! Бұ жерден қорқып қайтсақ әуелі Көрұғлы ханның жүзіге, екінші елнің бетіге нешік қарармыз? Я бұл елден өліп кетелік, я Ғауазханны алып кетелік! – деп жігіттерге қарап бір сөз деді:

– Фарамұш болмасын емді хатырлар,

Құрыңызлар сира перде, шатырлар.
Ақ кіреуке сауыт киген батырлар,
Я алыңдар, я өліңдер, қырық жігітлер!
Жолымызда көзі Көрұғлы сұлтан,

Ғауазжанны келтірүр деп қырық арыслан.
Жамылған оқ өтпес керік терісі қалқан,
Я алыңдар, я өліңдер, қырық жігітлер!

450. Жамбылда бір-бірін мазақ қылғандар,

Синбу қатын шық әнғам алғандар.
Сайлап-сайлап әнғамды жегендер,
Я алыңдар, я өліңдер, жігітлер!
Алтындан жығалы сауыт кигенлер,

Бізлерге ұшыраса деп жүргенлер.
Көрұғлының жүгірік атын мінгенлер,
Я алыңдар, я өліңдер, жігітлер!
Бұ сөзіме барша құлақ салыңыз,

Жандан кешіп бал Ғауазны алыңыз. 460. Менден артық болды ма екен жаныңыз,

Я алыңдар, я өліңдер, жігітлер!
Аралар астында Көрұғлы аты,
Ат болады ер жігітнің қанаты.
Қырық қайтса-ай қанша болар ұяты,

Я алыңдар, я өліңдер, жігітлер!
Мұндан қайтып Жамбылбелге кетерсіз,
Андағыға қайтіп һәзіл қыласыз.
Құры қайрат іште сақлап нетесіз,

Я алыңдар, я өліңдер, жігітлер! 470. Хасанхан дер құры қайтқан емес айып,

Өлтіресіз Көрұғлының асын жеп.
Бекер барсақ ат тағылар «қатын» деп,
Я алыңдар, я өліңдер, жігітлер!

Әлқисса, Хасанханның бұ сөзі жігітлерге тәсір қылмай, бірде оны уа бірде мұны кеңес қылып айтұр ерді: – Хасанхан маст болып сабасы толып тұр, болмаса ойламас ерді ме? Бізлер мұндан қайтып, әуелі Хұнхарның шаһарыға кірерміз, кірген билән шаһны алдыда олтырған Ғауазханны арбаймыз ба, оны қайтіп қолға түсіреміз? Қолға түсірген билән сондақ жайхұндик шаһардан нешік алып кетерміз? Әгар дұшманлар білсе, дарбазаны көміп, қырқымызны ошал жерде қырып, қылыштан өткеріп, Ғауазханны айырып алып қалұр, бекер өліп кетерміз, – деп, – һәмма қырық кісі бір Ғауаз деп өлгеніміз жарамас, Ғауаз жаны бізлерге жан болмас, – [деп], ахири кеңесні мұңа қойып, Хасанханға келмей, сөзіге құлақ салмай, тағның басыдан келген ізі бірлән түсіп Жамбылға қарап жөней берділер. Анда Хасанхан жігітлерінің бұ ісіге ашуы келіп қайтерін білмей, айтса сөзіге кірмей, танһа өзі тұрған жерде тұрды. Жігітлерінің кеткеніні көріп, жігітлерге қарап бір сөз деді:

– Дұшман келіп алдыңызға ел болсын,

Ғанимны шөукәті сынып құл болсын.
Келген істі бітірмейін қайттыңыз,
Айа, қатын-ерлер, сізге жол болсын.
Жылап кеңесті бір-біріге қыласыз,

Кеңестерің бітіп қайтып барасыз. 480. Көрұғлының не деп бетін көресіз,

Муханнис жігітлер, сізге жол болсын.
Әй, қатындар, құлақ салыңыз маңа,
Қатынның лыпасын киіңіз тәнге.
Ғауазны сұраса не дерсіз ханға,

Жаулық киген бәйбішелер, жол болсын.
Тапсырмай ма Көрұғлы бек тұзыге,
Барып не деп сөз айтасыз өзіге.
Қарайсыз сұраса қайтіп жүзіге,

Муханнис қатындар, сізге жол болсын. 490. Һәр існі қыласыз, бәрісі ойсыз,

Һәрқайсыңыз өз алдыңызға бисіз.
«Ғауаз ұғылым қані?» десе не дерсіз,
Айа, қатын-ерлер, сізге жол болсын.
Насихатын Хасанханның қыла алмай,

Дұшманның қалғасыға жете алмай.
Құлдық деп барасыздар ұялмай,
Муханнис қатындар, сізге жол болсын.
Бұ дұшман[нан] Ғауазны айырып алмай,

Құдай берсе бұ жолдан абырой алмай. 500. Әй, жігітлер, дұшманға қылыш салмай,

Етексіз қатындар, сізге жол болсын.
Ажал жетсе үшбу талапта өлмей,
Я болмаса кіріп Ғауазны алмай.
Ұрыс қылып қызыл қанға боялмай,

Нәкәс жігітлер, сізге жол болсын.
Хасанхан дер ерлер қылұр хұрұшны,
Дұшман келсе ерлер қылұр жүрісні.
Һеш болмаса бір қылмайын ұрысны,

Муханнис батырлар, сізге жол болсын.

Әлқисса, Хасанханның бұ сөзіні қырық жігіт естіп, құлақ салмай уа назар қылмай, Жамбылға қарап жөней берді. Анда Хасанхан тағы да бір дем, екі дем тұрып, тағаты болмай, ақыры бұ һәм жігітлерінің соңыдан қайтып жөней берді. «Көрұғлы атамны алдыға барып жалғыз фатиха алып, қайтып келіп, Ғауазханны Құдай қаласа алып, атамны қызметкеріге алып барып, дұғасыны алұрмын» деп, жәштикаһ намазын оқып, Жамбылға жөней берді. Ғайын бесінде Жамбылға келді. Анда Ағажүніс пері шаң-ғұбарыны көріп, Көрұғлыға қарап бір сөз деді: 510. Дүріләрің аман олды,

Дұшманларың жаман олды.
Сахит болмақ күмән олды,
Беклер, бұ не тұман олды?
Гөя ақырзаман олды.

Ағажүніс еріне-дүр,
Киіктейін керіле-дүр.
Бір көп тозаң көріне-дүр,
Беклер, бұ не тұман олды?

Гөя ақырзаман олды. 520. Бұ тозаңның пірі бар ма,

Я, білмеймін, сыры бар ма?
Я атты ләшкері бар ма,
Беклер, бұ не тұман олды?
Тұман басты елні үсті,

Туғ-бидақ хапарыста.
Ләшкері бар десте-десте,
Беклер, бұ не тұман олды?
Гөя ақырзаман олды.

Тұман түсті һәр қияндан, 530. Ғұж, жігітлер кешің жандан.

Емді шығың сіз бұ жайдан,
Беклер, бұ не тұман олды?
Гөя ақырзаман олды.
Ағажүніс ғамда қалды,

Білмей бұ не сәуда болды.
Жамбылбелні тұман алды,
Беклер, бұ не тұман олды?
Гөя ақырзаман олды.

Әлқисса, Көрұғлы сұлтан Ағажүніс перінің бұ сөзіні естіп, майханада олтырған жігітлер бірлән қорғанның дарбазасыға шығып қарап көріп танып өзінің ақ туғыны көрді. Хасанханның астындағы арғымақны көріп танып, қуанып, жаныда тұрған жігітлер билән аттанып қырық жігітнің алдыға шықты. Анда қырық жігіт өзі қылған істеріге пұшайман болып, өлгеніге разы болып, һешкім Көрұғлы ханның алдыға бармай, һәрбірі һәр жаққа кете берді. Хасанхан атасының алдыға келіп өзіні атыдан тастап, Көрұғлы сұлтанға қарап жылап тұрды. Анда Көрұғлы сұлтан Хасанханны алтын таққа міндіріп:

– Шырағым, балықның тіріклігі су билән, менің тіріклігім сен билән-дүр, – деп, Ғиратны өзі мініп:

– Ғауазны алып келүрмін! – деп, жөней берді. Ғайын намаз бесін уақытында Бәдбақытның қасыға келді. Анда Құдай Тағаланың жіберген мың бір бәлесісі алдыға келіп німә екенін біле алмай аңа қарап бір сөз деді:

– Білмейім көп қол жатыр мұнда не шақты,

540. Ғанимны әйлалық қолыны бағлы.

Құдай берді бұ дұшманларны бізге,
Ләшкер тартып мұнда келді Көрұғлы.
Майданда қозың бүгін қызыл қан,
Хақ Тағала бізге болғай мейірбан.

Беліңні бес жерден буғын емді сен,
«Алла!» деп ат қойғыл, қозым, Хасанхан!
Бұ дұшман мен білемін жоқты тек,
Көңіліңізде сақтамаңыз зәре кек.

«Алла!» деп ат қойың емді аянбай, 550. Қайда кеттің, жанымдағы Сапабек.

Бұ дұшманнан бізні Егем қылсын зор,
Қайда кеттің, айа, Сақи мирахор.
Аянбай ат қойың үшбу дұшманға,
Қылың дұшманның маңлайыны шор.

Қырық жалладым кейін қалмай маңа жет,
Ғанимны әйлаңыз бұ жерде хұб ит.
Ат басын тең қылад жандан кешібан,
Жолбарыстайын ат қойыңлар, қырық жігіт.

Арғымақ ат көкке қарап ғарлап, 560. Тіллә қалқан арқаңызда дұрлап.

«Алла!» деп ат қойың емді дұшманға,
Шынардай болып емді ғырлап.
Қырық жігітім, бұл айтқаным қыл емді,
Қандарны ағызың мысал сел емді.

Көрұғлы дер іште арман қалмасын,
Дұшмандар, қияметтей күн емді!

Әлқисса, Көрұғлы сұлтан бұ сөздерні айтып, тіллә дабылны қағып, ләшкеріні төңірегіге бағып, өздерінің күнә сөздеріге тәубе қылып, әуелі Хақ Тағаланы затыға сиынып, Қызыр, Ілияс, Ғауыс-Қияс, қырық шілтен, он екі имамны аруағыға жалбарып, медет тілеп, пақыр-міскін болып бір сөз деді:

– Қайтқан билән бізге қайда ел емді,

Құдай-а, мен құлға рахым қыл емді.
Мың бір атың құрметіден, Құдайым,

570. Мен ғаріпке медет берер күн емді!

Жылап мөдәм дәргаһыңа маһ, сал
Күнәһар пендеңмін, міне, әлім ал.
Он сегіз мың ғалам хақы, Зұлжалал,
Мен ғаріпке бір медет берер күн емді.

Сен ерүрсің барша шаһлар үзіре шаһ,
Кім сені білмесе ол ерүр күміраһ.
Айналай атыңдан, жаратқан Алла,
Мен ғаріпке бір медет бер әр күн емді.

Ғасылар ғам хауари, Мұхтар, 580. Мен ғаріпке бір медет берер күн емді.

Құдая, әйлағыл бізлерні рахмат,
Нәсіп еткіл таңла күнде қиямет.
Ғасылар панаһы, расул Мұхаммед,
Мен ғаріпке бір медет берер күн емді.

«Бер медет!» деп, сізге өзім ынтызар,
Рухыңны әйлағыл маңа себепкер.
Мұсылман достым деген шаһариар,
Мен ғаріпке медет берер күн емді.

Алдымда көп қосын жатыр пәруана, 590. Танһа өзім кірмекке қайран.

Кемер бесте пірім, я, Шаһимардан,
Мен ғаріпке медет берер күн емді.
Дінні шырағы, имам Ағзам,
Мұхаммед үммет халыққа мысалым.

Кемер бесте пірім, я, Ғаусыл ағзам
Мен ғаріпке медет берер күн емді!
Қолымға алайын семсер алмас,
Бұ ләшкерге емді кірмесем болмас.

Пірім Ғауыс-Қияс, я, Қызыр, Ілияс, 600. Мен ғаріпке медет берер күн емді!

Ларзан ұрар медет тілеп ғаріп тән,
Нәфас һауа ішлеріге жақынмын.
Отыз жаста пірлік қылған қырық шілтен,
Мен ғаріпке медет берер күн емді!

Қартайып көңілімде қалмады арман,
Жігіттікте көтерген мен батыр нам.
Кемер бесте пірім, он екі имам,
Мен ғаріпке медет берер күн емді!

Баршалардың болған Жамбыл шаһы, 610. Болып өткен ғаріплернің панаһы.

Ата-бабамның қалың әруағы,
Мен ғаріпке медет берер күн емді!
Баршасыны Жамбыл ерді жерлері,
Болып өткен үшбу жернің ерлері.

Атамны қол берген бозорг пірлері,
Мен ғаріпке медет берер күн емді!
Көрұғлы дер һеш қалмады нышаным,
Ауызымдан шыға-дүр бұдыр пешенем.

Сиынған, қол берген бозорг ишаным, 620. Мен ғаріпке медет берер күн емді! Әлқисса, Көрұғлы сұлтан бұ сөзні айтып һәмма кәміл пірлерінің әруақтарыға сиынып қайтадан ат үстіге мініп, жаныдағы тіллә дабылыны үш-төрт мәртебе ұрып, бір кәтта көк шатырға тіллә құтаслы төрт-бес туғ тұрып ерді, аңа қарап ат қойып жақындап барғанда алдыдан Қожа Қызыр әлейһиссалам бірлә Ілияс уа Ғауыс-Қияс уа қырық шілтен, он екі имам алдыларыдан шығып Көрұғлы сұлтанның атыны шылауыдан тұттылар. Анда Көрұғлы сұлтан аларны көріп, өзіні атыдан тастап, басқан ізлеріден көзіге сүртіп пірлері бірлән қосылып Қызыр әлейһиссаламның шатырларыға кірділер. Анда Қожа Қызыр әлейһиссалам айттылар:

– Әй, Көрұғлы, сен Жамбылдан шығарда лепіріп, «Құдай қаласа» демей, айтұр ердің. «Әуелі өлермін, әгар өлмесем, Ғауазны алып келүрмін» деп шыққаныңа Құдай Тағаланың қаһары келіп, сені сол мәртебеде жер билән жексен қылмақшы ерді. Біз сенің үшін Құдай Тағаланы дәргаһыға жетпіс үш мәртебе барып, сенің бір шыбындик жаныңны сұрап алып ердік. Сен бір мәртебе әуелі Құдай Тағалаға сиынбай, екінші пірлерден медет тілемей ерлігіңе сеніп көкіректік қылмай бізлерге ат қойсаң ерді. Бізлерден мың жаның болса һәм аман кетпес ердің. Ләкин, сен бұ жерге келгенде ақылың кіріп Хақ Тағаланы тіліңе сыдық ықылас бірлә алғандан соңыра бізлерге «саңа қарсы тұрып шығып, медет берің» деп әмір олды. Сізге медет бердік. Емді білгіл, біз саңа бірнеше сөзлер айталық, әмма, сен емді мұндан аттанып Бәдбақыт тағының басыға шығып, о жақ, бұ жақ қарағыл. Бір ақ сақалдық кісі қой бағып жүрген-дүр. Ләкин, ол шалның аузыда бір тісі жоқ, аның Құдай бірлә ісі жоқ, өзі дұшман-дүр. Ғауазханға құштар-дүр. Һәр жылда бір мәртебе барып, Ғауазханның әйдік жүзіні, құралайдик көзіні көріп келе-дүр. Қой бағып андан алатұрған хақы сол-дүр. Әмма, сен ошал бабаның қасыға барып, аның киімдеріні киіп, қолыңға таяғыны алып, аның қойыдан үш-төрт жүз қойыны бөліп айдап, Ғауазханны атасы Бұлдырық қасап-дүр, сұрап барғайсың. Ләкин, Бұлдырық қасапның қатыны түркімен перзенті-дүр, өзі мұсылман, аты Гүлайым-дүр. Ол дұшман қолыға түскелі қырық жыл болды. Һәнуз һәм ағасыдан бір кісіні көрген жоқ, һешкімні танымай-дүр. Әмма, түрікпенде Қоңырбай деген бір ағасы бар ерді. Сен ошал Қоңырбай болып барсаң ісің асан біте-дүр, – деп, бірнеше жерден пәнд-насихат қылып, Көрұғлы хақыда дұға қылып, қала берді. Анда Көрұғлы сұлтан пірлеріден дұға алып Ғиратыны жолыға салып ойнатып, ағызлығын шайнатып, кіреуке сауытыны жайнатып, Бәдбақыт тағының басыға шығып, о жан, бұ жан қарап жайылып жатқан қойды көріп, қасыға барып, бағып жүрген бабаға қарап: «Бұ қой кімнікі?» деп сауал сұрады:

– Астымда Ғиратым ойнар жүз алуан,

Иығымда жалтырар күрүсі қалқан.
Мехнат шегіп, жапа көріп жүріпсің,
Бұ қойларың кімнікі, бабажан?

– Астыңа арғымақ мінген, бек жігіт,

Бұ қойны егесін сұрап нетесің?
Айтайын сөзімні бір-бірден, сен есіт,
Бұ қойның егесін сұрап нетесің?

– Ергештірген менім сансыз кісім бар,

630. Сұрарға сендейлерге хошым бар.

Бұ қойның егесі кім-дүр, бабажан?
Мал жоғалтып келе-дүрмін, ашуым бар.

– Білсең, балам, мен ернің өзімін,

Бұ мал үшін қарайтұғын көзімін.
Һәрне жоғың болса менден сұрағыл,
Бұ қойның егесі қазір өзіммін.

– Мен айтайын бұ сөзіме құлақ сал,

Сенікі ермес-дүр білемін бұ мал.

– Бұ маллың егесі өзіммін, білің,

640. – Ашуда қылма емді мені, тентек шал.

– Бұ маллың егесі өзіммін, білің,

Таяқ білән сөйлейін, қасыма келің.
Уа ата ғарыңа мұнша сөзледің,
Егесі мен, сен атаңа ...

– Шыны білән келсе ернің халі,

Қойын бағар шөлде қандайын шалы.
Сен айтпасаң айтпай тұрғыл, қыңыр шал,
Бұ қойны білемін, Ғауаз малы.

– Шөлдерде жүрер ме адам бейқарар,

650. Ай жүзін көрмекке болып ынтызар.

Таяқ жемей және емді бұ жерден,
Ғауазның атыны тұтма, бәтшағар.

– Бәдбақытның көп-дүр түрлі киесі,

Айта берсем келер сөзні жүйесі.
Мен білермін бұ малларны бәріні,
Ғауаз ұғлан ер-дүр малның егесі.

– Сен қайдан есіттің аның затыны,

Я оқып көрдің бе аның хатыны?
Ажал жетіп әгар келген болсаң,

660. Ағызыңа алмағыл Ғауаз атыны.

– Көрұғлыдан бір-бір есіт бұ сөзні,

Ғауаз үшін жолға саламын көзні.
Шыны білән көңілің болса, бабажан,
Келтірей ме үшбу жерге Ғауазны.

– Мен білдім, сен екенсің Көрұғлы,

Өлгеніңше сен жүрмедің һеш тұғры.
«Ғауаз» десең отыз тісің ұсатай,
Ізіңше қайт кетіп, бәтшағар ұғылы.

Әлқисса, бабаның ашуы келіп: – Мен Ғауазның ғашығыда өліп жүрсем, бәтшағар, аны алып кетемін дейсің, ләкин сен адамыңа жолықпай жүр екенсің, – деп, таяғыны қолыға алып, иініне салып, белі бұралып, аяғы ұзалып келе жатыр. «Көрұғлы» деп шылауыдан ұстар болды. Анда Көрұғлы сұлтан аттан һәста бірлә түсіп, қол аяғын бағлап, жүрек-бағырыны дағлап, «дауысыңды шығарма» деп, анша таяқтап, үстідегі киіміні киіп, уа қолыға таяқны алып, өзіні һәм әнжам уа жау-жарағыны бәріні бекітіп бір қылует жайда қойып, о шалны басыға жүз таяқ ұрып, уа және Ғиратыны шалны қасыға қойып айтты: – Ей, Ғиратым, бұл һәм жау-жарағымны саңа тапсырдым. Уа сені Алла Тағалаға тапсырдым. Та мен Күржістан барып келгенше бұ малға, бұ жатқан шалға ықтият болғайсың, – деп, Көрұғлы сұлтан Ғиратқа қарап бір сөз деді:

– Сенсің менің қолқанатым,

670. Ұрысқа мінсем сол атым.

Мен Хаққа тапсырдым,
Көз Ғиратым, жан Ғиратым.
Пиядалап жетер болдым,
Мен шопанлық ықтияр қылдым.

Аман болғыл та көргенше,
Ғауазханға кетер болдым.
Сенсің менің таза бағым,
Мінсем сені тарқар дағым.

Мен келгенше ықтият бол, 680. Қойып кеттім жау-жарағым.

Һешкімге өзіңні білдірме,
Бұ жерге жандар келтірме.
Оттап қалып ғапыл болма,
Дұшманға мұны алдырма.

Һеш пенде сені білмесін,
Ғапылетте саңа келмесін.
Біреу алып жау-жарағым,
Қол аяғым кесілмесін.

Басқа сөзге құлақ салма, 690. Хабардар бол жатқан шалға.

Андан соңыра бір насихат,
Ықтият бол жатқан шалға.
Мен келгенше қақырмасын,
Әуез қылып бақырмасын.

Ықтият бол үшбу шалға,
Адам көріп шақырмасын.
Көрұғлы дер есіт мұны,
Шалға болсын махшар күні.

Дауысы шықса бас жүрегін, 700. Сөйтіп бағың, жаным, соны.

Мен келгенше жатсын ұқлап,
Існі бітіргін тоқтап.
Дауысы шықса басып қойғын,
Көкірегіден жерге нықтап.

Әлқисса, Көрұғлы сұлтан Ғиратқа бұ сөзлерні тағин қылып жөней берді. Анда шопан бабаны ашуы келіп, жатқан жайыдан қыбырлап дауысыны шығарайын деп ерді, Ғират көкірегіден һәста бір басты. Шал жерге кіріп кеткүдик болып қорыққаныдан үндей алмай, көзі жаудырап, жатып қала берді. Анда Көрұғлы сұлтан ол қойларны бір басыдан ғана кәттәсіден аралап, құнан, дөненден саралап, төрт жүз қойды бөліп айдап, та құптанғаша жол жүріп, Күржістан шаһарының дарбазасыға барып көрдіке. Һәмма адам дарбазаны бекітіп жатып қалып-дүр. Анда Көрұғлы сұлтан өз атыны Қоңырбай қылып дарбазада жатқан құрбашыларға бір сөз деді:

– Жетегімде қатарлаған нармысың,

Саудагер келсе деп аңа зармысың.
Құптан болмай барша жатып қалыпсың,
Тұрыңдар, миршаплар, үйде бармысың.
Қызметке жаратқан Егем кішікні,

710. Өте алмаймын кірей десем тесікні.

Арақ ішіп жатқан, һәмма миршаплар,
Ашыңыздар тұрып маңа есікті.
Һауаскар иктадай түрфіні,
Жарасуға тал-тал өрер зүлфіні.

Тысқарыдан мен бір келген саудагер,
Құрбашылар, аш дарбаза құлпыны.
Мал сатам, қылмаққа менің тойым бар,
Базарға сатсам деген ойым бар.

Құрбашылар, аш дарбаза құлыпны, 720. Қорқамын алдымда бейхад қойым бар.

Саудагерлер бүгін қапа болмасын,
Тысқарыда біреу зорлық қылмасын.
Құрбашылар, ішкеріге кіргізің,
Ұғыры келіп дала жерде алмасын.

Мен мүсәпір еге жұртым қалды да,
Құдайым басымға сауда салды да.
Бір қойым жоғалса сізден жүз қылып
Төлетіп алармын падиша алдыда.

Аһ ұрсам төгілер көзімнің жасы, 730. Қияметше болұр Мардана жолдасы.

Мен саудагер мүсәпірмін сізлерге,
Дарбазаны ашқыл, баба құрбашы.

Әлқисса, Көрұғлының бұ сөзіні құрбашылар естіп бір-біріге айттылар: «Өзбектен келген саудагер екен, алдыда малы көп екен. Әгар мұны шаһарға кіргізбесек бәнәкаһ бір малы жоғалса басымызға бәле болар» деп дарбазаны ашып, һәмма қойларыны ішке кіргізіп жайлап, Көрұғлы өзіні керең, аңқау қылып, «Жол болсын!» дегенге «Әлейкум ассалам» дейді. Анда дұшманлар айтты: – Қайда барұрсың? Көрұғлы айтты: – Мал-жанымыз аман-дүр. Дұшманлар айтты: – Қанша қойың [бар]? – деп. Көрұғлы айтты: – Ауылдан шыққаныма жиырма бес күн болды. Дұшманлар айтты: – Бұ қойларның пұлыға німә аларсың? Көрұғлы айтты: – Қойларым неше күнден бері жол жүріп, шаршап жатқан-дүр, – дейді. Қызылбастар айтты: – Атың німә-дүр? Көрұғлы айтты: – Бес-алты жылқым бар еді, аның һәрқайсыны бір бала мініп кетіп-дүр, бұ жерге пиядалап келіппін, – дейді. Ләкин, Көрұғлы һәр гәп айтқанда дұшманлар қаһқа ұрып күліп айтұр еді: – Бұ ақымақ екен, бұ өзбек ерте бұ һафит әнғамы білән шаһарға базарға қой салса мұны һәм қойларыны базар ішінде талап алып кетер, бізлер һәм барып тұралық, – деп, ошал кеші жатып, таң атқандан соң Көрұғлының қойыны айдасып базар басыға келді. Көрдіке, әлі қой базарға түскен жоқ, саудасы ашылған жоқ. Анда Көрұғлы сұлтан һәмма қойларыны көгендеп, өзі бір келте келтекні қолыға алып, «ошал жерде адамдар сеніп, ақымақ екен десін» деп, бірнеше әпсана сөздерні баян қылып тұрар ерді. Біздерні қулық білән алдап тұрар деп айтар, ошал халатта Көрұғлы сұлтан көрдіке тіллә жығасы басында, бес жүз қасап қасында, өзі илик жасында, бір симан жорғасы бар, пұшыт-пұшыттап Бұлдырық қасап келіп қой базарыны аралап, кәтта-кәтта қойларны саралап келіп Көрұғлы қасында тұрды. Анда Бұлдырық қасап тұрған адамдардан сұрады: – Бұ қандақ кісі-дүр? – дейді. Қызылбастар айтты: – Біз мұның қандақ адам екенін білмедік. Зираке бірнімә десек, бұл басқа бірнімә оттай-дүр, – дейді. Өзіңіз сұраң дейді. Анда Бұлдырық қасап: – Қайдан келүрсің? – деп, – уа қайда барұрсың? – деп Көрұғлыдан сұрады. Анда Көрұғлы бір-бір жауап берді:

– Бұ жерлерге ғаріп болып келесің,

Өзіңні көп әсіре жалғыз білесің.
Әсілі, нәсілі қайдан сенің сұрайын,
Айа, өзбек, қайсы елден боласың?

– Ажал тисе қызыл гүлдей соламын,

Алдыма көп қойды салып келемін.
Әсілі мені түркімен елінің перзенті,

740. Шаһарыңа сауда үшін келемін.

– Жарасуға ат кекілін тараймын,

Делдал болып қой сатуға жарармын.
Өзбек деген атажұртым болады,
Қай ұрығысың, ұрығыңны сұраймын.

– Ада болмас елім шекер ханды,

Көңілімден кетпей-дүр пірлерні пәнді.
Әсілімді сұрасаң саңа айтайын,
Менің әсілім текежәуміт перзенті.

– Кім біледі ішіңдегі ойыңны,

750. Қуанамын көріп сенің бойыңны.

Бұ жерге не үшін келдің өзің сен,
Сатамысың алып келген қойыңны.

– Һәмма ұшы-қиыры жоқ-дүр ойымның,

Айсығы жоқ саңа реңк-руымның.
Білмеймін бұ қойларның бағасын,
Һәм заман егесі келүр қойымның.

– Ойлап тұрсам мына өзбек сұм екен,

Жүрген жерің жәуміт елде құм екен.
«Қойымның егесі бар» деп айтасың,

760. Мен сұрайын қой егесі кім екен?

– Құдайым сүймеген пенде харзар,

Дозақның бір белгісі көңілі тар.
Мені жалғызбасты деме бұ жерде,
Бұ шаһарның кәттасы менің жездем бар.

– Басыма зарафшани сәлде ораймын,

Сұлу қылып мұртымды бұраймын.
Бұ шаһарда менің жездем бар дейсің,
Жездеңнің аты кім-дүр, сұраймын?

– Мен айтайын, сұрап барып аны тап,

770. Сұрасам біледі һәм шейх, шаб.

Айтайын жездемнің атын сұрасаң,
Атыны дерлер Бұлдырық қасап.

– Мен білдімки қайыры көп-дүр жапаңны,

Көрсеткіл маңа емді опаңны.
Жездең аты әгар болса Бұлдырық,
Білемісің аты кім-дүр апаңны?

– Жүрегіме түсті менің көп уайым,

Әзелден айырған бізді Құдайым.
Жаңылмасам балалықта кетіпті,

780. Шырағымның аты ерді Гүлайым.

– Қай жерлерде қалды жүмлә илатың,

Түркімен еліден-дүр затың.
Апаң білән мен жездеңні таныдың,
Кім бола-дүр айт маңа өзіңнің атың?

– Кішікліктен ғаріп қылды бір Құдай,

Ғаріп болып күнде шектім аһу-ай.
Әсілі-нәсілі бір-бір қылып сұрадың,
Өз атымны менің білсең Қоңырбай.

Әлқисса, Бұлдырық қасап: – Қоңырбай шырағым, есен-аман болдың ба? Ол тараптағы ата-ана, қауым-қардашлар аман ба? – деп, Қоңырбайға қарап бір сөз деді:

– Асқарны тағның үсті тұман ба,

790. Ол жұртларны бізге көрмек күмән ба?

Сұрайын бір-бірін сенден, Қоңырбай,
Түркімендегі елі-жұртың аман ба?
Һажыр отыға қалды бізнің тәніміз,
Ақ сүт берген мейірбандар аман ба?

Жәумітнің елінде ата-анамыз,
Көп-дүр ме бұ күнде кәлбаханамыз?
Баһар бұлбұл бақта сайрар гүліміз,
Сөзлеселік, әй, тасрих діліміз.

Жәумітні елінде барша еліміз, 800. Бала-шаға, аға-іні аман ба?

Кім біледі көңілдегі дертіміз,
Ішімізден шығар аһы сырымыз.
Көрмесек те біздің һәм бір жұртымыз,
Кәтта, кішік нужуандар аман ба?

Көкірегімге түсті сенің бұ дағың,
Баһарда ашылар гүл ішінде бағым.
Бойыңдан айналай сенің, шырағым,
Ол тарапта қалған елдер аман ба?

Баршаларың ішінде мен әудаға, 810. Кигенім жібек-дүр, алтындан жыға.

Тал бойыңдан мен болайын садаға,
Жәуміт елінде нужуандар аман ба?
Бұлдырық дер көзден жасым тізілді,
Сені көріп менің көңілім бұзылды.

Қоңырбай дегеніге бағырым езілді,
Дерт билә көрген елдер аман ба?

Әлқисса, Көрұғлы сұлтан Бұлдырық қасап билән сөзлесіп, көрісіп, хал-ахуалдарыны сұрасып еді, «Жезде, Ғауазхан шырағым қайда? Көрісіп алай деп келіп ердім» дейді. Әмма, Ғауазхан Хұнхар шаһның алдыда бірнеше мен-мен деген махрамлар жанында кеші-күндіз Хұнхар шаһ билән олтырып ерді. Анда Бұлдырық қасап жаныдағы бір махрамды Хұнхар шаһқа шаптырып: «Ғауазханның тағасы келіп, аны көрмекке көптен-көп ынтызар-дүр. Бүгінше бара тұрсын, қызметлеріге ерте бірлә барұр ерді» дейді. Махрам барып Хұнхар шаһқа Бұлдырық қасапның сәлеміні бір-бір баян қылды. Анда Хұнхар шаһ қабыл қылып, Ғауазханны тақтыға рауан қылып, үстіде базардан аралап, «менің тағам қандай жігіт екен» деп, һәм жақсы ат уа жақсы тонды кісіге қарап күлер ерді. Бәнәкаһ Көрұғлы бекнің көзі Ғауазханға түсіп, жүгіріп барып тақтының үстіден Ғауазханны құшақтап алып, көтеріп алып, екі жүзінен иіскеп, алмадик қойныға салып, Көрұғлы Ғауазханға қарап бір сөз деді:

– Сені көріп кетті көңілден арман,

Іс болмас құдіретлі Хақтан бейпарман.
Жүрегімде арман билән дертім көп,

820. Шырағым, сен-дүрсің дертіме дәрмен.

Жарасуға зер кекілім сипаймын,
Қаршығадай болып тұрып тілеймін.
Тал бойыңдан бір көрмекке, Ғауазхан,
Тілей-тілей кәміл пірден тілеймін.

Бойыңдан мендейін тағаң садаға,
Құлақ салғыл мен әйлаған нидаға.
Ай жүзіңді бір көрсем деп, шырағым,
Сахарларда жыладым тынбай Құдаға.

Сені іздеп тұра алмадым елдерде, 830. Хуаһі шөлде, хуаһі көлдерде.

Ақырында іздеп шығып, бал Ғауаз,
Пияда жол жүрдім ұзақ шөлдерде.
Аждаһасың, кім шыдайды заһарыңа,
Қой айдадым тас-тағ, наһарыңа.

Ақырында шыдай алмай, шырағым,
Саудагерлік қылып келдім шаһарыңа.
Жаныма өлшедім айтқан сөзіңні,
Өле-өлгенше құл қылайын өзімні.

Тағ-тасның азабыны көп көрдім, 840. Шүкір Алла, көрдім әйдік жүзіңні.

Ақ жүзің жараса-дүр хоши хал,
Дұшманларың болсын саңа паймал.
Шүкір Алла, көрдім әйдік жүзіңні,
Бір тарап мойныңа садақа үшбу мал.

Жүрегіме түсті сенің бұ дағың,
Һәркімседен сұрап білдім сұрағың.
Құдаға мың шүкір, көрдім бойыңны,
Өлсем зәреше жоқ-дүр арманым.

Әлқисса, Көрұғлы сұлтан бұ сөзіні айтып Ғауазханны басыдан үш мәртебе айланып көксіге қысып, көз жасыны жаңбырдик төгіп жылар ерді. Мұны көріп Бұлдырық қасап кәһ күліп, кәһ жылап жанындағы адамдарға айтұр ерді: «Өзбек халқы сондақ бағырмал болұр екен. Көрдіңдер ме, жиендеріні сағынып келіп көрген соң басыдан айланып сондақ қыла жата-дүр» деп, тұрған халайықтарның һәм көңілі бұзылып жыласар ерділер. Әмма, ошал халде Көрұғлының үстідегі киген шекпені Ғауазханны гүлдик бәдәніге батып, Ғауаз ұғылан атасыға қарап бірнеше әпсана сөзіні айтып ерді, ғазалы:

– Ерісін тағларны қары, ерісін,

850. Һәр пенде алғаны билән қарысын.

Шекпені бағырымдан өтіп барады,
Қу өзбектің киген тоны құрысын.
Бек болып нете-дүр сұңқар шүймесе,
Дабыл байлап нетер оны түймесе.

Мұнша қойды бекер айдап нетеді,
Үстіге бір жақсы тонны кимесе.
«Ал!» дегенде ер ме жауға тимесе,
Қылған ісі бекер, қайыры болмаса.

Малы құрысын бұл өзбектің айдаған, 860. Астыға бір жақсы тұлпар мінбесе.

Сөз айтпаңыз ештеңкеге бақпаса,
Сөз сұрамаң нәкәс сөзге бақпаса.
Мал жиып мехнатын көріп нетеді-ай,
Нағыра, қылыш белге алып тақпаса.

Шаруадарның жүрер жері Балқан,
Қара суға қарып ішілер талқан.
Мал мехнатын бекер көріп нетеді-ай,
Иініге тақпаса керік бір қалқан.

Бұ дүния жалғаншы бізден өтеді-ай, 870. Барша малны бір күн тастап кетеді-ай.

Дост-дұшман барша қылұр масқара,
Келмей кеткір жолда өлсе нетеді-ай.
Малы жоқлар һәр жерлерде дәрманда,
Бейперзентнің өткен ғұмыры арманда.

Келмей кеткір «тағаңмын» деп келіп-дүр,
Дост-дұшманға мені қылып шерменде.
Бұ сөзлерні сөйлер бір-бір Ғауазхан,
Іс болмас Құдіретлі Хақтан бейпарман.

Елі-жұртқа мені қылып шерменде, 880. Ертерақ жоғалтқын мұны, атажан. Әлқисса, Ғауазханның бұ сөзіні Бұлдырық қасап естіп айтты: – Әй, бейғақыл бәша, көп нәмақұл сөз айтпа, сонша қойы бар кісі ат-әнжам таба алмай-дүр ма? Сол қойларның төрттен бірін өзіге қаратып хараж қылса бектер сәулетінде болұр, ләкин, тағаң мүсәпірлікті ықтияр қылған екен. Сопы нақыш өзі әулие адам екен, мұндан бұян және сондақ деп айтсаң дерхал өлтірермін. Емді тұрғыл, тағаңны үйге алып барғыл. Сіңілісі билән көрісіп бахұзыр жатсын. Өзің алдыда қызмет қылып тұрғыл, – деп, және Көрұғлыдан: – Қойларның бағасыны айтып кеткіл, – дейді. Қоңырбай айтты: – Әй, жезде, бұ қойлар әуелі менікі болса, ақыры өз малың тұрар. Базар бағасы білән сатып келгіл, – дейді, Ғауазханға қосылып жөней берді. Анда Ғауазхан тағасыны қолыдан ұстап, алдыға түсіп бастлап, хоулісіге барып, анасының қасыға барып, анасыға қарап бір сөз деді:

– Ойласам бұ дүния істері панаһ,

Құдай сүйген құлының тілінде шаһ.
Мен бір сөзні саңа баян етейін,
Құлақ салып тыңла мұны, жан ана.
Сөз естігіл бал Ғауазның тіліден,

Бір кісі шығып-дүр текежәуміт еліден.
Бұ жерге келіп-дүр бізні сұрақлап,
Бізлерні көрмекке қалып жолыдан.
Найзаға барабар оның бойы бар,

890. Білмеймін қиялы нешік ойы бар.

Бұ шаһарға ол келіп тұр сұрақлап,
Алдыда айдаған бес жүз қойы бар.
Бүгін ерте ол кіріп-дүр шаһарға,
Қосыны артып-дүр бір кәттә нарға.

Бұ шаһарны жалғыз жиені танымай,
Салған екен қойларыны базарға.
«Өзбек» деп адамлар мазақ қылып-дүр,
Мазақ қылғаныны ол һәм біліп-дүр.

Қайран болып тұрғаныда ол өзбек, 900. Нәкүмәнда қасыға атам келіп-дүр.

Атам келіп өзбекке қарапты,
Сөз сұраса жауабыға жарапты.
Әсілі, нәсілін бір-бір қылып өзбектен,
Оны атам құп ақтарып сұрапты.

Ол өзбектің айтқан сөзлері епті,
«Бұ шаһарда менің жездем бар» депті.
Жездесіні аһли-нәсілін сұраса,
Сұраған жездесі атам шығыпты.

Ол өзбектің бар келбеті өзіңдей, 910. Сөзлесе сөздері мислә сөзіңдей.

Жәуміт елінде ағайың бар ма еді?
Айырып болмады, көзі көзіңдей.
Деме ана мені емді ойыншы,
Тұрып бүгін таза тондар киінші.

Тағамыздан күдер үзген болмасаң,
Тағам келді, бергіл емді сүйінші.
Неше күн жол жүріп, бағрыны дағлап,
Сені, мені бір көрмекке зар жылап.

Тағам келді, бермеймісің сүйінші, 920. «Гүлайым қайда?» деп келді сұрақтап.

Ашады екен Құдай сүйген сыйымыз жай,
Бірнеше нан таба алмай жылар уай-уай.
Инанбасаң емді сені айтайын,
Сұрап едім «атым, – деді, – Қоңырбай».

Ғауазхан дер арқам емес бесікте,
Я болмаса көзім емес тесікте.
Мен де білгенімше бәрін сұрадым,
Шықпаймысың ол тұрып-дүр есікте.

Әлқисса, Гүлайым Ғауазхандан Қоңырбай атын естіп тап-тағаты қалмай, аһ ұрып, зар жылап, жүгіріп шығып Қоңырбайны мойныдан құшақтап, көз жасыны жерге төгіп, Қоңырбайны иіскеп бір сөз айта берді:

– Жүректерге түсті әләмлі дағым,

930. Қазан болмай солды менің шарбағым.

Қырық [жыл] болды айрылғалы елімден,
Есен-аман жүрерсің бе, шырағым?
Кеші-күндіз болды жүректе уайым,
Уайым салған маңа Қадір Құдайым.

Есен пенде көрер екен бір-бірін,
Бойыңдан айналсын мендей Гүлайым.
Жатсам-тұрсам сені Хақтан тіледім,
Һеш бермеді Хақ Тағала мұратым.

Мүсәпірлік басқа түсіп бұ жерде, 940. Кәһі күндер тынбай Хаққа жыладым.

Бір адам көрінсе оны көзледім,
Кімді көрсем төркін елден сөзледім.
Мүсәпірлік құрысын емді қайтейін,
Кәһі күндер бота болып боздадым.

Қалмады қайтейін дұшман қағынып,
Мен жүргенмін ғанимларға бағынып.
Құдаға ботадайын боздадым,
Жәудіреген көзлеріңні сағынып.

Шүкір Алла, көрдім әйдік жүзіңні, 950. Бір көрмекке ынтық болдым өзіңні.

Өмірімді бәріні жылап өткердім,
Сағынып «шырағым» деген сөзіңні.
Ер жігіт майданды көрсе сайлансын,
Құдая, дұшманның қолы байлансын.

Елі-халқым, қарындастар аман ба?
Бойыңдан мендейін көрген айналсын.
Мені мұндай сорлы қылды бір Құдай,
Сорлы болып күнде қылдым аһу-ай.

Өлген өліп, тіріклері сахит ба, 960. Қайбіреуін сұрайын енді, Қоңырбай?

Гүлайым дер елні көрмек күмән ба,
Басыма һәр күні ақырзаман ба?
Баршасыны сенден сұрап қайтейін,
Жұрт егесі Көрұғлы бек аман ба?

Әлқисса, Гүлайымдан бұ сөзлерні естіп Қоңырбай һәм ботадай боздап, жылап екісі көрісіп, хал-ахуалыны сұрасып олтырғандан кейін Қоңырбай айтты:

– Шырағым, елні, халықны барша сұрадың, мақұл-дүр, ләкин, Көрұғлы бізге жау тұрар, оны німеге олардан һәм көбірек сұрарсың? – деді. Анда Гүлайым айтты:

– Әй, аға, кісінің өз ұрығы болғандан соң кісі шыдап болмас екен. Зираке дұшманлар айтса «Көрұғлы сұлтан пәлен жерге келіп шауып алып, көп олжа билән кетіпті» десе сол жерде олтырып көйлегімге симай семіріп қуанармын, әгар қашып бара жатыр десе үш күнгеше тамағымдан ас өтпей-дүр. Сол себептен оны сұраймын, – дейді. Анда Көрұғлы мұны естіп білдірмей өксіп-өксіп жылады.

Әлқисса, Ғауазхан тағасыны мейманханаға кіргізіп тоғыз түрлі тағам тартып, һәрне дегеніні даяр қылып, кәһ Көрұғлыны тізесінде олтырып мойныдан құшақтап, бір дем басқа жерде олтырмай Көрұғлыдан түрікпен елі уа Жамбылбеліні сұрар ерді. Анда Көрұғлы хан айтар ерді:

– Әй, Ғауазхан, алып кетсем бізнің елге барып бек болып жүрермісің? – дейді. Ғауазхан айтты:

– Әгар алып кетсең барармын, – депті-дүр. Көрұғлы хан Ғауазханны сөзіге еріп кетіп, бал Ғауазны мойныдан құшақтап, екі жүзіден сүйіп, иіскеп, анда Көрұғлы Жамбылбелде олтырғандик болып бір сөз дейді:

– Жүректе қалмасын сөздерім панһан,

Панһан сөзні әйлады бұ демде аян.
Біздің елдер – ғажап елдер, көрерге
Барармысың алып кетсем, Ғауазхан?
Тамашасы көгертеді иманды,

970. Һәркім көрсе оны ақылы қайран-ды.

Тағларыда мөдәм сайрап бұлбұлдар,
Бола қалар һәр тарапқа рауан-ды.
Батырлар қолыда алтын бидақлар,
Ауға шығып сай тасындай бойдақлар.

Ашылұр жүзіде асқар бұлағы,
Басында ойнасар алқар ұлағы.
Көрген кісі әсілі шыққысы келмес,
Төбесінде ұлақларны құлағы.

Ұзын-ұзын тағларымның саласы, 980. Ат шаппаққа құп қайым-дүр даласы.

Со тағларға жаздың күні болғанда
Шығады ойнасып бектер баласы.
Бек, батырлар керней-сырнай қояды,
Жоланыға алқар, киік сояды.

Қыз-жуаны ішлері де аралас,
Һәркім көрсе оны көзі тояды.
Адамдар бар саңә қылған тұлымдан,
Не істер шығады білмеймін ойыңдан.

Не-не ғажап ойын-күлкі анда бар, 990. Барамысың, алып кетсем бойыңдан.

Құсың салсаң барып Һауадақ көліме,
Түркімен елі ынтызар-дүр жолыма.
Бойыңдан айналсын мендейін тағаң,
Бек, паша болсаңшы Жамбыл еліме.

Еге бол дәптерде несие-нақтыма,
Бұлбұл болып қонғыл бақта рахатыма.
Бойыңдан айналай, балам Ғауазхан,
Бек болып мінсеңші тіллә тақтыма.

Жолым түсті мұндай дұшман затыға, 1000. Қосылмас басыңның әсілі о жатыға.

Бек болып Жамбылның жұртыға жүріп,
Мінесің бе арқыратып Ғиратыма?

Әмма, Көрұғлы сұлтан өзіден һәм қызылбастарға Ғиратының даңқы зор ерді. Қызылбасның жылап тұрған баласының алдыда «Ғират!» деп сөз қылса ошал бала қорыққаныдан дерхал жылағанды қояр ерді. Ләкин, Көрұғлының айтқан сөзіге Ғауазхан һәм еріп, «Таға! – деп, – алып кетсең барамын» деп олтырып ерді. Нәкаһ, абайсызда «Ғиратқа мінесің бе?» деп айтқан заман тізеде олтырған Ғауазхан қорыққаныдан ырғып барып есікке шығып, даладағы адамдарны шақырып: «Дат, парияд! – деп, – біздің үйде «Қоңырбай» деп Көрұғлы келіп олтырған екен» деп, бір сөз деді:

– Мені ақымақ қылған екен,

Ақыл-һұшым алған екен.
Жиылыңлар, әй, жарандар,
Көрұғлы қу келген екен.
Жиыл, қане, болып күдей,

Астыға мінбей құнан-тай.
Қулық білән тағам болып,

1010. Атыны қойып Қоңырбай.

Жүрегімні қылмаққа дағлы,
Қолымны етпекке бағлы.
Қасадын тігіп келген екен,
«Қоңырбаймын» деп Көрұғлы.

Мені үйір қылайын деп,
Құп сырыны білейін деп.
Келген екен қу Көрұғлы,
Маңа шеңгел салайын деп.

Мұратыға жетпектікке, 1020. Қолдарымдан тұтпақтыққа.

Келген екен дұшман өзбек,
Мені алып кетпектікке.
Құда-дүр бізге себепкер,
Тағдырдан-дүр һәрне келер.

Мұнда келгіл, бәтшағарлар,
Құрбашылар, мірғазаптар.
Барша Әзірейіл сәулеттілер,
Жанында семсер болаттылар.

Қайда кеттің, жиылыңдар, 1030. Саф қан ішку жалладлар.

Адам бүйтіп құтырар ма,
Ақыл-һұшын кетірер ме?!
Дұшман деген күндіз күні
Үйге келіп олтырар ма?!

Көзден төгің жастарыны,
Теріп алың қастарыны.
Мірғазаптар, келің мұнда,
Алыңыздар бастарыны.

Ішім түйді сөзлеріні, 1040. Ойып алың көзлеріні.

Бәтшағар, қу үйде олтыр,
Махкам бағлаң қолдарыны.
Дат әйласа бермең аман,
Салыңыздар басыға тұман.

Аз болса, әй, жарандар,
Бола жазды ақырзаман.
Аяғын кес тізелеріден,
От шыға-дүр көзлеріден.

Бәтшағарны бағлап алың, 1050. Қорқа-дүрмін көзлеріден.

Әлқисса, Ғауазхан бұ сөзні айтып, әуліден дарбазаға қарап жылап шыға берді. Анда Көрұғлы сұлтан айтқан сөзіге пұшайман жеп, сарасиме уа қайран болып Ғауазханны кейініден жүгіріп жетіп, мейманханаға алып келіп айтты: – Әй, Ғауазхан қозым, саңа не болды? – деді. – Мекер диуана болдың ба? Мен сондақ ұзақ жолдан «шырағымды қашан көрермін» деп ынтық болып келсем, сен мені «Көрұғлы» деп, дұшманға кіріптар қылып олтырсың. Жақсы болар ма, мен кім, Көрұғлы кім?! Әй, Ғауазхан, Көрұғлы деген андақ адам дерге һәр кәтебіде он екі кісіден жиырма кісі олтырұр. Құлақтары қалқандик, көздері шәйкеседик уа бөріні ағызы атасыны көрідик бәтшағар-дүр. Анда Ғауазхан қаһ-қаһ ұрып күлді. Әмма, сен менің жерімде олтырғандик өз көңілімде «өзім Көрұғлы болсам уа Ғиратым болса, сені алып барып міндірсем» деп сенің масатлығың білән айтыппын, – деді. Жоқ ерсе Көрұғлы жау-дүр, әгар Көрұғлыны жалғыз тапсам гөштіні хамләй жер ердім, – деп, Ғауазханны сендіріп, Ғауаз Көрұғлыны қадимдик таға деп мойныдан құшақтап олтырар ерді. Күн намазшам болды. Ерсе Бұлдырық қасап һаммә қойларны пұл қылып, пұлдарны Көрұғлының алдыға қойдылар. Анда Көрұғлы ол пұлдарны үш есе қылып, бір есесіні «базарлық» деп Бұлдырық қасапқа берді уа бір есесіні «киім-кешек» деп Гүлайымға берді, бір есесіні өз жаныға сақтап, «Әй, жезде, бұ пұлдардан Ғауазханға німәге бермеді» деп көңіліңізге келтірмеңіз. Ғауазханға зираке үйден шығарда енші қылып төрт жүз һәммасы қара қозы ниет білән айдап едім, сол тағның бергі жанында келгенде қозы құйрықларыны көтере алмай қалды. Ақыры ол қозыларны бір шопанға қосып, тағайындап өзім мұнда келіппін. Мен нәсіп болса ерте білән барып, Ғауазхан өз көзі білән еншілеріні көріп, сіз білән және қайтып келсін, – деді. Анда Бұлдырық қасап күлімсіреп «құп, болұр!» деп қала берді. Төрт түрлік сияпаттар келіп, таң атқанша Көрұғлыны сыйлап, таң атқан соң Бұлдырық қасап симан жорғаға мініп, Ғауазханны кейініге міндіріп, әуліден шығып жөней берді. Анда Көрұғлы сұлтан олар шығып кеткенден соң Гүлайымды шығарып алып айтты: – Емді көрсек те, көрмесек те аман болғыл! – деп қоштасып, бір сөз айта-дүр:

– Ғаріп сіңілім, бүгін қинап жош емді,

Қаза жайын тұтар болдық, қош емді.
Бір көргелі келіп едім ұзақтан,
Және қайтып көргенімше қош емді!

– Күйінуге себеп қылды бір Құдай,

Құдайға қылармын тынбай аһу-ай.
Мейіріңе қандырмайын барасың,
Үш-төрт күн жатсаң болмай ма, Қоңырбай?

– Әгар бір жыл жатсам мейірің тоймайды,

1060. Тіріклік жатарға бізні қоймайды.

Аман болғыл, ғаріп сіңілім, көргенше,
Мал-басыға мен бармасам болмайды.

– От түсті бүгін ғаріп тәніге,

Фәләк шабхун ұрды кәлбаханаға.
Қайтар болсаң өз еліңе, Қоңырбай,
Сәлем дегіл ол ата-анаға.

– Сөзні сөзге ұластырса еп болар,

Ақырзаман болса ұғыры көп болар.
Сәлеміңні сақат барсам айтайын,

1070. Бұ жан-діл һәрне десең құп болар.

– Молдалар алар дәуіт, қаламны,

Жүрегіме салды Егем бұ ғамны.
Андан соң айтайын емді, Қоңырбай,
Жұрт егесі Көрұғлыға сәлем де.

– Ат кекілін Ара шөлде өрген-ді,

Тағдырыда һәрне болса көрген-ді.
Көрұғлыға сәлем айтасың, Аллаһу ағлам,
Үшбу жерде Көрұғлы бек тұрған-ды.

– Мен садаға, Қоңырбайжан, құлқыңа,

1080. Ғам қоспасын Егем ойын-күлкіңе.

Бар, Қоңырбай, сені Хаққа тапсырдым,
Бір-бір сәлем дегіл елі-халқыңа.

– Бірнешелер таба алмай-дүр ізімні,

Құлақ салып тыңла менің сөзімні.
Және бір сөзім бар айтайын сізге,
Маңа тапсыр Бал Ғауаздай қозыңны.

– Қоңырбай, есіткіл менің сөзімні,

Матымда қоймағыл емді өзімні.
Тентекпісің, я мастпысың, Қоңырбай,

1090. Неге «тапсыр, – дейсің, – маңа қозыңны?»

– Сәйір етпекке таза бағны гүлімен,

Ғауазның бекітіп бойды, беліні.
Бізнің балдан болса айтайын, Гүлайым,
Ғауаз ұғылың көрер Жамбылбеліні.

– Неге көрсін Ғауаз балам еліңні,

Һәрнеме деп созайтасың тіліңні.
Тіліңні тарта сөзле, Қоңырбай,
Бағлатармын дерхал екі қолыңны.

– Баһарда ашылған бақта гүл болұр,

1100. Бұ күнден соң көзде жасың көл болұр.

Қош-аман бол та көргенше, Гүлайым,
Қозысыдан айрылды деген сол болұр.

– Біле алмадым әулекідей сөзіңні,

Көргенім жоқ ілгеріде жүзіңні.
Мен мүсәпір жылап қалып барамын,
Кім де болсаң білдіріп кет өзіңні.

– Ойласам бұ дүния баршасы пәни,

Бұ күнден ілгергі адамдар қані?
Мен растымды айтып кетей, Гүлайым,

1110. Асылымны сұрасаң Жамбылның ханы.

– Көріселі, кел, қайтадан десеңші,

Һәрне болса берірек келсеңші.
«Жамбылның ханымын» дегенше, жаным,
Айрылдың Ғауазыңдан десеңші.

Әлқисса, Гүлайым Көрұғлының бұ сөзіні естіп, мұның тағин Көрұғлы екенін біліп, дарбазадан жылап шығып, Бұлдырық қасапны кейініден жүгіріп шығып зар-зар жылап, Ғауазны тастап кеткіл деп бір сөз деді:

– Тегін бе еді саңа дала жерде мал,

Бұ сөзіме тыңлап емді құлақ сал.
Қозымны артыңа міндіріп барасың,
Емді саңа жол болсын, тентек шал.
Жүрегіңе салұр дағи әләмні,

1120. Көңіліме салмағыл һажыранлы ғамны.

Артыңа міндіріп жөнеп барасың,
Қайда алып барасың сен баламны?
Көл деп іздеп барған жерің шөл болсын,
Дұшмандарың келіп саңа ел болсын.

Артыңа бір қарамайсың, ақымақ шал,
Қарап тұрғыл мен сұрайын жол болсын?
Есен пенде көрер қыс билә жазны,
Күміраһ қылған ұқсай-дүр Құдайым бізні.

Кетер болсаң өзің кеткіл далаға, 1130. Тастап кеткіл балам мұнда Ғауазны!

Жүрегің қылмай ма ғам билән дағлы,
Қолыңны айланұр арманда бағлы.
Қозы берер деп барасың Қоңырбай,
Қоңырбай шықты – болды Көрұғлы.

Һеш амал қыла алмай қалың қалаға,
Жалғандан қозым бар деп балаға.
Қоңырбай дегенің шықты Көрұғлы,
Шығармағыл Ғауазны далаға.

Гүлайым дер: – Тыңла айтқан сөзімні, 1140. Сарғайтпағыл қабла пәлек жүзімні.

Қозы деп айрылұрсың қозыңдан,
Далаға шығарма Ғауаз қозымны.

Әлқисса, Гүлайымның бұ сөзіні Бұлдырық қасап құлағыға алмай, «не дейсің?» деп қасыға келмей не дегенін һәм білмей, симан жорғаның тізгінін алып, Ғауазны сауырыға салып, шаһардан шығып, далаға қарап жөней берді. Ләкин, Гүлайым бейшара жүзіні жыртып: «Дат, парияд!» деп, кейініден жүгіріп жете алмай, ақыры нәүміт болып, Ғауазханнан айрылғанын біліп, және Көрұғлының қасыға келіп: – Әй, шырағым, Көрұғлы, та көргенше сені Құдаға тапсырдым, қозымды саңа тапсырдым, – деп, бір сөз деді:

– Сөзні сөзге күйгенімден жасырдым,

Ұлықтап аяғыңа бас ұрдым.
Өз сүйегің еді балам Ғауазжан,
Бал Ғауазны емді саңа тапсырдым.
Дауа таба алмадым үшбу жарама,

Айтқан сөзің бір-біріден сірә ма.
Ерке болып өсіп еді Ғауазым,

1150. Ашуланып ақ жүзіге қарама.

Көріп-біліп ішіп едің тұзымны,
Саңа айтай емді ішкі сөзімні.
Ашуланып гүл көңілін ауыртпа,
Хайла білән алып шықтың қозымны.

Ғаріп қылып жүрек-бағырын дағлатпа,
Күржістан жолыны аңа шағлатпа.
Ғауазханны емді саңа тапсырдым,
Қапа қылып жалғызымны жылатпа.

Һәр сөзді ойлап-ойлап қараймын, 1160. Есен кетпегіңні Хақтан сұраймын.

Бір ер ердің сағ-саламат елге бар,
Қастық қылсам өлтірерге жараймын.
Не қылайын мұндан және саламат,
Ер болсаң айтұрмын жоқтау дауамат.

Қош-аман бол та көргенше, Көрұғлы,
Ғауазны тапсырдым саңа аманат.
Сағ-саламат емді мұндан елге бар,
Ғауаз үшін мен болармын ынтызар.

Барғын емді, бір Құдаға тапсырдым, 1170. Та көргенше, Көрұғлы бек, Алла жар. Әлқисса, Гүлайым бұ сөзні айтып зар-зар жылап, амандасып қала берді. Анда Көрұғлы хан жолбарысдик шарқынып жүріп шаһардан шығып, Бұлдырық қасап білән Ғауазханның кейініден жетіп, оларны бастап көп қойны ішіндегі қара қозыны Ғауазханға көрсетіп кете берді. Төрт жүз қозы дегені жеті жүз қозы болды. Баябан қозыға толды. Анда Ғауазханның жүрегіге от түсіп, Бұлдырық қасапқа қарап бір сөз деді:

– Өлмесін достлар, өлмесін,

Дұшманның бәрі қалмасын.
Атажан, бұ қалай болды?
Сұмдықны басы болмасын.
Бір түс көрдім бүгін емді,

Хақ Тағала берсін иман.
Бұ қозыға көп қызықпа,
Алып кетпек бізге күмән.
Төрт жүзі жеті жүз болды,

1180. Баябан қозыға толды.

Бір дем, ата, тұрып ойла,
Қалай тегін қозы болды.
Аяғыңдан тарылмағын,
Қанатыңдан қайрылмағын.

Бұ қозыға көп қызығып,
Ғауазыңдан айрылмағын.
Бірнешені бағыры дағлы,
Һажыранны көрерсің не шақлы.

Қозы ал деп алдап келген 1190. Болмасын үшбу Көрұғлы.

Көп қорқамыз көзлеріден,
Түсе берме іздеріден.
Кеше жаман шоршып едім
Мұның айтқан сөзлеріден.

Мұңа қора толад дегін,
Жолда шаршап өлер дегін.
Барып емді Қоңырбайға,
Сол қозылар болар дегін.

Мен қайтпаймын сені билә, 1200. Ата менден қылма кінә.

Сынамаққа Қоңырбайдан
Барып емді жауап тіле.
Ғауазхан дер қозы құрысын,
Кешегі бір сөзі құрысын.

Шамаң келсе қашып бағың,
Қоңырбайдың жүзі құрысын.

Әлқисса, Ғауазхандан бұ сөзні естіп, «рас айтұрсың, шырағым» деп, терекні жапырағыдик қалтырап, не етеріні білмей қайран болып, Көрұғлыға:

– Әй, Қоңырбай, емді бізге жауап бергіл, Ғауазхан екеуіміз сол қозыны айдап кетсек һәм болар, – деді. Анда Көрұғлы сұлтан Бұлдырық қасапқа:

– Німә дейсің? – деп, тігіліп қарап ерді, Көрұғлының көзі бұ жағыдан о жағыға өтіп кетті. Зираке қайраты екі көзі ерді. Көрген адамдар әсілі тап-тақат қыла алмас ерді. Ләкин, Бұлдырық білдіки: «Бұл Көрұғлы екен, хайла билән бұл істерні қылған екен». Анда өзі һәста-һәста барып атыны ұстап, Ғауазны тастап, атыға мініп жөнемекші болды. Анда Көрұғлы сұлтан Бұлдырық қасапқа қарап:

– Шаһыңа сәлем де, мұнда келсін, – деп, бір сөз деді:

– Үш күнгеше іздесеңдер мұндан тап,

Сен келмей қадам қоймаспыз табарра.
Ғауаз білән біз екеуміз тұрармыз,

1210. Шаһыңа сәлем де, Бұлдырық қасап.

Майдан ішіре Ғиратымны желейін,
Рүстемні ұрысын сізге қылайын.
Шаһыңа сәлем де, ертерақ келсін,
Қозғалмайын сіздер мұнда келмейін.

Үмітім көп таңда Хақтан шапағат,
Пендем деп жоқтағай қасіретті сағат.
Бұ жерде жатармын сіздер келгенше,
Қылмай кетпен бұ жерде бір қиямет.

Сүріш болса шырын жандан кешпейін, 1220. Дұшманларды найза білән шаншайын.

Бұ жерден кетпен сіздер келгенше,
Су орныға қызыл қанны ішейін.
Нәсіп болса зорлығымды білдірмей,
Дұшманларны жүрек-бағырын тілдірмей,

Бұ жерден кетпен, Бұлдырық қасап,
Үзеңгіге қызыл қанны келтірмей.
Өлгенше Егем қылсын дәрманда,
Құдайым қылмасын бізді шәрманда.

Бар, шаһыңа сәлем дегін, Бұлдырық, 1230. Демесін «жолықпай қалдым арманда».

Көрұғлыдан есіт үшбу кәламды,
Мұндай күнде қандай көңіл арам-ды.
Сіздер келмей мен кетпен бұ жерден,
Шаһыңа ертерақ барып сәлем де!

Әлқисса, Көрұғлы сұлтан бұ сөздерні айтып, Бұлдырық қасапны жөнетіп, Ғауазханны қолыдан ұстап Ғиратны алдыға алып келді. Анда Ғауазхан Ғиратны қад қаматыға уа дию зат суретіге, мәләйікдик сыртыға ғар-ғар еткен тұяғыға, фәләкні көздеген дәмағыға, жеті дария мұзлаған «Бәрәка Алла!» деп, афарин қылып, жан-ділі білән Ғиратқа һұшы кетті. Анда Көрұғлы сұлтан жау-жарағыны киіп, Ғауазханға бағып, «атқа мінгіл!» деп, ақылыны сынамақ үшін бір сөз айта-дүр:

– Жүрегімде көп-дүр әләм,

Хош уақыт болды кетіп ғам.
Бір сөз айтай тыңла мұны,
Қаматыңдан, Ғауаз балам,
Кел, Ғауаз, мінгіл Ғиратқа.

Анда Ғауазхан Көрұғлыны саясатыны көзге ілмей, сөзіні қайтарып бір сөз деді: 1240. – Мүсәпірмін менің өзім,

Шартарапта екі көзім.
Мен һәм саңа бір сөз айтай,
Ата, есіт айтқан сөзім:
Мінбеймін Көрұғлы атыға.

– Сені деп сарғайды жүзім,

Жолдарда ықтияр еттім өзім.
Қиялыңа не сөз келді,
Маңа айтқыл, жаным, қозым,
Кел, Ғауазхан, мінгіл Ғиратқа.

1250. – Есіткенмін сенің затың,

Елні басқан саясатың.
Ерлігіңні көзім көрмей,
Не деп міней сенің атың,
Мінбеймін Көрұғлы атыға.

– Майданда ат шалдырмаған,

Мейманаңны толтырмаған.
Айтқан сөзім көп қайтарып,
Ашуымны келтірмегін,
Мойны жуан, мінгіл Ғиратқа.

1260. – Батырларның ұстазымын,

Сұңқар ішіде абазымын.
Ер емессің, қатын нәмәртсың,
Өлтірсең өлтір, разымын.
Мінбеймін, қатын, атыға.

– Кейінімізден ләшкер келер,

Шартарапны қоршап алұр.
Һәрқайсы бір найза салұр,
Басымызда ғауға болұр,
Келгін, бәша, мінгіл атқа.

1270. – Арқамыздан ғаним келмей,

Келгенден соң қызылбасқа.
Шердей болып қырғын қылмай,
Мінбеймін Көрұғлы атыға.

– Қосын келер бидақ-бидақ,

Дешті-жапан толар андақ.
Көп дұшманға жалғыз өзім,
Шашамын ба көпке топырақ,
Кел, Ғауазхан, мінгіл Ғиратқа.

– Сөз айтайын мен де болмай,

1280. Қияметнің күні болмай,

Не деп саңа мінгесейін,
Рүстемнің қырғыны болмай.
Мінгіл, Көрұғлы, атыға.

– Ғиратыдан ұзамаймын,

Көп сөзіңе қарамаймын.
Қартайыппын жасым жетіп,
Ұрыспаққа жарамаймын.
Мінгіл, балам, кел Ғиратқа.

– Батырлардик хұрұш қылмай,

1290. Жолбарыстайын жүріс қылмай,

Үзеңгіге қан келтіріп,
Әлидейін ұрыс қылмай,
Мінбеймін, өзбек, атыға.

– Отыздағы жасым өтіп,

Ғұмырым менің барша кетіп,
Бір шаһарның ләшкеріге
Қайтіп тұрай тағат етіп.
Келгіл, балам, мінгіл атқа.

– Майдан ішіне кірген жақсы,

1300. Құп армансыз қырған жақсы.

Жолықпай қашып кеткенден,
Ұрыс қылып өлген жақсы.
Мінбеймін, өзбек, атыңа.

– Жау қолыдан толған жақсы,

Белінде тағтың өткен жақсы.
Қашырмақ қолдан келмесе,
Ұрынбай-ақ кеткен жақсы.
Көп сөзлемей, мінгіл атқа.

– Ажал жетсе өлген жақсы,

1310. Тағдырыны көрген жақсы.

Дұшмандан қашып кеткенше,
Қара жерге кірген жақсы.
Мінбеймін, өзбек, атыңа.

– Ер жігіттер хұрұш қылар,

Дұшман көрсе жүріс қылар.
Қырық мың ләшкер басып келсе,
Жалғыз қайтіп ұрыс қылар?!
Кел, Ғауазхан, мінгіл атқа.

– Бұрынғылар мұндақ демес,

1320. Құдай берсе бір кісіге.

Қырық мың ләшкер сөз емес,
Мінбеймін, өзбек, атыға.
Көрұғлы дер: – Сөзім аңла,
Үміт қылып келдім танһа.

Атадан болсаң сондай бол,
Үмітіңе Бәрәка Алла!
Мінбей дерсің сен Ғиратқа.
Ғауазхан дер ұрыс қылмай,

Дұшмандарға қылыш салмай, 1330. Құдай берсе бұ дұшмандан,

Қырып-жойып абырой алмай,
Нешік міней бұл Ғиратқа?

Әлқисса, Көрұғлы хан Бал Ғауазның бұл сөзіні естіп, ерлігіге қайыл болып, бір мейірі жүз болып, Ғауазханның бұлбұлдик тілдеріден, мақтадик қолдарыдан, шекердик сөзлеріден, әйдік жүзлеріден, құралайдик көзлеріден «Қадір-а, шүкір!» деп олтырды. Емді сөз Бұлдырық қасаптан естиік. Әмма, Бұлдырық қанатыдан айрылып, тұяғыдан тайрылып, саман атыға қамшы ұрып, тынбай жүріп шаһарыға кіріп, Хұнхарды көріп, басыдан өткеніні, Көрұғлының дегеніні бір-бір баян қылды. Анда Хұнхар шаһ бұ уақиғаны естіп ақылы кетіп, дерхал ашығы білән кернай-сырнай қойдырып, мен-мен деген ерлерден қырық мың жігіт таяр қылып, өзі білән Көрұғлының кейініден түсіп, уақыт бесінде Көрұғлының үстіге келді. Анда Көрұғлы сұлтан Ғауазханны бір тағның үстіге шығарып қойып, Ғауазхандан фатиха алып, Ғиратны ойнатып, сулығын шайнатып, көп дұшманға біреу болып, дұшмандарға бір сөз деді:

– Налышым жетсін фәләкке,

Ғалғал түссін мәләкке.
Біз бұ жандан, сіз о жандан,
Кел, һә ерлер, жеке-жеке!
Қашқанға-дүр ник ғарлар,

Астыға мінген тұлпарлар.
Жандан кешкен талапкер,

1340. Кел, һә ерлер, жеке-жеке!

Үстіде құрған шатырлар,
Алдыға салып батырлар.
Көп әнғам алған батырлар,
Келіңіздер жеке-жеке!

Өзіні мен-мен дегендер,
Хұнхарның нанын жегендер,
Кіреуке сауыт кигендер,
Кел, һә ерлер, жеке-жеке!

Таласып әнғам алғандар, 1350. Бір-біріге өкпе қылғандар,

Жүгірік бедеу мінгендер,
Кел, һә ерлер, жеке-жеке!
Ұрыс қылың кеші-күндіз,
Тамашаны көрсін жұлдыз.

Сіздер көпсіз, мен бір жалғыз,
Кел, батырлар, жеке-жеке!
Тамаша көрсін бегі, хан,
Майданда ақсын қызыл қан,

Кел, һә ерлер, жеке-жеке! 1360. Сіздер көпсіз бәлант раста,

Біз де ұрысқа беуәста.
Ұрыс болса мен һәста-һәста,
Кел, һә ерлер, жеке-жеке!
Мен бір ғаріп пәшікаста,

Жалғыз-дүр өзім нәхаста.
Ұрыс болсын шығарыста,
Кел, һә ерлер, жеке-жеке!
Абырой кімге бере-дүр,

Кімдер майданда өле-дүр. 1370. Құдайым кімге бере-дүр,

Кел, һә ерлер, жеке-жеке!
Кәтта саптар кейін тұрсын,
Туғ бидағын жерге қойсын,
Тамашаны шұбатып көрсін,

Кел, һә ерлер, жеке-жеке!
Көрұғлы бек бізні дерлер,
Ыңаранұр майданда шерлер.
Жандан кешкен садда ерлер,

Кел, һә ерлер, жеке-жеке!

Әлқисса, Көрұғлы ханның бұ сөзіні қызылбастар естіп, мәслихат қылып айттыларки: «Әгар мұңа бірер-бірер барсақ, бірімізді бірімізге қоспас, ләкин, һәрне болса мұны һәммамыз бірден ортаға алалық» деп, һәммалары Көрұғлының үстіге бірден ат қойдылар. Анда Көрұғлы һәм дұшмандарға қарсы тұрып, Ғиратқа қамшы ұрып, дұшманны аралап, қойдик сүріп, «Алла!» деп ат қойып, қырып-жойып, қаныға тойып, қызылбасның жаманыны аралап, семізіні саралап, найза найзада, қылыш байзада, сауыт тәнде, тән жанда, Көрұғлы аманда! Қолдар қарылып, бастар жарылып, көздер тесіліп, бедеулер шабылып, қандар жайылып, іздеген табылып, қашқан құтылып, сауыттар сытылып, оқтар атылып, қанға батылып, бағзыға ғарасат уа бағзыға қиямет, Көрұғлы саламат! Хұнхар шаһқа нидамат, көз көрмек құлақ естімек, аяқ жүрмек, кәтта-кәттасыны қырмақ, жазасыны бермек, Көрұғлыға ермек. Бұл ұрыстың тамашасыны Ғауазхан бірлә періштелер көрмек. Ләкин, Көрұғлы дұшмандар бірлә ерте бесінден кешкіше атыдан жерге қонбай, бір дем әрем алмай ұрыс қылып, дұшмандар білән сүрішіп, лептері құрысып, өлгеніні терісіп, «неге келдік?» деп, бір-бірі бірлән керісіп, өлгеніні басыға «шекпекні» деп барысып, өлгеніні дұшман бір-бірлеріні тасып, «екеу-екеу жатамыз» деп қуанысып, андақ қара жер уа аспан бір болды. Әмма, бұл ұрысны шеніге сахануарлар бір сөз айта берді: 1380. – Кәри Қадір Мәулан,

Жүрегіде көп-дүр арман.
Шерідей болып Көрұғлы хан
Ат қойды майдан ішінде.
Дұшмандарын дарлатып,

Найзасыны парлатып,
Ғиратыны ғырлатып
Ат шапты майдан ішінде.
Құдайдан болған бұ істер,

Оңын-солын бас көрлер. 1390. Тілләдан соққан қылыштар

Шабылды майдан ішінде.
Бедеулерге салып мәуіт,
Ұрыс қылып ауыт-ауыт.
Зер қапты алтын сауыт

Сетілді майдан ішінде.
Тамашаны көріп Балқан,
Дұшман болып талқан-талқан.
Алтын қубба, күміс қалқан

Жайылды майдан ішінде. 1400. Парамұш болып есінен

Ағдарылып Көрұғлы хан,
Жәсатта тұрған шырын жан.
Сатылды майдан ішінде.
Жарасуға құрып шатыр,

Жабылысып садда батыр.
Берен мылтық патыр-патыр
Атылды майдан ішінде.
Ұрысты садда бойдақтар,

Астында тұлпар ойнақтар. 1410. Тіллә құтасты бидақтар

Шиырлар майдан ішінде.
Қанны қылып мисал сулар,
Басы кетіп неше құлдар,
Саф қара бас, ала туғлар,

Жайылды майдан ішінде.
Барша дұшман жердей болып,
Қарар ерді шердей болып.
Көрұғлыхан шердей болып

Ақырар майдан ішінде. 1420. Һәркім көрсе ақылы сасып,

Ата баладан адасып,
Мінген аты ғырласып
Шабылды майдан ішіде.
Ләшкер тосып һәр қияндан,

Азаматтар кешіп жандан.
Он бір жандан, бес бір жандан,
Табылды майдан ішінде.
Қырғын болып бір заман,

Дұшмандар кәбір мың әмән. 1430. Тағ басын алсын тұман

Ат қояр майдан ішінде.
Ат шабысып һәста-һәста,
Топ-топ болып, десте-десте.
Бастар кесіп, жағар әсте,

Қан төкті майдан ішінде.
Ішеді бектер қырыми шәй,
Медеткер болғай бір Құдай.
Алтын керней, күміс сырнай

Тартылар майдан ішінде. 1440. Дұшмандар қылып хәмлалар,

Сауыттар мисал байдалар,
Қызыл жалаулы найзалар
Жайылды майдан ішінде.
Көргендерді ақылыдан елітіп,

Бір көрсем деп болып ынтық.
Ағызы кәтта қара мылтық
Шатырлар майдан ішінде.
Қылғанға барша қайыллар,

Бедеуге зерлі айылдар. 1450. Шымқан мылтық, жез айылдар

Топ бұзар майдан ішінде.
Адасып ақылыдан көптер,
Пәруай тұрып ақылы хұптар.
Аждаһадай кәтта топтар

Ысқырар майдан ішінде.
Ұрыс қылып алуан-алуан,
Сиынғаны Қадір Мәулан.
Сол сипатта Көрұғлы хан

Қан төкті майдан ішінде.

Әлқисса, Көрұғлы хан Хұнхар шаһны қырық мың ләшкері білән танһа өзі ұрысып, о жан, бұ жан сүрішіп, қойдик қырып, топ-топ айырып, зорлығыны білдіріп, жүрек-бағырын тілдіріп, неше мыңыны өлтіріп, майданды өлікке толтырып, ләкин, Көрұғлы ғашық білән һәр шапқанда он бесіні бірден шабар ерді. Шапқаны жазасыны табар ерді. Құтырған иттей жерді қабар ерді. Әмма, Көрұғлы бек һәр ұстағанда жиырманы ұстар ерді. Ұстап тұрып төбесінен мұштар ерді. Бір мұшт бірлән істер ерді. Дұшмандар қотыр күшікдик қара жерді тістер ерді. Сөйтіп уақытын қоштар ерді. Көрұғлы сұлтан дұшмандарның өлігіні бұғдайны бағыдик шаштылар, сүйегін бірге тастар ерді, бағзылар жағасын тістер ерді. Әмма, Көрұғлы сұлтан сол тарапқа намазшамғаша ұрысып бақты. Су орныға қандар ақты. Андақ һәм болса өлмегендик болып, және Көрұғлы үстіге ат қояр ерді. Ошал халатта арып-шаршап уа сусап, шаңқап қара шаңға батады. Хал-қуаты сусыздан қайтып, қайран болып, әуелі Алла Тағаланың өзіден медет тілеп, қалды әулие-әнбиелернің уа пірлернің рухтарына сиынып, медет тілеп, жад қылып бір сөз айта берді. Ғазалы бұ тұрар: 1460. – Азап қылған баршасы,

Бір медет берер уақытың-дүр.
Рухыңыздан, Нұх нәби,
Сізні жақсы көрген Жәлил,
Перзенті-дүр Ысмайыл,

Бір медет бер мен ғаріпке,
Айналай, Ыбырайым Жәлил.
Әруағыңызға төтеймін,
Мақсатымны тілеймін,

Бір медет берер күніңіз, 1470. Дәуіт ұғылы ер Сүлеймен.

Шерменде қылма басымны,
Бұ дұшманға жоқ-дүр идәд.
Айналайын, Расул Алла,
Мен құлға беріңіз медет.

Бұ дұшманның өзі бейхад,
Баршасының реңдері бәд.
Бір медет берер күніңіз,
Үмбетім деп, иә Мұхаммед.

Менің өзім болдым қайран, 1480. Ғаріп көңілім болды пәриян.

Бір медет берер күн емді,
Әбубәкір, Омар, Оспан.
Сөз айтұрмын жылай-жылай,
Шаһариар ішінде сіз уәли.

Бір медет беріңіз мен құлға,
Иә, пірім, хазірет Әли.
Әулиелер киер жаныда,
«Һуа!» деген Аллаға пенде.

Бір медет берер күнің-дүр, 1490. Иә, пірім, хазірет Зәнда.

Ұрыспасам маңа болмас,
Сіз кеттіңіз көңілім толмас.
Бір медет бер мен ғаріпке,
Қауыс, Қияс, пірім Ілияс.

Рухыңызны жоқтар ғаріппін,
Зары менде ғаріптің.
Бір медет берер күнің-дүр,
Кәмәрбәсте пірім шілтен.

Жылармын ғайын намазшам, 1500. Болмай көңілім һеш арам.

Бір медет берер күнің-дүр,
Иә, пірім он екі имам.
Көктерге жетті зарларым,
Жүзімден кетті әрлерім.

Бірер хабар менден алмай,
Қол үздің бе, пірлерім?
Көрұғлы дер есіт сөзім,
Төрт болды сіздерге көзім.

Сіздерден медет болмаса, 1510. Не қылармын жалғыз өзім.

Әлқисса, Көрұғлы сұлтан бұ сөзні айтып найзасыға сүйеніп тұрып ерді. Бәнәкаһ көзіге бір шаң көрінді. Шаңның ішінде сансыз ақ дәлекей киген адам топ-топ, десте-десте, туғ-бидақтар шығып келіп Хұнхар шаһның ләшкеріге өздерін-өздеріне бір мәртебе «Алла!» деп ұрып, ол қосынды түке-түке қылып жіберді. Анда Хұнхар шаһның ләшкерін әруақ ұрып, топ-топ ханасыны, туғ бидағыны тастап қашып барып шаһарыға тығылды. Анда Көрұғлы уақыты хош болып, сейілдеп жүріп, зерлі ат уа зерлі тон болса олжа қылды. Көз көріп, құлақ естімеген көп олжа билән Ғауазның алдыға келді. Анда Ғауазхан атасының бұл қылған ісіні көріп «Бәрәка Алла!» деп, афарин қылып, «Көрұғлы дегенше бар екен, – деп, бір мейірі Көрұғлыға жүз болып, – атамның басқан ізіні көзімге сүртіп өлсем, арманым жоқ» деп өз қиялыда уағда қылып тұрды. Анда Көрұғлы сұлтан Ғауазханға олжа атыдан бір жақсы атқа өз егеріні егерлеп берді. Өзі Ғиратқа мініп, олжаларыны алдыға салып, он мың атқа жүктеп, Бәдбақыт тағының басыға шықты. Анда Ғауазхан кейініге бағып, Күржістан шаһарыны көріп, жасы ағып, ел-жұрты билән ғайбана қоштасып, «және қайтып көргенше» деп, бір сөз деді:

– Алдымда көрініпті Бәдбақытның белі,

Неше күндік екен білмеймін жолы.
Аман болғыл және қайтып келгенше,
Ойнап өскен, айа, Күржістан елі.
Ер лайық басыма салан-дүр қаһары,

Аждаһа-дүр кім көтерер бұ заһары.
Аман болғыл және қайтып көргенше,
Қош-аман болып тұр, Күржістан шаһары.
Салып тұр жүрекке һажыранның оты,

1520. Жүзіме ұрып тұр жолдарны кәрді.

Нәсіп болса қияметте көрерміз,
Аманда болып тұр, Күржістан жұрты.
Һажыр отыға қалар болды бұ тәнім,
Ойран болды неләй бұ кәлбә жаным.

Аман болғыл және қайтып көргенше,
Ақ сүт берген Гүлайымдик жан анам.
Ойран көңілім емді қинап қош емді,
Есен болса нелер көрер бас емді.

Амандаспай бір-біреуден айрылдық, 1530. Та көргенше, ғаріп сіңілім, қош емді.

От тұтанды Бал Ғауазның ішіге,
Қуанамын ажалымның кешіге.
Сәлем де басымнан ұшқан қарғалар,
Атам разы болсын билін күшүгіге.

Ашуланып қарамадым бетіге,
Мен барамын Көрұғлының жұртыға.
Сәлем дегіл шерлі ғаріп анамға,
Анам разы болсын берген сүтіге.

Ұшқырымда қанатымдан айрылдым, 1540. Жүгірігімде тұяғымдан тірелдім.

Аманда болыңдар, барша ағайын,
Арман билән мен сіздерден айрылдым.
Ұрысқа мінгенім жирен қызылдай,
Қайтып келіп көрмек жоқ-дүр енді-ай.

Аман болың, аға-іні, баршаңыз,
Тұз-несібе Күржістаннан үзілді-ай.
Құлақ салың мен әйлаған нидаға,
Жан-ділім баршаңызға садаға.

Көреміз бе, көрмейміз бе, ағайын, 1550. Аманат тапсырдым сізні Құдаға. Әлқисса, Ғауазхан бұ сөзні айтып, көз жасыны артып, Көрұғлыға қосылып, Бәдбақыт тағының басыдан түсіп, олжаларыны айдап Жамбылға түзленіп уа пыштақларны көре берді. Анда Көрұғлы сұлтанның уақыты хош болып, Ғауазханға қарап жерлеріні атыны айтып, танытып бір-бір көрсетіп, бір сөз деді:

– Құдайым болды мен ғаріпке мейірбан,

Майданда ағыздым судай қызыл қан.
Кекіліңден, тал бойыңдан, шырағым,
Құлақ салып мұны тыңла, Ғауазхан.
Құлақ сал, Ғауазхан, атаң тіліге,

Ғаріп болып түстім Жамбыл жолыға.
Бұ бойыңдан көрдік жолдың азабын,
Көзіңді аш, келдік Жамбыл еліге.
Ана тағы Асқар-ды, ана тағы Балқан,

1560. Жамбылда өзіммін бек болған дархан.

Нығайып Жамбылбелге кірген соң,
Қырық жігітке хан болұрсың, Ғауазхан.
Ана бір көрінген Жамбылның бағы,
Бұлбұлдары қонып, ұшарлар дағы.

Көзің ашып жер-суыны танығын,
Ана тұрған Жанбұлақның бұлағы.
Көзімні тұтып-дүр шаң-ғұбары,
Ұзақтан көрінер Жамбылның дәрі.

Көзің ашып қара емді, Бал Ғауаз, 1570. Жырақтап көрінген Жамбылның мұнары.

Қарай-қарай кетті көзімнің ағы,
Бір тас еді Жамбылбелнің ұзағы.
Мұнараларының қасыда кәтта көрінген,
Баршасы-дүр медресенің пыштағы.

Байлансын, Ғауазхан, ғанимның қолы,
Келе жатқан жерің Жамбылның жолы.
Шүкір Алла, емді келдік Жамбылға,
Жарқыраған ана Һауадақның көлі.

Ат шаппаққа қайым Һауадақ даласы, 1580. Ләйләй-дүр Һауадақны бектер баласы.

Көрұғлы келдік Жамбыл еліге,
Алдымызда тұрған Жамбыл қалғасы.

Әлқисса, Көрұғлының Ғауазхан бұ сөзіні естіп келе жатқанда алдыдан тамам Жамбылның әмірә-әкбарлары бірлә Хасанхан паша өзі шығып, атыдан түсіп, һәммасы Көрұғлы, Ғауазхан бірлә көрісіп, «Бар ма ең, төрем!» деп баршалары дұға қылды. Ғауазханның қат-қаматыға, рәсімдик сәулетіге, әйдік жүзіге, шекердик сөзіге, құралайдик көзіге қайыл болып, «уа дегенше он хасса бар екен, бәрәка Алла!» деп ортаға алып, Жамбылның дарбазасыға келділер. Әмма, сол махалда Ағажүніс пері, Мысқал пері уа Гүлнар пері, өзге тоғыз қатыны бас болып шығып, һәммасы Көрұғлының үзеңгісіге көзіні сүртіп, Ғауазханны Ағажүніс пері аттан түсіріп алып, жағасыдан салып, етегіден тартып алып, он екі қатын пері һәм сондақ қылып перзент қылдылар. Әлқисса, Көрұғлы сұлтан Ғауазханны алып келіп Жамбылның шаһарыға кіргізіп, бір көңіліні мың көңіл қылып уа және қырық жігітнің Ғауазханға көңілі толып, барша айымдар һәм шат-харам болып, гөяке өздері тапқандик болып, һешбірі бір-біріден қызғанбады. Әмма, Көрұғлы хан Ғауаз ұғланны майханасыға кіргізіп, қырық жігітнің ортасыға олтырғызып уа көңіліден барша ғам кетіп, Көрұғлы Ғауаз ұғланға қарап бір сөз деді:

– Сенсің менің қызыл гүлім,

Білгей менің жан-ділім.
Кекіліңден, Ғауаз ұғылым,
Қозым тола-дүр ме, тола-дүр ме?!
Ұрыс болса кірісуші,

Зүлфің жүзіңе жараса.
Қолға алып алтын кесе,

1590. Белім тола-дүр ме, тола-дүр ме?!

Қайрат қылғыл шердик болып,
Дұшман қалсын жердик болып.
Жаннат ішінде хордик болып,
Қозым тола-дүр ме, тола-дүр ме?!

Кекілің жүзіге таралап,
Дұшман еліні аралап.
Жігіттерні саралап,
Қозым тола-дүр ме, тола-дүр ме?!

Дұшманға қиқу мехнат,
Қырық жігітім саңа ұлпат.
Бұ-дүр аңа білгіл ғанимат,
Қозым тола-дүр ме, тола-дүр ме?!

Көрұғлы дер «шүкір Алла!»,
Ғауаз ұғылым маңа діл қуат.
Бекер ерүр үшбу дүния,

1606. Балам тола-дүр ме, тола-дүр ме?!

Әлқисса, Көрұғлы сұлтанның бұ сөзіні Ғауазхан естіп, уақыты хош болып, қырық жігітні қатар-қатар олтырғызып, екі зер кекілін екі жүзіге тастап, қадимгі сәулетіне бастап, мақам бірлә лебіні тастап, қырық жігітні уақытыны хоштап, бір кеседен шарап бере берді. Қырық жігіт бағзылары Ғауазханны өзіге уа бағзылары шекердик сөзіге уа бағзылары нақыш алмадик жүзіге уа бағзылары құралайдик көзіге бағып, арақ-шарапны кәйпі білән көңілдері дүниядан бітіп, һәммасы шердик болып, Ғауазханның себебі білән бір жігітнің күш-қуаты мың жігіттен һәм зияда болып, Көрұғлының ауазасы әуелгіден мың есе артық болып, дүниенің шартарабыға хабар жетіп уа тахта фәләкқа даңқы кетіп, көп жерлерні Көрұғлы абад қылды. Ғауаз ұғланның басыға жыға, тіллә кемер, үстіге лабас шаһана беріп уа қолыға өзінің хүкімет мөріні беріп уа һәмма ғинан ықтияр уа Жамбылны еліге уа текежәумітні билігіні Ғауазханға беріп хан қылып, мақсат-мұратыға жеттілер. Аллаһу ағлам! Биссаууаби таммат әлкитаб 1308 сана.

ҮШБУ ҒАУАЗХАННЫҢ ҚИССАСЫ-ДҮР

Әмма, рауиян ахбар уа нақилан әсар андақ руаят қылұрларкем. Ғауаз ұғылан Жамбылбелге уа түркімен еліге бек [болып], уәлаятыны андақ абад қылдыки, бір кісіге жүрәстәм қылмады уа қырық жігітні майханада андақ тахқиқ қылдыке. Һәр уақытта қырық жігіт бірлә олтырып, шарап ішер болса, нәкаһ біреуінің қолыдан кесесі түссе уа кесесіде бір қатрасы қалса ол адамды Ғауазхан тәнбия беріп ат-тоныға, жау-жарағығаша салдырып, күнәһар қылып алар ерді. Ләкин, майханада қырық жігіт бір-бірі билән биһұда сөзлеспек уа биһұда күлмек уа биһұда тұрмақ уа қақырмақ аслан жоқ ерді. Әгар бұларны біріні біреуі қылса дерхал күнәһар болар ерді. Уа және қырық жігіт Ғауаз ұғылан білән олтырса уа иә бірге ауға шықса уа һәр жігіт бір мың жігітдик болып жігіттернің ортасыға берекет кірер ерді. Уа егер Ғауазхансыз болса қырық жігітні берекеті берекетдик қалмас ерді. Әмма, сол себептен қырық жігіт, Көрұғлы сұлтан баршасы Ғауаз ұғыланның кейініден дұға қылып айтар ерділер: «Әгар Құдай Тағала бізнің мұрат-мақсатымызны уа тілегімізні берсе, Ғауазханның алдыда бізді алсын. Уа әгар Ғауазжандан бір дем айрылып қалсақ, оның дағы һажырыдан өлерміз, – деп, – уа және һеш ісіміз оңбас. Уа Қызыр, Ілияс Ғауазханға жолдас болды. Емді Құдай Тағала со Ғауазхан төреміздің һеш зәредик жамандығыны көрсетпесін» деп, кеші-күндіз әуелі Көрұғлы, қырық жігіт һәмма ордадағы айым аналары, һәмма Жамбыл жұрты, ғаріп уа ғураба пақырлары уа және Ғауазханның ғадалаты уа даңқына уа алмадик жүзіні уа шекердик сөзіні уа бәлки ізіні көріп «көзімізге сүртсек» деп барша кейініден дұға қылұр ерді. Уа және Қызыр, Ілияс екеулері Һәр жұма ақшамы қырық шілтен бірлә келіп Ғауазханның хақына дұға қылып кетер ерді. Айдик толған жүзіні көріп, тамаша қылып: «Бұ дүниеде һәм мұндақ шырайлық адам болар екен!» деп, шілтендер дұға қылып кетті. Әмма, бұл арадан төрт жыл өтті. Ғауазның жақсылығының аты жер жүзіге кетті. Әлқисса, Ғауазхан Жамбылға шаһ болып, ойнап-күліп ғұмырыны шат-харам бірлә күндіз күні қырық жігіт бірлә олтырып уа кешісі таң атқанша намаз оқып уа кешке білдірмей Құдай Тағаланың қаһарыдан қорқып жылап, асла ұқламас ерді. Сол себептен Қызыр, Ілияс екеулері Ғауаз ұғылан алдыға һәр аптада бір мәртебе келіп иманыға уа ғұмырыға жаһангерлікні хақыға дұға қылып кетер ерді. Әмма, Көрұғлы сұлтан жүз жиырма жасыға кіріп ерді. Нардик шөгіп, қадіні бүгіп, көз жасыны төгіп, дүниені бейбаяндығын ойлап, өзіден бір зүрият қалмағаныға қапа болып, Ағажүніс перінің ордасыға кіріп, Ағажүніс, Мысқал уа Гүлнарны шарлатып айтты: – Әй, опадарларым, сіздер перізат бастарыңыз билән маңа келіп тиіп, кәдхадалық қылып ердіңіздер. Емді ақыры уақытым жақын жетті. Мен емді бір-екі жылдан соң дүниеден сапар қылармын. Сіздер анда мені німә деп жоқтайсыздар? Өз құлағым билән естіп кетейін, – деп, орданың оң жаныда өлікдик болып жатты. Анда үш перізат Көрұғлыны оң жағыға салып, үстіге қамқап жауып уа шаштарыны жайып, нәубет-нәубет һәрқайсысы бір сөз билән Көрұғлыны тіріктей жоқтағаны:

– Он бесіңде ғырлаған нар едің,

Отызыңда асқар тағдай бар едің.
Көп дұшманға аш бөрідей дара едің,
Жасың жетті жүз жиырма қаридың,
Бұлт шайнап, мұзны бүріккен күндерің.

Ғиратыңны құнаныда үйреттің,
Дөненіде жібек арқан сүйреттің.
Сен найзаңды қара тасқа түйреттің,
Тасты талқан қылған сенің қайратың,

10. Бұлт шайнап, мұзны бүріккен күндерің.

Дұшманға қылдың ұрысны,
Рүстемдик майданда қылдың тұрысны.
Жігіттерге бердің алтын-күмісні,
Қызыл қанға бояп тіллә қылышны.

Бұ бір сөз бұрыннан қалған мысал-ды,
Қырық жігітке берген қанат асыл-ды.
Исфаһандан Қалдарұғылы Хасанны
Жауды көрсе қайратты ерлер тасады,

«Атамдатып!» алып қашқан сұлтаным! 20. Алдыңда шалдырдың тілләдан сазны,

Лашынға алдырдың үрдәк билән қазны.
Жүз он бірге кірген уақытыңда,
Күржістандан Қасапұғылы Ғауазны
Ботадай боздатып қашқан сұлтаным!

Естіңіз Гүлнар айым сөзіні,
Жолдарда телміртіп екі көзіні.
Дат әйласа естімейін сөзіні,
Жиырма дәрихан араб қызыны

Кекілін жығылтып қашқан сұлтаным! 30. Тағларны бола-дүр түрлі қиясы,

Бұзылмасын еш пенденің ұясы.
Адамзатның бес күн тірік дүнияда
Перзент екен бұйырысқан миуасы,
Дүниеден бейперзент өткен сұлтаным!

Қазының алдыда болұр найыбы,
Жігітке пенде берер атның мағибы.
Өзің кетсең бұ Жамбылдан бір күні,
Кім болады тәж-тақытның сахибы,

Дүниеден бейперзент өткен сұлтаным! 40. Жолдарда бар түрлі-түрлі қиясы,

Дұшмандарның басыға ұрар киесі.
Өзің өлсең, бұ Жамбылда бір күні
Кім болады ел-жұртының егесі,
Дүниеден бейперзент өткен сұлтаным!

Бахараның бір тұманы Риакстан,
Таза мата келер екен Ұраустан.
Перзентіңнің руиын көрсең гүлістан,
Өзің өлсең, Жамбылбелің шөлістан,

Дүниеден бейперзент өткен сұлтаным! 50. Пайғамбарлар мінер таңда пырағы,

Имандарның ішіге түсер дағы.
Бес-алты күн үшбу пәни дүниеде
Перзент екен адамзатның шырағы,
Дүниеден бейперзент өткен сұлтаным!

Басыңны көтергін, Жамбылның шаһы,
Бейбілте жанбай-дүр шырақның майы.
Қартайғанда нардай болып шөккен соң,
Болған соң ақырда перзентке дайы,

Дүниеден бейперзент өткен сұлтаным! 60. Қартайып қадіңні екі бүгіпсің,

Көзіңден ләйлә-күн жасыңны төгіпсің.
Бір перзентнің жоқтығыдан ақыры
Нардай болып сен еңкейіп шөгіпсің,
Дүниеден бейперзент өткен сұлтаным!

Ашылмайын қызыл гүлдер сола ма!,
Ажал жетпей һеш пендесі өле ме?!
Күнің үшін паша қылдың Ғауазхан билән Хасанды,
Өзіңден тумаса перзент бола ма?!

Дүниеден бейперзент өткен сұлтаным! 70. Отызыңда ғырлаған нар болдың,

Кім дінді түзетсе аңа жар болдың.
Бір перзент жоқтығыдан бір күні
Қырық жігітке ақырында қор болдың
Дүниеден бейперзент өткен сұлтаным!

Жамбылбелде сұлтан едің мінің жоқ,
Өзің өлмей дұшмандарға тыным жоқ.
Өзің өлсең бұ Жамбылда бір күні,
Алдыңда аға, жаныңда інің жоқ,

Дүниеден бейперзент өткен сұлтаным! 80. Жамбылбелде атқа жүрдің, ізің жоқ,

Өзің жалғыз күйік айтұр сөзің жоқ.
Өзің өлсең бұ Жамбылда бір күні,
«Атамдап!» жылап тұрарға ұғыл түгіл, қызың жоқ,
Дүниеден бейперзент өткен сұлтаным!

Көрұғлы сұлтан бұ сөзні естіп уақыты хош болып еді. «Бәрәка Алла, сіздерден мен өлгенше разы-дүрмін. Та қияметте мені сол тариқыда қылып жоқтаңыз» деп, жайыдан тұрып, майханаға жүре берді. Әмма, сол халінде Хасанхан білән Ғауазхан екеулері өзіні німә деп жоқтатар екен деп үйдің арқасыдан құлақ салып тұрып ерділер. Перідик аналары Көрұғлыны «бейперзент» деп жоқтағаны бұларға қатты тигіп еді. «Ай, дариға-ай! «Кісі жұртында сұлтан болғанша, өз жұртыңда шопан бол» деген раст екен уа біздер һәр жанда жан пида қылып, Көрұғлының ұғылымыз десек, біздерні перзент орныда көрмес екен» деп көңілдері бұзылып, жылай берді. Көрұғлыға білдірмей қайтадан майханаға кіріп кетті. Кейініден Көрұғлы кіріп келіп еді: – Әй, Ғауазхан, дәурен ғанимат-дүр, келгіл, өз қолың билән жігіттерге арақ-шарап бергіл! – деді. Анда Ғауазхан жігіттерні қатар-қатар олтырғызып, ішіден қапа болып, сыртыдан күлген болып, арақ беріп ерді. Нәкаһ қапалық билән қолыдан кесесі жерге түсіп кетті. Жігіттер бір-біріге сыбырласып ерділер: «Ғауазхан күнәһар қылып үстіміздегі тонымызны уа жарағымызны, сауыт, қалқанымызны саттырып алұр ерді. Емді өз ұғылы уа жан-ділі перзенті, көрер көзі күнәһар болды. Аны күнәһарлығыға не берер екен?» деп еді. Анда Көрұғлы хан жігіттернің сыбырласқан сөзіні естіп, жігіттернің һәммасыны алдына шақырып алып: «Ғауазханның күнәһарлығына немә тілейсіздер? Мен берейін!» деп сөз деді:

– Жамбылда мен өзім болармын дархан,

Пендесіге Қадір Егем мейірбан.
Ортаңызда һәм төреңіз, бегіңіз,
Күнәһар болып-дүр балам Ғауазхан!
Кеші-күндіз болдым аңа ынтызар,

90. Қолға берді себеп болып Кәрдагар.

Қырық арсыланым, мен айтайын сіздерге,
Нәгаһанда болды ұғылым күнәһар.
Батырлар алады найза терегін,
Жау күнінде жасына татыр жүрегін.

Ғауаз ұғылым болған екен күнәһар,
Қырық жігітім, емді менден тілегін.
Қатардағы хоши құрайыши нарымны,
Нар үстіге жүктеп берей зерімні.

Ғауазхандан аямаймын, беремін, 100. Тілеңіздер маңдайдағы барыны.

Баһарда ашылған бақта гүлімні,
Төре қылдың Ғауазхандай ұғылымны.
Ғауаз ұғылым болып екен күнәһар,
Тілеңіздер текежәуміт елімні.

Дұшманға саламын дәйім қаһарымны,
Жамбылда өткердім рауат наһарымны.
Аямай берейін сіздерге,
Тілеңіздер Жамбылбелдик шаһарымны.

Өлмесін жақсылар, өлмесін! 110. Жақсы пенде жамандықны көрмесін.

Көрұғлы дер мен берейін сіздерге,
Тілеңіздер, көкіректе арман қалмасын.

Әлқисса, Көрұғлы сұлтанның бұ сөзіні қырық жігіт естіп айттылар: – Әй, сұлтан, сізнің атыңыз һәм жұртыңыз һәм малыңыз бізге керек емес, оларның баршасы өзіңіздің-дүр. Ләкин, Ғауазхан өз еліден келгенден бері һеш жаққа шықпай, қапа болып жүріп-дүр. Емді Ғауазханны күнәһарлығыға үкім – көңіліні көтерсін. Емді сіз Ғауаз ұғыланға Ғиратны міндіріп, қолыға алғыр сұңқарны қондырып, жаныға тіллә дабылны бағлап жіберсеңіз, бізге Һауадақтан тоғыз қатар үрдәк алып келіп берсе болар, – деді. Анда Көрұғлы Сақи мирахорны шерлеп «Ғиратны Ғауазханға ерлеп берің» деп, бір сөз деді:

– Мен айтайын тыңла емді бұ датны,

Құдайым салғай-ды көңілге шатны.
Ғауаз ұғылым ауға шығар бұ заман,
Сақия, әбзелдеп келгіл Ғиратны.
Ғиратымға Құда берген ақылды,

Жаман адам ахуалыдан ғапыл-ды.
Жарасуға салып зүрбаф тоқымды,

120. Сақия, әбзелдеп келгіл Ғиратны.

Бұ дүнияда жақсы ерлер сайыл-ды,
Ауазамыз жер уа көкке жайылды.
Белге берік тартып күміс айылды,
Сақия, әбзелдеп келгіл Ғиратны.

Атқа мініп мен қылұрмын ерлікні,
Дұшмандарға көргізермін зорлықны.
Жарасуға салып мәуіт терлікні,
Сақия, әбзелдеп келгіл Ғиратны.

Құдай берді маңа ұғыл, қабыл-ды, 130. Мұрат-мақсатым Құдайдан табылды.

Жаныға бағлағыл алтын дабылды,
Сақия, әбзелдеп келгіл Ғиратны.
Көрұғлыға Құдай берді жігерді,
Дәулатымыздан неше ерлер көгерді.

Жарастыққа салып алтын егерді,
Сақия, әбзелдеп келгіл Ғиратны.

Әмма, Көрұғлының бұ сөзіні Сақи мирахор естіп, барып Ғиратны егерлеп уа жаныға тіллә дабылны бағлап, құп оқшатып, Көрұғлының қасыға алып келді. Анда Көрұғлы Ғауаз ұғыланны Ғиратына міндіріп, басыға тіллә жығаны қыстырып, уа лабас шаһаналар кидіріп, Ғауаз ұғыланға қарап Көрұғлы сұлтан неше жерден димсал келтіріп, бір сөз деді:

– Аһ ұрып көзімге қанды жас ұрдым,

Ұлық, бек кәміл пірге бас ұрдым.
Ғауаз ұғылан, жолың болып, жан балам,

140. Мен сені келгенше Хаққа тапсырдым!

Мұндан шығып Һауадақ көліні көздегіл,
Сұңқарыңды қолға алып тездегіл.
Ерте қайт жәштикаһ уақтыны көздегіл,
Бал Ғауаз, мен сені Хаққа тапсырдым!

Бір насихат саңа айтай емді мен,
Атырабымда жүрер менің көп дұшман.
Көрер көзім – жалғыз ұғылым сендерсің,
Бал Ғауаз, Ғиратны саңа тапсырдым!

Кім көрінсе аның халін сұрама, 150. Жаным құрбан, сендей балам төреме.

Ашу билән Ғиратыма қарама,
Бал Ғауаз, Ғиратны саңа тапсырдым!
Сұңқар деген құсны көрдім қияда,
Ат хакімден, ғаним жүрді пияда.

Ақылы бар адамзаттан зияда,
Бал Ғауаз, Ғиратны саңа тапсырдым!
Бейнамазны жолатпағыл қасыға,
Құсыңны салмағыл тағның тасыға.

Егесіз деп ұрмағайсың басыға, 160. Бал Ғауаз, Ғиратны саңа тапсырдым.

Қатты қамшы ұрма атның етіге,
Көрұғлының қарағайсың затыға.
Ғауазханны міндірейік атыға,
Ғауаз, Ғиратны саңа тапсырдым!

Әлқисса, Ғауазхан Көрұғлы сұлтаннан фатиха алып, Ғиратны жолға салып, Һауадақ көліге барып, о жақ, бұ жаққа бағып, тіллә дабылны қағып, жәштикаһқаша тоғыз қатар үрдәк алып, Жамбылға қарап жүзденіп ерді. Дерхал шылымның құмары тұтып, басы айланып, жүргісі келмей бір төбені басыға шығып, о жақ, бұ жақ қарап ерді. Нәкаһ көзіге бір оба көрінді. Әмма, оба деп түркімен халқы ауылды айтар ерді. Әмма, Ғауаз ұғылан сол обаларға қарап атыны ойнатып барып көрдіке, бір көп топ олтырып-дүр. Бұ шетінен о шетіге кісінің көзі жетпей-дүр. Ол ауылдарның оқшауыда екі үй олтырып-дүр. Бірі кәтта уа бірі отау үй-дүр. Әмма, кәтта үйге қарап көрдіке босағасыны алтын бірлә шаптырып, үстіге қымқап атластан киіз қылып жаптырып-дүр. Отауға қарап көрдіке, босағасыны күміс білән жаптырып, ішіге мақпалдан киіз қылып жаптырып-дүр. Анда Ғауазхан көңіліде айттыке: «Мұны кәтта үйден сұрасам бейәдептік болұр» деп кішік отаудан сұрап, бірер шылым тартып кетей деп, кішік отауға қарап, зер кекілін бұрап, басыға күллері сәлде орап: «бірер шылым бар ма екен?» деп Ғауазхан бір сөз деді:

– Астымда Ғиратым ойнар жүз алуан,

Тіллә қылыш белде, иінімде қалқан.
Һауадақтан келемін болып құмари,
Көрұғлы ұғылымын, атым – Ғауазхан.
Бір ғашыққа зер кекілім тараймын,

170. Оң айналамын, солға қараймын.

Мен Һауадақтан [келемін]болып құмари,
Бірер шылым сол обадан сұраймын.
Бақ ішінде түр ашылған гүл бар ма,
Мұндан басқа және мұнда ел бар ма.

Мен Һауадақтан [келемін]болып құмари,
Бірер шылым беретұғын ұғыл бар ма?
Ғиратымның бәденінде тер бар ма,
Күйген құлның жүрегіде шер бар ма?!

Мен Һауадақтан келемін болып құмари, 180. Бірер шылым беретұғын ер бар ма?

Бұ сөздерні айтып анда Ғауазхан,
Не қылса хүкімі бар жаратқан Мәулан.
Мен Һауадақтан келемін болып құмари,
Сауап үшін табылұр ма халиян?

Әлқисса, Ғауазханның бұ сөзіні естіп, ол отаудан қара көзді, шырын сөзді, қастары қалам, өзі бір санам, бір келіншек жүгіріп шығып көрдіке. Бір жігіт жас баладай жалбырап, кекілдері салбырап, екі жүзі алмадай пісіп, мағшұқтары жүректі тесіп, екі зүлфі беліге түсіп, көргендері реңкі ұшып, сондақ бір жігіт келіп шылым сұрап тұрып-дүр. Анда келіншек Ғауазханның бұ шәкіліні көріп, қайран болып айтты: «Мен бір күйгенмін, жанымдан тойғанмын. Әгар жарым бар десем, тезектей күйген екенмін, ғайш-ғишрат қылдым десем төсекке сиген екенмін. Иләһи, менің шүйім құрысын, малға сатқан жерім құрысын, аузы-мұрны дорбадай мені алған ерім құрысын. Бұ жігіттер билән бір кеші ойнап-күлген ұрғашының һешбір арманы болмас» дейді. Уа және айтты: «Болса-болмаса һәм бұл маңа жоқ, һәрне болса бір-екі дем сөздесіп әйдік жүзіні, шекердик сөзіні естіп қалайын» деп, ол келіншек Ғауаз ұғланға қарап бір сөз деді:

– Жүрегімде бар-дүр менің түрлі арман,

Іс болмаса құдіретті Хақтан бір парман.
Мейман жігіт, қош келіпсіз бұ жерге,
Құлақ салып тыңла мұны, бегі жан.
Ашықтанып ай жүзіме қарамаң,

190. Қаһар бірлә екі кекілің тарамаң.

Ізіңден мұндайын айым айлансын,
Шылым деген жоқ-дүр, бізден сұрамаң.
Бар болғанда берер едім қолымдан,
Шылым табылмай-дүр үшбу елімден.

Кекіліңден мен айналай, бегі жан,
Қош келіпсің, емді қалма жолыңдан.
Мәләйік елдер тасбих айтұр басы жоқ,
Біздің елдер шылым билән ісі жоқ.

Керек болса аттан түсің, бегі жан, 200. Саңа қызмет қылатұғын кісі жоқ.

Ойласам, бұ дүния өзің бекерсің,
Мен білемін, Көрұғлыға нөкерсің.
Саңа қызмет қылатұғын кісі жоқ,
Дергар болса аттан түсіп шегерсің.

Айнагүл дер айтпаған сөзім қалды ма,
Басымға һижранны Егем салды ма.
Керек болса аттан түсің, бегі жан,
Шылым салып бармас һешкім алдыңа.

Әлқисса, бұ сөздерні Ғауазхан естіп, қапа болып, атының басыны бұрып, мүсәпірлігіне аһ ұрып кете берді. Әмма, бұлар кіреуке сауытның жағасы, түркімен елінің ағасы, Көрұғлы ханның тағасы Ахмед сардар дегеннің үйі ерді уа кішігі отауы ерді. Бұ келіншек Ахмед сардарны келіні ерді. Әмма, Ахмед сардарның бір қызы бар ерді. Өзі он бес жасында, су ішсе алқымыдан көрініп, тағам шықшыттан көрінер ерді. Әйдік жүзі жарқылдап жеңгесінің бұл ісіден хабар алұр ерді. Жеңгесі қулық қылып шылым бермегеніні біліп, халат жайда өзі танһа тұрып уа һәмма адамдар мағинға кетіп ерді. Дерхал Ботагөз айым жайдан тұрып, тіллә шылымға от салып уа кәтта үйінің жапсарыны көтеріп, Ғауазханны кейініден шақырып: – Бері келгіл, төрем! – деп, бір сөз деді:

– Астыңызда бедеу ойнар жүз алуан,

210. Жарастыққа тақтың иініңе қалқан.

Бедеу атты, дабылпазлы жан төрем,
Шылым шегің, бері келгіл, бегі жан.
Мен айналай сендей ерді бойындан,
Келіп ұста тіллә шылым табыдан.

Сіздей бекті һәр жерлерден сұраймын,
Һәр уақытта шылымды сұраң жайындан.
Ер жігіт майданды көрсе қайта алмас,
Нұр көрмеген әулиеге табынбас.

Һәр уақытта шылым сұраң жайындан, 220. Шылым деген һәр жамандан табылмас.

Жаманға сөз айтсаң бауыр қылмайды,
Сөзні асылы құлағына алмайды.
Жаман білмес жақсы сөзнің қадірін,
Шаруадар жайлар бәлант тағның адырын.

«Зер қадірін зергер білер» дегендик,
Жақсы білер жақсыларның қадірін.
Батыр жігіт майдан ішіде істенсін,
Құдай-а, дұшманның қолы байлансын!

Шылым тартсаң, бері келгіл, бегі жан, 230. Кекіліңден мұндай шораң айналсын.

Қырық қызның ішінде мен әудаға,
Кигенім жібек-дүр, алтындан жаға.
Шылым десең мұнда келгіл, бегі жан,
Қамытыңдан мұндай шораң айналсын.

Әлқисса, Ғауазхан Ботагөз айымдан бұ сөзні естіп, Ғиратның басын қайтарып, кәтта үйнің ашық жапсарыны тұсыдан келіп, тіллә шылымны тартып алып, шегіп, құмардан шығып қарап көрдіке уа жамалы қараңғы үйні жарық қылып-дүр. Анда Ғауазхан ол қызны бойына мүнәсіп көріп: «және тысқарыға шығып өз қолың билән шылым беріп кеткіл» деп Ботагөз айымға қарап бұ жерлерні пәст-бәлантіні, ол ауылдарны кімдікі екеніні сұрап неше әзіл-мұтайфа билән сауал сұрай-дүр. Ботагөз айым жауап береді.

– Асқан жерім асқар тағның белі, – дей,

Құс салғаным бал Һауадақның көлі, – дей.
Мүсәпірмін, бұ жерлерні білмеймін,
Ол обалар қандай шаһның елі, – дей.

– Келген жолың кәтта керуен жолы, – дей,

240. Сәйір еткенің бал Һауадақның көлі, – дей.

Мені атым Ботагөз-дүр сұрасаң,
Бұл обалар Ахмед сардар елі, – дей.

– Һауа жауса бәлант жерлер болұр нам,

Сіздик айым түркімен елде болұр кем.
Әуелі сұрайын емді мен мұны,
Ахмед сардар деген сардар кім болұр?

– Басында бар екі зерлі жығасы,

Өзін десең түркімен елінің ағасы.
Қырық мың илат мұңға қарайды,

250. Және өзі Көрұғлының тағасы.

– Сіз һәм бір жақсыны сөзлер сөзісің,

Пәруа қылған бәлки екі көзісің.
Емді сұраймын өзіңнің затыңны,
Бұл обада қайсы шаһның қызысың?

– Сөзлесе ағзыда шырын сөзімін,

Көретұғын бәлки екі көзімін.
Асылым десең Ахмед сардар қызымын,
Атым десең Ботагөзнің өзімін.

– Тұтуға әйласам ізіңні тауаф,

260. Сендейін жақсы біздерге сауап.

Жалғызбысың, жарың бар ма, Ботагөз?
Бұ сөзіме ойламайын бер жауап.

– Бір жар деп ынтызар кеші-күндіз мен,

Не себебін тәкид әйлап сұрарсың.
Атам бермес сендей жақсы бектерге,
Хал сұрасаң, қазірімде жалғызбын.

– Айтқан сөзге жақсы кісі ерер ме,

Атаң жәһил айтқан сөзге кірер ме.
Бойыңа барабар, әй, саңа зер берсем,

270. Сені маңа Ахмед сардар берер ме?

– Мені атам дүния малын ойламас,

Дүния сөзін әсілі сөзлемес.
Теңім келсе тегін беріп жіберер,
Асылы-заты болмаса қабыл әйламас.

– Мал берермін түркімен сендей елімден,

Құшармын өлмесем қыпша беліңден.
Құмари болып мен әйдік жүзіңе,
Бері келіп шылым бергіл қолыңдан.

– Өзің кімсің, мал жиярсың елімден,

280. Бір жолаушы шықтың неге жолыңдан?

Жөней бергіл, емді мұнда көп тұрма,
Кет садаға, ая, жігіт, қолымдан.

– Жиярмын барып түркімен еліні,

Раст айтқын, жаным, шарх діліңні.
Мен көңіліме бәд алармын, Ботагөз,
Тарта-тарта сөзле емді тіліңні!

– Ойласам сен өзің бағыры дағлысың,

Сен біреуге жаны-ділі бағлысың.
Сендей бір не біздің елде жоқ еді,

290. Жамбылбелде қайсы бекнің ұғылысың?

– Баһарда ашылған бақта гүлімін,

Сөзлер болса ағызыдағы тілімін.
Атым десең Бал Ғауазны өзімін,
Өзім десең Көрұғлының ұғылымын.

– Есіткенде бақта қызыл гүлісің,

Хали қазір перзенті жоқ ұғылысың.
Растыны айтайын саңа емді мен,
Ашулансаң бір байталдық құлысың.

– Ботагөз дейүр сенің өзіңні,

300. Ашулансам ойдырармын көзіңні.

Тіліңні тарта-тарта сөзле, Ботагөз,
Өлмесем алармын сенің өзіңні.

– Жүрген жолың асқар тағның белі деп,

Жамбылға қараған жәуміт елі деп.
Мен айтпаймын, жұрт айта-дүр сендерні,
Ғауаз, Хасан Көрұғлының құлы деп.

– Ерісін тағның қары, ерісін!

Бір пенде алғаны билән қарысын.
Құл болсам да әгар сені алмасам,
Жамбылбелде Ғауаз атым құрысын.

– Жақсы жігіт һәр сөзіден тая ма,

310. Ала бердің бұ сөзімді қияма.

Тұрма, мұндан емді жөне, бедірек құл,
Қолыңдан келгенді қылғыл, аяма!

– Ара шөлде арып-шаршап қалмасам,

Бұ барғандан Жамбылға ғарт салмасам.
Махрам Ғауазхан атым құрысын,
Ерегістім, емді сені алмасам.

– Алмадик ашылған жүзім нақыштай,

Шешек шерткен саз, нидалар жақсыдай.
Сендей құлға тигенімше, ей, Ғауаз,

320. Ғарық болып өлгенім һәм жақсыдай.

– Мұндан барып және қайтып келмесем,

Хал-ахуалыңны бір-бір білмесем.
Атым құрысын, әгар сені алмасам,
Қырық жігітке шылым салғушы қылмасам.

– Бір-бір аңла Ботагөзні тіліні,

Сәйір етіп сен текежәуміт еліні.
Көрұғлының өз перзенті болғанда
Қалыңыма берер сендей құлыны.

Әлқисса, Ғауазхан Ботагөзнің бұ сөзіні естіп, көңіліге қанығ алып уа көзінің жасыны төгіп ерді: «Әй, дариға-ай! «Кісі есігінде сұлтан болғанша өз еліңде шопан бол» деген раст екен, – деп, – мен Көрұғлының ұғылымын десем һәм өзгелері құлы дер екен уа мен жұртымда һәр кісіге мұқтаж уа қарыздар ермес ердім. Хұнхар шаһның махрамы ердім уа алдымда екі мың-үш мың кісі қызметте бар ерді. Қазір мұнда андан бәлант ерміс. Мен өз жұртымға кетейін» деп Ғиратты тез кейін бұрып, қамшы ұрып уа ата-жұртым қайдасың деп іздеп бір-екі сайдан асты. Бара-бара көкірегіге және сабыр камал түсті. Айтты бұ ісім маңа ләзім емес екен уа менің мұндай сөз естіп бара жатқанымды қырық жігіт билән атам, анам қайдан білсін, һәммасы айтұрға «Ғауазхан нәмәрт екен, Ғиратны мініп һешкімге білдірмей қашып кетті» деп. Һәмма кеткешек мені мәламат қылұр. Ләкин мен ол мәламатны көтермей мұндан қайтып Жамбылға барып: «Ахмед сардарның қызыны алып бергіл деп, әгар алып берсе ол қызны басыға қара, үстіге шошақ уа аяғыға шарық кидіріп, масқара қылып қырық жігітке шылым салып беретұғын қылып қояйын. Әгар алып бермесе кінәні Көрұғлының өз мойыныға қойып, андан соң өз жұртыма кетсем мені һешкім мәламат қыла алмас» деп қайтадан Жамбылға қарап, һәр заманда көңілі бұзылып, көзінің жасы тізіліп, бір қолыда құсы бар, бір қолыда орамалы, көзінде жасы келе берді. Әмма, Көрұғлы сұлтанның жан-ділі Ғауазхан ерді. Сол намаздыгергеше Ғауазхан үйге келмеді. Анда Көрұғлы сұлтан билән қырық жігіт күйігі анасыдан айрылған жас баладик бейтағат болып, Жамбылның дарбазасыға жетпіс екі мәртебе барып, келіп-кетіп ерді. Ордада Ағажүніс пері, Мысқал пері уа Гүлнар пері басқа тоғыз зағифалары билән Ғауазханға не болды деп олар һәм кешіккеше қарап тұрар ерді. Ләкин, Көрұғлы сұлтан намаздыгер уақтыда хәдден зияда қапа болып және қырық жігіті билән Ғауазхан көрінер ме екен деп ойына келіп дарбазаға қарап тұрып Көрұғлы бір сөз деді:

– Һауадақ көлі Жамбылбелден бір үміт,

330. Мұратымды, қырық жігітім, сен есіт.

Жәштихаһ уақытын болжал қылған Ғауазхан,
Не болды, келмеді қозым, қырық жігіт?
Қайта жетпеді маңа бір өлім,
Ғауаз жаным ерүр һәм жан-ділім.

Көрінер ме қараңыздар құлыным,
Не болды, келмеді қозым, қырық жігіт?
Жүрек-бағырым һажыр отыға дағлатты,
Ғазабыңдан белдеріге бағлатты.

Сағындырып, сағындырып жылатты, 340. Не болды, келмеді қозым, қырық жігіт?

Ғауаз балам бәлант тағдан асты ма,
Дұшман көріп, ақылдары састы ма?!
Яки білмейм мінген аты қашты ма,
Не болды, келмеді қозым, қырық жігіт?

Ғауазжаным көз жасыны төкті ме,
Ара шөлде нәзік белін бүкті ме?!
Я білмеймін аты қолдан шықты ма,
Не болды, келмеді қозым, қырық жігіт?

Жақсы ерүр Көрұғлының сөздері, 350. Табылмай-дүр Ғауазханның іздері.

Я тікті ме бір жаманның сөздері,
Не болды, келмеді қозым, қырық жігіт?

Әлқисса, Көрұғлы бұ сөзні айтып тұрып ерді. Нәкаһ қарадыларкем, жырақтан Ғауазхан келе берді. Көрдікем Ғауазханның көңілі жаман қатты болған екен. Екі көзіден қатра-қатра жастары ат жалыға тізілген келе берді уа жақындап келгенде һәмма жігіттер аттан түсіп сәлем беріп «Арма, төрем!» деді. Аларға һешбір жауап қылмады, өте берді. Анда Көрұғлы сұлтан Ғауазның кейініден келіп, ордаға түсіп «неге кеш қалдың?» деп сұрайды:

– Бағымдағы таза гүлім,

Сөз сөзлесем сенсің тілім.
Бәлки мені жан-ділім,
Кекіліңден Ғауаз ұғылым,
Неге еңіредің, жыладың?

Ғауазхан жауап бере-дүр:

– Дұшмандарны інге тықтым,

Жүрер жолымда тарықтым, 360. Сіздің жауабыңыз білән

Майханадан ауға шықтым.
Жолда айланып келмедім.

– Есіт менің айтқан сөзім,

Сенсің менің көрер көзім,
Құлақ салып емді аңла,
Қаматыңдан, айа, қозым!
Не болды саңа, келмедің?

– Һәр жолда барып талдым,

Тағ-тастар қопардым. 370. Һәста-һәста Ғират билән

Һауадақ деген көлге бардым.
Аңа айналдым, келмедім.

– Сендерсің қант, набатым,

Үзілмес тәнде хаятым.
Көрпе қозым, мен айналай,
Һәм перзентім қолқанатым.
Неге алдандың, келмедің?

– Бұл екен тағдыр істері,

Мен болдым аның түстері. 380. Бір бастан мен айтайын,

Жоқ екен Һауадақ құстары.
Аңа айналдым, келмедім.

– Іздері едәндә шилансын,

Дұшманны қолы байлансын.
Кекіліңден, айа, Ғауаз,
Мұндай атаң айлансын.
Неге жыладың, келмедің?

– Атымны шаптым хабибке,

Жүгіріп шықтым бір төбеге, 390. О жан, бұ жан қарадым.

Көзім түсті көп обаға.
Оңа айналдым, келмедім.

Әлқисса, Көрұғлы бұ сөздерні естіп: – Әй, ұғлым, сен бұ баһана сөздерні қойып, растыны айтқыл. Сен не себептен мұнша жылапсың уа кімдер менің заманымда саңа сөз айтып, көңіліңді қалдырған, ыза қылған? – деді. Анда Ғауаз ұғылан басынан өткен оқиғаларны бір-бір баян қылып сөз деді:

– Ақ жүзіңде орады жүре хал,

Қолымға құс алдым, аты Зерен бал.
Көргенімні бір-бір баян әйлайын,
Бұ сөзіме, қаблегаһым, құлақ сал.
Рақым әйлағыл көзден аққан жасыма,

Не-не жаман істер түсті басыма.
Мүсәпірлік жұрты құрысын, атажан,

400. Не жамандар келіп кетті қасыма.

Жүрегімні һажыран дерті дағлады,
Көкірегімні мүсәпірлік жайлады.
Ғаріптікні шаһры құрысын, қаблегаһ,
Нәкәстарның сөзі тәсір әйлады.

Ғиратым астыма мінген ұрынды,
Біздей бектер бүгін тақыттан сүрінді.
Һауадақтан қайтарда, жаным атажан,
Бір топ оба менің көзімге көрінді.

Не әйлайын, һәмма жүректе дертім көп, 410. Көп дертімні айта бермек емес құп.

Ғират билән бардым жетіп алдыға,
Һәркім болса бірер шылым сұрай деп.
Қатар-қатар етегінде нар екен,
Бірнеше көрмеген ынтызар екен.

Барып едім шылым тартып кетем деп,
Ахмед сардар деген тағаң бар екен.
Киген тоны аның екен қырмызы,
Ботагөз дер екен тағаң қызыны.

Жүрегіме оттар салды, не әйлайын, 420. Күйдіріп ауыртады сол қызның сөзі.

Танбе берді айтқанымны білсін деп,
Хали қазір перзенті жоқ, ұғылсың деп.
Оттардай күйдірді залымның сөзі,
Ақырында бір байталдық құлсың деп.

Ажал жетіп мұндай балаң өлмеді,
Жүрегіме от тұтасты болмады.
Жауап бергіл емді, ата, кетемін,
Жамбылбелде һеш құл атым қалмады.

Ғауазхан дер емді бұ сөзні, 430. Әзелден әйлады мүсәпір бізні.

Қырық жігітке шылым салғушы қыламын,
Әгар, ата, алып берсең сол қызны.

Әлқисса, Көрұғлы сұлтан Ғауазханның бұ сөзіні естіп айтты: – Балам, сен мен есенде һеш қам жемегіл. Ахмед сардарның қызы түгіл, тоғыз Ахмед сардарның қызы сенден садаға кетсін. Сен менің алдымда тұрсаң һәмма жұрт, уәлаят баршасы һәм кетсе пәруайым жоқ-дүр, – деп Ғауазханны майханаға жіберіп, өзі Жамбылның нақараханасыдан керней-сырнай қойдырұр ерді. Әмма, Жамбылның атырабыда тоқсан мың үйлі түркіменнің билері һәр уақытта Көрұғлыға билер керек болса керней, сырнай қойып, шақырып алұр ерді. Әмма, бұ күн һәм кернайның даусы билә һәммасы жамиғ болып келіп ерді.

– Әй, Көрұғлы хан, емді не мақсатта бізні керней, сырнай бірлә шақырып алдың, – деді. Анда Көрұғлы сұлтан өз көңілідегі мұратыны айтып, Ахмед сардарға жаушы қылмақшы болып, бірнеше димсал қылып бір сөз деді:

– Көрұғлы дейүрлер менің өзімні,

Перзент үшін сарғайтқанмын жүзімні.
Емді сізге мен айтайын, әй, билер,
Хикаят етейін Ғауаз қозымны.
Ғауаз ұғылым зер кекілін өріп-дүр,

Сауық жарға қатты көңіл беріп-дүр.
Ғауаз балам Һауадақ көлге барғанда

440. Ахмед сардар тағам қызын көріп-дүр.

Құлақ салың Көрұғлының сөзіге,
Көзі түсіп аның шаһла көзіге.
Ахмед тағам қызын көріп Бал Ғауаз,
Ғашық мүбтілә болып өзіге.

Аның үшін мен белімні бағладым,
Жасым бірлә қара жерні әйладым.
Тоқсан биім, мен айтайын сіздерге,
Бәріңізні сардарға жаушы әйладым.

Білдіңіз бе Көрұғлының сөзіні, 450. Бірнеше таба алмай-дүр ізіні.

Барыңыздар, сізні жаушы әйладым,
Тағам берсін Ғауазыма қызыны.
Дұшпандарның қақпайын айласын,
Пәруазымны менің төменге байласын.

Сардар берсін қызын Ғауазханыма,
Мал керек болса мақсатыны тілесін.
Жығалы дерлер менің затымны,
Фәлак бұзды мені көңіл шатымны.

Әгар мал керек қылса ол тағам, 460. Бас атыға беремін бұ Ғиратымны.

Беріңіздер қатар-қатар нарымны,
Нар үстіге жүктеп берің зерімні.
Ахмед сардар малға келсе, уа, билер,
Беріңіздер маңлайдағы барыны.

Әлқисса, Көрұғлы сұлтан билерге бұ сөзні айтып ерді, жерден әуез шықты, тоқсан биден әуез шықпады. Зираке ақсақалдар әгар бармайын деселер, Көрұғлыдан қорқар. Әгар барайын десе Ахмед сардардан қорқып, ол қылыш астыға алұр. Баршалары олтырды. Әмма, сол билернің ішінде бір Жартыбай ақсақал деген бар ерді. Аны билер «биеке би» дер ерді. Әмма, бұл жиында ол Жартыбай һәм бар ерді. Уа Көрұғлының бұ сөзіні естіп, жауабыны мен берейін деп мойынсұнар ерді. Һешкім сөзле демегеніге қайран болып тұрар ерді. Бәнәкаһ Көрұғлыны жанындағы бір бинің Жартыбайға көзі түсіп ерді:

– Әй, Жартыбай ақсақал, бұ сөзнің ықтиярыны сізге бердік. Бұ сөзнің жауабыны сұлтанға сіз беріңіз, сізнің сөзіңізні бұзбаспыз, – деді. Анда Жартыбай ақсақал бір сөз деді:

– Жартыбай ақсақал дейүр өзімні,

Сарғайтпағыл менің қызыл жүзімні.
Бұ тоқсан би жауап бер деп қоймады,
Емді тыңла менің айтқан сөзімні.
Ғаріптікте сарғайтпағыл тәрізімні,

470. Өткеремін бес уақыт парызымны.

Бұ шартты көңіліңе ауыр алмасаң,
Мен айтайын, емді тыңла әуезімні.
Молдалар оқыған зир уа забар ма,
Ұсталар алған қолға темір ме.

Менің айтқан насихатым сол ерүр,
Билеріңні жаушы қылып жіберме.
Ахмед сардар зорлығыны білдірер,
Алмас салып жүрек-бағырын тілдірер.

Жаушы қылып билеріңні жіберме, 480. Жіберсең һәм залым тағаң өлтірер.

Не-не ерлер көре алмай-дүр жүзіні,
Бәлки таба алмай-дүр аның изніні.
Мені десең билеріңні жіберме,
Жіберсең де тағаң бермес қызыны.

Зорлық қылсаң кім келеді еліңе,
Зерлі кемер жараса-дүр беліңе.
Алсаң алғыл, берер сенің өзіңе,
Неге берсін бір байталдық құлыңа.

Әлқисса, Жартыбай ақсақал бұ сөзні айтып ерді, һәммалары жайларыдан тұрып, есікке шығып, «Жартыбай құп айттың» деп жауырыныға қағып кете берді. Анда Жартыбай «айтпайын ба, ол күпі киген кесік өзі ханнаса қатындан тұмса туған бәтшағардан қорқайын ба?!» деп, кете берді. Анда Көрұғлы билерге ашуы келіп мұрты шаппадик уа ауызы Көһи Қапдик уа һәр көздері пияладик болып: «Әй, дариға-ай! Қартайғанымны біліп, бұлар бүйтіп-дүр. Қадимгі уақытым болса ерді көбіңні қылыштан өткерер ердім» деп, һәста-һәста жолбарысдик ыңыранып майханаға кірді. Әмма, Ғауаз бұ сөздерні үйнің сыртыдан баршасыны естіп кетіп ерді. Анда Ғауазхан қырық жігітні қатара-қатара олтырғызып уа арақты беріп, баршасыны маст бейһұш қылып жығып тастады. Әмма, сол халатта Көрұғлы жығылғыдик болып тұрған уақытыда Ғауазхан ақыры маст деп, бір кесе арақ алып бір сөз деді:

– Мінген атым менің шұбар,

490. Он кәтебімде тоғыз тұмар.

Қолымдан алғыл кесені,
Атам арақ бәд құмар.
Кәғбым Аллаһу жар, Аллаһу жар.
Өлме кәғбым, ұзақ жас,

Ғиратны мін, шық тамаша.
Бір қолыңа мадда алғыл,
Мен берейін алтын кесе.
Атым Аллаһу жар, Аллаһу жар.

Бұл шырын жандан кешіңіз, 500. Кебін тонны пішіңіз.

Дұшманны басты күшіңіз,
Бір кесе арақ ішіңіз.
Бегім Аллаһу жар, Аллаһу жар.
Бастарымда мәламат-дүр,

Достар барша саламат-дүр.
Ғазиз жан һәм сіз уа бізге,
Бірнеше күн аманат-дүр.
Кәғбым Аллаһу жар, Аллаһу жар.

Көзден жасым тізілген-дүр, 510. Жүрек-бағырым езілген-дүр.

Тұз-нәсібім ойлап тұрсам,
Жамбылбелден үзілген-дүр.
Атым Аллаһу жар, Аллаһу жар.
Көзімден аққан жас емді,

Аман болғыл та көргенше.
Жаным, атажан, қош емді,
Бегім Аллаһу жар, Аллаһу жар.
Таза гүлдерні терерміз,

Зер кекілні өрерміз. 520. Аман болғыл, жан ата,

Қиямет күнде көрерміз.
Кәғбым Аллаһу жар, Аллаһу жар.
Бұ замандар қандай заман,
Бастарыма түсті тұман.

Ғаріп атам та көргенше,
Тақыт үстінде болғыл аман.
Атым Аллаһу жар, Аллаһу жар.

Әлқисса, Ғауазхан бұ сөзні айтып, кесені жерге төңкеріп, майханадан шығып, тыблаханаға барып көрдікім. Көрұғлы сұлтанның екі аты тыблаханада ойнап тұрып-дүр, бірі Ғират уа бірі Мәжнүнкөк. Анда Ғауазханны өз қиялыда айтты: «Бұл Ғират Көрұғлының һәм аты уа һәм дәулеті уа һәм перзенті уа һәм қолқанаты. Мұны мінгенім дұшманның ісі болұр» деп, Мәжнүнкөкні әбзелдеп мініп, Жамбыл дарбазасыдан шықпаста Ғауазхан Жамбылны көзі қимай, көңілі бұзылып, көз жасы ат жалыға тізіліп, жүрек-бағыры езіліп, Жамбыл елі уа шөлі, уа Һауадақ көлі уа кәтта белі білән ғайбана қоштап, ботадик боздап бір сөз деді:

Баһарда ашылар Жамбылның гүлі,
Зағлары ұша-дүр қонып бұлбұлы.

530. Аман болғыл және қайтып көргенше,

Шат-харам жүрген Жамбылның елі.
Иралығ басыма салған қаһары,
Зымыстаным өтіп гүлді баһары.
Аман болғыл және қайтып көргенше,

Дәурен сүрген Жамбылның шаһары.
Күйдірді не әйлайын ғанимның тілі,
Жүректен сөнбей-дүр һажранның оты.
Аман болғыл және қайтып көргенше,

Дәурен сүріп жүрген Жамбылның елі. 540. Басыма түседі һажранның дерті,

Көкіректен сөнбес фирақның оты,
Аман болғыл, қияметте көрерміз,
Ойнап-күліп жүрген Жамбылның жұрты.
Өтпекке қайым асқарның белі,

Көрінер ұзақтан нөкернің жолы.
Аман болғыл және қайтып көргенше,
Құс салып ау аулаған Һауадақның көлі.
Күйгенімден кетер көзімнің жасы,

«Алланың добы, дейді, адамның басы». 550. Аман болғыл, қияметте көрерміз,

Гүлденіп өскен Жамбылның жағасы.
Әзалда бар екен тағдырны ісі,
Не күйлерге түсер өлмеген кісі.
Оянғансын Көрұғлыға сәлем де,

Басымдан ұшқан Жамбылның құсы.
Бақ аралап таза гүлні терерміз.
Зер кекілні он екіден өрерміз.
Аман болғыл, иесіз жұртым қайтадан,

Қош, Алла жар, қияметте көрерміз. 560. Бұл елден айрылып болдым харзар,

Не қылса құдіретті Хақта ықтияр.
Аманда бол, қияметте көрерміз,
Та көргенше, елі-халқым, Алла жар.
Ғауазхан дер нала қылдым, менде зар,

Һеш пендеде зәре болмас ықтияр.
Та көргенше, елі-халқым, қош емді,
Тататұғын Күржістандан тұзым бар.

Әлқисса, Ғауазхан бұ сөздерні айтып, ғайбана Жамбылның ел-жұрты білән қоштасты. Амандасып кетіп бара жатып ерді. Нәкаһ сол халде Ағажүніс пері уа Мысқал пері уа Гүлнар пері үшеуі қырық жігітнің қатындары билән сәйірбақ қылып жүріп ерді. Бәнәкаһ Ғауазханның бұ даусыны Ағажүніс перінің жаныдағы бір шора естіп ерді. – Әй, айым, бір көшеге қараңшы, Ғауазхан бір сұм даусыға салып жылап келе жатып, – дегеш, Ағажүніс пері естіп дерхал диуарны үстіден өзіні тастап, Ғауазханны көрдікем. Көзіден жас орныға қандар ағып, атының жалыға сүйеніп жылап келе жатып-дүр. Анда Ағажүніс пері шашыны жайып, жүзіні жыртып, Ғауаз ұғыланды құшақтап бір сөз деді:

– Бақны көріп тергендерім гүл болсын,

Мұндақ анаң шылауыңда құл болсын. 570. Көзім нұры, көңілімнің құты,

Жамбылның арсыланы, балам, жол болсын?!
Сен кеткен соң сарғаяды саяғым,
Сен ердің көзімнің нұры, қарағым.
Тал бойыңдан мен айналай, шырағым,

Жамбылның сұлтаны, балам, жол болсын?!
Есіткіл, жан балам, емді сөзімні,
Жолыңа төрт қылып екі көзімні.
Қамтыңдан айналайын, қозым-ай,

Жамбылның сырттаны, балам, жол болсын?! 580. Сенден айрылғанша жеткей бір өлім,

Қазан ұрып солсын бұ рең-руым.
Көрпе қозым менің, асауы қолым,
Жамбылның сұлтаны, балам, жол болсын?!
Жарасуға тіллә кемер бағланып,

Фирақ оты билән бағырын дағлатып.
Қартайғанда Көрұғлыны жылатып,
Жамбылның арсыланы, балам, жол болсын?!
Барар жолын маңа көзлетіп,

Жүрек билән истиханым тұзлатып. 590. Ботадай Көрұғлыны боздатып,

Жамбылның егесі, балам, жол болсын?!
Ақ жүзіңе жарасады игі хал,
Қолыңа құс алдың, аты Зерен бал.
Емді бір сөз саңа айтай, Бал Ғауаз,

Бұл сөзіме емді, балам, құлақ сал.
Сен кетсең бұ шаһар матым қылмай ма,
Мұнда-ай айым жылай-жылай қалмай ма.
Бұ Жамбылның бір егесі сен ердің,

Сен кеткен соң Жамбыл ойран олмай ма?! 600. Дертің бірлә бұ дүниеден өтермін,

Әләміңде һәр күн қанны жұтармын.
Бұл Жамбылдан сен кеткен соң, Ғауазхан,
Мен де мұнда бір дем тұрмай кетермін.
Көрінер ұзақтан тағларның тасы,

Не күйлерге түсер адамның басы.
Бұ Жамбылдан біз екеуміз кеткен соң,
Көрұғлыны тұтар көзінің жасы.
Тілінде бар жақсы пенденің балы,

Жиырма бес – адамзатның кемелі. 610. Сен кетер болсаң, Жамбыл қалса бұзылып,

Ойла, балам, кімге болұр обалы?
Тағлым алғын Ағажүніс сөзіден,
Құса болып қандар тамар көзіден.
Қартайғанда «ботамдатып» боздатып,

Қорықпаймысың Көрұғлының тезіден.

Әлқисса, Ғауазхан Ағажүніс періден бұ сөзні естіп, өзіні аттан тастап, басыдан, пәруана бойыдан құшақтап, көз жасыны төгіп, анасыға қарап бір сөз деді:

– Ойран көңілім емді қинап қош емді,

Иралығ шәрбатты қылды нұш емді.
Көреміз бе, көрмейміз бе біз қайтып,
Та көргенше, жаным анам, қош емді.

620. Жамбылдан шыққанға көңілім бұзылды,

Білгей, көзімнің жасы тізілді.
Аман болғыл және қайтып келгенше,
Тұз-несібе Жамбылбелден үзілді.
Іс болмас құдіретті Хақтан бейпәрмен,

Пендеде жоқ-дүр бір зәре дәрмен.
Разы болғыл маңа берген тұзыңа,
Бір қимасым сенсің, жаным анажан.
Ала қарап баға алмаймын бетіңе,

Шыдамаймын ішімдегі дертіме. 630. Анадан зияда болған анамсың,

Разы болғыл, жаным ана, сүтіңе.
Ажал жетіп мұндай қозың өлмеді,
Һәр ісінде жүрдім, һеш құл атым қалмады.
Мен ұғылымын десем, атам жұрты – құл деді,

Кетпесем Жамбылдан емді болмады.
Ерісін тағларның қары, ерісін,
Һәр пенде алғаны бірлә қарысын.
Бұ Жамбылда һеш құл атым қалмады,

Уа, дариға, мүсәпірлік құрысын! 640. Қой дегенде жұрты сірә қоймады,

Атамның сөзіні әсілі алмады.
Ел ағызына елек қойып бола ма,
Құл деген санаты әсілі қалмады.
Аллаһу ағлам, бір тұзымны тартыпты,

Мойыныма бір ауырлықны артыпты.
Бұ Жамбылда бектік қылып жүргенше
Өз елімде қой баққаным артық-ты.
Салар болды жүрегіме әләмді,

Сағынғаны кәні Ғауаз балаңды? 650. Көрұғлы хан жатып қалды мастлықта,

Оянған соң жан атама сәлем де.
Ғауаз хан дер: Мен қылұрмын зар-зар,
Пендеде жоқ-дүр зәре ықтияр.
Ал емді Күржістанға жөнедім,

Көргенімше, жаным ана, Алла жар.
Жолықтың балаңның мұндай кезіне,
Мана тағып тұрғаныда өзіне.
Жаным ана, атаекеме сәлем де,

Разы болсын бізге берген тұзыға. 660. Ғауазхан дер бұ істер Алла ісі,

Жалғызбын, жанымда жоқ-дүр һеш кісі.
Аман болғыл, анажаным, сен өзің,
Андан соңыра қырық жігітнің биісі.

Әлқисса, Ғауазхан бұ сөзні айтып баз қаршығадик Мәжнүнкөк атның үстіге мініп, анасы билән қоштасып, «Күржістан шаһары қайдасың» деп кейініге бір қарамай жөней берді. Анда Ағажүніс пері қырық жігітнің айымдары билән һәмма Ғауазханға аза тұтып зар-зар жылап Көрұғлы сұлтанға Ғауаз баланың кеткенін айталық деп келсе, Көрұғлы бірлә қырық жігіт араққа маст болып жатып-дүр. Үш күнгеше есіге келмеді. Әмма, қырық жігіт бірлә Көрұғлы хан үш күнден соң сөзге кіріп майханаға қарады. Көрдікем Ғауазхан кетіп қалып-дүр. Көрұғлы хан қапа болып, жүрек-бағыры өртеніп, Ағажүніс перінің ордасыға шықты. Көрдікем, Ағажүніс пері һәм қанаттарыны түзетіп Көһи Қап тағына ұшпақшы болып тұрып-дүр. Анда Ағажүніс пері Көрұғлы сұлтанға қарап Бал Ғауазны кеткеніні бір-бір баян қылып, ішіндегі дертіні дастан қылып бір сөз деді:

– Ұшқыр едің, қанатыңда қайрылдың,

Жүгірік ердің, биі жерден тайрылдың.
Арман билән емді жыла, Көрұғлы,
Бір сүйенішің Бал Ғауаздан айрылдың.
Ойласам, бұ дүния баршасы пәни,

Кісі қайтіп сүйер үшбу дүниені. 670. Жұртың да өледі, өлсең, сұлтаным,

Бал Ғауаздай сұлтаныңдан айрылдың.
Ада болмас ішіңдегі бұ дертің,
Арман билән сынды екі қанатың.
Егесіз қалған-ды Жамбыл иләтің,

Жұрт егесі Ғауазыңдан айрылдың.
Айта берсем еске түсер баяғым,
Күйгенімден сарғайыпты саяғым.
Ойласам қанеки Ғауаз шырағым,

Көзің нұры Ғауазыңдан айрылдың. 680. Иралығ басыма түскен қаһары,

Зымыстан болып-дүр фасил баһары.
Сәбил болды Жамбылдай шаһары,
Белде қуат мүдәріңнен айрылдың.
Тебе алмады дұшманыңның сөзіні,

Арманда қашырдың Ғауаз қозыңны.
Емді таба алмассың басқан ізіні,
Дүр, гауһар, маржаныңдан айрылдың.
Аның дерті билән бағырың дағлайын,

Аза тұтып қара силә бағлайын. 690. Уа, балам, деп нала қылып жылайын,

Көңіл қошы қарашығаңдан айрылдың.
Ғауазханның кеткен жолын көздегін,
Дерті білән истиханың тұздағын.
Уа, балам, деп ботадайын боздағын,

Тәніңдегі шырын жандан айрылдың.
Таза гүлдер тұр ашылып, солмады,
Көз алдыда мұндай айым өлмеді.
Ғауаз кетті Жамбылбелден, болмады,

Бір тұйғын сұңқарыңдан айрылдың.

Әлқисса, Ағажүніс періден Көрұғлы сұлтан бұ сөзні естіп, есі кетіп, аһ ұрып жылап уа бір замандан соң бәз өзіге келіп, Ағажүніске қарап неше жерден димсал келтіріп бір сөз деді: 700. – Көзімден жастар ағып сел болды,

Дұшман келіп Жамбылбелге ел болды.
Ғауаз балам кеткен болса Жамбылдан,
Ел-жұртым қараң қалып шөл болды.
Жүрегіме түсті Ғауазның дерті,

«Аһ!» десем шықты ішімден оты.
Ғауазның кеткені раст болса,
Құрыды десеңші Жамбылның жұрты.
Баса алмадым дұшмандарның тіліні,

Солдырды не әйлайын бадам гүліні. 710. Ғауаз балам кеткен болса Жамбылдан,

От алды десеңші Жамбылның шәріні.
Көптен тарттым бір перзенттің зарыны,
Перзент үшін төктім намыс-арыны.
Кеткен болса Жамбылбелден Ғауазхан,

Жау алып-дүр маңлайымда барыны.
Һәр сөздерің сенің маңа мысал бар,
Сен һәмдәмсің маңа дәйім маһ, сал.
Елі-жұртым һәммасыны жау алды,

Емді саңа бір сөз айтай, құлақ сал. 720. Сопыларның аса болұр дәстінде,

Қарамағыл сөзім бәлант-пәстін де.
«Дерт үстіне жиған» деген бір сөз бар,
Сөйтейін деймісің мұның үстіне.
Қартайғанда көзім жасы көл болсын,

Дерт үстіне дерт қосылып мол болсын.
Ғауазжанның күйігінің үстіне,
Емді саңа, Ағажүніс, жол болсын.
Құрбашылар жүрер кентін күзетіп,

Өз көзіңше Ғауазханны ұзатып. 730. Ағажүніс пері, саңа жол болсын,

Ұшпақ болып қанатыңны түзетіп.
Көрұғлы дер көзде жасым көл ме еді,
Жамбылның айналасы ел ме еді.
Ғауазның күйігі өртеп тұрғанда,

Ағажүніс, сенден үміт сол ма еді?!

Әлқисса, Көрұғлының бұ сөзіні естіп, Ағажүніснің көңіліге қатты батып, Көрұғлыға қарап бір перзентінің жоқтығыдан жұрт бұзылайын деп тұрғаныны айтып бір сөз деді:

– Мүсәпірні жүрек-бағыры-дүр дағлы,

Қайда барсам маңа мәтім құрулы.
Тыңлағыл бұ сөзні, бір-бір айтайын,
Ғауаз ерді бар қуанышым, Көрұғлы.

740. Бұ заман ісім көп-дүр күнәһы,

Кешіріп болғай де бізге панаһы.
Тірі болғандан соң адам өле ме,
Құлақ салып есіт, Жамбылның шаһы!
Көзімден ағады емді қызыл қан,

Шықсашы көп күймей тәнімдегі жан.
Қайтіп тірі жүрермін дүниеде,
Бір сүйенішім ерді менің Ғауазхан.
Ұшы-қиыры жоқ екен-ді дертіңнің,

Сірә тұтпан аяғы жоқ өртіңнің. 750. Білмеймісің, Көрұғлы хан, айтайын,

Берекесі Ғауаз ерді жұртыңның.
Ханы сен Көрұғлы Жамбылбеліңнің,
Шекері бар ағызыңдағы тіліңнің.
Білмеймісің, хан Көрұғлы, хали һәм,

Ғауаз құты ерді Жамбыл еліңнің.
Бір сөз билән Ғауаз кетті еліңден,
Сөз есті шиһад-шекер тіліңден.
Ғауаз ерді Жамбылбелнің сұлтаны,

Бір арманда қашырғансың қолыңдан. 760. Шаба алмайды арғымақның тоқтығы,

Жылаймын ішімде дертім көптігі.
Әй, Көрұғлы, сенің мұнша сандалғаның,
Сондай болұр бір баланың жоқтығы.
Жамандан һәр жерде дәулет таяды-ай,

Жақсы адам жамандарға саядай.
Бұ ісің баршасы тағдыр ісідей,
Әуел баста бір баланы аяды-ай.
Басыңды көтергіл, Жамбылның шаһы,

Ойласаң бұ дүниенің баршасы пәни. 770. Ғауазхандан біз айрылып жүргенше,

Не бет билән біз көрерміз дүниені.

Әлқисса, Көрұғлы бұ сөзні естіп жолбарысдик ыңыранып, кісі билән сөйлеспей, өлген кісідик аза тұтып, Көрұғлы билән һәмма қырық жігіт көкіректеріні нам жерге қойып, Құдай Тағалаға мінәжат қылып, Ғауазханны бізге көрсет деп я бізні ал деп, баршасы «Уай, Ғауазжан!» деп, тіріктікні тастап, жер үстіге жатып алды. Емді Ғауазхандан сөз естің. Әмма, Ғауазхан зар ұрып Мәжнүнкөкке мініп, жолға түсіп, «атажұртым қайдасың» деп, бір сөз деді:

– Көзімден аққан қызыл қан,

Кейін тастап Жамбылбеліні,
Көрмек болып Хұнхар еліні
Жөней берді Ғауазхан.
Хаққа қылып тәуекелні,

Дүниені басып солытты.
Жұртты тұтып саясты,
Жөней берді Ғауазхан.

780. Астында Мәжнүнкөк аты,

Басында бар-дүр дәулеті.
Жүректе дағы кәләпті,
Жөней берді Бал Ғауаз
Қақ жарып тасны қайраты.

Көніп Алланың ісіге,
Сырын айтпай һеш кісіге.
Тәуекел қылып Бал Ғауаз,
Түсті Бәдбақытны дештіге.

Араз болып Жамбылбеліге, 790. Дұшмандары келмей тіліге,

Хаққа қылып құп тәуекел,
Түсті Бәдбақыт шөліге.
Жалғыз өзі көзін жастап,
Һәр ісіге тағдыр бастап.

Ерінгенде Бал Ғауаз
Мәжнүнкөк атты кішкілеп.
Мәжнүнкөкке салып мәуіт,
Атыны шауып ауыт-ауыт.

Ат шапқанда жарқырайды 800. Ақ кіреуке алтын сауыт.

Әзелден-дүр білсең бұл іс,
Тағдырдан-дүр һәрне келміш.
Аударылса жарқырайды
Зер қабалы алтын қылыш.

Астында аты ырғылап,
Дұшмандар қорқып қылғылап.
Үстіндегі киген тоны
Аударылғанда жарқылдап.

Өз-өзіге сөзін сөзлеп, 810. Ботадайын жолда боздап.

Жөней берді Бал Ғауазхан,
Күржістанның кентін іздеп.
Ғауазхан айтқаны еп,
Ішінде қайғы ғасейіп.

«Алла» деп ал жөней берді,
Атажұртым қайдасың деп.
Мінген атыға сөз қатып,
Тез жетсем деп жанын сатып.

Үстіге мінген Мәжнүнкөк, 820. Жолыны танабыны тартып.

Кәһі жүрер һәста-һәста,
Ғауазханның көңілі һәста.
Ерінгенде ат қояды
Бәдбақыт шөлінде шығырыста.

Өзінің елін ұстады,
Қайраты аның қыстады.
Аударылып ат шаппаққа,
Көрұғлыдан һәм ұстады.

Төрт жыл Жамбылда бағынып, 830. Өзінің жұртын сағынып.

Мәжнүнкөк басқан қара тас
Жаңғақтай болып шағылып.
Кигені гүл-гүл жанады,
Мәжнүнкөк атны мінеді.

Кеші-күндіз қайрат билән
Күржістанға қарап жөнеді.
Ара шөлде өзі жалғыз,
Бірдей жүрді көп құла түз.

Сегіз күн тынбай Бал Ғауаз 840. Шәкпір тартты кеші-күндіз.

Жүрекке шауып жарасын,
Көріп тағларны дарасын.
Ғайын намазшам махалда
Көрді Күржістанның қарасын.

Қаял Ғауазны ішіге,
Тіллә жығасы басыға.
Ғайын намазшам шақта
Келді Күржістанның қасыға.

Әлқисса, Ғауазхан кеші-күндіз жол жүріп, Мәжнүнкөкті сауырыға қамшы ұрып, сегіз күн дегенде Күржістанның қасыға келді. Дарбазаға қарап көрдікем, һешбір кісінің әуезі келмей-дүр. Жанды нәрсенің белгісі білінбей-дүр уа және дарбазаны бәріге қара бағлап, бір-бірі билән ісі жоқ. Анда Ғауазхан айтты: – Мен кеткен соң бұ шаһарның падишаһы өлген бе, я басқа сәуда болған ба, не себептен бұ кент бұзылып жатып-дүр, – деп ойлай-ойлай дарбазаға келіп, дарбазабанны шақырып, дарбаза ашқын деп бір сөз деді:

– Жетекте қатар нармысың,

850. Көруге ынтызармысың.

Мен мүсәпір бұ жерлерге,
Дарбазабандар, бармысың?
Һауаскар кепті фарғыны,
Тал-тал өреді зүлфіні.

Құрбашыеке, сен ертерақ
Аш дарбазаның құлпыны.
Жолдарда атым желемін,
Бұ шаһарны нешік білемін.

Аш дарбазаның құлпыны, 860. Түркімен еліден келемін.

Мәжнүнкөк деген атым бар,
Мен өзбек деген затым бар.
Жамбылбелден келемін,
Хұнхар шаһқа хатым бар.

Төгілер көзімнің жасы,
Келгенім Бәдбақытның Дешті.
Аш дарбазаның құлпыны,
Кел, ашқын, баба құрбашы.

Қылармын емді зар-зар, 870. Құдіретті Хаққа ықтияр.

Ұзақ жерлерден келемін,
Шаһарға кірмек ынтызар.
Қызыл гүлдер теремін,
Шаһыңа жауап беремін.

Дарбазаны аш, бектер,
Шаһар ішіге кіремін.
Он беске кірген жасым бар,
Жолыңда көзім ынтызар.

Аш дарбазаның құлпыны, 880. Хұнхар шаһқа ісім бар.

Әлқисса, Ғауазханның бұ сөзіні естіп, құрбашылар дарбазаға келіп, дарбазаны ашып қарап көрдікем, бір бала келіп қарап тұрып-дүр. Гөягі хұсни қараңғы көшені жарық қылғудик бір бала жалбырап, зер кекілі салбырап, екі кекілі беліге салбырап түсіп, жүзі алмадик пісіп, көргендері сасып, бірнешелер ақылыдан адасып, сондақ бір бала келіп тұр. Мұны көріп Ғауаз екеніні һешкім танымай құрбашылар айтты: – Бәрәка Алла, һәм мұндақ көрікті сұлу уа хош руи ұғлан болұр екен уа Хұнхар шаһ Ғауазхан деп жанын сатып уа төрт жылдан бері тіріклей көрге кіріп уа кісі бірлә сөйлеспей жер бағырлап жатып-дүр. Емді мен мұны Хұнхар шаһқа алып барайын, бұл баланың сұлулығы Ғауазхандан тоғыз есе артық екен-дүр. Мұны қызметіге алып барсам, маңа һеш нәмерсе демес, – деп Ғауазханны ергестіріп Хұнхар шаһны алдыға алып барып, Ғауазханны тысқарыда қойып, құрбашы ішкеріге кіріп Хұнхар шаһқа сәлем беріп, неше жерден димсал қылып бір сөз деді:

– Сарғайған һажи ранда қызыл тәрізім бар,

Пенде-дүрмін бір Аллаға қарызым бар.
Хұнхар шаһым, құлақ салғыл бұ сөзге,
Емді саңа бір-бір айтай, арызым бар.
Қызмет қылып сізден жеген тұзым бар,

Ғауаз деп сарғайған қызыл жүзім бар.
Құлақ салғыл сөздеріме емді сен,
Саңа айтай ғажап жақсы сөзім бар.
Ол келіп тұр күн асқар беліден,

890. Тұз жеп өсіп Көрұғлының қолыдан.

Бұ сөзіме құлақ салғыл, Хұнхар шаһ,
Бір бала келіп тұр түркімен еліден.
Шаруадарның болады екен еншісі,
Патшаларның дәйім болар елшісі.

Сұрап едім маңа мұндай деді ол,
Өзім деді түркімен елінің елшісі.
Астында Мәжнүнкөк деген аты бар,
Мен білемін өзбек деген заты бар.

Аны өзі түркімендернің елшісі, 900. Алып келген саңа аның хаты бар.

Басында тұрар аның дәулеті,
Рүстемдей тұрар аның шәукеті.
Алдыңа келгенде аны бағып көрерсің,
Ғауазхандай аның бар-дүр сәулеті.

Өзі бір жас бала, тілі-дүр түркі,
Басында қондырған нұғы бөркі.
Инанарсың көзің билән көргенде,
Ғауаздан артық-дүр көрсең көркі.

Қызметіге шаһтар келүр пияда, 910. Бір сұңқардай аның өзі қияда.

Есігіңде келіп тұрұр ол ұғылан,
Сұлулығы Ғауазыңдан зияда.
Қандай тұз білмей аны тартып-дүр,
Ара шөлде жалғыз атын арытып-дүр,

Көргенден соң инанарсың, Хұнхар шаһ,
Ғауазыңдан тоғыз есе артық-дүр.

Әлқисса, Хұнхар шаһ Ғауаз ұғыланның алдыға шықты, өзбек баланы көрелік деп. Әмма, Ғауазхан Жамбылбелге келіп шырайы әуелгіден он есе көркем болып ерді. Анда Хұнхар шаһтан өзгесі танымады. Анда Хұнхар шаһ Ғауаз ұғыланны танып, жүгіріп барып Ғауазханны құшақтап екі жүзіден сүйіп, өлсем һеш арманым жоқ-дүр деп, ел-жұртыны Ғауазханға тапсырып неше жерден димсал келтіріп, Хұнхар шаһ бір сөз деді:

Әй, жарандар, төрт жыл күткенім аз ба,
Қолымда біл менім қаршыға бар ма?
Бұл өңім бе яки түсім бе, білмеймін,

920. Қашырған жалғызым ошал Ғауаз ба?!

Астымда бар міней десем пырағым,
Һәр адамдан көп сұрадым сұрағын.
Әй, жарандар, бұл өңім бе я түсім бе,
Қашан жанды-ай менің өшкен шырағым.

Менің бүйтіп жатқанымды біліпті,
Жаратқаным маңа рақым қылыпты.
Һәммаң тұрып сәлем берің, жарандар,
Қашырған сұңқарым, қозым келіпті.

Сенің үшін көздерімнен кетті қан, 930. Бәлки шыға жазды тәнімдегі жан.

Кекіліңден мұндай атаң садаға,
Аман-есен сен келдің бе, Ғауазхан?
Һәр сөз шығар айта берсең ойыңдан,
Мен сұраймын әуелдегі сөзіңден.

Төрт жыл болды сен кеткелі Жамбылға,
Садаға болайын хамита бұ бойыңдан.
Ер жігіт майданды көрсе сайлансын,
Иләһи дұшманның қолы байлансын.

Есен-аман сен келдің бе, шырағым, 940. Ақ жүзіңден мұндай атаң айлансын.

Басыма алғаным тілләдан жыға,
Бедеуге таққаным алтындан тұға.
Есен-аман сен келдің бе, шырағым,
Тал бойыңдан мұндай атаң садаға.

Біліп тергін емді таза гүлімні,
Сенің ашығың қылды маңа зұлымны.
Айналай бойыңдан емді, бал Ғауаз,
Саңа бердім Күржістандай елімні.

Нешені басыға салды қаһарымны, 950. Аждаһамын, кім көтерер заһарымны.

Қамытыңдан мен айналай садаға,
Саңа бердім Күржістандай шаһарымны.
Дәптерімде бар несие-нақтымны,
Фәлакка тігірдім алған рахатымны.

Аһу көзді, шырын сөзді Бал Ғауаз,
Егесі болды емді тіллә тақытымны.
Көрер күн бар екен сенің бойыңны,
Маңа айтқын ішіңдегі ойыңны.

Егесі бол Күржістанның, Бал Ғауаз, 960. Қуанған үшін қырық қылай тойыңны.

Кім біледі ішімдегі дертімні,
Жүрегіме төрт жыл салдың өртіңні.
Қабыл қылсаң, зер кекілді Бал Ғауаз,
Саңа берей Күржістандай жұртымны.

Хұнхар шаһ дер жеті көкке фағаным,
Дертіңден құрыды тәнде дәрменім.
Шүкір Алла, емді көрдім жүзіңні,
Бүгін өлсем, іште жоқ-дүр арманым.

Әлқисса, Хұнхар шаһ бұ сөзні айтып, тіллә тақытыны, Күржістан жұртыны, қатарда нарыны, қазынадағы, маңлайдағы барыны Ғауазханға беріп, өз хүкімет мөріні және бермек болып Ғауазханның қуанышыға қырық кеші-күндіз той беріп, бір дем жаныдан айрылмады уа әлғараз қырық кеші-күндізден соң Ғауазхан жайыдан тұрып, қол қусырып ерді: – Әй, падиша ғалам, бұ жұрттан кеткелі төрт-бес жыл болды уа атамның өлгеніні Жамбылда естіп дұғай фатиха қылып ердім. Әмма, мұнда менің бір нәресте сіңілім білән ғаріп анам қалып-дүр, мені келді деп естіп олар көптен-көп ынтызар-дүр. Емді сіз маңа жауап берсеңіз, мен оны көріп келіп, хатыр жамиғ болсам, – деді. Анда Хұнхар шаһ айтты: – Әй, Ғауазхан, қазір сабыр қылғыл, бір демден соң барып келүрсің, ләкин сенің өзің жас болдың, жас һәм бас болдың уа менің сенден бірнеше сөз сауалым бар. Аны сұрайын, білсең маңа жауап бер, – деп, Хұнхар шаһ сауалыны сұрайды:

– Емді саңа сөз айтамын жүз алуан,

970. Не құдіретті Жаратқан қылса мәулан.

Бірнеше сауалым бар-дүр, сұраймын,
Сауалымға жауап бергіл, Ғауазхан.
Жер жүзіні бір-бір қылып қыдырдың,
Мүсәпірлік әлетінде көп жүрдің.

Әуелгі сауалым бұл-дүр, Ғауазхан,
Атның жақсысын не жерде көрдің?
Жүрегімде қойдың сансыз көп әләм,
Әләм бірлә зар әйладым сабах дәм.

Екілінші сөзім бұ-дүр, Ғауаз балам, 980. Адамның жақсысын не жерде көрдің?

Бек болғансың, Ғауаз, Жамбылбелінде,
Тұз жеп өстің Көрұғлының қолында.
Һәр пенделер бір пайғамбар дінінде,
Діннің жақсысыны не жерде көрдің?

Көңілні, Бал Ғауаз, саңа берейін,
Һәрне десең мен сөзіңе кірейін.
Және сенден бір сауалым сұрайын,
Жігітнің жақсысыны не жерден көрдің?

Бұ сөздерні айтұр шаһ Хұнхар, 990. Кеші-күндіз саңа болдым ынтызар.

Және бір сауалым, ұғылым, саңа бар,
Жұртның жақсысыны не жерде көрдің?

Әлқисса, Хұнхар шаһның бұ сөзіні Ғауазхан естіп һәмма көргендеріні баян қылып бір сөз деді:

– Дүние жүзіні бір-бір қыдырдым,

Жамбылның елінде хан болып жүрдім.
Көргенімді бір-бір айтай, Хұнхар шаһ,
Жұртның жақсысыны Жамбылда көрдім.
Бір-біріге ойнап ұрыс салады,

Үстіге мінгеннің белі талады.
Һауадағы құсты қуып алады,

1000. Ат жақсысыны Жамбылда көрдім.

Бұл Ғауазхан хали қазір біледі,
Күржістанның шаһар атырабы дала-ды.
Аттарның бәрі жаяудан қалады,
Атның жаманыны сендерде көрдім.

Жігіттері шырын жандан кешеді,
Қызылбастан адам алып қашады.
Өзі өлмей кебіндерін басады,
Жауды көрсе көзден жасын шашады.

Даурұр болса бас-басыға қашады, 1010. Адамның құрығанын сендерде көрдім.

Бұлбұл деген құс ұшады қияда,
Шаһтар көрсе болар аны пияда.
Қайраттары Рүстемден һәм зияда,
Жігітнің палуаныны Жамбылда көрдім.

Зағи байғұс дәйім жүрер қияда,
Ақылы емес бір-біріден зияда.
Жүрістері жүрген дәйім пияда,
Жігітнің жаманын сендерде көрдім.

Бұ айтқан сөзім, шаһым, қалай-ды, 1020. Қайрат қылып қызылбасны тілейді.

Сахар тұрып бір Құдаға жылайды,
Діннің жақсысыны Жамбылда көрдім.
Күйіп жанып емді болдық ада деп,
Бір жанымыз аңа болсын пида деп.

Бір ағашны жонып алып «Құда» деп,
Бәд параст, күмрәһтарны сендерде көрдім.
Бір тарапта текежәуміт елі бар,
Бір жанында Һауадақ деген көлі бар.

Һәр жігітнің сендей тоқсан құлы бар, 1030. Жігітнің арсыланын Жамбылда көрдім. Әлқисса, Ғауазхан бұ сөзні айтып ада қылмай, Ғауазхандан жақсыны Жамбылда көрдім дегеніге Хұнхар шаһны ашуы келіп, көздері мислә кеседик уа һәр мұрты шафдик уа ағызы көне жыртылған қапдик болып қаһарланып, «бұл Ғауаз Көрұғлы дініге кіріп мұнда жансыздық қылып келген екен, мұны өлтіріңдер» деп, жалладтарны шақырып бір сөз деді:

– Кетер болды жүрегімден бұ шаттар,

Не сәудаға түсер адамзаттар.
Мен сөзімні емді айтай сіздерге,
Мұнда келің, құрбашылар, жалладтар.
Көрұғлының дініге Ғауаз кіріпті,

Жамбылбелге жаман көңіл беріпті.
Келіңіз, мірғазаптар, жалладтар,
Ғауаз ұғылан жансыз болып келіпті.
Бал Ғауазны білмегенін білдірің,

1040. Тахта билән жүрек-бағырын тілдірің.

Ғауаз жансыз болып келген екен-дүр,
Кел, жалладтар, Бал Ғауазны өлтірің.
Қабыл етпең көзден аққан жасыны,
Қарға, құзғын жесін аның басыны.

Дар төбеге алып барың Ғауазны,
Жіпшедейін үзің аның басыны.
Рақым әйламаң Ғауазханның жасыға,
Һеш адамны жолатпағыл қасыға.

Ғауаз жансыз болып келген-ді, 1050. Хамр қосып алда құйың басыға.

Екі көзі толсын ләйле-күн жасқа,
Ол келіп-дүр асқар белден аса.
Ғауазханны тіллә дарға тартыңдар,
Дарлар көрсін емді бүгін тамаша.

Бал Ғауазның жүректерін тесіңдер,
Еттеріні парша-парша осыңдар.
Ғауаз жансыз болып келген екен,
Бал Ғауазның Бастарыны кесіңдер.

Ыңырандырып қолға алай мен сазыны, 1060. Лашынға алдырам үрдәк-қазыны.

Хұнхар шаһтан естіңдер бұ сөзіні,
Сойыңыздар дінден қайтқан Ғауазны.

Әлқисса, Ғауаз ұғылан сол уақытта тұрып жүз жаллад келіп мойныға арқан тағып, зар-зар жылатып дар түбіге бағлап сүйреп алып жөней берді. Әмма, сол уақтыда Ғауазханның сіңілісі бірлә анасы бұ сөзіні естіп, үйден екеуі һәм аяқ-басы жалаңаш болып «Уәй, балам!» деп, Ғауазның кейініден жетіп, анасы бейшара Гүлайым жалладны қолыға тармасып, жаллад бірлә келе жатқанда саф кәттә уәзір сәргардаға қарап көз жасыны төгіп бір сөз деді:

– Әй, жарандар, құлақ салың сөзіме,

Қандар келді емді менің көзіме.
Хұнхар шаһға не болған-дүр, жарандар?
Мұнша азап көрсетеді қозыма.
Кім инанар сенің қолың, тіліңге,

Қылышыңны жарқыратып беліңге.
Мен айтайын емді сізге, жарандар,

1070. Ғауаз қозым неге келді еліңге?

Басымны шырмадым һажыранлы ғамға,
Шыдамаймын күйік билән әләмға.
Сізге, бізге не болған-ды, жарандар?
Мұнша азап көрсетеді баламға.

Ғауазның басыға салма қаһарыңны,
Аждаһасың, кім көтерер заһарыңны?!
Өтеуінен беріңіз емді, жарандар,
Ғауаз балам жаңа көрді шаһарыңны.

Аншалықтан көп шығармағыл өртіңні, 1080. Ғауазжаным көтере алмас дертіңні.

Бір қасық қанындан кешің баламның,
Ғауаз балам жаңа көрді жұртыңны.
Кісі қорқар ажал жетсе жанындан,
Қозым, неге келдің Көрұғлы елінден?

Һәмма билер, барып айтың шаһыңа,
Баламның кешсін бір қасық қаныдан.
Баһарда теремін бұ таза гүлні,
Гүлдері ғашығы дәйім бұлбұл-ды.

Өз жұртым деп келген балам Ғауазны, 1090. Ғауазны өлтіріп қанға боялды. Әлқисса, Ғауазханның анасы бұ сөзні айтып ерді, анда билер баршасы кеңес билән айттылар: «Бұл Ғауаздай ұғылан жүз жылда пайда болып жер жүзіге келмес, өлсе өлер, кетер. Мұның қадірі Хұнхар шаһның өзіге өтер, хали һәм болса біздер барып жауап тілеп алып, Ғауазханны зынданға салып та қырық күнгеше насихат қылып, Көрұғлының дінінден қайтарып, өз дінімізге кіргізерміз. Әгар кірмесе қырық күнден соң күнәһыны өз мойыныға қойып, өлтірерміз» деп, Бал Ғауазны дар астыдан қайтарып, зынданға салып, һәр күн ерте уа кеш сәргәрдалар пәнд уа насихат қылұр ерді Көрұғлының дініден қайтқыл деп. Анда Ғауазхан қабыл қылмас ерді. Сол тариқыда арадан отыз күн өтті. Әмма, Ғауазханның жеті жасар Балайым деген сіңілісі бар ерді. Ағасыны көрсем деп ынтық ерді. Һеш мұрадыны таба алмас ерді. Әмма, Балайым кешлерде бір кеші зынданбандан сұрап Ғауаз ұғыланның басыға келіп зар-зар жылап, ағасыға қарап зындандан сұрап бір сөз деді:

– Жарық дүниені бір көрерге зармысың,

Кеші-күндіз бәлки ынтызармысың.
Мен бір күйген сорлы келдім басыңа,
Жаһ түбінде, жалғыз ағам, бармысың?!
Һәрне десең бұйрығыңа жараймын,

Жаһ түбінде көрінбейсің, қараймын.
Мен бір күйген сорлы келдім басыңа,
Құдықтағы, ғаріп ағам, бармысың?!
Хақ Тағала етсін аман жаныңны,

1100. Тілей қалды қызылбастар қаныңны.

Мен басыңа келіп сені сұраймын,
Тірік болсаң маңа айтқыл халыңны.
Жаста көдектер оқыр зир уа забарны,
Ұсталар ала-дүр қолыға темірні.

Жаһ түбінде ғаріп ағам бармысың,
Тірік болсаң маңа бергіл хабарны.
Мен сұрап келгенмін атыңа қанып,
Ботадайын мен боздармын ыңыранып.

Ғаріп анаң зар жылады балам деп, 1110. Фирақыңдан жүрек-бағыры өртеніп.

Сенің дертің жүрегіні тұздайды,
Бір көрсем деп іздеріңні іздейді.
Анадан айрылған ботадай болып,
Бір дем тынбай, «уа, балам!» деп боздайды.

Дертің билән есі кетіп жылайды,
Кеші-күндіз сені Хақтан тілейді.
Сағынғандан жан ғаріп анаң, аға,
«Уай, қозым» деп шашын жайып жылайды.

Құлақ салың мен әйлаған нидаға, 1120. Бір жанны қылып саңа садаға.

Ғаріп анаң «уай, балам!» деп тынбайын,
Сені тілеп жылар Қадір Құдаға.
Балайым дер көндім тағдыр ісіге,
Қуанамын ажалымның кешіне.

Не жаздық бір Құдаға біз сорлы,
Сені салды зындан-құдық ішіне.

Әлқисса, Ғауазхан құдықны ішінде жатып Балайымның бұ сөзіні естіп, көңілі бұзылып, көз жасы моншақтай болып, жыландик толғанып бір сөз деді:

– Нала қылдым, пенде болдым Құдаға,

Бұ жанымны көп күйдірме сәнаға.
Мен һәм емді саңа бір сөз айтайын,

1130. Көз жасыңдан мұндай ағаң садаға.

Мәрт жігіт майдан ішіре ішленсін,
Иләһи дұшманны қолы байлансын.
Жыламағыл «ағажан!» деп, Балайым,
Көз жасыңдан мұндай ағаң айлансын.

Ұрысқа мінгенім жирен қызыл-ды,
Тірік болып жүре алмаспыз біз емді.
«Ағажан!» деп төкпе көзде жасыңны,
Дауысыңдан менің көңілім бұзылды.

Бұ істер барша Алланың ісі, 1140. Тағдыр Алланың добы, адамның басы.

«Ағажан!» деп жылай берме, Балайым,
Өртеді ішімні көзіңнің жасы.
Айта берсем еске түсер баяғым,
Әуелгідей емес мені сияғым.

Бұ күн келдің, соңыра және келмегін,
Көз жасыңдан мен айналай, шырағым.
Жүрегіме түсті дұшмандан уайым,
Пана берсін һәр пендеге Құдайым.

Бұ күн келдің, бұ күнден соң келмегін, 1150. Қамтыңдан мен айналай, Балайым.

Бұ дұшмандар зорлығыны білдірер,
Алмас салып жүрек-бағырың тілдірер.
Бұ күн келдің, соңыра және келмегін,
Білсе сені қызылбастар өлтірер.

Молдалар алғаны дәуіт, қалам-ны,
Жүрегіме түскен дағы ғаламны.
Көреміз бе, көрмейміз бе біз және,
Ғаріп, міскін анамызға сәлем де.

Баға алмадым аны нұрлы жүзіне, 1160. Құлағым салмадым шекер сөзіне.

Балайымжан, сен анама сәлем де,
Разы болсын маңа берген сүтіне.
Ашу қылып баққаным жоқ бетіне,
Кім шыдайды жүрегімнің отына.

Барсаң, сәлем дегіл сорлы анама,
Разы болсын маңа берген сүтіне.
Кеші-күндіз хандар жылап аһ ұрар,
Арман білән қанатыдан қайырылар.

Сәлем дегіл, Балайымжан, анама, 1170. Сегіз күнден кейін бізден айырылар.

Жақсыларның аса болұр дәстінде,
Шайтан лағин ер жігітнің қастында.
Нәсіп болса бір көрерсің ағаңны,
Сегіз күнден кейін дарның астында.

Һауадақ көлге мидам салдым құсымны,
Өткерсін Құдайым қылған ісімні.
Тірік бізге біргелесіп жүрмек жоқ,
Та көргенше, ғаріп сіңілім, қош емді.

Менің басым қалды сансыз тұманда, 1180. Құдайым сақтасын сізді әманда.

Аман болғыл және қайтып көргенше,
Сіздерге қосылмақ бізге күмәнді.
Ғауазхан дер мен қылармын зар-зар,
Не қылса күшті-дүр жаратқан Жаппар.

Аман болғыл, қияметте көрерміз,
Та көргенше, ғаріп сіңілім, Алла жар.

Әлқисса, [Балайым] Ғауаз ұғыланның бұ сөзіні естіп ботадай боздап ағасы бірлә амандасып үйге қайтты. Ғауазхан һәм бұл жерде жолбарыстай ыңыранып, көңілі бұзылып, жүрек-бағыры езіліп, бұ дүниеден қол үзіп жата берді. Емді екі кәлима сөзні Көрұғлыдан есітің. Әмма, Көрұғлы Ғауазхан кеткенден соң қырық жігіті бірлә Ғауазханның күйігіден кісі білән сөзлеспей жатты. Арадан бір ай өтті. Жамбылның ордасында Ағажүніс пері ерте бірлә бесінде «уай, қозым!» деп Ғауазханны жоқтап жылар, гөяке жер бірлә аспан нала қылып жыласар ерді. Ғауазханның қадірі андақ өттіке, һәркім қам топырақны бұ Ғауазханның ізі десе, Көрұғлы бірлә қырық жігіт мың тілләға сатып алып көздеріге сүртер ерді. Сол халде арадан отыз күн өтті. Анда Көрұғлы қырық жігітні оятып айтты:

– Әй, қырық жігіт, бір Ғауазхан деп баршамыз бұ жерде жатып қырыламыз ба? – деп, – тұрыңдар, атқа мініп Бал Һауадақ көліге барып, құс салып көңілімізні қош қылып келелі, – деп, Көрұғлы қырық жігітке қарап бір сөз деді:

– Қырық жігітім, айтпа сырыңды нәмәртқа,

Батырлардан нәмәрт алады сауға.
Бір сөзім бар, басыңызды көтерің,

1190. Һәммаң тұрың, мінің емді бедеуге.

Сырыңны айтпағыл, жігіттер, жатқа,
Айтсаң қояр ақыры сені ұятқа.
Тұрыңдар, жігіттер, емді мініңдер,
Аралатып сәда арғымақ атыға.

Ел демеңіз ойыңызға дескерді,
Кім сені жақсы көрсең жекірді.
Аралаған арғымаққа салыңдар,
Жігіттерім, емді тіллә егерді.

Айтқан сөзім һәмма елге жайылды, 1200. Қылғаныма дост-дұшман қайыл-ды.

Егернің үстіден махкам тартыңыз,
Жібектен тоқыған қызыл айылды.
Ел қыдырған барып көрер Мәуірді,
Естерімден шығарамын һаурды.

Тіллә егер үстіден салыңдар,
Жарасуға алтын зүрбаф дауырды.
Кеші-күндіз қылыңыздар ерлікні,
Ғанимдарға көрсетіңдер зорлықны.

Мыңлар жарасық білән, қырық жігіт, 1210. Атқа салып садә алтын терлікні.

Пүстін тартың арғымақның беліге,
Кіріңіз шаңдатып Жамбыл жолыға.
Қырық жігітім, аралатып ат мініп,
Жүріңіздер емді Һауадақ көліге.

Есітіңіз Көрұғлының сөзіні,
Хақтарыңыз мұндай ернің тұзыны.
Тұрыңыздар, емді Һауадақ баралық,
Көрерміз сайдағы Ғауазның ізіні.

Әлқисса, Көрұғлы сұлтанның бұ сөзіні естіп қырық жігіті нашар болып аттарыға мініп Көрұғлы білән ергесіп Жамбылның дарбазасыдан шығып жөней берді. Анда Бал Һауадақ көліге барып Ғауазхан жүрген жерлеріні көріп, қайтадан көңілдері бұзылып, жүрек-бағыры езіліп, құр жерні құшақтап һәрқайсы бір жерде жылап жатып намаздыгерден баз атларыға мініп уа Жамбылға қарап келүр ерді. Нәкаһ Күржістан тарапыдан келе жатқан көп саудагерді көріп, анда Көрұғлы сұлтан айтты:

– Әй, жігіттер, жүріңдер, ол керуендерге жетелік уа зекеттеріні алалық. Ғауазханның хабарыны сұралық деп жігіттер білән саудагерден алдын шығып қайдан келіп, қайда барарсыздар деп уа Ғауазхандан хабар сұрап уа Көрұғлы сұлтан бір сөз деді:

– Көрұғлы деп бізді айтұр, білесіз,

1220. Біздің білән көп әңгіме қыласыз.

Мен сұрайын емді сізден, жарандар,
Саудагерлер, не жерлерден келесіз?
Сөзің айтсаң біздей бекке тіліңден,
Азап көріп шаршап Бәдбақыт шөліден.

Сіздерден сұрайын емді, керуендер,
Сіздер қайсы шаһның еліден?
Қант илә шекерден артық сөзім бар,
Телмірген жолымда екі көзім бар.

Білсеңіздер хабар берің, жарандар, 1230. Мен сіздерден сұрайтұғын сөзім бар.

Әй, керуендер, есітіңіз бұ зарым,
Ғауаз еді менің белде мүдәрім.
Білсеңіздер, бір хабарын айтыңыз,
Арманда қашырдым алғыр сұлтаным.

Өсіп еді мұндай бекні қолыда,
Ат ізін көрдің бе Бәдбақыт жолыда.
Азар ұрып дұшмандарның тіліден,
Бір сұңқар қашырдым Жамбылбеліден.

Жетегінде қатар-қатар нар ма еді, 1240. Нарларны үстіге артқан зер ме еді.

Ғауазханым және дәурен сүрді ме,
Шын көңліні Хұнхар шаһқа берді ме?
Ғауаз балам кетіп ерді Жамбылдан,
Мұндан барып өз шаһыны көрді ме.

Кісі қорқа Көрұғлының көзіден,
Нұрлар тамар аны екі жүзіден.
Керуенбасы, емді саңа айтайын,
Білсеңіз, бір хабар бер Ғауаз қозымдан.

Күйгенімден мен қылармын аһ-у-аһ, 1250. Құдайым бергей-ді мен құлға панаһ.

Ғауаз ұғлан Хұнхар шаһқа барған соң,
Қадимгідей көрді ме аны Хұнхар шаһ?

Әлқисса, Көрұғлыны бұ сөзіні естіп керуенбасы Көрұғлы ханға Күржістан еліден һәрне білгендеріні уа естігендеріні бір-бір баян қылып бір сөз деді:

– Ойласақ, бұ дүние баршасы пәни,

Алланың мүлкі-дүр адамның жаны.
Көргенімні бір-бір баян әйлайын,
Құлақ салып тыңла, Жамбылның ханы.
Бәшалар оқи-дүр зир уа забарны,

Һамраһ қылдым дәйім жаригерні.
Көргенімні бір-бір баян әйлайын,

1260. Құлақ салып есіт, Жамбылның сұлтаны.

Бұ дүния мал-мүлікі жиған-ды,
Не ерлерден және қалған-ды.
Ғауазыңның хабарыны айтайын,
Қозың мұндан Күржістанға барған-ды.

Иралығ бәлесі тарпы ғаламат,
Жақсыларны жаман қылып мәламат.
Көргенімні бір-бір баян айтайын,
Қозың барды есен-аман, саламат.

Мен айтайын Жамбыл андан қалды да, 1270. Көп сәуданы қапалықпен салды да.

Күржістанға Ғауаз балаң барған соң,
Қадимгідей болды шаһның алдыда.
Ғауазханны қадимырақ көреді,
Қырық күн тынбай аңа тойны береді.

Той өтіп болғандан соң Хұнхар шаһ,
Елдегі жақсыны андан сұрайды.
Бағлардағы таза гүлдер тердің деп,
Жас һәм болсаң көп жерлерде жүрдің деп,

Жігіт білән діннің жақсысыны 1280. Сұрады Хұнхар шаһ қайда көрдің деп.

Жаныңдағы кісі білер мініңні,
Шат-харам өткергенсің күніңні.
Қылышыңны Ғауаз шауып сыртыңдан,
Көп көтерді мәзһаб білән дініңні.

Арқаға ұрған зерлі ноқта-ды,
Ғауазны сөзіге Хұнхар тоқтады.
Қырық жігіт білән дінің көтеріп,
Хұнхар шаһқа дініңні көп мақтады.

Көп дұшмандар не демеді артыңдан, 1290. Бір сөз білән Ғауаз кетті жұртыңдан.

Ғайбана Хұнхар шаһны алдыда,
Қылышыңны көп шапты Ғауаз сыртыңдан.
Ғауазханны Хұнхар шаһ сыйлады,
Ақырында аяқ-қолын байлады.

Қылышыңны көп шапты сыртыңдан,
Ғауазны Хұнхар шаһ зындан әйлады.
Құлағыма алман айтқан сөзіңні,
Оярмын деп екі шаһла көзіңні.

Өлтірмек болған-ды аны қырық күнде, 1300. Дегеніден қайтпаса Ғауаз қозыңны.

Ғауаз балаң жатыр зындан ішінде,
Жылай-жылай күндіз билән кешінде.
Ғауазны зынданға түскен себебі,
Нәмәрт қырық жігіт сіздер үшін де.

Әлқисса, керуенбасы айтты: – Әй, қырық жігіт, уай, Көрұғлы сұлтан, ғайбана Ғауазхан сіздерні қылыштарыңны шауып, зынданға түсіп жатып-дүр. Әгар сіздер сол мұратта Ғауазханны жоқтамасаңыздар, мұндан бұян сегіз күн дегенде Ғауазханны өлтірерлер. Әгар бармасаңыздар, Ғауазханның екі қолы сіздернің жағаңызда-дүр, – деп бірнеше сөзні айтып, жігіттерге қамшы болып. Әлқисса, Ғауазханның мұнша қылыш шапқаныны есітіп Көрұғлы сұлтан ботадай боздап, аһ ұрып айтты: – Әй, қырық жігіт, бұ Ғауазхан ғайбана бізнің үшін сыртымыздан мұнша қылыштар шауып-дүр. Әгар біз мұндан барып Ғауазханны айырып алмасақ басыма ханның қасабасы, – деп сол жерден Жамбылға қайтып, һәмма жігіттер жау-жарағыны алып уа шарайна белдік уа сауыт уа найза уа аслахларыны алып істеріден жайлап махкам қылып, арғымақтарыға мініп, Ғауазханны іздеп Күржістанға қарап жөнеділер.

Дәптердегі құсра хаттар,
Жерні тұтып саясаттар,
Алла деп бектер жөнеді
Күржістанға азаматтар.

Көзіден аққан жас болып, 1310. Бір-біріге серттес болып,

Алла деп барша жөнеді
Көрұғлы сұлтан бас болып.
Тіллә құйысқан төңкеріп,
Кіреуке сауыт бөктеріп,

Кеші-күндіз жөней берді
Хорезм шаһарын ақтарып.
Кигені күлгін жанат-ты,
Аралатып ат мінеді.

Шәпкір тартып кеші-күндіз 1320. Күржістанға қарап жөнеді.

Арғымақ аттар арлап,
Тіллә қалқандар зерлеп,
Алла деп бектер жөнеді
Туғ-бидақтар шиырлап.

Жетекте бедеу еркелеп,
Қайраты тасып қылғылап.
Көрұғлы бекнің ақ туғы
Бектер қолыда солқылдап.

Аттарыға зерлі мәуіт, 1330. Атны шауып ауыт-ауыт,

Аударылғанда жарқырап
Зер құбғалы алтын сауыт.
Арғымақтар перідей ойнап,
Көргендерінің іші қайнап,

Һа-һалап бектер жөнеді
Кигендері оттай жайнап.
Қызыл шекпен оттай жайнап,
Көп жердегі ойны ойлап,

Арғымақ аттар барады 1340. Садә болат сулық шайнап.

Һешкім шықпай жолдарыға,
Алмас қылыш белдеріге.
Алла деп бектер жөнеді
Түсіп Бәдбақыт шөлдеріге.

Кеші болса санап жұлдыз,
Шәпкір тартып кеші-күндіз.
Кейі топ-топ, кейі жалғыз,
Көріп шөлдерні құла түз.

Алла деп бектер жөнеді 1350. Сегіз кеші, сегіз күндіз.

Марһам жоқ көңіл дағыға,
Қонбаққа бұлбұл бағыға.
Сегіз кеші-күндіз жүріп,
Барды Бәдбақытның тағыға.

Әлқисса, Көрұғлы сұлтан сегіз кеші-күндіз дембе-дем ат сауырысыға қамшы ұрып зор беріп, сегіз күн дегенде Бәдбақыт тағыға шығып жаттылар. Әмма, ерте білән Көрұғлы сұлтан оттайын қайнап, әулиеге сиынып, Ғауаз ұғыланны сағынып, қырық жігітнің алдыға түсіп уа Ғауазханның иісі Ғиратның мұрыныға келіп, иісіні алып, көз жасыны төгіп, ауызын ашып, аяғыны сілтеп уа қырық жігітнің алдыға түсіп жөней берді. Ләкин, сол махалда Көрұғлы сұлтан сол кейініден Хасанханны қырық жігітке бас қылып Күржістан көріп, қырық жігітке қарап марданалық беріп бір сөз деді:

– Іс болмас құдіретті Хақтан бейпарман,

Алдыңызда көрінеді Күржістан.
Құлақ салып емді білің, қырық жігіт,
Сізге қарап сөз айтады Хасанхан.
Кейініңізде қалды Жамбылның белі,

1360. Бұ жерлеріңіз Бәдбақытның шөлі.

Қараңыздар көзіңізні ашып, қырық жігіт,
Тұмандатып жатқан дұшманның елі.
Жақын келді Күржістанның баһары,
Көзің ашып қара емді, жігіттер,

Тұмандатып жатқан дұшманның шаһары.
Біз келеміз барша Ғауазның зары,
Жаратқан өзіге болып құмары.
Жолбарыстайын Ғиратқа мін, жігіттер,

Жарқылдап көрінген дұшман мұнары. 1370. Елі билән жұрты баршасы баһары,

Қараңыздар Бал Ғауазны аспаққа
Құрып-дүр Хұнхар шаһ тілләдан дары.
Атны шабып белдері бірлә үстінде,
Қылыштар жарқырар ернің дәстінде.

Үзеңгіге қызыл қанны келтіріп,
Бір ұрыс қылармыз дары астында.
Естіңдер, жігіттер, емді бұ сөзні,
Ғауазхан деп сарғайтамыз бұ жүзні.

Ұрыс қылып тіллә дарның астыда 1380. Айырып алармыз балам Ғауазны.

Әуел баста бізге аз-дүр бұ істер,
Қызыл қанға боялды, әй, жарандар,
Жарқылдаған қолда алтын қылыштар.
Дұшман көрсе сізге ел болар,

Ғанимдарны аққан қаны сел болар.
Аллаһу ағлам, ана дарны астыда,
Құда білер, бір қиямет күн болар.

Әлқисса, Хасанхан бұ сөзні айтұр ерді. Сол махалда бұл қырық жігітні арасында бір Төлек деген бар ерді, қандаһари тәжік ерді. Ғауазханны ғашық болып келіп, бір-бір мәртебе әйдік жүзіні, шекердик сөзіні, құралайдик көзіні көріп өлсем һәм болұр деп Қандаһар шаһарыдан келіп Көрұғлы ханға нөкер болып жүрер ерді. Ләкин, Ғауаз кеткелі Төлек батыр һәм көп қапа болып жүрер ерді. Әмма, Ғауазханға қарап Көрұғлы сұлтан аттанып шығарда ол Төлек қаламын деп Көрұғлыдан қорқып, қалмайын десе қандай боламын деп қорқып тітіреп келер ерді. Нәкаһ Хасанханны бұ сөзіні естіп қалтырап, Хасанхан қасыға реңі ұшып, қаны қашып, дарлап ат үстінде олтыра алмай, Хасанханға ат-тоныңды ал деп, фатиха бер деп, нөкер болмаймын деп бір сөз деді:

– Асла сапаһлық қылмаймын,

Берген атыңа мінбеймін. 1390. Хасанхан, емді естігіл,

Берген әнғамыңны алмаймын,
Биһұда нөкер болмаймын.
Іштім мен фарқама шайны,
Мінген берді тайыны.

Сегіз батпан бұғдай берген,
Алсын берген бұғдайыны,
Биһұда нөкер болмаймын.
Емді тыңла сөзімні,

Көрұғлы хан қылды сені. 1400. Он бір батпан арпа берген,

Алсын берген арпасыны,
Биһұда нөкер болмаймын.
Төлек батыр мұны біл деп,
Сәмін сары атқа мініп.

Шығарды отыз теңгені,
Берді ат жемі қылып,
Биһұда нөкер болмаймын.
Алдымызда көп тұрған жау,

Жаулар мінген жүйрік бедеу. 1410. Жығылсын деп маңа бір ат,

Беріпсіздер өзі асау,
Биһұда нөкер болмаймын.
Өзі асау, реңі сары,
Беріпсіз бес батпан тары.

Міней десем жығыламын,
Өзі асау, еті арық,
Биһұда нөкер болмаймын.
Ақ сүт берген анам қалды,

Бір там толы зағшым қалды. 1420. Мінгенде аттан қалмайды,

Өзі жорға қашырым қалды,
Биһұда нөкер болмаймын.
Көрдім дұшман илатыны,
Ғауаз ұғланның затыны.

Міней десем ауызын ашар,
Алсын Көрұғлы атыны,
Биһұда нөкер болмаймын.
Жетішім тола аршам қалды,

Себет толы найчем қалды. 1430. Бір кіндік тұғыр ердім,

Құрып қойған борқам қалды,
Биһұда нөкер болмаймын.
Үйде бар-дүр екі тазым,
Және он бір ала қазым.

Үміт білән мен асыраған
Сәбил қалды төрт қоразым,
Биһұда нөкер болмаймын.
Адыра қалды жиған малым,

Төлек айтар бұ-дүр зарым. 1440. Қара көзні, шырын сөзні

Жылап қалды сүйер жарым,
Биһұда нөкер болмаймын.

Әлқисса, Төлек шаһарның қарасын көріп қорыққаныдан аттан түсті. Хасанхан ашуы келіп, қылышыны суырып, Төлек батырға қарап бір сөз деді:

– Батырмын Хасан менім өзім,

Талай көріс көрді көзім.
Бұян қара емді, Төлек,
Тыңла менің айтқан сөзім.
Жаман істі кейін таста,

Бұ дүниядан кеттің, ойла.
Сандалмайын емді Төлек,

1450. Сөздеріңні біліп сөзле.

Жерге төгей қызыл қаның,
Бұзып тастай ханеманың.
Біздерден артық болды ма,
Әй, бәтшағар, сенің жаның?

Емді мойныңны бұрмағыл,
Жүріп жамандық көрмегіл.
Қырық жігітнің белдеріні
Көп сөз айтып сындырмағыл.

Зорлығымны білдірей ме, 1460. Жүрек-бағырың тілдірей ме.

Ат-тоныңны алайын ба,
Дәрхал сені өлтірей ме?
Басыңны тәнден алай ма,
Мен өлтіріп сен бәдікні,

Ғазың сәбил қылай ма,
Тез жүр, қанға боялмайын,
Ажалың аттанбайын.
Тауықларың нешік айттың,

Қырық жігіттен ұялмайын. 1470. Мақтадың ба алтыныңны,

Айтасың бір жұрт отауыңны.
Сенен өзгеде жоқ па еді,
Не деп айттың қатыныңны?
Кім қойды саңа бұл існі,

Білмейсің рәміз рауышны.
Ал емді өлдің, әй, Төлек,
Көргін басыңда қылышны.

Әлқисса, Хасанхан бұ сөзні айтып ерді, анда Төлек Хасандан қорқып, қайтадан атқа мініп, «Тақсыр, төрем, тәуба қылдым» деп, жігіттер білән жүрген кісі болып, кем-кем Жамбылға қарап қырық жігіттен кейін қалып қашпақны. Һешкімге білдірмей сәмін сары атыны тәк-тәклеп көз көрінер жерде қалды. Анда Хасанхан мұны бұл сұмдығыны біліп аңлап тұрып қасыға келгенден соң сәмін сары атыны сауырыға бір-екі қамшы ұрып ерді анда сәмін сары ат Төлек батырны алып қашып уа ағызыны ашып дұшмандарның шаһарыға қарап жөней берді. Анда Төлек атыны тоқтата алмай зор беріп екі қолдап сулығыдан бұрып бақты, болмады. Ақырында Төлек батыр қорқып, қолындағы найзасыны тастап екі қолы білән атның жалыдан ұстап атқа қарап бір сөз деді:

– Бұ елің дұшман илаты,

Барша Ғауазханның заты. 1480. Жүзімнің кетті ұяты,

Жаным, көзім, айналайын,
Тәк-тәк, һа-һа, өзбекнің аты.
Сөзлер болса тіл жақсылық,
Баһар болса гүл жақсылық.

Та өлгенше ұмытпайын,
Маңа қылғыл бір жақсылық,
Тәк-тәк, һа-һа, өзбекнің аты.
Сәбил болар жоқ-барым,

Сенсің көңілімде мүдәрім. 1490. Маңа қылғыл бір жақсылық,

Кекіліңден, жануарым,
Тәк-тәк, һа-һа, өзбекнің аты.
Төгілмесін жерге қаным,
Шықпасын тәнімден жаным.

Қадырданым, мейірбаным,
Айналайын, бейзабаным,
Тәк-тәк, һа-һа, өзбекнің аты.
Неден зор-дүр сенің демің,

Жүрегімде түсті ғамың. 1500. Азар ұрдың ба, жануарым,

Аз болды ма кешегі жемің,
Тәк-тәк, һа-һа, өзбекнің аты.
Жолдың танабын тартасың,
Үстіңе мені артасың.

Атқа шауып жүргенім жоқ,
Жығылып өлсем қайтесің?
Тәк-тәк, һа-һа, өзбекнің аты.
Төлек айтұр емді болдым,

Құтылмаспын, Аллаһу ағлам, 1510. Тәк-тәк, һа-һа, өзбекнің аты. Әлқисса, Төлек бұ сөзні айтып барар ерді. Анда Хасанхан бұл біреуні бұзар деп тоқтатты. Әлқисса, Көрұғлы жігіттерні бір-біріге шығып ерді.

– Әй, жігіттер, емді сіздер найзаны, уа туғ-бидақны бір-біріге қойып, қылыштарыңны іштеріден байлап, сыпырма қылыш болып, екеу-екеу бір дарбазадан кіріп, уа және базаршы болып кірелік уа мені тіллә дарны оң жаныдан табыңдар, – деп, Көрұғлы хан, Хасанхан екісі, қырық жігітнің һәммасы екеу бір дарбазадан кіріп барып, дарның оң жаныда Көрұғлы хан қасыда қырық жігіт таяр болып тұрды. Әмма, бұ күн Хұнхар шаһ Ғауазханны дарға асатұғын күні ерді. Өзі тіллә тақытыны көтеріп дарның түбінде құрып, өзі тіллә тақытының үстінде, һәмма сәргарда жаныда ерді. Нәкаһ, Көрұғлы хан қырық жігіт көрдікім. Саф адамның құлағы бірлә мұрныны кесіп алып мойыныға тұмар қылып таққан бәдбақыттар Ғауазханны мойыныға арқан бағлап қол-аяғы, екі көзі бағлы айдап жалладтар дар түбіге алып келді. Анда Көрұғлы білән қырық жігіт Ғауазханны мұндай көріп тап-тақаты қалмай, көздеріге жас толып уа бәлки моншақдик жерге төгіп, аһ тартып ат қоймақ болып өздерін зорға тартты. Анда Хұнхар шаһ Бал Ғауазны қызметіге алып келділер.

– Әй, шырағым Ғауазхан, келгіл, хәли һәм болса Көрұғлы дініден өз дінімізге кіргіл, – деді. Мен саңа һәрне тілеген мақсаттарыны Күржістан шаһары бірлә һәммасыны саңа берейін, – деп, Ғауазханға қарап бір сөз деді:

– Аман болсын көп жылғаша шырын жан,

Не қылсам құдіретті Жаратқан Сұбхан.
Бір сөзім бар емді саңа айтайын,
Құлақ салып тыңла мұны, Ғауазхан.
Бірнеше таба алмай-дүр ізімні,

Көзім қимас сендей көрпе қозымны.
Бойыңдан айлансын мұндай Хұнхар шаһ,
Құлақ салып тыңла менім сөзімні.
Тұз жегенсің Көрұғлы хан қолыдан,

1520. Қашып астың бәлант тағның беліден.

Та өлгенше сенден разы болайын,
Қайт, Ғауазхан, Көрұғлының дініден.
Естігіл, Ғауазхан, менің тілімні,
Өлтірме беймахал бақта гүлімні.

Көрұғлы дініден қайтың, Бал Ғауаз,
Саңа берей Күржістандай елімні.
Нешені басыға салдым қаһарымны,
Аждаһамын, кім көтерер заһарымны?

Хұнхар шаһны айтқан сөздері бұл-ды, 1530. Қайғы билән ғаса жүрекке толды.

Жалынсам да қайтпайсың өз дініңден,
Шырағым, Ғауазхан саңа не болды?

Әлқисса, Ғауазхан бұ сөздерні естіп, көзі бағлы, жүрегі дағлы болып Хұнхар шаһқа бір сөз деді:

– Дүниеде бар ма екен мұндай күнәһ,

Құдайым қылмасын бізні раусияһ.
Менім айтай емді бір сөзімні,
Құлақ салып тыңла емді, Хұнхар шаһ.
Сәбил қалды дұшмандарға мүлік мал,

Бір сөзім ауызымда еді мысал бал.
Арманым білән дертім көп ішімде,

1540. Бұ сөзімге, шаһым, емді құлақ сал.

Азар ұрып шықтым Жамбылбеліден,
Тұздар жедім Көрұғлы хан қолыдан.

Әлқисса, Ғауазханның бұ сөзіні Хұнхар шаһ естіп-дүр ғадаб болып: «Тарт Ғауазханны дарға емді, өз күнаһы өзіге», – [деді] Анда жалладтар Ғауазханны дарға тартпақ болды. Сол махалда Ғауазханны жеті жасар сіңілісі Балайым бар ерді. Зар жылап келіп ағасының мойыныдан құшақтап өлсең һәм деп бір сөз деді:

– Құдіреті күшті, жаратқан ием Жаппар,

Пендеде жоқ-дүр зәре ықтияр.
Ішкі сөзім емді бір-бір айтайын,
Құлақ сал, ағажан, саңа арызым бар.
Жас орныға төктім көзден қызыл қан,

Іс болмас құдіретті Хақтан бейпарман.
Құлақ сал, айтайын ішкі сырымны,

1550. Қалмасын көңілімде бір зәре арман.

Неге келдің Көрұғлының еліден?
Тұз татқансың, аға, аның қолыдан.
[Анасының сөзі:]
Таза гүлдер түр ашылып, солмасын,

Құдай-а, һеш пенде мұндақ болмасын.
Атыңдан айналай, жаратқан Жаппар,
Рақым әйлап медет бер, қозым өлмесін.
Қадір Алла, бұ дертіме назар сал,

Ғаріп болып зар жылаған құлың бар.
Атыңдан айналай сенің, Зұлжалал,

1560. Рақым әйла, жас шағында қозым өлмесін.

Бір атың Рақым-дүр, бір атың Ғаппар,
Сенден өзге рақым еткуші кімім бар.
Айналай атыңдан, Расул Мұхтар,
Рақым әйлап медет бер, қозым өлмесін.

Ғаріп болып ұғылым төгер қызыл қан,
Қозым қылды басыны жолыңда құрбан.
Сапаһның пірі, иә, Шаһимардан,
Рақым әйлап медет бер, қозым өлмесін.

Ғаріп болып зар жылармын бүгін мен, 1570. Һажыран отыға күйді жаным білән тән.

Атыңдан айналай сенің, қырық шілтен,
Рақым әйлап медет бер, қозым өлмесін.
Зар жылармын медет тілеп сабах дәм.
Басымға түсіп-дүр жүз мың тұман ғам.

Тасаддиқ намыңмен, иә, Ғаусыл Ағзам,
Рақым әйлап медет бер, қозым өлмесін.
Һеш кісі бар-дүр аның қасыға,
Қиямет сәудалар түскен басыға.

Қадір Алла, рақым ет көзде жасыға, 1580. Рақым әйлап медет бер, қозым өлмесін.

Үшбу жерлер шаһи Хұнхар жерлері,
Хабары жоқ мұндан Жамбыл ерлері.
Көрұғлының ұлық кәміл пірлері,
Рақым әйлап қолың тұт, балам өлмесін.

Ботадик боздармын бүгін емді мен,
Медеткері ерүр аның қырық шілтен.
Көрұғлының ата пірі бармысың?
Рақым әйлап медет бер, қозым өлмесін.

Гүлайымның бір тілегі бұл емді, 1590. Құдай-а, мен құлға рақым қыл емді.

Һәмма пірлер медет берер күн емді,
Рақым әйлап медет бер, қозым өлмесін.

Әлқисса, Көрұғлы бірлә қырық жігіт Ғауазханның анасының бұ сөзіні естіп, андан соңыра толғанып, өксіп жылап, ат жалыға сүйенер ерді. Әлқисса, Хұнхар шаһ Ғауазханның өзіге уа һәм сіңілісіге уа һәм анасының бұл айтқан сөзіге ашуы келіп, сиясат қылып «тартқыл дарға» деді. Анда Ғауазхан шыны билән өлеріні біліп, дүниядан кешіп, көзі бағлы, жүрегі дағлы, жаныда тұрған сіңілісіге қарап бір сөз деді:

– Жүрегімде бар-дүр менім жүз дағым,

Беймахал сола-дүр рең-сияғым.
Ішімде дертім көп, бір-бір айтайын,
Құлақ салып тыңла емді, шырағым.
Есен қылсын Егем сенің басыңны,

Қорғалар жұмсын сенің күштіңні.
Қасымда сен тұрма ботадик боздап,

1600. Ағажан деп көзден төкпе жасыңны.

Күшті десең жыла Хаққа Құда деп,
Бұ жан болсын дертіңге пида деп.
Бір жанымдан сенің даусың өртейді,
Өксініп жылаған «жаным аға» деп.

Жалладтар баршасы тұрар тұсымда,
Бұ сәудалар барша менің басымда.
Бұ сөзіме құлақ салғыл, шырағым,
Бір арман бар-дүр менің ішімде.

Құлақ сал, шырағым, айтқан сөзіме, 1610. Өлдім тағин ... менің өзіме.

Бала қылып баққан мені Көрұғлы,
Көрінбей-дүр мұндай күнде көзіме.
Ай, дариға, Көрұғлы қадірін білмедім,
Көзде жасымға рақым қылмады.

Бұ дарны астыда жылап тұрғанда
Қырық жігіт билән атам келмеді.
«Сенің үшін сарғайды жүзім» – деп, –
Ізіңе төрт болды екі көзім» деп.

Сөйтіп тұрғанымда көрсе Көрұғлы, 1620. Уа-уайлап ат қоймас па еді «қозым» деп.

Көзім тоя бақпадым жүзіңге,
Қана алмадым сенің шекер сөзіңге.
О жан, бұ жан қара емді, шырағым,
Бигәнедин көрінер ме көзіңге.

Әлқисса, Көрұғлы сұлтан бұ сөзні естіп андан бетер жылар ерді. Анда Ғауазханның бұ сөздеріні сіңілісі есітіп уа көзінің жасыны сүртіп уа һәмма атыраптарға қарап бәнәкаһ Ғиратның үстінде уа басында жыға, жолбарысдик шабынып, отдик қайнап тұрған Көрұғлы сұлтанны көріп уа және Хасанхан білән қырық жігіт һәммасының сәулет білән тұрғаныны көріп, Ғауазханға телміргеніні біліп, Көрұғлы болса сол-дүр деп Көрұғлының уа қырық жігітнің суретіні бір-бір айтып ағасына қарап Балайым бір сөз деді:

Жасыдан кетпеген әсілі сәулеті,
Әлі ағнымны жасын шөкті.
Басында жыға, астында Ғират,
Ақ сақалы жерні басқан сәулетті,

«Уа, балам» деп жылап тұрған кім-дүр? 1630. Сөге-сөге мұндай ғаріп сөзлей-дүр,

Һәрне кім өз теңіні сұрап іздей-дүр.
Басында бар жыға, астында бар бедеу,
Мінген аты тоғыз көкні көздей-дүр,
«Уа, ботам» деп зар еңіреген кім-дүр?

Құлақ сал емді бұ сөзге, жан аға,
Сенің үшін зар жылай-дүр Құдаға.
Ғайын өзі жиырмадан өтпеген,
Астында Ғират, басында жыға,

«Уай, інім» деп зар жылаған кім-дүр? 1640. Сұңқар деген құс олтырар қияда,

Не-не шаһтар шылауында пияда.
Ғажап жақсы, өзі зиба бір жігіт,
Құсни десең періштеден зияда,
Бедеу атты, дабылпазды кім-дүр?

Мінген аты тоғыз көкні көздей-дүр,
Сенің дертің билән бағырын тұздай-дүр.
Бір ғажап кісі-дүр, жүздері нұрлы,
«Уай, ботам» деп саңа қарап боздай-дүр,

Бедеу атты, дабылпазды кім-дүр?

Әлқисса, Ғауазхан бұ сөзні естіп болғанша шыдамай, Ғират атының атын естігенден соң тағат қылмай, раст айтұр ма екен деп, дұшмандарға айтты: – Әй, жарандар, мен емді бұ жарық дүниеден кетіп барамын, Һәрне болса менің көзімні ашыңдар, жарық дүниені бір көріп қалайын, – деді. Анда дұшман мақұл деп, Ғауазханның көздеріні ашып о жан, бұ жан қарап, Көрұғлы билә қырық жігітні көріп, жүрегі жарылғұдик болып, дұшмандарға бір сөз деді: 1650. – Жылармын емді зар-зар,

Көзде жасым-дүр ну баһар.
Барша тапқаның, шаһ Хұнхар,
Я сенікі, я менікі.
Сөз сөзлеген қызыл тілің,

Бағыңдағы таза гүлің.
Күржістандай үшбу елің
Я сенікі, я менікі.
Ішіңден шыға-дүр өртің,

Кім көтерер сенің дертің? 1660. Күржістандай кәтта жұртың

Я сенікі, я менікі.
Басыма салғансың қаһарың,
Һеш көрмедім сенің баһарың.
Үшбу тұрған кәтта шаһарың

Я сенікі, я менікі.
Бұзылмасын сенің рахатың,
Бәлант болсын дәйім бақытың.
Астыңдағы тіллә тақытың

Я сенікі, я менікі. 1670. Кім естір сенің зарың?

Қатар білән һәмма нарың.
Мына тұрған тіллә дарың
Я сенікі, я менікі.
Дәптерде бар-дүр хаттарың,

Жүзге түсер рауаяттарың.
Астыңа мінген аттарың
Я сенікі, я менікі.
Естімесін сенің сөзің,

Сарғайтармын қызыл жүзің. 1680. Гүлнаһардай жақсы қызың

Я сенікі, я менікі.
Еске түсер уайымдарың,
Сөзде келүр қайымдарың.
Ордадағы айымдарың

Я сенікі, я менікі.

Әлқисса, Хұнхар шаһ Ғауаз ұғыланның бұ сөзіні естіп, қаһары келіп: «Немеге мұнша қойдыңдар, сойыңыздар» деді. Анда Хасанхан атасыға қарап мұндай қыла берсең, Ғауазхан өлмей ме деп, ертерақ тіллә дабылны ұрсаңшы деп, бір сөз деді:

– Дар түбінде зар жылай-дүр Ғауазхан,

Су орныға көзден ағып қызыл қан.
Бүйте берсең Ғауаз балаң өлмей ме,
Тұрамысың сөйтіп емді, атажан?

1690. Ғауазыңның пайманасы толмай мА,

Бақта ашылған таза гүл солмай ма?
Фатиха берсеңші бізге, атажан,
Мұндай қылсаң Бал Ғауазың өлмей ме?
Іздеген мақсатың Хақтан табылды,

Қырық жігітнің һәммалары ғапыл-ды.
Тұрамысың емді қарап, атажан,
Ертерақ ұрсаңшы тіллә дабылны.
Құлаққа сал емді үшбу сөздерні,

Төрт қылдым екі шаһла көздерні. 1700. Ақ фатиха беріп емді, атажан,

Жауларға қоя бер емді біздерні.
Ер жігіттер дәйім қылар хұрұшын,
Тамаша қыл қырық жалладны ұрысын.
Сәулет білән дұшмандарға жүру үшін,

Ақ фатиха берің бізге, атажан.
Хасан дер төктім көзде жасымны,
Сәудаға қосалық дұшман басыны.
Қырық жігітке жауап беріп, атажан,

Тамаша қыл Хасанханның сүрішін.

Әлқисса, Көрұғлы хан бұ сөздерні естіп Ғиратқа қамшы ұрып, тіллә дабылны қағып уа қырық жігітке бағып сіздер Ғауазханны, мен Хұнхарға болармын деп түркімен тіліге салып «Дөндүр!» деп жігіттерге қарап бір сөз деді: 1710. – Алмас қылыштар дәстіге,

Қарамаң бәлант-пәстіге.
Ат шабыңдар қастыге,
Дөндүр Ғауазхан үстіге,
Мен өзім Хұнхар үстіге.

Белде тіллә пышақтары,
Нақрадан-дүр шашақтары.
Дөндүр Ғауазхан үстіге,
Мен өзім Хұнхар үстіге.

Арғымақ аттар ғарлап, 1720. Тіллә қалқан дұрлап,

Жолбарыстай ғырлап
Дөндүр Ғауазхан үстіге,
Мен өзім Хұнхар үстіге.
Қашсын дұшмандар дүрлеп,

Қырық жігіт шерідей ғырлап.
Туғ-бидақлар шиырлап
Дөндүр Ғауазхан үстіге,
Мен өзім Хұнхар үстіге.

Ғұж, жігіттер, кешің жандан, 1730. Қан ағызың бұ майдандан.

Он бір жандан, бес бір жандан
Дөндүр Ғауазхан үстіге,
Мен өзім Хұнхар үстіге.
Кәтта кәтталарны тұт,

Басып мыжың мислә құрт.
Дөндүр Ғауазхан үстіге,
Мен өзім Хұнхар үстіге.
Қалға басын алсын тұман,

Бүгін болсын ақырзаман. 1740. Дөндүр Ғауазхан үстіге,

Мен өзім Хұнхар үстіге.
Қосын келіп һәста-һәста,
Топ-топ болып десте-десте.
Ұрыс қылып шығарыста

Дөндүр Ғауазхан үстіге,
Мен өзім Хұнхар үстіге.
Қырық жігітім, атқа мінді-ай,
Ғауазханның көңілі тынды-ай.

Алған-алған неке емді-ай, 1750. Дөндүр Ғауазхан үстіге,

Мен өзім Хұнхар үстіге.
Ат қойып бәлант-пәстіге.
Алып қылыштар дәстіге,
Қан төгіп дарның үстіге.

Дөндүр Ғауазхан үстіге,
Мен өзім Хұнхар үстіге.
Ғауаз һәм болды жетім,
Майданда шықсын атым.

Өлмей қайтың, қырық жігітім, 1760. Дөндүр Ғауазхан үстіге,

Мен өзім Хұнхар үстіге.
Қырып-жойың қызылбасны,
Боялсын тағларның тасы.
Болсын Рүстем ұрысы,

Дөндүр Ғауазхан үстіге,
Мен өзім Хұнхар үстіге.
Һәрқайсың бір шерге ұқсап,
Дөндүр Ғауазхан үстіге,

Мен өзім Хұнхар үстіге. 1770. Жүректері болсын парша,

Етің аны парша-парша.
Аттан қонбай қырық күнгеше
Дөндүр Ғауазхан үстіге,
Мен өзім Хұнхар үстіге.

Қырық жігітнің көңілі тасысын,
Құлақ салың, қырық арсылан.
Сөз айта-дүр Көрұғлы хан,
Мен өзім Хұнхар үстіге.

Әлқисса, Көрұғлы сұлтан бұ сөздерні айтып, тіллә дабылны қағып, қырық жігітке фатиха берді. Анда дұшманлар үстіге қырық жігіт «Алла» деп ат қойып, қырып-жойып, көздеріні ойып, тіріклей сойып, қандарыға тойып, Хұнхар шаһның іші күйіп, жаман қабағыны ойып, шақпақтар шағылып, дабылдар қағылып, найза найзада, қылыштар байзада, сауыттар тәнде, тән жанда, жан иманда, бедеулер шабылып, іздеген табылып, қылышқа шабылып, оқтар атылып, өлік жатылып, қандар шашылып, найзалар батылып, сауыттар сетіліп, қандар жұтылып, қашқан құтылып, тұрған тұтылып, көз көрмек, құлақ естімек, аяқ жүрмек, қол ұрмақ, ұрысның тамашасыны аспандағы періштелер көрмек. Ләкин сол махалда замин уа заман бір болып, жүректер шер болып, қандар ағып, көзде жасы көл болып, қырық жігітнің һәмма медеткері һәмма пірлер болып кәтта кәттасы ұялып уа пірлері медеткер болып, мұндақ кең дүния аларға тар болып, қашып, өлгендері дахил нәр болып, арғымақ аттар ғарлап, туғ-бидақ шиырлап, бастары кетіп бірләп, туғ бидағны шиырлап, ғарлап, қырық жігіт жолбарысдик болып ғырлап, сол тариқыда жеті күн тынбай, аттан бірге қонбай, бірер сағат орам алмай ұрыс қылдылар. Су орныға қандар ағып, өліктері бұғдайны бағыдик болып дұшмандарының қаны үзеңгісіге шықты. Сол махалда Хұнхар шаһны уа һәм басып-жаншып ордасыға тықты уа шаттық шүкетіні жықты. Ләкин, һәмма сәргардалары, Хұнхар шаһ «Әман!» деп Көрұғлы сұлтанның алдыға келділер. Анда Көрұғлы сұлтан аларға амандық беріп Хұнхар шаһның ордасыға шығып, керней-сырнай қойдырып уа той-тамашалар қылып уа бір ай жатып уа Хұнхар шаһ уа һәммалары сұхбат тұтып, көңілдеріден кінәлары кетіп, шат-харам болып, Көрұғлы сұлтан Хұнхар шаһ білән құшақтасып дост болып уа һәмма қазынасыны екі хасса қылып, өзіге бір хассасыны қойып уа бір хассасыны Көрұғлы сұлтанға беріп бірнеше нарларға уа бірнеше қашырларға зер жүктеп, Көрұғлы сұлтанны уа Ғауазханны уа қырық жігітні һәммаларыға Хұнхар шаһ бәндар қылып уа шылауыда пияда жүгіріп, үш күндік жерге ұзатып шығып, Көрұғлы сұлтан, Ғауазхан, Хасанхан уа һәмма қырық жігіттерге амандасып өзінің шаһарыға кетті. Әмма, Көрұғлы сұлтан Ғауазханны алып уа құл-шораларыны жолға салып, Күржістан елі қалып, Көрұғлының уақыты қош болып, Күржістандан шығып Жамбылға жүзленіп жөней берді. Әмма, Көрұғлы сұлтан Ғауазхан бірлә жол жүрісіп жолдас болып көңілі толып, дүния ісіден бейарман болғаныға қарап неше жерлерден димсал келтіріп Көрұғлы сұлтан бір сөз деді:

– Әуелі Хақны изні билән

1780. Болдым, арманым қалмады.

Қара көрні ішінде
Тудым, арманым қалмады.
Қара көрде кіріп жаным,
Болып ана мейірбаным.

Жеті жаста дәрменім
Кірді, арманым қалмады.
Бұ дүния өзі пәни,
Жамбылны болдым сұлтаны.

Жалғаншы үшбу дүнияны 1790. Сүрдім, арманым қалмады.

Құс салып Һауадақ көлінде,
Бек болып Жамбыл елінде.
Дәурен түркімен жерінде
Сүрдім, арманым қалмады.

Һеш қарамас пәстіме,
Хат бердім елнің дәстіне.
Тіллә тақның үстіде
Міндім, арманым қалмады.

Естіп мұндай ердің сөзін, 1800. Шалқытып айдайын жүзін,

Жиырмада Райхан араб қызын
Алдым, арманым қалмады.
Абад қылып үшбу жерні,
Отызымда кәміл пірні,

Қырық шілтен білән Қызырны
Көрдім, арманым қалмады.
Қызмет қылып ол ерлерге,
Хан болдым бұ жерлерге.

Дұғасы білән пірлернің 1810. Жүрдім, арманым қалмады.

Жығалар бар-дүр басымда,
Пірлерім әзір қасымда,
Ағажүнісні қырық жасымда
Алдым, арманым қалмады.

Бәракат бар-дүр ісімде,
Жүрдім мен теңлі-тұсымда.
Мысқал айымны қырық бес жасымда
Көрдім, арманым қалмады.

Мен айтайын ішім сырыны, 1820. Тең қылып маңа періні.

Илигімде Гүлнар періні
Құштым, арманым қалмады.
Жұрт салып өрттеріні,
Алып неше кенттеріні.

Қызылбасның жұрттарыны
Алдым, арманым қалмады.
Жерге төктім қызыл қанны,
Аман қылсын Хақ бұ жанны.

Жүз жасымда Хасанханны 1830. Көрдім, арманым қалмады.

Ұғыл қылып Хасанханны,
Кеткізіп барша арманны.
Жүз он жасымда Ғауазханны
Көрдім, арманым қалмады.

Күржістанның сазасыны,
Салып басқа ғазасыны.
Қызылбасны жазасыны
Бердім, арманым қалмады.

Пендемін, қылдым күнаһны, 1840. Рақымы көп-дүр бір Алланы.

Мұндан барып Хұнхар шаһны
Алдым, арманым қалмады.
Байлап ғаним қолдарыны,
Теріп бағының гүлдеріні.

Күржістанның елдеріні
Көрдім, арманым қалмады.
Оң жанымда Ғауаз һамраһ,
Сол жанымда Хасан шаһ.

Опасы жоқ, көһне дүния, 1850. Сенден арманым қалмады.

Әлқисса, Көрұғлы сұлтан сөзлеріні айтып ойнап-күліп, қырық жігіттері билән Ғауазханны ортаға алып Көрұғлы сұлтан өз жығасыны Ғауазханға беріп, өз қолы билән басыға шаншып, қайтадан Ғауазханға тапсырып, Ғиратны, Жамбыл жұртыны уа және текежәуміт еліні уа және қатардағы нарыны, қазынадағы бәріні Ғауазханға тапсырып, Ахмед сардарны қызыны алып беріп, күллі дүниядан қол көтеріп, уа һәмма хүкіметләріні һәм беріп, шат уа харам болып Жамбылға қайтып келіп, Ғауазханны аналары пишуаз шығып көрісіп, ахуалыны сұрасып, қапалығы кетіп, қош уақытлық қылып, Ғауазханны сұлтан етіп баршалары мұратыға жетіп, шат уа харам болдылар.

ҚИССА ҒАУАЗХАН

Иләһи, сиынамын, Ханнан, Кәрім,
Тіліме медет берсе Бір уа Барым.
Жазайын бір хикаят тыңлағанға,
Жар болса бұл күндері Сафа, Кәрім.

Қолыма қалам алып бір хикаят
Тіл, енді ғазалыңды әйла дастан
Ойлаймын салғастырып ақылыма,
Дұға қыл біз бейшара, пақырыңа.

Кейінгі балаларға мұны жаздым, 10. Қалсын деп бұл дүниенің ақырына.

Үй салған Көрұғлыбек Жәмбілбелге,
Жарасар не деп айтса мұндай ерге.
Ғауаздың бір саласын мен сөйлейін,
Зұлжалал, бұл талапты келтір жөнге.

Ғауазға Көрұғлыбек әмір етті:

– Жиыл, – деп қырық жігітке, – тамам енді. –

Алты қаз, тоғыз үрдәк Һауадақ қөлден
Тез барып, Ғауазханым, әпкел, – депті.
Қолыңа сұңқар менен қаршыға ал,

20. Сөзіме менің айтқан құлағың сал. Атаңыз құс етіне құмар болды, Қарағым, Қара атқа мін, тез жылдам бар!

Күн қайда ата тілін қайтаратын,
Жүгіртіп Һауадақ көлге салды құсын.
Мінді де Қара атына жүре берді,
Ерлерге әр уақытта Алласы жар.

Бал ашып майханада отыр еді,
Даладан біреу келіп айғай салды:

– Көрұғлы, тез шық үйден жылдам, – деді,

30. Айналып бұл арада тұрман, – деді. Ғауазды «Алла» демей жібердіңіз,

Жеті жыл әурелікте қалдың, – деді.
Жүгірді Көрұғлыбек естіп дауыс,
Жас ағып екі көзден болды сауыс.
Таныды көрген жерден, пірлер екен,

Ғайып Ерен, қырық шілтен, Қияс, Қауыс.
Көрұғлы мұны естіп қылады зар:

– Пірлерім, бейшараға назарың сал.

Бір қата енді менен болған екен, 40. Пірлерім, әуре қылмай, бол медеткер!

Жел соқты сол уақытта аспан-көктен,
Қарауға көрсетпеді төңіректен.
Құйылып көзге топырақ сонша жаман,
Ішінде жүрген жанның есі кеткен.

«Жоқ жерде Ғауазханнан айрылдым» деп,
Түседі батыр кейіп Мәжнүнкөктен.
Тыңлағын, неше жерден хан Көрұғлы
Келтіріп неше жерден тәмсіл еткен.

Барады күн ашылып Һауадақ көлге, 50. Тағы да түсті қайғы мұндай ерге:

– Жоқ жерде Ғауазханнан айрылдым деп,

Барамын не бетіммен енді елге?!
Хасанхан, Сапабегім, сізге ұнай ма,
Қаңғырып мен кетейін бетпақ шөлге.
Аһ ұрып зар жылаймын, Ғауазханым,

Құдірет, ішкі сырым сізге мағлұм.
Әуре қып сорлы басым, о, дариға,
Сол құсқа жібергенім, не қылғаным?
Ағажүніс білмей қалды – құшқан жарым,

60. Білмеймін мұның арты не боларын.

Жоқ жерде аңдып тұрып алып кетпесін,
Қаптаған көп қызылбас дұшмандарым.
Жүріңдер жан аямай, дос-жарларым,
Іздейміз қызылбастың шаһарларын.

Бас қатар жоққа жігіт азарында,
Жас жетіп қартайған соң қажығаным.
Қырық жігіт қабыл етті айтқан сөзін,
Көрұғлы Ғауазханға етпес төзім.

Қараса олай-бұлай, дәнеме жоқ, 70. Төгеді жасын Хаққа екі көзін.

Сапабек, Хасан сұлтан мирасқорлар
Қара аттың неше күндей қарады ізін.
Топырақтан Қара ат ізі көрінбейді,
Қызметке қырық жігіт ерінбейді.

«Жасаған, тірі көрсет Ғауазымды,
Қақпалап қайтара көр, пірім» дейді.
Көрұғлы тағы айтады: – Хасанханым,
Мирасқор сіздер едің қадірданым.

Дарияның ар жағында көп қызылбас, 80. Бар еді Қоқи патша дұшмандарым.

Әр жерге қыдырайық хабар салып,
Кез болған бұл қасіретке біз бір ғаріп.
Қылайық еш болмаса ашу басар,
Шаһарын сол патшаның шауып алып.

Сол малғұн аңдып жүріп әкетпесін, –
Көрұғлы соны айтады ашуланып.
Қырық арыстан, Көрұғлы бек мініп атқа,
Атына қамшы басты соны айтып.

Көрұғлы озып кеткен бұл жаһаннан, 90. Кез болған сұрап жүрді әр адамнан.

Бұл ерлер мұныменен тұра тұрсын,
Сөйлейін тыңдасаңыз Ғауазханнан.
Ғауазхан салды құсын Һауадақ көлге,
Кез болар қандай дұшман мұндай ерге.

Адасты қаршығадан аспан-көкте,
Шаңменен көз көрінбей соққан желден.
Қайрылмай бала қуды қаршығасын,
Аударып сонда құсына ықыласын.

Бес күндей қуа берді Қара атпенен, 100. Не күйге ұшыратар Ғауаз басын?

Көтеріп саясатқа ала туды,
... ... ...
Дария көз жетпейтін жері биік,
Ғауазхан сонда көрді аққан суды.

Қаршыға суға қонбай ұша барды,
Дариядан қарғытуға ойына алды.
«Атамның жақсы көрген құсы еді» деп,
Қайғырып бала сонда көп жылады.

Баланың зар жылаған дауысынан, 110. Бір хабар күлген дауыс келіп қалды.

Көзін сүртіп төңірекке қарағанда,
Қараса, жыра астында отыр адам.
Суреті адам қорқар түсі жаман,
Көз, қабақ сақал-мұрттан көрінбейді,

Мұндай жан жаратыпты Хақ Тағалам.
Қасында бір қыз отыр ай мен күндей,
Қашық тұр, ол адаммен тілге келмей.
Ғауазхан сол бетімен келіп қалды,

Бұлардан бұрын-соңды хабар білмей. 120. – Кімсің? – деп, ақырады келіп тыстан,

Шылымды тез әкел, – деп, – енді маған». Секілді-ақ ол ұстаның көрігі бар,
Ол қызға берді нәрсе сақинамен.
Көп нәрсе берді [және] білезік пен,
Мен тұрмын күдерімді үзіп жаннан.

Қолына істі жиып алғаннан соң,
Жігітке қыз сөйледі әдеппенен:

– Табылды, енді ойласам, менің қолым, Жаһанның кім біледі оң мен солын.

130. Астына тұлпар мінген Ғауазжаным,

Келесің қай тараптан, болсын жолың?!
Біреудің көзінің ағыменен қарасысың,
Жігіттің өзің теңлі данасысың.
Келесің ат сабылтып [сен] алыстан,

Шаһизат, қай патшаның баласысың?

– Құс қуып [мен бір] әуре болған жанмын,

Сұрасаң мен де өзіңдей қадірданмын.
Хан болған көрден шығып Шәмбілбелге
Баласы Көрұғлының Ғауазханмын.

140. – Ғауазхан болсаң, жігіт, атыңнан түс,

Сіздей жан құс қашқанға қайғы жемес.
Көзіңнен мен қорқамын қол беруге,
Түсіп кеп атыңыздан шылым тарт.
Естиміз Көрұғлының біз де атын,

Батырдың кім білмейді есім, затын?
Жездеміз пері қыздан үш қыз алған,
Көтерген бұл жаһаннан салтанатын.
Шылым тарт аттан түсіп, шаһизадам,

Дүниеге келмеген-дүр сіздей адам. 150. Қызбенен «әкеп бер» деп ерегісті,

Ісіне Құдіреттің бар ма шараң?!
Ғауазхан сонда қыздан сұрайды сөз:

– Құдайым несібіме келтірді кез.

Қызысың қай патшаның, қайдан жүрсің?
Алдымен осыларды түсіндір тез!

– Атамыз Қап тауында Ахмер патша,

Билеген сансыз пері жұртты қанша!
Сұлудың Құндызайдай тап өзімін,
Білсеңіз менің жайым осылайша.

160. Сұрасаң біздің мекен Көһи Қапта,

Бал Ғауаз, сені тұрмын сынамаққа.
Құсыңды ал әуре болмай дариядан,
Бермейді мені әкем адамзатқа.

– Атаңнан сені алармын іздеп барып,

Құп тыңда бұ сөзімді құлақ салып.
Көрұғлыұлы Ғауазбын, мұны білің,
Бәдіғұлжамалды алған Сейпілмәлік іздеп барып.

– Бал Ғауаз, мені іздеп жүр ме едіңіз?

Қасыма шылым тарта келмедіңіз. 170. Еркекті әйел іздеп барған бар ма,

Қасыма шылым тарта келмедіңіз.
Олар да алған шығар іздеп барып,
Жаралдық әйел болып біз бір ғаріп.
Түбінде тисем мені оңдырмассың,

Тұрады сол себептен көңілім қалып.
Құндызай аққу кебін киіп алды,
Қасына келмеген соң ашуланып.
Қыз сонда аққу болып ұшып кетті,

Құдайым басқа салды қайғы-дертті. 180. «Қапыда ұстай алмай қалдым ғой» деп,

Зар жылап бала тартты қайғы-дертті.
«Перінің қызын ұстап бермедің» деп,
Ыза боп сорлы ұстаны тепкілепті.
Ұста айтты: – Ғауазханым, тыңда, – дейді,

Періні бұл қыз бойға тең көрмейді.
Ғашық боп шақырса да бір келмедің,
Бұл кінә, ойласаңыз, өзіңде енді.
Соқтырар жылма-жыл [кеп] ісін алып,

Ешкімге сөйлеспейді бойын салып. 190. Адамға одан бөтен жазығым жоқ,

Отырмын осыменен күнім көріп.
Әуелде сенікі еді, ұстап алсаң,
Шырағым, сырым осы, құлақ салсаң.
Қасына келгеннен соң, тисе қолың,

Болады саған қатын, тілге нансаң.
Егескен шаһизатсың дұшманменен,
Қоспадың әуел ақыл ұстаңменен.
Қапыда балалықпен босқа қалып,

Еш нәрсе өнбес мені қысқанменен. 200. Ұстаны қоя берді Ғауаз батыр,

Ұстай алмай пері қызын қалды ғапыл.
Оттатып Қара атын, су ішкізіп,
Ғауазхан сол арада ойлайды ақыл.
Құс кетті, ішке түсті қызғанышы,

Еш нәрсе қыздан өзге ойламас-ты.
Қумаққа пері қызын мінеді атқа,
«Жар бол!» деп, кәміл пір мен Жаппар Хаққа.
Еске алып Көрұғлының бабаларын,

Көңілінде көп сиынды әруаққа. 210. «Қайта ма мұндай істен біздей ерлер,

Көһи Қап, Құдай білер, алыс жерлер.
Жар болған Көрұғлыға Қызыр, Ілияс,
Медет бер, Ғаусыл ағзам, кәміл пірлер.
Зарымды қабыл әйла, Хақ Тағалам,

Бұл күнде жігіт бар ма менен жаман?!
Жасаған, Құндызайды әпермесең,
Жәмбілден дәм бұйырмас енді маған.
Көрдім деп бір сұлуды барам ба елге,

Мақтанар не жайым бар Жәмбілбелге. 220. Жолында Құндызайдың арманым жоқ,

Қаңғырып қу далада өлсем шөлде».
Мұны айтып Қара атқа қамшы басты,
Қиялды қыздан басқа ойламас-ты.
Жүгіртіп Құндызайдың кеткен жолға,

Аспанда ұшқан құспен араласты.
Келеді тым болмаса жөнін білмей,
Көңілінде қасіреті бар ойнап-күлмей.
Үш айлық алыс жолға сапар тартты,

Жүгіртіп Қара атпенен Ара шөлде-ай. 230. Бұл қыздың мекені бар Көһи Қапта,

Тәуекел берер Құдай қай тарапта?
«Әркімдер мақсатына жеткен бұрын,
Жолын бер бабаларым, Жаппар Құда!
Тілекті қабыл әйла, Қадір Алла,

Ерлерге тиген пайдаң бізден бұрын».
Жар болған Көрұғлыбекке Қызыр, Ілияс,
Қолдаса сол сұлуды таппай қоймас.
Періні көргеннен соң болды ғашық,

Баруға сол сұлуға болса нәсіп. 240. Неше күн көргеннен соң болды ғашық,

Көз салып асқар таудан асып-сасып.
Ар жақта отыр көп ел мал жайлаған,
Әр түрлі мал шалқар көл жағасында.
Ауыл-ауыл киіз үй, мұсылмандар,

Бармаққа Ғауаз батыр қылды көңіл.
Кетпекке сол ауылдан хабар алып,
Білмекке кім екенін қылып анық.
Құмары бір шылымның еске түсіп,

Ауылдың ортасына келді салып. 250. «Кім бар?» деп, ақ отауға айғай салды,

Сөйлесіп бір жас қыздан хабар алды.
Осы үйде қызойнақ боп жатыр еді,
Шуласып жүз елу қыз жиылған-ды.
Жүгіріп шыдай алмай қыздар келді,

Көрген соң сабыр қылмай Ғауаз ерді.
Ғауазхан шылым сұрап тұрғанында,
Көп қыздар «мен берем!» деп жапырлады.
Ғауазхан қыз қолынан тартты шылым,

Таңырқап қыздар тұрды мұның көркін. 260. «Бұл ауыл қай рудан болады?» деп,

Сұрады білмек үшін қыздан жөнін.
Нұр берген сіздей затқа бір Құдай-ды,
Түсуге қыздар аттан шыдамайды:

– Ерназар патшамыздың аты болар,

Сұрасаң руымыз Елібай-ды.
Баласы Райхан араб Ерназарбек,
Білсеңіз елдің жөні осылай-ды.
Зейнепгүл қарындасы мынау тұрған,

Шаһизат шынжыр қатар тегі асылдан. 270. Жолың болсын, ей, бегім, шаһизатым,

Келіп жүрген перімісің Көһи Қаптан?
Дүние кезіп жүрген неткен жансың,
Сіздей жан туар ма екен адамзаттан?

– Атамыз Көрұғлыбек Жәмбіл ханы, Жиылса қанша жаудың келмес әлі. Сұрасаң алтын айдар Ғауазханмын, Не болар менің күнім мұнан әрі?

Зейнепгүл Ғауазханның есітті атын,
Кім білмес Көрұғлының асыл затын?

280. «Бүгінше, батыр Ғауаз, қонақ бол» деп,

Шуылдап көп қыздар кеп ұстады атын.
Зейнепгүл көргеннен соң болды ғашық,
Жігітті Құдай оңлар болса нәсіп!
«Бір күнше қонақ бол» деп зар жылады,

Көзінен қан аралас жасы ағып.
Ғауазхан сұрады енді Зейнепгүлден,

– Қыдырып жиһан кезіп келдім шеттен. Ерназар патша өзі көрінбейді,

Бұл елдің бас адамы қайда кеткен? 290. Зейнепгүл жауап бермей отырады,

Сөйлейді сонда тұрып бір қыз шеттен.
Қыз айтты: – Ғауазхан тыңда, – деген,

Ханы еді қызылбастың Қоқи деген. Тігіпті ат бәйгеге жалғыз қызын, «Келсін» деп патшамызға хабар берген.

Ол қызы асқан сұлу Жұлдызай-ды,
Нұр берген оған артық бір Құдай-ды.
Жамалын көрген адам таң қалады,
Сәулесі күн секілді жарқырайды.

300. Мал бағар мұнда қалды жаманымыз,

Кеткенге тоқымқақты қып тұрамыз.
Жан қалмай адамымыз сонда кетті,
Сұрасаң осылайша хабарымыз.
Бәйгіге алып кетті тұлпар атын,

Осылай Жұлдызайдың білсең даңқын.
Мұсылман, кәпір болсын, аты озғанға
Қыз бенен отыз бес пұт береді алтын.
Жұлдызай бір күн жатып түс көріпті,

Түсінде бекзат келді ат жаратып. 310. «Тіксін деп ат бәйгеге жалғыз қызын!»

Әлемді жидырыпты хабар салып.
Ат басын Жұлдызайға бұрып алды,
Ғашықтық көңіліне түсе қалды.

– Аты озып менен жүйрік кім алады,

Құдайым маған сол қыз бұйыртқан-ды.
Қара атты жолға салып айдайды енді,
Көңілінде ғашық оты қайнайды енді.
Аһ ұрып Жұлдызайды алмақ үшін,

Есінен пері қызы кетіп қалды. 320. Көп қыздар жүгіреді соңынан қалмай,

Бұларға қарамайды назар салып.
«Кетті, – деп, – сен айтқан соң, жүзіқара»,
Сабады айтқан қызды бара салып.
«Мақсұтқа бүгін қонса жетер едік,

Әр түрлі тамашаны етер едік.
Жүзіқара, сен болмасаң, аһ, дариға-ай! –
Жылайды шуылдасып, – нетер едік?».
Көп қыздар ерді артынан жүгірісіп,

Жігіттен үміт үзіп, көңілі суып. 330. Зейнепгүл ордасына әрең келді,

Қайғымен аш күзендей бүгілісіп.
Есітіп Жұлдызайды болды ғашық,
Біреуі-біреуіне болсын нәсіп!
Қоқидың шаһарына түнде келді,

Атына жеделқабыл қамшы басып.
Адамзат әр тараптан жиылысқан,
Адам көп тойға келген әрбір тұстан.
Диуана, шайхыларға кез болыпты,

Бәйгеге қыз алуға ат жаратқан. 340. Қасына диуананың түсе қалды,

Шайхылар бұл жігіттен бейхабар-ды.
Порымын өзгертуге Ғауаз батыр
Бір қиял жалғыз өзі ойлаған-ды.
Шетінде ұйықтап жатқан бір байғұстың

Түк қоймай бар киімін жиып алды.
«Таныр, – деп, – таң атқан соң киімдерін»,
Аттанып таң атпастан кетіп қалды.
Өз киімін аулақ жерге тығып қойып,

Киімін диуананың киіп алды. 350. Қара атты көрсетпеді жабуменен,

Неше күн арықтаған шабуменен.
Көптен аулақ бір жерде жата берді,
Жем беріп Қара атын бағуменен.
Әркімдер алып келген тұлпар таңдап,

Талабы аты озғанның сұлуды алмақ.
Бір күні таң азаннан жасауылдар,
Шаһарға жар шақырды «ат шабарлап!».
Адамзат жиылыпты сансыз қанша,

Хан Қоқи тамаша етті осылайша. 360. Бәйге атын өз көзімен қағаздауға,

Биікке қызыменен шықты патша.
Бар еді бір сыншысы жиһан кезген,
Жауапқа тартынбаған айтар сөзден.
Оны да шақыртумен қасына алды,

Аттарды сынап тұр деп көріп көзбен.
Тұлпарлар тұс-тұсынан келіп жатыр,
Бір сынау бас-басына болып жатыр.
Лайықтап әрбір атты өз халінше,

Шығарып сыншы заңғар көріп жатыр. 370. Бір тұлпар келді шеттен күрең қасқа,

Болмады ешбір амал сынамасқа.
Патшаға сыншы мақтап: «Бәлі! – деді,
Бұл топта ат озбайды мұнан басқа.
Көкқасқа тұлпар келді қызылбастан,

Шапқанда ұшқан құспен араласқан.
Жасынан бәйгіні алған тұлпар екен,
Алдына жан салмаған бұл алаштан».
Жоғарыдан сыншы көрді Көкқасқаны,

«Жиһанда көрмедім, – деп, – ондай малды. 380. Ат жоқ, – деп, – мұнан озар, нағыз жүйрік».

Патшаға өз тілімен көп мақтады.
Бозтарлан сынатуға және келді,
Салбырап тебінгідей төменгі ерні.
«Япырым-ау, нағыз тұлпар мынау ғой» деп,

Биіктен сыншы төмен түсіп көрді.
«Бозтарлан бәйгі бермес шапқанменен,
Талайды арғымақ деп баққанменен.
Ермейді басқа тұлпар тозаңына,

Сәндетіп кілем жауып баққанменен. 390. Бозтарлан басқа атқа бәйге бермес,

Жүйрік жоқ бұл арада бұған теңдес.
Сұлуды ат қинамай осыған бер,
Шапқанмен басқа тұлпар шаңына ермес».
Ғауазхан бір шетте тұр атын жауып,

Көңілінде дұшманынан қылмай қауіп.
Шығады айдаушыға отыз адам,
Тұлпарлар бет-бетімен кетті шауып.
Сыншының Қара атқа көзі түсті,

Көрген соң ол залымның зәресі ұшты. 400. «Жәрдемші пір көтерген қанаты бар,

Жылмиып бұл келіп тұр қайдан?!» депті.
Шайхыны үстіндегі көрді көзі,
Ғаламнан асқан білгір мұның өзі.
Жүгіріп Қоқи ханға қайта кірді,

Мінеки патшаға айтқан мұның сөзі:

– Падиша, көріп келдім бір диуана,

Жүгірдім сізге айтуға көре сала.
Жәрдемші пір көтерген қанаты бар,
Астында бір тұлпарды көрдім және.

410. Бұл жұрттан артығырақ мінген аты,

Басқа-дүр біздің заттан, бөлек заты.
Бар еді естуіміз, көз көрген жоқ,
Болмаса Көрұғлының өз Қара аты!
Ертерек бұл шайхыны салдым еске,

Түбінде қам жегейсің болып есте.
Болса да жүз мың жаудан қорқар емес,
Тұрмаса түс өзгертіп білдірмеске.
Қарасам, аждаһадай ер сипаты,

Бұл жұрттан артық көркем салтанаты. 420. Жүзінде пердесі бар салып жүрген,

Болмаса Көрұғлының жұрағаты.
Қарасам, жасы отыздан артық емес,
Бұл топта жігіт болмас оған теңдес.
Бір шетте атын жауып, тасалап тұр,

Жан бар деп мұнша көпті көзіне ілмес.
Падиша шақырады: «Көрейік, – деп,
Хал-жайын, кім екенін білейік» деп.
Сыншының қайта өзін жібереді,

«Жігітті өзің көрген бір көрсет» деп. 430. Шайхыны шақыруға сыншы барды,

Падиша, уәзірімен хабар алды.
Хан шақырды деген соң іркілмей-ақ,
Ұмтылып атыменен жетіп барды.

– Диуана, қай тараптан келіп жүрсің,

Бұл жерге қалайынша келіп тұрсың.
Мұсылман, кәпірмісің, үндімісің,
Дініңіз қалай болар, кім құлысың?

– Боламын мен мұсылман, Ауған елден,

Құдай бір, Пайғамбар хақ, Құраны шын. 440. Сұраймын игі талап кәміл пірден,

Сұлуды Жұлдызайдай алмақ үшін
Бәйгеге ат қосуға келіп жүрмін.

– Ат жүріп, міне, кетті, енді қалдың,

Ақылы бүтін емес осылардың.
Атыңды қағаздатпай, я сынатпай,
Сөзін қара, – деп күледі, – бейшараның.

– Жар болса кәміл пірлер, бір Құдайым,

... ... ...
Бұл қызды шапсам да алам, тартсам да алам,

450. Сөзіңді бөтен басқа тыңдамаймын.

Шайхының бұл сөзіне және күлді:

– Бере ме ат озбаса, тақсыр қызды?

Бос сөзді, ей, бейшара, тоқтатқын» деп,
Қуалап бір шетіне шығарды енді.
Кісінің бір шетіне шықты қуып,
Көрмеген мұндай қорлық, сірә, туып.

Қылуға бұлан-талан, жаман соғыс,
Беліне аспаһанды алды буып.
Бір тауға бала барып жылап жатты,

460. Тартады жалғыздықтан қасіретті.

Іздеуге пері қызын, не қайтуға елге,
Және де ат қосуға ой ойлапты.
«Кәпірдің мен кетейін қызын алып,
Жатпайын құр далада қайғыланып».

Киімін қайта тығып тау басына,
Артынан айдаушының кетті салып.
Жерге айдап жеті күндік тұлпарларын,
Қалмасын айтылмаған бірер-жарым.

Бір жерге жетті және ат жаратып, 470. Сол ердің сол қыз болды ынтызары.

Ішінде мырза, бектің бәрі де бар,
Қолына ап әлектеген сұңқарларын.
Диуана жүрген көпке қосылады,
Шайхыдан айдаушылар бейхабар-ды.

«Диуанам, қай рудан боласың?» деп,
Сұрайды келгеннен-ақ ата жайды.

– Қызылбас, мені сұрап не қыласың,

Бір күйге ақырында жолығарсың.
Бұл жерге айдап келген Хақ Тағалам,

480. Құдайдың білмейсің бе оңдырмасын?

Түбінде сырымды айтпай кете алман,
Пірлерім, жәрдем болса бір Алладан.
Бабамыз қызылбаспен дос-жар емес,
Қылғанда білерсіңіз бұлан-талан.

Күледі «ақымақ» деп сөздеріне,
Қарамас тура қорқып көздеріне.
Аспанда жарық болып шығып нұры,
Шұғыласы жарқырайды жүздерінде.

Бір жеті жатты бұлар, ат жаратпақ, 490. Саласы биік таудың кеткен қаптап.

Аттардың жал-құйрығын тарап алды,
Жиылып жетінші күн болып шаппақ.
Күн шықпай арғымақтар шауып кетті.
Көңілі қыз алуға ауып кетті.

Бір жерде Ғауаз батыр жатып қалды,
Бір жаман ашылмастай ұйқы кепті.
Жатыпты бір күн, бір түн оянбастан,
Адам жоқ оятатын жақсы достан.

Сұлудан құры қалатын болғаннан соң, 500. Бір қолын оятпаққа Қара ат басқан.

Оятты сонда Қара ат қолын басып:

– Бұл қызға не себептен болдың ғашық?

Тұра ма тұлпар аттар саған қарап,
Не қылып жатырсың, – деп, – қара басып!».
Бәйге аттар әлдеқашан кетіп қапты,
Қараса апалақтап көзін ашып.

Келіпті тұра сала айдаушыға,
Сабайды балағаттап ұйықтап қалып.
Малғұнды басы-көзін қан қылыпты,

510. Қамшының «сазайың» деп астына алып.

Әрқайсысын әр жерге ұрып тастап,
Артынан айдаушының кетті салып.
Ұшады жын қаққандай Қара ат сасып,
Көзінің қанды жасы араласып.

Тал түсте қуып жетіп озып кетті,
Үстінен ұшқан құстай гулей асып.
Алдында барады екен Жирен қасқа,
Ілгері екі ат кетті мұнан басқа.

Ілгері екі ат кетті дегеннен соң, 520. Қара ат салды тұяғын тау мен тасқа.

Өтеді балаларын бір-бір салып,
Шамданған арыстандай буырқанып.
Астында жеті қырдың барады екен,
Гулетіп Көкқасқаға жетті барып.

Баласын оның дағы салып өтті,
Жас бала қамшы өткен соң зар еңірепті.
Алдында жайыменен барады екен,
Ағызып Бозтарланға барып жетті.

Иесі Бозтарланға қамшы басты, 530. Тозаңы-ай сонда көкке араласты.

Барады ағынымен құстай ұшып,
Болса да асқан тұлпар оздырмас-ты.
Ғауаздың көңілі қалып Қара атынан,
«Шабысың, – дейді, – маған ұнамаған.

«Сұлудан Жұлдызайдай қалам ба» деп,
Атты ұрып Ғауаз батыр зар жылаған.
Сөйлейді сонда Қара ат: – Құлағың сал,
Бозтарлан ағам менің, оны ұғып ал.

Баласы Райхан араб Ерназарбек, 540. Айтамын түсіндіріп осындай хал.

Кетуге ләзім емес артқа тастап,
Сыйламай қалай озам шаппақ қыстап?
Аға алдын ахиретте көре алмаймын,
Ағаның зор күнә-дүр жүзін баспақ.

Иесі Ерназарбек-дүр Елібайдың,
Мәнісін көп біледі осы жайдың.
Үмбеті Мұхаммедтің шын мұсылман,
Күнәсіз құлы болар бір Құдайдың.

Сыртыңнан көп біледі атыңды анық, 550. Кісілік онда да бар осы қалып.

Сізбенен жолығуға көптен құмар,
Дауыста «Ғауазбын» деп айғай салып.
Бізбенен сонда тоқтап қос болады,
Көңілі мұсылманның бос болады.

Әгарда Құдай оңдап тілге келсе,
Иншалла, көңілдерің қош болады.
Мақсатың қабыл қылар Хақ Тағала,
О дағы ер көңілді асқан дана.

«Бәйгеңді осы күнгі маған бер» деп, 560. Жалынып, жөніңді айтып сұрап қара.

Дос болса саған берер бір табысын,
Дұшманға жібермейді ер намысын.
Бұл қызды тіліңді алып бермесе егер,
Сонан соң Қара атыңның көр шабысын.

Басынан бір секірсем кетем асып,
Білінбей ұшқан құспен, араласып.
Білсеңіз, Ғауаз батыр, жайымызды,
Көп жылап, қыз алам деп тұрма жасып».

Қуанды Ғауаз батыр судай тасып, 570. Жан жолдасы Қара атпен ақылдасып.

– Тоқта! – деп, Ғауаз батыр айқай салды,

Кетіңіз тым болмаса бір тілдесіп.
Емеспін мен диуана, Ғауазханмын,
Баласы Көрұғлының қадірданмын.
Тез тоқтат, тілге келіп, атыңнан түс,

Жолдас бол, ахиреттік дос боламын.

– Жәмбілбел мен білемін жайлауыңды, Неше бек, неше жайсаң байларыңды. Болсаңыз Ғауаз батыр нықап көтер,

580. Көремін көзімменен айдарыңды.

Басынан бұл сәлдесін жұлып алды,
Ерназар ғашық екен, ал қуанды.
Көрген соң тамаша әйлап сымбатына,
Шұғыласы шыққан күнмен жарқырады.

Деген соң Ғауазханмын аттан түсті,
Құрады айдалада мәжілісті.
Дос болып ахиреттік, қол алысып,
Жыласып, құшақтасып ал көрісті.

– Шырағым, қайдан жүрсің, алыста елің,

590. Кемінен үш айшылық сенің жерің.

Аман ба Көрұғлыбек, қырық жігітің,
Сау бар ма текежәуміт, Жәмбілбелің?

– Жұмысым Жұлдызайды іздеп келген, Жол шығып неше михнат алыс жерден. Тағы да пері қызын мен іздеймін,

Бұл қызды сауғаға алсам сіздей ерден.
Ерназар айтты сонда: – Бердім қызды,
Алдыңыз аспандағы бір жұлдызды.
Зейнепгүл қарындасым және бердім,

600. Қайтарда ұмытпаңыз осынымды.

Қайтарда сені күтем елде жатып,
Өзіңмен жіберемін оны ұзатып.
Тамаша Зейнепгүлдің тойын қылып,
Тұрармын отауыңды әзірлетіп.

Ерназар амандасып атқа мінді,
Алуға Зейнепгүлді уағда қылды.
«Сіз барып сол сұлуды алыңыз» деп,
Аяңдап өз еліне жүріп кетті.

Амандасып Қара атпенен шауып кетті, 610. Басына Тәңірі берді бір нәубетті.

Батырдың көңілі шат боп қыз алуға,
Ұйтқытып Қоқи ханға жетіп кепті.
Шаһарды үш айнала шапты және,
Бұл қызға қызықтырған Хақ Тағала.

Мезгілі ат келетін болды ғой деп,
Тұр екен жұрт жиылып сахарада.
Қараса диуананы көзі көрді,
Дүниеде жүйрік жоқ деп мұнан әрі.

«Тез бер!», – деп, – жесірімді, қызылбастар», 620. Бұрқырап қаһарменен айқай салды.

Қара атты көрсетпейді қызылбасқа,
Қоймады ықтиярды тыңдамасқа.
Уақыты жаңа қызып жеткен екен,
Тұрмады байласа да тау мен тасқа.

Патша айтты: – Сен қағаздан қалып едің,
Бұл елге көптен бері мәлім едің.
Жүретін ұрлықпенен диуанасың,
Аттардың сен артынан барып едің.

Тұра тұр сабыр етіп, ей, диуанам, 630. Шапқаның рас болса бердім саған.

Сенбей тұр «барған жоқ» деп жиылған көп,
Тұра тұр, айдаушылар келсін тамам.
Айдаушы балалар мен бәрі келді,
Жиылып диуананы көзі көрді.

– Сендермен бұ да бірге шапты ма? деп,

Падиша бас-басынан сұрайды енді.

– Сұрама диуананың қылған ісін,

Тыңласаң бек күлесің мәжілісін.
Есіткен-білгендерін бастан-аяқ

640. Баяндап айта берді әңгімесін.

Көп айтты: – Мұның аты талап кетті,
Ақсатып кейбіреуін хараб етті.
Жіберді ұйықтап қалып бір күн кейін,
Айдаушы айтты: – Бізді ол сабап кетті!

Шуылдап падишаға бала келді,
Айдаушы ат иесі және келді.
Қамшының жауырындағы өткен табын
Билерге хан алдында көрсетті енді.

Патша айтты: – Бұл ақылсыз диуана-дүр, 650. Жалғызға хүкім ету не шара-дүр.

Келгенін қай шаһардан кім біледі,
Сөйлейтін алдұр-бұлдұр диуана-дүр?
Қара атын диуана жүр аяңдатып,
Ешкімге қосылмайды тауда жатып.

Әркімге лайықты сыйын беріп,
Патшаңыз жібереді той тарқатып:

– Жалғыз қыз, енді саған лайық жоқ, Шаһизат кез болмады асылдан тек. Қалба алды, жаңа озып аты келіп,

660. Патшаңыз қатынымен жылайды көп.

Падиша қатынымен үйге кетті,
Ас ішпей тартты енді қасіретті.
«Жын ұрған бір диуана сені алад деп,
Көп мырза қызға келіп хабар етті.

Қызбенен бұлар қас-ты көзге ілмеген,
Бір ауыз тым болмаса сөз бермеген.
«Күйеуің диуана» деп Жұлдызайға,
Сықақтап, келемеждеп хабар берген.

– Былшылдама, жиылған, қызылбасым,

670. Тарады тұла бойға ішкен асым.

Жүре бер көп сөйлемей өз жайыңа,
Түбінде кім екенін аңғарарсың.
Жігіттер ұялғаннан кетіп қалды,
Қуанып қыздың көңілі бек шаттанды.

«Күйеуін аты келген алдырсын» деп,
Қыз сонда атасына хабар салды.
Келер деп күйеу қашан бұл сарайға,
Қырық қызды мұнарадан қаратқан-ды.

Сарайын алтындаған тазалатты, 680. Бұл істен Жұлдызайдың көңілі шат-ты.

Қыздары қырық кәнизак атлас киіп,
Алдына тамашалап сырнай тартты.
Сарайға шыр айнала жақты шамды.
Түсінде көргеннен соң паришанды.

Пақырлар келіп жатыр Жұлдызайға,
Нашарға бүгінгі күн нәсіп болды.
Күмісті алтын менен үлестірді,
Ішінен көп жад етіп бір Құдайды.

Патша қыз мырзалықтың аузын ашты, 690. Қол жайып осындайда алдық деп.

«Мақсатын қабыл қылмай бір Құдайы,
Теңіне мендей пенде қосылмайды.
Келетін диуана боп ат қосуға,
Жігітім түсте көрген осылай-ды.

Көрмей-ақ мен сыртынан болдым ғашық,
Жасаған әйласын деп бізге нәсіп».
Қатынға құтты болсын айта келген
Басына жібереді гауһар шашып.

Ажары бұрынғыдан артық болды, 700. Отырды күндей балқып, судай тасып.

Келер деп күйеу қашан бұл араға,
Сұлулар мұнарадан тұр қарасып.
«Разы диуанаға болды ғой» деп,
Қатындар қайтты үйіне таңырқасып.

Патшаның ханымына бәрі келіп,
Шуылдап сөз сөйлейді хабарласып.

– Қызыңыз қуанышта отыр шалқып,

Бала еді бұл ғаламнан кеткен артып.
Садақа алтын-күміс беріп жатыр,

710. Келер деп күйеу қашан күндей балқып.

Хан, ханым мұны естіп қуанды енді,
Көңілінен ренжу кетіп, шаттық келді.
«Күйеуін аты келген алдырсын» деп,
Қызына падишадан хабар келді.

«Өздері жата берсін күйеу, қызым,
Азырақ «қалба ғой» деп шықты сөзім,
Жалғызым азғана күн қызық көрсін,
Тарылтып тауысамын ба дүние жүзін?

Дәулетім толып жатыр, шаша берсін, 720. Есімде жалғызыма айтқан сөзім».

Қызына падишадан хабар келді,
Жұлдызай мұны естіп қуанды енді.
«Сұлтанға арып-ашқан ас пісір» деп,
Аспазшы қыздарына бұйырды енді.

Бұйырып: «Бір-екеуің алып кел» деп,
Мінеки патша қызы айтқан сөзі:

– Аттан түсіп қасына жаяулап бар,

Мүмінге жәрдем болған ғазиз Жаппар.
Түрленіп сарайыма келсін жылдам,

730. Әр күнде ер жігітті Құдай сақтар.

Иншалла, көптен бері мұсылманмын,
Тәуекел қате болмас жасағаным.
Байласын алмас қылыш белдеріне,
Алыстан Тәңірім айдап келгеніне.

Жігітім түсте көрген рас болып,
Бір толсын жұрттың көңілі ерлеріме.
Секіртсін көшелерден тұлпар атын,
Көрсетсін қызылбасқа саясатын.

«Қалба» деп дұшмандарым мазақ қылды, 740. Тартамын сонда керней салтанатын.

Батырға тауда жатқан қыздар келді,
Таңырқап сұлулығын көзбен көрді.
Түсініп Жұлдызайдың айтқан сөзін,
Сарайға жүріңіз деп хабар берді.

Қара атты батыр Ғауаз мініп алды,
Екі қыз тамашалап естен танды.
Киімін диуананың тастай беріп,
Беліне аспаһанды байлап алды.

Екі қыз қуанады мұны көріп, 750. Сұлуға кез келтірген Құдай беріп.

Қаруын әрбір түрлі жарқылдатып,
Келеді қыздарменен қатар жүріп.
Екі қыз келе жатыр екі жақтан,
Тәңірге инаныңыз берген бақтан.

Қолына қалқан ұстап айбаттанып,
Қаруын әрбір түрлі жарқылдатқан.
Жұлдызай қарап тұрды мұнарадан,
Көңіліне ғашықтықты Құдай салған.

Жігіттің сипатына тамаша әйлап, 760. Алыстан шыдай алмай естен танған.

Шұғыласы шыққан күнмен шағылысқан,
Сұлуды сүйгеніне Құдай қосқан.
«Япырым-ай, бұл не қылған шаһизат!» деп,
Таң қалып таңырқасты дос пен дұшман.

Екі қыз сарайына алып келді,
Сұлу қыз шыдай алмай талып қалды.
Дұшманнан есінде жоқ ешбір қауіп,
Сақтай көр, патша Құдай, ғаріптерді.

«Берді, – деп, – бір Жасаған қалағаным», 770. Үстіне алтын, гауһар шашып жатыр.

Пақырлар тапты олжа маңайынан,
Құшақтап қыз сүйеді мойынынан.
Тарттырды неше түрлі керней, сырнай,
Қалдырмай тамаша етіп ойынынан.

– Астына тұлпар мінген, Ғауаз батыр,

Отырған шылауыңда біз бір пақыр.
Аман ба Көрұғлыбек – Жәмбіл ханы?
Жұлдызай көрген жерден сұрап жатыр.

– Атымды Ғауазхан деп қайдан білдің?

780. Сен мені бұрын-соңды көріп пе едің?

Білесің Көрұғлыны бастан-аяқ,
Мәнісін айтшы анықтап осы сөздің.

– Түсімде хақ Пайғамбар дұға етті,

Мұнымды өтірік деп күмән етпе.
Наныңыз, мұсылманмын көптен бері,
Құтпа оқып, өз қолынан неках етті.
Қолынан жөнін айтып мені берді,

Тіктірдім бір басымды бәйгіге енді.
Білсеңіз, Ғауаз батыр, сөзім рас,

790. Болғанмын көптен ғашық сізге, – деді.

Білдірген білмегенді Хақтың өзі,
... ... ...
Жіберді осыны айтып Құран оқып,
Айтады көргендей-ақ анық көзі.

Ғауаздың Жұлдызайға көңілі бітті,
Кетірді ішіндегі қайғы-дертті.
Ас ішіп патша қыздың сарайында,
Қосылып екі ғашық сұхбат етті.

Қызықпен қыз қойнында үш жыл жатты, 800. Қызықтың әрбірінің дәмін татты.

Бір күні пері қызы еске түсіп,
Ауырып жер бауырлап, қайғы тартты.
Жүгіріп келді сұлу қастарына,
«Құдайым, ғұмыр бер» деп жастарына,

«Ғауазым, бүгін саған не болды? деп,
Қойдырды мамық жастық бастарына.

– Ауырып не себептен зар жыладың,

Не болар сіз жыласаң менің халім?
Ата-ана, сағындың ба Жәмбілбелді,

810. Мұншама қайғырғаның не қылғаның?

– Құлақ сал сөздеріме, Жұлдызайым, Сізбенен жолдас қылған бір Құдайым.

Шығып ем құс салуға Һауадақ көлге, Тыңдаңыз осылайша менің жайым.
Аспанға желмен ұшып қашты құсым,
Тындаңыз батырыңның қылған ісін.
Кез болып жыра астында сұлу көрдім,

Аңғартпай кетті ұшып оң мен солын.
Қызы екен Ахмер пері, Құндызай-ды,

820. Біз таптық кез келген соң осы жайды.

Әуелде пері қызын шықтым қуып,
Мәнісім менің жүрген осылай-ды.
Көрген соң шығып едім осы затты,
Ол маған түсіндіріп жайын айтты.

Ат озып, Құдай беріп сізді алған соң,
Көтерілді екі-үш жылдай көңіл шат-ты.
Жұлдызай, енді маған өкпелеме,
Жәмбілге қайтпан таппай Көһи Қапты.

Атамыз пері заттан үш қыз алған, 830. Бір күні ажал жетсе өтер жалған.

Алмасам дүние кезіп Құндызайды,
Қайғылы көкіректен кетпейді арман.
Көһи Қап жердің түбі, ойлап тұрсам,
Сонда да ғашық үшін бармай қалман.

Жұлдызай сонда бұған күлді дейді,
Екенін қызға ғашық білді дейді.

– Айтыңыз бастан-аяқ баян қылып,

Анықтап қай тараптан көрдің, – дейді.
Ұстамен отырғанда жыра астында,

840. ... ... ...

– Сұлтаным, оған бола ренжіме,

Маған дос, уақытында келер мұнда.

Келеді маған сол қыз жеті сайын, Айтпадың бұрын неге осындайын? Дос болды іздеп келіп меніменен, Шаһизат, тыңда менен оның жайын!

Кеше де амандасып келіп кетті,
Көңліңнен шығар енді қасіретті.
Пері я адамзатқа ....................

850. Бір ерге тиемін деп уағда етті.

Уағдасы перілердің болмас жалған,
Мақсатың қабыл болар көңілге алған.
Құндызай қолыңызға тимей қалмас,
Сіздерге жәрдем болса бір Алладан.

Пері қыз жетісінде келер маған,
Әрқашан білдірмедім мен де саған.
Қасында қырық кәнизак қыздары бар,
Перінің патшасына көз салмаған.

Асады көз жұмғанша тау мен тастан, 860. Шындаса айшылықты алты басқан.

Көтеріп алтын тақты қырық қызы,
Аспанда бұлттарменен араласқан.
Атасы Қап тауында Ахмер пері,
Жылында сейіл құрып ол жүреді.

Аспаннан нұр жауғандай болар жарық,
Шұғыласы жарқырайды жүрген жері.
Демесең аты әйел Құндызайды,
Байқасам ол дағы бір ердің ері.

Неше рет түсіндірген халін маған, 870. Көп сөйлеп не қылайын оны саған.

Қарасаң сәулесіне таңғажайып,
Таңертең шыққан күндей жарқыраған.
Көз салсаң қырық кәнизак қыздарына,
Таудан аққан судай жылмаңдаған.

Сипаты тілмен айтып таусылмайды,
Ерлігі айтар сөзден тартынбаған.
Есітті қыздан сөзді Ғауаз бала,
Құдайға ғашықтықтан қылды нала.

Келер деп кімнің күші ол періге, 880. Мысалы әйламаса Хақ Тағала?!

Қыз айтты: – Тыңда мені, шаһизатым,
Перінің түсіндірдім салтанатын.
Хайласын ұстайтұғын үйретейін,
Есіңе мықтап ұста насихатым.

Осында үш күннен соң келер маған,
Ер азбас өз қайратын шамалаған.
Қоямын босағаға алтын сандық,
Білдірмей сені салып қоям соған.

Қасында қырық кәнизак болар қыздар, 890. Көтеріп алтын тақпен жүрер солар.

Тұрғанда аққу кеппен ұмтылмаңыз,
Болсаң да қандай палуан жерге соғар.

– Разымын патша қызы, Жұлдызайым, Сізбенен жолдас қылған бір Құдайым. Хайламен ұстап берсең осы қызды, Өлгенше қызметіңді ұмытпайын.

Көрген соң, ғашық болып, қудым ізбен,
Көп тарттым оның үшін қасіретін.
Орнына мақсатымды келтірмесең,

900. Несін айтам сені жар деп мені сүйген!

– Бұл сөзді, шаһизатым, орындармын, Кешікпей жатқызармын ғашық жармен.

Түбінде қызметімді ұмытарсың,
Өткізбе ғұмырымды менің зармен.

– Құдайым берсе ғұмыр бір басыма, Сен жайсаң хан баласы ұрғашыда. Қолдасып екі бекзат уағда етті: «Ешкімді теңгермен, – деп, – бір басыңа».

Уағдасын осылайша мықтап алды, 910. Бұл іске Жұлдызайым қуанады.

Бір күні кеш уақытта отырғанда
Пері қыз бұрқ-сарқ етіп келіп қалды:

– Ей, достым, отырмысың есен-аман, Көрмесем жеті сайын көңілім алаң. Келеді мұрыныма жаман иіс, Қасыңда бөтен заттан бар ма адам?

Көрмеппін қыз да болса мұндай дана,
Тақытымен қырық кәнизак алып келді.
Сандыққа Ғауазханды тығып тастап,

920. – Әй, достым, аманмын, – деп, – шыға келді.

– Келеді адам иісі мұрыныма,

Көрінеді дақ түскендей мұрыныңа.
Жасырынып менен қашып ерге тиіп,
Келтіріп жүр ме екенсің орынына.
«Тақсыр!» деп есік ашты қыз да оған,

«Ей, достым, болмағай-ды бөтен адам?»
Жарық қып қараңғы үйді кіріп келді,
Көрісіп қырық кәнизак бәрі тамам.
Тастады аққу кебін бәрі тамам,

930. Сөйлесе сөзі дана, лебізі балдан.

Шам жақпай сәулесімен отырысты,
Жаратқан сонша артық Хақ Тағалам.
Перілер қараңғы үйді қылды жарық,
Пар келмес сұлулыққа одан артық.

Сандықтан Ғауаз батыр кіріп жатқан
Ұстады Құндызайды тұра салып.
Пері қыз сол уақытта жаман састы,
Астына арыстандай мықтап басты.

– Ей, достым, ренжіме, таптың теңің,

940. Әдейі іздеп шыққан жарың сенің.

Ұстада сені көріп ғашық болып,
Қара атпен қуып шыққан тастап елін.
Жиһанда Көрұғлыбек аты шыққан,
Білесің Ғауазханның жүрген сырын.

– Қалайша қуып шықтың сенің өзің,

Рас па кеңістікте айтқан сөзің?
Келмедің шақырғанда, ұшып кеттім,
Өткен соң ту сыртымнан екі көзің.
Келмедің, өкпеледім, шақырғанда,

950. Тілекті Тәңірім берер зар ұрғанда.

Ғашық боп жүрмесем де көп жүдедім,
Жеткізді Қадір Алла ақырында.
Қасыма келген болсаң, кетпес едім,
Жездеміз хан Көрұғлы теңдесі едім.

Ақырында рахатпенен қауыштырды,
Мұратқа асыққанмен жетпес едім.
Жұлдызай неше түрлі қылды сыйды,
Тағамның дүниедегі бәрін жиды.

Той қылып қырық кәнизак тамаша әйлап, 960. Сол жерде куә болып, неках қылды.

Ал енді екі ғашық жатқан жері,
Қосылып мерекеге батқан жері.
Адамды періменен Құдай қосып,
Ризық бір-бірінен татқан жері.

Қыз берді Ғауазханға ықыласты,
Теңгермей перизатқа ғазиз басты.
Бір күні амандасып елге қайтты,
Басынан жұлып беріп бір тал шашты.

– Сөзіме, Ғауаз батыр, құлақ салсаң,

970. Мәсәлан, мен керек болып хабар алсаң.

Көзді жұмып-ашқанша келсем керек,
Тұтатып бұл шашымды отқа салсаң.
Пері қыз амандасып кетіп қалды,
Сұлумен Жұлдызайдай үйде қалды.

Ішінде қырық кәнизак бір сұлу қыз,
Ғауазға бұл да ғашық бола қалды.
Бұл дағы ғашық болды күндіз-түні,
Ас ішпей, ұйқы көрмей көп жүдеді.

Айтуға патша қыздан бата алмайды, 980. Қасіретпен сұлу көрді көрмегенді.

Бір күні шыдай алмай айтты барып:

– Сарғайған зағыпырандай біз бір ғаріп.

Тағатым сізді көріп еш қалмады,
Жүрмесең мұнан былай есіңе алып!
Көрмеді мұны қабыл Ғауаз батыр,
Мұнысы ақырында болмайды ақыл:

«Алуға қыздың бәрін жөнім келмес,
Жолыңнан менің үшін қалма ғапыл!
Тұрады ертеңді-кеш жылап барып,

990. Алдында зар еңіреген міскін ғаріп.

Құдайым қасартқан соң амал бар ма,
Арызын тыңдамайды құлақ салып.
Бұл қызға ашуланып ұрды таяқ,
Батырың қаһарымен аямай-ақ.

Бәлеге оның үшін душар болды,
Біз айтар шара бар ма оны аяп?!
Ұрған соң қыз да кетті ашуланып,
Қыларға бір бәлені ойына алып.

Мезгілі түн ортасы уақытында 1000. Дауыстап патшасына айтты барып.

– Хан Қоқи, тындаңыз! – деп айғай салды,

Есіткен уәзірлері қайран қалды.
Кешегі қызыңды алып, күйеу болған,
Сіздің жұрт осы сырдан бейхабар-ды.
Астына мініп жүрген Қара атты,

Баласы Көрұғлының Ғауазхан-ды.
Қызылбас, түрікпен елі дұшман еді,
Қорықпай сарайыңда жатып алды!
Есітті терезеден қыздың сөзін,

1010. Төңірекке тігеді екі көзін.

Кеңесіп уәзірімен отырады,
Сұрады: «бұл қалай?» деп етпей төзім.
Падиша мұны естіп қаһарланды,
Есітіп Қара ат атын есінен танды.

Бар еді неше жүз мың әскерлері,
Соғысқа таза жалдап, ұрды заңды.
Ашқанша көзді жұмып кәпір надан
Батырын, әскер басын жиып алды.

Сақтай көр кәпірлерден, Кәрім Ханнан, 1020. Жиылған шыбын қалмас мұнша жаннан.

Қызбенен сарайында ұйықтап жатыр,
Бейшара, тыңда кеңес Ғауазханнан.
Жиылып түнде келді сансыз кәпір,
Падиша уәзірімен қалмай ғапыл.

Сарайын жеті қабат қамап алды,
Қызбенен ұйықтап жатыр Ғауаз батыр.
Сақтай көр кәпірлерден, Хақ Тағалам,
Әрбірі таудан үлкен кәпір надан.

«Бір хатар Ғауазханға болмағай» деп, 1030. Сол шақта келіп қалды Қызыр бабаң.

Ұйықтап жатыр еді, салды айқай,
Болған соң пірден хабар көңілі жай.
«Жау алды жеті қабат айналаңды,
Тұр, жаным, Қара атқа мін ғапыл қалмай!»

Оянды сонда Ғауаз көзін ашып,
Шошынып шықты түгі қайраты асып.
«Япырым-ай, түн ішінде немене?» деп,
Жалаң бас, жалаң аяқ шықты сасып.

Кәпір тұр төңірегін қамап алған, 1040. Қара аттың басын шешті қарғып барып.

«Көрұғлы, қырық сардарлар, қайдасың?» деп,
Жылайды кәміл пірді жадына алып.
«Сиынды дәргаһыңда біздей ерлер,
Хабар жоқ бізден тірі алыс жерлер.

Жар болған Көрұғлыға Қызыр, Ілияс,
Медет бер, Ғаусыл ағзам, кәміл пірлер!
Жылаймын рухыңа көзімде жас,
Жалынып аяғыңа қоямын бас.

Жасымнан баққан мені қырық шілтен, 1050. Қолдаңдар енді мені, Қызыр, Ілияс»

Мұны айтып Ғауаз мінді Қара атқа,
«Жар бол!» деп кәміл пір мен Жаппар Хаққа.
Алыпты айналасын әскер қамап,
Жалғызды бұл бәледен өзің сақта.

Ақырып Қара атқа бала мінді,
Боларын бір сұмдықтың және білді.
Тастамай қолтығына қысып алып,
Сұлуды Жұлдызайдай ала мінді.

Секірді сонда Қара ат аспан-көкке, 1060. Бал Ғауаз көзін салды төңірекке.

Қызды алып, атқа мініп көптен қашты,
Көп ерлер шыққан екен жекпе-жекке.
Ақырды: – Бұл қалай, кәпірлерім?
Көмек жоқ маған берер, алыс елім.

Бабамыз Бозұғлан хан, Көрұғлы хан,
Қырық шілтен, Қызыр, Ілияс медеткерім.
Түрікпеннен шығып жүрген мен арыстан,
Болады зия мекен Жәмбілбелім.

Жаныңды жаһаннамға жіберейін, 1070. Келе бер сағынғаның өлімдерің.

Мұны айтып Қара атқа қамшы басты,
Тозаңы сонда көкке араласты.
Әскерді бетіндегі дал-дал етіп,
Көрінген үлкен таудан әрмен асты.

Таң ата алдындағы тауға келді,
Қайысқан жердің жүзі жауға келді.
Келеді дүния жүзі шаңға толып,
Артына тауға шығып көзін салды.

Шығарды Жұлдызайды биік тасқа, 1080. Адам жоқ ақылдасар онан басқа.

Алды тау, арты әскер дүние толған,
Түсіпті зор қиындық ғазиз басқа.

– Иләһи, бір өзіңе асылғаным,

Кәпірді зор мәртебе қашырғаным.
Қашқаным өлгенімнен жаманырақ,
Жұлдызай, сізді Хаққа тапсырғаным.
Сізді алдым Құдай қосып, көңіл сүйіп,

Мұхаммед қосқанынан неках қиып.
Қызылбас жеті атадан бізге дұшман,

1090. Келген-ді естіген соң әскер жиып.

Дұшманға ерегіскен қарысқаным,
Найзаны кезек-кезек салысқаным.
Дүниеден жазым тауып көшіп кетсем,
Шаһизат, Тәңірі алдында табысқаным.

Дұғамен пірден тілеп жад етіп тұр,
Жұлдызай, Хаққа жылап, данышпаным.
Кәпірден Хақ Тағала қаза берсе,
Болғаны осы-ақ шығар қауышқаным.

Алладан тілек тілеп соғысайын, 1100. Тілегі қабыл болар мұсылманның.

Пір тұтып осы қыздан фатиха алды,
Жад етіп Көрұғлыны көңіліне алды.
Келеді құмырсқадай дүние толып,
Әскердің алды-артына көзін салды.

Қыз сонда дұға қылды: –Құдайым, – деп,
Бір дұға Хақтан тілеп қалайын, – деп.
Хауа ана, Адам ата, пайғамбарлар,
Зар тұтып панаңызға жылайын, – деп.

Ас ішпей, зікір айтып тасбихпенен, 1110. Артыңнан мен де жылап тұрайын, – деп.

Иләһи, бір өзіңе сиынғаным,
Мұндайда садақа еттім дүние малын.
Дінсізден, патша Құдай, аман сақтап,
Қор қылма дұшмандарға ғазиз тәнім.

Қас болып осынша елден шығып едім,
Шаһарға қайта барсам не болғаным?!
Пәруана басыңыздан мен бейшара,
Қайтпаған жаудан беті, қадірданым.

Ғауазға қаза берсе осы жолы, 1120. Күң құрлы есіктегі болмас сәнім.

Бұрынғы әулиелерді көңілге алып,
Жолыңа пида қылдым ғазиз жаным.
Ал енді атқа мінді еш қарамай,
Ғауазға жәрдем бергін, Жаппар Құдай.

Аш бөрідей жауға шапты Қара атпенен,
Таста отырып жылап қалды Жұлдызай.
Қара атпен шауып кетті тау басына,
Жәрдемге келмес адам еш қасына.

Ойлардан кәпір қанын ағызады, 1130. Қарамай көзден аққан еш жасына.

Жеке шыққан болатшы мен найзагер,
Оққа тұтар садақшы мен қылышкер.
Неше күндей дамыл алмай қырып жүр,
Ойына алмай кәпірлерді мұндай ер.

Шыдатпайды көзді жұмып-ашқандай,
Қайратынан дұшман қорқып қашқандай.
Қырып жүрді неше күндей тынбастан
Өтіп кеткен Рүстем менен Дастандай.

Өтіп кеткен Алла досты Зуалды, 1140. Қатым еткен қолда молда кәламды.

Алатаудың тасын қызыл қан қылды
Хазіреті шері Хайдар Әлидей.
Ақырзаман көрсетіп сол дұшпанға-ай,
Құдай айдап бір-біріне қосқандай.

Қырып жүрді Қызыр, Ілияс жар болып,
Әбубәкір, молда Омар, Оспандай.
Алатауға зеңбірегін атады,
Соғысқандар қызыл қанға батады.

Қарсы келген қызылбастың әскері 1150. Келген жерден қаза тауып жатады.

Қызылбастың зәре-құты қашады,
Ғауаз батыр ағын судай тасады.
Падишаның бұйрығымен екінші
Жүз мың мерген және соғыс бастады.

Жүз мың мерген оқты ата алмай қашады-ай,
Нашарлығы көрінеді масадай.
Он екі күн дамыл алмай қырып жүр,
Ойлау жерге жаудың қанын шашады-ай.

Мұнарадай әрбірінің бойлары, 1160. Қалды жесір қатын-бала, қыздары.

«Жеке барып шапқанменен болмас» деп,
Бәрі бірдей ат қоюға ойланды.
Жорға мініп тамам билер ырғалып,
Ақ сауыты қызыл қанға боялып,

Бәрі бірдей тұрған жаудың ат қойды,
Садақ, мылтық, зеңбірегін күңірентіп.
Бәрі бірдей бір баланы қамады,
Сонда дағы бір Алласы пана-ды.

Аямайды көп өшіккен залымдар, 1170. Найза, қылыш тұс-тұсынан салады.

Ғауаз батыр сиынады Аллаға,
Жалғыздықтан іші толды сәнаға.
Найза, қылыш батпан-батпан тиген соң,
Жетпіс екі жерден толды жараға.

Аямады залымдығын көп дұшман,
Жүз мың жауға лаж бар ма бір адам?
Қара ат тауға мұны біліп жөнелді,
Жетпіс екі тәннен ағып қызыл қан.

Ақ сауыттың үсті қанға боялды, 1180. Бір Аллаға қылған ісі аян-ды.

Жұлдызайдың қасына келіп, қан құсып,
Естен танып, ақ найзаға таянды.
Естен танып ат үстінен құлады,
Ұзынынан қара тасқа сұлады.

Тізесіне басын салып Жұлдызай,
Шыныменен енді Хаққа жылады.
Жұлдызайдың көзден жасы тізілді,
Жүрек-бауыры күйінгеннен езілді.

Қара ат тұрды бас жағында телміріп, 1190. Мұның дағы жүрек-бауыры егілді.

«Ей, Жаратқан Қадір Пәруардигари,
Мені жазба бұл дүниеде жүрерге.
Маған дағы осы жерде қаза бер,
Пенде қылып қызылбасқа жіберме!

Қане мұнда Ғауазхандай жолдасым,
Жоқ қасымда қырық кәнизак мұңдасым.
Бұрын патша заманымда болсам да,
Күңнен кейін бұл уақытта бір басым.

Сүйсем мейірім ақ бетіңнен қанар ма, 1200. Жоқ көңілде қызылбасқа барарға.

Балдағы алтын ақ семсерім қолымда,
Қазір тұрмын жүрегіме саларға.
Енді жүріп бұл дүниеден нетейін,
Жендет болып бір басыма жетейін.

Кәпірлерде қорлық көріп жүргенше,
Сүйген жардың мен де артынан кетейін».

– Бізді сақтап мұнда тұрма, жануар,

Бізден сәлем Көрұғлыға айта бар.
«Перзентіңнің халі нашар болды», – деп,

1210. Тезірек жет, мұнда тұрмай елге бар!

Қара аттың жас ағады көзінен,
Жылап айтқан Жұлдызайдың сөзінен.

– Жануарым, тұрма! – деді, – бұл жайда,

Хабар бергін Көрұғлыға тезінен!
Қара ат айтты: – Мен сөйлейін, Жұлдызай,
Иман берген пендесіне бір Құдай.
Жәмбілбелге не деп барып айтармын,

Не өлісін, не тірісін біле алмай?!
Шайхы-бұрхы жолдас болып жүр еді,

1220. Неше қиын машақатты көреді.

Сөйлейтұғын жануарда тіл бар ма,
Шайхы-бұрхы сөйлететін пірі еді.
Және бір айрықша сөз бар мұнда-ай,
Ғауазды келмеді деп қайғыланды-ай?

Баласы Райхан араб Ерназарбек
Таңертең жаяу барып шықты тауға-ай.
Қамшыға маңдай сүйеп қалғып кетті,
Көп тартып келмеген соң қасіретті.

Ғауаздың таста талып жатқандығы 1230. Бейне бір өңдегідей көрініпті.

Ұйқыдан оянады шошып жаны,
Ондай ерге ғашық болған бар ма арманы?
Боялып тұла бойы қызыл қанға,
Көрінді бейне сонда Ғауаз тәні.

Көзіне қанды жасы араласқан,
Беттемеген ер еді оған дұшман.
Белінде зұлпықары, найза қолда,
Жүгіртіп Бозтарланға қамшы басқан.

Бес қару ерге лайық қолына алды, 1240. – Жүз батыр, қайдасың, – деп айғай салды.

Көріпті менің достым көрмегенді,
Берермін оның үшін шыбын жанды.
Елінен сұрастырды «не білдің?» деп,
«Малшыны тілге алады «не көрдің?» деп,

– Тау асты атыс-шабыс, – деп айтады,

Түтінін зеңбіректің мен көрдім! деп.
Жүз батыр атқа мінді Елібайдан,
Пендеге себеп болмақ осындайдан.
Ақ туын Райхан араб қолына алды,

1250. Арыстан бұрқылдатып асты қырдан.

Болғанда белде садақ, қолда найза,
Нашарға тимес пе екен бүгін пайда?!
Секіртіп арғымағын аспан-көкке,
Дегендей қорқар емес жауың қайда.

Болғанда белде садақ, қолда алмас,
Шабады қатар жауға қалмай жалғас.
Әрбірі арыстандай ақырады,
Ер еді бір-бірінен кейін қалмас.

Болғанда мылтық қолда, сәлде баста, 1260. Разы болмақ керек ықыласқа.

Әрбірі жолбарыстай ыңыранады,
Бір қырғын салмақ үшін қызылбасқа.
Жасы бар жиырмада данышпандар,
Кәпірмен неше заман алысқандар.

Ат қойды Алатауға «я, Аллалап»
Үмбеті Мұхаммедтің мұсылмандар.
Тұлпармен бұрқылдатып келіп қалды,
Тоқтамай ауыздықпен қарысқандар.

Алдымен Ерназарбек шықты тауға, 1270. Қызылбас көзін салды шыққан жауға.

Дүниенің жүзі толған әскер екен,
Келтірді көп салауат Мұстафаға.
Қасына Ғауазханның жетіп келді,
Кім сөгер дана туған мұндай ерді?

– Басыңды жылдам көтер, шырағым, – деп,

Таста ер жата ма екен, бәрекелді?
Кәпірлер қорлық берді қалайынан,
Көрейін не де болса талайымнан.
Түрегел, жатпа таста, Ғауазхан! – деп,

1280. Ерназар келіп сүйді маңдайынан.

Жұлдызай отыр екен қайғыланып,
Көрген соң Ерназарды кетті талып.
Көтерді бірі барып оның басын,
Міскінге шаттық кірді бек қуанып.

Ал сонда айғай салды: – Ғауазхан!» – деп,
Кеудеде бір шыбындай бар ма жан? – деп.
Кеудеңде жаның болса басың көтер,
Досыңмын ахиреттік Ерназарбек!

Ғауазхан әзер-мәзер көзін ашты, 1290. Қан қылып жатыр екен қара тасты.

Дауысын естіген соң Ерназардың,
Көтеріп алды жерден ғазиз басты.

– Әкелші, Қара ат қайда, мінейін, – деп,

Сізбенен қызық дәурен сүрейін, – деп.
Тәніме жара салған қызылбастың
Шетінен аш бөрідей тиейін!» – деп.
Орнынан ақырса да тұра алмайды,

Аяғын қадам басып жүре алмайды.
Тұрса да ерлікпенен, сау жері жоқ,

1300. Қара атқа түрегеліп міне алмайды.

Жүз батыр Елібайдан кірді жауға,
Бетімен қызылбастар қалды дауға.
Әрбірі арыстандай ақырысып,
Кәпірді бұрқылдатып қуды тауға.

Ерназар қайтып келді жауды қырып,
Жамандар қайтып кетті мысы құрып.
Қасына Ғауазханның келіп түсіп,
Ерлерге бұйырады өзі тұрып:

– Ер жігіт жаудан қашпас жанын аяп,

1310. Басына қызылбастың тиді таяқ. Болғандай махшар күні, о дариға, Елібай салды қырғын таңғажайып.

Сұрайды Жұлдызайдан Ерназарбек,
Қасіретке қайғыланып уайым жеп.

– Үш жылдан бері қарай сіздің қолда,

Айтшы енді, не оқиға, не көрдің? – деп.

– Аты озып, Құдай беріп, мені алды,

Кәпірлер бұл батырдан бейхабар-ды.
Шақырып Қап тауынан перізаттан,

1320. Ұстадық Ахмер қызы Құндызайды.

Ерназар тартты сонда қасіретті,
«Салдың, – деп, – басқа, Құдай, қайғы-дертті».

– Баласы ол перінің, шаһизада,

Сіздерге қайтарында не деп кетті?
Батырға о да берді ықыласты,
Теңгермей перизатқа ғазиз басты.
«Шақыр, – деп, – керек болсам сіздерге егер»,

Басынан беріп еді бір тал шашты.
Тұтатты шашын отқа Құндызайдың,

1330. Тамамдап айтты бәрін осы жайдың.

Аспаннан алтын тақпен келіп қалды,
Артықша пендесі екен бір Құдайдың.
Қасында қырық қызы бар аққу кепті,
Күш берген оларға артық Құдірет-ті.

Ашқанша көзді жұмып шаһизада
Аспаннан алтын тақпен жетіп кепті.
Ғауаздың басын сонда алдына алды,
Жатқанға шыбын жаны бек қуанды.

«Ойнағын перілердің шапшаң құр» деп, 1340. Қырық қызға қаһарменен айғай салды.

Әскердің ойнақ құрды төбесіне,
Бұл айтқан құлақ салғын кеңесіне:

– Тез жылдам таспен ұрып қырып таста,

Обал деп бұған қайғы жемей, сірә.
Қырыңыз таспен атып қызылбасты,
Аяма діні жаман өңшең насты.
Тимесін ақ сәлделі мұсылманға,

Кесермін жазым қылсаң өз басыңды.
Ақ сәлделі хақ мұсылман Елібай,

1350. Иман берер пендесіне бір Құдай.

Жазым қылма Ерназардың әскерін,
Жайын оның білмесеңіз осылай.
Пері жиды Алатаудың тастарын,
Қоспай кетті бір-біріне бастарын.

Тас төбеден пері ойнақ құрған соң,
Қырып салды қызылбастың әскерін.
Патшасы жалғыз қайтты елдеріне,
Шаһар салып мекен еткен жерлеріне.

Дүние толған көп кәпірлер сап болды, 1360. Кіргендей боп әкесінің көрлеріне.

Қайтып келді Елібайдың батыры,
Қырылған соң алдындағы кәпірі.
Он екі ер шаһид болып өліпті,
Қайырлы боп бұл жұмыстың ақыры.

Ерназар пері қызбен амандасты,
Қол алып бір-бірімен ықыласты.
Қалайша етеміз деп Ғауазханды,
Жігіттер қыздарменен ақылдасты.

Қыз айтты: – Алып елге кетейін, – деп, 1370. Мақсатқа алып барып жетейін, – деп.

Дүниедегі дәрігердің бәрін жиып,
Бір дәру жарасына етейін – деп.
Болмайды бұған риза Ерназарбек,

– Бәріңнің айтқаныңа көнбеймін, – деп.

Көһи Қап жердің шеті, ойлап тұрсам,
Алысқа сізге барса кетеді, – деп.
Бармасқа Көһи Қапқа мақұл көрді,
Кетуін ұнатпайды, алыс жер-ді.

Шарқ ұрып дүниені пері қыздар, 1380. Жиыпты ғаламдағы дәрігерді.

Жараға дәрігерлер дәрі салды,
Бір нәрсе ажалсызға себеп бар-ды.
Халқында Елібайдың бір жыл жатып,
Саламат Ғауаз батыр жазылған-ды.

Ерназар қырық күндей қылды тойды,
Той қылып бірнеше бас малын сойды.
Зейнепгүл қарындасын неках оқып,
Үш қызға үш үй тігіп жасап қойды.

Ғауазхан Елібайда жатты бір жыл, 1390. Отырған тәрбиелеп үш қызыл гүл.

Сағынып Көрұғлыбек Жәмбіл ханын,
Қайтпаққа енді еліне қылды көңіл.
Ғаламнан уақытында бақыты асты,
Үш қызға көңілі шат боп судай тасты.

Ерназар бес мың үйлі жұртын жиып,
Жәмбілге көшемін деп ақылдасты.

– Жау болдық қызылбасқа қасірет қылып,

Халіміз біздің мүшкіл мұнда тұрып.
Көрұғлы сұлтанменен жүз көрісіп,

1400. Тұралық сол шаһарда біз де барып.

Елібай даярланды тастап жерін,
Алатау мекен еткен асқар белін.
Бір көшіп Ғауазханмен жүрмек болды,
Қасына ап Ерназарбек бес мың үйін.

Олжасы сансыз түйе, қой мен жылқы,
Кигені – асыл прән, асыл құлпы.
Күңірентіп шаһизаттар көше берді,
Тартқаны керней-сырнай, ойын-күлкі.

Перілер аралас жүр адамменен, 1410. Бола ма жақсы жолдас жаманменен?!

Мінәсіп теңін тауып болысыпты,
Болмайды ғалым жолдас наданменен.
Саламат шығын болмай осынша елден,
Пендеге әрне болса Тәңірім берген.

Арада неше күндей тынбай көшіп,
Өтіпті көп Елібай бетпақ шөлден.
Өткен соң бетпақ шөлден көлге келді,
Жәмбілге қарайтұғын жерге келді.

Сүйінші Көрұғлыдан алмақ үшін 1420. Ерназар Тарланменен жүрмек болды.

Тарланға Ерназарбек мініп алды,
Қап елін Ғауазханға тапсырады.
«Өздерің аман болсаң, келерсіз» деп,
Алла деп жолға түсіп кете барды.

Ерназарбек қамшы басты Тарланға,
Көзін салып қарамады жалғанға:
«Тау мен тастан жығылмаңыз, жануар,
Жазым тауып болмағайсың арманда».

Шапты Тарлан Жәмбілбелдің жолына, 1430. Қарамады оңы менен солына.

Қарсы келген тау мен тастан қарғыды,
Қамшы запы батқаннан соң қоңына.
Ұшқан құстан кетті озып шапқанда,
Бес жүз құлаш жазылады атқанда.

Жеті күндік жерге кешке келіпті,
Ақшам өтіп күн қызылы батқанда.
Келді кешке күн қызылы батқан соң,
Елдің алды түн қараңғы жатқан соң.

Бір шеткі үйге жөнін айтпай қонады, 1440. Көрұғлыға келеді таң атқан соң.

Хабар білмей іздейді екен арыстан,
Атын қинап бұ да келген алыстан.
Жеті жылдай сергелдең боп Көрұғлы,
Жер бауырлап жатады екен данышпан.

Ерназарбек хабар салды даладан,
Майханада ойнап жүрген баладан.

– Патшаменен жүз көрісем, түсем деп

Тыста тұр деп айтып келші бір адам.
Көрұғлыға бала келді: – Сұлтан хан,

1450. Хақ мұсылман көрінеді бір адам.

Астында бар Бозтарланы арғымақ,
Түс-тұлғасы тап Қара аттан аумаған.
Әмір қылды: – Сол жігітті әкел, – деп,
Қара атқа ұқсас мал болмайды бекер, – деп.

Жөн сұрайын басқа жайдан келген-дүр,
Ғауазымнан хабар білер ме екен? – деп.
Ерназарбек ұлықсат алып келіпті,
Раушан жүзін Көрұғлының көріпті.

Тағзымменен қол қусырып отырып, 1460. Хақ сәлемін мұсылманның беріпті.

– Қайдан жүрген ер боласың, шырағым,

Қай жерде еді мекен-жайың, тұрағың?
Ғауазхандай перзентімнен айрылып,
Әр адамнан қылып жүрмін сұрауын

– Танымасаң, Райхан араб баласы, Жеті атадан шынжыр қатар бабасы. Менің атым Ерназарбек болады, Осы күнгі Елібайдың ағасы.

Танымассыз, Ерназарбек боламын, 1470. Зікір тартқан көкірегім сәнамен.

Ғауазханың есен-аман келеді,
Сүйіншіні сіздей бектен аламын!
Құсты қуып кетіп еді Ғауазың,
Үш перизат келе жатыр келінің.

Қылған істің бәрін баян етейін,
Тындасаңыз, Ғауазхандай еріңнің.
Балаңызға көп қызмет еттім мен,
Ақырын ойлап мұратыма жеттім мен.

Ғауазбенен ахиреттік дос болып, 1480. Сұрағанда қызды беріп кеттім мен.

Падишаның қызы еді Жұлдызай,
Перизаттан күн секілді Құндызай.
Қарындасым Зейнепгүлді бердім мен,
Жетістірген мақсатына бір Құдай.

Қызылбаспен жау болған соң тұра алмай,
Бес мың үйлі көшіп келді Елібай.
Қараспанға қондырарсың, Көрұғлы,
Менің жайым сұрасаңыз осылай.

Қызылбаспен балаң сапты ұрысты, 1490. Өз білгені кей адамға дұрыс-ты.

Қара таста естен танып жатқанда
Жетпіс екі тәннен тиіп қылыштар.
Хақ Тағала хабар бізге берген соң,
Шын мұғайын анық түсті көрген соң.

Жүз батырмен салдым қырғын дұшманға,
Жанды аяп не қылайын ерден соң.
Қайтармасын Тәңірім берген бұл бағын,
Көп қираттық қызылбастың боздағын.

Пері қыздар шақырған соң тез келіп, 1500. Төбесіне құрып ұрды ойнағын.

Алатаудың пері толтырды даласын,
Пері қыздар қоймай қырды баласын.
Біздің елде бір жыл жатып жазылды
Жетпіс екі қылыш тиген жарасын.

КӨРҰҒЛЫНЫҢ ТЕРМЕСІ

– Айналайын, шырағым,

Рас па, айтшы сөзіңді?!
Жолығып едім қасіретке
Қартайып тұрған кезімде,
Сенен несін аяйын.

1510. Елібаймен бір қосып,

Хан қояйын өзіңді
Текежәуміт еліме.
Дұшманынан кек алған
Арыстан туған еріңді.

Таниын жауға оқ атқан
Қатар туған теңіңді.
Танымаған құрбысын
Жамандықтың белгісі.

Тәж-тақтым да сенікі, 1520. Төмен орын менікі,

Жоғары орын сенікі.
Тастап келіп еліңді,
Тауыпсың енді теңіңді.
Қысылған жерде қолдапсың

Ғауаз батыр еріңді.
Еңбегің үшін алыңыз
Шаһар Жәмбілбелімді.
Ерназар, тыңда зарымды,

Көтердің шат қылып белімді, 1530. Сенен несін аяйын

Маңдайымда барымды.
Оның үшін алыңыз
Жарты жиған малымды.
Қараспан таудың даласы,

Ат шаппаққа лайық-дүр
Тауларымның саласы.
Мұны да сізге берейін
Құс салған Һауадақ көлімді.

Ерназар алды тілегін 1540. Іздеп келген ханынан.

Қаншама алтын, мал берді
Маңдайдағы барынан.
Үш перизат қатыны
Қызмет етіп алдынан.

Амандық хабар білген соң
«Қырық жігітім қайда?» деп
Көрұғлы қақты барабан.
Ақ сауыты жарқылдап

Ерлер келді даладан. 1550. Алдынан шығып бармаққа,

Жақсылық хабар білген соң,
Шыдай алмай мінді атқа.
Көрұғлы сұлтан жөнелді
Бет алып Һауадақ көліне.

Шыдата ма Бозтарлан
Қатар шапқан жарыстан
Озып кетті көріне.
Ауыздықпен қарысқан,

Көрұғлының Мәжнүнкөк 1560. Қалмаған о да шабыстан.

Ерназар озып кетеді,
Шынымен сілтесе
Шеніне бармай кетеді.
Бал Қара аттың жоқтығы

Арыстанға батады.
Аттан түсіп Көрұғлы
Жер бауырлап жатады.
Сонда сұлтан зарлайды,

Қара атым деп, арыстан: 1570. – Қайран Қара ат, тұлпарым,

Басылмаған құмарым,
Қатар шапқан жарыстан
Мыңнан озған сұңқарым.
Басылар күнім болар ма,

Сені көріп іңкәрім?
Көрұғлы сонда жылайды
Қара атым деп, арыстан.
Қарасын үзіп кеткен соң

Наза болды данышпан. 1580. Көңілге қапа салады,

Басын тартып Тарланның
Ерназар тосып алады.
Келе жатқан көп ердің
Қарсы алдына барады.

Ғауазханды көрген соң,
Көрұғлыдай еріңнің

1587. Көңілі сонда тынады.

ТҮРКІМЕН ҚАСЫМХАН

Бұрынғы заманда Хиуа шаһарында сегіз арыс Сейілхан, яғни түрікпен жұртында Көрұғлы ханның асырап алған баласы Хасанханның ұлы Қасым батырдың он бес жасында қызылбастың Жанәділ деген патшасымен соғысқаны-дүр.

Белде-белде, белде өткен,
Белдің сәнін келтірген
Қоғалы қара көл де өткен.
Көлдің сәнін келтірген

Жағалай қонған ел де өткен.
Елдің арын жоқтаған
Еңіреген ер де өткен.
Ойық желке, көк мойын,

Бәйгеден озған кер де өткен. 10. Қысқа күнде қырық шапқан

Арыстан туған шер де өткен.
Қарқаралы хан да өткен,
Хандар мінген тақ та өткен,
Маңдайға біткен бақ та өткен.

Бұлбұл құстай сайраған
Шежіре таңдай жақ та өткен.
Бесқала, Бессам жерінде
Хиуаның ішінде,

Түрікпеннің елінде, 20. Хасанханның баласы

Қасым деген ер де өткен.
Ат жалын тартып мінгенсін,
Он бесіне келгенсін,
Қызылбас, қытай жауына

Мылтықтың оғын күңіренткен.
Мінген аты Көкаяқ,
Тұлпардан туған жез аяқ.
Алтын балдақ қолға алып,

Жауды көрсе тұлданып, 30. Талай жауды еңіреткен.

Солардан өткен сұм дүние,
Түбіңе сенің кім жеткен?
Арғы атасы Қасымның
Шаһизада Сейітхан.

Сейітханнан Батырхан,
Сайыпқыран ер болып
Қызыл қанды сапырған,
Соғысса жауды жапырған.

Ел шетіне жау келсе 40. Арыстандай ақырған,

Нар түйедей бақырған.
Тар орын, тайғақ кез келсе,
Бабасына сиынып,
Аруақтарын шақырған.

Онан туған кім десең?
Сейіханның баласы,
Түрікпеннің жағасы,
Асылда туған хан Бисін,

Ырғала басқан паң Бисін, 50. Соғысқан жері қан Бисін.

Он жасында оқ атқан,
Талай-талай батырдың
Басын кесіп жоғалтқан.
Қаһарланса хан Бисін

Қар жаудырған қабақтан.
Қозы жауырын, қу жебе
Қойны толған садақтан.
Кешегі өткен ер Бисін,

Өліп кетті демесең, 60. Кем болмаған қазақтан.

Және дағы туыпты
Хан Бисіннен Қабыл хан.
Онан да ерлік табылған,
Жау көрмесе сағынған.

Қарқаралы хан болып,
Сегіз арыс Сейілхан
Бір өзіне бағынған.
Қабылдан туған Хасанхан

Негізі нұрдан жасалған. 70. Қайсардың қара тасындай

Дұшманын көрсе қасарған.
Жауды көрсе желігіп
Екі көзі жасарған.
Қызылбас пен қытайдың

Екеуін бірге қостырған.
Еділ менен Жайықтан
Қалмақтың халқын бостырған.
Ерегіскен дұшманын

Алдына салып жостырған. 80. Сонан бір өлген секілді

Ноғайдың ханы Қашқар хан.
Еділ, Жайық екі арна,
Әмірі жүрген Астархан.
Көрұғлы ханның қолында,

Өзбектің халқын басқарған.
Көрұғлы ханның ер Хасан
Асырап алған баласы,
Оған кімнің шарасы?

Атса мылтық өтпеген, 90. Қарғаса қарғыс жетпеген,

Болыпты батыр, шамасы.
Жалған емес бұл сөзім,
Кітаптан көрген сарасы.
Хасан патша билеген

Сегіз арыс Сейілхан.
Хасаннан туған Қасымхан,
Бес қаруын асынған,
Оғы жауға шаншылған.

Ат жалын тартып мінгенсін, 100. Он бесіне келгенсін,

Ерегіскен дұшманы
Аяғына бас ұрған.
Сейілханның елінен,
Хорезм, Бұхар жерінен

Батырлығын асырған.
Он бесінде Қасымның
Басы бақыр қазандай,
Сырты сары сазандай.

Жауырыны бар қақпақтай, 110. Желке айдары тоқпақтай.

Екі қары шатқалдай,
Тұла бойы, ниспасы
Жауға құрған қақпандай.
Екі көзі жауһарлы,

Жауға шапқан сақтанбай.
Екі беті ажарлы
Қырмызы қызыл мақпалдай.
Қызылбаспен соғысып,

Жалғыз өзі мақтанды-ай. 120. Он бесіне келгенде

Қызылбаспен қас болып,
Ерлігіне мас болып,
Жауға жалғыз аттанды-ай.
Еңіреген ер еді

Арпа ішінде бір бидай.
Жалқы туған неме еді,
Ақыл, қайрат көп еді.
Ат үстіне мінгенсін

Қызылбастың қалың жау 130. Қытай, қалмақ арасы,

Аттың басын теңеді.
Атса мылтық өтпеді,
Шапса қылыш кеспеді,
Қарғаса, қарғыс жетпеді.

Самарқанның сары балын сапырған,
Бұхараны бүлдіріп
Арыстандай ақырған.
«Сейілхан!» деп шақырған,

Ерегіскен жауларын 140. Қоғадай қырып жапырған.

Алысса жауға болмаған,
Қырық мың әскер кез келсе,
Бір кісідей көрініп,
Оған көңілі толмаған.

Қалмады жері бармаған,
Қалмады жауы алмаған.
Дүниенің төрт бұрышын
Тұлпарменен шарлаған.

Қасымхан атқа мінгенсін 150. Сегіз арыс Сейілхан

Алынбай ары қалмаған.
Опасыз сұм дүния-ай,
Біздер кімнің еркесі,
Соларды да жалмаған?!

Қара теңіз бойында,
Самарқанның ойында,
Қызылбас деген халықтың
Жүз елу мың үйі бар.

Қызылбас жолы қиын жол, 160. Жолының қатты күйі бар.

Он екі қабат қорғанды
Арал деген қала бар.
Таспен атса бұзылмас,
Тақия тас қамал бар.

Сол қызылбас халқына
Жанәділ сұлтан хан болған,
Жалғыз өркеш нар болған.
Бір өзінің қайраты

Қырық мыңға пар болған. 170. Сол қызылбастың Жанәділ

Қашаннан халқын алдырмай,
Жеріне салғырт салдырмай,
Қасымға қатты ар болған.
Сонда Қасым ойлаған,

Ойласа ойға тоймаған.
Сұлы менен сөк беріп,
Тұлпар атын сайлаған.
Алмайын деген батыр жоқ,

Арал деген қаланың 180. Он екі қабат қорғаны,

Тақияның тас қамалы,
Әскердің жолын байлаған.
Арыстан туған ер Қасым:

– Қызылбастың еліне,

Қара теңіз жеріне
Барайын деп ойлады.
Тақияның тас қамал
Алайын деп ойлады.

Жанәділді алмасам, 190. Еліне ойран салмасам,

Өлсем өліп сол жолда
Қалайын деп ойлады.
Не болса да соғысып
Қарайын деп ойлады.

Жеңілсе де, жеңсе де,
Тәуекел белін байлады.
Сегіз арыс түрікпен,
Тиген жауы үріккен,

Бәріне хабар салады. 200. Еңіреген ерлерін,

Бәйгеден озған керлерін,
Бәрін де жиып алады:

– Қызылбасқа барам, – деп,

Қалай барсам алам? – деп,
Халық билеген ханына,
Ақыл иесі қартына
Ақыл-айла салады.

Сонда Қасым сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:

210. – Түрікпендей халқым-ай,

Жасың үлкен қартым-ай,
Аттануға ойлады-ай,
Жанәділге баруға,
Еліне ойран салуға

Қасым сынды ерің-ай.
Мен-мен едім, мен едім,
Еңіреген ер едім.
Арғы атамнан белді едім,

Жеті атамнан дүмді едім. 220. Ат жалын тартып мінгенсін

Қазаққа теңдік бермедім.
Қырық мың әскер кез келсе
Бір кісідей көрмедім.
Он бесіме келгенсін,

Құдайым дәурен бергенсін,
Алтын балдақ, ақ семсер
Талай жауға сермедім.
Талай жауды шапқанда,

Жауға қол оқ тартқанда, 230. Кемеліме келмедім.

Әттең, ақыл білмедім,
Қызылбастың Жанәділ
Бір соғысып көрмедім.
Сейілхандай ұлтыма,

Түрікпендей жұртыма
Жерін алып бермедім.
Тақияның тас қамал,
Тас қамалын қиратып,

Елін алып бермедім. 240. Өзім Қасым болған соң,

Хабарын жаудың есітіп,
Бармай қалар ер ме едім?!
Түрікпеннің Хасанхан,
Ер Қасымның бабасы,

Хасандайын ханының
Қасым жалғыз баласы.
Хан Хасанның көзінің
Ағы менен қарасы,

Бағырының парасы. 250. Сонда Хасан сөйлейді,

Сөзін тыңдап қарашы:

– Айналайын, Қасымжан,

Жалғыз едің басынан.
Балдырғандай қайысқан,
Он саусағың майысқан,
Кем еді, қарғам, жасың-ай.

Қызылбастың Жанәділ
Көп соғысып ала алмай,
Еліне салғырт сала алмай,

260. Ағарды менің шашым-ай.

Барма деймін, тіл алсаң,
Қасым сынды асыл-ай.
Тілімді алмай, сен барсаң,
Айтпады деме, қарағым,

Қиындық келер басыңа-ай.
Аңла, күшін айтайын:
Қызылбастың халқына
Қырық мың әскер қол болып,

Неше дүркін аттанып, 270. Алайын деп барғанмын.

Жанәділге бір ойран
Салайын деп барғанмын.
Алмақ түгіл елдерін,
Сынып қайтқан белдерім,

Қырылып өзім қалғанмын.
Айналайын, Қасымжан,
Ала алмайсың елдерін,
Сынып қайтар белдерің,

Тілімді алсаң, сен барма, 280. Тілеп алған, жалғызым,

Айттым ғой қиын жерлерін.
Алты айшылық жолы бар,
Алты айшылық шөлі бар.
Шөл жеріне барғанда

Шөлден өлер, Қасымжан,
Бәйгеден озған керлерің.
Және дағы айтады:

– Қара теңіз бойында

Арал деген шаһары. 290. Жанәділдей сұлтанның

Аждаһадай қаһары.
Шаһарының аузында
Он екі қабат оры бар.
Он екі күндік жерлерден

Болаттан жайған торы бар.
Оған барған батырдың
Маңдайының соры бар.
Жанәділдей сұлтанның

Басы бақыр қазандай, 300. Сырты сары сазандай,

Шаңырақтай көзі бар.
Арыстандай ақырған
Әжептәуір сөзі бар.
Жүз елу мың әскері,

Қырық мың ерлік өзі бар.
Атса мылтық өтпейді,
Қарғаса, қарғыс жетпейді.
Түрікпен, түрік елінде

Қытай, Қырым жерінде 310. Онан батыр өтпейді.

Әскер жиып сен барсаң,
Барғаныңды кектейді.
Тақияның тас қамал
Тас қорғанын бектейді.

Кіретін жоқ есігі,
Бас жағында тесігі.
Тесіктен атқан зеңбірек
Тас төбеңнен көктейді.

Тілімді алсаң, сен барма, 320. Қарағым, әлің жетпейді.

Еңіреген ер Қасым
Сонда тұрып толғансын:

– Бармай қалар жайым жоқ,

Жаудан аяр жаным жоқ.
Барамын деп әуелде
Бір қиялға алғансын,
Тәуекел міндім жорғасын,

Талабымды Алла оңғарсын. Жаудан қашып қалғанмен 330. Үйімде тұрсам қалар ма Ажалы жетсе сұм басым? Басыма тарлық іс келсе Ата-бабам қолдасын. Жаңғыздық келсе қайтейін,

Болғай дағы біздерге
Қызыр, Ілияс жолдасым,
Ғайып Ерен мұңдасым.
Тәуекел – ердің жолдасы,

Алланың адам – қаңбағы . 340. Бұйрықты жерде қаласың,

Айдаса Аллаң бір басың!
Барамын десе, барады,
Жауға ойран салады,
Хасанхан білді Қасымның

Енді тоқтап тұрмасын.
Қасым батыр сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

– Азаматым, жүріңдер,

Ден сауында аралап 350. Жер қызығын көріңдер!

Құрбы менен құрдасым,
Уайымсыз еріңдер!
Ер жігіттің белгісі
Қиямен көшпей ат шықпас.

Баянсыз пәни, білесің,
Қолда бақи тұрмасын.
Қызылбасқа баралық,
Барып ойран салалық,

Өлсек дағы, дүние-ай, 360. Көңілде арман қалмасын.

Бізге мұндай күн қайда,
Жауға аттанып шабысар,
Қызылбаспен алысар,
Бір күн Құдай алғансын.

Өкінгеннен пайда жоқ,
Өткен іске хайла жоқ.
Не көреміз жалғаннан,
Қараңғы көрге салғансын?

Сонда тұрып ер Қасым, 370. Жұрт жалынса болмады, Жұрттың тілін алмады, Көптің тілін не қылсын, Көп әскердің бастығы

Хасанның тілін алмады,
Сөзіне құлақ салмады.
Түрікпендей халқынан
Жалғыз батыр Қасымхан

Атқа мініп барады.
Қарабай атты жас бала,

380. Қайраты оның қисапсыз,

Қасымханнан қалмады.
Қасым менен Қарабай
Тұлпар мініп жарысып,
Үзеңгісін қағысып,

Қызылбастың еліне,
Қара теңіз жеріне
Ұшқан құстай парлады.
Бейітханның Қарабай,

Жеке біткен қарағай 390. Егескен жерден ар алып,

Қасарған жерден қан алып,
Дәл он екі жасында
Салды жауға бұлағай.
Қасым менен Қарабай

Тұлпарларын мінеді,
Бес қаруын іледі,
Бір Тәңірден тіледі.
Арыслан туған ер Қасым

Кісінің тілін алмайтын, 400. Қайсардың қара тасындай

Қасарысқан ер еді,
Енді екеуі жүреді.
Екі бірдей сұңқары
Көлден ұшып кеткенсін,

Айтқан сүрегі біткенсін
Түрікпен халқы жылады.
«Қасымхан жалғыз кетті, – деп,
Басыңнан дәурен өтті» деп,

Сегіз арыс Сейілхан, 410. Қырық мың әскер жиналып

Хасанханға келеді.
Келе әскер сөйледі:

– Ай, Хасанхан патшамыз,

Жалғыз ұлың ер Қасым,
Жауға салды бір басын,
Ертіп кетті қасына,
Он екі жасар Қарабай

Бейітханның қарғасын,
Таңдап алды жолдасын.

420. Қырық мың үйлі түрікпеннен

Алмай кетті ер Қасым
Құрбы менен құрдасын.
Тастап кетті елдерін,
Еңіреген ерлерін,

Жалғыз кетіп ер Қасым
Сындырды жұрттың белдерін.
Бұрын-соңды жүрмеген,
Жөн-жосығын білмеген

Қарала таудың қалың шөл 430. Көреді балаң жолдарын.

Шөлден балаң өлтірер
Бәйгеден озған керлерін.
Алдияр, сұлтан ханымыз,
Қасымнан аяр жоқ еді

Бір шыбындай жанымыз.
Рұқсат берсең, тақсыр хан,
Жүреміз дейді ерлерің!
Сонда Хасан ойлады,

Ойлап ойға тоймады. 440. Қарабай, Қасым кеткенсін,

Жалғызы сапар еткенсін,
Бармасына болмады.
Сейілханға ат салды,
«Жиылсын!» деп еліне

Жасауылмен хат салды.
Жинап алды қалаға
Түрікпеннің елдерін,
Еңіреген ерлерін,

Ерлер мінген керлерін. 450. Шабамыз деп аттанды

Қызылбастың елдерін.
Қарқаралы хандарын,
Балуан, мықты жандарын,
Бәрін де жиып алады.

Көрұғлының баласы
Тумаса да туғандай,
Орнын тұтқан данасы,
Өзбектердің панасы,

Шаһизада Ғауазхан 460. Оған да хабар салады.

Арыстандай ақырған,
Нар түйедей бақырған,
Соғысса жауын жапырған,
Ғауаздай нәнді алады.

Тұлпар мінді сайлаған,
Алтын балдақ қылыш алды –
Ішсе қанға тоймаған.
Қырық мың нөкер қасында,

Хан тәжісі басында, 470. Сол уақытта Хасанхан

Алпыс тоғыз жасында.
Сәуірдің жауған бұлтындай,
Халифа Рум жұртындай,
Тіл мен жағы ойнаған.

Ер қасына байлатып
Қозыжауырын оқ алды,
Күндік жерден тиетін,
Дұшманы отқа күйетін

Зеңбірек пен топ алды. 480. Қырық мың әскер нөкері

Көк найзалар қолға алды.
Жалғызы сапар еткенсін,
Хасан сынды ханыңыз
Оқ жыландай толғанды.

Не де болса бұл тағдыр
Бір Алладан болған-ды.
Патша Хасан ойлады:
«Қасымнан қалып қайтейін

Шырағы жоқ жалғанды». 490. Жақсы-жаман болса да,

Қандай күндер туса да,
Тәуекел етті хан Хасан,
Алла басқа салған-ды.
«Қасымханға ерейін,

Қызылбаспен соғысқан
Қызығын көзбен көрейін.
Жазатайым іс болса
Қалмайын, – деп, – арманда».

Өзі мінді Хасанхан 500. Айшылық жол бір басқан

Көк ала тұлпар тарланды.
Күдір-күдір асқанда
Болдырмаған заңғарды.
Қырық мың әскер қол болып,

Есебі жоқ мол болып,
Он екі жерден ту байлап
Қызылбасқа жолданды.
Көп түрікпен жағалап, Хиуадан шыққан аңғарды.

510. Түрікпеннің қалдырмай Бәрін де жиып алған-ды. Қырық мың әскер қалың қол Басы өлімге байланды. Тұлпардан таңдап ат мініп, Ат құйрығын шарт түйіп, Өңкей батыр ерікті Азамат болып бірікті. Жанәділ қылып атады

Далаға тігіп бөрікті. 520. Халқының басы Хасанхан

Жинап алып келеді
Қырық мың әскер шерікті.

Неше күндер жол жүріп Күні-түні мол жүріп, Қаралдының қалың шөл, Жорықшыға мәлім шөл, Әскер шөлге келіпті.

Алты айшылық шөлдерден,
Асқар дөң асып белдерден

530. Аман-есен өткенсін

Екі қара көріпті,
Тілегін Құдай беріпті.
Көрінген қара секілді
Қарабай мен ер Қасым.

Таныды әскер тұлғасын,
Артынан қуып келіпті.
Артынан әскер келгенсін,
Тілегін Құдай бергенсін,

Азамат болып бас қосып, 540. Ашады ерлер ерлікті.

Айтып-айтпай немене,
Айтқан сайын желігіп,
Қозады біздің делебе.
Жауға аттанған ер жігіт

Қайта қорқып келе ме?
Өзі болған ер жігіт
Дұшманға намыс бере ме?
Бақыты жоқ батырдың

Жауына жалғыз кеткенде 550. Артына халқы ере ме?

Әскер келді шулаған,
Айт пен тойдай дулаған.
Мұнан да артық Қасымға
Құдайым бақыт бере ме?

Бұ да болса Қасымға
Құдайдың бақыт бергені.
Қарқаралы ханы мен
Халқының қосылып келгені.

Өңкей батыр, ері кеп, 560. Азамат болып бірігіп

Жауына қарай желгені,
Құдайдың, міне, бергені!
«Шу-шу!» дейді, «шу!» дейді,
Шу дегенде гулейді.

Өңкей тұлпар мінгені,
Тұлпар мініп жарысып,
Үзеңгісін қағысып,
Шіркін-айын жөнгені.

Ол әскердің ішінде 570. Кімдер бар да, кімдер жоқ?

Он екіде жасы бар,
Жалғыз туған басы бар,
Бейітханның Қарабай
Әр соғыста бір өзін

Мың кісіге балады-ай,
О да бірге келеді.
Арғы атадан белді өткен,
Жеті атадан дүмді өткен,

Алтын таққа отырған, 580. Аузын балға толтырған,

Дүниенің тұтқасын
Қолына ұстап шайқаған,
Лашын құстай жайқаған.
Атса мылтық өтпеген,

Қарғаса, қарғыс жетпеген,
Көрұғлының баласы,
Өзбектің басы Ғауазхан,
О да бірге келеді.

Қасым оның інісі, 590. Інісі болған себебі

Хасан менен Ғауазхан,
Асырап алған екеуі –
Көрұғлының жынысы.
Қасымхан жауға кеткенсін,

Інісі сапар еткенсін,
Тарылды білем тынысы.
Әскер келді жақындап
Қызылбастың еліне,

Қара теңіз жеріне. 600. Жер түріне қарасаң,

Артық жақсы орасан.
Күдір боп жатқан белі бар,
Үйрек ұшып, қаз қонған
Шалқып жатқан көлі бар.

Арал деген қалада –
Тақияның тас қамал,
Тас қамалдың ішінде
Жанәділдің елі бар.

Мәуесі жерге төгілген, 610. Жоңышқасы бүгілген,

Шалғыны бар иірілген.
Балдырғаны білектей,
Бүлдіргені жүректей,
Қымыздығы күректей,

Бақасы қойдай шулаған,
Балығы тайдай тулаған,
Жер сәуірі ол еді.
Түрікпеннің көп әскері

Осы жерге келеді. 620. Мұнарадан қарауыл

Жау қарасын көреді.
Жанәділдей патшаға
Барып хабар береді:

– Жанәділ сұлтан, ханымыз,

Жолыңда болсын құрбандық
Бір шыбындай жанымыз.
Қырық мың әскер қол болып,
Есебі жоқ мол болып,

Он екі жерден ту байлап, 630. Келіп қалды жауыңыз.

Жауға назар салыңыз,
Жылдамырақ барыңыз!
Қырық мың әскер қалың жау
Келіп қалды еліңе,

Қонып қалды көліңе,
Ғапыл қалма ханымыз!
Біздің сөзге наныңыз,
Мұнараға барыңыз,

Өз көзіңмен, тақсыр хан, 640. Жауға назар салыңыз!

Жауға назар салмасаң,
Әскер жинап бармасаң,
Кетер біздің сәніміз.
Сол уақытта Жанәділ

Мұнараға барады,
Дүрбіні қолға алады.
Дүрбіменен қарады,
Жауға көзін салады.

Көп екенін көреді, 650. Мұнарадан түсіп Жанәділ

Ордасына кіреді.
Қызылбастың еліне
«Жау келді, – деп, – жеріме»,
Сонда хабар береді.

Әр тарапқа ат салды,
Жасауылмен хат салды.
Тоқсан қала бастығы
Тоқсан ханы бар екен,

Оларға хабар салады, 660. Бәрін де жиып алады.

Түрікпеннің елдерін,
Сындыруға белдерін,
Ақыл-айла қарады.
Қызылбас шәрі зор еді.

Он екі қабат тас қорған
Тақияның тас қамал,
Тас қамалдың сыртынан
Он екі қабат ор еді.

Ордың аузын байлады, 670. Тас қорғанның үстінен

Түрікпенге атуға
Зеңбірегін сайлады.
Қызылбас туы жасыл-ды,
Жиырма екі ту байлап

Даңқы жұртқа шашылды.
Тоқсан балуан ерлері
Тоқсан тұлпар ат мініп,
Ат құйрығын шарт түйіп,

Өңкей болат асынды. 680. Он екі күндік жерлерден

Болаттан темір тор жайып
Жасады жауға тәсілді.
Әскердің басы Жанәділ
Және де хайла табады.

Он екі күндік жерлерден
Болаттан мыс тор құрады.
Қырық мың әскер түрікпенді
Торға түссе атуға

Зеңбірегін таяды. 690. Әскері мен Қасымды

Торменен байлап аларға
Қызылбас жиды қияны.
Сол уақытта түрікпен
Тиген жауы үріккен.

Қызылбастай жауының
Жайған торын көрген соң,
Бұлар да қатты желіккен.
Қырық мың әскер бастығы,

Түрікпеннің ерлері 700. Қарабай, Ғауаз, ер Қасым

Болат торға киліккен.
Батырлар торға келеді,
Үш тараптан үшеуі
Болат торға кіреді.

Алтын балдақ семсері
Темір торды тіледі,
Тілегін Құдай береді.
Алтын балдақ көк алмас

Суырып алып сермеді, 710. Торды бұйым көрмеді,

Он екі қабат торлары
Шіріген бөздей күйреді.
Көк найзамен көтеріп,
Жан-жағынан сүйреді.

Қирата шапты торларын,
Тұлпар атпен таптады
Он екі қабат орларын.
Торын бұзып қайнатты

Қызылбастың сорларын. 720. Қиратса да торларын,

Құлатса да орларын,
Тақияның тас қамал
Ала алмады қорғанын.
Жақындаса қамалға

Қозыжауырын оқ атты,
Зеңбірекпен топ атты,
Саржаның кез оғын
Жауған қардай боратты.

Қарабай, Ғауаз, Қасымхан 730. Тақияның тас қамал

Ала алмай қайтып баратты.
Алар жолдың қиынын
Ханына айтып барады.
Алатын амал жолдарын

Байқамақ боп барлады.
Жақындаса оқ атқан,
Зеңбіректен топ атқан,
Жүре алатын айла жоқ,

Құр қайраттан пайда жоқ, 740. Тауысты ерлер шараны.

Ала алмай жауды келген соң,
Хан алдына шақырды
Қарабай атты баланы:

– Ай, Қарабай, Қарабай! Арыстан туған сен едің, Жеке біткен қарағай, Атаң жауға көп шапқан Алды-артына қарамай.

Сенің атаң Бейітхан 750. Түрікпеннен озған ер, Жауға қол оқ созған ер. Бір соғыстың ішінде

Он екі қамал бұзған ер,
Жауды көрсе қызған ер.
Алладан ажал жеткен күн,
Өліп те кетті жазған ер!

Қарабай жомарт сен едің,
Атаға тартып туған ер,
Атаның жолын қуған ер.

760. Он жасында, қарағым,

Дұшманның алдын буған ер.
Тұрғыл, қарғам, тұр, – деді,
Алмадай мойның бұр, – деді,
Жауға аттанып жүр, – деді.

Тұлпарыңа мін, – деді,
Бес қаруың іл, – деді,
Тақияның тас қамал
Күншығыстан ти, – деді,

Желкесін жаудың қи, – деді, 770. Дұшманыңа қолыңды

Арғы жерден соз, – деді,
Он екі қабат тас қорған,
Ең болмаса, Қаражан,
Біреуін, қарғам, бұз, – деді,

Әскербасы ер болып,
Патшадан Хасан бата алып,
Қатарыңнан оз! – деді.
Қарабай сонда сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді: 780. – Қарқаралы хан Хасан, Ерден туған нар Хасан. Жақсы айтасыз сіз, – деді, Халқым, міне, көр! – деді. Көрсін халқым ерлігім, Қамал бұзған шерлігім, Екі талай болғанда Бәйгеден озған керлігім.

Қызылбасқа барайын,
Жәрдем берсе Құдайым,

790. Медет болса бабайым,

Басымды кесіп алса да,
Мойыныма бұғау салса да,
Жауға екпінді салайын.
Тәңір маған жар болса,

Бейітхандай бабамыз
Аруағы бар болса,
Жауға оғым таяйын.
Бір шыбындай жаным бар,

Бір қасықтай қаным бар, 800. Өлсем өліп қалайын,

Өлмесем ойран салайын.
Жалғыздың жары бір Құдай,
Болғай Алла панайым.
Түн ортасы ауғанда,

Таң мезгілі болғанда,
Қызылбас ұйықтап қалғанда,
Тас қамалдың шетінен,
Құбыла тарап бетінен,

Астына мінген көк дөнен, 810. Қамалға шапты көлденең.

Тас қамалдың сыртынан
Көк найзасын сүйреткен.
Сары жебелі кез оқпен
Тас қорғанын күйреткен.

Сол уақытта қызылбас
Қарабай сынды бөріге,
Еңіреген еріңе
Қол оқ тартып еңіреткен,

Зеңбірек атып күңіреткен. 820. Қарабай оған қасарып

Аруағын тебіренткен.
Талқан қылды қорғанын,
Найзаменен түйреді
Қарсыласып барғанын.

Жанәділ көріп жылады,
Тақияның тас қамал
Бір жағынан жарғанын,
Енді жаудың алғанын.

Мұнарадан көріп тұр 830. Он екі мың әскерге

Он екі жасар баланың
Жалғыз ойран салғанын.
Алты күндей атысып,
Қара қанға батысып,

Бірінші қамал ішінде
Он екі мың әскерін
Тауысты бала тарланың.
Екінші қабат тас қорған,

Оны да бұзып басқарған. 840. Күш-қайратын көрген соң,

Батырлығын білген соң,
Қарабай сынды баладан
Қызылбастар жасқанған.
Үшінші қатар қамалға

Келіп қолын салғанда,
Қамалын бұзып алғанда,
Зеңбірек жауды аспаннан.
Қарабай сонда сөйледі:

– Зеңбірегің, қызылбас,

850. Мені шаққан шыбындай,

Шыбынды көріп жасқанбан.
Ажалым жетсе өлермін,
Қоям ба қорқып соғыспай,
Қалар ма жаным қашқаннан?

Төртінші қабат қамалға
Келіп қолын салады,
Оны да бұзып алады.
Бесіншіге қолын салғанда,

Жетпіс мың шынжыр бұғалық 860. Мойнына түсіп қалады.

Қарабай ерді бұғаулап
Қызылбастар тартады,
Бұғаумен тартып қарады,
Үстінен тор жабады.

Сол уақыттар болғанда,
Арыстан туған Қарабай,
Семсерін қолға алады.
Жетпіс мың шынжыр бұғалық

Сыртынан келіп салады, 870. Дал-дал болып барады.

Бес қорғанын алғанда,
Алтыншыға қолын салғанда,
Қасымхан менен Ғауазхан
Олар да келіп қалады.

Тізе қосып үш батыр
Тақияның тас қорған
Жан-жағынан жарады.
Он екі қабат қамалдың

Ай жарым күн атысып, 880. Қара қанға батысып,

Он бірін бұзып алады.
Бұза алмады біреуін,
Жыға алмады тіреуін.
Шағылды батыр таулары,

Алдырмады жаулары.
Тақияның тас қамал
Аспанменен таласқан,
Таласса да қарасқан.

Тақияның басынан 890. Зеңбірек атса қызылбас

Күңіренеді жер-аспан.
Ай жарым күн соғысып
Батырлар шаршап жабықты.
Күні-түні шабуыл

Тұлпар да болса жалықты.
Ай жарым күн ішінде
Он бір қамалды алыпты.
Он бірінен ол қиын,

Тақияның тас қамал, 900. Жалғыз өзі қалыпты.

Тақияның тас қамал
Қорғаны биік алдырмай,
Қызылбас қолын салдырмай,
Қарабай, Қасым тарықты.

Тақияның қамалын,
Алатын таппай амалын,
Тұлабойы қан болып,
Жүрген жері шаң болып,

Қарабай, Ғауаз, Қасымхан 910. Ханына қайта барыпты.

Сонда Хасанхан үш батырға бұйырады.
Әскердің басы Хасанхан
Бұйырды пәрмен және де
Қарабай сынды балаға,

Қасымхан мен Ғауазхан
Екі бірдей данаға:

– Көп қызылбас жиналған

Арал деген қалаға.
Он бір қамал бұзғанда
Тақияның тас қамал

920. Жалғыз аман қала ма?

Сиыныңдар, арыстаным,
Бір жасаған Аллаға.
Тарыға қалсаң, ерлерім,
Жәрдем сұра жалбарып

Көрұғлы ата-бабаға!
Он бір қамал алғанда,
Жалғыз қорған ала алмай,
Қызылбас деген жауыңның

Маңайына бара алмай, 930. Халқыңды қойма табаға!

Тәуекел етіп барыңыз,
Айнымай сүрен салыңыз.
Қырық мың әскер қол болып,
Есебі жоқ мол болып,

Он екі жерден ту байлап,
Аттанайық бәріміз.
Қарқаралы ханыңыз
Бұйырады, барыңыз!

Қимылдаған жанымыз, 940. Жалғыз Аллаң жар болса,

Көрұғлы хандай бабаңның
Аруағы бар болса,
Тақияның тас қамал
Бір шетінен жарыңыз!

Хан бұйырды амал жоқ,
Бармай қалар заман жоқ.
Қасымхан мінген Көкаяқ,
Айшылық жол бір басқан –

Тұлпардан туған жез аяқ. 950. Қарабай мінген көк дөнен

Жауға шапты көлденең.
Көрұғлы ханның Ғауазхан
Қосыла шапты кеудеден.
Қаһарлы үш арыстан

Тұлпар мініп жарысқан,
Қызылбас деген жауының
Қамалына барысқан.
Қырық мың әскер қол болып,

Есебі жоқ мол болып, 960. Он екі жерден ту байлап,

Түрікпеннің көп әскер
Батырларға қосылған.
Көп әскердің алдында
Қарабай, Ғауаз, Қасымхан –

Бес қаруын асынған.
Қырық мың әскер қалың қол,
Он екі жерден ту байлап
Батырларға қосылған.

Аттанды жауға түрікпен, 970. Тиген жауы үріккен.

Қызылбасты қуалап,
Тас қамалын жағалап,
Келді әскер желіккен.
Сол уақыттар болғанда

Қызылбастың қалың жау,
Барабан тартып, шың қақты,
Әскерін қалың жинапты,
Сұлы менен сүт беріп,

Тұлпар атын сайлапты. 980. Қызылбастың Жанәділ

Жиырма екі ту алған,
Жауды көріп қуанған,
Барабан қағып, шың тартып,
Алпыс нарға оқ артып,

Арбалап үйді зеңбірек,
Аспанның үстін қызартып.
Ұрыстың құрды базарын,
Шығарды көкке тозаңын.

Атысуға түрікпенмен 990. Қызылбас салды әскерін.

Ай жарым күн соғысып,
Қызылбастың түрікпен
Қайтарып кетті қаруын.
Қызылбастың Жанәділ

Қарқаралы хан әділ,
Өзі сұлтан, төре еді,
Еңіреген ер еді.
Алтын тақта отырған,

Аузын балға толтырған, 1000. Барабанды қақтырған,

Елу мыңдай әскерді
Оң жағынан шаптырған.
Елу мындай әскерді
Сол жағынан шаптырған,

Салтанатын арттырған.
Әр тарапқа ат салған,
Жасауылмен хат салған.
Тоқсан қала бастығы

Тоқсан ханын алдырған, 1010. Бәріне хабар бардырған.

Тас қамалдың ішінен
Күндік жерден көретін
Мұнарасын салдырған.
Мұнараның үстіне

Алтын тағын қондырған.
Мұнараның үстінен
Күндік жерден жарығы
Әскеріне түсетін

Алтын панар жандырған. 1020. Көтерді алтын панарын,

Көрген соң жаудың сапарын.
Жекпе-жекке шықсын деп,
Түрікпеннің ханына
Жанәділ салды хабарын.

Қызылбастың патшасы
Жүргізді хабар араға:
«Түрікпеннің әскері
Кірмесін, – деп, – қалаға.

Екі жақтың ерлері 1030. Соғыссын, – деп, – далада».

Ханнан хабар келген соң,
Қызылбас хабар берген соң,
Түрікпеннің Хасанхан
Келсін деп сонда бұйырды

Қарабай атты балаға.
Сонда Хасан сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:

– Ай, Қарабай, Қарабай,

Жеке біткен қарағай. 1040. Жекпе-жекке келсін деп,

Түрікпен ханы шықсын деп,
Қызылбастың Жанәділ
Хабарын салды араға-ай.
Он екі жасар балдырған,

Арыстан туған қарағым,
Сала көр жауға ылаң-ай!
Айналайын, Қаражан,
Аттана көр арадан.

Балдырғаным, қарағым, 1050. Тұлпар мініп, ту алып,

Атаң патша атанған
Белгілі сайыпқыраным.
Қырық мың әскер ішінде
Артық еді талабың.

Талай соғыс болғанда
Қайырлы еді қадамың.
Сенің атаң бір күнде
Қыл жалаулы қалмақтың

Он екі бұзған қамалын. 1060. Бір кісідей көрмеген

Қырық мың әскер жиналған
Қызылбастың адамын.
Әскер ертіп, ат мініп,
Жасыңнан жауға қамтынып,

Болып тұрған заманың.
Екіталай болғанда
Артық еді-ау талабың.
Тақияның тас қамал

Бұзатұғын Қаражан, 1070. Сен табарсың амалын?!

Он жасыңа келгенде
Тұлпар мініп, ту ұстап
Құрттың жаудың танабын.
Екіталай іс болса,

Қайтейін, Аллаң жар болсын.
Атқа мінген жасыңнан
Қайратыңа таңдандым.
Сол уақытта Қарабай,

Жеке біткен қарағай, 1080. Ханның тілін алады-ай.

Тұлпардан туған көк дөнен,
Жауға шапқан көлденең,
Ер-тоқымын салады-ай.
Алпыс құлаш ақ найза

Оң қолына алады-ай.
Қарағай садақ, қырық кез оқ
Ер басына іледі-ай.
Атадан қалған ақ болат,

Алты құлаш шынжырмен 1090. – Алып белін орады-ай.

Құйысқанын қысқартып,
Екі айылын бек тартып,
Сары ала туы салбырап,
Сауытының шашағы

Тұс-тұсына саудырап,
Екі беті албырап,
Екі көзі жаудырап
Қаражан кетіп барады-ай,

«Аллалап» айғай салады-ай. 1100. Айғайлаған даусынан

Тақияның тас қамал
Сонда құлап барады-ай.
Және де айғай салады-ай,
Тақияның тас қамал

Жартасынан құлады-ай.
Құлаған қорған астында
Алты мың әскер сұлады-ай,
Қызылбасты Құдай ұрады-ай.

Қарабай атты баланың 1110. Тұлғасына таң қалып,

Ер екенін аңғарып,
Қайран қалып тұрады-ай.
Сол уақыттар болғанда
Қызылбастың Жанәділ

Алтын тақта ақырды,
Нар түйедей бақырды.
Тоқсан балуан бастығы,
Қызылбастың басты ұлы,

Қараман деген бар екен, 1120. Қараман ерді шақырды.

Қызылбастың Жанәділ
Жеті атадан дүмді өткен,
Қамал бұзған батыр-ды.
Еңіреген ер еді,

Өзі сұлтан, төре еді,
Өзі дана, ақылды:

– Ай, Қараман, Қараман,

Саған сеніп, қарағым,
Біздің халық апылды,

1130. Арыстан туған ер едің,

Халықтың асқар пілі едің,
Қызылбастың ішінде
Нысабың маған жақын-ды.
Жаудың қалай сыңайы,

Тумай кеткір жас бала
Келмей жатып жапырды.
Және дағы сөйлейді:

– Ай, Қараман, қарағым,

Айдын шалқар көлімсің. 1140. Арқада асқар белімсің,

Қызылбастың ішінде
Еңіреген ерімсің.
Дұшманға тартқан желімсің,
Шолпан, айым, күнімсің,

Өзімнің жақын інімсің.
Бара көр, қарғам, бара көр,
Жауға ойран сала көр,
Барып кегіңді ала көр!

Қарғадай қара түрікпен 1150. Қойдай шулап үріккен,

Аш бөрідей бөріккен.
Келіп тұрған жас бала
Алатын айла таба көр.
Алтын балдақ алмаспен

Алып басын қаға көр!
Сол уақытта Қараманнан Жанәділдей патшасы
«Жауыңа бар!» деп қалаған,
Сол уақытта Қараман

1160. Көзін салып қараған.

Тақия тасқа жиналып
Қырық мың әскер қамалған.
Тас қорғанын құлатқан,
Алты мыңдай әскерін

Бір айғайдан сұлатқан.
Қорлық көрді қызылбас
Он екі жасар баладан.
Сонда тұрып Қараман:

«Әкел!» деп атын ақырды. 1170. «Түрікпенге барамын»

Дегеннен соң Қараман,
Батырдың атын ұстауға
Жабылды сонда аламан.
Отыз мыңдай балуан

Қайраты бар алуан
Ұстауға атын жиылды.
Тұлпар сынды Қарала ат
Жасынан жүген кимеген,

Басына ноқта тимеген, 1180. Ұстауы да қиын-ды.

Қиын да болса амал жоқ,
Ұстамай қалар заман жоқ,
Алды-артынан тұлпардың
Қырық мың әскер қамады.

Бұғалық темір шалады,
Жетпіс қабат шынжырмен
Аяққа тұзақ салады.
Тұлпардан туған Қарала ат,

Жабылды отыз азамат, 1190. Жабылса да азамат,

Дал-дал қылып шынжырды
Сүйреп алып барады.
Және дағы ақырды,
Нар түйедей бақырды,

«Атымды жылдам ұста» деп,
Көп әскерін шақырды.
Қызылбастың көп әскер
Сонда жаман сасады,

Отыз мыңдай балуан 1200. Атқа қадам басады.

Жер тепкілеп шабынып,
Бұғалық сүйреп тартады.
Ұстай алмай тұлпарын,
Қос қанаты сұңқарын

Отыз мың балуан қайтады,
Қараманға айтады.
Сонда тұрып Қараман,
Хан еді туған қарадан.

Жеті қабат жібектен 1210. Арқан алды жаңадан.

Жүз мың әскер жиналып
Қарала атты қамаған.
Қамалап әскер барыпты,
Арыстан туған Қараман

Жеті қабат жібектен
Бұғалық арқан салыпты,
Тұлпарын ұстап алыпты.
Ұстап алды тұлпарын,

Қос қанаты сұңқарын. 1220. Алтын балдақ, ақ алмас

Алды қолға қырқарын.
Жетпіс құлаш найза алды,
Бес қаруын байланды.
Соғысуға түрікпенмен

Сонда батыр ойланды.
Тұлпарын алды үйретіп,
Қырық батпан күрзі алды
Оң қолына сүйретіп.

Бадана көзді кіреуке, 1230. Тоғыз қабат көк сауыт

Алды батыр киініп.
Жау іздеген түрікпенмен
Жасаймын деп соғысты,
Күн секілді күркіреп,

Екі аяғы жер тіреп
Келе жатыр Қараман.
Тақияның тас қамал
Бұзылғанға күйініп,

Келді батыр мүлігіп, 1240. Өз-өзінен бүлініп.

Бір өзінің қайраты
Қырық мың ердей көрініп.
Қара аты астында,
Қалқаны бар басында,

Он екі жасар балаға
Салады айғай шүйіліп:

– Ай, жас бала, жас бала,

Түрікпенге бас бала,
Қызылбасқа қас бала,

1250. Бұ майданнан қаш, бала!

Бұ майданнан қашпасаң,
Жекіріп келген Қараман
Қылады саған масқара.
Ұрыстың құрдың базарын,

Кетіпті жаман ажарың,
Бұ майданға, бейшара,
Айдап келді ажалың!
Басыңды баудай кесетін,

Қаныңды судай ішетін 1260. Қараман келді – дажалың.

Оярмын, бәлем, көзіңді,
Өлтірермін өзіңді.
Дүниенің жүзінен
Жоғалтармын ізіңді.

Осы келген түрікпен
Көп екен деп үрікпен.
Басынғандай елімді,
Шайқағандай көлімді

Қол басындай түрікпен 1270. – Нені көріп желіккен?!

Сен желіксең, түрікпен,
Кәне, қалма, қимылда!
Келдің ерге еріккен.
Сонда бала сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

– Ай, Қараман, қызылбас, Он екі жасар өзім жас, Олқы болса жас бала, Тақияның тас қамал

1280. Бір айғайдан бұзылмас.

Арғы атам түрікпен,
Тиген жауым үріккен,
Жауды көрсе біріккен,
Көк мойын ат, көк қылыш

Ерлерім ұстап желіккен.
Сенен мықты жауларға
Ата-бабам киліккен.
Атамның жолын қуғанмын,

Бабаға тартып туғанмын. 1290. Бейітханның аруағы

Тарыққанда жар болып
Талайдың алдын буғанмын.
Бұ да ерліктің нышаны,
Қылғанмын талқан орыңды,

Он екі күндік жердегі
Тапағанмын торыңды.
Біле білсең, қызылбас,
Қақсатқанмын сорыңды.

Және дағы сөйлейді, 1300. Сөйлегенде не дейді:

– Асу-асу, бел, – дейді, Аса бір соққан жел, – дейді, Бейітханның баласы, Көзінің ағы, қарасы,

Он екі жасар балдырған,
Жаудың есін тандырған,
Қарабай мырза мен, – дейді,
Іздегенім сен, – дейді,

Дәтің болса, қызылбас, 1310. Қағысалық кел, – дейді.

Қараман сонда сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:

– Асу да асу, бел, – дейді, Аса бір соққан жел, – дейді. Он екі жасар жас бала, Кезегімді бер! – дейді. Еңіреген ер, – дейді, Кезегім берсең, жас бала, Қылайын саған масқара,

1320. Қызығымды көр, – дейді.

Қарабай сонда толғайды:

– Жайықтың басы тал, – дейді, Тал жағалай мал, – дейді. Қараман сынды хан, – дейді, Кезегіңді ал, – дейді.

Алладан тағдыр жеткен күн,
Ажалдан қашып құтылмас
Бір шыбындай жан, – дейді.
Толғана мойнын бұрады,

1330. Алладан пәрмен сұрады.

Шошынып тізгін жимады,
«Қызылбас кезек алсын!» деп,
Қасқайып қарсы тұрады.
Қараман сонда ақырып,

Нар түйедей бақырып,
Аруағын шақырып,
Күн секілді күркіреп,
Екі аяғы жер тіреп,

Қырық батпан күрзімен 1340. Қарабайды салады.

Басында болат қалқаны
Сонда дал-дал болады.
Астында мінген көк дөнен
Жер бауырлап құлады,

Жаны аман қалады.
Атаңа нәлет қызылбас
Мықтап ұрған секілді
Қарабай атты баланы.

Саламат жаны қалған соң, 1350. Алласы жәрдем болған соң,

Кезегін о да алады.
«Қараманның басы», – деп,
«Алтын ердің қасы», – деп,
«Қақ жүректің тұсы», – деп,

«Өлер жерің осы!» деп,
Қырық батпан күрзімен
Қырындатып салады.
Қызылбас мінген Қарала ат

Жер бауырлап барады, 1360. Жаны аман қалады.

Екі бірдей арыстан
Шоқпарласып, атысып,
Қылыштасып, шабысып,
Талқан қылды даланы.

Қараман менен Қарабай
Бір күн, бір түн атысты,
Қара қанға батысты.
Екінші күн болғанда

Кезек-кезек бір-бірін 1370. Қылышпенен шабысты.

Үш күндейін шабысып,
Төртінші күн болғанда,
Екі батыр жұмсады
Бір-біріне найзаны,

Алатын қылды айланы.
Найзаменен салысып,
Жолбарыстай алысып,
Өлмедік деп найзадан

Сонда екеуі ойлады. 1380. Бесінші күн батырлар

Қолына алған секілді
Қозыжауырын жебені,
Бір-біріне кезеді.
Ат үстінен долданып

Аттың бойын тежеді.
Атқан оғы сол күнде
Қара тасқа кез келсе,
Талқан қылып үзеді.

1390. Қанша пәле қылса да

Оқ қарудан өлмеді.
Қарудан пайда келмеді,
Екі бірдей арыстан
Оқты бұйым көрмеді.

Алтыншы күні ақырып
Аударысты салады.
Жетінші күн болғанда
Бірін-бірі ала алмай,

Тағы атысып қарады. 1400. Сегізінші күн болғанда

Алтын балдақ, ақ семсер
Батырлар қолға алады.
Ат үстінде ақырып,
Аруағын шақырып,

Бір-біріне салады.
Тасқа тиген секілді
Тақылдап қайтып барады.
Тоғызыншы күн болғанда

Оқ қарумен ала алмай 1410. Тауысты ерлер шараны.

Оныншы күн болғанда
Ер Қараман шақырды
Қарабай атты баланы:

– Ай, Қарабай, Қарабай, Он күн оқпен алысып, Талқан қылдық даланы-ай, Тауыстық қой шараны-ай.

– Енді екеуміз, Қарабай, Неғылсақ та алысып,

1420. Белге тұсау шалалық, Тұлпардан түсіп майданда Енді күрес салалық, Күресіп, бала, қаралық, – Дегеннен соң Қарабай Аттан түсе қалады.

Белге тұсау байлады,
Қараман мен Қарабай
Екі күн күрес салады.
Қара жерден бір-бірін

1430. Көтеріп алып барады.

Қаһарланып батырлар
Салмағын салса долданып,
Қара жерді жарады.
Ала алмады бір-бірін

Жаяу күрес салғанмен,
Белге тұсау шалғанмен.
Сол уақыттар болғанда
Көрұғлының Ғауазхан

Қарабай атты балаға 1440. Жетіп келді Тарланмен.

Келіп Ғауаз сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:

– Ай, Қарабай, інім-ай, Ерлігіңде, қарағым, Жоқ екен сенің мінің-ай! Он екі күн болғанша, Қызылбасты ала алмай Кетті-ау, қарғам, сының-ай! Сыныңыз кетті, қарағым,

1450. Не болды, сайыпқыраным?

Жауға әлің жетпеді,
Қызылбасқа оғың өтпеді,
Атың үшін, қарағым,
Күйіп-жанып барамын.

Мақұл көрсең, Қарабай,
Қызылбасты маған бер.
Өзім соғыс салайын,
Өлсем өліп қалайын,

Өлмесем басын алайын. 1460. Ғауаз бұлай деген соң,

Көп жүргенін білген соң,
Арланды бала Қарабай.
Күресе берді батырмен
Алды-артына қарамай.

Киімінен түгі тікиіп
Тесіп өтті арадай.
Аллалап айғай салады-ай,
Қарамандай батырды

Көтеріп жерден алады-ай. 1470. Аспанға атып жіберді

Көк үстінде тұрғандай.
Көрінбей кетіп барады,
Қайтадан қағып алады.
Алмаспенен шалады,

Қанын ұрттап қанады.
Сол уақытта Жанәділ,
Іші оттай жанады.
Мұнарадан құлады-ай,

Ұзынынан сұлады-ай, 1480. Есінен сонда танады-ай.

«Аһ, дариға, кеттің бе,
Қарамандай ерім-ай?!
Елдің арын жоқтаған
Арыстан туған шерім-ай.

Қорғаның кетіп қолыңнан
Иесіз қалдың, елім-ай.
Он екі жасар түрікпен
Көрсетті маған керім-ай».

Бұл сапардан Жанәділ 1490. Айласы жоқ аяған,

От ішінен атуға
Зеңбірегін таяған.
Қырық мың әскер қалың қол
От қамалға кіргізбес.

Кіргізбек түгіл, қызылбас
Маңайынан жүргізбес.
От ішінде байқасаң
Салып қойған тұзақ бар,

Түсіп кетпей білгізбес. 1500. Көп түрікпен жиналып,

Сонда басын құрады.
Қамал бұзған ерлері
Жау маңына бара алмай,
От қамалды ала алмай,

Қарқаралы ханынан
Келіп ақыл сұрады.
Ешкім оны білмеді,
Ханы жауап бермеді.

Қарабай, Ғауаз, Қасымхан 1510. Әскерге ойран салса да,

От ішіне кірмеді.
Мұнан бұрын ол жұртпен
Екі ай жарым атысып
Мұндай қиын көрмеді.

Қолынан келсе о жерде
Соғыспай шығар ер ме еді?
От қамалды ала алмай
Және ай жарым жатады,

Қасына барса жақындап 1520. Зеңбірегін атады.

Батырдың жолын байлады
Зеңбірек атып жүргізбей.
Сиқырменен салған от қамал
Арасына кіргізбей,

Араға кірсе түсетін,
Қағып қойған қызылбас
Тұзағы бар білгізбей.
Сол уақыттар болғанда

Түрікпеннің Хасанхан 1530. Ызаланып ақырды,

Нар түйедей бақырды,
Көп әскерді шақырды.
Көп әскердің ішінде
Бір шайхысы бар екен,

Аты Керей батыр-ды.
Жеті атадан ер екен,
Асып туған ақылды.
Хасанхан сонда сөйледі,

Сөйлегенде не деді: 1540. – Ай, Керейім, Керейім,

Тарыға қалған жерлерде
Артық еді мерейің.
Қызылбастың от қамал
Ерлердің алды үрейін.

Баратұғын жол тапсаң,
Алатұғын жер тапсаң,
Әскербасы ер қылып
Үлкен орын берейін.

Өле-өлгенше мен өзім 1550. Уәзір қылып жүрейін.

Сонда бір Керей ойлады,
Ойлап ойға тоймады.
Жаратқан Хаққа сиынды,
Жеті қабат от қамал

Баруы жанның қиын-ды.
Көп түрікпен жиылды,
Керейге «бар!» деп қиылды.
Сонда бір Керей толғанып,

Алтын балдақ қолға алып, 1560. Сиқырмен салған от қамал

Жүріп те кетті жолданып.
Жеті түннің ішінде
Жағалап отты келеді,
Еңіреген ер еді,

Аруақ қысып долданып.
Шайхы Керей барады,
От қамалға қарады,
Бір жерлерге келгенде,

Жалғыз аяқ бір жолды 1570. Сонда тауып алады,

Жолға көзін салады.
Жіберді ханға хабарын,
Жалғыз аяқ жол барын,
Оңғарды Құдай жолдарын.

Қырық мың әскер түрікпен,
Жалғыз аяқ жолменен
Аллалап шауып күңіреніп,
Салды жауға қолдарын.

Жер ошақ қылып тапады 1580. Қазулы жатқан орларын.

Қайнатты бәлем сол жерде
Қызылбастың сорларын.
Тауысты қырып жандарын,
Ұстап алған секілді

Жанәділ сұлтан хандарын.
«Жанәділді әкел!» деп,
Хан алдына шақыртты,
Бұғау салып бақыртты.

Жүз елу мың әскерін 1590. Бәрін жиып өлтіртті.

Қол-аяғын бұғаулап,
Жанәділдей патшасын
Хан алдына келтіртті.
Сонда Хасан сөйледі,

Сөйлегенде не деді:

– Қызылбастың Жанәділ Қарқаралы ханы әділ. Ұстап алып өзіңді, Ояйын деп ем көзіңді.

1600. Құзырыма келтірдім, Өзіңді ұстап алдырдым, Қараманыңды өлтірдім. Тақияның тас қамал, Жеті қабат от қорған, Бәрін де қоймай бүлдірдім. Үш ай жарым соғысып, Нәндігімді білдірдім.

Бір менімен, Жанәділ,
Әліңді білмей алысып,

1610. Күні бүгін болғанда

Мойныңа бұғау ілдірдің.
Өлмеймін деп келдің бе?
Қара жерге тікеңнен
Кірмеймін деп білдің бе?

Өзің түгіл еліңді,
Кім өлтірді, Жанәділ,
Қараман сұлтан еріңді?
Кім көрсетті көрімді,

Нәндігімді білдің бе?! 1620. Жанәділ сонда сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

– Хасандайын ханым-ай, Пида болсын жолыңда

Жалғыз шыбын жаным-ай. Басымнан бақыт ауған кез, Кетті менің сәнім-ай, Бетімнен кетті әрім-ай. Мен жеңілдім, сен жеңдің, Мұны бір өзің байқашы-ай. 1630. Жеңілген жанға достық қыл, Қолында тұтқын болып тұр Жанәділдей ханың-ай. Сенікі болсын, Хасанхан, Қазынада барым-ай.

Жез бұйдалы нарым-ай,
Тоғай толған малым-ай.
Өлтірме, тақсыр, өзімді,
Ойма менің көзімді,

Тыңда менің сөзімді. 1640. Қасымхандай ұлыңа

Қызымды жалғыз берейін.
Керек болса құлың ғып
Өзімді де берейін,
Дегеніңе көнейін.

Жаныса болат өтер ме,
Жалынса жанын кешер ме,
Алдияр бас, Хасанхан,
Мұнан артық не дейін,

Босатшы мені, алдияр! 1650. Ғапу қылсаң күнәмді,

Зәбір көрдім демейін.
Жанәділ бұлай деген соң,
Жеңілгенін көрген соң,
Тілегін Хасан береді.

От қамалын сөндіріп,
Ордасында салдырған
Алтын үйге келеді,
Үй ішіне кіреді.

Жанәділ қызы Жәмила 1660. Бір сұмдықтың болғанын

О да сонда біледі.
Болса да жаман демеді
Ақылға дария кең еді.
«Қатарым жаңа келді, – деп, –

Тілегім Құдай берді» деп,
Алалы көз, аршын төс,
Алма мойын, жалқын шаш,
Жарқылдап шіркін күледі.

Жәмиланың сипаты 1670. Сегіз ұжмақ хорындай.

Ақ жүзінің көркі бар,
Ғарыштың жауған нұрындай.
«Хан ұлына тием, – деп,–
Шаһзаданы сүйем» деп,

Өз-өзінен қырынды
Айдын көлдің қуындай.
Асыл туған Жәмила
Назбенен сөйлеп керілді.

Керілгеннің белгісі – 1680. Басарына ерінді.

Қиғаштап қасын қараған,
Құлаштап шашын тараған.
Ажар-көркі, айбаты
Батырларға жараған.

Мойны қудай үзілген,
Сұңқардай көзі сүзілген.
Кер маралдай керілген,
Бұрылса белі бүгілген.

Шұбар ала көйлекті, 1690. Теңбіл ала бөрікті,

Бейне оның порымы
Ирамбағы ішінде
Алма мойын үйрек-ті.
Жібектен басқа кимеген,

Жорғадан басқа мінбеген,
Маңдайы күнге күймеген,
Туғалы жігіт сүймеген,
Қас арудың өзі екен!

Қызылбастың халқының 1700. Аузындағы сөзі екен.

Жанәділ сұлтан патшаның
Перзенті жалғыз қолында,
Ұлындай көрген қызы екен.
Қыз екен қиғаш қабақты,

Ақ бөкендей тамақты,
Ару екен салмақты,
Ақ күмістей бармақты.
Алтын таққа отырған,

Аузын балға толтырған, 1710. Талай хандар айттырып

Жәмиланы келсе де,
Сөзін қабыл алмапты.
Әуре болған сыртынан
Бір ғашық жан бар екен,

Бір көруге зар екен,
Аты Марғау қалмақ-ты.
Жәмиланың көңілі жоқ,
Сыртынан мәз, дүниебоқ,

Ер Марғаудың қиялы, 1720. Сүймесе де, ол қызды

Бір күн тартып алмақ-ты.
Хасанұғлы Қасымхан
Алтын айдар, кекілді,
Айдай ару Жәмила

Піскен алма секілді.
Екі бірдей бұраң бел
Сарайда алтын жатқанын,
Көп қызыққа батқанын

Сезген дұшман өкінді. 1730. Екеуіне Жанәділ

Алтын сарай салдырған,
Қызылбас пен түрікпенді
Тамашаға қалдырған.
Жәмила мен Қасымды

Кең сарайға алдырған.
Екі жарым ай сарайда
Тамаша ойын салыпты
Екі бірдей балдырған.

Екі бірдей асыл зат, 1740. Патшадан туған қос қымбат,

Өзіне дәурен тиген күн,
Талайдың ішін жандырған.
Сол қызылбас елінде,
Қара теңіз жерінде,

Қырық мың әскер түрікпен
Және ай жарым жатады.
Алтын сарай ішінде
Қасым менен Жәмила

Көп қызыққа батады. 1750. Қалмақтың басы хан Марғау

Есітті мұның хабарын.
Жәмиладай сұлуды
Қасым ердің алғанын.
Жасауыл салып жіберіп,

Жинады қалың адамын.
Жинамай әскер не қылсын,
Жеті жылғы ғашығы
Жәмиланың алды хабарын.

Қалмақ деген қандай жұрт? 1760. Тәуекел етсе нардай жұрт.

Білді әскер сол күнде
Қызылбастың еліне,
Қара теңіз жеріне,
Марғау патша барарын.

Сонда Марғау ақырды,
Нар түйедей бақырды.
Әр тарапқа ат салып,
Жасауылмен хат салып,

Жинап алған секілді 1770. Қырық мың әскер кәпірді.

Сонда Марғау сөйледі
Сөйлегенде не деді:

– Ей, қалмағым, қалмағым,

Жетті менің салмағым,
Жанәділ патша еліне,
Қара теңіз жеріне,
Керек еді, қалмағым,

Былтырғы жылы бармағым.
Берсе алып қолынан,

1780. Бермесе алып жолынан,

Керек еді Марғауға
Жәмиланы алмағым.
Жәмиладай сұлуды
Қасым мырза алыпты,

Сарайға алтын салыпты,
Енді еңіреп қалғаным.
Жәмиладан айрылып
Басымнан өтер жалғаным.

«Айдай ару Жәмила, 1790. Түрікпенге кеттің бе?

Тимеймін деп хандарға,
Ханнан туған жандарға,
Түрікпенге бағынып
Ой түбіне жеттің бе?

Жеті жылғы ғашығың,
Артыңа жалғыз қайрылмай,
Мені арманда еттің бе?!
Жәмила, менің жанымсың,

Жеті жыл ғашық жарымсың, 1800. Қолымда дәулет, малымсың.

Ғашық болып жүргенде,
Осынша тәуір көргенде,
Бір қайрылмай артыңа
Түрікпенге бағынып,

Опасыз әйел залымсың.
Ақылымды тауысып
Жарымның қолдан кеткені.
Сен жөнелсең түрікпенге,

Малымның қолдан кеткені. 1810. Қасымхандай түрікпен

Түбіме менің жеткені.
Жәмила қыздан айрылсам,
Басымнан дәурен өткені,
Өткен дәурен кеткені.

Хасанұлы Қасымхан
Жәмиланы алғаны,
Кең сарайға салғаны,
Жәмиладан айрылып,

Қанатымнан қайрылып, 1820. Марғау сынды батырдың

Басынан өтті жалғаны.
Базарлы жерге барармын,
Қолымнан келсе, Жәмила,
Қарағым, сені алармын.

Бәйгеден келген күнінде
Қалмақтың мен бір тарланы,
Не болса да көрермін,
Қазам жетсе өлермін,

Алланың болса салғаны. 1830. Өлмесе егер Марғаудың

Қалай кетсін дүниеде
Көңіліндегі арманы».
Сонда қалмақ жиналып
Қырық мың әскер қол болды,

Есебі жоқ мол болды.
Барабан тартып, шың қағып,
Он екі жерден ту байлап
Қызылбасқа жөнеді.

Бірнеше күн жол жүріп, 1840. Аз ғана емес мол жүріп,

Қара теңіз жеріне
Қалмақтарың келеді.
Қалмақтың басы хан Марғау
Еңіреген ер еді.

Жәмила менен Қасымға
Алтыннан салған сарайды.
Алтын сарай жағына
Батыр Марғау қарайды.

«Тоқтаңыз» деп сол жерде 1850. Әскердің алдын орайды.

Сол уақытта хан Марғау
Төс айылын қысқартып,
Екі айылын бек тартып,
Қабағы тастай түйіліп,

Лашын құстай шүйіліп,
Жеңсіз берен киініп,
Сарайда жатқан жерінде
Қасымға келді хан Марғау.

Өлтірем деп түңіліп, 1860. Жәмиланың зарынан

Келе жатыр күйініп.
Бес қаруын қолға алып,
Оқ жыландай толғанып,
Жәмиланың зарынан

Ердің көңілі ылғанып.
Екі көзі Марғаудың
Қанды жасқа былғанып.
Келе жатыр ит қалмақ,

Жәмила мен Қасымға 1870. Сауытқа сыймай долданып.

Сарайға келіп ақырды,
«Бері кел» – деп шақырды.
«Тиген байың қайда?» деп,
Жәмиладан сұрады

Қасымдайын батырды.
Еңіреген ер Қасым
Бес қару жоқ бойында,
Дәнеме жоқ ойында,

Хабарсыз жаудан ғапыл-ды. 1880. Ғапыл да болса ер Қасым,

Жанәділдің жалғызы.
Қыз Жәмила ақылды,
Шақырғанға бармады.
Қапылыста Жәмила

Жібермеген секілді
Қасым сынды батырды.
Және де Марғау сол жерде:

– Қасым батыр сен, – дейді, Марғау құрбың мен, – дейді.

1890. Замандас өскен қарағым, Көріселік кел, – дейді. Сағынып келдім өзіңді,

Бұл сөзімді біл, – дейді,
Батыр Марғау мен, – дейді,
Іздегенім сен, – дейді.
Барайын десе ер Қасым,

Жәмила рұқсат бермейді,
Барғанын қабыл көрмейді.
Өзі Қасым болған соң,

1900. Тілін алып әйелдің,

Бармай қалар ер ме еді?
Және де Марғау шақырды
Хасанның ұғлы Қасымды:

– Шақырсам неге келмейсің? Мен де өзіңдей асыл-ды. Қатынның тілін алған ер,

Қатынға күнін салған ер,
Сендей болса ерлерің,
Ұрайын сендей нәсілді.

1910. Жұртын құртқан Жәмила

Айналдырып басыңды,
Қылып отыр тәсілді.
Сол уақытта хан Қасым
Алтын үйден шығады,

Марғау айғай салған соң.
Марғау күліп кетер деп
Шығады үйден ер Қасым,
Құдайым есін алған соң.

Мұны көріп ал сонда 1920. Болаттан соққан кездікті

Қолына Марғау алады.
Ат үстінен шіреніп,
Екі бүйірін тіреніп,
Тартып келіп қалады.

Марғаудың атқан жез айыр
Қасым сынды еріңді
Қақ жүректен жарады,
Өтіп кетіп барады.

Мұны көріп Жәмила 1930. Сонда ойбай салады,

Басын сүйей қалады.
Жасауыл көріп бұларды
Ханға шауып барады.
Сонда әскер аттанды

Түрікпеннің халқынан,
«Қасымхан» деп шулаған
Жер күңіренді зарпынан.
Қарабай, Ғауаз – қос батыр,

Ахиреттік дос батыр. 1940. Қойып кеткен секілді

Хан Марғаудың артынан.
Неше күндер жол жүріп,
Азғана емес мол жүріп,
Күдірден күдір асады,

Белдерден белдер басады.
Екеуін көріп көп қалмақ
Онан сайын қашады.
Қалмақтың көріп қарасын

Екі батыр тұлпарға 1950. Сонда қамшы басады.

Қос-қос батыр, қос батыр,
Ахиреттік дос батыр,
Қолына түсер күн болса
Бәлем қалмақ ұқсатар.

Қарабай, Ғауаз – қос батыр
Қасымның қанын қояр ма,
Қанын ішпей Марғаудың
Қарабай, Ғауаз тояр ма?!

Қолға түссе Марғау ит, 1960. Хасанхан жаман қақсатар.

Екі бірдей батырдың
Таралғысы жалбырап,
Сауытының шашағы
Тұс-тұсынан саудырап,

Қабағынан қар жауып,
Кірпігінен мұз тамып,
Қалмаққа шауып келіпті,
Ашу қысып қалтырап.

Қойға тиген бөрідей 1970. Бөріктіре қырады,

Қалмақты қырдан асырад.
Қырық мың әскер қалмақпен
Алты күндей атысып,
Қара қанға батысып,

Бәрін де жаудың қырады.
Қалмақтың басы ер Марғау
Оны да ұстап алады,
Мойнына шынжыр салады.

Қасымханның бабасы, 1980. Түрікпеннің жағасы,

Хасанға алып барады.
Жылдам басын кестіріп,
Екі көзін тестіріп,
Қанын ұрттап алады.

Әлқисса Жәмила мен Хасанханның ғазалы.
Жәмила сонда жылайды:

– Айналайын, Қасымхан,

Атам қосқан жарым-ай,
Кәтепті қара нарым-ай.
Бірге ойнап жүре алмай,

1990. Қызығыңды көре алмай,

Тартып қалдым зарыңды-ай.
Құдіреті күшті, Құдай-ай,
Түбі қылдай жалғыздың,
Жәмиладай сорлыны

Артында жылап қалғыздың.
Жауһар көзді сұңқарым,
Жанына зауал жеткен күн
Қарақұсқа алғыздың.

Алғанымнан айырып, 2000. Қанатымнан қайырып,

Басыма қара салғыздың.
Қош-аман бол, ер Қасым,
Айналайын алғаным,
Қағып төсек салғаным.

Аяғыңнан оқ тиді
Бәйгеден озған тарланым.
Өлгенімнен кем бе еді,
Артыңда жесір қалғаным?

Айналайын, қарағым, 2010. Білгір сайыпқыраным,

Бітпей кетті арманың.
Алтын айдар кекілді,
Артық туған арыстаным.
Өтті ғапыл басыңнан

Баянсыз пәни жалғаның.
Қолымнан ұшты бұлбұлым
Пияладан жем жеген.
Басымнан ұшқан бақыт құс

Қайта айналып келмеген. 2020. Сен бір алған жарымсың

Дүние қызығын көрмеген.
Біз секілді бұраң бел
Жар қызығын білмеген.
Маңдайымның бағы жоқ,

Мен бір сорлы бейбақпын
Құдайым тілек бермеген.
Бермеді менің тілегім,
Шерге толды жүрегім.

Айдынды шалқар көлдерден 2030. Ұшып та-ау кетті үйрегім.

Заманым менің тарылды,
Сүйегім алтын жарылды,
Қызыл гүлім суалды.
Қырмызы қымбат жібегім

Аптапқа тиіп қуарды.
Панасызға айналып
Көзімнің жасы шұбалды.
Қарқаралы хан Қасым

Бір жыл күліп-ойнасам, 2040. Болмас еді обалды.

Әттең, жарым Қасымхан,
Заманым менің тұлданды,
Кең сарайың тұл қалды.
Жәмиладай бұраң бел

Артыңда жесір бұл қалды.
Жесір қалды Жәмила,
Арманым көп, дариға,
Қиын болды, қайтейін,

Жетпіске келген Хасанхан 2050. Атаң бір сорлы қария.

Әттең, ғапыл білмедім,
Кері қайтып келмедің.
Ардақтаған Қасымым,
Бір жыл ойнап-күлмедім.

Арманда болып мен сорлы
Күні-түні еңіредім.
Хасанхан:

– Жатырмысың, жалғызым,

Айналайын, Қасымхан,
Кеудедегі шыбынсың?

2060. Көзімнің нұры, шырағым,

Жаңа салдың атаңа
Дүниенің қайғысын.
Тал шыбықтай бұралып
Өскен таза, қарағым,

Он жасыңда жау жаулап,
Еліңнің алдың алғысын.
Он жасыңа келгенде
Тұлпар атқа мінгіздім,

Бес қаруың ілгіздім. 2070. Қырық нөкерге бас қылып,

Өз еркіңмен жүргіздім,
Таңдап сұлу сүйгіздім.
Астыңа тұлпар ат беріп,
Қасыңа әскер халық беріп,

Аспан астын шарлатып
Жер қызығын көргіздім.
Молдаға беріп жасыңда
Ғылымның жолын білгіздім.

Дүниенің жөнін білсін деп, 2080. Аруанамен жүргіздім.

Жаныңа тыныш болсын деп,
Жорғаменен кездірдім.
Ақсұңқар құсты баулыған
Көлден аққу ілгіздім.

Не пайда бар дүние-ай,
Ақырында атаңды
Жанған отқа күйгіздің.
Он бесіңе келгенде

Қолыңа найза ілдірдім. 2090. Жауға ойран салдырдым,

Тоқсан түрлі шаһарға
Үстінен жол арнадым.
Сахараны шолдырдым,
Қолыңа лашын қондырдым.

Аһ, дариға, не пайда,
Қызығын көрмей кеткен ер,
Басынан дәулет өткен ер,
Он алтыға келгенде

Тағдыр қаза жеткен ер. 2100. Он алтыға келгенде

Солып қалдың, балдырған.
Қолымнан ұшқан сұңқарым,
Естен Құдай тандырған.
Иесіз қалдың, қайтейін,

Түрікпендей елдерім.
Қорғаның құлап уақытсыз,
Сынып қалды белдерің.
Сарбас қулар жөн тартып

Суалып қалды көлдерің. 2110. Аяғы сынып мертілді

Бәйгеден озған керлерің.
Басшың, халқым, кеткенсін
Арылмас қайғы, шерлерің.
Шолпан, айың кеткенсін,

Қараңғы болар күндерің.
Сендер түгіл, қайғырды
Халық билеген патшаңыз.
Қырау тиіп қуарды

Қызыл гүлдей бақшаңыз.
Басшың кетті, қайтейін,
Енді жауға шаппаңыз.
Жанәділ сұлтан хан еді,

2123. Кәтепті қара нар еді.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ

Р.Мәзқожаев жырлаған «Раушанбек», «Көрұғлының көрде туғаны», «Ғират жайы, Көрұғлының Райхан арабпен соғысы», «Көрұғлының Шағдатқа барғаны» атты нұсқалар туралы.

Раушанбек

Р.Мәзқожаев «Көрұғлы» жырын төрт салаға бөліп, жеке-жеке тақырып қойып жырлаған, олар мыналар: «Раушанбек», «Көрұғлының көрде туғаны», «Ғират жайы, Көрұғлының Райхан арабпен соғысы», «Көрұғлының Шағдатқа барғаны». Жырдың бірінші саласы Көрұғлының әкесі Раушанбекке арналған. Атап айтатын жәйт: кейіпкердің әкесіне арналған жеке дастан тек қазақ пен әзірбайжандарда ғана бар. Әзірбайжандарда ол «Али Киши» деп аталады; Али Киши – Көрұғлының әкесі. Жыршылардың айтуынша Раушанбек – түркіменнің Ақыл ханының тұсында сыншылығымен белгілі болған Толыбай сыншының ұлы. Толыбай қаза жетіп өледі. Баласы абайсызда қызылбастардың ханы Шағдаттың қолына тұтқынға түседі. Бал ашып болашақты болжайтын мыстан кемпірдің айтуымен хан Раушанбекті өлімге бұйырады. Бірақ уәзірлердің біреуі араша түсіп Раушанбек тірі қалады, сосын құлдыққа сатылады, көп бейнет көреді. Ақырында оның сыншылық қасиетінен хабардар болған Шағдат хан оны қасына алады. Бірақ көп ұзамай шындықты айтқаны үшін екі көзін ойдырады. Шағдат ханнан рақым болмайтынын сезген Раушанбек амалын тауып өз еліне жетеді, онда көп ұзамай науқастанып қайтыс болады. Ал екіқабат әйелі Ақанай анасымен қызылбастардың елінде қалады. Түркімен мен өзбек версияларында да Көрұғлының әкесі – ат сыншысы. Қатал әмірші оның көзін қадірлі қонағына түрі нашар екі құлын ұсынғаны үшін ойдыртады. Бізде бұл эпизод сәл басқаша әңгімеленеді: Шағдат хан Раушанбектің сыншы екенін естіп оны сарайына алдырады да сынап көреді. Раушанбек сыншылығын дәлелдейді. Сонан соң патшаның сұрауымен басқа да өнерін көрсетеді. Нәтижесінде Раушанбек – жылқы сыншысы екені әрі түйе малының жампозы мен сиырдың тынжысын, сондай-ақ адамзаттың сырттанын жазбай танитын қасиеті анықталады. Сонда Шағдат хан «Енді менің өз басымды сынап бер, Мен сонан соң саған риза болайын» деп үш мәрте сұрайды. Раушанбек келіспейді. Ақырында, Шағдат хан қайта-қайта сұрап «қаның кештім, маған бір сын айт» деп болмағасын Раушанбек оның тексіздігін, яғни ол патшаның емес, наубайшының ұлы екенін айтады. Раушанбектің сөзін ханның туған шешесі растағанына қарамастан ашуланған Шағдат хан Раушанбектің екі көзін ойдырады. Демек басқа версиялармен салыстырғанда қазақ дастанында: 1) Көрұғлы әкесінің көзінен айырылу себебі басқаша түсіндіріледі; 2) бұл эпизод кеңейтіліп, таратылып берілген, дәлірек айтқанда Көрұғлы әкесінің тарихы жеке дастан етіп жырланған; 3) Раушанбектің тегі түркімен, қаласы Үргеніш делінсе де, оған қазақтың ертегі, аңыз, әңгімелерінің кейіпкері, құс пен аңдардың тілін білетін, соларға әмірі жүретін, адамның ойындағысын сезе алатын, аты мен даңқы шыққан данышпан әрі көріпкел Толыбай сыншының қасиеттері телінген. Сонымен нұсқаның негізгі мотив пен эпизодтары төмендегідей: қызылбастардың ханы Шағдаттың түркімен еліне шабуыл жасауы; Раушанбектің тұтқындалғаны; құлдыққа сатуға бұйырылғаны, оны Ғаждамбектің сатып алуы, Ғаждамбектің қызы – Ақанайға үйленуі; қурап қалған аттың басын сынап, оның тұлпар болғанын анықтауы; Шағдат ханның сарайына алғызуы; ханның сұрауымен Раушанбектің өнерін көрсетуі; шындықты айтқаны үшін көзінен айырылуы; екі көзі соқыр Раушанбектің базарда диуана сатып тұрған биенің қасиеттерін біліп сатып алғаны; биені баптағаны; Раушанбек пен Ғаждамбектің жасырын түрде еліне оралуы. Осылардың ішінде Шағдаттың түркімендерді шабуы, Раушанбекті тұтқындап ақырында көзін ойдыртуы – сюжеттік байланыс қызметін атқарады, басқаша айтқанда көптеген дастандардың жырлануына себеп болады. Себебі осы қылықтарымен Шағдат Көрұғлының ата жауына айналады, сондықтан Көрұғлы кегін қайтару үшін ерлік іс-әрекетке барады, Шағдатты тағынан түсіреді, қаласына ойран салады, өзін азаптап өлтіреді, қасына жауынгер жігіттерді жинайды, басқа да әділетсіз әміршілерге қарсы тұрады, ал асырап тәрбиелеген ұлдары оның істерін әрі қарай жалғастырады т.б.

Көрұғлының көрде туғаны

Бұл дастан Көрұғлы туралы шежірелік циклдың эпикалық бағдары, бүкіл идеялық-эстетикалық негізін анықтаушы болып табылады. Дәл осы мәтінде қаһарманның эпикалық ғұмырнамасының шешуші сәттері көрініс табады, нақтырақ айтқанда оның ғажайып жағдайда туылуы, елден ерекше болып өсуі және алғашқы жорығы – Отанына оралуы [тұлпарының қырық күн, қырық түн шабысы]. Яғни осы тұста оның батырлық мінезіне негіз қаланады, ол өзінің өмірдегі орнын түсінеді, батыр боп өсуі байқалады. Көрұғлының дүниеге келу тарихы, жылдам әрі батыр болып өсуі туралы осы кітаптың «Алғы сөзінде» жан-жақты айтылды. Сондықтан бұл жерде қысқаша ғана тоқталамыз. Дастанның бірінші «Раушанбек» атты саласында әлі туылмаған Көрұғлының әкесі көзінен айырылған соң өміріне қауіп төнгенін сезіп еліне қайтады. Еліне жетеді, бірақ көп ұзамай қайтыс болады. Қызылбастар елінде қалған екіқабат әйелі Ақанай қатты науқастанып, біраздан соң ол да дүние салады. Бала көрде туады. Демек, болашақ батыр әкесі өлгенде, өлі шешеден әрі жер астында – көрде туады. Басқаша айтқанда, төтенше жағдайда дүниеге келеді. Баланың ерекше жағдайда дүниеге келуін баяндайтын сарын көптеген халықтардың фольклорында кездеседі. Оның негізгі функциясы – болашақ батырдың басқалардан өзгешелігін, ерекше жаратылысын, кереметтігін көрсету. Шынында да осындай таңқаларлық, әдеттен тыс, төтенше жағдайда туған баланың батыр болып өсетіні, әкесі мен анасының кегін алатыны күмән туғызбайды. Бұған қоса жаңа туған баланы Ғайып Ерен қырық шілтен күтеді, жеміс береді, жолбарыстың жүрегін жұтқызады, арыстанға мінгізеді және атасы Толыбайдан қалған бие [оны Ғаждам айламен қолға түсірген] молаға барып баланы қоректендіреді екен... Біраз уақыт өткен соң әжесі Күләйімнің сенімді адамы Бабалы есімді табыншысы баланы көрден тауып әжесімен қауыштырады. Сөйтіп бала әжесінің қолында тәрбиеленеді, он бір жасқа толады. Ол Алпамыс секілді өте күшті, басқа балалардан ерекше болып өседі. Дастанда ол ойнап жүрген балалардың «Үлкен менен қарамады жасына, «Ұрады» деп бала бармайд қасына. Бір баланы жығып салып астына Шеке тамыр салып жатыр басына» делінеді [418-421-жолдар]. Көрұғлы өзінің жау жерінде жүргенін, туған елі өзге, алыста екенін кездейсоқ, таяқ жеген баладан естиді. Дәл сол сәтте оның балалық шағы бітеді: Көрұғлы әкесінің қайғылы тарихынан хабардар болады, ата жауы зорлықшыл Шағдат хан екенін біледі, ендігі міндеті мен мақсаты – әкесі мен анасының кегін алу екенін түсінеді. Сонымен Көрұғлы дәстүрлі эпостардың кейіпкері секілді он бір жасында батырлық мінез танытады, белсенді тұлғаға айналады. Осыдан бастап ол Көрұғлы бек, Көрұғлы ер деп аталады. Бұл саланың негізгі сарындары мен эпизодтары: Көрұғлының анасы Ақанайдың науқастануы; Ғайып Ерен қырық шілтеннің түсінде аян беруі, Ақанайдың өмірден өтуі, жерленуі; баланың көрде тууы; қырық шілтеннің баланы асырауы; Бабалының Ақанай жерленген моланың қасында баланың ізін көруі; баланы Қырық шілтеннің көмегімен ұстап әжесіне апаруы; әжесі баланы бөтен адамдарға көрсетпей өсіруі; баланың батыр да ержүрек болып өсуі, бөтен елде жүргенін кездейсоқ естуі; әжесінен әкесі жайлы, Шағдаттың зұлымдығы туралы хабар алуы; кек алуға бет бұруы; қырық күн, қырық түн атпен шауып елін тапқаны; әкесінің қайтыс болғанын естуі; атасы Ғаждамбекпен қауышуы.

Ғират жайы, Көрұғлының Райхан арабпен соғысы

Эпикалық қаһарман – қалың жауды жалғыз өзі жеңіп, мақсатына өз күшімен жетеді. Бірақ оның көмекшілері де жоқ емес, олар: қаруы мен тұлпары. Батырдың қару-жарағы «ер қаруы – бес қару» деп сипатталады. Найза, шоқпар, қылыш, қанжар, садақ пен жебе секілді қаһарманның жарағы әдетте соғыс барысында суреттеледі. Тұлпарына келер болсақ көптеген халықтардың эпостарында «Батырдың тұлпары ерлігі мен төзімділігі жағынан өзінен кем түспейді. Сонымен қатар көп жағдайда болашақты болжайтын көріпкелдікке, теңізден жүзіп өту, таудан секіріп өту, көкке ұшу т.б. с.с. қасиеттерге ие. Эпикалық тұлпар сын сағаты соққанда батырдың басты тірегі, кемеңгер кеңесшісі болып табылады»22. Мұндай тұлпарлар қазақ батырларында да бар, олар да құстай ұшып батырды айшылық алыс жерлерге көзді ашып-жұмғанша жеткізеді, адамша сөйлей алады, иесінің сөзін түсінеді, қауіп-қатер төнгенде алдын ала ескертеді. Қазақтың қаһармандық эпостарында батырды қалай әспеттесе, оның атына да соншалықты мән беріледі. Жырларымызда кездесетін тұлпарлардың ішінде ең көркем сомдалғаны, әрине, Қобыландының Тайбурылы... Қысқаша айтқанда тұлпар болмаса, батыр да болмайды деп қорытуға болады. Жыршылар мұны жақсы түсінеді. Мысалы, талданып отырған мәтінде жыршы: «Атсыз ердің әркімге ақы кетеді» дейді. Көрұғлы өзі үшін тұлпардың қаншалықты керекті, маңызды екенін жақсы біледі; ол Райхан арабтың сәйгүлігін көрген бойда-ақ өзінің биесі дәл осы аттан тұлпар туатынын сезеді (бұл, әрине, сыншылық қасиет), Райханның тұлпарына есі кете ғашық болады. Көрұғлы өзінің сол сәттегі көңіл-күйін «Құмар болдым құралайдай көзіне, һұшым кетті әсте оның ізіне», – деп суреттейді. Райхан арабтың Көкқасқасынан тұқым алуды көздеген Көрұғлы арабқа «әрне десең берем тауып өзіңе» дейді, ақырында жеңгесінің білегінен ұстатуға келіседі, ал Райхан араб сол сәтте Баршагүлді алып қашады. Көрұғлы Райханның соңынан қуғанымен жете алмайды. Әрине, жеңгесінің білегінен ұстатуға келісім беру балаға жеңіл болған жоқ. Жеңгесі де жолаушының түпкі ойын сезіп «Шығайын десем түсі суық, Ұстап алад барсам жуық. Өз еліне қашып кетіп, Жете алмайсың оны қуып» [115-118 жолдар] деп, тоқтау салады. Бірақ Көрұғлы жалынып-жалбарынып, тынышын алады. Себебі, Көрұғлы ата-анасының кегін алу басты міндеті екенін, ал ол үшін мықты ат керектігін жақсы біледі. Бұл жерде эпикалық қаһарманның көрегендігін айта кету керек. Жеңгесінен айрылғанан соң Көрұғлы: «Досқа күлкі, дұшманыма сөз болдым, Алтын басым ақымақтықтан жез болдым. Атқа бола жеңешемнен айырылдым, Мойыны үзілгір, қайдан келіп кез болдың?!» [167-170 жолдар] деп, қатты өкінеді. Аңнан қайтып келген Ғаждамбекке «Жеңгем үшін ашуланба, нағашым, бір айғырдың тұқымына сатыппын» деп, жасырмай, бірден шынын айтады. Ал Ғаждамбек былай деп жауап қайтарады:

Ғаждам айтты: – Тыңла менім гәбімді,
Барша үшін мұқатпа аслан затыңды.
Жаппар Құдай өмір берсе басың жас,
Тірі болсаң бір аларсың кегіңді.

Өзің келдің биыл он үш жасыңа,
Мен садаға көзің бірлән қасыңа.
Неше найып бір басыңа құрбандық,
Әр нәрсенің ақырын тапсыр Құдаға [207-214 жолдар].

Ғаждамбектің сөзінен: а) патриархалды қоғамның түсінігі анық көрініп тұр; ә) нағашысының жиеніне деген жылы сезімі, қамқорлығы, махаббаты сезіледі; бұл – матриархат (ана еркі дәуірі) дәуірінің әдет-ғұрпының, нағашы мен жиеннің арасындағы жақындықтың көрінісі; б) практикалық кеңес – баланың ашу-ызасын, өкінішін практикалық жолға бағыттағанын көреміз: Ғаждамбектің сабыр ет, болашақ құлынды дұрыстап баптап, өсіріп, дұшпаннан кегіңді алуға дайындал, ал әзірше сабыр ет дегені – осы жағдайда өте дұрыс, орынды берген ағалық кеңесі. Көрұғлы осы сөзге тоқтайды, уақыты келіп туған құлынды жерге түсірмей қағып алады, оған таса жерден жайлы орын дайындайды, ыстықта күн тигізбей баптайды. Құлын дөнен болады. Демек бұл нұсқада батырлық эпосқа тән батырдың ат таңдау, болашақ тұлпарды баптау сарындары көрініс тапқан, сонымен қатар тұлпарды баптау сарыны қысқа қайырылған. Сондай-ақ жыршы Ғират сөзінің этимологиясын ашуға тырысады, оған дәлел мына жолдар: «Ат туар ерге лайық» дегендейін, Ғират деп мінезінен атаныпты». Бұдан кейін нұсқада Үргеніштің ханы Ақылханның опат болғаны, халық лайық патша табу үшін дәулет құсын ұшырғаны әңгімеленеді. Ол құс үш рет Көрұғлының басына қонады. Дәл сол кезде Ғират жоғалып кетеді. Көп халық Көрұғлыға құрмет етіп хан болуын сұрайды. Көрұғлы «Алтын тақта отырмаймын кідіріп. Дөненімді бір көргенім артық» деп, Ғиратты іздеуге аттанады. Байқап отырғанымыздай Көрұғлы үшін тұлпары патшалықтан да бағалы, өйткені тек соның көмегімен ғана ол өзінің мақсатына жете алады, әрі оның міндеті патша болу емес, батыр болу. Бұдан кейін Ғайып Ерен қырық шілтен келіп балаға батасын береді, көп насихат айтып, қандай тілегі барын сұрайды. Сонда Көрұғлы өзіне ұзақ өмір мен дұшпаннан үнемі күш-қайраты асып, өзінің үстем болуын сұрап, «әйел жолдан, бала белден» деп, перзент сұрамайды, «Көрұғлы» эпосының кез келген ұлттық версияларында бас кейіпкер баласыз, өзінен ұрпақ болмағаны әңгімеленеді. Тарихи шындыққа жақынырақ әзірбайжан нұсқаларында Көрұғлының перзентсіздігі оның денсаулығымен түсіндіріледі [кейіпкер ұзақ уақыт зынданда отырған], ал біздің нұсқаларда өзі Құдайдан бала тілемеді делінеді. Сол жерде шілтендер баланың шашын алады, «Қайырлы болсын, балам, Ғиратың» дейді және:

Басына тәж кигізді салындырып,
Үстіне тон кигізді малындырып.
Біреуі кемер байлап белдеріне,
Біреуі Ғиратына жүген ұрып.

Біреуі терлік пенен тоқым салды,
Біреуі жонасы мен ерін салды.
Біреуі аш беліне тартпа тартып,
Біреуі қынабына қылыш салды.

Жабылып Ғиратына мінгізеді,
Бойына бес қаруын ілгізеді [411-420 жолдар].

Мұнда Ғайып Ерен қырық шілтендердің бата беруі, бес қаруын бойына ілуі, тәж бен тон кигізуі, Ғиратқа ер салып бәрі жабылып атқа мінгізуі, бата беруі – кейіпкердің кәмелетке жеткенінің символы, көне инициация ғұрпының өте-мөте көмескіленген сілемі деуге болады. Тек осыдан кейін Көрұғлы алғаш рет Ғиратқа отырады, оны ойнақтатып шауып кетеді. Бес қаруы бойында, Ғиратына бірінші рет мінген Көрұғлы қайда барады екен? Сөзсіз, ол «Азарын Райханның ұмытқан жоқ». Ол «жолға түсіп» «тәуекел» деп, қамшы ұрып, «Райхан араб, қайдасың» деп жөнеді. Райханның жайлауы – Нараспан бұлағына келеді. Атын бір жерге тығып, өзі диуана кейпінде Райхан арабтың қаласына келеді, бал ашып болашақты болжап қыз-келіншектердің көңілін көтереді. Райхан араб алып қашқан жеңгесі Баршагүл оны бірден танып қасына барады, «бал ашшы» деп сұрайды. Көрұғлы оның науқас екенін, бұлаққа түсіп, сол суға киім-кешегін жуса кеселінен айығатынын айтады. Баршагүл түсінеді, өзімен бірге Райханның керемет сұлу Құрбанкүл деген қызын ертіп келеді. Баршагүл Көрұғлыға «Нағашыңа дұшман қызын алып бар, Ақылменен қыз бағасын танып бар» деп өзінің елге қайтуының лайық еместігін айтады. Себебі «Салдақы боп келді бұл Баршагүл» деген табаға қалғысы келмейді. Сонда «Ақ білектен Құрбанкүлді шап етіп, Бал Ғиратпен батыр жолға түсіпті». Демек Райханның жауыздығын өзіне қайтарады. Мұны біліп Райхан араб Көкқасқаға қамшы басады. Бал Ғираттың басқан ізін таниды, жете алмайтынын біледі, Көрұғлының Ғиратты баптағанына разы болып, қызына батасын беріп, үйіне қайтады. Келісімен Баршагүлді «сенсің менің қыз қашырған дұшманым» деп зынданға салады. Көрұғлы түсінде аян алып жалғыз өзі түнде барып жеңгесін босатады. Құрбанкүлдің айттырып қойған күйеуі Қызылбай мен Райхан әскер жинап түркімен елін шабуға аттанады. Қызылбай мен Көрұғлы жекпе-жекке шығады. Шілтендер жәрдем етеді, Қызылбайды жеңеді. Райхан соғыспасқа қол көтеріп «қатемді кешіңіз» деп сұрайды. Қызылбай да, Райхан да бағындым деп ант-су ішеді. Екі ел достасады. Ғаждамбек Баршагүлге «талақ» жазып Райханға қайтарып, өзі Құрбанкүлге қосылады. Райхан араб Көрұғлының қас дұшпаны Шағдатты қиратуға көмектесуге уәде береді, Көрұғлы елді жаудан қорғап, ілгеріде қол астына кірген қырық жігітпен бірге жүреді. Осы айтылғандар нұсқаның негізгі сарындары мен эпизодтарын құрайды.

Көрұғлының Шағдатқа барғаны

Жоғарыда талданған нұсқаларда Көрұғлының туылуы, Ғиратқа иелік етуі, батыр тұлғасында қалыптасуы, Райхан арабтан өшін алуы, кейін онымен достасуы баяндалса, бұл мәтінде оның алдына қойған мақсатына жетуі – Шағдат ханнан кегін алуы, әжесін босатуы сөз болады. Кейіпкердің осы жолда жасаған ерлік іс-әрекеттері жырдың өзегіне айналған. Бір күні сарайында ұйықтап жатқан Көрұғлының түсіне әжесі Күләйім кіріп «Көрұғлыжан, ұмыттың-ау, балам, – дейді, Жаратқан болсын сенің панаң, – дейді. Қозыдай жетім қалған маңыратып, Салмадың біз ғаріпке назар, – дейді» [5-8 жолдар]. Көрұғлы шошып оянады да, Шағдатты шабуға дайындалады. Бұл жорық ол үшін өте маңызды, себебі ол перзенттік парызын орындауы және әділеттілік орнатуы керек. Сондай-ақ Көрұғлы Шағдатты жеңу оңай емес екенін біледі. Сондықтан ол халқын жинап:

– Өлімге басты байладым,

Алдымыз тұман, қараңғы.
Дұшманды тақтан құлатып,
Әкелем жаудан анамды.
Ала алмасам кегімді,

Дүние-мүлкім, Шанбілді
Көруге маған арам-ды» деп, ант береді [25-31 жолдар].

Дәл осы кезде Шағдат та түс көреді: үш жолбарыс ауыз салып оны алтын тағынан құлатады, қашуға жол бермейді. Ханның түсін жорыған мыстан «Үш жолбарыс – түрік елдің батыры, Хараб етер сіздің халық, тайпаны» деп, патшаны шошындырады. Үш жолбарыс дегені – Көрұғлы мен оған көмекке келген Райхан араб пен Қызылбай. Шағдат хан әскер жинайды...

Көрұғлының жорығы сәтті болып мақсатына жетеді.

Нұсқаның негізгі сарындары мен эпизодтары: Көрұғлының түс көруі; Шағдатханның түс көруі; екі жақтың әскер жинауы; Көрұғлының Шағдат қаласына жасырын жалғыз өзі барып әжесін босатуы; батырлардың жекпе-жегі; қызылбастың ең мықты, пілге мінген Меһрамбек атты батыры түркімендердің екі батырын мерт қылуы; Көрұғлының Меһрамбекпен бір күн, бір түн алысып, ақырында оны жеңуі; әскердің соғысы; қызылбастардың жеңілуі; Шағдатты өлтіріп орнына ілгеріде Көрұғлыны моладан тауып алып әжесімен қауыштырған, әжесіне адал қызмет еткен Бабалыны хан сайлауы; анасының қабіріне мазар орнатуы; еліне оралуы; Күләйім мен Ғаждамбектің көрісуі; той. Дастан соңында жыршы Көрұғлы үш періге үйленгенін, олардан бала болмаған соң Әуезхан мен Асанханды [басқа нұсқаларда Ғауаз, Хасан] асырап алғаны, жасы жүзге жетсе де аттан түспегенін, оның даңқы жер жүзіне жайылғанын бір-екі шумақ өлеңмен қысқа қайырады. Жоғарыда айтылғандарға қоса атап айтатын жәйт – талданған дастандарда көрген түске сеніп болашақты болжау сарынының өте маңызды, айтарлықтай мәнге ие болуы. Нұсқада түс көретіндер – Ақанай, Көрұғлы, Шағдат хан мен Райхан арабтың қызы Құрбанкүл. Солардың ішінде Көрұғлы мен Шағдаттың көрген түстері ерекше. Ақанайдың түсіне Қырық шілтен кіріп жақында дүние салатыны, баласы көрде туылатыны туралы аян береді. Өмірде тура солай болады.

Қызылбастың ханы Шағдат екі түс көреді; бірінші түсінде көргені:
Түсінде тұман басты жердің жүзін,
Дауылдан аша алмайды екі көзін.
Ұшырды басындағы киген тәжін,

Түсірді тақ үстінен ханның өзін [98-101 жолдар].

Мыстан кемпір Шағдаттың түсін былайша жориды: Түркімен елінен Көрұғлы атты баһадүр шығып «Тыңдамас ол сенің айтқан налаңды, Шулатар ол әйел, бала-шағаңды... Ұшырар ол көлден үйрек, қазыңды... Быт-шыт қылып бұзар бір ер қалаңды». Және ол батырдың Раушанбектің белінен туатынын болжайды. Жоғарыда айтқанымыздай Шағдат хан Раушанбекті дарға асуға бұйрық береді. Бірақ бір уәзір араша түсіп Раушанбекті аман алып қалады... Шағдаттың екінші түсі: Үш жолбарыс ауыз салып оны алтын тағынан құлатады. Мыстанның жоруы: түрік елдің батырлары еліңді талқандайды. Қатты сасқан Шағдат әскер жинайды. Көрұғлы да екі түс көреді – бірінші түсінде Баршагүл өзінің зынданда жатқанын хабарлап көмек сұрайды, екінші түсінде әжесі Күләйім қызылбастардың елінде қорлық көргенін, Көрұғлыны күте-күте қартайғанын хабарлайды. Көріп отырғанымыздай шындыққа айналатын сәуегей түс [вещий сон] көрген кейіпкер міндетті түрде мәлімет, хабар алады. Ол мәлімет әр түрлі болады. Мысалы, Шағдаттың түсі болашақта төнетін қауіпті – шабуыл, қаланың талқандалуы және түс көрген адамның өлімін сездіреді. Ал Көрұғлы өзі алдын алуға мүмкіндігі болмаған, бірақ дер кезінде араласса бетін қайтаруға болатын қауіп туралы хабардар болады. Түс көрісімен Шағдат та, Көрұғлы да белсенді әрекетке, іс-қимылға көшеді. Яғни кейіпкерлер көрген түстерін, онда өткені туралы я ертеңгі күні болатын оқиға туралы хабарды өзіне жанашыр күштердің аяны деп түсінетіні, еш күмәнсіз орындайтын нұсқау деп қабылдайтыны анық көрінеді. Түсінде алған хабарды осылайша түсіну, оған шүбәсіз сеніп басшылыққа алу адам баласының табиғат пен болмыс туралы ежелгі көзқарастарымен байланысты. Себебі байырғы адамдар өзіне жанашыр, желеп-жебейтін күш деп тотемдерді, аруақтарды, Көк Тәңірін, бір құдайлық дін қанат жайғаннан кейін жаратушы Алла Тағаланы, оның періштелерін, сондай-ақ архаикалық дәуірлерден келе жатқан Қыдыр, Ғайып Ерен қырық шілтен т.б. білген және олар қиын жағдайда көмекке келеді деп сенген, ал түс – хабар, аян беретін жолдардың бірі деп ұққан. Түс көру сарыны көне эпостарда, классикалық батырлық және ғашықтық жырларда кездеседі, мысалы «Құбығұл», «Алпамыс», «Қобыланды», «Қыз Жібек» т.б. Сондай-ақ ол романдық дастандарға да тән. Онда бас кейіпкер ғажайып түс көреді. Түсінде керемет әдемі қыз көреді. Оған ғашық болады. Қызды іздеп алыс сапарға шығады. Демек түс көптеген жағдайда сюжеттің әрі қарай қозғалып дамуына себеп болады. Талданып отырған дастандарда сәуегей түс кейіпкер әрекеттерінің басым көпшілігіне себеп болады, көптеген оқиғалар кейіпкер түс көргеннен соң ғана орын алады. Атап көрсететін тағы бір жәйт, осы дастандарда Ғайып Ерен қырық шілтен кәдімгі дастан персонаждары іспеттес көрініс береді. Біріншіден олар кейіпкерлердің түсіне еніп аян береді, екіншіден кәдімгі кейіпкерлер секілді нақты әрекет, қимыл жасайды, мысалы көрде туған Көрұғлыны туғанынан жеті жасқа дейін тамақтандырып тәрбиелеуі, Көрұғлыға қару беруі, алғаш рет атқа мінгізуі т.б.

   Түсініктеме жазылып отырған нұсқаларды жырлаған белгілі эпос айтушысы – Рахмет Мәзқожаев (1881-1976). Ілгері өткен жыраудан жыр алған тарихын жыршы былай келтіреді:

Көрұғлыны мен алдым
Нақыптың ұлы Бараттан.
Ол да жақсы жырау ед,
Жиында сөзін тыңлатқан.

Әкесі Нақып атақты
Жүсіппенен айтысып,
Халықты ауызына қаратқан.
Қарақалпақ Сейілден

Нақып жырау жад алып,
Қолынан өзі таратқан.
Қисса болып шықпаған,
Бірден-бірге ілесіп

Қолжазба болып келеатқан.
Солардан алдым қолқалап,
Жиырма бесте жад алдым,
Қалмайын деп санаттан.23

Осыдан Көрұғлыға арналған жырлар ұзақ уақыт бойы жырланып ел аузында жүргені және де ХІХ ғасырдың өзінде [кем дегенде екінші жартысында] қағазға түсіп қолжазба күйінде де тарағаны анықталады. Р.Мәзқожаев көптеген жыр-дастандарды жатқа біліп үйреніп өзінше жырлаған, мысалы «Қыз Жібек», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Мұңлық-Зарлық», «Көрұғлы» т.б. Үлкен тойларда халықтың нені тыңдағысы келетінін білу үшін ол тыңдаушыларға өзінің қандай жырды білетіндігін, ол жырлар туралы өзінің қысқа термелерін айтып: «Қайсы жырым ұнайды?» – деп сұрақ қойып отырады екен. Р.Мәзқожаевтың айтуынан «Көрұғлы» эпосының жазылып алу тарихы М.О.Әуезовтың есімімен байланысты. М.О. Әуезов 1958 жылы Р.Мәзқожаевты институтқа шақырып алдырып, репертуарын таңдап, солардың ішінде «Көрұғлы» эпосының толық түрін магнитофонға жаздырып алған. Бұл жұмыстарды институттың аға ғылыми қызметкерлері Оразгүл Нұрмағамбетова мен Мәлике Ғұмарова жүргізген. Сонымен қатар сол жылы Рахмет жырау магнитофонға айтқан жырын араб әрпімен (қадимше) қағазға жазып, институтқа тапсырған. Сол жылы жаз айында өзі жырлаған «Көрұғлының» үшінші редакциясын қызылордалық белгілі ақын Қуаныш Баймағамбетовке (араб әрпі – жаңаша түрі) жаздырып алып, институтқа жіберген. Сөйтіп жыраудан «Көрұғлының» үш редакциясы жазылып алынған. 1973 жылғы кітапта «Көрұғлы» эпосының Р.Мәзқожаев жырлаған нұсқалары біраз редакцияланып жарияланған. Біз бұл томға Р.Мәзқожаев жырлап жүрген нұсқаларды өзі хатқа түсіріп институтқа жіберген қолжазбадан ғылыми басылымның қағидаларына сәйкес еш өзгертусіз дайындадық.

Б.Әзібаева.

Көрұғлы сұлтан өлеңі

Бүгінгі таңда ғылыми жұртшылыққа мәлім боп отырған «Көрұғлы» эпосының негізгі, көптеген халықтарда жырланып келген нұсқаларында кейіпкер бірнеше жорыққа шығып, ғажайып ерлік жасайды, түрлі дұшпанмен айқасады. Сондай-ақ оның негізгі атқаратын міндеті – әкесінің көзін ойдыртып мүгедек қылған, соның салдарынан болашақ нәрестесінің қуанышын көрмей, құса болып өлген шешесінің кегін алу. Ал «Көрұғлы сұлтан өлеңі» атты нұсқаны сөз еткенде атап айтатын жәйт – мұнда болашақ кейіпкер әкесінің көзін ойдыру мотиві жоқ. Сондай-ақ әкесінің не атасының сыншы болғаны туралы да ештеңе айтылмаған. Нұсқада Көрұғлының арғы атасы – Толыбай, бірақ ол сыншы емес, – ерегіскен дұшпаннан кек ала білген, түркіменнен шыққан батыр. Оның ұлы Шағалы, ал Шағалының баласы патша болған Мұңдыбек. Ол да жауға ерлік көрсеткен батыр. Ол туралы дастанда «Басын жойды бұл ерлік, жанды қоймас қырғын кек» делінеді. Яғни ол майданда қаза тапқан. Демек мұнда кейіпкердің басты мақсаты басқа нұсқалардағыдай әкесі мен анасының кегін алу емес. Бұл – осы нұсқаның ерекшелігі. Сонымен бірге мұнда да баяндалып отырған оқиғалардың жаугершілік дәуірде өтіп жатқаны анық сезіледі. Мұңдыбек патша қаза тапқанда әйелі Алтыншаш екіқабат болады. Көп ұзамай қатты сырқаттанады. Түсіне Ғайып Ерен қырық шілтен кіріп аян береді. Бұл пәниден дәм-тұзы таусылғанын сезген Алтыншаш бауыры Бозұғланды шақырып алып дүние салатынын, ішіндегі баласы көрде туатынын айтып, бір айдан соң қабірді ашып баланы шығарып алуын сұрайды. Сонымен бала көрде туады. Ал Бозұғлан апасының айтқанын ұмытып кетеді. Арада жеті жыл өтеді. Күндердің күнінде аң аулап жүріп Бозұғлан көп моланың қасынан өтіп бара жатып бір адамның ізін көреді. Сонда апасы Алтыншаштың зарлап айтқан аманаты есіне түседі, Бозұғлан баланы іздейді, бірақ бала оңайлықпен қолға түспейді… Ақырында әйелі Ақбілектің кеңесімен баланы ұстайды... Бала нағашысы Бозұғлан тауып алғанға дейін, дәлірек айтқанда жеті жасына дейін анасының көкірегінен қоректеніп, қабірде өсіп ұлғаяды. Сол кездердің өзінде оның Алладан тілеген тілегі мынадай:

Айналайын, Құдайым,
Айтқанымды қош көрші.
Дүниенің қызық сәулетін
Сатусыз маған бос берші... [123-126 жолдар]

Сұр бұлтпен аспандағы ойнасам,
Кәпірлерді алдыма сап айдасам.
Шапса қылыш, атса мылтық өтпесе,
Жүз мың жауды айдаһардай жалмасам.

Аждаһадай ақырып,
Арыстандай ойнасам [139-144 жолдар].

Көріп отырғанымыздай бала Құдайдан өзін арыстандай айбатты, аждаһадай қаһарлы етуін және дәстүрлі эпостардың қаһарманына тән атса мылтық өтпейтін, шапса қылыш кеспейтін қасиет дарытуды сұрайды. Алла Тағала тілегін береді, оған туғанынан батырлық қасиеттер тән болады. Мысалы, жеті жасар баланың «Жерге басқан іздері Жол боп жатыр қазылған» деп суреттеледі. Бозұғланнан қашқанда ол:

Талқан қылып тау-тасты
Қашуменен Көрұғлы
Шөгірлі таудан өтеді,
Қанатты қара тұлпарға

Бір көрсетпей қарасын
Адастырып кетеді [468-473 жолдар].

Бозұғланнан қашып қайтадан шешесін паналаймын деп зиратқа келгенде алдынан шыққан арыстанға ол былай дейді:

Тырп еткізбей басамын,
Опыр-топыр ұйқалап,
Кәжік-күжік құйқалап,
Қабырғаңды күйретіп,

Жемтігіңді сүйретіп,
Екпініңді басамын [404-410 жолдар].

Ал алғаш дұшпанға қарсы шыққалы тұрған жеті жасар Көрұғлының қаруы мен көңіл күйі былай сипатталады:

Аш бүркіттей түйіліп,
Бес қаруды асынып,
Сауытты алды киініп.
Сансыз дұшпан болса да

Қамайын деп иіріп [756-761 жолдар].

Бұл жорық – болашақ қаһарман үшін бірінші сынақ: осы сапарында Көрұғлы 41 жігітті өзіне бағындырады, оларға басшы болады. Бұдан кейін Көрұғлы атақты Ғиратқа иелік етеді. Бұл эпизод осы жинақта жарияланған Р. Мәзқожаевтың нұсқасымен бірдей, яғни хикаялық мәнерде [ол туралы кітаптың алғы сөзінде айтылған] баяндалған.

Осындай жолмен қолға түсірген Ғиратты Көрұғлы:
Құндаққа орап Ғиратты,
Жас балаға ұқсатып
Тілегенін жегізді.

Күні-түні қосақтап
Бір өзіне Ғираттың
Жүз биені емізді [1071-1076 жолдар].

Әйгілі эпикалық батырларымыздың тұлпарындай арқасына күн түсірмей, жел тигізбей мәпелеп бапталған Ғират, ұшқан құстан да жүйрік [«Ғират мойнын көкке созғанда, Ұшқан құстың қанаты да талады»], көріпкелдік қасиетке ие, сондай-ақ батыр қысылған жерде адамша сөйлеп көмекке келеді [мысалы, Қоға таудың басында тоғыз мың жау тосып тұрғанын, Көрұғлы жеңгесін таба алмай дағдарып тұрғанда Ақбілекті дұшпандар қырық құлаш шыңырауға тастағанын хабарлайды, т.б.]. Демек Ғират – батырдың ең бірінші көмекшісі, жан досы. Тұлпарын өсіргеннен соң Көрұғлы жеңгесін құтқаруға бел байлайды. Ерлікпен жалғыз өзі көп қызылбасты қиратады [«Ұрысады ер Көрұғлы арыстандай, Қар бұзылып, көктемде су тасқандай»]. Осы мәтінде бір қызық эпизод бар: Көрұғлы көп қызылбасты жермен-жексен етіп «Кәні, маған айтсаңдаршы, жау қайда?» деп дұшпанды өзі іздеп жүргенде қолындағы найза өз-өзінен тіл бітіп боздаған түйедей күңіреніп, тыңдағанға бір түрлі үн шығарып Райхан патша Ақбілекке қатты азап қылғанын, жылдам жетіп жеңгесін құтқармаса, қаны мойнында болатынын жеткізеді. Демек, батырдың найзасы да, тұлпары да – сенімді серіктері әрі көмекшілері. Сондықтан жыршы «Ер жігітке қарудың бар пайдасы, Ат болмаса ердің болмас айласы» дейді. Бұл жорық – батыр үшін екінші сынақ. Көрұғлы бұл сынақтан да абыроймен өтеді: жеңгесі Ақбілекті жау қолынан азат етеді, түркімендердің дұшпаны – қызылбастарды жеңеді, Ақбілекті алып қашқан Райханды азаптап өлтіреді, оның қазынасын олжалап Бозұғланға береді. Көрұғлының даңқы жұртқа кетеді. Сонымен талданып отырған жыр сюжетінің негізгі мотивтері мен эпизодтары төмендегідей: болашақ батыр әкесінің жорықта қаза болуы, анасының дүние салуы; болашақ кейіпкердің көрде тууы; көрден шығуы; жасынан батыр болып өсуі; бірінші ерлігі – жау болып келген 41 жігітті көндіріп, оларға басшы болуы; Ғиратты қолға түсіруі; Ғиратты баптауы; екінші ерлігі – Райхан еліне жорық жасап, түркіменнің ежелгі дұшпаны қызылбастарды талқандауы, Райханды азаптап өлтіруі; Ақбілекті жау қолынан босатып Бозұғланға қосуы. Атап айтатын жәйт: мұнда басқа да нұсқалардағыдай Ғайып Ерен қырық шілтен шығарманың кейіпкерлері іспеттес. Оларсыз бірде-бір маңызды оқиға өтпейді, бас кейіпкер олардан бата алмай, кеңеспей ешқандай әрекетке бармайды. Батырдың жебеушісі, кеңесшісі ролінде көрінетін Ғайып Ерен қырық шілтен бейнесі көптеген фольклорлық жанрларда, әсіресе, батырлық эпоста кездесетіні мәлім. Жоғарыда айтып кеткеніміздей бұл мәтінде бүкіл кавказдық, сондай-ақ ортаазиялық нұсқаларға ортақ Көрұғлы әкесінің көзін ойдыру мотиві жоқ. Шынтуайтқа келгенде ол мотив сол жырлардың сюжеттік байланысы қызметін атқарады, себебі сол оқиғадан кейін кек алу мәселесі туындайды да, қаһарманның кейінгі әрекеттерінің бәрі де ата-анасының, кейіннен жалпы қорғансыздардың кегін қайтару мақсатымен байланысты болады. Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілгендей, «Көрұғлы сұлтан өлеңінде» бас кейіпкер Көрұғлыға телінетін басқа қасиеттер сақталған. Сөйтіп бұл вариантта ақын, жыршыларымыз Көрұғлыны тек ата-анасының кегін алушы бейнесінде емес, кең шеңберде, қазақ жырларының дәстүріне сай, төл батырларымыз іспетті сомдаған. «Көрұғлы сұлтан өлеңіне» арқау болған сюжет елімізде кең тараған, әзірше осы сюжетті арқау етіп жырлаған сегіз нұсқа белгілі, олар: «Көрұғлы». Балғымбаев Жамал жинаған. ОҒК-нің ҚҚ-да сақтаулы: 1037-бума; «Көрұғлы». Нәби Балабеков жинаған. 1940 ОҒК-нің ҚҚ-да: 672-бума; «Көрұғлы». Молда Мұқан жинаған. ОҒК-нің ҚҚ-да: 672-бума; «Көрұғлының қиссасы». Абдырахманов жинаған. ОҒК-нің ҚҚ-да: 672-бума; «Көрұғлы». Құлмұхамбет Байғұлұлы жазбаларынан. ОҒК-нің ҚҚ-да: 127-бума; «Көрұғлы сұлтан». Қошанов жинаған. ОҒК-нің ҚҚ-да: 672-бума; «Көрұғлы сұлтан өлеңі». М.Ж.Көпеев жинаған. ОҒК-нің ҚҚ-да: 1173-бума; «Қисса Көрұғлы». Е.Есенжолов нұсқасы. ОҒК-нің ҚҚ-да: 924-бума. Осы нұсқаларда бәріне ортақ бір сюжет баяндалады, сондықтан жырлардың мазмұны бір-біріне өте жақын. Мысалы, М.Ж.Көпеев пен Е.Есенжолов нұсқалары өте ұқсас. Онда бір-бірін толық қайталайтын шумақтар жиі кездеседі. Жалпы зерттеу барысында осы жазбалардың сюжеті, мазмұны бір жерден алынған, бір нұсқадан тараған деген қорытынды жасауға болады. Дегенмен өзгешеліктері де жоқ емес екенін айта кеткеніміз жөн. «Көрұғлы сұлтан өлеңі» атты нұсқаны хатқа түсірген М.Ж. Көпеев. Мәшекең бұл жырды қожа Көшекұлы Күдеріден естіп, жадында сақтап хатқа түсіргені туралы былай дейді:

Мәз болумен Мәшһүр деген құр атқа,
Талай жерде қалып жүрмін ұятқа.
Өліп қалған Көрұғлыны тірілттім,
Мен де сондай жетермін бе мұратқа...

Бір шүберек қамқа тозса бедері,
Көрмеген жан белгісіз ғой не дері.
Бұл қазаққа бастап мұны сөйлеген
Өзі қожа, Көшекұлы Күдері.

Сөйлеп кеткен қашан өзі кеткенше,
Ерік, ықтияр қашан бойдан кеткенше.
Әңгіме қып Қаратаудан айтқаннан
Таусылмапты Қызылжарға жеткенше.

Құлақ кәрі, бой жас ... ... ,
Жаңа туған жас ұл деме ғаріпті.
Сол кісінің шыққан сөзі аузынан
Құлағында бұл Мәшһүрдің қалыпты.

Мәшекеңнің қолжазбасы бізде жоқ. Бізге жиені, қарындасының баласы Жолмұрат Жүсіпұлының Мәшекеңнің қолжазбасынан көшірген нұсқа ғана жетіп отыр, ол ОҒК-нің ҚҚ-да сақтаулы: 1173-бума, 12-дәптер; мәтін бір бетке 3 бағаналы қатармен араб әрпінде жазылған. Қолжазба жақсы сақталған. Мәшекең жинаған нұсқа толық, аяқталған. Сонымен бірге мәтінде бір-екі танылмаған сөздермен [олар жұлдызшамен көрсетілді] қатар екі жерде мазмұны жағынан өзара байланыспай тұрған шумақтар кездесті: а) 988-жолдан кейін орналасуы керек Райхан патшаның Ақбілекті алып қашатынын баяндайтын шумақ түсіп қалғанға ұқсайды. Жетіспей тұрған шумақты Е.Есенжолов нұсқасынан алып, тік жақшамен бердік; ә) 1284-жолдан кейінгі шумақтың мазмұны көмескі болып тұр, демек оның алдындағы өлең жолдары я прозамен берілген мәтін түсіп қалған. Жетіспей тұрған сол шумақтың мазмұнын ашып түсіндіретін қара сөзбен берілген бір сөйлем Е.Есенжолов нұсқасынан алынып, тік жақшамен берілді. Сондай-ақ мәтінде «орыс» этнонимі аталады. Бұл тарихи шындыққа сәйкес емес, себебі кавказдық нұсқаларда Көрұғлының қарсыласы ретінде – қызылбастар, кейде арабтар болғаны белгілі. Демек, қазақ нұсқаларындағы «орыс» атауы – анахронизм; оны ақын, жыршылар кейде ұйқас үшін де пайдалануы мүмкін. Бұрын жарияланбаған «Көрұғлы сұлтан өлеңі» томға түпнұсқадан еш өзгертусіз дайындалды.

Б.Әзібаева.

Хикаят Көрұғлы сұлтан

Бұл нұсқаның да бас қаһарманы – Көрұғлы, бірақ оның тағдыры мен өмірі басқаша түсіндіріліп баяндалады. Мұнда Көрұғлы әкесінің қайғылы тарихы, яғни қатал әміршінің оның көзін ойдыру сарыны, сондықтан баласы – көр баласы – Көрұғлы атанғаны, я болашақ қаһарманның өлі шешеден көрде туылуына байланысты Көрұғлы есімді болуы, ақылды, батыр болып өсуі, он жасында туған елін іздеуі, Ғиратқа иелік етуі, ата жауы – Шағдаттан әке-шешесінің кегін алу сарындары жоқ. Дастан Жамбылбелдің бірінші әкімі – Ағалық хан, одан кейін – Жығалы хан, одан кейін он бес жасар Көрұғлы болғаны, ол Жамбылбелді үлкен шаһарға айналдырғаны, төңірегінде бірнеше қала, бейне ұжмақ секілді бау-бақша салғанын баяндаудан басталады. Көрұғлының есіміне үнемі сұлтан деген дәреже тіркеліп айтылады. Оның үш әйелі перізаттан, тағы да тоғыз әйелі адамзаттан болса да, ол – ұрпақсыз. Мәтінде оның баласыздығы Алла Тағаладан бала сұрамағанымен түсіндіріледі: Көрұғлы сұлтан отызға келгенде Қызыр, Ғайып Ерен қырық шілтен және он екі имам келіп: «Ей, сұлтан, сенің не матлубың [талабың] бар? – дейді. Бізден тілегіл, біздер саңа Хақ Тағаладан тілеп, алып берелік», – дейді. Көрұғлы өзіне ұзақ өмір, даңқ және дұшпандардан ерлігінің үстем болуын тілейді. Бала сұрамайды. Қырық жасына келгенде тағы да Қызыр мен шілтендер, он екі имам келіп «қандай тілегің бар?» дегенде Көрұғлының жауабы бұрынғыдай болады. Сонда пірлері оған жүз жиырма жыл өмір алып береді және тірі кезінде зәредей жамандық көрмейтінін, ал даңқы күннен-күнге артатынын хабарлайды. Әрине жыршылар сүйікті кейіпкерін баласыз қалдыруы мүмкін емес. Сондықтан жасы жүзге келгенде оған Исфаһан шаһарынан Халдар дегеннің баласы Хасанды ұрлап әкеліп асыратады. Сонымен бес жыл өтеді. Бір күні Көрұғлы «Ел-жұртыдан көңілі тынып, Хасан алдыда, қырық жігіт жанында» отырғанда жігіттерінен қандай арманы бар екенін сұрайды. Сонда жігіттер баласы жоқтың өмірі зая екенін, Жамбылбелге мирасқордың керектігін айтып, Хұнхар шаһ елінде Бұлдырық қасап дегеннің Ғауазхан есімді баласын алып келіп «Өзің тізеңіз үстіге олтырғызып ұғыл қылсаңыз, біздер оны бекзадамыз қылып ортамызда қойып, қызметіде болсақ һеш арманымыз қалмас ерді», – дейді. Сонда жүз беске келген Көрұғлы перзентсіздіктің зарын тартып, өзін бақытсыз сезініп Ғауазға құмар болады. Ол Ғауазды алып келем дегенге қырық күн тойын жасайтынын, бойына тең қылып зер, текежәуміт елін, Жамбылбелдей шаһарын, оған қоса Ғиратын беретінін айтады. Сонда Хасан баласы бата алып, қырық жігітті ертіп Ғауазды алып келуге аттанады. Көп ұзамай жігіттер алдындағы қиындықтардан қорқып кейін қайтады. Көрұғлы жолға өзі шығады... Хұнхар еліне келген Көрұғлы Ғауазды қолға түсіру үшін түрлі айла-әрекетке барады: ол киімін ауыстырады, қойшы кейпіне түседі, қалаға қой сатуға келген саудагер болып қаланың дарбазасын аштырады; өзін «Ғауаздың шешесі Гүләйімнің ағасымын» деп, алдап үйіне кіреді; ақша беріп, қой таратып Бұлдырық қасаптың сеніміне енеді; жылы сөзімен, тапқырлығымен Ғауазды өзіне қаратады, ақыры оны алып қашады. Артынан қуған көп әскерді жеңеді, Жамбылбелге оралады, мақсатына жетеді. Сонымен, кейіпкердің баласыздығы – осы нұсқаның негізгі сарыны, ол барлық оқиғаларға жол бастайды, кейіпкердің барлық іс-әрекеттерінің мотивировкасы – себебі болып табылады. Ал кейіпкер алдына қойған мақсатына жету үшін, жоғарыда айтып кеткеніміздей батырлығымен қоса айлаға да, қулыққа да барады. Ғауазды әкелуге арналған сала – «Көрұғлы» эпосының кең тараған және негізгі салаларының бірі. Ол күллі ұлттық версияларда кездеседі. Әзірбайжандық нұсқаларда Ғауаз – тарихи тұлға. Түркімен жыршылары да сондай пікірде. Әрине бала, мирасқор мәселесі қазақтың төл эпостарында басқаша шешілетіні белгілі. Кейіпкердің жасы қандай үлкен болса да ол пірлерінен, Алла Тағаладан перзент сұраудан жалықпайды. Мысалы, «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» жырында (Жанақ нұсқасы) Қарабай сексен үшке, ал Сарыбай жетпіс беске келсе де перзент сүймейді; екеуі аңда кездесіп қалғанда Қарабай баладан күдер үзгенін айтқанда Сарыбай «Қареке-ау, олай деме, Тәңір білер, Құлының жылағанын әлі де көрер. Дәулет пенен перзенттің кештігі жоқ, Құдайым әлі де болса бізге берер», – деп жұбатады. Бұл сөзге сексен үштегі Қарабай құлақ асады. Демек сексен үштегі Қарабай да, жетпіс үштегі Сарыбай да үміт үзбейді. Қазақтың ертегі, жырларында баласыз қартайған патша, хан, сұлтан жас қызға, я «ұл табамын» деп уәде берген қызға үйленеді де мақсатына жетеді. Сондықтан Көрұғлының біреудің ұлын алып қашқаны бізге ерсі көрінетіні сөзсіз. Бізге ғана емес. Мысалы, болгар версиясында қатал әмірші Көрұғлының әкесінің көзін ойдыртуға бұйрық бергенде Ғауаздың әкесі Бұлдырық қасап қолынан келетұра көмектеспегені сөз болады. Сондықтан Көрұғлының оның ұлын алып қашуы Бұлдырық қасап үшін – әділ жаза деп келтіреді жыршылар. Барлық ұлттық версияларда еш өзгеріссіз жырланатын бұл сарын жауынгерлік қатал заманның ащы көрінісі.

Б.Әзібаева

Үшбу Ғауазханның қиссасы-дүр

Дастанның маңызды сарындары мен эпизодтары: Ғауазхан Көрұғлыға ұл, қырық жігітіне басшы болып, Жамбылбелге құт-береке әкеледі; біраз жылдар өтіп, жүз жиырма жасқа келген Көрұғлы бір күні әйелдері – Ағажүніс пері, Мысқал пері мен Гүлнар періні шақырып, оларға «Мен дүниеден өткенде қалай жоқтайсыңдар?» деп сауал қойып өзі өлген адамдай жатып қалады; сонда үшеуі де оны «Дүниеден бейперзент өткен сұлтаным!» деп жоқтайды; мұны естіген Хасан мен Ғауазға үш перінің Көрұғлыны «бейперзент» деп жоқтағаны қатты батады; бір күні Ғауаз аңға шығады, екі отау көреді, біреуінің босағасы алтын, үсті қымқап атластан киіз қылып жабылған, екіншісі босағасы күміс, үсті мақпалдан киіз қылып жабылған; бұл Ахмед сардардың ауылы екен; оның қызы – сұлу, нәзік Ботагөз айымды Ғауазхан бір көргеннен ғашық болады, бірақ Ботагөз «сен Көрұғлының ұлы емес, құлысың» деп бетін қайтарады; Ғауаз Көрұғлыдан Ботагөзді алып беруді сұрайды; Көрұғлының шақыруымен жиналған түркімен елінің ақсақалдары Ахмед сардар қызын Ғауазға бермейтін себебін түсіндіріп «Алсаң алғыл, берер сенің өзіңе, Неге берсін бір байталдық құлыңа» деп жауап қайтарады; Ғауазхан «Кісі жұртында сұлтан болғанша, өз жұртыңда шопан бол» деген рас екен» деп және ешкімнің оны Көрұғлының перзенті орнына көрмейтініне көзі жетіп «Атажұртым қайдасың деп» – Күржістанға жол тартады; Күржістан шаһы – Хұнхар Ғауазды өте жылы қабылдайды; Хұнхар Ғауазға бірнеше сауал қояды: «Аттың, адамның, діннің, жігіттің, жұрттың жақсысын қайда көрдің? деп; Ғауазхан «Аттың да, адамның да, діннің де, жұрттың да жақсысын, жігіттің де палуанын Жамбылда көрдім» деп жауап береді; Хұнхар Ғауазды зынданға салады, қырық күнде айтқанынан қайтпаса дарға асатын болады; Ғауаз айтқанынан қайтпайды; Ғауаздың жеті жасар қарындасы Балайым мен анасы Гүлайым Ғауаздың жағдайынан хабардар болып зынданға келіп зар-зар жылап, біреуі ұлымен, біреуі ағасымен арыздасады; сол кезде Көрұғлы қырық жігітімен Һауадақ көліне келіп құс салады; Күржістаннан келе жатқан керуеннен Ғауаздың жағдайын естиді; Көрұғлы қырық жігітімен Күржістанға аттанады; жендеттер Ғауазды дар түбіне әкеліп, дарға асуға дайындық жасап жатқанда Көрұғлы да жетеді; Көрұғлы, Хасан, қырық жігіт жолбарыстай ақырып, қойға шапқан қасқырдай жеті күн тынбай ұрыс қылады; ақыры Хұнхар тізе бүгіп, жанына сауға сұрайды; Көрұғлы кешіріп, Хұнхармен татуласады; еліне қайтады; Ғауазға Ахмед сардардың қызы Ботагөзді алып береді; Ғауазды сұлтан етеді. Көріп отырғанымыздай, бұл дастанда да барлық мәселе Көрұғлының өз кіндігінен тараған баланың жоқтығыдан туады, Көрұғлының әйелі Ағажүніс сөзімен айтқанда «бір перзенттің жоқтығыдан жұрт бұзылайын деп тұрғаныны» анық. Дастан мазмұнын құрайтын сарындардың бірі – Ғауазхан атажұртына қайтып келгенде Хұнхар ханның оны өте жылы қабылдап, ілтипат көрсетіп «Аттың, адамның, діннің, жігіттің, жұрттың жақсысын қайда көрдің?» деген сауалына Ғауазханның «Аттың да, адамның да, діннің де, жұрттың да жақсысын, жігіттің де палуанын Жамбылда көрдім» деп қайтарған жауабы. Осы жауабы үшін Хұнхар оны зынданға тастайды, дарға асуға үкім шығарады, Көрұғлы оны құтқару мақсатымен жеті күн тынбай ұрыс қылады. Ол нұсқада былай суреттеледі: «Анда дұшманлар үстіге қырық жігіт «Алла!» деп ат қойып, қырып-жойып, көздеріні ойып, тіріклей сойып, қандарыға тойып... найза найзада, қылыштар байзада, сауыттар тәнде, тән жанда, жан иманда, бедеулер шабылып, іздеген табылып, қылышқа шабылып, оқтар атылып, өлік жатылып, қандар шашылып, найзалар батылып, сауыттар сетіліп, қандар жұтылып, қашқан құтылып, тұрған тұтылып, көз көрмек, құлақ естімек, аяқ жүрмек, қол ұрмақ, ұрысның тамашасыны аспандағы періштелер көрмек». Демек Ғауазхан Көрұғлы елінің намысын жыртып, өз елін қанға бөктіреді. Жігіттің атажұртын, туған елін басқалардан төмен қоюы, мейлі даңқы шыққан Көрұғлының еліне болса да айырбастауы, басқаша айтқанда сатқындыққа баруы қазақ эпосына жат құбылыс. Бізде ондай жауыздыққа тек Қарлыға ғана барғаны белгілі. Ол «Қобыландыға ғашық болып, батырға деген ұлы махаббаты үшін ел-жұртын тастады, әкесі мен інісін құрбан етті, елін шапқан батырмен бірге еріп кетті, сөйтіп үлкен құрбандық берді... Қарлыға бейнесіндей образ «Қобыланды батырдан» бөтен эпос үлгімізде жоқ».26 Ондай жауыздыққа ол Қобыландыға деген ұлы махаббаты үшін барғаны белгілі. Ал жігіттердің ондайға барғаны туралы эпостарымызда дерек жоқ. Дәріптелуі тіпті де мүмкін емес. Талданып отырған «Үшбу Ғауазханның қиссасы-дүр» нұсқасында бұл сарын Көрұғлының мерейінің үстемдігін көрсету мақсатымен пайдаланылған. Оның астарында, әрине, патриархалды қоғам ыдырап, жаңа қарым-қатынас, жаңа низам қалыптаса бастағанының белгісі жатыр. Біздің жыршылар бұл мотивті өзге елдің жыры болуына байланысты өзгертпей жырлай берген. Дастанда Ғауаз ғашық болған Ботагөз айымның әкесі – Ахмед сардар Көрұғлының нағашысы, яғни түркімен болса, Өзбекстанда тұрып жатқан арабтардан жазылып алынған «Гуроғлы» аңызында Ахмед сардардың ұлты – қазақ және Ахмед сардар тұратын ауылда көп қазақтар тұратыны айтылады.27 Бұл мәтіннің тағы бір ерекшелігі – мұнда кейіпкерлердің атынан айтылатын лирикалық монолог, диалогтарынан ұлы мен ананың, аға мен қарындастың, аға мен інінің т.б. бір-біріне деген ілтипаты, қамқорлығы т.б. ішкі сезімдері сезіледі. Сондай-ақ бұл лирикалық партиялардың шығарма сюжетін әрі қарай дамытудағы ролі айтарлықтай.

   «Хикаят Көрұғлы сұлтан» мен «Үшбу Ғауазханның қиссасы-дүр» атты дастандар алғаш рет 1885 ж. Қазан қаласында жарыққа шыққан. Екі шығарма бірге түптеліп, бір кітап болып жарияланған. Мәтіндерді баспаға дайындап жариялаған Қызылжар (қазіргі Петропавл) қаласының тұрғыны, сол қаладағы медреседе дәріс берген Хасен Мирбабаұлы. Кітаптың титул бетінде «Қазақ тілінде» деген жазу болғанымен нұсқалардың тілі ортағасырлық түркі тіліне [оғыз-қыпшақ тобы] жақын екені күмәнсіз. Мәтіндердің кейбір ерекшеліктері төмендегідей:

– Мәтіндерде ортағасырлық жазба ескерткіштерде қолданылған бірнеше сөздер еш өзгеріссіз сақталған, мысалы: тірлік лексемасы Ж.Баласағұнның «Құтты білік» [ХІ ғ.] поэмасында қолданылған көне тіріклік түрінде, ал илану етістігі М.Қашқаридың “Диуану лұғатит түрк” атты еңбегінде [ХІІ ғ.] кездесетін инану түрінде берілген.

– Көптеген жағдайда етістіктердің көне түрлері сақталған: ерүр, алұр, айтұр, дегеш, дейүр, дейүрлер, қылұр, келтірүр, олтырған, дейүп, көрдікем, сөзле, білетұрған, болұр, әйла т.б.

– «Е» етістігі оғыз тілінің сөз қолдану үлгісінде кездеседі: барған ердім («едім» орнына), бар ерді («еді» орнына) т.б.

– Етістік, сын есім түріндегі сөздер «дүр» тұлғасында жиі қолданылған: бар-дүр, аян-дүр, оңай-дүр, жүрген-дүр, жоқ-дүр, жанбай-дүр, т.б.

– «Мен» тұлғалы шылау «билән», «бірлән», «илә», «илән» түрінде жиі қолданылады.

– Жалпы, мәтінде жоғарыда келтірілгендерден басқа да көне формалар көп кездеседі, мысалы: менім, меніммен, мұндан соң, аның, андан соң, бегірек, үшбу, менден, соңындан, артындан, жүгірік, ертерақ, андақ, т.б.

Сондай-ақ мәтіндерде көптеген араб, парсы сөздері кездеседі, олар қазақ тіліне аударылып, сөздікте жинақталды. Томға ұсынылып отырған «Хикаят Көрұғлы сұлтан» мен «Үшбу Ғауазханның қиссасы-дүр» дастандарының мәтіндері 1885 жылғы жарияланымнан алынып, ғылыми басылымның қағидаларына сәйкес, түпнұсқа бойынша еш өзгертусіз беріліп отыр. Кітаптың түпнұсқасы ОҒК-нің ҚҚ-да сақтаулы: Ш.3048.

Қазіргі қазақ графикасында [кириллица] алғаш рет жарияланып отыр.
Б.Әзібаева.

Қисса Ғауазхан

Көрұғлының баласы Ғауазханға арналған жыр қазақ еліне көп таралған. Дегенмен бір-бірінен жырлау мәнері мен оқиғаларды баяндауы жағынан, сондай-ақ кейбір эпизодтық өзгешеліктерінде айырмашылықтары болмаса, бәрі де бір нұсқадан өрбігені көрініп тұр. Көрұғлының өзіне, немересі Қасымханға арналған жырларда көбінесе әскери жорықтар, олардың ерлік істері жырланса, яғни жанрлық жағынан шартты түрде қаһармандық эпостар қатарына кіргізуге болатын болса, біз сөз етіп отырған «Қисса Ғауазхан» жырын жанрлық тұрғыда хикаялық деуге болады. Өйткені мұнда қаһармандық эпостарға тән елін, жерін қорғау, отаны үшін жорыққа шығу мотиві кездеспейді. Оның орнына Ғауазханның бір қызға ғашық болуы, оны іздеуі, сол жолда көрген қиыншылықтарды жеңіп, ақырында үйленуі баяндалады. Сондай-ақ бұл жыр «Көрұғлы» туралы эпостың ортаазиялық саласына жататын болғандықтан бұнда оқиғаны әсірелеп баяндау, мифтік күштер, мифтік атаулар көптеп кездеседі. Мысалы, Ғайып Ерен қырық шілтен, Қауыс, Қияс, Қап тауы, Қызыр т.б. Ғауазхан жоғалған құсын іздеп жүріп, күтпеген жерден перінің қызы Құндызайды кездестіріп соған ғашық болады. Құндызай – Қап тауының патшасы Ахмердің қызы. Жыршы шеттен енген сюжетке құрылған шығарманы қазақ өміріне, тұрмыс-тіршілігіне жақын етіп суреттеуге, сол сипатта реңк беруге тырысқан. Мысалы, Ғауазхан пері қызын іздеп сапарға шыққанда жолда бір ауылға кез болады. Жыршы сол сәтті «Ар жақта отыр көп ел мал жайлаған, Әр түрлі мал шалқар көл жағасында. Ауыл-ауыл киіз үй, мұсылмандар ...» [242-244 жолдар] деп сипаттайды. Сол ауылдың үлкендері ат бәйгесіне кеткен соң кілең жастар тоқымқақты қылып жатыр екен. Қазақта тоқымқағар – біреу алыс сапарға кеткенде сапары сәтті болуы үшін берілетін қонақасы, ырым екені белгілі. Шеттен енген шығармаларда көбінесе қала тұрмысы, яғни отырықшылық мәдениет элементтерінің бояуы қалың болып келетін болса, аталмыш мәтінде көшпелі тұрмысқа басымдық берілген. Демек жыршы дастанды тыңдаушылардың ұғымына сәйкестендіріп жырлаған. Жырда негізгі үш мотивтің кездесетінін атап кету керек, олар: 1) бір көргеннен ғашық болу; 2) күйеу таңдау; 3) түс көру мотивтері. Осылардың ішінде дастанға салмақ беріп, маңыздылығын арттырып тұрғаны күйеу таңдау мотиві десек қателеспеспіз. Қызылбас Қоқидың қызы Жұлдызай әкесіне бәйге өткізіп, аты бірінші келген жігітке өзін ұзатуды өтініп қолқа салады. Әкесі бұған келісіп жан-жаққа хабар таратады. Күйеу таңдау сәтінде қыз сынаққа өзі қатысып, үміткерлерге бағасын өзі беріп отыратын болса, мұнда қыз ондай белсенділік танытпайды. Оның себебі Жұлдызайды түсінде Пайғамбардың өзі келіп мұсылман етіп, бәйгеден бірінші келетін диуанаға құтпа оқып, өз қолынан некесін қиып қосады. Сондықтан да диуана киімін киген Ғауазханның аты озып келгенде Жұлдызай қуанып, хабар әкелгендерге қазынасынан қымбат сый үлестіреді. Біздің эпос, дастандарымызда қызылбас эпикалық дұшпанымыз, ол үнемі дінсіз, кәпір ретінде бейнеленеді. Бұл дастанда да солай. Ғауаз мұсылман бола тұра қызылбастың қызына үйлене алмас еді. Ендеше Пайғамбардың қызды түсінде мұсылман етуі Ғауаздың оған үйленуіне жол ашып отыр. Тағы бір көңіл аударарлық мәселе, Ерназардың аламан бәйгеде Ғауазханмен дос болып, оған жолын беріп, қарындасы Зейнепгүлді де қосуға уәде ететіні. Ол Ғауазхан жүз мың жаумен жалғыз шайқасып, жараланып хал үстінде жатқанын түсінде көріп, көмекке келеді. Ерназар деп отырғанымыз – Райхан арабтың баласы. Бізде бар барлық нұсқаларда Райхан араб – Көрұғлының дұшпаны. Кей нұсқаларда Көрұғлы оны өлтірсе [М.Көпеев], кейбірінде дұшпандықты доғарып татуласып, сыртқы дұшпанға қарсы күш біріктіреді [Р.Мәзқожаев]. Бұдан жыршы бұл дастанды жырлау барысында Р.Мәзқожаев нұсқасын басшылыққа алған немесе соның жалғасы ретінде жырлаған деп қорытынды жасауға болады. Соның бір дәлелі ретінде жыр соңында қызылбастан қауіптенген Ерназардың ел-жұртымен Көрұғлыға көшіп келіп, Қараспан деген қонысты сыйға алғанын айтуға болады. Осы томға енген Р.Мәзқожаев нұсқасында Райхан арабтың қонысы Нараспан деп аталады. Араб әрпінде «н» және «қ» әріптерінің жазылу үлгісі ұқсас екенін ескерсек, көшірушіден қателік кетуі де ғажап емес, яғни бұл дастанда Ерназардың алған қонысы әу баста Қараспан емес Нараспан деп аталуы әбден мүмкін. Олай болған жағдайда Ерназардың Көрұғлыдан өзінің атажұртын сұрауы логикаға сай келеді. Томға алынған мәтінді 1937 жылы Қошанов қағазға түсіріп, Қазақстан зерттеу қоғамына тапсырған. Қолжазбалар қорында бұл эпостың төрт нұсқасы бар. Дегенмен жырлаушылардың жырлау мәнері бір-бірінен өзгеше, бірін-бірі қайталамайды. Кей нұсқада басқа эпостардан алынған эпизодтар кездеседі (Е. Құлсариевта). Сондай-ақ кей эпизодтар кеңінен баяндалса, кейбірінің оқиғасы қысқа қайрылады. Жырды баяндау мәнерінде де өзгешеліктер бар (қара сөзбен, жыр үлгісімен беріледі). Кісі, жер-су аттары өзгергенімен жырдың негізгі сюжеті өзгермейді. «Қисса Ғауазхан» 1973 ж. жеке жинақта жарияланған және 1989 ж. қайта басылған «Батырлар жырының» Көрұғлыға арналған 4-томына енген. Біз мәтінді түпнұсқамен салыстыру барысында көптеген шумақтар мен жолдардың түсіп қалғанын, яғни редакцияланып, түзетуге ұшырағанын анықтадық. Ол түзетулер негізінен саяси цензураға байланысты болып келеді. Дәлірек айтқанда жарияланған мәтінде түпнұсқада діни ұғымдар мен атаулар кездесетін жолдар мен шумақтар түгелдей алынып тасталған, немесе мағынасы өзгертіліп берілген. Сондай-ақ, көшірушіден кеткен қателіктер де жоқ емес, мысалы, мәтіннің әр жерінде үш жол түсіп қалып соның салдарынан алдыңғы және кейінгі жолдармен арадағы ұйқасқа нұқсан келген. Түпнұсқада жоқ бұл жолдардың орнына көп нүкте қойылып, сол беттің төменгі жағында сілтемеде көрсетілді.

Нұсқаның қолжазбасы ОҒК-ның ҚҚ-да: 672-бума, 3-4-дәптерде сақтаулы.
Мәтін баспаға түпнұсқадан еш өзгертусіз дайындалды.
А.Ақан.

Түркімен Қасымхан

Бұл шығармада Көрұғлының немересі, яғни Хасанханның баласы Қасымханның ерлік жорықтары, дәлірек айтқанда, оның қызылбастың еліне жасаған шабуылы баяндалады. Жырдың басында шығармаға өзек болған оқиға туралы қара сөзбен қысқаша айтылады да, жыр үлгісінде жырланады. Кіріспесі өзге де дәстүрлі эпостарымыздағыдай бұл дүниеден өткендерді санамалай келіп «Солардан өткен сұм дүние, Түбіңе сенің кім жеткен?» деп аяқталады. Жыр, эпостарымызда жиі кездесетін бұл формуладан бабалар дәуірін аңсауды, сол дәуір бүгінгіден әлдеқайда жақсы еді дегенге саятын сарынды аңғару қиын емес. Дүниенің өткіншілігіне, тұрақсыздығына деген жыршының наразылығы айқын көрініс табады. Жыр Қасымханның ата-бабаларын мадақтаумен басталады. Оларды жеке-жеке санамалап, әрқайсысының ерліктерін, кімдерді билегенін баяндап шығады. Мұндағы мақсат, әрине, солар арқылы бас кейіпкер Қасымханның беделін көтере түсу, оның заты текті, ерлік істері кездейсоқ емес екеніне тыңдаушыны иландыру болып табылатыны белгілі. Қасым да ешкімнен осал емес. Оның бейнесі былайша суреттеледі: Он бесінде Қасымның

Басы бақыр қазандай,
Сырты сары сазандай.
Жауырыны бар қақпақтай,
Желке айдары тоқпақтай.

Екі қары шатқалдай,
Тұла бойы, ниспасы
Жауға құрған қақпандай.
Екі көзі жауһарлы,

Жауға шапқан сақтанбай.
Екі беті ажарлы
Қырмызы қызыл мақпалдай [106-117 жолдар].

Ол да жасы он беске келіп, күш-қайраты толысқан соң дұшпанды алыстан іздеп, әкесіне бағынбай, еліне салық салдырмай жүрген қызылбасқа шабуыл жасауды ойға алады. Әкесінің барма деген ақылын тыңдамай, қалың әскер ертпей, жалғыз серігімен жорыққа аттанады. Айта кетерлік бір нәрсе кейбір шығармаларда жағымсыз кейіпкерлер әдетте қорқақ, табансыз, аяр болып суреттелсе, мұнда керісінше қызылбастың патшасы Жанәділ, әсіресе батыры Қараман асқан ержүрек ретінде бейнеленеді. Оның тұлпары Қасымханның Көкаяғынан артық сипатталған [«Жер тепкілеп шабынып, Бұғалық сүйреп тартады. Ұстай алмай тұлпарын, Қос қанаты сұңқарын Отыз мың балуан қайтады» 1201-1205 жолдар]. Қамалдары да аса мығым [«Қызылбас шәрі зор еді. Он екі қабат тас қорған Тақияның тас қамал, Тас қамалдың сыртынан Он екі қабат ор еді» [664-668 жолдар]. Жағымсыз кейіпкерлерді бұлайша суреттеу оны жеңетін басты қаһарманның бәсін жоғарылатып, даңқын арттыру, жыршы тарапынан оның ерлігіне ешкімнің шүбәсін тудырмаудың бір тәсілі ретінде қолданылған. Алайда жырда Қасымханнан гөрі оның серігі – Бейітханның баласы Қарабайдың ерлігі көбірек баяндалады. Негізгі шешуші сәттерде Қарабай белсенділік танытады. Мысалы, қалың әскер ала алмаған қамалды Хасанханның өтінішімен жалғыз өзі талқандайды, қызылбастың бас батыры Қараманды жекпе-жекте жеңеді. Бұдан жырдың кейінгі дәуірде, яғни тарихи жырлардан білетініміздей, соғыс кезінде хан мен батырдың ролі анық белгіленген кезде пайда болған десек қателеспеспіз. Қарабайды өзгелерден ерекше ететін тағы бір қасиеті – ол бір айқайдан-ақ жаудың мыңдаған әскерін сұлатып, тас қамалын құлатады. Бұндай әсірелеу біздің жырларымызда жиі кездеседі [әсіресе әзірет Әлиге қатысты діни дастандарда]. Шығарманың кейінгі дәуірлерде пайда болған деуіміздің тағы бір себебі мұнда Көрұғлыға арналған өзге туындылардағыдай дию, пері, қырық шілтен секілді тылсым күштер мүлдем кездеспейді. Тек жау қамалды отпен қоршап, ішке ешкімді жібермейтін эпизодта «сиқырменен салған от қамал» деген бейнелеу кездеседі. Оны өшіруге Хасанханның бұйрығымен шайхы Керей аттанады. Керей өзі шайхы болған соң логикаға сай сиқырды сиқырмен немесе дұғамен қайтаруы тиіс еді. Бірақ ол өйтпейді. От арасынан өтетін жалғыз аяқ жолды кездейсоқ тауып алады. Эпос Қасымханның қапыда жау қолынан қаза табуымен, трагедиялық жағдайда аяқталады. Бұл эпосты айтушы ақын Қалижан Өтешұлы. М.Ғұмарованың айтуы бойынша ақын бұл нұсқаны 1900 жылы қағазға түсіріп, 1903 жылы Қазан баспасына жіберген. Бірақ бізге белгісіз себептермен жарияланбаған. Қолжазба профессор А. В. Васильевтің қолына түскен. 1935 жылы осы қолжазбаны А. В. Васильевтің баласы институттың қолжазбалар қорына тапсырған. Қолжазбасы ОҒК-ның ҚҚ-да: 356-бумада сақтаулы. 1973, 1989 жылғы жинақтарда біраз редакцияланып жарық көрген бұл нұсқа түпнұсқамен салыстырылды. Томға түпнұсқадан еш өзгертусіз дайындалды.

А. Ақан.

МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЖӘНЕ ДІНИ ЕСІМДЕР

Алла (Аллаһ) – ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей, жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі.

Құран Кәрімде айтылғандай: “Ол Алла біреу-ақ, Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес” . Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол адамдардың тағдыры – жазмышты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап, біреулерін – жұмаққа, енді біреулерін – тозаққа жібереді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед [с.а.с.] – Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиырма үш жылда толық түсті. Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілгендікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны – Меккедегі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті қара тас бар. Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырымдылығын т.б.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық (жаратушы), Шариф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б. Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу акбар деген мадақ сөзді отыз төрт рет, Әлхамдулилаһи, Сұбхан Алла сөздерін отыз үш реттен айтып, тәсбих тастарын санамалау арқылы жүзеге асады.

Адам ата – діни аңыздар бойынша, Алла Тағаланың топырақтан жаратқан алғашқы адамы. Балшық мүсін ұзақ жылдар жансыз тұрады. Ақырында Алла Тағала Адамға жан кіргізеді. Адамның бір қабырғасынан Хауаны жасайды. Алғашында екеуі періштелер қатарында болып, олардың арасында беделді, құрметті орынды иемденеді. Періштелер Алланың жарлығы бойынша, Адам мен Хауаға бас иіп, ғибадат етеді. Бірақ Ібіліс атты періште бұл жарлықты орындаудан бас тартады. Сол үшін Алла Тағала Ібілісті жұмақтан қуып жібереді.

Осыған өкпелеген Ібіліс Адам ата мен Хауа анадан өш алудың жолын іздейді. Ақырында олар Ібіліс шайтанның сөзіне иланып, алдауға түсіп тыйым салынған жемісті жейді. Осы күнәлары үшін Адам мен Хауа бейіштен аласталып, көктен жерге түсіріледі. Олардан бүкіл адамзат тарайды.

Әбубәкір – Мұхаммед (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін тағайындалған алғашқы халифа. Ол құрайыш руынан шыққан, Меккедегі ықпалды саудагерлердің бірі еді. Мұхаммед (с.а.с.) исламға кіруге шақырғанда руластары мен үлкендердің арасынан бірінші болып жаңа дінді қабылдаған.

Әбубәкір – Расул Алланың «төрт сахаба» аты берілген сенімді серіктерінің бірі. Оған адалдығы үшін Сыдық деген атау берілді. Мұхаммед (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейінгі дүрбелеңге толы қиын кезеңде Әбубәкір араб-мұсылмандардың басын біріктіре білді. Өзі халифатты басқарған жылдары Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) түскен Құран аяттарының жинағын құрастырды.

Әли – Оспаннан кейін билік басына келген төртінші әділетті халифа. Хазірет Әли – Мұхаммед пайғамбардың немере інісі, әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли – орасан, алып күш иесі. Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болыпты-мыс. Фольклорлық туындыларда оның зұлпықар, қамқам, самсам деген үш қылышы болғаны айтылады. Әлидің есімі көптеген шығыс шығармаларында, оның ішінде діни дастандарда жиі ұшырасады. Әдетте, хазірет Әли сол дастандардың басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың қамқоршысы, мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.

Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Хайдар», «Арыслан», «Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тіркесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз әдебиеті үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды тұлпардың нышанына айналған. Әли ұрпақтары мен оның жақтаушылары кейін шииттік ағымның көсемдеріне айналды. Олардың ұрпақтары қазіргі Иран, Ирак және Орта Азияның кейбір аймақтарында өмір сүреді.

Ғауыс, Қауыс – мұсылман әулиелерінің бірі.

Дәуіт – Құран кейіпкері, пайғамбар, Сүлеймен пайғамбардың әкесі.

Жүсіп – Жақып пайғамбардың кіші ұлы, пайғамбар. Құранда оған үлкен сүре арналған. Сүреде оның тарихы толық қамтылған. Інжілде ол Сұлу Жүсіп (Иосиф Прекрасный) деп аталған.

Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді негізге ала отырып, Фердауси Тусиден бастап көптеген шығыс ақындары жүзден астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақтарда да осы тақырыпқа арналған ХІХ ғасырда баспа бетін көрген дастан бар.

Зәнда (Зинда, Шаһизинда – парсы тілінен аударғанда «тірі патша» деген ұғымды білдіреді) – кейбір тарихи деректерде Шаһизинда – Қусам ибн Аббас деген адамның лақаб есімі екені айтылады. Ол VІІ ғасырда араб басқыншыларымен бірге Орта Азияға келген Пайғамбар ұрпақтарының бірі сияқты. Аңыздың баяндауынша, ол намаз кезінде қарсыластарының шабуылына ұшырап, жасырынуға мәжбүр болады. Бір әңгімелерде Қусам ибн Аббас жер асты құдығы арқылы баққа барып жасырынады және күні бүгінге шейін сол жерде өмір сүреді-міс. Бұл жер орта ғасырлардың өзінде-ақ самарқандық мұсылмандар табынатын әулиелі мекенге айналған. Әйгілі Ақсақ Темір Шаһизиндаға арнап әсем де күмбезді мазар салдырған.

Жоғарыда баяндалған аңыз қиямет-қайымда қайта оралуға тиіс ғайып болған «жасырын имам» туралы хикаяларға тікелей қатысты. Демек, жер астына кіріп кетсе де, халық «имам тірі, ол өлген жоқ, әлі қайтып келеді» деп сеніп, оны тірі патша, яғни Шаһизинда деп атаған.

Көшекұлы Күдеріқожа (1820, қазіргі Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Шіркейлі ауылы – 1858, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы) – ақын. Көшекұлы Күдеріқожаның өзі өмір сүрген тұстағы ата мекеннен ауа көшкен ел мұңын жырлап айтқан «Қарқаралы, Қазылық», қалмақтардың шапқыншылығына арналған «Абылай ханның қалмақты аударғанына айтқаны» деген өлең, толғаулары бар.

Қамбар – ежелгі Түркістанда Қамбар судың, шөлдің пірі деген ұғым болған.

Қияс, Ғияс – шын аты Бәрак хан – Шыңғыс ханның баласы Шағатайдың шөбересі. Ол Мәуеренахр билеушілерінің арасында алғашқылардың бірі болып ислам дінін қабылдап, Ғиясаддин деген есіммен белгілі болған.

Қожа Ахмет Иасауи, Әзірет Сұлтан [шамамен 1093, кейбір деректерде 1103, Сайрам (Исфиджаб) – 1166, Түркістан (Иасы)] – түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Иасауидың арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ыбырайым. Анасы – Мұса Шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана).

Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы «Диуани хикмет», «Мират-ул Кулуб», «Пақырнама» сияқты мұраларынан көрінеді.

Құсайын, Хұсайын – Мұхаммедтің қызы Фатимадан туған Әли ибн Әбу Тәлибтің кіші баласы, шииттердің үшінші имамы. Діни әңгімелерде Хұсайынның есімі Хасенмен бірге аталады. 669 жылы Хасен өлгеннен кейін Әли ұрпақтарына басшылық етеді.

Алайда 680 жылы халифа Мағауия қайтыс болғаннан соң Иракта үмийалықтарға қарсылық күшейеді. Осы кезде куфалық халифа Йазидтың белсенділігі де арта түсті. Оның адамдары Хұсайынның немере інісі Мүслімді дарға асып өлтіреді. Куфаға келе жатқан Хұсайын қайғылы хабарды естісе де, сапарын жалғастыра береді. Оның Кербала шөлінде ат суытқанын білген Йазид Хұсайынға қарсы төрт мың әскерін қарсы аттандырады. 680 жылдың 10 қазанында күші басым жаумен ерлікпен айқасқан Хұсайын жолдастарымен бірге ұрыс даласында шейіт болады. Имам Хұсайын қайтыс болғаннан кейін Кербала шииттер табынатын қасиетті орынға айналады. Ал оның өлген күнін барша шиит қауымы аза тұтып, құрметпен еске алады.

Қызыр, Қыдыр баба – көптеген шығыс халықтарының, сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық образ.

Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қызыр бейнесін көне архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зерттесе, кейбір ғалымдар – тек ислам ықпалымен пайда болған деп түсіндіреді. Қызыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан түсінігі бар. Қазақ фольклорында Қызыр баба [Қыдыр] – ел аралап жүрген ақ киімді, ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы, бақыт, дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан қорғаушы.

Қырық шілтен – адамдар арасында өмір сүретін, бірақ көзге көрінбейтін, ерекше тылсым күшке ие мифологиялық әулиелер. Аңыз бойынша олар қиындыққа тап болған адал жандарға көмекке келеді. Қазақ фольклорында шілтендер бір көмекші ретінде бейнеленеді. Оларды кейде Ерен деп те атайды.

Мұхаммед [Мұхаммед ибн Абдулла Әбул Қасым] – ислам дінінің және болашақ араб халифатының негізін салушы, тарихи тұлға. Мұсылмандардың сенімі бойынша, ол – Алла Тағаланың адамдарды тура жолға салу үшін жіберген Елшісі, ең соңғы пайғамбар.

Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдында түсті. Мұхаммед 610-жылы 40 жасында Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін – исламды уағыздай бастайды. Мұхаммед (с.а.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың басым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдине қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының басы деп есептеледі. Оның арабша атауы – “хижра”, яғни “қоныс аудару” деген сөз. Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдине қаласында қайтыс болды. Мұхаммед пайғамбардың “Мұстафа” (таза, нұрлы, сипатты), “Расул” (елші), “Хабибулла” (Алланың сүйіктісі), “Сағидулла” (Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар.

Нұх – пайғамбар, Құран кейіпкері. Інжілдегі Ной. Құран Кәрімде оның аты 43 рет аталады және 71-сүре осы Нұх пайғамбар мен оның әулеттеріне арналған.

Дүние жүзі халықтарының көбінде Нұхтың есімі “топан су оқиғасымен” байланысты айтылады. Аңыз бойынша, жер бетін топан су қаптағанда Нұх пайғамбар оны Алланың жәрдемімен алдын ала сезіп, алып кеме-күпшекті жасайды да, күнәсіз адамдар мен жан-жануарлардың әр түрінен жұптан алып, әлгі кемеге мінгізеді. Осы кемеге мінген тіршілік иелері апаттан аман қалып, өмір қайта жалғасады.

Омар – Әбубәкір өлгеннен кейін (634 ж.) мұсылман қауымына басшылық жасаған екінші әділетті халифа, исламның алғашқы кезеңіндегі ірі дін қайраткерлерінің бірі.

Омар хазірет Мұхаммед пен Әбубәкір Сыдықтан соң мұсылмандықты одан әрі насихаттап, оны араб елдерінен тысқары өлкелерде таратуға көп күш жұмсады. Омар хазірет басшы болған он жыл ішінде ислам діні Ирак, Сирия, Египет және Ливия жерлеріне орнықты. Омар халифа тұсында араб-мұсылман иеліктерінде дінге негізделген әкімшілік құқықтың тәртіптері және алым-салық жүйесі құрылды. Ол сондай-ақ мемлекеттегі шариғат жолының үлесін күшейту мақсатында өзінің халифа лауазымына “Әмір әл-муминин” дәрежесін қосты. 638-жылы хазірет Омардың сахабалары Иерусалимді тізе бүктіріп, қаладағы қасиетті Сүлеймен храмында намаз оқыды. VІІ ғасырдың аяқ шенінде үмийа халифасы Әбд әл-Мәлік хазірет Омар намаз оқыған жерге “Куббат ас-сахара” деп аталатын күмбез тұрғызды.

Оспан – араб-мұсылман тарихындағы үшінші әділетті халифа. Ол – Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстаған алғашқы сахаба-серіктерінің бірі, Расул Аллаға шын берілген үмийа әулетінен шыққан бай саудагер. Хазірет Оспан әуелі Пайғамбардың қызы Ұрқияға, ол қайтыс болған соң Расулдың екінші қызы Үммігүлсімге үйленді. Сол себепті мұсылмандар Оспанға “Зун Нурайн” (екі шамшырақтың иесі) деген құрметті атақ берген.

Рүстем, Дастан – Ежелгі Иран аңыздарының әйгілі батырлары, “Шаһнама” эпопеясының бас қаһармандары. Олар шығыс халықтарында қаһармандық үлгісі ретінде дәріптеледі.

Сейпілмәлік-Бәдіғұлжамал – арабтың “Мың бір түн” атты ертегілер жинағындағы “Сейпілмәлік–Бәдіғұлжамал хикаясы” атты тарауының негізінде жырланған шығыс халықтарына ертеден таныс дастан, поэмалардың бас кейіпкері. Оларда Сейпілмәлік таза, өшпес, адал махаббаттың, шын берілгендіктің символы ретінде суреттеледі

Сүлеймен – Құран кейіпкері, Дәуіт пайғамбардың баласы, Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иерусалим қаласындағы Яхус храмын салдырған.

Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған. Бір күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бірдей қаза болыпты. Сонда Дәуіт еш абыржымай, сабыр сақтап, Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға “отыз ұлға татитын” бір ұлды, яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен мұсылман елдерінің ертегі, дастандарында “аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жануар, құрт-құмырсқаның тілін білген” деп дәріптеледі.

Хасан, Хасен – Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимадан туған, Әли ибн Әбутәлибтің баласы, шииттердің екінші имамы. Әли 661-жылы қаза тапқаннан кейін Хасен Иракта халифа болып жарияланды. Әкесімен бірге, басқа бауырлары секілді ол да ислам болашағының беріктігі үшін күрескен тарихи тұлға. Ислам елдері, әсіресе шииттер аса қадірлейтін дін қайраткері. Олар Хұсайын сияқты Хасенді де “ұлы азап шегуші” деп санады. Хасен ибн Әли 669-жылы Мәдинеде қайтыс болды. Кейбір аңыз-деректерге қарағанда, оған қарсыласы халифа Мағауия адамдары қастандық жасап, у берген.

Хұсайын – Мұхаммедтің қызы Фатимадан туған Әли ибн Әбутәлибтің кіші баласы, шииттердің үшінші имамы. Діни әңгімелерде Хұсайынның есімі Хасенмен бірге аталады. 669-жылы Хасен өлгеннен кейін Әли ұрпақтарына басшылық етеді.

Алайда 680-жылы халифа Мағауия қайтыс болғаннан соң Иракта үмийалықтарға қарсылық күшейеді. Осы кезде куфалық халифа Йазидтың белсенділігі де арта түсті. Оның адамдары Хұсайынның немере інісі Мүслімді дарға асып өлтіреді. Куфаға келе жатқан Хұсайын қайғылы хабарды естісе де, сапарын жалғастыра береді. Оның Кербала шөлінде ат суытқанын білген Йазид Хұсайынға қарсы төрт мың әскерін қарсы аттандырады. 680-жылдың 10-қазанында күші басым жаумен ерлікпен айқасқан Хұсайын жолдастарымен бірге ұрыс даласында шейіт болады. Имам Хұсайын қайтыс болғаннан кейін Кербала шииттер табынатын қасиетті орынға айналады. Ал оның өлген күнін барша шиит қауымы аза тұтып, құрметпен еске алады.

Фатима, Бибі Бәтима – (635 жылы қайтыс болған) – Мұхаммед пайғамбардың қызы, төртінші халифа Әлидің әйелі, Хасен мен Хұсайынның анасы, мұсылман әлемінде ерекше қадір тұтатын қасиетті әйел бейнесі. Фатимаға табыну, шамасы, Х-ХІІ ғасырларда, содан тарайтын әл-фатимийун әулетінің ықпалы күшеюіне байланысты туып қалыптасса керек. Фатима – шииттердің діни хикаяларының басты қаһармандарының бірі. Көптеген мұсылман елдерінде алақанды белгілейтін ежелгі нысана “Фатиманың қолы” деген атақ алған. Оның небір үмітсіз ауруларға да ем қондырып, дәру дарытатын қасиеті бар деп саналған.

Шаһариар – [шаһар /п/ – төрт, йар /т/ – жар, серік] – тарихта “ал-хулафа ар-рашидун” деген атпен белгілі, араб мемлекетін бірінен соң бірі кезекпен билеген төрт әділетті халифа – Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли.

Олар Мұхаммед пайғамбар уағыздаған жалғыз құдайлық дінді ең бірінші болып қабылдап, оның ең жақын, шын берілген сенімді серігі, жолдасы болды және ислам дінін тарату, нығайту ісін ары қарай жалғастырды.

Ыбырайым – пайғамбар, Құран кейіпкері, Құдай жолын алғаш уағыздаушы, арабтар мен еврейлердің ортақ атасы, Інжілдегі Авраам. Ең көп тараған аты – халил Алла (Алланың досы). Ол жастайынан-ақ өзінің тайпаластары мен әкесі Азар табынған пұтқа сенудің мағынасыздығын түсінеді. Ыбырайым әуелі күнге, айға, жұлдызға сенеді, содан соң бір Аллаға деген сезімі оянады. Ыбырайым өзінің сезімін әкесіне және халқына түсіндіре алмайды; сонан соң қасиетті орындарға кіріп, бірнеше пұтты зақымдайды да, келгендерге мұны ең басты пұт жасады дейді. Олардың өз сөзіне сенімсіздігін пұтқа сенімдерінің жалғандығынан деп түсіндіреді, бірақ оның уағызын олар түсінбейді. Ыбырайымды патшаларына алып барады, ол оны өртеп жіберуге бұйырады. Алайда Алла Тағала өзінің пайғамбарын оған сенген Лұтпен бірге құтқарып қалып, Палестинаға апарып орналастырады. Бірде Ыбырайымға Лұт орныққан қаланың опасыз тұрғындарын жазалауға бара жатқан періштелер келеді. Олар Ыбырайымға өзінің және әйелінің қартайғанына қарамастан ұлды болатынын болжайды… Ол бала болашақ Ысқақ пайғамбар еді.

Ыбырайым өзінің ұлы Ысмайылмен бірге Меккедегі Қағбаны салады. Бірде оған түсінде Алла Тағала өз ұлын құрбандыққа шалу жөнінде аян береді. Ыбырайым да, ұлы да бұған әзір еді, бірақ Алла олардың сыннан өткендерін ескеріп, құрбандыққа шалу үшін көк қошқар береді. Ыбырайым Алладан өлімге жан бітіретін қасиетін көрсетуді сұрайды. Сонда оған төрт құстың қалдығын төрт тауға апарып қою тапсырылады. Алла Тағала шақырғанда әлгі төрт құсқа жан бітіп, ұшып келеді. Алла Тағала Ыбырайымды әр кез жебеп-желеп отырады, оған бірнеше пайғамбар шыққан ұрпақ сыйлайды. Ыбырайым есімімен Қағбаға тәжім ету ғана емес, қажылықтың барлық рәсімі байланысты.

Ысмайыл – Құран кейіпкері, пайғамбар, Ыбырайымның баласы, Інжілдегі Исмаил. Ол Алланың әмірімен әкесі Ыбырайым екеуі тасқын қиратқан Қағбаны қалпына келтіреді.

Аңыздарда Ысмайылдың Ыбырайымның күңі Ажардан туған үлкен ұлы екендігі жайлы айтылады. Әйелі Сараның қызғаншақтығы мен қастандығынан сескенген Ыбырайым Ажар мен Ысмайылды Арабияға әкетуге мәжбүр болады және оларды сусыз далаға тастап кетеді. Бала қатты шөліркеген соң шешесі ас-Сафа мен әл-Маруа биігінің төбесіне шығады, оған құдықты, көгалды жер алыстан сағым боп көрінеді. Оларға Жәбірейіл көмекке келеді. Соның әмірімен Ысмайылдың өкшесі тиген жерден қасиетті Зәмзәм бұлағы атқылайды.

Ілияс – пайғамбар, мұсылман халықтарының фольклорында адамдарға қамқорлық жасаушы ретінде белгілі.

СӨЗДІК

Абаз – мәтінде сұңқардың тектісі, алғыры деген мағынада

Ағзам /а/ – ұлы мәртебелі; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі

Ағыз /т/ – ауыз

Алда – мәтінде сұйық заттың атауы

Алқар – арқар

Аллаһу ағлам /а/ – Аллаға аян

Андақ /т/ – анда; сондай; сол сәтте

Аңа /т/ – оған, анаған

Асан /п/ – барлық, бәрі

Асауы қолым – мәтінде тірегім, медетім деген мағынада

Асла, аслан /а/ – негізінде, шын мәнінде

Аслах /п/ – қару

Аспаһани – аспаһандық

Ассабр мифтахил фариқ /а/ – сабыр қуаныш кілті

Асы, ғасы /а/ – күнәһар, шариғатқа қайшы істер жасаған кісі

Афарин /п,а./ – жақсы, керемет, мадақ, келісім

Ахирет /а/ – діни ұғым бойынша, бұл күні қияметтің болуы, Алладан өзгенің жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатындығы анық. Пенделер тірі кезінде істеген күнәларына жауап беретін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса, Алланың жақсылығын сезіп, ауыр болса, қабір азабын тартатын күн; о дүние деген ұғым; ақырзаман, дүниенің соңы.

Ахири /а/ – ақырғы, соңғы

Аһли /а/ – нәсіл

Әзелде /а/ – әуелде, ертеректе; мәңгілік

Әйдік – әдемі, көркем

Әйла /т/ – жаса, істе

Әкбар /а/ – үлкен; ұлы

Әләм /а/ – азап, қайғы, сағыныш

Әлғараз /п/ – сонымен, қысқаша айтқанда

Әлейкум ассалам /а/ – сендерге тыныштық болсын

Әман /а/ – рақымшылық етуін өтіну, кешірім сұрау

Әмән /а/ – сақтан!

Әлейһиссалам /а/ – оны Алла жарылқасын!

Әмма /п/ – ал, алайда, бірақ

Әнбие /а/ – пайғамбарлар

Әнғам /а/ – сыйлық, ақы, мал

Әрем /п/ – тыныштық, дамыл

Әудаға /а/ – құнды зат, қазына; қарапайым, момын

Әулі – аула

Бағлау /т/ – байлау

Бағыр /т/ – бауыр

Баз /п/ – қаршыға

Базаркуар /п/ – ұлы (Құдайға, адамға қарата айтылғанда), күшті, құдіретті

Байда /а/ – күміс секілді

Байза – қын

Бана – мәтінде киім деген мағынада

Бахар /а/ – теңіз, көл

Бахұзыр /п.а/– қатысу, бірге болу

Баһана /п/ – сылтау; себеп

Баһар /п/ – көңіл; көктем; гүлдену

Баябан /п/ – құлазыған шөл дала, жапан түз

Бәд /п/ – жаман

Бәдән /а/ – дене, тұлға

Бәддұға – қарғыс

Бәз /п/ – тағы да, қайтадан, және де

Бәлант /п/ – биік

Бәнәкаһ, нәкаһ /п/ – кенеттен, күтпеген жерден, бірден

Бәндар /п/ – дүние беру, байту; құлдық ұру

Бәнт /п/ – бекіту, байлану; байлаулы; арқан, бау

Бәрәка Алла, бәрәкалла /а/ – Алла берекесін берсін

Бәсша, бәша /п/ – бала

Бедірек /п/ – құл

Бейзабан /п/ – тілсіз, мылқау

Бейқарар /п,а/ – шарасыз, амалсыз

Бейхад /п,а/ – сансыз, шексіз

Бейһұш /п/ – көңілсіз; ессіз болу, естен тану

Беуәста – мәтінде ұста, шебер деген мағынада

Бигәнедин /п/ – діні бөтен

Бидақ – мәтінде жалау байрақ деген мағынада

Билән, бірлән, илән, илә /т/ – және, -менен, -бенен, пенен, -мен, -бен, -пен

Билін /а/ – керісінше, тіпті

Бисат /а/ – кілем

Бисмилла /а/ – Алланың атымен. Мұсылмандар әрбір игі істі, әрекетті осы сөзбен бастайды.

Биһұда /п/ – бекерге, мәнсіз, беталбаты

Бозорг /п/ – жасы үлкен, ұлы, дана

Борқа /п/ – шымылдық, төсек

Бөпеклі – мәтінде шашақты деген мағынада

Бұғдай /т/ – бидай

Бір уа Бар – Алла Тағаланың 99 есімінің бірі: оның барлығын, бірлігін білдіретін ұғым

Гөшт /п/ – ет

Гөя /т/ – бейне, секілді, сияқты

Гунагун /п/ – түрлі-түсті

Ғадаб /а/– ашу, ыза, қаһар

Ғайын /п/ – дәл, нақты

Ғайш-ғишрат /а/ – дүниенің қызығы, сауық-сайран

Ғалғал /а,п/ – шөл, шөл қысу; айқай-шу

Ғаллам /а/ – жарлық беру

Ғам /а/– қайғы, уайым

Ғаним /а/ – дұшпан

Ғанимат /а/ – олжа, табыс, түсім, өнім, пайда

Ғам беру /а/ – қауіп; дабыл қағу

Ғаппар /а/ – кешірімді; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі

Ғар /п/ – үңгір, апан

Ғарасат /а/ – ғарасат майданы, сот алаңы. О дүниеде адамдарды жазалайтын күні жиналатын орын

Ғарлау /т/ – секіру, ырғу

Ғарт /п/ – тонаушылық, шапқыншылық

Ғаршы-күрсі /а/ [ғаршы /а/ – тақ; ғарыш; аспан; күрсі /а/ – орындық; орын; тақ] – мәтінде ауыспалы мағынада қолданылған: жеті қат көк.

Ғарық болу /а/ – бату, суға кету

Ғаса /а/ – қайғы, мұң

Ғасейіп /а/ – күштеу, қысым көрсету

Ғауға /а/ – айқай, шу

Ғилман /а/– жұмақта қызмет көрсететін қызметші бозбалалар

Ғинан /а/ – ықылас, ерік-жігер, ықтияр

Ғураба /а/ – бейшаралар, мүсәпірлер, міскіндер

Ғұбар /п/ – шаң-тозаң; тұман, булану; бұлдырау

Ғұж /а/ – аттан, ұмтыл

Ғырлау /п/ – ыңырану, ырылдау; ырғалу

Дағы өту /а/ – зары өту, азабын тарту

Дайы /п/ – кедейлік, бақытсыздық

Дарбазабан – қақпашы

Дауамат /а/ – үнемі, ұзақ уақыт

Даурұр /п/ – керіс, талас

Дахил нәр болу – мәтінде отқа түсу, тозаққа кіру деген мағынада

Дәлекей – мәтінде киім деген мағынада

Дәмақ /п/ – мұрын

Дәргаһ /а.,п./ – Құдай құзыры; қақпа, есік; салтанатты сарай

Дәрихан /п/ – хандық, патшалық

Дәст /п/ – қол, алақан

Дәулат /а/ – мемлекет, ел

Дейүр – дер

Дергар /п/ – қажет, керек

Дерхал /п/ – әпсәтте, бірден

Дескер /п/ – ауыл; қамал, қорған

Дешті /п/ – шөл, дала

Диәп – деп

Дик, дәк /т/ – дай, -дей, -тай, -тей жалғаулығы

Димсал /а/ – мысал келтіру

Диуар /а/ – қабырға, қорған, дуал

Дөндүр /т/ – шабуылда, жабыл, қорша

Дөрек /т/ – ақымақ, ожар

Дұрлау /а/ – жарқылдау, жалтылдау

Дүр – інжу, гауһар; зор, атақты, әйгілі

Дүрде /п/ – бір сәтте, бір мезетте

Діл /п/ – жүрек

Ділтең /п/ – қайғылы, мұңды; ашулы

Емді /т/ – енді

Ергештіру /т/ – ерту

Ерді, ерміш, ерүр /т/ – екен, еді

Естеу – мәтінде бетке алу, бағытталу деген мағынада

Жағар /а/ – айқай-шу

Жайхұн – мәтінде алып, зор, жойқын деген мағынада

Жаллад /а/ – әскер; жендет, бас алғыш

Жамиғ /а/ – біріктіру; бірлестіру; жинау; бірлестік, одақ; жиын, топ; көп; бәрі

Жаншини /п/ – мұрагер; орынбасар

Жаппар /а/ – ұлы, құдіретті; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі

Жаригер /п/ – көмекші

Жары беру – жар болу, көмектесу

Жасына татыр – мәтінде жанын аямас деген мағынада

Жауан /п/ – жас, бозбала, бойжеткен

Жаһ /п/ – құдық; үңгір

Жәлил /а/ – үлкен, ұлы, қадір; зор; данышпан; айбынды; сәулетті; ардақты; мәртебелі; сүйікті, қадірлі; қымбатты; атақты; тамаша; маңызды; Алла Тағаланың 99 есімін бірі.

Жәсат /а/ – дене

Жәһил /а/ – надан, білімсіз

Жәштикаһ /п/ – таңғы уақыт

Жетіш – мәтінде себет, ыдыс деген мағынада

Жисм /а/ – форма; құрылыс; түрі; тұлға; дене, тән

Жолан /т/ – мықты, әлді, күшті

Жош ұру /п/ – серпілу; көңілі тасу; қызыну

Жүгірік /т/ – жүйрік

Жүмлә /а/ – бәрі, барлығы, түгел

Жүрәстәм – мәтінде қиянат, зәбір деген мағынада

Жыға – бас киімге сәндік үшін тағылатын (шаншылатын) құс қанаты немесе сол сияқты әшекей зат

Зағи /п/ – қарға; сауысқан

Зағифа /а/ – әйел

Зағшы /п/ – сауысқан

Зағы /п/ – үңгір; көк, көгілдір

Зағыпыран – сары түсті гүл; мәтінде ауыспалы мағынада қолданылған: сарғайып зағыпырандай

Замин уа заман /п/ – бүкіл құрлық; бүкіл әлем

Зараб /а/ – соққы, сабау

Зиба /а/ – көрікті, сұлу; мүсін

Зир уа забар /п/ – төменгі және жоғарғы (зир – парсы жазуында жолдың астындағы «ә» дауысты дыбысының таңбасын білдірсе, забар – жолдың үстіндегі «а» дауысты дыбысының таңбасын білдіреді).

Зираке /п/ – сондықтан да; өйткені

Зияда /а/ – өсу, көбею; қосылу; жоғары

Зұлжалал /а/ – мәртебелі; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі

Зүлфі /а/ – бұрымы, шашы; бұйра шаш

Зүрбаф дауыр /п,а/ – алтын жіптен тоқылған тартпа

Зүрият /а/ – тұқым; жұрағат

Иғлап – жылап

Изн /а/ – рұқсат

Иктадай /п/ – бірауыздан келісу. ынтымақтасу

Илат /п/ – ел, ру

Иләһ /а/ – Құдай, Құдірет, Тәңір

Илик /т/ – елу

Инану /т/–илану, сену

Иншалла (ин шаа Алла) /а/ – Алла қаласа

Иралығ – мәтінде тағдыр, заман деген мағынада

Истихан – мәтінде жан жарасы деген мағынада

Итәк /т/ – жуас

Иттифақ /а/ – келісім, шарт; ризалық; мақұлдау; татулық; ынтымақтылық; сәйкестік; кездейсоқтық

Йабан – мәтінде күшті, құдіретті, қасиетті деген мағынада

Кәбир /а/ – көп, мол

Кәдхада /п/ – отбасы қожайыны; үйленген адам

Кәғб /а/ – абырой, даңқ; қасиетті

Кәжім, қажым /п/ – жібектің бір түрі

Кәлам /а/ – сөз, сөйлем

Кәләп /а/ – дақ; жақсы көру

Кәлбахана /п/ – үйшік, лашық

Кәмәрбәсте /п/ – шынайы дос

Кәміл /а/– толық, бүтін

Кәңләл /п/ – қайғыру, жасу

Кәпір /а/ – Құран Кәрімде яһуди [жүһүдтер] мен христиандар жазба жұрты, кітап иелері [аһлул китаб] деп аталған, ал көпқұдайшылдар, яғни түрлі пұтқа – қолдан жасалған мүсіндерге, я отқа, тасқа, тауға, суға т.с.с. басқа да жаратылыстарға табынып құлшылық етушілер, шындықты мойындамағандар кәпір делінген. Соңғы дәуірлерде ислам дінін ұстанушылар бүкіл мұсылман еместерді кәпір деп атаған.

Кәрд /п/ – бейне, түр; әрекет

Кәрдагар /п/ – жаратушы, Құдай

Кәри /п/ – қайраткер; ер жүрек

Кәрім /а/ – жомарт, игі, шарапатты; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі

Кәтеп /а/ – иық

Кәтта /т/ – үлкен, зор, мықты

Кәһ күлу, қаһқа ұрып күлу /п/ – қарқылдап күлу

Кәһі – кейі, кейбіреуі

Келтірүр – келтірер

Келібан – мәтінде кел, қайт, орал деген мағынада

Кеп, гәп /п/ – сөз, әңгіме, хикая; бір нәрсенің сыры, мәні; бір істің, нәрсенің себеп-салдары, тетігі

Кешібан – мәтінде жаннан кешу, жаннан безу деген мағынада

Көдек /п/ – жасөспірім бала, сәби

Көксі /т/ – кеуде; көкірек

Көһне /а/ – ескі, көне

Күдей /а/ – талмай еңбектену, күшену

Күміраһ /п/ – адасушы, қателесуші

Күллері /п/ – бас киім, қалпақ

Күлшін /п/ – гүлзар

Күрүсі /а/ – арнайы; тіреу; тығын

Күшүк – кішкентай, жас бала

Қабла /а/ – ерте, уақытынан бұрын

Қаблегаһ /п/ – рақымшы, қорғаушы; медет, үміт

Қад қамат /а/ – биік, бойшаң

Қадим /а/– ерте, ежелгі; қызмет көрсету, сыйлау

Қад /а/ – тізе

Қадір /а/ – құдіретті, күшті; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі.

Қадірдан /а,п/ – қадірлі, білімді, қасиетті адам

Қайыл болу /а/ – сөйлеу, айту; мойындау, баға беру; қайран қалу

Қалба /а/ – мақау, диуана

Қалға /а/ – қорған; бекініс; қамал

Қамат /а/ – бой; мүсін

Қандақ /т/ – қандай

Қанығ /а/ – көңілге тоқу; көз жеткізу

Қардаш /т/ – туыс

Қасад /а/ – мақсат, мүдде; жоспар

Қасыға – қасына

Қатра /а/ – тамшы

Қатым /а/ – аяқтау; бітіру; Құран Кәрімді басынан аяғына дейін оқып шығу

Қоғыр – сарғалдақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.

Қубба /а/ – күмбез; үлкен ғимарат

Құрайыши – құрайыштық; арабтың құрайыш тайпасынан

Құран /а/ – діни ұғым бойынша, Алла Тағаланың сөзі жазылған, ислам дінінің негізгі ереже, уағыздары толық көрініс тапқан мұсылмандардың ең басты қасиетті кітабы.

Құрбашы – мәтінде қақпа күзетшісі деген мағынада

Құсни /а/ – көркем, өте әдемі, ең жақсы, асқан сұлу

Құсра /а/ – міндет, міндетті

Құтас – мәтінде шашақ деген мағына.

Құтпа /а/ – уағыз

Құтпан /п/ – түн намазы

Қызылбас – шиттің он екі имамының құрметіне он екі қызыл жолақты сәлде киетіндерді осылай атаған. Кейін бұл атау бүкіл ирандықтарға телініп кеткен.

Лабас /а/ – киім

Лағин /а/ – қарғыс атқан; шайтан

Лалезар /п/ – қызғалдақ

Ларзан ұру /п/ – дірілдеу, сілкіну

Лаух-қалам [лаух /а/ – тақта] – Құран Кәрім бойынша, әр адамның тағдыры күні бұрын жазылып қояды. Сол жазу тақтасын лаух-қалам, лаухул-махфуз деп айтады.

Ләб /а/ – ерін

Ләйлә /а/ – түн

Ләйләй /п/ – керемет, жарқылдаған

Ләкин, ликән /а/ – алайда, бірақ, онда

Ләпсі – нәпсі

Ләшкер /т/ – әскер

Мағин /а/ – тамашалау; сайлау

Мағиб /а/ – кемшілік, дақ

Мағрұр /а/ – алдану; көрмеу; атаққұмар, менменшіл

Мағшұқ /а/ – ғашық, сүйікті

Мадда /а/ – әскери көмек

Мажаз /а/ – рұқсаты бар; диплом; өткел, дәліз

Мажара /а/ – таңғажайып оқиға

Маләмат /п/ – көре алмаушылар, күндеушілер

Маңа /т/ – маған

Мана тағу /а/ – кедергі жасау

Марданалық беру /п/ – батыр, ержүрек; мәтінде намысын қайрау, батылдандыру деген мағынада қолданылған.

Марһам /а/ – дәрі, мазь, бальзам

Маст болу – мас болу

Матлуб /а/ – талап, тілек

Матым /п/ – қайғы, шер

Махал /а/ – мезгіл

Махкам /а/ – берік, мықты, бекем

Махрам /п/ – сенімді қызметші

Махшар /а/ – діни ұғым бойынша, дүние салған адамның күнәсі тексерілетін кезең; ақырет

Маһ /п/ – ай

Мәзһаб /а/ – жүру жолы; діни мектеп; ағым

Мәләйік /а/ – періштелер

Мәләк /а/ – аймақ; патшалық

Мәулан /а/ – ие, қожайын; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі

Меһірбан /а/ – мейірбан, рақымды

Мирахор /п/ – шабарман

Миршап /п/ – түнгі шолғыншылардың басшысы, күзетші

Миясар /а/ – жеңілдікті; көңілдегідей; ойдағыдай; сәтті, жемісті, жетістікті; олжалы; бай; лайықты, тең, сәйкес

Мөдәм /а/ – әрқашан, үнемі, дәйім

Муханнис /а/ – қызтеке; қорқақ

Мұғайын /а/ – анық белгі

Мұддаға /а/ – тілек, өтініш; себеп

Мұңа /т/ – мұнда, осында

Мұраднелік беру /а/ – шегіну, кейін қайту

Мұрсал/а/ – жіберілген; Алла Тағаланың пенделерді тура жолға қою үшін жерге жіберген пайғамбары

Мұтайфа /а/ – әзіл-қалжың

Мұш /п/ – жұдырық

Мүбтілә /а/ – жан-тәнімен берілу; құлай сүю

Мүдәр /а/ – қоныс, қала

Мүмін /а/ – сенуші; иман келтірген; мұсылман

Мүнәсіп /а/ – жарасымды, лайықты; жағдай; қызмет; лауазым

Мірғазап /п/ – жендет

Нағыра /п/ – соқпалы аспап, барабан, дауылпаз

Наджах /а/ – сәттілік, табыс

Назыл /а/ – түсіру, жіберу

Найче /п/ – спирт жасауға арналған ыдыс

Найып /а/ – орынбасар, басшы

Нақарахана /п/ – қала немесе сарай қақпасының үстінде салтанатты күндері әншілер, өнерпаздар жайғасатын орын.

Нақра /п/ – күміс

Налыш /т/ – қайғы-қасірет, мұң-шер

Нам, нама /п/ – кісі аты, есім; атақ, ат

Намаздыгер – күн еңкейіп, ұясына кіруге таянған уақыт

Наук /о/ – ғылым

Наһар /п, а/ – нәр, қорек, тамақ; өзен

Нәби /а/ – пайғамбар

Нәгаһан /п/ – күтпеген жерден, бірден

Нәжім /а/ – жұлдыз

Нәкүмән /п/ – қаннен қаперсіз, күмәнсіз

Нәмақұл /п,а/ – ақылға сиымсыз, жөнсіз

Нәрижүз – көрік, сұлулық беруші

Нәфас /а/ – тыныс алу; ауа

Нәхаст /п/ – қатты шаншып ауыру

Неках /а/ – неке

Нида /а/ – жар шақыру, дауыстау, айқайлау; жалбарыну; үндеу; ұран

Нидамат /а/ – өкініш, қайғы

Ник /п/ – жақсы

Нужуан /п/ – бозбала

Нұғы /а/ – тек, категория

Нұш /п/ – тәтті, дәмді; шырын

Німә /т/ – не, немене, не нәрсе

Оқшату /т/ – ұқсату

Олды – болды

Олтыру /т/ – отыру

Оңа /т/ – оған, соған

Ошал /т/ – осы

Паймал /п/ – тапталу, мыжылу

Пайтақ /п/ – тақ

Панаһы /п/ – пана, көмекші

Панһан /п/ – құпия, жасырын

Парамұш ұмыту, есінен шығару

Параст /п/ – ит

Паришан /п/ – қобалжу, уайым

Парияд /п/ – жылау, айқай

Париян /а/ – шаршау, жалығу

Парлау /п/ – желбіреу

Паша /т/ – бек, төре

Пәнд-насихат /п,а/ – ақыл-кеңес

Пәруа, пәруай /п/ – сана, сезім, ес, қапер; пәруайсыз – қамсыз, қаперсіз

Пәруаз /п/ – жарқыл; сәуле; шұғыла

Пәруана /п/ – түнде ұшатын көбелек. Ауыспалы мағынасы: біреудің жолына құрбан болу, садаға болу, жанын қию

Пәруардигар /п/ – Жаратушы, Жасаған, Құдай

Пәст /п/ – нашар, бәсең

Пәшт /п/ – пана, қорғаушы, демеуші

Пәшікаста /п/ – әлсіз, қорғансыз

Пишуаз /п/ – қарама-қарсы жүру

Пияда /п/ – жаяу

Порма, порым /о/ – форма: түр, түрі; қалып

Прән – мәтінде киім деген мағынада

Пүстін /п/ – тері, былғары

Пыштақ /п/ – тіреу; төбе; ұш

Расул /а/ – елші; негізінен Мұхаммед [с.а.с.] пайғамбарға айтылады

Раст – рас, шын, ақиқат

Рауан /п/ – жүру, қозғалу, жылжу

Рауаят /а/ – әңгімеші, таратушы

Раусияһ /п/ – ұятқа қалу, масқара болу

Рауыш /п/ – тәсіл, әрекет, қалып

Раушан /п/ – нұрлы, сәулелі, әдемі

Рахмат /а/ – мейірім, шапағат

Рәміз /а/ – құпия; айла

Рәсім /а/ – сурет, портрет

Руи /п/ – бет, дидар

Сабах дәм /а,п/ – таң алдында

Сағ /т/ – сау, аман-есен

Сада /п/ – дыбыс, үн

Садә /п/ – сыңғырлаған

Садда /п/ – жүз, жүздеген

Сайыл /а/ – өткінші; жұпыны

Сақат – саулық, амандық

Сал /п/ – жыл

Салғырт – салық

Салдат /о/ – жауынгер, солдат

Сана /а/ – жыл

Санам /а/ – идол, кумир; мәтінде аса көрікті деген мағынада

Санаубар /п/ – қарағай, шырша

Санбал мойлы /п/ – тұлым шашты

Саңа /т/ – саған

Саңә /а/ – сүңгі

Сапаһ /п/ – жауынгер, әскер

Сарасиме /п/ – сасып қалу; қорқу; асығыстық

Сарпай /п/ – той үстінде таратылатын сый-кәде

Саф, сафа /а., тат/ – жақсы, таза, тұнық, ашық болу; рахаттану, көңіл көтеру

Сахануар /п/ – жазушы, ақын

Сахар /а/ – таң алдында, алагеуім; арай, таң, шапақ

Сахиб /а/ – дос, жолдас; ие, қожайын

Сахит /а/ – аман болу, дені сау болу

Сәбил /а/ – иесіз қалу; жапа шегу

Сәда – мәтінде текті, жүйрік деген мағынада

Сәйір /а. п./ – сейілдеу; көңіл көтеріс, қыдыру; саяхат; жүріс; қимыл; қозғалыс

Сәлау-мәлік /п/ – мал ауруы, қазақта қарасан деп те атайды

Сәна /а/ – қайғы; қапа; алғыс, мадақ; тілек-өтініш білдіретін -шы,-ші орнына қолданылатын жұрнақ: бар-сәна (баршы)

Сәргарда /п/ – ие, қожа, қолбасшы

Сәуда /а/ – қайғы, жаманат

Силә /а/ – жіп

Симан /а/ – семіз, толық

Сира /а/ – құпия, жасырын

Сұбхан /а/ – жасаған, күшті, құдіретті; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі

Сүрек/т/ – қалып, уақыт, өмір (сүру)

Сүріш /т/ – соғыс; шабуыл

Сыдық /а/ – шыншыл, шындықты айтушы, адал, әділетті халифтің бірі – Әбубәкірдің теңеуі

Та /п/ – дейін, шейін; - ға, - ге, - ша, - ше

Табарра /а/ – сөзінде тұру; өз-өзіне тоқтау салу

Тағ /т/ – тау

Таға – нағашы

Тағала /а/ – бәрінен жоғары, ұлық; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі.

Тағин /а/ – тағайындау; анықтау

Танбе /а/ – ескерту

Танһа /п/ – жалғыз, бір

Тараххам /а/–кешірім, рақымшылық

Тариқ /а/ – жол

Тарпе /а/ – ерекше; бір сәтте, лезде

Тасаддиқ нам /а/ – куәлік

Тасбих, Тәсбі /а/ – Алланы мадақтау, дәріптеу; 33 моншақ тастан тұратын тізбек. Тәсбі тарту – моншақ тастарды тере отырып 34 рет “Аллаһу Акбар”, 33 рет “Сұбхан Алла”, 33 рет “Әлхамдулилла” деп Алла Тағаланы мадақтап сиыну. Бұл ерекше көркем сөздерді Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) қызы Фатима анамызға үйреткен; кейіннен мұсылман әлемінде нұр сәулелі Фатиманың тәсбісі деп аталып, әр намаз сайын айтылатын болған.

Тасдиқ /а/ – сенім; растау, мақұлдау

Тасрих /а/ – еркін болу; бостандыққа жіберілу

Тауаф /а/ – бір нәрсені айнала жүру

Тауфиқ /а/ – ұйғару; татуластыру; басу; тыныштық орнату; көмектесу; жәрдем; табыс; келісу; мәміле; татулық, тыныштық; жәрдем; қолғабыс; медет; көмек; мерей; сәттілік; бақыт

Тахқиқ /а/ – шын; ақиқат; іске асыру

Тахта фәләк /а/ – аспан асты

Таһарат /а/ – дәрет алу, тазалану. Құран Кәрімді оқырда, намазға жығылар алдында жасалынатын бірден-бір шарт – тазалану, яғни дәрет алу. Сумен үсті-басты, денені жуып қана қоймай, рухани ойды да тазалау.

Тәбділ /а/ – өзгерту, өзгеріс, ауысу

Тәкид /а/ – қайталау

Тәкіраһ /а/ – еркінен тыс бір нәрсе жасау

Тәмсіл /а/– өсиет, нақыл түрінде айтылатын, астарлы мазмұны бар әңгіме; ұсыну, көрсету; ойын; түсінік; танысу

Тәнбия /а/ – жаза, ескерту

Тәсір қылу /а/ – әсер ету

Текежәуміт – түркімендердің теке және жәуміт деген екі руының атауы бізде бір ру ретінде аталып жүр.

Туғ /т/ – ту, жалау, байрақ

Тұғры – тура

Түрфі – байлық, дәулет

Тыблахана /п/ – атқора

Тікуар – тәкаппар, кербез

Тіллә/а/ – алтын ақша; кейде алтын, зер мағынасында да қолданылады.

Уай асрар /а/ – жаны жаралы, қайғылы

Уәли /а/ – әмірші, ұлық, басқарушы

Уәсуәс /а/ – азғырушы, тура жолдан тайдырушы, құлаққа сыбырлап “түртіп” тұратын шайтан; шайтанның көңілге күдік салуы, іштей азғырушы

Ұғыры – ұры

Ұлақ /т/ – лақ

Ұлпат /а/ – шын берілген, жақын /дос туралы/

Ұлыш /т/ – ұлыс, ел, халық

Үзіре /т/ – жоғары, үсті

Үкәма /а/ – басшылар, билеушілер

Үмбет, үммет /а/ – ел, қауым, жамағат; Мұхаммедтің үмбеттері, мұсылмандар, Ислам дініне бағынушылар

Үрдәк /т/ – үйрек

Үшбу т/ – осы, бұл

Фаған /п/ – күрсініс, қиналыс, күңірену

Фарамұш /п/ – ұмыт болу

Фарғыны /а/ – бой, тұлға, бітім

Фарқама – мәтінде шәйдің түрі ретінде берілген

Фарсақ – ұзындық өлшемі, 6 шақырымға тең

Фасил /а/– бөлім; бөлік; түр

Фатиха /а/ – беташар, кіріспе; Құран Кәрімнің 1-сүресі; мәтіндерде бата мағынасында қолданған.

Фәлак /п/ – тағдыр; фортуна

Фәләк /а/ – аспан; жеті қат көк

Фирақ /а/ – айрылысу

Хабиб /а/ – сүйікті, қадірлі; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі

Хазір /а/ – әзір, дайын

Хазірет /а/ – жоғары мәртебелі. Пайғамбарлардың, имамдардың, белгілі әулиелердің есіміне қосылып айтылатын құрметті атақ

Хақ /а/ – шындық, күмәнсіз, ақиқат; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі

Халал /а/ – шариғат бойынша ұлықсат берілген; заңды; некелеп алған; таза; адал; жарамды

Халат /а/ – хал, жағдай

Халғат /а/ – силыққа берілген қадірлі киім; шапан

Хали һәм /а,п/ – енді, әлі де

Халиян – калян

Хама /п/ – шикі, шала

Хамита /а/ – текті, бекзада

Хамләй /а/ – құлшыну, обырлану

Хамр /а/ – арақ-шарап

Ханеман /п/ – үй-жай

Ханнан /а/ – мейірімді, рақымды, қайырымшыл; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі

Ханнаса – мәтінде тұтқын, күң мағынасында

Хапарыс – мәтінде желбіреген, желкілдеген деген мағынада

Хараб /а/ – қирау, талқандау, бүлдіру; соғыс

Хараж /а/– шығын, шығындану; салық,салым

Харзар /п/ – тікенді өсімдік; мәтінде жексұрын, сүйкімсіз деген мағынада

Хасрат /а/ – қасірет, қайғы; сағыныш

Хасса /п/ – бөлік; бөлім; бөлек; бөлшек, үлес; енші; несібе; нәсіп; ырыс; арнайы; дербес; тән; іріктелген; таңдаулы; жеке

Хатыр /а., п/ – ой, идея, көңіл-қош

Хауаджа /а/ – қажы сөзінің көпше түрі

Хауари /а/ – әлсіреу, күшсіздік, дәрменсіздік

Хаят /а/ – өмір; мәңгілік

Хәд /а/ – шек

Хәмла /а/ – шабуыл

Хилап /а/– қарама-қарсылық, қайшылық, алауыздық, талас, дау

Хой /п/ – сипат, мінез-құлық

Хоулі /п/ – үй

Хошруи /п/ – сұлу, көркем

Хуаһі /п/ – я болмаса, әйтпесе

Хусудин еп үлгідей – мәтінде жауларды жеңердей деген мағынада

Хұб ит – мәтінде ит сияқты деген мағынада берілген

Хұрұш /п/ – айқай-шу; дабыл; мәтінде соғыс мағынасында берілген.

Хұсни /а/ – жақсы; әдемі

Һажран, һажыр /а/ – айрылу; айрылысу; қол үзу

Һамраһ /п/ – жолсерік; сапарлас; серік

Һауа – ауа

Һауаскар /п/ – шұғылданушы; бір нәрсені қалаушы

Һаур /п/ – күн; бақыт

Һафит /а/ – аш, әлсіз

Һәмдәм /п/ – шынайы дос

Һәмише /п/ – үнемі, дәйім, ылғи

Һәмма /п/ – барлық, бәрі

Һәнуз /п/ – әлі, әлі күнге дейін

Һәста /п/ – ептеп, ақырын

Һуа /а/ – ол

Һұш /п/ – ақыл-ой; ес; зерде; сана, зейін; жады

Шаб /а/ – жас, бозбала

Шабхун /а/ – елес, құбыжық

Шамал /а/ – шапан, желбегей; солтүстік желі

Шаррабе /п/ – сән үшін қойылатын шыны түтікше

Шарх /а/ – көңілді; түсінік, сипаттама

Шарх кешүр – мәтінде тағдыр деген мағынада берілген.

Шат-харам /п,а/ – ойын-күлкі, қуаныш

Шаф /п/ – сүйек

Шафиғ /а/ – қолдау; делдал

Шаһана /а/ – патшаға, шаһқа тән; мәтінде бағалы киім мағынасында берілген

Шаһаншаһ /п/ – патшалардың патшасы (Иран шаһының мәртебесі)

Шаһзада – патшалар мен шаһтардың, имамдар мен халифалардың мұрагер ұлдарын осылай атаған

Шаһид, шейіт /а/ – ислам діні жолында қасиетті соғыстарда қаза болған адамдарды шаһид, яғни шейіт деп атайды.

Шаһла /а/ – көкшіл көз

Шаһр /а/ – атақты болу; өсек тарату, қаралау

Шәкіл /а/ – бет, жүз, дидар

Шәпкір /п/ – дабыл, керней

Шиһад /а/ – бал

Шора /т/ – күң

Шөукәт /п/ – күш, құдірет

Шүй /п/ – күйеу

Шүкіраналық ету /а/ – шүкірлік ету, алғыс білдіру

А. Ақан.

ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ

Астархан, Астрахань, Қажы тархан – қала, Ресей Федерациясынынң облыс орталығы. Еділ өзенінің екі жағалауын ала Каспий теңізінен 150 шақырым қашықтықта орналасқан. ІІІ ғасырда Астарханның орнында хазарлардың ежелгі астанасы Атель (Әтел, Итиль), ҮІ ғасырдың аяғында Балангир қаласы болды. ХІІІ ғасырда Шыңғысхан ұрпақтары ескі қаланың орнына Сыйтархан қаласын салды да, ХІҮ ғасырда хандықтың астанасы етті. 1459-1556 жылдары Астархан хандығының басты қаласы болды.

Ауған, Ауғанстан Ислам мемлекеті – Оңтүстік Батыс Азиядағы мемлекет. Астанасы – Кабул.

Әмудария – Орта Азиядағы ірі өзеңдердің бірі. Көне атауы – Жейхун.

Бағдат – 1921-жылдан бері қазіргі Ирак мемлекетінің астанасы. Тигр өзенінің екі жағасын бойлай салынған.

Қаланы “Мадинат ас-Салам” (Бейбітшілік қаласы) деген атпен халифа Мансұр 762-жылы салдырған. Бағдат – орта ғасырларда араб әдебиеті мен мәдениетінің орталығы болған қалалардың бірі. Осында бірсыпыра шығыс ғалымдары [Насреддин Туси, Әл-Фараби т.б.] оқып, білім алған.

Бесқала – бұрынғы Хиуа хандығына қарасты Үргеніш, Хожелі, Төрткүл, Хиуа, Шымбай секілді көне шаһарларды қазақтар Бесқала деп атаған.

Бұхар (санскритше вихара – монастырь) – б. з. І ғасырында іргесі қаланған, Зарафшан өзенінің төменгі ағысында орналасқан, Орта Азиядағы көне қалалардың бірі. Қазірде Өзбекстан Республикасының осы аттас облыс орталығы.

Еділ (Волга, ежелгі атауы Ра, ортағасырларда Итил) – Еуропадағы ең үлкен өзен. Ұзындығы – 3530 шақырым. Еділ өзені бастауын Валдай қыратынан алып, Каспий теңізіне құяды.

Жайық – Орал тауынан бастау алып, Каспий теңізіне құятын өзен атауы.

Ирамбақ, Ирамбағы, Ерамбағы, бағы Ирам – шығыс халықтарының әдебиеті мен фольклорында кереметтей, ғажайып бақтың бейнесін осы атаумен беру қалыптасқан. Аңыз бойынша, Ирамбақ – оңтүстік Арабия әмірі Шаддадтың жер үстінде жұмақ орнату райынан туған мәуелі бақ.

Исфаһан – Иранның орталық бөлігіндегі қала. Зайендеруд өзенінің жағасында орналасқан.

Көһи Қап тауы – Құран аңыздары бойынша, жер жүзін қоршап тұрған тау тізбегі. Бұл таулар аспан түстес зүбәржаттан құралған, ал ең биік шыңында жанартау орналасқан. Жер бетіндегі барлық таулар Қап тауымен байланысты, Алла Тағала осы таулар тізбегіндегі шыңдардың біріне қолын тигізсе, жер сілкінісі болады. Қап тауының ар жағын йәжүж бен мәжүж деген қорқынышты халықтар мекендейді, олар әр түн сайын тауды егеу сияқты тістерімен кеседі, бірақ күндіз тау бастапқы қалпына қайта келеді, сөйтіп бұл халықтар жер бетіне шыға алмайды. Шығыс халықтарында Қап тауларымен байланысты көптеген аңыздар бар.

Күржістан – Грузия – Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет.

Қара теңіз – Атлант мұхиты алабына жататын теңіз. Кіші Азия мен Еуропа аралығында жатыр.

Қырым – Еуропаның оңтүстігіндегі түбек.

Қытай – Шығыс және Орталық Азиядағы мемлекет. Жерінің аумағы 9,6 млн. шаршы шақырым.

Рум – шығыс халықтары орта ғасырларда Византияны осылай атаған. Көптеген шығыс халықтарының әдеби-фольклорлық туындыларында Рум өте алыс, ғажайып өлкенің бейнесін елестеткен.

Самарқан – ІV ғасырда Марақанда деген атпен белгілі болған, Зеравшан өзенінің аңғарында орналасқан Орта Азиядағы көне қалалардың бірі. Қазір Өзбекстан Республикасының осы аттас облыс орталығы.

Түркістан – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының орталығы, Сырдарияның оң аңғарында орналасқан. 2000 жылы көне қаланың 1500 жылдығы тойланды. Арабтардың географиялық жазбаларына қарағанда ІV-Х ғасырларда бұл қаланың орнында Шавгар (арабша Шавагар) мекені болған, бірақ бұдан із қалмаған. ХІІ-ХІV ғасырларда Түркістан “Ясы” деп аталады. Қожа Ахмет Иасауи ғимараты салынғаннан кейін түркілердің діни орталығына айналды.

Үргеніш – қала, Өзбекстандағы Хорезм облысының орталығы. Б.д.д. І ғасырда Юегянь деген атпен белгілі болған. Үргеніш туралы алғашқы мәлімет Х ғасырдың жазба деректерінде кездеседі.

Хиуа – Өзбекстан Республикасындағы қала. Әмудария өзенінің сол жағалауында орналасқан. Негізі б.з.б. Ү ғасырда қаланған.

Хорезм – Орта Азиядағы ертедегі мемлекет. Хорезм туралы алғаш Дарийдің Бехистун жазбасымен “Авестада” айтылады. Қазір Өзбекстан Республикасының құрамындағы аймақ. Хорезм – Орта Азиядағы егіншілік мәдениеті жоғары дамыған ежелгі аймақтардың бірі.

Һиндустан, Үндістан – Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Астанасы – Дели қаласы.

Келтірілген географиялық атаулармен қатар мәтіндерде бірнеше эпикалық топонимдер кездеседі, мысалы Нараспан, Қараспан, Һауадақ көлі, Һауадақ даласы, Шаһарқұла, Ара шөлі, Жамбыл елі, Жамбыл қаласы, Бәдбақыт тауы, Жанбұлақ т.б.

ТОМҒА ЕНГЕН ДАСТАНДАРДЫ ЖЫРЛАУШЫ, АЙТУШЫ ҺӘМ ЖИНАУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Рахмет Мәзқожаев (1881 – 1979) – осы күнгі Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған. Рахмет жас кезінен бастап-ақ атақты ақын-жырауларды іздеп барып, олардың білетін эпостарын, терме сөздерін үйренеді. Ескіше оқып хат таныған, «Қыз Жібек», «Қобыланды», «Алпамыс», «Қамбар батыр» эпостарын жаттап, домбыраға қосып, белгілі ән сазымен жиын, тойларда орындаған. Отыз жастар шамасында топ алдында еркін жырлайтын жырау атанады.

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев (1858 – 1931) – ірі ақын әрі халық ауыз әдебиетінің белгілі жинаушысы, өз заманының сауатты азаматы. Оның шығармаларының біразы («Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» т.б.) Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде жарық көрді.

Хасен Мирбабаұлы – ХІХ ғасырда өмір сүрген. Петропавл қаласының тұрғыны. Ол қазақ арасына кең тараған фольклорлық шығармаларды жинап, бастырушы.

Қошанов – XX ғасырдың отызыншы жылдарьшда көптеген ауыз әдебиет үлгілерін ел арасынан жазып алып Қазақстан зерттеу қоғамыиа тапсырған. Бұдан басқа Қошанов туралы мәлімет жоқ.

Қалижан Өтешов – XІX ғасырдың екінші жартысында, XX ғасырдың бас кезінде өмір сүрген. Ақтөбе облысы, Қобда ауданынан.

Васильев Александр Васильевич – шығысты зерттеуші белгілі ғалым. XІX ғасырдың соңғы жартысынан бастап қазақтың ауыз әдебиет үлгілерін жинаған және оларды жанрға бөліп жариялап отырған.

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

ОҒК – Орталық Ғылыми кітапхана

ҚҚ – Қолжазба қоры

Л –Ленинград

М – Москва

Ш – шифр

дәп – дәптер

/а/ – араб

/о/ – орыс

/п/ – парсы

/т/ – түркі, көне түркі

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙