TELEGEI

Home

Елік-ғұмыр

Абдулмахмуд Пошатаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Елік-ғұмыр

Өлең өлкесіне бұрын да тұшымды жинақтарымен танылған ақын Абдулмахмуд Пошатаевтың кезекті жыр жинағы махаббат лирикасынан елдік пен азаматтық рухтағы туындыларға дейін қамтыған. Әсіресе анаға арналған шығармалардың өзі бір төбе. Сонымен қатар, қоғамдағы өзекті тақырыптар да ақын назарынан тыс қалмаған. Кітап жалпы жыр сүйер қауымға, көпшілік оқырманға арналады.

ЕЛІК

ҒҰМЫР

Нұр-Сұлтан – 2020
Абдулмахмуд

ПОШАТАЕВ

ӘОЖ 929.5 КБЖ 63.2 Т 65 П 65 Пошатаев Абдулмахмуд. Елік ғұмыр / Өлеңдер жинағы. Нұр-Сұлтан, 2020. – 296 б.­ ІSBN 978-601-7999-12-4 Өлең өлкесіне бұрын да тұшымды жинақтарымен танылған ақын Абдулмахмуд Пошатаевтың кезекті жыр жинағы махаббат лирикасынан елдік пен азаматтық рухтағы туындыларға дейін қамтыған. Әсіресе анаға арналған шығармалардың өзі бір төбе. Сонымен қатар, қоғамдағы өзекті тақырыптар да ақын назарынан тыс қалмаған. Кітап жалпы жыр сүйер қауымға, көпшілік оқырманға арналады. ӘОЖ 929.5 КБЖ 63.2 ІSBN 978-601-7999-12-4 © Пошатаев А., 2020

3­­ ЗАҢГЕР АҚЫННЫҢ ЖАЗИРАСЫ (Алғысөз орнына) Қазақ табиғатынан, күллі болмыс, жан-жүрегімен ақын халық. Сол себептен де хакім Абай айтқандай, «Өлеңге әркімнің де бар таласы...». Осы орайдан келгенде, мамандығы бойынша заңгер жақсы азамат Абдулмахмуд Пошатаев бауырымыздың кеудесінен сылдыраған жыр бұлағы бойда ғы табиғи қабілеттің, тумысынан дарыған пешенелі бақ-таланның жемісі екендігі айғақталып анықтала түспек. Олай болса, Абдулмахмуд ақындығының ақжолтай мұраты мына төмендегі шумақ-жолдардан әдемі айшықталып көрінеді. Жақсыға бәрі жақсы көрінеді, Жаманның жолдарынан жерінеді. Өмірге ғашық жанның жыры сұлу, Өлеңі махаббатпен өріледі. Осы тамаша айтылған, ағынан жарылған жыр жолдары Абдулмахмудтың поэзия патшалығының төл перзенті, бел баласы екенін қапысыз аңғартып ұқтырғандай. Ол өлеңді өміріне, ажырамас серігіне балайды. «Тұраласам тұрып кет деп дем берген» деп аялай тебіренеді. «Өлеңім-ау, Пірім де өзің, көмекшім» деп еміренеді. Абдулмахмудтың шын жүректен шыққан шынайы сезіміне сенбеске әддіміз қалмайды. Өлең оған қиналғанда медет береді. «Сол өлеңмен ауырамын аһ ұрып, Сол өлеңмен аяғында емделем» деп алғаусыз сырын ашып салады. Ақынның дәл осындай алғадайлығына, Ұлы Мәртебелі Поэзия алдындағы адалдығына сүйсіне шаттанамыз, қуаттаймыз.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Өлең өлкесі – сұлулық пен жақсылыққа, мейірім мен
ізгілікке жаны құштарлардың мекені. Бұлардың түп
мәні адамгершілік пен азаматтыққа саяды. Демек, біздің

байқауымызша, Абдулмахмуд ақынның жырлары жалпы
адамзаттың нақ осы қайнарлы қасиеттерінен бастау алып
жатқандай. Бұл ойымызбен мына көзайым өлең кітабын
оқып шыққан әрбір адам келісетін болар деп кәміл сенемін.

Адамгершілік шыңы – анаға құрмет болса, Абдулмахмуд
жырларының арналы тарауын анаға деген мәңгі суымас
сағыныш оның өлеңіндегі өрелі қасиеттерді, поэзиясының
парасатын молайтып, миссиясын асыл етіп тұрғаны да бір

ғанибет. Ол күзді жақсы көреді, неге десеңіз:
Сыбызғы жел
Сырлы сазын шертеді.
Күз керемет.

Күз ғажайып ертегі.
Сезімімен жан дүниемді баурап ап,
Күзде мені бір тылсым күш ертеді.
...Түйсігінде бір ой маздап санамның,

Сыйласа да қоңыр күзім маған мұң,
Күзді сүйем.
Күз ұнайды, өйткені,
Туған күні күзде еді анамның.

Анаға деген махаббат осылайша өте бейнелі, жарқын
мұңға бөленіп, айшықты жеткізіліп тұр. Құрғақ қисын,
жалаң лепірме, таптаурын лепес емес. Өзгеше жан сыры,
сезім суреті болып шыққан. Енді бірде әз ананы аңсаған,

азамат биігіндегі перзентінің ақын жүрегі аласұрып,
дүрсілдей соғып: «Найзағай болып жарқ ете қалшы,
анашым, Көктемгі жаңбыр төбеден жауып өткенде» деп
толғанады. Анасын жұмақ төрінен көреді. Пәни дүниедегі

баласы:

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Қара күз келіп жапырақтары тоналған,
Кәрі қыс кетіп ақ мамық ұлпа оранған,
Көктеммен бірге бүр жарып, апа, оралшы,

Кенжеңе бүгін сол арман,

– деп ақжауын сезімін, перзент махаббатын төккен Ана

рухының арманы жоқ болар.
Абдулмахмуд
ақынның
бойындағы

туысқандық,
бауырлық сезімдер де, айнала қауымға ақ пейіл, әулет
пен ағайынға, дос-жаранға, ұлтымыздың біртуар ардақты
азаматтарына деген ақ тілек те телегей-тасқын. Бір

сәт «құбыладан бақ іздеген бабаларға» деген ықылас-
құрметін өрнекті өлең жолына айналдырады. Әпкелерін ақ
желегі жалаулап желбіреген ақ кемеге ұқсатуы да сондай
ұнамды, жарасымды болып, көңілге қона кеткендей.

Бірақ әрдайым ақиқаттан ауытқымайды, турашылдықтан
таймайды. Керек десеңіз, бірге туған бауырға да:
Сөз айтпасаң,
Тыныш отыр, ұнамды.

Есекпенен жарыстырма құланды,
Үйге кірсе айран құйып шығарған,
Қазақ атаң
Қара шұбар жыланды, –

деп наз айтады, сөйтіп азаматтық биігінде қалады.
Ал асқар тауы – әкеге айтар сөз бөлек те ерек:
Ұялып жүрмін,
Қысылып жүрмін,

Бетсіз бе ем?
Құдайым, сірә, сақтасын мені тексізден.
Тірегім менің, баласын ерек қорғаған,
Өмірдің мәнін үйрендім, әке тек Сізден.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Ашығын айтқан мұндай шынайы сырға алып-қосарымыз
жоқ. Тек сондай әзиз әкеден тамаша тәлім алған, Сөз киесін
зерделеп ұғынған ұланның: «Намысымның семсерін

қайрап алып, Талай тұрып кеткенмін жығылғанда» деген
қайсар да байсал сөздеріне шүбәсіз иланамыз.
Ақын жүрегі мейірім мен қайырымға толы. Жақсылық
жасау өмірімнің басты мақсаты, нысаналы мұраты деп

біледі. Алда-жалда, әлдебір пәнәйі себеппен жақсылық
жасай алмай қалса, қиналады, торығады, жаны жабырқау
тартады. Абдулмахмудтың ақындық кредосы, айнымас
темірқазық жұлдызы осындай. Міне, қараңыз:

Қиналғаныңда қорған бола алмадым,
Боран соққанда орман бола алмадым.
Қаскөйлер көп қой, нағылет атқыр,
Араша іздеп,

Солғанда жанарың,
Мен неге сол қасыңда болмадым?!
Ақынның риясыздығы осы шығар. Осындай риясыздық,
балалық көңіл «алманың да бар екен ғой жүрегі» деп

таң қалса, ол оның аңғалдығы емес, кеудесін кернеген,
шүпілдеген мейірімі деп таныған абзал. Туған ел мен
жерге кіндігімен байланған азамат ақын: «Жабыққан
кезде ауылға кеткім келеді» деп жар салуының өзі де

ғажап емес пе?! Ал осындай ақжолтай жүректің
арманы қандай десеңіз: «Адамда арман көп қой, мендегі
арман – Алла сүйген патшамен амандасу»... Осылай да
армандауға болады екен. Сезімі кіршіксіз адам ғана

осылай деп алғаусыз айта алады.
Абдулмахмуд елдің тілегін тілейді, Алаш жұрты
ұшпаққа шықса екен дейді. Бұл асыл тілек, ордалы ой
оның көптеген өлеңдерінің алтын өзегі болып өрілген,

әсем өрнектеліп әдемі берілген:

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Елімнің жүрегі етші,
Жас қала Астананы!
Қазақтың тірегі етші,

Бақ қонған бас қаланы.
Болсыншы, шын тілегім,
Әр қазақ баспаналы!
Иә, бұл заманда қазақ үшін, туған халқымыз үшін,

Алаш жұрты үшін осыдан асқан асыл тілек болар ма?!
Ақын өткізеді, сөйтіп, жүректерге жеткізеді. Ақынның
қаламынан талай-талай сөз асылдары, шуақты шумақтар,
татымды да толымды тіркестер, тапқыр теңеулер, мәйекті

ойлар туады. Мысалы, соларды маржандай тізсек:
Көлеңке де жарық күнге ереді...
...Неге бүгін ұрпақтарға тап болдық
Кітап алып оқымайтын сөреден?

...Бір жағынан әурелейді Еуропа,
Бір жағынан сүйрелейді жат ағым...

– болып жалғаса береді Абдулмахмуд жырларының көш-

керуені.
Иә, ақын жүрегі алаңдаулы, жырлары мазасыз. Өйткені,
бүгінгі әлем, дүрбелең дүние сондай. Соған орай ақын
өлеңі де өреленіп, астарлана түспек,

Көкпар тартқан елім бар баптап атын,
Өмір мынау, бап емес, бақ шабатын...
Шабытты һәм беймаза ақынның ой түтіні салиқалы.
Ақын елімен бірге.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Әрине, Абдулмахмуд өлеңдерінің бәрі бірдей төрт аяғы
тең жорға деп айтудан аулақпыз. Ұштайтын, үкілейтін
тұстары да баршылық. Бірақ, ең бастысы, онда ақындық

үлкен жүрек, алғыр дарын, алғаусыз адал тілек бар.
Ақын ретінде көркейіп кемелдене беретіндігіне сені-
міміз кәміл. Себебі, таланты мен талабы - зор, білімі кең.
Олай болса, жыр жазирасының үлкен жолына шыққан

Абдулмахмуд ақынға «Шу, қаракөк, өлең аламанын-
да шығандап оз!» деген ақ тілегімізді айтамыз.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби

сыйлығының лауреаты

ТАБИҒАТ ТЫЛСЫМ – ОЛ БІР СЫР

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЕЛІК ҒҰМЫР

Жастық шақ,
Арман қуып еліктірдің.
Бозбала, бойжеткен боп серік құрдым.
Қырықтың қамалына тұсап қойып,

Зымырап бара жатыр елік ғұмыр.
Ұшырамай жауыздың кездігіне.
Еліктің көз ілеспес, лездігіне.
Зымыраған заманның лебі дерсің,

Минут сайын жылжыған кезді міне.
Босағам,
Анам барда берік тұғын.
Әкем де байтерек қой,

Берік тұғыр!
Секіріп, секеңдеп бір бара жатыр,
Көз алдымда ғайып боп, елік ғұмыр.
Тұз шайнағам,

Балды да жалап тұрып.
Өмір тылсым,
Көз ілгем таң аттырып.
Уақыттың тездігін өлшеп тұрдым,

Үрке қашқан елікке қарап тұрып.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Күнге ұсынып,
Кұшағын қараң атқан.
Алланың әр күні һах аман атқан.

Еліктің еркелігі қандай сұлу,
Уақытымды меншіктеп бара жатқан.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӘРБІР ҚАЗАҚ СЕНІҢ ҚИМАС

ЖАЛҒЫЗЫҢ!

Алмастырып күнді түндер, түнді күн.
Бағаламай бұл жалғанның бір күнін,
Адамзаттан неге қашты мейірім?
Түтіп жеуге дайын тұрар бір -бірін.

Жалғастырып, бір күнімді, бір күнім.
Біреу қасқыр, біреу кейпі түлкінің.
Тірісінде бағаламай жүргендер,
Іздейді екен өлгенінде, бір-бірін.

Іздемейді,
Іздесін деп өлмейді.
Тағдырының жазуы ғой, ол мейлі.
Тіршілікте сені сыйлап өтпеген,

Өлгеніңде молаңды іздеп келмейді.
Қандай керім,
Қандай ұлық, бабалар.
Қандай еді, ақжаулықты аналар.

Тойыңда да, өліміңде жүгіріп,
Аға інім деп, іні ағаны ағалар.
Мөңке биім айтып кетті көреген.
Қожалардан бата алған ел, Төреден.

Неге бүгін ұрпақтарға тап болдық,
Кітап алып оқымайтын сөреден?!
Айға жетіп тұрса дағы атағың.
Түн тұңғиық,

Қалың ойға батамын.
Бір жағымнан әурелейді Европа,
Бір жағымнан сүйрелейді жат ағым.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Тыңдасаңыз Бекасылды, Мәшһүрді.
Бұзып жүрген діншілдер кім, дәстүрді?!
Орманына қарап ол да ұлиды,

Барды беріп баптасаң да қасқырды.
Күндер қайда бақытыңа балайтын?!
Не әдет ол, бір-біріңді талайтын?!
Әрбір қазақ сенің қимас жалғызың,

Сөгілгенде жыртығыңды жамайтын!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҚАЙРАН ЖАСТЫҚ ӨТКЕНІМ

Қыстың соңғы күні бүгін,
Бір өмір.
Алла қанша өмір берсе, сүремін.
Жүрегім де ауырады кей кезде,

Қоя берші, табармын-ау бір емін.
Бала едім,
Ниетім ақ шықтан да.
Біреу сынап,

Біреу бәлкім ұққан ба?!
Жүгіруші ем түбіменен қазам деп,
Байшешек гүл, қауыз жарып шыққанда.
Анам көріп, жымиып бір тұратын.

Жан дүниемді, айтқызбай- ақ ұғатын.
Үйдің қасы толып тұрған бәйшешек,
«Балам- ау» – деп, оны неге жұласың?
Сағындырды гүлге толған бөктерің.

Еске түсті қайран жастық өткенім.
Сол бір қырда бала болып жүгірген,
Қайта оралып келсе екен көктемім.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

КӨКТЕМДЕГІ МҰҢ

Тырналардың тізбегі анау, тізіліп.
Найзағай да жарқ етті бір кіжініп.
Шыққа оранған қызғалтақтың бойынан,
Бір тамшы шық Сырғып түсті үзіліп.

Жаңбыр жауды,
Себелеп күн басылмай,
Бұл бір суық көктем бе еді, япырмай.
Дала кезіп жүргенімде күн батты,

Қою түнек адымдады, жақындай.
Еңсем түсіп жаңбырлы түн, езіліп.
Пенделік жыр,
Пенде ғұмыр сезініп.

Малмандайын суға бөккен сұлбамды,
Кептіретін жан жоқ неге, кезігіп?
Кеше күнім, бір мезетте өткендей.
Гүл өмір ай,

Болса екен деп, көктемдей.
Сол көктемде ашылмаған жауһазын,
Мұңаяды шыққа орнанып, көке белде.
Алатауым,

Биік шыңдар, һас тұлға.
Қара төбел азынайды астымда.
Шын бақытым сонда бәлкім, көз жетпес,
Күн құлаған көкжиектің астында.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ТАУ БӨКТЕРІ

Тау бөктері,
Мамыр айы, ұнап тым.
Тыныс алдым жағасында бұлақтың.
Таңмен бірге қауыз жарған еңілікгүл,

Арасында қымсынады құрақтың.
Тобылғысы шашақ шашып, гүлденіп.
Жоталары қызыл арай түрге еніп.
Су бойында сұлу қыздай ақ қайың,

Деп тұрғандай, «Кетпедің бе бір келіп?»
Қызғалтағы, сарғалтаққа ұмсынып.
Мамыражай маужырайды күн шығып.
Кəрі талдың бұтақтарын жел тербеп,

Кəрі шырша тұрғандай ма күрсініп?!
Ақ жібектей гүлге оранып долана.
Тобылғысын қамшы етейін, бола ма?
Мен өскен жұрт,

Мен өскен тау осы жер,
Қайта оралар мекенім де сол ара.
Нəрін алып,
Таңда түскен шықтан да,

Қозықұйрық биыл ерте шыққан ба?
Бар дүниені кетем бір сəт ұмытып,
Жасыл жайлау қыр басына шыққанда.
Сағындырды жота, тауың, белесің!

Сұлулығын келіп көрші, сенесің.
Сағынышпен өлеңімді арнайын,
Туған жерін ұмытыпты демесін.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҚАДІР ТҮНІ!

Алланың әмірінсіз,
Сынбайды бір шыбығы.
Бітпейді тәңірімсіз,
Бір ісің, білші мұны.

Халқымның қадір түнгі,
Оң болсын құлшылығы.
Алланың әмірімен,
Періште жер бетінде.

Бақ сұрап тәңірімнен,
Сан ойлар тербетуде.
Ұлдарым аман болсын,
Олар да ер жетуде.

Тілегім,
Тәңір берсін!
Заманым тыныш тіпті.
Халқыма сабыр берсін,

Тілейік тыныштықты.
Көк бөрі ұрпағымыз,
Біздегі Ұлыс мықты!
Алладан тілейікші,

Көрмейік нәубетіңді.
Бейбіт боп жүрейікші,
Еселеп дәулетіңді.
Халқымды сақта құдай,

Ағайын әулиетімді.
Елімнің жүрегі етші,
Жас қала Астананы!
Қазақтың тірегі етші,

Бақ қонған,
Бас қаланы.
Болсыншы шын тілегім,
Әр қазақ баспаналы!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Е Алла!
Осы еді ақ тілегім.
Баянды ет тілегімді.

Халқыма бақ тіледім,
Иманды ет жүрегімді.
Құлдықтан құтқарғансың,
Ағытып шідерімді.

Күнәмді кешір Алла,
Халқымның жайы мына,
Болмасын «Кесір» алда,
Бармадық байыбына.

Аман сау жетсін елім,
Қиямет-ғайыбыңа!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

САЙРАМСУ

Керемет кезім менің, бала кезім.
Бала ғой,
Бала көңіл, бала сезім.
Тауға қарап өсіп ем, биік жүрмін,

Мөлдіреп жасқа толып қара көзім.
Үйрек жүзген су ма еді, келмей көктем.
Кейін ғана түсіндім, сенбей кеткем.
Балалық бал дәуренім сағынамын,

Жастығым ай оралмай, келмей кеткен.
Қыс еді, қар да қалың қырауы көп.
Сайрамсудан су алып, бір ауыл боп.
Есекке теңіп алған флягімді,

Толтырып шелегіммен, құлауым көп.
Өмірім,
Сүріп мына бейнетпенен.
Қабырғамды жан жоқ-ау күйретпеген.

Сол суда жүзген үйрек сұлу еді,
Қыл қалам шебері егер суреттесе.
Сезім қалай оятса түнгі мені.
Мен ояу, жанмын сүйген Сүмбілені.

Хан балығы жүзетін, тасқын суда,
Таң қалдырды, үйректің сүңгігені.
Қыста көрген үйрек қой, сүңгігені.
Ажыратып алыңдар, түнді, мені.

Үйрек қонған, қыстаған Сайрамсуға,
Аққу құс та қонар кеп, кім біледі?!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

МЕН ТУҒАН ҮЙ АЛАТАУ БӨКТЕРІНДЕ

Көз жүгіртіп қарасам өткеніме.
Мен туған үй Алатау бөктерінде.
Түнеріп тұр көк аспан, күрсінеді,
Көп келмей кеткеніме өкпелі ме?!

Өмірдің төтеп беріп өткеліне.
Қайырылып бір қарадым өткеніме.
Ол менің жастық шағым қайта оралмас,
Ол менің сағым болған көктемім бе?!

Қимас сезім əурелеп кетерімде.
Қалың ойдың кетемін жетегінде.
Өзіңе өмір бойы қарыздармын,
Парызыңды мен бүгін өтедім бе?!

Адам пенде,
Сынаса ұнамайсың.
Алладан тек амандық сұрағайсың.
Өзіңе əлі талай берерім көп,

Білемін,
Білемін сен ештеңе сұрамайсың.
Көпар тартқан елім бар, баптап атын.
Өмір мынау бап емес, бақ шабатын.

Қасиетіңнен айналдым туған өлке,
Мен сенің ұлың болам мақтанатын.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

САЯТШЫЛЫҚ

Ақ қар басқан Алатау қатпарлары.
Əсем қандай, арайлап атқан таңы.
Мың құбылған қысы бар, қандай əсем,
Желтоқсанда, қаңтарда, ақпандағы.

Таң нұры маңдайымнан сүйіп мені.
Күн нұрын жасыра алмай, биіктері.
Сайында елік қашып, ышқырынып,
Қырында шөп оттап жүр киіктері.

Бағдарлап дүрбі салып бар шаманы.
Аң-құсын жасырады аршалары.
Астымда қара төбел азынайды,
Бұлқынады білінбей шаршағаны.

Ит-құстар қарда ізін шимайлатқан.
Қара түнде жол тарттым тумай ақ таң.
Тəңірі бар көкжалдар ақылды екен,
Тау асып жоғалыпты құдай атқан.

Қиянат жасама деп – шариғатта,
Адам үшін жаралды-ау табиғат та.
Бір топ киік қыраттан үрке қашты,
Таң қалып тұрғанымда табиғатқа.

Аңшыға сездіргендей анық жайды.
Емге дәру шау қарға қалықтайды.
Бір топ ұлар үдере ұшып кетті,
Жау көргендей, жүрекке салып қайғы.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Атымды жетектеп ап, жетегіме.
Таудың түстім ақырын етегіне.
Алдымнан сұлу елік тұра қашты,

Сенетіндей қуалап жетеріме.
Қасымда ағам еді білікті, епті.
Тау заңын ұғынбаппын, біліп кепті.
Табиғатқа тамсанып тұрғанымда,

Бір шілді, бір қаршыға іліп кетті.
О Жаратқан,
Пендеңді кешір енді.
Тауып жеймін бұйырған несібемді.

«Қасқыр» болу жат маған «Тағы» болу,
Алдыңнан тартып жейтін несібеңді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

МАМЫРДА ЖАУҒАН ҚАР

Мамыр айы,
Қыс па, күз бе білмедім.
Күнім салқын, қара суық түндерім.
Мамыражай майда жауған ақ қардай,

Сүреңсіз боп өтіп жатыр күндерім.
Бұл табиғат неге сонша құбылды,
Ей адамзат жоғалттың ба құныңды?!
Құдайымның жазасы ма деп қалам,

Мамырдағы қарды көріп бүгінгі.
Жатыр ма әлде оразада қарасып,
Қою бұлттар көк аспанға таласып.
Пенделерім шөлдемесін деді ме,

Ыстық күнде қаталар деп, жаны ашып.
Қарғанбайық,
Бұл да «Жаза»- демеші.
Бір Алла ғой барша әлемнің егесі.

Сол Алланың әмірімен баршаны,
Сақтап қалған, Нұқ пайғамбар кемесі.
Көрсең дағы өміріңде мұң қайғы.
Медет сұра Тәңір ұлық, тыңдайды.

Біле білсең, бұл жалғанда шөп басы,
Бір Алланың әмірінсіз сынбайды.
Ауа райын түртті екен не «Түлен»?!
О табиғат,

Бұлқынбашы өтінем.
Барлық нәрсе болса екен, тілегім,
Алла өзі жасағандай, ретімен!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЕСІМХАН ОРДАСЫ

(Төрткүлтөбеде туған ой)
Билік айтқан билер қайда
Күлтөбе?
Дат сұрайтын Хандар қайда,

Күлтөбе?
Уақыт ұры тарихыңды ұрлады,
Бір төбені жалғастырып бір төбе.
Көкбөрінің ұрпағымыз, ұранды.

Көк туына символ еткен қыранды.
Мұсылманбыз,
Алла- деп сөз бастайтын,
Құрметтейтін құдайы мен құранды.

Ғалымдардың сөзін хаттап дәлелді,
Тарих тағлым үңілейік ал енді.
Скифтерің Ахилес пен Аттила,
Сақтар еді- жаулап алған әлемді!

Байтақ елсің,
Өз-өзіңе егесің!
«Мемлекеті болмаған ел» – демесін.
Сол ауылда туған едім, зерттелер,

Хандық құрған,
Еңсегей бойлы ер Есім!
Түркілерім,
Түркі жұрты қорғаның!

Жоқ қой сенің қорғанатын орманың.
Бір көршіге «Дан» төлетіп, біріне,
Салдырған ең, алып қытай қорғанын.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Әлі де болса Қазанатты ерттейік.
Қасымызға қас-дұшпанды ертпейік.
Саяси да, тарихи да жаңғырып,

Тегімізді, түбімізді зерттейік.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

СУРЕТТЕГІ СЫР

Қураған тал,
қаусап тұр егістегі.
Тар жол тайғақ жолдарың тегіс пе еді?!
Жапырағы шықпайды, гүл атпайды,

Әлде қашан таусылған жемістері.
Тағдырға ұқсас бейне ғой, суреттегі.
Бұтақтары қақырап, күйреп тегі,
Көз ұшында жас ағаш жайқалады,

Шешек атып, таушалап түйнектері.
Күн батуға таяу шақ, ай қабағы.
Жер ана,
көк майса шөп жайқалады.

Дегерез,
бидай ма әлде, арпа ма екен,
Қылтиып әрең-әрең байқалады.
Түнеруге шақ қап тұр қара аспаны.

Жаңбыр төксе шаруаға қарасқаны.
Көңілімді босатты, сол ағашқа,
Ақша бұлттың сән болып жанасқаны.
Ақша бұлттар,

Көз жасын тұсап бәрін.
Сол ағашқа ашып тұр құшақтарын.
Тоналған кәрі ағашты жұбатады,
Ақ мамыққа орап ап бұтақтарын.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Кәрі талым шапанын іздегендей.
Мына жұтты қарашы, күзде келмей.
Көктем желі қозғайды бұтақтарды,

Жапырақтың сыбдырын іздегендей.
Бұл суретті айтады елес деп кім?!
Бір Алланың әмірі емес деп кім?!
Жапанда жалғыз қалған талды көріп,

Кейбір жанның тағдырын елестеттім!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ТАБИҒАТ ТЫЛСЫМЫ!

Баяу атты ақ таңым, еріншектей.
Түсте бұлт торлады, келімсектей.
Ауа- райы өзгерді, күліп-жылап,
Сан құбылды,

Сан құбылды көңілшек келіншектей.
Тылсым дүние,
кім қалай ұғынады?!
Ауа-райы неліктен құбылады?

Ақша бұлттар көз жасын сығып алып,
Күннің нұрын жауып тұр шұғылалы.
Кеш батты,
мұңданып тұр кеші неге?

Таңғы шуақ келмей қап, есіме де,
Арудың көз жасындай сеуіп өткен,
Ақ жауынды баладым, несібеге!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӘЗ НАУРЫЗ

Қылтияды қар астынан шөп басы.
Еріген күн Самарқанның көк тасы.
Әз Наурыз құтты болсын мерекең,
Болсын аман әр шаңырақ, отбасы.

Таңым атты арай шашып, ағарып.
Көктем айы, жан дүние жаңарып.
Әз Наурыз, жылдың басы қош келдің,
Әрбір үйге сыйласыншы жаңалық.

Ерте тұрып, таңмен бірге таласып,
Әжелер жүр камзолдары жарасып.
Аталардың шапандары әдемі,
Бүлдіршіндер асық атып, таласып.

Киіз үйлер бой түзепті ақшаңдақ.
Бұл құтты күн,
Түркі елінде асқан бақ.
Ұлыс тойын мерекелеп жүрмін мен,

Көңілім шат, мерейім бір аспандап.
Қазақпын мен, тура сөзге тоқтаған.
Наурыз көже, ешбір елде жоқ тағам.
Қайта оралған мерекеге қайыр бер,

Жетпіс жылда тоқыраған, тоқтаған.
Ұмыт қалған,
Ұлыс күнім, мерекем!
Бақ таймасын,

Кетпесінші берекең.
Қазағымның еңбегіне қайыр бер,
Уа ағайын,
Құтты болсын мерекең!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

НӘЗІК ЖАНҒА ӘР КҮНІ

ГҮЛ СЫЙЛАЙЫҚ

Қар жауса да көрсетіп өктемдігін,
Келгендей ма, жаз емес, көктем бүгін?!
Сағыныппын, балдәурен бал күнімді,
Жотада теріп өскен көктем гүлін.

Гүл ғұмыр,
Неткен қысқа, аты жалған.
Ақ таңдар, нұр сыйлашы атып алдан.
Кәрі әжейдің жасындай ғұмыр берші,

Гүлдерін саудаласпай сатып алған.
Қар көңіл басылар бір, борап алып,
Айнала ақ мамыққа оранады.
Шоқ гүлім аязда үсіп қалмасын деп,

Келемін шапаныма орап алып.
Алланың әрбір күні берекелі.
Гүл сезім тынысыңды кең етеді.
Нәзік жанға әр күні гүл сыйлайық,

Күтіп жүрмей бір күндік мерекені!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҚАРА КҮЗДЕ

Қара күз, көкте тұман тұншығады.
Белгісіз енді қашан күн шығады.
Қара тал жапырағынан айырылып,
Жел тербеп, бір-біріне ұмсынады.

Сырғып жатыр уақыт құм сынағы.
Жел тербеген жас қайың қымсынады.
Қарағай мен шырша тұр безірейіп,
Əсер қылмай суық жел шымшығанын.

Қала іші, адам тоңып қалтыраған.
Көлшікке мұз қатыпты жалтыраған.
Тоңдырып жылуыңды ұрласа да,
Күз мезгіл қатты ұнайды жалпы маған.

Будақтатып түтінін көліктері.
Мазасыз ба шопырлар көліктегі?!
Қара күз ұрлап алып кетті ме екен,
Жаздағы басылған ба желіктері?!

Қар жатыр, шөп үстінде қатқақтаған.
Оранды ма ақ қарға аппақ далам?!
Күзде келген қүрең күз сезімімді,
Жүрегімнің түбінде сақтап қалам.

Күрең күзім мен үшін аппақ ғалам.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӨМІР ӨЛЕҢ!

Берейінші күзді мына суреттеп.
Қысыңа да жеткізетін сүйреп кеп.
Жапырақ та тағдыр тағылым сияқты,
Жерге түсер ирелеңдеп, билеп кеп.

Бұл жапырақ баламасы тағдырдың.
Жайқалдың сен,
Жас жапырақ сән құрдың.
Күз келгенде сабағынан үзілген,

Өмір деген,
Тап осылай жан құрбым.
Шабытымның бітелмесе бұлағы.
Талай-талай өр өлеңдер шығады.

Өлең ғұмыр,
Жан- жарамды емдеуші,
Ақындардың астындағы пырағы.
Сөнсе дағы адам, ғұмыр, шырағы.

Игілігі шежіреде тұрады.
Жын өмірден, шын өмірге баратын,
Пенделердің сонда дейді, тұрағы.
Тағдыр салып алса дағы тезіне.

Тыңда құрбым,
Құлақ салшы сөзіме.
Адамзаттың тек есімі қалатын,
Өмір деген,

Абыз жазған шежіре.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЖАҢБЫРЛЫ ТҮН!

Қала мұңды,
Түнеріп тұр, жаңбырлы.
Таң да атпады жылап, сықтап таң құрлы.
Мұңлық-Зарлық ертегісі секілді,

Еске салып аянышты тағдырды.
Жаңбырлы түн,
Жаңбырлы таң, бір түнек.
Арасында саябырсып, сіркіреп.

Қала түні боздайды кеп, аһ ұрып,
Айналшықтап қала маңын жүр, түнек.
Қайың ағаш қалтырайды сүлдері.
Тербеледі, күйі кетіп күндегі.

Мұңын шағып, жылап жатыр ақ жауын,
Егіліп тұр сырын айтып, түндегі.
Өңі кетіп жаз жайнаған, шырайлы,
Жапырақ та сыбдыр-сыбдыр жылайды.

Кәрі шырша мойымай бір тұрғанмен,
Оның дағы көңілі бос сыңайлы.
Қала марғау, тыныстап тұр тіршілік.
Тұманды түн түнеріп тұр, тұншығып.

Көк жүзінен найзағай да жарқ етіп,
Қабақ түйді күңіреніп, күрсініп.
Суық бүркіп жаңбырлы түн қаланы.
Дала мұңды,

Жасаурайды жанары.
Қолшатырдың панасына тығылып,
Бір мұңлық жан ойға батып барады.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Өлең ғұмыр,
Жаратылыс үндесіп.
Тамұқ күн де, жарық күнмен күндесіп.

Өмір солай,
Бақ пен сордан жаралған,
Кезек- кезек жүретұғын күн кешіп.
Қамықтырды, мұң, зар сыйлап қара түн.

Құс кептіріп қаққылайды қанатын.
Ақ жауынды бойжеткенге баладым,
Көздің жасын төгіп- төгіп алатын.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АЯЗДЫ КЕШТЕ

Түрі солғын,
Жүзі жүдеу, қартаңды.
Кейбіреуі қағып менің арқамды.
Мүсәпір жан менен қайыр сұраса,

Аямаймын,
Қағып берем қалтамды.
Қалі мүшкіл бір адамды, мүскінді.
Кездестірдім,

Дала аяз, түшкірді.
Шалынысып құлап қалды, көтердім,
Ол да менің қағып жатыр үстімді.
Қара суық, қала кеші салқын- ақ.

Жұпыны екен киімі де, қалтырап.
«Телефоның болса қоңырау соғайын»,
Деді маған-сәлемімді салқын ап.
Алыс жерден- деп ойладым-ауылы.

Қалтырап тұр, аяз қапқан ауыны.
Телефонның аржағынан аптығып,

– Қазір келем, күтші – деді бауыры.

Сұрамадым,
Сұрамадым арғысын.
Қолым тоңып, төмендеп тұр қан қысым.
Қалт-құлт етіп, иегі оның кемсеңдеп,

Жүріп кетті айтты дағы алғысын.
Айналаға нұрын сеппей шуақтап,
Кер заманда кімді, кімдер жұбатпақ?
Күтіп тұрған көлігімнен адастым,

Телефонды алмаған ем қуаттап.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Қайта кіріп, шыққан жерге именіп.
Жылынғандай болдым жылы үйге еніп.
-Бір қоңырау соғайын- деп, өтіндім.

Әлгі жанның жағдайындай күйге еніп.
Ибалы екен,
Жүзі жылы, ақылды.
Сол қарындас, сұрамай ақ атымды,

Қуаттайтын құрылғысы басқа екен,
-Ия аға- деп, жылдам такси шақырды.
Жасап жүріп өзге адамға қайырым,
Сабақ алып мен рухани байыдым.

Бір адамға көмегімді жасасам,
Аяғында, Алла берді қайырын.
Тиыным бар, шүкірмін ғой қалтамда.
Жарымаған жан емеспін талқанға.

Қасиетімнен айырма деп, тілеймін,
Бір Алладан медет сұрап әр таңда.
Көмектесіп жас буынға, қартаңға.
Бауырларым, айналайық қалқанға.

Адам болып өтсем егер өмірден,
Ол жеңісім,
Әке, сенің арқанда.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Бәле қуғым келмейді, жала қуғым.
Демеймін жұрттан ерек, дара тудым.

Бірін- бірі талауға құмар қазақ,
Жөнін де біледі ғой қарасудың.
Бұған дәлел, апат та Арыстағы.
Халқымның от тажалмен алысқаны.

Қазағым ояныпты, басымды ием,
Ағайынға мың алғыс алыстағы.
Айтпаймын,
Ерлігің көп, бір мұныңды.

Түзейтін күндер жақын тірлігіңді.
Үй сыртында адам бар, оны да ұғын,
Шайқалтуға ұмтылған бірлігіңді.
Сабыр керек,

Оңалар тірлігіміз.
Нығайып келе жатыр бірлігіміз.
Мәшһүр бабам айтқаны рас болса,
Бақытқа кенелерміз бір күні біз.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АРЫСТАҒЫ ЖАРЫЛЫС

Шайырлар көп жанашыр жыр арнаған,
Қазақ едік,
Қаскөйлікке бармаған.
Ауған асқан снарядты сақтапты,

Бұл биліктің тірлігіне таң қалам?!
Ұлан ғайыр далам жатыр, жазық көп.
Түбіне де жетер билік, қазып кеп.
Семейдегі полигонды тыйып ек,

Арыс шықты,
Біз не үшін жазықты ек.
Жаба тоқыр жандарға айтсам жауырын,
Ескерткенде бір депутат бауырым,

Құлақ түрер, біреуі де болмапты,
Бейбіт күнде бомбалатып ауылын.
Құл сана ма,
Әсері ма бодандық.

Кеңес қажет,
Жұртты жинар қоғамдық.
Сау күніміз, снярадтан шошыған,
Қалам анау, ақ тұманға орандық.

Болса егер,
Өлеңімде албырттық.
Кешір қазақ,
Бар ғой бізде салғырттық.

Жат тірліктің боданынан босаңсып,
Бізден жәй- жәй кетіп жатыр мәңгүрттік.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Қыздарымыз қандай біздің жүректі,
Ұлдарым жүр,
Ақылы зор, білекті.

Бірлігің мен тірлігің тұр үндесіп,
Жүрегіме жылы сезім түнеттің.
Мысал етіп жатқаным жоқ бір мұны.
Бірлігіне ұмтылып жүр, бір-бірі.

Мәшһүр айтқан тыныш күндер келеді,
Бір Алланың әмірімен бір күні.
Кеңесары арман еткен шақтарым,
Әл-ақ атар арайлаған ақ таңың.

Бауырлардың тірлігіне елжіреп,
Ел жұртым жүр сүрте алмай жастарын.
Құдайымда жатыр бізге қарасып,
Билігің де жүгіріп жүр таң асып.

Өкіметте қарап қалмас ағайын,
Бір-біріңе жатырсың ел қарасып.
Бұл жырыма сөге көрме тек мені.
Мынау апат,

Өмір- сынақ мектебі.
Қазағыма бақ- шадыман күн бер деп,
Бір Алладан тілейікші көктегі.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АЛЛАНЫҢ ӘМІРІМЕН…

Өкпелеп қайда барып сиясың ел.
Көз жасың көл болса да тиясың ел.
Кешегі Алаштардың рухы қолдап,
Хаттары бізге жеткен сия сіңген.

Тегінен кеткен жоқ қой, Алаш тайып,
Мәшһүр айтқан күн туар, адаспайық.
Төңкеріс деп төңтеріс болып жүріп,
Кетпесінші бір күнде Алаш ғайып.

Дос дұшпаның саралап сыңайыңды.
Күніңді қор,
Тұл етер мына айыңды.
Патша деген Алланың аманаты,

Патшаны сүй,
Сүйгендей құдайыңды.
Бақ тарайды ұлына баталы елден.
Қазағым ерек шықты қатар елден.

Тегіне үңілсеңші текті ұрпақ қой,
Үш жүзге бабалары бата берген.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЖАННАТТЫ ЕТЕДІ ЕКЕН АМАЛ ҒАНА

Жаннатты етеді екен амал ғана.
Бір күндік тірлігіңді амалдама.
Сәт сағат өмірің бар пендесің ғой,
Ол да пенде, адамды жамандама.

Амалын Алла білер, амалдама,
Жұрттан ерек ақылың санаң ғана.
Сені көкке көтеріп, жығатын да,
Сол құдайың жаратқан адам ғана.

Тілесең Алла берер тілегіңді.
Табатын Құран ғана бір еміңді.
Адамнан тілегеннің көзі шығар,
Е Алла иманды етші жүрегімді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЖАЯУ ЖҮРІП ҚАЛАНЫ АРАЛАДЫМ

Қу тіршілік жүгендеп саналарын.
Жұрт барады тізгіндеп қара нарын.
Шомылып қалың ойдың құшағына,
Жаяу жүріп қаланы араладым.

Кешқұрым, ғаламат бір күйге еніп,
Бұл күзді екеуміз де сүйген едік.
Сол бір сезім ғарышқа алып ұшты,
Жеткенімді білмедім үйге келіп.

Көкке самғап ұштым мен қанат жырдан.
Шабыт сені күтумен таң аттырғам.
Бұл өлеңге әсері болғаны ма,
Ескерткіші Абайдың қарап тұрған.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛАМ

Шымқала неткен керім шырайлысың.
Берекелі мекенім, шырай мүсін.
Дала менен тауларың астасып тұр,
Туған қалам мұншалық ұнаймысың.

Ну бағы жайлап жатыр сай-саланы.
Мәуелі алма бағы жайқалады.
Таудан соққан самал жел жанды баурап,
Таза ауада көңілің жай табады.

Алатаудың етегі,
Ауыл жаны.
Құлын байлап, идіріп сауындарын.
Баубақшаның кәсібін игерген жер,

Өсіріп қарбыздарын қауындарын.
Күлкісіндей сұлудың жүзіндегі.
Сұлу қалам үшінші тізімдегі.
Көздің жауын алады қызғалтағы,

Мәуелі ағаш, самсап тұр жүзімдері.
Жемісіңнің түрі көп, бақта бәрі.
Ақ алтын деп аталған мақталары.
Өнерлілер ордасы асыл өлкем,

Тектілермен, тегімен мақтанады.
Қонағына жайылған асқан асы.
Сан мың ұлттың мекені баспанасы.
Көнелердің көзіндей Түркістаным,

Қазағымның рухани астанасы.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Мен бүгін жырымды айтып ақтарылдым.
Кезі өткен жер, балалық шақтарымның.
Кие қонған құт мекен тап осы жер,

Түмен мен Арыстандай баптарымның.
Ерге сын, елі жайлы білу дерек,
Туған жердің қадірін білу керек.
Өмірге бір келесің,

Сол өмірді,
Қолдан келсе Шымкентте сүру керек.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЖҮРЕЙІК ҚИНАЛҒАНҒА КӨМЕКТЕСІП

Үркітіп жіберген бе, түлен түртіп?!
Бір жақсылық алдымнан жүрем күтіп.
Тағдырдың тоқпағына шыдап келем,
Сан рет жіберсе де ренжітіп.

Мүмкін әлде болды ма кінә менен?!
Жығылсам да қасқайып тұра келем.
Ешкімнен аямағам көмегімді,
Қолымнан келер затты сұра менен.

Қақ тұрып,
Алай- дүлей сең соқса да.
Жаманға көңіл бөлме, селсоқ қара.
Жақсылық ет пендеге, қолыңды соз,

Өзгеге көмек бермес селсоқ қана.
Жақсылығың аманат, ол ертеңгі.
Көрмей кеткен жандар көп, сол ертеңді.
Қиналғанға қамқор бол, сол бір ғаріп,

Бәйтеректей сая етсін көлеңкеңді.
Беретін Алла ғана, жолыңды оңдай.
Кері кеткен кей іске көңіл толмай.
Өзгенің өтінішін шеше алмасам,

Жасимын жүргендейін жолым болмай.
Өмір ай,
Арпалыс ай, алыстырған.
Ақ пен қара жолақтар шабыс құрған.

Сабақ етіп, жаманнан жирендірген,
Жаны жайсаң жақсымен таныстырған.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Жазамын деп жазбаймын, жазарымды.
Жырымменен тербейін қазағымды.
Шүкір деп пешенеме бұйырғанға,

Базарлап жүрмін мен де базарымды.
Арман аққу самғайды, армандайын.
Талпынбасаң тірлік жоқ болған дайын.
Күн боп жүргім келеді шуақ шашқан,

Жақсы жандар кезіксін алдан дәйім.
Тұрлауы тарам-тарам бір ақ күндік,
Мансабыңның буына алданбайын.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚ

Әйтеуір бір өкпе-наз барша адамда.
Шынында қу тірліктен шаршаған ба?
Аянышты халдері, нөпір жұртым,
Жетеміз ба деп жатыр, аңсағанға,

Шынында мына жұртым шаршаған ба?!
Қара жер дүмпуіндей, дүбірбелеңнен,
Ауық- ауық шерлі жұрт күңіренген.
Кешегі ерлер қайда басу айтар,

Батасын неге алмайды, бүгін елден?!
Мәселе көп білемін, қордаланған.
Айырылып қалмайықшы, қолда бардан.
Ана менен баладан аяған пұл,

Құрып неге кетпейді одан әрман.
Бір кем дүние,
Несіне өкпелісің?
Жаңбыр болып сілкінсін, көк төгілсін.

Қадіріңді түсінер перзентің ем,
Ана жүрек,
Жерде емес, көктемісің.
Ұғынбай ақ

Атаулы көмегіңді,
Он бір бала бейнеті, көне білді.
Тауқыметін көтеріп, жөнеп кетті,
Жадына сіңіріп ап өлеңімді.

Өркендету үшін де өнеріңді,
Баптап тұру керек қой өреніңді.
Билік те бөтен емес, өз балаң ғой,
Ал халқым,

Тоқтатайын өлеңімді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ХАЛҚЫМА БАЗЫНА...

(өртке оранған бес сәбиге аза тұту)
Іздейміз ау кінәлі кім, табалық,
Тумаса да жақпайды,
Туса да арып...

Ақпанның аязына тоңдырар деп,
Періштелер әкетті ау, қымтап алып.
Бес дана жан,
Бес жұлдыз ағып өткен.

Қандай белгі берді Алла, тағы көктен?
Қайда жүрсек Қорқыттың көрі шығып,
Құтыла алмай қойдық қой «нағылеттен».
Қайғыратын күнің бұл,

Жыла ғасыр.
Неше нәубет көрсең де, шыдағасың.
Кешегі Кеңесары аңсап кеткен,
Дат айтатын кезің бұл,

Мына ғасыр!
Қойыртпақты көп ойлап, қорытқанша,
Жемтік іздеп сабылар, жорық қанша?!
Тәубә деп,

Тәубесіне сенген Қазақ,
Оянбайды бәлеге жолыққанша.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

КҮНШІЛДЕР- АЙ!

Күншілдер ай,
Кінәмшілдер, күншілдер!
Күндессің бе,
Кәпірсің ба, кімсіңдер?

Жаза басып, орға біреу құласа,
Оған күліп жүрсіңдер.
Күншілдер ай,
Кәпір емей кімсіңдер.

Тағдыр тағылым,
Көп қой оның сынағы.
Бүгін біреу қара басып құлады.
Мысқылдама, құлаған жан бір күні,

Басыңа кеп таяқ ұстап тұрады.
Әркімнің ақ, бәле қағар есігін.
Шын сұрасаң, Алла да етер кешірім.
Өкпең болса, кешіре сал үндемей,

Дүйім жұртқа жарияламай, есімін.
Қазағымның, осы міне «Кеселі».
Өкпе назды ұмытпапсың кешегі.
Табалама,

Кешірімшіл болсаңыз,
Алла ұлық,
Бар күнәңді кешеді.
Бұралаңды өмір мына, жарқабақ.

Кешіре сал,
Сонда шерің тарқамақ.
Ғайбаттайсың, жетер енді біреудің,
Кетпей тұрып бар кінәсін арқалап.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Ерек тұрар ерлер биік санамен.
Жақсы жанға мен өзіңді балап ем.
Жарым жасың жер ортадан асқанда,

Бала болып, кеткенің не баламен?!
Елің мынау,
Сөз айтсайшы келелі.
Жамандығың өз алдыңа келеді.

Жақсылық пен жамандығың өлшеулі,
Қайтарымын Алла өзі береді.
Жалған дүние,
Күйін күйттеп құнсыздың.

Сол үшін де күндемеймін, үнсізбін.
Тайталаспай тыныш жүрсең жайыңа,
Жағаңызды жыртар еді, кім Сіздің?!
Біреу саған, көрсетсе егер арқасын,

Бар кінәні соған сойып артасың.
Өлшеулі өмір,
Бақ та, сор да өзіңнен,
Өз жазаңды өзің ғана тартасың.

Ер көтерер болса дағы қандай сын.
Жұртты қарғап жақсы атақ алмайсың.
Орыстарда керемет бір мақал бар,
«Табалама – табалы боп қалмайсың».

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ШАБЫТ ҒҰМЫР

Шабыт ғұмыр,
Кетер кейде шарықтап.
Алар кейде, шапалақпен салып қап.
Адам жанын жасытар ол құдірет,

Шарықтаған шабытыңды алып қап.
Қолбала емес жетегіңе еретін,
«Шабыт-пырақ», – жел естіріп желетін.
Шабыт бірақ ұзатылар қыз емес,

«Шабыт – келін», төркіндетіп келетін.
Шабыт тасқын, ырық бермес өткелге,
Тау суындай таситұғын көктемде.
Шабыт келін,

Кететұғын төркіндеп,
Қайта оралып келетұғын кеткенде.
Шабыт күнің көктен нұрын төккенде,
Қызғалтақ жыр,

Жайнап тұрар көк белде.
Шабыт деген жыл құстары сияқты,
Қайта айналып оралатын көктемде.
Сынақтарға шыдай алмай, көптеген.

Бұл ағаң да жазған талай, «Өкпе өлең».
Жыр жауһарын төгіп-төгіп жіберер,
Серттесейік жазамыз деп, – «Текті өлең».
Табиғат та жоғалтпаған бағытын,

Күн артынан алмасады, тағы түн.
Таңғы шықтай мөлтілдесе жанарың,
Оралып кеп жұбатады, шабытың.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Ақыным ау,
Жабырқама, мұңайма.
Пейіліңді көріп тұр ғой, құдай да.

«Шабыт» атты «Періштені» құрметтеп,
Мың тағызым етейікші Құдайға!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӨКПЕ ЖЫР

Жандар құмар болған ба, күйе жағып,
Өр сөздің кеткені ме ме киесі ауып ?
Әкемнің ағаттығын кешіретін,
Анам да,

Келгеннен соң бие сауып.
Жандарға – «Бие сүті көп пе?» – дейтін.
«Несібесі жылқының шөпте» – дейтін.
Жайраң қағып үйіне оралатын,

Бие сауым сәт қана өкпелейтін.
Құлын жыр.
Қарап тұрсың несіне, шын,
Бір күні сен де мені кешіресің.

Апамның сауып келген шелегінен,
Құлынның ішіп жүрген несібесін.
Топырақ шашатындар көпке бүгін,
Қараса екен жайына өткенінің.

Жолың болмай жүрсе егер,
Тобаңа кел,
Ұнай қоймас жала сөз көпке мұның.
Жақсылық та,

Жамандық қайтарымды.
Жарыстырма тұлпармен, тайқарыңды.
Өр мінезді болсам да өкінемін,
Айтып айтып алған соң, айтарымды.

Көңіл неге жасыды,
Неге сұлық?
Бірақ, құнсыз ғаламның, егесі ұлық.
Тәмсілді көп ойлаймын, ізі қалған,

«Тақтайдан суыр» – дейтін, шеге сұғып.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Тұлпардың жүйткігенде белі талып.
Қыран құс қалықтайды, мойны ғаріп.
Адамның осал тұсы сол емес пе,

Бір ауыз сөзден қалар, көңілі қалып.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЕШКІМДІ...

Бір сезім тұнып іште,
Шеріндей ұлы Абайдың.
Қайғым да мұңым іште,
Ешкімді сынамаймын.

Алдандым Ібіліске,
Қол жетпес сұрап айды.
Қымбаттың құны іште,
Ештеңе сұрамаймын.

Береді пейіліме,
Бермесе бар ма амалым.
Көнсем де мейіліне,
Сұрауға арланамын.

Өтірік арсалаңдап,
Өтірік жымия алман.
Күні үшін баршаны алдар,
Қорқамын змияннан.

Тік мінез жолды байлап,
Шырмалды шынайы үміт.
Түбінде арды ойласаң,
Жеңеді шынайылық.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҚОНАҚ КЕЛСЕ ЕКЕН ДЕП

КҮТІП ЖҮРЕМ

Қос қарлығаш келді үйге жүзі мұңды.
Түн ортасы,
Әйелім тыжырынды.
Тыжырынба, қонақты күткін дедім,

Қонақпен ере келген «Қызырыңды».
Ерінесің дедім мен несіне шын?!
Бүгін ренжіп, ал ертең кешіресің,
Кырық күн бұрынырақ жібереді,

Сол үйге, сол қонақтың несібесін.
Қырым еттен ет кессек, қырып алып.
Бірі алдамшы тірліктің, бірі жалған.
Қонағыңа құшағың ашық болса,

Сені де, Аллаң күтер, күліп алдан.
Плитка тұр күйеуің қойып берген,
Шәйіңді бер мейманға, қойып келген.
Сол қазақтың ұлымын,

Дархан болсам,
Жалғыз қойын қонаққа сойып берген.
Әйелсің ғой сыналар ошағыңмен.
Қоса ағар деп айтады қосағыңмен.

Күнде келсін, тап мейлі түнде келсін,
Шын пейілмен қонақты тосамын мен.
Бір ғажапқа жүрегім сенетіндей.
Алла менің пейліме беретіндей.

Қонақ келсе екен деп күтіп жүрем,
Сол қонағым «Қыдыр» боп келетіндей.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ШАҒАЛА...

Ерте тұрып,
Ерте оянып бағана.
Несібем деп, аз бұйрып қала ма?!
Тереземді түрткілейді, қарасам,

Ақ келіндей,
Аппақ ару шағала.
Бір ой келді,
Салмақ салды санама.

Шаңқылдаған шағала жүр қалада?
Бақытымды әуелде мен ұстағам,
Бақыт құсы келіп жүр ау балама.
Бақытыңды деді ме екен бағала?

Дос- дұшпанның айтқанына қарама,
Шаңырағың шайқалмасын дегендей,
Шаңқылдады сыр айтқандай шағала.
Жасыратын жайын айтпай, бұрында,

Қызы бар үй, торуылда қырыңда,
Ырым тиым, сенетін ек бас ұрып,
Орындалып жатушы еді шынында.
О өмір- ай,

Тауқымет-ай, төзген ем.
Дегенің де бола бермес, өз деген.
Құралайым қатар шауып келеді,
Қызқыштайын қорғап келген өзгеден.

Асу алда ауыстырмас тұлпарын,
Белестерде біргемін деп сөз берем.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӨЛЕҢІМ-АУ, ПІРІМ ДЕ ӨЗІҢ, КӨМЕКШІМ!

О табиғат,
Жаратылыс таң қалам.
Шүкір етсе болар еді барға адам.
Қыран болып өтсем екен өмірден,

Айырмасы бар ғой оның қарғадан.
Саябырлап алға деген ұмтылыс.
Ойға батам,
Ұйқы қашқан, түн тыныш.

Тағдырына алаңдаймын баламның,
Дала неге, көше неге тым-тырыс?!
Қадірімді өзім білмей, өзімнің.
Сүрінгенмін, құлаған да кезім мың.

Үміт оты, үмітімді ақтап жүр,
Жетегінде жүрген жанды сезімнің.
Сезім дерті,
Сеңдей соққан кезім мың.

Талай мәрте ес жоғалтып езілдім.
Жұрт жасқанар қайсар мінез бар еді,
Жетегіне еріп кеттім сезімнің.
Өз жанымды неге бүгін ластадым.

Тірлігіне арласпап ем басқаның.
Əр бір жанның жан-жарасы əр түрлі ,
Ал мендегі, жүрегімде басқа мұң.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Жырларым ай,
Мені сүйген, демеп шын!
Шабытым ай,

Қиналғанда керексің.
Тұраласам тұрып кет деп дем берген,
Өлеңім-ау,
Пірім де өзің, көмекшім!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҰЛЫ ТҰРАН ЖҰРТЫНА

Жаңа таңы Түркінің атқан ғасыр.
Тарих шындық шырылдар, ақтарғасын.
Бірлігі ортаймасын Ер Түркінің,
Өр рухы мен намысы тапталмасын.

Баһадүрлер біздерміз,
Батырың да.
Таңнан таңға жырлайтын ақының да.
Атойлап, ат ойнатып шапқан кезде,

Ер Түркінің кеткен жау тақымында.
Елін қырып, қиратқан қалаларын.
Қас дұшпанды жыққан да бабаларым.
Алаш деп, өмірлерін құрбан еткен,

Әлихан, Ахмет, Мағжан қара нарым.
Сәкен, Ілияс, Бейімбет асылдарым.
Найзағайдай жалт еткен жасындарым.
Елі үшін жанын қиған арыс жандар,

Туылатын жүз жылда, ғасырда бір.
Шәкәрім, Міржақыптар, Жүсіпбектер.
Оралар рух болып түсіп көктен.
Мір-Арапты тауысқан әулиелер,

Бекасыл мен Мәшһүрдей Жүсіп те өткен.
Мұхтарлар, Мұқағали, Абайларым.
Қайта түлеп ақ таңдай арайладың.
Атқа қонған елі үшін Махамбеттер,

Шығады әлі,
Дұшпандар абайлағын.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Үш жүз жыл бодан болып адасып тым.
Түркілер бір-біріңе қарасып жүр.
Ақ қошқарды қырғызым құрбан еткен,

Мұхтар сақтап қалғанда, Манас жырын.
Сүйінбай мен Қатаған, қос жырындай.
Біздерді туыс етіп қосты құдай.
Түркі жұрты бір туған, бірігейік,

Шаханов пен Шыңғыстың достығындай.
Жақсылыққа жаны хош, қуанатын.
Елдің қамын жеймін деп туады ақын.
Жасымнан ойға тоқып оқып келем,

Навои мен Омардың рубаятын.
Көкейімде жаңғырып, жыр түледің.
Баршаңмен үндес болсын бұл тілегім.
Түркілердің тұғыры биік болсын,

Қаны мен намысы бір түркілерім.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӨМІР ДЕГЕН...

Өмір деген, бір қуаныш бір қайғы.
Бір сезім бар,
Түн ұйқымды ұрлайды.
Өтіп жатыр, байқалмайды уақыт,

Өмір шіркін бір орнында тұрмайды.
Бұл дүниеде қарап тұрсам қанша мұң!
Көңілінен шықпадым ба қаншаның?!
Тауда туған бала едім,

Аллам-ай,
Сол таудағы жасын берші – аршаның!
Қанша реніш, қанша өкініш, қанша мұң?!
Жасын берші көп жасайтын аршаның!

Сонда ғана жетер ме екем арманға,
Орындайтын өтінішін баршаның.
Кейбіреуі сындырып жүр сағымды.
Кейбіреудің әңгімесі жағымды.

О дүниенің сырын сірә білмеймін,
Осы өмірде тапсам деймін бағымды.
Біреулері, сырын айтып ұнамды.
Біреулері, тауық дейді – қыранды.

Бір Алладан үмітімді үзбедім,
Намаз түгіл,білмесем де құранды.
Өскен ұл ем қадір тұтып қыр гүлін,
Шағынардай емес бүгін тірлігім.

Бұл ғасырда бақ орнаған қазаққа,
Шайқалмасын береке мен бірлігің!

МАХАББАТ,

ДОСТЫҚ –

ГҮЛ СЕЗІМ

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АҢСАДЫҢ БА?

Аңсадың ба,
Жоғалтқан асылыңды?
Неге жасым жанарға жасырынды.
Әр жанға елеңдеймін, есім кетіп,

Кездестіріп қалардай, ғашығымды.
Жан-жараңды тырнайды,
Жүректе мұң.
Жолығуды аңсаймын, тілеп пе едің?

Қай әлемде жүр екен періште ару,
Бұлтқа орап ап түсімде түнеткенім.
Елессің бе?
Естілмей хабарың да,

Жасаурайды жас толып жанарыма.
Күздің суық ызғары, тоңып барам,
Нұр сыйлашы қар жауған қабағыма.
Айым ба едің нұр шашқан аспандағы?!

Жөңке көшкен ақша бұлт, аспандады.
Ақ періштем өзіңе ұмтылсам да,
Жетпейді- ау өмірімнің баспалдағы.
Сен барда әр атқан таң жарықтұғын.

Ал қазір басымдағы ғаріп, – күнім.
Мұңға баттым,
Қасқайып жүруші едім,
Бөрідей, білдірмеген арықтығын.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Көзімнің қарасы ма, ағымысың?
Сен бүгін,
Әлде өзгенің бағымысың?

Сан жылдар үмітімді жалғап келген,
Жанымды сарғайтады сағынышым.
Ырқына бағынды ұлық, жан, сананың.
Жүрегімді мұздатты таң самалы.

Күйбең тірлік күнімді жалғастырдым,
Кезікпеді амал не, аңсағаным.
Ақынның жүрегінен жыр естіріп,
Өмір осы,

Алатын күрестіріп.
Ақ періште батаңды берші маған,
Пәк сезімді жүретін үлестіріп.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ТАҒДЫРЫМНЫҢ ЕҢ КЕРЕМЕТ СЫЙЛЫҒЫ!

Қарашы әне,
Арай шашқан ақ таңды- ай.
Кездесіп ек сол бір бақта, батқанда «Ай»,
Таңның нұры айналаға шашырап,

Несібесін бөліп беріп жатқандай.
Махаббаттың балын татып, ұғынып,
Бір үмітті, жетеледі бір үміт.
Ақ білегің мойыныма оралып,

Құшып тұрдың,
Құшағыма тығылып.
Қызғанып бір, өзге түгіл өзімнен.
Ерініңнен ыстық демің сезілген.

Ерекше бір сезім сиқыр арбады,
Елес болып көрінердей көзіңнен.
Бал сезімнен тәнім еріп балқыдым.
Ыстық леп па,

Отқа оранып, алқымым.
«Тағдырымның ең керемет сыйлығы,
Өзің ғана дей бердім-ау» – алтыным.
Неге,

Қалай,
Бүгін ерте таң атқан?
Дәл осылай атса екен ғой, әр ақ таң.
Пендесіне махаббатты сыйлаған,

Қандай ұлық едің-ау сен, Жаратқан.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Ғашық ғұмыр,
Серттескенбіз – «Сенші» – деп.
«Сүйем – дедің – уәдеңді берші» – деп.

Маңдайыма бұйырған бақ өзіңсің,
Мен өзіңді алып кеткем еншілеп.
Сөге берме махаббатқа массың деп,
Бақыт күнді бұйыруға жазсын тек.

Таңда тұрып, бір Алладан тіледім,
Бір жастықта қартаюға жазсын деп.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЫЗҒАРЛЫ ТҮН

Ерітпейді ау, жүректегі мұздарды.
Нұр-Сұлтанда,
Кеш,
Күн суық ызғарлы.

Жаным менің жалғыздықты сүйе ме?
Тән түршігер ызғарды?
Жүрегімді тілімдеген әр сұрақ,
Содан тыртық із қалды,

Неге бүгін қала түні ызғарлы?!
Күйін ұқтым Біржанның да, Ақанның.
Желмаямен желіп кетсем жаһанды.
Басымды иіп сұрасам да бермедің,

О махаббат,
Неге маған батаңды?
Жұртты жүрсің жетістіріп әлпештеп,
Жырлатасың маған неге жат әнді?

Өр тұлғалы қайсар жігіт едім ғой,
Бүгін сол ұл, жылауық жан атанды.
Кімге, неге қапа болдым, кектестім?
Ыза-ашумен арманыма жетпеспін.

Алтын басты бағаламай кетеді,
Есектері судан өтіп кеткесін.
Ол дүниенің бары егер рас болса,
Қыл көпірден қалай жаным өтпексің,

Бұл өмірде бақыт таппай жүрмін мен,
Нағыз өмір бар дейді ғой, көкте шын.
Барым осы, мең зең күйде жүрмін мен,
Өлеңіне артып қойып өкпесін,

Мені жұртым сөкпессің.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЖҮРЕГІҢМЕНЕН БІРГЕ

СОҚСЫНШЫ ЖҮРЕГІМ

Махаббат шіркін, алыстап менен кеткен бе?
Ғашық едім мен, гүл бүршік жарған көктемге.
Жүрегім жалғыз, өмірім сырғып өтуде,
Қол бұлғап қалып кеткендей сол қыз, көк белде.

Романтика ма, романы неге таусылған?!
Сол күйің қайда,
Сол биің қайда Маусымжан.
Өзгенің отын түтетіп жаным кеттің бе,

Бұлақтың үні естіліп əсем даусыңнан.
Қалғаны бақ па,
Қалғаны жай бір құмарлық.
Шын сезім бар ма, серт беріп сөзде тұрарлық.

Жүрегіңменен бірге соқсыншы жүрегім,
Өзіңмен бірге тағып ап кетші тұмар қып.
Сол күндерім -ай талабы биік таудан да.
Себелеп жауын, қыс келіп ақ қар жауғанда.

Көкке телмірген «Тағының» күйін кешемін,
Ақша бұлт жөңкіп, дөңгелеп айым ауғанда.
Өз отымды бүгін, жансын деп өзім көсеймін.
Сезімім сел боп, сезімтал болып есейдім.

Ұмытылған менің сезімімді жаным қайтаршы,
Сағынып келші,
Жолыңа шоқ гүл төсеймін.
Бала едім ғой мен, өртенген сезім шоғына,

Мен бүгін жаным, есейдім.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ПЕРІШТЕ ҚЫЗ

Періште қыз тербетші түсімдегі.
Көп жандар мені сендей түсінбеді.
Оянып кете берем, кінәләма,
Сені қимай жүргенім үшін мені.

Қайтемін, қымсынып бір, ақталып та.
Көрген түс көкейімде сақталып па?!
Хор қызы өзің, ақ бұлттан жасап алған,
Жымиясың оранып ақ мамыққа.

Сені талай ақының жыр етеді.
Кұшып жатып түсінде түнетеді.
Арман ару өзіңді аңсауменен,
Жылдар жылжып,

Ай жылжып,
Күн өтеді.
Өлеңімді сәбидей құндақты еткен,
Арнап тұрып өзіңе жырлап кеткем.

Сол періште ақ бұлтқа орап алып,
Сезімімді өзімен ұрлап кеткен.
Айтпасымды айттырдың, айтар жайды.
Сезбеймін деп жүрек те айта алмайды.

Өзіменен меншіктеп алып кеткен,
Сол сезімді,
Сол ару қайтармайды.
Жоғалғандай ғайып боп, кеше кетіп.

Аһ ұрғызып, қайғымды еселетіп.
Сүйе алмай жүргенім сол көп аруды,
Сол періште кеткен соң мешел етіп.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

БАЛА МАХАББАТ

Бала күндер,
Бала сезім, сырласып,
Сырттай ғашық болу қандай, мұңдасып?!
Орта жасқа келгенінде адасып,

Сол шақтарын іздеп жүр ау бір ғашық.
Егіздерің еркелеп жүр төріңде,
Жүрек кейде беріледі сезімге.
Жігіт болып ұлдарым жүр, япырмай,

Келін алар күнім жақын менің де.
Жанымызды түйреп жандар, таптанып,
Бала сезім санамызда сақталып.
Сен бір отау,

Мен бір отау беу дүние ай,
Екі жаққа кеткен едік, аттанып.
Бала көңіл,
Бала сезім қалғаны,

Күндеріміз ашық болсын алдағы.
Екі қайық екі бөлек жүзеді,
Ескекшінің екі бөлек арманы,
Өткен күннің еліктірген елесін,

Елестетіп жүру сол ақ, қалғаны,
Құдайәзір баянды етші бағымды,
Бұл пенденің бітер ме екен арманы.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҒАШЫҚТАР МЕКЕНІ

Шабыты шарықтады қанат жырдың.
Таза ауада тыныстап таң аттырдым.
Асқаралы Алатау шыңдарына,
Көзім тоймай, сүйсініп қарап тұрдым.

Ақындардың жүзіне шырай тұнған.
Қайда екен сол, хәлімді сұрайтын жан.
Алматы ғашықтардың мекені еді,
Олар жайлы ән туған, жыр айтылған.

Өмір өзен,
Ырқына бағындырды.
Іздедім елес болған сағым жылды.
Алматыда кезіккен Көкше қызы,

Еске түсті,
Аңсатты,
Сағындырды.
Алланың бұйрығы ма, өктемі ме.

Сол көктем оралмайды,
Кеткені ме?
Алатауым күрсініп тұрғандай ма,
Сол арудың ғайып боп кеткеніне.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

КҮЗДЕГІ ЭЛЕГИЯ

Қандай мұңды, қандай нəзік күз деген.
Бір керемет мұңға батам күзде мен.
Неге сонша сезімді боп жаралғам,
Шын бақытын өмір бойы іздеген.

Жалғастырып күнді түнім, түнді мұң.
Өлең ғана дем береді, шындығым.
Жұлдыздарды санап жүрген бала едім,
Киіз үйдің түріп тастап түндігін.

Сүйенетін жанды таппай, тірегін.
Аңсап кімді ауырады жүрегім?!
Е құдайым кешіре гөр пендеңді,
Өмір сынақ,

Сынап жүрсің білемін.
Сырлас таппай сырласатын, жүрегім.
Іштей тынып, мұңға батып жүремін.
Көңілімді жабырқатты жалғыздық,

Таба алмадым, бір емін.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АЯЛДАМАДАҒЫ ҚЫЗ

Қарапайым күртешең бар үстіңде.
Капроның аяғыңда, үстің бе?!
Тоңып бара жатқандай боп көріндің,
Аялдама, автобустан түстің де.

Жұпыны еді киімің де, үстіңде.
Мен де жаяу, жай киім бар үстімде.
Жай ғана ердім, гүл алатын ақшам жоқ,
Сол автобус,

Аялдама,
Түстім де.
Сырым менен жырым қалды, айта алмай.
Соңыңда ұзақ жүргендігім, байқалмай.

Қала түнін жаяу жүріп келемін,
Өзім мінген автобуспен қайта алмай.
Таба алмадым сол дертімнің бір емін.
Бақыт күнім,

Аңсап кейде жүремін.
Сезбедің ау мені сол күн соңыңда,
Ұстап алып келе жатқан жүрегін.
Өтті айлар,

Өтті жылдар, өтті күн.
Армандарым алға қойған көп тұғын.
Қара түнде ғайып болған періште,
Тек қасымда сол ару қыз жоқ бүгін.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АСЫЛ ЖАРЫМА

Асыл жарым көбейткен ұрпағымды.
Бәйгеге баптаған жан тұлпарымды.
Арманымның көгіне қанат қаққан,
Аялайын мен бүгін сұңқарымды.

Қайырмасы:
Асылым сен, асыл туған!
Гүл жайнашы,
Ғасыр думан.

Саған деген махаббатым,
Жүрегімде жасырынған.
Демеушім де өзіңсің, тірегім сен.
Соғып тұрған қос егіз жүрегім сен.

Теңдесі жоқ әлемде жалғыз ару,
Өзің ғана мен үшін біле білсең.
Қайырмасы:
Асылым сен, асыл туған!

Гүл жайнашы,
Ғасыр думан.
Саған деген махаббатым,
Жүрегімде жасырынған.

Бұл өмірдің ұғынып жұмбақтарын.
Еркелеші ұнайды үн қатқаның.
Саған деген ғашық сол сезімімді,
Жүрегімнің түбіне құндақтадым.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Күндер қайда,
Құлшынып шарық ұрған.

Ару қайда өзіне зарықтырған?
Не заманға тап болдым, көңіл селсоқ,
Күйттеген күйбің тірлік жалықтырған.
Көмейден асау жырым ағытылмай,

Тағы нені жасайын,тағы тынбай?
Хош жүргенім жанымды жұбатады,
Жүрісім жауыр аттың шабысындай.
Тірлігің үйлессе егер болып тұрған.

Онда Алла,
Жақсыменен жолықтырған.
Бақыт құсы ұшқанда білінеді,
Барында бағалайық, қонып тұрған.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Сөзіне еріп алып анасының,
Жағдайына қарамай баласының.

Ердің басын қор етіп ерегіскен,
Төмендігі қынжылтты санасының.
Сан-саққа жүгіреді, санам бүгін.
Жан адамға жоқ еді жамандығым.

Өтуде жалған уақыт құмдай сырғып,
Тілеумен ұрпағымның амандығын.
Сол күндер!
Бағы бөлек, бағы мәлім.

Қайта айналып келсе екен сағынамын.
Бұл да берген Алланың сынағы ма?
Неге бүгін шайқалды шаңырағым.
Таң қаламын, таңмын мен, ойға қалам.

Не істемейді өмірге тойған адам?!
Қатыгез аналардан сақта құдай,
Шын бақытын қызының ойламаған.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Айтып ең, әкем жоқ деп бұрын маған.
Саған сонда көңілім суынбаған.

Әкең емес, жан жарың болсам дегем,
Ер жігіттің берсе егер туын маған.
Таразылап көріп ем талғамыңды,
Ұға алмадым сендегі арманыңды.

Жанұяны екі еттің, енді қайтем,
Сағынумен жүрмін мен балдарымды.
Бір күндері мені де сағынарсың.
Тағдырыңның талқысы, бағынарсың.

Ұмытқаның өзіңе пайда әкелер,
Менен зор, алтын-моншақ тағынасың.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Осы ма еді, аңсап күткен арманым.
Үңірейген жыртық үйдей жан-жағым.

Жалғыздықта тұншығамын еріксіз,
«Жақсы, әке» деп, кеткен кезде балдарым.
Ұмыт болмай, өткен күнім кешегім.
Ит тірлік ай,

Жалған өмір кешемін.
Әр күн сайын қағып тұру керек қой,
Қарап тұрсам жиналмапты төсегім.
Қалай сүйгем,

Қалай ғана қосылғам.
Бүйірімнен ұрдың мені, тосыннан.
Әкем айтқан боркемікпін құдай ай,
Сендей жанға құдай ұрып қосылған.

Суып кетті саған деген көңілім.
Жақсы болсын.
Жарқын болсын өмірің.
Телефонның тұтқасын да алмайсың.

Өшіп тұр ғой нөмірің.
Сансыз тиген жамандыққа маңдайым.
Бәрін айтсам тақылдайды таңдайым.
Арамызда бірге өсірген ұлдар бар,

Ойламадың сол жандардың жағдайын.
Әке, шеше орны бөлек ұлы ұғым.
Қамын ойлап жүреді олар ұлының.
Аналарда дедім жұмақ кіліті,

Санасында жүрсінші деп ұлымның.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Өмірімнің өзегі екен балдарым.
Бала деген, балапаным жандарым.
Алла маған өмір берсе тойлармын,

Ұлдарымның орындармын арманын.
Осылай бір ажырады арамыз.
-Деп ойлағам- қайда біздер барамыз.
Астанада қосылып ек екеуміз,

Сол қалада ажырасып барамыз.
Кеш келетін көктем ғұмыр осы ма?
Көздің жасы шер боп ақты, қосыла,
Мен тап болған тауқыметін тағдырдың,

Тілемеймін жауыма да, досыма.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Өкініштің отына салып кетпей,
Өзімменен ілестіріп алып кетпей.

Қалайша шыдап жүрмін таң қаламын.
Сол ұшқынның отына жанып кетпей?!
Болуым керек еді жақының бір.
Оған да жетпей жатыр ақылың бір.

Енді сені кім жақын тартар екен,
Аллам ғана қолдасын, ақырын жүр.
Жан табылар саған да, маған серік.
Уəдеге сен берік, мен де берік.

Тағы келіп жаны ашып айтар деймін,
Түсіңе, жол сілтейтін əкең келіп.
Екеуміз араласып екі тілде.
Сол күндер бұлбұл ұшты, есімің де.

Кеше алмаймын, қапамын мені түсін,
Болсаң да, лайық затың кешірімге.
Жансың ғой иттігің жоқ, жамандығың.
Сау бол жаным, керек қой амандығың.

Екеуміз екі бөлек кеттік неге?!
Жаныма қатты батты маған бүгін.
Балдардың қарамадық тағдырына.
Бағалай алмадық ау барды мына.

Кім біледі, сот емес, үміттімін,
Адам емес,
Алланың жарлығына.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Түсінбейміз, бақыттымыз бəріміз.
Бақыт іздеп,

Бақыт күтіп, тағы біз?
Аяғыма жығылмады, деп құлап,
Жырақ кетті, бөтен кетті жарымыз.
Аңсап түнде,

Жақсы көріп, жарыңды.
Бергің келіп, құшағыңды, барыңды.
Бас имеген əйел сорлы екен ау,
Сөз айтпаса күйеуіне жағымды.

Тағдыр сыйы, оны да бір көрейік.
Мұз жүректі тас бесікке бөлейік.
Тағдыр сыйы осы шығар, қайтейін,
Əр қайсымыз өз əлінше төлейік.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ДОС ІЗДЕГЕН АДАММЫН

О жалған-ай !
Басынан бір не өтпейді адамның.
Қадірін де сол түсірер бағамның.
Нағыз достар, ағайыннан мың артық,

Досты сүйген, дос іздеген адаммын.
Қақым да жоқ, мына жұртты тергеуге.
Досың болсын, – «Міне ағайын көр» – деуге,
Жалған досың көңіліңді сұрамай,

Нағыз досың келеді екен жерлеуге.
Көшке берген тайлағын ап, қосқанын.
Түсінбейтін жандар жетер, дос жанын.
Дос шақырса, желеу айтпай жүгірем,

Аман болсын,
Адал болсын достарың!
«Санам биік, жоғары» -деп өре тым.
Бейнетіңді Алла білер, көретін.

Достар қайда Мұхтар ақын жырлаған,
Досы үшін, көзін ойып беретін.
Қадіріңді білмей кетті Дариға.
Бір тойғанын ойлап жұртым, бəрі риза.

Ақындардың жалғыздығын ұғынтып,
Мұқа сені іздеп өтті, Фариза!
«Жаман досты көлеңке»- деп атамыз!
Бүгін дос боп, аяғында сатамыз.

Көлеңке де жарық күнге ереді,
Әр адам күн, кеш түскенде батамыз.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Ерте ме әлде, кеш түскенде батарың.
Сирегенде түсінерсің қатарың.
Дос дегенің Алла берген сыйың ғой,

Аллаға аян қашан таңың атарын.
Жұмақ әлде, тозақ пе екен көрерің,
Кім біледі, кімнің қайда жатарын!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ІЛЕСЕМ ДЕП ЖАҚСЫҒА, ЖИІ АЛДАНАМ

Өмір қатал!
Жан екем қиялдаған.
Ілесем деп жақсыға, жиі алданам.
Өлеңіме сыймайды қаласам да,

Көп өкініш кеудеме сия алмаған.
Сағың сынса,
Сынға алып сынайды адам.
Пендемін мен, жүрген бір,

Құдайға аман.
Жылап жүріп, күлетін кез болады,
Күліп жүріп өмірде, жылайды адам.
Қара бұлттың осы деп сейілгені.

Жамандап, жексұрын қып кейін мені.
Еркелеген жан ғой деп түсінбеген,
Не боп кеткен кей жанның пейілдері.
Пендеміз ғой, үлкенің, кішің мейлі.

Азамат боп жүргенің үшін мейлі.
Сыйласаң сыраға бал берген адам,
Өмірдің жалғандығын түсінбейді.
Мұқаңды тезге салды, қашты бәрі.

Сынады, аяғында састы бәрі.
«Бауыржан сенбеймін мен қорғадың»- деп,
Мұқаң марқұм айтып еді- «Москваны».
Жетем деп бұл өмірдің биігіне.

Қалмайды кей адамның сыйы мүлде.
Әр қазақ жалғызың ғой, соны ұғын,
Қалғың келсе, көксеген биігіңде.
Алақаным сол менің, жайып көктен.

Жайым жоқ, жағдайым жоқ, байып кеткен.
Сабақ боп, Сүлейман да өлгенінде,
Ел-жұртқа алақанын жайып кеткен.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Сыйлаған ел ағасы көп пе, менің?!
Сан қилы жолдан мен де өткен едім,
Сын болмай, мін түзелмес,- деп айтпаған,

Шыныда сол кісіге өкпеледім.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Түндерде ұйықтай алмай,
Мең зең бір күй кешемін,

Ол, Тамұқтағы елес!
Көтере алмай елдің өсегін,
Ойланып қалам,
Ол жабыққаным емес!

Сансыз ой мазалап мені,
Тыныш түн құшағында,
Ол, қайғырғаным емес!
Баламды қысам құшағыма,

Сағым боп жоғалады,
Көз алдымдағы елес!
Түндікті түріп тастап,
Жұлдызды санап өстім,

Қазіргі заман емес!
Есейген жасқа да көштім,
Тағдырдың бұл сынағы,
Болмашы ғана, елес!

Елестеп, жетелеп тұрған,
Бақыттың кемелді шағы,
Көзді арбап жүрген сол елес!
Тауда өскен, өрелі шынар,

Өссін бір дегені шығар.
Ол жамандық емес!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Еңбегі,
Жүрсе егер өрде біреу.

Біреу қыран болып жүр, жерде біреу.
Жұмақтың төрінде жүр бір пенделер,
Ақырып, күнәһар боп көрде біреу.
Бұл жалған,

Танымайды кім иесін?!
Несіне ренжисің, күйінесің.
Һақ Алла өзі шешер не боларын,
Берген сол,

Алған да сол дүниесін!
Бағасын түсінбейді,
Барында Алла!
Алсаң ал,

О жаратқан барымды алма.
Барым сол бала-шағам, ағайыным,
Өр кеуде намысым мен арымды алма.
Алмашы шабыт қонған өлеңімді.

Ақысын білем қалай төлерімді.
Тағдыр деген – жұмбақ қой, өзіңе аян,
Білмейсің, қашан, қалай өлеріңді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЖАЛҒАНДЫҚ

Бағалап көрейікші мүлкін ердің,
Жымиып түсін салған түлкілердің,
Змияндық жатады түбінде бір,
Жалған ғана жымиған күлкілердің.

Уақытша мәз етер өміріңді,
Көтереді уақытша көңіліңді.
Қаласа бәтеңкесін сүртіп кетер,
Тәрк етіп, сезіміңді, сеніміңді.

Қайырымсыз жандар көп, түсінбейді.
Өрге өрлесін, тасың да, ісің мейлі.
Пейілің түзу болсын, аларыңды,
Алланың өзі берер, бүтіндейді.

Көңілім көл тасыған бұлақтаймын.
Құдай берген мінез ғой, тұрақтаймын.
Сау күнінде ыржиған түрден шошып,
Өтірік жымиғанды ұнатпаймын.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӨЗ КЕЛІНІҢ СОРЛАТПАСЫН...

Түсетінін білмей маған салмақтың.
Махаббат-ай,
Өз-өзімді алдаппын.
«Заманауи» әйелімді кезінде,

Қарт анама тəрбиелетіп алмаппын.
Жас болыппын,
Қазір жүрмін арманда.
Ұрсушы еді, анам үйге барғанда.

«Ақыл айтам, қазақшылық қайда деп,
Иілмейтін емен болып қалған ба?»
Түйсігіне ой жіберер сананың.
Тəрбиесі керек қызға, ананың.

Жан-жарыңның анасынан тəлім ал,
Өз келінің сорлатпасын қарағым.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ТҮСІН ШЫРАҚ!

ҰРЫССЫЗ ҮЙ БОЛМАЙДЫ

Түн.
Тыныштық,
Демің қандай тым ыстық.
Неге біздер болмашыға ұрыстық.

Нәлетінің әуресі екен, білмедік.
Енді бүгін түсінуге тырыстық.
Таңың қайда, арайланып ататын?
Қайғысы да сол екен ғой бататын.

Жүрегінің емін таппай көп пенде,
Бөтелкені құшақтап ап жататын.
Кетпей ердің көңілдегі жарасы.
Әйелінің жетпей жатыр санасы,

Екеуінен туған ұрпақ жетімек,
Қам көңіл боп өсіп жатыр баласы.
Ашкөзденіп, қармағандай ауаны,
Бұл сұрақтың табылар ма жауабы.

Ұл ұяға, қыз қияға қонбаса,
Ата-анаға болмайды оның сауабы.
Тегі тайған заман болды тектінің.
Неге, неге ажырасу көп бүгін.

Қиналғанда қорған болар жарың жоқ,
Жалғыздықпен өтіп жатыр көп күнің.
Бүгін жаман,
Кеше неге ұнады?

Кеше күліп, бүгін неге жылады.
Шаңырақты шайқалтпауға тырысшы,
Ол да өтер,
Алла берген сынағы.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Нәлеті ма?
Оның бүгін жолын кес.
Арбайтын сол, көздеріңе көрінбес.

Ажырасқан әр пендесі Алланың,
Дейді екен ол, – «Меніменен көңілдес».
Түсін шырақ, ұрыссыз үй болмайды.
Шайтан түртсе, періштелер қорғайды.

Ата анаға қарап өскен ұл-қызың,
Тағдырыңды қайталаса сол қайғы.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Өзіңе бүгін жаным өкпеледім,
Айыбым жоқ, күнәм да көп демедім.

Бар кінәні өзіңе артып қойып,
Өзіңді жаудай көріп сөккен едім.
Кездестік, келмей кеттің мәмілеге,
Ойың сенің байқаймын тағы неде?

Көңілімді қалдырдың амал қанша,
Сормаңдай сор тірліктің бағы неде?
Түспеген жан екенсің мейірің бір.
Тарлығы өкіндірді пейіліңнің.

Жолымды бөгеп келген ниетіңнің,
Сараладым салмағын, кейін білдім.
Қамын ойлап туыстың, жан-жағыңның.
Ұйқысыз өткіздім-ау таңдарымды.

«Қойыныңдағы қатынға сенбе» – деген,
Мен бүгін, қайрап жүрмін қанжарымды.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

БИІКТІК

Балықтың елге мәлім, су да бары.
Ауға түссе басылар тулағаны.
Әйелдің торы мықты, басыларсың,
Ұнайды, үйде бала шулағаны.

Жүрегім неге нәзік, неге менің.
Атасының баласын егеледім.
Бір Алладан сұраймын, өмір берші,
Бәтеңкесін байлайтын немеренің.

Тілек айтсам, шөберем сүйіп тұрып.
О жарандар,
Бір күндік, күйікті ұмыт.
Өмірден өтсем екен, тілегім сол,

Ар менен намысымнан, биік тұрып!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

СЕН МЕНІ ҰМЫТ ЖАНЫМ!

Қосылдық, арамызда туып көктем.
Қай жан екен жаныңды суықты еткен.
Жаныңның мұң жарасын тырнамашы,
Маған деген сезімің суып кеткен.

Ілестірмей тағдырдың көші мені,
Жындар қоршап жүр ме екен осы сені?!
Құдайыңды ұмытқан жансың, жаным,
Қай құдайым өзіңе қосып еді?!

Мен кетсем кімге керек зарлағаның.
Бар кезде жасамадың барға амалын.
Ұяда көргеніңді жасап жүрсің,
Кетпеске енді менің бар ма амалым?!

Жетеді, жанұяңды ұмытқаның.
Жақын емес, жат жанын ұлықтадың.
Бір жақсы, бір жақсысын тапса екен,
Көңіл қалды,

Сен мені ұмыт жаным!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӨЗІМ САЛҒАН ҮЙІҢДЕ ОРЫН БОЛСА

Жұрт сұраса айтар ем арманымды.
Бала үшін берер ем бар малымды.
Қанша қатал болсам да мен оларға,
Қатты жақсы көремін балдарымды.

Жақсы жанды сүйіпті, сүйікті өлең.
Құрып кетші сұранам, күйік менен.
Қатын жолда, атақ, тақ құрып кетсін,
Ұлдарымды бәрінен биік көрем.

Өздеріңе әлі де жол ашамын.
Жарқын болсын жандарым, болашағың.
Текті атадан тараған өрендерсің,
Жарқын болсын балдарым болашағың.

Алладан сұрағаным орындалса.
Жүрегіңнен әкеге орын қалса.
Төр тілеп, сұранбаймын алтындарым,
Өзім салған үйіңде орын болса.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ƏЙЕЛ – АНА!

Әйел сенің жан жарың,
Әйел ана!
Әйел үйдің ұйтқысы, әйел пана.
Мықты еркектің артында, мықты жан тұр,

Бағыңды баянды етер, әйел ғана.
Әйел сенің берекең, жол сілтерің.
Неге оған бауырым, қол сілтедің.
Әйел жаны ерек қой, бірақ, бірақ,

Домалақ анамыздай болсын тегің.
Бесік көрсін, мейлі ол есік көрсін.
Бұл өмірдің жұмбағын шегіп көр, шын.
Әйелдің қадіріне жетпегендер,

Әйелдің меһнатын кешіп көрсін.
Серіміз ғой жандарды алмастырған.
Тағдыр жолы бұралаң, алдастырған.
Жігіттер жан- жарыңды бағалаңдар,

Тегі бар ұрпағыңды жалғастырған.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Неге жарым, бүгін маған сен-деді?!
Айтқан сөзім зая кетті, сенбеді.

Құшағыма құшып келген гүлімді,
Байқамады, байқағысы келмеді.
Гүлді алып босағаға лақтырдым.
«Неге мені» – дедім оған «Жақтырдың».

«Гүл өсіріп көрмегенмін» – деді ол,
Ашуланып, аяғымда шақ тұрдым.
Баласы едім, гүл сыйлаған әкемнің.
Неге үйге, сонша гүлді әкелдім?

Гүл ұсынсам шаттанар деп ойлап ем,
Көп ұзамай «Құндыз ішік» әпердім.
Сөзін айтып кетсе екен ортаның?!
Коллективі тойын тойлап норканың.

Сезімімді, жан дүниеме жасырып,
Гүл құшақтап келуге үйге, қорқамын.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЖҰЛДЫЗНАМА

Сарышаян едім,
Сүйгенді қалар ұнайтын.
Жүгірген жетпес, қуған бір кетпес, бұл айқын.
«Тауешкі» деген керемет жұлдызнама ғой,

Еркелеп келіп ығыма менің құлайтын.
Жылқыдай етпес, қаңтарып қояр таң асып,
Көзбенен ұғып,
Ақылмен құптап, санасып,

Ашулы болсаң жеңіле салар егеспей,
Өзгелер құсап жатпайды тіпті таласып.
Сарышаян десе ерекше еді сөздері.
Жанымен баурап,

Күлімдеп қара көздері.
Сұратпай ғана жаныңды сенің түсінер,
«Тауешкі» туған уақыт сағат кездері.
Мінез бар түрлі, ақыл да түрлі, саналар.

Әйелдің жүгін тарта алмас тіпті қара нар.
Үйленем десең, үй болам десең жас ұрпақ,
Біріңнің-бірің жұлдызнамаңа қарап ал.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҚАРЫНДАСҚА ТІЛЕК

Бір қыз бар көз жанары күлімдеген.
Ағаны асыл, ініні күнім деген.
Бағыңды тапшы құрбым бұл жалғанда,
Ерніңді сүйетін кеп дірілдеген.

Күле түс,
Күле жүргін хақың барда,
Қыз күлсін,
Қыз жайнасын ақың бар ма?!

Жандарды жылататын, жұбататын,
Жолама, есің болса ақындарға.
Жандар көп,
Шайпау ауыз, ойы надан.

Атаққа семіреді, тойынады адам.
Енесіне шәй берген алтын жансың,
Күйеуі өлсе дағы мойымаған.
Жандар аз, тірісінде бағалаған.

Жассың ғой, ұлды өсіру саған арман.
Танымай мені жақын білмесең де,
Дауысыңнан айналдым ағалаған.
Алла ісі,

Аллам ай, бол сақтарым.
Керемет күндерің ғой, сол шақтарың.
Жарқырап күле берші, шыдамдысың,
Жас болып төгілмесін моншақтарың.

Шыдамдысың,
Еркесің, еркің мықты.
Мойымайсың, қадамың еркін тіпті.
Күйеуі тірі кезде мастанып бір,

Ойлап жүрген әйел көп еркіндікті.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҚАРА КӨЗ ҚАРЫНДАСҚА!

Ұнайды ақындар да, әнші маған.
Шарықтаған шабытын қамшылаған.
Ақындар бойын тіктеп кетеді екен,
Көз жасын сүртіп алып, тамшылаған.

Бұл жұртқа өрелі жан ұнай ма екен?!
Өмір сынақ,
Әрдайым сынайды екен.
Әлсіздер тас-түйін боп тырысады,

Нағыз мықты ішінен жылайды екен.
Бір-бірінен жатса екен, асып өлең.
Қиналғанда шығады асыл өлең.
Көзіңнен тамшы болып төгіледі,

Ішіңдегі бұлқынған ғашық өлең.
Жақсыға бәрі жақсы көрінеді.
Жаманның жолдарынан жерінеді.
Өмірге ғашық жанның жыры сұлу,

Өлеңі махаббатпен өріледі.
Ғашық бол,
Ғашық жүрек емделеді.
Сезіміңмен сүйдің ғой, сен де мені.

Жүрегімді бөлшектеп берер едім,
Деп жүрмеші, пері ме, пенде ме еді?!
Өмірің өрнекті екен, өткізбе шын.
Жасыңды сүртпей желге кептіргенсің.

Қиялың мен түсіңде құшып жүрер,
Шын өмірде сағымдай жеткізбесің!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

КЕШІРІМДІ...

Неге неге қаланың кеші мұңды.
Бақыт неге қақпайды есігімді?
Сарғайып күтуменен өтіп жатыр,
Келер жан айтшы маған есіміңді.

Жандар да болды өмірді сауықты еткен,
Талай ит балағымды қауып кеткен.
Өткенім өзегімді өртеп жүр ғой,
Есігін көз алдымда жауып кеткен.

Соры да, қуанышы, бағы мәлім.
Бақты үміт, тұмар етіп тағынамын.
Жас күнді бірге өткізген қимасым ай,
Жақсы көрем, бәрібір сағынамын.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

БАҚЫТ ТІЛЕП...

Бақыт тілеп,
Саулық тілеп көктен біз,
Бала көңіл,
Көктем жігіт, көктем қыз,

Қол ұстасып жүрген едік, қос жүрек,
Екі тағдыр,
Екі жаққа кеткенбіз.
Ғашығым ең,

Асылым ең аяулы.
Аттылымен шатастырып жаяуды,
Бағаламай,
Бағдарламай бағыңды,

Жүрегіме салып кеттің, қаяуды.
Дейтін едің, бәйтерегім, еңселім,
Қадіріңе жетпедім ба мен сенің?
Баяны жоқ бақыт мұндай болар ма,

Таразылап көре алмадым өлшемін.
Өтер көктем,
Өтер жаз да, өтер күз.
Неге, неге біздер бүгін бөтенбіз?

Тағдыр тағылым сынағынан өтпедік,
Екеуміз де екі бөлек екенбіз.
Алабөтен, у жеңген бе санамды?
Айналам да неге бүгін қараңғы?

Содан бәлкім адасамын жиірек,
Алайыншы сілкіп алып санамды.
Айналамыз неге бүгін қараңғы.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЖАҢБЫРЛЫ ТҮН...

Жаңбырлы түн,
Сан ойлар жетелеген,
Менің жайым белгілі-ау бесенеден.
Тамшылаған тамшыдай ғұмыр-дүние,

Мен соңыңнан ілесіп кете берем.
Әр нәрсеге ұмтылар санам ғана,
Жаңбыр үні сыр шертіп маған ғана.
Табиғаттың тылсымын түсінеді,

Табиғатты сүйетін адам ғана.
Жаңбырлы түн,
Жүзіңе көп қарадым.
Бір сырды айтқым келіп оқталамын,

Өмір дәурен,
Алысың, бересің бар,
Ашып оқып келемін көп парағын.
Мейлі дейміз өзеуреп мейіліне.

Болашағың көнбейді кейініңе.
Құдайдың да жаратқан көзі тура,
Бар нәрсені береді пейіліңе!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

НӨСЕР ЖАУЫН...

Нөсер жауын себелеп, терезеңнен.
Бір өксігің байқалып кенезеңнен.
Ғашықтықтың бал дәмін сезбегендей,
Солғын тартқан ерінің, кенезерген.

Булыққандай өксікке ақ тамағың.
Ғажайыпқа сендің ау,
Қап, қарағым.
Қай тарихың жаныма жақын ау деп,

Күнделікті күрсініп ақтарамын.
Ия ия,
Сәт, мезет өмір жалған.
Жетектейді білемін, өмірді арман.

Өткеніңе өкінбе, ақ пен қара,
Күндер күтер әлі де, көңілді алдан.
Жайнай берші,
Жарығым, жаса жаным.

Сені маған жар еткен жасағаным.
Қиыншылық түбінде, бір қайыр бар,
Елеусіз қалмасы һақ жасағаның.
Жарқырашы,

Жайнашы,
Жаса жаным.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

БЕКЕР БІЗ...

Деген оңай,
Екі бөлек екенбіз.
Сыңарсыз ақ бұл дүниеден өтерміз.
Осы күнге қол ұстасып жеттік біз,

Талай тағдыр тауқыметін көтердік.
Жүгендеді өмір мені ертерек,
Тағдырым ай,
Жүр ғой әлі желкелеп,

Етек жимас уақытта ер жеттік,
Етік киер кезде жүрміз, еркелеп.
Кежегесі кейін тартқан кежір ме ем?!
Күндер қайда,

Таң аттырып көз ілген?
Жақсылығым қайтпай жатса, Құдайдан,
Жамандығым болса, кінә өзімнен.
Әркімнің ақ, арайласын ақ таңы.

Жүректің де жуылады дақтары.
Сүйген жанның жүрегінен жаралған,
Жұмақтағы жалғыз гүл сен, бақтағы.
Жыры осы, бір кем дүние жалғанның,

Өлеңім ай,
Қамқоршысы әр жанның.
Тізерлеген пендеңді бір қолдашы,
Әрбіріне сенемін деп алдандым.

Мұңға қанша батырса да мені мың,
Құдай, Алла- деп тұрады- сенімім.
Бабалардың аруағына бас иген,
Тамаша деп айта аламын өмірім.

Бүгін жәй ғой,
Түсіп кетті көңілім.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АҚЫН ЕДІМ...

Ақын едім жүректе жыр түнейтін,
Санаңды да жаңғыртып сілкілейтін.
Әйел деген көктемгі кемпірқосақ,
Әйел деген қырмызы түлкі кейпің.

Бай, бағлан бол,
Баянды бағың асыл,
Қамытың сол, бәрібір бағынасың.
Тақымыңнан серкешің тайған кезде,

Жас күніңді дүние- ай сағынасың.
Жарың болса жақсы ғой, жарасатын.
Қонағың да көп болар, тарасатын.
Көпке өткізген қызмет қайырлы боп,

Ұлым болсын өзіме қарасатын.
Тегім солай,
Жақсыны ерте берем,
Кенже ұл ем, жөнім жоқ еркелеген.

Болмысымнан жуас ем, шынықтырды,
Мына өмірдің жендеті желкелеген,
Еркелік те ұзаған ерте менен.
Жүрегімде жинаған бар иманым.

Өзгенің арбауына иланамын.
Өлеңімді өрнектеп келемін мен,
Ұрпақтарым оқыса,
Сол жиғаным.

Өскен ұл ем,
Теріп өскен қыр гүлін.
Шағынардай емес бүгін, тірлігім.
Бұл ғасырда бақ орнасын қазаққа,

Шайқалмасын береке мен бірлігің!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Кейбіреулер ту көтеріп ұрандап.
Аңғал елді адастырып, жүр алдап.

Кейбіреуі салафи боп көкиді,
Дәлелім деп ұсынады, құранды ап.
Қыздарымыз кафе кезіп жүр әлі,
Теңгесі көп көке алдында бұраңдап,

Ақыменен ақыл айтқыш көбейді.
Аңқау елді,
Бірі азғырып,
Бірі алдап.

Бәрін қойшы, сәлем бере келгенде,
Шықшы алдымнан сылаңдап.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Жақсы күндер жақсы ғой тілекті үміт.
Бақыт үшін балақ пен білек түріп.

Жақынын ұмытқанды түсінбеймін,
Өзге жанға жақсылық тілеп тұрып.
Орындалсын әрдәйім тілекті үміт.
Өмір жарқын, уайым, түнекті ұмыт.

Жүрек жалғыз, өмір жалғыз түсінгенге,
Бақытқа тұрғандай ма жүрек тұнып.
Барыңды бағалашы, бағың мәлім.
Оралар арман құсың сағынғаның.

Адам болып келдің ғой бұл өмірге,
Жақсы күндер әлі алда, сағын жаным.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

БІР ГҮЛ КӨРДІМ...

Бір гүл көрдім,
Ұнады еркелігі.
Ұнататын жан едім ертегіні.
Неге қыста гүл атты сезім гүлі,

Қоштаспай-ақ басқамен, ерте міні.
Жан екен жүзі жылы жарқыраған.
Күлгені де ұнады, алтын адам.
Бір келген дүниеде бақыт керек,

Жылу берер жан керек жалпы маған.
Күндерім өтті талай қанша мұңды.
Білмеймін нені, қалай аңсарымды.
Бір күндік құшағыңа кияр едім,

Атағым жоқ,
Абырой мансабымды.
Жұрттарға тілек айтқам, бақыт тілеп.
Пейіл кең, ауырса да жақұт жүрек.

Бір- бірін ынтызар боп сүйген үшін,
Сол жандар менен қайта бақыттырек.
Жақсы ерге, жақсы жары қарасады.
Жамандар мал-мүлікке таласады.

Құдайдың көзі тура болса деймін,
Бір Алла сүйенішім, қарасады.
Жылуы керек маған, сұлуынан.
Жан еді шолпы таққан бұрымына.

Көп болды,
Сағынамын, ажырадым,
Сол жанның алақаны, жылуынан.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Ренжулі жанмын мен, құсамын ба?!
Ерік бермей жүрген ем күш, ағымға.
Құшақ құшақ гүл шоғын сыйлар едім,

Сен келіп оралмадың құшағыма.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Дәріптейміз неге осы жат елді.
Валентин кім,

Ол не қылған әпенді?
Хеллоуин- деп бет жүзіңді бояп ап,
Жастарым ау,
Кім түзейді қатеңді.

Әр күн бақыт,
шерің де бір тарқасын.
Жастар неге, оған сенім артасың?
Валентиннің подаркасын алам- деп,

Қағып жатсың ата-анаңның қалтасын.
Сорақылық, бұл қазаққа жат ағым.
Ұл қағынып,
Қыздар сиреп қатарың.

Тап осы күн бар бәленің бастауы,
Әйтпесе егер,
Болмас еді шатағым.
Кіріп алып ішімізге қарқынды.

Бағаламас бұл жынойнақ парқыңды.
Періштені ақ жолынан тайдырар,
Тәрк етеді, дәстүрің мен салтыңды,
«Махаббаттың күні» – ғой деп бағала,

Қуанышпен атып жатқан әр күнді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Қиналғаныңда қорған бола алмадым.
Боран соққанда, орман бола алмадым.

Қасқөйлер көп қой, нағылет атқыр,
Араша іздеп, солғанда жанарың.
Мен неге сол күн,
қасыңда болмадым.

Құдайға салдым,
Кешірімді құдай.
Сезгендей жүрек боларын бұлай.
Мен Алла емеспін, қалдырман бұлай,

Жазаңды берем, қолдасын құдай.
Көрмеген сорлы ашынған жанды.
Орнына қойғам, басынғандарды.
Сен менен қорық түбіңе жетемін,

Қорлаған сорлы, асыл жандарды.
Жазаламай сені, жер басып жүрмен.
Кімге шапқаныңды білмедің бірден.
Қыңсылап жүрер қаншық етемін,

Сендей бір езді, төбет боп үрген.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Не деген ауылымның кеші мұңды.
Жан едім,

Жүрегі ақ, кешірімді.
Ардан безіп жүрген де өзім екем,
Бақ келіп түрткілейді есігімді.
Құны бір, көк тиын боп маған ардың.

Біреуді жек көрейін, табалармын.
Қашан есім кіреді, ойлап жүрмін,
Бабы келіп, бақ қонған бабалардың.
Өртейді өзегімді, сезім деген.

Түндерім өтіп жатыр, көз ілмеген.
Мен жалғыз,
Жүрегім де жалғыз менің,
Сол жан қайда екен-ай «өзің» деген.

Дос болып, шайтанменен, періменен.
Ажыратты- дейді Алла- сені менен.
Бабаларым талайды оқып, жазған,
Асыл ғой тектілерім, еміренем.

Қой дейді, алда дейді бағың әлі.
Қам көңіл, сезімге бір бағынады.
Балалық күндерім-ай, келмей кеткен,
Қөңіл құрғыр сол күнді сағынады.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

МІНЕЗ ТУРАЛЫ

Бауырларым мені айып етпеңдер,
Оралмайды келмес жерге кеткендер.
Адуынды мінезіме шыдамай,
Теріс қарап,

Теріс қарап кетпеңдер.
Оған куә, жаратқан да, көк пен жер.
Өсіңдерші, өніңдерші, көктеңдер.
Аржағымда қара ниет жоқ менің,

Ер мінезі,
Сол үшін де сөкпеңдер.
Қанағаты бар адаммын тойымға.
Қателігім болса егер, мойындап.

Қайғыңда да жүгіремін жан салып,
Өлең оқып беремін мен тойыңда.
Қарапайым тіршілігім күндегі.
Маған таңсық емес тақтың мінбері.

Қанша асыл болсаң дағы, жігітсің,
Табылатын бойындағы міндері.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Үйде жалғыз, ашық еді есігім.
Жайлап қана біреу есік қағады.

Есікті ашсам, жәй сұрайды кешірім,
Бір бойжеткен маған көзін қадады.
Танымадым, сұрағам жоқ тосыннан,
Ес жиып та үлгермедім, таң қалып.

Сөз айтты тез, мені көріп тосылған,
Аңтарылып тұрғанымды аңғарып.
Аға, біздер волонтерміз ерікті.
Жетімдерге бұйырады теңгеңіз.

Шаңырақта өзіңіз ба бөрікті,
Әлде мұны шеше ма- деп- жеңгеміз?
Жүз теңгенің шоколадын берді олар.
Тұрдым ғана жәй мың теңге ұсынып.

Келесі үйдің кнопкасын терді олар,
Үйде жалғыз екенімді түсініп.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Өлең деген өсекші, тыңда мұны,
Жұртқа жайып жүреді сырларымды.

Жан дүниеңді ақтарып тысын сөгіп,
Өзгеге жеткізеді мұңдарыңды.
Болсын деймін жан дүнием жұмбақ әлем.
Сынау үшін керек қой, сынға дәлел.

Өзімді өзгелерге сатып жүрген,
Шыңғырады ішімде құндақ өлең.
Енді мен сырларымды жасырамын.
Қай жаққа, қайда, неге асығамын?!

Тұралап қалғаныңда, мұңға жыққан,
Кімге керек, жылауық жасық әнім.
Ажыратып достарды, қасыменен.
Жүретін жан едім ғой, басыменен.

Сезімнің құлы болып, зарлап жүрер,
Жазбаймын деп шештім мен жасық өлең.
Солай шештім, тіктеймін бойымды мен.
Көп жанның ниеті мен ойын білем.

Қазаң болса, қасыңнан табыламын,
Жібермеуге тырысам, тойыңды – мен!
Жыларман боп, жасып бір аза мұңға.
Сән мәрте рет шыдадым азабыңа.

Боркемік боп өзімді жарға жықпай,
Қызмет етейінші қазағыма!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

БЕК АТТЫ АҚЫН ІНІМНІҢ ӨЛЕҢІН

ОҚЫҒАННАН СОҢ ТУҒАН ОЙ!

Қорықпаймын,
Құйындардан мен деген,
Долы соққан дауылы да жеңбеген.
Тағдыр атты,

Ақ кемемді басқарам,
Өмір-теңіз толқындары тербеген.
Бек Жылқыбаев
* * *

Қорықпа інім,
Құйыннан да желден де.
Әлі талай асарың һақ белден де.
Өз жараңды өзің жалап жазғансың,

Алға қарай аяңдай бер, емдел де.
Өмір жайлы сұра інім сен менен.
Алыптарды жыққан өмір,-Мен- деген.
Сол өлеңмен ауырамын аһ ұрып,

Сол өлеңмен аяғында емделем.
Өн бойымды қуанышқа бөлеген.
Көз жасымды көл ететін сол өлең.
Жығылғанда жігер беріп жаныма,

Жүрегімді емдейтін де сол өлең.
Жаны нәзік ақын жүрек жасасын.
Тағдыр солай, одан қалай қашасың?
Өлең сенің ақ қанатты пырағың,

Әлі талай асулардан асасың.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Бұл деген қазіргі, заманның талабы.
Мансабың өтеді, байлығың қалады.

Адамға бұл өмір, прокатқа берілген,
Бір қолмен бергенмен, бір қолмен алады.
Мода ғой бұл күні, жыртылған киім де.
Сен оған күрсінбе, сен оған күйінбе.

Тəубе етіп жүре бер,
Алланың бергені,
Бір түйір қара нан болса егер, үйіңде.
Өлеңмен өрілген сендегі несібе.

Ел-жұртқа қарайла, қарағын кешіре.
Ертең-ақ бай болып шыға да келерсің,
Өткенің ұмыт боп, түспей бір есіңе.
Ақынсың інім ау, жылайсың несіне?

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӨЗІН-ӨЗІ ӨРТЕГЕН БАУЫРҒА

Білгің келсе менен де сұра жайды,
Құдайым сені мұнша сынамайды.
Қарапайым,
Алладан үмітті жан,

Бір басына мол мансап сұрамайды.
Кімдер ол,
Өртке оранып жайды ұқ деген?
Ол әңгүдік,

Уақытша, байлық деген.
Қара нанмен қара су ішсең дағы,
Өмір сүрген жақсы ғой айлықпенен.
Өзіңді өртеп,

Өзіңдіңді өртке орадың,
Сынып қалдың,
Әлсізсің, тоқтамадың.
Әділдікті іздесең мені тыңда,

Тағы өзіңді өртеме, тоқта жаным.
Қарасам, білігің көп, білерің де,
Күшің болса айқасқын білегіңде,
Өз-өзіңді өртемей алыса бер,

Құдайың болса егер, жүрегіңде.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ!

Кеше ғана толып едік қырыққа,
Бір жыл өтті қас-қағымда қарашы.
Мына тағдыр дес бермейді ырыққа,
Сырғып өтіп, жылжып өтіп барады.

Пейілдер ақ, айналаны дос көрген.
«Бауырмалдық» – сол мектептің арқасы.
Тәрбиелеген, тәлім берген, ес берген,
Киелі-ау, сол мектептің партасы.

Асыл арман, ақ қанатты, ақ үміт,
Қайта оралмай кеткен күнін сезініп.
Көрісеміз бір-біріміз, сағынып,
Жүрек сыздап бауырымыз езіліп.

Әлі де біз бірлігіміз жарасқан.
Қара шаңырақ, бір отбасы баласы.
Бірін сыйлап, бір-біріне қарасқан,
Бауырмал ғой біздің сынып қарашы.

Ұстаздарым орны бөлек ерек-ті,
Еске түсіп, бала кезім өткенім.
Бауырлардың басын қосқан себепті,
Сағынамын, алтын ұя мектебім!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӘЙ АҒАСЫ!

Әй ағасы,
Неге көңіл шекті мұң?!
Әзілдескен қандай жақсы кеш құрым.
Күнін кешпе өтінерім өмірде,

Қойды үркіткен, кебін киіп ешкінің.
Аталы сөз айт,
Бағың сонда ашылар.
Өрекпіген ренішің басылар.

Біле білсең ең бір пенде адамның,
Қатар жүрген,
Күліп жүрген қасы бар.
Ренішім менің де көп, жетеді.

Жырлап айтсам жасқа толар етегім.
Енді бұлай, орынсыз сөз жазсаңыз,
Көрген жерде амандаспай кетемін.
Әр адамның түзеймін деп жүрісін.

Тарылады кейде менің тынысым.
Тәп -тәуір ақ азаматсың ерекше,
Ел силаған азаматтың бірісің.
Асан қайғы, шөгер бүгін түйеңді.

Жүйелі сөз дұрыстайды жүйеңді
-Дәлел болса дәйектеп айт- ағажан,
Қарап тұрып жұртқа жақпай күйеңді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ƏНІҢЕ ҒАШЫҚ ЕДІМ…

Талай мен сүрінгенмін,
Талайлар сүрінеді.
Інім-ау айтқан сөз не?
Бұл халқың түңіледі.

Шалқыған жыры ма еді?!
Бір айтқан, сыры ма еді,
Өзіңді көтерген жұрт,
Дәл бүгін түңіледі.

Əніңе ғашық едім,
Құрттың сен мінезіңмен.
Мен үшін асыл едің,
Тай болдың, жүген үзген.

Желіде сыбап жатыр,
Ел-жұртың күдер үзген.
Күй табақ естіп өлең,
Əніңе асық болдым.

Бұл əлі жанады деп,
Əніңе ғашық болдым.
Бұл ісің жарамады,
Дегендей асып- толдым.

Аттадың інішегім,
Сақына киесінен.
Ақын ең жұртты сыйлап,
Түсетін түйесінен.

Жөн сөздер айтылатын,
Орнымен, жүйесімен.
Тəрбиең жетпей жатыр,
Əкеңе,

Бала сыны.
Үлкенге зіркілдеген,
Қарашы, қара бұны.
Əкеңе сəлем айтшы,

Бал- бала,

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Бала шыны,
Көзіндей сақтай алмай,
баласы алас ұрды.

Көктегі балаң түсті,
Қəрінің наласы ұрды,
Аяймын сені туған,
Жылаған анашыңды!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЕРКЕК ДЕГЕН СҮЙЕНЕТІН ТІРЕГІҢ

Силаған ер азамат асылын.
Сезім оты ұшқындасын жасырын.
Бір төсекте қартайуға жазсыншы,
Ұзақ өмір жасасыншы ғашығың.

Жақсылық пен жамандықтың кезі мың.
Өмір ғажап, жетер болса төзімің.
Еркек деген қорғаның ғой, бағала,
Сүйе түскін, сарқылмасын сезімің.

Еркек деген сүйенетін тірегің.
Соға берсін,
Соға берсін жүрегің.
Сезінсе егер әйел өзін бақытты,

Ол еркектің еңбегі деп білемін.
Тойың тойға ұлассыншы тілегім.
Жаны сұлу сыныптастың бірі едің.
Сендей жанды таңдаған жан бақытты,

Аппақ сенің жүрегің!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ТОҚАЛДЫ ДЕЙДІ ЖҰРТТАР,

ТОҚТЫ ЖЕЙДІ

Тоқалды дейді жұрттар, тоқты жейді.
Алсаң ал тоқалыңды бопты мейлі.
Екі жанды басқару оңай емес,
Екеуіне сыймай қап, боқты жейді.

Әйеліңе кім жетсін қыздай алған.
Мінезіңе, бәріне шыдай алған.
Тоқал деп, қолдағыңнан айырылма,
Аулақ қылсын, ондайды құдай әрман.

Жексұрын да боласың балдарыңа.
Деп жылайсың -мені Алла қарғадың ба? –
Екі қайық ұстаған суға кетер,
Түсінесің жағада қалғаныңда.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

БІЗ КЕТЕМІЗ,

ДҮНИЕ ЖАЛҒАН ҚАЛАДЫ

Əр адамның əрқалай ғой, таланы.
Сəйгүлік көп тасқа тиген табаны.
Жапалақтай жалпылдаған жандар көп,
Аярлар мен жағымпаздың заманы.

Ақты – ақ демей, ажыратпай қараны.
Мына жұртым қайда кетіп барады.
Мансабың мен билігің де уақытша,
Біз кетеміз,

Дүние жалған қалады.
Мына жұртым қайда кетіп барады.
Мансабың мен билігің де уақытша,
Біз кетеміз,

Дүние жалған қалады.
Көке, Жəке, тайпа, руға бөлініп.
Басшы алдында бет моншағы төгіліп.
Жағымпаздың жалған жырын тыңдайды,

Басшысы да жалған сөзге семіріп.
Жігері жоқ жан өсе алмай жылайды.
Қарғап сілеп айналасын, құдайды.
Нағыз ерлер мойымайды тегінде,

Алла берген сынағына шыдайды.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ШӘКІРТ ТІЛЕГІ

Жұмысына жаны ауырған, бар жаны.
Сіздей жақын, жанашыр жан қалмады.
Үй жан аман,
Тірлігіңіз дұрыс па?

Жанұяның қалай аға қал-жаны? –
Деп сұрады бір әріптес көмекшім.
Шүкір -дедім,
Жанұям ғой қалғаны,

Сұм жандардың орындалды арманы,
Кеткеніме талай жылдың жүзі ғой,
Мен кеткен соң, орындалды-ау арманы.
Сендер аман жүріңдерші, болғаны,

Мен кетсем сол, Алла басқа салғаны.
Бұл жүйе ғой,
Жүретұғын қуынбай.
Сізге еркелеп жүрер кез жоқ бұрындай.

Қорғап, қолдап жүргеніңді білмеппіз,
Қазағымның желбіреген туындай.
Айналамыз ез боп кетті, сенші аға,
Уәдесі, құмға сіңген суындай.

Өзің басшы болған күнді аңсадым,
Балдай еді сөздерің де, ұғынбай,
О жалған ай,
Қазіргілер сұм жылан,

Айтқан сөзі әбжыланның уындай.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Дей алмаймын,
Мен оларға кектендім.
Қазбалайтын жан емеспін өткенін.

Тап өзіңдей азаматқа ризамын,
Басқасына қатты ренжіп кеткенмін.
Пендеміз ғой, пендеміз-ай білмейміз,
Кімге қалай гүлдеп келер көктемің?!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АСАУЛАР КӨП...

Асаулар көп, азынап жүген үзген.
Бас беріп бағынбайды, күдер үзген.
Өмірдің талабына бой ұсынбай,
Табады бар нəрсені мінезінен.

Шабыты дем береді, жаңа тыныс.
Əркімде əрқалай ғой жаратылыс.
Мінез құрғыр құртады өзімізді,
Ұшар кезде қайрылып қанатымыз.

Мүмкін менің жазғаным, жаңсақ өлең.
Көркем мінез менде жоқ, аңсап келем.
Ұлы адамдар маңына шуақ шашқан,
Алданбаған бір күндік мансаппен.

Мінез шіркін жетеді əр адамда.
Жаратылыс ол солай, шараң бар ма?!
Мінездіде қасиет көп болады,
Мінезі жоқ пендеге қарағанда.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

БЕТАШАР

Елер жұрт,
Ерін сыйлап елегенді,
Келер құт, ақ келінмен ере келді.
Қолыңа қондырған бұл бақыт құсың,

Кеңейтсін шаңырақ пен керегеңді.
Әркімнің әр қилы ғой армандары.
Бұл күнді ата-анаң көп армандады.
Келін болып түстің ғой отын түтет,

Бақ болып оралады, қалғандары.
Осы болар әулиетке өтемің де,
Қыз жат жұрттық,
Соны ойлан, кетеріңде.

Кәрі әжейдің ғұмырын, жасын берсін,
Шөбересін жасырған етегіне.
Шаңырақта көп болсын бала саны,
Несібесі Алладан, қарасады.

Томпаңдаған баласын ертіп жүру,
Орамалды келінге, жарасады.
Жас дәурен,
Желбегейсіз желікті ұмыт.

Орамал беріп тұр ғой, көріктілік.
«Осы әулиетті көгертсем» – деп тілеші,
Иіліп сәлеміңді беріп тұрып.
Қазағымның күй шертсін адырнасы.

Әжелердің бұйырсын, қадір жасы.
Еріңнің абзал басын төрге сүйре,
Өйткені әйел оның қабырғасы.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЖАН- ЖАРЫМА СЫР

Ойға баттым,
Әуреледі шабытым.
Қатты кеттім, білемін-ау тағы тым.
Бірде түзу,

Бірде қисық, бұралаң,
Менің неге,
Менің неге бағытым?
Мені жұртым қайны атама ұқсатып,

Шаңырағым,
Қонақтайды үш бақыт,
Әйеліме үш алманы түсінде,
Үйленгенде беріп кеткен ұстатып.

Көңіліңе тиер мүмкін азырақ,
Ойға баттым өлеңімді жазып ап.
Қызым- деген әке шерін түсіндім,
Кетсе дағы әйелінен ажырап.

Тағдыр тағылым, неге қатал, өте тым.
Өмір жалған,
Бір мезетте өтетін.
Естігенім анаң жоқта үйіңде,

Әкең сені ұрлап алып кететін.
Сұрақ қойшы қандайсың деп, ал маған.
Мен де мұңлық өз бағасын алмаған.
Сені жаным мен бақытты еттім бе?

Әкесінің мейіріне қанбаған.
Сол үшін де жақсы көрем әкемді.
Демеді ол,- әкесіз қыз әкелді.
Тойын жасап, қалың малын төледі,

Сөйтіп сені кенже ұлына әперді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Қуғыншылар келгенінде қақ тұрып,
Күтіп алды,
Сөзін айтты жақтырып,

Шаңыраққа осы алтын келінмен,
Келе жатыр- деді әкем -бақ кіріп.
Тәрбиеле- дейді мені – баланы.
Ұрпағымды өсір дейді- саналы.

Келінімен телефонда сырласып,
Әкем маған ұрсып, ұрсып алады.
Тектілігің жұртқа аян, ісіңнен,
Бір көргенде оны жаным түсінгем.

Жақсылығың болса егер, әкеңнен,
Келін етіп, текті елге түсірген.
Құт боп келсін,
Тағдыр басқа салғаны.

Орындалды әкешіңнің арманы.
Жалғыз қызын жебеп жүр ғой түсінде,
Бола жатар,
Бола жатар қалғаны.

Аманат қой,
Қош көремін сыйыңды.
Осы жауқар шүкір маған бұйырды.
Алла берген ұрпағымды көбейткен,

Жарығым сол,
Нұрға бөлер үйімді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АҚЫН ҚЫЗҒА

Көз жасыңның татып жүріп кермегін.
Жан-жараңды өлең- жырмен емдедің.
Мұңын шаққан құндақ жырға сыр айтып,
Егізімдей жан екенсің, сен менің.

Пенделердің арасынан алыстап,
Қанат қағып көк жүзінде, ғарыштап.
Бір мұңыңды күлкі ішіне жасырып,
Бір уайым жүргендей ме жаныштап?!

Стөл басы,
Алшақтатып араны,
Жанарыңа жасырынып қарадым.
Мазалайтын беймаза күй көзіңде,

Бір мұң тұрды,
Ол нендей мұң, қарағым?
Нұр таймаған танакөзің, әрің де.
Өлеңіңе жарасады сәнің де.

Жан дүниесі ашылмаған тұңғиық,
Бір сыр жатар ақындардың бәрінде.
Жатса дағы мерейіңді асырып,
Желпінбедің,

Желікпедің тасынып.
Бір бақыттан бас айналар шағыңда,
Бір мұңыңды іштей тұрдың жасырып.
Соны сезіп атқақтады жүрегім.

Сөзің ірі,
Жаның нәзік, білемін.
Бала кезден таныс болған досым-ай,
Бақытты бол,

Шын Алладан тіледім.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ТАНАКӨЗ ТОЛҚЫНҚЫЗЫНЫҢ ЖЫР

КЕШІНЕ АРНАУ

(Естелік өлең)
Алатауым,
Күз мезгілі шырайлы,
Балаң жігіт бүгін неге мұңайды?!

Апорт ағаш,
Ұшар баста бір алма,
Сілкілесең тек жапырақ құлайды.
Себетім жоқ салып алар қолымда,

Жапырақтар төселеді жолымда.
Балаң досым алмаларды теріп жүр,
Сүйген жаны бар шығар ау оның да.
Бала сезім,

Балалығым, бал шағым.
Әртүрлі ғой сезімдері баршаның.
Күзгі бақтан іздеп жүрген бақытын,
Алма терген сол күндерді аңсадым.

Сол бір қызға алма сыйлап күздегі,
Балалық ай,
Бала көңіл біздегі.
Кім ойлапты Көктебеде қап қойған,

Өлең болып жазылар деп, іздері.
Шаттансақ та қуансақ та баладай.
Сол бір сұлу бақытына баламай,
Алманы да қабыл алмай ұсынған,

Көкше қызы кеткен еді қарамай.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Қызыл алма қызды баурап қолдағы,
Танакөз де, әдемі жан ол дағы.
«Сол апортты жеп алатын едік» – деп,

Ол жайында кейін хатын жолдады.
Гауһаржанға сыйлығым ғой – берші деп,
Сол бір жігіт ұнатады – сенші деп,
Аманаттап берген қызыл алманы,

Танакөз қыз кеткен екен еншілеп.
Демеңіздер мына жігіт қағынды,
Мен де кейін кездестірдім бағымды.
Алма ұсынған бала күнді аңсадым,

Көктөбеде жүрген кезді сағындым.

ТҰҒЫРЫ БИІК

ТҰЛҒАЛАР

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

КӨШБАСШЫҒА

Ойпырмай- ай,
Неге жұртым қарғайды?!
Кейбіреуге жаны қайғы, мал қайғы.
Аңсап жүрген жұмағыңа ұл-қызың,

Ата-ананың тілегінсіз бармайды.
Тарих тағылым сырын бүгіп қалмайды.
Талай тасқа ұрған қазақ маңдайды.
Бодандықтан алып шыққан кісіні,

Жасы келді,
Жамандауға болмайды.
Киізіңді тіліп жүр ғой қонағың,
Білмейсің ғой гүлің қашан соларын.

Тіл тигізбе елін сүйген арысқа,
Алла білер алдыңда не боларын.
Бәрі епті,
Бәрі мықты, құдаймыз.

Қазақ едік, көнеміз-ау шыдаймыз.
Қонаевты аңсағандай еңіреп,
Бұл кісіні іздеп талай жылаймыз.
Аюды да жүгендеген астарлы.

Айдаһарды ақылменен басқарды.
Көрінгеннің айтағымен жүгірме,
Арандатып кәрі менен жастарды.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Елбасы ғой,
Елді солай қорғасын.
Сириядай соғыс бізде болмасын.

Елбасыдай адам тауып алыңдар,
Шауып алам деген жандар, ордасын.
Әрбіреуі илеуіне тасуда.
Шіренгендер шетел ауып, асуда.

Өз ұлты үшін бәрін қиған қазағым,
Атын дағы ауыстырмас асуда.
Саяси да жатырмыз біз жаңғырып.
Үріп жүрген ақылсыздар әңгүдік.

– Шал кет – дейсің саясатын түсінбей,

Ол кеткен соң, қалмайықшы қаңғырып.
Хатқа тізген осы міне ойларым.
Ниетім сол,
Ел бірлігін ойладым.

Елді бұзба,
Басбұзарлар, жетеді,
Теріс пыйғыл билеп алған бойларын.
Арандатса арам пыйғыл әртүрлі,

Адастырар қартымды да, халқымды.
Елдігінен адастырма елімді,
Қолда барда бағалайық алтынды.
Әруақ бар дегенге Сіз, сенесіз бе?

Жөн сілтеп,
Жөнін айтып бересіз бе?

– Не қасиет болды- деп ойлайсыздар,

– Мәшһүрдің шірімеген денесінде?

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Бабалар, «Қасида» оқып жер астында,
Бүгінде шаһит болып ел астың ба?
Ойланшы,

Дүмшелердің күні қараң,
Уағызы жетектеп жер астына.
Қазақта, қанша ма «Ишан» ұлық өткен!
Бұл күнде сыр-аяқтың сыны кеткен.

Бүгінде, әсіре діншіл ұрпағың көп,
«Қанафи масқафыңның»- құны кеткен.
Көк бөрі,
Көкжал тірлік оралады.

Бүркіт боп жүрміз бүгін томағалы.
Томағасы шешілген қырандайын,
Түбінде бақытты күн оралады.
Тұлпарың оза шапса құнан деме.

Көп жандар бәле іздейді бұдан неге?
Оқ сөздер қадалса да, үндемейді,
Бізге сабыр бермеген, шыдам неге?
Елбасының таңдауы, баптағаны.

Осы кісі сенімді ақтар әлі.
Әке көрген оқ жонар, игі ісімен,
Тарихтың толтырады ақ парағын!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Пошатай деген атамды,
Білмеген жан жоқ, қариді,

Жетім, жесірді қолдап бір,
Аралап жүрген әр үйді.
Жалған екенін ұқтырған,
Сол атам еді, пәниді,

Бақ қонам десе, қонады,
Аралап жүрер әр үйді,
Тектіктілік пенен ептілік,
Нар туған ұлын таниды,

Баланың болмас бөтені,
Әкелеп тұрса, бәрі игі,
Бәйгеге тұлпар шаптырса,
Жүйрігін сыншы таниды,

Қазағым текті халық қой,
Көпшіл ғой оның, жаны игі,
Дөп басып білген осы ел,
Арапқа дейін, пәниді.

«Ақылес» деген қазақ ол,
Трояға тіккен қара үйді.
Жанашыр, аңғал қазағым,
Тірлігің жүрек қариды,

Елімді ойлап жүгінсем,
Болады ісім, әлі игі,
Жақыным жат боп кетсе де,
Қалың ел жақын таниды.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Жүйелеп шағып, жүйкеңді,
Жамандар, көңіл бұзады.

Көңілдің жайын таппастар,
Өмірдің сол ғой тұзағы.
Арпылдап жүрген пендеміз,
Шырт етсе сынар шыдамы,

Бекасыл деген бабаның,
Ағасының шырағы,
«Пошатай» деген Қаридің,
Немересі мен ғой, пырағы.

«Мәшһүрге» барған жолым бар,
Бабаның жолы ұнады,
«Бекасылды» іздеп келгені,
Тарих боп мәңгі тұрады,

«Зикзалды» жазып ұсынып,
Сол бабам неге жылады?!
«Мәшһүрдей бабам» тұрғанда,
Дүние шіркін тұрады.

Бабаларына бас иген,
Балаңның осы ұраны,
Көгіңде мәңгі шалқысын,
Көк туымдағы қыраным,

Басыңа барып оқыған,
Қабыл болсыншы «Құраным»!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Тегі бекзат әкеден,
Кісі туар,

Құл тумас!
Тайсалмайтын әкеден,
Тайып кетер ұл тумас!
Екі ағайын жау болса,

Бір ортада, бір тұрмас,
Ондай жаудың тірлігі,
Өлгеніңше ұмтылмас.
Бірге туу бар екен,

Бірге жүрмеу, мүмкін рас,
Ашуы шындап келмесе,
Жүрек те шіркін бұлқынбас.
Тілектес жандар азайды,

Көбейді жандар құлқындас.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЕРЖАН АҒАМА АҚ ТІЛЕК!

Қадір тұтқан, пана еткен барша адам.
Атың ерек, затың ерек қаншадан,
Алла куә, себеп болған өзіңіз,
Арманыма жеткеніме аңсаған.

Жеңгемізді серік етіп, қасына,
Жеттің бүгін пайғамбардың жасына,
Шөберенің қызығына тойғайсыз,
Бақыт қонған жансыз шіркін басына.

Бабалардай ерек өмір ұстанам.
Қанаты жоқ шығар құстың, ұшпаған.
Бекасылдай бабамыздың ұрпағы,
Сиясауыт қасиетті ұстаған.

Ерек туған ағамсыз Сіз, ерексіз,
Бәйтерексіз, биік өскен терексіз.
Қартайдым деп ойламаңыз ешқашан,
Бала үшін, бауыр үшін керексіз.

Бабалардың тілегі осы, бағы ма?!
Алтын жүрек, асыл тілек тағына.
Орның бөлек, орның ерек ағажан,
Жүр ғой інің, жақсы көріп сағына.

Қарапайым құшақ жайған ағашым.
Өмір өзі беріп жатыр бағасын.
Бауырды ойлап, қабырғасы қайысқан,
Мұндай аға енді қайдан табасың?!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Қандай ұлы,
Қандай ерек тектілік.
Бас иемін мерекеңе кеп тұрып.

Жеңгем күтіп алғанына қуанып,
«Інің келді» – деп айтарын жеткізіп.
Ағам едің, жүрегі бір, жаны бір.
Балалардың арманы бір, бағы бір!

Рахымжанның қуанышын бөлісіп,
Тойлайықшы қуанышты тағы бір.
Жеңгем алтын, орны бөлек, ерек қой.
Аға оны махаббатқа бөлеп қой.

Ешкім шіркін жеңгеміздей болмайды,
Қартайғанда сүйеніш те керек қой.
Жүрген жолың, жақсылығың – бәрі ізгі.
Еліктеймін өзіңдей боп – тәрізді.

Түсінігі төмен жандар жетерлік,
Өтей алмай жүрген шіркін парызды.
Аға, сенің берсін маған жолыңды!
Көп дұшпандар кесердей ма, қолымды.

Адасқаным, ақ тілектің жолы ма,
Ақыл айттың жүрегіме қонымды.
Құрметтеймін,
Сыйлап өтем, ағашым,

Үмітпенен алтын айдар тағасың.
Орның ерек, жолың ерек, ағажан,
Өмір өзі береді ғой бағасын!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ТӨРТ ЕЛДІҢ ТУЫН ТІКТІҢ АСТАНАҒА

(Дархан Қыдырәліге)
Туған күн қошеметпен өтті бүгін.
Дарабоз, көрініп тұр тектілігің.
Өсірген ұл қызыңның рахатын көр,

Мал жаның аман болсын, төрт түлігің.
Шығаратын әлемге қазақ атын.
Ел сүйген,
Елін сүйген азаматым.

Төрт саны ежелден ақ қасиетті,
Төрт құбылаң тең болсын қазанатым.
Құрғақ сөз,
Кімге керек құрғақ өлең.

Бауырыңның жырымен нұрға бөлен.
Капелімде сөз таппай ойға баттым,
Болмаса жан едім ғой жырлар өлең!
Аталы сөз айтар бір қасиетім.

Қырық төрт жас, төрт саны қасиетің.
Төрт ұлды аманат қып берді Алла,
Анамыз бар алдында бас иетін!
Қазіргінің өздерің, арыстары!

Көп болған жоқ өзіңмен танысқалы.
Төртеу түгел болса егер, бағың тасып,
Тілегенің келеді ғарыштағы.
Қадірі жұрттан ерек асқан аға.

Ақыл жастан,
Ал, асыл тастан, аға.
Түркі елінің таймаған бағын көксеп,
Төрт елдің туын тіктің Астанаға.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Тарланы, дарабозы кемел елдің.
Әзірбайжан орденін егелендің.
Осылай тілегімді арнайыншы,

Қазіргі басшысына Егеменнің!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АСАНБАЙ АСҚАРОВ АҒАҒА

Алатау десе,
Алматы түсер есіңе.
Алматы ұлық,
Дауласам оған несіне?!

Таразға жетпей,
Шымқала саған бұйырған,
Алатау биік,
Алатау саған несібе.

Арыстар еді,
Тірлікті күйттеп бас алмай,
Ерлерім болса,
Болсыншы ерім Асандай.

Алаштың соңы,
Аңырап кеткен арысым,
Асқаров еді,
Асқар шың еді Асанбай.

Медеуді сүйдің,
Екінші медеу іздедің.
Халқыңды ойлап,
Жаныңа қажау іздедің.

Жаныма батты,
Бүгінде оны елемес,
Сол шатқалдағы иесіз қалған іздерің!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҮРКЕР

Даналар бар бәйтерек, ол да бір түп!
Намысыңды алатын жыртып, жыртып.
Атынан ат үркетін ағалар бар,
«Үркер» – дейді,

Кетпесін атың үркіп.
Жандар бар әр қадамын есеп қылған.
Жамандар бар жақсыны өсек қылған.
Үкілеген үркерлер адасып жүр,

«Үркер» – емес, айнала – «Есекқырған».
Көсеудейін бұл не күн, көсеп түрған?
Мен емес, елді алдаған, өсек қуған.
Шолпан жұлдыз болмадым деп күйінем,

Ақ таңға шапағатын төсеп тұрған.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ!

Көмейден шықпай жүр-ау жақсы өлең,
Жүздесіп жүрсем-дағы жақсыменен.
Жұрт не десе о десін, Елбасыны,
Жаныммен жүрегіммен жақсы көрем.

Ойлап жүр қартыңды да, бала қамын.
Сығандай жайылмады алақаның.
Жандарды бақытты ғой деп ойлаймын,
Елбасының сезінген алақанын.

Қазаққа жат қылық ол, жамандасу,
Жақсылық әкелмес-ау саған да ашу.
Адамда арман көп қой, мендегі арман,
Алла сүйген патшамен амандасу.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АРТЫҚ АЙТПА АҚЫНЫМ

– Айлакер деп ойлаушы едім түлкіні.

Құлдық сана адастырған түркіні.
Династиялар елді солай билесін-
Деген сөзі бір ақынның күлкілі.
Біле білсең бүкіл қазақ жақының.

Артық айтпа, артық айтпа ақыным.
Қазағымды ер азамат билесін,
Бұра тарта бермейтіндей жақынын.
Жағымпаздық жайлап жатқан заманда,

Жол ашылған, адал құлап, арамға.
Алаштарым аңсап өткен нұр өмір,
Келеді әлі түйсік болса санаңда.
Жас ағып тұр,

Жасық па едің, көзіңнен.
Асау жырды күтіп едім өзіңнен.
Өсем десең,
Өшем десең өз еркің,

Құлауың мен тұруың да өзіңнен.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Алысып жұлысқан адам,
Ұрысқанын көріңдер,

Пейілі жымысқы надан,
Жазасын беріңдер.
Үлкен деп ойламайтын,
Жасты бір «көрім» – дер,

Бейбітті қаламасаңдар,
Алтынды бағаламасаңдар,
Жұлысып өліңдер.
Тірліктен тоқыраған,

Шығарған отыр бір адам, сеніңдер.
Шәуілдеп ұрысқаның,
Қатын боп жұлысқаның не қауымды ел?
Сендерге тиым бола ма,

Миыңа ақыл қонама дауылды ел?
Алмасын кесел бір,
Кетпесін есең дүр,
Зар жылап жүрмеңдер күні ертең,

Керемет күнім деп кешем бір.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ГЕНАДИЙ ГОЛОВКИННІҢ

ЖАНКҮЙЕРЛЕРІНЕ

Жеңілсе құны қашып ұнайтының,
Не әдет ол жабылып сынайтының?
Алланың әміріне шараң бар ма,
Қайғылы хабар емес жылайтұғын.

Біреудің бағы шабар, ебі ме еді?
Жаңсақ пікір шаршатты тегі мені.
Өмірің де ақ-қара жолдан тұрар,
Біреу жеңер,

Ал біреу жеңіледі.
Ұланым ғой,
Бәрібір жаттан жүйрік.
Бабың да бола алмайды бақтан жүйрік.

Таразының оң солын пайымдамай,
Бұйрады дедің- ау батпан құйрық.
Бітерем деп осымен бір ісіңді,
Барды салып тіктің ау тігісіңді.

Жинаған қаражатың желге ұшты,
Теңге салған ыдыстың түбі сынды.
Орындалмай аһ ұрдың, діттегенің.
Оңай жолмен мол қаржы күткен едің.

Дүние боқ,
Бір құдай сақтағаны ай,
Дұрыс бопты басыңды тікпегенің.
Биік шыңда байқамай тау етегін.

Өмір жұмбақ,
Аллаға тәу етемін.
Шампан ішем- деп едің, әттеген ай,
Тақырға отырғызды тәуекелің.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Болса да түрткілеген сенім іште.
У қосқан су,
Сен оны сеніп ішпе.

Жеңіспен өмір сырын ұға алмайсың,
Өмірдің мәні жатыр жеңілісте.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ДЕНИС ТЕНДІ АЗА ТҰТУ

Айдынын тастап ұшты аққу арман.
Қаңқылдап өте барды гәкку жалған.
Бақа-шаян ылайлап тұнығыңды,
Иір-иір іздерді аққу салған!

Сұм дүние,
неліктен ғасыр жалған?
Дарабоз ең талай шың, асуды алған.
Кезегімен мәнерлеп сырғанамай,

Шыр айналып өтті ғой ғасыр жалған.
Жүретін зар заман ай, пайдасына.
Тіршілігі жетпей жүр қай басына?
Айнаң да, көлігің де садаға кет,

Нең бар еді,
Қазағымның «Айнасында?»
Пенделер неге жауыз, «Тағы» неткен?!
Не сұрайсың қаншерден, нағылеттен.

Бақұл бол,
Алла алдыңнан жарылқасын,
Шоқ жұлдызы халқымның, ағып өткен.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӘР ЕЛДІҢ САЛТЫ БАСҚА

(Денис Тенмен қоштасу рәсіміне қарап туған ой)
Қазақ болса жоқтар ек, арды сақтап.
Той болса құтықтайтын, бәрі жақтап.
Өлген жанды жоқтаушы ек аза тұтып,

Бір түрлі екен,
Қоштасқан шапалақтап.
Әр елдің салты басқа, ала қасқа.
Біздегі өре бөлек, сана басқа.

Ұлың өлсе қуанып қоштаспашы,
Шапалақтап жүрмеші, қара баспа!
Жасқа толмай көздері, тұманданбай,
Себеп болды екен ау бұған қандай?

Дүйім жұртым қолдарын шапалақтап,
Өлгеніне риза боп қуанғандай.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЖАСЫРЫНЫП ТАС АТПАҢДАР БАУЫРЛАР!

Жоқ адамға бауырым-ау кейіп көр.
Зомбилердей тап өздері, кейіпкер.
Мықты болса, жарқырап бір шықпай ма,
Атын, затын тұмшалаған «фейктер».

Айтқың келсе қазағымның мұң зарын.
Шахановтай қасқайып бір тұр жаным.
Патшаны да жамандайсың жасырын,
Құдайың кеп қас төбеден ұрмасын.

Тығылып бір, тас атасын жасырын,
Жоғалтқан соң жылайсыңдар асылын.
Бұл қазаққа бұйырған бұл бостандық,
Осы сенің өркендейтін ғасырың.

Оқ атпаңдар жатып алып жасырын.
Мынау сенің гүлдеп тұрған ғасырың.
Тағдыр заңы,
Жылайды екен ер де, ел,

Жоғалтқанда баға жетпес асылын.
Тас атпаңдар, тығылып ап тасадан.
Жалғыз Алла, көріп тұр ғой «Жасаған»
Қазағыңды қазақ еткен «Елбасы»,

Бар жағдайды қазағына жасаған.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҰЛТ САРБАЗДАРЫНА

Жаңғыртып сөздің салтын көнергеннің,
Көнені жаңартса екен өр өлеңім.
Көсемдер топ алдында сөз бастаса,
Қол бастайтын осы ғой өрендерім.

Төскейде мал баққан ел қауға салар,
Билерім бар екпінді дауға салар.
Қазіргінің айбынды батырлары,
Осы міне жігіттер жауға шабар.

Қиқулайды қамшылап намыстарын.
Апайтөс адуынды арыстарым.
Елім аман,
Заманым тыныш болсын,

Жаттығуың оң болсын, жарыстарың.
Екі елді бір-бірімен талас құрған,
Билерім табыстырған, жарастырған.
Ханафидің жолында жүрген елді,

Неге бүгін жат ағым адастырған?!
Қайран жұртым нәр алып шаттық нұрдан,
Қай кезде дәл осылай шаттық құрған.
Сыр бойына сарбазды жинап алып,

Төлеби дәл осылай жаттықтырған.
Улайды әр түрлі ойлар санаңды мың.
Әр қилы алмағайып заман бүгін.
Қауып төнсе сап түзер осы өрендер,

Елінің ойлайтұғын амандығын.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

МАХАМБЕТ БОП ҚАЛАМ ДЕСЕҢ…

Мұхаммедтің сөзіменен бастайын.
Ақыл сөзден,
Әділ сөзден қашпайын!
Патшасына өлім сұрап жүр жандар,

Оразада, ауыздары лас, дәйім.
Мұншама көп неге жұртта сұрақтар?
Тың тыңдаған көп қой сыртта құлақтар.
Саясатты түсінбейсің, жырлайсың,

Өз жырыңа көрші досым, құлақ сап.
Махамбет боп қалам десең елдегі.
Ол Махамбет артық сөзге ермеді.
Сенің жырың ит боп үрген жандардың,

Санасыздың,
Сауатсыздың ермегі.
Ақын болсаң турасын айт, оқталып.
Не ғайбат ол, қарғанасың боқтанып?

Надан сөзің жүрегімді ауыртты,
Ел ішіне шоқ салып.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АТА ЗАҢЫМ ЖАСАСЫН!

Мерекенің үлкені,
Мерекенің ұлысы.
Ата заңым қорғаным,
Құқығымның тынысы.

Ата жолын ұстанып,
Заңды сыйла, тынышы,
Бостандықты қаласаң,
Заңмен жүру- дұрысы.

Құқығымның кепілі,
Ата заңым жасасын!
Заң бар жерде -сұрау бар,
Белден қалай басасың?!

Заңмен жүріп, заңмен тұр,
Сыйла заңның атасын,
Ата заңым қамқоршым,
Конституциям жасасын!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

МЕН ЖАНЫСТЫҢ ҰРПАҒЫМЫН!

Тізгін ұстар,
Өрелі ұлдар намыстым.
Көпшілігі елге мәлім, таныссың.
Төлебидей төбе биін пір еткен,

Мен ұлымын,
Мен ұлымын Жаныстың.
Бөлтірігім,
Ысты елі пір еткен.

Қонаевтай бар қазақты бір еткен.
«Алыс беріс жасағайсың Жаныспен»,
Деген сөзді -Бөлтірігім -жыр еткен.
Жаны жайсаң, жөнін білген әр істің,

Шеттерінен дара туған, намыстым.
Келін беріп,
Қызын алып ұлықта,
«Бөлтіріктей»-құрмет етіп Жаныстың.

Кейбіреудей сөйлемейді таптанып,
Кететіні болмаса егер мақтанып,
Той жиында ат оздырмай атамыз,
Көрдім бүгін тарихтарын ақтарып.

Бөлтірігім- Шымырды айтып, шіренген.
Сиқымды да оңдырмапты, тіленген.
Ботпай ата қанша сотқар болса да,
Төрт атамыз ана сүтін бір емген.

Жарықшақтың- бар екен ғой көрері.
Сыландыға құдай көп қып береді.
Артымда ерген қарашығым бол деген,
Домалақтай ана сөзі келелі.

Бәйдібектей атамыз бар, нартұлға.
Ұлыларды ұлықтап жүр, тартынба,

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Алты ата ұл,
Ұрпақтарың ел болып,
Өр атыңды өшірмей жүр артыңда.

Албан, Суан, Дулат, Ысты, Ошақты,
Шапырашты ағайындар қосақты. – Бөлінбейік,
Бөрілер жеп кетпесін-,
Деген нақыл, көңілімді босатты.

Оңтүстікте жиен сыйлап тағасын,
Деген сөз бар, – Таға менің нағашым-.
Тоғыз айдай толғаттырған ішінде,
Руы арғын еді менің анашым.

Көп даналық табасыңдар ісімнен.
Құда алдында басымды иген үшін мен.
Кіші жүзге бір қыз беріп, үш қызын,
Келін етіп шаңыраққа түсірген.

Ебіл дебіл бие сауған қобырап.
Бірін ерткен, бір баласын қолына ап.
Шаңырақты еншілеген жеңгемнің,
Тегі асыл,

Шыққан елі Қоңырат.
Ауылы жақын, еңселі жұрт, іргелі.
Тіл ұшында тұрар сөзі, білгені.
Айтысқанда абысынға сөз бермес,

Бір жеңгем бар руы оның Сіргелі.
Бір ағам бар,
Дәмесі көп «Үр қыздан».
Екі жұртты құда етіп тұрғызған.

Бишымырдың жолын қуып, әкелді,
Бір аруды, көрші жатқан қырғыздан.
Мақтайтыным содан мүмкін
Жанысты. Барлық ру біздің үйде табысты.

Орта жүзден туған ұлдар арынды,
Кіші жүзден туған ұлдар намысты.

ӘУЛЕТІМ МЕНІҢ –

СӘУЛЕТІМ

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АҒАЙЫНҒА!

Көңіліңді жүрсеңші көктем етіп,
Қайтерсің ағайынды өкпелетіп.
Жалған дүние,
Не жетер сыйласқанға,

Ұтылмасаң ұтпайсың, «өктем» кетіп.
Жалған тірлік,
Жоғалтып сабырыңды,
Ұрсысасың ұмытып Тәңіріңді.

Бес күн жалған тірлікте сыйласа алмай,
Жылап жүріп қазарсың қабіріңді.
Адамға неге ақыл кеш қонады?
Тектіге кеш те болса ес қонады.

Жетпесең бүгін туыс қадіріне,
Кім білер,
Мүмкін ертең кеш болады.
Ет асып күт, іштің ғой шәйін жұрттың.

Ата-анаңның асын жеп, майын жұттың.
Өз әкең қартайғанда қараса алмай,
Қамын ойлап кетіпсің қайынжұрттың.
Қарасатын кезің бұл, қуыстанба.

Туың сенің жығылмас, туыс барда.
Жер ортадан астың ғой, не көрінді,
Теріс қарап кетердей туысқанға.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Жел есетін тұлпардай сауырынан,
Азаматтар шығып жүр қауымымнан.
Өзі болып толғандай талайлар жүр,

Іргесін аулақ салып бауырынан.
Бәйгеден озып келсе аты бүгін,
Үйіне жақындамай жақынының,
Әкесінің тәлімі әдіре қап,

Байына билігі өтіп қатынының.
Бұл өлеңнің түбінде сана жатыр.
Қариялар азайып бара жатыр.
Ата-анаңа жасаған әрбір ісің,

Айналып келеді әлі, қара да тұр.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӘКЕМНІҢ АРНАУЫ

(аза тұту)
Көшкін інім,
Тетелесім, құрдасым.
Қажығанда өзің едің сырласым.

Жарқырап бір жүрген жандар көп емес,
Алып жүрген жан санаулы, бір басын.
Елуімде, алпысымда келіп ең,
Жетпісімде тойлап едім сенімен.

Сексенімде төрімдегі қонақ боп,
Жүрер еді деп өзіңе сеніп ем.
Амал қанша,
Бұйырғаны тағдырдың,

Нанын аңсап жүрмін мен де тандырдың,
Сен де кеттің,
«Манап»- кетті жалған ай,
«Қарақас» пен «мені» тастап, жан құрбым.

Өткен өмір,
Айналды ма елеске?
Бұл өмір тұл,
Қайта келер емес те.

Кетеріңде сөйлей алмай жыладың,
Жылап тұрып аламын-ай мен еске.
Бауырым-ау,
Еске алмасам арға мін.

Санаң терең, ұлық еді ар жағың.
Бауыржаным ақ жолыңды жалғаса,
Сенде, менде болмас еді арманым!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҚОС ҚАРИЯ

Кәрі тауым Алатау бауырында.
Қысы ерекше керемет, ауылымда.
Атам мінген көкпарға торы айғыр,
Кісінейді тер кеппей сауырында.

Атамның ерекше еді ертегісі,
Жаныңнан, жүрегіңнен шертетұғын.
Он алтыншы ұлының кенжесі едім,
Ұғынып өсіп едім ертегісін.

Сәби едім еліктеп ағаларға,
Ұқсайды ағаларым қара нарға.
Атамның құшағында жатушы едім,
Сол күнін пенде шіркін бағалар ма?!

Керек етпей жүретін жарияны.
Екінші рет көрдім мен дарияны.
Анамның әкесі еді,
О жарықтық,

Салиқалы, сардарлы қарияны.
Тағдыры алуан түрлі бұл адамның.
Сан рет тұрып кеттім, құлағанмын.
«Мұңлық-Зарлық»- ертегі әсерінен,

Жаным жасып, тығылып жылағанмын.
Намазын оқитын ол, үзбеп еді.
Исламның таза жолы, іздегені.
Қос атам о дүниелік болғаннан соң,

Шайтандар көп арбайды күзде мені.
Саламат болсын ата имандарың.
Жұртына беріп кеткен жиғандарын.
Түсімде киіз үйдің төріндесіз,

Аралап жүрсіздер-ау Иран бағын.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

МЕН ӘКЕМДІ ШЫНЫНДА

ЖАҚСЫ КӨРЕМ

Жаман мінез,
Жаман ой, тапшы менен.
Жүргенім,табысқаным жақсыменен,
Асқар шыңым әкемнің арқасы ғой,

Мен әкемді шынында жақсы көрем.
Қайрылып бір қарадым өткеніме,
Алланың не шарам бар өктеміне.
Әкемді жан- жарынан айырған сол,

Өкпем бар,
Қапалымын көктеміңе.
Күн сайын хабарласам, сырын ұғам.
Бәйтерек ол,

Жаралғам шыбығынан.
Маржандай асыл сөзді іздегенде,
Әкемнің табушы едім тұнығынан.
Заман ғой атың емес, бақ шабатын.

«Батыраштар» жетеді баққан атын.
«Құлагерді» баптаған бәйгесіне,
«Ақан сері» әкем бар, мақтанатын.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЕКІ ҚАРТЫМ

Екі қартым бақытты,
Бағы мәлім.
Екеуін де тұмардай тағынамын.
«Әке-шешең жаныңда»-дейді, жұрттар,

Мен оларды бәрібір сағынамын.
Қасымда емес,
Мен ерте, жырақ кеткем,
Кетерімде білдірмей, жылап кеткем.

Қолдаушым қос жұмағым, Алладан соң,
Өмірімді өздерің жұмақты еткен.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӘКЕМДЕЙ БОЛСАМ ЖЕТЕДІ

Кешір Алла, пенделік пен қатемді.
Жақын болып кетті ма әлде, жат енді?!
Ақылына құлақ салғын жарандар,
Қадір тұтып, көп жасаған әкеңді.

Қиын қыстау шақтарды да өткерді.
Өткен өмір- онда жатыр көп белгі.
Ірілері, інілері бас иген,
Бағындырған батырың мен бектерді.

Әке, жөнің ерекше ғой білемін.
Бақ дарыған асылдардың бірі едің.
Ағайынға тек жақсылық тілеген,
Қариясыз, мінсіз ғана жүрегің.

Көп көргеннен сұра дейді тілекті.
Сөзің әділ, жүрегіме жыр екті.
Сүрінгенде бұл жалғанның сынынан,
Қорғағансың түріп алып білекті.

Ешкім мені айта алмайды ерке деп.
Құшағыңда өссем дағы еркелеп.
Сағынышты жүрегіме жасырып,
Қастарыңнан кеттім ғой мен ертерек.

Бір бала бар жасқа толған етегі.
Бір бала бар әкесінен өтеді.
Өміріне өкпелі жан мен емес,
Тап әкемдей болсам маған жетеді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЖЕЗДЕМЕ

Аман қалған гранаттан, минадан.
Кімге қалай,
Маған жездем сыйлы адам.
Отан үшін жанын берген адамға,

Сыйы да жоқ, мен сол үшін қиналам.
Таудағы шың,
Жұрттар жүрсе етекте.
Зейнетіне шықты парыз өтеп те.

Басындағы осколкасы жүр әлі,
Халық үшін еңбек етті десек те.
Спортыңды меңгерген ол, алапат,
Бес түрінен шебер еді, ғаламат.

«Адасқандар» қазағымды атқанда,
Қарсы тұрды, алған да жоқ марапат.
Шәкірттері әлі оны жырлайды.
Жездем асыл,

Әділ сөзін бұрмайды.
Бөрілерге шәуілдеген күшіктер,
Мұндай жанның тырнағына тұрмайды.
Айту үшін бұл жазбаны сөз керек.

Сөзім дәлел,
Өлең дәлел сөз дерек.
Алла жазса жүрейікші тойыңда,
Алтыным сол,

Ардағым сол жезде деп!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

БАУЫРҒА НАЗ

Сөз айтпасаң тыныш отыр, ұнамды.
Есекпенен жарыстырма, құланды.
Үйге кірсе айран құйып шығарған, Қазақ атаң,
Қара шұбар жыланды.

Көп ойландым, қабырғаммен кеңестім.
Іні дерсің, «Сен әулие»- демессің.
Тек, бауырдың сөзі оқтай қадалар,
Ренжіте алмайды ғой, мені ешкім.

Талай жанды сесімменен тықсырдым.
Ақылым бар,
Ой салатын ұшқырмын.
Бауырымның айтқан сөзі зіл батпан,

Басқа айтса, мен оларға пысқырдым.
Жетегінде жүріп алып елестің,
Өкпеледің, бауырыңмен егестің.
Асың емес, көңіліңе қарадым,

Сусып келген қара жылан емеспін.
Мен де оңып тұрғаным жоқ, қатем көп,
Таяғымен бір қойса екен, атам кеп.
Дүниеге құл боп кеткен бауырдың,

Қылышынан өлген еді Махамбет!
Бауырсың ғой,
Кесе алмайсың қолыңды.
Сөз айтсаңшы көкейіме қонымды,

Ұрыссақ та, қиыспайтын туысқан,
Алла сенің оңғарса екен жолыңды.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЖЕЗДЕМЕ

(Сәкенніц Садықұлының аруағына багыштадым-3)
Сұм ажал өміріңді салып тезге.
Бұл өмір неге өтті қайран, лезде.
Есімді жия алмадым, естігенде,

Аңқылдап жүруші едің қайран жезде.
Төрт балаң қалды артыңда аңыраған.
Ағайын дос артыңда жамыраған.
Өз-өзіме келе алмай ,

О тағдырым,
Қандай сынақ бересің тағы маған.
Өзіңсіз «Əпке қанат» қайырылды.
Зар жылады бауырым, жайы мұңды.

Екі -ақ түйір кос жездем бар еді ғой,
Біреуінен қапыда айырылдым.
Үміт жолы бар еді, оттапты үміт.
Жыр жазам деп сендім бе, жоқтап тұрып?

Бір қызың мен үш ұлың аяқтанбай,
Жетім қозы жетілер оттап жүріп.
Ажалменен күшім жоқ белдесуге.
Амалым жоқ қайтемін сенбесіме.

Жұмақтан Алла орын берсе екен,
Жақсылығын бағалап, пендесіне.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЖЕЗДЕМЕ

(Сәкеннің аруағына бағыштадым-1)
Отырдым кеше түнде,
Телефон ақтарып бір,
Мейраммен құттықтадым,

Достарды, шаттанып бір.
Көзіме жас оралды,
Вацапың сақталып тұр.
Жазсам да оқымайсың.

Қоңырау естілмейді.
Бұл өмір жалған екен,
Садағаң кетсін мейлі.
Сен қалай өмір сүрдің,

Сен қалай өстің мейлі,
Қоңырау шала алмадым,
Дауысың естілмейді.
Жүрегім қан жылады,

Бұл жалған өтер екен.
Қасыңда тірі жүрген,
Жанға асыл жетер ме екен.
Құйрықты жұлдыздар да,

Ағып бір өтеді екен.
Тіріңде бағаладым,
Өлген соң жылап Алла-ай,
Өмірде сыйлас жанды,

Өліммен сынағандай,
Жоқ десе, сенбей көңіл,
Бекиді-ау бұғанағым.
Жүрегім қан жылама,

Өтініп сұранамын.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Желіні ашып қалсам,
Достықта жарқырайсың.
Қайның ем тұз сұрасаң,

Өзіңнен бал сұрайтын.
Сен жоқсың, амалым не,
«Лайкпен»- қал сұрайтын.
Амандық тілеп өтем,

Халқыма, достарыма.
Көзім де анық жетер,
Ақ ниет дос жанына.
Сен жоқсың Лайк басар,

Сөз жазар посттарыма.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЖЕЗДЕМЕ

(Сәкеннің аруағына бағыштадым-2)
Дес бермей тулап жатқан күш ағымға.
Жездем ау енді қайта құшамын ба?!
Өткен жылы үйіңе соққан едім,

Талықсып ұйықтап едің құшағымда.
Өзіңе, өзге жанды ұқсатпаймын.
Жүрегім қан жылайды, тұсап қайғым.
Орның бөлек жан едің қайның үшін,

Енді кімді мен сендей құшақтаймын.
Өзіңе жыр жазамын құрып өлең.
Өлең ғана демеушім, құры өлең.
Сол күнді қарғыс атсын, жылап жүрмін,

Бұл күнді жек көремін шыныменен.
Əкедей бола алмаймын, тұяқтарың.
Медет тұтып, артыңда тұяқ барын.
Мен ұйықтап қалғанымда тыныш кеттің,

Жол жүріп келді ғой деп оятпадың.
Қиыншылық көргенім аз ба менің.
Үйімде болып едің жазда менің.
Барыңда, тек жақсы сөз айтқан екем,

Өзіңе арнап, бір өлең жазбап едім.
Мықтымын деп ойлаушы ем, нəзік екем.
Бар болу да, жоқ болу қазір екен.
Тіріңде, жан жағыңды бағалашы,

Жаналғыш жан алуға әзір екен.
Асыл едің,
Шықпады жаман атың.
Жігіт сендей болсыншы, азаматым.

Жетпеген арманыңды орындаймын,
Ұл-қызың маған берген аманатың.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АУЫЛҒА КЕТКІМ КЕЛЕДІ

Өнеге берген, ақылын айтып келелі.
Құйтырғы заман,
Сөзіңнің жоқ қой керегі.
Тірліктен кейде, өмірден мына баз кешіп,

Жабыққан кезде ауылға кеткім келеді.
Әкем мен анам қасында көңіл марқайып.
Тыңдаушы ем сөзін, еркелеп жатып, жантайып.
Өмір-ай деймін, сағыныш екен сол күндер,

Ақсамай тартып, қалыпты олар қартайып.
Алладан кейін табынарым солар өрелі.
Мені ойлайды, кеңестерін береді.
Ата-анасын сыйласа адам тегінде,

Сол бір сыйын ұрпағынан көреді.
«Шалдың ұлы»- дейді мені ағалар.
Аман болсын ақ жаулықты аналар.
Сыр табақтың сыны түбі кетпейді,

Қадірімді түбі ағайын бағалар.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

НЕСІНЕ ӘПКЕ ЖЫЛАДЫҢ...

Несіне әпке,
Несіне бауыр жыладың?!
Шыдамас дейсің,
Шыдаймын, өмір сынағы.

Сен кеткеннен соң елегізген сол бір көңілім,
Қайтейін енді, жыладым.
Пейілің таза,
Ойлаған туыс, бауырды.

Шешемнің түрі,
Тірлігің таптай, қарулы,
Әпке деп барсам,
Дастарханың жайнап тұратын,

Ұйықтаймын десем, төсегің әр кез жаюлы.
Бұл тірлікте өтер,
Бәрі де әпке өтпелі.
Жазғыра көрме, жамандай көрме тек мені.

-Қосады Алла- дейді ғой екі адамды,
Үкілеген жаным қадіріме менің жетпеді.
Қорғадым оны,
Бекер ау, бекер жан салып,

Еркектің күші жетеді оған қаншалық?
Кетемін десем,
Қимайды, білем, тәйір- ай,
Бағамды бүгін біліп жүр екен, қаншалық.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

НЕГЕ БҮГІН ЖҮРЕК ШІРКІН ЕГІЛДІ?!

Әр көктемде жүрек шіркін жылынып,
Жанарымда жылт ететін жылы үміт.
Ата-анама сәлем беріп қайтушы ем,
Сағыныштың шын бағасын ұғынып.

Ауыр жолды береді екен Құдайым,
Қайда барам, төзейінші шыдайын.
Өмір ақ пен қара түстен құралған,
Алла мені қолдасыншы ұдайым.

Ұмытпаған, текті жанмын тегімді,
Неге бүгін жүрек шіркін егілді?!
Мүмкін әлде сағындым ба сол күнді,
Соңдарыңнан еріп жүрген кезімді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

СОЛ БАҚЫТТЫ ТОСАМЫН

Түтетпесе әке-шеше ошағын.
Керегі не, мына жазған бос әнім.
Жарқырайтын күнім келер әлі де,
Сол күндерді,

Сол бақытты тосамын.
Тұсау болып қызметтің тұзағы,
Көңіл шіркін елге қарай ұшады,
Әкем менен шешем еді қамқоршым,

Сол жандардың жетпей жүр ғой, құшағы.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АЛЫСТА ЖҮРМІН АУЫЛДАН

Жұмысбасты тіршілік бұл, жайт деген,
Бұйрық болса,-Елге балам қайт- деген.
Бауырларым бақытты ғой, елде жүр,
Ата-ананы құттықтап жүр айтпенен.

Қанағат ол, рахат алған аздан да,
Туған жердің төріндесің, назданба.
Әке-шеше құшағына не жетсін,
Не сұраймын, не айтамын «Жазғанға».

Бұл тағдырдың себебі көп, бағынып,
Күтудемін бір Алладан тағы үміт.
Шетте жүрген қос әпкемдей болмадым,
Ата-анаға барып жүрген сағынып.

Жазғырмаңдар болса ойымда қателер,
Қатал болса, болсын мейлі әкелер.
Шаңырақтың тірегі де сол адам,
Отбасыңа бақ-береке әкелер.

Ақылымды, ойымды да шыңдайын.
Білмеппін ғой, бұл өмірдің мұндайын.
Жаны ашитын бір-ақ адам өмірде,
Әке сөзі-Алла сөзі – тыңдайын.

Шатақ болдым,
Шалыс бастым жаспын ба?
Түсінгенім жан адамға қас қылма.
Жұмақ кілтін іздесеңдер ағайын,

Ата-анаңның табанының астында.
Жаны қалмай, – Балам – деді, қарады.
Бала үшін «тозаққа» да барады.
Бала үшін өз бақытын қиятын,

Бар әкелер аман болсын, саналы.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҚИМАСЫҢ СОЛ ҒОЙ БАУЫРЫҢ

Жөнін айтсаң бауырыңа, кектейді.
Маған да бір жан жылуы жетпейді.
Бұл дүниенің сынағы көп жалған-ай,
Аман болсын ағайындар, тек мейлі.

Неге менің жүгім ауыр, жас басым?
Ұнатпаса тауып алсын басқасын.
Менен артық бауырлар бар өмірде,
Ағайынның берекесі қашпасын.

Бір күн көрем, ата-анамды жылына,
Атақ артқан,
Мадақ артқан ұлың ба?
Әке-шешем бауырларым бар болсын,

– Дүние боқ, – Абай айтқан шынында.

Жақынымды, туысымды таң қылып,
Жыр жазайын, өшпес мұра қалдырып.
Ал содан соң әулиетімнің ошағын,
Өрт өлеңмен жалындатам, жандырып.

Жұмыс ауыр, тірлік ауыр қаншама,
Барлық пенде,
Барлық адам шаршаған.

– Бақыттымын – деген жанды көрмедім,

Жартылай-ақ, бақытты ма қанша адам?

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

БАУЫРЫМА

Ақ әпшенің тапқанын қаламадың,
Ажырастың, болды ғой қалағаның.
Апам сүйген келінді жіберіп ап,
Қарт шешемнің жүрегін жараладың.

Бөліскен, жастығымда қиынымды,
Бұл күнде сыйлаушының сыйы мұңды.
Не үшін сатылғанын ұмытпаймын,
Базарда мөңіреген сиырыңды.

Ойың ерек, ақылың ерек Әкім.
Әке-шеше бізге де керек, жақын.
Бір сұлуды түсіру, саған арман
Күттіруге оларды жоқ қой қақың.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

БАУЫРҒА АЙТҚАН ӨКПЕМ СОЛ

Енді білдім, өкініштен жылармын,
Биіктермін, өкініштен құлармын.
Ағайынға қызметім артық қой,
Ұмытпасын, тауда өскен шынармын.

Алла мені ауыр жолмен қинаған,
Бауырды ойлап, жаным жылап қиналам.
Көңілдегі жырымды айтам, қайтемін,
Ішіме де, кеудеме де сыймаған.

Ағайынның тату болса бірлігі,
Солар барда өркендеймін шындығы.
Төрт қыз ғана жылап қалар, егіліп,
Бұл өмірден ғайып болсам бір күні.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Мұңын көріп, жырын көріп басқаның,
Жамандықтан тоныңды ала қаш, жаным.

Санамдағы сарсып кеткен ойлардың,
Тысын сөгіп, бүтіндеші астарын.
Күлімдейсің, нұр төгіліп дидарың,
Саған ғана бұйырсыншы жиғаным.

Жаны ашитын жарым едің, жарқыным,
Жүрегіңмен жақсы көріп, сүй жаным.
Дұшпан болсам,
Арам болсам керек пе?!

Қасыңдағы елдің бәрі жел өкпе.
Теріс жолдан Алла өзі тыйдырды,
Ата – баба әруағы бір демеп те.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Туғаныңдай болса екен ғой, барша адам,
Бағын ойлап, бауырының шаршаған.

Құр елеспен арманына жете алмай,
Өтіп жатыр бұл өмірден қанша адам.
Асығатын жұмысынан үйге тек.
Барың болса, сыртқа емес, үйге төк.

Бұйырғанын ноқталашы бауырым,
Пайдасы үшін жүргендерді сүйме тек.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Ауылға келдім.
Ағайын, бауыр арасы,

Далада жүрдім, емделмей көңіл жарасы.
Сұранып келсем,
Тіленіп келсем бір жөн ғой,
Тағдырдың мына тәлкегіне қарашы.

Береке-бірлік кеткендей болып, жын ұрып.
Баласын ойлап,
Дүние шіркін құнығып.
Құдайдың көзі әрқашан деймін тура ма?

Атымен желіп,
Жақсылар келіп ұғынып.
Әулие кезіп, Алладан медет сұраған,
Ақталып жатыр деймін-ау бүгін, бір үміт.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҚАЙДА БАРАМ...

Қайда барам, кесе алмайсың қолыңды.
Ақыл айтсаң, көкейіме қонымды.
Арманымның ақ жолынан адасып,
Таппай жүрген жанмын бүгін жолымды.

Кішілік те, бар ғой менде кісілік,
Сыйлаңдаршы, ақ жол тілеп, түсініп.
Тар жол тайғақ кешіп жүрген кезімде,
Нетесіңдер меселімді түсіріп.

Барлығыңды жақсы көрем, тең көрем.
Әрбір жылы сөздеріңнен емделем.
Түгеліңнің амандығын ойлаған,
Бауыр қайдан табасыңдар мен деген.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Асырып абырой мен атағымды.
Артқа тастап құрбы мен қатарымды.

Бәріне қорған едім өмір жалған,
Алла білер, қайдан дәм татарымды.
Ініме артымдағы сүйеніш ем.
Бүгін неге от болып күйеді ішім.

Әр бауыр күйін күйттеп қарабастым,
Өздерің ең сүйенген сүйенішім.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӘПКЕЛЕРГЕ

Әпкелерді ұқсатам ақ кемеге.
Бауырмал болдың екен әпке неге?!
Қолқабысың тимесе, сыйламасаң,
Сенің құның көк тиын, -Әпке- деме.

Ақжелкені шалқыған ақ кемеге,
Мінсін ол,
Шалқып тассын бақ кемеде.
Бала белде, қатынды жолда деген,

Басқа біреу басқа әпке ап келе ме?!
Әпке деген,
Бағың ол, жанашырың.
Әпке деген көздегі қарашығың.

Ініме қараймын деп жолға шыққан,
Бауырым сол,
Сол менің жанашырым.
Өмір ащы,

Кермек дәм, жүре білдің.
Қыз жауһар,
Қыз жанашыр біле білгін.
Жанашырың сол ғана, бауыр үшін,

Жартысын жұлып берер жүрегінің.
Қоримын аққу қонған айдыныңды.
Көрсетпесін Құдайым қайғы мұңды.
Әпкелерім тұрғанда шалқып жүрем,

Е Алла, көп көрмеші байлығымды.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АҒАМСЫЗ СІЗ...

Ағамсыз Сіз,
Жыр жазатын қарымды.
Пенделіктен биік қойған, арыңды.
Залым болсаң жегідей жеп жаныңды,

Жоғалтарсың қолыңдағы барыңды.
Арым менің,
Абыройым беделім.
Арды сақтап,

Барды сақтап келемін.
Уа Тәңірім,
Адастырма жолымнан,
Қиналғанда медет берер өлеңім.

Сан мың мәрте сындырсаң да сағымды.
О Құдайым, алсаңдағы малымды.
Биіктерге жетелеші, қорғашы,
Арым үшін садаға етем, жанымды.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ДЕУШІ ЕДІ ӘКЕМ!

Деуші еді әкем, апасының баласы.
Оған да әке, менің де бар таласым.
Сол анадан туып тұрып әкежан,
Қанды балақ бүркіт болдым қарашы.

Білім қудым, атақ пен даңқ қуғам жоқ.
Жүрдім талай белді бекем буған боп.
Елден бөтен ішті жарып шықтым мен,
Анам туды, хордың қызы туған жоқ.

Қысыр сөзді жақтырмадым, ұқпадым.
Ағайынның көңілін де жықпадым.
Кешір десе, кешпесімді кешірдім,
Әке сөзі Ата заңдай ұққаным.

Әл келгенше, сеніміңді ақтадым.
Мен де әкемін, әкеге мін тақпадым.
Қос тұмарым,
Қос пырағым дем беріп,

Қанат қағып кеткенімше баптадың.
Жарқырап тұр арайлы атып, ақ таңым.
Жүрегімде қимасымдай сақтадым.
Дүниені кезсем дағы өмірде,

Өздеріңдей қымбат жанды таппадым.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӘКЕМЕ

Асырап, бағып, осы бір күнге жеткізген,
Күлкісіз күндер,
ұйқысыз түндер өткізген.
«Ақүрпек» едім, «Мұзбалақ» етіп баулыдың,

Өмірдің мәнін үйрендім әке тек Сізден.
Ақ таңым атып, көңілде көктем сән құрып.
Шаң етсе қыран, даусы құздан жаңғырып,
Ақиық бүркіт күнге де тура қарайды,

Тірліктің басы- таңғы үміт.
Болмысы ерек,
Болсын деп зерек, баптаған.
Сындарға шыдап,

Шыңдарға самғап бақ табам.
Қаныма сіңген тектінің ісін жасармын,
Құзғын болмаспын, ақтабан.
Қанатым қатпай,

Ұяда жатпай есейдім,
Қарыз бен парыз міндетім шығар, өтейін.
Қара өлең жырдың шекпенін киіп алған ем,
Шабыттың отын көсейін.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА ЕГЕР...

Бабам байлық шыңына шыққан екен,
Алтынын алыс тауға тыққан екен.
Бас жарып, бет жыртысып қалама деп,
Ұлдарының жағдайын ұққан екен.

Бұл тағдыр неге бүгін қайталанған.
Соны ойлап, жаным бүгін жай табалман.
Байлығы қалды-ау қайран бір төбеде,
Бауырлар түсінбейді, сайтан алған.

Ойлаймын күні-түні, бірліктерін,
Гүлденген, гүл жайнаған тірліктерін.

– Төртеу түгел болса егер, жарасар – деп,

Әкем де айтқан еді, – бірліктерің.
Бірлік пен тірлігіңнің арасында,
Кежірлік, жалқаулық тұр, нанасың ба?!
Бауырлар жүр, бір істі игере алмай,

Зар боп жүрген жан көп қой, қара суға.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

СЕРТ

Тудырған әке, туған – Ол,
Жылуы бөлек алтыннан.
Өсуді ойлап жүр балаң,
Өзгермеген қалпынан.

Дұшпанның тілін тауып жүр,
Бетімен кеткен, ант ұрған.
Жеңетін әлі күшім бар,
Жолымда менің жан тұрман.

Білемін мамыр өзгеше,
Сізге де маған жақпаған.
Қара бұлт қайғы жан-жақтан,
Нөсерлі бұлттай қаптаған.

Тұлпарым шауып келмеді,
Дейсің ғой әке баптаған.
Ер емес екен дерсіз бір,
Болмасам тілек ақтаған.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

БАЛАМА СЫР

Өмір мынау,
Қалтарыс жол бұралаң.
Сынақ тірлік, шыңдалсын деп, сынаған.
Көп ішінде ібілістер жүргенде,

Тұра ала ма шалыс баспай бұл адам.
Жақсылыққа жаның үйір, емініп,
Жер құшпаған жауырының, жеңіліп.
Екі қадам алға ұмтылсаң озарсың,

Бір қадам бас, кейде артқа шегініп.
Таниды жұрт тектілікті тегіңнен.
Қал жайыңды түсінемін сенің мен.
Нағыз бақыт жеңістерден тұрмайды,

Шыңдайды өмір пенделерді жеңілген.
Әкең талай сынақтардан сүрінген,
Ренжіген,
Құса тірлік, түңілген.

«Барлық адам бақытты» – деп өзіңе,
Пайғамбардың сөзін айттым бүгін мен.
Өмір күрес,
Арпалыс қой ұққаным.

Талап тастар төбеттердей, жыққанын.
Үгітілген ұндай болма диірменде,
Салып жатса,
Бүтін болып, шық жаным.

Өмір күрес,
Арпалыс қой ұққаным.
Талап тастар төбеттердей, жыққанын.
Үгітілген ұндай болма диірменде,

Салып жатса бүтін болып, шық жаным.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Бұралаңды, өмір жолы, шақырым.
Асықпашы,
Аман жүрші ақырын.

Сенде ерекше қасиет бар, білемін,
Қатарыңнан көп ілгері ақылың.
Тән ауырса табамын ғой бір емін.
Жан ауырса қалай өмір сүремін?

Әке ақылы,
Құлақ түрші, ұлы үшін,
Керек десең жұлып берер жүрегін.
Болар бала жастайынан қамданар.

Болмас бала әзәзілге алданар.
Әкең сенің текті жанның ұрпағы,
Батыр, билік, әулиелік қанда бар.
Бауырмалсың,

Кең ғой ұлым жүрегің.
Бір Алладан саулығыңды тіледім.
Анаң текті,
Долы қатын туған жоқ,

Түріп алып шығатұғын білегін.
Жаға жыртып, жексұрын боп дауласып,
Арманға адам жетпейді ұлым, жауласып.
Төле бабаң әділетті шешіммен,

Айқаспай -ақ шешкен талай дау басын.
Қамқор болсаң жұрт соңыңнан ереді.
Зейін қояр шешіміңе келелі.
Күйе жақса кешіріммен қарай сал,

Алла оның өз жазасын береді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Қоян үркер қиып түсер қамыстан.
Түсінемін,
Ерлер өлген намыстан.

Түлкі тірлік арбауынан мерт болған,
Ертегіде, аң патшасы арыстан.
Тірлігіңе әкең бүгін алаңды,
Сілкіп алшы,

Сілкіп алшы санаңды.
Заман басқа,
Адам басқа қарағым,
Білімсізге жарық дүние қараңғы.

Пенделерге ашуланба, кектенбе.
Кегін алып арманға адам жеткен бе?!
Абыройым сонда ғана тасады,
Азамат бол,

Уәде етіп, серт бер де.

САҒЫНЫШ САЗЫ

АНАҒА

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ТУҒАН КҮНІ КҮЗДЕ ЕДІ АНАМНЫҢ

Оңала ма, тонала ма кім білген.
Қоңыр күзім сезім сырын білдірген.
Күзде соққан сырлы әуеннен оянам,
Домбыраның әуеніндей күмбірден.

Сыбызғы жел сырлы сазын шертеді.
Күз керемет,
Күз ғажайып ертегі.
Сезімімен жан дүниемді баурап ап,

Күзде мені бір тылсым күш ертеді.
Сары күрең түрге еніп бақтары,
Құм сағаттай жылжып уақыт шақтары.
Алдамшы өмір бейнесіне ұқсаттым,

Сусып түскен жапырақты бақтағы.
Қуаныш пен қатар жүрер ерде мұң.
Алтын күзден көп жақсылық көргемін.
Күзбен бірге келген едім өмірге,

Күз желімен кепкен еді жөргегім.
Түйсігімде бір ой маздап санамның,
Сыйласа да қоңыр күзім маған мұң.
Күзді сүйем,

Күз ұнайды өйткені,
Туған күні күзде еді анамның.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АПАМ ЕДІ БƏРІМІЗГЕ ҚАРАҒАН

Қара күзде тезек тасып даладан.
Апам еді бәрімізге қараған.
Әкемнің де қамқоршысы сол еді,
Тоғыз жан ек ол кісіден тараған.

Бесте тұрып, таңмен бірге таласып.
Жатса дағы қамыры ашып, нан ашып.
Тандыр пешті даярлайтын от жағып,
Арасында немереге қарасып.

Сол бір бейне, қалып кеткен естегі.
Қара шәйнек бұрқылдайтын пештегі.
Мойымайтын сонда дағы анашым,
Бейнет бола тұрсадағы кешкені.

Жетілерде әкем жаймен тұратын.
Жылы сумен беті қолын жуатын.
Шайын беріп, асты-үстіне түсетін,
Бірін-бірі айтқызбай-ақ ұғатын.

Келетін жер ағам үйі үш аттап.
Жеңгем келер үш баласын құшақтап.
Жұмысыңа бара бер деп қалатын,
Шешем байқұс немерені құшақтап.

Шөп жинайтын, тары егетін, мал бағып.
Қу бейнеттен кеткен де жоқ малданып.
Қара бала қамын ойлап анашым,
Балалардың қызығына алданып.

Он жеті жыл бағып-қақты атамды.
Жүзге келген қарттан солай бата алды.
Енді міне кенже ұлың да қыр асып,
Заңгер бала, ақын бала атанды.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Көріп өскен жайды жаздым, кеш мені.
Бейнет еді көргені мен кешкені.
Етегіне сүрініп кеп ұйықтайтын,

«Тамаша»-ны көре алмай, кештегі.
Жан анашым,
Жанашырым сен менің.
Бақилық боп кеткеніңе сенбедім.

Кетеріңді сездірдің бе түсімде,
Есте қапты еңсең түсіп енгенің.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

БАУЫРҒА СЫР

Кеше маған ағам кеште жолықты.
Қан жылаған жүрегімді сол ұқты.
Анамды ойлап, жылап алды еңіреп,
Жүрегі де қайғы мұңға толыпты.

Жолыққан жоқ,
Сымтемірдің ар жағы.
Аман болса анам, оның арманы.
Дірілдеді ұстап тұрған телефон,

Өшіруге қолым тіптен бармады.
Жылап тұрды,
Булығады өксікке,
Бірге тудық,

Бірге інім өстік те.
Сүйенерім жалғыз өзің бауырым,
Алла бізді сынай ма деп өстіп те?!
Қар жауып тұр,

Түнеріп тұр түнгі аспан.
Жаным нәзік, іздеген жан жыр-дастан.
Сол бір ойдың құшағында көміліп,
Түске дейін жатып алдым тұрмастан.

Інімсің сен, – деді – маған ұлықсың.
Сыртта жүріп өмір көрдің, шынықтың.
Түніменен ұйықтай алмай шықтым мен,
Бірде жаттым,

Бірде ояндым, тұрып шын.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Анам менің,
Алла берсін шипасын.
Өлеңімнің таппай қалдым ұйқасын.

Тірі болшы,
Көз жасымды көрші Алла,
Уайымсыз ұлың тыныш ұйықтасын.
Қайғы деген күтер сені әр тұста.

Қошемет пе,
Іздеп келген қарғыс па?!
Ер Дәуітттің бағы қонған ағам ай,
Жасы оның биыл толар алпысқа.

Деді ағам, – Биік болсын өре тым-.
Жақсылығың көп болсыншы көретін.
Өзің інім бір төбесің ерекше,
Бауырым жоқ, әрқайсыңды бөлетін.

Бір ат озып, көп жүйріктер ақсайды.
Біреуге мал,
Ал біреуге бас қайғы.
Шыдамды бол, текті ұлысың бабаңның,

Сонда сенен бақ-береке қашпайды.
Аға сөзі ойымнан бір шықпады.
Жүрек жылап, көзімнен жас шықпады.
Басу айтып бауырыма қасқайып,

Желеу айтып қойып қойдым тұтқаны.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АНАШЫМА!

Аналар қайда бүгін, іске бөлек.
Анашым аруақты екен, түсіме енеді.
Көрші әжем, үйге келіп айтушы еді,

– Қисайып алайыншы, кішкене – деп.

Сол әжемді көріп мен таң қаламын.
Болжағандай болды ма алда барын.
Қисайды да, өмірден өтіп кетті,
Келініне табыстап қолда барын.

Көрінетін жандай ек, есеймейтін.
Қаншалықты ауыр де, десей дертің.
Анам байқұс құрметтеп әжелерді,
Басын иіп әр бірін – Шешей – дейтін.

Жанға батса түсінем кәрілігің.
Әкемді де айтпаймын, кәрі бүгін.
Өзің шешей дегендер шапқылап жүр,
Жыладым, көңіл айтты бәрі бүгін.

Кім ұғар,
Кім сезінер сезгенімді.

– Салайық – деді-ау қайғы – тезге мұны

– Ойласам жаным жасып жылап қалам,

Соңыңда еріп жүрген кездерімді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АНАМ АЛТЫН

Анам алтын,
Жаратқан асқақ екен.
Көзіме жас келеді жазсам өлең.
Мені тастап кеттің ғой бұл жалғанға,

Өзіңе тауып алып басқа мекен.
Келініңе риза боп қоштасарда.
Жақсыны жақсы білер достасарда.
Жәудіреген көзіңді аңсап жүрмін,

Мені құшып кетпедің қоштасарда.
Жүрегімді жылытқан жылу едің.
Жырласын деп жырымды туып едің.
Пейіштегі хор қызы өзің анам,

Дүние ай,
Неткен ғажап сұлу едің!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АНАМ-АЙ

Анам ай,
Жан едің ғой ісі бөлек.
Жаятын дасханын кісіге деп,
Балаңды ойлап жүрсің, кетсең дағы,

Әп-әдемі қалпында түсіме еніп.
Аттырып бейнетпенен ала таңын.
Баптап ең қоңыр қаздай балапанын.
Басымнан кім сипайды?

Анашым жоқ,
Қандай жұмсақ жылы еді алақаның.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АЗА ТҰТТЫМ АПА ДЕП...

Өмірімнің оқысам көп парағы.
Анама әпкелерім көп қарады.
Құшағында өскен бір немерелер,
Жанға батты,

Апа- деп жоқтағаны.
Әпкелерім,
Алтыным, асыл жаным.
Аман болсын өсірген асылдарың.

Сел болып төгілді ғой көзімнен жас,
Оңашада,
Мен жұрттан жасырғанмын.
Арыстай орны бөлек ағаларым.

Өздерің баға жетпес, қара нарым.
Әкемнің жолын берсін,
Бар болыңдар,
Қайырымды болсыншы балаларың.

Рахмет жеңге, келін, туыстарға.
Кеме де өрге жүзер туыс барда.
Бақ береке дариды, ата сөзі,
Береке-бірлік болса туысқанда.

Әкеміз бар,
Кемеңгер қариямыз.
Ол біздің түбі терең дариямыз.
Сол алып бәйтеректің бұтағымыз,

Елге арман,
Елге үлгі жанұямыз.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Бәрі жалған,
Дүние боқ, бөлісетін.
Көрдіңдер ғой,

Бұл жалған, өлі шетін.
Бұл менің бауырым деп құшақ жайып,
Сол күнді аңсаймын мен көрісетін.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ОРАЛЫП КЕЛШІ АНАШЫМ

Қара күз келіп, жапырақтары тоналған.
Кәрі қыс кетіп, ақ мамық ұлпа оранған.
Көктеммен бірге бүр жарып апа оралшы,
Кенжеңе бүгін сол арман.

Анасы барда қадірін шындап білмеген.
Өмірі асау,
Шабысы шаңдақ, дүрбелең.
Қасыңнан жырақ кеткенім үшін кешірші,

Оралшы апа,
Көктемде шығар гүлменен.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Тасымды домалатқан өрге менің.
Өз анаң,

Қандай қиын жерлегенің.
Көкте самғап кеттің ау, мені тастап,
Қамқоршым ең, жан анам жерде менің.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Күйбің тірлік – деуші едім мен, – бітпейді.
Айран берсін, қымыз берсін, сүт мейлі.

Енді мені сағынатын анам жоқ,
Сендей мені, енді ешкім күтпейді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҚАЙРАН АПАМ

Күй кешемін күзгі жаңбыр ұрғандай.
Тасқа тиді,
Тауға тиді сұрмаңдай.
Өзің еккен раушан гүлдер гүлдеп тұр,

Анам келіп гүлді сүйіп тұрғандай.
Жан едің ғой жұртты ойлаған сыйы мың.
Енді ұқтым ғой бұл жалғанның қиынын.
Аман жүрсең болғаның деп айтушы ең,

Керек емес дүниең де, тиының.
Кеткен жансың әулетіңе бақ қарап.
Өзің жайлы күнделікті ақтарам.

– Анам менің әулие екен, – деп жүрем,

Өзің айтқан сөздеріңді жаттап ап.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЕРКЕ ЕДІМ

Ерке едім,
Әйелге бір бағынбаған.
Бағалашы барында, бағыңды адам.
Шешем беріп батасын емханада,

Осы келін болды ғой, жаныңда анам.
Алланың осы екен ғой құдыреті.
Білгендер айтпай оны түсінеді.
Үш күн, үш түн ұйықтамай еңбек еткен.

Әйелімнің адал ғой қызметі.
Өзіме керек бүгін беріктігім.
Әйел жар,
Әйел ана серік бүгін.

Жатысты доғарсайшы, құран оқы,
Деп ұрсты, – есіңді жый – келіп бүгін.
Елге жаққан жырларың, өлеңің деп,
Мойыма,

Елге әлі берерің көп.
Жұбатты төрт ұлдан соң қыз туамын,
Анаңдай сол қыз болар, кемелің боп.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӨМІР СЫНЫ

Адастым мен,
Е Алла сақта мені.
Көбі шалып,
Көп адам жақтап еді.

Ауылға барғанымда өзің еккен,
Алма ағаш шақырады баққа мені.
Кәрі ағаш, жас ағашқа жантайыпты.
Жас буын желек жайып марқайыпты.

Өзің еккен алма ағаш мұңаяды,
Өмір ай,
Олар дағы қартайыпты.
Жапырақты тыңдадым сыбыр еткен.

Өзіңсіз бұл өмірдің сыны кеткен.
Көрдім де көз жасымды тия алмадым,
Сол баудағы ізіңді жүріп өткен.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АНАҒА ТАҒЫЗЫМ

Болса да бір басымда қанша уайым.
Жабырқап жүр әлі де жан сарайым.
Бейтіңді көтеремін, асыл ана,
Басыңа тұрғызамын хан сарайын.

Қабыл ал, ана жүрек құрметімді.
Мәр-мәрден қашап салам сүйретіңді.
Жарқырап тұрсын ана кесенеңіз,
Өзіңнің тірлігіңдей үйлесімді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӘКЕГЕ БАСУ АЙТУ

Мәуелеп тұр атам еккен жаңғағым.
Елім тыныш,
Болсын аман жан-жағым.
Өрік, алма, алқор, шие қоршап тұр,

Гүлге оранып,
Бүршік атып жан-жағын.
Мәуелеген сол ағаштың түбінде.
Ойнағаным еске түсіп бүгінде.

– Шешемді ойлап жылап жүр – деп естідім,

Ұрпағы жоқ жан қаншама бүгінде.
Ұлық сөзге тоқтайықшы әуелі.
Өлең- жырдың түзелсінші әуені.
Немере мен шөберелер шауып жүр,

Өзің еккен жемісіңдей мәуелі.
Жөнге салып, кешіргенсің қатамды.
Қолды жайып сұрағанмын батаңды.
Шешем байқұс қарау үшін кеткендей,

Он жеті жыл өзі баққан атамды.
Өмір өзен,
Бір Алла ғой ұйғарып.
Өзіңді ойлап, бала жүрек қиналып.

Ұрпағының болашағын тілеуде,
«Анам, атам, әжелерім» жиналып.
Қамын ойлар ұрпақтарың, Алаштың.
Барлығына қамқор болдың, қарастың.

Қара күзде морт кеткені жарамас,
Қысқы аязға төтеп берген ағаштың!
Найзағай болып жарқ ете қалшы,

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АНАШЫМ

Жатырсың анам,
Қызғалтақ өскен көк белде.
Әулие жандар өтеді екен көктемде.
Пошатай атам,

Көктемде кетті жарықтық,
Қайрылмай кеттің,
Біздерге жоқ-ау өкпең де.
Қайрылып жүрген балдарың ғана өткенге,

Қараймын ұзақ өзің бір жүрген көк белге.
Найзағай болып жарқ ете қалшы анашым,
Көктемгі жаңбыр,
Төбеден жауып өткенде.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӘПКЕЛЕРГЕ

Өткен өмір өтті ғой, өткен елес.
Қазіргі бір жағдайым көктем емес.
Аға-іні ұмытып кетсе дағы,
Әпкем мені ұмытып кеткен емес.

Несіне өкпелейсің,
Аға шыным?!
Әрі бауыр, әрі аға, жанашырым.
Төрт әпкем шырылдайды төрт жағымнан,

Кеткенін сезбесін деп анасының.
Қыз жауһар,
Қыз жанашыр тілекті үміт.
Ұрсады адам бол деп білек түріп,

Үмітіңді ақтармын деп жылағам,
Анамның аппақ тасын тіреп тұрып.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АНА ДЕСЕ ҚАЙЫСАДЫ ҚАБЫРҒАМ

Ана десе қайысады қабырғам.
Жырақ жүрмін, ол кісіні сағынам.
Анам еді аңқылдаған көңілі,
Сырын айтып жарылатын ағынан.

Құтты болсын анашым ау мерекең.
Өзің едің бағы асыл, берекем.
Ауырғаның көңіліме батады,
Бақытым да, байлығым да сен екен.

Баянды етті Алла сенің бағыңды.
Сындыра алмай жын-шайтандар сағыңды.
Келіндерің өзіңіздей болмады,
Бала көңіл,

Бала жүрек сағынды.
Ұйықтай алмай қиналамын сарылып.
Сол баяғы сезім оты, бағынып.
Өмір сынақ, тағы есімді жиярмын,

Жүрегіме қонса екен деп, тағы үміт.
Адастым-ау, сұрайыншы кешірім.
Ардақты ғой, ана деген есімің.
Көз алдымда, қарағаның мейірмен,

Ұлың жатқан бөлмені ашып есігін.
Қалбалақтап қасында жүр әкемнің.
Әйел керек, сүйеуісіз әкемнің.
Қос тірегім сіздер тұрған уақытта,

Жұмбағы да шешіледі ау қатемнің.
Өткені мен нақ ұлымын, әкемнің!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

8-НАУРЫЗ

Бүгін мейрам,
Ой тербеген санамды.
Әй бауырым,
Құттықташы анаңды.

Мен де бүгін шабыттанып жыр жазып,
Жеңгелер мен құттықтайын анамды.
Ана жүрек,
Баласына алаңды.

Бала жүрек,
Қадірлеші анаңды.
Бір қолымен төл бесікті тербеткен,
Бір қолымен әлпештеген ғаламды.

Жырымменен өлеңім бар, саз өнер.
Немере мен шөбересі – Әже – дер.
Немересін арқалап бір бағатын,
Төл мерекең құтты болсын әжелер.

Тірегі де өздеріңсің ғаламның.
Кіндігіңнен жаралғанмын, балаңмың.
Келіндер де, жеңгелер де жасасын,
Жасын берсін,

Жолын берсін анамның.
Бауыр десе, сеңдей соққан көңілім.
Өздеріңмен ұзарады өмірім.
Әпкелер мен қарындастың мейрамы,

Іні-ағалар құттықтайтын жөнің бұл.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Құдаша мен балдыздардың күндері.
Жарқын-жарқын шығып жатыр үндері.
Жездесінің құлағынан тартады,

Құдаша да өзгеше ма, күндегі?!
Алға тартып, дәлелі мен дәйегін.
Ұл-қызыңды өсіретін әйелің.
Жігіттер де ұмытып бір кетпесін,

Ұрпағының аналарын, әйелін.
Жыр арнаған демеңіздер мен екем.
Әйел жұрты кетпесінші берекең.
Бір күн емес, әр күн сайын тойлайық,

Құтты болсын,
Құтты болсын мерекең.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АНАМА

Жақсы көрген екен анам, мені шын.
Барымды да аямадым сен үшін,
Шөберенің май жаладың қолынан,
Немерең де жегізді ғой жемісін.

Ауылыңды аулақ салмай, ел іші,
Жанын беріп еңбек еттің ел үшін.
Менің әрбір жетістігім анашым,
Сенің арқаң, сенің ғана жеңісің.

Сарқылмайтын байлығымсың, кенішім.
Нәрін берген,
Барын берген мен үшін,
Өзің еккен алма ағашың иіліп,

Ұмсынып тұр, бізге ұсынып жемісін.
Өмір өзен, ағысты екен өткелі.
Көз алдымда елестейді өткенім.
Күздің суық жаңбыры да жылап тұр,

Жерде қайғы, қарауытқан көкте мұң.
Қамқоршым-ай,
Қорғаным-ай жанашыр!
Шаршап жүрмін,

Аңсап жүрмін, анашым.
Анасынан неге айырдың баланы?
Баласынан айырмашы анасын.
Сорың қайнап жатса дағы ішіңде,

Болды жарар,
Еңсеңді енді түсірме.
Өңімдегі кездерімді сағынам,
Жан анамды көрген сайын түсімде.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Болды жарар, өмір енді жылатпа.
Төтеп бердім сан қилы бір сынаққа.
Нанын берді -Немереме апар – деп,

Анам байқұс жүр екен-ау жұмақта!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Қатым дейді,
Мен оны да білмеймін.

Деген жұрт жоқ – дұрыс, бұрыс бұл мейлің, –
Құран үнін жүрегіммен тыңдадым,
Жан дүниемде толқып жатты нілдей мұң.
Өткен өмір, естелікті ақтарып.

Жадымдағы жатқан жайлар қатталып,
Жетегіңде жүрген күндер аңсатты,
Көкейімде сақталып.
Өтті жыл да, өтті айлар, өтті күн,

Анашым-ай,
Көкте жауын, төкті мұң.
«Қатым құран» оқып жатқан кезінде,
Үнсіз ғана өксідім.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Гүлін ектім гүлзар болсын, өнсін деп,
Анашыма құрмет етсем, ол сүннет.

Тоңашадай келіншегің болады,
Деуші еді анам,-Құсың қолға қонсын- деп.
Пендеміз-ау, бұл дұниенің қонағы,
Көктем гүлі күні өткенде солады.

Ата-анасын құрмет еткен әкеден,
Баласына бақ-қасиет қонады.
Талай асыл тектілер бар тегіңде.
Бөлтірік пен Қонаевтар тегін бе?!

Жаны жайсаң мен Жаныстың ұрпағы,
Келген жерің аруақты ел ғой, сенің де.
Ұғыспасақ болар бізге жаза тым.
Жамандар көп, тамырыңды қазатын.

Қас пен көздің арасындай өмір-ай,
Беріп жүрген әрбір жанның жазасын.
Өмір тылсым,
Ол да өмір сынағы.

Балаларым айтсам мені ұғады.
Аналарын жақсы көрген әкеден,
Аналарын сүйер ұлдар туады.
Кешіре алмай жүрсің ғой сен, тек мені.

Көп жандардың қолы маған жетпеді.
Нөлебайда жүргендей боп сезінем,
Нұқығанда мына өмірдің мектебі.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АНАҒА САҒЫНЫШ

Қара бұлт томсарып көктен де,
Гүл шыға қоймаған көк белде.
Арқалап мені апам келеді,
Сұрықсыз сол бір жыл, көктемде.

Дегендей,-Неге өмір сынайды?-
Көше де, ми батпақ, лайлы.
Өксігі тығылып тамаққа,
Білдіртпей ішінен жылайды.

Түсейін, артыңнан еремін,
-Әлім жоқ- мен дағы демедім.
Қапсыра құшақтап арқасын,
Мұң зарын түсініп келемін.

Шүкір ғой,
Мен қазір тәуірмін.
Бес жасым, мен қатты ауырдым.
Көктемгі салқынның әсері,

Ауыру мендетіп бауырдың.
Қабыл боп атамның тілегі,
Әкемнің ауырып жүрегі.
Емдетті, емделдім шүкірмін,

Оның да табылды бір емі.
Осы еді балалық жайымның,
Өтемі болды ма, қайырдың?
Ажалды өзімен ап кеткен,

Атамнан сол жылы айрылдым.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Сөнбесін, жансын деп шырағың,
Мекендеп мәңгілік тұрағын,
Жазылып үйіме келгенде,

Атам жоқ, іздедім, жыладым.
Бағымды құдайым еселе,
Көп адам лайықсыз десе де.
Апам мен атама құрметім,

Басына тұрғыздым кесене.
Көңіл мұң,
Жүрек зіл – біледі.
Тоқтады анамның жүрегі.

Сен жоқсың, кенеттен ауырсам,
Кім мені арқалап жүреді?!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӘКЕГЕ СЫР

Ана тірі тұрғанда, ерке ме едік?!
Шолжаңдадық, шірендік, еркеледік.
Өзің аман жүргейсіз сүйенерім,
Кенжеңмін ғой, болады еркеде ерік.

Қанжығасын майлап ап, қандағанша,
Мергенің де сыр бермес, аңды алғанша.
Махамбеттей бір ұрпақ керек шығар,
Өмір барын кім білер, алда қанша.

Бағың болса басыңда құдай берген,
Қай ісің ағайынға ұнай берген?
Етегіне жас толып отырады,
Тағдырына өкпелеп жылай берген.

Сүйем қазақ, сүйемін әрбіріңді,
Үш жүз жыл өткіздің ғой қарғы күнді.
Жастарды жетелеген саралы жол,
Даралайтын жол болсын алғырыңды.

Бастаушысы болса егер, жетелеген,
Көш ішінде мен дағы кете берем.
Жусаннан аласарған мінез де бар,
Биік болар байып бар, бетегеден.

Арбауына көндіріп, алыстағың,
Біледі ғой халқымда намыс барын.
Патшаны құдай қолдап патша етеді,
Жарамас сол патшамен алысқаның.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Өзгенің азаматын берік көріп,
Ұлтымызды жүрмейік жегіп беріп.
Барыңды баянды етші қазағым-ау,

Бұл билік те алдамас, сеніп көріп.

ОЙДЫҢ ҚЫСҚА

ОРАМЫ

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Орыс тілі,
Жиналысты қыздырып,

Құлдық сана, санамызды сындырып,
Араптарды ұлық еткен Тәңірім,
Қазақ тілін неге етпедің құнды қып?
Шала-пұла сөзі, естен танасың,

Жігіт қой деп ойлап едім, бағы асыл.
Ана тілін түсінбейді, әттең – ай,
Қазақ ұлдың тірлігіне қарашы.

ОЙЛАНЫҢДАР АДАМДАР

О жарандар!
Осы ма еді тіршілігің амалдар?
Тағдырынан қорыққанын қайтерсің,
Құдайынан қорықпайтын адамдар.

Ойланыңдар,
Ойланыңдар адамдар.
Еңбек етсең бәріңнің де шамаң бар.
Өзге жұртты сыйлап нетсін тәйірі,

Құдайынан қорықпаған адамдар.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Улап алып, жын ішімдік санасын,
Екі бауыр жыртқан кезде жағасын.

«Бұдан менің жалғыздығым жақсы»,- деп,
Әкем сөгіп ағайынның баласын,
Жамандықты жуытпаған қасыңа,
Мендей бауыр -енді қайдан табасың.

* * *
Береке бірлігіңнің бастауы – Әйел,
Басыңнан бақ шіркіннің қашпауы – Әйел.
Есіктегі басыңды төрге сүйреп,

Жамандықты жуытпай тастауы – Әйел.
Жаман болса алғаның сорың – Әйел,
Шатқаяқтап тұратын зорың – Әйел.
Жасыңда да, кәрілік келгенде де,

Құдай басқа бермесін қорың – Әйел.
* * *
Алла маған беріп жүр ау берерін,
Сол байлықпен өмір сүріп келемін.

Нағыз ерлер жыламайтын сияқты,
Ал мен болсам жылап қала беремін!
Жатсам дағы, жығылып та, құлап та,
Көнсем дағы сан сұраққа, сынаққа.

Көнсем дағы илеуі көп сынаққа.
Қардай аппақ жан пейілім, бірақ та.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

БАҚЫТ ҚҰСЫ

Кеткісі келмей жүр-ау бақыт менен.
Гүлзардағы құс па екен бақыт деген?
Құм сағаттан құм сусып төгіледі,
Бірге ілесіп барамыз уақытпенен.

Қысыңа да шыдағам, болып көктем.
Күзіңде де күрсінгем, оңып кеткен.
Бақыт құсы оралар, сезіп жүрмін,
Бір кездері басыма қонып кеткен.

Орындалар түбінде тілекті үміт.
Әрдайым жүретінмін білек түріп.
Адамдықтың жолы үшін серт еткенмін,
Анамның кесенесін тіреп тұрып.

Тағдырым ай,
Арпалыс, соны ұқтырған.
Өткінші өкінішпен жолықтырған.
Бақыттымын,бағымдай аялайын,

Бақыт құсын басымда қонып тұрған.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҚЫЗ БЕН КҮЗ

Күзді қызбен теңестірген сан үміт.
Күзді аңсаймын,
Күзді күтем сағынып.
Жапырақтай төгіледі көз жасым,

Бұл тағдырдың сынағына бағынып.
Суреттеп ем, бұл көрініс күздегі.
Неге адамдар қыз сезімін іздеді?
Күзге емес, қас сұлуға сұқтанған,

Күзде келген сезім ерек, Сіздегі.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

КҮЗ МҰҢДЫ ЕМЕС...

Күз мұңды емес,
Күз мезгіл жақсы көрем.
Кездестірген, жайсаңмен жақсыменен.
Өлеңім өмірімнің шарайнасы,

Бағалаған халқым бар, бақ тілеген.
Әр адамға бұйырмас ұнағаны.
Бәрі өткінші, қалқатай шыда жаным.
Кей дұшпаның қуанар сүрінгенде,

Өзіңе сабақ болар құлағаның.
Адамның бәрі бірдей қамқор емес,
Сол үшін жыламағын, жыламағын.
* * *

Жандар бір көп қой өмірде,
Жасқа бір толған етегі.
Жаманға қимас досың бар,
Көрсоқыр адам жетеді.

Көре алмай жүрген пенде бар,
Тап сондай жандар жетеді.
Көгершінім десең де,
Басыңа тышып кетеді.

* * *
Өмірдің қызықтырған несі мені?!
Санасы төмен жандар, есіреді.
Жаныңды таптап кетсе, кешіре сал,

Сол үшін Алла сені кешіреді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Ортаншы ұлым, әкесінің тірегі,
Әке жанын түсінеді, біледі.

Сен ұсынған алмаңды алып, таң қалдым,
Алманың да бар екен ғой жүрегі.
* * *
Кім не десе, ол десін Ақылесім.

Ақылес маған қатты жақын есім.
Әкем қойған кенжеме бұл есімді,
Көресіңдер, ел билер Ақылесім!
* * *

Ақынның жаны нәзік қой оны білемін,
Сезімің суып, шайлығып қапты жүрегің.
Қас сұлу ерге, сызылып сыртын бермейді,
Тапсайшы оның бір емін.

* * *
Жүрегімді мазалайды күзде мұң,
Қайда жүрсің мен өзіңді іздедім.
Аппақ қар жоқ, жапырақтар арасы,

Көрінбейді іздерің.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Уәде етеміз, серт беріп ұмытпасқа.
Дұрыс шешім, – Сендегі үміт басқа-.

Қайтесің қадіріңді түсінбесе,
Жүрегіңнің түбінен сызып таста.
* * *
Сезінсең жаным өзіңді оның ұқпасын,

Даңғаза сөйлеп, басыңа сенің шықпасын.

– Сау бол – деп қана, кешіре салғын пендені,

Ағыта салғын телефоныңның тұтқасын.
* * *
Сөзінен емес, танимын жанды ісінен.
Жанары менен жүзіне қарап, түсінен.

Фотоңды көрсек көз өтіп сірә кетпейді,

– Иманды жан – деп өзіңді сірә түсінем.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ГҮЛ ҒҰМЫР

Жетелеп келіп жалынды жасты күзгі арман.
Қыз ғана силар, түсіне білсең ізгі арман.
Əкені баурап, қуаныш қана силайтын.
Айналдым тегі, балапан жүрек қыздардан.

Өзіңді қорғар, сол ағаш саған ие ме?!
Иіскеп бір тұрсың, өрік пе, əлде шие ме.
Бұл жалған саған басын бір иіп тұрғандай,
Гүл ғұмыр мына басыңды иші иеңе.

* * *
Тұрып кеткен жандар бар,
сүрініп те, құлап та.
Ортамызда жүрсің сен,

жүрген жоқсың жырақта.
Бақытыңды тапсаң да,
Ақын туын құлатпа,
Ана болу бір бақыт,

Ғашығыңды жылатпа.
Ана болу қымбат қой,
Ақын болу бірақ та...

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Ойым ерек, өзім əлі баламын.
Сене берме, сене берме қарағым.

Ішімдегі от жалынды білмейсің,
Байқамастан жалынға орап алармын.
* * *
Ініге, бауырына жанашыр жан.

«Сезімді қайтем»- дейді аласұрған.
Жанына жылу іздеп жүргендей ме,
Қалың өскен, ақ қайың арасынан!
* * *

Жан дүниеме қуат беріп, өлеңі.
Бауырым деп мені жақсы көреді.
Дүниеде, тілектес жан бар кезде,
Өмір сүргің келеді.

Жақсы жандар көп болса екен, менде үміт!
Жан дүниеңді қажытқанда пенделік.
Інісіне, әпке жырын арнапты,
Сол өлеңнен кеттім бүгін емделіп!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Бермей кетіп жүрмеші, береріңді.
Əй досым, білесің бе өлеріңді.

Əр түнде тажал саған үңіледі,
«Алла»- ғана шешеді, көреріңді.
Аллам ғана шешеді, шешіп қана.
Жұмақ, тозақ екі жол, есік қана.

Ол дүниені білмеймін тербетер ме,
Бұл дүниеде тербетер бесік қана!
* * *
Түнді сүйем, түн дегенің тыныштық.

Ұйықтасайшы- дейді әйелім, ұрыстық.
Құшағыңда отқа еріп кетпейін,
Маған деген шын сезімің, тым ыстық.
* * *

Заңғар көк, заңғар тауым, заңғар далам.
Көкке қолын созады арманды адам.
Алла сені алдыңнан жарылқасын,
Арманына жетеді армандаған.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Сағыныштың самалы есіп бірге.
Бірге туып жүрмедік өсіп бірге.

Сіз жассыз,
Сізді сүйер жан табылар,
Өмір өтіп барады, кешіктірме!
* * *

Қасыма жақсы жанды ерте берем.
Жүрек назын бұл ағам шерте ме екен?!
Сезімі тұнық екен аппақ қардай,
Жырыңнан айналайын, еркелеген.

* * *
Əрбір жанда бар шығар қанатты арман.
Жастар біздің болашақ талаптанған.
Əр қазақтың ұл-қызы өсіп-өніп,

Өркендесін сұраймын жаратқаннан.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Қайда біздің түйсігіміз, өреміз.
Қатын айтса, бала айтса көнеміз.

«Атасы басқа аттан түс»- деп кетпейміз,
Ағайын мен жанұяны бөлеміз.
* * *
Қара сөзге неге жұртым тойынды?!

Бұрмады ма енжар болып, мойынды.
Сəйгүлігін жаяуларға мінгізіп,
Сойғыздырып қорадағы қойыңды.
Содан бəлкім, өзге жұртың тойынды.

Соя берме, соя берме қойыңды.
Келін алдың, жағдайыңды ұғар ма,
Кедитке өткізгенін тойыңды.
* * *

Гүл сезім,
Қалтырайды тоңады əлі.
Əсем гүл, отқа неге оранады?!
Сүйгеніңнің гүлдерін отқа таста,

Ол саған қарғыс болып оралады.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Айналдым гүл ұсынған жүрегіңнен.
Сыйға сый, сыраға бал, білемін мен.

Достарды жақсы көрем, қош келдіңіз,
Бір орын берейінші жүрегімнен.
* * *
Жүрегіңнің таппай жүрсің бір емін.

Жақсы жансың оны мен де білемін.
Жолықса екен сізді сүйер азамат,
Жүрегіңнің ішіндегі жүрегің.
* * *

Əр күнім,
Бағы мəлім, жалғыз маған.
Əр күзім мені жалғыз қалдырмаған.
Қоянның күнін кешіп келемін мен,

Əр аңшыға кезігіп, алдырмаған.
Торғай ұшар тарыдан, салдырласа.
Қанымді ішіп жүр менің, жаңбыр маса.
Ақындығың не керек, бұл өмірде,

Өзіндік қол таңбасын қалдырмаса.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Ел жұрттан ұят болды-ау бұларыңыз.
Ұл – Тұлға,

Қыз- еді ғой шынарымыз!
Бір Аллаға аян ғой,
О жалған ай,
Қай кезде, қайда, қашан құларыңыз.

Қанден итше арсылдап арпылдасқан,
Ұят-ай,
Ұят болды бұларыңыз!
* * *

Жатса да жайы кетіп, құлап арман.
Қыз жауһар,
Жайы түзу, жыламаңдар.
Өлеңнің құдіреті қандай күшті,

Орнынан тұрып кетер құлағандар.
Сынақ сені арбайды, сынамаңдар.
Сөзін жырмен жеткізер, ұлы адамдар.
Тұла бойы қазына, жауһар жаннан,

Өтінемін ештеңе сұрамаңдар.
* * *
Бауырыңыз болайын – Әпке – деген.
Сүйетін гүліңізді ап келемін.

Ақын болып кеткенім содан шығар,
Еркелетіп қоймайды əпкелерім.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Әйелге жан жетер ме, сүйіп көптен,
Ұлылар жан асылын сүйіп кеткен.

Əпкетай, Алла сізді қолдасыншы,
Бауырының бақытын биіктеткен.
* * *
Аллаға əр адамның бағы мəлім.

Кеудеме жібек өлең тағынамын.
Бірге тумай, бір үйде өспесек те,
Алтын əпке мен сізді сағынамын.
Шын жүйрік шауып келсе, шабысы бар,

Ініңмін елімді ойлар, намысы бар.
Ізгі жанды сыйлау да көргенділік,
Əр адамның өзінше ағысы бар.
* * *

Тілегің болмай жыласаң дағы өкіріп.
Аллаңды сүйші, тілеші одан өтініп.
Адамның көбі алдайды сені пенде ғой,
Уәдесі жалған, сөздері оның өтірік.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Тағылымды сөз айттыңыз, келелі.
Асыл сөз ғой, тəлімі мол, берері.

Ар бейнесі – азаматқа дарыған,
Аналардың ақ сүтімен келеді.
* * *
Кеңесарық ауылым – ойымдасың.

Сайрамсу тау суының бойындасың.
Есімхан орда тіккен Төрткүл төбе,
Болады əлі талай тойың- ғасыр!
Болмайды екен, ештеңе мəңгі бəрі.

Латынша əріп, жарасып сəн құрады.
Босаға, төрге бастап қазағымды,
Əлі талай рухани жаңғырады.
* * *

Махаббат ай ешбір жүрек сенбейтін.
Бірімізге, бәріміз ай тең дейтін.
Бірі сүйіп тұрса дағы асық боп,
Бірі оны менсінбейтін, көнбейтін.

Қас сұлуын жақсы көріп тұрса да,
Қымсынатын, сөз салуға келмейтін,
Қазағымның ұяң өскен ұлдары,
Жарың қайда тал бесікті тербейтін?

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Тән жарасы,
Ауырады, басылар.

Жан жарасы – жанға тыным бермейді.
Екеуі де сынағы ғой Алланың,
Иман келтір,
Иман ғана емдейді.

* * *
Адамдардың барлығы бұл өмірдің қонағы.
Жаз мезгілі өткенде, əсем гүл де солады.
Жүрегіңе ем қонбай жүрсе оған өкінбе,

Барлық нəрсе Алланың əмірімен болады.
* * *
Мені ойлайсың,
Мен сені, білемін мен.

Сен жымисаң шаттанып күлемін мен.
Жымиып баласына алма ұсынған,
Алтын ана айналдым жүрегіңнен.
* * *

Ойлаған мендей болсын бала қамын.
Өскейсің,
Өркендеші балапаным.
Əкемнің ұлымын деп күнде айтасың,

Ыстық қой мені құшқан алқаның.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Ғаламаты қой, ерекше ғой, ұлықтық.
Бір жағы қар, бірі гүлге тұнып тұр.

Аязыңа тоңдырмашы гүліңді,
Аялашы, суығыңа шынықтыр.
* * *
Басымды ием,

Жасы үлкенге кішіріп,
Кішілерге ізет етем, түсініп.
Жамандарға басымды имен ағайын,
Қанымда бар,

Бойым толған кісілік.
Дей алмаймын,
Тәкаппармын, бөлекпін.
Тағдырым да,

Өзгелерден бөлек тым.
Өтінерім, мені жақсы көріңдер,
Бәрібір де мен сендерге керекпін.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Мешіт тола жамағат, түнеп тегін.
Алла деп, ризық сұрап жүректерің.

Бақ-дәулет, берекесін берсін Құдай,
Аңсаған, орындалсын тілектерің!
Қадір түні, белгісі қадірімнің.
Тағы бір жыл өтті енді, тағы бір түн.

Қазағымның басына бақ тіледім,
Ақ тілекпен еселер бағы мүмкін?!
* * *
Сыйластыққа жетпейді, мал жаның да.

Күтетін жан көп болсын, барғаныңда.
Барлық нәрсе тірелер түйсігіңе,
Бір саңылау болса егер аржағыңда.
Бұлбұлменен дос болмай, баққа сүйрер,

Боққа сүйрер досы көп қарғаның да.
* * *
Кейбіреуге аталы сөз ұнайды.
Кейбір жандар жығылғанда сынайды.

Пендеміз ғой, досты іздеп жүрмін мен,
Достан артық қадірлейтін құдайды.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Жылаған жанды көрсем,
Көмектескім келеді.

Жалғанда ит адам көп,
Төбелескім келеді.
Құлаған жанды көрсем,
Бір демеу беру арман.

Адамнан көрмесің хақ,
Һақ Алла берер алдан.
* * *
Бұл жалған,

Сен жігітсің, өтпейсің бе!?
Жақсы жандар өмірде көп дейсің бе?
Жаныңды қинап жатса, кісі болып,
Ер болып, еркек болып кетпейсің бе.

Қатын құсап не тірлік ұрысқаның?!
Тірлігіңнің ойлашы дұрыс жағын.
Саған бауыр, бір сабыр берсін Алла,
Жүйкеңді емде, қыртысын дұрыстағын.

Деп ойлама- тірегім көп деп- менің.
Жерлесім болғаныңа өкпеледім.
Ұрыс керіс шығармай азамат боп,
Алғашқы жұмысымнан кеткен едім.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Қатал болып кетті заман, жүйе тым.
Адам да көп түрлі маска киетін.

Табиғаттан жаралдық қой, сыйлаймын,
Сіздей жанды, сұлулықты сүйетін.
* * *
Дем берген, рух беретін шыбын жанға,

Мына сөз қазына ғой ұғынғанға.
Намысымның семсерін қайрап алып,
Талай тұрып кеткенмін жығылғанда.
* * *

Не болса да жалғыз Аллам біледі.
Адам пенде,
Алла оның тірегі.
Сүрінгендер, жығылып бір көрген жоқ,

Қарындасым,
Сондықтан ол күледі.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Сығалап қойып, мырс етіп қойған ішінен,
Жандардың жайын,

Пейілін оның түсінем.
Ағаның айтқан ақ жолын ұқпас жандарды,
Қар ұрған шөпке теңеймін оны, үсіген.
Қолдарың тимей,

Қан ақса көзден түсінем.
Әрқайсың жүрсің,
Шәуілдеп жүрген күшік ең,
Бір ауыз жылы сөз айта алмасаң, ағайын,

«Шаруаң бір түссе, недеген, неткен пысық ең».
Барына қуан,
Бағала бала жұртыңды.
Сығалап қойып, ақ тілек айтпау біртүрлі.

Ағаны іздеу сендерге қалып боп кеткен,
Қаны мен жының толғанда ғана ұртыңды.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Ерді бір ер деп,
Ибалы сөзге тоқтаса?!

Барында сыйла,
Асыңды ішер, коп болса.
Кешіре салғын,
Ойы оның арам емес қой,

«Жеңгем»- деп сені,
Ойыны шығар-от басса.
Атамның көңлі қалмасын деп оны, ерте бер.
Жүгенсіз жаннан сақтасын құдай жер тебер.

Бұл жанған өмір, түсінейікші ағайын,
Жан таппай жүрген жандар да көп қой еркелер!
* * *
Ешкім емшек бермейді жылағанмен,

Жаман тазы түлкі алмас, сынағанмен.
Жығылғанда бір тұрып кетеді екен,
Болмашыға сүрініп құлағанмен.
* * *

Ақылын айтып әсерлі.
Кешірген әрбір қатемді.
Нұрыңа Алла бөлей гөр,
Анашым мен әкемді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Ақ қарға ораныпты,
Алатау атырабы.

Тудың деп құшағымда,
Өзіне шақырады.
Қыс түсті Астанада,
Қарлары жатыр əні,

Аулымда терек- талдың,
Түспепті жапырағы.
Мен өскен алтын ұям
Оралып келемін мен.

Өмірді сүйіп келем,
Дем берген өлеңіммен.
Жұмақтай сені сүйіп,
Құшақтап өлемін мен.

* * *
Звондаймын, телефонды көтер қыз.
Ренжиміз, қапа болып бекер біз.
Бұл дүние жалған оны білерсің,

Ит пен мысық, болып сірә өтерміз.
Дүние де, тірлігіңе жетпейді,
Мені тастап кетсеңде дағы, тек мейлі.
Ерің сенің берекең ғой, ұғыншы,

Қазығынан ол босанып кетпейді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр * * * Жаным сені сүйемін, жырақтасың. Менен артық жан жоқ қой, сынаққа сын. Жек көріп кеткендігің қош емес-ау, Жүрекке жүк арттың – ау, бірақ та шын. КҮЗ Көктем кетті, Жаз да өтті, тағы күз. Оған неге таң қаламыз тағы біз?! Сол жүректің түкпіріне тығылып, Бізбен бірге ілесіп жүр бағымыз. Жастық дәурен, неге, қалай тез өтті? Сол бір сезім өртеп жатыр өзекті. Өмірімнің ағысымен ағайын, Ұлдарыма берейінші кезекті.

АҚ ТІЛЕКТЕР –

АҚЖОЛТАЙ

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АЛАШ АЗАМАТТАРЫНА АРНАУ

Ініні ертіп алып, баланы алып,
Басымды жүрсем жетер аман алып.
Отызда орда бұзғам дәлелім бар,
Қырқымда көргенім жоқ қамал алып.

Елуді де ұланың еңсереді.
Бақыт деген бір ақ сәт, келсең еді.
Тұнық ойдан шыққан бір жырларым бар,
Өсем ау,

Өсеріме ел сенеді.
Жандарды жақсы көрем жарқыраған.
Болсыншы жұртым аман, халқым аман.
Сөзі менен тірлігі бірге үндескен,

Азаматтар ұнайды жалпы маған.
Алланың бағы осы, қарасқаны.
Қақ тілген найзағай боп қара аспанын.
Елін сүйген қазақта арыстар көп,

Аман болсын қазіргі Алаштарым!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҚОРҒАНБЕК АҒАМА

Сағым болып барады күн кешегі.
-Мініңді де түзейді сын- деседі.
Көкшедегі қайың мен қарағайдай,
Өнерің өлеңіңмен үндеседі.

Жастайынан жыр ескен қанатынан.
Аға едің ерекше, дара туған.
Абылай мекендеген сұлу көкше,
Сол Көкшеде жан едің жаратылған.

Туын ұстап, əділдік ақиқаттың.
Келесіз жолыменен шариғаттың.
Адам жаны сол үшін сұлу болар,
Əсері туған жердің, табиғаттың.

Алатау қазағымның шыңы, бағы.
Ұлытауым оны да ұғынады.
Қаратау, Тарбағатай қазынамыз,
Нағыз ерлер Көкшеде туылады.

Асы дәмді болады егесімен.
Өткенді шығармайды ел есінен.
Жазарыңыз көп болсын,
Жүз жасаңыз,

Жүзіп жүріп қарттықтың кемесімен.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АҚ-БӨРІ АҚЫН АҒАҒА

Үш кезең,
Балалық шақ, даналық шақ.
Алпыс жас, елағасы, саналы шақ.
Әкемнен бата алып кетсеңізші,

Өтейін -деп- өзіңдей қалам ұстап.
Сағаты жылжып жатыр сағым күннің.
Жүзді де жүгендеңіз, бағындырғын.
Қанатты жырларыңды тоқтатпа аға,

Өтер деп уайымдамай сағым бір күн.
Ағамыздың жағдайы қанық бүгін.
Аңсайды жас жігіттей тамық-түнін.
Өзі де бөрі десе, Ақ-Бөрі екен,

Білдірмейтін, жандарға арықтығын.
Күніне берсе дағы алпыс қайғы.
Ақындар бір-бірімен тартыспайды.
Артынан ереді ғой Тоқсанбайлар,

Алпыста туғызыңыз Алпысбайды!

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҚАРЫНДАСТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ

АРНАУ

Қолымда өскен қарындасым сен менің,
Бақытты бол,
Жана берсін еңбегің.
Бауырымның қызы едің, ұмытпа,

«Шешем келіп қолыңа ал»- деп, бергенін.
Анам берген, -Міне ұлым, еншің- деп.
-Сен бір отау, сен де өзіңше елсің- деп.
Бауырмал ем, қуандым-ау ерекше,

-Ертең емес, дәл бүгін ақ келсін- деп.
Солай-солай тарих әрі жалғасты.
Алға жүздім, жұмыстарым алмасты.
Сені ертіп келген күні шешемнің,

Есігімді ашқан күні ед(і) алғашқы.
Күндіз-түні жұмысыммен әуремін.
Нұры түсіп отбасыма сәуленің,
Қыз бар үйге, періште айтып салауат,

Шіркін сол шақ,
Өрге жүзген, дәуренім!
Ел арасы аттыға алыс, ұзақ тым.
Қызмет деп- елден жырақ ұзаппын.

Алысыңнан арбалаған қазақпыз,
Сол ауылға, өз қолыммен ұзаттым.
Ауылына түстің әнші Еркенің.
Ұл-қызың бар, болашағың ертеңің.

Құдалар да қошеметке лайық,
Жан жарыңмен өркендесін өркенің.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

МЕЙІРХАН ҚҰДАҒА

Тұлпарын неге қазақ тағалайды?!
Жақсы іні, ағаларын ағалайды.
Тұрлауы тарам-тарам бұл дүние,
Жақсыны жақсы ғана бағалайды.

Шәй ішетін күн екен, үрлеп бүгін.
Құданы әурелейтін жүр деп, бүгін.
Құдай қосқан құдекем бір қуантты,
Уа елім, мен ерекше құрметтімін.

Қадірім асты екен неге менің?!
Қолынан май жалашы шөберенің.
Есімімді меншіктеп, ырым етіп,
Атыммен атапты ғой немересін.

Баласы болмайды ол, бұйырғанның.
Құдама ұлменен қыз бұйырған күн.
Құтты болсын құдамның қуанышы,
Қош келдің ұл мен қызы Мейірханның.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЖҰМАХАН АҒАМА!

Сұрайтын жан емес ек жәй керегін.
Алла бермей қойса егер қайтер едің?
Жас шыбықтай хор қызың өсіп-өніп,
Күйеу бала болсыншы бәйтерегің.

Ұл-қыз берсе, берсе екен санасына,
Әр әке алаңдайды баласына.
Сенім артқан «Гүліңіз» аман болсын,
Қамқор болсын әкеге, анасына.

Асыл мінез шығады тектілерден.
Күйеу жігіт ибалы, текті жерден.
Немерені әлдилеп, шөбере сүй,
Құдаларың жан екен көпті көрген.

Жұмеке,
Көріп бүгін шаттығыңды,
Ұзаттың мәпелеген ақ гүліңді.
Күйеу жігіт қадірле қарындасты,

Шалқардан ұшып шыққан аққуымды.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ТУҒАН КҮН

Қуаныш күн, ақ таңмен ере келген.
Құдайым айырмасын берекеңнен.
Қабыл ал ағайынның ақ тілегін,
Құттықтаймын меншікті мерекеңмен.

Таразының мән беріп салмағына.
Азамат бол, ісі сай талғамына.
Текті елдің ұрпағысың ту ұстайтын,
Қасиетті тегің бар ар жағыңда.

Бақыт күнің көп болсын берекелі.
Көркем мінез ерлерді ер етеді.
Бір өлең арнамасам болмас дедім,
Ескеріп бұл атаулы мерекені.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӘРІПТЕСКЕ

Жаралған жансың досым, бағың нұрдан.
Бірнеше белестерді бағындырған.
Бір жүріп, ойнап күлген әріптесім,
Өлең шықты көмейден сағындырған.

Қадірлеп адамзатты, досты, бәрін,
Мерейің үстем болды, өсті бағың.
Әкесін ерекше бір құрмет тұтқан,
Аман болсын қызғалтақ, қос шынарың.

Жасқа жеттің бұл күнде, зейнеткерлік.
Біз қанша уайым жедік, бейнет көрдік.
Қаскөйлер аяқтардан шалса дағы,
Басшы боп екі ауданды билеп бердік.

Мүшел жасың оң болсын, берекелі.
Өлең жаздым ұлықтап мерекені.
Жаны жайсаң жансың ғой, жасай берші,
Елі ғана ерлерді, ер етеді.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҚЫЗ ТІЛЕКШІ

Қыз тілекші,
Бауырмал ерек тылсым.
Әр жанұя сендерді керек қылсын.
Қыз ғұмыр дүние есігін ашқан сәттен,

Періште иығында жебеп тұрсын.
Жұқсын бізге, қыз сүйген ағалардан.
Елдің ары, қызымен бағаланған.
«Қыз өссе, елдің көркі»- деген сөз бар,

Мирас боп келе жатқан бабалардан.
Қуаныш қой, атаулы мереке бұл.
Үйіңізге келген бір, береке нұр.
О жаратқан қолдап жүр, бақытты етіп,

Кішкентай көмекшісін жеңешемнің.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АҚБӨПЕГЕ!

Мен үшін бұл өмірде орның бөлек.
Інім деп сағынғаның маған көмек.
Ұлың мен екеуіңді әрқашанда,
Бір Алла жүре берсін, желеп-жебеп.

* * *
Сен әпшем-ау ерексің, дара тұлғаң!
Сен әпшем-ау ерексің, дара тұлғаң!
Ағайынға қамқор боп жаратылған.

Ауылдың таза ауасы дем бергендей,
Жел ескендей сұңқардың қанатынан.
Жүріпсіз, туған жерде өлеңдетіп.
Құлақты телефонға елеңдетіп.

Ақындық Сізге барып жеткені ме?
Жұмыстан қажып жүрген, менен кетіп.
Ақбөпе:
Сен ақынсың, мен емес, сөз шебері.

Туа бітер адамға сөз өнері.
Асыл оймен құнды сөз тоқып айтар,
Ұғындырған құрметпен білгендерін.
Менікі өлең емес, айта салу,

Жақсылық жақтарыңды ойға алу.
Істеген қамқорлығың еске түссе,
Бойға қуат болады, жанға дәру.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЕГЕМЕНІМ!

Егеменім, атың қандай ерек бір.
Алладан соң,
Алаш жұрты демеп тұр.
Әр өлеңді жазу үшін адамға,

Керек екен себеп бір.
Шаңырағы,
Елін сүйген алаштың.
Жаңа тарих, жаңа бетін жаңа аштым.

Шын асылға бұйырады тізгіні,
Оған неге таластың?!
Әңгіменің төркіні де осы ара.
Уақыт зулап бара жатыр, тоса ма?

Шерағамның айтқан сөзі бар еді,
-Егеменнен бұйырса – деп – босаға.
Майталмандар толып жүр-ау ішіңде.
Жақсылардың жолын жалғау үшін де.

Аққу болып ұшып кеттім мен сенен,
Қайырлы қош, түсімде.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҚЫЗ ТУҒАНДА

Аумаған әкесінен бақыт гүлің.
Бүгінгі күн, әкеге бақытты күн.
Осындай ағаларды серік еткен,
Расында, құдай куә, бақыттымын.

Сырлас болған жайдарлы жақсыменен.
Үлкенмен де пікірлес, жастыменен.
Гүлдей жайнап жайқалсын шынарыңыз,
Өз басым қыз баланы жақсы көрем.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
* * *
Қыран құссың көк аспанда қалықтар.
Әңгімеңнен дүйім жұртым жалықпас.

Құдай өзі бір ыңғайын келтірген,
Күзде ғана туады екен, алыптар.
Жыр арнайын, қара жаяу емеспін.
Көңілің ақ, мінездісің, ерексің.

Аллам сені қорғап жүрсін әрдәйім,
Жанұяңа және бізге керексің.
Өзіңе арнап, жыр маржаны өрілген.
Балдарыңның рахатын көр, көрінген.

Құт-береке кетпесінші үйіңнен,
Жақсы жандар орын алсын төріңнен.
Алла сенің үстем етсін бағыңды.
Жаңалығың көп болсын тек, жағымды.

Бірге өткізген кездер қандай керемет,
Сол күндерді досың бүгін сағынды.
Мейірленген пейілің де кең екен.
Мерекеге ұлассыншы мерекең.

Ел алдында үстем болып мерейің,
Еселесін берекең.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҚЫЗЫЛ ДИПЛОМ

(ініге тілек)
Көз алдымда өткен күн елестері.
Қызыл құжат алған күн емес пе еді?!
Қуанышым қойныма симаған күн,

Маңдайымды аймалап жел ескені.
Ол да бір ауыр еңбек жемісі еді,
Ол да бір тағдырымның белестері.
Қызыл құжат, гүл етсін өміріңді.

Жасартсын, жабырқатпай көңіліңді.
Бір кірпіші өзіңсің шаңырақтың,
«Сүйінші»- деп көтерген көңілімді.
Бәйтеректей атаңның жолын берсін,

Өйткені бұл ағаңның жолы мұңды.
Көк тудай желбіретіп, тұлымыңды.
Ұлықтайтын кез келді, ұлығыңды.
Ата-анаң марқаяды көріңдер деп,

Бәйгеден оза шапқан құлынымды.
Мерейің үстем болса Аян інім,
Дұшпаның лайлай алмас тұнығыңды.
Біреулердің өмірде тағы басым.

Біреулердің басында бағы басым.
Біреулердің бес елі маңдай соры,
Әркімге бір еліктеп нағыласың.
Адам боп қалсаң егер, түсінгенім,

Алғыстан алтын алқа тағынасың.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӘПКЕГЕ АРНАУ

Жайқалсын жаз гүліндей гүлдеріңіз.
Әпкежан тыныш өтсін түндеріңіз.
Мұңайма деп ініңді жұбатушы ең,
Маған да керек сіздің күлгеніңіз.

Өлең жырды төгейік, қымтамалық.
Шын бақытты іздейік, шын табалық.
Жанды жеген күдікті аластатшы,
Жүрегіңді жырыңмен қымтап алып.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ҒАБИДОЛЛА МҮСІРЕП АҒАҒА

Қуанған үлкені де, кіші бүгін.
Жастарға үлгі, атқарған ісі бүгін.
Аңқылдаған ақеден, арысым ай,
Бұрынғының «Биіндей» түсінігің.

Абай айтқан көзімнің қарасындай.
Жастарға жол сілтеген баласынбай.
Пейілі оның жүзінен байқалады,
Құшағы қазақтың кең даласындай!

Біртоға, сабырлы жан, салмақты адам.
Таразының екі ұшын салмақтаған.
Кісілік пен кішілік бағдаршамы,
Жасай бер,

Жаны жайсаң ардақты ағам.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

СҮНДЕТ ТОЙҒА АРНАУ

Тойға келген уа жамағат армысың!
Оңтүстігім киелі өлкем бармысың.
Қара басты, хандай етіп көтерген,
Той иесі Сізге шексіз алғысым!

Қуанышты бөліспесе көпке сын.
Айта берсін, -қазақта той көп- десін.
Тойың-тойға ұлассыншы жамағат,
Шаңырақтан бақ- береке кетпесін.

Той дегенде қу бастар да домалар,
Бай болыңдар, жағдай түбі оңалар,
Шаңырақтан береке-бақ кетпесін,
Босағадан бақыт келіп оралар.

Аман болсын ата-анаң да, жан жағың.
Тек тойыңда шашылсыншы бар малың.
Үш бүлдіршін, азамат боп есейіп,
Орындалсын ойда жүрген арманың.

Ата-анаңның үміті бол Маратым.
Көкте самға, талмасыншы қанатың.
Ата-ананың ақтағайсың үмітін,
Жақсы адамның көбейтіп бір санатын.

Мендей болсын қаламы ұшты, қарымды.
Ақын болсаң, берер едім барымды.
Ұлы Аллаға мың бір мадақ айтамын,
Осы әулиетке сый қып берген, Дарынды.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Кенжетайсың,
Мен де кенже, балдырған.
Сен бір жауһар иран бақтан алдырған.

Елін сүйген ерке жігіт боп өсші,
Ата-анаңның мерей бағын жандырған.
Жыр төгетін күміс болсын таңдайың.
Жүзің жарық,

Ашық болсын маңдайың.
Бағлан ұлым, қамқоршысы болғайсың,
Ата-ананың сұрап тұрар, жағдайын.
Бодандықтан құтылғанмын, азатпын.

Он миллионмын, азғантаймын, аз ақ пын.
Бұл қай бала деп сұрасаң айтайын,
Мен Қазақпын,
Баласымын қазақтың.

Бұған куә, мына жер де, қара аспан.
Дауды шешер,
Жауды жеңер таласқан.
Мен заңгермін, Һақтың жолын ұстанған,

Жетім менен жесірлерге қарасқан.
Өміріңде оралмасын ойға мұң.
Орындалсын арман ниет ойларың.
Ұлдың тойы, үйленуге ұласып,

Той артынан той шақырсын тойларың.
Желкеніне жел естіріп, сенімнің,
Өрендері болып өссін елімнің.
Нариман мен Ақгүлжанға тілегім,

Самаурыннан шәй ішсінші келіннің.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр
Келін түссін шаңыраққа ай қабақ.
Бірлік болса кетер дейсің қайда бақ?!
Немеренің бесік тойын көріңдер,

Шөберенің уысынан май жалап.
Осы менің ақ тілегім, барым шын.
Тілегенің іздемей ақ табылсын.
Осы тойда айтылған бар тілектер,

Періштенің құлағына шалынсың.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЫРҒЫЗДЫҚ АПАҒА АРНАУ

Биді күтіп үйінде,
Бекті көрген.
Ырғызда бір апам бар көпті көрген.
Еңбегі мен білімін шыңдап өскен,

Бұл әженің тегі асыл, текті жерден.
Кейбіреудей жатсынып, баласынбай,
Жақсы көріп жүретін, баласындай.
Қаншама рет қолынан дәм татып ем,

Аңқылдап жүруші еді анашымдай.
Балғын едім,
Жас едім қылшылдаған.
Ерегеспей жауласпай тұрсын ба адам.

Шәйін беріп, ақырын сөз айтатын,
Жол сілтейтін ұғар деп, үнсіз маған.
Ұлық сөздер айтатын даналардан.
-Аулақ бол- деп- күйеден, жалалардан.

Ел басқарған әкім де, ақының да,
Туылады осындай аналардан!
Бұл отбасы осылай, берекелі.
Осы әжеміз ұстап тұр берекені.

Құттықтамау күнә ғой, ұлың үшін,
Біліп тұрып, бүгінгі мерекені.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ӘПКЕНІҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАУ

Қара қыз, бауыр үшін аппақ айсың.
Тілегімді жаныңда сақтағайсың.
Алтын асық ұлдарың, жауқазын қыз,
Мамасының сенімін ақтағайсың.

Тектілер айтады екен тілекті үміт.
Белді бекем буғайсың, білек түріп.
Бауыр үшін жан берер алтын әпкем,
Арқасын ағайынға тіреп тұрып.

Жалған айтсам, сенер кім, иланар кім?
Қадірін түсірмеген жиған ардың.
Әпкесіндей азамат болсыншы деп,
Алланың Баймұратты сыйлаған күн.

Ақысын берген жанмын, төлеп қалған.
Бұл күннің қадірі асқақ, бөлек маған.
Бауырым мен баламның туған күні,
Көңілді көтеруге себеп маған.

Кездерім еске түсіп сол шақтағы.
Көзімнің домалайды моншақтары.
Анам мен келінінің бір күнде екен,
Бірі қызды, бірі ұлды толғатқаны.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

ЖИЕН ІНІ АҚБЕРЕНГЕ

Сұраған жанға бақ берем.
Қалағаныңды ап берем.
Дейді екен Алла, – қолдасын,
Бақытты болсын Ақберен.

Тірегің болсын Ақберен.
Жүрегің болсын Ақберен.
Жақсы оқы, ұлы адам бол,
Келінді өзім ап берем.

Жас қосылсын жасыңа.
Ержүрек бол, жасыма.
Тепкілесең де кетпейтін,
Бақ-дәулет қонсын басыңа.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АҚЫНДЫҚ ЖҰҚСЫН БАУЫРЫМ

Берсе екен санасына, ақылына,
Ұл тартып кетпесе екен, жатырына.

– Аға – деген даладай атағы бар,

Ағалар бар, сөзі өтпес қатынына.
Қатынды қысып алып тақымыңа,
Қарассаң кем болмайсың жақыныңа.
Інім–ау, бабалардың бағы қонсын,

Ақназардай жас талант ақыныма.
Батырлық, байлық, билік тегімізде,
Не жоқ дейсің, інім-ау тегі бізде.
Қатын жолда қалсыншы, тәңір атқан,

– Тегі ұлы – балалар бар белімізде.

Адассаң жас кезіңде адас жаным,
Жасың келіп жеткенде адаспағың.
Атаң айтқан «боркемік» болма інім,
Төңкеріліп кетсе де қара аспаның.

Бұл өмірде қарағым адаспағын.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АҚ ТІЛЕК

Сұрайтын жан емеспіз жәй керегін.
Алла бермей қойса егер қайтер едің?
Жас шыбықтай ұланың өсіп өніп,
Болсын ертең мәуелі бәйтерегің.

Ұл-қыз берсе, берсе екен санасына.
Әр ана алаңдайды баласына.
Сенім артқан ұланың аман болсын,
Қамқор болсын әкеге, анасына.

Асыл мінез шығады тектілерден.
Келін берсін ибалы, текті жерден.
Немерені әлдилеп, шөбере сүй,
Құдаларың болсыншы көпті көрген.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АЙДЫН ҚЫЗЫМА!

Өміріңде жақсыларға ұқсап бақ.
Әкешіңді әлпештеп жүр, құшақтап.
Тәрбиелі, тәлімді бол қызым ау,
Сырты қара адамдардың, іші әппәқ.

Кенжетайсың,
Ерекшесің дара тым.
Самғай берші, талмасыншы қанатың.
Сыйлық алып келер едім, жол алыс,

Ниеттеніп, құттықтап бір баратын.
Әкесінің жанашыры, ерекшім.
Алла сені жүрсін қызым, демеп шын.
Қыз жанашыр, қыз бауырмал тілекші,

Әкеңе де, шешеңе де керексің.
Әке-шешең аман жүрсің жаныңда.
Ақ тілекті,
Ақ жүрекпен қабылда.

Шыққан жерің, туған тегің біздерміз,
Тектілердің тегі басым қаныңда.
Бүгінгідей болсын қызым әр күнің.
Оқуда озат, жүйрік болсын қарқының.

Жақсы қыз боп өседі деп сенемін,
Туған күнің құтты болсын алтыным.

Абдулмахмуд Пошатаев. Елік ғұмыр

АНАР ТӨЛЕУХАН ӘПКЕГЕ

Сөз таппай, осындайда тосыламын.
Баршаның тілегіне қосыламын.
Қызыңның қаламына құт дарытқан,
Торғайым,

Қасиетті топырағың.
Текті жан,
Тегі мәлім, текті жерден.
Тайсалмаған талайдан, ептілерден.

Ибалы анасынан тәлім алған,
Әкеден өнеге алған көпті көрген.
Қасиеті кетпеген, киесі ауып,
Құлын- тай байлаған жер, бие сауып,

Тарих боп қалар әлі шығармаңыз,
Тұрғанда қаламың мен сия сауыт.
Бетеге мен жусанды даласы аңыз,
Тектілер көп, Торғайдан, қарасаңыз.

Қазанда екеуміз де туылыппыз,
Келгенде жыл мезгілі, қараша күз.
Құтты болсын,
Құт келсін, арқай жасың!

Жаныңнан жылу кетпей, әр таймасын.
«Сандарды» қаперіңе алмашы әпке,
Көл-көсір көктем көңіл, қартаймасын.

МАЗМҰНЫ Қ. Аманжол. Заңгер ақынның жазирасы..................................3 ТАБИҒАТ ТЫЛСЫМ – ОЛ БІР СЫР Елік ғұмыр................................................................................. 10 Әрбір қазақ сенің қимас жалғызың!........................................ 12 Қайран жастық өткенім............................................................ 14 Көктемдегі мұң.......................................................................... 15 Тау бөктері................................................................................. 16 Қадір түні!.................................................................................. 17 Сайрамсу.................................................................................... 19 Мен туған үй Алатау бөктерінде............................................. 20 Саятшылық ............................................................................... 21 Мамырда жауған қар................................................................. 23 Есімхан ордасы ......................................................................... 24 Суреттегі сыр............................................................................. 26 Табиғат тылсымы! ................................................................... 28 Әз Наурыз.................................................................................. 29 Нәзік жанға әр күні гүл сыйлайық.......................................... 30 Қара күзде.................................................................................. 31 Өмір өлең!.................................................................................. 32 Жаңбырлы түн!.......................................................................... 33

Аязды кеште.............................................................................. 35 «Бәле қуғым келмейді, жала қуғым...» ..................................37 Арыстағы жарылыс................................................................... 38 Алланың әмірімен…................................................................. 40 Жаннатты етеді екен амал ғана................................................ 41 Жаяу жүріп қаланы араладым................................................. 42 Шырайлы ШымқалаМ.............................................................. 43 Жүрейік қиналғанға көмектесіп ............................................. 45 Билік пен халық......................................................................... 47 Халқыма базына........................................................................ 48 Күншілдер-ай!........................................................................... 49 Шабыт ғұмыр............................................................................ 51 Өкпе жыр................................................................................... 53 Ешкімді...................................................................................... 55 Қонақ келсе екен деп ............................................................... 56 күтіп жүрем............................................................................... 56 Шағала....................................................................................... 57 Өлеңім-ау, Пірім де өзің, көмекшім!....................................... 58 Ұлы Тұран жұртына.................................................................. 60 Өмір деген... .............................................................................. 62 МАХАББАТ, ДОСТЫҚ – ГҮЛ СЕЗІМ Аңсадың ба?.............................................................................. 64 Тағдырымның ең керемет сыйлығы!....................................... 66 Ызғарлы түн.............................................................................. 68 Жүрегіңменен бірге ................................................................. 69 соқсыншы жүрегім.................................................................... 69

Періште қыз............................................................................... 70 Бала махаббат............................................................................ 71 Ғашықтар мекені....................................................................... 72 Күздегі элегия............................................................................ 73 Аялдамадағы қыз...................................................................... 74 Асыл жарыма............................................................................. 75 «Күндер қайда...»......................................................................76 «Сөзіне еріп алып анасының...»..............................................77 «Айтып ең, әкем жоқ деп бұрын маған...»..............................78 «Осы ма еді, аңсап күткен арманым...»...................................79 «Өкініштің отына салып кетпей...».........................................81 «Түсінбейміз, бақыттымыз бəріміз...» ...................................82 Дос іздеген адаммын................................................................ 83 Ілесем деп жақсыға, жиі алданам............................................ 85 «Түндерде ұйықтай алмай...»...................................................87 «Еңбегі. Жүрсе егер өрде біреу...»...........................................88 Жалғандық................................................................................. 89 Өз келінің сорлатпасын... ........................................................ 90 Түсін шырақ! ............................................................................ 91 Ұрыссыз үй болмайды ............................................................. 91 «Өзіңе бүгін жаным өкпеледім...»...........................................93 Биіктік ....................................................................................... 94 Сен мені ұмыт жаным!............................................................. 95 Өзім салған үйіңде орын болса................................................ 96 Əйел – ана!................................................................................. 97 «Неге жарым, бүгін маған сен-деді?!...».................................98 Жұлдызнама.............................................................................. 99 Қарындасқа тілек.....................................................................100 Қара көз қарындасқа! ..............................................................101

Кешірімді..................................................................................102 Бақыт тілеп...............................................................................103 Жаңбырлы түн..........................................................................104 Нөсер жауын.............................................................................105 Бекер біз....................................................................................106 Ақын едім.................................................................................107 «Кейбіреулер ту көтеріп ұрандап.......................................... 108 «Жақсы күндер жақсы ғой тілекті үміт. ............................... 109 Бір гүл көрдім...........................................................................110 «Дәріптейміз неге осы жат елді...» ....................................... 112 «Қиналғаныңда қорған бола алмадым...» ............................ 113 «Не деген ауылымның кеші мұңды...».................................. 114 Мінез туралы............................................................................115 «Үйде жалғыз, ашық еді есігім...»......................................... 116 «Өлең деген өсекші, тыңда мұны...»..................................... 117 Бек атты ақын інімнің өлеңін оқығаннан соң туған ой!.......118 «Қорықпа інім...».................................................................... 118 «Бұл деген қазіргі, заманның талабы...» .............................. 119 Өзін-өзі өртеген бауырға.........................................................120 Алтын ұя мектебім!.................................................................121 Әй ағасы!..................................................................................122 Əніңе ғашық едім….................................................................123 Еркек деген сүйенетін тірегің.................................................125 Тоқалды дейді жұрттар, ..........................................................126 тоқты жейді...............................................................................126 Біз кетеміз,................................................................................127 Дүние жалған қалады..............................................................127 Шәкірт тілегі.............................................................................128 Асаулар көп...............................................................................130

Беташар.....................................................................................131 Жанжарыма сыр.....................................................................132 Ақын қызға...............................................................................134 Танакөз толқынқызының жыр кешіне арнау.........................135 ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЛҒАЛАР Көшбасшыға.............................................................................138 «Пошатай деген атамды...».................................................... 141 «Жүйелеп шағып, жүйкеңді...».............................................. 142 «Тегі бекзат әкеден...»............................................................. 143 Ержан ағама ақ тілек!..............................................................144 Төрт елдің туын тіктің Астанаға ............................................146 Асанбай Асқаров ағаға............................................................148 Үркер ........................................................................................149 Елі сүйген Елбасы!..................................................................150 Артық айтпа ақыным...............................................................151 «Алысып жұлысқан адам...».................................................. 152 Генадий Головкиннің жанкүйерлеріне...................................153 Денис Тенді аза тұту................................................................155 Әр елдің салты басқа...............................................................156 Жасырынып тас атпаңдар бауырлар!.....................................157 Ұлт сарбаздарына.....................................................................158 Махамбет боп қалам десең…..................................................159 Ата заңым жасасын!................................................................160 Мен Жаныстың ұрпағымын!...................................................161

ӘУЛЕТІМ МЕНІҢ – СӘУЛЕТІМ Ағайынға!.................................................................................164 Әкемнің арнауы........................................................................166 Қос қария .................................................................................167 Мен әкемді шынында жақсы көрем ......................................168 Екі қартым ...............................................................................169 Әкемдей болсам жетеді...........................................................170 Жездеме.....................................................................................171 Бауырға наз...............................................................................172 Жездеме ....................................................................................173 Жездеме.....................................................................................174 Жездеме ....................................................................................176 Ауылға кеткім келеді...............................................................177 Несіне әпке жыладың..............................................................178 Неге бүгін жүрек шіркін егілді?!............................................179 Сол бақытты тосамын..............................................................180 Алыста жүрмін ауылдан..........................................................181 Қимасың сол ғой бауырың......................................................182 Бауырыма..................................................................................183 Бауырға айтқан өкпем сол ......................................................184 «Мұңын көріп, жырын көріп басқаның...»........................... 185 Туғаныңдай болса екен ғой, барша адам... «Ауылға келдім...».................................................................. 187 Қайда барам..............................................................................188 Әпкелерге..................................................................................190 Ағамсыз Сіз..............................................................................191 Деуші еді әкем!.........................................................................192 Әкеме.........................................................................................193

Төртеу түгел болса егер...........................................................194 Серт...........................................................................................195 Балама сыр................................................................................196 САҒЫНЫШ САЗЫ АНАҒА Туған күні күзде еді анамның.................................................200 Апам еді бəрімізге қараған .....................................................201 Бауырға сыр..............................................................................203 Анашыма!.................................................................................205 Анам алтын ..............................................................................206 Анам-ай ....................................................................................207 Аза тұттым апа деп..................................................................208 Оралып келші анашым............................................................210 «Тасымды домалатқан өрге менің...».................................... 211 «Күйбің тірлік – деуші едім мен, – бітпейді...».................... 212 Қайран апам..............................................................................213 Ерке едім...................................................................................214 Өмір сыны.................................................................................215 Анаға тағызым..........................................................................216 Әкеге басу айту........................................................................217 анашым......................................................................................218 Әпкелерге..................................................................................219 Ана десе қайысады қабырғам.................................................220 8-наурыз....................................................................................221 Анама........................................................................................223 «Қатым дейді...»...................................................................... 225 «Гүлін ектім гүлзар болсын, өнсін деп...» ........................... 226

Анаға сағыныш........................................................................227 Әкеге сыр..................................................................................229 ОЙДЫҢ ҚЫСҚА ОРАМЫ «Орыс тілі...»............................................................................232 Ойланыңдар адамдар...............................................................232 «Улап алып, жын ішімдік санасын...»................................... 233 «Береке бірлігіңнің бастауы – Әйел...»................................. 233 «Алла маған беріп жүр ау берерін...».................................... 233 Бақыт құсы ...............................................................................234 Қыз бен күз...............................................................................235 Күз мұңды емес........................................................................236 «Жандар бір көп қой өмірде...».............................................. 236 «Өмірдің қызықтырған несі мені?!.» ................................... 236 «Ортаншы ұлым, әкесінің тірегі...» ...................................... 237 «Кім не десе, ол десін Ақылесім...»...................................... 237 «Ақынның жаны нәзік қой оны білемін...» ......................... 237 «Жүрегімді мазалайды күзде мұң...» ................................... 237 «Уәде етеміз, серт беріп ұмытпасқа...»................................. 238 «Сезінсең жаным өзіңді оның ұқпасын...»........................... 238 «Сөзінен емес, танимын жанды ісінен...»............................ 238 Гүл ғұмыр.................................................................................239 «Тұрып кеткен жандар бар...»................................................ 239 «Ойым ерек, өзім əлі баламын...».......................................... 240 «Ініге, бауырына жанашыр жан...» ....................................... 240 «Жан дүниеме қуат беріп, өлеңі...»....................................... 240 «Бермей кетіп жүрмеші, береріңді...»................................... 241

«Түнді сүйем, түн дегенің тыныштық...» ............................ 241 «Заңғар көк, заңғар тауым, заңғар далам...»......................... 241 «Сағыныштың самалы есіп бірге...»..................................... 242 «Қасыма жақсы жанды ерте берем...»................................... 242 «Əрбір жанда бар шығар қанатты арман...»......................... 242 «Қайда біздің түйсігіміз, өреміз...»....................................... 243 «Қара сөзге неге жұртым тойынды?!.»................................. 243 «Гүл сезім...» .......................................................................... 243 «Айналдым гүл ұсынған жүрегіңнен...»............................... 244 «Жүрегіңнің таппай жүрсің бір емін...» ............................... 244 «Əр күнім...»............................................................................ 244 «Ел жұрттан ұят болды-ау бұларыңыз...»............................. 245 «Жатса да жайы кетіп, құлап арман...»................................. 245 «Бауырыңыз болайын – Әпке – деген...».............................. 245 «Әйелге жан жетер ме, сүйіп көптен...»............................... 246 «Аллаға əр адамның бағы мəлім...»...................................... 246 «Тілегің болмай жыласаң дағы өкіріп...»............................. 246 «Тағылымды сөз айттыңыз, келелі...»................................... 247 «Кеңесарық ауылым – ойымдасың...»................................... 247 «Махаббат ай ешбір жүрек сенбейтін...».............................. 247 «Тән жарасы...»....................................................................... 248 «Адамдардың барлығы бұл өмірдің қонағы...».................... 248 «Мені ойлайсың...»................................................................. 248 «Ойлаған мендей болсын бала қамын...»............................. 248 «Ғаламаты қой, ерекше ғой, ұлықтық...».............................. 249 «Басымды ием...» ................................................................... 249 «Мешіт тола жамағат, түнеп тегін...».................................... 250 «Сыйластыққа жетпейді, мал жаның да...» ......................... 250

«Кейбіреуге аталы сөз ұнайды...».......................................... 250 «Жылаған жанды көрсем...» ................................................. 251 «Бұл жалған...» ....................................................................... 251 «Қатал болып кетті заман, жүйе тым...» .............................. 252 «Дем берген, рух беретін шыбын жанға...».......................... 252 «Не болса да жалғыз Аллам біледі...»................................... 252 «Сығалап қойып, мырс етіп қойған ішінен...»..................... 253 «Ерді бір ер деп...».................................................................. 254 «Ешкім емшек бермейді жылағанмен...».............................. 254 «Ақылын айтып әсерлі...»...................................................... 254 «Ақ қарға ораныпты...».......................................................... 255 «Звондаймын, телефонды көтер қыз...»................................ 255 «Жаным сені сүйемін, жырақтасың...»................................. 256 Күз.............................................................................................256 АҚ ТІЛЕКТЕР – АҚЖОЛТАЙ Алаш азаматтарына арнау.......................................................258 Қорғанбек ағама.......................................................................259 Ақ-Бөрі ақын ағаға...................................................................260 Қарындастың туған күніне арнау ..........................................261 Мейірхан құдаға.......................................................................262 Жұмахан ағама! .......................................................................263 Туған күн...................................................................................264 Әріптеске .................................................................................265 Қыз тілекші...............................................................................266 Ақбөпеге!..................................................................................267 «Сен әпшем-ау ерексің, дара тұлғаң!...»............................... 267

Егеменім! .................................................................................268 Қыз туғанда..............................................................................269 «Қыран құссың көк аспанда қалықтар...» ............................ 270 Қызыл диплом..........................................................................271 Әпкеге арнау ............................................................................272 Ғабидолла Мүсіреп ағаға.........................................................273 Сүндет тойға арнау..................................................................274 Ырғыздық апаға арнау.............................................................277 Әпкенің туған күніне арнау.....................................................278 Жиен іні Ақберенге..................................................................279 Ақындық жұқсын бауырым....................................................280 Ақ тілек.....................................................................................281 Айдын қызыма!........................................................................282 Анар Төлеухан әпкеге..............................................................283

ЕЛІК

ҒҰМЫР

Абдулмахмуд

ПОШАТАЕВ

Басуға 29.06.2020 қол қойылды . Офсеттік қағаз.
Офсеттік басылым. Шартты баспа табағы 15,54.
Пішімі 84х108 1/16. Таралымы 1000 дана.
____________________________________

«Ғылым баспасы» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ.,
Мостовая көш., 6.
тел. +7 (7172) 57-49-83, 24-37-79

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙