TELEGEI

Home

Ақиқаттың діңгегі мен тұжырымдалуы

Павел Александрович Флоренский

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ақиқаттың діңгегі мен тұжырымдалуы

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамы: М. Әшімбаев, кеңес төрағасы Ә. Асқаров, жауапты хатшы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылды Құрасты...

ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА

П. А. ФЛОРЕНСКИЙ

(Аударған С.Е. Нұрмұратов)
XІІ. Он бірінші хат: достық...

Шексіз шеңбер жасап, бұрқасын борап тұр, қардың жұқа қабаты терезені жауып тастаған және ол терезенің шынысына ұрғылап-ақ тұр. Терезенің алдындағы бұтаға аяздың ызғарымен төбешік пайда болды және ол қар пирамидасы әр сағат сайын өседі. Жолдар бітелуде, ал енді сыртқа шығам дегенде аяқтың астынан түтін шығып жатқандай болады. Взз, взз!−деп саңылаулардан ызылдайды, пештің трубасынан шыққан түтінді жел алып кетіп жатыр. Қайта-қайта қарлы ақ боран үскіріп, үрлеп тұр. Ағаштардан қысқы киімі түсіп қалған, ағаштар жалаңаштанған, сыдырылған бұтақтарымен тербетіліп тұр. Трубалардың шуылы мен ызылдаған дауысты тыңдай қаламыз. Жан дүние болса бір нәрселерді еске түсіріп қалшиып қалады, тіптен сол шуылмен араласып кеткендей. Кейде, тіптен, өзің де қарлы бұрқасынға айналып кеткендей күй кешесіз. Терезе болса жартысына дейін қармен бітелген. Бөлмеде алдымен кешқұрымғы қара көлеңке басталады. Сұйық, көкшілдеу көлеңке заттың үстіне төніп тұрғандай. Май шамды дұрыстап қоямын. Жарық болған сайын алтын түсті сәулелер тарай бастайды. Құдай Ананың алдында біз екеуміз қыдырған жерден әкелген янтарлы − сары түсті балауыздан жасалған хош иісті шырақты жағамын. Ладанның бірнеше дәнін көмірі бықсып жатқан кадильницаға лақтырамын да оның ыстығын күшейте түсемін. Барлық бағыттарға түтін будақтары тарай бастады; содан соң бір-бірімен араласып, аспандағы көгілдір бұлттармен сіңісіп кеткендей болды. Мейлі бұрқыраған боран сыртқы терезені жауып тастасын. Соның езі жақсы. Сонда іштегі май шам жақсы жанады, оның иісі керемет шығып, бал шамның біркелкі жалыны байқалады. Мен тағыда сенімен біргемін. Әр күні өзің туралы бір нәрсені ойлаймын, сосын жазуға отырамын. Сөйтіп, күн өткен сайын ең болмаса сол жақтан өзіңе қарау үшін менің өмірім "басқа жағалауға" қарай жылжып келеді.

"махаббатпен өлімді
және еліммен ынтықтықты жеңген "...

Бүгін Параклитте өзіңмен жүрген бірге жүрген аязды және боранды сол күн үнемі есіме түсе береді. Орманмен өткен болатынмын. Терең қармен жүру өте ауыр болды және біз минут сайын тұрып қала бердік. Бірақ дегенмен жеттік. Бірнеше күн тұтас бір өмірдей есте қалды. Дарға асылудың алдындағы үлкен намаз, ораза сияқты. Түні бойы оянып, түрумен болдық, салқын болды. Қараңғыда шіркеуге дейін күртік қармен әрең бардық. Темен қарай түскенде сүрінумен болдық. Шіркеуде сағанағыңдай ала көлеңке, қараңғы. Серафим қарт сияқты барынша қартайған, әбден еңкіш тартқан схимонах есің де ме? Ал енді бізбен қарым-қатынаста болған жақында ғана ораза ұстаған жас монах есің де ме? Сол кездің өзінде ғана оның көп өмір сүрмейтіндігі белгілі болатын. Білесің бе, ол содан соң ұзақ ашығудан өліп кеткенін? Сенімен бірге болғанымыз қазіргі жеткенімнің бәрінің бастауы болғаны анық. Біздің аввамыз Исидордың бізге соншама айтқаны бекер емес екен (тек ол арамыздан кеткеннен кейін мен оның айтқандарының терең мағынасын түсіне бастаған сияқтымын): "Бауыр бауырмен мығым бола түседі, яғни қоныс бекиді" (Прит. 1819). Міне осыны осы хатта біршама пайымдай түскім келеді. Ақиқат арқылы баға берілетін рухани қызметті махаббат деп атаймыз. Бірақ бұл махаббат берекелі болып келеді жөне ол тазарған санада көрініс береді. Оған тағы ұзақ ерлік жасау арқылы қол жеткізу керек. Тіршілік иесі көзіне елестете алмайтындай оған ұмтылу үшін алғашқы түткіні алу керек және әрі қарайғы қозғалыста да көмек болу керек. Осындай түрткі болуға біздің пайымымыз үшін түсініксіз адами тұлғаның ашылуы, яғни махаббат деп аталатын ашылу қажет. "Махаббат, − дейді Генрих Гейне, − бұл жанның қорқынышты жер сілкінуі". Махаббат деймін және бұл сөзді бұрын қолданған мағынада қолданбаймын /718/, ол төртінші хатта айтылғандай да, өйткені бұл махаббат бұрынғы айтылғандай алдын ала сезіп қоюды күту емес. Махаббат адамның тұла бойын тұтастай сілкілеу үшін беріледі және бұл сілкілеуден кейін, бұл "жанның жер сілкінуінен" кейін де оны іздеуі мүмкін. Махаббат оған тау әлемінің есігін ашады және сонда ғана ол жақтан жұмақтың қоңыр салқын лебі келеді. Махаббат оған көрген түстегідей "қоныстанушылардың" нұрлы шапағын көрсетеді, тіршілік иелерінің ең болмаса бір нүктесінде шаң басқан жамылғысын бір сәтке сыпырып тастағандай болады және сөйтіп, оның құдай берген сұлулығын көреді. Күнәнің билігін ұмытуға мүмкіндік береді, өзіңнен шығып кетуге итермелейді, өзіндіктің әр түрлі ойлардың ағынына "тоқта" дегенді айтып алға қарай итермелейді: "Бар да өмірінде жартылай белгіленген және бір сәтке көрінген нәрсені тап". Иә, бір сәтке ғана. Өзіңе қайтіп келгеннен кейін жан жоғалтып алған ләззаттарын еске алып мұңаяды, тәтті еске алуларға беріледі. (А.С.Пушкиннің "Мен керемет шақты еске аламын" деген өлеңінен шумақ келтіріледі.) Енді жан өзіне таңдау жасайды: немесе тұлғаны іштей жейтін күнәға беріліп кетуге болады, немесе өзіңді таудың сұлулығымен әшекейлеуге де болады. Сөздің Платондық мағынасындағы эрос сәтінде жанда Ғіlіа ашылады − және ол жердің жоғарғы нүктесі және аспанға көпір болып табылады. Сүйіктіңізден ылғи шынайы сұлулықтың шапағатын байқағаннан кейін ол жалғыздық деп аталатын өзіндік бөлінудің қырын шартты түрде алып тастайды. Сүюші өзінің досында, осы басқа жанда жеңіске деген үмітті және болашақтың рәмізін табады. Міне осы жерде оған алдын-ала біртұтастықтың өзі беріледі, яғни Ақиқаттың алдын-ала берілуі көрінеді. Осы адами сезімнің шыңына сол махаббаттың аспандық береке түседі. Бірақ бұл жерде айтылған ұғымдардың нобайларын анық байқау үшін махаббат жайлы грек етістіктерінің мазмұндарына терең бойлау керек: тек эллиндердің тілінің өзі бұл нобайларды тікелей бейнелейді. Махаббат сезімінің әр түрлі қырларын сөз түрінде жеткізу үшін грек тіліндегі махаббаттың торт етістігі бар. Біріншіден, поэтикалық тілде ол нысанға қарай біртүтас сезімді бағыттау, нысанға берілу, ол үшін сезініп, қабылдай білу. Бұл етістік ынтықтық махаббатына жатады, қызғаныштықпен және тіптен сезімдік қалаушылыққа жатады. Сондықтан эрос махаббат үшін және махаббаттық қалау үшін жалпы сипаттама болып табылады. Екіншіден, ол біздің "сүю" деген ұғымымызға жалпы мағынасы бойынша келеді. Бұл махаббаттың етістігі арқылы берілетін нобаймен кісіге деген іштейгі жақындық білдіріледі және сондықтан алдымен кейбір ішкі-жақындық қатынаста болған кісілер бұл махаббаттың түрлеріне жатады. Мәселен, сүю бұл ішкі жақындықтың сыртқы көрінісін, яғни аймалауды білдіреді. Сүюшілердің жақындығының өзінен ғана өзінің қанағаттану сезімін табатын ол рақаттану сезімін бойына енгізеді; ежелгі лексикографтардың түсіндіруі бойынша сүю дегеніміз бар нәрсеге қанағаттанып, ешнәрсені іздемеу. Бірақ, екінші жағынан, табиғи дамушы сезім ретінде сүюдің ешқандай моральдік, немесе, дәлірек айтқанда моралистік нобайға ие болмайды. Сүю деген достық қатынасты білдіреді, сүюшілердің ішкі қатынасына жататын махаббаттың қажетті көрінісін білдіреді. Мәселен − аймалау. Үшіншіден, бұл түр ынтықтықпен махаббатты білдірмейді, ал, керісінше, сүюшінің ішіндегі орнықты және үздіксіз сезімін білдіреді. Сондықтан осы сезімнің арқасында сүюші өзінің махаббат нысанын оның өзіне жақын орналасқан, тығыз байланысқан нәрсе деп біледі. Осы мойындаудың өзінен жан дүниесі рақаттанады, сөйтіп. Ол тектік, органикалық байланысқа жатады, сондықтан осы туа біткендіктен, тіптен, зұлымдықтан да алыстап кетпейді. Ата-аналардың балаларына, күйеуінің әйеліне, азаматтың отанына деген нәзік, орнықты және сенімді махаббаты осындай. Төртіншіден, сүйіктіні бағалауға негізделген, сондықтан ынтық емес, ыстық емес, нәзік емес пайымдалған махаббаты көрсетеді. Бұл махаббат бойынша біз өзімізге зердемізде есеп бере аламыз, өйткені сенімге қарағанда түйсік, әдеттер немесе тікелей бейімділіктер азырақ. Махаббат етістіктерінің жалпы сөздерінің ішінде біздің бағалау, құрметтеу дегендер жақынырақ сәйкес келеді. Пайымдаудың орны ұлғайған сайын сезім жағы әлсірей түседі. Онда бұл бағалау деген ұғым тек артық бағалау дегенді емес, дұрыс бағалау дегенді білдіреді. Бағалау деген салыстыру, таңдау, ол ырықтың еркін, таңдаумен байланысты бағытын білдіреді. Қарастырылатын сөздің этимонын анықтаған қызық болар еді, бірақ, өкінішке орай, сіздің түбірін зерттеу тәжірибелері ешқандай шешімді және орнықты қорытындылар берген жоқ. Шенкельдің анықтауы бойынша ол ұғым таң қаламын, таң қалуға тұрарлық дегенді білдіреді... Махаббаттың төрт етістігінің қатынасы анық көрініс береді.... Мәселен, олардың екеуінің арасындағы қатынасты төмендегідей сипаттаған: "дос деген жақсы нәрсенің қатарында, сүю де жақсы және сүйікті болу да жақсы, өйткені бұл жерде барлық білетіндердің қалайтынындай онда (сүйіктіде) нәрселердің барлығын елестету бар, сүйікті болу дегеніміз озің арқылы өзіңе бағалы болу", яғни сүйіктінің өзіне кейбір сыртқы себептер арқылы бағалы болу емес, ол өзіне тікелей байланысты. Сонымен, сүю дегеніміз сүйікті кісімен қосылудан, онымен жақын бірге өмір сүргендіктен және көп нәрсе бойынша бірлікте болушылықтан туындаған бейімділік, ал оның қасиеттерімен, кейбір белгілерімен бірігуге бейімділік абстракты! бейімділік дес де болады. ...Сонымен сүю дегеніміз тек қана табиғи бейімділікті ғана білдірмейді. Ол моральдік тұрғыдан алғанда біршама жауапкершілікті жүктейді...

...Қорытындылай келгенде төмендегідей қасиеттерді атауға болады: 1. − жекелік түйісуге негізделген пайда болудың тікелейлігі, бірақ

ол тек органикалық астарласып жатқан табиғилық емес. 2. − адамның бойына ендеу және ол тек оның қасиеттерін бағалау ғана емес. 3. − сезімнің ақырын және жан жайлы пайымсыз сипаты, бірақ ол сонымен қатар ынтыққа толы емес, импульстік емес, арқыраған емес, соқыр емес, буырқанған емес. 4. − ішкі, жеке жақындық болып табылады. Сонымен, грек тілі махаббатта төрт бағытты айқындайды: жылдам, буырқанған немесе сезімдік махаббат, ынтықтық; нәзік, органикалық немесе тектік махаббатты, үйренгендік; құрғақтау, пайымдық немесе бағалау махаббатын, сыйлау; шынайы немесе іштейгі ризашылықпен махаббатты, жылылықты қатынас. Шын мәнінде жоғарыда айтылған сөздердің ешқайсысы осы хатта айтылған достық махаббатты ешқайсысы танытпайды... ...Достық − бұл өзіңе басқаның көзімен қарау, бірақ ол Үшінші келбеттің алдындағы өзіңе қарау болып табылады. Мен өзін басқа арқылы ондағы өзінің басқа Менің анықтайды. Сөйтіп, бүл жерде айна бейнесі пайда болады және ол көп ғасырлардан бері сананың сыртынан ұрғылап тұр. Бұл түсініктерді Платон да қолданады. Осы ұлы философтың пайымдауынша, дос өзінің сүйікті адамында айнадан көргендей өзін көре алады /787/. Екі он екі ғасырдан кейін келген Шиллер осы сөздерді сөзбе-сөз қайталап түр. "Мен мына тамаша айнада, − дейді ол, − өзімді кеш көрдім (яғни Дон Карлос деген өз досымда) және оған барынша қуандым" /788/... Гомер Платонға дейін-ақ достық туралы "құдай әр уақытта ұқсас нәрсені ұқсас нәрсеге жетелейді" және екеуін таныс етеді деген /790/. Ницше Шиллерден кейін достық дегеніміз екі адамның екі жанының біркелкі құрылымы деген екен /791/. Бірақ дос тек қана Мен емес, бірақ ол басқа Мен, Мен үшін басқа болып табылады. Мен деген біреу-ақ, ал Менге қатысты басқалардың барлығы Мен − еместер болуы тиіс. Дос деген ұғымның өзінде антиномия бар екені анық. Егер достық тезисінің өзі сәйкестік пен ұқсастықтан тұратын болса, онда оның антитезисі − сәйкестік еместік және ұқсастық еместік. Мен мен еместікті сүймейтін болсам. Онда өзіме бөтен нәрсені жақындатпаған болар едім. Бірақ сонымен қатар мен өзімде барды қаламаймын, өйткені ол менің өзімде бар болғандықтан ондай нәрсені қайтемін. Бұл достықтың өзіндік қайшылықтығын жас Платон "Лизисте" ашқан болатын, ал Шиллер болса оны қайтадан ашып отыр. "Махаббат, − дейді ол достық жайлы, жоғарыда айтылғандарға қарама-қарсы күйде, − екі бір үндес жандардың арасында туындамайды, ол үйлесімді үндесін жандардың арасында пайда болады"; сосын одан кейін "Рақаттана отырып, − деп жазады Юлия Рафаэлге, − мен өзімнің сезімдерімде өзімнің айнамда көремін, бірақ маған жетіспейтін сенің жоғарғы сезімдеріңді жұтуға әзірмін" /792/. Махаббатта тіршілік иелерінің бір-бірің толықтыруы жүзеге асады. "Мен жек көрген кезде, дейді Шиллер Юлияның қолымен, − мен өзімнен бір нәрсені алып тастағандаймын, ал мен сүйгенде, мен жақсы көруім арқылы байи түсетіндеймін"/793/. Махаббат байытады; Құдай − жетілген махаббаты бар құдірет, Ол − бай: Ол өзінің сүйетін Ұлымен бай; Ол − Толықтық. Ұқсастық жөне ұқсас еместік немесе қарама-қарсылық достықта тезис пен антитезисті құрайды. Платондық диалектикада бұл антиномиялық достықта алынып тасталынады, дәлірек айтқанда екі ұғымды да біріктіріп тұрған ұғыммен көмкеріледі. Платон бойынша достар бір-біріне өзіміз болып кетеді /794/. Өзіміз дегенде олардың әр қайсысы басқаның метафизикалық жетілместігін толықтыратын тіршілік иелері болып келеді. Бірақ қасиеттіліктің логикалық ұғымы, немесе сонымен сәйкес келетін андрогиннің бейнесі /795/ достық негіздеріне айрық жасай алмайды, өйткені бұл ұғым мен бұл бейне шын мәнінде Мен мен Мен-еместің антиномиясын қысқаша белгілеу үшін қажет дүниелер болатын.

XІІІ. Он екінші хат: қызғаныш Махаббат пен достық жалпылай алғанда және өмірлік нақтылықта соған тікелей байланысты қызғаныш туралы мәселені талқылауды көтеретіні күмәнсіз екені маған белгілі болды. Практикалық жағынан маңыздылығы бойынша бұл мәселе алдыңғы қатарға шығатыны жөнінде екі түрлі пікірдің болуы неғайбыл. Бірақ, көптеген ойшылдар оның теориялық маңыздылығына жеткілікті маңыздылық бермейтін секілді: философиялық әдебиетте қызғаныш ұғымы тереңге тығылған және оған деген көзқарас өте сирек байқалады. Міне сондықтан қызғаныш ұғымына тереңірек бойлаған дұрыс. Өткен хаттың соңында айтылған ойлардың негізінде қызғаныш ұғымын ұғыну достық және махаббат ұғымдарының өзін ұғынуға қызмет ететінін тұжырымдай аламын.

Сонымен, қызғаныш дегеніміз не? – Зиялы қауымда қолданылатын қызғаныш ұғым − сөзі ақау ретінде түсініледі немесе адамгершіліктік кемшілік − ұятқа қалдыратын жөне күлкіге айналдыруға болатын нәрсе деп қабылданады. Интеллигенция қызғаныштың негізінде өр-көкіректілік, даңғойлық, өзін жақсы көрушілік, күмәнданушылық, сенімсіздік, ренжігіштік бар деп қарастырады − сонымен оған барлығы жатуы мүмкін тек моральдік артықшылық қана емес /812/. Қызғанышқа деген бұл көзқарас әсіресе негізінен революциялық-интеллигенттік болған XVІІІ ғасырға төн; қызғаныш атап айтқанда ағартушылық пайымдаушылық патшалық құрған Парижде жазғырылды. "Махаббат қанша адамды қызғаншақ етсе менмендік пен даңғойлық сонша адамды қызғаншақ етеді", − деді Буасть. "Қызғаншақтардың махаббаты жеккөрушілікке келеді", − деп куәландырады Мольер. − Қызғаныш махаббаттан гөрі даңғойлықтан туындайды, − деп тұжырымдайды М - те Сталь. − "Қызғанышта махаббаттан гөрі өзін-өзі жақсы көру көбірек", деп көрсетеді Ларушфуко. Біреулер "Дөрекі қызғанып сүйікті нысанға деген сенімсіздік; сыпайы қызғаныш өзіңе деген сенімсіздік" дейді. "Ашыналардың ішіндегі ең қызғаншақтары даңқты жақсы көрушілері" − дейді Трюблэ − "Қызғаншақ ол әзінің елестерінің қараңғы түкпірлерінде пайда болған құбыжықтардан қорқатын бала", − деп ойлайды Буасть. "Қызғаншақ өзінің өмірін құпияны іздеуге арнайды жөне оның ашылуы оның сәттілігін бұзады" − деп атап өтеді Оскенштирн. Бұл ойды әрі қарай Шлейермахер немесе Грильпарцер "Барын салған қызғаншақтық адамға қиналуды алып келетін нәрсені іздейді" деп жалғастырады /813/. ... "Ақылдың сырқаттарының ішінде қызғаншақтыққа кеп нәрсе негіз болады, ал дәрі болатыны өте аз", − дейді Ноэль. − "Қызғаныштың көзі сілеусіндікіндей", − дейді Беллами, − Сондықтан махаббат пен қызғаныш бірікпейді. "Өзін жақсы көру қызғанышқа үстемдік еткен кезде махаббат өзінің билігін жоғалтты.", − деп тұжырымдайды Ленгрэ. − "Қызғаныш махаббатты күл отты өшіргендей өшіреді" деп жазады ханым Наваррская. − Ларушфукодан "Күшті ынтығулар қызғаныштан жоғарырақ" дегенді оқимыз /814/. Осы қызғаныштың жалпылама, шашыраңқы түсінігі өзінің аяқталған және психологиялық формасын Спинозаның берген анықтамасында тапты. Спиноза бойынша, махаббат, сүйікті нысанға деген толық жек көрушілік және біріншісінің махаббатына кенеле отырып басқаға деген күншілдік − қызғаныш деп аталады. Спиноза бұл жерде екі сұйықтың бір-бірімен араласуы бейнесін жақсы қолданады. Олар бір-біріне ене отырып лайлана түседі, ағыстарды туындатады және ол флуктуация деген терминмен белгіленеді. Қызғанышта да сондай: махаббат пен жек көрушілік бір-бірімен араласып флуктуацияны, жанның "құрылымын" туындатады, сөйтіп сана лайланады және өзінің мөлдірлігін жоғалтады. Спиноза бойынша, қызғаныш махаббат пен жек көрушіліктен жөне басқаның идеясымен ілесіп, соған жанның қызығатындығынан туындайтын "жанның құрылымы" болып табылады /815/. Міне, Спиноза осы өзінің қызғаныш жайлы классикалық анықтамасына келерде қандай ойлармен келеді: Махаббат, − дейді ол, − өзара түсіністікке ұмтылады және жетілген өзара түсіністікке ұмтылады. Бұларға қатынасты кез келген төмендету мен кез келген кемістік өзіндік − төмендету болып сезіледі, яғни күшті күйініш алып келеді. Жетілген өзара түсіністігі бар махаббат барлығын қамтитын махаббат болып табылады; біз соған толық жеткіміз келеді, ол біздің ешкіммен бөліскіміз келмейтін және ешкімге бергіміз келмейтін біздің бақытымыз. Егер сүйікті жанымыз бізден гөрі басқаны көбірек сүйетін болса, онда өзімізді шексіз бақытсыз сияқты сезінеміз. Біздің бақытсыздығымыздың себебі біздің жек көруіміздің нысаны болып табылады. Сондықтан, біз өзінің бізбен өзара түсіністігінен айырған сүйіктімізді жек көреміз және өзара түсіністікке қол жеткізген жанға қызыға бастаймыз. Осылай бір уақытта жек көретін және қызығатын махаббат − қызғаныш пайда болады. Бұл ынтықтық егер біздің бақытымызға басқа адам ие болатын болса ерекше күшейе түседі; бақыт күштірек болған сайын қызғаныш та солғұрлым қоза түседі, сөйтіп, егер басқа бір күш оны құрықтамаса оңда біздің жанымызды күңгірттендіріп жібереді: бұрынғы махаббат күшті болған сайын сүйікті нысанға деген жек көрушілік те күштірек болады /816/.

Осыған байланысты маңызды теоремалар /817/.

XXXV. "Егер адамның сүйіктісі біреумен өзіндей немесе одан да жақын достық байланысында болды деп елестететін болса және ол басқаға қарағанда жеке иелік еткен болса, онда оның сүйікті нәрсесіне жек көрушілік туындайды жөне басқа қызғаныш пайда болады". XXXVІ. "Адам бір кезде ләззат алған нәрсені еске алатын болса, онда ол сол жағдайда алғашқы рет рақаттанған күйдегідей болғысы келеді". XXXVІІ. "Осы жоғарыдағы аффектілер көбірек болған сайын қанағаттанбау немесе қанағаттанудың, жеккөрушілік немесе махаббаттың салдарынан туындаған қалаулар көбірек болады". XXXVІІІ. "Егер адам өзінің сүйіктісін махаббат жоғалып кеткенше жек көретін болса, онда ол басқа себептермен бірдей жағдайда ол егер оны ешқашан сүймеген жағдайлармен салыстырғанда көбірек жек көреді және махаббат зор болған сайын жек көрушілік соншалықты үлкен болады". Әдеттегі түсініктер бойынша, қызғаныш махаббатқа зиян нәрсе және оның кейіпсіз бұтағы болып табылады; қызғаныштың себептері махаббаттың мәніне бөгде болып келеді және сондықтан қызғаныш әдетте махаббаттан алшақ болуға тиіс деп танылады. Спиноза махаббат пен қызғаныштың арасындағы жақынырақ байланысты қарастырады; ол үшін махаббаттың кездейсоқ серігі емес, ол махаббаттың орнына сүйіктінің көзге шөп салуы байқалған әр кезде жан дүниенің өмірінің экранында пайда болатын анық көлеңкедей көлбеңдейді; немесе Спиноза бойынша, дәлірек айтқанда, қызғаныш дегеніміз теріс нәрселерге қарай бет бұрған кезде пайда болатын махаббаттың эквивалент! Махаббат жоқ болып кетпейді, бірақ қызғанышқа айналып кетеді. Бірақ, дегенмен, Спинозалық талдаудың негізінде толық өзара түсіністік болғанда махаббат қызғанышсыз болуы мүмкін, сондықтан қызғаныш белгілі жағдайларда психологиялық жағынан алғанда қажетті болғанмен Спинозаның пайымдауы бойынша флуктация ретінде, күңгірт тартқан сана ретінде, құрықталмаған ынтықтық ретінде теріс бағаға ие болады. Спиноза үшін махаббаттағы қызғаныш оны махаббат емес етеді; сондықтан ол махаббатқа жат, махаббат емес етеді, бірақ ол махаббаттан себептік байланыста, эквиваленттік қатынаста болса да, дегенмен қызғанышты жазғыруға болады. Сонымен, Спиноза қызғаныштың кең тараған түсінігінде қалады. Неге бұлай болды екен? Бұл қойылған сұраққа жауап беру үшін Спинозаның барлық философиясының өмірсіз және заттық сипатын еске түсіріп көрелік. Тұлға категориясы болмағандықтан Спиноза кісіге деген махаббат пен затқа деген ындынды ажырата алмайды, − махаббат пен ындынды араластырады немесе дәлірек айтқанда біріншісін соңғысымен алмастырады. Біз барлық жерден келбетсіз res amata деп оқимыз, ол "ындынды зат" деп аударылады, яғни зат сүйікті болуы мүмкін емес; бірақ еш жерде сүйікті тұлға туралы сөз жоқ, яғни тек "сүйікті" деген эпитет қолданылатын. Шынтуайтына келгенде, қазіргі қоғамда "сүйікті тоспа", "сигараны сүйемін", "картаны жақсы көремін" және т.б. соған ұқсас нәрселерді үнемі естіп қалуға болады, бірақ кез келген дені сау адамға бұл сананың бұзылуы және күңгірттенуі немесе тілге зорлық екені анық. "Тоспа", "сигаралар", "карталар" және т.б. сүю мүмкін емес, тек оған ындыны құруға болады. Бірақ ындынды реттеуші жек көрушілік пен көре алмаушылық; сондықтан Спинозада махаббаттың алғашқы ұғымында бұл жек көрушілік пен қызығушылық сондай екпін алады. Дегенмен, махаббат ындын болмайтын сияқты жек көрушілік қызығушылықпен қызғаныш емес, бірақ соңғысы, Спинозаның пайымдауынша, шынайы махаббат ындынға жақын болған сияқты оны қызғаныш деп түйіндеуге болады. Қызғаныштың өзінің табиғатында түсіну үшін оны махаббатпен тығыз байланыстыру керек, махаббаттың нағыз жүрегіне енгізу керек және махаббаттың жеке табиғатын анықтау барысында қызғанышты махаббаттың өзі деп қарастырып, "басқа болмысындағы" оның өзінше жаңа қырын ашу керек; біз қызғанышты махаббаттың қажетті қабылданбайтын қыры деп қарастыруымыз керек, − бірақ қызғанышты жоямын деген адам махаббатты да құртқан болар еді. Дәл солай ындында әр уақытта жек көрушілік пен қызығушылық бар болады. Осыны көрсету үшін қызғаныштан оны үстінен төніп тұрған жазғыру сәтін алып тастау керек. Қызғаныш оның әр түрлі көріністерімен сәйкестендіріліп келгендіктен "қызғаныш" деген сөз "қызғану", "қызғанушы", тіптен, "қызғаншақ" дегенді айтпағанның әзінде жазғыру сөздеріне айналды. Дегенмен, күдікпен қараушылықта, ұсақ өзін сүюде, сенімсіздікте, жақсы емес қатынаста, ызалануда, қызығушылық пен жек көрушілікте және сол сияқтыларда қызғаныштың мәні дұрыс емес. Ол махаббаттың мәні еркіндік бермеуден, әділетсіздіктен және сол сияқтылардан іздеумен бірдей немесе әділеттіліктің мәнін салқындықтан, жүректің қаталдығынан, және қатыгездіктен қарастырғанмен бірдей. Күдіктене қараушылық, қызығушылық пен жек көрушілік және т.б. − бұның бәрі махаббатты ындынмен араластырудан туындайтын қызғаныштың теріс, өзімшіл көріністері болып табылады. Дегенмен тарихи айғақтардың екі қатары осы ұятқа қалмаушылыққа және тіптен тек қана ұятқа қалмаушылық қана емес, ол тікелей ындының өзі, қызғаныштың орны деуге болады. Шын мәнінде, біріншіден, басқалардан анығырақ Құдай махаббатын білетін және түсінетін, таза құдайлық санасы бар, таңдалған еврей халқы үздіксіз, қоймастан тербеліссіз Құдайдың қызғанышы туралы айтып келеді. Інжілдің бойы Құдайдың қызғанышына толы және онымен есептеспеу мүмкін емес. Содан соң, екіншіден, адами махаббаттың әр түрлі қырларын барлығынан жақсы білетін және түсінетін адамгершілікті таза халық, дана эллин халқы, барлығының негізгі қыры ретінде қызғаныш қыры болу керектігін анықтайды. Фр.Ницше "Біз филологтармыз" деген ежелгі дүниенің таңдалған үш пунктінің ішінен төмендегені атап көрсетеді: "Қызғанышты игіліктендіру, яғни гректер ең қызғаншақ халық" /818/ делінген. Және бұнымен тағы да есептеспесе де болмайды. Егер анық даналық және таза сенім бізге махаббаттың маңызындағы онды және қажетті күш ретінде, адами да, құдайлық та ретінде қызғанышты алып келетін болса, онда ол сондай болуға тиісті, яғни ол ілесіп отыратын қосымша ынтықтық сияқты нәрсе емес. Онда олай болатын болса, қызғаныштың өзі не? Ол махаббаттың сәттерінің бірі, махаббаттың негізі, махаббаттың фоны, махаббат сәулесінің түсетін алғашқы түнегі. Махаббат дегеніміз көптеген тұлғалардың арасынан еркін таңдау. Мен өзінің ішкі өзін-өзі анықтауымен жеке дара ретінде біреуді таңдайды жөне соған көптің ішінен қатынасты орнатады, жан дүниесімен жақын болады. Мен әдеттегі қарапайым Оны ол қарапайым емес деп қарайды, бір тоғаны − мейрамдағыдай, күнделіктіні − салтанаттыдай қарайды. Ол тобырдың ортасында тұрса да, бірақ Мен оны шақырып алып, өзінің жүрегінің өзегіне қарай алып барады. Мен оның келбетін чекандалған алтын өлкеде сурет қылып салады /819/. Ол әділетті, өйткені бұл келбет адамдар көбінесе салатын карри-катура емес, бұл тіптен даналар кескіндеген портрет те емес. Бұл бейне − құдай образының өзі, яғни икона. Мен, сәйкестік заңының әділеттілігін бұза отырып, өзіндік анықтаудың метафизикалық актісімен, пайыммен емес,өзінің барлық табиғатымен көптеген тұлғалардың ішінен таңдалған жаннан ерекше жаралған қасиетті көргісі келеді. Қысқаша айтқанда, өзін басқа адамға Сен дейтіндей жағдайға жеткізеді. Достық жұбайлық махаббат сияқты ерекше дүние екенін қайталап айтамын. Сен ретіндегі махаббат объектісінің көптеген жетілместік белгілері болады. Және көп некелік және көп достық өзінің идеясы бойынша міндетті түрде жекелеген өмірге өтуге тиісті, біріншісі − бір некелікке, екіншісі − бір достыққа , немесе жоқ болып шіріп кету керек. Біріншісі − құймырлыққа қатынасты, ал екіншісі − пайдакүнемдікке қатысты, яғни жартылай жекеліктен заттық қатынасқа айналады. "Көп адамның досы болуға болмайды, − дейді Аристотель, − жетілген достықты айта отырып /820/. Дәл солай бір уақытта көп адамға ғашық болуға болмайды. Осындай достық жетілгендіктің белгісі болып көрінуі мүмкін бірақ шынымен де ол бір адамға ғана бағытталуы мүмкін. Бірақ, егер осындай сүйіктілер, Сендер көп болатын болса, онда олардың әрбіріне махаббат жағдайында қайталанбас біреуі ретінде қарауы керек. Кез келген махаббат өзінің түп мәнінде таңдайтын, таңдаушы күшіне ие болады. Сондықтан сүйікті әр уақытта таңдаулы жан, ол біреу ғана. Махаббаттың жеке табиғаты осында жөне онсыз біз заттық ындынмен қатынаста болар едік, ындындық затқа тең нәрсені ауыстырғаннан кейін немқұрайлы қарай бастар едік. Генерикалық, белгілік сәйкестіктің жоқ болса да, яғни өзгерген уақытындағы тұлғаның сенімділігі және оның өзгертуі жағдайында сүйікті тұлғаның нумерикалық сәйкестігінің талабы махаббатты сипаттайды және сонымен бірге оның сәйкестік заңын бұзуын білдіреді. Бірақ тіптен, нумерикалық сәйкестікке немқұрайлылық жағдайында, сонымен қатар оны ескермегеннің өзінде ындындық заттың генерикалық, белгілік сәйкестігінің талабы − және сондықтан сәйкестік заңын сақтау ындынды білдіреді. Біреу ғаналықтың санасы міне тіптен жетілмеген күйлердің өзінде махаббаттың шарты осындай. Онымен қоса, тіптен, махаббат иллюзиясы үшін біреу ғаналық болмаса да ең болмаса сол біреу ғаналықтың, қайталанбастықтың, ерекшеліктің иллюзиясы керек. Сол сүюші езінің сүйіктісін біреу ғана деп негізсіз қалай есептесе, ол өзін де әлемдегі біреу ғанамын деп есептейді. Кез келген алғашқы махаббаттың тарихы жалғыз сондаймын деп қателеді. Кантты жалғастырушылар мен түсіндірушілер өздерін біреу ғанамыз деп қателеседі және Штирнердің "Біреу ғанасы" да жалғыз деп есептелуі өтірік. Басқаша айтқанда, әрине, бұл жерде, тіптен, махаббаттың иллюзиясы да мүмкін емес және қатынастарда тек есеп, қоқыс және ажал болады. Заттыққа арқа сүйейтін біреуін екіншісімен ауыстыру мүмкіндігі туралы ойдың өзі өлімге қарай жетелейтін күнәлі ой болып табылады. Тұлғаның таңдалуы түсініксіз актісі біреу ғана, ол жоғарғы, патшалық Сенге қызмет етеді. Ол осы таңдауға келісті. Ол "иә" деді және ол өзіне ұлылықтың белгісін кигізген болатын. Енді Мен нені қалайды? Тек бір нәрсені, яғни өз махаббатын таң қалдырған нәрсені қалайды. Мен өзінің махаббатының мәңгі құндылығын бекіткісі келеді және ол оның бар болғандығын, ерекшелігін талап етеді. Бұл іштейгі тұжырым өзін қызғаныш түрінде танытады жөне өзінің таңдаған Сенінің уақыт бойынша мәңгі болуын қалайды. Мен өзінің махаббатына Сеннің кедергі келтірмегендігін қалайды, яғни ол езіне қатысты шынымен де Сен болып қалғанын қалайды. Сүйікті Сен өзін біреу ғаналықтай ұстай берсін, өзінің ерекшеленген, таңдалынған, бөлектенілген тағынан түспей-ақ қойсын. Егер таңдалынған Сен тобырдың ішіндегі және тобыр үшін ең қатардағы болса бүл ешнәрсе емес. Бірақ тандап алған Мен үшін ол тек Сен болуға тиіс және ол басқа ешкім де емес: басқаша алғанда махаббаттың өзі мүмкін емес, яғни таңдау актісінің өзі жүзеге асуы мүмкін емес. Яғни махаббат "уақыты" таңдаудың мәңгіліктің қозғалушы бейнесі бола алмайды /822/. Сен Менге қатысты өзін Сен сияқты ұстауы керек, ол өзін көптің біріндей сезінбеуі тиіс, ол түнгі қалпақ кигендей емес, патшаның тәжін кигендей болады. Осының бәрінің қажеттілігін зерделеу Сенге махаббаттың мүмкін болуы үшін осы таңдаудың өзін жүзеге асыруды алып келеді және оны бекітіп, күзетуге керек. Осының бәрі біріккенде қызғаныш деп аталады. Ал егер Сен оны керек қылмаса ше? Егер ол еркін қабындаған өзінің дәрежесін және жоғарғы деңгейін бұзатын болса ше? Егер ол Сенді жаңа мәнге шақырғанға "Иә" дегеннен кейін егер ол жеңілтіктен, тіке мінезділіктен, шынайылықтың жоқтығынан өзіне түскен жоғары таңдауда, өзінің өмірімен ол үшін Мен − Мен емес екенін көрсетпей ме? Егер Сен болғысы келгені арқылы ол Менді Мен деп танығысы келмейді емес пе? Ол жағдайда Мен қарама-қарсы әрекетсіз қала алмайды және қалуға тиісті емес. Осы қарама-қарсы әрекет − қызғаныштың көрінісі болып табылады, яғни өзінің махаббатына деген қызғанып, пәктікке, шынайылыққа және өз махаббатын сақтауға деген ұмтылыс. Махаббаттың өзінің мүмкіндігі үшін Сеннен келген осы талап осы таңдалылықтың жүзеге асыруды алып келеді жөне оны бекітіп, қорғағысы келеді. Осының барлығы қызғаныш болатындығын қайтадан айтамын. Тек біреуі ғана. Сен осы қарама-қарсы әрекетті өзінде, осы махаббат үшін күресті, осы қызғанышты мойындауы керек және өзгеруі тиіс немесе ол өзінің дәрежесінен бас тартуы тиіс, өзін қатардағы адам деп санап, жоғарғы тақтан тобырға қайтіп оралуы керек, салтанатты жағдайдан күнделікті күйге түсуі тиіс. Мен үшін егер Сен шын мәнінде Сен болудан қалған жағдайда сүю және қызғану мүмкін емес, яғни ол оны қайтадан Сен еткісі келмейді. Сондықтан, егер оның бойында қызғаныштың құқығы мен борышын мойындамайтын болса, онда ол Сенді өзінің тағынан түсіруден басқа ешнәрсе қалмайды. Мен Сен туралы ұмытуы тиіс, оны сүймеуі керек, өйткені тек осы жолмен Сенді қайтарымды махаббаттың талабынан босатуға болады. Бірақ Сен Менге еніп кетті, оның бөлігіне айналды. Сүймей кету деген сөз бұл дегеніңіз өзіңнің бөлшегіңнен айырылумен бірдей. Ұмыту − ол өзіңнен тірі денеңнің түйірін кесіп бергенмен бірдей. Басқаның еркіндігін сыйлай отырып махаббатты кеудеңнен жүрегіңмен қоса жұлып алуға тиіс болғанда осылай болады. Махаббат − шексіз; ол уақытпен, орынмен шектелмейді, ол − ғаламдық. Бірақ бұл махаббаттың ғаламдығы тек қана бөлінушілікті, изоляциялануды, оқшаулануды жоққа шығармайды, тіптен, оны мойындайды. /823/. Махаббат өзінің тамырымен жанның қасиетті тұстарын ұстайды және осы қасиеттілік тірі кезде ғана бар болатындығы белгілі. Жанның маржандарын сақтау дегеніміз махаббаттың өзін сақтау, өзіңнің қасиетіңе қамқорлық жасамау − махаббатқа қамқорлық жасамау болып табылады. Махаббат тек қана ғаламдық қана емес, ол тұйықталған. Жаратқанның айтылған сөзі қазіргі уақытта қабылданбайды және ол қатал және қатыгез деп есептеледі; бірақ кітаптардың анасы болып есептелетін − Евангелияда оның тікелей жақыныңды жазғырма және көзге түскен бөрене мен бұтақ туралы аңыздан кейін тұратыны бәрінен тамаша. "Екіжүзді! Алдымен өз көзіңнен бөренені алып таста және сонда сенің бауырыңның көзінен бұтақты алып тастауды білесің". Және антитетикалық түрде осы оймен кездеседі, ұшын ұшына бағыттай отырып: "Қасиеттілерді иттерге бермендер және олар өздерінің аяқтарымен басып тастамасын десеңдер сендердің маржандарыңды шошқалардың алдына лақтырмаңдар және сіздерге қарап талап тастамасын" делінген. Осы сөздерді түсіндіре отырып Серафим Саровский бізді былай үйретеді: "Жүрегіміздегі ненің жақсы екендігін ешқандай қажеттіліксіз шығаруға тиісті емеспіз; сенің жүрегіңнің құпиясын бәрі бірдей аша бермей" /824/. Сонымен, бір жағынан, "жазғырма", бірақ, екінші жағынан, жүректің құпиясын ашуға лайықты еместерді "иттер және шошқалар деп есепте" дейді. Оларды тек кейбіреулерге, таңдаулыларға, шошқа табынынан бөлініп шыққандарға ашуға болады. Бұл − антиномия және бұл антиномия шамамен алғанда махаббат − қызғаныш антиномиясымен тең келеді. Айтылған нәрселерді жобамен түсіндіруге алдында келтірілген күнделіктен үзінді келтіремін /825/. Бұл − доспен кейбір шынымен дағы немесе қиялдағы әңгіменің жазбасы. Ол − төмендегідей: "Сен өзіңді кейде олай немесе былай ұстайсың. Сен өзіңмен өзің боласың, сен құпия сөздерді айтасың, сен толық дербестікті қалайсың, сені езіңнің де, досыңның да мойындауы шаршатады. − Иә, бірақ сен қалайша менің өзімді барлық жерде және әрқашанда осылай ыстайтынымды білмейсің? − Дегенмен, бұл онша дұрыс емес және сен толығымен, барлық жерде және барлық уақытта осындай емессің, бірақ егерде осылай болса да бұл мен үшін жауап емес. − Достық деген сонымен достық, соның арқасында басқадан маған және менен басқаға бір нәрсе беріледі. Сондықтан біреуден екіншісіне бағытталған қатынастар әрбір адамды өзімшілдіктің өзіндік тұйықталуынан және жүректің тарлығынан шығарады, сөйтіп, Спиноза айтқандай тұлғаның болмысын кеңейтеді... − Бірақ, егер − менің табиғатым, менің табиғи келбетім осындай болса түсіністікпен қара. − Сонда не болды? Барлық табиғи келбет сондай − өзімшіл және тарлау. Бірақ достық жаңа шындықтың келуіне жол ашады. Достық дегеніміз біз жүрегі салқын әтектер болмас үшін керек, ал жүректік әтектік − кемшіліктердің ішіндегі ең нашары, адамның бойында болуға тиісті нәрсенің ең жаманы.

− Ал, егер мен барлық кезде әтек болып қалсам ше ... − Біздің тұлғамыз махаббатта "ор қашанда", "барлық жерде", "барлығымен" болғандай болғандай болмайды. Жанның кәрілігі, қалжырағандығы өтеді. Жан жасарады және жаңғырады. − Бірақ бізде ешқандай қатынастар жоқ па? Әйтеуір бір нәрсе етіп өмір сүріп жатырмыз ғой... − Мәселе сонда бәрі − "бір нәрсе етіпті". Егер мен айтқан қатынастардың ешқайсысы жоқ болса, егер "қатынастар" ешкімді қатынастырмаса және "байланыстар" ешкімді байланыстырмаса − онда оларды жоқ десе де болады және достықта тұлға жоқ, доста достың белгісі жоқ, әркім өзінше және әркім өзімін-өзі − өзін жақсы көреді. Егер сен менімен бірге басқалармен болғандай қалайтын болсаң және маған қатысты барлық кездегідей және барлық жердегідей өзіңді ұстайтын болсаң, онда ол сенің достықты, қатынастарды, байланыстарды білмейтіндігіңді ең жақсы дәлелдейді... Мен сенің махаббатыңды немесе махаббат еместігіңді, достығыңды немесе жаулығыңды қаламайтынымды түсін, маған тек қарапайым анықтық керек. Ол алыстағы өнімге үміт ете отырып бұл достыққа күш кетіруге және шаршауға бола ма екенін білу үшін қажет немесе алдын ала жақсы болашақ туралы ойдан бас тартуым керек, өнімсіз, тасты егістікті тастап, өзімнің істеріммен айналысуым керек. Бірақ сен саңыраусың: "жақсылық пен зұлымдықты немқұрайлы қабылдай отырып" сен үндемейсің. Бұл өзі ұзаққа жалғаса ма? ..." Достың жаралаған жүрегі ешнәрсемен емделмейді − Уақыт пен Ажалдан басқа. Бірақ Уақыт оның жараларын өшіреді. Жүректің ауырған бөліктерін жұлып тастай отырып ол бір бөлігін өлтіреді, ал Ажал адамды толығымен құртады. Адам тірі болғандықтан оның достықтан қалған жаралары әлі де жазылған жоқ және ауыртады. Мәңгілік сотқа оларды көрсету үшін бойында алып жүреді. Жаратқанның "шақырылғанда" мен "таңдаулылар" туралы аңызына қарап көр. Онда қаншама өз жүрегінің махаббатының құпия жатқан шексіз қиналысы мен ауруы бар. Сүйіктілер, шақырылғандар, Құдайдың өзі қызғанышпен қараған, Ол басқа ешқандай халыққа істемеген нәрсенің бәрін істеген... ал одан не? Олар таңдаулы болғысы келмейді, олар өздерінің құтқарылуын қажет етпейді. Оның ар жағында, олар қарапайым сыпайы болғысы да келмейді, оларға Өзінің жоғарғы дарынын беретін, оларды Өзінің достары ететін Махаббаттың шақыруына жауап бергісі келмейді. Олар Махаббаттың махаббатын елемейді... Адамдар арасында тұрған қабырғаны жою үшін барлығын достықпен жасау керек. Күшті аямау керек, терлегенше, қан шыққанша, елімге дейін қарым-қатынас үшін күресу керек. Өзіңнің досың үшін өміріңді аямау керек, өйткені алдымен достарыңды неден ажырату керек десеңіз − шынайы еместіктен, салқындықтан, өзіндік тұйықтықтан босату керек. Бірақ өтіп кетуге болмайтын шекаралар бар. Маңдайыңмен де, таранмен де бұза алмайтын қабырғалар болады. Міне осы шекараға, осы қабырғаға барынша жақын келген кезде ол кезде кету керек. Қызғаныш ұғымына келтірілген талдаудан сәйкестік заңын жеңумен байланысы терең екенін көрінеді − бұл пайымның бірінші негізі. Міне, осыдан өзінің таза көріністерінің шамасында да пайым тұрғысынан жақсы емес көзқарасты шақыратыны түсінікті. Неге "дұрыс мағына" және сайқымазақ − оның қандас қызы, тіптен, ол абстрактілі, принципті түрде алынған өзінде қызғанышты барынша сілікпесін шығарады. Махаббат қызғаныш сияқты, басқа махаббат ретінде оның негізгі бөлігі болып саналатын сәйкестік заңын өзінің екпінімен бұза отырып пайыммен айқасады. Міне осы мағынада қызғаныш өте әділетсіз болып келеді. Егер ақымақтық" ретіндегі қызғаныштың пайымсыздығы оған парасаттық жазғыруды шақырса, онда қызғаныштың осы әділетсіздігі, өз кезегінде, "адамгершіліксіз" құбылыс ретіндегі оның ызаланған моральдік бағалауына әкеледі. Міне біз қарастырған қызғаныш ұғымының күңгірттенуінің негізгі себебі де осында. Бұл этимология қызғаныш ұғымын метафизикалық талдау алып келген қорытындыны қуаттайды. Орыс тілінде қызғаныш ұғымы өзінің негізгі бағытында күш, қуат ретінде сипатталады, тек ол қорқыныш, немесе жек көрушілік, немесе қызығушылық емес.... "Қызғанышта болу" сияқты "ұмтылыста болу" өзінің түбірі бойынша күштің, қуаттың, жылдамдықтың барлығын білдіреді. Бұл − әлсіздіктің, күшсіздіктің, бос белбеуліктің .қарама-қарсылығы. Міне, сондықтан қызғану деген көбінесе Бір нәрсеге қарай барынша күшпен, қуатпен ұмтылу деген мағынада қолданылады. В. Даль бойынша, бір нәрсені қызғану дегеніміз "бір нәрсеге қарай барынша ұмтылу", "бар күшіңді салу". "Білімге қызғанышпен қараймын", "аспандағы патшалықты қызғанамын", "үлкендердің дарындарын қызғаныңдар деген бар", − деп айтылады. Біреуді, бір нәрсені қызғану − "жарысу, ұқсау, ізімен жүру, немесе басқаға жол бермей жүру ұмтылу" деген мағыналарды білдіреді. Мәселен, М.Ломоносов "біздің мысалдарымызды қызғаныңыздар" деген түсінікті қолданды; дәл осылай "мен әрқашанда оның табыстарын қызғанатынмын" деп және т.б. айтылады. Міне осыларға қарап біз В Даль көрсеткендей қызғаныш алдымен "ыстық ықыласпен жігерлену, ұмтылыс" дегенді білдіретіндігін шешімді түрде қорытындылауға болады және ол тіптен негізінен "іске" байланысты; міне осы мағынада "қызмет бойынша қызғаныш", "қызметке қызғаныш", "зерде бойынша емес қызғаныш" деп айтылады. Сонымен бірге қызғанышты жан дегеніміз "ең жігерлі, сыпайы, қамқоршыл, іске бар жанын салған"; "шындық үшін қызғанышпен күресуші" деген түсінік бар /827/.

Түсініктемелер
XІІ. − Он бірінші хат: достық

718. Бұл мәселе нақтырақ "Типтердің көбеюі туралы" деген мақалада қарастырылады. 787. Плат., − Федр, 255 б. [87] 788. Шиллер Дон Карл туралы хат., ІІІ хат, [786], 244 б. 790. Гомер, − Одис. XVІІ 217. 791. Фр. Ницше. 792. Шиллер − Философиялық хаттар, "Махаббат". Шығармалар. [786], 1902 ж, Т.4. 234 б. 793. іd., 233 б. 794. Плам., − Лизис, 221 Е [37], р. 554 : − егер сіздер бір-бірлеріңізге дос болатын болсаңдар, онда сіздер табиғаттарыңыз бойынша бір-бірлеріңізге өзіндіксіздер. Іd. 222А, p. 554: − табиғаты бойынша өзіндіктер дос болуға бейім тұрады.

XІІІ. Он екінші хат: қызғаныш 812. Қызғаныш туралы типтік-интеллигенттік тұжырымды интеллигенттердің интеллигенті В.Г.Белинскийден естиміз. "Қызғаныш Алеконың жүрегін жаулап алды, − дейді ол. − Бұл ынтықтық табигаты бойынша өзімшіл адамдарға тән немесе адамгершілік жағынан дамымаған адамдарға сәйкес келеді. Адамгершілік жағынан дамыған адам орнықты сүйеді, өйткені ол өзінің махаббат нысанын сыйлайды (оған сыйластықсыз махаббат мүмкін емес). ...Оны сүйіктісінің салқындап кетуі қиналуға мәжбүрлейді, өйткені сүйетін жүрек өзінің сүйіктінің жанын жоғалтқанда қиналмауы мүмкін емес, бірақ ол қызғанбайды. Ешқандай негізсіз қызғану өздерін де және езінің сүйіктісіне деген құқығын сыйламайтын, ешнәрсеге тұрмайтын адамдардың ауруы, онда хайуандық өзімшілдік деңгейінде тұратын тіршілік иесінің тираңдығы көрініс береді. Бұндай қызғаныш адамгершілікті-дамыған адам үшін мүмкін емес, бірақ ол үшін игкілікті негізі бар қызғаныш та дәл осылай мүмкін емес: өйткені бұндай қызғаныш күмәндана қараушылық, қорлау мен кек алуды және т.б. міндетті түрде бар етеді" және бұның барлығы "егер адам болса", "адамгершілікті − дамыған тіршілік иесі", "адам абыройы" және т.б. сөздермен көмкерілген. В.Г.Белинский, − А.Пушкин шығармасы ["Цығандар" туралы]) шығармалар. Т.8. 458 б. 813. fr. Kіrchner, Worterbuch d. Phіlosophіschen Grundbegrіffe, 3-te Aufj., Lpt., 1897. S.106. Eіfersucht. 814. Дәйексөз H. Макаровтан: Энциклопедия ума, или словарь избран, мыслей авторов всех народов и вех веков, Спб., ІS/7. 271-272 бб. 815. Spіnoza , − Ethіces pars prіma , Prop. XXXV, Sch. (Opera І КЗ J Vol. 1, p. 151). 816. Б.Спиноза − Этика, изложена в геометрическом порядке. Пер с лат. Н. А. Иванцова, М., 1892, - Ср. Излож. У Куно Фишера, − Ист. Нов. Филос., Т.И, СПБ.Д906, 44-445 бб. 817. Этика [816], 184, 186, 189 бб. 818. Фр.Ницше, − Мысли инаброски к несвоевременному размышлению. Мы филологи. Из посмерт. Произв. 1874-1875 ж. ІІер. Рутковского ІІ, 3,. 103 (Полн. Собр. Соч., Моск. Книгоизд. 1.2. 1909 ж., 302 6.) 819. Уот Уитман шыгармасы − "Саған" 820. Аристотель Этика. Р. 1158. 822. Ср. Плат., - Тимей 37 d, 38а, 38Ь [29], pp. 209 16-20. 31 - .12, 39-43/ 823. Махаббат нысанының бұл оңашалануға деген ұмтылысында ұялшақтыққа ұқсас бірнәрсе бар. [288]. 824. Арх. Серафим [42], 132 6. 825. 452-456 бб. 827. Даль. [7], Т. 3, стлб. 1667. П.Л.Флоренский Столп и утверждение истины. М.: Издательство Прайда", 1990. Том 1. С. 393-400, 439-440, 463-479, Примечания С. 779-791.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙