TELEGEI

Home

Қызылорда облысы жан-жануарларының экологиялық ахуалы

О.Қосанов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қызылорда облысы жан-жануарларының экологиялық ахуалы

О.Қосанов - «Қызылорда облысы жан-жануарларының экологиялық ахуалы» шығармасы.

І-бөлім

СҮТҚОРЕКТІЛЕР – МЛЕКОПИТАЮЩИЕ

АРҚАР – АРХАР (КАРАТАУСКИЙ ГОРНЫЙ БАРАН)

Ұрғашысын – арқар, еркегін – құлжа, төлін – қозықа дейді. Үй қойларының арғы тегі. Қаратау, Тянь-Шань, Қазақстан таулы өлкелерінің, Памир, Алтай, Тарбағатай тауларының жабайы қойы. Арқарды меринос қойымен шағылыстыру нәтижесінде (Алматы облысында) «Арқар меринос» атты биязы жүнді, салмақты, таулы жерге төзімді, жаңа асыл тұқымды қой өсіріліп шығарылды. Жалпы арқар жабайы қойлардың ең үлкені, жүні биязы, етті, терісі құнды, қолайсыз ауа райына төзімді. Денесінің ұзындығы 150-200см, биіктігі (шоқтығына дейін) – 125 см, салмағы 200-230 килограммдай. Арқардың құлжасының мүйізін ерекше атап өткен жөн. Өйткені оның өте күшті (салмағы 30кг болатын, жуандығы 50 см), өте ұзын (150-190 см), спираль тәрізді иірілген мүйізінің ұшы міндетті түрде сыртқа қарап тұрады. Мүйізінде көлденең сақина тәріздеген қатпарлары бар. Осы сақина-қатпар санына сәйкестендіріп арқардың жасын анықтайды. Аналық арқардың мүйізі қысқалау, жіңішкелеу, аздау ғана иірілген. Арқардың мүйізі сұрғылт-сары, қоңыр түсті. Арқардың денесінің түсі жазда біртұтас, қоңыр-сұр, келесі көктемге қарай (күнге күйіп, қарға, жауын-шашынға жуылып, т.б) бозарады. Жүні дөрекілеу жуан, сынғыш келеді, түбіті бұйра, жұсмақ. Бауыр жүні, мойнының асты, аяқтарының және құйрық жүндері ашық ақ.

Бұл жабайы қойдың республикамызда үш түр тармағы кездеседі:
Алтай тауының қазақстандық бөлігінде Алтай арқары да кездесіп қалады.

Бұлақ көздері кеуіп, жайылымдағы мал саны көбейген, таулы ормандарда өрт тұтанған, маса, сона секілді паразит насекомдар (арқарлардың ең қауіпті жауы) көп болған жылдары, қысқасы, оны мазалайтын себептер болмаса, бұлар, негізінен отырықшы өмір кешеді. Бұл түз тағысының дұшпандары – ең әуелі қасқыр, сонан соң сілеусіндер, барыс, аю, бүркіт. Табиғи бәсекелесі – үй жануарлары, оның ішінде, қой. Қатты ыстық не суық болмаса, көбіне күндіз, өте сақ түрде жайылады. Тегіс келген тау басында (өте сирек тік жар басында) қауіп төнген жаққа жіті қарап, ай мүйізі аспандап жалтырап, біразға дейін қолмен қойған тас мүсіндей қозғалмай қақиып тұрады да (осы мезетте артық сұлу сурет көру мүмкін емес!), кенет апыр-жапыр, дәу денесін жеп-жеңіл көтеріп, қарғып-секіріп, асқан шапшаңдықпен көзден ғайып болады. Су ішуге тау үстіндегі ашық суаттарға, қажет болса, қалың ағаш, талдар, қамыстар өскен қалыңдыққа да бара береді. Аласа таулар басындағы алуан түрлі (60 жуық) шөптермен – жоңышқа, кекңребас, бөрібеде, сақаушөп, альпа астрасы, қара ырғай, қарақат, итмұрын, үшқаттардың әртүрімен және биік таудағы субальпалық шалғындықтың мол өсімдіктерімен қоректенеді. Кеңестік одағының «қызыл кітабынаә алғашқы болып тіркелген, Қазақстан Республикасының осындай кітабына «жақөын уақытта ғана аңшылық шаруашылығының маңызыд көзі болған, қазіргі кезде саны да, таралу өңірі де жылдам қысқарып кеткен аң» статусымен енгізілген арқарлар санының азаю себептерінің тағы бірі – жұт, яғни, қары қалың, қатаң қыс (мәселен, қазақтың таулы өңрінде) және браконьерлік (есепсіз, рұқсатсыз аулау). Қазағымның айбарындай Алтай , Тянь-Шань биігінен өскен өлкесіне тыныштық тілеп, алып мүйізі аймен таласыр тұратын арқарды ата-баба көзіндей сақтап, ашкөз браконьерлерден қорғау міндеті бізге жүктелген. Өр мақұлық Қаратау, Тарбағатайда өткен ғасыр кезіндей, атажұрттан безінбей, еркін өсіп жүрсек те, олар мекендеген таулы аймақтарды, соның ішінде Сырдария бойындағы Қаратау жотасында, қорық ұйымдастырылса, ұтпасақ, ұтылмасымыз ақиқат. Құлжасы 4 жасында, арқары 2 жасында күйікке түсіп, 1 не 2 қлзықа туады. Өмірінің ұзақтығы 10-12 жыл.

АЛА ЖЕРТЕСЕР – ПЕГИЙ ПУТОРАК

Әлемде тек Қазақстан мен Орта Азияның құмды шөлінде тіршілік ететін, барлық жерде де сирек кездесетін кішкене аң. Жануарлар әлеміндегі ең ұсақ сүрқоректілердің бірі, насеком қоректілер тұқымдасына жатады.

Денесінің ұзындығы 3,5-7,5 см, құйрығы 3-12 см, салмағы 9,2 гр. Ала жертесер басқа туыстарынан арқасының қақ ортасында ұзынша ақ дақ болыу арқылы ерекшеленіп, бірден көзге түседі. Арқа жонын негізінен күлгін-сүр түсті, бауыр жағы мен бүйірін қалың да жұмсақ ақ барқыт жүн басқан. Ал табандарының шеті ұзын, қатты ақ түкпен жалданып көмкерілген. Бұл оның сусымалы еспе құмдарда еркін жүйеге бейімделгенін аңғартады. Ұзын тырнақтары да ақ, құйрығын жапқан қысқа қатты түктер де ақ болып келеді. Шаруашылық маңызы жоқ деп есептелінгенмен, өте мешкей бұл жертесерді тәулігіне өз салмағынан 1,5-2 есе артық әр түрлі майда кесірткелер мен зиянды шыбын-шіркей, құрттарды қорек ету арқылы орман және ауыл шаруашылықтары зиянкестерін жойып пайда келтіретінзіктен экологиялық тұрғыда маңызды түр ретінде бағалаған жөн. Сондықтан біздің республика аймағында аз зерттелген ала жертесерді ғылыми жағынан құнды, сыры толық ашылмағансүтқоректі есебінде қатаң қамқорлыққа алып, қорғау керек деп есептейміз. Қызылорда облысының солтүстік Арал жағалауы құмында (Ақтөбе облысының Үлкен Борсық қөұмымен ұласып кетеді) Қызылқұмда кездеседі. Солтүстік Қызылқұм құмында 6 жылда (1970-1975 ж.) 2 түйер ғана ала жертесер ұсталған. Бұл жертесердің белсенді тіршілігі ымыртта, кешкі қарбаласта басталатындықтан әдейі іздеушілерге болмаса, көп көзге түспейді. Алайда баяу қозғалатындықтан оп-онай-ақ түнгі жыртқыштардың жемтігіне айналады. Жылына 3-4 рет балалап, әр туғанда 5-8 ұрпақ беретін ала жертесердің табиғатта санының өте аз болуы, оның осы «сылбыр жүрісінен бе» деген ой да келеді. Құмды шөлдің небір қапас қиындықтарына әбден бейімделген, көшпелі-сусымалы қүмдар мен қатып-бекіп үлгермеген еспе-шағылдар арасында да, сортаңы аралас бөлек-бөлек, жал-жал құмды төбелерде де өмір кешетін, өзі мекен еткен «туған топырағын» ешқашан тастап кетпейтін осы ьір сүйкімді де үлбіреген кішкене аң – ала жертесерп адамдардың қамқорлығына әбден зәру жәнеаялауға әбден лайық! Тәңірі берген табиғат байлығын қорғамау, келер ұрпақ қамын ойламау екенін есте ұстайық, ағайын!

БАБЫР, ГЕПАРД – ГЕПАРД

XVІІІ ғасырдың аяғыда ХІХ ғасырдың басында Арал теңізінің шығыс жағалауында және осы теңізбен іргелес шөлді аймақта көп кездескенмен, ХХ ғасырдың басына таман Арал теңізі жағалауының құмды шөлінде де, қызылқұм шөлінде де (Өзбекстан, Маңғыстау, Үстіртте де) мүлде азайып кеткен. Қазір біздің республика төңірегінде жоғалып та кеткен сыңайлы, өйткені бұл аңды көрген-білген, атып-аулап үстаған ешбір деректер жоқ. Сондықтан Бүкіләдемдік табиғат қорғау Одағының, Кеңес үкіметінің, Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабында» «өте сирек кездесетін, жшғалып кету қаупінде тұрған, Қазақстанда құрып кеткен де болуы керек» деген айдармен тіркелген. 1980 жылдарғы мәліметтерде, әлемде гепардтан 500 түрдей қалған. Гепард (бабыр) – жыртқыштар (күндізгі) отрядының мысық тұқымдасына жататын жалғыз туысының өкілі. Аяғы біршама ұзын, жіңішкеі әлемдегі ең жүйрік (сағатына 115 шақырым алады) сүтқөректі. Гепардтың басқа мысықтардан жалғыз ерекшелігі – табаны ұзын, тырнағы жасырынбайды, ішке қарай иілмейді (невтяжные когти). Қорегін шоқытып шауып, ұзаққа секіріп, иттерше қуып жүріп ұстайды. Оларды қолға үйретіп, тазыдай баптап, ақбөкен, қарақұйрыққа салады. Үлкендігі мен дене бітімі тазыға ұқсас, басы мысықтың басындай домалақ, кішкентай дөңгелек құлақты. Түгі көбіне қасқырдың жүніндей қуаң-сарғылт, ал ерекшклігі – басынан бастап құйрығының ұшына дейін, жиі-жиі, біртекті орналасқан қара дақтары болады. Жіңішке денесінің жартысындай, ұшы ақ, ұзын құйрығын (денесінің ұзындығы 130-150см болса, құйрығы 63-67 см) көбіне орақ тәрізді иіп жүреді. Қыста терісінің жүні ашық түсті, тығыз, жұмсақ, үлпілдек болады да, жазда қатқыл, қылшықтау. Гепардтарға тән нәрсе, желкесінен жауырнына дейін шағын жал болады. Күшіктеу кезінде болмаса, гепардтар үнемі, өзінің негізгі қорегі ақбөкен-қарақұйрықтарізімен көшіп жүреді. Бабырлар көбіне дара жүрген, анда-санда жас құлан, тарпан, үстірт қойы, қояндарға шабуыл жасайды. Өлекселерге әуес емес. Әдейілеп суатқа келіп, ащы су болса да шөлін қандырады. Олар әдетте қалың қопалардан, өте кең, ашық аймақтан, ұшы-қиырсыз құм-шағылдан бойын аулақ салады. Көбіне сазды-тастақты, құлап-мүжілген шың жыралары бар, шөлдегі таулардың бөктерін, құмды-сортаңды шөлді қалайды. Табиғатта гепардтарға қарсы келер бәсекелестер, оларға шабуыл жасайтындар жоқтың қасы. Алайда, кәсіптік маңызы аз болса да ретсіз аулау салдарынан және өсімталдығы аз (өмір бойы 6-7 рет қана күшіктеп, әр балалағанда 2-4 ұрпақ береді) болғандықтан, оның үстіне бала гепардтар өлім-жетімге жиі ұшырайтындықтан (50-75% өледі екен) бұл мысық тұқымдастар табиғатта тез сіңісіп кетеді. Бабырлар қалың қар үстінде өзінің ересен айбатынан айрылып, мүсәпір халге түседі екен де, қорегін (ақбөкендер) ұстауға шамасы келмейді. Оның үстіне қары қалың қыста бабырдың негізгі қорегі қарақұйрықтар да жұтқа ұшырайды. Сондықтан гепард көбейсін десек қарақұйрықтар санын молайту амалын істеу керек. Бұл тұрғыда жақын жылдары үстірт қорығының (Маңғыстау облысы) ашылуы өте бір игілікті іс болды. Қорықтың ашылуы табиғи сыры тереңде жатқан гепардтардың (бабыр) жер бетінен жойылып кету қаупін сейілткендей. Өте сирек кездесетін осынау хайуанды қорғау туралы насихат шаралар да (түрлі-түсті плакат, баспасөз беттері, радио-телехабар ұйымдастыру) қажет-ақ.

БОРСЫҚ – БАРСУК

Сусар тұқымдасына жататын борсықтар туысының жалғыз өкілі. Өзі өзгеше, басқаға ұқсамайтын ғажап құрылысы бұл жыртқыш аңның үлкендігі кішігірім иттей. Салмағы 30кг, денесінің ұзындығы 60-90 см, құйрығы 12-24 см. Борсықтың еркегін борақ дейді. Жыртқыш тіс деп аталатын азу тістерінің үстіңгі жағы пышақ сияқты өткір және үлкен болады. Табанымен жүреді, ұзындау саусақтарында үлкен, әрі иілген тырнақтары бар. Артқы тесігінің жанында сасық иіс шығаратын үлкен безі болады. Далада, шөлді-шөлейт аймақтарда, өзен жағалауында, биік құмның, жары-сайдың, аңғардың баурайында, сортаңды жерлерде 10 метрге дейін терең ін қазып мекен етеді. Тауда, орман ағаштары арасында да кездеседі. Арқасындағы және бүйіріндегі жүндері сұр түсті, бауыры қара-күңгірттеу. Борсықтарлы тұмсығынан құлағына дейін жететін, басынан екі жағындағы алыстан анық көрінетін қара жолағынан бірден айыруға болады. Бұлар негізінен ет қоректі жыртқыш. Тамағының көпшілігі зиянды кемірушілер мен насикомдар, ұсақ омыртқалылар, майда құстар мен бауырымен жорғалаушылар. Яғни, борсықтар зиянды насекомдарды, кемірушілерді қырып, пайда келтіреді. Ашыққан жағдайда, қиын-қыстау күн туғанда саңырауқұлақтарды, жеміс-жидектерді, тамыр сабақтарды да қорек етіп, өз өмірлерін сақтап қалады. Қысқы ұйқыға жатқанша ол бойына 15-20 кг май жинайды. Жылына бір рет балалап 3-6 күшік туады. Әлемнің түкпір-түкпірінеде кездескенімен, барлық жерлерде саны өте мардымсыз. Біздің облыстың солтүстік аудандарында сиректеу ұшырасқанымен, оңтүстік аудандарда мүлдем аз таралған. Оның үстіне аймағымызда мал санының өсуі, егін алқабының артуы, малшы, аңшылардың иттерінің борсықтарды мазалауы тым көбейіп кетті. Халықтың медицинада борсықтың майы да жас терісіне түсіп (орынып) емделу және борсық майын емдік дәрі етіп (ревматизм, туберкулез, іріңді жараларға) пайдалану нәтижелі болатыны дәлелденген. Терісі тікелей пайдаланылмаса да, жүнінен әр түрлі бояу жаққыштар дайындалады екен. Осы айтылғандардың себебінен де онсыз да аз жаратылған борсықтар біздің өлкеден жолғалып бара жатқан сынайлы. Борсықтарды адам өміріне тікелей пайдалы, ауылшаруашылығы зиянкестерін құртушы аң ретінде бағалап, тиісті қорғау шаралары жүзеге асырылмаса (аңшылар инспекциясының жұмысын жандандыру мақсатында нақтылай нұсқау дайындау, жергілікті халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізу, т.б.) өзіндік табиғи ерекшелігі бар бұл хайуанның біздің аймақтан құрып кетуі ықтимал болып тұр. Өйткені, жергілікті тұрғындар көздеріне түскен борсықты терең іннің түбінен де қоймай аулауда. Бұрын ел жайламаған, адам аяғы сирек басатын жерлердің бәрі дерлік игеріліп, нәтижесінде, браконьерлер көбейіп, осы аңның таралу аймағы тарылған үстіне тарылуда.

Олай болса:

Қадірлі жерлестер! Ауылшаруашылық жұмыстары үстінде, табиғатқа серуендеу кезінде борсыққа кездесе қалсаңыздар, оған тимей-ақ қойыңыздаршы! Балпаңдаған борсықтар адамдарға аз да болса көмегін тигізіп, аймағымызға ажар беріп, балаларымыздың көз куанышы болып жүре берсінші!

ЕЛІК – КОСУЛЯ

Жүзге жуық алуан түрлі өсімдіктермен қоректенетіндіктен ерекше дәмді еті болатын, жылы да берік тон жасалатын терісі бар, халықаралық көрмелерде жоғары бағаланатын (1917 жылы Будапеште 17 ел қатысқан дүниежүзілік көрмеге қойылған 1102 елік мүйізінің 545-і алтын медальға ие болған) емдік қасиеті жоғарыыдәрі алынатын мүйізі бар, ел арасында «елігім-ау, еркем менің» делініп, аты әсем әндерге арқау болған, сымбатын сипаттауға сөз жетпейтін осы бір керемет момын түз тағысын көрмегендер көп болса да, естімегендер жоқ шығар-ау. Несін көресің! Біздің облыста – «Қарғалы» қорғалымында бес-ақ бас елік қалыпты. Жұп тұяқтылар отрядының бұғылар тұқымдасына жататынелікті ешкілерге ұқсамаса да кейде жабайы ешкі деп те атайды. Ересек еліктің салмағы 50-60 килоға жетсе, денесінің ұзындығы 1,5 метрдей, шоқтығының биіктігі 80-100 см болады. Мүйіз текелерінде болады. Алғашқы жылы жәй төмпешік болып көрініп, келесі жылы бір тармақты мүйіз пайда болады. Өмірінің үшінші жылы үш тармақты, ұзындығы 30 см-ге жететін толық сүйектенген, нағыз сапалы мүйіз жетіледі. Мүйіздері жылма-жыл түседі. Жас мүйіздің сыртын түк басқан тері жауып тұрады да, жетілген кезде ол кеуіп түсіп қалады. Еліктердің түсі жазда сары, қыста сұрғылт, қоңырқай тартады. Құйрығы қысқа, түк басып тұратындықтап байқалмайды. Құйрағанаң түбінде аппақ жүн тұтасып, «дөңгелек айна» сияқты болып көрінеді. Еліктер өте өсімтал жануарларға жатады. Екі жаста жыныстық қабілеті жетіліп, жылына, мамыр-шілде айларында, екі лақ (сирек те болса 3-4) туады. Лақтарын жасырын, таса жерде туып, олардан ұзап кетпей, қауіп төнген жағдайда «бауыр еті баласын» алуан түрлі айла қолданып, жанын сала қорғайды. 40 күн бойы өте құнарлы сүтімен асырайтындықтан еліктің лақтары тез жетіледі. Еліктің лағын еңлік дейді. Қол жетпес еңлік гүл мен көз тоймас еңлік лақ әркімнің де арманы ғой. Еліктердің сезімталдығы соншалық, 40 см қар астындағы шөпті тауыпжеп, адам иісін 200 метр алыстан-ақ сезеді. Ал олардың есту қабілеті ересен. Мысалы, 100 метр қашықтықтағы қағаздың сыбдырын, алыстағы ағаш бұталарының сынған бір дыбысын қалт жібермей қадағалап жүреді. Қатер сезе қалса, аяқтарымен жер тарпып бір-біріне «хабар» беріп, біреуі кілт секіріп қаша жөнеледі де, қалғандары соның соңына ере шабады. Осылайша көпке дейін жосылып шауып барып тоқтайды. Елік жүйрік аң, сағатына 60 шақырым шапшаңдықпен жүгңре алатындықтан, оны табиғи дұшпандары (сілеусін, қасқыр) тек қана жасырынып жатып, не жолдап тосып ұстай алады. Бұл аша тұяқты хайуан орманды, жағасында бұталар өскен өзен аңғарларында, шөбі бітік, жайылымы мол шалғындықта, чғни, әртүрлі табиғи жағжайда да тіршілік ете береді. Ыстық күндері бұталар, қалың шөптерді көлеңкелепсжатып, салқын түсе жайылуға шығады. Еліктер санынынң бірде күрт көтеріліп, бірде жедел азайып отыратын себебінің бірі бұлардың арасында ауру таратушы құрттар (гельминттер), ызалы жердегі маса, сона, шыбын-шіркейлер және ыстық оңтүстік аймақтажазда көбейетін қансорғыш кенелер, оқыра-бөгелектер қоздыратын жұқпалы аурулардың – індеттердің (эпизотия) жиі таралуынан деуге болар. Мүмкін, жұмбағы көп жабайы табиғаттың терең тұңғиығында жатқан құпиялардың бірі де болар. Еліктер қары қалың аймақты қаламайтын көрінеді. Себебі, қардың қалыңдығы 30 см-ден асса, олардың қорек табуы қиындайды, ал 50 см-ге жетіп, мұз-қатқақ болса, олар жыртқыштар мен браконтерлерге оңай жем болады. Өкінішке орай, табиғаттың сұрапыл күші дейсіз бе, адамдардың айлалы әрекеті дейсіз бе, әйтеуір, ел еркесі – еліктің жаулары жеткілікті. Өкінішке орай, тәңірім еліктерге осыларға қарсы күресетіе күш те, қабілет қару да сыйламаған. Керісінше, табиғат өзінің осы бір керемет қаракөз жаратылысына момындық, әсіресе лақтарына, сенгіштік қасиет сыйлапты. Елік жұп тұяқтылардың ішіндегі адамдарға ең үйірсегі екен. Табиғаттың осы бір таңғажайып жануары қолға оңай үйреніп, адамдардан сезіктенбей, оларға жақын жерлерде тіршілік ете береді де тез жерсінеді (акклиматизация).

Еліктердің өмірінің ұзақтығы 10-16 жыл.

Арнайы түрде «Қызыл кітапқа» енгізілмесе де, біздің елімізде бұл хайуанды аулауға тиым салынған, тек арнайы рұқсат қағазы арқылы ауланады. Себебі, ретсіз аулаудың және мекендеу аймақтарын әртүрлі шаруышылық үшін (орманды кесу, даланы жырту, өзен бағытын бұру) т.б. пайдалану кесірінен олардың саны мүлде сиреп кеткені соншалық, өр мінезі бұл кірпия жануар кейбір жерлерді тастап кеткен көрінеді. Суық қолды, салқын қарулы браконьерлердің қолынан өлгенше, басы ауған жаққа маңып кетуді жөн көрген-ау, шамасы. Бұл жан сақтаудың амалы емес, дегдарлық – тектіліктің нағыз өзі. Ал қамқорлық көрсетіп, өсіп-көбеюіне жағдай жасалған аймақтарда (мысалы, Бурабай орман шаруашылығында) елік те өзін еркін сезініп, тұқымдары көбейген. Бұл жерде оларды қысты күндері алдын-ала арнайы дайындалған қосымша азықпен (шөп, бұта сабақтары, сұлы, кепкен нан, тұз, т.б.) қоректендіріп тұрады. Еліктердің ең жақын, аса бағалы туысы бұғылардың 2 түрі, 15 тармағы Халықаралық табиғат қорғау Одағының, 2 түрі Кеңестер Одағының «Қызыл кітаптарына» тіркелген. Біз де еліктердің республикамыздың осындай кітабынаенгізілмеу шараларын қарастырып, оларды сақтап, көбейту әрекетін жасаған абзал. Қызылорда облысы бойынша бар болғаны бес-ақ елігі қалған «Қарғалы» қаумалын ғылыми негізделген қорыққа айналдыруды тек ерке еліктер емін-еркін сайран салуы ғана тездететін табиғат жанашырлары табылады деген үміт оты жылтырайды алдымыздан.

Ерке еліктер қалай да қорғалуы тиіс!
Қайран елікке қамқор қолын созар кім бар?!

ЖАБАЙЫ ШОШҚА – ДИКИЙ КАБАН

Үй шошқасының ата-тегі болып саналатын жабайы шошқа – шапшаң қимылды әрі күшті, өте сезімтал да сақ, кәсіптік маңызы бар сүтқотекті.

Еткегі – қабан, ұрғашысы – мегежін деп аталады.

Қабанның аузынан шығып тұратын иіліп біткен өткіз азу тісі, жотасындағы жуын түк-қылшықтан тұратын жалы ерекше көзге түседі. Сирек талшықты түктері түбіндегі қалың түбіті оларды суықтан қорғайды, ал қалың тері астындағы май қабаты денесіне су жұқтармайды. Бұл осы түз тағысының алуан түрлі тіршілік ортасына бейімделгендігі. Жабайы шошқа азық та, күй де талғамайтын түз тағысы болғандықтан оның республика аймағында кездеспейтін жері жоқ десе де болады. Өткен замандарда жабайы шошқа үшін Арал теңізінің, Сырдария алқабы жайылымындағы қамыс-қоға арасы, Сарысу өзенң бойы, шөлді аймақ болып есептелетін Телікөл көлі олардың өсіп-өнуіне өте қолайлы аймақ болған. Облысымыздың төңірегіндегі қазіргі экологиялық хал-ахуалдың ушығуы, атап айтқанда, аты шулы әйгілі, бірнеше елдің ризығы болып келген айдынды Аралдың жер бетінен жоғалу жағдайында тұруы, әлемге белгілі Байқоңырдың басымызға бақ болмай, сорымызға айналуы, қасиетті Сырдария суының нәр орнына зәр болып ағуы шошқа – екеш шошқаны да шошытып, өз мекендеріне аудырды. Бұл күндері олардың сандарының азайып бара жатқанына бәріміз куәміз. Осыған браконьерлерді қосыңыз! Алуан түрлі табиғи ортаға оңвй-ақ бейімделіп кете алатын олар қылқан жапырақты орманда да, аласа таулы жерлерде де, (3,5 иетр тауда да кездеседі екен), батпақты-қоғалы, қамыс өскен ит тұмсығы өтпейтінқалың бұталы тал арасында да, ашық далалы, шөл-шөлейтті құм шағылдар арасындағы кішігірім көл-көлшіктерде де, су ортасындағы аралдарда да, қысқасы, азығы мол, жасырынуға қолайлы кез келген жерді тез-ақ өз мекеніне айналдырып алады. Жабайы шошқаларға табиғаттың болжап-болмас сұрапыл-құпия кереметтерінен гөрі адамдардың ашкөздігі мен қолдарының қаттылығы бататын сыңайлы. Жабайы шошқаның ең бірінші дұшпаны – адам. Өліспей беріспейтін бірбеткей, қайтпас та қайсар дүлей, өр де қыңыр мінезді жабайы шошқалар қалай да өз өмірін сақтап қалужың қамын ертерек жасайды. Мекендеу ортасындағы қолайсыз жағдайларды (көктемгі су тасқыны, өзен-көлдердің кеуіп қалуы, не олардың аңғарларындағы қамысты шауып алу, браконьерлердің кесірінен өрт шыгу, қалың қар жауған жылдары, көктем мен қыс кезіндегі азықтың тапшылығы, т.б.) тез бажайланып бұл дала тағысы 100 шақырымнан 600 шақырымға дейін қашықтыққа қиналмастан қоныс аударып кете береді екен. Тілсіз табиғаттың дүлей кесапаты мен «айлалы ақылдылардан» осылай жан сауғалап қашқан ұзақ та азапты жолда қырылғандары қырылады, ал аман қалғандары «терісін сүйретіп» жаңа мекенге жетеді Қыңырлықтың символы (шошқа мінезді), өркөкірек, табиғаттың қажымас күрескер хайуаны – шошқалардың саны да осылайша біртіндеп азаю үстінде. Ал шошқалардың екінші кас хауы болғандықтан (әсіресе торайларын оп-оңай ұстап алады), қасқырлар көбейген жерлерде олардың саны күрт кемиді. Сондықтан көкжалдар санын шектеп отыру да қоршаған орта байлығын қорғау мекемелерін көп тәртібінен түспейтін шаруа. Аңшылардың тәжірибесі мен ғалымдардың зерттеуі бойынша Телікөл көлі кеуіп қалған шілде айында (1936 жылы) шошқалар Шу өзеніне ауып кеткен. Қорек іздеп Аякөз өзенінен өтіп, Тарбағатай тауларына шейін жеткен. Қыс айларында Талас Алатауынан көшіп, Қаратау жотасында жан сауғалаған. Қар қалың жауған жылдары Қаратаудан Сырдария аңғарына шейін ауып жүретін көрінеді (А.А.Слудский, 1954.). Қашқан кезде қыста аяқтары икемсіз ауыр денесін (120-240 кг) әзер көтеріп, шолақ құйрығын жоғары қарай елбең-делбең, ебедейсіз шошаңдатып жүгіруі де еріксіз езу тарттырады. Осы қылығы үшін-ақ оған оқ атудың өзі тірі пендеге күнә сияқты. Өкінішке орай, біздің заманда бәрі керісінше болып, олар браконьерлердің оңай күн көрісі емес, оңай олжа объектісіне айналып отыр.

Бұған тиым болар күн туатынына сенім мол. Бірақ қашан?

Екі бүйірі қысыңқыланып, сүйірленіп біткен денесі арқылы ит тұмсығы өтпейтін қалың бұталы тоғайлар мен шырматылып өскен ну қамыс-қопалар арасында қиналмай жүре алады. Жабайы шошқалар жер қазуға ыңғайлы да мықты тұмсығы көмегімен қалың мұзды-тоңды, сірескен тақырды оп-оңай қопарады. Жақсы жетілген жақ сүйектері мен өткір тістері жәрдемімен кез-келген қатты заттарды шапшаң-шапшаң қырқып-қиып жібере алады, сөйтіп тамағын ойып табады. Олар осы әрекеттері арқылы бау-бақшаны бүлдіріп, мәдени егісті таптап, жайылымның тас-талқанын шығарып зиян да келтіруі мүмкін. Бұл әрекеті үшін шошқаны кіналау қисынсыз. Өйткені ол жаратылысынан осылай күн көруге жаратылған ғой. Жабайы шошқалар өте өсімтал: мегежіндері 4-10 торай туады да тез өсіп жетіледі, бір жасар торайдың салмағы 40 килоға дейін жетеді. Қорегін аулауға көбіне кешкісін шығады. Тамақ талғамайтындықтан жердің үстінен де, астынан да қорегін тауып жей береді. Өсімдіктердің тамырын, сабағын, жапырағын, тұқымын, жемісін, жаужұмыр, қурай, итсигек, ақтікен, итқұсық, қиық, қамыс, қоға сүйріктерін, астық дақылдары қалдығымен, жауын құрты, әртүрлі насекомдар, балық, құс, ұлу, кесіртке, тышқан, жылан, ондатра, бақа, тіпті өлекселерді де, қысқасы, өсімдіктердің 43, жан-жануарлардың 30 түрімен (А.А.лавровский) қоректеніп, тез семіреді. Халық шаруашылығы (аң шаруашылығы) үшін майлы да дәмді, әрі мол ет көзі болатын, азық та, күй де талғамайтын жабайы шошқалардың өсіп-өнуіне нағыз қолайлы ну-тоғайы, теңіз, өзен-көлдері жеткілікті біздің Қызылорда облысында, олар үшін қолайсыз кезеңдерде қолдан қоректендіретін мүмкіндігі бар, арнайы шаруашылықтар ұйымдастырылса, құба-құп болар еді. Қыстың қатаң кезеңдеріне шошқалардың өздері де алдын-ала дайындалатын көрінеді. Ағаштың бұтақтары астына, жоталардың күн беткейіне құрғақ шөптерді, қоқыр-соқырларды үйіп жатар орын дайындайды да, суық күндкрі үңгір ішіне кіріп, жылы күндері үстіне шығып шуаққа қыздырынап жатады. Олардың дайын шөмеле-маялар ішіне кіріп түнейтін кездері де аз емес. Табиғат зерттеушісі А.А.Слудский Сырдария, Шу өзендері аңғарларынан, Қорғалжын көлінен жабайы шошқалардық қысты күні торайларын ортаға алып, ересектері бастарын жан-жаққа қаратып (жау жоқ деме жар астында дегені ғой!) 10-нан 20-ға дейін топтанып, бір-біріне тығылып (жылылық сақтау үшін) жатқандарының үстінен шыққанын, сөйтіп қаһарлы қыстан аман-сау қалатынын тәтпіштеп жазады. Құлқын қуған браконьерлер ашкөз де қатігез, айлакер де мерген болады. Олар шошқа аулаудың (торуылдап аулау, жасырынып келіп ату, қоршап аулау) қыр-сырын жетіп меңгенрген тәжірибелі (хайуанның мінез-құлқын, тіршілік ерекшелігін, сақтық шараларын жақсы біледі) болады. Оларда ертеңгі ұрпағын ойлау, обал-сауап сеземдері болмайды. Тек көзге көрінгенін тойымсыздықпен қырып-жою инстинктті қалыптасқан. Сондықтан табиғат байлығының сақшылары озбыр браконьерлерді жазалау шараларының ең қаталын қолдану қажет деп ойлаймыз. Себебі, ең даламыздың түкпір-түкпірінде есепсіз өріп жүрген бұл аң аяусыз қырып-жоюдың салдарынан солтүстік облысында XVІІІ ғасыр аяғында саны азайып, ХІХ ғасыр соңында мүлде жойылып кеткен. Ал біздің байтақ даламыздың да осы кепті кимесіне кім кепілдік береді?! 1928-1929 жылдары Қазақстан бойынша 19768 дана, 1930 жылы 7000 дана, ал 1931 жылы 6720 дана жабайы шошқа терісі дайындалған. Бұл арнайы деректер ғана! Ал «көлденең көк аттының қанжығасында» қанша мыңы кеткенін кім білсін?!

Ал қазір ше?!

Майлы ет пен құнды терінің арзан көзі болып табылатын бұл аңның көп тараған мекенінің бірі біздің облыста санақ жүргізіліп, қорын есептеп, тиімді пайдалану жолдары қарастырылмағандықтан, жабайы шошқа оңай пайда іздеушілердің баю бұлағына айналуы заңды да сияқты. Сонда да аң шаруашылығы мекемелері, табиғат қорғау инспекциялары ай қарап жүр ме деген «күпірлі ой да» келеді. Әлде... Әлде олар да күн көрістің «күпісін» киіп кетті ме екен?!

ЖАЛМАН, (ҚАЛҚАНҚҰЛАҚ) – СЕЛЕВИНИЯ, БОЯЛЫЧНАЯ СОНЯ

Денесінің ұзындығы 7,5-9,5 см., құйрығының ұзындығы 5,8-7,8 см., салмағы 21-30 гр. Құлағы үлкен (сондықтан қалқанқұлақ атанған), баяу қозғалады, үнсіз, анда-санда болмаса дыбыс шығармайтын, өте жуас (мүмкін жалқау). Кеміргіштер отрядының өкілі болса да, күрек тістері өте нәзік. Сондықтан баялыш бұтасындағы нәзік насекомдарды қорек қылады. Су ішпейді, азығының құрамындағы ылғалды қанағат тұтады. Жалман, өз туыстарының ешқайсысына ұқсамайтын кеміргіш және сүтқоректілердің ерекше тұқымдасы. Кеміргіштер отрядының еш жерде кездеспейтін тұқымдасының туысына жататын бұл жаңа түрін әлемде ең алғаш рет 1939 жылы зоолог В.А.Селесиннің экспедициясы республикамыздың Бетпақдала шөлінен ұстаған. Балқаш көлінің шығысында, Алакөл төңірегінде де кездесетін көрінеді. Жалпы сүтқоректілердің ең соңғы, ең жаңа тұқымдасы бұдан 100 жыл бұрын Африкада табылған екен. Ал еш жерде, ешбір музейде кездеспеген селевиния секілді ең кішкентай бұл сүтқоректілердің қазақ топырағынан табылуы тек біздің республика зоологтары ғана емес, бүкіл дүниежүзілік ғалымдар үшін үлкен ғылыми жаңалық болып тіркелді. Ғылыми әлемді дүр сілкіндірген бұл момын жәндік Сырдария өзенінің төменгі ағысынан солтүстікке қарай Жосалы станциясынан 120 шақырым солтүстік батыс жағындағы шөлден табылған. Өте сирек болса да, Сарысу даласында кездескен. Шөлдің баялыш өскен, аздап көкпек-теріскен, жусаны бар сазды-қиыршықты топырағынан құпиясы әлі ашылмаған, өзіне тән жасырын биологиялық ерекшелігі бар осы бір өте момақан хайуанаттың қанқа сүйектері табылған. 1939 жылдан 1976 жылға дейін қазақ жерінің осы эндемигінің небәрі 35 басы ғана тірі ұсталған және 30 түрінің қаңқасы табылған. Сондықтан оған басқа жерде кездеспейтін, яғни реликті есебінде «Қазақстан эндемигі. Өте сирек кездесетін аң» мәртебесі берілген. Селевиния (жалман) тек баялыш өскен өңірде мекендейді, дара-дара, баялыш бұталарына жасырынып өмір сүреді, тек кешкісін ғана кездейсоқ кездесіп қалады. Оның іні болмайды және аулау құралдарымен де ұстау мүмкін болмаған. Тіршілігі өте құпия, аз зерттелген, қысқы ұйқыға кететін жалман өте сирек кездесетіндіктен және саны аз болғандықтан ерекше қорғауға алынған сүтқоректі. Сондықтан ол Кеңестер Одағының, Қазақстан Республикасының «Қызыл кітаптарына» енгізілген. Ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеліп болмаған қалқанқұлақты дүниежүзінің көптеген зоологтары бір көрудің өзіне құмар көрінеді. Сондықтан бұл момақан аңға өте-мөте абай болып, сақтап қалудың шараларын жасау керек. Өйткені, ғалымдардың пікірінше селевинияны зерттеп анықтау арқылы дала зонасының Солтүстік аймағы жануарларының эволюциялық дамуынынң кейбір жұмбақтарына жауап табылатын сыңайлы. Жалман республикамыздың әрі реликті, әрі эндемик түрі есебінде ғылыми құнды аң болғандықтан да жергілікті тұрғындар арасында, білім беру мекемелерінде алуан түрлі түсінік жұмыстарын жүргізу, баспасөз беттерінде, радио-теледидар арқылы хабарлар ұйымдастыруға назар аударылғаны жөн. Жуас та сүйкімді қалқанқұлақты басқа еш жерде «менсінбей», өзіне мекен ретінде қазақ елінің кең жазира даласын (Қызылорда байтағын) таңдап алғаны үшін аса қорғау керек!

КИІК (АҚБӨКЕН) – САЙГАК (САЙГА)

Бір көргенде онша көзтартарлықтай келбеті жоқ, дөңес те дарақылау мұрынды, тұрпайылау үлкен басы бар, қиядан көзі шалса болды міндетті түрде, жалтармастан жолыңды кесіп өтетін, сертіне берік киіккенемістің эколог-ғалымы Б.Гржимек «Қазақстандағы ғажайып» деп баға берген. Қазақ халқы «Ақбөкен – сахараның бөтакөзі» деп сүйіп атап кеткен киікті «киелі де қасиетті аң» деп қастерлеуге әбден болады. Жайлауда желкен болып желіп жүретін, бауыры мен кеудесі аппақ болып ақ күмістей жарқырап-жалтырап, дархан дала дарабозының кәдімгі киік-ақбөкен деген атағы бар. Бұл аңның мүйізінен пантокрин дәрісінжасап, жүрек-өкпе ауруларын емдейді. Мүйізінің сыртқы қабығынан маңызды шипалық қасиеті бар сантарин препараты алынады. Ересек текелерінің мүйізінің салмағы 400 граммдай. 1,5 жасар жас текелерінің күйікке түсу алдында мүйізінің сапалығы жоғары, олар шет елдерде (мысалы, Франция, Венгрия, Швеция, Қытайда) алтынмен бағаланатын көрінеді. Көне дәуірдің тарихи өкілі атышулы ақкиік текесінің түбіне жеткен же осы «алтын мұйізі». Алтынды көріп жолдан тайған ашкөз браконьерлер жылына мыңдаған жұп мүйіздерін шетел асырып, киіктің текелерін құртты. Табиғат қаскөйлерінің ақбөкеннің мүйізін маңдай сүйегімен қоса шауып алып, қалған денесін айдалаға қасқырға жемтікке тастап кеткенін көріп, жағамызды ұстаған жайларды да бастан кешірдік. Ал текесіз киік өсе ме? Міне, осылай біздің елде табиғатқа қамқорлық емес, оған қорлық көрсету дәуірі белең алған сыңайлы. «Қоршаған ортаны қорғайық» деп мінбелерде еңірегенде етігі жасқа толатын шенеуніктер, «қадірлі қонақтарын» бес қаруын асынып, мемлекет автокөлігімен, осылай «сый-сияпат» көрсетіп жүргендері де аян. Халық киелі деп қастерлеудің тағы бір себебі, сусамыр (сахарный диабет) кеселіне ұшырағандарға ақбөкеннің қаны таптырмайтын шипа екен. Олардың тұяғының күлін теміреткі жарасына жақса, бірден-бір дәру көрінеді. Ал еті өте дәмді, қорытылуға жеңіл, жеуге сүйкімді. Міне, осы айтылғандардан кейін ақбөкенді қасиетті аң деу орынды-ақ. Жұптұяқтылар отрядының қуысмүйіз тұқымдасына жататын бұл бөкеннің дене тұрқы 110-146см., шоқтығына дейін биіктігі 60-80 см., текесінің салмағы 40 килограммдай (ешкісі 30кг), сыртқы пішіні қойға (әсіресе ұрғашылары) ұқсас. Көру қабілеті өте жақсы дамыған. Руспубликамыздың құба шөлі мен жапан даламыздың егіз сыңарындай ақкиіктері қауіпті сезсе-ақ, секіріп-секіріп (қалғандарына белгі беріп) алады да, басын төмен сала құйындата жөнеліп, қапелімде көзден ғайып болады, сәлден соң саябырлап, «бөкен желіске» көшеді, сезік табылса, тағы да еш дыбыс шығармастан самғай жөнеледі.жүнінің түсі жыл маусымына қарай өзгеріп, қыста қалыңдап тығызданады. Ақбөкен қазақтың құба жонының құбылмалы ауа райы мен табиғат жағдайына әбден бейімделген. Мысалы, оның дөңес танауы бірнеше табын құрап (әр үйірде 40-50 киік), шаңдатып-бұрқыратып жүретін бұл аңның өкпесіне таза, ылғал, жылы ауа бару үшін кереккөрінеді. Ақбөкендер саны біхдің облыста біраз болғанымен, өткен ғасырдың 50-жылдарында Батыс және Солтүстік Арал жағалауында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде қарақұрымдай қаптап жүретін, ал қазір саусақпен санарлықтай аз қалған. Құрып бара жатқан қарақұйрық сияқты, бұның басына да қара бұлт үйірілмесіне ешкім кепілдік бере алмайды қазір. Бұлай мазасыздануға тағы бір себеп бар. Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, табиғатта осы бөкеннің саны әртүрлі себептерге байланысты өзгереді екен. Мысалы, аурулардың таралуы, жыртқыштардың көбеюі. Сондай-ақ, қар қалыңдығы 20 см-ден асса, бұлардың жағдайы қиындайды екен. Оның үстіне мүйізіне бола есепсіз аулау дағдыға айналуда. Мәселен, XVІІІ ғасырда республикамызда өте мол болғанымен, ХІХ ғасырда азайып, ХХ ғасыр басында құрып кетуге жақындаған. Дереу қорғауға алынуына байланысты, 1954 жылы 900 мың, 1961 жылы 1,3 миллионға жеткен болса, 1977-1978 жылдары олардың саны күрт құлдырап, 2 есеге төмендеген. 1980 жылы 900 мыңға тағы көтерілген. Сол жылы 150 мыңдай ақбөкен ауланып 2337 тонна ет, 27,5 тонна мүйіз тапсырылған. (А.Бекенов, С.Махмутов. «Қазақстанның аша тұяқтыаңдарын қорғау және пайдалыну». Алматы. Қайнар. 1983ж). Ал өткен ғасырдың соңғы жылдары Арал өңіріндегі бұл киік санының азаюы туралы дабыл тағы да қағылды. Ақбөкендер біздің облыста Сырдария өзенінің жағасында, Арал теңізі маңындағы Қарақұмда, Сарысу өзенінің төменгі сағасына қыстап мекендеп, Арал теңізі маңындағы Қарақұмда төлдейді. Алыс аймақтарға қоныс аудару жабайы жұптұяқтылардың ішінде киіктерге тән құбылыс. Олар кенеттен күннің суытуын, қалың қар, нөсер жаңбыр жауатынын, көктемнің кеш шығатынын, жемшөп қорының азаятынын алдын-ала сезіп, тез-тез жиналып, топ-топ болвп, 400 шақырым қашықтыққа дейін емін-еркін кете береді. Сондықтан бұл жабайы жануардың «жанды барометр»деген аты да бар. Мысалы, 1967 жылы Сексеуіл қыстағы маңына (Арал ауданы) көп болып қыстаған. Өйткені олар республико бойынша 1968 жылдың қысы қатал, қары қалың боларын алдын-ала сезген. Ал сол 1968 жылы Сексеуіл станциясы төңірегінде қар аз, қысы жұмсақ болған да, ақбөкендер (браконьерлердің оғына ілінбегендері) аман-есен қыстап шыұұан. Ғылыми әдебиеттерде бұндай мысалдар көп-ақ. Бұл бөкендер қарақұйрық сияқты өсімдіктің жүзден аса түрлерімен (оннан аса улы шөптермен) қоректенеді. Сондықтан да олардың еті дәмді, мүйізі дәрі болады. Әсіресе,аңқыған хош иісті «киік оты» және «киік шөбі» (иттибан – сайгачья трава) – олардың ең сүйіп жейтін азығы. Ақбөкендер азығы құрамында бетегемен бидайық, изен, баялыш, күйреуік, жусан, бүрген, қылша, қарамық, селеу, шытыр, мия, арпабас, құмшырыш, жылан қияқ, қызғалдақ, жуа, итсигек, қызылқұйрық, т.б. болады. Көктемде шырыны мол жасыл өсімдіктермен қоректенетіндіктен суды көп іздемейді, ал ыстық жазда күніге бір рет көл, өзен, қаққа су ішуге барады, тіпті ауыл маңындағы құдықтарға келіп, қорықпастан, алайда өте сақтықпен, шөлін қандырып кете береді. Суы ащы Арал теңізінің теріс жағалауында мойнына дейін терең бойлап барып суын ішіп, сабаттап тұрады жаны қалайда. Туған елінің ащы суын да балға балайтын ақбөкендерге кім қамқордық қолын созады екен?

Иә, ақбөкеннің адамдарға мұңы көп, жарықтықтың мұны айтуға тілі жоқ.

ҚАРАҚАЛ (ҚАРАҚҰЛАҚ) , ҚҰМ СІЛЕУСІН – КАРАКАЛ

Денесі шыған, ал аяғы ұзын (алдыңғы аяғынан артқы аяғы ұзындау), түсі жирен, тұмсығы мен сүйір құлағы қара, құлағының ұшында ұзын талшықты қылшықтары бар, құйрығы қысқы, шөл және шөлейт даланы мекендейтін мысық тұқымдас аң. Оның түк басқан табаны аспан айналып жерге түсетін аптаптағы қызған ыстық құмда жүруге әбден бейімделген. Қарақалдың қорегі құмтышқан, саршұнақ, қосаяқ, кесіртке, түлкң, қоян. Кейде қарақұйрық, қой-қдзыларды ұзақ қарауылдап, жасырынып келіп, көз ілеспестей шапшаң жылдамдықпен (кейде құстарды да) секіріп ұстайды. Ол – әлемде де, біздің елімізде де аз тараған жыртқыш. Республикамыздың тек Маңғыстау түбегінде, Үстірт шыңдарының оңтүстік батысында, Қызылорда облысының солтүстік Қызылқұм бойында сирек болса да кездеседі. Біздің облыс бойынша өткен ғасырдың 40-60 жырлары тері дайындау бөлімшелеріне өте аз мөлшерде қарақалдың терісі тапсырылып тұрған. Жер бетінде өте аз тарағандықтан қарақалға «құрып кеті қаупінде тұрған аң» мәртебесі беріліп, бүкіләлемдік қызыл кітапқа, Қазақстан Руспубликасы «Қызыл кітабына» да тіркелген. Саны аз болған соң заң жүзінде қорғауға алынып, аулауға тиым салынғанына қарамастан, ол қазіргі кезде біздің Қызылқұмда да өтн сирек ұшырасады. Ақсексеуіл, жүзгін, басқа да бұталар өскен құмда да, қара саексеуіл өскен қатты тастақты тік жар-шыңдарда да және қар суына, тұщы бұлақ көздеріне шыққан қамыс-құрақты жыра-сайларда да мекен етуге қабілетті болғанмен, бұл жыртқыш тек біздің облыста ғана емес, әлемде де жедел азаюда. Сондықтан бұл әлі де зоологтар үшін «жұмбақ жануардың» бірі болып қалуда. Өзіне тән ерекше қасиеті бар, ашылмаған құпиялары да жетерлік, табиғатта өте сирек кездесетін қарақалды сақтап қалудың жолдарын, мысалы, хайуанаттар паркінде көбейту, арнайы аулап қорықтарға жерсіндіру т.б. қарастырылса игі болар еді.

ҚАРАҚҰЙРЫҚ, ЖАЙРАН – ДЖЕЙРАН

Сүп-сүйкімді жіңішке, сұлу да өте сымбатты, шағын да жеңіл денелі, ұзын мойнындағы әдемі де кішкентай басында үлкен де сәл бадырайған мөлдір бота көздері бар, кең даланың керемет еркесі осы қарақұйрыққа көзі түссе, қызықпай өтетін жан жоқ шығар. Тәңірім табиғаттың барлық таңқаларлық сұлулығын осы жануардың бір басына үйіп-төгіп бере салғанын қарасаңызшы. Жарықтықтың тұяғының басқан ізінің өзі де сұлулықтың символындай, өте үшкірленген жіңішке, жүрек тәріздес сымбатты-ақ. Тармақталмай, кертпештеніп тік өскен, ұшы сүйірленіп, иірліңкіреп аяқталатын мүйізінің (ұрғашыларында мүйіз болмайды) өзі алтынға бағаланадын. Ал абажадай қалқанқұлағына таң қалмасқа шара жоқ. Арқасы мен бүйірі құба қоңыр, мойнының асты, құрсағы аяқтарының ішкі беті ақ. Қызықты қараңыз! Көтенінің қи тастар тұсының алақандай жері ғана аппақ та, құйттақандай ғана қара құйрығы жүгіргенде қақайып, тіп-тік көтеріліп айнаға жағылған қара күйедей алыстан селтең-селтең етіпбірден көрінеді. Сөйтіп, бұл бөкен даланың басқа аңдарының арасында оңай ажыратылады. Сондықтан бұл аңды ат қойғыш қазағым «қарақұйрық» деп атап кеткен. Қарақұйрықтардың басын тіп-тік ұстап, орғып-қарғып, сағатына 50-60 шақырым шапшаңдықпен зулан жүгіруін көрудің өзі бақыт дерсің! Бүкіл дүниежүзілік табиғатты қорғау Одағынығ «Қызыл кітабына» енгізілген бұл керемет аң Армения мен Тәжікстанда жойылып кетсе, Қырғыз елінде саусақпен санарлықтай қалған. 1950 жылдары Қызылқұм бойымен Шалқар ауданы (Ақтөбе облысы) арасында 20-25 мыңдап, елуінші жылдары Маңғыстау, Үстірт бойында жүз мыңдап кездескен қарақұйрықты он мыңдап аулап, дәмді еті халық шаруашылығына пайдаланылған. Ал, бүгінгі таңда...? Ешкім жей бермейтін улы шөптер: итсигек, адыраспан, қоянжоңышқаны қорек етіп, тұздылығы 20 % Арал теңізінің ащы суын шімірікпестен, рахаттана сусын етіп, дархан далада өр көңілмен өмір кешетін бұл хайуанның қазақ жеріндегі қазіргі күйі адам аярлықтай. Бұл күндері дала кереметі – қарақұйрықтың саны елімізде бірнеше мыңнан аспайтын көрінеді. Ал, Арал теңізінің Құланды түбегі (Қызылорда облысы) мен Аяққұм құмы (Шалқар ауданы, Ақтөбе облысы) арасында үйір-үйірмен жасып жүретін қарақұйрық қазіргі таңда әрбір мың шақырымда бір түйірден ғана кездеседі. Адамдардың осы аңға деген тағылық (браконьерлік) көзқарасы әрі қарай осылай жалғаса беретін болса, оларды сақтап қалудың шұғыл шарасы қолданылмаса, құрақұйрық та Қазақстан құланы сияқты жойылып кетуі ғажап емес. Бейкүнә да ешкімге зәбірі жоқ, пайдасы шаш-етектен келетін осы түз тағысының осыншама жедел қарқынмен жойылуының ең басты себебі – Адам, яғни табиғаттың қас жауы саналатын – браноньерлер. Қарақұйрықтың қас дұшпандары браконьерлер мүздай қаруланып, күндіз де, түнде де, аспаннан да, жерде де шабуыл жасап, осы аңның тұқымының тез құруына себеп болып отыр. Қарақұйрықтың табиғи осал тұсы да бар. Ол жапан да жазық далада жиі соғатын үскірік борандарға, қары қалың қысқа, мұздақтарға төтеп бере алмайды, яғни тебіндеп жайыла алмайды. Олар қуаңшылыққа да шыдамсыз. Су көздері құрып қалса, бір аймақтан келесі аймаққа 450-700шақырымға шейін қиналмастан су іздеп көшіп, топ-тобымен мекен ауыстырып жүре беруге дағдыланған. Қарақұйрықтар қысты күндері Солтүстік Аралдың үскірік-ызғырық, желді-қарлы тегіс даласынан Қызылқұмға ойысады, ал көктем туа кері бағытқа көшеді. Сұлулардың өзі де сұлу, ісі де сұлу болар-ау сірә! Тектіліктің сыры да тым тереңде жатыр-ау шамасы. Қазақтың сайын даласының ерке сылқым сұлуы қарақұйрықтың барлық тіршілік әрекеті – жайылымға шығуы, қорек түрлерін қатаң сақтауы, дем алып тыныстауы (егер сырттан бір басқа себеп болмаса) қатаң тәртіпке бағындырылған. Таң алагеуімімен күн қызғанша, кешкі салқынмен түн қараңғысына дейін жайылады да, күн қызған кезде тыныстайды. Таң қылаң бере және күн батар алдында суатқа келеді. Республикамыздың құба жон даласына тән, нағыз шөл еркесі деуге тұрарлық бұл бөкендерлің өзгелерден ерекшелеу, өздеріне тән қоректері бар. Олар сексеуілді-жыңғылды, бүйірғұнды-бетегелі, баялышты-жусанды, миялы-қияқты, адыраспанды-қоңыр басты қатты сазды, тастақты шөл даланы мекен етеді. Қарақұйрықтар өсімдіктердің 42-47 түрімен қоректенеді десек те, олар қорек жөнінен ешкіммен бәсекелеспейді, өзгелердің тамағына (ақбөкен және кемірушілерден басқа) көз алартпайды, ешкімге зәбірі жоқ. Бұл да керемет хайуанның кереметтігі емес пе! Дегдарлық деген осы шығар. Осы дала төресінен айырылып қалмау үшін 1929 жылы Арал теңізіндегі Барсакелмес қорығына 2 еркек, 7 ұрғашы қарақұйрық әкеліп жерсіндірілген. Жұмыс нәтижелі болып, олардың саны 350-ден 500-ге өсті. Алайда, Арал теңізінің тағдыры тәлкекке түсіп, сор сасыған көлшікке айналған тұста қорықтың күйі де мүшкіл халге жетті. Қайран қарақұйрықтар өсуін тоқтаттын. Біразі «күштілердің қолында, тістегеннің аузында» кетіп, біразы басқа жаққа қоныс аударып, талан-таражға түседі. Онсыз да Бүкіләлемдік табиғат қорғау Одағының «Қызыл кітабынан» алғашқылардың бірі болып орын алған, Кеңестер Одағы, Қазақстан Республикасы осындай кітаптарына тіркелген қарақұйрықтарды жер бетінен жоғалып бара жатқан аң ретінде облыс аймағында аулауға қатаң тиым салынған. Алайда, бұл бөкендерді сақтап қалу үшін облыс аймағында браконьнрлнрдің тағылық әрекетіне үзілді-кесілді тиым болмай отыр. Қорыта айтарымыз, қалай да Барсакелмес қорығы сақталып қалуы керек және ондағы осы хайуанның талан-таражға түспеуі қадағаланғаны жөн. Өсімтал да күй талғамайтын, бағалы да дәмді ет беретін, қорегі жөнінен ауылшаруашылығы малдарымен бәсекеге түспейтін қарақұйрықты кәсіптің маңызы бар жануар ретінде ақбөкендермен қоса өміретін арнайы шаруашылық ұйымдастырудың тиімділігі айтпаса да түсінікті. Бұл үшін мал шаруашылығының басқа саласымен айналысу тиімсіз саналатын, бос жатқан шөл дала Құланды түбегі (Арал ауданы) таптырмайтын орын. Бұл түбек Ақтөбе облысының Аяққұм, Сарыой, Бозой даласы арқылы Үстірт шыңдарымен жалғасады. Қарақұйрыққа осындай шетсіз-шексіз құба дала керек. Қазақстан Республикасы «Қызыл кітабындағы» жағдайлары мүшкіл халде тұрған деп арнаулы тізімге тіркелген үш аңның – жұпар тышқан (выхухоль), көксуыр (сурок Мензбира) біреуі біздің облыстағы қарақұйрық (джейран) екекнін де естен шығармауымыз керек.

Туған ел табиғаты байлвғвн қастерлей білейік.

ҚҰЛАН (ЖІГІТАЙ) – КУЛАН (ОНАГР), ДЖИГИТАЙ

Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабындағы» мәртебесі: «Бүкіләлем фаунасынан құрып бара жатқан жануар». Қазақстанда ХХ ғасырдың 30-жылдарында толық жойылған. Толық емес мәліметтерге қарағанда өткен дәуірдің 50-жылдарына дейін шағын тобы сақталған. 1953 жылы Арал теңізінің Барсакелмес аралындағы қорыққа түрікмен құланы жерсіндірілген. Құлан (кулан) – ерте әлемде Орталық Азия, Сирия, Иран, Ирак, Ауғанстан, Пакистан, Тибет тауында, Гоби шөлінде кең тарағанымен, емдік қасиеті бар, бағалы еті, өте сапалы терісі үшін көп ауланғандықтан құрып біткен сүтқоректі. Құлан тек Түркмениядағы Батхыз қорығында (екі мыңнан аса түр) ғана сақталып қалған. ХІХ ғасырдың басына дейін көне дәуірдің осы бір керемет жануары қазақтың ұшы-қиыры жоқ кең даласында үйір-үйірімен өріп жүрген. (Құланөтпес, Құлансу, Құланды, Құлансай, Қасқа Құлан, тағы басқа да жер-су аттары соның куәсі). Әлем қартасындағы әйгілі Арал теңізінің Құланды түбегі (Қызылорда облысы) осы сұлу да қасиетті хайуанның қыс қыстайтын, жаз жайлайтын гағыз мекені болған. Менің үлкен әкемнің бала кезінде оған әкесі құландар туралы және оларды үлкен де терең қазылған орға түсіру арқылы (әйтпесе сағатына 60-70 км жылдамдықпен шабатын құлан ең жүйрік атқа да жеткізбейді) аулауға болатынын, жаны ышқынған өжет те батыл жануар теңізге түсіп, еркін жүзіп, Изенді және Барсакелмес аралдарына өтіп кеткен кездері де боғанын қызыға да тамсана айтып отыратын. Республикамызда тіршілік еткен құланның қазақстандық түрі 1937 жылы жер бетінен жоғалып кеткен. Киелі де қасиетті жануар 1953 жылы (19 бас құлан) Түркменияның «Бадхыз» қорығынан Барсакелмес қорығына жерсіндірілген болатын. Екінші атамекенінде киелі құландар тез көбейді, олардың саны үш жүзге жетті. Алайда, Арал тағдыры тәлкекке түсіп, теңіз суының тұздылығы артып, қоректік шөптер азайып, қорық өзінің маңызын жойған соң, құландар дереу әкетілді де, Жоңғар және Іле алатауларына, Талдықорған облысының Кербұлақ ауданындағы Мыңбұлақ қыстағына, Қапшағай мемлекеттік қорық-аңшылық шаруашылығына қайта жерсіндірілді және бұл өте құптарлық іс болды. Әлемде өте сирек кездесетін жазира дала еркесі құланның екінші таңы енді атқан сыңайлы. Ал Қызылорда жерін тағы бір киелі жануар тастап кетті, өкінішті-ақ.

Құлан жылқы мен есек арасындағы аралық орын алады.

Тірілей салмағы 130-300кг., денесінің ұзындығы 200-240 см., шоқтығына дейінгі биіктігі 116-136 см. Дүниедегі ең жүйрік аңның бірі, сағатына 60-70 км шапшаңдықпен, ұзақ жүгіре алатын өжет те қайсар, күшті де күй талғамайтын, алайды, кірпияз, паң да тазайын, ақылды түз тағысы. Мысалы, олардың әрбір үйірі (құландар үйірлі жануарлар) жайылатын аймағын, жататын (щаң топыраққа аунайтын) орнын және «дәретханасын» бөлек-бөлек ұстайды. Дене құрылысы жанақ та нық. Құйрығының төменгі бөлігін,есектердегідей, қысқа да қалың ұйпалақтанған жүн басып, ұшы қара, шоқталып аяқталады. Жалы қысқа, жоғары қарай тік өскенқатқыл қара түктен тұрады. Денесініәң жоғарғы арқа бөлігі ашық, құм түстес сары бояу басым, қызғылттау сұр, ал төменгі бауы бөлігі сарғыш-сұрғылт. Қыр арқасындағы анық байқалатын қатты қара сұр қылшықтар ұөына бойы созылып жалы мен құйрығын жалғастырады. Дене түгі қыста қалың (6-7 см) болады. Дауысы есектің дауысындай, қиы жылқынікіне ұқсайды. Құландарға тәуліктік (азанда, түсте, кешке) және маусымдық тіршілік әрекетін қатаң сақтау тән қасиет. Олар тәулік бойы орын ауыстырып (жайылымға, суатқа, демалуға), әр маусымда алыс, шалғай аймақтарға көшіп-қоныс аударып (жаз жайлауға, қыс қыстауға) жүруге дағдыланған. Бұл жануар өзінің атамекені – Қазақ жерінде, Торғай, Ақмола даласынан қыстауға, жылылау жаққа – біздің өлкеге – дариялық тақырға, ал қыс қатты болса, Сырдария өзенінен өтіп, Қызылқұмға қыстайды екен. Құлан аса күй талғамайтын, киелі қазақ өлкесінің қытымыр да құбылмалы климатына – ыстық, әрі құрғақ жартылай шөлі мен таулы шөліне, тығыз топырақты даласына әбден бейімделген, «өз отанынан өлмей кетпейтін», әлі көп құпиялары ашылмаған, жұмбағы жетерлік аң. «Шығыстың зоологиялық патшасы» атанған құлан еті жесең әрі дәрі, әрі тамақ. Жұмсақ та жалтыр-жылтыр жүнді, жылқынікінен гөрі жұқа да тегіс, зебрадағыдай ашық жирен және солғын-жирен «шегрен-былғары» алынатын (шагреновая кожа) терісі мен жұмсақ көнінен түрлі-түрлі сафьян етігін және ер-тұрман әбзелдерін жасайды. Бауырының жұмсақ түбітінен қыс қиімдер дайындалады. Қазақ-қырғыз жырларына («Қамбар батыр», «Манас») арқау болған, кереметтей сымбатты да нәзік болмысты, сиқырлы да қияли, өткір де мөлдір қара көзді құлан ерекше батыл жануар. Небір күшті де қаһарлы жауын айлалы ақылымен, асқан өжеттікпен, басымен соғып, аяғымен теуіп қайтарып тастайды. Ойнақы да сергек, тұлғалы да тәкаббар бұл жануар ешкімнің алдында бас игісі келмейді ау, шамасы. Ал аңыздар мен шапшаңадығын «Тастан тасқа секіреді», «Еліктей шапшып, құстай ұшады», «Оны қуған талай тұлпарлар шаң қауып қалған» деп суреттейді. Аңыздарда тәтті ақиқат жатқаны да белгілі. Арал теңізінің ащы суын (13% дейін) шімірікпестен, рахаттана ішеді, шөптесін, жартылай бұта, бұта тектес өсімдіктердің 93 түрін (бидайық, мортық, селеу-бетеге, қоңырбас, арпабас, бұйырғын, жусан, алабұта, т.б.) азық етеді, яғни, тағдыр жазған туған жерінде не өссе, соны қанағат тұтудың өзі же қасиеттілік қой. Ұсақ кеміргіштер, үй жануарлары, қарақұйрық пен ақбөкендер болмаса бұлардың азық жөнінен бәсекелесетін ешкім жоқ. Тылсым сыры тереңде жатқан бұл қасиет иесін үй жануарына айналдыру әзірге мүмкін болмай отыр.

Бұл да тұғырлы тектіліктің, дархан дегдарлықтың белгісі болар-ау, шіркін. Мамыр-маусым айларында үйірге түседі де, бір жылдан кейін құлындайды, (әдетте бір, өте сирек екі құлын туады) 13-15 рет құлындап, 15-20 жыл жасайды. Құландар қарлы қатал қыстан көп зардап шегеді. Ғалымдардың пікірінше, олардың санының көбеймеуінің бір себебі де осы көрінеді. Бұлар тебіндеп жайылуға бейімделген, дегенмен қалыңдығы 10 см қар жауса, тіршілігі қиындай түседі, қар 30-40 см-ге жетсе, әсіресе, мұздақ ( көк тайғақ) болған жұтжылдары тамақ таба алмай қырылып қалады.мысалы, Барсакелмес қорығында 1963-1964, 1966-1967, 1970-1791 жылдары қатаң қыста көп құландар шығынға ұшыраған.әрине, бұл түз тағысының жер бетінен азаюына адамдар да тікелей кінәлі.құландардың тағы бір ерекшелігі ауа райының бұзылатынын 10-12 сағат бұрын сезеді де, қатты боран, үскітір желдің алдын-ала ықтасын тасаларға, бұталы жыраларға, сай-қыраттарға қарай ойысады. Олардың қоңсылары – қарақұйрық, ақбөкендер де иіс-дыбысты тым сезгіш хайуандар. Сөйтіп олар төніп қалған қатерлерді (ауа райының бұзылуы, жауларды) бір-біріне жедел хабарлап, бірігіп қорғанады. Бүкіләлемдік табиғат қорғау қоғамының «Қызыл кітабынан» алғашқылардың бірі болып орын алған, көне дәуір ескерткіші, Қазақстан жануарлар дүниесіндегі жабайы жылқылардан қалған жалғыз өкілі екенін және қазіргі құландар аралы – «Барсакелмес» қорығының шынымен келмеске кеткенін ескеріп, сондай-ақ, құланның қазақстандық түрінің түбіне жеткен қазақтардың бұл жануардың түрікмендік түрінің де түбіне балта шаппас бұрын Бетпақдала қорығын ұйымдастыру кезек күттірмей іс болып отыр. Қасиетті құлан құнарлы да киелі қазақ даласы үшін жаралған хайуандай болады да тұрады маған. Кім білсін, аталарымыз құланды ауыз суын тамыза суреттегендерінен бе, әлде, елге, туған жерге деген ыстық сезімі ме?! Тылсым аңсау! Бабаларымыздың сенімін балаларымыздың сезіміне ұластыра алсақ, өлкемізді өз қалпында сақтауға ұлпадай да болса қосқан үлесіміз болар-ау еді!

ҚЫЗЫЛҚҰМ ҚОЙЫ – КЫЗЫЛКУМСКИЙ МУФЛОН

Бұл жабайы қойға Қазақстан Республикасы «Қызыл кітабында» «таралу аймағы аз, өте сирек кездесетін түр тармағы» мәртебесі берілген. Сыртқы пішіні жөнінен басқа қойлардан ұзындығы (еркектерінде) 73 см., оң жағы солға қарай, сол жағы оңға қарай иірілген едәуір үлкен мүйізі болуымен ерекшеленеді (ұрғашыларының мүйізі кішкентай). Бұрынғы кездері қызылқұм қойының негізгі таралу аймағы Орталық және Оңтүстік Қызылқұмның мүжіліп, құлап-бұзылған таулы өңірлері болған. XVІІІ ғасырда бұл жабайы қойлар Сырдария мен Қуандария өзендерінің құйылдар сағаларының арасын мекендеген. Ал ХХ ғасырдың бюасында көп ауланып, жаппай қырып-жоюға төтеп бере алмай жабайы қойдың бұл түрі осы өңірден жойылып кеткен. Қазақстан Республикасы зоология институты ғалымдарының пікірінше, қызылқұм қойы республика аймағында құрып-біткен сыңайлы. Егер де осы қойдың бірден-бір мекені болып саналатын Өзбекстан Республикасында Нұратау, Ақтау тауларында қорық ұйымдастырылса, онда сол жерден көршілес Қазақстан Қызылқұмында да осы қой таралып, бұл түрдің еліміздің аймағында жойылып кеті қаупі де сейілер еді деген үміт бар.

ОНДАТР – ОНДАТРА

(мускусты егеуқұйрық – мускусная крыса)

Аталық жыныс органы түбінде орналасқан, үлкендеу түрі өзгерген май безі (мускус безі) хош иісті сұйық бөлетіндіктен ондатраларды кейбір ғылыми әдебиеттерде жұпар иісті игеуқұйрық деп атайды. Тышқандар тұқымдасына жататын терісі өте бағалы кеміргіш. Өз отаны Молтүстік Америкадан әкеліп жерсіндірілген (акклиматизация) сусар жүнді бұл аң өте өсімтал болғандықтан біздің елдің су қоймаларында тез көбейіп кеткен. Жылына 2-3 рет балалайды. Әр туғанда баласының саны 4-12-ге жетеді. Жастарының жыныс органдары бір жылға жетпей-ақ жетіледі. Ондатра – жартылай су жануары. Су жағаларына шөптен, жапырақтан үйшіктер жасайды, немесе ін қазып апады. Қалық өскен су өсімдіктері арасында тіршілік етіп, солармен қоректенеді. Қататын су қоймаларында да өмір сүре алады. Дене тұрқы 35 см. Екі жағынан қысыңқы, қабыршақты құйрығының ұзындығы 28 см-ге дейін, салмағы 1,5 килога дейін жетеді.артқы аяқтарынынң саусақтары жартылай жүзу жарғағымен көмкерілген. Өткен ғасырдың 50-60 жылдары Арал теңізінің қамысты, қопалы-қоғалы жағаларында, Сырдарияның төменгі ағысындағы көлдерінде ондатрлардың көбейгені соншалық, балықшылардың ауларына оралып, оны жыртып әбігерге түсіруші еді. Ал қазір өте құнды бұл «су сұлуын» осы өңірде емге де таба алмайсың. Өкінгенмен не пайда? Қараңыз! 1956 жылы 234 мың «жұмсақ алтын» аталатын ондатр терісі мемлекетке тапсырылған, 1968 жылы бар болғаны 9 мың дана ғана тері дайындалған. Жыл сайын орта есеппен 70 мыңнан аса бағалы тері тапсырып отырған Арал аймағы 1972 жылы небәрі 72 дана тері дайындаған. Бұрын жылына бір миллион данаға дейін ондатр ауланатын біздің облысымызда қазір бұл аң туралы деректер де таба алмайсыз. (Қызылорда облыстық экология және биоресурстар басқармасының 1994 жылдың 28 желтоқсанында болған облыстық маслихат сессиясының есебінен). Табиғат байлығының экологиялық та, экономикалық маңызы бар екенін ескермей, қадірлемеудің кесірі неге әкеліп соғарын Сырдария суының сарқылып, Арал теңізінің тартылуы нәтижесінде терісі бағалы аң – ондатрдың облыс аймағынан жоғалып кетуі айқын мысал емес пе? Туған ел көлемінде тіршілік етуші жануарлар – қарақұйрық, жолбарыс, құлан, ондатрлар осылайша біртіндеп құрі беретін болса, келер ұрпаққа не бетімізді айтамыз, ағайын!

Тіршілік бесігі – табиғат. Табиғат байлығы – ел байлығы!

Бесігін қиратып, байлығын шашатын елдің көсегесі көгермейтіні және ақиқат. Олай болса, ойланайық ағайын!

ОРТА АЗИЯ ҚҰНДЫЗЫ – СРЕДНЕАЗИАТСКАЯ ВЫДРА

Кеңестер Одағының «Қызыл кітабына» «өте сирек түр» айдарымен, ал республмкамыздың осындай кітабына «Орта Азия мен Қазақстанда өте сирек кездесетін және құрып бара жатқан аң» мәртебесімен енгізілген Орта Азия құндызы – табиғатта тым аз, әрі түн тағысы. Сондықтан бұл аңның биологиялық ерекшеліктері мен тіршілік әрекеті біздің республикамызда аз зерттелген. Ағыны қатты, міндетті түрде балығы мол өзендерде, жартылай құрғақта өмір кешетін осы түз тағысының дене құрылысы, күллі тіршілік әрекеті суда (тұщы суда) тіршілік етуге әбден бейімделген. Оның созылыңқы келген жатаған денесі (65-70 см) иілгіш те серіппелі (суда екпіндеп, кедергісіз жүзу үшін) келеді.басы шағын, жалпақ құлақ қалқаны кішкентей және сыртқы есту тесігін жауып қалатын қақпағы (клапан) бар (суға сүңгігенде су толып қалмас үшін). Бұндай қақпақ кеңістігінде де кездеседі. Аяқтары қысқа, саусақтарының арасы «суда тез жүзуге бейімделген) тырнағына дейін жүзу жарғақтарымен қосылған. Тырнағының түсі ақшыл-сары, табаны жалаңаш, түксіз. Су жағалауында оның тырнағы мен жүзу жарғағының ізі өте анық көрініп жатады. Бұл құндыздың ізі және балық сүйекткрі мен қабыршақтарынан тұратын қи қалдықтары болмаса, өзі мүлдн көрінбейді десе де болады. Өйткені бұл аң өте-мөте сақ, әрі түн жануары. Оның қысқа да қалың жүн басқан, ұзындығы 40-55 см болатын құйрығының түбі жуан болады да, ұшы жіңішкеріп аяқталады. Қазақта ең қымбатты да қадірлі киімдер «құндық бөрік», «құндыз ішік», «құндыз жаға» екеніе әркім-ақ біледі. Себебі, құндыздың терісі жеңіл де жұмсақ., төзімді де жылы, құбылып-құлпырып, үлпілдеп-сусылдап тұрады. Сондықтан бұл аңның мақпалдай майда тығыз түбітті, алуан түрлі ала шұбар дағы бар терісі өте құнды саналады. Бұндай ерекше бағалы тері таптыра бермейді. Табиғатынан аз жаралған, терісі аса бағалы бұл аң әзіргі кезде оның негізгі қоныстарында (Іле, Шелек, Көксу, Құндызды өзендерінде) өте-мөте сиреп кеткен болса, Сырдария, Шу өзендеріне мүлдем жоғалып кеткен.

Өзен жағалауынан ін қазып, тұрақты тіршілік кешетін құндыздар қысты күндері өзенді жоғары бойлай көтеріледі де, көктемде өзеннің төменгі деңгейіне түседі, өйткені олар судың жылым, қатпаған ойық тесіктерінен суға еркін сүңгіп, судың тегіс түбінен өзінің негізгі қорегі – балықтарды еркін аулай алатын жерлерді ғана ұнатады. Негізгі азығы балықтар болса да, құндыздар кемірушілермен де, су құстарымен де, тіпті су жыландарымен және көлбақалармен де қоректене береді. Эколог-зоолог ғалымдардың пайымдауынша құндыздар санының құлдырай кему себебі өзен маңы мен оның жағауындағы ағаштардың есепсіз қырылуы, өртелуі нәтижесінде өзен суларының саяздануы және соған сәйкес олардығы балықтар санының ахазаюына байланысты көрінеді. Облыс аймағындағы қарапайым халық түгілі, аңшылар мен табиғат зерттеушілерінің өздері бір көріге зар болып қалған Орта Азия құндызын сақтап-қорғап қалу үшін бұрын олар мекендеген су қоймаларына қайта арнайы зерттеу жүргізіп (мүмкін бірең-сараңы табылып қалар), олар бар жерде іздестіріп, табыла қалған жағдайда ( із-түзсіз жоғалып кетпеген шығар) дереу қорғау (қорыққа айналдыру) шараларын қолға алған жөн. Құндыздар мекендеген сол сулардағы балықтарды аулауға мүлде тиым салу қажет. Облысымыздың аймағындағы бабаларымыздан қалған баға жетпес бір аңнан айырылып қалмай, балаларымызға табыстырғанымыз жөн. Иә, қоршаған ортадағы жанды жануарлар дүниесі осылайша жеделдетіп, азайып бара жатқан кезеңде өзімізге мұңын шаққан табиғат мұрасына дер шағында құлақ аспасақ, адамдардың ауыр соққы алары хақ. Өйткені табиғат адамдарсыз өмір сүрген, өмір кеше береді, ал адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды ғой.

Өз тамырымызға өзіміз балта шауып отырғанымызды қашан ұғар екенбіз?!

САБАНШЫ – МАНУЛ

Республика аймағында бұл жабайы мысық бұрын да сирек кездескен. Мысалы, елуінші жылдары республика бойынша терімі бағалы сабаншыеның жылына жүздей ғана данасы ауланып тұрған. Өткен ғасырдың 40-жылдары Қызылорда аймағы Қызылқұмының құлап, мүжіліп-бұзылған таулы қыраттарынан осы үлпілдек жүнді аң сирек те болса ауланып тұрған. Бүгінгі таңда сабаншыға Қазақстан Республикасы «Қызыл кітабында», «кей жерлерде жоғалып бара жатқан, сирек кездесетін аң» мәртебесі берілген. Бізге көршілес Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз аудандарында, Жезқазған облысында көбірек тараған сабаншы қар мол жауған қыс жылдары Қызылордааумағына қоныс аударады. Ойткені ол қары қалың аймақта тіршілік етуге бейімделмеген және сабаншының ең негізгі қорегі шиқылдақ тышқан (пищуха), тоқалтіс-сұртышқандар болғандықтан қар қалың жауған жылдары сабаншы не аштан қырылады, не көршілес аймаққа кетуге мәжбүр болады. Күндіз інде (көбінесе қарсақ, борсық, түлкі індерінде) жатады да, іңір қараңғы түсісімен жемін аулауға шығады (сондықтан ол көп көзге түсе бермейді). Қорегін жер бауырлап (төрттағандап) сұлап жатып. Аңдып ұстайды, себебі, ол қорбалаңдап жүгіре алмайды. Ал жауларынан кез-келген інге тығылып құтылады. Сабаншы ірі, төбелі қыратты жерлерде дәне шөлді аймақтардағы құлап-бұзылған таулардың жартасты құздарында, сондай-ақ биік таулы далаларда өмір сүре алады, себебі, бұндай жерлерде олардың жоғарыда айтқан негізгі қорек ететін тышқандар мол болады. Сабаншы – жабайы мысықтардың ең майдасы. Денесінің ұзындығы 50-62 см., ал құфрығының ұзындығы 23-31 см. Яғни денесінің ұзындығының жартысына жуық. Едәуір ұзын, үлпілдеген жүндес құйрығы ұщына дейін жұп-жуан көрініп, шорт кесіп тастағандай келте аяқталады. Сұр түсті жалтылдап, желпілдеп-үлпілдеген әсем құйрық жүнін көлденеңінен мақпалдай қара жеті сақина орап тұрады да, қап-қара мамық ұлпамен аяқталады. Оның 4-5 см. келетін құлағы басындағы ұзын да қалың, өте жұмсақ жүннен, әміресе, тығыз да желпілдеп өскен самай-жақ жүнінің арасынан көрінбейді десе болғандай. Сондықтан басы әрі рабайсыз үлкен, әрі ерекше төртбақ болып көрінеді.

Ашық та сұр түсті маңдайы мен төбесіндегі қара түктер көзге анық түседі. Сабаншының тері түгі сарғыш-жирен, көбіне, күрең-сүрғылт түсті, мамықтай жұмсақ, арасында қызғылт сары түктер мол араласып, мың құбылып тұрады. Арқасынан бауырына қарай білінер-білінбес 6-7 қара жолақ та айқын байқалады. Бір қарағанда көзге қорқынышты болып көрінетін осы бір даланың тағы мысығының терісі сымбатты да сән-салтанатты болып, үлбіреп-желбіреп, көз жауын алатындай жалт-жұлт етіп, «мен табиғатта әсемдікке жаратылған тірі ескерткішпін» Қорғап сақтаңдар!» - деп тұрғандай. Сабаншыны республика аймағында аулауға тиым салғанымен, оның саны тез қарқынмен азаюда. Себебі, олар мекендеуге қолайлы аймақтар, әсіресе қазақтың төбелі қыратты тың даласы, шабындықты тау баурайлары шаруашылық қажеттілігі үшін игерілуде. Қазақтың Сарыарқасында мекендейтін тірі табиғат объектілерін сақтап қалу үшін ұйымдастырылуға тиісті үлкен қорықты ашу жұмысы да баяу жүргізілуде. Нәтижесінде, ғылыми маңызы бар табиғат ескерткіш ретінде осы жабайы мысықты қорғап қалу мүмкіндігі де азаюда. Қайткен күнде де Қызылорда аймағының табиғат байлықтарын қорғап қалу жерлестеріміздің борышы екні ақиқат. Әсіресе, табиғат қорғау саласы мекемелерінің қызметкерлері бұл мәселені терең сезініп, аймағымыздағы аңдарды азайтып алмау шараларын шапшаң да батыл жүзеге асырулары абзал.

ҮШ БАШАЙЛЫ ЕРГЕЖЕЙЛІ ҚОСАЯҚ – ТРЕХПАЛЫЙ КАРЛИКОВЫЙ ТУШКАНЧИК

Табиғаттың таңқаларлық таңғажайыптары көп қой, шіркін! Өте ертеде кең таралып, қазір жер бетінен жоғалуға айналған, ал Қазақстанда алғаш рет 1949 жылы ұсталып, кейінірек аз мөлшерде болса да Оңтүстік Шығыс және Солтүстік Арал маңы құмдары мен Қызылқұмда табылған, әр жерде бытыраңқы таралып, қарапайым өмір кешетін, ешкімге зәбір-зиян келтірмейтін осы бір сүп-сүйкімді құттақандай үшбашайлы ергежейлі қосаяқты сипаттауға сөз жетпейді! Сыртқы құрылысы әлемдегі басқа тіршілік иелерінің ешбіріне ұқсамайтын, кескін-реңі өзінше өте ерекше жаратылған, салмағы он-ақ грамм, денесінің ұзындығы алты-ақ см., осы мақұлықты сүтқоректі аң деп айтуға қисынсыз-ақ сияқты. Әйтсе де солай. Бұл үшбашайлы ергежейлі қосаяқ ең ерте пайда болған сүтқоректілердің, кемірушілер отрядына жататын қосаяқтар тұқымдасының өте-мөте аз тараған түрі. Қайраң қаларлықтай ебедейсіз үлкен басы денесінің жартысындай, мойны жоқ сияқты, мүлде байқалмайды. Құйрығы денесінен екі есе ұзын және оның ұшы ұзын қылшықтарымен қапталып-көмкеріліп, шашақтанып көрінеді. Құйрығының түбірі айтарлықтай жуан, өйткені онда май жинақталған. Майқұйрықты қосаяқ аталуы да сондықтан болар. Бетімен бет болып кеткен мардымсыз, әзер байқалатын тұмсығындағы қалың да ұзын мұрты арқылы «елден ерекшеленіп» тұратын осы қосаяқтың бауыр түгі кіршіксіз ақтығымен таңқалдырады. Түр-тұрпатының өзіне тән ерекшелігімен көзге көрінетінт титымдай ғана қосаяқтың тіршілік-қарекетіндегі жібектей жеп-жеңіл, үлбіреп-үлпілдеген тонынан биязылықты, кіп-кішкене мөп-мөлдір әсем көзінен бейкүнәлікті, қауіп төнгенде қалт бұға қалып, шағылды құмның алуан шөп-бұталары өскен жері түстес құттақандай мызғымас тас мүсінге айнала қалуынан момақандықты, секірісінің сәнділігі, жүрісінің майпаздығынан нәзіктікті оқығандай боласың. Алдыңғы аяғының қысқалығы сондай, жүннің арасынан тіпті де көрінбейді, ал табанын ұзын қылшық-жүн басқан. Үш башайлы артқы аяғының ұзындығы бар болғаны 2 см. Бір сантиметрге жетер-жетпес құлаұ қалқаны дөңгеленіп жабысып түтікке айналған. Бұл не ғажап, табиғаттың таусылмас тылсымы ма, тәңірдің құдіреті ме?! Қысқы ұйқыға өз туыстарынан ерте жатып (қыркүйекте), өте кеш (сәуірде) оянуы да табиғат зерттеушілеріне ой саларлықтай мінез. Белменді тіршілігін ымырт қараңғыдан бастайды да, түнімен тыеым таппай, біраз аумақты шиырлап-шарлап шығады, сөйтіп негізгі азығы кепкен майда өсімдіктер мен олардың тұқымдарын, ұсақ жәндіктерді тауып тамақтанады. Су ішпейді, қорегінің құрамындағы ылғалды қанағат тұтады. Үш башайлы ергежейлі қосаяқтарға тән мекендеу ортасы – шағын төбелі құмдар, кедір-бұдырлы құмсауыт шағыл, Арал жағалауындағы құм жамылған біршама тегістеу аймақтар. Нығыздалған құм төбелер етегіндегі індері терең болмайды. Айналасына залалсыз, шаруашылық маңызы жоқ бұл тышқанды ешкім әдейі ауламайды. Алайда, ғалымдардың зерттеген мәліметтеріне қарағанда, олардың саны жылдан-жылға тез азайып бара жатқан көрінеді. Сондықтан да үшбашайлы ергежейлі қосаяқ Кеңестер Одағының және Қазақстан Республикасының «Қызыл кітаптарына» енгізілген. Жергілікті тұрғындар мен Республика Зоология ғылымы институтының деректеріне сүйенсек, бұл қосаяқ 1967-1968 жылдардағы қатаң қыс кесірінен, 1976 жылғы құрғақшылықтың әсерінен көп қырылған. Ергежейлі қосаяқтар сынының күрт кемуіне құмды өңірлерді шаруашылық мақсаттарына игеру және ол жерлердегі шөптерді шауып алу, жаппай орман ағаштарын отырғызу, елді мекендер арасында автокөлік жолдарын салу және автокөлік сандарының өсуі болып отыр. Қысқасы, адамның шаруашылық іс-әрекеті әсерінен қосаяқтың тіршілік аясы тарылып, мекендейтін жері талқандалып, бұзылу жағдайлары тікелей әсер етеді. Қалай дегенмен де, табиғаттың аса бір қарапайым да бірегей объектісіне көз жазып қалмауды ойластыру бәріміздің, әсіресе, олар тіршілік ететін өңірдің азаматтары тікелей жауапкершілігіне алу қажет.

ШАҒЫЛ МЫСЫҒЫ (БАРҚАН МЫСЫҒЫ) – БАРХАННЫЙ КОТ

Қазақстан Республикасы «Қызыл кітабында» бұл жабайы құм мысығына «Батыс және Оңтүстік Қызықстанның сирек кездесетін аңы» мәртебесі берілген. Нағыз шөлді аймақтың ыстық құмында тіршілік етуге бейімделген, әлі зертелуді керек ететін, ғылым үшін маңызы бар аң ретінде бұл жабайы аң мысық қорғалуға тиісті. Оның үстіне құмды шөлдің зиянды кеміргіштері – құмтышқандарын, қосаяқ, кесірткелерін азық етіп, пайдасын да тигізді. Шағыл мысығының терісі де онша құнды емес. Республика төңірегінде саны аз болғандықтан және ыстық өңірдің шағыл құмдарында тіршілік етуге бейімделу себебін анықтау мақсатында да ғалымдардың қызығушылығын тудырып отырған барқан мысығын табиғаттың бір тамаша хайуанаты ретінде аулауға тиым салынуы керек. Қызылқұм бойындағы 1953-1954 және 1968-1969 жылдары қар қалың, қыс қатты болған кезде барқан мысығы жаппай қырылып, осы өңірдегі олардың саны күрт азайып кеткен. Себебі, шағыл мысығының негізгі қорегі – құмтышқан, әсіресе, үлкен құмтышқан болғандықтан, бұл мысықтар қар астынан қоректерін аулай алмай, аштан қырылған, не сандары мүлде азайған. Бұл мысықтар бауырымен жорғалаушылармен, ұсақ құстармен (торғай, қылқұйрық, бұлдырық), буынаяқтылармен қоректенеді. Өзінің аты айтып тұрғандай, шағыл құм төбелердің осы мысығы денесінің ұзындығы 43-47см, салмағы 2,5-3,4 кг. Құйрығының ұзындығы денесінің ұзындығының жартысындай және қалың жүн қаптағандықтан жуан болып көрінетін, ұшына қарай жіңішкеріп барып сүйірленіп аяқталатындықтан; - Аяғы салыстырмалы түрде қысқа болып, сыртқа қарай жатағандау болып көрінетіндіктен; - Үшбұрышты созылыңқы құлағы оның басын дөңгелек емес, көлденеңіне ұзын етіп көрсеткендіктен, бұл мысық барлық басқа жабайы мысықтардан бірден ажыратылады. Ыстық шөлдің шағыл құмдарында еркін жүруге бейімделген алдыңғы және артқы аяқтарының табандары мен саусақтарын түгел ұзын да қатты қылшық жауып тұрады – шағыл мысығының басқа мысықтардан ең негізгі ерекшелігі болып табылады. Бұл жабайы мысық бүкіл Қызылқұм бойында, солтүстігінде Сырдария аңғарына дейін аз-аздап кездеседі. Қазақстанда жалғыз түр тармағы – Түркістан шағыл мысығы мекендейді. Сирек те болса Қызылқұмның солтүстік бөлігінде ауланып, жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары Қызылорда облысының тері дайындау пунктеріне жылына жүзге жуық осы мысықтың терісі өткізіліп тұрған. Ал 1973 жылы Қызылқұмның солтүстік бөлігін аралап, автокөлікпен 750 шақырым жер жүргенде жалғыз ғана мысығы ұшырасқан. Шағыл мысығының негізгі тіршілік ортасы – әбден толған, тығыздалып бекіген, жартылай шала орныққан және бөлек-бөлек құмдар. Кейде құмның шеттеріндегі, шағыл арасындағы саздақтарда да кездеседі. Көбіне отырықшы өмір кешетін хайуан болғанмен, кейде азығы ыстығында іннен тек түнде шығады, жылдың салқын саусымында (күз, қыс, көктем) күндіз де кездеседі. Жүні қыста ұзын, жұмсақ және өте тығыз, ақшыл түсті болса, жазда құм түстес болады. Бұлар қарсақтың, түлкінің, саршұнақтардың індерін паналайды, өте сирек жағдайда бұталар түбінен ін қазып алады.

ШҰБАР КҮЗЕН, ШҰБАР ТЫШҚАН – ПЕРЕВЯЗКА (ПЕСТРЫЙ ХОРЕК, ПЕРЕГУЗКА)

Аз зерттелгендіктен (түнгі жыртқыш, күндіз аз байқалады) зоологтар назарын өзіне аударып отырған ауыл шаруашылығы зиянкестері – әртүрлі саршұнақтар мен тышқандарын құртып, пайда келтіретін осы бір бейкүнә да қарапайым, шөлді және жартылай шөлдің «алабажақ ғажайыбы» - шұбар күзеңнің біздің республика бойынша ең көп тараған аймағы – Қызылқұмның солтүстігі. 1971 жылы 4-12 ссәуір аралығында Жаңадария өзені бойындағы Тамды тоғайының құм төмпешіктерінің 15 га. Алаңқайынан 4 шұбар күзен, құмды төмпешіктер арасындағы тақырлы тегістіктің 10 га алаңқайынан 2 дана ұсталған. Жыртқыштар отряды сусар тұқымдасының жалғыз туысының бұл өкілі Кеңестер Одағының және Қазақстан Республикасы «Қызыл кітаптарына» «сирек аң» мәртебесімен тіркелгенін ескерсек, шұбар күзеннің облысымыздың аймағынан табылуы жақсылықтың нышаны. Шұбар күзен Арал теңізінің солтүстік жағалауында бірен-сараң Қызылорда маңында, Шиелінің құмды тоғайында да аз кездесіп жүр. Бұл аң дала күзенінің (степной хорек) жақын туысы және оған өте ұқсас. Бірақ шұбар күзен атына сай, алыстан-ақ алабажақ болып көзге түседі. Ұзыншыланып созылған, иілмелі, солқылдақ денесінің ашық түсті терісінде қара, сары, қоңыр, ақ дақтар-түктер алмасып-араласып орналасып, нағыз шұбар болып көрінеді. Басының бет жағына қара-ала бет перде киіп алғандай. Бауыры мен қымқа аяқтары қара қоңыр, ұш жағы қара түсті, едәуір ұзын құйрығы үлпілдек жүнді болғандықтан қомақтыланып көрінеді. Шұбар күзен дала күзені сияқты арқасын бүгіп алып, секіріп қозғалады. Қауіп төнгенде, қорыққанда құйрық жүнін дүрдитіп жайып, арқасына қарай иіп, құлағын қалқайтып, басын тік көтереді де, иттерше тісін ақситып, сақылдатып, ырылдап айбат шегеді. Жүгіргенде құйрығын жазып, күлтелендіріп, қақырайтып жібереді. Дала еңбеккерлеріне, аңшыларға күндіз (бұл түнгі жыртқыштарға жататын аң) өте сирек болса да, бір іннен аса ыждағаттылықпен шығып, келесі інге өте ептілікпен кіріп, лезде көрінбей ғайып боп кетіп, кенет пайда болып сумаңдап, тышқандар мен саршұнақтарды аулап жүрген шұбар күзен көрініп қалады. Қай жерде қоректері болса, сол жерге қарай, тіпті 3 шақырым тау биіктігіне дейін көтеріле береді. Шұбар күзен – сексеуіл, теріскен, қараған, таспа шөптер өскен сортаңы араласқан, құм төмпешіктері мол шөлейт және шөлді зона хайуаны. Өйткені осындай құмды, сазды, тастақты шөлейт-шөл аймақтар – түрлі тышқандар мен саршұнақтардың нағыз қонысы. Саны сирек болғандықтан шаруашылық маңызы да онша емес, аз зерттелген шұбар күзенді зоологтар ғылыми тұрғыда құнды аң ретінде бағалап, оның таралуын, экологиясын, көбею құпияларын, биологиялық ерекшеліктерін терең зерттеумен шұғылдануда. Сондықтан шөлді құмдарымызда салтанат құрып, өз өлкеміздің табиғатына сән берген күзендерді қорғап, олар туралы мәліметтерді бір орталыққа жинақтап отыру парыз. Аң – екеш аңға да аялы алақан, ыстық жүрек, ыждағатты қамқорлық керек екенін ұмытпағанымыз жөн-ау!

ІІ – бөлім

ҚҰСТАР – ПТИЦЫ

Суқұзғын
Ителгі
Ақбауыр бұлдырық
Аққанатты тоқылдақ

Аққұйрық қызғыш
Ақ ләйлік (ақ дегелек)
Бүркіт
Лашын

Жорға дуадақ
Кәдімгі дуадақ
Ақбас тырна
Жыланбүркіт (жылан жегіш қарын)

Қарабай
Тарғақ
Жалбағай (қалбағай)
Бұйра бірқазан (ақ бірқазан)

Сұңқылдақ аққу
Кіші аққұтан
Қарақұс
Мәрмәр шүрегей

Ергежейлі бүркіт (бақалдақ қыран)
Аққұйрықты су бүркіт, су бүркіт
Ұзынқұйрық ақиық, ақиық
Қызғылт бірқазан

Қызылқұйрық бұлдырық, шажа
Ақбас үйрек
Сексеуіл жорғп торғайы
Балықшы (Балықшы тұйғын)

Ақтырна
Дала қыраны (қыран қара)
Безгелдек
Қалың тұмсықты шүрілдек торғай

Қырғауыл Үкі

Өгіз шағала
Қарабауыр бұлдырық

-Баклан
-Балобан
-Белобрюхий рябок
-Белокрылый дятел

-Белохвостая пигалица
-Белый аист
-Беркут
-Сапсан

-Джек
-Дрофа обыкновенная
-Журавль красавка
-Змееяд

-Каравайка
-Кречетка
-Колпица
-Кудрявый пеликан

-Лебедь-кликун
-Малая белая цапля
-Могильник (орел-могильник)
-Мраморный чирок

-Орел-карлик
-Орлан-белохвост
-Орлан-долгохвост
-Розовый пеликан

-Саджа, копытка
-Савка
-Саксаульная сойка
-Скопа (рыбный орел)

-Стерх (белый журавль)
-Степной орел
-Стрепет
-Толстоклювый зуек

-Фазан
-Филин
-Хохотун черноголовый
-Чернобрюхий рябок

АҚ ДЕГЕЛЕК (АҚ ЛӘЙЛЕК) – БЕЛЫЙ АИСТ

Күллі әлемде өте шапшаң азайып, тым сиреп кеткен осы әсем қанаттының сән-салтанатын, адамдарға деген достық сезімі мен пайдасын сипаттау үшін табиғаттың тылсым пернелерін терең білетін болу керек-ау, шамасы! Ақшаңқан аппақтығы да, сымбатты сұлулығы да адамды өзіне еріксіз еліктірер дене бітімі де ақтырнаға (стерх) өте ұқсас, тек қана соңғысының аяғымен қоса басының түксіз «бет жағы» қызыл, жалпақ қанатының қара бояуы болар-болмас қана байқалады. Ақ ләйлектің қанатының қарасы жалпақ болғандықтан анық көрінеді. Тым ұзындау қызыл сирағы мен үшкір ұзын қызыл тұмсықты, дене бітімі едәуір үлкен (салмағы 3-4кг., қанатының ұзындығы 58-63 см.) аппақ ақ дегелектің (кейбір аймақтарда ақ ләйлек дейді) ұзын мойнын оқтай түзу етіп алға тастап жіберіп, жерден шалт көтеріліп, шалықтай қалықтап бара жатқанын көрсе ғой, шіркін. Көзінің төңірегінде қара шеңбері бар, құйрығы қысқа. Тік те ұзын, үшкір де қатты қызыл тұмсығы өздері мекен ететін батпақты-шалғындық топырағындағы қамыс-қопаларды қажып, жем табатын іскек қызметін атқаралды. Қауырсынсыз қызыл, ұзын сирағы (саусақтары жіңішке) арқасында жақсы жүре де, жүгіре де алады және қауіп-қатерді алыстан байқап, шапшаң ұшып кетуге қабілетті, тым биікке көтеріліп, әуе кеңістігінің салқар-салқын ауасында ұзақ қалықтап жүруді жаны сүйеді. Тағы бір ерекшелігі ақ дегелек ұяда, ағаш басында дем алған кезде жалғыз аяғымен ғана тұрады.

Бұл да бір кірпияз дегдарлықтың белгісі болар-ау! «күй ойнақ» кезінде қораздары дыбыс шығармай-ақ (көмеке»інде дыбыс қатпарлары болмайды) өзінің жұбайына (ақ дегелектер тек жұбымен жүреді) ынтызарлық сезімін мойнын арқасына лақтырып, әр түрлі тұмсық қимылдарымен білдіреді. Айта берсе ақ дегелекте ерекше қызықтар көп-ақ! Бір мысал. Аяқталуға жақын құрылыс төбесіне ұя сала бастаған ақ дегелектің ұясын құрылысшылар бұзып тастаған. Ерегіскен ақ дегелектер жұбы ертеңіне тағы да сол жерге асығыс ұя сала бастапты. Аңтарылған адамдарақылдаса келе оларға жаңа ұя салдырмай, құрылыстың біткен жағының төбесіне баланың ескі арбасын, бесігіе әкеліп оның қасына бұта, қатты қамыс, т.б. қойған. Адамдардың қамқорлығына «дән риза болған» қанаттылар сол жерде көлемді ұя салған, балапан өрбіткен. Айтушылардың сөзі рас болса, бұл ақ дегелектер жұбы келесі жылы да осы жерге қайтып оралған. Сергек те сақ болғанмен бұлар адамды өздеріне осылайша «дос» санайды. Дария, күріш егілетін канал жағалауларындағы биік ағаш басына, үй шатырларына, тіпті шіркеу, мешіттер күмбезіне абажадай үлкен ұяларын соғып, оларға бірнеше жыл қатарынан оралады. Көптеген ұлттар ақ дегелекті (мысалы, Украина мен Белоруссияда) «бақыт құсы» деп есептеп, үйлерінің шатырына ұя салған бұл құсты мақтан тұтып, «ырыс ұялады» деп, оларды үркітпей, «ұяларын бұзбай қорғайтын көрінеді. Тіпті ақ дегелектер ұя салсын деп үй төбелеріне арнайы қоныс жасап қоятын болған. Ал жапондықтар оны береке-бірліктің, ұзақ өмір сүрудің символы ретінде қастерлейді. Дегенмен, осындай қадір қасиеті мол, табиғаттың сұлу жаратылысының бірегейі, ауылшаруашылығына қыруар зиян келтіретін кемірушілер мен шегірткелерді қырып-жоятын бұл құс қорының біздің аймақта азаюы қынжыларлық іс. Осы керемет әсем құсты сақтап қалу үшін Халықаралық құстарды қорғау комитеті 1934 және 1958 жылдары арнайы санақ жүргізіп, олардың құрып кетпеуіне бағытталған шаралар белгілеген. Санақ бойынша Дания мен Голландияда 80 процент азайса, Швецарияда тпті жойылып кеткен, ал біздің елімізде 1925-1930 жылдары Талғар мен Іле өзендерінде көп тараған болса, қазір ол дерлерде бұл құс кездеспейді. Қыщзылорда облысының Сыр жағалауы бойындағы күріш егетін аудандарға аздаған ғана дегелектер көктемде келіп, жазын жайлап, қазан айында оңтүстікке қыстауға (Африкаға) қайтады. Бірен-саран ақ дегелектер қыс жылы жылдары Шымкент облысының қатпайтын шағын өзендер мен арықтар төңірегіндегі ағаштар басында қыстап шығатыны байқалған. Маман-экологтардың пікірінше әсем ақ дегелектің (ақ ләйлек) азаю себебі мыналар: 1) Еті үшін есепсіз ауланып, талан-таражға түсуде. Жапонияда оның етін жеп, сүйегін Қытайға (тамақ ішкенде пайдаланылатын әсем шанышқы-таяқшалар жасау үшін) сатады екен. 2) Ақ ләйлектердің негізгі қорегі – құрбақалар, шегіртке моллюскалар, кесірке-жыландар майда кемірушілер (кейде қояндар) мекендейтін биік-биік ағаштар өсетін батпақтар құрғатылып, шалғындықтар жыртылып, тапталып, күріш алқабы жоспарсыз өзгертілген (мәселен, оларды мақтамен алмастырған). 3) Балапандары қызылшақа, дәрменсіз, әлсіз және баяу жетілетіндіктен, соған байланысты ұяда ұзақ уақыт (екі айдай) отыратындықтан браконьерлер оларды еш қиындықсыз қолға түсіреді. Қазақстан Республикасының «Қызыл кітапбына» «Қазақстанда өте сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан құс» мәртебесімен тіркелген.

Ақ ләйлекті (ақ дегелек) сақтап қалу және қорғау шаралары мыналар: 1) Оларды аулауға қатаң тиым салу және атып алушыларды қатаң жазалау; 2) Бұдан әрі құстар мекендеген аймақты сақтап қалу және сол жерлерге қолдан ұя жасап «шақырып-еліктіру» 3) Әсем ақ ләйлектің халық шаруашылығындағы пайдасы мен эстетикалық маңызы жайлы үгіт-насихатты жандандыру. Тәңірі жарылқап, төбемізге өзі келіп қонған «бақыт құсын» (әдетте құстар адамнан қашады емес пе?) баянды ету – азаматтықтың да, имандылықтың да жолы болса керек, жамағат!

АҚҚАНАТТЫ ТОҚЫЛДАҚ (КІШІ АЛА ТОҚЫЛДАҚ) – БЕЛОКРЫЛЫЙ ДЯТЕЛ

Тоқылдақ тәрізділер отрядының нағыз тоқылдақтар тұқымдасына жататын ақ қанатты тоқылдақтың (кіші ала тоқылдақтың) таралуы туралы, белгілі зоолог-эколог ғалымдар Ш.Әлиев, А.Бекенов, Х.Қыдырбаевтар былай деп жазады: « Дүние жүзінде ақ қанатты тоқылдақ Озияның орталық бөлігінде тек аздаған территорияда ғана таралған. Ол Арал теңізінің шығыс жағалауында және Сырдарияның төменгі сағасында ұялайды. Сондай-ақ солтүстікке қарай Сырдарияның төменгі ағысына барады. Ол Сырдария жағалауының тоғайларында және Қызылқұмда сексеуілдің арасында ұялайды». («Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау», «Қайнар». Алматы. 1975 ж.). Дене тұрқы 50 см., салмағы 80 гр бұл құс үлкен шұбар тоқылдаққа (большой пестрый дятел) өте ұқсас, тек қанатындағы ақ қауырсындар көп болғандықтан осылай аталады. Үйректердің суда тіршілік етуге бейімделгені сияқты, бұлар да ағашта тіршілік етуге ерекше бейімделген. Ағаштың кедір-бұдырларына қарамастан еркін өрмелеу үшін өте өткір тырнақтары бар екі артқы саусағы алдына қарай (оларды ағашқа кіргізіп тіреп қояды), екі алдыңғы саусағы артына қарай (оларды ағашқа кіргізіп ілініп тұрады) иілген. Құйрық қанаттарының сабақтары қатты да үшкір болғандықтан ағашқа өрмелеуге тірек қызметін атқарады. Қашау сияқты өткір, мықты мүйізденген тұмсығы, жақсы жетілген бас сүйегі және күшті дамыған мойын еттері болғандықтан тоқылдақтар қабық астындағы насекомдар мен олардың личинкаларын ізлеп, ағашты ұрғылап ояды және осы ойықтардан тереңдігі 28-35 см., кірер аузының кеңдігі 5-5,5 см. Келетін ұя жасайды. Олар ұяларын құрғаған, не зиянкес насекомдармен көп зақымданған ағаштарға ғана салатындықтан, ормандағы қандай ағаштарды алдымен кесу керектігін «хабар» беріп тұрады. Бұл да әсем тоқылдақтың адамдарға пайдалылығын дәлелдейді. Тоқылдақтардың пайдасы зор. Олар күн сайын орманның қас жаулары – жүздеген насекомды қырады, ал баламандары тіптен қомағай: қоңыздарды, өрмекшілерді, жұлдыз құрттарды, шегірткелерді, жеміс қоңыздарын, жапырақ жегілерді аяусыз жояды. Бұл құстың тілі кереметтей ұзын да жіңішке, әрі иілгіш, ұшы үшкір, мүйізденген. Және ұзын тіл асты сүйегімен, жақсы жетілген сілекей безі болады. Осы ұзын сүйек көмегімен онсыз да ұзын тілін ағаштың терең қуыстарына енгізіп, ондағы насекомдарды және личинкаларды тіліне жабыстырып, қатты қанаттыларын үшкір де өткір тілімен түйреп алып шығады, ағаш шірнелерін сорады. Адамның адал досы, «торай дәрігері» атанған пайдалы да сәнді құсты кейбіреулердің «қарағай жаңғақтарын құртады, ағаштың шырынын сорады, ағашты ретсіз ойып тастайды» деген бекер сөзіне иланбай, ақ қанатты тоқылдақ санын көбейтудің, қорғаудың барлық амалын жасауға тиіспіз. Өйткені, ақ қанатты тоқылдақтың жақын туысы болып есептелетін тоқылдақтардың 4 түрі, 8 түр тармағы әлдеқашан-ақ табиғат қорғаудың Халықаралық Одағының «Қызыл кітабына» тіркелген. Ең байлықтың талай көзінен айырылып отырған біздің ғасырда табиғаттың кез-келген объектісіне абай болмаса, болмайды. Ұрпақтарымыз ақ қанатты тоқылдақты «табиғат ескерткіші» ретінде емес, бағалы да пайдалы құс ретінде, туған өлке өңіріндегі тоғай-орман ағаштарын «тоқылдатып» отырғанын өз көзімен көрулері тиіс. Сондықтан бұл құсты атуға, олар ұя жасаған ағаштарды кесуге үзілді-кесілді тиым салыну керек.

АҚБАУЫР БҰЛДЫРЫҚ – БЕЛОБРЮХИЙ РЯБОК

Ақбауыр бұлдырықтар – Арал маңы Қарақұмы, Сырдария өзеніне жапсарлас шөлді аймақтарға тән құс. Сондай-ақ, Шу, Талас өзендері төменгі аңғарлары маңындағы шөлді аймақтарды, Шу маңы Мойынқұмы мен Бекпақдала өңірін, Қаратау жотасы шөлінде мекен етеді. Үлкендігі кептердей ған тығыршықтай тығыз денелі ақбауыр бұлдырықтың өз тұқымдасының өзге өкілдерінен айырмашылығы, бұлардың бауыр және аяқ қауырсындары сүттей аппақ болады (ақбауыр атануы да сондықтан), ал дыбысы үздік-үздік, қарғылып-маңқылдап шығады, оқша зулап, жеп-жеңіл екпіндеп ұшады. Арал теңізінің солтүстік және шығыс жағалауларында ұя салып, көбею дәуірін өткізеді. Ақбауыр бұлдырық негізінде жыл құсы (көшпелі) болып есептелсе де, Қызылқұмның қалың ортасында, Арал теңізіндегі Барсакелмес аралында емін-еркін қыстап қала беретін көрінеді. Қылдырықтай қауырсынмен өте жіңішкеріп аяқталатын ұзын құйрығы да ерекше белгілерінің бірі. Еркегінің иек асты мен тамағы қара, сарғыш кеудесіндегі екі көлденең жолағы бірден байқалады, ал ұрғашыларында бұл белгілер керімінше, яғни, тамағы ақ, кеудесіндегі жолақтары сұрғылт. Ақбауыр бұлдырық нағыз сазды-құмды шөлді мекендейтіндіктен, оның өңі де жуас, сораң, жантақ өсетін сол аймақтың түсіне сай келеді. Бұл құстың тіршілігі сумен тығыз байланысты болғандықтан олар суға жақын өңірлерде таралып, су маңындағы аймақты мекен етеді. Ақбауыр бұлдырық табиғаттаға сулардың ащы-тұщысын талғамай іше береді, балапандарына жемсауымен су тасиды. Олар міндетті түрде күніне екі рет (әсіресе, түске жақын және кешкісін) су ішуге келеді. Олардың 10-15, кейін 20-30 бас болып бөлек-бөлек топ құрып, өздеріне тән дыбыс шығарып, зырылдап-зулап суатқа келеді де, жедел-ғабыл шөлін қандырып, тағы да екпіндей зулап, парылдай ұшып, кері қарай жайылымға қайтады. Табиғат аясындағы кім-кімнің болса да (әсіресе браконьерлердің!) назарын өздеріне аударады. Ақбауыр бұлдырықтар осындай көпшіл болып, серіктесіп өмір сүруге бейімделіп, суат басына топ-топ болып жиналу қасиеті олардың браконьерлердің оңай олжасына айналып, күрт азаюына себеп болуда. Бұл құстың тәңір тарту еткен осы көпшілік-қауымдастық мінезін өзгертуге болмас, алайда табиғат қаскөйлеріне қатаң шара көру, көпшілік арасында осы құсқа деген аяушылық сезімін ояту жұмыстарын жүргізу қажет-ақ! Бұл шара антропогендік әсерлер ықпалымен тіршілік аясы тарылып, «Аз зерттелген. Сирек кездесетін, саны жедел азайып бара жатқан» деген мәртебе беріліп, Қазақстан Республикасы «Қызыл кітабына» тіркелген ақбауыр бұлдырықты қорғаудың нақты әрекеті болар еді. Ақбауыр бұлдырықтар ұяларын бірнеше ондаған топ болып жиналып, бұлдыры дөңес құмдардың етегіндегі бұталар мен шөптердің көлеңкесіне бір-біріне жақын салады. Төсеніш төсемей-ақ, шағын шұңқыр етіп орналастырған, елеусіздеу ұясына 2-3 жұмыртқа салады. Ақбауыр бұлдырықтар негізінен шөпқоректі құстарға жатады. Әсіресе, сораң, жусан, жантақтың тұқым-дәндерін азық етеді, насекомдармен қоректенбейді десе де болады. Биологиялық түр тұрғысында аз зерттелген, шаруашылық маңызы да жоқ емес (еті мен жүні пайдалы), осы бір сәнді де қарапайым құстың ұя салатын аймақтарының саны біртіндеп азаюда. Сондықтан осы құстарға тән аймақ – Арал теңізінің солтүстігіндегі Құланды түбегінен ашылуға тиісті деп жоспарланып отырған шөп-дала қорығы тездетіп ұйымдастырылса және облысымыздағы жалғыз ғана, бұл күнде басына бұлт үйірілген, республиканың мемлекеттік Барсакелмес қорығын қайтадан қалпына келтіру тәзірек іске асырылуы керек.

АҚҚҰЙРЫҚ ҚЫЗҒЫШ – БЕЛОХВОСТАЯ ПИГАЛИЦА (ЧИБИС, ВШИБИЩА)

Аққұйрық қызғыш атамекенің –
Сырдария бойы,Қызылорда жері.
Сарысу – сенің жаз жайлауың,
Арал теңізі, Құмкөлдің көлі

Аққұйрық қызғыштың ұя салып, өсіп-таралу аймағы Қазақстанның шөл және жартылай шөлді жерлері десек те, бұл құс негізінен Арал теңізінің солтүстік шығыс жағалауларынан бастап Сырдария өзенінің таулардан бастау алар деңгейіне жетеді. Әрі қарай биікке, таулы аймаққа мүлде бармайды. Таралуының солтүстік шекарасы Сырдарияның Арал теңізіне құяр атыраулары мен Арал ткңізіндегі көптеген үлкенді кішілі аралдар. Ұя салатын аймақтарында қуаңшылық болып, негізгі қорегі азайып не жоғалып кеткен 1974-1975 жылдары аққұйрық қызғыш Солтүстікке, Құмкөл көліне қарай жылжып, Оңтүстік Торғай иініне жетіп, ұя салған. Ал ылғал мол болып, қолайлы жағдай туған ке»інгі жылдары өз атамекендеріне қайтіп оралған. Бұл балшықшылар Сырдария бойымен Қызылордаға дейін мол таралып, Жосалы станциясынан төмен қарай сирей бастайды. Сарысу өзенінің құйыла сағасында көптеп кездесіп, ұялайды. Аққұйрық қызғыштың Қызықстан Республикасы «Қызыл кітабына» «сирек құс» мәртебесімен тіркелгендігін ескерсек, олар туралы «көптеп кездеседі», не «мол таралған» деген тіркестер артықтау болады. Себебі, негізгі өмір сүру ортасы болып саналатын су қоймаларының, өзен алаптарының, көл жағалауларының, тасқын су табандарының балшықты-бытпақтыжерлерінде де, әсіресе, олардың сүйікті орны суға бастырылған ұланғайыр күріш танабының соры шыққан шалшықты-балшығында да аз-аздап қана кездеседі. Тек олардың құлаққа жағымсыздау беймаза айқай-шуы, тнымсыз ұшып-қонып, тез-тез орын ауыстырып жүрулері ғана бұл балшықшыларды сырттай қарағанда сандарын көп етіп көрсетеді. Аққұйрық қызғыш көбіне су жәндіктерімен, атап айтқанда, былқылдақ денелілермен, насекомдар және олардың личинкаларымен азықтанады, ал құрлыққа шегірткелер мен қоңыздары қорек қылады. Балшықшылар тұқымдасының бұл өкілі өзінің жақын туысы тарғаққа (кречетка) ұқсағанмен одан кішілеу (салмағы 140 граммдай, қанатының ұзындығы 16-18 см), тұлғасы өте сымбатты, өзін тіп-тік жинақы ұстайды, көтеріліп ұшар кезде аппақ құйрығы бірден көзге шалынады. Мекені балшықты-шалшықты тұ исі аңқыған соры шыққан жерлер болса да, аққұйрық қызғыш – ерекше көз тартатындай сұлу құстардың бірі. Тұмсығы қара, қалыңдау, түксіз, жіңішке де ұзын аяқтары сары. Маңдайы, басының екі қапталы, тамағы ақ. Жемсауын, басының жоғарғы жағын, денесін сұрғылт қоңыр қауырсын жапқан.

Арқасында болар-болмас қызғылттау қауырсындар бар.

Бозамықтау, біртегіс күлгін-сұрланып көрінетін көкірегі қызғылт, күлгін-сары құрсағына жалғасады. Түксіз, тықыр көзінің айналасына жіп-жіңішке қызыл сақына кигізіп қойғандай: бірінші қақпа қанаты қара, ал екінші қақпа қанаты ақ, бірақ оның ұшы қара болып аяқталады. Қанатының астыңғы түбі аппақ. Қысты күні көкірегінің күлгін-сары қайырсындарының ұшы аппақ жалпақ түкпен әдейілеп әдіптеп, көмкеріп қойғандай ап-анық байқалады. Бұл қызғыштарға тән, тағы бір қалыптасқан қасиет (мүмкін инстинкт!) өздеріне қауіп төнген кезде оларға (тіпті адамға да!) айбат шегіп, ащы айқаймен сол маңайда басына көтеріп дүрліктіреді, кейде шоқып та алады.әсіресе, ұяларына, балапандарына төнген қауіпті «сейілту мақсатымен» бір бүйірлеп бүгежектеп, біресе қонып, біресе ұшып, басқа жаққа жортып кетеді. Аққұйрықтар, барлық балшықшылар сияқты, ұя жасауға тіпті де мән бермейді.су жағалауларынан 50-60 метр қашықтыққа үштен сегізге дейін жеке-жеке жұп құрып, топтасып, басқа балшықшы туыстарымен араласып, қос уыс көлеміндей жерді шұқырлайды да (тіпті ұя есебінде жылқы тұяғының ізін де пайдаланады), оларға моллюска қауашақтарын, сораң шөптердің сабақтарын, қамыс қауырсындарын төсеп, ішіне 3-4 жұмыртқаны тастай салады. Әрине, мұндай ұяларды және олардағы жұмыртқаларды дала хайуандары мен үй жануарлары таптап, балапандарын жыртқыш аңдар мен құстар оңай олжа ете алады. Шаруашылық саласында пайдалы деп есептелетіндіктен, оларды әдейілеп аулаушылар кездесе бермейді, ешкімге залал-зәбірі жоқ, момақан күн кешетін осы құстың сиреп бара жатқан себебі де осы болар-ау! Биологиялық түр ретінде аз зерттелген, сирек жаратылған Қазақстан Республикасы «Қызыл кітабына» тіркелген аққұйрықты қорғаудың барлық мүмкіндіктері жасалу керек деп ойлаймыз. Атап айтқанда, олар мекендейтін аймақ тұрғындары арасында радио, теледидар, баспасөз арқылы оларды атпау, ұяларын бұзбай қорғау жөнінде үгіт жұмыстарын мақсатты түрде жүргізу, суретті плакаттар тарату, мектеп оқушылары арасында қоршаған ортаны қорғау туралы шараларды жиі ұйымдастыру, табиғат қорғау мекемелері (аң, орманшаруашылықтары) қызметкерлеріне осы түрде сақтап қалудың нақты жолдарын анықтап жүзеге асыру, санын есепке алу, табиғат қоршау заңдарын бұрмалағандарға қатаң шара көру, т.б.

АҚҚҰЙРЫҚ СУБҮРКІТ, СУ БҮРКІТ – ОРЛАН-БЕЛОХВОСТ

«Соңғы жылдары мүлде азайған, жоғалып бара жатқан құс» мәртебесі беріліп, Қазақстан Республикасы «Қызыл кітабына» (Кеңестер Одағының осы аттас кітабына да) тіркелген бұл алып қыран – біздің облыс аймағында кездесетін жыртқыш құстардың (тіпті республика көлемінде де болады) ең үлкендерінің бірі. Салмағы 4-7 кг., ал әр қанатының үзындығы 50-70 см жететін, жайған қанаты 2,5 метр аймақты алып, әуеде қалықтаған дәу мүсінге масайрай да масаттана қарайсың, осындай кереметті біз туған Қызылорда өңіріне сыйға тартқан тәңірге тағзым етесің! Қаршығалар (ястребиные) тұқымына жататын ақиықтардың (орлан-долгохвост, орлан-белохвост) бүркіттерден айырмашылығы жіліншігі (тірсегі) жалащаш, негізгі қорегі шырышты-сусылмалы балықтарды ұстауға бейімделген, ерекше иілгіш саусақтарының төменгі бетінде өткір бүрлері болады. Субүркіт деп аты айтып тұрғандай, ақиықтар теңіз, өзен-көл маңын мекен етеді. Әсіресе, аққұйрық субүркіт ( орлан-белохвост) тек суы бар аймақта өмір сүреді, ал ұзынқұйрық ақиық (орлан-долгохвост) судан қашықтау далада да кездеседі. Республикамыздың барлық су көздері – теңіз, өзен-көлдері төңірегінде тіршілік кешетін субүркіттің жазды күндердегі негізгі мекені – Сырдария өзенінің Арал теңізіне құяр сағасы, Арал теңізі солтүстік жағалаулары мен ондағы аралдар. Сырдария өзені жиегі аспанында қалықтай самғап, жағалауды бойлай ұшып, негізгі тамағы балықтарды, сондай-ақ, су құстары мен өзен жағалауын мекендейтін қырғауылды, сүтқоректілер – қоян, ондатр, балпақ сутышқаны, кірпі, борсықтарды, әр алуан өлекселерді қорек етіп, туған дала аспанының пәрін ашып, сәнін келтіріп жүргенін көрудің өзі керемет емес пе?! Әуеде қалқып жүріп, балықтар үйіріне кездесу кезіндегі уақытша «құс базарын» жасап, басқа құстармен қосыла таласып-шаңқылдап жатқандарының үстінен шығып, масайрап-мәз болған күндеріміз де болған! Сол күндердің келмеске кеткені өкінішті-ақ. Қанаты тым ұзын, өте жалпақ. Қалықтағанда қанатының ұшы саусақ тәрізді салаланып-тармақталып кетеді. Құйрық қанаттары салыстырмалы түрде қысқа және аппақ (орлан-белохвост). Осындай алып тұлғалы қыран өзін көкке ғарыш падишасындай еркін, өте жинақы, тым жеңіл сезініп, аспанда көз ілеспейтін шапшаңдықпен алуан түрлі қимыл-тәсілдер жасай алады. Оқша зулап, қояндардың бұтаға тығылуына мұрша бермей, іліп әкетеді, құлдилай құлап, ін аузындағы саршұнақты інге кіруге үлгертпей қақшып түседі, ол ол ма, жүзіп бара жатқан балықтарды қас пен көздің арасында, үстіне су тигізбей қалай тырнағына іліктіргенін байқамай да қаласың. Субүркіттің аспан көгіндегі көз құрышын қандырар осындай кереметтей қимылдар тамаша-ақ! Сырттай қарағанда тұрпаты қопалайсыз, зор денесі алыптай субүркіттің жердегі емін-еркін жүре алу қабілетіне де таң-тамаша қаласың, еріксіз таңданасың! Бұл ақиықтың өзіне тән тағы бір тамаша қасиеті – жеке жұп болып тіршілік кешуі. Ұяларын жұптасып салады,шағылысу кезінде неке ойнағын өз жұбымен ғана өткізеді, балапандарын жұптасып, ұзақ уақыт тәобиелейді, алыстағы қыстауға тұрақты жұбымен ғана барады. Су қоймалары төңірегіндегі сирек өскен жуан ағаштар басына « ағаштың қалың өскен жерге жоламайды) әр жұп субүркіт тым үлкен (биіктігі 1,5м., көлемі 2 м.) ұя салады. Ұяларын шөп, қабық, майда бұталардан төсеніш төсеп, ұқыпты жасайды. Жұмыртқаларының саны 1-2 ден аспайды. Бұндай алып ұяларға торғайлар ұя жасап алып, еркін өмір кеше алады. Өткен ғасырдың 50-60 жылдарындағы жыртқыш құстарға қарсы жүргізілген науқан олардың таралуын өте-мөте тежеді. Ондатрлар паналайтын су қоймаларында тіршілік ететіндіктен, ондатр аулаушы аңшыларға жыртқыш қырандарды аулауға рұқсат (және сыйлықтар!) берілуі де аспан әлемі алыптарының адымын аштырмай, олардың санын өсірмек түгілі, түр ретінде келешекте жер бетінен өшуіне мүмкіндік туғызып отыр. Басқа күндізгі жыртқыш құстар сияқты тұрақты бір мекенге, алыстан бақылайтын алып ұялар салуы және жыртқыш құстарға деген ұзақ жылдар бойы қалыптасқан теріс көзқарас табиғат қаскөйлерінің осы құсқа деген әуестігін тоқтатқан жоқ. Субүркіттердің кейін аңшы иттеріне, үф төлдеріне, қоян, қырғауылдарға шабуылы браконьерлердің «табиғат қорғау шабытына» май құятынға ұқсайды. Браконьерлер әрекетін ешбір заң тоқтата алатын түрі жоқ. Себебі, бұл құсты аулауға қатаң салынған заң бола тұрасубүркітті атып алу оқиғасы белең алып отыр. Иә, табиғатқа жанашыр қауымның көз қуанышына айналған аққұйрық ақмықтың ендігі тағдыры қорықтар мен ерекше қорғауға алынған аймақтарда десек те, біздің әрқайсысымыз олардың әр ұясын қатаң бақылауға алып, оларды атып алудың әрбір оқиғасына «төиенше жағдай» ретінде мән беруіміз жөн.

Ештен де кеш жақсы.
Көп болып қолға алса, бітпейтін шаруа жоқ!

АҚ ТЫРНА – СТЕРХ (БЕЛЫЙ ЖУРАВЛЬ)

Дүние жүзіндегі тырнаның он үш түрінің төртеуі Табиғат қорғаудың Халықаралық Одағының «Қызыл кітабына» тіркелген. Бұл кітапқа алғашқылардың бірі болып, 1962 жылы-ақ Қазақстанда, оның ішінде Арал теңізі мен Сырдария өзені сағасында жиі ұшырасатын ақ тырна енгізілген. Ал 1973 жылы Қазақстан Республикасының осындай кітабынан осы ақ тырна мен оның туысы ақ бас тырна (журавль красавка) орын алды. Ақ дегелекке (белый аист) өте ұқсас, алайда мінез-қылығы да, сыртқы түрі де, әсіресе, құлаққа жағымды майда сазды дауысы да – нағыз тырнаның өзі. Табиғат таңғажайыптарының бірегейі аппақ ақ тарнаның аяғы мен басы және қанатының ұшындағы білінер-білінбес (ұшқанда көрінбейді де) қара бояуы болмаса, бірыңғай тегіс, тап-таза ақ. Денесі ірі (10 кг салмағы бар), ұшқанда қанатының ұзындығы 230 см жететін ақ алыпқа сүйсінбей, таңданбай қарау мүмкін емес! (жүрегінің сезімі жоқтар мен ашкөз аңшылар болмаса). Олар топтанып тіршілік етеді (браконьерлерге де керегі осы), кейде жалғыз да жүреді. Бұл құстың біздің аймақта жұмыртқалағаны туралы дерек жоқ. Адам аз тұратын, жетуі қиын меңіреу батпақты көлдерді мекендеп, олардағы өсімдіктер – қоға, қамыс, қарақұйрық, астық тұқымдастардың т.б. жасыл бөлектерімен, тамыры және тамырсабағымен (бұлар жетіспесе балықтармен, қосмекенділермен, кеміргіштермен, бауырмен жорғалаушылармен) қоректенеді. Ақ тырна дүние жүзінде өте-мөте аз тараған, саны мүлде мардымсыз. Тек Сібір өзендерінде, сонан соң республикамыздың Наурызым, Сырдария, Балқаш өзен-көлдерінде және Арал теңізінде ғана кездеседі. Өте сезімтал да сақ, тап-таза, аппақ ақ қанаты (қанатының ұшы ғана қара, ұзын түксіз сидиған сирағы, үшкір де қатты тұмсызы, басының «бет бөлігі» қызыл) көгілдір айдынның әсем де сәнді құсы – ақ тырнаны, табиғатта оның жауы жоқ болса да, қазір біздің аймақтан көру мүмкін болмай қалды. Торғай иінінде және оған жақын аудандарға, атап айтқанда, Арал қаласы төңітегінде сәуір-мамыр, Арал маңы Қарақұмында тамыз айларында жиі кездесетін ақ тырна қазіргі уақытта еліміз бойынша тек Торғай иіні мен оған жақын аймақтарда болмаса, басқа жерлерде мүлде кездеспейді десе де болады. Арал теңізінің кең байтақ көгілдір айдынының сәні іспеттес ақ тырнаның бұл өңірге ат ізін салмағалы қашан?! Сирек кездесетін және саны жағынан да, таралатын аудандары аз, биологиялық ерекшеліктері, мінез-қылығы мен мекендеу ортасы жөнінде әлі де толыққанды мәлімет жоқ осы тамаша қанатты досымыз жайлы жақсы деректер болса хабарласып отырса нұр үстіне нұр болар еді. Аралы кеуіп, Сырының суы азайып бүлінген Қызылорданың үстімен көктем мен күзде «Сына» болып, «Қап» болып, «Арқан» болып, «тыраулап» өтетін ақ тырнаны біздің ұрпағымыз көрер күн туа ма екен?! Өзен, көл, теңіздің ашық алаңқайларына күн шығар-шықпас мезеттерде жиналып алып, паң қимылмен, кербез басып, өздерінің әсем әуендерімен өздері «билеп» жүретін тырналар қайда кеттіңдер?! Табиғат қорғау үрдісін өркениетті елдерден үйрену керек болып тұр. Мысалы, Америкада сақталып қалған бірнеше ондаған ғана ақ тырнаны қорғап-көбейту мақсатына жылына мыңдаған доллор қаражат бөлінетін көрінеді.

БАЛЫҚШЫ – СКОБА (РЫБОЛОВ)

Қиядан қалт жібермес қырағы көз,
Мұқалмас серіппелі тырнағы жез.
Сақшысы теңіз-көлдің балықшы құс,
Аялы алақанға болсыншы кез.

Бірден айтуға тура келеді, маңғаз да өршіл, жыртқыш болса да жаймашуақ мінезді, қанатын жайып ұшқандааспан төрінен 1,5 мерт орын алатын тұлғалы, бес-алтауы қатар қалықтағанда бір ауылдың әуе кеңістігін көріктендіріп, толтырып-ақ жіберетін, көкке жеңіл көтеріліп, ұзақ қалықтап ұшуға бейімделген бұл керемет құс қазір біздің облыс түгілі, тұтастай республика аймағынан жоғалып кетті десе де болады. Сондықтан оған «өзінің бұрынғы мекен еткен аймағынан көп бөлігінен жоғалып кеткен сирек құс» айдары тағылып, Қазақстан Республикасы «Қызыл кітабынан» орын берілген. Балықшы – күндізгі жыртқыш. Ол – сұңқар тәрізділер отрядының сұңқарлартұқымдасына жататын жалғыз түр. Өткен ғасырдың 30-40 жылдары Төменарық-Жосалы станциялары аралығындағы Сырдария өзені аңғарына ұя салып, ұрпақ өрбітіп, бұл аймақты өз отанына айналдырған балықшы құстың қазіргі тіршілігі туралы мүлде дерек жоқ көрінеді. Тіпті өзінің ата-баба мекені саналған Іле өзені аңғары, көптеп ұя салатын Көкшетау көлдері мен Батыс Қазақстан өзендерін де мүлде тастап кеткен. Бүгінгі таңда бұлар құстардың келу-қайту маусымдарында ғана Марқакөл, Алакөл, Оңтүстік Балқаш маңына соғып өтетінге ұқсайды. Ересектері үстіңгі жағынан қарағанда арқасы күңгірт қоңыр, басы күңгірттеу ақ және көзі арқылы өтіп құлағынан асып жатқан белдеу анық байқалады. Желке қауырсыны ұзарып өсіп, желпілдеп тұрады. Бауыр жағынан қарағанда күңгірт ақ болып байқалатын қауырсындарының жемсауы астында қоңыр дақтар анық көрінеді. Балықшы басқа жыртқыш құстардан ұшқан кезде анық ажыратылады, яғни арқасы қара, бауыры ақ. Бір-біріне қарама қайшы екі түс бірден көзге шалынады. Өте сирек, анда-санда көктемдегі тасқынна су лайланса, уақытша майда құстар мен кемірушілерді талғажау ете тұратыны болмаса, балықшы өзінің атына сәйкес тек балықпен ғана қоректенеді. Сондықтан оның аяғы, саусақ тырнақтары шырышты-сусымалы балықтардыбалықтарды уыстап, шеңгелдеп ұстауға өте бейімделген. Саусағының төменгі бетіндегі өткір ұшты төмпешіктер, ұшы кері қарай иілген тырнағы, шеткі саусақтарынан артқа қарай салмағы 2-3 килограммға жететіндей әжептәуір ірі балықтарды лезде іліп алып, серіппелі саусақтарымен сығымдап ұстап айрылмайды. Арал балықшылары арасында «Балықшының тырнағына (қармағына) бір ілінсең біттің» деген сөз бар. Балықшы-аңшылардың айтуынша, бұл құс балықты, кейде тамағы тоқ болса да, өз «өнерін» көрсету үшін аулайтын көрінеді. Ол су айдыны үстіндегі аспан көгіне жеңіл көтеріледі де, қиядағыны қалт жібермейтін қырағы көзінің арқасында балық үйірінің үстіне келіп, қанаты дірілдеп, қалшылдап, бір орнында қалықтай тұрып алады. Қас пен көздің арасында, денесінің біршама ебедейсіздеу үлкендігіне қарамастан, әуедегі әлгі құс оқша зымырап, суға күмп береді. Кірпігіңді қаққанша болмай (денесіне су тигізбеу үшін жақсы жетілген құймышақ безі, оның қауырсындарын суланудан қорғайды), ол жаны үшін арпалысқан едәуір үлкен балықты су үстінде салақтатып әкеле жатқанын бір-ақ көресіз. Ол бұл жемтігін өзі де жемейді, ұясына да әкелмейді, жағалауға жайбарақат тастай салады да, маңғаздана-майпаздана жеңіл қалықтап кете барады.

Табиғаттың осы керемет суретті құбылысын тамашалаудың өзі бір ғанибет қой! Енді бір сәт, әлгі балық төңірегінде тамақ үшін таласып жатқан басқа жыртқыштарды – қыран, кезқұйрық, құландындарды көзің шалады. Балықшының тағы бір, өзіне тән ерекше қасиеті, биіктігі бір метр, аумағы 1,5 метр, алыстан мен мұңдалып тұратын әйдік ұясын балығы сол су айдыны жағалауындағы ағаштардың биік басына салады және олар ұяларын ұзақ жыл пайдаланады.

Балығы көп болғанмен ағаш өспейтін су айдыны жағалауларына ұя салмайды. Биік ағаштың ұшар басына тым алыстан байқалатын дәу ұя салу аңғалдығы мен ұзақ жыл бойы бір ұядан табылуын және жыртқыш құстарды ауылшаруашылығыгың «зиянкестері» есебінде жаппай жоюға еркіндік берілуі балықшы құс санының азаюының бірден-бір себебі болған. Су қоймалары жылдан-жылға азайып, өзен-көлдері бей-берекет ластанып бара жатқан мазасыз тіршілік, қиын экологиялық ахуал қалыптасқан біздің аймаққа бұл құстың қайта оралуы екі талай болса да, үмітіміщді үзбей, оларды қорғаудың қатаң шараларын және тәрбие-насихат жұмыстарын жалықпай жүргізе бергеніміз жөн.

БҮРКІТ – ОРЕЛ, БЕРКУТ

Күндізгі жыртқыштар отряды, қаршығалар тұқымдасының бүркіттер туысына жататын бұл қыран баршаға белгілі, әсіресе, саятшыл-құсбегі қазақ халқы ертеден қолға үйретіп аңға салған аспанның алып падишасының нағыз өзі. Құйрығы денесімен салысиырғанда ұзын, салмағы 7 килограммға жақындайтын, тығыз қауырсынды, молқалдау келген қанаттары 90 сантиметрдей, бірақ өте жалпақ, жайылғанда (ұшқанда) 2,5 метрден асатын бұл құсты ғарыш әлемінің «тірі кереметі» десе де болады. Қара түсті тұмсығы төмен қарай қармақ тәрізденіп иілген, түксіз де жалаңаш тұмсығының түбі көгілдір сұр, ал аузының айналасы, ернінің жиектері мен табаны сары, көзінің айналасы қызыл-қоңыр. Бүркіттің басқа жыртқыш құстардан айырмашылығы аяқтарының саусақтарына дейін қалың қауырсын жауып тұрады. Әбден күнге күйген ересек бүркіттердің түсі қызғылт-қоңыр, бауыр қауырсындары ақшыл. Қожалақ сары түсті желке және мойын қауырсындары үшкірленіп, ұзарып өседі. Төбесі қоңыр, кейдке қара, қара-қоңыр қанаты ұшының көлденең қара жолағы анық байқалады. Денесі сымбатты да мүсінді, тұлға бітімі алып та айбарлы, ересен жігерлі де керемет күш иесі бүркіт алыс аспанда бір тегіс қара-қоңыр болып көрінеді. Көк күмбезінде бір сарынмен, жайбарақат қалықтап ұшып жүрген сияқты, алайда оның екпіні қатты, зулап ұшып діттеген жеріне лезде-ақ жетіп барады. Әуедегі бүркіттің басқа жыртқыштардан ерекшелігі құйрығы ұзын болып көрінеды, құйрық айрығы байқалмайды десе де болады. Жаратылысынан өте қырағы бұл қырандар жемдерін өте биікте ұшып жүрсе де, көрген кезде қалт жібермей, кенеттен құлдилап, құлап жерден ұстайды. Құстарды (ұлар, кекілік, бұлдырық), тасбақа. Өлекмелерді, кейде жыландарды да қорек етеді. Суырларды, саршұнақ-балпақтарды биік ағаштар мен жартастар басында отырып, аңдып аулайды. Қазақстанда бүркітткрді адам қолға үйретіп, түлкі, борсық, дуадақ, қоян, қарақұйрық, елік аулайды. «Қыран-бүркіт не алмайды салса бастап» (Абай) деген емес пе, нағыз шабыты келгенде арқар, қасқырды да алады. Ашынғанда адамға да түседі. Бұл асапн қожайыны жерде жақсы жүре де, жүгіре де алатындықтан, жердегі билікті ешкімге бере қоймай, бүркіттерге тән қаһарлы да айбатты саңқылдаған үнмен, жердегі өз қоғамын «тәртіп пен қырағылыққа» тынбай шақырып, мазасызданып, шарқ ұрып жүреді. Көк күмбезде еркін самғайтын аспан серісі – бүркіттерге жерде де үлкен кеңістік болуы шарт, өйткені бұталы-ағашты өңірлерде оларға аң аулау қиындық келтіреді. Мамырай мінезді, бейбітшіл бүркіттің (ешкімге тиіспейді, тиіскенді оңдырмайды), жауына (жемтігіне) түскен кездегі айбарлы да бет қаратпас жігерлі қимыл әрекетіне таңқаласың! Жауын жеңбей, жемін ілмей қоймастайжоңбай да долы күш-жігерімен, қанатын білезік буынынан иіп-жиырып алғанда ол жіңішкеріп, сопақтанып, үшкірленеді де (жайбарақат ұшқанда қанатының қақпа қауырсындарының ұшы саусақтанып, тарам-тарам болып көрінеді), құс төмен зулап ағады, жемін ілу сәтінде шүйіліп, қанатын жартылай көтеріп, ересен екпінмен, жанұшыра қимылдап, жемін ұмар-жұмар іліп алып, аспанда бара жатқанын бір-ақ көресің. Біздің республикамызда бүркіттің төрт – орман бүркіті, таулы аймақта кездесетін шаңқылдауық бүркіт немесе тау қыраны, ергежейлі бүркіт және далалы жерді мекендейтін қыран-қара тіршілік етеді. Соңғы екеуі біздің облыста кездеседі. Қыран қара ұяларын құс ұшып, құлан жортпас құла түздегі ағаштар, сексеуіл бұталарына салса, қалғандарыұяларын ешкім бара алмайтын шың-құздарға, биік-биік ағаштардың ұшар басына, тік-жар, зәулім-жартасқа, құз-қияға салады. Бүркіттер жеке-дара, әр жерде, бір-бірінен бөлек тіршілік кешетіндіктен олардың ұялары да, бір-бірінен аулақ, 2-3 шақырым қашықтықта орналасады. Бұлай тірлік кешіп, көз көрмес, құлақ естімес жапан түз бен қия-құзда өмір кешу ұрпақтарынсақтап қалуға бейімделген бекзат тектілік пе, әлде өздерінен де гөрі жыртқыштар-адамдардан көрген зәбірден сақтану ма, кім білсін! Олар ұяларын көктемгі қарбаласта (наурыз-сәуір айларында) майда шөптер, жүн, қыл-қыбырдан төсеніш төсеп, жуан әрі мықты бұтақтардан өте ебедейсіз, аумақты, алыстан көзге шалынар биік етіп салады. Ұяларын ұзақ жылдар бойы пайдаланады. Бүркіттер әдетте 1-3 жұмыртқа салады да, 40-45 күнде басып шығарады. Жұмыртқадан үлпілдек мамық қауырсынды, көздері ашық балапан шығады, алайда баяу жетіледі. Көпке дейін (75 күндей) ата-аналарының қамқорлығында болады.бүркіттер мықтылығына сүйенетінболуы керек, ұяларының маңына басқа жыртқыш әріптестерін жолатпайды. Адамдардың ашкөздігінен зардап шеккен табиғат байлықтарының бірі, біреуі емес-ау бірегейі, Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» (сондай-ақ, Кеңестер Одағының «Қызыл кітабына») тіркелген бұл бүркіттер ұяларын адамдардан тым аулақ, небір қия-шың, қиын-қыстау, құздарға салса да (браконьерлер бара алмайтын жер бар ма екен, сірә!), олардың балапанын аулау (баулып, аңға салу үшін) әсте де толастар емес. Сондықтан мазасыздық пен озбырлықты жаны қаламайтын, маңғаз да кірпияз қырандар адамдардың адуын әретекеттеріне төзе алмай, қатігездікке қарсы қояр шарасы болмағандықтан, өз мекенін, кейде балапандары бар ұясын да тастап, бас сауғалап кете барады!

Бұл әрекет бүркіттер санының аз болуының (азаюының) негізгі себебі. Даласы жыртылған, қорек ететін жәндіктері азайған аймақта бүркіттердің де азаюы – табиғи құбылыс. Халқымыздың ұлттық болмысының бірі – құсбегілік пен саятшылық өнердің ауылы дәо қазір алыста қалды десек те, саятшылық өнері болмаса да, бүркіт балапанына әуестенушілер көп болғандықтан және көк күмбезінің әрі әміршісі, әрі сәні қырандар санын молайту үшін мынадай шараларды іске асыру абзал: - Оларды атушылар мен балапандарын аулаушылар заң алдында жазаланатын болу керек; - Бүркітті және оның балапандарын ұстауға тек аса қажет жағдай болғанда ғана аңшылар (табмғат қорғау) мекемелерініәң арнаулы рұқсат қағазымен (лицензия), тек қана аңшылық құқы бар адамға, шектеулі мөлшерде құқық берілу керек. Аспан төрінде бір өзі қожайын болып, еркін самғап ұшқан қыран құс көкірегіңде бейбіт батырлықтың ән-әуезіне кернетіп, жігеріңді ерлікке, өрлікке жанып, санаңа қырағылықтығ, тәубешіліктің сәулесін сеуіп, жердегі пенделерге оспадарсыз-оғаш, қимылдардың опа бермесін ұғындырып, еске салып жүргендей болады да тұрады.

БҰЙРА БІРҚАЗАН – КУДРЯВЫЙ ПЕЛИКАН

Ескек аяқтылар отрядының бірқазандар туысына жататын бұл алып құс (салмағы 9-13 килограммға жетеді, жайылған қанаты 3,5 метрдей) ертедегі аңызға сенсек бала тәрбиелеу мен қамқорлыққа алудың символына жатады. Олар өз кеудесін қақ айырып, жыртып өзін-өзі құрбандыққа шалып, балапандарын өзінің қанымен қоректендіріп, ұрпағын аман алып қалады екен. Балапандары өте нәзік, қызылшақа болады, оншақты күннен кейін ғана тығыз, ақшыл түбітпен жабылады, мүмкін содан да шығар, қалай десе де, бұйра бірқазандар ұрпаққа қамқорлығы арқылы халық құрметіне бөленген. Бірқазандар тұмсығының құрылысы адам таңқалдырарлықтай қолапайсыз ұзын. Үстіңгі тұмсығы төмен қарай ілмек тәрізденіп аяқталса, астыңғы тұмсығының асты 4 килограммға дейін балық сиятын, қанық боялған, сырт көзге дөрекілеу көрінетін, түксіз тері тамақ капшығы болады. Мойын және желке қауырсындары ұзын әрі бұйра (сондықтан да бұйра бірқазан атанған), жал тәрізденіп көрініп, онсыз да алып құсты одан әрі айбаттандырып көрсетеді. Ересек бұйра бірқазан аппақ қауырсынды (тек ұштары ғана қара), тұмсығы сұр, жиектері ғана сары қызғылт. Қысқа аяғы денесінің ортасына орналасқандықтан жер бетінде теңселіп ауыр қозғалады. Саусақтарының арасы жарғақпен қосылғандықтан суда жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды. Осыншама алып құстың суға сүңгімеуі де табиғат заңы іспеттес. Қысқасы, бұйра бірқазанға табиғат сыйлаған керемет қызықтар көп-ақ. Мысалы, бұл құстың балық аулау ( бұйра бірқазан тек қана балықпен қоректенеді) кезіндегі кереметін көрудің өзі – үлкен ғанибет. Ол алып аппақ қанатын көтеріп, жайып жіберіп, бүкіл көкірегін, басы мен ұзын мойнын қоса суға батырып, көпке дейін тұншықпастан тұра алады. Бұйра бірқазандардың суқұзғындармен (балкан) бірігіп-бірлесіп балық аулап тіршілік етуі де айтуға тұрарлықтай табиғат құбылысы. Бұйра бірқазан өзінің жақын туысы қызғылт бірқазан және суқұзғыны, ақ құтан, қалбағайлармен бірге топтанып өмір сүргенмен, олардың суқұзғынмен «достығы» ерекше. Бір топ бірқазандар жартылай шеңбер жасап, суды қанатымен сабалап, балықтарды судың тайыз жеріне дейін қуалап әкеледі. Ал шеңбер ортасындағы суқұзғындар суға сүңгіп, балықтарды аулап алып, су бетіне біриіндеп лақтыра береді. Бірқазандар болса тұмсық астындағы қапшығы толғанша балықтарды қағып ала береді. Шамалы уақыттан кейін әбден үсті суға малмандай болған суқұзғындар кептіріну үшін бірқазандардың үстіне шығып алады. Ал бұған бірқазан досы ештеңе демейді. Осындай айқай-шу қарбалас сәттің үстінен шыққан балықшылардан секенген, «мінгескен достар» тереңге, қамыс-қопаларға қарай маңғаздана баяу жүзіп бара жатқаны. Бұлардың қауырсынын тазалағанда, не балық аулаған кезде тұмсық астындағы қапшығы толған суды төгу үшін мойнын жоғары қарай созып, тұмсығын кеудесіне қатты қысып алып, бейне тасмүсіндей қозғалмай отырып алатын кездері де болады. Бұл екі дос ұяларын да топ болып, суы терең, адам аяға баспайтын ну қамыс-қоға арасындағы биік қопа үстіне салады. Өздері таңдап алған аймақтың ортасына бірқазандар, шетіне суқұзғындап ұя жасайды. Аралас топ ішінде суқұзғын да, қалбағай да, қызғылт бірқазан да ұялайды. Бұйра бірқазандар ұясының аумағын 1,5 метрдей, биіктігін су деңгейінен 1,5 метр жоғарыда орналастырады. Су алыбының осындай ерекше ұясын көріп тамашалау да бір ғанибет қой. Табиғат қорғайтын халықаралық Одағының, Кеңестер Одағынаң және Қазақстан Республикасының «Қызыл кітаптарына» «Сирек, жоғалып бара жатқан құс» мәртебесімен тіркелген бұйра бірқазан өткен ғасырдың 50-жылдарына дейін арал теңізінің Комсомол, Барсакелмес аралдарына, Арал теңізінің жағалауындағы Ауан, Құланды, және селеулі елді мекендерінің ну қамыстары арасында, Сырдарияның Арал теңізіне құяр атырауларында топ-топ болып, саны аз болса да ұя салып, жұмыртқалап, балапан өргізіп, суқұзғындар және шағалармен араласып мәре-сәре болып жатады. Табиғат зерттеушісі Н.А.Зарудный бұл құсты жұмыртқалау үстінде 1971-1972 жылдары Арал теңізінің Солтүстік Шығыс жағалауынан 120-сын көргенін жазған. Республика аймағының еш жеріне қыстамайтын бірқазандар біздің облыс байтағына ерте көктемде, мысалы, Сырдарияның төменгі құйылар сағасына наурыз-сәуір айларында, Арал қаласы төңірегіне 18 сәуірге дейін шағын топ болып та, үлкен үцір құрып та (әр үйірде 100 не одан да көп түрден) келіп жетеді де, қазан айында атамекеннен қыстауына қарай Сырдария үстімен «туған жерін қимай, өскен елін сыйлай» лек-лек болып маңғаз да жайбарақат ұшып кете барады. Естен кетпес осындай керемет суретті біздің балаларымыз көре алмайтын қауіп төніп тұр. Өйткені, ертедегі саудагершілікпен айналысқан бабаларымыз бас киім, жаға жасауға олардың терісін сату үшін қырып-жойса, осы кездері ағаларымыз осы асыл құстың атажұрты саналатын Арал теңізінің суын құртып, сорын қалдырып, сұлу Сырдың сағасына дейін жеткізбей тастады емес пе?! Тәңірі берген табиғаттың Аралын да, Сырын да, осылай қорлап, бірқазанын да осылай мүлде азайтып тынған адамдар енді бұйра бірқазанның ұялайтын мекеніне қорықтар мен қаумалдар (заказник) жасауға міндетті. Енді адамдар бұйра бірқазан ұялайтын ну қопалы көлдерді күтіп, баптап, қорғап, қамыстарын өртемеуге, оларды аулауды мүлде тоқтатып, қатігез браконьерлерді қатаң жазалауға міндетті. Өйткені табиғат тағылық пен тақсырлықты кешірмейді. Пенделер табиғатты тағылықпен жараласа, табиғат оларды аяусыз жазалайтынын есте сақтаңыздар!

ДАЛА ҚЫРАНЫ – СТЕПНОЙ ОРЕЛ

Кең байтақ қазақ даласының аспанына сән беріп, айналаны аса қауіпті ауру тарататын зиянкес кемірушілерден қорғап, жазира жеріміздің тазалығын сақтап, (жыртқыш құстар көбіне өлекселерді, ауру, кәрі жануарларды қорек етеді) ұщан-теңіз пайда келтіретін қанатты жыртқыштардың әлем ихтиофаунасында 35 түр болса, біздің республикамызда алты-ақ түрі тараған. Солардың әзірге (иә, әзірге) саны жартымсыз болса да, біршама сақталғаны осы дала қыраны. Әзірге дейтін себебіміз, республика аймағында, аталған бүркіттер өте-мөте аз қалған көрінеді, ал қалғандары із-түссіз ғайып болған. Оралар деуге үміт те аз, себебі олар ұя салатын ағаштар кесілген, сексеуілді тоғайлар сиреп-селдіреген, олар азық ететін сарщұнақтар мекендейтін дала жыртылып кеткен, жапан түздегі айқыш-ұйқыш тартылған 10-35 киловаттық электрсымдар жетерлік (жылына осы сымдар бойын 15,5 мың құс құрбан болатын болса, олардың 12 мыңы бүркіттер көрінеді). Табиғаттың өзгеру ағыны осылайша жеделдеп, адамдардың жоспарсыз шаруашылықтары (күн көріс қамында жүрген фермерлер, көкейін пайда тескен жеке қожалықтар мен қазба байлықтарды игерушілер, браконьерлер, егін шаруашылығына алуан химикаттарды пайдалану, т.б.) бақылаусық белең алып отырған кезеңде қыран бүркіттер емін-еркін өсе ала ма?! Аңшылар қауымының «бүркіттердің кесірінен кәсіптік пайдалы құстар азайып кетті» деген даурықпасына қойшы ағайындардың «бүркіттер қозыларды қырып жатыр» деген желөкпе пікірлері тоғысып, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында бұл бүркіттер үшін «қара ғасыр» келді. Кез келген елде (тіпті Солтүстік Америка, Австралияға шейін) бүркіттерді кез келген қарумен (тіпті самолетпен де) қырып жоюдың ұйымдасқан науқаны туып, қанатты жыртқыштардың көзін жойғаны үшін өте көп сыйлықтар берілген «масқара күндер» өтіп жатты. Нәтижесінде жыртқыш құстар тез азайды, алайда кәсіптік жабайы құстар тіпті де көбейген жоқ. Профессор В.Е.Флинттің «мұражайларға жыртқыш құстар тұлыптары коллекцияларының саны табиғаттағы бар құстардың санынан асып кетті» деуі сирек құстардың жоғалып кетуінің растығын дәлелдесе керек. Дала қыранының денесі шағын, салмағы 2,5-3 кг., бірақ қанаты ұзын 53-60 см. жетеді, әрі едәуір жалпақ, құйрығы доғал, саусақтары әрі жуан, әрі қысқа, алайда тырнақтары басқа бүркіттердегідей ұзын емес, әрі көп иілмеген. Жас қыранның реңі қанық сұрғылт-сары, қанатының алабажақ түсі мен құрсағының жолақтары анық байқалатын болса, ересек қыранның реңі жыл өткен сайын өңіп, біртіндеп дала түстес бозарып, ешқандай ала түстер араласпаған, бірыңғай сұрғылт-қоғыр, бауыр жағы сәл ашық түсті реңге айналады. Дала қыраны еліміздің Оңтүстік құрғақ даласы мен жартылай шөлді аймағына, Солтүстік шөлді өңіріне, Арал теңізінің солтүстік жағалауына, Алиай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы етектеріне таралған. Алайда, негізгі таралу және ұя салу аймағы Солтүстік Арал маңы мен Батыс Қазақстан болып есептеледі. Арал теңізінің солтүстік жағалауы осы қырандар тіршілігіне өте қолайлы, яғни бұл өңірде саршұнақтар өте мол тараған, сирек шөпті, ұшы-қиырсыз мидай жазық, құрғақ дала. Дала қыранының керемет қасиеттерінің бірі оның тамақтың тек бір түрімен, чғни дала тышқандарымен қоректенуі. Бұл жыртқыш құстың күллі экологиялық тіршілік әрекеті – таралуы, санының көбеюі, орын ауыстыру мерзімі, дала тышқандарының аз-көптігіне, таралуына, өсіп-көбею мерзіміне (қысқы ұйқыға кету, қысқы ұйқыдан ояну, балалау және оларды өрбіту мерзімдеріне, т.б.) тікелей байланысты. Біздің республикамызда өмір сүретін бүркіт тектестер ішінде дала қыранынан басқа, тіршілігі тек бір текті тамаққа байланысты болатын ешқандай басқа бүркіттер жоқ. Әртүрлі себептермен аталған тышқандар саны аз болған жылдары бұл қырандардың саны да аз болып, салатын жұмыртқаларының саны да (бұл құс көбіне 2-5 жұмыртқа салады) әдеттегідей азаятын көрінедә. Ауа райына, қорегіне байланысты тышқандар орнын ауыстырса, қырандар да сол жаққа көшеді, яғни дала қыранының мекені де тұрақсыз. Қырандар саршұнақтар, құмтышқандар, атжалмандар қысқы ұйқыдан оянатын наурыз айының соңы мен сәуірдің басында жылы жақтан оралса, осы зиянкес кемірушілер қысқы ұйқыға кететін тамыз айының аяғы мен қыркүйек айының басында жылы жаққа ұшып кетеді. Тышқандардың ұрпақ өрбітетін мамырдың соңы мен маусымның басында қырандардың балапандары жұмыртқадан шыға бастайды. Самғап ұшу, әуеде қалықтау, көктен шүйлігіп жемтігі ұстау қабілеті керемет дамыған қырандардың тышқандармен қоректенуіне байланысты жерде жүруге де бейімделген. Олар ұшып келіп, іліп кете алмаған саршұнақтарды (кейде кесірткелерді, балапандарды, шегіртке мен қоңыздарды) жерден қуып жүріп, көбіне інінің аузына аңдып қағып түседі, қалайда көрген жемтігін алмай кетпеуге тырысады. Қызылорда облысының ақбөкендер жайлап-лақтайтын, олар ауланатын өңіріне дала қырандары мол жиналып, аймақтың шалқар даласына салиқалы сән әкелер кезеңдер де аз болмайды. Дала қырандарының тағы бір ерекше қасиеті, ұясы басқа бүркіттер сияқты ешкім бара алмайтын қия-шыңдарға, биік-биік бәйтеректерге емес, негізінен тегіс жерге, кейде аласа ғана жартасқа, сәл биік шоқы үстіне, бұта басына, болмаса тіпті даладағы маяға, электр бағанасына, олар болмаса жапанда жарамсыз болып қалған ауылшаруашылығы техникаларының үстіне де қолапайсыздау етіп сала салады. Арал теңізінің солтүстік жағауындағы кедір-бұдырлы, бетегелі-көделі, соранды-жусанды ұшы-қиырсыз кең даласының көп жерінен (саршұнақ тышқандардың таралуына орай, әр жылда, әр жерде ұялайды) осы қыранның биіктігі жарты метрге, аумағы бір метрдене асатын ебедейсіздеу селдіреген әйдік ұясын кездестіруге болады. Дала қыраны ұя салуға ағаштар мен бұталардың құрғақ сынықбұталарын, жусан, алабұта, қаңбақтың ірі сабақтарын, қамыстарды пайдаланады, ұя етіп даладағы өлекселердің ірі сүйектерін де дүңгіршек етіп құрастырады. Оған ағаш бұтақтарын, тіпті кез-келшген нәрселерді – тері, шүберек, полиэтилен, дорбалар, арқан үзінділері, қағаз, киіз, жүн, балшық, қи-тезектерді қиыстырып, аздап құстардың ірілі-ұсақты қауырсындарын төсей салады. Бұл әрекет «қырандардың, жалпы бүркіт туыстарының адамдардын (жыртқыш құстарға тікелей шабуыл бастаған дәуіріне дейін) сескенбей, керісінше, солар мекендейтін аймақ маңында өмір кешкен» деген пікірлерді дәлелдейді. Дала қыраны секілді адамға әрі джос, әрі пайдалы, сұлу да сымбатты табиғат перзентін жер бетінен азайтудың өзі адамзат үшін үлкен, кешірілмес күнә. Сондықтан, жыртқыш қанаттыларды сақтап қалу туралы заңның орындаоуын қатаң қадағалау, олар ұялаған мекендерді тауып, қорғауға алу, электр бағаналарында құрбан болмау жағын ойластыру, қажет болса қыста қосымша қолдан қоректендіру, оларды Алматы жануарлар паркіндегі сияқты қолдан өсіріп, көбейтіп, еркіндікке (табиғатқа) жіберу шаралары керек-ақ! Қыран бүркітсіз қазақ даласының мәні де, сәні де болмайтынын, қазақ аспаны ажарсыз да сұрықсыз, қорқынышты тұңғиыққа, сұрғылт қуысқа айналатынын тағы да естеріңізге саламыз, ағайын!

ЖАЛБАҒАЙ (ҚАЛБАҒАЙ) – КОЛПИЦА (КОЛПИК)

Әкем екеуміз тым ертелетіп, Төбебұлақ елді мекеніндегі Ұялы түбегіндегі Үлкен Қандыөзекпен қайықпен суылдатып пішен шабуға келе жатқанымызда өте ұзын, қауырсынсыз қара сирақты, ақ қанатты, ұзын тұмсығының ұшы жалпақтанып, дөрекілеу жасалған күрекке ұқсап кеткен әдептәуір үлкен құстың үстінен түстік. Тына қалдық. Ол өте әсем де тез көтерілді де, аяқтарын түп-түзу етіп артқа, мойнын тіп-тік алға созып алды да кете барды.

- Өмірі мылтық ұстамаппын, - деді үлкен кісі. - Неғып жалғыз жүр екен, биыл да су деңгейі төмен болды-ау, шамасы. Бұл жалбағай деген ару, кей жерлерде қалбағай дейтін көрінеді. - Жұмыртқа басып отырған шығар? Анау дәу күрек тұмсықты қалай көтеріп, әуелей ұшады, - дедім.

- Ешкімге айтпа, еріккендер ермек етіп жүрер. - Табиғатта ештеңе не артық, не кем жаралмайды, бәрі орын-орында. Күрек тұмсығы корегін табуға көмектеседі. Бұлардың қоректенгені елден ерекше қызық-ақ. Бір топ жалбағайлар тұмсығын суға бойлатып, қатар-қатар тұра қалады да, асықпай қадамдап, әр аттаған сайын басын біресе солға, біресе оңға бұрып, лай тұнбаны тұмсығы арқылы өткізіп сүзіп, негізгі тамағы – алуан түрлі ұсақ су насекомдары (су инеліктері, сүңгуір қоңыздар, майда шаяндар, т.б.) және олардың личинкалары, балық шабақтары мен уылдырықтары, құрбақалар мен итбалықтарды сүзіп алып қалады. Тура шөпшілердің шалғымен шөп орғанын көз алдыңа әкеледі. Күріштік алқапта да осыоай қоректенуге дағдыланған көрінеді. - Ал ұзын аяғы, - деді ол кісі, - тамағын іздеп судың біраз тереңіне бару үшін және жауларын алыстан байқап тез құтылып кету үшін керек. Аппақ қанат пен желке айдары дене тұрқы рабайсфз дөрекілеу құсқа, тәңірдің рақымы түсіп, аз да болса сән беруге жіне дұшпандарына сес көрсету үшін берілсе керек. Бейбітшілік пен молшылықты адамдардан гөрі айуандар, әсіресе, құстар көбірек қалайды, - деп түсіндірді. Дария тасымай, теңіз деңгейі төмендеп кеткен жылдары жағадағы жайылма сулар болмайды да, қамыс-қопалақтар құрғақта қалып, құрық салмайды, ал ол жерлерге аңдар, малдар, әсіресе, адамдар еркін барып, жұмыртқаларын алып, өздерін атып мазалайтындықтан бұндай жылдары, әсіресе жалбағайлар мүлде келмей қояды. Атамекеннен безу олар үшін де оңай дейсің бе, қолайлы, тыныш жылдары қайта оралады. Дегелек тәрізділер отрядына жататын ибистер тұқымдасының дара жалғыз түрі – қалбағай (жалбағай) туралы ғылыми әдебиеттерде де бұлардың көпшіл, топ болып тіршілік ететін, бірнеше ондар топ болып ұя салатыны, құтандар, қарабайлар, бұйра бірқазандар, су құзғындарымен араласып өмір сүретіні, олардың саны көл-өзен сулары тұрақты аудандарда бірқалыпты, ал су көздері деңгейі төмендеген жылдары олардың дала және шөлейт зоналарға (Қызылорда облысына да) жұмыртқалауға келмейтіндіктері баяндалған. Арал теңізіне, Қызылорда қаласы төңірегіне сәуір айының соңына таман келеді. Жалбағайлар бұдан аз-ақ жылдар бұрын, Арал теңізінің шығыс жағалауының, Сырдария бойының, Сарысу өзенінің төменгі төменгі құйылар сағасының сансыз арна-тармақтарының, жайылма көлдерінің қамысты тоғайлары ну болып өсіп, өткел беррмейтін алыс қолтықтарында көптеп жұмыртқалаған көрінеді. Кеңестер Одағының, Қазақстан Республикасының «Қызыл кітаптарына» «сирек тарлаған, құрып бара жатқан құс» мәртебесімен тіркелген. Қалбағайды қорғаудың негізгі шаралары – оларды атуға қатаң тиым салу және ұя салар аймақтырын қорғау, сақтап қалу. Сыртқы келбеті ешкімге ұқсамайтын, бір көрген жанның мәңгі есінде сақталатын, өзіне ғана тән ерекше түр-тұқлғасы мен мінез тіршілігі бар, табиғаттың бірегей жаратылысы – жалбағай атты әсем құсты жерімізден жоғалтып алсақ, ұрпақтарымызға не дейміз?!

ЖОРҒА ДУАДАҚ (ЖЕК ДУАДАҚ) –

ДЖЕК, ВИХЛЯЙ, ДРОФА-КРАСОТКА

Шөл және шөлейт аймақтың дуадақ тектес, еті дәмдә, кәсіптік маңызы бар, аса бағалы жек дуадаққа біздің республикамызда «сирек кездесетін, жоғалып бара жатқан құс» мәртебесі берілгендіктен оны барлық жерде аулауға тиым салынған және заң жүзінде қорғауға алынған. Сыртқы түрі дуадаққа ұқсас. Айырмашылығы, мойнының жан-жағында қара ала жолақты «жаға» сияқты ұзынша қауырсыны, басында айдары бар. Ол «күй салатанатынан» басқа кезде үйір құрып топтанып жүрмейді. Тағы бір өзгешелігі, жер бауырлап ұшады, ирелеңдеп, ұлталақтап тез жүгіреді. Осыған орай оған «құйын» (вихляй), «жорға» деп ат берілген. Денесінің түсі мен түрі өзі жүрген орта құмына, өсімдігіне, ұсақ тастарына өте ұқсас болғандықтан, оны байқау оңай емес. Осылайша жек дуадақ жауларынан оңай қорғанады және ол барынша сақ құс. Жорға дуадақтар қыстайтын аудандарының (Қызылқұм аймағынан) жұмыртқалайтын дерлеріне көктемде кеш, сәуір-мамыр айларында ұшыр келеді. Себебі, олардығ негізгі қорегі – қоңыздар, шегірткелер, бұзаубастар, қыр шаяндары күн әбден жылынған кезде өрбиді. Бұл құстар, сондай-ақ, өсімдіктермен, әсіресе, жабайы дәнді-дақылдар, жусан, жабайы және сасық жуаларды сүйсініп жейді. Ылғалы мол жасыл өсімдіктермен, насекомдармен қоректенетіндіктен олар су ішпейді. Жерді шұқылап, шағын да әдемі ұя жасап, оған көбіне екі, өте сирек үш жұмыртқа салады. Ал Барсакелмес аралын мекендейтін жорға дуадақтар ұяларына бес жұмыртқа салған кездері кездескен. Біздің аймақта жұмыртқалайтын жектер көктемде кеш ұшып келгенмен күзде жылы жаққа ерте ұшып кетеді. Арал теңізінің солтүстік маңын, Барсакелмес аралын мекендейтін жорға дуадақтар күзде жылы жаққа қарай қыркүйектің ортасында, Сырдария өзенінің төменгі сағасын қоныстанатындары осы айдың аяғында ұшып кетеді.

Қызылқұм мен Қарақұмда қыс қатты болмаған жылдары қыстап та қалады. Қазақтың кең даласының тамаша сәнді құсы жорға дуадақтың табиғи жауы онша көп болмаса да (түлкілер олардың ұяларына шабуыл жасайды, қыс айларының аязына шыдас бере алмауы, т.б.), антропогендік әсер олардың санының азаюына бірден-бір себеп болуда. Жиырмасыншы ғасырдың 40-50 жылдары Арал теңізі солтүстік жағалауында жүз шақырым сайын 3-4 жек кездесіп отыратын болса, қазір бұл құс одан да азайып кеткен, тіпті жойылып кетуге жақын тұр. (Варшавский, 1977 ж). сондықтан осы пайдасы мол қанатты досты сақтап қалуға қолдан келгеннің бәрін жасауға тиістіміз. Мысалы, жорға дуадақ ұя салатын жерді «ерекше аймақ» деп белгілеу, оны қорғауды насихаттау, Бетпақдала шөлінде қорық ашу, браконьердерді аяусыз жазалау, т.б. Егер дуадаққа деген көзқарас олылай жалғаса берсе, онда бұл құс та көп ұзамай Қазақстан Республикасы «Қызыл кітабынан» орын алары сөзсіз. Табиғат байлығы сарқылмайтын қор емес. Әр нәрсенің шеті мен шегі боларын бажайламай, ашкөздікпен қарасақ, балаларымызға қу медиен даланың қаларын ертерек ескерсек, көпшілік ағайын!

ЖЫЛАНБҮРКІТ, ЖЫЛАН ЖЕГІШ ҚЫРАН – ЗМЕЕЯД

Республикамыздың көп жерінже кездесетін, бірақ барлық аймақта да саны сирек, Кеңестер Одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабында « «Саны аз, сирек кездесетін құс» мәртебесі берілген жыланбүркіт біздің облысымыздың Қызылқұм бөлігіне және Молтүстік Арал маңы шөліне көктемде кештеу (сәуірде) келіп, күзде ерте (қыркүйекте) қайтады. Себебі, бұл құстың басты қорегі бауырымен жорғалаушылар, әсіресе, жыланбүркіт деп аты айтып тұрғандай, жыландар көктемде ұйқыдан күн әбден қызған кезде оянады да, қысқы ұйқыға ерте жатады. Біздің облысымыз бауырымен жорғалаушылар көп тараған шөлейтті-құмды, шөлді-далалы аймақ болғандықтан болар, бұл құстар жылы жаққа қайтарда да, қыстаудан келерде де біздің өлкеге соқпай өтпейді. Кесірткелер мен жылардарды, усыз қарашұбар жыланнан бастап өте улы қалқантұмсық жыланға шейін талғамай жей бергенмен бұл құстың осал тұсы да бар екен. Жылан жегіш қырандар жыландар уымен тез-ақ уланып қалатын көрінеді. Бірақ улы жыландармен тайталаста бұл бүркіт өзінің өте епті де шалт қимылының арқасында, жыланның шағуына мүмкіндік бермей, әркез жеңіске жетеді. Жыланбүркіт өте сирек жағдайда ұшақ құстарды, саршұнақ пен құмтышқандарды, құрбақалар мен кірпілерді азық етеді. Өзінен үлкен бүркіттер болмаса, бөктергі, кезқұйрық, басқа да қыран тектестер қорегі жөнінен бұл құспен бәсекелесе алмайды. Денесі шағын демесеңіз, нағыз бүркітке ұқсас және көлденең жолақты құйрығымен ерекшеленеді. Үкінің басындай өте үлкен басының дәл маңдай алдында орналасқан өткір жанарлы, ашық сары көздері тым алыстан (биіктен) көре алатындықтан, жердегі майда жемтіктерін де қалт жібермейді. Сусымалы жемтіктерін мықтап ұстап тұруға саусақтарындағы өткір тырнақтары көмектеседі. Тұмсығы молтақ. Жайған қанатының аумағы 1,9 метрге жетеді. Аспанда жемтігін аңдып, кейде қанатын қақпастан бір орында ұзақ қалықтап, кейде дірілдеп, секлілдеп тұрып алады. Қалықтап тұрған кезде кеудесі ақ болып көрінеді де, бауыры мен қанатының астындағы көлденең сұрғылт дақтар ап-анық байқалады. Тамағы мен жемсауы кейде күңгірт, кейде қара қоңыр. Арқа жағы сұрғылт сары, басы мен мойны ашық түсті. Бауырымен жорғалаушылар еркін өсетін құрғақ тау етегі мен құмды шөлдің тұрғыны болып есептелетін бұл бүркіт әдетте басқа жыртқыш құстардан оқшау өмір кешуді қалайды және жеке жұп құрып, бөлек-бөлек жүреді. Бір қызығы, осы шағын құстың (салмағы 1-2 кг) ұясы салыстырмалы түрде үлкен (биіктігі 1 м, ені 0,5 м). Ағаш басына, кейде аласа сексеуіл және жартастарға ұялайды. Осылайша орасан ұяға бар болғаны жалғыз-ақ түйір (кейде 2), аппақ түсті жұмыртқа салып, аталығы да, аналығы да алма-кезек 30 күн бойы басады. Әке-шешесі жалғыз балапанына алма-кезек жем әкеліп, ұзақ күтіп баптайды. Бауырымен жорғалаушылар аз тараған және оларды аулау қиындық келтіретін қалың да биік шөпті өлкелерде бұл қыран ұяламайды. Табиғи өсімі аз, яғни табиғи өзін-өзі қалпына келтіру қарқыны баяу, жаратылысынан аз тараған жыланбүркіттер ұясын талқандауынан және браконьерлердің кесапатынан зардап шегуде. Жыланбүркіттер санының өзгеріп отыруына олардың ең басты тамағы бауырымен жорғалаушылар санының құбылып отыруы да (мысалы, қыс қатты да қарлы болған жылдары бауырымен жорғалаушылар қырылып қалады) үлкен әсер етеді. Бүгінгі таңда жыртқыш құстарға, әсіресе, осы жыланбүркіттерге деген оң көзқарас қалыптасатын (аяныш сезімін туғызатын) шараларды ойластыру өте қажет бюолып тұр. Республикалық «Қызыл кітаптан» орын алған бұл жыланжегіш қыранды сақтап қалудың ең алғашқы амалы – оларды аулауды тоқтату және ұяларын қорғау.

ИТЕЛГІ – БАЛОБАН (СОКОЛ-БАЛОБАН)

Ителгі (ителгі-сұңқар) – күндізгі жыртқыштар отряды сұңқарлар (соаолообразные) тұқымдасының сұңқарлар туысына жататын сирек құс. Денесінің ұзындығы 650 см. шейін, салмағы 1,3 кг. Жететін біршама ірі сұңқар жыртқыш құс. Сондықтан қолға үйретіп, басқа құстарды аулауға, әуежайлардың ұшу алаңынмайда құстардан қорғауға және егіс даласындағы зиянды кемірушілердің санын реттеп отыруға пайдаланатындықтан адам өмірі үшін маңызы ерекше. Жер шарының түкпір-түкпірінде (Антарктидадан бастап) таралғанмен, барлық жерде де саны өте аз, ал соңғы кезде тіпті де сиреп кеткен. Жалпы сұңқар тұқымдастардың 14 түрі халықаралық табиғат қорғау Одағының, ал 18 түрі, соның ішінде ителгі де, Кеңестер Одағының «Қызыл кітабынан» орын алған. Ителгі біздің республикамыздың далалы, шөлді және таулы-шатқалды өңірлерінде тараған. Ол - Арал теңізіндегі Барсакелмес аралының негізгі құстарының бірі. Бұл сұңқар үлкен қалалардың биік күмбезді құрылыстарында (элеватор, астық қоймалары), шіркеу мұнараларында да ұя салып, емін-еркін өмір сүре береді. Оның бірінші себебі, биік мұнараларда, қоймаларды ителгі азық ететін майда құстар қысы-жазы көптеп кездеседі. Екінші себебі, қыс айларында, көктем созылыңқы болған жылдары ашық, далалы аймақтарда ителгілер қорек қылатын кемірушілер мен тышқандар әрі аз болады, әрі қысқы ұфқыдан кеш оянады. Ителгілер қызылорда астық элеваторындағы тіршілігіне жүргізілген бақылаулар да осы фактілерді айғақтаған. Тұмсығының түбінде сағыз-сымақ (восковица) деп аталатын жалаңаш терілі бөлігі болады және тұмсығының ұшы төмен қарай қармақ тәрізді иілген, астыңғы жағының езуіне жарық жерінде қайшы сияқты өткір тістері бар, қанаттары ұзын әрі сүйір болғандықтан ителгілер шапшаң да екпіндетіп, айлалы да епті ұша алады. Сондықтан олар өздерінің негізгі қорегі болып табылатын жабайы кептерді (сизый голубь), күрілдек кептерді (голубь горлянка), каралы торғай (розовый скворец), бозторғай, кекіліктерді ұшып бара жатып-ақ қағып жей алады. Әрі жемтігін іздеп аспанда көпке дейін қалықтап ұша алады. Бұл сұңқар көзге көрінбейтін биікке дейін самғап көтеріле алады. Аяғы мықты, тырнағы өткір, қауырсындары тығыз, жануар текті азықпен қоректенеді. Баяу жетілетін мамық қауырсынды, жұмыртқадан көздлері ашық шығатын балапандарын ұяда ұзақ уақыт ұстайды. Ителгі балапандарына құстар мен тышқандардың жұмсақ еттерін үзіп-үзіп майдалап береді екен де, өздері сүйектерін, басы, қанаттары мен терілерін қанағат тұтады. Олар жұбайлық жұптарын ұзақ уақыт сақтайды. Өздері ұя салмайды, көбінесе басқа құстардық жердегі, жартастардағы, ағаш басындағы ұясын пайдаланады. Екі жеті жұмыртқа салы, олардың көбіне аналықтары басады. Ал еркектері тамақ тауып, ұяна қорғайды. Олар тышқандарға тасадан, күтпеген жерден шыға келіп, 40-50 метр биіктікке шалт көтеріледі де, қанатын кең жайып жіберіп жерге қарай күрт тіке құлдилап, жадал қимылмен жерді қанатымен қаға-соға, тасырлата-тұсырлата дыбыс шығарып, көз сүйсінте, жеп-жеңіл іліп әкете салады. Ителгі өзінің нағыз сұңқар екенін көгершіндерге (көгершіндер де сұңқар құс қой!) түскенде де көрсете алады. Ителгі сұңқар өте сақ, көзге түсе беруді ұнатпайды. «Жасырын тіршілікті» қалайды. Бұл құстар әзірге сақталып қалу (әсіресе, таулы өңірде) себебі осы болса керек. Күн күйдіріп, жауан жауып айғызданып кеткен алыстағы алабажақ жартастарда, адам аяғы сирек басатын қиын-қыстау жерлерде, көзге түспес жасырын аймақтарда жүрсе де, бұл сұңқарлар әулетінің мүлде азайып кеткені ақиқат. Адамдардың жан-жануарлар түрлерін қырып жобға, тіпті пайдасыз, қарапайым ғана жәндіктің өліміне жол беріп, себеп болуға құқы жоқ! Жоғалған сол түрдің бірнеше ғасырлық эволюциялық даму жолдарын қайталау мүмкін емес! Жоғалған түрді қайта тірілтетін «жанды су» әлі табылған жоқ! Жоғалған биологиялық түр – қайталанбас құбылыс! Осыған зердеміз жетпей ме, әлде адамдардың қанында өзінен өзгені, өзінен әлсізді таптай беру иммунитеті қалыптасқан ба?!

Құстарды пайдалы, зиянды деп бөлер заман тоқтар ма екен?! «жыртқыс құс та адамның дұшпаны емес, досы» деген атақ беретін күн қашан туар?!

КІШІ АҚҚҰТАН – МАЛАЯ БЕЛАЯ ЦАПЛЯ

Дегелек «аист) тәрізділер отрядының құтандар (цапдевые) тұқымына жататын, жынысына да, жасына да, жыл маусымына да қарамастан мәңгілікке ақша қардай аппақ түсті болатын, ақ күмістей жалтыраған, ұлпадай үлбіреген кіші аққұтанның республикамыздың «Қызыл кітабына» «сирек кездесетін, Қазақстанда құрып бара жатқан құс» мәртебесімен тіркелуі тегіннен тегін емес. Үлкен көлдердің алыс ортасында, шілденің елес сағымының арасынан қаз-қатар тігілген аппақ киіз үйлерді (бұлар топ болып тіршілік етеді) көрсеңіз, осы кіші аққұтан болғаны. Күй салтанаты кезінде төбесіне екі-ақ түйір ұзын қауырсыннан тұратын айдар, ал арқасын қуалай құйрық қанатына дейін жалданып ұзын әсем қауырсындар (эгретка, не эспри) пайда болып, жаздың аяғына дейін сақталады. (Эгретка – әйелдердің шашының, бас киімінің алдына әсемдік үшін тағылатын, желбіреп-үлбіреп тұратын қауырсындар). Ұрғашыларында әсемдік қауырсындар аздау болады. Табиғат таңғажайыбының бірі – қіші аққұтанның түбіне жеткен сусып-желбіреп, сәнді тербеліп тұратын осы аппақ «эгреткалар». Сәндік қуған ауқатты әйелдер өз нәпсілерін тойтару үшін эгретка-қауырсынның бір килограмына 1500 сом алтын ақша төлейтін болған. Аса құнды «алтын» қауырсынның тек бір килограмы үшін нысапсыз браконьерлердің қолынан қаншама аққұтандар құрбан болды десеңізші. Осындай оңай олжа табуға табиғат қаскөйлері нендей де болса қиындыққа барған көрінеді. Мысалы, ХІХ ғаыр басында Балқаш көлі маңынан жылына 2-3 мың аққұтан ауланған деген дерек бар. Әлем тек қаскөйлер мен масыққандардан тұрмайды ғой. Табиғат жанашырлары аққұтандарды қорғайтын арнайы Халықаралық заң шығартып, қорғап қалудың жедел шараларын жасады. Табиғаттың осы бір перзентіне жасаған жанашырлық әрекет нақты нәтиже беріп, қазір кіші аққұтандардың саны (әсіресе, Еділдің Каспийге құяр сағасында) артып келеді. Көкшіл қара, қауырсынсыз ұзын сирақты, ұзын, үшкір, қара тұмсығы бар, мойны да, қанаты да (30см.) біршама ұзын кіші аққұтан ұшқанда да, отырғанда да иол денелі, әйдік болып көрінгенмен, салмағы бар болғаны жарты килограммдай. Қауырсынының түсі үлкен аққұтандармен бірдей, бірақ денесі екі есе кіші. Ұшқанда мойнын ішке қарай тартып алады да, аяғын артқа созып жібереді. Қанатын байыппен, баяу қағып жайбарақат ебедейсіз ұшады. Ертеректе Сырдария өзенінің Қызылорда қаласы тұсында ұя салып, Арал теңізінің солтүстік шығыс жағалауында, Сырдың Аралға құяр жерінде кездескенмен, Арал теңізінің деңгейі төиендеп, Сырдарияның сарқыншақ суға айналуына орай бұл құстың мекендеу ортасы қамыс-қопалар – құрғақта қалғандықтан, саны онсыз да мардымсыз кіші аққұтандар аймағымызда тұрақтамайтын болды. Суы тайыз жағалауды ұзын сирағымен байыппен, жіті қарап жүріп, шалғындықтағы шегірткеледі (сүйікті ас), үлкендігі 15 см майда балықтарды, қызылқанат (красноперка), табан (карась), қарабалықты (линь) асқан шеберлік-шапшаңдықпен ұстапп алғаны таң қалдырады. Табиғаттың осы бір керемет жаратылымының тағы бір адам таңқаларлықтай қасиеті бар. Көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Желкесіндегі екі түйір ұзын айдары желмен желкілдеп, арқасындағы «эгреткасы» жібектей сусылдап, ақша қардай үлпілдеген ондаған аппақ құстар (бұлар кіші аққұтандардың еркектері) қамысты қопа үстінде (не ағаш басында) отырған ақ күмістей жалтылдаған «ақбөз үйлерге» (бұлар аққұтандардың ұрғашылары) коға, қамыстарды тынбай тасып жүр, ал аналықтары олардан мұқият түрде диаметрі 25-30 см әдемі ұя жасайды да, оған 2-4 жұмыртқа салады. Жұмыртқаны әуелі біреуі (бұл кезде екіншісі тамаққа кетеді), содан соң екіншісі кезектесіп, тып-тыныш, үн-түнсіз алмасып басады. Қауіп төнген жағдайда өзінің бар екенін білдірмей, бұға қалады. Бір қызығы, балапандарына қамқорлығы өте күшті болса да, олар қанаттанысымен ұяларын тез-ақ тастап кетеді. Еріккендердің ермегіне, құныққандардың табыс көзіне айналып, жер бетінен жоғалуға аз-ақ қалған, елден ерекше жаралған бұл қанаттыбайлығымыз жан-жақты қорғалуы тиіс.

Қомағай да тасыр жүгенсіздерді жүгендеп қолда барға қорған болайық!
Кеш қалып өкінбейік!

ҚАЛЫҢ ТҰМСЫҚТЫ ШҮРІЛДЕК ТОРҒАЙ –

ТОЛСТОКЛЮВЫЙ ЗУЕК

Арал теңізінің шығыс жағалауына, Сырдария өзенінің төменгі арнасы аңғарына, Қызылқұм өңіріне тән, сондай-ақ, Қаратау жоталарына жақын шөлдерде ұщырасатын балшықшылар отрядына жататын ұсақ (салмағы 100 граммдай, қанаты 13-15 см.) құс. Алайда Аралы кеуіп, Сыры сарқылып, айналадағы экологиялық ахуалдың асқынуына орай олардың саны күрт азайғандықтан қалың түмсықты шүрілдек торғайға «барлық жерде де сирек тараған» деген мәртебе беріліп, Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабынан» алғашқылардың бірі болып орын алған. Ерекше белгілері: маңдайы мен басының қапталы қара түсті, төбесі мен желке түгі жирен сары, бауыр жағы тұтастай ақ, жемсауындағы жалпақ, ашық-сары түгі мойынға таққан алқадай құбылып жарасып-ақ көрінеді. Құйрығының үстіңгі қауырсыны ақ, дөрекіленіп келетін ұзынша, қатты мүйізді, қалың тұмсығы қара. Қысқасы, табиғат осы бір қарапайым құсқа өзінің барлық түс-реңдңрін қиып бере салған сыңайлы. Жастары мен ересектерінің, еркектері мен ұрғашыларының мезгілдің әр маусымындағы, күннің әр мезгіліндегі түстері, әр жағынан қарасаң алуан түрлі болып, мың құбылып, көз жауын алып тұрады. Дыбыс шығару әсте әуес емес, өте сақ бұл торғай жүгіріңкіреп барыпкілт тоқтап, тағы да көз ілеспес қарқынмен зырылдап жүгіріп кетіп тоқтай қалады. Сөйтіп айналадағы табиғаттың сан алуын қызықшылығын өзінің жарасымды мінез әрекетімен толықтырып тұрғандай. Олар өзінің сақтығын балапан шығару кезеңінде үдете түседі. Қауіп төнгенде ұядан лезде кетіп (қашып) үлгереді де, өтірік ақсаңдап-қисалаңдап, зыр жүгіріп, кілт тоқтап, тағы да жүгіріп, кілт тоқтап дұшпанын алаңдатып, ұядан алысқа алып кетеді. Ұзындау, сидиған сирақтарының артқы саусағы білінер-білінбес қана, тіпті болмайды. Қалың тұмсық шүрілдек торғай негізінен тегіс сазды-сораңды, сазды-тастақты, шөлейт, көбінесе аласа жксан өсетін, шһбі сирек шөлді аймақты мекендейтін жыл (көшпелі) құсы. Дегенмен олар Алтай тауының оңтүстік-шығысынан 1800 м биіктікте де мекендейтін көрінеді. Олар су жағасынан біршама қашықтықта»1-2 шақырым), тақыр жерді, тастақты-топырақты сәл шұқырлап, ұя жасап, оған сораң мен жусанның майда ұнтақтарын төсей салады, яғни ұя салуға онша мән бермейді (мүмкін алыстан көрінбейтін, үстінен түскенше байқалмайтын ұя салу, балапандарын аман-есен аяқтандырып жіберудің амалы шығар!). Орнитолог – ғалымдардың пікірінше, табиғатта аз кездесетін, сиреп бара жатқан торғайдың бұл түрін жан-жақты қорғап, зерттей түсу қажет. Ғалымдардың пайымдауынша, қалың тұмсықты шүрілдек торғай көбіне қоңыздарды – қи қоңызы, жапырақ жегіш қоңыз, біртұмсық қоңыз, барылдақ қоңыз, есекқұрт, қарақұрттарды қорек етіп, қоршаған ортаны таза ұстауға өзінше «үлес» қоса алады.

ҚАРАБАЙ – КАРАВАЙКА

Дегелек тәрізділер отрядына жататын, Республикамыздың «Қызыл кітабын» « Сирек кездесетін, жоғалып бара жатқан құс» айдарымен тіркелген қарабайдың өзінің ұзын сирақты өзге туыстарынан мынадай айырмашылықтары бар: Жүзіп жүргенде маңдайы, самайы, арқасы, әсіресе, қанатындағы жасыл көк қауырсындар сәулеге шағылысып, металдай жалтырап, құбылып-құлтпырып тұрады (еркегінің айдары бар). Құтан, жалбағай, су құзғыны, ақтұмсық қарғалармен қосыла, бір жерге бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған (Сырдарияға мамырдың аяғында) ұя салады (әр ұяға 3-4 жұмыртқа салады). Қарабайдың аз-аздан әлемнің барлық құрлықтарында (Оңтүстік Қазақстанда да) ұшырасады. Ертеректе Арал теңізінің шығыс жағалауында, Сырдария өзенінің төменгі бойында Шиеліге дейін, Телікөл көлінде, Сарысу өзенінің төменгі ағысында кең тарап, ұялаған. Бұл күндері аймағымыздағы өзен-көлдердің қайғылы тағдыры қарабайларға тікелей әсер етіп, саны құлдырап кеткен. Өйткені бұл құстың мекендейтін ортасы – адам аяғы бара бермейтін көлдердегі, өзеннің ескі аңғарындағы, өзен, көл, теңіздердегі аралдарда өскен ну қамыстар мен тоғайлардың арасы. Қарабайлар осы жерлердегі насекомдар мен өрмекші, маллюска, майда құрбақа, итбалық, балықтардың майда шабақтарын қорек етеді. Шегірткелер мен инеліктер және олардың личинкалары – бұл құстың сүйікті асын. Біздің республикамыздағы қарабай санаының азаю себебін шаруашылық мақсаттар үшін көптеген өзендер арнасының бекітіліп, басқа жаққа бұрылуынынң әсерінен көлдердің кеуіп қалуынан, қамыстарды щауып, өртеудің кесірінен іздеген жөн. Адамға пайдалы табиғат туындысы ретінде қарабайларды қорғап санын көбейту үшін оларды атуға және қамыстарды өртеп, шабуға түбегейлі тиым салынған жөн. Ұрпақ қамын ойлар ағайынға айтар сөз, облысымызда онсыз да азып кеткен жер-суымызды тек жан-жануарлар үшін емес, өзіміз үшін де сақтауға тиіспіз. Табиғыт жыршысы М.М.Пришвин: «Балыққа – су, құсқа – ауа, жануарға – орман, дала, тау керек. Ал адамға – Отан қажет. Табиғатты қорғау – Отанды қорғау деген сөз. Деп теббіренуі де сондықтан болар.

ҚАРАБАУЫР БҰЛДЫРЫҚ – ЧЕРНОБРЮХИЙ РЯБОК

Біздің облыста шымыр да тығыз денелі, аяқтары қысқа қарабауыр бұлджырық, ақбауыр бұлдырық (белобрюхий рябок) және қылқұйрық бұлдырықтың (саджа) үшеуін де бұлдырық деп бір атпен атай береді. Бұлдырықтардың биологиясы аз зерттелген, алайда олардың бір-бірінен анық байқалатын біраз айырмашылықтары да бар. Алдыңғы екеуі төрт саусақты, тек саусақтарына дейін ғана қауырсынданған, ал соңғысы үш саусақты және жаусақтары да қауырсындаған. Қарабауырдың құйрық қанаты қысқа, ақбауырдағыдай тым үшкірленбеген. Денесінің жоғарғы бөлігінің қаратеңбілдері аның көрінетін солғын сарғыш қоңыр. Тамағы сарғылт, сұр жемсауының астында жіңішке қара жолағы болады. Көкірегі сарғыш. Бауыр жағы мен бүйірі анық қара қауырсынды болғандықтан, бұларды қарабауыр деп атайды. Орташа салмағы 300-400гр, ұзындығы 20-25 см, «тшұр-тшұрлаған» ашық дауысы олардың келе жатқанын алыстан хабарлап үлгереді. Қарабауырлар сортаң топырақты, сазды, жусанды шөл даладағы майда және қиыршық тастары бар (тастар асқорытуға қатысады) тегістікке шағын шұқыр жасап, оған аздап шөп төсеп, жан-жағын таспен қоршалап (жұмыртқалар сырғып кетпес үшін) ұя жасайды да, оған 2-3 жұмыртқа салып, балапан өрбітеді. Бұлдырықтың үш түрінің де денесі сүйірленіп, оқша зуылдап, шапшаң ұшуға бейімделген. Жерде денесін тік ұстап жақсы жүре алады. Үйірленіп-топтанып (50-ден 200-ге дейін) тіршілік кешеді. Астық тұқымдастардың дәнімен (күзде піскен егін алқабына да барады), шөлде өсетін бұйырғын, күйреуік, жусан тұқымдарымен, өте сирек насекомдармен қоректенеді. Әлсіз, жас балапандарына 50-60 шақырым қашықтықтан жемсауымен су тасиды. Арал теңізінің ащы суларына сүйсіне шөлдерін қандырады. Орталықтандырылған аңшылық шаруашылығы жоқ біздің өлкеде, құс етін жегісі келіп кекіріп атқандардың жазда да, күзде де, көктемде де қарауылына ең көп ілінетіндер – осы бұлдырықтар. Сесебі бұлар – ерте келіп (наурызда), кеш қайтатын (қарашада) құстар. Бұлдырықтар міндетті түрде күніге екі рет (азанда, кешкісін) су ішуге, суы бар кез-келген жерге – өзен, көл, бұлақ, құдық, қақ сулары, су қоймаларына толассыз үйір-үйірмен (әр топта 60-100 дана, не одан да көп болып) келеді және су ішпей қайтпайды. Сөйтіп, қолына мылтық ұстағандардың қанжығасына кете барады. Қапшығы толғанша (көтергенше) ататынын қайтерсің! «бұлдырықтар саны азаюшы ма еді?» деген аңшың сөзін де есіттік. Нәтижесінде, әлемнің аз-ақ бөлігінде – Пиреней түбегі, Африка, Азияда, біздің республикамыздың құрғақ далалы, сусыз шөлді бөліктерінде ғана кездесетін бұлдырықтар санының жедел азаюы туралы дабыл қағарлықтай мәліметтер түсуде. Мысалы, Төбебұлақ елді мекенін (Арал ауданы) бір кездері осы құстардың ең көп тараған аймағының бірі Шалқарға (Ақтөбе облысы) дейін, Сексеуіл станциясынан (Арал ауданы) Құмсуат (Ақтөбе мен Қызлорда облысың батыс шекарасы) жотасына дейін аралаған кен барлаушылар бұрындары бұл құсты бөшкеге тұздап қойып, мерекелік дастархан жасайтынын, ал қазір бұл құстың сирек-сирек, әр үйірде 5-7 түрдей ғана кездескенін қынжыла айтады. Дархан даламыздың өлі де, тірі де байлығын көзбен көріп, қолмен ұстап жүрген осы жандардың айтулары бойынша, бұл маңайда өріп жүретін ақбөкендер азайған да, қарақұйрықтар бірен-саран ғана қалған, ал Арал теңізінің солтүстік шығыс жағалауының ну қамысы мен жабайы шошқалары да ізім-ғайып жоғалған. Құланды түбегінде (Арал ауданы) бір аңшы ағамыздың осы бұлдырықтарды тұздап, қақтап-кептіріп Алматыдағы «бастық достарына» тасуына да көмектескен едік. Осы аңшының айтуы боцынша, қарабауырлар Ұлы Отан соғысына дейін ересен көп болатын. Қоғамдық мал санының молайып, жусан-күйреуікті аймақ шөбі шабыла бастағанна кейін, олар да азайып кеткен. Оның үстіне соңғы жылдары жиі қайталанатын жауын-шашынсыз көктем, жазы ыстық, суаттар кеуіп қалатын қуаншылық жылдары олар мүлде жұмыртқаламайтын көрінеді. Сондай-ақ, қыстайтын өлкелерінде аса қатты қыс болған жылдары (1948-49, 1950-51, 1963-64ж.ж.) олардың саны күрт кемігені байқалған. Бір кездері қарабауырлар облысымыздың Қызылқұм, Қарақұмдарында жиі кездескен. Мәселен, 1973 жылы шілде-тамыз айларында арнайы зерттеушілер Қызылқұмның Құмқала, Қосқала мекендерінен топ-топ бұлдырықтар үйірін кездестірген және әр топта 90-200 дейін түрлерін көрген. Әрине, бұлдырықтарға бола адамның шаруашылық әрекетіне (ферма, шөп шабу алқабы, т.б.) тиым салуға, олардың мылтықтарын тартып алуға болмас, дегенмен олар келетін сіаттарды нақтылап, олардың тіршілігін зерттейтін лабораториялар ұйымдастырып, артық мөлшерде атуға заңмен тиым салынғаны жөн. Әйтпесе, бақылаусыз, шамадан тыс мөлшерде аулау арқылы бір уақытта бармақ тістеп қалуымыз ғажап емес. Республикамыздың «Қызыл кітабына» «сирек кездесетін, аз зерттелген» деген мәртебемен енгізілген бұлдырықтарға Қызылқұмнан, Құланеды түбегінің бұлдырықтар жайлайтын алқаптарынан қорықша (қорықтар) ұйымдастырылса да артық болмас еді.

ҚАРАҚҰС – ОРЕЛ-МОГИЛЬНИК

Күндізгі жыртқыштар отрядының бүркіттер туысына жататын қарақұстың бүркіттерге түрі-түсі мен сыртқы құрылысы, іс-әрекеттері мен жемтігінің ұстау кезіндегі қимыл-әдістері өте-мөте ұқсас болғандықтан, оларды бір-бірінен тек кәнігі құсбегілер мен аңшылар ғана ажырата алады. Бүркіттер туысына жататын бүркіт, қарақұс, дала қыраны, бақалтақ қыран, кезқұйрықтардың бәрін әрқайсысының әр жерде, әр тілде әртүрлі айта береді. Мысалы, қарақұсты ағылшын , испандықтар императорский орел, немістер императорский не царский орел, орыстар орел-могильник деп атайды. Тұлғасы бүркіттен сәл кішілеу. Салмағы 3 килограммдай, ұзындығы 80 см., жайған қанаты 2 метрге жетеді. Бүркір сияқты денесі қап-қара болғанымен иығының үстінде ақ дақтары мен басында ашық сары дақтар болады, құйрық қанаты доғалданып аяқталады. Қарақұс республикамыздың таулы және шөлді аймақтарынан басқа жердің бәрінде де таралған. Саны аз болса да біздің облысымыздың тоғайлы, жыңғылды-сексеуілді алқаптарында ұя салып, ұрпағын таратады. Солтүстік-шығыс Арал маңының сексеуілді орманында, солтүстік Қызылқұмның құмдарында, Сарысудың төменгі құйылысы алқабындағы құдықтар маңында өскен жекелеген ағаштар басында, Сырдарияның сағасындағы сексеуілді, жиделі және тораңғылды тоғайларда, Арал теңізінің батыс жағалауындағы қалың сексеуілді жынысында аздап та болса ұшырасады. Табиғат зерттеушісі А.Е.Брагин былай деп жазады: «Қазақстанның көп жерінде ол некен-саяқ болса да ұшырасады және ұя жасар жерді жіті зерттеп алады. Бұл құс салыстырмалы түрде Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Арал маңында тұрақты түрде кездеседі, алайда олардың саны жөнінде нақты мәлімет жоқ. Қызылорда облысының оң жақ жағалауында 1964-1967 жылдары 20 жұп қарақұс ұя салған» (Орлы. Алматы. «Қайнар». 1987). Қарақұс ұясын абажадай етіп, әртүрлі бұта сынықтарынан, шөптерден, ескі қиқым-қалдықтар төсеп, салбыратып-жалбыратып жасай салады десек те, бұл іске ата-анасы бірдей кірісіп, бірақ уақыт жұмсайды. Ұясына 2-3 алабажақ жұмыртқа салып, оны 45 күндей ата-анасы алма-кезек басады, балапандарын екі айдан аса уақыт асырап, күтеді. Елсіздегі молалар басында, ескі тамдар үстінде, самғау биіктегі аспанда алыстан кап-кара, қара ноқат болып көрінгендіктен де қарақұс атанған болса керек. Қарақұс алуан түрлі ет текті қоректі қыран болғанмен, бүркір сияқты қасқыр мен түлкі секілді ірі хайуандарға түспейду, себебі, оларға шамасы келмейді, ал қоян, жылан, майда құстар, кірпі, аламан, сарышұнақ, құм тышқандарын асқан ептілікпен, әдемі шеберлікпен көз ілдірместей қағып түседі. Бұл жыртқыш шырқау биікте қалықтап жүреді де, түсер жемтігін кқздеп алып, жартылай жазылған қанатыментөмен қарай өте шапшаң құлдилай жөнеледі. Зулаған екпінін қанатын қарама-қарсы бағытқа қағып тежейді де, өткір, ұзын тырнақты күшті аяқтарын алға созып жіберіп жемтігін шалт іліп алады. Ғалымдар М.А.Мензбир, А.Брем, В.Н. Шнитников еңбектеріне сүйенсек те, қарақұстар ұя салар орынға мән беретін сыңайлы, яғни, негізгі қорегі саршұнақтар мен майда құстар мол, жан-жағы еркін көрінетін ағаштар мен биіктеу бұталар өскен ауылдар мен мазарлар маңын қалайды және олар бүркіттер туыстары арасындағы адамға ең сенгіші көрінеді. Қарақұстың адамдарға деген осы достық пиғылы оған қасірет-қайғы әкелуде, себебі, ауыл маңындағы ұядағы қыранды атып алу және ондағы жұмыртқаны бүлдіру қиындыққа түспейді. «Су құстары мен аңы мол көлді даладағы қарақұстың келтірер зияны шексіз. Сондықтан оларды мүлде азайту керек». Бұл – жыртқыш құстарға деген теріс көзқарас белең алып тұрған уақыттағы газеттен үзінді. Табиғатқа бұндай қастандық әлі де тиыла қойған жоқ. Қайсар қыран, батыр бүркіттің қасиет-келбеті, ұқсас туысы, қазақтың ен даласында еркін өскен табиғаттың ерекше жаратылған туындысы қарақұстың көгілдір аспанымыздың аппақ айдынында алықпай қалықтағанын көру сәті сиреп кетті. Кеңестер Одағы «Қызыл кітабына» енгізілгенмен, белгісіз себептермен республикамыздың осындай еітабына тіркелмей қалған қарақұсты қорғау және олардың санын қайта қалпына келтіру шараларын жедел іске асыруды бүгіннен бастап қолға алу керек, өйткені ертең кеш болады. Қарақұс өмір сүруі тиіс!

ҚЫЗҒЫЛТ БІРҚАЗАН – РОЗОВЫЙ ПЕЛИКАН

Қызғылт бірқазан дене бітімі, тіршілік ортасы, мінез қылығы және өмір сүру тәсілдері жөнінен бұйра бірқазанға өте ұқсас, тіпті оларды бір-бірінен ажыркту қиын. Біріншісі екіншісінен сәл кішілеу (салмағы 11 килограммдай), ақ қауырсынды, кеудесі сарғыш дағы бар ашық қызғылт, бірінші қағу қанаты қарамен көмкерілген, желкесінде бір уыстай ғана үшкір де жіңішке қауырсыны болады. Қызғылт тұмсығында көкшіл-сұр жолағы бар. Сондай-ақ, ол басын тік ұстамайды, жүзген кезде мойны мен басын арқасына қарай шалқайтып ұстайды. Ұшқан уақытта кеудесі мен құосағындағы қызғылт бояуы анық көрінеді. Иегінің (төменгі жағының) астындағы тері қалтасы сары, ол қызыл сызықмен теңбілденген. Аяқтары қысқа, қызғылт бояулы, саусақтары ішіне қарайиілген, арасы алшақ, сары тері жарғақпен қосылған.

Барлық жыл құстары сияқты келу-кету мерзімдерін қатаң сақтайды. Біздің аймаққа (Сырдарияның төменгі аңғарына) наурыздың екінші жартысында келіп, алғашқы салқын түскен соң, қазан айының басында қыстауға (оңтүстікке қарай) қайтады. Арал теңізі төңірегінде балығы мол (сазан, тыран, торта, алабұға, т.б.) тұщы көлдердің ортасындағы қауіп-қатер аз (әсіресе, адам бара алмайтын жерлерді қалайды) ну қамыс-қоғаның биік қопалары үстінде жұптасып, көлемді ұя салады да, оларға 1-3 жұмыртқа салады. Қызғылт бірқазандар колониясындағы жүздеген жұбы (олар жеке-дара ұя жасамайды) жұмыртқаларын бір мезгілде салады, сондықтан балапандары бір мезгілде өріп, азан-қазан, у-шу «құс базары» басталады да кетеді. Сырдария аңғарында жұмыртқалайтын бірқазандардың балапандары тамыз айында ұша бастайды. Туған табиғаттың осындай керемет сый-суретін біздің ұрпақтарымыздың көре алмауы әзірге көпшілігімізді ойлантып та жүрген жоқ. Сырттан қарағанда қолапайсыздау, жердегі жүрісі де ебейсіз бұл құсты батыл да күшті, сезімтал да сақ деп айта алмайсыз. Алайда, бұйра бірқазанның жақын туысы болып саналатын қызғылт бірқазан жараланғанда, ашуланғанда жауларын тұмсығымен дәлдеп ұрып, қанатымен сабап, қашан бойдан қуаты кеткенше айбат шегуін тоқтатпайтын керемет өжет құс. Қауіптен секем алған бойда (әсіресе, адамдарды байқаса) дәу денесі мен әжептәуір салмағына қарамастан өте шалт көтеріліп, ұшып кетеді. Екі аяқтылардан зәрезап болғаны соншалық, қаншалықты биіктікте ұшып келе жатса да, адамдарды көрсе болды, дереу басқа бағытқа бұрылып кетеді, не аспанда ұзақ қалықтап ұшып, қауіп бұлты сейілгенше қонбайды. Көгілдір таза аспанда ақшаңқан аппақ қанатын кең жайып, топ болып ұшқан кезде әуедегі бөлек-бөлек ақша бұлттардай күн көзін жауып, елді еріксіз өздеріне ерекше сүйсіндіретінін айтсайшы! Иә, біз әспеттеп сипаттап отырған қызыл ала аруымыз – қызғылт бірқазан бүл күнде әлемнің барлық аймақтарында да (өздерінің негізгі отаныВенгрия, Чехословакияда) өте сиреген (Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабы» І-том. 1978 ж.) бұдан аз ғана жылдар бұрын Каспий теңізінің республикамыз аймағына кіретін солтүстік-шығыс жағалауында, оған құятын Еділ, Жайық және Эмба өзендері атырауларында ұя салып, атақоныс етіп жайлап алса, қазір бұл өңірлерге ұя да салмайды, тіпті соқпайтын көрінеді. Жақын уақыттарда ғана арал теңізінің шығысы бөлігіндегі аралдар қызғылт бірқазанның негізгі қонысы болған. «Қайта өрлеу» («Возрождение») аралдары және «Шағала» аралында олардың үлкен колониялары (топтары) болған. ХІХ ғасырдың аяғында Қазалы қаласы маңындағы көлдерде олар үлкен-үлкен тоа болып (әр топта жүздеген жұп) ұялап, ұрпақ өргізген. Арал теңізін зерттеуші ғалым Н.А.Зарудный 1914 жылғы сапарында бұл құстың Жаңадария өзені сағасында, , Арал теңізінің майда аралдарында ұялағандарының үстінен шыққан. Табиғат зерттеушісінің жазбаларына қарағанда «Арал өңірінде жұмыртқалап жүрген қызғылт бірқазандар тым азайып кеткен», бірақ «азайып кеткен» дегенмен сол кезде бұл керемет қанатты дос саны едәуір екен. Ал Е.П.Спангенберг (1928ж.) және Г.А.Фейгер (1936ж.) қызғылт бірқазанның ұялау мекенін арал теңізінің шығыс жағалауынан аз болса да кездестіргендерін жазған. Сырдария өзенінің теңізге құяр атыраулары мен Арал теңізінің шығыс жағалауындағы бұл құстың саны осылай біртіндеп азаю үстіндн көрінеді. Мысалы, Сырдария өзенінің төменгі аңғарында 1965 жылы қызғылт бірқазанның 250-300 жұбы (бірқазандар дара жүрмейді!), ал 1979 жиырма шақты ғана жұбы жұмыртқалаған жеген деректерін зоолог-ғалымдар қынжыла жазады. Ал қазіргі кезде бұл құстар Арал теңізінің еш жерінде кездеспейді де, ұя да салмайды. Нәтижесінде, қызғылт бірқазанға «тез жоғалып бара жатқан құс» деген айдар тағылып, Кеңестер Одағының және еліміздің «Қызыл кітаптарынан» орын берілген. Өкінішті-ақ! Көкірегіне «нан піскен» пенделердің тасыр қимылдарына қарсы келер қауқар болмай, Аралдан айрылдық, Сырдария сусырап қалды, оған Байқоңырдағы баса-көктеушілікті қосыңыз! Жекелеген аңшылардың бірқазанды еті, мамығы үшін (терісінен «құс ішік те» жасайтын көрінеді) аулауына тиым болар емес. Облыс төңірегінде (республика аймағында да) қоры азайып, құрып бара жатқан қанатты байлық – қызғылт бірқазан мекендейтін (ұялайтын) су қоймаларын қорыққа (қаумалға) айналдыру, құс аулау уақытын (әсіресе, балапан өргізу кезінде ауламау) қатаң сақатау, қамыс-қопаларды таптап-өртеуге тиым салу шаралары нақты қолға алынбаса, бұл құстан да көз жазып қалатын түріміз бар. Румыния мемлекетінде тек қызғылт бірқазандар үшін ғана үш шағын қорық ұйымдастырылыпты. Өзіміз өмір сүретін ортаға осылай қамқорлық жасау керек-ау, ағайын! Ал кең байтақ қазақ жерінде бар болғаны жеті-ақ қорық. Сонда біздің елде қамқорлыққа зәру аң-құс аз ба? Адамдардың аялы алақанын аңсаған аймағымыз жоқ па? Қорықтар ашуға жер жетпей ме? Етектен тартар енжарлық кесірінен қолда бар алтынды қастерлемей, қолдан шығып кеткен соң өкініп-ақ жүрген жоқпыз ба?!

ҚЫЛҚҰЙРЫҚ БҰЛДЫРЫҚ, ШАЖА – САДЖА (КОПЫТКА)

Қылқұйрық бұлдырықтың ақбауыр және қарабауыр бұлдырықтардан негізгі айырмашылығы бұның саусағы үшеу және саусақтары бірігіп (қосылып) кетіп, тұтас табан-қалың ұлтан (тұяқша сияқты) құрайды. Сондықтан, бұны «тұяқты бұлдырық» (копытка) – «тобан аяқ» бұлдырық деп те атайды. Ұлтаны да қауырсынданған. Осы қалың ұлтан-табаны ыстық шөлді жерлерде аяқтарын күйіп қалудан сақтайтын болуы керек. Екінші айырмашылығы, құйрығы, әсіресеі ұшы, ерекше, қылдай ұзын (қылқұйрық десе, қылқұйрық) және ұлтан-табаны мен қыл құйрығы бұл бұлдырыққа ерекше әр беріп, сән беріп, реңі солған, бұйығы шөлді көріктендіру үшін ідейі жіберілген табиғаттың сыйы іспеттес. Қара жолақты арқасы сарғыштау, аяғына дейін ақ қауырсынмен қапталған, көкшіл-сары кеудесінде қара ала жолағы бар (бұл жолақ ұрғашысында болмайды), құрсағы қара, денесінің ұзындығы 40 сантиметрдей, салмағы 300 граммдай тартады. Бұл бұлдырықтың негізгі өмір сүру ортасы – Қазақстан республикасының, соның ішінде Қызылорда облысының, жусан сияқты табиғи дәнді дақылдар өскен, қатты саз топырақты, сор және сортанды, қиыршық тасты, шөл және шөлейт өлкелердің отырықшы құстары. Қызылқұмда қыстап шығалы. Кейде қыстауға оңтүстікке орын ауыстыратын көрінеді. Қылқұйрықтар басқа бұлдырықтар сияқты көпшіл, топ-тобымен (әр үйірде жүздеп, ал балапандарын түгел өрбіткен кезде мыңдап) тіршілік ететін құстар. Жааратылысынан момақан бұлдырықтар осылайша топ-тобымен суатқа келеді және осылайша үйір-үйірмен аңшылардың қоржынына түседі. Олар тек «күй салтанаты( кезінде ғана екеуара жұптасады. Бұл бұлдырықтардың көбеюі, қоректенуі, жалпы тіршілік әрекеті,жоғарыда айтылған туыстарына өте ұқсас. Сондықтан, қылқұйрықтың санының азаю себептеріде соларменбірдей, олай болса бұларды қорғау шаралары да ұқсас, яғни, біріншіден шөлді аймақтарда қорықтар ашу , атуды қатаң қадағалап, ату мөлшерін белгілеп, есепсіз аулағандарға қатаң шара көру, биологиясын зерттейтін арнаулы лабораториялар ұйымдастыру. Мысалы, қылқұйрықтардың өздері ұялайтын мекеннен басқа жаққа мезгілсіз, аяқ астынан, тез, жаппай қоныс аударуы ғылымға әлі жұмбақ болып қалуда. Олардың мезгілсіз, орасан зор мөлшерде жаппай көшуі 1859,1963,1888,1908,1913,1922,1944 жылдары, батысқа – ұлыбританияға, Италияға шейін, Шығысқа – Приморье және Хабаровск өлкелеріне дейін барғаны тіркелген.

ҚЫРҒАУЫЛ – ФАЗАН

Қырғауыл – еті дәмдә, қауырсыны, мамығы өте бағалы, ең сұлу құстың бірі, әсіресе, үсті жалт-жұлт етіп тұратын қоразы өте әдемі. Қанатының ұзындығы 2,5 метрге жетеді, ал құйрығы да таң қаларлықтай ұзын. «Король құсы» атанған қырғауылға біздің Қызылорда облысының көлднрі мен Сырдарияның қамысты-қопалы жағалаулары, жиде, тал, тораңғы, жыңғыл секілді ағашты – бұталы тоғайлары жақсы қоршаған, қамыс арасы жақсы мекен, қопа, үйінділері арасындағы қуыстар қыста түнеуге жылы, қауіп төнгенде жауларынан қорғанатын жақсы баспана болғандықтан, сондай-ақ, қырғауыл негізінен өсімдік текті қорекпен, атап айтқанда, жиде, ақ тікен, құрмек, шырмауық және басқа арам шөптердің жемісі, дәні, сабағымен (сирек жағдайда майда насекомдармен) қоректенетіндіктен, яғни олардың тіршілігі мен өсіп-өнуіне нағыз қолайлы мекен болғандықтан, қырғауылдар біздің өлкеде мол болғаны рас. Ал соңғы кезде қырғауылдың кюбею орны – қамыс-қопаны өртеу, орман-тоғай ағашын кесу, шамадан тыс мал жаю, рұқсатсық жыл бойы аулап қырып-жою табиғат көркі, халық шаруашылығына пайдалы болып саналатын маңызды осы құс төресінің облыс аймағында азайып кетуіне себеп болғаны жасырын емес. 1970 жылдың сәуір-мамыр айларында Жалағаш, Сырдария аудандарының Сырдария және Жаңадария өзендерінің бұталы тоғайларында қырғауылға жүргізілген санақ бұл құстың санының азайғанын көрсетті. Мысалы, 21 сәуір күні Жаңадария кеншарынан 10 шақырым қашықтықтағы сексеуіл-жыңғыл өскен бұталар арасынан 6 қырғауыл, 15 мамырда Жаңадария өзені бойындағы сексеуіл аралас өскен қамыстар арасынан үш сағатта 9 қырғауыл, 19 мамырда төрт шақырым қашықтықтан 3 қырғауыл ғана ұшырасқан. Әрине, бұл сан отызыншы-қырықыншы жылдардағы көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Ол уақытта күніне бір аңшы 40-60 қырғауыл атып алатын болған. Тіпті кептірілген күйдегі осы құстың еті Қараөзек станциясынан Мәскеуге жөнелтіліп тұрған көрінеді. Республикамыз бойынша есепте тұратын аңшылар 1962 жылы 18,8 мың, 1965 жылы 12 мың қырғауыл атып алған. Ал есепке тұрмайтын аңшылардың атып алғаны қаншама десеңші. Ал республикамыз бойынша 1968 жылы шамамен 50-60 мың қырғауыл мекен еткен. Рас, қырғауыл тез өсетінқұс, мекиені орта есеппен 8-14 балапан өрбітеді.оның үстіне соңғы жылдары оларды атуға уақыт белгіленді, тиым салынды, есепте тұратын аңшыларға бір шыққанда 2, маусым бойынша 4 қырғауыл ғана атуға рұқсат берген. Бұл құс санын көбейтуге бағытталған осындай игі шаралар қолға алынып отырғаны құптарлық іс. Десек те, қырғауылды аулап, оның санының көбеюіне кедергі келтірушілер тиылар емес, аталған шаралар браконьерлерге қарсы пәрменсіз болуда. Егер қырғауылға деген көзқарас осылай жалғаса берсе, онда бұл құс та көп ұзамайРеспублика «Қызыл кітабынан» орын алары сөзсіз. Табиғат байлығы сарқылмайтын қор емес. Әр нәрсенің шеті мен шегі боларын бажайламай, ашкөздікпен қарасақ, балаларымызға қу медиен дала қаларын ертерек ескерейік, көпшілік қауым.

КІШКЕНЕ СУҚҰЗҒЫН (ҚАРАҚАЗ) – МАЛЫЙ БАКЛАН

Тұщы суда да, теңізде де тіршілік ететін шағын денелі бұл құс – ескек аяқтылар отряды суқұзғындар тұқымдасының өкілі. Қарақаз деген де аты бар. Барлық төрт саусағының арасы тұтас терілі жарғақпен қосылып кетіп, аяғы ескек қызметін атқарады. Басқа су құстарына қарағанда суқұзғындардың сыртқы келбеті, әсіресе, кіші суқұзғындардың сыртқы тұлғасы, өздеріне тән жеке-дара, ерекшелеу көрінеді. Жіңішке, созылыңқы денесінің ұзындығы 50 см ғана (үлкен суқұзғынның ұзындығы бір метрге жетеді), басы мен мойнының қоңыр түсі анық көрініп тұрады. Қауырмындары жылтыр қара, ал құйрығы салыстырмалы түрде ұзын, қанаттары қысқалау, ұзын тұмсығының ұшында ілмек-қармағы бар. Ал ұшу кезіндегі көрінісі мүлде адам қызығарлықтай. Жерден тез көтеріледі де, ұзын тұмсығына жалғасқан ұзын мойнын алға керіп, өзінің онсыз да созылыңқы жіңішке денесі ұзын құйрығын одан әрі жалғастырып созып жіберіп, қанатын жиі-жиі қағып ұшқанда әуеде жіңішке, сызықша жіп ұшып бара жатқандай әсер сезім қалдырады. Аяғы денесінің артына таман орналасқан. Тамақ асты қалтасы, бірқазандардағыдай емес, онша байқалмай, құйрығының қатты қауырсындарымен жерді тесіп, денесін тік бағытта ұстап отырады. Әуеде қалықтап ұша алмай, икемді қимылдар да жасай алмайды. Жерде де ебедейсіз қозғалады. Оның есесіне ескес тәрізді аяқтарының арқасында суқұзғындар нағыз сүңгуірлер болып табылады және тамаша жүзеді. Осы қабілетінің арқасында бұлар өздерінің негізгі қорегі су астындағы балықтарды өте ептілікпен қуалай аулай алады. Суқұзғындар - көпшіл құс. Теңіз, көлдер жағалауларындағы, өзен сағаларындағы қамысқа, ағаштарға, тастарға топтанып ұя салады. Бұл құстың әлсіз қызыл шақа балапандарын қоректендіргендегі тәсілі де өзге құстардан ерекшелеу. Ата-аналары балапандарының алдына келіп ауыздарын кең ашып тұрады. Ал балапандар олардың жемсауындағы балықтарды таласып, тармасып, айқайласып-шуласып алып жейді. Суқұзғындар республикамызда тек каспий маңы жағалауында, Арал теңізі және Сырдария бойында таралған. Суқұзғындар соңғы кездері Каспий маңына ұя салмайтын болыпты. Сырдария сарқылып, Арал теңізінің ахуалы мүшкіл халге жеткен қазіргі кезеңде бұл құстың біздің өңіріміздегі тағдыры да қыл үстінде десе де болады, яғни, таяу келешекте біздің облыс аймағын да тастап кететін түрі бар. Бұдан 15-20 жылдай бұрын бұл құстар біздің облыстың балығы мол су айдындарында жылдың 10 айы бойы (ақпан-қараша) кездесіп, Сырдарияның Жөлек елді мекені тұсынан жоғары қарай тұрақты түрдк қиналмай қыстап қалушы еді. Суқұзғындар балықтармен қоректенгенмен балық шаруашылығына зиянын тигізбейтін. Кайткен күнде де шаруашылыққа пайдасыз болғанымен өзгеге зиянсыз , өлкеміздегі өзен-көлдердің сәні іспеттес табиғаттың бір бөлшегі болып табыоатын суқұзғандар өмір сүруі тиіс! Ел Конституциясының 3-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» деп көрсетілуі де тегіннен-тегін болмаса керек

МӘРМӘР ШҮРЕГЕЙ – МРАМОРНЫЙ ЧИРОК

Денесі шағын (салмағы 600 граммдай ғана) болғанмен кәсіптік маңызы бар, лай-батпағы мол, жағалауында қамыс-құрықтар мен бұталар көп өскен, суы тұщы көлшіктерде (дарияның жайылма суында да) үн-түнсіз, жасырынып өмір кешетін, су бетінде жалтырап-жалтылдап, мәрмәрдей құлпырып жүретін бұл шүрегейді көбіміз-ақ білеміз Олар шөбі жоқ терең суларға жоламай тығылып тіршілік еткенмен қоректену үстінде су түбі жануарлары – насекомдар, моллюскалар, су өсімдіктерінің өркендері мен тұқымдарын іздеп, жағалауға жақын келгенін байқамай да қалып, аңшылардың қарауылына көп ілінеді. Кеңестер Одағының «Қызыл кітабына» да тіркелген, сондай-ақ өз республикамыздың «Қызыл кітабына» «Қазақстанда өте сирек кездесетін, құрып бара жатқан үйрек» мәртебесімен енгізілген осы шүрегей санының өспеуі де осында жатса керек. Ашық реңді, сұрғылт-қоңыр шағын тұлғасының әр қауырсынының ұшында анық көрінетін дақтары бар. Басының екі жағы ақшыл, көзінің айналасында сопақша қара дағы болады. Ақшыл тамағында күңгірт секпіл байқалады. Бауыры сұрғылт, қызғылт-сарылау келген. Еркегінің желкесінде шағын айдары бар. Төрт саусағының үшеуі алдына қарай бағытталып, жарғақтармен қосылғандықтан жықсы жүзе алады. Қаз тәрізділер отрядына жататын өзен үйректері тұқымдасының өкілі мәрмәр шүрегейдің тұмсығы қаздардағыдай жалпақ та емес, үстінен қысыңқы да емес, жіңішке, үстінен көтеріңкі болғандықтан оларды кейбір әдебиеттерде жіңішке мұрынды үйрек деп те атайды. Тұмсығы жұқа терімен, үстіңгі тұмсығының ішкі жағы мүйізді пластинкамен қапталған (ол судың лай-батпағын сүзу үшін керек). Денесінің алдыңғы бөлігін тұтас батырып, құйрығын ерсілеу көтеріп, шошайтып жүзеді, шалт көтеріліп, шапшаң ұшады. Жерді шұқырлап қазып, оған құрғақ шөптер мен қылшық-қауырсын жүндерден төсеніш төсе, ұя жасайды да,10-12 ақ, қызғылт түсті жэұмыртқа салады. Күн сәулесімен шағылысып, мәрмәр десе мәрмәр тастай жалтырап, елсіз даладағы су айдандыры мен көлшіктерге жан беріп, өздерінше бір әлем құрып, тіршілік көрігін қыздырып жүретін осы шүрегейлер Сырдария өзенінің республикамыздың шекарасынан бастап Қазалы қаласына дейін, Телікөл көлдерінде, өткен ғасырдың 40-жылдарына шейін көптеп ұялайды екен. Өкінішке орай, бірінсіз-бірі болуы мүмкін емес, бірінен-бірі ажырамас мәңгі бір, екі құбылыс – адамзат пен табиғат арасындағы байланыс әлсіреп, адамдардың жоспарсыз да оспадарсыз қылықтары күннен күнге көбейіп кетті де, өзендерге бұзау салынып, олардың жайылымдарындағы майда көлдер құрғап қалды. Сөйтіп, біздің облыс көлеміндегі көптеген жан-жануарлар сияқты мәрмәр шүрегейлер де көзден ғайып болды. Онсыз да аз тараған бұл құстың келешек тағдыры осы күнде күмәнді де, тұманды болып қалып тұрғанын мойындағаннан басқа шара қалмай тұр.

ӨГІЗ ШАҒАЛА (ҚАЛЫҢ ҚАРАБАС ШАҒАЛА) – ЧЕРНОГОЛОВЫЙ ХОХОТУН (ЧАЙКА ХОХОТУНЬЯ)

Біздің облыс аймағында өгіз шағала, көк шағала, қалың шағала көп таралған болатын. Көл шағаласы (озерная чайка), қарқылдақ шағалалар (крачки), теңіз кептер шағала сы (морской голубок), құрықтұмсық (поморник) шағалалар да кездесетін. Бұл шағалалардың өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін Барсакелмес қорығы, Арал теңізі мен осы аймақтағы көлдердің және Сырдарияның теңізге құяр жалпақ атырауының сәні де, әні де болғанын аңсаумен еске алсақ, қазіргі кездегі теңізден қалған ащы көлдер мен аралдарда некен-саяқ ұялайтытын, көлде жүзер шағаланың күлге қонып жүргенін көзбен көріп, шарасыз күн кешудеміз. Шағалалар отрядына жататын құстар негізінен суда өмір сүреді. Жалпы денесі ақ (кейбіреулерінің тұмсығы, көзінің айналасы қара, аяғы сарғыш) , тұлғасы жеңіл (3 килодай аспайды), біршама ұзын, сүйір қанатының арқасында өте жақсы ұшады, саусақтары жарғақпен көмкерілген қысқа аяқтары жәрдемімен керемет жүзе алады, бірақ сүңги алмайды. Негізгі қорегі балықты ұстау кезінде денесін суға жартылай батырып алып қана сүңгиді. Жерде жақсы жүреді, жеңіл жүгіре алады. Екі бүйірінен қысыңқы, сәл төмен иілген шағын тұмсығы шырышты-сусымалы балықты берік ұстауға бейімделген (ашыққан кездері құрғақ даладағы кемірушілер, насекомдарды аулап та күн көреді). Шағалалардың қауырсындары қалың, майда мамықтары көп болады. Судағы жартастарға, жағалаудағы қопадлар үстіне үлкен тоа болып ұялайды да, 2-5 дана ала-шұбар жұмыртқаларын салып, біршама жетілген ширақ балапан өргізеді. Қалың қарабас шағаланы басқа туыстарынан мақпалдай жалтыраған қап-қара басы мен көзінің айналысындағы «ақ көзілдірігінің» болуы арқасында ғана ажыратуға болады. Арал балықшыларының «теңіз сұлтаны» деп ат берген ақ күмістей ақ шағаласының аппақ қанатындағы қара дақтары және сарғыш тұмсығы мен жасыл сарылау аяғының азанғы алтын күн шұғыласына малынғанын көру, олардың алуан түрлі дыбыстарымен шаңқылдап-саңқылдауын есту, құдіреті күшті – тәңірінің бізге берген керемет сыйлығы деп ұғынған жөн-ау, ағайын. Өгіз шағалаларын «зияндылар» қатарына қосу қате пікір. Керісінше, олар ауру, өлген балықтарды жеп, су қоймаларын тазалап пайда келтірсе, көптеген зиянды кемірушілер мен насекомдарды қорек қылып та пайдасын тигізеді. Шағалалардың терісі «құс елтірісі» деген атпен қолданылатын көрінеді. Қалың қарабас шағала көктемде туған мекені арал теңізінің мұз көбесі сөгілмей-ақ, ақпан айының аяғында келе бастайды да, күзде әбден мұз қатқанша қайтпайды. Тіпті қалың шағаланың Арал теңізіне қыстап та қалатын жылдары болған. Кеңестер Одағының «Қызыл кітабына» тіркелген бұл шағала Арал теңізінің тартылып, Сырдарияның сарқылуына байланысты біздің де жоғалып бара жатқандықтан республикамыздың «Қызыл кітабына» да енгізілер-ау, бірақ... Бірақ кітапқа тіркелу өгіз шағаланың табиғаттағы санының өсуіне септігін тигізе ме? Теңізіміз толып, өзеніміз өз қалпына келмесе, бұл құстың біздің аймақтан безіп кетері ақиқат.

СЕКСЕУІЛ ЖОРҒА ТОРҒАЙЫ – САКСАУЛЬНАЯ СОЙКА

Ғажайып мінез-қылығы көп, өзіндік ерекшеліктері де жетерлік, жұмбақ сырлары әлі ашылмаған, сирек кездесетін бұл сәнді құс бүкіл дүние жүзі бойынша тек орта Азияның батыс шөлінде және Қарақұм мен Қызылқұмда (Қызылқұм сексеуіл жорға торғайы), здап Оңтүстік Балқаш маңында (Іле сексеуіл торғайы) таралған. Әрі сирек, әрі саны аз болғандықтан республикамыздың «Қызыл кітабына» «Өте сирек құ» мәртебесімен тіркелген. Бұта басына көп шықпайды, көп ұшпайды жа. Өте шаршаң, көз ілеспес жылдамдықпен, тез-тез қадамдап, әдемі жорға жүріспен жиі-жиі «це-це-це» -деген өткір дыбыс шығарып, алдыңа түсіп жорғалайды да отырады. Жорға торғай аты содан қалса керек. Адам аяғы бармайтын ұшы-қиырсыз, қу медиен құмды шөлдерде тіршілік етуге әбден бейімделген. Сексеуіл жорға торғайы «ешкімді де, ешнәрсені де жақтырмай», тек өзі ғана жүргенді ұнатады. Аңыздарға сенсек, бұл торғай ауылдастары алдында әбден масқара болған соң, тәңірге эалынып, өмірбақы елдің бетін көрмейтін қиян шөлге кетіп, құсқа айналған саудагер жігіт көрінеді. Жазатайым ол мекен ететін маңайға ел қоныстана қалса, бұл торғай ол жерден де кетіп тынады екен. Көп жасырын сырлары ішінде тығылып жатқан сексеуіл жорға торғайы санының одан әрі азаюына адамдардың шөлді өңірді ел игілігіне айналдыруы себеп болуда. Оның үстіне бұл торғайдыңжұмыртқадан жаңа шыққан, ұша алмайтын жас балапандары ұяларын бірден тастап кетеді екен де (әр ұяда 3-6 балапан), олардың тең жартысы өлім-жетімге ұрынатын көрінеді. Бұлар негізіне отырықшы құсқа жатады, яғни қытауға (анда-санда ғана болмаса) алысқа кетпейді, өзі мекен еткен сексеуіл өскен құмды-бұталы аймықты ешкімнің көзіне түспей жаз жайлап, қыс қыстап өмір кешеді. Шөлдің сирек кездесетін бұл қанатты сұлуының денесі металдай жалтырағанг сұр-күлгін түсті жұмсақ қауырсынымен жабылған және қанатында ақ қауырсындар араласқан. Тамағы мен құйрық қанатының асты ақ, жемсауында қара үшбұрышты дағы бар. Салмағы 100 граммға жетер-жетпес, қанатының ұзындығы 10-12 см, қара тұмсығы жіңішкеріп, үшкірленген. Бұл торғай ұшқан кезде ала қанат сауысқанға ұқсап та кетеді, алайда бұның құйрығы қысқа. Қарасаң қарай бергің келетін осы сұлудың айдалада, ала бөтен өмір кешуінің өзі шешілмей келе жатқан жұмбақ. Бұның Арал қаласынан 120 шақырым батыстағы Барсакелместен табылуы да (В.И.Костин, 1956 ж.) қызық-ақ. Сексеуіл жорға торғайы Қызылқұмның Қазақстанбөлігінде, атап айтқанда, Жаңадария өзені маңындағы Солтүстік-батыс Қызылқұмнан табылған. Табиғат зерттеушісі Н.А.Северцов (1857ж.) Қызылорда қаласынан 360 шақырым жерден бірнешеуін ұстаған, алайда кейіннен бұл маңайда кездеспей кеткен. 1963 жылы 2 мамырда Қызылорда қаласынан 90 шақырым Оңтүстік батыстағы Мартөк жайлауынан есейген балапандары ұсталған (Степаньян, 1969 ж.). 1973 жылы сәуір айында Қызылқұмда бірнешеуі ғана кездескен. (Ш.Әлиев,А.Бекенов, Х.Қыдырбаев. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау. 1975 ж.). Кюбею кезінде ҚҰызылқұм жорға торғайының жүзген, сексеуіл бұталарының басына «ұя-үй» жасау да ғажап әрекет. Торғайларға тән емес бұндай үлкен ұяның төбесін сексеуіл, теріскен, жүзген бұтақтарымен жауып, жүн, қыл, түбіт, қауырсындар төсеп, арнайы есік қалдырып жасайды. Өздері мекен еткен ортадағы әр түрлі насекомдармен қоректенеді де, суды онша көп талап етпейді. Шаруашылық маңызы жоқ болса да, облысымызда тіршілік ететін қанаттылардың бір биологиялық түрі ретінде шөлді аймаққа жан бітіріп, сән беріп жүретін осы бір құйтақандай құсты табиғатта сақтап қалу қажет-ақ. Шөлді мекендер жануарлары үщін Қызылқұмнан қорық ашылып жатса, құба-құп болар еді-ау! Ал сексеуіл жорға торғайы тіршілік ететін жерлерді әлі де анықтай түсіп, бұл құстың құпия сырларын жан-жақты зерттеу алдағы күндердің еншісіне қалып тұр. Табиғатта басы артық ешнәрсе жоқғ яғни бұл торғай да тірі дүние әлемінің «бір кірпіші» екенін ескерген жөн.

СЫБЫРЛАҚ (ШИҚЫЛДАҚ АҚҚУ) – ЛЕБЕДЬ–ШИПУН

Қазақстан Республикасында аққулардың екі түрі – сұңқылдақ (үншіл) аққу (лебедь-кликун) және сыбырлақ (шиқылдақ) аққу таралған болса, оның екіншісі Арал теңізі, Сырдания өзені маңы көлдерінің негізгі «тұрғыны» болған. Сұңқылдақ аққуға «Құрып бара жатқан құс» мәртебесі беріліп, республикамыздың «Қызыл кітабына» тіркелген. Ал бұл кітапқа белгісіз себептермен енгізілмеген сыбырлақ аққуды Аралдың тартылып, Сырдарияның тек ізі ғана қалған осы уақытта біздің аймақта бір көруге де зар болып қалғанымыз айдай ақиқат қой! Соңғы уақытта аққу секілді табиғаттың кірпияз жаратылыс иесінің біздің өлкегк әрі-бері өткенде (құстардың келіп-қайту уақыттарында) соқпай кетуі заңды да. Өйткені аққулар нәзіктік пен сезімталдықтың, тазалықтың, әсемдіктің, сұлулықтың символы, аса талғампаз да тәкаппар, күллі халық сүйіп ардақтаған «Құс падишасы» емес пе?! Қасиетті Арал қасіретке айналған тұрған заманда, сылаңдаған сұлу Сырдың бас салтанаты бойынан көшпеген кезеңде киелі аққулар біздің Қызылорда аймағының өзен-көлдерінен, қамысты қопаларынан қолайсыз ауа райы мен жауларынан қорғанатын баспана табатын еді-ау! Аққулар ұяларын сор жамылып, құм жастанған Арал теңізінің баипақты-шалшықты көлдеріне, болмаса зәрмен уланған, жазылмас дертке шырмалған Сырдарияның тұзды-сорлы жерлеріне емес, адам аяғы тие бермейтін ну қамыс-қопа арасына, суы тұщы әрі таза ірі көлдерге салады. Аққу! Қанша рет естісең де, күллі адамзат баласының өзіне деген іңкәрлік сезімін тудыратын керемет киелі сөз! «Аспандағы аққуым», «айдай сұлу аққуым» деген сүйіспеншілік бекер тумаса керек. Ай нұрының астында, айдын көлде ақ күмістей аппақ аққудың жай жылжып маңғаздана жүзіп бара жатқанын көру жан дүниеңді тазартып, өмірге құштарлық дауасын сеуіп жібереді ғой, шіркін! Денесінің ұзындығы 150-180 см, мойнының ұзындығы да денесінің ұзындығына пара-пар (20-25 мойын омыртқасы болады), салмағы 16 кг, қос қанатын жайғанда 120-130 см жететін аққуларды шілде айының шыжыған ыстық, желсіз тынық күні су бетінен көргенде ақ шаңғақ аппақ жылжымалы киіз үйлерді қаз-қатар тігіп қойғандай әсер қалдырады. Қызығасың, қанша қарасаң да, қызығына көзің тоймайды. Өздерінің сұлулығымен жұртты таңқалдыратын аққулар жұбының бір-біріне өле-өлгенше ажырамас тұрақтылығы мен сүйіспеншілігі ғашықтардың піріндей талай-талай аңыздарға арқау болған, өте сақ, әрі батыл және күшті (қанатымен ұрғанда жас баланың қолын сындырып жіберетін көрінеді) болғандықтан оларға «киелі құс» деп те қарайды. Қалай десе де, махаббаттың мөп-мөлдір символындай бұл құстың кереметтілігі мен киелілігінде дау жоқ! Әсіресе, аппақ қардай сыбырлақ аққудың судан көтеріле, үлбіреп-үлпілдеп, қанатын қағып ұшқанда сыбыөзғының сыңқылындай әсем саздың естілуі де тектілік пен киеліліктің белгісі емес пе?! Сыбырлақ аққу «S» әрпі тәрізді иілген мойыны, жүзгенде басын төмен қаратып ұстауы және тұмсығының үстінде томпақ өсінді болуы арқылы ажыратылады. Қызғылт сары тұмсығының кейбір жері қара. Денесі сұңқылдақ аққудан үлкендеу. Сүңги алмайды, бірақ жақсы жүзеді. Аяқтарымен суда артқа қарай итере, желге қарсы біраж жерге дейін ауыр көтеріліп барып ұшады. Үйректер сияқты төңкеріле еңкейіп, ұзын мойнының бәрін суға батырып, су түбіндегі әртүрлі ұсақ омыртқасыздар мен өсімдіктердің жапырағы мен тамырларын қорек етеді. Сұлулығына көз жетпес, керемет тәкаппар бұл құстың соншалықты бауырмалдығын, адамдардың аялы алақанына зәрулігін олардың қолға тез үйреніп кететіндігінен де көруге болады. Аққулардың емдеу-сауықтыру, көпшілік серуен құратын парктердегі су айдындарына оңай көндігетітін көріп те жүрміз. Оңтүстіктен оралған аққулар бір-бірінен өлгенге дейін айырылмайтын жұп құрып, өте үлкен (диаметрі 120-150 см) ұя жасайды да, оған ақ күмістей аппақ (кейде білінер-білінбес сарғыштау) 3-7 жұмыртқа салады. Оның енесі 35-40 күн басып, балапан өргізгенше аталығы ұя маңын қалт жібермей қырағылықпен күзетіп жүреді. Жас көгілдірлерін әбден қатайғанша шашау шығармай бағып қағады. Жылы жаққа да жұптарын жазбай, «бала-шағасымен» бірге кетеді. (Аққудың баласын «көгілдір» дейді). Аққуларға тән тектілік пен парасаттылықты олардың ұя жасауы мен балапандарына қамқорлықтарынан да байқауға болады. Қамыстан жасалған ұясына өте үлпілдек те жұмсақ, майда мамық түктерді аса бір ұқыптылықпен төсеніш етіунуң өзі бекзат болмыстың көрінісі емес пе?! Адамдар көп нәрсені табиғаттан үйренулері керек шығар. Көзіне «қан толған» браконьерлер (бұлай демеске шараң жоқ) біздің өлкеге тәңірі сыйлаған осы бір ғажайып кетеметті құртудың небір тәсілдерін ( мысалы, түлеген кезде торға түсіру) ойлап табуда. Тың игеру сылиаумен көлтабандарға дейін жыртып жіберу , қамысты жаппай шабу, т.б. себептермен қоса, емдік қасиеті бар өті үшін атып алу мақсатымен де қырып, аулаған. Азайып кеткен аққулар санын қайта қалпына келтіру үшін олар ұялайтын, мамырлап-түлейтін біздің аймақтың су айдындарына, мысалы, Қамыстыбас, Телікөл көлдеріне, қорықша (қаумалдыр) мен қорықтар үйымдастыру кезек күттірмейтін шара болып тұр. Жыл сайын облыс көлеміндегі құстарды қорғау айлығын және «Аман болсын аққуым» акцияларын өткізу де керек іс. Қысқасы, аққуларды аман алып қалудың барлық әрекеті жан-жақты ойластырылып, орындалуы тиіс.

ТАРҒАҚ – КРЕЧЕТКА

Қазақтың маң даласын мекен еткен,
Өктем-өктем дауысың әсем неткен!
Шалшықтың шибұт сұлу балшықшысы,
Сүйсінер, мейірлене өткен-кеткен!

Қазақстан Республикасының ұлан-ғайыр дала зонасының ажырамас бір бөлшегі, әрі сәні іспетті тарғақты қуаң даламыздың эндемигі (жергілікті түр) десе де болады. Рданка тәрізділер отрядына жататын балшықшылар тұқымдасының өкілі – тарғақ сырт қарағанда қызғыш сияқты, бірақ бұл құс сымбатты, сирағы ұзын, биік, шапшаң ұшып, жақсы жүгіреді. Өздері өмір кешетін өлкедегі балшықты, шалшықты кезіп-кешіп жүгіріп, шикылдап-айқайлап, тынбай мазасызданып, әлденеден үркіп, әлденені қуалап жүогендей, түн қараңғысына дейін беймазаланып жүреді. Біртұтас қоңыр-сұр түсті тұлғасында бауыры мен төбесі, аяғы мен тұмсығы, желкесі мен басының екі қапталы қап-қара, ал маңдайы, көзінің үсті (қасы), тамағы, құйрығының асты мен қолтығының төменгі бөлігі аппақ болып ерекшеленіп көзге түседі.

Аяғы қауырсынсыз, саусақтары жіңішке, саусақ арасы жарғақсыз. Құрғақтағы аласа шөптердің арасын, тайыз балшықты суларды мұқият аралап жүріп, зиянды насекомдарды – біз тұмсық қоңыз, (долгоносик), ызылдауық қоңыз (проволочник, шелкун), көбелектер жұлдызқұрттарын т.б. көптеген зиянкестермен қоректеніп ауылшаруашылығына пайда келтіреді. Әсіресе, шегңрткелер көп болған жылдары олар көптеп жұмыртқалаған аймақтарға үлкен үйір құрып барып, шегірткелерді қуалап жүріп жаппай қырып жойған. Тарғақ Кеңестер Одағының, әсіресе Орталық Қазақстанның тапталып-бұзылмаған тың даласының, өсімдіктер сирек өсетін құрғақ сазды жусанды, жусанды-көделі, шөпсіз тықыр сор топырақты аймақтың құсы. Бір таңқаларлығы, өсімдігі сирек тақыр даланы қалың шөп басып кеткен жылдары (ылғал мол түскен) тарғақтар саны күрт азаятын көрінеді. Бұл да табиғаттың жұмбақ тылсымдарының бірі шығар?! Бұл да тарғақтардың мүлде сиреп, Кеңестер Одағының және Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» тіркелуінің бір себебі шығар?! Тарғақтар біздің аймақта Арал теңізінің солтүстік жағалауында, Арал маңы Қарақұмының Мелдекөл көлінде ұя салып, келу-қайту кезеңдерінің негізгі жолы ретінде осы аймақты таңдап алған. Алайда даласын тұз басып, дариясы діңкелеп тұрған дәл осы кезеңде бұл құстан көз жазып қалған сыңайлымыз. Тарғақ далалық аймақтағы сулар төңірегінде – өзен-көл-теңіз жағалауларына, судан 1-2 шақырым қашықтау жерлерде же жеке-жеке жұп болып, шағын топ құрып та тіршілік етіп, мекендеу өңіріндегі топырақты таяз етіп шұқырлап, ұя жасайды. Ұяларын даланың құрғақ өсімдіктеріні сабақтарын, қамыстың кепкен құрақтарын төсей салады. Кейде еш төсеніш төсемейді. Олардың ұя жасауға онша мән бермейтіні соншалық, судан қашық емес жердегі үй малдаранаң жайылымына, тіпті, ауыл төңірегіне, шұңқыр етіп қазып, оған 2-5 жұмыртқаны тастай салады. Тарғақтар тіршілігіндегі тағы бір осындай таңқаларлық әрекет нәтижесінде (мүмкін бейқамдық, мүмкін сенгіштік, әлде адамдардың аң-құсқа деген ашкөздігі жоқ тарихи кезеңнен бері қалыптасқан инстинкт!) бұл ұяларды үй малдары жұмыртқасымен қоса таптап тастайды, адамдар жұмыртқалады теріп алады, өрбіген балапандарды түлкі, қарсақ, қарғалар азық етеді, нәтижесінде тірі қалған балапандар саны мардымсыз болады.

Тарғақтар санының шұғыл кемуінің негізгі себебі осы болар-ау! Шаруашылық маңызы онша болмаса да, (денесі 30см, салмағы 250 гр), ғылыми тұрғыда да пәлендей назарға іліне қоймаса да, бұл құс санының күрт кемуі Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Зоология институты мамандарын қатты алаңдатып отырған көрінеді. Себебі, жер бетінен жоғалып кеткен биологиялық түрді қайтадан қалпын келтіру еш мүмкін емес. Олардың негізгі пікірлері мынаған саяды: тың игеру науқаны тарғақтың таралу аймағын тым тарылтып жіберді, тіпті жоқ етті, республикада игерлмеген, жвртвлмаған жер қалмады (тарғақ негізіне жазық дала құсы!. Қыс қолайсыз қатты болған жылдары да бұлардың санының біршама кемуіне себеп болған. Адамның ақыл-ойы табиғат дамуының басты жемістерінің бірі десек, ақылды адамдардың табиғатпен ортақ тіл тауып, оңтайлы қатынас жасауға көшетініне сенгіміз келеді. Табиғат – біртұтас әлем. Ондағы болып жатқан процесстерге ешбір араласуға болмайтынына, адамдардың қиғаш-жүгенсіз әрекеттері бірден білінбей, көптеген жылдардан соң оны түзетуге кеш , өзгертуге көп шығын, тіпті қандай да бір әрекет жасауға мүмкін болмай қалған кезде ғана, білінетітін оқырмандар назарына тағы да бір рет салғымыз келеді.

ҰЗЫНҚҰЙРЫҚ АҚИЫҚ (АҚИЫҚ) – ОРЛАН-ДОЛГОХВОСТ

Қалықтап ұшқанда жайған қанаты 2 метрден асатын бұл алып жыртқыш ақиықтың әуеде жүргенде тек басы жіне біршама ұзын құйрық қанатының қауырсындары ғана ақ болып көрінгені болмаса, жалпы реңкі қара-қоңыр, сирағы «жіліншік) жалаңаш, сан қауырсыны қара-қоңыр, қалың қауырсындарының түбі мен ұшы қара да, ортасы ақ. Ұзынқұйқыр ақиық сыртынан ебедейсіз, зор тұлғалы болып көрінгенмен дене бітімі өте сымбатты құс. Көкке жинақы да жеңіл көтеріліп, екпіндей ұшқандағы сұлу мүсіні адам сезіміне әдемі уылжыған әсер қалдырады. Анда-санда қатты-қытты дыбыс шығарып, аспандастарына сазды сәлем жолдағандай сезіледі. Аспан әлемінің айдай ажарлысы жа базарлысы, қыран мінезді, табиғаттың осындай қарапайым туындысына қандай қаскөйдің жүрегі дауалап, қол көтереді екен. Әлемнің бар парасы – қараса көз тоймайтын сұлу мүсінде екен де, келесі парасы - қызыл көз, ашқарақ, түкке тұрғысыз пішінді екен ғой. Табиғаттың бір-бірімен үйлеспейтін-үндеспейтін(?!) алабажақ, біз түсінбейтінтылсым жаратылысына не шара? Әйтпесе, ұзынқұйрық ақиыққа: «Қазақстанда жоғалып кетуге айналған сирек құс» мәртебесі беріліп, «Қызыл кітабына» тіркемес еді ғой! (Кеңестер Одағы «Қызыл кітабына» да тіркелген). Республика бойынша байырғы мекен еткен аймақтарында қазір кездеспейтін десе де болады және ұя салулары туралы мәліметтер де жоқ. Бұл күндері жаз маусымында үлкен-үлкен су айдындары маңында, соның ішінде біздің облыста арал теңізінде, Сырдария жағалауларында аздап ұшырасады. Біздің облыста Қараөзек станциясы маңындағы Сырдария алқабынла ұялары сақталып қалған екен. Сондықтан бұл аспан алыбының бір ұяны бірнеше жыл пайдаланатынын ескеріп, бұрыннан сақталып қалған ұяларын тауып, оларды қатаң қорғау мәселесі өзінен-өзі туындап отыр. Және құстарға тән инстинктті, яғни олардың күндердің күнінде атамекендеріне оралу мүмкіндігін ескеріп, ақиықтар тіршілік еткен атақоныстары тұрғындары арасында табиғаттың осы бір туындысының суретін таратып, үгіт қағаздарын іліп, балалар мекемелерінде жоғалуға айналған осы құст жайлы деректер насихатталса, онда іс орындаған болар едік. Ұзынқұйрық ақиық су қоймаларының ашық-жайдақ жағалауларын, ну пішенді-қамысты, қалың тоғайлы өзен-көлдерді мекендейді. Бірен-сарандары болмаса, олар ағаш өскен аймақты қажет ете бермейді. Ұяларын қалың қопалы қамыс салындының үстіне, су жағалауы бойындағы бұталы тоғай нулары ортасына қамыстарды, бұталарды қалың етіп төсеп, ұқыптылықпен, мұқияттап жасайды. 1-4 жұмыртқа салады. Негізінен балықтарды, әсіресе, өлген балықтарды талғажау етеді. Сондай-ақ, су құстарымен, мысалы, қасқалдақтармен, майда сүтқоректілермен (қоян, балпақ, сарщұнақ,т.б.), кейде өлекселермен де қоректенеді. Барлық жыртқыш құстар басына төнген қара бұлт ұзынқұйрық ақиықты да айналып өткен жоқ, нәтижесінде олардың саны мүлде азайып, біраз аймақтарда құрып кетті. Келешекте біздің облыс аймағында да, республикамыз ішінде де мүлде жоғалып кету қаупі бар. Табиғатқа тәңір сыйлаған байлықтан осылайша біртіндеп айрыла бермейік, баршамыз болып барымызды бағалауды үйренейік!

ҮКІ – ФИЛИН

Жапалақтар отрядына жататын құстардың ең ірі туысы. Салмағы 3 килограммдай, жайған қанаты 2 метрге жетеді. Бұдан ірі құстар табиғатта онша көп емес. Әлемде үкілер туысының он бір түрі бар болса, республикамызда кәдімгі үкі деген түрі тараған. Шоқ болып жарқырап, шамдай жанған, зәреңді зәр түбіне жеткізетін, өңменіңнен өтер оттай өткір көздерінен басқа үкіде пәлендей сән-салтанат та жоқ. Үкі секілді қараңғы түннің хайуанатына мың құбылып жарқылдаған әсемдіктің қажеті де шамалы. Алуан түсті сұрғылт, қоңыр, сарғыш, әбден солғын тартып ағарып кеткенқара түсті боып келетін қауырсындарындағы көлденең және тік таралған алабажақ бояулар мен қара, қоңыр дақтар беймәлім әріптермен жазылған «сиқырлы жазуларды» елестетеді. Бір таңқаларлығы, бұл құстың түсі де өздері мекен қылып (орманда ма, тауда ма, далада ма, шағыл құм арасында ма), тіршілік ететін заттар түсіне (ағаш, жарқабақ, өсімдік бірлестігі, сары дала, т.б.) сәйкес келе қалады да, оны дұшпандарына көрсетпейді, жемтігіне байқатпайды. Табтғатта үкінің жауы көп емес. «Түн қарақшысы» атанған одан қорықпайтын тіршілік иесі жоқ та шығар.қызыл шоқтай жалыпн атқан көзі мен оотты жанарын кірпік қақпай түйрей қарағанда селк ете қаларың сөзсіз. Кешкі алакеуімде елеңдеп келе жатқаныңжа еш сыбдырын білдірмей, қайдан, қалай, қашан шыққанын сездірмей, қақ алдыңнан « уһілдеген» қорқынышты дауыс шығарып, қалқиған құлағы бар «албасты пері( шыға келгенде төбе шашың тік тұрып, есіңнен танып есеңгіреп қаларың хақ. Дегенмен, «әр кеудеде бір зауал» деген емес пе, үкіге де сақтандырғыш-қорғаныш реңдер керек-ақ. Бұл құстың өмір сүрер ортасы өзгеше де ерекше. Олардың мекені – адам аяғы баса алмас меңіре орманда, жансыз мүлгіген, жабайы шөп басқан тілім-тілім құз, жартаста, құлан жорытпас қиян далад, ыстығы құм балқытқан шызыған құба шөлде. Саны өте аз болса да, жер шарының қар жамылғаншыңдары мен тундрадан басқа барлық дерлік түкпіріне тараған, өмір-тіршілігі аңыз-лақапқа толы, бір көрген адамға ұмытылмастай әсер қалдыратын үкі сияқты құс, қанаттылар арасында сирек кездеседі. Үкі жыртқыш құстар қатарына жатады. Ал ол зиянды ма? Үкі республикамыздың, оның ішінде біздің Қызылорда облысының дала, шөлейт және шөлді аймақтарына таралып, ауылшаруашылығының аса зиянды кемірушілерін (қосаяқ, тоқалтіс, шақылдақ тышқан, егеуқұйрықтар, алақоржын, суыр, саршұнақ, т.б.) күндіз де, түнде де аяусыз қырып, егіс алқабымызды ерінбей-жалықпай «тегін» қорғап жүреді. Ал адамдао осындай «асыраушысына» аяусыз қол жұмсайды, себебі, біз үкінің осындай пайдалы екенінен бейхабармыз. Үкі жөніндегі соңғы мәліметтер өте көңіл жұбатарлық емес. Мысалы, 1979-1984 жылдары Арал маңы Қарақұмынан, Қожаберген, Тәуіп елді мекендерінен, Сырдарияның Аралға құяр сағасынан, Арысқұм шұқырынан (А.Н.Пословский, В.П.Мищенко, В.Г.Березовский) бірен-сараң ғана ұстағандарын жазады. Табиғат зерттеушісі-насихаттаушысы Д.Кайгородов (1915ж.) адамның ойсыз әрекеті жыртқыш құстарды жаппай қырғанын, ал ХХ ғасыр басында үйлерге үкілердің тұтастай тұлыбын іліп, әйелдер әшекейіне айналғанын, нәтижесінде Орталық Россия даласы мен егістік алқабындағы кеміруші-зиянкес тышқандардың көбейіп, тұтастай аймақтардың егіндері мүлде түсім бермей қойғанын жазады. Шығыс халқы үкіні айдаладағы егесіз тамдар мен мазарларды мекендеп, түн қараңғысында уһілдеп-күңіренген қорқынышты дауысын естуді жаман ырымға балаған, пал орыс халқы үкіні үй шатырына қонуын өлім шақыру, жын-перілердің жиналып, ауру шақыруы деп жорып, оны «өлім құсы» , «қанатты шайтан( деп қорыққан. Қазақтар үкінің үлпілдеп тұрған құрсақ және бүйір қауырсындарындағы көлденең сызықтарды беймәлім әріппен жазылған құранның дуалы сөзіне жорыған, оны «бақыт әкелуші» , «көлденең кесір көзден сақтаушы» киелі құста балап, қастерлеп, оның қауырсынын сәбидің бесігіне, жас қалыңдықтың сәукелесіне, киелі деп домбыраға, қасиетті деп қас жүйріктің жал-құйрығына, жын-перілерді аңдып тұрады деп шаңыраққа іліп қоятын болған, тіпті үкіні қолға да баққан. Әртүрлі мақсаттар үшін өткен ғасырдың басында, Түкрменияның Красноводск қаласы маңында қыстап шығатын қазақ үкісінің жылына 600 данасы ауланып отырған. Бұл айтылғандардың бәрі де үкі санын сиретуге себеп болар әрекеттер екені ақиқат. Күй де, қорек те талғамайтын, өзі мекендеген өлкенің жер ыңғайына тез-ақ бейімделе кететін, шаруашылыққа (еті, жұмыртқасы үшін) тікелей пайдаланылмайтын бұл құстың жер бетінен жоғалу қаупі төніп-ақ тұр. Үкілерді қорғау қажет пе? Табиғаттың «құбыжық құсы» кімге, не үшін керек? Бұл құстың келешегі қандай? «Барлық жыртқыштар зиянды» деген жақсаң көзқарас күні бүгінге дейін сейілмеуде. Бүркіт, қырғи, тұйғындар кейбір жерлерде жоғалып та кеткен. Қыран құстардың көзін құртқаны үшін (солардың ішінде үкі де бар) арнайы сыйлықтар берілген заман да болған. Үкі жыртқыш құс болғандықтан майда тоқалтіс тышқан, қарлығаш, торғайлардан бастап үйрек, бұлдырық қасқалдақ, шағала, қоян, суңыр, кірпі, тиін, ондатр, кесіртке, жылан, балық, қысқасы, өзі әлі келетін барлық жан-жануарлармен қоректене береді. «Түн қарақшысы» атанған бұл құстан қорықпайтындар аз, ол туысы жапалақтарды да оп-оңай-ақ, қас-қағым сәтте қағып түсетін көрінеді. Үкі жемтігінің майдаларын тұтастай, ал ірілерін паршалап-паршалап, қабыршақ, жүн, сүйек, ішек-қарын, қан-жынына дейін дым қалдырмай қылғыта береді. Міне, осыдан кейін үкіні «жасқылар» қатарына қосып көр. Ал шын зер салып, бажайлап қарасақ, олар тіпті де зиянды емес, керісінще, өте пайдалы құс. Үкілер жерден сәл көтеріледі де, аумақты қанатының суылымен әуелі жемтігін үркітіп алады. Жәмтігінің сәл-пәл қимылы «ауадағы аңшы» атағы бар үкінің сезімтал құлағы үшін нысананы дәл көздеуге жеткілікті болады. Ол баяу ұшатын құс болса да, көздеген аңын ұстамаған кезі өте сирек кездеседі. Себебі үкі еш дыбыссыз, көз ілеспес шалт қимылмен кенеттен шабуыл жасайды да, мықты аяқтағы өткір тырнақтарымен жемтігін шапшаң қысып, өлтіре салады. Әйгілі натуралист-зерттеуші А.Бремнің «түн королі» деп ардақтаған табиғат таңғажайыптарының бірі –үкі жедел қарқынмен азаю үстінде. Бұл құс республикалық «Қызыл кітапқа» енгізілмеген. «Қанатты мысық» атанған үкіге деген сенімсіздік те сейілуде. Бұл «түн перісіне» «сүйкімсіз» көзқарас соншалық, орнитолог-ғвлымдар үкінің қазіргі кездері тұрағын дәл тауып айта алмауда. Ал біз жер иесі – адамдардың табиғат-анамыздың бел баласының ьірі – үкілерді сақтайтынына «үкілі үмітпен» сенеміз. Әлем зоологтары рактикасында да, Алматыдағы хайуанаттар паркінде де, үкілерді қолдан өсіру қиынның қиыны болса да, өз нәтижесін беруде. Біз ұрпақтарымыздың үкіні хайуанаттар паркінен емес, олардың өздерінің атамекенінен көргенін қалаймыз, оларды атып-аулауға тиым салынса, ұялары бұзылмаса екен дейміз.

Республикамыздың меңіреу ормандары мен құлазыған жапан шөл даласындаос ыбір үлпілдеп-үлбіреген «түн қарақшысы – құбыжық құстың ораларына сенеміз.

ІІІ –БӨЛІМ

БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР

ЕШКІЕМЕР, КЕСЕЛ - ВАРАН, СЕРЫЙ ВАРАН

Нағыз құмды шөл кесіркесі,реңіқұм тәрізді сарғыш, жотасы мен құйрығында көлденең жолақтары, басында ұзын жолақтары болады. Күндіз тіршілік етеді, ол өте ыстық кезде ағаш бұталарына шығып отыдары, не інде паналайды. Ең ірі ешкемерлер (ұзындығы 365 см, салмағы 160м кг) 1914 жылы Комодо аралынан ұсталған. Негізінен ұзын.дығы 150 см, салмағы 25 кг болады. Түркмения мен Өзбекстанда сұр ешкемер, біздің республикамызда ешкіемер (кесл) деген түрі тараған. Біздің аймақ кеселдерінің денесінің ұзындығы бір метрдей, (яғни денесінен құйрығы ұзын) , салмағы 3,5 кг. Кесел өткен ғасыр басын,да Сырдариянвң сол жағалығында, Қызылорда және Шымкент облыстары шекараларында тіршілік еткен. Алайда осы аймақтар шаруашылық мақсаттарына игерілген соң, о баста саны аз бұл кесіртке құрып кеткен. Елуінші жылдары Қызылқұмда да мекен еткен. 1915 ижылы Арал теңізіндегі Барсакелмес аралында кездескен. Республикамыздың басқа аймақтарында таралмаған. Ешкіемер әлемде аз тарлаған, әрі саны аз жәндік ретінде Бүкіләлемдік табиғат қорғау Одағының «Қызылкітабына» тіркелген және Қазақстан Республикасы «Қызыл кітабында» «Сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түр» мәртебесі берілген. Адам, не жауы кездесіп қалса қорғануға көшеді, айбат шегеді – өкпесін ауаға толтырып алады да, бұғағы күмпейіп, местей болып ісіп кетеді. Ішіне толған ауаны аузын ашып шапшаң-шапшаң шығарып, ысылдайды. Құйрығын екі жаққа алма-кезек сабалап, қорғанышты күйгк келе қалады, кейде тіпті дауыс та шығарады, адамға ұмтылып, тістеп алатын кездері де болады. Алдыңғы аяғына сүйеніп, денесін тік көтеріп, ұзын құйрығын жерге тигізбей тез-тез шауып, жүгіріп жемін шапшаң, қуып жетіп алады, жуаынан да осылай құтылады. Осындай көз ілеспес қуатты қимыл-әрекеттері үшін кейбір жерде ешкіемерді «құмнын крокодтлі» деп атайды. Көпке шейін тамақсыз, сусыз жүре алады. Күн қатты ысыған, шілде айында қызған құмға 18-20 жұмыртқа салады. Ешкіемер нағызжыртқыштар сияқты өмір сүреді. Ол өте ашқарақ та тойымсыз. Ашкөздіктен майда насекомдардан бастап кез келген аузына түскен,тамағынан өтетін жәндіктерді – тышқандыр, егеуқұйрықтар, кесірткелер, жас тасбақалар, құс балапандарын, жылындарды, тіпті эфа, гюзра сияқты улы жыландарды да, кірпілерді тірілейқақала-шашала қомағайланып, асығыс-үсігіс, әрең-әрең жұтады. Тіпті өлекселерді де тоймай, мешкейлене қылғыта салады. Олардың тойымсыздығы соншалық, өз-өздерін жейтін (каннибализм) кездері де болады. Ешкіемердің сілекейі улы болғандықтан оның аузына түскен жемтігі тез жансызданады. Суды кәдімгідей ішеді, су іздеп біраз жерге дейін бпрпды. Кеселдіңқоректенуіндегі тағы бір ерекшелігі оныңасқазанындақұстың қауыр\сынынан басқа, қорытылмаған ешнәрсе қалмайды, тіпті сүйектерге дейін қорытылып кетеді. Келелдің қарнының бұл «құпиясы» әлі ашылмаған көрінеді. Кейбір деректерге қарағанда, ашкөз де қомағай бұл кесіртке өрістегі қойларды, әсіреме ешкілерді, тіпті кейде сиырларды қуып жүріа емеді екен. Оның ешкіемер деген аты осыдан шыққан болса керек. Көбіне олар малдың желініне тастай жабысып алып, қанын ағыза сора береді. Әбден әлсіреген мал құлап түсіп, одан кейін келеге келмей өледі. Сондықтан ел ешкіемерге кесел (ауру) таратушы, пәле деп қарап, көрген жерде оның көзін құртпай кетпейді. Ешкіемерлердіңтерісінің әдемілігі мен мықтылығы да олардыңсанының мүлде азайып кетуіне себеп болып отырған сыңайлы. Орта Азия мен Қазақстаннан кейбір жылдары оның 20 мыңға жуықтерісі дайындалған.себебі, 30 жылдары оның терісіне шетелдіктер сұранысы көп болып, экспортқа шығарылған көрінеді. Ешкіемерлер терісінен әйелдер аяқкиімі, сөмкелер, әмиян және басқа әдемі бұйымдар жасалған. Оның үстіне кеседі аулап ұстау да қиыншылыққа соқпайды. Қалай десек те, Қазақстар Республикасы қорықтарының ешқайсысында кездемпейтін, яғни еш жерде әлейі қорғауға алынбаған, жер бетінен жоғалып кетудің нағыз қаупі төніп тұрған ешкіемерді көпшілік болып облыс аймағында (республика көлемінде) түр ретінде сақтап қалудың бар мүмкіндігін жасаған абзал. Мысалы, жергілікті халық арасында ешкіемерді қорғау туралы көрнекті үгір-насихат тарату, оны аулауға заң жүзінде тиым салу, өлтіргендерге айыппұл төлету, т.б. Қызылқұм құмында арнайы қорық ұйымдастырса да артық болмас еді. Халықаралақ табиғат қорғау Одағының Кеңестер Одағының және Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» «Өте сирек кездесетін, құрып бара жатқан түр» мәртебесімен енгізілген кеселді қорғап қалуға бәріміз күш салуға тиіспіз.

ІҮ-бөлім

БАЛЫҚТАР-РЫБЫ

Арал албырты
- Аральский лосось
Арал қиязы
- Аральский усач

Сырдария тасбекіресі
- Сырдарьинский лопатонас
Түркістан қаязы
- Туркестанский усач

Қылыш балық
- Чехонь
Патша балығы, май балық, шөмайке
- Шемая (шамая)

Пілмай (аоал бекіресі)
- Щип (аральская популяция)
Шортан тәрізді ақмарқа
- Щуковидный жерех, лысач

АРАЛ АБЫРТЫ (АЛБЫРТ) – АРАЛЬСКИЙ ЛОСОСЬ

Кеңестар Одағының және республикамыздың «Қызыл кітабына» тіркелгендердің бірінші тобына, яғни «Құрып кету қаупі төніп тұрғандар» мәртебесімен енгізілген. Арал теңізінің барлық өңіріне тараса да, саны мүлде сирек, «албырттар королі» атанған, албырт тәрізділер отрядының албырттар тұқымдасының нағыз албырттар (құмжа) түріне жататын, еті дәмді болғандықтан кәсіптік жағынан құнды, аулауға мүлде тиым салынған балық. Арал теңізінде бұдан басқа май қанаты-құйрық үсті қанаты (жировой плавник) бар ешқандай балық жоқ, сондықтан басқа балықтардан бірден айыруға болады. Май қанаты құйрық қанатына өте жақын орналасқан. Басы (оның сүйектері де) да, кеудесі де сопақ, денесі біршама ұзын, ұршық тәрізденіп (құйрығына қарай біртіндеп жіңішкереді-торпедообразное) аяқталады. Құйрық пен бүйір бұлшық еттері жақсы жетілгендіктен судың ағыс күшіне күресуге және су кедергісін жеңіп, жылдам да екпіндей жүзуге нағыз бейімделген су жануары. Сондықтан еті тығыз да дәмді (салмағы 14 килограммдай, ұзындығы 1 метрге жетеді), тағамдық құнарлығы мол. Арқасы(жоны) қаралау, денесі күмістей жалтыраған ұсақ (әсіресе суда жүргенде) ақ қабыршақтармен тығыз қапталған, бүйір сызығының астында да, үстінде де х тәріздес қара дақтары (басқа балықтарда болмайды) айқын байқалады. Каспий албыртына қарағанда басы едәуір үлкен, жақ сүйектері де ұзын. Арқа қанаты- жонының дәл ортасында. Осы екі қанатта да қара дақтар көрініп тұрады. Құрсақ қанаттары құрсағының ортасында, төс қанаттары төмендеу орналасқан. Барлық қанаттарында, құйрық және құйрық асты (аналь) қанаттарында да (алабұға, тістідегілердей) тікенекті тісшелер болмайды. Арал теңізіндегі албырт тәрізділердің жалғыз өкілі осы арал албырты. Албырттар туысына жататын осы құмжа түрінің биологиялық ерекшеліктерін анық зерттеу, санының өзгеру себептерін нақтылау, жасанды түрде қолдап өсіру әдістерін айқындай алдағы күннің еншісіне қалып отыр. Арал теңізінің тартылуына (суының тұздалуына) байланысты бұл түр де жоғалып кеткен.

АРАЛ АҚМАРҚАСЫ (АРАЛ АҚБАЛЫҒЫ) – АРАЛЬСКИЙ ЖЕРЕХ

Тұқы тәрізділер (карповые) отрядының ақбалықтар (жерехи) туысына жататын жартылай көшпелі-жартылай тұщы су (өмірінің көбін дарияның теңізге құйылар бөлігінде өткізіп, уылдырық шашуға өзенге шығатын) балығы. Сырдария өзенінің Арал теңізіне құйылысында, дарияның едәуір жоғары бөлігіне шейін, Сарысу өзеніне және оның Телікөл көліне құйылар атырауында тараған бұл еті дәмді, құнды балық (ұзындығы 80 см.,салмағы 5 кг.дейін) облысымыздағы су айдындары жағдайының күрт нашарлауына байланысты мүлде сиреп кетті, тіпті кездеспейді десе де болады. Қызылорда облысы суларында қызыл ерінді арал ақ балығы (Аральский красногубый жерех) тараған, оның кәдімгі ақбалық деген формасы да бар. Арал теңізіндегі ақбалықтар су салқындаған қоңыр күзде үйір болып топтанып, Сырдария өзеніне өтеді де, терең шұңқырларға қыстайды. Уылдырығын (70-360 мың) су түбіндегі тастарға тез-тез шашып үлгереді және тез дамып жетіліп, тез шабаққа айналады. Өзеннің ағысымен теңізге жеткенше едәуір есейіп үлгереді. Ақбалықтың жыныстық қабілеті 3-7 жылда жетіледі. Ихтиологтардың зерттеуінше, ақбалықтардың шапшаң дамып, пісіп-жетілу себебі олардың ашқарақтығынан. Шабақ кезінде де, өскен соң да, тіпті бір жасынан-ақ алуан түрлі тамақпен – судағы қалқып қалқып жүрген насекомдар, балықтың майда шабақтарымен, торта, айнакөз, шемая, қылыш балықтармен қоректеніп, әсіресе қыста тез семіреді. Ал тамақ мол болатын жасанды су қоймаларында тіпті тез қом жинап, ертерек кәсіптік пайдаланады. Арал ақбалығы етінің сапалылыға жөнінен арал қиязынан кейін екінші орында. Алайда, жалпы қоры аз. Сондықтан арал ақбалығын аулауға шек қоятын уақыт жетті.

АРАЛ ҚАЯЗЫ (СҮГЕН) – АРАЛЬСКИЙ УСАЧ

Тұқы тәрізділер (карпообразные) отрядының тұқылар (карповые) тұқымдасына жататын, әлемдегі 200 туысының мыңнан аса түрінен Арал теңізі мен Сырдарияда (Амударияда) жалғыз осы арал қаязы кездеседі. Сүген Арал теңізінің аборигені (ең ертеден келе жатқан байырғы тұрғыны). Осы теңіздің пілмайдан (шип) кейінгі маңызды да құнды балығы. Арал қаязының екі популяциясы (түр ішілік топ) болады. Олар Сырдария қаязы және Әмудария қаязы деп бөлінеді. Бұл қаязды жамбылдықтар теңге балық десе, аралдықтар сүген дейді. Жас сүгендер панахан (покатный усач) деп аталады. Денесінің ұзындығы 80-120см., салмағы 22 килограммға жетеді, негізінен орташа кәсіптік салмағы 3-4 кг болады. Айта кетер жәйт, қаяздардың ішіндегі ең бағалы да кәсіптік маңызы үлкені және жерсіндіруге оңай көндігетін де осы арал сүгені көрінеді (Кеңестер Одағы бойынша 9 түрі бар). Қаяздың арқа (жон) еті өте дәмді болғандықтан одан сыйлы, ерекше дәмді тамақ (деликатес) дайындайды. Арал қаязының жыныстық пісіп-жетілуі – 4-8 жыл. Жыныстық қабілеті жетілген сүгендер уылдырық шашуға мамыр-шілде айларында өзендерге өрлеп (Сырдария-Амударияға), топ-топ болып көшіп келіп қыстайды да, көктемде су температурасы 18-230 жеткенде уылдырық (540-632 мыңдай) шашады. Сырдария популяциясы Қорқыт-Байқожа бекеттерінен Фархад плотинасына, Амудариялық популяциясы Төрткөлге шейін, теңізден шамамен 200-250 шақырым жоғары (өзенге) өрлейтіні байқалған. Сырдария бойына салынған Фархад және Қазалы (1969ж.), Амударияға салынған (1974ж.) Тахияташ плотиналары сүгендердің уылдырық шашу аймағын мүлде азайтып,, олардың тағдырын тас-талқан еткен-ді. Сүгендердің санының осылайша ойсырай азаюы, Арал теңізінің тартылуына, Сырдария өзенінің сарқылуына ұласты да, аталған өңірлердегі арал қаязы биологиялық түр есебінде жоғалып тынды. Арал теңізінен ең алғаш (1977ж.) құрыған да осы қаяз балығы. Қазіргі күнде Арал қаязының Іле өзеніне, Қапшағай су қоймасына жерсіндіріліп, әжептәуірөсе бастағанын көңілге медеу етуден басқа шара қалмады. Уылдырығын өрістеп барып өзенге шашатындықтан Қызылорда облысы суларына арал қаязы жерсінбейді. (өрістейтін өзен қайда?!) Қаяздар су түбін мекендейтін организмдермен (бентофаг) қоректендіреді, яғни су түбіндегі жәндіктер (зообентос) – моллюскалар, майда шаяндар, насекомдар олардың негізгі қорегі болып табылады. Тек қана Қызылорда облысы (Арал теңізі, Сырдария өзені) емес, Республикамыздың ихтиофаунасының аса құнды, әрі өте сирек кездесетін өкілі ретінде арал қаязын еліміздің «Қызыл кітабына» тіркеп, оны түр ретінде сақтап-қорғау шараларын күшейту, қолдан, жасанды жолмен өсірудің биотехникасын әзірлеу кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.

АРАЛ ШЕМЕЙІ (ШӨМЕЙКЕ) – АРАЛЬСКАЯ ШЕМАЯ (ШЕМАЙ, ШЕМЕЯ, ШАМАЯ)

Тұқы тәрізділер отрядына жататын осы аса бағалы балықтың ғылыми аты-шемей. Сырбойлықтар майбалық десе, Арал балықшылары шөмайке, кейде жуан балық дейді.Шын мәнінде парсылықтар «Шахмай», яғни патшаның майы деп дәріптеген, қазақтар «Патша балығы» атап қастерлеген шемейді ұзақ сақтаса да, сапасын жоймайтындықтан тұздап (соление), кептіріп-дегдітіп (вяление) және қақтап (копчение) пайдаланады. Кеңестер Одағы бойынша жалғыз тұқымдас (шемейлер), жалғыз-ақ туыс (шемей), ал біздің республикада жалғыз түр – нағыз шемейлер ғана тіршілік етеді. Оның екі-ақ түр тармағы – Каспий және Арал шемейлері бар. Біздің аймақтағы бұл майбалық (майлы балық) әсіресе, Арал теңізінің солтүстігінде – Сарышығанақ шығанағында, Құланды, Қаратүп жарты аралдарында, Барсакелмес, Қосарал, Қасқақұлан, Көзжетпес, Манас, Ұялы, Изендіарал, Шулыған тас аралдарында молынан таралса, Қамыстыбас, Ақшатау, Ақсай, Қуаңдария көлдері мен Сырдарияның Қараөзек тұсынан бастап Арал теңізіне жеткенге дейінгі көлдерінде аздап кездеседі. Қазіргі кездегі Сырдария өзені мен оның төменгі ағысындағы көлдердің ахуалы адам аярлықтай болса (Қамыстыбастан басқасы), ал Арал теңізінің суы ең әуелі жоғарыда аталған аралдар мен түбектерден бастап қайтып, табандары кеуіп, соры шығып қалды емес пе?! Оның үстіне шөмейкелердің отырықшы (не тек тұщы суға ғана, не тек қана ащы суға бейімделеді) екенінжәне тек жәндіктермен (90%) қоректенетінін ескерсек, біздің Қызылорда облысы өңірінде оны жоқтың қасы (Қамыстыбас көлінде бірен-саран ғана кездесетін көрінеді) деуге болады. Арал шемейі тығыз, шымыр, шағын денелі, сұлу мүсінді, ұзыншалау (ұзындығы 19-31 см.,салмағы 300-800 гр.) болып келеді. Арқа жоны теңіз түстес мөлдір, қара көк, бауыр жағы күмістей аппақ жалтыраған. Екі бүйірінен сәл қысыңқы. Аналь (артқы)тесігі маңы қабыршақсыз, жалаңаш, қырлы тері (кожистый киль) анық байқалады, денесінің қалған бөлігі әдемі де кішкентай ақ қабыршақтармен тығыз қапталған. Арқа қанаты құрсақ және аналь қанаттарының дәл ортасында орналасады. Уылдырық шашу кезінде аналықтарының төменгі жақ сүйегі созылыңқырайды да, түйірлер (терілі өсінділер) пайда болады. Осы арал майбалығының уылдырық шашу қабілеті 2-6 жаста жетіледі. Ихтиологтардың мәліметтеріне сүйенсек, Арал шемейі 9 жыл өмір сүріп, 3-5 рет уылдырық шашуға қатысатын көрінеді. Бұлар уылдырығын шашар алдында Арал теңізінің бүкіл солтүстік жағалауына, әсіресе, Құланды түбегі (Изенді арал, Ұзынарал, Шулыған тас атты су асты таспен тегіс көмкерілген аймақта), Қаратүп түбегі, Сарышығанақ шығанағына, Барсакелмес аралы төңірегінде, Сырдарияның төменгі ағысындағы түбінде құм қайраңдар мен өсімдіктері мол өскен өзен-көлдерге келеді. Тереңдігі 2 метрге дейінгі жерлерге кешке қарай ымырт үйірілісімен үйір-үйір болып келіп, лек-легімен толассыз топталып, жинала береді. Олар теңіз мұзы кетісімен бір аймаққа осылайша жиналып, үйір құрып, су температурасы 18-190С жеткенге дейін топтала береді де, мамыр айының соның ала жаппай уылдырық шашуға аттанады. Міне, осы мамыр айының аяғында Арал Мемлекеттік балық аулау базасына қарайтын Құланды түбегіндегі Изенді арад, Шулыған тасқа бүкіл Солтүстік Арал жағалауының (Арал балық комбинаты-Арал балық зауыты) күллі балықшылары, 200-ге жуық қайық (яғни, 400 балықшы звеносы) жасақталып, «шөмейке аулау науқанын» бастап та жібереді. Бұл балық арнайы «шөмейке аумен» (4-6 см) ауланады. 35-45 күн бойы азанғы алагеуіммен қасқарайып, көз байлағанша, мыңдаған ақ күмістей жарқыраған ақ шағалалардың шаңқылы, жан-жақты келген «ескі таныс» балықшылардың адами көңілді жарқын үндері, жаңа ауланған, тұздалған, мұздатылған жүздеген тонналаған шемейлерді Арал балық комбинатына тасымалдайтын рефрижератор (мұздатқышпен жабдықталған) кемелердің, балықшылар тілімен айтқанда, әсем дауыстары қосылып, «Шөмейке базары» симфониясын ойнаған сазды әуені бір толастамайды. Солтүстік Арал аймағындағы 1928 жылдары (жылына 273 т. Шамасы ауланған) басталған «шөмейке базары» науқаны 1950-1955 жылдары (жылына 2280 т.) шарықтау шегіне жетіп, Арал теңізінің төтенше гидрологиялық өзгеріске ұшырап, 1970 жылдары құлдырап (жылына 5т.), 1975 жылдары әбден тарап тынған. Сол жылдары Арал шемейі осы теңіз бассейіндегі ауланатын балықтар ішінде 4-орында, кәсіптік үлес салмағы бойынша 6%құраған. Есепсіз аулану мен су режимінің құрбаны болған шемейді республикамыздың «Қызыл кітабына» тіркеп, питомниктерде (Қамыстыбас т.б.) өсіруді дереу бастау жөн болар еді. Әйтпесе, су сүлеймені-сүгенді (қаяз) құртып тынған араны апандай екі аяқты жыртқыштар қол басындай шемейді көзге де ілмей, табиғаттың адамдарға тартқан тегін сыйлығы екенін білмей, облысымыз өңірінен құртып жіберуі әбден мүмкін.

Өз ырысымызды өзіміз аяққа теппйік, жерлестер.

ҚЫЛЫШ БАЛЫҚ – ЧЕХОНЬ

(ЧЕХНЯ, САБЛЯ-РЫБА)

Тұқы тәрізділер (карповые) отрядына жататын балықтардың бір туысы. Қылыш – балық туысының осы жалғыз түрі Арал теңізі, Сырдария өзені және оның бойындағы Қамыстыбас, Ақшатау, Ақсай – Қуаңдария, Қараөзек көлдерінде тараған және 1965 жылға дейін кәсіптік маңызды балық ретінде ауланып келген. Одан кейінгі жылдары Арал суының тұздылығы 10 проценттен асқан соң біртіндеп азайған, қазір Арал теңізінде қылыш-балық кездеспейді, ал аталған көлдерде бірен-сараң ғана ұшырасатын көрінеді. Дене тұрқы сопақшалау, екі бүйірінен қысыңқы, жон арқасы тіп-тік, бауыр жағы тамағының астынан бастап аналь тесігіне дейін қабыршақсыз, пышақтай қырлы жал (гребень-киль), қысқасы, нағыз қылышты көз алдына әкеледі (қылыш балық – сабля рыба аталуы да содан болар). Басы шағын, аузы (төменгі ерні, төменгі жақ сүйегі) жоғары қараған оның су бетіндегі насекомдарды қағып жеуге бейімделгенін аңғартады. Қылыш-балықты басқа балықтардан оңай-ақ ажыратудың бұдан басқа белгілері де жетерлік. Қылыштың қабыршағы майда, бүйір сызығы ирелеңдеген. Өте елеусіздеу кішкентай арқа қанаты тым ұзын, құйрық асты (аналь) қанатынан дәл үстіне біткен. Өте үшкір де ұзын төс қанаты құрсақ қанатына дейін жетеді. Арқа және құйрық қанаттары сұрғылттау, қалғандары сары түсті. Жалпы қылыш балықтың денесі әсем де көз тартарлықтай, қолдан жасалғандай мінсіз, тіп-тік, сұлу мүсінді, жон арқасы жасыл-көк, екі бүйірі ашық түсті, күміс қылыштай жалт-жұлт етеді. Табиғат – ана осы перзентін жарату үстінде өзінің барлық ынта-өнерін салып, қылыш балықтың тал бойынан бір мін таба алмайтындай етіп мүсіндегені көрініп-ақ тұр. Арал теңізі бассейні мен Сырдарияның төменгі аңғарындағы көлдердегі және дарияның Жаңақорған тұсындағы жайлыма көлдердегі қылыш-балықтың ұзындығы 30-43 см.,салмағы 300-800 гр. Ал ауланатындардың негізгі бөлігінің ұзындығы 28 см.,салмағы 200 гр болады. Қылыш-балықтардың жартылай көшпелілері уылдырығын теңізге де, тұздылығы 10% дарияға шашса, отырықшылары тек тұщы суда, ешқайда шықпай-ақ, су температурасы 120С аса (сәуір-мамыр) топтанып, үйір құрып, су асты өсімдіктер мол, судың ағыс-қозғалысы бар аймақты таңдап алып қана шашады (ақпайтын суларға түскен уылдырық түйірлері қырылып қалады). Қылыш-балықтың Арал теңізі популяциясының уылдырық саны басқа аймақтардағыдан гөрі көп болатын көрінеді. Мысалы, Еділ, Дунайда орта есеппен 33 мың болса, Арал теңізінде 72 мың (152 мың болған кездері де байқалған). Мамандардың зерттеуі бойынша қылыш балықтар өмірінің ұзақтығы 10-11 жыл, ал Қамыстыбас көлінде 9 жас көрінеді. Бұл балықтардың тағы бір ерекшелігі, қорек талғамай қай жерде жүрсе сол өңірдегі алуан түрлі майда-жұмсақ өсімдіктерді, судағы майда жәндіктерді, кешкісін қағып жеп, азық ете береді. Қамыстыбас, Райым көлдерінен ұсталған қылыштың асқазанынан 15 түрлі (су асты және үсті жәндіктері, олардың личинкалары, су түбі организмдері, балықтың қабыршағы т.б.) тағам түрлері шыққан. Кәнігі балықшылардың пікірінше, алуан түрлі азықпен қоректенетін қылыш етінің тағамдық құны жоғары, сондықтан оны тұздап та, кептіріп те, ыстап та пайдаланады. Қылышты республика бойынша тек Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі бойындағы көлдерде ғана кәсіптік балық ретінде аулайды, ол басқа аймақтарда тек кездейсоқ (онша кәсіптік маңызды саналмайды) ауланады. Сондықтан облысымыз өңіріндегі су қоймаларының азып, бұл балықтың ж оғалып кетілуіне жол бермегеніміз жөн. Қылышты қолдан өсіру арқылы көбеюіне мүмкіндік жасау керек. Бұл балықты республикамыздың «Қызыл кітабына» енгізу шараларын іске асыру – тиісті мекемелердің, қала берді бәріміздің борышымыз... Балық – байлықтың бір көзі, елдің ырыс-дәулеті балаларымыздың несібесі. Келер ұрпақтың байлық, дәулет пен несібесі мол болуы – өз қолымызда.

ПІЛМАЙ (АРАЛ БЕКІРЕСІ) – ШИП (АРАЛЬСКАЯ ПОПУЛЯЦИЯ)

Бекіре тәрізділер отрядының бекірелер туысына жататын көшпелі (өрістегіш), дене тұрқы 150 см. – 220 см., салмағы 15-21 килограммға жететін, Арал теңізінің ең құнды да маңызды балығы. Осы теңізде ұсталған 10 жастағы пілмайдың ұзындығы 122 см. – 153 см. болған. Әлем суларында бекірелер туысының 23 түрі болса, Арал теңізінде тек осы пілмай ғана (арал бекіресі) бар. Саны өте аз мөлшерде болғандықтан аулауға тиым салынып, ұстағандарға айыппұл салынады. Бүгінгі таңда бұл бекіре қарт Аралмен қосыла құрып кетті. Жыныстық қабілеті 8-10 жылда жетіліп, 30 жылға дейін өмір сүреді. Пілмай көзінің артқы жағында білінер-білінбес болып тұратын иненің жасуындай ғана кішкене тесікті (брызгалце-көз жасуы) байқауға болады. Тұмсығы сүйір, кішкене ғана аузы басының төменгі жағында орналасқан, аузының айналасында 2 жұп шашақталған мұртшалары бар. Аузы басының астында болуы оның судағы қалқып жүрген майда тірі организмдермен (планктон) – ұсақ жәндіктер-медузалар, құрттар, ұсақ омырткасыздар, шаян тәрізділермен (зоопланктон) және әртүрлі майда өсімдіктер, балдырлармен (питопланктон) қоректенеді. Аузы үнемі ашық болады да, оған планктондар сумен бірге еніп, желбезек тармақтарында тұтылып, балықтың қорегіне айналады. Пілмайдың туысы, әйгілі «қара уылдырық» (черная икра) иесі шоқыр немесе қызылбалық (севрюга) Арал теңізіне жерсінбейді. Балықшылардың «бекіренің тұмсығы тасқа тимей қайтпайды» дейтін себебі, жағалауға жоламай, үнемі терең, таза суда жүретін бекірелер (пілмай) уылдырық шашу үшін жаппай жағалауға (өзенге өрлейді) қарай жосылады да, тұмсығы әбден қайраңға тигенде ғана уылдырығын төгеді (ал браконьерлерге керегі де осы), кейбіреулері екпінмен жағаға шығып та қалады. Арал, Сырдариядағы пілмайлар су жылыған уақытта, сәуірдің аяғында (Әмудариядасәуірдің басында) 250 мыңнан 1 миллионға дейін уылдырық шашады. Пілмайдың уылдырығы (шиповое зерно) шоқырдың уылдырығынан гөрі ұсақ, тағамдық сапасы орташа. Пілмайда (барлық бекіре тәрізділердей) қабыршақ болмайды. Денесін ұзына бойлай (басынан құйрығына дейін) ромба тәріздес бес қатар (арқасында – жонында бір қатар, екі бүйірінде бір-бір қатардан, құрсағының екі жағында бір-бір қатардан) сүйекті пластинкалар-шытыра (Арал балықшылары теңге дейді) орналасқан. Арқа қатарындағы бірінші теңгесі ерекше үлкен. Кейде пілмайды тікенекті (шип) балық деуі де сондықтан. Пілмайда шытыра-теңгелердің арасында, басқа бекірелердегідей, майда сүйекті пластинкалар болмайды. Құйрық қанатының жоғарғы бөлігі сәл ұзын, сүйір, төменгі бөлігі қысқа да доғал. Салмағы едәуір, тамақ өнеркәсібі үшін маңызды, тағамдық құндылығы жоғары болғандықтан және Қызылорда облысы аймағында кездесетін жан-жануарларының биологиялық бір түрі есебінде де сақтап қалу үшін пілмайды өңіріміздегі көлдерде (мысалы, Қамыстыбас), тоғандарға өсіруге назар аудару керек. Аңсаған арман орындалып, Арал айдыны толар болса осы тоғандардағы пілмайды өзінің «туған үйіне» - Арал теңізіне жібере салар едік-ау! Арал бекіресі Балқаш көліне жерсіндірілген. Еті тәтті бекірелерді жастай да, тұздап та (кептіріп), қақтап та (ыстап) пайдаланады. Сондай-ақ, Арал пілмайы біздің заманымызға келіп жеткен, балықтардың ішіндегі ең әуелі жаратылған «жанды қазба». Бұл бекіренің сүйекті-шеміршекті балықтар өкілі екеніне, дене құрылысы қарапайым, сүйегі жоқ (сүйек қаңқасы қызметін шемірдек атқарады, тек желбезек қақпағы мен бастың сыртқы қақпағы ғана сүйектенген), Балықтар класының ерекше тармағына жататынын айта кету керек.

СЫРДАРИЯ ТАСБЕКІРЕСІ (ТАСБЕКІРЕ) – СЫРДАРЬИНСКИЙ ЛОПАТОНОС

Қазақстан Республикасы «Қызыл кітабында» (1978 ж. Алматы) осылай аталады. «Рыбы Казахстана» кітабында (1986 ж.Алматы) Сырдарьинский лжелопатонос-тасбекіре деп сипатталса, «Биологический энциклопедический словарь» (1989 ж.Москва) лжелопатоносы, аральские лопатоносы деп жазылады. Жалпы әдебиеттерде Сырдарияжалған тасбекіресі, Арал тасбекіресі деген ортақ ат берілген. Сыртқы құрылысы өте ерекше жаратылған, бекірелер тұқымдасына біріктірілетін бұл тұщы су (өзен) балығы тек Сырдария өзенінің орта ағысынан бастап Арал теңізіне құйылар атырауына шейін ғана таралған, ал Кеңестер Одағы және Қазақстан Республикасының «Қызыл кітаптарына» «Сирек кездесетін, тек Сырдария өзенінің эндемик балығы» деген мәртебемен енгізілген. (Эндемик – тек белгілі бір жердң ғана организмі). Осы жалған тасбекірелер туысы тек Арал теңізі өзендерінің бассейнінде ғана кездесетін ерекше есте ұстаған жөн. Олардың үш түрі бар: Әмударияның үлкен жалған тасбекіресі, Әмударияның кіші жалған тасбекіресі, Сырдария жалған тасбекіресі. Барлық түрлері де өте сирек тараған. Мысалы, Сырдария тасбекіресінің 4 түрі (1952-1953 жылдары) жаңа Шиелі суландыру жүйесін қазған жылдары ұсталса, кейінгі жылдары (1967 ж.,1970 ж.) Шардарада су қоймасына келген болуы мүмкін деген жорамал жасалған. Содан кейінгі жылдары бұл балықтың Қазақстан Республикасы аймағында ұшырасуы жайлы дерек жоқ көрінеді. Ең көне дәуірлердің «тірі куәсі» сырдария жалған тасбекіресін – Арал тасбекіресін бір көрген жэан мәңгі ұмытпайды. Әсіресе, оның тым жалпиған жалпақ күрек тәріздес тұмсығы мен қылдай ұзын құйрығы ерекше көзге түседі. Денесінің барлық ұзындығы, құйрығымен қосы есептегенде, 36 см. Болса, құйрығының ұзындығы 9 см-ге жетеді. Құйрығының төменгі қалағы қысқа, ал жоғарғы қалағы жіңішкіреп, жіпке айналып кеткен. Құйрық жібі мен тұмсығының ұзындығына сәйкес Сырдария тасбекіресінің сыртқы пішіні үш формада ұшырасады:

- Құйрық жібі ұзын, қысқа тұмсықты.
- Құйрық жібі жоқ, тұмсығы ұзын.
- Құйрық жібі бар, тұмсығы онша ұзын емес.
Бұл үш пішінді тасбекірелерқосылып, Арал бекіресімен (пілмай) бірге

жүргенде, әсіресе, бір аймаққа бірге уылдырық шашып, есею кезіндегі жас пілмайлармен әбден шатастырылады. Тас бекіренің жоғарғы және төменгі еріндері перде арқылы екіге бөлінсе, пілмайда тек төменгі ернінде перде байқалады. Біріншісінің мұртшалары шашақталмаған, екіншісінің мұртшалары шашақталған. Тасбекіренің бірінші арқа теңгесі (шытырасы) онша ерекшеленбесе, пілмайда үлкен болып, ерекше көрініп тұрады. Біріншісінің тұмсығы жалпақ та енді, екіншісінде тұмсық жіңішкелеу. Тасбекіреде көз жасуы (брызгальце) жоқ, пілмайда бар. Арал тасбекіресінің денесі созылыңқы, басынан құйрығына қарай біртіндеп жіңішкереді. Денесінің ұзына бойына бес қатар – арқасында бір қатар, екі бүйірінде бір-бір қатардан, құрсағының екі жағында екі қатар – сүйекті теңгелер (шытыра) орналасқан. Қабыршағы жоқ, оның орнына теңге қатарларының арасы сүйекті түйірлермен толтырылған. Теңге – шытаралар өзара қосылмай, бөлек-бөлек ьолып, тұтас сауыт құрамайды. Аузы кішкентай, барлық бекірелердегідей басының төменгі жағына орналасқан. Төс қанатының төменгі шеткі қауырсын сабағы жалпақтанған. Арқа қанаты құйрық қанатына жақын, ал құрсақ қанаттары арқа қанатының алдына орналасқан. Жыныстық қабілеті кеш (6-7 жылда) жетілгендіктен және уылдырық саны да көп емес (1500-3800 дана) болғандықтан тасбекірелердің табиғи өзсімі аз және тасбекірелер қорына Әму-Сыр бойларына салынған плотиналар, каналдар мен қоймалары да айтарлықтай кері әсер етті. Қоры аздығынан кәсіптік маңызы жоқ. Алайда, салмағы 21-45 кг-ға жететін, еті дәмді, тағамдық сапасы жоғарғы бұл балықты қорғау, санын молайтудың барлық шараларын жасауға тиістіміз. Мысалы, ұсталған түрлерін суға қайта жіберу және оның биологиялық ерекшеліктерін (уылдырық шашу, жас тасбекірелердің өсіп-даму қабілетін нақтылау, өрістеу-қыстау жағдайын анықтау т.б.) зерттеуді және қолдан өсіруді жедел қолға алу қажет. Балықшылар арасында насихат жұмыстарын жүргізуді де ойластырған жөн. Арал теңізі өзендері байссейнінің жаратылысы ерекше осы тасбекіресі жоғалмауы тиіс!

ШОРТАН ТӘРІЗДІ АҚМАРҚА, ШОРТАН ТӘРІЗДІ

АҚБАЛЫҚ – ЩУКОВИДНЫЙ ЖЕРЕХ, ЛЫСАЧ

Тұқы тәрізділер (карпообразные) отряды тұқылар тұқымдасының бұл түрін шортан тәрізді ақбалық (щуковидный жерех не жерех-лысач) деп те атайды. Кеңестер Одағының, Қазақстан Республикасының «Қызыл кітаптарына» «Сирек кездесетін, Орта Азияның эндемик балығы» мәртебесімен енгізілген. Шортан тәрізді ақбалықтың біздің республика көлемінде кездесетін аймағы тек Сырдария өзенінің Шиелі тұсынан басталып жоғары қарай көтерілер тұсы (өзеннің құйылар сағасына да, бастау алар жоғары тұсына да бармайды). Бұл балық біздің облыс өңірінде (тіпті Қазақстан су қоймаларында да) соңғы рет 1953 жылы Жаңа Шиелі суару жүйесінен аздап ұсталған. Кейінгі жылдары шортан тәрізді ақмарканың ұсталғаны жөнінде дерек жоқ. Ұзын, созылыңқы денесі тығыз орналасқан майда қабыршақтармен қапталған, біртегіс ақ, күмістей жылтырап көрінеді. Дене тұрқы 50-63 см.,салмағы 1-3 кг.дейін жетеді, 5 килограммдық түрлері де ұсталған. Басы айтарлықтай ұзын, әрі тым ерсілеу қушық, көзі кішкентай, аузы үлкен. Төменгі жақ сүйегі алға шығынқылау және ондағы төмпешіктер жоғарғы жақ сүйегінің ойығына дәл келеді. Қысқасы, шортан тәрізді ақбалықтың бас сүйегі өте ерекше пішінде, бұндай бассүйек басқа балықтарда жоқ. Бұл балықтың тағы бір ерекшелігі олар суы лайланған каналдар мен өзенде ұшырасады, мөлдір, тұнық суға жоламайды. Бұл олардың жауларынан сақтануға бейімделгені және жыртқыштығына байланысты лай суларда өзінің негізгі қорегі – қылыш балық (чехонь), тарақ балық (елец), майда сазандар, насекомдарды оңай ұстауға бейімделгені. Бұл ақмарқаның арқа қанаты да назар аударарлықтай тіп-тік, түп-түзу етіп қиып тастағандай, ал арал ақмарқасының (арал ақбалығы – аральский жерех) құйрығы ойық. Шортан тәрізді ақмарқаны шортан тәрізді ақбалық (щуковидный жерех) деп ақбалықтармен (жерех) өте ұқсас болған соң айтса керек, бұларды бір-бірінен тек тәжірибелі балықшылар ғана ажырата алады. Ақмарқаның құрсағы дөңгелектенген (жұмырлау), ал ақбалықта екі жағынан қысыңқы, қырлы. Біріншісінің басы ерекше ұзын және жалпақ, аузы да үлкен. Шортан тәрізді ақмарқаның уылдырық шашу қабілеті 6-7 жасында жетіледі. Уылдырығын өзеннің ағысы қатты тұсына, су температурасы 5-100С жеткенде шашады. Тез дамып-жетіліп, шапшаң өседі. Республикамызда сирек кездесетін бұл түр аз зерттелген және кәсіптік маңызы онша емес. Алайда, біздің облыс аймағындағы Сыр өңірінің жан-жануарлар әлемінде өзіндік орны бар, табиғаттың бір бөлшегі – шортан тәрізді ақмарқа саны қайтадан қалпына келуі тиіс. Сондықтан оны жан-жақты зерттеп, өзен маңын мекендейтін тұрғындар арасында насихат ісін ұйымдастырып, қолдан өсірудің әдіс-тәсілдерін табуымыз керек. Табиғаттың жаратылысы жойылуы тиіс емес!

ҚОРЫТЫНДЫ

Дүниедегі әр бір тіршілік иесі (хайуан, не өсімдік)- өзінше қайталанбас бір әлем, өзінше сұлу да тамаша тұлға. Еліміздің Конституциясында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» (38-бап) деп нақтыланған. Яғни, әлемде нендей тіршілік иесі бар, солардың бәрі сол табиғи бостандықта, сол алуан түрлігімен сақталуы тиіс. Дүние фаунасы (хайуанаты) мен флорасы (өсімдігі) тек біздер үшін ғана жаратылған, олар қорғалып, сақталып ұрпақтан-ұрпаққа тапсырылуы тиісті аманат аманат дүние. Өкінішке орай, тумысынан аз жаратылған, кейбір себептермен саны сиреген, тіпті жоғалып біткен, құрып бара жатқан организмдер бар. Олардың саны Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабында» (1 басылым.1978ж.) 87, ал кейбір ғылыми деректерге жүгінсек, жүзден де асып кеткен. Тек құстардың санының өзі республикамызда 55 болса, 36 құс Кеңестер Одағының «Қызыл кітабынан» орын алған. Ендеше бұларды атып-аулау түгілі, қыстайтын, жайлайтын, ұя салатын мекендерін ластап бүлдіруге де, мазалауға да болмайды. Соңғы үш жүз жылда Қазақстаннан аңдардың 7 түрінің көзі жойылған. Мысалға, Қазақстан құланы, Тұран жолбасырысы, гепард т.б. Сондықтан біз де өз өңіріміздегі жан-жануарларды азайып – сиреу қарқынына қарай жіктеп беруді жөн көрдік. І. Құрып кету қаупінде тұрғандар – мәрмәр шүрегей, жорға дуадақ, ақтырна, ұзынқұйрық ақиық, қарақал, қарақұйрық, Қаратау арқары, Қызылқұм қойы, Орта Азия құндызы, құлан, арқар, Сырдария тасбекіресі, Арал албырты, шортан тәрізді ақмарқа. ІІ. Шапшаң қарқынмен азайып бара жатқандар – шұбар күзен, шағыл мысығы, қызғылт және бұйыра бірқазандар, жалбағай, бүркіт, субүркіт, тарғақ, өгіз шағала, қарақұс, дала қыраны, аққұйрықты субүркіт, ақбауыр бұлдырық, қарабауыр бұлдырық, қылқұйрық, аққулар. ІІІ. Сирек кездесетін түрлер – үш башайлы ергежейлі қосаяқ, сабаншы, елік, балықшы, жыланбүркіт, бақалтақ (ергежейлі) қыран, сексеуіл жорға торғайы. Бұлардың саны да, таралу аймағы да аз. Ал жұмбағы шешілмеген мына түрлер ала кептер, ақбас үйрек, кіші аққұтан, аққұйрықты қызғыш т.б. туралы толық мәлімет жоқ. Яғни бұларды қай топқа жатқызу керек? Қалай болғанда да жоғарыда аты аталған түрлер келешекте қалпына келтірілгендер дәрежесіне жеткізілуі керек. Ал облысымыздағы аты аталмаған көптеген фаунамыздың да маңдайынан жел есіп тұрған жоқ. Мысалы, кәдімгі аты әртүрлі өсектерге арқау болып жүрген есек Халықаралық табиғат қорғау Одағының «Қызыл кітабына» тіркеліпті. Оны да хайуанаттар паркіндегі арыстан, жолбарыстарға беру үшін өз қолымызбен қырдық емес пе? Міне, біздің табиғатқа қамқорлығымыз! Өңіріміздің аспанын бермей, бағаналар арасындағы сымдар үстінде қаз-қатар тізіліп отыратын «адамның адал досы» атанған әсем қарлығаштар қайда кетті? Далаға барсаң алдыңнан шығатын тасбақалар мен жыланды іздегенде әрең табатын болдық емес пе? Үйіңдегі сүтке маза бермейтін кірпілер мен даланың жұмыр бас кесірткелері де бас сауғалап кеткен сыңайлы. Міне, ғылым мен техниканы қарыштап дамытып отырған адамзат баласы өзінің асыраушысы табиғатты осылайша аянышты күйге әкелуде.

Қызылорда облысындағы сирек кездесетін, жоғалып кету
қаупі төніп тұрған және жоғалып кеткен жануарлар
түрлерінің орысша-қазақша аттары

МЛЕКОПИТАЮЩИЕ

-СҮТҚОРЕКТІЛЕР

Барсук
-Борсық
Барханный кот
-Шағыл мысығы

Джейран
-Қарақұйрық (жайран)
Гепард
-Бабыр, гепард

Желтая пеструшка
-Сары алақоржын
Дикий кабан (кабан)
-Жабайы шошқа (қабан), доңыз

Каракал (степная рысь)
-Қарақал, құм сілеусін
Каратауский горный баран
-Қаратау арқары

Карликовый тушканчик Гептнер
-Гептнер ергежейлі қосаяғы
Кулан казахстанский (джигитай)
-Қазақстан құланы (жігітай)

Кызылкумский муфлон
-Қызылқұм қойы
Пегий путорак
-Ала жертесер

Перевязка
-Шұбар күзен
Манул
-Сабаншы

Ондатра
-Ондатр
Сайга (сайгак)
-Киік (ақбөкен), кәдімгі бөкен

Селевиния, боялычная соня
-Жалман (қалқанқұлақ)
Среднеазиатская выдра
-Орта Азия құндызы

Трехпалый карликовый тушканчик
-Үш башайлы ергежейлі қосаяқ
Туранский тигр
-Тұран жолбарысы

ПТИЦЫ

-ҚҰСТАР

Баклан
-Суқұзғын
Балобан
-Ителгі

Белобрюхий рябок
-Ақбауыр бұлдырық
Белоглазая чернеть
-Алакөз сүңгуір

Белокрылый дятель
-Аққанатты тоқылдақ
Белохвостая пигалица
-Аққұйрық қызғыш

Белый аист
-Ақ ләйлек (ақ дегелек)
Беркут
-Бүркіт

Большеклювый зуек
-Жуантұмсықты шүрілдек
Бурый голубь
-Қоңыр кептер

Сапсан
-Лашын
Джек
-Жорға дуадақ

Дрофа обыкновенная
-Кәдімгі дуадақ
Журавль красавка
-Ақбас тырна

Змееяд
-Жыланбүркіт (жылан жегім қыран)
Каравайка
-Қарабай

Кречетка
-Тарғақ
Колпица
-Жалғабай (қалғабай)

Кудрявый пеликан
-Бұйра бірқазан (ақ бірқазан)
Лебедь-кликун
-Сұңқылдақ аққу

Малая белая цапля
-Кіші аққұтан
Малый лебедь
-Кіші аққу

Могильник (орел-могильник)
-Қарақұс
Мраморный чирок
-Мәрмәр шүрегей

Орел-карлик
-Ергежейлі бүркіт(бақалтақ қыран)
Орлан-белохвост
-Аққұйрықты су бүркіт, су бүркіт

Орлан-долгохвост
-Ұзынқұйрық ақиық, ақиық
Розовый пеликан
-Қызғылт бірқазан

Саджа, копытка
-Қызылқұйрық бұлдырық, шажа
Савка
-Ақбас үйрек

Саксаульная сойка
-Сексеуіл жорға торғайы
Скопа (рыбный орел)
-Балықшы (Балықшы тұйғын)

Стервятник
-Жұртшы
Стерх (белый журавль)
-Ақтырна

Степной орел
-Дала қыраны (қыран қара)
Стрепет
-Безгелдек

Солстоклювый зуек
-Қалың тұмсықты шүрілдек торғай
Тонкоклювый кроншнеп
-Жұқа тұмсық жылқышы

Фазан
-Қырғауыл
Филин
-Үкі

Хохотун черноголовый, чайка хохотунья
-Өгіз шағала
Чернобрюхий рябок
-Қарабауыр бұлдырық

Черный аист
-Қара ләйлек
Чайка тонкоклювая (морской голубок)
-Шитұмсық (жұқатұмсық) шағала

ПРЕСМЫКАЮЩИЕСЯ – БАУЫРЫМЕН

ЖОРҒАЛАУШЫЛАР

Серый варан
-Кесел (ешкіемер)

РЫБЫ-БАЛЫҚТАР

Аральский лосоь -

Арал албырты
Аральский усач
-Арал қаязы
Сырдарьинский лопатонос

-Сырдария тасбекіресі
Туркестанский усач
-Түркістан қаязы
Чехонь

-Қылыш балық
Шемая (шамая)
-Патша балығы, май балық, шөмайке
Щип (аральская популяция)

-Пілмай (арал бекіресі)
Щуковидный жерех, лысач
-Шортан тәріхді ақмарқа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «ҚЫЗЫЛ КІТАБЫНА» ЕНГІЗІЛГЕН БАЛЫҚТАР ВИДЫ РЫБ,
ЗАНЕСЕННЫЕ В «КРАСНУЮ КНИГУ» РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Сырдария тасбекіресі
-Сырдарьинский лопатонос
Пілмай, Арал тасбекіресі
-Щип (Аральская популяция)

Арал албырты
-Аральский лосось (кумжа)
Шортан тәрізді ақмарқа
-Щуковидный жерех, лысач

Арал қаязы, теңге балығы, сүген
-Аральский усач
Түркістан қаязы
-Туркистанский усач

Шу сүйрік қанаты
-Чуйская остролучка

ОБЛЫСТАҒЫ СУ АЙДЫНДАРЫНДА

КЕЗДЕСЕТІН БАЛЫҚТАР

ВИДЫ РЫБ, ВСТРЕЧАЮЩИХСЯ

В ВОДОЕМАХ ОБЛАСТИ

Сазан
сазан
Көксерке
Судак

Ақ амур
Белый амур
Дөңмаңдай
Толстолобик

Табан балық (тыран)
Лещ Аральский
Шортан
Щука

Тұқы
Карп
Жылтыр тұқы
Серебристый карп

Жылан балық
Змееголова (угорь)
Жайын

Сом

Ақ балық (ақмарқа)
Жерех
Алабұға
Окунь

Қылыш балық
Чехонь
Шемей, май балық (шахмайы, патша балық)
Шемая, шемея, шамая

Қаракөз (торта)
Вобла (плотва)Аральская
Аққайран

Язь

Мөңке балық
Карась
Айнакөз-ақкөз
Белоглазка Аральская

Қызылқанат
Красноперка
Жалғыз көзді глосса, камбала
Камбала глосса

Қаяз
Сүген
Пілмай (Арал бекіресі)
Щип (Аральская популяция)

Қызылорда облысындағы сирек кездесетін, құрып кету
қаупі төніп тұрған және жоғалып кеткен жануарлар
түрлерінің қазақша-орысша аттары

0 Ала жертесер
-Пегий путорак
хх Бабыр, гепард
-Гепард

-Борсық
-Барсук
-Жабайы шошқа (қабан), доңыз
-Дикий кабан (кабан)

хх Жалман (қалқанқұлақ)
-Селевиния, боялычная соня
-Елік
-Косуля

-Киік (ақбөкен), кәдімгі бөкен
-Сайга (сайгак)
хх Қарақал, құм сілеусін
-Каракал (степная рысь)

хх Қарақұйрық (жайран)
-Джейран
х Қаратау арқары
-Каратауский горный баран

хх Қазақстан құланы (жігітай)
-Кулан казахстанский (джигитай)
х Қызылқұм қойы
-Кызылкумский муфлон

-Ондатр
-Ондатра
х Орта Азия құндызы
-Средноазиатская выдра

х Сабаншы
-Манул
0 Сары алақоржын
-Желтая пеструшка

Туран жолбарысы
-Туранский тигр
х Үш башайлы ергежейлі қосаяқ
-Трехпалый карликовый тушканчик

0 Шағыл мысығы
-Барханный кот
х Шұбар күзен
-Перевязка

ҚҰСТАР - ПТИЦЫ

0 Ақ ләйлек (ақдегелек)
-Белый аист
-Аққанатты тоқылдақ
-Белокрылый дятел

х Ақбас үйрек
-Савка
0 Ақбас тырна
-Журавль красавка

0 Ақбауыр бұлдырық
-Белобрюхий рябок
0 Аққұйрық қызғыш
-Белохвостая пигалица

х Аққұйрықты су бүркіт, субүркіт
-Орлан белохвост
хх Ақтырна
-Стерх (белый журавль)

х Балықшы (Балықшы тұйғын)
-Скопа (рыбный орел)
х Безгелдек
-Стрепет

0 Бүркіт
-Беркут
х Бұйра бірқазан (ақ бірқазан)
-Кудрявый пеликан

-Дала қыраны (қыран қара)
-Степной орел
х Кәдімгі дуадақ
-Дрофа обыкновенная

0 Ергежейлі бүркіт (бақалтақ қыран)
-Орел-карлик
0 Жалбағай (қалбағай)
-Колпица

х Жорға дуадақ
-Джек
Жұртшы
-Стервятник

х Жұқа тұмсық жылқышы
-Тонкоклювый кроншнеп
0 Жыланбүркіт (жылан жегіш қыран)
-Змееяд

-Ителгі
-Балобан
0 Кіші аққу
-Малый лебедь

0 Кіші аққұтан
-Малая белая цапля
Қалың тұмсықты шүрілдек торғай
-Толстоклювый(большеклювый) зуек

0 Қарабай
-Каравайка
0 Қарабауыр бұлдырық
-Чернобрюхий рябок

-Қарақұс
-Могильник (орел-могильник)
-Қара ләйлек
-Черный аист

х Қызғылт бірқазан
-Розовый пеликан
-Қылқұйрық бұлдырық, шажа
-Саджа, копытка

-Қырғауыл
-Фазан
-Қоңыр кептер
-Бурый голубь

-Лашын
-Сапсан
0 Мәрмәр шүрегей
-Мраморный чирок

-Өгіз шағала
-Хохотун черноголовый, чайка хохотунья
0 Сексеуіл жорға торғайы
-Саксаульная сойка

0 Сұңқылдақ аққу
-Лебедь кликун
0 Тарғақ
-Кречетка

х Ұзынқұйрық ақиық, ақиық
-Орлан-долгохвост
-Үкі
-Филин

-Шалшықшы шитұмсық
-Тонкоклювый кроншнеп
-Шитұмсық (жұқатұмсық) шағала
-Чайка тонкоклювая(морской голубок)

-Суқұзғын
Баклан (малый баклан)
-Қылаң жапалақ
-Буланая сова

БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР-

ПРЕСМЫКАЮШИЕСЯ

хх Кесел (ешкіемер)
Серый варан

БАЛЫҚТАР-РЫБЫ

0 Арал албырты
-Аральский лосось
-Арал қаязы
-Аральский усач

-Қылыш балық
-Чехонь
-Патша балығы, май балық, шомайке
-Чемая (шемая)

-Пілмай (арал бекіресі)
Щип (АРАЛЬСКАЯ ПОПУЛЯЦИЯ)
0 Сырдария тасбекіресі
-Сырдарьинский лжелопатонос

0 Түркістан қаязы
-Туркестанский усач
0 Шортан тәрізді ақмарқа
-Щуковидный жерех, лысач

х- Кеңестер Одағының «Қызыл кітабына» тіркелгендер
хх- Табиғат қорғаудың халықаралық Одағының «Қызыл кітабына» енгізілгендер
0-Қазақстан Республикасы «Қызыл кітабына» енгендер

- - Облыс аймағында сиреп кеткендер

АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ТАРТЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЙЫЛЫП КЕТКЕ, НЕ МҮЛДЕ СИРЕГЕН БАЛЫҚТАР

Аққайран
Алабұға
Арал ақмарқасы
Арал албырты

Жайын, көксерке
Қаракөз (торта)
Қылыш балық
Моңке балық

Сазан
Табан балық
Тұқа
Шортан

АРАЛ ТЕҢІЗІНЕ ЖЕРСІНДІРІЛГЕН БАЛЫҚТАР

Дөңмайдан
Ақ амур
Жылан балық
Жалғыз көзді глосса

АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚША-ОРЫСША АТТАРЫ:

Айнакөз – белоглазка Аральская

Аққайран – язь
Алабұға – Окунь
Арал ақмарқасы, ақбалық – жерех
Арал албырты – аральский лосось

Жайын – сом
Көксерек – судак
Қаракөз (торта) – вобла аральская (плотва)
Қаяз (Арал сүгені) – усач аральский

Қызылқанат – красноперка
Қылыш балық – чехонь (сабля –рыба)
Пілмай (арал бекіресі) – шип (аральская популяция)
Сазан - сазан

Табан балық – лещ аральский
Шемей (шөмейке) – шемая аральская, шемая
Тұқа – карп
Шортан – щука

АРАЛ ТЕҢІЗІНЕ ЖЕРСІНДІРІЛГЕН БАЛЫҚТАР

Дөңмайдан - толстолобик
Ақ амур – белый амур
Жылан балық - змееголова
Жалғыз көзді глосса – камбала глосса

ЖЕР БЕТІНЕН ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН ЖАН-ЖАНУАРЛАР

Ақ қанатты гагарка
Шабындық кекілігі
Қанатсыз гагарка
Кезеген кептер

Стеллер сиыры
Дронт
Королин тотысы
Торпан

Тұқыл (мүйізсіз) мүйіз-тұмсық
Тур (жабайы сиыр)
Алып (үлкен мүйізді) бұғы
Ұзын мүйіз бизон

Түкті (жүндес) мүйізтұмсық
Мамонт (зіл)
Квагга жебрасы

ЖЕР БЕТІНЕН ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН ЖАН-ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚАЗАҚША-ОРЫСША АТТАРЫ
Ақ қанатты гагарка – белокрылая гагарка
Шабындық кекілігі – луговая курочка
Қанатсыз гагарка – бескрылая гагарка

Кезеген кептер – странствующий голубь
Стеллер сиыры – стеллерова корова
Дронт – дронт
Королин тотысы – королинский попугай

Торпан - тарпан
Тұқыл (мүйізсіз) мүйіз-тұмсық – безрогий носорог
Тур (жабайы сиыр) - тур
Алып (үлкен мүйізді) бұғы – гиганский (большерогий ) олень

Ұзын мүйіз бизон – длиннорогий бизон
Түкті (жүндес) мүйізтұмсық – шерстистый носорог
Мамонт (зіл) - мамонт
Квагга жебрасы – зебра квагга

ЖАН-ЖАНУАРЛАРҒА КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӘРЕКЕТТЕР ҮШІН ТӨЛЕНЕТІН АЙЫППҰЛ СТАВКАСЫ:

Жабайы хауанаттар
аттарыайыппұл мөлшері (теңге)
Түрікмен құланы
1,550,000

Құлжа (сарғалы, арқар)
1,532,000
Ителгі, дуадақ
542,500

Қарақұйрық, бүркіт, қыран, қызғылт бірқазан
310,000
Доңыз, бұлдырық, үкі
151,000

Ұрғашы киік, төлі
116,000
Арал және Түркістан қаяздары
77,000

Арал қыраны, сұр кесіртке
15,000
Борсық

3775

Жапалақ, байғыз, қырғауыл

1550

Майшабақ
1162,5
Қасқалдақ, бөдене, үйректер

775

Камбала, ақсақа (кг.)
387,5
Сазан, тұқы, көксерке(кг.)
232,5

Шортан, жайын, жыланбас, қылышбалық, қызылқанат (кг.)

115

Табан, ақтұқы, торта(кг.)
77,5

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙