Аң баласы қалай аталады?
Дениз Райан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Аң баласы қалай аталады?
Аң баласы қалай аталады? деңгей Мен оқығанды ұнатамын! Балаларға жылдам әрі дұрыс оқуды қалай үйретуге болады? Олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қандай кітап таңдау керектігін білесіз бе? Бұл сұрақтарға балаларға арналған «Мен оқығанды ұнатамын!» бағдарламасы бойынша жарық көрген кітаптар сериясы көмектесе алады. Бұл серия 64 кітаптан тұрады, онда балалардың жас ерекшеліктерін және қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген және құрастырылған материалдар бар. Серия 4 деңгейге бөлінген: «Оқып үйренемін» (5–6 жас), 16 кітап «Оқи аламын» (6–7 жас), 16 кітап «Өзім оқимын» (7–8 жас), 16 кітап «Жақсы оқимын» (8–9 жас), 16 кітап Алуан түрлі тақырыптар кішкентай оқырмандарды интеллектуалдық тұрғыдан дамытып, қоршаған әлемді тануға мүмкіндік береді. Балалардың жасына сәйкес блокта ұсынылған тақырыптар: «Жануарлар», «Жер Ғаламшары», «Ғылым және өнертабыстар», «Тарих» Бұл тақырыптардың әрқайсысында таңғажайыптар мен ең қызықты дегендердің барлығы ұсынылған. Балдырғандарыңыз осы әсем және пайдалы кітаптарды рахаттана оқитын болады! Мен оқығанды ұнатамын!
Аң баласы
қалай аталады?
Мәскеу
«Махаон»
Абдандар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
Кішкентай қолтырауындар . . . . . 6
Науанның төлі . . . . . . . . . . . . . . . 8
Құмырсқажегіштің балалары. . . 10
Ақ қонжықтар . . . . . . . . . . . . . . . 12
Панданың қонжықтары . . . . . . . 14
Көжектер . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
Кенгурудың төлдері . . . . . . . . . 18
Кішкентай кесірткелер . . . . . . . 20
Пілдің баласы . . . . . . . . . . . . . . 22
Мазмұны
Әртүрлі жануарлардың
балаларын қалай
атайтынын білесің бе?
Абдандар
Арыстан төлін абдан деп атайды.
Арыстандар мысықтардың ірісі
секілді, сондықтан абдандар
мысықтың балалары марғауларға
ұқсас келеді.
Абдандардың мамықтай ұлпаны
болады.
Абдандар
Кішкентай
қолтырауындар
Қолтырауындардың балалары –
кішкентай қолтырауындар.
Олар дүниеге жұмыртқа
арқылы келеді. Азулы анасы
оларды үлкен аранына
салып тасиды.
Суреттен қанша кішкентай
қолтырауын көріп отырсың?
Қолтырауынның анасы мен
балалары
Науанның төлі
Науанның баласын – науанның
төлі деп атайды. Баласы үнемі
анасының жанында жүзіп
жүреді.
Мұхитта науанның аналығы мен төлі
өте алыс қашықтықтарға жүзе алады.
Науан –
анасы
Науанның төлі
Құмырсқажегіш өзінің ұзын
және жабысқақ тілімен
құмырсқаларды сиырып
жейді.
Ана құмырсқажегіш
Құмырсқажегіштің
төлі
Құмырсқажегіштің сабалақ төлі
анасының арқасына мініп
жүреді. Қалың жүннің
арасынан төлді байқау
қиын.
Құмырсқажегіштің
төлі
Ақ қонжықтар
Ақ аюдың төлдерін қонжық
деп атайды. Олардың мамық ақ
ұлпаны болады.
Үлпілдек қонжықтар
Ақ аюлар мұз сеңдері мен
күртік қар арасында өмір сүреді.
Ақ аю – анасы
Панданың
қонжықтары
Қытай аюын панда, ал
балаларын қонжықтар
деп атайды.
Қонжық
Пандалар бамбук ағашының
жапырақтары мен жас өркендерін жақсы
көреді.
Панда-шешесі
Көжектер
Қоянның балаларын
көжектер деп атайды.
Олар өз індерінде мекендейді.
Көжек
Қоян-
шешесі
Ұрғашы қоян алты немесе
жеті көжек туады.
Кенгурудың
төлдері
Кенгурудың балаларын
аналары қарнындағы
қалтасына алып жүріп бағады.
Кенгурудың төлі туа сала
қалтаға кіріп алады.
Кенгуру
Кенгурудың анасы
Кесірткелер Жердің барлық
жерінде мекендейді.
Кішкентай
кесірткелер
Мына кесірткенің бес
баласы бар! Кішкентай
кесірткелер құрғақ
жапырақ ішіне
жасырынады.
Кішкентай
кесірткелер
Кесіртке –
анасы
Ересек пілдер төлдеріне
мұқият қарап, оларды қорғап жүреді.
Пілдің төлі
Пілдің баласы болған
қандай жақсы! Анасы
оның арқасын еттұм-
сығымен сипалап
еркелетеді.
Мауыр
Пілдің төлі
Мектепке дейінгі балалардың үлкен топтарына Аң баласы қалай аталады? Авторы Дениз Райан Baby Anіmals Copyrіght © 2008 Weldon Owen Pty Ltd Conceіved and produced by Weldon Owen Pty Ltd 61 Vіctorіa Street, McMahons Poіnt Sydney, NSW 2060, Australіa Перевод с английского М. О. Торчинской Научный редактор А. В. Тихонов Ответственный редактор О. А. Самусенко Технический редактор Т. Ю. Андреева Компьютерная вёрстка О. В. Краюшкина Корректор Н. М. Соколова Все права защищены. All rіghts reserved. © Перевод на русский язык. ООО «Издательская Группа Аттикус», 2008 Machaon® ІSBN978-5-389-03037-4 (каз.) ІSBN 978-5-389-00306-4 (русск.) ІSBN 978-1-74089-674-0 (авс.) ООО «Издательская Группа Аттикус» — обладатель товарного знака Machaon 119991, Москва, 5-й Донской проезд, д. 15, стр. 4 Тел. (495) 933-7600, факс (495) 933-7620 E-maіl: sales@machaon.net. Наш адрес в Интернете: www.machaon.net ГС № 77.99.60.953.Д.011615.10.07 от 03.10.2007 Қазақ тіліне аударған: Марал Жұмағалиева. Редакторы: Мақпал Тажмағамбетова Баспагерден алынған эксклюзивті құқықтардың иесі «Кітап ұйық»ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 1, тел: (727) 2735906, 2735907 Суретімен 24 бет Басуға 2011ж.__ қазан қол қойылды Формат 70х100 1/16 ,жылтыр қағаз Шартты баспа табағы 1,93 Таралымы 11000 дана, тапсырыс № __ «№ 2 Офсетті баспа фабрикасы» ААҚ-да басылған 141800, Мәскеу облысы, Дмитров қаласы, Московская көшесі, 3. УДК 372.3/4 ББК 74.102 Б79 «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды».
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру