Жаңғақтың ойы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Болат Жетекбай
а а Жаңғақтың ойы а Болат ЖЕТЕКБАЙ жаңғақтың ойы Алматы “Жазушы”
а а Жетекбай Б. Жаңғақтың ойы. – Алматы: Жазушы, 2014.– 160 б. ISBN 978-601-200-483-0 Көркем өлеңнің тууы да жаратылыс құбылыстарына тән. Сондай бір ғажап миятты мезет, шабытты шақта ғайыптан түй сік түрткен сәулелі сезімдердің әдемі кескін түзіп, ой-образға айналуы – ақын шеберлігінің айғағы. Ә дегенде әрбір өлеңі көңілдің бір күйіндей қабылданғанмен терең астарында ықы лымдық сырлармен, тылсым дүниемен астасып жататынын аң ғарасың. Таразының бір басына нәзік лирика, екіншісіне өмір дің драмасы мен пәлсапалық қисыны тең тартылғандай, осы жинақтағы көркем жырлар тізбегі оқырман көкірегіне олжа салары айқын. ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз)-5 ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз)-5 Ж 56 ' Жетекбай Б., 2014 ' “Жазушы” баспасы, 2014 Ж 56 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді ISBN 978-601-200-483-0
а а Жаңғақтың ойы Жаңғақтың ойы... жазылмай қалған сыр-дастан. Өзгерсін заман, өзгермей мәңгі тұрды аспан. Қарық боп суға шалқыды-ау Қарабұғазың, Қайтқанда теңіз арнасын тастап бір қашқан. Қайтпады бірақ қыр асып кеткен қалың ел, Қанша жыл жатты қамығып соған сары бел. Орныңды сенің баспады неге білмеймін, Ойласаң, мына жаһанда Жердің – бәрі жер?! Қарақұм шағыл – шөлдің де текті төресі, Көлкіген сағым – керуенді дүние елесі. Көшпеді бірақ сыңсыған орман – сексеуіл, Тапжылмай қалды тоң-торыс тауы, төбесі. Төтен бір істі Тәңірім салды, біз көндік. Қаңбақша безіп, қиырдан нәсіп іздендік... Жұлдызды түнде аспанға қарап, аңқайып, Құс жолын көрдік – шаңдатқан сүргін із көрдік!.. Күйдірсе күнің алажаз бойы нәр тамбай, Көкірек қаңсып, өртенер жаным дәл сондай... Арманын айтпай әкем де өтті дүниеден: «Ақырғы мәрте айналып тағы барсам ғой!»
а а Болат Жетекбай а Жаңғақтың ойы – кешегі күннің аңызы, Елп етпес сірә, ешкімде жоқтай қарызы... Боркемік тартып, үгілді іштен талайлар, Болса да қандай қайыспас ердің нағызы. Жаңбырдай жауған көрдім де демен көз жасын: Кешкен сол дәурен көптің ой-шерін қозғасын!.. Бұрауы түскен он екі перне домбыра, Енесі өлген ботадай бұл да боздасын! Айттың не енді, айтпадың – бізде жоқ шара, Өзгерді өмір, өзгермес зеңгір көк қана!.. Жаңғақтың ойы, сен барсың жердің бетінде Сен барсың, барсың... барыңды көңіл, жоқтама!
а а Сағыныш сазы Жазмыш Бурадай лоқсып, бүркумен жынын тұрса Күн, Тұмса – жер тершіп... бу емес пе екен бұл сағым?.. Теңселіп келем, қып-қызыл табан шоқ көсеп, Бел ассам – құдық... сусадым. Лаулаған жалын шарпиды, Не хәл құтылар?! Кекжитіп басын кесірітке жолдан сытылар. Таңдайым кепті, түспейді түйір түкірік. От болып ауа жұтылар. Күн жанған сайын жол одан бетер жанады, Шайқалып аспан, айналып басым барады... Тірліктен ол да тауысқан шығар татарын, Шиыршық ата жығылған раңның сабағы. Адымым қысқа, әлі алыс,
алыс ауылға, Бу көшіп жатыр бұлдырап сонау шағылда. ...Шыңырау түбін өрт қаулап, маған шоқ шашты! Қыбырсыз қалдым қауғасыз құдық жанында. Есімде сонда жылжымай көкте жүрдек күн, Жынданған жандай жылаппын, жылап тілдеппін... Жалғыз көз үміт жасымды жұтқан бір тамшы, Жазымыштан аян бергенін бірақ білмеппін. 1-бөлім
а а Болат Жетекбай а Уақыт Жаратылыс бастағалы сағатын, Кеңістікке қаққан бірге қанатын: Күлімсіреп атқан сайын әрбір таң, Кезегімен басқан сайын қара түн... Адам ата, Хауа анадан бері қарай, Жан біткенді бөле-жарып, таңдамай, Таусылғанша жолдас етті дәм-тұзы, Айтылғанша ақырғы сөз: «Жалған-ай!» Құдіретті Хақтың түзу өлшемі, Ақиқат пен аңыз мәнін теңшеді. Бәріне де куәлікке сол жүрер Бұл дүниенің көрінгенше ең шегі. Заман, кезең, дәуірлерді жұқ көрмей, Тарих болып парақталып, бүктелмей, Соққан желдей із қалдырмай, сездірмей, Ештеңені іліп кетпей, түк бермей! ...Қалып қоймау серті болып Өмірдің Өніп, өшіп, өршеленді соғұрлым, Сағымданып сан миллион көш кетті... Өкініш пе, өткен күннен не білдім? Сағыныш па көңілдегі көмескі із, Ғайыпғұмыр – біз де серік емеспіз! Естімейді, елемейді – ескен жел, Мұңым, назым оған сірә керексіз...
а а Жаңғақтың ойы а Небір арман, баяндамас бақытым, Теріп алған тірнектеп дүр-жаһұтым, Саған сіңіп кетті бәрі, сондықтан Ең қымбатым – сен екенсің, Уақытым! Мәңгілікті меншік етер – иесі, Лауқыл-мақфұз кітабының жүйесі, Мен де міне, қадіріңді кеш білдім, Қайран, Уақыт – жан-жүректің киесі! Тырсылдаған естіледі тамшы үні!.. Әрбір тамшы таудай езіп, жаншыды. Аз-ақ екен Ақыреттік сапарым, Азап екен одан бетер Ар сыны. Жатқанынша тар лақатта құрсап көр, Пақырлық бір шаруамызды қылсақ дер Көптің бірі – күнәһар бұл пендеңе Субханалла, сәл Уақыт бер, мұрсат бер!
а а Болат Жетекбай а * Ұлғайып өскен сәулесі іштегі мұңның: Сағыныш – сынақ, Тәңірден түскенін білдім... Күп-күрең түске боялып күндізім – жарық, Түндерде тылсым өңімдей түс көріп жүрдім. Ауылды көрем түсімде, үйімді көрем, Базарлы шақты, баяғы күйімді көрем... Жарқырап күлген достармен бара жатамыз, Сарқырап аққан Көкбұлақ – суымды көрем!.. Аспаным ашық, әдемі әлемім – аман, Құтырған мына желдің тек әлегі жаман! Әкем де тірі... жұмысқа асығып кетті, Сынай бір қарап... айтпағы бар еді-ау маған... Содан соң ұзақ қалғандай қайта алмай кейін, Сабылып жүрем ойлармен сарсаңға бейім... Туған даладан – тәбәрік, иіліп жерге, Топырағынан бір шөкім алсам ба деймін. Бәрібір қанып суынан ішпегендеймін, Қамысты көлге шомылып түспегендеймін... Оянып кетем... көзімнің жиегі дымқыл... Ал, соңғы кезде мен мүлде түс те көрмеймін! Айдыны кепкен тақырдай тілім де тілім, Сарқылып сезім, табармыз түбінде тыным!.. Сапарға мені шақырып, уа, тәубе, тәубе, Сарғайып таң боп шықты ғой бүгін де күнім!
а а Жаңғақтың ойы а Елге жет, есіл өлеңім! Ақиқат тегі – Алланың нұры, оттан-дүр, Күннен – Жер және Көк түрік... Қоздаған мұңым жүректі қыздыр, шоқтандыр, Қалса бір ұшқын – Тектілік! Күйресін дүние, Күл-тозаң көшсін көзімнен. Күңірен Абыл күйлері! Бекетке қонған бақиғы пейіш-сезімнен Жыр келіп жетсін күймелі. Жыр келіп жетсін Үш қиян – ұшан теңізден, Жайық та болып жылайын. Тарихым-анам – Еділдей емшек емізген, Оның да жайын сұрайын. Әруағым қысып, Ойымнан әрі озды елес, Байбоз бен Жанбоз қонды атқа... Қылышқа кезек береді қиял, сөзге емес, Ежелгі мекен – ел жақта.
а а Болат Жетекбай а Топырлап түскен Түрікпеннің сеңсең бөркіндей, Кеудемнен қаңбақ жосады. Арманда кеткен Ақбөбек-көңіл серпілмей, Қайыпқа әнін қосады. Мен тарих болсам – Өрттенер жаным, серт берер: Сүйінқараның кегімен. Сонан соң, суып, сұйылып қаным, дерттенер Исасыз Досан шерімен... Алланың нұры – Ақиқат басы, соңы да. Ойын ғой өмір дегенің. Арандап кірсем ажалдың жайған торына, Елге жет, есіл өлеңім!
а а Жаңғақтың ойы а * Пәктік орын алғанда пейілімнен, Мен жыладым мазасыз мейіріммен. Шын сағыныш – пенденің шырай-өңі, Түйсігімнен тірілген, зейінімнен... Олай емес! Ол – жүрек қазынасы, Пәни күннің бақилық базынасы. Жаппар-хақтың жалғыздық көлеңкесі Жанарыма түсіп тұр... не қыласың? Ойсырама от-жүрек, обал – жанға. Қақсын қанат қиырсыз сонарларға! Ақсын дағы аспандап, Айды бүріп, Ақ жолағын қалдырсын... соны арманда! Тағдырына түкірген топырақ-бет, Жесір-көңіл – сыңарың жеті қат көк. Мен жыласам, жылаймын сағыныштан, Жерім шалғай, жол ұзақ... шоқырақ көп. Тауарихын қашаған тасқа мөрлеп, Мен дегенім – Тәңірі, басқа «мен» жоқ... Қажығаннан күлесің қайран жүрек: «Қардың асты, мұз үсті – баспанам» деп. Қайран жүрек, жалғыздық – жан серігің, Аманаттап ал сырын, ал сенімін...
а а Болат Жетекбай а Әр дүрсілің – дүдамал, секем, сезік, Бітер сәтін білдірер ән шегінің. Ән – сағыныш сәулесі, өмір – өзек. Нені бояп барады, нені безеп?! Жалғансыз жарық таңның мысы басып, Жалғыз тамшы мөлт етті көзіме кеп!..
а а Жаңғақтың ойы а Сәскеде Бозторғай әні әуеде қалқып, төмендеп, сәуле боп сіңіп барады сұлу сәулеге. Жапырақ біткен сыбдырлап, сергіп, елеңдеп... Шертеді жұмсақ көңілдің қылын әлдене?! Үздіккен үміт үзіліп, қайта жалғанып, Сезімнің биін сәскеде сағым сәндеді. Титімдей құстың сазына сәтке алданып, Байланды уақыт, біткендей бейне дәрмені. Тұңғиық, тұнық – көкпеңбек аспан күмбезі, Көрінбес көзге күндізгі аққан жұлдыздар. Тербеліп, толқып, табиғат-Тәңір бұл кезі, Буына масаң бір ысып жүрек, бір мұздар. Әсерім әйдік, түйсігін түртіп сананың, Көкірек – ашық, наланың бұлты сөгілген. Құбылған сайын суреті таныс даланың Бақ-бақтың гүлі – төбемнен шаттық төгілген!..
а а Болат Жетекбай а * Құмдарға барсам, көкірек шері тарқар-ды?! Құмдарға бардым...
құмығып,
жылап қарсы алды. Мәңгілік жайлы мәуелер әнін сыңсытып, Отыра кеттім сексеуілге сүйеп арқамды. Мәңгіді басым,
меңіреу,
мылқау сәт туды, Қап-қара түнек
басқандай болды ақ құмды. ...Дүние күйіп кетсе де мейлі, қоңыздар Таласып боққа, бір-бірін шетке лақтырды. Мен соны көріп,
өткенге терең зер салдым. Өкпем не жұртқа?
Өмірден қандай енші алдым?! Қадірің білмей қырқысқан қоңыз-тірлікте, Көңліңе тидім, адамдар,
сенің қаншаңның?! Көңліңе тидім, адамдар, сенің қаншаңның?! Бағаңыз бірдей артық па бірақ, баршаңның? Шарасыздықтың шағымын айтып шағылға, а а Жаңғақтың ойы а Жабығып жалғыз, аяусыз жанды жаншармын... Отырдым ұзақ, ойларым шалқып сан-саққа, Өртеніп сезім, орады жалын, салды отқа. ... «Келерің кәміл, келерің кәміл» – қоштаспай, Мұңдана күліп мәуелі құмдар қалды артта. а а Болат Жетекбай а Көкбұлағым,
көкбұлағым Тамырынан үзілген тал қуарып, Сұрқы қашты, көктемеде көктер ме? ...Қонысынан безіп жатыр мына жұрт, Көшу дағы бәсеке боп кеткен бе?! Топырағы тозғаны ма даламның, Асырайтын аналықтан өтті ме? Шет өлкеге шыққан талай балаңның Саған деген сағынышы жетті ме?! Ажарыңнан айрылыпсың ауылым, Мен келгенде желпініп бір қалар ең. Қайда бүгін іргелі ел-қауымың?.. Сені мәңгі тұрағыма санап ем. Армандарын жалғап жаңа арманға, Жұмақ іздеп ел жөңкілді деседі. Махаббатын сарқып, таусып алған ба, Қайда сенің ақындарың кешегі? Құшағыңда кім-кімге де жылу бар, Көңіл-шіркін жаманатқа қимайды-ау. Бізді ғашық еткен қайран сұлулар Көкбұлаққа бетін енді жумайды-ау! Көкорайың жапырылып, тапталған – Менің мынау жан-дүниеме ұқсайды. Ерте өтіп, елесімде сақталған Балалық шақ, ол да естен шықпайды.
а а Жаңғақтың ойы а Көкбұлағым, саған келдім, мен келдім! Емеспін ғой жүрегі жоқ ұланың. Сиреп қалған бақтарыңда сенделдім, Сен жыладың, мен қосылып жыладым... Жылап ағып жатырсың-ау сен бүгін, Күлкің қайда?.. сезімімді қозғашы! Көкбұлағым, көк бұлағым, мөлдірім – Туған жердің таусылмайтын көз жасы!..
а а Болат Жетекбай а ...Баяғы ауыл Баяғы ауыл: кішкентайдан көз көрген, Адамдары әлдеқалай өзгерген... Өзгерген бе? Секемденіп, сыр бақтым. Әйтеуір бір жатсынуды сезгем мен. Нені сездім, неге қайтты тауаным, Кім біледі, кім береді жауабын?! Баяғыдай... емес бәрі, байқадым, Басқа көңіл, бөлек тірлік ауанын. Басқа көңіл, бөлек тірлік ауанын Байқаған соң, өз бойыма қарадым. Сезіне алмай жүргем жоқ па, тегінде, Бәз баяғы дос пейілін даланың. Қандай еді сол баяғы дегенім?! Күледі аспан, көзіндей боп көненің... Күрсіндім де, түстім таныс соқпаққа, Күткен мені құмдарыма жөнедім.
а а Жаңғақтың ойы а «Тәу ет – деген – туған жердің тасына!» «Жетпісімді тойлаймын» деп жүріп, жазатайым көз жаздырып кеткен ақын Дүйсенбек пен өткен ғасыр мәресінде елуге жетпей бақиға аттанған жазушы Болат Қанатбаевтардың рухына бағыштадым. Айым, Қарсы, Непеспенен жүргенде, Теңіз беттен тез жетесің Сүлменге! ...Көсік қазған кезің қалған бір сайда, Сағым кешкен сезім қалған бір белде. Қыршын арыс Болатқа да арман боп, Бесшоқыда бес үй бірақ қалған жоқ! Батқан күннің қызылына бояндым, «Бұл сынақты Тәңір басқа салған» – деп. Таусылмайтын айтсам жырын термелеп, Заманымен бірге көшті... ел де жоқ. Сүйлі, Хасан, Жазішем мен Қошоба – Жатта қалды, өзгеде бар, менде жоқ! Сол даланы жырлай, жырлай, бітпедің. Сағыныштан көз жасыңды ірікпедің! Алаламай адыраспан, жусанын, Бірдей сүйдің қазағы мен түрікпенін! Болмағасын көңіліңнің алғауы, Бітірдің ғой қисапсыз көп шаруаны! Сені білді алты алаштың аумағы, Саған риза Мақтымғұлы әруағы!
а а Болат Жетекбай а Тартып туған қарт Каспийдей тарланға, Текті жырың толқын атар – ақжарма! Сұлу сезім шашыратып шапағын, Тіл қатады таңғажайып таңдарға! Су болады шөлдеп ішіп, қанғанға, Ту болады оттай лаулап, жанғанға. Қарақұмның шағылындай шоқтанар, Күн дөңгелеп тас төбеге барғанда. Түздің тырбық тітіріндей ашқылтым, Тілеулесті жұпарына мас қылсын! Махаббаттың майданына аттанған, Мүрид жастың жолын оңдап, ашқызсын! Жатпай-тұрмай жиған егін, қырманы – Қанатбаев Дүйсенбектің жырлары... Келер ұрпақ, көңіліңді қалдырмас Әулиедей әз ақынның сырлары! Дендегенде бейдауалы дерт іштей, «Иек асты, қиян шетке» жол түспей, Жотасына өрлеп қонды Кеңсайдың, Басқалармен өмір күйін шертіспей. Өлі қала... тылсым, тыныш бұйыққан, Бейіт сайын ай сығалар қиықтан. Жаңылыспас ырғағынан баяғы – «Жатаған ымырт, биік таң». Жетер-жетпес жетпіс деген жасына, Жантайғанда биік қырат басына, Аманаттай ақтық сөзін түсіндім, «Тәу ет – деген – туған жердің тасына!»
а а Жаңғақтың ойы а «Аспан асты, жер үстінде» біз жүрсек, Қуса қайғы, қашып, қара үздірсек, Өлсең, өшпес сартап, сірі сағыныш – Қарабұғаз көліне аққу жүздірсек!.. Жәркен құсап Жайыр тауын аңсаған, Көк теңіздің көлеміне тамсанам... Шаңқылдайды, шарқ ұрады шағала Әр кемені шағарып сап шаршаған. ...Бекдашы мен Шағадамның жолынан, Сырт бұрылсам, сүрлеуіме жолығам. Сүйреп өзі әкетеді әрі қарай, Перзентінің мықтап ұстап қолынан. Сүлменге де соғамын ғой, ағасы! Алыс емес Қошобамен арасы. Туған дала жиі еніп жүр түсіме, Көп ұзамай жол түседі-ау, шамасы.
а а Болат Жетекбай а Ең үлкен бақыт Байқаған жанға бақыт дегенің – бір сәттік, Бақыт боп қонып, білдірмей ұшып жүр шаттық. Қызығыңды да қайғыға малып беретін Қырсыққан өмір... сонда да одан мұрсат күт! Болады бәрі, болады, бірақ, жоқ баян, Күйзелсең, ойлар – кеудеңе енген көп шаян. Шағады жанды, жаяды уын, жайлайды... “Күлкі ғой дәру, керек-ау күлкі!” – деп қоям. Қайратың барда, тағдырға қайтпай қарсы бас! Сен жылағанмен, ол келіп мұңың аршымас. ...Шамшырақжаннан шайылып түскен шаттықтай, Шошытты мені шарапқа тамған тамшы жас. Өшпесе отың, өмірден алар сый аз ба? Бір сәттік бақыт алданыш болар біразға. Бақыттың көбі – арудың жамалында-дүр, Қарайды қалай қаракөз қыздар бұ назға?! Көз көрген өмір бүлкілдеп ағар қаныңда, Күт мұрсатыңды, күйкі ойға бекер салынба! ...Бір сәттік емес, бір ғұмырға да татитын Ең үлкен бақыт – сағынып барсаң ауылға!
а а Жаңғақтың ойы а Не беремін? Күңгірттеніп бара жатыр күндерім, Кілгірттеніп бара жатыр түндерім. Күлкісі жоқ, көкірегінің оты жоқ, Кімге айналып кеткенімді білмедім, Асқақ-асқақ армандардан айрылдым, Тасқа шапқан ақ алмастай майырылдым. Жайын ұғар жанның жоғы қинайды, Жегі құрты жеп құртпақшы қайғымның. Өмір, өмір... өмір енді біртүрлі, Адал жүрек абайсызда жыртылды. Тілім тиген талайлардың өкпесі Киесімен кілт үзгендей күлкімді. Жақын тартар жақпаған соң жалпыға, Сыя алмадым өзімнің де қалпыма. Жоғалтқаным жолда қалып қойғандай, Жалтақ-жалтақ қарай бердім артыма. Жалтақ-жалтақ қарағанмен артыма, Жете алмадым ештеңенің парқына. Қара бастың қияметі қажытты, Мен не дермін, не берермін халқыма?!
а а Болат Жетекбай а Жылап отырмын Мен бүгін жылап отырмын. Сағыныштан, Сардаланы ойладым сағымы ұшқан, Балалықты аңсадым алып-ұшқан, Тағдырыма налыдым жаңылысқан. Мен бүгін қалдым оңаша, Елестермен... Гүл-бәйшешек шақырды белестерден, Күндерім де құралған егестерден, Көлбең етті көгілдір елестермен. О, дариға, от жүрек, сөнердейсің, “Туған жерге қайталық” – дегендейсің, Асқарынан арманның төмендейсің, Қақыратып кеудені сөгердейсің. Жыладым мен. Шөлімді басқым келді бұлағыммен, Сырласып жатқым келеді құрағыммен. Табысып мәңгі қалар тұрағыммен, Қыр асып кеткім келді ұланыммен. ...Мен бүгін жылап отырмын.
а а Жаңғақтың ойы а Мен қалай шыдап жүрмін? Дерттеніп, демін жұтып нән қаланың, Мен қалай шыдап жүрмін? Тан қаламын. Сусыған сал - ғұмырдың сәулесіндей, Сағымы емес пе едім сары даланың?! Сусығын сағым едім, о, жалған-ай! Көрінбей кеткеніммен көз алдамай, Бұйыққан бұлдыр-бұлдыр белдеріме, Берешек қарызымнан безем қалай?! Басқа ғой бұл тірлікте адам жөні, Бетсіз деп айтпаса екен далам мені. Сағым деймін.... жаралған туған жерде Жалғыз түп жусан болсам жаман ба еді? Жыр жазып жүрегімнен аққан нұрмен, Туған жер, әр тасыңды мақтан білгем. Жаңғырып дауысым тұр: “Сүйем” – деген, Жадына жарқабақтың жатталдым мен. Тұншығып тынысына паң қаланың, Сең соққан балықтайын сандаламын. Сағынып сары белді, саумал желді, Сабылып көшкен бұлтқа сан қарадым. ...Мен қалай шыдап жүрмін? Таң қаламын!
а а Болат Жетекбай а Кім білген? Асық атып, алаңқайда доп қудық, Садақ иіп, сары қамыс оқ қылдық, Көл жағалап, құсқа тұзақ көп құрдық – Өмір ойын еместігін кім білген. Бір қаракөз қызға түсті назарым, Хатқа салдым ғашық жүрек ғазалын. Жатсам-тұрсам тартпадым ба азабын?! Махаббатың от-жалынын кім білген. Кек жолында топқа талай бір барған, Бірге жүріп, бірге күліп, мұңданған, Бозбалалық сыр бөлісіп, ұрланған Жақын достың суысарын кім білген. Ортақ мұрат, озық арман көксеген, Қиындарға қол ұстасып беттеген, Көңіліңе титтей күдік етпеген Сатып кетер жолдас барын кім білген. Еш алаңсыз еркін сауық-сайранмен, Көңіл өсті келер күндер, айлармен, Жылдар, жылдар... жоқ қой айғай салғанмен, Өткен өмір өкінішін кім білген. Өнер-білім жан суарып, нәр берді, Ақыл толып, ой қуаты әлденді. Шұғылаңның шалмас жері бар ма енді?! Надандықтың парқын бұрын кім білген.
а а Жаңғақтың ойы а * Көктемде ойлап едім бір шаруаны... Күз келіп, көңілімнен бұлт аунады. Жынды ғой жынды десе, жел жарықтық – Жапырағын теректің жүр сауғалы. Қоңыр белес – гүлдерсіз, зерлі өңірсіз, Тарқатып жаз базарын көл көңілсіз. Сыңсуыңды бітірсең, аққу – арман, Су бетіне соңғы рет өрнегің сыз! Анау қырат, мынау бел дамылдайды, Ештеңені, ешкімді сағынбайды... Күз барады құстарын алысқа айдап, Көктемгідей ойладым ауыл жайлы.
а а Болат Жетекбай а Бұл төбеде Бұл төбеде қозы бақтық, қой бақтық. Қызық қуып, көңілдерді тойлаттық, Келер күндей көкжиекке көз тігіп, Көкіректе қиял құсын ойнаттық. Ол кездерде тегіс доспыз, серікпіз. Сонау жерден талай көсік теріппіз. Пәле қуған пенделіктен бой аулақ, Періштедей пәк емес пе едік біз? Бала дәурен баураған соң еріксіз, Мәңгі-бақи тарқамастай сеніппіз. Былғанышын боқ-дүниенің ұқпаған, Бұлақтайын таза емес пе едік біз? Көрінбейтін ешбір нәрсе көріксіз, Сұлу күнге сайран салып еріппіз. Тар қапаста тағдыр тұтқын етпеген, Ерке желдей еркін емес пе едік біз? ....Бұл төбеде базары бар өткеннің, Бір дерегін білемін бе деп келдім. Барады әні, бытыраңқы жайылып, Бойын алып бір отар қой бөктердің. Қадам басып, қиялымды түлетем, Бәрі-бәрі баяғыша тұр екен... Отар қойды кімдер бағып жүр екен? Түтіндетіп от жаққандар кім екен?!
а а Жаңғақтың ойы а Тағы да қоштасу Туған жермен, туғандармен табысып, Думандаумен күндер өтті жарысып, Сағыныш-сел сарқылғанша сабада, Қимас талай қызығыммен қауышып, Шалқып-тастым, мауқым бастым, міне, енді, Бұдан әрі ығыр қылмай құр елді, Ықылысына рахмет деп ылайым, Ойлап тұрмын Алматыға жүрерді. Келдім, көрдім... аналардың жаулығын, Ақ сақалды аталардың саулығын. Аруағыңнан айналайын туған жер, Армансыз-ақ араладым тау, қырын. Мейірімді қандырып Көкбұлақтан, Соңғы мәрте қарайладым қыраттан. Жолыққанша жаман ұлды ойлай жүр, Жайсаңдарым, мен сендерге кінә артпан! Зымырандай жалған дүние – заматтық, Кеш, кешіңдер, кетсе менен ағаттық. Көңіліммен сүйіп тұрмын бәріңді, Көз жасымды тиып тұрмын тағат қып. Табысу мен қоштасудан құралған, Зымырандай зулай берер бұ жалған! Үміттерің ақтай жүру – бір арман, Ортаңызға оралуым – Ұлы арман.
а а Болат Жетекбай а Шоқыда Шомылып нұрға, шолып бір өтіп маңайды, Шау тартқан қария шоқыдан төмен қарайды. Жастығын іздеп жабығып тұр ма жампозым?! Шаттығын іздеп... шалғайға көзін қадайды. Шоқия қалса шоқыда жалғыз ол ерте, Шерткендей назын шапанын желпіп жел-ерке. Көңілінде тұр-ау кешегі қимас дәурені, Көзіңде тұрды көсіліп жатқан кең өлке. Арыған емес адамнан арман тірісінде, Көбелек-күндер кәрінің көңілін білсін бе? Барғысы да жоқ беймәлім жаққа сүйрейді, Ызыңдап бір үн: “Сен әлі тірі жүрсің бе?” Шоқыға шықса шөгіп те жатпай шер қажап, Ызыңы желдің...
(қызығы көрген – ең ғажап!) ...Ертегі менен ертеңнің өткел-көпірі – Ескерткіш болып тұра бер есен ер қазақ! а а Жаңғақтың ойы а Күз Бір қаңбақ ұшты, Басқаларың да қалыспа! О, шіркіндер-ай, жосыла түскен жарысқа... Көзінің жасын көлдеткен бұлттар, бұлттар Көп тұрақтамай, көшті де кетті алысқа.
Табақтай болып тарылды лезде тамам көк, Салмасын бүлік бурадай тарпып боран кеп?! Жаурайды, әні сыйдиып қалған теректер Жапырағыммен жалаңаш жерді жабам деп. Күп-күрең беті кешегі қызыл қырлардың Қараптан-қарап қарағаш неге ырғалдың? Қайтыпсыңдар-ау құстарым қиыр, жат елге, Қарасу жаққа сендерді іздеп кіл бардым. Тіміскілейді тентек жел түзді, тек келмей, Шашылар шоғы әлгінде жаққан от сөнбей. Қаңғырлық діңді қаптаған қурай құмақта, Жусап-ақ жатыр, жау шауып, жайпап өткендей. Сөнбеген оттың шашылса шоғы, ұшқыны, Сыпыра қуып ойнайды желі түскірі!... Кетік тістерден ысылдап қарғыс жаудырған, Күз деген осы, кемпірге ұқсас ұсқыны.
а а Болат Жетекбай а Апа, сені сағындым! Бір ызғырық жел есіп жыртығынан жанымның, Денім сап-сау, дертім жоқ десем дағы, ауырдым. Дәруі тек секілді саф ауасы ауылдың – Апа, сені сағындым. Сағыныштың мен мұнша сарғайтарын біліп пе ем, Қайратымды бойдағы құмдай қылып үгіткен. Талықсыған кеудемді таптап өтіп жатқандай, Үйір жылқы үріккен. Қиян кеткен, қайырсыз, қол үзген соң баладан, Жолға қарап жасыңды төгесің-ау, жан анам. Салып ұрып ауылға барсам деймін, дариға-ай, Сарғайғанша санадан. Тасып аққан өзенім тартылды ма, білмеймін. Баяғыша мен қазір қамсыз күліп жүрмеймін. Таңым қашан атар деп тұнжыраған түндеймін, Қайтерімді білмеймін. Сөніп біткен жоқ әлі қырдағы отым жағылған, Сайрап жатыр іздерім сағым қуып сабылған. Неге сендім, әттең-ай, армандарға алдамшы, Неге кеттім ауылдан? Сазға біткен мен дағы ебелектей екенмін, Сайтан-құйын соңына еріп қиыр кетермін. Жайымды ойлап жасыма, бәрі жақсы, жан анам, Көп кешікпей жетермін.
а а Ой толқыны Өмір – Өрім Өмір өзгереді. Бәрін көз көреді. Өзің өгей қалар, Кезің тез келеді. Алдан бақ шығады, Көңілі аптығады. Бірақ... қайғы бақты, Қараң қаптырады. Танып ақ-қараны, Тағлым жатталады. Жылдар жылыстайды, Досың жат болады. Тағдыр сырт қарайды, Ойды бұлт қамайды, ...Ажал ауыз салса, Бойды құрт талайды. Тоқтар шеру кенет, Оған өлім себеп. Артта жас өмір бар, Орын беру керек! 2-бөлім
а а Болат Жетекбай а * Бойлайсың өмірге, тойлайсың, Шаттанып тағдырмен ойнайсың. Құшасың бақытты, тек, әттең, Қауышпай қайғымен қоймайсың. Білесің ақылдың жеткенін. Ілесің арманның кептерін. Өрлейсің, гүлдейсің, тек, әттең, Күн туар қоштасар көктемің. Өмірге сен де тал егесің, Барыңды базарлап бересің, Баянсыз дүние көшеді – ...өлесің.
а а Жаңғақтың ойы а * Жанға жайсаң жыр керек, Ақ қағазға төнгенмен: Ойдан күтіп бір дерек, Сезімдерім сергелдең. Қол жайғанда құлшынып, Қиял ыңғай бермейді, Ұйқаспайды тіршілік, Ұйқым бірақ келмейді. Көңіл күйін тыңдап ем, Көз үрейім артады... Түлейленіп түнгі әлем Тұңғиыққа тартады. Ілдірмейді еш сырым, Іште қатқан шемендей. Еміс, еміс... – ескі күн, Естен елестегендей. Сырт-сырт сағат секундтап Соққылайды миымды. Сұйық қанды неше ұрттап, Суып жүрек... тиылды?! Ойдың қайда дерегі, Неге отырмын елеңдеп? Ұйқы баурап жеңеді, Ақ қағазда жоқ өрнек.
а а Болат Жетекбай а * «Бақ қоныпты» дегенге мен сенбеймін. Өтірік! Өмір заңы – дәнектен өніп-өсу жетіліп... Толып-тасқан теңіз де тартылады ортайып, Несібесі адамның қалғандайын кетіліп. Біреу өсіп билікте, біреу байып, малданса, Ау, несіне таң қалдық түк көрмеген жандарша?!. Бұт қыламыз табынып, құбыламыз өзгерер, Қашан түсіп орнынан, кедейленіп қалғанша. Көрсеқызар, күпірлік – бүгінгінің өсегі, «Ұрпағына жететін мал жиыпты» деседі... Ол Құдайдың қолынан алды қандай кепілдік? Қайда түпсіз дәулеті Қарынбайдың кешегі? Бақ қонғанда... тайқының қай жеріне қоныпты? Қызыр көрсе, қараңғы қай бұрышта жолықты? ...Біз білетін бұл кісі сондай еді бұрын да, Бүгін иман-сауаптан таза-тақыр болыпты. Байлағандай соғымға семіріпті бірақ та, Өктем сөйлер күші бар жақын менен жұратқа... Алдыменен абайлап сықпытына қарашы, Сондай болу бәрібір – саған арман, мұрат па? Бақ дегенің – нәпсінің атқаны ма кекірік, Аузыменен адамның жын сөйлесе лепіріп?.. Бір жомарттың басынан аттап өтіп соқыр бақ, Қайырсызға қонды де... Мен сенбеймін. Өтірік!
а а Жаңғақтың ойы а * Кешеден бүгінгі жөн басқа, Кетілген қайран Ар болмасқа!.. Көзімнің жастарын құрғаттым, Көп ғапыл өткізген мен қасқа. Белшеден ұймаға сіңгесін, Біздерге енді кім күлмесін?! Бәрін де құп алдым, шыны сол – «Сұм» десін, бәзбіреу «жын» десін. Сезбестей тұрмыстың тарығын, Сімірдім шайтанның сарығын. Болмашы бозамық, бозамық... Сөніп те жағылды жарығым. Сол сәуле ұлғайып, жарқырар, Бабымды табуға талпынар, Бұрқылдап қан ойнар тамырда, Кешеден бүгіннің парқы бар. Шым-шымдап сезімім құбылар, Шарт етпе намысым шынығар: «Мына жұрт тағы да не дейді, Алмаған менде не құны бар?!» ...Ал, енді, көкірек желдетіп, Тылсымның тұнығын тербетіп, Қиялым сонарға самғайды Қыранша қанатын серметіп.
а а Болат Жетекбай а Жайым жоқ нәпсімді ұғарлық, Тәубама тиянақ қыларлық. Біздегі көңіл-күй, байқасаң, «Жын» десе, жын деуге тұрарлық. * Тәңірден тілек кесіліп, сабыры қашты, Томырық тағдыр тірліктің тамұғын ашты. Түтіні кеулеп, көзіне күлін төккесін, Көместің қара диюдай қалыбы басты. Жап-жасыл желек – жайқалған нәзік гүлзары, Сұқтантар сұлу сәніне жазықты дағы!? Ындынның, міне, сарқылды ыдысы босап... Жүрегі неге, Құдай-ай, сазып тұр әлі? Ықылым желі көтерген ашу-бұрқасын, Жапырып өтті желекті жасыл қырқасын. Тұлданыс тұтып, тұғырдан озамын дей ме? Әй, бекер, бекер шайтанды басындырғансың!.. Даусымыз енді жетер ме үлгеріп, тегі!? Бөлектеп бізден әкетті бір желік сені... Дүние деген – дөңгелек, көктемі жақын, Бүрленіп көгі, көркейер гүлденіп шөлі. Қайымға дейін қосылмас ғашығы – Жерді Аймалап нұрмен, Ай туар ашылып ерні. Қайтты ма кегі сезімсіз серігін жеңіп? – Алладан үміт үзді де ...асылып өлді.
а а Жаңғақтың ойы а * Ақ жолдан бұрыс, ақылым адасты – неден? Алқынған алды-артымда Алашты көрем. Айналып өтпес ақырда ақырет сыны, Аспанға шығып, сүңгісем жер астыменен. Пәнидің түбі – ойранда...білінген сыры, Кідіріп, сірә, қалмас-ты үрілген Сүрі?! Төбесіз, таусыз, жылмиған жер жатар дейді – Он сегіз мың сан ғаламзат бүлінген күні. Жарылып аспан, жалғаншы терістеледі, Тізбекпен төмен түседі періштелері. Тәубасы қабыл бес намаз бойында бардың, Иманы бастап, табылған пейіштен төрі. Тартылып Сират көпірі тамұқты бойлай, Тағдыры айдап жөнейді халықты қойдай. Мүшкілдеп халі мүшірік-мұнафықтардың, Көр қылар көзін көретін жарықты қоймай. Таусылмас азық толтырса көмейін кептеп, Түтіндер тозақ: «Тағы да берейін от» – деп. «Толды ма?» – десе, «Тағы да бар ма?» – дейді екен, Кісен-бұғаулы кәпірдің мерейін шектеп. ...Мегзеліп тұрған аяттың астарын қара, Адамзат үшін ол Маhшар – қас-қағым ғана. Рахымы болғай саған да Сұбханалланың, Сәждеге маңдай тигізе бастадың жаңа!
а а Болат Жетекбай а * Аңғырт көңіл – асау жүрек түрткісі, Тебер қанды, келер тәнді жыртқысы... Жарға соғып, жанға шөгіп наласы, Жол кесілер, желге сіңер ырық күші. Нәпсі-желік – тағат, сабыр жебірі, Небір құйтың, итің-итің көрігі. Талмай жиған, Арға құйған абырой Шашылды да... басылды ма солығы?! «Тәуба» деді, Тәңірі төкті мейірін, Қашты қайғы, ашты серуен-сейілін. ...Құр көкірек, бір текірек тірлікке Қайта барды, шайтан алды пейілін.
а а Жаңғақтың ойы а * Бір Өмір... біз бөлгенмен бөлінбейді, Тағдыр-гүл өрісінде тебіндейді. Жастық шақ – жаз дидарлы ол бір дәурен, Күзгі сыз, қыс қырауы көрінбейді... Уақыттың ырқыменен өзгерілсе, Бүгінің бұрынғыға шегінбейді. Лауқылға жазып қойған пешенеңді: «Болған іс – кесіп-пішкен жөнің» дейді. Сонда да пенделері пәрменімен Жұмсауға бойда күшін ерінбейді. Ағайын, алыс-жақын – адамзаттан Ажалға кімдер, бірақ, желінбейді?!. Опынып, оның бәрін ойлай берсең, Қалайша қабырғамыз сөгілмейді? Жоқтығын пәни – баян ұғынғанда, Жаманнан жаның қайтіп жерінбейді!? Есебін есер күннің екшегендер Елігіп нәпсісіне, елірмейді. Иманның шарасына толы құйсаң, Шайқалып, абыройың төгілмейді. Ғұмырын ар жолына сарп еткендер Сын болса, сасқалақтап, жеңілмейді. Шүкірлік – Құдай берген ырыздығы, «Тағы да, тағы бер!» деп емінбейді. Нықтанып тәуба-таупиық тағатымен, Ниеті әзәзілге берілмейді. Шапағат, ізгілікке іңкәрліктен Көңілі күмәндіге телінбейді. ...Қайырсыз Қарынбай көп арамызда, Жер тартып, солар неге көмілмейді?!
а а Болат Жетекбай а * Өкініші өмірдің – өтірікке сенгеннен, Алданыш не, арман не?.. – айыра алмай, сенделген, Ақиқатты «аңыз» деп, ақыреттен үмітсіз, Аманатын азғана ысырапқа бергеннен. Бұ дүние шындығы – о дүние сызбасы... Шайтаныңа шалығып, шата сөйлеп, қызбашы! Құдайыңды мансұқтап, ұмсынғанмен ұшпаққа Сонда шығар биігің – құлап өлер құз басы. Пейіш – үміт пендеге, пейілдің оң – түзігі, Кесірліге кезігер тозақтың от қызуы. Ескерілсе, екеуі естілерге мегзеулі: Тамұқ – тартар азабы, жұмақ – көрер қызығы. Қылмыстының қайда бар қамсыз бақыт құшпағы? Құлағаның сүрініп – күнәңнің ол тұспалы. Адал жүріп, ақ сөйле – көңіл нұрлы, көрікті, Кісәпірлік, күпір ой – қу жаныңның дұшпаны. Арын малға сарп етіп, шығынына жылаған, Алған сайын азсынып, «бере гөр» деп сұраған,
а а Жаңғақтың ойы а Зекет түгіл садақа тастамайтын сараңның Иман нұры түспейді санасына, сірә да. Өсекпенен от көсеп, қыбы қанса ғайбатқа, Басып өткен ізінен өрт жайылса аймаққа, Жақсыларды жау тұтып, жалаулатса жаласын, Мерездінің мерейі өсіп еді қай уақта?! Ата-баба жолымен – адамшылық сертінде, Айтып-айтып кетейік, тыңдамасаң – еркіңде. ...Алламыздан баз кешіп, ал, өзіңе табындық: Он сегіз мың ғаламның қожайыны сенсің бе?
а а Болат Жетекбай а * Хақ дәлелі – біз бармыз, сана жарық. Бар нәрсеге қайтесің жала жауып?! Астам-астам сөйлейсің, сасып тұрып, Бағың бастан, әнеки, барады ауып! Оразаның отыз күн тәмам соңы, Сылынған-дүр көздің де арам шелі? Бұдан артық бола ма мұғжизаңыз – Бауырымдай көрсетсе маған сені. Махаббаттан жаралған инсан – Адам, Артық емес ақ жанын қиса да Оған. Өлсең, өшті дүние... сол ғой дәлел – Қауызына тарының сыйса ғалам. Сен жоқтықтан ортаймас тірлік, бірақ, Ой тасымас көріңнен ұрлықшылап. «Құдай өлді» деп күпір сөйлегенмен, Құдай тірі, Ницше өлген – бұл бір сынақ. «Тәкаппарлық асырмас бойың таудан, Талтаң бассаң, жер аман ойылғаннан». «Құрандағы» осы аят мегзер кімді, Артық па сәл азғанға ойың салған?! Аз-кем жүрек септігі – сенім бары. Сеніміңнен сетінеп, неғылғаны? ...Осындайды дос көріп, ортақтасқан, Опынатын орным ғой менің дағы.
а а Жаңғақтың ойы а * Ел қайдан біледі, – дос қайдан?.. Білсе де, болмайды-ау еш қайран. Жүрегім жүдеуден жаңылмай, – Тағдырым жолымды тосқаннан. Тағдыр ма?.. Таусыншақ сезім бе? Ойлар ма – көңілдің көзінде, Шалдығып, кеңістік шегінде, Жолыққан өзіме-өзім бе? Несі бақ, күмәнді... несі мұң? Тек Сенен тіледім кешірім. Осы күн – ескіден ескі күн, Қадымның қаққандай есігін. Беймаза, бейдауа нендей мұң? Сағымды сипатын көрмеймін. Арылған ар – алмас жүзіндей, Кесер ме кеселді?.. Сенбеймін. Таппаған кеудемде тұрағын, Талықсып оралды-ау, сірә, әнім? «Шың асып, шарықтай ұш» деп ем, Уа, пірім, шыңырау құладың! Зу еткен көлеңке-өмірдей, Көрініп, көрініп... көрінбей... Аспаннан іздедім тәнімді, Ақша бұлт – ораулы кебіндей. «Уһ» десе, мазалы көкірек, Жайланар жаздың бұл кеші кеп. Тәңірге мың тәуба, жантайсам: «Тәмамы тірліктің – осы» – деп.
а а Болат Жетекбай а * ...Іріп ағып барамын өз ішімнен (Ғұмырыма өмірдің тері сіңген). Сенісуден саяқсып, келісуден – Жаным бөлек, мен бөлек, әлем бөлек. Хақ-Құдайға табыстап талайымды, Гүл жүзіне қондырып арайымды, Түнге тықтым тәркі тән – малайымды: «Аманатты адалдап берем бе» деп. Жылағым да келмейді, қуанғым да. Жүгініп кеп отырсам жыр алдында, Нұр жүзеді малтығып мұнар-мұңға... « Сен де сүйтіп кеттің бе?» – дейді бір үн. Ақиқаттан ажырап, сана суып, Алқымдайды ақ сайтан аласұрып. ... Жаным қайта жатқандай жаратылып – Ән әуезін естимін, күй күбірін. Білген жаман екен ғой күні бұрын. Уақыт мүжіп жанымның сірілігін, Мінезімнің мойытса ірілігін – Жүрмесемші жер басып, пәруардігер! Қып-қызыл шоқ дүние, таңнан қызыл. Күндей балқып барады жалған жүзі... Қаннан қызыл қашырмай, жаннан – құзыр, Пәруардігер, ағартып арманды бер!
а а Жаңғақтың ойы а * Маңдайға жазғанды өмір оқып, Мөлшерлі мезгілді серік етіп, Мен дағы өзіңдей... мән іздедім, Теңіздей жанымды тебірентіп. Ақиқат – арым деп, сана – сорым, Арыған атаның баласы едім. Кірмеді-ау Құдайдың да қаперіне Таулардай жаншыған нала-шерім. Күндердің күнінде, бір кемшінім – Өзгенің күлкісін күлгенсідім. Табашыл жұртқа қыр көрсеткендей Тым, тым-ақ жетісіп жүргенсідім. «Біреуге күн жоқ – дер, – біреу өлмей», Адамда артық бас, шын өгейдей, Опық жеп, ойымды он сан бөлдім, Отырсам қайтеді... жүре бермей? «Дертіме өмір – сеп, өлең – емім», Дегенде, менің кімге не керегім?! ...Машқардың таңында кездесейік, Мен сонда сені де көрер едім!
а а Болат Жетекбай а * Күн сөнбесін!.. Өшкен отты көп көрдім. Ұшқындайды, жалындайды, ... күл болар. Өмір кейде сезімдерге өрт берді, Ол да сөніп, ыс-көңілім тұлданар. Лақтырардай Айды түпсіз аранға, Жұлдыздардан көкті сүртіп, тазартып... Өз-өзімнен бүлінемін, ғаламға Бір астамсып, бір мұңая наз артып. Дүниенің несі кетсін, жан – әлек, Дүлейленсең – шыбын-шақты көрмейді! Шығыс қылаң, Шолпан туса таң әлет, Күйкі-тірлік: «Тұр, соңымнан ер!» – дейді. Аққа бояп түнекті таң бозаңы, Ұйқы – тәрік, өлең қалар жайына. Қышырлап тіс, қай-қайдағым қозады Көңіл толмай келер күннің райына. Келер күннің кескін-жүзін жақтырмай, Күреңіттім... қолда қандай мұрша бар?! «Қақшаңдардай қақың жоқ, – деп – тап мұндай», Қатал тағдыр қақ маңдайдан бір салар! Кел, сабаңа түс көңіл!..
а а Жаңғақтың ойы а «Қош» демейік!.. (Қылышқа) Сапарға суыт аттанды, Сағынып жүрсін дегені шығар. Қона алмай қапы бақ қалды, Ол дағы – Өксіген осы өлеңім шығар. Бір алдатөмпек көбейді, Өлінің Ай-жанын құшар... «Арттағыларым не дейді?» – Әлемді шарлап, Әруағың айналып ұшар. Аһ ұрғанмен: «Апыр-ау, асыққаның не?» Арыздануға жатпайды – Алланың ісі. Көз жасынан моншақ тіздік молаңның тасына, міне: Үзілген арманың үшін! Сенсіз атқан ақ таңның сәулесінде, Кешегі суық күлкіңнің жылуы бар-ау. Біз білмеппіз пәнидің әуресінде: Жасын ұрып, шалғанын шыбығыңды алау!.. Кешір дейік пе? Бірақ, енді бәрібір саған – жаралған топырағыңа білегің тиді.
а а Болат Жетекбай а Осы ғой жазмыш нүктесі ... жарығы – тәмам, (Жазықсыз жүрегім күйді). Ғарыштан күліп қарайтын жұлдыз-көздердің Бірі ағып түссе, екеуі қатар жанады. Тылсымның сырын мен дағы тілсіз сезгенмін, Бізге де бір күн сол жаққа сапар болады. ...сондықтан, “қош!” демейік, “күт!” дейік!
а а Жаңғақтың ойы а Жүзінде қалған күлкісі (Есжан Айнабекке) Есесі кеткен өмірге, Ерлер көп бармақ тістеген. Еңбегі жанбай, жерінде Егіні толып, піспеген. ...Сарқыған ойдың қуатын Сәулелі жалғыз сөз үшін, Сендіріп арман-мұратын Сайлаған өнер өрісін, Жегідей өзін өзі жеп, Жүзінде қалған күлкісі, Жетем деп баққа тезірек, Жол шегіп еді бір кісі. Алдынан шыққан Алматы, Алынбас қамал бейнелі. Ақ қанат жазған бар хаты, Ақын да қайтпай сөйлейді. “Неге? – деп, енді мұңайдық – Нарқынды танып, білмеді. Нән шаһар сұлу шырайлы Неліктен көзге ілмеді?” ...Ауылға қайтты мүжіліп, Артына мойын бұрғыштап. Арманы қалды үзіліп,
а а Болат Жетекбай а Арманы – аппақ нұр құшпақ!.. Иықтан тұрмыс басқасын, “Ит тірлік” дейсің, іш қайнап Ісіңнен қию қашқасын Іркілмес бастан ұшпай бақ. “Назар сал көкке ертесін, Неғыпты, бұлтың ашылар! Нық бастың туған жер төсін, Назалы көңілің басылар”. Алыстан тілеу тіледік, Ал, қолдан келер не қайран?! ...Алматыда біз жүр едік, Аманат жүктеп Абайдан. Басынан бұлтты кеткізді ол, Босатты жіпті күрмеген!.. Бірақ, бір хабар жеткізді ел: “Бауыры ауырып жүр” – деген. Еліне барып бап тілеп, Екпіндеп енді шабарда... Естідік “Есжан қайтты” деп Ендігі жеткен хабарда. Кім білген, қашан тынамыз, Күндерді тауысып кейісте... Күлкіңмен сол бір күнәсіз, Күткейсің бізді пейіште!
а а Жаңғақтың ойы а Өмірге сауал Сауалым саған, мауыз күн – мазасыз өмір, Өз құлың – өксік тағдырдың жарасы жеңіл. Сен айтшы маған, Адам мен Хауадан бері Өзіңде ғұмыр кешті ме наласыз көңіл? Айықпас азап артылса күнәдан жанға, Алладан қандай ма шапағат жылағандарға? Пайғамбар, әулие, пір өтті, пақырлар өтті... – Жақсыдан ғана енші алған бір адам бар ма? Шырылдатсаң да шыдайды пенде-көнбісің, Он сегіз мың сан ғаламға теңдесер күшің... Ақырет күні – алыста, анығын сен айт: Ақырда жеңер ажал ма, әлде сенбісің?
а а Болат Жетекбай а * Енді дұрыс ... Уақыт тоқтады! Жүріп бара жатқан – біз. Батқанбыз, таң боп атқанбыз. Күлкілі, бекер жылайсың: Бақи қақпасын әзелде қатты қаққанбыз. Сөнді дыбыс. Құмсағаттың үсті – бос, асты да... Кеңірдектен кешіп от-сағым, Жүре бер! Неге тоқтадың? “Түн көйлегі түк те жараспайды” – деп, Боқтадың... кімді? Беу, ойы күпір пәк пенде! Пешенең сызулы еді. Сансыз тағдырлар ізіндегі Жалғыз соқпақ бұрыс тартты.... Үзілмеді. Жүре бер, жүре бер!
а а Жаңғақтың ойы а Сендерді іздеп... Жұлым-жұлым жүректің сорғалап қаны, Тамырды қуып тажалдай... сор да қаптады. Жалғыздықтан асатын қасірет бар ма, Жеңіп, жалғыз қалғаның бар ма мақтаны?! Демігіп өкпе, діңкелер ойсырай денем. Күлгенде күнім, мен оған қай шырай берем? Түнім де төнді, жартыкеш айым бозарды, Айдаладағы өзімді қойшыдай көрем. Алай-дүлей көкірек....тып-тыныш дала. Дөңгелей берер дүние дұп-дұрыс қана. Сандуғаш – дәурен, санамда сазыңды шалып, Өтінем, әлсіз жанымды күшті қыстама! Айдалада қойшыдай түнеткен қойын, Жылымай, суып, секемшіл дір еткен бойым. Жүрегім қатты шаншыды... жалғыздық – жаман!.. Сендерді іздеп жоғалды түнектерге ойым.
а а Болат Жетекбай а Ұлт наласы Мың кінәміз, бар шығар бір күнәміз?! – Қаулай өссек қай заман... қырқыламыз. «Ардағымның айғағы қайда?» десем, Сағымдай кілкіп жатар кіл сыр – аңыз. Асыл құрсақ – Анамыз, ер – Бабамыз! – Енді ойласам, сол үшін шер қабамыз... Жаһан шошып қарайды, біз – кім сонда? “Жаным арға садаға” дер ғанамыз. Өлшемі кем жер-көктей қалыбыма, Өнерімнің жетпейді парығына. Ақыры Атадұшпан жеңеді екен, Аңду салып арысым – алыбыма! Сорың ба? – ұл туғанда ұлы туған, Сұм жаудың суарыпты қылышын қан. ...Сүт бетінің қаймағын қалқып тастап, Сөйтіп талай қағыпты-ау ырысыңнан?! Аярдың алып өлген жағасынан, Қазағым аркөкірек о басынан. Еділ мен Шыңғыс хандай қаһандары Бастаған әділ жорық даласынан!.. Қорықса содан қорқып, бекемденер, Рухымды оятудан секемденер. Сырымды шашау шыққан қару қылып, Ісімнің түзуіне төтен келер...
а а Жаңғақтың ойы а Сыздаса Шоқан – шерім, Шоқай – налам, Санамда сансыз сарбаз атойлаған. Қарашы, намысымның төбелінде Шұқылап, жер қалды ма жат оймаған?! Тектіден текті таңдап, қырды, жойды, Басына қарашының құлды қойды. Есіл ер, енді іздесең табарсың ба – Алданап, арандатқан білдік ойды! Ері жоқ... ел қалыпты соңындағы, Шырағын сөндіргендей қолындағы. Әлихан, Ахмет, Мағжан, Халел, Тұрар... Әлі күн бос тұрғандай орындары. Азаттық – ауыр жүк қой, нар шыдамас. Қасарып, сен бәрібір қарсыға бас! ...Әлі де бір Нәзірге кемдігің бар, Сен соны сезесің бе, аңсыз Алаш?!
а а Болат Жетекбай а Пірім – Бекет! Баянсызын білген сайын пәнидің, Буалдырлы бақи жүзін танимын. Жүрегімнен жол салады жосалап, Алдаспаны Әзіреті Әлидің. Улы нәпсі сүйегіме сіңбеске, Армен күйіп, арам майдан аримын. Арманымның ала туын көтеріп, Ақыретшіл жігерімді жанимын... Пірім – Бекет, әруағыңда – әл-дәрмен, Бұзылмайтын бақ-дәулетке жаримын. Қалғып кетпей, көздің алып шырымын, Ұрпағыңды күзетіпсің ұлығым! Өзің дедім – Абыройдың қорғаны, Өзің дедім Ақиқаттың тұнығын. Сарқылмайтын рухың мәңгі тірі-дүр, Сарп етілсе хақ жолына ғұмырың. Қияныңа қадап кетіп жүрдің сен, Өз қолыңмен өмірдің жас шыбығын! Уа, Пір Бекет, нұрлы жолың – мұратым, Мен де сендей Бір Алланың құлымын! Сүрінгенім, жығылғаным көбірек, Бетім күліп, ішім жылап еңіреп, Күнәлі істен күдер үзбес көңілдің Қызық қуғыш құштарлығы бегірек. Әр сипатта сынап жүрдім өзімді: Періште деп, пері деп... Тұтқын – жанның тілегіне, Тәңірім, Тыныс бергей кеңірек! Қысылғанда қазағыңды қолдай гөр, “Бекетімнің елі” деп.
а а Жаңғақтың ойы а Сияқты Жансыздың қайда дерегі? Аққан су, соққан жел еді... Табиғат заңы дегені Оларға өктем сияқты. Бір дәннен тірлік жаралып, Бір жаннан көп жан таралып, Ол Өмір болып саналып, Бізге де жеткен сияқты. Табиғат заңын, шамасы, Құдайдың билер санасы, Пәниде адам баласы Құдай боп көрер сияқты. ...Қуыршақ-тәнді ойнына Қолданып, оған тойды ма, Қайтадан жердің қойнына Бәрібір берер сияқты. Жансыздан жанды өнеді, Өлік боп тағы семеді. Шын өмір – біреу, себебі, Екінші келмес сияқты.
а а Болат Жетекбай а * Өмір сыны – әрі кәрі, әрі жас, Тек тағдырлар өніп-өшіп жатады. Тірлік барда көргеніңнің бәрі рас, Атады таң, өтеді Күн, батады. Тиесілі тағдыр тасқа, құмға да, Сезімсізге бірақ оның не мәні? Жазмыш жайын ойлап, бойлап, біл, қара: Өзінде ме, өмірде ме обалы?! Жас күйінде жайнап өмір тұрады, Талайында тым көнекөз тағлым бар. Аз күн өмір сүреді жан, тынады... Таусылмайды толқын-толқын тағдырлар.
а а Жаңғақтың ойы а * Кешегі – түс, бүгін – күмән, ал, ертең... Бас-аяқсыз уақыт ырқы белгісіз. Сағат сайын өзгереді жан-өлкем, Бір минуты бір ғасырға бергісіз. Тұнық ойдың түп бастауы – Тәңірден, Қай тұсында ұшығы бар бақидың?! Тозары хақ жан мекені – тәнімнен, Мәңгілікке сәуле тартып жатырмын. Күн мен түндей қос өлшемнің арасы Тең түспейтін талас Майдан төрінде, Туып жатқан түгел ғалам санасы, Өгейсінбес өрнегімді менің де – Деп, дәмелі көңіл тағы нұрланар, Бейопалы дүниеден кек қайырып. ...Топырақтан жаралған тән құм болар, Кеңістікке кетер жаным жайылып.
а а Болат Жетекбай а * Бәрі өтірік секілді өткен күннің, Бәлкім, мен де өзгеріп кеткен-дүрмін?! Көркем дүние көзімді құр алдайды, Көк кілемін жапқанда көктем қырдың. Көз шалмасты, бәрібір, ой аңдайды, Толғануын жүрек те қоя алмайды! Селт етпейді сезімнің сансыз гүлі, Көңілімнің көктемі оянбайды. Көңілімнің көктемі жасанбайды, Бір бүршігін жас жаным аша алмайды. Қарап тұрсам өткінші әр сәтіме, Қайратымның буыны босаңдайды. Қиялымның қанатын жел кереді, Онан сайын көкірек шерленеді. Кеше емес пе, Құдай-ау, сәулешімнің: “Осы тұсқа ертең де кел!” – дегені. “Кешке жақын кешікпей жет!” – дегені, Кеше еді ғой, мезгіл дәл көктем еді... Ең болмаса елесін қалдырмайтын, Өтіп жатқан өмірдің жоқ дерегі. Бәрі өтірік секілді, бәрі бекер, Жапырақтай ғұмырым жанып өтер. ...Ұясына барады күн қонақтап, Ертең тағы тірліктің таңы жетер!
а а Жаңғақтың ойы а * Мен жоқ едім... бар болдым – Адам болдым, Заман көрдім, жақсы мен жаман көрдім, Адал көрдім және де арамменен, Бәрін алып, жүрегім, саған бердім! Құдайымдай қуаттап әз арымды, Енді сенен сұраймын тазаруды. Аппақ қарлы жанымның атырабын Күйе жауып, кірлетіп, наза қылды. Күн сәулесін ұрлаған, Айдың нұрын, Көрдей суық тартады қайғым, мұңым. Пәк әлемін пейіштің әкелем деп, Аспан жаққа алақан жайдым бүгін. Табыстырар тілмашым ғаламменен, Саған ғана сүйендім санамменен. Ұшатынға ұқсаймын тастап сені, Түсініспей тірлікпен, адамменен. Бүгін бармын... ертең жоқ, соны білгем, Өңімді де түсімдей жорыдым мен. Бақиға жол шегермін пәнидегі, Саған деген қылаусыз көңіліммен.
а а Болат Жетекбай а Көңіл жұбату «Бір жанға екі күймек әділет пе?» Абай. Тозағынан қорықпа о дүниенің, Алады деп қамықпа мені де өлім! Күймедің бе отына тағдырыңның, Аз болды ма түңіліп, жерігенің? Жылап келіп, ақыры жылап бітер, Ғұмырыңды құм қылып уатты шер. Бір тозақтан тастамас екіншіге, Бізді күтсе, ол жақта жұмақ күтер!
а а Жаңғақтың ойы а Дерт Көзін жұмды, ... ербең-ербең көп сурет, Тыр жалаңаш тәндер – кімдер? Сұмдық-ай! Семіп-солып, езіледі ет - жүрек, “Көрсетпегің осы ма еді, қу Құдай!” Жыпырлаған елестердің ішінде, Жаһаннамға кеткен жандар неге жүр?! Жырқ-жырқ күліп... жылан басты пішінде, Қатындардың қайқаңдауы-ай, әне бір... Тұмсығынан қан сорғалап құстардың, Шұқып-шұқып, жұлыпжұлып, жеп жатыр. ...Опырылып оң бүйірі қыш тамның, Құлай жаздап, құлай жаздап, зорға тұр. Жұлдыздардың арасынан ай күліп, Кесіп өтті жарық сәуле, жасындай! Бір сұмдық күш бүріп, жүрек шайлығып, Бүкіл дене дірілдеді басылмай. Көрініп, тез жоғалады жан-жаққа – Көбелектер, кереметтер... Құрысын! Көзін ашып, қолын созды алмаққа Шарап құйған құмыраның шынысын.
а а Болат Жетекбай а Өлеңнің де жаны бар Ойдан шуақ қашырып, шерді тапса ақылың, Тата алмасаң таңдайға тірлігіңнің татымын, Кімге артасың кінәні?..
кімге артсаң да, жалғыз-ақ: Өлеңнің де жаны бар, жасытпағын, ақыным! Жеті саз бар киелі – жүрегіңді өпті ме? Шексіз сыр бар жаһанда – желдей желпіп өтті де... Жан болмысы кешегі өлеңіңе көшеді, Көшкен жанда көз жасың көрінбесін деп тіле. Өксіп тұрып, өмірге жанның нұрын жаярсыз, Өзің үшін сол кезде өлеңді де аярсыз. Өрттей шалқып өйткені, өршелене лаулаған, Сан құбылған, сабылған – сезімдерің баянсыз. Мұның бәрі мұңлы ақын мойындаған серт еді, Бір тылсым күш соңынан салпақтатып ертеді... Моншақ-моншақ өрілген мойыл көздің жасындай, Өлеңдерім тағы да өлім күйін шертеді.
а а Жаңғақтың ойы а * Алладан аян ба, бұл – сәулелі өлең? Арбалып сезімдерге, әуреленем... Бір қонып, бір ұшады жан-бозторғай Тиянақ таппаған ғой ол да менен? Ойымды зіл басады, аңсар – бөлек, Алжасып, ақылымнан тансам керек... Көкірек аспан жаққа алқынады Ауадан тоя жұтып алсам ба деп. Жүрегім ауырады, дерті – неден? Шамалы шарап ішіп, серпілер ем, Нәлеті, нәпсінің де нәті берік Көңілім жел тілеген, жел тілеген!... Жан еркін алатын не? Сезік басым... “Түйіп ал түйсігіңе, сөз ұқпасым!” – Санамды сиқыр-пері жадылайды, Сыңсытып тәтті әуеннің созып басын... Билігі бір басымның менде еместей, Қомданып... қиял қанат сермеместей! Дөңгелеп көз алдымда дүн-дүния, Кейде шын көрінеді... кейде елестей.
а а Болат Жетекбай а ...Ақырзаман Шынымен ақырзаманның сыны келді ме?.. Шіріген иісін мүңкітті іріген дүние. Шаштарын жайып шайтандар бастады биін, Ылығып түннің қойнында іңір өлді де. Адамы нәжіс – боғымен аспанды сүртіп, Назаның бұлты жауады жас қанды бүркіп. Періште көңіл сол жүрек бұлқынып қалды, Мұхитты шайқап мұңымен, асқарды сілкіп. Жылт етіп барып, жұлдыздай сөндің бе тағы, Бір сәттік сәуле... бір сәттік..... ол кімге дәрі?! Таңдайға тамыз, тамшыдай су барма, жаным, Тазармас одан ғаламның кірлеген ары. Ұлыған үрей... ұяттың ұйқысы – тылсым, Іріңі түскен дүниенің түр-түсі құрсын! Маңайыменен мысықтай мауыққандардың Тажалды тоят тартады ынты-шынтысын. Шашылып түсер жұлдыздар, шыңғырып ағып, Ібіліс-Тәңір ызғиды жын мініп алып. Ынсабы қашқан пенделер іс қылып жатыр, Ыңқылы тіптен күшейді, ындыны жанып. Лауқылға жазып пәнидің келім-кетемін, Отырған кімсің?... Күн емес сенің де күнің! Тастадым, міне қаламды, қағазды жырттым, Түннің де тілі байланды, менің де тілім.
а а Жаңғақтың ойы а * Құдай-жалғыз!..
қисабы жоқ болмыста, Жалғыздықты сезінеді неге әркім?! ...Уақыт –шексіз,
өміріңде жол қысқа, Құмға шөгіп,
қайтадан көп боларсың. Жаратқанның анық шыны жүрекке, Түйсінсін деп түсіре ме бір белгі? Әр көңілден шыққан түрлі тілекке, Бағзылардан мәні мәлім түр берді. Не махаббат, не ғадауат...
сол тілек, Сертіне сай сараптаса зердесі: Бүтін сырды бөліп-бөліп еншілеп, “Жалғызбын” деп ойлай ма екен
пендесі?! Ақыреттің сыны келіп шүбәсіз, Иман-сауал салынғанда талқыға – Адам жалғыз – күнәлі не күнәсіз.... Жалғыздық па жаратылыс парқы да?! Бу секілді бүкіл болмыс, ендеше, Уақыт шегі болса болар қас-қағым. Жайы білсін жүрек-шіркін сенбесе, Бәрі бекер бір Құдайдан басқаның.
а а Болат Жетекбай а ...Құдай – жалғыз, біз – сананың сәулесі, Құдіретін келдік Оның сезуге. Бітер күні фәнидің көп әуресі, Жалғыздықтан құтыларсың өзің де. Үрей Көңіл көзі көкірегіме үңілген, Көрдің неге пәктігімді үгілген? Өмір жайлы көп ойладым бүгін мен, Өлім жайлы көп ойладым бүгін мен. Тітіркенсем, тікенек – ой бүр атар, Жапырағын жайса қайтіп шыдатар?! Арасынан анық танып өзімді, Адамдарды аядым мен күнаһар. Түсіндіріп бере алмайды еш ұғым, Күнә кештік.... бар ма, жоқ па кешірім?! Шыңыраудай жанның терең түбінен, Шаңқ еткен бір шындығымнан шошыдым.
а а Жаңғақтың ойы а * Пеш қызбайды, үй суық. Ой қашады санадан. Талай қағаз жыртылып, Жайрап қалды манадан. Далада түн, бөлмеде Жылтылдайды әлсіз шам. Ызыңдайды әлдене, Жыр тілейді жансыз жан. Жарық пенен түнекке Жалтаңдаған құр елең... Жабырқаулы жүректе Жоқ секілді бір өлең. Тіршіліктің тынысы Тоқтағандай азырақ, Пеш сөнді ме, үй іші Кетті кенет азынап. Ойымды ұйқы тықсырып, Бойға ләззат тарайды. Түн қабағы түксиіп Терезеден қарайды.
а а Болат Жетекбай а * Бұлт басқан аспан. Мұң басқан сана – қараңғы. Көктемнің күні қуантпай ма екен адамды? Мөп-мөлдір жел де мысық боп еніп ішіме, Тырналайтындай жарамды.... Түнерген бұлттар – түйдек те түйдек наладай, Көз жасын сығып тастауға тұр ғой жарамай. Құс екеш құстың қонбағаны ма бұтаңа, Жасанар қашан жапырағың кәрі қарағай?! Келгенде көктем тырнасын көкте тізбелеп, Елітер едік, еніп бір күйге біз де ерек. Көктемнен гөрі ұқсайды күзге маңайым, Көктемнен гөрі ұқсайды көңіл күзге көп. Көкбетсуі сірә қыз-көктем, саған жарамас. Үздіккен жанда үміт пен күдік аралас. Таңменен ерте түріліп тұман-көйлегің, Шуақты құшар дірілдеп тәнің... жалаңаш. Жылуды әнтек жұтады жылдам ызғарың, Содан ба, сонау көлдің де сеңін бұзбадың. Мызғымай жатыр меңіреу мынау кеудемде Мұң болып қатқан мұздарым. Күмілжір көктем, Көмескі тартты жан-арай, Түнерген бұлттар төніп те келген наладай. Қараймын үнсіз, қан-сөлсіз қалпың баяғы, Көктемің келді... көгермейсің бе, қарағай?!
а а Жаңғақтың ойы а Бірлігі бар ел артық Ар жазасын көтергенше, Арқалаған тас артық. Оспадар дос есерленсе, Одан ойлы қас артық. Қызыл сөзге семіргеннен, Қасық ұрттам ас артық. Қалың надан еліргеннен, Ақылды бір бас артық. Сараң үйге түнегенше, Сардалада қос артық. ...Жұрт қатарлы жүре берсе, Ол өмірдің несі артық?! Жаман болмас жоқтығынан, Байдан жомарт көш артық. Түрмедегі тоқтығыңнан, Азат күнгі аш артық! Осылайша айтты сөзін, Ақынға наз көр артып... Термелетіп бермен қайтса, Түгел сөзді түйіп айтса: Жақын тартар жаттың өзін, Бірлігі бар ел артық!
а а Болат Жетекбай а Түнгі түйсік Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келгені... о несі? Көлбеңдейді күңгірттеу көлеңкелер елесі. Көңіл неге босайды, жүрек неге егілді, Дәтке қуат өлеңім, дәрменімді демеші! Көкіректі кернеген сағыныш па, күйік пе? Жан тәнімнен бөлініп ұшатындай биікте. Нұр сөгілді, сейілді, мұң төгілді санама, Үзік-үзік шаттығым... өтінемін, үрікпе! Табиғаттың жұтқандай таусылмайтын ызғарын, Тас бейнеге айналып, томсарып құр мұздадым. Түн түсінді сырымды, түнегімен қармады, Түн айтпасын білдім де, тыныштығын бұзбадым. Телегей сүт – ақ сәулең жер-бесігін шайқаған, Қасқыр болып ұлырдай көп қарадым, Ай, саған! Сен де мендей жалқы деп, мен де сендей жалқы деп, Әр түнімде өзіңді көрсем деп ем қайтадан. Сөнген алыс армандар жұлдыз болып тіріліп, Күмбезіне ғарыштың шашылғандай үгіліп. Тамып-тамып кетсе егер, көздің жасы секілді, Тылсым кеудем оны да алатындай сіңіріп. Жұлдыз жанар, Ай шығар.... Мен оларға бөтенмін. Ғарыштағы болмашы тозаң ғана екенмін. Қараңғы түн қонағы – қаңғыған көп қайғылар, Қонып жатыр кеудеме, қонып жатыр... Не етермін?
а а Жаңғақтың ойы а О, дүние! Жақсы да болдық, жаман да болдық, о, дүние! Жүдеттің жанды, алмағың бізден енді не? Мұнарлы кеште мұңынды жұтып, мәңгідім, Маған деп жаққан жұлдызың әлде сөнді ме? Беткейге шықсам, орамал бұлғап бір елес, Анадай жерде: ажал мен өмір – жүр егес. ...Андыздап өрген алып кеткейсің аш-ойды, Алып кеткейсің, басқаның бәрі түк емес! Тереңдей батсам, жан түгіл тәнді ой жейді, Басыңа біреу енеді, сарнап сөйлейді. Шулайды қостап, сабырсыз сансыз сайтандар Сол кезде Ақыл ақырып Ойға: “Қой!” – дейді. Құбылған дүние – құбылыстарың кеудемде. Аңғарсам, енді ақылымды да ой жеуде. ...Қызығым болып қуантып кейде сұм-жалған, Құйрығын ашып көрсете қойды сол демде. Өксігі бітпес өңкей бір өң мен түс күннің, Аумалы дәурен алтынымды да мыс қылдың. Жайдары шақта жағымды осып жасытып, Жайсыз бір күні жұмақтың қызын құштардың. О, дүние, дүние, өтуге жылдам құмарсың, Өңмеңдей берме, өзің-ақ мойын бұрарсың. Өлгенде көрген жалғызың жаннан безгенде, Өкіріп келіп, денемді құшып жыларсың!
а а Болат Жетекбай а «Шіркін-ай» деймін «Шіркін-ай» деймін, «шіркін-ай» деймін, тамсанып. Өмірге мен де келіппін кеше жар салып. Келіппін кеше... бір белес астым аса алсам, Көргенім менен түйгенім сонда – қаншалық? Түндерім кейде шұғыла-нұрға шомдырып, Күндерім кейде көзіме мұнар қондырып, Пәс сезімдерден өртенсе озбыр жүректер, Аярлық оты жанымды қарып, тондырып. Көзді ашып-жұмдым, кейіндеп қалды көп ғұмыр, Түнеріп күнім, түндерім ғажап төкті нұр! Жынданған ақын жайын бір көріп кетуге, Терезе жақтан қарайтын болды текті жыр. Бекерден бекер қу тірлік маған сұстанар. Кеудеме сыйған ызғарлы күз де, қыс та бар. Онсыз да менің тынысым, демім тарылды, Онсыз да екі жағымды бірдей ұшпа жар. Күлудей күлдім, күлкімді күліп тауыстым, Жарқын бір шақтан жылыстап тез-ақ ауыстым. Үскірік желі үйіріліп соққан кеудеме Үңілсем болды, қыс-қайғыменен табыстым. «Шіркін-ай» деймін.... білмеймін оны неге айтам, Бойласам ойға уайымды тағы молайтам. Білдіргім келмей ішімде ненің жатқанын, Бөрідей арық қомпайтып жүнім, зорайтам.
а а Жаңғақтың ойы а Беу, көңілім! Сыңарымдай бірге туған кіндіктес, Мұң жайында мың айтқанмен мұң бітпес. Шуағына шығайыншы ақ күннің, Шын сырыңды, әттең, өмір білдік кеш. Пәни деген пенделік бұл керуенде, Не жетеді шіркін, бәрін көргенге! Күліп тұр ғой анау тас та ызбарлы. Соны ұқпаған беу көңілім, шерменде. Беу, көңілім, беу, көңілім, шерменде, Сиыспаған аспанмен де, жермен де. Өгейлікпен өтсе ғұмыр, өлгенде Өксіген бір үн шығар-ау көрден де. Сансыз сауал сансыратты сананы. Жан құмары айтшы, неден қанады? Бір қарасам, көктен шаттық құйылып, Бір қарасам... Құстар жылап барады. Өремізбен өлшеп ар мен ұятты, Жүрек жасы тиылмастан жиі ақты. ...Шұғылалы таңның көзі тым суық, Қараңғылық шақыратын сияқты. Көп айтпайын көңілімді шерменде, Не жетеді шіркін, бәрін көргенге! ....Жапырақтар, жапырақтар – жандарым, Үзілмекке үміт берген сендерге.
а а Болат Жетекбай а Не керек? Өтірікші, өсекші жұрттан жеріп, налисың, Шаттықтың да шырайын шерім ғой деп танисың, Ырғалған гүл-сезімді ызғарыңмен қарисың, Жетім-жүрек, болмысқа көп өкпелеп не керек? Сырты жылтыр сұмға да базбір сәтте сенгішсің, Құйымырдың сөзіне салпаң қағып ергішсің, Жат жасаған күнәні енді өзіңнен көргішсің, Бүтініңді бекерге екі бөлу не керек? Желдей еркін көңілді жалқылыққа көндірдің, Өз күйіңді өзіңе тыңдатуды жөн білдің, Армандардың алауын аямай-ақ сөндірдің, Жалғанына пәнидің жадылану не керек? Теңіз, теңіз ойларға жұтылғанда шым батып, Жылытардай қаныңды жаны құрбан бір ғашық, Жүрегі жоқ бейненің елесімен сырласып, Жеткізбейтін қиялға құр емексу не керек? Шығар күннің батары бәріне де белгілі, Әулиесіп, данасып, айтарың не ендігі? Жетесіздің болмаса сендегідей шер-мұңы, Соған бола саяқсып, уайым қылу не керек?
а а Жаңғақтың ойы а Ырым Түс көресің таңға таяу мезгілде, Өлі-тірі көзтаныстар жолығар. Бір жамандық болатынын сездің бе, Сен бәрібір жақсылыққа жорып ал! Құдіретің бағып тұрған сыртыңнан, Жазмышыңның жайын жұмбақ білдірер. Қапы қалмай, ғибрат тұт ғұрпыңнан, Ажал кейде – көзділер мен тілділер! «Жәй айтылған ырым ғой – деп – ол деген», Кейбіреулер киесінен танады. Әне, қара, сен жүретін жолменен Қара мысық кесіп өтіп барады!..
а а Болат Жетекбай а * Жүрекке – жәбір, жапсырып жаныңа нала, Жаңылыс аяқ бастың-ау тағы да бала... Кешірер, мүмкін, кешірмес, ол – оның ісі, Ұятыңды ұғып, алдымен арыңа қара! Теңізді кешіп тобықтан, шайқалып ерен, Шараптың буы, шайтанның айтағыменен: Әкеңнің құны кеткендей әп-әйдік жанда, Әңгірлеп едің әңгүдік айқайыңменен. Ал, енді, бүгін тозаққа тірідей түсіп, Көбікті мұңды кеудеде күбідей пісіп, Өзіңді қойшы, өзгенің өкпесін ойлап, Солдырдың сорлы жүректі сірідей қысып! Жападан жалғыз, жан-жақта елегіз толы... Жапырақ төсеп жағынды неге күз жолы?! Күңгірттеу, күлгін аспанды күрсіне шолып: «О, тәубе – дедің – түзелдім!» ...көрерміз оны.
а а Жаңғақтың ойы а Ақ түнде Қандай сұлу аппақ түнде ақ қала, Ақ жүрегім, көңілге мұң сақтама! Ақ бәйтерек, ақ қарағай, ақ бәрі.... Ақ шұғыла шашырайды бақшада. Ақ айрандай жұтып қыстың сыз-демін. Ақ тілекпен ақтығымды іздедім. Аппақ қардай қалқып ұшып жүрсем де, Аппақ-аппақ қалып жатыр іздерім. Айтсам бір ән даусымды көп көтермей, Ақ періштем аңсап ұшып жетердей. Айқайласаң, арбаған ақ дүние Аппақ түнге үркіп, сіңіп кетердей. Шабытымды оятқанда шат-көрік, Ақ-қараға санамды да қақ бөліп, Жанымменен жақын сездім, табиғат Жаралғанын әу басында ақ болып. Ей, қарғалар, сендерде не кінә бар, Ақтығыңды аңдап кімдер біле алар?! – Ақ қарғалар, армысыңдар! – деймін мен, Аппақ қарда алшаң басып жүр олар.
Ақ сезімдер, ақ сезімдер ағылып, Ағараңдап алыстарда ақ үміт... Көкірегіме ақ сәулесін саулатты, Көздің нұры аппақ қарға шағылып. Алаңсыз ем қиялымда самғаумен, Ақ сағыныш алды есімді жандәрмен. Ауыл жаққа жаяу тартып кетсем бе, Ақ далаға ұласатын ақ жолмен...
а а Болат Жетекбай а Өмірдің заңы Бүлінгеніңді бүтіндеспейді ешкім, білемін, Білемін сырттан: «Бүлдірді!» – десіп күлерін. Бәрібір жұртқа, бәлеге басың шатылып, Тілім де тілім кескіленгені жүрегің. Қателігіңді кешірмейді ешкім, жоқ мейірім. Сонысы бәлкім дұрыс та шығар, сөкпеймін. ...Тағдырдың өткір шалғысы қиған тақырлап, Құрақтай жусап, қайтадан қаулап көктеймін. Пенденің көңілі Құдайдан дағы қалады, Емдейтін өзің жаныңа түскен жараны. Өкпеңді бүгіп, өгейсіп жүрсең өзгеден, Өшпейтін өлсең өсекке тағы таңады. Өмір ғой, өмір, өмірдің заңы – ескі заң. Ескі заң тірі, өмірден қанша кешті жан... Ажалың бір күн сені де алса арадан, Жылайтын сол жұрт, оған да бар ма еш күмән?! Замандар өтер, адамдар өтер арманда, Замандар келер, адамдар келер жалғанға. Олар да көрер кеше сен көріп кеткенді, Өмірдің заңы... зарланба, жүрек, зарланба!
а а Жаңғақтың ойы а Түн жылайды екен Тұнжырайды екен, Түн жылайды екен, Шын жылайды екен, қарасам. Ол бекер екен арманды Айға баласам. Қорқыныш екен буланған бозғыл сәулесі.... қарасам. Қаралы түнде қайғыны күллі жинаған, Жасындай көздің жұлдыздар төмен зулаған. Жұбату таппай өзіме, мұңлы түніме, қиналам. Түнменен тылсым түнекке сіңіп мұңдылар, Ішіңде бір үн үреймен түрлі шыңғырар. ...Күнәһар әлем күйдіріп жүзін, күн өлсе, түн жылар. Жоқтауын түннің естіген жүрек егілер, Қасірет желі кеулеген кеудең сөгілер. Түн сырын ұққан тіршілік иесі тірліктен жерінер.
а а Болат Жетекбай а Сұм-дүние Іштің дертін басуға ішірткіні ем дедім. Ілуде бір кездескен бақытыма сенбедім. Өткен өмір керуенін кеудеме әкеп жерледім... Тым ертерек тарқатты базарымды бұл дүние! Алыстаған күндерге аңсар ауды неліктен?.. Ада болдым ақыры арман, қуат, еріктен. Жұқана да қалмады жастықтағы желіктен, Іздерімді көмген соң сусып көшкен құм-дүние. Үсік шалып, солғанда жанымның бір бүршігі, Бітпейтіндей көрінді пешенемнің қырсығы, Ыза буып жүректі, көзімнен жас ыршыды. Түкірдім мен бетіңе, менсіз сен де тұл дүние! Ауыр ойдың азабы арылмаған індеттей, Алжастырды ақылдан асау мінез бірбеткей. Менің аппақ арымды бұдан әрі кірлетпей, Берер болсаң ажалың, бер тезірек, сұм – дүние!
а а Жаңғақтың ойы а * Ызыңдаса кеудеде шыбын-жаным, Амандастым ажалмен... бұрылмадым. Қолдап мені, әруақтар, жүрсіңдер-ау, Кешегіден түзелді бүгін халім. Жеті мүшем дін аман, ауырмаймын, Ауруыңнан секілді ауыр қайғым... Кірпіктерге ілінген тамшы жастай, Тамып кетсем, ешқашан табылмаймын. Мен – елеспін... Өзімді солай ұқтым. Қойындасып түнменен жоғалыппын, Айдай мынау әлемнен айрылғанда, Әруақтардың күшімен оралыппын. Қалқан болған қанжарлар сермелгенде, Қолдайтұғын қысылшаң жер келгенде, ...Өздерінің еліне жолатпайтын, Өтелмейді парызым – өлгендерге. Сыры жұмбақ, жер жатыр ішін төсеп, Кінә бізде – көп жайды түсінбесек. Ақ жол айтып, алыстан аян еткен, Әруақтарды көремін түсімде тек. Нұр төгілсе ғайыптан... жан шуақтап, Күмбірлі күй – сел-сезім шалқып ақпақ! Ажал мені ала алмас ауру беріп, Алып кетер адассам арды таптап.
а а Болат Жетекбай а Кей күндері Кей күндердің жарығы жоқ түн ғұрлы, Түнек жолдар бағытымды кіл бұрды. Удай зәрлі уайымды жұтқызып, Сағымды морт сындырды. Кей күндерден кесапатты мұңды алдым, Кеттім лағып, қудым қиял... жындандым. Былқ-былқ еткен бүйткен тірлік құрысын! – Боқтығына былғандым. Кей күндері үміт өлді, жан семді, Жоғалттым да жоғалтпайтын нәрсемді. Жын-ойнаққа жанын сатқан пәс ойдың Бәрі маған қарсы өрді. Кей күндері жапырақтай үзілдім. Аспан жаққа айбат шектім, кіжіндім. Ит-пенделік игергенде – жоқ дәрмен, Ақ сүйектей мүжілдім. Кей күндері көктей солып көңілім, Кезенгеннің оғына ұшты елігім. Сапырылып сары дауыл санамда, Сап басылды желігім. Кей күндері шаттығым да бар шығар, Рас, рас, бақ күнім де бар шығар... Жүз қуаныш бір қайғыдан жығылса, Жаным жер боп жаншылар.
а а Жаңғақтың ойы а Наурыз Күлерсің-ау көктемім, түлерсің-ау тірлігім, Жусан тектес ұл едім, жұлдыз кескен кіндігін. Жапырақтай жанымды бояп жасыл реңге, Жаппар Алла жар етті жаратылыс шындығын. Жаратқанның шындығын жүрмегін, дос, танымай. Жаны жомарт кісінің бәрі жақсы, бәрі бай. Күн айтады осыны, түн айтады осыны... Жыр оқысам жарасар Наурызымда налымай. Ерке желдің ескені, еріп сеңнің көшкені, Қара жерден қар кетіп, қаулай шөптің өскені, Мархабатты Наурызым, махаббатың емес пе, Тартысқанның кешегі: “Тату болдық!” – дескені. Көбейгені күлкінің, кеңейгені көңілдің, Шер-шеменді шет қағып, шегергені өмірдің, Арғы бабам тойлаған Әз-Наурыздың арқасы Жағалай жас шағына оралғаны елімнің. Егіз-егіз төл өріп, жетпегені көгеннің, Аққа толып тұрғаны алтындаған зереннің, Алыс-алыс сапардан құстарымның қайтқаны... Сенің құтты қадамың демегенде не дермін? Лүпілдеген жүрекке нұр арманның қонғаны, Лап етпегі сезімнің бір шоқ түссе болғаны, Ой-хой, Ұлыс күнінің Ұлылығы емес пе – Наурызбайдай құрдастың отыз жасқа толғаны!
а а Болат Жетекбай а Тағдыр Пешенеге сызып қойған шеберің, Пәни жөні Тәңірден ғой дер едім. Пенделіктің парқын біліп, бүгін мен, Бәрін, бәрін тек өзімнен көремін. Тәуекелмен іс еткен соң әуелгі, Себеп – менен, тағдыр маған тәуелді, Кещелікпен кірсем бәле-бәтерге, Кімге айтардай өкпе, кінәм бар енді?! Тұрлаусызын ойлап тәйтік көңілдің, Теріс баққан мінезімнен жеріндім. “О, тағдыр!” – деп опынғалы соңынан Арақ іштім, айғай салдым, елірдім.
а а Жаңғақтың ойы а * Өмір озар, тозар мүлік-дәулетің, Сұрқы қашар сұлу, сәнді сәулетің. Малды сүйсең, мұратың – тұл, ар – жетім, Керегіңнен дүние-боқты көп алып. Жай байысын, білім – бітпес дәулетің, Нұрлы жүрек ойдың құрар сәулетін, Бір Аллаға бағышталса бар ниетің Рахмет жауар, рухың азық көп алып.
а а Болат Жетекбай а * Ұшады жапырақ, ұшады – жел қағып әкеткен үзік ой. Көнерген мезгілдің нышаны: Күз ғой бұл, көңілдің күзі ғой. Күз желі кеудемнен еседі, Сыпырып сыз демді жердегі. Шұбалып шалғайы көшеді, Жылауық бұлттардың керуені. Қызығын, қызылын күз ұрлап, Құлазып жалаңаш бақ қалды. Құлақтың түбінен ызыңдап, Көңілдің бір күйі... жаттанды. Көңілдің бұл күйі ығыр қып, Созады мағынасыз мақамын. ...Түгесіп тірлікті бүгіндік, Мұңыма оранып жатамын.
а а Жаңғақтың ойы а Мен қайтейін? Жаралғалы жан тәніммен арбасқан, Өз құмарын өзі бөлек сүйгесін. Егізіме жетпей жүр ғой әу бастан, Тамшыдайын мөлдір, таза үйлесім. Тән құмары жеңіп, бойды билесе, Жан құлықсыз құлға айналар секілді. Тағаты тұл сезім қозып, күйлесе, Ұят кештеу тілгілейді бетімді. “Таңда махшар”... сұрау алып ар-ұждан, Бұ дүниенің ақыретін көргем-ді. Көп күнәнің майын сығып, тамызған Тозақ оты күйдірген-ді кеудемді. Шырқырады жаным сонда: “Қайда – деп – Үзбей жиған ізгілік пен иманым?” ...Мен қайтейін, өткен іске айла жоқ, Мен қайтейін, қу нәпсіңді тыймадың!
а а Болат Жетекбай а * Күндіз аққан жұлдыздар –
сезімдерім, Зеңгір көгін көңілдің сызды талай. Мен шабыттың шаңқай түс кезінде едім Өлеңіме өргізген ізгі сарай. Алыстарды арбасын күмбездері, Алтындатып төбеге ай қададым. Тарихымның салмақтар шын безбені, Төрге қойдым Темірдің тайқазанын. Оюына құранның сөзін теріп, Гүл – миуалы иранбақ ектім және. Өзің келіп, өрнегін көзің көріп, Бір жылы сөз айтар деп еттім дәме. Шымылдығын шашақтап күн нұрымен, Шамқай жібек ұстадым қытайыдан. Шамдалына жүректі бірге іліп ем, Сәулесіне сыйғызып сыпайы мән. Қиялымның қызылы, ой әрімен, Ғибрат сөз тапқандай ғұламалық, Шатырына шаттықтың бояуымен Жаздым сенің атыңды... жылап алып. Сен назарың салмасаң – айыпты жыр, Май құярсың бықсыған мұң мен шерге. Күндіз аққан жұлдыздай ғайып-ғұмыр Жан сарайын жасаулап үлгертер ме!?
а а Жаңғақтың ойы а Оңашада Оңаша қалсаң, ойға да керек тыныштық, Оңдайда өмір жаныңа жақын, тым ыстық. Күйбеңшіл келіншек күттірмей келмес қасыңа, Күйген тағамның жағымды иісі күңірсіп. Қиялмен құшып, тәтті елестерге тоймайсың, Қиял да жетпес тұңғиықтарға бойлайсың. Періштесімен ойнаған сәби ұйқыда
шалықтай күлсе, «Пейіште жүр» деп ойлайсың. Рахатқа батып, балбырап денең босайды, Кірлеген көңіл терезесін сонда не шайды? Таң шұғыласын таратар едің маңайға Томырық түннің талайдан бергі, о, шайыры! Күлімдеп жатып көзіңнің жасын бір бұлар, Осындай сәтке жаным да менің тым құмар. Көзіңнің ұшқан күміс сәуледен сескеніп, Серпілер кейін сейіліп қашып мұң-мұнар.
а а Болат Жетекбай а Бір мұңым Төбелестім, таяқ жедім, жығылдым, Тас атқанға тұра қалып тас аттым. Бітпейтұғын дау-шарға кеп ұрындым, Жеңілістен басқа бірақ не таптым?! Жеті атасын сыбап салдым қызумен, Талай-талай менменсіген төреңнің. Ызаландым ызғар есіп жүзімнен, Шеттеткеннен басқа жұрттан не көрдім? Шындық үшін өз әлімше күрестім, Топқа кірдім тағат тауып, толғанбай. Содырлардың кеу-кеуіне ілестім... Содан енді пайда қылдым мен қандай? Батырлықтың ақ алмасын суырып, Басын алмақ болдым тіпті мыңыңның... Әділетсіз дүниеден түңіліп, Ақырында жырға келіп жүгіндім.
а а Жаңғақтың ойы а Қамықпа, досым! (Бисенге) Қатал ғой тағдыр, салады сынға, тергейді. Қапылыс сәтте қамшысын қатты сермейді. Қамықпа досым, тосыннан төнген қырсыққа Ажал да айтып келмейді. Жарасын жанның уақыттың өзі емдейді. Жақсылар ғана жаманатыңа көнбейді. Өсегін жұрттың қайтесің сөз деп ескеріп, Аузы бар адам сөйлейді. Азапқа салар ақылсыз туған ой дейді, Ақтығың бәрін түзетіп әлі-ақ жөндейді. Өткен бір іске өкінгеніңмен жоқ пайда, Ойлағаның бола бермейді. Тірліктен мынау түңілсең дағы сен мейлі, Соныңа бола шамшырақ жүрек сөнбейді, Тағдырың онда тәлкектей түсер, басынар, Қамшысын қайта сермейді. Қамықпа досым, қамалып ойға құр, бекер. Торлаған бұлттай қиындық бастан бір көшер, Қуанар досың, дұшпаның қалар тіс қайрап, «Өлмейтін пәле – бұл» десер. Бақыттың құсы ұшқанмен, тағы бір қонар. Ол шағың дағы қуанышпенен жырланар, Кезекпен – өмір, қазіргі сенің күйіңе Дұшпанның басы шырмалар.
а а Болат Жетекбай а Айтайын жұптап, азапқа салар ой болар. Тағдырың сәтін өлшеп те пішіп қойған әр. Өткен іс өтті, ертеңінен күтіп несібе, Еңсеңді тікте, тойға бар! Кешегім мен бүгінім Құт қашып, қызық кеміп, нала қалып, Жүрегім жүрген кезде жараланып, Жабырқау көңілімді жел жұлмалап, Жылаушы ем жартас жаққа дара барып. Күтпеген қыздан қайыр, ұлдан көмек, Қаусаған қариядай... құр тән жебеп. Ол кезде отырушы ем түк табылмай Мұздаған жүрегімде мұңнан бөлек. Қайтер ем өлең атты дос келмесе, Достыққа диуананы қош көрмесе?.. Білмеймін сенерімді, сенбесімді, Басыңнан сондай дәурен көшкен десе. Басымнан бұлдыр дәурен көшті-кетті, Таянып құламадым қос тіректі: Домбыра және жырым – жан жолдасым, Қураған қурайды да өскін етті. Жалданған салты сасық, ғұрпы насқа, Құл келдім құлақкесті құлқын-асқа. Барымды базарлады ұлықсатсыз Ұлықтар пиғылы жат, ұлты басқа.
а а Жаңғақтың ойы а Түс көрдім.... жүрегіме бұлбұл қонып, Сайрады, жақсылыққа жүрдім жорып... Жылыстап өтті өкініш, мен жұртымның Жайнаған жүзін көрдім гүл-гүл болып. Бәрінен бірден қайтты бүгін есем, Досым көп ұлты басқа, діні бөтен. Ойлаймын мен – «мың өліп, мың тірілсем», Өлтірмей алып қалған тілім екен... Ислам дінім екен. Тірлігім тоқытса ойға сан сабағын, Анамның тілі арқылы аңғарамын. Күн сүйген көңілімді жалау етіп, Жартасқа барып тағы ән саламын. «Мен енді өлмеймін» деп, жар саламын!
а а Болат Жетекбай а Батыр кәке (Әби Бәлиұлына) Сәйгүлік мініп, сойылың іліп ерге, сен, Торсықтан шұбат сіміретінсің шөлдесең. Айызың қанып қалмаушы ма еді ұрыс сап, Өрім қамшыны олай да былай сермесең?! Алаңсыз жүріп астында зеңгір аспанның, Қызық та өтті, өтіпті мынау бастан мұң. Ашынған сәтте қындағы қанжар жарқ етіп, Қашатын құты қарынды қасқабастардың. Жастық дәурен-ай, отқа да суға салатын, Қыран күндер-ай, қияға сермер қанатын!.. Алқалы топта алабұртып сен тұрғанда, «Батыр» дегенге марқайып көңіл қалатын. ...Қабағы қату, Қонаққа жөнді санамай, Менсінбей кейде сөз саптағанды шалағай, Ат бауырлатып, соққыға сабап жыққансың, «Адайың – мен» деп, арашаға да қарамай. Қайқылар үшін ол күнде тоқтар тұрақ қайда, Буырқанған сезім байыз табуға шыдатпай ма?! Бата аламыз деп көрісіп барған едіңдер, Дуалы ауыз Сәттіғұл, Сүгір, Ұзақбайға. Өмірдің сырғып өте берерін кім білген, Баяғысынша төбеден төніп күн күлген. Басыңды тауға, тасқа да ұрып, ақыры, Баянсыздығын бұл пәнидің де білдің сен.
а а Жаңғақтың ойы а Жиырма жас өтті, отыз бен өтті қырық та. Сусыған уақыт саябыр әсте қылып па? Алпыс пен жетпіс – олар да өтті, сексеннің Сегізіне де қалыпты-ау жасың жуықтап. Дүние кең-ді, барады неге тарылып? Отыру, тұру, жүрудің саған – бәрі жүк. Еңсені басып, еңкейтті зілдей салмағы, Дендеді әбден атаңа нәлет кәрілік! Жалғыз үй сынды көшпеген бар ел көшкенде, Сырласым дейтін жоқ қой, жоқ бүгін еш пенде. Кеудеңе келіп қонады жарық бір сәуле, «Батыр Кәке!» деп балалар сәлемдескенде. Тосқауыл таппай қарттыққа жанды қыстаған, Шарасыз пенде дәуіріндегі күшті адам. Шырамытқанмен танымай қалып жатады: «Қай баласың сен? Уағалейкүміссалам».
а а Болат Жетекбай а * Жайлауын тастап, ел көшсе, Қандай дәт оған сенбеске?! Кешігіп бүгін мен жетсем, Кәкем жоқ... кеткен келмеске. Қайғыдан шөккен қотыр там, Шүйкедей кемпір...соқыр шам... Төгіле берер көз жасы, Тіземді бүгіп отырсам. Кәкемнің анау, кешегі – Көсіліп жатар төсегі!.. ...Құбыла бетке қол жайдық, Біздегі шара осы еді.
а а Жаңғақтың ойы а «Жетім бұрыш» Отаным бар, осал емес... үйім жоқ. Сұрағанға: «Орташалау күйім» – деп, Күлімдеймін. Ал, әйтпесе, пәтерін Жалға берген орысқа да сыйым жоқ. Жатырқайды арман еткен астана. Жаутаңдайды келіншек пен жас бала. Түрмедегі ұлы келіп, қожайын: «Оған дағы керек – деді – баспана». ...«Жетім бұрыш». Жағалай ел тұр үнсіз. Тұрмыс қайтіп түзеледі шығынсыз?! «Әр ай сайын екі жүз сом төлейсің!» – Мен басымды изей бердім тынымсыз. Күз келіпті-ау, аңғармадық қалай біз? Үміт етіп жолға тағы қараймыз. «Айлық – үш жүз, пәтер екі... япыр-ай», Он саусақты бүгіп қайта санаймыз. «Жетім бұрыш». Есім дұрыс әзірге. «Үйі барға күз деген не, жазың не?» ...Көптен бері шақырмаған екенбіз, Достарды да дастархандық мәзірге. «Жетім бұрыш» – «жетімдері» мына біз, Таңнан келіп кеш түскенше тұрамыз... Пендеміз ғой, бірлі-жарым кемпірді, «Бөлісе алмай» қызғаныш та қыламыз.
а а Болат Жетекбай а Қаракөздер, қара көздер – үмітті. Қас қылғандай күн де кенет суытты. Жанымдағы жас жұбайлар айтады: Бұларды да бүлік сала қуыпты. Көңіл пәсең, ұлым еске түседі, Қолымызға қонған бақыт құсы еді. Бағу керек... ал, мен болсам, кей-кейде... Адам қайбір жетіскеннен ішеді?! Тәлкек тағдыр неге қатты сынайды? Жыламаушы ем, жан-жүрегім жылайды. «Не дайындап келер екен келер күн», Бірдеңе ғып өткізерміз бұл айды. Біз әуелден нәсіпсіз жан болармыз, Бұл бағытпен қайда барып оңармыз? «Жетім бұрыш», хош болып тұр әзірге, Ертең тағы соғармыз!..
а а Жаңғақтың ойы а * Кедір-бұдыр кеткен шығар көп күндер, Өткен шығар талайлардың ғұмыры… Ақ таңдарым, маңдайымнан өптіңдер, Аялады ардың тұтам сынығы. Түн тылсымын көкірекке көшірсем, Жұлдыз еді жүрегімнің моншағы! Тым болмаса, Фәни-жарық кешір, сен… Құйттай құсың қанат талып, шаршады. Іздемейді көңіл шаттық шуағын, Сеземін тек... соңғы күнім емес бұл. Еміс-еміс сарын шалар құлағым, Көз алдымда көмескі бір белес тұр. Шайпау сезім шалқып барып, өшкенмен Шайтан жаққан оттың қалды қозасы. Қарашықта… мұң-мұнары дес берген Қарауытар сан арманның моласы.
а а Болат Жетекбай а * Әлемнен қалайша бөлінем, Әзелден бармын-ау, тегі мен!? Түнекті тәрк етіп, тірілдім, “Бол” деген Алланың себімен. Өлсем де кетпеспін жоғалып, Ғайыпты қайтадан оранып, Күтермін ақырет хабарын Нәпсіден біржола тоналып. Пәниде былғанған сорбасым, Иманым болғай да жолдасым… Ақ қанат періштем, демей гөр, Із кескен Ібіліс оңбасын! Өзгеріп, өшкенде ескі күн, Сәждаға бас қойып кешқұрым, Өткенге салауат сұрадым… Сенің де даусыңды естідім. Адамның айрылмас егізі Ар – шындық, ақиқат негізі… Алланың нұрына асығар Толқыған тағдырлар теңізі. Кешкейсің, кең Құдай, күнәмді, Көңілден серпейін тұманды. Сауапқа жазғайсың көбірек, Бір ісім болса егер ұнамды. Тән: “Мәңгі біргеміз біз” – дейді, Жан жарық мекенін іздейді… …Мен, сірә, өлмеспін, өлмесем, Жүрегім зікірін үзбейді.
а а Жаңғақтың ойы а * Қара жер, қойныңнан жаралдым, Көк аспан, сенен де нәр алдым… Өткінші өмірімнің соңынан Өзімді мен қайдан табармын? Ырықсыз – келгенім, кетерім, Ылығып әрнеге нетемін? Алланың дидарын аңсамай, Не мұрат-мақсатқа жетемін? Ақиқат астарын ашпайтын, Бір жұмбақ өріске бастайтын, Тәңірім, жолыңнан адассам, От көрем… жанарды жасқайтын. Ел көрем…еңіреген, жылаған, Бас ұрып, кешірім сұраған. Ақырет сынына шыдамас, Азаттық аңсайды құл-адам. Аямай, ауырды жүктедің Бердің де, қайтадан үптедің. Тәңірім, тәубамыз – тайғанақ, Осы ма пендеңнен күткенің? Өзің деп, кеудемді өр еттім, Онан соң, көңілді шер еттім… Қара жер,
Көк аспан,
жауап бер, Мен кімге керекпін?
а а Болат Жетекбай а Жапырақ-ғұмыр Ынтық едім өлердей өрем жетпес бір сырға – Он сегіз мың ғаламның ішінде һәм сыртында, Туылмаған, тумаған, теңдеспейтін ешбір күш Бар болу да, жоқ болу – Бір Алланың ырқында. Екі жаһан иесі мейірімді, рақымды Субханаллах! – күндіз-түн зікір еттім атыңды. Тәркі дүние түңілтіп, торықтырған шақта да Май тамызып маздаттың Ұлы махаббатымды. Қаһарыңнан қаймыға, қайғы жұттым, мұң шектім. Соңғы үмітті сөндірмей, себезгілеп нұр төктің... Өткіншінің ісімен өкінішті молайтып, Хаққа қайтар жолыма қамдануды білмеппін. ...Сарғаяды жапырақ, күз де тұрмас, сырғанар. Көктем келер, жамырап өндір өмір бүр жарар. Аптығамыз несіне, жел тонайды бізді де, Әр жапырақ-ғұмырда ашылмаған сыр қалар.
Алақанда ақша қар – жарық күнім, баянсыз. Еркемсініп жүргенмен ертеңім де аянсыз. ...Ақыреттің таңында ақ жүзіміз қарайса, Көп сыналған құл ғой деп Сіз де бізді аярсыз. а а Жаңғақтың ойы а Аядым Сырттан қарам өзіме, сүлдерімді аядым, Жұрт көңілі үшін тек күлгенімді аядым. Жүрегімнің үстінен көктем ұшып, күз қонып, Ерте солған өлеңім – гүлдерімді аядым. Орда бұзар отыз жас, одан өтіп жөнедік, Шайқатқандай шағымда шау тартқандай көнеріп. Бұқпантайлап күн кешкен – бұл жүріске не делік? Қарындастың қаракөз үміттерін аядым.
Ел мұратын ер қамдар, өр еңсесі пәс түсті, Құлшынысы құм қауып, талпынысы тас құшты. Іріктелер іріден – ішкеніне мас күшті... Алты алаштың арыған жігіттерін аядым. Адыра – ақ ниетің, ахлақ туы тозғандай, Жақсыларды қалдырып, жаман-жәутік озғандай, Пұл – бағымен деліріп, делебесі қозғандай. Замананың лыпасыз зауық-биін аядым... Қыран қонар қияны құзғын барып жайлады, Сандуғашсыз бағымда сауысқандар ойнады. Ордасында өнердің өңшең топас тойлады, Дүниенің осынау дүмше күйін аядым. Жан-жағыңды қаусырып, жын-жыпырлар қамайды, Сәл шыдашы, сәл шыда...шаштан сүйреп сабайды!.. Түк талғамай талайды, жан тастамай тонайды, Елімді де, ен байлық – жерімді де аядым. Азаттығым – алданыш, жатқа тізгін берген күн, Ағарып таң атқанда, бесігімде тербелдім. Сағым, сағым, сары сағым... шермендедей сенделдің, Күлкіңді де, ей қазақ, шеріңді де аядым!...
а а Болат Жетекбай а Есімде Шалыс басқан әр ізде шаттығы бар шайтанның. Беу, бейкүнә періштем, көңіліңді қайтардым! Ар жазасы – ауыр сын, қансыраған жүрекпен Қайтіп саған көрініп, қай бетімді айтармын?.. От пен суда ойнаған бойды нәпсі бұлады, Тіккен туы тентектің теңселді де, құлады... Тарқамайтын сауық не, таусылмайтын тәтті не? Мен жыласам – белгілі...өмір неге жылады? Желкенімді көтеріп, телегейдің төсінде, Қилы сапар кешкендей қияметтің кешінде, Қиялымның қонысын жеті қаттан өткізіп, Құдайыма жақындап барғаным да есімде. Тамұғына пәнидің қос өкпені күйдіріп, Қасқа қара маңдайды жалынына сүйдіріп, Ашық келген ажалмен арбасқаным есімде – Батар күннің жалқынын қарашыққа сыйдырып. Тағдырымның бұйыртса мінезсізін, кідісін, Бұлаңдаған не пайда бұрынғыдай жүрісім?!. Ырыздығы төгілмей мың күн тұнған дүние – Сен де Хақтың қолында бір күн сынар шынысың!
а а Жаңғақтың ойы а Мұнартау (Нұрмұхан Жантөринге) Абыздай Аңыздан аңдаусыз енген біз жаққа, Аз ғұмыр кешіп, аспанға көшіп кеткен-ді. Есірік жел, жүрегін елдің мұздатпа, Сен сыпсыңдамасаң да ұмытқан жоқпыз өткенді. Тылсыммен тілдес мұнарлы тауды мегзеген, Табиғаттың өзі деп білгін, сен оны. ...Жақын мен жаттың арасын айқын сезбеген, Шерлі Шоқан боп оралып қайта келеді.
Өз өмірі бар өнердің өлмес, жоғалмас, Жазылған сонда жазмыштың бұлдыр дерегі... Ар-намыс үшін сермеліп өткен ақ алмас – Бейбарыс болып, Мысырдан қайтып келеді. Айтылмаған сөз, ашылмаған сыр құнары – Көкіректегіні көзден ұқ! Ол өзгермей, кадрдан қарап тұрады Жатқанда заман өзгеріп. Ғалам жұмбағын сыйғызған отты жанардан Ғазалын оқы, өмірге ғашық жандардың... Қара нардай – Екі дүниенің де қасіретін теңдеп ала алған Қара шалыңа таң қалғын! Тек Тәңірінің құдіретіне тосылып, Пейілін бұрды ол пейіш нұрына жамыраған. Анау, Құс жолында – Арманының ізі жатыр жосылып, Маңғыстауына жете алмай... Аруанадай аңыраған!
а а Болат Жетекбай а Жау жарағын майырған (Қаныш Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толғанда жазылған жыр-толғау) Ана-Еділ – қанды қиянда, Ақ Жайық – майлы қиянда, Миллион жылдар құнары шөккен Маңғыстау – шаңды қиянда, Бақ ауып бастан тұл заман, Ел ауып, босқан шығанға. Селеулі қыры селт етпей, Сергелдең, сүргін-ұранға, Үстірттің үстін шаңдатып, Үйіріліп құйын биледі: Оспадар ойын қыларға, Осылып ойны тынарға! Толқын да толқын шұбалған Теңіздей тарих сарқылып, Сағымдай сіңді мұнарға... Шер көкірек, кекті жан, Көзден жас кепті – жыларға. Көкжиек асқан көп арман, Ерлердің түмен қолындай, Бұзылмай бұлттай тұтасып Бұғаздан бері құлар ма?! Ар қылып, қасірет шексең де, Зар қылып, запыран төксең де Бәрі де – заман зарпынан, Тарлықта түскен талқыдан. Жар болғай өзің, Бір Алла! Мәрттігімнің мерейі – Бекеттер өрген мекенге
а а Жаңғақтың ойы а “Әруағы бұлттай торланып” Қасиет қонса, бекер ме? Төңкеріліп, тасыған “Теңіз сынды елдің” жұрнағы – Тулаған қаны тентек жұрт, Тегіне тартқан екен де, Жеріне тартқан екен де. Құландар жортпас құладүз, Қиянның құрттай пұшпағын Бермеген қиып бөтенге. Адыра мекен қалыпты-ау, Дәурен бастан өтерде... Пірге барып, қол берген, Дін-ғылымнан жол көрген Оразмағанбет – ғұлама Ауып, Иран көшерде, Аңдыған жау түбіне жетерде, Маңғыстау кенін түгендеп, “Мұнайдың барын білем” – деп, Бармағын тістеп, өкініп, Болжалсыз күнге қамығып тұрып, ол дағы, Бекерге бордай үгіліп, Аһ ұрып, арман етер ме?! ...Байланып заман тұрмады, Айналып уақыт зырлады, Жиырмасыншы ғасырдың Орталанды жылдары. Маңғыстау – маңғаз далаға Перзенттік адал пейіліменен құлаған, Тамырын басып иен дүздің, Тынысын сезді бір адам. Үш түбектің астын кеулеген
а а Болат Жетекбай а Кілкіген мұнай дариясын Мөлшерлеп біліп, сынаған. Геологтардың жобасы Мәскеуге сонда ұнаған. Шыңыраудан шығыр тартқандай, Мұнара біткен мойынын көкке созарда, Елестеген жынға ұсап Хрущевтің көлеңкесі көлеңдеп: “Қазақстанның батысы – Мұнайға бөккен аймақтың Бір жағын Кавказ, бір жағын Түрікпенге бөліп берем” – деп, Түлен түртіп, бүлінсе, Қырына қазақ ілінсе, Бұған да көніп, шыдаған, Тығылып іштен жылаған. “Ауыл қайда, су қайда? Атамекен жер қайда?” – О заманнан көп айтылған бұл сарын: Қурайы болып даланың, Қобызы болып Қорқыттың Ызғырық шалды шалғайға! Бір басының бағасы Бір халықтың парындай, Алты Алаштың арындай, Көтеріп алар ауырын Кәтепті қара нарындай, Мыңға жалғыз жұмсайтын Батырлар көзі – арысы, Имантайдың Қанышы! Білекпен емес, білікпен Біткен дейді әр ісі.
а а Жаңғақтың ойы а Өз дегенін қылғызды, Күдікті ойдан сырғызды. Мамандыққа үйретіп, Оқытқан жедел ұл-қызды. Іріден кесіп-пішкенде, Ісінің кірген мәнісі. Екіталай кезеңде, Елге қорған, жерге ие шыққан ер екен – Сол Имантайдың Қанышы. Бас тігіліп, болғанда Бақ-дәулеттің жарысы, Шаһмардан – шоң шәкірттің Танылыпты шабысы. Қайратымен солардың Шашылып шетке, таралған Маңғыстаудың дабысы. Тәубе деп – Тәңір - Иеге, Пікір салсам ойыма: Мен қарыздар әуелі, Жаңғақтың ойы, Бесқала, Өзбектен қайтып оралып, Келіп кірген өндіріске қайнаған; Іргесі бүтін үш қиянды жайлаған Ел қарыздар содан соң, Қаныштай ердің сойына! Астана жұрты ат салып, Ас қылып, берген тойына Үкілеп бір жыр әкелдім Лайық қой деп бойыма. Сәттіғұл жырау айтқандай: “Қуанад дейді өлілер
а а Болат Жетекбай а Мадиықтаса өзінің Артында қалған тірісі” . Мен мақтасам – мақтауыма сыймай ма, Жау жарағын майырған Халықтың сауыт – құрышы, Маңдайдағы қос жанар – Абай, Мұхтар секілді Адамзаттың ұлысы!
а а Жаңғақтың ойы а Заман-хал (шертолғау) Ой – сағым, сана сарсаң, жаным – құрау, Жүрегім, тағы, тағы ауырдың-ау. Үстінде қыл көпірдің теңселемін, Шайтанға қуат берген дәуір мынау! Алдымда – түпсіз жылым, артым – мұнар, Күн туды кісіліктің парқын сынар. ...Тозаққа топ-топ кірген шұбалаң көш, Сол, сірә, менің сорлы халқым шығар! Сөнгесін әлсіз шырақ ұят деген, Көздері түк көрмейді, құлақ – керең. Неғылған таусылмайтын арсыз күлкі?! Күйініп көп ішінде жылап келем. Күлкісін, күндегендей мәз-мерейін, Басқадан күнәларым аз демейін... Кейістік білдіресің қағаз, қалам, Жасырмай ал, сырыңды жаз, көрейін!
а а Болат Жетекбай а Бұл күнде жұрттың қандай күткен сөзі? Пейіл тар, мейірімнің біткен кезі. Қайыртпай кәлимаңды алып соғар Кісәпір-кәпірліктің тіптен тезі. Жармасқан атасының жағасына Не дейсің бүгінгінің баласына? Кімдерді кінәлайсың ұрпағыңның Шарасыз, ақыл-есі шаласына?! Тиымды, ұмытқасын тоқтатқанды, Жайына қазық қағар тоқпақ қалды... Құптауға бейілдісің шашын жайып, Қарғаған Құдайды да бетпақтарды. Сатылып, саудаланып достық кетті. Білмеймін, қай сағатым хоштықта өтті? Арылған асты-үстінен кең даладай Қазына-көкірекке бостық жетті. Ертеңі – есігі ашық жаһаннам-ды, Ұқпаймын үлде-бүлде, жасанғанды. Есебін түгендеп жүр естілерім Есіртіп шаш ал десе, бас алғанды. Ақтарып көрмегесін боқ-қарынын, Сенбеймін тәубасына тақтағының. Жағалай – жын-перінің тіккен қосы... Барқадар қайда барып таппақ ұлым? Малданып сырты сұлу көріністі, Мақтанға ел несіне кеуіп-істі?! Толғатты уақыт ұзақ, жатырында Шарана-шындық жатыр теуіп ішті.
а а Жаңғақтың ойы а Арманы – ғұмыр кешу шалқып ерек, Қарасам, қатарластың салты бөлек. Пір соңы, ердің соңы...мүсіркедім: Мендейлер кешегінің арты ма деп. Заманым, әзәзілше ел арбадың! Қалайсың рухтың тұл тоналғанын. Балайсың бір пендеңе, сонда дағы Көзбояу, өтірікке көне алмадым. Ойнатып тамырымды шықшытыма, Жақтырмай қарағанмен сықпытыңа, Тұрамын үнсіз, мылқау, мінберім жоқ, Куәмін ырыс-бақтың быт-шытына. Заманым, аңдау қиын қыр-сырыңды, Жылдарым бір күнгідей жымқырулы... Жете алмай жығылды ғой талай арыс, Кезейсің түтіндеген мылтығыңды. Қоғамы құндағынан параланған, Байы – мәс, қауымынан дараланған. Әзелден заң икемшіл, әділетсіз Жүрегі жазықсыздың жараланған. Қайраты қамал бұзар дер күйінде, Қамаған заман осы, ерді үйінде. Әулие аралап жүр аңырған ел, Айтам деп арызымды енді кімге? Қайырсыз, жаттан бұрын жақыны қас, Айтарға ағайынға ақылым аз. Аяймын, аялаймын мен өзіңді Отаным, батырың пәс, ақының аш...
а а Болат Жетекбай а Жыласам, қан саулайды көздерімнен, Сөйлесем, зар саулайды сөздерімнен – Алыстап кеттім-ау деп қимасымнан, Алғаусыз ашық көңіл кездерімнен!.. Бұйдасыз билік – тәксіз жырындының, Бақыртып кигізсекші мұрындығын! ...Қарнымның ашқанына жыламаймын Қайтқанша қазақтығым, тілім-дінім!
а а Жаңғақтың ойы а Бір өлеңім Бір өлеңім – бітпеген бір ісімдей, Бұлдыр-бұлдыр, жорылмаған түсімдей... Көңіл байыз таппақ емес, шамасы, Жан сезімін анық ойға түсірмей. Бір өлеңім – бүкіл ғұмыр жолымдай, Хақты танып, көкке жайған қолымдай... Тағдырымды еске салып тұрар ма, Тарғыл-жолақ жолбарыстың жонындай?! Бір өлеңім – бір-ақ жұтым ауадай, Кімге дәрі, дауадай?! ...Қырық бес жыл ұзатылған дәуренім, Кірпік қағып қалуға да жарамай. Бір өлеңім – құмға түскен іздерім, Жылап келген күздерім... Менен жеріп кетпес, сірә, сол қыздай Үздіктім де үмітімді үзбедім. Бір өлеңім – тіршіліктің кермегі, Ғашықтардың ермегі. Жүрегімнің соқсын десең қалқаны: Қайран Муза , өгейсіме сен мені! – Бір өлеңім біткенше...
а а Сезім пернесі * Балауыз шамға байланған көзсіз көбелек, Бозбала шақта біз сендей едік, не керек!? Балауса сезім қанатын отқа шарпыды, Шам сөнбей қалса, бәлкім, біз дағы өлер ек... Өлгенше сүйіп, өртене жаздап, өртенбей, Сондағы сүйгі – махаббатымды көрсең ғой! Жындының ғажап ғазалын оқып, шошынып, Аяды дерттен айығарыма ел сенбей. Ләйліге ұқсас аты да оның арапша. Ай нұрлы жүзін айнала жұртқа қаратса, Қызғаныш талай қан-жоса ішті тырнады – Қара көзінен құштарлық отын таратса. 3-бөлім
а а Жаңғақтың ойы а Алданған арман, қорланған намыс... содан соң. Мәрттігім емес Мәжнүндей ғашық бола алсам. Амалым нешік, ол баста солай жаралса, Амалым нешік, мен баста солай жаралсам! Балауыз шамнан айналған көзсіз көбелек, Өртеніп өлдің арманды құшып, не керек?! Шам жанып тұр ғой... Қашан да сорлы ғашықтар Махаббатының мәнісін ұқпай жөнемек!
а а Болат Жетекбай а * Сені айтуға ой дәрменсіз хәм таяз, Саз тілімен сезім сөйлер болмаса! Қарай-қарай қанша ләззат алсам – аз, Құштар көңіл құшып, сүйіп қанбаса! Айтар едім нұр сіңіріп өзгерек, Қиялдың да қуат-күші әлжуаз. Сені мендей көрер ғашық көз керек, Қайдан ұқсын... кіл – бос кеуде, желбуаз. Жанды буып, құлпын ашар жүректің, Сұлулықтың сиқыр десе, сенемін. Ынтық күйді ыңырсыттың, үдеттің, Толқынданды тынып жатқан тереңім. Күн дидарың сурет салып ойыма, Сол аңсарға бағынып тұр ақыл да. Шақырсаңшы махаббаттың тойыңа, Шақырғасын, қалдырсаңшы қасыңда! Көкірегіме қысып, мүлдем масайып, Енсем деп ем ессіздіктің еліне... Күнә десе, кел, бір күнә жасайық, Күйсін денем оттай ыстық деміңе!
а а Жаңғақтың ойы а Күйсін денем, мұз боп еріп кетсін мұң, Бақыт дәмін бір татқанға не жетсін?! Сен меншігі емес едің ешкімнің, Бірақ, маған, маған ғана керексің!
а а Болат Жетекбай а * Ойларың ой-қырға бошалап, Сағымды сезімді қуады. Мәжнүнше дуалар махаббат Жанды жан билеуден туады. Ақылың адыра, сырт қалып, Арманың аңсарға ауады. ...Аспаны көңілдің бұлттанып, Ақ нөсер толассыз жауады. Пейіштің сәулесін періште Жебедей қадаса жүрекке, Аһ ұрып қияли кейісте, Жетсем деп жылайсың тілекке. Сүйгенің – сұлулық Тәңірісі, Сезіне алмайсың еш мінін. Ата-ана, дос-жаран – бәрісі Ол сынды келтірмес хоштығың. Сөз берсең... беймағлұм не дері, Айтарға тіл-аузың байланар. Жаһанға жар салғың келеді: “Жүректің дәруі қайда бар?!” Тағы да жас тамып көзіңнен, Құр қысып кеудеңді құсалы. Күбірлеп сөйлестің өзіңмен – Бұл дағы жындану нышаны. Көтермей басыңды жат, енді, Үміттің шырағын білтелеп... Әй, Мәжнүн, дертің тым қатерлі, Жазылып кетерге – бір себеп!
а а Жаңғақтың ойы а Аңсадым мен нені? Сарылып, сағынып, аңсадым мен нені? Жабығып, қамығып, түн басты кеудені. Жылынып, табынып, бас ұрдым Аллаға. Бар үміт тарылып, хақ медет бермеді. Бір ағын бұлағым суалап қалғандай, Қиялым, құмарым нәсіпке жалғанбай... Тынамын, шырағым лып етіп өшкенде. Жыладым, құладым есімнен танғандай. Өмірдің неғұрлым көп жесем соққысын, Шегіндім, берілдім, таусылды еп-күшім. Жеріндім көңілдің тұрақсыз түрінен Серіңді не қылдың, уа, Пірім, жоқпысың?! Тәңірім, әмірің тым қатты пендеңе. Тәңірім, таныдым, жақпадым мен неңе? Жалыным, жарығым – басқада, басқада... Арыдым, налыдым жете алмай кермеме. Сандалдым, таң қалдым тағдырдың күшіне, Жалғанның қамдандым пақырлық ісіне. Арландым, қармандым үзігін үміттің: Арманның, сол жанның енсем деп түсіне. Не талап, не сабап жықсаң да тек көнер, Баққа орап жасамақ мейріміңе бек сенер... Жоқ тағат, жата қап шөлімді басар ем, Махаббат шапағат сәулесін төксе егер.
а а Болат Жетекбай а Өтінемін Мынау нұрлы өмірден не тіледім?! Тумай жатып, пәктігім шетінедің. Ай-күні жоқ кеудемді түн жайлаған, Жақсы көрме сен мені, өтінемін. Мен қайғымен қауыштым айрылмасқа, Жынды жүрек шалыққан жай бір басқа. Құлатуға құлқым жоқ құрдымыма, Құшағыңды сен маған жайдың босқа. Сүйгеніңмен сезбессің, түсінбессің, Күн түсіріп көре алмас ішімді ешкім. Махаббаттың бар мұңын тасы жұтқан Мен мұнарлы таулармен мүсіндестім. Жуықтама қызығын жерлегенге, Елікпегін ондай жан ер дегенге. Өз қолыммен табыстап кетем сені Өмір жайлы ойланып көрмегенге. Күйі тынған шанақтай көкірегім, Күңсіп, қаңсып, күй күтіп отыр едім. Кіріп келдің, көзімнің қарашығы, Кел, құшақтап сүйейін, өтінемін!..
а а Жаңғақтың ойы а Ілкі сәт Санамда ой жоқ, сарқылып қалды, Сезімдер кеуіп, бу болып ұшты. Жалыны сөніп, жан тынышталды, Қанымды қызыл түн келіп ішті. Ғайып боп барам, тән де жоқ менде, Ғарыштың терең түбіне сүңгіп, Жарықсыз, бозғыл сәуледей бейне, Жармасқандаймын толқынға ырғып. Толқынға ырғып жармасқандаймын, Тамшыдай сәуле түспей ме көзге? Ақылдан өстіп алжасқандаймын, Түндерді сенсіз өткізген кезде.
а а Болат Жетекбай а Сені көрдім Деп ойладым: елтірмін, елігермін, Деп ойлаған жоқ едім жерінермін. Сыры кеткен, Құдай-ау, сыны кеткен... Сені көрдім. Жер қапқанда табанда бір арманым, Жазы көшкен жүзіңнен сыр аңдадым. Қуыршықтай қылықсыз қыз...қатынға Қуанбадым. Боздатты да кер күйін мұң-шанағы, Бозғыл тұман бойымды тұмшалады. Қалған екен қызғалдақ гүлім қурап, Құр сабағы.
а а Жаңғақтың ойы а Қазалы деген бір қала Қазалы деген бір қала, Мен сені бұрын көріп пе ем... «Жақыным ғой – деп – бұл бала», Жылыұшырадың неліктен?! Ыстығы-ай мына аптаптың, Жалын боп бетті шарпыды!.. Күлтесіне ұқсап бақ-бақтың Күміс ұшқындар қалқыды. ...Тасадан маған қадалып, Сұқтанған сынды от-жанар, Қызуы бойға таралып, Жүрегім маздап, шоқтанар. Бейтаныс қала... кеше гөр, «Құлыным» деуге құмбылсың. Шақырып түзу көшелер, «Қал» деді ме екен, кім білсін?!. Үйлерің анау, армандай, Алтындай сары түстенген! Мен тұрмын мәңгі қалғандай, Перронға жаңа түскенмен... Сағымдай көлбеп санада, Сабылған сезім бұл қандай?.. Бәрібір осы қалаға Бірдеңе жетпей тұрғандай. Қазалы деген бұл қала, Шуағын шашты кеудеге. Сырғыды пойыз... мұңдана, Қайрыла бердім мен неге?!
а а Болат Жетекбай а * Тәуекел дедім, сезімге ерік тигесін!.. Тағдырды қайтем, ғашықтық сертке қақым бар. Мен де бір Мәжнүн ес ауып, құлай сүйгесін Құштарлық оты күйдіріп жанды лапылдар. Ойланып жатпай ол жүрер жолдың бөлегін, Тәрк ете жаздап тірнектеп жиған барымды, Қол жетер жерден әріде ғой деп керегім, Жазықсыз өлең, жеткіздім саған зарымды! Қоштаспай кеткен кешегі жастық дәуреннің Қимас бір назы қинарын тағы кім білген. Ырықсыз баурап, ынтығым болған сәулемнің Ғарыштан сонау хабарын күтіп жүрдім мен. Дауасыз дерттің бойыма уы жайылып, Дерексіз ойым ақылға сірә, дес бермес... Дертімнен осы кетпесем таза айығып, Күнәмді менің Тәңірім дағы ескермес.
а а Жаңғақтың ойы а * Еліктірсе тіл жеткісіз құдіретің, Енді менің жазылмайды бұл дертім! Ешкімнің де ортағы жоқ, өйткені, Жүрегіме жазылды ғой суретің. Сүйем деймін, сүйе алмаймын ерніңнен!.. Жадыландым, жазмышыма көндім мен. Суытпайсың бір сезімді ып-ыстық, Сөйтесің де жоғалмайсың көңілімнен. Шүңейттенген ойым емес, аңсарым. Тәтті сиқыр қиялымды тамсадым... Арбап тағы шақырасың, алдайсың, Бейопалы дүниедей бал шағым! Үздігумен аттырып әр таңымды, Үмітім де жалқын нұрға малынды... Естігейсің мен салатын бір әнді, Ескергейсің құрбан етер жанымды!
а а Болат Жетекбай а * Көрмей көзім ешкімді, сені көрер... Көбелектей күйтіне сеніп өлер, Өртенейін, отыңа мені жібер, Басылар ма ғаламат ынтызарым! Қарсы жүрсем, қарамай жан-жағыма, Кінә жоқ албырт, асау арманыма! Жоқ еді сенде кінә, менде кінә... Болжаусыз бұл жайымды білші, жаным! Қурылып кең дүнием, тарылғанда, Құладым, бер... берсеңші, дәрің бар ма? Жақындаса қайтеді жаның жанға? Тебіреніп теңіздей тыншымадым. Түгесті төзімімді сұлулығың, Сүйгіз деп, мың мінәжат қылулымын. Бәлду-бәлду сөзі емес бұрынғының, Шыдатпай жүрегімді шымшыладың!.. Әңгүдік әпендіге баларсың ба, Бейілмін, бет қайтқанмен талай сында... Жылайын, жалынайын, аяйсың ба? Шуақ бер, иманымдай нұр-шырағым!
а а Жаңғақтың ойы а * Күн сайын саған қарай аяңдаймын, Көркіне ақ жүзіңнің тоя алмаймын... Тілегім – күндіз көзім көре бергей, Түсімде сені көріп оянғаймын. Баяндап жаздым ғашық ғазалымды, Тірідей түскен барып тозағымды. Тыңдашы, тартып берсем бір күйімді, Шырқасам жан тербеген өз әнімді. Ай сәуле, алты қырлы асылзатым, «Перизат» деп қоямын әннің атын, Тек сені елеңдетсін, елжіретсін Ешкімге залалы жоқ махаббатым. Масайып шарабына аңсарымның, Мазасын қашырайын барша мұңның! Ұшпаққа шыққандайын шабыттандым, Ұшынан бір ұстасам саусағыңның! Басқаға еркім бар ма емінгенмен, Елессің ... көз алдымда көрінгенмен! Толассыз сезім-селі тасқындайды, Қайтадан шабуыл салып шегінгенмен. Құштарлық – хақ пірімдей, қанатымдай, Қан қызып, дегбірімді алатындай. Қайрансыз тілім мүкіс, іркілемін, Кетесің қасымда сәл қала тұрмай!..
а а Болат Жетекбай а * Қастерлеп пейіш нұрлы әлеміңді, Көлденең тигізбеймін әлегімді! Жетеді – көңіліңнен назы өшпесе, Күлімдеп, берсең солай сәлеміңді. Баптаған бар өзіңнің мұзбалағың, Қайтейін, ішім күйіп қызғанамын... Әуелгі әз ниетім азбасыншы, Басына бақ тілеген қыз баланың! Жүректің сыр пердесін ашып көрдім, Ұнатып, жақсы көрдім, ғашық болдым... Жол тосқан осы ғажап сезім үшін Құдай-ау, қанша жылды асып келдім!? Себебін сырқатымның сенен көрмен, Артық қой ақыл күту өлерменнен! Не дейін тағдырымның тайқысына, Бақ бермей, пешенеме өнер берген. Қалтарыс қалған таса қылаңдағы, Жанымның айтылмады бір арманы... Солай деп сөкпе мені, бәрібір де Өшпейді үмітімнің шырағданы!
а а Жаңғақтың ойы а * Тағы сені ойлаймын, мұңданамын, Сөйте-сөйте бір күні жынданамын... Сырымды әшкерелеп алатындай, Қысылып неге мұнша ұрланамын? Айтам деп, айта алмаған көңіл датын, Аңғартсын саған жазған осы хатым. ...Жұмаққа бара қалсам жолым түсіп, Хор қызы сендей ме екен, Перизатым? Сен – сұлу, жан жетпейді жер бетінде. Пейіштің нұры балқып келбетіңде, Күлімдеп бір қарашы, сол жетеді, Әйтпесе еткен ісім кер кетуде. Әйтпесе, сейілмейді көп күмәнім, Тасмаңдай тағдырыма соқтығамын, Сарқылып таусылады Көкбұлағым, Сарғайып, солады ғой көк құрағым. Жаныма дәрусің сен, «жаным» дейін, «Сүйемін, шын сүйем!» – деп мәлімдейін. Бүгін – сен, басқаның түк мәні де жоқ, Білейін ертеңімді, ия білмейін.
а а Аудармалар (түрікпен шайырларынан) Нәсими Түркі перизат Бұл қай қылығың, әй, түркі перизат, Құзырыңнан қайтсем де болмадым азат. Тым өткір жанарың қан төгу үшін Құдды бір ұстара – қайралған болат. Шарасыз көңілдің сарайы сенен Шабытты құсамен тапты жыр – бинят. Кезбедей сандалып жүруді мұндай Жаһанда қылмады Немруд-Шетдат. Кел, әй, Шырын қыз, ғашықтың жайын ұқ, Мен едім үздіккен бейшара Перхат. Назарың сал мына ойран көңіліме, шах, Ойранның соңын сен қылғайсың абат. Несими, атыңды жая бер жаһанға, Олардан кейінге қалды ғой бір ат. 4-бөлім
а а Жаңғақтың ойы а Гүлзарға меңзер (үзінді) Кім айға, ажарыңды кім гүлнарға меңзер, Жүзіңнің нұры шын гүлзарға меңзер. Беттің ұшы жәннаттың хандан гүліндей, Алғашқы жауған ақша қарға меңзер. Дидарың Алла-рахманның салған суреті, Кім айға, кім гүлге – рухсарға меңзер. Сүзілген көздерің сондай сау-саламат, Телміріп қарауым – дертті-зарға меңзер. Шашың буйы-Мәсиханың деміндей, Беймаза теңізде толқынға меңзер. Күн ғой, о, раббы, ғашықтың жамалы, Кей кеші нұрлы таң – энварға меңзер. Саған теңдес әлемде жоқ қой тірі жан, Мүмкін біреу аспанда Айға меңзер?! Төгілсе шаштарың, түйсіксіз не білсін, Әр тасбихы оның зүннарға меңзер. Шаншылған кірпігің бүліктің басы, Ал, көздерің бәлкім айярға меңзер. Кел, сопым, мұндай сиқырға қылар не дәрмен бар, Мұсаның асасы мараға меңзер...
а а Болат Жетекбай а Рубаилар «Мәңгі нұр – шырақпын, тозаң боп
көрінген сырт көздерге» дедім мен. «Барлық заттардың мәні тоғысқан мен айтқан сөздерге» дедім мен. Түсінбесін, мына жұрт тіпті де сенбесін, мейлі: «Алла – менде, мен өзім – Алламын, сезгенге» дедім мен. Бұл дүниені ұғу үшін таң-тамаша қалу керек, Ғашық нұрын тану үшін қапасқа жан салу керек. Сұлтан болып, үміттенсең Хақ дидарын көремін деп Тақтан түсіп, тәжді тастап, бас азаттық алу керек. Сені сүйдім – одан асқан азап, қайғы, не дерт жоқ, Дүние кездім көңіл делбеп, жан жұбатар себеп жоқ. Кез-келгенге айттым соны: сенің балдай ерніңнен Басқа мендей ынтызарға дәру-дәрмен, медет жоқ.
а а Жаңғақтың ойы а Басқа жанның гүл-бағына киіп-жарып кіріп бардым, Сұлулыққа көз арбалып, мәңгіргендей тұрып қалдым. Еңкейіп бір лала гүлі сыбырлаумен назын айтты: «Мәнді мезет – зу етіп тез өтер-кетер осы шағың». Мен – мәңгі-бақимын, шегі жоқ, шексіздік ісімін. Мен – әз жаралған, жаратқанның өз күшімін, Мен – аспаз, танымның тостақанын толтырған Мен – сәуле, меңгерген әр жүрекке шуақтың түсуін.
а а Болат Жетекбай а Қайдасың? Қайдасың, аңсағаным? Жаныма от өргенсің! Қайдасың? Көзімнің нұры, екі дүние байлығын әпергенсің! Қайдасың? Ерніңнің шырыны шараптан екі есе тәтті ғой – келсеңші! Өзіңді көрмесем, жүрек қаны шапшып тасыды дерсің – қайдасың? О, сен, раушан гүлдей нәзік досым, нәркес көзді – келсеңші, Айрылып, бой дел-сал, көңіл жасыды, көрші! Қайдасың? О, неге жоғалды тынышым? Төзімім неге таусылды? Махаббат мазаны қашырды, сабырды сарқыды – қайдасың? Қалқаныңа айналып бораған жебені, өсекті жаптым мен, Сұқ көздің, оқ тілдің бәлесін қақтым мен. Қайдасың? Көбелек болсам да, күймеспін, жүзіңнің отына төнермін, Жалыным, жарығым, сәулесіз, жылусыз өлермін. Қайдасың? Қиырда жүргенде керексіз басқа дос, тағдырға көнермін. О, сен, сұлулықтан бар әлемнен астың деп қайранмын. Қайдасың? Қайдасың, екі дүние қонағы, аттылы айбарлым, қайдасың? Айрылу улы жебедей кеудеме қадалды, өлмедім мен. Қайдасың? Шашыңның бұйрасына дүниенің жұмбағын кепіл қылды Алла, Айтшы, кәне, өсімқорым, кепілді ешкімге бермедің бе? Қайдасың?
а а Жаңғақтың ойы а Шашыңа жағар әтірді Татариядан тауып ең, Жұпарымен соның мені тұтқынға алып ең. Қайдасың? Бұрымыңның бұрқыраған хош исін жібер таңға қарай, Зарығып мен күтермін, жарығым-ай. Қайдасың? Мауқымды сен бассаң, керек пе екеумізге пейішің? Пейіштен әкелген кәусардың өзісің. Қайдасың? Сен үшін алыптың бәрімен алысып қырдым мен, Шекара, қорған боп жолымда тұрдың сен. Қайдасың? Бүгін Несими өз махаббатының иесі бола алар, О, сен, бақ пенен махаббатты сыйлаған жар,– қайдасың?
а а Болат Жетекбай а Касымгули Курбанов Өмір Тіпті секунд текке өтпеуге аңдамай, Түн жарымда тыншу таппас өмір, бұл. Мына бізден шабыт алып таңғы арай, Түнек түріп, түске енеді керім бір.
Теңіз кешіп, жап-жас өмір талмайды, Жолындағы қалаларды басты аттап! Күн шығатын биіктерде самғайды, Адамдардың арманымен асқақтап . Станокта – бұйым жасар әрқилы, Жөңкіледі жылғаға да құйылып... Қиырларды ыстық демі шарпиды, Жердің бетін гүлденуге бұйырып. Мен мұндамын! – деп кей сәтте гүр етсе, Кейде мақта қауыздарын ашады ол. Ұйықтамайды сақшы доспен күзетте, Тау шыңында, қия бетте – таса жол. Қыз-қыз қайнап, буырқанған өмір-ай, Қараңғыны сәулесімен тілімдеп! Табиғатпен төркіндес беу, көңіл-ай, Қарсы алады жаңа күнді күлімдеп. Тіпті секунд текке өтпеуге аңдамай, Түндерде де тыншымайтын өмір, бұл. Мына бізден шабыт алған таңғы арай, Құй нұрыңды, шапағыңды төгілдір!
а а Жаңғақтың ойы а Менің үйім Менің туған үйім бұл, Тілім шыққан былдырлап. Терезенің түбінде Қалың жапырақ сыбдырлап. Аптап бүркіп жел енсе, Күн шыжғырып жанады. Нән дарақта – көлеңке, Дихан сая табады. Сосын, кетпен салады ел, Өңдеп таудың етегін. Күз келгенде қара жер Берер еңбек өтеуін!
а а Болат Жетекбай а Бауырлар Палау пісті... Таң шапағы құйылып, Бес стакан шарапқа нұр тоғысты. Бірге туған төртеу бүгін жиылып, Еске алады сол баяғы соғысты. Бесіншісін... айтып, көңіл жүдейді, Бос тұрмасын стаканы, толсын тек! Бал шарапты көтергендер тілейді: Ұрпақ өссін, ұзақ ғұмыр болсын! – деп. Шарап лаулап, жанға содан от түсті, Қиял ұшты қанды майдан жолына. ...Ту түбінде бауырлары оқ құшты, Одессада, түспей жаудың қолына. Бір стакан қалды ішусіз... Көңілде Бейбітшілік болсын деген тос-тілек. Құдды мына қарашаңырақ төрінде Төртеу емес, қатар соғар бес жүрек!
а а Жаңғақтың ойы а Бақыт – Әке, айтшы, бақыт деген не сонда? Жауап берді: – Өзің көріп, сез, аңда! Егістікте – мақта, қырда мал өскен, Бар табиғат – шеберхана, ұстасы сен емес пе ең?! Қырмандағы алтын дәнге қарашы, Бай даланың ырыздығын санашы! Сауалыңа өзің жауап табасың: Адал еңбек – бақ-дәулеттің анасы.
а а Болат Жетекбай а Дурли Артыкова Әлди-әлди Қара көзім қуанышы, мұңысың, Ұйықта қызым, сен анаңның пірісің! Жаппар-ием – жалғыз Алла жар болып, Күзетеді бар баланың тынышын. Ғайыптардан естіледі ерек үн: – Тәтті ұйқыға батсын балдай бөбегің, Найзағай да қашырмайды мазасын, Тыныштығын бұзбақ емес жел оның! Емін-еркін өсерсің, бой жетерсің, Талай жолдан, бұрылыстан өтерсің. Ар-иманың – арманыңның қуаты, Хаққа сенсең, діттегенге жетерсің. Күн нұрымен көріктенген кең өлкең, Гүлі болып тербелерсің сен ертең! Атыңды айтып, мейірімге бөлендім Күліп келген көктемімсің – жан еркем! Қара көзім қуанышы, бөбегім, Ұйықта, қызым, бесігіңе бөледім. Тұлымыңда сәуле болып ойнаған, Сенің жарқын күндеріңді көремін!
а а Жаңғақтың ойы а Кара Оразов Сандуғаш сан әуенге салады, енді! Ол күн де жақын қалды, шөл үстінде Сандуғаш сан әуенге салады, енді! Жейхуннан көріп сәнін егістің де Сандуғаш сан әуенге салады, енді! Сыбдырлап жапырағы, иіліп тал, Бозжыңғыл, жиде ағаштар көгеріп қал! Гүл жайнап, аймақ масаң, бойы дел-сал... Сандуғаш сайрап әнге салады, енді! Даланың күзетшісі керім киік, Ішеді дария суын жаны сүйіп. Жағадағы жасыл бақта шырқай биік, Сандуғаш сан әуенге салады, енді! Оңтүстік таулар жақтан соққан аптап, Орманнан әрі өте алмай, қалар тоқтап. Тамаша табиғатты талмай мақтап Сандуғаш сан әуенге салады, енді! Шөлді де көркейтеміз, жайнатамыз, Арна бұрып, су басын байлатамыз, Шөлейтте көк толқынын ойнатамыз Сандуғаш сан әуенге салады, енді!
а а Болат Жетекбай а Туған өлкем Мадақтауға күндіз-түні жалықпан Нұр шырақты, көп бұлақты сәнді жер! Сая таптым ыстық күнде талықсам, Асау өзен, күміс, сулфат кенді жер! Сендей мекен әлемде жоқ деседі – Адамдары еркін, азат өседі, Шырқап әнін, шаттық ғұмыр кешеді Ақ қанатты, бақ-мерейі асқан жер! Берекелі, байлық тұнған, гүлденген Байтақ далам әр жүрекке жыр берген. Қызыл қандай қайнап мұнай түрленген Жасампаздық қуат-күші тасқан жер! Сана бердің жұмысшыға, шаруаға, Талап бердің ғылым іздер жанға да, Тың ойларға маздақ болған маң дала Байлықкенін бауырына басқан жер! Бұл бақытты Тәңір берді, шалқытты, Аспанында алтын Күнін қалқытты, Топырағыңнан таптым асыл бар құтты Қонақжайлы, кең құшағын ашқан жер!
а а Жаңғақтың ойы а Атрек Реджепов Гүлжаһан Таң атты. Күн жалындар Шығыстан тарап нұры. «Жұмысқа жиналыңдар!» Бұл – завод гудогы үні. Жуынып, асқа отыру, Әдетім – күнде менің. Әлі алты, бірқыдыру Уақыт бар, үлгеремін! Киімін жайып салды, Үтікке бек басылар... Станок күтіп қалды, Гүлжаһан цехқа асығар. Айналар желдей зырғып, Жеті станок нөпірлеген. Шыт, сиса түсер сырғып Бумаға метрлеген. Көз тартар тегіс, таза, Матасын кермеледі. Жоспары жүзден асты, Гүлжаһан – еңбек ері.
а а Болат Жетекбай а Өзен үстінде Тұнық өзен! Жан жадырап, тамсанар, Шақырады жағалауы тамылжып. Күндіз, түнде барсаң, күліп қарсы алар. Ұйқыны қой, ұлы дала таңын күт! Өзен! Сені көріп, жүрек шаттанар, Тереңің де күміс түстес тұп-тұнық. Суға малды жапырағын мәжнүнтал Сұлулыққа ғашықтығын ұқтырып. Ата үйректер айналшықтап шыға алмай, Күш сынасып, барқылдасып тіл қатар. Шүйіліп кеп қыран қайран қыла алмай, Бір шолп етіп, алабұға шым батар. Тынып қалып толқындардың шолпылы, Естіледі балықшы айтқан таныс ән. Аққу құстай желкен қанат серпіді, «Мен келем!» – деп белгі беріп алыстан. Таңмен келіп, су сылдырын тыңдаймын, Қайықтарға қарап тұрып жарысқан. Мен де сені мақтан қылып жырлаймын, Ер балықшы ескегімен алысқан!..
а а Жаңғақтың ойы а Ага Дурдыев Қарақұм Шөлден әбден қаталаған қайран жер, Қабылдап ал Амудария тасқынын! Арманың да ақиқатқа айналды-ау, Шұрайланып, құнар-нәрін ашты құм. Арманың да ақиқатқа айналды-ау, Тәңірінің бергеніне ел риза. Дарияның басы сөйтіп байланды-ау, Мұндай алып құрылысқа – мен риза. Құрыш қолдар! Қопарардай тауды да, Арна түзіп, арық қазып келеді. Өрнек сызып кең өлкенің саурына Қарақұмның бағын ашып береді! Мақташылар жорық салып, беттейді Қу тақырға, құм суырған өңірге. Қарақұмда бау мен бақша көктейді, Өрік гүлдеп, гүлзар жайнап жерімде. Құжыралы ауыл өсіп, қала боп, Рельспен пойыз жүйткіп зулайды! Құдды мен де кеткендеймін бала боп, Қуаныштан тасып қаным тулайды!
а а Болат Жетекбай а Халбай Емутбаев Менің даусым Азу тісін көрсетеді кім маған, «Әлек салам – дейді, кімдер? – әлемге» Кәне, кімдер қару-күшін шыңдаған, От тұтатып, өрт қоймақшы бар елге? Кімдер олар, атом жарып ғаламға, Қалаларды құртып, қасірет шектірмек? Армандары – қырғын, соғыс, зауал ма, Жердің бетін қызыл қанға бөктірмек?! Оспадарлар! Барма ойсыз қадамға! Бізді жақтар тарих сөзін қабылда! Ол – азаттық, бақыт берген адамға, Бейбіт күнді қорғаушылар жағында. Мен үндеуге қол қойдым да үн қаттым, Бар даусыммен: «Соғысқа жол бермейміз!» Әлемдегі әр бейбіт таң – қымбатты, Бейбіт таңмен өркендейміз, өрлейміз.
а а Жаңғақтың ойы а Казак Кылычев Отаным, сені қорғаймын! Сен – тамырда қанымсың, денеде – жан. Өзіңді қорғаймын мен жан-Отаным! Жауыңды жерге жаншып, кегіңді алам, Өзіңді қорғаймын мен ұлы Отаным! Ташауыз, өтті өмірдің жастық шағы, Қаншама су ағызды Әму дағы... Мары, Ашхабат және де Байрамалы Өзіңді қорғаймын мен ұлы Отаным! Шомылған күн нұрына бақша-бауың, Жинаймыз жемістің де сан алуанын. Күнге қарай ұмсынған асқар тауың. Өзіңді қорғаймын мен ұлы Отаным! Теңізің, құм шағылың – ұлан-байтақ, Қазынасын ұрпақ үшін келген сақтап. Өрнектеп жазираңды өзен ақпақ... Өзіңді қорғаймын мен ұлы Отаным! Жайнап өссін гүлдерім, келді көктем! Раушанға ғашық бұлбұл әнін төккен! Қырағы көз салғандай қыран көктен Өз елім, өз жерімді қорғаймын мен!
а а МАЗМҰНЫ Жаңғақтың ойы .................................................................3 1-бөлім. Сағыныш сазы Жазмыш..............................................................................5 Уақыт...................................................................................6 «Ұлғайып өскен сәулесі»...................................................8 Елге жет, есіл өлеңім!........................................................9 «Пәктік орын алғанда пейілімнен»...................................11 Сәскеде................................................................................13 «Құмдарға барсам»............................................................14 Көкбұлағым, Көкбұлағым.................................................16 Баяғы ауыл..........................................................................18 «Тәу ет – деген – туған жердің тасына!»..........................19 Ең үлкен бақыт...................................................................22 Не беремін?.........................................................................23 Жылап отырмын..................................................................24 Мен қалай шыдап жүрмін?.................................................25 Кім білген?...........................................................................26 «Көктемде ойлап едім».......................................................27
а а Бұл төбеде............................................................................28 Тағы да қоштасу..................................................................29 Шоқыда................................................................................30 Күз........................................................................................31 Апа, сені сағындым!............................................................32 2-бөлім. Ой толқыны Өмірөрім ...........................................................................33 «Бойлайсың өмірге, тойлайсың»........................................34 «Жанға жайсаң жыр керек»................................................35 «Бақ қоныпты»... дегенге мен сенбеймін»........................36 «Кешеден бүгінгі жөн басқа»............................................37 «Тәңірден тілек кесіліп».....................................................38 «Ақ жолдан бұрыс, ақылым адасты – неден?».................39 «Аңғырт көңіл – асау жүрек түрткісі»...............................40 «Бір Өмір»............................................................................41 «Өкініші өмірдің – өтірікке сенгеннен»............................42 «Хақ дәлелі – біз бармыз»..................................................44 «Ел қайдан біледі, дос – қайдан?».....................................45 «Іріп ағып барамын»...........................................................46 «Маңдайға жазғанды өмір оқып»......................................47 «Күн сөнбесін!»...................................................................48 “Қош!” демейік!.................................................................49 Жүзінде қалған күлкісі.......................................................51 Өмірге сауал........................................................................53 «Енді дұрыс ».....................................................................54
а а Сендерді іздеп......................................................................55 Ұлт наласы...........................................................................56 Пірім - Бекет!.......................................................................58 Сияқты .................................................................................59 «Өмір сыны – әрі кәрі, әрі жас».........................................60 «Кешегі – түс, бүгін – күмән, ал, ертең»...........................61 «Бәрі өтірік секілді өткен күннің»....................................62 «Мен жоқ едім... бар болдым – Адам болдым»................63 Көңіл жұбату.......................................................................64 Дерт......................................................................................65 Өлеңнің де жаны бар...........................................................66 «Алладан аян ба, бұл».........................................................67 Ақырзаман...........................................................................68 «Құдай – жалғыз»................................................................69 Үрей......................................................................................70 «Пеш қызбайды, үй суық»... ..............................................71 «Бұлт басқан аспан»............................................................72 Бірлігі бар ел артық.............................................................73 Түнгі түйсік..........................................................................74 О, дүние!..............................................................................75 «Шіркін-ай»... деймін.........................................................76 Беу, көңілім!........................................................................77 Не керек?..............................................................................78 Ырым....................................................................................79 «Жүрекке – жәбір, жапсырып жаныңа нала»... ................80 Ақ түнде...............................................................................81 Өмірдің заңы .......................................................................82
а а Түн жылайды екен...............................................................83 Сұм дүние............................................................................84 «Ызыңдаса кеудеде шыбын-жаным».................................85 Кей күндері..........................................................................86 Наурыз..................................................................................87 Тағдыр .................................................................................88 «Өмір озар, тозар мүлік-дәулетің».....................................89 «Ұшады жапырақ»..............................................................90 Мен қайтейін?......................................................................91 «Күндіз аққан жұлдыздар»................................................92 Оңашада...............................................................................93 Бір мұңым............................................................................94 Қамықпа, досым!.................................................................95 Кешегім мен бүгінім...........................................................96 Батыр Кәке...........................................................................98 «Жайлауын тастап, ел көшсе»......................................... 100 «Жетім бұрыш»... ............................................................ 101 «Кедір-бұдыр кеткен шығар көп күндер»...................... 103 «Әлемнен қалайша бөлінем?»......................................... 104 «Қара жер, қойныңнан жаралдым»................................. 105 Жапырақ-ғұмыр................................................................ 106 Аядым ............................................................................... 107 Есімде................................................................................ 108 Мұнартау........................................................................... 109 Жау жарағын майырған................................................... 110 Заманхал............................................................................ 115 Бір өлеңім.......................................................................... 119
а а 3-бөлім. Сезім пернесі «Балауыз шамға байланған көзсіз көбелек».................. 120 «Сені айтуға ой дәрменсіз»............................................. 122 «Ойларың ой-қырға бошалап»........................................ 124 Аңсадым мен нені?........................................................... 125 Өтінемін............................................................................ 126 Ілкі сәт............................................................................... 127 Сені көрдім....................................................................... 128 Қазалы деген бір қала...................................................... 129 «Тәуекел дедім»................................................................ 130 «Еліктірсе тіл жеткісіз құдіретің»................................... 131 «Көрмей көзім ешкімді, сені көрер»............................... 132 «Күн сайын саған қарай аяңдаймын»............................. 133 «Қастерлеп пейіш нұрлы әлеміңді»................................ 134 «Тағы сені ойлаймын»..................................................... 135 4-бөлім. Аудармалар: түрікпен шайырларынан Нәсими. Түркі перизат.................................................... 136 Гүлзарға меңзер................................................ 137 Рубаилар............................................................ 138 Қайдасың?......................................................... 140 Касымгули Курбанов. Өмір.......................................... 142 Менің үйім........................................................ 143 Бауырлар........................................................... 144 Бақыт................................................................. 145
Дурли Артыкова. Әлди-әлди ....................................... 146 Кара Оразов. Сандуғаш сан әуенге салады, енді! ....... 147 Туған өлкем ................................................................. 148 Атрек Реджепов. Гүлжаһан............................................ 149 Өзен үстінде................................................................ 150 Ага Дурдыев. Қарақұм................................................... 151 Халбай Емутбаев. Менің даусым ................................ 152 Казак Кылычев. Отаным, сені қорғаймын!................. 153
Қазақстан Республикасы “Жазушы” баспасы, 050009. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй. Е-mail: Zhazushi@mail.ru ИБ № 7305 Теруге 15.07.2014 жiберiлдi. Басуға 15.09.2014 қол қойылды. Қалыбы 84х1081/32. Офсеттi басылыс. Қарiп түрi «Times New Roman». Баспа табағы 10,0. Шартты баспа табағы 8,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № . Редакторы Сәндібек Жұбаниязов Техникалық редакторы 3айра Бошанова Көркемдеушi редакторы Нұрлан Тазабеков Компьютерде беттеген Дилярам Мансурова Болат ЖЕТЕКБАЙ жаңғақтың ойы
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру