Мазмұнға өту
Home

Ислам және өнеге

ISBN: 978-101-7472-37-5 Беттер саны: 192 Жанр: Ғылыми еңбектер

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ислам және өнеге

Авторы: ISBN: 978-101-7472-37-5 Беттер саны: 192 Жанр: Ғылыми еңбектер

Құдайберді БАҒАШАР ИСЛАМ ЖӘНЕ ӨНЕГЕ Алматы 2015

ӘОЖ 28 КБЖ 86.38 Б 13 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Бағашар Қ. Ислам және өнеге / Қ.Бағашар. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» баспасы, 2015. – 192 б. ISBN 978-101-7472-37-5 Имандылықтың тамырын Исламнан іздеп, бүгінгі күннің өміршеңдігімен танылған тақырыптарын бүкпесіз сөз еткен дінтанушы Құдайберді Бағашар бұл еңбегінде «өмір» атты кеңістіктің галлереясын түзіп, рухани құндылықтармен сусындауға шақыратын, оқырмандарға ой саларлық туындыларын ұсынады. Еңбек жалпы оқырман қауымға арналған. ӘОЖ 28 КБЖ 86.38 © Бағашар Қ., 2015

ISBN 978-601-7472-37-5 © «Көкжиек-Б» баспасы, 2015 © «Қазақ энциклопедиясы», 2015 Б 13

ПІКІР Еліміз еңсесін тіктеп, сансыз мұраларын түгендей бастаған уақытта арамызға нұрын шашып қайта оралған Исламның иісі елге қайта сіңе бастады. Сонау ерте заманнан қазақы дәстүрімізбен біте қайнасқан асыл дінімізден кеңінен мағлұмат беретін әдебиеттеріміз көбейіп, адам жанын ізгілікке тәрбиелейтін діни кітаптарды діннің діңгегіне сүйеу болам деген кез келген азаматтың қолынан кезіктіресіз. Бұл тұрғыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының білікті қызметкерлерімен қатар дінтанушы, исламтанушы азаматтар да бірқатар ауқымды еңбектер жазып келеді. Осындай игі шаралардың арқасында Исламның елімізде қарқынды дамып келе жатқанынан көзі ашық, көкірегі ояу жұртшылық хабардар. Дінтанушы Құдайберді Бағашар бұдан бұрын жарық көрген «Тағылым тамшылары», «Исламдағы бала тәрбиесі», «Исламдағы тазалық» кітаптары арқылы оқырман қауымға жақсы таныс. Бұл жолы оқырмандардың алдына сый табақтай тартылып отырған кітабы ғибраты мен тағылымы мол пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) мұхиттай терең мәнді ғұмырынан сыр шертеді. Адам баласының фәнидегі күнделікті күйкі тіршілігін, мінезқұлқы мен рухани қасиеттерін сөз ете отырып, Ислам әлемінің нұрлы шуағы мен барша адамзаттың ізгі арман-мақсаттарынан ой қозғайды. Иә, кітап барша адамзаттың ізгі армандары мен мақсаттарынан, рухани құндылықтарынан ой қозғайды дедік. Әлқисса, сөзімізді автордың «Ислам және өркениет», «Иман және халық», «Жас қазақ» газеттері, «Иман» журналы сынды мерзімді баспасөз беттерінде жариялаған мазмұны терең мақалаларына көз жүгіртіп, сарабдал талдау-пікірімізбен толықтырып көрейік. Кітапта баян етілген «Ілім үйреніңіздер, ілімге қажетті байыптылық пен байсалдылықты да қоса үйреніңіздер. Сіздерге ілім үйреткен кісіні құрмет-теңіздер, сыйлаңыздар» деген хадистің қатпарларын ашып қарасақ, ұстаздың адам жанына ізгіліктің нәрін

егуші ұлы тұлға екеніне тағы бір рет көз жеткізе түсеміз. Оның алдынан тәлім алған шәкірттер ертеңгі күні үлкен азамат, ғұлама ғалым, сөз зергері, темірден түйін түйген ұста, күйші, әнші болып өмірден өз орнын тауып, дария ғұмырдың айдынында қанат қаққан құстай тізіліп ұша бермек. Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, – деген данышпан Абай сөзі кітап мазмұнын аша түскендей. Ендеше, зор биіктер мен белестерді бағындырған әрбір адам ұстаз алдында қарыздар. Нағыз сыпайылық пен сыйластықтың сырына кітаптағы мына бір салиқалы әңгімеден қаныға түсесіз. Имам Шафиғи бір малшыны көргенде, орнынан ұшып түрегеліп ілтипатпен құрмет көрсетеді. Мұның мәнісін сұрағандарға: «Қанша жылдар бойы іздеген сұрағымның жауабын осы кісі айтып, үйретіп еді. Бір рет болса да ұстаздық еткен адамға құрмет көрсетуді өзіме міндет деп білем» деген ұлы тұлғаның сөзінде қаншалықты сыр жатыр десеңізші! Бағзы замандағылардың ұстазға деген құрметіндей, қазіргі таңда ұстаздың ұлылығын танып, лайықты құрмет көрсететіндер кемде-кем. Қоғамдағы осы бір кемшілікті автор өз еңбегінде дөп баса білген. Жас күнінде адам баласы өзінің де бір күні егде тартып, қазыналы қарт, шежіреші әже болатынын ойлауы керек. Қартайған шағында құрметке бөленгісі келсе, әке-шешесіне аянбай қызмет етуі қажет. Бес күндік жалғанда оларға қамқорлық танытып, жақсылық жасасақ, өміріміз мәнді, әрбір ісіміз берекелі болмақ. Қолда барда алтынның қадірін білмей, әке-шешесінің батасын ала алмаған қазақ аз ба? Бұл ой да авторды мазаламай қоймаса керек. «Жаратушы иелерің тек өзіне құлшылық етуді, әке-шешеге жақсылық жасауды бұйырды. Олардың (әке-шешелеріңнің) біреуі, не екеуі де қасыңда қартайса, оларға ешқашан «түһ» деп кейіс білдіруші болма, оларға ұрыспа! Үнемі жақсы сөздеріңді жаудыр, жанашырлықпен оларға құшағыңды жай, жұмсақтық таныт. «Уа, Раббым! Олар мені кішкене кезімде қалай мәпелеп өсірсе, сен де оларға дәл солай мейірімділік таныта гөр!» – деп дұға ет!» («Исра» сүресі, 24-аят) деген Алла сөзін алға тарта отырып, атаанаға құрмет көрсетуге, олардың игі батасын, тілек-дұғаларын

алуға шақырады. Көзі тірісінде ата-ананы разы қылып, олардың алғысын алудың ақыретте мол сауапқа кенелтетінін ескертеді. Ислам дінінің сонау Қарахандар заманында қазақ даласына келгенін айта келіп, шариғаттың шамына көздері қарығып өскен ата-бабаларымыз Жаратушының ұлылығын ұлықтап жыр жазғанын Ақтамберді жыраудың: Меккені іздеп не етесің, Меккеге қашан жетесің? Әзір Мекке алдыңда, Пейіліңмен сыйласаң, Ата менен анаңды, – деген толғауымен нақтылай түседі. Атаанаға құрмет көрсету, қарсы келмей сыйлау, Меккеге барғаннан кем сауап емес екені ертедегі қазақ арасында да кеңінен белгілі болғанын тілге тиек етеді. Исі Исламның өмір сүру үрдісі қыр баласы қазаққа жат емес екенін тағы бір мәрте мықтай түседі. Ұл-қызыңа әдеп үйрет, білім бер, Қос жалғанда нәсіп көріп күлімдер, – деген Ж. Баласағұн бабамыздың өлеңінің қос тармағы неге үндейді? Дінтанушы Құдайберді Бағашар оқырман қауымға осы сұрақты қоя отырып, жауапты бірге іздейді. «Әрине, ұл-қыз тәрбиесін ата-ананың елеусіз қалдыруына болмайды. «Қызға қырық үйден тыйым» деген қазақ мақалын ойға алсақ, біздің қоғам бақытты қоғам болуы үшін, ұл-қызға жастайынан бойына имандылықтың дәнін сеуіп, әдептілікке, еңбекқорлыққа баулуымыз керек. Әйтпесе, өз баласынан, өзінің туған әке-шешесінен жерінетіндер қайдан шықты? Көшеге шыға қалсаңыз, барлық жайттарды көзіңіз көріп қанығып қайтады. Жанжалдасқан жанды да, іздеу салынғанды да, ренжіскен екі досты да, сөздің парқын білмей, қалай болса солай сөйлеген парықсызды да, ұятты жиып қойып елден қысылмаған қос «ғашықты» да, кекірейген келінді де, жалғанды жалпағынан басып жүрген жуанды да – бәрін-бәрін осы қала ішінен кезіктіресіз. Сыпайы сәлемдесіп, жылы қабақ танытып, көмек қолын ұсынуға даяр, қағілез, мейірімді жандарды көп кезіктірдім деп айта аласыз ба? Болса да көп емес. Біліп жасаса да, білмей жасаса да, күнәнің кірінен арыла алмай жүргендер баршылық. Бұл адам баласының имани тұрғыдан азғындауы», – дейді болашақ ұрпақ тәрбиесі тұрғысынан терең толғанып. Имани тұрғыдан азғындау дегеніміз не? Бұл сұраққа да оқырман

кітап ішінен жауап таба алады. «Ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу, салғырттық – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер» деген хакім Абай сөзін негізге ала отырып автор «өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ», сонау Абай заманындағы зәрін төккен дерт болса, ол бүгінгі таңның өзегіне түскен құрт болып отырғаны ащы болса да шындық» деп қоғамдағы қаны тамшылап тұрған шындық екенін нақты көрсетеді. Мұнымен қоса, автордың «Артық күлкі жиреніш тудырады», «Адамның сөзі – ақылының таразысы», «Әдепсіздерден «әдеп» үйрену», «Ашулы жұдырық күліп тұрған бетті ұра алмайды» деген тақырыптарда қозғаған ой-толғамдары, тайқазанда қайнаған сорпадай сапырылысқан заманның тамырын дәл басып тұр десек, артық айтпағанымыз. Ізгілік ізінің ғұмыры ұзақ болмақ екендігін көрсететін, жақсылықтың туын желбіреткен, иман аясы туралы жазылған бірқатар «сөз», «реніш», «мақтаншақтық», «тазалық», «ата-ана», «сәлемдесу» туралы мақалалар оқығанның көңіліне ой салары анық. Солардың бірқатарына тоқтала кетуді жөн санадық. Қазақ үш нәрсені арсыз дейді. Соның бірі – күлкі. Адам баласы шаттанғанда, қуанып бақыттан басы айналғанда күледі, іштей қаламаса да, жай жымиып қоя салатындар бар. Демек, күлкі әр түрлі. «Орынсыз күлкі ұрыс шақырар», «Арсызға арға байлап күлкі береді» деген тәмсіл сөздердің тылсымын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерімен байланыстырып, кітаптан бірнеше үзінділер келтірейік. Пайғамбарымыз: «Менің білгенімді білсеңіздер, аз күліп, көп жылар едіңіздер», – деп айтқан екен. Және Құрандағы «Күлесіңдер, бірақ жыламайсыңдар, тым қаперсізсіңдер», – деген аяттардың да терең сырын ұғынатын жан болса дейміз. Бос күлкінің адам көкірегінің бостығының белгісі екенін Мұқағали бір шумақ өлеңімен дәлелдей түседі. Ақылыңа айырбастап күлкіңді, Қайтесің сол күлкі деген шіркінді. Бейқам күліп өспеген соң өз басым, Бос күлкіні ұнатпаймын бір түрлі. Ақыретті ойламасақ, өзгенің нашар қылығына жанымыз ашымай, бәріне көз жұмып қарасақ, күлкіден бізге келер пайда

не? Көйлегіміздің көктігінен, қарнымыздың тоқтығынан күлеміз бе? Бос күліп ғапылдыққа салынбағанымыз жөн болар. Бір сәт жоғарыда айтылған ойлы орамдарға толы насихатты ақылға салып бағамдалық. «Көп күлу де әдепсіздіктің көлеңкесіне кіретінін ескерсек, әдепсіздерден де әдеп үйренуге болады екен». Осылай деген кітап сөзі мына оқиғаны мысалға келтіреді. Бір данышпаннан: «Осыншама әдепті қайдан үйрендіңіз?» – деп сұраса керек. Сонда «Әдепсіздерден», – деген екен. Тауып айтылған ойлы сөз. Сөз демекші, «сөйлеу де байыптылықты, парасаттылықты қажет етеді. Көп сөйлеу емес, дөп сөйлеу ғана ақылдылықтың белгісі. Қазақ – бір ауыз сөзге тоқтаған, сөздің сары майын қалқып алған халық. Жетес бидің: Адамның сәні – өнер, білім, ақылы, Жердің сәні – жеміс, өнім, дақылы. Сөздің сәні – өнегелі нақылы, Пікірдің сәні – ойландырар мақұлы, – деген ойлы өлеңі оқырман қауымды ойландырмай қоймайды», – дейді автор ойлы сөз бен сөйлеушісін қазақ бабамыздың қалай құрметтегенін Жетес бидің сөзінен мысал келтіре отырып. Ғасырлар өтсе де сарқылмай, халықтың қазанында қайнап жатқан бабалар сөзі мен жыраулардың толғауы кітапта мол. Мұсылмандықты берік ұстаған бабаларымыз халық арасындағы бауырмалдық пен бірлікті, ынтымақ пен сыйластықты, татулық пен көркем мінезді үгіттеп, өздерінің аманат жырларына арқау еткен Кердері Әбубәкір бабамыздың: «...Нұр иманның белгісі, Көңліміздің жұмсағы» – деген сөзі адам бойындағы көрікті мінездің мәйегі жұмсақтылық екенін меңзейді. Жұмсақ мінез, мейірім, сыйластық қана бізді бұл дүниенің дүрбелеңінен, қилықилы торапта жол көрсетіп, адамгершіліктің биігіне алып шықпақ. Мәдениеттілік, сезімталдық, ар-иба адамды бақытқа жетелемек. Қош, мұның бәрі кітапта айтылған қатпар-қатпар әлеуметтік, этикалық, діни толғамдардың негізгі тақырыптары, ал әр тақырыпқа арналған әңгімелер мен мақалалардың әрқайсысы – адамгершілік пен әдептіліктің мызғымас мектебі. Соның бәрі ой елегінен өтіп, ақыл-білім, әдеп, көркем мінез-құлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, қайырымдылық, жақсы қарым-қатынас таразы басына тартылады.

Кітап – парасатымызды пайымды ететін, жанымызды жақсылыққа бастап, жүрегімізге ізгіліктің шуағын шашатын, рухани азғындаудан сақтайтын құнды қазына. Қолыңыздағы кітаптың осындай салиқалы әңгімелер мен пікірлерге, әр беті жұмыр басты пенденің тұрмыс-тіршілігі мен сана-сезімі, мінезқұлқы жайлы, мына бес күндік жалғанда қалайша мәнді де салиқалы ғұмыр кешу керек деген көкейдегі сауалға ықылым заманда ой тастаған ұлылардың ұлағатты әңгімесіне, күллі жаратылыстың иесі – Жаратқанға деген шынайы ниет пен ыстық ықыласқа, дұғатілектерге толы. Адамдық борыш пен пенделік пейіл, әдеп құндылықтары, өмір өлшемдеріне деген көзқарас, артына өлмейтін хат қалдырған данышпандардың салиқалы ойлары, сыйластық пен қимастық, айналадағы болып жатқан оң өзгерістер мен мұсылманға жат теріс қылықтар, нәпсінің қалауы, өркениет пен мәдениетте орын алып жатқан келеңсіз жағдайлар туралы айтылған пікірлер кітапта өзінше бір төбе. Кітап адамның жан-жақты дамуынан, қарапайым күнделікті сөз сөйлеуден бастап, дұрыс жүріп-тұру, қарапайымдылық пен кішіпейілділік, ата-анаға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, көркем мінез жайында, уақыт кеңістігіндегі оқиғаларды тілге тиек ете отырып, адамзат өмірінде Исламның, діни тәрбиенің алатын орнын баса көрсетіп, рухани құндылықтарды дәріптеуге үндейді. Мұндай ғибратқа толы еңбектің бізге берері мол. Олай болса, кітапта айтылған көркем ойлар, өмірдің өміршең қағидаларын сөз еткен ғибратты әңгімелер, руханиятқа толы мысалдар көзі қарақты оқырман санасына ой салар деген үміттеміз. Оңғар Өмірбек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы

Бірінші бөлім АДАМИ МІНЕЗ – АРҒА СЫН

«СӘЛЕМ – СӨЗДІҢ АНАСЫ» Сәлемдесу – батыс елдерінде көбінесе «Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы кеш! Қайырлы түн!» болып келеді. Француздар сәнді қалпақтарын көтере бас изесіп, немістер оң қолын көңілдене көтеріп есендік ілтипатын білдіреді. Шығыс елдерінде сәлемдесудің түрі Тіпті,көп, қызығы өз алдына. Мәселен, көне қытайдың халқы бір-бірімен амандасқанда «Чылым-ю?» дейтін болған, онысы – «Тамақ іштің бе?» дегені. Сірә, ашаршылық жанына батқан бұқара халық «қарын тоқ болса, амандық сол» деп ұғынса керек. Алда-жалда жапон фирмасына жұмысқа тұра қалсаңыз, сізге алдымен бір ай бойы кіммен қалай амандасу керектігін үйретеді екен. Деңгейі өзіңізбен шамалас адамның қасында бірдей ғана бас иесіз, дәрежесі өзіңізден жоғары Че-ның яғни фирма директорының алдында барынша бүгіліп, иіліп сәлем беруге тура келеді. Тіпті,кейде үлкен басшының алдында жерге жығылып, маңдайды жерге тигізетін жайттар әлі де бар. Төс қағысып, құшақтасу, бір тізерлеп отыра қалып, қолын кеудесіне қою, маңдайдан иіскеу, қолынан сүю, беткебетті тигізу де осы шығыс халықтарына тән амандасудың дәстүрлері. Ал жалпы сәлемдесудің қоғамдық өмірімізде алатын орны қандай дегенге келейікші. Баянауыл өңірінен шыққан, артына 30 томдық мол мұра қалдырған үлкен Ислам ғұламасы Мәшһүр Жүсіп: «Біздерге сәлем беру болды – сүннет, Пайғамбар сүннетін тұт, болсаң үмбет» – деп, сәлемдесудің ең әуелі Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) істеген істерін өнеге тұтатын, ізінен ерген иісі мұсылман баласының барлығына тән сауапты іс екенін жұп-жұмыр екі-ақ жол өлеңмен бедерлеп берген. Қасиетті Құранды ашсақ, бұл жайында мынадай әдемі аятқа көзіміз түседі:

«Егер сіздерге біреу амандасса, сәлемін одан да асыра не дәл солай қабыл алыңыздар!»1. Өйткені сәлемдесу, амандық-саулық сұрасу – адамдардың бір-бірімен тез тіл табысуына, әңгімелесуіне, араласуына, өзара сыйластық, татулық, бауырмашылдық, жолдастық, достық құруына жол ашатын кілт. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Сендер толық иман келтірмейінше, жәннатқа кіре алмайсыңдар. Ал өзара сүйіспеншілікте болмайынша, толық иманға келмейсіңдер. Өзара сүйіспеншіліктеріңді арттыруға септігі тиетін нәрсені айтайын ба? Өзара сәлемдесіңдер, араларыңда сәлемдесуді жайыңдар!»2 – дейді. Бұны естіген сахабалар үнемі бірін-бірі көрген жерде ыстық ықыласпен сәлемдесу арқылы араларындағы сүйіспеншілікті, құрметті нығайтуға ұмтылған. Тіпті,мынадай қызықты әрі өнегелі жайттар да кездескен. Бірде Тұфайл ибн Әбу ибн Кағыб (р.а.) өзімен бірге базарға барғысы келген Абдуллаһ ибн Омарға (р.а.): – Сіз базарға не үшін бармақсыз? Бір нәрсе сатып алатын, не бір нәрсе сатайын деген түріңіз байқалмайды. Одан да келіңіз мына бір жерге отырып, біраз әңгіме-дүкен құрайық, – дейді. Сонда Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) оған: – Біз кейде үйден тек сәлемдесу үшін шығамыз. Кездескен кісілермен амандасып, есен-саулықтарын сұрасып қайтсақ болғаны, – деп жауап берген екен3. Әнас ибн Мәліктің (р.а.) айтуынша, тағы бірде мынадай оқиға болады: бір күні Омар ибн Хаттабқа (р.а.) біреу келіп сәлем береді. Ол сәлемін алып тұрып, «Қалың жақсы ма?» – деп әлгінің қал-жағдайын тәптіштей сұрады. Ол Құдайға 1 «Ниса» сүресі, 86. 2 Әбу Хұрайрадан Имам Муслим риуаят еткен. 3 Тұфайл ибн Әбу ибн Кағыбтан (р.а.) Имам Мәлік риуаят еткен.

шүкіршілік айта жауап қатты. Сонда хазірет Омар: «Менің сенен естігім келгені осы еді», – деп, қай кезде де ең әуелгі сөздің Алла Тағаланы еске алып, іле бас амандығы үшін шүкіршілік айту болғаны дұрыс екенін ұқтырды. Сәлемдесу әуелі адамды кішіпейілділікке тәрбиелейді. Хадисте: «Көлікте отырған адам – жаяуға, жаяу адам – отырғанға, аз адамдар – көпшілікке, жасы кіші – жасы үлкенге сәлем берсін»4, – дегені де тегін емес. Неге десеңіз, көліктен түсіп барып жаяу адамға амандасу, өзіңді жаяудың қасында артық сезінбе, алдымен кішіпейілділікті сен таныт, оның көңіліне қаяу келмесін дегені. «Екі мұсылман кездескенде бір-бірінің қолын алып, қалжағдай сұрасса, Алла Тағала сол мезет оларға жүз рақымын төгеді. Соның тоқсаны сол екеудің бірінші болып сәлемдесіп, ақжарқын қуаныш сыйлағанына бұйырады»5; «Екі мұсылман баласы кездескенде, олар бір-бірімен амандасып, қол алысқанда, Алла Тағала олардың осы сәт бір-біріне тілеген тілек-дұғаларын қабыл алады. Қолдары ажырамай жатып, күнәларын кешіреді»6, – деген хадистер адамды жылы жүзділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеп қана қоймай, сәлемдескен кезде, адамның күнәлардан арылатындығын, сауапқа кенелетіндігін хабардар етуде. Сәлем беру – адамға жақсылық, есендік, саулық тілеу дегенді білдіреді. Жүсіп Баласағұн бабамыз өз өлеңінде: «Сәлем – жолы есендіктің адамға, Сәлем бердің – саулық бердің аларға; Игі тілек, танытқанға мейірім – Алла сыйлар деннің саулық, хайырын», – дейді. «Ислам» дегеннің өзі сол есендік, татулық, бейбітшілікті бүтіндеуден туады. «Ассалаумағалайкүм» деген сөз «Сізге есен-саулық, тыныштық тілеймін!» дегенді білдіреді. Ал 4 Мүслим, Сәлем, 1. 5 Байхақи, Шуабул-иман, 7323. 6 әл-Барраудан (р.а.) Имам Әбу Дәуіт риуаят еткен.

«Уағалайкүм ассалам» болса, «Маған тілеген есен-саулық, жақсылықты сізге де тілеймін!» дегендік. Кейде сәлемді артығымен қабыл алу мақсатында «Ассалаумағалайкүм уә рахматуллаһи» (Сізге Құдайдың тыныштығы, есенсаулығымен қатар рақымын да тілеймін) деп, оған «Уа алайкумассалам уа рахматуллаһи уә баракатуһу» (Сізге Құдайдың тыныштығын, рақымын, оған қоса берекетін де тілеймін) деп те жауап беріліп жатады. Сәлем беру – сүннет болса, сәлем алу – парыз. Мұқағали ақынның: «Бағамын деп әркімнің қас-қабағын, Балам қабақ шытса да жасқанамын. Сәлемімді біреулер алмай кетсе, Екі иығым салбырап, пәс қаламын» деп күйін-геніндей, өкінішке орай, сәлемге салқын қарайтындар да кездесіп жатады. Бірақ ондайларға бола іштей ренжіп, сәлемдесуден суып қалудың реті жоқ. Өйткені «Сәләм» – Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі. Сондықтан сәлем беруші артық сауапқа ие болады. Хадисте, егер берген сәлеміңді қарсы жақ алмаса, әрбір сенің сәлеміңді одан гөрі жақсырақ, абзалырақ періштелердің алатындығы айтылған7. Мұсылманшылықты болмысына сіңіре білген қазақ халқы сәлемдесуге үлкен мән берген. «Әдептен құр қалмассың, Үлкенге сәлем бергенің» деп Ақтан Керейұлы (ХІХ–ХХ ғ.ғ). айтқандай, сәлем беруді мәні терең әдептілікке балаған. Амандасқанда алыс-жақынды түгел түгендеп шұрқыраса амандасқан. Берген сәлеміне қарап-ақ адамның қандай адам екенін таныған. Тіпті,келіннің үлкендерге иіліп сәлем салып тұруы секілді оның жасқа, шамаға, жынысына қарай реттілігін де дәстүрге тамаша енгізе білген. Сөз қадірін биік қойған қазақ Тіпті,«Сәлем – сөздің анасы» деп баға берген. Оны әйгілі Бұқар жыраудың мына бір өлеңінен жақсы байқауға болады: 7 Имам Ахмад, 4/20; Бұхари, Әдабул-муфрад; Әбу Яғла 3/127.

Әй, айташы, айтсаң айт! ...Құдіретімен жаратқан, Он сегіз мың ғаламды айт. Ақтан сия танытқан Дәуіт пенен қаламды айт. Сөйлеу үшін жаратқан Сөз анасы – сәлемді айт!

«ТАЗА БОЛСАҢ, СУДАЙ БОЛ!» Еуропалықтар ХІХ ғасырда ғана қолға алған тазалыққа мұсылмандар VІІ ғасырда-ақ қатты көңіл бөле бастаған. Еуропада патша сарайларының өзінде монша жоқ кезде, шығыста бұған барлық жағдай жасалып, тазалықтың күнделікті әдетке айналғаны таңғаларлық. Тіпті, сабынның өзін мұсылмандар ойлап тапқанын былай қойғанда, Ибн Сина, Рази, Абдулқаһир және Сахир ибн Насруллаһ сынды ғалымдар тазалық, денсаулық тұрғысынан моншаның қаншалықты пайдалы екендігін зерттеп те үлгерген. 1600 жылдары шығыс Испанияның инквизиция сотында испандықтардың мұсылман я христиан екенін денесінің тазалығына қарап ажыратқан. Саяхаттап келген өзге елдің адамдары мұсылман елдеріндегі тазалыққа таңғалатын болған. Иә, Ислам діні тазалыққа ерекше көңіл бөлген. Тіпті,алғашқы түскен аяттардың өзінде «Әй, бүркенген жан! Тұр, халыққа ескерт. Раббыңды ұлықта. Киіміңді таза ұста»8 деп хазірет Мұхаммедке (саллАллау аләйһи уә сәлләм) тазалыққа шақырған бұйрықтардың келуі ой саларлық. Осы уақыттан бастап, Пайғамбарымыз тазалық мәселесіне айрықша ден қоя бастаған. «Иманның жартысы − тазалық» деп білген ол әр дене мүшесінің тазалығын жіті қадағалаған9. Дәрет алған сайын, әрі тамақтанардан бұрын және кейін де мұқият қол жуатын болған. «Тамақтың берекеті – тамақтың 8 «Мүддәссир» сүресі, 1-4 аяттар. 9 Мүслим, Таһарат, 1.

алды мен артында қол жуу»10, – деп ескертетін. Сондай-ақ ұйқыдан тұрғаннан кейін де қол жуу керектігін еске салып: «Ешкім ұйқыдан тұра салысымен, қандай да бір ыдысқа қолын жүгіртпестен, алдымен қолын жусын. Түнімен қолымен не ұстағанын білмейді ғой»11, – дейтін. Пайғамбарымыз көрсеткен тазалықтың тағы бір үлгісі – тіс тазалығы. Әр намаздың алдында, мисуакпен тіс тазалағанын ескерсек, күніге ең кемі бес уақыт тіс тазалап тұрғанын көреміз. Бұған басқа да күншығыс, сәске, түнгі намаздарын, сондай-ақ тамақтанғаннан кейінгі уақыттарды да қоссаңыз, тіс дәрігерлерінің өзі мұншалықты тіс тазаламайтындай өте жиі тіс тазалағанына куә боламыз. Дәл осындай тазалықты бұйырар болса, үмбеті ауырсынатындығын біліп: «Үмбетіме ауыр соғады-ау деп тартынбағанымда, әр намаздың алдында мисуак қолдануын міндеттер едім», – деген екен12. Ауыз тазалығына көңіл бөлгені сонша – жағымсыз иіс шығаратын пияз бен сарымсақ жеуден де тартынатын. Өйткені мұншалықты таза болмаса, өзіне періштелер жақындай алмас еді. Осыны меңзеп: «Сіздер жеңіздер, менің жемеу себебім – маған періште келетіндігінде», – деп түсіндіретін. Тіс тазалығына онша мән бермейтіндерге: «Менің қасыма сарғайған тіспен, жағымсыз иіспен келмеңіздер» дейтін13. Кей уақыттарда тырнағы өсіп кеткендерді көргенде, ренішін жасырмайтын. Сондай кейіппен қасына келіп дін жайын сұрағандарға қарата: «Сіздерден маған біреу келіп, көктен хабар сұрайды. Қараймын, тырнақтары өсіп кеткен, іші кірге тола», – деп, бұндай ластықты ұнатпайтындығын білдіретін. Бір жолы хазірет Алиге де (р.а.) «Ей, Али, өсіп кеткен тырнақтарыңды алғайсың. Ішінде зиянды нәрселер жүреді», – деген еді14. Уахи арқылы көп жайтқа қанық 10 Бұхари, Уду, 26. 11 Муслим, Таһарат, 87. 12 Муслим, Таһарат, 42. 13 Суюти, Жамиус-сағир, 2/72. 14 Дәйләми, Фирдаус, 3/205, Дарул-кутубул-илмия, Бәйрут, 1986.

болып отыратын Пайғамбарымыз тырнақ ішінде микроб жүретінін халыққа сол дәуірде тек осылай ғана түсіндіре алғаны белгілі. Бірде өзінен көмек сұрап келген әйелге, Пайғам-барымыз бірнеше ешкі беріп тұрып: «Балаларыңызға айтыңыз, сауғанда, ешкілердің жанын ауыртып әрі желінін қанатпау үшін тырнақтарын алсын»15, – деген. Бұдан басқа, Пайғамбарымыз шаш күтіміне де айтарлықтай көңіл бөлген. Адамдардың шаштары кір-кір, алба-жұлба боп, дудырап жүргенін қаламайтын. Бірде, сақал-шашы ұйысқан, кір-қожалақ бір кісіні көргенде: «Мына кісі басын жуатындай су, шашын басатындай май таппаған ба?» – деп ренжіп еді. Бұған қоса «Кімнің шашы болса, жақсы күтсін»16 деп өсиеттеген. Әр жұма сайын ғұсыл құйынып, жуынып тұруға шақырғаны бөлек, дәрет алу кезінде аяқ, қол, ауыз, мұрын, бет, Тіпті,құлақ, мойынға дейін су тигізу күн сайын бірнеше мәрте қайталанатын мұқият тазалыққа жатады. Өйткені бүгінгі ғылым бір грамм мұрынның суында 10 млн бактерия болса, бір грамм түкірікте 100 млн бактерия кездесетінін анықтап отыр. Пайғамбарымыз бірде қабір басына келіп: «Сәлем сіздерге, уа, мүминдердің мекені. Иншалла, ерте ме, кеш пе, біз де сіздердің қатарларыңызға қосыламыз. Әттең, діндес бауырларымды да көрер ме едім», − деген еді. Қасындағылар: «Сіздің діндес бауырларыңыз біз емеспіз бе?» − деп сұрағанда, «Сендер менің сахабаларымсыңдар, бауырларым әлі келген жоқ», − деп жауап қайырған. Сахабалар: «Үмбетіңізден әлі келмегендерді қалай танисыз?» – дегенде, ол: «Біреудің бірыңғай жирен түсті үйірі болса, соның ішінен қасқасы мен аяғында аласы бар аттарын тани алады ғой. Дәрет алған мүшелер де осы секілді ақыретте аппақ болып жарқырай 15 Хайсами, Мәжмауз-зауаид, 8/196. 16 Әбу Дәуіт, Тәрәжжул, 3.

көрінеді. Содан танимын. Әркім шамасы келгенше, денесін нұрландыруға тырыссын»17, – деп жауап берген еді. Бір хадисте: «Бес нәрсені жаратылысынан адам қажетсінеді: мұртты басу, тырнақ қысқарту, қолтықты түктен тазарту, ұятты жерді түктен тазарту, сүндетке отыру»18, – деп, Исламдағы тазалық адам жаратылысын толық қамтитынын аңғартқан. Бүгінгі күні медицина ғылымы профилактикалық әрі гигиеналық тұрғыдан, сүндеттің адам ағзасына аса қажетті екендігін дәлелдеді. Батыс елдерінде сүндеттеу оқиғасы жиі ұшырасады. Өйткені қатерлі ісікке жол ашпау секілді жыныстық кеселдердің алдын алу, тазалық тұрғысынан олардың бұған әлдеқашан көзі жеткен. Құранда «Киіміңді таза ұста, жаман нәрселерді таста»19 делінгендіктен, Пайғамбарымыз әрқашан киіміне қыл жуытпауға тырысқан. Намаз оқу үшін де киімнің тазалығы маңызды болғандықтан, «Ақ киім киіңіздер. Ақ түсті киім әдемі көрінеді, тазалық тұрғысынан да ыңғайлы. Мәйітті ақ түсті матамен кебіндеңіздер»20, – деп, ақ киген жағдайда тазалыққа көңіл бөлудің анағұрлым артатындығын аңдатса керек. Киімі әбден лас болған адамды көріп, «Мына кісі киімін жуатын ештеңе таба алмаған ба?!»21 – деп ренішін білдірген еді. Барша мұсылмандарға таза киініп, таза жүріп-тұруды өсиет етті. Құранда

«Әй, адам баласы! Мешітке барған сайын әдемі киімдеріңізді киіңіздер»,22 – деп айтылғандықтан, мешітке барарда, сондайақ мереке күндері үсті-басының тазалығын жіті қадағалай түсетін. 17 Мүслим, Таһарат, 39. 18 Муслим, Таһарат, 49, 56. 19 «Мүддәсир» сүресі, 4-5-аяттар. 20 Табарани, әл-Мұғжамул-кәбир. 18/225. 21 Әбу Дәуіт, Либас 14. 22 «Ағраф» сүресі, 7/31.

«Алла Тағала − мәрт, жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла Тағала − таза, тазаланғандарды жақсы көреді. Ендеше, үйлеріңіздің маңайын таза ұстаңыздар»23 деген Пайғамбарымыз үмбетін әрқашан өзі тұратын үйді, ауласын таза ұстауға шақырған. Бірде «Абайлаңыздар, қарғыс атқандардың қатарынан болмаңыздар» деп еді. Олардың кімдер екенін сұраған сахабаларына: «Ел жүретін жолға, ел көлеңкелейтін ағаштың түбіне, өзен, көлдің жағасына дәрет сындырып ластағандар»24, – деу арқылы қоғамдық орындарды да таза ұстағандарды құп көретінін жеткізді. «Суға дәрет сындырмаңыздар. Сол судан дәрет алу я болмаса ғұсыл алу қажет болмасын қайдан білесіздер? Ешкім жүніп кезінде су құйылған ыдыстың ішіне түсіп шомылмасын. Басқа бір ыдыспен су алып сыртта жуынсын»25дегені де тазалық тұрғысынан аса мәнді екені сөзсіз. Құранда «Біз берген рызықтың адалынан ғана жеңдер»26 делінгендіктен, күнделікті алдындағы асының да адал болуына қатты көңіл бөлген. Тіпті,жай кезде тағам бетінің ашық қалып кетпеуін де жиі ескерткен. Бірде өзіне беті ашық ыдыспен сүт әкелгенінде: «Тақтаймен болса да бетін жауып әкелмедіңіздер ме?», – деген еді. Исламда сыртқы тазалықпен қоса ішкі рухани тазалыққа да айтарлықтай мән берілген. Өйткені сыртқы тазалық пен ішкі тазалық үйлескенде ғана адамның жаны нұрланып, жасаған құлшылықтары қабыл болмақ. Ішкі тазалық − жүрек тазалығын, көңіл ақтығын, ниеттің дұрыстығын, пейілдің ақжарқындығын, әдептілік пен адамгершілік қасиеттердің кемелдігін құрайды. Жүректі таза ұстау жөнінде Пайғамбарымыз былай дейді: «Адам 23 Тирмизи, Әдаб 41. 24 Мүслим, Таһарат, 68. 25 Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, 2/259, 265. 26 «Ағраф» сүресі, 7/31.

баласының денесінде жұдырықтай ет бар. Сол жақсы болса, бүкіл дене (іс-әрекеттері) жақсы болғаны. Ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Абайлаңыздар, ол − жүрек»27. Және бір сөзінде «Әр затты кір шалғаны тәрізді жүректі де кір шалады. Оны тәубамен, кешірім тілеумен тазалап отырыңыздар» деп, жүректі қалай таза ұстау керектігін де үйреткен. Өзі күн сайын жүзден аса мәрте Жаратқаннан кешірім тілейтін. Сонымен қатар, «Лә иләһә иллАлла» секілді зікірлердің де жүректі тазартатындығын айтады28. Рухани тазалыққа: өтірік, өсек, балағат сөздерге, ғайбатқа үйір болмау, екіжүзділік пен жалақорлықтан, ұятсыздық, арсыздықпен қатар тәкаппарлықтан бойды аулақ салу, күнәлі істерге жуымау, харам ас жемеу, қулық-сұмдық, алдауарбаудан өзін жырақ ұстап, ешкімнің ала жібін аттамай, кісі ақысына көңіл бөлу, ешкімді күндемеу, жан баласына жамандық ойламау, өзіне өлшеп берілген нығметтерге шүкіршілік ету т.б. жатады. Айнаға қараған сайын: «Я, Раббым, сыртқы бейнемді әсем еткеніңдей, ішкі жан дүниемді де әсемдей гөр!» – деп тілеген Пайғамбарымыз рухани тазалығымен, көркем мінезімен әрдайым өнеге-үлгі көрсеткен. Өзіне қаскөйлік танытып, сан мәрте қастандық жасап, келеке еткендердің бәрін де кешіре білу − үлкен мейірім иесі екендігінің дәлелі. Пайғамбар салған сара жол айналасындағыларға үлгі болды. Әбу Бәкір (р.а.) бірде құлының алып келген асының харам екеніне көзі жеткенде, дереу саусағын тамағына жүгіртіп, өзін қинап құсып тастаған еді. Имам Ағзам Әбу Ханифа Куфада бір қойдың ұрланғанын естігенде, сол қойдың етін жеп қоям ба деп қауіптеніп, қойдың жасын есептеп, он шақты жылдай бір түйір де қой етін аузына салмаған деседі. Тағы бірде матаны қымбаттау сатып алған бір кісіні 27 Бұхари, 1/20 (52). 28 әл-Хаким, Тирмизи, Нәуадирул-усул 2/204..

кезіктірген уақытта: «Бұл матаны менің дүкенімнен қалай қымбатқа алып жүрсіз, бағасы арзанырақ еді ғой», – деп алушының қарсылық көрсеткеніне қарамастан, дүкенге қайта ертіп әкеліп, артық ақшасын қайтарып берген екен. Пайғамбарымыздың «Мына кісі − жұмақтық» деп көрсет­ кен сахабасы өмірінде қызғаныш дегенді білмейтін. Ешкімді күндемейтін, ғайбат сөйлемейтін, момын адам екен29. Міне, осы сарындас мысалдардың барлығы да ішкі рухани тазалықтың тұнығына қол жеткізгендерде кездескен. Таразылай салмақтап қарасақ, сыртқы тазалықпен қатар ішкі тазалықтың мәні зор екенін көреміз. Ішкі жан дүниенің тазалығына көбірек көңіл бөлу керектігін ата-бабаларымыз өзінің толғау-өлеңдерінде, елге айтқан насихаттарында тілге тиек етеді. Айталық, Үмбетей жырау елдің тұтқасын ұстап, үлгі болған жандарға басу айтқан бір сөзінде: Әй, Ақтамберді, Қабанбай, Суытпа бекер түсіңді, Қайрама мұнша тісіңді. Сырт тазасы не керек, Тазарт әуел ішіңді! − десе, Ақмолда Мұхаммедиярұлы (1831–1895): Әуелі жуу керек іштің кірін, Іште толып жатпасын сасық ірің. Аһ, дариға, іш тазарсын, іш тазарсын, Әйтпесе пайда бермес құры білім, − деп өмірде ойға түйген тәлім мен бойға жиған білім адамды тазалыққа бастап, ізгілікке жетелеп, адамдығын арттырмаса, «сырты бүтін, іші түтін болу» опа бермейтіндігін айтқан. Абай атамыз да өз өлеңінде халыққа Ислам дініндегі тазалықты дұрыс насихаттау керектігін, сыртқы тазалығына көңіл бөлетіндердің көп жағдайда ішкі рухани тазалыққа да 29 Ю. Кандаһлауи, Хаятус-сахаба, 2/164.

соншалықты көңіл бөле бермейтіндігіне қынжыла отырып өлеңіне арқау етеді: Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған, Хүснізан мен иманды білді ойлаған. Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай, Сыртын қанша жуғанмен іші оңбаған... Иә, «Мықты болсаң жердей бол, бәрін шыдап көтерген, таза болсаң судай бол, бәрін жуып кетірген» демекші, Ыбырай Алтынсарин бабамыздың да оқырмандарын бұлақтай тұнық, судай таза болуға шақырған «Таза бұлақ» әңгімесінің астарында үлкен мән жатқан жоқ па?!

«АДАМНЫҢ СӨЗІ – АҚЫЛЫНЫҢ ТАРАЗЫСЫ» Қазақ – о бастан сөз құдіретін жете түсіне білген, сөзге қатты мән берген халық. Ел ішінде ауыз әдебиетінің, айтыс, терме, жыр, дастан, шешендік өнердің биік дәрежеде дамығаны – осының айғағы. От тілді, орақ ауызды сөз дүлдүлдеріне жұрт қай кезде де зор құрметпен қараған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін сөзге қатысты мақал-мәтелдер жетерлік: «Сүйкімді сөз сүйек балқытар»; «Жақсы – байқап сөйлер, жаман – шайқап сөйлер»; «Тілден бал да тамады, зәр де тамады»; «Оттың шаласынан сөздің шаласы жаман»; «Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады»; «Ұялмас бетке талмас жақ бітеді»; «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Көз жетпеген жерге сөз жетеді» т.б. Рас, жас кезінен дұрыс, әсем сөйлеуге дағдылану – адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі. Мұсылман жұртшылығы бұған үлкен жауапкершілікпен қараған. Өйткені қасиетті Құранда бұл турасында «Расында да, сіздерді қорғаушылар бар. Мәртебелі жазушылар. Не істегендеріңізді бүкпесіз біліп тұрады»30, – деп, әр адамда аузынан шыққан сөзді жазып алып тұратын екі періште болатындығын ескертуде. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллАллау аләйһи уә сәлләм) өміріне көз салсақ, сөз сөйлеуге аса бір байыппен қарағанын көреміз. Айша анамыздың айтуынша, Пайғамбарымыз сөз 30 «Инфитар» сүресі, 10-12 – аяттар.

сөйлегенде асықпай-аптықпай баппен сөйлеген. Қажет кезінде ұғынықты болу үшін айтқан сөзін бірнеше рет қайталаудан жалықпаған31. Сөздері мірдің оғындай өткір әрі даналыққа толы болғандықтан, естіген жанға қатты әсер еткен. Бір тыңдаған жан тағы да тыңдауға құмартқан. Тілі таза әрі шұрайлы, барынша ұғынықты болған. Бұны өз сөзінде: «Арабтардың ішіндегі ең таза, шешен сөйлейтіні менмін», – деп білдірген, «Өйткені Алла Тағала маған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білетін ерекше қасиет дарытқан», – деп түсіндіретін32. Дауысы зор, жағымды әуезбен сөйлегенде, ел оның әңгімесін тыңдауды бір ғанибет көретін. Аузынан ешқашан жаман сөз шықпаған. Жаймашуақ не ашулы кезінде де сөздің әділін ғана айтатын. Айтқан сөзінің артығы не кемі болмайтын. Өте анық айтатындықтан, әрі арасында сәл кідіретіндіктен, тыңдап отырған кісілер сөздерін тез жаттап алатын. Жөн-жосықсыз сөйлейтіндерді жақтырмайтын, өзіне ұнамсыз бір жайтты жанындағыларға сездіргісі келгенде, оны астарлап жеткізетін. Өзі тоқтағанда барып қасындағылар кезекпен сөз алатын. Үнемі сахабаларына күлімсіреп қарайтын, арасында олардың да сөйлегенін ұнатып, мұқият құлақ салатын. Өзін солардың қатарында санайтын. Пайғамбарымыздың сөз сөйлеген кезін сахабалар: «Біз Пайғамбарымыз сөйлей бастағанда басымызда құс қонақтап отырғандай, соны ұшырып алмайық дегендей аса бір сақтықпен құлақ салып тыңдайтынбыз», – деп еске алады33. Пайғамбарымыз мұсылман адамның не нәрсеге қараса да ғибратпен қарағанын, үндемеген кездерінде Жаратқанды ойлап терең ойға берілуін, ал сөйлеген кезінде мәндімағыналы сөз айтуын қалаған. Өсек, өтірік, шағыстыру, ғайбат секілді көп күнәнің тілде жатқанын ұқтырып: «Адам баласы көп күнәні тілінен табады», – деп ескерткен. Айша 31 Тирмизи, Мәнақиб, 9. 32 Али әл-Мұттақи, Кәнзул-ұммал, 11/412. 33 Бұхари, Жиһад, 37.

анамыз бір әйелдің бойының қысқалығын айтып қалғанында: «Қой, ғайбат айтпа. Әлгі сөзіңді теңізге тастаса, тұтас былғап жібергендей екен», – деп сол мезет тыйған болатын34. Әркез мұсылман адамның тілге өте абай болу керектігін сездіріп: «Шын мұсылман – тілі мен қолынан ешкімге зияны тимейтін адам», – дейтін35. Бос сөз, құрғақ әңгімемен уақыт өткізуді ұнатпай: «Мұсылман адамның Исламнан алған ең ізгі қасиеттерінің бірі – бос сөзден арылуы» , «Кімде - кім Аллаға, сондай-ақ ақырет күнінің растығына сендім десе, сөйлегенде мәнді нәрсе айтсын, әйтпесе үндемесін», – дейтін36. Өзі сөйлеуге қажеттілік тумаса, жай кезде үндемегенді жөн көретін: «Үндемеуде үлкен даналық бар, әттең, оның байыбына баратындар бірақ өте аз», – деп қынжылатын37. Үш кісі отырғанда, екі кісінің өзара күбірлесіп сөйлескенін дұрыс көрмейтін. Өйткені бұл үшінші кісінің көңіліне келуі мүмкін деп түсіндіретін38. «Сиырдың шөп күйсегеніндей етіп, көбікезуліктеніп сөйлейтіндерді Алла Тағала ұнатпайды», – деп мейлінше ұғынықты әрі анық сөйлеуге шақыратын39. Қандай да бір көпшіліктің арасында сөз сөйлеудің жолы әуелі жасы үлкен кісіге тән екендігін білдіретін. Бірде көпшіліктен сұралған оқиғаны сол жердегі жасы ең кіші Абдуррахман ибн Сәхл бірінші болып айтуға оқталғанда: «Сөзді жасы үлкенге бере ғой»40, – деп еді. «Өзіне (тікелей) қатысы жоқ нәрселерге көңіл бөлмеуі – кісінің жақсы мұсылмандығын байқатады»41, – деп, өзіне қатысты емес әңгімені тыңдауға құмартпауға баулитын. Насихат сұрап келген адамға: «Ертең жерге қаратып, кешірім сұрауға мәжбүр ететін сөзді айтпа»42, 34 Ибн Касир, Хужурат 12,3/365. 35 Бұхари, Иман, 4-5. 36 Бұхари, Әдаб, 31, 85. 37 Дәйләми жеткізген хадис 38 Бұхари, Истизан, 47. 39 Әбу Дәуіт, Әдаб, 94.. 40 Бұхари, Жизия, 12. 41 Тирмизи, Зүһд, 11. 42 Ибн Мажа, Зүһд, 15.

– деп, жан-жақты ойланып барып сөйлеу керектігін меңзеген. Сахабалардан Осман ибн Мазун қайтыс болғанда, әйелінің «Жаннатың құтты болсын, Османым» дегенін құлағы шалып қалғанда, «Мен пайғамбар бола тұра, ақыреттегі өз жағдайымды біле алмаймын. Сіз қалай білесіз?!»43 – деп, ойланбай сөйлей салуға болмайтындығын сездіріп еді. «Кім маған екі ұрты мен екі санының арасындағы мүшелеріне ие бола алатындығына кепілдік берсе, мен де оның Жаннатқа баратынына кепілдік беремін»44, – дегенде де, адамды байқамастан ең көп күнәға итермелейтін қылық, зинақорлық пен тілден келетін кесел екеніне көңіл аудартқан. Естір құлаққа жағымды сөз айтудың садақаға, сауапты амалға жататындығын жиі айтатын45. Сүлеймен пайғамбар бірде «Құдай қаласа» деп айтпағандықтан бір ісі орындалмаған екен46. Осыны әңгімелеп әрі Құранның «Мен мына істі ертең істеймін демеңдер, «Құдай қаласа» деп қана айтыңдар»47 деген аятын түсіндіріп, сөз сөйлегенде, мұсылмандық әдеппен «Құдай бұйыртса» деп айтуға дағдыландыратын. Өйткені Алла қаламайынша, ешбір істің орындалмайтындығын түсіндіретін. Пайғамбарымыз сөз сөйлеуге осыншалықты жауап­ты­ лықпен қарағандықтан, сахабалар да бұған қатты көңіл бөлетін болды. Тіпті,керек кезде ғана сөйлеуге дағдылану үшін жай уақытта аузына тас салып алатындары да кездесті. Сөз сөйлеудің үлкен нығмет екенін, аузынан шыққан әр сөзге ертең о дүниеде есепке тартылатындығын білгендіктен бос сөз, бөстекі әңгімелерге салынбауға тырысты. Осы ұстаным келе-келе Әбу Бәкір (р.а.) сынды тақуалықта заңғар 43 Тирмизи, Бирр, 40. 44 Бұхари, Риқақ, 23. 45 Бұхари, Әдаб, 34. 46 Бұхари, Әйман, 3. 47 «Kәһф» сүресі, 23-24.

тұлғалардың «Алла разылығы үшін айтылмаған сөзде қайыр жоқ, Алла разылығы үшін жұмсалмаған байлықта қайыр жоқ» деп ой қорытуына себеп болды. Али (р.а.): «Жүрек таза болғанда ғана тілден оңды сөз шығады», – деп, сөздегі дұрыстық – жүректегі иманға, тілдегі зікір – ойдағы пікірге байланысты екенін меңзеген. Кісі жайшылықта нені көп ойласа, айтатыны да сол болатындығын тұспалдап, ойды таза ұстау қажеттігін тілге тиек еткен. Құдайға ғашық боп өткен сопылардың да бір ұстанымы «Не Алла туралы айт, не Алланың бізге айтқанын айт» болғаны тегін емес. Бұл ұстаным Пайғамбарымыздың «Аллаты еске салмайтын сөздерге көп үйір болмаңдар. Зікірден тыс сөздер жүректі қатайтады. Алладан ең алыс адамдар – жүрегі қатты адамдар екені даусыз»48 деген хадисінен туындағаны анық. Сөз сөйлей білудің мәдениеті кең. Айталық, басқаларды тыңдай білу де өнер. Өйткені «сөздің жартысы – айтушынікі болса, жартысы – тыңдаушынікі» деген бар. Сол саланың маманы болса бір сәрі, кей кісілердің тек мен ғана сөйлейін дегендей омыраулап оңайлықпен сөз бермеуі білгішсінгендей жағымсыз әсер қалдырады. Ондай адамның сөз алғанын ел ендігәрі қаламасы анық. Әбу Бәкір (р.а.) бұл жайында: «Сені тоқтатқанша сөйлегеніңнен гөрі – сені сөйлеткенше үндемей отыруың әлдеқайда артық», – деген екен. Бұған қоса, өзіне қызық болғанмен өзгелерге қызықсыз тақырыпты сөз етіп отырып алу да, отырған жұртты мезі етеді, әрі сөйлеушінің мәдениетінің төмендігін аңғартады. Сол себепті, баршаға ортақ тақырып таңдай білген дұрыс. Отырғандардың деңгейімен санасу, бәріне түсінікті тілмен жеткізе білу де өте маңызды. Ғалым кісімен әңгімелесу сауаты жоқ адаммен әңгімелескендей болмасы анық. Сөз арасында түсініксіз ұғымдардың көбейе беруі тыңдаушыны тез жалықтыратынын есте ұстау керек. Бұған қоса, жүрекпен айтылған сөздің ғана жүректерге жететінін қаперге алған 48 Тирмизи, Зүһд, 62.

абзал. Кейбіреулердің бір сарынды, тым селқос баяндаған әңгімесі қанша мағыналы болса да, бояуы сұрықсызданып, көңілді бір серпілтіп тастауы екіталай. Көп сөйлеу емес, дөп сөйлеу ғана ақылдылыққа жатады. Қысқа қайырып, тоқетерін ғана айтатын жерде кей кісілердің орынсыз көсіліп, сөзді сағызша созуы, тыңдарманның құлағын жауыр ететінін есте ұстаған жөн. Тыңдарманға пайдасы тиетін, ойлы көңілден туған сөз болса ғана айтуға дағдыланған дұрыс. Кей кісілердің мәнмағынасы жоқ, пәтуасыз сөзге салынуы тыңдармандардың алтын уақытын текке кетіреді. Сөз тыңдауға бөлген уақытына тыңдармандар өкінбеуі тиіс. Ондайда көпшілікте «Қап, осы уақытымды одан да басқа бір пайдалы іске жұмсасамшы» деген өкініш туып, санын соғып қалуы бек мүмкін. Сол себепті, біреудің уақытын алудың да сұрауы барын ұмыт­ паған жөн. Өнегелі, мазмұнды сөз айту турасында Жетес бидің айтқаны бар: Адамның сәні – өнер, білім, ақылы, Жердің сәні – жеміс, өнім, дақылы, Сөздің сәні – өнегелі нақылы. Пікірдің сәні – ойландырар мақұлы! Сөз арасында «әлгі», «жаңағы», «бағанағы», «сосын», «яғни» деген секілді бір сөзді үздіксіз қайталай беру де сөйлеушінің кемшілігіне жатады. Сондай-ақ сөз арасын бөтен сөзбен былғап, тілді шұбарламай, шұрайлы тіркестер қолдана білу, кісінің ділмарлығын көрсетеді. Тыныстауға демі жетпей қалатын науқас секілді ойын айтуға әлсін-әлсін тілі жетпей қалатын, сөзге шорқақ адамды тыңдау мен сөзге бай, тілге шешен, ойы жүйрік адамды тыңдау бірдей әсерге бөлемейтіні анық. Сөз маржанын тере білген ақын ағамыз Мұқағали бір өлеңінде: Тіл өнерін, сиқырлы сөз өнерін, Оңбайсың сөз өнерін тежегенің! Тілден алмас жоғалса, сөзден қанжар,

Бұл тірліктен бір күнде безер едім... – деп, тіл қасиетін дұрыс парықтай алмай, сөз нарқының мәнін қашыратындарға қатты қынжылатындығын ұқтырған. Кереңге айтып тұрғандай қатты дауыстап не мылқауға айтып тұрғандай тым сыбырлап сөйлеу де кісіге жараспайды. Сондай-ақ тыңдарманның сөз тыңдауға қаншалықты құлықтылығын сезе білу де аса қажет. Неге десеңіз, құлықсыз я сөз түсінбейтін адамға әңгіме айту далаға айтылған сөзбен тең. Қанша ақылды сөз болғанмен, ол оның қадірін ұқпайды. Бұл туралы айтқан Абай атамыздың сөзі қандай мағыналы: Уәзінге өлшеп тізілген. Қайран тіл, қайран сөз, Наданға қадірсіз... Сөз сөйлеу әдебіне бұдан басқа әдепті істер: үлкен кісінің сөзін бөлмеу, екі адам арасында әңгіме тасып, бірді-бірге шағыстырмау, сыр сақтай білу, әуелі амандаспай тұрып сөз бастамау, дөрекі сөйлемеу, тілді балағат сөздерге үйретпеу, ешкімнің көңіліне жара салмау, сыпайы сөйлеу, өзің жақсы білмейтін жайтты сөз етпеу, айтқан уәдеңде тұру, өтіріктен аулақ болу т.б. жатады. Қорыта келгенде, адамдық қасиеттерді кемелдендіре түсуде дұрыс сөйлей білуге көңіл бөлудің орны ерекше. Өйткені ол – адамның ішкі жан дүниесінің айнасы. Жүрек тазалығы мен ой тұнықтығының, мәдениеттілік пен кісіліктің белгісі, арабтарша айтқанда «ақылдың таразысы». Атам қазақ: «Кісіні аузындағы сөзінен таны», – деп бекер айтпаса керек.

ЖАМАН ӘДЕТ ЖАҚСЫ АТ ӘПЕРМЕЙДІ! Бірде ақылы жұрттан асқан Платон көшеде жүріп, бұзақылық жасап тұрған бір баланы ұстап алып ұрсыпты. «Мені болар-болмас нәрсе үшін сонша жазғырғаныңыз қалай?» – деп, томсырайған баланың иығына қолын қойып тұрып данышпан: «Жаман дағдыға ешқашан елеусіз қарауға болмайды», – деп ескерткен екен. Жай уақытта көпшілік аса мән бере бермейтін дағдының, адам өмірінде алар орны ерекше. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» демекші, адам – өз ортасына тез бейімделгіш, көрген жағымды-жағымсыз қасиеттерді бойына тез жұқтырып алатын болмыс. Осы орайда, әсіресе жағымсыз әдеттің адамға кері әсері мен одан қалай арылудың жолдарын сөз ету әңгіме етуге тұрарлық мәселе. Жаман әдет деген не? Жаман әдет дегеніміз – сырт көзге ұнамсыз, моральдық этика нормаларына сай келмейтін, адамның жеке басына (денсаулығына, беделіне т.б.) кері әсерін тигізетін, жиі қайталанатын, соңы көп жағдайда зор өкінішке ұласатын аса жағымсыз қылықтар. Айталық, темекі, арақ, есірткіге құмартушылық, өтірік айту, жамандау, өз ісінің емес, өзгелердің қателігін қазбалау, ауызды балағат сөзге үйрету, екі кісіні шағыстыру, қызғаныш, қолын сұғанақтықтан тыймау, сұраншақтық, ең аяғы түкіре беру т.б. «Жаман әдет – жұқпалы» Нашар әдет қайдан жұғады? Нашар әдет күнделікті араласқан адамдардан, дос-жарандардан, қоршаған ортадан, көрген бейәдеп бейнефильмдерден т.б. жұғады. «Әр сәби өмірге күнәдан таза болмыспен келеді» деп хадисте айтылғандай, адамның сәби шақтағы пәк болмысы есейе

бастаған шағында жақсы-жаман орталарға тап болуына байланысты өзгереді. Әсіресе жасөспірімдік әрі жастық шақта еліктеушілік қасиеті басым тұрады. Бұл уақытта, «Бір рет сынап көргенде тұрған не бар?», «Мен одан қалаған уақытымда бас тарта алам» деген жеңсік ой көп адамның алдануына әкеліп соғады. Шын мәнінде «Бір еткеніңді екі етерсің. Екі еткеніңді үш етерсің. Үш еткеніңді әдет етпей не етерсің?!» демекші, екі-үш рет қайталанған істің әдетке айналғанын адам сезбей қалады. Бастапқыда ескермегендіктен, одан құтылу барған сайын қиындай түседі. Бұл турасында мына бір ғибратты әңгіменің мазмұны адамға ой саларлық: Бір жас жігіт жаман әдеттерінен арылудың жолын сұрап бір данышпанға барыпты. Данышпан кісі оған: «Сен ана бір жас шыбықты суыршы», – депті. Ол қиналмайақ суырып алыпты. Енді одан жуанын суыруын тапсырыпты. Ол досын көмекке шақырыпты. Ал одан да жуан ағашты көрсеткен екен, көп адам жиналып ырғаса да, оны орнынан қозғалта алмапты. Сонда данышпан: «Көрдің бе? – депті, – жаман дағдыдан бастапқы кезде құтылу жеңіл. Ол кезде оған өзіңнің де шамаң жетеді. Кейіннен достарыңды көмекке шақырасың. Ал нашар қылықты көп уақыт қайталап, ол қанға әбден сіңгенде, көмекке қанша адамды шақырсаң да, бәрі кеш болады», – деген екен. Жаудың ұсағы да – жау Кей жағдайда өмірде ұсақ нәрселердің еленбеуі, кейін уақыт өте келе адамға опық жегізіп, сан соқтыртып жатады. Асылында, алғашында аса көзге ілінбейтін нәрселерге де мән беріп қарап жүрген дұрыс. Алаштың ардақты азаматы Ахмет Байтұрсынұлының ұлағатты сөзі бар: «Кiшкене кiлттің үлкен сарайға жол ашатыны сияқты, үлкен iске көбiне жай iстерден бастау алады, кiп-кiшкене ұшқыннан үп-үлкен өрт шығады». Расында, сарай қаншалықты зәулім болса да, оған кіп-кішкене ғана кілт жол ашады емес пе? Тұтас ормандарды алып кететін үлкен өрт те, қып-қызыл шоқтың

майда ұшқындарынан пайда болмай ма? Олай болса, кілтке де, ұшқынға да көңіл бөлмеуге бола ма? Бұған мысалдар жетерлік. Бір патша: «Кімде-кім ормандарымнан бір бұтақ кесетін болса, мен оның басын кесемін!» – деп жар салыпты. Неге? Өйткені бүгін бұтақты кескен адамның ертең ағашты да кесуден тайынбайтынын жақсы білген. Былайша айтқанда, бүгін түйме ұрлатқан жаман дағды ертең түйе де ұрлатуы мүмкін деген сөз. Шынында да, өмірде ұсақ нәрселердің маңызын ешкім жоққа шығара қоймас. Айталық, көз кіп-кішкене болғанымен, адам үшін қандай орасан зор қызмет атқарып тұр? Керек десеңіз, бармақтай көзге тау да, тас та, аспан да, қара жер де – бәрі сыйып тұр емес пе? Кіп-кішкене тас үлкен әйнекті күл-парша етеді... Кішкене у қосылған суды іше алмайсыз... Меңдей ғана дәрі меңдеген дертіңізге шипа болады... Тышқан қазған інге ат сүрініп кетуі мүмкін... Кішкене ғана тесігі бар қайық суға батады... Мылтықтың кішкене ғана шүріппесін ойланбай басып қалу... Демек, «Зор дұспаннан қандай сақтансаң, ұсақ жаудан да сондай сақтан» деген Шәкәрім бабамыздың сөзімен еріксіз келісесіз. Нашар әдеттің нашарлығы неде? Нашар дағды – тәрбиесіздік пен мәдениетсіздіктің көрінісі. Ол – адамның абыройын төгіп, көп жерде ұятқа қалдырады. Басқалардың өзінен бойды аулақ салып, жиіркене қарауына себеп. Айталық, үнемі өтірік айтатын адамның шын сөзіне де халық күмәнмен қарап, сенбейтін болады. Аузы балағат сөзге үйренген адам да сыртқа өз тәрбиесіздігін байқатады. Жиі түкіріне беру де өзгелердің жиіркенішін тудыратын жаман әдеттердің бірі. Хадисте қарғысқа ұшырайтындардың қатарында қоғамдық орындарды былғайтындардың

айтылғанын, әрі жөнсіз түкіріктің де күнәға жататыны ескертілгенін назарға алсақ, ел жүретін жолға қалай болса солай былш-былш түкіріп кете баратындардың қаншалықты нашар қылыққа бой алдырғанын шамалауға болады. Ғылымдағы мәліметтер бойынша, бір грамм түкірікте 100 млн бактерия кездесетіні белгілі. Олай болса, түкіріне беретіндер ортаны ластап, қаншама ауру да таратуда. Міне, көрдіңіз бе, бір ғана жаман әдеттің зияндығы қандай?! Бұл тұста көрші Қытай елінде арнайы қоқыс жәшігіне емес, ел жүретін көшеге, жерге түкіретіндерге мың юань айыппұл салынатындығы үлгі аларлық. Статистика не дейді? Бүгінгі күні Қазақстанда түрлі жаман әдеттердің салдарынан зардап шегіп жатқандар саны аз емес. БАҚта жарияланған мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстанда ресми тіркелген нашақорлар саны 57 мың адамға жеткен. Иненің ілгегіне іліккендердің 42,5 пайызы – 17-26 жас шамасындағы жастар, ал әрбір төртінші нашақор – 1216 жастағы жасөспірімдер. Нашақорлықтың медициналықәлеуметтік мәселелері жөніндегі республикалық ғылымитәжірибелік орта-лығының директоры А.Катков тәуелсіз жүргізілген зерттеулер қорытындысы ресми көрсеткіштен шамамен 5 есеге көп екенін алға тартады. Ғалымдар ұл балалардың 55 пайызының, қыздардың 82 пайызының ағзасы героинды алғаш қолданғаннан кейін-ақ оған тәуелді болып қалатынын дәлелдеген. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ұлттық орталықтың мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан халқының 45,4 пайызы аптасына 1-2 рет алкогольді өнім тұтынады. Бұның жастар арасындағы көрсеткіші тым жоғары. 2029 жас аралығындағы жастардың 64,4 пайызы, 15-17 жас аралығындағы жастардың 37 пайызы тұрақты түрде ішімдік ішетін көрінеді. Ал 500 мыңға жуық Қазақстандық маскүнемдікке салынған немесе түрлі деңгейде алкоголизмге

бой ұрған. Қазақстанның денсаулық сақтау саласына бөлінетін бюджет қаржысының 70-80 пайызы шылым мен алкогольді өнімдерді тұтынатын, өз денсаулығына немқұрайды қарап, түрлі ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу үшін жұмсалады. Орыстың әйгілі физиологы И.П.Павлов 20-30 г арақ немесе бір саптыаяқ сыра 10-40 минут ішінде адамның ойлау қабілетін 17 пайызға төмендетінін дәлелдеген. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ұлттық орталықтың мамандары соңғы үш жылда маскүнемдікке салынған әйелдердің саны 14,7 пайызға артқанын алға тартады. Тек қана Алматы қаласының наркологиялық орталығында 5 мыңнан астам маскүнем әйел тіркеуде болса, мұның 500-ге жуығын кәмелетке толмаған қыз балалар құрауда. Қазақстан халқының 27 пайызы (4 миллион адам) темекi тартады. 4 миллионның 600 мыңнан астамы қыз-келiншек, 120 мыңы – 13-15 жас аралығындағы жасөспiрiмдер. Ғалымдардың айтуынша, қатерлі ісік ауруларының 90 пайызы шылым шегетіндердің үлесінде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Бүгін де қоғамды іштен іріткен індет болып отырған бұндай кеселдердің бәрі де о баста жаман әдетті жұқтырудың салдарынан болғаны белгілі. Өйткені жаман әдетке бір берілген адам маңдайы тасқа тиіп, аяғымен шоқ баспайынша ештеңені бажайлай алмайды. Бұл тұста «Жаман дағдыдан құтылу қиын. Қанша қиғаштық болса да, жалғаса береді. Жақтырмау, ұнатпау, қаламау, ашулану – бәрі жиылса да, оған ешкім ештеңе істей алмайды. Ол Тіпті,қорлық пен жек көруге де шыдайды», – деген Гетенің сөзінде шындық бар дейсіз. Жаман дағдыға берілмеу үшін не істеу керек? Исламдық тұрғыдан кеңес берер болсақ, бірінші кезекте

«Адам баласы осал жаратылды»49, – деп Құранда айтылғандай, әр адам өзінің осал тұстарын жақсы білуі тиіс. Яғни, «мен қателеспеймін» деген ойдан барынша аулақ болуы керек. Мұқағали ақынның: Сүрініп кетпе! Сүрініп кетсең болғаны, Дей бергін, досым, басыңа қырсық орнады. Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы. Аңдамай басып, Сүрініп кетсе болғаны, – деп жырлағанындай, өмірде сүрініп кетудің аяқ асты екенін үнемі қаперде ұстап, иманын күшейтіп, өзіне үнемі құдіреті шексіз Алладан медет, жәрдем тілеп жүруі қажет. Бұған қоса, «Бойыңда бір жаман дағды пайда болғанда, онымен бүгін күреспесең, ертең күреспейтін боласың. Сөйтіп ертеңнен-ертеңге қалдырып жүргенде, Тіпті,оның нашар екенін сезінуден де қаласың. Күнә істеп тұрғаныңды да байқамайтын күйге түсесің» деп батыстық ойшыл Эпиктет айтқандай, жаман әдеттің жолына тосқауыл қоярда уақыт оздырмау қажет. Жаман әдеттің соңы неге ұрындыратынын байыптап, тигізер зардабын жақсы білу керек. Өзіне сын көзбен қарауды күшейтіп, рухани ілімін молайтып, шайтанның азғыруына жол бермеудің амалдарын жасау да маңызды. «Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» демекші (Абай), ол үшін жұмыссыз бос отырмау қажет. Жақсылардан үлгі алып, ұнамды әдеттерге ғана еліктеуге дағдыланған жөн. Жаман әдетті бастапқыда оңай бастағанмен, соңында одан оңай құтыла алмайтынын ескеру керек. 49 «Ниса» сүресі, 28-аят.

Жаман достардан алыс жүру де жаман әдеттен бойды аулақ ұстауға жатады. «Қателескендердің ең жақсысы – дереу тәубе еткендер»50, «Мінез-құлықтарыңызды түзеңіздер»51 деген хадистерді басшылыққа алу, салиқалы ғұмыр кешу жолында қиғаш тартқан қиялдардың жетегінде кетпеуіңізге септігін тигізеді. Сөзіміздің тобықтай түйіні – «жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену». Өйткені дағды – адам баласына жақсы қасиеттерді үлгі етіп, бойына сіңіру үшін берілген қасиет. Нашар қылықтарға үйір болғандар өмір бойы орны толмас өкініштерге ұрынып жатса, ал жақсы қасиеттерді үлгі еткендер екі дүниеде де сый-құрметке бөленбек. 50 Тирмизи, Сыфатүл-қиямет, 49. 51 Ғазали, Ихияу-улумуддин, 4/74.

«КІСІ АЙЫБЫН АШҚАННАН ЖАПҚАН ЖАҚСЫ» Ауа жұтып, жер басып жүрген пенденің өмірде ағат­ тықтан ада, қателіктен таза, періштедей пәк ғұмыр кешуі қиын. Сол себепті, әркімнің-ақ кейде жіберіп алған қателігіне басқалардың түсіністікпен қарап, бетке баспағанын қалайтыны белгілі. Осы орайда тағы бір мұсылмандық мінезге салмақ түсері анық. Ол – басқалардың айыбын жасыра білу. Күнделікті өмірде өзімен бірге жүрген жандардың аңдаусызда жасаған қателіктерін сөзге таңбай, оны жасыра білу, ешкімнен ілік іздемеу Құранда ескертілген адами мінезге жатады. «Хұжурат» сүресінің 12-аятында бұл жайлы «Әй, иман еткендер! Бір-біріңді аңдымаңдар (кемшілік іздемеңдер)!» делінген. Айша анамыздың (р.а.) айтуынша, Адамзаттың асыл тәжі ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің өнегелі өмірінде ешкімнің қателігін көзіне шұқып көрсетіп, бетіне баспаған. Қате істі байқаған сәтінде, сол кісінің атын жарияға жар салмай, мешітке жиналған жамағатқа жалпылама ескерту жасайтын. Елге қарата: «Араларыңыздан кей кісілерге не болған, осындай-осындай жамандыққа бой беріп жүр», – дегенде, кімге қарата айтылғанын әлгі адамның өзі іштей сезіп, көп өтпей сол қателігін түзететін52. Пайғамбарымыз үшін әр сахабасының беделін қорғау, қателігін жасыра жүріп, қатардан қалдырмау, құласа қолдап, сүрінсе демеу мұсылман қоғамының тыныштығына сызат түсірмеу үшін өте маңызды еді. Хадистерінде үнемі өзге 52 Әбу Дәуіт, Әдаб, V, 183.

мұсылмандардың айыбын жабуға шақырып: «Кім бір мұсыл­ манның айыбын жасырса, Алла та сол адамның қиямет күні айыбын жасырады»53, «Кімде-кім бауырының айыбын жапса, тірідей топыраққа көмілген қыз баланы аман алып қалғандай сауапқа кенеледі»54, «Діндес бауырын бір кінәсі үшін айыптаған адам сол күнәні өзі де істемейінше өлмейді»55деп, әр мұсылман үшін кісі айыбын жабудың қаншалықты жауапты әрі сауапты екенін білдірген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) біреудің үйінің ішіне рұқсатсыз үңіле қараудың өзіне тыйым салғандықтан56, сахабалар бұған қатты көңіл бөлген. Қажет кезінде бір-біріне ескерту жасаған. Айталық, Ұқба ибн Амр мен Әбүл-Хайсам арасындағы мына бір оқиға ғибрат аларлық. Бірде Әбүл-Хайсам: – Біздің кей көршілеріміз арақ ішеді. Осыларды ұстап беріп, бір жазалатсам ба екен? – дейді. Ұқба ибн Амр: – Қой, олай жасағаның жөн болмас. Одан да оларға насихат айт. Қайдан, мені тыңдар емес. Әй, жазалатқан дұрыс-ау. Жоқ, ондайға бармағаның абзал. Өйткені мен Алла елшісінің «Кімде-кім бауырының айыбын жапса, тірідей топыраққа көмілген қыз баланы аман алып қалғандай сауапқа кенеледі» дегенін естіп едім, – деген еді57. Сахабалардан Әбу Дәрда (р.а.) бірде күнә істеген адамға жолықты. Сол жердегілер әлгі кісіні жерден алып, жерге салып ұрсып жатты. Бұны естігенде Әбу Дәрда (р.а.) оларға: «Қойыңыздар, бұларыңыз не? Бұл кісінің құдыққа түсіп кеткенін көрсеңіздер құтқарар ма едіңіздер?» – деді. Олар: «Иә», – дегенде, «Онда бауырларыңызға ауыр сөз 53 Мүслим, Бирр, 72. 54 Әбу Дәуіт, Әдаб, 38. 55 Тирмизи, Сыфатүл-қиямат, 53. 56 Mуслим, Әдаб. 43. 44. 57 Әбу Дәуіт, Әдаб, 38; Бұхари, Мәнақиб, 24.

айтпаңыздар. Одан да сіздерге саулық берген Аллаға мақтау айтыңыздар», – деді. Олар: «Сен сонда бұған ашуланбайсың ба?» – деп сұрағанда, «Мен бұл кісінің жеке басына емес, істеген қылығына ашуланам. Осы қылығын қойса болды, ол менің бұрынғыша бауырым», – деп жауап қатты58. Кісі айыбын жабу – біле білгенге Жаратушымыздың бір мінезі. Бұған Мұса пайғамбардың кезінде болған мына бір оқиғаны тілге тиек еткен орынды. Бірде елді қуаңшылық жайлап Мұса пайғамбар (а.с.) қауымын ертіп, тасаттыққа шығады. Дұға жасап, Алладан жаңбыр тілейді. Бірақ дұға қабыл болмай, жаңбыр жауа қоймайды. Сонда Мұса пайғамбар (а.с.) қолын жайып: «Я, Алла Тағалам! Сен менен тіле, сонда жаңбыр жаудырам, қуаңшылықтан құтқарам деп едің. Бірақ қанша дұға жасасам да, дұғамды қабыл қылмауыңның хикметі не?» – деп сұрайды. Сонда Алла Тағала: «Дұғаңның қабыл болмауы, араларыңда жасаған күнәсына тәубе етпеген біреу бар, сол тәубаға келмейінше дұғаң қабыл болмайды», – деп жауап қатады. Сонда Мұса пайғамбар: «Онда ол адамның кім екенін білдіре гөр», – дегенде, Алла Тағала: «Менің бір есімім – Саттар, яғни пенделерімнің күнәларын жасырып тұрамын. Ешбір құлымның күнәсін әшкерелегенді қаламаймын. Сендер бірің қалмай тегіс тәубаға келіңдер, сонда араларыңдағы әлгі кісі де тәуба етеді», – деген екен. Байқасаңыз, Алла Тағаланың өзі де құлдарының ешбір күнәсін әшкерелегісі келмейді. Қайта, Ұлы Саттар ретінде олардың күнәларын жауып тұрады. Демек, бұл – күнә атаулыдан пәк Ұлы Жаратушымыздан жұғатын сипат болғаны. «Білімді адам әр нәрсенің байыбын айтады, білімсіз адам басқаның айыбын айтады» демекші, өзгенің айыбын жасыра білу – барша пайғамбарлардың да бойындағы көркем қасиеттердің бірі. Ешбір пайғамбар өз үмбетінің қателіктерін жіпке тізу арқылы оларды имандылыққа тәрбиелемеген. Иса 58 Али әл-Мұттақи әл-Хинди, Кәнзул-Ұммал.

пайғамбар (а.с.) айтқан екен деген мына бір оқиға осыны ұқтыруда. Иса пайғамбар (а.с.) бірде: «Ұйықтап жатқан адамның ұятты жері ашылып қалса, қайтер едіңдер?» – дегенде, насихат тыңдауға жиналғандар: «Жабамыз», – деп жауап қатады. Иса пайғамбар (а.с.): «Қайдам, қайта жабық тұрған жерлерін қоса ашып тастайтын сияқтысыңдар», – дейді. «Ол не дегеніңіз?» – дегенде, ол өз сөзінің астарын былай деп түсіндіреді: «Біреудің айыбын жасыру – ашылған адамның ұятты жерін жапқан тәрізді адамдық іс. Ал қосыла жамандасу – ашылмаған жақтарын да қоса ашып тастағанмен тең. Бұл өте үлкен тәрбиесіздік», – деген еді. «Кісі айыбын ашқаннан жапқан жақсы» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, расында да, кісі айыбын жаба білу пайғамбарлардың жолын ұстанудан, сахабалардан өнеге алудан, үлкен адамдық мінезден туатын қасиет. Өйткені ешқашан «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ» болған емес. Бұл «Адам баласының барлығы қателеседі...» деп хадисте де анық ескертілген59. Қазақ халқы өз танымында мінсіздікті тек Құдайға ғана жарастырып, «Ай кірсіз, Құдай мінсіз» деп қараса, қытайлар «Өмірде кемшілік жасамайтын екі-ақ адам бар. Біреуі әлі туылмаған сәби, біреуі әлдеқашан өліп қалған адам» деп біледі екен. Біреудің айыбын жұртқа айту – әлгі адамның беделін түсіруге бағытталатын, әрі сол туралы естіген жұрттың жаман ойлауына жол ашатын нашар әдет. «Егер біреудің жасырын күнәсін әшкере етсең, оны ашық істеуге итермелеген боласың»60 деп хадисте ескертілгендей, айыбы әшкере болған жан бұрынғыдай қымсынуын, әлгі қылығын жұрт көзінен жасыруын, іштей ұялуын доғара бастайды. Ал дінімізде басқаның жамандығын сөз ету былай тұрсын, басқа бір мұсылман жайлы жаман ойға барудың өзіне де тыйым салынған (суи зан). Өйткені бұл ешқашан 59 Тирмизи, Сыфатүл-қиямат, 49. 60 Әбу Дәуіт, Әдаб, 37.

адамдардың арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты, бауырмашылдықты арттырмайды, қайта олардың арасына іріткі салып, бір-бірінен суытады. Бұның аяғы көп жағдайда жауластыққа, дау-жанжалға, бір-бірінің кем-кетігін қазбалауға, көрген жерде алакөзденіп, сырт айналуға, қапысын тауып кек алу секілді дұшпандық әрекеттерге ұласуы бек мүмкін. Дініміз бұны иманның әлсіздігіне балап, одан мейлінше сақтандырған. Басқаның айыбын айтушы бұдан тыйылмаса, өз айыбын да Алла Тағаланың масқара түрде әшкерелейтіндігі ескертілген: «Уа, тілдерімен иман айтып, алайда ол имандары жүректеріне әлі толық орныға қоймаған пенделер! Мұсылмандарды қорламаңдар, оларды сөкпеңдер, кемшіліктерін іздемеңдер. Кімде-кім бір мұсылман бауырының кемшілігін іздесе, Алла та ол адамның кемшілігін іздейді. Ал егер Алла біреудің кемшілігін іздесе, үйінің ішінде отырса да, оның масқарасын шығарады»61. «Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен, сынауға тіптен құмар кім көрінген» деп Мұқағали ағамыздың кейігеніндей, адам бойынан осалдық емес жайсаңдық, жамандық емес жақсылық көре білу – нағыз адамдыққа тән қасиет. Алайда неге екені адамдар бірден кемшілік іздеуге әуес-ақ. Бірде ғұлама кісі шәкірттерінің алдына ақ қағаз жайып, ортасына кішкене ғана нүкте белгілепті. СөйТіпті,де: «Сендер бұдан не көріп тұрсыңдар?» – деп сұрапты. Шәкірттері: «Кішкене нүкте көріп тұрмыз», – дегенде, «Ойпырым-ай, алдарыңа жайған көлдей қағаздың ақ жағын емес, ортасындағы кішкене ғана дақты сөз еткендеріңе жол болсын. Бұл сірә, басқаның бірден жаман жағын көргіш адам мінезін байқатса керек. Бұдан былай өмірдің жақсы жағы мен адамның жағымды қасиеттерін де көре білуге дағдыланыңдар», – деп өмірлік мәні зор сабақ ұқтырған екен. Ақыл-ойы толысқан, парасатты адамдар елден кемшілік іздеудің орына өз мінін түзетуге көбірек күш салған. «Өз мінін білген адам – әулие» деген халық даналығы осыдан 61 Әбу Дәуіт, Әдаб, 40. Тирмизи, Бирр, 84.

туса керек. Бұған қоса, «Батпан-батпан мінің бар», – деген Үмбетей жыраудың, «Өз мінін білген жігіттің, тәлімінде мін бар ма?!» – деп ой салған Ақтамберді жыраудың, «Бойдағы мінді санасам, тау тасынан аз емес, жүрегімді байқасам, инедейін таза емес», – деген Абай аталарымыздың сөздерін еске алсақ, олар ел мінін сөз еткеннен гөрі бойдағы өз міндерін жетерлік деп білгенін көреміз. Сен біреудің айыбын ашпа, Түн сықылды перде тарт. Күн сықылды аша берме, Жер жүзінің әр сырын, – деген Шәкәрім бабамыз өзгенің мініне кешіріммен қарау турасында тағы да былай деген: Біреудің мінін кешірсең, Саған да Құдай кешеді. Бірінде қылмай есірсең, Төбеңді әлі-ақ теседі. Көңілі жұмсақ адамның, Күрмеуін Алла шешеді. Рахымы жоқ пенденің Орны жаман деседі... Иә, басқалардың айыбын мүмкіндігінше жасыру, ешкімнен кемшілік іздемеу, әркімді сынап-мінеуден сақтану, одан да өз мініңді түзеуге күш салу – кемел адамдық пен нағыз мұсылмандық қасиет. Сахабалардан Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) бір күні Қағбаға қарап тұрып: «Уа, Қағба, сен неткен зорсың! Саған деген құрмет те зор. Алайда Алла есебінде мүминнің абыройы сенен әлдеқайда биік», – деп, Хақ тағала сүйіп жаратқан әрбір мұсылманның беделіне нұқсан келтірмеу, адамдық биігін аласартпау қажеттігін білдірген екен62. Олай болса, кісі айыбын жаба білу арқылы адамдардың татулығына қызмет еткенге, әркімнің жақсы қасиеттеріне ғана көңіл аударып, ізгілік гүлін солдырмағанға не жетсін?! 62 Тирмизи, Бирр, 85.

«АТАҢ БОЛСА АНАҢМЕН...» Қашаған жырауша айтсақ, «дүниеге бізді шығарып, перзентті болып қуанып» есі кеткен, сәби біткен «періште көңіл пәктікпен, ақ сүтін сорып жұбанып» өскен ата-ана – әркімнің ең қимас асылы. Олар қалай асылың болмасын, «талай бөлдік ұйқысын, бесікте жылап мазалап; мәпелеп бізді өсірді, тәрбиелеп, тазалап», «және де көңілі шат болды, көтеріп алып сүйгенге, апыл-тапыл алдында, аяқ басып жүргенге. Шақырып еді балым деп, сүйіп еді жаным деп, жылы шырай күлгенде!» Ата-ананы құрметтеу – ең үлкен әдептілік. Қазақылықты бойына сіңіріп, мұсылмандық тәрбие көрген адамның ата-анасының көңілін қалдырып, ренжітуі, оларға қол көтеруі мүмкін емес. Өйткені Құранда Алла Тағала былай дейді: «Жаратушы иелерің тек өзіне құлшылық етуді, әкешешеге жақсылық жасауды бұйырды. Олардың (әкешешелеріңнің) біреуі не екеуі де қолыңда қартайса, оларға ешқашан «түһ» деп кейіс білдіруші болма, оларға ұрыспа! Үнемі жақсы сөздеріңді жаудыр, жанашырлықпен оларға құшағыңды жай, жұмсақтық таныт. «Уа, раббым! Олар

мені кішкене кезімде қалай мәпелеп өсірсе, сен де оларға мейірімділік таныта гөр!» – деп дұға ет!»63. Байқасаңыздар, ата-ананы ренжіту былай тұрсын, Құранда оларға «түһ» деп кейіс білдірудің де жөн еместігі ескертілуде. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) тұл жетім өссе де, өзін кішкене кезінде емізген сүт анасы Халиманы көрген кезде, әрдайым құрмет көрсетіп, шапанын төсеп төріне отырғызған. «Әке-шешемнің екеуі бірдей, не біреуі қазір қасымда тірі болып, егер мен түнгі намазда «Фатиха» сүресін оқып тұрғанда, олар «Мұхаммед!» деп дауыстап шақырса, «Иә, құлағым сіздерде» деп дереу жандарынан табылар едім», – деген Алла елшісінің өнегелі өміріне көз жіберсек, үнемі қасындағы серіктерін, сахабаларын да атаананы құрметтеуге тәрбиелегенін көреміз64. Бірде, бір кісі келіп, қартайған шешесінің мінезінен мезі болғанын айтып шағымданды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: «Бірақ сені шешең тоғыз ай көтергенде, мінезі жаман болмаған шығар», – деді. Әлгі кісі: «Рас, айтам, мінезі шатақ», – деп айтқанынан қайтар болмады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: «Сені бауырына салып екі жыл емізгенде мінезі шатақ болмаған шығар», – деді. Ол тағы да райынан қайтпады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Сен үшін қанша түнді ұйқысыз өткізгенде мінезі жаман болмаған шығар? Әлгі кісі оның сауалынан кейін: «Мен оның борышын әлдеқашан өтегем, – деп қабағын кіржитті. Таңырқаған Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Анаңның ақысын қалай өтедің?» – деп сұрағанда, әлгі бейбақ «Арқама салып қажылығын жасаттым», – деді. Сонда Ақиық елші (с.а.с.): «Сен оның бір толғағын да өтей алмапсың», – деген еді65. Хадистерінде: «Жұмақ – аналардың табаны астында»66, «Кімде-кім ата-анасының жүзіне мейіріммен қараса, қабыл 63 «Исра» сүресі, 24-аят. 64 әл-Байхақи, Шуабул-иман, 6/195 65 Ибраһим Рефик, Гүллерин ефендиси, Б. 32. 66 Табарани, әл-Мұғжамул-кәбир, 2/289.

болған қажылықтың сауабын алады»67, «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында, Алланың ашуы – ата-ананың ашуында»68, – деп ескерткен Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қартайған ата-анасы бола тұра, жаннатқа кіре алмағанның халі қандай өкінішті!» – деп шегелей түседі69. Пайғамбар тәрбиесін көрген сахабалар да ата-анаға ерекше құрметпен қарап, оны бір-біріне насихаттап отырған. Оны мына бір оқиғадан анық байқауға болады. Бірде хазірет Әбу Хұрайра жолда кетіп бара жатып, Әбу Ғассанды жолықтырады. Әбу Ғассанның соңынан бір кісі еріп келеді екен. Әбу Хұрайра арт жақта келе жатқанның кім екенін сұрайды. Әбу Ғассан ол кісінің әкесі екенін білдіргенде, Әбу Хұрайра оған дереу былай деді: «Бұл ісің жөн емес, Пайғамбарымыздың сүннетін ескермегенсің. Жүргенде әкеңнің алдында жүру – ерсі қылық. Әкеңнің не артынан жүр, не оң жағында жүр. Астың дәмдісін әуелі әкеңнің алдына тарт. Тамаққа алдымен әкең қол созсын. Қабағыңмен болса да жасқап, оның көңіліне селкеу түсірме. Ол тізе бүкпей тұрып, сен отырма. Әкең ұйықтамай жатып, сен жастыққа бас қойма!»70 Ата-ананың қас-қабағын бағу, оларды қалтқысыз көңілден сыйлау, айтқанын екі етпеу тұрғысынан ірі мұсылман ғұламаларынан имам Әбу Ханифаның басынан өткен мына бір оқиға да сабақ бола алады. Шешесі бірде оған өтініш жасап, бір мәселенің жауабын ғалым Омар ибн Зәррден сұрап келші деп жұмсайды. Айтқан кісісі алты шақырымдай алыста тұратын, Әбу Ханифа анасының айтқанын екі етпестен дереу әлгі кісіге барады. Шешесінің өтінішін жеткізеді. Алайда ғалым ол жауапты білмейтіндігін айтып, арланбастан жауабын Әбу Ханифаның өзінен сұрайды. Әбу Ханифа ол жауапты білетін еді, айтып берді. Таңырқаған Омар ибн Зәрр: 67 әл-Мүнауи, Файзул-қадир, 5/483 68 әл-Байхақи, Шуабул-иман, 6/177. 69 Мүслим, Бирр, 8. 70 әл-Хаким, әл-Мүстәдрак, 3/689, әт-Табарани, әл-Мұғжамул-кәбир, 1/158.

«Өзіңіз де біледі екенсіз, маған несіне келіп әуре болдыңыз?» – деп сұрайды. Сонда, Әбу Ханифа: «Шешемнің аузынан шыққан өтінішін сол күйі орындау – менің міндетім», – деп жауап берген екен71. Өз уақытында теңдесі болмаған ғұламалардың бірі Имам Раббани Үндістанда болған кезінде, Брахманистермен көп күресті. Парасаттылығымен көпшілігін тура жолға шақырды. Сол замандарда ел билеген Әкбар шаһ Индуизмнен, Буддизмнен, Христиан дінінен, біразын Исламнан алып қойыртпақ жаңа бір дін ойлап таппақ болып ниет танытты. Бұл қайткенде де, мұсылмандарды тұқыртудың амалы еді. Шаһтың баласы Алемгир, Имам Раббаниді көріп іліміне құрмет танытып жүрген болатын. Бір күні: «Уа, имам, әкемнің істеп жүрген қылығы өзіңізге мәлім, қаласаңыз, мен онымен қарым-қатынасымды үзейін», – деп ақыл сұратты. Ол тұс Имам Раббаниды Әкбар Шаһтың түрмеге қаматып тастаған кезі болса керек. Өзіне қиянат жасалып, түрмеге қаматқанына қарамастан, Имам Раббани Ислам шегінен шықпастан, баласына: «Жоқ, ол сенің әкең ғой, әкеңді барынша сыйла! Құран қандай жағдай болмасын ата-анаға құрмет көрсету керектігін бұйырады», – деп жауап берген еді. Иә, ешқашан «алты ағаң жиылса да – ата, жеті жеңгең жиылса да – ана» бола алмаған. Ислам діні ата-анаға құрмет көрсетуде олардың игі батасын, тілек-дұғасын алуға шақырады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) үш адамның тілеген тілегі міндетті түрде қабыл болады деп, жәбірленушінің, келген қонақтың, сондай-ақ баласына жасаған ата-ананың дұғасын атаған72. Сол себепті, көзі тірісінде ата-ананы разы қылып, алғысын көбірек алған жөн. Ата-бабаларымыз: «Әке-шешең жынды болса, байлап бақ», – дегенде, ата-анасы қандай жағдайға тап болса да, 71 Хайтами Шахабаддин Ахмәд ибн Хажа, әл-Хаиратул-Хисан фи мәнақибилИмам Әбу Ханифа ән-Нуман, Бәйрут, 1983, Б.186-7. 72 Тирмизи, Бирр, 7.

оларды бағып-қағып, құрмет көрсету – ұрпағына міндет екенін ұқтырғысы келсе керек. Бірде сахабалардың бірі Пайғамбарымызға келіп, бар ынтасымен дін жолында жиһадқа шыққысы келетінін, бірақ қолының қысқа екенін айтып өкініш білдіреді. Сонда Алла елшісі: «Үйдегі әке-шешең тірі ме еді?» – деп сұрайды. Ол: «Иә, шешем тірі», – дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: «Ендеше, сен үйдегі шешеңді жақсылап күтуге ден қой. Анаңның көңілін тауып, ризашылығын алсаң, қажылық пен ұмра жасағандай сауапқа кенелесің. Алла жолында қызмет ету бақытына қол жеткізген мұжаһидтің сауабынан да құр қалмайсың», – деп қайтарған-ды73. Әйгілі Ақтамберді жырау осы бір ғибратты жайтты толғауына арқау етеді: Меккені іздеп не етесің, Меккеге қашан жетесің? Әзір Мекке алдыңда – Пейіліңмен сыйласаң Ата менен анаңды! Шал ақын да бұдан шет қалмай: Мекке менен Мәдина жолдың ұшы, Алыс сапар дейді ғой барған кісі. Ата менен анаңды құрметтесең, Мекке болып табылар үйдің іші, – деп халық арасында атаанаға құрметтің Меккеге барғаннан кем емес сауап екенін кеңінен насихаттаған. Дана Абай: «Әке ұрысса балаға ол да достық; Бала ұрысса әкеге жараса ма?!» дегенде, перзенттің өзін өмірге әкелуге себепкер болған ата-анасына қарсы келуі, сөз қайтарып, тайталасуы орынсыз екенін сынаған. Бес уақыт намазыңды жинамасаң, Ораза ұстап жаныңды қинамасаң. Алланың кешірмейтін бір күнәсі – Ата менен анаңды сыйламасаң, – деген Орманбай ақын да хадистерде 73 Әбу Яғла, әл-Мүснәд 5/149.

айтылған ең үлкен күнәлардың қатарында ата-ананы сый­ ламаудың да бар екенін меңзеген. Қытай ойшылы Конфуций: «Ата-анаға қызмет көрсеткенде, аса жұмсақтық танытыңыз. Сіздің айтқаныңыз оларға ұнамаса, бұрынғыша қызметіне жүгіріп, сыйлаудан тартынбаңыз. Олардың айтқаны сізге ұнамаса, оны түк білдірмеңіз», – деген екен. Шындығында, әке-шешеге құрмет тек тірі кезінде ғана көрсетілмеуі тиіс. Ол кісілерді өмірден озғаннан кейін де сыйлай білген жөн. Бірде бір кісі Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Алланың елшісі, өмірден қайтқан ата-анаға жасайтын жақсылық бола ма, айтыңызшы, мен соны жасайын», – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: – Иә, бар, оларға игі дұға жаса, Алладан кешірім тіле, өсиетін орында, туыстығы бар кісілермен араластықты үзбе, достарын сыйлап тұр», – деп кеңес берген екен74. 74 Әбу Дәуіт, Әдеп, 119..

АРТЫҚ КҮЛКІ ЖИРЕНІШ ҚОЗДЫРАДЫ Қазақ үш арсыздың бірі – күлкі деп біледі. Оны төмендегідей бірқатар мақал-мәтелдерден де байқаймыз: «Малсызға малға балап ұйқы берер, арсызға арға балап күлкі берер», «Дарақының күлкісі қанбас, жалқаудың ұйқысы қанбас», «Санасы жоқ – ұйқышыл, ақылы жоқ – күлкішіл», «Ит мезі болса үреді, кісі мезі болса күледі», «Орынсыз күлкі – ұрыс шақырар», «Артық байлық адамды аздырады, артық күлкі жиреніш қоздырады». Сондай-ақ оның түрлері де көп: қарқылдап күлу, тар­ қылдап күлу, сақылдап күлу, жырқылдап күлу, кеңкілдеп күлу, селкілдеп күлу, сықылықтап күлу, жымиып күлу, кекесінмен күлу, миығынан күлу, мысқылдап күлу, мырс-мырс күлу, өтірік күлу, жылмиып күлу, сыпайы күлу, ішек-сілесі қатып күлу, мазақтап күлу және бос күлкі, бояма күлкі, орынсыз күлкі немесе адамдыққа сай мәнді-мағыналы күлкі т.б. Біз осының ішінде орнымен болатын мәнді-мағыналы күлкіге, яғни әр істе үмбетіне үлгі көрсеткен сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллАллау алайһи уә сәлләм) өнегелі өлшемдеріне тоқталмақпыз. Өмірінде күлмейтін адам бола ма? Оған жауап беру қиын шығар, Дегенмен өмірдің ащысы мен тұщысын татып, қанша құқай көрсе де, барлығын шын ризашылығымен қабылдап, мұң-қайғысын жүрегіне жасырып, сырт адамға еш нәрсе білдірмей, жүзінен жылылықтың табы кетпейтін, қай кезде де жылы жымиыстан танбаған ғажап тұлғалар болған. «Дін жолында ешкім бастан кешіп көрмеген небір қиындықтарға ұшырадым»75деген Пайғамбарымызды ешкім ешқашан қабағы қатулы, мұздай мінез, маңайына ызғар шашатын 75 Тирмизи, Қиямет, 34/2472.

кейіпте көрмеген. Қайта қай кезде де, Пайғамбарымыздың мерейлі жүзінен нұр тамып, маңайына жылы шуақ шашып тұратын. Күлсе, езу тартып әдемі ғана жымиып, бойындағы тұнып тұрған иманның әсемдігінен сыр ұқтыратын. Үнемі Хақ Тағаламен бірге болудың тілмен жеткізгісіз қуанышы мен ләззатынан болар, қашанда жүзі күлімсіреп, жан дүниесінің күллі жаратылыс атаулыға деген махаббат пен сүйіспеншілікке толы екенін сездіретін. Әрине, ондағы бұл керемет мінез сахабаларына да әсер етпей қоймады. Олар да жылы ғана жымиып қоюды өздеріне әдет ете бастады. Бұл жайында Үммү Дәрда (р.а.) былай деуде: «Күйеуім Әбу Дәрда бір нәрсе айтпақ болса, сөзін күлімсіреп барып бастайтын. Бір күні мен оған: «Сенің мына қылығыңды көрген ел не ойлайды?» – дегенімде, ол: «Алла елшісі сөйлемекші болғанда үнемі күлімсірейтін», –деп жауап берген еді»76. Кісі жүзіне жылы жүзбен күлімдеп қарауды садақаға, сауапты амалға жатқызған Пайғамбарымыздың қалай күлгендігі жайлы жары Айша анамыз былай дейді: «Мен ол кісінің таңдайы көрінетіндей дауыстап күлгенін көрген емеспін. Ол тек күлімсіреп қана қоятын»77. Иә, Пайғамбарымыз ешқашан жөн-жосықсыз, қатты дауыстап күлмеген, қуанышты кездерінде іштей сүйсіне көзін жұмып, күлімсірейтін. Сахабалардың айтуынша, ол мінезі жібектей, ең кішіпейіл жан еді. Күлгенінен күлімсіреуі басым түсіп, жүзінен нұр есіп тұратын. Бұл жайында, Әбу Құрсафа былай деуде: «Мен, шешем және туыс әпкем серт беру үшін Алла елшісіне (саллАллау аләйһи уә сәлләм) бардық. Қоштасып сыртқа шыққанымызда, шешем мен әпкем маған: «Балам, жүзі осыншалықты жылы, киімі осыншалықты таза, сөзі соншалықты жұмсақ мұндай кісіні өмірі көрген емеспіз. Мүбәрак аузынан нұр төгілгендей екен», – деп таңғалысын жасырмады78. 76 Ахмад, V, 198,199. 77 Бұхари, Әдәб, 68. 78 Хайсами, VIII, 279-280.

Еврей ғалымдарынан Абдуллаһ ибн Сәлам да Пайғам­ барымызды алғаш көргенде, қасиетті жүзіне барлай қарап тұрып: «Мынадай келбетті адамның жалған сөйлеуі мүмкін емес», – деп, сол мезетте-ақ мұсылмандықты қабылдаған еді79. Иә, кісілік келбеттің қалыптасуында адамның әрбір ісәрекетінің, соның ішінде, ең қарапайымы – күле білудің де өз жөні бар. Алаңсыз бейғам қарқылдап күлу адамның парықсыздығын аңғартып, оны ойсыздық пен ғапылдыққа жетелеуі мүмкін, ол уайым-қайғысыз жүрген пендеге ғана тән. Бұл жөнінде Құранның «Күлесіңдер, бірақ жыламайсыңдар, тым қаперсізсіңдер»80 деген аяты көкірегі ояу жандарға ой салғандай. Ал сәт сайын сынаптай сырғыған сынақ өмірдегі адамның өзін қаперсіз күйге салатындай әрекеттерге баруы жараспайтын қылық. Оның жүрегін үнемі үрей мен үміт билеп тұрады. Өзін: өлім, қабір, қайта тірілу, есеп беру, қылкөпір секілді алда қандай қиындықтар күтіп тұрғанын білетін рухани сауаты бар жан қарқылдап күлуді дөрекілікке балап, еренсіздік не ғапылдық ретінде өзіне ар санайды. Осы себепті, өмірінің көбі қайғырумен өткен шерлі Пайғамбарымыз: «Менің білгенімді білсеңіздер, аз күліп, көп жылайтын едіңіздер»81, – деген еді. «Күйдірген соң шыдатпай, қоя ма екен жылатпай» деп Абай атамыз айтпақшы, ардақты Пайғамбарымыздың кеудесін күйдірген жайт – халықтың ертеңгі күннен ғапылсыздығы, нәпсіқұмарлықтан бас алмауы, ақыретті ұмытқан қамсыздығы, мейлінше жайбарақаттығы, бұл дүниеде күліп күнә істегеннің о дүниеде жылап тозаққа түсетінін білмеуі, осыларды ойлап көңілі толқып, көзіне жас алудың орнына қайта қарқылдап күлуі еді. Оларға жанашырлықпен түсіндірген сайын, өзін келемеждеп, мазақ етуі, жақсылықтың сауабы ұшан-теңіз екенін айтқан сайын, қасарысып күнәға белден батуы 79 Тирмизи, Қиямет, 42/2485. 80 «Нәжім» сүресі, 60-61 аяттар. 81 Бұхари, Тәфсир, 5/12.

Ақиық елшінің (с.а.с.) арқасына тікендей батып, жылаудан көз аштырмады. Өзі де осыны меңзеп, бірде: «Мен күйіп қалатынын білмей отқа жүгірген көзсіз көбелектерді жасқап әлек болған адам секілдімін», – деп, тозаққа күйесің деп күнәдан аластатпақ болған сайын, адамзаттың қайта соған ентелей түсетінін ойлап қатты қамығып, іштей күйзелген еді82. Иә, сыпайы күлкі адамның ажарына ажар, мінезіне салмақ қосса, ырқыл-жырқылға беріліп, күлегештене беру кісіні сырт көзге тым жеңілтек көрсетеді. Бұл жайында хазірет Омардың (р.а.) айтқан мына бір сөзі ойға оралады: «Күлкісі көбейгеннің – сұсы азаяды. Көп қалжыңдасатын адам – келекеге ұшырайды. Кім нені көп істесе, сонысымен танылады. Көп сөйлеген адам – көп қателік жібереді. Қателікті көп істейтін адамның – ұяты азаяды. Ұяты азайған адам – күнәлі нәрселерге үйірсек келеді, ондай адамның жүрегі өледі»83. Расында да, күлегеш адамды салмақты, байсалды мінезді деп айту қиын. Мұның ақыры сол, ондай адамның көп күлуден бара-бара жүрегі қарайып, ішкі сезім түйсіктері әлсірей түседі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) осыны меңзеп Әбу Хұрайраға берген кеңесінде: «Көп күлуден сақ бол, көп күлу жүректі өлтіреді», – деп ескерткен еді84. Күлкінің ішінде де Аллаға ұнайтыны әрі ұнамайтыны бар екенін де хадистерден үйренеміз. Бір хадисінде Пайғамбарымыз былай дейді: «Күлкінің екі түрі бар: Алланың жақтыратыны әрі жақтырмайтыны. Аллаға ұнайтын күлкі – бір мұсылманның екінші бір мұсылманды жолықтырғанда, қуанғанын білдіріп жүзіне күліп қарауы. Ал Алланың жақтамайтын күлкісі – біреуді-біреу мазаққа айналдырып, келемеждеп күлуі»85. 82 Мүслим, Фәдаил, 19. 83 Ғазали, Ихия-у-улумуддин, ІІІ, 288. 84 Тәнбихул-ғафилин, Бустанул-арифин, Б. 225. 85 Мұхтарул-ахадисин нәбәуия, №727-хадис, Б. 398-399.

Бос күлкі адамның шикілігін, көкірегінің бос екенін аңғартатын тәрізді. Оны терең ойлы жандарға жарастыру қиын. Мұқағали ағамыздың: Ақылына айырбаста күлкіңді, Қайтесің сол күлкі деген шіркінді?! Бейқам күліп өспеген соң өз басым Бос күлкіні ұнатпаймын біртүрлі, – деуі де сөзімізді қуаттай түсіп, бос күлкімен өмірді босқа өткізгеннен гөрі, күн сайын ойға ой жамап, ақылға ақыл қосудың анағұрлым пайдалы екеніне назар аудартатындай. Абай атамыз да өзінің төртінші қарасөзінде осы күлкі мәселесіне арнайы тоқталған. Күлкіні мастыққа балаған ғұлама бабамыз көп күлкіге салынған адамның көп ғапылдыққа ұрынатынын былай деп түсіндіреді: «Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек». Абай атамыз ары қарай пенденің бұл дүниеде уайымқайғысыз жүруінің дұрыс еместігін сынға алып, түбі өкінішке апаратынын ескертеді: «Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек. Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. ..Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл-дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!» Қарасөзінің жалғасында Абай атамыз басқалардың нашар қылығын табалап күлуге емес, қайта солардан ғибрат алып

күлуге шақырады. «Бос күлкіге» тағы да «ызалы күлкі», «бояма күлкі» деген жаңа тіркестерді қосады: «Әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі – өзі де қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады. Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау, Құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен, жүректен келмейді, қолдан жасап, сыртыменен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемілік үшін күлетін бояма күлкі». Күлкіге себеп болатын нәрсе көп, соның бірі – әзіл. әлФараби бұл туралы «Сөз тапқырлық – жақсы адамшылық қасиет және мұның өзі әзілді орнымен пайдаланғанда болатын нәрсе» деп, орнымен айтылған әзілдің кісі бойындағы ізгі қасиеттердің біріне жататындығын ұқтырған. Әзіл өз өлшемінен аспай, тамаққа қосылған тұз мөлшеріндей болғанда ғана сөздің дәмін келтірмек. Осы тұста «Әр ісі үлгі-өнегеге толы Пайғамбарымыз әзілдесетін бе еді?» деген сұрақ туындайды. Ақырғы елшінің (с.а.с.) өміріне көз жүгірткенімізде, жиі болмаса да оның әрдайым әзілдескенін көреміз. Тіпті,кейде «Уа, Алланың елшісі, сіз де әзіл айтасыз ба?» – деп таңырқағандарға: «Иә, мен әзіл айтам, бірақ арасына өтірік араластырмаймын», – деп жауап беретін86. Әзіл айтса да, ақиқаттан аттамаған Пайғамбарымыз: «Әзілдеп болса да өтірік айтудан сақтанған адамға жұмақтың ортасынан жай беріледі», – деп, әзіл айтудың да өз тәрбиесі барын үмбетіне ескерткен87. Алла елшісінің әзілдері санаулы-ақ болған: Бірде, бір қарт әйел келіп: «Мен де жұмақтағылардың қатарынан болғым келеді, дұға етіңізші», – деп өтінгенде, 86 Тирмизи, Бирр, 57. 87 Әбу Дәуіт, Әдеб, 7.

Пайғамбарымыз оған: «Қарт кісілер жұмаққа кірмейді», – деп әзілдеді. Бұны шын көріп қалған әлгі әйел жылап кетіп қалады. Сонда, Пайғамбарымыз: «Ана кісіге айтыңыздар, әйелдер қартайған түрінде емес, Алла оларды уыздай жас күйінде жұмаққа кіргізеді», – деп түсіндірді88. Тағы бірде, бір кісі келіп, мініске көлік сұрады. Пайғамбарымыз: «Жарайды, сені бір түйенің ботасына мінгізейік», – дейді. Ол кісі: «Мен ботаға қалай мінем?!» – деп таңданғанда, Пайғамбарымыз оған күліп: «Түйе – түйеден тумай ма, әр түйе бір түйенің ботасы емес пе?» – деп әзілдегенін аңғартты89. Иә, иманды адам әрдайым байыпты болуы тиіс. Әзілдесе орнымен әзілдеп, күлсе де білікпен күліп, тәрбиесі мен көргенділігін байқатуы тиіс. Өмірі тірі жанға жылы қабақ танытып, жылы сөз айтып, күлімсіреу дегенді білмейтін, қаталдық пен қарадүрсін мінез оған жат. Үлкен әулие Жәләладдин Руми адамның күлкісі-ақ, көп нәрсені аңғартатынын меңзеп: «Қалай күлгеніне қарап кісінің – әдептілігін, неге күлгеніне қарап – оның ақыл-өрісін танимын», – деген екен. 88 Тирмизи, Шәмаил, 18. 89 Әбу Дәуіт, Әдаб, 84.

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ШӘКІРТКЕ МІНДЕТ Әр адам ес кіре бастағаннан білуге, үйренуге талпынады. Бір қызығы, бұл дүниеден хабарсыз жаңа туған сәбиден есейе келе, әлемді аузына қаратқан дана да, ойшыл да шығады. Осынау ақыл толыстырып, білімін шыңдау сапарында ол бір адамға ерекше қарыздар екенін сезінеді. Ол – ұстаз. Ислам дінінде ілім үйретуші ұстаздың орны жоғары бағаланған. Ілім үйрету − ең сауапты әрі қадірлі іс болып есептелген. Қасиетті Құранда «Айтшы, білетіндер мен білмейтіндер тең бе?»90 – делініп, көзі ашық, білімді адамның тұғыры қашанда биік тұратындығы айтылса, хадистерде де ілім үйретушіні әрдайым сыйлап, құрметтеу керектігі ескертілген. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) бір хадистерінде: «Ілім үйреніңіздер, ілімге қажетті байыптылық пен байсалдылықты да қоса үйреніңіздер. Сіздерге ілім үйреткен кісіні құрметтеңіздер, сыйлаңыздар»91; «Надандардың арасындағы ғалым – өлілердің арасындағы тірі секілді»92; «Садақаның ең жақсысы – ілім үйреніп, оны басқаларға үйрету»93; «Адам қайтыс болғанда, амал дәптері жабылады. Мына үш кісінің ғана сауабы жалғаса береді: артынан дұға жолдайтын игі ұрпақ қалдырған, ел игілігіне жарайтын дүние салдырған, артына ілім қалдырған адам»94 – деп, ілім үйретушінің сауабы 90 «Зүмәр» сүресі, 9-аят. 91 Хайсами, Мәжмауз-зауаид, Илм, 1/129, 30. 92 әл-Ажлуни, Кәшфул-хафа. 93 Тирмизи, Илм, 7. 94 Ибн Мажа, Сүнән.

екі дүниеде де тоқтаусыз екендігін білдіріп, ғалымдарды сыйлауға, ұстаздарға құрметпен қарауға шақырған. Анығында «ұстаз» деген кім? Ұстаз − шәкіртін өмірге баулушы, оған өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін егуші, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, өзінің тәжірибесімен бөлісетін жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» (Абай) демекші, тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым сондай бір ізетпен еске алған. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын − Аристотельді, Абылай хан − Төле биді, Шәкәрім − Абайды, Бердақ − Күнқожаны, Жамбыл – Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген. Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын: «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, ал Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым», – деп еске алатын болған. Расында, ұстазға құрмет – шәкіртке сын. Ежелгі Үндістанның әдептілік кодексі − «Ману баптарында»: «Шәкірт өзінің ұстазына төсекте жатып, тамақ ішіп отырып немесе одан алыста тұрып яки жүзін басқа жаққа бұрып жауап бермеуі, әңгімелеспеуі тиіс. Егер ұстаз түрегеліп тұрса, ол да тік тұрып, иба білдіруге тиіс»95, – деуі ой саларлық. Ертеректе мұсылман әлемінде ғалымдарға, ұстазға деген сый-құрмет жоғары болған. Ұзақ жыл білім жинаудың, білгенін басқаларға үйретудің, кітап жазу секілді оқу-ағарту ісімен айналысудың беделі биік тұрған. Өйткені ұстаздар бұл 95 Ұ.Асылов, Ж. Нұсқабайұлы. Әдептану. Мектеп баспасы, 2003. Б.82.

іске сауап тұрғысынан көбірек мән беріп, қоғам тәрбиесіне өздерінің жауапты екенін терең сезінген. Пәнді үйретумен ғана шектелмей, шәкірттеріне өмірлік дұрыс ақыл-кеңес беріп, адамгершілік пен имандылыққа қатар баулыған, жүрістұрыс, мінезімен жақсы үлгі-өнеге көрсеткен. Қажет кезінде шәкіртінің дәрістен тыс жағдайларына да, алаңдаушылық таныту арқылы шын жанашырлық танытқан. Оқу, білім, ғылым, мәдениет, адамгершілік, әдеп, тәрбие – бәрін ұстаздан үйренген шәкірт ұстазды өз ата-анасынан кем қадірлемеген. Ұстазының алғысын алмаса, алған ілімінің берекесін көре алмайтындығына сенген. Тіпті, ұстазды қатты құрметтегені сонша – есігін қағудың өзін әдепсіздікке балап, сыртта тұрып, шыққанын күткен. Шәкірт ұстазына ғана емес, оның жақындарына да құрметпен қараған. Ұстазының үй жағына аяқ созып жатудың өзін тәрбиесіздік деп білген. Ұстазы өмірден озған жағдайда, ата-анасына дұға еткеніндей, оны да қайырлы, игі дұғасына қосқан. Төмендегі мысалдар соның айғағы: Шағби (р.а.) айтуда: «Бір жаназа намазын оқығаннан кейін Зәйд ибн Сабитке (р.а.) қашырын жақындаттым. Осы кезде Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) келіп, үзеңгіні ұстап бергісі келді. Бұны көргенде, Зәйд: «Әй, Пайғамбарымыздың көкесінің баласы, әуре болма, үзеңгіні жібер», – деді. Ибн Аббас: «Жоқ, бізге ғалымдарды құрметтеу бұйырылған», – деді. Бұны естігенде, Зәйд (р.а.) дереу Ибн Аббастың (р.а.) қолын сүйіп: «Олай болса, бізге де Пайғамбарымыздың ең жақын туыстарына (әһл-бәйт) осылай құрмет көрсету бұйырылған», – деді»96. Хазірет Али (р.а.) «Кім маған бір әріп үйретсе, соның құлы болуға бармын» деп, бір әріп үйреткен адамның өзі үлкен құрметке лайық екендігін білдірген. Имам Ағзам Әбу Ханифа: «Арамызды жеті көше болғанына қарамастан, ұстазым Хаммадтың үй жағына 96 Ғазали, Ихия, 1/1.

әдепсіздік болмасын деп ешқашан аяғымды созып жатып көрген емеспін. Қанша жылдан бері, әр намазымнан кейін атаанаммен қоса ұстазымды да қайырлы дұғама қосып келемін» деп, өзін ілімге баулыған, әдеп пен тәрбие үйреткен ұстазына өмір бойы қалтқысыз құрмет жасап, үнемі жақсылық тілеп өткендігін айтқан. Имам Шафиғи бір малшыны көргенде, ізетпен орнынан түрегеледі. Қасындағылар «Малшыға сонша құрмет көрсеткеніңіз қалай?» − деп сұрағанда, «Бұл кісі кезінде қанша кітапты қарап таба алмаған бір мәселенің жауабын маған үйретіп еді, сондықтан бір рет те болса ұстаздық жасаған кісіге құрмет көрсетуді өзіме міндет деп білемін», − деген жауап айтқан. Бұқара ғалымдарының бірі медреседе сабақ беріп отырып, қайта-қайта орнынан тұрады. Себебін сұрағанда, «Ашық тұрған есіктен ұстазымның ойнап жүрген баласы әлсін-әлсін бой көрсетіп қала берді. Ұстазыма құрмет ретінде әр көрінген сайын мен орнымнан тұрдым» деп, ұстаздың жақындары мен бала-шағасын да құрметтейтіндігін көрсеткен97. Бұл мысалдар мұсылмандардың ілім үйретушіні қаншалықты бағалап, ұстазға қаншалықты зор құрметпен қарағанын көрсетеді. Ұстаздық – жауаптылығы зор, қадірлі мамандық болғандықтан, Ислам дінінде осы қадірлі мамандықтың иесіне бірқатар талаптар да қойылған. Мақсат – ұстаздың абыройын кір шалдырмай, беделін биіктету. Ең бірінші талап етілетін нәрсе, ұстаздың сөзі мен ісінің бір жерден шығуы. Яғни, шәкіртін адамгершілікке баулитын ұстаздың өзі де тәрбиелі, әдепті болуы тиіс. Имам Ғазали бұл туралы: «Қисық ағаштың көлеңкесі де қисық», – деп мысал берген98. Құранда бұл жайлы «Сендер халықты жақсылыққа шақырып, өздеріңді ұмытасыңдар 97 Имам Шағрани, Тәнбихул мұғтариин. 98 Ғазали, Ихия, 1/1.

ма?»99, – делінген. Араб шайырларының бірінің «Әй, елге сабақ үйретуші! Осы айтқан тәліміңді алдымен өзің істесең қайтеді?! Өйткені сен басқаларға емделудің жолын айтқанмен өзі науқас адам сияқтысың. Әуелі өзіңді емде. Сонда барып айтқан тағылымың елдің көкейіне қонады»100 дегені де тегін емес. Расында, жүріс-тұрысы, тәрбиесі нашар адам «ұстаз» деген қадірлі атқа лайық емес. Ондай адам шәкірттеріне сөз тыңдата алмай, қор болады, келекеге ұшырайды. Ал ұстаздың сөзі қашанда тыңдалуы қажет. Ол үшін айтқан сөз бен жасап жүрген істің қабысып тұруына, әдептіліктен мін жібермеуге қатты көңіл бөлу керек. Екінші талап етілетін нәрсе, шәкіртін өзіне жақын туыс, бауыр деп қабылдауы. Алла Тағаланың

«Мүминдер бір-бірімен бауыр»101 деген бұйрығы ұстаз бен шәкірттің де бір-бірімен бауыр екендігін ұқтыруда. «Мұсылмандар тұтас дене тәрізді. Бір мүшесі ауырғанда, басқа мүшелері де қосыла сыздайды»102 деп хадисте айтылғандай, ұстаз шәкіртінің барлық қиындықтарына бірге жан ауыртуы керек. Үнемі мейіріммен қарап, шәкіртке дәл әкесіндей қамқорлық жасап, оны барлық жамандықтардан қорғай білгені жөн. Өйткені адамзаттың дара ұстазы Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Мен сіздерге барлық нәрсені үйрететін әке сияқтымын»103, – деу арқылы ұстаздар қауымына шәкіртке әкелік мейіріммен қарау керектігін аңғартқан. Бұл тұста «Ұстазы мейірлі болса, шәкірті пейілді келер» деген аталы сөзді есте ұстаудың мәні зор. Үшіншісі, оқушының деңгейімен санасу. Пайғам-барымыз бір хадисінде «Бізге, пайғамбарлар қауымына адамдардың деңгейімен санасу бұйырылған»104, – деуі осы жайтты аңғартуда. Оқушының қабылдау түйсігін ескерместен, я болмаса 99 «Бақара» сүресі, 44-аят. 100 әр-Рази, Тәфсирул-кәбир, ІІІ/48. 101 Хұжурат, 10. 102 Бұхари, Сахих, Әдеп, 12. 103 Әбу Дәуіт, Сүнән, 1/18. 104 Ғазали, Ихия, 1/57

ұғымына ауыр соғатын мәліметтерді үйіп-төгу – қайта кері нәтиже беруі мүмкін. Ондайда оқушы мұғалімнен қашып, түрлі күйзеліске де ұшырауы кәдік. Сол себепті, оқушының қабылдау деңгейін анықтап, соған сай сабақ өтпеген жағдайда жақсы нәтижеге қол жеткізу қиын. Төртіншіден, қатты ашуланғанда өзін тежей білуі. Өйткені ашумен зекіп, ауыр сөздер айту, қағып-жұлқу балаға ешқандай пайда бермейді. «Керісінше, оқушының мұғалімге деген құрметін азайтып, қарсылық білдіруге дейін апаруы мүмкін. Сол себепті, ұстаздықта ептілікті қажет ететін мәселенің бірі – оқушының нашар қылығын бетіне басу арқылы емес, сөзбен меңзеп, тұспалдап айту арқылы қойдыру»105. Бесіншіден, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап беріп, білмегені болса, үндемеу. Өйткені ұстазға бәрін білу шарт емес. Алайда қате жауап айту – ұят іс. Шағби бұл туралы «Білмеймін деу – ілімнің жартысын құрайды»106, – деген. Алтыншыдан, білім бергенін оқушыға міндетсімеу. Бұл туралы Имам Ғазали былай дейді: «Бір қиындыққа тап бола қалса, оқушысынан көмек сұрайтын кейбір мұғалімдер бар. Оқушым алдымда құрдай жорғалап тұрса дейді. Егер көмек бермесе, онымен іштей жауласа бастайды. Осыншалықты төмен деңгейге түскен ғалым не деген сиықсыз?!»107 «Әй, мұғалім, оқушыны неге өзіңе борышты қыласың? Қайта сен ешкімге берілмеген қайтарымды Алладан алмайсың ба? Егер оқушы таппасаң, осыншама сауапты қалай иеленер едің?! Олай болса, әй, мұғалім, сен де өз ісіңнің қайтарымын оқушыдан емес, Алладан күт»108. Мұсылмандық танымдағы педагогикалық ең-бектерде үлгілі ұстаз болудың тағы да мынадай ерекшеліктері аталған: «Ол ең әуелі өз мамандығын бес саусақтай меңгеруі әрі 105 Ғазали, Ихия, 1/57. 106 әл-Мақдиси, Адабуш-шарғия, ІІ/65 107 Ғазали, Ихия, 1/57. 108 Ғазали, Ихия, 1/56.

жақсы көруі тиіс. Әр сабаққа дайындықпен сергек күйде келіп, шәкірттеріне жаңа нәрсе үйретуге талпынуы керек. Пәнге аса бір ыждаһаттылық танытып, үнемі шәкірттеріне болашаққа деген үміт бергені жөн. Өзінен жалықтырып алмай, анық білген нәрселерін ғана айтқаны дұрыс. Өзінің материалды жағдайына қанағат етіп, ұстаздық беделіне нұқсан келтіретіндей жағымсыз әрекеттерге бармауы тиіс. Қашанда өзгелерге үлгі болатын кішіпейіл, кеңпейіл, сабырлы, байыпты қалпынан танбай, шәкірттерін жақсы көріп, пәнді барынша махаббатпен үйретуі қажет»109. Мұсылман ғалымдар шәкірттің де ұстазға деген бірқатар әдептерін анықтаған. «Әуелгісі, ілім алуға ниеттенген шәкірт соған дайындық ретінде бойын барлық жаман қылықтардан тазартуы керек. Бұл оның ілімге деген құрметі болып табылады. Екіншіден, науқастың дәрігерді тыңдап, айтқандарын бұлжытпай орындағаны секілді шәкірт те ғылымның «шипасын» өзіне қабылдау үшін ұстазын мұқият тыңдауы қажет. Бұл тұрғыда, шәкірт жауған жылы жауынды өзіне тез сіңірген топырақ секілді, ұстазының ақыл-кеңестерін дереу жадына тоқып, үйреткендерін қағып алуы керек»110. Үшіншісі, ұстазға үнемі сыпайылық, кіші-пейілдік таныту. Білетіндер мен білмейтіндердің айырмашылығы жер мен көктей екендігі Құранда ескертілгендіктен,111 әрі «беруші қолдың алушы қолдан жоғары тұратындығы» хадисте айтылғандықтан, білім алушы білім берушінің дәрежесін жоғары бағалап, ұстазын сыйлауы тиіс112. Бұған қоса, ілімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің, тиянақты ғылымға қол жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы да айтылады113. 109 В. Йылдыз. Ирфан ордусу. Измир. 1993. 25-35 бб. 110 Ғазали, Ихия, 1/50 111 «Зүмәр» сүресі, 39-аят. 112 Бұхари, Сахих, Зекет, 18, ІІ, 117. 113 Зәрнужи, Бурханаддин әл-Ханафи, Таалимул-мутааллим ли тааллуми тариқил-илм, Шарих: Ибрахим ибн Исмайыл, Стамбул, 1318 һ, 54 б.

Үнемі біреудің қас-қабағын бақылау оңай емес, әрине. Бұл үлкен сабырлылықты талап етеді. Алайда шәкірт өз мұратына жету үшін бұған шын ниетімен көнуі тиіс. Ислам ғалымдары ұстаздан қателік көрген жағдайды да назардан тыс қалдырмаған. Бүрсауи бұл жайында: «Оқушы оғаш көрінген қылығын көрсе де, ұстазының сөзіне я ісіне қарсылық танытпауы тиіс. Ондағы қылықты дереу жамандыққа жорымауы қажет. Қайта, қателікті өзінен іздегені жөн»114, – деуде. Төртіншісі, сынау мақсатында емес, тек білу мақсатында ғана сұрақ қою. Хазірет Али (р.а.) бұл жайлы былай деген: «Көп сұрақ қоймау, берілген жауапты қанағат тұту, ұстаз шаршаған жағдайда оны қинамау, кетпек болғанда етегіне жабысып жібермей қоймау, сырларын әшкерелемеу, жаңылысқанына түсіністікпен қарау – бұның барлығы шәкірттің әдебіне жатады. Діннің шеңберінен шықпаған жағдайда, Алла разылығы үшін ұстазды құрметтеп, қадірлеу – әрбір шәкірттің борышы»115. Бұған қоса, «ұстаздың алдында бәсең дауыспен сөйлеу, алдынан қия баспау, құрметсіздік болып табылатын басқа да ұнамсыз қылықтарды жасамау, оны сыртынан мазақтамау – ғалымдарға деген құрметке жатады»116. Қорыта келгенде, әр мұсылманға ілім үйренуді парыз еткен Ислам дінінде ұстазға деген құрмет жоғары бағаланған. «Адамдардың ең жақсысы – басқаларға пайдасы тигені» деген соңғы Елші, ғаламның рақым нұры Мұхаммед пайғамбарымыздың да (с.а.с.) әлемге үйретуші ұстаз ретінде келгені тегін емес. Олай болса, ертеңгі өмірдің баянды да бақытты болуын қалаған әрбір адам ұстазға құрмет көрсетуді өзіне қастерлі борыш деп білуі тиіс. 114 Бүрсауи, Рухул-Баян, 7/276. 115 Ғазали, Ихия, 1/51. 116 Алуси, Рухул-мәани, 8/174.

«АЛЫС ТУЫСТАН ЖАҚЫН КӨРШІҢ АРТЫҚ» Көрші − қонысы ортақ, емен-жарқын араласып, күнделікті жүзбе­жүз кездесіп, аман­саулық сұрасып жүретін кісілеріміз. Қазақ халқы: «Көршіні Құдай қосады», – дейді. Жаңа орынға көшіп келісімен, ерулік беріп, қоныс тойын жасаудағы ең әуелгі ниет − көрші қолаңмен танысып, білісу болған. «Адамның күні – адаммен» демекші, күнделікті өмірде әркім-ақ көршіні қажетсінеді. Себебі, қиын жағдай бола қалса, қол ұшын беретін, қыруар жұмысың болса, асарлатып көмектесетін, қажетіңе жараса, сұрағаныңды беретін де көршілер. Көршімен сыйластық − елдің сыйластығын, көршімен татулық − қоғамның татулығын ұқтыратындықтан, Ислам діні көршімен жарасымды сыйластықта болуға шақырады. Көршімен жақсы тұру – Алла Тағаланың әмірі. Бұл туралы қасиетті Құранда: «Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған ешкімді серік қоспаңдар. Әке-­шешеге, туыстарға, жетімдерге, кедей­кеп­ шіктерге, жақын көршіге, алыс көршіге, жаныңдағы жол­ дасыңа, қаражаты таусылған жолаушыларға, қолдарыңа қарағандарға (қызметшілерге) жақсылық жасаңдар. Алла дандайсыған тәкаппарларды жақсы көрмейді», – делінген117. Байқасаңыздар, аятта құлшылық, ата­-ана мен туыстарға 117 «Ниса» сүресі, 36-аят.

жақсылық жасау секілді исі мұсылман баласына тиесілі жоғарғы міндеттердің қатарында, көршінің де аталуы тегін емес. Бұл көрші ақысына көңіл бөлудің дінімізде үлкен рөл атқаратынын ұқтыруда. Аяттағы «көрші» (арабшасы − жар) ұғымына кімдер жататын­дығына орай, көршілер төмендегідей жіктеледі: Үй іргесі тым тақау көрші басқаларға қарағанда анағұрлым жақын болып есептелген. Туыстығы бар немесе үйлері бір­- -біріне жақындар «жақын көрші» деп аталған. Үйлері бірбіріне жақын да, алыс та емес, өзге діндегілер «алыс көршіге» жатқызылған. Айша анамыз (р. анһа.) төңіректегі қырық үйлік арақа­ шықтықтағы үй иелері көрші болып есептелетінін айтқан. Көрші ақысы осы қашықтыққа тән екенін білдірген. Ал Али (р.а.) адамның дауысы жететін жердегілердің бәрі көрші болып саналатындығын білдірген. Исламда көршілер өздеріндегі ақыларына қарай үш түрге бөлінеді: Үш түрлі ақысы бар көршілер: әрі туыс, әрі мұсылман кісілер. Бұлардың көршілік, туыстық және мұсылмандықтан туатын үш түрлі ақысы бар. Екі ақысы бар көршілер: туыстығы жоқ мұсылмандар. Олардың көршілік әрі мұсылмандықтан туатын екі түрлі көршілік ақысы бар. Бір ғана ақысы бар көршілер: не туыс, не мұсылман еместер. Олар өзге дінге жататындар. Олардың көршіліктен туатын бір ғана ақысы бар118. Демек, көрші ұғымына мұсылман, еврей, христиан секілді наным-сенімі, ұлты, асылында, түсінік-танымы әр түрлі кісілердің бәрі жатады. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда елмен тату-тәтті тіршілік кешіп, жақсы көрші бола білудің өзі үлкен сын. Өйткені ол – иманның беріктігі мен ізгі мұсылманшылықтан туады. Бұл турасында жеткен мазмұнды хадистер көп. 118 Хилиятул-әулия. 5т. 201б.

Солардың бірінде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Көрші туралы Жәбірейіл періштенің кеңесті үйіп-төккені сонша – мен апыр-ай көршіні көршіге мұрагер етпес пе екен деген ойға қалдым», – деген119. Осы мазмұндас «Көршілеріңмен көршілігіңді жақсарт, шынайы мұсылман боласың»120, «Екі көршің бір уақытқа шақырған болса, алдымен ең жақынына бар. Ал екі түрлі уақытқа шақырылсаң, онда бірінші болып шақырған көршіңе бар» деген хадистер, өзгелермен тілегі мен жүрегі бір ізгі мұсылман болуға, көршімен жақсы тығыз қарым-қатынаста болуға үндейді121. Жақсы көрші бола білудің жарқын мысалын имам ағзам Әбу Ханифаның өмірінде кездескен мына бір оқиғаны айта кеткенді жөн көрдік. Имам ағзам Әбу Ханифаның маскүнем бір көршісі бар еді. Күнде дабырлап сөйлеп, жанұясында жанжал шығарып, түнімен ұйықтамай ел-жұрттың да, имамның да мазасын алатын. Сол көршісі бірде абақтыға қамалады. Имам болған мән­жайға қаныққан соң, қаланың әкіміне жолығып, көршісін босатып алыпты. Екеуі бірге қайтып келе жатқанда, өзінің бұл қылығына ұялған жігіт: «Өзіңізге жамандығы болмаса, жақсылығы жоқ адамды неге босатып әурелендіңіз?» – деп сұрапты. Сонда Имам Ағзам: «Жігітім, сен қандай адам болсаң да, менің көршімсің. Көршіге жақсылық жасау − мұсылмандардың міндеті. Мен өз міндетімді ғана орындадым. Қайта кешірек естіп, кештеу қамдандым ба деп өкініп келемін», – деп жауап беріпті. Кейіннен әлгі жігіт тәубаға келіп, имамның шәкірті болған деседі122. Иә, мұсылман адам өмірде көршімен арадағы сыйластығына қатты мән беруі тиіс. «Адал көршісі бар алаңсыз ұйықтайды», «Көршім саңырау деме, құлағына шалынар», «Көршінің итін 119 Бұхари, Әдаб, 28 120 Ибн Мажа, Зүһд, 24, ІІ, 1410. 121 Әбу Дәуіт, Әтғима, 9, IV, 134. 122 Мәкки, Мәнақиби Әбу Ханифа, 170; Пилавоғлы, Бүйук имам Әбу Ханифа, 46.б.

ұрғаның, өзін ұрғанмен тең» демекші, көршісіне адал болуға, оны ренжітпеуге, сыртынан жамандамауға, көңіліне келетін іс-әрекеттер жасамауға, жамандығын емес жақсылығын көрсетуге ұмтылғаны абзал. Әбу Хұрайра риуаят еткен бір хадисте Пай-ғамбарымыз (с.а.с.): «УАллаи, мүмин емес, уАллаи, мүмин емес, уАллаи мүмин емес», – деп кейиді. Сахабалар «Уа, Алла елшісі, «мүмин емес» деп кімді айттыңыз?» – деп сұрағанда, «Көршісіне залал тигізетін адам», – деген екен123. Тағы бір хадисте «Аллаға, қиямет күніне сендім деген адам көршісін сыйласын», – деп өсиет етілген124. Жақсы көрші бола білу көңілдің әрін, тіршіліктің нәрін, өмірдің сәнін келтіріп, адам жанына шуақты сезім ұялатады. Айналадағы ел-жұртпен жарасымды сыйластық – өмір сүруге деген құштарлықты арттырады. Көп жағдайда жақсы көрші туыстан да артық саналған. Ата­бабаларымыз бұны «Алыс туыстан жақын көршің артық» деп білдірген. «Жолға шықпай тұрып досыңды сайла, Үй алмай тұрып көршіңді сайла» – деп, өмірлік тәжірибелерінде үй алмай тұрып, кіммен көрші болатынына мән берген. Дәл осы тұста: «Жақсы көршіге қандай адам жатады?» – деген сұрақ туындауы мүмкін. Оның жауабы көршілердің бір­-біріне деген ыстық ықыласы мен көршілік ақысында. Жақсы көршні осы құқықтарға көңіл бөлген адам деуге болады. Бұл тұрғыда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла есебінде достардың ең жақсысы – досына ең қайырлы, пайдалы болғаны. Алла есебінде көршілердің ең жақсысы – көршілеріне ең қайырлы болғаны», – деген125. Осы себепті халқымыз: «Көрші ақысы − тәңірі ақысы», – деп, оған аса мұқият қарауға тырысқан. Ірі мұсылман ғалымы Имам Ғазали бұл жайлы: «Көрші ақысы көршіге жамандық жасамаумен ғана 123 Бухари, Әдаб, 29. 124 Бухари, Әдаб, 31, VII, 79. 125 Ахмәд, Тирмизи, Хаким (Ибн Омардан) 250, Н. 151.

шектелмейді. Бұған қоса, көршіге әрдайым жақсылық жасау да осының аясына кіреді. Мұсылмандықта көршіге сыпайы мінез таныту, көршімен кездесе қалса, жылы шырай танытып сәлемдесу, ауырғанда қалын сұрау, қайғысын бөлісу, қуанышына ортақтасу, жолаушылап кеткенде үй-ішіне баскөз болу, балаларына жақсы қарау, айыбын әшкерелемеу, дінге, не күнделікті тіршілікке қатысты ақыл сұраған істерде дұрыс жөн сілтеп, бағыт-бағдар беру – бәрі де көрші ақысына жатады», – дейді126. Әбу Зәрдан жеткен хадисте Пайғамбарымыз оған: «Әй, Әбу Зәр! Сорпа қайнатсаң, суын көбірек қос, сөйтіп жағдайы нашар көр­шілеріңе де сорпаңнан беріп, жақсы­ лық жаса», – деген127. Бұл өз жағдайыңды қалай ойласаң, көршіңнің де жағдайын дәл солай ойлауға тырыс. Өйткені «көршің аштықтан бұратылып жатқанда, сенің тоқ жатуың мұсылмандыққа лайық іс емес» дегенді меңзейді. Көрші – адамның күнделікті өміріне, елмен араластығына, жақсы-жаман істеріне, пейіліне, адам-гершілігіне т.б. бірденбір куә адамдар. Көршілердің куәгерлігі ақырет үшін де аса маңызды болып есептеледі. Бір хадисте: «Бір мұсылман қайтыс болғанда, көршілерінен үш кісі ол жайлы жақсы куә болса, Алла Тағала былай дейді: «Осы білгендерін құлдарыма куә ретінде қабыл алдым». Немесе «Бұл құлымның Өзім білетін күнәларын кештім», – деп бұйырады», – делінген128. Әбу Хұрайраның айтуынша, бір жолы бір кісі келіп, ең жақсы амалдың не екенін сұрағанда, Пайғамбарымыз оған: «Жақсы адам бол», – деді. Ол: «Жақсы болғанымды қайдан білем?» – деген кезде, «Көршілеріңнен сұра, егер олар сенің жақсы екеніңді айтса, жақсы болғаның. Жаман екеніңді айтса, жаман адам болғаның», – деді. Демек, жақсы-жаман екендігіміздің өлшемі көршіле­ рімізден белгілі болатынын ескерудің мәні зор. 126 Ғазали, Ихияуулумуддин, ІІ, 271-272, Каир, 1386. 127 Мүслим, Бирр, 143, ІІІ, 2025. 128 Ахмед, ІІ, 291, VI, 159.

Тарих қатпарларына үңілсек, кеңестік сұрқай саясат бүлдіргенге дейін, қазақта ізін суытпай ғасырлар бойы жалғасын тауып келген көршілік дәстүр былайша суреттелген: «Кезінде халқымыздың терең мәнді, келісті, әдемі салт-дәстүрі бар еді. Көршілер күнде ертемен бір-бірінің тықырын естіп, төбесін көрісімен, дауыстап сәлемдесіп, қол берісіп амандасатын еді. Кешқұрым да, күндізгі шаруаларын жайғастырған соң, үлкендер ауыл сыртында бас қосып, жаңалықтарын айтысып, осы күнгіше айтқанда, «ақпарат алмасып», бір-біріне, тұтас ауылға қатысты ертеңгі істерін келісетін еді, аз уақыттық болса да, әңгіме-дүкен, әзілқалжыңдарына бір жасап қалатын еді. Кішкентай балалар да үлкендердің осы бір шүйіркелесулерін мерекедей көріп, мәз болып, араларында жүретін еді, көршіліктің жан марқайтар рухын жүректеріне дарытып, кейін үлкейгенде, соны өздері айнытпай қайталайтын еді. Алыстан ағайын, құда-жекжат, құрметті қонақ келе қалғанда, немесе үй иелерінің бірі сапардан оралғанда, көршісі сәлем беріп шығатын еді, отағасының өтінішімен қонақтармен бірге отырып, әңгімелесіп, өткен-кеткенді сөз етіп, кейде оны ән-жыр, терме, дастандарға, күйге ұластыратын еді. Осының бәрі балаларға ел өмірі, тілөнер туралы сабақ, дәстүр-салт, тарих мектебі, әдеб-инабат тағылымы болып саналады. Олар – зорлаусыз, міндеттеусіз, сұраусыз, Бірақ жас баланың жан дүниесін баурап алып, ақыл-ес және көркемдік-сезімдік зердесінде өшпестей болып жазылатын дәрістер болған. Ауырып-сырқап қалғанда, көңіл сұрау, той-томалақ, өлімжітімді атқарысу өз алдына, үлкендері жолаушы кеткен көршінің отбасына қарайласып, бас-көз болып, шаруасын, мал-жанын түгендеп, ақыл-кеңес беріп, шамасы жетпей, қолынан келмей жатқан жерлерін жөндеп жіберетін еді. Момын, әлсіз, ауру, жас немесе кәрі көршінің біреуде кеткен есесін іздеп, қуысатын еді. Соғымға сойылған малдың

басына шақырысып, әйелдер жағы дәмді, әуес тағамдарын бір-біріне аяқ-табақпен балаларынан беріп жіберетін еді. Ауық-ауық бір-біріне дәм татқызар еді. Мұның бәрі ара дәнекер, ынтымақ, ауызбірлік ұйытқысы, сенім кепілі рөлін атқаратын, нақты мәнге ие болатын»129. Иә, қазақ көршімен сыйластық негіздерін Исламнан алған. Өйткені бұл Ислам ғалымдарының хадистер негізінде жоғарыда атап көрсеткен көршімен арадағы сыйластықтың жалпы әдептерімен толық сәйкеседі. Қорыта келгенде, қоғамның бейбіт өмірін жақтайтын Ислам діні жоғарыдағы аят-хадистер негізінде мұсылмандарды көршімен тату-тәтті тұруға шақырған. Көршімен татулық мұсылмандардың бір-бірімен татулығы мен сыйластығын, бауырмашылдығы мен ағайынгершілігін сақтайды. Білебілгенге ол да өмірдегі сынақтардың бірі. Алла Тағала бұл дүниеде де жақсы көршілер нәсіп етіп, ақыретте де сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафамен (с.а.с.) көрші болуды баршамызға нәсіп еткей! 129 Ұ. Асылов. Ж. Нұсқабайұлы. Әдептану «Мектеп» баспасы. 1998. Б. 175-176 .

«НӘПСІҢ – КӨКЖАЛ БӨРІДЕЙ, ИМАНЫҢ – БАҒЛАН ҚОЗЫДАЙ» Адамның екі жағы болады: шайтани, яки періштелік немесе нәпсілік және ұждандық. Ар-ұят, кішіпейілдік пен қарапайымдылық, жанашырлық пен жақсылыққұмарлық, сыпайылық пен кісілік секілді толып жатқан адамның рухани-адамгершілік не күнгей жағын «ұждан», ал екінші тәнқұмарлық, ашу, ыза, кек, қырсықтық, паңдық, өркөкіректік, даңғойлық пен жек көру секілді белгілі бір хикметпен берілген жағымсыз қасиеттерден құралған көлеңкелі жағын «нәпсілік» деп атаған жөн. Бұл екеуі үнемі бір-бірімен тайталас үстінде. Бір қызығы, адамның ар-ұждандық салмағы артқанда, нәпсілік жағы да барынша жұмсарып, адамның рухани өсуіне ықпал ете бастайды. Адамның ар-ұжданға көп көңіл бөлмей, тек нәпсілік жағын ғана күйттеп кетуі оны түрлі азғындықтарға итер­ мелейді. Мақал-мәтелдерінде ата-бабаларымыз «Нәпсі арды айыртқызбайды», «Айдай ажарыңды иттей нәпсі тоздырады», «Аспандағы құсты жердегі жем ұятқа қалдырады» деп қоймай, парақорлық, жалақорлық, мансапқорлық, жемқорлық, дүниеқорлық, зинақорлық секілді жеті қорлықтың қатарында нәпсіқорлықты қоса атауы тегін емес. Өйткені нәпсі үнемі тек қана жамандықты, жалқаулықты, тәнқұмарлықты, азғындықты қалап тұрады. Қасиетті Құранның «Юсуф» сүресінің 53-аятында «Расында, нәпсі тек қана жамандықты қалайды» деп нақты айтылғаны – сөзіміздің бірден-бір дәлелі. О баста нәпсіні жаратқанда, Алла Тағала оны сынау үшін: «Мен кіммін? Сен кімсің?» деп сұраса керек. Сонда нәпсі

өзінің тоңмойындығын білдіріп: «Мен менмін, Сен сенсің» деп қырсығып жауап қатыпты. Оны сынамақ болып сол сұрақты қайта қойғанда, нәпсі жаңағы қитұрқылығынан танбапты. Ең соңында нәпсіні қатты ашықтырып барып тілге келтіргенде ғана ол: «Сен менің Ұлы Жаратушы Иемсің, мен сенің әлсіз, әлжуаз құлың екенмін», – деп тәубесіне түссе керек. Осыдан-ақ нәпсінің Жаратушыны мойындағысы келмейтін, құлшылық атқаруға селқос, адамды іштей жамандыққа азғыратын табиғатын байқаймыз. Осы себепті болар, Тәбүк соғысынан қайтып келе жатқан Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына қарап: «Сіздер кіші жиһадтан (күрестен) үлкен жиһадқа (күреске) енді беттеп келесіздер», – деген болатын. Жан алысып, жан беріскен үлкен шайқастан қайтып келе жатқан сахабалар бұған таңғалыса: «Уа, Алланың елшісі! Біз сонда ең үлкен күрестен қайтып келе жатқан жоқпыз ба?» – деп сұрағанда, ол: «Жоқ, ең үлкен күрес – өзіңнің нәпсіңмен күрес», – деп ескерткен еді130. Расында да, іштегі нәпсімен күреске жетер күрес жоқ. Өйткені сіз нәпсіңіздің сізді қалай алдап соғарын, қалай алып ұрарын болжап болмайсыз. Үнемі қатердесіз. Осы себепті Пайғамбарымыз (с.а.с.) нәпсінің қаупін меңзеп: «Сенің ең үлкен дұшпаның – нәпсің», – деген-ді131. Өзі де үнемі нәпсінің жамандығынан сақтанып: «Я, Алла! Үрейі жоқ жүректен, қабыл болмайтын тілектен, тойым білмейтін нәпсіден, пайдасы жоқ ғылымнан сақта!132», «Мені көзді ашып-жұмғанша нәпсіммен оңаша қалдырма, жетегіне ергізбе», – 133 деген дұғасын тастамаған. Тағы бірде Ақиық елші (с.а.с.): «Сендердің түйені болдыртқандарыңдай, расында, шынайы мүмин де (нәпсісін ауыздықтау арқылы) шайтанын дәл солай болдыртады», – 130 Рази, ХХІІ, 72; Байдауи, ІІ, 97. 131 Ажлуни, І, 143. 132 Ибн Мажа, Сүнән, Дуа, 3837. 133 Ибн Ханбал, 5/42.

деген еді134. Әз Пайғамбардың өз өміріне қарасақ, тірлікте тоя тамақ жемегенін, өте аз ұйықтап, өте аз күлгенін, дүниені көзіне ілмегендігін, азға қанағат етіп, жұпыны ғана тірлік кешкеніне куә боламыз. Бірде өзін іздеп келген хазірет Омар (р.а.) сәл жатып көз шырымын алған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жүзіне төсеніш еткен шидің шиыр-шиыр ізі түскенін байқап, еріксіз көңілі босап жылаған күйі: «Уа, Алланың сүйікті елшісі! Өзге елдердің патшалары құс жастық, мамық төсекте жатқанда, сіздің мына қатты шиді төсеніш етіп жүргеніңіз қалай? Біз сізге жайлырақ төсек алғызайықшы», – деп өтінгеніне, сол байсалды қалпын сақтаған күйі: – «Мен бұл өткінші дүниенің рақатын көргім келмейді. Бұл дүниеде мәңгі қалмаймын. Мен тек ыстық күні жолға шыққан және ағаш түбінде бір сәт дем алып, сапарын қайта жалғастырған жолаушы секілдімін», – деп жауап бергені де жан рақатын қалап тұратын нәпсіге, оның титтей де иілмегендігін көрсеткендей135. Мұхаммедтік тәрбие, тектілік өнегесін көрген сахабалардың қай-қайсысы да осы үрдістен, хазірет Мұхаммед (с.а.с.) салған сара жолдан таймады, осы қасиетті өлшемді берік ұстанып, нәпсіге ерік бермей өтті. Бір ғана мысал, мақтаулы Елшіні адалдығымен тәнті еткен ет-жақын досы, мұраттас серігі хазірет Әбу Бәкір нәпсіге беріктігімен тақуа ғұмыр кешіп: «Алла разылығы жолында нәпсісін титықтатқанды – Хақ тағала азаптан сақтайды», – десе, сол тұнықтан сусындап өткен хазірет Омар да: «Өлмей тұрып өздеріңді (ішкі нәпсілеріңді) есепке тартып көріңдер!» –деп артына өлмейтін, өшпейтін мәнді сөз қалдырған еді136. Біле білгенге, нәпсі ақиқатты бүркемелейді. Сопылық ілімнің көрнекті өкілі Жәлаладдин Руми (ХІІІ ғ.) шығармасында («Астарлы мән туралы поэма») бір шебердің 134 Ахмәд ибн Ханбәл, Мүснәд, 2/380 135 Хайсами, Мәжмауз-зауаид, 10/587 (18299) 136 Әли әл-Мұттақи, Кәнзул-Ұммал, 2/162

көзі қыли баланы құмыраға жұмсайтындығы әңгімеленген. Жалғыз құмыраны екеу ғып көрген бала: «Екі құмыра көрдім қайсысын әкелейін?» – деп сұрайды. «Біреуін сындыр да, екіншісін әкел», – дейді шебер. Ол біреуін сындырғанда, екіншісі жоғалып кетеді. Нәпсі мен ақиқатты осыған ұқсатады. Нәпсі анық бой көтерген жерде, ақиқат тұмшалана береді деп түсіндіреді. Яғни, нәпсі күшейген жерде ар-ұждан әлсірей түседі деуге болады. Нәпсіні билей білудің, өзін-өзі алып жүрудің артықшы­ лығын дана Абайдың мына бір оқиғасынан да ұғына түсеміз. Тобықты елімен көршілес Төлеңгіт руынан шыққан Меңаяқ би қайтыс болғанда, Абай аза тұтып, дұға оқиды. Артынан жиналған елге: «Меңаяқ өзінің басының атын өзі алып жүре алатын адам еді», – дейді. Азалы елдің бір үлкен адамы: – Абай-ау, ол не дегенің?! Меңаяқ өз атының ғана басы емес, рулы елді билеген адам емес пе?! – дейді. Оған Абай: – Елді билеуден адамның өзін-өзі билеуі қиын. Жағдайы келгенге бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абыройын ашатындар көп. Меңаяқ сонан аулақ жан еді. Оның зор адамдығының өзі сонда еді, – деп жауап береді137. Шынында да, өмірде байлық пен биліктің буына мастанбай, «жаман адам» кездегі өрім-өрім, қырық шоқпыт шапанын би болған шағында керегесіне ілдіріп, «Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп әркез тәубаға түсіп отыратын, қай кезде де нәпсіге ие болып, адамшылықтан алыстап кетпейтіндер некен-саяқ. Алматыда біраз уақыт жүріп, ауылға бірге қайтқан кезінде Ноғайбай шешеннің қуақыланып: – Кебеке, сіз Әселді, мен Былғары жеңгейді түнде барып бір сынасақ қайтеді, – дегеніне, Кебекбай ақынның байсалдылықпен: 137 А. Машани. Әл-Фараби және Абай. А.,-1994. Б.126.

– Қой, Ноғайбай, Нәпсі деген пәледүр, Жанған отқа саладүр. Өз нәпсің қандай болса, Кісі нәпсісі де сондай, – деп тыйым айтқаны да «Нәпсіге ерік берме, име бойыңды, Ләззаты – мұң, тілегі – құр ойынды» деген Жүсіп Баласағұн бабамыздың сөзін қуаттап, нәпсінің адамды соңы өкінішті істерге соқтыратын пәле екендігін, ол жамандыққа тартқан сайын алды-артын бажайлап, үлкен сабырлылықпен тоқтамға келе білу керектігін білдіргендей138. Расында да, нәпсінің жетегінде кету, нәпсіқұмарлыққа салыну аса қауіпті жайт. Оны ата-бабаларымыздың ел арасында насихаттаған өсиет, нақылдарынан да көреміз. Мәселен, Ахмет Яссауи бабамыз: Нәпсі жолына кірген кісі рәсуа болар, Жолдан азып-тозар, жұртта қалар. Жатса-тұрса, шайтанменен бірге болар, Нәпсіні теп, нәпсіні теп, ей, пәтшағар! Нәпсі сені ақырында торға салар, Діннен қуып, жақсылықтан ада қылар. Өлер кезде иманыңнан жұрдай қылар, Ақылға ерсең ит нәпсіден безер болғай, – деп, нәпсіге салынған кісінің түбі рәсуа болатындығын, Тіпті,ажал алқымына жармасқан сәтте имансыз кетуі мүмкін екенін айтып зар илесе, Асан қайғы бабамыз: Адам әзіз айтар деп, Көңіліңді салмағыл. Нәпсі алдаушы дұспанның Насихатын алмағыл, – деп, жоғарыда біз атап өткен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) нәпсіні адамның ең үлкен дұшпанына балаған хадисін еске түсіреді. Бұқар жыраудың мына бір өлеңі де адамдағы нәпсінің тоғышар әрі қомағай екендігін, өмірден қанша қызық көрсе де тойым білмейтіндігін жақсы ұғындырады. 138 Ж. Қарабасов. Тура биде туған жоқ. А., - 2006. Б.99.

Әлемді түгел көрсе де, Алтын үйге кірсе де, Аспанда жұлдыз аралап, Ай нұрын ұстап мінсе де, Қызыққа тоймас адамзат! Ол тіпті, Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Адам баласына бір тау алтын берілсе, тағы берсе деп тілеп тұрар еді» деген хадисінің ақиқаттығын сездіргендей. Нәпсіқорлық адамды бұл дүниеде рәсуалап қана қоймайды, о дүниеде де сол істегендеріне жаза тартқызады. Бұл дүниеде қызыққан нәрсесіне қол жеткізгенше, әркімнің бабын табам деп сілікпесі шықса, о дүниеде сол қол жеткізген нәрселерінің есебін бере алмай, қара терге түседі. Сол себепті, бұл дүниеде нәпсіге тыйым сала білген жандар ғана о дүниедегі тозақ отынан аман қалатындығын Қабан жыраудың мына бір өлеңінен көреміз: Артынан қу нәпсінің жүгіре берсең, Қу нәпсі жүгірістен танған емес. Нәпсіге тоқтау салған бәндесіне, Тозақтың оты кеулеп жанған емес! Абай атамыз да нәпсінің түрлі құбылмалы жақтарын бірқатар өлеңдерінде тамаша сипаттаған. Бірде: «Лапылдақ, көрсеқызар нәпсіге ерме», – деп нәпсінің көрсеқызар, лапылдақ сипатын көзімізге елестетсе, енді бірде «Күзетсең көптің аузын күн көрмейсің; Өзіңді-өзің түзет, кел, шырағым», – деу арқылы нәпсі тәрбиесі әр адамның жеке өзіне қатыстылығын алға тартады. Ғұлама әрі ойшыл бабамыз «Ескендір» поэмасында: «Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең, Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең!» деп келісімді түйінін бір-ақ жасайды. Рас, шынайы мықтылық адамның өз нәпсісін жеңе білуінде. Шәкәрім бабамыз жақсы адамның нәпсісін өзіне бағындыра білетіндігін, ал жаман адамды керісінше нәпсісі сүйреп жүретіндігін айтып, нәпсінің әр сүйген нәрсесінің соңына түсе кетуге бейілдігін әдемі жеткізген:

Тағдыр Адамды айдап туғызбақ. Әрбір Сүйгенін нәпсі қуғызбақ – Өмірдің жолы бұл. Жақсы Нәпсісін өзі билемек. Тапшы Наданды нәпсі сүйремек, Мақтанға болып құл! Мәшһүр Жүсіп бабамыз нәпсі тәрбиесінде оны тым босаңсытуға келмейтіндігін шегелеп, нәпсіні тәрбиелеу үшін ең әуелі көзге абай болу керек деген оқшау пікірді жақтап былайша ой түйеді: Жаяу қыл, нәпсіңді атқа мінгізбей бақ, Міне қалса, жортқызып, желгізбей бақ. Өзін-өзі бағуға көп әл керек, Көз соңынан көңілді жүргізбей бақ! Шал ақын нәпсіні тіптен образға айналдырып, көкіректегі иманыңыздың жауы ретінде оны көз алдыңызға қасқыр бейнесінде елестетеді. Ол: Нәпсің көкжал бөрідей, Иманың бағылан қозыдай, – дей отырып, иманды бағлан қозыға теңеп, нәпсіні кез келген уақытта оны бүріп жіберуге, бір асап қылғыта салуға дайын көкжал бөрі ретінде түсіндіреді. Оның иманыңызға төндіретін қаупінен сақтандырады. Уәйіс Шондыбайұлы болса: «Болғанда нәпсі – қасқыр, ақыл – қақпан», – деп, ондай «қасқырға» ақылды «қақпан» ретінде қолданғанда ғана оның дұшпандығы мен кесір-кесапатынан сау жүретіндігімізді білдіруде. Бұл насихат, нақылдардың барлығынан біз ата-бабала­ ры­мыз­дың сонау ерте кезден нәпсінің жамандығынан халықты сақтандырғанын, ел ішінде нәпсіқұмарлықтың түбі жақсылыққа апармайтындығын кеңінен үгіттегендігін

көреміз. Алайда осы орайда «Себепсіз ешбір нәрсе жаралмаған» деп Әріп Тәңірбергенұлы (1856-1924) бабамыз айтпақшы, «Нәпсіні Алла Тағала не үшін жаратты?» деген сұрақ туары белгілі. Алла Тағала оны да бекерге жаратпағаны анық. Мәселен, адамдағы ашуды алайық. Оны дұрыс басқара білудің өзіндік жөн-жосығы бар. Ашу, ашу күйінде қалып кеткен жағдайда шикілік танытады, ол адамды ызақор, қанды көз, ұр да жық мінезділікке салуы мүмкін. Алайда ашуды адам ар-намысты, ұятты, елді-жерді, дінді, құндылықтарды қорғау жолында қолданса, сол жолда өліп кеткен күннің өзінде шейіттік шәрбатын ішеді. Бұндай ашудың үлкен сауапқа батыратыны белгілі. Демек, осы секілді бір қарағанда жағымсыз көрінген адам қасиеттерін, нәпсі қалауларын дұрыс қолдана білсе, ол да адамның рухани биіктеуіне жол ашады. Нәпсінің өзі адамды биіктетсе, ар-ұжданды қолға алудың адамды қандайлық дәрежеге жеткізетінін сіз пайымдай беріңіз. «Ұждан» араб тіліндегі «табу» деген сөзден шыққан. Өзіңнің шынайы болмысыңды табу, сол арқылы ақиқатты табу, Хақты тану деген мағыналарды қамтиды. Имам Раббани, Имам Ғазали секілді ірі мұсылман ғұламаларынан бастап, батыстық көптеген ойшылдар осы ұждан мәселесіне көп көңіл бөліп, оны білуге, сезуге болатындығын айтқан. Ұжданның адамды ешқашан алдамайтындығын әулие кісілер де, ойшыл-философтар да мойындаған. Ұжданына құлақ түре білген адам оның үнемі ақиқатқа шақыратындығын, істің құдайшылығын алға тартатынын, пендеге дұрыс жол көрсететіндігін байқайды. Өкініштісі, бірақ ол әркімнің қолынан келе бермейді. Ұжданының өзіне қалай тіл қатып тұрғанын кез келген адам ести бермейді. Неге? Өйткені ұждан таза болу керек! Нәпсінің ыңғайына жығылып, соның күйесімен күйелештенген, елді алдап-арбау арқылы, атақмансап, шен-шекпен, лауазым үшін түрлі арсыздықтарға баруға әбден еті өліп кеткен пенденің ұжданы аяқ-қолы

кісендеулі, басы ноқталы, тілі күрмелген аянышты күйде деген сөз. Сондықтан ұжданы оның ішкі жан дүниесін сәулелендіре алмайды. Дәл, сыртын бес елі шаң қапқан май шамның жарық бере алмай тұншығатыны секілді. Сол себепті, ондай адамды халық «арсыз», яки «ұждансыз» деп атаған. Жалпы, Құран кәрімде тазару сатыларына қарай нәпсінің жеті түрі көрсетілген. Біз соның біреуіне ғана тоқталдық, яғни нәпсінің жамандықты қалап тұратын, жағымсыз жағын ар-ұжданмен салыстыра отырып, ашып көрсетуге тырыстық. Адамның бойында үнемі өзара айқасқа түсетін осы бір арұждан мен нәпсіге қатысты мынадай ғибратты әңгіме бар. Бір қарт кісі үйінде екі ит ұстайтын болса керек, оның біреуінің түсі ақ, екіншісі қара екен. Немересі бір күні атасынан осының мәнісін білмек болып: «Ата, осы неге екі ит ұстайсыз? Қашан көрсең екеуі таласып, ырылдасады да жатады, бір үйге біреуі де жетпей ме?» – деп сұрапты. Сонда ақылман қарт: «Балам, олар өмірдегі ақ пен қараның таласын, Тіпті,адам жүрегіндегі күн сайынғы жақсылық пен жамандықтың, игілік пен зұлымдықтың, ар-ұждан мен нәпсінің өзара айқасын есіме салып тұрады, сол үшін де оларды көз алдымда ұстауды жөн көремін», – депті. Немересі тіптен таңырқап: «Ата, өзіңіз айтқан күн сайын адам жүрегінде таласқа түсетін қасиеттердің қайсысы жеңіп отырады сонда?» – деп қайтара сұрағанда, қарт жымиып: «Мен ақылға салып қайсысына көбірек жақтассам, сол жеңеді, әрине», – деп жауап берген екен. Иә, қарияның жауабында өмір шындығы жатқан секілді. Ендеше, ойланайықшы, біз осы ар-ұждан мен нәпсінің қайсысына көбірек бүйрек бұрып қойып жүрміз өзі?!

ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІНДЕ КІТАП ОҚУДЫҢ ОРНЫ Ғаламдық мәдениеттің бір бөлігін кітап құрайды. Кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Күнделікті өмірде кітап оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез байқауға болады. Кітап оқитын адам ақыл-парасат, таным, білім, елмен қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайылығы мен мәдениеттілігі секілді бірсыпыра ізгі қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады. Иә, алғашқы бұйрығы «Оқы!»139 деп келген Ислам діні оқуға қатты көңіл бөледі. «Құранда оқы деген мағынаны білдіретін «қирағат» сөзінен тарайтын 87, жазу мағынасына келетін үш бөлек сөзден тарайтын 336, ғылым деген мәндегі және сол мәннен тарайтын 780 cөздің кездесуі бізге ой салуы тиіс»140. Бұл Жаратушы иеміздің мұсылмандарды оқуға көңіл бөлуге шақыратындығын ұқтыруда. Бұған қоса, қалам мен сиясауытты (нун) жеке-дара атап серт беруі де осы мағынаны үстемелейді. «Екі күні бірдей өткен адам зиянда» деп, күн сайын білімге білім жамап отырудың қажеттігін ескерткен сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің де (с.а.с.) оқуға, ілім үйренуге шақыратын хадистері көп. «Садақаның ең жақсысы – ілім үйреніп, оны басқаларға үйретуі»141, «Көк пен жердің арасындағылар, илеуіндегі құмырсқа, теңіздердегі балықтарға дейін (бүкіл тіршілік иелері) ілім үйренушіге игі дұға тілейді»142, 139 «Алақ» сүресі, 1-аят. 140 Асым Шарк. Гүзел аһлақ сахиби олмақ. Стамбул. Ышык йайынлары. 2010. Б. 186. 141 Тирмизи, Илм, 7. 142 Тирмизи, Илм, 19.

«Алла ілім арқылы бірқатар ұлттардың абыройын биіктеді, жақсылықта басқаларға жолбасшы етеді, ел солардың ізіне еретін болатын»143 деген хадистерін осылардың қатарында атап өтуге болады. Х – XII ғасырларда Ислам әлемінде ғылым-білімнің шарықтап дамуымен кітап шығару ісі өркендеп, кітапханалар саны көбейді. әл-Мәмун дәуірінде (786-833) Бағдатта «Бәйтүл-хикма» (Даналық үйі) атты алғашқы кітапхана әрі обсерваториялар салына бастады144. Бір Бағдат қаласының өзінде 36 кітапхана жұмыс істеген деген деректер кездеседі145. Ең соңғы кітапхана он мың том кітабы бар уәзір Ибнул-Алқамаға тән болған. Бірақ бұл кітапхана да 1258 жылғы монғол-татар шапқыншылығы кезінде қиратылып, Отырар кітапханасының кебін киген146. Харұн Рашид дәуірінде араб тарихшысы Омар Уақидидің (736-811) жеке басында жүз жиырма түйеге жүк боларлық кітабы болған147. Көне мәліметтерде Александрия кітапханасында 900 000 (тоғыз жүз мың) том қолжазба сақталғандығы айтылады148. Иранда да халыққа арналған жалпы және жеке кітапханалар көп болған. Ең жақсы кітапханалары Шираз бен Мәру қалаларында еді149. Бұл ғасырларда жинақ шығару, кітапхана әдістемесі тұрғысынан Ислам әлемі Еуропа кітапхана жүйесінен үш143 Ибни Абдулбәрр, Жамиу бәйанил-Илм, 66. 144 Үмит Ергүл, Календер Йылдыз. Мүслүман илим өнжүлери, Ышык йайынлары. Измир, 2005. Б. 31. 145 James Westfall Thompson The Medieval Library (New York, Hafner, 1957), Müslim Libraries бөлімі, Аударғандар: Osman Ersoy, Özer Soysal. 146 A. Von Kremer, Culturgeschichte des Orients ünler den Chalifen (Vienna, 1877), II, 483. 147 Margoliouth, op. cit.,192; A. Grohmanıı, «Bibliotheken und Bibliophilen in islamiscben Orient», Festschrift der Nationalbibliothek in Wien (Vienna, 1926), 439. s. 148 Ирфан Йылмаз. Йитик хазиненмн кашифи Фуат Сезгин. Йитик хазине йайынлары. Стамбул. 2009. Б. 78. 149 James Westfall Thompson The Medieval Library (New York, Hafner, 1957), Müslim Libraries бөлімі, Аударғандар: Osman Ersoy, Özer Soysal.

төрт ғасыр озып кеткен. Орта дәуір Еуропасы бұл кезде кітаптарды сөрелерге шынжырлармен байлап тізіп қоятындай әлі дамымаған еді. Оқырманға кітап осы шынжырымен бірге берілген. Тіпті, ашық темір торға салып қойып, сыртынан парақтатып оқытқан кездері де кездескен150. Бұл кезде мұсылмандардың мәдениет ошағы болған Андалусияда әл-Хакам атты халифаның кітапханасында 600 000 (алты жүз мың) кітап болса, ал одан төрт ғасыр кейінгі Еуропаның өзінде «Білімпаз Чарлз» деп аталған Франция королі V Чарлздың кітапханасы небәрі 900-ақ (тоғыз жүз) еңбектен аспаған151. Кітапқұмарлық тұрғысынан үш-төрт мұсылман ғалымның өмірін мысал ете кеткен де орынды. Айталық, 63 жасында қайтыс болған әйгілі мұсылман ғалымы Фахраддин ар-Рази артына ғылыми маңызы зор екі жүз еңбек қалдырған. Жазған кітаптарын қаттап тізгенде, кісі бойынан асатын деседі. Тәпір саласында жазған еңбегінің өзі он екі мың бетті құраған. Бұны өміріне шаққанымызда, балалық шағынан бастап күніне 1520 бет ғылыми зерттеу жазған болып шығады. Дастарқан басына отырғанда да ол бір жағы тамақ жеп, бір жағы кітапқа шұқшиюдан бас алмаған. Ал әл-Жахыз атты ғалым түнімен кітапханаларды жалға алып, кітап оқыған көрінеді. Кітапқұмар тағы бір кісі XI ғасырда Фатимидтер билеушісі Махмұддудәулә ибн Фатих еді. Ол медицина, математика және пәлсапа ілімдерін үйреніп, өзі де сол салаларда көп қалам тербейтін. Ибн Әби Ұсайбия: «Ол көп жазатын. Өз қолымен жазған көп еңбектерін таптым», – деген. Махмұд ибн Фатихтың жинаған кітабының есебі жоқ еді. Қызығы сол, Ибн Әбу Ұсайбаның жинаған кітаптарының көбі иістеніп, бүлініп, суға малынғандай әсер беретін. Кітаптардың бұл жағдайын Каирлік ғалым Шейх Садиддин былай түсіндірген: «Фатих билеуші ілімқұмар болғандықтан, бір кітапхана 150 Нежип Асым Языксыз, Китап ондан өзетле. Илетишим йайынлары, Стамбул, 1993. 151 Мұстафа Кара, Теккелер ве Завиелер, Дергаһ йайынлары, Стамбул,1990.

салдырған еді. Атынан түсе салысымен, кітапханасына жүгіретін. Оны ешкім кітаптан бас тартқыза алмайтын. Басқа көп ештеңеге көңіл бөлместен оқу-жазу ісімен айналысатын. Өйткені бұл істі өте маңызды деп санайтын. Әйелі де өзі секілді текті әулеттен шыққан кісі еді. Күйеуі қайтыс болысымен, әйелі жалшыларды ертіп барып, кітапханадағы барлық кітаптарды су толы кең хауызға тастатыпты. Күйеуінің қайғысына да қарамады. Өйткені ең жек көретіні осы кітаптар еді. Күйеуі осы кітаптарға шұқшиятыны соншалық – әйеліне де көңіл бөлмейтін. Кейіннен кітаптар судан шығарылады, алайда көпшілігі иістеніп, бүлініп қалған еді»152. Рай қаласында Уәзір Ибн Амид (қ.ж. 971) та кітапқұмар ғалым кісі еді. 965 жылы Амидтың үйін бір мәзһабтың адамдары келіп қиратып, бүкіл дүниесін талан-таражға салады. Ибнул-Амидтың кітапханасына қарайтын Ибн Мискауайх сол оқиғаны былай еске алған: «Ибнул-Амид үшін әлемдегі ең қымбат дүние – кітап еді. Ол бұл іске қатты налыды. Ғылым, пәлсапа, әдебиеттің барлық салалары жайында жүз түйеге жүк боларлық кітаптары бар болатын. Мені көргенде, басқа дүниесін емес дереу кітаптарын сұрады. Кітаптарының түгел екенін естігенде, қатты қуанып: «Сен бақытты адамсың. Барлық нәрсені жаңалауға болар. Бірақ қолға түсе бермейтін кітаптарды жаңалау қиын», – деді. Сөйтті де ол кітаптарды басқа жаққа апаруымды өтінді»153. Бұл мысалдар тарихта мұсылмандардың кітап оқуға қаншалықты ынтамен қарағанын ұғуымызға жеткілікті. Кітапқа, білімге құмар болған кезде мұсылман әлемі дамыды. Ғылымда, білімде, мәдениетте ешкімге ат оздырмады. Күллі әлемді таңдай қақтырды. Демек, қандай да бір елдің болашағын сол елдегі кітап оқуға деген қызығушылықтың деңгейінен болжауға болады деуге толық негіз бар. Өмірде кітап оқудың адамға берері көп. Шындап келгенде, 152 M. Meyerhof, «Ueber einige Privatbibliotheken im fatimidischen Aegypten,» Rivisla degli studi orientali, XII (1929-30), 286-90. 153 A. Mez, Die Renaissance des Islams (Heidelberg, 1922), 166. s.

әр кітап бір-бір тәжірибелі ұстазға, ақыл қалтаға ұқсайды. Басқалардың қанша жылғы білген-түйген нәрселерін, ізденісін біз сол кісінің жазған кітабын оқу арқылы-ақ үйрене аламыз. Демек, кітап оқу өмірде қателеспеу үшін басқалардың тәжірибесімен танысу дегенді де білдіреді. Кітап – адамға таптырмайтын пайдалы дос. Ол жай уақытта ешкімнің мазасын алмайтын, қажет кезде үнемі қасыңнан табылатын, кез келген сәтте кеңес беруге әзір, ақылына ақы сұрамайтын, жан сарайымызды серпілтіп, көңілге түрлі шабыт сыйлайтын, үнсіз тұрғанмен оқысаң өзінің сырлы әлеміне ертіп ала жөнелетін, дұрыс жолды көрсететін жанашыр әрі адамды жалықтырмайтын серік деуге болады. Кітап оқу – білімділікке баулиды. Ал білімсіздік – адамның опа бермес дұшпаны. Көп қателік білімсіздіктен туатыны даусыз. Білімді адамға өмірде қашанда жол ашық болады. Ел де білімді адамды құрметтейді. Өйткені білімді адам әрқашан елге пайдасын тигізеді. Оны маңайына жарық түсірген шамға ұқсатуға болады. Айталық, ұлық имам Әбу Ханифа Құран мен сүннеттен бес жүз мың мәселенің үкімін айқындап, төрт мыңнан аса пәтуа берген деген деректер бар154. Әрине, бұл көп оқудан, көп ізденістен туған пайдалы еңбек. Ал білімсіздің өзгелерді кері сүйрегеннен басқа берері болмайды. Өйткені өзі ұйқыдағы жанның басқаларды оятуы мүмкін емес. Сол себепті, Құранда «Білімділер мен білімсіздер тең бе?»155 – делінген. Мал екеш малдың өзі кей шөптерді жемейтінін ескерсек, адамға қандай кітап оқу керектігі де ойлануға тұрарлық. Бұл тұрғыда, «Я, раббым, пайдасы жоқ ілімнен сақта!» деп тілеген адамзаттың асылы Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.) өнегесі ерекше үлгі аларлық. Иса пайғамбар да (а.с.) бір сөзінде осы ақиқатты тілге тиек етіп: «Ағаштар көп, 154 Мұстафа Кара, Теккелер ве завиелер 15, Дергаһ йайынлары, Стамбул, 1990. 155 «Зүмәр» сүресі, 9-аят.

бірақ барлығы жеміс бермейді. Жемістер көп, бірақ барлығы дәмді бола бермейді. Ілімдер де көп, бірақ барлығы пайдалы бола бермейді», – деп ой салған. Сол себепті, тарихта мұсылмандар не нәрсенің де жақсы жағына ұмтылып, оқылатын кітаптарға зор талғаммен қарап, білім-ғылымның да ақыретке пайдалысын, адамгершілік пен имандылықты арттырып, адамдық мінезді түзейтінін таңдауға ерекше назар аударған. Кітап оқу – адамның өзін тануына жол ашады. Өйткені өзін таныған, бойындағы сан түрлі қасиеттердің астарына үңілген жан өзін қадірлеп, мінсіз етіп жаратқан Раббысының құдіретіне тәнті бола бастайды. Тіршілік ету үшін адамға ең керекті мүшелерді берген, бойына сансыз сезімді сіңірген, түрлі қабілет дарытқан Жаратушының асқан шеберлігін ұғынады. Сол себепті, бұрынғы тақуа кісілерден «Өзін таныған адам Раббысын да таниды» деген нақыл сөз қалған. «Кітап – рухани сарқылмас қазына». Мұсылман үшін кітап оқу иманын жаңалап отыру үшін де керек. Өйткені бір хадистерінде Пайғамбарымыз: «Киімдерің ескіргенде оны жаңалағандарың секілді, көкіректегі иманды да тот басады. Оны да жаңалап отыру керек», – деп, осы шындықты меңзеген. Яғни, мұсылман адам үнемі өзін рухани тұрғыдан жетілдіріп, жаңалап отыруға мәжбүр. Кері жағдайда иманы әлсіреп, босаңсып, ғапылдыққа ұрынады. Сол себепті, күн сайын адамды рухани өсіріп, иманын арттырып, адамдық пен адалдыққа жөн сілтеп отыратын кітаптарды тұрақты түрде оқып отырудың берері мол. Бұл тұста «Оқымасаң, тоқырайсың» деген аталы сөзді есте ұстаған артық емес. «Кітап – көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан». Күнделікті өмірде үзбей кітап оқуды әдетке айналдыра білу керек. Айталық, жол жүргенде, аялдамада немесе қоғамдық көлікте отырғанда, жұмыста, үйде т.б. қол қалт еткен кез келген сәтте өзіңмен бірге ала жүріп газет, журнал, кітап ашып оқып, сол уақыттарды да ұтымды пайдаланудың

берері көп. Өркениетті елдерде халық бұл әдетті бойға жақсы сіңіре білген. Ғалымдардың айтуынша, кітап оқығанда, «Оқығанды көңілге ықыласпен тоқып» (Ы. Алтынсарин) сол кітаптың нәрін сарқып алуға тырысу керек. Қажет болса, кітаптың өзіне ең түсінікті жерінен бастау да сөкеттікке жатпайды. Кітап оқу барысында іштей мынадай сұрақтарға жауап іздеген жөн: «Кітаптың атауына ішкі мазмұны сай ма?», «Автордың ізденісі, баяндау мәнері қандай?», «Қай тұстары ерекше көңілге қонымды?», «Кітап қанша тарауға бөлінген?», «Жалпы алғанда мен өзіме не түйдім?» т.б. Бұл қолға алған кітапқа толық көңіл бөліп, мазмұнын жақсы есте сақтауға көмектеседі. Иә, «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы». Адамгершілігін арттыру, шын мәнінде оқыған азамат, зиялы мұсылман болу жолында кітаптың берері мол. Тарихта әлі күнге есімі ел есінде келе жатқан тұлғалардың бәрі де жастай ерінбей-жалықпай оқуды өздеріне әдет еткендер. Айталық, «Артық ғылым кітапта ерінбей оқып-көруге» деген Абай атамыз жас кезінен қаладан ауылға қатынаған адамдардан қоржын-қоржын кітаптар алып оқуды өзіне әдет еткен. Абай атамыз оқыған кітаптар арасында батыстың да, шығыстың да ең озық әдебиеттері болғаны белгілі. Бүкіл пәлсапалық еңбектері Ислами дүниетанымға негізделгенін ескерсек, әрі аят-хадистерден мол хабардар болғанына қарасақ, әлемдік классикалық еңбектермен қатар Абай атамыздың әсіресе рухани азық боларлық дүниелерге көбірек көңіл бөлгенін аңғару қиын емес. Шәкәрім де кезінде Ыстамбул кітапханаларына дейін барып, сарыла кітап іздегенін білеміз. Артына 30 томдық мол мұра қалдырған Мәшһүр Жүсіп бабамыз да жасынан зейінді, өте көп оқыған жан болған. «Ағаштың жемісі бұтақта болса, сөздің жемісі кітапта». Осы орайда, бұрынғы дана, ойшылдармен сырлас, мұңдас болып, солармен әңгімелесіп, пікір алмасуға бүгінгі күні де жол ашық. Ол – сол кісілердің еңбектерін оқуда жатыр.

Л.Н. Толстой бұл туралы «Жақсы кітап ақылды адамның әңгімесімен бірдей», – деген. Шын мәнісінде, біз Алла Тағаланы да қасиетті Құран арқылы, сүйікті Пайғамбарымыз бен сахабаларды да, небір тақуа құлдар мен ғалым, дана, ойшылдардың барлығын кітап оқу арқылы танимыз. Тіпті,әдебиет, мәдениет, тарих, салт-дәстүр негіздерін де кітаптан үйренеміз. Өмірге керекті мамандығымызды да кітап арқылы игереміз. Ал кітап оқымау адамның зейінін тұмшалап, зеректік қабілетін төмендетеді. Д. Дидро айтқандай, «Кітап оқымаған адам Тіпті,ойлаудан да қалады». Ал ойлау адам болып қалудың басты қасиеті емес пе? Ойланбаған адам өмірдің мәнін қалай білмек? Жаратушыны қалай танымақ? Осы тұрғыда шығыста «Бар кітап бір кітапты түсіну үшін оқылады» дейтін даналық сөз бар. Яғни, ғаламды алып кітап деп алсақ, соны түсініп, ондағы құдіреттің нақыштарын зерделеу үшін көп кітап оқу қажет. Түптеп келгенде, жерде қағаз жатса, Алланың аты жазылған болуы мүмкін деп оны аяқасты етпейтін мұсылмандық ұғымда кітаптың қастерлі ұғым екені талассыз. Өйткені кітаптың тәрбие құралы екені де белгілі. Олай болса, кітап оқуды белгілі бір кезеңмен шектемей (мектеп я университет), оны өмірлік дағдыға айналдыра білудің адамға берері мол.

«КӨЗІНШЕ МАҚТАҒАНША, КӨТЕРІП ОТҚА ТАСТА!» Мақтансүйгіштік – адам бойына жабысқан кеселдің бірі. Бұл жайында қасиетті Құранда «Алла барлық дандайсыған мақтаншақтарды жақсы көрмейді»156, – деп пенденің кеудемсоқтығы Жаратушы иемізге де жақпайтындығын білдірілген. Өзін үнемі басқалардың қолпаштағанын, қошемет сөз айтуын, әр ісін мақұлдап, оң қабақ танытып жылбырап тұруын тілеп тұратын пендешілік қылықты Пайғамбарымыз да ұнатпаған. Сол себепті, болар, бірде-бір кісіні жер көкке сыйғызбай мақтап жатқан көпшілікті көргенде, Ақиық елші (с.а.с.) қамығып, үш рет қатарынан «Ана бейшараның желкесін үздіңдер ғой», – деген екен157. Сірә, мақтаған сайын ол адам бара-бара ісініп-кебініп тәкаппарлыққа салынады, ал тәкаппарлық оны тозаққа сүйрейді ғой деп аяушылық білдірсе керек. Пайғамбарымыз басқа да хадистерінде бұл турасында «Бір-біріңді (шектен тыс) мақтаудан абай болыңдар. Ол (мақтау естушіні) өлтіргенмен тең»158; «Бір діндес бауырыңыздан бір нәрсе сұрағанда, оны мақтамаңыз. Бұл – оның белін сындыру»159, «Мақтауды жақсы көру – адамды соқыр әрі керең қылады. Өз кемшіліктерін көрмейді. Ақыл айтсаң, тыңдамайтын болады»160, – деген. Расында да, жұрттан мақтау көп естіген жанның құлағы 156 «Лұқпан» сүресі, 18-аят. 157 Бұхари, Сахих, 2/946. 158 Ибн Мажә, Әдеп, 36. 159 Ибн Ләл жеткізген 160 Дәйлами жеткізген

бітеліп, көзін шел басатыны белгілі. Ондай жан мақтау сөзге әбден семіргені сонша – алда-жалда біреу оған бір кемшілігін айта қалса, «ел байқамағанды сен байқап қалдың ба» дегендей дереу шамданып, ашушаң мінез көрсететін болады. Тіпті, әлгі адамды өзіне жау көріп қалуы да ғажап емес. Пайғамбарымыздың хадистерін өмірлік ұстаным деп білген сахабаларымыз да мақтау сөз, қолпаштау, қошеметтен барынша бойларын аулақ ұстаған. Хазірет Омар (р.а.) бірде өзін мақтай жөнелген біреуге ашуланып, «Сен мені де, өзіңді де құртпақсың ба?!» – деп ұрысқан екен161. Тағы бірде бір ғұлама кісі өзіне мақтау сөзді үйіп-төккен біреуге: «Сен мені қалай мақтайсың?! Мені жақсы танымайсың да ғой. Жоқ, ашулы кезімде мені сынап па ең, жоқ, менімен сапарлас болып па едің, әлде маған бір нәрсені аманаттап мен оған қиянат жасамап па ем?! Өзің іші-сыртын жақсы танымайтын адамды қалай мақтайсың?!» – деп, оны сөйлетпей тыйып тастаған екен. «Көзінше мақтағанша, көтеріп отқа таста»; «Қыранмын деп мақтанба, жаюлы тұрған тор бар, Батырмын деп мақтанба, қазулы тұрған ор бар»; «Мақтаншақтың үйі қысыр сиырдан айран ұйытады»; «Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар»; «Ақымақ кісіні мақтасаң – ақылынан айырылады, ақылды кісіні мақтасаң – көп ойланады» деп халық даналығында тілге тиек етілген осы мақтанудың кесірін жақсы білгені болар, ертеде Қытай басшысы өздерін маңайындағы елдердің біреуі мақтай қалса, дереу жақсыжайсаңдарын жиып алып «Ежелден жау көршілес ел бізді мақтап жатқан көрінеді, қане, қай жерде қателік жібердік, жақсылап ойланайықшы», – дейді екен. Осы тұста мына бір ғибратты мысал да кісіге ой саларлық. Бірде Харұн Рашит пен данышпан Шақиқи Бәлхи әңгімелесіп отырса керек. Бір мезет патшаға данышпан оқыстан былай деп сұрақ қойыпты: «Патшам, ұшы-қиырсыз 161 Ғазали, Ихияу-улумуддин. 3т. 359б. Бедир баспасы, Стамбул. 1974.

шөл далаға тап болдыңыз. Неше күн жүріп шөл қысып өліп бара жатқан жайыңыз бар. Алда-жалда алдыңыздан біреу шығып: «Бір жұтым су берем, ажалдан аман қаласың. Бірақ маған байлығыңның жартысын бер», – десе, берер ме едіңіз? Патша ойланбастан: «Қу жанымнан қымбат па, берер едім», – депті. Данышпан: «Дұрыс айттыңыз», – деп, артынша: «Уа, патшам, – депті, – сіз ол суды ішкенмен әлден уақытта дәрет қысып өлер болдыңыз. Өздігіңізден шамаңыз келер емес. Әлден уақытта біреу келіп: «Маған қалған жарты байлығыңды бер, ішкен суыңды қайта сыртқа шығарасың», – десе, берер ме едіңіз? Патша: «Иә, бермеске амал бар ма?» – депті. Сонда данышпан «Әй, Харұн! Ендеше, басыңа іс түскенде ішіп қайта сыртқа шығарған бір жұтым су құрлы құны жоқ байлығыңа есіріп, ешқашан мастанушы болма!», – деп үлкен ой салған екен. Расында да, қолдың кірі байлыққа бола адамның мақтана қоятын жөні жоқ. Өйткені байлық та, кедейлік те адам баласы үшін бар болғаны сынақ. Мұң-мұқтажға қарассын, сауап алсын деп берген байлық адамды қайта тәкаппарлыққа, кедейлерді адам құрлы көрмейтін өркөкіректікке ұрындыратын болса, онда ол байлық иесінің соры ғана. Бұны Мәшһүр Жүсіп бабамыз өз өлеңінде өте әдемі ұқтырған: Көңілді шын ниетпен қойсаң аққа, Тура жол, түзу бастар оңған жаққа. Біреуді бай, біреуді жарлы қылған, Пендесін әр күйменен сынамаққа. Бай-кедей – бәрі бірдей Құдайға құл, Біреуді кем қып қойған, біреуді мол. «Бай кедейге ауыссын, қарассын» деп, Шеберлікпен жаратқан құдіреті сол! Иә, байлық – сынақ, Сол себепті, адам өзімен әкелмеген, кетерде өзімен бірге ала кетпейтін байлығына мақтанбауы керек. Күн сайын астан-кестені шыққан мына дүниеде көп жыл тірнектеп жиған дүние-мүліктің бір-ақ күнде көзден

бұл-бұл ұшатынын көз көріп, көңіл түйіп жүрген жайт, тіпті, бір зілзаламен-ақ көзіңізге ыстық көрінген дүниеңізді жер асты өз қойнауына сіңіріп әкетсе, таңғаларлық іс емес. Басынан бағы тайған шақта, бақ-дәулеттің іске аспай қалатынын жақсы білген данышпандар осы себепті артқа «Адам ештеңенің де мәңгілік егесі емес, уақытша күзетшісі ғана» деген мәні терең сөз қалдырған екен. Кеше бір тамшы судан жаралып, ертең өзін кәрілік, аурусырқау, өлім, қабірде құрт-құмырсқа күтіп тұрған пенденің бүгінгі қысқа уақытында өз бойындағы артық қасиеттерін айтып мақтануы да ақылға қонымсыз. Бұл жайында Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) бабамыз былай дейді: Мақтанба сұлумын деп ажарыңа, Ажарсыз адамдарды ал назарыңа! Зылиха, Жүсіппенен сұлу өткен, Тұрмаған ажар ара ажалына. Иә, ең көрікті етіп жаратқан пендесі Жүсіп пайғамбар да, Зылиха сұлулар да түбі ажал құшқан. Сұлулықтары оларды ажалдан арашалап қала алмаған. Ендеше, адамға Алла көрік берсе, оған мақтанып, өзгелерге мұрын шүйіргеннен гөрі дұрысы ажарсыз адамдарға қарап, Аллаға шүкіршілік ету болса керек. Асыра мақтау ешқашан да адамды жақсылыққа апармаған, керісінше, күнәға батырған. Осыдан болар Пайғамбарымыз бірде сахабаларына «Мәриямұлы Исаны мақтағандай мені мақтауда тым шектен шықпаңдар. Мен бар болғаны Алланың құлы әрі елшісі ғанамын», – деп ескерткен еді162. Расында да, Иса пайғамбарды асыра мақтаған христиандар оны «Құдайдың ұлы» деуге дейін барып, адасушылыққа ұрынды. Алайда бұл дегеніңіз өмірі ешкімге жақсы сөз қимау дегенді білдірмейді. Пайғамбарымыз бір кісінің жақсылығын көргенде, оны оған айту керектігін, өйткені сіз айтқан жағдайда ол адамның жақсылық жасауға деген құлшынысы артатын162 Бұхари, Әнбия, 48; Тирмизи, әш-Шәмәил, Б.172.

дығын білдірген. Бұл өз кезегінде халқымыздың «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегенге саяды. Хазірет Али (р.а.) мақтау сөз естігенде: «Я, Алла Тағалам! Мына айтылған сөздерге еріп, желігіп кетуден сақта! Оларға белгісіз тұстарымды кешіре гөр! Мені олар айтқаннан да жақсырақ қыла гөр!»163 – деген дұға оқитын болған. Біле білгенге бұл дұғаның терең мағынасы бар екені аян. Кей адамның өзін-өзі мақтауы сырттай оғаш көрінетіні де белгілі. «Өзін мақтау – ауамен қарын тойдыруға ұқсайды», – деп Имам Бұхари мысал еткен бұл жағымсыз қылықты халқымыз да жаратпаған. Жанқұтты шешен оны надандыққа балап былай деген: «Надандықтың белгісі – өзін-өзі мақтайды. Көкірегі соқырға, өмірде таң атпайды». «Мақтау – жел сөз жанға қас, қошеметшіл шығарған», «Сыпыра жақын, сұм құрбат, мақтанмен алды мазамды», – деп кейіген Абай атамыздың да мақтау естуге еш құмартпағаны байқалуда. Өзін-өзі мақтауды ол ақымақтыққа балап, өлеңінде былай дейді: Мақтанады өзгелер мақтасын деп, Шаужайымнан еш адам қақпасын деп. Ол кеткен соң артынан күліп қалар Антұрғаннан Құдайым сақтасын деп. Ақымақ өзін мақтап былжырайды, Шамаңа өлшеп сөйлесең нең құрайды. Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді, Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?! Расында да, жарықты – жарық деп жұртқа жар салудың не керегі бар? Ел оны өзі-ақ көрмей ме? «Іс бітті, қу кетті» деп аяқталатын «Қарға мен қу түлкі» мысалында түлкі қарғаны аузындағы ірімшігін алу үшін мақтайтындығын еске алсақ, демек, мақтаудың да тегін болмайтынын сезу қиын емес секілді. Абай атамыз оны «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, әуре етеді ішіне қулық сақтап» деп ескерткен. 163 Ғазали, Ихияу-улумуддин. 3т. 359б. Бедир баспасы. Стамбул. 1974.

Бұл пікірді Шәкәрім бабамыз да қостаған: Дос мақтайды сен жақсы көрмек үшін, Дұспан мақтар елірте бермек үшін. Есептемей есірік елің мақтар, Көп нені айтса соны айтып ермек үшін. Иә, біреуді мақтау не өзі мақтанудан адам барынша сақ жүргені дұрыс. Өмірде «Бүгінгі – дос, ертең – жау, Мен не қылдым, япырым-ау?!» деген жағдайлар да жиі кездесіп жатады. Ел бүгін жер-көкке сыйғызбай мақтаған жанның ертең халықтың қазынасынан қарын тойғызып жүрген алаяқ екенін, ұсталып түрмеге түскенін, шынтуайтында, елдің қамын емес, нанын жеген арамза екенін естігенде, жаға ұстап жүрген жайттар аз ба?! Осындайда көпті көрген, аузы дуалы данышпан бабаларымыздан Шал ақынның айтқанымен еріксіз келісесіз: Біреуді жақсы деме сен, Біреуді жаман деме сен. Бұл дүниеден өткен соң, Шын дүниеге жеткен соң, Көтеріп көрге салған соң, Көр қараңғы болған соң, Кімнің жақсыжаманын, Бір жаратқан Хақ білер! Рас, шын мәнісінде кімнің жақсы-жаманы Есеп күні о дүниеде білінер. Ендеше, бұл дүниеде жұмыр басты, екі аяқты көкірегі былғаныш пендені жер-көкке сыйғызбай мақтау орынсыз болар, одан да «Барлық мақтау бір Құдайға ғана жарасады» деген мұсылмандық танымды бәрінен биік қойғанымыз дұрыс-ау.

«САҒАТ САТЫП АЛСАҢ ДА, УАҚЫТ САТЫП АЛА АЛМАЙСЫҢ» Адам баласына берілген баға жетпес құн-дылықтардың бірі – уақыт. Бүгінгі күні дамыған өркениетті елдерге бара қалсаңыз, кез келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екенін байқайсыз. Өйткені олар уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрседен қағылатынын жақсы біледі. Тіпті, метро мен көлік аялдамаларынан жүру мезгілдерінің «16.03»; «12.01»; «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендіктерін байқап таңғаласыз. Көліктері де сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Біздегі сағат сұрағанда «Жетіден он минут кетті» десең, «Е, жеті жарым деші» дей салатын уақытқа деген тым ысырапшыл түсінік оларда жоқ. Батысқа барып, олардың әрбір минутпен санаса отырып жұмыстарын реттейтініне таңғалған азиялық мұсылман жігітке бірде сол жақтың адамы: «Оның несіне таңырқайсың? Бұл біздің сендерден үйренген қасиетіміз емес пе? Сендер минутына дейін санап күнделікті бес уақыт намаздарыңды оқисыңдар, ауыз бекітіп, ауыз ашар кездеріңде де уақыт бір минутқа кірмесе, соны күтесіңдер ғой. Бар болғаны, біз бұған енді қол жеткіздік», – деп ой салған екен. Расында да, Ислам діні уақыт мәселесіне қатты көңіл бөлген. Оны өмірдің мәніне балаған. Құран кәрімде уақытты білдіретін әр түрлі ұғымдар қолданылған. Әр намаздың парыз, уәжіп, нәпілдігіне қарай өз уақыттары жүйеленген. Айталық, бес намаздың арнайы өз уақыттары болса, сәске (дұха) намазының, әууабин мен үтір-уәжіптің, таһажжудтың өз уақыттары бар. Құранда уақыт ұғымына қатысты «күн» (яум), «апта» (усбуғ), «ай» (шаһр), «жыл» (сәнә), «ғасыр»

(аср), «сағат» (саат), «күндіз» (наһар), «түн» (ләйл) сөздері кездеседі. Адам үшін ең маңыздысы «күн» болғандықтан, Құранда ең көп осы сөз 475 рет қайталанған екен. Демек, ең әуелі бір күндік уақытты ысырапқа жол бермей реттей білу аса маңызды. Артынша аптаны, айды, жылды тиімді өткізу де мұсылманға міндеттелген. Уақыттың маңыздылығы соншалық – Ұлы Раббымыз Құранда кейбір маңызды саналған уақыттарға серт еткен. Бұған «Аср», «Дұха», «Ләйл», «Фәжр» секілді сүрелер дәлел. Құранда бір жұмыстан шаршағанда, дереу екінші бір жұмысты қолға алу арқылы тынығу керектігі меңзелген. Бұны «жұмыс істеп отырып тынығу» деуге болады. Исламда бос уақыт деген ұғым кездеспейді. Тек дене қатты шаршайтындықтан, түнде тынықтыруды жөн көреді. Өйткені Алла Тағала күндізді еңбектену үшін, түнді тынығу үшін жаратқанын айтқан: «Сендерге түнді жамылғы, ұйқыны тынығуға (себеп), күндізді еңбектену мерзімі етіп жаратқан Алла»164. Сүйікті Пайғамбарымыздың өміріне қарасақ, уақытын өте тиімді пайдаланғанын көреміз. Өйткені барлық істеріне үлгерген. Парыздарды былай қойғанда, нәпіл құлшылықтарының өзі өмірінің соңына дейін өз уақытында орындалып, еш үзілмеген. Бұған қоса, ертелі-кеш зікірлері, мешітте уағыз айтуы, сахабаларымен кеңесуі, елшілерді қабылдауы, өзін зиярат етушілерге уақыт бөлуі, өзінің зиярат етіп барған кісілері (науқастар, қабірлер, жарлары т.б.), халықпен жүздесуі (сұрақтарға жауап беруі, шариғат талаптарын қадағалауы т.б.), жорықтарға дайындық, үй іші жұмыстарына қолғабыс етуі (аяқ киім, шапан, астауларын жамауы, немерелерін ойнатуы, базарға баруы т.б.), ел ішіндегі діни рәсімдерді атқаруы (балаға ат қою, сүндеттеу, неке қию, жаназа т.б.), жұма күнгі хұтбалары, арасында уахиды қабылдап алу, күтпеген жұмыстың шығып қалуы 164 «Нәба» сүресі, 9-11-аят.

секілді істердің барлығы да жоспарға сыйып отырған. Пайғамбарымыздың өмірінде бұл істердің барлығына уақыт табылған. Тіпті,ешкімді қабылдамай, жеке өзіне ғана арнаған уақыттары да болған. Бұл нені көрсетеді? Бұл күндік жұмыстарын қаншалықты жүйелей білгенін, белгілі бір уақыт кестесін ұстанғандығын айғақтайды. Пайғамбарымыз күндізгі уақыттарды ғана емес, түнгі уақыттарда да мүмкіндігінше тиімді өткізуге тырысқан. Құранда «Раббыңның есімін ертелі-кеш зікір ет. Түнде сәждеге жығыл. Жаратушы Иеңді ұзақ пәкте»165 делінгендіктен, түнде тұрып таһажжуд намазын оқуды әдетке айналдырған. «Мүззәммил» сүресінің алғашқы он аяты да түнгі уақытты жүйелеуді меңзейді. Пайғамбарымыз түнгі уақытын үшке бөлген: жанұясына, демалуға және құлшылыққа. Ең көп хадис риуаят еткен Әбу Хұрайра да түнді үшке бөліп, бір бөлігінде демалған, екінші бөлігінде ғибадат жасаған, үшінші бөлігінде жинақтаған ілімін қорытқан. Күндіз Пайғамбарымыздан естіген хадистерін түнге қарай асықпай зерделейтін. (Түнгі уақытқа кешкі намаз да кіреді). Күн бата салысымен түн басталып, Пайғамбарымыз жанұясымен бірге кешкі асқа отырған. Қалған уақытын тынығуға және құлшылыққа арнаған. «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» демекші, дінімізде таң намазын оқу үшін ерте тұру − әр мұсылманға парыз екені белгілі. Бір күннің бес уақытқа бөлінуі де 24 сағаттық тәулікті жүйелеп, ұтымды пайдалану үшін берілген үлкен мүмкіндік. Уақытты ұтымды пайдалану үшін, Пайғамбарымыз намазды да ертерек оқуға шақыруда. «Ең ізгі амал қандай?»166 – деп сұраған кісіге, «Уақтында оқылған намаз», – деп жауап бергені мәлім. Осы себепті, бір 165 «Инсан» сүресі, 25-26-аят. 166 Табарани, Мұғжамул-кәбир, 18/259; Байхақи, 1/457.

мұсылман үшін уақытты тиімді пайдалану намазды ертерек оқудан басталатынын ескерген жөн. Тіпті,құрбан шалуда да уақыт мәселесі маңызды рөл атқарады. Пайғамбарымыз Минада айт намазын оқытып, құрбанды намаздан кейін шалу керектігін ескерткен. Жамағаттың біреуі құрбанын намаздан бұрын шалғанын айтқанда, Ардақты елші ол еттің құрбанға жатпайтындығын білдірген. Бұл Ислам дінінде әрбір құлшылықты орындауда уақыттың басты негізге алынатынын аңғартады. Уақыт кірмейінше, намаз оқылмайды. Уақытында үлгермесе, қазасы өтеледі т.с.с. «Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деп Абай атамыз айтпақшы, адамның бос отыруы − шайтан үшін таптырмайтын мүмкіндік. Ол дереу бос отырған адамның ойына түрлі жамандық салып, азғыра бастайды. Күнәға итермелейді. Сол себепті, бір мұсылманның өмірінде бос уақыт болмауы тиіс. «Кітабын үңілген бала, егінін егумен айналысқан егінші, қолы істегі тігінші, асүйде тамақ пісірген әйел жамандық ойлауға уақыт таппайды», – деп Ахмет Яссауи бабамыз айтқандай, жұмысы көп адамның жамандық ойлауға да мұршасы келмейді. Байқасаңыз, Исламда ұзақ уақыт демалыс жариялау кездеспейді. Тіпті,мейрамдардың өзі санаулы. Мереке күндері де бос қарап жату жоқ. Таң атысымен, мешітке барып, айт намазын оқу міндетті. Айттасып, туған-туыс, көрші-қолаңның қал-жағдайын білу, құттықтасу – мерекенің нышаны. Құрбан шалу керек болса, мал сою, етін тарату жұмыстары күтіп тұрады. Шындап келгенде, ақыретке сенетін, ертең осы дүниедегі әр күн, әр сағат, әр минуттың есебін берем деген уайыммен жүрген мұсылман үшін уақытқа деген жауапсыздық бей-жай қарайтын мәселе емес. Сүйікті елші (с.а.с.) бір хадисінде о дүниеге барғанда, әрбір адамнан мына бес сұрақ міндетті түрде сұралатындығын ескерткен: 1. Өмірін қайда өткізгендігі; 2. Жастық шағын қалай өткізгендігі;

  1. Дүниесін қандай жолмен тапқандығы; 4. Дүниесін қайда жұмсағандығы; 5. Білгендерімен амал етіп-етпегендігі167. Кейбір адамдардың «уақытымды қайтіп өткізерімді білмеймін» деуі аса қауіпті жағдай. Өйткені зерттеушілердің айтуынша, Әсіресе жастар арасында түрлі бұзақы топтарға қосылу, нашар қылықтарға үйірсектеу, секталарға бару, қылмыс жасау, моралдық азғындықтарға салыну, не істерін білмей бос жүрген кездерде кездеседі екен. Ұзақ мерзімді жазғы демалыс кездерінде жастарға үлкендер тарапынан қадағалау күшейтілмесе, айтарлықтай зардап әкелуі мүмкін екенін де ескерген жөн. Осы себепті, мұсылман адам бос отырудан сақтанғаны дұрыс. Қолы қалт еткен кездерін кітап оқып білімін арттыруға, аят, хадис, дұға жаттауға, атаананың алдындағы міндеттерін орындауға, туыстарын зиярат етуге, жетім-жесір, кедей-кембағалдарға қолғабыс тигізуге, жақсылық етуге, мамандығын жақсы игеруге, қазалары мен қарыздарын өтеуге, араз адамдардың арасын татуластыруға, т.б. мәнді әрі пайдалы істерге жұмсауға дағдыланған дұрыс. Өйткені мұсылманның түсінігінде өмір − шектеулі, уақыт − қысқа. Алла елшісі бұл турасында былай деген: «Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: Өлмей тұрып өмірдің, Ауырмай тұрып денсаулықтың, Қартаймай тұрып жастықтың, Кедейленбей тұрып байлықтың, Көп жұмысқа тап болмай тұрып бос уақыттың қадірін біл!»168 Адамзаттың ардақты ұстазы хазірет Пайғам-барымыз (с.а.с.) ешқашан бос қарап отырмаған. Айша анамыз (р.а.) бұл жайлы «Үй ішінде ешқашан қолы бос отырғанын көрмедім», – деген. Пайғамбарымыздың қолы босап қалуы мүмкін емес 167 Тирмизи, Қиямат, 1/2416 хадис 168 Әбу Нуаймнан

те еді. Өйткені Жаратушы Иеміз оған «Босағаныңда дереу қайта жұмысқа кіріс. Раббыңа құлшылық жаса»169демеп пе еді?! Бұл – барша мұсылмандарға да қарата айтылған бұйрық. Яғни, «Әй, мұсылман! Ешқашан бос отырушы болма! Бір істі бітірсең, екіншісін баста. Діннің бір амалын бүтіндесең, дүниелік бір ісіңмен айналыс. Дүниелік бір ісіңді тамамдасаң, діни бір амалды қайта қолыңа ал. Тәннің бір қажеттілігін өтесең, жанның бір азығын қамда. Өз ісің бітсе, жақындарыңды еске ал. Содан кейін қоғамның, мұсылман үмбетінің қажетіне жарайтын іс қыл. Сонда сенде бос уақыт деген болмайды» дегендік. Уақытты тиімді пайдалану мәселесіне сахабалар мен кейінгі мұсылман ғалымдар да үлкен жауапкершілікпен қараған. Ибн Масғұд (р.а.): «Не дүниеге, не ақыретке пайдалы ісі жоқ адамды көргім келмейді», – деген. Қазы Шұрәйһ бос сандалып жүрген кейбір көршілерін көргенде «Не істеп жүрсіңдер?» – деп сұрайды. Олар: «Бүгін боспыз», – дегенде, «Бос болсаңдар, осылай жүру керек пе екен?!» – деп ренжіген екен. Қырық бес жасында қайтыс болған Ислам ғұламасы Нәуауидің артқа тастап кеткен қыруар еңбектерін есептесеңіз, 45 жылға қайта сыйғызу қиын. Өйткені ол уақытын қалай үнемдеуді жақсы білген. Ғылым-білім алуға, құлшылықтарын атқаруға уақыт жеткізу үшін ол кісі тек қана сәске уақыттарында ғана бір-ақ рет тамақтанған екен. Шейх Фахраддин: «Аллаға ант етейін, тамақ жеген уақыт­ тарымда ғылыммен айналыса алмағаныма қатты өкінем. Өйткені уақыт қашан да қымбат қой», – деген. Әл-имам Әбул-уәфа Али ибн Ақил былай деген: «Мен тамақ уақыттарын қысқарту үшін барынша қолымнан келгенді жасаймын. Тіпті, көп шайналатын тамақтан гөрі тез 169 «Иншираһ» сүресі, 7-8 аят.

жұтылатынын таңдаймын. Неге десеңіз, шайнауға да уақыт кетіп қалады. Содан барып жазуға, оқуға көп уақыт таба алам». Имам Мәлік болса, көбірек ғылым-біліммен айналысу үшін, үш күнде бір-ақ рет әжетханаға баратындай тамақ жеуді қысқартқан. Ибн Ақил ешқандай бос уақыт жібермейтін. Тыныққан уақыттарын ол былай деп суреттейді: «Қолым қалт етіп демалған кездерімде қос аяқты созып құр жатқаннан гөрі шекесі шылқыған шаруаларымның шешімін ойша саралап отырамын. Жазатындай бірдеңе есіме түсе қалса, дереу тұрам да жазам. Сексен жасымда ғылымға деген менің ынтам, жиырма жасымдағы кезіме қарағанда әлдеқайда жоғары болатын»... Айтқанындай, осыншалықты ынтасының арқасында Ибн Ақил ғылымның 20 шақты әр түрлі саласында өте құнды еңбектер қалдырған. Фахраддин Рази дастарқан басында да бір жағынан тамақ жеп, екінші жағынан шұқшия кітап оқитын. Үйінен шығып мешітке жеткенше, көлікте отырып шәкірттеріне сабақ берумен болатын деседі. Рази уақытқа қатты көңіл бөлген. Медицина саласында өте мықты еңбектер қалдырған, қан айналымын тұңғыш рет ойлап тапқан ғалым Ибн-Нәфс жазу кезінде қолындағы қаламның сиясы бітіп қалғанда, оны ашып уақыт шығындамау үшін қасына бірнеше қалам қойып қойып, солардың кез келгенімен жалғастыра беретін. Ибнул-Жаузи: «Адамға жарасатын нәрсе – уақыттың қадірін біліп, оның әр сәтін ұтымды пайдалана білу. Мен адамдардың уақыттарын текке өлтіретіндіктерін байқадым. Ондай адамдарды батып бара жатқан кемеде алаңсыз әңгімедүкен құрып отырған жолаушыларға ұқсатам» дейді. Оның өміріне көз жібергенімізде, расында да, уақытты өте үнемді пайдаланғанын байқаймыз. Ғылым-білім, жазу, пәтуамен өткізген өмірінің бір сәтін де бекерге өткізбеген. Ғылымның қай саласында да еңбек жазып қалдырған. Кейбіреуі 20

томға жететін 340-тан астам еңбек қалдырған. Күн сайын төрт қалың дәптерлік жазу жазған. Бір жылда жазғаны 5060 томға жеткенін байқаймыз. Ибнул-Жаузидің кітап жазу кезінде ұштаған қалам жаңқалары ол қайтыс болғанда мәйітін жуатын суды ысытуға жеткен екен170. Байқасақ, «Адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және денсаулық»171, – деп хадисте ескертілген, әрі кезінде Ислам ғұламалары осыншалықты көңіл бөлген уақыт мәселесіне біз бүгін өте самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені бүгінгі күні уақытты өлтіретін нәрселер өте көп. Соның бірі теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, бұл күнде көк сандығы жоқ үйді елестету қиын. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді. Орташа есеппен күніне 3 сағат теледидар тамашалайтын адамның жылдық осыған жұмсалатын уақты 1095 сағатты құрайды екен. Бұл дегеніңіз күндіз-түні 45 күн деген сөз. Яғни, тоқтамай көрген 45 түн мен 45 күнге тең. Есіл болған қайран уақыт! Ал теледидарға босқа кеткен осы 1095 сағат ішінде қандай істер бітіруге болады, соны бір ойға алып көрейік. Бұл уақыт оқушының бір жылғы орташа оқу жылынан да асық. Яғни, 1 жыл оқымай қалдыңыз деген сөз. 1095 сағат ішінде шет тілін өте жақсы меңгеруге болады. Яғни, теледидардың кесірінен біз бір шет тілін үйрене алмай қалудамыз. Ал кітап оқығыңыз келсе, өте баяу оқитын адамның өзі осыншама уақытта 25 мың беттік кітапты оқып тауысады екен. Ал әрбір әрпі сауапқа батыратын Құран Кәрімді оқимын десеңіз, 1095 сағат ішінде сіз оны 10 рет хатым (бастан-аяқ оқу) жасайды екенсіз. Осы уақыттың үште бірін ғана қаза намаздарыңызға бөлетін болсаңыз, онда 3 жылдық борышыңыздан еркін құтылады екенсіз. Бұны осылай көбейте беруге болады. Міне, теледидар көрудің адамды қаншама игілікті істерден құр қалдыратынын осыдан-ақ байқауға болады. Уақыттың тағы бір аңдушысы – ұйқы. «Ұйқы – өлімнің 170 Ибрахим Рафиқ. Заман шууру. Сызынты журналы, 12, Б.151. 171 Байхақи, Шуабул-иман, 4/129

бауыры» деген хадисті әрі «Көп білмек болсаң, аз ұйықта», «Түнгі ұйқысын түгел ұйықтаған адам мақсатына жете алмайды» деген халық даналығының астарын түнгі уақыттарын шығармашылыққа арнаған, ұйқымен өткен уақыттарын өлдіге балап өкініш білдірген Мұқағали ағамыздың мына бір ғибратты өлеңінен аңғарғандаймыз: Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған, (Ұйықтасын сапарларын тамамдаған). Алдымда сапар жолы тарам-тарам, Ұйықтасам, барлығынан қараң қалам. Түн маған ұйықтау үшін берілмеген, Ұйқы тең шала-жансар өлімменен. Қанша менің өлді екен уақытым, Ақ төсек, ала жастық кебіндеген?! Рас, уақыттың бұдан да басқа жаулары өте көп. Уақытты текке өткізу – көп сөз, көп қыдырудың да еншісінде. Біле білгенге уақыт – зор мүмкіндік. Адам мүмкіндікті дер кезінде кәдесіне жаратып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық. «Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен санасқан адаспайды» деп түйген халық нақылы мына бір дәмді оймен үндесе түскендей: Бір жылдың қадірін білем десең, сыныпта қалған оқушыдан сұра. Бір айдың қадірін білем десең, нәрестесін сегіз айлығында босанған келіншектен сұра. Бір аптаның қадірін білем десең, апталық газет шығаратын редактордан сұра. Бір сағаттың қадірін білем десең, бір-бірін асыға күткен ғашықтардан сұра. Бір минуттың қадірін білем десең, пойызынан қалып қойған жолаушыдан сұра. Бір секундтың қадірін білем десең, жол апатының алдын алуға үлгермеген жүргізушіден сұра. Бір мини секундтың қадірін білем десең, әлемдік жарыста

күміс жүлде алған желаяқ жүгірушіден сұра! Иә, үлкен жетістіктерге жеткен ұлы кісілердің барлығы да уақыттың қадірін біліп, оны өте тиімді пайдалана білгендер. Бірде: «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы», – деп, көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала жалмажан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп: «Ал жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда», – деп кейісе керек. «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын еш толтыра алмайсың», – деген Гете де уақыт мәселесіне бей-жай қарамаған. Абай атамыз да өз өлеңінде уақыттың қайта айналып келмейтіндігін, тық-тық еткен сағат уақыттың ұрысы екенін тамаша бейнелеген: Сағаттың шықылдағы емес ермек, Үнемі өмір өтпек – ол білдірмек. Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек. Сағаттың өзі ұры шықылдаған, Өмірді білдірмеген күнде ұрлаған. Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді кетті, Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман. Иә, адам баласы «қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдаланғаны абзал. Сол себепті, болар, еңбекқор қытай халқы уақыт мәселесіне келгенде «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. Осы орайда «Рақат – рақатты тәрк етуде» деген шығыстық аталы сөз қазақтың «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» дегенімен үндес. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жемек. Ал уақытын бекер ойын-күлкімен, шегірткеше ән салып, көгалды қуып гөлайттаумен, желікпен өткізген жан кейін өкініштен бармақ тістейтіні анық. «Рахат – рахатты тәрк етуде» деген сөзді кең мағынада алар болсақ,

бұл дүниелік уақытын өткінші қызыққа алданып, бекер өткізбей, Алла алдындағы мұсылмандық парыз, қарыздарын өтеумен бейнеттеніп өткен жан да, о дүниелік шынайы мәңгілік рақатын осы дүниедегі өткінші жан рақатын тәрк етуден таппақ.

«РАХАТҚА БОЛА БЕС КҮНГІ, РЕНЖІТЕ КӨРМЕ ЕШКІМДІ!» Адамзат баласы өмірдің сын сағаттарында түрлі көңіл-күйді бастан кешеді. Қамығу, сағыну, мұңаю, күйіну, сүйіну, өкіну – бәрі де екі аяқты, жұмыр бастыға тән қасиеттер. Кейде жалғыз ауыз жылы сөзге балаша мәз болып қуанса, кейде болмашы нәрсеге бола қатты құлазып, жүрегі мұздап, жаны сыздап, сол сәт өмірден безіп кеткісі келеді. Жақын адамыңыздың кейде аяқасты бұртиып, томсырайып қалғанын көресіз. Сол сәт ішіңіз қылп етіп, өкпелетіп алғаныңызды сезесіз. Өйткені өкпелеу де оған тән мінез. Ондайда ол теріс қарап сөзіңді естімегенсіп жүре сөйлеседі, тіпті, ләм-мим деп тіл қатпай қоюы да мүмкін. Хабарласа қалсаң, телефонын өшіріп не көп уақыт бойы жауап бермей діңкелетеді. Ал көңілі қалса, «енді сені желкемнің шұқыры көрсін» деп біржолата теріс айналуы да мүмкін. Қанша дегенмен «бір атым насыбайдың өзін» көңілге алып қалатын қазақ емеспіз бе? Иә, адамдар арасындағы реніш – тұрмыста жиі кездесетін жайттардың бірі. Оған ұсақ-түйек себеп көп. Алайда ешкімді ренжітпеу, көңіліне келмейтін әрекет жасау – ілуде бір кездесетін жақсы мінезге жатады. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (саллАллау аләйһи уә сәлләм) кісі көңілін қалдырмауға қатты көңіл бөлген. Әрбір ісінде бұны жіті қадағалайтын. Пышақ берсе, сап жағымен ұсынатын. Қылыштарды көшеде жалаңдатып алып жүруге тыйым салған. Әрдайым жүзі күлімсіреп тұратын. Аузынан қатты сөз шықпайтын. Бұйымтайын айта келген адамның қолын бос қайтармайтын. Ешқашан «жоқ» деп айта алмауы да оның осы бір көңілге қарағыштық қасиетінен туған еді. Қолында жоқ болса, тауып берем деп уәде беретін. Біреудің

қателігін түзетпек болса, жұрт алдында мінін бетіне баспай, көңіліне келер деп ол кісінің атын атамай, отырғандарға жалпылама айтатын. Кімге қарата айтылып жатқанын әлгі адам өзі сезетін. Жай адамдарды ғана емес, «Мүгедек біреуді көрсеңдер, сендерді сондай күйге түсірмеген Алла Тағалаға шүкір етіңдер, бірақ оны дауыстап айтып әлгі ғаріптің көңілін ренжітпеңдер», – деп, көңілі жарымжан мүгедектерді ренжітпеу керектігін білдіретін. Үш кісі отырғанда, екі кісі өзара күбірлесіп сөйлеспегені абзал, өйткені бұл үшінші кісінің көңіліне келуі мүмкін дейтін. Ренжісіп қалған жағдайда үш күн ішінде татуласуға кеңес беріп: «Бір мұсылман адамның екінші бір мұсылман бауырына үш күннен артық ренжуі дұрыс емес. Кездескенде бір-бірінен сырт айналған екеудің абзалырағы – бірінші болып сәлем бергені», – деп, ондайда ренішті бірінші болып ұмытудың артықшылығын жоғары қоятын172. Араз кісілерді татуластырудың нәпіл намаз оқып, нәпіл ораза ұстағаннан да үлкен сауап екенін, ол үшін қажет болса жалған айтуға рұқсат барын еске салатын. Адамның ең нашары басқаға кесірі тиетін, әркімді ренжітетін адам дейтін. Өсиеттерінде үнемі ата-ананы, сүйікті жарды, жақын туыс, көрші-қолаңды ренжітпеуге, жетім-жесірдің ақысын жеп, көз жасына қалмауға, баланы өкпелетпеуге, дос көңілін қалдырмауға шақыратын. Өйткені «Пенденің жасаған амалдары әр дүйсенбі және бейсенбі күндері Аллаға жеткізіледі. Ұлы Жаратушы сол күндері өзіне серік қоспаған құлдарының күнәларын кешіреді. Алайда араларында дұшпандық, реніші барларды бөлек қояды (кешірмейді). Сөйтеді де: «Бір-бірімен татуласқанша бұларды қоя тұрыңдар», – дейді», – деп түсіндіретін173. Сол себепті, «Мүмин адамның мүмин адамға үш күннен артық ренжуі дұрыс емес. Арадан үш күн өткеннен кейін онымен сөйлесіп, сәлем берсін. Егер ол сәлемді алса, сауабы екеуіне тең бөлі172 Бұхари, Әдеп, 57. 173 Мүслим, Бирр 36.

неді. Алмаса, күнәсы сол адамға жүктеледі»174 деп, бітімге, татулыққа алғашқы болып шақырушының үлкен сауапқа кенелетінін, ал қисық мінез танытып, оған көнбегендердің күнә арқалайтынын ұқтырған. Хадисті саралаған ғалымдар сәлемдесумен арадағы реніш жойылады десе де, Ахмед ибн Ханбәл: «Бұрынғы сыйластықтарына қайта оралмайынша реніш тарқамайды», – деп тұжырымдаған. Ренішті үш күннен асырмаудағы сақтық неде? Ондағы даналық – соңы бара-бара кекшілдік пен ерегеске, жанжалға, өзара жауыздық пен дұшпандыққа ұрындырмаудың алдын алу болса керек. Өмірде кішкене реніштен барып арты үлкен дауға, рулас елдерді бір-бірімен араздастырып қырғынға ұшыратқан жағдайлар аз болмаған. Сол себепті, ашу өртін дереу сөндіріп, арадағы ренішті жоюға талпынудың, ымыраға келудің, татулық пен діндегі бауырмашылдықты жоғары қоя білудің қоғамдық мәні зор. Бірінші болып кешірімге бара білу – қай кезде де адамның кішіпейіл, қайырылғыш, иілгіш секілді жақсы мінезін байқатады. Ал, өлсем де кешірмеспін деп ант ішу, анасы тасқа жерік болып тас болып түскендей, не әкесі бүгін өлгендей түнеріп райынан қайтпау – долы, шайпау, қатал мінездің, қала берді кекшілдік пен сасық тәкаппарлықтың нышаны. Адамның адамдығы сынға түсетін осындай кездері мұсылмандық мінезден ауытқымай, ішкі ар таразысының өлшемдерінен мүлт кетпеу – әр кісінің емес ер кісінің ғана қолынан келетін ерен қасиет екені аян. Біреуді ренжіту көбінесе мінездің нашарлығынан, білімнің, жеке мәдениеттің таяздығынан, дөрекіліктен, басқаларды өзінен төмен санаудан я болмаса өзіне жеңіл деп санаған қылықтың өзгеге ауыр, зіл болып тиетінін парықтай алмаудан туындап жатады. Жаны жайсаң, мінезі жайма шуақ адам кісі көңіліне қаяу түсіретін тұстарды (сөзді яки іс-әрекетті) жақсы білетін, аса сезімтал келеді. Көңілді тырнап кететін тікенек мінезді емес, кісі жанын ізгілікке бөлейтін, жүрген жеріне 174 Әбу Дәуіт

сыпайылық ұялататын сымбатты ақылдылығынан таймайды. Көрген жанды сүйсінтіп, мақтадай жұмсақ мінезімен үлгі болады. Өзі ренжісе де өзгені ренжітуге жол бермейді. Өйткені реніштің арада салқындық тудыратынын, адамдарды бір-бірінен суытып, жат қылып жіберетінін жақсы біледі. Кешіріскен күннің өзінде көңілді көлеңке басып, көпке дейін салқындықтың сызы кетпей жүретінін терең сезінеді. Бұны мына бір ғибратты мысал да жақсы ұқтырғандай. Бірде, жаман мінезді ұлына әкесі шеге толы жәшік беріп: «Маңайыңдағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір шегеден қағып отыр», – деп тапсырыпты. Алғашқы күні-ақ баласы тақтайға көп шеге қағып үлгеріпті. Бір күні тақтай беті шегеге толса керек. Бұл жайын әкесіне барып айтыпты. Әкесі: «Ал енді, балам, бүгіннен бастап, сол достарыңмен татулас, бірақ татуласқан әр күнің үшін тақтайдан бір шегеден суырып алып отыр», – депті. Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, тақтайдағы бар шеге шығарылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі, баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: «Балам, жарадың, – депті, – алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған іздерді, көп тесікті көріп тұрсың. Бұл дегенің – тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмайды деген сөз. Достармен төбелескен сайын, арада жаман сөздер айтылады. Әр жаман сөз артына мына шегелер тәрізді шұрқ тесік қалдырып отырады. Артынан татуласып жолдасың мың жерден кешірдім дегенімен, мына тесіктер секілді көңілде кірбіңнің бәрібір сыз болып қалып кететіндігі шындық. Сондықтан ешбір досыңмен жүз шайыспағайсың, балам», – деген екен сонда өз ісінің астарын түсіндіріп, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырған әкесі. Иә, реніш артынан риясыз кешірілсе жақсы, әйтпесе, көп жағдайда жан сыздатар, еске түскен сайын көңілді қаралап, жанды жаралайтын із тастап кететіні ащы да болса ақиқат.

«Алдыңа келсе, атаңның айыбын кеш» деген бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз етіп ұстаған. «Бір ашуыңды маған бер», «Тентегімді жөнге салуды өзіме қалдыр», «Бір білместік өтті», егер бала болса «ісінің шалалығы» деп, жас болса «жастық шақта кімнің басынан не өтпейді» деп, үлкен кісі болса «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ бола ма» деген секілді сөздермен әйтеуір екі жақты өз рәуішінде бітістіруге, араларын татуластыруға, артын тым ушықтырмауға тырысқан. Әсіресе туыс адамдардың бір-біріне деген өкпереніші тым асқынып кетпеуіне көңіл бөлген. «Туыстың азары болса да, безері болмайды», «Ағайында өкпе бар да, кек жоқ» деген секілді аталы сөздермен кішкене өкпеге бола біржолата ат құйрығын кесу туыс адамдарға жараспас іс екендігіне назар аудартып, ынтымақ деген айдынды дауылға ұрындырмай тұнық ұстауға барын салған. Бұны Абай атамыз: Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма Бір бес күннің орны жоқ аптығарға, Қай қызығы татиды қу өмірдің Татуды араз, жақынды жат қыларға, – деп, өмірдегі ештеңе де ағайын кісілердің татулығына, береке-бірлігіне жетпейтіндігін әдемі ұқтырған. Иә, «Соймасымды соямын, сүйгенімнің көңілі үшін» деген қазаққа көңілден қымбат ештеңе жоқ. Өйткені сынаптай сырғыған көңілдің кілтін таба білу, жүрек ауыртпай жүру – жарасымды сыйластық пен бақытқа бастайтыны белгілі. Мұқағали ағамыз бір өлеңінде: Күн батты, Міне, кеш кірді. Жанымнан бір үн естілді. «Рақатқа бола бес күнгі, Ренжіте көрме ешкімді!». Тағы да бір күн кеш кірген, Тағы да бір үн естілген.

«Азаматсың ғой ес кірген, Жауласа көрме ешкіммен!» – деп, ешкімді ренжітпей, ешкіммен жауласпай тату-тәтті ғұмыр кешу, бес күндік рақатқа бола әркіммен жаға жыртысып, ит пен мысықтай болмау – есі бар азаматтарға айтылған есті сөз екенін білдірген. Ешкімнің көңілін қалдырмау турасында ғұла-малардан көптеген нақыл сөздер қалған. Ахмет Яссауи бабамыз: «Кәпір де болса біреуді ренжіту – Жаратушыны ренжітумен тең», – десе, үлкен әулие Жәләладдин Руми: «Қағба – Ибраһим пайғамбардың тұрғызғаны. Ал көңіл – Ұлы Жаратушының өзі назар салатын орын. Сол себепті, бір кісінің көңілін қалдыру – Қағбаны мың рет жыққаннан да ауыр», – деп, біле-білгенге адам көңілі қасиетті Қағбадан да жоғары тұратындығын аңғартқан.

«АҚЫЛЫҢ БОЛСА, АРЫҢДЫ САҚТА!» Арлылық – адам бойындағы ең асыл қасиеттің бірі. Арлы кісі – ұят, иба, намыс, қанағат, әдеп, шүкіршілік секілді бірқатар игі қасиеттерді бойына жинақтай білген мол парасат егесі. Қазақ халқы – талайлы тағдырында сан түрлі қиындықтарды бастан кешсе де, арына дақ түсірмеген текті халық. Артық күлкі, артық ұйқы, артық тамақтың өзін арсыздыққа балаған ата-бабаларымыз ар тазалығына өткір сынмен қараған. Ел ішіне кең тараған «Мал сақтама, ар сақта», «Ердің құны бір ділдә, абыройы мың ділдә», «Ар – иманның жолдасы», «Ақылың болса, арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген нақыл сөздер соның белгісі. Арлылық – тектілік пен көргендіктен, иман мен жігерден туатын қасиетті мінез. Арлы адам ең әуелі ұятын сақтайды, адамдық мінезден айнуды намыс көреді. Түлкімінез жарамсақтыққа, жағымпаздыққа, сатқындыққа, қорқаулыққа, аярлық пен арамдыққа бармайды. Тоғышарлық пен күнәдан бойын аулақ ұстап, дүниелік ұсақ-түйекке бола кісілік қадірқасиетін төмендетпейді. Қандай жағдайда болмасын, өз тағдырына разылық танытып, тоқмейіл қалпын сақтайды. Кісіге қол жаймайды, ешкімнен ештеңе дәметпейді де. Арлы адам үшін кісіге масыл болудан артық қорлық болмақ емес. Табан ақы, маңдай терімен күн көріп, құдіретті Жаратушының алдында ғана бас иеді. Бұндай асыл мінез турасында адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.) өмірінен көптеген өнегелі жайттарды кездестіреміз. Сүйікті елші өз өмірінде жоққа сабыр, барға қанағат етіп өте жұпыны ғана өмір сүрді. Не сұраса да, Ұлы Жаратушыға ғана қол жайды.

Мұң-мұқтажын да пенделерге емес, ғаламның патшасы, өлшеусіз байлық егесі әл-Ғаниға арнады. Дұғаларында арлылықты тіледі. Жалқаулық пен қорқақтықтан құдіретті құдайға сиынды. Ешкімді шылауында ұстамай, өз шаруасын өзі атқарғанды ұнатты. Үйдің ұсақ-түйек жұмыстарын өзі істеп, малға да өзі қарады. Базардан алып келе жатқан затын көтеріскісі келген сахабасына рұқсат етпей, «Әркімнің өз затын өзі көтергені жөн. Шамасы жетпесе ғана мұсылман бауыры көмектеседі»175, – деп өсиет етті. Хадистерінде мұсылмандарды қанша тарықса да алақан жаймауға, Жаратқаннан басқа ешкімге мұңын шақпауға, ашкөздік пен тоғышарлықтан аулақ болып, адал еңбекпен күн көруге шақырды. Мына бір мысалдар соның айғағы. Бірде: «Уа, расулАлла, маған Аллаға да, халыққа да ұнайтын амал үйретіңізші», – деген бір сахабаға: «Дүниеге құмартпа, сонда Алла сені сүйеді. Ешкімнің қолындағысына телмірме, сонда халық та сені жақсы көреді», – деген даналыққа толы жауап естіген176. «Сендердің ең қайырлыларың – ешкімнен еш нәрсе алмағандарың»177, – деген Пайғамбарымыз тағы бірде қол жайып қайыр сұрап келген бір кісіні былайша жөнге салғаны бар. Одан үйінде пұл боларлық не барын сұрады. Әлгі кісінің жалғыз жамылғысы мен тостағаны бар екен. Пайғамбарымыз екеуін де алып келуін бұйырды. Заттарды мешіттегі кісілерге екі күміске сатты да, ақшасын иесіне ұстатып тұрып: «Бір күміске жейтін азығыңды ал, екіншісіне балта сатып әкел», – деді. Балтаны сатып әкелгенде, өзі балтаға сап дайындап қойып еді. Балтаны саптап беріп жатып «осы балтамен отын шауып базарға сат, екі аптадан соң келіп жолық», – деген еді. Екі аптадан соң әлгі сахабасы мәз-мейрам боп келді. Он бес күміс тапқан екен. Сонда Пайғамбарымыз: «Елге қол жайып тіленгеннен гөрі отын арқалап сатса да, әркімнің өз күнін өзі 175 Хайсами, 5/122. 176 Ибн Мажа, Зүһд, 1. 177 Малик, Муатта, 2/998 (1814)

көруі әлдеқайда артық қой. Қайыр сұрау ауру, не кембағалдың ісі емес пе?» – деген еді178. Ауф ибн Мәлік (р.а.) әңгімелеген мына бір оқиға да расулАлланың сахабаларын арлылыққа баулығанын көрсетеді: «Біз жеті-сегіз кісі расулАлланың қасында отыр едік. Бір уақытта ол бізге: «Алланың елшісіне серт бермейсіңдер ме?» – деді. Ал біз болсақ алдында ғана серт берген едік. Сол себепті, «Уа, Алланың елшісі, жаңа ғана серт бермедік пе?» – дедік. Пайғамбарымыз: «Алланың елшісіне серт бермейсіңдер ме?» – деді тағы да. Біз де қоймай: «Сізге аз ғана бұрын серт берген едік. Енді не үшін серт берейік?» – дедік. Сонда Пайғамбарымыз: «Аллаға құлшылық жасайтындарыңа, Оған серік қоспайтындарыңа, бес уақыт намаз оқып, толық мойынұсынатындарыңа, – сөйтті де даусын сәл бәсеңдетіп, – ешкімнен ештеңе тіленбеуге серт беріңдер», – деді. Ант етейін, сол жерде болған кейбір кісілер дәл сол күннен бастап, қамшысы жерге түсіп кетсе де, ат үстінде тұрса да, ешкімді жұмсамай, өздері түсіп алатын болды»179. Рас, сахабалар арлылыққа қатты көңіл бөлді. Бір-бірін бауыр тұтып, қолындағы байлығын тең бөліскенде де бұл мінезден таймады. Меккедегі мұсылмандар Мәдинаға қоныс аударғанда (һижрет) орын алған мына бір оқиға өте ғибратты. Сол көштен кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұһажирлар мен ансарларды өзара бауыр етіп жариялайды. Бұны естігенде Сағыд ибн Рәби (р.а.) өзінің дәулетінің тең жартысын жаңадан келген діндес бауыры Абдуррахман ибн Ауфқа (р.а.) бөліп бермек болады. Сонда бұндай жомарт мінезге Абдуррахман ибн Ауф не деп жауап берді дейсіз ғой? Ол бар болғаны сыпайы ғана: «Алла сіздің дәулетіңізге де, отбасыңызға да берекесін берсін. Сіз маған базардың жолын көрсетіп жіберсеңіз болғаны», – деген еді180. Ардақты сахабамыз 178 Тирмизи, Зекет, 28. 179 Мүслим, Зекет, 108. 180 Бұхари, Буйу, 1.

дайын байлықты иеленгеннен гөрі өзі еңбектенгенді артық санаған. Әйгілі сахаба Әбу Хұрайраның да (р.а.) аштықтан көзі қарауытып құлап қалғанның өзінде ешкімнен ештеңе сұрамағаны айтылады. Міне, нағыз арлылық! Хадисте «Кімде-кім тіленуден сақтанса, Алла оны арлы қылады. Кімде-кім елге қол жаймаса, Алла оның күнін ешкімге қаратпайды. Кім сабырлы болуға тырысса, Алла оны сабырлы қылады. Адам баласына сабырдан үлкен, әрі қайырлы нәрсе берілмеген» делінгендіктен, сахабалар ешкімнен көмек сұрамай, қиындықтарға сабыр етіп, барынша арлы өмір сүруге тырысқан181. Ар мен абыройды сақтауда тарихта мұсылман ғалымдарының көрсеткен өнегесі өз алдына бір төбе. Олар қашан да ілімнің қадірін түсірмеуге жанын салған. Сол үшін, бұйымтай айтып патша мен бай-бағланның есігін тоздырмаған. Атақ, мансап, шен-шекпенге құмартпай, тақуалық жолын мықтап ұстанған. «Ең жаман ғалым – патшаға жалынышты болып барған ғалым, ең жақсы патша – ғалымды өзі іздеп келген патша» деп қараған. Айталық, Аббаси әулетінің халифасы Харұн Рашид әйгілі ғалым Имам Мәліктен күн сайын ордаға келіп балаларын оқытуды талап етеді. Алайда ғалым оған мұның орынсыз екенін, қайта балалардың өзіне келіп сабақ алғаны дұрыс болатынын айтып, сонда ғана ілімнің қадірі жоғалмайтынын түсіндіреді. Қисынды уәжге тоқтап, кешірім сұраған халифа балаларын Имам Мәліктің үйіне жіберіп тұруға келіседі. Ұлық имам Әбу Ханифаның да адал саудамен айналысып, барынша жақсы киім киіп жүруі де осындай ізгі ниеттен туған. Ол ілім жолындағы шәкірттерінен қаражатын аямай, қажет кезінде өзі үйлендіріп, оларды өзгелерге мұқтаж етпеуге тырысқан. Яғни, басқаларға жалынып, тіленуіне жол бермеген. «Сұм-сұғанақ ортасында ұялдым, күні-түні азап тарттым, 181 Бұхари, Зекет, 265/3.

құрыдым» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, қазақ халқы да өз тұрмысында ұятсыздық, тоғышарлық, ашқарақтық, жалқаулық секілді жағымсыз қылықтарды сынаған. «Мешкей деген жақсы ат емес», «Ашты тойғызарсың, ал ашкөзді қайтіп тойғызасың», «Сұқ семірмейді, ұры байымайды», «Жас ұялшақ келер, арсыз сұрамшақ келер» деген секілді сөздермен балаларын тәрбиелеген. Әсіресе қыз баланың арлы, ибалы, әдепті болып өсуін қатты қадағалаған. «Қызға қырық үйден тыйым» жасап, оның абыройына ел болып жауапкершілікпен қарауға шақырған. «Арсыз болса, қызың жау» деп (Жетес шешен) қыздың арсыздығы тұтас елдің басына салық болады деп қараған. Әбубәкір Кердері бабамыз (1861-1905) бір өлеңінде әдепті қыз бен әдепсіз қыздың мінезін былай деп суреттеген екен: Қыз болуда не пайда? Болмаса сабыр, салмағы. Қыздарды көркем көрсеткен Мінездің сынық болмағы. Жігіттерді көргенде, Жалтаң-жалтаң қараса Кеткендей-ақ алмағы. Оның аты қыз емес Шайтанның ұшқан қаңбағы. Ата-анадан асылы Ұлықсатсыз жүрмеген. Сұрамаған сөзді білмеген Қыздардың осы саңлағы! Қыздарды арлылыққа тәрбиелеуде әлі некелеспеген қыз бен жігітті оңаша қалдырмау, әйел затының ашықшашық киінбеу, ақ некені қадірлеу секілді Ислам дініндегі ұлағаттардың берері мол. Бұған қоса, ата-бабаларымыз ар сақтауда нүктедей пайдаға бола үтірдей иілмеуге, болар-болмас дүниеге бола арын сатпауға, дүниеқоңызданып абырой төкпеуге,

сақалын саудалап сүйкімін кетірмеуге, ешкімдің алдында төмендемеуге, шама келгенше кісіге қарыздар боп қалмауға, оның орнына не тілесе де Алладан тілеуге шақырған. Бұл турасында Ыбырай Алтынсариннің айтқан мына бір шумақ өлеңінде үлкен ғибрат жатыр: Адамға бір өзіңдей көзің сүзбе, Бір әділ қазынасы кең патшаңды ізде. Қорексіз еш пендесін қалдырмайды, Жаратқан бір Тәңіріңнен күдер үзбе! Бұл бізге «Адамнан тілегеннің екі көзі, ал Алладан тілегеннің екі бүйірі шығады» деген аталы сөзді еске салады. Нұржан Наушабай да (1859-1919) бір өлеңінде осы ойды қостап, былай деген: Пендеге пенде қылма жүз салдырып, Телміртпе бір жаманға көз талдырып, Мақрұм ете көрме, Раббым Қадыр, Рахымет қазынаңнан құр қалдырып. Бұл шумақтарда өзің сияқты пенделерге көз сүзгеннен гөрі, қазынасы кең Жаратушыдан тілегеннің артықшылығы, Раббымыздың жомарттығы шексіз екені еске салынған. Расында да, Раббымыз жер бетіндегі сансыз тіршілік иелеріне күн сайын үзбей ризық беруші Раззақ, барлық нәрсеге құдіретті Қадыр. Оның рақым қазынасы ешқашан түгесілмейді. Құранда айтылғандай, адам баласы Аллаға мұқтаж, алайда Ол еш нәрсеге мұқтаж емес, әрі мақталуға лайық182. Иә, арлылық ең ізгі қасиет десек, арсыздық адамға ешқашанда жақсылық, опа әкелмейді. Арсыз адамның екі дүниесі де қараңғы. Ел де арсыз адамнан қашады. Өзінің қара сөзінде «Жарлы болсаң, арлы болма» деген мақалдың дұрыс еместігін сынаған Абай атамыз да «Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын!» демеп пе еді?!

182 «Фатыр» сүресі, 15-аят.

«АШУЛЫ ЖҰДЫРЫҚ – КҮЛІП ТҰРҒАН БЕТТІ ҰРА АЛМАЙДЫ»

Жұмсақтық – адам бойындағы ең асыл, баға жетпес мінездің бірі. Мінезі жұмсақ адам кешірімді, байыпты, байсалды, ашуға бой алдырмайтын, сабырлы, шыдамды, көңілдің күйін алыстан бағамдайтын парасатты, кішіпейіл, жанашыр, жылы жүзді, майда тілді келеді. «Қауызында дәні жоқ – сабан мінезді адам болады; қорсылдаса көңілі тоқ – қабан мінезді адам болады» деген секілді дөрекілік пен дойырлық қай кезде де рухани осалдық, жабайы мінез ретінде сынға алынып, ал жұмсақтық қай халықта да игі саналған. Дана қазақ «Алмас қанжарды жұмсақ қайраққа қайрайды», «Түсі игіден түңілме», «Жылы-жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады» десе, қарақалпақтар «Қатты ағашты жейтін – жұмсақ құрт», моңғолдар «Жұмсақ жүрек – жомарттықтан көп артық», қытайлар «Ашулы жұдырық – күліп тұрған бетті ұра алмайды» дейді екен. Армяндар «Айтқаның «жаным» болса, еститінің де «жаным» деп ой салса, эстондар «Жылы сөз – салқын судан да жақсы сергітеді» деп бағалайды. Байқасаңыз, бүкіл адамзатқа ортақ осы қасиет – мұсылманға тән мінез. Хазірет Мұхаммед (саллАллау алайһи уә сәллам) пайғамбар болғанға дейін де, кейін де ең жұмсақ мінезді жан еді. Құранда Алла Тағала оның осы мінезін мақтап, қатал адамның маңайына жан жуымасын былай деп білдірген: «Алланың рақымдылығымен сен оларға жұм-сақтық

таныттың. Егер қатал жүректі болғаныңда, олар маңайыңнан тарап кетер еді»183. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне жасалған қастандықтар үшін ешкімнен кек алуды көздемеген. Елшілік міндетін орындап, Ислам дінін жая бастаған алғашқы жылдары Құрайыштың азулы мүшріктері оны мазақтап, келекеқылжаққа айналдырып, жүретін жолдарына тікен тастап, үстіне малдың қан-жынын төгіп, тасадан тас лақтыратын еді. Бұнымен қоймай, сиқыршы, айлакер, арбағыш, балгер, өлең шығарғыш деген секілді жаланың неше түрін жабатын. Алайда олар қанша жамандық жасаса да, Пайғамбарымыз шыдамдылық танытып, ашуланбайтын. Өйткені ол қаттылыққа қарағанда жұмсақтықтың анағұрлым артық екенін, тамшылаудан танбаған су ғана тасты тесетінін, зорлықты тек сүйіспеншілікпен ғана жеңуге болатынын жақсы білетін. Жұмсақмінезділікті ол өз іс-әрекетімен үлгі етіп көрсетумен қатар, бірқатар хадистерінде де үмбетін осыған шақырған: «Қиямет күні Алланың алдында дәреже тұрғысынан адамдардың ең жаманы – мінезінің дөрекілігінен жұрт қашатын адам», «Алла Тағала – жұмсақ, әр ісінде жұмсақтық танытқандарды жақсы көреді, жұмсақ мінезділерге нәсіп еткен игіліктерін басқа ешкімге нәсіп етпейді»184, «Жұмсақтықтан мақұрым адам – барлық жақсылық атаулыдан мақұрым»185, «Адамдарға істің оңайын білдіріп, жұмсақтық танытқан мүмин тозаққа түспейді»186, «Қай жерге жұмсақтық ұяласа, сол жерді әсемдейді, жұмсақтық жоқ жерде ақау пайда болады»187 т.б. Бір аймаққа сахабаларын жіберсе, «(Дінді) ауырлатпаңдар, жеңілдетіңдер. Жек көргізбеңдер, сүйдіріп үйретіңдер»188, – деп ескертіп, қаттылықтың еш опа-жақсылық әкелмейтінін, 183 «Әли-имран» сүресі, 159-аят 184 Mүслим, Бирр уә сыла, 77. 185 Мүслим, Бирр 75. 186 Ибн Мәсғудтан Тирмизи риуаят еткен. 187 Мүслим, Бирр 78. 188 Бұхари, Ілім 11, Әдаб 80.

қай кезде де, жүрекке жұмсақтықпен ғана жол табу керектігін ұқтыратын. Бір жолы Пайғамбарымыз сахабаларымен мешітте әңгімедүкен құрып отырғанда, сырттан кірген бір бәдәуи әлден уақытта мешіт шетіне барып кіші дәрет сындыра бастады. Оның бұл қылығын көрген сахабалар ашумен өре түрегелісті. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға: «Тиіспеңдер, аяқтасын. Артынан ол жерге бір шелек су төгерсіңдер, өйткені сіздер қиындатуға емес, жеңілдетуге жіберілгенсіздер», – деп басу айтты. Іле әлгі бәдәуиді қасына шақырып, қателік жасағанын жай сөзбен былай деп түсіндірді: «Мұндай мешіт орындары дәрет сындыруға, я болмаса, басқа да ластықтар үшін арналмаған. Мешіттер Аллаты еске алып, намаз оқу үшін, Құран оқу үшін салынады»189. Негізі, сахабаларға қарағанда бұған Пайғамбары-мыздың көбірек ашулануы керек еді. Неге десеңіз, өзі бас болып салдырған әрі тек ғибадатқа ғана арналған мешітте жасалған бұл іс дөрекіліктің сойқаны болатын. Алайда Пайғамбарымыз (с.а.с.) бәдәуидің оны әдейі емес, білместікпен жасағанына түсіністікпен қарап, барынша жұмсақтық танытты. Кешіріммен қарап, сабырға салды. Өйткені Екі жаһан сардары (с.а.с.) нашар қылықты адамға жұмсақмінезділік танытқанда ғана оның түзелетінін жақсы білетін. Жиырма үш жылдық тәлім-тәрбие жұмысында Пайғамбарымызды зор табысқа жеткізген жайттардың бірі – оның кешірімді әрі өте жұмсақ мінезді екенін осы мысалдан айқын аңғара түсудеміз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) шаңырағындағы қызмет-шілеріне де барынша жұмсақмінезділік танытатын. Айтқанын істемесе, не ұмытып кетсе, сыпайы түрде ғана себебін сұрайтын. Сахабаларымыздан Әнас ибн Мәлік Пайғам-барымыздың бұл қасиетін былай деп еске алады: «Он жыл бойы Алла елшісіне (с.а.с.) қызмет қылдым. Он жылдың ішінде бір де бір рет мені сөккен емес, бір істі істемесем, «Қап, соны 189 Бұхари, Уду 58, Әдаб 80.

істеуің керек еді» деп, не болмаса «Бұны неге бұлай істедің?» – деп қабақ шытқанын көрген емеспін»190. Алла Тағала қатты азғындаған Перғауынды тура жолға шақыру үшін Мұса мен Һарұн пайғамбарларды жұмсағанда, «Барып оған жұмсақ сөз айтыңдар, мүмкін насихат­ тарыңа құлақ салар, бәлкім үрейленер»191 деп, жұмсақтықты негізге ала отырып майда тілділікпен, жылы-жылы сөз бастау керектігін үйреткен. Бірде Халифа Мәмунға бір кісі келіп, қателіктерін бетіне басып, қатаң ескертулер жасай бастағанда, Халифа оған қарап: «Әй, сенің мына дөрекілігіңді неге жатқызуға болады, кішкене жұмсақтау болсаңшы?! Алла Тағала сенен де жақсы кісілерді (Мұса мен Һарұнды) менен де нашар адамға (Перғауынға) жіберерде, жұмсақ сөйлеу керектігін айтпап па еді?!» – деп, жоғарыдағы оқиғаны еске алып, жұмсақ тілмен айтылған насихаттың ғана адамға пайда беретінін меңзеген. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өмірбаяны жазылған кітап­ тарда оның өте кішіпейіл, мейірімді әрі жұмсақмінезді жан болған­дығының мысалдары көп кездеседі. Сахабалардың айтуынша, Алла елшісі (саллАллау аләйһи уә сәллам) тумысынан қатал кісінің өзін ерекше ілтипат, жылы жүз, жұмсақ тілімен демде баурап, өзіне үйіріп әкететін. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала барлық тіршілік иелеріне жақсы қарауды бұйырды. Олай болса, мал бауыз­дағанда да, оны қинамаңыздар. Малды бауыздар­ да пышақтарыңызды жақсы қайрап, оны жұмсақ бауыз­ даңыздар», – деп, Тіпті,мал бауыздағанда да жұмсақтық пен аяушылықты ұмытпауды ескертетін192. Үнемі Алла елшісінің (с.а.с.) жүзінен нұр, жүрегінен жылу төгіліп тұратыны, әр сахабасы секілді Амр ибн Асқа да қатты әсер еткені соншалық – ол да Пайғамбарымыздың ең жақсы 190 Бұхари, Әдаб, 39. 191 «Та-һа» сүресі, 44-аят. 192 Мүслим, Сайыд, 57.

көретін адамы мен шығармын деген ойға қалған. Тіпті,бірде шыдамай: «Уа, Алланың елшісі, айтыңызшы, Әбу Бәкірді көбірек жақсы көресіз бе, жоқ мені ме?» – деп сұраған да еді. Пайғамбарымыздың өзіне жақын сахабаларына жиі көрсеткен бұндай жылы жүзділігі мен ыстық ілтипаты – үлгіөнеге аларлық сүннет екені сөзсіз. Ибн Аббастың риуаят етуінше, хазірет Мұхаммед (салл­ Аллау аләйһи уә сәлләм) Абдулқайысұлдарынан Әшаж­ға: «Сенде Алла сүйетін екі тамаша қасиет бар: ол жұмсақ­мінез­ ділігің мен ықтияттылығың», – дегенде де, бұл екеуі Құдай сүйетін ең керемет мінез екенін білдірген193. Ақын ағамыз Мұқағалиша айтқанда, «Тайраңдап алдыартына қарамайтын түйсіксіз тайлақ» іспетті адуын не дөрекілік – көңілді қаралап, жанды жаралайтын, көргенсіз­ діктен туатын қаншалықты нашар қылық болса, майдай жұм­ сақ­тық, иілгіштік, кешірім жасай білу – тектіліктен, иман­ды­­ лық­тан, көргенділіктен өріс алатын соншалықты ұнамды әрі зәру қасиет. «Сен қатал, ашуланғыш болған сайын ісің өрге баспайды. Өзің жылы жүз таныта алмасаң, ел де саған инелерін шығарып домалана қалған кірпі секілді көрінері рас» деген мәнді сөздің иесі әулие Мәулана Руми бірде намаз оқып жатқанда, үйіне бір қайыршы бас сұғыпты. Мәулананың намазға қатты тұңғиықтап кеткенін көрген қайыршы дереу бір кілемшені ұрлап шығып кетсе керек. Мұны байқап қалған көршісі ол ұрыны базарда әлгі кілемшені сатып жібермек болып тұрған жерінен ұстап алып, ұрып-соғып Мәулананың алдына алып келіпті. Сонда әлгі ұрының кейпін көріп жаны ашыған Мәулана «Алса, бәлкім, керек болғаннан кейін алған шығар, соған бола бұл байғұсты ұрып-соқпай, қолынан сатып-ақ ала салсаң болмас па еді», – деп аяушылық танытса керек. Апыр-ай, Пайғамбарымыз үйреткен кешірімділік пен жұмсақмінезділікті бойына осыншалықты сіңірген жандарға не деуге болады! Өзіне жамандық жасап тұрған адамның өзін кешіріп, жанашырлықпен қарай білу, оған қайта жақсылық 193 Мүслим, Иман 25, 26.

жасау – Ислам тағылымын терең меңгерген жандарда ғана кездесетін асыл қасиет болса керек!194 Мұсылманшылықты ұстанған ата-бабаларымыз да халық арасындағы бауырмашылдық пен бірлікті, ынтымақ пен ағайындықты нығайтуда әрқашан жұмсақмінезді болуды насихаттаған. Әбубәкір Кердері бабамыз (1861-1905) бұл қасиеттің бойдағы жылу, жүректегі иманнан келетінін білдіріп: ...Нұр иманның белгісі – Көңліміздің жұмсағы! – десе, оны Әсет Найманбайұлы (1867-1923): ...Мамықтай мінезіңді жұмсақ қылып, Жылы жүз, тәтті сөзбен мақтауға тол, – деп толықтырады. Ал Ахмет Яссауи бабамыз мұсылман баласының бірбіріне тым қатал болып кеткенін сынға алып, оны заманның сұмдығына балап, ашына өлеңге қосқан: Мұсылман мұсылманға болды қатал, Нақақ істеп хақ жұмысын бұзды батыл. Мүрит пірге жылы жүзбен болмай жақын Ғажап сұмдық замана болды, достар! «Басына қонған бақыттың тұрақты болуы адамның жақсы мінез-құлқына байланысты» деп әл-Фараби бабамыз ой қозғаған жақсы мінез-құлық турасында Алаш ардақты­ ларынан Міржақып Дулатұлы да шет қалмай: Майда бол, жігіт болсаң тал жібектей, Жақсы емес қатты болуы тікенектей, – деп, қаттылықты тиіп кетсең денеңді жарақаттайтын тікенекке ұқсатқан. «Көңілі жұмсақ адамның – күрмеуін Алла шешеді», – деп, Шәкә­рім бабамыз атаған биязымінезділік пен жұмсақтық, сыпайы­гер­шілік пен майда тілділік әсіресе үлгілі сөз айтып, ұнамды ақыл-кеңес беретін, тәлім-тәрбие, үгіт-насихат жұмыс­та­рымен айналысатындарға қатты керек екенін ескерсек, бұны Әріп Тәңірбергенұлы бабамыз өз өлеңінде тамаша жеткізген: 194 Шамсаддин Ахмад әл-Афақи, Манақибул Арифин, Тахсин Языжы (Анкара: Түрік Тарих куруму басымеви, 1959), том І, 405.

Болмайды насихатшы неге жұмсақ, Майда тіл әсер қылмақ түбін қусақ. Ақырып айтқан сөзден көңіл қалар Сағынар тәтті сөзге әркім сусап. Мұсаны перғауынға жіберді Хақ, Сөз айтсаң, әмір қылма, жұмсақ боп бақ. Жұмсақ сөзбен тәрбие тез ұғылмақ Көзі барлар көрмей ме осыны нақ?! Осы бір халыққа жағымды мінез турасында мына бір тәмсіл де өз мәнін жоймақ емес: Бірде, екі сатушы қатар тұрып біреуі лимон, екіншісі тәтті алма сата бастапты. Бірақ неге екенін, лимон сатып тұрғанның саудасы жақсы жүріп, алма сатып тұрғанға көбіне-көп ешкім беттей қоймапты. «Тәтті тұрғанда елге қышқыл ұнағаны қалай, тәтті алмамнан неге жұрт алмайды?» – деп ойлаған екінші саудагер бұның мәнісін білмек болып, бір данышпанның алдына барыпты. Сонда данышпан оған: «Сен тәтті сатып тұрғанмен, түрің суық, қабағың қату екен, ал анау қышқыл сатқанмен, жылы жүзді, майда тілді екен. Ел өңі жылы, сөзі жұмсақ адамдарға көбірек үйір келеді. Бұның бар мәнісі осы», – деп түсіндірген екен. Расында да, жұмсақ сөйлеу, жылы жүзді болу адам мен адамды жақындастырып, достыққа, бауырластыққа шақырса, түксиген қабақ, түңкиген мінез, бырқыл жауап, дөң айбат не дөрекі сөйлеу – адамның жеке мәдениеттен жұрдай екенін сездіріп, адамды адамнан суытады, көңілін қалдырып, өкперенішке соқтырады. Дөрекі сөйлеген адамға қандай жауап айту жөнінде хазірет Али: «Дөрекі адамға сөз қайтарам деп әуре болмаңыз. Өйткені оның басқа да дөрекі сөздері жетерлік. Жауабыңызға тағы сондай құлаққа түрпідей тиетін дөрекі жауап қайыруы мүмкін. Надан адамға әзіл айтып та бекер, найзадай сөзімен көңіліңізге қаяу салып, бойыңызды мұздатады», – десе, Абай атамыз да дөрекі адамдарға дәл сондай дөрекілікке салынып жауап берудің жөн еместігін білдіріп: «Ит тістеді екен деп, мен де барып итті тістесем, аузымда не қасиет қалады?!» – деген екен.

СЫЙЛЫҚ БЕРУДЕ НЕ СЫР БАР? Сыйлық алуды әркімнің-ақ ұнататыны белгілі. Өйткені сыйлық алғанда, адамның жаны жадырап, көңілі көтеріліп, іштей бір марқайып қалатыны рас. Елең еткізер қуанышты жағдайларда болмаса, жайшылықта оның бұйыра бермейтіні тағы бар. Иығына шапан жабу, астына ат мінгізу, алдына қоралап қой, үйірлеп жылқы салып айдату, сәлемдеме ретінде азын-аулақ сый-сыяпатын беріп жіберу – о бастан қазақ дәстүріне сіңісті жомарт мінезділік пен құрметтеудің, шын көңілден сыйлаудың белгісі. Ондайда сый көрген жан да қауқылдасып, өзін құрметтеген жанды төріне отырғызғанша асығады. «Тонға емес, орамал жолға жарап, сый тартуды атамыз ырым еткен», – деп Мұқағали ағамыз айтқан бұл кәде VII ғасырдағы Күлтегін сөзінде «Жырақ жүрсең – жаман сый береді; жақын жүрсең – асыл сый береді» деп тасқа ойып жазылған екен. Ғұмырында ешкімнен сый көрмеген, кішігірім де болса сыйлық алмаған адам кем шығар. Әркім-ақ әйтеуір бір қуанышты сәтінде (туған күн, мерейтой т.б.) жақындары мен достарының сыйлықтарын қабылдап жатады. Өйткені оны өзіне жасалған ыстық ықылас деп ұғады. Ондай жанды әркез құрметпен еске алады. Ірі хадис жинақтарында осы сыйлық мәселесіне арнайы бап енгізілгені бұл мәселенің Ислам дінінде айтарлықтай маңызы бар екенін байқатады. Әр ісі даналыққа толы сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.), сыйлыққа үлкен мән берген. Хадистерінде сыйлық берісудің адамдардың бір-біріне деген сыйластығын, татулығын, өзара сүйіспеншілігін арттыратындығын білдірген:

«Бір-біріңізге сыйлық беріңіздер! Өйткені сыйлық сүйіс­ пен­шілікті арттырады, жүректі кірбіңнен тазартады»; «Сыйлық берісіңіздер, бір-бірлеріңізді жақсы көріңіздер»; «Жейтін нәрсе сыйлаңыздар. Бұл несібелеріңізді молайтады»; «Бір-бірлеріңізге барып қал-жағдай сұрасып тұрыңыздар. Сыйлық берісіңіздер. Өйткені зиярат – сүйіспеншілікті нығайтады, ал сыйлық – жүректі жамандықтардан (өшпен­ ділік, қатігездік, дұшпандықтан) тазартады». Байқасақ, сыйлық берудің астарында бір-бірінің үйіне бас сұғу, зиярат ету, қал-жағдай сұрасу, көңілін аулау, қуанышына ортақтасу, тілектестік, ниеттестік, қуанғанына қуану, көңілдегі кірбіңді шаю, арада болған дүрдараздықтарды ұмыту, татуласу секілді бірнеше ізгі амалдар жатқанын көреміз. Ал бұл өз кезегінде адамдар арасында сүйіспеншілік пен бауырластыққа, жақындыққа жол ашатыны сөзсіз. Пайғамбарымыз садақа қабылдамағанмен, сыйлықты қа­ был­дайтын. Өйткені садақа алуға өзіне әрі әулетіне тыйым салынған еді. Сол себепті, үйінде жаңа зат көрсе, оның садақа, я сыйлық екенін сұрайтын. Садақа болған жағдайда дереу кедей-кеп­шіктерге таратып, сыйлық болған жағдайда ғана қабыл алатын. Пайғамбарымызға сыйлық есебінде келетін заттар көп болған. Оны сол кезеңдегі әдет бойынша көбіне жан-жақтан патшалар жіберген. Сыйлықтардың арасында жейтін заттар да, түрлі киім-кешек те кездескен. Айталық, Эфиопия патшасы Нәжаши қарапайым тігілген қара түсті шәркей, шыны кесе, үш тал сүңгі, Эфиопияның бедері бар алтын жүзік сыйласа, Мысыр патшасы Мұқауқыс жібек мата, Мария және оның сіңлісі Сирин атты екі күң, Мәбур атты құл, бір қашыр, шыны кесе, сүрме, айна, тарақ, шапан жіберген. Әйла патшасы ақ түсті қашыр, Йемен патшасы Зуязан құны 33 түйелік аса бағалы жібек киімдер тарту еткен. Бұндай тарту-таралғы жіберуден Иран басшысы Кисра секілді өзге патшалар да шет қалмаған195. 195 Хадис ансиклопедиси. Кутуби ситта. Хедие. құраст. И. Жанан. 16 т. Б.165.

Алла елшісі сыйлықтардан жақындары мен таршылық көріп отырған мұсылмандарға да тарататын. Қасында адамдар отырған кезде, бір сыйлық келе қалса, егер таратуға келсе, дереу қасындағыларға да үлестіретін. Өйткені «Біреуге сыйлық берілгенде, қасында адамдар отырса, олардың да бұнда үлесі бар», – дейтін. Пайғамбарымыз сыйлық қабылдап қана қоймай, өзі де артынша ол кісілерге сыйлық жіберетін. Кейде сол мөлшерде, кейде Тіпті,артығымен жасағанды ұнататын. Бірде бір бәдәуидің сыйлаған бір ботасына қайтарым ретінде тұп-тура алты бота сыйлаған еді196. Жарларына, жақындарына, сыйлас, қимас кісілерге, алыстан келген қонақтарға, т.б. сыйлықтар беретін. Әсіресе сырттан келген қонақтарды сыйлықсыз қайтармайтын. Тіпті, көз жұмар алдындағы соңғы өсиеттерінің бірі елшілерді сыйлықсыз құр қол жібермеу болғандығы мәлім. Пайғамбарымыз әр келген кісіге сыйлық берерде оның қоғамдағы беделін, орнын ескеретін. Киім-кешек, жеміс-жидек, иіс май, ат, түйе, ет, жер, құрма бақшасы т.б. Пайғамбарымыз берген сыйлықтар қатарына жатады197 . Айша анамыздың айтуынша, «Пайғамбарымыз сыйлықты қабылдайтын әрі сыйға өзі де сый жасай-тын»198. Кері жағдайда «Біреу сізге жақсылық жасаса, қайтарым жасаңыз, егер қайтарым жасай алмасаңыз, оған игі дұға тілеңіз. Тіпті,сіздің осы дұғаңыздың өзі оған берілген қайтарым екенін біліңіз»199, – дейтін. Бұған қоса, ешқандай сыйлықты азырқанбауға шақыратын. Хадис тілімен айтқанда, «қойдың қара сирағы болса да» берген сыйлықты ризашылықпен қабыл алу, шын көңілмен рақмет айту, өзің берген сыйлықты артынан қайтарып алмау, діндегі игі мақсаттарын ойлап сыйлықты таза ниетпен беру, 196 Тирмизи, Мәнақиб, (3940, 3941). 197 Хадис ансиклопедиси. Кутуби ситта. Хедие. құраст. И. Жанан. 16 т. Б.166. 198 Бұхари, Хиба 11. 199 Aхмед II, 96.

сөзін өткізу, жағыну я ауызбастырық секілді жымысқы пиғылды көздемеу, сыйлыққа көңіл бөліп, мүмкіндігінше оны кәдеге жарату т.б. сыйлық берісудің мұсылмандықта қалыптасқан әдебіне жатады. Берілген сыйлықты кәдеге жарату төңірегінде мынадай ғибратты әңгіме бар. Бір ауылда өзінің әулиелігін жұрттан жасыру үшін, ел көзіне бал сатушы болып көрініп жүрген бір кісі бар екен. Бір күні қасына келген алушысы: «Кейде ішегім бүріп ауырғанда, бал жесем ғана басылып қалады. Құдайға шүкір, өткен жолы да сізден алған балдан шипа дарып, жаным жай тапты», – депті. Сонда әулие кісі тосыннан: «Бір шейхтің мүриді ұстазына тәспі сыйласа керек», – деп әңгіме бастапты, – Шейх жоғалып кетпесін деп жай уақытта тәспіні суырмаға сап қойғанмен, әлгі мүридінің келе жатқанын көрсе болды, берген тәспісін алып тарта бастайды екен. Бұны байқаған басқа бір шәкірті шыдамай: «Ұстаз, бұл қылығыңыз көзбояушылыққа жатпай ма, тәспі берген мүридіңіздің келе жатқанын көргенде ғана дереу тәспіні алып тарта бастайсыз?» – деп сұрапты. Сонда ұстазы: – «Менікі ешқандай да көзбояушылық емес, қайта Исламдағы әдептілікке жатады. Өйткені сыйлық берген адам берген сыйлығын сенің қолданып жүргеніңді көргенде іштей қуанып қалады», – деп түсіндіреді. Бал сатушы қасындағы кісінің осыған ұқсас әдепті істі орындағанын меңзеп, өзінің бұған іштей қуанып қалғанын әңгімесімен сездірген екен200. Сыйлық беру, сый-сияпат жасау, сыйлағанын көрсету кәдесі о бастан қазақ дәстүріне сіңісті деуге толық негіз бар. Оны «Көгентүп» деп аталатын қонақ балаға тарту етілетін аша тұяқ салтынан, қандай да бір қуанышқа ортақтасқанда мал атау, бәсіре арнау, сыбаға сақтау сынды дәстүрлерден байқаймыз. Халқымыз келген қонақты «қуыс үйден құр шығармай» жол жасап, ырым байлататын болған. «Абай жолы» романындағы мына бір үзіндіні келтіре кетсек: 200 Ахмет Шахин. Дини хикайелер. 98 Б.

Барлас пен Байкөкше ақын Абайдың оқуда жүрген жас кезінде ауылға келіп біраз уақыт жатқан еді. Ертеңінде ақындар аттарын ерттеп, жүрерге тақағанда, Абай шешесін тысқа шығарып алып: «Апа, екеуіне де жақсы қып тұрып сый беріп аттандыршы!» – деді. Қонақтар қымыз ішіп болып, енді қоштасарға келгенде, Ұлжан Барласқа қарап бір сөз айтатындай пішін білдірді. Қонақтар іркіліп қалған еді. –...Тағы да келе жүріңдер. Анау кәрі әжесі мен бізді көп сейілттіңдер. Жолдарың болсын! Келген сапарларыңа тыста бір азырақ ырым байлаттым... Ала кетіңдер... Риза, қош боп аттаныңдар! – деді. Абай тысқа шығып, Барластарды аттандырып жатып, енді көрді. Осы үйдің екі жылқышысы Беркімбай мен Жарқын Барласқа арнап бір семіз көк атты, Байкөкшеге арнап бір торы құнанды ноқталап тұр екен. Екі ақын екеуін жетекке алып, тағы да «қош, қош» айтып, жүріп кетті201.. Иә, сыйлық беру – адамдардың іңкәр сезімін оятып, бір-біріне деген құрметін арттырады. Шынайы ізгі ниет қалыптастырып, аралас-құраластықты, достықты, бауырмашылдықты, сүйіспеншілікті нығайтады. Жүректі кірбіңнен, кірден тазартып, арадағы салқындықты жылылықпен алмастырады. «Сыйға сый...», «Асықты жілік бергенге жамбасыңды сақта», «Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста», «Сыйласаң, сый көрерсің», «Дос бергеннің түсіне қарама» деп мақалдаған қазақ атамыз да «Әркім сыйлағанның құлы» дегенді бекер айтпаса керек. 201 Әуезов М. Абай жолы. Алматы, Жазушы, 2003. 1 т. Б. 56.

ИСЛАМ ДІНІНДЕ ӘЙЕЛДІҢ ОРНЫ Тарихқа қарасақ, Ислам діні келгенге дейін, әлемде әйел баласының кемсітіліп, көп қағажу көргенін байқаймыз. Әйел затын қорлықта ұстау, адам қатарында санамау, арын аяққа таптау, туған әке-шешесінің мұрасынан қағу сынды т.б. нашар әдеттер араб қоғамында да бар еді. Ислам діні алғашқы уақыттардан бастап-ақ әйел затының жанұядағы әрі қоғамдағы орнын белгіледі. Өзіне тиесілі міндетін нақтылап, ар-ұяты мен абыройын қорғады. Сүйкімді қыз, сүйікті жар, аяулы ана ретінде беделін өсірді. Дініміздің әйелдерге зор қамқорлық жасауы – бар­ша әйел за­ты үшін адам­зат тарихындағы теңдессіз оқиға болды. Өйткені өзге елдерде де әйелдің жағдайы тым аянышты күйде еді. Құран кәрімде 176 аяттан тұратын «Ән-ниса» («әйелдер»), 98 аяттан тұратын «Мәриям» деп аталатын сүрелер тікелей әйелдерге арналған. Бұдан басқа, «Нұр», «Ахзаб», «Мұмтахина», «Тахрим», «Талақ» сүрелерінде де дініміздегі әйел адамның орны туралы кеңінен айтылған. Бұл – Ислам дінінің әйелдерге қаншалықты көңіл бөлгеніне дәлел. Араб қоғамында қыз баланы асыраудан қашатын, ұлды артық көріп, қызды болғанына күйініп, қатты ызаланатындар да бар еді. Бұндай жауыз мінездің асқынғаны сонша – жаңа туған нәзік жынысты шарананы шімірікпестен тірідей өлімге қиып, аулаққа апарып көміп тастайтындары да кездесетін. Қыз баланы бетке шіркеу, сүйекке таңба санайтын надандық әрекет Құранда ащы сынға алынған:

«Кейбіреулері қызды болғанын естігенде, ашудан жүздері түтігіп, түнеріп кетеді. Бұндай «жаман» хабардың салдарынан ел көзінен тасаланады. Бұл қорлыққа шыдап оны асырап-бағу керек пе, жоқ әлде топыраққа көміп тастаған дұрыс па? Қараңдаршы, берген үкімдері қандай жаман?!»202 Іле Жаратушы ие жаһилиядағы203 осы бір тағылыққа тосқауыл қойып, қыз баланы өлтірмеуге шақырды:

«Жар­лы күй кешіп тұрмыс-тіршіліктерің на­шар болғандығы үшін балаларыңды өлтірмеңдер! Сендердің де, олардың да ризығын Біз береміз»204. Сондай-ақ қиямет күнінде бейкүнә сәбилерге көрсетілген жауыздықтың есебі сұраққа алынып, жа­за­сыз кетпейтіндігі ескертіледі: «Тірідей көмілген балаларыңа «қандай кінәларың бар еді, нен­дей күнә үшін өлтірілдіңдер?» – деп сұралғанда...205. Біз бұны мына оқиғадан да анық ұға түсеміз. Бірде үлкен сахабалардың бірі өткенін еске алғанда, кейде қатты жылағысы, кейде күлгісі келетінін айтқан еді. Қасындағылар мұның себебін сұрағанда: «Жылағым келетін себебі, Исламға дейінгі кезде бір қызым бар еді. Төрт жасқа толғанда, көзін құртпақ пиғылмен шөлге ертіп апардым. Шұңқыр қазып жатқанымда, қызым ештеңеден бейхабар күйде менің үстіме жұққан құм-топырақты тазалаумен болды. Қазып болғаннан кейін, қызымды шыңғырып жылағанына қарамастан тірідей көміп кетіп едім. Сол бір қатігездігім есіме түскен сайын, еріксіз көзімнің сорасы ағады. Екіншісі, жаһил кезімізде ұннан әр түрлі мүсін жасап, соған табынатын едік. Кейде соны 202 «Нахл» сүресі, 58,59-аяттар 203 Жаһилия – Ислам діні келгенге дейінгі дәуір «Қараңғылық дәуірі» деп аталған. 204 «Әнғам» сүресі, 151-аят 205 «Такуир» сүресі, 8-9-аяттар

отқа пісіріп жеп те қоятынбыз. Сол кезгі надандығымызға қазір күлкім келеді», − деп жауап берген екен. Демек, Ислам діні алғашқы уақыттардан бастап-ақ қыз балаларға мейіріммен, аяушылықпен қарауға шақырған. Тіпті,бір жанұядағы балаларды да ұл-қыз деп алаламауға тәрбиелеуінің өзі қыз балаларға дініміздің зор көңіл бөлгенін байқатады. Адамзаттың асылы сүйікті Пайғамбарымыз дінді насихаттай бастағанда, әйелдер қаумы да өте көп қолдау көрсеткен. Айталық, Хадиша анамыздың Исламды алғаш болып қабылдап, бүкіл байлығын дін жолында сарп еткені белгілі. Осы себепті Пайғамбарымыз: «Ел менен теріс айналған кезде, Хадиша маған сенді. Айтқандарымды ешкім қабылдамағанда, мені алғашқы болып растаған сол еді»206, – деп, оны өмір бойы ұмытпай, жақсылықтарын әрдайым еске алып отырған. Хадиша анамыз мұсылман болған соң кейін қыздары Руқия, Зейнеп, Үммү Күлсім және Фатима да Ислам дінін қабылдаған207. Қыздары Пайғамбарымызды қатты жақсы көретін. Аяулы әкелерін қорғау үшін өжет мінезге де баратын. Бір күні Пайғамбарымыз Қағбада намаз оқып тұрған кезде, Әбу Жәһил бастаған бір топ мүшрік бұқпантайлап келіп, мүбәрак басына түйенің жемтігін қотарып, айыздары қана сыртынан әжуалап күліп жатты. Олардың мазақтаған дөрекі дауыстарын естігенде, Фатима (р.а.) жанұшыра жүгіріп келіп, мүшріктерге жер-жебіріне жете ұрысты. Жылап тұрып әкесінің үстінен аққан малдың қан-жынын тазалады. Әлгілердің аузына құм құйылып, дереу күлкісін тыйды208. Дін жолындағы осындай табанды ерліктері мен қажырлы еңбектерін бағалап Пайғамбарымыз бірде: «Осы дүниеде де, 206 Ибнул-Әсир Иззуддин Әбул-Хасан, Усдул-ғаба фи марифәтис-сахабә, VIIтом, Каир, 1970. Б. 84-85. 207 Ш. Әділбаева. Алғашқы мұсылман қоғамындағы әйелдер. «Исламтану және Араб филологиясы мәселелері». Халық-аралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (2007-2008ж). Алматы. Нұр-Мүбәрак университеті. Б. 51. 208 Хайсами Али ибн Әбу Бәкр, Мәжмауз-зауаид, VI,13, Каир, х.1407ж.

ақыретте де құрметке ие болатын төрт әйел бар: Имранның қызы – Мәриям, перғауынның жары – Әсия, Хуайлидтің қызы – Хадиша, Мұхаммедтің қызы – Фатима», – деген еді209. Ислам тарихында алғашқы шейіттің де әйел кісі болғаны баршамызға мәлім. Исламды жарыса қабылдап жатқандардың көпшілігін әйелдер құраған. Айталық, Әбу Бәкірдің (р.а.) үйінің қасына келіп, іштен дауыстап оқылған Құранға құлақ түретіндердің де біразы әйелдер еді. Өйткені мүшріктер: «Әбу Бәкір әйел, бала-шағамызды жолдан тайдыратын болды»210, – деп уайымдаған. Тарихшылар сахаба Омардың (р.а.) Ислам дінін қабылдаған қырқыншы ер кісі екенін, оған дейін 39 ер кісі, 10 әйелдің мұсылман болғанын айтады. Алайда кейбір зерттеушілер Омар (р.а.) Ислам дінін қабылдаған кездегі мұсылман әйелдердің саны ер кісілерден де көп болғанын алға тартады211. Әйгілі Ұхұд соғысына 14 әйел қатысқаны айтылады212. Ер кісілермен қатар әйелдер де Пайғамбарымызға келіп серт беретін. «...Мұндай серттерін білдіру үшін кейде топ-тобымен келіп жатса, кейде 2-3 әйел бірге келетін еді. Олар серт беруге келгендерін айтқанда, Пайғамбарымыз берген серттерін қабылдап, оларға керекті үгіт-насихат айтатын. Осындай серт беру оқиғасын Сәлма бинт Қайс былай баяндайды: «Ансарлы әйелдермен бірге топ болып келіп, Пайғамбарымызға серт бердік. Алла елшісі бізге Аллаға серік қоспауды, ұрлық жасамауды, зинаға жанаспауды, балаларымызды өлтірмеуді, біреуге жала жаппауды, өзіне қарсы келмеуді насихат етті және «Күйеулеріңді алдамаңдар» деді. Біз осы айтылғандарды орындауға уәде бердік. Үйге қайтып бара жатқанда, бір әйелге Пайғамбарымызға қайта 209 Ибн Исхақ Мухаммед, Сира, ред: М. Хамидуллаһ, Кония, 1981. Б. 228. 210 Рыза Саваш, Хаз. Мухаммед (с.а.в.) девринде кадын, Б. 81. Станбул, 1991. 211 Бұл да сонда. Б. 82. 212 Ибн Сағыд Мухаммед Әбу Абдиллаһ, әт-Табақатул-кубра, VIII, Б. 241. Бәйрут, 1968.

барып әлгі «Күйеулеріңді алдамаңдар» дегенінің мәнісі не екенін қайта сұрауын өтіндім. Алла елшісі мұның «Күйеуінің рұқсатынсыз оның дүние-мүлкінен ешкімге ештеңе бермеу» екендігін түсіндіріпті»213. Мәдина кезеңінің алғашқы жылдарында мұсылмандар қатты қиналғанда, әйелдер алтын, күмістен жасалған жүзік, сырғаларын, алқаларын Пайғамбарымызға әкеп табыстап, мұсылмандарға көп көмек көрсеткен214. Бұл да әйелдердің дін үшін барлық жанқиярлыққа бара білген ықыластылықтарын дәлелдеуде. Әйелдер қажет кезде батыл мінез танытып, ер сахабаларды қолдап соғыстарға да қатысқан. Дұшпаннан қаймықпай, небір мықты ерліктер көрсеткен. Пайғамбарымызды қорғаған. Оған мына төмендегі мысалдар дәлел. «Ислам тарихында «екінші Ақаба серті» деп аталған келісім кезінде Мәдинадан Меккеге Алла расулын өз жерлеріне шақырып, көмек жасауға серт берген 75 кісінің арасындағы екі әйелдің бірі – Несібе деген атпен танылған Үмму Умара еді. Үмму Умара – Пайғамбарымыздың Мәдинаға мұғалім етіп жіберген парасатты сахабасы Мусғаб ибн Умәйрдің себепкерлігімен мұсылман болған, иманы берік әйел сахаба. Ол дін жолында шыбын жанын пида етуге әзір болатын. Қанқұйлы Ұхұд ұрысында Пайғамбарымызға берген сертінде тұрып, әйел басымен шайқасқа қатысып, теңдессіз ерлік көрсетті. Жаужүрек Несібе бұл шайқасқа күйеуі, екі баласымен бірге қатысты. Шайқастың басында мұсылмандардың күші басым болғанмен, Алла елшісінің әмірін ұмытып орындарын тастап кеткен оқ атқыштардың қателіктерінен мұсылмандар ауыр шығынға ұшырады. Осы тұста Алла елшісінің (с.а.с.) 213 Ш. Әділбаева. Алғашқы мұсылман қоғамындағы әйелдер. Конференция материалы. 214 Ш. Әділбаева. Алғашқы мұсылман қоғамындағы әйелдер. Конференция материалы.

маңындағы сахабалардың біразы шейіт болып, оның айналасында өте аз адамның қалғанын көрген бұл қаһарман әйел Алла елшісіне зиян тиіп кетпесін деп, оны қорғауға ұмтылды. Көзіне қан толған мүшріктерден Алла расулын шамасы жеткенінше қорғауға тырысты. Пайғамбарымыз: «Ұхұд күні оңыма да, солыма да қарағанымда Үмму Уммараның өліспей-беріспей шайқасып жатқанын көрдім», – деп оның ерлігін дәріптеген. Осы шайқаста баласы жараланды. Ол баласының қолын дереу таңып, оған: «Балапаным, кәне, Алла расулының (с.а.с.) алдында шайқасып, оны дұшпаннан қорға», – деп өз баласын Алла расулының (с.а.с.) жолында шайқасуға жұмсады. Несібенің өзі де бұл шайқаста қатты жарақат алған еді. Ұрыс кезінде азулы мүшрік Ибн Камия Пайғамбарымыздың жүзін жарақаттап, екі тісін сындырды. Пайғамбарымыздың қан жауып кеткен жүзін көргенде, жауыз мүшріктің жанын жаһаннамға жөнелтуге асыққан Умму Умара оған қылышын сермейді. Алайда екі қабат сауыт киіп алған дұшпанына бұл шыбын шаққан құрлы да болмайды. Ибн Камия ұрыста тұрысты білмейтін Несібенің иығын семсерімен сойып түседі. Басқа сахабалар ержүрек әйелге жәрдемге үлгеріп, жанын аман алып қалады. Оның жарақат алғанын көрген Алла расулы Абдуллаһқа: «Анаңның жарақатын таң», – деді. Шыбын жанын шүберекке түйіп шайқасқан бұл отбасына: «Алла сендердің отбасыларыңа мейірім-шапағатын жаудырсын!» – деп дұға етті. Мұны естіген Үмму Умара шабыттана түсіп: «Уа, расулАлла! Алладан жаннатта бізді өзіңмен көрші етсін деп тілеші», – дейді. Бұл бақытты, жаужүрек әйелдің көңілін қалдырмай, алақанын көкке қаратып, ол: «Уа, Жасаған ием, бұларды жаннатта маған қоңсы әрі жолдас ет», – дейді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл дұғасын естіген Умму Умараның төбесі көкке жетіп: «Бұдан кейін басыма қандай қиындық келсе де, көтеріп алуға мен әзірмін», – деп Алла елшісіне (с.а.с.) деген сүйіспеншілігін жеткізді.

Осы кескілескен шайқаста қаһарман Үмму Умара он үш жерінен жарақат алды. Иығынан алған жарақаты жыл бойы жанын қинап әрең жазылған еді. Үмму Умара Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тұсында Ұхұд соғысынан басқа Хайбар және Хунәйн ұрыстарына да қатысты»215. Сол қиян-кескі шайқастан тағы бір мысал берейік. «Ұхұд шайқасында мұсылмандар жеңіліске ұшырады, расулАлла шейіт болды деген хабарды ести сала, екі өкпесін қолына алып, соғыс алаңына барған қаһарман әйелдердің бірі – Сүмәйра (р.а.) еді. Ұхұд шайқасына қатысып қаһармандық танытқан асыл ерлердің қатарында Сүмәйраның күйеуі, бауыры және баласы бар еді. Ұхұд шайқасында бұл үшеуі де шейіт болып, денелерінен сау-тамтық қалмайды. Соғыс алаңына келген Сүмәйраға сахабалар көңіл айтып, сабыр тіледі. Алайда ол: «Алла расулы қандай күйде?» – деп сұраумен болды. Сахабалар Алла елшісінің (с.а.с.) тірі екенін айтса да, өз көзімен көрмейінше көңілі көншімеді. Жанындағылардан Алла расулының қайда екенін сұрап алып, бөгелместен сол жаққа қарай бет алды. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тірі екендігін өз көзімен көріп қуанғаннан Сүмәйраның жанарынан жас ыршып кетіп: «Әке-шешем жолыңда құрбан болсын, уа, расулАлла! Сен тірі болшы, басқа қиыншылықтар түк емес», – дейді216. Ислам тарихшыларының сөзіне сүйенсек, әйелдер дін үшін Исламдағы соғыстарда айтарлықтай белсенділік танытқан. Тікелей қару алып шайқасумен қатар, керек кездерінде түрлі қызметтер де атқарған. Айталық, Исламның алғашқы кезеңінде мұсылман болған әйелдердің кейбіреулері жасырын тыңшылық қызметін атқарды. Олар мұсылмандарға мүшріктердің қитұрқы жоспарларын астыртын жеткізіп тұрды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға ірге көтеріп, қоныс 215 А. Әділбаев. Саңлақ сахабалар. Алтын қалам баспасы. Алматы, 2005. 216 Ибн Кәсир, әл-Бидая, 4/54; Сахабилер ансиклопедиси, 2: 796-798.

аудармақ болғанда, оған таң алакеуімде қастандық жасамақ болған мүшріктердің арам пиғылын, мұсылмандарға алдын-ала хабарлаған Рукәйка бинт Әби Сайфи еді. Сол түні Алла елшісінің төсегіне Али (р.а.) келіп жатып, үй торыған дұшпандар Пайғамбарымыздың қай уақытта үйден шығып кеткенін сезбей қап, айлалары іске аспай, сан соғып қалып еді217. Сол жолы Мәдинаға һижрет етіп бара жатып мүшріктерден жасырынып, үңгірді паналаған кездерінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен қасындағы өз әкесіне Әбу Бәкірдің қызы Әсманың тамақ тасып, басқа да керекжарақтарын жеткізіп тұрғаны тарихтан белгілі218. Имам Бұхари «Китабул-жиһадта» біз жоғарыда сөз еткен әйелдердің соғыстарда атқарған қызметтерін мынадай жеті бапта ашып көрсеткен: «Әйелдердің жиһады»; «Әйелдердің теңіз сапарларына қатысуы»; «Сапарда ер кісінің әйелін қасына алуы»; «Әйелдердің соғысы, еркектермен шайқасы»; «Соғыста әйелдердің еркектерге су тасуы»; «Соғыста әйелдердің жараланғандарды емдеуі»; «Соғыста жаралылар мен өлілерді әйелдердің шетке тасуы». Ислам үкімдерін әйелдер де ер кісілерден кем меңгермеген. Бір ғана Айша анамыздың өзі дінге көп еңбек сіңірген. Керек кезінде Айша (р.а.) әскер қолын да басқарған. Сонымен қатар, ол көпшіліктің сый-құрметіне бөленген дін ғалымы болған, пәтуа беретін биік деңгейден көрінген. Жастарының ұлғайғанына қарамастан кей сахабалар білмеген нәрселерін келіп Айшадан (р.а.) сұрайтын. Келтірген айқын дәлелдері Айшаның (р.а.) 217 Ибн Сағыд Мухаммед Әбу Абдиллаһ, әт-Табақатул-кубра, VIII, Бәйрут, 1968. Б. 52. 218 Бухари Әбу Абдиллаһ Мухаммед ибн Исмаил, Сахих, IV, Станбул, 1981. Б. 13.

пікірін оларға еріксіз мойындататын219. Тіпті,хазірет Омардың (р.а.) өзі білмеген нәрсесін хазірет Айша анамыздан үйренетін. Оның әсіресе сүннетке қатысты мәселерлерді жиі сұрайтын бірден-бір адамы осы Айша анамыз еді. Хайра бинт Әби Хадра әл-Әсләми, Умәйма бинт Абд ибн Бижад, Рукайка бинт Хуәйлидтің қызы Умәйма, Зейнеп бинт Қайс (р.анһунна) секілді есімдерді де ұстаздық жасап, Ислам дінінің кеңірек тарауына үлес қосқан әйел кісілердің қатарында айта кетуге болады. Айша анамыздан (р.а.) табиундардан220 Саид ибн Мусәииб, Әлқама ибн Қайс және Мәсрук ибн әл-Әжда сияқты хадис алыптары хадис риуаят еткен. Сахих хадис кітаптарында Айша анамыздың (р.а.) берген пәтуалары өте көп кездеседі. Хазірет Айша (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өмір бойы ешқандай қызметшіні ренжітпегенін, ешқандай әйеліне қол көтермегенін айтады. Алла Тағала: «Сондай-ақ олармен (әйелдермен) жақсы шы-ғысыңдар. Егер оларды жек көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселеріңде Алланың көптеген жақсылығы болуы мүмкін»221 деп, отбасында ыдыс-аяқ сылдырлаған жағдайда сабырға келуге, әйелдің бір қылығы жайсыз көрінген жағдайда қатты ашуланып, қателіктерге ұрынбауға шақыруда. Жаратушы иеміздің қай ісінде де біз білмейтін талай хикмет, жақсылық жататынын еске салуда. Әйелді ұру былай тұрсын, күйеуінің оған ренжуін де дұрыс санамаған Алла елшісі: «Мүмин ер кісі мүмин бір әйелге ашуланып ренжімесін. Адам әйелінің бір мінезін ұнатпаса, басқа мінезіне риза болады», – деген222. 219 Хазірет Айшаның (р.а.) бұл қасиеттері жайлы кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз, Б. әз-Зәркәши, әл-Ижаба ли иради ма‘стадракатһу ‘Айша ‘алас-сахаба, ауд. Б.Ерул, Хз. Айшенин сахабейе йөнелттиги елештирилер, Анкара, 2002. 220 Сахабаны көрген кейінгі буынның атауы. 221 «Ниса» сүресі, 19-аят. 222 Mүслим, т.II, Б. 1091.

Тағы бір хадисте: «Мүминдердің иман жағынан ең кәмілі – көркем мінезде ең жақсысы, ал сендердің ең жақсыларың жұбайларыңмен жақсы қарымқатынаста болған-дарың»223, – деген Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелді қай кезде де сыйлауға, оған дөрекілік көрсетпеуге, олармен жақсы тіл табысуға шақырған. Осы тұрғыда «Ақыретте күйеуі ұрған әйелдің жоқтаушысы мен боламын», «Күйеуіне қиындық тудырмай, баласын бағып, намазын оқыған әйелдер сөз жоқ жұмаққа барады», − деген хадистері де баршаға ой саларлық. Бір шаңырақтағы балалардың арасын алалағанды құп көрмеген Ақиық елші (с.а.с.): «Кімде кімнің үш (екі я бір) қызы болса, соларға жақсы қараса, ақыретте жұмаққа барады», – деп, қыз балаға мейіріммен қарап, ұлдан кем көрмеуді өсиет еткен. Ислам діні әйел баласын ана ретінде қатты қадір тұтқан. «Жұмақ – аналардың табанының астында», «Кімге жақсылық жасайын?» – деген сахабаға үш рет «Анаңа» деп жауап берген хадистері осыған дәлел. Құран кәрім әйел мен еркектің ізгі амалдарда, ақыреттегі сыйда бір-біріне тең екенін ескертумен қатар, «Ерлердің әйелдердегі хақтары сияқты, әйелдердің де ерлерде белгілі хақтары бар»224, – деп, әйелдердің де хақтарының бар екенін баяндады. Шапағат пен мейірімнің үлгісі болған, барлық ісі жақсылық пен түсіністікке негізделген Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әйелдердің құқықтарын аяқ асты етпеңдер, Алладан қорқыңдар. Өйткені сендер оларды Алланың аманаты ретінде алдыңдар»225, «Сендердің ең ардақтыларың − жарлары мен балаларына жақсы қарағандарың. Араларыңда 223 Риазус-салихин. № 628 хадис. Бұл хадисті имам Тирмизи “жақсы” дәрежесінде қабылдаған. 224 «Бақара» сүресі, 228-аят 225 әл-Әжлуни, т. I, 36.

жанұясына ең жақсы қарайтын менмін»226, – деп әйелге жай емес, Алланың ер-азаматтарға тапсырған аманаты ретінде қарауға шақырды. Хазірет Омар (р.а.) бұл жайында: «Біз әйел баласының да жеке құқықтары болатынын Ислам келгенде барып біле бастадық» – деп, еске алған227. Ешқандай діни істе әйелге шектеу қойылмады. Олар да ер кісілермен қатар бір мешітте ғибадат жасады. Барлық діни міндеттер ерге де, әйелге де ортақ жүктелді (намаз, ораза, зекет, қажылық, садақа беру секілді т.б.). Алла Тағаладан түскен әмірлерді әйелдер де қал-қадарынша орындауға тырысты (һижрет, жиһад, ілім үйрену, ғылымға үлес қосу, ұрпақ тәрбиелеу, дұға т.б.). Тіпті,халифа Омар (р.а.) хұтбада ұзатылатын қыздың махрын мүмкіндігінше азайтуды халыққа айтқанда, қартаң бір әйел тұрып Құран аятынан дәлел келтіріп, халифаның қатесін түзеткені белгілі. Әйел баласы қайта кей уақыттарда ер кісілерге қарағанда артық құқықтарға ие болды. Мәселен, хайыз уақыттарында, босанғаннан кейінгі уақыттарда кейбір діни парыздарды орындаудан босатылу секілді. Күйеуге ұзатыларда қыздың разылығы міндетті түрде ескерілді. Ол Тіпті,туған нәрестесін емізбей, ол үшін жеке қызметші жалдауға да құқылы болды. Сонау VII ғасырдан бастап қалыптасқан әдет бойынша мұсылман әйел қашанда өзінің ар-ибасымен, ақыл-парасат, сыпайы мінез, төмен етектіге тән әдептілігі, жан сұлулығы, биязы жүріс-тұрыс, Алланың бұйрығына сай әурет жерлерін жауып киінуімен, қай кезде де ұятын сақтаған имандылығымен ерекшеленген. Әйел баласының киімі жайында Құранда былай делінген: «Мүмін әйелдерге де айт: өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә 226 Mүнәуи, т. III, Б. 495. 227 Ибн Исхақ Мухаммед, Сира, ред: М. Хамидуллаһ, Кония, 1981. Б. 46.

атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Көркін көрсетпесін»228. Әйел баласына тән әурет жерін жабық кию үлгісі кемсітуден емес, қайта оны өте бағалы көріп, көздің қарашығындай көруден, сырт көзден, сондай-ақ түрлі арсыздықтар мен кесірі қоғамға тиетін (зинақорлық, тастанды бала, түсік тастау секілді) жамандықтардан сақтау үшін бекітілгенін ескерген жөн. Бұған қоса, Исламда әйелге күйеуінің ризашылығын көздеу, ерінің дүние-мүлкіне ұқыппен қарау, тек өз күйеуі үшін сәндену, неке қидырғанға дейін жігітпен оңаша қалмау, өзінің жаратылысындағы нәзіктігін сақтау, алыс сапарға жалғыз шықпау міндеттелді. Бұған қоса, қалыңдық сыйын иемдену құқы, мұрагерліктен өз үлесін иемдену құқы, сауда-саттықпен, табыс көзімен, ғылым-біліммен айналасу құқы, келісім-шарттарға отыру құқы, меншік иесі болу құқы да әйелге ортақ. Ал отбасыны асырау ісі күйеудің мойнына жүктеледі. Әйелінің материалдық және рухани қажеттіліктеріне күйеуі шариғаттың шеңберіне сай көңіл бөлуі қажет. Қорыта келгенде, Ислам дінінде әйелдің орны ерекше. Сондықтан әйелге деген құрмет зор болуы тиіс. Ислам діні әйелге Алланың аманаты ретінде қарауға шақырған. Ешбір құқын шектемеген. Қайта өз жаратылысына сай сүйікті жар, аяулы ана ретінде қашанда оның орнын жоғары бағалаған. Қоғам тәрбиесін қыз баланың ұяттылығымен ұштастыра қарастырған. Әйел затын жат пиғылдылардың бұзық әрекеттерінен қорғауға тырысқан. Осындай құрметке лайық бола білу үшін, әйелден де белгілі бір міндеттерді талап еткен. Әйелдер қауымының дәрежесін ешбір дін дәл Исламдағыдай биіктете алмаған. 228 «Нұр» сүресі, 31-аят

Екінші бөлім ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ – ИМАНДЫЛЫҚ

«МЕНІ РАББЫМ ТӘРБИЕЛЕДІ!» Тарихта адами болмысына рухани кемелдігі жарасып, тән сұлулығын жан сұлулығымен ажарландыра түскен тұлғалар некен-саяқ. Сондай ғажап тұлғаның бірі әрі бірегейі – Мұхаммед Мұстафа (саллАллау аләйһи уә сәлләм) болғаны белгілі. Алла Тағаланың ерекше сүйіп жаратқан пендесінің қай қырына көз салсаңыз да, таңғы шықтай мөлдірлігі мен періштедей пәктігіне куә боласыз. Көркемдігіне көз тойдырып, көңіліңіз тебіренеді. Кір шалмаған жан айнасына үңілгенде, ақыл-парасатына жығылып, Пайғамбарлығын мойындай түсесіз. Бойдағы қасиеттерінің әрбірі әлемге ұстаз ретінде келген жанның үлкен өнеге, мол тәрбие егесі екенін аңдатуда. Ақиқат алыбы (с.а.с.) тым кішіпейіл еді. Оның өмірде аштыққа сабыр етіп, тоқтыққа шүкір еткен құл пайғамбарлықты таңдауы229, жұпыны ғана тірлік кешіп, «Мен Алланың құлымын» дегенді мақтана айтуы да осы кішіпейілдігінен туған. «Жүрегінде тозаңдай тәкаппарлық бар адам жаннатқа кірмейді»230, – деп ескерткен ол әрқашан өзін айналасындағы адамдармен қатар ұстаған. Бай-кедей деп алаламай, баршаға ыстық құшағын айқара ашқан. «Кімде-кім кішірейсе, Алла оның абырой-беделін көтере түседі; Кімде-кім өзін зор қылса, Алла оны қор қылады»231, – деп, үнемі сыпайы мінез, биязы қалпынан танбаған. Кездескен адамға бірінші болып амандасуы да осыған дәлел. Мешіт жұмысында ел бір кірпіштен тасыса, ол екі кірпіштен тасыған. Өз шаруасын өзі атқарып, үй ішінде жарларына көмектескен. 229 Ахмед ибн Ханбал, Мүснәд, ІІ, 231. 230 Мүслим, Иман, 147; Ғазали, Ихияу-улумудин, 3/239. 231 Ахмед ибн Ханбәл, Мүснәд, ІІІ, 76.

Бұл жайында Айша анамыз (р.а.): «Алла расулы үй ішінде киімін өзі жамап, аяқ киімін өзі жөндеп, әйелдерінің үй шаруасына жәрдем ететін»232, − деуде. Жетімді аяп, жесірге пана болып, науқастардың қалын сұраған. Қарсы алдына келгенде өзінен қорқып дірілдеген адамға: «Бауырым, қорықпа, мен де сен сияқты қатқан нан жеген Құрайыштың бір әйелінің баласымын»233, – деп басу айтқан. Пайғамбарымыздың (с.а.с) осындай тамаша қа-сиеті жайында ғалым Қады Ияд: «Алла Тағала нәсіп еткен жоғары дәрежесіне қарамастан хазірет Пайғамбар өте кішіпейіл еді. Өр көкіректік оның табиғатына жат болатын. Ешқашан тәкаппарланбайтын. Атына мінгенде, артына адам мінгестіріп, кедей-кепшіктің үйін аралап, пақырлармен отырып әңгімелесетін. Құлдардың шақыруын қабылдап, қонаққа баратын. Сахабаларымен араласып, бір жиынға барғанда, ешкімді орынан тұрғызып әурелеместен, шеттегі бос орынға жайғаса кететін»234, – деген. Ақиық елші (с.а.с) үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет көрсетуден жалықпаған. Өз өмірінде қашан да қарт кісілерді құрметтеуімен, жасы кішілерге мейірбандық танытуымен үлгі көрсеткен. Су немесе сүт ішкен кездерінде түгел ішпей, оң жағында отырған кісіге де ішкізетін. Егер, ол кісі жасы кіші болса, рұқсатын сұрап барып, сол жағындағы кісіге де ұсынатын. Қандай да бір оқиғаны жасы кіші адам баяндамақ болса, оны тоқтатып, жасы үлкеніне айтқызатын235. Хадистерінде осындай ибалыққа, сыпайы мінезге шақырып былай деген: «Үлкендерімізге құрмет көрсетпеген, кішілерімізге мейірімділік танытпаған бізден емес»236, «Алла Тағала жасына бола үлкен 232 Тирмизи, Шәмаил, 78 233 Ибн Мажа, Әтима, 30 234 Қады Ияд, әш-Шифа, I,101-б. 235 Бұхари, Жизия, 12. 236 Тирмизи, Бирр, 15.

кісіні құрметтеген жанға, ол қартайғанда да өзін құрметтейтін кісілерді нәсіп етеді»237; «Түсімде тістерімді мисуакпен ысқылап жатыр екенмін. Бір уақытта қасымда бірі егде, бірі жас екі кісі пайда бола кетті. Мен қолымдағы мисуакты жасы кішісіне бергім келіп еді, алайда сол мезет маған «Жасы үлкеніне бер» деген дауыс естілді»238т.б. Сүйікті елші (с.а.с.) көрген жақсылығын ешқашан ұмытпайтын. Өзіне жақсылық жасағандарға өзі де әрдайым сый-құрмет көрсетуге тырысатын. Бар байлығын Ислам жолына арнап, өзіне үлкен қолдау білдірген239 алғашқы жары Хадиша анамызды (р.а.) үнемі еске алып отырғандығы осының айғағы240. Бір жолы үйіне бас сұққан Хадиша анамыздың сіңлісі Хауланың дауысын естіп, марқұмды тағы да тебірене еске алғанына Айша анамыз (р.а.) қызғанышпен реніш білдіріп: «Алла сізге одан да қайырлысын берген жоқ па?!» деп өзін меңзеген еді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жоқ, Алла Тағала маған одан артық ешкімді берген емес. Ешкім айтқаныма сенбеген кезде, ол сеніп еді. Ел менен теріс айналғанда, сол ғана ақиқатты айтқанымды мойындап еді. Ешкім маған ештеңе бермеген кезде, сол ғана маған дәулетін тосып, қолдап еді. Әрі Жаббар ием содан маған ұрпақ нәсіп етті»241, – деп жауап берген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің сүт анасына да зор құрмет көрсеткен. Арада көп жыл өтіп, Мекке азат етілгеннен кейін, өзін іздеп келген сүт анасы Халимаға шапанын төсеп, төрге отырғызған242. Хауазин тұтқындарымен бірге әкелінген емшектес бауыры Шәйманы да сыйлап, айтарлықтай көңіл бөліп, тайпасына 237 Тирмизи, Бирр, 75. 238 Мүслим, Рүя, 19. 239 Ахмед ибн Ханбал. VI, 118. 240 Кандемир, Чакан, Күчук, Пейгамберимизден хаят өлчулери, ІІ, 505. 241 Ахмед ибн Ханбәл, VI, 118. - 242 Әбу Дәуіт, Әдаб, 128.

қайтарында мол тарту-таралғымен шығарып салған243. Мекке кезеңінде мұсылмандарды үш жылдай оқшаулап шөлге тықсырғанда, пұтқа табынушылар бекіткен қатаң ережені жойып, мұсылмандардың Меккеге оралуына көмектескен, Тайыфтан қайтқанда Пайғамбарымыздың Меккеге кіруіне көмектесіп, қамқорлық танытқан Мұтғим ибн Ади Бәдір соғысында мүшріктер арасында өліп еді. Мұтғимның баласы Жабир соғыстан кейін тұтқындарды қайтару үшін Пайғамбарымызға жолыққанда, кезінде әкесінің мұсылмандарға жасаған жақсылықтарын еске алып: «Мұтғим ибн Ади тірі болып, тұтқындарға кешірім сұраса, бәрін босатар едім», – деп, өзінің жасаған жақсылықты ұмытпайтын опалылығын байқатқан еді. Ансарларды да үнемі аузынан тастамай игі дұғасына қосып отырғандығы, оның жақсылықты ешқашан ұмытпаған қасиетін аңғартуда244. Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) дархан пейілді өте қонақжай еді. Құранда Ибраһимнің (а.с.)245ең ізгі қасиеттерінің бірі ретінде аталған бұл мінез Пайғамбарымызға да тән еді. Құтты шаңырағынан үнемі қонақ үзілмеген деуге болады. Ибн Сағыдтың айтуынша, Әбу Хұрайра (р.а.) расулАлланың аш жүретіндігі жайлы әңгіме қозғағанда, Ағраж бұның себебін сұраған. Сонда Әбу Хұрайра (р.а.) бұны ол кісіге келімдікетімді қонақтардың көптігімен, үнемі жанынан айырылмай бір топ адамдардың жүретіндігімен, оның үстіне қасында сахабалары не суффа асхабы болмаса, Пайғамбарымыздың асты ауызға алмағандығымен түсіндірген246. Арабстанның әр қиырынан өзін іздеп келген қонақтарға барынша көңіл бөлетін. Мейлі елшілік мақсатпен келсін, мейлі жай келсін, ол кісілерге жақсы қарауды тапсыратын247. Мәселен, Бәни 243 Бәйхақи, Дәлаил, ІІ, 308. 244 Бұхари, Мәнақибул-ансар, 2. 245 «Зарият» сүресі, 24-27. 246 Ибн Сағыд, І, 408. 247 Қараңыз: Чакан, Сиясетли Мұхаммед, 56-57.

Ханифа қонақтары өздерін Рәмла ибн Харистың үйінде күткенін, таңертең және кешке нан мен ет, бір жолы нан мен сүт, бір жолы нан мен май беріп сыйлағандығын айтқан248. Мәдинаға келетін елшілер немесе басқа да кісілер қонақтарға арнайы дайындалған Рәмла ибн Харистың үйінде249 немесе Абдуррахман ибн Ауф250, Фәруа ибн Амр251, Әбу Әйюб Ансари252 (р.анһум.) секілді сахабалардың шаңырағында, я болмаса мешітте тігілген шатырда253 күтілетін254. Өсиеттерінде қонаққа дәм беруге асығуға шақырып255, қонақ келген үйге құт-берекенің қоса келетіндігін білдірген256. Тәлімі мінсіз тәлімгер (с.а.с.) өте сабырлы еді. Меккеде халықты Ислам дініне алғаш шақыра бастағанда, өз жақындары тарапынан қанша құқай көрсе де, ләм-мим демеген. Басын сәждеге қойып, намаз оқып тұрғанда, үстіне түйенің қан-жынын қотарып айызы қанғанша келемеждегендерге, Тайыфта жарыса тас лақтырып, аяғын қанатып, Ұхыдта тісін сындырғандарға да қатты назаланып, қарғыс айтпаған. Өзін өлтіруге талай әрекет жасағандарға бар болғаны «Раббым олар мені білмейді ғой, білсе бұлай істемес еді» деп қынжылатын да қоятын. Құранда «Әй, иман еткендер! Сабырмен, намазбен Алладан жәрдем тілеңдер! Күмәнсіз, Алла сабыр етушілермен бірге»257 делінгендіктен, үнемі ашуын сабырға жеңдіре білетін. Пұтқа табынушылар «сиқыршы», «айлакер», «ақын», 248 Ибн Сағыд, Табақат, І, 316. 249 Ибн Сағыд, Табақат, І, 316. 250 Кәттани, Тәратиб, ІІ, 23. 251 Ибн Сағыд, Табақат, І, 338. 252 Ибн Сағыд, Табақат, І, 338. 253 Бұл да сонда. 351. Келген қонақтар намаз оқыған мұсылмандарды көрсін, Құран оқылғанда естісін деген мақсатта мешіттердің қастарына шатыр тігілетін болған. Қараңыз: Зұрқани, Шәрхүл-Мәуахиб, ІV, 8. 254 Кеңірек мәлімет алу үшін: Кәттани, Тәратиб, ІІ, 22-27. 255 Бұхари, Никах, 80, Әдаб, 31, 85. 256 Ибн Мажа, Әтима, 55. 257 «Бақара» сүресі, 153-аят.

«айықпас ауруға шалдыққан» деген секілді түрлі жала жапса да, ешбіріне мойымай, төзе білген. Хадистерінде «Сабыр – алғашқы соққы тиген сәттегі көрсетілген сабыр»258, «Сабыр – иманның жартысын құрайды»259, «Сабырдың діндегі орны, бастың денедегі орны секілді»260, «Саған ұнамаған нәрсеге сабыр етуіңде үлкен игілік бар»261 деп мұсылман үмбетін сабырлы, шыдамды, төзімді болуға шақыратын. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сыртқы түр-тұлғасы мен бітім-болмысы да келісті еді. Риуаяттарда былай делінген: Ол сымбатты келген262, қызыл шырайлы, жылы жүзді кісі болатын. Жүзінен нұр есіп тұратын. Бет-әлпеті аса дөңгелек те, толық та емес еді. Бойы ортадан сәл биіктеу болатын. Өзінен бойшаң адаммен қатарласқанда, Пайғамбарымыз одан еңселі болып көрінетін. Иықты әрі арқа сүйегі ірілеу адам болған263. Шапанын шешкенде, денесі қалыпқа құйылған күмістей болып жарасымды көрінетін264. Екі жауырынының арасында ай пішіндес немесе көгершіннің жұмыртқасына ұқсас жұдырықтай пайғамбарлық мөрі бар болатын265. Қарны шығыңқы емес, көкірегімен бір деңгейден аспайтын. Саусақтары салалы, алақаны кең, аяқ-қолдары түзу еді. Басы сәл үлкендеу, кейде құлағының жартысына дейін, кейде иығына дейін жететін266 шашы толқынданып тұратын. Шашын кейде ортасынан бөлгенде, кекілі екі көзінің ортасына түсетін267. Қастары қалың, бір-біріне қосылмайтын268. Көңілі әлденеге алабұртқан кезде, екі қасының ортасындағы тамыры 258 Бұхари, Сахих (1194). 259 Әбу Нуайым 260 Дәйлами 261 Тирмизи 262 Мүслим, Сахих 11/491(4308) 263 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 7/50 (17807) 264 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 7/314 (18535) 265 Бұхари, Сахих 1/81 (187) 266 Табарани, Муғжамул-кәбир 22/155 (414) 267 Ибн Кәсир, әл-Бидая 6/20 268 Ә. Дербісәлі. Әз пайғамбар – хазірет Мұхаммед. Көкжиек баспасы. А. 2007.

білеуленіп кететін269. Кең маңдайлы еді270. Шашы қайырылған кезде жазық маңдайы жарқырап көрінетін. Көзі үлкен әрі қап-қара еді271. Кірпіктері ұзын болғандықтан, көзін жұмған кезде, бір-бірімен қамасып тұратын272. Сөйлеген кезде, аузынан нұр төгілгендей әсер беретін. Тершең еді. Терлеген кезде, денесінен хош иіс шығатын273. Қолынан да әрдайым хош иіс аңқып тұратын. Онымен амандасқан адамның қолынан кешке дейін осы бір әдемі иіс кетпейтін. Жүрісі ширақ әрі шапшаң еді274. Даусы ашық әрі жағымды болатын275. Бұл жайлы бір сахаба былай дейді: «Бізге Минада уағыз айтқан кезде, тынысымыз кеңіп, көңіл сарайымыз ашылатын. Тіпті,үйімізде отырғанда да осы бір жағымды дауыс көпке дейін құлағымыздан кетпейтін»276. Қорыта келгенде, сүйікті елшінің қай қасиетін алсақ та, адамзатқа үлгі-өнеге көрсеткенін байқайсыз. Сынына сызат түсірмеген мінез сұлулығына, кішілігімен баураған кісілік келбетіне, парасаты өлшеусіз пайғамбарлық тұлғасына тәнті боласыз. Бұдан басқа да асқан сабырлылық, мейірімділік, жомарттық, ибалық, кешірімділік, әділеттілік, шыншылдық секілді қол жетпейтін қаншама жақсы қасиеттерді бойға сіңіргеніне қарап, өзінің «Мені Раббым тәрбиеледі» дегеніне көз жеткізе түсесіз. Көз жеткізген сайын, іштей сүйсініп, оның әрбір көркем қасиетін өзіңізге үлгі тұта бастайсыз. Айналасына шұғылалы шуақ шашып, әлі күнге хақ нұрына бөлеп келе жатқан біртуар жанды зор мақтаныш етесіз. Ақыретте өзіне тиесілі «махмуд» мақамына жетіп, мерейі шалқып, беделі биіктей берсін деп сансыз салауатыңызды жаудырасыз. 269 Табарани, Муғжамул-кәбир 22/155 (414) 270 Тирмизи, Шәмаил 1/36 271 Мүслим, Сахих 4/1820 (2339) 272 Тирмизи, Сүнән 5/599 (3638) 273 Мүслим, Сахих 4/1814 (2330) 274 Ахмет, Мүснәд 2/350 (8588) 275 Мүслим, Сахих 1/336 (457) 276 Пайғамбар жинағы 2/86

БАЛАҒА КӨҢІЛ БӨЛУ – ПАЙҒАМБАР СҮННЕТІ Ғаламға ұстаздық жасап, бүкіл саналы ғұмырын адамзат бақытына арнаған пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (саллАллау аләйһи уә сәлләм) балаларға қаншалықты көңіл бөлген? Бұл жөнінде үмбетіне қандай үлгі-өнеге қалдырды? Ізгілік пен мейірім жаршысы ретінде бала тәрбиесінің қай тұстарына ерекше назар аударды? Сүйікті елшінің өміріне осы тұрғыда бір көз жіберіп көрсек. Адамзаттың таңдаулысы (с.а.с.) бала өмірге келмей жатып-ақ оған қам көңілділік танытатын. Баланың өмір есігін ашқанын қуаныш көретін. Туыла салысымен, мұсылмандық тәрбие нышандарын жасайтын. Айталық, қызы Фатима (р.а.) босанып, немересі Хасанды алғаш көргенде, үстіндегі сары жаялығын шешіп, ақ жаялыққа ораған277. Бұл оның сәби жынысына сай түсті таңдағанын білдірсе керек. Сәби туылғанда, сүйінші бергенді ұнататын. Өзінің ұлы Ибраһим туылғанда, сүйінші сұрап келген Әбу Рафиға сыйсияпат тарту еткен278. Жаңа туған сәбиді құшағына алып тұрып, игі дұға тілейтін, сосын құрманың сөлін таңдайына жағып, алғашқы дәм таттыратын болған279. Айша анамыз бұл жайды: «Пайғамбарымыз өзіне әкелінген нәрестелердің әрбіріне береке тілеп, дұға оқитын», – деп еске алған280. Балаларды «жүректің жемісіне» (сәмәрәтүл-құлуб), 277 Ибн Абдилбәрр, әл-Исаба фи тәмиизис-сахаба, 4-т., 337-338-б. 278 Ибн Абдил-бирр, Әбу Омар Юсуф ибн Абдиллаһ ибн Мұхаммед (қ.ж. 463), әл-Истиаб фи марифатил-асхаб, Каир, 1328, ¼. 279 Муслим, Таһарат, 101. 280 Әбу Дәуіт, Әдеп, 108.

«көздің нұрына» (құрратул-айн)281 теңеген мейірім жаршысы Ардақты елші (с.а.с.) Абдуллаһ ибн Аббасқа бала кезінде: «Иә, Алла Тағалам, бұған хикмет үйрете гөр!» – деп дұға жасаған282. Ал Әнәсқа (р.а.) байлығы мен бала-шағасының көп болуын, ұзақ өмір сүруін, берген садақаларының қайырлы болуын тілеген283. «Ата-ананың баласы үшін жасаған дұғасы қабыл болады», – деген Пайғамбарымыз бала тәрбиесінде Алладан тілек тілеп, дұға жасауда үлкен мән бар екенін осылай ұқтырып отырған. Нәрестелерге туыла салысымен ат қойған кездері болған. Бірақ көбіне бұған нәресте туылғаннан кейінгі жетінші күнді дұрыс көрген. Сәбиге азан шақырып, ат қоюды ата-ананың балаға деген алғашқы міндетінің біріне жатқызған. Сондайақ әрдайым балаға мағыналы, жақсы ат қоюға шақырған. Бұның мәнін: «Сендер қиямет күні өз есімдеріңмен және әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар. Олай болса, балаға әдемі есім қойыңдар»284, – деп түсіндірген. Ең әдемі есімдердің қатарына Абдуллаһ (Алланың құлы) және Абдуррахман (Рахманның құлы) деген қос есімді жатқызған. Кей нашар аттарды мағынасы дұрыс, естір құлаққа жағымды есімдерге өзгерткен. Немерелері Хасан мен Хұсейін (р.а.) өмірге келгенде, немерелі болғанына шүкіршілік білдіріп, арнайы құрбандық шалған (ақиқа). Қызы Фатимаға (р.а.) сәбилердің үлпілдек шашын алып, алынған шаштың салмағындай садақа беруді тапсырған285. «Нәрестеге берілген сүт адамның болашақ табиғаты мен мінез-құлқын қалыптастырады»286, – деп, адал сүтпен қоректендірудің маңызын ұқтырған. Қандай да бір себеппен баланы басқа біреу емізген жағдайда, харамға ауыз салмайтын адал жанға табыстауға көңіл бөлуді аңғартқан. 281 Фәтхул-бари, 11/255. 282 Тирмизи, Мәнақиб, 50; Ибн Мажа, Муқаддима, 11. 283 Муслим, Фәдаилус-сахаба, 141-144; Тирмизи, Мәнақиб, 50. 284 Әбу Дәуіт, Әдеп, 70. 285 Мустәдрәк, 3-т., 179-б. 286 Фәйзул-Қадир, 4-т., 55-б.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жылаған баланы жұбатуға да ерекше көңіл бөлетін. «Кімде-кім жылаған баласын жұбатуға тырысса, Алла Тағала жаннатта оған риза болғанға дейін нығметтерін үйіп-төгеді»287,– деген ол жамағатқа намаз оқытып тұрғанда, жылаған баланың дауысын естісе, намазды тезірек бітіруге тырысатын. Бірде таң намазын әдеттегіден жылдам оқып бітіреді. Сахабалардың бірі бұған таңданып: «Уа, расулАлла, бүгін намазды неліктен жылдам аяқтадыңыз?», – деп сұрағанда, «Арт жақтан жылаған баланың дауысын естімедің бе? Анасы барып тезірек жұбатқанын қаладым»288, – деген жауап естіген. Үйіне кіре бергенде, баланың жылаған дауысын естіп: «Мына бала неге жылап жатыр, көз тиюге қарсы оқытпап па едіңдер?»289− деп сұрағаны да бар. Пайғамбарымыз балалардың кіш етіп қойғанына да түсіністікпен қарайтын. Бұл жайында Уммул-Фадл басынан өткен мына бір оқиғаны баяндаған: «Мен Алидің ұлы Хұсейінді емізіп жатқанымда, Алла елшісі (с.а.с.) қасыма келіп, баланы сұрады. Қолына ұстатқаным сол еді, сәби үстіне сиіп қойды. Баланы қайта алмақ болып қолымды соза бергенімде: «Асықпа, аяқтасын. Кедергі жасама», – деді. Ал киімінің былғанған жерін сумен тазалап жіберді»290. Баланың еркінен тыс болған іске қабақ шытпайтын. Баланы алдамауға, берген уәдені орындауға қатты көңіл бөлетін. Бірде Мәдинаға һижрет жасаған сахаба аналары-мыздың бірі Ләйла (р.а.) Пайғамбарымыздың үйінде отырған кезде сыртта ойнап жүрген ұлын шақырып: 287 Дәйләми, Муснәдул-Фирдәус, II, 147-б. 288 Ибн Хажар, әл-Мәталибул-алия би зәуаидул-мәсанидис-сәмания, I, 122-б., Кувейт, 1973. 289 Ахмед ибн Ханбал, Муснәд, VI, 72-б. 290 әл-Хаким ән-»Ниса» бури, әл-Мустәдрәк аләс-Сахихайн, III, 180-б., Хайдарабад, 1335.

− Балам, келе қойшы, саған бір нәрсе беремін, – дейді. Бұны естігенде Пайғамбарымыз (с.а.с.) дереу одан: − Ұлыңызға не бермексіз? – деп сұрайды. Әйел: − Құрма берейін деп едім, – дегенінде, − Егер балаға «бір нәрсе берем» деп шақырып, еш нәрсе бермесеңіз, амал дәптеріңізге «өтірік айтты» деп жазылар еді, – деп ескерткен291. Алла елшісінің (с.а.с.) балаларға деген сүйіс-пеншілігі алабөтен еді. Он жыл қызметінде болған Әнәс (р.а.) былай дейді: «Бала-шағасына Пайғамбарымыздан артық мейірімді жанды көрмедім»292. Бір хадисінде былай деген: «Балаларыңды көп сүйіңдер. Себебі, сүйген сайын жаннатта бір дәреже беріледі. Әрбір дәреженің ара қашықтығы бес жүз жыл. Періштелер әр сүйгендеріңді санап, жазып отырады»293. Бір күні Алла елшісі (с.а.с.) немересі Хасанды өбектеп, сүйгіштеп отырғанда, қасына келген Ақра ибн Хабис: «Ойпырым-ай, менің бір емес он балам бар, ешқайсысын әлі күнге басынан сипап, маңдайынан сүйген емеспін!»,− дейді таңданып. Сонда Пайғамбарымыз: «Сен басқаларға мейірімділік танытпасаң, Алла да саған мейірімділік көрсетпейді»294,− деген мағынада жауап қатады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) балаларды райхан гүліне ұқсатып295, ал иісін жаннаттың иісіне теңеген296. Немерелерін жиі-жиі қасына шақырып, бауырына басып, мейірлене иіскейтін. Тіпті, кейде оларды құшақтап, сүйгеннен кейін: «Я, Алла Тағалам, бұларды мен жақсы көремін, Сен де оларды жақсы көре гөр!»297 – деп дұға ететін. Бөлмесіне ешкім кірмесін деген уақыттарда да, немерелері кірсе қарсылық танытпайтын. 291 Әбу Дәуіт, Әдаб, 80. 292 Бәззар, 5/а. 293 Мүснаду Зәйд ибн Али 505. 294 Әбу Дәуіт, Әдаб 156. (4/355). 295 Айни, Ұмда 16/243. 296 Мәжмау-зауаид, 8/156. 297 Бұхари, Фәдаилүс-сахаба. 18 (5/30).

Тіпті, мешітте жамағатпен намаз оқып жатқанда, немерелері келіп ұмар-жұмар үстіне асылып ойнайтын. Әбу Қатада былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні жиен немересі Умамәні иығына отырғызған күйде мешітке келді. Жамағатқа намаз оқытты. Рүкуғқа иілгенде, қызды жерге түсіретін, сәждеден тұрған кезде, қайтадан алатын»298. Ханафи мәзһабының ғалымдары осы хадистен үкім шығарып, намаз оқып тұрған кезде, осы секілді мәжбүрлік жағдайда, артық қимыл жасауға болатынын айтады. Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) немерелері Хасан мен Хұсейінді арқалаған күйде мешітке кіреді. Жамағатқа намаз оқыту үшін орнына барып тұрады да, балаларды оң жағына отырғызады. Алла расулы сәждеге барған кезде, сәждені ұзақ жасайды. Намаз біткен соң халық: «Уа, расулАлла, намазда сәждені көбірек созуыңыздың себебін білуге бола ма? Әлде бұл Алла Тағаланың әмірі ме?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз: «Жоқ, – бұл Алланың әмірі емес. Немерем арқама мініп алды. Өзі түскенге дейін, күткенді дұрыс көрдім»299, – деп жауап береді. Басқа риуаяттарда хазірет Пайғамбар (с.а.с.) намазда сәжде жасағанда немерелерінің арқасына мініп алатыны, сәждеден тұрар кезде жайлап жерге түсіретіні, құлап кетпесін деп қолымен ұстап, рүку жасаған кезінде аяқтарын ашып тұратыны, намаз біткен соң оларды бауырына басып, сүйетіні жайлы айтылады. Кейде сахабалар бұндай сәттерде намазға кедергі жасамау үшін балаларды көтеріп алмақшы болған кездерінде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға тиіспеуге ым жасайтын. Намаздан кейін «Балаларды алып анасына апарайық» дегендерге де, «Тиіспеңдер», − дейтін. Біраздан кейін өзі немерелеріне: «Аналарыңа бара қойыңдар», – дегенде, олар өз еріктерімен тұрып, үйлеріне қарай жүгіре жөнелетін. 298 Бұхари, Әдеп, 18 (8/8). 299 Мүстәдрак, 3/165-166; Мәталибул-Алия 4/72 (3997 Х.).

Жұма күні бірде Пайғамбарымыз хұтба оқып жатқан болатын. Немерелері Хасан мен Хұсейін сүріне-қабына мешітке кірді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сөйлеп жатқан жерінен тоқтап, мінберден түсіп, екеуін көтеріп алады да, мінберге қайта шығады. Екеуін алдына отырғызып: «Алла Тағала: «Балаларың мен дүние-мүліктерің сендер үшін сынақ»300 – деп қалай дұрыс айтқан! Олардың құлап-сүрініп келе жатқанын көрген кезде шыдай алмадым, айтып жатқан сөзімді бөліп, барып оларды құшағыма алдым», – дейді301. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тек қана өзінің балалары мен немерелерін ғана емес, сахабалардың да балаларын жақсы көрген. Усама (р.а.) өзінің балалық шағындағы бақытты сәтін былай баяндайды: «Алла расулы бір тізесіне мені, екінші тізесіне немересі Хасанды отырғызды, сосын бізді құшағына қысып: «Уа, Жасаған ием, бұларға рақымдылығыңды төге гөр, себебі мен де оларға мейірімдімін», – деді»302. «Баласы бар – баламен бала болсын»303, – деп өсиет қалдырған Пайғамбарымыз жас сәбилерге ерекше мейіріммен қараған. Кейде өзі де немерелеріне ат болып, кейде иығына мінгізіп жүріп ойнатқан. Бірде Пайғамбарымыздың Хасан мен Хұсейінді иығына отырғызып алып, көтеріп ойнатып жүргенін көрген Омар (р.а.) бұған қатты сүйсініп «Әй, балақайлар, мініп алған сәйгүліктерің қандай тамаша!» – дейді. Сонда Пайғамбарымыз оған «Олар да осал атқамінерлер емес»304, – деп жауап береді. Пайғамбарымыз балаға «Алла Тағаланың берген сыйы»305 деп қарағандықтан, ұлды артық көріп, қызды кемсітуге жол бермеген. Қоғамды қыз баланы жек көрмеуге шақырып: «Егер таңдау еркі маған берілсе, қайта қыз баланы артық 300 «Тәғабун» сүресі, 15-аят. 301 Нәсәи, Жұма, 30 302 Бухари, Әдеп, 22. 303 Дәйләми, Мүснәдүл-фирдауси, ІІ, 136\6. 304 Мәталибүл-алия 4/72. 305 Хаким, әл-Мүстәдрак, ІІ, 284.

санар едім»306, – деген. Өйткені қыз баланың жүрегі жұмсақ, жаны нәзік, ол ертеңгі біреудің қимас серігі, оң босағадағы қонақ деп түсіндірген. Өзі сапарға шыға қалса, ең соңынан қызы Фатимамен қоштасып, оралғанында ең алдымен соның амандығын сұрап, кіріп шығатын307. Қызды қор көрмеуге шақырып: «Кімде – кімнің үш қызы болып, ұлды олардан артық санамаса, жақсы тәрбиелесе, Алла ондай ата-анаға жұмақты нәсіп етеді»308, – дейтін. Қыз балаға мейіріммен қарауға шақырып, оның сауабы зор екенін білдіретін. Осы орайда Айша анамыз (р.а.) тілге тиек еткен мына бір әңгіме өте мәнді. «Бірде, маған бір әйел қайыр сұрай келді. Қасына ертіп алған екі қызы бар екен. Менде бары бір тал құрма еді. Әлгі әйел мен берген құрманы екі бөліп, екі қызының аузына тосты. Өзіне ештеңе қалдырмады. Олар кетіп қалғаннан кейін Пайғамбарымыз келді. Мен болған жайтты әңгімелеп бергенімде, «Кім өмірде қыздарымен сыналса, қыздарына жақсы қараған жағдайда қыздары ата-анасын тозақтан сақтайды»309, – деп еді. Әркез отбасында балаларды бір-бірінен алаламауға шақырып: «Балаларыңды бөліп-жармай, теңдей көріңдер»310, «Бала алдындағы ата-ана міндеттеріңнің бірі – оларды алаламау»311, – дейтін. Бірде бір кісі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қасында отырған кезінде, жанына ұлы келеді. Әлгі кісі ұлының бетінен сүйіп, оны алдына отырғызады. Сәлден кейін қызы келеді. Қызын да шақырып, алдына отырғызады. Бірақ оның бетінен сүймейді. Бұны байқаған Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Екеуін теңдей көрмейсің бе?!» – деп ескерту жасайды312. Осы тәрізді 306 Дәйләми, Мүснәдүл-фирдаус, 3\а. 307 Әбу Дәуіт, Тәрәжжүл; 21. 308 Ибн Мажа, Әдәб, 3; Тирмизи, Бирр, 13. 309 Бұхари, Зекет, 10. 310 Әбу Дәуіт, (3544. Х.). 311 Мүснәд, 4/269. 312 Мәжмауз-зәуаид, 8/156.

бірқатар хадистерді талдай келе, мұсылман ғұламалары «балаларға сыйлық бергенде ғана емес, еркелетіп, бетінен сүйген кезде де оларды алаламауға көңіл бөлу керек»313 деген қорытынды жасаған. Осы тұрғыда мына бір оқиға да ерекше мәнді. Нұғман ибн Бәширдің (р.а.) әкесі бір күні: − Уа, Алланың елшісі, өзге балаларым да бар. Бірақ Нұғманым бір төбе. Рұқсат етсеңіз, дүние-мүлкімнің көбірек бөлігін Нұғманға бергім келеді, – дегенде, Пайғамбарымыз: – Өзге ұлдарыңа да сол мөлшерде бердің бе? – деп сұрады. Бәшир: – Жоқ, – деді. Алла елшісі басқаларына да ескерткісі келгендей көтеріңкі дауыспен: – Алладан қорқыңдар, балаларға әділ қараңдар! – деді. Артынша Бәширге бұрылып: – Сен әлде бар балаларыңның өзіңе бірдей құрмет көрсетуін қаламайсың ба? – деп сұрады. Ол: – Жоқ, қалаймын ғой, – деп күмілжігенде, – Ендеше, бұлай жасаушы болма!314– деп қатаң ескерткен еді. Кейде балалармен әзілдескенді ұнататын. Хасанды еркелетіп «лұқа»315 (бұзық), Әнасты «Зүл-Ұзұнайн»316 (қос құлақты), ал кішкене бауырын «Әбу Ұмайр»317 деп атаған. Махмұд ибн Рәби бес жастар шамасында Пайғамбарымыздың өзімен су бүркіп ойнағанын айтқан318. Бұл оның Ансарлық сахабалардың балаларымен әр түрлі әзілдесіп ойнағанынан туған319. Баланы жақсы көретіндігін әр түрлі жағдайлармен 313 Тирмизи, Ахкам, 30 (1387 х.) 314 Бұхари, Һиба, 12-13; Нәсаи, Нухл, 1; Тирмизи, Ахкам, 30; Ибн Мажа, Һиба, 1; Тайалиси, 1/280. 315 Мүснәд, 2/532. Әдәбүл-мүфрәд, 404 (1183. х.) 316 Әбу Дәуіт, Әдеп, 92 (4/301, 5002. х.) 317 Тирмизи, Бирр 57 (6/206, 1990 х.) 318 Бұхари, Илм 18 (1/29). 319 Ибн Хажар, Фәтхул-бари, 1/182.

көрсетіп отыратын. Мекке-Мәдинаға келген кезінде алдынан жүгіріп шыққан балаларды көлігіне мінгестіріп алатын. Ибн Аббас риуаятында Меккеге келген кезінде өзін күтіп жүгіріп шыққан Абдулмұтталиб әулетінің балаларының бірін алдына, бірін артына мінгестіріп алғандығы айтылады320. Баланың тентектігіне ашуланбай, сабырлылық танытқан. «Бала кішкене кезінде бұзық болса, бұл оның өскенде ақылды болатындығының белгісі»321, – дейтін. Баланың физикалық жетілуіне де көңіл бөлетін. «Топырақ – баланың көктемі»322, – деп, апақ-сапаққа қалмай, баланың күн жарықта ойнағанын құп көрген323. Тамақтан бұрын және тамақтан кейін қол жуу, оң қолмен жеу, «бисмилламен» бастау, өз алдынан жеу деген секілді тамақтанудың әдебін, бұған қоса тән мен жан тазалығын үйретумен қатар, ер балаларға күрес, садақ ату, жүгіру, суда жүзуді игертуге шақырған. Жыныстық тәрбиені де назардан тыс қалдырмай, «Он жасқа толғанда қыз бен ұлдың төсегін бөлек салыңдар»324, – деген. Бала оң-солды ажырата бастағаннан бастап, оны ибалыққа, имандылыққа тәрбиелеп, ненің күнә, ненің сауап екенін үйрету, мешітке үйір етіп, Алланы, Пайғамбарды танытуға, Құранды үйретуге, 7-10 жастарынан бастап намаз оқу325 секілді мұсылмандық міндеттерді орындауға баулу да сүннетте негізге алынған. Қорыта келгенде, өз өмірінде Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.а.с.) балаларға қатты көңіл бөліп, тәрбиеге үлкен жауапкершілікпен қараған. Баланы тәрбиелеу үшін мейірімділік танытуға, жақсы көруге, ақылмен еркелетуге, көңіл бөліп ойнатуға, адал несібемен бағып-қағуға, ұл-қыз 320 Бұхари, Ұмра, 13/(3/9). 321 Фәйзул-қадир, 4/310. 322 Фәйзул-қадир, 3. 281. 323 Шәрху Мүслим, 13/186. 324 Әбу Дәуіт, Салат, 25. 325 Әбу Дәуіт, Салат, 25.

деп алаламауға, ешқашан алдамауға, берген уәдені орындауға шақырған. Әр қылығына түсіністікпен қарап, жынысына сай тәрбие беруге көңіл аудартқан. Денесін шымырлыққа шынықтырумен қатар жастайынан иман негіздерін сіңіруге назар аудартқан. Ата-ана ретінде отбасында жақсы өнеге көрсетіп, баланы жастайынан тазалыққа, адамгершілікке, мұсылмандық әдептілікке баулуды үлгі еткен.

«ОРАЗА АЙЫ КЕЛДІ БОЛЫП ҚОНАҚ!» НЕМЕСЕ БАБАЛАРЫМЫЗ ОРАЗАНЫ ҚАЛАЙ НАСИХАТТАҒАН? Құранда парыз етілген оразаға ата-бабаларымыз ешқашан бей-жай қарамаған. Ауыз бекіткен жанның сауабын жомарттығы мол Жасаған иенің өзі өлшейтіндігін, бес күндік тіршіліктің мәні құлшылықта екендігін, бұ дүниенің – бейнет, ақыреттің – зейнет екенін жақсы түсінген. Сол себепті, ғапылдыққа ұрынбай, мұсылмандық парызды өтеуді міндет деп қараған. Жылына бір келер отыз күн оразаны барынша құрметпен қарсы алған. Рамазан айында Жаратушының мейірімі төгіліп, рақымы жауатынын, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллАллау алайһи уә сәлләм) өнегесін дәріптейтін, фәни өмірдің – жалған, бақи өмірдің – арман екенін түсіндіретін жарапазан326 айтқызған. Ел бірлігінің ұйытқысы дінде екенін жақсы білген бабаларымыз тіршілігінде мұсылмандық міндеттерді халыққа насихаттап отырудан жалықпаған. Қол қусырып, құбылаға бет түзеу, ораза ұстап, бес уақыт намазды қаза қылмау – көкейіне жиғаны, көкірегінде иманы бардың белгісі деп білген. Шортанбай ақынның мына өлеңінде ол жақсы бейнеленген: Құбылаға бас қоймақ – Мұсылманның тарығы. Ораза, намаз қаза қылмасаң, Көңіліңде Құдай барлығы327. Иә, көңілінде Құдай бар пенде қасиетті Құранды парақтағанда, Жаратушы иенің «Мен жындар мен адамзатты өзіме құлшылық қылсын деп жараттым»328 326 Арабша «Жә рамазан» – «рамазан келді» сөзінен шыққан. 327 Он ғасыр жырлайды. Алматы,-2006. Б.202. 328 «Зариғат» сүресі, 56-аят

деген жарлығын білмеуі мүмкін емес. Ал, бұны білген ақылы толысқан, парасатты адамның құлшылыққа көңіл бөлмей жүруі тағы қисынсыз жайт. Өйткені Абайша айтқанда, «ақылдыға – иман, имандыға – құлшылық парыз» емес пе?! Рас, мұсылман адам – рухани тазалыққа көңіл бөлуімен, дінді таза ұстануымен, татулық пен ағайынгершілікті күзетуімен ерекшеленеді. Ол ең әуелі Хақты тануға, өзіне жүктелген бес парызды орындауға талпынып, ыждаһаттылық көрсетуі тиіс. Әбубәкір Кердері бабамыз бұны былай деп ұқтырған: Мұсылман болсаң – іждәт қыл, Иман, руза, намазға. Ағайын болсаң, тату бол, Әуес болма аразға! Құлшылық – Хақтың разылығына бөлену және сауап үшін жасалады. Ақыретте амалдар таразыға тартылғанда, сауабым көбірек басса екен, күнәларыма кіпарат кешірім болса екен деген үмітпен атқарылады. Ешкім-ешкімге ақша ұстатып, дүние беріп есептесе алмайтын, ешкімнің-ешкімге көмегі тимейтін, әркім өз басын қайғы етіп, қиналған сәтте пайдасы тиіп, шапағаты жете ме деген зор тілекпен атқарады. Парызды уақтылы орындамағанның есебін қайтіп берем, жазаға ұшырамайын деген қорқыныштан да арылмайды. Әбубәкір Кердері бабамыз келесі бір өлең шумақтарында осыған тоқталған: Пайдасын өзің көресің, Ғибадат қылып Аллаға. Бір жаныңды нұрласаң. Жаныңа ғазап хақ болар Ораза, намаз, зекет, хаж Атқарып уақыт тұрмасаң. Қазақ халқы құлшылық жасау пендешіліктеріміз бен біліп-білмей жасаған күнәларымызды жуып-шаяды деп түсінген. Ол негізсіз де болмаған. Өйткені жақсы істердің

жамандықтарды жоятындығы қасиетті Құранда жазылған329, хадистерде де жиі ескертіліп: «Кімде-кім сауабын Алладан күте отырып, шын ықыласымен Рамазан айында ораза ұстаса, оның өткен күнәлары кешіріледі», «Үйінің алдында ағып жатқан өзенге күніге бес рет шомылып тұрған кісінің денесінде кір қалмайтыны тәрізі бес уақыт намаз да құлды күнәларынан тазартады», – делінген еді330. Осы сенім Мәшһүр Жүсіп бабамыздың өлеңінде былай деп өрнектелген: Оразаң отыз күнгі – отыз кісі, Бес кісі – бес намазың, білемісің. Жоқ қылып жамандықты жойылтуға, Бұларсыз дәнемеге келмес күшің. Жамандықты іле-шала жақсылықпен, күнәні дереу сауаппен жойып отыру – Исламның алтын қағидасы. Ал сауапқа келгенде, құлшылыққа жетері жоғы тағы белгілі. Өзіңе болар махшарда, Ізгіліктің пайдасы, Хазірет Имам Ағзам – Шариғаттың айнасы. Солардан табылған, Шайтанды жеңбек хайласы. Дұрыс намаз, ораза, Малғұнның тәніне, Шанышарлық найзасы! – деп Әбубәкір Кердері бабамыз бұл тұста ораза мен намаздың шайтанды түйрейтін найза екендігін айтуда. Өйткені хадистерде шайтанның дымы құрып жеңілетін кезі мұсылманның құлшылыққа тұрған кезі екені, Рамазан айы келгенде, тозақ есіктері жабылып, шайтандардың кісенделетіндігі айтылған. Бұның мәнісі: рухани тазалыққа көңіл бөліп, ашыққан кезде нәпсіге тоқтам салынатындығында. Нәпсіні елітіп, кісіні аздыра алмаған шайтандардың дегені болмай, мысы басылып, аяқ-қолдарына бұғау салынғандай 329 «Хұд» сүресі, 114-аят 330 Бұхари, ІІ т. Б. 475.

күйге ұшырауы өлеңде «малғұнның тәніне шаншылған найзаға» теңеліп образды түрде келісті суреттелген. Құлшылықтың кісіге берер екі дүниеде де пайдасы мол, ол – қараңғы қабірді жарық сәулеге толтыратын шуақты нұр. Шал ақын әр мұсылманның дүниедегі тілегі – ұлы есеп күні тіршіліктегі игі амалдардың пайдасын тигізе гөр деп тілеу болу керектігін былай деп нақылына қосқан: Қараңғы қабірде жатпақ қиын, Таңла мақшар болады ұлы жиын. Намаз, ораза, ғибадат бек пайдалы Алладан тілек қылып, күнде сиын. Сол себепті, ол өлімнің ақиқат екендігін ескертіп, құлшылық жасауға шақырған. «Адамның шынайы байлығы – бұл дүниеде жасаған жақсылықтары» деп хадисте айтылғандықтан, ол ораза ұстауды анық байлыққа балаған. Қорқақ емей немене қашқан кісі, Батыр емей немене шанышқан кісі. Мың жылқы біткен баймен бірдей қисап, Оразасын үйінен ашқан кісі! Үйінде отырып отыз күн оразаның орасан сауабын иеленген кісіні мың жылқылы байдан кем көрмеген бабамыз насихатының жалғасында он екі мүшең сау, балтыр сыздап, бас ауырмаған жай уақытта Алла Тағаланы еске алып отыруға, қай күні дәм-тұзының таусылатынына қауіп етіп, құлшылыққа жақын жүруге шақырған. Орындамаса, күнәсі барын да ескерткен. Жігіттер, өлім рас, маған нансаң, Ораза ұста, намаз оқы, тілімді алсаң. Ораза ұстамай, намазды оқымасаң, Әрине, күнәсі не, өлмей қалсаң. Байқасақ, бабаларымыз оразаны айтқан кезде намазды да бұдан шеттетпегенін көреміз. Әркез намазды да қоса айтуы бес парыздың бір-бірінен бөліп-жаруға келмейтін біртұтас екендігін, бәрін тегіс атқарғанда ғана иман толық болатындығын аңғартуда. Абай атамыз да Сол себепті,

парыздарды қатар тізіп, «татымды жеміс» беру үшін бұларды тегіс орындауға шақырған: Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанменен татымды бермес жеміс. Мұхаммед пайғамбарымыз (саллАллау алайһи уә сәлләм) Рамазан айында ғана емес басқа уақыттарда да ораза ұстауға өте ынтық болған. Айталық, әр айдың 13, 14, 15 – күндері, әр аптаның дүйсенбісі мен бейсенбісінде үзбей ауыз бекіткен. Нәпіл оразаларды Алла Тағалаға бір қадам жақындау мақсатымен ұстайтынын әрі «Пенделердің істеген амалдарын әр аптаның дүйсенбісі мен бейсенбісінде періштелер Алла Тағалаға жеткізіп отырады. Осы күндері аузымның берік болғанын қалаймын» деп түсіндірген. Рамазаннан кейін келетін Шәууәл айында алты күндік ораза ұстау да – сүннет. Ол туралы бір хадисте «Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза ұстағандай болады»331 делінген. Қаңлы Жүсіп бабамыз осы оразаны меңзеп: Рауаят жазған қай бала? Мағынадан жоқ хабарың. Шәууалдың алты күнінен Қаншалық болды залалың... Шәуалда тұтпақ алты күн, Хадисы мен сабит-дүр, – деп ой қозғаған. Бабаларымыз ораза ұстаудың артықшылықтары мен сауаптарын ел ішінде жарапазан айтқызумен де насихаттап отырған. Өйткені жарапазан өлеңінің негізгі мазмұны ғибрат, тағылым, әдеп, тәлім, өнеге, адалдық пен мейірімділікке, адамдардың бір-бірімен бауырмалдығына, сыйластығына негізделген. Ауыл-ауыл, үй-үйді аралаған жарапазаншылар ораза ұстап, ауыз бекіткен кісілерді құттықтаған, ізгі 331 Ибн Мажа, Сиам, 33

тілектер тілеген, мұсылманшылықты берік ұстану жөнінде насихаттық мәні зор өсиеттер айтқан. Жарапазан сөздері негізінен былай болып келген: Ассалаумағалайкум, мұсылмандар, Мойынын хақ жолына ұсынғандар. Құт орнап отбасыңа, бағың артсын, Құдайым қабыл етсе, ісіңді оңдар. Атыңнан айналайын хақ пайғамбар, Алладан әмір келсе – жақ байланар. Аллаға тіршілікте құлшылық қыл, Қара жер өлгеннен соң тақтайланар. Ораза айы келді, ей, жарандар, Бұл айдың фазілеті Кәламда бар. Өлеңі жарапазан айып емес, Мүминге осылайша болған хабар. Құдай-ау, айналайын, несібе бер, Күлген мен ойнағанды кешіре гөр. Күнәміз таудан үлкен, тастан қатты, Су сеуіп тозақ отын өшіре гөр! Ораза айы келді болып қонақ, Күтіп ал қонағыңды болмай олақ. Мұндағы ғибадатың қабыл болса, Жаннатта қойылады алтыннан тақ. Меккеде бір ағаш бар іші қуыс, Ораза мен намаз да ізгі жұмыс. Ұстасаң оразаны, жұмағыңда Жемістер шашылады уыс-уыс.

Айтамыз жарапазан ауылыңа, Бақ қонсын бар мұсылман қауымына. Береке, құт әкелсе, ораза айы, Жаз жайлау, жарық енсін ауылыңа!332. Әр шумақ аяқталғанда ойды үстемелей түйіп тас-тайтын: «Бай Мұхамбет үмбетіне жарапазан, оразаң қабыл болсын ұстаған жан!» деген сөз қайырма ретінде қайталанып отырған. Ал қасиетті айдың мәнін ашып, сәніне сән қосқан жақсылықтың жаршысы жарапазаншыларға үй иелері дәстүр бойынша сыйлық ұсынатын болған. Қорыта келгенде, жоғарыда талданған өлең-жырлардан біз ата-бабаларымыздың бес парыздың бірі ораза ұстауға айтарлықтай көңіл бөлгенін, оны дәстүріне сіңіріп, ел ішінде барынша насихаттауға атсалысқанын көреміз. Қабан жырау қандай іске береке ұялап, қандай істен бақыт қашатынын өз өлеңінде былай жеткізген екен: – Бақыт қайдан келесің? – Ораза, намаз оқымас.

Алланың атын тоқымас, Бейнамаздан келемін. – Бақыт қайда барасың? – Тарауық намаз оқыған, Көңіліне аят тоқыған Ниетті елге барамын. ...Сәресі, сахар ішетін, Хақ жолына түсетін, Ниетті елге барамын... Иә, «Оразалымен оттас бол, имандымен жолдас бол» демекші, елімізде Рамазан айының қасиетін парықтап, ораза ұстаушылар қатары жылдан-жылға молайып келе жатқанын ескерсек, бақыттың басы бізге де бұрылуы алыс емес сияқты. Ылайым солай болғай! Қ.Толыбаев. Бабадан қалған бар байлық. Қазақстан.2000.Б.90.

ӘДЕПСІЗДЕРДЕН «ӘДЕП» ҮЙРЕНУ О баста журналистік мамандықты таңдаған өзі. Енді міне табанынан тоздырып сұхбат алу үшін бүгін де бір кісіге баруы керек. Атағы дардай бұл өнер адамын бірнеше рет хабарласып жүріп әрең көндірген. Онсыз да танымалмын, атағым жер жарып тұр дей ме, жоқ көкірегіне нан пісіп дандайси бастағандікі ме, әйтеуір, сұхбат алу үшін хабарласа қалса, уақыты жоқтығын айтып бастарын алып қашатын осындай кісімсымақтарға іштей зығырданы қайнайды. Бүгін өзінің аса көңіл-күйі де жоқ. Кешегі үйдегі ұрыстан кейін басы мең-зең болып жабырқау қабағы әлі ашылар емес. Кешелі бері әйелінің де ашуы тарқай қоймаған сыңайлы. Таңғы шайын зілдене отырып берді. Қайын атасының қалаға емделем деп келіп, үйде біраз жатып қалғанын жақтырмаған әйелі бүйректен сирақ шығарып, болмашы нәрседен ұрыс шығарып отырғаны. Кеше кешкісін балабақшаға барып жүрген баласына қарадан қарап тиісіп, бұлқан-талқан болып, демде шу шығарды. «Қаршадай баланың не жазығы бар?» – деп, немересін қорғаштамақ болып араға түскен атасына да ауыр-ауыр сөздер айтты. «Әрі-беріден кейін сақалыңызды сапситып неғып жатырсыз?! Ауырсаңыз, менің үйім емхана ма екен, ауруханаға барыңыз!» – деп дүңк еткені. Бұл – үй менікі, балаңыз келіп қолыма кірген дегенді бетке басқаны ма, жоқ әлде енді жетпегені әкесі келіп жатып алды дегені ме, әйтеуір, атасы келсе болды, бір қонғаннан-ақ келіннің арқа терісі құрысып, шеке-басы тырысып, алакөзденіп, мазасы қаша бастайтын әдеті. Емханада орын болмаған соң, қарт байғұс жалғыз ұлының үйін жағалай тұрмағанда, басқа қай жерден пана тапсын? Әйтпесе, науқасынан онсыз да ас-

суға тәбеті жоқ адам олардың қайбір ырысын кемітіп жатыр дейсің?.. – Әй, сен оңбайсың, шалдың сақалын сыйласаң қайтеді, денсаулығы сәл жақсарса өзім-ақ ауылға апарып тастаймын, кешегідей шайпау мінезіңді қой! – деген ертеңгі шай үстіндегі күйеуінің ызғарлы сөзіне де бетбақтырар емес. Демде түтігіп шыға келді. «Мен ешкімді шақыртып алғаным жоқ. Тегі, қонақ күткен дегенді суқаным сүймейді. Өз әкем болса да, бір күннен кейін шығарып салғанша асығам. Олардың онсыз да келмейтінін білесің. Маған келмегені жақсы. Әкеңе анық жаның ашыса, инесі мен дәрі-дәрмегін алып ауылға неге апарып тастамайсың, кемпірі бар ғой қарайтын». Күйеуін қоса өзі тапқандай долданып отырған бұл бетпақпен ұрысып береке таппайсың, «Дауылға жолыққанда да бір, долыға жолыққан да бір» деген рас. Бұл ұрысса бір адамды емес, мың адамды жеңеді, бір үй емес, бір ауыл түгел торығады деп, іштей күйінген күйеуі сағатына қарап, одан да әлгі жұмысымды бітіріп қайтайын деп үйден шығуға ыңғайланды. Келін болып түскелі бері әдеп-иба дегеннен жұрдай, шаш-тырнағын жасатумен алысып, телесериал көргеннен басқаны білмейтін осының несіне қызықтым екен деп, іштей кіжінген күйі киініп үйден шықты. Күн сәл бұлыңғырлау. Байқамаса, көктемнің ызғары бойдан өтіп кетеді. Әнебір қыздардың жаз шыққандай ашық-шашық киінгені несі екен, ей?! Ышқырынан іш киімдері көрініп барады. Денесі жалаңаштанған сайын жан дүниесінің де соншалықты жалаңаш, жұтаң екендігін байқатып алатындықтарын өздері сезбейді-ау, шамасы?! Ешкімнен қысылып-қымтырылу деген жоқ, әй, бірақ біздің мектептерде де қазір тәрбие төмендеп кетті ғой! Аялдамаға жетті. Бір топ адам тұр. Сонадай жерде құшақтасып, бір-біріне өліп-өшкен бір жас жігіт пен қызды көрді. Санына жабыстырып қысқа шалбар киген, жалбыр шашты қыз бояуды бетіне аямай жаққан екен. Қолдарында бір-

бір бөтелке сыра. Арасында қарқылдай күлісіп, шалқалаған күйі сары шөлмектен ұрттап-ұрттап қояды. Сырттай бір топ адамның өздеріне көз салып тұрғанын елер емес. Махаббат деген осы деп ұғады-ау, шамасы?! Автобусы келді. Ел бірдеңеден қалыс қалғандай жапатармағай жүгіріп, түсетіндерге де жол берместен, бірін-бірі кимелеп кіріп барады. Сөмке-сөмке заттары бар қалт-құлт еткен әжейге көз салмастан бәрі қағып-соғып мініп жатыр. Ішке кіргенде қарт әже орын іздеп алақтап қалды. Жастар ұйықтап отырған болып әдейі-ақ көз қырын салар емес. Қалтқұлт етіп тұрып, бүгіліп заттарын ыңғайлап қоям деп жатып, автобус бір ырғалғанда ұшып түсе жаздады. Абиыр болғанда, бұл сүйеп үлгерді. Орын беретін ешкім жоқ па дегендей әжей маңайына бүгежектей қарағыштап, тағы да құлап кетпейін дегендей, тұтқадан мықтап ұстауға әрекет жасап жатыр. Мына бір екі студент жас құлақтарын тығындап алып музыка тыңдап отыр. Мынадай даңғыраған дыбыстан құлақтан-құлақ қалмайтын сияқты. Ара-арасында бастарын шайқап-шайқап, сандарын ұрып-ұрып қояды. Ал ана бір орындықта отырған екі оқушы бала бұлар кіргеннен-ақ сазарып, дереу терезеден сыртқа үңіліп қадала қалған. Қастарына жақындағанда да ыңғай беріп, қозғала қоймады. Әлден уақытта біреуі: «Мына кісіге орын береміз бе?» – деп ымдап еді, екіншісі: «Ұяла берсең, көп нәрседен құр қаласың. Неғыласың, көрмегенсіп отыра бер», – деп сыбырлады. Әжейге басқа бір ересектеу кісі орын берді. Кондуктор: «Дереу жолақысын төлейміз!» – деп, құлақ түбінен қатты дауыстап қайта-қайта ескерткен соң, қолын қалтасына сұқты. Қайта майда ақшасы бар екен. Әйтпесе, өткен жолы майда ақшасы болмай, ірісін берген біреумен кондуктор қыз елдің көзінше салғыласып, қос бүйірін таянып тұрып қатты ұрсысып еді. «Майда жоқ деп ірі ақшаны әдейі беріп тұрсың. Төлемей кетуге жасаған қулығың ғой, шамасы! Тоқта, мынаны түсіріп кетейік!» – деп ит терісін

басына қаптаған. Ақыр аяғында бәрібір қоймай майдалап, әлгінің екі уысын майда тиындарға толтырған. Содан бері автобусқа отырарда қалтасындағы майда ақшасын бір түгендеп алуды өзіне әдетке айналдырды. Ол осыны ойлап тұрғанда, кенет қатты шайқатылған автобустың кесірінен қасындағы еңгезердей біреудің бұның аяғын басып кетпесі бар ма?! Еркек басымен құлағына сырға тағып алғаны тегі ерсі көрініп тұр. Аяғын қатты ауыртты. Тура жаны көзіне көрінді. Ұятты кісімен кездесуге барам деп үйден шығарда аяқ киімін майлап шыққаны бекерге кетті. Ал, кешірім сұрар деп күткен әлгі кісі болса, оған көлік жүргізушісі кінәлі дегендей, алдыңғы жаққа бажбиып бір қарады да, сағызын шайнап міз бақпай тұра берді. Не деген арсыздық! Жүргізуші де, адамды көбірек толтыру үшін қайта-қайта автобусты шайқап, бірді-бірге соғылыстырып іштегі елдің ашу-ызасын тудырды. «Бұларға ақша тапса болды, адамды адам екен демейді», «Төбемізге шығарасың ба, қайтесің?», «Ақшаны ойлаған адамда ұят бола ма?» деген секілді елдің ашынған, ұрысқан дауыстары естіліп жатты. Бірақ оны елер кондуктор жоқ. «Ұнамаса, түсіп қалыңдар! Маған не қыл дейсіңдер? Қу ақша үшін жүрмегенде не үшін жүрміз?! Мен ұятты ойласам, бала-шағамды кім бағып береді? Ұяттың заманы өткен баяғыда». Тілінің ащысын-ай мынаның. «Ұяттың заманы өткен» деп қояды. Ұяттан айырылғандағы ұшпаққа жеткен түрі мынау ма сонда? Ұяттан айырылған адамның түрі де ұсқынсыз болып кете ме, қалай өзі?! Тағы да кейіді. Түсіп қалып кері қайтқысы келді. Бірақ бармасқа болмай тұр. Өйткені бүгін дереу барып, сұхбатын алып алмаса, бір-екі күнде бұл кісінің шетелге кетем дегені есінде. Оның үстіне, журналдың айлық жоспарына сол кісімен сұхбаттың берілетіндігі енгізіліп қойған. Айтпақшы, қазір бұл кісі қызметі өсіп, мәдениет саласын басқарып отырған жайы бар. Алдынала әуелі шағын журналистік зерттеу жүргізіп, ол кісінің соңғы уақыттарда басқа газеттерге берген сұхбаттарын

шолып шыққан еді. Құдай салмасын, берген сұхбаттарында мін жоқ. Патриоттығын, өзінің әлі де ашылмаған қырлары көп екенін, халықты қалтқысыз құрметтейтіндігін жиі тілге тиек етіпті. Қоятын сұрақтарын көкейіне түйіп, әне-міне дегенше әлгі кісінің қызмет орнына да келіп жетті. Хатшы қызға телефон шалдыртып, келіскен уақытта келіп, кіруді күтіп отырғанын білдіртті. Көп кідірместен ішке кірді. Көк түтіннің ортасында креслода шайқатылып отырған, галстук таққан бұжыр бет кісінің ымдауымен қарсы алдындағы үстелді жағалай қойылған орындықтардың біреуіне отырды. Қол созып амандасам ба деп еді, оған ыңғай бермеді. Өзі темекіні үстіүстіне тұтатып әлек. Сонадай жердегі теледидардан көз алар емес. Мазасыз ба, қалай өзі? Көздері ісіңкі, аузынан да жағымсыз иіс шығатындай. Қайта-қайта басын ұстап, маңдайын уқалап қояды. Әуелгіде түтінге бұл да қақалып қала жаздады. Жыбырлап қоя берген тамағы бір-екі жөткірініп барып әрең ретке келді. Мынадай кабинетте тұншықпай қалай отыр деп ойлады. Қалам-қағаз, диктафонын шығарып дайындығын жасай бастады. Әңгімені бастасақ дегенді білдіріп қозғалақтап қойды. Анау болса енді ғана пультпен теледидардың даусын бәсеңдетіп, назарын бері аударды. Сөйтті де, жақтырмаған қалып танытып: «Осы сендер-ақ адамның қыр соңынан қалмай қоясыңдар. Бүгін біраз басым да ауырып тұр еді. Осы мен жайлы шыққан мақалалар көп қой, солардың бас-аяғын құрастырып, бір мақала жасай салсаң қайтеді?» деп сұхбат беруге аса құлқы жоғын аңғартты. Дегенмен жаңа қызметіне қатысы бар екі-үш сұраққа жауап беруге келісті. Бірақ ол қойған сұрақтардан ауытқып, өзінің ел үшін атқарған ұшан-теңіз еңбектерін санамалап, өзін жер-көкке сыйғызбай мақтаумен болды. Айтқандарын тыңдап отырса, ол болмаса өнер саласы әлдеқашан қожырап, дамымай қалғандай екен. Сөз арасында қызды-қыздымен «Кімнен сұрасаң да осы менің мендігімнен, күн-түн демей

жұмыс істегендігімнен өнер саласының белгілі бір деңгейге көтерілгенін естисің. Енді мәдениет саласын дамытуға аянбай күш салып жатқан жайым бар» деді. «Бұйырса, осы жолғы шетелдегі демалысымды жақсы өткізіп келсем, тың күшпен кірісем бе деп отырмын» дегенді де қосып қойды. Сөз ауаны мәдениет тақырыбына ауысқанда, журналистік әуестікпен оқыстан бір сұрақ қоюды жөн көрді. «Сіз адамның жеке бас мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?». Темекінің тұқылын күл салғышқа қадап, мыжғылап отырып: «Жеке бас мәдениет дейсің бе? – деді көзін сығырайтып. Өңі бұрыннан сұп-сұр ма еді, жоқ қазір осылай көрініп кетті ме ол жағын айыра алмады. Дегенмен бұл сұрақты ұнатқан секілді, жауап бермек болып ойланып отыр, – ол енді былай.. мәселен, ресми кездесулерге кешікпей бару, ол жерде өзіңді маңғаз ұстай білу. Шақырған кештерден қалмау... Жарасымды әрі сапамен киіну... Керекті адамыңмен тіл табыса білу... Сыйлы кісілермен мейрамханаға тамақтануға барғанда, қасықты қай қолға ұстап, шанышқыны қалай қолдану керек екенін білуің». Бұл осы тақырыпқа кеңірек тоқталса деп ойлап еді. Өкінішке орай, ол осыдан әрі аса алмады. Шыр ете түскен қалта телефонымен тағы да сөйлесіп кетті. Әлден уақытта хатшы қызға қоңырау шалып: «Кофе әкелші?» – деді. Сірә, журналисті сыйламақ болған шығар деп ойлады. Күн де салқындау екен, жақсы болар еді. Негізі, бұл да бір мәдениеттілік қой, өркениетті елдерден үйренгені шығар деп қойды іштей. Алайда кофе әкелінгенде, жіпсіген маңдайын сүрткен ол қайта-қайта ұрттап, өзі ғана ішіп отырды. Біраз әңгімелескеннен кейін, кофесі таусылып қалғанын байқап, тағы да алдыртты. Тағы да өзі ішіп тауысты. Алдымда қонақ отыр-ау деп, я болмаса журналистке де бір кофе алдырту оның есіне кіріп-шықпады. Мәдениет жағын басқарып отырған, өзін аса мәдениеттімін деп санаған адамның мына қылығы неткен таяздық еді? Бұдан жеке бас мәдениет туралы сұрап, оңған жауап күтіп отырған мен де ақымақпын деп ойлады

іштей. Алған сұхбатының да бас-аяғы болмай берекесі кетті. Бойын реніш биледі. Дереу кеткісі келіп жинала бастады. Бастық оның неге аяқ асты кетпек болғанына көңіл аудармастан, «жақсы, рұқсат» дегендей ым қақты да, терезеге қарап, телефонмен сөйлескен күйі қала берді. Көшеге шықты. Ішін тартып, құшырланып тұрып терең тыныс алды да, «уф» деп демін шығарды. Әлгі жерден тезірек кеткені дұрыс болды. Әйтпесе, тым тынысы тарылып кетті. Таза ауада көше бойын жағалап, қалың ойға беріліп келеді. Бүгінгі азаннан бері надандық исі мүңкіген бірнеше қылыққа куә болғанына қатты қынжылды. Апыр-ай, әдеп қайда кеткен? Ұят қайда? Кісілік қайда?! Жұмысқа көше бойымен жүріп баруды қалады. Жолай есіне биыл танысының үйіне ауызашарға барғандағы әңгімелер түсті. Иә, сол жолы танысы біраз қонақтардың басын қосыпты. Келген қонақтар өте сыпайы әрі мәдениетті екен. Араларынан біреуі руханияттан, діннен хабары мол, парасатты жан болып шықты. Көпшілік көбіне соның сөзіне құлақ салып отырды. Оның тағылымды әңгімелерін естіген сайын, жан дүниесі нұрланып, бұл да тағы ести түссем деп құмартқан. Сонда ол жігіт көркем мінез, ұят, әдеп туралы көп айтып еді. Бір данышпаннан «Осынша әдептілікті қайдан үйрендіңіз?» – деп сұрағанда, «Әдепсіздерден» деп таңғалдырыпты. «Өйткені әдепсіздердің әрбір жағымсыз қылығынан бір сабақ ұғуға болады», – деп жауап берсе керек. Басқаның қателігінен сабақ алуды қандай әдемі ұқтырған! Тағы бір әңгімесінде Жәләладдин Руми атты әулиенің мына сөзін келтіріп еді. Жүрек ақылдан «Иман деген не?» – деп сұрағанда, ол «Әдептілік» деп сыбырлапты. Әдепсіз жан өзіне ғана кесірін тигізбей, әдепсіздігімен жүрген жерін түгел ластайды екен. Сол жолы әлгі жігіт құлақ құрышын қандырып, біраз жайттардан хабардар етті. Аят-хадистерді талдады. Айтқандары сол күйі есінде. Даусы да тым әуезді екен.

«Алла Тағала әдепті құлдарын жақсы көреді. Ұятты құлдарын сүйеді. «Әр діннің бір мінезі болады, Исламның мінезі – ұяттылықта» деген Мұхаммед пайғамбарымыздың әдептілігінде мін болмаған. Ол өте көркем мінезді жан болған. «Мені Жаратушы ием өзі тәрбиеледі. Ең тамаша тәрбиемен», – дейтін. Ар-ұяттылықтың үлгі-өнегесін паш етті. Бөгде әйелге көз салмайтын. Ешкімге қатты сөз айтпайтын. Сахабалардың айтуынша, ол әлі ұзатыла қоймаған жас қыздан бетер ұятты еді. Серіктерін де әдептілікке тәрбиелеп: «Ұят – иманнан келеді», «Ұят тек абыройға бөлейді», «Үлкендеріне құрмет, кішілеріне ізет көрсетпеген – бізден емес», «Ата-анасын сыйлап, жүзіне мейірлене қараған кісіге, Алла Тағала да мейіріммен қарайды», – деп отыратын», – деді. ...Сыйласаңдар кәріңді, жарылқармын бәріңді... Көнекөздердің тәрбиесі деп бұл да соның айтқаны. ...Сахабалардан хазірет Османның да өте бір әдепті әрі ұятты кісі болғандығына тоқталған. Тіпті,Яссауи мен Ғұмар Қараштың өлеңдері деп тебірене отырып бір-бір шумақ өлең оқығаны есінде қалыпты. «Үлкен-кіші адамдардан әдеп кетті, Қыз-келіншек, нәзік жаннан ұят кетті. «Ұят барда - иман бар» деп Расул айтты, Арсыз қауым бүлдіріп кетті, достар!» ...«Жігіттер, жаның жаста әдеп үйрен, Қаш жырақ, әдебі жоқ істен жирен. Сүйкімді әдеп тұтпай бола алмассың, Әдепсіз, жоқ мінезі Тәңірі сүйген!» Шынында да, әдепсіз адамда Тәңірі сүйетін қандай жақсы қылық болсын?! Ғұламалардан Абдуллаһ ибн Мүбарак деген кісі айтқан екен деп мына бір мағыналы сөзді де қосқаны бар: «Біз көп білімдіден гөрі, аз да болса, әдептіге зәруміз!» Рас-ау, аз да болса әдептіге, тәрбиелі кісілерге зәруміз. Әдеп…тәрбие… Ол ойға беріліп келе жатып, бір мезет күннің салқындай

түскенін сезді. Денесі аздап тоңазып қалған секілді. Кішкене бой жылытқысы келіп қиылыстағы кафелердің біріне бас сұқты. «Қош келдіңіз!» деп күлімдей қарсы алып, жылы шырай білдіре ішке бастаған даяшы қыздың ибасын көргенде, іштей сүйсініп қалды. Атын, затын сұрағысы келіп кетті, бірақ «Қой, әдептен озбайын» деп өзін тез тежеді. Орындыққа жайғасқанда, қасына ізетпен жақындаған даяшы қызға «Кофе әкеліңізші!», – деді жай ғана.

МӘУЛАНА ЖӘНЕ ОРАЗА Сопылық ілімнің көрнекті өкілі, исі мұсылманға ортақ діни қайраткер, рухани алып Мәулана Жәлаладдин Руми – Құдайға ғашықтығымен, тақуа ғұмыр кешуімен, жалпақ жұртты рухани сусындатуымен әлемге танымал тұлғалардың бірі. Ғалымның көптеген шет тілдерге аударылған «Мәснәу-и шәриф» пен «Диуаны хикмет» еңбектері тұтастай Ислам тағылымдарын, рухани тазалық пен имандылықты дәріптеуге арналған. Мәулана мұсылмандық парыздарды өтеп қана қоймаған, оның тереңіне үңіліп, ерекше ықыласпен, зор махаббатпен атқарған. Рамазан айы, ораза туралы айтқан төмендегі сырлы, ғажап ойлары осыны аңғартатындай. Ораза айы келді! Баршаңызға құтты болсын! Уа, құлшылық сапарында оразаға дос болған жан! Сапарың сәтті болсын! Ораза айы келгенде, сол айға жеткізген Хақ Тағалаға шүкір етіп, қуанышпен қарсы ал. Өйткені бұл айдың келгенін жақамағандарға ораза ұстау − харам. Олар оразадан садаға кетсін. Мен айды көрейін деп, тамның төбесіне шықтым. Өйткені шын көңіліммен оразаны қатты сағынып едім. Оны қатты күтудемін. Уа, мұсылмандар. Жаратушыға ғашық болғалы, мен онсыз да шалқыған күй кешумен келемін. Ес-түстен сол кезден бері айырылғам. Аһ, оразаның не деген бақыты бар, керемет байлығы бар, күйі бар! Оразаға құлшыныс таныт, сабыр сақта, оразаны тастама, үнемі Хақтың разылығын көзде!

Адамның намаз оқуға көңілі аууы, ауыз бекітуі − пендені Хақтың өзіне жақындатуының белгісі. Рамазан айы келді, қолымызға ғашықтық пен иман патшасының байрағы берілді. Ендігі жерде тағамнан бойыңды аулақ ұста. Өйткені көктен рухани азық келді, әрі рухани дастархан жайылды. Бізді жаман қылықтар мен күнә жасауға итермелейтін лас нәпсіміз тазалануға зәру. Рамазан айы келгенде, күнә қапасының есігі қирап, жан нәпсіге бағыныштылықтан арылады, миғражға шығады, Сүйіктімен кездеседі. Сабыр − жанға жағымды бұлт тәрізді. Одан даналық пен рухани игіліктер жауады. Осы себепті, Құран кәрім де осы сабырлық айында түскен. Исламның ғимаратының негізін бес бағана құрайды. Аллаға ант етейін, осы бағаналардың ең күштісі − ораза. Алла Тағала осы бес негіздің әрқайсысында оразаны, оразаның тағдырын жасырған. Онсыз да ораза Қадір түні сияқты жасырын ғой. Сен оразаға қасиет тұнған зат секілді қара. Ораза адамға жан бітіреді. Көңілін марқайтады. Таңғаларлық нәрсе көргің келсе, оразаға таңырқа. Ораза жанның көзін ашу үшін, тәннің көзін бітейді. Сенің көкірек көзің соқыр болғандықтан, оқыған намаздарың мен жасаған ғибадаттарың санаңа сәуле бітіріп, ақиқатты көрсетпейді. Ораза адамдықты айуандықтан ажыратуға арналған. Шайтанның қарнын жаратын қанжар іспетті, шайтанды өлтіріп, нәпсінің қанын ағызу үшін әлемде оразадан асқан не бар? Нәпсімен соғысқа түсіп жеңгісі келген күрескер үшін ораза − жасақтаған жүз мың қолдан да артық. Оразаның сағыныш зарын тартқандардың жан сарайын тазартатындығы соншалық – бейшара балықтың өзін су соншалықты тазарта алмайды.

Ораза − Алла Тағаланың ерекше құлдарын Сүлеймен пайғамбардың сән-салтанатына бөлейтін жүзік немесе тәж. Бұл сиқырлы тәжді таңдаулы құлдарына ғана кигізеді. Ауыз бекіткен жанның күлкісі − ораза ұстамаған жанның сәждедегі күйінен әлдеқайда жақсы. Өйткені ораза Рахман иенің дастарханынан дәм бұйыртады. Өзің байқамайсың, тамақ жеген кезіңде ішіңе кір толады. Ораза болса монша секілді. Сені әрі рухани, әрі барлық кірлерден, барша жамандықтардан тазартады. Сен білім нұрымен нұрланған айуан көріп пе едің? Тән де бір − айуан. Айуанның қамын күйттеймін деп оразаны тастама. Сен уахдат теңізінен жеке домалап түскен бір тамшы секілдісің. Негізіңе қалай оралмақсың? Міне, ораза тасқын секілді, жаңбыр секілді сені жетектеп апарып теңізге қосады. Көк дастарқанына, рухқа тән дастарқандарға пәк кісілер ғана жиналды. Міне, ораза саған сол кісілермен бірге бір ыдыстан дәм бұйыртады. Жан сарайым Құран нұрына малынсын десең, мынаны біл, Құран нұрының сыры − оразада. Нәпсіңмен айқасқа түскенде «Мен оразамды соншалық оп-оңай бұза салмаймын» деп бойыңды теже, алақаныңды ысқыла, аяқтарыңды нықта, табандылық таныт! Ораза сені көңілі күндей жарқын, жаны таза күйге жеткізеді. Кейіннен патшамен кездесетін мереке күні өзін құрбандыққа шалады. Сені менмендіктен арылтады. Кімде-кім сау жүзін сарғайтса, оразаның жібек киімін киеді. Бұл айда дұғалар қабыл болады. Ауыз бекітушінің қиналысы көкті тебірентеді. Ораза құдығында отырып сабыр еткен кісі Жүсіп пайғамбардай махаббат Мысырында сұлтан болады. Енді тағамды күйсеуіңді қой, дәмді ораза келді. Бүгінге дейін ішіп-жеудің игілігін көрдің, енді оразаның игілігін көр.

Уа, сәресіге тұрып, сәресі асын ішкен кісі! Аз сөйле, Тіпті,үндемей-ақ қой. Сен үндеме, оразаны түсінгендер, ораза жайлы сөз етсін. Құстардың қанат қағуы періштелердің қанат қағуымен салыстыруға келе ме? Құстар жем үшін ұшады, періштелер болса оразаға қарай қанат қағады. Шайтанның бүкіл айла-шарғысы, оқтары оразаның қалқанына тигенде быт-шыты шығады. Отыз күн бойы Рамазан теңізінде әрлі-берлі жүз. Соңында оразаның інжуіне қолың жетеді. Кейбір қиындықтары кезіксе де, оразаның мың бір түрлі игілігі бар. Оразаға деген сағыныш мүлдем бөлек. Рамазан айында ішіп-жеуге, тамаққа, жаман сөз сөйлемеуге сабыр сақтағандықтан, осы сабыр сенің рухани түсінігіңді молайтады. Көкірек көзіңді ашады.

ЭПИКТЕТТІҢ ТӘЛІМДІ КЕҢЕСТЕРІ Эпиктет – миләди есеппен 55-135 жылдар аралығында Кіндік Азияда (Фригада) туылып, кейіннен Римде өмір сүрген ойшыл. Көп уақыт құлдықта жүрді. «Эпиктет» – оның аты емес, басыбайлы құл, жалшы деген мағынаны білдіретін лақабы. Ол уақыт Римде стоицизмге қарқынды бетбұрған кез. Оқымыстылардың көпшілігі стоик Мусони Руфтың сабақтарын тыңдайтын. Бұлардың қатарында Эпиктеттің қожайыны Эпафродит те бар еді. Оны Эпиктет алып жүретін. Бірақ Мусони Руфтың сабақтарын қожайынға қарағанда Эпиктет тез қағып алып жүрді. Эпиктеттің пәлсапа саласына түсуінде осы ғалымның ықпалы көп болды. Эпиктет – нағыз құл бола білген, құлша өмір сүрген жан. Мынадай бір аңыз айтылады. Бірде Эпофродит құлының шыдамын тексермек болды. Қос қолдап дереу оның аяғын бұрай бастады. Эпиктет: «Аяғымды сындырасыз ғой», – дейді жай ғана. Қатты ашуланғанын көрмек болған қожайыны оны барынша қинай түсті. Эпиктет бәрібір сыр бермеді. Бар болғаны: «Аяғымды сындырасыз деп мен бағана айттым ғой» деді. Осы жағдайдан кейін Эпиктет өмір бойы ақсап өтті. Нерон патша қайтыс болып, оның орнына Доминициан келген кезде ғана, Эпиктет құлдықтан құтылды. Жаңа келген патша Эпафродитті Неронмен ымы-жымы бір болғандығы үшін өлтірткен-ді. Доминициан көптеген ойшылдар мен шешендерді Римнен қуғанда (шамамен миләди 90 ж.) Эпиктет те солармен бірге Никопольге келді. Бұл жерде Эпиктет өзінің пәлсапалық-тәрбие мектебін ашты. Эпиктет кедейшілікте, жұпыны ғана тірлік кешті. Оның жиған-терген

бар дүние-мүлкі: сабаннан жасалған төсек, ағаш орындық пен май шам ғана болды. Ол қайтыс болғанда, көне мұра ретінде бұл дүниелері аукционға салынып, шамамен 13 кгдай күміске тең келетін қымбат ақшаға сатылды. Эпиктет өзі ешқашан да қолына қалам алып ештеңе жазбады. Шәкірттері бәрін жазып алып отырды. «Эпиктет жетекшілігі», «Эпиктет әңгімелері», «Эпиктет талқылаулары» атты кітаптарын да солар жинақтады. Өз пәлсапасында Құдайға сенуді, тағдырға толықтай бағынуды, жақсылықсүйгіштікті, жанашырлықты, сыпайылық сынды моральдық құндылықтарды барынша жақтап өткен. Ол насихат айтқан сайын, өлімді еске алып отырған: «Өлім үнемі есіңде тұратын болса, қажетсіз нәрселерге өлермендік жасамайсың», – дейді. Барынша кішіпейілікке шақырады. Кімнің болса да пікірін сыйлай білуді жақтайды. «Біреу сен жайлы жаман айтса, сен оған бола ашуланба, одан да былай де: «Бұны айтқан кісі қайта менің басқа да жамандықтарымды білмейді екен. Білсе, бұны ғана айтпас еді». Елге бір нәрсе айту үшін алдымен іспен көрсету керек екенін мына сөзінде білдіреді: «Надандардың алдында салиқалы нәрселер айтып өзіңді жақсы көрсетуге тырыспа. Одан да сол жақсы нәрселерді өзің істе. Мәселен, қонақта өзіңді қалай ұстау керектігін айтып білгішсінбе. Одан да өзіңді солай ұста». Эпикеттің айтып кеткен тағы да мынадай көптеген ойлы сөздері бар: Не қаласа соны істейтін адамды «құл» деуге келмейді. Туған жеріңнің ғимараттарын емес, азаматтарын биіктетсең – сол сенің ең үлкен жақсылығың. Биік үйлерде ойы аласа адамдар өмір сүргенше, аласа үйлерде адамгершілігі биік тұлғалардың өмір сүргені әлдеқайда артық. Ақылды өз құмарлығымен күреседі, ақымақ соның айтқанына жығыла береді. Егер елдің сен жайлы жақсы айтқанын қаласаң, өзің ешкімді жамандаушы болма.

Атақ-даңқ, ақша, құмарлықты жақсы көрген адам халықты жақсы көре алмайды. Жақсылықсүйгіш адам ғана халықты жақсы көреді. Піл сүйегінен жасалған, алтындалған қымбат бір сандықшада улы жылан мен улы шаянның жатқанын білсең, сен ол сандыққа аса құмартпас едің, оны алғың да келмес еді. Қайта алыстан оған абайлап, сақтықпен қарайтын едің. Ендеше, барынша үлде мен бүлдеге оранып былқ-сылқ еткендерді көре қалсаң, олардың да сыртқы көрінісіне сен қызықпа. Бойыңды аулақ салып, қайта сақтықпен қара. Түстік асыңды ішіп отырғанда, сен мына екі қонақты: жан мен тәнді сыйлап отырғаныңды ұқ. Бірақ сенің тәнге бергенің кейін жоқ болады да, жанға бергенің мәңгі өзіңмен қалатынын біл. Біреумен сөз таластыру аса жағымсыз жайт. Ол бір маспен әңгімелесу сияқты. Айтқаныңа не масты көндіре алмайсың, сау болғандықтан не өзің мастың айтқанына көнбейсің. Біреумен әңгімелесе қалсаң, мына үш көзқарасты ұстан: ақыл жағынан ол сенен артық па, тең бе, төмен бе?! Егер ол сенен ақылдырақ болса, онда оның айтқандарын тыңда. Егер ол ақымақтау болса, онда оған өзің ақыл айт. Егер ол сенімен тең болса, онда оны құптай отырып әңгімелес. Егер осыны үш нәрсені есіңде ұстасаң, ешкіммен дауласпауға өзіңді үйретесің. Бақытты болудың бір ғана жолы бар – біздің еркімізге бағынбайтын нәрселерден аулақ бол. Істеуге тыйым салынған нәрсені ойша істеуден де аулақ бол! Сенің ісің – саған берілген міндетті жақсы орындау ғана, ал саған міндетті таңдап беру – басқаның ісі. Жақсы сөйлей білу өнер болса, сонымен қатар, құлақ қойып жақсы тыңдай білу, түсіне білу де өнер. Театрда бір жас жігіт: «Мен өте ақылдымын, өйткені

көптеген философтармен әңгімелескем», – деп мақтаныпты, сонда Эпиктет оған: «Менің де бай таныс-тарым көп-ақ, бірақ мен бәрібір кедеймін ғой», – деген екен. Эпиктеттен: «Бай адам қандай адам?» деп сұрағанда, «Ешкімнен тіленбейтін, өз-өзіне көңілі тоқ адам», – деп жауап берген.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1. Құран кәрім: мағына және түсінігі. Халифа Алтай. 2. Алтынсарин Ы., Мұсылманшылық тұтқасы, Алматы, 1991. 3. Ахмад ибн Ханбал, Муснәд, I-VI том, Мысыр, 1313. 4. Ажлуни Исмаил ибн Мухаммәд. Кашфул-хафа, Бейрут, 1351. 5. А. Машани. әл-Фараби және Абай. А.,-1994. 6. Асым Шарк. Гүзел аһлақ сахиби олмақ. Стамбул. Ышык йайынлары. 2010. 7. A. Von Kremer, Culturgeschichte des Orients ünler den Chalifen (Vienna, 1877), II. 8. Әуезов М. Абай жолы. Алматы, Жазушы, 2003. 1 т. 9. А. Әділбаев. Саңлақ сахабалар. «Алтын қалам» баспасы. Алматы, 2005. 10. Әбу Дәуіт Суләйман әс-Сижистани. әс-Сунән, Мысыр т.ж. 11. әл-Хаким ән-Нисабури, әл-Мустәдрәк аләс-Сахихайн, III, 180-ибн, Хайдарабад, 1335. 12. Ә. Дербісәлі. Әз Пайғамбар – хазірет Мұхаммед. Көкжиек баспасы. А. 2007. 13. Бухари Әбу Әбдиллаһ Мухаммәд ибн Исмаил. ас-Сахих, Бейрут т.ж. 14. Баласағұн Ж., Құтты білік, ауд. және түс. жазған А. Егеубаев, Алматы, Жазушы, 1986. 15. Бабалар сөзі, I-XI т., (жүз томдық) Астана, 2002-2005. 16. Бес ғасыр жырлайды, I-II том, Алматы, 1989. 17. В. Йылдыз. Ирфан ордусу. Измир. 1993. 18. Гүлен Ф. Ғаламның рақым нұры Мұхаммед пайғамбар. Ауд: А. Әшен. Алматы: Көкжиек баспасы, 2009. 19. Гүлен Ф. Ғұмырлық өлшемдер Ауд: Ә. Махмутов. Алматы: Көкжиек-Б баспасы, 2008. 20. Ғазали Әбу Хамид Мухаммад ибн Мухаммад, Ихия улумид-дин, ауд: А. Сердароғлу, Станбул. 21. Дәйләми Әбу Ширауәйх ибн Шәхрәдар, әл-Фирдәус би мәсурилхитаб, I-V том, Бәйрут, 1986. 22. Жәрдем К., Қазақтың 7777 мақалы мен мәтелі, Алматы, 2002. 23. Ж. Қарабасов. Тура биде туған жоқ. А., - 2006. 24. James Westfall Thompson The Medieval Library (New York, Hafner,

1957), Müslim Libraries бөлімі, Аударғандар: Osman Ersoy, Özer Soysal. 25. Зәрнужи, Бурханаддин әл-Ханафи, Таалимул-мутааллим ли тааллуми тариқил-илм, Шарих: Ибрахим ибн Исмайыл, Стамбул, 1318 һ. 26. Ибн Абдулбирр, Әбу Омар Юсуф ибн Абдиллаһ ибн Мұхаммед (қ.ж. 463), әл-Истиаб фи марифатил-асхаб, Каир, 1328. 27. Ибн Хажар әл-Әсқалани, әл-Исәбә фи темиизис-сахаба, Мысыр, 1928. 28. Ибн Хажар, әл-Мәталибул-алия би зәуаидул-мәсанидис-сәмания, I, 122-ибн, Кувейт, 1973. 29. Ибн Әсир Мухаммәд ибн Мухаммәд. әл-Кәмил фит-тарих, ауд. М. Бешир, Истанбул, 1985. 30. Ибнул-Әсир Иззуддин Әбул-Хасан, Усдул-ғаба фи марифәтиссахабә, Каир, 1970. 31. Ибн Кәсир Имадуддин Әбул-Фида. әл-Бидая уән-нихая, Бейрут, 1978. 32. Ибн Мажә Әбу Абдиллаһ Мухаммәд ибн Иазид. әс-Сунән, Бейрут, Ихяут-турасил араби. 33. Ибн Сағыд Мухаммед Әбу Абдиллаһ, әт-Табақатул-кубра, VIII, ИБН 241. Бәйрут, 1968. 34. Ирфан Йылмаз. Йитик хазиненмн кашифи Фуат Сезгин. Йитик хазине йайынлары. Стамбул. 2009. 35. Ибн Исхақ Мухаммед, Сира, ред: М. Хамидуллаһ, Кония, 1981. ИБН 228. 36. Қандыхләуи М. Юсуф. Хаятус-сахаба, Бейрут, 1972. 37. Құнанбайұлы Абай, Шығармаларының екі томдық толық жинағы, II том: Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар, қара сөздер, Алматы, 1995. 38. Құдайбердіұлы Ш., Иманым, Алматы, 2000. 39. Қ.Толыбаев. Бабадан қалған бар байлық. Қазақстан 2000. 40. Кердері Ә., Қазағым, Алматы, 1993. 41. Көпейұлы, М. Ж., Көп томдық шығармалары, I т., Алматы, 2003. 42. Муслим Әбул Хасан ибн Хажжаж. ас-Сахих, Бейрут, т.ж. 43. Малик ибн Әнәс, Муатта, I-II том, Мысыр, 1318. 44. Мұстафа Кара, Теккелер ве завиелер 15, Дергаһ йайынлары, Стамбул, 1990. 45. Мақатаев М, Өлеңдері мен поэмалары. «Жалын» баспасы, Алматы, 2001. 46. M. Meyerhof, «Ueber einige Privatbibliotheken im fatimidischen Aegypten» Rivisla degli studi orientali, XII (1929-30). 47. Margoliouth, op. cit.,192; A. Grohmanıı, «Bibliotheken und Bibliophilen in islamiscben Orient», Festschrift der Nationalbibliothek in Wien (Vienna, 1926).

  1. Нәуәуи Әбу Зәкәрия ибн Шәрәф, Риязус-салихин, ауд: И. Өзкес, Станбул, 1992. 49. Нежип Асым Языксыз, Китап ондан өзетле. Илетишим йайынлары, Стамбул, 1993. 50. Рыза Саваш, Хаз. Мухаммед (с.а.в.) девринде кадын, ИБН 81. Станбул, 1991. 51. Хайсами Али ибн Әбу Бәкр, Мәжмауз-зауаид, VI,13, Каир, х.1407ж. 52. Хайтами Шахабаддин Ахмәд ибн Хажа, әл-Хаиратул-Хисан фи мәнақибил-Имам Әбу Ханифа ән-Нуман, Бәйрут, 1983. 53. Хадис ансиклопедиси, дай: И. Жанан, I-XVIII том, Станбул, 1993. 54. Ұ.Асылов, Ж. Нұсқабайұлы. Әдептану. Мектеп баспасы, 2003. 55. Үмит Ергүл, Календер Йылдыз. Мүслүман илим өнжүлери, Ышык йайынлары. Измир, 2005. 56. Табарани Әбул-Қасым Суләйман ибн Ахмад, әл-Муғжамул-кәбир, I-XXV том, Бағдат, 1978; 57. Табарани Әбул-Қасым Суләйман ибн Ахмад, әл-Муғжамул-әусат, I-X, Каир, 1415. 58. Тирмизи Әбу Муса Мұхаммад ибн Сәурә, әл-Жамиус-сахих, I-V том, Каир, 1935-1975. 59. Шамсаддин Ахмад әл-Афақи, МанақибулАрифин, Тахсин Языжы (Анкара: Түрік Тарих куруму басымеви, 1959), том І. 60. Ш. Әділбаева. Алғашқы мұсылман қоғамындағы әйелдер. «Исламтану және Араб филологиясы мәселелері». Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (2007-2008ж). Алматы. Нұр-Мүбәрак университеті.

МАЗМҰНЫ Пікір............................................................................................3 «Сәлем – сөздің анасы»...........................................................11 «Таза болсаң, судай бол!»........................................................16 «Адамның сөзі – ақылының таразысы».................................24 Жаман әдет жақсы ат әпермейді!............................................31 «Кісі айыбын ашқаннан жапқан жақсы»...............................38 «Атаң болса анаңмен...»..........................................................44 Артық күлкі жиреніш қоздырады...........................................50 Ұстазға құрмет – шәкіртке міндет..........................................57 «Алыс туыстан жақын көршің артық»...................................65 «Нәпсің – көкжал бөрідей, иманың – бағлан қозыдай».......72 Ислам мәдениетінде кітап оқудың орны...............................81 «Көзінше мақтағанша, көтеріп отқа таста!»..........................89 «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың»............95 «Рахатқа бола бес күнгі, ренжіте көрме ешкімді!».............106 «Ақылың болса, арыңды сақта!»..........................................112 «Ашулы жұдырық – күліп тұрған бетті ұра алмайды»......118 Сыйлық беруде не сыр бар?..................................................125 Ислам дінінде әйелдің орны.................................................130 «Мені Раббым тәрбиеледі!»..................................................144 Балаға көңіл бөлу – Пайғамбар сүннеті...............................151 «Ораза айы келді болып қонақ!» немесе бабаларымыз оразаны қалай насихаттаған?................................................161 Әдепсіздерден «әдеп» үйрену...............................................168 Мәулана және ораза...............................................................177 Эпиктеттің тәлімді кеңестері................................................181 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:........................................185

«Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің директоры Ж.Н.Тойбаева Құдайберді БАҒАШАР ИСЛАМ ЖӘНЕ ӨНЕГЕ Редакторы Н.К.Мауытов Корректоры Н.Байтұрсын Дизайнері Қ.Мүбарак Тех. редакторы П.Жұматаева Басуға 13.10.2015 ж. қол қойылды. Пішімі 60х90 1/16. Офсеттік баспа. Шартты б.т. 12,0. Таралымы 2000+150 дана. Тапсырыс № «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй. Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды. 050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙