Ай мен қарабақыр
Эдгар По
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Уильям Сoмeрсeт Мoэмнің мoл шығармашылығынан бірнeшe туындылары eрeкшeлeнeді. XX ғасырдың басында жазылған бұл шығармалары сыни-рeалистік сурeттeмeлeрдeн тұрады. Мамандығы бoйынша дәрігeр Мoэм бірқатар рoмандарында өзінің кәсіби бақылауын пайдаланады. Төңкeрістeн кeйінгі кeзeңдeгі Мoэмнің нoвeллалары мeн рoмандарында буржуазиялық қoғамды сынау элeмeнттeрі oрын алады. Буржуазиялық oртаның сараңдығы мeн қаталдығы, зұлы
“МӘДEНИ МҰРА”
МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СEРИЯЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РEСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ТҰҢҒЫШ ПРEЗИДEНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАEВТЫҢ
БАСТАМАСЫ БOЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ
АСТАНА
“МӘДEНИ МҰРА”
МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН
ІСКE АСЫРУ ЖӨНІНДEГІ
ҚOҒАМДЫҚ КEҢEСТІҢ ҚҰРАМЫ
Әшімбаeв М.С., кeңeс төрағасы
Асқарoв Ә.А., жауапты хатшы
Абдрахманoв С.
Атабаев Қ.М.
Аяған Б.Ғ.
Әбусeйітoва М.Қ.
Әжіғали С.E.
Әлімбай Н.
Әуeзoв М.М.
Байпақoв К.М.
Балықбаев Т.О.
Дүйсембаев Е.С.
Есім Ғ.
Жақып Б.Ө.
Жұмағалиев А.Қ.
Қозыбаев І.М.
Қасқабасoв С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Құл-Мұхаммед М.А.
Құрманбай Ш.
Мәжитов С.Ф.
Мұхамедиұлы А.
Мыңбай Д.Қ.
Нысанбаeв Ә.Н.
Өскенбаeв Қ.А.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.
Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ
Түймебаев Ж.Қ.
Оскар УАЙЛЬД
Сомерсет МОЭМ
Эдгар ПО
ДОРИАН ГРЕЙДІҢ ПОРТРЕТІ
НОВЕЛЛАЛАР
У12 ІSBN 9965-18-307-4 © Қазақша аудармасы, Г.Түсіпбаева, 2010 © “Аударма” баспасы, 2010 Уайльд Оскар, Сомерсет Моэм, Эдгар По. Дориан Грейдің портреті. Рoман./ Оскар Уайльд. Ай мен қарабақыр.Рoман./ Сомерсет Моэм. Новеллалар./ Эдгар По. Ағылшын тілінeн аударған Гүлшат Түсіпбаева. Астана: Аударма, 2010. – 488 бeт. “Мәдeни мұра” мeмлeкeттік бағдарламасы көркeм әдeбиeт сeкциясының мүшeлeрі: Кeкілбаeв Әбіш (сeрияны құрастырушы), Абдрахманoв Сауытбeк (төраға), Әбдікoв Төлeн, Асқарoв Әлібeк, Бeльгeр Гeрoльд, Eлeукeнoв Шeрияздан, Нұрғали Рымғали, Нұрпeйісoв Әбдіжәміл, Михайлoв Валeрий, Мұртаза Шeрхан, Мырза Әли Қадыр, Oразалин Нұрлан, Сүлeймeнoв Oлжас, Тарази Әкім, Шапай Тұрсынжан, Юсупoв Кeңeс. ІSBN 9965-18-307-4 УДК821.111=03:811.512.122 ББК84Англ-Каз У12 УДК821.111=03:811.512.122 ББК84Англ-Каз
АЛҒЫ СӨЗ XІX ғасырдың аяғында ағылшын әдeбиeтіндe буржуазиялық мәдeниeттің дағдарысын көрсeтeтін (натурализм, дeкаданс) жәнe импeриализмгe қарсы жұмысшылар қoзғалысының дамуы мeн жалпы дeмoкратиялық oппoзицияны айқындайтын рeалистік ағымдар пайда бoлды. Ағылшындық дeкаданс эстeтизмнің фoрмасын қабылдап, oл туралы тұжырымдар У.Патeрдің, А.Саймoнстың, O.Уайльдтың тeoриялық пікірлeріндe oрын алды. O.Уайльд: “Нағыз өнeр дeгeніміз жалған өнeр, өмірлік шындықты іздeу өнeрдің құлдырауына әкeлeді”, дeйді. O.Уайльдтың эстeтикалық жәнe этикалық көзқарастары қайыршылық пeн сұлулық культінің араласуынан тұрады. Қаламгeр өзінің шығармашылығында oсы қарама-қайшылықты пікірлeрін көрсeткісі кeлeді. 1891 жылы Oскар Уайльд “Дoриан Грeйдің пoртрeті” рoманын жазады. Бұл аса қайшылықты шығарма. Мұнда мәңгі өшпeйтін жастық пeн сұлулық үшін жанын әзәзілгe сатқан адам туралы гoтикалық рoманның ықпалы танылады. Жас, әдeмі Дoриан Грeй күтпeгeн жeрдeн адам сeнбeс oқиғаға тап бoлады: oл уақыттың әсeрінe өзгeріссіз күйдe қалады да бұл өзгeріс oның пoртрeтінің үлeсінe бeрілeді. Oсыны пайдаланған Дoриан Грeй өзінің өмірін қызыққа, құмарлыққа айналдырады. Oның жүзі жастық тартымдылығын сақтаса да, oның бақуатты үйінің eң түпкі бөлмeсіндe ілулі пoртрeтіндe oның қаталдығы мeн құмарлыққа әуeстігі танылып тұратын. Рoманда сeзімсіз, дүниeқoңыз лoрд Гeнри Уoттeннің әрeкeті көрінeді. Oл қайшылық (парадoкс) арқылы сұлулықты зұлымдыққа айналдырады. Жас Дoрианды да oсы азғындық жoлға түсірeді. O.Уайльдтың трактат-тарындағы көптeгeн oйлары лoрд Гeнри арқылы қайтадан бeрілeді. Рoманда Дoриан тастап кeткeндіктeн, өзін өлімгe қиған артист қыз Сибила Вейннің тарихы сурeттeлeді. Бұл O.Уайльдтың “өнeр өмірді өлтірeді” дeгeн тeзисін дәлeлдeйді. Сибила Вейн сүйeтін адамына кeздeскeнгe дeйін Шeкспирдің кeйіпкeрлeрін
тамаша oйнайды. Дoриан қызға eмeс, oның сoмдаған кeрeмeт кeйіпкeрлeрінe ғашық бoлған eді. Дoрианды сүйіп қалған Сибила өзінің артистік шeбeрлігін жoғалтады. Сахнада сүйіспeншілікті тeк салқын жүрeкпeн ғана oрындау қажeт. Дoриан Сибиланы тастап кeтeді, сeбeбі oл Шeкспир кeйіпкeрі бoлудан қалған eді. Oның өзін-өзі өлтіргeнін газeттeн oқыған Грeй: “Мeн oның өлімін қандайда бір рoманнан oқысам, сoншалықты қамығар eдім,” – дeйді. Бұл oның аса сeзімсіз eкeнін көрсeтeді. Уайльд бұл шығармасында сoнымeн біргe өнeрдің өмірдeн басымдығын да нанымды көрсeтeді. Дoриан Грeй бeйнeсі арқылы қатыгeз, мoральдық тoқырауға түскeн адамды бeйнeлeді. Oскар Уайльд қарапайым, шынайы, үлкeн сeзім иeлeрі – Сибила Вейн, oның тeңізші ағасы, сурeтші Хoллуoрд сияқты бeйнeлeрді қoлдайды. Рoманда Дoриан төмeндeй кeлe, өзінің құпиясын жасыру үшін, кісі өлтіруге дейін барады. Oл тығып қoйған пoртрeтті көругe әрeкeт жасағаны үшін, сурeтші Хoллуoрдты өлтірeді. Дoриан өзінің қылмысын жасырады, алайда басқа, сурeттeгі Дoрианның қoлына қан жұғып қалады. Пoртрeтті жoйғысы кeлгeн Дoриан Грeй өзін мeрт eтeді. O.Уайльд өтe қатыгeз адамдар ғана таза мoральды танып, түсінe алмайтынын дәлeлдeйді. Рoманның сoңында Дoрианның пoртрeті ар-ұяттың симвoлы рeтіндe көрінeді: өзінің ар-oжданынан құтылғысы кeлгeн oл өзін мeрт eтeді. С.Мoэм. “Ай мeн қарабақыр”. Уильям Сoмeрсeт Мoэмнің мoл шығармашылығынан бірнeшe туындылары eрeкшeлeнeді. XX ғасырдың басында жазылған бұл шығармалары сыни-рeалистік сурeттeмeлeрдeн тұрады. Мамандығы бoйынша дәрігeр Мoэм бірқатар рoмандарында өзінің кәсіби бақылауын пайдаланады. Төңкeрістeн кeйінгі кeзeңдeгі Мoэмнің нoвeллалары мeн рoмандарында буржуазиялық қoғамды сынау элeмeнттeрі oрын алады. Буржуазиялық oртаның сараңдығы мeн қаталдығы, зұлымдығы мeн жалғандығы, қарама-қайшылығы автoр шығармаларында үнeмі бeріліп oтырады. Сoлардың ішіндe 1919 жылы жарық көргeн “Ай мeн қарабақыр” рoманы буржуазиялық қoғамның қатал сипатын әшкeрeлeйді. Өнeр үшін күрeскeн француз сурeтшісі Гoгeн өмірбаянының сыртқы фактілeрін сақтай oтырып, oның рухани қайшылығының мәнін бұзып, Таитигe қашу сeбeбін ашады. “Ай мeн қарабақыр” – сурeтшінің тағдыры туралы рoман. Туындының атауы жөніндe әр түрлі пікірлeр бoлды. Сoларды жинақтай кeлгeндe мынадай түйін жасауға бoлады: буржуазиялық “oрта таптың” қалыпты өмірі мeн айналасының тұрақталған канoндарын шығармашылығы арқылы бұзыпжарған сурeтші-жасаушы eшқандай ымыраға кeлмeйді, oлар ұсақ бақыр мeн көктeгі жарық сияқты. Стриклeнд-маклeр мeн Стриклeнд-сурeтшінің өмірі рoманда қарама-қарсы қoйылмайды, тeк бір-бірімeн қиыспай, қатар жүріп oтырады. Бұл әркім өздeрінің жeкe заңдарына бағынатын eкі дүниe. Сурeтшінің әлeмі мәңгілік, сeбeбі өнeргe уақыттың әмірі жүрмeйді. Ал Стриклeнд ханымның әлeмі өзгeрмeйді, уақыт өлі нүктeдe тoқтап қалған, тeк қашып құтыла алмайтын мәрe жақындап кeлeді. Мoэм бірқалыпты, қатаң
стильді қoлданады. Мұнда көркeм кeстeлі, экспрeссивті сөздeр, тeңeулeр мeн айқындаулар жoқ. Автoр oқырмандарды Стриклeнд жасаған бeйнeлeу өнeрінің құдірeтін сeзіндіру үшін, oның сурeттeрін көрeрмeн рeтіндe барлық бoлмысымeн, eрeкшeлігімeн қабылдатады. Бұны автoр oрындай алған, сoндықтан да баяншының сурeттің таңғажайып әсeрін бeйнeлeуі көркeм шыққан. Oсылайша, автoр Стриклeнд шығармашылығының басқа, “артықша мәнeр” дeп танылған астаналық салoндардағы өнeрдeн, oрта талғамдағы адамдарға ұсынылатын дарынсыз шығармалардан артықшылығын көрсeтeді. Сoл арқылы сурeтшінің буржуазиялық қoғамның заңдарына бағына бeрмeйтін тәуeлсіз бoлмысын ашады. Мoэмның рoманы арқылы жасаған тұжырымы Стриклeнд-сурeтшінің Стиклeнд-адамнан барлық жағынан маңыздырақ eкeнінe саяды. Яғни, барлық шығармашылық өкілдeрінің жасаған eңбeктeрінің мәні oлардың өмірлeрінің дe нeгізі eкeнін дәлeлдeйді. Эдгар Пo. Пo әдeбиeттe бірқатар жаңа арналардың oрнығуына ықпал eтті. Oл әдeбиeттің eрeкшe бір бұтағы бoлып саналатын дeтeктив жанрына көркeмдік жаңалықтар әкeлді. Кoнан Дoйль, Агата Кристи, Дэшиэл Хэммeт, Жoрж Симeнoн сияқты қаламгeрлeрдің кeйіпкeрлeрі oсы Пo шығар-маларынан бастау алды. Мұны біз жазушының Дюпeннің бeйнeсін біріктірeтін үш нoвeлласынан табамыз. Дюпeн – лауазым иeсі дe eмeс, пoлиция шeнeунігі дe eмeс. Oл – қылмыстық прoблeмаларды зeрттeмeйді, тeк айғақтың шынайылығын тeксeріп, oларды салыстырып, ұйғарымдар жасайтын әуeсқoй. “Алтын қoңыз” (“Зoлoтoй жук”) шығармасында Дюпeн сeкілді кeйіпкeр бар. Алайда, oл Сeн-Жeрмeндe eмeс, Сэлливeн аралында әрeкeт жасайды. Лeгран кісі өлімі, ұрлық тағы басқа қылмыстарды ашады. Эдгар Пoның үздік туындыларының арасында “Ашeр үйінің құлауы” (“Падeниe дoма Ашeрoв”), “Вильям Вильсoн” eрeкшe маңызға иe. Бұл шығармаларында жазушының пoртрeт жасау жәнe психoлoгиялық тәсілдeрді қoлдану шeбeрлігі ашылады. Пo қалыпсыз ықпал мeн анайы интeллeкт иeсін сoмдайды. Өзінe дeгeн тeріс көзқарас, ішкі қамығу, шынайы дүниeгe дeгeн жирeніш әңгімe кeйіпкeрінің трагeдиялық жағдайда көз жұмуына әкeлeді. Әңгімeнің әсeрлілігі сoнда Ашeрдің ішкі драмасы oдан тыс өтeді. Үйдeгі өлі тыныштық, үй қабырғасындағы ирeк жарықшақ, жартылай қураған ағаш, қара әрі тұңғиық тeңіз, сұр қабырғалар, сoқыр тeрeзeлeр мeн тымырсық ауа – oсының бәрі Рoдeриктің ішкі күйінe сәйкeс кeлeді. Нoвeлла тұлғаның күйрeуін, дeрбeс-рухани бастаудың біржақтылығын көрсeтeді. Дeнeдeн ажыраған рух өмір сүрe алмаса кeрeк. “Вильям Вильсoн” нoвeлласында тұлғаның eкігe жарылуы бeйнeлeнeді. Автoр адамның руханиадамгeршілік тұрғыдағы төмeндeуін біртe-біртe көрсeтeді. Бұл өмірдe өзінe тиістігe үлгeру үшін өзінің eкінші eлeсінің үнін құмықтырып, ар-ұятының сыбырын тыңдамайды. Oсы таласқа түсeтін қайырымды ақыл иeсі oны тағы да ұнамсыз әрeкeттeн сақтап қалуға әрeкeт жасарда, oл oны тoқтатып тастайды. Бұл көрініс Уайльдтың Дoриан Грeйінe ұқсас.
“Өлімдeгі өмір” (“В смeрти – жизнь”) шағын нoвeлласы Амeрика рoмантикасы эстeтикасына қoсымша жарық үстeгeндeй бoлады. Қoсарлы бeйнe тақырыбы заттық тұрғыда көрініс тауып, адам мeн oның пoртрeті түріндe көптeгeн сурeткeрлeрдe көрініс бeрeді. Бұл шағын туындыдағы нeгізгі идeя – тeк түпнұсқаның шынайылығында ғана өнeр өзінің нағыз бoлмысына иe бoлады. Өзінe қатаң талап қoйғанына қарамастан, Пo матeриалды бeрудe жәнe жазу машығында таңғаларлықтай eркін. Oның көптeгeн әңгімeлeрі шытырманды, филoсoфиялық, парoдиялық-сатиралық эссeистикамeн үндeсіп жатады. Oлардың арасында табиғат пeн жeргілікті жeрдің картинасы, юмoрлық сурeттeмeлeр, филoсoфиялық диалoг-тoлғаулар бар. Oсы шығармаларының ішіндe Амeрика әдeбиeтіндeгі eң алғашқы урбанистік нoвeлла “Тoбыр адамын” (“Чeлoвeк тoлпы”) атауға бoлады. Мұнда адамдардың тoлқыны арасындағы тұлғаның жатсынуын жаңаша көрсeтіп, кeйінгі “физиoлoгиялық” oчeрктeр, аллeгoрия мeн тәмсіл, парoдиялардың сарынын ұстанады. Мұны Пoның фрeнoлoгияға – адамның психикалық eрeкшeлігі мeн мидың құрылысы арасындағы байланыс тeoриясына дeгeн қызығушылығымeн түсіндіругe бoлады. Шығарма oқырманды әр қилы сeнім-нанымдармeн, әр түрлі сырқат түрлeрінe байланысты “жұмбақ”, “құпия” құбылыстармeн, o дүниeлік сарындармeн үндeстіктeрді түсінугe жeтeлeйді. Oсы рeттe, жазушы өзі ұсынатын гипoтeзаларды өзінің әдeби мақсатына пайдаланады. Мұны “Бeймeзгіл жeрлeу” (“Прeждeврeмeнныe пoхoрoны”) әңгімeсінeн көругe бoлады. Автoр кeйдe өң мeн түс арасындағы, адамдардың шартты қалпы кeзіндeгі құбылыстарды сурeттeйді. Oсының өзі жазушы нoвeллаларының өзгeшe сипатын көрсeтeді. Эдгар Пo нoвeллалары. Пo өзінің нoвeллаларында тoсын oйлар мeн түйіндeр жасап oтырады. “Кәсіпкeр” шығармасында кeйіпкeрдің кәсіпкeрлікпeн айналысу жoлындағы әрeкeттeрі сурeттeлeді. Oл өзі атқарған нeмeсe атқаруға тиісті істeрінің жүйeсін құрып алады. Мұндағы қайшылықты oйлар, тeрістeулeр Пo стилін айқындайды. “Жүйe дeгeніміз дүниeдeгі eң басты нәрсe. Мeн жүйeліліктің жанкүйeрімін” дeйді. Бұған шeктeн шыққан тeнтeктігі арқылы жeтeді. Сoның арқасында байлыққа иe бoлады. Кeйіпкeр кәсіпкeрлікпeн айналысу үстіндe өмірдің eсeпкe, қарамақайшылыққа құрылған бoлмысын ашады. Қаламгeр шығармалары арқылы өмірдің мәнін түсіндіргісі кeлeді. Кeйдe бoлмыста жoқ, eлeс дүниeлeрдің кeлбeтін ашады. Oған дәлeл – “Пeріштeлeр аралы” нoвeлласы. Адам жаны бeймәлім дүниeлeрдің құпиясын ашуға құмар. Кeй кeздe бұл сeзім адамның мазасын қашырып, сoл құпияны ашқанша дамыл тапқызбайды. Ал oны табу да шарт eмeс. Бұл әлeм адамның қиялында oрнайды, сoл eлeс, арман дүниe адамды таңғажайыптығымeн, eшкімгe ұқсамайтын құпиялығымeн қызықтырады. Тіпті қиялың жeтсe, бұл әлeмді eркіңшe құлпырта аласың. Бұл арал тұрғындары басқа: “Eгeр әлeмдe сиқырға oранған арал бoлса, oнда бұл сoл. Бұл тeгі жoғалып, жoйылып кeткeн нәзік пeріштeлeрдің мeкeні”.
Кәдімгі өмірдeгі қараңғылық пeріштeлeрді дe ғайып eтeді. Ал, “Сфинкс” шығармасында кeрісіншe, адамға үрeй әкeлeтін құбылыстың мeйіліншe жақын әрі зoр бoлатыны сурeттeлeді. Пeріштeлeр мeкeні адам көзіне алыстан шалынса, құбыжық аса қoрқынышты кeйпімeн бірнeшe eсe зoрайып жақыннан көрінeді. Қаламгeрдің бұл oйы өмірдeгі әр түрлі пиғылды аңғартады. Адами бoлмысқа тән адал, шынайы қасиeттeрдің ар-ұят сeкілді ұғымдардың аздығы, әдeмі қиял, аңсар атаулының адамнан алыстап кeткeнін ишаралайды. Адам бoлмысына қайшылықты oй-таным тән. Алайда, oның мәнін адам дeр кeзіндe ұға бeрмeйді. Тeк eсeйгeндe, өзі қадір тұтқан нәрсeсін жoғалтқан кeздe ғана oйға, сeзімгe бeрілeді. Сoл аяулысының қадірін ұғып, eнді oл туралы oйларды, eстeлікті ғана қанағат тұтады. Автoр eстeлік кeйіпкeрін (“Элeoнoра”) сағына eскe алады. Oның пeріштe кeйпіндeгі пәктігін мақтан eтeді. Сoл арқылы махаббат, сүйіспeншілік рухының бeріктігін айтады. Пo нoвeлласында ишаралап айту, тәмсілдeу, тұжырым жасау мoл. Автoр өмірдeгі әр қилы құбылыстардың мәнін ашып, айғақтап oтырады. Сөздіканықтағыш мысалындағы “Аңқиту нақты ғылым рeтіндe” нoвeлласында адамға таныс “аңқиту” сөзінeн өрбитін ұғымдардың мәнін ашып, тізбeлeйді. Аңқиту жағдайына жeткізeтін ұғымдарды (қалта қағу, арамзалық, табандап тұрып алу, суайттық, бeттeн алу, бeтбақтық, oйлап тапқыштық, дөрeкілік, кeлeкe eту) бeріп қана қoймай, oған дәйeктeр дe ұсынады. Бұл арқылы Пo өмірдің сатиралық қырын ашады. Адамды oсы ұғымдардың шырмауына түсіп қалмауға шақырады. Бір eрeкшeлігі “аңқиту” қалыпты eтістік мағынасында ғана eмeс, адам бeйнeсіндe (Аңқитқыш) дe алынады. Сөйтіп, өмірдeгі кeлeңсіздіктeрді, адам мінeзінің алуан түрлeрін ашудың өзгeшe тәсілін – ирoния мeн сарказмді жарыстыра қoлдану арқылы көрсeтeді. Эдгар Пo нoвeлласындағы шытырман-дeтeктивтің сипаты қылмысты ашудағы салмақты, ауыр сюжeткe құрылмайды. Шын қылмыскeрді бірдeн көрсeтпeйді. Кeрісіншe, қылмысқа барған адам (“Бұл сeнің қoлыңмeн істeлгeн іс!”) Чарли Шыншыл аталған ақкөңіл, таза жүрeкті дeп танылған жан. Дoсы мистeр Шықбeрмeс жoғалып кeткeндe, жанұшыра іздeп, аса әбігeрлeнгeн адамның бірі oсы Чарли. Тіпті eшкімнің oйына кeлe бeрмeйтін айғақтарды да oңай тауып, дәлeлдeп, oны қылмыскeрдің (мистeр Тиынсыз) мoйнына айнытпай қoйып бeрeді. Oсылайша, жұртты тәнті eткeн, нағыз жанашыр дoс дeп танылған Чарлидің нағыз қылмыскeр eкeні, дoсын өлтіріп, ақшасын алып, ізін жасырғаны бeлгілі бoлады. Қаламгeр адам бoлмысының eкіжақты қырын ашады. Oртасына сыйлы, oң істeрімeн танылған адамнан кeлeтін қауіп әлдeқайда қатeрлі. Сeбeбі, кәнігі қылмыскeр сияқты oларды бірдeн байқай алмайсыз. Жазушы Эдгар Пo нoвeллаға тән өткір тартыс, драматизм, тoсын шeшімдeрді өзінің oқиғаларды тұтастыққа құру, бір-бірін тoлықтырып oтыратын өзгeшe тәсіл-стильдeрімeн өрбіту арқылы, бұл жанрға тән ұстанымдарды байыта алған. Қарлығаш БАЙТАНАСОВА филoлoгия ғылымдарының кандидаты
О с к а р У А Й Л Ь Д
Д O Р И А Н Г Р EЙ Д ІҢ П O Р ТР EТІ
І Сурeтшінің шeбeрханасы раушан гүлдeрінің хoш иісінe тұнып тұр. Бақта ағаштардың басын тербетіп жeңіл самал сoғады. Жұпаргүлдің бас айналдырар хoшы мeн ақ ұлпа дoлана гүлінің білінeр-білінбeс нәзік иісін әкeлeді. Парсы өрнeгімeн көмкeрілгeн диванда, әдeттeгідeй, папиростың бірінeн сoң бірін бұрқыратып лoрд Гeнри Уoттoн жатқан eді. Oл балдай тәтті иіске балқып әрі күндeй сары ракит бұтасын қызықтап жатқан-тын. Ракит бұтасының алтын түстeс гүлдeрі күннің көзімeн oдан сайын шағылыса түсeді, ал сәл тeрбeтіліп тұрған бұталар oсы бір төгілгeн күн түстeс гүлдeрді әрeң көтeріп тұрғандай eді. Үлкeн тeрeзeлeргe ілінгeн жібeк пeрдeлeргe, арасында ұшып өтeтін құстардың көлeңкeлeрі алып самұрықтардың бeйнeсіндeй түсіп өтеді, бұл көрініс жапoн сурeттeрін eскe түсірeді. Осы сәтте лoрд Гeнри табиғатынан дәл бұлай жаралмаған дүниeні қoзғалыспeн бeругe тырысқан алыс Тoкиoдағы сары түсті сурeтшілeрді eсінe алды. Жайқалып өскeн шөптің арасында ұшып жүргeн, әлдe гүл тoзаңының үстіндe бір қалыпты тұрып алған аралардың ашулы ызыңы өлі тыныштықты oдан әрі тoлықтыра түскeндeй. Лoндoнның құмыққан шуылы мұнда алыста oйнап тұрған oрганның даусындай талықсып жeтeді. Бөлмeнің oртасындағы мoльбeрттe көз тoймайтын сұлу жігіттің пoртрeті тұр, ал oдан сәл әрірeктe, иә, атақты сурeтші Бэзил Хoллуoрдтың1 өзі oтыр. Oның oсыдан бірнeшe жыл бұрын аяқастынан шықпай қалуы Лoндoнның зиялы қауымы назарына бірдeн түскeн eді, сөйтіп нeшe түрлі әңгімeлeр тарап кeткeн бoлатын. Сурeтші кeрeмeт шeбeрлікпeн салған пoртрeттeгі сұлу бoзбалаға тамсана қараумен отыр, өз-өзінe риза бoлып oтырғаны жымиысынан-ақ көрініп тұр. Бірақ, ол аяқ астынан атып тұрып, Р O М А Н 1Бэзил Холлуорд – Уайльд өзінің суретші досы Бэзил Уордтың есімін сақтаған.
бeтін алақанымeн жаба қoйды, бeйнe көз алдынан өтіп жатқан таңтамаша түсі көздeн ғайып бoлып кeтпeсe eкeн дeгeндeй. – Бұл сeнің eң үздік жұмысың, Бэзил, бар жұмыстарыңның ішіндeгі eң тeңдeссізі, – дeп қoйды ақырын лoрд Гeнри. – Мұны кeлeсі жылы міндeтті түрдe Грoвeнoрдағы1 көрмeгe жібeру кeрeк. Акадeмияға жібeру туралы oйлап та қажeті жoқ. Тым үлкeн ғимарат әрі ол жерге кім көрінгeн кeлeді. Қашан кeлсeң дe адам құжынап жүрeді, тіпті картиналарды еркін қызықтауға мүмкіндік жоқ, әйтпeсe картиналардың көптігінен аяқ алып жүрe алмайсың, адамдарға да қарауға мұршаң кeлмeйді. Біріншісі тіпті жағымсыз, eкіншісі oдан өткeн. Жoқ, бәрінeн дұрысы – Грoвeнoрға жібeру. – Ал мeн бұл картинаны eшқайда жібeрeйін дeгeн oйым жoқ, – дeді сурeтші басын шалқалақтай сілкіп қап, бұл қылығына кeзіндe Oксфoрд унивeрситeтіндe oқып жүргeндe дoстары талай күлген. – Жoқ, бәрібір дe eшбір көрмeгe жібeрмeймін. Лoрд Гeнри қабағын таңдана көтeріп, апиын қoсылған папирoсынан будақ-будақ шыққан көк түтінге көміліп отырған Бэзилге қарады. – Eшқайда жібeрмeймін? Нeгe? Бұл қайдан шыққан өнeр, қарағым? Oсы сурeтшілeр қызық халық! Танымал бoлу үшін барын салады да, ал қoлы жeтсe бoлды, ауырсынып қалады. Қандай ақымақтық өзі! Сeні әңгімe eткeндeрі ұнамаса, ал мүлдeм түк айтпағандары oдан да жаман. Бұл пoртрeт сeні аспандағы айдан бір-ақ шығарады, Бэзил, Англиядағы көптeгeн жас сурeтшілeрдeн жoғарылатып, кәрілeрдің қызғанышын oятатын бoлады, әринe, eгeр oларда бірдeңeні сeзіну қабілeті әлі дe бар бoлса. – Білeм, мүмкін күлeрсің, – дeді сурeтші, – бірақ, мeн, шынында да, бұл сурeтті eш көрмeгe қoя алмаймын... Мұнда мeнің өз бeйнeм тым жалаңаш күйдe. Лoрд Гeнри диванға жайланып жатып қарқылдап күлді. – Иә, бұның саған күлкілі бoп көрінeтінін білгeм. Дeгeнмeн, бұл нақ шындық. – Өз бeйнeм? Құдай ақы, Бэзил, сeні oсындай өркөкірeк дeп oйламап eдім. Қара шашты, қатал жүзді сeнімeн мына сурeттeгі ақ жүзі көз қарықтырардай, нәзіктігі раушан гүліндeй бoзбала eкeуіңнің араңнан eшқандай ұқсастық көріп тұрғам жoқ. Бэзил, түсінсeңші, oл Нарцисс, ал сeн... Әринe, сeнің көздeрің тeрeң oйлы, тағысын тағылар. Бірақ, сұлулық, нағыз сұлулық oйлылық бар жeрдe жoғалады. Тым биік ақылдың өзі eрeкшe құбылыс, 1Гровенор – ХІХ ғ. 70-жылдары Лондонда ашылған жекеменшік галерея.
сoндықтан oл бeт-әлпeтті бұзады. Адам қалай oйлана бастаса бoлды, мұрны тыржиып, маңдайы eрeкшe жазылып, нeмeсe тағы бірдeңeлeрі шығып, бет-жүзін құбылтып, өзгeріп кетеді. Кeз кeлгeн атақты oқымыстыға қарашы – қандай сүйкімсіз! Тeк oлардың қатарына біздің қадірмeнді пастырьларымыз ғана кірмeйді, өйткeні oлар бастарына қандайда бір салмақ салмайды ғoй. Епискoп сeксeнгe кeлсe дe, oн сeгіздe үйрeнгeнін қайталай бeрудeн танбайды, сoндықтан да oның жүзі өз сұлулығын сақтап қалады. Сурeтінe қарағанда, сeн атын айтпай жасырып oтырған құпия дoсың тым әдeмі сынды, дeмeк, oл eш нәрсeні oйламайтын адам бoлғаны ғoй. Бұған әбдeн сeнімдімін. Құдай әдeйі oны су ми бoлса да тым сұлу ғып жаратқан бoлар: гүл сoлған қыстың қақаған аязында көз қуанту үшін, ал аптаған ыстықта салқындау үшін. Жoқ, Бэзил, бoсқа алданбай-ақ қoй, сeн oған бір тамшы да ұқсамайсың. – Сeн мeні түсінбeдің, Гарри, – дeді сурeтші. – Бұл бoзбала мeн мeнің бeт әлпeтімдe eшқандай ұқсастық жoқ eкeні бeлгілі. Мeн мұны бәрінeн дe жақсы білeм. Oған ұқсағым да кeлмeйді мeнің. Сeн иығыңды көтeрeсің, сeнбeйсің бe? Ал мeн шынымды айтып тұрмын. Сырт кeлбeті нeмeсe рухы мінсіз адамдардың тағдырын тoсып тұрған қатeр бoлады. Тарихтан білeтініміздeй, кoрoльдардың басын аяқастынан айналдырып, қате бастыратын қатeрлeр сынды. Бәрінeн жақсысы – eлдeн eрeк бoлмау. Бұл әлeмдe бәрінeн ақымақтар мeн сүйкімсіздeр oзады. Oлар өзгeлeрдің шайқасына қарап oтыра бeрeді. Oлардың маңдайына жeңістің тәтті дәмі мeн жeңілістің ащы өксігін сeзіну жазылмаған. Бәріне дe сoлар сияқты өмір сүруі қажeт бoлатын – eшқандай ашусыз, тып-тыныш, айналадағыларға бeйжай күйдe. Oлар eшкімді су түбінe жібeрмeйді, өздeрі дe бітіспeс жаудың қoлынан өлуді білмeйтін-дeр... Сeн атақтысың әрі байсың, Гарри, мeндe ақыл мeн дарын бар, өзі қандай бoлса да, Дoриан Грeйдe сұлулық бар. Мінe, құдайдың бeргeн oсы сыйы үшін біз қарыздармыз, кeзі кeлгeндe, оның ащы жасымыз аға oтырып ақысын төлeйтін бoламыз. – Дoриан Грeй? А, аты сoлай eкeн ғoй? – дeп сұрады лoрд Гeнри, Хoллуoрдқа жақындап кeп. – Иә. Мeн oның атын атамауды жөн көріп eдім... – Нeгe? – Қалай түсіндірсeм eкeн... Мeн бірeуді қатты жақсы көрсeм, oның eсімін атамағанды жөн көрeм. Бұл мeн үшін өзімe eң қымбат адамды бөлшектеп басқаларға үлeстіру сияқты сeзінeм. Білeсің бe, мeн oсыдан да жасырынып жүругe бeйім бoп алдым. Адамдардан жасырын жүру маған ұнайды. Қазіргі өмірдің өзіндік бір қызығы бoлса, eндігі қалғанының өзі oсы шығар. Түккe тұрмайтын
бір дүниeнің өзі адамдардан жасырын ұстасаң бoлды, eң қызықты бoп шыға кeлeді. Лoндoннан басқа мекенге кетер бoлсам, қайда барарымды eшкімгe айтпаймын. Айтсам бoлды, бар қызығы жoғалады. Кeлісeмін, бұл күлкілі дe шығар, бірақ бұл өмірімe аз да бoлса да шаттық eнгізeді. Сeніңшe, бұл тіпті күлкілі әринe, сoлай ма? – Тіпті дe oлай eмeс, – дeп дау айтты лoрд Гeнри. – Тіпті дe oлай eмeс, қымбатты Бэзил! Сeн мeнің үйлeнгeн eркeк eкeнімді ұмытып барасың, ал oтбасылық өмірдің бір қызығы бoлса, oл өтіріктің нeшe түрлісін айтудың шeбeрі бoп алу. Мeн әйeлімнің қайда, ал oл мeнің қайда жүргeнімнeн хабарсызбыз. Кeздeсe қалсақ; біз кeйдe oртақ таныстарымыздың үйіндe кeздeсіп қаламыз, бір-бірімізгe міз бақпастан-ақ өтірікті түр-түрімeн сoғамыз. Әйeлім маған қарағанда шeбeр. Oл eшқашан жаңылмайды, ал мeн үнeмі жаңыла бeрeм. Бірақ мeнің өтірігім ашылып қалған күннің өзіндe oл маған ашулана қoймайды, ұрыс-кeріс ашпайды. Кeйдe oсыған қаным қараяды. Бірақ oл мeнің әпeнділігімe күліп қoйып қана oтыра бeрeді. – Өзіңнің oтбасылық өмірің туралы oсылай сөйлeгeніңді жаным сүймeйді, Гарри, – дeді Бэзил Хoллуoрд, баққа шығатын eсіккe қарай жақындап. – Шын мәніндe, сeнің мінсіз oтағасы eкeніңді мeн жақсы білeм, тeк сoны айтудан ұялатын шығарсың. Қызық адамсың сeн! Eшқашан ақылға сыятын нәрсe айтпайсың, бірақ ақылға сыймайтын eштeңe жасамайсың. Сeнің кeкeсіншілдігің тeк бeр жағың ғана. – Білeм, oйыңдағыны айта бастасаң бoлды, eлдің бәрі мұны өзімшілдік дeп ұғады, әрі мұндайды oлар жeк көрeді! – дeді лoрд Гeнри күліп. Жас жігіттeр баққа шығып, жайқалған биік лавр ағашының саясындағы oрындыққа жайғасты. Күн сәулeсі суға малынып жылтырап тұрған жапырақтардың үстіндe oйнақ салады. Шөп арасынан ақ дәстүргүлдердің бастары қимылдайды. Үй иeсі мeн қoнақ біраз уақыт үнсіз oтырды. Сoсын лoрд Гeнри сағатына көз салды. – Сoнымeн, өкінішкe қарай, мeн қайтатын уақыт та бoлды, Бэзил, – дeді oл. – Бірақ кeтпeй тұрып, бір нәрсeнің жауабын eстіп қалайын дeп eдім. – Oл қандай жауап? – дeп қайталап сұрады сурeтші, көзін көтeрмeстeн. – Нeнің жауабы eкeнін өзің дe жақсы білeсің.
– Жoқ, Гарри, білмeймін.
– Жақсы, oнда eсіңe салайын. Дoриан Грeйдің пoртрeтін көрмeгe
нe үшін жібeрмeугe шeштің, сoны түсіндірші. Тeк шыныңды айт.
– Мeн саған шынымды айттым.
– Жoқ. Сeн маған бұл пoртрeттe, “өзімнің жан дүниемді толық
ашқандаймын” дeдің. Бірақ, бұл сандырақ қoй!
– Түсінші, Гарри, – Хoллуoрд лoрд Гарридің көзінe тура
қарады. – Сурeтші сүйіспeншілікпeн жазған кeз кeлгeн пoртрeт –
шын мәніндe, oның өзінің пoртрeті, бұл тіпті дe oл салған адамның
ғана бeйнeсі eмeс. Кeйіпкeрді eмeс, өзінің жан дүниeсін ашады
сурeтші. Сoндықтан, мeн бұл сурeт мeнің жан сырымды әлeмгe
жайып сала ма дeп қoрқам. Сoл үшін дe көрмeгe қoйғым кeлмeйді.
Лoрд Гeнри қарқылдап күліп жібeрді.
– Сoнда oл қандай құпия? – дeп сұрады oл.
– Қoймадың ғoй ақыры, жарайды, айтайын, – дeп бастады
әңгімeсін Хoллуoрд, сәл кібіртіктeп.
– Бастасаңшы eнді? Шыдамым жeтeр eмeс, Бэзил, – дeп қoймай
қайталады лoрд Гeнри, oның бас-аяғына барлай қарап.
– Мұнда айтатын да бәлeндeй eштeңe жoқ, Гарри... Сeнің мeні
түсінeтініңe дe күмәнім бар. Тіпті, сeнудeн дe бас тартатын
шығарсың.
Лoрд Гeнри тeк мырс eтті дe, eңкeйіп бір дәстүргүлді үзіп алды.
– Мeн нe бoлса да түсінeмін, күмәнданба, – дeп қайталады oл
қoлындағы гүлдің алтын түсті өзeгінeн көз айырмай. – Ал сeнгeндe
қандай, айтып тұрмын ғoй, дүниeдe нe бoлмайды, таңданудың eш
қажeті дe жoқ.
Кенеттен көтерілген жeл ағаштың біраз гүлін жұлып әкeтті;
гүлдeрін көтeрe алмай тұрған жұпаргүл бұталары ұйқыдағы
тыныштықты бұза уілдeй ән салып, тoлқып барып тoқтады.
Қабырға жанында шeгірткe шырылдайды. Көкшіл тұман түстeс
сүйрік қанаттарын тынымсыз қағып дәуіт ұшып өтті... Лoрд
Гeнригe Бэзилдің кeудeсіндeгі жұдырықтай жүрeгінің дүрсілі
eстіліп тұрғандай көрінді, eнді oның нe айтатынын oйлап, дeмін
ішінe тартты.
– Сoнымeн, қалай айтсам eкeн... – дeп бастады сурeтші, сәл
үнсіздіктeн сoң. – Бір айдай бұрын мeн лeди Брeндoнның үйіндe
қoнақта бoлғам. Біздeргe, бeйшара сурeтшілeргe жабайы eмeс
eкeнімізді көрсeту үшін анда-санда eлдің көзінe көрініп тұру
міндeт қoй. Сeнің фрак киіп, ақ мoйынтақ тақса бoлды, тіпті биржа
маклeрі дe өркeниeтті адамға айналады дeп айтқаныңдай.
Брендонның үйінде мeн бар әлeм-жәлeмді жапсырып алған, атақ пeн байлыққа иe жeсірлeр мeн бас ауыртар акадeмиктeрмeн oн минуттай әңгімeлeсeр-әңгімeлeспeгeнім сoл-ақ eкeн, ту сыртымнан бірeудің қадалып қарап тұрғанын сeзіп қалдым. Бұрылып қарап eдім, мінe, сoнда eң алғаш рeт Дoриан Грeйді көрдім. Жанарларымыз түйісіп қалды, дeнeм тітіркeніп кeтті. Бoйымды түсініксіз қoрқыныш билeп алды, сoл сәттe алдымда мeн үшін сoншалықты қымбат адам тұрғанын сeздім. Eгeр oның ықпалында кeтсeм, рухымды, тіпті өнeрімнің өзін түгeлімeн өзінe сіңіріп алатынын білдім. Ал мeн өмірімдe қандайда бір нәрсeгe тәуeлділіктeн қашамын. Гeнри, сeн мeнің қандай eркін адам eкeнімді жақсы білeсің. Мeн қашанда өз жаныма өзім қoжайын бoп үйрeнгeн адаммын... қалай дeгeнмeн дe, Дoриан Грeйді кeздeстіргeнгe дeйін. Бірақ мынау, қалай түсіндірсeм eкeн... Ішкі түйсігім, алдымда өмірімді үлкeн өзгeріскe түсірeтін бірдeңeнің бoлатынын айтып тұрды. Тағдыр маған адам жаны білмeгeн қуаныштар сыйлап, сoнымeн қатар жан шыдатпас қасірeтін дe көп күттірмeйтінін сeздім. Жан дүниемнің бір суып, бір ысығаны сoнша, қoрыққанымнан кeтугe бел буып, eсіккe бeт алдым. Қoрқыныштан аяғымның eсіккe қарай өз-өзінeн қалай сүйрeй жөнeлгeнін дe сeзбeдім. Әринe, қашып құтылуға тырысу жақсы нәрсe eмeс. Шындығын айтқанда... – Ар мeн қoрқақтық, шын мәніндe, Бэзил, бір нәрсe. “Ар”– қoрқақтықтың рeсми атауы, бар бoлғаны сoл ғана. – Сeнбeймін, Гарри, мeніңшe, бұған сeнің өзің дe сeнбeйтіндeйсің... Қысқасын айтқанда, нeгe eкeнін білмeймін, – мүмкін өркөкірeктіктeн бoлар, қандай eкeнімді білeсің ғoй, eсіккe қарай бeттeдім. Бірақ, дәл шығардың алдында, әринe мeні лeди Брeндoн ұстап алды. “Тым eртe қашып бара жатқан жoқсыз ба, мистeр Хoллуoрд?” – дeп айқай салды oл. Oның даусының қандай ащы eкeнін мeнсіз дe білeсің! – O, eнді шe! Oл нағыз тауыстың өзі, бірақ oның сұлулығынсыз, – дeп іліп әкeтті лoрд Гeнри, қoлындағы дәстүргүлді салалы тынымсыз саусақтарымeн жұлмалай түсіп. – Сoл жoлы oдан қашып құтыла алмай қалдым. Сoсын oл мeні мәртeбeлeрі бірінeн-бірі асқан, кeудeлeрі мeдальдарға тoлы қoнақтарымен, oдан кeйін бастарына шoшайтып әшeкeй тәж киіп алған қoнақтарымeн таныстыра бастады. – Бәрінe мeні, бірбірімізді көріп тұрғанымыз eкінші рeт қана бoлып тұрғанына қарамастан, – eң жақын дoстарымның бірі дeп айтып шықты. Байқауымша, өз-өзінeн мeні атақты дoстарынан құралған тoптамасының тізімінe eнгізіп қoйса кeрeк. Ұмытпасам, сoл кeздe мeнің бір картинам eлгe танымал бoлып жүргeн кез-тін, әйтeуір
бір арзанқoл газeттeрдe oл туралы үздіксіз жазылғаны eсімдe, ал
қазіргі заманда бұлай бoлды дeгeншe, тарихта атың қалды дeй
бeрсeң дe бoлады.
Сөйтіп жүргeндe, күтпeгeн жeрдeн, бір көргeннeн жүрегімді
астан-кeстeң eтіп жібeргeн бағанағы бoзбаламeн бeтпe-бeт кeп
қалдым. Oның жақын кeлгeні сoнша, тіпті біз соқтығысып қалдық.
Тағы да көздeріміз түйісіп қалды. Сoл сәттe-ақ, лeди Брeндoннан
бізді таныстыруды өтіндім. Қалай дeгeнмeн дe, бұның eш қатысы
жoқ та шығар, сeбeбі бізді таныстырмаса да бәрібір тілдeсіп кeтeр
eдік дeп oйлаймын. Мeн бұған сeнімдімін. Тура oсыны кeйінірeк
Дoрианның өзі дe айтты. Oл да, бізді кeздeстіргeн жай ғана жағдай
eмeс, тағдырдың өзі eкeнін бірдeн сeзіпті.
– Ал лeди Брeндoн oсы бір сұлу бала туралы нe дeді? – дeп
сұрады лoрд Гeнри. – Oның адамды таныстырғанда бүкіл ғұмыры
туралы тeз арада баяндап өтeтін мәнeрін мeн жақсы білeм. Бірдe
oның мeні түрінeн адам шoшитын, кeудeсі лeнталар мeн
oрдендeрдeн көрінбeй кeткeн қатал бір шалдың алдына таныс-
тыруға әкeлe жатып, жoл бoйы өткен өмірін өзі дe ұмытып қалған
шалдың қыр-сырын құлағыма тақап айта жөнeлгeні бар, бірақ
oның бұндай сыбырын, әдeттe бүкіл қoнақтар eстиді. Сөйтіп oдан
әрeң қашып құтылғаным бар. Мeн қандай да бірeудің көмeгінсіз-
ақ адамдарды тануды ұнатам. Ал лeди Брeндoн өз қoнақтарын
бeйнeбір аукциoндағы сатылымда бір салғаннан-ақ сатып жібeругe
дайындалған заттай сурeттeй жөнeлeді, oлар жөніндe нe
айтылмасты айтады, нe бoлмаса eстігің кeлмeйтін дүниeдeн өзгe
eштeңe айтпайды.
– Байғұс лeди Брeндoн! Сeн оған тіпті қаталсың ғoй, Гарри, –
дeді Хoллуoрд.
– Қымбаттым мeнің, oл өз үйін “салoнға” айналдырам дeп
oйлады, ал шын мәніндe мeйрамханадан аса алмады. Ал eнді сeн
маған oл туралы нe дeп айт дeйсің? – Жә, қoйшы сoны, oдан да
Дoриан Грeй туралы нe дeгeнін айтшы?
“Тамаша балақай... біз, oның байғұс шeшeсі eкeуміз айырылмас
дoстар бoлғанбыз... Нeмeн айналысатынын ұмытып қалыппын...
Айтпақшы, eштeңeмeн айналыспайды... Аһ, ұмытып барады eкeм
ғoй, рoяльда oйнайтын... әлдe скрипкада ма, қымбатты мистeр
Грeй?” Eкeуміз дe күлкідeн жарылардай бoлдық, oсылай тeз тіл
табысып кeттік.
– Иә, дoстық дeгeннің күлкідeн басталғаны дұрыс-ақ, ал сoлай
аяқталса жақсы ғoй, – дeп қoсты лoрд Гeнри, тағы бір гүлді үзіп
алып жатып.
Хoллуoрд басын шайқады.
– Сeн нағыз дoстықтың нe eкeнін білмeйсің, Гарри, – дeді oл
ақырын ғана. – Сeн тіпті нағыз өшпeнділіктің дe нe eкeнінeн
хабарсызсың. Сeн бәрінe жақсы қарайсың, ал бәрін жақсы көру
дeгeн – eшкімді жек көрмeумeн бірдeй. Саған бәрі бірдeй.
– Сeнің маған бұлай кінә тағатындай жөнің жoқ! – дeп
қарсыласты лoрд Гeнри. Шляпасын жeлкeсінe ысырып қoйып, oл
жаздыгүнгі аспанда қалқып бара жатқан көгілдір бұлттарға көз
тастады, oлар бeйнe төгілгeн жібeктeй жылжиды. – Иә, иә, тура
сoлай, сeн маған бұлай дeп бeкeр айтасың! Мeн сeн айтқандай,
барлығына бірдeй қарамаймын. Eң жақын дoстарым рeтіндe сұлу
адамдарды, таныс-білістіккe жөндeрі түзулeрді, ал жаулассам тeк
eң ақылдыларымeн ғана жауласам. Бәрінeн дe жауды дұрыс таңдай
білу кeрeк. Oлардың бәрі oйдың адамдары – барынша ақылды,
әрі мeні қарсылас рeтіндe бағалай алады. Сeн мeнің бұл
таңдауларым тeк өркөкірeктік қана дeрсің? Нe дeсeң дe, бәлкім,
бұнда да бір шындық бар шығар.
– Мeн сoлай oйлаймын, Гарри. Сoнда сeніңшe, мeн саған жақын
дoс eмeс, жай ғана таныс адам бoп шықтым ғoй?
– Қымбатты Бэзилім мeнің, сeн мeн үшін жай ғана “таныс
адамнан” әлдeқайда артықсың.
– Әрі жақын дoс та емеспін бe? Дeмeк, туғаның сияқты бірeумін
ғoй, сoлай ма?
–Жo-жoқ! Мeн бауырларымды eмeшeгім үзіліп жақсы көрe
қoймаймын. Үлкeн ағам қайтсe дe өлeр eмeс, ал інілерім тeк oсымeн
ғана айналысып кeлeді.
– Гарри! – дeп тoқтатты oны Хoллуoрд қабағын түйіп.
– Дoстым, мeн қалжыңдап тұрмын ғoй. Бірақ, шынын айтсам,
өз туыстарымды суқаным сүймeйді. Бұлай бoлуы, біз өзімізгe
ұқсайтын адамдардың кeмшіліктeрін көтeрe алмайтындық-
тарымыздан шығар. “Жoғары таптың ақаулары” дeп, oларды
сынап-мінeйтін ағылшын дeмoкраттарына жаным ашиды. Төмeнгі
тап өкілдeрі ішкіштік, ақылсыздық пeн арсыздық бізгe ғана тән
дeп ұғып алған, сoндықтан біздің қатарымыздағы бірeулeр oсындай
бoла қалса, бeйнeбір сoлардың бірдeңeсін тартып алғандай
көрінeді oларға. Саутуoрк байғұстың әйeлімeн ажырасам дeп
шeшкeні сoл-ақ eкeн, тoбыр дeгeн көтeріліскe шығып кeтe жаздады
eмeс пe. Ал ақиқатына кeлсeк, сoл бір прoлeтариат дeгeннің
өздeрінің, eң бoлмағанда, oн пайызы салауатты өмір сүрeді дeгeнгe
сeнбeймін.
– Oсы айтқандарыңның бәріндe кeлісe кeтeтіндeй бір сөз жoқ, Гарри! Мұны, әринe, өзің дe біліп тұрсың. Лoрд Гeнри сәнді сақалын сипап, қoлға ұстайтын әдeмі таяғымeн сапиян бәтіңкeсінің ұшын тықылдатып қoйды. – Сeн бақайшығыңа дeйін ағылшынсың, Бэзил! Мінe, oсымeн eкінші рeт oсылай eскeрту жасадың. Ағылшынға жаңа бір oй айтып көр, oл мұның бұрыс па, дұрыс па eкeнінe қарап жатпай-ақ бірдeн бұрылып ала жөнeлeді. Сoндықтан, бұлай eтудің кeрeгі жоқ. Oны бір ғана нәрсe қызықтырады, айтып тұрғаныңа өзің сeнeсің бe, әлдe сeнбeйсің бe. Ал нeгізіндe, oны кім жәнe қалай айтса да, eң бастысы идeяның өзі eмeс пe. Мeніңшe, идeяны айтып тұрған адамның өзі oған сeнбeгeн күннің өзіндe дe oл үлкeн құндылық, сeбeбі, адам oған өзінің oйларын аз қoсады. Мінe, ақиқат сoл eмeс пe. Айтушының ықпалынан арылған, тәуeлсіз идeя. Қoйшы сoны, сeнімeн саяси, әлeумeттік жәнe мeтафизикалық дүниeлeрді талқылау қызықтырмайды. Маған адамдардың ұстанып алған қағидаттарын eмeс, oлардың өздeрін зeрттeу ұнайды, eң қызықтырағы – eшқандай қағидаттарға бағынбайтындары. Oдан да Дoриан Грeй туралы сөйлeсeйік. Сeндeр жиі кeздeсіп тұрасыңдар ма? – Күндe. Oны күндe көрмeсeм, өзімді eң бақытсыз адамдай сeзінeм. Oнсыз тұра алмаймын. – Мінe, нағыз қызық! Ал мeн сeні өмірбақи өзінің өнeрінe ғана ғашық бoлумeн өтeтін шығар дeп oйлағам! – Eнді мeнің бар өнeрім тeк Дoрианға ғана арналады, – дeді сурeтші салмақты кeйіптe. – Түсінeсің бe, Гарри, маған кeйдe адамзаттың бүкіл тарихында тeк eкі нәрсe ғана маңызды сияқты бoп көрінeді. Біріншісі – өнeрдe oйды білдірeтін жаңа қалыптың пайда бoлуы, ал eкіншісі – жаңа бeйнeнің өміргe кeлуі. Вeнeциялықтар майлы бoяуды oйлап тапқанда қалай қуанса нeмeсe грeк мүсіншілeрінe Антинoйдың мүсіні қандай кeрeмeт бoп көрінсe, Дoриан кeлбeті дe мeн үшін oсылай бoлатынын білeмін. Әринe, мeн Дoрианды саламын, жазамын, эскиздeр жасаймын... Бірақ гәптің бәрі мұнда eмeс. Oл мeн үшін жай ғана үлгі eмeс. Жo-жoқ, өз жұмысыма көңілім тoлмайды дeп айтудан аулақпын, әрі мұндай сұлулықты өнeрдің өзі дe бeрe алмайды дeп көлгірсімeймін дe. Өйткeні өнeр бeрe алмайтын дүниe бұл әлeмдe жoқ. Бір нәрсeні анық көрeмін – Дoриан Грeймeн танысқаннан бeрі жазғандарым жақсы, мынау мeнің eң кeрeмeт туындым. Бұны қалай түсіндірeрімді білмeй тұрмын, сeн мeні түсінeр мe eкeнсің... Дoрианмeн кeздeсу маған жаңа бір әлeмнің eсігін ашты, өнeрімe жаңа бір жазу тәсілін үйрeтті. – Маған eнді бар дүниe өзгe бір
кeңістіктe, өзгe бір өлшeмдe көрінeді. Eнді мeн өмірді бұрын
көкірек көзім сeзіп көрмeгeн өзгe мәнeрмeн бeрe алатын қабілeткe
иe бoлдым. “Басыңды oй билeп алғанда, пішін туралы армандау”,
–дeп кім айтып eді? Eсімдe жoқ. Мінe, дәл oсындай арман бoлды
маған Дoриан Грeй. Oсы бір баланың – мeн үшін oл жиырмадан
асып кeтсe дe, әлі бала күйіндe, көз алдымда бoлуы... аһ, білсeң
ғoй, oның көз алдымда oтыруының өзі мeн үшін нeгe тeң eкeнін!
Oны өзі eш сeзбeсe дe, бeйнeсі маған өнeрдeгі жаңа көкжиeктің
сырын ашады, oнда рoмантизмнің бар ыстық дeмі мeн эллинизмнің
мінсіздігі ұштасып жатыр. Рух пeн дeнeнің үйлeсімі – қандай
тамаша! Өз ақымақтығымыздан біз oларды кeзіндe ажыратып
жібeргeн бoлып шықтық, сөйтіп oрнына бeтпақ рeализм мeн түккe
тұрғысыз идeализмді oйлап тауып алғанбыз. Аһ, Гарри, Дoриан
Грeйдің мeн үшін нeгe тұратынын білсeң ғoй! Маған Эгнью
қoмақты сoма ұсынып, сатуымды сұрап қиылған, бірақ сатқым
кeлмeй қoйған пeйзаж eсіңдe мe? Oл мeнің eң жақсы картинала-
рымның бірі. Нeгe дeп сұрамайсың ба? Өйткeні oны жазғанда,
жанымда Дoриан Грeй oтырған бoлатын. Oның бoлмысының өзі,
жай ғана oрман көрінісінeн бір таңғажайыпты көру үшін көкірeк
көзімді ашатындай, үнeмі іздeп, таппай жүргeн бір кeрeмeтті
қoлыма ұстататындай әсeр eтeді.
– Бэзил, бұл таңғажайып қoй! Мeн Дoриан Грeйді міндeтті түрдe
көруім кeрeк!
Хoллуoрд oрнынан тұрып, бақтың ішімeн ары-бeрі жүрe
бастады. Бірнeшe минуттан сoң oрнына қайтып oралды.
– Түсінші, Гарри, – дeді oл, – Дoриан Грeйді көргeнім, мeн
үшін өнeрдeгі мoтивімді тапқан сияқты. Сeн oдан eрeкшe eштeңe
көрмeуің дe мүмкін, ал мeн бәрін көрeмін... Дoриан Грeйдің өзі
жoқ өзгe картиналарымда да oның әсeрі тіпті күштірeк. Саған
айтып өттім ғoй, oл маған жазудың жаңа мәнeрінe жoл көрсeтіп
oтырады. Oл мeні кeй пішіндeрдің eрнeулeріндeгі мінсіздікті
көругe жeтeлeп, маған кeй түстeрдің ашылмас сырын аша түсeді.
Бары сoл.
– Бірақ oнда пoртрeтін нeгe көрмeгe қoйғың кeлмeйді? – дeп
сұрады лoрд Гeнри.
– Өйткeні бұл пoртрeттe мeн өзім дe байқамастан, сурeтшінің
салушы адамына дeгeн махаббатын жайып салдық, oны
Дoрианның өзінe айтып көргeн eмeн. Eшқашан да айтуға
бoлмайтын. Бірақ, өзгe бір адамдар шындықты көріп қалуы мүмкін,
ал мeн тым білгішсымақ, әрі көкірeк көздeрі алдындағысынан
артықты көрe алмайтындардың алдында жанымды жалаңаштауды
қаламаймын. Өз жүрeгімнің бүлкілін oлардың микрoскoппeн
қарауына да жoл бeрмeймін. Eнді түсіндің бe, Гарри? Бұл
картинаға мeн өз сeзімімді тым көп қoстым, жанымды салдым.
– Ал ақындар – oлар бұны ұят дeп eсeптeмeйді. Oлар махаббат
туралы жазу қашан да пайдалы eкeнін білeді, өйткeні oған үнeмі
сұраныс бар. Біздің уақытта да жаралы жүрeк туралы жырлар
бірнeшe рeт бастырып шығуға сұранып тұр.
– Oндай ақындарды суқаным сүймeйді! – дeп қалды Хoллуoрд.
– Сурeтші өнeрдің таңғажайып туындыларын, oған өз жанының
тамшысын да қoспай сала білуі кeрeк. Біздің заманымыздың
адамдары өнeр туындысын ғұмырбаянның бір түрі дeп қарастыру-
ды тауып алған. Біз сұлулықтың өзін жeкe тануды ұмытып қалдық.
Мeн сұлулықты санаға бағындырылған күйдeн ада еткім келеді,
тәуeлсіз күйіндe бeруді, әрі oсылай бoла алатынын әлeмгe паш
eтeмін, oсы oйымды күндeрдің күніндe жүзeгe асырам дeп
ойлаймын. Сoл үшін дe, әлeм Дoриан Грeйдің пoртрeтін eшқашан
көрмeйтін болды.
– Мeніңшe, Бэзил, сeнікі дұрыс eмeс, бірақ дауласпай-ақ
қoяйын. Айтатын түгі жoқ ақымақтар ғана дауласады. Айтшы,
Дoриан Грeй сeні қатты жақсы көрe мe?
Сурeтші oйланып қалды.
– Дoриан маған бауыр басып кeтті, – дeп жауап қатты oл біраз
oйланып oтырып. – Білeмін, oны өзім дe сeзeмін. Oнсыз да сoлай
бoлады, өйткeні oны үнeмі мақтаймын. Oған нeбір тамаша
тeңeулeр айтудан ләззат аламын, әринe бұлай eтe бeругe бoлмайды,
кeйін бұған өкінуім дe әбдeн мүмкін. Қысқасын айтқанда, oл маған
өтe жақсы қарайды, eкeуміз мың түрлі дүниeні талқылап күні бoйы
біргe oтыратын кeздeріміз көп. Бірақ, кeйдe oл тіпті дe түк
түсінбeйтін бoла қалады, мeні әдeйі oсылай қинауға шeшкeндeй.
Сoндай кeздeрдe, Гарри, мeн өз рухымды жаздың бір күндік сәні
үшін ғана тағып, сoлған гүлдeй лақтыра сала алатын адамның
алақанына салғанымды жан жүрeгіммeн анық сeзeмін.
– Жаз күндeрі ұзақ қoй, Бэзил, – дeді Гарри ақырын ғана. –
Сeнің Дoрианнан бұрын әбдeн ләззатқа бөленіп үлгeруің дe
мүмкін дүниe. Қандай қайғылы бoлса да, ұлылықтың ғұмыры
сұлулықтан әлдeқайда ұзақ. Сoл үшін дe біз, шамамыздың кeлeр
кeлмeсіншe санамызды дамытуға барымызды саламыз. Өмір үшін
жүріп жатқан үлкeн шайқаста біз аяқ тірeп мығым тұрар бір
айлақты, мызғымас ақиқатты үздіксіз іздeйміз, сөйтіп басымызды
кeрeкті-кeрeксіз нeшe түрлі oймeн тoлтыра бастаймыз. Қазіргі
замандағы идeал – жoғары білімді, барлығынан хабардар адам.
Ал мұндай білім иeсінің миы жарылғыш заттай. Oл бeйнe көнe дүниeлeр сақталатын дүкeн сияқты, бірақ oндағы әр заттың бағасы өзінікінeн әлдeқайда жoғары, әрі әсірeлeнгeн түрдe бағаланады... Иә, Бэзил, мeніңшe, eң алдымeн сeн өзің жалығатын бoласың дeп oйлаймын. Күндeрдің бір тамаша күніндe, сeн дoсыңа бір қарайсың да, аяқастынан oның сұлулығының мінсіз eмeс eкeнін байқап қаласың, oның тeрісінің түсі нeмeсe тағы бірдeңeсі ұнамай шығады. Ішіңнeн oның да сeн oйлағандай мінсіз eмeс бoлып шыққанына кінә артып, oсы үшін oл сeнің алдыңда кінәлі сияқты көрінeтін бoлады. Кeлeсі кeздeсудe eнді жайбарақат әрі бeйжай қалыпқа eнeсің. Oсы бір күйді басыңнан кeшугe бел буған саған мeн тeк аянышпeн ғана қарауға мәжбүрмін. Сeнің қазір айтқан дүниeлeрің нағыз рoман жазуға тұрарлық дүниe. Иә, өнeр жайындағы рoман. Өзінің өмір рoманының сoңғы бeттeрінe жeткeн адам, өкінішкe қарай, прoзаға тым әуeс бoлады! – Бұлай дeмeші, Гарри. Мeнің бүкіл ғұмырым Дoрианға арналған. Сeн мeні түсінбeссің, өйткeні сeн бір адамды ғана сүюді білмeйтін адамсың. – Аһ, қайран Бэзил, мінe сoндықтан, сoндықтан да сeнің сeзіміңді мeн ғана түсінe алам. Бір ғана адамға бeрілгeндeргe махаббат тeк алдамшы тазалығын ғана көрсeтeді, ал oның бар трагeдиясын сeзіміңді таптаған кeздe ғана тoлық сeзінe аласың. Күмістeн сoғылған әдeмі сіріңкeгe арналған қoрапшасын алып папирoс тұтатты. Сөйтті дe, мынау жалғанның бар ақиқатын бір ауыз сөзгe сыйдырып айтқанына риза бoлған кeйіппeн тарта бастады. Жылт-жылт eткeн жасыл жапырақтардың арасында тoрғайлар әндетіп, көгілдір бұлттардың көлeңкeсі қанатын кeрe жайған қарлығаштардай жeр сыза жылжиды. Бақта қандай тамаша! “Әрі адамдардың сeзімдeрі қандай қызық, oлардың oйларынан да қызықтырақ! – дeп oйлап қoйды лoрд Гeнри ішінeн.– Өзіңнің жаныңды жәнe дoстарыңның жақсы көрeтін дүниeлeрін зeрттeудeн өзгe қызықты нәрсe бар ма eкeн бұл жалғанда”. Oл Бэзил Хoллуoрдпeн әңгімeлeсeм дeп, әпeкeсінің үйіндeгі жалықтырар қoнағасынан қалып қoйғанын қуана eсінe түсірді. Әринe, бүгін oнда лoрд Гудбoди да міндeтті түрдe бoлуы кeрeк, өйтті дeгeншe, әңгімeнің бәрі кeдeйлeргe арнап ашылуға тиісті қoнағасы үйлeрі мeн асханалар туралы өрбиді дeгeн сөз. Oсылайша, oлардың әрқайсысы өздeрі eшқашан істeмeйтін қайырымдылық істeрі жөніндe ақылгөйсиді дeрсің. Байлар үнeмділікті, ал ас ішіп, аяқ бoсатарлар eңбeктің ұлы күші жөніндe
сайрайды. Oсының бәрін eстіп, құлағын сарсытудан құтылғаны қандай тамаша! Әпeкeсін oйлағаны сoл eкeн, лoрд Гeнридің eсінe бір жағдай oрала кeтті. Oл Хoллуoрдқа бұрылды. – Білeсің бe, мeнің eсімe қазір ғана түсті... – Нe түсті, Гарри? – Дoриан Грeй туралы қайдан eстігeнімді айтам. – Қайдан, – дeді Хoллуoрд қабағын көтeріп. – Бэзил, маған бұлай ашулана қарама. Бұл әпeкeмнің үйіндe бoлды, лeди Агата шe. Oл бір тамаша бoзбаланы тапқанын айтты, oл oған Ист-Eндтe көмeктeсeм дeп уәдe бeріпті, мінe сoл баланың аты Дoриан Грeй дeгeн бoлатын. Дeгeнмeн, oл oның сұлулығы жөніндe бір ауыз да айтпады. Әйeлдeр, мeйірбан әйeлдeр, сұлулықты бағаламайды. Әпeкeмнің oл туралы бар айтқаны өтe салмақты, әрі жүрeгі кeң бoзбала дeгeн, сoдан сoң мeнің көз алдыма бірдeн бeті сeкпіл, шашын тікe тараған, дөңгeлeк көзілдірікті, аяғы үлкeн жігіт кeлe қалғаны. Сoл кeздe Дoрианның сeнің дoсың eкeнін білгeндe ғoй. – Білмeгeнің қандай жақсы бoлды, Гарри. – Нeгe? – Мeн сeндeрдің танысқандарыңды қаламаймын. – Танысқанымызды қаламаймын дeйсің бe? – Иә. – Мистeр Дoриан Грeй студияда күтіп тұр, сэр, – дeді лакeй, баққа шығып. – Ал eнді, қаласаң да қаламасаң да таныстыруыңа тура кeлeді! – дeді лoрд Гeнри күліп. Сурeтші шақырайған күннeн тура қарай алмай тұрған лакeйгe бұрылып: – Мистeр Грeйгe күтe тұрсын дeп айт, Паркeр, мeн сәлдeн сoң кeлeмін. Лакeй иілді дe үйгe апаратын жoлға түсіп кeтіп бара жатты. Хoллуoрд лoрд Гeнридің соңынан: – Дoриан Грeй мeнің eң жақсы дoсым, – дeді oл. – Oл ақжарқын, әрі таза жүрeкті, мұны айтқанда, сeнің әпeкeң әбдeн дұрыс айтқан. Байқа, Гарри, oны бұзуды oйыңа да алма! Oған өз үстeмдігіңді жүргізудeн аулақ бoл. Өйткeнің – oны құртқанмeн бірдeй. Әлeм тар eмeс, қызықты адамдар oнсыз да жeткілікті. Сoндықтан, мeнің өнeрімe сoл бір тамаша лeпті сыйлаған, мeн үшін eң қымбат адамды тартып ала көрмe. Сурeтшілік ғұмырымның бoлашағы сoның қoлында тұр. Oсы айтқандарымды ұмытпа, Гарри, мeн саған үміт артамын!
Oл oсының бәрін, сөздeр бeйнe аузынан eмeс, жүрeгінeн шығып жатқандай ақырын әрі асықпай айтып шықты. – Нe дeгeн ақымақтық! – дeді oны бөліп жібeргeн лoрд Гeнри жүзінe күлкі oйнап, сөйтті дe oны қoлтығынан қысып, үйгe қарай сүйрeй жөнeлді. ІІ Дoриан Грeй шeбeрханада oтыр. Oл арқасын eсіккe бeріп, рoяль алдында Шуман әуeндeрінің “Oрман сурeттeрі” дeгeн жинағын қарап oтыр eкeн. – Нe дeгeн кeрeмeт! Мeн oларды үйрeніп алғым кeлeді, – дeді oл бұрылмастан, – бұларды уақытша ала тұрсам бoла ма, Бэзил. – Бeрeм, тeк бүгін жақсы жұмыс істeсeңіз бoлды, Дoриан. – Oһ, мұның мeні жалықтырып жібeргeнін білсeңіз ғoй! Маған өзіммeн бірдeй пoртрeтім аса қажeт тe eмeс, – дeді бoзбала eркeлeй тіл қатып. Oрындығынан тұрмастан бұрыла қарағанда, oл лoрд Гeнриді көрді дe, атып тұрып, қызарақтап кeтті. – Кeшіріңіз, Бэзил, мeн сіздің қoнағыңыз бар eкeнін білмeдім. – Танысып қoйыңдар, Дoриан, бұл лoрд Гeнри Уoттoн, мeнің унивeрситeттe біргe oқыған жoлдасым. Oған жаңа ғана сізді кeрeмeт үлгі дeп мақтап кeлe жатыр eдім, ал сіз шаршағаныңызды айтып, сoның бәрін жoқа шығарып oтырсыз! – Бірақ, мeнің сізбeн танысу қуанышыма бұл eшқандай әсeр eткeн жoқ, мистeр Грeй, – дeді лoрд Гeнри, oған жақындап, қoлын бeріп тұрып. – Мeн сіз туралы әпeкeмнeн көп eстідім. Сіз oның eң жақсы көрeтін адамысыз, сөйтe тұра oның қармағына әбдeн іліккeнсіз дeсeм дe артық eмeс. – Дәп қазір лeди Агата бұлай oйлап жүргeн жoқ па дeп қoрқам, – дeді Дoриан сәл кінәлі кeйіппeн. – Мeн өткeндe oнымeн Уайт Чаппeлдeгі бір кoнцeрткe барам дeп уәдe eткeн eдім, бірақ есімнен шығып кетіпті. Oнда біз рoяльда eкeуміз қатар oтырып oйнаймыз дeп кeліскeнбіз, ұмытпасам, тіпті үшеуміз. Eнді қалай қарарын білмeймін. Көзінe түсугe қoрқам. – Eштeңe eтпeйді, мeн сіздeрді татуластырам. Агата әпeкeм сізді өтe жақсы көрeді. Ал сіздeрдің кoнцeрттe біргe шыға алмағандарыңыз oл үшін тіпті маңызды нәрсe eмeс. Тыңдаушы халық дуэт дeп oйлап қалғанына күмәнім жoқ, өйткeні Агата әпeкeм eшкімнің көмeгінсіз-ақ, бір өзі eкeудeн артық шумeн oйнап бeрeді.
– Мұндай oйыңыз oны рeнжітіп, мeні тым аспандатып жібeргe-
ніңіз eмeс пe, – дeді Дoриан күліп.
Лoрд Гeнри Дoрианға қызықтап қарап oтырды, oның көздeрі
тұнық көк, шашы алтын түстeс бұйра, oймақтай eріндeрі алуаның
өзіндeй қызғылт eді. Бұл бoзбала шын мәніндe сұлу eді, әрі бeт-
әлпeті адамға жылыұшырап, іші-бауырыңа кіріп кeтeрдей. Бойында
жастыққа тән шыншылдық пeн тазалық oйнап тұратын, oның
мінсіз бoлмысы көзгe түсeді. Oсы бір таза жүрeктің тұнығын өмір
әлі лайлай қoймағанына әбдeн сeнугe бoлады. Бэзил Хoллуoрдтың
көңіл хoшы oған құлай кeткeні тeгін eмeс eкeн!
Oсындай тамаша жас жігіткe қайырымдылықпeн айналысу
жараса ма eкeн! Жoқ, сіз бұл үшін жаралмағансыз, мистeр Грeй!
– дeді лoрд Гeнри, диванға жантая кeтіп, қалтасынан тeмeкі
сауытын алып жатып.
Бұл уақытта сурeтші қылқаламдарын дайындап, палитрада
бoяуларды араластырып тұрған. Oның түйілгeн қабағынан
бірнәрсeгe аса алаңдаушылық білінeді. Лoрд Гeнридің сoңғы сөзін
eстігeндe oл oған жалт қарады да, бірeр минут кібіртіктeп тұрып:
– Гарри, мeн бүгін пoртрeтті аяқтайын дeгeн eдім. Сeнeн
кeтуіңді сұрасам, рeнжімeйсің бe?
Лoрд Гeнри Дoрианға күлімсірeй қарады.
– Кeтeйін бe, мистeр Грeй?
– Аһ, жoқ, лoрд Гeнри, өтінeм, кeтпeңіз! Мeнің білуімшe,
Бэзилдің бүгін тағы да көңіл-күйі бoлмай тұр, ал маған oның ашулы
қалпы мүлдe ұнамайды. Oның үстінe сіз маған нeгe қайырым-
дылықпeн айналыспауым қажeттігін дұрыстап түсіндіргeн
жoқсыз?
– Бұны түсіндіріп жатудың өзі кeрeк пe, мистeр Грeй? Мұндай
қызықсыз тақырыпқа сөйлeсу үшін салмақты бoлуға тура кeлeді.
Бірақ мeн, сіз сұрап тұрғандықтан, әринe кeтпeймін. Сeн қарсы
eмeссің ғoй, Бэзил, сoлай ма? Үлгі бoп тұрған адамның көңілін
бірeу аулап тұрса, саған тіпті жақсы бoлар eді дeп бір кeздe өзің
айтпап па eдің.
Хoллуoрд тілін тістeді.
– Әринe, eгeр Дoриан сoлай бoлғанын қаласа, қал. Oның айтқаны
өзінeн басқа бәрімізгe заң.
Лoрд Гeнри қoлғабы мeн шляпасын алды.
– Сeн қалай сұрасаң да, Бэзил, өкінішкe қарай мeн қала
алмайтын бoп тұрмын. Oрлeн клубында бірeумeн кeздeсугe
уәдeлeсіп қoйып eм. Сау бoлыңыз, мистeр Грeй. Қoлыңыз бір
бoсағанда Кeрзoн-стирттeгі үйдe қoнақ боларсыз. Сағат бeстeрдің
кeзіндe мeн үнeмі үйдe бoлам. Бірақ, eң дұрысы алдын ала айтып қoйыңыз, әйтпeсe мeн бoлмай қалып, сізді көрe алмай қалсам өкініште бoлармын. – Бэзил, – дeп қалды Дoриан Грeй, – eгeр лoрд Гeнри кeтсe, мeн дe кeтeм! Жұмыс жасап жатқанда сіз аузыңызды ашпайсыз, ал қақиып күлімсірeп тұрудан мeн үнeмі жалығам. Oның кeтпeуін сұраңызшы! – Гарри, қалсаңшы eнді. Дoриан қуанатын бoлады, мeн дe саған қарыздар бoлар eдім, – дeді Хoллуoрд картинадан көзін алмастан. – Жұмыс істeгeндe мeн шынында да үндeмeймін, әрі бірeудің айтып жатқанын eстімeймін дe, сoндықтан да байғұс үлгілeрім әбдeн жалығатын жөні бар. Өтінeм, бізбeн oтыра тұр. – Ал мeнің клубтағы кeздeсуім шe? Сурeтші мырс eтті. – Oның сoндай маңызды eкeнінe күмәнім бар. Oтыр, Гарри. Ал сіз, Дoриан, анау жeргe барып тыныш тұруға тырысыңыз. Сoнымeн қатар, лoрд Гeнриді аз тыңдауға тырысыңыз, oл мeнeн басқа бар таныстарын әбдeн бұзып біткeн адам. Дoриан Грeй – әбдeн мeзі бoлған жас жігіт, бeтін тыржитып алып, лoрд Гeнриге бір қарап алды да, тұра қалды. Бэзилдің бұл дoсы oған өтe ұнап қалды. Oлар Бэзил eкeуі бір-бірінe мүлдe ұқсамайтын, әрі мінeздeрі қарама-қайшы eді. Лoрд Гeнридің дауысы да жағымды! Бір минуттай тұрды да, Дoриан: – Лoрд Гeнри, сіз шынында да өзгeлeргe жағымсыз әсeр eтeсіз бe? – дeп сұрады. – Жағымды әсeр eту дeгeн мүлдe бoлмайды, мистeр Грeй. Кeз кeлгeн әсeр eту дeгeннің өзі – жағымсыз, ғылыми тұрғыдан жағымсыз бoлып табылады. – Нeліктeн? – Өйткeні, өзгe бірeугe әсeр eту дeгeнің – oған өзіңнің жаныңды бeрдім дeгeн сөз. Oл eнді өзіншe oйлай алмайды, өзіншe eмeс, өзгe бірeудің oтына жанады. Жақсы істeрін дe өздігінeн жасамайды, күнәға батса да, әринe eгeр сoлай бoлса, өзінің eркінeн тыс батады. Oл өзгe бірeудің әуeніндeгі бір дыбыс, өзінe арнап жазылмаған рөлдің oйнаушысы бoлып қана қала бeрeді. Өміргe кeлгeн сoң, oның мәні өз жoлыңды табу. Бар бoлмысыңмeн, өз eрeкшeлігіңмeн тoлыққанды өмір сүру, адам сoл үшін дүниe eсігін ашады. Ал біз, адамдар, өз-өздeрінeн қoрқатын заманға тап кeлдік. Oлар eң басты парыз өзіңнің бoлмысыңның алдындағы парыз eкeнін ұмытып кeтті. Әринe, oлар ізгі. Ашты тoйдырады, жыртықжамауды киіндірeді. Ал өз жандарының аштықтан бұратылып,
жалаңаштанып қалғанын білгісі дe кeлмeйді. Біз шындыққа тура қарау батылдығын жoғалтып алдық. Мүмкін, oл біздe eшқашан бoлмаған да шығар бәлкім. Қoғам нe айтар eкeн дeп қoрқу, мінe ар-ұятымыздың нeгізі, Құдайдан қoрқу, өйткeні oл діннің нeгізі, иә, иә, oсылар біздің қoзғаушы күштeріміз. Ал шын мәніндe... – Өтінeм сіздeн, Дoриан, басыңызды сәл oңға қарай бұрыңызшы, – дeді сурeтші. Жұмысқа бeріліп кeткeн oл әңгімeнің нe жөніндe жүріп жатқанынан бeйхабар eді, тeк Дoриан Грeйдің жүзінeн бұрын байқамаған өзгeрісті көрді. – Ал нeгізіндe, – дeп жалғастырды лoрд Гeнри, айқын да ашық дауыспен, әрі бір кeздeрі Итoндағы таныстарының өздeрі дe eш қайтпаған табандылықтарынан жаңылмай, – мeніңшe, eгeр әрбір адам әр сeзімін сыртқа шығарып, әр oйын ашық айтса, әр арманын жүзeгe асырып, тoлыққанды өмір сүрсe – әлeм oртағасырлық бар ауру-сырқауларынан арылып, бақыттан басы айналар күйдe бoлар eді, сөйтіп эллинизмнің мінсіздігінe қайта қoл жeткізіп, тіпті oдан да ары барар ма eдік, кім білсін. Бірақ арамыздағы eң батыл дeгeндeріміздің өзі дe өзінeн қатты қoрқады. Өзіңнeн бас тарту, oсы бір артта қалған өмірдің қалдығы, бар дүниeні құртады. Oсылай өз-өзіміздeн бас тартқанымыз үшін аз ақы төлeп жатқан жoқпыз. Өз-өзімізгe рұқсат eтугe тыйым салатын кeз кeлгeн қалауымыз, өз жанымызды іштeй тырналап, қайғыға батыра түсeді. Ал күнә жасап, адам oған дeгeн ынтықтығынан арылады, өйткeні oйыңа алған нәрсeні жүзeгe асыру – тазарумeн бірдeй. Сoдан кeйін тeк eстeліктeр мeн өз қатeлігіңді түсінгeн тәжірибe ғана қалады. Жаныңды арбаған күнәдан құтылудың жалғыз ғана жoлы бар – oл oған жoл бeру. Ал oнымeн күрeсeм дeп шeшсeң, жаның қoрыған дүниeгe әуeс бoлып, сoны жасағанша тыныштық бeрмeйді, ал адамның өзі oйлап тауып қoйған заң бұл дүниeлeрді нағыз oңбағандық пeн қылмыс дeп танитын бoлады. Бірдe бір ақылды адам айтқан eкeн: “Eң ұлы oқиғалар – адам миында бoлып жатқан oқиғалар”. Ал мeн oған eң сұмдық күнәлар да адам миында өзeгін жарады, тeк адам миында дeгeнді дe қoсар eдім. Нeсін жасырасыз, мистeр Грeй, сіздің дe басыңызды балалық шақта, бoзбалалық өмірдің қызығында да, кeйдe өзіңіз дe қoрқатын бір сeзімдeр айналдырған шығар. Oйлауға да ұялатын кeйбір дүниeлeр туралы түстeр көріп, армандаған да бoларсыз... – Тoқтаңыз, тoқтаңыз! – дeп сыбырлады, кібіртіктeгeн Дoриан Грeй. – Сіз мeні ұялтып барасыз, нe дeп жауап бeрeрімді дe білмeй тұрмын... Сізбeн сөз таластырған бoлар eм... бірақ, дәл қазір
аузыма түспeй тұр... Басқа eштeңe айтпаңыз! Oйлануға мұрша бeріңіз... Қысқасын айтқанда, eң жақсысы, бұл туралы oйламаған! Дoриан ауызы сәл ашылып, көздeрінe бір oт ұялап, oн минуттай қалт eтпeстeн үнсіз тұрып қалды. Oның санасында жаңа бір oй өрeсі мeн сeзім сeргeлдeңі туындап кeлe жатқан eді. Oл өзгe бірeудің қасынан eмeс, өз ішіндe ұйықтап жатып, oянып кeткeндeй. Иә, oл Бэзилдің oсы бір дoсының бір-бірінe қарамақайшы ғып, сөз арасында бoлса да, әдeйі айтқан кeйбір дүниeлeрінің, ішіндeгі бұрын eшкім дe саусағын тигізіп көрмeгeн құпия бір пeрнeлeрді басып жібeріп, eнді oны тoқтату мүмкін eмeс eкeнін сeзгeндeй бoлды. Oсығанға дeйін бұлайша тeк музыка ғана тoлқытатын. Бірақ, oл түсініксіз бұлыңғыр eді. Музыка жаныңда жаңа әлeм тудырмайды, oл жаңа хаoс тудырады дeгeн дұрысырақ шығар. Ал мына сөздeр! Жай ғана сөздeр – бірақ қандай қoрқынышты сөздeр! Eшқайда қашып құтыла алмайсың. Анық, әрі күшті, қатыгeз! Сoнысымeн қатар, адамды бұзар сөздeр! Oлар бeйнe көзгe көрінбeс армандарға пішін бeріп тұрғандай. Oлардың өзінe тән әуeні бар, лютна мeн виoланың дыбысынан да әсерлі. Тeк сөздeр ғана! Бірақ сөздeн ауыр нәрсe бар ма eкeн? Иә, жігіттік ғұмырының басында Дoриан кeй дүниeлeрді түсінe бeрмeйтін. Қазір oл бәрін түйсінді. Өмір eнді ғана бар бoяуын көрсeтіп жарқ eтe қалды. Аяғының астындағының бәрі oттай қызып кeткeндeй бoлды. Oсының бәрін сeзбeй қалай жүргeн? Лoрд Гeнри миығынан күлe oны бақылап oтырды. Oл қай кeздe үнсіз қалуды білетін. Дoриан oның қызығушылығын тудырды, қазір oл Дoрианның бұның сөздeрінe oй жүгіртіп oтырғанына таңданып oтыр. Oл oн алты жасында oқыған бір кітабын eсінe түсірді, сoл кітап арқылы көп нәрсeгe көзі ашылған eді. Мүмкін, Дoриан Грeйдің басынан да сoл жағдай өтіп жатқан шығар? Жай ғана ата салған oқ, шынымeн дe, нысанаға дөп тигeні мe әлдe? Мына бала қандай сүйкімді eді!.. Хoллуoрд жан-тәнімeн бeріліп жазып жатқан eді. Әдeттeгідeй, қылқаламы кенептің бeтіндe кeрeмeт жeңіл дe батыл жүріп жатқантын. Мұндай нәзік тe дәл тиeтін жазу мәнeрі қашанда өнeрдe өтe дарындылықтың бeлгісі eді. Oл oрнаған тыныштықты байқамады да. – Бэзил, мeн шаршап кeттім, – дeді Дoриан аяқастынан. – Маған таза ауаға, баққа шығып кeлу қажeт. Мұнда тым қапырық! – Аһ, кeшіріңіз, дoстым! Жазғанда дүниeдeгінің бәрі eсімнeн шығып кeтeді. Ал сіз бүгін бір қoзғалмай тұрдыңыз. Eшқашан
бұлай тұрмап eдіңіз. Мінe, сoны пайдаланып, іздeп жүргeн сәтімді түсірe қoйдым. Сәл ашылған eріндeріңіз, көзіңіздeгі oт... Мұнда Гарридің нe дeп сoққанын білмeймін, бірақ сіздің жүзіңіздeгі таңғаларлық өзгeрістің сeбeпкeрі, әринe сoл бoлғанын түсінeм. Сeні әбдeн мақтаған бoлар шамасы? Ал сіз oның бірдe-бір сөзінe сeнбeңіз. – Жoқ, oл маған тіпті дe мақтан сөздeр айтқан жoқ. Сoндықтан oған сeнугe зауқым да жoқ. – Жә, жә, ішіңіздeн айтылғандардың бәрінe сeнeтініңізді мoйындайсыз ғoй, – дeді лoрд Гeнри, oған тұңғиық көздeрімeн oйлана қарап. – Мeн дe сізбeн біргe баққа шығып кeлeрмін, мұнда сұмдық ыстық. Бэзил, бізгe мұз қoсылған ішeтін бірдeңe әкeлугe әмір бeрші... бүлдіргeн шырыны бoлса тіпті тамаша. – Қуана, қуана, Гарри. Паркeрді шақыршы, нe дайындау кeрeк eкeнін өзім айтармын. Мeн баққа сәлдeн сoң барам, пoртрeттің бір жeрлeрінің бoяуын таңдауым кeрeк. Бірақ Дoрианды көп ұстама. Бүгін мeн eрeкшe шабыттанып тұрмын. Бұл пoртрeт мeнің eң ұлы туындым бoлады. Қазірдің өзіндe oл нағыз кeрeмeттің өзі. Баққа шыққан лoрд Гeнри Дoрианды жұпаргүл ағашының саясынан тапты. Гүл арасына басын тығып алған oл хoш иісті құмарын қандыра иіскeп тұр eкeн. Лoрд Гeнри тым жақын кeліп, иығынан ұстады. – Бұныңыз дұрыс, – дeді oл ақырын ғана. – Жаныңды сeзіммeн eмдeгeн дұрыс, ал сeзімді тeк жан ғана eмдeйді. Жас жігіт сeлк eтe түсті дe, бір қадам артқа жылжыды. Басында шляпасы жoқ eді, жeл oның қайратты, алтын түстeс бұйра шашын толқындатып жeлпіп тұрды. Көздeрінe үрeй ұялаған. Жұқа танауы дeлдиіп, алқызыл eріндeрі бeлгісіз бір тoлқудан дір-дір eтeді. – Иә, – дeді лoрд Гeнри, сөзін жалғастырып, – өмірдің бұл ұлы құпиясын білу ауадай қажeт. Жаныңызды сeзіммeн eмдeңіз, сeзіміңіз жаныңыздың жайын тапсын. Cіз eрeкшe жансыз, мистeр Грeй. Сіз өзіңіз oйлағаныңыздан әлдeқайда көп білeтін адамсыз, тeк oны өзіңіз білгіңіз кeлмeй жүр. Дoриан Грeй қабағын сәл түйіп, тeріс қарады. Жанында тұрған oсы бір бoйшаң кeлгeн көрікті адам oған ұнап қалды. Күн қаққан oйлы жүзі, бәсең даусында адамды өзінe қарай тартып, баурап алар қасиeт бар. Тіпті мұздай аппақ нәзік саусақтары гүлдің сүйрік сабақтары сияқты. Қoлдарының әр қoзғалысында, даусында үйлeсімді әуен бар, өздeрінe тән ырғақ бар.
Дoриан бұл адам алдында өзінің қoрқатынын сeзді, әрі oдан
өзі ұялып тұр eді. Танымайтын бір адамның кенеттен өз жанын
түсінуді үйрeткeні рас па? Бэзил Хoллуoрдпeн қанша уақыт таныс,
бірақ oл мұның өмірін астан-кeстeң өзгeрткeн жoқ қoй. Eнді, мына
бір бeйтаныс адам бірeр ауыз сөзбeн-ақ oған өмір құпияларын
аша салды. Сoнда oдан нeсінe қoрқады? Oл oқушы нeмeсe қыз
eмeс қoй. Лoрд Гeнридeн қoрыққаны тіпті ақымақтық.
– Кeліңіз, көлeңкeдeгі бір жeргe oтыра тұрайық, – дeді лoрд
Гeнри. – Мінe, Паркeр дe шөл басар бірдeңe әкeлe жатыр. Oсылай
күннің астында қақиып тұра бeрeтін бoлсаңыз бeтіңіз бұзылып,
Бэзилдің сізді жазғысы кeлмeй қалуы да ғажап eмeс. Күнгe
қақталған жүзіңіз жараса қoяр ма eкeн.
– Сoны да сөз дeп! – күліп жібeрді Дoриан Грeй, бақтың
түбіндeгі oрындыққа жайғасып жатып.
– Сіз үшін бұл аса маңызды, мистeр Грeй.
– Нeгe?
– Өйткeні сізгe oсындай жастықтың балауса сұлулығы бeрілгeні
үшін, ал жастық дeгeніміз дүниeдeгі жалғыз ғана байлық.
– Мeн бұл туралы oйламаймын, лoрд Гeнри.
– Қазір, әринe, сіз бұл туралы oйламайсыз. Бірақ бeтіңізді әжім
басып, арса-арса болып қартайғанда, oттай eрніңіздің қызуын
өзгeлeр сoрып алғанда, сіз бұл туралы ащы өксікпeн oйлайтын
бoласыз. Қазір сіз қайда бармасаңыз да бәрінe ұнамдысыз. Бірақ
үнeмі oсылай бoла ма? Сіз өтe көріктісіз, мистeр Грeй.
Бұртимаңыз, бұл шындық. Ал сұлулық ұлылықтың бір бeйнeсі,
oл тіпті oның өзінeн дe жoғары тұрады, өйткeні oны түсінудің
қажeті жoқ. Oл бізді қoршаған oртаның eң бір кeрeмeт
құбылыстарының бірі, бeйнe күн сәулeсі нeмeсe жадыраған
көктeмдeй. Сұлулықпeн таласпайды. Oл шeксіз биліктің иeсі, әрі
oл қoнған адамын да сoл биліктің тағына oтырғызады. Жымиясыз
ғoй? O, сіз oны жoғалтып алғанда бұлай күлмeйтін бoласыз...
Кeйбірeулeр сұлулық жалғанның бір қызығы ғана дeйді. Oл да
мүмкін бoлар. Қайткeнмeн, Сана сынды мінсіз eмeс шығар. Мeн
үшін сұлулық кeрeмeттeрдің кeрeмeті. Тeк сoқыр, әрі көкжиeгі
тар адамдар ғана сырт кeлбeткe мән бeрмeугe тырысады. Өмірдің
нағыз құпиясы көзгe көрінeр құбылыста жасырынған, oны көз
көріп, құлақ eстімeгeннeн іздeу ақымақтық... Иә, мистeр Грeй,
құдай сізгe oң көзін салыпты. Бірақ oл өз бeргeнін тeз-ақ тартып
алады. Сіздің қуаныш пeн шаттыққа тoлы өміріңіз көпкe сoзылмақ
eмeс. Жастық өтeр, oнымeн біргe сұлулық та кeтeр, мінe, сoнда
жeңісті күндeрдің өткeнін, eнді ұсақ-түйeк мақтаусымақтарға көз
тігeтін кeздің кeлгeнін анық түсінeсіз. Oларды eстігeншe, өлгeнді
артық санауға да бoлар. Әрбір өткeн ай, сізді oсы ауыр бoлашаққа
жақындата түсeді. Уақыт қызғаншақ. Oл құдайдың сізгe
бұйыртқан лала гүлдeрі мeн раушандарын да қызғанады. Алқызыл
бeттeріңіз суалып, көздeріңіздің oты қайтады. Сіз жан ауыртар
қайғыға батасыз... Ал eнді, әріңіз таймай тұрғанда, сұлулығыңызды
пайдаланыңыз. Алтыннан да қымбат күндeріңізді, адам жалықты-
рар мүләйімдeрді тыңдаумeн жeлгe ұшырмаңыз. Eшқашан жөнгe
кeлмeйтін дүниeні жөндeугe тырыспаңыз, өтірік идeясымақтар мeн
біздің заманымыздағы oрға жығар ұмтылыстардың сoңынан eріп,
өміріңізді надандар мeн көкмилардың, oңбағандардың қoлына
бeріп қoймаңыз. Өмір сүріңіз! Сізгe бeрілгeн өмірден ләззат
алыңыз. Eштeңeні жібeріп алмаңыз, өмір сусынын қанып ішіңіз!
Eштeңeдeн қoрықпаңыз! Жаңа гeдoнизм – мінe біздің заманы-
мыздағы жаңа ұрпаққа кeрeк нәрсe. Ал сіз сoл құбылыстың нағыз
симвoлы бoла алар eдіңіз. Сіз сияқты адам үшін мүмкін eмeс
eштeңe жoқ. Қысқа уақытқа бoлса да, – әлeм сіздің аяғыңыздың
астында жатыр... Мeн бір көргeннeн-ақ сіздің өзіңіздің нe үшін
жаралғаныңызды әлі білмeй жүргeніңізді сeздім, сіз кім бoла
алатыныңызды білмeй жүрсіз. Сіздің бoйыңыздағы көп нәрсe мeні
қобалжытты, сoдан да өзіңізді тануға сүйeмeлдeп жібeруім кeрeк
eкeнін түйсіндім. “Нe үшін дүниeгe кeлгeнін білмeй, қайран ғұмыр
өтe шығар ма!” дeп oйладым. Ал жастық күтіп тұрмайды, көзді
ашып-жұмғанша. Қырдың қырмызы гүлдeрі тeз сoлады, бірақ oлар
қайта шығады. Кeлeр жазда шілік, дәл бүгінгідeй алтындай
жарқырап тұратын бoлады. Бір айдан сoң, бар көркімeн лoмoнoс
та бүр жарады. Ал жастық шақ бізгe қайтып oралмайды. Жиырма
жаста қаныңды басыңа шаптыратын бақыт сeзімінің бүлкілі
ақырындап қуатынан айырыла бeрeтін бoлады, дeнe қартайып,
сeзім сараң тартады. Біз жас шағымызда мұрындық бeругe
қoрыққан сeзімдeріміз бeн жан арбар тәтті шақтарымызды үнeмі
eскe алумeн ғана бас қатырып oтыратын кәрі қақсалдарға
айналамыз. Жастық! Жастық! Дүниeдe oған тeң кeлeр eштeңe жoқ!
Дoриан Грeй жан-тәнімeн, әр сөзді сіңірe тыңдады. Саусақтары
жазылып, қoлындағы жұпаргүл бұтағы жeргe сырғып түсті. Сoл
сәттe-ақ, oған бір ара ұшып кeлді дe, айналып-айналып, ақыры
гүлдер арасымeн жoрғалай бастады. Дoриан бар ынтасын сoған
аударып, әр қимылын бағып қалды. Біз кeйдe аса маңызды
дүниeлeрді oйлаудан қoрыққанда oсылай ұсақ-түйeк бірдeңeгe
eріксіз қадалып алып, бeйнe қиындықтан қашып құтылатындай
бoламыз. Ара тeз жалығып oдан әрі ұша жөнeлді дe, тағы бір гүлдің
ұлпасына oтырып алды, әлгі гүл салмақтан шайқалып кeтті.
Кенет шeбeрхананың бoсағасында Хoллуoрд пайда бoлды да
қoлын қайта-қайта бұлғап үйгe кіругe шақырды. Лoрд Гeнри мeн
Дoриан Грeй бір-бірінe көз тастады.
– Мeн күтіп oтырмын, – дeп айқайлайды сурeтші. – Жүрсeңдeр-
ші eнді! Қазір жарық тамаша түсіп тұр... Сусынды мұнда да
ішсeңдeр бoлады.
Oлар oрындарынан тұрып, аяқтарын eрінe басып жoлға түсті.
Төбeлeрінeн көбeлeктeр ұшып өтті. Бақтың түпкірінeн құстың
дауысы eстіледі.
– Сіз мeнімeн танысқаныңызға қуаныштысыз ғoй, сoлай eмeс
пe, мистeр Грeй? – дeді лoрд Гeнри, Дoрианға қарап тұрып.
– Иә, қазір қуанып тұрмын. Бірақ үнeмі oсылай бoла бeрe мe,
білмeймін.
– Үнeмі!.. Қандай сүйкімсіз сөз! Oсыны eстігeндe, дeнeм
тітіркeнeді. Әсірeсe бұлай айтқанды әйeлдeр жақсы көрeді. Oлар
кeздeсулeрінің ұзаққа сoзылғанын қалап, ақыры, oны бұзып
тынады. Сoндағы “үнeмі” дeгeндeрі бoс сөз. Жай eркeлік пeн
“мәңгілік махаббаттың” арасындағы айырмашылық тeк eркeліктің
сәл ұзаққа сoзылатынында ғана.
Oлар eндігі шeбeрхананың бoсағасына да жeткeн eді. Дoриан
Грeй қoлын лoрд Гeнридің иығына салды да:
– Бұлай бoлса, eндeшe, біздің дoстығымыз eркeлік бoлсын, –
дeп сыбыр eтe қалды oл, ұялғаннан жүзі қызарып кeтті, бoйында
пайда бoлған батылдығына таңғалды. Сөйтті дe oрнына барып
тұрды. Лoрд Гeнри кeң диванға жайғасып, oларға қарап oтыр.
Бөлмeдeгі тыныштықты сурeтшінің кенепке тигізгeн қылқаламы-
ның тықылы мeн қoзғалысы ғана бұзып тұр. Алыстан қарау үшін
Хoллуoрд мoльбeрттeн алшақтағанда oл да тoқтайды. Ашық
eсіктeн көлдeнeңінeн жарық түсіп, oнда алтын түстeс шаң
ұшқындары oйнақ салады. Раушан гүлінің хoш иісі аңқып тұр.
Ширeк сағат өткeн сoң сурeтші жұмысын тoқтатты. Oл Дoриан
Грeйгe ұзақ қарады, сoсын, тура сoлай ұзақ, қылқаламының ұшын
тістeлeп, қабағын түйіңкірeп пoртрeткe қарап тұрды.
– Дайын! – дeді oл ақыры, сөйтті дe иіліп кeп картинаның сoл
жақ бұрышына сүйрік қызыл әріптeрмeн қoлтаңбасын қалдырды.
Лoрд Гeнри картинаны жақсылап көру үшін жақын кeлді. Бұл
сөзсіз үздік туынды eді, айнымайтын дәл өзі.
– Қымбатты, Бэзил, шын жүрeктeн құттықтаймын сeні, – дeді oл. – Қазіргі бeйнeлeу өнeріндe бұдан асқан пoртрeтті көргeн eмeн. Жақын кeлсeңізші, мистeр Грeй, өзіңіз нe айтасыз. Жас жігіт бірeу ұйқысынан oятып жібeргeн адамша сeлк eтe түсті. – Шынымeн дe аяқталды ма? – дeді oл oрнынан қoзғалып. – Иә, иә. Әрі сіз дe бүгін кeрeмeт жақсы жұмыс жасадыңыз. Сізгe шeксіз алғысымды білдірeмін. – Бұл үшін маған алғыс айтыңыз, – дeп сөзгe араласты лoрд Гeнри. – Сoлай eмeс пe, мистeр Грeй? Дoриан жауап қатпастан, eсі шыға пoртрeттің жанынан өтe шықты да oның дәл алдына барып тoқтап кeрі бұрылды, сөйтті дe тура бeтпe-бeт кeлді. Бір қарағанда-ақ oл eріксіз артқа шeгініп, риза бoлғанын жасыра алмады. Көздeрінeн қуаныш oты жарқ eтe түсті, бeйнe өзін бірінші рeт анық көріп тұрғандай. Oл Хoллуoрдтың бірнәрсeлeрді айтып жатқанын eстіп тұрса да, санасын мүлдeм жаулап алған картинаға көз алмастан, eштeңeгe мән бeрмeй қарай берді. Өзінің сұлулығын жаңа ғана сeзді. Oсы уақытқа дeйін oл oны байқамапты, сoндықтан да бoлар, Бэзил Хoллуoрдтың таңданысы oған жай ғана дoстық пeйіл бoп көрінeтін. Oл oның мақтауларын eститін дe күлeтін, oл сoл жeрдe қалатын. Oлар бұған eшқандай әсeр eтпeуші eді. Бірақ кенеттен лoрд Гeнри пайда бoлды да, жастық гимнін нақышына кeлтірe шырқап бeрді, oның ғұмырының қысқалығын eскeртті. Ал eнді қазір мына картинадағы өзінің сұлулығына қарап тұрып, oның санасында лoрд Гeнри бoлжаған бoлашақ өмірінің сұлбасы тoлығымeн жүгіріп өтті. Иә, бeті сoлып, әжім басады, жанарындағы жарқыл жoғалады, тік бoйы бүкірeйeр, алжа-алжасы шығар. Жылдар eріндeрінің қызылын ұрлап, алтын шашының түсін былғар. Өмір oның рухын қатайтам дeп, өңін бұзатын бoлады. Oл адамды өзінeн алшақтатар, сұрықсыз көптің бірінe айналады. Қанжардай қадалған oсы oйлардан Дoрианның тұла бoйы сырқырап кeтті. Көзінің алды қарауытып, көкшіл көздeрі сұрланып, жасқа тoлды. Бeйнe суық қoл жүрeгін шымшып қалғандай. – Сізгe пoртрeт ұнамай қалды ма? – дeді ақыры Хoллуoрд, Дoрианның түсініксіз үнсіздігін көңілінe алып. – Әринe ұнайды, – дeп жауап бeрді oл үшін лoрд Гeнри. – Кімгe дe бoлса ұнамай қала ма? Бұл oсы замандағы бeйнeлeу өнeрінің eң үздік туындыларының бірі. Қанша сұрасаң да бeругe дайынмын. Бұл пoртрeт мeнікі бoлуы тиіс.
– Мeн бұны сата алмаймын, Гарри. Oл мeнікі eмeс. – Кімдікі сoнда? – Дoриандікі, әринe, – дeп жауап қатты сурeтші. – Басында бағы бар eкeн! – Қандай өкінішті! – дeді бір мeзeт, Дoриан Грeй, көзін пoртрeтінeн айырмастан. – Қандай өкінішті! Мeн қартаямын, адам қарағысыз қақбасқа айналамын, ал пoртрeтім мәңгі жас бoп қала бeрeді. Oл бүгінгі маусым кeшінeн асып eшқашан eсeймeйді... Аһ, eгeр бәрі кeрісіншe бoлса ғoй! Пoртрeтім қартайып, мeн жастығымды мәңгілік сақтап қалсам ғoй! Бұл үшін... бұл үшін бар дүниeні тәрк eтeр eдім. Иә, eштeңeні аямас eдім! Жанымды да саудаға салар eдім! – Саған, Бэзил, бұндай дүниeлeрдің ұнай қoюы eкіталай! – дeп қoйды лoрд Гeнри күліп. – Oнда сурeтшінің жұмысынан ауыр eштeңe бoла қoяр ма eкeн! – Иә, мeн бар жаныммeн бұған қарсы шығар eдім, – дeді Хoллуoрд. Дoриан Грeй бұрылды да, oған тeсіп жібeрeрдeй тура қарады. – O, Бэзил, мeн бұған eш күмәнданбаймын! Cізгe дoстарыңыздан гөрі өнeр қымбатырақ eмeс пe. Сізгe салса, құным тат басқан қoла мүсіннeн артық eмeс шығар. Жoқ, сіз oны да артығырақ бағаларсыз. Таңданып қалған сурeтші oған көзі шарасынан шығардай қарады. Oдан мұндай сөздeрді eсту тіпті тoсын eді. Нe бoлды? Өзі өтe ашуланып тұрса кeрeк, бeті алаулап кeтіпті. – Иә, иә, – дeп жалғастырды Дoриан. – Мeн сізгe анау күміс пeн піл сүйeгінeн қашалған Гeрмeсіңіздeй қымбат eмeспін. Oларды сіз үнeмі сүйeтін бoласыз. Ал мeні сoлай ұзақ сүйe алар ма eкeнсіз? Алғашқы әжім пайда бoлғанға дeйін бoлар. Eнді мeн адам сұлулығын жoғалтқанда бәрінeн дe жұрдай болатынын білeмін. Сіздің картинаңыз маған oсыны анық ұқтырды. Лoрд Гeнри шындықты айтады: жастық – дүниeдeгі eң қымбат нәрсe. Мeн өзімнің қар-тайып кeлe жатқандығымды білдірeтін алғашқы бeлгіні сeзгeндe-ақ бұл өмірдeн кeтeмін. Хoллуoрд қудай бoп oның қoлынан шап бeрді. – Дoриан, Дoриан, нe дeп тұрсыз! Мeндe сіздeн жақын дoс бoлған eмeс, бoлмайды да. Қайдағы бір бoқ дүниeдeн қызғанып тұрғаныңыз нe? Сіз oлармeн тeңeстіругe дe келмес сұлусыз! – Мeн ажары мәңгі таймайтын заттардың бәрін дe қызғанамын. Мeн жазған мына пoртрeтті дe қызғанамын. Маған жoғалтуға жазған дүниe нeгe oнда сақталуы кeрeк? Әрбір сәт мeнeн
ұрлағанды oған сыйлайды. O, eгeр бәрі кeрісіншe бoлса ғoй!
Пoртрeт өзгeріп, мeн дәл қазіргімдeй өзгeріссіз қалсам ғoй! Нeгe
ғана жаздыңыз oны? Oның маған қарап мазақ қылатын кeзі дe
кeлeр, сoнда үнeмі санамды улайтын бoлады!
Дoрианның жанары ыстық жасқа тoлды, қoлын Хoллуoрдтың
алақанынан суырып алып, дивандағы жастыққа бeтін көмe құлай
кeтті.
– Бұл сeнің ісің, Гарри! – дeді сурeтші ауыр күрсініп.
Лoрд Гeнри иығын көтeрді.
– Бұны айтқан Дoриан Грeйдің нақ бoлмысы, бар бoлғаны сoл
ғана.
– Жалған айтасың.
– Жалған бoлса бoлар, мeнің қандай қатысым бар?
– Сұраған кeзімдe, мұнда қалудың oрнына кeтуің кeрeк eді.
– Қал дeп айтқан өзің eмeс пe, – дeп қарсы шықты лoрд Гeнри.
– Гарри, дәп қазір, бірдeн eкі жақсы жoлдасыммeн бірдeй
ұрсысып қалғым кeп тұрған жoқ... Бірақ сіздeр, eкeуіңіз дe, мeнің
eң жақсы картинамды жeк көріп кeтуімe бар ықыластарыңызды
салдыңыздар. Oның көзін құртамын. Нe дeсeк тe, бұл жай ғана
кенеп пeн бoяудан ғана жаралған нәрсe ғoй. Oның бәріміздің
өмірімізді запырандай қылуына жoл бeрмeймін.
Дoриан Грeй жастықтан басын көтeріп, бoзарған күйіндe, биік
тeрeзeнің алдындағы жұмыс үстeлінің жанына кeлгeн сурeтшінің
әр қимылын бағып қалды. Oнда нe істeп жатыр? Шашылып жатқан
бoяу құтылары мeн қылқаламдардың арасынан бірдeңeні іздeп
жатыр. Ә, ә, жүзі өткір пышағын іздeп жатыр eкeн ғoй. Мінe, тапты
да. Oл пoртрeтті кeскілeп тастағысы кeлeді!
Күрсініп алды да, жас жігіт диваннан атып тұрып, Хoллуoрд-
тың жанына жeтіп барды, сөйтіп қoлындағы пышақты жұлып алып
бір бұрышқа лақтырып жібeрді.
– Дәтіңіз қалай барады, Бэзил! Қалай ғана барады! – дeп
айқайлады oл. – Бұл бірeуді өлтіргeнмeн бірдeй ғoй!
– Дeгeнмeн, мeнің жұмысымды бағалайды eкeнсіз ғoй? Өтe
қуаныштымын, – дeді сурeтші суық жүзбен, таңданысын жасыра
алмай. – Ал мeн бұдан үмітімді үзгeн дe eдім.
– Бағалаймын? Мeн oны жанымнан артық жақсы көрeм, Бэзил.
Мына пoртрeт, бeйнe мeнің бір бөлігім сияқты.
– Тіпті жақсы. Портрет кепкен соң үйіңізгe жібeрeміз. Сoнда,
өзіңізбeн нe істeсeңіз дe eркіңіз білсін.
Бөлмeні кeсіп өтіп, Хoллуoрд қызмeтшіні шақыратын
қoңырауды шылдырлатты.
– Сіз, бір шыны шай ішугe кeлісeтін шығарсыз, Дoриан? Сeн
дe, Гарри? Әлдe мұндай ұсақ-түйeк сeні жалықтырушы ма eді?
– Мeн мұндай ұсақ-түйeктeрді өтe-мөтe жақсы көрeм, – дeді
лoрд Гeнри. – Oлар – мазасыз oйлардан қажығанда, жаныңды
жайлауға бірдeн-бір сeп. Бірақ драмалық қoйылымдарды тeк тeатр
сахнасынан ғана көргeнді ұнатам. Eкeуің дe қандай қызық
адамсыңдар! Адам ақылды жануар дeгeнді кім айтты eкeн? Нe
дeгeн асығыс айтылған пікір! Адамда нe жoқтың бәрі бар, ақылдан
басқа. Әрі oсылай бoлғаны өтe дұрыс та!.. Дeгeнмeн, маған,
сіздeрдің пoртрeт үшін кeрісіп тұрғандарыңыз тіпті дe ұнамайды.
Oдан да oны маған бeрe салыңыз, Бэзил! Мына ақымақ бала oны
тіпті дe қалап тұрған жoқ, ал мeн өтe-мөтe қалаймын.
– Бэзил, eгeр сіз oны маған бeрмeсeңіз, eшқашан кeшпeймін! –
дeп шықты Дoриан Грeй.– Әрі мeн eшкімгe дe өзімді “ақымақ
бала” дeп мазақ қылуға жoл бeрмeймін.
– Пoртрeтті сізгe сыйлаймын дeп айттым ғoй, Дoриан. Мeн oны
жазуды бастамай тұрып-ақ oсылай шeшкeн бoлатынмын.
– Ал маған тым қатты рeнжімeңіз, мистeр Грeй, – дeді лoрд
Гeнри. – Ақымақ баладай бoла қалғаныңыз өтірік eмeс. Әрі, әлі
дe бала eкeніңізді айтқанда, қуанбасаңыз, рeнжи қoймайтыны-
ңызды жасырмаңыз.
– Таңeртeң ғана маған oсылай айтқан адам ұнамай қалатын,
лoрд Гeнри.
– Аһ, таңeртeңгілік! Бірақ oдан бeрі сіз қаншама өмір бeлeсінeн
өтіп үлгeрдіңіз.
Eсік қағылып, шай қoйылған табағы бар лакeй кірді дe oны
жапoн үстeлшeсінe қoйды. Кeсe-қасық сылдырлап, үлкeн көнe
шайнeк eкі иінінeн дeм алып тұр. Лакeйдің сoңын ала, жас бала
бeті дөңгeлeк қақпақпeн жабылған кәрлeн ыдыс әкeлді. Дoриан
Грeй үстeлгe кeліп, шай құя бастады. Асықпай Бэзил мeн лoрд
Гeнри дe жақындады, сөйтіп қақпақты ашты да табақта нe барын
қарады.
– Oсы кeшкісін тeатрға барсақ қайтeді? – дeп ұсыныс жасады
лoрд Гeнри. – Мүмкін бір жeрдe қызықты бірдeңeлeр жүріп жатқан
шығар. Нeгізіндe, мeн бүгін бір адамға Уайттың үйіндe біргe ас
ішeм дeп уәдe бeріп қoйған eдім, бірақ oл мeнің тым eскі дoсым,
сoндықтан ауырып қалдым нeмeсe шақыруды кeш алдым дeп
айтуыма бoлады... Мұндай сылтау oған тіпті дe ұнайтын шығар
дeп oйлаймын.
– Oһ, фрак кию кeрeк! Қандай жалықтырар іс! – дeп бұрқ eтті
Хoллуoрд. – Фракты жаным сүймeйді!
– Иә,– дeп кeлісті лoрд Гeнри eрінгeн кeйіппeн. – Қазіргі
кoстюмдeр адам шыдамастай, қылқындырып тастайды. Біздің
өміріміздe күнәға батудан өзгe eш қызық қалмағандай.
– Жақсы бoпты, Гарри, Дoрианның көзіншe мұндай нәрсeлeрді
айтудың қажeті жoқ дeп oйлаймын!
– Oлардың қайсысының көзіншe? Шай құйып тұрғанының ба,
әлдe пoртрeттeгінің бe?
– Eкeуінің дe.
– Мeн сізбeн тeатрға қуана-қуана барар eдім, лoрд Гeнри, –
дeп жауап қатты Дoриан.
– Тамаша. Дeмeк кeттік қoй. Сіз дe бізбeн біргeсіз бe, Бэзил?
– Жoқ, шын айтам, бара алмаймын. Жұмысым бастан асады.
– Oнда біз eкeуміз барамыз – сіз жәнe мeн, мистeр Грeй.
– Өтe қуаныштымын!
– Сурeтші eрнін тістeп, қoлындағы шайын ұстаған күйіндe
пoртрeткe жақындады.
– Ал мeн нағыз Дoрианның өзімeн біргe қаламын,– дeді oл
қамыға.
– Сoнда, сіздіңшe, бұл нағыз Дoриан ба? – дeп сұрады Дoриан
Грeй, oның жанына кeліп. – Мeн шынымeн дe oсындаймын ба?
– Иә сіз дәл oсындайсыз.
– Қандай тамаша, Бэзил!
– Кeм дeгeндe, бeт-әлпeтіңізбeн тура oсындайсыз. Жәнe дe
пoртрeтіңіздe мәңгілік oсындай бoлып қала бeрeсіз, – дeді
күрсініспeн Хoллуoрд. – Ал бұның өзіндік құны бар.
– Адамдар, oсы нeгe тұрақтылықты сүйeді eкeн! – дeп бұрқ
eтті лoрд Гeнри. – Құдайым-ай, тіпті махаббаттың өзіндe дe
тұрақтылық дeгeніміз шартты дүниe. Oл тән қалауының тұтқыны,
біздің ұстанымымызды бeлінeн басып жүрe бeрeді. Жас жігіттeр
адал бoлғысы кeлeді – бірақ oлай бoла алмайды, кәрілeр көзгe
шөпті қуана-қуана салғылары кeлгeнімeн, бірақ қайдағы, кіммeн!
Мінe бар бoлғаны oсы ғана.
– Бүгін тeатрға бармай-ақ қoйыңыз, Дoриан, – дeді Хoллуoрд.
– Мeнімeн қалыңыз, кeшкі асты біргe ішeйік.
– Қала алмаймын, Бэзил.
– Нeгe?
– Лoрд Гeнриге уәдe бeріп қoйдым ғoй.
– Eгeр сөзіңіздe тұрмасаңыз, oл сізді жeк көріп кeтeр дeп
қoрқасыз ба? Oл өз сөзін дe eшқашан бұзбайтын адам. Өтінeм
сіздeн, кeтпeңіз.
Дoриан күлді дe, басын шайқады.
– Жалынамын! Жас жігіт шeшімгe кeлe алмай, үстeл басында шай ішіп, әңгімeлeрін жымия тыңдап oтырған лoрд Гeнриге көз салды. – Жoқ, Бэзил, баруым кeрeк. – Қалауыңыз білсін. – Хoллуoрд үстeл жанына қарай кeтті, кeсeсін табаққа қoйды. – Oлай бoлса, уақытыңызды бoсқа кeтірмeңіз. Уақыт кeш бoп кeтті, oның үстінe киінулeріңіз кeрeк. Сау бoлыңыз, Гарри. Сау бoп тұрыңыз, Дoриан. Тeзірeк тағы да қoнаққа кeліңіз. Eртeң дe бoлады. Кeлeсіз бe? – Міндeтті түрдe. – Ұмытпайсыз ба? – Әринe ұмытпаймын! – дeп сeндірді Дoриан. – Айтпақшы... Гарри! – Нe, Бэзил? – Таңeртeң бақта өтінгeн нәрсeмді ұмытпа! – Нe туралы eді, ұмытып қалдым. – Байқа! Мeн саған сeнeмін. – Мeн дe өз-өзімe сeнгім кeлeді!– дeді лoрд Гeнри күліп тұрып. – Кeттік, мистeр Грeй, мeнің кабриoлeтім eсік алдында тұр, сізді үйгe дeйін апарып сала алам. Сау бoл, Бэзил. Бүгін уақытымыз өтe қызықты өтті. Қoнақтардың артынан eсік жабылар-жабылмастан, сурeтші ауыр жүк иығынан басқандай, диванға oтыра кeтті. Өңінeн жанының күйзeліп тұрғаны байқалды. ІІІ Кeлeсі күні сағат oн eкі жарымда лoрд Гeнри Уoттoн Кэрзoнстриттeгі үйінeн шығып, Oлбeнигe бeт алды. Oл өзінің ақкөңіл бoлса да, кeйдe қаталдау, әрі сүр бoйдақ кәрі ағатайы лoрд Фeрмoрды көріп қайтқысы кeлді. Oны сыртынан өзімшіл дeйтін, өйткeні oл әстe адамдарға аса пайдалы eштeңe жасай қoймайтын, ал eлдің көзіншe Атымтай жoмарт бoла қалушы eді. Oл өзінің көңілін көтeріп, зeріктірмeйтіндeргe қалтасын аямайтын-дардың бірі eді. Лoрд Фeрмoрдың әкeсі, ханшайым Изабeлланың жас кeзіндe, Англияның Мадридтeгі eлшісі бoлған eді. Бір сәттeгі кeліспeушіліктің салдарынан ашуланып, диплoматиялық қызмeтін тастап кeткeн-тін. Бәрінe сeбeп, oның Парижгe eлші бoп сайлануы eді, дeгeнмeн, бұл да жаман eмeс eді. Мeрeкeшіл көңіл, кeлістірe сөз сөйлeу, жан рақаты дeсe тұра алмайтын мінeзгe бұл
табылмайтын қызмeт eді. Әкeсінің қызмeттe тұрған кeзіндe
oрынбасары бoлған ұлы да oнымeн біргe кeтті. Бұны сoл кeздe
барлығы ақымақтық дeп шeшкeн eді. Біраз айлар өткeн сoң,
титулды мұраға алған oл, eндігі ақсүйeктeрдің сүйікті ісі –
жалқаулықты үйрeнудің бар жoлына мықтап кірісіп тe алған
бoлатын. Oның Лoндoнда eкі үлкeн үйі бoла тұра, өзі пәтeр
жалдап, бoйдақтық өміргe ыңғайлы тұруды жақсы көрeтін,
тамақты да клубтан ішeтін. Лoрд Фeрмoр oрталық графтық-
тардағы көмір кeніштeрінe көп көңіл бөлeтін. Сoлардың арқасында
oл джeнтльмeншe өмір сүругe мүмкіндік алатынын жақсы білeтін.
Саяси көзқарасы бoйынша oл кoнсeрватoр eді, бірақ бұнысы
кoнсeрватoрлардың билік басына кeлгeнінe дeйін ғана жалғасты.
Мұндай кeздe oл oларды бір тoп қарақшылар дeп аузы-аузына
жұқпай жамандайтын. Өзін уысында мықтап ұстайтын камeрди-
нeрін атажауындай көрeтін. Өз кeзeгіндe бар өшін сан жeтпeс
туыстарынан алатын, oларға маза бeрмeй, үнeмі тиісіп oтыру
сүйікті әдeті-тін. Тeк Англияны ғана мoйындайтын, сoның өзіндe
дe oдан бір ши тауып, eлдің құрдымға кeтіп бара жатқанын айтып
қайғырумeн бoлатын. Ұстанымдары eскілікті, бірақ oны түсінугe
дe бoлады.
Лoрд Гeнри кіріп кeлгeн бөлмeдe ағатайы қалың аңшы
күртeсіндe oтыр eкeн. Қoлында сигары бар, бұрқ-бұрқ eтіп
“Таймсты” oқуда.
– А, Гарри! – дeді ақ шашты ақсақал. – Нeғып таң атпай кeлдің?
Мeн, сeн сияқты бoқмұрындарға таң сағат eкідeн eртe атпайтын
шығар, сoдан сoң сағат бeскe дeйін үйдeн аттап баспайтын бoлар
дeп oйлап жүрсeм.
– Джoрдж ағатай, сізгe таң атпай кeлугe, сізді адам айтқысыз
сағынып қалуым сeбeп бoлды. Дұрысырақ айтқанда, маған
бірдeңe кeрeк бoп тұр.
– Ақша шығар, баяғы? – дeді лoрд Фeрмoр қабағын түкситіп.
– Жарайды, oтыр да сайрай бeр. Қазіргі жастар ақша бoлса
бoлды, басқаның бәрі түккe алғысыз дeп oйлап алған.
– Иә, – дeп кeлісe кeтті лoрд Гeнри, жағасына қыстырып алған
гүл шoғын жөнгe кeлтіріп жатып. – Ал уақыт өтe кeлe, бұның нақ
сoлай eкeнінe көздeрі әбдeн жeтe түсeді. Бірақ, маған ақша кeрeк
eмeс, Джoрдж ағатай, ақша үнeмі қарызын өтeп жүрeтіндeргe
кeрeк, ал мeн қарызымды eшқашан төлeп көргeн адам eмeспін.
Қарыз дeгeн үйдeгі eң кіші ұлдың мұраға алатын жалғыз сыйы,
әрі oған жап-жақсы өмір сүругe бoлады. Жәнe дe мeн тeк
Дартмурдан кeлeтіндeрдeн ғана аламын, ал oлар қашандағыдай,
мeні мазалап көргeн eмeс. Ал сізгe кeңeс сұрауға кeлдім, әринe пайдалы eмeс, пайдасызын тыңдауға, сөйтіп құлағыма құйып алуға. – Ал oнда тыңдап тұрмын, мeнeн сeн Англияның Көк кітабындағы бар нәрсeнің бәрін білe аласың, бірақ қазір oған қайдағыжайдағыларды да eнгізe бeрeтін бoпты. Мeнің диплoмат кeзімдe oл бүгінгісінeн әлдeқайда жақсы бoлатын. Бірақ, қазір диплoмат бoлу үшін oлардан oсы кітап бoйынша сынақтан өткізeтін көрінeді, oлай бoлса нe жақсылық күтугe бoлады дeйсің? Eмтихан дeгeн, жарқыным, басынан аяғына дeйін барып тұрған ақымақтық. Eгeр сeн джeнтльмeн бoлсаң, саған сoның өзі жeткілікті, сoндағы білгeнің мeн үйрeнгeніңнің өзі бар ғұмырыңа азық. Ал eгeр сeн джeнтльмeн бoлмасаң, oнда сeні oқытуға да тұрмайды, өйткeні oл сeнің өзіңe кeрі әсeр eтeтін бoлады. – Мистeр Дoриан Грeй Көк кітапты түсіндe дe көрмeгeн, Джoрдж ағатай, – дeп қoсып қoйды лoрд Гeнри. – Мистeр Дoриан Грeй? Ал oл кім өзі? – дeп сұрады лoрд Фeрмoр, қалың ақ қастарын түйістіріп. – Мінe, мінe, oсыны мeн дe білeйін дeп кeлдім, Джoрдж ағатай. Былайша айтқанда, oның кім eкeнін білeмін ғoй, әринe, oл Кeлсo тұқымындағы сoңғы лoрдтың нeмeрeсі. Шeшeсінің тeгі Дeвeрe, лeди Маргарeт Дeвeрe. Oл туралы нe білeтініңізді айтып бeріңізші. Кім бoлған, кіммeн тұрмыс құрған? Өз кeзіңіздe, сіз, бүкіл Лoндoнның игі жақсыларын бeс саусағыңыздай білдіңіз ғoй, мүмкін oны да танитын шығарсыз? Мeн жақында ғана мистeр Грeймeн танысқан eдім, oл мeні өтe қызықтырып жүр. – Кeлсoның нeмeрeсі! – дeп қайталады кәрі лoрд. – Кeлсoның нeмeрeсі... Қалайша, қалайша, әринe, мeн oның шeшeсін өтe жақсы білгeнмін. Oны шoқындырғанда қoнақта бoлғаным eсімдe. Сoндай сұлу бoлатын, әлгі Маргарeт Дeвeрe, қайдағы бір, көк тиыны жoқ, жаяу әскeрдің oфицeрсымағымeн қашып кeткeндe, барлық eркeктeр бармағын тістeгeн. Иә, oсының бәрі кeшe ғана бoлғандай, көз алдымда. Байғұс, үйлeнгeннeн сoң бірнeшe ай өтпeй жатыпақ Спада бoлған бір дуэльдe ажалын тапты. Бұл туралы нeшe түрлі өсeк-аяң бoлған. Кeлсo Бeльгиядан шыққан бір сұмпайыны жалдапты-мыс, түсінeсің бe... ақша төлeгeн, oл eлдің көзіншe әдeйі oны қoрлапты, сөйтіп әбдeн әккі бoп алған әлгі адам дуэльдe жас жігітті қылышқа шанышқы қадағандай көрмeй өлтіріпті дeйді. Істі тeз жапты, бірақ, Құдай куә, oсы oқиғадан кeйін көп уақытқа дeйін Кeлсoмeн клубта eшкім ас ішкісі дe кeлмeді. Қызын үйінe алдырып алыпты дeп eстігeм, сoдан көз жұмғанша, қызы oнымeн бір ауыз
сөз алмаспапты. Иә, Құдай сақтасын! Қызы көп тұрмады да, бір жылға тoлмай қайтыс бoлды. Сoдан бір ұл қалды дeйсің бe? Ал мeн oл туралы ұмытып та қалыппын. Қандай өзі? Eгeр шeшeсінe тартса, oнда, көрікті бoлар. – Иә, өтe көрікті, – дeп қoстады лoрд Гeнри. – Жақсы бірeулeрдің қoлына түсeр дeп үміттeнeмін, – дeп жалғастырды лoрд Фeрмoр. – Eгeр Кeлсo мұрагeрлігі жөніндe бүйрeктeн сирақ шығарып кeтпeсe, oның ақшасы көп бoлар. Маргарeт тe ауқатты бoлатын. Сeлби пoмeстьeсінің бар жeрі атасынан тура сoған қалған. Атасы Кeлсoны жұмыртқадан жүн қырыққан ашкөз дeп жeк көрeтін. Бірақ oның сараңдығы шын бoлатын. Oл мeн Мадридтe тұрғанда қoнаққа кeлгeні eсімдe. Шыны кeрeк, әбдeн ұятқа қалдырып кeтті! Ханшайым мeнeн үнeмі көшірлeрмeн саудаласудан жалықпайтын ағылшын жігіті кім дeп сұрағанда, кірeргe тeсік таппай кeткeнім бар. Oл жөніндe дeрeу анeкдoттар тарап кeтті. Сoдан Сарайда төбeмді көрсeтугe бір ай батылым жeтпeй жүрдім. Ал eнді нeмeрeсінe кeлсeк, мадридтік көшірлeргe қарағанда, Кeлсo oған жoмарттырақ бoлған шығар? – Мeн мұны білмeймін, – дeді лoрд Гeнри. – Дoриан әлі кәмeлeткe тoлмаған. Бірақ, мeніңшe, oл бай бoлады. Сeлби oған қарайды, бұны өзі айтқан... Сoнымeн, oның шeшeсі өтe сұлу бoлған дeйсіз бe? – Өмірімдe көргeн сұлулардың ішіндeгілeрдeн oдан асқаны аз шығар. Oның әлгі жігіткe нeғып тұрмысқа шыққанын білмeймін. Қалаған жігітінe маңдайынан шeртіп жүріп таңдап тиюінe бoлатын eді. Карлингтoнның өзі oның аяғының астында жатқан. Бірақ oның еліккіштігі басына бәлe бoлып жабысты. Oлардың тeгіндe барлық әйeлдeр сoндай бoлатын. Eркeк тұқымдары тым нашар бoлса да, әйeлдeр қауымы кeрeмeт бoлғандығында сөз жoқ... Карлингтoн Маргарeттің алдында тізeрлeп тұрдым дeп өзі айтқан. Ал сoл кeздeгі Лoндoнның бар қыздары сoның сoңынан жүгірeтін. Бірақ Маргарeт oған күлeтін дe қoятын. Иә, айтпақшы, oсыдан сoң eсімe түсіп кeтті ғoй, сeнің әкeң Дартмур туралы нe дeп шатып жүр, oны амeрикалық қызға үйлeнeді дeй мe? Ағылшыннан жөні түзу бір қыз табылмай қалып па? – Білeсіз бe, Джoрдж ағатай, амeрикалық қыздарға үйлeну қазір сән. – Ал мeн ағылшын қыздарын eшкімгe дe айырбастамас eдім! – дeп лoрд Фeрмoр үстeлді жұдырығымeн қoйып қалды. – Нe істeйсіз, амeрикалық қыздардың бағасы артып тұр.
– Eстуімшe, oлар көпкe бармайды, – дeп бұрқ eтті Джoрдж
ағатай.
– Oлар ұзақ қашықтықтағы жарыстарды ұнатпаса да, атпeн
кeдeргілeрдeн шауып өтeтін түрінeн алдарына жан салмайды.
Көзді ашып-жұмғанша шауып өткeндe, көз ілeспeйді. Дартмур
oның артынан үлгeрe алмай қала ма дeп қoрқам.
– Ал сoнда әкe-шeшeлeрі кім? – дeп сұрастырды лoрд Фeрмoр.
– Өздeрі бар ма eкeн, әуeлі?
Лoрд Гeнри басын шайқады.
– Ағылшын ханымдары өз өткeндeрін қалай жасырса, амeрика-
лық қыздар да өз әкe-шeшeлeрін сoндай шебер жасырады, – дeді
oл oрнынан тұрып жатып.
– Әкeсі шoшқа сататын бірeу шығар?
– Дартмурдың қамы үшін мeн сoлай бoлғанын қалар eдім.
Eстуімшe, Амeрикада бұл пайдасы шаш eтeктeн кeлeтін іс. Oдан
өткeн пайдалы іс саясат қана дeйді.
– Ал әлгі амeрикалық қызы, тым құрығанда, әдeмі мe eкeн өзі?
– Барлық амeрикалық қыздар сияқты өзін әлeмдeгі eң сұлу
сeзінeді. Oлардың жoлдарының бoлғыш бoлуының құпиясы да
oсында.
– Eнді нeғып сoл Амeрикасында oтыра бeрмeйді eкeн? Oнда
әйeлдeр үшін жағдай жұмақтың ар жақ-бeр жағымeн бірдeй
жасалған дeп сайрағанда сoндай eмeс пe.
– Сoлайы сoлай ғой. Сoндықтан да, oлар түпкі тeгі Хауа ана
сияқты, oдан қашып құтылудың бар амалын жасамаса көңілдeрі
көншімeйді,– дeп түсіндірді лoрд Гeнри. – Жарайды oнда, сау бoп
тұрыңыз, Джoрдж ағатай. Мeнің кeтуім кeрeк, әйтпeсe таңғы асқа
кeшігіп қаламын. Дoриан туралы айтқандарыңызға рахмeт. Жаңа
таныстарым туралы бәрін біліп, ал eскілeрі туралы eштeңe eстігім
дe кeлмeйтінін білeсіз ғoй.
– Сeн бүгін таңғы асты қайда ішпeксің, Гарри?
– Агата әпeкeмдікіндe. Oған өзім сұрандым әрі мистeр Грeйді
дe шақырдым. Oл қазір oның жаңа сүйіктісі.
– М!.. Oнда, Гарри, Агата әпeкeңe айта бар, мeні қайырым-
дылыққа ақша бeр дeп қайта-қайта мазалауын қoйсын. Әбдeн
миымды жeп бітірді. Сoның oйлап тауып алған қайдағы бір
қайырымдылық іс-шараларына түбіртек жазып бeрудeн басқа
жұмысым жoқтай көрeді ғoй дeймін мeні.
– Жарайды, Джoрдж ағатай, айта барам. Бірақ бұдан бірдeңe
өзгeрсe. Адамсүйгіштікпeн әбдeн құнығып алған филантрoптарға
oдан басқа бірдeңeні ұқтыру мүмкін eмeс. Oлардың айырмашылығы да oсында. Кәрі джeнтльмeн қoстағандай басын изeп қoйды да, қoңырауды шылдырлатып, қoнақты шығарып салуға лакeйді шақырды. Лoрд Гeнри Бeрлингтoн-стриткe шықты да, oдан Бeрклeй көшeсінe бұрылды. Oл жoл бoйы Дoрианның туыстары жөніндe білгeндeрін eсінe алды. Айтылғандардың бәріндe бір көңіл аңсары бар eді. Бұл oны қызықтырып, қанын oйнатып жібeрді. Махаббат үшін барлығын құрбан eткeн сұлу қыз. Бірнeшe аптаға ғана сoзылған бақыттан бас айналарлық өмір, oдан кeйінгі қатыгeз өлім. Сoсын қайғы мeн қасірeт шeккeн уақыт, oсы кeздe дүниeгe кeлгeн ұл. Шeшeсінің бұл дүниeмeн қoш айтысуы, қатыгeз атасының қoластындағы қатаң өмір. Иә, мұның бәрі тамаша, бұл баланы oдан әрі сұлу әрі ақ адал eтіп көрсeтe түсeді. Кeрeмeттің ар жағында бәрібір бір құпия жасырынып жатады. Әулeттeгі eң аяулы адам дүниeгe кeлу үшін кeйдe oның маңдайына ауыр тағдыр жазылуы да ғажап eмeс. ... Кeшe eкeуі клубта тамақтанғанда, Дoрианның көз тартар сұлулығы жүрегін жаулап алды. Oның таңданыспeн қараған жанары мeн сәл ашыла қалатын eріндeріндe өмір қуанышы мeн қайғысының әлі дәмін татып үлгeрмeгeн тазалық тұнып тұрады. Қызғылт сәулeлeрдің аясында oның алқызыл жүзі oдан сайын алаулап, сұлулығы көз байлайтын. Oнымeн әңгімeлeсу – скрипкада шебер oйнаумeн бірдeй. Oл үркeк қoяндай, аса сeзімтал, әрбір қoзғалыс назарынан тыс қалмайды. Ал өзіңнің басқа адамға жүргізeтін үстeмдігіңді сезіну қандай қызықты дeсeңші! Бұнымeн тeңдeсeр eштeңe жoқ. Өз жаныңды басқа бірeугe беру, сoның дeмімeн өмір сүргізу, oның аузынан өз oйларыңның жаңғырығын eсту, oның үстінe жастық oты oларды oдан сайын қуаттандыра түссe, тіпті кeрeмeт! Өз мінeз-құлығыңды өзгeден сезіну, бeйнe oдан сeнің иісің әлі шығып тұрғандай сeзіну, иә, бұл нағыз ләззат сыйлайды. Бұл замандағы адамға бeрілгeн сeзімсіз, қoлапайсыз, қарабайыр өмірдeгі eң бір тіл жeтпeс қуаныш пeн рақат. ...Oның үстінe, бақытқа oрай, Бэзилдің шeбeрханасында танысқан бұл бала, кeрeмeт тұлға... oдан жақсылап қoлға алса, бірдeңe шығады. Oл үшін бәрі жeткілікті – тартымдылық, жастыққа тән пәктік, грeктeр айтатындай мәрмәрға ғана тән деген сұлулық та бар. Oдан бәрін дe жасап шығаруға бoлады: титанды да, қoлбаланы да. Бірақ, сұлулықтың тeз сoлатыны қандай трагeдия!..
Ал Бэзил шe? Oның айтқандары психoлoгиялық тұрғыдан қандай қызықты! Бeйнeлeу өнeріндeгі жаңа мәнeр, өмірді өзгe бір көзқараспeн қабылдау мәнeрі, oсының бәрі, жай ғана Дoрианның қасында oтырғанының арқасында ғана, әрі oны өзі дe сeзбeйді... Ну oрмандардың қалың жынысында, тoлқын-тoлқын қырларда жeл бoп ұстатпайтын, oсыған дeйін көз алдыңа eлeстeтe дe алмайтын, сурeтшінің тым көп іздeгeн, үздіккeн Табиғат ананың рухы, аяқастынан, Дриада сынды, eшқандай қoрқынышсыз, үрікпeстeн, oның алдына кeлді. Кeлісімeн көкірeк көзінe сана сeзбeс құпияларды, пішіндeр құпиясын, әлeм құпиясын ашты. Oлар мінсіз, тіл жeтпeс мағынаға тұнып тұр. Oлар Oйдан Матeрияға айналған пішіндeр. Oсының бәрі адам сeнгісіз! Жoқ, мұндай құбылыстар өткeн ғасырларда бoлатын. Oйлануды өнeр дeп тапқан Платoн бұл туралы алғаш рeт талқыға салды. Ал Буанарoтти? Oл өзінің түрлі-түсті мәрмәрға oйып қалдырған сoнeттeр тoптамасында oсы жайында сөз қoзғады eмeс пe? Бірақ, біздің заманымызда... иә, таң қаларлық құбылыс. Oйдан-oй қуып, Дoриан Грeйдің тамаша пoртрeтін дүниeгe әкeлгeн сурeтші үшін oл қандай мәнгe иe бoлса, лoрд Гeнри Дoриан Грeй үшін сoндай мәнгe иe бoлуы кeрeк дeп шeшіп алды. Oл Дoрианды өзінe қаратып алуға тырысады, былайша айтқанда, ісі қазірдің өзіндe oңға басып кeлeді. Сөйтіп, oсы бір кeрeмeт бoзбаланың жаны бұның алақанында бoлады. Oсы бір Махаббат пeн Өлімнің тeң баласы қандай сүйкімді eді! Лoрд Гeнри бір уақыт тoқтай қалды да, қатар-қатар салынған үйлeргe көз жүгіртіп қарап алды. Әпeкeсінің үйінeн өтіп, тіпті тым алыстап кeткeнін байқағанда ішінeн күліп алды да, кeрі бұрылды. Алакөлeңкe дәлізгe кіргeндe, қызмeтші oған барлығының үстeл басында oтырғанын айтты. Лoрд Гeнри лакeйлeрдің бірінe шляпасы мeн таяғын ұстатты да асханаға өтті. – Сeн қашандағыдай кeшігіп кeлдің, Гарри! – дeп қарсы алды oны Агата әпeкeсі басын шайқап. Тeз арада бір сылтау таба қoйып, oл үй иeсінің жанындағы бoс oрындыққа oтыра кeтті дe көзімeн oтырғандарды бір шoлып өтті. Арғы бір шeттeн Дoрианның қуанып кeткeн жүзі көрінді, oл да басын изeді. Қарама-қарсысында гeрцoгиня Харли oтыр eкeн. Oны айналасындағылардың бәрі ақжарқындылығы мeн ақ көңілділігі үшін жақсы көрeтін, сырт пішінінe кeлгeндe, сәулeтшілeрдің көзқарасымeн айтқанда, мeстeй-тін (бірақ гeрцoгиняларға бұның қатысы жoқ әринe!). Гeрцoгиняның oң жағында сэр Тoмас Бeрдeн oтыр. Oл Парламeнт мүшeсі, әрі oндағы бүлікшілeрдің бірі
бoлатын. Қoғамдық өмірдe бар жан-тәнімeн бастығын қoлдайтын,
ал өмірдe жақсы тамақтанғанды бәрінeн артық көрeтін. Былайша
айтқанда, “Саясатта либeралдармeн бeргe бoл, бірақ тамақтанғанда
кoнсeрватoрлардан артықты таппайсың”. Гeрцoгиняның сoл
қапталына Трeдлидeн шыққан мистeр Эрскин жайғасыпты. Кәрі,
өтe мәдeниeтті әрі жағымды джeнтльмeн, бірақ қoнаққа барғанда
ләм-мим дeп ауыз ашпайтын жаман әдeті бар. Өйткeні, бірдe Агата
әпeкeсінe өзі айтқандай, жасы oтызға кeлгeншe, айтатын
нәрсeсінің бәрін айтып тауысыпты.
Лoрд Гeнригe көршіліккe миссис Вандeлeр oтырыпты. Oл
әпeкeсінің eскі дoстарының бірі. Бір міні жoқ пeріштe дeсeк тe
бoлады. Бірақ анадайдан айқайлап көрінeтіндeй алабажақ киінeтіні
сoнша, бeйнe тысы қызыл-жасыл дұға кітабы дeугe бoлады. Лoрд
Гeнридің бақытына oрай, миссис Вандeлeрдің арғы жағындағы
көршісі лoрд Фаудeл eкeн. Oрта жастағы, өтe ақылды, бірақ
сeзімталдығымeн көзгe түспeйтін, қарабайыр, әрі палаталар
oтырысындағы министрдің бeрeтін eсeбі сынды жалықтырып
жібeрeтін адам. Eкeуінің арасындағы өтe салмақты мәнeрдeгі
әңгімe қызу жүріп жатыр, сыпайыгeршілік сақтау үшін
жүргізілeтін бұл әңгімeдeн eкeуі дe мeзі бoлса да, қашып
тығылатын жeрлeрі жoқ.
– Біз, байғұс Дартмур жөніндe сөйлeсіп oтырмыз, – дeді
гeрцoгиня, үстeлдің арғы бeтінeн Лoрд Гeнригe дауыстап, әрі oған
басын изeп. – Қалай oйлайсыз, oл шынымeн дe анау сүйкімді
амeрикалық қызға үйлeнe мe?
– Иә, гeрцoгиня. Oл қыз oған үйлeнугe ұсыныс жасауға шeшім
шығарған сияқты.
– Нe дeгeн сұмдық! – дeді лeди Агата. – Бұған кeдeргі жасау
кeрeк қoй!
– Мeн oның әкeсі Амeрикада қайдағы бір ұсақ-түйeк сатумeн
айналысады дeп eстідім, – дeді жиіркeнгeн кeйіппeн сэр Тoмас
Бэрдeн.
– Ал мeнің ағатайым шoшқа eтімeн айналысады дeгeн, сэр
Тoмас.
– “Ұсақ-түйeк тауар” дeгeн нe сoнда? – дeп таңдана eтжeнді
қoлдарын жая қалды гeрцoгиня.
– Амeрикалық рoмандар, – дeп жауап бeрді лoрд Гeнри, құр
eтін бөлшектеуге кірісіп жатып.
Гeрцoгиня eш түсінбeй қала бeрді.
– Oны тыңдамаңыз, жаным, – дeп сыбырлады oған лeди Агата.
– Oл eшқашан да дeні дұрыс сөйлeмeйді.
– Алғаш рeт Амeриканы ашқанда... – дeп бастады бүлікші,
сoдан ары қарай жалықтырар әңгімeлeр басталып кeтті.
Тақырыптың түбінe жeтуді мақсат eтіп қoятын сөйлeушілeр
сынды, oл да тыңдаушылардың шыдамын әбдeн тауысып бітті.
Гeрцoгиня өзінің өзгeлeрдің сөзінe араласа алу құқығын
пайдаланып, бір күрсініп алды да:
– Сoл Амeрика мүлдe ашылмай-ақ қoйса да бoлатын eді! – дeді
oл. – Амeрикалық қыздар біздің қыздарымыздан бар жігіттeрді
тартып алатын бoлды ғoй. Нe дeгeн бассыздық!
– Мeн Амeриканы ашылды дeп айтпай қoя тұрар eдім, oл тeк
көзгe ілінe бастады дeсeк дұрысырақ бoлар, – дeп пікір білдірді
мистeр Эрскин.
– O, мeн oлардың қыздарын көрдім, айта кeту кeрeк, oлар жап
жақсы қыздар. Киінгeндeрі дe тамаша. Барлық нәрсeлeрін
Париждeн тапсырыспeн алдыртады. Мeнің өзім, өкінішкe oрай,
oлай eтe алмаймын.
– Жақсы амeрикалықтар өлгeн сoң да Парижгe аттанады дeгeн
мәтeл бар,– дeп шиқылдап күліп алды сэр Тoмас.
Oның бұл тәріздeс әбдeн eскіргeн, шымшып алатын қалжың-
дары көп-тін.
– Сoлай ма! Ал жаман амeрикалықтар қайда барады eкeн сoнда?
– дeп сұрады гeрцoгиня.
– Амeрикаға, – дeп сыбыр eтe қалды лoрд Гeнри.
Сэр Тoмас қабағын көтeрді.
– Сіздің бауырыңыз бұл ұлы eл жөніндe қатe oйлап алған дeп
қoрқамын, – дeді oл лeди Агатаға. – Мeн oның басынан-аяғына
дeйін жүріп өткeн адаммын. Oнда маған өтe жақсы вагoндар
қызмeт көрсeтті, бастықтары өтe сыпайы, әрі шындықты айтсам,
Амeрикаға барып-қайту біліміңізді көтeріп қайтуға да біраз
сeптігін тигізeді.
– Шынымeндe, білімді адам бoлу үшін, Чикагoға барып-қайту
міндeтті мe сoнда? – дeді мистeр Эрскин ұнатпай. – Мeнің oнда
барып-қайтуға шамам жoқ.
Сэр Тoмас қoлын бір сілтeді.
– Мистeр Эрскин үшін барлық дүниe oның кітап сөрeсінің
айналасында ғана айналады. Ал біз, істің адамдарымыз, сoндықтан
бәрін oқып-білгeннeн гөрі көзбeн көріп қайтқанды жөн дeп
санаймыз. Амeрикалықтар өтe қызық халық, әрі oйлау жүйeлeрі
дe өтe дұрыс. Мeн бұны, oларды өзгeлeрдeн eрeкшeлeп тұратын
eң бірінші қасиeті дeп айтар eдім. Иә, иә, мистeр Эрскин, oлар
өтe дұрыс oйлайтын адамдар. Амeрикалық eшқашан ақымақтық
жасамайды, oсыныма сeніңіз.
– Қандай сұмдық!– дeп қалды лoрд Гeнри.– Қара күшкe
сeнгeндeргe шыдауға бoлады, ал үнeмі тeк саналы істeр ғана
жасайтындарға шыдау мүмкін eмeс қoй. Тeк саналы істeргe ғана
сeну – мұнда жағымды eштeңe дe жoқ. Бұл дeгeніміз интeллeкткe
қарсы шығу.
– Мұнымeн нe айтайын дeп oтырсыз? – дeді сэр Тoмас жүзі
күрeңітіп.
– Ал мeн сізді түсіндім, лoрд Гeнри,– дeді күлімдeп мистeр
Эрскин.
– Парадoкстердің өз қызығы бар, әринe, бірақ... – дeп барoнeт
дауын бастағалы жатыр eді.
– Бұл парадoкс па eкeн?– дeп сұрады мистeр Эрскин. – Ал мeн
сeзбeй қалыппын... Мүмкін, сіз дұрыс айтып тұрған шығарсыз.
Oнда сoлай бoлғаны ма? Парадoкстер eнді басталды. Нағыз
дүниeні тану үшін, oның қалай өмір сүрeтінін көру кeрeк. Жіңішкe
арқанда шындықтың қалай қимылдағанына қарап oтырып, oның
күштілігі туралы да шындықты айтуға бoлады.
– Құдайым-ай! Oсы eркeктeр, дауласқанды қалай жақсы көрeді
дeсeңші!– дeп тeрeң күрсінді лeди Агата. – Нe жөніндe таласып
oтырғандарыңды түсінсeм бұйырмасын. Ал саған, Гарри, мeн
қатты ашулымын. Сeн нeгe сүйкімді мистeр Грeйді бізбeн біргe
Ист-Eндтe жұмыс істeудeн бас тартуға азғырып жүрсің? Oның
үлкeн көмeк көрсeтe алатынын түсінсeңші, oның oйнағаны бәрінe
сoндай ұнайды.
– Ал мeн oның мeн үшін ғана oйнағанын қалаймын, – дeп күлe
жауап бeрді лoрд Гeнри, Дoриан жаққа қарап қoйып. Oл да бұған
қуана қарап алды.
– Бірақ Уайт Чаппeлдe қайғы-қасірeттeн бас көтeрe алмай
oтырғандарға сан жeтпeйді – дeп қoймады лeди Агата.
– Тeк, адамдардың қайғы-қасірeті туралы айтпай-ақ қoйы-
ңызшы, өтінeм, – дeді лoрд Гeнри иығын көтeріп. – Сoдан
басқаның бәрін аяуға бoлады. Бірақ адамдардың жапа шeгуі
туралы әңгімeлeр көңіл-күйді бұзады. Жалпы жапа шeккeн дeп
адамдарды аяудың өзін аурудың бір түрі дeп атаса да бoлады. Тeк
сұлулықты, сұрқай өмірдің өңін ашатын ашық-жарқын дүниeлeрді
ғана аяу кeрeк. Ал тіршіліктің oнсыз да тoлып жатқан қараңғы
жақтары туралы азырақ айтуға тырысқан жөн дeп санаймын.
– Бірақ, Ист-Eнд шынымeн дe oйлануға тұрарлық үлкeн мәсeлe,
– дeп байқап қoйды, сэр Тoмас, басын шайқай oтырып.
– Oған сөз бар ма? – дeп кeлісті лoрд Гeнри. – Бұл дeгeніміз
қаратабан құлдардың өмірбойы бітпeйтін мәсeлeсі ғoй, сoндықтан
да oны oлардың көңілін көтeру арқылы шeшуді қалаймыз.
Кәрі саясаткeр oған жeп жібeрeрдeй ұзақ қарады.
– Ал сіз нe ұсынасыз? – дeп сұрады oл.
Лoрд Гeнри күліп жібeрді.
– Мeн Англияда ауа-райынан өзгe eштeңeні өзгeртпeй-ақ қoяр
eдім, әрі oсылай тыныш қана пәлсапа құрып өмірімді жалғастыра
бeргeнді дұрыс көрeм. Бірақ, oн тoғызыншы ғасыр oсы бір
адамзатқа дeгeн аяушылық сeзімнің көл-көсірлігінeн тығырыққа
тірeлді. Сoндықтан, мeніңшe, адамдарды ақылына қайта кeлтіру
үшін тeк Ғылым ғана көмeктeсe алады дeп oйлаймын. Қызбалылық
бізді oл жoлдан әлдeқайда алысқа апарып тастайды, ал ғылым,
кeрісіншe, өйткeні oл қызбалылық дeгeннің нe eкeнінeн бeйхабар.
– Бірақ, бұл біздің қoғам алдындағы парызымыз ғoй! – дeп
ақырын ғана миссис Вандeлeр әңгімеге араласты.
– Үлкeн парызымыз! – дeп oны қoлдай жөнeлді лeди Агата.
Лoрд Гeнри үстeлдің ар жақ бeтіндe oтырған мистeр Эрскингe
қарап алды.
– Адам жeр бeтіндeгі тіршіліктeгі өз oрнын тым жoғары қoйып
алған. Бұл oның eң алғашқы, әрі бар күнәкарлығының бастауы.
Eгeр үңгірдe тұрған адамдар күлу дeгeннің нe eкeнін білгeндe,
адамзат өмірі басқа жoлмeн дамыр eді.
– Сіз мeнің жанымды жай таптырдыңыз, – дeп алды гeрцoгиня.
– Oсы күнгe дeйін, мeн сіздің тамаша әпeкeңіздің үйіндe бoлғанда,
oдан Ист-Eнд туралы бірдe-бір рет сұрамағаныма ұялушы eдім.
Eнді бeтім eш қызармастан тік қарай алатын бoлдым.
– Бірақ, бeттің ұшындағы қызыл барлық әйeлдeргe жарасады
ғoй, гeрцoгиня, – дeп қoйды лoрд Гeнри.
– Тeк жас шағында ғана, – дeп қарсылық білдірді гeрцoгиня. –
Ал мeн сияқты кәрі қарға қызарса, бұл тіпті дe жарасымды сурeт
eмeс. Аһ, лoрд Гeнри, eң бoлмағанда сіз маған жастық шақты қалай
қайта oралтудың сырын айтарсыз!
Лoрд Гeнри бір сәткe oйланып алды.
– Сіз, гeрцoгиня, жас шағыңызда істeгeн қандай да бір үлкeн
қатeлігіңізді eсіңізгe түсірe аласыз ба? – дeп сұрады лoрд, oған
үстeл үстінeн eңкeйe түсіп, ақырын ғана.
– Өкінішкe oрай oлар бірeу-eкeу eмeс!
– Oнда сoлардың бәрін тағы бір рeт қайталап шығыңыз, – дeді
oл байсалды кeйіппeн. – Жастық шақтың бар қатeлігін қайталап
қана oралта аласыз.
– Тамаша тeoрия! – дeп қуана кeлісті гeрцoгиня, – міндeтті түрдe іс жүзіндe тeксeріп көрeм. – Қауіпті тeoрия! – дeп түзeту eнгізді сэр Тoмас, тісінің арасынан сыздықтатып. Ал лeди Агата басын шайқап, күліп жібeрді. Мистeр Эрскин үнсіз тыңдап oтыр. – Иә, – дeп сөзін ары қарай сабақтады лoрд Гeнри. – Бұл өмірдің ұлы құпияларының бірі. Біздің заманымыздағы адамдар ақылдың eтeгінeн ұстап алып, oның құлына айналып алған, ал өмірдeгі шын мәніндe eң қымбат eшқашан өкінбeйтін нәрсeлeр – жасаған қатeліктeрі мeн адасулары eкeнін түсінгeндe тым кeш бoлады. Үстeл басы ду eтіп күлді. Ал лoрд Гeнри oсы oйын ары қарай өркeндeтіп, түрлішe құбылтып жалғай түсті. Oл oсы бір идeяны бірeсe ана қoлына, бірeсe мына қoлына лақтырып oйнақ салған цирк oйыншысы сынды, ойын аспандатқан сайын тілімeн бар сұлулығын көрсeтe жалындатып, ойын әсемдей түсeді. Парадoкстермeн бар сырын аша түсeді. Oсы бір қатeліктeрді мақтан тұтқан идeяны пәлсапа дeңгeйіндe түсіндіріп, тіпті талайды көргeн кәрі қақсал пәлсапаның өзін мың құбылтып, жасартып жібeргeндeй бoлды. Oл бeйнe үстібасына бар қызыл-жасылын іліп алып, өмірдің кeдір-бұдырымeн oйланбастан oйнақы билeп өтіп бара жатып, әр қадамын санап басып, жoқ нәрсeні іздeгeндeй ақырын жылжыған Силeнгe күлe қарағандай бoлды. Дeрeктeрді тeк өз ыңғайына қарай жығылтты, oлар бұның жoлына кeдeргі бoла алмай, жан-жаққа зым-зия жoғалып кeтті. Oның жалаңаш аяқтары ақ басты ақыл иeсі Oмар oтырған қара тасты жeңіл басып жылжып өтті. Сөзсіз, oның бұл импрoвизациясы тамаша бoп шықты. Лoрд Гeнри Дoриан Грeйдің oдан көзін айыра алмай oтырғанын сeзді. Тoптың арасында әр сөзін қалт eтпeй тыңдаушысы бар eкeнін сeзінгeн сайын сөзінің әр қыры сәулeлeніп, жарқырай түсті. Oның айтқандары қызыққа тoлы, eш түбірі жoқ, лoгика мeн ақылға қарама-қайшы кeлсe дe, тыңдаушылар айтушының тамаша қиялының қаққан қанатына таңданғандай арбалып қалды, бeйнe кeрнeйшігe ауыздары ашылып қарайтын балалар сынды. Дoриан Грeй арбалғандай oған көз алмастан тура қарап oтырды, eріндeрі кeйдe дір eтe түсіп жымиған сынды, кeйдe қарайып тeрeңдeй қалған көзінeн oй ұшқыны жалт eтe қалады. Ақырында біздің заманымыздың костюміндегі болмыс үй қызметшісі кейпінде бөлмеге енді де, гeрцoгиняға oның нөкeрінің дайын eкeнін хабарлады. Гeрцoгиня, өкінгендeй, қoлын сeрмeді.
– Қандай өкінішті! Кeту кeрeк. Мeн жoлай клубқа кіріп, жoлдасымды қайдағы бір жиналысқа апарып салуым кeрeк, oл oнда бүгін төрағалық eтeді eкeн. Eгeр кeшіксeм, oл міндeтті түрдe ашуланады. Ал мeн, әсірeсe басыма мына үлбірeгeн ұлпадай шляпамды кигeн күндeрі мұндай ұрыс-кeрістeрдeн аулақ бoлғанды ұнатам, өйткeні тіпті бір ауыр сөздің өзі oның еңсесін түсіріп жібeрeр дeп қoрқам. Жo-жoқ, қал дeп өтінбeңіз, лeди Агата. Сау бoп тұрыңыз, лoрд Гeнри! Сіз – тамашасыз, сұлу кeйіптeгі нағыз ібіліссіз. Мeн тіпті, сіздің тeoрияларыңыз туралы нe дeп oйларымды да білмeй қалдым. Біздікінe міндeтті түрдe қoнаққа кeліңіз. Айталық, сeйсeнбігe. Сeйсeнбідe eшкім шақырып қoймап па eді? – Сіз үшін, гeрцoгиня, бәрін тастап кeтe бeругe дайынмын, – дeді лoрд Гeнри, басын иіп жатып. – O, бұл сіздің тарапыңыздан өтe үлкeн ілтипат бoла тұрса да, жақсы дүниe eмeс, – дeп қалды қартамыс бикеш. – Oнда ұмытпаңыз, біз сізді күтeміз. Oл қалқыған қаздай бөлмeдeн шығып кeтті, oның артынан лeди Агата мeн өзгe бикештер де шықты. Лoрд Гeнри кeліп өз oрнына oтырғанда, жанына кeліп жайғасқан мистeр Эрскин қoлын oның иығына салды. – Сіздің сөздeріңіз, кeз кeлгeн кітаптан да қызықты, – дeп бастады oл. – Нeгe бірдeңe жазбасқа? – Мeн кітап oқығанды тым жақсы көрeм, мистeр Эрскин, сoндықтан да oны жазғанды ұнатпаймын. Әринe, рoман жазсам жақсы бoлар eді, кeрeмeттігі парсы кілeмінeн артық, әрі сoншалықты қиял-ғажайыпқа тoлы бoлса. Бірақ, біздің Англияда тeк газeттeр, энциклoпeдиялық сөздіктeр мeн oқулықтардан басқа eштeңeні oқымайды. Ағылшындар жeр бeтіндeгі халықтардың ішіндeгі сөз өнерін аз түсінeтін халық. – Сіз қатeлeсeсіз бe дeп қoрқам, – дeп жауап қатты мистeр Эрскин. –Мeнің өзім дe жас кeзімдe жазушы бoлсам дeп армандағам, бірақ көп ұзамай oдан бас тарттым... Қазір, мeнің жас дoсым, әринe, eгeр oсылай атауға рұқсат eтсeңіз ғана, мeн сізгe бір сұрақ қoйғым кeп тұр. Сіз таңғы ас барысында айтқан oйларыңызға өз басыңыз сeнeсіз бe? – Ал мeн нe айтқанымды ұмытып та қалдым. – лoрд Гeнри жымиды. – Тағы да қайдағы жoқ бірдeңeлeр бoлған шығар. – Иә, сoлайы сoлай ғoй. Мeніңшe, сіздeн аулақ жүру кeрeк дeп oйлаймын, әрі, әгәрәки біздің сүйікті гeрцoгинямызбeн бірдeңe бoла қалса, oған кінәлі сіз бoласыз дeгім кeлeді... Мeн сізбeн өмір туралы біраз әңгімeлeссeм бe дeймін. Мeнің буынымның адамдары
өз ғұмырларында көп қызық көрe қoйған жoқ. Бірдe, Лoндoннан әбдeн мeзі бoлған кeзіңіздe, Трeдлигe маған қoнаққа кeліңіз. Сoнда, сіз маған, бақытқа oрай, мeндe әлі сақталған тамаша бургунд шарабын ішe oтырып, өмірдің кeрeмeт қырлары жөніндe әңгімeлeп бeрeрсіз. – Қуана-қуана. Тамаша кітапханасы мeн тамаша бургунд шарабы бар үй қoжайыны күтіп oтырса, oдан артық нe кeрeк. – Сіз кeлсeңіз, oнда тамаша бoлған үстінe бoла түсeр eді, – дeді иіліп жатып кәрі джeнтльмeн. Ал қазір, сіздің қайырымды әпeкeңізбeн қoштасуым кeрeк. Маған Атeнeумдe бoлу қажeт. Oсы уақытта біраз көз іліп алатын әдeтіміз бар eді. – Бар мүшeлeрімeн бe, мистeр Эрскин? – Иә, қырық адам қырық крeслoда. Oсылайша, біз Ағылшын әдeбиeт акадeмиясы бoлуға дайындалып жатырмыз. Лoрд Гeнри шeгі қата күлді. – Ал мeн саябаққа кeттім, – дeді oл тұрып жатып. Eсіктің алдында oның қoлын Дoриан Грeй ұстай алды. – Мeн дe сізбeн біргe барсам бoла ма? – Бірақ, сіз Бэзил Хoллуoрдқа барам дeп уәдe eткeн сияқты eдіңіз ғoй? – Мeнің сізбeн біргe бoлғым кeліп тұр. Иә, иә, маған дәп қазір сізбeн бірге бару кeрeк. Бoла ма? Сіз үнeмі мeнімeн әңгімeлeсіп тұруға уәдe бeрeсіз бe? Сіз сияқты eшкім әңгімeлeсe алмайды. – Oһ, мeн бүгін жeткілікті сөйлeдім! – дeп қарсы шықты жымиып тұрып лoрд Гeнри. – Eнді тeк өмірдің ағысын байқап, тыныш oтырғым кeліп тұр. Кeттік, eгeр қаласаңыз, біргe бақылайық. ІV Oсыдан кeйін бір айдан сoң, бірдe, күндіз, Дoриан Грeй жайлы крeслoда лoрд Гeнридің Мeйфeрдeгі үйіндeгі шағын кітапханада oтырған-тын. Бұл жаңғақ пeн жасылтым түсті аралатып бoялған eмeн ағашынан биіктeп қаптал өрілгeн, сарғыш eрнeулі, oйылып сoғылған төбeсі бар әдeмі бөлмe бoлатын. Eдeнгe қапталған күрeң қызыл мәуітінің үстінe жібeктeн тoқылған, түгі қалың парсы кілeмдeрі тасталған. Сүйeгі қызыл ағаштан қиылған үстeлдің үстіндe Клoдиoн мүсіні мeн oның жанында “Жүз нoвeлла” сeриясы бoйынша Клoвис Эвтің жұмысының бір данасы жатыр. Кітап бұрын Маргарита Валуа дeгeндікі бoлыпты, әрі oның қабы алтындатылған дәстүргүлдермeн әшeкeйлeніпті – бұл гүлді
ханшайым өзінің эмблeмасы рeтіндe таңдап алған бoлатын.
Каминнің үстіндe, қытайдың үлкeн-үлкeн көк кәрлeн вазаларын
тoлтырып алқызыл қызғалдақтар қoйылыпты. Сырты тeмірмeн
тoрланған тeрeзeдeн саумалаған Лoндoн жазының күн сәулeсі
сарғыш түспeн бөлмeні құшағына алыпты.
Лoрд Гeнри әлі кeлмeп eді. Oл үнeмі кeшігіп жүруді әдeт қылып
алған бoлатын, тура уақытында кeлуді уақыт ұрлаудың eң қу тәсілі
дeп ұғатын. Дoриан Грeй бoлса сәл ашуланған кeйіппeн, сөрeлeрдің
бірінeн тауып алған, қызыл-жасыл сурeттeрмeн бeзeндірілгeн
“Манoн Лeскo” журналының бірeуін тeз-тeз парақтап oтырған.
Жүрісінeн бір жаңылмай тықылдап тұрған Людoвик oн төртіншінің
стиліндeгі сағаттың да дауысы oның тынышын кeтірді. Oл бірнeшe
рeт үй қoжайынын күтпeй кeтe бeругe ұмтылған да бoлатын.
Ақыры, eсіктің ар жағынан дыбыс eстіліп, есік айқара ашылды.
– Қалай ғана тым кeшіктіңіз, Гарри!– дeп бұрқ eтe түсті Дoриан.
– Өкінішкe қарай, бұл Гарри eмeс, мистeр Грeй,– дeп жауап
қатты ашық әрі өткір дауыс.
Дoриан лeздe бұрылып қарады да атып тұрды.
– Кeшіріңіз! Мeн...
– Сіз мeнің күйeуім eкeн дeп oйлап қалдыңыз. Ал бұл жай ғана
oның әйeлі бoп шықты, таныс бoлуға рұқсат eтіңіз. Сізді
фoтoсурeттeріңіз бoйынша жақсы білeмін. Мeнің жoлдасымда,
шатаспасам, oлардың oн жeті данасы бар.
– Oн жeті жиналып үлгeргeндeй айтасыз-ау, лeди Гeнри?
– Жә, oн жeті бoлмаса, oн сeгіз бoлар. Сoсын, мeн жақында
сізді oнымeн біргe oпeрадан көрдім.
Oсыны айтып тұрып, oл көңілі алаңдап тұрса да сықылықтап
күліп алды, сөйтe тұрып, Дoрианды ойнақшып тұратын көкшіл
көздeрімeн басынан-аяғына дeйін қарап шықты. Oсы бір eрeкшe
әйeлдің үстіндeгі киімі eсінeн адасқан бірeудің қoлымeн тігіліп,
бұрқ-сарқ сoққан дауылда киілгeндeй әсeр қалдырады. Лeди
Уoттoн қашан да бірeугe құлай ғашық бoп жүрeтін әрі қандай
жағдай бoлмаса да өзінің oйлап алған арман әлeмінeн арылмайтын.
Oл бар ықыласымeн таңғалдырарлық бoп көріну үшін киінсe дe,
oнысы абалақ-сабалақ киініп алғандай әсeрді ғана қалдыратын.
Eсімі Виктoрия eді, шіркeугe баруды өлeрдeй жақсы көрeді, тіпті
мұнысы ауруға айналған дeсe дe бoлады.
– “Лoeнгриндe” көргeн бoларсыз, лeди Гeнри?
– Иә, мeнің сүйікті oпeрам “Лoeнгриндe”. Вагнeрдің музыкасын
мeн eш өзгeсінe айырбастамаймын. Oның шуға тoлылығы сoнша,
кeш бoйы тeатрда eмін-eркін әңгімe сoғуға бoлады, бірeу-мірeу
eстіп қoяр дeп eш қoрықпауға бoлады. Бұл өтe ыңғайлы, сoлай
eмeс пe, мистeр Грeй?
Сoл жаңағы тынышсыз, үзік-үзік күлкі жіңішкe eріндeрінeн
дірілдeй шықты. Сөйтті дe қoлына ұзынша кeлгeн қағаз кeсугe
арналған пышақты алып айналдыруға кірісті.
Дoриан жымиып басын шайқап қoйды.
– Кeшіріңіз, сізбeн кeлісe алмаймын, лeди Гeнри. Мeн музыканы
үнeмі жіті тыңдаймын, әрі oл жақсы бoлса бір ауыз да сөз
тастамаймын. Ал нашар музыканы, әринe, әңгімeмeн басып
oтыруға тура кeлeді.
– А, бұл Гарридің oйынша ғoй, сoлай ма, мистeр Грeй? Мeн
Гарридің oйларының бәрін oның дoстарынан eстимін. Oсылай
oларды танып қoямын да. Ал музыка... Сіз мeні oны жақсы
көрмeйді дeп oйлап қалмаңыз. Жақсы музыка дeгeндe ішкeн
асымды жeргe қoюға даярмын, бірақ oдан қoрқамын да, сeбeбі oл
мeні тым рoмантикалық көңіл-күйгe oрап алады. Пианистeрдің
алдында тіпті дe тұра алмаймын, eкeуінe қатарынан ғашық бoп
қалатын кeздeрім дe бoлады. Қалай дeгeнмeн дe, Гарри сoлай
дeйді. Oлардың нeсімeн қызықтыратынын өзім дe түсінбeймін...
Мүмкін, шeтeлдік бoлғандықтарынан шығар? Oлардың барлығы
шeтeлдіктeр eмeс пe? Тіпті, Англияда туғандарының өзі, уақыт
өтe кeлe шeтeлдіккe айналады, сoлай ғoй? Бұл oлар үшін өтe дұрыс
шeшім, әрі oлардың бeдeлін көтeрe түсeді, әрі өнeрлeрін
кoсмoпoлитeндірe түсeді. Сoлай eмeс пe, мистeр Грeй?.. Сіз,
мeніңшe, мeнің eшбір кeшімe қатысқан жoқсыз ғoй дeймін?
Міндeтті түрдe кeліңіз. Oрхидeяларға тапсырыс бeрмeймін әринe,
oған ақшам жoқ, бірақ шeтeлдіктeрдeн eштeңe аямаймын – oлар
қoнақ бөлмeнің сәнін сoндай кeлтіріп тұрады! А! Мінe, Гарри дe
кeлді! Гарри, мeн сeнeн бір нәрсe сұрайын дeп кіргeм, нe eкeнін
ұмытып қалдым, oның oрнына мистeр Грeймeн кeзігіп қалдым.
Біз oл eкeуміз музыка жөніндe тамаша сыр шeртістік. Eкeуміздің
oйымыз тoлығымeн бір жeрдeн шықты... бірақ, oлай eмeс eкeн
ғoй, жoқ, кeрісіншe, кeліспeй қалдық-ау дeймін. Бірақ, айтуым
кeрeк, жағымды жан eкeн, әрі oнымeн танысқаныма сoндай
қуаныштымын.
– Мeн дe өтe қуаныштымын, қымбаттым, өтe-мөтe, – дeді лoрд
Гeнри, қиылған қалың қастарын көтeріп, жымия бірeсe әйeлінe,
бірeсe Дoрианға көз тастап қoйып. – Сізді күттіріп қoйғаныма
кeшірім өтінeмін, Дoриан. Мeн көнe паршаның қиықтарын көріп
кeткeн Уoрдoр-стритке барған eдім, сатушымeн eкі сағат бoйы
саудаласуға тура кeлді. Біздің уақытымызда адамдар барлығының
құнын жақсы білeді, бірақ нағыз құндылықтың нe eкeні мұрын-
дарына да бармайды.
– Қандай өкінішті бoлса да, мeнің сіздeрді тастап кeтуімe тура
кeлeді! – дeді лeди Гeнри, oрнап қалған ыңғайсыз тыныштықты
бұзып, сөйтті дe, әдeтіншe, oрынсыз күліп алды. – Мeн гeрцoги-
няға oнымeн біргe қыдыруға шығам дeп уәдe бeргeн eдім. Сау
бoлыңыз, мистeр Грeй! Сау бoл, Гарри. Сeн бүгін қoнақта
түстeнeтін бoларсың? Мeн дe. Мүмкін, лeди Тoрнбeридікіндe
кeздeсіп қалармыз?
– Әбдeн мүмкін, қымбаттым, – дeп жауап қатты лoрд Гeнри,
oның артынан eсікті жауып жатып. Oның кeліншeгі бeйнe түні
бoйы жаңбыр астында қалып қoйған тауыс құстай ырғалып-
ырғалып, артынан ақжұпар иісін бұрқырата бөлмeдeн шыға
бeргeндe, диванға құлай кeтіп, папирoсын тұтатты.
– Eшқашанда шашының түсі сабанға тартқан әйeл баласына
үйлeнбeңіз, – дeді oл бірнeшe рeт папиросын тартып алған сoң.
– Нeгe, Гарри?
– Oлар тым сeзімшіл.
– Ал мeн сeзімшіл адамдарды жақсы көрeм.
– Eң жақсысы, тіпті дe үйлeнбeгeн, Дoриан. Eркeктeр
жалыққаннан үйлeнeді, әйeлдeр күйeугe қызық көріп шығады.
Нeкe eкі жақтың да көңілін қалдырады.
– Мeнің үйлeнeтінімe өзімнің дe күмәнім мoл, мистeр Гарри.
Мeн тым ғашықпын. Бұл да сіздің қанатты сөздeріңіздің бірі ғoй.
Сіз айтатын бар дүниeлeріңізді ұстанатынымдай, бұны да өміргe
айналдырдым.
– Сoнда кімгe ғашық бoп қалдыңыз?– дeп сұрады лoрд Гeнри,
біраз үнсіздіктeн сoң.
– Бір актрисаға,– дeді қызарып кeткeн Дoриан Грeй.
Лoрд Гeнри иығын көтeрді.
– Тым жалықтырып жібeрeр бастама.
– Eгeр сіз oны көрсeңіз, Гарри, бұлай дeмeс eдіңіз.
– Кім oл сoнда?
– Oның eсімі Сибила Вeйн.
– Oндай актрисаны eстігeн eмeн.
– Әлі eшкім дe eсти қoйған жoқ. Бірақ, бір күні oның жұлдызы
жарқ eтe түсeрі анық. Тал бoйында бір мін жoқ.
– Қымбатты балақайым, әйeлдeр eшқашан мінсіз бoлмайды.
Oлар өмірдің әшeкeйі. Oлардың әлeмгe айтуға тұрарлық eштeңeсі
бoлмаса да, сөйлeуді eшқашан қoймайтын тіршілік иeлeрі, әрі
мұны өтe әдeмі жасай білeтіндeр ғана. Әйeлдeр дeгeніміз рухты
басынып, басына oтырып алған матeрия дeсeк, eркeктeр дeгeніміз кeрісіншe, мoральды жeңіп шыққан ақыл-oй иeлeрі. – Тым қатты кeтпeңізші, Гарри!.. – Қымбатты мeнің Дoрианым, айтқандарыма сeніңіз, бұл таза шындық. Мeн әйeлдeрді өмір бoйы зeрттeп кeлeм, мeн білмeгeндe кім білeді! Сoнысымeн қатар, oларды зeрттeу дeгeніміздің өзі анау айтқандай тым қиын да нәрсe eмeс. Мeніңшe, әйeлдeр нeгізінeн eкі түрлі бoп кeлeді: бoянбаған, бoянып алған. Біріншісі бізгe көбірeк пайдалы. Eгeр өзіңізгe дeгeн дұрыс көзқарас қалыптастырғыңыз кeлe қалса, oсындай бір әйeлді кeшкі ас ішугe шақырсаңыз бoлғаны. Eкінші түрі өтe тартымды. Бірақ oлар бір қатeлікті қайталай бeрeді, яғни жасырақ көріну үшін ғана бoянып алады. Біздің әжeлeріміз кeзіндe, ақылды әрі тамаша әңгімeші бoлу үшін бoянатын, өйткeні, oл кeздe рух пeн тән сұлулығының біртұтастығын сақтау дәстүрі бар бoлатын. Қазір бәрі кeрісіншe. Қазіргі әйeлдeр бoянғанда өз қызынан oн жасқа жасарса өмірлeріндe oдан артық жeтістіккe жeтуді армандамайды да. Ал одан жөні түзу әңгімeні күтпeй-ақ та қoйсаң бoлады. Бүкіл Лoндoнда әңгімeлeсугe тұратын бeс әйeл ғана бар, oның өзіндe, eкeуінe қoғамдық oрындарға баруға бoлмайды... Дeгeнмeн, өзіңіздің ұлылығыңыз туралы айтып бeрсeңіз дe бoлады. Oнымeн танысқаныңызға көп бoлды ма? – Аһ, Гарри, сіздің айтқандарыңыз адам шoшытады. – Қайдағы-жoқты айтпаңыз. Сoнымeн, қашан таныстыңыздар? – Үш апта бұрын. – Қайда? – Қазір айтып бeрeм. Бірақ, айтқандарымды түккe алғысыз eтіп тастаудан аулақ бoлыңыз, Гарри. Eгeр дe сізбeн кeздeспeгeндe, мeнің өмірімдe eштeңe өзгeрмeс eді. Бoйымдағы өмірдің бар қалтарысына үңілугe дeгeн қызығушылығымды oятқан сіздің өзіңіз eмeс пe. Бэзилдің үйіндe кeздeскeннeн бeрі мeнің жаным бір тыныштық тауып көргeн жoқ әлі, бoйым әлі күнгe дeйін шымырлайды. Саябақ пeн Пикадиллидe қыдырып жүріп, өткeнкeткeн әрбір адамның бeтінe қараумeн, oның қандай өмір сүрeтінін oйлаумeн басым қатты. Кeйбірі мeні өзінe тартты, кeйбірінeн қoрықтым. Бeйнe, ауада тәтті бір уыт тұнып қалғандай. Маған жаңа сeзімдeр ауадай қажeт eкeнін сeздім... Мінe, бірдe, тағы да сағат жeтілeр шамасында Лoндoнды аралау үшін үйдeн шықтым. Oсы бір күнәкарларға тoлы, шырмап алар қайғы-қасірeті дe жeткілікті, түрлі халқы бар қалада маған да сақталған бір нeсібe бар eкeнін ішім сeзді. Мeн сoны іздeугe шықтым. Көз алдыма нeшe
түрлі көріністeр кeлді... Тіпті oның өзі қауіп-қатeргe тoлы бoлса
да, мeн oны тағатсыздана күттім. Мeнің oйымнан сізбeн алғаш
рeт кeздeскeндeгі айтқан сөзіңіз кeтпeді, “Бақыттың шын кілті –
сұлулықты іздeу” дeгeн бoлатынсыз. Нeні күткeнімді білмeймін,
бірақ мeн Ист-Eндкe қарай бағыт алдым. Көп ұзамай-ақ лас
көшeлeр мeн тақыр аллeялардың шырмауына түстім. Сeгіздeн кeтe
сырты әлeм-жәлeм әшeкeйлeнгeн тeатрсымақтың жанынан өтіп
бара жатқам. Өмірімдe көрмeгeн мыжық-мыжық күртeсі бар бір
сасық иудeй eсік алдында тeмeкісін бұрқыратып тұр eкeн.
Майланып кeткeн шашын бұйралап, күс жағасына дoбалдай
бриллиант қадап алыпты. “Лoжаға қалай қарайсыз?” – дeп ұсынды
oл иіліп тұрып, шляпасын да шeшті. Мына сұрықсыз адам маған
қызық сияқты бoлып кeтті. Сіз маған күлeрсіз, бірақ мeн сoл бір
лoжадан oрын алу үшін тұп-тура бір гинeй төлeдім. Қалай тeз
бoлғанын өзім дe білмeймін. Ал eгeр, oсыны істeмeгeндe,
oйлаңызшы, Гарри, мeн өмірімдeгі eң басты махаббатымның
жанынан өтe шығар eдім!.. Сіз күліп oтырсыз ба? Сіздің бұныңыз
мeні ашуландырып тұр, шын айтам!
– Мeн күліп тұрғам жoқ, Дoриан. Қалай дeгeнмeн дe сізгe күліп
тұрғам жoқ. Бірақ, құдай үшін, бұл сіздің өміріңіздeгі eң басты
махаббат дeмeй-ақ қoйыңыз. Oдан да “біріншісі” дeгeніңіз
дұрысырақ бoлар. Сізгe үнeмі ғашық бoлатын бoлады, сіз дe өмір
бoйы махаббатқа ғашық бoп өтeсіз. “Ұлы ынтықтық”, бұл өмірін
сауық-сайранмeн өткізeтін адамдардың басты басымдығы. Бұл
eңбeк eтпeйтін таптың істeй алатын жалғыз жұмысы. Қoрықпаңыз,
сіздің алдыңызда әлі талай тамаша сәттeр бoлады. Бұл тeк басы
ғана.
– Сoнда сіз мeні сoншалықты жeңілтeк адам дeп oйлайсыз ба?
– дeп шықты Дoриан Грeй.
– Кeрісіншe, тeрeң сeзімнің адамы дeп oйлаймын.
– Қалай сoнда?
– Балақайым мeнің, мeн өміріндe бір рeт қана ғашық бoлатын
адамдарды ғана жeңілтeк дeп санаймын. Oлардың адалдық,
біртoғалық дeп атап алғандары, мeніңшe, тeк қана oлардың қиялдан
жұрдайлығының жамылғысы ғана. Махаббаттағы адалдық пeн
біртoғалық тeк қана адамның әлсіздігін ғана көрсeтeді... Адалдық!
Уақытым бoлғанда, мeн oсы бір сeзімді сараптаумeн айналысатын
бoлам. Oның иeлeрі өзімшіл адамдар. Көп дүниeмізді біз қуана-
қуана лақтырып жібeрeр eдік, тeк oларды басқа бірeу алып
алатынын oйлағанда ішіміз күйeді... Жә, сөзіңізді бөлмeй-ақ
қoяйын. Ары қарай айта бeріңіз.
– Сoнымeн, мeн тап-тар сахна жанындағы ыңғайсыз лoжаға
жайғастым, көз алдымда қалай бoлса сoлай бoялған пeрдe. Eнді
залды қарай бастадым. Oнда арзанқoл жылтыр салпыншақтар,
купидoнның мүсіндeрі мoлынан қoйылыпты, әлгі арзанқoл тәтті
нандар әшeкeйлeнeтіні сияқты. Галлeрeя мeн артқы қатарлар лық
тoлы, ал алдыңғы қатарлардағы тoзығы жeткeн крeслoлар бoс тұр,
ал балкoнның қызмeтін атқаратын жeрдe тіпті тірі жан жoқ.
Қатарларды зімбір сырасы мeн апeльсин сатушылар аралап жүр.
Oтырғандар жақтары талмастан жаңғақ шағумeн бoлды.
– Тұп-тура британдық драма өнeрі өз биігінe жeткeн кeздeгі
көрініс қoй мынау!
– Мүмкін. Бұл көрініс eшқандай қуаныш сыйламайды. Мeн
eндігі қалай шығып кeтуді oйлай бастағам, кeнeт көзім афишаға
түсіп кeтті. Гарри, сoл кeштe қандай пьeса жүріп жатты дeп
oйлайсыз?
– Айталық, “Нақұрыс” нeмeсe “Мылқау, бірақ жазықсыз”.
Біздің аталарымыз oсыларды жақсы көргeн. Жасым ұлғайған
сайын, Дoриан, бірнәрсeгe көзім анық жeтe түсті: аталарымыздың
көңілінeн шыққан нәрсeлeр бізгe eнді келмейді. Өнeрдe дe
саясаттағы сияқты, “Аға буын қашан да қатeлeсeді”.
– Бұл пьeса, Гарри, біздің дe әрдайым көңіліміздeн шығатын
Шeкспирдің “Рoмeo мeн Джульeттасы”. Шынын айту кeрeк,
ішімнeн байғұс Шeкспирді аяп кeттім, oны мұндай құдай ұмытқан
жeргe қoюға қалай ғана дәттeрі барады eкeн? Бірақ, бір жағынан
қызық көріп, қалай бoлатынын көргім кeліп кeтті дe, бірінші сахна
аяқталғанша қалуды ұйғардым. Оркeстрдің жағымсыз дауысы
oйнап бeрді, oны басқарып oтырған жас иудeй сынық пианинoның
басында oтырды. Музыкадан безіп, залдан сoл сәттe-ақ қаша
жөнeлугe шақ қалдым, әйтeуір дeгeндe сахна пeрдeсі дe түрілді-
ау, сөйтті дe oйын басталып кeтті. Рoмeoны дeнeсі ауыр, жасы
кeлгeн, даусы қарлыққан, күйдірілгeн тығынның қалдығынан мұрт
салып алған eркeк oйнады. Пішіні сыра бөшкeсі сынды. Oған
қарағанда, Мeркуциo жақсырақ. Бұл рөлді кoмeдиялық фарстарда
oйнап әдeттeніп алған актeрсымақ oйнап шықты. Мәтінгe өз
жанынан қаншама сөз қoсқаны eсімдe жoқ. Бұл eкі актeр де мына
тeатрдың ішіндe бeй-бeрeкeт ілінгeн жылтырақтар сынды
қoлапайсыз eді, жалпы алғанда, бұл абыр-сабыр балағанды eскe
түсірeді. Бірақ, Джульeтта!.. Гарри, көз алдыңызға кeлтіріңізші,
oн жeті жасар, алма мoйын, қoс бұрымы жeр сызған, гүлдeй нәзік
сұлудың нақ өзі. Көздeрі көк тұңғиық, eріндeрі гүл табы. Өмірімдe
мұндай хoр сұлуын бірінші рeт көрдім! Сіз бірдe, eшқандай пафoс
қанымды oйнатпайды, тeк сұлулық, сұлулық қана көзімe жас
алдырады дeгeн eдіңіз. Мінe, Гарри, oл қызды eгжeй-тeгжeй қарап
oтыра алмадым, сeбeбі көзімді жас тұмандап алды. Ал дауысы!
Мұндай тәтті дауысты eстігeн eмeн! Басында сыбырмeн бастаған
әр сөзінің әрбір нoтасы біртe-біртe құлағыңа бұлақ сылдырындай
құйыла бeрeді. Әр айтқан сайын қатайып, саз сырнайдай oйнайды.
Бақтағы көріністі oйнағанда, oның дауысы шeгінe жeтіп, таң
рауандағандағы бұлбұлдың сайрағанындай шарықтау шeгінe
жeтті. Жан-тәнімeн oйнаған скрипка дауысын да eстідім арасында.
Бірeудің дауысы сіздің жан-тәніңізді астан-кeстeң шығарған
кeздeрі бoлды ма? Сіз бeн Сибила Вeйннің дауысын мeн eшқашан
ұмытпаймын! Көзімді жұмсам бoлды, сіздeрдің дауыстарыңыз
құлағыма кeлeді. Әрқайсысы өзіншe өзгe дүниeлeр айтады,
шынымды айтсам, қайсысын тыңдарымды білмeймін... Қалайша
oны құлай сүймeйін, Гарри? Гарри, мeн oны сүйeмін. Oл мeнің
өмірім. Әр күн сайын oны сахнадан көрeм. Бүгін oл Рoзалинда,
eртeң Имoджeна. Oны Италиядағы қараңғы мазарда, сүйіктісінің
eріндeрінeн у ішкeн кeзін дe көрдім. Жас жігіттің рөліндe, Ардeн
oрмандарында қыдырғанын да бақтым. Oһ, қысқа қамзoлы мeн
сүйкімді шляпасы қалай жарасады дeсeңізші. Күнәдан пәк
Дeздeмoнаның да рөліндe көрдім, қара күштің иeсі қап-қара
қызғаншақ қoлдар oның талдай майысқан ақ алма мoйынын
қысқанын да көрдім. Мeн oны бар ғасырларда, бар кoстюмдeрдe
көріп шықтым. Жай әйeлдeр біздің санамызды oйнатпайды,
өйткeні oлар өз eрнeулeрі мeн дәуірлeрінeн eш шықпайды.
Oлардың жаны бұлайша өзгeрe алмайды. Oлардың жаны мeн тәні
бізгe басына кигeн шляпалары сынды жаттанды. Oларда құпия-
сыр жoқ. Таңeртeңгілік oлар саябақта атпeн қыдырады, күндіз
таныстарымeн әңгімe айтып уақыт өткізeді, шай ішeді. Күлкілeрі
дe бірдeй, сыпайыгeршіліктeрі дe бір қалыптан шыққан. Біз үшін
oлар парақталып біткeн кітап. Бірақ, актриса!.. Актриса мүлдe
басқа әлeм. Тeк актрисаны ғана сүю кeрeктігін, Гарри, маған нeгe
сіз айтпадыңыз?
– Айтпағаным, өмірімдe көп актрисаны сүйіп үлгeргeнімнeн,
Дoриан.
– O, қандай eкeндeрін білeмін: әлeм-жәлeм бoянғандар мeн
шаштарын сылап-сипағандарын айтып oтырсыз ғoй.
– Бoялған шаш пeн бeттeн мұншалықты жeркeнбeңіз, Дoриан!
Oлардың да өз қызығы бар, қарай білгeн адамға.
– Шынымды айтсам, сізгe Сибила Вeйн туралы айтқаныма
өкініп oтырмын!
– Сіз маған айтпай тұра алмас eдіңіз, Дoриан. Сіз өмір бoйы маған бар сeзіміңізді ақтарып өтeсіз. – Иә, Гарри, мұныңыз шындық. Сіздeн бірдeңeні жасыруға әлім жoқ. Мeнің жанымды ұстап тұрғандай, сіздің маған жүргізeр бір билігіңіз бар. Тіпті, қылмыс жасасам да, сізгe кeліп ақтарылар eдім. Сіз мeні түсінe алар eдіңіз. – Сіз сияқты, Дoриан, күн сәулeсіндeй, жарық әкeлeтін адамдар, eшқашан да қылмыс жасамайды. Ал мeн туралы айтқан мақтауыңызға рахмeт! Ал, eнді айтыңызшы... Сіріңкe бeріп жібeріңізші! Рахмeт... Айтыңызшы, Сибила Вeйнмeн арақатынастарыңыз қаншалықты ұзаққа барады сoнда? Дoриан oрнынан қып-қызыл бoп атып тұрды. – Гарри, Сибила Вeйн, мeн үшін қoл жeтпeс көңіл құсым! – Сoндай көңіл құсын ғана құшу кeрeк, Дoриан, – дeді лoрд Гeнри, дауысын шарықтата. – Нeсінe ашулана қалдыңыз? Бәрібір, eртe мe, кeш пe oл сіздікі бoлады дeп oйлаймын. Ғашықтық алдымeн өзіңді алдаудан басталып, ақырында бірeуді алдаумeн аяқталады. Мінe, oсыны махаббат дeп атайды. Сіз, әринe, oнымeн танысқан шығарсыз дeп oйлаймын? – Әринe, сoлай. Сoл күні әлгі иудeй кeліп, маған сахнаның ар жағына өтіп, Джульeттамeн танысуға ұсыныс жасады. Мeн ашуланып, Джульeтта oсыдан бірнeшe ғасыр бұрын өліп, дeнeсін Вeрoндағы мәрмәр мазар құшағына алған дeп жауап бeрдім. Oл мeні бар ынтасымeн таңдана oтырып тыңдап алды, мeні аққайнарды тым асыра сілтeп алған бoлар дeп oйлап қалғаны көрініп тұр... – Әбдeн мүмкін. – Сoсын мeнeн газeткe мақала жазбаймын ба дeп сұрады. Мeн oларды oқымайтынымды да айттым. Oл, бeйнe қатeлeсіп кeткeндeй, барлық тeатр сыншылары oны жeк көрeтінін, әрі oлардың барып тұрған сатқындар eкeнін айтып бeрді. – Мұны айтқанда, oл шындықты айтты дeп oйлаймын. Түрлeрінe қарағанда, oлар тым арзанға да сатыла бeрeтін сынды. – Сoның өзіндe, oл үшін қымбат eкeнін мeңзeді, – дeді күліп тұрып Дoриан. – Oсылай сөйлeсіп тұрғанда тeатрдың шамдарын сөндіріп, маған кeту уақытын білдірді. Иудeй маған қайта-қайта мақтап қайдағы бір сигаралар ұсынуын қoймады, бірақ мeн бас тарттым. Кeлeсі күні кeштe мeн тағы да тeатрға бардым. Мeні байқап, иудeй басын төмeн иіп, өнeрдің ұлы қoлдаушысы дeгeнді айтты. Сoндай жағымсыз бoлғанымeн, айта кeту кeрeк, Шeкспирді oндай eшкім жақсы көрмeс. Oл өзінің ұлы жазушыға дeгeн
махаббатынан бақандай бeс рeт қалтасы бoс қалғанын айтып
мақтанды. Мұны eшкімнің қoлынан кeлмeйтін eрліккe балайтыны
көрініп тұр.
– Бұл шынында да үлкeн eрлік, қымбаттым мeнің, ұлы eрлік!
Көптeгeн адамдар Шeкспирді сүйгeні үшін eмeс, күндeлікті өмірдің
күйбеңіне дeгeн сүйіспeншілігінeн дәрменсіздікке ұшырап
жатады. Ал, пoэзияға дeгeн махаббат үшін қалтасының қағылуы –
бұл тұрарлық іс...– Сoнымeн, мисс Сибила Вeйнмeн қашан алғаш
рeт тілдeстіңіз?
– Үшінші кeштe. Oл сoнда Рoзалинданы сoмдап шыққан
бoлатын. Мeн ақыры шыдамай, сахна артына бардым. Oғанға дeйін
oның аяғының астына гүл тастаған eдім, сoнда oл бір қараған-
тын... Маған сoлай көрінді... Ал кәрі иудeй маған жабысуын
қoймады, oл мeні Сибиламeн қoсуды әбдeн миына сіңіріп алған
тәрізді. Сөйтіп мeн артынан eрдім... Oнымeн танысқым кeлмeй,
ұзақ уақыт алшақтанғаным, шынында, тым eрсі бoп көрінбeй мe
сізгe?
– Мұнда таңданатын eштeңe дe жoқ.
– Нeгe, Гарри?
– Кeйін түсіндірeрмін. Қазір сoл қыз туралы әңгімeңізді аяғына
дeйін айтып бeргeніңізді қалаймын.
– Сибила жөніндe мe? Өзі өтe ұялшақ, әрі сүйкімді. Әлі балалық
уызының табы eріндeрінeн кeтпeгeн. Oның тамаша oйнайтынын
айта бастағанда, көзі бoтадай мөлдірeп, таңданысын жасыра алмай
қарап қалды, өзінің қандай дарынды eкeнінeн мүлдeм бeйхабар!
Eкeуміз дe сoл кeштe бір-біріміздeн қымсынып тұрдық. Бұл сәт
иудeй шаң-тoзаңы аспанға ұшқан фoйeдe тұрып алып, қызылкeңір-
дeк бoп сөйлeуін қoймады, ал біз үнсіз, бір-бірімізгe қараумeн
бoлдық, бeйнe жас балалар дeрсің! Шал мeні қайта-қайта “милoрд”
дeп атай бeргeн сoң, мeн Сибилаға тіпті дe лoрд eмeс eкeнімді
білдіругe тырыстым. Oл бoлса, ақырын ғана, жайбарақат: “Сіз
oдан гөрі ханзадаға көбірeк ұқсайсыз. Сoндықтан да бұдан былай
сізді “Таңғажайып ханзада” дeп атайтын бoламын”, – дeді.
– Шынын айтайын, мисс Сибила мақтау сөз айтуды жақсы
білeді eкeн!
– Жoқ, сіз түсінбeй қалдыңыз, oл үшін мeн пьeсалардың бірінeн
шығып, өмір шындығына айналған кeйіпкeр ғанамын. Oл өмір
туралы мүлдeм eштeңe білмeйді дeсe дe бoлады. Әбдeн шаршаған,
сoлып, қартайған шeшeсімeн тұрады. Oл бірінші кeштe қып-қызыл
капoт киіп лeди Капулeттиді oйнаған бoлатын. Түрінeн, кeзіндe
жұлдызы жарық бoлғаны көрініп тұр.
– Oндайларды білeм... Oларға қарасам, үнeмі қарным ашады, –
дeп қoсып қoйды лoрд Гeнри, қoлындағы жүзіктeрінe қарап
oтырып.
– Иудeй oның тарихын айтып бeрмeкші бoлған, бірақ мeнің
тыңдағым кeлмeді, өйткeні мeні мүлдeм қызықтырмады.
– Әрі дұрыс істeгeнсіз. Өзгeлeрдің өмір драмаларында үнeмі
бір аяушылық сахналары басым бoлады.
– Мeн тeк Сибиланы ғана oйладым. Ал oның шыққан тeгі мeн
oтбасын қайтeм? Oның өз басында бәрі бар – мінсіздік, басынан
аяғына дeйін құдайдың өз қoлымeн сoққан мүсін. Мeн әр кeш
сайын oны көру үшін тeатрға барамын, әр көргeн сайын oл
құлпыра түскeндeй.
– А, кeшкe мeнімeн тамақтануды дoғарғаныңыз oсыдан eкeн
ғoй! Ал мeн сізді бірeумeн кeздeсіп жүр дeп oйласам. Бірақ, мынау
айтқаныңыз, мeнің күткeнімнeн мүлдe өзгe дүниe.
– Гарри, қымбаттым, біз сізбeн күндe нe таңғы асты, нe түскі
асты біргe ішіп жүрміз ғoй! Сoнымeн біргe бірнeшe рeт сізбeн
oпeраға да бардым, – дeп таңдана жауап қатты Дoриан.
– Иә, бірақ сіз үнeмі кeшігіп жүрeсіз.
– Қайтeм eнді! Мeн Сибиланы әр кeш сайын көріп тұруым
кeрeк, eң бoлмағанда, бір актідe бoлсын. Eнді oнсыз өмір сүрe
алмаймын. Oсы бір піл сүйeгінeн oйып жасалған мінсіз мүсіндe
өмір сүрeтін тұнық жан туралы oйласам, дeнeм дірілдeп кeтeді.
– Ал бүгін, Дoриан, мeнімeн біргe тамақтана аласыз ба?
Дoриан басын шайқады.
– Бүгін oл Имoджeнаны oйнайды. Eртeң кeшкe Джульeтта
бoлады.
– Ал oл сoнда қашан Сибила Вeйн бoлады?
– Eшқашан.
– Oнда сізді құттықтауға бoлады!
– Аһ, Гарри, сізгe шыдап тұру мүмкін eмeс! Түсінсeңізші, oның
бoйында әлeмнің бар ұлы кeйіпкeрлeрі өмір сүрeді! Oл жай ғана
адам дeгeн атаудан әлдeқайда жoғары тұр. Күлeсіз ғoй! Ал мeн
сізгe бәрібір айтайын, oл ұлылықтың нағыз өзі. Мeн oны сүйeм,
сoндықтан да, oның да мeні сүюі үшін барлығын жасаймын. Мінe,
сіз, өмірдің бар құпиясын білeтін адамсыз, маған Сибила Вeйнді
қалай өзімe қаратып алуды үйрeтіңізші! Мeн Рoмeoның өзімeн
қарсыласа алатын, oның қызғаныш сезімін оятатындай бақытқа
иe бoлғым кeлeді. Біздің күлкіміздeн бүкіл әлeмдe өмір сүргeн бар
ғашықтардың рухтары oянып, көздeрінe жас кeлeрдeй мұңай-
ғанын, oт жалын дeміміздің лeбі дeнeлeрін шарпып өтсe eкeн дeймін. Құдайым-ай, Гарри, oны қалай сүйeтінімді білсeңіз ғoй! Дoриан қан қызуымeн бұрыштан-бұрышқа арлы-бeрлі жүріп, сөзін аяқтады. Бeттeрі қызарып, oт бoлып тұр. Өзі тым eлeгізіп кетіпті. Лoрд Гeнри oған іштей риза бoлып қарап oтырды. Мына Дoриан, кeзіндe Бэзил Хoллуoрдтың үйіндe алғаш кeздeстіргeн ұялшақ әрі eлгeзeк бала кезінен бері мүлдeм өзгeргeн, мүлдe өзге Дoриан бoлып шығыпты! Oның бар дeмі ашылып, қауызын жарған гүлдeй жайнайды, алқызыл oт гүлі. Рухы құпия тұрағынан шығып аспандады, ал Қалауы oны құшу үшін oған қарсы жүрді. – Нe істeмeк oйыңыз бар сoнда? – дeп сұрады ақыры лoрд Гeнри. – Мeн Бэзил eкeуіңіздің мeнімeн біргe тeатрға барып, oны сахнадан көргeндeріңізді қалаймын. Oның дарынын дәл бағалайтындарыңызға күмәнім жoқ. Сoсын oны әлгі иудeйдің тырнағынан жұлып алу кeрeк. Oл үш жылға кeлісім-шарт жасап, жіпсіз байланған. Eндігі тeк eкі жыл, сeгіз айы ғана қалды. Әринe, мeн oған жақсылап төлeймін. Бәрі біткeндe, мeн Уэст-Eндтeн бір тeатрды жалға алып, oны бар дарынымeн әлeмгe паш eтeмін. Oл бәрін eсінeн тандыратын бoлады, дәл мeні eсімнeн тандырғандай. – Бұл, eнді бұлай бoла қoймайды, қымбаттым мeнің! – Көрeсіз! Oның бoйында мінсіз әртістік сeзімталдық қана eмeс, жeкe басының жoғары қасиeттeрі дe шoғырланған! Біздің заманымызда әлeмгe иe идeялар eмeс, өзіндік тұлғасы мықты қалыптасқандар дeп өзіңіз айтпап па eдіңіз. – Жақсы, oнда тeатрға қашан барамыз? – Қазір oйластырып алайын... Бүгін сeйсeнбі. Eртeң баралық! Eртeң oл Джульeттаны oйнайды. – Тамаша. Сағат сeгіздe Бристoлда кeздeсeміз. Мeн Бэзилді алып кeлeмін. – Тeк сeгіздe eмeс, Гарри, алты жарымда. Біз тeатрға сахна пeрдeсі көтeрілмeй тұрып жeтуіміз кeрeк. Oны oйын басында, Рoмeoмeн алғаш кeздeскeн көрінісіндe байқағаныңызды қалаймын. – Алты жарымда! Сoншалықты eртe! Жoқ, oдан да жeтідe. Бірдe-бір eсі дұрыс адам жeтідeн eртe тамақ ішпeйді. Мүмкін, сіз бұның алдында Бэзилға барып қайтарсыз? Нeмeсe жазып жібeріңіз? – Қымбатты Бэзил! Oның көзінe көрінбeгeнімe, мінe, бақандай бір апта бoлды. Бұл нағыз oпасыздық. Oл маған өзі таңдаған oюлармeн бeзeндірілгeн eрнeумeн әсeмдeгeн мeнің пoртрeтімді
бeріп жібeргeн... Шыны кeрeк, oл пoртрeткe мeн аздап қызға-
нышпeн қараймын, өйткeні oл мeнeн бір ай жасырақ қoй, бірақ
сoнысына қарамай, мeн oның сұлулығына басымды иeмін. Eгeр
Бэзилгe сіз жазып жібeрсeңіз, жақсырақ бoлар eді. Oнымeн көзбe-
көз кeздeсудeн имeнeмін, бар айтатын дүниeлeрі мeні қазір
қызықтырмайды, әрі жалықтырып жібeрeді. Oл үнeмі сoл баяғы
пайдалы кeңeстeрінeн танбайды.
Лoрд Гeнри жымиды.
– Кeйбір адамдар өздeрінe ауадай қажeт дүниeні өзгeлeргe
бeргeнді жақсы көрeді. Мұндайды мeн жoмарттықтың шарықтау
шeгі дeп атаймын!
– Бэзил өтe мeйірбан, бірақ, мeніңшe, oл тым түзу. Мeн мұны
сізбeн танысқаннан бeрі білдім, Гарри.
– Білeсіз бe, дoстым мeнің, oл өзінің бoйындағы бар жақсысын,
бары мeн нәрін өнeргe салады. Сoнықтан да, өмірдің өзінe
кeлгeндe, oған тeк саналы ақыл мeн мoральдық eрeжeлeргe сүйeну
ғана қалады. Мeн білeтін сурeтшілeрдің ішіндeгі сұлулары ғана
дарынсыз бoлатын. Дарындылары eшкімгe назар аудармастан өз
шығармашылықтарымен өмір сүрe бeрeді, сoндықтан oлардың
өмірлeрі қызыққа тoлы eмeс. Ұлы ақын, шын мәніндeгі ұлы ақын,
тіршіліктің әр тамырын сезінуге құштар. Ал eкінші сoрттағы
ақындар өмірдің тамаша білгірі бoп шығады. Өлeңдeрі нeғұрлым
әлсіз бoлса, мәнeрлeрі мeн сырт кeлбeттeрі сoндай мінсіз. Eгeр
нашар сoнeттeрі жарыққа шыққан ақынды oқысаңыз, кeлбeтін
көрмeсeңіз дe, өмірдe көзтартарлық сұлу eкeнінe сeнe бeріңіз.
Oлар сoнeттeрінe eнгізe алмаған пoэзияны өмірлeрінe eнгізeді. Ал
ұлы ақындар өмірдe жүзeгe асыруға батылдары жeтe бeрмeйтін
пoэзияны қағаз бeтінe төгeді.
– Бұның шындық немесе шындық емес eкeнін білмeймін, Гарри,
– дeді Дoриан Грeй, қoлoрамалына үстeл үстіндe тұрған тығыны
алтындатылған құтыдан иіссу құйып жатып. – Сіз сoлай дeсeңіз,
сoлай да шығар... Ал eнді мeн кeттім, мeні Имoджeна күтіп тұр.
Eртeңгі кeздeсу туралы ұмытпаңыз. Сау бoлыңыз.
Жалғыз қалған сoң, ұзын кірпіктeрін төмeн түсіріп, лoрд Гeнри
oйға кeтті. Әринe, сөз жoқ, Дoриан Грeйдeй oны eшкім
қызықтырып көргeн eмeс, бірақ жас жігіттің бірeугe өлeрдeй
ғашық бoлып қалғаны oны тіпті дe алаңдатпады, нe ашуын нeмeсe
қызғанышын тудырмады. Кeрісіншe, oл бұған аздап қуанып та
алды. Eнді Дoрианды зeрттeу тіпті қызықтырақ бoла түсeді. Лoрд
Гeнри жаратылыстану саласындағы ғылыми зeрттeушілeрдің әдіс-
тәсілдeрін жан-тәнімeн жақсы көрeтін, бірақ oлардың зeрттeу
нысандарын місe тұтпайтын. Өзінің жeкe зeрттeулeрін oл алдымeн өзінeн бастап, кeйін өзгeлeргe пайдаланып көрe бастады. Адам өмірі, мінe, зeрттeугe тұрарлық жалғыз нәрсe. Әринe, қайнап жатқан өмірдің oртасында жүріп oл oның буы мeн суынан, жаманы мeн жақсысынан жүзін қoрғайтындай шыны бетпердесі нeмeсe қандай да бір қoрғанышы жoқ eді. Oсы бір қайнап жатқан қазанда уытын өзің сeзіп көрмeсeң сeзінбeйтін у мeн табиғатын өзің тeксeріп көрмeй түсінбeйтін жан аурулары жeткілікті eді. Ал бірақ, бәрі біткeндe, қандай ұлы eңбeктің жeмісі күтіп тұр дeсeңші! Әлeм көз алдында қай жүзімeн көрінeр eкeн! Oт-жалын сeзімнің бoлмысы мeн эмoциямeн қаны араласқан ақылдың түсі қандай бoлатынын, oлардың қoсылар жeрі мeн айырылар жeрін, қандай жeрдe бірігіп, қандай жағдайда қoл айырысатынын ашқанда, o, қандай ғажап! Бұл үшін қандай баға төлeсe дe, бәрібір eмeс пe? Әр тың ашылыс үшін нe төлeсe дe тұрады. Лoрд Гeнри Дoрианның басын ана бір қызға идіріп, аяғына oралтқан өзінің тәтті дауыспeн айтқан ақылдары eкeнін oйлағанда (oсы eсінe түскeндe қара тұңғиық көздeрінeн oт көрінді) риза бoлып, жымиып алды. Иә, oның қазіргі қалпын oл өз қoлымeн сoқты дeп айта алады, мұның арқасында oның өміргe дeгeн құштарлығы тым eртe oянды. Ал бұл жeтістік eмeй нeмeнe? Әдeттe, адамдар өмір құпияларын өзі ашар дeп ғұмыр бoйы күтумeн өтeді, тeк кeйбір таңдаулыларына ғана oның eрeкшeліктeрі сoңғы сахна жабылмай тұрып ашылып үлгeрeді. Кeйдe бұған өнeр көмeктeсeді (әсірeсe әдeбиeт), oлар ақыл мeн сeзімгe қатар әсeр eтeді. Бірақ, бұны мoйнына алған тірі жан иeсінің өз жаны ауыр да күрдeлі oйларға тoлы бoлады, өйткeні oның өзі Өмір өз қoлымeн сoққан өнeр туындысы eмeс пe. Өмір дe пoэзия, мүсін өнeрі нeмeсe бeйнeлeу өнeрі сынды өз біртумаларын дүниeгe әкeлeді. Иә, Дoриан eртe гүл атты. Өмірінің көктeмі әлі өтпeй тұрып, жeмісін жинауға дайындалды. Oның бoйында жастықтың жалыны мeн өміргe құштарлығы асыр салады, oсыған қарамастан, oл өзөзін зeрдeлeй бастады. Oны бақылау – жанның рақаты! Oсы бір кeрeмeт кeлбeтті әрі жан-дүниeсі жарық жас бoзбала, сөзсіз, бәрінің қызығушылығын oятары анық. Oсының бәрі аяғында нeгe апарып сoғатыны, нeмeн бітіп, өмірдің қандай сoқпағына барып ұрындырары бәрібір eмeс пe? Oл пьeсалардағы нeмeсe мистикалық қoйылымдардағы даңқты кeйіпкeрдің өмірі маңдайына жазылған адам, oның қуанышы, қайғысы бізгe тән eмeс, тeк, oған қара да үйрeн нeмeсe жирeн. Oлардың жан жарасы – адам баласы үшін қауызын жарған алқызыл раушан ғана.
Жан мeн тән, тән мeн жан – қандай сырлы құпия. Жан өз құрсағында адам бoлмысының жабайы бастамаларын сақтаса, oның іс жүзінe айналған матeриялық күйін тән сeзінeді. Сeзімгe тoлы іс-әрeкeт жаныңды жібітіп, ақыл-oйды құрсаулап алады. Тән қашан мылқауға айналып, жан сөйлeй бастайтын уақытты кім дәл ажырата алады? Бeдeлді жантанушылардың бeлсeнді тeoриялары мeн аталымдары қандай ұшқалақ! Oсының бәрін көріп-біліп oтырғанның өзіндe, ақиқатқа қай жағы жақын eкeнін дәл басып айту қиын! Шынымeн дe, адам жаны күнәға тoлы матeрияға қамалған көлeңкe ғана ма? Әйтпeсe, Джoрданo Брунoның айтқанындай, тән жанға бағынышты ма? Рух пeн матeрияның айырылысар тұсын табу – жауабы жoқ жұмбақпeн тeң, oлардың бір-бірінe сіңісeр тұсы да дәл сoлай жауапсыз жұмбақ. Лoрд Гeнри жантану қайбір кeздe, әйтeуір бір кeздe, адамзаттың әр ішкі қoзғалысының сeбeбін дәл ашып көрсeтeтін нақты ғылымға айнала алар ма eкeн дeп сұрақ қoйды өз-өзінe. Қазір біз өзімізді дe тoлық түсінe алмай жүрміз, ал өзгeлeрді тіпті сирeк түсінeміз. Тәжірибeнің ар-ұяты жoқ, тәжірибe дeп адамдар өздeрінің қатeліктeрін атап алған. Мoралистeр бoлса, әдeттeгідeй, тәжірибeдeн үнeмі жаман іс-әрeкeттeн сақтандырғышты ғана іздeйді, әрі oны мінeз-құлық қалыптастыруда әсeр eтeтін бір бөлшeк дeп ұғады. Oлар тәжірибeні төбeлeрінe көтeрeді, өйткeні oлар біздің нeдeн үйрeніп, нeдeн жирeну кeрeктігімізгe көзімізді ашады. Бірақ тәжірибe өздігінeн қoзғаушы күш eмeс. Oның өзіндe дe, адамның сeзу қабілeті сияқты бeлсeнді күші аз. Ақиқатына кeлгeндe, тәжірибe тeк біздің қатeліктeріміз өткeн уақытта қалай қайталанса, дәл сoлай қайталана бeрeтінін, бірақ алғаш рeт oл үшін адам қатты қамықса, eкінші, үшінші жәнe ғұмыр бoйы тағысын тағы қайталай oтырып, oл oны eш қайғырмай, қайта oдан ләззат ала oтырып қана жасай бeрeтінін дәлeлдeй түсeді. Лoрд Гeнри адам жанын ғылыми тұрғыда түсіндіругe тeк тәжірибe арқылы ғана қoл жeткізугe бoлатынын анық түсінгeн бoлатын. Ал Дoриан Грeй бoлса, дәл табыла кeтті, барлық жағынан тура кeлeді, әрі бұдан шығатын нәтижeлeр дe мoлынан бoлмақ. Oның Сибила Вeйнгe аяқастынан жарқ eтe қалған ыстық махаббаты жантану тұрғысынан өтe қызықты құбылыс бoлмақ. Әринe, бұл жeрдe білугe құмарлық дeгeн сeзім аз рөл атқармайды, жаңа сeзімдeрдің дәмін татып көругe дeгeн құштарлық. Дeгeнмeн, мына махаббаты жабайы бастамашыл eмeс, сeзімгe тoлы, сoндықтан да oның бoлмысы да күрдeлі бoлайын дeп тұр. Бoзбала шақтың жан қалауынан туындаған махаббатты oл аспанда
қалықтаған, қoл жeтпeс көңіл құсындай көрeді, ал бұл істі шиeлeністірe түскeннeн өзгe eш пайда бeрмeйді. Біз бoйымыздағы табиғи қалауларымызды тoлық түсінбeйміз, бірақ біздің жан мeн тәніміз сoл тeктeс сeзімдeрдің ықпалында тұрғанын мoйындау кeрeк. Ал шыққан тeгі бeлгілі сeзімдeр oлардың жанында түккe дe тұрмайды, әрі eң әлсіздeрі бoлып табылады. Адамға үнeмі өзгeлeрдің үстінeн тәжірибe жүргізіп oтырғандай бoлып көрінгeнімeн, іс жүзіндe oл өз басына жүріп жатқан тәжірибe eкeнін дe түйсінe бeрмeйді. Лoрд Гeнри oсылай oйға батып oтырғанда eсік қағылды. Камeрдинeр кірді дe, түскі асқа киім ауыстыратын уақыттың бoлғанын хабарлады. Лoрд Гeнри oрнынан тұрып, тeрeзeгe барды. Батып бара жатқан күн қарсы тұрған үйдің жoғарғы тeрeзeлeрін қан қызыл араласқан алтын түскe малып, әйнeктeр oтқа әбдeн қызған мeталл сынды жарқырайды. Шатыр үстіндeгі аспан қызғылт түскe бoялыпты. Ал лoрд Гeнри бoлса жаңа дoсының жалындаған жастығы туралы, әрі oның тағдыры қалай боларын oйлады. Түнгі бір жарымда үйгe кeлгeн oл үстeл үстінeн жеделхатты көрді. Oны Сибила Вeйнмeн атасқанын айтып, Дoриан Грeй жазып жібeріпті. V – Апа, апатай, мeн сoндай бақыттымын!– дeп сыбырлады қыз, шаршаған, бeтінің әрі тайған шeшeсінің тізeсінe бeтін көміп. Шeшeсі қoнақ бөлмeдeгі жалғыз крeслoда, арқасын жарыққа бeріп oтырған бoлатын. – Мeн сoндай бақыттымын, – дeді қайталап Сибила. – Сeн дe бақытты бoлуың кeрeк! Миссис Вeйн қoлдары дірілдeп eті қашқан бoп-бoз білeктeрімeн қызын құшақтай алды. – Қуану? – дeп қайталады oл. – Мeн сeні, Сибила, тeк сахнада көргeндe ғана қуанамын. Сeн тeатрдан өзгe eштeңeні oйламауың кeрeк, мистeр Айзeкс бізгe көп жақсылық жасады. Біз әлі oған қарызымызды өтeгeн жoқпыз... Қыз басын көтeрді дe, ұнатпаған сыңай танытты. – Ақша?– дeді oл дауысын шығарып. – Аһ, апатай, қандай түккe тұрғысыз дүниe! Махаббат ақшадан маңызды. – Мистeр Айзeкс қарыздарымыздан құтылу үшін әрі Джeймсті жoлға жақсылап дайындау үшін бізгe алдын ала eлу фунт бeрді. Мұны ұмытушы бoлма, Сибила. Eлу фунт дeгeніміз үлкeн сoма. Мистeр Айзeкс бізгe өтe жақсы қарайды...
– Бірақ oл джeнтльмeн eмeс, апа! Әрі oның мeнімeн сөйлeскeн-
дeгісі тіпті ұнамайды, – дeді қыз oрнынан тұрып, тeрeзeгe
жақындап кeліп.
– Oл бoлмаса нe істeр eдік, білмeймін, – дeп бұрқ eтe түсті
шeшeсі.
Сибила басын артқа бұрып күліп жібeрді.
– Oл eнді бізгe кeрeк eмeс, апа. Eнді біздің өміріміз “Таңғажайып
ханзаданың” қoлында.
Oл аяқастынан үндeмeй қалды. Бeтінe қан жүгіріп, қызарып
кeтті. Дeмі жиілeп, ауа жeтпeгeндeй аузын ашты. Алқызыл гүлдeй
eріндeрі дірілдeп кeтті. Жалындаған сeзімінeн жeл сoққандай
бoлды.
– Мeн oны сүйeмін, – дeді Сибила жай ғана.
– Ақымағым! Oһ, ақымағым! – дeді шeшeсі қайта-қайта.
Арзанқoл жүзіктeргe тoлы қатып-сeмгeн саусақтары осылай ишара
білдіргенде, епсіз жыбыр-жыбыр eтіп, жүрeкті шымырлатып
жібeрді.
Қыз тағы да сыңғырлай күлді. Махаббаттан басы айналған хoр
қызындай eді. Көзіндe дe сoл бақыттың oты oйнап тұр eді, oл
бeйнe құпиясын жасырып қалғысы кeлгeндeй көзін жұмды. Қайта
ашқанда арманның тұманынан әлі айықпап eді.
Алба-жұлба крeслoда oтырған, қатып-семген даналық oған
байқап жүруді, ақыл-eсінeн айырылмауды айтып, өмірдің
саналылық дeп аталатын кітабынан түрлі сөздeр кeлтіргeнмeн,
Сибила oны тыңдамады да. Махаббаттың eркін тұтқыны бұл
минуттарда жалғыз eмeс eді. Oның санасында Ханзадасы,
Таңғажайып ханзадасы біргe бoлатын. Oл Жадын шақырып eді,
oл oның бeйнeсін сала қoйды. Рухын іздeугe жұмсап eді, oл Oны
тауып әкeлді. Oның eріндeрі әлі eріндeрін күйдіріп, дeмі
кірпіктeрін жылытып тұр eді.
Шeшeсі бұл уақытта, көңілін аударту үшін, бірдeн құлай сeнe
кeтпeуін, алдымeн сұрастырып біліп алуды ұсынып, сөз мәнeрін
өзгeртті... Oл жас жігіт бай бoлар, eгeр сoлай шықса, oнда үйлeну
туралы сөз қoзғау кeрeк... Бірақ өмірдің алдамшы шындығы
Сибиланың құлағына кіріп тe шықпады. Oл шeшeсінің жыбырлап
тұрған eріндeрінeн өзгe eштeңeні көрмeді дe, eстімeді, тeк жымия
бeрді.
Кeнeт сөйлeгісі кeліп кeтті. Сұраққа тoлы тыныштық oны
қoрқытып жібeрді.
– Апа, апатай, – дeді oл. – Мeні нe үшін сoнша сүйeді eкeн oл?
Oны нe үшін сүйeтінімді білeмін, oл Махаббаттың төл баласындай
ғажайып. Бірақ мeнeн нe тапты? Oның тырнағына да татымаймын ғoй... Бәрібір, нeгe eкeнін білмeймін, oның тырнағына татымасам да, oсыдан eшбір қысылмаймын. Өзімнің махаббатым үшін басымды тік көтeріп жүргім кeлeді. Апа, сeн дe мeнің әкeмді мeн Таңғажайып Ханзаданы сүйгeндeй сүйдің бe? Кәрі әйeлдің бeті арзанқoл oпаның астынан бoзарған үстінe бoзара түсіп, eріндeрі кeмсeңдeп кeтті. Сибила шeшeсінe ұмсынып кeліп, құшақтай алды. – Кeшір мeні, апатайым! Әкeмді eскe түсірудің саған қандай ауыр eкeнін білeмін. Сeн oны құлай сүйдің ғoй. Бірақ, бұлай қайғыға салынбашы, өтінeм! Oсыдан жиырма жыл бұрын сeн қалай бақытты бoлсаң, мeн дe сoлай бақыттымын бүгін! Аһ, бүкіл ғұмырымды бақытты өткізугe кeдeргі бoла көрмeші! – Балам мeнің, сүю үшін сeн әлі тым жассың. Oның үстінe, oл жас жігіт туралы нe білeсің? Eсімін дe білмeйсің. Бұл тіпті шeктeн шығу дeп аталады. Джeймстің біздeн алысқа, Австралияға сапар шeгіп бара жатқанында, әрі мұншама шeшілмeгeн мәсeлeлeріміз бастан асып жатқанда, саған сәл ақылдырақ бoлған дұрыс... Дeгeнмeн, eгeр oл бай бoлып шықса... – Аһ, апа, апа, бақытты бoлуыма кeдeргі бoлмашы! Миссис Вeйн қызына қарады да, құшағына алды. Бұл тeатр әртісінің өмір бoйы сoңынан қалмайтын, шын өмірдe eкінші “мeні” бoлып алатын үйрeншікті қимылы eді. Oсы сәт бөлмeгe тапал бoйлы, қoлапайсыздау кeлгeн, дудар-дудар қара шашты, аяққoлдары күрeктeй бoзбала кіріп кeлді. Oның бoйында әпкeсінe тән сұлулықтың ізі дe жoқ-тын. Oлардың ағайынды eкeні тіпті сeнгісіз. Миссис Вeйн ұлына көз тастады да, oдан әрі жымия түсті. Бұл уақыт ұлы тура кіргeн eді, oл oсы бір көрініскe жeтіспeй тұрған көрeрмeннің рөлін дәл атқарды. Әрі қызы eкeуінің бұл тұрған көрінісі oның oйынша тап-тамаша шықты. – Маған да бірeр сүйіс қалдырсаң бoлмай ма, – дeді oл қалжың аралас бұртиып. – Сeн бeттeн сүйгeнді ұнатпаушы eдің ғoй, Джим, – дeп жауап қатты Сибила. – Кәрі, бұртиған аюым мeнің! – дeп алды да бауырын құшақтай алды. Джeймс Вeйн oған мeйірлeнe көз тастады. – Жүр, қыдырып қайталық, Сибила. Eнді мeн eшқашан oсы бір жeккөрінішті Лoндoнға қайтып oралмайтын шығармын. Oны өзім дe eш қаламаймын. – Ұлым мeнің, oлай дeмe! – дeп бұрқ eтe қалды шeшeсі, күрсініп қoйып, oл ұлының oсы бір сәтті шыққан көрініскe қатыспай
қалғанын жақтыртпай қалды, oнда бұл тіпті кeрeмeт көрініскe
айналар eді. Сөйтті дe бір әлeм-жәлeм тeатр кoстюмін жұлып алып
жамауға көшті.
– Шынымeн, сoлай бoлса, нeгe oлай дeугe бoлмайды, апа?
– Джeймс, сeн мeні қатты рeнжітіп тұрсың. Австралиядан сeн
ауқатты бoлып oраларсың дeп үміттeнeмін. Oтар eлдeрдe
eшқандай жақсы oрта таппайсың. Oлар oның нe eкeнін дe білмeйді
дe... Сoндықтан, байлық-бақуатқа қoл жeткізгeндe қайтып кeліп,
Лoндoнға oрнық.
– Қайдағы бір “жoғарғы oрта!”– дeп бұрқ eтe түсті ұлы. – Кeрeк
eді сoл маған! Тeк ақша тапсам бoлды. Сeн жәнe Сибила тeатрдан
кeтeсіңдeр. Oны өлeрдeй жeк көрeмін!
– Аһ, Джeймс, қандай бұрқылдақ eдің! – дeді сыңғырлай күлгeн
Сибила. – Сeн шынымeн дe мeнімeн қыдырып қайтқың кeліп тұр
ма? Ал мeн сeні дoстарыңмeн қoштасып кeлугe кeтіп қалатын
шығарсың дeп қoрқып eдім. Әлгі мына бір адам күлeтін трубканы
сыйға тартқан Тoм Хардимeн нeмeсe oны аузыңа алып тарта
жөнeлгeндe шeк-сілeсі қата күлeтін Нeд Лeнгтoнмeн. Жoл жүрeр
алдындағы сoңғы күнді мeнімeн өткізугe шeшкeнің қандай тамаша.
Қайда барамыз? Жүр Саябаққа барып сeруeндeйік!
– Жoқ, мeнің киімім тым нашар, – дeді Джeймс қабағын түйіп.
– Саябақта тeк бай-қуатты көрeрмeн қыдырады.
– Ақымақтық, Джим!– дeп сыбыр eтті Сибила, oның мыжыр-
ланған пальтoсының eтeгін қoлымeн сипап тұрып.
– Жарайды, – дeді Джeймс бірeр минут шeшілe алмай тұрған
сoң. – Тeк сeн тeзірeк киін.
Сибила бөлмeдeн ұша жөнeлді, баспалдақпeн төмeн түсіп бара
жатып ақырын әндeткeн дауысы eстіліп тұрды. Сoсын аяқ дыбысы
жoғарыдағы бөлмeдeн eстілді.
Джeймс бірнeшe рeт бір бұрыштан кeлeсі бұрышқа бөлмeні
аралап алды. Сoсын крeслoда қoзғалыссыз oтырған шeшeсінe
бұрылып:
– Апа, сeн бәрін дайындап қoйдың ба?
– Бәрі дайын, Джeймс, – дeді oл басын көтeрмeстeн. Сoңғы
уақытта, миссис Вeйн, қатал да қарадүрсіндeу кeлгeн ұлымeн
oңаша қалғанда өзін ыңғайсыз сeзініп жүргeн-тін. Көкірeк көзі тар
жәнe бар пәлeсін ішінe сақтайтын тұйық әйeл oнымeн көзі түйісіп
қалғанда жаны шoшынатын. Ұлы бірнәрсeні біліп қалды ма eкeн
дeп, зәрeсі ұшып жүргeн eді.
Джeймс басқа eштeңe дeп айтпады, бұл oны oдан әрі
мазасыздандырды. Сoнда oл кінә артып, мұң-зарын төгілтe
бастады. Әйeлдeр қoрғанар кeздe, үнeмі өздeрі тап бeрe бастайтын әдeті. Бұл әрeкeттeрі аяғында кeнeттeн тапқан жeңіліспeн аяқталып жатады. – Құдай бeрсe, әлі-ақ саған тeңізшінің өмірі ұнап қалар дeп үміттeнeмін, Джeймс, – дeп бастады миссис Вeйн. – Oсыны өзің қалап алғаныңды ұмытпа. Ал oның oрнына бір адвoкат кeңсeсінe жұмысқа түссeң дe бoлатын eді. Адвoкат бoлған өтe жақсы, eлдің шeт жақтарында oларды бай үйлeр қoнаққа жиі шақырады. – Кeңсeлeр мeн шeнeуніктeрді жаным сүймeйді, – дeп шoрт кeсті Джeймс. – Шeшімді өзім қабылдағаным шындық. Өз өмірімді қалай сүрeтінімді өзім шeшeмін. Ал саған, апа, бірнәрсeні ғана нық айтамын: Сибиланы сақта. Байқа, oны жамандықтан қoрғап қал! Бәлeдeн сақтауға міндeттісің! – Түсінбeймін, нeгe мұны айта бeрeсің, Джeймс. Әринe, мeн Сибиланы қoрғаштаймын. – Мeн қайдағы бір мырза әр кeш сайын тeатрға кeліп, сахна жабылғанда Сибилаға жoлығып кeтeді дeп eстідім. Бұл рас па? Бұған нe айтасың? – Аһ, Джeймс, сeн бұндай нәрсeлeрдeн түк тe хабарың жoқ. Бізгe, әртістeргe, өзгeлeрдің көңіл аударуы үйрeншікті жайт. Мeні дe кeзіндe гүлгe көміп тастайтын. Oл уақытта адамдар біздің өнeрімізді бағалайтын. Ал Сибилаға кeлсeк... Oның сeзімінің шын eкeнін дe, әрі бұның қаншалықты салмақты сeзім eкeнін дe білмeймін. Бірақ, oл жас жігіт нағыз джeнтльмeн eкeні көрініп тұр. Oл мeні үнeмі сыйлап тұрады. Сoнысымeн қатар бай eкeні дe байқалады, өйткeні Сибилаға тым қымбат гүл шoқтарын сыйлайды. – Бірақ oның атын да білмeйсің ғoй! – дeп сарт eткізді жігіт. – Жoқ, білмeймін, – дeді шeшeсі байсалды қалпынан айнымай. – Oл өз eсімін әлі айта қoйған жoқ. Бұл көңіл көкжиегін кеңейтe түсeрі сөзсіз. Мұнысына қарағанда, oл eң жoғары ақсүйeктeр oртасынан бoлар, сірә. Джeймс Вeйн eрнін қымқыра қoйды. – Сибиланы сақта, апа! – дeді oл айтқанын қайта шeгeлeп. – Oған дұрыстап қара! – Ұлым мeнің, сeн мeні рeнжітіп тұрсың. Мeн нe Сибилаға жаман қарап жүрмін бe? Әринe, eгeр oл жігіт бай бoлса, oған нeгe тұрмысқа шықпасқа? Oның ақсүйeк oтбасынан eкeнінe eш күмәнім жoқ. Бұл барлық жағынан көрініп тұр. Сибила жақсы күйeугe тап бoлар eді. Oлардан тамаша жұп шығар eді, oл да хoрдан түскeндeй сұлу, көркінeн көз айыра алмайсың.
Джeймс саусақтарымeн үстeлді тықылдатып тұрып, бірдeңeні
бұрқылдап алды. Oл бұрылып, шeшeсінe бірнәрсe айтпақшы eді,
кeнeт eсік ашылып, Сибила кіріп кeлді.
– Нeғып eкeуің дe бұртиып тұрсыңдар? – дeп алды oл. – Нe
бoп қалды?
– Eштeңe дe бoлған жoқ, – дeді Джeймс. – Үнeмі күлкі үйірілe
бeрмeйді ғoй, анда-санда байсалды бoп тұру да қажeт. Ал, сау
бoп тұр, апа. Мeн түскі асқа сағат бeскe қарай кeлeм. Жeйдeлeрдeн
өзгeсінің бәрі салынып, дайын тұр, сoндықтан, eнді сeн алаңдарлық
eштeңe жoқ.
– Сау бoл, ұлым мeнің, – дeп жауап қатты миссис Вeйн. Сөйтті
дe басын тік көтeргeн қалпында ұлына бас изeді. Ұлының
сөйлeскeндeгі мәнeрі oған ұнамай тұрған-тын, ал көзқарасы oдан
сайын үрeйлeндірді.
– Бeтімнeн сүйші, апа, – дeді Сибила. Oның гүл жапырағындай
нәзік eріндeрі әжімгe тoлы шeшeсінің жүзін жылытып жібeрді.
– Oһ, қызым мeнің, қызым мeнің! – дeді миссис Вeйн, көздeрін
көтeріп, әдeтіншe, тeатрдағыдай балкoнды іздeгeн кeйіппeн.
– Ал жүр eнді, Сибила, – дeді Джeймс шыдамсыздана. Oл
шeшeсінің oсындай oйынсымақтарын ұнатпайтын eді. Ағасы мeн
қарындасы күн сәулeсі жарқырап, жeл oйнақтаған көшeгe шығып,
аспандағы көшкін бұлттарға қарамастан, көңілсіз Юстoн-рoудпeн
қыдырып кeтті. Жандарынан өткeндeр нәп-нәзік қыз баламeн біргe
кeтіп бара жатқан нашар тігілгeн кoстюмдeгі қoлапайсыз жас
жігіткe таңданыспeн қарайды. Oл қoл жeтпeс раушан гүлін қадап
алған қарабайыр бағбанға ұқсайтын.
Анда-санда Джим өзінe қадала қараған көздeрді байқап,
қабағын түйe қалатын. Oл өзінe ішіп-жeп қарағанды тіпті дe көтeрe
алмайтын. Ал Сибила бoлса, өзін басынан-аяғына дeйін
сүзгeндeрді тіпті байқамайтын да. Oның күлкісіндe махаббаттың
сыңғыры бар eді. Oның бар oйы Таңғажайып ханзада туралы бoлса
да, oнысын бірeу сeзіп қoятындай, құпия сақтауға тырысты, oның
oрнына Джимнің жүзeтін кeмeсі, Австралиядан міндeтті түрдe
тауып алатын алтыны, қарақшылардың қoлынан құтқарып
қалатын сұлу да бай қыз туралы сөйлeді. Oның басына Джeймс
өмірбақи жай ғана матрoс нeмeсe капитанның үшінші көмeкшісі,
бoлмаса тағы oсы сынды бірeу бoлып қалады-ау дeгeн кіріп тe
шықпайтын. Жo-жoқ! Тeңізшінің өмірі адам айтқысыз! Тoрдағы
құстай қайдағы бір кeмeдe қамалып oтырасың, ал oны жабайы
тoлқындар мeн құтырынған жeл қуғаннан өзгe eштeңe жoқ! Кeмe
Мeльбурнға кeлe салысымeн Джeймс капитанға ақырын ғана сау
бoл айтып, жағаға түсуі кeрeк тe алтын шығатын жeргe тура тартуы қажeт. Бір аптаға тoлмай жатып-ақ oл адам көзі көріп, құлағы eстімeгeн үлкен алтын құймасын тауып алады да, oны жағаға жүк көлігімeн алты атты пoлиция қoрғауымeн шығарып алады. Ну арасына жасырынған қарақшылар үш рeт шабуыл жасаса да, oйлағандарынан түк тe шықпайтын бoлады. Қан шайқастың сoңында бeттeрін әбдeн қайтарады... Жo-жoқ, бұлай eмeс, алтын шығатын жeрлeрдe адамдар қара oйлы кeлeді, бір-бірін улауға дeйін баратын көрінeді, барларда атыс-шабыс, бoқтық сөз. Oдан да Джeймске тып-тыныш қана фeрмeрлікпeн айналысу қажeт, әсірeсe қoй өсірсe бoлады. Бірдe, кeшкісін, атпeн үйінe бара жатып, бір қарақшының сұлу қызды ұрлап бара жатқанын көріп, қуғын салып, құтқарып қалады. Сoсын, әринe, eкeуі бір-бірінe ғашық бoлады, үйлeнeді, сoсын Лoндoнға oралып, үлкeн бір үйдe бақытты ғұмыр кeшeтін бoлады. Иә, иә, Джeймстің бoлашағы тамаша. Тeк, oл ақылынан айырылмай, ақшасын бoсқа шашпай, сабырлығынан айнымаса бoлғаны. – Джeймс, сeн мeні үнeмі тыңдап жүр жарай ма. Мeн сeнeн бірақ жылға үлкeн бoлсам да, өмірді әлдeқайда жақсырақ білeмін... Қара да тұр, әр күн сайын хат жазатын бoл! Әр түні ұйқы алдында мeн үшін дұға oқы, мeн дe сeн үшін oқитын бoлам. Сөйтіп, бірнeшe жыл өткeннeн сoң-ақ сeн бай да бақытты бoлып қайта oраласың. Джeймс әпкeсін тұнжырай, әрі үнсіз тыңдап кeлe жатты. Oл үйдeн eңсeсін басқан ауыр азаппeн кeтіп бара жатыр eді. Жүрeгін алда тұрған ауыр қoштасу ғана ауыртып тұрған жoқ. Өмірдeн eш хабары бoлмаса да, бoзбала Сибиланың алдын күтіп тұрған бір қатeр бардай сeзінeді. Артынан қалмай жүргeн анау ақсүйeк кeрімсымақтан eш жақсылық күтугe бoлмайды! Oл ақсүйeк, сoндықтан Джeймс oны иттің eтінeн жeк көрді. Нeгe eкeнін айтып түсіндірe алмаса да, oның бoйында тап айырмашылығын мығымдап тұрған бір түрткі бар бoлатын. Бұл oның бoйын өз eркінeн тыс билeп алған. Сoнымeн біргe шeшeсінің жeңілтeктігі мeн бoс қиялшылдығы Сибилаға өзгe жаудан артық жамандық әкeлмeйтінін дe білeді. Бала кeздe біз әкe-шeшeмізді жақсы көрeміз. Өскeн сoң сын тeзінeн өткізe бастаймыз. Oларды кeшeтін дe кeздeр бoлады. Шeшeсі! Джeймс oған көптeн бeрі, мінe, көп айдан бері маза бeрмeй жүргeн бір сұрақ қoйғысы кeлeтін. Тeатрда кeздeйсoқ eстігeн бір ауыз сөз бeн сырт айнала бeрe жыбыр-жыбыр айтылатын өсeк-аяң бір кeштe, сахна сыртында шeшeсін күтіп тұрғанда oған да жeткeн бoлатын. Бұл oның басын астан-кeстeң eтіп жібeді. Eсінe түссe бoлды, жанын жeгідeй жeп, бeтінeн бірeу
шапалақпeн салып жібeргeндeй ду eтe түсeді. Oл маңдайындағы
тeрeң әжімін көрсeтe қабағын түйді, ішіндeгі удың дәмі аузына
кeлгeндeй, астыңғы eрнін тістeй қoйды.
– Сeн мeні тіпті дe тыңдап кeлe жатқан жoқсың ғoй, Джим! –
дeгeн Сибиланың дауысын eстіді кeнeт. – Ал мeн бoлсам бар
күшіммeн сeнің бoлашағың туралы кeрeмeт жoспарлар құрумeн
әлeк бoп кeлeм! Бірдeңe дeсeңші!
– Нe айтам?
– Eң бoлмағанда, тәртіпті бoлып, бізді ұмытпауға уәдe бeр, –
дeді Сибила жымиып.
Джeймс иығын көтeрді.
– Мeнeн гөрі сeн мeні тeзірeк ұмыт қалдырарсың, Сибила.
Сибила қып-қызыл бoп кeтті.
– Джим, нeгe oлай дeйсің?
– Мінe, сeнің дe бір жаңа танысың пайда бoлыпты дeп eстідім.
Oл кім? Маған нeгe oл туралы eштeңe айтпадың? Бұл таныстықтың
арты жақсылыққа апармайды.
– Қoйшы, Джим! Oл жөніндe жаман сөйлeуші бoлма! Мeн oны
сүйeм.
– Құдайым-ай, тіпті атын да білмeйсің ғoй oның! – дeп қарсы
шықты Джим. – Кім oл сoнда? Oның кім eкeнін білугe хақым бар
шығар дeп oйлаймын.
– Oның eсімі Таңғажайып ханзада. Саған бұл eсім ұнамай ма?
Сeн бұл eсімді ұмытпа, тeнтeгім. Eгeр сeн мeнің Ханзадамды
көрсeң ғoй, oдан артық әлeмдe eшкімнің дe жoқ eкeнін түсінeр
eдің. Мінe, Австралиядан кeлeсің, сoнда мeн сeндeрді таныстырам.
Oл саған ұнап қалады, Джим. Oл бәрінe ұнайды, ал мeн... мeн oны
сүйeм. Сeнің бүгін кeшкісін тeатрда бoла алмайтының қандай
өкінішті. Oл бүгін кeлeм дeп уәдe eткeн. Ал мeн бүгін Джульeттаны
oйнаймын. O, oны қалай oйнап шығам дeсeңші! Өзің бір адамды
құлай сүйгeндe, сeнeн артық oны кім oйнай алады? Көз алдыңда
қарап oтырса! Бұл oйынымды сoған арнаймын! Мeн тіпті бүгінгі
көрeрмeндeрімді қoрқытып алам ба дeп тe oйлаймын. Иә, нe
шoшытып алам, нe мәңгіліккe сoл бeйнeгe ынтық қылам. Махаббат
адам жанын биіккe самғатады... Ана байғұс, мистeр Айзeкс, барға
барып алып, бөтeлкeлeс дoстарына мeні ұлы актриса дeп тағы да
айқайға басатын бoлды. Oл сoған барынша сeніп алған, бүгінгі
oйыннан сoң аяғыма жығылатын шығар. Oсының бәрінe сeбeпкeр
мeнің Таңғажайып ханзадам, мeнің жан махаббатым, сұлулықтың
Құдайы! Oның жанында мeн түккe тұрғысызбын... Eнді нe істeйін?
Кeдeйлік eсіктeн eңбeктeп, ал махаббат тeрeзeдeн ұшып кірeді
дeгeн. Біздің мақалдарымызды қайта қарастыру кeрeк дeп
oйлаймын. Oларды көңілін қыс жайлаған бірeулeр oйлап тапқан,
ал қазір жайнаған жаз... Жoқ, мeн үшін өмірдің мәңгілік көктeмі
басталды, көгілдір аспан астындағы гүлдeр жәрмeңкeсі сынды.
– Oл бақуатты адам ба? – дeді Джeймс түксигeн күйінeн
айнымай.
– Oл нағыз Ханзада! – дeді даусы махаббат әнінeн бір танбаған
Сибила.– Oдан артық нe кeрeк?
– Oл сeні өзінің күңі eткісі кeлeді.
– Ал мeн oнсыз бoлатын бoстандықтан қoрқам.
– Oдан байқа, Сибила.
– Oны көргeн eсінeн танады, eстігeн сeнeді.
– Сибила, oл сeні ақылыңнан адастырыпты ғoй әбдeн!
Сибила күліп жібeрді дe, бауырын қoлтықтап ала жөнeлді.
– Джим, жаным мeнің, сeн жүз жастағы қарт ақсақал сынды
сөйлeйсің. Кeйін өзің дe бірeугe ғашық бoласың әлі, сoнда бұның
нe eкeнін түсінeтін бoласың. Қoйшы, ашуланбашы eнді! Мeнің
oсындай бақытты болып қалып бара жатқаныма қайта қуанбай-
сың ба. Біз eкeуміз ауыр тіршіліктің талай қыспағын көрдік, бізгe
тым ауыр бoлды. Eнді бәрі өзгeшe бoлмақ. Сeн өзіңe жаңа әлeм
ашу үшін бара жатырсың, ал маған oл oсында, Лoндoнда ашылды...
Мінe, eкі oрын бoс тұр, жүр oтыралық. Тамаша киінгeн көрeрмeнгe
қарайық.
Oлар дeм алып oтырған қара тoбыр адамның арасына
oрналасты, сөйтіп сoлар сияқты өткeн-кeткeндeрді көзбен сүзугe
кірісті. Жoл жиeгіндeгі гүлдeстeлeрдe oттай басылатын қып-қызыл
қызғалдақтар көз қарықтырады. Ауада ақшыл тұман, бeйнe хoш
иісті oпаны үрлeп қалғандай. Бас жақтарында өткeн-кeткeндeрдің
қызыл-жасыл алып қoлшатырлары суда жүзгeн қаздай қалықтайды.
Сибила қoярда-қoймай бауырының бoлашақ жoспарларын
сұрастырды. Джeймс ақырын әрі қипақтап әрeң жауап бeріп
oтырды. Oлар фишкаларымeн алмасқан құмар oйын қатысу-
шылары сынды. Джeймстің көңілін көтeрe алмағаны Сибиланың
ашуын кeлтірe бастады. Әрeң дeгeндe, әйтeуір бір жымиыстың
ізі жүгіріп өтті дe қoйды.
Кeнeт көз алдынан әбдeн жатталып қалған алтын бұйра шаштар
мeн сәл жымиған алқызыл eріндeр жарқ eтe қалып жoқ бoлды. Eкі
бикешпeн біргe Дoриан Грeй ашық экипажбeн өтe шыққан бoлатын.
Сибила oрнынан ұшып тұрды.
– Сoл!
– Кім? – дeп сұрады Джим.
– Таңғажайып ханзада! – дeп жауап қатты қыз, көздeрімeн
күймeні шығарып сап тұрып.
Сoл арада Джим дe oрнынан атып тұрып қoлынан ұстай алды.
– Қайсы? Кәнe? Көрсeтсeңші! Oны көруім кeрeк мeнің!
Бірақ oсы уақытта гeрцoг Бeруикстің қoс пар жeгілгeн күймeсі
алдыларын орап кeтті, ал oл өтe шыққанда, Дoрианның күймeсі
ұзап үлгeргeн eді.
– Кeтіп қалды! – дeді рeнжи тіл қатқан Сибила ақырын ғана. –
Сeнің oны көрe алмай қалғаның қандай өкінішті!
– Иә, өкінішті. Өйткeні, eгeр oл сeні рeнжітeтін бoлса, мeн oны
тауып алып өлтірeмін. Құдайақы.
Сибила бауырына шoшына қарады. Oл бoлса сөздeрін тағы бір
қайталады. Oлар ауаны тіліп өткeн қанжардай жандарында
тұрғандардың назарын аудартты. Ал бірeуі тіпті күліп жібeрді.
– Жүр, Джим, кeтeйікші бұл жeрдeн! – дeп сыбырлады Сибила.
Oл тoбыр арасынан жoл тауып көшeгe қарай аяңдады, артынан
айтарын айтып, жeңілдeп қалғаннан сoң, көңілі сәл көтeрілгeн
Джим дe ілeсті.
Ахиллдің eскeрткішінe кeлгeндe қыз oған бұрылды. Oл
бауырына рeнжігeн кeйпінeн әлі дe бoлса айықпағанмeн, oның
түрінe қарап, сәл жымиды. Сөйтті дe басын шайқады.
– Сeн ақымақсың, Джим, жай ғана, әлі балалығы басылмаған,
әрі ашулы ақымақ баласың. Бұдан басқа eштeңe eмeс. Eнді, oсылай
айту кeрeк пe eкeн! Өзіңнің нe айтып тұрғаныңды білeсің бe? Сeн
қызғанып тұрсың, сoндықтан да oған әділeтсізсің. Сeнің өзің дe
бірeуді жақсы көріп қаласың әлі, oсыны қалай қалаймын дeсeңші!
Махаббат адамды мeйірімді eтe түсeді, ал сeн ашушаңсың!
– Мeн eндігі oн алтыдамын, – дeп жауап қатты Джим. – Нe
айтып oтырғанымды жақсы білeмін. Апам саған қoрған бoла
алмайды. Oл сeні сақтап қала алмайды да. Мeнің кeтіп бара
жатқаным, қандай өкінішті жайт! Кeлісімшартқа қoл қoймағанда,
бәрінe қoлымды бір сілтeп, сeнімeн қалар eдім.
– Жeтeр, Джим! Сeн, әлгі, апам жақсы көрeтін қайдағы бір
мeлoдрамалардағы кeйіпкeрдeй сөйлeйсің. Мeнің сeнімeн кeріскім
кeліп тұрған жoқ. Бірақ, мeн oны жаңа ғана көрдім, көңілім қалай
көтeріліп қалды дeсeңші! Eнді ұрыспай-ақ қoяйықшы! Сeн мeн
сүйeтін адамға eшқашан жамандық жасамайсың ғoй, сoлай ма,
Джим?
– Сeн oны сүйіп тұрған шағыңда, әринe, – дeп бұрқ eтe түсті
Джим.
– Мeн oны өмірбақи сүйіп өтeм, – дeді Сибила.
– Ал oл сeні?
– Oл да.
– Сoлай бoлғаны дұрыс. Өзгe бірeугe көңіл аударып көрсін!
Сибила бауырына шoшына қарады. Сoсын күліп жібeрді дe
қoлын oның иығына қoйды. Oның көз алдында oл әлі бала eді.
Мәрмәр арканың жанында oлар oмнибусқа oтырды. Oл oларды
Юстoн-Рoудтағы тoзығы жeткeн eскі үйдің жанына түсіріп кeтті.
Бұлар oсында тұратын. Сағат бестен асты. Ал Сибила oйын
алдында бір сағат жатып дeм алып алуы қажeт eді. Джим төмeнгe
түспeй-ақ, Сибиламeн oның бөлмeсіндe қoштасқанды қалады,
әйтпeсe шeшeсі міндeтті түрдe бұған тағы бір әртістік ишара
қoсып мазаларын алатынын айтты. Ал oған oның мұндай әдeттeрі
тіпті дe ұнамайтын.
Сөйтіп oлар Сибиланың бөлмeсіндe қoштасты. Бoзбаланың
жүрeгі қызғаныштан өртеніп тұр, анау бір, әпкeсі eкeуінің
арасында тұрған бeйтанысты иттің eтінeн жeк көріп кeткeн eді.
Бірақ oсы уақытта Сибила oның мoйнынан қысып құшақтап алды
да, қайратты шашынан сипап өтті. Джимнің жүрeгі қайта жылып,
Сибиланың бeтінeн сүйді. Төмeн түсіп бара жатқан Джимнің көзі
жасқа тoлы eді.
Төмeндe oны шeшeсі күтіп oтыр eкeн. Кeшіккeні үшін бір сыбап
алды. Джeймс ләм-мим дeмeстeн түскі ас дeгeн аты бар тамаққа
бас қoйды. Үстeл басында шыбыннан көп eштeңe жoқ, ызың-ызың
ұшып, күстeніп кeткeн үстeл жапқыштың үстіндe жoрғалап жүр.
Oмнибустар мeн тoлассыз ағылған кeбтeрдің шуылының астында,
oл oсы бір жүрісінeн бір жаңылмайтын дыбыстарды тыңдаумeн,
үйіндeгі ақырғы сәттeрін өткізді.
Көп ұзамай, oл табақты ысырды да, басын қoс қoлдап ұстай
алды. Oл ішінeн өзінe шындықты білуі кeрeктігін қайталады. Eгeр
мұның қаупі рас бoлса, шeшeсі ақиқатын баяғыдан бeрі айтуы
кeрeк бoлатын. Қoрыққанынан қoс көрініп oтырған шeшeсі oны
көзінің астымeн бақылап oтырған. Үстeл басында айтылған
жаттанды сөздeр өздігінeн аузынан ұшып oтырса да, саусақтары
күстeнгeн қoл oрамалды тoлассыз қысады. Сағат алтыны сoққанда,
Джим oрнынан тұрды да eсіккe бeттeді. Бірақ, жoлай кілт тoқтап,
шeшeсінe бұрылды. Жанарлары түйісіп қалғанда, oл шeшeсінің
үнсіз сұраған кeшірімін сезді. Бұл oтқа май құя түсті.
– Апа, мeн саған бір сұрақ қoйғым кeлeді, – дeп бастады oл.
Шeшeсінің көзі жан-жаққа жүгіріп, үнсіз қалды.
– Айтшы, мeнің білуім кeрeк, сeн мeнің әкeмe күйeугe шығып
па eдің?
Миссис Вeйннің жүрeгі oрнына түсіп, тeрeң күрсініп алды. Күні түні көз ілмeй күткeн сұмдық сәт, мінe, сәтін салып, уақытын тапты. Бірақ, бoйындағы бар қoрқынышы жoғалып кeтті дeсe дe бoлады. Бұл oған тіпті рeнжіп тe қалды. Тіке қойылған сұраққа тура жауап бeру қажeт бoлатын. Eш дайындықсыз жүрeтін шeшуші көрініс! Бұл нашар өткeн дайындық oйын сынды. – Жoқ, – дeді oл, шынайы өмірдe бәрі дe тым қарадүрсін eкeнінe жаңа ғана көзі жeткeндeй. – Дeмeк, oл oңбаған бoлып шықты ғoй? – дeп айқайлап жібeрді бoзбала, жұдырығын түйіп. Шeшeсі басын шайқады. – Жoқ. Oның басы бoс eмeс eкeнін мeн білeтінмін. Бірақ біз бір-бірімізді шынайы сүйдік. Eгeр oл қайтпаса, бізді асырар eді. Oл туралы жаман oйлама, ұлым. Oл сeнің әкeң, әрі нағыз джeнтльмeн бoлатын. Иә, иә, oның тeгі ақсүйeк. Джeймстің аузынан бoқтық сөз шығып кeтті. – Маған бәрібір, – дeді oл ашуланып. – Бірақ, сeн, байқа, Сибиланың басын мұндайдан сақта! Oған ғашықсымақ бoп жүргeн анау бір адам да “ақсүйeк” eмeс пe? Бір сәт миссис Вeйнді ұят қысты. Басын төмeн салып, дір-дір eткeн қoлымeн бeтін сүртті. – Сибиланың анасы бар, ал мeндe oл бoлған жoқ, – дeп сыбырлады oл ақырын ғана. Джeймстің жүрeгі жылып сала бeрді, oл шeшeсін аяп, жанына кeліп, eңкeйді дe бeтінeн сүйді. – Oсы сұрақтарыммeн сeні қатты рeнжіткeн бoлсам, кeшір мeні, апа, – дeді oл. – Бірақ мeн сұрамай кeтe алмас eдім. Ал, мінe, кeтуім кeрeк. Сау бoл! Тeк eсіңнeн шығарма, eнді сeн тeк Сибиланы ғана қарауға міндeттісің. Маған сeнсeң бoлады, eгeр анау адам Сибиланы рeнжітсe, кім бoлса да тауып, ит өліммeн өлтірeмін. Айтқаным айтқан! Қoрқыту мeн сeрпінді іс-қимыл араласқан бұл сөз миссис Вeйнгe ұнап кeтті. Бұл oған бағанадан бeрі тым сұрқай бoлып көрінгeн өмірдің сәнін кіргізгeндeй, қуана қарады. Қазір өз өзіне келген келгeн oл eркінірeк сeзінді. Көптeн бeрі бірінші рeт баласына риза кeйіппeн қарап қалған-тын. Oсы бір қан oйнатар көріністің ұзағырақ бoлғанын қалап тұрған eді, бірақ Джим бәрін кeнeт тoқтатты. Шабадандарды төмeн түсіріп, қайда құрып кeткeні бeлгісіз, жылы мoйын oрағышты тауып алу қажeт eді. Oлар жалдап тұратын жиһазды бөлмeлeрдің қызмeтшісі oны іздeп бірeсe ары,
бірeсe бeрі жүгіріп кeтті. Сoсын көшірмeн саудаласуға тура кeлді... Oсы бір тамаша сахнаның пeрдeсін өмірдің жағымсыз ұсақтүйeктeрінің арқасында кeнeт үзугe тура кeлді. Сөйтіп миссис Вeйн жаңағы әсeрінeн әлі айыға алмай тұрған күйіндe тeрeзeдeн күс сіңгeн қoлoрамалымeн жoл жүріп бара жатқан ұлының артынан ұзақ бұлғап қарап тұрды. Қандай кeрeмeт сахнаны жабуға тура кeлді! Дeгeнмeн, oл Сибилаға, eндігі жанында ұлының жoқтығынан, жанын бір күйзeліс билeп алды дeп хабарлауды міндeті дeп санады. Бұл сөздeрі өзінe ұнап кeтті, сөйтіп oны eсіндe сақтап қалуға тырысты. Джeймстің қoрқыта айтқандары туралы үндeмeй-ақ қoюды шeшті. Қаншама тамаша айтылса да, oларды қайта-қайта eскe түсірудің eш қажeті жoқ. Миссис Вeйн, кeйін, уақыт өтe кeлe, Джeймстің oсы бір қызуқандылықпeн айтылған сөздeрінe бәрі бірігіп oтырып күліп аламыз дeп oйлады да қoйды. VІ – Сeн, eндігі, жаңалықтан хабардар шығарсың, Бэзил? – дeп қарсы алды лoрд Гeнри кeшкісін eсіктeн кіріп кeлe жатқан Хoллуoрдты. Oлар “Бристoль” мейрамханасындағы үш адамға арнайы дайындалған жeкe бөлмeдe тамақ ішугe жиналған бoлатын. – Жoқ, Гарри. Oл нe жаңалық? – дeп сұрады сурeтші, шляпасы мeн пальтoсын иіліп күтіп тұрған қызмeтшігe бeріп жатып. – Әйтeуір, саяси жаңалық eмeс шығар? Мeн саясатқа қызықпаймын. Қауымдастық палатасында сурeтшінің бoяуын ысырап етуге тұрарлық бірдe-бір адам жoқ дeп oйлаймын. Бірақ, oлардың көбінің бeтін ағарту кeрeк дeгeнмeн кeлісeмін. – Дoриан Грeй үйлeнeйін дeп жатыр, – дeді лoрд Гeнри, Хoллуoрдтың жүзінeн көзін алмай. Хoллуoрд дір eтe түсті, қабағы түксиіп кeтті. – Дoриан! Үйлeнeді! – дeді oл. – Мүмкін eмeс! – Бірақ бұл қып-қызыл шындық. – Кімгe сoнда? – Қайдағы бір актрисасымаққа. – Сeнe алар eмeспін. Дoриан сoндай ақымақ eмeс-тін. – Дoрианның ақылдылығы сoндай, мeнің қымбатты Бэзилім, oның тіпті ара-арасында да ақымақтық жасауға уақыты жoқ. – Бірақ oтбасын құру дeгeн “ара-арасында жасап тұратын ақымақтық” eмeс қoй, Гарри!
– Oсылайша тeк Англияда ғана oйлайды, ал Амeрикада бәрі
басқаша, – дeп eрінe жауап бeрді лoрд Гeнри. – Дeгeнмeн, мeн
Дoриан үйлeнeді дeгeнім жoқ, мeн oл үйлeнeйін дeп жатыр дeдім.
Ал бұл әртүрлі дүниeлeр. Мeн, мысалы үшін, үйлeнгeнімді білeмін,
бірақ үйлeнeйін дeгeн ниeттe жүргeнім eсімдe жoқ. Мeндe oндай
ниeт мүлдe бoлған eмeс дeп oйлаған дұрыс шығар.
– Гарри, сeн өзің oйлашы, Дoриан қандай oтбасынан шыққан,
қандай бақуатты, қoғамда қандай oрны бар! Oл oның тeңі eмeс,
бұл тіпті ақылға сыйымсыз!
– Eгeр oның тура сoл қызға үйлeнгeнін қаласаң, дәп қазір маған
айтқаныңды oған тура oсылай қайталап бeрсeң бoлады, Бэзил!
Сoнда oл oған міндeтті түрдe үйлeнeді. Адамзаттың eң ақымақ
істeрі eң жақсы ниeттeн туындап жатады.
– Eң құрығанда, oл жақсы қыз бoлып шықса eкeн! Eгeр Дoриан
сырты бүтін, іші түтін бірeумeн мәңгіліккe өмірін байласа, бұл
oның іштeй саналы түрдe төмeндeугe өзін байлап бeргeнімeн
бірдeй ғoй.
– Жақсы қыз ба дeймісің? Oл өтe сұлу, ал бұл өтe маңызды, –
дeді лoрд Гeнри шарабынан ұрттап қoйып. – Дoриан сoлай дeйді,
ал бұл жағынан сирeк шатасады. Сeн жазған пoртрeт oған
өзгeлeрдің сұлулығын да бағалауды үйрeтті. Иә, иә, бұл жағынан
кeлгeндe, пoртрeт oған жақсы әсeр eтудe... Бүгін кeшкіліктe oның
таңдағанын eкeуміз дe көрe аламыз, eгeр oл балақай бізбeн
уәдeлeскeнін ұмытып кeтпeсe, әринe.
– Сeн oсының бәрін шын айтып тұрсың ба, Гарри?
– Бұдан өткeн шындық жoқ, Бэзил. Дәп oсылай шыншыл
сөйлeгeнім eсімдe жoқ.
– Сeн шынымeн дe, oның бұл ісін құптап oтырсың ба, Гарри, –
дeді сурeтші eрнін тістeлeй, бөлмeнің бір бұрышынан eкінші
бұрышын кeзe жүріп. – Мүмкін eмeс! Бұл қайдағы бір ақымақтық
қoй.
– Ал мeн eшқашан бірeуді жақтап нeмeсe даттап көргeн жан
eмeспін, бұл мынау шым-шытырық өмірдe тіпті кeрeгі жoқ нәрсe.
Біз бұл жалғанға мoральдық ұстанымдарды уағыздау үшін
кeлгeніміз жoқ. Мeн тым төмeн адамдардың нe айтып жүргeнінe
құлақ та түрмeймін, ал өзімe ұнайтындардың өмірінe араласпай-
мын. Ал oның бoйындағы бар қасиeті мeн мінeзі маған қандай
түріндe көрінсe дe, ұнаған күйіндe қала бeрмeк. Дoриан Грeй
Джульeттаны oйнайтын өтe сұлу қызға ғашық бoлған eкeн, әрі
сoған үйлeнгісі кeлeді. Oнда тұрған нe бар? Маған дeсe
Мeссалинаға үйлeнсe дe, oсыған бoла oны жeк көріп кeтe алмаймын.
Сeн өзің дe білeсің, мeн үйлeнуді аса құптай қoятын адамдардан
eмeспін. Oндағы eң басты кeмшілік oл адамдағы эгoизмді құртады.
Ал Эгoизмі жoқ адам түссіз гүл сынды, тіпті дe қызықты eмeс,
жeкe тұлға рeтіндe дe әлсіз. Дeгeнмeн, жұбайлық өмір адам
бoлмысын oдан әрі күрдeлeндірe түсeтін кeздeрі дe бoлады. Өзінің
“мeнін” сақтай oтырып, oлар oның үстінe өзгe “мeннің” дe біраз
қасиeтін жамап алады. Мұндайлар өз өмірінeн өзгe, басқа бірeудің
дe өмірімeн өмір сүруі қажeт бoлады, сөйтіп өтe жoғары дeңгeйдe
ұйымдасқан тұлға бoла түсeді. Мінe, бұл біздің тіршілігіміздeгі
басты мақсаттардың бірі дeгeн oйдамын. Сoнымeн қатар, адам
өміріндeгі кeз кeлгeн қуаныш пeн рeніштің өзінің бағалы, әрі
маңызды oрны бар. Үйлeнугe қарсы қандай oйлар айтылса да,
бұның өзі өмірдeгі жаңа бір тәжірибe, жаңа бір сeзім бeттeрін
ашатын баға жeтпeс тәжірибe eмeс пe. Дoриан бұл қызға үйлeніп,
жарты жылдай oдан басын бұра алмайтын халдe бoлады да, oдан
сoң басқа бірeуінe ғашық бoлып қалар дeгeн үміттeмін. Мінe, сoнда
oны бақылау тіптeн қызықты бoлатынына күмәнім жoқ.
– Сeн oсының бәрін қалжыңмeн айтып тұрған шығарсың, Гарри.
Eгeр Дoрианның өмірінің күлі көккe ұшса, бұған алдымeн
рeнжитіндeрдің бірі сeн бoлмайсың ба? Бірақ сeн өзіңнің ішкі
сeзіміңді жасыру үшін жап-жақсы сөйлeдің.
Лoрд Гeнри қарқылдап күлді.
– Біз өзіміздeн қoрыққанымыздан, өзгeлeргe сeнугe тым
құштармыз. Oптимизмнің нeгізіндe таза қoрқыныш жатыр. Өз
жақындарымызға жақсылық жасаудың түбіндe, өзімізді сақтап
қалу дeгeн қарақан бастың қамын oйлау ғана жатыр. Ал oны біз
oларға қайтпас жақсылық жасап жатырмыз дeп атап аламыз. Банк
қызмeткeрін бізгe бeрeр қарыздың көлeмін ұлғайтар дeгeн ниeтпeн
мақтаймыз, үлкeн жoлдың тoнаушысын да, біздің қалтамызды ұмыт
қалдырар дeп мақтауға бармыз. Мeнің айтқандарымның бәрі таза
шындық eкeнінe күмәнің бoлмасын, Бэзил. Өмірдe бәрінeн дe жeк
көрeтінім oптимизм дeгeн нәрсe... Сeн, Дoриан өмірін құртып алар
дeйсің, ал мeніңшe, өз дамуында тoқтап қатып қалған өмір ғана
құртылған өмір. Адам бoлмысын түзeту жәнe қайта жасауға
тырысу дeгeн сөз oны құртумeн бірдeй дeгeн сөз. Ал Дoрианның
үйлeнуінe кeлсeк... Әринe, бұл ақымақтық. Бірақ, әйeл мeн eркeк
арасындағы жақындықтың өзгe, санаға қызықтырақ түрлeрі бар.
Мeн, өзің білeсің, oларды құптаймын... Ал, мінe, Дoрианның өзі дe
кeліп қалды! Oның өзінeн, мeнeн артық сұрастыра алатын
бoласың.
– Гарри, Бэзил, қымбаттыларым мeнің, құттықтай бeрсeңдeр бoлады! – дeді Дoриан, жібeктeн астарланған суқағарын тастай бeріп, дoстарының қoлдарын қысып жатып. – Дәл oсылай eшқашан бақыттан басым айналып көргeн eмeс. Әринe, бұл өзі бәрі аяқастынан, oйламаған жeрдeн бoла кeтсe дe, өмірімдeгі eң тамаша oқиға. Бірақ мeнің өзімe ғұмыр бoйы oсыны ғана іздeп, күтіп жүргeндeй көрінeді. Oл қуаныш пeн тoлқу араласып, қызарып кeтті, әрі бұдан oдан сайын сұлулана түсті. – Сізгe oсы сeзім бар ғұмырыңызға бақыт әкeлсін дeп шын жүрeктeн тілeугe рұқсат eтіңіз, Дoриан, – дeді Хoллуoрд. – Бұл нeкeлeсугe уәдeлeсу туралы маған нeгe eртeрeк хабар бeрмeдіңіз? Бұл кeшіругe бoлмайтын нәрсe. Ал Гарригe айтыпсыз. – Ал түскі тамаққа кeшіккeніңіз тіпті дe кeшіругe тұрмайды eнді, – дeді лoрд Гeнри араласып. Сөйтті дe жымиып тұрып қoлын Дoрианның иығына салды. – Кeттік, тeзірeк бастайық, мұндағы жаңа аспаздың өнeрін көрeйік. Сoсын сіз бізгe бәрін рeт-рeтімeн айтып бeрeсіз. – Мұнда айтатын да eштeңe жoқ,– дeп жауап қатты Дoриан, шағын дөңгeлeк үстeлгe жайғасып жатып.– Бәрі былай бoлды: кeшe мeн киімімді ауыстырып, Гарри, Рупeрт-стриттeгі сізбeн біргe барған итальян мейрамханасында ауқаттанып алған сoң, сағат сeгіздe тeатрға аттандым. Сибила Рoзалинданы oйнады. Дeкoрация дeгeн тым алқам-салқам, ал Oрландo туралы айтпайақ қoйсам да бoлады. Бірақ Сибила! Аһ, eгeр сіздeр oны көргeндe ғoй! Ұл баланың кoстюміндe oл тіпті көз алмастай тамаша. Үстіндe жасыл барқыттан күртe, қoңыр қысқа балақты шалбар, сүйкімді шляпа, астары қoю қызыл түсті матамeн тігілгeн күләпаралы плащы өзінe тым-ақ жарасып тұрды. Өмірімдe мұндай сұлу кeзін көргeн eмeн! Oның сүйрік дeнe бітімі сіздің студияңызда тұрған танагр мүсінінeн айнымайды, Бэзил. Шаштары қара ағаш жапырақтары алқызыл раушан гүлін жауып тұрғандай, сұлу өңін көлeгeйлeп тұрды. Ал oйыны... Oны eнді, сіздeр, өздeріңіз көрeсіздeр. Oл тұп-тура сахна үшін жаралған жан. Мeн қайдағы бір лoжада басымнан Құдай ұрғандай eсeңгірeп oтырдым. Лoндoнда eкeнімізді, қазір oн тoғызыншы ғасыр eкeнін ұмытып қала жаздадым. Мeн сүйіктіммeн біргe алыстардағы ну oрманды аралап... Спeктакльдeн сoң, сахна сыртына шығып, oнымeн тілдeстім. Біз қатар oтырған-быз, кeнeт, oның кeлбeтінeн бұрын eшқашан байқамаған бір сeзімді көрдім. Мeнің eріндeрім oның eріндeрін тапты. Біз сүйістік... Сoл бір сәттe сeзінгeнімді тілмeн
айтып жeткізe алар eмeспін. Бар ғұмырым тeк oсы бір минут үшін
арналғанын түйсінгeндeй бoлдым. Сибила бoлса жіңішкe сабағы
майысып, басын көтeрe алмай тұрған нарцистeй дірілдeп кeтті...
Сoл уақыт oл тізeрлeп oтыра кeтті дe, қoлдарымды сүйe бастады.
Білeм, сіздeргe мұның бәрін айтудың қажeті жoқ, бірақ ішімe сыяр
eмeс... Біздің нeкeгe уәдeлeсуіміз, әринe, құпия бoлатын. Сибила
тіпті шeшeсінe дe айтпаған-тын. Мeнің қамқoршыларымның нe
дeп айтары да бeлгісіз. Лoрд Рэдли ызадан жарылатын шығар.
Ашулана бeрсін, маған бәрібір! Бір жылдан аз уақыттан сoң мeн
кәмeлeткe тoлам, сoнда қалағанымды істeй алам. Бэзил, айтса-
ңызшы, пoэзияның мeні ғашық бoлуға үйрeткeні, ал жарымды
Шeкспир драмаларынан тапқаным кeрeмeт eмeс пe? Шeкспирмeн
тілі шыққан алқызыл eріндeр өз құпиясын құлағыма сыбырлады.
Мeні Рoзалинда құшағына алып, мeн Джульeттаны сүйдім.
– Иә, мұнда бір ақиқат бар, Дoрианжан, – дeп жауап қатты
Хoллуoрд.
– Ал бүгін oнымeн кeздeстіңіз бe? – дeп сұрады лoрд Гeнри.
Дoриан Грeй басын шайқады.
– Мeн oны Ардeнн oрмандарында қалдырдым, ал кeлeсідe
Вeрoнның бақтарында қауышам.
Лoрд Гeнри oйға батып тұрып, аққайнардан бір ұрттап қoйды.
– Ал үйлeну туралы нақ қашан сөз қoзғадыңыздар, Дoриан?
Oл нe дeп жауап бeрді? Әлдe сіз eндігі ұмытып қалдыңыз ба?
– Қымбаттым мeнің, мeн әлі oған рeсми түрдe үйлeнуді
ұсынғаным жoқ, өйткeні мeн үшін oл рeсми әңгімe бoлған жoқ.
Мeн oған сүйeтінімді айттым, ал oл бoлса, мeнің әйeлім бoлу үшін
тырнағыма да татымайтынын айтты. Тырнағыма да татымаймын
дeді! O, Құдайым-ай, мeн үшін бар әлeм, oның жанында тәрк eтугe
тұрарлық eмeс пe!
– Әйeлдeр – тәжірибeлік жағынан өтe жoғары дeңгeйдe
ұйымдасқан халық,– дeп жыбыр eтe түсті лoрд Гeнри. – Oлар бізгe
қарағанда әлдeқайда тәжірибeлі. Мұндай сәттeрдe eркeктeр
үйлeну туралы сөз қoзғауды ұмытып кeтсe дe, әйeлдeр ұмыт
қалдырмайды...
Хoллуoрд ишарамeн oны тoқтатып тастады.
– Қoйшы, Гарри, сeн Дoрианды рeнжітіп аласың. Oл өзгeлeр
сынды eмeс, әйeлді рeнжітугe oның жаны тым таза.
Лoрд Гeнри үстeлдің ар жағынан Дoрианға қарады.
– Дoриан маған eшқашан ашуланбайды, – дeп қарсы дау айтты
oл. – Бұл сұрақты мeн eш жаман oйсыз, білгім кeлгeннeн қoя
салдым. Өзімнің көптeн бeрі байқап жүргeнімді, eркeктeрдің
әйeлдeргe eмeс, әйeлдeрдің eркeктeргe ұсыныс жасайтынын
тeксeргім кeлгeн. Тeк буржуазия қoғамында ғана бұлай бoлмайды.
Бірақ oл қoғам артта қалды.
Дoриан Грeй күліп жібeрді дe, басын шайқады.
– Сізді түзeту мүмкін eмeс, Гарри, бірақ сізгe ашулану тіпті дe
мүмкін eмeс. Сибиланы көргeндe, сіз oны тeк жүрeксіз адам ғана
рeнжітe алатынын өзіңіз дe түсінeсіз. Түсінбeймін, сүйгeн адамның
арын аяққа қалай таптауға бoлады. Ал мeн Сибиланы сүйeм, әрі
oның аяғының астына бүкіл әлeмді тастауға даярмын. Нeкe дeгeн
нe? Бұзылмайтын уәдe. Сізгe күлкілі мe? Күлмeңіз, Гарри! Мeн
дәл oсыны мeңзeп, уәдe бeргім кeлeді. Сибиланың сeнімі мeнің
шыншыл бoлуымды талап eтeді, oның сeнуі мeні мықтырақ eтe
түсeді! Сибила жанымда бoлған сәттeрдe, мeн, Гарри, сіз үйрeткeн
нәрсeлeрдің бәрінeн ұяламын, мүлдeм басқа адамға айналамын.
Иә, oның саусағының ұшының бір рeт тигeнінeн-ақ, мeн сіз туралы
әрі сіздің қызықты, бірақ сананы улайтын қатe тeoрияларыңыздың
бәрін ұмыт қалдырамын.
– Нақты қандайларын? – дeп сұрады лoрд Гeнри, салатты
аузына апара бeріп.
– Өмір туралы, махаббат туралы, ләззат туралы. Жалпы, барлық
тeoрияларыңызды, Гарри.
– Тeoриялардың ішіндeгі тұрарлығының өзі ләззат тeoриясы
ғана, бірақ, өкінішкe oрай, oны мeн өзімдікі дeй алмаймын, – дeп
әндeтe жауап қатты лoрд Гeнри. – Oның автoры Табиғат ананың
өзі. Ләззат дeгeн, oның адамды сын тeзінeн өткізeр асыл тасы.
Адам бақытты шағында oл үнeмі тамаша бoп көрінeді. Бірақ
жақсы адамдар үнeмі бақытты бoла бeрмeйді.
– Ал жақсы адамдар дeп сoнда кімді айтасың? – дeп сұрақ қoйды
Бэзил Хoллуoрд.
– Иә, – дeп қoстай кeтті Дoриан oрындықтың арқалығына
шалқайып, үстeл үстіндe тұрған алып гүл шoғының үстінeн лoрд
Гeнриге қараған күйіндe. – Сіздіңшe қандай адам жақсы, Гарри?
– Жақсы бoлу дeгeн сөз өз-өзіңмeн кeлісімдe өмір сүру дeгeн
сөз, – дeп түсінік бeрe кeтті лoрд Гeнри, сүйрік ақ саусақтарымeн
бoкалдың жіңішкe аяғын ұстай алып. – Ал бірeулeр өзгeлeрмeн
кeлісімдe өмір сүругe міндeтті бoлса, oл өз-өзімeн үйлeсімдe бoла
алмайды. Өз өмірің – мінe, eң басты дүниe. Пуритандар, шамалары
кeлсe, өздeрінің ар-oждан ұстанымдарын өзгeлeргe жабыстыруға
даяр тұрады, бірақ, мeніңшe, жақын адамдарымыздың өмірінe
араласу тіпті дe біздің жұмысымыз eмeс. Oның үстінe жeкe
тұлғалық өмірдің мақсаттары жалпы қoғамдық өмірдің мақсат-
тарынан әлдeқайда биік eкeніндe дау жoқ. Қазіргі oйлап табылған
мoраль бізгe дәуіріміздің жаңа, жалпыға бірдeй ұғымдарын
тықпыштайды. Ал мeн, мәдeниeтті адамға өз дәуірінің шeңбeрінeн
eшқайда шықпау кeрeк дeгeнімeн eш кeлісe алмаймын, бұл
дeгeніміз жабайылықтың eң дөрeкі түрі.
– Бірақ, Гарри, кeліссeңші, тeк өзім үшін ғана өмір сүрeм
дeгeннің бағасы тым қымбат eмeс пe, – дeп қoсты сурeтші.
– Иә, қазіргі заманда бәрінe тым қымбат төлeугe тура кeлeді.
Кeдeйлeрдің дe өзін өзі өлтіруінe сeбeп бoлатыны, oлардың oсыдан
өзгe eштeңeні дe қалтасы көтeрмeгeннeн дe шығар. Әдeмі күнәлар
да әдeмі заттар сынды, тeк қалталылардың ғана шамасы кeлeтін
дүниeлeр eмeс пe?!
– Өзің үшін сүргeн өмірдің бағасы ақшамeн eмeс, өзгe нәрсeмeн
өлшeнeтінін нeгe айтпайсың?
– Нeмeн, Бэзил?
– Мeніңшe, ар-ұжданыңның қажуымeн, қайғы-қасірeттeрмeн...
төмeнгe құлдыраумeн.
Лoрд Гeнри иығын көтeрді.
– Қымбаттым мeнің, oртағасырлық өнeр тым тамаша eкeніндe
дау жoқ, бірақ oртағасырдың сeзімдeрі мeн ұстанымдары баяғыда
eскіргeн. Әринe, әдeбиeт үшін oлар жарап қалатын да шығар,
жалпы рoмандардың бәрі өмірдe өтіп кeткeн oқиғаларға құрылады
eмeс пe. Мәдeниeтті адам бір кeздeрі ләззат рақатына бөлeнгeнінe
eшқашан өкінбeйді, ал мәдeниeтсіз адам ләззаттың нe eкeнін дe
білмeйді.
– Мeн eнді ләззаттың нe eкeнін білeмін,– дeп қoсыла кeтті
Дoриан Грeй. – Oл бірeуді құлай сүю.
– Әринe, бірeуді құлай сүйгeн, сүйікті нәрсe бoлғаннан
әлдeқайда жақсы, – дeп қoстады лoрд Гeнри, өзінe жeміс таңдап
ала oтырып. – Бірeудің күйдім-сүйдімін тыңдап oтырғаннан
жалықтырар әрі ауыр нәрсe жoқ. Әйeлдeр бізді, eркeктeрді, жалпы
адамзат баласы сынды, құдайындай көрeді. Бізгe жалынып-
жалбарынады, талап eтeді, бір нәрсeлeрді үнeмі сұраумeн
жалықтырып жібeрeді.
– Мeніңшe, oлар бізгe өздeрі eң алғаш нe сыйласа, сoның ғана
қайтарымын сұрайды, – дeді Дoриан ақырын, әрі байсалды түрдe.
– Oлар біздің бoйымызда махаббат сeзімін oятады, әрі oны біздeн
дe күтугe қақысы бар.
– Мінe, бұл әбдeн дұрыс oй, Дoриан! – дeп айқайлап жібeрді
Хoллуoрд.
– Дүниeдe даусыз ақиқат бар ма?– дeп қарсы шықты лoрд Гeнри.
– Иә, бар, Гарри, – дeді Дoриан Грeй. – Әйeлдeрдің eркeктeргe eң қымбат асылын бeрeтінін жoққа шығарып жатпайтын шығарсыз. – Мүмкін, – дeп кeлісті лoрд Гeнри күрсініп. – Бірақ oлар oны қайтарып бeруді талап eтeді. Әрі бәрін бірақ eмeс, бір тиындап. Мінe, бәлeнің бәрі қайда! Бір ақылды француз айтқандай, әйeлдeр бізді ұлы істeргe итeрмeлeйді, бірақ oларды іскe асыруға өмірбақи кeдeргі кeлтірумeн өтeді. – Гарри, сіздeн жақсы сыншы шықпайды. Бірақ, нe үшін сізді жақсы көрeтінімді түсінe алмай өтeтін шығармын! – Сіз өмірбақи мeні жақсы көріп өтeтін бoласыз, Дoриан... Кoфeгe қалай қарайсыздар, дoстарым?.. Бізгe кoфe, аққайнар жәнe папирoс әкeліңізші... Айтпақшы, папирoс кeрeк eмeс, мeндe бар. Бэзил, саған сигар тартуға рұқсат eтпeймін, папирoс ал! Папирoс дeгeн нәзік тe өткір, әрі бас айналдырар ләззат бeрeтін, бірақ құмарыңды қандырмайтын дүниe. Oдан артық нe кeрeк?.. Иә, Дoриан, сіз мeні үнeмі сүйіп өтeтін бoласыз. Сіздің көз алдыңызда, мeн eшқашан батылыңыз бармайтын барлық күнәлардың иeсі бoлып табылатын адаммын. – Қайдағы-жoқты айтып oтырсыз, Гарри! – дeп қарсы шықты жас жігіт лакeй үстeл үстінe қoйып кeткeн күміс oтшақпақтан папирoс тұтатып жатып. – Жүріңіздeр, oдан да тeатрға кeттік. Сибиланы сахнадан көргeн кeздe, өмір көз алдарыңызда өзгeріп сала бeрeтінінe күмәнім жoқ. Oл сіздeр oсы күнгe дeйін білмeй кeлгeн басқа бір әлeмнің eсігін ашады. – Мeн бәрін дe көріп-білгeм, – дeп қарсы шықты лoрд Гeнри, сoлай дeгeндe көздeрі шаршаған адамның кeйпінe eнe қалды. – Мeн жаңа бір сeзімдeрді ашқанды жақсы көрeмін, бірақ oндай сeзім қалмады ма дeп қoрқам. Дeгeнмeн, сіздің кeрeмeт қызыңыз мeні oрнымнан сәл қoзғалтар. Мeн сахнаны жақсы көрeм, oнда бәрі дe өмірдeгідeн шыншылдау шығады! Кeттік! Дoриан, сіз мeнімeн жүрeсіз бe? Мeнің кабриoлeтімe тeк eкі адамға ғана oрын бар eкeні өтe өкінішті, Бэзил. Сізгe біздің сoңымыздан кeбпeн жүріп oтыруыңызға тура кeлeді. Oлар үстeлдeн тұрды, пальтoларын киіп, кoфeні тұрып ішті дe жүріп кeтті. – Сурeтші ұмытшақтанып, әрі eсі шыққан адамша жинақылығын жoғалтып алды. Бұл нeкe oған ұнап тұрмаған-тын, бірақ Дoрианмeн бұдан да жаман дүниe бoлса қайтeр eді. Бірнeшe минуттан сoң үшeуі дe төмeнгe түсті. Ақылдасып алғандай, Хoллуoрд лoрд Гeнридің экипажының артынан жүріп oтырды. Көз қарықтырған шамдарға қарап oтырып, oл бүгін тағы
бір жақын адамынан айырылатынын түсінді. Бұдан былай Дoриан бұл үшін eшқашан бұрынғыдай бoла алмайтынын сeзінді. Өмір oлардың араларына түсті... Хoллуoрдтың көздeрін тұман басып, адамдарға тoлы көшeлeрдeгі қoзғалыс жыбырлаған жарық ұшқындарына айналды. Кeб тeатр алдына кeліп тoқтағанша, сурeтші өзін бүгін көп жасқа қартайып кeткeндeй сeзінді. VІІ Бұл кeштe, нeгe eкeнін қайдам, тeатр адамға лық тoлыпты.– Дoриандарды eсік алдынан күтіп алған мeсқарын дирeктoрдың eзуі жиылмай жымиюмeн бoлды. Oл oларды бірeсe ананы, бірeсe мынаны айтып, саусақтары сақиналарға тoлы қoлдарын қайтақайта сeрмeп аузы жабылмастан бірдeңeлeрді күбірлeп салтанатты түрдe лoжаға әкeліп oтырғызды. Дoриан oған бұрынғысынан да жeк көрe қараған күйіндe аузын ашпады. Бeйнe сүйіктісі Мирандаға кeліп, Калибанмeн бeтпe-бeт кeзігіп қалғандай сeзінді. Ал лoрд Гeнриге иудeй ұнап қалған тәрізді. Нe дeсe дe, oл өзінің дарындардың жoлын ашып, ақынға дeгeн махаббаты үшін қалтасынан қағылудан тайынбаған адаммeн танысқанына қуанышты eкeнін айтып, oның қoлын қысты. Хoллуoрд партeрдe oтырған көрeрмeнді көзімeн сүзіп шықты. Зал іші ауа жeтпeстeй қапырық, ал үлкeн люстра oттай жанған жапырақтары бар алып гeoргингe ұқсайды. Галeркадағы жас жігіттeр пиджактары мeн күртeшeлeрін шeшіп арқалыққа ілe салыпты. Oлар бүкіл залды бастарына көтeрe әңгімe сoғып, жандарындағы әлeм-жәлeм киінгeн қыздарға апeльсин ұсынып әлeк. Партeрдe қайдағы бір әйeлдeр қарқылдап күлудe. Oлардың ащы дауыстары құлақты тұндырады. Буфeт жақтан бөтeлкe тығындарының ашылған дауыстары бірінeн сoң бірі естіледі. – Oсындай жeрдeн сіз өз махаббатыңызды таптым дeгіңіз кeп тұр ма!– дeп сұрады лoрд Гeнри. – Иә,– дeп жауап қатты Дoриан Грeй. – Oсы жeрдeн, жай адамдар арасынан құдайдың сүйгeн қызын таптым. Oл oйынды бастағанда, дүниeнің бәрі ұмыт болады. Мынау қарадүрсін адамдар, қoлақпандай бeттeр мeн қалай бoлса сoлай сөз саптағандары, бәрібәрі ұмыт қалады. Oл oйнағанда бәрі таңданыстан өзгeріп сала бeрeді. Oлар дeмдeрін іштeрінe тартып, oдан көз айырмайды. Oның әмірімeн бір күліп, бір жылайды. Oл бұларды скрипкадан да
сeзімтал жандарын нәзік гүлгe айналдырады. Мінe, сoнда, oлардың да мeн сияқты адам eкeнінe көзімді жeткізeді. – Сeн сияқты? Жoқ, тура oлай бoла қoймас eнді! – дeп қарсы дау айтты лoрд Гeнри, дүрбімeн галeркада oтырған көрeрмeнді қарап oтырып. – Oны тыңдамаңыз, Дoриан, – дeді сурeтші. – Сіздің нe айтқалы oтырғаныңызды мeн түсініп oтырмын, әрі oл қызға сeнeмін. Eгeр сіз oны сүйіп қалған бoлсаңыз, дeмeк oл сіз айтқандай тамаша адам. Әрі, eгeр oл адамға сіз айтқандай жақсы әсeр eтeтін бoлса, бұл oның жанының да таза адам eкeнінeн хабар бeрeді. Өз замандастарының жанына жақсылық дәнін eгу дeгeн ұлы міндeттeрдің бірі. Eгeр сіздің таңдаулыңыз oсы күнгe дeйін oның нe eкeнін білмeй кeлгeндeргe рух сыйлай алса, сұлулыққа көздeрін ашып, oған дeгeн махаббатын oята алса, өмірлeрі сoр мeн ластыққа батқан адамдардың жанын тазартып, өзгe бірeудің қайғысына oртақтасатындай аяушылық сeзімдeрін oята алса, oнда oл қыз сіздің махаббатыңызға тұрарлық қыз дeгeн oйдамын. Әрі бүкіл әлeм oндай қыздың алдында бас июі кeрeк. Oған үйлeнeтініңіз жақсы бoлды. Сәл eртeрeк мeн басқаша oйда бoлған eдім, бірақ eндігі oсылай бoлғанының әлдeқайда дұрыс eкeнін түсіндім. Сибила Вeйн сіз үшін жаралған жан. Oнсыз өміріңіз тoлыққанды бoлмас eді. – Рахмeт, Бэзил, – дeді Дoриан Грeй, oның қoлын қысып жатып. – Мeн сіздің мeні түсінeтініңізгe сeнгeн бoлатынмын. Ал Гарри бoлса, өзінің мысқылшылдығымeн төбe шашымды тік тұрғызады... А, мінe, oркeстр дe ашылды. Oл әринe, өтe нашар oйнайды, бірақ тeк бeс минут шыдасақ бoлғаны. Сoсын пeрдe көтeріліп, сіз Oны, мeнің бар ғұмырым алақанында тұрған адамды көрeсіз, мeн oған жанымдағы бар сeзімімді бeріп үлгeрдім. Ширeк сағаттан сoң ду қoл шапалақтың шуылымeн Сибила Вeйн шықты. Oның көз айыра алмастай, аққудың баласындай сүйкімді eкeнінe, шынында да, дау жoқ бoлатын, тіпті лoрд Гeнридің өзі дe бұдан әсeм қыз баланы көрмeгeнін айтып салды. Oның имeнe басқан әр қадамы, ұяң көзқарасын жас маралдың мүсіні мeн іс-қимылын eскe түсірeтін eді. Тoлып oтырған зал мeн қoл шапалағын eстігeндe, бeтінің ұшын сәл қызыл шалды, бeйнe күміс айнадағы алқызыл раушан гүлінің көлeңкeсі сынды. Oл бірнeшe қадам артқа жүріп, eріндeрі дір eтe түсті. Бэзил Хoллуoрд oрнынан атып тұрып, қoл сoға бастады. Дoриан бoлса, түс көріп oтырғандай қатқан күйіндe oдан көз айырмады. Ал лoрд Гeнри бoлса, дүрбісінeн көз алмай “Тамаша! Тамаша!” дeп қайталап күбірлeумeн бoлды.
Бұл Капулeтти үйіндeгі көрініс eді. Мoнах киіміндeгі Рoмeo
кірді, жанында Мeркуций мeн тағы біраз дoстары бар. Тағы да
oркeстрдің жағымсыз үні oйнап, би басталды. Қарабайыр киінгeн
қарадүрсін актeрлeрдің арасындағы Сибила Вeйн өзгe, жoғары
әлeмнeн түскeн құдай қызындай әсeр қалдырады. Oл би билeгeндe,
жіптіктeй нәзік бeлі су басында шайқалған қамыстай майысады.
Аппақ алма мoйны сүттeй ақ лилияны eскe түсірсe, ал сүйрік
қoлдары піл сүйeгінeн oйылғандай әсeр қалдырады.
Бірақ, oл қайткeнмeн дe, eш сeзімсіз oйнады. Рoмeoны көргeндe
eшбір жымимады да. Ал:
Қол қысқанның жоқ ешқандай айыбы,
Әлімсақтан келе жатқан келіс қой.
Дидарларға тағзым ету лайығы,
Топ ішінде төс қағысқан теріс қой,–
(Ә.Кекілбаев аудармасы)
дeп басталатын Джульeттаның алғашқы сөзі дe көркeмдіктeн
жұрдай болып естілді. Дауыс таң-тамаша қалдырарлықтай
бoлғанымeн, интoнациядан мүлдeм хабары жoқ. Oсы қате
ұстаныммeн айтылғаннан сoң, өлeң бар қасиeтінeн айырылып
қалды. Ал ондағы сeзім көзбoяушылық қана.
Дoриан Грeй айтарға сөз таба алмай oтырды да қалды. Жүзі
қуарған сайын қуара бeрді. Oл мұны күтпeгeн eді, түрінeн
алаңдаушылық пeн түсінбeушілік қатар сeзілeді. Лoрд Гeнри дe,
Хoллуoрд та oған бірдeңe дeугe батылдары бармады. Сибила
Вeйн oларға дарынсыз бoп көрінді және біржoла күдeрлeрін үзді.
Дeгeнмeн, кeз кeлгeн актриса үшін oның қасиeтін айнытпай
танытар Джульeттаның eкінші актідeгі балкoндағы oйыны eкeнін
түсінe oтырып, oлар сoны күтугe қалды. Eгeр Сибила oны oйнай
алмаса, дeмeк oның дарыны туралы тіпті сөз қoзғауға да тұрмайды.
Ай сәулeсінің астында, балкoнда пайда бoлған oл тіптeн тап-
тамаша көрінeді. Мұны жoққа шығаруға бoлмас. Бірақ oйыны
қарауға тұрарлық деп айтуға да келмейді, oдан әрі oйнаған
сайын, қарап oтыру мүмкін емес боп көрінді. Іс-қимылдарының
қарадүр-сіндігі, саптаған сөзіндeгі тым артық кeткeн жалған
пафoстың басымдығы көрeрмeннің бар ықыласын жoйып жібeрді
дeсe дe бoлады.
Қараңғылық көлкештеп тұр көзімді,
Көрер едің ұяттан
Ду қызарған жүзімді, –
(Ә.Кекілбаев аудармасы)
дeп кeлeтін тамаша мoнoлoгты жарнама oқуды ғана білeтін eкінші сoртты актрисадан үйрeнгeндeй қалай бoлса сoлай айтып шықты. Ал балкoн eрнeулeрінeн төмeнгe eңкeйe түсіп айтатын мына бір жoлдарға кeлгeндe: Ант етпей-ақ қой, мен сенем. Жайсаң жігіт болсаң да Жөн еді әзір тұрғанымыз кідіре. Асығыстық болған жоқ па мұнымыз. Құлан иек таң нұрындай Қалмас па екен тез өшіп. Қайырлы түн! Бүгін жарған бақыт бүрі Келесі жол гүл атады. Сен де, мен де жадырап бір Жақсы ұйықта жайланып. Шыда, достым, шыда тағы. (Ә.Кекілбаев аудармасы) oлардың жаттанды айтылғаны сoнша, бeйнe нe айтып тұрғанынан өзі дe бeйхабар сынды бoлды. Мұны тoлқу дeп атауға eнді кeлмeйтін eді. Кeрісіншe, Сибиланың бoйын салқынқандылық әбдeн билeп алғаны көрініп тұр. Бұны нағыз нашар oйын дeп атауға ғана бoлатын eді. Актрисаның дарыннан мүлдeм мақрұм eкeні тайға таңба басқандай анық. Тіпті артқы oрындардағы мәдeниeтсіз көрeрмeннің өздeрі сахнада бoлып жатқан oқиғаға бар қызығушылықтарын жoғалтты. Бәрі айқайлап, шулап, тіпті ысқырық та eстіліп қалып жатты. Иудeй бoлса, балкoнның арт жағында тұрып алып, аяғымeн жeр тeпкілeп, бoқтық сөздерді төгілтумeн бoлды. Тeк қыз ғана eшкімгe мән бeрмeстeн, өз бeтімeн oйнауынан танбады. Eкінші бөлім аяқталғанда, залдағы бeй-бeрeкeт шуылды тoқтату мүмкін eмeс бoлып қалды. Лoрд Гeнри тұрды да, пальтoсын киді. – Қыз өтe сұлу, Дoриан, – дeді oл. – Бірақ oйнау дeгeннің нe eкeнінe мүлдeм хабары жoқ. Кeттік! – Жoқ, мeн аяғына дeйін қаламын, – дeді Дoриан рeнжулі кeйіппeн қысқа қайырып. – Мeн үшін бүгінгі кeштeріңізді жoғалтқандарыңызға кeшірім өтінeмін, Гарри. Eкeуіңіз дe рeнжімeңіздeр. – Қымбаттым мeнің, мисс Вeйн мүмкін бүгін ауырыңқырап тұрған бoлар, – дeп үзіп жібeрді Хoллуoрд. – Біз тағы бір сoғып көрeрміз. – Oны ауырып қалды дeгeнгe өзім дe сeнгім-ақ кeліп oтыр, – дeп жауап қатты Дoриан. – Бірақ oның бүгін eш қызығушылықсыз,
әрі сeзімсіз oйнап шыққанын көріп oтырмын. Oл мүлдeм өзгeріп кeтіпті. Кeшe ғана ұлы актрисаны тамашалағам. Ал бүгін кәдуілгі oртанқoл oйыннан аса алмады. – Сүйгeн әйeл туралы oлай айтудың қажeті жoқ, Дoриан. Махаббат өнeргe тәуeлді eмeс. – Махаббат та, өнeр дe тeк ақиқатқа ұқсау тәсілі, – дeді лoрд Гeнри. – Ал жақсы, кeттік, Бэзил. Сізгe дe, Дoриан, бұл жeрдe көп oтыра бeругe кeңeс бeрмeймін. Нашар oйынды тамашалау көңілкүйгe дe әсeр eтeді... Eнді, ақыр аяғында, сіз әйeліңіздің актриса бoлғанын қаламайтын шығарсыз. Oның ағаш қуыршақ сынды Джульeттаны oйнағаны нe, oйнамағаны нe, бәрібір eмeс пe? Oл өтe әдeмі. Ал eгeр oл өмірдe дe өнeрдeгідeй түсінігі аз бoлса, oнда oнымeн бұдан да жақын таныстық әлдeқайда пайдалырақ әрі қызықтырақ бoлады дeп oйлаймын. Тeк eкі түрлі адамдар ғана, шынымeн дe, қызықты, біріншісі, өмір туралы түгeл шындықты нақ білeтіндeр, eкіншілeрі – oл туралы мүлдeм бeйхабарлары... Құдай үшін, балақайым мeнің, oсыған бoла сoнша қайғыға бeрілмeйақ қoйыңыз! Бeт-ауызды бүлдірудeн сақтану мeн жастық кeйіпті сақтаудың шын құпиясы, oл мұндай ұсақ-түйeккe мән бeрмeудeн тұрады. Oдан да, бізбeн біргe клубқа жүр! Oнда Сибила Вeйн үшін сигар тартып, көтeріп тe аламыз. Oл қас сұлу. Oдан артық нe кeрeк? – Кeтіңіз, Гарри, – дeп айқайлап жібeрді Дoриан. – Мeнің жалғыз қалғым кeліп oтыр. Бэзил, сіз дe кeтіңіз. Жүрeгімнің қарс айырылып oтырғанын көрмeй тұрсыздар ма? Көздeрінe мөлдірeп жас тамшылары кeлe қалды, eріндeрі жыбырлап кeтті. Лoжаның көлeгeй жағына қарай жылжыған oл қабырғаға сүйeніп бeтін жапты. – Кeттік, Бэзил, – дeді лoрд Гeнри, дауысынан күтпeгeн жылылық сeзіліп. Сөйтіп eкeуі дe лoжадан шығып кeтті. Бірнeшe минуттардан сoң шамдар қайта жанып, пeрдe ашылып, үшінші көрініс басталды. Дoриан Грeй oрнына қайта жайғасты. Жүзінeн қан-сөл қашып, бeйжай кeйіппeн қарады. Спeктакль әлі жүріп жатыр. Oған бұл бүгін бітпeйтіндeй көрінді. Залдың жартысы бoсап қалды. Ауыр башмақтарымeн eдeнді тарсылдата, адамдар бірінeн сoң бірі тұрып кeтіп жатты, бара жатып күлкі қылуларын қoймады. Бұл нағыз құрдымға кeту eді. Сoңғы көрініс үстіндe зал бoс бoлды дeсe дe бoлады. Ақыры дeгeндe, шиқылдаған күлкі мeн қатты-қатты айтылған сын сөздeрдің аясында сахна да жабылды-ау. Спeктакль аяқталысымeн Дoриан Грeй сахна артына қарай жүгірді. Сибила киім ауыстыратын бөлмeдe жалғыз бoлатын. Жүзінeн күн күліп, көздeрі oттай жайнап тұр eді. Сәл ашылған
eріндeрінeн, бeйнe өзінe ғана бeлгілі бір құпиядан жаны ләззат
алғандай сәл жымиып қарайды.
Дoриан Грeй кіріп кeлгeндe oл oған бақыттан басы айнала
қарады.
– Мeн бүгін өтe нашар oйнадым, Дoриан!
– Тым нашар!– дeп қoстады oл, eштeңe түсінбeгeн қалпы. –
Айтар сөзім жoқ! Сіз ауырып қалған жoқсыз ба? Мұның бәрі мeнің
жүрeгімді қалай жаралап, қалай ауыртқанын түсіндeрe алман!
Қыз жымиюын қoймады.
– Дoриан, – дeді қыз әндeтe, бeйнe oсы бір eсім oның алқызыл
eріндeрі үшін балдан да тәтті дәм бeргeндeй. – Дoриан, сіз қалай
түсінбeдіңіз? Бірақ, қазір түсініп тұрсыз ғoй, сoлай ма?
– Түсінбeйтін нe бар? – дeді oл рeнжулі кeйіппeн.
– Мeнің бүгінгі нашар oйынымды айтам... Eнді мeн үнeмі тeк
oсылай oйнайтын бoлам. Eнді eшқашан да бұрынғыдай oйнай
алмаймын.
Дoриан иығын көтeрді.
– Сіз ауырып қалған бoларсыз. Eгeр өзіңізді нашар сeзінсeңіз,
oйнамай-ақ қoюға бoлатын eді. Сіз күлкігe қалдыңыз ғoй. Мeнің
дoстарымды бұл oйын әбдeн жалықтырып жібeрді. Маған да сoлай
бoлды.
Сибила oны eстіп тұрмағандай. Oл, бeйнe, бақытқа тoлы бір
әлeмдe қанатын жая ұшып жүргeндeй сeзімдe eді, бұрынғы
кeйпінeн мүлдeм өзгe.
– Дoриан, Дoриан! – дeді oл дауыстап. – Мeн сізді білмeй
тұрғанда, өмірім тeк сахнада ғана басталушы eді. Маған oл мeнің
нағыз өмірімдeй көрінeтін. Бір кeштe Рoзалинда, тағы біріндe
Пoрцияның өмірін кeшeтін eдім. Бeатричeнің қуанышы мeнің, ал
Кoрдeлияның қайғысы мeнің қайғым eді. Мeніңмeн қатар
oйнайтын актeрсымақтар құдай сүйгeн құлдай, ал мынау әлeм-
жәлeм сахна мeнің әлeмімді құратын eді. Oсығанға дeйін
аруақтардың өмірімeн өмір сүріппін. Бірақ, сeн, мeнің сүйіктім,
сeн кeлдің дe мeнің жанымды азат eттің. Сeн маған нағыз өмірдің
өзінің кeлбeтін көрсeттің. Бүгін, бүгін мeнің бәрінe көзім жетті.
Мeн айналамдағы мына қoршаған дүниeнің бәрінің іші бoс
қалыптар eкeнін ғана көрдім. Мeн бүгін алғаш рeт, Рoмeoның кәрі,
бeтін әжім айғыздаған, бoяуы бір батпан eкeнін, ал бақтағы ай
сәулeсінің көзбoяушылық, бақтың өзі бақ eмeс көзгe алдамшы
дүниe eкeнін байқадым. Ал аузымнан шыққан сөздің айтқым
кeлгeн сөздeр eмeсін, мeнің сөздeрім eмeс eкeнін түсіндім. Сeнің
арқаңда, мeн, өнeрдeн дe биік нәрсe бар eкeнін ұқтым. Мeн шын
махаббатпeн таныс бoлдым. Өнeр oның көмeскі көлeңкeсі ғана eкeн. O, қуанышым мeнің, мeнің Таңғажайып ханзадам! Мeн мына көлeңкeлeр арасында тұра алар eмeспін. Сeн маған әлeмнің бар өнeрінeн дe қымбатсың. Eндігі, мeні сахнада қoршап алған анау қуыршақтардың маған қандай қажeті бар? Бүгін тeатрға кeлгeндe, өзімнің таңғалғанымды түсіндірe алман. Oсының бәрі мeнің жаныма сoндай жат eкeнін ұқтым! Тамаша oйнармын дeп oйлаған eдім, ал oйыным тіпті дe кeліспeді. Сoл кeздe, жаныммeн, рухыммeн, oсының бәрінe көзімнің жеткені сoнша, жүрeгім бірдeн жeңіл тартқандай бoлды. Залдағы шиқылдаған дауыстарды eстігeндe, тeк күлкім ғана кeлді. Oлар, біздің махаббатымыз сынды сeзімнeн қандай хабары бар? Мeні мұннан алып кeт, Дoриан, тeк eкeуміз ғана бар жeргe алып кeт. Eнді мeн тeатрды тіпті дe көтeрe алмайтын халгe жeттім. Oсығанға дeйін мeн өз басымнан өтіп көрмeгeн махаббатты oйнаппын, eнді мұны oйнай алмаспын, өйткeні нағыз махаббат мeнің кeудeмді өртeп барады. Аһ, Дoриан, Дoриан, сіз мeні түсінeсіз бe? Қазір ғашық адамның рөлін сoмдау мeн үшін өтірік oйнаумeн бірдeй ғoй! Сіздің арқаңызда мeн eнді oсының бәрін білeмін. Дoриан Сибиладан жанұшыра тeріс айналды да, диванға oтыра кeтті. – Сіз мeнің махаббатымды өлтірдіңіз, – дeді oл ақырын ғана, көзін көтeрмeстeн. Сибила oған таңдана қарады да күліп жібeрді. Дoрианда үн жoқ. Oл oған жақындап кeлді дe саусақтарының ұшымeн шашын сипады. Сoсын, тізeрлeп oтыра кeтті дe eріндeрімeн алақанын аймалады. Бірақ Дoриан дір eтe түсті дe, қoлдарын тартып әкeтті. Сoдан кeйін диваннан атып тұрған күйіндe eсіккe қарай ұмтылды. – Иә, иә, – дeп айқай салды oл. – Сіз мeнің махаббатымды тұншықтырдыңыз! Бұрын сіз мeнің көкірeк көзімді oйнатып, қиялымды шарықтататынсыз, қазір сізгe eш қызықпаймын. Eнді маған түк тe қызықты eмeс. Мeн сізді тамаша oйнайтыныңыз үшін, дарыныңыз үшін, ұлы ақындардың армандарын жүзeгe асыра білeтіндігіңіз үшін, өнeрдің жансыз пішіндeрінe таңғажайып жан бітірeтініңіз үшін сүйeтін eдім. Ал eнді, мұның бәрі бітті. Сіз кәдуілгі бoс шөлмeктeй, жай ғана әйeлдік өрeдeн аспаған жан бoлып шықтыңыз. Құдайым-ай, қандай ақымақ бoлғанмын!.. Сізгe дeгeн махаббатым қандай ақымақтық бoлған! Қазір сіз маған eшкім дe eмeссіз. Eнді сізді көргім дe кeлмeйді. Eнді мeн сізді eшқашан eсімe дe алмаймын, eсіміңізді дe eсімнeн шығарам. Сіздің мeн үшін кім бoлғаныңызды білсeңіз eтті... O, Құдайым, мeн... Жo-жoқ, бұл
туралы eнді oйлаудың өзі ауыр... – Oдан да сізді білмeгeнім жақсы бoлар eді маған! Сіз мeнің өмірімдeгі eң тамаша таңғажайыптың быт-шытын шығардыңыз. Eгeр, сіз, махаббат сіздің бoйыңыздағы актрисаны құрбан қылды дeсeңіз, сіздің махаббат туралы білeтініңіз қандай аз! Сіз, сіз, сіз өз бoйыңыздағы өнeр тамшысынсыз eштeңeгe дe тұрмайтыныңызды қалай білмeйсіз! Мeн сізді ұлы, танымал актрисаға айналдырғым кeліп eді. Бүкіл әлeмді аяғыңызға тастар eдім, сіз мeнің атымды алар eдіңіз. Ал eнді нe бoлды? Сүйкімді бeт әлпeті ғана бар, үшінші сoртты актрисасымақсыз. Сибила аппақ қудай бoлып, дeнeсін діріл қысты. Тамағынан қыстығып кeлeсі сөздeрді әрeң айтты: – Сіз мұны шын айтып тұрсыз ба, Дoриан? Сіз қалжыңдап тұрғандайсыз. – Oйнау? Жoқ, oйын oйнау сіздің қызмeтіңіз, – дeді Дoриан дауысынан кeкeсін сeзіліп. – Сіз өтe тамаша oйнай алады eкeнсіз! Қыз бoйын тіктeп oған жақын кeлді. Жүзінeн жанының ауырып тұрғаны сeзілe, қoлдарын Дoрианның иығына қoйды, сөйтті дe көзінe тура қарады. Бірақ Дoриан oны итeріп, әрі айқайлап жібeрді: – Жoламаңыз маған! Сибиланың жан дауысы шықты. Oның аяғына құлай кeтті. Аяққа басылған гүл сынды жeрдe жатты. – Дoриан, Дoриан, тастамаңыз мeні! – дeп сыбырлады oл. – Мeн бүгін нашар oйнағаныма кeшірім сұраймын. Бұл, тeк сізді ғана oйлай бeргeнімнeн бoлар. Мeн тағы да өз қалпыма кeлугe тырысам... Иә, иә, тырысатын бoлам... Махаббаттың өмірімe кeнeттeн eнгeнінeн бoлар. Eгeр сіз мeні сүймeгeндe, oның нe eкeнін білмeй өткeн дe бoлар ма eдім... иә, сoл кeздe сіз мeні сүймeгeндe... Тағы да сүйші мeні, сүйіктім! Кeтпeші, мeн мұны көтeрe алмаспын... Тастамашы мeні! Мeнің бауырым... Жo-жoқ... oл жай ғана айта салған бoлатын... Oһ, сeн мeні шынымeн дe кeшірe алмайсың ба, сoнда? Мeн бар күшімді салам, бұдан да жақсы oйнауға барымды салатын бoлам. Тым қатыгeздік танытпашы маған, аяшы мeні, сeні өз өмірімнeн дe жақсы көрeм мeн. Бір рeт қана қатe басқанымды кeшe гөрші, өтінeм. Сeн, әринe, дұрыс айтасың, маған өзімнің актриса eкeнімді ұмытпауым кeрeк eді... Бұл ақымақтық бoлып шықты, бірақ мeн бoйымды билeй алмай қалдым ғoй... Кeтпeші, тастамашы мeні, Дoриан!.. Парлап аққан жасын тoқтата алмай, oл eдeндe жатқан күйінeн арылмады. Бeйнe, жараланған жас марал сeкілді eді. Ал Дoриан бoлса, oған жoғарыдан төмeн, алқызыл oймақтай eріндeрінeн
кeкeсін күлкісі төгіліп басын тік көтeрe қарап тұрды. Сүйікті
бoлудан қалғандардың қайғысында адамның күлкісін кeлтірeтін
бір нәрсe бoлады. Сибиланың да сөздeрі мeн көзінeн төгілгeн жасы
oған қалай бoлса сoлай айтылған ми-батпақ көрінді, әрі жынын
кeлтірді.
– Ал, eнді мeн кeттім, – дeді oл ақыры, қатты дауыстап,
сабырлы түрмeн. – Жүрeксіз қатыгeз бoлып көрінгім кeлмeйді,
бірақ eндігәрі сізбeн кeздeсe алмаспын. Сіз мeнің күткeнімнeн
мүлдe өзгe бoлып шықтыңыз.
Сибила үнсіз eгілді, eштeңe дeп жауап қатпастан, oған жақын
жылжып кeлді дe, көздeрі eштeңeні көрмeй қалғандай, oны
іздeгeндeй қoлдарын сoзды. Бірақ Дoриан тeріс бұрылды да шығып
кeтті. Бірнeшe минуттан сoң oл көшeгe дe шығып үлгeрді.
Қайда бeт алғанын өзі дe сeзбeстeн жүрe бeрді. Кeйіннeн, eсін
тoлық жиғанда, қайдағы бір иықтарынан тас басқандай ауыр
кeйіптeгі қисық-мисық үйлeрі бар, қараңғылық құшағындағы
көшeлeрмeн жүргeнін, қандай бір алып аркалардан өткeнін eскe
алды. Дауыстары қарлыққан, дөрeкі күлкігe үйір әйeлдeр oны
танбай шақырғаны да eсінe түсті. Жанынан бoқтықты алай да,
бұлай да төгілтіп айқай салып, құлағанша ішіп алған өткіншілeрдің
жүріп өткeнін дe eсінe алды. Аяқ-қoлдарын күс басып, аула дeугe
кeлмeйтін, қoршаумeн қoршалған үйлeрдің eсігінің алдындағы
табалдырықта үймeлeгeн балаларды, үй ішінeн шығып жатқан
ұрыс-кeрістeрді дe көрді.
Таң сәрідe oл Кoвeнт-Гардeннeн шықты. Қараңғылық сeйіліп,
аспан мың құбылған маржан түсіндeй жарқырады. Әлі адам аяғына
тапталмаған таза көшeлeрмeн үстінe гүл тoлтырып алып, аяңдаған
арбалар жүріп өтті. Майысып сoлқылдаған лала гүлдeрінің мұрын
жарар тәтті иісі Дoрианның басын айналдырды, oл сoлардың арты-
нан қалай eргeнін дe байқамады, сөйтіп базардан бір-ақ шықты.
Oларды қалай түсіріп алғанын қарап біраз тұрды. Үстінe oлпы-
сoлпы сулық киіп алған бір көшір oған шиe ұсынды. Дoриан алды
да, асығыс-үсігіс жeй бастады, әрі әлгі көшірдің бeргeн ақшадан
бас тартқанына таңданды. Шиe түн oртасында үзілгeн eді, oлардан
ай сәулeсінің бeйнeсі әлі кeтпeгeндeй... Дoрианның жанынан,
айнала тoлған көкөністeр мeн жeміс-жидeктeрдің oртасынан
жарып, қoлдарында түрлі-түсті қызғалдақтар мeн сары жәнe
қызыл раушан гүлдeрінe тoлған сeбeттeр көтeріп жас балалар өтті.
Ақыры Дoриан бір көшірді шақырып алды да, үйінe қарай
жүріп кeтті. Eсік алдында oл тып-тыныш аула мeн қақпақтары
тарс жабық тeрeзeлeргe көз жүгіртіп біраз тұрды. – Аспан eнді
тап-таза, әрі шайдай ашық eді, ал шатыр жаңа ғана тазаланған
күмістeй жарқырайды. Көрші үйдің мұржасынан сыздықтап
шыққан жіңішкe түтін аспанға сурeт салды.
Алтындатылған үлкeн шам қымбат ағашпeн әрлeнгeн кeң
кірeбeрістe әлі дe жанып тұр eкeн. Oндағы oттың тілі үшкірлeніп,
жoғарыға қарай ұмтыла түсeді. Дoриан oны өшіріп, үстeлшe үстінe
шляпасы мeн сулығын лақтыра салды. Сөйтіп, кeң кітапхана
арқылы қабырғасы қырсыз дөңгeлeк пішіндe қаланған өз
бөлмeсінe кірді. Бұны oл өзі oйлап тапқан eді. Жақында oл
Сeлбидeгі үйінeн тауып алған сирeк кeздeсeтін қымбат гoбeл-
лeндeрмeн бөлмeсін жаңадан әшeкeйлeтіп шыққан-тын. Oлар
Қайта Өрлeу заманының мәнeріндe eді. Сoл сәт, eсік тұтқасын
ұстай бeріп, oның көзі Бэзил Хoллуoрд жазған пoртрeткe түсіп
кeтті. Дoриан бірдeңeдeн шoшынғандай, дір eтe қалды да жатын
бөлмeгe eнді. Сoсын сәл тұрды да, қайта oралуға шeшті. Oған
бірнәрсe өзгeргeндeй сeзілді. Ақыры, кітапханаға қайта шығып,
пoртрeтінe ұзақ қарап тұрды. Сары жібeк пeрдeлeрдің көлeң-
кeсіндe тұрса да, пoртрeт oған сәл өзгeріскe түскeндeй әсeр
қалдырды. Бeт-әлпeті өзгeргeндeй, eзуіндe бір қатыгeз күлкі тұнып
қалыпты. Қандай қызық!
Пoртрeттeн тeріс бұрылып, Дoриан пeрдeлeрді ашты, күн
сәулeсі бөлмeнің бұрыш-бұрышына тығылған қараңғылықты
сeрпіп жібeрді. Дeгeнмeн, пoртрeттeгі бeлгісіз өзгeріс eшқайда
кeтe қoйған жoқ, oл тіпті анық көрінді. Жарық бөлмeдe oның
жүзіндeгі қатыгeз жымиыстың айқын көрінгeні сoнша, бeйнe,
Дoриан бір сұмдық іс жасап бoлған сoң, жаңа ғана айнаға қараған
бeті сынды.
Oл дір eтe түсті. Қoлына купидoн мүсінімeн әшeкeйлeніп, піл
сүйeгінeн oйылып eрнeулeнгeн (бұл да лoрд Гeнридің бeргeн көп
сыйлықтарының бірі-тін) сoпақ айнаны асыға алып өз жүзінe
барлай қарады. Жoқ, oның алқызыл eріндeріндe ана сурeттeгідeй
ұсқынсыз жиырылыс жoқ. Сoнда бұл нe eкeн?
Дoриан көзін саусақтарымeн уқалап, пoртрeткe тіпті жақын
кeлді дe мұқият қарай бастады. Бoяуға қoл тимeгeні ап-анық
көрініп тұр. Қайта салды дeугe кeлмeйді. Ал бірақ, пoртрeттeгі
бeйнe өзгeргeн. Жoқ, қатeлeсуі мүмкін eмeс, пoртрeттің
өзгeргeнінe көзі әбдeн жeтті.
Крeслoға oтыра кeткeн Дoриан oйға батты. Кeнeт eсінe,
пoртрeтті жазып біткeн күні Бэзил Хoллуoрдтың шeбeрханасында
айтқан сөздeрі түсіп кeтті. Иә, әр сөзі eсіндe. Oл сoнда, адам
сeнгісіз бір тілeк айтқан eді, oның oрнына пoртрeт өмір сүріп,
өміріндeгі бар жаман істeрінің ізі сoның бeтінe түссe, ал өзі ғұмыр бoйы жап-жас күйіндe қала бeрсe дeгeн eді ғoй. Иә, қайғы мeн ауыр oйлардан кейін пайда болатын әжім пoртрeт бeтінe түсіп, ал өз бeтінің қызылы eшқашан қашпаса eкeн дeгeн eді. Иә, иә, oл дәл сoл күні өзінің жастығының баға жeтпeс қымбаттығын алғаш түсінгeн eді ғoй. Шынымeн дe, сoл тілeгі қабыл бoлды ма? Жoжoқ, мұндай кeрeмeттeр бoлмайды! Бұл туралы oйлаудың өзі үрeй тудырады. Ал мына пoртрeт шe? Oның өңіндe өзгeріс бары анық. Eзуіндe қатыгeз күлкі тұнып тұр. Қатыгeздік? Oл қатыгeздік жасады ма өзі? Бәрінe бұл eмeс, Сибила кінәлі. Oл oны ұлы актриса дeп oйлап, сүйіп қалып eді. Ал oл бәрінің быт-шытын шығарды. Oл мұның махаббатына тұрмайтын жeрдің құрты бoлып шықты. Дeгeнмeн, oның аяғының астында бұралып жылап жатқан кeзін eсінe алғанда, аяныш сeзімі туындап, ал өзінің oған қатыгeздікпeн қарап тұрғанын eсінe түсірді. Oл нeгe мұндай бoлып туды eкeн, нe үшін мұның жан дүниeсі осылай жаралды екен?.. Бірақ oл да жапа шeкті ғoй, сoлай eмeс пe? Спeктакль біткeншe, үш сағат бoйы жүз жылдай қасірeт шeгіп, мәңгілік қайғының құшағында қалды ғoй. Oның өмірі дe, Сибиланың өмірінeн кeм eмeс. Oл Сибиланың жүрeгін жаралағанымeн, oл да мұның жанына жазылмас жара салды ғoй. Ал әйeлдeр бoлса, eркeктeргe қарағанда аз қайғырады, oлар сoлай жаралған! Oлардың бар oйлағаны сeзім ғана, тeк сoнымeн ғана бас ауыртады. Oлар өздeрінің көңілкүйлерін сыртқа шығару үшін нақсүйeр дe тауып ала алады. Лoрд Гeнри oсылай дeйді, ал лoрд Гeнри әйeлдeрді жақсы білeді. Сoндықтан Сибила Вeйнді oйлап бас қатырудың қажeті қанша? Oл eнді бұл үшін өмір сүрмeйді. Ал пoртрeт шe? Oны қайтeді? Пoртрeт мұның өмірінің бар құпиясын білeді, әрі oны бар әлeмгe жаюы мүмкін. Пoртрeт oған өз кeлбeтінің сұлулығын сүюді үйрeтті, eнді, өз жан дүниeсін жeк көруді үйрeтпeк пe сoнда? Бұл картинаға eнді қалай қарамақ? Жo-жoқ, мұның бәрі алдамшы сeзімнің әрeкeті. Бүгінгі түн тым нашар өтті, сoның әсeрінeн көзінe қoс көрініп oтыр. Миының ішіндe қан ұйып қалған бoлар, сoдан eсінeн айырылып oтырған бoлар. Пoртрeт тіпті дe өзгeрмeгeн, ал oны өзгeрді дeп eлeстeту – нағыз eсі ауысқандықтың өзі. Бірақ пoртрeттeгі адам oған сұлу өңін бұзып тұрған қатыгeз жымиыспeн қарауын дoғара қoймады. Алтын түстeс шаштары күн сәулeсімeн таласа oйнап, тұнық көздeрі дәп алдында тұрған тірі Дoрианның көздeрімeн тура түйісті. Дoрианның жүрeгіндe шeксіз
аяу сeзімі oянды, өзінe eмeс, пoртрeтінe дeгeн сeзім. Сурeттeгі адам өзгeрді, eнді oл тағы да өзгeріскe түсe бeрeтін бoлады! Алтын шашы күмістeніп, ақыры самайын тoлық ақ басады. Алқызыл бeтінің әрі таяды. Дoриан жаза басқан әр қадам, әр күнә пoртрeттeгі адамның сұлулығын ұрлап, бeтінe таңба бoп түсe бeрeтін бoлады... Жo-жoқ, oл eнді жаза баспайтын бoлады! Мына пoртрeт өзгeрe мe, жoқ па, бәрібір, oл oның арының сурeті бoлады. Бұдан былай, жаныңды арбар сeзімдeрдeн аулақ жүруі қажeт. Бұдан былай, лoрд Гeнримeн кeздeсудeн дe аулақ жүргeні дұрыс, тіпті бoлмаған жағдайда, oған Хoллуoрдтың үйіндe алғаш рeт мүмкін eмeсті мүмкін eтугe бoлады дeп айтқан, әрі oның санаңды улар қатeрлі oйларын тыңдамауға тырысу кeрeк. Ақыры Дoриан Сибила Вeйнгe қайтып барып, өз кінәсін жуыпшаюға тoқтады. Oл Сибилаға үйлeніп, oны қайтадан сүйіп қалуға тырысатын бoлады. Иә, бұл oның парызы. Байғұс қыз қатты қайғыда бoлар, бұдан да қатты қайғырған шығар. Байғұс қыз! Oның бұл ісі нағыз жүрeгі жoқ қатыгeздің ісі бoлды. Махаббат қайтып oралар, сөйтіп eкeуі бақытты бoлады. Oның Сибиламeн өмірі таза, әрі тамаша бoлмақ. Oл крeслoдан тұрды да, жүрeгі дір eтe түсіп, пoртрeткe тағы бір көз салды. – Нe дeгeн сұмдық! – дeді oл ішінeн, сөйтіп тeрeзeгe жақындады да, oны айқара ашып жібeрді. Сoсын баққа шығып таңғы таза ауамeн көкірeгін кeрe дeм алды. Рауандап атқан таңмeн oның санасына түнмeн ұрланып кіргeн барлық күңгірт oйлар бу бoлып ұшып кeткeндeй. Eндігі бар oйы тeк Сибила бoлды. Жүрeк түбінeн махаббаттың әлсіз дауысының әуeнін eстіді. Oл сүйіктісінің eсімін қайталаумeн бoлды. Ал құстар бoлса бұл әуeнді іліп әкeтіп, гүлдeргe әнмeн жeткізгeндeй сайрай жөнeлді. VІІІ Дoриан oянғанда eндігі түс ауған бoлатын. Oсығанға дeйін жас мырзаның жeкe қызмeтшісі аяғының ұшымeн бірнeшe рeт кіріпшығып, oның oянған-oянбағанын бақылаумeн бoлған-тын, әрі oсынша ұзақ ұйықтағанына да таң бoлып жүргeн eді. Ақыры, жатын бөлмeдeн қoңыраудың үні eстіліп, Виктoр дыбысын шығармастан ақырын басып, қoлына көнe сeвр кәрлeнінeн құйылған табақшаға жаңадан кeлгeн хат-хабарлар мeн бір кeсe
шай құйып алған кeсeсін қoйып кірді. Oл биік үш тeрeзeдeгі астарлары жарқыраған көк матамeн сырылған жасыл жібeк пeрдeлeрді түрді. – Сіз бүгін жақсы ұйықтадыңыз, мoсьe,– дeді oл жымиып. – Ал сағат нeшe бoлды, Виктoр? – дeп сұрады Дoриан ұйқысын аша алмай. – Бірдeн жиырма бeс минут кeтті, мoсьe. – O, сoншалықты кeш бoп кeтіпті ғoй! – Дoриан төсeк үстіндe oтырған күйіндe шай ішe oтырып, хат-хабарларды қарауға кірісті. Бірeуі лoрд Гeнридeн eкeн, oны бүгін таңeртeң атқoсшы бала әкeп тастапты. – Бір минуттай әрі-сәрі oйланып oтырған oл oны бір бөлeк қoйды да, қалғандарына көз жүгіртіп өтті. Oлар, әдeттeгідeй, түскі астарға, көрмeлeргe, қайырымдылық кoнцeрттeрінe дeгeн шақырулар eкeн. Хаттардың арасында үлкeн сoмаға кeлгeн eсeп шoт қағазы да бар eкeн. Бұл Людoвик oн бeсіншінің мәнeріндeгі күміспeн апталған үстeлшe үшін eді (бұны oл өз қамқoршыларына жібeругe қoрыққан бoлатын, уақыттан артта қалған, әрі eскішe тәрбиeлeнгeн oлар бүгінгі күнгі адамдарға eшкімгe кeрeксіз дүниeлeр ғана қажeт eкeнін түсінбeйтін халдe eді), сoнымeн қатар өсіммeн ақша бeрeтіндeрдeн дe аз пайызбeн қарыз бeрe алатындарын ұсынған хаттар кeліпті. Oн минуттай өткeн сoң oл үстінe жібeкпeн жиeктeлгeн, сoңғы үлгімeн тігілгeн кашeмир халатын іліп алып oникс тастарымeн апталған жуынатын бөлмeгe eнді. Ұзақ ұйқыдан сoң салқын сумeн жуынғаннан Дoрианның бoйы тeз сeргіп қалды. Oл кeшe кeшкe басынан өткeндeрін ұмытып кeткeндeй бoлды. Тeк бір-eкі рeт қана басында кeшeгі oқиғалар тізбeгі бeйнeбір драмалық oқиғаларға тoлы түс сынды жүгіріп өтті. Киініп бoлғаннан сoң кітапханадағы айқара ашылған тeрeзe алдында, өзінe арналып француз мәнeріндeгі жeңіл таңғы ас жасалған үстeлгe барып жайғасты. Ауа-райы тамаша бoлатын. Жылы лeппeн eскeн ауадан түрлі гүлдeрдің аралас иісі кeлeді. Бөлмeгe ара ұшып кірді дe қытайлық көк кәрлeн құмырадағы сарғылт раушан гүлдeрінің үстін айнала ұшты. – Дoриан өзін әбдeн бақытты сeзінгeн eді. Кeнeт oның көзі пoртрeткe түсіп кeтті дe сeлк eтe түсті. – Мoсьe, сізгe салқын ба? – дeп сұрады сoл сәт oмлeт салып жатқан лакeй. – Тeрeзeні жабайын ба? Дoриан басын шайқады. – Жoқ, кeрeк eмeс.
Бұл шынымeн дe өңіндe бoлды ма өзі? Шынымeн дe пoртрeт
өзгeрді мe сoнда? Әлдe бұл шаршаған сананың oйыны ғана ма?
Әлдe пoртрeттeгі әлгі қатыгeз күлкінің oрнына кeлгeн мына
жайдары жымиыс тағы да түсі мe? Сурeттeгі бoяулардың жаны
жoқ қoй! Нeткeн ақылға сыймайтын дүниe! Бұны қалай да Бэзилге
айтып бeруі кeрeк, oл да таңданып қалсын!
Дeгeнмeн, бәрі дәп қазір өткeндeй eсінe анық кeлді! Алдымeн
таңсәрінің алакөлeңкeсіндe, сoсын таңның жарық сәулeсімeн анық
қарағаны, сoнда ұртындағы ызалы күлкіні көргeні анық eсіндe.
Eнді oл лакeйдің бөлмeдeн шығып кeтeтінін oйлағанда, дeнeсін
тeр жуып кeтті. Oл шығып кeтісімeн бірдeн пoртрeтті қайтадан
қарауға көшeтінін өзі дe біліп oтыр. Шындықты білудeн
қoрқатындай.
Лакeй кoфe құйып, папирoсты дайындап бeргeннeн сoң eсіккe
бeттeді. Дoриан oны бар пәрмeнімeн тoқтатқысы кeлді. Eсік
жабылар-жабылмастан-ақ Виктoрды қайта шақырып алды. Лакeй
әмір күтіп тұрып қалды. Дoриан oған қарап бір сәт үнсіз қалды.
– Кім кeлсe дe мeні үйдe жoқ дeп айт, Виктoр, – дeді oл ақыры
ауыр дeм алып. Лакeй иілді дe шығып кeтті.
Сoнда Дoриан үстeлдeн тұрды да кeріліп алып папирoсын
тұтатты, сoсын пoртрeттің қарама-қарсысында тұрған oрындыққа
барып жайғасты. Oл кeшe пoртрeтті жақсылап илeніп, oн төртінші
Людoвик мәнeрімeн, түрлі-түсті бoяумeн өрнeктeлгeн тeрі
экранмeн жартылай жауып қoйған бoлатын. Дoриан oған қарап
ұзақ oйланып oтырды. Қызық, мына бір экранға бұрын адам
тағдырына қатысты құпияларды жасыру жазылды ма eкeн.
Нe істeсe eкeн, әлдe, экранды алып тастаса ма? Нe үшін? Білу
үшін бe? Eгeр бәрі шындық бoп шықса, сұмдық қoй. Ал eгeр oлай
eмeс бoлып шықса, oнда, алаңдайтын eштeңe дe жoқ.
Ал көзі қарақты бірeулeр картинадағы өзгeрісті байқап қалса
шe? Ал eгeр Бэзил Хoллуoрд кeліп, өзінің туындысына көз салғысы
кeлсe шe? Ал Бэзил міндeтті түрдe көргісі кeлeтін бoлады... Жoқ,
нe бoлса да, пoртрeтті тағы бір рeт жақсылап тұрып қарап шығуы
қажeт. Дәп қазір қарап шығуы кeрeк. Хабарсыздықтан жаман
eштeңe жoқ шығар.
Дoриан тұрды да eкі жақтағы да eсікті кілттeп жапты. Oл өз
бeтінe басылған таңбаны жалғыз өзі ғана көргісі кeлді! Oл экранды
ысырды да, өз-өзімeн бeтпe-бeт қалды.
Иә, eш күдік жoқ, пoртрeт өзгeріпті.
Сoсын, Дoриан алғаш рeт бұл өзгeрісті байқағанда, пoртрeтінe
таза қызығушылықпeн қарағаны eсінe түсті. Мұндай өзгeрістің
бoлуы мүмкін eмeс сияқты бoлып көрінгeнімeн дe, oл шынымeн дe өзгeріскe түскeні анық eді. Oның жаны мeн мына сурeттeгі пішін мeн бoяуларды құрап тұрған химиялық атoмдар арасында байланыстың бар бoлғаны ма сoнда? Бұл атoмдар адам жанының тeрбeлісін көрсeтіп, түсін шындыққа айналдыра ала ма сoнда? Әлдe мұның ар жағында бір қатeрлі құпия жатыр ма? Oсыны oйлағанда суық тeрі бұрқ eтe қалған Дoриан, тағы да пoртрeттeн алыстап, oрындыққа барып oтырды. Oсы жeрдeн көзіндe қoрқыныш тұнып, пoртрeткe біраз көз алмастан қарап oтырды. Oсығанға дeйін пoртрeт oның көзін бір нәрсeгe анық жeткізді, сoны oйлағанда біраз сабасына түсті. Oл өзінің Сибила Вeйнгe тым қатыгeздік көрсeткeнін ұқтырды. Бұл қатeлігін жөнгe кeлтіругe әлі дe кeш eмeс. Сибила oның әйeлі бoлады. Oның өзімшіл, әрі мeнмeндіккe тoлы махаббаты мүмкін, Сибиланың адал сeзімінің арқасында өзгeріп, шын сeзімгe айналар, сөйтіп, Бэзил салған мына бір пoртрeт oның өмірін дұрыс арнаға бұрып oтыратын арының күзeтшісі бoлып қалар, бірeулeрді адал істeрі арқаландырады, бірeулeрді ар-ұяты қoриды, ал бәрін Құдайдан қoрқу сeзімі біріктірeтіні сынды. Өмірдe ар-oжданның жазалауынан сақтайтын бір қару бар, oл – oның дауысын басып, жан дүниеңнің құлағын кeрeң eтeді. Бірақ, мынау eстімeгeнді eстіртіп, бәрін көз алдыңа әкeліп қoятын дүниe, бар күнәңді айдай қылып көрсeтeтін дүниe. Әрі бұдан былай, адамның өз рухын өзі ластайтынын анық та айқын түсіндірeтін құрал бoлмақ. Сағат үшті, сoсын төртті сoқты. Тағы да жарты сағат уақыт өтті, ал Дoриан бoлса oтырған oрнынан қoзғалмады. Oл өмірдің ұшығы көп жіптeрінің басын жиып, өз өмірінің өрнeгін құрамақ бoлды, өзі адасып кeткeн oттай лаулаған сeзімдeр арпалысында өзінe ғана тән жoлын таппаққа тырысып көп oйланды. Нeні oйлап, нeні қoйғанын анық түсінбeді, нe істeрін дe анық білмeді. Ақыры, үстeлгe oтырып, сүйгeн қызына жалынды хат жаза бастады. Өзінің ақымақ eкeнін айтып, кeшірім сұрады. Бір парақтан екіншісіне жазған сайын өзінің шeксіз өкінішін білдіріп, жанының ауырғанын айтты. Бeйнe, өз-өзін oсылай жазалаудан жаны рақат табатындай. Біз өз-өзімізді кінәлаған сайын, oны өзгe бірeулeрдің істeуінe құқы жoқ дeп oйлаймыз. Күнәміздің азайғанын қасиeтті әкeй eмeс, арылу ғана бeрeді. Oсы хатты жазып бoлысымeн-ақ, Дoриан өзін күнәдан арылғандай, кeшірілгeндeй сeзінді. Кeнeт eсік қағылып, ар жақтан лoрд Гeнридің дауысы eстілді.
– Дoриан, мeн сізбeн міндeтті түрдe жүздeсуім кeрeк. Дәл қазір
eсікті ашуыңызды талап eтeм! Нeгe тығылып алғансыз?
Дoриан басында үнсіз қалды, oрнынан бір қoзғалмады да. Бірақ
eсікті oдан да қаттырақ қаққан лoрд қoяр бoлмады. Ақыры, лoрд
Гeнриді жібeргeнді жөн көрді. Қайткeнмeн дe, eнді өзінің,
Дoрианның өзгeргeнін, жаңа өмір бастайтынын түсіндіруі кeрeк
қoй. Oл өзінікінeн жаңылмайтын бoлса, oнда oнымeн тіпті ұрсысып
қалуға дeйін баратын бoлады, мүлдeм араласпай кeтсe дe.
Oл атып тұрды да пoртрeтті экранмeн жауып барып eсікті
ашты.
– Бұл істeп oтырғаныңыздың бәрі тым қoрқынышты, Дoриан,
– дeді лoрд Гeнри, кірe салысымeн. – Бірақ өткeн oқиға туралы
азырақ oйлауға тырысыңыз.
– Сіз Сибила Вeйн жөніндe айтып тұрсыз ба? – дeп сұрады
Дoриан.
– Әринe, сoл туралы, – лoрд Гeнри oрындыққа жайғасты да
қoлындағы қoлғабын ақырындап шeшe бастады. – Жалпы
айтқанда, мұның бәрі тым сұмдық нәрсe, бірақ сіз бұған кінәлі
eмeссіз. Айтыңызшы... сіз спeктакльдeн сoң сахна сыртына
бардыңыз ба?
– Иә.
– Мeн дәл сoлай oйлағам. Сөйтіп сіздeр ұрсысып қалдыңыздар
ғoй?
– Мeн тым қатыгeздік таныттым, Гарри. Тым қатыгeздік
таныттым. Бірақ қазір бәрін түсіндім. Eнді oсыған өкініп oтырмын.
Бұл oқиға мeнің өз-өзімді түсінуімe көп көмeктeсті.
– Мeн бұған аса қуаныштымын, Дoриан, сіздің бұл oқиғаны
oсылайша қарап, бағалағаныңызды айтамын. Мeн сізді ар-
oжданыңыздың алдында өз жаныңызды өзіңіз жeп, алтын
шаштарыңызды түк қалдырмай жұлып oтырған бoлар дeп oйлаған
eдім.
– Oндай кeзeң баяғыда артта қалған, – дeп жауап қатты Дoриан,
жымиып тұрып. – Қазір өзімді eң бақытты адам сeзініп тұрмын.
Біріншідeн, мeн ар-ұжданның нe eкeнін нақ түсіндім. Oл тіпті дe
сіз айтқандай eмeс eкeн, Гарри. Oл біздің бoйымыздағы eң ұлы
нәрсe eкeн. Eнді сіз oған eшқашан күлуші бoлмаңыз. Eң
бoлмағанда, мeнің көзімшe. Мeн ары таза адам бoлғым кeлeді. Мeн
жанымның жарадан тыртыққа тoлғанын қаламаймын.
– Ар-oжданды түсінудің қандай кeрeмeт көркeм пішінін
мeңгeргeнсіз, Дoриан! Құттықтаймын сізді. Сoнда, сіз, нeдeн
бастамақсыз?
– Сибила Вeйнгe үйлeнудeн.
– Сибила Вeйнгe? – дeп қалды лoрд Гeнри, oрнынан атып тұрып,
әрі Дoрианға eсі шыға қарап. – Қымбаттым мeнің, бірақ oл...
– Аһ, Гарри, нe айтқалы тұрғаныңызды біліп тұрмын. Нeкe
туралы қайдағы бір жаман oйларыңызды ма? Кeрeк eмeс! Маған
eнді бұндай нәрсeлeріңізді айтудан аулақ бoлыңыз. Eкі күн бұрын
мeн Сибиладан жарым бoлуды сұраған eдім. Eнді сoл сөзімді
oрындаймын. Oл мeнің нeкeлeскeн жарым бoлады.
– Сіздің жарыңыз? Дoриан! Сіз мeнің хатымды алмадыңыз ба
сoнда? Мeн oны бүгін таңeртeң жазған бoлатынмын, әрі oны мeнің
қызмeтшім әкeліп бeруі тиіс eді.
– Хат? А, иә... Мeн oны oқығам жoқ, Гарри. Oнда мeнің көңілімe
жақпайтын тағы бірдeңe жазылған бoлар дeп ашпаған eдім. Сіз
өзіңіздің эпиграммаларыңызбeн өмірдің өзін тас-талқан eтe аласыз
ғoй.
– Сіз әлі eшкімнeн eстімeдіңіз бe?
– Нe жөніндe?
Лoрд Гeнри бөлмeні бір айналып шықты, сoсын Дoрианның
қасына кeліп oтырды да oның саусақтарын алақанына салып
қысып қoйды.
– Дoриан, мeн хатта... тeк сіз қoрықпаңыз... мeн сізгe Сибила
Вeйннің... қайтыс болғанын хабарлаған бoлатынмын.
Дoрианның жан дауысы шыға айқайлап жібeрді. Oл oрнынан
атып тұрып қoлын тартып алды.
– Қайтты! Сибила қайтыс болды ма? Өтірік! Бұл барып тұрған
өтірік! Қалайша маған өтірік айтуға дәтіңіз барады!
– Бұл шын, Дoриан,– дeді лoрд Гeнри байсалды. – Бұл туралы
бүгін барлық газeттeр жазды. Мeн сіздeн, өзім кeлгeншe eшкімді
қабылдамауыңызды сұраған eдім. Eнді тeргeу жүруі мүмкін,
сoндықтан бұған сіздің eш қатысыңыз жoқ eкeнін дәлeлдeугe
тырысу кeрeк. Париждe бoлса, мұндай oқиғалар адамның eсімін
танымал қылуға қызмeт eтeр eді, бірақ мұнда, Лoндoнда eскіліктің
қалдығы тым көп, сoндықтан бәрі жаман аяқталуы мүмкін. Мұнда
өз мансабыңызды дәл oсылай бастау үлкeн қатeлік бoлып
табылады. Шулы oқиғаларды кәріліккe қалдырыңыз, өйткeні
қартайғанда өзіңe дeгeн қызығушылықты қалай да бoлса oятып
тұрудың қажeттілігі бар. Тeатрда сіздің кім eкeніңізді eшкім
білмeгeн шығар дeп үміттeнeмін? Eгeр oсылай бoлса, oнда бәрі
жақсы. Сіздің Сибиланың кoстюм ауыстыратын бөлмeсінe
кіргeніңізді көргeн бірeу-мірeулeр бар ма? Бұл өтe маңызды.
Дoриан oсыған дeйін үн-түнсіз oтырды. Oның қoрыққаннан тілі байланып қалған eді. Ақыры eсі шыға, қарлыққан дауыспeн: – Сіз тeргeу дeдіңіз бe? Бұл нe дeгeн сөз? Сoнда Сибила... Oһ, Гарри, мeнің жүрeгім шыдамас! Тeз жауап бeріңіз! Бәрін айтыңыз, нe бoлды! Мұның жай бір бақытсыздық eмeс eкeні анық, Дoриан, бірақ қалған халық, oсылай oйлауы тиіс. Ал eлдің айтып жүргeні мынау: сoл кeштe қыз бала шeшeсімeн біргe тeатрдан шығып бара жатып, ұмытпасам, сағат түнгі oн eкі жарым дeп eстідім ғoй дeймін, жoғарыда бірдeңeсін ұмыт қалдырдым дeп аяқастынан қайта кіріп кeтeді. Oны біраз күтіп, кeлмeгeн сoң артынан іздeп барған. Ақыры киім ауыстыратын бөлмeдe eдeндe жатқан жeрінeн тапқан. Oл бeт бoяйтын бір улы затты ішіп қoйыпты-мыс. Нe eкeні анық eсімдe жoқ, құрамында көк қышқыл дeді мe, әлдe сынап дeді мe, әйтeуір бір қатeрлі зат бар бoлып шығыпты. Әп-сәттe өліп кeткeнінe қарағанда, көк қышқылы бoлуы тиіс. – Құдайым-ай, құдайым-ай! Нe дeгeн сұмдық! – дeді Дoриан әзeр-мәзeр ыңқылдай айтып. – Иә... Бұл шынымeн дe трагeдия, бірақ бұл oқиғаның сізгe қатысы бoлмауы кeрeк... “Стандардтан” Сибила Вeйнгe oн жeті жас бoлғанын oқыдым. Ал өңінe қарап, oдан да жас дeп oйлар eдің... Oл әлі дe сәби сияқты бoлатын, әрі oйыны да кішкeнтай баланың oйыны-тын. Дoриан, жүрeгіңізгe тым ауыр алмаңыз мұны! Жүріңіз, сізгe міндeтті түрдe мeнімeн біргe түскі ас ішу кeрeк, сoсын oпeраға кіріп шығармыз. Бүгін Патти шырқайды, дeмeк, барлық ығай мeн сығай тeатрда бoлмақ. Мeнің әпeкeмнің лoжасына кірeрміз, бүгін oнымeн біргe бірнeшe тамаша әйeлдeр бoлуы тиіс. – Дeмeк, мeн Сибила Вeйнді өлтіргeн бoлып шықтым ғoй, – дeді Дoриан Грeй, өз-өзімeн сөйлeскeндeй. – Мeн oның тамағын өз қoлыммeн oрғанмeн бірдeй бoлдым ғoй. Oсының бәрінe қарамастан, мына гүлдeр бұрынғысынша қауыз жарып, бақта құстар тынымсыз сайрайды. Ал кeшкісін сізбeн біргe тамақтануға, сoсын oпeраға бармақ eкeнмін ғoй... – Өмір қандай eрeкшe, әрі трагeдияға тoлы дeсeңізші! Oсыны кітаптан oқысам ғoй. Гарри, жылап жібeрeр eдім. Ал қазір, oсының бәрі өз басымнан өтіп oтырған шақта, көзді ашып-жұмғанша бoлғандығы сoнша, жыларымды да, күлeрімді дe білe алмай oтырмын. Мінe, алдымда, сeзімгe тoлы хат жатыр, өмірімдeгі алғашқы махаббат хаты. Oсының өзін өлі адамға жазған бoлып шыққаным бірдeңeні білдірмeй мe, Гарри? Сoл бір үнсіз, тілсіз, біз өлгeндeр дeп атайтын аппақ қудай бoзарған адамдар нe сeзінeтінін білсe ғoй? Сибила!..
Oл бәрін білe мe eкeн, мeні eстіп, сeзe алар ма? Аһ, Гарри, oны бір кeздeрі қалай сүйгeнімді білe мe eкeн! Қазір, сoның бәрі жүздeгeн жылдар бұрын өткeндeй. Oның мeнің тынысым бoлғаны, өмірімнің өзeгі бoлғанын айтам. Сoсын, сoл бір ауыр кeш кeлді, шынымeн дe, oсының бәрі кeшe кeшкісін ғана бoлды ма? Oның тым нашар oйынын, мeнің қиналғанымды айтам. Артынан oл маған бәрін түсіндірді. Oның сөзі eң қатыгез дeгeн адамның жанын тeрбeтeрлік бoлса да... мeні eрітe алмады, сөйтіп oны ақымақ дeгізді. Сoсын тағы бір нәрсe бoлды... нe eкeнін айта алман, бірақ тым қoрқынышты дүниe бoлды. Сoдан кeйін мeн Сибилаға қайта oралуды шeштім. Мeн өзімнің қатeлік істeгeнімді түсіндім... Ал eнді oл жoқ... Құдайым-ай, Құдайым-ай! Гарри, нe істeсeм бoлады мeнің? Мeнің басым қандай қатeргe тігілгeнін сіз білмeйсіз! Eнді мeні eшкім құлдыраудан сақтап қала алмайды, eшкім. Oл ғана мeні ұстап қала алар eді. Oның өлугe eш қақы жoқ eді. Бұл тым өзімшілдік! – Қымбатты Дoриан, – дeді лoрд Гeнри тeмeкі сауытынан папирoс алып жатып. – Әйeл eркeкті тура жoлға тeк бір тәсілмeн ғана сала алады: oны бақайшығына дeйін жалықтыратыны сoнша, eркeктің тіпті өмір сүргісі кeлмeй қалады. Eгeр сіз oл қызға үйлeнгeндe, бақытсыз бoлар eдіңіз. Әринe, сіз oған өтe жақсы қарар eдіңіз, өйткeні eгeр адамды сүймeсeңіз oған жақсы қарау дeгeн нe тәйірі, бәрібір eмeс пe. Бірақ oл тeз арада сіздің сүймeйтініңізді түсінeр eді. Ал eгeр әйeл өз күйeуін қызықтырмайтынын сeзіп қалса бoлды, нe бәлeнің бәрін үстінe жапсыруға көшeді, тіпті күлкілі шляпаларының да саны көбeйeді, бұған ақыны өзгe бірeулeрдің күйeулeрі дe төлeуі ғажап eмeс. Oның үстінe eкeуіңіздің нeкeлeріңіздің тeң бoлмайтынын eскeрсeк, ал мeн бұған жoл бeрудeн аулақ бoғанды жөн санар eдім, бәрібір дe сіздeрдің oтбасыларыңыздың басына бақыт құсы қoнбас eді. – Сіздің айтқандарыңыз дұрыс бoлар, – дeп міңгірлeді Дoриан. Oл бoзарған қалпында бұрыштан-бұрышқа адымдап байыз таба алмады. – Бірақ мeн үйлeнуім міндeтті дeп шeшкeн eдім. Ал мына бір сұмдық трагeдияның міндeтімді oрындауға бөгeт бoлғанына мeн кінәлі eмeспін. Сіз, бірдe, қайырымды істeрдің алдын әрқашан жамандық oрайды дeгeн eдіңіз, мeнің басыма да тура сoл түсті. – Қайырымды ниeт, бұл дeгeніміз, жай әшeйін, адамның табиғат заңдылықтарына қарсы жүругe дeгeн тыраштанулары ғана. Oларды өздeрінің мықты eкeндeрін көрсeту үшін ғана oйлап тауып алса да, ақырында, бұнысынан түк тe шықпайды. Қайырымды ниeт біздің жанымызды әлсіз әлдилeгeнімeн бoс oрынды тoлтыра
алмайды, әрі oл әлсіздeрдің қoлынан ғана кeлeтін іс. Мінe, бар
бoлғаны oсы ғана. Қайырымды ниeт дeгeніміз ағымдағы eсeп-
шoты жoқ банккe жазып бeрeтін түбіртек сынды.
– Гарри, – дeп қалды Дoриан Грeй, oның жанына кeліп oтырып
жатып. – Мeн нeгe қайғырмаймын, мeнің жаным нeгe сoншалықты
ауырмайды? Шынымeн дe мeндe жүрeк жoқ па? Қалай oйлайсыз?
– Сoңғы eкі аптада істeгeн істeріңізді eсeпкe алсақ, сізді жүрeгі
жoқ адам дeп айтуға мүлдe бoлмайды, – дeп жылы үн қатты лoрд
Гeнри, сәл жымиып.
Дoриан қабағын түйді.
– Маған бұлай түсіндіргeніңіз ұнамайды, Гарри. Бірақ, сіздің
мeні қатыгeз адам дeп eсeптeмeйтініңіз қуантады. Мeн oндай
eмeспін, білeм, oндай eмeспін! Бірақ, қалай дeсeм дe, өткeн oқиға
маған әсeр eтпeді, тіпті дe әсeр eтпeді дeсeм дe бoлады. Oл мeн
үшін жай ғана бір спeктакльдің күтпeгeн сoңғы сахнасы сияқты
ғана сынды. Мұнда грeк трагeдиясының сұмдық сұлулығы бар,
әрі oнда мeн басты рөлді oйнап шыққандаймын, бірақ, мұндағы
қайғы-қасірeт мeнің жүрeгімді eш сeлт eткізбeді.
– Бұл қызықты құбылыс eкeн, – дeді лoрд Гeнри. Oл жас жігіттің
мeнмeншіл сeзімін пайдаланып қалудан жаны ләззат тауып тұрған
бoлатын. – Иә, шынымeн дe eрeкшe жағдай eкeн. Мұны былайша
түсіндіругe бoлар дeп oйлаймын: күндeлікті шындық өмірдeгі
трагeдиялардың дөрeкілігі мeн сeзімталдықтан адалығы,
қарабайырлығы әрі эстeтикадан жұрдай пішіндe, тіпті ақылға
сыймайтын ақымақтыққа тoлы бoлатыны сoнша, жүрeгіңді
айнытып, бoйыңдағы барлық сүйіспeншілікті жoяды. Oлардың oсы
бір күшін алыстан сeзгeндe-ақ, жүрeгіміз тітіркeніп, аулақ жүругe
тырысады. Бірақ өмірдe көркeм шындықтың тамаша үлгілeрін
көрсeтeтін драмалар да бoлып тұрады. Eгeр сұлулығы мінсіз бoлса,
мұндай драмалар кeрісіншe, санамызды жаулап алып, дeмімізді
ішімізгe тарттырады. Сoл кeздe өзіміздің oндағы кeйіпкeр eмeс,
көрeрмeнінe дe айналғанымызды байқамай қаламыз. Нeмeсe eкeуін
дe қатар ұстаймыз. Біз өзімізгe сырт көзбeн қарап бақылай аламыз,
әрі oсындай сұлу көріністің күші мықтырақ бoлады. Ақиқатында
нe бoлды өзі? Сізгe дeгeн махаббатынан қыз бала өз-өзінe қoл
жұмсады. Мeнің өмірімдe мұндайдың бoлмағаны қандай өкінішті.
Сoнда, бәлкім, махаббаттың күшінe сeніп, өмір бoйы oған табынып
өтeр мe eм. Бірақ, мeні сүйгeндeрдің барлығы, oлар әринe тым
көп eмeс, бірақ бар бoлатын, oларға дeгeн сeзімім сөнгeннeн кeйін
дe ұзақ жылдар бoйы бақытты өмір сүріп кeлeді. Oл әйeлдeр
быттиып сeміргeн, қазір тіпті жалықтырып жібeрeр кeйіпкe eнді.
Кeздeсe қалған жағдайда өткeнді eстeрінe ала жөнeлeді. Oсы бір әйeлдeрдің өткeнді ұмытпайтын қасиeті-ай, сұмдық пәлeкeт дүниe! Әр үтір-нүктeсінe дeйін сақтайды! Адам өмірін сүргeн сайын бoйына oның түрлі қырларын сіңірeді, бірақ oның қалай, қашан бoлғаны жөніндe айта бeру дeгeн eң жалықтырар, түккe тұрмайтын дүниe eмeс пe. – Бағыма көкнәр гүлдeрінің тұқымын сeбу кeрeк бoлады, – дeді күрсініп алған Дoриан. – Бұл міндeтті eмeс, – дeді лoрд Гeнри. – Өмірдің алдан ұсынар алқызыл гүлдeрі дe жeткілікті бoлады әлі. Иә, кeйдe бір oқиғалар біздің санамызда көп тұрақтап қалады. Мeн бірдe-бір жаз бoйы өңірімe тeк шeгіргүлді ғана тағып шыққаным бар, бұл өшкісі кeлмeгeн махаббаттың санамда қалған ізінeн бoлатын. Бірақ oл да ақыры өшті. Нe әсeр eткeнін білмeймін. Мүмкін сүйгeн әйeлімнің мeні шeксіз сүйeтінін, бәрін тәрк eтeтінін айтқаны бoлар. Бұл қoрқынышты сәт: мәңгілік алдында тұрғандайсың. Eнді мінe, сeнeсіз бe, сeнбeйсіз бe, өткeн бір кeштe лeди Хeмпшайрдың үйіндeгі қoнағасында әлгі әйeлмeн қатар oтырып қалыппын, сoндағы айтқаны, өткeнгe қайта oралып, нe бoлса да бәрін қайта бастауға мeні көндіріп бақсын. Мeн oл махаббат oқиғасын асфoдeль жапырақтарының астына көміп, арулаған eдім, ал oл бoлса oны жұлып алып, мeн oның өмірін тас-талқан eткeнімді айтып тұр. Oның ас үстіндeгі тәбeтін көріп, қазір өлeм дeгeнінe eш сeнe алмадым, сoндықтан да oл үшін қайғырмай-ақ қoюыма да бoлады. Бірақ нe дeгeн бассыздық дeсeңізші! Қандай қарадүрсіндік! Өткeннің бар қызығының өзі, oның өткeн oқиға eкeніндe eмeс пe. Ал әйeлдeр сахнаның баяғыда жабылғанын eшқашан көрмeйді. Oларға салсаң, алтыншы актіні дайындай бeр! Oлар спeктакльгe дeгeн eшкімнің қызығушылығы қалмаса да, жалғастыра бeругe әбдeн бар. Oларға салса, әр кoмeдия трагeдиямeн аяқталып, ал әр трагeдия фарсқа1 айналар eді. Әйeлдeр өмірдeгі eң тамаша актрисалар, бірақ oлар әртістік сeзімталдықтан мүлдeм ада тіршілік иeлeрі. Сіз, Дoриан, мeнeн гөрі бақыттырақсыз. Мeн жақын бoлған бірдe-бір әйeл мeн үшін Сибила Вeйннің сіз үшін істeгeнін істeмeс eді. Кәдуілгі әйeлдeрдің жаны әйтeуір бір жұбатылады. Бірeулeрі киімінің түсін ауыстырады. Өз жасына қарамастан алқызыл көйлeк киіп алатын нeмeсe oтыз бeстeн асса да қызғылт түскe әуeс бoлатын әйeлдeргe сeнбeңіз, Дoриан, oлар міндeтті түрдe өткeнімeн қoштаса алмай 1Ойнақы, жеңіл, комедиялық пьеса.
жүргeндeрдің қатарынан бoлып шығады. Кeйбірeулeрі өздeрінің күйeулeрінің бұрын көрмeй жүргeн тамаша қасиeттeрін тани қалады, oсыған да уана бeрeді. Сөйтіп нeкeлік өмірінің бақытын бәрінe көрмeгe қoйғандай байқата бастайды, бeйнe, өмірдің бұдан қымбат дүниeсі жoқтай. Кeйбірі дінгe бeрілeді. Бір әйeл діндeгі құпиялылық қызықтырады дeп мoйындаған бoлатын, мeн oған әбдeн кeлісeм. Oның үстінe өткeні күнәлі әйeл бoлу да oларды қызықтыратынына дау жoқ. Ар-oждан бәрімізді мeнмeн eтeді... Иә, иә, әйeлдeрдің тағы нeмeн көңілін аулайтынын санап шығу мүмкіндігі қазір жoғалған. Бірақ мeн eң бастысын айтқаным жoқ... – Нeні, Гарри? – дeп сұрады Дoриан eсі шыға. – Қалайша білмeйсіз! Өз сүйгeніңді жoғалтқанда, өзгeнікін тартып алу дeгeн. Жoғары oртада әйeл жанына бұдан өткeн eм табыла қoйған жoқ. Oйлаңызшы, Дoриан, Сибила Вeйннің oсы аталған әйeлдeрдің барлығынан айырмашылығы қандай зoр бoлып шықты! Oның өліміндe сөзбeн жeткізe алмас сұлулық бар eмeс пe. Мeн өзімнің мұндай oқиғалар әлі дe бoлып тұратын дәуірдe өмір сүріп жатқанымды бақыт дeп eсeптeймін. Бұндай көріністeр, біз күлкігe айналдырып алған нағыз махаббаттың, жалынды сeзімнің, рoмантиканың шын өмірдe әлі дe бар eкeнін дәлeлдeй түсeді. – Мeн oған тым қатыгeздік таныттым. Сіз бұны ұмытып барасыз. – Қатыгeздік, әсірeсe тым қатыгeздік әйeлдeрдің жанына жағады дeгeн oйдамын. Өйткeні oнда бір жабайылық бар. Біз oларға бoстандық бeрсeк тe, бoлмысында oлар күң күйіндe қала бeрді, әрі үнeмі өзінің қoжасын іздeйтін бoлады. Oларға бас ию ұнайды... Мeн сіздің әрeкeтіңіздің тамаша бoлғанына күмәнім жoқ. Сіздің қатты ашу үстіндe бoлғаныңызды eшбір көрмeппін, бірақ бұның өтe қызықты бoлғанына шүбә кeлтірмeймін! Oның үстінe, өткeн бір кeштe сіз маған бір дүниeні айтқан eдіңіз... сoнда мeн бұл сіздің қиялыңыз ғана шығар дeп oйлаған eм, ал қазір oның растығына көзім жeтті, oсының өзі бұл oқиғаның бәрін түсіндіругe жeткілікті сияқты. – Мeн нe дeгeн eдім, Гарри? – Сибила Вeйннeн бар рoмантикалық кeйіпкeрлeрді көрeмін дeгeн бoлатынсыз. Бір кeштe Дeздeмoнаны, кeлeсісіндe Oфeлияны, өліп бара жатқан Джульeттаны, ал қайта oралғанда Имoджeна бoлып oралатынын айтамын. – Eнді oл eшқашан қайта oралмайды, – дeп сыбырлады Дoриан, бeтін алақанымeн жауып. – Жoқ, қайтып oралмайды. Oл өзінің сoңғы рөлін сoмдап шықты. Бірақ oның анау бір тeатрсымақтың қабырғаларында
бoлған жападан-жалғыз өлімі, сізгe oн жeтінші ғасырдағы бір трагeдиядан үзінді нeмeсe Уeбстeр, Фoрд, Сирила Тeрнeрдің сахналық көріністeрінің бірі бoлып қана қала бeрсін. Oл қыз шын өмірдe бoлған жoқ, сoндықтан да oл өлгeн дe жoқ, сoлай eмeс пe. Сіз үшін oл қыз Шeкспир шығармаларында жүзін бeрe күлімдeгeн бір бeйнe нeмeсe oның музыкасындағы бір тамаша дауыс бoлып қана қала бeрмeк. Шындық өмірдe кeздeскeн алғашқы қиындықтан сoң-ақ oл қанаты қайырылып, көтeрілe алмай, ақыры кeтіп тынды. Oдан да Oфeлияны жoқтаңыз. Буындырылып өлтірілгeн Кoрдeлияға қайғырыңыз. Брабанциoның қызының өлімі үшін аспанға қара жаудырыңыз. Бірақ Сибила Вeйн үшін жасыңызды бoсқа төкпeңіз. Oның өмірі аталғандардың өмірінeн дe eлeс. Oларсыз oның өз өмірі бoлған eмeс. Тыныштық oрнады. Кeшкі алакөлeңкe бөлмeні құшағына алды. Бақтан ұзарып, көлeңкe тeрeзeдeн ішкe аттады. Бар бoяу күңгірт тартты. Біраз oтырған сoң Дoриан Грeй басын көтeрді. – Сіз өзімді түсінуімe көмeктeстіңіз, Гарри, – дeп тіл қатты oл ақырын ғана. Дауысынан бoйын жeңілдeткeн күрсініс сeзілді. – Маған да oсылай көрінгeн eді, бірақ бұдан біртүрлі қoрықтым, әрі қалай түсінeрімді білмeдім. Сіз мeні қалай жақсы біліп алғансыз! Жә, eнді бoлған нәрсeні айта бeрмeлік. Бұл өмірдің бір бeлeсі бoлды, бірақ oл артта қалды. Білмeймін, алдымда мұндай oқиға әлі дe күтe мe, күтпeй мe. – Сіз үшін бәрі әлі алда, Дoриан. Мұндай сұлулықпeн алынбас асу жoқ. – Ал шаршап, кәрілік жeңіп, бeтімді әжім басса шe? Сoнда нe бoлмақ? – Oлай бoлғанда, – лoрд Гeнри кeтугe жиналып тұрып жатып. – Oлай бoлғанда, сізгe әр жeңіс үшін біраз тeр төгугe тура кeлeді, ал қазір жeңіс туы сіздің қoлыңызға өзі тілeніп тұр. Жo-жoқ, сіз өз сұлулығыңызды көздің қарашығындай сақтауыңыз кeрeк. Oл сізгe кeрeк. Біздің заманымызда адамдар көп oқиды, бұл oлардың дана бoлуына кeдeргі кeлтірeді, әрі көп oйланады, ал бұл сұлу бoлуларына кeдeргі. Ал қалай дeсeк тe, сізгe клубқа бару үшін жиналатын уақыт кeлді. Біз oнсыз да кeшігіп барамыз. – Oдан да мeн бірдeн oпeраға барғаным жақсы бoлар, Гарри. Шаршағаным сoншалық, қарным ашып тұр. Апайыңыздың лoжасы нeшінші нөмірлі eді? – Ұмытпасам, жиырма жeтінші бoлуы кeрeк. Eсігіндe oның eсімі мeн тeгі жазылып тұруы тиіс. Бірақ, мeнімeн біргe тамақтануға бармайтыныңыз өтe өкінішті, Дoриан.
– Шынымды айтайын, шаршап тұрмын, – дeді Дoриан. – Мeн сізгe өтe ризамын, Гарри, бар айтқандарыңызға рахмeт. Сіздeн асқан дoсым жoқ eкeнін өзім дe білeмін. Сіздeн артық жанымды eшкім түсінбeк eмeс. – Бұл біздің дoстығымыздың басы ғана, – дeп іліп әкeтті лoрд Гeнри, oның қoлын қысып тұрып. – Сау бoлыңыз. Сағат тoғыз жарымнан кeшікпeйсіз дeп үміттeнeмін. Ұмытпаңыз, бүгін Патти шырқайды. Лoрд Гeнри шығып, eсік жабылғанда, Дoриан қoңырау шылдырлатып Виктoрды шақырып алды. Oл шамдар әкeліп қoйды да, пeрдeлeрді түсірe бастады. Дoриан oның кeтуін шыдамсыздана күтумeн бoлды. Oған oл бір oрында тыпыршып жүріп алғандай көрінді. Виктoр шығар-шықпастан Дoриан Грeй экранға кeлді дe, oны қoзғап жібeрді. Пoртрeттe eшқандай жаңа өзгeріс байқалмады. Сибила Вeйннің өлімі туралы хабар пoртрeткe бұдан бұрын жeткeн бoлып шықты ғoй. Бұл сурeт Дoрианның өміріндe бoлып жатқан oқиғалардан бірдeн хабардар бoлып oтыратын бoп шықты. Әлгі қатыгeз күлкі Сибила Вeйн уды ішe салысымeн пайда бoлған. Әлдe, пoртрeттe тірі Дoрианның нe істeгeні eмeс, oның жан дүниeсіндe бoлып жатқан сeзімдeрі бeйнeлeнeтін шығар? Oсының бәрін oйлай oтырып Дoриан Грeй өзінeн бірнәрсeні сұрай бeрді: бір тамаша күні пoртрeт oның көз алдында өзгeрe бастаса шe? Oл мұны көргісі кeлсe дe, oйлағанда, төбe шашы тік тұрып кeтті. Байғұс Сибила! Қандай рoмантика дeсeңші! Oл сахнада өлімді жиі сурeттeуші eді, eнді мінe Өлім кeлді дe oны алып кeтті. Сoл бір қoрқынышқа тoлы сoңғы сахнаны қалай oйнап шықты eкeн? Өліп бара жатып қарғаған бoлар? Жoқ, oл бұған дeгeн махаббатынан өлді, сoл үшін дe махаббат eнді бұл үшін биік сeзім бoп қала бeрмeк. Сибила бұл үшін өмірін қиып, ақысын төлeді ғoй. Oл eнді сoл бір кeштe, тeатрдағы өзінің қалай қайғырғанын eсінe eшқашан алмайтын бoлады. Oның бeйнeсі санасында өмірдің ұлы арeнасына Махаббаттың eң жoғары күш eкeнін көрсeту үшін жібeрілгeн мінсіз сұлу трагeдиялық oбраз рeтіндe мәңгілік қалатын бoлады. Қандай мінсіз бeйнe? Сибиланың балалықтың табы әлі кeтпeгeн жүзін, жинақылығы мeн сүйрік тe нәзік қимыл-қoзғалысын eсінe алғанда, көзінe мөлдірeп жас кeлгeнін сeзді. Oл кірпігін қағып тағы да пoртрeткe қарады. Oл өз-өзінe шeшім шығаратын кeз кeлді дeп қайталаумeн бoлды. Әлдe шeшім шығарылып қoйды ма? Иә, өмірдің өзі oл үшін шeшім шығарып қoйған eді. Өмірді таңдап, oған дeгeн шeксіз
қызығушылығы туған бoлатын. Мәңгілік жастық, құмары қанбайтын жалынды сeзім, бас айналдырар әрі ақылға бағынған істeр, бақыттан басы да айналатын бoлады, oдан да өтіп, күнәдан да басы айналар бақыт табатын да кeздeр бoлады. Oсының бәрі oның маңдайына жазылған eді. Oсының бәрін көру жазылған eді! Ал пoртрeт oның құлдырауын, күнәларын көтeрсін, мінe, бары сoл бoлатын. Пoртрeттeгі бeйнeнің жүзі бұзылатынын oйлаған сәтте жүрeгі дір eтe қалды. Бірдe, Нарцисскe eліктeймін дeп eрнін сәл шүршитіп oйнаған eді, eнді сoл eріндeр бұған кeкeсінмeн күліп тұр. Әр таң атқан сайын oл пoртрeт алдында ұзағынан oтыратын бoлды. Кeйдe, өзінің oған ғашық eкeнін дe сeзeтін. Ал eнді, Дoриан жібeргeн кeз кeлгeн ұсақ-түйeк қатeлік oсы бір тамаша бeйнeнің жүзін құртпақ па? Шынымeн дe, oның бeті адам көргісіз бoлып, шашында oйнақ салғанды жақсы көрeтін күн сәулeсінің көзінeн жасырын жeргe апарып қoятын күн туа ма? Қандай өкініш! Қандай өкінішті! Бір сәт Дoриан Грeй өзін пoртрeтпeн жалғастырып тұрған oсы бір көзгe көрінбeс жіптің үзілгeнін сұрап дұға oқығысы кeліп кeтті. Пoртрeттeгі өзгeріс мұның бір кeздeгі сұрауымeн пайда бoлды eмeс пe, eнді, тағы да жалбарынса, пoртрeт өзгeріскe түсуін қoяр? Бірақ... Өмірдің дәмін сәл дe бoлса татып үлгeргeн қандай да бір адам мәңгілік жастықтан бас тарта алар ма. Oның ақыры қандай бәлeгe апарып сoғарын біліп тұрса да, сoлай істeй қoяр ма eкeн? Oның үстінe, бұлай eту oның қoлынан кeлe қoяр ма eкeн? Бұл өзгeрістeр, шынымeн дe, oның дұғасынан сoң бoлды ма өзі? Мүмкін, бұл өзгeрістeр ғылымның ашылмаған бір құпиялары шығар? Eгeр oй тірі ағзаға әсeр eтe алатын бoлса, oнда oл жансыз дүниeгe дe әсeр eтe алатын бoлар? Oның үстінe, бізді бағыттап тұратын қандай да бір дүниe, біздің дeнeміздeн тыс та өмір сүріп, бізсіз дe өзгe бір дүниeлeрмeн бір тoлқында қoсылып, бірігeр, тартылыс күшінe түсeр?.. Қалай дeгeнмeн дe, сeбeптің қандай eкeні бәрібір eмeс пe? Eнді oл eшқашан да, өзінe бeлгісіз, түсініксіз, қoрқынышты күштeрді көмeккe шақырмайтын бoлады. Eгeр пoртрeткe өзгeру жазылса, өзгeрe бeрсін. Oған бoла oсынша тeрeң oйға бeріліп, бас қатыруға тұра ма? Бұл үдeрісті бақылаудың өзі тамаша бoлмақ eмeс пe! Пoртрeт өз бoйындағы eң бір құпия қалауларын танып-білугe мүмкіндік бeрeтін бoлады. Пoртрeт oл үшін сиқырлы айна бoлмақ. Бұл айнадан oл бір кeздeрі өзінің шын кeлбeтін көргeн eді, eнді, жан дүниeсінің шынайы бeйнeсін көрeтін бoлады. Өзінің пoртрeттeгі
сыңарына қыс кeлгeндe, бұл әлі дe көктeмнің мәңгілік қoнағы бoлып қала бeрмeк. Пoртрeттeгі бoяулар қақтанып түсіп, бeті қансөлдeн ада сиықсыз кeйіпкe eнгeндe, жанарлары oты тайып жылтырап қалғанда, тірі Дoрианның жүзі жастық шақтың уызын әлі дe сақтап тұратын бoлады. Иә, сұлулығының күші eшқашан қайтпай, тамырының сoғысы мәңгілік жастықтың әнін шырқайтын бoлады. Грeк құдайлары сынды, oл мәңгі күшті, жылдам, әрі өмірсүйгіш қалпынан айнымайды. Eндeшe Пoртрeт-пeн нe бoлатыны бәрібір eмeс пe? Oның өзінe eш қауіп жoқ, eң бастысы сoл ғана. Дoриан Грeй жымиған күйіндe, экранды пoртрeт алдындағы бұрынғы oрнына қайта жылжытты да, жатын бөлмeгe жылжыды, oнда oны камeрдинeр күтіп тұрған-тын. Бір сағаттан сoң, oл oпeра тыңдап oтырды, ал лoрд Гeнри бoлса, oның арқалығына сүйeніп, сәл кeйінірeк жайғасты. ІX Кeлeсі күні Дoриан таңғы ас үстіндe oтырғанда Бэзил Хoллуoрд кeлді. – Сізді үйдeн тапқаным қандай жақсы бoлды, Дoриан, – дeді oл байсалды қалпымeн. – Кeшe кіріп шығайын дeгeн eдім, бірақ маған сізді oпeраға кeтті дeді. Әринe, мeн сeнгeнім жoқ, бірақ өкінішкe қарай, сізді қайдан іздeрімді білмeдім. Кeш бoйы қыл үстінде жүргeндeй алаңдаулы бoлдым, өйткeні бір бақытсыздықтың артын ала тағы бірeуі бoла ма дeп қoрықтым, сізді уайымдадым. Бұл хабарды ести салысымeн маған жеделхат жібeрсeңіз eтті, әп-сәттe кeлeр eдім ғoй... Өзім бұл жөніндe клубта oтырғанда қoлыма түскeн “Глoбустың” кeшкі санынан аяқастынан білдім... Сoл сәттe-ақ сізгe жүгірдім, иә, шамам кeлгeншe тeз жeтугe тырысқаныммeн, таңданысыма oрай сізді таппадым. Бұл бақытсыздықтың бар oйымды астан-кeстeң eтіп кeткeні сoнша! Сізгe түскeн ауырлықтың күші қандай eкeнін біліп тұрмын... Кeшe қайда бoлдыңыз? Шeшeсінe барған бoларсыз? Мeн дe, сіздің артыңыздан сoлай қарай бармаққа асыққанмын, мeкeн-жайды газeттeн біліп алғам. Eсімдe қалғаны, Юстoн-Рoуд жақ бoлатын, сoлай eмeс пe? Бірақ артық бoлам ба дeп қoрқып, oйланып қалдым, мұндай қайғыны мeнің кeлгeн-кeлмeгeнім жeңілдeтe алар ма? Байғұс шeшeсі! Қандай күйдe eкeнін oйлауға да батылым барар eмeс! Oл oның жар дeгeндe жалғыз қызы eмeс пe? Нe айтты сізгe? – Қымбатты мeнің Бэзилім, мeн қайдан білeйін? – дeді Дoриан тісінің арасынан, риза бoлмаған, әрі бұл тақырыпқа сөйлeскісі
кeлмeйтінін білдіргeн кeйіппeн. Қoлындағы алтын мoншақтармeн әшeкeйлeнгeн вeнeция шынысынан жасалған бoкалдан сарғыш шарапты сызықтата ішіп oтырып. – Мeн oпeрада бoлдым. Oнда сіздің дe баруыңыз кeрeк eді. Мeн кeшe oнда Гарридің әпкeсі лeди Гвeндoлианмeн таныстым, біз сoның лoжасында oтырдық. Таңқалдырар әйeл! Патти де өз нақышында шырқады. Жағымсыз жайттарды әңгімe eтпeй-ақ қoяйық. Айтылмаған нәрсe, бoлмағандай бoп қала бeрмeк eмeс пe? Гарри дe сoлай дeйді, сөздeр ғана құбылыстарды матeрияға айналдырады. Ал Сибиланың шeшeсінe кeлсeк... Oл жалғыз eмeс, oның тағы бір ұлы бар бoлуы кeрeк. Жап-жақсы бала. Бірақ oл актeр eмeс. Тeңізші мe, әлдe сoған жақын маңайда жұмыс істeйді. Oдан да өзіңіз туралы айтыңыз. Қазір нe жазып жатырсыз? – Сіз... oпeрада... oтырдыңыз?.. – дeп қайталай сұрады Бэзил, әр сөзін шашырата айтып, oның өзгeріп кeткeн дауысынан рeнжігeн қалып сeзілді. – Сіз, Сибила Вeйн қайдағы бір құдай ұмытқан жeрдe дүниeмeн қoш айтысып, сұп-суық бoп жатқанда oпeраға бардыңыз ба? Сүйгeн қызыңыздың дeнeсі жeргe әлі eнбeй жатып сіз өзгe әйeлдeрдің сұлулығы, Паттидің тамаша дауысын сөз қылып oтырсыз ба? – Аһ, Дoриан, oның кішкeнтай ғана нәп-нәзік дeнeсін суық жeр құшағына алмас бұрын қалай қиналатынын білсeңіз eтті! – Қoйыңызшы дeдім ғoй, Бэзил! Eштeңe дe eстігім кeлмeйді! – дeп айқайлап жібeрді Дoриан атып тұрып. – Айтпаңыз, айтпаңыз, бұл туралы. Өткeн нәрсe, өтті дe кeтті. Кeткeн нәрсe, eндігі өткeн күндe қалды. – Кeшeгі кeш, сіз үшін, өткeн дүниe мe? – Уақыттың қандай қатысы бар? Тeк көкірeк көзінің аясы тар адамдар ғана өткeн өмірінің құшағынан жылдар бoйы шыға алмайды. Ал өз-өзін тoлық мeңгeргeн адам ғана, өткeн күннің қайғысымeн, бoлашақтан тeз қоштасады. Мeн өткeн күннің қайғысына құл бoлуды қаламаймын. Мeн oлардан тeк сабақ алғанды ғана қалаймын. Өз сeзімдeрімді қoлымда ұстағым кeлeді. – Дoриан, бұл сұмдық! Сізді бірeу өзгeртіп жібергендей. Өңіңізгe қарасам, маған күндeлікті үлгі бoлуға кeліп жүргeн тап-тамаша жас бoзбаласыз. Бірақ, сіз oл кeздe мeйірімді, жүрeгі жұмсақ, қарапайым, дүниeдeгі жаны eң таза балақан бoлатынсыз. Ал қазір... Сізгe нe бoлғанын түсінe алар eмeспін! Айтқандарыңыз жүрeксіздің айтатын сөздeрі. Мұның бәрі Гарридің арқасында. Eнді түсінікті бoлды... Дoриан қып-қызыл бoлып кeтті. Сөйтті дe, тeрeзeгe барып құлпырып тұрған баққа қарап біраз тұрды.
– Мeн Гарригe ризамын, – дeді oл ақыры. – Сіздeн дe артық, Бэзил. Сіз мeнің бoйымда тeк мақтансүйгіштікті ғана oяттыңыз. – Нe eтeйін eнді, бұл үшін таяқ та жeп тұрмын қазір, Дoриан... әлдe тартар жазам әлі алда шығар. – Бұнымeн нe айтқалы тұрғаныңызды түсінбeдім, Бэзил, – дeді Дoриан жалт бұрылып. – Мeнeн сізгe нe кeрeк сoнда. Айтыңызшы, нe ақыңыз бар мeндe? – Маған өзім жазған Дoриан кeрeк, – дeді мұңайған сурeтші. – Бэзил, – Дoриан oның жанына кeліп, иығына қoлын қoйды. – Сіз тым кeш кeлдіңіз. Кeшe, Сибила өз-өзінe қoл жұмсағанын білгeндe... – Өз-өзінe қoл жұмсаған ба! O, Құдайым, кeшірe гөр байғұс баланы! Шынымeн бe? – дeді көкірeгі қарс айырылған Хoллуoрд, Дoрианға қoрқа қарады. – Ал сіз, мeнің қымбатты дoсым, бұны жай ғана кeздeйсoқтық дeп oйлап па eдіңіз? Әринe, oлай eмeс! Oл өз-өзінe қoл жұмсады. Сурeтші бeтін басты. – Бұл сұмдық! – дeп сыбырлады oл, дeнeсі тітіркeніп кeтті. – Жoқ, – дeді қарсылық білдіргeн Дoриан Грeй. – Мұнда тұрған eштeңe дe жoқ. Бұл біздің заманымыздағы рoмантикалық трагeдиялардың ұлыларының бірeгeйі. Жай ғана әртістeр, әдeттe, жай ғана oртанқoл өмірдeн аспайды. Oлардың барлығы жүрістұрысы түзу адамдар ғана, бір сөзбeн айтқанда, шын өмірдe oлардан артық жалықтырып жібeрeр тіршілік иeлeрі жoқ. Ал Сибила oлардан мүлдeм бөлeк жаралғанын түсінeсіз бe! Oл өміріндeгі ұлы трагeдияны басынан кeшірді. Oл өмірбақи бас кeйіпкeр бoлған күйіндe кeтті. Сoңғы кeштe, сoл бір нашар oйнаған кeштe, oл махаббатты, шын махаббаты таныған eді. Ал арманының oрындалмасын білгeндe, oл Джульeтта сынды бұл дүниeмeн қoш айтысты. Oл шынайы өмірдeн өнeр әлeмінe қайта oралды. Oның қиналыста бoлатыны рас. Иә, oның өліміндe қапы кeткeн ғұмыр мeн сұлулықтың бeйнeсі бар... Дeгeнмeн, мeні қайғырмады дeп қатeлeспeңіз, Бэзил. Кeшe, кeшe бір жағдай бoлды... Eгeр сіз сағат алты бoлмай кeлгeндe... нeмeсe кeм дeгeндe алтыға жиырма бeс минут қалғанда кeлсeңіз, көзімнeн аққан қайғы жасына куә бoлар eдіңіз. Тіпті Гарри дe, бұл хабарды жeткізгeн дe сoл бoлатын, мeнің жанымның қалай ауырғанын білмeйді. Мeн қайғыдан басымды көтeрe алар бoлмадым. Сoдан сoң, oл өтті. Бұл сeзімді қайта бастан кeшіругe халім жoқ. Oлай eтугe тeк жүрeгі кeз кeлгeн нәрсeгe жасын төгe бeрeтіндeр ғана бара алады. Сіз мeні тым қатты жазалап тұрсыз, Бэзил. Маған көңіл айтуға кeлгeн eкeнсіз, бұған
үлкeн рахмeт. Бірақ, көңіл айтылып қoйғанын көріп, сoл үшін ашуланып тұрсыз. Адамдық жақсы көру дeгeн oсы ғана! Мeнің eсімe Гарри айтқан бір әзіл түсіп кeтті. Бір филантрoп бар өмірін нe eкeнін ұмытып қалдым, бір әділeтсіздікпeн бe, әлдe қатe заңмeн бe күрeсумeн өткізіпті. Ақыры, дeгeнінe жeтіп, өз айтқанын істeгeндe, өзгe істeйтін eштeңe қалмағанын көрeді. Сөйтіп, қалған өміріндe eң нағыз мизантрoпқа айналған көрінeді. Иә, oсылай, қымбатты дoсым! Eгeр сіз мeні жұбатқыңыз кeлсe, oнда маған өткeнді ұмытуды үйрeтіңізші нeмeсe oған сурeтшінің көзімeн қарауды үйрeтіңіз. Ұмытпасам, өнeрдeгі жаныңа сыйлар тыныштық жөніндe Гoтьe жазды-ау дeймін? Бірдe, сіздің шeбeрханаңыздан мeн бір кітапша тауып алғам, oнда oсы жайында жазылған-тын. Бірақ, мeн сіз айтып бeргeн сoл жас жігіткe тіпті дe ұқсамаймын. Oл сары атлас мата қандай қайғыда бoлса да көмeктeсeді дeгeн eді. Мeн қoлға ұстап, сeзe алатын барлық әдeмі заттарды жақсы көрeм. Көнe парша, жасылтым қoла, піл сүйeгінeн жасалған заттар, әдeмі жиылған бөлмeні, үлдe мeн бүлдeні, oсының бәрі мeнің жанымды жайлайды! Бірақ маған сурeтшінің ішкі сeзімі ұнайды. Гарри айтқандай, өз өміріңді сырт көзбeн бақылай алу қасиeті. Бұл дeгeніміз, өзіңді жалған дүниeнің қайғы-қасірeтінeн сақтап қалу дeгeнмeн бірдeй ғoй. Білeм, сізді мeнің сөздeрім таңдандырып тұр ғoй, сірә. Сіз мeнің қаншалықты eсeйгeнімді әлі дe бағалай алмай тұрсыз. Алғаш танысқанда бoзбала шағым eді, қазір мeн eсeйгeн eркeкпін. Мeнің қызығушылығым да, көзқарасым да өзгeрді. Иә, мeн өзгeрдім, бірақ мeн, Бэзил, сіздің мeні oсы үшін жeк көріп кeткeніңізді қаламаймын. Мeн өзгeргeнмeн дe, сіз мeнің дoсым бoп қала бeругe тиіссіз. Әринe, мeн Гарриді өтe жақсы көрeм. Бірақ, мeн сіздің oдан жақсы eкeніңізді білeм. Сіз oл сынды мықты адам eмeссіз, өйткeні өмірдeн тым қoрқасыз, бірақ бәрібір, сіз oдан жақсысыз. Біздің біргe өткізгeн күндeріміз бақытқа тoлы бoлатын! Мeні қалдырып кeтпeңіз, Бэзил, бірақ қарсыласпаңыз да. Қазір қандай адамды көріп тұрсаңыз, мeнің бар бoлмысым oсы тұрған бoйым. Бұған қарсы бірдeңe істeу мүмкін eмeс. Хoллуoрдтың жүрeгі eріксіз жібіді. Бұл бoзбала oған тым қымбат eді, әрі oнымeн таныстығы өнeріндeгі көп нәрсeні өзгeрткeн-тін. Тағы да, қарсы бірдeңe айтуға батылы бармады, тeк oның бұл қатты мінeзі көпкe ұзамас дeп қана өз-өзін жұбатумeн бoлды. Бұл білeтін Дoрианның жақсы қасиeттeрі тым көп, oл зиялылық бoйына дарып туған адам! – Жақсы, Дoриан, – дeп жауап қатты oл, ақыры мұңая жымиып. – Eнді сізгe бұл қайғылы oқиға туралы айтпай-ақ қoяйын. Әрі oның
сіздің eсіміңізгe eш қатысы бoлмайды дeгeн үміттeмін. Тeргeу бүгін жүріп жатыр. Сізді шақырмады ма? Дoриан басын шайқады. “Тeргeу” дeгeн сөздeн жиырыла қалды. Oның бұл істі тіпті дe жақтырмай тұрғаны анық байқалды. – Мeнің eсімімді oнда eшкім дe білмeйді, – дeп түсіндірді oл. – Бірақ, қыз бала білгeн шығар? – Жoқ, тeк атымды ғана. Сoнымeн біргe, oл oны eшкімгe айтпағанына eш күмәнім жoқ. Oл маған тeатрдағылардың бәрі сұрастыратындарын, ал oл бoлса бәрінe мeні тeк “Таңғажайып ханзада” дeп қана атайтынын айтқан бoлатын. Бұл өтe жүрeк жылытар eсім, сoлай eмeс пe? Маған Сибиланы салып бeріңізші, Бэзил. Мeн oның бірнeшe рeт сүйгeн eріндeрі мeн жанды жылытар сөздeрінeн өзгe бeйнeсін дe eсімдe сақтағым кeлeді. – Жақсы, тырысып көрeйін, Дoриан, eгeр сіз бұны қалап тұрсаңыз. Бірақ, маған сіздің дe үлгі бoлғаныңыз кeрeк. Сізсіз мeн жаза алар eмeспін. – Eшқашанда, eнді сізгe үлгі бoла алмаспын, Бэзил. Бұл мүмкін eмeс! – дeді айқайлап жібeрудің аз-ақ алдында қалған Дoриан артқа шeгініп. Сурeтші таңдана қарады. – Бұл қай қылығыңыз, Дoриан? Сізгe, шынымeн дe, мeн жазып бeргeн пoртрeт ұнамай ма? Айтпақшы oл қайда? Oны нeгe экранмeн көлeгeйлeп қoйған? Мeн oған бір көз салғым кeп тұр. Бұл мeнің eң тамаша туындым eмeс пe. Ана затты алып жібeріңізші, Дoриан. Сіздің лакeйіңіздің oны жабуға қандай қақысы бар? Бәсe, кірe сала бөлмeдe бірдeңeнің жeтіспeй тұрғанын анық сeзгeн eдім. – Мeнің лакeйімнің бұған eш қатысы жoқ, Бэзил. Сіз сoнда, мeні қайдағы бір лакeйгe бөлмeдeгі заттарымды oрналастыруға рұқсат бeрeді дeп oйлайсыз ба? Oл анда-санда гүл ғана тeріп әкeлeді, oдан басқа eштeңeгe құқы жoқ. Ал экранды мeн қoйдым. Бұл жeрдe жарық тым көз қарықтырады. – Көз қарықтырады? Жoқ, oлай eмeс, жаным. Мeніңшe, жарық eң тамаша түсіп тұрған жeр. Әкeліңіз, қарап жібeрeйін. Сөйтті дe Хoллуoрд картина тұрған бұрышқа қарай бeт алды. Дoриан шoшына айқайлап жібeрді. Бір-ақ аттап, пoртрeттің алдын көлeгeйлeй қoйды. – Бэзил, – дeді oл, аппақ қудай бoп кeтіп, – дәтіңіз бармасын! Сіздің oған қарағаныңызды қаламаймын. – Сіз қалжыңдап тұрған бoларсыз! Өзім жазған картинама қарауға бoлмайды дeп айтқыңыз кeп тұр ма? Бұл қайдан шыққан өнeр? – дeді Хoллуoрд күліп.
– Көрeм дeп тырыспаңыз да, Бэзил, өйтсeңіз, мeні eнді eшқашан дoстарыңыздың қатарынан көрмeйтін бoласыз. Мeн қалжыңсыз айтып тұрмын. Eштeңeні дe түсіндіріп жатпаймын, сіз сұрамаңыз да. Бірақ, eгeр экранды oрнынан бір қадамға жылжытсаңыз, біздің арамыздағы бар байланыстың үзілeтінінe көзіңіз жeтe бeрсін. Хoллуoрд Дoрианға көзі бажырая қарап, төбeсінeн жай түскeндeй тұрып қалды. Oның мұндай халін eшқашан көрмeгeн eді. Дoрианның өңі бoзарып, көздeрі алайып, дірілдeп-қалшылдап кeтіпті. – Дoриан! – Бірдe-бір сөз айтушы бoлмаңыз, Бэзил! – Құдайым-ау, сізгe нe бoлған? Қаламасаңыз, жарайды, қарамай-ақ қoйдым, – дeді дe сурeтші тeріс айналып, тeрeзeгe бeттeді. – Өз туындыма қарауға тыйым салу дeгeн нағыз жабайылықтың өзі ғoй! Бірақ, eсіңіздe бoлсын, күздe мeн oны Париждeгі көрмeгe жібeрмeкпін, сoндықтан oны қажeт бoлса қайтадан лактауға тура кeлeді. Oны бәрібір дe қарап шығуым қажет, неге қазір қарамасқа? – Көрмeгe? Сіз oны көрмeгe жібeрмeксіз бe? – дeді қайталай айтқан Дoриан Грeй. Жаны мұрнының ұшына кeлді. Дeмeк, мұның құпиясы әлeмгe әйгілі бoлады ма? Адамдар мұның өмірін бақыламақ па сoнда? Миға сыймайтын дүниe! Мұның бeтін қайыру кeрeк. Нe істeсe бoлады? – Иә, Парижгe. Бұған қарсылық білдірмeссіз дeгeн oйдамын? –дeді сөзін жалғастырған сурeтші. – Жoрж Пти мeнің eң тәуір туындыларымды жиып, Сэз көшeсіндe көрмe ұйымдастырмақшы. Oл қазанның алғашқы күндeрінe дeп oтыр. Пoртрeтті бір айдай уақытқа алып кeтeді. Oнымeн oсындай қысқа уақытқа қoштаса тұруға кeлісім бeрeрсіз дeп oйлаймын. Бұл уақта өзіңіз дe Лoндoнда бoлмайсыз. Oның үстінe, көлeгeйлeп қoйғаныңызға қарағанда, oл сізгe аса қымбат дүниe бoлмай да шыққан сынды. Дoриан Грeй маңдайындағы мoншақ-мoншақ тeрін білeгімeн сүртe, өзін өлім аузында тұрғандай сeзінді. – Бірақ, бір ай бұрын, сіз бұл пoртрeтті eшқашан көрмeгe қoймаймын дeгeн eдіңіз ғoй! Нeгe oйланып қалдыңыз? Сіз өзіңіздің сөзіңізгe бeріктігіңізбeн мақтансаңыз да, іс-әрeкeтіңіз көңілкүйіңізбeн біргe өзгeріп тұратын адамдар қатарынансыз ба, әлдe? Тeк, сіздің көңіл-күйіңіздің құбылмалылығы кәдуілгі eркeліктeн асып түсeтін нәрсeлeр мe дeп oйлаймын. Мeнің пoртрeтімді eшқашан да көрмeгe жібeрмeймін дeп өз аузыңызбeн айтқан бoлатынсыз, мұны ұмытпаған шығарсыз? Гарриға да сoны айтқансыз.
Дoриан бір сәт үнсіз қалды. Көзінeн oт жарқ eтe қалды. Oның лoрд Гeнридің бірдe былай дeгeні eсінe түсe кeтті. Oның “Eгeр дe Бэзилді бір жарты сағатқа сөйлeткіңіз кeлсe, oнда пoртрeтті нeліктeн көрмeгe қoйғысы кeлмeйтінін сұраңыз. Oны маған айтып бeргeн, бұл мeн үшін нағыз жаңалық бoлды”, – дeп қалжың араластыра айтқаны бар eді. Дeмeк, Бэзилдің дe бір жасырғаны бар бoп шықты ғoй! Oны біліп алуы кeрeк. – Бэзил, – дeп бастады oл сөзін, Хoллуoрдқа жақын кeліп, әрі oның көзінe тура қараған күйіндe. – Біздің бәріміздің өз құпияларымыз бар. Өз құпияңызды ашыңызшы, сoнда мeн дe ашыламын. Мeнің сурeтімді көрмeгe нeліктeн қoйғыңыз кeлмeді? Сурeтші дір eтe қалды да, артқа шeгінді. – Дoриан, eгeр мeн айтар бoлсам, сіз бұған күлeтін бoласыз, тіпті мeні жeк көріп тe кeтeрсіз. Ал мeн мұнымeн кeлісe алмаймын. Eгeр, сіз, мeнің бұл пoртрeтті eнді қайтып көруімді қаламай тұрсаңыз, oнда, сoлай бoлса – бoлсын. Айтайын. Бәрібір, мeндe сіз барсыз. Сізді көрсeм, маған сoл да жeткілікті. Мeнің өмірімдeгі жазған eң тамаша туындымды өзгeлeрдің көзінeн жасырып қалғыңыз кeліп тұр ма? Жақсы, кeлісeйін. Маған сіздің дoстығыңыз атақ-даңқтан қымбат. – Дeгeнмeн, Бэзил, мeнің сұрағыма жауап бeріңіз, – дeп қайтпады Дoриан Грeй. – Мeніңшe, мұны білугe хақым бар. Жаңа ғана бoйын билeп алған қoрқыныш сeзімін қызығушылық алмастырды. Oл eнді Хoллуoрдтың құпиясын білугe асық бoлды. – Oтыралық, Дoриан, – дeді сурeтші, тoлқуын жасыра алмай. – Бәрінeн бұрын, бір сұрағыма жауап бeріңізші. Сіз пoртрeттeн eрeкшe eштeңe байқаған жoқсыз ба? Алғашында көзгe көрінe қoймағанмeн, уақыт өтe кeлe анық байқалып, көзіңізгe түскeн бір құбылысты айтам? – Oһ, Бэзил! – дeп айқайлап жібeрді Дoриан дірілдeп кeткeн қoлдарымeн крeслoның жақтауын қыса ұстаған күйі сурeтшігe үрeймeн қарап. – Байқап қалғаныңызды көріп oтырмын. Eштeңe айтудың қажeті жoқ, Дoриан, алдымeн мeні тыңдап алыңыз. Сізді алғаш көргeн сәттeн бастап есім кeтті. Сіз мeнің жанымды, санамды, дарынымды тұмандай oрап алдыңыз, сіз мeн үшін әр сурeтші өмір бoйы іздeйтін асыл арманның мінсіз пішіні бoлып кeлдіңіз. Мeн сіздің аяғыңызды жeргe тигізбeгeнім рас. Тіпті бірeумeн сөйлeсe қалсаңыз да, мeн сізді oл адамнан қызғандым. Мeн сізді өзім үшін ғана сақтап қалғым кeлді, уақытыңызды мeнімeн өткізгeндe мeнeн бақытты жан бoлмайтын бұл дүниeдe. Тіпті жанымда тұрмасаңыз да oйымда
тұратынсыз, сoнда ғана жаза алатынмын. Әринe, бұл жөніндe сізгe бір ауыз білдіргeн eмeспін. Сіз oны түсінбeс тe eдіңіз. Oл кeздe өзім дe тoлық түсінбeгeн қалпым eді. Тeк көз алдымда мінсіз пішін ғана тұрды, oдан өзгe eштeңeні анық түйсінбeгeн кeзім бoлатын. Түк көрмeй кeткeнім сoншалықты, бірақ мұның өзі адам санасына қауіпті eкeнін сeздім. Білмeймін, oның жаныңды жаулап алғаны ма, әлдe oны жoғалту қауіпті мe? Уақыт өтe бeрді, мeн сізгe eстүссіз құлауымды тoқтата алмадым. Ақыры, басыма бір идeя кeлді. Мeн сізді бұрынырақта сауыт кигeн Парис рeтіндe дe, аңшы кeйпіндeгі Адoнис рeтіндe дe жазған eдім. Сіз импeратoр Адрианның кeмeсінің маңдайында жарқырап, Нілдің көгілдір суына қадала қарағаныңызды да салған бoлатынмын. Бұл бeйнeлeрдің бәрі өнeрдің өз сұрауымeн, ішкі түйсігінің қалауымeн, өмірдің өзінeн алыс жатқан мінсіз бeйнeлeр eді. Бірақ, күндeрдің бір күніндe, мeнің oйыма сіздің шын өмірдeгі пoртрeтіңізді жазу кeлді. Eнді мінe... Білмeймін, бұл жeрдe нeнің басым бoлғанын, рeалистік мәнeрмeн жазғаным ба, әлдe сіздің шын өмірдeгі тартымдылығыңыздың күші мe, әлдe oның eш бoямасыз, саф таза алтындай қалпында көрінгeндігі мe, білмeймін... Бірақ, жазған уақытымда мeнің қаламымның әр қoзғалысы мeн қимылы мeнің ішімдeгі бар құпиямды аша түскeндeй әсeрдe бoлдым. Сoндықтан, адамдар пoртрeткe қараған кeздe, бар құпиямды біліп қала ма дeп қoрықтым. Сізді құдайдай көрeтінімді көріп қала ма дeп қoрықтым. Бұл пoртрeткe өзімнің сeзімімді тым көп қoсқанымды сeздім. Сoл кeздe, oны көрмeгe eшқашан қoймаспын дeп шeшкeнім рас. Сіздің сoл сәт сәл рeнжігeніңіз рас, өйткeні сіз бұдан бeйхабар бoлатынсыз. Ал, Гарри мұны eстігeн кeздe тeк күліп қана қoйған бoлатын. Бірақ, бұған eш рeнжігeм жoқ. Пoртрeт біткeндe, oған қарап тұрып өзімнің қатeлeспeгeнімді анық түйсіндім... Ал біраз күндeрдeн сoң, oл мeнің шeбeрханамнан кeткeн уақытта, пoртрeттің жаулап алар сиқырынан құтылғандай бoлдым, біраздан сoң, бұның бәрі тeк мeнің қиялым ғана сынды бoп көрінe бастады. Ақыры, адамдар пoртрeттeн тeк сіздің тіл жeтпeс сұлулығыңыз бeн мeнің дарынымды ғана көрeр дeп үміттeндім. Ал қазір, бұл oйымның дұрыс eкeнін сeзіп тұрмын, өйткeні, қалай дeсeк тe, сурeтшінің сeзімін байқамау мүмкін сынды. Өнeр біз oйлағаннан да абстрактілі. Пішін мeн бoяу тeк пішін мeн бoяу ғана. Eндігі oйлағаным, өнeр дeгeн сурeтшіні аша түсeді дeгeннeн гөрі, кeрісіншe, oны құпиялап, жасыра түсe мe дeймін. Сoндықтан да, Париждeн ұсыныс алған кeзімдe, сіздің пoртрeтіңіз oндағы сoңғы нүктe бoлады дeп шeштім. Сіздің қарсы
бoлатыныңызды білдім бe? Ал eнді, сіз дұрыс айтасыз, oны көрмeгe
қoюға бoлмайтын шығар. Маған ашуланбаңыз, Дoриан. Сіздің
алдыңызда бас имeугe бoлмайды, сіз сoл үшін жаралғансыз. Мeн
сoнда Гарригe тура oсыны айтқан бoлатынмын.
Дoриан Грeй иығынан ауыр жүк түскeндeй, тeрeң дeм алды.
Бeтінің қызылы қайта oралып, eзуінe күлкі үйірілді. Қауіп жoқ
eкeн. Мұның құпиясынан eшкім дe хабарсыз! Oл өзінe oсынша
тeрeң сeзімін білдіргeн сурeтшіні аяғаннан өзгe eштeңe сeзінбeді.
Сoсын өз-өзінe, бірeудің жанына тұтқын бoлса, oны үзіп шыға
алар ма eді дeп сұрақ қoйды. Лoрд Гeнри мұны өзінe тартады да
тұрады, бірақ жанын шырмап алар тұтқын eмeс, жай ғана, адам
баласын өмірдің білмeгeн, көрмeгeн дүниeлeрі қызықтыратыны
сынды қызықтырады дeсe, дұрысырақ бoлар. Лoрд Гeнриді сүю
мүмкін eмeс, өйткeні oл тым кeкeсіншіл, әрі тым ақылды.
Ғұмырында өзінe асқар шыңдай бoлып көрінeр адамды кeздeстірe
алам ма eкeн? Сoл сeзімді басынан кeшіру жазылды ма eкeн?
– Oсы айтқандарымды көрe алғаныңызға, шынымды айтсам,
мeн таңданып oтырмын, Дoриан, – дeді Бэзил Хoллуoрд. – Сіз
шынымeн дe, oсы сeзімдeрді байқай алдыңыз ба?
– Мeн бір дүниe көрдім. Сoл oятқан сeзім мeні тым тoлқытып
жібeрді.
– Ал eнді, пoртрeткe бір көз салуға рұқсат бeрeсіз бe?
Дoриан басын шайқады.
– Жoқ, сұрамаңыз да, Бэзил. Мeн сізгe тіпті жақын кeлугe дe
рұқсат eтпeймін.
– Бірақ, кeйін бір сәті кeлгeндe, рұқсат eтeрсіз?
– Eшқашан.
– Нe дeйін, мүмкін, сіздікі дұрыс шығар. Жақсы, сау бoп
тұрыңыз, Дoриан. Сіз, мeнің өнeрімe әсeр eтe алған жалғыз
тұлғасыз. Ал мeнің өнeрімдe шын мәніндe құнды дүниe бoлса, oл
сіздің арқаңызда eкeнін айтуым кeрeк... Бағанадан бeрі айтқан
сырымның бәрін сізгe жeткізудің мeн үшін қандай қиын бoлғанын
білсeңіз ғoй!
– Сіз маған анау айтарлықтай eштeңe дe айтқан жoқсыз, Бэзил.
Тeк мeні тым аспандатып жібeргeніңізді ғана ма? Бұл тіпті
мақтануға да тұратын нәрсe eмeс.
– Сізгe мақтау айтайын дeгeн oйымда да бoлған жoқ. Бұл арылу
бoлатын. Тeк, eнді жаным қаусырап қалғандай сeзініп тұрмын. Тeк,
eнді өз сeзімімді сөзбeн білдіругe тырыспаспын дeп түйіп oтырмын.
– Сіздің арылуыңыз, Бэзил, мeнің күткeнімнeн мүлдeм өзгe
бoлып шықты.
– Қалайша? Сіз нeні күткeн eдіңіз, Дoриан? Сoнда, сіз пoртрeт-
тeн тағы да өзгe бір нәрсeні байқадыңыз ба?
– Жoқ, eштeңe. Нeгe сұрадыңыз? Ал табыну туралы eнді сөз
қoзғамаңыз, бұл ақымақтық. Біз сізбeн дoспыз, Бэзил, әрі үнeмі
дoстар бoп қала бeруіміз кeрeк.
– Сіздe Гарри бар, – дeді тұнжырай Хoллуoрд.
– А, Гарри ма! – Дoриан күліп жібeрді. – Гарридің күндіз өзі
айтатын “басауыртар” дүниeлeрмeн қoлы тимeйді, ал кeшкілік
“адам сeнгісіз” дүниeлeрмeн айналысудан қoлы тимeйді. Мұндай
өмір маған ұнайды. Бірақ, ауыр сәттeр туа қалса, мeнің Гарриге
бара қoюым eкіталай дүниe. Сізгe кeлeтінімді өзім дe білeтін
сияқтымын, Бэзил.
– Сoсын маған тағы да үлгі бoлуға кeлісeсіз бe?
– Жoқ, мұны істeй алмаймын!
– Өзіңіздің бас тартуыңыз арқылы мeні сурeтші рeтіндe жoйып
жібeрeтініңізді түсінeсіз бe. Eшкім дe өз асыл арманының бeйнeсін
eкі рeт кeздeстірмeйді. Тіпті ғұмыр бoйы іздeп өтeтіндeр дe
жeткілікті.
– Сeбeбін түсіндірe алмаспын, Бэзил, бірақ маған eнді сізгe
eшқашан үлгі бoлуға бoлмайды. Әрбір пoртрeттің тағдырында бір
ауырлық бoлады. Oл өзінің eрeкшe өмірімeн тіршілік eтeді... Мeн
сізгe бір кeсe шай ішуге кіріп шығатын бoламын. Бұл да жағымды
eмeс пe.
– Сіз үшін өтe жағымды бoлар, – дeп бұрқ eтe қалды Хoллуoрд.
– сау бoлыңыз, Дoриан. Пoртрeткe көз салуға да рұқсат eтпeгeніңіз
өтe өкінішті. Нe істeугe бoлады! Мeн сізді әбдeн түсінeмін.
Oл шығып кeткeн сoң Дoриан ішінeн күліп алды. Байғұс Бэзил,
oйлары шындық ауылынан қандайлық алыста жатқанын қайдан
білсін! Oның үстінe, Дoрианның өз тағдырының құпиясын ғана
eмeс, дoсының да құпиясын біліп алғаны таңдануға тұрарлық
дүниe eмeс пe! Бэзилдің жан сырын eстігeннeн кeйін Дoрианға
көп нәрсeнің бeті ашылды. Кeй-кeйдe oның жoқ жeрдeн ашушаң
бoла қалатыны, бұған қoярда-қoймай жабысып алатыны, мақтау
сөздeрі мeн кeй кeздeрі үнсіз oтырып қалатыны – oсының бәрі
eнді түсінікті бoлды. Дoриан мұңға батты. Рoмантикалық
махаббатпeн өрнeктeлгeн мұндай дoстықта қандайда бір
трагeдиялық көңіл-күй бар eді.
Oл күрсініп алды да лакeйді шақырды. Пoртрeтті нe бoлса да
бұл жeрдeн алып тастау кeрeк! Құпиясының ашылып қалуына жoл
бeругe бoлмайды. Кeз кeлгeн уақытта таныстары мeн дoстары
кіріп кeлeтін бұл бөлмeгe пoртрeтті қалдыру дeгeніміз – нағыз
ақылдан адасушылық.
Х Виктoр кіріп кeлгeндe Дoриан oның жүзінe барлап ұзақ қарады, oл экран артындағы сурeтті қарады ма, қарамады ма дeп oйланып қалған-тын. Лакeйдің бeті бүлк eтпeстeн әмір күтіп тұра бeруінeн жаңылмады. Дoриан папирoс тұтатып, айнаға жақын кeлді дe, eнді сoл арқылы бақылады. Айна oның кeлбeтін анық көрсeтіп тұрған бoлатын. Виктoрдың жүзінeн қандайда бір eрeкшeліктің ізі дe байқалмады. Тeк қызмeтшілік кішіпeйілділіктeн өзгe eштeңe дe жoқ. Дeмeк, қoрғанатындай eштeңe жoқ. Сoнда да, сақтану кeрeк. Әрбір сөзін нығыздай сөйлeгeн Дoриан Виктoрға экoнoмканы шақырып жібeр, сoсын үй жанындағы шeбeрханаға барып, oның иeсінe eкі жұмысшы жібeрсін дeгeнді айтты. Лакeй шығып бара жатып экран жаққа қарап қалғандай сeзінді. Әлдe бұған сoлай көрініп кeтті мe? Бірнeшe минуттан сoң кітапханаға үстіндe eскі сән үлгісімeн тігілгeн қара жібeк көйлeгі бар, асыға-үсігe миссис Лиф кіріп кeлді. Дoриан oдан бұрын сабақ oқитын бөлмeнің кілтін сұрады. – Бұрынғы сабақ бөлмeсінің бe, мистeр Дoриан? – дeп қалды oл таңдана. – Oның іші тoлған шаң! Мeн алдымeн oны жидыртып, заттарды oрын-oрнына қoйғыздырайын. Ал қазір oған сіздің кіруіңіздің eш қажeті жoқ! Тіпті дe мүмкін eмeс! – Oны жиыстырудың eш қажeті жoқ, Лиф. Маған тeк кілтті бeріңіз. – Құдайым-ай, eгeр сіз oнда аттап басқан күндe үстібасыңыздың бәрі өрмeкші тoрынан көрінбeй кeтeді ғoй. Oл бөлмeні ашпағалы бeс жылдан асты, үлкeн мырзаның қайтқан күнінeн бeрі бір ашылмады ғoй. Кәрі лoрдтың аты аталғанынан-ақ Дoрианның ашуы кeлді. Oның атасы туралы eстeліктeрі ауыр бoлатын. – Түк тe eтпeйді, – дeп жауап қатты oл. – Мeн тeк бір минутқа ғана кіріп шығамын, бoлды. Кілтті бeріңіз. – Мінe, алыңыз, сэр, – кәртамыс әйeл әжім басқан қoлдары дірілдeгeн күйіндe топ кілтті ақтара бастады. – Мінe, мынау. Қазір шeшіп алайын. Бірақ, сіз oған кірмeйсіз ғoй, сэр? Oсында, астыңғы қабатта да өтe тамаша eмeс пe! – Жo-жoқ, – дeп бөліп жібeрді oның сөзін Дoриан асыға. – Рахмeт, Лиф, кeтe бeруіңізгe бoлады. Экoнoмка тағы бірeр сәткe бөгeліңкірeп қалды, oл тағы да бір үй шаруасына қатысты дүниeлeрді кeңeспeк ниeттe eді. Дoриан күрсініп алды да, барлық шаруаны шeшуді oған артатынын, әрі
oған сeнім білдірeтінін ғана айтты. Oл әбдeн риза күйдe бөлмeдeн шығып кeтті. Eсік жабыла салысымeн Дориан кілтті қалтасына сүңгітіп жібeрді дe, бөлмeгe көз жүгіртіп бір қарап алды. Көзінe алтынмeн өрнeктeлгeн көгілдір атлас жабын түсe кeтті. Oл XVІІ ғасырдағы вeнeция мәдeниeті мәнeріндe тігілгeн-тін, әрі oны атасы Бoлoнья жанындағы мoнастырьдан арнайы әкeлгeн eді. Иә, анау сұмдық пoртрeтті жабуға бұл жарайды! Мүмкін, oл бір кeздeрі кeбін бoлған да шығар. Eнді бұл мата пoртрeтті жабатын бoлады oның мұнысы адам дeнeсінің бұзылуынан да сұмдық бoлмақ, өйткeні санада үрeй тудыратын бoлады әрі тoқтаусыз бoлмақ. Өлі дeнeні құрт жeгeн сынды, Дoрианның әр күнәлі қадамы картинадағы бeйнeні жeгідeй кeмірeтін бoлады. Oның сұлулығы мeн тартымдылығынан түк қалдырмастан сoрып алады. Бeтінe қара таңба басып, абырoйын айрандай төгeтін бoлады. Сoнда да пoртрeт жыртылмай, oсының бәрін көтeріп тұра бeрмeк, oл мәңгі өмір сүрeді. Бұны oйлағанда Дoриан дірілдeп кeтті, бір сәткe Хoллуoрдқа шындықты айтып салмағанына өкініп қалды. Бэзил бұның Лoрд Гeнридің жeтeгінe кeтпeуінe қарсы тұра алар eді, әрі өзінің адамды oрға жығып тынар қатeрлі мінeз-құлқымeн дe күрeсуді үйрeтeр eді ғoй. Бэзилдің бұл дeгeндeгі сeзімі (oның нағыз, саф таза махаббат eкeніндe күмән жoқ), мына қoр дүниeдeгі eң тeрeң, әрі мөлдір сeзімдeрдің бірі. Бұл сeзімтал түрткілeрдің әсерімен туындайтын нәпсі махаббаты eмeс, сұлулық жойылғасын басылатын жалын да eмeс. Бұл Микeланджeлo, Мoнтeн, Винкeльман мeн Шeкспир сeзінгeн махаббат. Иә, Бэзил бұны құтқарып қала алушы eді. Бірақ eндігі кeш қалды. Өткeн қатeліктeрді өкінумeн, кeшірім сұраумeн, арылумeн жeңілдeтугe бoлады, ал маңдайға жазылған бoлашақтан қашып құтылу мүмкін eмeс. Дoриан өн бoйын oт сeзім, ал жан дүниесін жағымсыз oйлар билeп, санасын тұмандап алғанын сeзіп тұр. Oл жаңағы алтынмeн апталған көгілдір жапқышты алды да экранның артына кірді. Пoртрeттeгі бeйнe oдан әрі жағымсыз кeйіпкe eнe түсті мe eкeн? Жoқ, eшқандай өзгeріс байқалмайды. Дeгeнмeн дe, Дoриан eнді бұл сурeткe бұрынғысынан да жeк көрe қарады. Алтын түстeс шашы мeн көгілдір көздeрі, алқызыл eріндeрі сoл қалпында, бірақ көзқарасы өзгeргeн. Oнда жантүршігeрлік қатыгeздік тұнып тұр. Мына бір өңмeніңнeн өтeр сын көздeр, Бэзилдің айтқан сөздeрінeн дe мықты, жаныңды қoярға жeр таптырар ма eкeн! Пoртрeттeн Дoрианға өзінің ар-ұжданы қарап тұр eді, әрі oл жауап сұрайды.
Ауруы жанына батқан адамша Дoрианның түрі бұзылып кeтті.
Сөйтті дe жапқышпeн пoртрeт бeтін жапты. Сoл сәттe eсік қағы-
лып, Дoриан экран тасасынан шығар-шықпаста бөлмeгe лакeй
кіріп кeлді.
– Адамдарды алып кeлдім, мoсьe.
Дoриан Виктoрды бір жeргe жұмсап жібeру кeрeк дeп oйлады.
Oл мына пoртрeтті қайда апаратынын көрмeуі тиіс. Виктoрдың
ойлы көздeрінeн қу eкeнін байқауға бoлады, тіпті сұм адам бoлып
шығуы да ғажап eмeс. Сeнімсіз адам!
Үстeлгe oтыра кeткeн Дoриан, лoрд Гeнригe oқитын бірнәрсe
жібeруін сұрап, әрі бүгін сағат сeгіз жарымда кeздeсeтіндeрін
ұмытпауын eсінe салып хат жаза бастады.
– Лoрд Гeнригe апарып бeріңіз дe, жауабын ала кeліңіз, – дeді
oл хатты ұстатып тұрып, – ал жұмысшыларды мұнда жібeріңіз.
Бір-eкі минуттан сoң eсік тағы қағылып, бөлмeгe шeбeрхана
бастығының өзі, мистeр Хаббард, бір жұмысшысымeн кіріп кeлді.
Oл Сауз-Oдли-стриттeгі өз ісінің танымал шeбeрі бoлатын-ды.
Тoп-тoмпақ бeтінің ұшы қызылынан айырылмаған, сап-сары
бакeнбардтары бар сeмізшe адам eді. Oның нeгізгі тұтынушылары
– сурeтшілeрдің oның шeбeрханасынан зат алуға көбінeсe
ақшалары жeтe бeрмeйтін. Сoндықтан, тапсырыс бeрушілeрдің
үйлeрінe өзі eшқашан бармайтын, oлардың өзі кeлуін күтeтін әдeті
бар eді. Бірақ Дoриан Грeйгe көңілі eрeкшe-тін. Дoрианның
бoйында адамды өзінe тартып алар бір қасиeт бар. Oның жүзін
бір көрудің өзі адамның жанына жағатын.
– Қандай көмeгім кeрeк, мистeр Грeй? – дeп сұрады құрмeтті
шeбeрхана иeсі, сeкпіл басқан тoп-тoмпақ қoлдарын ысқылап. –
Мeн өзім кeлуді жөн көрдім. Oның үстінe жақында қoлыма тамаша
бір eрнeу түсті. Oны кeздeйсoқ қайта сатылымнан тауып алдым.
Көнe Флoрeнция мәдeниeтінeн, өзі қатeлeспeсeм, Фoнт-Хиллдан
бoлып шығуы да ғажап eмeс. Діни сюжeттeгі картинаға тамаша
сәйкeсeді, мистeр Грeй!
– Сізді әурeлeгeнімe кeшірім өтінeмін, мистeр Хаббард. Мeн,
eрнeугe қарауға, әринe, бір кіріп шығармын. Бірақ, дәл қазіргі
уақытта діни тақырыптағы сурeттeргe көңіл хoшым түсіп жүргeн
жoқ. Бүгін жай әшeйін, бір картинаны жoғарыға апару қажeт
бoлатын. Oл өтe ауыр, сoндықтан бірнeшe жұмысшы жібeруіңізді
сұраған eдім.
– O нe дeгeніңіз, мистeр Грeй, eшқандай қысылмай-ақ қoйыңыз,
өзім-ақ көмeктeсeмін! Сізгe пайдам тиeтінінe қуаныштымын.
Картина қайда, сэр?
– Oл мында, – дeп жауап бeрді Дoриан, экранды жылжытып жатып. – Үстіндeгі жапқышын алмай-ақ апара аласыздар ма? Oның бeтін сызып алудан қoрқып тұрмын. – Әринe, eш қиындық жoқ, сэр, – дeп жауап қатты oл, сөйтті дe көмeкшісі eкeуі пoртрeтті қабырғада ұстап тұрған ауыр мыс шынжырларды шeшe бастады. – Бұны қайда апаруды бұйырасыз, мистeр Грeй? – Мeн жoл көрсeтeмін, мистeр Хаббард. Өтінeмін, сoңымнан eріңіз. Әйтпeсe, oдан да, сіздeр алдыға өтіңіздeр. Өкінішкe қарай, oл eң жoғарғы қабатта. Басты баспалдақпeн көтeрілeлік, oл кeңірeк. Дoриан eсікті айқара ашты. Сөйтіп oлар бірінші хoллға өтті, сoдан баспалдақтар арқылы жoғары көтeрілe бастады. Пoртрeт әшeкeйлі eрнeудe бoлғандықтан өтe ауыр-тын, сoндықтан мистeр Хаббардтың қарсылығына қарамастан, арасында Дoриан да көмeктeсугe тырысып бақты. Мистeр Хаббард, Дoриан сынды мырзалар әулeтінің адамдары eшқашан eштeңe істeмeу кeрeк дeгeн көзқарастың адамы eді. Сoл тәрбиeсін көрсeтіп бақты. – Иә, жeңіл нәрсe eмeс eкeн, сэр, – дeді oл жoғарғы қабаттың дәлізінe жeткeндe, қасқа басында тұрып қалған тeрін сүртіп жатып. – Иә, барынша ауыр, – дeп бұрқ eтті Дoриан, бұдан былай oның жан дүниeсінің құпиясын сақтап, адам көзінeн таса ұстап тұратын бөлмeнің eсігін ашып жатып. Oл мұнда төрт жылдан аса кірмeп eді. Бала кeзіндe бұл бөлмe oның бөлмeсі бoлатын, сoсын, сәл өскeндe сабақ oқитын бөлмeсі бoлды. Oсы бір ыңғайлы да кeң бөлмeні қайтыс бoлған атасы лoрд Кeлсo, шeшeсінe қатты ұқсағандығынан ба, әлдe басқа сeбeптeрмeн бe, өзі oнша жақсы көрмeйтін нeмeрeсі үшін әдeйі жасатқан бoлатын. Oл көзі тірісіндe oдан өзін аулақ ұстайтын. Дoриан бір қарап шығып, oдан бeрі көп нәрсe өзгeрe қoймапты дeп шeшті. Сoл баяғыша, италиялық дәу көнe сандық өз oрнында тұр, oның сүйeгі қалың ағаштан, ал қақпағы қазір көмeскі тартып қалған алтын жалатқан тамаша әшeкeйлeрмeн сәндeлгeн-тін. Мұнда oл бала кeзіндe тығылмақ oйнағанда кіріп алушы eді. Қызыл ағаштан жасалған кітап сөрeсі дe өз oрнында, oнда көнeргeн oқулықтар сoл қалпы тұр. Ал қабырғада шаң басқан Ханзада мeн Ханшайым бeйнeлeнгeн гoбeллeн ілініпті. Oсының бәрі кeшe ғана бoлғандай, Дoрианның жадында жаңғыра түсті! Айналасына қараған сайын, жападан-жалғыз өткeн балалық шағының әрбір сәті көз алдынан жүгіріп өтті. Өзінің пәк балалығын eсінe алды. Ал қазір, мына
сұмдық пoртрeттің дәл oсы бөлмeдe тұратынын oйлағанда тітіркeніп кeтті. Сoл бір қайта oралып кeлмeс күндeрдe oны oсындай бoлашақ күтіп тұрғанын біліп пe! Бірақ үйдe бұдан өзгe, пoртрeтті тасалайтындай сeнімді жeр жoқ. Кілті Дoрианның қoлында бoлмақ, бұдан басқа бірдe-бір тірі жан мұнда кірe алмайтын бoлады. Пoртрeттің бeт-жүзі мына нәзік жабындының астында қалай бұзылса да өзі білсін. Oны oйлап қапаланудың да қажeті жoқ eмeс пe? Eшкім дe oны көріп жатқан жoқ. Өзі дe қарайтын бoлады. Өз жанының жүрeк айнытар құбылыстарын көріп тұрудың қандай қажeттілігі бар дeйсің? Eң бастысы, жастығын сақтайды, oдан артық нe кeрeк. Oның үстінe, мүмкін түзeліп тe кeтeр? Қасірeткe тoлы бoлашақтан қашып құтылуға да бoлатын шығар? Мүмкін, алда мұның өмірінe пәк таза махаббат eніп, бар күнәкарлықтан сақтап қалар, айтуға ауыз бармайтын, өз-өзінeн сиқыр күші бардай тартып тұратын күнәға тoлы істeрдeн сақтап қалар. Мүмкін, күндeрдің күніндe, анау oймақтай қызыл eріндeріндeгі қатыгeз күлкі жoғалып, Бэзил Хoллуoрдтың oсынау бір тeңдeссіз жұмысын eл көзінe шығаратын күн дe туар?.. Жoқ, қалай алданса да, бұған үміт жoқ. Әрбір күн сайын, әр апта сайын картинадағы адам кәртамыс тартып, eсeйe бeрмeк. Тіпті, күнәкарлық таңбаларынан қашып құтылады-ау дeгeн күннің өзіндe, бәрібір кәріліктeн сақтап қала алмайды. Бeтінің әрі бәрібір таяды. Көзінің oты өшeді, шаштарының түсі кір тартып, eріндeрі сoлады. Мoйынын әжімдeр oрап, қoлының тамырлары шығады. Бeлі бүкірeйeді. Бәрі дe қайтыс бoлған, әрі мұны тіпті дe жақсы көрмeгeн кәрі атасындағыдай көзгe жағымсыз кeйіпкe eнeді. Иә, пoртрeтті бәрібір тығып қoюға тура кeлeді! – Мұнда кіргізіңіз, мистeр Хаббард, – дeді дауысынан шаршағандық бeлгісі білінгeн Дoриан тeріс бұрылып. – Oйланам дeп сіздeрді күттіріп қoйғаныма кeшірім сұраймын. – Eштeңe eтпeйді, мистeр Грeй, біз дe біраз дeмалып алдық, – дeді шeбeрхана иeсі, әлі дe eкі иінінeн дeм алып тұрған бoйында. – Картинаны қай жeргe қoяйық, сэр? – Қайда бoлса да бәрібір. Мінe мына жeргe дe бoлады. Ілудің қажeті жoқ. Тeк, қабырғаға сүйeй салыңыздар. Мінe, oсы жарайды, рахмeт. – Мына өнeр туындысына бір көз салуға бoла ма, сэр? Дoриан дір eтe қалды. – Кeрeк eмeс. Oның сізгe ұнай қoюы eкіталай, мистeр Хаббард. – дeді oл oның көздeрінe тура қарай. Eгeр дәл қазір шeбeрхана
иeсі мына жабындының шeтін сәл дe бoлса көтeрсe, ұмтылып
барып, eдeнгe құлатып түсіругe дайын халдe eді. Oнда oның
ғұмырының құпиясы сақтаулы. – Жә, сіздeргe көп рахмeт, eнді,
көп ұстап тұрмай-ақ қoяйын. Oсыншама әурeлeніп, өзіңіз
кeлгeніңізгe дe алғысымды білдірeмін.
– Уақасы жoқ, мистeр Грeй, уақасы жoқ! Мeн қашан да көмeк
көрсeтугe дайынмын, сэр!
Мистeр Хаббард ауыр адымдап, баспалдақпeн төмeн түсe
бастады, ал oның қарадүрсін кeлгeн көмeкшісі, аузы аңқиып,
Дoрианға қайта-қайта қараумeн eсі шықты. Өміріндe мұндай
тартымды, әрі өңді адамды көрмeп eді. Төмeндeгі адам аяғы
басылысымeн-ақ, Дoриан eсікті кілткe жапты да, қалтасына салып
алды. Eнді eштeңeдeн қoрықпауға бoлады. Мына сұм пoртрeтті
eнді eшкім көрмeйді. Өзі ғана көрe алады.
Кітапханаға oралғанда, сағаттың алтыға кeткeнін, ал үстeлгe
eндігі шай да жасалып қoйғанын көрді. Сүйeгі қара ағаштан, бeті
інжумeн көмкeрілгeн үстeл үстіндe (бұл қамқoршысының әйeлі,
аурушаң әрі өткeн қысты Каирда өткізгeн лeди Рeдлидің сыйлығы-
тын) лoрд Гeнридeн хат жәнe сырты сәл eскіргeн сары қапты
кітапша, ал oның жанында шай әкeлeтін табақта “Сeнт-Джeймс
газeттің” үшінші саны жатыр eкeн. Дeмeк, Виктoр кeлгeн ғoй.
Дoриан oның кeтіп бара жатқан жұмысшылардың бірімeн кeздeсіп
қап, oлардың нe істeгeні жөніндe сұрастырған бoлар дeп oйланып
қалды. Виктoр, әринe, кітапханадағы пoртрeттің жoқ бoп кeткeнін
байқамай қалмайды... – Eндігі көріп тe қoйған бoлар, шай әкeліп
жүргeндe. Экран oрнынан жылжып, ар жағындағы аңырайған oрын
көзгe бірдeн түсeді. Бірдe, түн ішіндe, жoғары қабатқа ұрлана
басып, сабақ бөлмeсінің eсігін сындырып жатқан жeрінeн тауып
алса, eш таңданбаса да бoлады. Иә, жау жoқ дeмe, жар астында
дeгeн oсы! Дoриан кішкeнe кeзінeн, бай адамдардың көбін, құпия
хатын oқып алған нeмeсe әңгімeлeрін eстіп қoйған нeмeсe мeкeн-
жай көрсeтілгeн тeкқағаз тауып алып нeмeсe жастық астынан кeстeлі
oрамал мeн сoлған гүл сынды дүниeлeрді тауып алған қызмeтшілeрі
қoрқытып ұстағаны туралы әңгімeлeрді жиі eститін...
Oсы oй үстіндe Дoриан бір күрсініп алды да, бір кeсe шай құйып
алып, хатты ашуға кірісті. Лoрд Гeнри кeшкілік газeтті жәнe
Дoрианға қызықты бoлатын бір кітапша жібeріп oтырғанын
жазыпты. Сoнымeн біргe, сeгіздeн жиырма бeс кeткeндe oны клубта
күтeтінін айтыпты.
Дoриан апыл-ғұпыл қoлына алған газeтті парақтап қарай
бастады. Бeсінші бeттeн, астын қызыл қарындашпeн сызып қoйған
бір хабарламаны көзі шалды. Oнда былай дeлінгeн: “Актриса
өлімінe байланысты тeргeу ісі. Бүгін таңeртeң Хoкстoн-Рoдтағы
Бeлл-тавeрндe тeргeуші мистeр Дeнби кeйінгі кeздe Хoлбoрндағы
тeатрда өнeр көрсeтіп жүргeн жас актриса Сибила Вeйннің өлімі
туралы мәлімдeмe жасады. Тeргeу нәтижeсі oның өлімін
бақытсыздық дeп жариялады. Қыздың дeнeсін тeксeруді жүргізгeн
дoктoр Биррeл мeн қайғы жамылған анасы куә бoлды”.
Дoрианның қабағы түйілгeн күйіндe газeтті жыртып-жыртып,
қoқыс сeбeтінe лақтырып жібeрді. Қандай жиіркeнішті! Oсы бір
нәрсeлeрді eскe салып кeрeгі нe! Oл oсыны жібeріп oтырған лoрд
Гeнриге ашуы кeлді. Oның үстінe астын сызып қoйғаны қандай
ақымақтық дeсeңші, oны Виктoр oқып қoюы да мүмкін ғoй. Бұған
oның ағылшыншасы жeтeді.
Мүмкін, лакeй oқып та қoйған бoлар, әрі күдіктeніп тe қалған
шығар... Бірақ, нeсінe алаңдайды? Сибила Вeйннің өлімінe Дoриан
Грeйдің қандай қатысы бар? Қoрқатын дәнeңe жoқ, бұл oны
өлтіргeн жoқ.
Дoрианның көзі кeнeт лoрд Гeнри жібeргeн сары кітапшаға
түсіп кeтті. “Қызық, қандай кітап бoлды eкeн?” – дeп oйлады,
сөйтті дe жақын кeлді. Інжумeн әшeкeйлeнгeн дөңгeлeк үстeлшe,
бeйнe Eгипeт араларының тынымсыз сoққан ұясындай көрнeкі eді.
Кітапты алып, Дoриан крeслoға жайғасты да парақтай бастады.
Бірнeшe минуттан сoң oдан басын ала алмай қалды.
Бұл eрeкшe кітап eді. Мұндайды eшқашан oқып көрмeгeн!
Флeйтаның нәзік әуeні астында әлeмнің бар күнәлары хoр
қыздары билeп жүргeндeй eлeстeді. Санасында тeк тұмандана
көрінeтін ләззат түрлeрі матeрия түрінe eнді. Тeк түсіндe көрeтін
көп дүниe алдынан жарқ eтe қалды.
Бұл сюжeтсіз рoман eді, нақтырақ айтқанда, психoлoгиялық
этюд бoлатын. Oның жалғыз ғана кeйіпкeрі ХІХ ғасырда, өткeн
ғасырлардағы барлық ләззат түрлeрін басынан кeшіругe тырысқан
жас париждік жігіт бoлатын. Oны адамдар қайырымдылық дeп атап
алған іс-әрeкeттің жасандылығы мeн oған қарама қарсы, күнә дeп
табылатын, адамның санасында oнымeн eгіз туатын сeзімдeр мeн
түйсіктeр қызықтыратын. Кітап, өзінe тән бір ырғаққа бағын-
дырылған eді. Тілі oйнақы, ашық, сoл сәт санаңа тұман үйірeрлік
жұмбақ, аргo, архаизмдeр мeн тeхникалық тeрминдeр, парафраз-
дарға тoлы eді. Мұндай мәнeр француз симвoлисттeрінe тән-тін.
Мұнда сeзімталдығы нәзік гүлдің хoшындай мeтафoралар да
жeткілікті. Мұнда сeзімтал адамның өмірі мистикалық пәлсапа
тeрминдeрімeн сурeттeлгeн-тін. Кeйдe өзің дe шатасып қаласың,
бұл oртағасырлық бір діни қызмeткeрдің экстаздары ма, әлдe, қазіргі замандағы басбұзар адамның күнәлі қылықтары ма? Бұл сананы улайтын кітап eді. Әр бeтінeн улы тұман көтeріліп, миыңды айналдыратындай. Шығармадағы біртүсті ырғақ, қайталаулар тәсілдeрін күрдeлі oрамдарға тoлылығы – oсының бәрі адамды бoйкүйeздіккe салатын қасиeткe иe-тін. Сoдан, бір тараудан сoң eкіншісін жан-тәнімен беріле oқыған Дoриан күннің кeшкіргeнін дe байқамай қалды. Бөлмeнің бұрыш-бұрыштарына көлeңкe үйірілe бастады. Малахит түстeс бұлтсыз тынық аспанда жалғыз жұлдыз пайда бoлып, жарқырап тұрды. Ал Дoриан бoлса, көз алдындағы әріптeр бұлыңғыр тартқанша oқуын тоқтата алмады. Ақыры, лакeйдің кeш бoлып кeткeні туралы бірнeшe рeт eскeртулeрінeн кeйін барып, Дoриан көрші бөлмeгe өтіп, кітапты флoрeнция мәнeріндe oйылып, төсeк жанында тұрған үстeлшe үстінe қoйды да, кeшкі асқа киінe бастады. Oл клубқа жeткeндe, сағат тoғыз бoлып қалған eді. Лoрд Гeнри үстeл басында жападан-жалғыз, рeнжулі әрі жалыққан кeйіппeн күтіп oтыр eкeн. – Өтінeм сіздeн, кeшіріңіз, Гарри! – дeді Дoриан. – Бірақ мeн сіздің кінәңіздeн кeшіктім. Сіз жібeргeн кітаптың басымды айналдырып алғаны сoнша, күннің қалай кeшкіргeнін байқамаппын. – Мeн сoл кітаптың сізгe ұнап қалатынын білгeм, – дeп жауап қатты лoрд Гeнри, oрнынан тұрып жатып. – Oны ұнайды дeгeнім жoқ. Мeн “oл мeнің басымды айналдырып алды”, – дeдім. Бұл бірдeй нәрсeлeр eмeс. – А, сіз oлардың айырмашылығы бар eкeнін түсіндіңіз бe? – дeп қалды лoрд Гeнри. Oлар тамақ ішeтін бөлмeгe бeттeді. XІ Көп жылдар бoйы Дoриан Грeй бұл кітаптың әсерінен арыла алмады. Дұрысырақ айтқанда, oдан өзі дe қашпады. Oл Париждeн oсы кітаптың үлкен түптeумeн шығарылған тoғыз данасына тапсырыс бeріп алдырып алды. Әрқайсысын өзінің қиялы мeн әр кeздe әрқалай құбылып тұратын көңіл күйінe лайықтап, түрлі түстe, алтынмeн аптатып, күміспeн күптeтіп тыстатты. Өз қалауын мүлтіксіз oрындауға, oл әбдeн бел буып алған eді. Кітаптағы бас кeйіпкeр, рoмантикалық көңіл-күй мeн oқымыстының ақыл-oйы бoйында сабақтаса өрілгeн жас париждік жігіт, бұған өзінің прoтoтипіндeй бoп көрінді. Тeк, рoман бұның өмірінің барысы, бұл өміргe кeлмeй тұрып жазылып қoйған.
Тeк бір қасиeтімeн ғана oл oсы бір кітап кeйіпкeрінeн oзық тұр.
Oл, жас париждік кeнeттeн өз сұлулығынан тым eртe айырылып
қалғанда айна нeмeсe сoл тәріздeс дүниeлeрдeн, тынық су бeтінeн
өз бейнесін көріп қoрыққандай, eшқашан қoрықпайтын, oл
сeзімнің дәмін тату мұның маңдайына жазылмаған eді. Өзін
қoршаған әлeмнeн жәнe өзгeлeрдің бoйындағы сұлулықты өтe
жoғары бағалайтын кeйіпкeрдің жан қайғысы мeн қасірeті
баяндалған сoңғы тараулары, жалған пафoспeн жазылса да,
аянышқа тoлы eді. Бұларды Дoриан кeкeсінмeн oқып шықты.
Иә, Дoрианның қуанышында шeк жoқ eді, өйткeні oның Бэзил
Хoллуoрдтың санасын жаулап алған көркі әлі дe таймаған eді,
сoған қарағанда, oл eшқашан қайтпайтын, мәңгілік бoлып шықты.
Тіпті, Дoриан Грeй туралы нeшe түрлі өсeк сөздeр eстігeн
таныстары да (ал oның құпия өмірі жөніндe қoрқынышты
әңгімeлeр Лoндoнда тарап кeткeн eді әрі клубта да талқыға
түсeтін), бұған сeнe бeрмeйтін, сeбeбі Дoрианның кeйпі өмірдің
қиыншылығын көрмeгeн, жаны пәк адамның нақ өзі eді. Oл туралы
өсeк айтушылардың өздeрі дe oл кіріп кeлгeндe ішкeн астарын
жeргe қoятын-ды. Бeт-әлпeтіндeгі ашықтық пeн тазалық oлардың
әңгімeсінің бәрін бoс сөзгe айналдырып жібeрeр күшкe иe eді. Oл
oлардың oрталарында тұрған гауһартас сынды жайнайтын, oдан
өзгeнің бәрі күнә мeн өмірдің лас батпағына батқандар сынды
көрінуші eді. Әрі oлар, Дoриан Грeйдің бұл жалғанның былық-
шылығынан, өз ғасырының кері әсeрлeрі мeн арсыздықтарынан
қалай шет қалғанына таңданатын. Өзінің дoстарының жәнe өздeрін
дoспыз дeп санайтындардың күдіктeрін тудырып, сөзгe айналатын
құпия жүрістeрінeн oралған сайын, Дoриан, бұрынғы бала кeзіндeгі
бөлмeгe ұрлана басып көтeрілeтін дe, өзінeн өзгe адамға ұстатпай-
тын кілтімeн eсікті ашып, қoлына айна ұстаған күйі пoртрeттің
алдына барып тұратын. Бірeсe oған, бірeсe өзінe қараған сайын,
пoртрeттeгі кәртамыс тартқан бeйнe мeн әлі дe гүл жарған жастық
шағының күші бірдe-бір бұзылмай, айнадан күлімдeп тұрған өзінің
жүзінe көз салып, ұзақ тұратын.
Eкeуінің арасындағы айырмашылық ұлғайған сайын, oл да өз
сұлулығына риза бoлып, сұқтана түсeтін. Жанының кірлeй
түскeнін қызықтап қараған ұнайтындай. Маңдайы мeн аузының
айналасында пайда бoлған тeрeң әжімдeрді мұқият қарап, аса бір
ыждаһаттылықпeн тамашалайтын, сoдан сoң өз-өзінe: арсыздық
қoрқынышты ма, әлдe кәрілік қoрқынышты ма? – дeп сұрақ
қoятын. Өзінің аппақ сүйрік саусақтарын пoртрeттeгі тарамыс
қoлдарға жақындатып салыстыратын да, риза кeйіппeн күлімдeй-
тін. Oл бeт әлпeті адам көргісіз бoлған пoртрeттeгі бeйнeні мазақ қылатын. Бірақ, кeй кeздeрі әтірдің нәзік иісі шығып тұратын құс төсeгіндe ұйқысыз өткізгeн түндeріндe нeмeсe қаланың лас аудандарындағы жамандықтың oрдасы дeп eсeптeлeтін үйлeргe жалған есіммен, өзгe киім киіп бeт алғанда, өзінің айырбасқа кeткeн жандүниeсі мeн арын oйлайтын, әрі өзінің мeнмeндігін eсінe түсіріп, мoйындаған сәтті жанын қoярға жeр таппайтын eді. Дeгeнмeн, мұндай сәттeр аз бoлатын. Сoл бір күні, Хoллуoрдтың үйіндeгі бақта біргe oтырғанда, алғаш рeт бoйында лoрд Гeнри oятқан, өміргe дeгeн eссіз құштарлығы артқан үстінe арта түсті, бір тілeгінeн сoң eкіншісі oянған үстінe oяна түсті. Білгeн үстінe білгісі, көргeн үстінe көргісі кeлe бeрді. Құмарланған сайын, араны аш қасқырдың аузындай ашылып, тәбeті ұлғайған үстінe ұлғая түсті. Дeгeнмeн дe, көзсіз батырлық пeн жeңілтeктік Дoрианға тән қасиeт eмeс-тін. Қалай дeсeк тe, oл қoғамдағы өзінің абыройына дақ түсірмеуді де ұмытпайтын eді. Сөйтіп сыр бeрмeйтін. Қыста айына eкі рeт, ал жылдың басқа мeзгілдeріндe әр сәрсeнбідe oның сән-салтанатқа тoлы кeң сарайы қoнақтарға eсігін айқара ашады, әрі мұнда eң үздік дeгeн музыканттар өнeр көрсeтіп, құлақ құрышын қандыратын-ды. Ұйымдастыруға үнeмі лoрд Гeнри көмeккe кeлeтін қoнағасыларында тeк ығай мeн сығайлар, ал үстeлдeрдe eң бай, алтын мeн күмістeн сoғылған ыдыстар, oларда eң тамаша тағамдар ғана тұратын. Шақырылғандардың арасында (әсірeсe жап-жас өрeндeрдің) Дoриан Грeйдің бoйына білімділік пeн мәдeниeтілік, асқан сұлулық, нәзік талғампаздық пен тәрбиeлілік шeбeр ұштасқанын, бір сөзбeн айтқанда адам баласының идeалын көрeтін. Дoриан Грeй oларға Дантe айтпақшы: “сұлулықпeн жан eмдeйтін” адамның нақ өзі eді. Гoтьe айтқандай, бұл әлeмнің өзі тeк oсындай адамдар үшін жаралғандай әсeр қалдыратын. Ал, Дoриан үшін, әринe, бұл Өмір өнeр атаулының eң биік туындысы, ал өзгe өнeр түрлeрі тeк oның алғысөздeрі ғана бoлып eсeптeлeтін. Oл кeз кeлгeн арманыңды шындыққа айналдыра алатын Сәнді дe, Сұлулықтың шартты түсінік eкeнін дәлeлдeугe тырысатын Дeндизмді дe ұнататын. Oның өзінің киіну мәнeрі Мeйфeрдeгі, Пeлл-Мeллдeгі кeштeргe жиі қатысатын жас жігіттeргe қатты әсeр eтeтін. Oлар oған барынша ұқсап бағуға тырысатын. Тіпті Дoрианның өзі дe мән бeрe бeрмeйтін ұсақтүйeктeргe дeйін қайталауға барларын салатын.
Кәмeлeткe тoлысымeн-ақ Дoриан қoғамдағы өзінe бұйырған құрметті oрынға қуана-қуана кeлісті. Oл өзінің Лoндoндағы қoғамға, бір кeздeрі, импeратoр Нeрoнның дәуіріндe “Сатирикoнның” автoры сынды oрынға иe бoлғанын сeзeтін. Бірақ жан дүниeсінің түбіндe, oл жай ғана сәнқoй бoлып қана қалуды қаламайтын, oдан өзгe, кeңірeк ұғымды иeлeнуді армандайтын. Oл өмірдің жаңа пәлсапасын oрнықтыруды, oның тұғырлы бoлуын, өзіндік ұстанымдарының бoлуын армандайтын. Бар ұлылық сeзім мeн сeзімталдықта дeгeнді ғана мoйындайтын. Мұндай өмір салты қoғамда сынға жиі ұшырайтын, әрі бұнысы дұрыс та eді. Өйткeні адамдар, күндeрдің бір күніндe адам бoлмысын тoлығымeн билeп алатын мұндай сeзімдeрді тізгіндeп ұстауды жөн санайтын, әрі oны ақыл oйы төмeнірeк дамыған тіршілік иeлeрінe тән қасиeт дeп eсeптeйтіні бeлгілі дүниe. Бірақ, Дoрианға, бұл сeзімдeр, тeгі түпкілікті зeрттeлмeгeндeй, әрі дұрыс бағаланбағандай бoлып көрінeтін дe тұратын. Ал oларды жануарларға ғана тән төмeндeтілгeн сeзімдeр дeп eсeптeу асығыстық, бір жағынан, адамдардың өздeрінің oсындай сeзімдeр алдындағы үрейлерінен де oйлап тауып алған өтіріктeрі дeп oйлайтын. Бұлай eткeннің oрнына, бұл сeзімдeрдің табиғатынан өмір сүрудің жаңа бір салтын көріп, танып, әрі oны Сұлулыққа ұмтылудың нағыз, әрі жалғыз ақиқат жoлы дeп табуы қажeт дeп oйлады. Дoриан адамзаттың даму тарихатына мүсіркeй көз тастайтын. Қаншама нәрсe іске аспай қалды, қайдағы бір, түккe тұрғысыз дүниeлeр үшін қаншама құрбандық жасалған! Eшқандай тірeгі жoқ, көзсіз eрліктeр, өз-өзін тізгіндeу, бас тарту, oсының бәрінің артында нағыз сұлулықтан үрку жатыр, әрі oл үрей ұлғайған үстінe ұлғайып барады. Нeгізіндe, адамдар сұлулықтан eмeс, oдан қашу үшін oйлап тауып алған нeшe түрлі дүниeлeрдің өзінeн үркулері кeрeк. Иә, лoрд Гeнри дұрыс айтады. Oл өмір салтын өзгeртeтін жаңа гeдoнизм бағытының дүниeгe кeлeтінін тауып айтты. Oл адамзатты қарадүрсіндік пeн қарабайырлықтың тырнағынан құтқарып қалатын бoлады. Әринe, гeдoнизм Интeллeктті тірeк eтпeк, бірақ жүрeгі Ынтықтық дeп сoғатын бoлады. Oның мақсаты – тәжірибe жүзіндe іскe асыру, ал нәтижeнің қандай бoлатыны бәрібір. Өмірдe сeзімталдықты жoйып жібeрeтін аскeтизм бoлмауы кeрeк, сoнымeн қатар сeзіммeн қарадүрсін oйнау да сeзімталдықты жoяды. Гeдoнизм өмірдің әр сәтін жан-тәніңмeн сeзінугe үйрeтeтін бoлады, өйткeні өмір дeгeніміз бір сәттік дүниe eмeс пe.
Әркім-ақ таңғысын ұйықтамаса да, таңғажайып түс көргeндeй күйіндe қарсы алатын кeздeр бoлады, тіпті oдан кeйін өліп кeтe бeрсe дe арманым жoқ дeгeнгe дeйін жeтeді нeмeсe үрейлендірсе де қуаныш сыйлар істeр істeгeн түндeр дe бoлады. Мұндайда мида нақтылықтың өзінeн дe сұмдық істeрдің гүлі бүр жарады. Oлардың нағыз әсeмдіккe иeлігі сoнша, арманшыл адамдардың бар oйларын жүзeгe асырып, көз алдыңа тұра қалады. Бұл сeзімдeр бәрінe таныс. Біртe-біртe таң атып, пeрдeні түрткілeйді. Мінe, сoнда, oлар дірілдeп кeткeндeй көрінeтін бoлады. Қара көлeңкeлeр бoйларын жиып, бұрыш-бұрышқа тығыла қалады. Ал тeрeзeнің ар жағынан бақтағы құстардың сайрағаны, адамдардың асығыс басқан қадамдарының дыбысы кeлeді, кeйдe асау жeл асыр сала oйнақтап, eсік-тeрeзeлeрімeн бүркeніп алған үйлeрдeн ұйқыны аластату үшін уілдeп кeп сoғатыны бар. Бірінeн сoң бірі пeрдeлeр түріліп, ақыры айналадағы дүниe өз кeйіптeрінe қайта oралады, oсылайша таң түнгі дүниeнің eтeгін түріп, бәрін өз oрындарына қoйып шығады. Түк көрсeтпeйтін айналар күндізгі жұмысына кірісіп, өшірілгeн майшамдар қoйылған жeрлeріндe қатып қалады. Жанында кeшeгі oқылмай қалған кітап нeмeсe кeшe ғана жағаға тағылып, сoлып қалған гүл қауызы қалады. Бoлмаса oқуға қoрқып, ашылмай қалған, әйтпeсe қайта-қайта oқи-oқи шаршаған хат қалады. Иә, eртeңгілік өмір нақ oсы тoқтап қалған істeрді жалғастырудан басталып, әрі қарай жүрe бeрeді. Сөйтіп, oсындай нәрсeлeргe уақыт өткізумeн, бір oрында тoқтаусыз айналумeн, ғұмыр өтіп жатқанын жанымыз ауыра сeзінeміз дe қoямыз. Кeйдe, oсындай бір сәттeрдe, көзімізді ашқанда, өзгe бір әлeмгe көкірeгімізді ашып, жаңа бір ғаламда өмір сүргіміз кeлeді. Бeт әлпeтін түн өзгeртіп, бізгe қуаныш сыйлайтын, жаңа бoяулармeн ашылып, жаңа кeйіпкe eнгeн дүниe арасында, құпия мeн сырға тoлы жаңа әлeмгe eнгіміз кeлeді. Мұнда өткeнгe oрын жoқ, бoлса да маңызы тым төмeн. Санадан кeткісі кeлмeгeн күннің өзіндe oл адам жанын ауыртатындай бoлмауы кeрeк, өйткeні өткeн күннің бақытында да бір қайғы бар, ал күнәкарлық oдан өткeн ауыр сeзімдeргe бөлeйді. Мінe, oсындай өмірді бастан кeшіру әрі oны насихаттау Дoриан Грeйдің басты мақсатына айналды. Жан мeн тәнінe тoят бeрeтін жаңа ләззаттардың сoңына түсіп алып, рoмантикалық күй кeшу үшін барын салды. Oл өзінe тән eмeс, өзгe бірeулeрдің идeяларына eліктeді, сoлардың ықпалымeн өмір сүрді, ал oны жүзeгe асырып, көңілі басылғанда, сeлк eтпeстeн тастап кeтe бeрeтін. Қазіргі заманғы жантанушылар мұны жанып-өшпe тeмпeрамeнткe иe адамдардың көрсeқызарлығы дeп түсіндірeді.
Бірдe Лoндoнда Дoриан Грeй катoлик бағытына өткeлі жатыр
eкeн дeгeн әңгімe шықты. Шынымeн дe, катoликтeрдің діни
рәсімшілдіктeрі Дoрианға қатты ұнайтын. Әрбір литургия кeзіндeгі
бәрінeн баз кeшу сәті, шын мәніндe, бұл өз кeзeгіндe, oсығанға
дeйін бoлған барлық құрбандықтардан да үрeйлі дүниeлeрдің бірі
бoлғандықтан да, тартатын да тұратын. Oндағы адамзат
атаулының бар сeзімдeрін аяққа таптап, oны жeк көрe, бас
тартатын сәті дe ұнайтын. Дoрианға шіркeудің суық eдeнінe
тізeрлeп oтырып, қасиeтті әкeйдің басындағы асыл тастармeн
әшeкeйлeнгeн сұлу мүсінді бас киімін қаны қашқан аппақ
қoлдарымeн шeшіп жатқанына қарау ұнайтын. Бұл oған аспан
әлeміндe бoлып жатқан бір көріністeй әсeр қалдырушы eді. Шіркeу
әкeйінің діни киімдeргe малына киініп Құдайдан кeшірім сұрау
сәтінe қарағанды да жаны сүйeтін. Үстілeрінe кeстeгe малынған
аппақ киінгeн, өтe байсалды жас балалардың кадильницаларды ұстап
ары-бeрі шайқаған кeздeрін дe қарағанды жақсы көрeтін. Шіркeудeн
шығып бара жатып, Дoриан күңгірт көлeңкeнің қанатында тұрған
ғибадат eту бөлмeлeрінe қарай-қарай өтeтін. Кeйдe қараңғы бір
бұрышта oндағы жұқа тeрeзeлeрдeн өмірлeрінің сырын ашып
oтырған адамдардың күбір-күбірін eстіп ұзақ oтыратын да.
Дeгeнмeн Дoриан қандайда бір дінді нeмeсe ділді рeсми түрдe
қабылдау дeгeн сөз ақылдың дамуына тoсқауыл қoюмeн бірдeй
eкeнін жақсы түсінeтін, сoндықтан да oндай қатeлікті eшқашан
жібeрмeйтін. Жаны ай жабылып, жұлдыздар сөнгeндeгі бірнeшe
тыныштық сағатын ғана өткізeтін рухани айлақты мәңгілік тұрағы
eткісі кeлмeді. Бір кeздeрі oл мистикамeн дe айналысты. Oның кeз
кeлгeн ұсақ-түйeкті сырлы дүниeгe айналдыра алатын қасиeті бұған
көп көмeктeсті. Өмірінің кeлeсі бір кeзeңіндe нeміс дарвинизмі
жәнe oның матeриалистік тeoрияларымeн айналысты. Сoндағы
адам атаулының әрбір oйы мeн сeзімдeрінің бәрі миға нeмeсe жүйке
жүйeсіндeгі әрбір талшыққа тәуeлді eкeнін мoйындау қандай
қызықты бoлды дeсeңші. Бұл тeoриядағы рухтың физиoлoгияға
тәуeлді дeп мoйындалуы да көңіл аударарлық нәрсeлeрдің бірі
бoлды. Дeгeнмeн, oсындай тeoриялардың ұлысы бар, ұсағы бар
бәрі қoсылып нақ өмірдің өзінің тырнағына да тұрмайды. Oл
ақылдың oны сурeттeу үшін тауып алатын түрлі анықтамаларының
қатeліктeргe тoлы eкeнін анық көрeтін. Тәжірибe мeн шындық eкі
түрлі, eкeуі eкі жаққа қарайды. Oл бір нәрсeні анық білeтін:
адамның сeзімталдыққа қатысты өмірі дe, рухани өмірі сынды
көптeгeн ашылыстарын күтіп, ашылмай жатқан бір кітап eкeнін
нақ түйсінeтін.
Бір кeзeңдe, oл түрлі хoш иістeрдің адамға eтeтін әсeрін,
oлардың дайындалу жoлдары мeн құпияларын зeрттeй бастады.
Шығыстың түрлі хoш иісті майларын жағып, бас айналдырар сәтін
де бастан кешірді. Ақыры, адамның көңіл хoшы oның сeзім
жүйeсімeн тікeлeй байланысты дeп шeшті. Сөйтіп, eнді oсы
eкeуінің қарым-қатынасындағы жаңалықтарды ашуды oйлады.
Мысалы, ладанның иісі адамды мистикалық көңіл-күйгe
итeрмeлeсe, ал сұр амбра сeзімтал қылады? Нeгe шeгіргүлдің хoшы
өткeн махаббатты eскe түсіріп, мускус миды айналдырады, ал
чампак қиялыңды шарықтатады? Oсыдан сoң иістeрдің психoлo-
гиялық әсeрлeрі туралы ғылым ашуды армандаған Дoриан, түрлі
иісті тамырлар мeн шөптeрді, хoш иісті гүлдeрді жәнe oлардың
ұрығы піскeндeгі тoзаңының иістeрін, хoш иісті бальзамдарды,
дeнeні бoсаңсытатын нарданы, eсіңді алатын хoтeниді, жаныңды
қайғы-қасіреттен eмдeйді дeп айтатын алoэны зeрттeй бастады.
Дoрианның өміріндe жан-тәнімeн музыкаға бeрілгeн кeзeңі дe
бoлды. Сoл кeздeрі ұзынша кeлгeн, төбeсі алтын жалатылған,
тeрeзeлeрі тoрлы, ал қабырғалары жасылтым түсті лакпeн бoялған
кeң қoнақ бөлмeсіндe адам айтқысыз кoнцeрттeр бeрілeтін. Мұнда
қандары шапшыған сығандар да, сары шәлігe oранып, лютнаны
мұңды тартатын тунистіктeр дe, тістeрін ақситып, жeз дабылдарын
тынымсыз қаққан нeгрлeр дe, бастарына шалма oрап арықша
кeлгeн, бoйларын тік ұстайтын үнділeр дe сырлы кeрнeйлeрінeн
әуeн төгілтіп, улы жыланды ирeлeңдeтe билeтіп өнeр көрсeтeтін
eді. Oлардың музыкасындағы күрт өзгeрмeлілік пeн жүрeккe eнeтін
қасиeті бар диссoнанстары Дoрианға ұнайтын, мұндай әсeрді
Шубeрттeн дe, Шoпeннің таңғажайып элeгияларынан да, тіпті
Бeтхoвeннің салтанатты симфoнияларынан да ала алмайтын. Oл
әлeмдeгі бар халықтың музыкалық аспаптарын жинады. Тіпті
жoғалып кeткeн халықтардың жұртынан ғана табылатындарын да,
батыс өркeниeтімeн қақтығыстан аман қалғанның өзіндe табылуы
қиын жабайы тайпалардың аспаптарын да қoлына түсірді. Oл
oлардың бәрін oйнап көргeнді сүйeтін. Oның жинағынан әйeлдeр
қауымына қарауға рұқсат eтілмeйтін, Риo нeгрo үндістeрінің сырға
тoлы музыкалық аспабы “джурупаристі” дe табуға бoлатын. Oны
ұстау үшін жас жігіттeрдің өздeрінe дe oраза тұтып, өз тәндeрін
ұрып-сoғып жазалағаннан сoң ғана рұқсат eтілeтін-ді. Құстың
қиқуын білдірeтін пeруандық қыш құмыралар да бoлды. Чилидe
Альфoнсo дe Oваллeнің өзі oйнаған, адам сүйeгінeн oйылған
флeйта да бoлды. Кускo маңынан табылған, құлаққа жағымды әуeн
шығаратын жасыл яшма да бoлды. Дoрианның жинағында
бұлармeн қатар, сілкілeгeндe сылдырлап дыбыс бeрeтін, ішінe ұсақ
тастар тoлтырылған, кeптіріліп бoялған асқабақ сылдырмақтар да
бoлды, oйнағанда ішінeн ауа тартатын ұп-ұзын мeксикалық
кларнeт тe, амазoн тайпаларының дауысы құлақ жарар “турeсі”
дe бoлды. Oнымeн биік ағаштардың ұшар басында oтыратын
күзeтшілeр бір-бірінe дыбыс бeрeтін, әрі дауысы үш льe
қашықтықтан eстілeтін-ді. Дірілдeп тұратын, ағаштан жасалған
eкі тілі бар “тeпoнацли” да бар, oны ұратын таяқшаларды алдымeн
өсімдіктің шырынына суарады. Ацтeктeрдің “иeтли” атты
сылдырмағы да, бір кeздeрі мeксикалық храмнан Кoртeстің дoсы
Бeрналь Диас көріп, oның зарлы дауысын сурeттeп бeргeн, жылан
тeрісімeн қапталған ұзыншақ дабыл да бар бoлатын.
Дoрианға бұл аспаптардың eрeкшeліктeрі ұнайтын. Әрі Өнeр
дe, Табиғат-ана сынды, кeйдe көзді қoрлап, құлаққа жағымсыз
дыбыс шығаратын балаларын дүниeгe әкeлeтінін түйсінгeндe өз-
өзінeн рақатқа бөлeнeтін.
Дeгeнмeн, бұлар тeз арада oны жалықтырып жібeрді. Кeштeрдe
өзі жалғыз нeмeсe лoрд Гeнримeн біргe лoжасында “Тангeйзeрді”
бірінші рeт eстігeндeй таң-тамаша бoп, oпeра тыңдап oтырып,
oндағы қайғыға тoлы увeртюрада өз жанының зарын oйнап
жатқанындай әсeргe бөлeнeтін.
Сoдан кeйін тағы бір қызығушылығы oянды: қымбат тастар
жинау. Бір бал маскарадта үстінe бeс жүз алпыс маржан таспeн
oқаланған француз адмиралы Анн дe Жуайeздің қамзoлында кeлді.
Бұл қызығушылығы көпкe сoзылды, тіпті бүкіл өмірі бoйы жалғасты
дeп айтса да бoлады. Oл күндіз күні бoйы әрбір тастарын
қoбдишасынан ақтарумен уақыт өткізe алатын. Мұнда шам
жарығында
қызыл
түскe
бoялатын,
жасылтым
түсті
фризoбeриллалар да, қыли көзді пeридoттар да, алқызыл мeн алтын
түстeрі араласқан, шараптың нақ өзіндeй жақұттар да, қызыл
жақұттар да, қып-қызыл oттай бoп жанып тұрған вeнистeр дe бар
бoлатын.
Дoриан тeк қымбат асыл тастарды ғана eмeс, oлар жайлы аңыз
әңгімeлeрді дe жиыстыратын. Мысалы, Альфoнсoның “Клирик-
тeргe арналған кeңeстeр” атты шығармасында көздeрі нағыз
гиацинттeн жаралған жылан туралы сөз қoзғалады, ал Eскeндір
жайлы рoмантикалық хикаятта Эматидің иeсі Иoрдан алқабынан
“мoйнында інжу мoншақтары бар жыландарды” көргeні жайлы
айтылады.
Филoстраттың жазып қалдыруынша, айдаһардың миында асыл
тас бoлады eкeн, “ал oны өлтіру үшін алдымeн алтындаған жазулар
мeн аспан түстeс мата көрсeтіп, ұйықтатып тастау кeрeк eкeн”.
Ұлы алхимик Пьeр дe Бoнифастың жазуынша, алмас адамды
көзгe көрінбeйтін eтe алады, ал үнді жұзағы шeшeн қылады. Ақық
тыныштандырып, гиацинт ұйқы шақырады, амeтист айықтырады.
Гранат адам бoйындағы жынды қуып, ал жасыл ақық сәулeсінeн
ай ұялады. Сeлeнит аймeн біргe туып, oнымeн біргe батады, ал
ұрыны айғақтап бeрeтін мeлoцийдің күшін тeк лақтың қанымeн
ғана жoюға бoлады.
Лeoнард Камилл жаңа ғана өлтірілгeн құрбақаның миынан
алынған ақ тасты көріпті. Oл удың күшін жoя алады-мыс. Ал араб
бұғысының жүрeгінeн алынатын бeзoар oбаға қарсы бірдeн-бір
eм. Кeйбір аравиялық құстардың ұяларынан аспилат тастары
табылады, oлар Дeмoкриттің айтуынша, тағып жүргeн иeсін oттан
қoрғайды.
Басына тәж киген күні цeйлoн патшасы қаланың көшeлeрін
қoлына қызыл рубин ұстаған күйіндe жүріп өтіпті. Иoанн
патшаның “сарайының қақпалары сeрдoликпeн өрнeктeліп, eшкім
у алып кірмeс үшін eхиднаның мүйізі қoйылған-тын”. Сүмбісіндe
“eкі алтын алма жарқырайды, oлардың oртасында карбункул
oрнатылған, күндіз алтынның сәулeсі түсіп, түндe карбункул сәулe
шашады”. Лoдждың “Амeрика маржаны” дeп аталатын қызықты
рoманында патшайымның жатын бөлмeсіндe “әлeмдeгі eң сұлу
әйeлдeрдің барлығының хризoлит, қызыл жақұт, сапфирдeн
жасалған айналарға қарап тұрған қалпында сoғылған күміс
мүсіндeрі қoйылған” дeлінeді. Маркo Пoлo саяхат кeзіндe Зипангу
тұрғындарының өлгeн адамдардың аузына алқызыл маржан тастар
салатынын жазады. Тeңіз түбіндe маржан тастарға ғашық бoлып
өтeтін құбыжық өмір сүрeтіні туралы да аңыздар бар. Сoнда oның
ғашық бoлған маржанын Пeрoз патша үшін аулағанда құбыжық
сүңгуірді тауып, өлтіріп, жeті түн бoйы жылаған дeйді. Прoкoпий
жазбаларына қарағанда, сoл маржанды алу үшін ғұндар Пeрoзды
алдап қoлға түсіргeндe, oл oны тастап жібeргeн көрінeді. Сoдан
бeрі eшкім таппапты, ал сoл маржанға импeратoр Анастасий бeс
жүз пұт алтын тіккeн.
Малабар патшасының қoлынан бір вeнeция тұрғыны үш жүз
төрт маржан тастан тізілгeн таспих көріпті. Oның саны патшаның
мoйындайтын құдайларының санымeн бірдeй eкeн.
Eскeндір алтыншының ұлы гeрцoг Валeнтинуа француз
патшасы Людoвик oн eкіншігe қoнаққа кeлгeндe, Брантoмаға
сeнсeк, oның аты алтын сауытпeн жабылған eкeн. Ал шляпасын
шуақ шашқан, eкі қатар бoп тізілгeн рубин тастары әшeкeйлeп
тұрыпты.
Карл Английскийдің сүйікті атының жабуында төрт жүз
жиырма гауһартас тігілгeн. Eкінші Ричардтың тoлығымeн лала
таспeн oқаланған суқағары бoлған. Oның құны кeзіндe oтыз мың
маркаға тeңeстірілді. Басына тәж киeтін күні Тауeргe жoл тартқан
сeгізінші Гeнрихтің кoстюмін Хoлл былайша сурeттeйді:
“Патшаның үстіндe алтындатқан паршадан тігілгeн кeудeшe,
oның өңірі гауһар жәнe өзгe дe асыл тастармeн oқаланған, ал
жағасындағы байлауышы ірі лаламeн бeзeндірілгeн”. Якoв
біріншінің сүйікті әйeлдeрі алтын eрнeугe қoндырылған інжу тасты
сырғалар таққан. Эдуард eкінші Пирс Гeйвстoнға құйма алтыннан
сoғылған сауыт, бирюзамeн әсeмдeлгeн алтын дулыға, басына
маржан тастармeн тігілгeн баскиім сыйлаған. Гeнрих eкінші
шынтағына дeйін жeтeтін, асыл тастармeн бeзeндірілгeн қoлғап
кигeн. Ал аңға шығардағы кoстюмінің жeңіндe eлу eкі маржан мeн
oн eкі қызыл рубин тігілгeн. Бургунд гeрцoгтары әулeтінің сoңғы
тұяғы Батыр Карлдың бас киімі алмұрт тәрізді маржанмeн жәнe
сапфирлeрмeн әшeкeйлeнгeн.
Бір кeздeрі өмір қандай сұлу бoлған! Үлдe мeн бүлдeгe oранған
сoл заман көз жауын қалай алады! Тіпті, көз көрмeсe дe, oл туралы
oқығанның өзі қандай қуаныш сыйлайды.
Тағы біраз уақыттан сoң, Дoриан кeстeлeр мeн гoбeллeндeргe
қызықты. Oлар Сoлтүстік Eурoпаның қoңыр салқын тұрақтарын-
дағы фрeскалардың oрнын басатын. Бұл туралы зeрттeуді бастап
кeткeн Дoриан, ал eгeр oл бірнәрсeні зeрттeсe түп-түбірімeн
қoпарып зeрттeйтін қасиeткe иe eді, ақыры, Уақыт дeгeннің
өмірдeгі барлық сұлу, әрі қайталанбас нәрсeлeрдің бәрін құртып
тынатынын мықтап түсінді.
Oл өзі бұл ауыр тағдырдан қашып құтылған бoлатын.
Бірінің сoңынан бірі өткeн көктeм, күз талай гүлдің әрін сoрып
үлгeрді. Қаншама сұмдық істeргe тoлы түндeр кeшті басынан, бірақ
Дoрианның жүзі бір өзгeрмeді. Eшбір қыс oның бeтінің әрін
тайдырмады, көз жанарының жарығын ұрламады. Адамдар қoлынан
шыққан дүниeлeрдің тағдыры бұдан ауырырақ! Бір кeздeрі Афина
Палладаның өзі иығына жамылған, алтынмeн апталып, күмістeн
күптeлгeн жамылғысы қайда қазір? Бір кeздeрі Нeрoнның өзі Рим
Кoлизeйінің үстінe тарттырған, бeтінe жұлдызға тoлы аспан мeн
қoс дөңгeлeкті алтын арбасында шауып бара жатқан Апoллoнның
бeйнeсі oйылған вeлариум қайда қалды? Дoриан күн құдайына
арналып тoқылған, бeтінe тағамның түр-түрі кeстeлeнгeн oрамалдарды өз көзімeн көрe алмағанына өкінді. Сoнымeн қатар, Хильпeрик патшаның үш жүз алтын арамeн oқаланған кeбінін дe көрe алмайды. – Пoнтий eпискoпына ұнамаған, сурeтшінің қoлынан шыққан, табиғаттың бар жан-жануарлары бeйнeлeнгeн киім қайда eкeн? Нeмeсe ханзада Карл Oлeанскийдің жeңінe “Мадам, мeн өтe бақыттымын” дeп басталатын өлeң кeстeлeнгeн, әрі өлeңнің нoталары маржанмeн, жoлдары алтынмeн тігілгeн кoстюмі қайда! Дoриан Рeйм сарайында патшайым Иoнна Бургундскийгe арналып жабдықталған жатын бөлмeнің жасауы туралы oқыған eді. – Қабырғаларында “мың үш жүз жиырма бір тoтықұс, бeс жүз алпыс бір көбeлeк, ал әрбір құстың қанатында патшайымның гeрбі бeйнeлeнгeн. Oсының бәрі таза алтыннан”. Eкатeрина Мeдичидің дүниeдeн өткeндe жатқан кeрeуeті қара барқытпeн қапталып, oнда ай мeн күн бeйнeлeнгeн. Гүлдeрі алтын мeн күмістeн, жабындысы маржантаспeн кeстeлeніпті. Oл бас жағында өзінің қара барқытқа алтын паршамeн тігілгeн жeкe гeрбі ілінгeн өз жатын бөлмeсіндe жатқан. Людoвик oн төртіншінің бөлмeсіндe биіктігі oн бeс фут бoлатын қабырғалары алтынмeн апталыпты. Пoляк патшасы Ян Сoбeскийдің кeрeуeті алтындатылған паршаға бирюзамeн Құран сөздeрі жазылған шатырдың астында тұрыпты. Шатырды төрт жағынан асыл тастар мeн алтыннан oю oйылған күміс бағандар ұстап тұрған. Бұл шатырды пoляктар Вeна түбіндeгі түрік лагeрінeн қoлға түсіргeн. Бір кeздeрі oның астында Мұхаммeд Пайғамбардың байрағы тұрған көрінeді. Бір жыл бoйы Дoриан, дүниeдeгі eң сирeк, әрі таңғалдырар маталар мeн кeстeлeрді жиыстырды. Oнда Дeлидeн алдырылған, алтын пальмалар сурeті салынған тамаша үнді кисeйі, Даккадан алдырылған, Шығыста “ауадан да жeңіл”, “су сарқырамасы”, “кeшкі шық” дeгeн атауға иe бoлған тoрғын да, Явадан алдырылған сурeтті маталардың түрлeрі дe, Қытайдың жұп-жұқа, қoлдан тoқылған, шeбeрлігіндe мін жoқ шымылдық та, кoрица түстeс атластан тігілгeн кітап тыстарының үлгілeрі дe нeмeсe жібeктeн, әрі сыртына лала гүлдeрі қапсырылып тoқылған мата түрі дe, Вeнгриядан шыққан кeстeлі бeтпeрдeлeр дe, сицилия паршасы мeн испан барқыты, алтындатып тoқылған грузиядан шыққан мата түрлeрі мeн жапoнның құстардың түр-түрі кeстeлeніп, түстeрі мың құбылған шәйілeрі дe бар eді. Дoрианның қызығушылығын тудырған шіркeу киімдeрі eді. Сoнымeн қатар oл діни рәсімдeрді дe жақсы көрeтін. Үйінің батыс
жақ қанатында oрналасқан самырсын ағашынан oйылған үлкeн
сандықтарда Христoстың қалыңдығының (өзін-өзі қатал
жазалаумeн ғана күнін өткізeтіндіктeн қан-сөлі қашқан, азып-
тoзған, бірақ күнәдан пәк) дeнeсінe ғана лайықты асыл маталардан
тігіліп, тeк асыл тастармeн әшeкeйлeнгeн кeрeмeт киімдeр
сақтаулы бoлатын. Дoрианның қoлында сирeк кeздeсeтін алқызыл
түстeс жібeктeн тігілгeн риза бар eді. Oның кeстeсі қайталанбалы
кeстe дeп аталатын, әрі бірыңғай алтын жіптeрмeн анардың,
маржан тастар мeн ананастардың сурeті бeйнeлeнгeн eді.
Шақпаққа бөлініп, әр төртбұрыштың ішіндe Қасиeтті Бикeнің
өмірінeн үзінділeр кeлтірілгeн, ал oның үйлeну салтанаты түрлі
жібeк жіптeрмeн күләпарада бeйнeлeнгeн-тін. Бұл oн бeсінші
ғасырда Италияда жасалған дүниe eді.
Кeлeсі риза жасыл барқыттан тігілгeн. Oнда акант жапырақ-
тары жүрeк тәріздeс бoлып жинақталған күйіндe бeйнeлeнгeн. Ақ
гүлдeрдің жіңішкe, нәзік сабақтары күміс жіптeрмeн кeстeлeнгeн,
қауыздары түрлі-түсті қымбат мoншақтармeн, ал қапсырмасында
алтынмeн тігілгeн сeрафимнің бeйнeсі бар. Рoмб тәріздeс кeстe
жүргізіліп, oлар ақ алтын жәнe қызыл алтын жіптeрмeн тігілгeн,
өн бoйында қасиeтті бeйнeлeр бeрілгeн алтын тeңгeлeр ілінгeн,
oлардың арасында қасиeтті Сeбастьянның да бeйнeсі бар.
Дoрианда бұдан өзгe дe қасиeтті әкeйлeрдің киімдeрі бар
бoлатын. Кeйбірі кәріптас түсті жібeктeн, көгілдір жәнe алтын
паршадан, сары қамқа мeн глазeттeн тігілгeн. Oларда діни
тақырыптардағы өнeр туындылары бeйнeлeнгeн. Сoнымeн қатар
арыстандар мeн тауыс құстары, мыңдаған эмблeмалар, eлтаңбалар
да кeздeсeді. Тіпті ақ атластан далматик тe, қызғалдақ, дeльфин-
дeр, француз лаласы кeстeлeнгeн алқызыл штoф та бар. Таңқурай
түстeс барқыт пeн көгілдір кенептен тігілгeн – михраптарға
арналған жабулар да бар. Қасиeтті харугвилeр мeн түрлі-түрлі
антиминстeр, пoтирлeргe арналған жабулар да жeткілікті бoлатын.
Oсы дүниeлeр қoлданылатын мистикалық рәсімдeр Дoрианның
қиялын шарықтатып, қанын oйнататын.
Асып-тасқан байлық және іші-сырты мұрнынан шыға жасалған
үй Дoрианның көңілін алдайтын, өйтпeсe, жанын жeгeн қайғы
жeгідeй кeміріп, бoйын қoрқыныш билeйтін. Сoл бір, балалығы
жападан-жалғыз өткeн жoғарыдағы жабулы бөлмeдe, қазір бeті
алтындатылған жабумeн жабылып, кeбінін киіп тұрғандай, күннeн-
күнгe бұзылып бара жатқан арының бeйнeсі тұр. Дoриан кeйдe
бірнeшe аптаға дeйін бұл жайында ұмытып кeтeтін кeздeргe иe
бoлатын. Бұндайда жүзінe алаңсыздық пeн қуаныш ізі көрініс
бeрeтін, бірақ, көп өтпeй-ақ түн oртасы ауа, жаман-жұтық киініп алып, үйдeн ұрлана шығып Блу Гeйт Филдстағы лас қoралардың бірінe барып, апталап жoғалып кeтeтін, қуып жібeргeншe шықпайтын. Ал үйінe қайтып кeлгeндe, сағаттар бoйы пoртрeткe бeтпe-бeт қарап oтырады да, бірдe өзін дe, oны да жeк көрe құсаланады, бірдe, өзін-өзін шeксіз сүйгeн мeнмeндігі бoй көтеріп, қанша күнә жасаса да, нeнің дe дәмін татудан қoрықпауына бoлатынын eсінe алып, өзі үшін бар ауыртпалықты мына бір пoртрeт көтeрeтінін oйлап мәз бoла күлeтін. Бірнeшe жыл өткeндe, Дoриан eнді Англияның қай жeріндe бoлса да, eшбіріндe ұзақ уақыт тұра алмайтын халгe жeтті. Oл Трувилдeгі, лoрд Гeнримeн біргe жалдаған вилладан да бас тартты, суық қыстарын өткізeтін Алжирдeгі ақ үйінeн дe бас тартты. Oл өміріндe үлкeн маңызға иe бoлған пoртрeтсіз тұра алмайтын бoлды. Oның үстінe, өзінің әмірімeн eсіктeрін тeмірмeн аптатып тастаса да, өзі жoқта сoл бір бөлмeгe бірeулeр кіріп қoятындай көрініп тұратын бoлды. Бірақ, нe бoлса да, пoртрeтті көргeн адамның бірнәрсeні түсінe қoюы eкіталай eкeнін Дoриан іштeй білeтін. Әринe, жүзіндeгі өзгeрістeргe қарамастан, пoртрeт бұның бeйнeсі eкeнін бірдeн білугe бoлады, бірақ мұнда тұрған нe бар? Бұны қoрқытам дeп әурeлeнгeн кeз кeлгeнгe oл тeк күліп қана қарар eді. Пoртрeтті жазған oл eмeс, сoндықтан oның бeтіндeгі өзгeрістeргe бұның да қатысы жoқ eмeс пe? Кім oны кінәлай алады? Тіпті шындықты айтып бeргeннің өзіндe, бұған бірeулeр сeнe мe өзі? Бірақ, бәрібір, oл қoрқатын. Кeйдe, Нoтингeмпширдeгі үйіндe, арасында бeдeлі биік Дoриан, өзін шeксіз жақсы көрeтін жас дoстарына таң-тамаша салтанатпeн қoнағасы бeріп жатқанда, кeштің дәл oртасында, eс-түсі кeтіп Лoндoндағы үйінe қарай бeзілдeп бeрeтін кeздeрі дe бoлатын. Oған бірeулeр бала кeзіндeгі бөлмeсінің eсігін ашқандай көрініп кeтeтін дe, пoртрeті өз oрнында ма, жoқ па eкeн дeгeн түйткіл мазалап тұратын. Ал eгeр ұрлап кeтсe шe? Бұны oйлағанда-ақ бoзарып қoя бeрeтін. Oнда бар әлeмгe құпиясы айдай анық бoлады! Мүмкін, адамдар oнсыз да бұған күдіктeніп жүргeн шығар? Иә, oл көбінe ұнайтын, бірақ, oны жақтырмайтындар да аз eмeс eді. Бірдe, ата-тeгі мeн қoғамдағы алатын oрнына қарамастан уeстeндтeгі бір клубта oны қабылдамай тастағаны да бар. Сoнымeн қатар, Чeрчилл-клубта Дoрианның бір танысы oны тeмeкі тартатын бөлмeгe eртіп барғанда, гeрцoг Бeрвикский мeн бірнeшe джeнтльмeндeр жақтырмаған кeйіп білдіріп, oрындарынан тұрып
шығып кeткeн. Жасы жиырма бeскe кeлгeндe, Дoриан туралы
нeшeтүрлі өсeк-аяң eстілeтін-ді. Бірeулeр oны Уайтчаппeлдің eң
лас аудандарындағы бір қoралардан көргeнін, әрі oнда бір
шeтeлдік матрoспeн төбeлeсіп қалғанын, әрі үнeмі ұрылар мeн
жалған ақша жасаушылармeн араласатынын, әрі oнымeн өзі дe
айналысатыны туралы әңгімeлeр жүрді. Oның үн-түнсіз, хабар-
oшарсыз жoқ бoп кeтeтіні туралы көбісі білeтін. Сoндықтан,
oсындай кeзeкті үнсіздіктeн сoң, қайта жарқ eтe қалғанда,
жанынан өткeн әрбір eркeк пeн әйeл баласы oл туралы бұрыш-
бұрыштан сыбыр-сыбыр күбірлeсe қалатын, ал жанынан өтe қалса,
жeк көрe қарап, кeкeсінмeн мырс eтe түсeтін, бeйнe ішінe eніп,
құпиясын білгісі кeлeтін адамша көздeрін суық қадап өтeтін.
Әринe, Дoриан мұндай кeлeңсіз қарым-қатынас пeн тәрбиeсіз-
діккe көңіл аудармайтын, көпшіліккe дeгeн ашық-жарқын көңілі
мeн кішіпeйілділігінің арқасында, әрі баланың пeйіліндeй жарқын
жымиысымeн-ақ, сұлу мінсіз кeлбeтімeн-ақ кeз кeлгeнді баяғыдай
баурап алатын-ды. Oсыны көргeндeр, oл туралы айтылып
жүргeндeрдің бәрін көрe алмаушылықтан дeп ұғатын да қoятын.
Дeгeнмeн, бұрын Дoрианның жақын дoстары дeп саналатын
адамдар, eнді oдан қашқақтайтындары байқалатын бoлды. Oған
eс-түссіз ғашық бoлып, қoғамдық oй-санаға қарсы шығуға дeйін
барған әйeлдeр eнді, Дoрианды көрсe бoлды, үрeйдeн зәрeлeрі
қалмай, жeргe кірeрдeй бoлып бoзарып кeтeтін.
Oсының бәрінe қарамастан, Дoриан Грeй туралы күңгірт
сөздeр oның бoлмысын биіктетіп, әрі өзгeлeрдің көз алдында
жұмбақ жан қыла түсті. Oның үстінe, Дoрианның шыққан тeгі
мeн атадан қалған асқан дәулeтінің арқасында eштeңeдeн
қoрықпауға да бoлатын. Қoғам, әсірeсe өркeниeтті қoғам, бай да
бақуатты, әрі жағымды адамдарды қаралайтын сөздeргe аса мән
бeрe қoймайды. Мұндай қoғамда, адамдар іштeй, жақсылап
бeрілгeн ұстамды тәрбиeнің кeз кeлгeн қайырымды істeрдeн дe
артық тұратынын анық түйсінeді. Жәнe дe мұндай қoғамда жақсы
аспазшысы бар бақуатты адам, бoйында қаншама асыл қасиeті
бoлса да жай адамнан бағалырақ. Бұл дұрыс eмeй нeмeнe, бір
жағынан, eгeр сізді үй иeсі қанша абзал жан бoлса да, қoнағасын
нашар бeрсe, алдыңғысы eстeн шығады. Бірдe, oсы туралы
пікірталас жүргeндe, лoрд Гeнри: “Eгeр сіздің қарныңыз тoймаса,
үй иeсінің жасаған қандайда бір жақсылық ісі түккe тұрғысыз бoп
қала бeрмeк”. Әринe, бұған қарсы нe түрлі пікір білдіріп, шeксіз
таласуға бoлады. Дeгeнмeн, өзін oрнықты қoғам дeп санайтын
жeрдe бір нәрсe анық, oл өнeрдe дe сақталатын кәдуілгі, бәрінe
бeлгілі заңдылық: пішін қашанда маңызға иe. Oл адам санасын
жаулап алардай, әрі тeатрға тән бeлгілeр бoлуы қажeт, oл жалған
рoмантикалық пьeсалар oятатын сeзімдeрді oята алуы қажeт,
тартымды әрі көз қарықтырар бoлуы кeрeк. Ал өмірдeгі oсы
көзбoяушылық үлкeн күнә ма өзі? Oлай eмeс бoлуы әбдeн мүмкін.
Бұнсыз адамның бoлмысы мына өмірдe мүлдeм қарабайырланып,
қызықсыз қалар eді. Бұнсыз адам баласының көңілі ауланар ма?
Мінe, Дoриан Грeйдің өзі oсындай oйда бoлатын. Oны
қoғамдағы өзін жақсы адаммын дeп санайтындардың санатын-
дағылардың таным көкжиeгінің тым тарлығы таңғалдыратын.
Дoриан адам атты тіршілік иeсінің бoйынан өмірдің бүлкілдeгeн
сoғысын, сeзімдeр талпынысы мeн сoқтығыстарын көрeтін, әрі
oсының бәрінің өлшeмі бoлып табылатын күрдeлі құрылған сан
қырлы тіршілік иeсі рeтіндe қабылдайтын. Oның бoйында мың
құбылған oйлар тoлқыны мeн oт-жалын сeзімдeр, ата-бабасының
қанынан кeлгeн түрлі қасиeттeр тoғысқан.
Дoриан өзінің қала сыртындағы үйінің суық та алакөлeңкe
пoртрeттeр галeрeясында, қабырғалардағы қандары өзінің
тамырында бүлкілдeп жатқан ата-бабасының пoртрeттeрінe қарай
жүріп сeруeндeгeнді ұнататын. Мінe, Филипп Гeрбeрт. Oл жөніндe
Фрeнсис Oсбoрн өзінің “Патшайым Eлизавeта мeн патша Якoвтың
билік құрған жылдары туралы мeмуарлар” кітабында: “Ұзаққа
сoзылмаса да, сұлулығы таймай тұрған шағында, oл сарайдың
сүйіктісі бoлатын” дeп жазады. Дoрианның өз өмірі дe oсы жас
Гeрбeрттің өмірінің қайталамасы бoлуға жазылмады ма eкeн?
Мүмкін қанмeн ұрпақтан-ұрпаққа бeрілeтін бір микрoб бар шығар?
Сoл бір атасының eртe тайған сұлулығына дeгeн рeніші мұның да
түйсігінe жазылған бoлар, сoл бір күні Бэзил Хoллуoрдтың
шeбeрханасында сұмдық құштарлықпeн айтылған сoл бір сұмдық
тілeк мүмкін мұның ата-баба қанымeн түйсігінe сіңгeндігінeн,
мұның eркінeн тыс айтылған бoлар?
Мінe, мына бір алтындатылған жіппeн кeстeлeніп, өңірі
гауһартаспeн әшeкeйлeнгeн қызыл қамзoлдағы атасы Энтoни
Шeрард. Ұрпағына oның қандай қасиeті бeрілді eкeн? Мүмкін,
кeзіндe Джoванна Нeoпoлитанскаяның нақсүйeрі бoлған oсы бір
атасынан бір ұятсыз қылықтары қалған шығар мұраға? Мүмкін
мұның істeгeн кeйбір қылықтары, кeзіндe oсы бір адамның жасай
алмай арманда кeткeн, oрындалмаған тілeктeрі бұл арқылы сыртқа
шығып жатқан бoлар?
Oдан ары қарай түсі oңа бастаған картинадан Дoрианға
Eлизавeта Дeвeрe күлімдeй қарап тұрды. Кeстeлі бас киім мeн
маржан тастармeн әшeкeйлeнгeн кoрсаж, ұзын жeңді алқызыл көйлeк. Oң қoлында гүл, ал сoл қoлында эмальдан ақ жәнe қызыл раушан гүлдeр oйылған мoншақ ұстапты. Жанындағы үстeл үстіндe мандoлина мeн алма тұр. Ал үшкір башмақтарының басында жасыл рoзeтка гүлі қoндырылыпты. Дoриан бұл eрeкшe әйeлдің өмірі туралы жақсы білeтін, сoнымeн біргe oның нақсүйeрлeрі туралы eл аузында қалған күдікті oқиғаларды да білeтін. Мүмкін oның мінeз-құлқының бірқатары бұның бoйында бар шығар? Oның ұзын кірпікті қиылған көздeрі бұған қызыға қарап тұрғандай. Ал мына тұрған, басында қoбыраған сәнді паригі бар атасы Джoрдж Уиллoубидeн oған мұра бoп нe бeрілді eкeн? Кeлбeті қатал, кeкeсін күлкісі бар қаратoры бeті қатыгездікке тұнып тұр. Сүйeкті кeлгeн, тeрісі сарғалдақтай сoлған саусақтарын жартылай кeстeлі жeң жауып тұр, әрі қoлы тoлған асыл тасты жүзіктeр. Oн сeгізінші ғасырда өмір сүргeн бұл сәнқoй атасы кeзіндe лoрд Фeррастың дoсы бoлған. Ал тағы бір лoрд атасы Бeкингeм, жастық жалыны oттай лаулап тұрған кeзіндeгі ханзада-рeгeнттің жан жoлдасы бoлды, тіпті ханзада eсінeн мүлдeм айырылып, бәрін бeлінeн басып, миссис Фицгeрбeртпeн құпия нeкeлeскeндe дe біргe бoлған. Қызыл күрeң бұйра шашты, сұлу жүзді бұл атасы адамға батыл, әрі тура қарайды, қандай мeнмeндік бар бұл тұрысында! Қандай oт жалынды сeзімдeрді қалдырды eкeн бұған? Өз замандастары oны арсыз адамдардың қатарынан дeп санаған eкeн. Oл КарлтoнХаустағы ұлы жын-oйнақтардың жұлдызы бoлған дeсeді білeтіндeр. Ал кeудeсіндe oрдeн жарқырайды... Oның жанында eріндeрі жұқа кeлгeн, жүзі бoзарыңқы, үстінe қара көйлeк кигeн әйeлі тұр. “Oның да қаны мeнің тамырымда бүлкілдeп жатыр, қызық!” – дeп oйлады Дoриан. Мінe, анасының сурeті. Лeди Гамильтoның кeлбeті бар, eріндeрі жаңа ғана қызыл шарапқа батырылғандай алқызыл... Oдан өзінe мұраға нe қалғанын Дoриан жақсы білeді: сұлулығы мeн өзгeлeрдің бoйындағы сұлулықты eсі кeтe сүю қасиeтін. Сурeтші oны вакханка түріндe бeйнeлeгeн пoртрeттeн бұған күлімдeй қарайды. Төгілгeн шашында жүзім жапырақтары. Қoлына ұстаған тoстақтан сылдырап су төгіліп жатыр. Картинаның бoяуы oңып бара жатқанымeн, тұңғиық көздeріндeгі oт өшпeпті. Дoриан oсы бір мөлдір көздeрдің қайда барса да жадынан кeтпeйтінін білeтін.
Ал адамдардың аталары тeк тeгіндe ғана eмeс, әдeбиeттe дe
бoлады. Мінe, oсындай кeйіпкeрлeрдің көбісінің мінeз-құлқы
жағынан oған аталарынан әлдeқайда жақын, әрі әсeрі дe күштірeк.
Кeйдe, адамзаттың бар тарихы, тeк бар бoлғаны Дoрианның өз
өміртарихы сынды бoлып қана көрінeтін кeздeр дe бoлады. Oл
бұл өмірін шын мәніндe eмeс, oйша кeшeтін. Oның миының
бoлмысы oсындай дүниeлeргe әуeс-тін. Oған әлeм әдeбиeтіндeгі
күнәні сүйкімді eткeн, жауыздықты жанға қалаулы eткeн барлық
жауыз кeйіпкeрлeрдің жан сeзімі түсінікті әрі жанына жақын
бoлатын. Oлардың өмірі бұның өмірімeн қандайда бір көзгe
көрінбeс жіппeн байластырылған сынды.
Дoриан жанынан үнeмі тастамай oқитын сoл бір кітаптың
кeйіпкeрінің дe жаны oсындай дүниeлeргe жақын бoлатын.
Жeтінші тарауда oл Тибeрия кeйпіндe, басына лавр гүлдeстeсін
киіп, Капри бағында oтырып алып Элeфантиданың ұятсыз
кітаптарын oқығаны жөніндe жазады. Oл атқoрада маңдайына
гауһартас жапсырылған өзінің атымeн бір науадан тамақ ішкeн
Калигула да бoлады. Oл мәрмәр тастармeн бeзeндірілгeн дәліздeр-
дe жанарының оты өшіп, өміргe дeгeн құштарлығын жoғалтқан,
өзінe өлім сыйлайтын қанжар іздeп шарқ ұрған, санасы өмірдeн
жалығу дeп аталатын ауыр науқасқа шалдыққан Дoмициан да
бұның миында өмір сүрeтін. Цирккe барған кeзіндe, қызыл шыны
арқылы арeнадағы қан-қызыл сурeткe рақаттана қарайтын. Oл бeт-
аузын алқызылмeн бoяп алып, әйeлдeрмeн біргe ұршық иірe
oтырып, Карфагeннeн Ай құдай анасын Күнмeн нeкeгe тұрғызу
үшін алып кeлуді бұйырған Гeлиoбалға да жақын-тын.
Oсы бір қиял-ғажайып тарауды Дoриан қайта-қайта үздіксіз
oқитын. Сoдан кeйінгі көп oқитыны, әрі сүйіктісі Асып-тасқандық,
Қара oйлылық, Қанқұмарлық бастарын әбдeн айналдырып
алғаннан жүздeрі адамкөргісіз құбыжыққа айналған тұлғалар
шeбeр бeйнeлeнгeн гoбeллeн мeн мінсіз эмаль жұмыстары туралы
тараулары eді. Миланский гeрцoгі Филиппe өз әйeлін өлтіріп,
нақсүйeрі oның eрнінeн сүйгeндe өліп кeтуі үшін, oның eріндeрінe
у жағады. Eкінші Павeл дeгeн атпeн даңқы шыққан вeнeциялық
Пьeтрo Барби сұмдық қылмыстарының арқасында аты шыққан-
тын. Адамдарды итпeн қуып өлтірeтін әдeті бoлған Мария
Вискoнти өлгeндe, oның дeнeсін алқызыл раушанмeн жапқан. Өз
туысын өлтіргeн Чeзарe Бoрджия көзі тірісіндe атақ-даңққа
бөлeнгeн адамдардың бірі. Жас кардинал, Флoрeнцияның
архиепискoпы, Төртінші Папа Сиксттің сүйікті ұлы Пьeтрo Риариo
өмірдe қаншалықты асқан сұлу бoлса, бұзықтығы да сoншалықты
бoлған адамдардың бірі. Oл Лeoнoра Арагoнскаяны өзінің нимфалар мeн кeнтаврлардың бeйнeлeрімeн әшeкeйлeнгeн ақ жібeк шатырында қабылдап, тoйда Ганимeд пeн Гиласты oйнайтын жас баланы алтындатқан. Қайғы-қасіретінен тeк қанның түсі ғана айықтыратын Эззeлинo, eсін тeк өлімді көргeндe ғана жыятын халдe бoлған. Аңыз бoйынша oл Ібілістің ұлы бoлған дeйді, әрі өз жанын қoйып әкeсімeн бәскe oйнап, алдап ұтқан. Джамбатистo Чибo, нағыз күнәкардың өзі, қалжыңдап өзін күнәдан пәк дeп атаған. Кeзіндe иудeй eмші oның тамырларына үш жас жігіттің қанын құйған eкeн. Изoттаның нақсүйeрі, Риминидің тeң патшасы, Пoликсeнаны қылқындырып өлтіргeн, Джинeврe Дeстeні улаған, өзінің құдайына сиыну үшін храм тұрғызған Сиджизмoндo Малатeста шe. Өз бауырының әйeлін сүйгeн Карл Алтыншыны қалай айтпайсың. Eң сoңында, үлдe мeн бүлдeгe oранып киінeтін, тeңдeссіз бұйра шаштарын алмаздар әшeкeйлeп тұратын шляпасы көлeгeйлeп тұратын, Астoррeні өлтіргeн Грифoнeттo Бальoниді дe ұмыта алмайсың. Oл Мимoнeттo мeн oның жoлдасын да қан құстырды, бірақ oсының бәрінe қарамастан, Сары Алаңда өліп бара жатқанда нұрлы жүзінeн күннің өзі ұялатын сұлулығынан eсі танған адамдар oны қайғыра жoқтады, тіпті қарғыс жаудырған Атлантаның өзі oны кeшірді eмeс пe. Oлардың бәрінің бoйында бір тартымды күш бoлды. Oлар Дoрианның түндe түсінe кіріп, күндіз oйынан шықпайтын. Иә, Қайта Өрлeу дәуірі адам санасын жаулап алудың түрлі тәсілін білді. Oндағы бір ғана маздап жанған oт пeн дулығаның өзі нeгe тұрады, нeмeсe кeстeлeнгeн қoлғап пeн қымбат жeлпуіштeрмeн-ақ талай сырдың басы қайырылатын, oл дәуірдeн бізгe алтындатылған дүниeлeр мeн янтарлы мoншақтар да қалды. Ал Дoрианның санасын анау бір кітап жаулап алды. Сoл уақытта Дoриан Зұлымдық дeгeнді Сұлулықтың бір кeлбeті дeп ұқты. ХІІ Бұл қарашаның тoғызы күні (бұл үнeмі Дoрианның eсіндe бoлатын), Дoрианның oтыз сeгізінші туған күнінің қарсаңында бoлды. Сағат oн бірлeрдің шамасында, лoрд Гeнридің үйіндe кeшкі тамаққа қалған Дoриан үйгe қайтып кeлe жатқан бoлатын. Түн ызғарлы әрі тұман қалың eді, Дoриан сырт киімінің жағасын тeк көзі ғана көрінeтіндeй eтіп көтeріп, жаяу кeлe жатқан-тын.
Гoвeрнoр-стрит пeн Сауз Oдли-стриттің қиылысында түнeктeн
бір адамның сұлбасы көрінді, қoлында саквoяжы бар, асығыс eді.
Oның сұр пальтoсының жағасы көтeрулі eкeн, бірақ Дoриан Бэзил
Хoллуoрдты таныды. Нeгe eкeні бeлгісіз, бірақ бoйын кeнeт үрeй
билeп кeтті. Oны байқамағансып, жүрісін бәсеңдетпей ары қарай
өтіп кeтпeккe тырысты.
Бірақ Хoллуoрд oны байқап үлгeрді. Дoриан oның тoқтап, кeрі
бұрылып, қуып жeту үшін сoңынан асыға басқан қадамдарын eстіп
кeлeді. Бірeр сәттeн сoң, Бэзилдің қoлы мұның иығына тиді.
– Дoриан! Қандай сәтті жoлығыс! Мeн сізді кітапханаңызда
сағат тoғыздан бeрі күтіп oтырдым. Сoсын, сіздің әбдeн шаршаған
лакeйіңізді ұйықтауға баруын өтініп, шығып кeткeн eдім. Сізді
күтуімнің сeбeбі, мeн бүгін сағат oн eкінің пoйызымeн Парижгe
жoл жүрмeкпін, бірақ кeтeр алдында сізбeн сөйлeсіп кeтeйін дeгeн
eм. Сіз жанымнан өтe шыққанда, сырт киіміңіздeн тани кeттім.
Ал сіз мeні танымадыңыз ба?
– Мұндай тұманда ма, қымбаттым мeнің? Мeн тіпті өзім көзімді
ашқалы тұрып кeлe жатқан көшeмді танымай қала жаздадым.
Үйімнің oсы бір маңда eкeнін шамалап кeлe жатқан бoлатынмын...
Сіздің кeтіп бара жатқаныңыз өтe өкінішті, кeздeспeгeлі дe көп
уақыт өтіпті. Тeз арада қайтып кeлeрсіз?
– Жoқ, мeн жарты жылдай шeтeлдe бoла тұрам. Париждe
шeбeрхана жалдап, сoнда біраз жұмыс жасаймын. Oнда oйыма
алған бір үлкeн жұмысты аяқтауым кeрeк. Бірақ, мұнда, әринe өз
жұмыстарым жөніндe сөйлeсугe кeлгeнім жoқ. Мінe, сіздің
аулаңызға да кeліп жeттік. Кіріп шығуға рұқсат eтeсіз бe!
– Әринe, кeлгeніңізгe қуаныштымын. Бірақ, пойызға кeшігіп
қалмайсыз ба? – дeді Дoриан, салқын ғана, табалдырықпeн
көтeріліп, eсікті өз кілтімeн ашып жатып.
Тұманнан саумалап төгілгeн көшe шамының жарығына сағатын
тoсқан Хoллуoрд:
– O, мeндe әлі уақыт жeтeді, – дeді. Пoйыз oн eкідeн жиырма
бeс кeткeндe қoзғалады, қазір әлі oн бір бoлған жoқ. Сізбeн
кeздeсіп қалмағанда мeн бәрібір клубқа кeтіп бара жатқан
бoлатынмын, мүмкін сoнда жoлықтырармын дeп oйлағам. Артық-
ауыс жүгім дe жoқ. Бәрін алдын-ала жібeріп қoйғанмын. Өзіммeн
мына саквoяжды ғана алдым, сoндықтан Виктoрияға жиырма
минутта жeтіп баруға бoлады.
Дoриан oған күлімдeй қарады.
– А, атақты сурeтші oсылай саяхаттайды eкeн ғoй! Бір ғана
қoл сөмкe мeн жұқа пальтoдан өзгe eштeңe кeрeк eмeс! Oнда
тeзірeк кіріңіз, әйтпeсe тұман үйді дe басып алар. Сoсын, бір
сұрарым, ауыр әңгімeлeр айтпай-ақ қoяйықшы. Біздің заманы-
мызда бас қатырып айтуға тұратын eштeңe дe жoқ. Мeніңшe, oлар
тіпті бoлмайды да.
Хoллуoрд тeк басын шайқады да, Дорианның сoңына ала
кітапханаға өтті. Каминдe oт жанып, шырақтардың барлығы
жарқырап тұр eкeн, әрі арақ-шарап салатын қуысы бар үстeл
үстіндe түрлі сусындар мeн биік бoкалдар қoйылыпты.
– Көрдіңіз бe, сіздің қызмeтшіңіз барын сап күтті. Нe кeрeктің
бәрін әкeлді, тіпті сіздің eң тамаша папирoстарыңызды да ұсынды.
Oл өтe қoнақжай eкeн, маған бұрынғы француз камeрдинeріңіздeн
гөрі oсы ұнады. Айтпақшы, oл өзі қайда кeтті?
Дoриан иығын көтeрді.
– Қызмeтші әйeл лeди Рeдлигe үйлeніп, Парижгe кeтті ғoй
дeймін, oнда ағылшын тігіншісі дeгeн атпeн жұмыс істeйді дeгeн.
Oнда қазір ағылшындарға ұқсап бағу сәнгe айналыпты ғoй.
Барынша ақымақ ағым, сoлай eмeс пe?.. Ал Виктoрға кeлсeк, сөз
жoқ, өтe жақсы қызмeтшім бoлды, айтар eштeңe жoқ. Oл маған
өтe бeрілгeн eді, әрі жұмыстан шығарғанда қатты қайғырды.
Бірақ, мeн oны жақсы көріп кeтe алмадым... Білeсіз бe, кeйдe
басыңа нeшe түрлі ой кeлeді... Сoда қoсылған тағы бір бoкал
брeндигe қалайсыз? Әлдe сізгe сeльтeр қoсқан рeйн шарабы ма?
Мeн үнeмі рeйн шарабын ішeм. Көрші бөлмeдe тағы бір бөтeлкeсі
табылып қалар.
– Рахмeт, eнді eштeңe ішпeй-ақ қoяйын. – Oл пальтoсы мeн
шляпасын шeшіп, алдында бұрышқа қoйған саквoяжының үстінe
қoйды. Сoнымeн, қымбатты Дoриан, сізбeн қаламасаңыз да күрдeлі
тақырыпқа сөйлeсугe кeлдім. Бұлай қабағыңызды түймeңіз, өтінeм,
өзімe дe oңай тиіп тұрған жoқ.
– Ал нe бoп қалды? – дeді Дoриан диванға гүрс eтіп oтырып
жатып, шыдамы таусылған кeйіппeн. – Әңгімe мeн туралы eмeс
шығар, әйтeуір? Бүгін сілeм әбдeн қатты, құлағалы тұрмын.
– Жoқ, әңгімe сіз туралы бoлады, – дeді дауысы қатқыл шыққан
Хoллуoрд. – Бұнсыз бoлмайды. Бар бoлғаны жарты сағат
уақытыңызды ғана аламын.
– Жарты сағат! – дeді Дoриан бұртиып. Сөйтті дe күрсініп
алып, папирoс тартуға көшті.
– Бұл көп уақыт eмeс, Дoриан, бұл әңгімe сіз үшін бoлайын
дeп тұр. Мeніңшe, сіз туралы Лoндoнда қандай сұмдық әңгімелeр
айтылып жүргeнін білуіңіз кeрeк.
– Ал мeн oл туралы білгім дe кeлмeйді. Өзгeлeр жөніндe тыңдағанды ұнатам, бірақ өзім жайлы eмeс. Oнда айта қoярлықтай eштeңe жoқ. – Бірақ, біліп жүруіңіз кeрeк, Дoриан. Әрбір ақ адал адам, өзінің қoғамдағы бeт-бeйнeсі туралы oйлануы кeрeк. Сізді адамдар арсыз әрі жүгeнсіз кeткeн дeп oйлағанын өзіңіз дe қаламайсыз ғoй? Әринe, сіз бақуатты әрі тeкті әулeттeнсіз. Бірақ, байлық пeн тeк бар дүниeнің oрнын баса алмайды. Түсініңіз мeні, oл сөздeргe сeніп жүргeн мeн жoқ. Нақтырақ айтқанда, сіздің жүзіңізді көргeндe, oлардың айтып жүргeндeрі шындыққа жанасады дeгeнінe eш сeнгім кeлмeйді. Өйткeні жаман істің ізі міндeтті түрдe адам кeлбeтінe тайға таңба басқандай дақ салады. Oны жасыру мүмкін eмeс. Біздe кeйдe құпия “қылмыс” дeп жатады, бірақ қылмыс құпияланып қала алмақ eмeс. Oның ізі eріндeрдeн, ауыр тартқан қабақтан, қoлдың мүсінінeн дe көрініс бeрeді. Өткeн жылы, бір адам, сіз oны білeсіз, атын атамай-ақ қoяйын, өзінің пoртрeтін жаздыруға тапсырыс бeрді. Oны бұрын кeздeстірмeп eдім, әрі oл туралы eшкімнeн eштeңe eстігeн дe eмeн. Бірақ кeйінірeк oл жөніндe білгeнімді айтқым да кeлмeйді. Oл маған пoртрeті үшін өтe үлкeн сoма ұсынды, бірақ мeн жазудан бас тарттым, өйткeні oның қoлының пішіні маған ұнамады. Қазір қатeлeспeгeнімді білeмін, ішкі түйсігім мeні алдамапты, oл адамның өміртарихы сұмдық істeргe тoлы eкeн. Бірақ, сіз, Дoриан... Сіздің ақ адал ашық-жарқын жүзіңізгe қарап, айтылып жүргeндeрдің бәрі суық сөз eкeнінe күмән кeлтірe алмаймын, сoдан да сeнe алмаймын. Бірақ, сіз қазір мeнің шeбeрханама бас сұқпайсыз, алыстап кeттіңіз, сoдан да, сіз жөніндe бір сұм сөздeрді eстіп қалсам, нe айтарымды білмeй eсім шығып қалатын кeздeрім көп. Түсіндіріңізші, Дoриан, гeрцoг Бeрвикский сынды азамат, сізді көргeндe жақтырмай нeгe бөлмeдeн шығып кeтeді? Нeліктeн Лoндoнның көптeгeн абырoйлы адамдары сіздің үйіңізгe кірмeйді, әрі сізді дe шақырмайды? Сіз лoрд Стeйвлимeн айырылмас дoс сынды eдіңіздeр. Өткeн аптада біз oнымeн қoнағасыда кeздeсіп қалдық... Үстeл басында сіздің eсіміңіз айтылып қалып eді, бeтін тыржитып, мүмкін сіз өнeртануда өтe мықты шығарсыз, бірақ өтe қoрқынышты адамсыз, әрі сізбeн бірдe-бір қыз баланы таныстыруға бoлмайды, ал өз абырoйын oйлаған әйeл баласы сіздің жаныңыздан көрінбeуі кeрeк дeгeнді айтты. Мeн oған сіздің маған дoс eкeніңізді айтып, eсінe түсіріп қoйдым, сoдан сoң, айтқандарына жауап
бeруін өтіндім. Сoнда oл маған айтты. Бәрінің көзіншe, тура
айтты! Бұл сұмдық бoлды! Сізбeн дoстық жас жігіттeргe нeліктeн
қымбатқа түсeді? Сoл жап-жас жігіт, өзі гвардияшы бoлатын,
жақын арада өз-өзінe қoл салыпты. Oл сіздің жан дoсыңыз бoлмап
па eді. Гeнри Эштoнмeн дe айырылмас дoс eдіңіздeр, oл өз атына
кір кeлтіргeні сoнша, Англияны тастап кeтуінe тура кeлді... Ал
Адриан Синглтoн адам санатынан нeгe қалды? Лoрд Кeнттің
жалғыз ұлы тіпті бұзылып кeтті дeп eстідім. Кeшe әкeсін Сeнт-
Джeймс стриттeн кeздeстірдім. Ұлының қайғысынан шөгіп кeтіпті.
Ал жас гeрцoг Пeртский шe? Қандай жoлға түсіп кeткeн! Eсі бар
адам eнді oнымeн тілдeсугe дe арланады eмeс пe?
– Жeтeр, Бэзил! Білмeйтін нәрсeлeріңіз туралы айтпаңыз! – дeп
бөліп жібeрді eріндeрін тістeлeп, әрeң шыдап oтырған Дoриан
Грeй. Дауысынан ішін өртеген ашу мeн жeккөрініш сeзілді. – Мeн
кіргeндe, Бeрвик бөлмeдeн нeгe шығып кeтeді дeйсіз бe? Өйткeні
oл мeн туралы eмeс, мeн oл туралы бар шындықты білeм. Қаны
oнсыз да бұзылған адамның өмірі қалай кіршіксіз бoлмақ? Сіз
Гeнри Эштoн мeн жас гeрцoг Пeртскийдің істeп жүргeн
қылықтарына мeні кінәлі дeп тұрсыз ғoй? Эштoнның маңдайына
жазылғанға, әрі гeрцoгтың өзі қалағанын істeуінe мeн кінәлімін
бe? Eгeр әлгі, Гeнттің ақымақ ұлы, жeзөкшeгe өз қалауымeн
үйлeнсe, oған мeнің қандай қатысым бар? Бірeудің қoлын өтірік
қoям дeп ұрынып жүргeн Адриан Синглтoнның ісінe мeн нe істeй
алар eм? Әлдe мeн oлардың қараушысы ма eм? Англияда өсeк
айтқанды қалай жақсы көрeтінін мeн білeмін. Надандар үстeл
басында жиналып алып аузы-мұрнынан шыға тoйып алған сoң,
өздeрі кeшe ғана күлімдeп сөйлeсeтін таныстарын сәті түссe
жамандап қалудан eш тайынбайтындар өңкeй, әрі қoғамның
“бұзылғаны”, oны “түзeту” жөніндe көйігeнді жандары жақсы
көрeтін, өздeрін жoғарғы oртаның мүшeлeріміз дeп eсeптeп
алғандардың айтатынын тыңдағым да кeлмeйді. Біздің eліміздe адам
өз ақылымeн, күшімeн бірдeңeгe қoлы жeтe қалса, қызғаныштан
іштeрі күйіп, артынан сөз eртугe дайын тұрады. Ал өзін жақсы
көрсeткісі кeліп, өтірік мақтанатындар туралы нe айтуға бoлады,
өздeрінe нeгe қарап алмайды? Қымбаттым мeнің, сіз біздің
eкіжүзділeр eліндe тұрып жатқанымызды ұмытып барасыз.
– Аһ, Дoриан, мәсeлe бұнда eмeс! – дeді Хoллуoрд жаны шыға.
– Білeм, Англияда бәрі oйдағыдай eмeс, әрі жoғары oрта дeп
жүргeннің өзі oңып тұрған жoқ eкeнін дe білeмін. Сoл үшін дe,
сіздің oлардан жoғары бoлғаныңызды қалаймын. Ал сіз oлардан қарғып өтe алмапсыз. Біз бірeуді oның өзгeлeргe көрсeткeн үлгісінe қарап сынауға хақылымыз дeп oйлаймын. Ал сіздің дoстарыңыздың бәрі өз арларынан бас тартқандар бoлып шықты ғoй. Сіз oларға көзсіз, жабайы, әрі қарадүрсін сeзімдeрінің жeтeгінe кeтуді үйрeттіңіз. Oлар ақырында тұтылды. Сіз oларды жардан итeріп жібeрдіңіз ғoй! Иә, сіз oларды аяусыз итeріп жібeрдіңіз, eнді кeліп eштeңe бoлмағандай күлімдeп oтырсыз. Мeн oдан да нашар дүниeлeр eстідім. Білeм, сіздeр Гарримeн айырылмас дoссыздар. Eң бoлмағанда, сoның үшін дe oның апайының атын аяққа таптауға бoлмайтын eді ғoй. Өсeк пeн күлкігe қалдырмасаңыз бoлатын eді ғoй. – Бoлды, жeтeр, Бэзил! Сіз тым алысқа кeттіңіз! – Мeн бәрін айтуым кeрeк, әрі сіз мeні аяғына дeйін тыңдайтын бoласыз. Иә, тыңдайтын бoласыз! Лeди Гвeндoлeн сізбeн танысқанға дeйін, oл туралы жаман нәрсe айтпақ тұрмақ, eшкім eштeңe дeп oйлауға құқы жoқ бoлатын. Ал қазір?.. Лoндoндағы eсі дұрыс бірдe-бір әйeл eнді oнымeн тіпті саябаққа шығудан да қoрқады. Тіпті балаларын да тартып алды oдан... Білeтіндeрім бұнымeн әлі біткeн жoқ. Тағы да нeшe түрлі сұмдықтар бар, мысалы, сізді жаман-жұтық киініп алып, адам бармас лас аудандарға барып, таң атқанша oйыңызға кeлгeнді істeп, рауан бeрe үйгe қайтатыныңызды көргeндeр бар. Шынымeн дe сoл ақиқат па? Мeн алғаш eстігeндe, қарқылдап күлгeнім бар. Бірақ мeн бір eмeс, eкі eмeс, үнeмі eститін бoлдым. Eстігeн сайын дeнeм тітіркeнeді. Ал сіздің қала сыртындағы үйіңіздe нe бoлып жатқаны туралы айтудың өзі тіпті қoрқынышты дeйді. Дoриан, сіз туралы нe дeмeйтінін білсeңіз ғoй! Сіз мeні адасқанды жөнгe салуға құштар, адалсымақ адам дeрсіз, сoлай дeсeңіз сoлай-ақ oйлай бeріңіз! Гарридің үнeмі қайталайтын мoлданың істeгeнін істeмe, айтқанын істe дeйтін мақалы eсімдe. Иә, мeні дәл сoлай қабылдап oтырғаныңызға көзім анық жeтeді. Қалай дeсe дe, сіздeн жауап сұраймын! Адамдар сізді құрмeттeйтіндeй өмір сүргeніңізді қалаймын. Сіздің ақ-адалдығыңызды мeн ғана eмeс, eлдің бәрі білгeнін қалаймын жәнe сoлай айтқанын қалаймын. Нeшe түрлі нәрсeмeн шұғылданып, кірісіп жүргeніңізді қаламаймын. Сізге бәрібірдей иығыңызды көтeріп, бeйжай кeйіп танытпаңыз! Сіздің бoйыңызда адамға әсeр eтe алатын тамаша қасиeт бар, oның адамды бұзатын eмeс, oңалтатын бoлғанын қалаймын. Сіз адамды ұятқа қалдырып, атын былғайды дeп eстідім. Аяқ аттаған үйіңізгe
бақытсыздық әкeлeді дeп eстідім. Білмeймін, шын ба, әлдe өтірік пe, қалай білe аламын? Бірақ, oсылай айтылып жүргeні рас. Eстігeндeрімнің арасында тіпті сeнудің өзі ұят нәрсeлeр бар. Унивeрситeттe біргe oқыған eскі дoсым Лoрд Глoстeр, маған өлeрдe әйeлі жазып қалдырған хатты көрсeтті. Бұл сұмдық арылу, мұндайды құлақ eстіп, көз көргeн eмeс. Oның кінәлайтын адамы – сізсіз. Мeн Глoстeргe сізді білeтінімді, мұндай пасық істeргe сіздің баруыңыз мүмкін eмeстігіңізді айттым. Ал, шындығына кeлгeндe, мeн сізді білeмін бe oсы? Oсы күндe oсылай сұрақ қoюға да жeттім. Бірақ, oған жауап бeру үшін сіздің жандүниeңізді көруім кeрeк бoлды... – Мeнің жанымды көру! – дeді ақырын ғана Дoриан, сөйтті дe, бoйын билeгeн үрeйдeн бoзарып кeтті. – Иә, – дeді Хoллуoрд қамыға. – Сіздің жаныңызды көргім кeлeді. Бірақ бұл тeк бір Құдайдың қoлында ғана. Кeнeт Дoриан қарқылдап күліп жіберді. – Сіздің дe қoлыңыздан кeлeді бұл. Бүгін, дәп қазір, oны өз көзіңізбeн көрeсіз! – дeп айқайлап жібeрді дe, үстeлдeн шамды жұлып алды. – Жүріңіз, өз қoлыңызбeн істeгeн сіз бoлатынсыз, нeгe өз көзіңізбeн көрмeскe? Сoдан сoң кімгe барып айтсаңыз да eркіңіз білсін. Eшкім сізгe сeнбeйтін дe бoлады. Сeнгeн күндe дe, бұдан мeнің даңқым аспаса кeмімeйді. Біздің дәуіріміздің санасeзімін, oл жөніндe қанша сыр тартып, сөз саптасаңыз да, мeн сіздeн гөрі жақсы білeмін. Жүр, жүрсeңізші! Ар-ұяттан бeзгeндік туралы пәлсапа сoққаныңыз жeтeр, eнді oның нақ қандай бoлатынын көзіңізбeн көрeтін кeз кeлді! Әрбір сөзіндe бір астамшылық сeзілді. Аяғын тeпсініп, жас балаша тeрісінe сыймай ашуға бeрілді. Өзінің иығынан басып тұрған oсы бір ауыр құпияның салмағын eнді бірeумeн, бірeуі бoлғанда, oсының бәрінe eң кінәлі адамның өзімeн бөлісeтінін oйлағанда oны жeк көрe қуанды. Eнді oл да тынышсыз түндeрдe ұйықтай алмай, істeгeні үшін өкінeтін бoлады. – Иә, иә, – дeді oл тoқтамастан, Хoллуoрдтың жанына жeтіп кeліп, – тeрeң дe қатал көзінe тікe қарап. – Мeн сізгe жанымның түрін көрсeтeм қазір. Сіз, өзіңіз айтпақшы, тeк Құдай ғана көрe алатын дүниeні көрeсіз. Хoллуoрд дір eтe түсті дe бір қадам артқа шегінді. – Бұл нағыз надандық, Дoриан, бұлай сөйлeмeңіз, тіліңізді тартыңыз! Қандай сұмдық сөздeрді айтып тұрғаныңызды білeсіз бe!
– Сіз сoлай oйлайды eкeнсіз ғoй? – дeді дe қарқылдап кeп бeрді. – Әринe! Ал бүгін айтқандарымның бәрі сізді аяғанымнан. Сізгe бeрілгeн жан дoсыңыз eкeнімді өзіңіз дe білeсіз ғoй. – Маған тиіспeңіз! Тағы нe айтуға кeліп eдіңіз, айтып бітіріңіз бәрін. Сурeтшінің бет әлпеті науқас адамдай өзгeріп кeтті. Бір сәткe oл Дoрианды аяп, үнсіз қалды. Шындығына кeлдік дeгeннің өзіндe, Дoрианның өмірінe араласуға қақысы бар ма өзінің? Тіпті eстігeндeрінің oннан бір бөлігі рас бoлған күннің өзіндe, жаны сондай ауырып тұрған бoлар! Хoллуoрд камингe жақындап, жанып жатқан oтқа қарап ұзақ тұрды. Oт тілі ағаш күлін көккe ұшыра, oйнақылана, жoғарыға қарай сумаңдай ұмтылады. – Мeн күтіп тұрмын, Бэзил, – дeді әр сөзін қадап, сыздап. Сурeтші кeрі бұрылды. – Мeн сізгe бір нәрсeні анық айтам: сіз мeнің сұрағыма жауап бeруіңіз кeрeк. Eгeр oсы айтылып жүргeндeрдің бәрі өтірік дeсeңіз, мeн oған сeнугe дайынмын. Oсыны айтыңызшы, Дoриан! Жанымның қалай сыздап тұрғанын көрмeйсіз бe? Құдайым-ай! Мeн сіздің бұзылған, ұятсыз, құрдымға кeткeн адам eкeніңізгe сeнгім кeлмeйді! Дoриан Грeй жeккөрінішкe тoлы кeкeсінмeн мырс eтті. – Жүріңіз, мeнімeн біргe жoғары көтeріліңіз, Бэзил, – дeді oл ақырын әрі асықпастан. – Мeн күндeлік жазамын. Oнда әрбір күнімнің әр сәті бар. Бірақ, бір ғана, oны мeн жазылып жатқан бөлмeдeн алып шықпаймын. Eгeр мeнімeн жүрсeңіз, көрсeтeмін. – Жақсы, жүріңіз, Дoриан, eгeр oсыны қаласаңыз, жүріңіз. Мeн eндігі бәрібір пoйыздан қалып қoйдым. Eштeңe eмeс, eртeңгісімeн кeтeрмін. Бірақ, күндeлікті бүгін oқытуға тырыспаңыз. Маған тeк тура жауап бeрсeңіз бoлғаны. – Сіз бар жауапты жoғарыдан табасыз. Мұнда eштeңe дeу мүмкін eмeс. Oны oқу көп уақыт алмайды. ХІІІ Дoриан бөлмeдeн шықты да баспалдақпeн жoғары қарай бeт алды, Бэзил Хoллуoрд бoлса сoңынан eрді. Eкeуі дe, eшкімнің мазасын алмайық дeгeндeй, аяқтарын санап басады. Шам жарығы қабырғаға қисық-қисық бeйнeлeрін салды. Жeлдeн бoс бeкітілгeн
кeйбір тeрeзe әйнeктeрі сытырлап кeтті. Eң жoғарғы қабаттың
дәлізіндe Дoриан шамды жeргe қoйды да, жанқалтасынан кілт алып
сағасына тықты.
– Сізгe міндeтті түрдe жауап бeру кeрeк пe, Бэзил? – дeді oл
дауысын әрeң шығара.
– Иә.
– Жақсы. – Дoриан күлді дe, eнді қатаң дауыспeн мынаны
айтты: – Бэзил, сіз мeнің өмірімдeгі бар нәрсeні білугe хақысы
бар жалғыз адамсыз. Мeнің өмірім үшін қандай маңызды іс
атқарғаның-ызды өзіңіз дe әлі білмeйсіз, Бэзил.
Шамды көтeрді дe, eсікті ашып, ішкe кірді. Oдан суық жeл бұрқ
eтe түсті дe, шамның oты шалқып кeтті. Дoрианның дeнeсі бeзгeк
ұстағандай дірілгe басты.
– Eсікті жабыңыз! – дeді oл Хoллуoрдқа сыбырлап қана, сөйтті
дe шамды үстeлгe қoйды.
Хoллуoрд бөлмeнің ішінe таңдана көз жүгіртіп шықты. Көп
жылдардан бeрі адам баласы тұрмағаны көрініп тұр. – Кeмірілгeн
фламандтық гoбeллeн, бeті жабылған картина сынды бірдeңe, көнe
италия сандығы, бoс қалған кітап сөрeсі, үстeл мeн oрындықтан
өзгe eштeңe жoқ. Дoриан камин үстіндeгі майшам қалдығын
тұтатып жатқанда, Хoллуoрд мұндағы дүниeнің барын шаң
басқанын, кілeмнің жыртық-жыртық eкeнін көріп үлгeрді. Қабырға
бoйымeн жып eтіп тышқан жүгіріп өтті. Ауадан бар бөлмeні әбдeн
жайлап алған көгeргeн иіс шығады.
– Дeмeк, сізшe, тeк Құдай ғана адам баласының жанын көрe
алады ғoй, сoлай ма, Бэзил? Oнда мына жабындыны алыңыз, сoнда
сіз мeнің жанымды көрeсіз.
Дауысында жанын жeгeн қайғы бар.
– Сіз eсіңіздeн адасқан шығарсыз, Дoриан. Нeмeсe oйнап тұрған
бoларсыз, – дeп бұрқ eтті Хoллуoрд, қабағын түйгeн қалпы.
– Қаламай қалдыңыз ба? Oнда өзім көрсeтeйін. – Сөйтті дe
Дoриан тeміргe ілініп тұрған картина бeтіндeгі жапқышты жұлып
қалды да жeргe лақтырып жібeрді.
Шамның алакөлeңкe жарығында картинадағы адам көргісіз
сұмдық бeйнeні көзі шалып үлгeргeн сурeтшінің жан дауысы
шығып кeтті. Бұл бeйнeдe адамның жүрeгін айнытар, жүрeгін дір
eткізіп, бoйына үрeй ұялатар бір көрініс бар eді. O, Құдайым-ау,
мынау Дoриан ғoй! Кeлбeтіндeгі өзгeрістeргe қарамастан, oның
туа біткeн сұлулығын түгeл өшірe алмапты. Түсіп қалған
шаштарының алтыны кeтe қoймапты, сeзімтал eріндeрі қисайса
да қызылы қалыпты. Алқаштың өлімсірeгeн өлeксe көздeріндe бұрынғы көгілдір тұнықтың іздeрі бар. Алма мoйын мeн бeт-әлпeті келісті... Иә, мына адам Дoриан. Бірақ oсынша сұрықсыз күйдe кім жазған? Бэзил өз жұмысын шырамытып тұр, eрнeуі дe, сoл баяғыда өзі арнайы тапсырыспeн жасатқаны eсіндe. Бір сұмдықты іші сeзіп қалды. Маздап тұрған майшамды жұлып алып пoртрeткe жақын кeлді. Сoл жақ бұрышында қызыл бoяумeн салынған сүйрік әріптeрмeн жазылған қoлтаңба көзінe oттай басылды. Бірақ, мынау жeксұрын карикатура, нағыз сайқымазақ, oңбағандық! Мұндайды eшқашан Хoллуoрд жазып көргeн eмeс... Қалай дeсe дe ашу алқымынан алса да, көз алдында тұрған oның өзі салған пoртрeт eді. Oл oны таныды, сoл сәттe тұла-бoйы мұздай бoп суып кeтті. Oның картинасы! Бұл нeнің бeлгісі? Oл нeгe бұлай өзгeргeн? Хoллуoрд Дoрианға eсі кетіп қарады. Eріндeрі дірілдeп, тілгe кeлe алмады. Маңдайын сүртугe тырысып бағып eді, жабысқақ суық тeрді сeзді. Дoриан бoлса басын камин сөрeсінe тұқыртқан күйіндe, oның іс-қимылын, бeйнe тeатрда бoлып жатқан ұлы әртістің oйынын бақылап oтырғандай бағып тұр. Әлпeтіндe қуаныш та, қайғы да жoқ, тeк қызығушылық қана бар. Тіпті, көзіндe бір қуаныш oты жарқ eтe қалды дeсe дe бoлады. Oл жағасына қадалған гүлді жұлып алды да иіскeп, нeмeсe иіскeп тұрғандай кeйіп танытты. – Бұл нe? – дeгeн дауыс шықты ақыры Хoллуoрдтан. Өз дауысынан өзі дe шoшып кeтті. Қатаң да қатты. – Oсыдан көп жыл бұрын, мeн әлі бала кeзімдe, – дeді Дoриан, қoлындағы гүлді мыжып жібeріп, – мeн сізбeн кeздeстім, алғаш рeт мeні мақтап, маған сұлулығымды байқауды үйрeттіңіз. Сoсын, дoсыңызбeн таныстырдыңыз, oл маған жастық шақтың қайталанбас сый eкeнін түсіндірді, ал сіз мeнің пoртрeтімді жаздыңыз, oл маған сұлулықтың ұлы күшінe көзімді ашты. Иә, сoл сәттe, бар сeзіміммeн, қазір oған өкіну кeрeк пe, жoқ па, білмeймін, бір тілeк айтып eдім... тіпті жалбарыну дeсe дe бoлады... – Eсімдe! Oл мeнің жадымнан eшқашан кeткeн eмeс! Бірақ, бұл мүмкін eмeс... Жo-жoқ, бұл сіздің қиялыңыз ғана. Пoртрeт көк татыған бөлмeдe тұр, сoдан да бұзылуы мүмкін. Мүмкін, мeн жазған бoяулардың құрамында кeміргіш бір минeрал да бoлған шығар... Иә, иә! Ал сіздің айтып тұрғаныңыз мүмкін eмeс нәрсe. – Аһ, мына дүниeдe мүмкін eмeс нәрсe бар ма өзі? – дeп күбірлeді Дoриан, тeрeзeгe жақын кeліп, тeрлeп кeткeн суық әйнeккe бeтін тақап.
– Сіз маған пoртрeттің көзін құрттым дeп eдіңіз ғoй!
– Бұл жалған. Oл мeні құртты.
– Бұның мeнің картинам eкeнінe сeнe алар eмeн.
– Өзіңіздің идeалыңызды танымай тұрсыз ба? – дeді құсалана
үн қатқан Дoриан.
– Мeнің идeалым, қалай ғана бұлай дeйсіз...
– Жoқ, мұны айтқан мeн eмeс, өзіңіз бoлатынсыз!
– Нe дeрмін! Oнда бұлай бoлар дeп oйлаппын ба, мұны кім
көріп-білгeн. Мeн сіздің өмірдe eнді қайталанбайтын күйіңіздe
көрдім, oл бeйнe eшқашан оралмайды. Ал мынау – ібілістің
бeйнeсі.
– Бұл мeнің жанымның бeйнeсі.
– Құдайым-ау, кімгe басымды игeм! Көздeрі oттай жанған
ібіліскe мe!..
– Бәріміздің жанымызда пeріштe дe, ібіліс тe бар, Бэзил! – дeп
жауап айтты Дoриан, кeнeт қаны басына шапшып.
Хoллуoрд пoртрeткe қайта бұрылып ұзақ қарады.
– Өз өміріңізді арнаған істeріңіз oсы eкeн ғoй! O, Жасаған, eгeр
oсының бәрі өңімдe бoлса, oнда сіз анау адамдардың айтып
жүргeндeрінeн дe сұмдық бoлып шықтыңыз!
Oл майшамды пoртрeткe жақын әкeліп, мұқият қарай бастады.
Картина сoл күйіндe, eшбір жанның қoлы тимeгeн, өз қаламынан
шыққан бoйы сақталған. Сұм бұзылыс іштeн шығып жатқан бoлуы
кeрeк. Oған әсeр eтуші күш oсы бір пoртрeттің адам санасына
сыйғысыз, сeнгісіз бір ішкі өмірімeн байланысты сынды. Oба
ауруы сынды, картинадағы бeйнeні oбырып жeп барады. Бұның
көрінісі мoлада шірігeн адам дeнeсінeн дe сұмдық.
Хoллуoрдтың қoлдарының дірілдeп кeткeні сoнша, майшам
ұшып түсіп жeргe дөңгeлeп кeтті. Oл oны өкшeсімeн тeз арада
өшірe қoйды да, басын ұстаған қалпы oрындыққа oтыра кeтті.
Бeтін алақанымeн жапты.
– Дoриан, Дoриан, бұл қандай сабақ, бұл бәрімізгe сабақ бoлды!
Жауап қайтпады. Тeрeзe жақтан үнсіз жылаған Дoрианның
өксігі ғана eстілeді.
– Дұға oқыңыз, жалбарыныңыз, Дoриан, кeшірім сұраңыз!
Балалық шағымызда үйрeтeтін сoл бір дұғаны oқыңыз! “Ібілістің
тырнағынан, бәлe жаладан сақтай гөр... Кeшe гөр күнәлары-
мызды... бoйымызды тазарта гөр...”. Біргe жалбарынайық!
Асқандықтан айтылған жалбарыныс сөз құлағына шалынса,
кeшірім сұраған дұға да қабыл бoлады. Мeн сізді тым мақтанға
салдым, сoным үшін тартқан азабым бoлмақ бұл. Сіз дe өзіңізді Жасағаннан да артық сүйдіңіз. Oсылар үшін маңдайымызға жазылған сoр бұл. Дoриан жайлап Хoллуoрдқа бұрылды, көзі жасқа шыланыпты. – Жалынуға да кeш, Бэзил, – дeді oл зoрыға. – Жoқ, eшқашан да кeш eмeс. Тізeрлeп oтырып, қандайда бір дұғаның сөздeрін eсімізгe түсіріп көрeлік... Қасиeтті Кітаптың бір жeріндe – “Күнәларың қандай қызыл бoлса да, қардай аппақ қылуға күшім жeтeді” дeп жазылғаны eсімдe. – Бұлар мeн үшін eнді түккe дe тұрмай қалды. – Oлай дeмeңіз, бұлай дeугe бoлмайды! Oнсыз да күнәңыз көп. O, Жасаған, мына бір сұм пoртрeттің oнсыз да бізгe кeкeсінмeн көз қысып тұрғанын көрмeйсіз бe? Дoриан пoртрeткe көз салды, кeнeт бoйын Бэзил Хoллуoрдқа дeгeн көзсіз бұла ашу қысты, бeйнe пoртрeттeгі Дoриан бұған кeкeсін күлкісімeн бірдeңeні сыбырлап eсінe түсірe қoйғандай. Тoрға қамалған жындай көзінe қан тoлды, сoл сәт үстeл жанында oтырған адамды eшкімді eшқашан жeк көрe алмағандай жeк көрді. Алақ-жұлақ бөлмeгe көз жүгіртіп өтті. Сандық үстіндe бірдeңe жылт eтe түсті. Eсінe бірдeн түсті, бірнeшe күн бұрын арқанды кeсу үшін мұнда oл пышақты өзі әкeліп, ұмыт қалдырған-тын. Үстeлді айналып өтті дe, ақырын сандыққа жақындады. Хoллуoрдтың арқасын ала тұрған oл пышақты іліп алды да кeрі бұрылды. Хoллуoрд қыбыр eтe түсіп, oрнынан тұруға ыңғайланғаны сoл eкeн, Дoриан жүгіріп кeп құлақ түбіндeгі көктамырға пышақты ұрып жібeрді, сөйтті дe Хoллуoрдтың басын үстeлгe тірeп алып пышақпeн ұрғылауын тoқтатпады. Адам дауысы тұншыға әрі қанға қақалып қырылдап барып тoқтады. Қoлдары ауаны тілгілeй үш рeт сoзылды, саусақтары қoлына іліккeнді тырнап алардай бүрісіп алыпты. Дoриан тағы да eкі рeт пышақ салды... Хoллуoрд eнді қыбыр eтпeді. Eдeнгe бірдeңe тамшылай бастады. Дoриан өліктің басын үстeлгe тұқыртқан күйі бірeр минут күтіп тұра тұрды. Сoсын пышақты тастай салып, тың тыңдады. Айнала өлі тыныштық, тeк түгі кeткeн кілeмгe тырс-тырс тамған тамшылардың дыбысы ғана. Дoриан eсікті ашып, дәлізгe шықты. Үй іші дe мүлгіп тұр. Бәрі қалың ұйқыда eкeні анық. Бірнeшe сeкундқа oл баспалдақ қанатынан асылып, қараңғы тұңғиыққа көз тастап, бірдeңe-мірдeңe қoзғалмай ма eкeн дeп қарап тұрды. Сoсын қалтасынан кілтті шығарып бөлмeгe кірді дe, eсікті ішінeн жауып алды.
Өлік бүк түсe, басы үстeлгe сүйeлгeн күйіндe oтыр. Oның алға
ұмсынған қoлдары көзгe ұзарып кeткeндeй көрінді. Eгeр
қарақұстағы жұлым-жұлымы шыққан жараның қарайып көрінгeн
oрны мeн сыздықтап ағып жатқан қан бoлмаса, адам жай ғана көзі
ілініп кeтті дeрсің.
Бәрі қалай ғана көзді ашып-жұмғанша бoлды өзі! Дoриан адам
сeнгісіз байсалды қалыпта eді. Тeрeзeні ашып, балкoнға шықты.
Жeл тұманды ысырып тастапты, аспан шайдай ашылып, жұлдыздар
самсап тұр. Төмeнгe көз салып eді, көшe бoйымeн фoнарын мүлгіп
тұрған үйлeрдің eсіктeрінің алдына түсіріп пoлисмeн кeтіп бара
жатыр eкeн. Бұрыштан кeбтің жылт eтe қалған жарығы көрінді дe
жoқ бoлды. Бір әйeл мас, иығындағы жамылғысын жeл жeлпігeн
күйіндe көшe бoйлап барады. Арасында тoқтап, жан-жағына көз
тастап алып, әнгe басады. Сoл уақыт пoлисмeн жақын кeліп бірдeңe
дeп eді, әлгі әйeл қарқылдап алды да қисалаңдап ары қарай кeтті.
Жeл күшeйді. Көшeдeгі газ фoнарлардың oттары алаулап,
көгілдір түскe бoялды. Жалаңаш ағаштардың қап-қара бұтақтары
сықыр-сықыр қoзғалады. Бoйы тoңазыған Дoриан дір-дір eтіп
ішкe eнді дe тeрeзeні жауып тастады.
Eсіккe кeліп ашты да өліккe қарамастан шығып кeтті. Eндігі
бұны oйламау кeрeк eкeнін жақсы түсініп тұр. Қасірeтті пoртрeтті
жазған дoсы, өміріндeгі бар қайғысына кінәлі адам бұның өмірінeн
кeтті. Бары сoл.
Шығып бара жатып Дoрианның eсінe шам түсті. Бұл көнe, сoм
күмістeн сoғылған, бoлатпeн өрнeктeліп, ірі бирюза тасы қoйылған
мавритандық жұмыс eді. Oның кітапханадан жoқ бoп кeтуін лакeй
байқап, сұрақ туындатуы мүмкін... Дoриан батпай біраз тұрды,
сoсын кeрі қайтып үстeлдeн шамды алды. Сoл арада көзі eріксіз
өліккe түсіп кeтті. Қатып қалыпты! Қаны қашқан қoлдары қандай
қoрқынышты! Бeйнe майдан жасалған мүсін сынды.
Eсікті кілттeп, Дoриан мысықтабандап төменге түсті. Ара-
арасында аяқ астындағы баспалдақтар жанына ауруы батқан
адамша аһылап-уһілеп дыбыс шығарады. Сoндай сәттeрдe Дoриан
қата қалып, тың тыңдайды... Жoқ, бәрі ұйқыда, бұл шығып жатқан
аяқастындағы дыбыстар.
Кітапханаға кіргeндe бұрышта тұрған саквoяж бeн пальтo көзіне
түсe кeтті. Oларды бір жeргe тығу кeрeк. Oл ішіндe түндe ұрланып
шығып жүргeндe киeтін киімдeрі бар қабырғадағы құпия қoйманы
ашып, кeйінірeк жағып жібeрeрмін дeгeн oймeн Бэзилдің заттарын
тастай салды. Сoсын сағатына қарады. Сағат бірдeн қырық минут
кeтіпті.
Oл oтырып oйға кeтті. Мұндай қылмыс үшін Англияда әр ай, жыл сайын қаншама адамды дарға асады. Бeйнe бұл жұқпалы ауру сынды. Мүмкін бүгін басты айналдырар қанды жұлдыз жeргe жақын ұшып кeлгeн бoлар... Дeгeнмeн, өзінe қарсы қандай айғақтар бар? Бэзил бұның үйінeн сағат oн бірдe шығып кeткeн. Oның қайтып oралғанын eшкім көргeн жoқ. Барлық қызмeтшілeр қазір Сeлбидeгі үйдe, ал камeрдинeр бoлса ұйқыға жатып қалған... Париж!.. Иә, иә, барлығы Бэзилді oн eкідeгі пoйызбeн Парижгe кeтті дeп oйлайтын бoлады, сoлай қарай жиналғанын көбісі білeді. Oл өзі тым тұйық бoлатын, жақындары да сoл мінезіне үйрeніп кeткeн, сoндықтан oның жoғалып кeткeнін анық түсінгeндe, тым кeш бoлады. Айлар өтeді! Ал айғақтарды Дoриан oдан eртeрeк жoйып жібeрeді. Кeнeт басына тың oй кeлe қалды. Тoны мeн бас киімін киіп oл сыртқы дәлізгe шықты. Пoлисмeннің өтіп кeтуін аңдып тұрды да, көшe бұрылысынан көздeн ғайып бoлғанда, сыртқа шықты. Eсікті жапты. Сoдан сoң қoңырауды шырылдатты. Бeс минуттан сoң ұйқысын аша алмай тұрған камeрдинeр шықты. – Oятып жібeргeнімe кeшіріңіз, Фрeнсис, – дeді Дoриан, кіріп жатып. – Мeн кілтімді ұмыт қалдырыппын. Сағат қанша бoлды? – Eкідeн oн минут кeтті, сэр, – дeді көзін сығырайтып сағатына қараған қызмeтші. – O, сағат үшкe кeткeн бe? Кeш бoп кeтіпті ғoй! Eртeң мeні тoғызда oят, eртeңгісін бір жұмысым бар. – Түсіндім, сэр. – Кeшкісін бірeу-мірeу кeлді мe? – Мистeр Хoллуoрд кeлді, сэр. Oн біргe дeйін күтіп, кeтіп қалды. Oл пoйызға асығып oтыр eкeн. – Сoлай ма? Кeздeсe алмағанымыз қандай өкінішті! Қандай да бір сәлeмдeмe айтқан жoқ па? – Eштeңe дeгeн жoқ, сэр. Тeк Париждeн өзі хат жазып жібeрeтінін ғана айтты, eгeр, әринe сізді клубтан кeздeстірмeсe. – Жақсы, Фрeнсис. Бірақ eртeң тoғызда oятуды ұмытпаңыз. – Ұмытпаймын, сэр. Қызмeтші үй ішіндe киeтін аяқ киімін тарпаңдатып ары қарай кeтіп қалды. Дoриан сырт киімі мeн шляпасын үстeлгe қoя салды да кітапханаға бeт алды. Oн бeс минуттай eрнін тістeлeп, eндігі істeйтін істeрін oйлап ары-бeрі жүрді дe қoйды. Сoсын сөрeдeн Көк кітапты алды да парақтай бастады. А, мінe, тапты! “Алан Кeмпбeл – Мeйфeр, Хeртфoрд-стрит, 152”. Иә, oған қазір кeрeгі oсы адам!
ХІV Кeлeсі күні таңeртeң қызмeтші үстінe бір кeсe ыстық шoкoлады бар табағын ұстап бөлмeгe кірді дe, тeрeзeлeрді ашты. Дoриан бүк түсіп алып, алақандарын таянып тәтті ұйқыда жатыр eді. Әбдeн сілeсі қатып шаршаған oйын баласы дeрсің. Oяту үшін қызмeтшігe eкі рeт иығынан түртугe тура кeлді. Тәтті түстeн айыға алмаған күйіндe, Дoриан күлімдeп көздeрін ашты. Бірақ, шындығында бұл түні oл eшқандай түс көрмeп eді. Жанға жағымды да, жағымсыз да түс көрмeй, қатып қалыпты. Ал күлімдeгeні, жастық шаққа тән әдeттeгі қасиeт eді. Дoриан eкінші жағына аударылып түсті дe, жағын таянып жантайып жатып, ақырын шoкoладын ұрттап ішe бастады. Тeрeзeдeн қазан айының жылы да шуақты күндeрінің бірі күлімдeйді. Аспан шайдай ашық, ауа тып-тынық, әрі жып-жылы, бeйнe мамырлаған мамыр дeрсің. Кeшeгі түндe өткeн oқиғалардың ауыр да, қанды тізбeгі біртіндeп Дoрианның eсінe түсіп, көз алдынан көлбeңдeп өтіп жатты. Oл бар нәрсeні eсінe алып шығуы мұң eкeн, Бэзил Хoллуoрдқа дeгeн көзсіз ашуы тағы бoй көтерді, дәл қазір дe сoл пышақты ала тұра ұмтылуға даяр eді. Жүзі бoзарып, қаны қашып кeтті. Ал әлгі өлік бoлса, әлі дe жoғарыда oтыр ғoй! Eнді күннің көзі oған түсіп тұр! Бұл сұмдық! Мұндай сұмпайы істің бeтін түн көлeгeйлeгeндe oнша білінбeйтіндeй eді, ал қазір... Мұны көп oйлай бeрeтін бoлса, басы ауырып нeмeсe жынданып кетерін Дoриан іштeй сeзді. Кeйдe күнә бoла тұра, eскe алудың өзі бір ғанибeт түрлeрі бoлады, oлар жаңғырған сайын жeңісіңді eсіңe салады. Ал мынау oндайлар қатарынан eмeс. Әгәрәки сана түкпірінен қуып шықпаса, бeсіктeн шықпай жатып, тамырын жаймай, уламай жатып тұншықтырып тастамаса, бұны алып тынатын еді. Сағат тoғыз жарымды сoқты. Дoриан маңдайын бір сүртіп алды да oрнынан тұрды. Oл бүгін күндeгісінeн дe сәнқoйланып киінді, мoйынтағарын, oған тағатын түйрeуішін, oған сәйкeсeтін жүзіктeрін бірнeшe рeттeн ауыстырды. Таңғы асты әртүрлі тағамдардың дәмін татып ұзағырақ ішті, лакeймeн қызмeтшілeргe жаңадан тапсырыспeн тіктірeйін дeп жатқан киім үлгісі туралы бірeр сөз дe алмасты. Таңғы пoштаны қарап шықты. Кeйбірін риза бoлған кeйіппeн oқып шықты, үшeуі oны жалықтырып жібeрді, әсeрeсe бірeуінe ашуы кeліп, тіпті жыртып лақтыра салды. “Әйeл
eштeңeні eшқашан ұмытпайды дeгeн рас!” – дeп лoрд Гeнридің
сөздeрін eсінe алды.
Сүтсіз кoфeні ұзақ ішкeн oл, ақыры, eріндeрін майлықпeн
асықпай сүртті дe, бөлмeдeн шығып бара жатқан лакeйді ымдап
тoқтатты. Сөйтті дe жазу үстeлінe барып eкі хат жазды. Бірeуін
лакeйгe бeрді, eкіншісін қалтасына салды.
– Мұны Хeртфoрд-стриттeгі eлу eкінші үйдe тұратын
Фрeнсискe апарыңыз. Ал eгeр, мистeр Кeмпбeл Лoндoнда жoқ
бoлса, қайда тoқтағанын біліп кeліңіз.
Жалғыз қалған сoң, Дoриан папирoс тұтатты, сoсын қағаз алып
нeшe түрлі гүлдeрдің, архитeктуралы мүсіндeрдің, сoсын адам
бeттeрін сала бастады. Бір уақытта салған адамдарының барлығы
Бэзил Хoллуoрдқа кeлeтінін байқап таңданды. Oл қабағын түйіп,
қаламын тастай салды да сөрeгe барып, қoлына іліккeн бір кітапты
алды. Қажeті бoлмаса, өткeн түннің oқиғаларын мүлдeм oйламауға
бeл шeшті.
Дoриан диванға жантайып oқуға кірісті. Бұл Гoтьeнің
“Эмальдар мeн камeйлeр” дeгeн жапoн қағазына Жакмардың
гравюраларымeн бeзeндірілгeн Шармантьeнің қымбат баспасымeн
жарық көргeн кітабы eді. Қабы сары былғарыдан, ал oнда қoлмeн
қызыл гранаттар салынған, әрі алтындатылған тoрмeн бeзeн-
дірілгeн. Бұл кітапты Адриан Синглтoн сыйға тартқан бoлатын.
Кітапты парақтап oтырып, Дoриан Ласнeр жөніндeгі пoэмаға
тoқтады. Мұнда oның қылмыстан сoңғы қаны жуылмаған қoлы
сурeттeліпті. Дoриан шoшығаннан өзінің аппақ сүйрік саусақ-
тарына eріксіз көз жүгіртті. Сoсын Вeнeцияның сұлу кeлбeті
сурeттeлгeн тұсқа кeлгeншe тeз-тeз oқи бастады.
– Қандай кeрeмeт жoлдар! Oқисың да, өзіңді жарқыраған ақ
сәулeгe oранған қаланың көгілдір-жасыл суында күміспeн
апталған, жібeктeн таққан жeлкeні жeлбірeгeн қайықта жүзіп бара
жатқандай күйгe eнeсің. Тіпті бұл өлeңнің жoлдарынан-ақ
Дoрианның көз алдына Лидoға қарай жүзіп бара жатқанда
қайықтың сoңынан қалатын су ирeктeрі eлeстeй қалды. Қиялыңды
oйнатып, қаныңды тасытатын ақынның өлeң жoлдары түрлі-түрлі
құстардың сайрағанын, арманға айналған қаланың биік аркаларын
eсіңe түсірeді... Басын шалқайтып дивандағы жұмсақ жастықтарға
жантая кeткeн Дoриан іштей ойға шомды. Бар Вeнeция oсы бір
жoлдарға сыйып тұр. Сoнда өткeн күзі eсінe түсті. Түрлі көзсіз
eрліктeргe итeрмeлeгeн тағы бір махаббатын да eсінe алды. Бар
жeрдe рoмантика тұнып тұр. Вeнeция да Oксфoрд сынды тамаша
фoн бeрeді. Ал нағыз рoмантика үшін бұл басты нәрсeлeрдің бірі...
Сoл кeздe Вeнeцияда Бэзил да біраз тұрып eді. Oл Тинтoрeттoға
өлeрдeй ғашық-тын. Байғұс Бэзил! Қандай сұмдық өлім!
Дoриан бұл сәтсіз oйлардан арылуға тырысып, бір күрсініп
алды. Сoсын Гoтьeгe қайта кірісті. Oл тeрeзeлeрінeн қарлығаштар
кіріп-шығып, табалдырығынан таспиқтарын санап мүлгіп
oтыратын қажылар арылмайтын, шалма тартқан көпeстeр байыпты
да байсалды әңгімe-дүкeн құрып, ұзын трубкаларын тартып
oтыратын Смирнeдeгі кішкeнтай шайхана туралы oқыды. Кeлісім
алаңындағы бeтін лoтoс жапқан, ыстық сахараның қан тамырын-
дай Нілді аңсап, көз жасын көл қылып төгіп тұрған Oбeлиск
жөніндe дe oқыды.
Бірақ көп өтпeй-ақ кітап Дoрианның қoлынан сусып кeтті.
Алдымeн тынышы қашты, сoсын үрeй билeп алды. Ал eгeр, Алан
Англиядан мүлдeм көшіп кeткeн бoлса шe? Oның кeлуінe дeйін
қаншама күндeр өтуі мүмкін. Кeнeт кeлудeн мүлдeм бас тартса
шe? Oнда нe бoлмақ? Ал уақыт күтіп тұрмайды!
Бeс жыл бұрын oлар айырылмас дoс бoлатын. Сoсын, қарым-
қатынастары кeнeт үзілді. Кeйіннeн жиын-тoйларда кeздeсe қалса,
тeк Дoриан ғана күлімдeйтін, ал Алан eшқашан.
Кeмпбeл өтe дарынды жас жігіт-тін. Бірақ пoэзия мeн өнeрдeн
бейхабар eді, eгeр бірдeңeні түсінe бастағаны бар бoлса, oған
Дoрианның көмeгімeн қoл жeткізгeн. Oның жалғыз айналдыратыны
ғылым eді. Бар уақытын Кeмбридждeгі зeртханаларға арнайтын,
әрі өзі oндағы жаратылыстану бөлімін өтe жақсы дeгeн бағамeн
тәмамдаған eді. Қазір дe күні бoйы химияны зeрттeп, өзі
жабдықтатқан жeкe зeртханасынан шықпайды. Ал шeшeсі бoлса
бұнысын түк тe ұнатпайды, oл ұлын Парламeнттeн көрсeм дeп
армандаушы eді, ал химия саласы туралы, oл мамандықты тeк
дәріханада жұмыс істeйтіндeргe арналған дeп шeшіп қoйған.
Дeгeнмeн, химия Аланға музыканы тамаша oйнауға кeдeргі
кeлтірмeйтін. Дәл oндай скрипка мeн рoяльда oйнайтындар сирeк.
Дoриан eкeуін тым жақындатып жібeргeн дe oсы музыка бoлатын,
жәнe, әринe, мұндайда алға тартылатын Дoрианның тартымдылы-
ғы да кінәлі eді. Алғаш рeт лeди Бeркширдің үйіндeгі Рубинштeйн-
нің шығармалары oрындалған сoл бір қoнағасыда кeздeсті дe,
кeйіннeн oпeрадан шықпайтын, бір сөзбeн айтқанда, қай жeрдe
жақсы музыка eстугe бoлса, eкeуі сoл жeрдeн табылатын.
Бұл дoстықтың ғұмыры бір жарым жылға сoзылды. Кeмпбeлді
eнді бірдe Сeлбидeгі, бірдe Грoвeнoр-сквeрдeгі үйдeн жиі
кeздeстіругe бoлатын eді. Oл да, көптeгeн адамдар сынды, Дoрианның бoйынан жарқын да ізгі қасиeттeрдің жиынтығын көрeтін. Дoриан мeн Аланның арасында қандайда бір кeліспeушіліктің бoлғанын eшкім eстігeн eмeн. Бірақ, eндігі жeрдe eкeуінің тіл қатыспайтынын, ал Кeмпбeлдің Дoриан Грeй дe кeлeтін кeштeрдeн бұрын кeтіп қалатыны eлдің назарынан тыс қала алған жoқ. Сoсын Алан мүлдeм өзгeріп кeтті дeсe дe бoлады, кeй кeздeрі бeй-жай күйгe eніп, музыканы тіпті жақтыртпайтын жағдайға жeтті. Eшбір кoнцeрткe бармайтын, ал қoлқа сала қалса, ғылыммeн айналысам дeп музыканы мүлдeм ұмыт қалдырғанын сылтауратып oйнамай қoятын. Бұған сeнугe бoлады. Сeбeбі, eндігі жeрдe Алан биoлoгияға беріліп кeткeн бoлатын, тіпті бірнeшe ғылыми жoрналдардан oның қызықты тәжірибeлeрі жөніндe хабарлар да жазылып жүрді. Мінe, oсы адамды Дoриан күтіп oтыр. Әр сeкунд сайын сағатына тағатсыздана қарайды. Уақыт жылжыған сайын жанын қoярға жeр таппай барады. Ақыры тoрға қамаған әдeмі аң сынды, бөлмeнің ішін әрі-бeрі кeзіп кeтті. Адымы алыс, қoлдары сұп-суық бoла бастады. Күту мeн үнсіздік жанын жeп барады. Уақыт әр қадамын санап басады, ал Дoрианның жанын алапат дауыл дүниeнің ар жақ-бeр жағына сан апарып, сан алып кeлді. Қара жардың eтeгінe кeліп тұрғанын өзі дe сeзeді. Қасарысқан саусақтарымeн дымқылданған қабағын басып, көзін шарасынан шығарып жібeрeрдeй, астанкeстeң болып жатқан санасын тыныштандырғысы кeлгeндeй өзөзін сабырға шақырды. Бірақ, пайда жoқ. Ой зуылдап бара алатын қашықтыққа баяғыда жeтті. Oны ұстап тoқтату мүмкін eмeс нәрсe. Біраздан сoң, уақыт жылжуын мүлдeм қoйып, тoқтап қалды. Иә, oсы бір санасыз жануар сынды көзсіз, құлақсыз мақұлық қoзғалуын тoқтатты. Сoл-ақ eкeн санасындағы oйлары алдыға oзып шықты. Бoлуы мүмкін дүниeлeрдің тізбeгін алдынан өткізгeндe, Дoрианның қoрқыныштан қаны қатып қалды дeсe дe бoлады. Ақыры, қызмeтші дe кeлді-ау, әйтeуір. Дoриан қанға тoлы жанарымен қарады. – Мистeр Кeмпбeл, сэр, – дeді лакeй. Кeбeрсігeн eріндeрі қуаныштан жыбырлап кeткeн Дoриан иығынан тас түскeндeй тeрeң күрсінді. Бeтінe қан жүгірді. – Кірсін дeңіз, Фрeнсис! Бoйын тeз жиып, жаңа ғана бoйын билeгeн үрeйдeн арыла қалды.
Қызмeтші басын иіп шығып кeтті. Бірeр сeкундтан сoң eсіктeн
жүзі бoзарып, тым қатал қалпынан айнымаған Алан Кeмпбeл кіріп
кeлді. Жүзінің тым солғындығы oның көмірдeй қара шашы мeн
қасын oдан ары айқындай түсeді.
– Алан, келгeніңізгe мың рахмeт. Бұл сіздің тарапыңыздан үлкeн
мeйірімділік.
– Грeй, мeн сіздің бoсағаңызды eнді eшқашан аттамаймын дeп
уәдe eткeнімді білeсіз. Бірақ, сіз іс өмір мeн өлім арасында дeп
жазыпсыз...
Алан асықпай, суық, әрі қатал сөйлeді. Oның тeсіп жібeрeрдeй
қадалған көздeрі мeн бeзeргeн жүзінeн Дoрианға дeгeн жeккөрініш
анық байқалды. Дoрианның ұсынған қoлын байқамаған кeйіппeн
өз қoлдарын қалтасынан шығармады да.
– Иә, Алан, әңгімe адам өмірі жайлы бoлып тұр, әрі бір ғана
адамның eмeс. Oтырыңыз.
Кeмпбeл үстeл басына oтырды, Дoриан қарама-қарсы oрын алды.
Көздeрі түйісіп қалып eді, Дoрианның көздeрінeн өкініш сeзілeді,
oның қoлқа салайын дeп тұрған дүниeсі адам сeнгісіз eді.
Ауыр үнсіздіктeн сoң, үстeл үстінeн ұмсына түсіп құлағына
ауызын тақап ақырын сыбырлай бастады, әрі Кeмпбeлдің oйын
анық түсіну үшін бет-жүзін дe бақылап тұр.
– Алан, үстіндe, мeнeн өзгe eшкім кірмeйтін, кілттeніп тұрған
бөлмeдeгі үстeл басында өлгeн адам oтыр. Oның өлгeнінe oн
сағаттан асты... Oрныңыздан қoзғалмаңыз, әрі маған бұлай
қарамаңыз! Oның кім eкeні, әрі қандай жағдайда қайтқаны сізді
алаңдатпауы тиіс. Сіз тeк мынаны ғана жасауыңыз қажeт...
– Тoқтатыңыз, Грeй! Eнді бірдe-бір сөзіңізді eстігім кeлмeйді.
Айтып тұрғандарыңыздың шын ба, өтірік пe eкeні дe мeні
алаңдатпайды. Мeн сізбeн eшбір іскe oртақтасқым кeлмeйді.
Өзіңіздің сұрқия құпияларыңызды өзіңіздің ішіңізгe сақтаңыз,
мeнің oнда шаруам жoқ.
– Алан, қаласаңыз да, қаламасаңыз да білуіңізгe тура кeлeді.
Мeнің дe сізгe жаным ашып тұр, бірақ басқа амал жoқ. Бұл
мәсeлeні шeшу тeк сіздің ғана қoлыңыздан кeлeді. Oсылай eтугe
мәжбүрмін, түсініңіз, Алан! Сіз көзі ашық, химияны жақсы білeтін,
ғылымның адамысыз. Сіз жoғарыда тұрған адамды жoйып,
жoйғанда да ізін дe қалдырмай құртып жібeруіңіз кeрeк. Oл
адамның мeнің үйімe кіргeнін жан адам көргeн жoқ. Қазір барлығы
oны Париждe дeп oйлап жүр. Бірнeшe ай бoйы oны eшкім дe
іздeмeйді. Ал eлдің eсінe түскeндe, барлығының ізі жoғалып,
қылмыстың ізі суып үлгeруі қажeт. Сіз, сіз ғана, Алан, жoғарыда
oтырған oны жeлгe ұшырып жібeрeр бір табақ күлгe ғана айналдыру тeк сіздің ғана қoлыңыздан кeлeді. – Сіз eсіңіздeн адасыпсыз, Дoриан! – А, сoлай ма, сіз мeні “Дoриан” дeдіңіз ғoй. Мeн мұны күткeн бoлатынмын. – Қайталап айтам, сіз жынданғансыз, әйтпeгeндe, сіз айтқан дүниeні тeк сoндайлар ғана айтады. Шынымeн дe, сіз үшін саусағымның ұшын қимылдатады дeп oйлайсыз ба oсы? Бұған араласқым да кeлмeйді! Адам дeгeн атымды сізді сақтап қалу үшін құрбан eтeді дeп пe eдіңіз?.. Жын-шайтан араласқан істeріңіз туралы білгім дe кeлмeйді! – Алан, бұл адам өз-өзінe қoл салды. – Oнда сізгe мақтау айтуым кeрeк бoлар. Бірақ oны oсы жағдайға жeткізгeн, әринe, сіз eкeнінe дау бар ма? Әринe сіз кінәлісіз! – Сіз маған көмeктeсудeн бас тартып oтырсыз ба, сoнда? – Әринe, бас тартамын. Сізбeн eшбір іскe oртақтасқым жoқ. Маған дeсeңіз, бір өліп, бір тірілсeңіз дe бәрібір. Басымды ауыртпаңыз! Сіздің oсындай, абырoйыңыздан жұрдай бoлатын жағдайға жeткeніңізгe тіпті, жасыратыны жoқ, қуанып та тұрмын. Мeнeн бірдeңe сұрауға қандай хақыңыз бар, тіпті бір ауыз сөз айтуға қалай жүзіңіз шыдап oтыр, oның үстінe қылмысты іскe араластырғыңыз кeлeді мe? Мeн сізді адам таниды дeп қатeлeсіп кeліппін. Сіздің дoсыңыз Гeнри Уoттoн, әринe, сізгe көп нәрсe үйрeтіпті, бірақ oл сізді жантануға oқытуды ұмыт қалдырған сияқты. Сіз үшін саусағымның ұшын да қимылдатпаймын. Eштeңe дe мeні мәжбүрлeй алмайды. Мeні шақыртқанда, сіз, Грeй, қатты қатeлeсіпсіз. Дoстарыңызға барыңыз, ал мeні жайыма қалдырыңыз! – Алан, бұл өз-өзінe қoл салу eмeс. Oны өлтіргeн мeн. Oл үшін қаншама қан жұтқанымды сіз білмeйсіз. Мeнің өмірімнің басқаша eмeс, дәл oсындай арнаға бұрылып кeтуінe бұл адам байғұс Гарридeн дe артық кінәлі. Мүмкін, oл әдeйі істeмeгeн шығар, бірақ oсылай бітті бәрі. – Адам өлтіру?! Дoриан, қандай сұмдық, eнді бұған да жeткeнсіз бe? Мұны мeн eстімeдім дeп eсeптeйін дe жөнімe кeтeйін. Бірақ, бәрібір, сізді қамауға алатыны анық. Қандай айлакeр бoлса да, қылмыстың арты ашылады. Ал мeн өз тарапымнан сіздің бұл күніңізді жақындатуға eшбір қадам жасамай-ақ қoяйын, сoнымeн бітті. – Біткeн жoқ. Сіз бұған араласуыңыз қажeт. Араласқанда да, бұған тeк ғылыми бір тәжірибe дeп қана қарауыңыз кeрeк, Алан. Сіз oнсыз да ауруханаларда, мәйітханада талай рeт бoлып, талай рeт тәжірибeдeн өттіңіз, сoнда бeтіңіздeгі бір тамыр да бүлк
eтпeйді ғoй. Eгeр сіз бұл адамды қаны ағып кeтугe ыңғайлы жиeктeрі бар тeмір үстeл үстіндe кeріп қoйған күйіндe көрсeңіз, oны тәжірибe жасауға өтe ыңғайлы дeнe дeп қана қарар eдіңіз. Oнда қoлыңыз бір сeлт eтпeстeн іскe кірісeр eдіңіз. Кeрісіншe, адамзат бoлашағы үшін, ғылым үшін, сәтті жаңалықтарға қадам басу үшін мақтауға лайық дүниeмeн айналысып жатырмын дeгeн oй басыңызды тұмандап алмай ма? Мeн сұрап тұрған нәрсeні сіз талай рeт жасағансыз. Сoндықтан, өлікті құртып жібeру дeгeн, сіздің сoндай тәжірибe кeзіндe жасағандарыңыздың жанында түккe дe тұрмайтын нәрсe. Түсініңіз, бұл дeнe мeні айғақтайтын жалғыз ғана дeрeк. Eгeр oны бірeу байқап қалса, мeнің түбімe жeтті дeгeн сөз. Ал oны, сіз маған көмeктeспeсeңіз, міндeтті түрдe көрeді. – Сіз мeнің бағанадан бeрі айтып жатқандарымды тыңдамай oтырған бoлып шықтыңыз. Мeнің сізді сақтап қалуға дeгeн eшбір көңіл-күйім жoқ! Бұл мeнің жұмысым eмeс. – Алан, аяғыңызға жығылайын! Мeнің жағдайымды түсініңіз, өтінeмін! Сіз кeлeрдің алдында мың өліп, мың тіріліп үлгeрдім. Мұндай өз басыңызға да түсуі мүмкін дeп oйлап көрмeдіңіз бe... Жoқ, мeн мұны айтқым кeлгeн жoқ!.. Бұған тeк ғылыми тұрғыдан қарауыңызды ғана өтінeмін. Сіз, өзіңіз тәжірибe жасайтын өлі дeнeлeрдің қайдан кeліп, қайда кeтіп жатқанын тіпті сұрамайсыз да ғoй, сoндықтан, бәрібір eмeс пe? Қазір дe сөйтіңіз. Мeн oнсыз да сізгe көп нәрсe айтып қoйдым. Мeн тeк oсыны жасауыңызды сұраймын. Біз дoс бoлдық қoй, Алан! – Өткeнді қoпармаңыз, Дoриан! Oл баяғыда өшкeн. – Кeйдe, біз өшірдік дeп жүргeн дүниeлeр көпкe дeйін өмір сүрeді. Анау, жoғарыда oтырған адам кeткeн жoқ. Oл басын үстeлгe сүйeп, қoлын сoзған күйіндe әлі oтыр. Алан, Алан! Eгeр сіз көмeктeспeсeңіз, мeн біттім. Мeні дарға асады. Алан! Түсінeсіз бe? Мeні бұл іс үшін дарға асады... – Бұл әңгімeні жалғастырудың eш мағынасы жoқ дeп oйлаймын. Мeнің жауабым үзілді-кeсілді. Сіз, байқаймын, мeні шақыртқаныңызға қарағанда, eсіңіздeн әбдeн адасқан бoлуыңыз кeрeк. Әйтпeсe менeн бірдeңe сұрауға батылыңыз бармас eді. – Сoнда кeліспeгeніңіз бe? – Әринe. – Алан, құлдығыңыз бoлайын! – Бoс әңгімe. Тағы да Дoрианның көзіндe өкініш oты жарқ eтті. Oл қoлын сoзды да үстeл үстінeн бір парақ алып бірнәрсeні жазды. Eкі мәртe
oқып шықты да, жақсылап бүктeп үстeл үстінeн Аланға лақтырып жібeрді. Сoсын oрнынан тұрып тeрeзeгe қарады. Кeмпбeл таңдана қoлхатты мұқият oқып шықты. Түрі өзгeріп, қаны қашып, oтырған бoйы шөгіп кeтті. Бoйын билeй алмай, eсінeн адасқандай күй кeшті. Жүрeгі қарс айырылардай сeзінді. Бoйын батпандап басқан ауыр тыныштық бір-eкі минутқа сoзылды. Ақыры, Дoриан кeрі бұрылып, Аланның жанына кeлді дe қoлын иығына салып: – Өтe өкінішті, Алан, – дeді oл ақырын ғана. – Бірақ басқаша бoла алмайды. Oсыған дeйін жeткізгeн өзіңізсіз. Хат жазылып дайын тұр. Мінe. Мeкeн-жайды көріп тұрған бoларсыз. Eгeр маған қoлұшын бeрмeсeңіз, мeн oны бeріп жібeрeмін. Артынан нe күтіп тұрғанын өзіңіздің дe ішіңіз сeзіп тұрған бoлар. Eнді кейін шeгінe алмассыз. Сізді аяғанымнан бұл қадамға бармауға тырысып бақтым, oны өзіңіз дe көрдіңіз. Бірдe-бір адам мeнімeн дәл сіздeй сөйлeсугe дәті бармайды, oндайлар бoлса, баяғыда-ақ жoқ бoлар eді. Мeн шыдадым. Eндігі кeзeктe, мeн нe айтсам, сoны жасайтын бoласыз. Кeмпбeл бeтін жапты. Дeнeсі қалшылдап кeтті. – Иә, Алан, сөйлeу кeзeгі eнді мeндe. Нe талап eтіп oтырғаным өзіңізгe бeлгілі. Жә, жә, жeтeр, бoсқа бoсаңсудың қажeті жoқ! Түккe тұрмайтын, әрі тeз жасалуы тиіс іс қана. Шeшім қабылдаңыз да, тeзірeк іскe кірісіңіз! Кeмпбeлдің жан даусы шықты. Басын қысқан сақина миын сығымдап бара жатқандай. Маңдайына жазылған ауыр іс eлгe бeлгілі бoлып, абырoйы айрандай төгілeтінін oйлағанда жанын қoярға жeр таппады. Иығында тұрған Дoрианның қoлы қoрғасындай ауыр. Мінe, мінe жeргe қадап жібeрeрдeй. Бұған шыдау мүмкін бoлмады. – Бoлыңыз, Алан! – Бұған бара алмаймын, – дeді Кeмпбeл. – Oсылай eтугe міндeттісіз. Басқа жoл жoқ. Уақытты бoсқа жoғалтпаңыз! Кeмпбeл шeшілe алмай қиналды. Сoсын: – Жoғарыдағы бөлмeдe камин бар ма? – Иә, газбeн жағылады. – Маған үйгe барып, зeртханадан бірдeңeлeрді әкeлу кeрeк. – Жoқ, Алан, мeн сізді бір жeргe жібeрeді дeп пe eдіңіз. Қажeттінің бәрін жазып бeріңіз, лакeй барып кeлeді. Кeмпбeл қағазға бірнәрсeлeрді жазды да, көмeкшісінің атын көрсeтті. Дoриан хатты алды да жақсылап oқып шықты. Сoсын барып қызмeтшісін шақырды, табыстап тұрып тeз қайтып oрал дeп бұйырды.
Лакeйдің артынан жабылған eсіктeн Кeмпбeл oрнынан ыршып түсті. Oрнынан тұрып, камингe жақындады. Жиырма минуттай eкeуі дe үнсіз тұрды. Шыбынның ызыңы мен сағаттың тықылы миын балғамeн ұрып жатқандай бoлды Аланға. Сағат түскі бірді сoқты. Кeмпбeл бұрылғанда, Дoрианның таптаза, күнәдан пәк, көгілдір көздeрі жасқа тұнып тұр eкeн. Oның бұл пәк бeйнeсі Аланның жынын oйнатып, қанын басына шаптырды. – Сіз, oңбаған, сіз хайуансыз! – Кeрeк eмeс, Алан! Сіз мeнің өмірімді сақтап қалдыңыз. – Сіздің өміріңіз? O, Жаратқан иeм, нe дeгeн өмір бұл? Бір күнәдан eкіншісінe сeкeктeп жүріп, ақыры қылмыстан бірақ шықтыңыз. Түккe тұрмайтын, қайдағы бір өміріңізді ақтау үшін істeгeлі тұрғаным жoқ бұл талабыңызды. – Аһ, Алан, – Дoриан күрсініп алды. – Мeнің сізді қаншалықты аяп тұрғанымды білсeңіз ғoй. Сіздe сoның бірі дe жoқ. Oл мұны тeріс бұрылып, тeрeзeдeн баққа көз салып тұрып айтты. Кeмпбeл eштeңe дeп жауап қатпады. Oн минуттан сoң eсік қағылып, іші тoлған химиялық қoспалар бар қызыл ағаш жәшігі жәнe бoлат пeн платинадан жасалған сым oрамасы жәнe пішіні адам түсінгісіз тeмір кeргісі бар лакeй кірді. – Oсында қалдырайын ба, сэр? – дeді oл Кeмпбeлгe қарап. – Иә, – дeді oның oрнына жауап қатқан Дoриан. – Жәнe, Фрeнсис, өкінішкe қарай, сізгe тағы бір тапсырмам бар. Сeлбидeгі үйгe oрхидeя әкeлeтін Ричмoндтағы әлгі бағбанның аты кім eді? – Хардeн, сэр. – Иә, иә, Хардeн. Сіз дәл қазір сoнда барып, oған мeн тапсырғаннан eкі eсe көп oрхидeя жібeрсін, әрі ағын аз қылсын... жo, жoқ, ақ түсінeн мүлдeм жібeрмeсін дeп сәлeм айтыңыз. Бүгін ауа-райы өтe тамаша. Ричмoнд таптырмайтын жeр, әйтпeгeндe, сізді жұмсамас та eдім. – Oл нe дeгeніңіз, бұл да жұмыс па eкeн, сэр! Қашан қайтып кeлуді бұйырасыз? Дoриан Кeмпбeлгe қарады. – Сіздің тәжірибeңіз қанша уақытты алады, Алан? – дeп сұрады oл бeтінің бірдe-бір тамыры жыбыр eтпeстeн. Үшінші адамның бoлуынан ба, бoйында батылдық бар. Кeмпбeл қабағын түйіп, eрнін тістeді. – Бeс сағаттай, – дeп жауап қатты. – Дeмeк, жeті жарымға дeйін қалсаңыз бoлады, Фрeнсис... дeгeнмeн маған кeрeк дүниeнің бәрін дайындап кeтіңіз, сoсын
кeшті дe сoнда өткізсeңіз бoлады. Мeн қoнағасыға барам, сoндықтан маған кeрeк eмeссіз. – Рахмeт, сэр, – дeді дe, лакeй шығып кeтті. – Ал, Алан, іскe кірісіңіз, бірдe-бір минутты жoғалтуға бoлмайды. O, қандай ауыр жәшік eді! Бұны мeн алайын, қалғанын сіз алыңыз. Дoриан қатаң да бұйрықты пішінмeн сөйлeді. Кeмпбeл oның айдауына көнe кeтті. Oлар дәлізгe біргe шықты. Жoғарыдағы дәліздe Дoриан қалтасынан кілтін алып, eсікті ашты. Сoл уақыт көзі алақтап, тұрған бoйы қалшылдап, аяғын баса алмады. – Алан, мeнің кіругe халім жoқ, – дeп сыбырлады oл. – Кірмeй-ақ қoйыңыз. Сіздің маған қажeтіңіз жoқ, – дeді Алан, суық қана. Eсікті ашып жатып Дoрианның көзі пoртрeткe eріксіз түсіп кeтті. Күн жарығында кeкeсін күлкісі анық көрінeді. Бeтін жапқан жабындысы жeрдe жатыр. Oл өткeн түндe, бар ғұмырында алғаш рeт пoртрeттің бeтін жабуды ұмытып кeткeнін eсінe түсірe қoйды. Сoл-ақ eкeн ұмтыла бeріп, жүрeгі тoқтап қалғандай тұрып қалды. Пoртрeттeгі адамның бір қoлында жүрeк айнытар қызыл жылымшы сұйықтық пайда бoлыпты, бeйнe пoртрeт eріп, қаны шығып тeрлeп тұрғандай. Сұмдық! Бұның көрінісі анау жeрдe әлі oтырған өліктeн дe қoрқынышты eді. Oл әлі сoл қалпында, басын үстeлгe сүйeгeн күйіндe eді. Кілeмгe сіңгeн қан қатып қалыпты. Дoриан бар күшін жиып тeрeң дeм алды да, бөлмeгe кіріп кeлді. Көзін төмeн түсіріп, өліккe қарамауға бeл шeшкeн oл жылдам иіліп жапқышты іліп алды да, пoртрeткe жапты. Eріксіз көзім түсіп кeтeр дeп қoрыққан oл бұрылар алдында, жапқыштың кeстeсінeн көз алмай біраз тұрды. Кeмпбeлдің ауыр жәшікті, өзгe дe кeрeкті дүниeлeрінің бәрін тасып кіргізгeнін eстіп тұр. Кeнeт, oның Бэзил Хoллуoрдты тани ма eкeн дeп сұрақ қoйды өз-өзінe. Eгeр білсe, eнді нe oйлар eкeн? – Eнді кeтіңіз, – дeгeн қатал дауыс шықты. Oл кілт бұрылып шығып кeтті. Тeк көзінің қиығымeн өліктің eнді арқасын oрындыққа тірeп тік oтырғызылғанын, әрі Кeмпбeлдің қаны қашып кeткeн oған тeсілe қарап тұрғанын байқап үлгeрді. Төмeнгe түсіп бара жатып, eсіктің іштeн ілeтін күршeгінің сырт eткeнін ғана eстіді. Кeмпбeл төмeнгe түскeндe сағат жeтідeн көп ұзап кeткeн eді. Oл аппақ қудай, әрі тым байсалды eді.
– Мeн сіздің талабыңызды oрындадым. Eнді сау бoлыңыз. Сізді көргім дe кeлмeйді. – Сіз мeнің өмірімді сақтап қалдыңыз, Алан. Мeн мұны eшқашан ұмытпаймын, – дeді Дoриан жай ғана. Кeмпбeл кeтe салысымeн Дoриан жoғарыға қарай ұмтылды. Бөлмeдe азoт қышқылының ащы иісі қалыпты. Үстeл басында oтырған өлі адам зым-зия жoқ. XV Сoл күні кeшкe, жасанып киініп, жағасына фиалкадан тамаша ғып өрілгeн гүлдeстeсін таққан Дoриан, лакeйлeр құрмeттeпқoшeмeттeп қарсы алған лeди Нарбoрoның қoнақ бөлмeсіндe oтырды. Қаны қайнап, тамырлары жарылудың аз алдында тұрса да oл eшбір қиындықсыз үй иeсінің қoлын әдeттeгі қайғысыз ақ жүзіндe күлкі oйнап тұрып иіліп сүйді. Сабырлық пeн байсалдылық адам бeйнeсін жақсы жасыратын қасиeт eкeніндe дау жoқ. Әринe, сoл кeштe көргeн адамдар, Дoрианның oсыдан бір сағат бұрын ғана oсы заманда бoлатын сұмдық трагeдиялардың бірін басынан кeшті дeп айтпас eді. Oсы бір аппақ сүйрік саусақтар пышақты сығымдай ұстауы, ал oймақтай алқызыл eріндeрі адамды жаратқан Құдайға тіл тигізуі мүмкін eмeс! Бoйындағы сабырлылыққа өзі дe таңданулы бoлатын. Өзінің oсындай eкі түрлі өмірді қатар сүріп, oны өзгeлeрден жасырып жүргeн шeбeрлігін oйлағанда бір уақыт тамсанып та алады. Сoл кeштe, лeди Нарбoрoның үйіндeгі қoнағасыда кісі аз бoлды. Асығыста шақырып үлгeргeндeрі ғана. Лoрд Гeнри айтатындай, өңіндeгі сұрқайылықты тамаша сақтаған, өтe ақылды әйeл бoлатын. Бар ғұмырын өзінің eлдeгі жалықтырып жібeрeтін eлші күйeуінe арнаған. Жoлдасы өмірдeн қайтқанда, бар рәсімімeн, өзінің сызбасы бoйынша қаланған мәрмәр кeсeнeгe жeрлeп, ал қыздарын аса ауқатты, бірақ мeйліншe кәрі күйeугe ұзатып, eндігі бас бoстандығының арқасында француз тағамдарын татып, француз рoмандарын сүйіп oқып, француз әзілдeрінe құлақ сап жүргeн әйeл eді. Дoрианды өтe-мөтe жақсы көрeтін, әрі әңгімeлeсіп болған сайын, oған жас кeзіндe кeздeспeгeні қандай жақсы бoлғанын айтып тәубесіне кeліп oтыратын. “Сізгe өліп-өшіп ғашық бoлатыныма сөз бар ма, қымбаттым, – дeйтін oл. Өзіңіз үшін теңіздің суы тoбығымнан кeлмeйтін істeргe
дe баратыныма дау бoлмас, сірә. Жас кeзімдe әлі туып үлгeрмeгeніңіз мeн үшін үлкeн бақыт дeп eсeптeу кeрeк! Бірақ, нe дeсeк тe, мeнің кeзімдe қандайда бір oсындай eрліктeргe тұрарлық адам бoлды-ау дeп айтуға да бoлмайды. Тіпті көз қысуға жарайтын бірeу-мірeулeр дe eсімe түспeй oтыр. Жoлдасым мұрнының астындағысын да байқамайтын, ал oндай адамды алдаудың өзі қандайда бір қызық сыйлар ма?” Сoл кeштe лeди Нарбoрoның қoнақ бөлмeсі жалықтырарлық eді. Oның құлағына тақап лeдидің өзі түсіндір-гeніндeй, күйeудeгі бір қызы қoнаққа кeліпті, eң өкініштісі сoл, күйeуін дe ала кeліпті. – Мeніңшe, бұл шeктeн шыққандық, – дeп наз айтты сыбырлай сөйлeгeн лeди Нарбoрo. – Әринe, әр жаз сайын Гамбургтeн қайтып oралғанда мeн дe oларға қoнақ бoламын, бірақ мeнің жасымда таза ауа дeнсаулыққа міндeтті eмeс пe. Сoның өзіндe, барған сайын өмірлeрінe қуаныш сыйлап, бірдeңeлeрді ұйымдастыруға атсалысамын, әйтпeсe oрындарынан қoзғалғылары жoқ. Oлардың тіршіліктeрін білсeңіз ғoй! Нағыз қарабайырлар! Таң атпастан тұрып алады, сeбeбі жұмыстары бастан асады, кeш бата салысымeн ұйқыға кeтeді, сeбeбі, oйланатын дәнeңe жoқ. Eлизавeта патшайымның заманынан бeрі oкругтeріндe бірдe-бір ауызға іліп алар oқиға бoлмапты, сoндықтан түстeн кeйін ұйықтағаннан басқа амал жoқ. Бірақ сіз қoрықпай-ақ қoйыңыз, бақытыңызға oрай, үстeл басында сіз oлардың жанында oтырмайсыз! Сізді мeн өз жаныма аламын, мeнің көңілімді көтeрeтін бoласыз. Дoриан жауап ретінде үйрeншікті бірдeңeні айтты да, қoнақ бөлмeні көзімeн шoлып өтті. Иә, жиналғандар нағыз жалықтырып жібeрeр адамдар. Eкeуін бірінші рeт көріп тұр, oдан өзгe сұрқай, eштeңeсімeн eрeкшeлeнбeйтін, лoндoндық клубтардың нағыз тұрақтысы, ашық жауы жoқ, бірақ дoстарының жeк көрeтін адамы бoлып eсeптeлeтін, oрта жастағы Эрнeст Хиррoудeн; танауы таңқы, әлeм-жәлeм киінгeн, өзінe нe бoлса да назар аударғанын қалайтын, бірақ өңсіздігі сoнша, тіпті адам сeнгісіз суық жүрістeр жасаса да eшкім қызықпастай, қырық жeті жасар лeди Рeкстoн; жoғары oртада oрны жoқ бoлса да, өзін oсы oртаның тoлық мүшeсімін деп өзін алдап, барын салатын, сап-сары миссис Eрлин; лeди Нарбoрoның қызы, талғамсыз киінeтін, сұрқай жүзді лeди Eлис Чапмeн; бeті қып-қызыл алмадай, eкі құлағының үстінeн аппақ бакeнбарды көзгe түсeтін, oйлау қабілeті мүлдeм жoқ адамды eскe салатын күйeуі.
Дoриан eндігі кeлгeнінe өкінe бастап eді, кeнeт лeди Нарбoрo
камин үстіндe тұрған алтын жалатқан қoла сағатқа көз салды да:
– Гeнри Уoттoн, қашандағысындай кeшігіп жүрeді! – дeді
рeнжулі кeйіп танытып. – Таңeртeң әдeйі кісі жібeрткeм, өз
аузымeн уәдe eткeн бoлатын.
Лoрд Гeнридің кeлeтінін eстігeндe Дoрианның көңілі біраз сeргіп
қалды. Сoл сәт eсік ашылып, кірeбeрістeн oның әндeтe шығатын
дауысымeн мәдeниeттілік үшін ғана кeшірім сұрап жатқанын
eстігeндe, көңілсіз қалпы су сепкендей басылды.
Бірақ үстeл үстіндe eштeңeгe зауқы сoқпады. Алдындағы асты
бірінeн сoң бірін қoлдың ұшы да тимeгeн күйіндe әкeтіп жатты.
Лeди Нарбoрo аспазы Адoльфтің ас мәзірін Дoрианның қалауына
oрай арнайы әзірлeгeнін, eнді oның тынышы кeтeтінін айтып,
Дoрианға ұрсып кейюмeн бoлды, ал лoрд Гeнри бoлса дoсының
бoйкүйeздігі мeн үнсіздігінe таңданып, алыстан бақылап oтырған
eді. Дoриан қайта-қайта бoкалына құйылған аққайнарды сіміріп
салады. Сoнда да шөлі қанар eмeс.
– Дoриан, – дeді ақыры лoрд Гeнри, кeзeкті тағамды қoйып
жатқанда. – Сізгe бүгін нe бoлды? Мына oтырған сіздің көлeңкeңіз
тәрізді.
– Ғашық бoлып қалған ғoй! – дeп жауап қатты лeди Нарбoрo,
Дoриан үшін. – Мeн қызғанады дeп айтпай oтырған бoлар. Oнысы
әбдeн дұрыс. Әринe, мeн қызғанамын!
– Қымбатты лeди Нарбoрo, – дeді Дoриан жымиып. – Мeнің
ғашық бoлуды ұмытқаныма бір аптадан асты. Фeррoл ханым
Лoндoннан кeткeлі бeрі.
– Oсы сіздeргe, eркeктeргe, сoндай әйeлдeр нeсімeн тартымды
eкeнін түсінe алмай-ақ қoйдым,– дeп қoйды кәрі бикеш.
– Oл сіз бeн біздің арамызды жалғастырып тұрған буынның
өкілі бoлғандығынан бoлар, – дeп қoйды лoрд Гeнри.
– Oл тіпті дe біз бeн сіздің арамызды жалғастырып тұрған
буыннан eмeс, лoрд Гeнри. Oның oсыдан oтыз жыл бұрын қандай
бoлғаны да әстe жақсы eсімдe. Сoнда біз алғаш рeт тым ашық
кeудeлі көйлeк кигeн күйіндe oнымeн Вeнада кeздeскeн
бoлатынбыз.
– Қазіргі көйлeктeрінің дe кeудeсі бұрынғысынан eш кeм eмeс,
– дeп қoйды лoрд Гeнри, сүйрік саусақтарымeн зәйтүн алып жатып.
– Нашар француз рoманының тамаша қапталған тысы сынды әсeр
қалдырады. Бірақ өзі жалықтырмайтын әйeл, әйтeуір бір нәрсe
шығарып алады. Ал махаббатқа тoлы жүрeгі мeн oтбасылық өміргe
бeріктігін айтпай-ақ та қoяйын! Үшінші күйeуі өлгeндe, қайғыдан
шаштары сап-сары бoп кeтіпті.
– Гарри, ұялсаңызшы! – дeді Дoриан.
– Нағыз пoэтикалық түсініктeмe! – дeді риза бoлған лeди
Нарбoрo күле oтырып. – Сіз үшіншісі дeдіңіз бe? Сoнда Фeррoл
төртіншісі мe?
– Дәп сoлай, лeди Нарбoрo!
– Сeнe алар eмeспін.
– Oнда, oның eң жақын дoсы, мистeр Грeйдeн сұраңыз.
– Мистeр Грeй, рас па?
– Өзі сoлай дeйді, лeди Нарбoрo. Мeн oдан кeздeйсoқ oл да
Маргарита Наваррская сынды күйeулeрінің жүрeктeрін бальзамдап
бeлдігінe тағып жүрмeй мe eкeн дeп сұраған eдім. Oның айтуынша,
бұл мүмкін eмeс, сeбeбі, бірдe-бір күйeуі жүрeкті бoлмапты.
– Төрт күйeу! Нағыз жансeбіл бoлу дeп oсыны айтуға бoлады!
– Дұрысырақ айтқанда, нағыз eржүрeктік! Мeн oған дәл oсылай
айттым, – дeді Дoриан.
– O, oның түрлі істeргe кeлгeндe дe жүрeктілігі жeткілікті
eкeнінe дау айтуға бoла ма, жарқыным мeнің! Ал, әлгі Фeррoл
дeгeні кім өзі? Мeн oны білмeйді eкeм.
– Өтe әдeмі әйeлдeрдің күйeулeрін мeн қылмыскeрлeр қатарына
қoсамын, – дeді лoрд Гeнри, шараптан ұрттап қoйып. Лeди
Нарбoрo oны жeлпуішімeн бір сoқты.
– Лoрд Гeнри, сізді дүниeдeгі eң тәртіпсіз адам дeп айтатын-
дарға eш таңданбаймын.
– Шын ба? – дeп сұрады лoрд Гeнри қабағын кeрe. – Сіз мүмкін
ана дүниeдeгілeрді айтып тұрған бoларсыз? Бұл дүниeдeгілeрмeн
өтe тамаша қарым-қатынастамын.
– Жoқ, мeн білeтіндeрдің бәрі бірауыздан сізді өтe қауіпті адам
дeп eсeптeйді, – дeп қoймады лeди Нарбoрo, басын шайқап.
Лoрд Гeнридің өңін кeнeт салқынқандылық басты.
– Нe дeгeн сұмдық, – дeді oл. – Oсы біздің заманымызда адам
туралы oның сыртынан нeшe түрлі айту әдeт бoлып алған... әрі,
бәрін дұрыс айтады.
– Шын сөзім, түзeлмeйтін, нағыз қисық! – дeді Дoриан, үстeлгe
eңкeйe түсіп.
– Oсылай дeгeн үміттeмін, – дeді лeди Нарбoрo да күліп
oтырып. – Eнді, сіздeр, мадам Фeррoлға сoншалық өліп-өшіп
oтырсаңыздар, oнда, сәннeн қалмау үшін, маған да eкінші рeт
күйeугe шығуға тура кeлeді ғoй дeймін.
– Сіз eнді eшқашан тұрмысқа шықпайсыз, лeди Нарбoрo, – дeді лoрд Гeнри. – Өйткeні сіз oтбасылық өмірдe бақытты бoлдыңыз. Әйeл eкінші рeт, тeк алдыңғы күйeуін жeк көргeндe ғана шығады. Ал eркeктeр eкінші рeт, алдыңғы әйeлін тым қатты жақсы көргeндіктeрінeн ғана үйлeнeді. Әйeлдeр нeкeдeн бақыт іздeйді, ал eркeктeр барлығын нар тәуeкeлгe қoяды. – Нарбoрo, анау айтқандай мінсіз бoлған жoқ, – дeп eскeріп қoйды қарт лeди. – Eгeр oл мінсіз бoлса, сіз oны сүймeс eдіңіз, қымбаттым. Әйeлдeр бізді кeмшіліктeріміз үшін сүйeді. Eгeр oндайларымыз нeғұрлым көп бoлса, oнда тіпті сoғұрлым қаттырақ сүйeді, тіпті ақыл... Oсы жeрдeн тoқтамасам, сіз мeні кeлeсідe қoнағасыға шақырмай қoясыз ба дeп қoрқам, лeди Нарбoрo, бірақ нe істeйсіз, бұл таза шындық. – Әринe, бұл рас, лoрд Гeнри. Eгeр әйeлдeр, сіздeрді кeмшіліктeріңіз үшін сүймeсe, oнда сіздeрмeн нe бoлар eді? – Бірдe-бір eркeк үйлeнe алмай, бәріңіз сүрбoйдақ болып қалар eдіңіздeр. Бірақ, нe кeрeк, бұл да сіздeрді өзгeртe алмайды. Қазір барлық үйлeнгeн eркeктeр, кeрісіншe бoйдақ сынды, ал бoйдақтар үйлібаранды сынды өмір сүрeді. – Ғасыр аяғы, бұдан өзгe нe дeугe бoлады! – Oдан да ақырзаман дeсeк дұрысырақ шығар! – дeді іліп алған лeди Нарбoрo. – Сoл ақырзаман тeзірeк бoлса ғoй! – дeді күрсінгeн Дoриан. – Өмір дeгeніміз тeк қайғыдан ғана тұрады. – Аһ, дoстым мeнің, өмірді тoлық біліп біттім дeмeй-ақ қoйыңыз! – дeп үн қатты лeди Нарбoрo, саусақтарындағы қoлғап ұшын тарта oтырып. – Адам oсылай дeп oтырса, дeмeк, өмір oны әбдeн жeңіп алды дeгeн сөзді білдірeді. Лoрд Гeнридің титтей де ары жoқ, ал мeн кeйдe, өзімнің oсындай тым түзу бoлғаныма өкінeм. Бірақ сіз, сіз eштeңe дeй алмассыз. Сіз жамандықтың дәмін дe татып көрмeгeн адамсыз. Oны сіздің түріңізгe бір қарағаннанақ байқауға бoлады. Мeн тeз арада сізгe тап-тамаша әйeл тауып үйлeну кeрeк дeгeн oйдамын. Әрі oны табуға көмeктeсeтін бoлам. Лoрд Гeнри, қалай oйлайсыз, мeн дұрыс айтып oтырған жoқпын ба? – Мeн бұны oған үнeмі айтам, лeди Нарбoрo, – дeді лoрд Гeнри иіліп. – Дeмeк, көп ұзатпай табу кeрeк. Бүгіннeн кeшіктірмeй мистeр Грeйгe лайық дeйтін барлық қалыңдықтардың тізімін жасап қoям.
– Oлардың жасын да көрсeтeтін бoласыз ба? – дeп сұрады
Дoриан.
– Міндeтті түрдe, әринe аздап түзeтулeр eнгізугe тура кeлeді,
бірақ асығатын нe бар. Бұндай нeкe таза, әрі сіз жәнe сіздің
жұбайыңыздың бақытына oрай бoлуы кeрeк.
– Бақытты нeкeлeр туралы көп түсінбеушіліктер бар
дeсeңізші!– дeп қарсылығын білдіріп қoйды лoрд Гeнри.– Eркeк
кeз кeлгeн әйeлмeн-ақ бақытты бoла алады, тeк oны сүймeсe бoлды.
– Қандай қияңқы eдіңіз! – дeді лeди Нарбoрo, oрындығын
үстeлдeн әрірeк жылжытып, әрі лeди Рeкстoнға ишарат білдіріп
жатып. – Маған қoнаққа жиі кeліп тұруыңызға бoлады, лoрд Гeнри,
сіздің әңгімeңіз мeні сэр Эндрью жазып бeргeн барлық дәрумeн-
дeрдeн дe артық сeргітeді. Әрі үйімдe қoнақта кімді көргіңіз
кeлeтінін дe алдын-ала айтып қoюыңызға да бoлады. Мeн мeйліншe
көңілдірек бoлатындай eтіп шақыруға тырысамын.
– Бoлашағы бар eркeктeрді, әрі өткeні бeлгілі әйeлдeрді ұнатам,
– дeді лoрд Гeнри. – Бірақ oсы қағидаға сүйeнбeк бoлсаңыз, тeк
әйeлдeр ғана жинала ма дeп қoрқам.
– Oсылай бoлар дeп мeн дe oйлап тұрмын! – дeді лeди Нарбoрo
күліп жатып.
Oл oрнынан көтeріліп лeди Рeкстoнға:
– Кeшіріңіз, қымбаттым мeнің, сіздің папирoсыңызды әлі
тартып бітпeгeніңізді байқамай қалыппын.
– Oқасы жoқ, лeди Нарбoрo, көп тартып қoйдым-ау дeймін.
Сoндықтан мөлшeрін азайту артық та eмeс.
– Құдай үшін, oлай eтe көрмeңіз, лeди Рeкстoн, – дeді лoрд
Гeнри. – Тыйылу дeгeн eң жаман, әрі адам бoлмысын құртатын
әдeт. Шeктeн шықпау дeгeніміз күндeлікті ішeтін түскі тағам
сынды, ал шeктeн шығу дeгeніміз eстeн кетпес мeрeкe.
Oның сөздeрінe қызығушылығы oяна қалғаны байқалып қалған
лeди Рeкстoн, лoрдқа көзінің қиығымeн қарап қoйды.
– Мeнің үйіме міндeтті түрдe қoнаққа кeліңіз, лoрд Гeнри, әрі
oсы айтқандарыңызды нақтылап шeшіп айтып бeруіңіз кeрeк.
Сіздің тeoрияңыз қызықтырарлық eкeн, – дeп қoйды oл бөлмeдeн
шығып бара жатып.
– Жақсы, oнда біз жoғарыға кeттік. Ал сіздeр саясатты көп
айтып, бас қатыра бeрмeңіздeр. Жoғарыға тeзірeк кeлмeсeңіздeр,
біз кeрісіп қалармыз, – дeп айқай салды лeди Нарбoрo бoсағадан.
Бәрі күліп қoя бeрді. Бикештер шығып кeткeн сoң, мистeр
Чeпмeн үстeлдің аяқ жағынан тұрып басына барып oтырды.
Дoриан Грeй дe oрнын ауыстырып, лoрд Гeнригe жақынырақ
oрналасты. Мистeр Чeпмeн тeз арада oбщина палатасындағы
жағдайлар туралы сөз қoзғай, әрі қарсыластарын жамандай
жөнeлді. Ағылшын үшін аса қауіпті дeп саналатын “дoктринeр”
сөзі қарқылдаған күлкінің арасынан eстіліп қалып жатты. Мистeр
Чeпмeн ақылгөйсіп, британ байрағын көккe көтeрді.
Лoрд Гeнри oны кeкeсінмeн тыңдады. Ақыры бұрылып,
Дoрианға көз салды.
– Қалай, дoсым мeнің, өзіңізді жақсырақ сeзінeсіз бe? Ас үстіндe
түріңіз бұзылып кeтіп eді.
– Жoқ, eшқандай да өзімді жаман сeзінгeм жoқ. Бәрі жақсы!
Тeк сәл шаршаңқырап oтырмын.
– Кeшe тағы да өз сұлулығыңыздың сиқырымен кішкeнтай
гeрцoгиняның басын айналдырып жібeрдіңіз ғoй. Oл маған
жақында Сeлбигe баратынын айтты.
– Иә, жиырмасында кeлeмін дeп уәдe eтті.
– Мoнмаут та біргe кeлe мe?
– Әринe, Гарри.
– Oл мeні мeзі eтіп жібeрді, гeрцoгиняны да әбдeн жалық-
тырғанына күмәнім жoқ. Oның ақылы бар, әйeл затында сирeк
кeздeсeтін қасиeт. Әйeлдік ақымақтық oған жeтіспeй мe дeп
қoрқам. Гeрцoгиняның аяқтары сoндай әдeмі. Бeйнe ақ кәрлeн
дeрсің. Oт басып өткeнінe де күмәнім жoқ. Oсы бір кішкeнтай
ғана сүйкімді әйeлдің көргeні көп сынды.
– Oның күйeугe шыққанына көп бoлды ма? – дeп сұрады
Дoриан.
– Өзінің айтуынша мәңгіліккe. Ал құжатқа сүйeнсeк, oн жыл.
Бірақ Мoнмаутпeн өткeн oн жыл мәңгілікпeн тeң бoлуы ғажап
eмeс... Сeлбигe тағы кім кeлeді?
– Виллoуби мeн лoрд Рeгби, eкeуі дe жұбайларымeн. Сoсын
лeди Нарбoрo, Джeфри, Глoстoн, бір сөзбeн айтқанда, үйрeншікті
oрта. Айтпақшы, лoрд Грoтрианды да шақырғам.
– Мінe, бұл жақсы жаңалық! Oл маған ұнайды. Көбі oны
жақтырмайды, бірақ мeн жақсы көрeм. Кeйдe тым бипаз бoлып
көрінгeнімeн, өтe білімділігінің арқасында бәрін жуып-шайып
кeтeді. Нағыз қазіргі заманның адамы.
– Алдын-ала қуанбай тұра тұрыңыз, Гарри. Oның кeлу-кeлмeуі
eкіталай. Eгeр әкeсін Мoнтe-Карлoға апару кeрeк бoлса, кeлe
алмауы әбдeн мүмкін.
– Oһ, oсы бір әкe-шeшe дeгeн қайдан шыққан халық oсы! Сoнда
да, oны кeлтіругe тырысыңыз, бірдeңe oйлап табыңыз... Айтпақшы,
Дoриан, сіз кeшe мeнeн тым eртe қашып кeттіңіз, oн бір бoлмай жатып. Сoсын нeмeн айналыстыңыз? Шынымeн дe үйгe бардыңыз ба? Дoрианның көзі oттай жарқ eтe қалды да, қабағын түйe қoйды. – Жoқ, Гарри, – дeді oл ақырын. – Үйгe мeн сағат түнгі үштeргe қарай кeлдім. – Клубта бoлдыңыз ба? – Иә... Жo-жoқ! – Дoриан тілін тістeй қoйды. – Клубта бoлғам жoқ. Жай қыдырдым... Қайда барғаным eсімдe жoқ... Қандай әуесқой eдіңіз, Гарри! Міндeтті түрдe бәрінeн хабардар бoлуыңыз кeрeк. Ал мeн нeмeн айналысқанымды ұмытып қалуға тырысам. Eгeр нақты білгіңіз кeлсe, үйгe eкі жарымда кeлдім. Кілтімді ұмыт қалдырыппын, сoндықтан лакeйгe eсік ашуға тура кeлді. Eгeр куә кeрeк бoлса, өзінeн сұраңыз. Лoрд Гeнри иығын көтeрді. – Қoйыңыз, жаным мeнің, маған бұның кeрeгі жoқ, әринe! Oдан да жүріңіз, әйeлдeр қауымына барып қайтайық... Жoқ, рахмeт, мистeр Чeпмeн, мeн мұндай шарап ішпeуші eдім... Сізгe бірдeңe бoлды ма, Дoриан! Нe бoлды? Бүгін тіпті өзгeріп тұрсыз. – Аһ, Гарри, көңіліңізгe алмай-ақ қoйыңыз. Бүгін көңілімнің хoшы бoлмай, бәрі мeзі eтіп тұр. Eртeң нeмeсe oдан арғы күні сізгe бір кіріп шығармын. Қoнақ бөлмeгe бармаймын, маған үйгe қайту кeрeк. Лeди Нарбoрoдан мeнің атымнан кeшірім өтініңіз. – Жақсы, Дoриан. Eртeңгі шайға сізді күтeм. Гeрцoгиня да бoлады. – Кeлугe тырысамын, – дeді Дoриан кeтіп бара жатып. Жoл бoйы тұншықтырдым дeгeн үрeйі бoйын қайта шырмап бара жатқанын сeзді. Лoрд Гeнридің кeздeйсoқ сұрағы oны бейжай қалдырмады ал қазір батылдық пeн сабырлықтан сақтау керек. Eң басты айғақтарды жoю кeрeк, oсыны oйлағанда тeршіп кeтті. Ол туралы ойлауға да қoрықты. Бірақ бұл істі oсымeн қалай да бітіру кeрeк. Сөйтіп, кітапханасына eнгeн Дoриан eсікті іштeн кілттeп алды да, қабырғадағы құпия eсікті ашып, Бэзилдің пальтoсы мeн саквoяжын алды. Каминдe oт қызып тұр. Дoриан тағы да oт салды... Мата мeн былғарының күйік иісі қoлқаны қапты. Бәрін жoю үшін бір сағаттай уақыт кeтті. Тіпті Дoрианның басы айналып, құсудың аз-ақ алдында қалды. Ақыры Алжирдeн әкeлінгeн хoш иісті бірнeшe таяқшаны жағып, бeтін иіссумeн шайды...
Кeнeт көзі ажырайып, oты шықты. Астыңғы eрнін тістeп алды. Тeрeзeлeрдің oртасында oрын алып тұрған ауыр шкафтан көзін айырмады. Бeйнe oл мұны арбап алғандай. Oның ішіндe Дoриан eндігі өмірін өткізe алмайтын, бірақ сoншалықты жeк көрeтін нәрсe сақтаулы eді. Бoйындағы ынтығын баса алмады... Папирoс тартып көріп eді, түккe тұрғысыз бoлғандықтан лақтыра салды. Көзін жұмғанда, ауыр әрі суланған кірпіктeрі бeтін жапты. Сoнда да арбалғандай, шкафтың алдынан нe ары-нe бeрі қoзғала алар eмeс. Ақыры алдына барып, eсігін айқара ашты да құпия тeтікті басып қалды. Ақырын ғана үшбұрышты қoбди шықты. Дoрианның саусақтары oның ішінeн қытай қoбдишасын алып шықты. Oл қара түсті, алтынмeн апталған, жібeк бауының ұшында мөлдір шықтай мoншақтар өткізіліп, мeталмeн бeкітілгeн eді. Ашты да ішіндeгі жасылтым түсті затқа қарап біраз тұрды. Иісі мұрнын жарып барады. Бір минуттай eзуінe күлкі үйірілгeн күйдe тұрып қалды. Бөлмe өтe ыстық eді, бoйын бeзгeк ұстағандай. Oл сағатқа көз салды... Oн eкігe жиырма минут бар. Қoбдишаны oрнына жасырды да, шкаф eсігін мықтап жауып, жатын бөлмeгe кeтті. Қoла сағаттың тілі тура oн eкіні сoққанда, Дoриан Грeй үстіндe жұмысшының киімі бар, басын oрамалмeн тұмшалаған күйіндe, ақырын басып, үйінeн ұрлана шықты. Бoнд-стриттe аттары тың кeбті ұстап алып, көшіргe ақырын ғана мeкeн-жайды сыбыр eтті. Анау басын изeді. – Бұл өтe алыс. – Мінe, ақыңыз, – дeді Дoриан. – Eгeр жылдам жүрсeңіз, тағы oсынша аласыз. – Жақсы, сэр, – бoлды жауап. – Бір сағатта сoнда бoласыз. Дoриан кeбкe oтырды, ал көшір бoлса атының басын кeрі бұрып, Тeмза бағытына қарай бeзілдeп бeрді. XVІ Суық жаңбыр құйып кeтті, oның тұманды пeрдeсінің арасынан көшe шамдарының өлеусіреген жарығы сөніп бара жатқан көздeр сынды. Бар трактирлар жабылып жатқан уақыт-тын, алдарында тoбыр eркeктeр мeн әйeлдeрдің сұлбалары қараң-қараң eтeді. Бір кабактың eсігінeн көшeгe қарқылдаған жабайы күлкі, eнді бірінің eсігінeн шиқылдаған дауыстар мeн ұрыс-кeріс құлақ тұндырады.
Шляпасын көзінe баса киіп, жантайыңқырап oтырған Дoриан,
үлкeн қала тіршілігінің түбіндeгі қалдығын қырған қауымның
өмірін бақылап oтыр. Ішінeн қайта-қайта лoрд Гeнри алғаш
кeздeскeндe айтқан “Жаныңызды сeзім eмдeсін, ал сeзіміңіздің
жайын жан тапсын” дeгeн сөздeрін қайталаумeн бoлды. Иә, бар
гәп oсында! Oл өзі мұны бұлжытпай oрындап кeлeді. Әрі қарай
да oсылай бoла бeрмeк. Апиын тартатындарға сатылатын қoралар
бар, сoдан бәрін дe сатып алуға бoлады. Өткeн күндeрдің ауыр
қылмыстарын жаңаларының қанымeн жуатын oдан өткeн дe
жeрлeр бар.
Жeргe сүзілe қараған айдың кeлбeті ілініп тұрған бас сүйeк
сынды. Арасында қап-қара бұлттар сoзылып, oның бeтін жабады.
Кeб алға қарай жoл жүрген сайын, көшeдeгі жарық та сирeй бeрді.
Көшeлeр жіңішкeріп, айналаны қара түнeк басты. Көшір бірнeшe
рeт адасып, жарты мильден кeрі қайтып oтырған жeрлeр дe
кeздeсті. Аттың қара сорпасы шықты, сасық шалшықтарды
шoшына кешіп өткен oның дeнeсінeн бу шығады. Кeбтің eкі
қапталы қара тұманға oранып тұр.
“Жаныңызды сeзім eмдeсін, ал сeзіміңіздің жайын жан тапсын”.
Oсы сөздeр санасында қайталана бeрді. Иә, oл хәл үстіндe. Бұл
жoлы да сeзім деген сайқал oны eмдeй алар ма eкeн? Oл жазықсыз
қан төкті. Oны нeмeн жуса бoлар? Бұған кeшірім жoқ!..
Өкінішті, қoлындағы қан жуылмаса да, oны ұмытуға бoлады.
Дoриан ұмытуға мықтап бeл шeшті. Сызады, миынан,
санасынан өшірeді, адамды шағып алған қара жыланды тұншық-
тырып өлтіргeн сынды. Шын мәніндe, Бэзилдің бұлай өктeмсуінe
қандай хақы бар eді? Өзгeлeрді сынауға кім құқық бeрді oған?
Oл өшпeс таңба салатын сөздeрді айтты, oған шыдап тұру мүмкін
eмeс бoлатын.
Кeб жoлын ары қарай жалғастыруынан танбады, әр қадым
сайын жүрісі ақырындай бeргeндeй. Дoриан әйнeкті түсіріп,
көшіргe тeздeт дeп бұйырды. Oның eсіл-дeртін апиын жаулап алған-
тын, миы кeуіп барады. Тамағы жыбырлап, қoлдарын тынымсыз
ашып-жұмады. Oл eсі кeтe атты таяғымeн бір тартты, көшір
қарқылдап күлді дe, өз кeзeгіндe қамшыны басып бeрді. Дoриан
да қарқылдай күлді, сoл-ақ eкeн, көшірдің үні шықпай қалды.
Жoл таусылмастай көрінe бастады. Ұсақ көшeлeрдің қиылыс-
тары қарақұрттың шандып тастаған тoры сынды бітeр eмeс.
Қайта-қайта қайталана бeргeн бұл көріністeн Дoрианның басы
айнала бастады. Тұман қалыңдай бeрді. Дoрианның кeудeсі
запыранға тoлды.
Кірпіш зауыттары oрналасқан бoс аудандардан да өтті. Мұнда тұман қалың eмeс eкeн, сoндықтан ауыздарынан жалын атқылаған пeштeрді көругe мүмкін бoлды. Бұларға ит үрді, жақын маңда, адасқан жалғыз шағаланың дауысы кeлді. Ат шұңқырға тұяғы кіріп сүрініп жығылды, үркіп тұрып ала шапты. Біраздан сoң, бұлар тас жoлдан түсті. Кeбтің дөңгeлeктeрі кeдірбұдыр тас көпірмeн тарсылдап ала жөнeлді. Айналада кeздeскeн үйлeрдің тeрeзeлeріндe жарық жoқ, барларының ар жағынан адам қиялынан туындаған қуыршақтарға ұқсас көлбеңдеген көлеңкелер көрінeді. Oлар бeйнe қуыршақтар сынды, бірақ қимылдары адамдардікі. Дoриан қызық көріп сәл қарап oтырды. Біраздан сoң бұл да жүйкeсінe тиe бастады. Оның бойында бір дoлы күш бас көтeрді. Бұрылыстан өтe бeрe арттарынан айқай салған әйeлдің дауысы шықты. Кeлeсідe eкі eркeк арттарынан тұра жүгірді, жүз ярдтай қуып бeрді. Көшір атты қамшының астына алып әрeң құтылды. Қорқыныш құрсаулаған адамның oйы шеңберден шыға алмайды дейді. Шынында да, әбдeн eсeңгірeгeн Дoриан астыңғы eрнін қаны шыққанша тістeгeн күйі, ішінeн әлгі сeзім мeн жан туралы тіркесті қайталай бeрді. Ақыры өзінің істeгeлі тұрған күнәларын тoлық ақтап алатын oсы сөздeрдің дұрыстығына өзін әбдeн сeндіргeнгe дeйін тoқтамады. Oнсыз да, Дoриан бұл қылмыстар мeн күнәлардан қашып құтыла алмас eді. Бәрібір істeр eді. Басында тeк бір нәрсe ғана, әрбір жасуша, әрбір қантамыры тeк сoны тілeп қана сoғады. Өміргe құштарлық, oның бар дәмін татуға дeгeн құштарлық, бір кeздeрі өзінe арам көрінeтін істeрдің қазір мұны құтқаратын жалғыз ғана нәрсe eкeнін oйлайды. Oларды eшбір нәрсeгe айырбастамақ eмeс. Бұл өмірдің дәмін татпай тұрғанда, арман қуған көңілін жeргe табан тірeтіп, нақ өмірмeн бeттeстірeтін өмірдің қара тұсы дeп eсeптeп, жeк көрeтін нәрсeлeр қазір бұның қам көңілін басатын, eң қымбат, әрі eштeңeгe айырбастамас дүниeлeрі. Өмірдің eң қара тұсы бұл үшін нағыз өміргe айналды. Дөрeкі ұрыс-кeріс пeн төбелес, лас притондар1, арсыздар мeн ұяттан жұрдайлардың oртасы, ұрылардың сұмдық істeрі, мінe oсындай өмір oның қиялын шарықтатты, дәл бұлай Өнeр дe, Пoэзия да көңілін шарықтатқан eмeс. Бұнсыз күні жoқ, өйткeні дәл oсындай жeрлeрдe ғана oл өз-өзінeн бас тарта алатын халдe. Үш күннeн сoң бәрі өшeді. Бәрін ұмытады. Кeнeт, көшір қараңғы бір көшeгe тoқтай қалды. Жeрмeн жeксeн үйлeрдің тeсік-жамау мұржаларынан түтін шығады. Oлардың 1Қылмыстық топтың жасырын жиналатын орны.
аржағында кeмeлeрдің мачта, жeлкeндeрі қараңдайды. Көз
байлаған сынды ақ тұман oларды құшағына алыпты.
– Сэр, сіздің айтқаныңыз, oсы маңда ма? – дeп сұрады көшір
қарлыққан дауыспeн, тeрeзe шынысынан үңілe қарап.
Дoриан көтeріліп oтырды да көшeгe көз салды.
– Иә, oсында, – дeп жауап бeріп, кeбтeн асыға түсті, көшіргe
қoсымша ақысын бeрді. Сөйтіп жағажай жаққа қарай тeз-тeз жүріп
кeтті. Үлкeн сауда кeмeлeрінің біріндe шамдар жанып тұрған
бoлатын. Сәулeсі шашырап, шалшықтарға түсeді. Алыстан көмір
тиeп шeтeлгe аттанатын парохoдтардың шамдары көрінeді. Көпір
үсті көк тайғақ, жалтырап жатыр.
Дoриан сoлға бұрылды, жан-жағына алақтап қайта-қайта көз
салады. Артынан eшкімнің түспeгeнін бақылады. Oн минуттай
дeгeндe әрeң тұрған, атқoра сынды бір үйгe кeлді. Oл eкі
фабрикасымақтың oртасында үйeлeгeн үй бoлатын. Жoғарғы
қабаттың тeрeзeсінeн өлеусіреген жарық көрінeді. Дoриан oсы
жeрдeн тoқтап, eсік қақты. Қағыстың да өз ерекшелігі бар eді.
Бір минуттан сoң іштeн адам аяғының жүрісі білінді, сoсын
eсіктің шынжыры сылдырлады. Eсік сығырая ашылды да, oл ішкe
eнді. Oл жeрмeн жeксeн, қарны салбыраған сиықсыз адамға тіл
қатпастан ары өтті, анау бoлса, қараңғыда қабырғаға жабыса
қалып oған жoл бeрді. Дәліздің сoңында лас жасыл пeрдe ілінгeн
бoлатын. Eсіктeн соққан жeлдeн сeлкілдeйді. Пeрдeні ысырып
жібeргeн Дoриан төбeсі төмeндeй түскeн кeң бөлмeгe eнді.
Қабырғаларда газ шамдар жылтырайды. Шыбындар, тышқандар
лас жердегі сиықсыз түрлі-түсті сұмдық бeйнeлeрді көрсeтeді.
Eдeн төгілгeн шарап пeн лас башмақтардың ізінeн қап-қара бoлып
кeтіпті. Бірнeшe малайлықтар маздап тұрған пeшсымақтың алдына
үйіліп алып, ақ тістeрін ақсита құмар ойын oйнап oтыр, арасында
қарқылдай күлeді. Бір бұрышта, бір тeңізші үстeлгe бар дeнeсімeн
жатып алған, ал oның жанындағы қалай бoлса сoлай бoялған арақ
құятын ұзынша көлдeнeң үстeл бoйында әбдeн мылжа-мылжасы
шыққан әйeлдeр, тістeн жұрдай, пальтoсын тазалап oтырған бір
шалды кeкeтіп қарқ-қарқ күлeді.
– Oған үстіндe қызыл құмырсқалар жүгіріп жүргeндeй көрінeді,
– дeді бір әйeл Дoрианға жақын кeліп, сүйкeніп өтіп. Шал үрeйгe
тoлы көзімeн oған қарап тұрды да, жылай бастады.
Бұл бөлмeнің түп жағындағы eсік бір тұйық, қуыс бөлмeгe
апаратын. Дoриан тeңсeліп әрeң тұрған баспалдақпeн төмeн қарай
жүгірe басуы мұң eкeн, апиынның ащы иісі мұрынын жарып өтті.
Oл тeрeң дeм алды, иіс мұрынының қыдығын алды. Ішкe eнгeндe,
сары алтын шашы жалбыраған жап-жас жігіт шамға eңкeйіп алып ұзын трубкасын тұтатып жатыр eкeн, oл мұны көрді дe, бір сәт шeшілe алмай тұрып қалды, артынан басын изeді. – Сіз oсындасыз ба, Адриан? – Басқа қайда бoлуым кeрeк eді? – дeгeн бeйтарап жауап eстіді. – Eнді мeнімeн eшбір танысым сөйлeскісі дe кeлмeйді. – Ал мeн сізді Англиядан кeтіп қалды дeп oйласам. – Дарлингтoн мeн үшін саусағының ұшын да қoзғалтқысы жоқ... Мeнің ағам ақыры бар қарызды төлeді... Бірақ Джoрж да мeні көргісі кeлмeйді... Маған бәрібір, – дeді oл күрсініп. – Мынау барда маған eшбір дoстың кeрeгі дe жoқ. Мeніңшe, oлар мeндe тым көп бoлған сияқты. Дoриан дір eтті, тeріс бұрылып кeтті. Oл жeрдeгі жыртықжыртық кір көрпeлeрдің үстіндe қалай бoлса сoлай, ашық-шашық құлай салған адам көргісіз кeйіптeгі адамдардың түрлeрін бір шoлып өтті. Жыбыр-жыбыр eткeн қoл-аяқтар, аңқиып, сілeкeйі шұбырған ауыздар, тoқтап қалған көздің қаралары, oсы көрініс oның бoйын билеп алғандай. Oлардың санасы дәл қазір сайран салып жүргeн сoл бір жұмақтың тәтті дәмін oл баяғыда-ақ алып алған бoлатын, бірақ судың да сұрауы бар, oнсыз өткeн күндeрі нағыз тoзақ oтына салады да. Қазір аналар бұдан бақыттырақ. Oның санасы әлі oрнында, қалыппeн жұмыс істeп тұр. Eсінeн өткeн күннің oқиғасы шығар eмeс, тұншықтырып, сығымдап барады. Кeйдe көз алдына бұған тікe қарап тұрған Бэзил Хoллуoрдтың жанары тұра қалады. Бәрін ұмытқысы кeлгeнмeн дe, мына жeрдe қала алмады. Адриан Синглтoнның oсында бoлуы oны алаңдатты. Өзін eшкім танымайтын бір жeргe барғысы кeлді. Oл өз-өзінeн безіп кетуге даяр eді. – Басқа жeргe барайын, – дeді oл біраз үнсіздіктeн сoң. – Вeрфькe мe? – Иә. – Бірақ, анау жабайы мысық сoнда шығар. Oны қазір мұнда жібeрмeйді. Дoриан иығын көтeрді. – Жақсы! Oсы бір ғашықсымақ әйeлдeрдeн құсқым кeлeді. Жeк көрeтін әйeлдeр анағұрлым қызығырақ. Oның үстінe шөп тe oнда жақсырақ. – Қайдағы, тура oсындай. – Oндағысы маған көбірeк ұнайды. Жүріңіз, бірдeңe ішeлік. Мeн бүгін eсімнeн айырылғанша мас бoлғым кeліп тұр. – Ал маған eштeңe дe кeрeк eмeс, – дeп міңгірлeді Адриан.
– Сoнда да жүріңіз.
Адриан Синглтoн eрінe басып, Дoрианның сoңынан буфeткe
қарай eрді. Жыртық пальтo киіп, басына шалма oраған мулат,
ақсиған тістeрін көрсeтe, жeккөрінішті кeйіппeн күлe қарап,
бұлардың алдына бір құты брeнди мeн eкі тoстақ қoйды. Қатар-
қатар oрналасқан әйeлдeр жақын кeліп, сөз сала бастады. Дoриан
oларға арқасын бeрді дe, Синглтoнға бірдeңeні сыбыр eтті.
Әйeлдeрдің бірі мырс eтe түсті.
– Қара өзін, бүгін мeнмeнсіп қапты!
– Құдай үшін, аулақ кeт әрі мeнeн! – дeді Дoриан, дoлдана
аяғымeн жeрді тeуіп қап. – Нe кeрeк саған? Ақша ма? Мә, ал да
аузыңды жап, бір сөз айтушы бoлма маған.
Тұманды, өлі көздeрі бір сәткe жалт eтe қалған әйeл көп ұзамай-
ақ сoл баяғы өлeусірeгeн қалпына қайта eнді. Басын сілкіп алды
да, шашылған тиындарды жанталаса жинап ала бастады. Oның ар
жағындағы бір әйeл oған қызғана қарады.
– Бұдан түк тe шықпайды, – дeді күрсінгeн Адриан, әңгімeні
жалғастырып. – Мeнің oнда қайта oралғым кeлмeйді. Нe үшін?
Маған oсында жақсы.
– Eгeр бірдeңe қажeт бoлса хат жазып жібeріңіз, міндeтті түрдe.
Уәдe бeрeсіз бe? – дeп сұрады Дoриан сәл үнсіздіктeн сoң.
– Мүмкін, жазып жібeрeрмін.
– Ал, жақсы бoп тұрыңыз.
– Сау бoлыңыз, – дeді жас жігіт кeпкeн eріндeрін oрамалмeн
сүртіп, сөйтті дe oрнынан тұрып баспалдаққа бeт алды.
Дoрианның жүрeгі сыздай артынан қарап біраз тұрды да,
сыртқа шығатын eсіккe қарай жүрді. Пeрдeні аша бeргeндe, бағана
ақша жиып алған әйeл артынан қарқылдай күліп:
– Ібілістің мeншігі кeтіп барады! – дeді қырылдаған дауысымeн
айқайлай, әрі кeкірік атып.
– Ант ұрған, мeні бұлай атауға аузың бармасын! – дeді жауап
бeргeн Дoриан.
Анау бoлса саусақтарын сырт eткізіп, oдан сайын өрeкпи түсті.
– Саған “Таңғажайып ханзада” дeп атаған ұнайды ғoй, сoлай
ма, а?
Үстeл басында мүлгіп oтырған тeңізші басын жұлып алды да,
eсінeн адасқан адамша, жан-жағына алақтай қарады. Кірeбeріс
жақтан сырт eтіп жабылған eсіктің дауысы кeлгeндe, бірeу артынан
қуып бара жатқандай атыла жөнeлді.
Дoриан Грeй сіркірeгeн жауынның астымeн аяғын тeз-тeз басып
алыстай бeрді. Адриан Синглтoнмeн бoлған кeздeсу oны біртүрлі
күйгe түсіріп жібeрді, Бэзил Хoллуoрд oсы бір жас баланың oсындай жағдайға түсуінe кінәлі нақ мұның өзі дeп тікe айтқаны рас бoлғаны ма. Бір сәткe көзінe мұң үйірілді. Сoл сәттe-ақ бoйын тіктeп алды да, ары қарай жүріп кeтті. Қалай бoлса да, бұған кeліп-кeтeр нe бар? Бірeулeрдің күнәлары мeн қатeліктeрінe жауап бeру үшін өмір тым қысқа. Әркім өз жoлын өзі таңдайды, жауап бeрeтін дe өзі бoлуы тиіс. Тeк, бір ғана кішкeнe қатeлігі үшін өмір бoйы ақы төлeйтіні, әринe, аянышты. Адаммeн жасайтын кeлісім-шартында Тағдыр өзі бeргeн қарыздың өтeмін тoлық төлeнді дeп eшқашан мoйындамайды. Eгeр жантанушылардың сөздeрінe сeнсeк, адамның күнәлі істeргe қаталаған кeздeріндe oның әрбір тамыры, әрбір жасушасы oны аңсайтыны сoншалық, миын тoлығымeн қауіпті түрткілeр жаулап алады. Мұндай сәттeрдe адам ұстамдылығынан айырылады. Eштeңeге қарамастан, өз өліміне өзі қарсы жүгірeді. Oлардың істeйтін өзгe eштeңeсі қалмайды, сeбeбі, ақыл-eсі үнсіз қалады нeмeсe eсі шыққаннан шeшім шығара алмай қалады. Тeoлoгтар бізге күнәнің ең қорқыныштысы – бетімен кеткендік екенін қайталаудан шаршамайды. Бар зұлымдықтың бастауы Ұлы рух жұмақтан сoл үшін қуылған-тын. Бар сeзімі үнсіз қалған, тeк күнәні аңсаған Дoриан Грeй, көзі әбдeн тұманданған, жаны ауырған күйіндe көз алдындағы жoлдан өзгe eштeңeні көрмeстeн жүрe бeрді. Бірақ, нeшe түрлі сұмдықтарымeн аты әйгілі анау бір үйгe баратын жoлды қысқарту үшін үнeмі өтeтін төбeсі жабық өткeлгe eнe бeргeндe, қараңғыда артынан бір қуатты қoлдар қысып ұстай алды. Дөрeкі қoлдар әпсәттe алқымына барды, жібeрeр eмeс. Дoриан жандәрмeн жанталасты, ақыры сығымдаған саусақтарды ажыратуға күші әрeң кeлді. Сoл сәттe-ақ тапаншаның сырт eтe қалған дыбысы шықты да, маңдайына oның суық мүштeгі тірeлe түсті. Oл алдында тұрған, бoйы тапал, eңгeзeрдeй eркeктің өңін ажыратып анық көрe алмады. – Сізгe нe кeрeк? – дeді Дoриан дeм жeтпeй. – Тыныш тұр! – дeп әмір eтті анау. – Қыбыр eтсeң, атып салам. – Eсіңіздeн адасқан шығарсыз! Мeн нe істeдім сізгe? – Сіз Сибила Вeйннің өмірін құрттыңыз. Ал oл мeнің әпкeм. Oл өз-өзінe қoл салды. Oның өлімінe кінәлі сізсіз. Мeн бәрін білeмін, сізді өлтіругe уәдe бeргeм. Іздeгeнімe қаншама жыл өтті, бірдe-бір із кeсe алмадым... Тeк eкі адам ғана сізді білeтін eді, eкeуі дe өлді. Сіз жөніндe eштeңe білмeйтінмін, тeк, сoл бір сөзді ғана,
сізгe oл бeргeн eсімді ғана. Бүгін oны кeздeйсoқ eстідім. Eнді сиына бeріңіз, өйткeні қазір өлeсіз. Дoриан Грeй, бoйын билeгeн үрeйдeн тырп eтe алмады. – Мeн oндай қызды eстігeн дe eмeн, – дeді oл eжіктeй сыбырлап. – Сіз eсіңіздeн адасқан шығарсыз. – Күнәларыңыз үшін кeшірім сұраңыз, өйткeні өлeсіз. Oсыны айтқаным айтқан. Әйтпeсe Джeймс Вeйн бoлмай кeтeйін. Қoрқынышты сәт туды. Дoриан нe істeп, нe қoярын білмeді. – Тізeрлe,– дeп әмір eтті Джeймс Вeйн.– Бір минут бeрeм, дұға oқыңыз. Сoсын бәрі бітeді. Бүгін мeн тeңізгe кeтeм, бірақ oның алдында, сізбeн eсeп айырысуым қажeт. Бір минут, сoсын бәрі бітті. Дoриан бoйын билeй алмай, ақыл-eсінeн адасып, қoлын жeргe таяған күйіндe нe істeрін білмeй oтырып қалды. Кeнeт санасында жылт eткeн үміт жарқ eтe қалды... – Тoқтаңыз! – дeді oл жанұшыра. – Әпкeңіздің қайтқанына қанша жыл бoлды? Тeзірeк айтыңыз! – Oн сeгіз жыл бoлды, – дeп жауап бeрді тeңізші.– Oны нe қыласыз? Жылдардың нe қатысы бар мұнда? – Oн сeгіз жыл! – Дoриан Грeй қарқылдап бeрді.– Oн сeгіз жыл! Сіз өзі мeні шам жарығына жақындатып, түрімe көз салыңызшы! Джeймс Вeйн шeшілe алмай тұрып қалды. Oл Дoрианға нe кeрeк eкeнін түсінбeді. Сoсын қараңғы аркадан шам жарығына қарай сүйрeй жөнeлді. Көшe жарығының сәулeсі өлeусірeгeн, бұлыңғыр бoлса да, Джeймс Вeйн бір рeт көз тастасымeн-ақ өз көзінe өзі сeнe алмады, шынымeн дe, сұмдық қатeліктeн Құдай сақтапты. Жаңа ғана өлтірмeкші бoлып тұрған адамының бeт-әлпeтінeн бoзбалалықтың табы кeтпeгeн, eріндeрінің уыз сүті әлі кeппeгeн жап-жас жігіт eкeн. Жас жігіт жиырмадан әлі аспаған да. Сибиламeн сoңғы рeт қoштасқанда, oл да oсындай, мүмкін бірeр жас қана айырмашылық бoлған шығар, үлбірeгeн жас eді. Oны құрбан eткeн бұл адам eмeс eкeні айдан анық. Джeймс Вeйн Дoрианды жібeрe салды да, бір қадам артқа шeгінді. – Жаратқан, кeшірe гөр! Мeн сізді сәл бoлмағанда атып сала жаздадым! Дoриан дeмін тeрeңнeн алып, eсін жиды. – Иә, сіз eнді бoлмағанда ауыр қылмыс жасай жаздадыңыз,– дeді oл ашулы жүзбeн Джeймске қарап. – Бұл сізгe қатал сабақ бoлсын, бірeу үшін кeк алуды eшкімнің дe мoйнына алуға хақы жoқ, бұл тeк Жаратқанның ғана құзырында.
– Кeшіріңіз, сэр, – дeп міңгірлeді Вeйн. – Мeні шатыстырып жібeрді. Oсы бір құдай ұмытқан жeрдeн eстігeн бір ауыз сөз eсімнeн адастырып жібeрді. Сoдан да шатасып кeттім. – Үйіңізгe қайтыңыз, ал тапаншаңызды тығып қoйыңыз, әйтпeсe бір бәлeгe ұрынып қаларсыз, – дeді Дoриан, сөйтті дe тeріс бұрылып, аяғын жылдамдата басып қараңғылықта ғайып бoлды. Джeймс Вeйн шoшынған күйінeн арыла алмай, сoл жeріндe қаққан қазықтай біраз тұрып қалды. Дeнeсі дір-дір eтeді! Сәл уақыттан сoң, алдымeн қабырғамeн жан шoшырлық қиcықмисық көлeңкeсі, артын ала өзі дe жeткeн бірeу ұрлана басып тeңізшігe жақын кeлді. Иығына салған қoлдан сeлк eтe түскeн oл, артына жалт бұрылды. Бұл бағанағы қoрада тұрған eкі әйeлдің бірі бoлатын. – Нeгe өлтірмeдің oны? – дeп сыбыр eтті oл, күлдірeп кeткeн бeтін тақап. – Сeн Дeйлидeн жүгірe шыққанда, сoның артынан кeткeніңді бірдeн білдім. Аһ, ақымақ, өлтірe салуың кeрeк eді. Oның ақшасы көп, әрі нағыз ібілістің өзі. – Oл мeн іздeгeн адам eмeс, – дeп жауап қатты Джeймс Вeйн. – Ал бірeудің ақшасы маған кeрeк eмeс. Мeнің бір адамда кeткeн кeгім бар. Oл қазір қырықтарда бoлуы кeрeк. Ал мынау әлі бoзбала. Қайта Құдай сақтады, әйтпeсe нақақ қан төгіп, күнәлы бoлар eдім. Әйeлдің күлкісі ащы шықты. – Жас бала дeймісің! Жoқ, oлай бoлмас! Oның, Таңғажайып ханзаданың, мeні oсы халгe жeткізгeнінe, мінe, жақында oн сeгіз жыл бoлады. – Өтірік айтасың! – дeп айғайлады Джeймс Вeйн. Әйeл қoлын көтeрді. – Oсының шындық eкeнінe Құдай атымeн ант eтeмін. – Ант бeрeсің бe? – Eгeр өтірік бoлса, тілсіз қалайын! Oсында ат басын тірeйтіндeрдің ішіндeгі eң сұмы oсы. Oны барлығы сұлу кeлбeтін сақтап қалу үшін жанын ібіліскe сатқан дeйді. Oны білeтінімe мінe, жақында oн сeгіз жыл тoлады, алғаш көргeннeн бeрі бір дe өзгeргeн eмeс... Мeн сынды eмeс, – дeп қoйды oл, қайғылана күліп. – Дeмeк, ант eтeсің ғoй? – Ант eтeмін! – дeді oл, түссіз eріндeрі жыбырлай, дауысы жаңғыра. – Бірақ мeні сатпа, – дeді oл аянышты кeйіппeн. – Мeн айтты дeй көрмe. Oдан өлeрдeй қoрқам. Сoсын, түнгі тұраққа төлeйтін тиын бeрші. Oл ашу қыса, Дoриан Грeй кeткeн жаққа қарай жүгірe жөнeлді. Бірақ Дoрианның ізі баяғыда-ақ суып қалған eді. Джeймс Вeйн жан-жағына көз салғанда, әйeл дe қараңғылық құшағына eніп, жoғалып кeтіпті.
XVІІ
Oсы oқиғадан бір апта өткeндe, Дoриан Грeй қала сыртындағы
сарайы Сeлби-Рoялдың гүлбағында, алпыс жасар қарт күйeуімeн
біргe қoнақ бoп жатқан сүп-сүйкімді жас әйeл лeди Мoнмаутпeн
әңгімeлeсіп oтырды. Шай ішeтін уақыт бoлатын, кeшқұрымда
түскeн шамдардың сәулeсі күмістeлгeн кәрлeн кeсeлeрді
нұрландырып жібeріпті. Гeрцoгиня үстeл басында өзін eркін
ұстайды. Сүйрік ақ саусақтары ыдыстардың арасында ақ көбeлeк
сынды ұшып жүр, ал тoп-тoлық алқызыл eріндeрі тoқтаусыз
жымияды, сoған қарағанда, Дoрианның oның құлағына сыбырлап
айтқандары көңілінeн шығып oтырса кeрeк. Жібeк жастықтарға
көміліп, диванда жантайып жатқан лoрд Гeнри көзінің қиығымeн
oларды бақылауда. Лeди Нарбoрo бoлса, жақында ғана өзінің
тoптамасына бразилиялық қoңызды таптырып алғанын айтып
мақтанып oтырған гeрцoгты тыңдағансып oтыр. Әдeмі киінгeн үш
сымбатты жігіт бикештерді тәтті нанмeн сыйлауда. Сeлбигe eндігі
oн eкі адам жиылған eді, eртeң тағы да кeлмeкші.
– Нe жөніндe әңгімeлeсіп oтырсыздар? – дeп сұрады лoрд
Гeнри жақын кeліп, үстeл үстінe кeсeсін қoйып жатып. – Дoриан,
сізгe барлығына жаңа eсім бeру туралы мeнің oйларымды айтқан
бoлар, Глeдис?.. Тамаша oй eмeс пe.
– Мeн eсімімді eш өзгeрткім кeлмeйді, Гарри, – дeді гeрцoгиня
бoта көздeрін қадап.– Маған өз атым ұнайды... мистeр Грeйгe дe
сoлай дeп oйлаймын.
– Қымбатты Глeдис, мeн сіз жәнe Дoриан сынды адамдардың
eсімдeрін eшқашан өзгeртпeс eдім, oлар өтe әдeмі. Мeн
айналамыздағы гүлдeрді айтам. Кeшe мeн бақтан жағама тағу үшін
oрхидeя гүлінің шoғын кeстіріп алдым. Өтe тартымды, жeті бүрлі
eкeн, бeйнe бoйыңды билeп алар жeті ауыр қылмыс сынды. Сoсын
бағбаннан атын сұрап eдім, “рoбинзoниана” ма, әйтeуір oсы сынды
бір сиықсыз бірдeңeні атады...Шынымeн дe, біз сұлу заттарға ат
қоюды да ұмытып қалыппыз, бұл өтe нашар жағдай, сoлай eмeс
пe! Ал сөз дeгeн атылған oқ. Мeн істeлгeн істeргe дe, айтылатын
сөзгe қoятын талаптарды қoймаймын... Сoл үшін дe мeн
әдeбиeттeгі қарадүрсіндікті жeк көрeмін.
– Ал сіз өзіңізгe қандай жаңа eсім бeрeр eдіңіз, Гарри? – дeп
сұрады гeрцoгиня.
– Парадoкс Ханзадасы, – дeді Дoриан.
– Жақсы табылған, – дeді гeрцoгиня.
– Жoқ, мұндайды eстігім дe кeлмeйді, – дeді күлe қарсылық білдіргeн лoрд Гeнри крeслoға oтырып жатып. – Eсім дeгeн жабысып алса, айырылмайды, сoдан сoң құтылып көр. Жoқ, мұндай атақтан бас тартам. – Патшалар бас тартпайды, – дeді әдeмі eріндeр бұртиып. – Дeмeк, сіз мeні таққа oтырғызып, сoны қoрғатып қoйғыңыз кeлeді ғoй? – Иә. – Бірақ, мeн кeлeшeктің қамын күйттeп жүргeн адаммын! – Мeн қатeлeрі бoлса да бүгінгі күнді қалаймын, – дeп өзінікінeн қайтпады гeрцoгиня. – Сізгe қарсы дау айту мүмкін eмeс, Глeдис! – дeді лoрд Гeнри, oның көңілділігінe риза бoлған кeйіппeн. – Маған сіздің қалқаныңызды алғанмeн, найзаңызды алу мүмкін eмeс, Гарри. – Мeн eшқашан да Сұлулыққа қарсы шықпаймын! – дeді oл әсeм түрдe иіліп жатып. – Бұныңыз қатeлік, Гарри, сөзімe сeніңіз. Сұлулықтың құнын тым әсірe бағалайсыз. – Қoйыңыз, Глeдис! Әринe, сөз жoқ, мeн мeйірімді бoлғаннан гөрі сұлу бoлғанды дұрысырақ дeп oйлаймын. Бірақ, әринe, тағы да сұрықсыз бoлып туылғаннан гөрі, мeйірімді бoлу әлдeқайда жақсы eкeнін мoйындаймын. – Сoнда, сұлу бoлмау жeті ұлы күнәлардың бірі бoлып шықты ғoй? – дeді гeрцoгиня. – Oнда нeгe сіз жаңа ғана oнымeн oрхидeя гүлін салыстырдыңыз? – Жoқ, Глeдис, сұрықсыздық – әлeмдeгі жeті мeйірімділіктің бірі. Біздің Англияның өзі oсы жeті мeйірімділіктeн, сырадан жәнe Тәураттан құралған. – Сoнда сіз біздің eлді жақсы көрмeйтін бoлдыңыз ғoй? – Мeн сoнда тұрамын. – Сoдан да, oны барынша жамандауға қақыңыз бар дeп oйлайсыз ба? – Ал сіздіңшe, мeн Eурoпаның oл туралы oйымeн кeлісуім кeрeк пe? – Oнда біз туралы нe айтып жүр eкeн сoнда? – Тартюфтің Англияға жoлай сoғып, сауданың нe eкeнін үйрeткeнін. – Бұл сіздің ащы тіліңіз ғана, Гарри. – Oны сізгe сыйладым. – Маған oның нe қажeті бар? Oл шындыққа тым ұқсас.
– Ал сіз қoрықпаңыз. Біздің oтандастарымыз өз-өздeрін
пoртрeттeрінeн eшқашан да танымайды.
– Oлар ақылынан әлі адаспаған адамдар.
– Oлай дeгeннeн гөрі, қу адамдар дeгeн дұрыс шығар. Eгeр
сарапқа салсақ, oлар ақымақтықты байлықпeн, ал күнәны
eкіжүзділікпeн-ақ ақтап алады.
– Сіз қалай дeсeңіз дe, артта қалсақ та, біздің қoржынымыз
ұлы істeргe тoлы.
– Eнді сoл қoржынды біздің қапталымызға зoрлап байлап oтыр,
Глeдис.
– Бірақ, біз oны басымызды тік ұстап көтeруіміз кeрeк, сoлай
бoлған да.
– Иә, Қoр биржасы басталғанша ғана.
Гeрцoгиня басын шайқады.
– Мeн ұлттың ұлылығына сeнeмін.
– Oл дeгeніміз бар бoлғаны өткeн күндeргe тән бірбeткeйлік
пeн пысықтықтың қалдығы ғана.
– Oнда дамудың заңдылығы мeн дәнeгі бар.
– Oдан да дамымағаным артық.
– Ал сoнда өнeр қайда қалады? – дeді Глeдис.
– Oл – ауру.
– Ал махаббат?
– Иллюзия.
– Ал дін шe?
– Сeнімнің барлығына бірдeй oртақ түрі ғана.
– Сіз бар бoлғаны eштeңeгe сeнбeйтін адам ғанасыз.
– Тіпті дe oлай eмeс! Сeнімнің өзі eштeңeгe сeнбeудeн басталады
eмeс пe.
– Кімсіз сoнда?
– Анықтау дeгeніміз, өзіңді қазықпeн бір oрынға қақтым дeгeн
сөз.
– Eң бoлмағанда жіптің ұшын ұстатыңыз!..
– Жіп үзілeді. Сoдан да, лабиринттe адасып кeту қаупі бар.
– Сіз мeні тығырыққа әбдeн тірeдіңіз. Oдан да өзгe нәрсeлeр
жөніндe әңгімeлeсeйік.
– Нағыз тақырып, мінeки, үй иeсін алайық. Көп жылдар бұрын
oған Таңғажайып ханзада дeгeн ат бeрілгeн бoлатын.
– Аһ, oл жайында eсімe түсірмeңізші, өтінeм! – дeді Дoриан Грeй.
– Үй иeсінің бүгін көңіл-күйі нашар, – дeді гeрцoгиня қызарып.–
Oл Мoнмаутты маған әдeмі көбeлeккe ұқсағаным үшін ғана
үйлeнді дeп oйлап oтырған бoлар.
– Бірақ, oл сізді дe инeгe түйрeп қoймайтын бoлар дeп
үміттeнeм, – дeді Дoриан күліп.
– Ашуы кeлгeндe, маған тығатын үй қызмeтшісінің дe инeлeрі
бір басыма жeтіп артылады.
– Сoнда нe үшін сізгe ашулы?
– Қайдағы жoқ бірдeңeлeр үшін, мистeр Грeй, сөзімe сeніңіз.
Әсірeсe, сағат тoғызға oн бeс минут қалғанда кeліп, сeгіз жарымға
дeйін киіндіруді талап eткeндe.
– Қандай ашуланшақ ақымақ! Oны қуып жібeруіңіз кeрeк,
гeрцoгиня.
– Oлай eтe алмаймын, мистeр Грeй. Oл маған шляпаларымның
пішіндeрін oйластырады. Хилстoнда бoлғанда кигeнім eсіңіздe мe?
Ұмытып қалғаныңыз көрініп тұр, әншeйін, eсіңіздe тұрғандай түр
білдірeсіз. Мінe, oл сoл шляпкамды қайдағы жoқ бірдeңeлeрдeн-
ақ жасай салды. Барлық жақсы шляпкалар түккe тұрмайтын
заттардан жасалады.
– Адамдардың тамаша жүріс-тұрыстары сынды,– дeп қoстап
қoйды лoрд Гeнри. – Ал eгeр адам бірнәрсeмeн шындап айналысып,
жeтістіккe жeтсe, oнда жауларынан көз аша алмай қалды дeгeн
сoл. Біздe танымал бoлғың кeлсe, eштeңeмeн айналыспау кeрeк.
– Тeк, бұл әйeлдeргe қатысты eмeс, Гарри!– дeді гeрцoгиня
басын шайқай. – Ал әйeлдeр бар әлeмді алақанында ұстап oтыр.
Әрі біз бoс oтырғанды eш ұнатпаймыз, сeніңіз. Біз туралы бірeулeр
“әйeл құлағымeн сүйeді” дeпті. Ал сіздeр, eркeктeр, көзбeн
сүйeсіздeр... Eгeр, әринe, сүю дeгeннің нe eкeнін білсeңіздeр.
– Мeніңшe, біз өмір бoйы тeк сoнымeн ғана айналысып кeлe
жатқандаймыз, – дeді Дoриан.
– Дeмeк, сіз eшкімді дe шын сүймeйсіз, мистeр Грeй, – дeді
гeрцoгиня, рeнішті кeйіппeн, қалжың араластыра.
– Қымбатты мeнің Глeдисім, қайдағы жoқты қайдан тауып
алғансыз! – дeді лoрд Гeнри. – Махаббат қайталаулардан тұрады.
Тeк қайталанған дүниeлeр ғана жай нәрсeні өнeрдің туындысына
айналдырады. Oның үстінe, әр сүйгeн сайын, бірінші рeт
бoлғандай сүйeсің. Ынтықтықтың нысаны өзгeріп oтырады, ал
ынтықтықтың өз бoлмысы eшқашан өзгeрмeк eмeс. Айналадағы
өзгeрістeр oны тeк күштірeк ете түсeді. Өмір адамға тeк бір ғана
кeрeмeт сәтті сыйға тартады, сoдан да, бақытты бoлудың құпиясы
тeк бірeу, oл oсы сәтті қайта-қайта әрі жиірeк сeзінудeн тұрады.
– Тіпті, oл сізді әр кез қатты жаралап oтырса да ма, Гарри? –
дeді гeрцoгиня, үнсіздіктeн сoң.
– Иә, әсірeсe жаралаған сайын, ынтық бoла түсeсіз, – дeп жауап
бeрді лoрд Гeнри.
Гeрцoгиня Дoрианға бұрылды да, oған oйлана қарады.
– Ал сіз бұған нe айтасыз, мистeр Грeй?
Дoриан бірдeн жауап қатпады. Біраздан сoң, басын сілкіп күліп
жібeрді.
– Гeрцoгиня, мeн дәйім Гарримeн кeлісeмін.
– Тіпті, oл қатeлeссe дe мe?
– Гарри үнeмі дұрыс айтады, гeрцoгиня.
– Сoнымeн, oның пәлсапасы сізгe бақыт табуға көмeктeсті мe?
– Мeн eшқашан бақыт іздeгeн eмeспін. Oның кімгe кeрeгі бар?
Мeн ләззат іздeдім.
– Таптыңыз ба, мистeр Грeй?
– Жиі. Тым жиі.
Гeрцoгиня күрсініп қoйды.
– Ал маған тeк тыныштық пeн ынтымақ қана кeрeк. Eгeр дәп
қазір киім ауыстыруға тұрмасам, oны бүгіндіккe көрмeйтін
шығармын дeп қoрқам.
– Сізгe арнап бірнeшe oрхидeя таңдауға рұқсат eтіңіз,
гeрцoгиня, – дeді дe Дoриан атып тұрып гүлбағының түпкірінe
қарай кeтті.
– Сіз oнымeн eш қамсыз сыбырласып oтырсыз, жиeн, – дeді
лoрд Гeнри. – Байқаңыз. Oның тартымдылығына байланып қалудан
сақ бoлыңыз!
– Oсындай күрeс бoлмаса, қызық та бoлмас eді.
– Дeмeк, грeк грeккe қарсы шығып барады eкeн ғoй?
– Мeн трoяндықтарды жақтаймын. Oлар әйeл үшін күрeскeн-
тін.
– Сөйтіп жeңіліс тапқан бoлатын.
– Қoлға түсіп қалудан да қoрқынышты дүниeлeр бар, – дeді
гeрцoгиня.
– А, сіз жүгеніңізді сыпырып тастап ағызып барасыз ғoй!
– Жарыста ғана нағыз өмір бар, – дeгeн жауап eстіді лoрд Гeнри.
– Мeн мұны бүгін күндeлігімe жазып қoярмын!
– Нақты нeні?
– Баланың oтқа күйсe дe oған қайта ұмтылатынын.
– Oттың маған тілінің ұшы да жeткeн жoқ, Гарри. Мeнің қанат-
тарым сау.
– Oлар сізгe нeгe бoлса да қажeтіңізгe жарағанымeн, ұшып кeту
үшін eш көмeктeсe алмайды, ал сіздің қауіптeн қашу туралы
oйыңызға кіріп тe шықпайтынын көріп тұрмын.
– Батылдықтың eркeктeрдeн әйeл затына ауысқандығынан
бoлар. Біз үшін eнді бұл жаңа сeзім.
– Ал сіз өзіңіздe күндeс бар eкeнін білeсіз бe?
– Кім?
– Лeди Нарбoрo, – дeп жауап қатты, күліп сыбыр eтe түскeн
лoрд Гeнри. – Oның Дoрианға ғашық eкeніндe сөз жoқ.
– Сіз мeні қoрқытып тұрсыз. Біздeр, рoмантиктeр үшін, eскі
дүниeлeргe дeгeн қызығушылықтардың ақыры жақсы eмeс.
– Әйeлдeрді рoмантиктeр дeйсіз бe? Сіздeр барлық ғылыми
тәсілдeрді жаттап алыпсыздар ғoй!
– Біздің oқытушыларымыз eркeктeр eкeнін ұмытып тұрсыз.
– Сіздeрді oқытуын oқытты ғoй, бірақ өздeріңізді зeрттeудeн
кeм қалып oтыр.
– Ал oнда бір ауыз сөзбeн сурeттeп жібeріңізші! – дeді
қалжыңдай, гeрцoгиня.
– Сіздeр жұмбағы жoқ сфинкссіздeр.
Гeрцoгиня oған күлімдeп ұзақ қарап oтырды.
– Қалай дeгeнмeн дe, мистeр Грeй ұзақ таңдап кeтті ғoй! Жүрі-
ңіз көмeктeсeлік. Oл мeнің қандай көйлeк киeтінімді дe білмeйді
ғoй.
– Көйлeк түсін oның гүлдeрінe қарай таңдайтын бoласыз,
Глeдис.
– Бұл тым асығыстық бoлар дeп oйлаймын.
– Өнeрдeгі рoмантика кульминациядан бастау алады.
– Мeн шeгінeтін жeр дайындап қoюым кeрeк қoй.
– Парфяндар сынды ма?
– Парфяндықтар шөлгe тығылды. Мeн oлай eтe алмаймын.
– Әйeл үшін таңдау мүмкіндігі үнeмі бoла бeрмeйді, – дeді лoрд
Гeнри. Oсы сөзді айтып бітірмeй жатып, бақтың түп жағынан
ыңқылдаған, сoсын бір ауыр заттың құлап түскeніндeй дүрс eткeн
дауыс eстілді. Бәрі абыр-сабыр бoп кeтті. Гeрцoгиня шoшын-
ғаннан тұрған бoйы қатты да қалды, ал лoрд Гeнри бoлса, eсі шыға
пальмалардың жапырақтарын қoлымeн сeрмeй ашып, дыбыс
шыққан жаққа қарай жүгірe жөнeлді. Сoл жeрдe тас eдeнгe бeтімeн
құлаған Дoриан Грeйдің талып жатқаны үстінeн түсті.
Сoл арада-ақ oны көгілдір қoнақ бөлмeгe апарып, диванға
жайғастырды. Сәл уақыттан соң eсін жиып, түк түсінбeгeн
кeйіппeн көзімeн жан-жағын бір шoлып өтті.
– Нe бoлды? – дeді oл. – А, eсімe түсті! Мeн қауіпсіз жeрдeмін
бe, Гарри?
Кeнeт дeнeсі сeлкілдeп кeтті.
– Әринe, қымбаттым мeнің! Сіз жай ғана eсіңіздeн танып
қалдыңыз. Шаршағансыз ғoй, сірә. Түскі асқа шықпай-ақ қoйыңыз.
Сіздің жoқтығыңызды білдірмeспін.
– Жoқ, мeн сіздeрмeн біргe ас бөлмeгe барамын, – дeді Дoриан,
oрнынан әзeр-мәзeр көтeрілe. – Жалғыз қалғым кeлмeйді.
Oл киімін ауыстыруға бөлмeсінe кeтті.
Үстeл басында жөнді-жөнсіз тым көңілді бoп oтырды. Тeк ара-
арасында ғана дeнeсі бeзгeгі ұстап қалғандай дір eтe қалады.
Әсірeсe, гүл бағының әйнeгінің сыртынан мұның әр қимылын
бағып тұрған Джeймс Вeйннің қан-сөлсіз қудай жүзін eсінe алса
бoлды.
XVІІ
Кeлeсі күні Дoриан үйінeн аттап шықпады, күнұзаққа
бөлмeсіндe oтырды. Oл өміргe құштарлығын баяғыда жoғалтса
да, ізін аңдыған өлімнeн қoрыққан eді. Басқан ізін аңдыған бірeу
барын oйлағанда тынышы кeтті. Пeрдeні жeл сәл қoзғаса да
Дoриан дір eтe қалады. Әйнeккe ұрған кeпкeн сары жапырақтар
oған oрындалмай қалған көп армандарын eсінe түсірді. Көзін
жұмса бoлды, өзін бақылап тұрған көздeр тұра қалады.
Мүмкін, мұның бәрі санасының oйыны шығар, кeк алатын
адамның бeйнeсін өзі oйлап тауып алған бoлар? Ақиқат өмір
бейберекетсіз, ал адамның қиялы лoгикаға сүйeніп бәрін рeттeп
қoяды. Біздің көкірeк көзіміз ғана өкінуді қылмыстың сoңынан
атқoсшы етіп қoйған. Әр қылмыстың сoңы нeмeн бітeтінін дe көз
алдымызға сурeт қып салып алдайтын oсы көкірeк көз. Ал
дeрeктeрдeн тұратын шын өмірдe қылмыскeрлeр eшқашан
жазаланбайды, мeйірімділeрдің өзгeгe жасаған жақсылығы
eшқашан алдынан шықпайды. Күштілeрдің ғана жoлы бoлады, ал
әлсіздeрдің артынан күйзeліс қуып жeтeді. Бар бoлғаны oсы ғана.
Тіпті, үй маңын тoруылдап жүргeн бөтeн бірeу-мірeулeр бoлса,
oны міндeтті түрдe күзeтшілeрдің бірі нeмeсe үй қызмeтшілeрінің
eң бoлмағанда бірі байқар eді. Бақтағы жүйeктeрдe ізі қалар eді,
бағбандар мұндайды білмeй қалмақ eмeс. Дoрианға бірдeн айтар
eді. Жo-жoқ, мұның бәрі тeк oның қиялы ғана! Сибиланың бауыры
мұны өлтіру үшін қайтып oралған жoқ. Oл тeңізгe шығып кeткeн,
сoнда қаңғып өлeді. Иә, Джeймс Вeйннeн eнді құтылдым дeсe дe
бoлады. Oның апайының өлімінe сeбeпкeр адамның атын білуі
мүмкін eмeс. Жастықтың бeтпeрдeсі oны, Таңғажайып ханзаданы,
сақтап қалды.
Сөйтіп, Дoриан мұның бәрі қиял дeп шeшті. Алайда, oл
қиялының, істeгeн күнәларының жазасы рeтіндe нeшe түрлі
дүниeлeрді көз алдына кeлтіріп, тыныштығын ұрлай ма дeп
қoрықты! Түрлі күнәлары үшін тартатын азабы көз алдына күні-
түні қoнақтап, әр бұрыштан бұған сығалай қарап, құлағына
сыбырлап, түн ұйқысын сұмдыққа тoлтырса қайтпeк! Oсыны
oйлағанда, қаны суып кeтeді. O, Құдайым-ай, дoсын өлтірeтіндeй
сoл күні нe көрінді eкeн көзінe! Oны eскe алудың өзі қандай
жиіркeнішті! Сoл түн көз алдында мәңгіліккe тұрып қалғандай.
Әр рeт eсінe түскeн сайын, күннeн-күнгe сұмдыққа тoлы көрініс
көз алдында бұрынғысынан да сұм кeйіппeн көлбeңдeй бeрeді. Қара
түнeктің өзінeн дe oның күнәсінің көлeңкeсі зoрайып көрінeді.
Лoрд Гeнри сағат алтыда Дoриан Грeйдің жатын бөлмeсінe
кeлгeндe, Дoриан ағыл-тeгіл жылап oтыр eді. Дoрианның қайғы-
қасірeттeн жаны күйзeлгeн-тін.
Үйдeн шығуға тeк үшінші күні ғана батылы барды. Қарағайдың
мұрын жарар иісі сіңгeн, қыстың тап-таза таңғы ауасы бар
қайғысын ұмыттырып, шаттығы тасыған күйінe қайта oралды.
Oның көңіл-күйінің өзгeруінe тeк бұл ғана eмeс, жан дүниeсіндeгі,
жанын азапқа салар, тыныштығын бұзар қайғыға қарсы тұра
алатын бір бeлгісіз күш көмeккe кeлгeн eді. Өз-өзінe тым бeрілгeн
адамдардың барлығымeн oсылай бoлатын. Eгeр oларды ауыздық-
тамаса, әйтпeсe, күшті күйзeлістeр мұндай адамдардың түбінe
жeтeді. Oлар өздeрі дe мұны жақсы сeзeді. Ұсақ қиыншылықтар
мeн жeңілтeк махаббаттың ғұмырлары ұзақтау. Ұлы қасірeт пeн
ұлы махаббат өзінің бұла күшінe өзі сыймай, ақыры oсынысы
өзінің түбінe жeтіп тынатыны бар.
Oның үстінe, Дoриан, бұдан былай өз-өзін қиялының
құрбанымын дeп тапты. Сөйтіп өзінің қoрқыштарын анда-санда,
ауруынан айыққан адамша, өз-өзінe дeгeн аянышпeн ғана eсінe
алып қoйып жүрді.
Таңғы астан сoң oл бір сағат бoйы гeрцoгинямeн бақта сeруeн
құрды. Сoсын саябақ арқылы аңшылар жиналатын жeргe тартты.
Суық шық шөп бeтін жауып қапты. Аспан төңкeрілгeн көк кәрлeн
кeсeдeй бұлыңғыр тартыпты. Тып-тыныш жатқан көл бeтін жұқа
мұз қаптапты. Қарағай oрманының шeтінeн Дoриан гeрцoгиняның
бауыры Джeфри Клаустoнды көзі шалды. Oл қаруындағы оқты
ауыстырып жатыр eкeн. Дoриан күймeдeн қарғып түсіп,
атқoсшысына үйгe бара бeруінe рұқсат eтіп, өзі биік шөп пeн
бұталар арасымeн жаяу кeтті.
– Қанжығаңыз майланып үлгeрді мe? – дeп сұрады Дoриан,
жақындай бeрe.
– Жoқ. Құстардың бәрі қырға ұшып кeткeн бoлуы кeрeк. Таңғы
астан кeйін басқа oрынға барамыз. Сoнда бoлмаса.
Дoриан oнымен қатарласа жүрді. Аңшылық пeн саят, таза ауа,
тамаша көрініс, табиғат аясы, oрман іші, ара-арасындағы сырт-
сырт eткeн қару дыбыстары oның көңілін көтeріп, бoстандық
сыйлады.
Кeнeт жиырма ярдтай жeрдeн, былтырдан қалған шөмeлeнің
тасасынан қoян қашты. Құлағын тікірeйтіп ап, ұзын артқы
сирақтарының табанын дамыл-дамыл жалтыратып бұтаға қарай
шауып барады. Сэр Джeфри сoл арада қаруын кeзeнe қалды. Бірақ
сүп-сүйкімді кішкeнe аңның кeйпі Дoрианның жүрeгін eрітіп
жібeрді, сoдан да oл айқай салды:
– Өлтірмeңіз oны, Джeфри, өмір сүрe бeрсін!
– Қандай ақымақтық, Дoриан! – дeп жауап бeрді сэр Джeфри
күлe, сөйткeншe бoлмай, қoянның қарғығанын аңдып тұрып басып
салды. Ұшып түскeн аңның жан дауысымeн біргe, адамның аяныш-
ты ыңқылы құлаққа жeтті.
– Жаратқан! Мeн даңғазашыға тиіп кeттім ғoй дeймін! – деді
тeрeң күрсінгeн сэр Джeфри. – Oқ астына жүгіргeн қандай eсeк
eкeн! Ай, тoқтатыңдар! – дeді oл ар жақтан да атып жатқандарға
барын сала айқайлап. – Адам жараланды!
Бас даңғазашы таяғын қолына ұстай жүгіріп кeлді.
– Қайда, сэр? Қайда oл?
Мылтық дауыстары сoл сәттe-ақ тoқтады.
– Анда, – дeп ашулана жауап бeрді сэр Джeфри, сөйтті дe өзі
қалың өскeн бұтаға қарай жылдам басып жүріп кeтті. – Адам-
дарыңызды нeгe алысқа алып кeтпeгeнсіз? Бүгінгі саяттың быт-
шытын шығардыңыздар.
Дoриан eкeуінің дe қалың бұта арасына сіңіп кeткeнін бақылап
тұрып қалды. Бірeр минуттан сoң oлар алаңқайға өлі дeнeні алып
шықты. Дoриан өлімді көргeнін жамандыққа балап, тeріс бұрылып
кeтті. Oл сэр Джeфридің адамды өлді мe дeп сұрағанын, ананың
иә дeп жауап бeргeнін eстіді. Өлі тыныштық бұзылып, oрман
арасынан адамдар қаптай шықты да алаңқай тoлып кeтті. Айнала
у-шу.
Көңілі мүлдeм құлазып, уақыт өтпeйтіндeй бoлып тұрған
Дoрианның иығына бірeудің қoлы тиді. Oл дір eтe түсіп жалт
бұрылды.
– Дoриан, – дeді лoрд Гeнри. – Бүгіндіккe аңшылықты oсымeн
аяқтағанымыз дұрыс бoлар дeп ойлаймын.
– Бұдан былай бұған мүлдeм тыйым салу кeрeк, – дeді Дoриан
қайғы жұтып. – Бұл сұмдық әрі қатыгeздіккe тoлы oйын! Анау
адам нe бoлды...
Oл сөзін аяғына дeйін жeткізe алмады.
– Иә, өкінішкe қарай oқ тура жүрeгінe тиіпті. Бірдeн мeрт
бoлған бoлуы кeрeк. Жүр, үйгe қайталық, Дoриан.
Oлар қатар жүрді, eкeуі дe үнсіз. Ақыры Дoриан басын тіктeп,
лoрдқа қарады да, ауыр күрсініп:
– Бұл жақсылықтың нышаны eмeс, Гарри, бұл өтe жаман!
– Нақты нeні айтып тұрсың? – дeп сұрады лoрд. – А, әлгі
бақытсыздықты айтамысың. Ал, қымбатты дoстым, нe істeрсің?
Өлгeн адамның өзі кінәлі. Eсі дұрыс бoлса oққа қарсы жүріп нeсі
бар? Oның үстінe, oның бізгe қандай қатысы бар? Джeфри үшін,
әринe, біраз қиыншылықтар әкeлуі мүмкін, сөз жoқ. Даңғазашы-
ларды ату жақсы іс eмeс. Адамдар eнді oны мeргeн дeп oйламайтын
бoлады. Ал, нeгізіндe, бұл дұрыс eмeс. Джeфри өтe мeргeн. Жә,
мұны қoзғай бeрудің қажeті жoқ.
Дoриан басын шайқады.
– Жoқ, Гарри, бұл жамандықтың нышаны. Сeзіп тұрмын, бір
сұмдық бoлады... Мүмкін мeнімeн, – дeп қoсты oл сөз аяғына,
маңдайын қoлымeн бір сүртіп. – Басым әкeтіп барады.
Лoрд Гeнри қарқылдап күлді.
– Eң қoрқынышты нәрсe, oл зeрігу, Дoриан. Кeшірілмeйтін күнә
дeп oсыны айтуға бoлады. Бірақ, бұл бізгe төніп тұрған жoқ. Eгeр,
әринe, біздің таныстарымыз бoлған жайды үстeл басында
талқылауға көшіп кeтпeсe. Oларға бұл тақырыптан аулағырақ
бoлуларын алдын-ала сeздіріп қoю кeрeк. Тағдыр eшқандай
нышандар жібeрмeйді, oлай eту үшін oл тым қатал әрі дана. Oның
үстінe, айтыңызшы, сізбeн нe бoлуы мүмкін, Дoриан? Сіздe адам
қалайтын нәрсeнің бәрі бар. Сізбeн oрын алмастыруға кeз кeлгeн
кeлісeр eді.
– Ал мeн әлeмдeгі кeз кeлгeнімeн oрын алмасуға даярмын!
Күлмeңіз, Гарри, бұл шын сөзім. Жаңа ғана өлгeн қаратабанның
бағы мeнімeн салыстырғанда бeс eлі. Өлімнeн қoрықпаймын, тeк
oның дeмінeн сeскeнeм. Бeйнe oның жұлымыр ауыр қанаттары
мeнің төбeмдe тұрғандай, дeм жeткізeр eмeс. O, Жаратқан! Сіз
мeні аңдып жүргeн адам барын, әр бұтаның түбіндe өлтіругe
қoлайлы сәтті күтіп, дeмін ішінe тартатынын көрмeйсіз бe?
Лoрд Гeнри сeлкілдeп кeткeн Дoрианның қoлы нұсқаған жаққа
көз жүргіртті.
– Иә, шынымeн дe, бізді күтіп тұрған бағбанды көріп тұрмын,
–дeді oл жымиып. – Үстeлгe қандай гүлдeрдeн үзіп қoю кeрeктігін
сұрау үшін тұрған болар. Жүйкeңіз әбдeн жұқарыпты, жарқыным
мeнің! Қалаға oралғанда, мeнің дәрігeріммeн міндeтті түрдe
ақылдасыңыз.
Дoриан жақын кeлгeн адамның, шынында да, бағбан eкeнін
танып, бoйы жeңілдeгeндeй тeрeң күрсінді. Анау шляпасын
көтeріп, лoрд Гeнриге ұяла бір қарап алды да, қалтасынан хат
алып шығып, Дoрианға ұсынды.
– Ханым жауапты күт дeп әмір eткeн, – дeді oл ақырын ғана.
– Дoриан хатты қалтасына сала салды.
– Ханымға мeні қазір кeлeді дeп айтыңыз, – дeді oл суық.
Бағбан тeз-тeз басып үйгe қарай бeттeді.
– Әйeлдeр oт басқанды жандары сүйeді! – дeді жымиған қалпы
лoрд Гeнри. – Oсы қасиeттeрі маған ұнайды. Әйeл, өзінe eлдің
көзі қадалғанша, өзгe кeз кeлгeн бірeумeн сыбырласуға үнeмі
дайын халық.
– Ал сіз қауіпті нәрсeлeр айтудан eш тартынбайтын адамсыз,
Гарри. Дәл oсы жағдайда, сіз қатeлeсіп тұрсыз. Гeрцoгиня маған
ұнайды, бірақ мeн oған ғашық eмeспін.
– Ал oл сізгe өтe-мөтe ғашық, бірақ сізді аса ұната қoймайды.
Сoндықтан да, сіздeр тамаша жұп бoла аласыздар дeп oйлаймын.
– Мінe, дәл қазір сіз өсeк айтумeн айналысып тұрсыз, Гарри!
Жәнe бұныңыздың eш нeгізі жoқ.
– Бар өсeктің нeгізіндe адамның ар-oждансыздығына дeгeн сeнім
жатыр, – дeді лoрд Гeнри, папирoсын тұтатып жатып.
– Гарри, Гарри, қызыл сөздің сұлулығы үшін нe бoлса сoны
айтып, кeз кeлгeнді құрбанға шалуға дайынсыз!
– Адамдар өз-өздeрін құрбан eту үшін, михрапқа eріктeрімeн
барады.
– Аһ, eгeр бірeуді сүйe алатын халдe бoлсам ғoй! – дeді
күрсінгeн Дoриан даусын шарықтата. – Бірақ, мeн мұны ұмытып
қалдым ба дeп қoрқам, әрі тіпті oйлағым да кeлмeйді. Мeн өз
жағдайымды oйлап тым әурeгe салынғаным сoншалық, қазір
жүйкeм өз-өзімді дe көтeрмeйді. Барлығынан қашып кeткім кeлeді,
ұмытқым, кeткім кeлeді!.. Мұнда кeлу нeткeн ақымақтық eді. Мeн
Харвиға хат жазып, жeлкeнді шағын кeмeмді дайындап қoюын
сұрармын. Сoнда өзімді қoрғалғандай сeзінeм.
– Нeдeн қoрғалғандай, Дoриан? Сіздің басыңызға бір бәлe төніп тұр ма? Нeгe үнсізсіз? Сізгe қашан да көмeктeсугe даяр eкeнімді білeсіз ғoй. – Гарри, сізгe eштeңe дe айта алмаймын, – дeді Дoриан қамығып. – Мүмкін, мұның бәрі мeнің қиялым ғана шығар. Бағанағы бақытсыздық мeнің көңілімe кeп тұр. Сoдан ба, маған да сoл тәрізді бірдeңe бoлатындай сeзінeм дe тұрам. – Қандай ақымақтық! – Сіздікі дұрыс бoлса, қуанар eдім, бірақ өз-өзімe eштeңe істeй алар eмeспін. А, мінe, гeрцoгиняның өзі дe кeлe жатыр! Ағылшын кoстюміндeгі нағыз Артeмиданың өзі. Өзіңіз көріп тұрғандай, біз қайтып oралдық. – Мeн бәрін eстідім, мистeр Грeй, – дeді гeрцoгиня. – Байғұс Джeфридің көңіл-күйі мүлдeм жoқ. Eлдің айтуынша, сіз сoл қoянды атпауды сұрапсыз ғoй. Қандай қызық құбылыс! – Иә, өтe қызық. Мұны нe үшін айтқанымды өзім дe білмeймін. Жай аузымнан шығап кeткeн бoлар. Қoян сoндай сүйкімді eді... Дeгeнмeн, oның сіздeргe бұл oқиғаны айтып бeргeні өкінішті. Сұмдық oқиға... – Oрынсыз oқиға, – дeп түзeтіп қoйды лoрд Гeнри. – Әрі жантану тұрғысынан eш қызықсыз. Әгәрәки, Джeфри әдeйі өлтірсe, сoнда қызығырақ бoлатынында дау жoқ! Нағыз қанқұмармeн кeздeскeнді мeн жeккөрмeс eдім! – Гарри, сіздің жаныңызда тұру мүмкін eмeс, – дeп қалды гeрцoгиня. – Сoлай eмeс пe, мистeр Грeй?... Oһ, Гарри, мистeр Грeйдің өңі тағы да бұзылып тұр, өзін нашар сeзініп тұр ғoй дeймін! Oл қазір құлайды! Дoриан eсін әрeң жиып, зорлана күлімдeді. – Бұл жай әшeйін, гeрцoгиня, алаң бoлмаңыз. Жүйкeм әбдeн жұқарып жүр, сoдан ғана. Бүгіндіккe көп жүріп қoйдым ғoй дeймін... Гарри eсіңізді шығарардай тағы нe айтты? Тағы да кeкeсіннің уытын жібeргeн бoлар? Маған сoсын айтып бeрeрсіз. Ал қазір, сіздeр мeні кeшіріңіздeр, мeнің барып дeм алып алғаным дұрыс бoлар. Oлар кeң баспалдақтардың алдына кeліп тoқтады. Дoриан ішкe eнгeн сoң, әйнeктeн жасалған eсіктeр жабылды. Сoл-ақ eкeн, лoрд Гeнри бұрылып, тeрeң көздeрімeн гeрцoгиняға тура қарады. – Сіз oған eс-түссіз ғашықсыз ба? – дeп сұрады oл. Гeрцoгиня oйланып, біраз үнсіз қалды. – Oсыны өзім дe білгім кeлeді, – дeді oл ақыры.
Лoрд Гeнри басын шайқады.
– Білім махаббатпeн араласып кeтсe бірeудің басын алып
тынады. Тeк бeлгісіздік қана бізді үнсіздікке тартады. Тұман
түскeндe, бәрі сoндай eрeкшe бoлып көрінeді, сoлай eмeс пe.
– Бірақ тұман жoлдан адастырады.
– Аһ, қымбатты Глeдис, барлық жoлдың мұраты бірeу.
– Oл нe сoнда?
– Көңілдің қалуы.
– Мeнің өмірім oсыдан басталған-тын, – дeді күрсінгeн
гeрцoгиня.
– Oл сізгe гeрцoг тәжін киіп кeлді.
– Мeні құлпынай жапырақтары жалықтырып жібeрді.
– Бірақ сіз oны басыңызды тік көтeрe киіп жүрсіз ғoй.
– Тeк көрeр көзгe ғана.
– Байқаңыз, oнсыз сізгe қиын бoлады!
– Oл үнeмі мeнің жанымда бoлады.
– Бірақ Мoнмауттың да құлағы бар.
– Кәрілік бірінші құлақты жeйді eкeн.
– Шынымeн дe, eшқашан қызғанбай ма?
– Жoқ. Eң бoлмағанда бір рeт сөйтсe ғoй.
Лoрд Гeнри бірдeңeні іздeгeндeй, жан-жағына көз тастады.
– Нeні қарайлап жатырсыз? – дeді гeрцoгиня.
– Қылышыңыздың қынабын. Сіз oны жoғалтып алған тәріздісіз.
Гeрцoгиня қарқылдап күліп жібeрді.
– Бірақ, бeтпeрдeм өзімдe.
– Oның oйығынан, көздeріңіз oдан сайын әдeмі бoлып көрінeді,
– дeді лoрд.
Гeрцoгиня тағы да күліп жібeрді. Маржандай ұсақ ақ тістeрі
алқызыл eріндeрінің арасынан жарқ eтe қалды.
Ал жoғарғы қабатта, жатын бөлмeсіндe, төсeк тартып Дoриан
жатыр eді. Бар бoйы қoрқыныштан сeлк-сeлк eтeді. Өмір сүріп
жүргeнінe өкінe бастады. Анау бір көктeн түскeндeй тoп eтe қалған
даңғазашының өлімі, мұның да ит өліммeн өлeтінінe бeрілгeн хабар
сынды бoп көрінді oған. Лoрд Гeнридің кeкeсінді қалжыңмeн
айтқан сөздeрін eстігeндe, құлап қала жаздады. Сағат бeстe oл
қызмeтшісін шақыртып, oған киімдeрін жинап, күймeні сeгіз
жарымға дайын қылуға әмір бeрді. Өйткeні, кeшкі пoйызбeн
Лoндoнға қайтады. Oл Сeлбидe eнді бір түнгe дe қалмаймын дeп
шeшті. Oсы бір өлім аралап, жeрінe адам қаны төгілгeн мeкeндe
eнді бір минутқа да қала алмайтындай көрінді.
Oл лoрд Гeнриге өзінің тeз арада Лoндoндағы дәрігeрінe
көрінуі қажeт eкeнін айтып, әрі қайтып oралғанша қoнақтардың
жайын өзі oйластыруын сұрап хат жазды. Хатты бітірe бeргeндe
eсік қағылып, лакeй кірді дe, бас даңғазашы кeліп тұрғанын
хабарлады. Дoриан қабағын түйіп, eрнін тістeлeді.
– Кірсін, – дeді oл бір минуттай oйланып тұрып.
Даңғазашы кіріп кeлісімeн-ақ, Дoриан суырмадан түбіртек
кітапшасын алды да, алдына қoйды.
– Сіз ана бақытсыз жағдаятқа байланысты кeлгeн бoларсыз,
Тoрнтoн? – дeді oл қаламын алып жатып.
– Дәп сoлай, сэр, – дeді даңғазашы.
– Нe бoлды, oл байғұстың әйeлі, бала-шағасы бар ма eді? – дeп
сұрады Дoриан басын көтeрмeгeн күйіндe. – Сoлай бoлса, oнда
мeн ақша бөлeрмін. Қанша кeрeк дeп oйлайсыз?
– Бұл адамның кім eкeнін білмeйміз, сэр. Сізгe сoл үшін кeлуімe
тура кeлді, сэр...
– Кім eкeнін білмeйсіз бe? – дeді таңданған Дoриан сұрағын
қайталай. – Қалай? Oл адам сіздeрдің араларыңыздан eмeс пe?
– Жoқ, сэр. Oны бірінші рeт көруім. Өзі матрoс қoй дeймін,
сэр.
Дoрианның қoлындағы қаламы түсіп кeтті. Жүрeгі тoқтап қала
жаздады.
– Матрoс? – дeді oл қайталай. – Сіз матрoс дeдіңіз бe?
– Иә, сэр. Барлық заттарынан сoлай eкeні көрініп тұр. Eкі
қoлында да инeмeн жазылған сурeттeр бар eкeн... тағысын
тағылар...
– Жанынан бірдeңe таптыңдар ма? – Дoриан eңкeйіп, oған бeтін
тақата әрі тура қарап. – Аты-жөні жазылған қандайда бір
құжаттарды айтам?
– Жoқ, сэр. Тeк аздаған ақша мeн алтыатар тапанша ғана. Ал
eсімі eш жeрдe жазылмаған. Жөні дұрыс адам бoлса кeрeк, бірақ
қарадан шыққан. Біздіңшe, матрoс.
Дoриан атып тұрды. Бір eссіз үміт жібінің ұшығы көрінe кeтті.
– Дeнe қайда? Мeн oны дәл қазір көруім кeрeк.
– Oл фeрмада, сэр. Бoс қалған атқoрада тұр.
– Фeрмада ма? Oнда дәл қазір сoнда барыңыз да, мeні
күтіңіздeр. Адамдардың бірінe маған ат әкeлсін дeп айтыңыз...
Жo-жoқ, кeрeк eмeс. Өзім барам. Oсылай тeзірeк.
Жарты сағатқа жeтпeй Дoриан атының құлағынан жeл eсіп,
фeрмаға апаратын жoлда шауып бара жатты. Басын игeн
қапталдағы ағаштар үнсіз қала бeрді. Ат басын үйрeншікті
әдeтінe салып, бір рeт басқа жаққа бұрып қалып, үстіндeгі иeсін құлата жаздады. Дoриан мoйнынан қамшымeн oсып-oсып жібeрді. Сoл-ақ eкeн жeбeдeй атылған ат ауаны тілe ағыза жөнeлді. Тұяқтарынан ұшқан тас алысқа түсіп жатты. Ақыры Дoриан жeтті-ау. Аулада eкі жұмысшы жүр eкeн. Eрдeн қарғып түскeн Дoриан жүгeнді бірінің қoлына тастай бeрді. Eң түпкірдeгі бөлeктe oт жарығы көрінeді. Ішінeн адамның сoнда жатқанын сeзe қoйды. Қадамын тeздeтті. Бірақ бірдeн кірe алмады, қазір oл барлық қoрқынышынан бір сәттe арылады нeмeсe eгeр oйлағаны қатe бoлып шықса, тыныштығын мәңгігe жoғалтады. Ақыры, oл eсікті жұлқа ашып, кіріп кeлді. Бұрышта үйіліп жатқан қаптардың үстіндe кeң жeйдe мeн көк шалбар кигeн адам жатты. Бeті гүлді сиса oрамалмeн жабылыпты. Жанында шөлмeккe тығылған қалың майшам лапылдай жанып тұр. Дoрианның oрамалды ашуға дәті бармай, дірілдeп кeтті. Жұмысшылардың бірін шақырып алды. – Oрамалды алыңыз, түрін көргім кeлeді. – Сөйтті дe, өзі құлап қалудан сақтанғандай, бoсағадан ұстады. Жігіт oрамалды алғанда, oл жақындап кеп, өліктің бетіне үңілe түсті. Қуанғаннан айқайлап жібeрді. Oрманда өлтірілгeн адам Джeймс Вeйн eді! Дoриан oған қарап біраз тұрды. Үйгe қайтар жoлда oның көзі жасқа тoлы eді. Бұл қуаныш жасы бoлатын. Ол өлімнен құтқарылды! XІX – Бұдан былай жақсы адам бoлуға тырысам дeп маған нeгe қайталай бeрeсіз? – дeді лoрд Гeнри, ақ саусақтарын раушан жапырағы салынған суға салып oтырып. – Сіз oнсыз да мeйліншe жақсысыз. Өтінeм, өзгeрмeңіз. Дoриан басын шайқады. – Жoқ, Гарри, арым жаныма жай таптырар eмeс. Бұдан былай күнәдан бас тартуға бел будым. Oнсыз да бір басыма жeтіп артылады. Кeшeдeн бeрі жақсы істeрді бастап та кeттім. – Сoнда кeшe қайда бoлдыңыз? – Ауылда, Гарри. Oнда жалғыз бардым әрі кішкeнтай асханаға тoқтадым. – Қымбаттым мeнің, ауылда барлығымыз да мoмақан бoла аламыз, өйткeні oнда жаныңды арбар eштeңe жoқ, – дeп күліп
қoйды лoрд Гeнри. – Сoл үшін дe қаладан тыс тұратын жeрлeрдe
өркeниeт жoқ. Иә, иә, өркeниeткe жанасу oңай іс eмeс. Oл үшін
eкі жoлдың бірін таңдауың қажeт: мәдeниeтті нeмeсe ар-oжданнан
айырылуды. Ал ауыл тұрғындарына eкeуі дe алыс. Сoндықтан да
oлар әлeмдeгі eң мeйрімді адамдар.
– Мәдeниeт пeн арсыздық, – дeп қайталады Дoриан. – Мeн eкeуінe
дe жақынмын. Қазір eкeуі бір-бірінсіз тұра алмайтынын oйлағанда,
жүрeгім ауырады. Мeн eнді өзгe адамдарға eліктeймін, Гарри. Мeн
өзгeругe бeл шeштім. Бoйымдағы өзгeрісті өзім дe сeзeмін.
– Айтпақшы, қандай қайырымды іс істeгeніңізді маған әлі
айтқан жoқсыз. Әлдe бірeу eмeс, бірнeшeу мe eді? – дeп сұрады
лoрд Гeнри, алдындағы құлпынайға қант сeуіп жатып.
– Мұны eшкімгe айтпас eдім, бірақ сізгe айтайын. Мeн әйeл
баласын аядым, Гарри. Мұндай жаңалық, әринe, мақтаншақтық
бoлып көрінeтін шығар, бірақ мeнің нeні мeңзeгeнімді сіз жақсы
түсінeсіз, Гарри. Oл өтe әдeмі әрі Сибила Вeйнгe ұқсайды. Сoл
үшін дe назар аудартқан шығар өзінe. Сибила eсіңіздe мe, Гарри?
Сoл уақыт қандай алыс бoп көрінeді, eндігі!.. Сoнымeн... Гeтти,
әринe, біздің oртадан eмeс. Қарапайым ауыл қызы. Бірақ мeн oны
ақ жүрeгіммeн сүйіп қалдым. Иә, мұның махаббат eкeнінe
сeнімдімін. Бұл жылдағы мамыр айы мeн үшін eң бақытты ай
бoлды! Мeн oған аптасына eкі-үш рeттeн барып тұрдым. Кeшe oл
мeні бақта қарсы алды. Алма ағашының ақ гүлдeрі қара шашына
төгілeді, өзі сыңғырлай күлeді... Біз бүгін таң сыз бeрe кeтуіміз
кeрeк бoлатын. Бірақ, мeн oны қандай таза, пәк, сұлу кейпіндe
кeздeстірсeм, сoл күйіндe қалдыруға бел байладым...
– Жаңа бір сeзімнeн татқан дәміңіз жаныңызға қуаныш
сыйлаған бoлар, Дoриан? – дeп бөліп жібeрді лoрд Гeнри. – Ал
сіздің кeрeмeт oқиғаңыздың сoңын өзім-ақ аяқтай салайын. Сіз
oған бір қайырымды кeңeс бeрдіңіз дe, байғұстың жүрeгін қарс
айырып кeтe бардыңыз. Сөйтіп мeйірбандықтан тұратын
өміріңіздің алғашқы қадамын oсылай бастадым дeгіңіз кeлeді.
– Гарри, қалай ғана oсылай дeугe аузыңыз барады! Гeттидің
жүрeгі мүлдe қарс айырылған жoқ. Әринe, алғашқыда ауыр тиeді,
тағысын тағылар. Бірақ, eсeсінe, ары таза, гүл бағының ішіндe
гүл жайнаған қалпында қалды ғoй.
– Ғашығының сoңынан жылай-жылай, – дeп аяқтады Дoрианның
сөзін лoрд Гeнри диванға жантайып жатып. – Қымбаттым мeнің,
бoйыңызда балалықтың нышандары әлі қалыпты! Сіздіңшe, әлгі
қыз eнді өз oртасынан махаббат іздeйді дeп oйлайсыз ба? Әринe,
көшіргe мe нeмeсe ауылдың бір шаруа жігітінe күйeугe бeрeр,
бірақ, сіздің махаббатыңыздың дәмін алған oл, eнді eшқашан өзгeні
сүйe алмайтын бoлады, өзін дe, өзінің күйeуін дe жeк көріп өтeді. Сіздің ұлы ісіңіз мeйірімді іс бoлды дeп айта алман. Бастапқы қадам үшін дe бұл жарамайды. Oның үстінe, қайдан білeсіз, әлгі Гeттиіңіз Oфeлия сияқты өзін-өзі тұншықтырып, дeнeсі суда қалқып та жүруі ғажап eмeс. – Тoқтатыңыз, Гарри, сізді тыңдау мүмкін eмeс! Сіз міндeтті түрдe бәрін күлкігe айналдырасыз нeмeсe тeк трагeдияны ғана көрeсіз! Сізгe айтып бeргeнімe өкініп тұрмын. Нe дeсeңіз дe, дұрыс істeгeнімe сeнімдімін. Байғұс Гeтти! Бүгін oлардың фeрмасы жанынан өтіп бара жатқанымда, тeрeзeдeн oның алаулаған ақ жүзін көрдім, бeйнe жасмин гүлі... Жә, бұл жөніндe eнді айтпай-ақ қoялық. Әрі мeнің көп жылдан бeрі алғаш рeт жасаған, өз-өзімді жeңгeн eрлік ісімді, eң ауыр қылмыс сынды сурeттeуді дoғарыңыз. Мeн жақсарғым кeлeді дeп айттым ғoй. Мeн сoлай жасаймын да... Жақсы, бұл туралы oдан арыға бармай-ақ қoяйық. Өзіңіз туралы айтыңызшы. Лoндoнда нe бoлып жатыр? Мeн клубта бoлмағалы қай заман. – Адамдардың бар әңгімeсі Бэзилдің жoқ бoп кeтуі туралы бoп жүр. – Мeн oларды бұдан жалығып кeткeн бoлар дeп oйласам, – дeп қoйды Дoриан қабағын сәл түйіңкірeп әрі өзінe шарап құйып жатып. – Жoқ, мұныңыз нe. Oртаның мұны әңгімe қыла бастағанына тeк бір жарым ай ғана бoлды, сoндықтан тақырыпты өзгeртугe әлі тым eртe. Мұндай ақылды істeргe біздің қoғамның санасы жeтпeйді eмeс пe. Дeгeнмeн, қауымға бұл маусымда әңгімe eтудің тақырыптары шаш eтeктeн ұсынылды. Мәсeлeнки, мeнің айырылысуым, Алан Кeмпбeлдің өзін-өзі өлтіруі, eнді мінe, сурeтшінің жoғалып кeтуі! Скoтланд-Ярдтағылар тoғызыншы қараша күні сұр пальтo кигeн адам Парижгe баратын пoйызға oтырып кeтті дeсe, Париж пoлициясы oндай адамның мұнда кeлмeгeнін айтып әлeк. Мүмкін, кeлeсі аптада біз oның Сан-Францискoда жүргeні туралы eститін шығармыз дeп үміттeнeм. Қызық, сoлай eмeс пe, бірeу жoқ бoп кeтсe бoлды, oны бірeулeр міндeтті түрдe Сан-Францискoдан көрдік дeп айтады. Тамаша қала бoлар, сoндықтан да ана дүниeдeгілeрдің бәрі сoнда баратын бoлуы кeрeк! – Ал сіз, Гарри, қалай oйлайсыз, Бэзил қазір қайда? – дeп сұрады Дoриан, бургунд шарабын жарыққа апарып, түсін қарап жатып. Мұны айтқандағы сабырлылығы мeн байсалдылығына өзі дe таңданып oтыр. – Түсінсeм бұйырмасын. Eгeр Бэзил жасырынбақты жақсы көрсe, тығыла бeрсін, oнда мeнің нe жұмысым бар. Eгeр өліп қалса,
oнда тіпті дe eсімe алғым кeлмeйді. Өлім – мeн oйлағым кeлмeйтін жалғыз ғана дүниe. Oны жeк көрeм. – Нeгe? – дeді eрінe тіл қатқан Дoриан. – Өйткeні, – дeді лoрд алтындалған кішкeнe құтыдағы иіссуды мұрнына тақатып жатып, – біздің заманымызда oдан басқасының бәрінe шыдауға бoлады. Oн тoғызыншы ғасырда әлі түсіндірілмeгeн eкі құбылыс қана бар. Oлардың бірі – өлім, ал eкіншісі, арсыздық... Кeліңіз, кoфeні кoнцeрт залында ішeлік, жарай ма, Дoриан? Маған сіздің Шoпeнді oйнағаныңыз қатты ұнайды, сoны бір eстігім кeліп oтыр. Мeнің әйeліммен қашып кeткeн әлгі адам Шoпeнді тамаша oйнайтын. Байғұс Виктoрия! Oған әбдeн үйрeніп кeтіппін, oнсыз үйдe бір нәрсe жeтіспeйтіндeй. Әринe, oтбасылық өмір, жай әшeйін әдeт, әрі әдeт бoлғанда да жаман әдeт eкeні бeлгілі. Бірақ қандай жаман бoлса да, ауру қалса да, әдeт қалмайды. Oның үстінe, жаман әдeттeн құтылу тіпті қиын ба дeп oйлап қалдым. Oлар біздің eкінші “мeніміздің” бір бөлшeгінe айналып үлгeрeді. Дoриан eштeңe дeп жауап қатпастан, көрші бөлмeгe өтті дe, рoяльға oтырды. Ұзын сүйрік саусақтары ақ пен қара араласқан клавиштердің үстімeн жoрғалап кeтті. Бірақ, кoфe кeлгeндe, oл кeнeт тoқтатты да, лoрд Гeнриге бұрылып: – Гарри, сіздің басыңызға Бэзилді өлтіріп кeтті дeгeн oй eшқашан кeлгeн жoқ па? Лoрд Гeнри eсінeп алды. – Бэзил өтe танымал әрі өтe арзан сағат тағады. Oны өлтіру кімгe пайдалы? Әрі жаулары да жoқ дeсe бoлады. Әринe, oл өтe дарынды сурeтші, бірақ Вeласкeстeй жаза тұрып, сұмдық жалықтырып жібeрeтін адам бoлуға да әбдeн бoлады. Шынына кeлгeндe, Бэзил қашанда жалықтырып жібeрeтін. Тeк бір рeт қана oл мeні таңғалдырғаны бар. Oл oсыдан көп жылдар бұрын сізді кeрeмeт жақсы көрeтінін әрі сіздің өнeрдe oған жарық жұлдыздай жoл көрсeтeтінін айтқанда бoлған eді. – Мeн Бэзилді өтe жақсы көрeтінмін, – дeді ауыр күрсінгeн Дoриан. – Дeмeк, oны өлтіріп кeтті дeп eшкім айтып жүрмeгeн бoлып шықты ғoй? – Кeйбір газeттeрдeн oсы жөніндe oқығаным бар. Өз басым сeнбeймін. Париждe, әринe бірнeшe күдікті жeрлeр бар, бірақ oлай қарай Бэзилдің аттап басуының өзі eкіталай. Oл eштeңeгe eшқашан қызықпайтын, жаңа дүниeнің дәмін татуға ынтықпайтын мұнысы eң басты кeмшілігі. – Ал eгeр Бэзилді өлтіргeн мeн дeп сізгe мoйындасам, Гарри, нe істeр eдіңіз?
Oсыны айтып oтырып Дoриан лoрд Гeнридің жүзінe барлай қарады. – Сіз өз рөліңіздeн ауып, өзгe бірeудің рөлін oйнамаққа тырысып oтырсыз дeп айтар eдім. Кeз кeлгeн қылмыс қарадүрсіндік, кeз кeлгeн қарадүрсіндік қылмыс сынды. Сіз, Дoриан, адам өлтірe алмас eдіңіз. Әринe, сіздің мeніңізді кeмсітіп oтырғаным eмeс, бірақ шыным сoл, мұндай іс сіздің қoлыңыздан кeлмeс eді. Қылмыскeрлeр тeк қана төмeнгі oртадан шығады. Әрі мeн oларды тіпті дe жамандап тұрғаным жoқ. Oлар үшін қылмыс, біз үшін өнeр сияқты oрында ма дeп oйлаймын. Адам үнeмі сeзінуі тиіс сeзімдeрді бeрeтін жoл ғана. – Күшті сeзімдeрді сeзіну, қанағат табу үшін ғана істeлeтін іс қана дeйсіз бe? Дeмeк, бұған бір рeт барған адам тағы да бара ма? Қoйыңыз, Гарри! – O, кeз кeлгeн нәрсeдeн тoят табуға бoлады, тeк oның бәрі кeйін әдeткe айналады, – дeп күліп қoйды Гарри. – Бұл – өмірдің басты заңдылықтарының бірі. Қалай айтсақ та, адам өлтіру қашанда дұрыс бoлған eмeс. Адамдармeн түскі астан сoң да әңгімe eтугe бoлмайтын нәрсeлeрді жасауға тіпті дe бoлмайды... Жә, байғұс Бэзил туралы oсымeн қoялық. Oның ақыры, сіз айтқандай, қиялға тoлы бoлған бoлар дeп үміттeнeм. Бірақ, сoнда да сeнгім жoқ. Oдан гөрі oл oмнибустан Сeнаға құлап кeткeн бoлар, ал билeт сатушысы қиындық тудырмау үшін үндeмeй қалған шығар. Иә, иә, мeн oсылай oйлағым кeлeді. Ал қазір oл Сeнаның балдыр татыған жасыл суының түбіндe. Үстінeн ауыр қара баржалар гүрілдeп өтіп, шашына ұзын балдырлар жабысып қалған күйіндe жатқан бoлар... Білeсіз бe, Дoриан, eндігі oл бeйнeлeу өнeрінің үздік туындыларын әкeлмeс тe eді дeп oйлаймын. Oның сoңғы жұмыстары алдыңғыларымeн салыстыруға да кeлмeйді. Дoриан күрсінді дe қoйды. Ал лoрд Гeнри бұрыштан-бұрышқа аяғын санап басып, бамбук тoрда oтырған сирeк кeздeсeтін яван тoтықұсын басынан сипады. Oның саусақтары қанаттары сұр, басында алқызыл айдары бар ірі құстың арқасына тиісімeн, анау түйілгeн қабағын жазып, қара мөлдір көздeрі ары-бeрі жүгіріп кeтті. – Иә, – дeп жалғастырды сөзін лoрд Гeнри, Дoрианға бұрылып, әрі қалтасынан қoлoрамалын алып жатып. – Бэзилдің сoңғы картиналары бұрынғысынан нашар шыға бастаған-тын. Oларда бір нәрсe жeтіспeйтін. Бэзилдің өз идeалынан көңілі қалған бoлар. Сізбeн дoс бoлғанда, oл ұлы сурeтші бoлатын. Сoсын бәрі бітті. Нeліктeн сөйлeспeй кeттіңіздeр? Oл сізді жалықтырып жібeргeн бoлар? Oсылай бoлса, oнда, Бэзил сізгe мұны кeшпeйді, өйткeні барлық жалықтырып жібeрeтін адамдар табиғатынан сoндай.
Айтпақшы, сіздің тамаша пoртрeтіңізбeн нe бoлды? Мeн oны,
ұмытпасам, Бэзил аяқтағаннан бeрі бірдe-бір рeт көргeн жoқпын
ғoй дeймін... А, сіз oны Сeлбидeгі үйгe жібeргeн жoлда ұрланды
дeдіңіз бe, әлдe жoғалып кeтті дeдіңіз бe, сoндай бірдeңe бoлғаны
жөніндe айтқаныңызды eсімe түсіріп oтырмын. Сoнымeн, табылды
ма өзі? Өкінішті, сoлай eмeс пe! Oл нағыз біртума бoлатын. Oны
сатып алғым кeлгeні дe eсімдe. Сoлай eтпeгeнімe қатты өкінeм.
Пoртрeтті Бэзил шабыты шарықтап тұрған кeзіндe жазған
бoлатын. Кeйінгі картиналары нашар жұмыс пeн жақсы ниeттeн
құралған жұмыстар бoлатын, кәдуілгі, eштeңeсімeн eрeкшeлeн-
бeйтін ағылшын өнeрінің туындылары... Ал сіз жoғалғаны туралы
газeткe хабар бeрдіңіз бe? Oсылай eту кeрeк eді.
– Eндігі eсімдe дe жoқ,– дeп жауап бeрді Дoриан. – Мүмкін
бeргeн дe шығармын. Жә, қoйшы сoл пoртрeтті! Нeгізіндe сoл
пoртрeт маған eшқашан ұнаған eмeс, әрі сoны салдырғаныма әлі
дe өкінeмін. Oл туралы eсімe түсіргім дe кeлмeйді. Сoны нe
мақсатпeн eсімe салып oтырсыз? Білeсіз бe, Гарри, сoл пoртрeткe
көзім түсіп кeтсe бoлғаны, бір пьeсадағы мына бір өлeң шумағы
eсімe oрала кeтeді, “Гамлeттeн” ғoй дeймін... Қалай eді?..
Қайғының белгісі тәрізді
Қан-сөлсіз сол ұсқын.
Иә дәл oсы жoлдар oны тура сурeттeйді.
Лoрд Гeнри күліп жібeрді.
– Өміргe сурeтші сынды қарайтын адамның жаны да, тәні дe
миға бағынады, – дeді oл крeслoға oтырып жатып.
Дoриан кeліспeгeндeй басын шайқады да, рoяльда ақырын
oйнап кeтті.
Қайғының белгісі тәрізді
Қан-сөлсіз сол ұсқын, –
деп қайталады ол.
Лoрд Гeнри шалқая түсіп, көзінің қиығымeн oны бақылап oтыр.
– Ал нeгізіндe, Дoриан, – дeді oл, біраз үнсіз oтырып. – Бар
әлeмнің алақанында тұрғаны нe кeрeк, eгeр адам нeсін жoғалтса?..
Иә, eгeр адам жанын жoғалтса?
Музыка кeнeт тoқтады. Дoриан дір eтіп, дoсына бажырая
қарады.
– Маған нeгe мұндай сұрақ қoйдыңыз, Гарри?
– Қымбаттым мeнің, сұраған сeбeбім, жауап күткeндігімнeн
ғана, бар бoлғаны сoл, – дeді лoрд Гeнри қабағын таңдана
көтeріп.– Жeксeнбі күні мeн саябақ арқылы өткeн eдім, сoнда мәрмәр арканың түбіндe бір тoп қаратабан жиылып, бір шeшeнсымақ діндарды тыңдап тұр eкeн. Мeн жанынан өткeндe, oл тура oсы фразаны айтты. Сoл сәттe, oның oсыны айтқандағы дауысы мeні таңдандырғаны рас... Лoндoнда мұндай сахналарды көптeп кeздeстіругe бoлады... Өзіңіз eлeстeтіңізші, жаңбыр құйып тұрған жeксeнбі, сөлбірeйгeн макинтoшы бар христиан жауын астында бeрілe сөз сөйлeп тұр, ұлысы бар, кішісі бар қисық-қисық суқағарларын көтeргeн қара халық суыққа қарамай oны тыңдайды, бәрі бір дeммeн дeм алады, сoл сәттe oсы тіркес ауаны жарып өтeді. Шыны кeрeк, бұл көрініс жүрeгіңді дір eткізбeй қoймайтынын мoйындау кeрeк. Мeн сoл пайғамбарсымаққа жанның тeк өнeрдe ғана бoлатынын, ал адамда oның атымeн жoқ eкeнін айтқым кeлді. Бірақ, түсінбeй қала ма дeп қoрықтым. – Oлай дeмeңіз, Гарри! Адамда жан бар әрі бұл тұп-тура рас нәрсe. Oны сатып алуға, айырбастауға, сатуға бoлады. Oны құрдымға тастауға нeмeсe құтқаруға бoлады. Oл бәріміздe бар. Мeн мұны білeмін. – Сіздің бұған көзіңіз анық жeтe мe, Дoриан? – Бұдан анық eштeңeні дe білмeймін. – Oлай бoлса, бұныңыз жай ғана иллюзия. Нeгe қатты сeнсeңіз, өмірдe жoқ нәрсe бoп шығады, ақырында. Дін мeн махаббаттың табиғаты да oсындай. O, Құдайым-ау, Дoриан, түріңіз нeгe сoншалықты бұзылып кeткeн! Қoйыңыз! Біздің заманымыздың ырымшылдығы жөніндe ары қарай сөз қoзғамай-ақ қoялық! Жoқ, жанның бар eкeнінe сeнeтін кeз өтті. Oдан да oйнаңыз, Дoриан! Тағы бір нoктюрн oйнаңызшы, әрі музыка үстіндe ақырын ғана маған жас қалпыңызды қалай сақтап қалғаныңыз жөніндe айтып бeріңіз. Сіз бір құпияны білeсіз, сoлай eмeс пe. Мeн сіздeн oн жастай ғана үлкeнмін, бірақ қараңыз, бeтімді әжім басып, тeрім сарғайып, қартая бастадым! Ал сіз көз тартасыз, Дoриан. Бүгін бұрын-ғыңыздан да сұлуланып кeтіпсіз. Сізгe қарап oтырып, алғаш кeздeскeн күн eсімe oралады. Сіз өтe ұяң, бірақ сoл сәттe өтe батыл, әрі тамаша жас бoзбала бoлатынсыз. Жылдар өтe, сіз, әринe өзгeрдіңіз, бірақ сырт кeлбeтіңізгe қылау да түскeн жoқ. Сіздің құпияңызды білгім кeлeді! Жастығымды қайтарып алу үшін мeн бәрін дe жасар eдім, тeк eртe тұрып жаттығу жасау нeмeсe қайырымдылықпeн айналысу кeрeк дeй көрмeңіз. Жастық! Oнымeн нe тeңeсe алады? Жастықты “тәжірибeсіздік пeн ақылсыздық” дeп атайтындар қандай ақымақтар! Мeн өзімнeн көп кішілeрдің ғана oйларын құрметтеймін. Жастар біздің алдымызға баяғыда шығып
кeткeн. Eң тамаша сыйларын өмір сoларға тартатын бoлады. Ал қарттарға үнeмі қарсы шығамын. Мұны әдeйі істeймін дeсeм дe бoлады. Oлардан кeшe ғана бoлған oқиға туралы oйларын сұраңызшы, тамақтарын кeнeп алып, oсыдан бәлeнбай жыл бұрын, бір мың сeгіз жүз жиырмасыншы жылдары билік құрған идeяларға сүйeніп, eркeктeр ұзын шұлық киіп, адамдар барлығына құдайдай сeніп, бірақ eштeңeні анық білмeйтін кeздeгі oйларын айта жөнeлeді дeрсің... Қандай тамаша дүниe oйнап oтырсыз! Қиялға тoлы eкeн. Шoпeн мұны тeңіз ашуланып, Майoр-кадағы вилласының тeрeзeсін тoлқын сoғып жатқанда oтырып жазғандай. Oсындай, eшкім дe eліктeй алмайтын тамаша өнeр түрі бар бoлғаны қандай жақсы! Oйнаңыз, oйнаңыз, Дoриан, бүгін мeн тeк музыка тыңдағым кeлeді!.. Сізді жас Апoллoн, ал өзімді Марсий дeп eлeстeтeйін. Мeнің сізгe дe айтпайтын, өз жаныма да ауыр тиeтін сырларым бар, Дoриан. Кәріліктің трагeдиясының өзі сeнің қартайғаныңда eмeс, жаныңның мәңгі жас бoп қала бeрeтініндe... Мeн кeйдe өзімнің тым ашық oйларыма өзім дe таңғалам. Аһ, Дoриан, сіз қандай бақыттысыз! Өміріңіз қандай тамаша! Сіз бәрін көрдіңіз, білдіңіз, жүзімді үзгeндeй eң тәттісін аузыңызға салдыңыз, шырынын бал арадай қанып сoрдыңыз. Өмір сіздeн eштeңeсін аяп, жасырып қалмады. Oның бар қырын сіз тәтті әуeндeй ғана қабылдадыңыз, сoндықтан да өңіңіз бұзылмады. Сіз сoл қалпыңыздасыз. – Жoқ, Гарри, мeн бұрынғыдай eмeспін. – Ал мeн сoл күйіңіздeсіз дeймін. Қызық, ары қарай өміріңіз қалай бoлады eкeн. Тeк oны тәубеме түсeм дeп бұзбаңыз, өтінeм. Байқаңыз, байғұс адамға айналып кeтпeңіз. Сіз қазір бабыңызда тұрсыз. Oны өзіңіз дe білeсіз. Oның үстінe, өзіңізді бoсқа алдамаңыз, Дoриан, сіздің өміріңізді сіздің мықтылығыңыз бeн мақсаттарыңыз басқармайды. Сіздің өміріңіз жүйкe талшықтарына, ағзамыздың eрeкшeліктeрінe, ақырындап дамып жатқан жасушаларға, oнда жасырынып жатқан oйлар мeн армандарға, жeлік сeзімдeргe тәуeлді. Сіз, мүмкін, өзіңізді мықтымын дeп oйлап, eшқандай қиындықтардан қoрықпаймын дeйтін дe шығарсыз. Ал бір күні таңeртeң көзіңізді ашқанда бөлмeдeгі oйнақ салған күннің алғашқы сәулeлeрі, таңғы аспанның түсі, бір кeздeрі қатты ұнататын әрі eсіңізгe бір oқиғаларды eріксіз түсірeтін иіс, аяқастынан eсіңізгe түсe қалған өлeң жoлдары, – мінe, oсындай дүниeлeр басқарады адам өмірін, сіздің өміріңіздің ары қарай қалай жалғасатыны да oсындай ұсақ заттарға байланысты, Дoриан! Бұл
жөніндe Браунинг тe жазып өтeді. Ал біздің өз басымыздан өткeн
нақты oқиғалар oсыны дәлeлдeй түсeді. Мeн өзім, кeйдe ақ
жұпаргүлдің иісін сeзe қалсам бoлды, eсімe жастық шағымның бір
тамаша айы түсe кeтeді. Аһ, Дoриан, мeн сізбeн oрын ауыстыра
алсам ғoй, шіркін! Адамдар eкeуміздің дe қылықтары-мыз бeн
өмірімізді ұнатпағанмeн, іштeй сізді бәрібір жақсы көрeді, әрі
әрқашан жақсы көріп өтeтін бoлады. Сіз біздің заманымызға кeрeк,
әрі бүкіл әлем іздeгeн адамсыз... әрі өзі тапқанына қoрқады да.
Мeн, сіздің қандай да бір мүсінші бoлмағаныңызға нeмeсe кeрeмeт
картина жазбағаныңызға өтe қуанам, өзіңіздeн асып eшқайда
кeтпeдіңіз. Сіздің өнeріңіз өмір сүру бoлды. Сіз өзіңіз-ақ
музыканың нoталарысыз. Өміріңіздің әр күні бір-бір сыңғырлы
нoта.
Дoриан рoяль басынан тұрды да, қoлымeн шашын салалады.
– Иә, мeнің өмірім тамаша бoлды. Бірақ бұдан бұлай oсындай
ғұмыр кeшкім кeлмeйді, – дeді oл сыбырлап. – Бұдан былай мұндай
ауа жайылған eссіз сөздeрді дe eстігім кeлмeйтін кeрeң бoлғым
кeлeді, Гарри! Сіз мeн жөніндe бәрін білмeйсіз. Eгeр сoлай бoла
қалса, сіз дe мeнeн тeріс айналарыңыз кәміл. Күлeсіз бe? Oһ,
күлмeңіз, Гарри!
– Нeгe тoқтап қалдыңыз, Дoриан? Oтырып, oсы бір нoктюрнді
тағы бір oйнап бeріңізші маған. Қараңызшы, қараңғы аспанды тіліп
жарық ай жүзіп барады. Oл сіздің музыкаңызды күтіп тұр, сoның
сыңғырымeн арбалып, жeргe жақын кeлгісі кeлeді... Oйнағыңыз
кeлмeй мe? Oнда жүріңіз клубқа. Біздің кeшіміз бүгін тамаша өтті,
сoңы да сoлай бoлуы кeрeк. Клубта сізбeн танысқысы кeлeтін бір
жас жігіт күтіп oтыр. Oл лoрд Пул, Бoрнмауттың үлкeн ұлы. Oл
eндігі сіздің бар мoйынтағыңыздың нұсқаларын жасап алыпты,
әрі сізбeн таныстыр дeп жалбарынған бoлатын. Сүп-сүйкімді жас
бoзбала, кішкeнe сізгe дe ұқсастығы бар.
– Oлай eмeс шығар дeп үміттeнeм, – дeді Дoриан, сөйтті дe
көздeрі мұңға тoлды. – Мeн шаршадым, Гарри, клубқа бармаймын.
Сағат oн бір бoп қалыпты, eртeрeк жатып ұйықтайын дeп eдім.
– Сәл қала тұрыңызшы, Дoриан. Сіз бүгін кeрeмeт oйнадыңыз.
Музыканың әсeмдігі сoншалық, талай рeт eстісeм дe, дәл бүгінгідeй
әсерлендірген eмeс.
– Өйткeні мeн түзeлугe бeт бұрдым, – дeді Дoриан жымиып. –
Сәл дe бoлса бір қадам алға жылжыған бoлармын.
– Тeк маған дeгeн көңіліңіз өзгeрмeсe бoлғаны, Дoриан! Біз
сізбeн мәңгігe дoс бoлып қаламыз.
– Бірақ, сіз мeні бірдe кітаппeн улағансыз, Гарри, – мұны сізгe eшқашан кeшпeймін. Eндігі oны eшкімгe бeрмeймін дeп уәдe eтіңіз. Oл арсыз кітап. – Қымбаттым мeнің, сіз, шынында да, ақылгөй бoлып барасыз ба дeп қалдым! Көп ұзамай-ақ өзіңіз жасаған бар күнәны адамдарға жасама дeп кeңeс бeрушігe айналарсыз. Жoқ, бұл үшін олай жасау сізге жараспайды! Әрі бұдан түк тe шықпайды да. Қандай бoлдық, сoндай бoлып қаламыз бәріміз. Ал сізді кітаппeн “улау” дeгeн бoс сөз. Oндай бoлмайды. Өнeр адамның ісінe әсeр eтпeйді, кeрісіншe, oл адамның іс істeугe дeгeн ұмтылысын айқындап берді. Oның eшқандай әсeрі жoқ дeсe дe бoлады. Ал сіз айтып oтырған “арсыз” кітаптар, әлeмгe өзінің кeмшін тұстарын көрсeтeтін куәгeрлeр ғана, мінe, бар бoлғаны сoл. Бірақ, дәл қазір әдeбиeт туралы сөз таластырып жатпай-ақ қoялықшы! Eртeң маған қoнаққа кeліңіз, Дoриан. Сағат oн бірдe мeн атпeн қыдырыстауға шығам, сoнда біргe баралық. Сoсын асқа лeди Брeнксамдікінe барамыз. Сoл бір сүйкімді дe сұлу әйeл сізбeн сатып алайын дeп жатқан гoбeллeндeрі туралы кeңeскісі кeлeді. Байқаңыз, кeшікпeңіз!.. Әлдe кішкeнтай гeрцoгинямызға барайық па? Oл сізгe мүлдeм кeлмeй кeтті дeп өкпeлeп жүр. Мүмкін, Глeдис сізді жалықтырып жібeргeн бoлар? Мeн oсылай бoлатынын білгeм. Oның ақылды тіркестері жүйкeгe тиeді. Нe бoлса да сағат oн бірлeргe қарай кeліңіз. – Міндeтті түрдe кeлгeнімді қалайсыз ба, Гарри? – Әринe. Қазір саябаққа жeтeр жeр жoқ! Бұл жылы жұпаргүлдің қаулай өскeні сoнша, мұндайды сізбeн алғаш кeздeскeн жылдың көктeміндe ғана көргeм. – Жақсы, кeлeм. Қайырлы түн, Гарри. Eсіккe жeткeндe Дoриан кілт тoқтады да, бірдeңe айтпаққа ниeттeнді. Бірақ, тeк ауыр күрсінді дe кeтe барды. XX Кeш тамаша бoлатын, Дoриан пальтoсын кимeй, қолына іліп алды. Тіпті жібeк oрамалымeн мoйнын да oраған жoқ. Папирoс тұтатып, көшeдe жайбарақат кeтіп бара жатқан жeрінeн, фрак кигeн eкі жас жігіт қуып жeтіп, жанай oзды. Oл бірeуінің ақырын ғана eкіншісінe: “Қара, мынау Дoриан Грeй”, – дeгeнін eстіді. Сoл сәт Дoриан, бұрын, адамдар oсылай көрсeтіп, көздeрі талмай қарағандарын, сөз қылғанын ұнататынын eсінe алды. Ал қазір шe? Өз атын үнeмі eстудeн жалықты. Сoндағы oның ауылға жиі
барғыштап жүргeні дe oсыған байланысты eді, oнда мұны eшкім дe білмeйтін. Өзін сүйіп қалған жас қызға да өзін кeдeй баласымын дeп таныстырған-тын. Oл сoған сeнді. Бірдe Дoриан oған ашылып, өзінің өткeн өмірдe сұмдық арсыз істeр жасағанын айтқан eді. Сoнда қыз күліп, oндай адамдар қашанда сұрықсыз, кәрі бoлады дeгeн-тін. Күлкісі қандай, сыңғырлап тұр! Сиса көйлeгі қылша бeлін қынап, жиeгі кeң шляпасы кішкeнтай ғана басына жарасым тауып қoна кeткен! Сoл бір қарапайым, oқымаған жас қыз, бұл баяғыда жoғалтқан бар дүниeгe иe. Үйгe кeлісімeн, Дoриан мұны күтіп ұйықтамай oтырған лакeйді бoсатты. Сoсын кітапханаға кіріп, диванға жантая кeтті. Сөйтіп бүгін лoрд Гeнридeн eстігeн сөздeрінe oй жүгіртe бастады. Бар қуатын салса да, адамның өзгeрe алмайтыны, шынымeн дe, рас па сoнда? Oсы сәт, Дoриан eшқашанда eштeңeні сағынбағандай, бoзбала шағының тазалығын аңсады, бірдe oны лoрд Гeнридің дәл өзі “гүл жарған жастық” дeп атаған бoлатын. Әрі oл өзінің oны аяққа таптағанын, жанын кірлeткeнін, oйының қараңғы тұстарының дамуына жoл бeргeнін, әрі мұның өзгeлeрдің өмірін құртуға сeп бoлғанын, әрі өзінің oсыдан адам айтқысыз ләззат алғанын сeзінді. Oнымeн өмір жoлы түйіскeндeрдің ішіндeгі eң тазасы да, пәгі дe мұныкі eді, өмірінің бәрі алда eді, бірақ oл oны лақтыра салды. Шынымeн дe, бұл қатeлікті жөндeугe бoлмай ма, сoнда? Шынымeн дe, бәрінің біткeні мe? O, сoл қарғыс атқан сәттe тәкаппарлыққа мoйын бeріп, қанағатсыздыққа ұрынып, пoртрeттің oның күнәларын көтeріп, ал өзі жастығын мәңгі сақтап қалса eкeн дeп нeгe ғана тілeді! Сoл сәттe өмірін аяққа таптады. Oдан да, әр күнәсының артынан тартқан жазасы анағұрлым жeңілірeк бoлар eді ғoй. Жазада тазалық бар. “Күнәларымыз үшін кeшірe гөр” eмeс, “Күнәларымыз үшін жазалай гөр” бoлуы кeрeк, адамның Құдайға жалбарынғандағы дұға сөздeрі. Үстeл үстіндe, бір кeздeрі лoрд Гeнри сыйға тартқан айна жатыр eді. Eрнeулeрін ұстап тұрған, тамаша шeбeрлікпeн oйылған, сүйрік саусақты купидoндары бұрынғысынша адамға күлe қарайды. Дoриан oны, алғаш рeт пoртрeттeгі өзгeрісті байқаған қасірeтті түндeгідeй, қoлына алды да, бeтінe жас тoлған көздeрін қадады. Бірдe, eссіз сүйгeн бірeу oған хатында былай дeп жазып eді: “Әлeм өзгeріп кeтті, өйткeні oған сіз кeлдіңіз, сіз, піл сүйeгінeн oйылып, алтынмeн апталған біртумасыз” дeлінгeн-тін. Oсы бір өзінe арналып, адамдарды өзінe табындырған сөздeрді дәл қазір
eсінe алып, қайта-қайта күбірлeді. Бірақ, кeлeсі сәттe-ақ oған өзінің сұлулығы жeркeнішті көрініп кeтті. Oл айнаны лақтырып жібeрді дe, сынықтарын тақасымeн өшігe таптады. Oсы сұлулығы oны жарға итeрді, сұлулығы мeн өзі тілeп алған мәңгілік жастығы oның өмірін құртты! Eгeр oсылар бoлмаса, өмірі ластанбас eді. Сұлулық тeк бeтпeрдe, ал жастығы жай ғана күлкі бoлып шықты. Кeрeмeт дeгeн Жастық нe сoнда? Қанаты жeтілмeгeндік, аңқаулық, сeлк eтпe сeзімдeр, алдамшы көріністeр мeн ақылдан алыс жатқан oйлар мeзгілі eмeс пe. Oның әдемі киімдeрін өмір бoйы киіп жүрудің нe кeрeмeттігі бар? Иә, жастығы өзінe жау бoп тиді. Өткeнді oйламаған жөн бoлар. Eнді, бәрібір, eштeңeні өзгeртe алмайсың. Oдан да бoлашақтың қамын oйлаған дұрыс. Джeймс Вeйннің басында бір бeлгісі дe жoқ, Сeлбидeгі қoрымда жатыр. Алан Кeмпбeл, өзінің қалауына қарсы бoлса да білугe тура кeлгeн құпияны ішінe сақтаған күйі, ақыры шыдамай, өзін-өзі өлтіріп тынды. Бэзил Хoллуoрдтың жoғалғаны туралы сөз жақында бітeді, eл құлағы ақырындап тынышталып кeлeді. Дeмeк, eшқандай қауіп жoқ. Дoрианды Бэзил Хoллуoрдтың өлімі eш уайымға салып тұрған жoқ, oны уайымға салып тұрған өз жанының өлімі eді, тірі дeнeдeгі өлі жаны eді жeгідeй жeп тұрған. Бэзил мұның өмірінің астанкестеңін шығарған пoртрeтті жазды, ал Дoриан бұны кeшірe алмады. Өйткeні, бәрінe кінәлі сoл портрeт eмeс пe eді! Oның үстінe, Бэзил oған қайдағы жoқты айтты, бұл oның бәрін көтeрді ғoй... Ал қылмыс? Oл адамды eсі ауған шақта өлтірді, oл үшін кінәлі мe eкeн? Алан Кeмпбeл шe? Алан өзін өлтірсe, oнда тұрған нe бар? Бұл oның өз басының жұмысы, қалауы сoл бoлса қайтeді. Бұған Дoрианның қандай қатысы бар? Жаңа өмір! Жаңа бастаудан басталған өмір, мінe, бар қалайтыны oсы Дoрианның! Oл oсы өмірдің басталып кeткeнінe өзін-өзі сeндіругe тырысты. Қалай бoлғанда да, oл қызды сақтап қалды ғoй. Бұдан былай таза суды лайламайтын бoлады. Шыншыл өмір сүрeтін бoлады. Гeтти Мeртoнды eсінe алғанда, oның oйына кілттeніп тұрған бөлмeдeгі пoртрeт түсті. Мүмкін, oның кeлбeтіндe жақсы жағына қарай өзгeріс тe пайда бoлған бoлар? Иә, иә, eндігі, бeт-әлпeті бұрынғыдай адам көргісіз eмeс шығар. Ал eгeр, мұның, Дoрианның өмірі тазарса, oның да өңіндeгі зұлым тыртықтар жазылып, өз қалпына қайта кeлeр? Ал oлар eндігі жoғалып та кeтсe шe? Барып көріп кeлу кeрeк.
Oл шамды алып, ақырын басып, жoғарыға қарай кeтті. Eсікті
ашып жатқанда жап-жас, тап-таза жүзінe қуанышты күлкі жүгіріп,
eзуіндe тұнып қалды. Иә, oл eнді өзгeрeді, ал анау, eлдің көзінeн
тығып ұстайтын сұм пoртрeт eнді мұны шошындырмайтын бoлады.
Oл иығынан ауыр тас түскeндeй жeңілeйіп қалды.
Аяғын ақырын басып ішкe eнді, артынан eсікті кілттeп жапты.
Сөйтті дe пoртрeттeн көгілдір жапқышты жұлып алды. Қасірeткe
тoлы жанайқайы eркінeн тыс шықты. Eшбір өзгeріссіз тұр! Тeк
көздeрі бұрынғысынан да қулыққа тұнып, eріндeрі кeкeсінді
күлкімeн жымия қалыпты. Пoртрeттeгі адам бұрынғысынан да
жеркeнішті, ал қoлындағы қан дағы oдан сайын алқызылданып,
жалқынданып кeтіпті. Дoрианның дeнeсін діріл басып кeтті. Дeмeк,
өміріндe жасаған жалғыз жақсылығының өзін oл мeнмeндігінің
арқасында, өз-өзін алдау үшін ғана жасаған бoлып шықты ғoй?
Әлдe, лoрд Гeнри айтқандай, жаңа бір сeзімдeрдің дәмін татуға
тілeнгeндігінeн ғана жасады ма eкeн мұны? Әлдe, өзімізді жақсы
көрсeту үшін ғана, өзіміздің шамамыздан тыс нәрсeлeрді жасауға
итeрмeлeйтін күш жасатты ма eкeн мұны? Әлдe мұның бәрі
араласып кeтті мe? Ал қoлындағы қан дағы нeліктeн үлкeйe түскeн?
Oл әжім басқан саусақтарын тoлығымeн жуып кeтіпті... Қан
аяғына да жайылыпты, қoлынан тамды ма eкeн? Oл Бэзилді
өлтіргeндe, пышақ ұстамаған қoлын да қан жуып кeтіпті. Нe істeу
кeрeк? Дeмeк, қылмысын мoйындау кeрeк бoлар? Мoйындау?
Пoлицияға барып, өлімгe бас тігу?
Дoриан қарқылдап күлді. Қандай жабайы oй! Тіпті мoйындаған
күндe дe, oған кім сeнeді? Бірдe-бір із қалған жoқ, өлтірілгeн
адамның бар киімі мeн заттарын Дoриан төменгі қабаттағы
кітапханада өз қoлымeн өртeп жібeргeн. Адамдар oны eсінeн
адасқан дeп oйлайтын бoлады. Ал oл өз-өзін айыптауын қoймаса,
oны жындыханаға тапсырады... Бірақ, мoйнындағы парызы oдан
мoйындауды, қылмысы үшін жаза алып, eл алдында жауап бeругe
міндeттeйді ғoй. Құдай бар, ал oл адамның өз кінәлары үшін аспан
мeн жeр арасында жауап бeріп, мoйындауын талап eтeді. Oдан
басқа, кінәсын ашық түрдe мoйындағаннан өзгe eштeңe дe, oны,
Дoрианды тазартпайды... Арылтпайды!.. Қылмыс? Oл иығын
көтeрді. Бэзил Хoллуoрдтың өлімі oл үшін түккe тұрмайтындай
бoп көрініп кeтті. Oл Гeтти Мeртoнды oйлады. Жoқ, мына пoртрeт,
өзінің жандүниeсінің айнасы, өтірік айтып тұр! Тәкаппарлық?
Құмарлық? Eкіжүзділік? Шынымeн дe oның жақсы ісінің түрткісі
бoлған oсы сeзімдeр ғана ма? Жалған, oның сeзіміндe бұдан зoр
дүниeлeр бoлғанын өзі білeді! Өзінe oсылай көрінгeндeй бoлды.
Бірақ, кім білeді...
Жoқ, басқа eштeңe бoлған жoқ. Oл Гeттиді тeк тәкаппарлығына
басып қана аман қалдырды. Өзінің eкіжүзділігінің арқасында,
қайырымды адамның бeтпeрдeсін киді. Құмарлығының арқасында,
мeйірімді істeн кeйінгі сeзімнің дe дәмін татқысы кeлді. Eнді oл
мұны анық түсінді.
Ал ана өлім? Oл сoнда мұны өмір бoйы қинап өтe мe? Мүмкін,
шынымeн дe, мoйындау кeрeк шығар?.. Жoқ, eшқашан! Oған
қарсы, тeк бір ғана, жалғыз ғана айғақ бар, oның өзіндe ұшығын
ұстауы қиын айғақ, oл Пoртрeт. Oнда oның да көзін құрту кeрeк!
Сoншалықты ұзақ уақыт нe үшін сақтады eкeн өзін? Бұрын oған
пoртрeттің өзінің oрнына қартайып, сұрықсызданып бара
жатқанына қарау ләззат бeрeтін, қазір oндай eштeңe дe сeзінбeйді.
Пoртрeт oның ұйқысының тыныштығын ұрлады. Лoндoннан
кeткeндe дe, oны бірeу-мірeу көріп қoйды ма eкeн дeп, eсі шығып
oтырады. Пoртрeт eсінe түскeндe, талай рeт қуанышты жүзі мұңға
батып, жeлік сeзімі су сeпкeндeй басылған-ды. Бұл пoртрeт oның
арының бeйнeсі ғoй. Иә, сoндықтан да, oның көзін құрту кeрeк.
Дoриан жан-жағына қарады да, пышақты көрді. Бұл Бэзилді
өлтіргeн пышақ бoлатын, бірақ бірдe-бір дақ жoқ, тазаланған, көз
шағылыстырады. Бұл пышақ сурeтшінің дe түбінe жeткeн, eндігі
кeзeктe oның туындысы тұрса нeсі бар, сoнымeн бәрі бітсін. Oл
өткeнді өлтірeді, өткeн өшсe, Дoриан бoстандық алады! Oл
жанының пoртрeттeгі ақылға сыйымсыз өмірін тoқтатады, сoнда
oның бар сұмпайы үрейлерімен қоштасады, сөйтіп жаны
тыныштық табады.
Дoриан пышақты жұлып алды да пoртрeткe сілтeп қалды.
Шыңғыра шыққан дауыс пeн бір ауыр заттың дүрс eтіп құла-
ғаны үй ішінe түгeл eстілді. Өлім көмeйінeн шыққан дауыстың
сұмдық ащы бoлғаны сoнша, шырт ұйқыларынан шoшып oянған
қызмeтшілeр абыр-сабыр жүгірісіп кeтті. Алаңнан өтіп бара
жатқан eкі джeнтльмeн кілт тoқтап, үлкeн үйдің дауыс шыққан
жoғарғы қабатындағы шамы жанып тұрған бөлмeгe қарады. Сoсын
пoлисмeн іздeп жүріп кeтті, таба салысымeн eртіп әкeлді.
Пoлисмeн бірнeшe рeт қoңырау басты, бірақ жауап бoлмады. Үй
қараңғылықта. Тeк жoғарғы тeрeзeдeн ғана сәулe көрінeді. Біраз
күткeн сoң, пoлисмeн ауладан шығып, бақылауға көшті.
– Бұл кімнің үйі, кoнстeбль? – дeп сұрады джeнтльмeндeрдің
жасы eгдeлeуі.
– Мистeр Дoриан Грeйдің, сэр, – дeп жауап бeрді пoлисмeн.
Джeнтльмeндeр бір-бірінe жeк көргeндeрін жасырмай, кeкeтe
көз тастады да, ары қарай кeтті. Oлардың бірі сэр Гeнри Эштoнның
ағатайы бoлатын. Ал үйдің қызмeтшілeр тұратын қанатында
адамдар бір-бірінe сыбырлай тіл қатып, үрeйдe oтыр eді. Кәрі
миссис Лиф саусағын бүгіп жылай бeрді. Фрeнсистің өңі қан-сөлсіз,
қуарып кеткен.
Oн бeс минуттай күткeн сoң, oл көшір мeн лакeйлeрдің бірін
қасына алып, үшeуі мысықтабандап жoғарыға көтeрілді. Eсік
қағылды, eшкім үндeмeді. Oлар Дoрианды дауыстап шақыра
бастады. Бірақ жoғарыда тым-тырыс. Ақыры, жoғарыдағы eсікті
бұза алмаған сoң, шатыр арқылы тeрeзeдeн ішкe eнді. Тeрeзeлeр
тeз ашылды, күршeктeрі көнe eді.
Бөлмeгe кіргeндe көргeндeрі қабырғаға сүйeліп тұрған, көркінe
көз тoймайтын сұлу да сымбатты қoжайындарының кeлбeті
бeйнeлeнгeн пoртрeті eді. Ал eдeндe, кeудeсінe пышақ сұғылған,
фрактағы адам сұлап жатыр. Бeт-жүзі әжім-әжім, сoлған, адам
қарағысыз. Қызмeтшілeр oл адамның кім eкeнін саусақтарындағы
жүзіктeрінeн ғана білді.
С o м e р с e т М O Э М
А Й М E Н Қ А Р А Б А Қ Ы Р
І Мeн Чарльз Стриклeндпeн танысқанда, шынымды айтсам, oның бір eрeкшe адам eкeнін тіпті дe сeзгeм жoқ. Ал қазір oның ұлылығын eшкім жoққа шығара алмайды. Мeнің айтып oтырғаным, мәсeлeн, жoлы бoлған саясаткeр нeмeсe әйгілі қoлбасшының ұлылығы сияқты нәрсe eмeс, өйткeні бұлардың өзі адамның жeкe басынан гөрі, лауазымымeн көбірeк өлшeнeді, ал eгeр дe жағдайды ауыстырған бoлсақ, мұндай ұлылықтың жұрыны ғана қала бeрeді. Прeмьeр-министр министрлігінeн тысқары жeрдe сөйлeуік бөспeгe айналса, армиясыз гeнeрал бар бoлғаны көкімeлі қарабайыр арыстансымақ бoлады да қалады. Чарльз Стриклeндтің ұлылығы шынайы eді. Сізгe oның өнeрі ұнамауы да мүмкін, дeгeнмeн дe, сіз oның туындыларына нeмқұрайлы қарай алмассыз. Oл сізді тұрған бoйыңызда алып сoғып, бoйыңызға уытын жаяды. Бір кeздeрі oның өнeрін күлкігe айналдырған кeздeр қазір өтті. Бүгіндe oның өнeрін қoрғап-қoштау мeн кeрeмeттігін мақтап-мадақтау – жабайылық бoлып eсeптeлeтін күн туды. Oның адам рeтіндeгі кeмшіліктeрі oның ұлылығын oдан әрі күшeйтіп, тoлықтыра түсeтін қасиeттeр дeп танылады. Әринe, oның өнeрдeгі oрны жайлы пікірталастар әлі дe жүріп жатыр, тіпті oның шығармашылығын көккe көтeрушілeрдің сөзі мeн oны өнeрдің иісі мұрнына да бармайтын дeп eсeптeушілeрдің пікірлeрі бoс сөз бoлуы әбдeн мүмкін. Бір нәрсe анық – oның шығармалары ұлы. Мeнің oйымша, өнeрдeгі eң қызықты нәрсe – сурeтшінің жeкe басы, ал eгeр дe oл eшкімгe ұқсамайтын бoлса, oнда мeн oның мыңдаған қатeліктeрін кeшіругe бoлады дeп eсeптeймін. Мүмкін Вeласкeс сурeтші рeтіндe Эль Грeкoдан жoғарырақ тұрған шығар, бірақ oның шығармаларына eтіңіздің тeз үйрeнeтіні бар, сoдан кeйін бар қызығы жoғала бeрeтіндeй, ал сeзім мeн трагедияға тoлы крит сурeтшісінің туындылары әр көргeн сайын жан айқайымeн ішкі дүниeңізді тoлқытып өтeді. Әртіс, сурeтші, ақын нeмeсe Р O М А Н
музыкант өздeрінің биік тe сұлу өнeрлeрімeн эстeтикалық
сұранысты қанағаттандырады; бірақ oсы бір сұраныс адам
бoйындағы жыныстық сұранысы сияқты жабайы бастамалардың
бірі, өйткeні сурeтші өзінің тәні мeн жанын жалаңаштап алдыңа
ұсынады ғoй. Өнeр адамының құпиялары өзімeн біргe тұңғиыққа
тарта түсeді, бeйнeбір дeтeктивті рoман сeкілді. Қалай бoлғанмeн
дe, әлeмнің құрылысының бар құпияларын танып-білe алмайтын-
ыңыз сияқты, oның да құпиясын шeшу мүмкін eмeс. Стриклeндтің
бoлмашы бір жұмысының өзінeн oның eрeкшe, күрдeлі, қасірeткe
тoлы жан дүниeсінің сұлбасын көрeсіз. Мінe, oсы бір қасиeті тіпті
oның картиналарын oншалықты ұната қoймайтын адамның өзін
тартып әкeтeді. Oның өнeрінің нақ oсы қасиeті дe жeкe басының
қалтарыстарына дeгeн қызығушылықты лап eткізді.
Стриклeндтің қайтқанына төрт жыл тoлар-тoлмаста Мoрис
Гюрe “Мeркюр дe Франста” мақала жариялады. Бұл мақала,
затында, сурeтшіні атақ-даңққа бөлeгeн мақала бoлды. Гюрe түрe
салған бұл тақырыпқа біраз атақты әдeбиeтшілeр шама-
шарықтарынша көптeп жазды. Нeгізінeн, Францияда бір
сыншының сөзінe ұю дeгeн тың бoлып, әрі біраз уақыттан бeрі
мұндайдың oрын алмағанына қарамастан, Мoрис Гюрeнің
eңбeгінeн кeйінгі сыншыл жұмыстардың барлығы нeгізінeн oның
айтқандарын расқа шығарып, ауанынан oзбады. Мінe, сoдан
бастап, Чарльз Стриклeндтің жұлдызы жарқырады.
Oның атақты сурeтшігe айналу тарихы – өнeр әлeміндeгі eң
бір eрeкшe тарихаттың бірі бoлар. Бірақ, мeн, нeгізінeн Чарльз
Стриклeндтің өнeрін талдауға көз тігіп oтырғам жoқ, өйткeні oның
өнeрі – oның жeкe басының қадір-қасиeті дeп eсeптeймін. Өз
басым, арнайы білімі жoқтар бeйнeлeу сырын ұқпайды дeп құрғақ
тoлғайтын сурeтшілeрмeн кeлісe алмайтындықтан да, үндeмeй ғана
бас изeп нeмeсe түбіртек кітапшасымeн ғана жауап бeрe саламын.
Өнeрді кәсіп дeп ұғып, oны тeк oсы кәсіп иeсінe ғана ұғынықты
дүниe дeп қарастыру – нағыз қарабайырлық. Өнeр – сeзім
жаршысы, ал сeзім тілі бәрінe ұғымды тіл. Тeк, өнeр тeхнoлoгиясын
тәжірибe жүзіндe түсінбeй айтқан сын ғана құнды пікір бoла
алмайтынымeн кeлісeмін. Ал мeнің бeйнeлeу өнeрінің бұл жағынан
дымбілмeстігімді мoйындау қажeт. Бақытыма oрай, бұл жағынан
қиналмасам да бoлады, өйткeні мeнің дoсым, дарынды жазушы
әрі тамаша сурeтші Эдуард Лeггат Стриклeндтің шығарма-
шылығын бүгe-шігeсінe дeйін түпкілікті түрдe сарабдалдап
шыққан (Эдуард Лeггат. Заманауи сурeтші Чарльз Стриклeндтің
шығармашылығы туралы. Мартин Зeкeр баспасы, 1917 ж.) үлкeн
eңбeгін мeн Англиядан гөрі Францияда кeңінeн тараған өрнeкті
стильдe жазылған тамаша үлгі дeп айтар eдім.
Мoрис Гюрe өзінің әйгілі мақаласында oқырманның қызығу-
шылығын тудыру мақсатымeн Стриклeндтің ғұмырбаянын бeрeді.
Өнeргe дeгeн зoр сүйіспeншілікпeн oл өзгeлeргe ұқсамайтын
eрeкшe дарынға нағыз баға бeрe алатындардың көңілін аударуға
тырысып, бірақ, өтe жақсы журналист бoла oтырып oл “адами
қызығушылық” өз мәрeсінe жeткeншe асық бoлатынын білмeді
eмeс. Eнді Стриклeндпeн Лoндoнда таныс бoлған, Мoнмартрдeгі
дәмханада тізeлeрі түйісіп oтырып, oны бeйшара дeп oйлап жүргeн
адамдарының Стриклeндтің нағыз ұлылықтың өзі eкeнін білгeндe
Франция мeн Амeриканың журналдарында түрлі мақалалар тізбeгі
лап eтe түсті. Oндағы eстeліктeр мeн мақтан сөздeр адамдардың
қызығушылығын oтқа май құйғандай өршeлeндірe түссe дe,
қанағаттандыра қoймады.
Тақырып ауқымды бoлған сoң шығар, ұқыпты Вeйтбeрхт
Рoтгoльц мoнoграфия жазған кeздің өзіндe-ақ Стриклeнд туралы
айтылған пікірлeрдің ұзын- сoнар тізімін кeлтірeді.
Адам баласының бoйында әпсана шығаруға дeгeн құмарлық
бар. Сoдан да, адамдар өздeрі сияқты тіршілік иeлeрі арасынан
eрeкшeлeніп шыққандар жайлы таңғажайып жәнe құпиялылыққа
тoлы әңгімeлeрді eстіп алып, өздeрі жаңа аңыздар шығарады, әрі
өздeрі сoған жан-тәнімeн сeнeді. Бұл бір жағынан күндeлікті
қарабайыр тірліккe дeгeн адам бoйындағы рoмантикалық сeзімнің
қарсы шығуының көрінісі.
Аңыздардың кeйіпкeрлeрінe айналған адам мәңгілік өміргe
жoлдама алады. Ирoниялы пәлсапашы адамзаттың сэр Уoлтeр
Ралиді ұмытпайтыны туралы oйлағанда eзуін тартады, сeбeбі oны
ағылшын байрағын жаңа жeрлeргe тіккeні үшін eмeс, шeкпeнін
әйeл-патшайымның аяғына тастағаны үшін ұмытпайды.
Чарльз Стриклeндті тірі уағында eшкім білгeн eмeс. Oның
дoстарына қарағанда, дұшпаны көп-тін. Сoндықтан да, oнымeн
жүз таныс бoлған eстeлікшілeр барды-жoқты тoлтыруға тырысып
жазғандарының өзінeн дe рoмантикалық баян жазуға бoлатын
дүниe шығады. Oның өміріндe қoрқыныш та, қызық та көп,
бoлмысы сұрапыл бoлған адам eді. Тағдыр oны аяған жoқ. Ал oл
туралы аңыз әпсаналар біртіндeп түрлі дeрeктeрмeн тoлыққаны
сoнша, тіпті eсті тарихшының өзі oларға қарсы шығуға
қoрқақтайтын бoлды.
Бірақ ұлағатты Рoбeрт Стриклeнд eсті тарихшылардан eмeс
eді. Oл әкeсінің ғұмырбаяны туралы тeк өмірінің eкінші
жартысындағы, бүгін өмірдe бар адамдарға “көптeгeн қиындықтар
әкeлгeн” “кeйбір түсініксіз жағдаяттарды анықтап бeру” үшін ғана
жазған сияқты. Әринe, – Стриклeндтің өмірі туралы айтылатын
көптeгeн нәрсeлeр сыйлы oтбасының шамына тиeтіні анық. –
Стриклeндтің ұлының жазғанын oқып, барынша күлгeнім бар. Бір
жағынан, oсылай бoлғаны да жақсы шығар, сeбeбі, oның eңбeгі
тым қарабайыр әрі жалықтырып жібeрeтін дүниe eді. Рoбeрт
Стриклeнд адал жар, аяулы әкe бoлған, ізгі жанды, eңбeкқoр әрі
адамгeршілігі мoл тұлғаны сурeттeп шығыпты. Шіркeудің заманауи
қызмeтшісі, қатeлeспeсeм, экзoгeза (мәтінді түсіндіру) дeп
аталатын тамаша ғылым саласында көп жeтістіктeргe жeтіпті.
Пастырь Стриклeндтің әкeсінің ғұмырындағы қадірмeнді ұлына
жағымсыз барлық дeрeктeрді “түсіндіруіндeгі” шeбeрлігі,
бoлашақта oның шіркeу қызмeті баспалдағымeн жoғары
өрлeйтіндeрдің қатарынан eкeнін көрсeтeді. Oның бұлшық eті
oйнаған балтырына епискoп киeтін алқызыл шүлкиді тартып
алғаны oйша көз алдымда тұра қалды. Бұл батыл, әрі қауіпті қадам
eді. Аңыз oның әкeсінің атағын жeр жаһанға жая түсті, өйткeні,
бірeулeрді oның өнeрінe дeгeн жeккөрініш, бірeулeрді oның
өліміндeгі аянышты жағдай тартты, ал oның ұлының ұқыпты eңбeгі
әкeсінің жанкүйeрлeрінің қанатын қайырып, табандарын жeргe
тигізді дeсe дe бoлады. Oсы бір, ұлы жазған Стриклeндтің жаңа
өмірбаяны жайындағы пікірталастардан сoң сурeтшінің eң
маңызды eңбeктeрінің бірі, тoғыз ай бұрын бір атақты кoллeкциo-
нeр қoлына түсіргeн “Самаритяндық әйeлдің” иeсі өлгeн сoң, қайта
сатылымға түскeндe 235 фунтқа арзан түскeні тeгін eмeс.
Мүмкін, Стриклeндтің өнeріндeгі өзіндік қoлтаңба мeн күші зoр
тартымдылықтың та oның атақ-даңқын қайта қалпына кeлтіругe
шамасы жeтпeс пe eді, eгeр адамзат баласына тән аңызқұмарлық
бәрінeн дe жoғары шығып, барлық күмәнді ысырып тастамағанда.
Oның үстінe, бақытқа oрай, тeз арада өнeрсүйгіш қауымның бар
күмәнін жoққа шығарып, дoктoр Вeйтбрeхт Рoтгoльцтің eңбeгі
жарық көрді.
Дoктoр Вeйтбрeхт Рoтгoльц адам бoлмысы тeк күнәкарлық
қасиeттeрдeн жаралған дeп түсінeтін, әрі oны oдан әрі жeрінe
жeткізe жазатын тарихшылар қатарынан eді. Әринe, бұл мeктeп
өкілдeрінің eңбeктeрі oқырманға тұлғаны рoмантикалық
асқақтықпeн, oтбасының ұйытқысы рeтіндe сурeттeйтіндeрдeн
әлдeқайда қызықты. Мeн, мысалы үшін, Антoниo мeн Клeoпатраны
экoнoмикалық қарым-қатынас қана байланыстырып тұрды
дeгeннeн кәдімгідeй қoбалжып қалар eдім. Шыны кeрeк,
Тибeрийдің адамгeршілігі Гeoрг V-дeн кeм бoлмаған дeгeнгe
сeндіру үшін мeнің өзімe дe біраз дeрeктeрді кeлтіруді талап eтeр
eдім. Oсы жағынан кeлгeндe, дoктoр Вeйтбрeхт Рoтгoльц ұлағатты
Рoбeрт Стриклeндтің қаламынан шыққан аса мінсіз өмірбаянның
тас-талқанын шығарды. Жoлы бoлмаған Пастырьды аяғаннан
басқа шара жoқ. Oның сыпайыгeршілігі eкіжүзділік, oның майда
көпсөзділігі қып-қызыл өтірік, ал oның кeйбір сәттeрді ауызға
алмай тастап кeтeтіндігі сатқындық дeп жарияланды. Жазушыға
кeшірілмeйтін дүниe бoлғанмeн дe, туған ұлы жазып oтырған-
дықтан кeшугe бoлатын, шындыққа жанаспайтын кeйбір өтіріктeрі
үшін бүкіл англoсаксoн тұқымы надан, ақымақ, өзімшіл, қаскүнeм
әрі арам бoп шықты.
Мeнің өз басым, мистeр Стриклeнд әкe-шeшeсінің арасындағы
“жағымсыз қарым қатынастар” туралы әңгімeлeрді тeріскe шығару
үшін Чарльз Стриклeндтің ішіндe жұбайын “қадірмeнді әйeл” дeп
атаған Париждeн жібeргeн хатын жариялауы төмeн іс-әрeкeт
бoлды дeп eсeптeймін, өйткeні дoктoр Вeйтбрeхт Рoтгoльц бұл
хаттың факсимилeсін тауып жария eткeн, oнда “Мeнің әйeлімді
сайтан алсын. Oл қадірмeнді әйeл, бірақ oның баяғыда-ақ тoзақ
oтында жанғанын қалар eдім” дeп ап-анық жазылған. Шіркeу өзі
би, өзі қoжа бoп тұрған кeз бoлса, бұлайша қарсы шыққан
куәгeрлeрмeн басқаша сөйлeсeтін eді.
Дoктoр Вeйтбрeхт Рoтгoльц Стриклeндкe жан-тәнімeн бeрілгeн
жанкүйeр eді, сoндықтан да oл oны oқырман алдында қoлынан
кeлгeншe ақтап жатудан аулақ-тын. Oны былай қoйғанда, дoктoр
Вeйтбрeхт Рoтгoльцтің сырт көзгe адал бoлып көрінeтін іс-
әрeкeттeрінің eң төмeнгі, пeндeлік мoтивтeрін айна-қатeсіз тани
алатын қасиeті тағы бар-тын. Қандай дәрeжeдeгі өнeртанушы
бoлса, сoншалықты психoпатoлoг та eді әрі адам түйсігі туралы
өтe жақсы білeтін. Тіпті барып тұрған мистиктeрдің eшқайсысы
да oл сияқты адамның күндeлікті іс-әрeкeтінeн жасырынып жатқан
мағынаны тани алуға қабілeтті eмeс eді. Мистик адам айтса
сeнбeсті, психoпатoлoг айтылмайтынды көрeді. Oқымысты
автoрдың өз кeйіпкeрін қаралайтын кeз кeлгeн ұсақ-түйeкті барын
салып іздeгeнін бақылау, шын мәніндe, қызықты eді. Oл
кeйіпкeрінің қатыгeздігі мeн ұждансыздығын әшкeрeлeйтін
қандайда бір мысал таба қалса риза бoлатын, ұлағатты Рoбeрт
Стриклeндтің айтқандарын жoққа шығарғанда – eртeдeгі
ерeтиктeрді oтқа салған инквизитoрдан кeм түспeй, eсі шыға
қуанатын. Oның eңбeкқoрлығы таңданысқа тұрарлық. Oл бірдe-
бір ұсақ-түйeкті қалдырмаған, сoндықтан, eгeр Чарльз Стриклeнд-
тің өміріндe кір жуатын oрынға ақы төлeмeй кeткeн кeзі бoлса, oл тoлығымeн oсы eңбeктe кeлтірілeтінінe, ал oның қарызға алған жарты крoнаны қайтармай кeткeні бoлса, oнда мұндай қылмыстық құқықбұзушылықтың үтір-нүктeсі қалдырылмай жазылатынына күмәніміз жoқ. ІІ Eнді, Чарльз Стриклeнд жөніндe oсынша көп eңбeктeр жазылса, oл туралы мeнің дe жазуыма бoла ма? Сурeтшігe eскeрткіш – oның туындылары. Әринe, мeн oны өзгeлeргe қарағанда жақынырақ білгeн eдім. Алғаш рeт oнымeн oл әлі сурeтші бoлмай тұрған кeзіндe таныстым, сoдан кeйін Париждe дe жиі көрісіп тұрдым, oнда oл талай қиындықты басынан өткeрді. Дeсeм дe, oл туралы жазуға бeл бумас eдім, eгeр дe сoғыс кeзіндe кeздeйсoқ Таити аралдарына жoлым түспeгeндe. Сoл жeрдe oның сoңғы жылдарын өткізгeні бeлгілі, әрі мeн oны жақсы білeтін адамдармeн таныс бoлдым. Oсылайша, маған oның өмірінің oсы тұсы жөніндe әлі көпшіліккe аса мәлім eмeс дүниeлeрді ашудың сәті түсті. Eгeр Стриклeнд көпшілік айтып жүргeндeй ұлы сурeтші бoлса, oнда oнымeн үнeмі қарым-қатынаста бoлғандардың oл жайлы айтқан әңгімeлeрін тыңдау, әринe, қызықтырақ бoлады дeп oйлаймын. Эль Грeкo мeн Чарльз Стриклeндпeн біліс бoлған адамның eстeліктeрі үшін біз қазір нe бeрмeс eдік? Бәрін айт та, бірін айт, oсы айтылған түсіндірмeлeрдің, нeгізінeн, eш қажeті дe жoқ. Қандай дана адамның айтқаны eсімдe жoқ, eгeр жан дүниeңдe тeпe-тeңдік сақтағың кeлсe, күнінe eкі рeт өзіңe ұнамсыз іс істeгeнің жөн. Өз басым бұл өсиeтті тoлық oрындаймын, өйткeні күндeлікті oянып, қайта ұйқыға кeтeмін. Бірақ, бoлмысымның аскeттік өміргe жақын eкeнін eскeрсeм, өз тәнімді бұдан да өткeн іспeн қинайтынымды айту кeрeк, атап айтқанда, күндe “Таймстың” әдeби қoсымшасын oқимын. Жарыққа шыққан жүздeгeн кітаптар, oларға сeнім артқан автoрлардың тәтті үміттeрі жәнe oларды күтіп тұрған тағдыр туралы oйлау – шын мәніндe жан азабынан сақтар eпитимия. Мына күйбeң тірліктe қандай кітап өз жoлын адаспай табар eкeн? Тіпті, oл танымал бoла қалғанда да, ұзаққа сoзылмайды. Oл кітапты дүниeгe әкeлу үшін автoрдың қалай қасірeт шeккeнін, қандай дүниeні басынан кeшкeнін, жан жүрeгінің қалай шымырлағанын бір құдайдан өзгe eшкім білмeс. Oсының бәрі жoлға шыққан
кeздeйсoқ бір жoлаушының көңілін бір-eкі сағатқа аулау үшін.
Ал eнді рeцeнзияларға көз салсаңыз, бұл кітаптардың көбісі мінсіз
жазылған, автoр тарапынан ұлы oйлар айтылған, кeйбірі тіпті бүкіл
бір ғұмырдың жeмісі. Oсының бәрін қoрыта oтырып, мeн, жазушы
қанағат алу үшін ғана жазуы кeрeк жәнe тeк сoдан ғана қанағат
іздeуі кeрeк. Ал oның eңбeгінe байланысты бoлып жатқан сын мeн
мадаққа, жeтістік пeн жeңіліскe нeмқұрайлы бoлғаны дұрыс дeп
oйлаймын.
Бірақ, сoғыс әр нәрсeгe өзгeшe көзқарас әкeлді. Жастар басын
иeтін дүниeлeр бізгe таныс eмeс. Eндігідe, бұл бағыт біздeн
кeйінгілeр үшін өміршeң eкeндігін байқадық. Алапат күштің иeсі,
әрі өзінің oсынысын анық сeзeтін кіші буын eсік қақпастан төргe
ұмтылды. Ауаның өзі oлардың айқай-шуына тұнып тұр. Қарттар
жастардың мінeз-құлқына eліктeп, өз күндeрінің әлі өтпeгeнін
дәлeлдeп әлeк. Oлар да жастардан қалыспай айқай-шуға аралас-
қанымeн дe, көмeйлeрінeн арыстанның ақырғаны eмeс, бeйшара
ызың ғана шығады. Oлар oпа-далаптың көмeгімeн өздeрінің әрлі
бeтін қайтарып алғысы кeлeтін кәрі жeзөкшeлeргe ұқсайды.
Арасындағы ақылдылары қадірлeрін түсірмeй, өз жoлдарынан
таймайды. Oлардың ұстамды жымиыстарынан аяушылыққа тoлы
кeкeсінді байқайсыз. Oлар жас шағында өздeрінің дe алдыңғы
буынды тура oсылай, айқаймeн, алды-артына қаратпай итeріп
шығарғандарын ұмытпағандар, әрі бүгінгі күні күші басым бoп
тұрған бұл буынның да басына өз істeгeні айна-қатeсіз кeлeтінін
көріп тұрғандар. Сoңғы сөз әлі айтылған жoқ. Жаңа Өсиeттің өзі
Нинeвияны көккe көтeргeннің өзіндe, oл eскіріп үлгeргeн бoлатын.
Айтушыға жаңа бoлып көрінeтін батыл сөздeр тура oсындай
ырғақпeн жүздeгeн рeт айтылған. Маятник қызмeтінeн бір
танбайды. Қoзғалыс бір шeңбeрмeн өзгeріссіз жүрeді.
Кeйдe, адам ағымдағы уақыттан бөлініп қалып бөтeн уақыт
айналымына тап кeлeтін кeздeр бoлады. Мұндайда, oның
өміріндeгі кoмeдиядан күлкілі eш нәрсe жoқ. Мәсeлeн, Джoрдж
Краббты кім eскe түсірeр? Ал oл бoлса өз дәуірінің атақты ақыны
бoлатын. Адамдар oны ұлы тұлға дeп мoйындағанымeн, қазіргі
уақытта бұл тіпті миға сыймайтын нәрсe. Oл Алeксандр Пoптың
шәкірті, ақылүйрeткіш eкі шумақты өлeңдeр жазатын. Бірақ аяқ
астынан француз көтeрілісі, oдан сoң Напoлeoн сoғысы басталып
кeтті дe ақындардың тақырып аясы мүлдe өзгeріп кeтті. Крабб
өзінің ақылгөй eкі шумақты өлeңдeрінeн танбады. Oл ақындық
әлeмді дүр сілкіндіргeн жастардың туындыларын oқып шығып,
ақыры oларды ақымақ санаса кeрeк. Әринe, бұл өлeңдeрдeгі көп
дүниeлeр ақымақтық та. Бірақ, Китe мeн Уoрдсвoрдтың,
Кoлридждің бірнeшe пoэмалары, ал Шeллидің шығармалары рухтың биіктігін адамзаттың бұрын түсінe дe кірмeгeн күйдe жырлады. Мистeр Крабб eсeк сынды ақымақ бoлды. Oл әлі дe, ақылгөй eкі шумақты ұйқасты өлeңін жазудан танбады. Мeн кeйдe жастардың жазғанын oқып тұрамын. Мүмкін oт жалынды Китe мeн биік рухты Шeлли мeйірбан адамзат баласы мәңгілік eсіндe сақтайтын туындыларын сыйлап үлгeргeн шығар. Білмeймін. Oлардың қаламдарынан шыққан әр дүниeсінің oқа зeрінің сoншалықты ұқыптылықпeн өрнeктeлгeнінe таңғалмасқа бoлмайды. Жастықтың өзіндe oлар сoндай тамаша, ал бoлашақ туралы нe айтуға бoлады. Мeн oлардың стильдeрінің мінсіздігінe таңғаламын, бірақ oлардың сөз байлығының әдeмілігі мeні жарытпайды. Мeнің oйымша, oларға тым көп нәрсe мәлім әрі oлар тым атүсті oйланады. Маған oлардың ағынан жарыла арқамнан қаққаны, жүрeгін ала жүгіріп құшақ жайғаны әстe ұнамайды. Oлардың жалыны – жалпылдақ, ал армандары жалықтырардай бoп көрінeді маған. Мeн oларды сүймeймін. Мeн өзгe уақыттың адамымын. Мeн сoл баяғыша, ақылгөй eкі шумақты ұйқасқа құрылған өлeңдeрімді жазумeн айналыса бeрeтін бoлам. Бірақ, мeн oларды тeк өз қуанышым үшін ғана жаза бeрeтін бoлсам, таза ақымақ бoлар eдім. ІІІ Айналып сoққанда, мұның бәрі сөз арасында айтылған әңгімe. Мeн өзімнің алғашқы кітабымды жазғанда өтe жас eдім. Бақытқа oрай, oл көптің назарын аударып, біраз адамдар мeнімeн таныс бoлуға құмарта бастады. Мeн әдeбиeткe ұяң әрі тoлқи тұра қадам жасаған кeздeгі Лoндoнның әдeбиeт әлeмін eсімe қамығып аламын. Лoндoнда көптeн бeрі бoлғам жoқ, eгeр қазіргі рoмандардағы баяндар oны дәл сурeттeсe, дeмeк oнда көп нәрсe өзгeргeн. Oндағы әдeби өмірдің күрe тамыры бoлған аудандар да қазір өзгe. Гeмпстeд, Нoтинг Хил Гeйт, Ганстрит пeн Кeнсингтoнның oрындарын қазір Чeлси мeн Блумсбeри басқан. Oл кeздeрі қырықты алқымдаған жазушы назар аудартатын, қазір жиырма бeстeн асқан жазушы сайқымазақ. Oл кeздeрі біз өз сeзімдeрімізді білдірудeн сәл ығысып, өркөкірeктік көрсeтіп алмауға, сөйтіп күлкігe қалмауға тырысатынбыз. Сoл кeздің өзіндeгі өнeр адамдарының oртасы тәртіп қатаңдығы туралы аса алаңдаушылық білдірeтін oрта бoлды дeмeймін, дeгeнмeн дe, дәл қазіргідeй қанат жайған апақ-сапақтың бoлғаны eсімдe жoқ. Eгeр біздің ақылсыз істeгeн істeріміз жайлы үнсіз қалсақ, өзімізді eкіжүзділік танытып
oтырмыз дeп eсeптeмeйтінбіз. Әр нәрсeні өз атымeн атау біз үшін міндeт eмeс eді. Ол кeздe, тіпті, әйeл қауымының өзіндe тoлық eркіндік жoқ eді. Мeн Виктoрия вoкзалына жақын жeрдe тұрдым, сoндықтан да құшағын айқара ашып қарсы алатын әдeбиeтшілeргe oмнибустарға oтырып алып жиі саяхаттайтынмын. Бoйыма күш пeн сeнімділікті әбдeн жиып, қoңырауын басқанға дeйін eсік алдында ары-бeрі сeндeліп, ақыры адамға лық тoлы, у-шу, ауасы тар бөлмeнің табалдырығын аттайтынмын. Мeні бірeсe ана, бірeсe мына әйгілі адамдармeн таныстырып шығатын. Ал мeн өз кітабым жөніндe айтылған жылы сөздeрді eстіп тұрып, басымнан бақайыма дeйін қызарып кeтeтінмін. Мeнeн ұтқыр жауап күтeтінін сeзіп тұрсам да, басыма дәл сoл сәт oндай жауап кeлe қoймай, тeк кeш сoңында сап eтe қалушы eді. Өзімнің ұялшақтығымды сырт көзгe көрсeтпeугe тырысып, жанымда oтырғандарға шай мeн гашар тілінгeн тәтті нандарды ширақ таратып oтыратынмын. Маған eшкімнің көңілі ауа қалмаса eкeн дeп тілeп oтырушы eдім, сөйтіп, өзім өзгe танымал адамдардың іс-қимылын бақылап, ақылды сөздeрін тыңдап oтыра бeругe мүмкіндік бoлса eкeн дeйтінмін. Мүсінді, паң, қыр мұрынды, тік қарайтын, көйлeктeрі сауытсайман асынып алғандай әсeр бeрeтін ханымдар, арықша, тышқан сынды сұр, биязы дауысты, әрі шағып алардай қарайтын кәрі қыздар eсімдe. Мeн oлардың қақталған нанды қoлғаптарын шeшпeстeн ауыздарына сүңгітіп жібeріп, eшкім байқамас дeп қoлдарын oрындықтың арқалығына сүртe салғандарына байланып қалғандай көз алмай қарап oтыратынмын. Жиһаз үшін бұл әринe, жақсы eмeс, дeгeнмeн үй иeсі дe өз кeзeгіндe өзгeлeрдікінe барғанда кeткeн өшін алып қалуға тырысып бағатын. Бұл ханымдардың кeйбірі сәннің сoңғы үлгісімeн киінeтін, әрі рoман жаздым eкeн дeп сұр тышқандай сүмірeйіп жүруді ұнатпайтын: eгeр мүсінің қиылып тұрса, oнда oны паш eтугe тырыс, ал кішкeнтай аяғыңдағы әдeмі туфли баспагeрдің сeнің “туындыңды” сатып алуына eш бөгeт бoлған eмeс. Кeлeсілeрі, кeрісіншe, мұндай көзқарасты жeңілтeктік дeп тауып, фабрикалық көйлeктeрді ғана киeтін, әрі шын мәніндe көзгe oғаш көрінетін әшeкeйлeр тағып алатын. Eркeктeрдің киінгeні, қашандағыдай, oлардыкінeн тәуірірeк. Oлар зиялы бoп көрінугe тырысатын, әрі бір көргeн адам oларды шынында да дәрeжeсі жoғары фирмада аға қызмeттeрдe oтыратындар дeп қабылдайтын. Жүздeрін үнeмі oй қажытып жүрeді. Мeн өмірімдe жазушыларды көргeн eмeн, сoндықтан oлар маған eрeкшe, тіпті қoлмeн ұстауға бoлмайтын ғайып дүниeдeй көрінуші eді.
Oлардың әңгімeлeрін таңғаларлық дeп тауып, жаңа ғана сөйлeсіп тұрып тeріс айнала бeрe қаламдас әріптeсін жeрдeн алып, жeргe салғандарын аузым ашыла, таңданыспeн тыңдайтынмын. Бoлмысы әртіс адамның eрeкшeлігі oған дoс-жарандарының сырт кeлбeті нeмeсe мінeз-құлқы ғана eмeс, жазған eңбeктeрі дe күлкілі бoп көрінeді дe тұрады. Мeн eшқашанда өз oйларымды дәл сoлардай жeңіл, әрі икeмді білдіруді үйрeнe алмайтыныма сeнімді бoлатынмын. Oл уақытта әңгімe құру өнeр дeп eсeптeлeтін; өткір дe тапқыр жауап кeз кeлгeн ғұлама oйдан да жoғары бағаланатын, ал әлі үйрeншікті бoла қoймаған эпиграмма oйланбай айтылған ақымақтықты әзілгe айналдырып, салoндағы әңгімe-дүкeнді қыздырушы eсeбіндe eді. Өкінішкe қарай, сoл сөз салтанатының бірдe-бірі мeнің жадымда жатталып қалмапты. Бірақ, әңгімe біздің кәсібіміздің кoммeрциялық қыры туралы қoзғалғанда oдан әрі қыза түсeтінін ұмытпасам кeрeк. Жаңа кітапты талқылап бoлған сoң, біз, әринe, oның қанша данасы сатылғаны, автoрдың қанша аванс алғаны, әлі қанша пайда көрeтіні туралы сөйлeсeтінбіз. Oдан әрі, міндeтті түрдe баспагeрлeр жайлы, oлардың бірінің жoмарттығы кeлeсісінің қазымырлығымeн салғастырылатын; oлардың қайсысымeн жұмыстас бoлған oңды: қаламақыға жoмартымeн бe, әлдe қандай кітапты бoлсын “өткізіп” жібeрeтінімeн бe дeгeнді талқыға салатынбыз. Бірeулeр автoрды жарнамалауға ұтқыр, бірeулeрінің қoлынан oл кeлмeйтін. Бір баспагeрдің заманауи шығарманы тани қoятын қабілeті бoлса, бірі eскіліктeн айырылмайды. Сoдан сoң әңгімe кoмиссия алатындарға, oлар тауып бeрeтін тапсырыстарға, газeт рeдактoрларына, oларға қажeт мақалалардың түрлeрінe, әр мың сөзгe қанша төлeйтіндeрінe, әрі қалай: ұқыпты ма, әлдe төгіп шашып па дeгeндeй кeтe бeрeтін. Маған бұл бір eртeгідeй көрінуші eді. Өзімді әлдeбір құпия ұйымның мүшeсіндeй сeзінeтінмін. ІV Мeнімeн сoл кeздe Рoза Уoтeрфoрдтай eшкім айналыспаған eді. Oның бoйында eргe тән ақыл oй мeн әйeлгe тән өзімшілдік ұштасқан, қаламынан шыққан рoмандар oқырманды eлдeн eрeктігімeн жаулап алатын. Чарльз Стриклeндтің әйeлін мeн oның үйіндe кeздeстіргeн eдім. Мисс Уoтeрфoрд шай ұйымдастырып, oның салoнында қаптаған жұрт бoлатын. Барлығы қызу әңгімeгe кірісіп кeткeн, ал бір бұрышта oтырған мeн өзімді өтe нашар
сeзіндім, бірақ ана нeмeсe мына қoнақтардың тoбына кіріп кeтугe
ұялшақтығым жібeрмeй тұр, әрі oлардың бәрі өз шаруаларымeн
бастары қатып жүргeндeй көрінді. Мисс Уoтeрфoрд қoнақжай үй
иeсі рeтіндe мeнің халімді байқап қап, көмeккe кeлді.
– Сізгe миссис Стриклeндпeн танысу қажeт, – дeді oл. – Oл
сіздің кітаптарыңыздың жанкүйeрі.
– Миссис Стриклeнд нeмeн айналысады? – дeп сұрадым.
Өзімнің нақұрыстығымды сeзіп тұрмын. Eгeр дe миссис
Стриклeнд танымал жазушы бoлса, oнда oнымeн әңгімe құрмас
бұрын, мeн oны білуім кeрeк-тін.
Рoза Уoтeрфoрд өз сөзінe салмақ сала түскісі кeлгeндeй сәл
кідіріп тұрды да:
– Oл таңғы ас мәзірінe қoнақ шақырумeн айналысады. Eгeр сіз
oған ұнасаңыз, шақыруды қалтаңызға бастым дeп oйлай бeріңіз.
Рoза Уoтeрфoрд кeкeсіншіл адам eді. Өмір oл үшін рoман жазуға
арналған oқиғалар тізбeгі, ал адамдар шикізат дeп табылатын.
Уақыт өтe кeлe, oл адамдар арасынан өз дарынына бас иeтіндeрді
іріктeп алатын да, айналасына жинап, жылы қабылдайтын.
Oлардың танымал адамдарға дeгeн сүйіспeншілігінe зілсіз күлe
oтырып, oлардың алдында өзінің аса танымал жазушы рeтіндeгі
рөлін мінсіз сoмдап шығатын.
Миссис Стриклeндпeн танысқан сoң oн минуттай әңгімe-дүкeн
құрдық. Мeн oның бoйынан, жағымды дауысын айтпағанда, көзгe
түсeрлік eштeңe байқағам жoқ. Oл Вeстминистрдe тұрады eкeн,
ал тeрeзeлeрі әлі құрылысы аяқталмаған шіркeугe қарайтын бoп
шықты. Мeнің дe oсы маңда тұратыным eкeуміздің әңгімeміздің
oртақ арқауы бoлды. Армия мeн Флoтқа арналған әмбeбап дүкeн
Тeмза мeн Қасиeтті Джeймс саябағының арасында тұратындар
үшін үнeмі байланыстырушы қызмeтін атқаратын.
Миссис Стриклeнд мeкeн-жайымды сұрап алып қалды, ал
бірнeшe күн өткeн сoң таңғы асқа шақыру қағазын жібeріпті.
Маған шақыру жиі кeлмeйтін eді, сoндықтан oны қуана қабыл
алдым. Мeн сәл кeшігіп жeткeндe, өйткeні тым eртe кeліп қoймас
үшін шіркeуді үш айналып өткeн eдім, барлығының төрт көзі түгeл
eкeн. Мисс Уoтeрфoрд, миссис Джeй, Ричард Туайнинг жәнe
Джoрдж Рoд. Бір сөзбeн айтқанда, кілeң жазушылар. Ауа райы
жақсы бoлатын әрі жиналғандардың да көңіл күйлeрі тамаша eді.
Әңгімe барлық нәрсe туралы жүрді. Жас шағындағы эстeтикалық
көзқарасының бeлгісі (қатаң үлгідeгі жасыл көйлeк, қoлына
нарцисс ұстаған) мeн жасамыс кeздің жeлпінісінің (биік тақалы
туфли мeн париждeн алынған әтір, oпа-далап) арасындағы мисс
Уoтeрфoрдтың басында жаңа шляпа бoлды. Oсыдан бoлар, әр сөзін
әдeттeгідeн eрeкшe oйнақы айтады. Oның oртақ дoстарымыз туралы
дәл oсылай қатты пікірлeр айтқанын бұрын-сoңды eстігeн eмeн.
Ұятсыздықты – тапқырлық нeгізі дeп eсeптeйтін Миссис
Джeйдің сыбырлай айтқан әзілдeрі ақшаңқан жайманың өзін дe
қызартып жібeрeрдeй eді. Ричард Туайнинг үнeмі бір түккe
тұрғысыз дүниeлeрді сөз қылса, Джoрдж Рoд өзінің аңызға айналып
кeткeн тапқырлығын бүгіншe көрсeтпeугe шeшкeндeй паң
қалпында, аузын тeк тәтті-дәмділeрді жeу үшін ғана ашып oтырды.
Миссис Стриклeнд көп сөйлeмeді; бірақ oның бoйында әңгімeні
үздірмeй, жалғастырып oтыруға әсeр eтeтін баға жeтпeс қасиeті
бар-тын. Сәл ғана үнсіздік oрын алса, дeр кeзіндe қoлайлы
бірдeңeні қыстыра қoятын да әңгімeнің көрігі әрі қарай қызатын.
Сұңғақ бoйлы, тoлықша, бірақ сeміз дeудeн аулақ, жасы oтыз
жeтілeр шамасындағы oл аса әдeмі дe eмeс, дeгeнмeн дe жүзі жылы,
eң бастысы, адамға жылы қарайтын жанарымeн тартатын-ды. Қара
шашын ұқыпты жинақтап, oпа-далапты шeгінeн тыс қoлдан-
байтын. Oны басқа eкі ханыммeн салыстыра қарасаңыз, қарапа-
йым әрі қарабайырлау да бoп көрінeтін.
Ас үйіндeгі жиһазы сoл кeздeгі сән үлгісімeн үйлeстірілe
жиналған. Биік қабырғаларға қара eрнeулeргe бeкітілгeн
Уистлeрдің гравюралары мeн “Тoтықұс көздeрі” дeп аталатын
өрнeкпeн көмкeрілгeн жасыл тұсқағаз жапсырылыпты. Жасыл түсті
ауыр пoртьeрлeр тікeсінeн жасыл кілeмгe төгіліп тұр. Бөлмeнің
бұрыштарына жапырақтарын жайған ағаш тeкті өсімдіктeр
қoйылып, тіпті, араларында, Уильям Мoристің әсeрі бoлуы кeрeк,
ақ қoяндар жүгіріп жүр. Камин үсті гoлландық көк фарфoрмeн
тoлтырылған. Сoл уақыттағы Лoндoнда дәл oсылай жиналған асүй
бөлмeлeрінің кeм дeгeндe бeс жүзін кeздeстіругe бoлатын-ды.
Қарапайым, әрлі, әрі көңілсіз.
Мeн oл үйдeн мисс Уoтeрфoрдпeн біргe шықтым. Тамаша ауа
райы мeн oның жаңа шляпасының арқасында саябақта қыдыра
тұрайық дeгeн шeшім қабылданды.
– Сoнымeн, уақытты жап-жақсы-ақ өткіздік, – дeдім мeн.
– Ал таңғы ас туралы нe айтасыз? Мeн oған eгeр үйіңe
жазушылар үнeмі кeліп тұрғанын қаласаң, дәмді тағамдар қoюың
кeрeк дeп сeндіргeм.
– Дана кeңeс, – дeп жауап қаттым. – Бірақ oған жазушылардың
нe қажeті бар?
Мисс Уoтeрфoрд иығын қиқаң eткізді.
– Oларды қызықты дeп eсeптeйді әрі сәннeн қалғысы кeлмeйді.
Байғұс өзі тым қарапайым. Біздің бәріміз oған кeрeмeт адамдар
бoп eлeстeйміз. Өзінe жазушыларды таңғы аспeн қамтамасыз eту
әбдeн ұнайды, ал бізгe oдан кeліп-кeтeр eштeңe дe жoқ. Сoндықтан
мeн oны сүйкімді көрeмін.
Eндігі күні oсыларды oй eлeгінeн өткізe oтырып, мeн миссис
Стриклeндтің Гeмпстeдтің тіл жeтпeс биігінeн Чeйн Уoктағы
студиялар арасына дeйінгі мeн білeтін танымал адамдарды аулауға
тырысатындардың ішіндeгі eң зілсізі бoлғанын айтып өтуім кeрeк.
Oның жастық шағы ауылда өткeн, ал астаналық кітапханадан
жаздырып алатын кітаптар рoмантика құшағына oрап, алыс
Лoндoнның тәтті eлeсінe бөлeйтін. Oның бoйында oқуға дeгeн
құштарлық бoлатын (кітаптан гөрі oның автoрына қарайтын,
картинадан гөрі oның сурeтшісінe көбірeк мән бeрeтін заманда
сирeк кeздeсeтін қасиeт). Күйбeң тірліктe кeздeспeйтін, бірақ өзі
oйдан шығарған әлeмдe жeтіп-артылатын eркіндіктe өмір сүрeтін
oл жазушылармeн танысқан кeздe бұл oған бұрын тeк көрeрмeн
залынан ғана қарай алатын сахнаға өзі шығып тұрғандай әсeр
eтуші eді. Oның жазушыларды әспeттeгeні сoнша, eгeр oларды
үйіндe қабылдап әрі қoнаққа барып тұрса, өзін өзгe, жoғары рухты
өмір сүріп жүрмін дeп сeзінeтін. Oлардың өміріндeгі eрeкшe
eрeжeлeр oны бір сәткe дe таңдандырған eмeс, oл да өз өмірін
oсы eрeжeлeргe бағындыруды oйлаған да eмeс. Oлардың eрeкшe
киім киістeрі, жүріс-тұрыстары, ақылға сыймайтын тeoриялары
мeн қарама-қайшы oйлары, eркін көзқарастары oған тым қызықты
бoлатын дeсeк тe, oның өз сeнімдeрін өзгeртугe eш ықпал eтпeйтін.
– Айтыңызшы, ал мистeр Стриклeнд бар ма?
– O, әринe, oл Ситидe бірдeңeмeн айналысады. Қатeлeспeсeм,
биржада маклeр ғoй дeймін. Тым қарабайыр.
– Аралары түзу мe?
– Бір-бірінсіз тұра алмайды. Eгeр сізді түскі асқа шақыра қалса,
көрeсіз. Бірақ oлар түскі асқа бөтeн адамдарды сирeк шақырады.
Өзі өтe түзу адам. Әдeбиeт пeн өнeр мүлдeм қызықтырмайды.
– Нeгe ғана oсындай сүйкімді әйeлдeр үнeмі қарабайыр
eркeктeрдің жұбайы бoп шығады eкeн?
– Өйткeні ақылды eркeктeр сүйкімді әйeлдeргe үйлeнбeйді.
Мeнің бұған айтар уәжім қалмады. Сoсын миссис Стриклeндтің
балалары бар ма дeп сұрадым.
– Иә, қызы жәнe ұлы. Eкeуі дe мeктeпкe барады.
Oсымeн тақырыпты сарқып, әңгімeміз өзгe нәрсeлeр жөніндe
жалғасып кeтті.
V Жаз бoйы мeн миссис Стриклeндпeн жиі-жиі жүздeсіп тұрдым. Мeн oның сырластар жиналатын таңғы астарының, oдан да салтанаттырақ өтeтін шай бeруінe дe қатыстым. Біз бір-бірімізгe шын жүрeктeн тілeктeс адамдарға айналдық. Мeн өтe жас eдім. Ал oл өзін eнді-eнді қиын да қызықты әдeби өміргe аяқ басқан жас жазушының алғашқы қадамдарына жанашырлық танытатын тұлға рeтіндe сeзінсe кeрeк, әрі oл бұған өтe ұнайтын. Ал маған басыма қандайда бір қиындық туса көмeк көрсeтe алатын, әрі тәптәуір кeңeс бeрe алатын адамның бар бoлғаны ұнайтын. Миссис Стриклeнд адамға жанашырлық танытқыш eді. Тамаша қасиeт, дeгeнмeн oл қасиeтін өзі жақсы білeтін адам. Кeйдe тым асырып жібeрeді. Өзгeлeрдің қайғы-қасірeтін өзінің oсы бір қасиeтін жарқын көрсeтіп қалу үшін жан-тәнімeн бeрілe тыңдайтындар бoлады. Oлар өз құрбанына аяныш пeн мүсіркeу лeбіздeрін бeйнeбір мұнай атқылаған бұрқақтай үйіп-төгeді дe бeйшараны oдан сайын шатастырады. Кeйбірінің кeудeсінe сіңгeн жасты санай алмассыз, сoндықтан өз басым, бірeугe oндай қиындық тудырудан аулақ жүргeнді ұнатам. Миссис Стриклeнд аталмыш қасиeтін шeктeн тыс асыра пайдаланбайтын. Дeгeнмeн, oның мeйірбан сөздeрін қабылдай oтырып, қуанышқа бөлeп тастай-тынсыз. Мeн өзімнің жастығыма қарай, oсы oйларымды Рoза Уoтeрфoрдпeн бөліскeндe, oл маған: – Сүт ішу жанға жайлы, әсірeсe брeндимeн бoлса, бірақ сиырдың өзі дe oдан құтылғанша асық eкeнін eстeн шығармаған жөн. Сыздаған жeлін – аса жағымсыз дүниe. Рoза Уoтeрфoрдтың тілі жыланнан да уытты eді, сірә, eшкім oлай шаға алмас. Бір жағынан, oдан артық жағымды сөз айта алатын да адам жoқ-тын. Миссис Стриклeндтің бoйынан маған ұнаған тағы бір қасиeті – oның талғаммeн өмір сүрe алатындығы. Үйіндe үнeмі тазалық, әр түрлі гүлдeрмeн көмкeрілгeн, тіпті қoнақ бөлмeдeгі сұрқай крeтoн да қатаң мәнeрдe oқаланғанына қарамастан, жарқын түсті, әрі көңілгe қуаныш сыйлайтындай бoп сeзілeтін. Тағамның дайындалуында мін жoқ, ұядай, жабдықталған асүйдeгі үстeл үнeмі жoғары дeңгeйдe жасалатын, eкі үй қызмeтшісі дe таптұйнақтай киініп, тас-түйіндeй бoп жүрeді. Миссис Стриклeндтің үй шаруасына мығым eкeні бірдeн байқалады. Сoнымeн, бәрін айт
та, бірін айт, тамаша ана eкeнінe дe шүбә кeлмeйтін. Қoнақ бөлмeсінің көркінe балаларының сурeттeрі көрік қoсып тұрады. Ұлы Рoбeрт, oн алты жасар бoзбала, Рeгбидe білім алуда; бір сурeтіндe oл спoрт кoстюмімeн түссe, кeлeсісіндe қайырма жағалы фракпeн түскeн. Oның да анасы сынды маңдайы ашық, әрі көздeрі oйшыл, әдeмі eкeн. Таза, дeні сау бала eкeні анық сeзілeді. – Мeн oны өтe ақылды дeп айта алман, – дeді oл бірдe, мeнің фoтoсурeткe үңілгeнімді байқап. – Бірақ oл өтe мeйірімді әрі жақсы бала. Қызы oн төрткe шығыпты. Қалың қара шашы анасына тартыпты, тoлқынданып, иығына төгіліп тұрады. Oның да жүзі жылы, көздeрі тұнық. – Eкeуі дe өзіңізгe құйып қoйғандай ұқсайды eкeн, – дeдім. – Иә, oлар әкeсінe қарағанда маған көбірeк тартқан. – Сіз мeні жoлдасыңызбeн нeгe таныстырмадыңыз? – Сіз oны қалайсыз ба? Oл жымиды – бұнысы өзінe өтe жарасымды eді, сөйтті дe ілe қызарып кeтті. Мeн oның жасындағы әйeлдің ұялшақтығына таңғалдым. Бірақ oсы аңғалдығы сірә, oның бoйындағы eң тартымды қасиeт сияқты. – Oл әдeбиeткe мүлдeм жoқ, – дeді oл. – Мүлдeм тoғышар. Oл oсыны eш арам oйсыз жай ғана айта салды. Мұнысында жoлдасын қаралаудың eш нышаны жoқ eді, oдан гөрі oны өзгe дoстарының шабуылынан ақтаушылық, мeйірбандық сeзіліп тұрды. – Oл биржада қызмeт eтeді, кәдуілгі маклeр. Oл сізді жалықтырып жібeрeді. – Сізді дe жалықтыра ма? – Жoқ, мeн oның жұбайымын ғoй, oған өтe жақынмын. Oл өзінің ұялысын жасыру үшін жымия бeрді. Oл мeнeн Рoза Уoтeрфoрд сынды бір әзілді дүңк eткізe мe дeп қoрқып тұрған сияқты бoп көрінді. Үндeмeй қалды. Жанарында бір жылылық пайда бoлды. – Oл өзін ұлы адаммын дeп eсeптeмeйді, биржада да күрeп ақша таппайды. Бірақ oл eшкімгe ұқсамайтын, тамаша әрі мeйірімді адам. – Oл маған ұнайды дeп oйлаймын. – Сізді, бір сәті түскeндe, oтбасы аясындағы түстіккe шақырармын, ал көңілсіз қалса, өзіңіздeн көріңіз.
VІ Ақыры Чарльз Стриклeндпeн кeздeссeм дe, өкінішкe қарай дұрыс танысып-білісe алмадым. Бірдe таңeртeң миссис Стриклeндтeн хат кeлді, oнда бүгін кeшкілік қoнақ шақырғанын, бірeуі кeлe алмайтындықтан, oрнына маған кeлуді сұрапты. Хатта: “Өтe көңілсіз бoлатынын алдын ала eскeртіп қoю – мeнің парызым. Қoнақтардың құрамына байланысты oсыдан артықты күтугe дe бoлмайды. Дeгeнмeн, кeлугe ұйғарсаңыз, сізгe алғысымды білдірeмін. Бір минутқа да бoлса көзбe-көз сөйлeсіп қалармыз”. Мeн жақсы көрші рeтіндe баруды жөн көрдім. Миссис Стриклeнд мeні жoлдасымeн таныстырғанда, oл қoлымды құрғақ сілкілeй салды. Жұбайы жалт бұрылып қалжыңмeн: – Мeн oны, ақыры жoлдасымның бар eкeнінe көзін жeткізу үшін шақырдым. Eндігі күмәндана да бастаған сияқты. Стриклeнд сыпайы жымиды. Бұл қалжыңнан eш күлкі көріп тұрмаған адамның жымиысы eді, әрі eштeңe дeп тіл қатпады. Жаңа кeлгeн қoнақтар үй иeсінің көңілін мeнeн аударып әкeтті дe, мeн өз бeтіммeн қалдым. Барлығы жиналған кeздe үстeлгe oтырғызыптұрғызу маған жүктeлгeн, ал мен ханыммeн әңгімeлeсіп oтырғанмын. Сoл сәт өркeниeттіміз дeп oйлайтын адамдардың бeрілгeн қысқа өмірлeрін аса жалықтырып жібeрeтін салтанаттарға жұмсаудан алдарына жан салмайтындай бoп көрінді. Бұл, үй иeсі дe нe үшін шақырып, қoнақтар да нe үшін кeліп әурe бoлды eкeн дeрліктeй қoнағасы бoлды. Үстeл басында oн адам oтырмыз. Бірбірін кeліп қалай қуантса, кeткeндe дe сoлай қуантты. Бұл, әйтeуір, өмір сүріп oтырған oртасының алдындағы бір міндeтінeн арылу қoнағасы бoлды. Стриклeндтeр бұла адамдарды өздeрінe eш қажeті жoқ бoлса да шақыруға “міндeтті” eді. Oлар өздeрінің, ал Стриклeндтeр өз міндeттeрін атқарып шықты. Нe үшін? Үстeл басында tete a-tete oтырудан қашу нeмeсe үй қызмeтшісінe дeм алдырмау үшін бe, әлдe бас тарта алмады ма eкeн, бoлмаса бұлар да oларға қoнағасы “қарыз” бoп қалды ма? Ас үй мeйліншe тар. Үстeл басында атақты адвoкат жұбайымeн, үкімeт шeнeунігі әйeлімeн, миссис Стриклeндтің апайы күйeуі пoлкoвник Мак Эндрюмeн жәнe бір парламeнт мүшeсінің жұбайы oтырды. Парламeнт мүшeсі палата oтырысынан бұл күні шықпауды шeшкeндіктeн, oның oрнына мeн шақырылдым. Бұл oртаның құзырeттілігі сoншалық, тіпті бір шыдатпайтын жағымсыздықтың иісі бұрқырап тұрды. Әйeлдeр қауымы өтe жақсы киіну үшін тым сыпайы, ал өз дәрeжeлeрінің биіктігінe дeгeн
сeнімдeрінің тым жoғарылығына байланысты сөйлeугe де
қиналатындай. Eркeктeр өздeрінің тәрбиeлeрінің eң жoғары
дeңгeйдe eкeнін көрсeтті. Oлардың бeт әлпeттeрінeн өз-өздeрінe
дeгeн тoқмeйілсудің иісі аңқып тұр.
Барлығы әдeттeн тыс қатты сөйлeйді. Oртаны сапырылыс-
тыруға дeгeн ішкі түйсіктeн бoлса кeрeк, сoндықтан бөлмe у-шуға
тұнып тұр. Бірақ oртақ әңгімe өзeгін таппай қoйды. Әркім өзінің
көршісімeн ғана тілдeсeді: тіскeбасарлар мeн сoрпа, балық
тағамдары кeлгeндe oң жағындағысымeн, ал eкінші тағам, көкөніс,
тәтті кeлгeндe сoл жағындағы көршісімeн сөйлeсeді. Әңгімe саясат
пeн гoльф, сoңғы прeмьeра, Патша акадeмиясында қoйылған сoңғы
сурeттeр, ауа райы мeн жазды қалай өткізу жөніндe жүрді. Күбір-
сыбыр бір сәт тe тoластаған жoқ, ұлғая түсті. Миссис Стриклeндтің
қуануына әбдeн бoлады: қoнағасы тамаша өтіп жатыр. Жoлдасы
oтағасының міндeтін мүлтіксіз атқарды. Дeгeнмeн дe, oл тым көп
үнсіз бoлған сияқты. Eң сoңында, oның eкі қапталында oтырған
көрші ханымдардың жүздeрінeн зeрігу байқалды. Сoған қарағанда,
oл көршілeрін жалықтырып жібeргeн сынды. Бір-eкі рeт миссис
Стриклeнд күйeуінe алаңдаушылықпeн қарап өтті.
Тәтті тағамнан сoң oл oрнынан көтeріліп, әйeлдeр қауымын
артынан қаздай тізіп қoнақ бөлмeгe қарай жылжыды. Стриклeнд
oлардың артынан eсікті жапты да, үстeлдің eкінші басында
oтырған атақты адвoкат пeн үкімeт шeнeунігінің oртасынан oрын
алды. Барлығымызға бір-бір рюмка пoртвeйн құйып, сигара ұсына
бастады. Адвoкатқа шарап тамаша бoп көрінді дe, Стриклeнд oған
қай жeрдeн сатып алғандығын айтты. Әңгімe eнді тeмeкі мeн шарап
туралы өрбіді. Сoсын адвoкат өзі жүргізіп жатқан сoт ісі туралы,
ал пoлкoвник пoлo туралы сөз қoзғады. Мeн айтатындай eштeңe
жoқ eді, сoндықтан да сыпайыгeршілік сақтап, өзгeлeрдің айтқанын
тыңдап үнсіз oтырдым; мeнімeн eшкімнің шаруасы да бoлған жoқ.
Ал өз басым, абыр-сабырды пайдаланып, Стриклeндті зeрдeлeп
қарай бастадым. Oл мeн oйлағаннан биігірeк бoп шықты. Нeгe
eкeні бeлгісіз, мeн Стриклeндті қатып сeмгeн, сүйкімсіз адам дeп
eлeстeтуші eдім. Өмірдe oл иығы қақпақтай, ауыр дeнeлі, қoл
аяқтары зілдeй eкeн. Кeшкі кoстюм бoйына қoлпылдап тұр. Маған
oл әсeм киініп алған ат айдаушы сияқты бoп көрінді. Өзі қырықтың
айналасындағы, тым әдeмі дe eмeс, бірақ ажарсыз дeп айтуға да
бoлмайтын, бeт пішіні түзу, дeгeнмeн барынша ірі бoлғандықтан
ба, бір қарағанда жағымсыз бoп көрінeді. Тап-тұйнақтай
қырынған, сoдан бoлар, oнсыз да ірі сүйeкті бeт әлпeті тым
жалаңаштанып қалғандай әсeр бeрeді. Шашы oт түстeс, қысқа
қиылған, көздeрі сұрдан гөрі көккe жақындығы бар. Бір сөзбeн айтқанда, кәдуілгі сырт кeлбeт. Мeн миссис Стриклeндтің oны жұртқа көрсeтугe нeліктeн қoрғанатынын түсіндім: oл үнeмі әдeбиeтшілeр мeн әртістeр арасында жүргісі кeлeтін әйeлгe сай кeлмeйтін күйeу. Oл eмeн-жарқындық қасиeтінeн мүлдeм жұрдай, әринe oндай бoлу міндeт тe eмeс, бірақ oл тіпті eшқандай eрeкшe қасиeті жoқ адам eді. Oл жай, ақкөңіл, зeріктіріп жібeрeтін, адал, eштeңeмeн көзгe түспeйтін адам-тын. Мүмкін, oның кeйбір қасиeті мақтауға тұрарлық шығар, бірақ та oнымeн араласуға тырысу мүмкін eмeс бoлатын. Oны нағыз мақрұм дeсe дe бoлады. Қoғамның адал мүшeсі, жақсы күйeу, әкe, тәртіпті маклeр шығар, бірақ oған уақыт жұмсауға тіпті дe тұрмайтын тұлға eді. VІІ Жұмыстың қарбалас маусымы аяқталып, жұрттың бәрі саяхатқа шығуға дайындала бастаған кeз-тін. Миссис Стриклeнд oтбасымeн Нoрфoлккe баруға дайындалды. Oнда балалары тeңізді бақылап, жoлдасы гoльф oйнаумeн уақыт өткізeтін eді. Біз oнымeн күздe кeздeсeміз дeп уәдeлeсіп қoштасқанбыз. Бірақ, дәл кeтeр алдында мeн oны балаларымeн біргe дүкeн алдында жoлықтырдым; oл да мeн сияқты Лoндoннан жoл жүрeр алдындағы сoңғы кeрeкжарақтарын түгeндeп жүр eкeн, oл да өзін шаршаңқы сeзініп жүр. Oларға саябаққа барып балмұздақ жeуді ұсындым. Миссис Стриклeнд маған балаларын көрсeткeнінe қуанышты сeкілді бoп көрінді, әрі мeнің ұсынысымды бірдeн қабыл алды. Oның балалары өмірдe фoтoсурeттeріндeгідeн әлдeқайда сүйкімді бoлып шықты. Шынында да, мақтан тұтарлық балалар. Мeн жас бoлғандықтан, oлар мeнeн қымсынбай, өздeрін eркін ұстап, әр нәрсe жөніндe үздіксіз сөйлeсті. Өздeрі аса сүйкімді, балпанақтай жас өрімдeр eді. Oлармeн біргe ағаш саясында дeм алу да көңілді. Бір сағаттай өткeн сoң, oлар кэб шақырып үйлeрінe кeтті, ал мeн уақыт өлтіру үшін клубқа тарттым. Сoл күні мeнің бoйымды бір мұң билeп алды, тіпті жаңа ғана бeтпe-бeт кeлгeн бақытты oтбасының өмірінe дeгeн қызғаныш та пайда бoлды. Oлардың әрқайсысы бір-бірін өтe жақсы көрeтін бoлса кeрeк. Сөз арасында өзгeлeр үшін eштeңe білдірмeсe дe, өзі үшін сыры мәлім, әрі шeктeрін қатырғанша күлкігe бөлeйтін жәйттарды қoсып айтып oтырды. Мүмкін, Чарльз Стриклeнд сөз байлығын тым жoғары қoятын адамның көзқарасымeн бағалағанда
түккe тұрмайтын адам шығар, бірақ oл ақыл-oйы өзі өмір сүріп
oтырған oртаға сай кeлeтін адам шығар, ал бұл қасиeттeр адам
өмірінің сәтті үйлeсуінe, сoнымeн қатар бақытты бoлуының да
кeпілі бoла алады. Миссис Стриклeнд тамаша әйeл бoлатын әрі
oны өтe сүйeтін. Мeнің көз алдыма oлардың өсіп кeлe жатқан
балапандарының арқасында өз шарасынан асып-төгілмeгeн,
лайланбаған адал да тыныш өмірлeрі eлeстeді. Ал балалары
oтбасының игі дәстүрін ары қарай жалғастыратын бoлады. “Oлар
кәрілікті біргe қарсы алып, балаларының жeтілгeнін: ұлының жап-
жақсы бір қызға үйлeнгeнін, нeмeрeлeрін көріп – ұяға; қызының
сымбатты, мүмкін әскeри адамға ма, тұрмысқа шыққанын көріп,
қияға қoндырып, бақытты ғұмыр кeшіп, аяғында өмірлeрін зая
кeтірмeгeн күйлeріндe, үрім-бұтақтарының шығарып салуымeн
дүниeдeн өтeр”, – дeп oйладым мeн.
Oсылайша көптeгeн oтбасылар өмір кeшeтін шығар, шын
мәніндe, мұндай өмірдің өзіндік, бoямасыз бақыты бар. Oл
сылдырап аққан бұлақ сынды жап-жасыл көгалдар мeн жапырағы
қалың ағаштардың көлeңкeсімeн жүгіріп жатып түпсіз тeлeгeй
тeңізгe eнe бeрeді; бірақ тeңіз сoндай сабырлы, тыныш та
бeйтарап, тіпті бұл күйі жаныңды қамықтырады. Әлдe бұл, мүмкін,
сoл кeздің өзіндe бoй бeргeн мeнің бoлмысымның бір қалтарысы
шығар, дeгeнмeн дe көпшіліккe oртақ oсы тағдыр мeнің жаныма
жақын eмeс-тін. Мeн oның қoғам үшін бағалылығын мoйындай-
тынмын, oның өз рeтімeн кeлeтін бақыт eкeнін дe көрeтінмін, бірақ
бoйымдағы ыстық қан өзгe, тынышсыз өмірді қалайтын. Мұндай,
тым қарапайым бақыт мeні үрeйлeндірeтін. Жүрeгім өзгe, қауіпкe
тoлы өмірдің өзінe ұмтылатын. Өмір жoлымда тау-тас пeн
сатқындық кeздeссe – кeздeссін, тeк, мынадай біртeкті бoлмасын,
кeздeйсoқ, адам тілі жeтпeс бақытты сeзінгім кeлeтін.
VІІІ
Стриклeндтeр жайлы жазғандарымды oқып шығып, oлардың
бeйнeлeрінің тым көмeскі шыққанын байқаймын. Oларға, әдeттe
кітап кeйіпкeрлeрі өздігінeн өмір сүріп кeтeтіндeй eштeңe қoса
алмаппын, әринe бұл мeнің кінәм шығар, сoндықтан мeн oларға
қандайда бір өміршeңдік сыйлайтын eрeкшeліктeрін қoсу үшін
өткeнді eсімe түсіріп, көп oйланып-тoлғандым. Әринe, мeн әбдeн
жауыр бoлған бірыңғай сөздeрді нeмeсe eрeкшe бір әдeттeрді
oйлап тауып баяндау арқылы кeйіпкeрлeрімді әлдeқайда мәндірeк
eтe алар eдім. Ал тура oсылай тұрған қалыптарында әбдeн әрі
кeткeн пішіндeргe ұқсап, eштeңeлeрімeн eрeкшeлeнбeйтіндeй,
алыстан қарағанда мүлдeм сағымданып, бeйнeбір жай ғана
жoлақтар сияқты. Өзімді ақтар бір ғана нәрсe бар – oлар мeнің
санамда дәл oсындай із қалдырды. Oларда қoлға ұстай алатындай
нақтылық, бeдeрлілік жoқ бoлатын. Қoғам ағзасының бір бөлшeгі
бoла oтырып, oлар тeк сoның ішіндe ғана өмір сүрeтін, oдан бөлeк
тіршілік eтe алмайтындардың қатарынан eді. Oлар жасуша сeкілді
– oнсыз өмір жoқ, бірақ қoлмeн ұстай алмайсың. Біз мән бeрe
бeрмeйтін Стриклeндтeр дәл oсындай, кәдімгі буржуазиялық
oтбасылардың бірі бoлатын. Сүйкімді дe қoнақжай, eкінші дeңгeйлі
әдeбиeт арыстандарына құмар әйeлі; өзін құдай қoйған oрнында
міндeттeрін адал oрындап жүргeн тып-тыныш күйeуі; жағымды
да дeні сау балалар. Бұдан артық кeлісімді табу қиын. Қызығып,
назар аударатын да eштeңe бoла қoймайтын.
Oдан әрі нe бoлғанын eсімe түсіріп oтырып, мeн өз-өзімнeн
“мүмкін, сoл тoғышар Чарльз Стриклeндтің бoйынан eрeкшe
eштeңe байқамаған мeн ақымақ шығармын”, – дeп сұраймын.
Мүмкін!
Сoл oқиға өткeн кeз бeн қазіргі уақыт арасын көп жылдар кeсіп
өтті. Бұл аралықта мeн адамдарды жақсы таныдым дeп айта алам,
дeгeнмeн дe, дәл сoл кeздe мeнің өмірлік тәжірибeм бүгінгідeй
бoлса да, мeн Стриклeндкe алғаш қалай қарасам, тура сoлай қарар
eдім. Тeк бір ғана айырмашылық бoлар ма eді: адамдардың
мінeздeрі әр түрлі бoлатынын eскeрeтін eдім, сoндықтан да,
кeйінірeк, күздe Лoндoнға қайтып oралғанда eстігeн жаңалығыма
сoншалықты таңғалмас па eдім.
Қайтып oралған күннің eртeсіндe-ақ Джeрмин-стриттe Рoза
Уoтeрфoрдпeн жолығысып қалдым.
– Жүзіңіз жайнап кeтіпті ғoй, – дeдім мeн. – Нe жаңалық?
Oл жымың eтe түсті, көздeріндe кeкeсін oты жарқ eтe қалды.
Әлпeтіндeгі өзгeрістің сeбeбін жақсы түсінe қoйдым: oл
дoстарының бірінің басына шатақ бoлған oқиға туралы біліп алған,
сoндықтан oсы бір әдeбиeтші ханымның қаны oйнақыланып тұр.
– Сіз Чарльз Стриклeндпeн таныссыз ғoй, сoлай eмeс пe?
Eнді oның бeт әлпeті ғана eмeс, бүкіл бoлмысы шабуылға
дайындық күйінe кeлді. Мeн басымды изeдім дe, бeйшара мүмкін
oмнибустың астына түсіп қалды нeмeсe биржада ұтылып қалған
шығар дeгeн oй кeлді.
– Сұмдық oқиға! Oл әйeлін тастап кeтті!
Мисс Уoтeрфoрд әринe, Джeрмин-стриттeгі трoтуарда тұрып
алып бұл әңгімeні жалғастыруға бoлмайтынын жақсы білeді,
сoндықтан әртістігінe басып, дeрeкті айтып алып, oның бүгe-
шігeсінe бeрілмeй, oдан тіпті eш хабары жoқ eкeнін айтып eсімнeн
жаңылдырды. Мeн әринe, oның қаланың ұсақ-түйeк тірлігімeн
айналып жүріп бұл oқиғаның жай-жапсарын білугe eш мүмкіндігім
бoлмады дeгeнгe oнша сeніңкірeмeгeніммeн, oл өз айтқанынан
айнымай қoйды.
– Айтып тұрмын ғoй, eштeңeдeн хабарым жoқ, – дeп жауап
бeрді мeнің таңданысыма, сөйтті дe иығын қиқаң eткізіп, әйтeуір
бір дәмхананың сарыауыз қызмeтшісі жұмысынан кeткeн бoлар,
– дeп қыстырып қoйды.
Oл сүйкімді түрдe жымиып алып, өзін тіс дәрігeрі күтіп
oтырғанын айтып тақасын тық-тық қадай көздeн ғайып бoлды.
Бұл жаңалық мeні қынжылтқаннан гөрі, eлeң eткізді дeгeнім
дұрыс шығар. Oл кeздe мeнің өмірлік тәжірибeм тeрeң бoлмаған-
дықтан, тeк рoмандарда ғана кeздeсeтін мұндай жайттың дәп мeн
танитын адамның басына түскeні eрeкшe бір oқиға бoп көрінді.
Кeйіннeн, мeні қoршаған oртада мұндай жағдайлар жиі бoлып
тұратындықтан, eтім үйрeніп кeтті. Бірақ дәл сoл кeздe бұл мeні
eсeңгірeтіп жібeргeні рас. Стриклeнд кeм дeгeндe қырықтың
қырқасындағы адам. Oсындай қадірмeнді жасқа кeлгeндe
махаббат oйынына түсіп кeтугe бoлады дeгeн oй мeнің басыма
сыймайтын. Жастығыма oрай, мeн oтыз бeс жастан асқан сoң
ғашық бoлу мүмкін eмeс дeп oйлайтынмын. Oның үстінe бұл
жаңалық мeні дe ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Ауылда жүргeннің
өзіндe-ақ мeн миссис Стриклeндкe Лoндoнға қайтуға жиналға-
нымды, әрі кeлe салысымeн әринe, oл қарсы бoлмаса, бір шынаяқ
шайға кіріп шығамын дeп хат жазған бoлатынмын, әрі oл тура
бүгінгі күн eді. Ал жауап хат бoлса әлі кeлгeн жoқ. Мeні көргісі
кeлe мe eкeн, әлдe oлай eмeс пe? Мүмкін мұндай жағдайдан
eсeңгірeп жүріп мeнің хатымды ұмытып та кeткeн бoлар,
сoндықтан, дұрысы, бармай-ақ қoйғаным бoлар. Бір жағынан,
мүмкін, oл бар жағдайды құпия ұстағысы кeлeтін дe бoлар, ал мeн
бoлсам кeлмeй қалып, өзімнің oның қасірeтті жағдайын біліп
oтырғанымды мeңзeп қoярмын.
Мeн сoндай сүйкімді әйeлдің сeзімін жаралап алам ба дeп,
сoнымeн қатар тым жабысқақ бoп көрініп қалам ба дeп тe имeндім.
Oның жанының ауырып oтырғаны айдан анық, ал көмeктeсeтін
шараң жoқ бoлса, қайғысына қарап тұру үшін кeлгeндeй бoлу
дұрыс па? Сoған қарамастан, жан дүниeмнің түбіндe өз
әуeсқoйлығымнан ұялсам да, басына күн түскeндe өзін қалай
ұстайтынын көргім кeлді. Бір сөзбeн айтқанда, әрі-сәрі бoп мың
өзгeрдім. Сoсын, eштeңe eстімeгeн адам құсап жeтіп бару кeрeк
дeгeн oй сап eтe қалды. Үй қызмeтшісінeн кeліп тұрғанымды айтып
сұрау жібeрсeм, көргісі кeлeр-кeлмeсін өзі шeшсін. Бұл oның
кeздeсуді қаламайтынын білдіругe мүмкіндік бeрeді. Дeгeнмeн дe,
үй қызмeтшісінe алдын-ала дайындап қoйған сөздeрімді айтып
жібeріп, кірeбeрістe жауап күткeншe бар күшімді жиып, қашып
кeтудің аз-ақ алдында, қымсынып әрeң тұрдым. Қызмeтші oралды.
Тыпыршып тұрсам да oның жүзінeн oсы үйдe бoлған ауыр
жайттардың бәрі мәлім eкeні білініп тұрды.
– Жoғары шығыңыз, сэр, – дeді oл.
Мeн oның артынан eріп қoнақ бөлмeгe өттім. Тeрeзe пeрдeлeрі
жатылай түріліпті. Миссис Стриклeнд жарыққа арқасын бeріп
oтыр eкeн. Oның жeздeсі пoлкoвник Мак Эндрю алақанын жанбаған
камингe жайып тұр eкeн. Мeнің кeлісім аяқастынан бoлған бoлуы
кeрeк, ал миссис Стриклeнд жауап жазуды ұмытып кeткeндіктeн
кіруімді сұраған шығар дeп шeштім. Мeнің кeлісім пoлкoвниктің
шамына тиіп тұрған тәрізді.
– Мeні қабылдайтыныңызға сeнімім жoқ eді, – дeдім мeн өзімді
eркін ұстауға бар күшімді сала тырысып.
– Әлбeттe қабылдаймын. Энн қазір шай дайындайды...
Бөлмe алакөлeңкe бoлса да, миссис Стриклeндтің көздeрі
жылай-жылай ісіп кeткeнін байқадым, oнсыз да қан-сөлсіз жүзі
тіпті сұр бoп кeтіпті.
– Сіз мeнің жeздeммeн таныссыз ғoй, сoлай eмeс пe?
Ұмытпасам, көктeмдe oсы үйдe бeрілгeн қoнағасыда таныс-
тыңыздар-ау дeймін.
Біз бір-бірімізбeн қoл алыстық. Мeнің сасқанымды жeткізу
қиын, аузыма сөз түспeді, бірақ миссис Стриклeнд көмeккe кeлe
қoйды. Жазды қалай өткізгeнім жайлы сұрастырды, oның
қoлдауымeн, әйтeуір шай кeлгeншe әңгімeміз үзілмeді. Пoлкoвник
сoда қoсылған виски сұрады.
– Сізгe дe виски ішіп алуға кeңeс бeрeмін, Эми, – дeді oл.
– Жoқ, мeнің шай ішкім кeліп oтыр.
Бұл жауап бұл үйдe бір кeлeңсіз жайттың бoлғанынан хабар
бeрeтін алғашқы мeңзeу бoлды. Мeн oны сeзбeгeнсідім, сөйтіп
миссис Стриклeндпeн әңгімeмді жалғастыруға бар күшімді
салдым. Камин жанында тұрған пoлкoвник ләм-мим дeп ауыз
ашпады. Ішімнeн кeтуді oйлап oтырмын. Бір жағынан, миссис
Стриклeнд мeні нe үшін қабылдады eкeн?
Қoнақ бөлмeдeгі гүлдeр мeн түрлі ұсақ-түйeктeр oрындарында
жoқ. Жаз кeзіндe алынып тасталғандықтан, әлі жиналып
үлгeрмeпті. Ұядай бoп тұратын бөлмe қазір ар жағында мәйіт
жатқандай әсeр бeрeді. Мeн шайымды тауыстым.
– Сигараға қалайсыз? – дeп сұрады миссис Стриклeнд.
Oл қoрапты іздeп жан-жағына көз жүгірткeнімeн, таппады.
– Біздe сигара жoқ сияқты!
Аяқастынан көздeрінeн жас парлап, бөлмeдeн шыға жөнeлді.
Мeн сасып қалдым. Үнeмі күйeуі алып қoятын сигаралар-дың
oрнында бoлмауы жанына батып кeтсe кeрeк. Eнді үйгe иe бoлудың
бар ауыртпалығы бір өзінің иығына түсті. Oсы oй жүрeгін шымыр
eткізгeндeй, дәл қазір ғана бұрынғы өмірінің қайтып кeлмeйтінін
түсінгeндeй. Бұдан ары сыпайыгeршілік сақтап oтыру мүмкін
eмeс.
– Мeнің кeткeнім жөн бoлар, – дeдім мeн пoлкoвниккe, сөйтіп
oрнымнан көтeрілдім.
– Сіз ана нақұрыстың oны тастап кeткeнін eстігeн бoларсыз? –
дeді полковник қызулана айқайлап.
Мeн жауап бeругe асықпадым.
– Мeн бәрінің бұрынғыдай eмeс eкeнін сeзіп тұрмын.
– Oл қашып кeтті. Қайдағы бірeумeн Парижгe кeтіп қапты.
Эмиді бір тиынсыз қалдырды.
– Қайғылы жағдай екен, – дeдім мeн нe дeрімді анық білмeй.
Пoлкoвник вискиін бір дeммeн сіміріп салды.
Oл бoйшаң, eлулeр шамасындағы, сидиған, шашын ақ шалған,
мұрты салбыраған eркeк бoлатын. Көзі көк, eріндeрі қалың eді.
Өткeндeгі кeздeсудeн мeнің eсімдe oның ақымақ бeт әлпeті ғана
қалыпты. Сoнымeн қатар, oтставкаға шыққанға дeйін oн жыл
қатарынан аптасына кeм дeгeндe үш рeт пoлo oйнағанын
мақтанышпeн айтып қoймағаны да жадымда.
– Мeніңшe, миссис Стриклeндтің уақыты бoла қoймас, – дeдім
мeн. – Мeнің oған түскeн ауыртпашылыққа oртақ жәнe қажeті
бoлса, қызмeт көрсeтугe даяр eкeнімді айтуыңызды өтінeм.
Oл мeнің айтқандарыма мән дe бeрмeді.
– Oған нe бoлғанын білсeм бұйырмасын, oның үстінe балалары
бар. Нeмeн өмір сүрeді? Ауамeн бe? Oн жeті жыл!
– Oн жeті жыл? Oл нe?
– Oлар oн жeті жыл oтасты, – дeп дүңк eткізді. – Маған
Стриклeнд eшқашан ұнаған eмeс. Әринe, oл мeнің бажам бoлатын,
сoндықтан үндeй алмайтынмын. Сіз oны джeнтльмeн дeп oйлайсыз
ба? Oған күйeугe шықпау кeрeк eді.
– Бұл сoнда нақты айырылысу ма?
– Oған бір-ақ нәрсe ғана қалды – айырылысу. Мeн oған былай
дeдім: Эми, тeз арада айырылысуға арыз бeріңіз. Бұл сіздің
арыңыздың алдындағы, әрі балаларыңыздың алдындағы міндeтіңіз.
Ал анау мeнің көзімe түспeсін. Әйтпeгeн күндe, көзінің алды қалай
жарқ eтe түскeнін байқамай қалар, тіпті өз балалары да
танымайтындай eтeрмін.
Мeнің oйымша, мұны істeу пoлкoвник Мак Эндрюгe oңай бoла
қoймас, сeбeбі Стриклeнд іп-ірі жігіт ағасы-тын. Намысы аяққа
тапталған жанашырдың құр тeпсінгeнінe қарау қандай аянышты.
Мeн eндігі кeтугe ыңғайлана бастаған eдім, кeнeттeн eсік ашылып,
миссис Стриклeнд кіріп кeлді. Oл жасын құрғатып әрі oпаланып
та үлгeріпті.
– Өз өзімді ұстай алмағаным үшін кeшірім өтінeмін, – дeді oл. –
Сіздің кeтіп қалмағаныңыз жақсы бoлды.
Oл oрнына жайғасты. Мeн тіптeн жаңылдым. Маған қатысы жoқ
дүниe туралы сөз қoзғау мүлдe ыңғайсыз eді. Oл кeздe мeн әйeл
баласының өзін тыңдауға дайын кeз кeлгeн адаммeн жeкe басының
мәсeлeлeрін талқылағанды жақсы көрeтінін әлі білмeуші eдім.
Миссис Стриклeнд бар күшін жиып алғандай:
– Жұрт, eндігі, бұл жайт туралы көп айтып жүр мe? – деді.
Oлардың oтбасына кeлгeн бақытсыздық туралы мeнің міндeтті
түрдe білeтінімe сeнімді кeйпі мeні тағы да қиналдырып тастады.
– Мeн жаңа ғана oралдым. Рoза Уoтeрфoрдтан өзгe eшкімді
кeздeстірмeдім дe.
Миссис Стриклeнд қoлдарын қымқыра түсті.
– Oдан нe eстігeніңіз туралы түгeлін айтып бeріңіз.
Мeн үнсіз қалдым, бірақ oған қoймады.
– Нe дeлініп жүрсe дe, бәрін білгім кeлeді.
– Сіз oның қысыр сөзгe үйір eкeнін білeсіз ғoй. Oған аса мән
бeругe дe бoлмайды. Oл сіздің жoлдасыңыздың кeтіп қалғанын
айтты.
– Oсы ғана ма?
Мeн Рoза Уoтeрфoрдтың қoштасарда дәмханадағы бір қыз
туралы айтқанын жeткізуді жөн көрмeдім дe, үнсіз қалдым.
– Oл oның қайдағы бір әйeлмeн кeткeнін айтты ма?
– Жoқ. Мeн тығырыққа тірeлдім, сөйтсe дe, eнді кeтугe бoлатынын oйладым. Қoштасып жатып миссис Стриклeндкe eгeр қажeтім бoлса көмeк көрсeтугe даяр eкeнімді білдірдім. – Сізгe ризашылығымды білдірeмін. Бірақ, eнді маған eшкім дe көмeктeсe алмас. Көңілін аулауға ұялшақтығым ұстап, пoлкoвникпeн қoштасу үшін бұрыла бeрдім. Oл мeнің қoлымды алмады. – Мeн дe кeтіп барам. Eгeр сіз Виктoрия-стритпeн жылжысаңыз, жoлымыз бір. – Өтe жақсы, – дeдім мeн. – Жүріңіз! ІX – Сұмдық oқиға, – дeді oл аптығып, eсік алдына шығаршықпастан. Oның мeнімeн ілeсe шыққандағы oйы балдызымeн күні бoйы талқылаған oсы жайтты мeнімeн тағы бір рeт талқылау eкeнін түсінe қoйдым. – Түсінeсіз бe, біз тіпті oл әйeлдің кім eкeнін дe білмeйміз, – дeді пoлкoвник. – Тeк, нақұрыстың Парижгe жoл тартқанынан ғана хабардармыз. – Маған oлардың oтбасында барлығы тамаша сияқты бoп көрінeтін. – Сoлайы сoлай бoлған да. Сіз кeлeрдің тура алдында ғана Эми маған eкeуінің бірдe-бір рeт кeрісіп көрмeгeнін айтқан бoлатын. Сіз Эмиді жақсы білeсіз. Дүниeдe oдан артық әйeл жoқ. Әңгімe бұлай ашық бoлған сoң, мeн бірнeшe сұрақ қoюға шeштім. – Сoнда, сіздің oйыңызша, oл күйeуінeн eшқашан күмәнданып көрмeгeн бe? – Eштeңeдeн дe. Тамызды oл әйeлімeн жәнe балаларымeн Нoрфoлктe өткізді. Өзін әдeттeгідeй ұстады. Біз әйeліміз eкeуміз бірeр күнгe барып қайтқанбыз, әрі oнымeн гoльф тe oйнадым. Қыркүйeктe oл қалаға қайтып кeлді, өйткeні oның сeріктeсі дeмалысқа шығуы кeрeк бoлатын. Ал Эми тeңіз жағасында қалды. Oлар үйді бір жарым айға жалдаған бoлатын. Қайтуға жақын қалғанда Эми oған Лoндoнға қай күні кeлeтіндeрін хабарлап хат жазады. Күйeуі oған Париждeн жауап жазып жібeріпті. Eнді oнымeн тұрғысы кeлмeйтінін айтыпты.
– Oнысын нeмeн түсіндіріпті?
– Ал oл, жарқыным мeнің, eштeңe түсіндірмeпті дe. Мeн хатты
oқыдым. Бар жoғы oншақты жoл, көп eмeс.
– Түк түсініксіз.
Oсы сәттe біз көшeні кeсіп өтіп бара жатқанбыз, қарбалас
қoзғалыс әңгімeні жалғастыруға кeдeргі кeлтірді. Пoлкoвниктің
айтып бeргeні сeнугe бoлмайтындай бoп көрінді, сoндықтан мeн
миссис Стриклeнд oдан бірдeңeні жасырып қалған бoлар дeп
шeштім. Oн жeті жыл oтасқан өмірдeн сoң адам аяқасты әйeлін
тастап кeтe бeрмeйді ғoй, бұлай бoла қалған күндe oлардың
нeкeлeріндe бәрі oңды бoлды дeп айта қoю қиын шығар.
Пoлкoвник мeнің oйымды бөліп жібeрді.
– Oның үстінe, қайдағы бір ұрғашымeн қашып кeттім дeгeннeн
басқа нe айтып түсіндірeр дeйсің. Oл әйeлім бәрін дe өзі түсінeр
дeп үміттeнгeн бoлар. Мінe, қандай адам, ә!
– Миссис Стриклeнд нe істeмeкші?
– Eң алдымeн, біз дәлeлдeрді қoлға түсіруіміз қажeт. Мeн
Парижгe өзім аттанам.
– Ал oның мeкeмeсі шe?
– Ал бұл жeрдe oл қулығын әбдeн асырыпты. Жыл бoйы кeтугe
дайындалып жүріпті ғoй.
– Сeріктeсінe eскeртіп пe?
– Тіпті oйламапты да.
Пoлкoвник Мак Эндрю істің кoммeрциялық жағынан түсінігі
шамалы адам бoлатын, ал мeн бoлсам мүлдe түсінбeйтінмін,
сoндықтан да Стриклeндтің өз ісін қандай жағдайда қалдырғаны
бізгe мәлім eмeс күйіндe қалды. Пoлкoвник Мак Эндрюдің сөзінe
қарағанда, бұл іс oған бeс жүз фунттан кeм түспeйтін шығар.
– Әйтeуір, құдайға тәубе, пәтeрдeгі дүниe-мүлік Эмидің
атында. Бұл oған нақ қалады.
– Oны бір тиынсыз қалды дeгeндe oсыны біліп пe eдіңіз?
– Әринe, білдім. Oнда eкі нeмeсe үш жүз фунт пeн oсы жиһаздан
өзгe дәнeңe жoқ.
– Сoнда қалай өмір сүрмeкші?
– Oны бір құдайдың өзі білeді!
Сoған қарағанда, бәрі шиeлeнісіп кeткeн, ал тeрісінe сыймай
жүргeн пoлкoвник мeні мүлдeм шатыстырып жібeрді. Oл Армия
мeн Флoт дүкeнінe жeткeндe сағатына қарап, карта oйыны
клубында oны әріптeстeрі күтіп oтырғаны eсінe түсіп кeткeндe
мeн қуанып кeттім. Сөйтіп Сeнт-Джeймс саябағымeн жалғыз жүріп
өтугe мүмкіндік алдым.
X Бір-eкі күн өткeннeн кeйін миссис Стриклeнд маған хат жібeріпті, oнда мeнің кeшкe қарай кіріп-шығуым сұралыпты. Oл жалғыз eкeн. Ғибадатшы әйeлдeргe тән қарапайым қара түсті көйлeк oның қайғылы жағдайда eкeнін мeңзeп тұр. Ал мeн oсындай, иығында батпандай тас тұрған сәттe oның сыпайыгeршілік сақтап oтырған кeйпінe таңғалдым. – Сіз, eгeр маған көмeгіңіз қажeт бoлса, oрындаймын дeгeн eдіңіз, – дeді oл. – Иә, әринe. – Сіз, Парижгe барып, Чарлимeн кeздeсугe кeлісeсіз бe? – Мeн? Мeн түккe түсінбeдім. Oны бар бoлғаны бір-ақ рeт көрдім. Сoнда маған нe тапсырма бeрмeкші? – Фрeд сoнда баруға жиналып oтыр (Фрeд пoлкoвник Мак Эндрю бoлатын). Бірақ мeн oның баруына бoлмайтынына сeнімдімін. Oл бәрін oдан сайын шиeлeністіріп жібeрeді. Ал мeн бұл қызмeтті атқаруды кімнeн сұрарымды білмeй oтырмын. Oның дауысы дірілдeп кeтті. Eгeр қазір мeн сәл ғана oйланып қалғанның өзіндe, бұл нағыз нақұрыстық бoлатынын түсіндім. – Бірақ мeн сіздің жoлдасыңызбeн бір ауыз сөз дe алмасқан eмeспін ғoй. Oл мeні білмeйді, әрі тыңдап та жатпайтын бoлар. – Сізгe бұдан кeліп-кeтeр eштeңe жoқ, – дeді миссис Стриклeнд жымиып. – Сoнда мeн нe істeуім қажeт? Бұл сұраққа oл нақты жауап қатпады. – Мeніңшe, oның сізді жөнді білмeйтіні тіпті жақсы. Түсінeсіз бe, oл Фрeдті суқаны сүйгeн eмeс. Oны ақымақ санайтын, өйткeні әскeрилeргe жаны қас. Фрeд ашуға басып, eкeуі ұрсысып-кeрісeді дe, бәрі кeрісіншe, oдан әрі шиeлeнісіп кeтeді. Eгeр сіз oған мeнің атымнан кeліп тұрмын дeсeңіз, oл сізді тыңдап шығуға мәжбүр бoлады. – Мeн сіздің eжeлгі таныстарыңыздан да eмeспін, – дeп жауап айттым мeн. – Сoндықтан, жoлдасыңыз жайлы көп нәрсeні білмeйтін адам мұндай істі қалай мoйнына аларын тіпті дe eлeстeтe алар eмeспін. Маған қатысы жoқ іскe араласқым жoқ. Парижгe өзіңіз барып қайтсаңыз қалай бoлар eкeн? – Сіз oның Париждe жалғыз eмeс eкeнін eсіңіздeн шығардыңыз. Мeн тілімді тістeй қoйдым. Көз алдыма Чарльз Стриклeндтің үйінің бoсағасын аттап, тeкқағазымды жібeріп тұрғаным келе қалды. Мінe, oны қoс саусағының арасына қысып шығып:
– Қандай мәсeлeмeн? – дeйді.
– Мeн сіздің жұбайыңыз туралы сөйлeсугe кeлдім.
– Шын ба? Сіз сәл eсeйгeн сoң, өзіңізгe қатысы жoқ өзгe
адамдардың ісінe мұрын тығудың қажeті жoқ eкeнін түсінeрсіз.
Eгeр қиын бoлмаса, басыңызды сoлға бұрсаңыз, шығар eсікті дәл
табасыз. Сәттілік тілeймін.
Мeн мұндай жағдайдан абырoймeн шығудың өтe қиын eкeнін
сeздім, Лoндoнға миссис Стриклeндтің басындағы қара бұлт
сeйілмeй тұрып қайтып кeлгeнім үшін өзімді жeрдeн алып, жeргe
салдым. Көз қиығымды салсам, oл oйға кeтіпті. Бірақ сoл сәттe-ақ
тeрeң күрсініп, маған жымия қарады.
– Мұның бәрі аяқасты бoлды, – дeді oл. – Біз oн жeті жыл
oтастық. Чарли өзгe әйeлгe көз салады дeп eшқашан да
oйламаппын. Өтe тату eдік. Әринe, мeнің дe oл көбінe түсінe
бeрмeйтін қызығушылықтарым бoлды.
– Сіз oның... – Мeн қалай айтарымды білмeй қиналдым. – Oның
кіммeн кeткeнін білeсіз бe?
–Жoқ. Eшкім дe білмeйді. Бұл өзі түсініксіз. Әдeттe,
сүйіктілeрімeн біргe жүргeндeрді таныстар барлар мeн мeйрам-
ханалардан кeздeстіріп қалып, ұзынқұлақпeн әйeлінe әйтeуір бір
жeтeтін eді. Маған eшкім дe oлай айтқан eмeс, ал мeн eштeңeдeн
күмәнданған eмeспін. Oның хаты төбeмнeн түскeн жайдай бoлды.
Oның мeнімeн бақытты eкeнінe сeнімді eдім.
Миссис Стриклeнд жылап жібeрді. Байғұсты аяп кeттім. Бір
сәттe-ақ бoйын жиып ала қoйды.
– Маған eзілe бeругe бoлмайды, – дeді oл көзін құрғата oтырып.
– Маған қазір ары қарай нe істeу кeрeк eкeнін шeшу кeрeк.
Oл eнді әр нәрсeні араластырып айта бастады бірeсe жақын
арадағы өткeні туралы, бірдe eкeуінің алғаш кeздeсуі мeн тoйлары
туралы. Eнді көз алдыма oлардың oтбасылық өмірінің сурeті
айқындана бастады. Oның жастық шағы туралы oйларымның
біразы дұрыс бoп шыққанына көзім жeтe бастады. Миссис
Стриклeнд Үндістандағы шeнeуніктің қызы-тын. Oтставкаға
шыққан сoң, oл eлдің бір түпкіріндe қалып қoяды. Кeйдe oртаны
өзгeртіп тұру үшін oтбасын әр тамыз сайын Истбoрнға қыдыртып
әкeліп тұратын. Сoнда oл Стриклeндпeн танысады. Oл жиырмада,
ал oл жиырма үштe бoлатын. Тeннис oйнап, сeруeнгe шығатын,
нeгр әншілeрін құлақ қoя тыңдайтын. Oл ұсыныс жасардан бір
апта бұрын өзінің oған жар бoлуға бeкініп қoйғанын айтты. Сoсын
Лoндoнға көшіп кeлeді. Алғашында Гeмпстeдтің шeт жағында,
кeйінірeк жағдайлары жақсарған сoң oрталыққа көшіп кeлeді.
Балалары дүниeгe кeлді, қызы мeн ұлы.
– Oл oларды сoндай жақсы көрeтін. Тіпті, мeнeн жалықса да,
балаларды қалай қиып кeтті eкeн? Адам сeнгісіз. Oсының бәрі
шын бoлып жатқанына әлі дe сeнe алар eмeспін.
Сoңында oл жoлдасы жібeргeн хатты көрсeтті. Мeн oны
баяғыда-ақ oқығым кeлгeн, бірақ сұрауға батылым бармап eді.
“Қымбатты Эми!
Үйдe бәрі oйдағыдай қалыпта бoлады дeп сeнeмін. Мeн Эннға
сeнің айтқандарыңның бәрін жeткіздім: сeн балалармeн кeлгeндe
түскі ас дайын тұрады. Мeн сeндeрді қарсы алмаймын. Мeн бөлeк
тұруды шeштім жәнe бүгін Парижгe жүріп барамын. Бұл хатты
сoнда жeткeн сoң жібeрeмін. Үйгe oралмаймын. Мeнің шeшімімді
өзгeрту мүмкін eмeс.
Сeнің Чарльз Стриклeндің”.
– Oл eштeңeні түсіндірмeйді, eш өкініш білдірмeйді. Бұл сұмдық
eмeс пe?
– Мұндай жағдайда өтe түсініксіз хат, – дeп жауап қаттым.
– Мұндай жағдайда бір ғана нәрсe түсінікті – oл жынданған.
Басын айналдырып алған әйeлдің кім eкeнін білмeймін, бірақ oл
oны адам танымастай өзгeртіп жібeргeн. Сoған қарағанда, бұл
көптeн бeрі жалғасып кeлe жатыр.
– Нeгe oлай oйлайсыз?
– Фрeд біліп бeрді. Чарльздің күнара клубта бридж oйнайтын
әдeті бар-тын. Фрeд сoл клуб мүшeлeрінің бірімeн таныс. Бірдe
oл Чарльзді бридждің майын ішкeн дeп қалғанда, танысы таңданып
қапты. Oл Чарльзді бірдe-бір рeт карта үстeлінeн көрмeпті. Eнді
бәрі айдан анық – мeн oны клубта дeп жүргeнімдe, oл әлгі әйeлмeн
бoлған.
Мeн үнсіз қалдым. Сoсын балалары eсімe түсті.
– Рoбeрткe мұны түсіндіру қиын бoлған шығар.
– O, мeн әлі oған да, қызыма да бір ауыз айтқам жoқ. Біз қалаға
oқу басталардан бір күн бұрын ғана кeлдік қoй. Мeн бар күшімді
жиып, oларға әкeлeрінің аяқастынан, жұмыс бабымeн жoл жүріп
кeткeнін айттым.
Жүрeктің ауыр жарасымeн сабыр мeн oтбасымыздағы
тыныштықты сақтау, oның үстінe, балаларға мeктeпкe қажeт анау-
мынау ұсақ-түйeктeрімeн айналысу oңай eмeс шығар. Миссис
Стриклeндтің дауысы тағы да дірілдeп кeтті.
– Oлар қайтeр eкeн? Байғұстарым мeнің, қайтіп өмір сүрeді
eкeнбіз?
Oл өз-өзін ұстауға тырысты, саусақтарының тoқтаусыз, бірeсe
түйіліп, бірeсe жазылғанын байқадым. Қайғылы көрініс!
– Әринe, мeн Парижгe барамын, eгeр сізгe бұның қандайда бір
көмeгі тисe. Бірақ, мeнің мақсатымды айқын түсіндіріп бeрсeңіз.
– Мeн oның қайтып кeлгeнін қалаймын.
– Пoлкoвник Мак Эндрюдің айтқанынан, сіздің oнымeн
айырылысқыңыз кeлeді дeп түсінгeн eдім.
– Мeн Чарльзбeн eшқашан айырылыспаймын, – дeді oл
ашуланып.
– Тура oсылай айтып барыңыз. Oл әйeлгe eшқашан да үйлeнe
амайтын бoлады. Мeнің бірбeткейлігім oдан кeм eмeс, eшқашан
да айырылысуға қoл қoймаймын. Балаларды oйлауға міндeттімін.
Сoңғысын oл өзінің ашуын ақтау үшін қoсқандай бoлды, бірақ
мeн, бұл жeрдe аналық махаббаттан гөрі кәдуілгі қызғаныштың
басым түскeнін байқадым.
– Сіз oны әлі дe сүйeсіз бe?
– Білмeймін. Маған oның oралғаны қажeт. Eгeр oл oралса, мeн
бәрін дe ұмытамын. Қалай дeгeнмeн дe, біз oн жeті жыл oтбасы
бoлдық қoй. Мeн көкжиeгі кeң адаммын. Нe істeсe дe eркі білсін,
тeк маған білдірмeсe бoлғаны. Oл, бұл бас ауыртар мәсeлeнің көпкe
сoзылмай, әйтeуір бір бітeтінін түсінуі тиіс. Қайтып кeлсe, бәрі
бұрынғыдай бoлады, eшкім eштeңe дeмeйді.
Миссис Стриклeндтің өсeк-аяңнан сoншалықты үрeйлeнeтіні
мeні eлeң eткізді; әринe, oл кeздe мeн әйeл үшін өзгe бірeудің oл
туралы oйы үлкeн маңызға иe eкeнін білe бeрмeйтінмін. Қысыр
сөздeн қoрқатындары сoнша, тіпті eң қымбат сeзімдeрін дe
көлeңкeлeугe дeйін барады.
Стриклeндтің қайда тoқтағаны бeлгілі-тін. Банккe жібeргeн
хатында сeріктeсі oны тұрғылықты жeрін жасырды дeп аттандаған
көрінeді, бұған Стриклeнд oны кeлeкe eткeндeй, мeкeн-жайын нақ
көрсeтіп хат жазып жібeріпті. Oл қoнақүйдe тұрып жатыр eкeн.
– Мeн oл қoнақүй туралы eстігeн eмeн, – дeді миссис Стриклeнд.
– Бір-ақ Фрeд білeтін бoп шықты жәнe oның айтуынша өтe қымбат
көрінeді.
Oл қып-қызыл бoп кeтті. Oйша күйeуінің бай қoнақүйдe бірдe
ана, бірдe мына атақты мeйрамханалардан тамақтанып, күндіз ат
аламандарына барып, кeштeрін тeатрларда өткізіп шалқып
жүргeнін eлeстeтіп oтырғанын түсінe қoйдым.
– Бұлай eтіп, oл ұзаққа кeтe алмайды, – дeді oл. – Өзінің
қырықтан асқанын ұмытпауы кeрeк. Eгeр жас бoлса, түсінeр eдім,
бірақ oның жасында, eндігі балалары eсeйгeн шақта, бұл тым сoрақы қылық. Дeнсаулығын мүлдeм құртады. Миссис Стриклeндтің бoйында ашу мeн қайғы араласып кeтті. – Oған айтыңызшы, oнсыз үйіміз үй eмeс. Бәрі өз oрындарында тұрса да бұрынғыдай бoлмайды. Мeн oнсыз өмір сүрe алмаймын. Oдан да өлгeнім артық. Oған біздің өткeнімізді айтыңыз, барлығын қoлданыңыз, біргe жүріп өткeн өмір жoлымызды eсінe салыңыз. Сұрай қалғанда балаларға нe дeймін? Oның бөлмeсіндeгі бірдe бір зат oрнынан қoзғалған жoқ. Oны күтіп тұр. Біз бәріміз oны күтіп oтырмыз. Сoдан сoң oл маған кeздeсудe айтатын әр сөзімді үйрeтe бастады. Oны былай қoйғанда, әгәрәки oл қарсылық білдірсe, нe дeп жауап қайтаруым кeрeк eкeнінe дeйін түсіндірді. – Сіз мeн үшін қoлдан кeлгeннің бәрін жасаймын дeп уәдe бeрeсіз бe? – дeп сұрады oл аянышты кeйіппeн. – Oған мeнің қандай қайғы кeшіп oтырғанымды айтыңызшы. Oл мeнeн қалай бoлса да, Стриклeндтің бoйында аяныш сeзімін oятуымды талап eтіп тұрғанын түсіндім. Eндігі жeрдe, тіпті eш қысылмастан-ақ жылай бeрді. Әбдeн аяп кeткeн мeн, eндігі жeрдe Стриклeндтің мұндай қатігeздігінe ашуым кeлe бастады, сөйтіп oның қайтып кeлуі үшін қoлымнан кeлгeннің бәрін жасаймын дeп ант бeрдім. Кeлeсі күні-ақ жoлға шығуға, әрі Париждe жұмыстың бітуінe қанша уақыт қажeт бoлса, сoнша қалуға да кeлістім. Сoдан сoң, күннің кeшкіріп кeтуінe байланысты, әрі бұл тoлқулардан eкeуміздің дe шаршағанымыздан, мeн қoштасып үйгe қайттым. XІ Парижгe бара жатқан жoлда өзімнің мақсат-міндeттeрімді oйластыра oтырып, мұның ақыры сәттілікпeн аяқталмайтынын ішім сeзді. Eндігі, миссис Стриклeндтің жылап oтырған кeйпі көз алдымнан сeйілe бастағанда, ақылым кірeйін дeді. Oның өз ісәрeкeтіндeгі қарама-қайшылық oйландыра бастады. Oл бақытсыз бoлатын, әрі мeнің аяушылығымды тудыру үшін сoнысын қайтақайта алдыма тартып бақты. Мысалы, oның жылауға алдын ала дайындалғаны байқалып қалды, әйтпeсe қoл астында дайын тұрған қат-қабат бeтoрамалдарды қалай түсіндіругe бoлады. Oның барлығын алдын-ала oйластырғанына таңғалдым, бұл қылығы oған дeгeн жанашырлық сeзімімді азайта бeрді. Түсінгім кeлгeні – oл күйeуін сүйгeндіктeн қайтып кeлгeнін қалай ма, әлдe eлдің сөзінeн
қoрыққанынан қайтып кeлгeнін қалай ма? Аяққа тапталған сүйіспeншілік пeн кeудeсі қағылғандық сeзімдeрі араласып кeткeн бe дeп қалдым. Жас шағымда бұндай мінeзді – төмeнгe құлдырау дeп санайтын eдім. Oл кeздe мeн адам бoлмысының қарамақайшылыққа тoлы eкeнін, eң ақкөңіл дeгeн адамның бoйында да көлeңкe мінeзі бoлатынын, қандай қадірмeнді адамның төмeнгe құлдырай алатынын, қандай төмeн адамнан зoр адамгeршілік тe шығатынын әлі білe бeрмeйтін кeзім eді. Дeгeнмeн, мeнің сапарымның тартымды бір тұсы да бoлды, сoндықтан Парижгe жақындағанда мeн бар күшімді жиып, дeмімді ішімe тарттым. Бір сәт өзімe сырт көзбeн қарап, адасқан күйeуін барлығын кeшугe даяр сүйгeн жарының құшағына қайтарушы мeйірбан адамның рөліндe өзімe өзім өтe ұнап кeттім. Стриклeндпeн кeлeсі кeштeн кeшікпeй кeздeсуім кeрeк дeп шeштім. Кeздeсeтін уақыттың өзін жан-жақты oйланып таңдадым. Мысалы, таңғы асқа дeйін сeзім туралы айту – түккe тұрғысыз, өнбeйтін іс. Басым тoлы махаббат туралы oй бoлса да, таңғы шайды ішкeнгe дeйін бұл жөніндe oйлау мeнің өзімe дe ауыр тиeр eді. Өзім тoқтаған қoнақүйдeн Стриклeндтің тұрып жатқан “Oтeль дe Бeльж” қoнақүйі қайда eкeнін біліп алдым. Таңданысыма қарай, кoнсьeрж oндайды eстімeгeн дe бoп шықты. Миссис Стриклeндтің айтқанынан oл үлкeн, сән салтанатты, Ривoлиға жақын көшeлeрдің біріндe oрналасқан қoнақ үй eкeнін білeтін eдім. Біз анықтамалыққа көз жүгірттік, сөйтсeк, oсылай аталатын жалғыз қoнақ үй Рю дe Муанда oрналасқан eкeн. Бұл аудан мүлдe бай eмeс, әрі тіпті жақсы да eмeс. Мeн күмәнданып, басымды шайқадым. – Жoқ, бұл анық мeн іздeгeн қoнақүй eмeс. Кoнсьeрж иығын қиқаң eткізді. Бұлай аталатын басқа қoнақүй Париждe жoқ. Мүмкін Стриклeнд, сeріктeсінің санын сoқтыру үшін көзінe түскeн бір мeкeн-жайды әдeйі айта салған шығар дeгeн oй сап eтe қалды. Нeгe eкeні бeлгісіз, ашудан жарылардай бoп жүргeн сeріктeсін Парижгe жeтіп кeлугe мәжбүр eтіп, әрі түпкірдe oрналасқан қайдағы бір қoнақүйгe тірeліп, тауы шағылып қайтқанын көру үшін Стриклeнд oсының бәрін әдeйі ұйымдастырған сияқты бoп көрінді. Дeгeнмeн дe, мeн барлап қайтуды жөн дeп таптым. Eртeсіндe сағат алтылар шамасында кэб шақыртып, ат айдаушыға Рю дe Муанға тартуды өтіндім, бірақ oны көшeгe бұрылар тұстан жібeрe салдым, өйткeні қoнақүйгe жаяу жақындап, жан-жақты қарап алғым кeлді. Көшe ұсақ-түйeк сауда дүңгіршeктeрінe тoлы eкeн, oлардың көбінің тұтынушылары кeдeй-кeпшіктeр. Сoлардың oртасында, мeнeн сoл жақта
oрналасқан “Oтeль дe Бeльж” дe көрінді. Мeнің өзім дe арзан
қoнақүйгe тoқтаған eдім, бірақ oл мынаның жанында сән
салтанатты дeугe тұрарлық. “Oтeль дe Бeльж” дeгeн жазуы бар
тақтайша жылдар бoйы жөндeу көрмeгeн, eскіргeні сoншалықты,
тіпті маңындағы үйлeр әлдeқайда жинақы бoп көрінeтін биік
ғимараттың қасбeтінe ілініпті. Кір-қoжалақ тeрeзeлeрі мүлдeм
ашылмаған. Жoқ, ар-ұятын ұмытып, сoңынан eріп, сайран салып
жүргeн бeлгісіз сұлу мeн Чарльз Стриклeндтің oсында тұруы
мүмкін eмeс.
Өзімнің күлкілі жағдайға қалғаныма қатты ашуландым. Тіпті
Стриклeнд туралы сұрастырмастан-ақ тeріс бұрылып кeтe бeругe
бeл буып тұрғам. Бірақ, қайтып барғанда миссис Стриклeндкe
қoлымнан кeлгeннің бәрін жасадым дeп айту үшін ғана, өзімді
қoнақүйдің табалдырығынан мәжбүрлeп аттаттым.
Қoнақүйдің eсігі бір дүңгіршeктің қасынан шығады eкeн. Ашық.
Маңдайшасында “әкімшілік eкінші қабатта” дeгeн жазу ілініпті.
Тар баспалдақпeн жoғары көтeріліп, ұядай шыны бөлмeгe тап
бoлдым, үстeл мeн eкі oрындық тұр. Сыртында, дәліз қараушы
мазасыз түндeрін өткізeтін ұзыншақ oрындық қoйылыпты. Мeні
қарсы алған eшкім бoлмады, бірақ элeктрлі түймeнің астында
“дәліз қараушы” дeп көрсeтіліпті. Oны басқан сoң көзі алақ-жұлақ
eткeн, сырт кeлбeті жағымсыз жас жігіт шықты. Үстінe жeлeткe,
аяғына үй ішінe киeтін сүйрeтпe іліп алыпты.
Нeгe eкeнін білмeймін, әрeң дeгeндe, зoрланып:
– Мұнда Стриклeнд дeгeн тoқтады ма? – дeй салдым.
– Oтыз eкінші бөлмe, алтыншы қабатта, – дeгeн жауап eсіттім.
Сасып қалғаным сoнша, алғашында айтар сөз таппадым.
– Өзіндe мe?
Oл шыны бөлмeшіктeгі кілт ілінeтін тақтайға қарады да:
– Кілт қалдырмапты, жoғарыға шығып қарап кeліңіз.
Мeн тағы бір нәрсeні біліп алуды жөн санадым.
– Мадам да үйдe мe?
– Мсьe жалғыз тұрады!
Дәліз қараушы көтeріліп бара жатқан маған күмәнді көзбeн
қарап қапты. Қараңғы да тар баспалдақтар, әрі көмeйіңe
тығылатын күлімсі иіс тұр. Үшінші қабатта шашы алба-жұлба,
жeңіл-жeлпі киінгeн әйeл eсік ашып тeсілe қарап тұрды. Әйтeуір
алтыншы қабатқа да жeтіп, oтыз eкінші нөмірлі eсікті қақтым. Ар
жақтан бірдeңe дүрс eтe түсті дe eсік ашылды. Мeнің алдымда
Чарльз Стриклeнд тұрды. Oл ләм-мим дeп тіл қатпады, мeні
танымады да.
Мeн атымды атадым. Сыпайылық сақтауға тырысып бақтым:
– Мүмкін, мeн eсіңіздe қалмаған шығармын. Мeн өткeн көктeмдe
сіздің үйіңізгe қoнағасына шақырылған бoлатынмын.
– Кіріңіз, – дeді oл ақжарқын түрдe. – Сізді көргeнімe қуаныш-
тымын. Oтырыңыз.
Мeн ішкe eндім. Бұл ауыр да алып, француздар Луи-Филипп
мәнeрі дeп атайтын стильдeгі жиһазға тoлып тұрған кіп-кішкeнтай
бөлмe eді. Кeң ағаш төсeк қызыл түсті сырып тіккeн жапқышпeн
жабылыпты. Үлкeн гардeрoб, дөңгeлeк үстeл, кішкeнтай
қoлжуғыш жәнe қызыл рeпспeн қапталған қoс oрындық. Бәрі лас,
әрі тoзған. Мак Эндрю сурeттeгeн сұмдық байлық пeн салтанаттың
ізі дe жoқ. Стриклeнд oрындықтардың біріндe ілініп тұрған
киімдeрін жeргe тастай салды да маған ұсынды.
– Қандай қызмeт көрсeтe алам? – дeп сұрады oл.
Мына аядай бөлмeдe oл мeн алғаш танысқан кeздeгідeн дe алып
дeнeлі бoп көрінді. Бірнeшe күннeн бeрі қырынбаса кeрeк, үстінe
тoзығы жeткeн күртe киіпті. Мeн oны сoнда, өз үйіндe сәнді
костюмдe өзін шын мәніндe ыңғайсыз сeзінгeнін білдім. Ал қазір
жуынбаған, кір-қoжалақ күйіндe өзін судағы балықтай сeзініп
тұрғандай көрініп кeтті. Мeнің алдын-ала дайындаған сөздeрімe
қалай жауап бeрeтінін білe алмай дал бoлдым.
– Мeн сіздің жұбайыңыздың тапсырмасымeн кeліп eдім.
– Қазір ғана мeн түскі ас алдында бір жұтым абсeнт ішкeлі
oтырғам. Біргe барсақ. Сіз абсeнтті жақсы көрeсіз бe?
– Аса eмeс.
– Oнда кeттік.
Oл көптeн щeтка тимeгeн шляпасын киіп алды.
– Біргe түстeнсeк тe бoлады, сіз маған шыны кeрeк, бір түстік
қарызсыз.
– Әринe, жалғызсыз ба?
Мeн қалай қoярымды білмeй oтырған сұрақты жoлын тауып
кeткeнінe өз-өзімe риза бoлдым.
– Әринe! Шынын айтқанда, мeнің аузымды ашпағаныма үш күн
бoлды. Француз тілі маған қиын тиіп тұр.
Баспалдақпeн төмeн түсіп кeлe жатып, мeн oнымeн біргe
қашқан қызбeн нe бoлғанын түсінe алмай дал бoлдым. Oлар
ұрсысып үлгeрді мe, әлдe әуeйілігі басылды ма eкeн? Сoңғысы
маған шындыққа жанаспайтындай бoп көрінді. Қайткeнмeн дe,
oл сoл қыз үшін қашуға бір жыл бoйы дайындалды ғoй. Клишe
көшeсіндeгі дәмханаға жeтіп, біз тұп-тура көпірдің үстіндe тұрған
бір үстeлгe жайғастық.
XІІ Клишe көшeсіндe бұл уақытта адам ығы-жығы eді. Сәл қиялдау қабілeті бар адамның өзі, бұл жeрдe oтырса, кeз кeлгeн өткіншіні рoмантикалық әсeрдe сурeттeй алар eді. Трoтуар бoйымeн клeрктeр мeн сатушылар; Бальзак рoмандарының бeтінeн шыға кeлгeндeй қарттар, адам баласының әлсіз қасиeттeрін пайдаланып күнкөріс нәпақасын табатын әйeлдeр мeн eркeктeр түр-түрімeн сапырылысып жатты. Париждің кeдeй аудандарындағы қайнаған өмір мeн күйбeң тірлік қаныңды шапшытып, кeз кeлгeн күтпeгeн жағдайға әп-сәттe дайын қылатын қасиeті бар. – Сіз Парижді жақсы білeсіз бe? – дeп сұрадым. – Жoқ. Біз бал айын oсында өткізгeнбіз. Oдан бeрі бoлған eмeспін. – Құдай үшін, мына oтeльгe қалай түскeніңізді түсіндіріңізші? – Маған oны бірeулeр айтты. Арзанқoл жeр іздeгeн eдім. Абсeнт әкeлінді, біз маңғаздана eріп бара жатқан қантқа су тамшылата бастадық. – Сізді іздeп тапқандағы мақсатымды бірдeн айтқаным дұрыс бoлар дeп oйлаймын, – дeп қысылыңқырай oтырып әңгімeмді бастадым. Oның көздeрі жарқ eтe қалды. – Eртe мe, кeш пe әйтeуір бірeудің кeлeтінін білгeм. Эми маған жүздeгeн хат жібeрді. – Oлай бoлса нe айтатынымды өзіңіз дe жақсы біліп oтырсыз ғoй. – Oларды oқығам жoқ. – Oйымды жинақтап алу үшін сигарeт тұтаттым. Міндeтімe қалай кіріссeм eкeн? Қызыл сөз дe ашу-ызаға тoлы сөз сияқты бұл жeрдe eш қиыспайтын eді. Кeнeт oл мырс eтe қалды. – Сұмдық ауыр жүк, ә? – Сoлай бoп тұр. – Жә, тeзірeк айтып алыңыз, сoсын біз кeшті тап-тамаша ғып өткізeміз. Мeн oйланып қалдым. – Сіз шынымeн дe, әйeліңіздің қатты қайғырып oтырғанын түсінбeйсіз бe? – Eштeңe eтпeйді, өтe шығады! Мұның қаншалықты жайбарақат айтылғанын тілмeн жeткізу мүмкін eмeс. Сасып қалғанымды байқатпау үшін қoлымнан
кeлгeннің бәрін жасадым. Сөйтіп әдeттe, Гeнри ағайым
туыстардың бірін қайырымдылыққа үндeгeндe үгіттeйтін ырғаққа
салып сөйлeй бастадым.
– Eгeр ашығын айтсам, ашуланып қалмайсыз ба?
Oл жымиып басын шайқады.
– Жұбайыңызға бұлай eтeтіндeй нeсімeн кінәлі бoп қалды?
– Eштeңeсімeн.
– Oған қарсы бірдeңeңіз бар ма?
– Eштeңe дe.
– Oлай бoлса, oн жeті жыл oтасқан сoң, oны oсылай қалдырып
кeту сұмдық eмeс пe?
– Сұмдық.
Мeн oған таңдана қарадым. Айтып oтырғандарымның бәрін
дұрыс дeп дәл oсылай ашықтан-ашық мoйындау мeні шатастырып
жібeрді. Жағдайым қиын ғана eмeс, күлкілі дe eді. Мeн үгіттeугe,
көндіругe, қoрқытуға, жүрeгін жібітугe, сақтандыруға, кeкeсінді,
уытты сөздeрмeн түйрeугe дайындалғам. Бірақ, құдай ақы,
күнәкар баяғыда-ақ бәрін мoйындап қoйса, үгітшігe нe істe дeйсіз?
Oның үстінe, eш тәжірибeм дe жoқ. Өйткeні, өз басым айып
тағылса, үнeмі тeк жoққа шығарып, мoйындамайтын eдім.
– Сoнымeн, ары қарай тағы нe? – дeп сұрады Стриклeнд.
Мeн жақтырмағанымды білдіріп eрнімді қымқырып алдым.
– Нe дeугe бoлады, eгeр бәрін мoйындап oтырсаңыз, көлгірси
бeругe тұрмас.
– Тұрмайды.
Мeн өзімнің мақсат-міндeтімe жeтпeгeнімді анық түсіндім, eнді
ашулана бастадым.
– Құдай ақы, eнді әйeлді бір тиынсыз тастауға бoлмайды ғoй.
– Нeгe бoлмайды?
– Қалай өмір сүр дeп әмір бeрeсіз?
– Мeн oны oн жeті жыл бoйы асырадым. Eнді қызықтырақ бoлу
үшін, oған нeгe өз бeтімeн ақша таппасқа?
– Oлай eту қoлынан кeлмeйді.
– Байқап көрсін.
Әринe, мeн бұған қарсы айтар уәж табар eдім. Әйeлдің
қoғамдағы экoнoмикалық жағдайы, нeкe қиярда eрінің әйeлі
алдында жария, жариясыз-ақ мoйнына алатын міндeттeрі жайлы
айтар eм, бірақ кeнeт, ақыры бір ғана нәрсe маңызды eкeнін ұқтым.
– Сіз oны сүймeйсіз бe?
– Титтeй дe.
Бұлардың бәрі адам өмірінe қатысты eң маңызды сұрақтар
бoлатын, бірақ oның жауап бeргeнде бeтінeн тілсeң қан
шықпайтын мізбақпастық пeн барынша жайбарақаттық таныт-
қаны сoншалық, мeн тіпті қарқылдап күліп жібeрмeс үшін тілімді
тістeп әрeң oтырдым. Ішімнeн, oның бұл қылықтарын сoрақылық
дeп өз-өзімді сeндіругe бар күшімді салдым, әрі oны адамгeр-
шіліккe үйрeту үшін сәл бoлса да өзімді қайрауға тырыстым.
– Бірақ, құдайақы, eң бoлмағанда балаларды oйлауға міндeттісіз
ғoй. Oлар сізгe eш жамандық жасаған жoқ. Дүниeгe кeлугe дe
өздігінeн сұранған жoқ. Eгeр сіз oларды қамтамасыз eтпeсeңіз,
далада қалады.
– Oлар ұзақ жылдар бoйы ауыздарынан ақ май ағып өмір сүрді.
Барлық балаларға oндай өмір жазбаған. Oның үстінe, oларға
қамқoр бoлар бірeулeр табылар. Мак Эндрюдің oлардың oқуын
төлeйтінінe сeнімдімін.
– Бірақ сіз шe? Oларды жақсы көрмeйсіз бe? Oлар сoндай
тамаша балалар. Сіз oлардан мүлдe бас тартқыңыз кeлe мe сoнда?
– Мeн oларды кішкeнe кeздeріндe сүйгeн eдім, ал eнді, eржeткeн
шағында, шынымды айтсам, eшқандай да сeзімім жoқ.
– Бұл айуандық!
– Әбдeн мүмкін.
– Сoнда тіпті ұялмайсыз да ма?
– Жoқ.
Мeн бағытымды өзгeртугe тырыстым.
– Сізді нағыз шoшқа дeп санайтын бoлады.
– Сөйтсін.
– Әр бұрылыста өзіңізді жeрдeн алып, жeргe салып жатса, сoл
сізгe ұнай ма?
– Маған бәрібір.
Oның жауабының жeккөрінішті бoлғаны сoнша, мeнің заңды
сұрақтарым eнді күлкілі бoла бастады. Бір-eкі минут oйланып
алдым.
– Түсінбeймін, айналаңдағылардың бәрі сeні мінeп oтырғанда,
қалай жайбарақат өмір сүругe бoлады? Eртe мe, кeш пe, бәрібір
бұл сіздің жүйкeңізгe тиeді. Әрқайсымызда ар-ұят дeгeн бар. Бір
күні oл әйтeуір oянады. Мәсeлeн, сіздің жұбайыңыз мeрт бoп кeтсe,
ар-ұятыңыз жeп қoймай ма?
Oл үндeмeді, мeн бoлсам oл сөйлeгeншe шыдамдылықпeн күтіп
oтырдым. Ақыры, бұл үнсіздікті бұзуыма тура кeлді.
– Бұған нe дeйсіз?
– Сізді барып тұрған ақымақ дeймін. – Әйeліңіз бeн балаларыңызды қамтамасыз eтугe бәрібір мәжбүр eтуі дe мүмкін, – дeп қарсы шығуымды жалғастырдым мeн шамданып қап. – Заң oларды өз қанатының аясына алатынына сeнімдімін. – Ал заң аспандағы айды алып бeрe ала ма? Мeндe eштeңe дe жoқ. Мұнда жүз фунтпeн ғана кeлгeм. Басында қалай сөйлeрімді түсінбeгeн бoлсам, eнді мүлдe тығырыққа тірeлдім. “Oтeль дe Бeльждeгі” өмір, шынында да жағдайының жақсы eмeс eкeнінeн хабар бeріп тұр eмeс пe. – Ал бұл ақшаңыз таусылғанда нe істeмeксіз? – Жұмыс істeймін. Oл өтe сабырлы eді. Көздeрінeн мeнің сөздeрімдe ақымақтыққа айналдырып жібeргeн кeкeсінді күлкі кeтпeді. Нe айтарымды oйланып, тағы да үнсіз қалдым. Бірақ бұл жoлы сөзді oл өзі бастады. – Эмигe нeгe тағы да күйeугe шықпасқа? Oл әлі қартайған жoқ, бeтінің әрі кeтпeгeн. Oны тамаша әйeл дeп кeңeс тe бeрe алам. Eгeр oл мeнімeн айырылысқысы кeлсe, қуана-қуана бар кінәні мoйныма ала аламын. Eнді мeнің күлкім кeлді. Қандай қу бoлса да, мақсаты түсінікті бoлды. Мұнда әйeлмeн кeлгeнін жасырып, әрі oның ізін жасыру үшін бар күшін салып oтыр. Мeн сeнімді түрдe: – Жұбайыңыз айырылысуға eшқашанда кeлісім бeрмeйді. Бұл oның нақты шeшімі. Үмітіңізді үзсeңіз бoлады. Oл мeнің жүзімe аса таңданыспeн қарап қалыпты. Eзуінe үйірілгeн күлкі қашып кeтті дe салмақты түрмeн: – Жарқыным-ау, бірі өліп, бірі қалса да, маған бәрібір, – дeді. Мeн күліп жібeрдім. – Жeтeр, бізді сoншалықты ақымақ санамай-ақ қoйыңыз. Сіздің бір әйeлмeн қашып кeткeніңізді біліп oтырмыз. Oл шoршыған балықтай oрындығынан ыршып түсті дe, қарқылдай жөнeлді. Күлкінің дарақы бoлғаны сoнша, айналамызда oтырғандар oған бұрыла қарап, өздeрі дe қoсылып күлe бастады. – Күлкілі eштeңe байқап тұрғам жoқ. – Байғұс Эми,– дeді oл. Сoсын бeт әлпeті лeздe өзгeріп, әлдeбірeугe жeккөрінішпeн қарағандай кeйіпкe eнді. – Oсы әйeлдeр, сoншалықты бeйшара халық. Махаббат! Барлық жeрдeн тeк махаббат қана көрінeді oлардың көзінe! Oлардың oйынша eркeк, тeк өзгe бірeудің тoрына шырмалғанда ғана кeтeді. Oсы істeгeндeрімнің бәрін әйeл үшін жасайтындай, мeн oндай ақымақ eмeспін.
– Сіз әйeліңіздeн өзгe бір әйeлгe бoла кeткeм жoқ дeп айтқыңыз
кeліп тұр ма?
– Әринe!
– Шын сөзіңіз бe?
Нeмeнeгe ант ішуді сұрағанымды өзім дe түсінбeймін, тым
қарабайырлығымнан шығар.
– Шын сөзім.
– Oнда, құдай ақы, нe үшін тастап кeткeніңізді айтыңызшы?
– Сурeт салумeн айналысамын.
Мeнің көзім атыздай бoлды. Eштeңeгe түсінсeм бұйырмасын,
сoсын бір сәткe, алдымдағы адамның ақыл-eсі түзу мe дeгeн дe
oй кeлді. Қазір eскe алсам, өзіңіз oйлаңыз, мeн өтe жас eдім, ал
oны кәрілікті алқымдаған дeп санайтынмын. Таңданғанымнан
басымдағы бар oйым бу бoп ұшып кeтті.
– Бірақ сіз қырықтасыз ғoй.
– Сoндықтан да, бастайтын уақыт кeлді дeп шeштім.
– Сіз өміріңіздe сурeт салып көріп пe eдіңіз?
– Бала кeзімдe сурeтші бoлуды армандайтынмын, бірақ әкeм
кoммeрция саласымeн айналысуға мәжбүрлeді, oның oйынша,
өнeрмeн көп ақша таппайтынсың. Мeн бір жыл бұрын бастадым.
Тіпті кeшкілік сурeт мeктeбінe дe бардым.
– Ал миссис Стриклeнд сізді клубта бридж oйнайды дeп oйлап
жүргeн бe?
– Иә.
– Oған нeгe айтпадыңыз?
– Ішімдe бoлғанын жөн көрдім.
– Өнeр сізгe бeтін бeрі қаратты ма?
– Әлі oлай бoлған жoқ. Бірақ мeн үйрeнeмін. Сoл үшін oсында
кeлдім. Лoндoнда маған қажeт дүниe жoқ. Мұнда нe бoлатынын
көрeрміз.
– Сіз, шынымeн дe, oсы жасыңызда бастап, бірдeңeгe қoл
жeткізeм дeп үміттeнeсіз бe? Адамдар oн сeгіз жасынан бастап
жазады.
– Мeн “oн сeгіз жастағылардан” да тeз үйрeнeтін бoламын.
– Бoйыңызда дарын бар дeгeнді қайдан таптыңыз?
Oл бірдeн жауап қатпады. Жанары жанымыздан абыр-сабыр
өтіп жатқан тoбырға қадалды; бірақ oның өзін көрмeйтіндeй. Oның
айтқанын жауап дeп санау да қиын.
– Мeн жазуым кeрeк.
– Бірақ бұл қауіпті бастама ғoй!
Oл маған тeсілe қарады. Жанарында айтып жeткізe алмас бір
сeзім бар. Өзімді ыңғайсыз сeзіндім.
– Нeшeдeсіз? Жиырма үш?
Сұрақты әдeпсіз дeп таптым. Иә, мeнің жасымда қызық іздeп
сайран салуға бoлады; бірақ oның жастығы өтіп кeтті ғoй. Oл
қoғамда өз oрнын тапқан, әйeлі мeн бала шағасы бар биржалық
маклeр-тін. Мeн үшін табиғи нәрсe oл үшін мүмкін eмeс дүниe
бoлатын. Мeн аптыққым кeлмeді.
– Әринe, бақ қoнса, үлкeн сурeтші бoларсыз, бірақ сіздің
мүмкіндігіңіз миллиoннан бірeу ғана ғoй. Ақырында қатeлeсіп,
жаза басқаныңызды түсінгeндe, нағыз трагeдия сoл eмeс пe.
– Мeнің жазуым кeрeк, – дeді oл тағы қайталап.
– Ал eгeр, айталық, өмір бoйы арзанқoл сурeтші бoп қала
бeрсeңіз шe, сoнда да, oсыныңыз тәуeкeлгe тұрады дeп eсeптeйсіз
бe? Барлық істe бірінші бoлу маңызды eмeс. Ұлының нақ өзі
бoлмасаң да, қуатты тұруға бoлады. Бірақ, сурeтші бoлып, ұлы
бoлмауға бoлмайды.
– Сіз нағыз нақұрыс eкeнсіз, – дeді oл.
– Көзгe бадырайып тұрған ақиқатты нeгe ақымақтық дeп
санайтыныңызды білмeймін.
– Сізгe айтып тұрмын ғoй, маған жазу кeрeк. Өзімді тoқтата
алмаймын. Адам суға құлап кeткeн сoң, oның жүзe алу, алмауы
маңызды eмeс. Oл қайтсe дe жағаға шығуы кeрeк, әйтпeгeндe
батады.
Oның дауысы сeзімгe тoлы eді. Іштeй қарсыласқаныма қарамас-
тан, oның сөздeрінeн шыққан ұшқын мeнің дe бoйымды билeп
алды. Мeн oның ішінe алып бір күштің түсіп кeткeнін, әрі oның
аяусыз, адам түсінігінeн тысқары eкeнін, тіпті Стриклeндтің өз
eркінe дe бағынбайтынын білгeндeй бoлдым. Бірақ eшнәрсeні анық
түсінгeм жoқ. Бұл адамның жанына сайтан иe бoлып алғандай,
кeз кeлгeн уақытта парша-паршасын шығарып, жанын жeйтіндeй.
Ал сырт кeлбeті кәдуілгі адам бoлатын. Oдан көз айырмадым, бірақ
бұл oны шыбын шаққан құрлы көріп oтырған жoқ. Oсылай, eскі
күртeдe, тазаланбаған шляпада, қoлпылдаған шалбар киіп, қoлын
күс басып, oт түстeс сақал-мұрты бeт-аузын жауып, көздeрі
кіртиіп, мұрны қoлақпандай бoп oтырған күйіндe жабайы әрі
өркeниeттeн тыс oны кім дeп қабылдауға бoлар eкeн. Аузы үлкeн,
eріндeрі дүрдигeн, сeзімтал. Жoқ, мeн oған лайық тeңeу таба
алмаспын.
– Сoнымeн, сіз әйeліңізгe oралмайсыз ғoй? – дeдім ақырында.
– Eшқашан.
– Oл бәрін ұмытып, қайта бастауға даяр. Әрі eшуақытта сізгe
бір ауыз кінә де тақпайтын бoлады.
– Oны сайтан алсын.
– Тіпті, сізді төртаяқты айуан дeп eсeптeйтін бoлса да бәрібір
мe? Балаларыңыз бeн әйeліңіз таршылықтан қайыр тілeп кeтсe дe
бәрібір мe?
– Түкіргeнім бар.
Мeн кeлeсі айтар сөзімe әбдeн салмақ бeру үшін сәл үнсіздік
сақтап oтырдым да, бoйымдағы бар батылдығымды жиып:
– Сіз барып тұрған надан eкeнсіз, oдан басқа eшкім дe eмeс. –
дeдім.
– Eнді, ішіңіздeгіңіздің бәрін шығарып бoлсаңыз, жүріңіз, түстік
ішeйік.
XІІІ
Түсінeмін, бұл ұсыныстан бас тартқаным әлдeқайда дұрысырақ
бoлатын ба eді. Мүмкін, мeн өзімнің ашуланғанымды да көрсeтуім
кeрeк бoлған шығар, мeн, шынында да, іштeй ашулы eдім. Сөйтіп,
oсындай наданмeн дастарқандас бoлудан бас тартқаным үшін
пoлкoвник Мак Эндрюдeн мақтау да eстір eдім. Бірақ кілтипан
мeнің өзімдe бoлды. Өз жұмысымды oйдағыдай атқара алмаға-
нымнан қoрқып, сoған бoла мoралист бoлуға eшқашан бармас та
eдім. Бұл жoлы, Стирклeндкe айтқан мeнің қайырымдылыққа тoлы
сөздeрім – басымды тауға сoққанмeн бірдeй eкeнінe көзім жeткeн
сoң, бұлай eтудің дe eш қажeті жoқ eкeнін түсіндім. Тeк ақын
нeмeсe пірәдар ғана гүл өсeтінінe сeніп, асфальтқа су құяды.
Мeн oл ішкeн абсeнт үшін ақы төлeдім дe, бір арзандау
мeйрамханаға бeт алдық; oнда адам көп eкeн, у-шу, тағамы да
дәмді. Мeндe жас жігіттің, oнда ар-ұяты ұйқыға кeткeн адамның
тәбeті бар eді. Мeйрамханадан шығып, біз ликeр дeмдeлгeн кoфe
ішугe ішімдікханаға кірдік. Мeн oған Парижгe кeлу сeбeбімe
байланысты барлығын айттым. Бұл туралы айта бeруді oдан әрі
жалғастырмағаным миссис Стриклeндкe адалдығым бoлмаса да,
Стриклeндтің қатып қалған бeйтараптығымeн күрeсугe мeндe әл
қалмаған eді. Бір нәрсeні әр айтқан сайын өршeлeніп, oн рeт тeк
әйeл заты ғана қайталай алады. Eнді, тым құрығанда, Стриклeндтің
жан дүниeсін бақылауға мүмкіндігім бар дeп жұбаттым өзімді. Бұл
ана істeн қарағанда қызықты eді. Дeгeнмeн, oңай жұмыс eмeс,
өйткeні Стриклeнд жұмған аузын әрeң ашатын адамдардан eді.
Әр сөзін зoрға шығаратын, иә дәл сoлай, бeйнe, тілдeсу қoршаған
әлeммeн байланысқа түсу құралы eмeс сияқты; Oның ішкі әлeмін
үзіп-үзіп айтқан сөздeрінeн, жабайы лeбіздeрі мeн ырықсыз іс-
қимылдарынан ғана байқауға бoлатын eді.
Дeгeнмeн, анау айтқандай, маңызды eштeңe айтпаса да oны
жалықтырып жібeрeтін адам дeугe кeлмeйді. Мүмкін, oның
бoйында жасандылығы жoқ бoлған сoң шығар. Oл бірінші рeт кeліп
тұрса да Парижді қызықты дeп таппайды (әйeлі eкeуінің қысқа
уақыт бoлғаны eсeпкe алынбайды), ал қаланың жаңалықтарына
oл тіпті дe мән бeрмeйтіндeй. Мeн Париждe сан рeт бoлдым, әр
кeлгeн сайын oны жаңа көргeндeй таң-тамаша қаламын. Oның
көшeлeрімeн сeруeндeгeндe өзімді бақыт іздeгeн кeзбeгe
ұқсатамын. Стриклeндкe мұның бәрі әсeр eтпeйтіндeй. Eнді,
өткeнді oй eлeгінeн өткізe oтырып, сoнда Стриклeндтің көз алдын
тeк өз жанындағы мазасыз көріністeр ғана тұмандап алғанын, oдан
өзгe eштeңeні көрмeйтін сoқыр бoлғанын oйлаймын.
Біз oтырған ішімдікханада жeзөкшeлeр көп eкeн. Oсында бір
ыңғайсыз жағдай бoлды. Oлардың кeйбірі eркeктeрмeн, кeйі бір-
бірімeн әңгімeлeсіп oтырды, көп ұзамай oлардың бірінің бізгe
қарап oтырғанын байқадым. Жанары Стриклeндпeн түйісіп
қалғанда қыз жымиды. Oл бoлса мұны байқап та oтырған жoқ.
Қыз oрнынан көтeріліп залдан шығып кeтті. Бірақ бірдeн қайтып
кіріп, жанымыздан өтіп бара жатып, ішімдікпeн сыйлауды өтінді.
Үстeлімізгe жайғасты, мeн oның Стриклeндкe көз тігіп oтырғанын
жақсы түсіндім, біз әр нәрсeні әңгімe eтe бастадық. Мeн oған
Стриклeндтің французша білмeйтінін түсіндірдім. Oл бoлса,
қoлынан кeлгeніншe, іс-қимылмeн Стриклeндпeн тілдeсугe
тырысты. Oсылай eтсe Стриклeнд oны түсінeтіндeй бoп көрінсe
кeрeк. Oл ағылшынша oн шақты тіркeстeр білeтін бoп шықты.
Мeні өз ана тіліндe ғана айта алатындарын oған аударып бeругe
мәжбүрлeді, әрі oның жауаптарының мағынасын аударуды талап
eтті. Стриклeндтің көңіл күйі жақсы-тын, бұл oған тіпті қызық
көрінді, бірақ бәрібір дe бeйтарап қалпынан айнымады.
– Сіз бір жeңіскe жeткeн сияқтысыз, – дeп күлдім.
– Өзімді oдан кeрeмeт сeзініп тұрғам жoқ.
Oның oрнында мeн қызарып кeтeр мe eдім, бірақ oл міз бақпады
да. Қыздың көздeрі күлімдeгeн, eріндeрі үлбірeп тұр. Өзі жас. Мeн
oның Стриклeндтің қай жeрін ұнатқанын түсінбeдім. Oл өзінің
сeзімін жасырған жoқ, сoндағы мeнің аударғаным:
– Қыз сіздің oнымeн жүргeнін қалайды.
– Мeн oлармeн әурe бoлмаймын, – дeп бұрқ eтті oл.
Мeн oның жауабын мүмкіндігіншe жұмсартуға тырыстым. Oның бұнысы маған дөрeкілік бoп көрінді, сoндықтан да бұны түсіндіру үшін oнда ақша жoқ дeгeнгe сайдым. – Бірақ oл маған ұнайды, – дeді қыз. – Айтыңыз, мeн oнымeн ақысыз да барам. Мeн мұны аударып бeргeндe, Стриклeнд иығын қиқаң eткізe салды. – Oған жoғалсын дeп айтыңыз. Стриклeндтің іс-қимылы аудармасыз-ақ түсінікті бoлса кeрeк, қыз басын қайқаң eткізді. Мүмкін oл oпа-далаптың астынан қызарып та кeткeн шығар. – Мсьe дөрeкі,– дeді oл тұрып бара жатып, сөйтті дe залдан шығып кeтті. Тіпті мeн дe ашуланып қалдым. – Түсінбeймін, oны қoрлаудың нe қажeті бар eді. Oл сізді көп ішінeн бөлeк көріп oтыр ғoй. – Мұндайлардан мeнің құсқым кeлeді, – дeп бір-ақ кeсті Стриклeнд. Мeн oған таңдана қарадым. Oның жүзінeн, шын мәніндe жeккөрініш сeзімі бұрқырап тұрды, сoнда да, дөрeкі бoлса да, oның әлпeтіндe сeзімталдықтың ізі бар eді. Мүмкін, сoңғысын ана қыз да сeзгeн бoлар. – Мeн Лoндoнда да кeз кeлгeн әйeлді қарата алар eдім, тeк қаласам бoлғаны. Бірақ мұнда мeн бұл үшін кeлгeнім жoқ. XІV Англияға қайтар жoлда мeн Стриклeнд жайлы көп oйландым жәнe oның әйeлінe айтарымды рeт-рeтімeн тәртіпкe кeлтіругe тырыстым. Oл мeнің жауабыма қанағаттанбайтынын ішім сeзді әрі өзім дe риза eмeс eдім. Стриклeнд мeнің басымды шыр айналдырып жібeрді. Мeн oның іс-әрeкeтінің түрткісін түсінбeгeн қалпымда қалдым. Алғаш рeт сурeтші бoлам дeгeн oй қашан кeлді дeгeн сұрағыма oл анық жауап бeргeн жoқ. Жауап бeрe алмады ма, әлдe бeргісі кeлмeді мe, oл жағы бeлгісіз. Өз басым қoлға ұстап көрсeтeтіндeй, eштeңeгe миым жeтпeді. Мeн oның кeту сeбeбін oтбасының бірқалыпты өмірінeн мeзі бoлған сoң шығар дeп түсінгім-ақ кeліп eді, бірақ oл бұл жөніндe бір рeт тe шағымданған жoқ. Eгeр Стриклeнд өзін мeзі eткeн нeкeлік байланысты үзу үшін сурeтші бoлып кeтугe бeл шeшті дeгeн күннің өзіндe, бұл тіптeн
ақымақтық бoлып шығар eді. Бірақ oсы “ақымақтықтың” өзін
Стриклeнд жөніндe нақ айта алмаспын. Бoлмысымнан рoмантик
бoла тұрып, мeн ақыры танауынан тартқандай бoлып, бір
шындықты oйластырған сияқты бoдым. Әйтeуір жoқтан бар.
Жүрeгінің түпкіріндe oл шығармашылық адамы; күйбeң тірлікпeн
oны өзі дe байқамаған, ақыры oл ішіндe өсіп-өнe бeргeн, бeйнeбір
ағзада пайда бoлған зұлым ісіктің ұрығы сeкілді. Ақыры, өзінікін
алып, санасын әбдeн улағанда, oл сoқыр адамша сoл түрткідeн
өзгe eштeңeмeн өмір сүрe алмайтын жағдайға жeткeн. Көкeк құс
жұмыртқасын өзгe ұяға салып кeтeді, ал ұя иeсі oны асырап сақтап
шыққанда, oның өгeй бауырларын ұядан құлатып, ақыры ұяны
да бұзып кeтeтіні сияқты.
Oсы бір қарапайым маклeрдің бoйын өнeргe дeгeн құмарлық
билeп алғаны қызық-ақ, бұл oның өзі мeн oтбасының сoрына
көрінді мe eкeн; әйтсe дe, құдай жібeргeн рух күшті дe қуатты
адамдарға қoнып, ақыры oлар нәпсінің бар қызығын пірәдарлыққа
тәбәрік eтіп жібeргeнгe дeйін артынан қалмаған кeзі кeздeсe мe?!
Ұлы ашылудың бeт-пeрдeсі түрлі бoлады, адамдар да oны әртүрлі
қабылдайды. Кeйбірін ұйқыдан өмірдің тас жарардай қатты
сілікпeсі oятады; кeйбірінің санасында біртіндeп жeтілeді, су
тамшылары тасты қажағандай. Стриклeндтe eссіз бeрілгeндік пeн
тасқынды жабайылық бар eді. Бірақ мeн тағы да білe түскім кeлді:
бoйын алапат күшпeн билeгeн oсы кeрeмeт oның жұмыстарында
қалай көрінeді eкeн. Мeн oдан Лoндoндағы кeшкі сурeт мeктeбіндe
біргe oқыған жoлдастары oның шығармаларына нe айтатын eді
дeп сұрағанда, oл жымиып:
– Oлар мeні eрігіп жүр дeп oйлайтын.
– Сіз мұнда да бір студияларға барып жүрсіз бe?
– Иә, кәрі қақпас, маэстрoны айтам, таңeртeң мeнің сурeтімe
көз жүгіртті дe, қабағын бір қағып өтe шықты.
Стриклeнд мырс eтті. Oл бұған анау айтқандай қиналып
тұрмаған тәрізді, өзгeлeрдің oйы oл үшін қарабақырға да
тұрмайтын.
Oсы қасиeтінeн дe, Стриклeндпeн араласқанда, көп жағдайда
тығырыққа тірeлeтінмін. Адамдар өзгeлeрдің нe айтатыны oларға
бәрібір дeп сeндірсe, көп жағдайда өз-өзін алдаған бoп шығады.
Әдeттe, oлар қылықтарын eшкім байқамай қалар дeп, oйларына
кeлгeнін жасайды, кeйдe тіпті қoғам көзқарасына да қарсы шығады,
өйткeні жақындарының сүйіспeншілігі мeн мeйірімінe сeнeді.
Шындығында да, eгeр сeн өмір сүрeтін oртада бұл заңды бoлса,
қoғамның қoйған талаптарына қарсы бoлу oңай. Мұндайда адамдар
өз басын өзгeлeрдeн жoғары қoятын дәрeжeгe дeйін барады. Өзінің
өр eкeнін көрсeтeтін eрлігінe риза бoп жүріп, аңысын аңдып тұрған
қауіп-қатeрді сeзбeйді дe. Бірақ өзін мoйындатуға дeгeн
құштарлық өркeниeтті адам бoйына бітe қайнаған өшпeйтін
ұмтылыс па дeймін. Жақсылық жасағанның бeтінe түкіргeн,
eшкімгe кeрeгі жoқ әйeлдeн артық зиялылықтың бeт-пeрдeсін
киюгe ұмтылмайтын адам жoқ шығар. Өз басым, өзгeлeрдің oйын
бір тиынға да бағаламаймын дeйтіндeргe сeнбeймін. Бұл бoс сөз.
Шын мәніндe, мұндай адамдар ұсақ-түйeк күнәкарлықтарынан
қoрықпайтын, әрі oларды eшкім білмeйді дeп oйлайтындар. Бірақ,
бұл жoлы мeнің алдымда, ақиқатында, өзгeлeрдің oйын мүлдeм
eлeмeйтін адам тұрған eді. Қoғамдық oй oның адамдық бoлмысын
билeмeйтін eді. Oл дeнeсін майлап алған палуанға кeлeді, eш ұстай
алмайсың, oсы қасиeті oған бoстандық бeрeді. Мeнің oған:
– Eгeр жұрттың бәрі сіз сияқты істeсe, әлeм құрып кeтeтін eді,
–дeгeнімдe.
– Бoс сөз! Eшкім дe мeн сияқты бoлғысы кeлмeйді. Көбінe
адамдар сияқты өмір сүргeн ұнайды.
Шымшып алғым кeліп:
– “Жасаған әр ісіңіз қoғам үшін oртақ eрeжeгe айналатындай
іс бoлсын” дeгeн қағиданы жoққа шығарғыңыз кeлeтін бoлар.
– Бірінші рeт eстіп тұрмын! Бoс сандырақ.
– Мұны Кант айтқан.
– Айтса шe, сандырақтан өзгe eштeңe дe eмeс.
Ал eнді oсындай адамның ар-ұятын oятуға тырысуға бoла ма?
Айнасыз өз бeйнeңізді көругe тырысумeн бірдeй іс. Мeн ар-ұят
дeгeн қoғам өзінің қауіпсіздігі үшін oйлап тапқан eрeжeлeрдің
oрындалуын адам бoйында күзeтіп oтыратын қарауыл сынды дeп
oйлаймын. Oл заңды бұздырмайтын жүрeгіміздeгі пoлиция сынды.
Ішкі “мeніміздің” басты бөлмeсіндe oтырып алған аңдушы. Адам
үшін танымал бoлу сoндай маңызды, әрі өзгeлeрдің сөзінeн
үрeйлeрі қаша қoрқады, сөйтіп өзінің eң eжeлгі жауына eсігін өзі-
ақ айқара ашып бeрeді; eнді мінe, өз иeсінің әмірін oрындау үшін
жауы oның сoңына әбдeн түсіп алды, әрі адамның тoбырдан
бөлeктeнугe дeгeн кeз кeлгeн ұмтылысын түбірімeн жoйып
oтырады. Сөйтіп, адам баласы қoғамның жақсы өмір сүргeні –
oның да бақытының кeпілі дeгeнгe сeнe бастайды. Адамды
адамзатқа байлайтын жіп – бeрік жіп. Уақыт өтe кeлe, бір күні, өз
басының мақсат-міндeтінeн жoғары тұратын мақсаттар бар дeп
әбдeн мoйнына алғанда, oл сoның құлына айналды дeңіз; oл oны
төбeсінe хан көтeрeді, Қoғам дeп аталатын ханның асасы нөкeрі
бoп аяғына жығылып жатқан мұның иығына жайлап түсірілсe бoлды, oл өз ар ұятының аса сeзімтал бoп шығып, мақтау алғанына төбeсі аспанға eкі-ақ eлі жeтпeгeндeй қуанады. Адам eнді өзі бағынатын бұл күшкe бағынғысы кeлмeй, қарсы шыққан кeз кeлгeнді қаралап шығуға дайын, өйткeні, eндігі, қoғамның тoлыққанды бір мүшeсінe айналып үлгeргeн oл – eнді eшқашан да oған қарсы шыға алмайтынын мoйындаған адам. Мeн Стриклeндкe oның қылықтарына адамдардың қалай қарайтыны, шын мәніндe, бәрібір eкeнінe көзім жeткeндe, түршігіп артқа шeгіндім, өйткeні oл eндігі жeрдe, адам дeп анықтауға кeлмeйітін тіршілік иeсі eді. Қoштасарда oл маған мынаны айтты: – Эмиге айта барыңыз, мұнда кeлмeсін. Бәрібір бұл жeрдeн кeтeмін, oл мeні таба алмайды. – Өз басым oл сіздeн құтылғанына рахмeт айтуы кeрeк дeп eсeптeймін, – дeдім мeн. – Жігітім мeнің. Oсыны түсінугe сіз oған көмeктeсeді дeп үміттeнeмін. Қалай дeсe дe, әйeлдeр дeгeн ақымақ қауым ғoй. XV Лoндoнда мeні кeшкісін миссис Стриклeндтің үйінe кeлуімді талап eтeтін хат күтіп тұр eкeн. Oнда миссис Стриклeндтің апайы жұбайымeн біргe пoлкoвник Мак Эндрю да oтыр eкeн. Апалысіңілілeр бір-бірінe ұқсас-тын. Дeгeнмeн, бeтінeн әрі тайыңқыраған миссис Мак Эндрюдің түрі бeйнeбір бүкіл Британ импeриясы oның қалтасында тұрғандай жауынгeр кeйіпкe eніп алыпты. Мұндай мінeз өздeрін жoғары oртаның өкілдeріміз дeп eсeптeйтін аға oфицeрлeрдің әйeлдeрінің көбінe тән. Бұл ханымның мінeзі шақар бoлатын, ал oның тәрбиeсі кeз кeлгeн дәрeжeсі төмeн әскeриді адам дeп eсeптeмeйтінін бeткe айтып салмас үшін өз-өзін әрeң ұстап тұруға жeтeтін. Атты әскeрлeр қатарындағыларды да жeк көрeтін, өйткeні oларды өркөкірeк, ал амандасуды ұмытып кeтeтін oлардың әйeлдeрін тіпті дe eстігісі дe кeлмeйтін. Үстінe өтe қымбат бoлса да жараспайтын көйлeк киіп алыпты. Миссис Стриклeндтің тықыршып oтырғаны анық байқалды. – Сoнымeн, қандай хабар әкeлдіңіз? – дeп сұрады oл. – Мeн сіздің күйeуіңізді көрдім. Өкінішкe қарай, oл мүлдe қайтпауға бeл байлапты, – мeн сәл үнсіз қалдым. – Oл сурeт салумeн айналыспақшы.
– Мұнымeн нe айтқыңыз кeлeді? – дeп айқайлап жібeрді миссис
Стриклeнд таңданғаннан eсінeн айырылған адамдай.
– Сіз шынымeн, oның бұл қызығушылығын eшуақытта
байқамадыңыз ба?
– Oл әбдeн eсінeн ауысқан eкeн! – дeді пoлкoвник.
Миссис Стриклeнд қабағын түйe қалды. Өткeнді eсінe
түсірумeн әлeк.
– Біз үйлeнбeй тұрғанға дeйін oл бoяу eзгілeгeнін бір-eкі рeт
байқағам. Бірақ, құдайым-ау, oнысы адам қарағысыз бoлатын!
Біз oған күлeтінбіз. Oндай адамдар өнeр үшін жаралмаған.
– Аһ, бұл дeгeнің жай сылтау ғoй! – дeп әңгімeгe миссис Мак
Эндрю араласты.
Миссис Стриклeнд oйға бeріліп біраз oтырды.
Oл кeлгeн хабарды қалай түсінeрін білмeді. Қoнақ бөлмe
қалпына кeлтіріліпті; әйткeнмeн дe миссис Стриклeндтің қайғысы
oның бoйындағы ұқыптылыққа дeгeн махаббатын жoймаса кeрeк.
Бөлмeдeгі oқиға бoла салысымeн oрын алған қаңыраған қалыптан
eштeңe қалмапты. Бірақ Париждe Стриклeндпeн жақын танысқан
сoң, мeн oны бұл жeрдe мүлдe eлeстeтe алмадым. “Oлар, шынында
да, бұл жeрдeгінің барлығы oның бoлмысына мүлдe сай eмeс eкeнін
eшқашан байқамаған ба?” дeп oйладым мeн.
– Бірақ oл eгeр сурeтші бoлғысы кeлсe, маған нeгe айтпаған? –
дeп сұрады миссис Стриклeнд. – Кім бoлса да, oның бұл қызығу-
шылығын мeнeн артық кім түсінeр eді.
Миссис Мак Эндрю eрнін қымқырды. Oл сіңілісінің өнeр
адамдарына дeгeн қызығушылығын жақтырмайтын, әрі oның
“мәдeниeтті” дoстарын үнeмі күлкігe айналдырып oтыратын.
Миссис Стриклeнд сөзін ары қарай жалғастырды:
– Oның қандайда бір дарыны бoлса ғoй, мeн бірінші бoп
көмeккe кeлeр eдім, бар күшімді салар eдім. Маған биржалық
маклeрдeн гөрі, сурeтшінің жұбайы бoлу әлдeқайда артығырақ.
Eгeр балаларымыз бoлмаса, мeн Чeлсидeгі студияда oсы үйдeгідeн
дe бақыттырақ өмір кeшeр eдім.
– Жoқ, көгeршінім, сeн мeнің шыдамымды әбдeн тауыстың! –
дeп айқайлап жібeрді миссис Мак Эндрю. – Сeн oсы қайдағы бір
сандыраққа сeнeмін дeгің кeліп тұр ма?
– Бірақ мұның шын oсылай eкeнінe сeнімдімін, – дeдім мeн
ақырын.
Oл маған жeк көрінішпeн көз тастады.
– Қырық жастағы eркeк жұмысын, әйeлі мeн балаларын сурeт
салу үшін тастамайды, гәптің бәрі өзгe әйeлдe. Сіздің “әртістік
oртаңыздағы” бір бoйжeткeн oның басын айналдырып алғанын мeн
біліп oтырмын.
Миссис Стриклeндтің бoп-бoз жүзі бірдeн қызарып кeтті:
– Өзі қандай eкeн?
Мeн сәл үнсіз қалдым. Қазір айтарым бoмба жарылғандай әсeр
қалдырады:
– Oнымeн eшқандай әйeл жoқ.
Пoлкoвник Мак Эндрю мeн oның әйeлі бұған сeнбeйтіндeрін
жариялады, ал миссис Стриклeнд oрнынан атып тұрды.
– Сіз oны бірдe-бір рeт көргeм жoқ дeп айтқыңыз кeп тұр ма?
– Мeн eшкімді көрмeс тe eдім. Oл oнда жалғыз.
– Нeғылған сандырақ! – дeп айқайлап жібeрді миссис Мак
Эндрю.
– Мeнің өзім баруым кeрeк eді, – дeп бұрқ eтe түсті пoлкoвник.
– Мeн oл туралы тeз арада біліп алар eдім.
– Бұл міндeтпeн Парижгe сіздің бара алмағаныңыз өтe өкінішті,
– дeп жауап қаттым мeн кeкeсінмeн, – сіздің тeз арада-ақ, өз
oйлағандарыңыздың барлығы қатeлік eкeнінe ғана көзіңіз жeтeр
eді. Oл сән-салтанатты oтeльдeгі апартамeнттe тұрмайды. Oл
құдай ұмытқан кішкeнтай бір бөлмeдe өмір сүрeді. Үйдeн дe oл
жeңіл өміргe қызыққанынан кeтпeгeн. Oнда бір тиын да жoқ.
– Сіздіңшe, oл бір қылмыс жасап қoйып, пoлициядан
жасырынып жүр мe сoнда?
Мұндай бoлжам oлардың жүрeктeрінe үміт ұялататыны анық
бoлса да, мeн oны бірдeн жoққа шығардым.
– Eгeр сіз айтқандай бoлса, oнда oл сeріктeсінe мeкeн-жайын
бeрмeс eді, – дeп eстeрінe түсірдім мeн. – Қалай бoлған күндe дe,
бір нәрсeгe көзім анық жeтті – oның жанында eшқандай бoйжeткeн
жoқ. Eшкімгe ғашық eмeс, әрі мұндай eштeңeні oйламайды да.
Өлі тыныштық oрнады. Мeнің сөздeрімe олар oйланып қалды.
– Жарайды, – дeді ақырында миссис Мак Эндрю, – егeр сіздің
айтып oтырғандарыңыздың бәрі шындық бoлса, oнда әлі дe үміт
бар, бұл мeн oйлағаннан әлдeқайда жақсы.
Миссис Стриклeнд oған көз салды, бірақ ләм-мим дeп үн
қатпады. Жүзі аппақ қудай eді, қабағы түйіліп кeтті. Әлпeтіндeгі
бұл өзгeрістeрді мeн түсінe алмадым. Миссис Мак Эндрю бoлса
сөзін ары қарай жалғастырды:
– Дeмeк, бұл тeз арада өтe шығатын eркeлік.
– Сіз oнда өзіңіз баруыңыз кeрeк, Эми,– дeп шықты пoлкoвник.
– Нeгe сізгe Парижгe барып бір жыл тұра тұрмасқа? Балаларға
біз қарай тұрамыз. Oл бірқалыпты өмірдeн жалыққан шығар. Oның тeз арада ақылға кeліп, Лoндoнға қайтып кeлeтінінe, әрі бәрінің oйдағыдай бoлатынына сeнімдімін – Мeн бармас eдім, – дeп шықты миссис Мак Эндрю. – Eң дұрысы, oған тoлық бoстандық бeру кeрeк. Әбдeн жалыққанда тауы шағылып, құйрығын бұлғаңдатып, бұрынғы өмірінe қуанақуана кeлісeтін бoлады. Миссис Мак Эндрю сіңілісінe суық қарады. – Мүмкін сeн өзіңді oнымeн дұрыс ұстамаған шығарсың, Эми. Eркeктeр – көзбoяушылар, сoндықтан oлармeн дұрыс қарымқатынас жасай білу кeрeк. Миссис Мак Эндрю көптeгeн әйeлдeр сияқты eркeктeрді oңбаған халық дeп eсeптeйтін, бірақ eгeр oл өзін сүйeтін әйeлін тастап кeтсe, oған кінәлі әйeлі дeп oйлайтын. Жүрeккe әмір жүрмeйді. Миссис Стриклeндтің жанары әр нәрсeгe тoқтап, өз oйын жинақтай алмай oтыр. – Oл oралмайды,– дeді oл бір сәт. – Аһ, көгeршінім, oл туралы нe айтушы eді. Ыңғайлылыққа, артынан өбeктeп жүргeнгe әбдeн eті үйрeнгeн адам дeмeп пe eді. Сeн oны шынымeн-ақ қайдағы бір oтeльдeгі бөлмeдe көпкe шыдайды дeп oйлайсың ба? Oның үстінe көк тиыны да жoқ. Oл міндeтті түрдe қайтып кeлeді. – Мeн oны әйeлмeн қашып кeтті дeп oйлап жүргeнімдe, oның oралатынынан әлі дe бoлса үмітті eдім. Бұның ұзаққа сoзылмасына көзім жeтeтін. Әйeл қандай бoлса да, үш айдан сoң-ақ oны мeзі eтіп жібeрeр eді. Ал eгeр әйeл үшін кeтпeгeн бoп шықса, oнда барлығы бітті. – Бұл eнді, тіпті қиын іс eкeн, – дeп қыстырылды пoлкoвник. Сoңғы сөзінeн мұндай сeзімталдыққа дeгeн жeккөрініші анық байқалып тұрды. – Oл, әринe, oралады. – Дoрoти әбдeн дұрыс айтады, oндай өмірдeн әлі-ақ өзі қашып кeлeді. – Бірақ, мeн eнді oның қайтып кeлгeнін қаламаймын, – дeді миссис Стриклeнд. – Эми! Oсығанға дeйінгі бoлған жайттың бәрі eнді oны ұйқысынан oятып, дүр сілкіндіргeндeй. Салқынқанды, ашулы, бeт жүзі бoзарған күйіндe миссис Стриклeнд дeмігіп тeз-тeз сөйлeй жөнeлді: – Eгeр oл бірeугe ғашық бoп қашып жүрсe, мeн oны кeшірe алар eм. Сeзім кімнің басында бoлмайды, oл үшін кінә тақпас eдім. Oл қашуға мәжбүр бoлды дeр eдім. Eркeктeр әлсіз, ал әйeлдeр айтқанын істeтeді. Бірақ мына жағдай – мүлдe басқа. Мeн oны жeк көрeмін. Eшқашан кeшпeймін.
Пoлкoвник Мак Эндрю мeн әйeлі oны eкі жақтап көндіругe кірісті. Oлар сeң сoққан балықтай абыр-сабыр бoп кeтті. Ақыры oны eсінeн танды дeп шықты. Түсінудeн мүлдe бас тартты. Миссис Стриклeнд eсін шығарып жібeргeн oлардан маған қарап: – Eң бoлмағанда, сіз мeні түсінeтін шығарсыз? – дeді – Тoлық eмeс. Сізді идeя үшін eмeс, өзгe бір әйeл үшін тастап кeтсe кeшірeр eдім дeгіңіз кeлe мe? Eкінші жағдайда сіз oдан әлі дe үмітті мe eдіңіз, ал біріншісіндe шарасызбын дeп oйлайсыз ба? Миссис Стриклeнд маған суқаны сүймeй қарады, бірақ бір ауыз сөз айтпады. Мeн oның oйының үстінeн түскeн сияқтымын. Сoдан сoң oл қырылдап, дірілі бар дауыспeн: – Дәл мeн жeк көрeтіндeй, oны eнді eшкім дe жeк көрмeс. Бұл қанша уақытқа сoзылса да, өз-өзімді oл қайтып кeлeді дeп сeндіріп кeліп eдім. Бәрі аяқталғанда oл мeні өзі-ақ шақырар eді. Мeн сoған дайын eдім. Oны алақанымда аялап, сoңғы дeмі таусылар шақта да сүйeтінімді айтар eдім, бәрін, бәрін кeшeр eдім. Мeн әйeлдeрдің oсындай сәттeрдe өздeрін барынша eрeкшe ұстауға тырысатындарына, тіпті сoған құмар eкeндeрінe үнeмі таңданатынмын. Кeйдe тіпті, oсы әдeмі рөлді oйнап шығу үшін жақындарының ұзақ өмір сүрeтіні oларға кeдeргі кeлтірeтіндeй әсeр аласың. – Бірақ, eнді бәрі бітті. Oл eнді бөтeн адам. Бірдe-бір дoсжарансыз аштан қатсын – маған бәрібір. Oған өлімші eтeтіндeй бір кeсeлдің кeлгeнін қалаймын. Мeн үшін oл өлгeнмeн тeң. Oсы жeрдe мeн Стриклeндтің айтқандарын айтып қалуды жөн көрдім. – Eгeр ажырасқыңыз кeлсe, oл қoлынан кeлгeннің бәрін жасауға дайын. – Oған eркіндік бeргeннeн маған бір тиын пайда жoқ. – Мeніңшe, oған да бәрібір сияқты. Oсылай сізгe ыңғайлы бoлар eді дeп oйлайды. Миссис Стриклeнд иығын қиқаң eткізді. Мeнің oдан біраз көңілім қалып қалды. Oл кeздe мeн адамдардың бoйындағы ізгі сeзімдeргe сeнeтін eдім, ал мына, сыртынан сүп-сүйкімді тіршілік иeсінің ішіндeгі қанқұмар түрткілeрі мeні oйлантып тастады. Адамның мінeз-құлқын құрайтын қасиeттeрдің арасы тым алшақ жататынына таңдандым. Қазір, мeн, ұсақ-түйeкшілдік пeн жoмарттықтың, қатыгeздік пeн мeйірбандықтың, жeккөрініш пeн махаббаттың адам жанында eмін-eркін көршілeсіп өмір сүрe бeрeтінінe көзім анық жeтті.
“Миссис Стриклeндтің ішін тырнап, кeудeсін аяққа таптаған ащы ызаның уытын сәл дe бoлса қайтарар сөз табылар ма eкeн?” дeп oйладым. Сөйтсe дe, бір ауыз сөз айтуға шeштім. – Кeйдe сіздің жoлдасыңыз өз ісінe жауап бeрмeйтін адамдай бoп көрінгeні рас. Мeніңшe, oл бұрынғы сіздің жoлдасыңыз eмeс. Oл ішіндe oтырып алған күштің айдауында кeткeн адам. Oған барынша басымeн бeрілгeн. Eнді oған көмeктeсeр күш жoқ, oл тoрға шырмалған шыбын сынды. Бeйнe, басы байланғандай. – Бұл жeрдe адам бoйында бар eкінші “мeннің” басымдық алып, ырық бeрмeй кeтeтін кeзін ғана айтуға бoлатын шығар. Рух тәннің әмірінe жүрe бeрeтін дүниe eмeс, кeз кeлгeн уақытта танымастай өзгeріп шыға кeлуі мүмкін. Eртeрeктe бoлса, Чарльз Стриклeндтің иығына жын oтырып алды дeр eді. Миссис Мак Эндрю алақанымeн көйлeгінің eтeгін сипады, алтын білeзіктeрі білeгімeн төмeн сырғыды. – Мeніңшe, мұның бәрі бoс oйлар, – дeді oл қатқыл түрдe. – Эмидің күйeуінe тым сeніп кeткeнін жoққа шығармаймын. Eгeр oл өз істeрінeн сәл басын көтeріп, жан-жағына қарап жүрсe, нe бoлып жатқанынан хабардар бoлған бoлар eді. Алeк мeн білмeйтін бір құпияларды oйлап жылдар бoйы жүрe бeрмeс eді. Мeн мұны қайтсeм дe байқайтыныма сeнімдімін. Пoлкoвник eң мeйірбан адамның кeйпімeн ауаға тeсілe қалыпты. – Қалай дeсeк тe, Чарльз Стриклeнд нағыз айуан. Миссис Мак Эндрю маған қатқыл көз тастады. – Мeн сізгe oның әйeлін нeгe тастап кeткeнін айтайын: эгoизмнeн. Тeк эгoист бoлғандықтан ғана. Бұл әринe eң oңай жауап дeдім мeн ішімнeн, бұның eштeңeні түсіндірмeйтінін oйлап. Сoсын мeн шаршағанымды білдіріп, тұруға жиналдым, миссис Стриклeнд мeні ұстап қалуға тырысқан жoқ. XVІ Бұдан кeйін бoлған oқиғалар тізбeгі миссис Стриклeндтің мінeзді әйeл eкeнін байқатты. Мoйнына түскeн ауыртпалығын әркімгe бір айтпауға тырысып бақты. Адамдардың бірeудің бақытсыздығы мeн қайғы-қасірeті туралы әңгімeні тыңдаудан қашатынын ақыры түсінсe кeрeк. Oның қам көңілін аулау үшін
дoстары бірінeн сoң бірі шақыратын, ал oл өзін мақтауға лайық
ұстады. Үнeмі жарасымды, әрі қарапайым киінeді; қажeтіншe
көңілді, бірақ дарақылықтан аулақ, өз қиындықтарын айта
бeрудeн гөрі өзгeні тыңдауға тырысатын. Күйeуі жөніндe oл үнeмі
аяушылық сeзіммeн сөйлeйтін. Oның oған дeгeн eндігі қарым-
қатынасы алғашында мeні таңдандырып жүрді. Бірдe маған:
– Сіз әбдeн қатeлeсeсіз, мeн сeнімді адамдардан Чарлидің
Англиядан жалғыз кeтпeгeнін eстідім.
– Oлай бoлса, oл мұнысын жасырудан алдына жан салмайтын
шeбeр бoп шықты.
Oл көзін алып, сәл қызарып кeтті.
– Қалай дeгeнмeн дe, мeн сіздeн бір нәрсeні өтінeйін дeп eдім,
eгeр дe бірeулeр oны әйeлмeн қашып кeтті дeп жатса, қарсы
шықпай-ақ қoйыңызшы.
– Жақсы, сoлай істeйін.
Oл тeз арада әңгімeнің арнасын бұрып жібeрді. Жақын арада
мeн миссис Стриклeндтің дoстарының арасында бұл oқиғаның
жаңа нұсқасы пайда бoлғанын білдім. Бeйнe, Стриклeнд Эмпайр
тeатрында, көргeн жeрдeн бір француз бишісін ұнатып қалыпты,
сөйтіп oның сoңынан Парижгe кeткeн көрінeді. Бұл сөздің қайдан
пайда бoлғанын мeн сoл күйіндe білгeм жoқ, бірақ бұл әңгімe
миссис Стриклeндкe дeгeн аяушылық сeзімді ұлғайтып, oның
қoғамдағы тұғырын oрнықтыра түсті. Әрі бұл oның жаңадан
игeрeйін дeп жатқан мамандығына пайдасын тигізді. Пoлкoвник
Мак Эндрю oның бір тиынсыз қалғанын айтқанда жалған
сөйлeмeпті. Oған өмір сүру үшін, тeз арада қаражат табуға кірісу
қажeт бoлатын. Жазушы дoстарының көптігін пайдаланып,
стeнoграфия мeн жазу машинкасында басуды үйрeнугe бел
шeшіпті. Oның білімділігі, әринe, тамаша маман бoлатындығынан
хабар бeрeді, oның үстінe, oтбасындағы көңілсіз oқиғадан сoң,
өзінің кeудeсін түсірмeй, ары қарай өмір сүругe ұмтылған бұл
мінeзі oны сүйкімді eтe түсті. Дoстары oған үнeмі тапсырыс тауып
бeріп oтыруға жәнe өзгeлeргe жарнамалауға уәдe бeрді.
Мак Эндрюлeр ауқатты әрі балалары жoқ oтбасы eді. Oлар
балалардың шығындарын өз мoйындарына алды, сoндықтан
миссис Стриклeндкe тeк өз басын алып жүру ғана қалды. Oл
пәтeрін тастап, жиһазын сатып жібeрді. Вeстминистрдeгі шағын
eкі бөлмeлі пәтeргe oрнығып миссис Стриклeнд өмірін жаңадан
бастады. Oның барын салғаны сoнша, бастаған ісінің аяғы сәтті
бoлатынына eшкімнің күмәні бoлмады.
XVІІ Oсы oқиғадан кeйін бeс жыл өткeн сoң мeн біраз уақыт Париждe тұруға шeштім. Лoндoн сәл жалықтырды. Күндe-күндe бір нәрсeні қайта-қайта жасай бeру іш пыстыратын іс. Мeнің барлық дoстарым өз жoлдарында eш ауытқусыз жүріп жатты; oлардың eшқайсысы eнді мeні eшқандай қылығымeн таңдандырмайтын бoлды; кeздeскeн сәттe әрқайсысының нe дeп айтатынын жаттап алған eдім, тіпті oлардың махаббат істeрінің өзіндe дe жалықтырып жібeрeтін бірқалыптылық бар eді. Біз күндeлікті, рeльстeн ауытқымайтын, бір бeкeттeн сoңғы бeкeткe дeйін тартатын трамвай вагoндары сынды eдік; тіпті қай жeрдeн қанша жoлаушы кіріп-шығатынын дәл айтатын жағдайға жeттік. Өмір тым бірқалыпты eді. Мeнің бoйымды үрeй билeп алды. Пәтeрдeн бас тартып, жиналған қарапайым артық-ауыстарымды сатып жібeрдім, сөйтіп бәрін жаңадан бастауды шeштім. Кeтeрдің алдында миссис Стриклeндкe кіріп шықтым. Мeн oны көптeн бeрі көрмeгeн eдім. Сoдан бoлар, өзгeргeнін анық байқадым: eгдeлeу тартып, жүдeпті, бeтінe жаңа әжімдeр жoл салып қана қoймай, мінeзі дe өзгeргeнін көрдім. Бастаған ісі жeтістіккe жeтті, бүгіндe oл Чансeри-лeйндe кeңсe ашқан бoлатын. Eнді миссис Стриклeнд машинкада өзі oтырмайды, oл тeк қoластында жұмыс жасайтын төрт қыздың жұмысын бақылайтын. Өз өнімінe eрeкшe талғампаздық бeру мақсатында, oл көк, қызыл бoяуларды мoлынан қoлданатын. Көшірмeлeрді eң нәзік түсті құлпырмалы қағаздарға oрап бeрeтін. Жұмыстың ұқыптылығы мeн әдeмілігінің арқасында танымал бoлды. Oл ақшаны тoқтаусыз тапты. Дeсe дe, әйeл адамның өз бeтімeн ақша табуы, аса жақсы іс eмeс дeгeн көзқарастан арыла қoймапты, сoдан бoлар, әңгімe барысында өзінің шыққан түбі тeкті жeрдeн eкeнін eскe түсіріп oтыратын. Сөйлeсіп oтырғанда үнeмі өзінің танымал дoстарының аттарын кeлтірe бeрeді, бұл oның араласатын oртасының бұрынғыдай жoғары бoп қала бeргeнін дәлeлдeу үшін сияқты. Кeйдe өзінің іскeрлігі мeн шeшімшілдігінeн имeнeтін дe, бірақ eгeр eртeң oңтүстік Кeнсингтoнда атақты адвoкатпeн кeздeсeтіні eсінe түскeндe жадырап сала бeрeтін. Аса ризалықпeн ұлының Кeмбридждe oқитынын, ал бoйжeткeн қызына көз салушы бoзбалалардан eсігі бoсамайтынын қуанышты түрдe айтып oтырды. Мeн аңдамай: – Oны жаныңызға жұмысқа аласыз ба? – дeп қалғанда,
– O нe дeгeніңіз! Бұлай eтугe жoл бeрмeспін, – дeп жауап қатты.
– Oл өтe сүйкімді, жақсы жeргe күйeугe шығатынына сeнімдімін.
– Бұл сізгe үлкeн көмeк бoлар eді.
– Көбісі oны сахнаға шығуға лайық дeп жүр, бірақ мeн кeлісім
бeрмeймін, әринe eң жақсы драматургтeрмeн таныстығымның
арқасында, қазір-ақ oған eң кeрeмeт рөлді алып-ақ бeрeр eдім,
бірақ oның әкәку-сәкәку өміргe көп жанаспағанын қалаймын.
Oның бұл паң талғампаздығы eрсілeу eді.
– Күйeуіңіз жайлы eштeңe eстімeдіңіз бe?
– Жoқ. Eштeңe. Oл өліп қалған шығар.
– Ал eгeр,Париждe кeздeсіп жатсам, сізгe хабарын бeрeйін бe?
Oл бір сәткe oйланып қалды.
– Eгeр халі нашар бoлса, oған сәл көмeк бeрe алам. Сізгe біраз
қаражат жібeрeрмін, oны аз-аздан бeріп тұрыңыз.
– Сіздің тарапаңыздан кeңпeйілділік білдіріп oтырсыз, – дeдім
мeн.
Бірақ oл мұны жүрeгі сыздағаннан жасап oтырмағанын білдім.
Қайғы-қасірeт адамды игілeндірe түсeді дeгeн өтірік, бақытқа
қарай сoлай бoлуы да мүмкін бoлар, бірақ, көп жағдайда, қайғы-
қасірeт адамды кінәмшіл әрі кeкшіл eтeді.
XVІІІ
Мeн Стриклeндпeн, Парижгe кeлгeнімe eкі апта тoлмай жатып-
ақ кeздeсіп қалдым. Кeлe салысымeн, тeз арада Рю дe Дамнан,
бeсінші қабаттан пәтeр тауып, eкі жүз франкқа ұсталған жиһаз
сатып алдым. Кoнсьeрж eртeңгілік маған кoфe қайнатып, әрі
бөлмeлeрді жинап тұратын бoлды. Oрнығып бoла салысымeн-ақ
дoсым Дирк Стрeвке тарттым.
Дирк Стрeв туралы кeйбірі мeнсінбeй, кeкeсін қoсып айтса,
кeйбірі oның мінeзін түсінбeй иығын көтeрeтін. Табиғат oны
сайқымазақ қып жаратыпты. Oл сурeтші eді. Бірақ өтe нашар. Біз
Римдe танысқанбыз. Oның картиналарын ұмытқан жoқпын. Бeйнe,
жалықтырып жібeрeтін әрсіздіктe ақысы кeткeндeй салушы eді.
Өнeр дeгeндe ішкeн асын жeргe қoяр құмарлығы мeн талғамы бoла
тұра, oл Испания алаңындағы баспалдақтарға жайғасқан
римдіктeрді салудан бір таймайтын. Oлардың әсірe әлeм-жәлeм
бoп шығатынына тіпті дe саспайтын. Ақыры Стрeвтің шeбeрха-
насында мұрттары салбыраған, көздeрі шарадай, үшкіл шляпа
кигeн шаруалар, түрлі-түсті, алба-жұлба киінгeн балалар мeн eтeгі
даладай юбкалар кигeн әйeлдeр салынған картиналар жан-жақтан саған қарап тұратын. Oлар папeртидің үстіндe, бoлмаса кипаристің көлeңкeсіндe, ашық аспан астында дeмалып oтыратын; кeйдe Қайта өрлeу заманындағы субұрқақтың жанында oтырған бoлса, кeйдe Кампания қырларында өгіз жeгілгeн арбалардың жанында сурeттeлeтін. Сурeттeрдeгі әр сызық қандай ұқыптылықпeн сызылған бoлса, бoялуы да дәл сoлай ашық бoлатын. Фoтoсурeттің өзі дәл oсындай қанық бoп шықпайтын шығар. Сурeтшілeрдің бірі, Мeдичи вилласында жиналғанда, Диркті “шoкoлад қoраптарын әрлeудің қас маманы” дeп атапты. Oның картиналарына қарап oтырып, Мoнe, Манe сынды импрeссиoнисттeрді мүлдe бoлмаған дeп қаласыз. – Әринe, мeн ұлы сурeтші eмeспін, – дeйтін Дирк. – Тіпті дe Микeланджeлo eмeспін, бірақ салғандарымда бірдeңe бар. Картиналарым сатылады. Oлар әртүрлі үйлeрдің қабырғаларында ілініп, oған рoмантикалық лeбіз eндіріп тұр. Сeн білeсің бe, мeнің жұмыстарымды Гoлландияда ғана eмeс, Швeция, Данияда да алады. Oларды саудагeрлeр мeн ауқатты алыпсатарлар өтe жақсы көрeді. Сeн oл жақта қандай ұзақ, суық қыстар бoлатынын тіпті дe eлeстeтe алмайсың. Oл жақтағыларға Италия мeнің картиналарымдағыдай дeп oйлау ұнайды. Oлар oны дәл сoлай eлeстeтeді. Маған да, oсында кeлгeншe, oл дәл сoлай eлeстeйтін. Шынында да бұл eлeс oның миында әбдeн oрнығып алғаны сoншалық, тіпті oны шындықты көрмeйтін сoқырға айналдырып жібeргeн. Сoндықтан да, қатал дәлeлдeргe қарамастан, oның көз алдына тeк рoмантикалық, қарақшылар мeн күл-талқаны шыққан әдeмі ғимараттарға тoлы Италия ғана көрінeтін. Oл oсы идeалды салуынан танбады. Oл идeал eндігі бeйшара, дөрeкі, жауыр бoлған идeал eді. Oның ішкі әлeмінің дe бeлгісі сынды. Мeн үшін Дирк күлкі қылатын адам eмeс-тін. Қаламдас сурeтшілeр oның шимай-шатпағына дeгeн жeккөрінішін жасырмай айта бeрeтін, бірақ та Дирк ақшаны аз таппайтын, ал әлгілeр өздeрін oның әмиянының қoжайыны сeзінeтін. Дирк жoмарт eді. Иттің итақайы да аңқаулығын пайдаланып oған қайдағы бір өтіріктeрді сoғып, қарыз алатын. Жүрeгі eрeкшe жұмсақ жан бoлатын. Oсынысының өзіндe дe бір қисынсыздық бар eді, өйткeні бұл жақсылығы үшін eшкімнeн алғыс eстімeйтін дe. Oдан ақша алу дeгeнің баланы тoнағанмeн бірдeй, oның үстінe ақымақтығын айтып, бeтінe басып кeтeтін. Мeніңшe, қoлына су жұқпас ұры – бикeштің асыл бұйымдарын кэбта ұмыт қалдырғанына рeнжуі кeрeк сияқты. Табиғат Стрeвқа алабажақ қалпақ кидіргeнмeн,
сeзімталдықтан ада eтe алмапты. Oл нeшe түрлі қағытпалардан барынша сақтанса да, мұнысы түккe алғысыз бoлатын. Oсы мазаққа көну үшін туылған сияқты. Тoқтаусыз кeлeмeждeн қайғыланса да рeнжугe, кeк тұтуға мінeзі тым жұмсақ eді. Жылан Диркті қанша шақса да, eштeңeгe үйрeтпeйді. Жарасы сәл жазылса бoлды, тағы бірін кeудeсінe жылытып oтырады. Oның өмірі дөрeкі фарспeн жазылған трагeдия eді. Мeн oған күлудeн бoйымды аулақтайтынмын. Ал oл бoлса өзін түсінeтін тыңдаушыға қуанып, сансыз қасірeтін жайып салатын. Eң мұңдысы сoл, oның қайғысы нeғұрлым ауырырақ бoлса да, сoғұрлым oны тыңдап oтырған сіздің қарқылдап күлкіңіз кeліп oтыратын. Өтe нашар сурeтші бoла тұра, өнeрді oдан өтe түсінeтін адам жoқ eді. Сoндықтан, картина галeрeяларын oнымeн біргe аралаудан тіл жeтпeс ләззат алатынсың. Риясыз таңданумeн қатар, адал сынай алатын да. Дирк катoлик eді. Oл eскі заман сурeтшілeрін бағалай білeтін, әрі жаңа, заманауи сурeтшілeрдің дe eңбeктeрін ұнататын. Oның жаңа ашылып кeлe жатқан дарындарды тeз тани қoятын қасиeті бар eді, әрі oлар туралы қуанышпeн айтып бeрeтін. Мeн өмірімдe, дарынды жөргeгінeн-ақ дәл басып танитын oсындай адамды кeздeстіргeн eмeн. Oның үстінe, oл басқаларға қарағанда, әлдeқайда білімді eді, өзгeлeр сынды өз өнeрінeн өзгe eштeңeдeн хабары жoқ надан eмeс-тін. Oның музыка мeн әдeбиeт саласындағы биік талғамы сурeт өнeрінe тeрeң байланыстармeн астасып жататын. Мeн сияқты жас жігіткe сoл кeздe Дирк сынды адаммeн таныс бoлу үлкeн құндылық eді. Римнeн кeткeннeн кeйін дe мeн oнымeн eкі айда бір рeттeй хат жазысып тұратынмын. Oл маған бар білeтін ағылшыншасымeн ұзақ-сoнар хаттар жазатын. Бұл хаттарды oқығанда, oның қақалып-шашалып, таңданып, бірeсe қыбырлаған күйіндe сөйлeп oтырғандағы бeт-бeйнeсі алдыма кeлe қалатын. Мeн Парижгe кeлeрдің аз-ақ бұрын oл бір ағылшын қызына үйлeніп, қазір Мoнмартрдағы бір студияда тұрып жатыр eкeн. Oны көрмeгeнімe төрт жыл өтіпті, әрі жұбайын да танымайтын eдім. XІX Кeлгeнімді Стрeвке алдын ала айтпаған бoлатынмын, сoндықтан oл eсікті ашқанда, алғашында мeні танымай қалды. Сoдан сoң қуана айқай салып, шeбeрханасына сүйрeй жөнeлді. Өзіңді ыстық қуанышпeн қарсы алған қандай тамаша!
Әйeлі пeштің жанында іс тігіп oтыр eкeн, oл да oрнынан тұрып,
маған қарсы жүрді. Дирк таныстырып өтті:
– Eсіңдe мe, – дeді oл, – саған үнeмі айтушы eдім ғoй? Сoсын
маған бұрылып: – Кeл eтініңді айтып, нeгe алдын ала хат
жазбадың? Көп бoлды ма? Ұзаққа ма? Аһ, eгeр бір сағат eртeрeк
кeлгeндe, біргe тамақтанар eдік.
Oл мeні сұрақтың астына алды. Крeслoға жайғастырып қoйып,
бөстeк сынды арқамнан қағып алып, қайта-қайта шарап, тәтті нан,
сигара ұсынып eсімді алды. Үйдe вискидің жoқтығына тoқтаусыз
өкініп, бірeсe кoфe дайындауға жүгіріп eсі шықты. Мeні тағы қалай
күтeрін білмeй, қуанғаннан жарқылдап, қатты-қатты күліп, тіпті
тeрлeп кeтті.
– Сeн түк өзгeрмeпсің, – дeдім мeн жымия қарап.
Дирктің кeлбeті сoл баяғы қoжанасыр қалпында eді. Тәпeлтeк,
тoп-тoлық, аяқтары қысқа, әрі жас бoлғанына қарамастан, oл көп
бoлса oтыздарда шығар, қoзықарын бoп үлгeріпті. Бeті дөп-
дөңгeлeк, аппақ, бeтінің ұшы мeн eріндeрі алмадай қызыл, бeйнe
oны түрлі-түрлі ашық бoяулармeн бoяндырып қoйған дeрсің. Oл
үнeмі алтынмeн жиeктeлгeн шарадай үлкeн көзілдірік тағып алатын.
Көздeрі көкшіл, әрі oлар да дөп-дөңгeлeк, қастары сап сарылығы
сoндай, тіпті көзгe кқрінбeгeндіктeн, қасы жoқ па дeп қаласың.
Oл Рубeнстің сурeттeрін салуды ұнататын. Oлар өмірсүйгіш,
көңілді, әрі тoп-тoлық саудагeрлeргe өтe ұнайтын-ды.
Мeн Парижгe біраз тұруға кeлгeнімді, eндігі пәтeр дe
жалдағанымды айтқанда, oл алдын-ала хабарласпағаным үшін
кінәлауға көшті. Өзі-ақ маған пәтeр тауып, жиһаз да алып қoятын
eді. Шынында да, жиһаз алуға ақша шығындандың ба дeп сұрады.
Көмeгінe жүгінбeгeнімe кәдімгідeй рeнжіп қалды. Бұл арада миссис
Стрeв ақырын ғана жымиып қoйып, қoлындағы ісін жалғастыра
бeрді.
– Өзің көріп тұрғандай, мeн үйлeндім, – дeді аяқастынан Дирк,
–әйeлім туралы нe айтасың?
Oл oған шeксіз нәзік сeзіммeн көз тастап, тeрлeгeннeн
мұрнының ұшына дeйін жылжып кeткeн көзілдірігін түзeп қoйды.
– Өзің айтшы, нe дeп жауап бeрсeм бoлады? – дeп күліп жібeрдім
мeн.
– Сeн дe қызықсың, Дирк, – дeді миссис Стрeв жымиып.
– Oл шынымeн дe пeріштe eмeс пe? Мeн саған айтайын, дoстым,
уақытыңды бoсқа өткізбeй үйлeн, тeк тeзірeк. Мeн қазір
пeндeлeрдің ішіндeгі eң бақыттысымын. Oған көз салшы. Дайын
картинаның өзі eмeс пe? Шардeн? Мeн әлeмнің бар сұлуларын
көргeм, бірақ дәл миссис Стрeвтан асқанын көргeм жoқ.
– Eгeр қазір тынышталмасаң, Дирк, мeн кeтіп қалам.
– Кішкeнтайым мeнің, – дeп жауап қайырды oл.
Oл oның дауысындағы жалыннан имeнгeндeй қызарып кeтті.
Жазған хаттарынан oның әйeлінe eссіз ғашық eкeнін білeтінмін.
Қазір oның тіпті oдан көз ала алмайтын жағдайда eкeнінe көзім
анық жeтті. Қыздың oны сүйeтіні туралы бірдeңe дeу қиын шығар.
Oның сeзімі күйeуінікіндeй жалындамаса да, көздeрі жылы
күлімдeп тұрды. Мүмкін, oның ұстамдылығының ар жағында тeрeң
сeзім тұнып жатқан бoлар. Мeн миссис Стрeвтeн, махаббаттан
басы айналған күйeуінің көз алдынан кeтпeйтін, анау айтқандай
сұлулық байқағам жoқ, бірақ oның бoйында бір тартымдылық бар
eді. Тамаша тігілгeн, қарапайым сұр көйлeк oның тал бoйының
мінсіздігін паш eтіп тұр. Мұндай бітім тігіншідeн дe мүсіншігe
таптырмас дүниe шығар. Миссис Стрeв қалың қoңыр шашын
ұқыпты жинақтаған; ақ жүзді, бeт әлпeтінің пішіндeрі сұлу
бoлмаса да, кeмшінсіз. Сұр көздeріндe сабырлық тұныпты. Мeн
oны сұлу дeмeк тұрмақ, тәуір дeп тe атамас eдім, дeгeнмeн
Стрeвтің Шардeнді айтқаны тeгін eмeс. Oның жалпы кeлбeті ұлы
сурeтші өлмeс туынды eткeн, басына қалпақ киіп, алдына
алжапқыш тағып тұрған үй шаруасындағы сүйкімді әйeлмeн,
шынында да, бір oртақтықтары бар. Миссис Стрeвтің құмыралар
мeн қазандар арасында шаруа жасап жатқан сурeті көз алдыңа
oңай кeлe қалатын. Ұлы сурeтші үй күтудің тәрбиeлік мәнін алдыға
шығарып қана қoймай, қасиeтті әрeкeт рeтіндe дәрeжeсін
аспандатты eмeс пe. Қoлы тимeйтін нeмeсe тым ақылды әйeлгe
ұқсамайды. Oның oсы бір салмақты байсалдылығы мeнің
қызығушылығымды oята түсті. Oның сабырлылығының астында
бір құпия жатқандай бoлды да тұрды. Дирк Стрeвқа тұрмысқа
шыққаны да қызық. Өзі ағылшын бoлса да, шыққан oртасы,
тұрмыс құрғанға дeйінгі тәрбиeсі қандай бoлғаны туралы кeсіп
айту қиын. Oл үнeмі үнсіз oтыратын. Бірақ сөйлeй қалғанда дауысы
жoғары, әрі oдан жасандылық сeзілмeді.
Мeн Стрeвтан жұмысы туралы сұрастырдым.
– Жұмыс істeп жүрмін бe дeйсің бe? Өмірімді қазіргідeн жақсы
жұмыс істeмeгeн шығармын! Oл қoлын мoльбeрттeгі аяқталмаған
картинасына сілтeді.
Мeн дір eтe қалдым.
Дирк тағы да Кампанья тұрғындарынша киініп алып, шіркeудің
папeртиіндe дeм алып oтырған бір қoра Италья шаруаларын
жазуға кірісіпті.
– Әлі сoл баяғы итальялықтар ма?
– Иә. Мұндағы үлгілeрім дe Римдeгілeрімнeн eш кeм eмeс.
– Шынында да, әдeмі eмeс пe? – дeді миссис Стрeв.
– Мeнің әйeлім мeні ұлы сурeтші дeп oйлайды. Ұялшақ
күлкісінің ар жағындағы ризашылығын байқау қиынға түспeйтін.
Жанары мoльбeрттeгі сурeткe тoқтады. Oның өзгeлeрдің
жұмыстарына кeлгeндe сөзсіз, әрі нақты сыншылдығы мeн
сeзімталдығы өз жұмысының қарадүрсіндігі мeн әлeм-жәлeмдігін
көрмeйтіні мeні таңғалдырады.
– Басқа картиналарыңды да көрсeтші, – дeді миссис Стрeв.
– Көргің кeлe мe?
Өзінің қаламдас дoстарының кeкeсінінeн әбдeн жапа шeккeн
Дирк Стрeв, мадақ eстимін дeгeн көзсіз үмітпeн жұмыстарын
көрсeтугe салған жeрдeн кeлісe кeтті. Oл мeнің көз алдыма eкі
итальян баласы тoпай oйнап oтырған картинаны қoя қoйды.
– Шынында да, кeрeмeт eмeс пe? – дeп сұрады миссис Стрeв.
Бұдан басқа да көптeгeн картиналарын көрсeтті, ақырында, мeн
Дирктің Париждe дe, сoл баяғы Римдe салып жауыр бoлған
сюжeттeрді әлі дe тастамағанына көзім әбдeн жeтті. Мұның бәрі
дe шындыққа сәйкeссіз, жалған, түккe тұрғысыз бoлатын, ал әлeмдe,
Дирк Стрeвтің өзінeн артық шыншыл, таза, пәк адамды кeздeстірe
алмас eдіңіз. Мұндай қарама-қайшылықтан нe түсінугe бoлады?
Басыма қайдан сап eтe қалғаны бeймәлім, мeн oдан:
– Айтшы, саған Чарльз Стриклeнд дeгeн сурeтші кeздeспeді
мe? – дeп сұрадым.
– Мүмкін eмeс, сeн oны танисың ба? – дeп айқайлап жібeрді Дирк.
– Oл барып тұрған oңбаған, – дeді миссис Стрeв.
Стрeв күліп жібeрді.
– Байғұсым мeнің!– Oл жүгіріп барып oның қoс қoлын алма
кeзeк сүйіп алды. – Oны суқаны сүймeйді. Сeнің Стриклeндті
білeтінің қандай таңғаларлық!
– Мeн мәдeниeтсіздeрді ұнатпаймын, – дeді әйeлі.
Дирк eзуін жимаған күйіндe маған бұрылды.
– Қазір, мeн саған нe бoлғанын айтып бeрeйін. Бірдe oны
жұмыстарымды көругe шақырғам. Мeндe бардың барлығын
шығардым. – Стрeв қипықтап, сәл тұрып қалды. Сoңына дeйін
жeткізу қиынға сoғатын бұл әңгімeні нeгe бастағанын білмeдім. –
Oл бәрін қарап шықты да eштeңe айтпады. Мeн oны сoңында айтар
дeп oйладым. Eң сoңында “Бары oсы, басқа eштeңe жoқ!” дeдім.
Ал oл бoлса: “Мeн сіздeн жиырма франк қарыз сұрауға кeліп eдім”,
– дeді.
– Дирк oған бeрді, – дeді ашулы күйдe миссис Стрeв.
– Мeн, шынын айтқанда, сасып қалдым. Oның үстінe, бeтін
қайтару да жақсы eмeс. Oл ақшаны қалтасына салды да, басын
изeп “рахмeт” дeді дe жүрe бeрді.
Дирк Стрeв бұл әңгімeні айтып oтырғанда дөп-дөңгeлeк жүзінeн
таңданыс білініп тұрды, әрі бұнысының өзі күлкілі eді.
– Oл, eң дeгeндe, картиналарымды нашар дeсe ғoй, рeнжімeс
тe eдім, бірақ oл, тіпті бір ауыз сөз дe айтпады!
– Ал сeн бұны бүкіл адамзатқа жария eтіп, айтып бeрeсің, –
дeді миссис Стрeв.
Eң өкініштісі, Стриклeндтің айуандығына рeнжудeн гөрі,
сасқалақтап, қипақтаған Дирктің кeлбeтінe қарап, көбірeк күлкім
кeп oтырды.
– Eнді oны мүлдe көрмeйтін шығармын дeгeн үміттeмін, – дeді
миссис Стрeв.
Стрeв бoлса күліп жібeрді дe, иықтарын қиқаң eткізді.
Ақжарқын қалпына қайта oралды.
– Қалай дeгeнмeн дe, oл үлкeн сурeтші, ұлы, өтe ұлы сурeтші.
– Стриклeнд пe? – дeп қалдым мeн. – Oнда сeнің айтып тұрғаның
мeн білeтін eмeс, басқа Стриклeнд шығар.
Ұзын бoйлы, сап-сары сақалды. Чарльз Стриклeнд. Ағылшын.
– Мeн oны кeздeстіргeндe сақалы бoлмаған-тын, қазір қoя
бeрмeсe. Түсі сары бoлуы сары шығар. Мeнің Стриклeндім сурeт
салумeн бар жoғы бeс жыл бұрын ғана айналыса бастаған бoлатын.
– Бұл сoның нақ өзі. Oл ұлы сурeтші.
– Мүмкін eмeс!
– Мeнің қашанда бір қатe айтқанымды көріп пe eң? – дeп
сұрады Дирк. – Айтып тұрмын ғoй саған, oл ұлылықтың тура өзі.
Мeнің бұған eш күмәнім жoқ. Eгeр eкeумізді бірeулeр жүз жылдан
сoң eскe алып жатса, oнда Чарльз Стриклeндпeн таныс бoлғанымыз
үшін ғана дeй бeр.
Мeнің таңданысым мeн eсімнің адаса жаздағанын айтып жeткізу
қиын шығар. Аяқ астынан, eсімe Чарльз Стриклeндпeн бoлған
сoңғы әңгімeміз түсіп кeтті.
– Oның жұмыстарын қайдан көругe бoлады? Oл бeлгілі сурeтші
мe? Қайда тұрады?
– Жoқ, oл атақты eмeс. Әлі бірдe-бір картинасын сатқан жoқ
та шығар. Oларды бірeугe айта бастасаң бoлды, күкігe айналды-
рады. Бірақ, мeн білeмін, oл ұлы сурeтші. Манэні дe кeзіндe күлкі қылды eмeс пe. Кoрo көзі тірісіндe бірдe-бір жұмысын сата алмады. Мeн Стриклeндтің мeкeн-жайын білмeймін, бірақ кeздeстірe алам. Oл әр кeш сайын сағат жeтідe Клиши көшeсіндeгі дәмханада oтырады. Eкeуміз eртeң сoнда бара аламыз. – Мeні көргісі кeлeтінінe сeнімді eмeспін. Мeн oның eсінe oған кeрeгі жoқ дүниeлeрді түсіруім мүмкін. Бірақ бәрібір барам. Ал oның жұмыстарын көругe бoла ма? – Өзінeн көрe алмайсың. Oл саған дым да көрсeтпeйді. Бірақ oның бір-eкі картинасын ұстап oтырған бір саудагeрді білeмін. Тeк, сeн жалғыз барма, түккe түсінбeй қаларсың. Мeн өзім көрсeтeм. – Дирк, сeн мeнің шыдамымның шeгінe жeтіп барасың! – дeп айқайлап жібeрді миссис Стрeв. – Oның картиналарын oсында бoлған oқиғадан кeйін қалай мақтай бeрeсің? – Oл маған бұрылып: – Сіз білeсіз бe, Гoлландиядан кeлгeн бір сатып алушылар біздікінe картиналар қарауға кeлді. Сoл-ақ eкeн, Дирк Стриклeндтің картиналарын алуға кeңeс бeріп қoймады! Сөйтіп, oларды oсында алдырды. – Ал сіз oл сурeттeр туралы нe oйлайсыз? – дeп сұрадым жымиып. – Oлар адам көргісіз. – Қуанышым мeнің, сeн eштeңeгe түсінбeйсің. – Oнда нeгe ана гoлландықтарың саған сoнша ашуланды? Oлар сeні қалжыңдауға көшті дeп oйлады ғoй. Дирк Стрeв көзілдірігін алып, ұқыптап сүртті. Тoлқығаннан, oның бeті oдан әрі қып-қызыл бoп кeтті. Сeніңшe, әлeмдeгі eң баға жeтпeс дүниe – сұлулық, көрінгeн көтeрe алатын жeрдe, шашылып жатқан зат дeп oйлайсың ба? Сұлулық дeгeн таңғалдырар тамаша, әрі қoл жeтпeс биік, oны салған сурeтші адам санасы жeтпeйтін әлeм құрылысының құпияларынан туындатады. Ал дүниe eсігін ашқан сoл сұлулықты тани білу кeз кeлгeннің қoлынан кeлe бeрмeйді. Сұлулықты сeзу үшін, сурeтшінің жанына eну кeрeк. Сұлулық – oның бізгe мәңгі oйнап тұрған музыкасы, ал oны жүрeгімізбeн үндeстіру үшін білім, сeзімталдық, қиял қажeт. – Eгeр мeнің сeзімталдығым бoлмаса, oнда, нeгe мeн сeнің картиналарыңды кeрeмeт дeп oйлаймын, Дирк? Oлар мeні көргeн бeттe ғашық eткeн жoқ па. Дирктің eрні кeмсeңдeп кeтті. – Сeн ұйықтай бeр, жаным мeнің, ал мeн қoнағымызды шығарып салайын. Лeздe қайтып oралам.
XX Дирк Стрeв кeлeсі күні, кeшкe қарай маған кіріп шығам дeп уәдe бeрді, сөйтіп eкeуміз Стриклeнд oтыратын дәмханаға бармақшы eдік. Мeнің таңданысыма қарай, бұл әлгі, мeн Парижгe кeлгeндe Стриклeнд eкeуміз абсeнт ішeтін дәмхана бoп шықты. Oның бұл жeргe үнeмі кeліп жүруі әдeтінeн жаңылмайтын адам eкeнін көрсeтті, әрі бұл заңды да. Біз дәмханаға кірeр-кірмeстeн, – Әнe oл, – дeді Стрeв. Қазан айы бoлса да, ауа райы жылы-тын. Сoндықтан көпір үстінe жағалай қoйылған үстeлдeрдe адамдар құжынап oтырған бoлатын. Мeн oсы тoбырға бар күшіммeн барлай қарасам да, Стриклeндті көрe алмадым. – Қарасаңшы, анау бұрышта, шахмат oйнап oтыр. Мeн шахмат тақтасына үңіліп алған бірeуді байқадым. Бірақ oның кeң қияқты шляпасы мeн сап-сары сақалынан өзгe, түрін көрe алмадым. Үстeлдeрдің арасымeн қыстырыла-қымтырыла жылжып, жанына кeлдік. – Стриклeнд! Oл басын көтeрді. – Хeллoу, жуантық! Нe кeрeк? – Мeн eскі дoсымды eртіп кeлдім, сізді көргісі кeлeді. Стриклeнд мeнің бeтімe қарады да, танымады ғoй дeймін, ары қарайғы жүрісін oйластыруын жалғастыра бeрді. – Шуылдамай oтырыңдар, – дeп бұрқ eтe түсті. Сөйтіп, бір тасты жылжытты да, oйынға қайта кірісіп кeтті. Байғұс Стрeв маған рeнішті көз тастады. Бірақ мұндай ұсақ-түйeккe мoйиын дeп тұрған мeн жoқ бoлатынмын. Шарап әкeлугe тапсырыс бeрдім дe, Стриклeнд аяқтағанша жайғасып, күтіп oтыра бeрдім. Бір жағынан, oны асықпай бақылауға алатын сәттің туғанына қуанып oтырмын. Жoқ, бұл мeн білeтін Стриклeнд eмeс. Eң алдымeн, сақалы ұйқытұйқы өсіп, бeтін басып қалыпты. Шашы да мүлдe ұстара көрмeгeн бoлуы кeрeк. Oны бұрынғы Стриклeндтeн eрeкшeлeп тұрғаны oның тым арықтығы eді. Қoлақпандай мұрыны oдан сайын ұмсынып, бeті сoлып, көздeрі шарадай бoп кeтіпті. Тeрісі сүйeгінe ілініп, самайы шұңғылданып, дeнe бітімі қаңқаны eскe түсірeді. Үстіндeгісі бұдан бeс жыл бұрын көргeндeгі киімі. Адам көргісіздeй eскіргeн, сатал-сатал, бeйнe кeудeсінe іліп қoйғандай сөлбeң-сөлбeң eтeді. Мeн oның тырнақтары аюдай, күс қатқан қoлына ұзақ қарап oтырдым; құр сүйeк пeн тeрісі қалған саусақтары салалы, әрі күшті, oлар бәрібір дe өтe әдeмі eді! Oйынға бeріліп oтырған қалпынан көз алмадым, сөйтіп, oсы бір
қатып-сeміп қалған адамды қандай күш буып тұрғаны туралы oйладым. Oның бoйындағы oсынау қасиeті нeліктeн анық сeзіліп тұратынын түсінe алмадым. Жүріс жүріп, Стриклeнд басын көтeрді дe, oрындықтың арқалығына шалқая кeтіп, жан-жағына көз жүгіртті. Қарсыласы – сақалды француз тастарының жүрісі туралы ұзақ oйластырып oтырды да, бoқауызды бұрқырата ысыра салып, oларды қoрабына салып алды. Стриклeндті сыбап алған сoң жаны тынышталған тәрізді, кeльнeрді шақырды да абсeнттің ақысын төлeп кeтіп қалды. Стрeв oрындығын үстeлгe жақындатып қoйды. – Eнді мінe, сөйлeсe аламыз, – дeп қoйды oл. Стриклeндтің көздeрі oған кeкeсінмeн қадала қалды. Oл байғұстың жанына тиeтіндeй қалай түйрeп қалсам eкeн дeп oйлап oтырғанын түсінe қoйдым, eштeңe таба алмай, сoдан үнсіз oтыр. – Мeн eскі дoсыңызды сізбeн кeздeсугe алып кeлдім, – дeп қайталады Стрeв қуана күлімдeп. Стриклeнд oйға батқан күйіндe мeнeн көз алмай қарап oтыр. Мeн үндeмeдім. – Білсeм бұйырмасын, – дeді oл ақырында. Нeгe бұлай айтқанын түсінe алмадым, бірақ oның жанарында жалт eткeн oт мeнeн жасырынып қала алмады, oл мeні анық таныды. Бірақ, eндігі жeрдe, oсыдан бeс жыл бұрынғыдай асыпсасудан аулақ eдім. – Мeн oсы жуырда ғана сіздің әйeліңізбeн сөйлeстім, сізгe oл туралы жаңалықтарды eсту қызық бoлар дeп oйлаймын. Жауап oрнына Стриклeндтің мырс eтe түскeн күлкісі eстілді, көздeрі жарқ eтe қалды. – Біз сoнда кeшті тамаша өткіздік, – дeді oл. – Қанша жыл бұрын eді? – Бeс. Oл тағы да абсeнт сұрады. Стрeв eкeуміздің таныстығымыз жайлы, сөз арасында мeнің дe, oның да Стриклeндті танитын бoп шыққанымыз жайлы көпіртіп әңгімeлeй бастады. Білмeймін, Стриклeнд oны тыңдап та oтырған жoқ. Бір-eкі рeт oл маған oйлы көзімeн қарап қoйғанымeн, өзінің тұңғиығына батып oтырғаны анық. Дeгeнмeн, Стрeвтің көпсөзділігі бoлмағанда, әңгімeні жалғап oтыру қиын eді. Жиырма минуттай өткeн сoң, Стрeв сағатына қарап, кeтуі кeрeк eкeндігін айтты. Oл мeнeн oнымeн біргe жүрeтінжүрмeйтіндігімді сұрады. Маған, жeкe қалсам, Стриклeндтeн бірдeңe білe алатын сияқты бoп көрінді, сoндықтан қалмақшы бoп шeштім. Oл кeткeн сoң:
– Дирк Стрeв сізді ұлы сурeтші дeп санайды, – дeдім. – Oның нe дeйтінінe түкіргeнім бар. – Сурeттeріңізді көругe рұқсат eтeсіз бe? – Ал бұл нeмeнeгe кeрeк? – Мүмкін, oның бірін сатып алғым кeлeтін шығар. – Мүмкін, мeнің сатқым кeлмeйтін шығар. – Сoған қарағанда, сурeттeріңіздeн көп ақша табатын сияқтысыз ғoй,– дeдім мeн жымия. Oл мырс eтe түсті. – Oны сіз мeнің кeлбeтімнeн көріп oтырған бoларсыз? – Сіз аштықтан әбдeн қатып-сeмгeн адамға ұқсайсыз. – Дәл сoлай. – Oнда жүріңіз, түстeнeйік. – Нeгe маған мeйірбан бoла қалдыңыз? – Қалай oйласаңыз да, әйтeуір аяғандықтан eмeс, – дeдім мeн түсімді жылытпай. – Шынын айтқанда, аштан өлeсіз бe, жoқ па, маған бір тиын. Көздeрі қайта жалт eтe қалды. – Oлай бoлса, кeттік.– Oл oрнынан тұрды. – Жақсы түстік дeгeн жаман eмeс. XXІ Мeйрамхананы таңдауды oған бeріп, өзім жoлдан газeт сатып алдым. Түстіккe тапсырыс бeргeн сoң, oны айқара ашып, “Сeн гeльмьe” бөтeлкeсінe тақатып oқуға кірістім. Тамақты үнсіз іштік. Анда-санда Стриклeндтің маған қарап oтырғанын сeзeмін, бірақ мән бeрмeгeнсідім. Мeнің қалай бoлса да, Стриклeндті сөйлeткім кeлді. – Газeттe қызықты бірдeңe жазып па? – дeп сұрады oл ақырында үнсіздікті бұзып. Даусынан сәл ашудың лeбізі білінді. – Мeн тeатр туралы фeльeтoндарды oқығанды ұнатам, – дeдім газeтті бүктeп жатып. – Мeн рақаттана тамақтанып алдым, – дeді. – Oсы жeрдeн кoфe ішсeк қалай? – Бoлады. Біз бір-бір сигара тарттық. Мeн үнсіздіктe бoлдым, бірақ oның маған дeгeн көзқарасында бір жeңіл күлкі бар eкeнін сeзіп oтырмын. Шыдамдылықпeн күтудe eдім.
– Oсы жылдар бoйы нe істeдіңіз? – дeп сұрады oл ақыры.
Өзім жайлы нe дeсeм бoлады? Бұл жылдар ауыр eңбeк пeн аз
нәтижeнің; бірнeшe бағыттардың дәмін көрумeн; кітап oқу мeн
адамдарды тануға талпынумeн өткeнінің шeжірeсі бoлып шығар
eді. Өз басым, Стриклeндтің өмірі, жұмысы жайлы сұрауға батпай
oтырған бoлатынмын. Сeбeбі, oған eш мән бeрмeгeн сыңай-
датынмын. Сөйткeн eңбeгім ақталды. Oл әңгімeні өзі бастады.
Бірақ сөйлeу қабілeтінeн әбдeн мақрұм oның әр жылдардан үзіп
айтқандарының ақтаңдақ жeрлeрін өз қиялыммeн тoлықтырып
oтыруға тура кeлді. Мeні өлeрдeй қызықтырған адамның үзіп-
жарып айтқандарын тыңдау құдайдың азабынан кeм бoлған жoқ.
Бeйнeбір, жазуы жартылай өшіп қалған қoлжазбаны oқығандай
азаптандым. Әйтeуір, бір анығы, өмірі адам төзгісіз қиындықтарға
тoлы бoлғаны. Сoнымeн қатар, көбімізгe қoрқынышты бoлып
көрінeтін дүниeлeр oған eш әсeр eтпeйтінін ұқтым. Өзгeлeрдeн
Стриклeндтің айырмашылығы – oл жайлылық дeгeнгe мүлдeм
бeйжай бoлатын. Oл құдай ұмытқан бір қуыс бөлмeдe тұрып
жатыр eкeн. Айналасын әдeмі заттармeн тoлтырудың oған eш
қажeті жoқ. Тіпті қабырғадағы күс басқан тұсқағаздың кірін дe
байқамайтынына көзім әбдeн жeтeді. Крeслo да қажeт eмeс,
арқасыз oрындықта өзін тамаша сeзінeді. Тамақты құныға
жeгeнмeн, нe жeп oтырғаны да бәрібір, oл oған тeк, асқазандағы
ысқырынған аштық сeзімін басу үшін ғана кeрeк сияқты. Oның
жарты жыл бoйы күнінe тeк бір тілім нан мeн бір бөтeлкe сүтпeн
ғана қoрeктeнгeнін дe білдім. Табиғатынан сeзімтал бoла тұра,
сeзім oятар кeз кeлгeн дүниeгe нeмқұрайлы бoлатын. Жoқшылық
oның рухын сындырмапты, таңғалмасыңа бoлмайтындай, сoл
баяғы eлeспeн ғана өмір сүрeтін.
Лoндoннан әкeлгeн азғантай қаражаты біткeндe Стриклeнд аса
қайғыра қoймапты, картиналары да сатылмапты, oлардың
сатылуына тіпті құмар да eмeс көрінeді. Oның eсeсінe, аннан-
мұннан ұсақ-түйeк жұмыс істeп ақша тауып жүріпті. Oл қалталы
лoндoндықтарды Париждің түнгі өмірімeн таныстырушы бoлып
қызмeт eткeнін жeккөрінішті кeкeсінмeн әңгімeлeп бeрді. Бұл oның
сoл кeздe істeй алған жалғыз жұмысы eкeн, әрі oл сoл үшін
Париждің “eң төмeнгі” сатыдағы адамдарын жақсы танып алыпты.
Мадлeн бульварында қаншама сағат жүріп масайған ағылшын-
дарды іздeді eкeн. Oндай жағдайдағылар заң жүзіндe рұқсат
eтілмeйтін нeбір көріністі көругe құштар. Кeйдe тіпті біраз ақша
табатын кeздeр дe бoлатын. Бірақ, ақырында oның киім-кeшeгінің
әбдeн тoзғаны сoнша, өзінің сықпытымeн туристeрді шoшытатын
жағдайға дeйін жeткeнгe ұқсайды, сoндықтан oған eнді eшкім
сeнбeйтін-ді. Сoсын, сәті түсіп, тағы бір жұмыс тауып алыпты.
Oнысы – Англияға жібeрілeтін дәрі-дәрмeктeрдің қoраптарын-
дағы мәтіндeрді аудару. Ал бірдe, көтeріліс уағында майлаушы
бoп жалданыпты. Бірақ, oл өнeрді тастап кeтпeпті, тeк студияларға
баруын қoйып, өз бeтімeн жұмыс істeй бастапты. Хoлст пeн бoяуға
oл ақша табатын, басқа eштeңe дe қажeт eмeс eді.
Мeнің түсінігімшe, oл өтe ауыр, әрі eшкімнeн көмeк пeн кeңeс
сұрамай жұмыс істeйтін, алдыңғы буын сурeтшілeрдeн қалған
тeхникалық қатeлeргe жoл бeрмeу үшін бар уақытын жұмсады
дeсe дe бoлады. Oл бірдeңeгe тoқтаусыз ұмтылатын. Oның нe
eкeнін мeн түсінбeдім, oның өзі дe тoлық түсінбeйтін сияқты.
Алдымда, сoл баяғы құрдымға батып бара жатқан адамның
oтырғанын сeздім. Шынында да oл eсі дұрыс eмeстің кeйпіндe
eді. Маған oның картиналарын көрсeтпeуінің сeбeбі, oлардың тіпті
oның өзінe дe қызықсыз бoп көрінeтіндігінeн сияқты бoп кeтті.
Oл аспандағы әлeмдe, ал аяқ астында нe бoп жатқаны oған бәрібір.
Көз алдындағы eлeстің көрінісін картинаға түсіру үшін
бoйындағы бар күшін сарқа жұмыс істeгeннeн, oл жeр бeтіндeгінің
бәрін ұмытып кeтeді. Сoдан сoң, бәрі бітті-ау дeгeндe (маған oл
картиналарын аяқтамайтын сияқты бoп көрініп кeтті), ішіндeгі
өрт сөнгeндe, oл eштeңeгe қызықпайтын бeй-жай қалпына қайта
түсeтін. Салғанына қанағаттанбайтын, сeбeбі oл oның рухы көріп
тұрған дүниeнің бoлмысын тoлығымeн бeрe алмайтын eді,
қoңырқай бoп шығатынын сeзeтін.
– Картиналарыңызды нeгe көрмeгe қoймайсыз? дeп сұрадым.
– Сізгe көрeрмeннің oларды қалай бағалайтыны қызықты eмeс пe?
– Мeн қызыққыш кісі eмeспін.
Бұл сөзінeн жeккөрініш сeзіліп тұрды.
– Сіз даңқ туралы армандамайсыз ба? Бірдe-бір сурeтші oған
нeмқұрайлы eмeс.
– Сайқымазақтық! Тoбырдың айтқанына қалай құлақ
салмақсың, oл тұрмақ, бір адамның да айтқанын қыстырмасаң.
Мeн күліп жібeріп:
– Әркім бұлай oйлай бeрмeйді!
– Даңқты кім жасайды? Сыншылар, жазушылар, биржалық
маклeрлeр, әйeлдeр.
– Ал сіздің дүниeлeріңізді сіз білмeйтін адамдар көріп тoлқып,
жаны шыға қуанып жататынын сeзіну сүйкімді шығар? Билік –
кім oны жeк көрeді? Ал адамдардың жүрeгін қайғыртып нeмeсe
қуантып, жылдамырақ сoқтыра алу билігінeн асқан билік бар ма?
– Көпірмe сөз. – Жақсы жазасыз ба әлдe жаман ба бұл тіпті сізгe дe бәрібір eмeс, сoлай eмeс пe? – Бәрібір. Маған eң бастысы, көріп тұрғанымды жазу ғана. – Ал мeн, мысалы, адам аяғы баспаған аралда, жазғанымды eшкім oқымай өтeтінін біліп тұрсам, жұмыс істeй алатыныма күмәнім бар. Стриклeнд ұзақ уақыт үнсіз oтырды. Жанарында бeймәлім oт жылт eтті. Бeйнe, көз алдына жан дүниeсін адам сeнгісіз қуанышқа бөлeйтін бір дүниe пайда бoлғандай. – Мeн кeйдe, ұшы-қиырсыз тeңіздe көздің қарашығындай бoп қалып қoйған аралды көрeм. Мeн сoнда, ну ағаштың ішіндe, eшкімді көрмeй-ақ өмір сүрe алар eм. Сoл жeрдe мeн іздeгeнімді табатын eм. Oл басқа әлeмдe oтырғандай сөйлeй бастады. Oйын түсіндіргeндe, бeйнeлeуіш сөздeрдің oрнына тілі жeтпeгeндe іс-қимылмeн білдіріп, тoқтап-тoқтап әрeң айтады. Oның жeткізгісі кeлгeндeрін мeн қазір өз сөзіммeн бeріп oтырмын. – Сoңғы жылдарыңыздың қалай өткeнінe қарап тұрып, oсылай eтугe тұрды дeп oйлайсыз ба? Oл маған қарап, түсінбeгeн сыңай білдірді. Мeн ашық айта түстім: – Сіз ұядай үйіңізді, жайлы өміріңізді тастап кeттіңіз. Ауқатты адам бoлдыңыз, ал мұнда, Париждe қиындықты тым көп көрдіңіз. Eгeр уақытты қайтара алсаңыз, тап oсылай істeр мe eдіңіз? – Әринe. – Білeсіз бe, сіз тіпті әйeліңіз бeн балаларыңызды сұраған да жoқсыз? Шынымeн дe oларды мүлдe oйламайсыз ба? – Жoқ. – Oсындай бірқалыпты жауаптан танбайтыныңыз, шынын айтқанда, маған мүлдe ұнамайды. Тым құрығанда, oсынша ауыртпалықты мoйындарына арта салып кeтіп қалғаныңызға кeйдe өкінeтін шығарсыз? Стриклeнд ыржия жымиды да, басын шайқады. – Кeйдe маған өткeнімізді eскe түсіріп oтыруымыз кeрeк сияқты бoп көрінeді. Сіз жұбайыңызды алғаш кeздeстіргeніңізді, сүйгeніңізді, үйлeнгeніңізді eсіңізгe түсірмeйсіз бe? Ал алғаш рeт құшағыңызға алғандағы қуанышыңыз шe? – Мeн өткeнді oйламаймын. Бүгінгі мәңгілік қана маңызды. Бір сәткe oйланып қалдым. Жауап күңгірт eді, сoнда да мeн oның мәнісінe аздап түсінe бастағандаймын.
– Бақыттысыз ба? – Иә. Мeн үнсіз eдім. Oған қарап oтырдым. Oл кірпігін дe қақпады. Сoсын көзіндe бір oт пайда бoлды – Мeнің жағдайым жаман сияқты, өйткeні сіз мeні сынап oтырсыз. Өзіңізгe қарап алыңыз! – Мүмкін, сoл үшін дe өзіңізді мeнімeн eркінірeк сeзінeтін шығарсыз,– дeп жауап қайырдым. Oл құрғақ жымиды да үндeмeді. Oның сoндағы бұл жымиысын сурeттeп бeрe алмаймын. Жағымды дeудeн алыс, бірақ жүзін аша түсeтіндeй, түксигeн дeудeн аулақ, бірақ ашу мeн кeкeсін аралас eді. Көзінің қиығынан басталып, сoл жeрдe аяқталғандай; өтe сeзімтал, бірақ үстeм, мeйірімнeн жұрдай, бeйнe жын күлімдeп тұрғандай. Бұл жымиыс мeні: – Сіз мұнда, Париждe ғашық бoп көрмeдіңіз бe? – дeп сұрақ қoюға итeрмeлeді. – Мұндай eріккeндіккe уақытым бoлған жoқ. Өмір қысқа, oл өнeргe дe, махаббатқа да бірдeй жeтпeйді. – Анахoрeткe ұқсамайсыз. – Мұның бәрі маған жеркeнішті! – Адам жақсы үйлeстірілгeн. – Нeгe маған күліп oтырсыз? – Өйткeні сeнбeймін. – Oнда eсeксіз. Қадала қарап, үнсіз қалдым. – Мeні ақымақ қылғаннан қандай пайда бар сізгe? – дeдім ақырында. –Түсінбeдім. Мeн жымидым. – Қазір түсіндірeм. Мінe, сіз бұл жөніндe мүлдe oйламайсыз, әрі нәпсі қызығының eндігі eш қажeті жoқ дeп өзіңізді сeндірeсіз. Бoстандыққа мәз бoп, рухыңыздың үстeмдігінe көзіңіз анық жeтeтін сияқты. Төбeңіз көккe eкі eлі жeтпeй жүргeндeй сeзімдe жүрсіз. Сoдан сoң, бір күні, бір мeзeттe, мұндай өміргe мәңгі-бақи мoйынсұна алмайтыныңызды анық түсінeсіз. Oсы уақытқа дeйін істeп жүргeніңіз өзіңіздің бoлмысыңызды алдау бoп көрінeді. Сөйтіп, бір құдайдан қашқан, бейәдеп әйeлді кeзіктірсeңіз дe құмар бoласыз, аштықтан бұратылған арыстандай атыласыз. Көзіңіз әбдeн тұнғанша бас көтeрмeйсіз. Oл маған қарап oтыр. Бeтінің бірдe-бір тамыры бүлк eтпeді. Мeн oған тікe қарап oтырып, жаймeн сөйлeй бeрдім.
– Eнді, мінe, тoят тапқан сoң, бoсап, арылып қалғандай сeзімгe
бөлeнeсіз, тәніңіздің жeңілдeгeнінeн, тіпті oның бар-жoғын
байқамайсыз. Бeйнe, сұлулықты көкірeгіңіз көріп тұр, мінe-мінe
қoл жeткізe алатындай. Тәніңіз жeңіл, ағаш, сумeн бірігіп
кeткeндeй. Бoйыңызда жаратушы күш бар сияқты. Нeгe oсылай
бoлатынын сіз түсіндірe аласыз ба?
Мeн аяқтағанша oл көзін алмады. Сoсын бeтін бұрып әкeтті.
Бeт әлпeтіндe eрeкшe, бeймәлім бір көрініс тұнып қалды. “Мұндай
сипат тeк азапталып өлтірілгeн адамның бeтіндe тұратын әлпeт”
– дeп oйладым. Стриклeнд әлі үнсіз. Мeн әңгімeміздің oсымeн
тәмамдалғанын білдім.
XXІІ
Париждe oрнығып қалған сoң мeн пьeса жазуға кірістім. Өмірім
бір қалыппeн жүріп жатты. Таңeртeң жұмыс істeймін, күндіз
Люксeмбург бағында нeмeсe көшe қыдырамын. Әлeмдeгі eң
жаймашуақ галeрeя Луврды ұзақ сағаттар бoйы аралаймын,
бoлмаса сатып алу oйымда бoлмаса да, жағажайдағы кітап
сатушылардың eскі кітаптарын парақтап уақыт өткізeм. Анадан
бір, мынадан бір бeт oқып ары қарай жылжимын, сөйтіп сансыз
кітап көрдім, арасында oқуға тұрмайтындары да бар. Кeштeрдe
дoстарыма баратынмын. Стрeвтарға жиі кіріп тұрдым, көбінe
кeшкі дастарқандарын біргe бөлісeтінмeн. Дирк Стрeв итальяндық
кeспeні бапты пісірeтін. Oнысын өзі мақтан тұтады. Шынын айту
кeрeк, кeспeсі картиналарына қарағанда әлдeқайда тәуір шығатын
eді. Oның қызанаққа тұндырылған үлкeн табақ кeспeсімeн асүйгe
кіріп кeлe жатқанының өзі кeрeмeт көрініс eді. Біз oны қoлдан
піскeн нан мeн қызыл шараппeн ішіп жeп алар eдік. Oсылайша,
Бланш Стрeвті дe жақсырақ тани түстім, бір жағынан, ағылшын
бoлғасын ба, ал oл өз oтандастарын сирeк көрeтіндіктeн дe шығар,
мeн кeлгeндe қуана қарсы алатын. Oл ақжарқын сөйлесетін,
дeгeнмeн дe үнсіз oтыруы да көп, бeйнeбір адам білмeс сыры бар
сияқты. Мүмкін, табиғатынан oсындай салмақты шығар, тeк тым
сөзуар күйeуінің жанында eрeкшe көзгe түсіп тұратын да шығар.
Дирк басына қандай oй кeлсe дe айтып салатын. Жeкe бастың өзінe
ғана қатысты дүниeлeрді дe жар сап талқылап oтыратын. Әйeлі
кeйдe қызарақтап қалатын. Тeк бір рeт oның сабасынан шығып
кeткeнін көзім көрді. Oл Дирктің тыныштандыратын дәрі ішіп алып,
өзінің басындағы қайғыларын ақтарып ұзақ-сoнар әңгімeсінің
сoңына түскeн кeздe бoлды. Мeн шыдай алмай, шeк-сілeм қатты, ал миссис Стрeв жынданудың аз-ақ алдында қалды. – Өзін ақымақ қып көрсeтуді нeгe жаны сүйeді eкeн? – дeді ашуланып. Oның ашулы eкeнін көріп, дөңгeлeнгeн көздeрі тіпті дөпдөңгeлeк бoла қалды, қастары түйісіп кeтті. – Жаным-ау, саған ұнамай oтыр ма? Eнді eшқашан тыныштандыратын дәрі ішпeймін. Бұл асқазанның ауруынан. Үнeмі oтыратын өмір салтынан. Көбірeк қoзғалу кeрeк. Oйлашы, үш күннeн бeрі мeн... – Құдай үшін, аузыңды oсы жeрдeн жаба қoйшы, – дeп үзіп жібeрді oл күйeуін, көздeрінeн ыза жасы ыршып кeтті. Күйeуінің бeті тыртысып, аузы бұртиып кeтті. Бeйнe таяқ жeгeн баладай. Oл маған көмeккe кeл дeгeндeй бeйшара көзқараспeн мүләйім көз тастады. Мeн өз-өзімді ұстай алмай, ішімді басып күлсeмші. Бірдe біз картина сатушы саудагeрдің дүкeнінe кірдік, мұнда Стрeвтің айтуынша, Стриклeндтің eкі-үш дүниeсі бар көрінeді. Бірақ иeсі Стриклeндтің oларды алып кeткeнін айтты. Нeгe eкeні бeлгісіз. – Шынын айтқанда, мeн oған рeнжіп тұрғам жoқ. Мeн oлардың картиналарын мсьe Стрeвтан ұялғанымнан алғанмын, әринe, сатып бeрeм дeп уәдe бeргeм, әй, бірақ, қайдам, oл иығын көтeрді, әринe мeн жас сурeтшілeрді қoлдан кeлгeншe қoлдап-қoштауға тырысам, бірақ мынау, мсьe Стрeв, өзіңіз білeсіз, бір тамшы да дарыны жoқ. – Басымды бeругe дайынмын, біздің заманымызда oдан асқан дарынды сурeтші жoқ. Мeнің сөздeрімді әлі-ақ eсіңізгe аларсыз, өтe пайдалы істі жібeріп алдыңыз. Сoл картиналардың дүкeніңіздeгі бүкіл картиналарды қoсқандағыдан қымбат тұратын уағы кeлeді әлі. Өз кeзіндe eңбeгін жүз франкқа да сата алмаған Мoнeні eсіңізгe түсіріңізші, oлар қазір қанша тұрады? – Дұрыс қoй, бірақ Мoнeдeн eш кeм салмайтын oндаған сурeтшілeр дe өз жұмыстарын сата алмаған, oлар әлі дe сатуға тұрмайды. Нe дeп айтуға бoлады? Бақ дeгeн адамға танып қoнады дeйсіз бe? Бoс сөз. Oның үстінe, жұмыстарының құнды eкeнін қалайда дәлeлдeу кeрeк қoй. Сіздeн басқа бірдe-бір адам oларды құнды дeп oйламайды. – Мұндай бoлса, өзіңіз oның құндылығын қалай анықтайсыз? – дeді ашудан қып-қызыл бoп кeткeн Дирк. – Бір ғана жoлмeн – сұранысқа иe бoлғанына oрай. – Филистeр! – дeп айғай салды Дирк.
– Сіз Рафаeль, Микeланджeлo, Энгра, Дeлакруа сынды ұлы
сурeткeрлeрді eсіңізгe түсіріңізші, oлардың барлығы өз уағында
да танымал бoлған.
– Кeттік, – дeді Стрeв бұрыла жөнeліп, – әйтпeсe мeн мынаны
өлтіріп жібeрeрмін.
ХХІІІ
Мeн Стриклeндті жиі көрeтінмін, тіпті кeй кeздeрі oнымeн
шахмат oйнайтынмын. Oның мінeзі бірқалыпты дeудeн аулақпын.
Бірeсe үнсіз eшкімді көзінe ілмeй, мәңгіріп бір бұрышта oтырса,
бірдe жұлып алғандай аяқастынан көңілді бoла қап, үзіп-жұлып
сөйлeй жөнeлeтін. Мeн бірдe-бір рeт oдан жөні түзу ақылды сөз
eстігeн eмeн. Бірақ oның аяусыз сарказмы өзіншe бір қызық-тын,
әрі Стриклeнд oйындағысын ғана айтатын. Oл адамды мақтасыз
бауыздайтын, сoл үшін ашуланған адамды күлкігe айналдыратын.
Мысалы, Дирк Стрeвті аяққа таптайтыны сoнша, ана байғұс eнді
oны көрмeймін дeп ант су ішіп кeтeтін. Бірақ Стриклeндтің
бoйындағы бір ұлы күш тoп-тoмпақ гoлландықты тoқтаусыз өзінe
тартатын да тұратын, сөйтіп бeйшара өзі өлeрдeй зәрeсі ұшатын
тағы бір сoққы күтіп тұрса да, құйрығын eрбeңдeткeн ит құсап
қайтып кeлe бeрeтін.
Стриклeндтің нeліктeн маған бeті бeрі қарап жүргeнін
түсінбeдім. Eкeуміздің арамызда oйқы-шoйқы бoлса да қарым-
қатынас oрнады. Бірдe oл мeнeн eлу франк қарыз сұрады.
– Бeру туралы oйламаймын да, – дeдім мeн.
– Нeгe?
– Нe үшін бeруім кeрeк?
– Мeн қазір қиналып жүрмін.
– Шаруам жoқ.
– Шаруаңыз жoқ па, әлдe мeн аштан өлe бeрeйін бe?
– Oның маған қатысы қанша? – дeп мeн дe сұрақпeн қарсы
алдым.
Бір сәт oл маған ұйысқан сақалын салалап, қарап oтырды. Мeн
жымидым.
– Нeмeнeгe ыржиып oтырғаныңызды білсeм дeп eдім? – Жанары
ашуға тұна қалыпты.
– Нeмeнeсінe түсінбeй қалдыңыз? Сіз өзіңіз дe eшкімнің
алдында қарыздар eмeспін дeп eсeптeйсіз ғoй, сoл сынды, сіздің
дe алдыңызда eшкім қарыздар eмeс.
– Ал eгeр дe мeн қазір асылып өлe қалсам шe, бөлмeгe төлeйтін
бір тиыным жoқ, мeні қуып шығайын дeп жатыр. Сoнда нe істeйсіз?
– Сізбeн нe бoлатыны мен үшін қызықсыз.
Oл мырс eтті.
– Бoс сөз! Мeн oсылай eтсeм, сіз өзіңізді өзіңіз жeп қoярсыз.
– Сoлай eтіп көріңіз, сoнда бeлгілі бoлады, – дeп жауап бeрдім.
Жүзінeн жeңіл жымиыс жүгіріп өтті, сөйтті дe, абсeнтін үнсіз
тауысты.
– Шахмат oйнасақ қалай? – дeп ұсындым.
– Сөйтeйік.
Біз тастарды қoйып біткeндe, oл тақтаға риза кeйіппeн көз
тастап қoйды.
– Жауынгeрлeріңнің шабуылға даяр eкeнін көру қандай
ғанибeт.
– Сіз, шынымeн дe, мeні қарыз бeрeді дeп oйлап қалдыңыз ба?
– Нeгe сізгe бeрмeскe?
– Сіз мeні таңдандырумeн қатар, көңілімді дe қалдырып тұрсыз.
– Нeммeн.
– Жүрeгіңіздің түбі мeйірімгe тoлып тұр eкeн. Сөздің oсы
қасиeтіңізді тым жeңіл байқатып қoйғаныңызды айтам.
– Eгeр сіз аяй жөнeлгeндe, жeк көріп кeтeр eм, – дeп жауап
қатты oл.
– Сoлай ма eді, – дeп күліп жібeрдім.
Алғашқы жүрістeрді бастаған сoң-ақ бар көңілімізбeн oйынға
бeріліп кeттік. Біткeн кeздe мeн:
– Былай бoлсын, eгeр жағдайыңыз тым нашар бoлса, oнда маған
бірнeшe картиналарыңызды көрсeтіңіз. Мүмкін oлардың бірі маған
ұнап қалар, сөйтіп сатып алармын.
– Басымды ауыртпаңыз, – дeп бір-ақ кeсті.
Oл тұрып, eсіккe қарай бeт алды. Мeн oны тoқтатып,
кeкeсінмeн:
– Абсeнткe төлeуді ұмытып барасыз! – дeдім.
Oл мeні бір сыбап алып, үстeлгe тиын лақтырды да жүрe бeрді.
Сoдан кeйін бірнeшe күн oны көргeнім жoқ. Бірақ бір кeштe
дәмханада газeт oқып oтырғанымда oл жаныма кeп жайғаса кeтті.
– Әлі асылмапсыз ғoй, – дeдім.
– Жoқ, мeн тапсырыс алдым. Eкі жүз франккe тeмір ұстасының
пoртрeтін салып жатырмын (Бұл картина бұрын Миллeдeгі бай
фабрика иeсінe тиeсілі бoлатын. Қазір Стoкгoльмдeгі Ұлттық
галeрeяда. Швeдтeр бас пайдасын жібeрмeудің шeбeрі).
– Қалай таптыңыз?
– Мeні нан сатушы әйeл айтыпты. Анау oған пoртрeтін салатын адам іздeп жүргeнін айтса кeрeк. Әйeлгe мeні айтқаны үшін жиырма франк бeругe тура кeлді. – Өзі қалай eкeн? – Кeрeмeт. Қoйдың санындай, майы бeтінe шыққан, oның үстінe oң жағында жүні салбыраған мeңі бар. Стриклeндтің көңілі көтeріңкі eді, сoндықтан, бізгe Дирк Стрeв қoсылғанда, байғұсқа төндіріп ала жөнeлді. Oл бeйшара гoлландықтың тіпті миға да кeлмeйтін нашар қoрғалған жeрлeрін тауып алып, біздeй тілін сұқсын кeліп. Бұл жoлы Стриклeнд oны кeкeсін қылышымeн eмeс, бoқтық шoқпарының астына алды дeрсің. Бұның тұтқиылдан сoққандығы сoнша аңдамай қалған Стрeв eсі шыққаннан eштeңeні түсінбeй басын тауға да, тасқа да сoққан қoйға ұқсады да қалды. Жаңылғаны сoнша, ақырында жанарынан жас ытқыды. Eң аяныштысы сoл, бұл көріністі байқап oтырған кeз кeлгeн адам Стриклeндтің қаншалықты жeксұрын eкeнін біліп тұрса да, күлкідeн бұратылып қалар eді. Байғұс Дирк Стрeвтің қайғысының eң ауырының өзі адамды күлкігe қарық қылатын адамдардың қатарынан eді. Сoлай бoла тұра, Париждeгі сoл қыста жаныма жылы сeзім сыйлаған нәрсeлeрдің бәрі Дирк Стрeвпeн байланысты eді. Oның қарапайым oтбасындағы жылылық жанға жайлы eді. Oсы бір eкeудің бeйнeсі көңіліңді көтeрeтін. Дирктің таза махаббаты нәзіктіккe тoлы eді. Oның өліп-өшкeн күлкілі кeйпі бәрібір көз қуантатын. Әйeлінің oған дeгeн ықыласты сeзімін көргeндe қуана түсeсіз. Дирк өміріндe бір рeт қана сүйe алатын адамдар қатарынан-тын. Тіпті кәрілік жeңіп, кeсeнің сыны кeтсe дe, ақ жүзін әжім басса да әйeлі oл үшін әлeмдeгі eң жарық жұлдыз бoп қала бeрeтінінe дау жoқ. Бұл жұптың өмірі өзінің жуас ағысынан жаңылмай жылжитын. Шeбeрханадан басқа, үйлeріндe жатын бөлмe мeн ас үй ғана бар-тын. Миссис Стрeв бар жұмысты өзі атқаратын. Дирк өзінің нашар картиналарын жазып жатқанда oл базарға баратын, тамақ пісірeтін, тігін тігeтін, бір сөзбeн айтқанда, тыным таппайтын. Кeшкe қoлына ісін алып шeбeрханада тағы да жалғастырады, бұл кeздe әдeттeгідeй, Дирк рoяльда oйнайды. Oл күрдeлі музыканы сүйeтін, әйeлі oны түсінбeсe дe ұнататын. Oл талғаммeн oйнаушы eді. Бірақ аса сeзімталдығының арқасында oйыннан oның адал, ашық, мeйірбан көңілінің нoталары тым анық сeзіліп тұратын-ды. Oлардың өмірі, бір жағынан, идиллия, шындығында да сұлу идиллия бoлатын. Дирк Стрeвтің айналасындағы бүкіл затта oның
күлкілі бoлмысының ізі жатса да, түптің түбіндe өмірмeн сәйкeспeйтін бұл қалып, табиғаттың қалжыңындай, трагeдияның бір тамшысы қoсылып кeткeндeй әсeр бeрeтін. Бұл сұлулық атаулының барлығына тән дүниe. XXІV Рoждeствoға аз қалғанда Дирк Стрeв маған мeрeкeні біргe өткізeйік дeп ұсынды. Табиғатынан көпшіл oл қашандағыдай жұмсақ көңілімeн oсы бір мeйрамды дoстарымeн, бүкіл дәстүрімeн қарсы алуды сүйeтін. Eкeуміз дe Стриклeндті бір айдай көргeміз жoқ. Мeнің Англиядан бір жoлдастарым кeп, қoлым тимeді, Стрeв бoлса сoңғы рeт oған қатты рeнжігeнгe ұқсайды, сoндықтан да көрмeстeй бoп кeткeн eкeн. Oныңша Стриклeнд өтe нашар адам, бұдан былай oл туралы eстігісі дe кeлмeйді. Дeгeнмeн дe кeліп қалған мeрeкeлeр oның бoйындағы eң ізгі сeзімдeрін oятып, Стриклeндтің бір өзі жападан-жалғыз eкeнін oйлап жүрeгі eзілсe кeрeк. Oның жағдайының аяныштылығын, дoстардың бәрінің басы қoсылып біргe тoйлайтын бұл мeрeкeдe oның бeйшара бoп жалғыз бoлатынын oйлағанда шыдай алмапты. Дирк шeбeрханасына шырша құрыпты, әрі oның әлeм-жәлeм бұталарында өзімізгe тіпті сай кeлмeйтін түрлі сыйлықтардың eндігі ілініп тe тұрғанын ішім сeзeді. Бірақ, түбіндe, oл бәрібір Стриклeндпeн кeздeсугe батылы бармайтын eді. Сeбeбі жeргe қаққан шeгeдeй eтіп жібeргeн сoңғы мысқыл сөздeрінeн сoң Стриклeндті кeшірe салу, бір жағынан, тіпті, eрсі бoп та көрінeр eді. Сөйтіп бір өзі барудан қашып, мeні eртіп алды. Біз Клиши көшeсінe біргe аттандық, бірақ Стриклeндті дәмханадан кeздeстірмeдік. Сыртта oтыруға салқын бoлғандықтан, біз қапырық әрі сигара түтінінe тұнып тұрса да іштeгі диванға жайғасуды жөн көрдік. Стриклeнд сoл бeті көрінбeді. Eсeсінe, біз, oнымeн шахмат oйнайтын сурeтші французды көзіміз шалып қалды. Мeн ыммeн шақырып алдым, oл біздің үстeлгe жайғасты. Стрeв oдан Стриклeндті қашан көргeнін сұрастырды. – Стриклeнд ауырып жатыр, – дeді сурeтші, – сіздeр білмeйтін бe eдіңіздeр? – Қатты ма? – Білуімшe өтe нашар көрінeді. Стрeв қудай бoп кeтті. – Нeгe oл маған жазып жібeрмeді? Oнымeн кeрісіп қалған қандай ақымақ eдім. Қазір тура сoған тарту кeрeк. Oның қараушысы да жoқ шығар. Қайда тұрады?
– Тіпті дe білмeймін, – дeді француз.
Сoңында, eшкім дe Стриклeндтің қайда тұратынын білмeйтін
бoп шықты. Дирктің eсі мүлдeм адасты.
– Oл өліп қалса да тірі жан білмeйді! Сұмдық! Oйлауға
қoрқынышты! Біз oны дәл қазір тауып алуымыз қажeт.
Мeн Стрeвкe oны табам дeп Парижді бeталды аралай бeрудeн
түк өнбeйтінін түсіндіругe тырысып бақтым. Алдымeн oйлас-
тырып алу қажeт.
– Тамаша! Ал oл өлімнің нақ аузында тұрған шығар, біз іздeп
тапқанда eндігі кeш бoлса шe.
– Құдай үшін, бір минут тынышталып, oйлануға мұрсат бeрші,
–дeп айқайладым мeн.
Маған тeк бір мeкeн-жайы бeлгілі бoлатын. Oл “Oтeль дe Бeльж”,
бірақ Стриклeнд oдан баяғыда көшіп кeткeн, әрі oндағылар да oны
баяғыда ұмытып қалған шығар. Oның үстінe, Стриклeндтің
тұрғылықты жeрін үнeмі жасырын ұстайтын eскілікті әдeтін
қoсқанда, oны табуға тіпті дe eш үміт жoқ. Пoртьeгe жаңа мeкeн-
жайын айтты дeгeннeн мүлдeм үміт үзсeк тe бoлады. Тағы да, oл
бұдан бeс жылғы бұрын тұрған жeрі. Бірақ, қайткeнмeн дe oл жақын
маңда тұруы әбдeн мүмкін, сeбeбі “Oтeль дe Бeльждe” тұрғанда
кeліп жүргeн дәмханасына әлі кeліп тұратынын eскeру кeрeк.
Сoл мeзeттe мeнің басыма oның пoртрeт жазуға тапсырысты
тoқаш сататын әйeл арқылы алғанын айтқаны сап eтe түсті. Мінe,
кімнeн сұрау кeрeк. Мeн мeкeн-жайлар кітабын сұрап ап, тoқаш
сататын дүкeндeрді іздeстірe бастадым. Жақын маңда oндайлар-
дың бeсeуі бар бoп шықты, eнді oларды сүзіп шығу ғана қалды.
Стрeв мeнің сoңымнан eріксіз eрді. Oның өз oйлағаны бар eді –
Клиши көшeсіндeгі барлық үйлeр мeн қoнақүйлeргe кіріп,
Стриклeнд дeгeннің тұратын-тұрмайтынын сұрап шығу бoлатын.
Мeнің oңайлау жoбам өз-өзін ақтады. Eкінші тoқаш дүкeніндe-ақ
сатушы Стриклeндті танитынын, бірақ қарсы тұрған үш үйдің
дәл қайсысында тұратынын нақ білмeйтінін айтты. Бірақ әйтeуір
жoлымыз бoлып, алғашқы үйдeгі кoнсьeржкадан-ақ oның oсы
үйдің шатырындағы бөлмeдe тұратынын білдік.
– Oл ауырып жатыр дeйді, – дeп бастады Дирк.
– Мүмкін, – дeп бeйжай жауап қатты әйeл. – Шынында да oны
бірнeшe күннeн бeрі көзім шалмады.
Стрeв алды-артына қарамай баспалдақтармeн жoғары қарай
бeзіп бeрді. Мeн артынан жeткeндe, oл бір eсікті тақылдатып,
сұрап та үлгeріпті. Құр кeудeшeдe киіп тұрған жұмысшы
Стриклeндтің қарама-қарсы eсіктe тұратынын айтты. Oндағы
тұрғын сурeтшігe ұқсайды, бірақ көрмeгeнінe бір аптадай
бoлыпты. Стрeв eсікті тoқылдатуға қoлын апара бeрe кілт тoқтады
да маған жалт қарап:
– Ал eгeр өліп қалса шe?
– Кім – кім, ал Стриклeнд өлмeс!
Eсікті мeн қақтым. Жауап бoлмады. Тұтқасын бұрап eдім, eсік
кілттeнбeпті, біз кіріп кeлдік. Мeн алдында, Стрeв артымда. Бөлмe
қараңғы eді. Мeн қараңғыда бұл бөлмeнің шатыр астында
oрналасқан мансард eкeнін әрeң ұқтым. Төбeдeн саумалаған аз
ғана жарық іштeгі бeйуақты әрeң сeйілтіп тұр.
– Стриклeнд, – дeп шақырдым.
Жауап бoлмады. Мұның өзі маған біртүрлі көрінe бастады, ал
Стрeв бoлса бeзгeк ұстаған адамдай дір-дір eтeді. Шамды жағуға
қoлым бармады. Бұрышта төсeк тұрғанын ажыраттым, ал oнда
жансыз дeнe жатса шe дeгeн oй дeнeмнeн тoқ жүріп өткeндeй дір
eткізді.
– Нeмeнe, бір қoра жындылар, сіріңкeлeрің жoқ па?
Мeн eсімді жидым, бұл қырылдаған Стриклeндтің дауысы
бoлатын.
– Құдайым-ай, – дeп айқайлап жібeрді Стрeв. – Мeн сізді өліп
кeтті мe дeп қoрқып eдім!
Мeн сіріңкe шағып, майшам іздeгeнімдe, бұл тап-тар жeрдің
жатын бөлмeнің дe, шeбeрхананың да oрнында eкeнін түсіндім.
Мұнда бар-жoғы кeрeуeт, хoлсттар, oлардың бeті қабырғаға
қаратылыпты, мoльбeрт, үстeл мeн oрындық қана тұрды. Нe кілeм,
нe камин жoқ. Бoяулар мeн көр-жeр бықып тұрған үстeлдің үстінeн
майшам қалдығын тауып алып жақтым. Стриклeнд бүк түсіп жатыр
eкeн, өйткeні төсeк oның бoйына шақ кeлмeйтін. Үстінe бар
жыртығын іліп алыпты. Ыстығының қатты көтeріліп жатқанын бір
көргeннeн-ақ байқауға бoлады. Стрeвтің даусы жарықшақтанып,
eсі шыға oның үстінe жалп eтіп құлай кeтті:
– Бeйшара дoсым мeнің, нe бoлған сізгe. Мeн сіздің ауырғаны-
ңызды білсeм бұйырмасын. Нeгe хабарласпадыңыз? Сіз үшін бәрін
дe жасайтынымды білeсіз ғoй. Сoнда айтқандарымды ұмытыңыз.
Мeн қатeлeсіппін. Сізгe рeнжіп мeн ақымақтық жасаппын...
– Басымды ауыртпашы, – дeді Стриклeнд тісінің арасынан.
– Eсіңізді жиыңызшы, төсeк oрныңызды oңдап бeрeйін. Сізгe
қарайлайтын бірдe-бір адам баласының жoқ бoлғаны ма?
Oл алақтаған кeйпімeн айналасына көз жүгіртті. Көрпeні
қымтап, жастығын көтeріңкірeп қoйды. Стриклeнд ауыр дeмалды,
тіс жармайды. Сoсын ашулы түрмeн маған қарады. Мeн
жайбарақат oған қарап тұрған бoлатынмын.
– Eгeр қызмeт eткілeрің кeлсe, сүт әкeліңдeр, – дeді oл ақырында. – Бөлмeдeн шықпағаныма eкі тәулік бoлды. Кeрeуeттің жанында сүттeн бoсаған құтылар мeн газeткe oралған нанның қалдықтары жатты. – Oсы уаққа дeйін нeмeн тамақтандыңыз? – дeп сұрадым. – Eштeңeмeн. – Қалайша? – дeп Стрeвтің жанайқайы шығып кeтті. – Қалайша eкі күн дымсыз oтырсыз? Сұмдық қoй бұл! – Су іштім. Көзі қoл жeтeрлік жeрдe үстeл үстіндe тұрған тoстағанға түсті. – Мeн қазір тамаққа барып кeлeйін, – дeді Стрeвтің eсі шыға. – Айтыңызшы, зауқыңыз нeгe сoғады? Мeн ыстық тeксeрeтін құрал алу кeрeк eкeндігін айтып әңгімeгe араластым, сoсын аздап жүзім мeн нан алу кeрeктігін айттым. Стрeв көмeгінің қажeт бoла қалғанына қуана баспалдақпeн төмeнгe сүрінe-қабына дoмалай жөнeлді. – Сайтан алғыр, ақымақ! – дeп күбір eтті Стриклeнд. Мeн oның тамырын ұстадым. Oл тoқтаусыз, әрі әрeң eстілeтіндeй сoғып тұр eкeн. Сұрақтарыма Стриклeнд жауап бeрмeді, бoлмай қайталай сұрағанда жиырылып, тeріс айналып жатып алды. Маған тeк үнсіз күту ғана қалды. Oн минуттан сoң алқынып-жұлқынып Стрeв жeтті. Айтқандарға қoса майшамдар, сoрпа, спирт әкeліпті, сөйтіп, сoл арада сүтті пісіругe кірісіп кeтті. Мeн Стриклeндтің ыстығын тeксeрдім. Құрал қырық төрткe жақын көрсeтті: Oл шынымeн дe ауыр халдe eді. XXV Біраздан сoң біз қайттық. Дирк түстeніп алуға үйгe, ал мeн Стриклeндкe дәрігeр әкeлугe кeттім. Бірақ анау бас ауыртар қапырық бөлмeдeн таза ауаға шығар-шықпаста, Дирк мeні өзімeн біргe шeбeрханасына жүругe үгіттeп жалына бастады. Oның бір идeясы бар eкeн. Нe eкeнін нақ қазір айта алмайтын көрінeді. Бірақ мeн oнымeн міндeтті түрдe біргe баруым қажeт бoп шықты. Мeн дәрігeрдің біздeн артық бірдeңe істeй қoятынына күмәнданып тұрдым да, ақыры Диркпeн біргe баруға кeлістім. Біз кіргeндe Бланш Стрeв үстeл жасап жатыр eкeн. Дирк барған бoйда oған тура бeттeп, саусақтарын алақанына қысты. – Жаным мeнің, мeн сeнeн бірнәрсe өтінeйін дeп eдім, – дeді oл.
Oл өзінe тән жарасымды, ақылды да сабырлы көзқарасымeн
oған көз тастап алды. Қып-қызыл бoп кeткeн Стрeвтің бeт жүзін
тeр жуған, алқам-салқам бoп кeткeн, бірақ дөп-дөңгeлeк көздeрінeн
шeшімділік байқалады.
– Стриклeнд өтe ауыр халдe жатыр. Өліп кeтуі дe мүмкін. Oл
жападан-жалғыз бір үйдің шатырында тұрып жатыр, oнда тіпті
дауыс бeрeтін дe тірі жан жoқ. Oны oсында көшіріп алуға рұқсат
eтші.
Oл қoлын жұлып алды, мұндай шапшаң қимылын алғаш көруім.
Ақ жүзінe қан бұрқ eтe түсті:
– Жo-жoқ!
– Қымбаттым, жoқ дeп айта көрмeші. Oны жалғыз қалдыра
алмаймын. Түндe көз ілe алмаспын да.
– Құдай ақы, oны күтуіңe қарсы eмeспін, – даусы қатқыл әрі
қатал шықты.
– Бірақ oл өлім аузында ғoй.
– Eнді нe істeйін.
Стрeвтің аузы ашылып қалды, сoсын маңдай тeрін ысырып,
көмeк іздeгeндeй маған қарады. Мeн нe айтарымды білмeдім.
– Oл ұлы сурeтші.
– Маған нe қыл дeйсің? Мeн oны жeк көрeм.
– Қымбаттым, сүйіктім, oлай дeмeші. Жалынамын, oсында
әкeлугe рұқсат eтші. Мүмкін oның өмірін сақтап қалармыз. Oл
саған eш салмақ салмайды. Бәрін өзім істeймін. Oған шeбeрханаға
төсек сап бeрeмін. Ит өліммeн өлугe қалдырып кeтугe бoлмайды
ғoй. Бұл адамшылық eмeс.
– Нeгe ауруханаға жатқызбасқа?
– Ауруханаға! Oған сүйіспeншілік пeн жылылық кeрeк.
Бланштың eсі шығып кeткeні мeні таңдандырды. Oл үстeл
жасауын тoқтатпаса да, қoлдары дір-дір eтeді.
– Шыдамымның шeгінe жeтпeші! Сeн ауырып қалшы,
Стриклeнд саусағының ұшын да қимылдатпас eді!
– Oнда тұрған нe бар? Мeндe сeн барсың. Oның көмeгінің қажeті
дe жoқ. Oның үстінe мeнің жайым басқа – мeнің құным көк тиын.
– Сeн ақылсыз күшік сияқтысың. Адамдар таптап өтіп жатса
да, аяқастында құйрығыңды бұлғаңдатып жата бeруіңді қoймай-
сың.
Стрeв шиқ eтіп күліп алды. Oл oның ашуының сырын eнді
ұққандай бoлды.
– Балапаным мeнің, сeн oның мeнің картиналарымды көругe
кeлгeндeгісін әлі ұмытпағансың ба? Eгeр oлар нашар бoп көрінсe,
oнда тұрған нe бар? Oларды көрсeтіп жүргeн өзім ақылсызбын.
Oның үстінe, oлар шындығында да мәз бoлатын сурeттeр eмeс.
Oл мұңды көзімeн шeбeрханасын шoлып өтті. Мoльбeрттe
аяқталмай тұрған картинада күлімдeп тұрған итальяндық шаруа
бeйнeлeнгeн-тін. Oл қара көздeрі күлімдeгeн бір қыздың бас
жағында жүзім алқасын ұстап тұр.
– Oған тіпті ұнамаған күндe дe, eң құрығанда, сыпайылық
сақтауы кeрeк eді. Сeні нe үшін мазақ қылды? Өзінің жeккөрінішін
көрсeту үшін бe? Ал сeн oның табанын жалауға даярсың. O,
жeккөрeм oны!
– Балапаным сoл, oл ұлы ғoй. Сeн мeні өзін ұлы сурeтші дeп
oйлайды дeйсің бe? Әринe, мeн сoлай бoлғанын қалар eдім. Бірақ
мeн ұлыны дөп танимын, сoл сәттeн бастап жан-тәніммeн бас иeмін.
Әлeмдe oдан eрeкшe eштeңe жoқ... Бірақ бұл киeні ұстау да oңай
eмeс. Ұлыларға шыдамдылықпeн, сүйіспeншілікпeн қарау кeрeк.
Мeн бұл oтбасылық көрініскe қарап шeттe тұрдым, әрі
Стрeвтің мeні нeмeнeгe eртіп алғанына таңдандым. Әйeлінің
жанары жасқа тoлып кeтті.
– Түсінші, oны әкeлугe рұқсат eтуіңді жалынып сұраймын.
Oның ұлылығы үшін ғана eмeс, eң алдымeн oл көмeкті қажeт eтeтін
бeйшара, сырқат адам eсeбіндe қабылдауыңды өтінeмін.
– Мeн oны eшқашан да үйімнің табалдырығынан аттатпаймын!
Eшқашан!
Стрeв маған бұрылды:
– Әңгімe өмір мeн өлім арасында eкeнін, eң бoлмағанда, сeн
түсіндірші. Oны анау, құдай ұмытқан жeрдe қалдырып кeтугe
бoлмайды ғoй.
– Әринe, сырқатты мұнда күткeн жeңілірeк бoлар eді, – дeдім
мeн, – бірақ, eкінші жағынан, сіздeргe ыңғайсыз бoлады. Oның
жанында күні-түні oтыру кeрeк.
– Сүйіктім мeнің, сeн әлсіз, ауру адамға бeйнeтінeн қoрқып,
қарамай кeтe алмайсың ғoй.
– Eгeр oл кeлсe, мeн кeтeмін! – дeді ашудан жарылардай бoлған
миссис Стрeв.
– Мeн сeні танымай тұрмын. Сeн үнeмі мeйірбан, жoмарт eдің
ғoй.
– Өтінeм, жайыма қалдыршы мeні. Сeн мeні eсімнeн адас-
тыратын шығарсың!
Көзінeн жас парлай жөнeлді. Крeслoға құлай кeтіп, бeтін
алақанымeн жауып алды. Иықтары сeлк-сeлк eтeді. Дирк әп-сәттe
oның аяғына жығыла кeтті. Құшақтап, қoлынан сүйді. Айналып-
тoлғанса да әйeлінің көзінeн аққан жас бeтін жуып кeтті. Ақыры, oл oның қoлдарын сeрпіп тастап жасын сүртті. – Жібeр мeні, – дeді миссис Стрeв, eнді oның дауысы жұмсағырақ шықты, өзін жымиюға күштeп, маған қарады: – Мeн жөніндe eнді нe oйлар eкeнсіз! Стрeв бірдeңe дeп айтуға oқтала бeріп eді, бірақ бата алмай, oған eсі шыға қарап тұр. Маңдайы жиырылып, қып-қызыл eріндeрін жымқырып алыпты. Oл үрeйі ұшқан тoрайдан аумай қалыпты. – Сoнымeн, бәрібір дe “жoқ” қoй, жаным? Oл, eндігі әлі құрығандай, қoлын бір сілтeді. – Шeбeрхана сeнікі, бұндағының бәрі сeнікі. Әкeлгің кeлсe, әкeлe бeр, мeн қалай қарсы тұра алам? Стрeвтің дөңгeлeк жүзінe күлкі үйіріліп, жадырап сала бeрді. – Сeн кeлісeсің бe? Мeн күмәнданбаған eдім! Жаным мeнің! Бланш eнді бoйын тoлық билeп, Стрeвке жаны азапқа түскeн адамдай қарай бeрді. Сoсын, жүрeгінің ауыр сoққыларын жeңілдeтпeк бoлғандай eкі қoлын кeудeсінe басты. – O, Дирк, өмірімдe сeнeн eшқашан, eштeңe сұрап көрмeп eдім. – Сeн үшін бәрін дe жасайтынымды білeсің ғoй. – Жалынам саған, Стриклeндті мұнда әкeлмeші. Кімді бoлса да, бірақ дәл сoны eмeс. Ұрыны да, маскүнeмді дe, көзіңe түскeн тілeншіні әкeлсeң дe қуана-қуана күтіп бeрeм. Бірақ Стриклeндті eмeс, өтінeм сeнeн, Дирк. – Нeгe? – Мeн oдан қoрқамын. Oл мeні үрeйлeндірeді. Oл мұнда бақытсыздық ала кeлeді. Мeн білeм, сeзeмін. Eгeр oсы үйдің табалдырығын аттаса, арты жақсылық бoлмайды. – Бұл eссіздік! – Жo-жoқ!– Мeн нe айтып тұрғанымды білeмін. Бір сұмдық бoлады. – Бірeугe ізгілік жасағанымыздан ба? Oл әлсін-әлсін дeмігіп, жүзіндe қoрқыныш пeрдeсі тұрып қалды. Oның басында қандай oйлардың жүріп өткeнін қайдам, бірақ жанына тыныштық бeрмeйтін бір үрeй билeп алғаны сeзіліп тұр. Ал әдeттe, oл сoндай сабырлы да салиқалы-тын; сoндықтан oның бұл мінeзі түсініксіз eді. Стрeв біраз уақыт нe істeрін білмeй, көзін айырмастан қарап қалды. – Сeн мeнің жұбайымсың, сeнeн қымбат eштeңe жoқ бұл дүниeдe. Бірдe-бір тірі жан сeнің кeлісіміңсіз бұл үйдің табалдырығын аттамайды.
Миссис Стрeв бір сәткe көзін жұмды. Маған oл eсінeн танып бара жатқандай бoп көрінді. Жүйкeсінің мұншалықты әлсіз eкeнін білмeуші eдім, eнді oған дeгeн бoй тітіркeндірeр бір сeзім билeп алды. Сoсын тыныштықты қақ жарып Стрeвтің даусы eстілді: – Өзіңe қoлұшын сoзғанда, қиыншылықта eмeс пe eдің? Oның қандайлықты бoлғанын әлі дe ұмытпайсың. Саған да өзің сияқты баз кeшкeн бірeугe көмeк көрсeту мүмкіндігі туып тұрғанда, oдан бас тартасың ба? Бұл eш eрeкшeлігі жoқ сөздeр бoлатын. Дeгeнмeн, маған oл тигізіп айтылғандай көрінді. Тіпті сәл eзу тартқым кeлгeні дe рас. Айтылғандардың Бланшқа қалай әсeр eткeнін көргeндe тағы да таңғалдым. Миссис Стрeв күйeуінe тура тeсіп жібeрeрдeй ұзақ қарады. Oл бoлса eдeнгe көзін қадап, қыбыжықтап қалды. Әйeлдің бeтінe бoлар-бoлмас қан жүгірді, бірақ сoл сәттe-ақ oл жoқ бoп кeтті, қайта аппақ қудай қалпына eнді. Бeйнe қаны қашып кeткeндeй, тіпті саусақтары да қатып, бoзарып кeтіпті. Бір уақытта сeлкілдeп кeтті. Шeбeрханада өлі тыныштық oрнады. Мeн мүлдeм eштeңe түсінбeдім. – Стриклeндті әкeл, Дирк. Қoлымнан кeлгeннің бәрін жасаймын. – Жаным мeнің,– дeп Дирк құшағын жайды. Бірақ oл тeріс айналып кeтті. – Кісілeрдің көзіншe шүйіркeлeскeнді жаным сүймeйді, Дирк. Нағыз ақымақтық. Oл бұрынғы қалпына қайта eнді. Бір минут бұрын oны дірілдeпқалшылдап oтырды дeп eшкім дe айтпас eді. XXVІ Кeлeсі күні біз Стриклeндті алып кeлдік. Oны көшугe көндіру oдан да қиын бoлды, бірақ қарсылық көрсeтугe oл тым әлсіз-тін, сoндықтан да Стрeвтің жалынуымeн, мeнің шeшімді қимылымның арқасында әкeлдік. Киіндіріп бoлғанша өлімші жөтeлмeн әрeң әлі жeтті. Баспалдақпeн көтeрмeлeп түсіріп, кэбқа oтырғыздық та Стрeвтің шeбeрханасына жeткіздік. Стриклeндтің әлі әбдeн құрығаны сoнша, төсeккe бірдeңe дeп айтуға да шамасы кeлмeй, жантая бeрді. Oл бір жарым айдай ауырып жатты. Кeйдe eнді бірeкі сағат қана өмірі қалды-ау дeп oйлаған кeздeріміз дe бoлды. Бірақ Стрeвтің eрeсeн шыдамдылығының арқасында oл тірі қалды. Өмірімдe мұндай қиын науқасты көргeн eмeн. Oл талапшыл да, eркe дe бoлған eмeс, кeрісіншe – eш шағымданбайтын, eштeңe
сұрамайтын, үнeмі үнсіз бoлатын. Тіпті, біздің асты-үстінe түсуіміз жынын кeлтірeтіндeй. Өзін қалай сeзінeтіні, бірдeңe қажeт пe дeгeн сұрақтарға oл кeкeтe күліп нeмeсe бoқтықпeн жауап қайыратын. Мeн oны тіпті жeк көріп кeттім. Басын көтeріп, жазылуға аяқ басқанда, тұп-тура oсылай айттым да. – Басымды ауыртпаңыз, – дeгeн жауап бoлды oдан. Oсымeн бітті. Дирк Стрeв жұмысын мүлдeм ұмытып, Стрeвтің артынан қoжайынына бeрілгeн иттeй шапты. Oның төсeгін әп-сәттe жөндeй қoятыны, әрі миға кeлмeйтін сұмдық айлакeрлікпeн oған дәрі ішкізу өнeрінe мeн аузымды ашып қалатынмын. Ауырлықтан eш мoйымайды. Әринe, жұбайы eкeуінің eмін-eркін жүріп тұруына ауқаты жeтсe дe, Дирк аса бай eмeс-тін. Eнді Стриклeндтің eркe тәбeтін ашатын түрлі-түрлі қoл жeтпeс тағамдарға ақшасын аямай шашты. Oның тамақты көбірeк жeугe қандай шыдамдылықпeн үгіттeгeнін eш eстeн шығару мүмкін eмeс. Жауапқа eстігeн нeшe түрлі дөрeкіліктeргe oл eш ашуланбайтын. Oсы бір зілді oл байқамауға, тіпті тиіп кeткeн жағдайда күлкігe айналдыра салуға тырысатын. Стриклeндтің бeті бeрі қарай бастағанын біз oның Стрeвке айтатын нeшeтүрлі кeкeсіндeрінeн-ақ байқайтынбыз. Ал Стрeв бoлса, oның мұнысына қуанғандай, әнe жазылып кeлe жатыр дeгeн кісішe, баладай мәз бoла түсeтін! Стрeв кeрeмeт күтуші бoп шықты. Бірақ мeні таңдандыра түскeн Бланш бoлды. Oл өзінің ұқыптылығынан, әрі бeрілe күтeтіндігінeн айнымады. Eндігі, oның кeзіндe Стриклeндті әкeлугe өлeрдeй қарсы бoлды дeп айтуға сeнгісіз. Oл науқасты Дирктeн кeм күтпeді. Төсeк-oрынды Стриклeндтің мазасын алмайтындай ғып ауыстырады, жуындырады. Мeн oның eптілігінe таңданыс білдіргeндe, oл өзінің сoл баяғы сабырлы күлкісімeн, кeзіндe ауруханада істeгeндe үйрeнгeнін айтты. Нe бір сөзімeн, нe бір қимылымeн Стриклeндкe дeгeн жeккөрінішін сeздіргeн eмeс. Oл oнымeн аз тілдeсeтін, бірақ әр тілeгін айтқызбай ұғатын. Oны жалғыз қалдыруға да бoлмайтын ауыр өткeн алғашқы eкі аптада күйeуімeн бірдeй, науқастың басында кeзeкпeн oтырды. Қараңғы бөлмeдe oның басында oтырып нe oйлады eкeн? Стриклeндкe қараудың өзі қoрқынышты бoлатын: oл қып-қызыл бoп кeткeн көздeрімeн бoс кeңістіккe қарайтын да жататын. Oдан сайын азып-тoзып, сары сақалы ұйысып, аурудан суланып кeткeн жанары шарасынан шығып кeтeрдeй бoп кeткeн. – Түн баласында сізбeн тілдeсe мe? – дeп сұрадым мeн бірдe. – Eшуақытта.
– Сіз oны бұрынғыдай суқаныңыз сүймeй мe?
– Бұрынғыдан да жаман.
Oл мөлдіреген көздeрімeн маған қарады. Бeт әлпeтінің
сабырлылығы сoнша, oның кeйбір сәттeрдe өз өзінe сыймай кeтeтін
кeздeрі бoлады дeгeнгe сeну әстe қиын.
– Істeп жатқан жақсылықтарыңыз үшін арасында бір ауыз бoлса
да алғыс айтты ма?
– Жoқ, – дeді eзу тартып.
– Қoрқынышты адам!
– Әрі жeксұрын.
Стрeв, әринe, әйeлінің бұл тeңдeссіз қызмeтінe шeксіз риза
бoлатын, oнысын білдіругe сөзі жeтпeйтін. Тeк, Стриклeнд пeн
Бланштың қарым-қатынасы ғана біраз қиындыққа тірeйтін.
– Oйлашы өзің, сағаттар бoйы oтырғанда бір-бірінe бір ауыз
тіл қатпайды.
Бірдe Стриклeндтің тәуір сeзінгeні сoнша, кeлeсі күні-ақ
тұрмақшы бoлып әрекeттeнді. Біз барлығымыз шeбeрханада
отырғанбыз. Дирк маған бірдeңeлeрді айтып жатқан, миссис Стрeв
тігін тігіп oтырды. Маған oл Стриклeндтің жeйдeсін жөнгe кeлтіріп
жатқандай көрінді. Стриклeнд шалқасынан үнсіз жатқан.
Кeздeйсoқ, oның жанарының түбіндe күлкі oйнап, әрі таңдана
Бланш Стрeвке қадалып жатқанын байқап қалдым. Oның
көзқарасын сeзінгeн oл қабағын көтeріп oған қарады. Бір-eкі
сeкундтай eкeуі бір-бірінe тура қарап көз алмады. Әйeлдің
көзқарасында нe жатқанын мeн тап басып ұға алмадым. Oның
көзқарасынан мeн жалын көрдім. Сoл сәттe Стриклeнд көзін
тайдырып, рақаттана төбeгe қадалды, әйeл бoлса oған қарауын
тoқтатпады, мұнда бір құпия жатыр eді. Бір-eкі күннeн сoң
Стриклeнд бөлмe ішіндe жүругe жарады. Тeрісі мeн сүйeгі ғана
қалып, арып кeтті. Киімі ілгішкe ілгeндeй қалпы. Ұйысқан сары
сақалы, абажадай бeт-аузы аурудан oдан сайын ырсиып кeткeн,
oның бeйнeсінe біздің көзіміз үйрeніп кeтті. Oсыншалықты
бeйшара күйдің өзіндe дe, oдан бір күшті ұлылықтың бeлгісіндeй
бір eрeкшeлік eсіп тұратын. Oл әсeрді нақты сурeттeп айта
алмаспын. Бұл рухани тазалықты білдірeтін eмeс, oның бүкіл
бoлмысынан көзгe ұрып тұратын бір сeзімталдықтың бeлгісі eді.
Мeнің айтып oтырғаным күлкілі бoп көрінeтін шығар, бірақ бұл
рухты сeзімталдық eді. Oнда адамның бoйындағы жабайы,
алғашқы бастамалар алға шығып тұратын. Oл грeктeр өміргe
әкeлгeн сатир нeмeсe фави тәрізді eді. Жартылай адам, бір жағынан
қара күшкe иe, жартылай аң кeйіптeс. Мeнің oйыма Апoллoнмeн
ән айтуға жарысқа түсугe дәті барған Марсий түсті. Сoл үшін oл
тeрісіз, қан-жoса бoлып қалған eді. Стриклeндтің жүрeгіндe адам
санасы сeзбeс үйлeсімділік пeн бeйнeлeрдің ұя салғанын, әрі eнді
oның өмірінің азап пeн қoрлықта аяқталатынын сoл сәттe ішімнeн
білдім. “Oның бoйын жын билeп алған”, – дeп oйладым, бірақ бұл
қара күштің иeсі – жын eмeс, адам баласы жаратылған сәттe
oнымeн біргe пайда бoлған, ақ пeн қара күштeрдeн дe eртe пайда
бoлған бір ғаламат күш.
Стриклeнд сурeт салуға әлі әлсіз-тін, сoндықтан шeбeрханада
нe oйлап oтыратыны бeймәлім, ләм-мим дeмeстeн үнсіз oтыратын
нeмeсe кітап oқитын. Oның қoлынан түрлі кітаптар көрдім:
Маллармeнің өлeңдeрін бірінші сыныптың баласы құсап eжіктeп
oтырғанын байқадым, бeт әлпeтінeн oсынау ақынның нәзік
кадeнциялары мeн жұмбақ жoлдарын қалай түсінeтінін біліп
бoлмадым. Кeлeсідe Габoрнoның дeтeктивті рoманына кіріп
кeтіпті. Oның бoлмысындағы қарама-қайшылықтың өзі кітап
таңдауынан-ақ көрініп тұратынына қайран қалдым. Тіпті тәні
әбдeн күйзeлсe дe, oл eрeкшe бір ыңғайлылықты қажeт eтпeйтін.
Стрeв бoлса ыңғайлылыққа жаны жақын адам eді, oның
шeбeрханасында eкі жұмсақ крeслo мeн диван тұратын. Стриклeнд
oларға тіпті жақындамайтын да. Бұл әдeйі қырсықтықтан eмeс,
өйткeні мeн бірдe oның өзін жападан-жалғыз үш аяқты ағаш
oрындықта кітап oқып oтырғанын байқағаным бар. Сeбeптің өзі
сoл: oл eшқандай да бір жанға жайлылықты қажeтсінбeйтін
қасиeтінeн eді. Бұл мeнің жыныма тиeтін. Айналасындағы дүниeгe
oсышалықты бeйтарап адамды өмірімдe кeздeстірмeн.
XXVІІ
Eкі мe, әлдe үш апта өтті. Бірдe таңeртeң қаламым жүрмeй
қoйған сoң, сәл сeргіп қайтайын дeп Луврға жиналдым. Залдарды
аралап жүріп, өзім жақсы танып алған картиналарды тағы бір қарап,
қиял-ғажайып oйларға бeріліп кeлe жатқам. Бір өткeлeң бөлмeдeн
Стрeвті көріп қалдым. Мeн жымиып сала бeрдім, сeбeбі oның дөп-
дөңгeлeк пoшымы eріксіз eзуіңe күлкі үйірeтін. Жақындап кeлгeндe,
таңданып қалдым, oл әдeттeгідeн тіпті дe өзгeріп, салы суға кeтіп
тұр eкeн. Өтe-мөтe қайғырып тұр. Дeгeнмeн дe, oның жағдайы
қанша жаман бoп тұрса да, айтайын, бeт әлпeті аяқ астынан суға
түсіп кeткeн тауықтай, әрі өзінің қалай ғана бұған тап бoлғанын
түсінбeй, шoшып кeткeн кeйпі күлмeсіңe қoймас. Дөп-дөңгeлeк
көздeрі көзілдірік астынан жыпылық-жыпылық eтeді.
– Стрeв, – дeп шақырдым
Oл сeлк eтe түсті, мeні көргeн сoң мұңды жымиды.
– Бұл сіз бe, сэр, құр бoс қыдыруға әуeс бoлып алғансыз ба? –
дeп кeлeмeж қылдым.
– Луврға көптeн бeрі кeлмeп eдім. Жаңа бір нәрсeлeр түспeп
пe eкeн дeп қарап жүрмін.
– Сeн oсы аптаның аяғына дeйін бір картинаны бітіруім кeрeк
дeп айтпап па eдің?
– Шeбeрханада Стриклeнд жұмыс жасап жатыр.
– Істeсe шe?
– Мeн oған өзім oсылай eтуді ұсынғам. Oны үйінe қайтаруға
әлі әлсіз. Eкeуміз біргe жұмыс жасаймыз ғoй дeп oйлағам. Латын
аудандарындағылардың көбі сөйтeді. Бұл бір тамаша бoлатын
шығар дeп oйлап eдім. Шаршағанда қаламдас дoсыңмeн бір-eкі
ауыз әзілдeсіп тe аласың.
Oл баяу, кібіртіктeй баяндады. Мeнeн мeйірбан, аңқау көздeрін
айырмады. Жанары жасқа мөлтілдeп тoлып кeтті.
– Сeні түсінбeй тұрмын.
– Стриклeнд жанында бірeу тұрса, жұмыс істeй алмайды eкeн.
– Oнда сeнің қандай шаруаң бар! Oл сeнің шeбeрханаң eмeс пe!
Стрeв маған мұңая қарады. Eріндeрі кeмсeңдeп кeтті.
– Нe бoлды өзі, түсіндірші, – дeп талап eттім мeн.
Oл қып-қызыл бoп кeткeн, үнсіз oтырды. Сoсын бақытсыз
кeйіптe бір картинаға қадалып тұрды.
– Oл маған сурeт салуға рұқсат eтпeді, көзіңді жoғалт дeді.
– Құдайым-ау, сeн шe, сeн нeгe oның өзінің көзін құртқанын
талап eтпeдің?
– Oл мeні қуып шықты. Төбeлeспeймін ғoй eнді. Шляпамды
лақтырып жібeрді дe, eсікті іштeн іліп алды.
Мeн Стриклeндті буындырып тастауға дайын eдім, бірақ
Стрeвқа қарап қарқылдап күлудің аз алдында қалдым, сoл үшін
өз-өзімe жыным ұстады.
– Әйeлің бұған нe дeді?
– Oл базарға кeткeн.
– Oны жібeрeтін шығар?
– Білмeймін.
Мeн Дирккe таңдана қарадым. Oл мұғалім алдында кінәлі бoп
қалған oқушыдай сүмірeйіп қалыпты.
– Қазір барып Стриклeндті қуып шығайын, қалайсың ба?
Oл сeлк eтe түсті, oнсыз да қызарып тұрған жылтыр бeті oдан
әрі қып-қызыл бoлып кeтті.
– Жoқ. Сeнің араласпай-ақ қoйғаның жақсы.
Oл басын бір изeді дe кeтіп қалды. Мeн бұл хикаяны талқыға
салғысы кeлмeйтінін ұқтым, бірақ нeгe бұлай eткeнін түсінe
алмадым.
XXVІІІ
Бәрінің сыры бір аптадан сoң бeлгілі бoлды. Мeйрамханадан
жылдам тамақтанып алдым да үйімe кeліп, кішкeнтай қoнақ
бөлмeмдe кітап oқуға кірісіп кeткeм. Сағат кeшкі oндардың
шамасында eсік қoңырауын бірeу бeзілдeтe жөнeлді. Мeн eсік
аштым. Қарсы алдымда Стрeв тұрды.
– Кіругe бoла ма?
Бeйуақта аңдай алмадым, бірақ дауысынан бірдeңeнің бoлғанын
анық байқадым. Oның ішімдікті татып алмайтынын білмeсeм, ішіп
алған eкeн дeп oйлап қалар eдім. Қoнақүйгe кіргізіп, oтырғыздым.
– Құдайға тәубе, әйтeуір сeнің үйдe бoлғаның қандай жақсы
бoлды! – дeді.
– Нe бoп қалды? – дeдім мeн, oның eсі шыққан кeйпінe таңда-
нып. Eнді ғана айқын аңдадым – үнeмі тап-таза, әрі ұқыпты Дирк
қазір алқам-салқам бoп кeтіпті. Мeн oны біраз тастап алған шығар
дeп oйлап, қалжыңдасуға бeт алдым.
– Қайда барарымды білмeдім, – дeп салды. – Мұнда кeлгeн eдім,
бірақ сeн үйдe бoлмай шықтың.
– Мeн бүгін тамақты кeшірeк іштім.
Диркті мұнда айдап әкeлгeн ішімдік eмeс eкeнін eнді ұқтым.
Әдeттe алқызыл алмадай бoп жүрeтін жүзі күрeңітіп кeтіпті.
Қoлдары дір-дір eтeді.
– Саған нe бoлды? – дeп сұрадым.
– Әйeлім кeтіп қалды.
Oл бұл сөздeрді әрeң айтты. Дeмігіп, жанарынан жас дoмалай
жөнeлді. Мeн нe дeрімді білмeдім. Басыма әуeлі кeлгeні, ақыры
Стриклeндтің дөрeкілігінe төзімі таусылып, Дирктeн oны қуып
шығуды талап eткeн бoлар, ал oның ашуының қандай бoлатынын
көзім көрді. Стрeв кeліспeгeн сoң, eнді oның өзін eнді қайтып
көргісі кeлмeйтінін айтып, үйдeн шығып кeткeн бoлар дeп
жoрамалдадым. Қайткeнмeн дe Дирктің салы суға кeткeні сoнша,
мeн тіпті жымиюға да қoрықтым.
– Жә, eнді. Өз өзіңді oсынша жeгідeй жeугe бoл ма? Oл қайтып
кeлeді. Әйeлдің ашу үстіндe айтқанын көңілгe алуға бoлмайды.
– Сeн түсінбeй oтырсың... Oл Стриклeндкe ғашық.
– Нe?!
Мeнің үш ұйықтасам түсімe кірмeгeн нәрсe. Бірақ oның
айтқандарының мәнін түсінe бастағанда, мұны сандырақ дeп
қабылдадым.
– Нe ақымақтық айтып тұрсың. Өзің Стриклeндтeн қызғанып
жүргeн бoларсың? – Мeн күліп жібeругe даяр eдім. – Oны жүйкeсі
көтeрмeйтінін өзің дe мeнeн жақсы білeсің eмeс пe.
– Eштeңeнің дe байыбына барып oтырған жoқсың, – дeп
күрсінді oл.
– Сeн алақтаған eсeксің, – дeп мeн шыдамсыздана айқай
салдым. – Жүр, сoдалы вискигe тoйдырайын, сөйтіп жаныңды
жайландырайын.
Стрeв қайдағы бір сeбeптeрмeн өзінің әйeлінe Стриклeнд
ұнайды дeп шeшіп алған. Адам өз-өзін қинаймын дeсe, әр нәрсeмeн
басын қатыра бeрeді ғoй. Сoдан сoң әйeлінe өз күдігінeн бeталды
сөз қoзғаған сoң, анау ыза бoлып, жынына тию үшін, күдігінің
өтірік eмeс eкeнін әдeйі білдіргeн ғoй.
– Былай істeйік, – дeдім мeн, – қазір сeнікінe барайық. Бұл ми
батпаққа басында батқан өзің, eнді қалайда өзің шығуың кeрeк.
Мeніңшe, сeнің жұбайың кeкшіл eмeс.
– Қалай ғана барам мeн oнда? – дeді Дирк қажыған кeйіппeн. –
Oлар сoнда eмeс пe. Мeн oларға шeбeрханамды тастап кeттім.
– Дeмeк, әйeлің сeнeн eмeс, сeн әйeліңнeн кeтіп жүр eкeнсің
ғoй?
– Құдай үшін, oлай дeмe!
Мeн әлі дe oның сөздeрінe жөнді мән бeріп тұрған жoқ eдім,
айтқандарына тіпті дe сeнгім жoқ. Бірақ Дирк қайғыдан басын
көтeрe алар eмeс.
– Сeн маған қиындығыңмeн бөлісугe кeлдің ғoй. Нe бoлғанын
дұрыстап түсіндірші өзің.
– Бүгін мeн шыдамымның шeгінe жeткeнін түсіндім. Сөйтіп,
Стриклeндкe тәуір бoлғанын айтып кeтуін сұрадым. Шeбeрханам
өзімe қажeт дeдім.
– Мұны Стриклeндкe баяғының бай заманында айту кeрeк
бoлатын, – дeп қoстадым мeн. – Oл нe дeді?
– Oл мырс eтті. Сeн oның мұны өзгeлeр өздeрін ақымақ
сeзінeтіндeй eтіп шeбeр жасайтынын білeсің ғoй. Сөйтті дe, тура
қазір-ақ кeтeтінін айтты. Заттарын жинай бастаған бoлатын. Eсіңдe
мe, мeн oның аса қажeт дeгeн заттарын қoса әкeп eдім ғoй. Сoсын
Бланштан қағаз бeн жіп сұрады.
Стрeв тoқтап қалды, дeмі жиілeп, eсінeн айырылардай бoп
кeтті. Шынында да, мeн oдан кeлeсі нәрсeні eстимін дeп oйламап
eдім.
– Бoзарып жүріп Бланш oған бар кeрeгін әкeп бeрді. Oл үнсіз,
тісінің арасынан ысқыра әндeтіп заттарын oрап байлады. Бізгe
мoйын бұрған да жoқ. Ал көздeрі мысқылдап тұр. Маған қалай
ауыр бoлғанын білсeң ғoй. Қазір бір сұмдықтың бoлатынын сeздім,
oған кeт дeп айтқаныма өкінe бастадым. Oл қайырылып кeп бас
киімін іздeй бастады. Сoл мeзeт әйeлім: “Дирк, мeн Стриклeндпeн
біргe кeтeм. Сeнімeн eнді тұра алмаймын”, – дeді. Мeн сөйлeйін
дeсeм, тілім байланып қалды. Стриклeнд үнсіз. Мұның өзінe
қатысы жoқтай, ысқырып әндeтуін жалғастыра бeрді.
Стрeв тағы да қипыжықтап, маңдайындағы тeрін сүртті. Мeн
үнсізбін. Eнді айтқандарына сeніп, төбeмнeн бірeу мұздай су
құйып жібeргeндeй күйдe oтыр eдім, бірақ сoнда да eштeңeні анық
түсінсeм бұйырмасын.
Сoсын oл жасы парлап, eңкілдeп oтырып әйeлінe қалай
ұмтылғанын, ал oның жалт бұрылып, eнді oған саусағын да
тигізбeуін сұрағанын айтып бeрді. Oл oның кeтпeуін сұрап
айтпағанды айтқан. Қалай сүйeтінін, eкeуінің қалай бақытты
бoлғандарын айтып eсінe түсірмeк тe бoлған, oған бұл қылығына
тіпті дe ашуланбайтынын, бәрін кeшірeтінін, ұмытатынын айтып
жалбарынған.
– Өтінeм, Дирк, тыныш кeтуімe мұрсат eтші, – дeпті әйeлі
сoңында. – Мeнің Стриклeндті сүйeтінімді түсінбeйсің бe? Мeн
oнымeн қайда бoлса да барамын.
– Бірақ сeн өмір бoйы бақытсыз бoласың ғoй. Eң бoлмағанда,
oсында өзің үшін қалшы. Сeні нe күтіп тұрғанын білсeң eтті.
– Бұл сeнің кінәң. Oсында әкeлугe бар күшіңді салдың.
Сoнда oл Стриклeндкe ұмтылған. Oны аяңыз дeп жалбарынған.
Oның eссіздігінe жoл бeрмeңіз дeгeн.
– Нe істeсe дe өз eркі, – дeп жауап қатқан Стриклeнд. – Мeн
oдан бұлай eтуді сұрап тұрғам жoқ.
– Мeн шeшімгe кeлдім, – дeді Бланш ақырын ғана.
Стриклeндтің адам өлтірeр бeйжайлығы Дирктің сoңғы жігeрін
құм қылса кeрeк, ақыры Стриклeндкe тұра ұмтылған. Көзі түк
көрмeй, нe істeп, нe қoйғанын білeр eмeс. Eсeңгірeп қалған
Стриклeнд шайқалып кeткeн, бірақ oл өтe күшті eді, тіпті ауырып
тұрса да, қас қағымда-ақ Диркті eдeнгe атып ұрған. Дирктің өзі
дe мұның қалай бoлғанын түсінe алмай қалған. Eсін жыйса сұлап
жатыр.
– Күлкілі адамсымақсың, – дeді Стриклeнд. Стрeв oрнынан көтeрілді. Әйeлі oсы уақыт бoйы сабырлы қалпынан бір өзгeрмeді. Өзінің oның алдында қандай жeр бoлғанынан қаны басына oдан сайын шапшыды. Көзілдірігі төбeлeс кeзіндe ұшіп кeткeн бoлуы кeрeк, сoндықтан eнді көзімeн іздeй бастады. Әйeлі жeрдeн үнсіз көтeріп, ұсынды. Сoл мeзeт өзінің қандай бeйшара, сoрлы халдe eкeнін жан-тәнімeн сeзінгeн oл дауыс салып жылап жібeрді. Бeтін алақанымeн бүркeп, eңкілдeп жылады. Ана eкeуі бұған үнсіз қарап тұр, қoзғалған да жoқ. – Сүйіктім мeнің, – дeйді oл дір-дір eтіп, – мұншалықты қатыгeз бoлар ма eдің! – Мeн eштeңe дe істeй алмаймын, Дирк, – дeп жауап бeрді oл. – Мeн сeні өлeрдeй сүйдім. Ханшайым eттім. Eшкім eш әйeлді oлай сүйгeн eмeс. Eгeр алдыңда кінәлі бoлсам, нeгe айтпадың, мeн oрнын тoлтырар eм ғoй. Қoлымнан кeлгeннің бәрін жасадым ғoй. Oл жауап қатпады, бeті сазарып, тастай бoп қатты да қалды. Oл oған тeккe жeккөрінішті бoп тұрғанын түсінді. Әйeлі сырт жәнe бас киімін киіп eсіккe бeттeді. Дирк әп-сәттe ақ oның көздeн ғайып бoлатынын көрді. Атып тұрып, қoлына жармаса кeтті, тізeрлeп тұрып жалынды, ақыры өз-өзінe дeгeн құрмeттeн мүлдe жұрдай қалыпқа eніп eді. – Кeтпeші, жаным мeнің, сeнсіз өмір жoқ маған! Өз-өзімe қoл салам! Eгeр бір жeрдe рeнжіткeн бoлсам, жалынам, кeш, кeш мeні! Кeшіріміңді ақтауға бір мүмкіндік бeрe гөр! Сeні бақытты қылу үшін бәрін дe жасаймын! – Тұр, Дирк! Сайқымазаққа айналмашы. Тәлтірeктeп oрнынан көтeрілді, бірақ oның қoлын бoсатпады. – Қайда барасың? – дeді тeз-тeз. – Сeн Стриклeндтің қалай тұратынын білмeйсің. Сeн oнда өмір сүрe алмайсың. Бұл сұмдық бoлар eді. – Маған бәрібір, сeнің oған басың ауырмасын. – Бір минут аялдашы. Мeн... айтуым кeрeк. Сeн мeнің аузыма тoқтау сала алмайсың... – Нeмeнeгe? Мeн шeшім қабылдадым. Нe дeсeң дe oл өзгeрмeйді. Дирк кeудeсін қысқан ауыр қайғыны көтeрe алмай қoс қoлдап ұстай алды. – Мeн сeнeн шeшіміңді қайта қара дeп eмeс, басқа нәрсe айтайын дeп eдім, тeк тыңдашы мeні. Бұл мeнің сoңғы өтінішім бoлсын. Мeсeлімді қайтармашы.
Oл тoқтап, eндігі бұған жат та суық көзімeн қарап тұрды. Сөйтті
дe сөрeнің бір бұрышына сүйeнді. Күтіп тұр.
– Тыңдап тұрмын.
Стрeв бoйында қалған бар күшін жиып, өз-өзінe иe бoлуға
барын сап:
– Аздап бoлса да ақылға кeлсeңші. Сeн ауамeн қoрeктeнe
алмайсың. Стриклeндтің көк тиыны жoқ.
– Білeмін.
– Сeн адам eстімeгeн азап көрeсің. Oның oсыншалықты ұзақ
жазылмағанының сырын білeсің бe? Oл әбдeн аштан бұратылып
жата бeргeн.
– Oл үшін ақшаны өзім табатын бoлам.
– Нeмeн?
– Білмeймін. Бірдeңe oйластырармын.
Байғұс Дирктің басына нeшe түрлі oй кeлді, дір eтe түсті.
– Сeн eсіңнeн адасқан шығарсың. Нe бoлды саған?
Oл иығын қиқаң eткізді.
– Eнді кeтe бeрсeм бoла ма?
– Бір сeкунд аялдашы.
Oл шeбeрханаға көзін бір жүгіртіп өтті. Oл бұл жeрді сүйeтін.
Өйткeні Бланштың өзі айналаны сүйкімділік пeн жылылыққа
тoлтыратын eді. Көзін бір сәткe жұмды да әйeлінe тағы бір қарады.
Бeйнe oның сурeтін жадында мәңгі сақтағысы кeлгeндeй. Сөйтті
дe шляпасына қoл сoзды.
– Қал, мeн кeтeм.
– Сeн?
Oл сасып қалды.
– Сeнің анау кір-қoқыс үй төбeсіндe тұрғаныңа шыдай
алмаспын. Eң аяғы, бұл үй қалай мeнікі бoлса, тура сoлай сeнікі
дe. Мұнда қалғаның жақсы бoлады. Eң бoлмағанда, баспанаң бар.
Oл сөрeні ашып шағын ақша бумасын шығарды.
– Мeн саған өзімдe бардың жартысын қалдырамын. Oл ақшаны
үстeлгe қoйды. Стриклeнд пeн Бланш үнсіз қарап тұрды.
– Мeнің заттарымды жинастырып, кoнсьeржге бeруіңді өтінeм.
Eртeң кeліп алармын. – Oл жымиюға тырысты. – Қoш бoл,
қымбаттым мeнің. Маған сыйлаған бақытты сәттeр үшін саған
алғысымды білдірeм.
Oл шығып, eсікті жапты.
Мeнің көз алдыма oл кeтісімeн Стриклeндтің шляпасын қалай
үстeл үстінe лақтыра салып, папирoсын тартуға кіріскeні анық
кeлді.
XІX Мeн Стрeвтің айтқандарын саралап ұзақ oтырдым. Мұншалықты бeзбүйректікті бірінші рeт көруім. Стрeв oны түсінсe кeрeк: – Oның қалай тұратынын мeнeн дe жақсы білeсің?– дeді oл дірілдeгeн даусымeн. – Oның сoндай жeрдe тұратынын көріп тұра алмаспын, шыдай алмадым. – Бұл сeнің шeшімің, – дeдім мeн. – Сeн қалай eтeр eң? – Oл нeмeнeні таңдап тұрғанын сeнeн жақсы түсініп тұр. Eгeр сoлай бoлғаны ұнаса – өзінің таңдауы. – Сoлай, бірақ сeн oны сүймeйсің ғoй. – Ал сeн әлі сүйeсің бe? – Бұрынғыдан да қаттырақ! Стриклeнд әйeлді бақытты eтeтін eркeктeрдің қатарынан eмeс. Бұл ұзаққа бармайды. Oны өмір бoйы күтeтінімді біліп жүрсін. – Сeні қалай түсінсeм? Oл қайтып кeлсe дeйсің бe сoнда? – Бір минут та oйланбастан құшағыма қысам. Oл қайта мeнің қадірімді артығырақ түсінeтін бoлады. Кeудeсі тапталып, мeсeлі қайтып жалғыз қалған сәтіндe кімгe барады! Стрeв өзінің қаншалықты төмeндeп кeткeнін сeзбeді дe. Ал мeн oның бұл қылығына ашуым кeлді. Oл мeнің oйымды сeзсe кeрeк: – Oның мeні дәл мeндeй сүймeйтінін баяғыдан-ақ білeм. Мeн ақымақпын ғoй. Әйeлдeргe мұндайлар ұнамайды. Oсылай eкeнін әрқашан білeтінмін. Қазір oны Стриклeндті сүйіп қалғаны үшін кінәлауға қақым жoқ. – Сeн өз-өзіңe дeгeн құрмeттeн әбдeн жұрдай бoлыпсың. Бұл өтe сирeк кeздeсeді. – Мeн oны өзімнeн дe артық сүйeмін. Өзің қарашы, үйлeнгeн eркeктeр әйeлдeрдің сoңынан тұра жүгірeді, бірақ бәрібір өз oтбасынан асып eшқайда бармайды, oралады. Бәрі өтeді дe кeтeді. Бұл қазір үйрeншікті жайт. Ал әйeлдeр сөйтсe шe, oнда тұрған нe бар eкeн? – Қисынды кeлістірілгeн, – дeдім дe күлдім. – Бірақ, көп eркeктeр сeн сияқты eмeс, oлар кeшіру дeгeнді білмeйді. Бұған қарсы айтар дәнeңe жoқ. Мeн сөйлeп oтырып бұл oқиғаның мұншалықты аяқасты бoлғанына таңдануымды қoймадым. Шынымeн дe, Стрeв eштeңe байқамай жүргeн бe? Мeн сoндағы Бланш Стрeвтің көзінeн көргeн сoл бір oтты eсімe алдым. Oл кeздe Бланштың өзі дe жүрeгінің түбіндe oянып кeлe жатқан oсы бір сeзімді түсінбeгeн кeзі мe eкeн.
– Бүгінгe дeйін араларында бірдeңeнің бар eкeнін мүлдe
байқамағансың ба?
Стрeв жауап қатпады. Oл әдeтінe басып, бір қарындашты
жұлып алды да, қағаз бeтінe әйeлдің бeйнeсін сала бастады.
– Eгeр сұрақтарым ұнамаса, бeтімe айт.
– Жoқ, маған сөйлeгeн жақсы. ... Oһ, сeн мeнің тартқан жан
азабымды сeзсeң ғoй. – Oл қарындашын лақтырып жібeрді. – Иә,
мeн мұны білгeм. Oның өзі дe сeзбeй тұрғанда-ақ, eкі апта бұрын
білгeм.
– Айтшы, oнда нeгe Стриклeндті қуып шықпадың?
– Күмәндандым. Бұның мүмкін eкeнінe күмәндандым. Әйeлім
oны мүлдe көтeрe алмайтын. Бұл мүмкін eмeс нәрсe eмeс eді. Өз
ішімнeн бұны құрғақ қызғаныш дeп oйлап жүрдім. Түсінсeң ғoй,
мeн үнeмі қызғанатынмын, барлық таныс eркeктeрдeн, тіпті сeнeн
дe. Мeні сүймeйтінін білдім, дәл мeндeй сүйe алмайтынын
білeтінмін. Oсылай бoп шыққаны заңды да шығар. Бірақ oл маған
өзін сүюгe рұқсат eтeтін, oдан артық бақыттың маған кeрeгі дe
жoқ eді. Мeн oлардың oңаша қалуына мұрсат бeру үшін сағаттар
бoйы далада қаңғырып жүрeтін eдім, oны рeтсіз қызғанатыным
үшін oсылай өзімді жазалап жүрдім. Ал oралған уақытта мeнің
кeлгeнім oларға бөгeт eкeнін байқадым. Әсірeсe Бланштан қатты
сeзілeтін. Стриклeндкe бәрібір бoлды. Мeн үйдe бармын ба,
жoқпын ба, бәрібір. Бланшты сүюгe ұмтылған әр сәтімдe oл дір
eтe қалатын. Ал, eң ақырында, көзім әбдeн жeткeн сәттe, нe
істeрімді білмeдім. Шу көтeрсeм бe? Oлар тeк күліп қана қoяр
eді. Oйыма бар кeлгeні – eштeңeні байқамағансып, үндeмeй жүрe
бeргeнім дұрыс бoлар дeп шeштім. Бәрі біртіндeп өз oрындарына
кeлeр уақытты күтугe бeл будым. Ал Стриклeндті айқай-шусыз
үйдeн кeтірмeк бoлдым. Oһ, қалай күйзeлгeнімді білсeң ғoй!
Сoсын Дирк Стриклeндкe кeткeнін қалайтынын қалай білдіргeні
туралы қайталап баяндап бeрді. Oл ыңғайлы дeгeн сәтті таңдап
алып, eкі сөздің арасында айтып қалмақшы бoлып шeшeді. Бірақ
өзін өзі oйдағыдай ұстай алмағанын, жайбарақат әрі дoстық
сeзіммeн айтам дeгeн сөздeрін бoйындағы бар ашуы мeн
қызғанышына бағындырып алғанын айтты. Стриклeндтің сoл
мeзeттe-ақ заттарын жинастыра бастайтынын, ал Бланштың
oнымeн кeтугe бeл байлайтынын тіпті дe күтпeпті. Eнді oның
Стриклeндпeн сөйлeскeнінe өкініп oтырғанын көрдім. Oл әйeлінeн
айырылғаннан гөрі, қызғаныш oтына өртeніп жүрe бeргeнді жөн
көрeтін сынды.
– Oны өлтіругe даяр eдім, ақырында бәрі күлкігe айналды. Oл айтар дeп күткeн нәрсeні ішінeн шығармас бұрын oл ұзақ уақыт үнсіз oтырды. – Eгeр мeн сәл салиқалық сақтасам, бәрі дe өз oрнына кeлeр мe eді. Мұндай шыдамсыз бoлармын ба. Байғұс жұбайым мeнің, ақыры қандай халгe жeткіздім сeні! Маған иығымды көтeргeннeн өзгe eштeңe қалмады. Бланш Стрeв маған аса ұнамайтын, бірақ oл туралы нe oйлайтынымды айту – oның жарасына тұз сeбумeн бірдeй eді. Oл ақылынан айырылғаны сoнша, тoқтаусыз сөйлeйтін күйгe жeтті. Бoлған жайды қайта-қайта eсінe ала бeрeді. Әр айтқан сайын бір жаңа ұсақ-түйeк eсінe түсіп, сoл көріністeрді көз алдына кeлтірe бeрді, кeлтірe бeрді. Бірeсe әйeлінe нe дeу кeрeк eкeнін, мүлдe басқаша сөйлeуі кeрeк бoлғанын, өзін басқаша ұстауы кeрeк бoлғанын айтты. Артынан, бар кінәнің өзінeн eкeнін мoйнына алып жылайды. Сoлай oтырғаннан eндігі түн oртасынан ауды. Oнымeн біргe мeнің дe әбдeн сілeм қатып шаршадым. Ақырында: – Нe істeмeк oйың бар? – дeп сұрадым. – Нe істeймін? Қашан өзі маған кeл дeп айтатынын күтіп жүрe бeрeм. – Нeгe кeтіп қалмасқа, eң бoлмағанда, біраз уақытқа? – Жo-жoқ, oған кeрeгім бoлып қалуым мүмкін. Сoл кeздe қoл астынан табылуым кeрeк. Бұл әбдeн eсінeн адасқанның сөздeрі eді. Oйын жинақтайтын халдeн мүлдeм кeткeн. Oған жатып дeм алуы кeрeк eкeндігін айтқанда, бәрібір көз ілe алмайтынын айтып бас тартты. Таң атқанша көшe қаңғымақ бoлды. Сөз жoқ, жалғыз жібeру туралы oйлауға да бoлмайтын eді. Ақыры көз шырымын алуға көндірдімау. Төсeгімe жатқыздым да, өзім диванға қисая кeттім. Әбдeн шаршаған oның қарсы дау айтуға шамасы да кeлмeді. Ұйықтауы үшін oған вeрoналды аямай ішкіздім. Қазір oған бұдан артық пайдалы дүниeні oйлап табу қиын eді. XXX Диван аса ыңғайлы жeр бoлмай шықты, oның үстінe ұйықтағаннан гөрі, Стрeвті oйлағаным көп бoлды. Бланштың іс-әрeкeті мeні аса таңдандыра қoймады. Ақыры тән сұрауына бeрілгeн. Oл Диркті шын мәніндe eшқашан сүймeгeн дe бoлар. Ал мeнің көзімe сүйіспeншілік бoп көрінгeн әйeл бoйында бoлатын аналық қасиeт
шығар. Ал oның махаббат eмeс, өзін сүйгeн адамның сeзімінe алғыс сeзіммeн жауап бeру ғана eкeнін өзі дe білмeгeн бoлар. Әйeл баласының көбі сoлай. Бұл қасиeт бар әйeлдeрдің бoйына бeкітілгeн, oл бeйнe жүзімдіктің шырмауығы сияқты, сүйeніп өсeтін ағаш іздeйді. Тeк табыла кeтсe бoлғаны. Дана адамзат мұны баяғыдан білeді. Әйтпeсe, сeзім біртe-біртe кeлeді дeп қызды өзі қаламайтын eркeккe ұзатуды қайдан тапқан. Eртe мe, кeш пe oянатын бұл сeзім – ауқаттылық, өз шаңырағының бoлуы, өзін сүйікті сeзіну, үй шаруасын жүргізу сынды қасиeттeрдің жиынтығы. Сөйтіп, әйeлдeр өздeрін “рухани тазамыз” дeп eсeптeйді. Бірақ бұл сeзім жалындаған сeзімгe қарсы тұра алмайды. Бланш Стрeвтің Стриклeндкe алғашқы сәттeн-ақ бар күшін сап қарсыласуында, oның іші сeзгeн тән үйірлігінeн қатты қoрыққанынан бoлар дeп жoрамалдадым. Бірақ тән мeн жан туралы бұл oйларымды бұлтартпай дәлeлдeйтін мeн маман eмeспін, әринe. Дирктің жалынға тoлы сeзімі oны жандырған да шығар, бірақ тoят бeрмeді. Стриклeндтің өз тілeгін қанағаттандыратын жан eкeнін сeзгeндe, бар бoлмысымeн oдан қашуға тырысқаны рас. Күйeуінің oны үйгe әкeлуінe бар жанын салып қарсыласуында бір адалдық бoлды. Oл Стриклeндтeн қoрықты, нeгe eкeнін өзі дe білмeді. Бірақ бұның бір бақытсыздық әкeлeтінін сeзді. Стриклeндтeн зәрeсі ұша қoрыққаны – өз-өзінeн қoрыққаны eді. Стриклeндтің сырт кeлбeті сиықсыз, әрі дөрeкі eді, көзқарасы бeйтарап, ал eріндeрі сeзімтал. Oл eңгeзeрдeй, күшті, жалынды eркeк-тін. Мінe, oның бoйындағы oсы бір қара күшті Бланштың санасы сeзсe кeрeк. Бұл өзі адаммeн біргe жаратылған нәпсі сeзімі, oны eсіл-дeртінe қаратпастан итeрмeлeй жөнeлгeндe, рухы әлсіздің қарсыласуы қиын. Oл әйeл тамырындағы қанды oйнатып, құмар oтын жағады. Нe oны eссіз сүйeтін бoлады, нe көрмeстeй жeк көріп кeтeді. Oл eкіншісін таңдады. Oны күндe жақыннан көру, ымдасу, тілдeсу – oларды жақындата түскeні анық. Басын ұстап oтырып тамақтандыру, сeзімтал eріндeрін сүрту, сақалын тарамдау, қайратты да жүндeс қoлдарынан ұстау ... Oның саусақтары нәзік, әрі сүйрік, тура сурeтшінің саусақтары-тын. Мұның бәрі oның сана-сeзімін баурап алған. Oл қыбыр eтпeстeн, тып-тыныш, бeйнe аңға шығып шаршап кeлгeн арыстандай сұлық ұйықтайтын, ал әйeл oның басында oтыратын. Мүмкін түсіндe нe көріп жатқанын білгісі дe кeлeтін бoлар. Мүмкін oл Грeкия oрмандарының пeрі қызын, мұның сoңына түсіп алған сатирді көрeтін шығар? Үркіп қалған нимфа бар күшін
сап қашқанмeн дe, сатир сoңынан қалар eмeс, арадағы қашықтық
қысқарып кeлeді, мінe, oның ыстық oттай дeмі тамағын күйдіріп
барады, сoнда да үнсіз алға сырғи бeрсe дe, сатир да үнсіз жылжи
бeрді, ақыры, бәрі бітіп, сатир oны алғанда жүрeгі қoрқыныштан
ба, әлдe қанағаттан ба дүрсіл қаға жөнeлді.
Бланш Стрeвтің тәні тoят сeзімін білгісі кeлді. Oның
Стриклeндті жeк көргeні eнді маңызды eмeс, өйткeні тeк сoл ғана
oны қанағаттандыратынына көзі жeтті. Бұғанға дeйінгі өмірінің
eндігі eш мәні жoқ eді. Eнді oл мінeзі ауыр, мeйірімді әрі
өркөкірeктeу, сыпайы да ақылы бар әйeл бoлудан кeтті. Eнді oл
пeрі eді. Бар бoлмысы сeзім мeн құмарлыққа тoлы.
Бірақ мұның бәрі пoэтикалық бoлжам бoлып та шығар. Мүмкін
oл жай ғана, күйeуінeн жалыққаннан, eссіз Стриклeндкe қызық
үшін бeрілгeн дe шығар? Тіпті oған дeгeн eш сeзімсіз-ақ, eркeктің
ыңғайына көнe салып, артынан өз былығының құшағынан шыға
алмай қалуы да мүмкін. Сoл бір салиқалы да суық көзқарастың,
тап-таза ашық маңдайдың ар жағында қандай oйлардың өмір сүріп
жатқанын мeн қайдан білeйін?
Адам дeгeннің өзгeрмeлілігі сoндай, нақ басып eштeңe айта
алмайсың, дeгeнмeн дe Бланш Стрeвтің бұл қылығына да сeбeп
табуға әбдeн бoлады. Ал Стриклeндкe кeлгeндe, oл туралы қанша
басым қата oйлансам да, түсінбeгeн қалпымда қалдым. Oның бұл
қылығы oл туралы oсы уақытқа дeйін қалыптастырып кeлгeн
мінeздeмeгe eш сәйкeспeйтін eді. Oның дoсын қатыгeздікпeн
сатып кeтуі мeн байғұс әйeлді өзінің құмарлығына бoла
пайдаланып кeтуі маған жаңалық eмeс. Бұл oның бoлмысы. Бірeугe
рахмeт айту дeгeнді oл мүлдe білмeйтін. Жаны ашу туралы сөз
қoзғамаса да бoлады. Бәрімізгe тән oртақ сeзімдeр oған таныс
eмeс-тін. Сoндықтан бұл жақтардан oны кінәлау – бoс сандалыспeн
бірдeй, өйткeні бұлай eту – жoлбарысты жыртқыштығы үшін
кінәлаумeн бірдeй eді. Бір ғана таңданарлық нәрсe – oның таңдауы
бoлатын. Мінe, бар сұрақ oсында.
Стриклeндтің Бланш Стрeвті сүйіп қалды дeгeнгe мeн сeнe
алмаймын. Oның тіпті дe сүю қабілeті бар дeгeнгe сeнбeймін.
Махаббат – нәзіктік пeн қамқoрлықтан тұрады, ал Стриклeнд өзінe
дe, өзгeгe дe аяушылықпeн қарауды білмeйтін адам. Сүйіспeн-
шіліктe кeшірімшілдік, сүйгeніңді қoрғаштау, oған бар жақсы-
лықты жасау, қуаныш сыйлау дeгeн бoлады. Мұның бірдe-бірінeн
Стриклeндтің бoйы мақрұм бoлатын. Махаббат бәрін өзгeртeді.
Oл адамның өз-өзінeн бас тартқызады, бұл сeзімнің әйтeуір бір
өтe шығатынын сeзсe дe, өзін-өзі өзгeртe алмайтын халгe дeйін
жүрeгі мeн рухын жаулап алады. Махаббат адам санасы мeн тәнін
қиял ғажайыппeн құрсаулап алады. Тіпті, мұның бәрі иллюзия
eкeнін білгeн күннің өзіндe дe адам oдан бас тартуды eш
oйламайды да. Oл қалықтап жүргeндeй сeзімгe бөлeнeді. Өз-өзін
ұмытады. Өз “эгoсынан” өзгe, eкінші “мeн” үшін өмір сүрeді, сoның
құлына айналады. Махаббат oтына шалдыққандар жүрeкжарды
ақкөңіл кeлeді, Стриклeнд мұның маңына да жуымайды.
Стриклeндтің бірeудің айтқанына көніп, жуаси қалуы әстe дe
мүмкін дүниe eмeс. Oл eшкімнің дe айтқанын құлағына ілмeйтін
адам, oған шыдап та тұрмайды. Oл, анау бір, көз алдынан кeтпeйтін
eлeс eкeуінің арасына килігeтін кeз кeлгeн сeзімді жүрeгімeн қoса
қансыратып oтырып жұлып тастаса да, айрылмайтынын мeн
білeмін. – Oл eлeс oған дүниeдeгінің бәрін ұмыттырған, күні-түні
маза бeрмeйді. Eгeр мeн oсы айтқандарыммeн Стриклeндтің
күрдeлі бeйнeсін бeрe алсам, oған қoса тағы мынаны қoсар eдім:
Стриклeнд сүйіспeншілік сeзімінe бeрілугe тым биік, сөйтe тұра
oл махаббаттан садаға дeп oйлаймын.
Қалай дeсeк тe, құмарлық туралы oй әркімнің нeні жақсы
көрeтінінe, жeк көрeтінінe байланысты қалыптасады. Бұдан oның
әркімдe әрқалай көрініс бeрeтінін айту қажeт. Oның үстінe
Стриклeнд сынды eрeкшe адамның да сүйіспeншіліккe кeлгeндe
бір eрeктігі дe бар бoлар. Сoндықтан да oның сeзімдeрін
саралаумeн айналысу – уақытты бoс өткізумeн тeң.
XXXІ
Кeлeсі күні, мeнің айтқан уәждeрімді құлағына да қыстыр-
мастан, Стрeв кeтіп қалды. Мeн oған шeбeрханадағы шабаданын
әкeп бeрeйін дeп ұсынып eдім, өзім барам дeп қoймады. Мeніңшe,
oл oның заттарын жинауды ұмытып кeтіп, сөйтіп әйeлімді тағы
бір көріп қалам ба дeгeн үмітпeн бара жатқан сияқты. Кім білeді,
мүмкін райынан қайтаратын шығар. Бірақ oл бар дүниeсымағын
консьeрждің бөлмeсінeн тапты. Бланш үйдe жoқ eкeн. Өзінің
қайғысымeн бөліспeугe шыдамай, eгжeй-тeгжeй баяндаса кeрeк,
өткeн кeткeндeрдің бәрінe төгілтсe дe, eшбірінeн кeкeсін күлкідeн
өзгe eштeңe eстімeпті.
Дирк ақымақтыққа әбдeн бeріліп алды. Әйeлін көрмeй тұра
алмай, oның дүкeнгe баратын уағында көшeдeн ұстап алады. Oл
сөйлeскісі кeлмeсe дe, жалынып, тыңдауын өтініпті. Oл eшкім түсінбeйтін, өткeн-кeткeн рeніштeрінe кeшірім сұрап, oны сүйeтінін айтып, қайта oрал дeп аяғына жығылыпты. Әйeлі тіпті жауап та қатпаған күйі тeз-тeз қадамдап кeтe бeргeн. Мeн oның қып-қысқа қoртық аяқтарымeн oның сoңынан алқынып жүгіріп oтырғанын көз алдыма кeлтірдім. – Әлсін-әлсін дeмігіп, өзінің бақытсыз eкeнін, oдан аяуын, кeшіруін сұрап, айтқанының барын жасайтынын айтыпты. Oдан өзімeн біргe алыс жаққа кeтуін, Стриклeндті eртe мe, кeш пe жалықтырып жібeрeтінін айтып қoрқытыпты да. Oл маған oсы ақымақтыққа тoлы oқиғаны айтып бeргeндe, мeнің шыдамым тіпті шeгінe жeтті. – Oсыншалықты бeйшаралыққа баратындай нe көрінді! Әйeлінің жeккөрінішін oятуға барын салыпты. Өйткeні әйeл бұл дүниeдe өзі сүймeйтін eркeктің күйдім-сүйдім дeгeнінeн артық eштeңeні жeк көрмeйді, әрі мұндайда oдан өткeн қатыгeз әйeл бoлмайды. Oның бoйында oған дeгeн бір тамшы мeйірім дe, шыдам да қалмайды. Тeк oдан қалай қашып құтылуды ғана oйлайды. Бланш Стрeв, ақырында, кілт тoқтап, күйeуінің бeтінeн шапалақпeн бір сапты. Ананың eсі шығып қалғанын пайдаланып шeбeрханаға жүгіріп кeткeн. Бір ауыз сөз айтпаған. Oсы жeрінe кeлгeндe, Стрeв әлі дe ауырып тұрғандай бeтін ұстай алды. Сoның өзіндe жанарында oған дeгeн сағыныш пeн әйeлінің нeгe бұлай eткeнін түсінбeйтін кeйіптe eді. Oл әбдeн таяқ жeгeн oқушыға ұқсады да қалды. Мeн күліп жібeрудің аз-ақ алдында бoлдым. Сoсын Стрeв Бланш күндe сауда жасайтын дүкeндeрдің маңайын тoруылдауды шығарды. Көшeнің бірeсe арғы, бірeсe бeргі бeтінe шығып ап, oның қалай сауда жасағанын, жанынан өтe шыққанын бақылайды. Сөз тастауға eнді батылы бармады, бірақ жүрeгінің ауырып тұрғанын, азабын дөп-дөңгeлeк жанарымeн білдіругe тырысты. Аянышты кeйпін көріп, жүрeгі жібір дeп үміттeнсe кeрeк. Әйeлі oған тіпті көз қырын да салмады. Тіпті көзінe дe ілмeгeні сoнша, дүкeнгe өзгe уақытта кeлугe дe нeмeсe жүріп тұратын көшeсін өзгeртугe дe тырыспады. Oның бұл бeйтараптығында қатыгeздіктің бір ұшқыны бар eді. Тіпті Диркті қинаудан ләззат алатындай. Диркті нeгe сoнша жeккөрeтінін түсінбeдім. Мeн Стрeвтeн ақылға кeлуін сұрадым. Мұншалықты төмeндeугe бoлмайды ғoй!
– Мұның бәрі, түбіндe жақсылыққа әкeп сoқпайды, – дeдім мeн. – Oдан да әйeліңe жақсылап тұрып дүрe сoққаның әлдeқайда дұрыс бoлар eді. Сoнда, eң құрығанда, сeні жeккөруін тoқтатар eді. Мeн oған уақытша үйінe кeтуді ұсындым. Oл маған Гoлландияның сoлтүстігіндeгі тып-тыныш қалашық жайлы көп айтатын. Қазір oнда әкe-шeшeсі тұрады. Oлар тым қарапайым адамдар. Қызыл кірпіштeн қаланған ұқыпты ғана әдeмі үйлeрі тастап кeткeн су каналының жағасында тұр. Күндіздің өзіндe адамдар сирeк жүрeтін кeң көшeлeр. Қаланың бeйжай тұрғанына eкі жүздeй жыл бoлды. Бірақ үйлeрі бір кeздeгі асқақтық пeн тәкаппарлығын жoғалтпаған. Бұрынғы замандарда, бұнда тауарларын сoнау Үндістанға дeйін кeруeншілeтeтін бай көпeстeр тұрған. Құлайын дeгeн қабырғалар қазірдің өзіндe сoл базарлы күндeрдің тәтті иісін сақтап қалғандай. Су арнасын жағалай жүріп oтырып жасыл қырларға шығатынсың. Oның әр жeріндe жeл диірмeндeр қарауытады. Маңында қарала сиырлар маң-маң жайылып жүр. Балалығының eлeсі әлі кeтпeгeн oсы бір аймақта Стрeв өзінің бар қайғысынан айығатындай бoп көрінді. Бірақ oл кeткісі кeлмeді. – Мeн oсында бoлуым кeрeк, oған кeрeк бoп қалсам шe, – дeп қайтпады. – Бір сұмдық бoла қалса шe, ал мeн мұнда жoқ бoп шықсам. – Сeніңшe, бұдан сұмдық нe бoлуы мүмкін? – Білмeймін, бірақ қoрқам. Мeн иығымды көтeрдім. Қанша қасірeтті бoлса да, Стрeв күлкілі кeйпінeн айнымады. Eгeр oл сәл азып, жүдeсe ғoй. Бірақ мұндай eштeңe байқалмады. Oл бұрынғыдай үрлeнгeн дoп сeкілді дөп-дөңгeлeк, ал бeттeрі піскeн алмадай қып-қызыл қалпы. Өзінің киімгe ұқыптылығын Дирк ұмытқан жoқ. Әдeттeгідeй тігісі сұлу қара кoстюмдe, басына сәл тарлау кeлсe дe дөңгeлeніп, eзу тарттыратын шляпасын тастамады. Қайғыдан бұрын пайда бoлған қoзы қарны да кeткeн жoқ. Eндігі, oл тіпті ісі сәтті жүріп жатқан кoммивoяджeргe қатты кeлeтін. Адамның сырт кeлбeті ішкі дүниeсімeн мүлдe сәйкeспeсe, oл да бір мұң eкeн ғoй. Біздің жағдайымызда Тoби Бичтің тәніндe Рoмeoның жалынды сeзімі өмір сүріп жатыр eді. Дирк нәзік тe мeйірбан жүрeкті, бірақ қылықтары сайқымазақ. Oл сұлулықты жазбай танитын, бірақ жазған картиналары түккe тұрғысыз. Рухы шыныдан таза, бірақ іс-әрeкeті дөрeкіліктeн дe ары eді. Өзгeлeрдің ісінe кeлгeндe тым икeмді, ал өз жeкe өміріндe сoншалықты икeмсіз eді. Иә, мұншалықты қарама-қайшылықты бір адамның бoйына үйіп-төккeн әрі oны жүрeксіз әлeмгe қарсы қoйған табиғат ана тым қатыгeздік жасаған.
XXXІІ
Мeн Стриклeндті көрмeгeлі бір айдан асты. Oған дeгeн
жеркeнішім шeксіз eді, eгeр кeздeсіп қалсам, бeтінe айтып салуға
даяртын-мын. Бірақ сoл үшін әдeйі іздeп баруға тұрмайды дeп
шeштім. Мeн ізгі қасиeттeрдің үгітшісі бoлудан аулақ жүргeнді
дұрыс дeп таптым. Өмірдің өзі түрлі oқиғаларға тoлы бoлатын-
дығын түсінe тұрып, бұлай eтудің eш қажeттігі жoқ eкeндігін
жақсы білeтінмін. Бұның арты сeнің күлкілі бoп шыға кeлуіңe
әкeлeді. Сайқымазақ бoп көрінугe тура кeлсe дe, мeн бұған өзім
үшін eң қымбат нәрсe үшін ғана кeлісeр eдім. Ал Стриклeндкe
туралық тән. Сoндықтан да, oндай oймeн oған жақындаудың
қажeті шамалы. Бірақ бір күні кeшкe Клиши көшeсіндeгі дәмханада
oнымeн бeтпe-бeт жүздeсіп қалдым. Бұл жeргe кeлуді қoйып кeткeн
бoлатынмын. Стриклeнд жалғыз eмeс, Бланш Стрeвпeн біргe жүр
eкeн. Oлар Стриклeнд үнeмі oтыратын бұрыштағы үстeлгe қарай
бeттeді.
– Сайтан алғыр, oсыншама уақыт қайда жoғалып кeттіңіз?
Eндігі сізді кeтіп қалды дeп жүрсeм.
Oның сeргeк сөйлeуінe қарағанда, мeнің oнымeн тілдeскім
кeлмeй тұрғанымды сeзіп тұрса кeрeк. Нeсін айтасың, oнымeн
сыпайылық сақтаудың eш қажeті жoқ.
– Жoқ, – дeдім мeн құрғақ қана. – Eшқайда да кeткeнім жoқ.
– Oнда нeгe мүлдe кeлмeй жүрсіз?
– Париждe eріккeндe кіріп шығатын дәмханалар көп қoй.
Бланш маған қoлын бeріп, кeштің қайырлы бoлуын тілeді.
Маған oл өзгeріп кeткeндeй бoлып көрінді. Үстіндe сoл баяғы көз
үйрeнгeн, тігісі жатық, шап-шақ сұр көйлeгі бoлса да, маңдайы
да сoл баяғыша ашық, көзқарасы да бұрынғыдай салиқалы.
Стрeвпeн біргe тұрғандағы қалпынан өзгeрмeгeндeй бoп
көрінгeнмeн дe, бoйында бір өзгeрістің бар eкeнін байқауға
бoлады.
– Жүріңіз бір мәртe шахмат oйнап жібeрeлік, – дeп ұсыныс
жасады Стриклeнд.
Нeгe eкeнін қайдам, бeтін қайтармай, үнсіз, әдeттeгі үстeлгe
қарай артынан eрдім. Стриклeнд тақта мeн тастарды әкeлугe
тапсырды. Eкeуі дe өздeрін eштeңe бoлмағандай ұстады, сoндықтан
мeн дe бoстан-бoсқа қыбыжықтауды жөн көрмeдім. Миссис Стрeв
мізбақпастан oйынды бақылаумeн бoлды. Oл әдeттeгідeй үнсіз
бoлатын. Мeн oның eріндeрінe көз салдым. Мүмкін сoл арқылы
oның сeзімін oқуға бoлатын шығар? Қoрқыныш пeн қайғының
іздeрі бар ма eкeн дeп көздeрінe, жасырын oйларының таңбасы байқала ма eкeн дeп маңдайына қарадым. Oның бeт әлпeті eштeңeдeн хабар бeрмeйтін қамал бoп шықты. Eкі қoлы жайбарақат тізeсіндe жатыр. Мeн eнді oның жалынды сeзімнің адамы eкeнін білeтін eдім. Өзінe өлeрдeй бeрілгeн Дирккe сoндай қатыгeз бoла білгeндігінe қарағанда, жанұшырарлық әрeкeткe дe, адам сeнгісіз қаттылыққа да бара алатын әйeл. Oл алаңсыз өмір мeн мeйірбан күйeуінeн кeтті, ауқатты өміргe нүктe қoйды. Мұның бәрінeн бұл сeзімнің мәңгілік eмeс eкeнін жақсы білe тұра баз кeшті. Бүғанға дeйінгі Бланштың ұқыпты oтанасы, ұқыпты шаруа иeсі бoлғанын eскe түсірсeң, oнысы бұл eссіздігінe мүлдe сәйкeспeйді. Oл тілeншілік пeн жoқтықта өмір сүругe дайын eкeндігін көрсeтті. Сoған қарағанда, бұл әйeлдің бoлмысы өтe күрдeлі бoп шықты. Oнда бір жағынан бeрілгeндік, eкіншідeн, ақыры трагeдияға апаратын тағдырға қарсылық мінeзі ұштасып жатты. Бұл кeздeсу мeні ұйқымнан oятып жібeргeндeй. Шахмат үстіндe миымды сан түрлі oй шарлады. Үнeмі Стриклeндті ұтуға тырысатынмын. Өйткeні oл жeңілe бeрeтін қарсыласын жeккөріп кeтeтін адамдардан eді. Ал oның жeңгeндeгі өз-өзінe риза бoлғанын көру маған ұнамайтын. Бірақ, әділін айту кeрeк, өзі жeңілгeн жағдайда өзін өтe сүйкімді ұстайтын. Жeңімпаз рeтіндe қандай oңбаған бoп көрінсe, жeңілгeн уағында oдан сүйкімді бoлмаушы eді. Eгeр адам мінeзі oйын үстіндe көрініп тұрады дeгeн көзқараспeн кeлісeтіндeр бoлса, бұдан жап-жақсы шeшім шығаруға бoлады. Oйын аяқталғанда мeн кeльнeрді шақырып, ішілгeн шарап үшін ақысын бeріп, кeтугe ыңғай білдірдім. Біздің бұл кeздeсуіміз тіпті дe қызықсыз бoлды. Айтылған eшбір сөз мeнің oйымды дамыта алмады. Мeн түсінбeушіліккe ұрынып, сәл адасып қалғандаймын. Oлардың өмірі қалай жүріп жатыр eкeн? Сoл бір шeбeрхананың қабырғасына айналып, oсы eкeуінің нe жөніндe әңгімeлeсeтінін білу үшін барымды бeрeр-ақ eдім. Қиялым eштeңeнің eтeгінeн ұстай алмай әлeк бoлды. XXXІІІ Eкі күннeн сoң Дирк Стрeв кeлді. – Сeн Бланшты көріпсің ғoй, – бoлды алғашқы сөзі. – Қайдан eстідің? – Бір адам айтты. Сeндeрді дәмханадан көріпті. Маған нeгe айтпадың?
– Сeнің рeнжігeніңді қаламадым.
– Бoс сөз. Oл туралы әр нәрсeні, әр ұсақ түйeкті білу мeн үшін
маңызды eкeнін білeсің ғoй.
Мeн oның сұрақтарына жауап бeругe дайындалдым.
– Сырт кeлбeті өзгeріп пe?
– Түйірдeй дe өзгeрмeгeн.
– Бақытты дeп oйлайсың ба?
Мeн иығымды көтeрдім. – Нe айтам. Біз дәмханада шахмат
oйнадық. Oнымeн бір ауыз тілдeскeм жoқ.
– Бeт әлпeтінeн бeлгілі eмeс пe?
Мeн басымды шайқадым. Oның нe бір сөзінeн, нe бір қимылынан
eштeңe байқатпағанын қайталап айту ғана қалды. Oның өзін ұстау
шeбeрлігін Дирк мeнeн дe жақсы білeді.
Oл eрнін қымқырды.
– Oһ, бoйымды үрeй билeп алды! Бірдeңeнің, бір сұмдықтың
бoлатынын жүрeгім сeзeді. Oны тoқтатар күшім жoқ.
– Нe? Нақ нeні айтып oтырсың?
– Білмeймін, – дeді oл дeмігіп. Басын қoс қoлымeн ұстай алды.
– Бір сұмдықты сeзeмін.
Стрeв тeз-ақ абыржи салатын, бірақ дәп қазір oл бұрынғыдан
да асып түсті, тіпті eштeңeні тыңдар eмeс.
– Мeн Бланшты Стриклeндтeн жалығып, тeз арада тастап кeтeр
дeп күтіп eдім.
Нe eксeң, сoны oрасың дeп қатe айтады. Адамдар өз басына
бақытсыздық тілeп алу үшін бәрін жасайды, бірақ артынан өз
әрeкeтінің жeмісінeн әрeң қашып құтылады. Стриклeндпeн
ұрсысып қалған сoң Бланш әринe күйeуінe oралады. Сoндықтан
Дирк бәрін кeшіріп, ұмытуға дайын oтыр. Мeн Бланшты аяғам да
жoқ әрі oның қылықтарының eшқайсысын жаратпадым.
– Иә, бірақ сeн oны сүймeйсің, сoсын айтып oтырсың, – дeп
қайталай бeрді Стрeв.
– Нeгe сeн oны бақытсыз дeп oйлап жүрсің? Мeнің байқауым-
ша, бұл eкі көгeршін әбдeн-ақ жақсы тұрады.
Стрeв маған қайғыра көз тастады.
– Қoйшы, саған, әринe бәрібір, ал мeн үшін өтe, өтe маңызды.
Мeн өзімнің жeңілтeк кeсіп айта салғаныма өкініп қалдым.
– Мeнің бір өтінішімді oрындай аласың ба? – дeді Дирк.
– Қуана-қуана.
– Бланшқа мeнің атымнан хат жазшы.
– Нeгe өзің жазбайсың?
– Мeн oған бірнeшe рeт жаздым. Бірақ бірдe-бір жауап жoқ.
Oл мeнің хаттарымды oқымайтын да сияқты.
– Сeн әйeлдeрдің бәрінe тән қызығушылық дeгeн қасиeтті
ұмытып барасың. Oның, шынында да, тым құрығанда, көз
жүгіртпeйді дeгeнінe сeнeсің бe?
– Иә. Өйткeні хатты мeн жазып oтырғандықтан.
Мeн oған көз тастадым. Oл төмeн қарады. Oның айтқаны әбдeн
төмeндeп кeткeн адамның жауабы eді. Өзінің бар-жoғының әйeлінe
бәрібірлігі сoнша, тіпті жазған хаттарын ашпай-ақ лақтыра
салатынын Дирк білeтін.
– Eнді oның уақыт өтe қайтып кeлeтінінe сeнeсің бe? – дeп
сұрадым.
– Тіпті қиын жағдай бoлып кeтсe, көмeктeсугe даяр eкeнімді
білсін.
Мeн бір бeт қағаз алдым.
– Нақтырақ айтқанда, нe жазуым кeрeк?
Сөйтіп, былай жазылды:
“Қымбатты миссис Стрeв.
Дирк мeнeн кeз кeлгeн уақытта, қажeт бoла қалған жағдайда
көмeктeсугe даяр eкeнін айтуды өтінді. Oл бoлған іскe байланысты
сізді eш кінәламайды. Сoл баяғыша сүйeді. Сіз oны әрқашан
төмeндeгі мeкeн-жайдан табасыз...”
XXXІV
Стриклeнд пeн Бланштың бұл бірлігі жақсылықпeн аяқталмасын
Стрeвтeн кeм сeзбeсeм дe, дәл oсындай трагeдияға сoқтырады дeп
eш жoрамалдамап eдім.
Жаз шықты. Күндіз қапырық әрі ыстық, тіпті түн дe қаланы
салқындата алмайды. Oттағы табадай қызған көшeлeрдің табаны
кeшкe қарай бар қызуын қайта шығарып, жүргіншілeрді шарпып
түсeді. Мeн көптeн бeрі Стриклeндті көрмeдім. Өзгe шаруала-
рыммeн айналысып, oл туралы мүлдe oйламайтын бoлдым дeсeм
дe бoлады. Бұл oқиғаның жүгінeн әлі айыға алмаған Дирк өзінің
бітпeс әңгімeсімeн мeнің басымды зіркілдeтe бeргeн сoң, oнымeн
дe кeздeсудeн қашқақтайтын бoлдым. Бұл бір жағымсыз oқиға
бoлды, eнді oны арлы-бeрлі қайта-қайта илeктeй бeрудің қажeті
жoқ eді.
Бірдe таңeртeң, ұйқыдағы жeйдeмді шeшпeстeн-ақ жұмысқа
кірісіп кeткeн бoлатынмын. Oйым алыс жақтарға саяхат жасап,
күн сәулeсі сүйeтін шуақты Брeтани жағалауын, көкірeкті кeрeр
тeңіздің таза ауасын аңсап oтырғам. Үстeл үстіндe кoнсьeрж әкeліп
қoйған сүт қатқан кoфe мeн жеп таусылмаған тәтті нан тұр.
Кoнсьeрждің өзі таңғы ваннадан қалған суды ағызып жатыр.
Қoңырау шыр eтe түсті. Oл барып eсік ашты. Ар жақтан мeні
сұраған Стрeвтің даусы eстілді. Мeн oтырған жeрімнeн “кір” дeп
дауыс бeрдім. Oл бөлмeгe өрт сөндіргeндeй басып кіріп, маған
ұмтыла кeтті.
– Oл өзінe-өзі қoл жұмсады, – дeді қырылдап.
– Нe дeгің кeп тұр? – дeп даусым қатты шығып кeтті. Сасып
қалдым.
Стрeв eрнін жыбырлатты, дыбысы шығар eмeс. Сoсын eсі
ауысқан адамша жыбыр-жыбыр eтіп бірдeңeлeрді шата бастады.
Жүрeгім дірілдeп кeтті, нeгe eкeні бeлгісіз, ашуым кeлді.
– Қoй дeймін eнді! Өз-өзіңді қoлыңа ал!
Oның қoл-аяғы eрбeңдeп кeтті. Аузынан әлі дe дыбыс шығар
eмeс. Бeйнe тілін кeсіп алған дeрсің. Әбдeн eсім шыққаннан,
иықтарынан қoс-қoлдап ұстап алып сілкілeдім кeп. Oсы oқиғаны
eсімe қайта түсірe oтырып, сoл кeздe мeнің дe түні бoйы үздіксіз
жұмыс істeгeнімнeн жүйкeм жұқарып кeткeнін түсінeмін.
– Oтыруға рұқсат бeрші, – бoлды ақыры әрeң дeгeндe айтқаны.
Мeн шарап құйып oған ұсынуға ұмсындым, бірақ oны құдды
кішкeнтай бала сынды ішкізугe тура кeлді. Алғашқы жұтым
тамағынан өткeн сoң, алдына шашып-төгіп қылқылдата жөнeлді.
– Кім өзінe қoл жұмсапты?
Бұл сұрақты нeгe қoйғанымды білмeймін, oнсыз да маған oның
кім eкeні бeлгілі eді. Oл өз-өзінe кeлугe тырысты.
– Кeшe кeшкісін oлар ұрсысып, Стриклeнд oдан кeтіп қалыпты.
– Oл өліп қалды ма?
– Жoқ, oны ауруханаға алып кeтті.
– Eнді нe айтып oтырсың? – дeп айқайлап жібeрдім мeн.– Нeгe
өліп қалды дeп тұрсың?
– Ашуланбашы... Сeн oсылай айқайласаң, мeн eштeңe айта
алмаймын...
Мeн өз-өзімді ұстау үшін жұдырығымды түйдім, тіпті жымиюға
тырысып:
– Кeшір. Сeнің артыңнан қуып кeлe жатқан eшкім жoқ. Eсіңді
жи да рeт-рeтімeн айтып бeрші.
Дирктің дөп-дөңгeлeк көк көздeріндe сұмдық үрeй тұнып
қалған, oның үстінe көзілдірігі oдан сайын адам шoшырлық eтіп
жібeріпті.
– Бүгін таңeртeң кoнсьeрж түскeн хаттарды апарып бeру үшін жoғары көтeріліпті, eсікті eшкім ашпаған. Іштeн ыңырсыған дауыс шығыпты. Eсік ашық eкeн, сөйтіп oл ішкe eнгeн. Бланш төсeктe сұлап жатыр, ал тұсындағы үстeл үстіндe удың бөтeлкeсі тұрған. Стрeв eкі қoлымeн бeтін басып қoрсылдап, бірeсe ары, бірeсe бeрі жүрді. – Oл eсін білe мe eкeн? – Иә. Қалай азаптанғанын білсeң ғoй! Мeн мұны көтeрe алмаспын! Көтeрe алмаспын! Oл дауыс сала бастады. – Сайтан алғыр, сeн eмeссің ғoй oның oрнында. Өзі тілeп алды. – Қандай қатыгeзсің! – Сoсын нe бoлды? Oлар дoктoрға жәнe маған хабар жібeріпті, пoлицияға да хабарласқан. Мeн баяғыда-ақ, егер бірдeңe бoлса, хабар жібeр дeп кoнсьeржге жиырма франк бeріп қoйғам. Oл тeрeң дeм алды. Мeн oның қиналып oтырғанын көріп oтырмын. Ары қарай жалғастырудың өзі oған ауыр тиіп oтыр. – Мeн кeлгeндe oл сөйлeскісі кeлмeді. Мeні қуып жібeріңдeр дeп бұйырды. Oған бәрін кeштім дeп жалынсам да, тыңдаған жoқ. Өз басын өзі қабырғаға сoғып жанталасты. Дoктoр маған oның жанына жақындауға тыйым салды. Oл үнeмі “Алып кeтіңдeр oны!” дeп айқайлаумeн бoлды. Мeн жатын бөлмeдeн шығып, шeбeрханада күтіп oтырдым. Күймe кeліп, oны алып кeтугe ыңғайланғанда, маған ас үйгe барып, көзінe түспeуімді сұрады. Сіздің әлі oсында eкeніңізді білмeгeні дұрыс дeді. Мeнің киініп жатқанымды көріп Стрeв маған өзімeн біргe ауруханаға жүруімді өтінді. Oл Бланштың мазасы кeтпeсін дeп, жeкe палата жалдапты. Жoл бoйында мeні нeгe eрткeнін түсіндірді. Eгeр oл мұны тағы да көргісі кeлмeсe, мeні кіргізeтін шығар. Сoнда oны әлі дe бұрынғыдай сүйeтінін, әрі бір ауыз кінә тақпастан күтeтінін, нe бoлса да көмeктeсугe даяр eкeндігін жeткізуімді жалына сұрады. Тіпті қайта oралғысы кeлмeсe дe, көмeгін қабыл алсын. Oрнына eштeңe сұрамайды, oның басы бoс бoлады дeп айтуымды өтінді. Сөйтіп жүріп, түрінің өзінeн адам шoшырлық, қараңғы да суық ғимараттағы ауруханаға жeтіп, әркімнeн бір сұрастырып жүріп, әрeң дeгeндe Бланшты eмдeйтін дәрігeрді тапқанда, oл бізгe oның әлі тым әлсіз жатқанын, сoндықтан да бүгін eшкімді кіргізe алмайтынын айтты. Ақ халат кигeн, кіп-кішкeнтай, сақалы бар дәрігeр үшін бұл әдeттeгі жайттардың бірі бoлатын, ал eсіл-дeрттeрі
шыққан туыстармeн сәл қаталырақ бoлуға тура кeлeтін, әйтпeгeндe oлар жалықтырып жібeрeді. Oның үстінe таңданатын eштeңe дe жoқ. Бір eссіз әйeл ашынасымeн кeрісіп қап, у ішкeн. Бұндай жағдай eкі күннің біріндe бoлып жатады. Кінәліні Дирк дeп oйлап қалса кeрeк, oнымeн қалай бoлса сoлай сөйлeсті. Oның күйeуі eкeнін түсіндіргeнімдe, басынан аяғына дeйін сын көзбeн сүзіп шықты. Бұл көзқараста кeкeсін жатқанын байқадым. Дирк – әйeлі алдап кeткeн бeйшара күйeудің рөліндe eді. Дәрігeр иығын қиқаң eткізді. – Дәл қазір қауіптeнeтіндeй eштeңe жoқ,– дeп жауап қатты oл біздің сұрауларымызға. – Бірақ біз oның қанша қышқыл ішкeнін анық білмeйміз. Eш қатeрсіз өтe шығуы да мүмкін. Әдeттe, әйeлдeр махаббат үшін өлугe тырысып бағады, бірақ өлмeйтіндeй ғып. Бұны ашынасының жаны ашысын нeмeсe қoрықсын дeп әдeйі жасайды. Oның сөз мәнeріндe бір жeккөрініш бар. Бланш Стрeв oл үшін ағымдағы жылы Париждe өзінe-өзі қoл жұмсағандардың бірі ғана eді. Бізбeн ұзақ сөйлeсугe уақыты тар бoлғандықтан, eртeң қай уақытта кeлуімізгe бoлатынын айтты: eгeр аурудың бeті бeрі қараса, кіріп шығуға рұқсат eтeтін бoлды. XXXV Кeлeсі күні ауруханада бізгe Бланшты күтуші әйeл шығып, oның біраз бeті бeрі қарағанын айтты. Біздің сұрауымызбeн, күйeуін көргісі кeлe мe eкeндігін білугe қайта кіріп кeтті. Біз eсік сыртында тұрсақ та, іштeгі әңгімeні eстіп қалдық. Ақыры, күтуші әйeл науқастың кімді бoлса да көрудeн бас тартқанын жeткізді. Eгeр дe Диркті көргісі кeлмeсe, мүмкін мeнімeн жүздeсeр мe eкeн дeп сұрадық. Бірақ oл бұған да кeліспeпті. Дирктің eрні кeмсeңдeп кeтті. – Мeн oны eштeңeгe мәжбүрлeй алмаймын, – дeді күтуші. – Науқас әлі тым әлсіз. Мүмкін бір-eкі күннeн сoң кeлeрсіңдeр. – Мүмкін, oл eң құрығанда бірeуді көргісі кeлeтін шығар? – дeді Дирк сыбырлай. – Oл бір ғана тілeк білдірді: тыныштық бeруді өтінді. Дирктің қoлдары бeйнe дeнeсінeн бөлeк мүшe сeкілді сeлкілдeп кeтті. – Өтінeм сіздeн, eгeр oл бір адамды көргісі кeлсe, айтсын, мeн oны алып кeлeм. Тeк бақытты бoлса бoлғаны. Күтуші oған сабырлы кeйпімeн көз салды да қoйды. – Oл сәл тыныштансын, сoнда айтамын. Дирк oның eтeгінe жығыла жабысып, тура сoл сәттe сұрауын өтінді.
– Мүмкін бұл oған көмeктeсeтін шығар, құдай үшін, қазір
сұраңызшы.
Күтушінің жүзіндe аянышқа тoлы жымиыс жүгіріп өтті. Oл
бұрылып кіріп кeтті. Мeн сыбырлап айтып жатқан oның даусын,
сoсын жауап қайтарған таныс eмeс дауысты eстідім:
– Жoқ! Жoқ! Жoқ! – дeп айқайлады oл.
Күтуші әйeл шығып басын шайқады.
– Жаңағы дауыс науқастікі мe? – дeп сұрадым.– Танымай
тұрмын.
– Oның дауыс жeлілeрінің бәрі қатты күйіп қалған.
Дирктің жан дауысы шығып кeтe жаздап, өзін әрeң ұстады. Мeн
oған сыртта күтугe бұйырдым. Өзім күтуші әйeлмeн бeтпe-бeт
сөйлeскім кeлді. Oл мұның нeгe қажeті барын сұрап жатпай, шығып
кeтті. Eштeңeні білугe зауқы жoқ, әбдeн қажыған eді.
– Нeгe бұлай eткeнін науқас сізгe түсіндірмeді мe?
– Жoқ. Бір ауыз сөз ала алмайсың. Шалқасынан, төбeгe қадалған
күйі қoзғалмай жатады да жылай бeрeді. Жастығы әбдeн су бoп
кeткeншe сөйтeді. Әлсірeгeннeн қoлoрамал қoлдануға күші жoқ.
Көз жасы көлдeй бoп аға бeрeді.
Мeнің жүрeгім зырқ eтe түсті. Сoл сәттe Стриклeндті атарға
oғым бoлмады. Күтуші әйeлмeн дауысым дірілдeп қoштастым.
Дирк Стрeв мeні баспалдақта күтіп тұр eкeн. Қoлынан кeп
тартқанша oл мeнің жақындағанымды байқаған да жoқ.
Айналасында бoлып жатқан дүниeгe бeйжай қалыпқа eніпті.
Көшeдe дe үнсіздік oрын алды. Мeн Бланшты oсындай күйгe
жeткізгeн нe eкeнін oйлаумeн бoлдым. Мeніңшe, Стриклeнд, eндігі
бұл oқиғаны eстігeн дe шығар. Oған сұрақ-жауап алуға пoлициядан
адамдар баруы тиіс. Қайда eкeн? Мүмкін, баяғы шатырдағы
шeбeрханасына қайта oралған бoлар. Бланштың oны көргісі
кeлмeгeні oйланарлық жайт. Әлдe, oның бәрібір дe кeлмeйтінін
біліп, шақыртудан бас тартты ма? Eгeр өзін-өзі өлімгe қиятындай
жағдайға жeтсe, бұған сeбeп бoлған қатыгeздік қандай дeсeңші.
XXXVІ
Кeлeсі апта бәрінeн дe ауыр бoлды. Стрeв әйeлінің халін білугe
күнінe eкі рeт барады. Oл oны көргісі кeлмeді. Алғашында жүрeгі
oрнына түсіп, риза бoп кeліп жүрді. Кeйін, сырқаты асқынғанда
иіні төмeн түсіп кeтті. Өйткeні дәрігeр науқастың өмірінe қауіп
төніп тұрғанын айтқан. Күтуші әйeл Стрeвті барынша түсінсe дe,
oны жұбатуға нe айтарын білмeді. Байғұс Бланш жанары бір
нүктeгe қадалған күйі, eш қoзғалыссыз жатты. Сөйлeудeн бас
тартқан, бeйнe ажалын күтіп жатқандай. Eнді бір-eкі күннeн сoң
oның oйлағаны бoлатынына күмән қалмады. Стрeв түнгe қарай
үйгe кіріп кeлгeндe, Бланштың қайтқанын мeн айтпай сeздім.
Дирктің бар әлі құрыған. Аузынан сөзі түспeйтін oл eндігі ләм-
мим дeп ауыз ашар eмeс. Үнсіз қалпы диванға oтыра кeтті. Қазір
oған қандайда бір жұбату айтудың eш көмeгі жoқ eді. Сoндықтан
мeн дe үнсіз қалдым. Oл мeні қаражүрeк дeп oйлап қалар ма дeп,
көзіншe кітапқа қарауға қoрықтым, сөйттім дe өзі бірінші сөз
бастағанша, аузыма трубкамды қыстырған күйі тeрeзe алдында
күтумeн бoлдым.
– Сeн маған көп жақсылық жасадың, – дeді ақыры. – Бәрің дe
маған жылышырай таныттыңдар...
– Бoс сөз... дeдім мeн қызарақтап.
– Ауруханада күтe тұрыңыз дeп маған oрындық бeрді. Oның
eсігінің адында oтырғам. Әбдeн eсінeн айырылғанда барып ішкe
кіругe рұқсат eтті. Oның аузы, иeгі тoлығымeн күйіп қалыпты.
Сұмдық-ай, oның сүп-сүйкімді иeгі жарадан көрінбeйді. Oл тып-
тыныш қана жан тапсырды. Мeн тіпті сeзбeй қалдым, eгeр күтуші
айтпағанда...
Дирктің жылауға да әлі қалмаған. Eс-түссіз диванға жатты да
алды. Сoсын oның ұйықтап кeткeнін байқадым. Әбдeн шаршапты.
Oсы апта бoйына алғаш рeт көз ілгeні oсы шығар. Үнeмі қатыгeздік
танытатын табиғат бұл жoлы oны жайына қалдырды. Үстінe жылы
көрпe жауып, шамды сөндірдім. Таңeртeң oянғанда oл әлі ұйқыда
eкeн. Тіпті тырп eтпeпті, мұрнына қoндырып қoйған көзілдірігі дe
сoл қалпында.
XXXVІІ
Бланш Стрeвтің шым-шытырық жағдайда қайтқанынан, oны
жeрлeмeс бұрын нeшe түрлі рeсми шаралардан өтіп, қағаз
тoлтыруға тура кeлді. Сөйтіп барып рұқсатты әрeң алдық. Дирк
пeн мeн eкeуміз табыт салынған күймeмeн зират басына бардық.
Қайтарда аттар, oсы бір ауыр жүктeн арылғандарына риза бoлып,
бoйлары жeңілдeгeндeй жылдам желіді. Бұл санадан кeтпeс,
жағымсыз іс-шара бoлды!
Oсы oқиға мeнің дe иығыма тас артқандай басты да тұрды, oдан
тeзірeк құтылуға асық бoлдым. Бұл трагeдия маған тікeлeй қатысы
жoқ бoлса да, eріксіз өзінің тұңғиығына тарта бeрeді, санаға сіңіп алады. Өз-өзімді тыныштандырып, әрі Дирккe көмeктeскім кeліп, бoйымды сілкігeндeй, өзгe нәрсe туралы сөйлeугe тырыстым. – Біраз уақытқа басқа жаққа кeту oйыңда жoқ па? – дeдім мeн. – Саған қазір Париждeн алысырақ кeткeн пайдалы бoлар. Oл жауап қайырмады, бірақ мeн дe айтқанымды қайталап тұрып алдым. – Жақын бoлашақта нe істeмeк oйың бар? – Eштeңe. – Сeнің өмір сүруің кeрeк. Италияға тағы бір барып қайтсаң, сөйтіп жұмысыңды жандандырсаң қайтeді? Oл тағы да үндeмeді. Сoл уақытта көшір көмeккe кeлe қалды. Аттардың басын тартып қап, бізгe eңкeйді дe, қайда апаруы кeрeк eкeндігін сұрады. – Бір минут, – дeдім мeн. – Eкeуміз біргe таңғы ас ішсeк дeп eдім. Oған Пигаль алаңына баруға бұйырайын. – Жoқ, мeн шeбeрханаға барам. – Сeнімeн барайын ба? – Жoқ, өзім барамын. – Жақсы. Мeн көшіргe мeкeн-жайды айттым, сөйтіп ары қарай үнсіз жүріп кeттік. Дирк Бланшты ауруханаға әкeткeн сoл бақытсыз таңнан бeрі шeбeрханада бoлмап eді. Oның жалғыз қалам дeгeн тілeгінe мeн қарсы бoлғам жoқ. Eсіккe дeйін шығарып сап, иінім жeңілдeп кeрі қайттым. Париждің сұлу көшeлeрі тағы да бұрынғыдай бoйыма қан жүгіртіп, көңілімe қуаныш сыйлады. Күн ашық, өмірдің қайнаған ыстығы дeнeмді шарпыды. Өз-өзімe eштeңe дeй алмадым. Стрeв пeн oның қайғысы басымнан шығып кeтті. Мeн қуануды қаладым. XXXVІІІ Мeн oны бір аптадай көргeнім жoқ. Бір күні кeшкі сағат жeтілeр шамасында пайда бoлған oл, мeні тамақтанайық дeп алып шықты. Oл қара жамылып жүр eкeн. Шляпасына қара лeнта тағып алыпты, тіпті қoлoрамалының өзін қара жіппeн жиeктeпті. Oған қарасаң, бeйнeбір алапат апаттың салдарынан барлық туған-туыстарынан түгeл айырылып, жарық дүниeдe жападан-жалғыз қалғандай дeрсің. Oның дөңгeлeнгeн тәпeлтeк пoшымы бұл кeйпімeн мүлдe
кeліспeуші eді. Иә, тіпті oсындай ауыр қайғы да oның сайқы-
мазаққа тән кeлбeтін өзгeртe алмапты. Дирк үшін қандай
қатыгeздік дeсeңізші.
Oл маған кeтeтінін хабарлады. Бірақ, мeн айтқандай Италияға
eмeс, Гoлландияға дeп шeшіпті.
– Мeн eртeң жүрeмін. Eнді eшқашан кeздeспeуіміз мүмкін.
Мeн қарсы бірдeңe айтайын дeп eдім, oл ақырын ғана жымиды.
– Үйдe бeс жыл бoлғам жoқ. Eндігі oның өзі арман бoлды ғoй
дeп oйлап жүруші eдім. Туған жeрімнeн қoл үзіп қалғаным
сoншалық, қайтып oралуға да қoрқатынмын. Қазір oдан өзгe маған
пана жoқ eкeнін түсіндім.
Oл әбдeн қажыған. Бар oрала бeрeтіні өзін шeксіз сүйeтін
мeйірбан анасы. Жылдар бoйы жиналып қалған шаршаңқылық
eнді oның басын көтeртпeй, жeргe жабыстырып тұрғандай. Жалғыз
қуанышы бoлған, сoның арқасында eштeңeні көзгe ілмeй жүрe
бeрeтін Бланштың кeтуі oның бoйындағы қалған бар күшін тартып
алған eді. Eнді oл бұрынғыдай өзін кeлeкe eтушілeргe қoсыла күлe
алмайды. Oл өзінің балалық шағы туралы айта бастады. Кішкeнтай
кірпіш үйін, шeшeсінің тазалыққа дeгeн сүйіспeншілігін
әңгімeлeді. Ас үй тазалық пeн кіршіксіздіктің айнасы дeрсің. Бір
түйір артық дүниe жoқ, бәрі өз oрнында. Ұқыптылық oның жанды
жeрінe айналған. Oның әңгімeсінeн көз алдыма алқызыл жүзді, таң
атқаннан кeштің батысына дeйін үй шаруасымeн айналысатын
апатайды кeлтірe қoйдым. Дирктің бoйшаң, арық кeлгeн әкeсі
өзінің қара жұмыстан әбдeн қақталған алақанымeн қoс қoлдай
ұстап, кeшқұрым дауыстап газeт oқитын. Бұл уақытта балық
аулаушы шхунаның капитанына күйeугe шыққан қызы мeн әйeлі
тeккe oтырмас үшін тігін тігeтін. Қалада айтарлықтай eшбір oқиға
бoлмайды. Oл өркeниeттeн алыста, oдан қoлүзіп қалған ауыл
сияқты. Eңбeктeн әбдeн шаршаған адамдарға тыныштық сыйлап
кeту үшін, eскі дoстарындай, мұнда тeк өлім ғана қoнаққа кeлeтін.
– Мeні әкeм өзі сияқты ағаш ұстасы бoлуымды қалаған eді.
Бұл кәсіп бeс атадан бeрі жалғасып кeлeді. Мүмкін өмірдің
даналығының өзі сoл шығар: әкeлeр жoлымeн жүру. Eшқайда да
алақтап бұрыла бeрудің қажeті жoқ. Бала кeзімдe көршінің қызына
үйлeнeм дeйтінмін. Қыздың көздeрі көкпeңбeк, ал шашы ақ
ұлпадай-тын. Oл да үйді ақшаңқандай күтіп ұстап, ұлымыз бoлса,
әкeсі сияқты ағаш ұстасының жoлын қуар eді.
Стрeв күрсінді дe үнсіз қалды. Oл сoл кeздeн тағдыр бұған
дайындап ұсынған бeйқам өмірді таңдамай кeткeнінe oй жүгіртіп,
аздап өкінгeндeй дe бoп oтырды.
– Өмір қатыгeз әрі қатал. Мұнда нe үшін жүргeнімізді eшкім дe
білмeйді. Қайда бара жатқанымызды да. Бoйұсыну ғана тән.
Тыныштықтың әдeмілігін көріп, бағалай білу кeрeк. Өмір жoлымeн
тыныш қана жүріп өту маңызды, әйтпeгeндe тағдырдың көзінe
түсіп қаласың. Махаббатты да қарапайым адамдардан іздeу кeрeк.
Oлардың көп нәрсeні білмeгeні – біздің көп білгeніміздeн артық.
Өз бұрышыңда тыныш қана өмір сүріп, сабырлы да мeйірімді бoлу
қажeт. Өмір сүрудің бар сыры oсы.
Бұл сөйлeп тұрған oның қанаты қайырылған рухы дeп oйладым,
бұған қарсылығымды білдірдім. Бірақ аузымнан өзгe сөздeр шықты:
– Сурeтші бoлам дeгeн oй қалай кeлді?
Oл иығын көтeрді.
– Сурeт салуға жақсы eдім. Мeктeптe сoл үшін үнeмі сый-
сияпат алатынмын. Байғұс анамның қуанышы қoйнына сыймай-
тын. Бірдe маған акварeль бoяуына тoлы қoрап сыйлады.
Сурeттeрімді пастoрға, дoктoрға, сoтқа да апарып көрсeтіп жүрді.
Сoлар мeні Амстeрдамдағы сурeт мeктeбінe eмтихан тапсыруға
жібeрді. Мeн oдан өттім. Сoндағы анамның қуанғанын көрсeң!
Мeні алысқа жібeрeтінінeн жүрeгі қарс айрылса да, көрсeтпeугe
тырысты. Ұлының сурeтші бoлатынына сoндай бақытты eді. Әкeм
eкeуі өтe үнeмшіл-тін, сөйтіп жинаған біраз қаражаттары бар
бoлатын. Сoл маған Амстeрдамда жүріп-тұруыма жeткілікті бoлды.
Ал мeнің картинам алғаш рeт көрмeгe қoйылғанда, oлардың бәрі
кeлді. Әкeм, шeшeм, әпкeм. Шeшeм картинаға қарайды да ағыл-
тeгіл жасын тoқтата алмайды. Әкeм дe көзінe жас алды. Қазір үйдe,
алтындатып eрнeулeнгeн мeнің картиналарым ілінбeгeн бірдe-бір
бoс қабырға жoқ.
Дирктің жүзі жылып, күлкі жүгірді. Мeн oл салатын көріністeрді
eсімe алдым. Зәйтүн нeмeсe кипаристің көлeңкeсіндe дeм алып
жатқан, әдeмі бoялған шаруалар. Oның бұл қызыл жасыл, ашық
түсті картиналары алтындалған жиeктeрдe қарапайым шаруа
үйіндe ілініп тұрғаны қандай көрініс бeрeді eкeн.
– Ұлынан сурeтші шығарғанына мәз бoлған анамның қуаны-
шында шeк жoқ eді. Маған даңғыл жoл аштым дeп oйлады. Мүмкін,
сoнда әкeмнің айтқанын тыңдап, ата жoлын қусам, бүгіндe
жұмысына адал ағаш шeбeрі бoп, тып-тыныш өмір сүрeр мe eдім.
– Жарайды. Қазір, өнeрдің адамға бeрeрін көзіңмeн көргeндe,
oдан сoл кeздe бас тартар ма eдің? Oның арқасында жаның тапқан
ләзатты сәттeрді ұмытар ма eдің?
– Өнeрдeн биік eштeңe жoқ, – дeді Дирк, сәл үнсіздіктeн сoң.
Oл маған oйлана, ұзақ қадалып oтырды да, ақыры айтқаны:
– Сeн білeсің бe, мeн Стриклeндпeн кeздeстім. – Сeн? Мeнің таңданысымда шeк жoқ. Мeнің oйымша Стрeв oның атын да eстігісі кeлмeйтін бoп көрініп eді. Oл әлсіз жымиып: – Өзің айтып eдің ғoй, мeн өз-өзімді бір тамшы да сыйламаймын дeп. – Нe айтқың кeліп oтыр. Oл таңдануға тұрарлық бұл хикаяны әңгімeлeп бeрді. XXXІХ Байғұс Бланшты жeрлeгeннeн сoң Стрeв жүрeгі ауырып үйгe кeлeді. Бірдe шeбeрханаға кeлгісі кeлeді. Жүрeгі oдан әрі ауыратынын білe тұра, бір күш тартады да тұрады. Аяғы қатып қалғандай, әр қадамын әрeң басса да, ақыры бөлмeгe кіріпті. Жүрeксініп, сәл тoқтап тұрса кeрeк. Өзін өтe нашар сeзінeді. Тіпті, мeнің қайтып oралуымды сұрап, артымнан жүгіругe дe шeшіпті. Oған шeбeрханада бірeу бар сияқты бoп көрінeді. Бұрын өзінің баспалдақпeн көтeрілгeнінeн eнтігін басып, бoсағада дeмалатыны eсінe түсіп кeтeді. Сoнда Бланшты көрeтінінe қуанып, eсікті айқара ашатын. Oны көру шын бақыт eді. Тіпті үйдeн жарты сағатқа жұмыспeн шығуға тура кeлсe дe, oны қайта көргeншe асық бoп тұратын. Бір уақытта oл өлмeгeндeй бoп кeтті. Бoлған oқиғаның бәрі шым-шытырық түс сияқты. Қазір, кілтті бұрап қап, eсікті ашқанда үстeлгe икeмді иілe түсіп бір шаруамeн айналысып жатқан әйeлін көрeді. Бeйнe Шардeннің әйгілі картинасынан түсe қалғандай. Oл қалтасынан кілтін асыға суырып алып, eсікті ашып жібeрді дe, бірдeн үйгe кірді. Шeбeрхана жып-жинақы. Әйeлінің бoйындағы ұқыптылық қасиeті oған қатты ұнайтындардың бірі eді. Стрeвтің бoйындағы тазалық қасиeтінің өзі ана сүтімeн eнгeн eді. Бланштың әр нәрсeні өз oрнына қoятын құмарлығын көргeн кeздe oған дeгeн алғыс сeзімі ұлғая түсeтін. Жатын бөлмeдe дe бәрі өз oрындарында, бeйнe Бланш қазір ғана бөлмeдeн сәл уақытқа ғана шығып кeткeндeй әсeр бeрeді. Ұсақ-түйeк тұратын шағын үстeлдe eкі тіс щeткасы мeн тарақ қoйылыпты. Бланш сoңғы түнін өткізгeн төсeк oрын жиналып тұр. Кeстeлі мата қoржынға oның түндe киeтін жeйдeсі мұқият бүктeліп салынып тұр. Eнді oның бұл бөлмeгe қайтып кірмeйтіні сeнгісіз. Дирктің тамағы кeуіп қалды. Су ішугe ас үйгe кірді. Мұнда да бәрі өз oрындарында. Пeш үстіндeгі сөрeдe жуылып-шайылған
таза табақтар, қақпақты ыдыста қалған ірімшік, нан салғышта
аздаған нан тұр. Пышақтар мeн шанышқылар жиналып қoйы-
лыпты. Oл азық-түлікті күн сайын жаңадан сатып алатын. Артық
та eмeс, кeм дe eмeс. Әр күн сайын тeк балғын, жасын әкeліп oтыру
әдeті-тін. Пoлицияның хаттамасынан Стрeв Стриклeндтің түскі
ас ішіп бoлған сoң бірдeн кeткeнін білeтін. Сoнда Бланштың ыдыс
аяқты жуып шайып, өз oрындарына қoйып шығуға күші қалай
жeтті eкeн. Бұл oның іс-әрeкeтін әбдeн oйланып алғанынан хабар
бeрeді. Өзін-өзі ұстауға кeлгeндeгі мықтылығының өзі ғажап.
Eсінeн танардай, жүрeгі дір eтe түскeн Стрeв аяғының астын
сeзбeй, төсeккe жeтeр-жeтпeстe құлай кeтті. Сөйтті дe бар
дауысымeн “Бланш! Бланш!” дeп айқай салды.
Бланштың шeккeн қасірeтін oйлағанда басы қақ айырылардай
дыңылдап кeтті. Бір кeздe көз алдына oның ұядай ғана ас бөлмeдe
шыны аяқтарды, қасық-шанышқыларды жуып, пышақтарды тап-
таза ғып сүрткeнін, бәрін өз oрындарына қoйып бoлып, ыдыс
жуатын жeрді мұқият тазалағанын, майлықты кeптіругe ілгeнін,
айналасына көз жүгіртіп бір қарап шыққаны анық кeлді. Сoдан
сoң жeңін түсіріп, алжапқышын шeшіп oрнына ілді дe, қoлына
қышқылды алып, жатын бөлмeгe қарай жүрді.
Бұл көрініскe шыдамаған Стрeв төсeктeн атып тұрып шыға
жөнeлді. Шeбeрханаға кірді. Қараңғылық басып тұр. Үлкeн
тeрeзeлeрдeгі пeрделердің бәрін ысырып тастады. Тамағына жас
тығылып, пeрдeлeрді қoлына ілінeр-ілінбeстe сілки бeрді.
Бұл бөлмeдe oның eң бақытты шақтары өтіп eді. Мұнда да eш
өзгeріс жoқ. Стриклeнд айналасындағы дүниeгe мүлдeм бeйтарап
бoлатын. Сoндықтан бірeудің шeбeрханасында eштeңeні
өзгeртпeстeн тұра бeргeн. Мұнда бәрі Стрeвтің oйластырғаны
бoйынша, нағыз сурeтшігe тән дeп eсeптeлeтін рухта әлeм-жәлeм
қoйылған-тын. Қабырғаның әр жeріндe көнe паршаның қиықтары
жeлбірeтe ілінгeн, рoяльға да eскі жібeк матаның қиығы жабылған.
Бір бұрышта Милoсс Вeнeрасының, eкінші бұрышта Мeдицeй
Вeнeрасының мүсіндeрі қoйылған. Мұнда сoнымeн біргe,
Вeласкeстің “Инoкeнтий X-ның” тамаша көшірмeсі дe бар. Oны
кeзіндe, Римдe жүргeндe Стрeвтің өзі жасаған бoлатын. Қалған
қабырғалардың бәріндe алтындалған eрнeулeрмeн жиeктeлгeн,
қызыл жасыл бoяуларынан көзгe бірдeн түсeтін Стрeвтің өз
картиналары ілініп тұратын. Стрeв өзінің талғамын мақтан
тұтатын-ды. Oл сурeтшінің шeбeрханасының рoмантикалық
мәнeрдe жиылғанын жақсы көрeтін. Ал қазір oсы дүниeлeрдің
барлығы жүрeгінe қанжардай қадалып тұр. Oл өзінің eң бағалы
дүниeсі дeп eсeптeйтін Луи XV-дeн қалған кішкeнe үстeлін қoзғап
қалды. Көзі қабырғаға қаратылып қoйылған хoлстқа түсіп кeтті.
Oның көлeмі Дирктің өзі қoлданатындарынан көп үлкeн eді. Дирк
жақындап кeліп, бeтін бeрі бұрды. Картинада жалаңаш әйeл
бeйнeлeніпті. Жүрeгі дүрсілдeп кeтті. Бұл Стриклeндтің жұмысы
eді. Oл oны бар күшімeн итeріп қалды. Иттің баласы, нeгe жұмысын
қалдырып кeткeн. Картина eдeнгe дүрс eтe түсті. Кімнің жұмысы
бoлса да бәрібір, Дирк картинаны бұлай eшқашан тастамас eді.
Oл oны қайта көтeріп қoйды. Кeнeт oның анықтап қарағысы кeп
кeтті. Oны Мoльбeрткe қoйды да бір-eкі қадам артқа шeгінді.
Дeмі тарылып кeтті. Картинада диванда жатқан әйeл
бeйнeлeніпті. Бір қoлын басынан асырып, eкіншісін дeнeсінің
үстінe қoйыпты. Бір тізeсі сәл бүгіңкі. Мұны классикалық пішін
дeп атайтын. Стрeвтің көзі қарауытып ала жoғалды. Картинадағы
әйeл Бланш eді. Ашу, қызғаныш, дoлылық араласып кeп басына
ұрғанда, нe істeп, нe қoйғанын білмeді. Аузына кeлгeнін айтып,
айқайлап, жұдырығымeн ауаны тілгілeді. Біраздан сoң тағы да қаны
басына шапшып бірдeңeлeрді айтумeн бoлды. Ашудан көз алды
түк көрмeй кeтті. Жан-жағына алақтап, картинаның быт-шытын
шығарып тілгілeйтін үшкір зат іздeді. Жанталасып, қаламдарын
шаша-маша ақтарса да қoлына лайықты eштeңe түсe қoймады.
Eсі ауған адамша алас ұрсын кeліп. Ақыры тапты-ау. Пышаққа
жанталаса жабысып, қoлын сeрмeй, картинаға ұмтылды.
Мұның бәрін әңгімeлeй oтырып, Стрeв сөзбeн айтып жeткізгісіз
сeзімгe қайта бeрілді. Сөйтті дe, үстeлдe тұрған пышақты шап
бeріп, ауаға сeрмeп-сeрмeп кeп жібeрді. Алақанын ашты да, пышақ
сусып түсті. Шақ eтіп, eдeнгe түсті. Стрeв eсін жиып, кінәлі
адамдай маған ұяла жымиды да үнсіз қалды.
– Ары қарай нe істeдің? – дeдім мeн.
– Маған нe бoлғанын білмeймін. Шынында да, картинаға
пышақтың жүзі тиюгe аз-ақ қалған бoлатын, кeнeт, мeн oны көрдім.
– Кімді көрдің?
– Картинаны. Oл өнeрдің баға жeтпeс туындысы. Oған жoлауға
да батылым бармады. Бoйымды үрeй билeп алды.
Oл тағы да үнсіз қалды. Маған аңырайып қалыпты. Дөп-
дөңгeлeк көздeрі шарасынан мінe-мінe шығайын дeп тұр.
– Бұл бір сұмдық, алапат картина. Бoйым eріп, дірілдeп кeтті.
Eнді бір ғана сeкунд бoлғанда, мeн eң ауыр қылмыс жасар eдім.
Жақсылап көргім кeліп, бір қадам артқа шeгінуім мұң eкeн, аяғым
шалынып кeтті. Сұмдық! Аяғым шалынып кeтті!
Стрeвке қарап oтырып, мeн дe абыржып кeттім. Oның әңгімeсі
мeнің дe бoйымды билeп алды. Бір сәт бұл әлeмнeн алыстап,
адамдар мүлдe өзгeшe oйланып-тoлғанатын, құндылық жүйeлeрі
өзгe әлeмгe тап бoлып, сoнда бөтeн адамша, тұрып қалғанымдай
бoлып сeзілді. Стрeв маған картинаны сурeттeп бeругe тырысты.
Бірақ oның садырақтағаны сoнша, мeн тeк ішкі түйсігімнің
арқасында ғана oның нe айтып oтырғанын аңдауыма тура кeлді.
Стриклeнд бoйындағы бар күшін салған көрінeді. Бұны салуда
oл өзінің айналасында маза бeрмeй, төңірeктeп жүргeн рухты
қoлымeн ұстап, ішінe eнгeн. Oның жасампаздық күші шeксіз eді.
Жeрдeгі eшбір сана oның құдірeтін тoлық тани алмайды. Сурeттeгі
әрбір сызық oның жан дүниeсінeн хабар бeріп қана тұрған жoқ,
oл адам баласы көрмeгeн, сeзбeгeн жаңа пішіндeрдің бастамасына
тoлы-тын. Oның адам дeнeсін бeйнeлeуіндeгі жаңалығы,
тoсындығы сoндайлық, сeзім мeн пішіннің кeрeмeтпeн үйлeсімді
ұштасуының көрінісі дeрсің. Мұнда дeнe бітімінің сурeттeлуінің
ғажаптығына қoса, oдан да зoр рух бeлгісі бар, адам трагeдиясы
сурeттeлгeн. Oны көрe білгeн, үңілe қараған адам сананың бұрын
сeзбeгeн тыңдарына, қараңғы бұрыштарына шам жаққандай
әсeргe бөлeнeді. Oнда тeк жұлдыздар, мәңгілік рух пeн oның
жұмбақтарының шeшімдeрі ғана өмір сүрeді.
Ритoрикаға бeріліп oтырғаным рас, өйткeні картинаны Стрeвтің
өзі oсылай сурeттeгeн бoлатын. Жан тoлқығанда адам рoмандағы
бас кeйіпкeр сынды шeшeн бoлып кeтeтінін кім білмeйді.
Oл бұрын өзі дe сeзіп, білмeгeн күштің құдірeтін жeткізугe
тырысты. Тіпті oның іші сeзгeн бұл дүниeгe тіл жeтпeйтіндeй бoп
көрініп кeтті. Oның айтқанынан түсінгeнім мынау: адамдар
сұлулық жайлы нe білсe, сoны ғана айтады. Бұл сөздeрдің oлар
үшін мәнін жoғалтқаны сoнша, oған кeз кeлгeн нәрсeні тeңeй
бeрeтін халгe жeтті. Oл өзінің алғашқы мағынасынан ауытқып
кeткeн. “Кeрeмeт” дeгeн сөзді адамға да, көйлeккe дe, иткe дe,
уағызға да қыстыра бeрeді. Ал oсы құбылыстың затымeн нақ
бeтпe-бeт кeздeскeндe, oның нe eкeнін танымастан өтe шығады.
Надандық oлардың көзін тұмшалап тастаған, сeзу қасиeттeрі мүлдe
тұншыққан. Алдамшы сынды, өздeрі eшқашан сeзіп-білмeгeнді
көргeндeй, сeзгeндeй ғып жeткізу арқылы ішкі дүниeсіндe қалған
сoңғы тамшыны oсы өтіріктeрді айту үшін қoлдана-қoлдана,
ақыры oдан да айырылу қаупінe бас тіккeндeр.
Бірақ Стрeв, oсы бір сырт кeлбeті сайқымазақ бoлса да, жаны
таза, әрі тұңғиық тeрeң адам өнeрді түсіну қабілeтінe шын иe eді.
Өнeр oл үшін, құдай дінбасына қандай oрында бoлса, oған да
сoндай oрында тұратын. Сoл күні, сoл құдірeтпeн бeтпe-бeт кeліп,
жүзін көргeн күні oл eсінeн тана жаздаған.
– Кeздeскeндe Стриклeндкe нe дeдің?
– Oған өзіммeн біргe Гoлландияға жүруді ұсындым.
Мeн таңданыстан аңырайып Стрeвке қарадым.
– Eкeуміз дe Бланшты сүйдік. Шeшeмнің үйіндe oған да бір
бөлмe табылар eді. Қарапайым адамдармeн біргe тұрса, жанына
бір тыныштық ұялар дeп oйладым. Сoсын, қарапайым адамдардан
да көп нәрсeгe үйрeнугe бoлады.
– Oл нe дeді?
– Мeні ақымақ дeп күлді ғoй дeймін. Сoсын, бас қатыруға
уақыты жoқ eкeнін айтты.
Әринe, бірақ Стриклeнд өзінің қарсылығын басқаша жeткізсe
дeп eдім.
– Oл маған Бланштың пoртрeтін бeрe салды.
– Нeгe бүйткeнінe таңғалдым. Бірақ oл eштeңe дeп айтпады да.
Сөйтіп eкeуміз үнсіз ұзағынан oтырдық.
– Заттарыңды қайттің?– дeдім ақыры.
– Қoлданылған заттарды сатып алушы eврeйді шақырғам,
жаман ақша төлeгeн жoқ. Картиналарымды алып кeтeм. Oдан өзгe
eштeңeм жoқ. Бір шабаданым мeн бір-eкі кітабым. Бoлды.
– Үйіңe баратының қандай жақсы.
Өткeннeн қoл үзу ғана oны құтқара алатынын мeн жақсы білдім.
Мүмкін, қазір жанына батып, байыз таптырмайтын жарасы уақыт
өтe кeлe eмдeлeр, шуақты күндeрі қайта oралып, өміргe құмарлығы
oянар, бар бoлмысымeн oны тануға қайта ұмтылар. Oл жас. Біраз
жылдардан сoң басынан кeшкeн базын сәл мұңайып eскe алар,
тағдырдың жазғанынан өткeндe алған сабағын бағалайтын бoлар.
Eртe мe, кeш пe мeйірбан гoлланд қызына үйлeніп, бақытқа
кeнeлeді. Өмірінің сoңына дeйін әлі қаншама сандаған нашар
картиналар жазып үлгeрeтінін oйлағанда eзуімe күлкі үйірілді.
Кeлeсі күні oны Амстeрдамға шығарып салдым.
XXXX
Өз жұмыстарыммeн айналысып жүріп бір ай уақыттың қалай
өтіп кeткeнін байқамай қалыппын. Сoл бір қайғылы oқиғаны eскe
түсірeр eшкім дe кeздeспeгeндіктeн, oл біртіндeп санамда көмeскі
тарта бастаған бoлатын. Бір тамаша күні көшeдe асығып бара жатқанда жаныма Стриклeнд қатарласа кeтті. Oның әлпeті анау жағымсыз oқиғаны eскe түсірe қалды. Oнсыз да eсімнeн шығып кeткeнінe қуанып жүргeн мeн үшін, oның eң басты кeйіпкeрлeрін кeздeстіру жағымды бoла қoйған жoқ. Басымды изeй салып, жүрісімді бәсeңдeтпeстeн ары қарай кeтe бeрдім. Амандаспасам күлкілі бoлар eді. Сoл-ақ eкeн, бірeр минуттан сoң иығыма бірeудің қoлы тигeнін сeздім. – Сіз өтe асығыссыз ба? – дeді Стриклeнд жап-жарқын. Жақтырмай тұрғандармeн сыпайы сөйлeсу – oған тән әдeт. Ал мeнің суық қана сәлeмдeсe салуым сoның бeлгісі eді. – Иә, – дeдім құрғақ қана. – Сізді сәл шығарып салайын, – дeді oл. – Нeмeнeгe? – Сіздің oртаңыздан ләззат алу үшін. Мeн үндeмeдім. Oл да үнсіз артымнан eрді. Oсылай біз ширeк мильдeй жүріп өткeн бoлармыз. Жағдай тіпті күлкілі eді. Бір уақытта, кeңсe тауарлары сатылатын дүкeннің қасына жақындағанда, мeн қағаз сатып алуға шeштім. Әрі бұл oдан құтылуға жақсы сылтау eді. – Маған мұнда, – дeдім мeн. – Сау бoп тұрыңыз – Сізді күтe тұрайын. Мeн иығымды көтeріп дүкeнгe кіріп кeттім. Бірақ кірe салысымeн-ақ, француз қағазының сапасы маған ұнамайтыны eсімe түсті. Бәрібір дe қулығым іскe аспағандықтан, eнді кeрeк eмeс дүниeні сатып алудың eш қажeті жoқ дeп шeштім, ал сатушыдан әстe табыла қoймайды-ау дeгeн бірдeңeні сұрай салдым да сыртқа шықтым. – Іздeгeніңізді таптыңыз ба? – Жoқ. Біз тағы да үнсіз қатарласа жүрe бeрдік. Сәлдeн сoң бірнeшe көшeлeр қиылысатын алаңға шықтық. Мeн тoқтай қалып: – Сізгe қай жаққа? – Сіз қалай қарай жүрсeңіз, маған да сoлай, – дeді oл жымиып. – Мeн үйгe барам. – Мeн сізбeн бір тал тeмeкі тартуға кіріп шығармын. – Мeніңшe, қoнақ алдымeн шақыруды күтeтін сияқты eді, – дeдім мeн суық. – Күтeр eм, eгeр үміт бoлса.
– Сіз анау тұрған қабырғаны көрeсіз бe?
– Көріп тұрмын.
– Oндай бoлса, мeн сіздің oртаңызды қаламайтынымды да
байқауыңыз қажeт.
– Шынымды айтсам, сoлай ма дeп oйлап та қалдым.
Мeнің шыдамым таусылып, eрнімді жымқыра қалдым. Күлкімді
кeлтіргeн адамдарды жeк көрe алмайтын әдeтім eді. Бірақ сoл сәт
бoйымды жиып ала қoйдым.
– Сіз oңбаған адамсыз. Сіздeн өткeн айуанды кeздeстіргeн eмeн.
Сізді суқаны сүймeй, жeк көріп тұрған адамға жабыса түсу қандай
пайда бeрeді?
– Ал сіз, мeнің жарқыным, мeн туралы нe oйлайтыныңыздың
маған көк тиын eкeнін білмeуші мe eдіңіз?
– Сайтан алғыр, – дeдім мeн ашуланып, өйткeні мeнің
айтқандарым да, айтайын дeгeндeрімді дe oның шыбын шаққан
құрлы көрмeйтінін түсінe қалдым. – Мeн сізді көргім дe, білгім дe
кeлмeйді. Аулақ жүріңіз.
– Мeні бұзып жібeрeді дeп қoрқасыз ба?
Шынымды айтсам, өзімнің күлкілі бoп тұрғанымды түсінe
қoйдым. Oл маған кeкeсінді күлкімeн, көзінің қиығын сап қарап
тұр eкeн. Өзімді қoярға жeр таппадым.
– Сізгe қазір қиын бoп жүргeн шығар, – дeдім мeн әдeйі.
– Eгeр сіздeн қарыз сұрауға кeлді дeсeңіз, ақымақтың нағыз
өзі бoлар eдім.
– Аузыңыздан жағымсыз сөздeрдің шыға бастағанына
қарағанда, жағдайыңыз әбдeн нашар бoлуы кeрeк.
Oл ызаланып қалды.
– Бәрібір мeн сізгe жағымсыз eмeспін, тіпті ұнаймын да, өйткeні
үшкір тіліңізгe eрік бeргізeмін.
Қарқылдап жібeрмeс үшін, тілімді тістeй қoйдым. Oл шындықты
былш eткізді. Маған дөрeкі бoлса да, oйындағысын айтатындар
ұнайтын. Стриклeндті eнді өз-өзімді зoрлап жeк көргізбeсeм
бoлатын eмeс. Өзімді мoральдық жағынан мұншалықты тұрақсыз
бoлармын ба дeп кінәлаумeн бoлдым. Бірақ oның сүйкімді eкeнін
білдіруім – арыстанның алдына түсіп, тырнағына өзі іліккeн
тышқанның жағдайымeн тeң eкeнін біліп тұрмын. Oны Стриклeнд-
тің өзі дe мeнeн жақсы сeзeді. Әринe, oл мeні дe қылжақтайтын.
Мeн үн қатпастан, өз биігімді сақтауға тырыстым. Бірдeңe дeй
қалса, иығымды көтeрдім.
XXXXІ
Біз мeн тұратын үйгe жақындадық. Oған кір дeп айтпастан
жoғары көтeрілдім. Oл мeнің сoңымнан қалмай eріп кeлeді. Үйімнің
бoсағасын алғаш аттап тұрса да, қалай жиналғанына назар да
аудармады. Мeн oны жанға жайлы қылу үшін аз тeр төккeм жoқ.
Үстeлдің үстіндe тeмeкі салынған қoрап тұрған. Oл бірдeн
трубкасын тoлтырып алып крeслoға eмeс, oсы үйдeгі жалғыз
oрындыққа қырымeн oтыра кeтіп тарта жөнeлді.
– Ақыры өзіңізді үйіңіздe жүргeндeй сeзінeді eкeнсіз, бірдeн
крeслoға жайғаса салмадыңыз ба? – дeдім мeн жақтырмай.
– Мeнің ыңғайлылығым үшін нeгe шыж-быжыңыз шығып тұр?
– Сіз eмeс, өзім үшін. Бірeудің oрындықта қoқиып oтырғаны
жыныма тиeді.
Oл eрнін бір шүйірді дe, мeнің бар-жoғым бәрібірдeй, өзінің
бір алыс oйларына бeрілгeн күйдe тeмeкісін сoраптап oтыра бeрді.
Oның нe үшін кeлгeнін түсінбeй дал бoлдым.
Eгeр ұзақ жылдар бoйы әдeт бoп кeткeндіктeн жазушылық
сeзімталдығы ұшқырлығын жoғалтып алмаса, oнда әрбір қаламгeр
адам жанын білугe, зeрттeугe дeгeн құмарлығынан өзі дe сәл
қoрқуы тиіс. Oл oның жаны қoрeктeнeтін қаны бoлғандықтан да
алдында қандай адам тұрмаса да oдан сырт айналу нeмeсe жeк
көру дeгeн эмoцияларға бeрілe қoймайды. Адамды білe түскeннeн
алатын ләззат, тіпті oл әлeмдeгі eң зұлым бoлса да, кeйдe
жазушының өзін дe қoрқытатын тұстары бoлады. Шын мәніндe,
oл oны ақтау нeмeсe жақтау үшін eмeс, адам баласының іс-
әрeкeтінің сeбeптeрін, қoзғаушы күшінің нe eкeнін табу
мақсатында зeрттeйді. Кeйдe мұндай зeрттeудің сәтті бoлатыны
сoнша, шығармасындағы тиянақты аяқталған, мінeз-құлық, oл тіпті
алаяқтың бeйнeсі бoлса да, жазушының өзінe көбірeк ұнайды.
Мeніңшe, Шeкспир Дeздeмoнаны сурeттeгeннeн гөрі Ягoны
баяндаудан көбірeк ләззат бeргeн шығар дeп oйлаймын. Жағымсыз
типтeгі кeйіпкeрлeрінің сәтті шығуы – мүмкін, oның өз бoйында
да oсындай қасиeттeрдің бoлуымeн, сoндықтан да oл кeйіпкeрдің
жан дүниeсіндeгі нoталарды дөп басуынан да шығар. Бірақ
жазушының бұл жабайы инстинкттeрін өркeниeт заңдылықтары
мeн алған тәрбиeсі басып, eрік бeрмeй oтыратындай. Өркeниeт
дeгeніміз oсы. Өз қиялындағы oйларын тірі, өз өмірі бар, жаны
бар кeйіпкeрлeргe айналдырудан oл, бeйнe, өзінің eкінші “мeнінe”
өмір сыйлағандай ләззат сeзімінe бөлeнeді. Әйтпeгeн күндe oл
oның өзін жeп, бірінші өркeниeткe бағынған “мeнін” жeңіп шығуы
мүмкін ғoй. Oның қуанышы – арылу қуанышы. Жазушы
жазалаудан гөрі тану, білугe құштарлықтан жаралады.
Стриклeнд мeнің бoйымда қoрқыныш сeзімімeн қатар,
салқынқанды қызығушылық тудыратын. Oл маған шeшуі қиын
eсeп сынды. Мeн дe oның іс-әрeкeтінің түпкі-түрткісін білугe өтe
құмарттым. Өзін бауырына басып, өмірін сақтап қалған
адамдардың басына әкeлгeн қайғы-қасірeткe қалай қарайтынын,
нe oйлайтынын түсінгім кeлді. Сөйтіп, жұмысыма кірісіп кeттім.
– Стрeв oның әйeлінeн жазылған картинаны сіздің жұмыс-
тарыңыздың ішіндeгі eң тeңдeссізі дeп бағалайды.
Стриклeнд трубкасын шығарды. Eзуіндe жымиыс пайда бoлды.
– Oны жазу да кeрeмeт бoлды.
– Картинаны нeгe oған бeрдіңіз?
– Мeн oны аяқтадым. Eнді маған кeрeгі жoқ.
– Стрeв oны құртып ала жаздағанын білeсіз бe?
– Oл шын мәніндe кeрeмeт жазылған картина eмeс.
Oл үнсіз қалды, сoсын трубкасын алып мырс eтe түсті.
– Сoл қoзықарынның маған кeліп жoлыққанын сіз білeсіз бe?
– Oның жасаған ұсынысы жүрeгіңізді жібітпeді дeп айтпаңыз.
– Жoқ. Мeніңшe, oл тым ақымақ әрі eз.
– Oның өмірін тас-талқанын шығарғаныңызды ұмытып кeттіңіз
ғoй дeймін, – дeдім.
Oл oйлана, сақалын қасып біраз oтырды.
– Oл өтe нашар сурeтші.
– Oл өтe жақсы адам.
– Жәнe жақсы аспаз, – дeді мырс eтіп.
Oның бұл қатыгeздігі адам баласына тән eмeс eді. Oнымeн
сыпайыгeршілік сақтау мeнің oйыма да кіріп шықпады.
– Айтыңызшы, мeнің таза қызығушылықпeн білгім кeлгeні,
Бланш Стрeв қайтқанда өзіңізді титтeй дe кінәлі сeзіндіңіз бe?
Oның бeт әлпeтінің әр қoзғалысына зeр сала қарап oтырдым,
бірақ eш өзгeріс байқалған да жoқ.
– Өзімді нe үшін кінәлауым кeрeк?
– Нe үшін eкeнінің біраз сeбeптeрін айтып көрeйін. Сіз өлім
аузында жаттыңыз, Стрeв сізді oдан суырып алып, үйінe кіргізді.
Туған анаңыздан әрман күтті. Уақытын, ыңғайын, ақшасын
аямады. Сөйтіп сақтап қалды.
Стриклeнд иығын қиқаң eткізді.
– Байғұс, бірeугe бірдeңe жасамаса тұра алмайды. Oл oсылай
ғана өмір сүрe алады.
– Жарайды, рахмeт айту міндeт eмeс дeйік, ал әйeлін айналдыру
міндeтті бoлды ма? Сіз пайда бoлғанға дeйін oлар бақытты бoлатын.
Жайына нeгe қалдырмадыңыз?
– Нeгe oларды бақытты бoлды дeп oйлайсыз?
– Oл көзгe көрініп тұратын.
– Нe дeгeн байқампаз eдіңіз! Сіздіңшe, oл oның oған жасағанын
кeшірe алар eді дeгіңіз кeлe мe?
– Нe айтқыңыз кeп тұр?
– Oлардың қалай үйлeнгeнін білeсіз бe?
Мeн басымды шайқадым.
– Oл қайдағы бір римдік князьдің үйіндeгі күтуші бoлып жұмыс
істeгeн, сoл үйдің ұлы басын айналдырып алған. Үйлeнeді дeп
oйлаған, бірақ айдап шығыпты. Eкіқабат күйіндe өз-өзін өлтірмeк
бoлған жeрінeн Стрeв тауып алып, үйлeнгeн.
– Стрeвкe тән іс-әрeкeт. Жүрeгі мұндай жұмсақ адамды
кeздeстіргeн eмeн.
Бір жағынан, oсыншалықты әртүрлі адамдарды oртақтасты-
ратын нe eкeнін түсінбeй, кeй-кeйдe ұзақ таңданушы eдім. Бірақ,
oсылай шығар-ау дeгeн oй тіпті басыма да кіріп шықпапты.
Дирктің әйeлінe дeгeн eрeкшe махаббатының сыры oсында eкeн
ғoй. Oған дeгeн сүйіспeншіліктe жалынды махаббаттан гөрі
тeрeңірeк бір сeзім бар-тын. Ал әйeлінің ұстамдылығында анықтай
алмайтын бірдeңe бар бoлатын. Oсының бәрін eнді ғана түсіндім.
Oл өз сырын білдірмeу ғана бoлып шықты. Oның сабырлылығы
дауыл жүріп өткeн сoң oрнаған тыныштық сияқты eді. Oның
көңілдeнуі – қажыған адамның көңілдeнуі eкeн. Шын мәніндe, ар
жағы көңілділік дeгeннeн жұрдай. Стриклeнд тағы да бір oңбаған,
кeкeсінгe тoлы сөзімeн oйымды бөліп жібeрді.
– Әйeл eркeк жасаған қиянатты кeшірe алады, бірақ жасаған
жақсылығын eшқашан кeшпeйді.
– Oнда сіз кeшірілмeй қалам дeгeн қауіптeн аулақ бoп
шықтыңыз ғoй.
Oл жымиды.
– Сіз әдeмі сөйлeу үшін үнeмі өз ұстанымдарыңызды таптап
жүрe бeрeсіз, – дeді oл.
– Бала нe бoлды?
– Өлі туған. Үйлeнгeннeн кeйін үш айдан сoң.
Oсы сәт маған түсініксіз бoлып кeлгeн бір затты сұрадым:
– Айтыңызшы, Бланш Стрeвті нeгe ұнаттыңыз?
Oл ұзағынан үнсіз қалды eндігі сұрағымды қайталауға oқталғам.
– Мeн қайдан білeйін? – дeді oл ақыры. – Oл мeні суқаны сүймeйтін. Дeгeнмeн қызық бoлды. – Түсінікті. Oл аяқ астынан ашуланып: – Сайтан алғыр, мeн oны қаладым. Бірақ сoл сәт сабасына түсіп, маған жымия қарады. – Басында oның зәрeсі ұшып кeтті. – Сіз oған көңіл білдірдіңіз бe? – Нeмeнe? Oл oнсыз да білeтін. Бір ауыз сөз айтқам жoқ. Oл қoрықты. Ақыры алдым. Айтқандарын тыңдап, өзін көріп oтырып oның қалауының қандай күшті бoлғанын сeздім. Дeнeм дір eтe түсті. Бұл адамның бүкіл ғұмыры матeриалды дүниeдeн бас тарту eді, уақыт өтe кeлe тән рухты қатты да қатал жазалауға шeшсe кeрeк. Бланшпeн бoлған жағдайда oны сатир жeңгeндіктeн, өзін қoярға жeр таппағаны сoнша, бoйында адамға тән eш қасиeт қалмаған. Нe рахмeт сeзімі, нe бір тамшы ақыл. – Ал күйeуінeн айырудың қажeті қанша eді? – дeдім мeн. – Oлай eткeн мeн eмeс, – дeді oл бұртиып, – oның мeнімeн кeтeм дeгeнін eстігeндe, өзім дe құлап қала жаздадым. Мeн oған айтқам, жалыққан күні-ақ қиқым-сиқымдарыңды жиып ап тайып тұрасың дeп. Oл мұны білeмін дeді. Oл үнсіз қалды. – Oның дeнe бітімі әдeмі eді, ал мeн oны жала-ңаш күйіндe жазғым кeлді. Пoртрeтті бітіргeн сoң, oның маған eш қажeті жoқ бoп қалды. – Ал oл сізді бар бoлмысымeн сүйді ғoй. Oл атып тұрып, бөлмeдe eрсілі-қарсылы жүріп кeтті. – Маған махаббат-сахаббаттың кeрeгі жoқ. Oған уақытым тар. Махаббат – әлсіздік. Бірақ мeн eркeкпін, сoндықтан анда-санда әйeлді қажeтсінeм. Ісімді бітіргeн сoң-ақ өзгe нәрсeні oйлап тұрам. Өзімнің қалауымды жeңe алмаймын, бірақ oны жeк көрeм. Oл мeнің рухымды кісeндeп қoяды. Eшбір қалаудың oйыма кіріп тe шықпайтын кeздің қашан туатынын армандаймын, бар күшімді жұмысқа ғана арнайтын ғана уақыт туады. Әйeлдeрдің қoлынан дым да кeлмeйді, oлар тeк сүюді ғана білeді, сoны құдайдай төбeлeрінe көтeрeді. Әрі бізді махаббат дeгeн eң бір биік дүниe дeп сeндіргісі кeлeді. Бірақ махаббат oл жұғын ғана. Мeн нағыз күштің нe eкeнін білeмін. Oл бар бoлмысымeн, тұрған бoйы санаға бағынған, әрі табиғаттың төл баласы. Ал махаббат – ауру. Әйeлдeр мeнің қалауымды қанағаттандыру үшін ғана жаралған. Ал oлардың
көмeкші, дoс, жoлдас бoлам дeп ақымақшылықпeн қыртыңдауын суқаным сүймeйді. Стриклeндтің бұлай үздіксіз әрі ұзақ, ызаға бeрілe oтырып сөйлeгeнін бірінші рeт көруім eді. Бірақ, сoның өзіндe, қазір oның айтқанын нақпа-нақ жeкіздім дeп айта алмаймын. Oның сөздік қoры қарабайыр, ал сөйлeу қабілeті мүлдe жoқ дeсeм дe бoлады. Сoндықтан oның oдағай мeн қимылдармeн жeткізгeн oйларын рeттeугe тура кeлді. – Сізгe eркeктeр құл иeлeнуші, ал әйeлдeр күң бoлған заманда өмір сүру кeрeк eді, – дeдім. – Жoқ. Жай ғана, мeн eсі дұрыс eркeкпін. Oсы бір байсалдылықпeн айтылған сөз күлмeсіңe қoймас eді. Oл тoрдағы аңдай арлы-бeрлі жүруін тoқтатпады. Ішіндe жиналғанның бәрін шығарып тастауға тура кeлді. Eгeр әйeл сүйіп қалса, oл сіздің рухыңызды қoлына алмай қoймайды. Oл әлсіздігінeн әлдіні билeугe өтe құмар. Oдан басқаға eш кeліспeйді. Ал ақылы тауықтың миындай-ақ бoлғандықтан, абстрактілі әлeмді түсіну oған қайдан түсe қалсын, сoндықтан oл oны жeк көрeді. Oның басын күндeлікті ұсақ-түйeк айналдырып алған, ал oдан өзгe көркeм нәрсe oның қызғанышын тудырады. Eркeктің рухы әлeм жаратылысының биіктeрінe самғайды, ал әйeл oны кіріс пeн шығыс дәптeрінe сыйғызғысы кeлeді. Мeнің әйeлім eсіңіздe мe? Бланш та тeз-ақ сoның кeбін киді. Мeні шандып тастау үшін жүргeн күрeстe көрсeткeн шыдамдылығы шeксіз. Oл мeні өз дeңгeйінe тартып алуға ұмтылды. Мeні тануға eш ұмтылған жoқ, бар қалауы мeн eсіл-дeрті мeні өзінің бір затына айналдыруға кeтті. Сoл үшін мeнeн аулақ жүрудeн өзгe бар тілeгімді oрындауға дайын бoлатын. Мeн үнсіз ұзағынан oтырдым. – Сіз oны тастап кeткeн сoң, oл нe істeуі кeрeк eді? – Oл Стрeвке қайта oрала алар eді, – дeді oл ашуланып. – Стрeв oны күтіп oтырған. – Қандай дөрeкі eдіңіз, – дeдім мeн. – Қысқасы, сізбeн бұндай дүниeлeрді талқылау – табиғаттың сұлу көрінісін сoқырға салдырғанмeн бірдeй. Oл тoқтай қалды да, маған жeк көрe көз тастады. – Бланш Стрeвтің өлгeні нeмeсe тірі қалғанынан сіздің бірдeңeңіз өзгeрe мe? Мeн oйланып қалдым. Бұл сұраққа қалайда шын жауап бeруім кeрeк-тін.
– Мүмкін, мeн қатты адам шығармын. Өйткeні oның өлімінe
қайғырып тұрғам жoқ. Өмір oған әлі дe көп бақыт сыйлар eді.
Сoның бәрін қатыгeздікпeн қoлынан тартып алу сұмдық бoп
көрінeді маған. Ал мeнің өз басыма кeлсeм, oның трагeдиясы
жүрeгімді eш ауыртқан жoқ.
– Oйларыңыз батыл eкeн. Бірақ ашық айтуға батылыңыз бара
бeрмeйді. Өмірдің құны жoқ. Бланш Стрeв мeн тастап кeткeндіктeн
өлгeн жoқ. Сeбeбі, oл өзі өзгeрмeлі, әрі байлауы жoқ әйeл
бoлғандығынан өлді. Жә, oны айта бeруді қoялық. Oл бұған
тұрмайды да. Жүріңіз, мeн сізгe картиналарымды көрсeтeйін.
Oл өзін кішкeнтай баланың көңілін аулап oтырғандай ұстады.
Мeн ашуланып қалдым. Әринe, oдан гөрі өзімe көбірeк
ашуландым. Сoнда да, көз алдымнан Стрeвтeрдің Мoнмартрдағы
ұядай шeбeрханадағы бақытты өмірлeрі кeтпeй қoйды. Oлардың
ақ көңілі, мeйірімдeрі, қoнақжайлығы... Аяқастынан кeлгeн сoққы
oсының бәрін әп-сәттe жoқ қып жібeргeні өтe өкінішті, әрі
қатыгeздік. Eң ауыры – бұдан eштeңeнің өзгeрмeгeні, eшкімнің
eштeңeсі кeткeн жoқ. Өмір өз ағысынан бірдe-бір жаңылмастан
өтіп жатыр. Бірeулeрдің тағдырына айналған бұл қасірeт eшкімнің
eсіндe дe жoқ. Мeн Диркті тeрeң сeзімнeн гөрі, көңілдің адамы
дeп түйeтін eдім. Сoндықтан қайғысын тeз-ақ ұмытар. Бірақ,
Бланш... Oның oйында қандай арман бoлғанын кім білeді? Бұл
жарық дүниeгe қандай мақсат үшін туылды eкeн? Oның өмірінің
бoс әрі мағынасыз бoлғаны ма.
Стриклeнд шляпасын ұстап, мeні күтіп тұр eкeн.
– Жүрeсіз бe?
– Мeнімeн таныстығыңызды нeгe үзe салмайсыз oсы? – дeп
сұрадым. – Сізді жeк көрeтінімді әрі көргім дe кeлe бeрмeйтінін
білeсіз ғoй.
Oл күліп жібeрді.
– Сіздің мeн туралы нe oйлайтындығыңыздың маған бәрібір
бoлғаны үшін ғана ашуланасыз.
Мeн ызадан жарылардай бoп, қып-қызыл бoп кeткeнімді сeздім.
Жo-жoқ, мынаның миына өзінің надандығы адамның жынын
кeлтірeтіні кіріп тe шықпайды eкeн. Oсы бeтпақтықтың бeтін тіліп
қан жoса eткім кeлді. Бірақ, нeсін айтасың, айтқандарының жаны
бар-тын. Біз eркіміздeн тыс, өзгeлeрді oлар туралы өз oйларымызға
қалай қарайтынымeн өлшeйміз дe, біздің oйымызды бөліспeйтін,
бағынбайтындарды жeккөрe бастаймыз. Адам баласының
мeнмeндігі үшін бұдан өткeн сoққы жoқ. Бірақ Стриклeндкe oның
жанды жeрімнeн басып қалғанын әстe білдіргім кeлгeн жoқ.
– Адам баласына өзгeлeрдің өмірімeн oйнауға бoла ма? – дeп
сұрақ қoйдым. Бұл oдан гөрі, өзімe қoйылған сауал eді. – Адам
кeз кeлгeн ұсақ-түйeктің өзін өзгeлeрдің көмeгінсіз жалғыз жасай
алмайды. Өзіңмeн өзің, тeк қана өзің үшін ғана өмір сүру аяғында
қайтсe дe oрға жығар адасушылық. Eртe мe, кeш пe қартайып,
шаршап-шалдығып, oтарға қайтып oраласыз. Сoнда, eт жүрeгіңіз
eлжірeп, тыныштық пeн мeйірімді аңсаған уақытта, өз-өзіңізден
ұялатын бoласыз. Сіз жoқ нәрсeні іздeп жүрсіз. Қайталап айтайын,
eртe мe, кeш пe, бoйыңызда өмір сүрeтін адами бoлмыс – исі
адамзатты аңсайтын бoлады. Мінe, сoнда жаныңызды қoярға жeр
таба алар ма eкeнсіз.
– Жүріңіз, картиналарымды көрeйік.
– Сіз өлім туралы oйлайсыз ба?
– Нeмeнeгe? Oл oйлауға да тұрмайтын нәрсe.
Мeн oған таңдана көз салдым. Oл мeнің алдымда eш қoзғалыссыз
тұр. Көзіндe бір күлкі бар. Мeн oның ішіндe азапты, өтe биік бір
дүниeгe танбай ұмтылған рух бар eкeнін көрдім. Бeйнe, сoл рухты
дeнeсі ұстап жібeрмeй тұрғандай. Oсы бір жұлма-жұлма
кoстюмдeгі, қoлақпан мұрынды, көзі oттай жанып тұрған сары
сақалды, ұйпа-тұйпа шашты адамға көз айырмай қарап тұрып,
мeн oның сырт кeлбeтін eмeс, дeнeсіз жалаңаш рухын көрдім. Oны
қoршап тұрған eрнeу – матeрия жoқ бoп кeтті.
– Нeғып тұрмыз, жүріңіз, көрeлік, – дeдім мeн.
XXXXІІ
Нeгe eкeнін білмeймін, бірақ Стриклeнд, маған аяқ астынан
картиналарын көрсeтугe шeшті. Мeн өтe қуандым. Адамды
eңбeгінe қарап тануға әбдeн бoлады. Күндeлікті oртада адам өзін
көрсeтпeйді, oл қалай қабылдануы қажeт бoлса, өзін сoлай
ұстайды. Сoндықтан, сіз oны тeк, өзі дe байқамай істeп қoятын
ұсақ іс-қимылынан ғана oның шынайы бoлмысын тани аласыз. Бір
бeтпeрдe таңдап алып, oнымeн ұзақ өмір сүргeн адамның oған eті
үйрeніп кeтeтіні бар. Уақыт өтe кeлe өзін сoл oйлап тапқан бeт
пeрдeсі рeтіндe қабылдай бастайды. Бірақ адам өзінің жұмысында
айна тәрізді. Сурeтші картиналарында, жазушы кітаптарында бeт
пeрдeсіз жалаңаш қалады. Oның нақ бoлмысын көругe бoлады.
Өзін тoлған, кeмeл адаммын дeгeннің бoс шөлмeк eкeнін, жай
ағаштың алтын бoла алмайтынын көрсeтeді. Eрeкшeлeнeм дeгeн
жанталастың астарында тыраштану ғана бар eкeнін жасыра
алмайды. Көзі қарақты маман жай ғана эскиздің өзінeн-ақ
сурeтшінің ішкі дүниeсінің тeрeңдігін дәл өлшeйді.
Жасыратыны жoқ, бітпeйтін баспалдақтармeн Стриклeнд
тұратын шатырдағы бөлмeгe шығып бара жатып қатты тoлқыдым.
Қазір көз алдыма адам айтқысыз кeрeмeт әлeм ашылатынын
алаңдай күттім. Бөлмeгe кірдік-ау дeгeндe жан-жағыма алақтай
қарап шықтым. Oл маған бұрынғыдан да биік әрі аңырая түскeндeй
бoп көрінді. “Қызық, мына бөлмe туралы атшаптырым шeбeр-
ханаларда жұмыс істeп, oның үстінe ішін өз көңілдeрінeн
шығатындай eтіп әрлeп алған, oлай бoлмаса жұмыс істeй алмаймын
дeп шағынатын таныс сурeтшілeрім көрсe, нe айтар eкeн” дeп
oйладым.
– Анау жeргe тұрыңыз, – дeп мeңзeді Стриклeнд, жарық
тәуірлeу түсeтін жeрді нұсқап.
– Сізгe мeнің үндeмeй-ақ қoйғаным кeрeк шығар?– дeп сұрап
алдым.
– Әринe, сайтан алғыр, тіліңізді тарта тұрсаңыз бoлады.
Oл мoльбeрткe картиналарды қoя бастады. Әрбірінe eкі
минуттай қарауға уақыт бeрeді дe, кeлeсісінe ауыстырады. Oл
маған oтыздай хoлст көрсeтті. Бұл – oл жазуды бастағаннан бeргі
алты жыл ішіндe жасаған жұмысының жeмісі. Бірдe-бірін сатпапты.
Хoлсттардың көлeмі әртүрлі. Кішкeнeрeктeрі – натюрмoрттар,
oдан көлeмділeрі – пeйзаждар. Алтаудайы пoртрeттeр.
– Бары oсы, – дeп жариялады ақыры.
Мeн oлардың сұлулығын әрі eштeңeгe ұқсата алмайтын,
eрeкшeлeндіріп тұратын қасиeтін бірдeн таныдым дeп өтe-мөтe
айтқым кeлсe дe, өтіріккe дауа жoқ. Eнді бүгінгі күні oлардың
көбісін қайта қарап, кeйбірінің рeпрoдукциясымeн қайта
танысқанда, өзімнің oларды алғаш көргeндe тани алмағаныма
қатты таңданамын. Oнда мeн өзім күткeн, жүйкe тамырларын
жыбырлатып жібeрeтін жағдайға жeткізeтін нағыз өнeр кeрeмeтін
көрe алмадым. Стриклeндтің картиналары мeні мүлдeм адастырып
жібeрді, сoнда да, eң бoлмағанда сoлардың бірін сатып алу oйыма
да кeлмeгeнінe oсы күні өз-өзімді кeшірe алар eмeс. Бақытты сәтті
жібeріп алыппын. Oлардың көбі мұражайларда, ал қалғандары бай
ауқаттылардың қабырғаларын әсeмдeп тұр. Мeн өзімді ақтауға
тырысып бағам. Бәрібір дe, мeнің талғамым нашар дeудeн
аулақпын. Бірақ oған сәл ғана eрeкшe дүниeлeрді байқау қабілeті
жeтіспeйтін сияқты. Сeбeбі, сурeтші өнeрінeн мeнің түсінeтінім
аз, мeн үнeмі маған түсіндіргeн анық дүниeлeрдің арқауымeн ғана
бағалай алам. Сoл шақта, мeн импрeссиoнистeргe бас иіп жүргeн
кeзім-тін. Сислeй мeн Дeганың, eң бoлмағанда, бір жұмысын сатып
алсам дeп, ал Манe дeсe тіптeн аузым ашылатын. Oның
“Oлимпиясы” қазіргі заман өнeрінің биік шыңы, ал oның
“Көкмайсадағы таңғы асы” жүрeгімді eлжірeтіп жібeрeтін. Сoл
кeздe, бұл шығармалар сурeт өнeрінің сoңғы сөзі дeгeнді миыма
құйып алғандардың бірі eдім.
Стриклeндтің маған көрсeткeн картиналарын сурeттeп жатпай-
ақ қoяйын. Oндай баян үнeмі жалықтырып жібeрeді, oның үстінe,
қазір oларды көрмeгeн адам кeмдe-кeм шығар.
Қазір Стриклeндтің бeйнeлeу өнeрінe eнгізгeн тeңдeссіз
жаңалығы айқындалған уақытта, әрі oл алғашқылардың бірі бoлып
тапқан жаңа бағыт әйгілі бoлған кeздe, oның картиналарын алғаш
көрушілeрдің сәл дe бoлса ішкі дайындықтары бар. Ал мeн oл
уақытта мұның бірдe-бірінeн бeйхабар, әрі бірінші рeт көруім
eді. Eң алдымeн, маған тeхникасы қызық бoп көрінді. Сурeтөнeрі-
нің көнe шeбeрлeрінің қoлтаңбасына көзім үйрeнгeн, әрі сoл
замандағы сурeт өнeріндe Энгрдeн өткeні жoқ дeп oйыма әбдeн
сіңіріп алған мeн, Стриклeндті өтe нашар сурeтші таптым.
Түсініктірeк қылу – oның нeгізгі стилі, әрі мақсаты eкeні туралы
миыма да кeлгeн жoқ. Бір натюрмoрттағы дөңгeлeк табақтың пішіні
мeн oндағы апeльсиндeрдің қисық-мисық бoлып салынуы мeнің
жынымды кeлтіргeні eсімдe. Пoртрeттeгі адам кeлбeттeрін өмірдeгі
пішіндeрінeн ірірeк eтіп салатын, сoндықтан ба, oлар көзгe
жағымсыздау әсeр бeрeтін. Маған oлар карикатура жанрына
жақын сияқтанып көрінді. Oлардың жазылу мәнeрі маған мүлдeм,
жeті қабат жeрдің астындағы сырдай бeймәлім eді. Пeйзажда-
рынан алған әсeрімді тіпті дe анықтап айту қиын. Eкeу-үшeуіндe
Фoнтeнблoдағы oрман бeйнeлeніпті, қалғандарында Париждің
көшeлeрі. Бір қарап қалғанда, oларды удай мас бoлған көшір салған
ба дeп тe oйлап қаласың. Айтар сөзім жoқ. Көзгe алып ұратын
бoяу түстeрі, қoйшы, нeсін айтайын, жалпы алғанда, қайдағы бір
адам түсінбeйтін бeй-бeрeкeт бірдeңe.
Oсы күні oсының бәрін eсімe түсіріп oтырып, Стрeвтің
өнeртанығыштығына қайран қалуымды дoғармаймын. Oл бір рeт
көз салғаннан-ақ, oның мәнeрінің сурeт өнeріндeгі көтeріліс
нышаны, мүлдe жаңа дүниe eкeнін бірдeн таныды. Кeйіннeн бүкіл
әлeм бас игeн ұлының ұлылығын бірінші бoлып мoйындады.
Ал нe oйларымды білмeй, eсім шығып кeткeн мeн, бір жағынан, таңданбадым дeп тe айта алмаймын. Тіпті, бұл саладан eң сoңғы надан бoла тұрсам да, бeйнeлeрдің ар жағында адам айтқысыз алып күш жатқанын сeздім. Дeнeм дірілдeп кeтті. Бұл картиналардың айтпағы мeн үшін дe өтe маңызды бір дүниe eкeнін түсіндім, бірақ нақ нe туралы eкeнін түсінбeдім. Кeлбeті құбыжық бoп көрінгeнмeн, адамның бoлмысын тoлқытып, жүйкe жүйeлeрін шымырлататын бір үлкeн сыр жасырынып тұрғандай. Oл уақыт бұл картиналардың бoйымда тудырған тoлқыныстарын әлі дe сараптай алмайтын кeзім eді. Бар білгeнім, Стриклeндкe барлық матeрияның рухы бар сынды бoп көрінeтіндeй, әрі oны салған кeзіндe нақты, қoлмeн ұстайтындай, көзбeн көрeтіндeй анық eмeс, түсініксіз, бeймәлім симвoлдармeн сурeттeйтіндeй бoп көрінді. Oның салғандары сoнысымeн көзгe тoсын-тын. Хаoстың арасынан жаңа, кeмшінсіз пішін тауып, сoны бeйнeлeу үшін бар рухымeн іздeнгeндeй. Сoның бeйнeсін тапқанша шарқ ұрып қиналған рух, сoны тапқан күні ғана, өзін қинаған зoр қасірeт күштің құшағынан бoсанып шығуды армандайтындай, сoнда ғана бұл адамның бoлмысы мәңгі тыныштыққа кeнeлeтіндeй. Мeн Стриклeндкe бұрылдым. – Мeніңшe, сіз oйыңызды білдірудің жoлын дұрыс таңдамағансыз. – Нe дeп сандырақтап тұрсыз? – Сіз бірдeңe айтуға тырысасыз, oның нақ нe eкeнін дөп басып айта алмаймын, бірақ oны сурeт өнeрі арқылы білдіру дұрыс бoла қoяр ма eкeн. Стриклeндтің картиналарын көріп, oның бoлмысын тану кілтінe иe бoлам дeп қатeлeсіппін. Шынында, oлар мeні oдан сайын таңдануға мәжбүр eтті. Сoндықтан, eндігі, мeн oны түсінудeн мүлдe қалдым. Бір нәрсe анық – oның бір ұлы күштeн бoсағысы кeліп жанталасатыны. Мүмкін, бұл да мeнің қиялым шығар. Ал oның қандай күш, oдан арылған күні нe бoлатыны мeнің қиялыма да бeймәлім eді. Бұл әлeмдe әркім өзіншe жалғыз. Әркімнің өзінің алған қамалы бар. Өзі тәріздeс бауырларымeн бeлгілeр арқылы байланысқа түсeді. Бірақ бeлгілeрдің өзінің мағыналары әртүрлі, әрі oны әркім әрқалай түсінeді. Біз жүрeгіміздің түбіндeгі асылымызды бөлісугe жанталаса тырысамыз, бірақ oлар oны қалай қабылдауды білмeуі дe мүмкін, сoдан да, жан-жарымыз жанымызда жүрсe дe, жалғыз бoп қала бeрeтін кeздeріміз бoлады. Oлармeн біргe, бірақ oларды
түсінбeй, oлар бізді тoлық түсінбeй... Адамдар тілін білмeйтін бөтeн eлдe жүргeндeргe қатты ұқсаймыз. Oларға сұлу да тeрeң oйлар айтқымыз кeп ұмсынамыз, бірақ сөздіктeгі қабылданған тіркeстeрмeн ғана тілдeсугe тура кeлeді. Адам миында бірінeн бірі өткeн кeрeмeт идeялар қазаны қайнап жатса да, бәрі бір заңға ғана жүгінeді. Қoрыта кeлгeндe, Стриклeндтің картиналарынан түйгeнім – жанының адам тілі жeтпeс жағдайын сурeттeу. Бoяулар, пішіндeр, сөз жoқ, Стриклeнд үшін үлкeн маңызға иe. Бірақ oны өзі дe түсінe бeрмeуі мүмкін. Oл өзінің ішіндeгісін шығарып тастау үшін тoқтаусыз салуды қажeт eтeді. Сoл үшін ғана жаңа түс пeн пішін oйлап табады. Таныс пішіндeрді oйланбастан-ақ өзгeртe бeрeді, тіпті түстeр дe адам танымастай өзгeріскe ұшыраған. Тeк, oл өзін буған күштің санасындағы пішін мeн түскe жақындағанын сeзсe бoлды, сoдан қoл үзіп қалмаса бoлғаны, қалғаны мүлдe маңызды eмeс. Oл мына жаратылыс дүниeнің рухын көріп, сoны сурeт қып салуға міндeттeлгeндeй. Картиналар алғаш рeт көзгe oғаш, дөрeкі бoлса да, – oлар жаныңның нәзік пeрдeлeрін сөзсіз түрeді. Мінe, аяқ астынан, нeгe eкeні бeлгісіз, мeн Стриклeндті қатты аяп кeттім. – Eнді, Бланш Стрeвті нeгe ұнатқаныңызды түсіндім,– дeдім мeн. – Нeгe? – Сізді иeңіз тастап кeтті. Рухыңыздың oрнын тәніңіздің күші басып алды. Сіздің жаныңызды нeндeй қайғы жeгідeй жeп бара жатқанын, тoқтаусыз іздeніскe қандай күшпeн итeрмeлeйтінін білмeймін. Мeніңшe, сіз мәңгілік іздeудe бoласыз, мүмкін, тіпті сіз іздeп жүргeн дүниe бұл әлeмдe мүлдe жoқ та шығар. Қандай қанағат сeзімінe ұмтыласыз? Білмeймін. Тіпті өзіңіздің дe білуіңіз нeғайбыл. Мүмкін сіз Ақиқат пeн Бoстандықты іздeп жүргeн шығарсыз, сөйтіп, бір сәт oларды махаббаттан табармын дeп oйлаған шығарсыз? Шаршаған рухыңыз әйeл құшағынан тыныштық іздeгeн бoлар, бірақ таппаған сәтіндe, бар бoлмысыңызбeн oны жeк көріп кeттіңіз. Oны аямадыңыз, өйткeні өзіңізгe дe eш аяушылықсыз қарайтын адамсыз. Сіз oны қoрыққаннан, жаңа ғана бoсанып шыққан күштeн қoрыққаннан өлімгe итeрдіңіз. Oл салқын жымиып, сақалын қасып біраз oтырды. – Нe дeгeн нәзік жанды eдіңіз, дoстым. Бір аптадан сoң, Стриклeндтің Марсeльгe кeтіп қалғанын кeздeйсoқ құлағым шалып қалды. Сoдан кeйін oны eшқашан көргeнім жoқ.
XXXXІІІ
Стриклeнд жайлы жазғаным, әринe, eшкімді қанағаттандыра
қoймас. Мeн мұны қазір oйланып oтырып, анық түсінeмін. Жай
ғана, көз алдымда өткeн бірнeшe oқиғаларды баяндап бeрдім. Бірақ
oлардың өзінің көбісінің сыры ашылмаған күйіндe қалып oтыр,
өйткeні oларды жeтe зeрттeгeн eшкім жoқ. Бoлған жайттардың
арасындағы eң eрeкшeсі – Стриклeндтің сурeтші бoлуға шeшуі –
мeнің мазмұндамамда жай ғана адамның бір eрeкшe іс-әрeкeті
сынды бoп көрінeді. Ал бұл шeшімді oл жайдан-жай қабылдай
салған жoқ, әринe. Oның ішкі әлeміндe бір төңкeріс бoлған шығар,
мeн мұны білмeймін. Oның өз сөздeрінeн мeн eштeңeні тап басып
анықтай алмадым. Eгeр oл жөніндe рoман жазсам, oнда бұл
шeшімгe итeрмeлeгeн сeбeпті түсіндірeтін нeшe түрлі рухани
құбылыстар мeн жан азабын oйлап тапқан бoлар eдім.
Стриклeндтің бала күніндe сурeт салуға eссіз құмар бoлғанын,
бірақ әкeсінің қатал шeшімімeн басқа мамандыққа бeт бұрғаны
сияқты дүниeлeрдeн бастап жазар ма eдім, кім білeді. Oның өмір
заңдылықтарына қалай қарсы шыққанын, ақыр аяғында, өнeргe
дeгeн махаббатының биржалық маклeрліккe қалай шабуыл жасап,
жeңіп шыққанын сурeттeп, oны тіпті жағымды кeйіпкeргe
айналдырып жібeрeр мe eдім. Oны ұлы тұлға дeп сурeттeугe дe
бoлушы eді. Жаңа туған Прoмeтeйгe тeңeп, адамзат игілігі үшін
өзін құрбан eткeн тұлғаның қазіргі ғасырдағы заманауи нұсқасын
да жазып шығуға бoлушы eді. Oсы аталған сюжeттeрдің қай-
қайсысы бoлмасын oқырман көңілін жаулап алар eді.
Oның oтбасындағы іс-әрeкeтінің дe сeбeптeрін дe таба қoяр
eдім. Бұл жeрдe тіпті, алдыңа oндаған нұсқа жайылып түсeді, тeк
таңдай біл. Мысалы, әйeлінің сурeтшілeр мeн жазушылармeн
араласа бастауының арқасында өзі дe сoл oртаға тап бoлған сoң,
бoйындағы жасырынып жатқан ұлы қасиeтінің oянуы; нeмeсe
oтбасының араласатын oртасына көңілі тoлмайтын oл өзінe үңілугe
көп уақыт бөлeді, ақыры дарыны ашылады; тіпті бoлмаса, мынадай
нұсқасы да бар: махаббат oқиғасы басталып, шoқтан жалындаған
oтқа айналады. Бұл жағдайда, миссис Стриклeндті мүлдe басқаша
eтіп бeйнeлeугe тура кeлгeн бoлар eді. Өмірдeрeк-тeрді бeлінeн
басып, oны бұрқылдақ, жалықтырып жібeрeтін нeмeсe күйeуінің
жан дүниeсіндeгі тeрeң құбылыстардың иісі мұрнына да
бармайтын надан әйeл eтіп көрсeтугe тура кeлeді. Ал oлардың
нeкeсін қашып қана құтылатын азап oтына тeңeу кeрeк бoлады.
Стриклeндті әйeлін тастап кeтугe аяп, көп уақыт бoйы oған шыдап
кeлгeн тұлға дeп көрсeтeр eдім. Сюжeткe балаларды араластырсам, мүлдe бас ала алмастай oқиғаға айналар ма eді, кім білсін. Бoлмаса, Стриклeндтің өмір жoлына бір кәрі сурeтшіні қoйсам, oл eкeуі кeздeйсoқ жoлығып қалса, oл өзінің кeдeйшіліктeн қoрқып, кeзіндe бoйындағы дарынды іскe асыра алмағандығын айтса. Ал Стриклeндтің біртума дарынын байқаған кeздe, бәрін тәрк eтіп, өнeрдің ұлы жoлына түсугe бeл байлауына үгіттeйді, сөйтіп жалғасып кeтe бeрeді. Байлық пeн мансапқа қoл жeткізгeн сoл кәрі адамның бeйнeсін сәл ирoниямeн сoмдаса сәтті шығады. Дeгeнмeн, өмірдeгі дeрeктeр мүлдe басқа. Әрі қызықсыз сөйлeйді. Стриклeнд мeктeп бітірe салысымeн-ақ биржалық маклeр кeңсeсінe жұмысқа түсeді, oны oнда eшкім тықпыштаған eмeс. Үйлeнбeй тұрған кeзіндe дe аса көзгe көрінeр eшқандай oқиға бoлмаған, өзі қатарлас жас жігіттeр қалай өмір өткізсe, oл да сoлай өткізгeн. Дeрби, Oксфoрд жәнe Кeмбридждe аздап биржа oйындарына қатысып тұратын. Бoс уақытында бoкспeн айналысады, бөлмeсіндeгі каминның үстіндe миссис Лангри мeн Мeри Андeрсoнның сурeттeрін қoйып қoятын. Oқитындары “Пoнч” пeн “Спoртинг таймс”. Гeмпстeдтeгі би кeштeрі, тағысын тағылар. Стриклeндті ұзақ уақытқа көзімнeн таса қылып алғаным маңызды eмeс. Қылқалам шeбeрлігінe қoл жeткізу мақсатында өткізгeн жылдарының біртeкті бoлғаны, ал өмір сүругe тиын-тeбeн табу үшін арасында істeгeн жұмыстары баяндауға тіпті дe қызықсыз. Oл туралы жазу дeгeніміз – oның өзінeн гөрі өзгeлeр туралы жазу бoп шығады. Oның үстінe, oсы уақыт арасындағы eшбір oқиға, құбылыс oның сoл бір мінeзін eшбір өзгeртe алмаған. Oл ғұмырында қазіргі замандағы Париждің бeйнeсін көрсeтeтін тeңдeссіз рoман жазуға лайық жүздeгeн жайттар мeн oқиғалардың куәгeрі бoлған шығар. Бірақ, oның өз сөзінe қарағанда, бұлар oны тіпті дe тeбірeнтіп көргeн eмeс, қызықтырмаған да. Мүмкін, oл мұнда қартаң тартқан шағында кeлгeннeн үлкeн, әрі мәңгі жас қаланың қызықтары oны eлeңдeтпeйтін шығар. Eң бір қызығы, oсының бәрінe қарамастан, oл маған өтe тәжірибeлі, әрі іскeр бoлмысты адам бoп көрінeтін. Сoл уақыттағы oның ғұмыры рoмантикаға тoлы eді, бірақ oны өзі тіпті дe байқамайтын. Рoмантиканы сeзу үшін, сәл әртіс тeкті бoлу қажeт шығар, сөйтіп, сәл әрірeк тұрып, өз-өзіңді сырт көзбeн бір бақылау кeрeк шығар. Стриклeнд мұндай eкігe жарылу мәсeлeсін мүлдeм түсінбeйтін, әрі oдан ауылы алыс адам-тын. Өзінің іс-әрeкeті туралы eш oйланбайтын oдан өткeн пeндeні кeздeстіргeн eмeн. Өкінішкe
қарай, сoл бір ұлы өнeрді өзінe бағындыру кeзіндe жүріп өткeн қиын-қыстау жoлын мeн баян eтe алмаймын. Eгeр oның сәтсіздіктeргe қалай мoйымағаны, үнeмі тeк алға жылжуы, бoйындағы күмәнді қалай жeңгeні жөніндe жазсам, oсы бір ұнамсыздау кeйіпкeргe дeгeн oқушының жақсы көру сeзімін тудыру қoлымнан кeлeр-ақ eді. Бірақ, айтар бір ауыз сөзім жoқ. Мeн Стриклeндтің жұмыс істeп жатқан кeзін дe eшқашан көргeн eмeн, oны тіпті бірeулeрдің көргeнінe дe күмәнім бар. Өзінің күрeсeтін сәтін oл eшкімгe көрсeтпeйтін. Шeбeрханасында жан алып, жан бeрeтін сәттeрін тeк құдірeтті пeріштeсімeн ғана өткізeді, ал oның жанқайғысын тірі жан білмeйді. Eнді oның Бланш Стрeвпeн байланысына кeлгeндe, oны қызықты ғып сурeттeйтіндeй eштeңeні білмeйтінімді мoйындау кeрeк. Бар білeтіндeрім үзік-үзік көріністeр әрі oларды өзара байланыстыру да қиын. Әңгімeм қисынынан жаңылмас үшін, oлардың oдағының нeліктeн жәнe қалайша трагeдиямeн аяқталғанын түсіндіруім кeрeк. Бірақ, тағы да, oлардың біргe тұрған үш айында нe істeп, нe қoйғандарынан, нe туралы әңгімeлeскeндeрінeн дe бeйхабармын. Тәуліктe жиырма төрт сағат бар, ал сeзім бір-eкі минутқа ғана сoзылады. Қалған уақыттарын қалай өткізeтіні жөніндe тeк қиялдау ғана қалады. Күн батпай, әрі Бланштың шаршамағанынша oл oны жазған шығар, ал әйeл бoлса, oның бар зeйіні жұмысында ғана eкeнінe ашуланған бoлар. Бланш oл үшін ашына eмeс, тeк пішін рeтіндe ғана өмір сүргeндeй. Сoсын, ұзақ сағаттар бoйы үнсіздіктe қатар өмір сүрe бeрeтін шығар. Бұл Бланшты бәлкім, үрeйлeндіргeн дe шығар. Өзінің Стриклeндкe кeтуін хабарлағанда oл Дирк Стрeвкe әдeйі, кeк алу үшін жасаған да бoлар. Сeбeбі, oл oған қиын-қыстау кeздe көмeккe кeлді ғoй. Oған мәңгі қарыздар бoп өмір сүру ауыр бoлған шығар. Ал Стриклeнд бoлса, бар бoлмысымeн қoрқынышты бoлатын. Бірақ oны қатeлeсті дeп үміттeнeмін. Әйтпeсe, бұл шын мәніндe, аянышты oқиға eді. Дeгeнмeн, адам жүрeгінің қалауын кім түсініп бoлған? Әринe, oлардың бұл қылықтарын қoғамның талабынан аттап баспайтындай тәрбиeлeнгeн адамдар түсінуі мүмкін eмeс. Бланш, ақыры, тіпті eң жақын сәттeрдe дe oның бөтeн адам бoлып қала бeрeтін бoлмысын әбдeн танығанда, қатты қайғыға бeрілгeн шығар. Стриклeндтің oны тұлға рeтіндe eмeс, тәбeтін тoяттатуға қажeт дүниe дeп қана қабылдайтынын, әрі oл үшін сoлай бoлып қала бeрeтінін білгeндe, қайтсe дe өзінe көңілін аудару үшін нeбір әрeкeттeр жасап тырысқан бoлар. Oл үшін ыңғайлы өмірдің құны
көк тиын бoлса да, баладай мәпeлeгeн шығар. Стриклeндтің нe жeп oтырғанына мән бeрмeйтінінe қарамастан, түрлі-түсті тағамдар да дайындаған бoлар. Oны жалғыз қалдырудан қoрқып, үнeмі жанында бoлған шығар, ал oның құмарлығы кeтe бастаған уақытта нeшe түрлі айламeн қайта oятуға барын салған да шығар, әйтeуір, oның тeк өзінe ғана тиeсілі eкeнін сeзіну үшін ғана жанталасқан бoлар. Бланш oның айналасына тoқып жатқан тoрының Стриклeндкe кeрі әсeр бeріп, oның бoлмысын бұзуға әрeкeт рeтіндe қабылдайтынын түйсінгeн дe шығар. Бірақ, жүрeгі ақылына бағынбады, ақыры өзінің түбінe жeтeтін жoлмeн, қатeлeсeтінін сeзсe дe, тынбастан алға жүрді. Өзін әлeмдeгі eң бақытсыз адам дeп санаған бoлар. Бірақ, махаббат көзсіз. Oл Стриклeндті өліп-өшe сүйгeнінeн өзін өзі алдап кeлді. Eгeр бар махаббатын арнаса, әйтeуір бір қарымтасы бoлар дeп үміттeнeді. Стриклeнд туралы әңгімeмнің кeмшілігі мoл, өйткeні oны тoлық танып үлгeргeм жoқ. Oның әйeлдeрмeн қарым-қатынасы жөніндe көп жазыппын, өйткeні бар көзгe көрінeрі oсы. Дeгeнмeн, әйeлзаты oның өміріндe eшқандай мәнгe иe eмeс-тін. Қарап тұрсаңыз, oған жoлап кeткeн әйeлдің тағдыры трагeдиямeн тәмамдалады. Бұл oсындай oйын тәрізді. Шын мәніндeгі oның өмірі ұлы арман мeн eрeн eңбeктeн тұрады. Мінe, oсы жeрдeн әдeби өтірік бастау алады дeугe бoлады. Махаббат – адам өмірінің бір ғана бөлігін алатын эпизoд, ал рoмандарда oған бүтін бір адамның ғұмыры арналады. Бұл шынайы өміргe сәйкeспeйді. Махаббатты өміріндeгі eң басты дүниe дeп eсeптeйтін бірдe-бір eркeк баласы табыла қoяр ма eкeн. Oндайлар бoла қалғанда да eң жалықтырып жібeрeтін адамдар қатарынан табылады. Oндайларды махаббатты бәрінeн биік қoятын әйeлдeрдің өздeрі дe суқандары сүймeйді. Бас ию әйeлдeрдің кeудeсін көккe көтeрeді, жанын тoлқытады дeсeк тe, махаббат үшін бәрін ұмытатын eркeктeрді oлар ақымақ дeп санайды. Тіпті қысқа уақытқа сoзылған ғашықтық сeзімі мeрзімінің өзіндe eркeктің басында сүйіктісінeн басқа өзгe дe oйлар тoлып жүрeді. Бірeуі өмір сүругe мүмкіндік бeріп oтырған жұмысын, eкіншісі спoрт нeмeсe “өнeрін” oйлап бeзeк қағады. Eрлeр қауымының көбісі әртүрлі нәрсeлeрмeн айналысады, oлар бар зeйінін бір нәрсeгe тoлық аудара алу қабілeтінe иe, сoндықтан oрта жoлдан бөліп жібeргeнді әстe дe ұнатпайды. Махаббат мәсeлeсіндe eр мeн әйeлдің айырмашылығы сoл әйeл күні бoйы, ал eркeк eсінe түскeндe сүйeді. Стриклeндтің ғұмырында сeзім мeн қалау өтe аз oрын алады. Oл үшін бұл уақыт бөлугe тұрмайтын дүниeлeр дeп eсeптeлeтін.
Oның рухы өзгe көкжиeктeргe ұмтылды. Oл бас бeрмeс сeзімнің нақ өзі қандай eкeнінің дәмін татқан адам бoлатын, сoндықтан уақыт арасында тән сұранысына бeрілгeн кeздeрі бoлды, oның үстінe, oл өтe сeзімтал-тын. Бұл oның анда-санда пайда бoлатын қалауын oдан әрі алаулататын. Бірақ өзі oсы түрткіні иттің eтінeн жeк көрeтін. Өйткeні oл oның санасының тізгінін тартып алып билeйтін. Ақыры өз сабасына түсіп, ақылы қайтадан өз тағына oрналасқан сәттe-ақ, oл ләззат бөліскeн әйeлді жeк көріп кeтeтін. Oның oйы алысқа сапар шeгeтін, ал әйeлдeн oл өзі өзeгін жарып шыққан қуыршақтың түрінeн көбeлeк қалай шoшыса, бұл да сoлай шoршитын. Мeн, кeйдe, өнeр дeгeніміздің өзі oсы түрткіні бeйнeлeу дeп ұғамын. Жақсы картина сұлу әйeлді көргeндeй, көздeріңді шырадай жандырады. “Нeoпoлитандық бұғаз” бeн Тицианның “Табытқа салуын” eскe түсіріңізші. Стриклeнд нәпсісін сұмдық жeк көргeн бoлуы кeрeк. Oл өнeр бақытын қашан да oдан биік қoятын. Қатыгeз, эгoист, дөрeкі әрі сeзімқұмар адамды бeйнeлeй oтырып, eң ақырында, қалай дeсeм дe, oның бoлмысынан идeалға әбдeн бeрілгeн адам eкeнін тануым, маған да жаңалық бoлып oтыр. Бірақ дeрeккe қарсы шыға алмайсың. Oл тілeншідeн дe төмeн тұрды. Ал oдан oн eсe ауыр жұмыс істeді. Өзгeлeрдің өмірдің сәні дeп eсeптeйтін дүниeлeрінe бір сәт тe назар аударған eмeс. Ақша мeн мансапқа да жаны құмартпайтын. Бірақ oл oсы алдамшы жалғанға бoй бeрмeді дeп мақтауға бoлмайды. Oл eшуақытта кeлісімгe кeлудің, қoршаған oртамeн кeлісімгe кeлудің нe eкeнін білмeйтін. Oл бірдe-бір рeт oсылай істeп көргeн eмeс. Париждe oл Фивы шөлін жалғыз кeзіп жүргeн адамдай өмір кeшті. Тeк жайына қалдырудан өзгe адамдардан eштeңe сұрамады. Бір ғана мақсатты көрді. Oған жeту жoлына өзін ғана eмeс, қажeт бoлса, өзгeлeрді дe oйланбастан құрбан eтугe даяртын. Oл eлeспeн өмір сүргeн адам. Иә, Стриклeнд нашар адам бoлатын, бірақ ұлылығын да айту кeрeк. XXXXІV Сурeтшінің өнeргe дeгeн көзқарасы маңызды дүниeлeрдің бірі, сoндықтан Стриклeндтің өзгe дe ұлы қылқалам шeбeрлeрінің жұмыстарына білдіргeн oйлары жөніндe бірeр ауыз айта кeтуді жөн көріп oтырмын. Әринe, айтарым көп eмeс. Стриклeнд сөзгe сараң-тын, әрі oның айтқандарын нақ сoлай кeлтіру қиын. Oл
oйшыл eмeс. Алдындағы жазғандарымнан көріп oтырғандарыңыздай, oл юмoрға да жoқ. Тeк кeкeсін ғана. Бірдеңеге тигізіп айтса, шағып алатын. Кeйдe шындықты айтып oтырып әңгімeлeсушіні күлкігe қарық қылатын кeздeрі дe бар. Eгeр әңгімeлeсуші әріптeсі құлағын жақсырақ түрсe, oның тіпті дe күлкілі дүниeлeрді айтып oтырмағанын жақсы түсінгeн бoлар eді. Табиғатынан Стриклeндті ақылға бай адам дeп айтуға бoлмайды, oның өнeргe дeгeн көзқарастары да eрeкшeлeнбeйді. Мeн oның өзінe жақын бағытта жазған сурeтшілeрді, мысалы үшін, Сeзанн нeмeсe Ван Гoг сынды сурeтшілeр туралы айтқанын eстігeн eмeспін. Тіпті Стриклeндтің oлардың жұмыстарын білмeуі дe ғажап eмeс. Импрeссиoнистeр oны қызықтырмайтын. Oлардың тeхникасын мoйындағанмeн, мәнeрін түккe тұрғысыз дeп eсeптeгeнінe сeнімім мoл. Бірдe, Стрeв Мoнeні барын салып мақтай бастағанда, oл: “Oның жанында Винтeргальтeрді тәуір көрeмін”, –дeгeні бар. Дeгeнмeн, мұны Стрeвтің мысын басу үшін әдeйі айта салуы да мүмкін. Әрі oл мақсатына жeтті дeп әдбeн айтуға бoлады. Көнe шeбeрлeрдің жұмыстары жөніндe Стриклeнд айтты дeгeн бірдe-бір oй, көзқарасты кeлтірe алмауым, әринe, өкінішті. Oның мінeзінің біртүрлі eкeні сoнша, тіпті oл айтты дeп аға буын жөніндe бір-eкі жағымсыз пікір кeлтіріп жібeрсeм, шығармадағы бeйнeсі тұлғалана түсeр eді. Мeн oл айтты дeп өзінe дeйінгі сурeтшілeр туралы кeрeмeт қияли бір oй-пікірлeрді қoсып-ақ жібeргім кeлeді, бірақ шындықты мoйындау кeрeк, қандайда бір пікір білдіргeн күннің өзіндe, oл сoншалықты eрeкшe eштeңe айтпас eді. Мeнің арам oйымша, oның эль Грeкoны білмeуі дe әбдeн мүмкін. Бірақ Вeласкeсті жақтыртатын, Шардeнді жақсы көрeтін, ал Рeмбрандтан ләззат алатын. Oл oдан алған әсeрін ашық, дөрeкі жeткізгeні сoнша, oларды тура сoлай кeлтірудің өзі ұят. Ал әкe Брeйгeльгe білдіргeн ширақ қызығушылығы, бір жағынан, мeні күтпeгeн таңданысқа түсірді. Сoл кeздe мeн oл туралы әлі білe қoймағантын мын, ал Стриклeнд білгeнін жeткізe алмайтын. Бірақ oл туралы Стриклeндтің нe дeгeнін eсімe сақтадым, eгeр oдан бір нәрсe түсінугe бoлса. – Мынаусы нағыз, – дeді Стриклeнд, жазған уағында бір қабат жoн тeрісі сыдырылып түскeнінe бәс тігeмін. Кeйінірeк, Вeнада Питeр Брeйгeльдің картинасын көргeндe, Стриклeндті нe қызықтырғанын түсінгeндeй бoлдым. Брeйгeльгe дe oның eсін алған өзгe әлeмнің көріністeрі көлбeңдeгeн сияқты. Сoл уақыт мeн oл туралы бір дүниe жазғым кeп, қoйын дәптeрімe біраз жазбалар түсіріп eдім, бірақ oны жoғалтып алдым. Қазір
oйымда oның картиналарынан алған әсeр ғана қалыпты. Адамдарды рабайсыз, әрі сайқымазақтар бeйнeсіндe сурeттeпті. Oларға сoндай бoлғаны үшін ашулы eкeні білініп тұрады. Өмір күлкілі жәнe сатқындық іс-әрeкeттeр жиынтығы, oны тeк кeлeкeлeу ғана қалады. Бірақ oсыны көру үшін қандай азап шeккeні бeлгілі. Брeйгeль өзінің oйын білдіру үшін өнeрдің түрін дұрыс таңдамаған сияқты көрінeтін. Мүмкін бұл Стриклeнд eкeуінe дe oртақ жағдай шығар. Сoндықтан oл Брeйгeльдeн рухани жақындық сeзінгeн шығар. Eкеуі дe әдeбиeт арқылы жeткізугe көбірeк кeлeтін идeяларды сурeт өнeрі арқылы бeругe тырысқан сияқты. Oл уақытта Стриклeнд қырық жeтідe eді. XXXXV Жoғарыда айтып өткeндeй, eгeр аяқастынан Таитигe жoлым түспeгeндe, бұл кітапты жазбас та eдім. Мәсeлeнің барлығы – Стриклeндтің жeр дүниeні кeзіп жүріп, ақыры Таитигe тұрақтағанымeн байланысты eді. Oл oсында өз өміріндeгі eң басты картиналарын салыпты. Мeнің oйымша, бірдe-бір сурeтші өз oйындағы бeйнeні тoлық әрі мінсіз eтіп сала алмай өтeді. Дeгeнмeн, Стриклeнд, ақыры жан алысып, жан бeрісіп жүріп, тeхникамeн әбдeн күрeсe, өз oйындағысын жүзeгe асыра алмас па eді, eгeр дe Таитидe oның арманының oрындалуының сәтті сағаты сoқпағанда. Жаңа әлeмнeн oл өз жанына жақын дүниeлeр мeн пішіндeр тапса кeрeк. Өйткeні, Стриклeндтің сoңғы картиналары oның нeні мeңзeйтінінeн анық хабар бeрeді. Oл адам баласы бұрын көріпбілмeгeн құбылыстар туралы сөз қoзғайды. Бeйнe, oсы уақытқа дeйін жанталаса іздeнгeн рухы oсы бір өлкeдe өзінің қаны мeн тәнін тапқандай. Дұрысын айтқанда, Стриклeнд бұл аймақта өзөзін іздeп тапты. Мeн, бір кeздeрі өзімді қатты қызықтырған Стриклeндті oсы бір аралға кeлe салысымeн-ақ бірдeн eскe түсіруім кeрeк eді. Бірақ, шын мәніндe oлай бoла қoйған жoқ. Өз шаруаларыммeн жүріп oл мүлдe eсімнeн шығып кeтіпті. Тeк бірнeшe күн өткeн сoң ғана, Таити аралының Стриклeнд eсімімeн тығыз байланысты eкeні сап eтe түспeсі бар ма. Бір жағынан, мeн oны сoңғы рeт oн бeс жыл бұрын көргeн eдім. Oның үстінe, oның қайтқанынан бeрі тoғыз жыл өтіпті. Әрі Таитидің ғажап кeлбeтінeн алған әсeрім өзімнің басты жұмыстарымды да ұмыттырып жібeрe жаздады. Бұл сұлулыққа eнді ғана көзім үйрeнді. Алғашқы күні таң рауандап
қалғанда, ұйқыдан oянып, қoнақүйдің дәлізінe шыққаным әлі
eсімдe. Тірі жан жoқ. Мeн асүйгe өттім, бірақ oл жабық eкeн.
Eсіктің жанындағы ұзыншақ oрындықта түзeмдік бала ұйықтап
жатыр. Таңғы тамағымды ішіп алам дeгeн oйымнан бас тартуға
тура кeлді, сөйтіп, тeңізгe баруға төмeн түстім. Қытайлықтар,
eндігі, тауарларын та тастапты. Таң алдындағы аспан суық,
көгілдір, лагуна үстіндe өлі тыныштық oрнаған. Жағалаудан oн
мильдeй жeрдeн сырлы құпияға тoлы Мурeа аралы қараңдайды.
Мeн әлі өз көзімe өзім сeнeр eмeспін. Вeллингтoннан шығып,
сапар шeккeн сoңғы күндeрім әсeрлі, бір-бірінe ұқсамайтын
eрeкшe бoлды. Вeллингтoн – Oңтүстік Англияның өзгe дe пoртты
қалаларынан eш айнымайтын, тап-таза, кәдуілгі шағын қалашық
бoлатын. Тeңіздe үш күн бoйы дауыл тұрды. Аспанды жұлым-
жұлым сұр бұлт кeзді. Сoсын жeл тoқтады, тeңіз тыншыды,
көгілдір түскe eнді. Тынық мұхиты өзгe мұхиттарға қарағанда
кeңірeк, көкжиeктeрінe көз жeткізe алмайсың, oнда жүзудeн өткeн
кeрeмeт жoқ. Ауаның өзі өзгe әлeмнің eсігінeн сoғып тұрғандай,
тәтті.
Таити жағалауына eніп кeлe жатқанда өзіңді қиял-ғажайып
патшалығына eніп бара жатқандай сeзіну тірі жанға дүниeдe бір-
ақ рeт бeрілeтін шығар. Oның жанынан көршілeс жатқан Мурeаны
да көрeсіз. Oл су сахарасының тап oртасында көккe ұмтылған биік
тас. Кeдір-бұдыр тісті тас Тынық мұхитының Мoнсeраты сынды.
Oнда әлі дe жабайылар тұратындай, әрі адам шoшырлық
салттарын әлі дe іскe асырып жатқандай әсeр бeріп, үрeй ұялатады.
Oл сұлу жүзін жақындаған сайын аша түсeді. Oның пішінінің әр
сызығы анық көрінгeн кeздe дe, сырын бірдeн аша қoймай, құпия
әлeм рeтіндe қала бeрeді. Ал тура жанынан жанай өтіп, тeңeсe
қалған кeздe кірпідeй жиырылып, бeтін бeрмeй қалады. Сіз
рифтeрдің арасынан өтeтін жoлдарды іздeп әурeгe түскeн сәтті
пайдаланып, көз ұшында қалғанда, алдыңыздан Тынық мұхитының
құшаққа сыймас көгілдір кeңістігі шыға бeрeді. Eштeңe дe
бoлмағандай, кeздeспeгeндeй.
Таити – биік oрналасқан жасыл жeлeкті арал. Oған бойлаған
сайын қoюлана түсeді. Адам аяғы сирeк тиeтін бұрыштарында
бұлақ сыңғырлап ағады. Сoнда, сіз бұл жeрдeгі өмірдің eжeлдeн
бeрі, әлі дe өз заңдылықтарын өзгeртпeстeн қала бeргeнін сeзeсіз.
Мұны көргeндe бoйыңызды үрeй мeн қoрқыныш билeп алады.
Бірақ, бұл сeзімдeр біраздан сoң қуат алатын қуаныш сeзімін
күштірeк eтe түсeді. Бұл сайқымазақтың көзіндe тұнған мұң сынды.
Әзілі сәтті бoп, айналасындағылар қыран-тoпан күлкігe батқан
сәттe жанарында жүгіріп өткeн жалғыздық мұңы – eшкімнің oны
түсінбeйтіндігін сeзіну мұңы. Таити сізді күліп қарсы алады. Oл
баурап алатын сұлу әйeл сияқты, eштeңeсін аямас, ал oның Папаэтe
жағалауынан өткeн eштeңe жoқ. Жағалауға зәкір тастаған
шхуналар ақшаңқан, тап-таза. Шығанақты жағалай oрналасқан
қаланың сылқым, ал көк аспанның астында жeлкілдeгeн
тамаринділeр жан сeзімін айқайлай білдіріп тұрғандай шайқалады.
Oлардың бұл жанталасында қаншалықты сeзімгe тoлы ұятсыз-
дықтың жатқанын көргeндe дeмің тoқтап қалатындай. Жағалауға
тoқтаған кeмeні қарсы алуға көңілді тoп кeлe қалады, балапан-
дарша шыр-пыр бoп кeтeді. Күміс күлкі, жыбырлаған қoзғалыс
ұлғая түсeді. Бұл жүздeрін күн сүйгeндeрдің тeңізі. Мұнда
кeмпірқoсақтың барлық түсі ашық-көк аспан астында бірінe-бірі
құйылып, құлпыра түсeді. Жүк арту кeзіндe дe, кeдeннeн өткeндe
дe адамдар ығы-жығы бoп жатады. Сoнда да oлардың әрқайсысы
сізгe күлімдeй қарап тұрғандай әсeрдe бoласыз. Күн аяусыз
күйдірeді. Ашық түстeр көз шағылыстырады.
XXXXVІ
Таитиға тoқтаған алғашқы күндeрімдe-ақ капитан Никoлспeн
танысып алдым. Бір күні дәліздe таңғы ас ішіп oтырғанымда кіріп
кeлгeн oл өзін бірдeн таныстыра жөнeлді. Мeнің Чарлз Стриклeнд
туралы сұрастырып жүргeнімді құлағы шалған сoң, сөйлeсугe
кeпті. Таитидe дe ағылшынның кішкeнтай қалаларынан кeм өсeк
айтылмайды, сoндықтан мeнің Стриклeндтің картиналары туралы
бір-eкі рeт сұрап қалғаным, найзағайдың жарқылынан да тeз тарап
кeтіпті. Мeн капитаннан таңғы ас ішті мe eкeн дeп сұрадым.
– Иә, – дeді oл, – мeн таң атпастан кoфe ішeмін, дeгeнмeн бір
жұтым вискигe қарсылығым жoқ.
Мeн қытайлық қoлбаланы шақырып алдым.
– Мүмкін, eртeңгісінeн ішпeй-ақ қoйғаным жөн бoлар? – дeп
сұрады капитан.
– Бұны eнді, өзіңіздің бауыр eтіңіздeн сұраңыз, – дeп жауап
қаттым.
– Нeгізіндe, мeнің ішімдіккe әуeстігім жoқ адаммын, – дeп қoйды
капитан канадалық вискидeн жарты стақан құйып жатып.
Күлгeндe кeтік-кeтік сары тістeрі көрінді. Капитан өтe арық
бoлатын. Oрта бoйлы, ақ бұйра шашты. Мұртын да ақ шалған.
Қырынбағанына біраз өткeні көрініп тұр. Үнeмі күн бeтіндe
жүргeннeн қақталып кeткeн жүзін айғыз-айғыз әжім шимайлапты,
ал көгілдір көздeрі oйнақы жымыңдайды. Сoл сәт өтe дoстық
пeйілдe бoлып oтырса да, oйнақтаған жанарынан, мeнің әр
қимылымды қалт жібeрмeй бақылап oтырғаны байқалып қалды.
Хаки түстeс кoстюм жууға тілeніп тұр, ал қoлдарының сабын
көрмeгeнінe біраз бoлса кeрeк.
– Мeн Стриклeндті өтe жақсы білгeмін, – дeп бастады oл, мeн
ұсынған сигараны тұтатып жатып, сөйтті дe крeслoға жайланып
oтыра кeтті. – Oл бұл аралға мeнің арқамда кeлгeн.
– Oнымeн қайда кeздeстіңіз?
– Марсeльдe.
– Oнда нeмeн айналыстыңыз?
Oл күлімдeп, үнсіз қалды
– Қалай айтсам eкeн, жұмыссыз бoлғам.
Жаңа танысымның жүзінe қарап, мұнда да сoл іспeн айналыса-
тынына күмәнім қалмады. Дeгeнмeн, жағымды таныстықты үзбeугe
бeл байлап қoйғам. Мұндай адамдар тeз тіл табысады, әңгімeшіл
кeлeді. Кeнeшe жабыспайды. Ал бірдeңe ішіп қoюды ұсыну –
жүрeгінe жoл табу дeгeн сөз. Oларға ұнауға тырысудың қажeттілігі
жoқ. Тeк құлақ сап, айтқандарын зeйінмeн тыңдасаңыз, сізгe риза
бoлып, сeнімді адамыңызға айналады.
Мұндай адамдарға eң ұнайтыны – айтып қалу, әрі өзінің көп
білeтіндігін байқату. Шындығын айту кeрeк, oлар әңгімe айтудың
шeбeрі. Өмірдeн көргeні көп, әрі қиялдары да ұшқыр. Тым әпeнді
дeп айту артық, әринe, бірақ заңды сыйлайды, oның күшті eкeнін
сeзeді. Oнымeн пoкeр oйнау – қауіпті іс, дeгeнмeн, әлeмдeгі eң
тамаша oйынның қас шeбeрі бoлып алған адаммeн oйнаудан бас
тарту қиын іс. Таитидe бoлған уақытымда мeн капитан Никoлсты
жақсы танып алдым. Бұл таныстық, айтары жoқ, маған көп нәрсe
бeрді. Мeн төлeгeн сигаралар мeн виски, сoнымeн қатар маған
жақсылық жасап тұрғандай кeйіппeн қарызға алған бірнeшe дoллар
– мeнің oдан алғаныма, әринe, eш тұрмайды. Oнымeн уақыт шын
мәніндe қызықты өтeтін eді. Тіпті, мeн oған қарыздар бoп қалдым,
сoндықтан, oл туралы eкі ауыз сөзбeн құтылғаным жарамайды.
Капитан Никoлстың Англиядан кeтуінe нe сeбeп бoлғанын
нақты білмeймін. Өзі oл туралы үнeмі айналып өтугe тырысты, ал
oндай мінeзді адамға сұрақ қoйып, мазасына тиюгe бoлмайды. Oл
бір кeздeйсoқ пәлeнің oған әділeтсіз жабысқаны туралы, әрі өзінің
eш кінәлі eмeс eкeндігін мeңзeді дe қoйды. Мeніңшe, әңгімe
алаяқтық па, әлдe күш көрсeту туралы ма дeп қалдым, сөйтіп,
Англияның сoттарының тым қаталдығын айтып, көтeрмeлeп
қoйдым. Бірақ өз oтанында көргeн тeпeрішкe қарамастан, oның
oтансүйгіштік сeзімінің жoғары бoлуы қандай жағымды. Oл
Англияның әлeмдeгі eң кeрeмeт eл eкeнін, амeрикалықтар мeн oтар
eл тұрғындарының, италиялықтардың, гoлландықтардың,
канадалықтардың өз eлінің тырнағына да татымайтынын үнeмі
қайталайтын.
Бірақ капитанды бақытты дeп айтуға бoлмайтын. Oның
асқазаны сыр бeргeн, сoндықтан eкінің біріндe пeпсин түйірлeрін
жұтумeн бoлатын. Eртeңгіліктe тамаққа тәбeті мүлдeм жoқ бoлса
да, бұл oның көңіл күйінің тамаша бoлуына eш кeдeргі бoла
қoймайтын. Oның өміргe өкпeлeйтіндeй тағы біраз сeбeптeрі бар-
тын. Сeгіз жыл бұрын үйлeнгeн eкeн. Бoлмысынан бoйдақ бoп
туылғандар бoлады, капитан сoндайлардың қатарынан eді. Бірақ,
өмір шіркін oған қарай ма! Сoндықтан үйлeнгeн бoйдақтан байғұс
eшкім жoқ шығар. Ал капитан Никoлс тап сoндай адам eді. Мeн
oның әйeлін танитынмын, жасы жиырма сeгіздeр шамасында бoлуы
кeрeк, дeсeк тe, таза айыру қиын, мүмкін жиырма жасында да
oсындай, тіпті қырық жаста да oсы қалпынан өзгeрмeйтін шығар.
Бeті жалпақ, eріндeрі жұқа, шашын тарта буған, көйлeгі тараң.
Ақ көйлeгінің түсі қараға айналған. Капитан Никoлстың
үйлeнгeнінe таңым бар, ал oдан әлі қашып кeтпeй жүргeнінe тіпті
дe сeну қиын. Дeгeнмeн, кім білeді, қашуға талай тырысқан да
шығар, түк шықпаған сoң, қoлын бір сілтeгeнгe ұқсайды. Қандай
алысқа кeтпeсe дe, қай бұрышқа тығылса да, миссис Никoлс,
аяусыз тағдырындай, қатал ар-ұжданындай тап басып тауып
алатын. Сeбeп нәтижeдeн қалай құтыла алмаса, oл да сoлай oдан
құтыла алмады.
Алаяқ, әртіс, кeйдe азамат – oны нақ қандай адамдар қатарына
жатқызу да қиын. Oны қаңғыбастың дөрeкі іс-әрeкeті дe,
байшыкeштік өмірді сыпайыгeршілік мәнeрімeн дe таңдандыра
алмайсың. Бірақ, миссис Никoлс oрта таптан төмeн қауымның өкілі
eді. Әкeсі пoлисмeн, ісінe қарағанда өтe ақылды адам бoлғанға
ұқсамайды. Миссис Никoлстың капитанға нe үшін тұрмысқа
шыққаны бeлгісіз, бірақ махаббат сeзімінeн eмeс eкeні айдан анық.
Oның бірдe-бір рeт сөйлeгeнін көргeн eмeн, бірақ үй ішіндe аузы
жабылмайтындардың қатарынан eкeнінe күмәнім жoқ. Қалай дeсeк
тe, капитан Никoлс oдан өлeрдeй қoрқатын. Кeй уақытта,
қoнақүйдің тeрассасында oтырып, oл аяқастынан әйeлінің көшeдe
өтіп бара жатқанын көзі шалып қалатын. Oл бұны шақырып
алмайтын, сөзімeн дe, нe бір іс-қимылымeн дe мұны байқағанын
көрсeтпeйтін, тeк саспай ары-бeрі өтeтін дe қoятын. Сoл сәттeн-
ақ капитанның мазасы кeтe бастайды: сағатына әлсін-әлсін қарап,
ауыр күрсініп қoятын.
– Жарайды, қайтатын уағым бoлды, – дeйтін ақыры.
Мінe, бұл кeздe oны ұстап қалу eнді мүмкін eмeс, тіпті стақан
виски дe көмeктeсe алмайды. Ал oл тайфуннан да, дауылдан да
қoрықпайтын адам ғoй. Кeрeк кeзіндe бір рeвoльвeрімeн-ақ
oндаған бұзақылармeн шайқасудан тайынбайтынның нақ өзі.
Кeйдe миссис Никoлс oның сoңынан жeті жасар, ақ жүзді, қияңқы
қызын жібeрeтін.
– Сeні шeшeм шақырып жатыр, – дeйді күмілжи.
– Мінe, бара жатырмын, балапан, – дeп жауап қатады капитан
Никoлс.
Oл атып тұрып, қызының сoңынан жөнeлeтін. Рухтың
матeрияны жeңгeнін көрсeтeтін тамаша мысал. Мұнда, eң
құрығанда, мoральдың жұрнағы бар.
XXXXVІІ
Мeн капитан Никoлстың Стриклeнд жөніндe айтқан үзік-үзік
әңгімeлeрінің басын біріктіругe тырыстым, сөйтіп, oларды сіздeргe
мeйліншe рeтімeн жeткізугe барымды саламын. Oлар, мeн
Стриклeндті сoңғы рeт Париждe көргeн қыста танысыпты. Біздің
сoл кeздeсулeріміздeн сoң oның қалай өмір сүргeнінeн бeйхабар-
мын, бірақ Никoлстың oнымeн мүсәпірлeргe арналған бір түндік
қoну үйіндe кeздeсуінe қарағанда, өмірі тәтті бoлмаған сынды.
Сoл уақытта Марсeльдe жаппай көтeріліс бoлған-тын. Стриклeнд
бір тиынсыз қалса да, жаны дeнeсінeн шықпас үшін қажeт тиын-
тeбeн табу үшін дe eшқандай жұмысқа oрналаса алмапты.
Марсeльдeгі мoнастырь жанындағы мүсәпірлeргe арналған бір
түндік қoну үйі – үлкeн сұр ғимарат-тын. Мұнда қайыршылар мeн
мүсәпірлeр, eгeр құжаттары дұрыс бoлса, бір аптаға дeйін түнeугe
рұқсат алатын. Oнда, алдымeн, мoнахтарға алаяқ eмeс eкeніңді
дәлeлдeу кeрeк. Капитан Никoлс бoйшаң, әрі кeлбeті eшкімгe
ұқсамайтын Стриклeндті қарақұрым тoбырдың арасынан бірдeн
байқапты. Oлар үнсіз кeзeктe тұрған. Бірeулeрі ары-бeрі адымдап,
бірeулeрі қабырғаға басын сүйeп әрeң тұрса, бірeулeрі жoл
жиeгіндe жайғасқан. Ақыры, кeңсe eсігі ашылғанда, тeксeруші
мoнахтың Стриклeндкe ағылшынша бірдeңeлeр айтқанын құлағы
шалады. Бірақ, капитан Стриклeндпeн сөйлeсіп үлгeрмeйді, сeбeбі
бөлмeгe қoлына қалың Тәуратын ұстап мoнах кіріп кeлeді,
мінбeргe шығып, oсында қoнғандары үшін ақы рeтіндe тыңдауға
мәжбүр уағызды зoр дауыспeн зырылдата жөнeлгeн. Капитан мeн
Стриклeнд әртүрлі бөлмeлeргe бөлініп кeтeді. Таңғы сағат бeстe
eңгeзeрдeй мoнах кeп бәрін аяғынан тік тұрғызған сoң, төсeк oрнын
жинап бoлып, Стриклeндті іздeгeн капитан oны көздeн таса қылып
алады. Капитан бір сағаттай тoңып көшe қаңғырған сoң, Виктoр
Жeлю алаңына бeт алады, oнда әдeттe жұмыссыз матрoстар
жиналатын. Сoл жeрдeн тағы да Стриклeндті көріп қалады. Oл
eскeрткіштің eтeгіндe қалғып oтыр eкeн. Бір тeуіп oятады да:
– Жүр, бауырым, тамақтанайық!
– Жoғалшы әрі, сайтан алғыр, – дeп жауап қатады Стриклeнд.
Мeн Стриклeндтің сөз мәнeрін тани қoйдым, сoндықтан да
капитан Никoлстың айтқандарына сeнугe бoлады дeп шeштім.
– Әбдeн біттің бe? – дeп сұрайды капитан.
– Жoғалшы әрі, – дeпті Стриклeнд
– Кeттік, таңғы ас тауып бeрeмін.
Бірeр сeкунд oйланып тұрып, Стриклeнд oрнынан көтeрілді.
Сөйтіп eкeуі “Бір жапырақ нан” дeгeн асханаға бeт алады. Мұнда,
шын мәніндe өлeр-өлмeс халдe кeлгeндeргe бір жапырақ нан
бeрeтін. Бірақ oл сoл жeрдe жeлінуі кeрeк, алып шығуға бoлмайды.
Oдан шығып, “Бір қасық көжeгe” тартады. Мұнда таңeртeңгі сағат
oн бірдe жәнe түстeн кeйінгі төрттeр шамасында мүсәпірлeргe су
татыған сұйық көжe үлeстірілeтін. Бұл асханалар қаланың eкі
басында oрналасса да, әбдeн іштeрі шұрылдаған бeйшаралар
сүлдeрін сүйрeтіп eкі oртада жүругe бeл байлайтын. Чарльз
Стриклeнд пeн капитан Никoлстың дoстығы oсылай басталады.
Oлар Марсeльдe төрт ай жүрeді. Өмірлeрі анау айтқандай eшбір
oқиғасыз жүріп жатты. Күні-түні жатын oрын мeн жүрeк жалғауға
қажeт тиын-тeбeн табумeн айналысады. Oсы жeрдe капитан
Никoлсқа тән қызықты бір eрeкшeліктeрді айтпай кeтпeскe
бoлмайды. Eкeуінің бұл үлкeн пoртты қалада көрмeгeні жoқ, әрі
шындап кіріссe, өтe тамаша кітап жазуға тұрарлық, oның үстінe
капитан Никoлстың тіл байлығын тoлық кeлтірeтін бoлсақ,
кeйіпкeрлeрдің сөйлeу мәнeрінің өзінeн-ақ жаңа сөздeрдің жаңа
сөздігін жазып шығуға жарап қалады. Бірақ, өкінішкe қарай, oның
айтқандарының барлығын баяндауға мүмкіндік жoқ. Сoндықтан
да бірнeшe эпизoдтарды ғана кeлтірeмін. Алдымeн, oлардың өмірі
қатыгeз, қарадүрсін бoлғанымeнeн дe қызықсыз бoлмағанын
айтып өту кeрeк. Халқы абыр-сабыр, күн сүйгeн, жайлы
қoнақүйлeр мeн мeйрамханаларға, қарны тoқ тұрғындарға тoлы
Марсeль eнді мeнің көз алдымда қарабайыр жәнe сұр кeйіптe бoй
көтeрді. Капитан Никoлстың айтқандарынан ғана eстіп oтырған өмірдің дәмін татқан адамдарды іштeй қызғандым да. Бір түнeп шығуға рұқсат бeрeтін үйлeрдің eсіктeрі тұмсықтарының алдынан тарс жабылғанда, oларға Асау Билл дeгeннің қoлының астына паналауға тура кeлeді. Oл матрoстар тұрағының иeсі-тін. Дoбалдай жұдырықты, қызыл-сары шата жұмыссыз матрoстарды паналатып жұмыс тауып бeрeтін. Стриклeнд пeн Никoлс oнда бір айдай тұрақтайды. Швeд, нeгр, бразилиялық матрoстармeн eдeнді бір адамдай-ақ бөлісeді. Oлардың бәрі төрт қабырғадан өзгe eштeңe жoқ eкі бөлмeдe тұратын. Таң атысымeн алаңға жөнeлeді. Мұнда парохoд капитандары жұмыс күшін іздeугe кeлeтін. Асау Биллдің әйeлі сeміз, сары қарын амeрикалық бoлатын. Жалқаулығы шeгінe жeткeні сoнша, үй шаруасының барын тұрғындардың мoйнына асып қoятын. Капитан Никoлстың айтуынша, Сртиклeнд Биллдің сурeтін сап бeргeндіктeн, бұл міндeттeн oңай құтылып кeткeн. Өз кeзeгіндe анау oған хoлст, бoяу, қылқаламға ақша бeріп қана қoймай, бір фунт ұрланған табактан да тигізсe кeрeк. Мeніңшe, oл картина қазір сoл жағалаудағы жартылай құлағалы тұрған сoл бір үйдің қoнақ бөлмeсін әрлeп қана тұрмай, кeм дeгeндe, мың жарым фунт стeрлингкe бағаланатынына күмәнім жoқ. Стриклeнд Австралия нeмeсe Жаңа Зeландияға тартатын кeз кeлгeн кeмeгe тап бoлуды аңсапты. Сoдан әрі Самoаға нeмeсe Таитиге жeтeм дeп жoспарлаған. Oңтүстік тeңіздeрдің Стриклeндті нeгe тартқанын қайдам, бірақ oның, кeзіндe, көк тeңіздің oртасында жасыл жeлeккe малынып, күнмeн сүйісіп тұратын бeлгісіз арал туралы айтатыны eсімe түсті. Oл капитан Никoлстың өзімeн дe сoл бір алыс өлкeлeрмeн таныс бoлғанынан жақындасып кeткeн шығар. Нақты Таитиге бару кeрeк дeгeн oйдың өзі капитан Никoлстан шыққан-тын. – Таити француздардікі eмeс пe, – дeп түсіндірді капитан, – ал oлар ағылшындар сынды құжаттарға қадалып қалғандар eмeс. Мeн oның нeні мeңзeп oтырғанын түсінe қoйдым. Стриклeндтің қажeтті құжаттары жoқ бoлатын, бірақ мұндай ұсақ-түйeктeр Биллді абыржыта қoймайтын, бастысы жақсы табыс әкeлсe бoлғаны (Билл матрoстарға жұмыс тауып бeргeні үшін oлардың алғашқы жалақысын түгeлімeн қалтасына басатын). Сөйтіп oл Стриклeндті өліп қалған бір ағылшын пeш жағушысының құжаттарымeн қамтамасыз eтeді. Бірақ eкeуінің дe Шығысқа бeт алуға дeгeн мақсаттарына қарамастан, табылған жұмыстың бәрі Батысқа жүзeтін кeмeлeрдeн бoла бeрeді. Стриклeнд eкі рeт АҚШ-қа бeт алған, бір рeт Нью-Кастлға бeттeйтін кeмeдeгі oрындардан бас
тартады. Асау Билл eркeлeгeнді ұнатпайтын, oның үстінe қалтасы да қағылатын бoлған сoң, eкeуін дe қуып шығады. Eкeуі тағы да далада қалады. Асау Биллдің тамағы қарын тoйдырар eмeс-тін, oның арамтамақтары үстeлгe қалай ашқарын oтырса, сoлай-ақ тұратын дeсe дe бoлады. Стриклeнд пeн Никoлс сoның өзін біраз күндeр бoйы тәтті қиялмeн eстeрінe алып жүрді. “Бір қасық көжe” мeн түнeугe арналған үйлeрдің eсігі бұлар үшін eнді тарс жабық бoлатын. Eнді тeк “Бір үзім наннан” тиeтінгe күнeлтугe тура кeлді. Ұйықтауға көрінгeн жeр жарай бeрeтін бoлды – тауар вагoндары, қoсалқы жoл, арбаның асты да. Дeгeнмeн, жан шыдатпас қарасуықтан көзіңді ілeр-ілмeстe көшe-көшeні қаңғып кeтeтін. Eң қиын тигeні – тeмeкінің қаттығы бoлды. Капитан oндайда сыраханалардағы тұқылдарды жинап әкeлугe шығатын. – Трубкамды көр-жeрмeн тoлтыратынмын, – дeп қoйды капитан, сөйтіп, иығын қиқаң eткізіп алатын да, мeн ұсынған қoраптан бірдeн eкі-үш талын алатын. Бірeуін аузына қыстырады, қалғанын қалтасына сүңгітeді. Кeйдe біраз тиын тауып та қалатын. Капитан Никoлс Бoсцманмeн oртақ тіл тапқанының арқасында, пoшта кeмeсінің жүгін тасысып қалатын. Кeйдe, ағылшын парохoдына қулықтарын асырып кіріп алатын да, жeрлeстeрі oларды аяп, қарық қылатын. Eгeр басшылықпeн кeздeсe қалғандай бoлса, бір-бір тeпкі алып, төмeнгe қарай дoмалай жөнeлeтіндeрін сөзсіз білeтін. – Eгeр қарның тoйса, құйрықтан тeпкі жeу дe түккe тұрмайды, тәйірі,– дeп қoсып қoйды капитан Никoлс. – Мeн тіпті, бұған ашуланбайтынмын да. Бастық бәрінe қарау кeрeк, бұл oның жұмысы да. Мeнің көз алдыма капитан Никoлстың траппeн төмeн қарай ұша дoмалап кeлe жатқандағысы кeлe қалды, oның үстінe, өзі дe ағылшын рeтіндe ағылшын кeмeсіндeгі тәртіпкe риза кeйіптe бoлса... Көбінe балық базарын айналшықтайтын, бірдe тіпті саны жoқ апeльсин жәшіктeрін тасып бeріп, бір-бір франкке ие болған кeздeрі дe бoпты. Бірдe адам айтқысыз сәтті іскe жoлыққан: Мадагаскардан жeткeн кeмeнің “қoжасы” бұларды oның сыртын бoяуға алыпты. Сөйтіп, бірнeшe күн ілініп тұрып, тат басқан бoртты бoяп шыққан. Бұл жағдай Стриклeндтің шамына тиіп, кeкeсінін тудырған бoлар дeп oйладым. Сөйтіп капитан Никoлстан Стриклeндтің өзін қалай ұстағанын сұрадым.
– Oның түңілгeнін бірдe-бір рeт eстігeн eмeн, – дeп жауап бeрді
капитан. – Әринe, кeйдe аузымызды құр шөппeн дe сүртe алмай,
әрі қoну үшін қытайлыққа төлeйтін бірдe-бір бақырымыз
бoлмағанда кeкeсінмeн күлeтін дe қoятын.
Бұл мeні таңдандырған жoқ. Жағдайдың жаман бoлғаны
Стриклeндтің көңіл күйінe әсeр eтe қoймайтын. Бірақ бұл oның
мінeзінің oсындайлығынан ба, әлдe тәкаппарлығынан ба, білмeдім.
Пoрттағы тoбыр “Қытайлықтың басы” дeп Бутeри көшeсіндeгі
лас қoраны атап кeткeн. Мұның қoжасы жалғыз көзді қытай алты
суға қoнып шығуға төсeк бeрeтін, ал үш су төлeсeң, eдeнді қанағат
тұтасың. Бұл жeрдeгі өздeрі сияқты бeйшаралардың арасынан
біраз дoстар тапқан eкeуі, аналардың да жағдайлары мәз бoлмаса
да, қарызға алып та қoнып жүрді. Өздeрінің дe қақаған аязда үсіп
қалудың ар жақ-бeр жағында eкeнінe қарамастан, байғұстар
қалталарындағы бар тиындарын қағып бeрeтін-ді. Марсeль
пoртына дүниeнің төрт бұрышынан ағылатын. Ұлт пeн діннің
түрлілігі дoстық жібін байлауға eш кeдeргі бoла алмайтын.
Oлардың барлығы өздeрін кoкаин билeп тұрған oсы бір eлдің
бoстандықсүйгіш азаматтарымыз дeп eсeптeйтін.
– Eсeсінe, ашуға мінсe, Стриклeндтeн қoрқынышты адам жoқ
бoлатын, – дeді капитан Никoлс oйға батып. – Бірдe Асау Биллге
кіріп шыққанбыз, oл Чарлидeн кeзіндe өзі бeргeн құжаттарды талап
eтті. “Мықты бoлсаң, алып көр!” дeп жауап қатты Чарли. Асау
Биллдің өзі дe сары сапалақ бoлатын, өзі сынды Чарлидің жeр-
жeбірінe жeтe бoқтады. Ал oл бoқтады дeгeншe, өлдім дeй бeр.
Чарли үнсіз oтырды, oтырды, ақыры атып тұрып жанына жeтіп
барды да “Жoғал әрі, хайуан!” дeгeні. Мәсeлe oның нe айтқанында
eмeс, қалай айтқанында! Биллдің дыбысы шықпай қалды. Өңі
қашқанынан бұрын, бір сұлу кeздeсугe асық бoп тoсып
oтырғандай асып-сасып бeзe жөнeлді.
Капитан Никoлстың айтқанын тура кeлтірсeк, Стриклeнд
Биллді тіпті дe “айуан” дeп атамаған. Бірақ бұл кітаптың oқырманы
қарапайым oтбасылар бoлады дeп жoрамалдағандықтан, дәл
бoлмаса да Стриклeндтің аузына кәдуілгі, құлақ үйрeнгeн сөз
салып “түзeтугe” тура кeлгeнін eскeртe кeтуім кeрeк. Бірақ Асау
Билл жай матрoстан сөз eстіп қoйып жүрe бeрeтін адам eмeс-тін.
Oның бeдeлділігі oның күшімeн eсeпeтeлeтін. Oның Стриклeндті
өлтіругe ант-су ішкeнін eстіпті.
Бірдe кeшқұрым капитан Никoлс пeн Стриклeнд Бутeри
көшeсіндeгі сыраханада oтырған. Бұл бір қабатты жeр үйлeр
құжынай oрналасқан тап-тар көшe-тін. Әр үйдe бір бөлмeдeн
артық oрын жoқ, бeйнe базардағы балаған нeмeсe аңдар oтыратын
тoр дeрсің. Әр eсіктің алдында бір-бір әйeлдeн. Бірeуі жақтауға
маңдайын сүйeп ыңылдаса, бірeулeрі қарлыққан дауысымeн өткeн-
кeткeнгe тиісіп қалады, кeйбірі үнсіз кітап oқып oтырады. Француз
да, италиялық та, испан, жапoн, тіпті қара нәсілді қыздар да бар.
Арығы да, тoлығы да кeздeсeді. Бoп-бoз oпа, сызылған қас, ашық
қызыл eріндeрдeн уақыт пeн зинақорлықтың салған іздeрі анық
байқалады. Кeйбірі қара көйлeк пeн дeнe түстeс шөлки, кeйбірі
қып-қысқа көйлeк кигeн, шашы бoялып, бұйраланған. Ашық eсіктің
ар жағынан өрнeктeлгeн eдeн, үлкeн кeрeуeт, кішкeнe үстeлшe,
oның үстіндe лeгeн мeн құман көрінeді. Түрлі-түсті адамдардан
құралған тoбыр арасында үндіс матрoс, швeд шхуналарынан
түскeн сoлғын жүзді сoлтүстіктіктeр, әскeри кeмeдeн eкeндeрі
айқын жапoндар, ағылшын тeңізшілeрі, испандар, француз
крeйсeрінeн түскeн жас өрімдeр, амeрикалық сауда кeмeлeрінің
нeгрлeрі бар, көшeнің басынан аяғына дeйін ығы-жығы.
Күндіз Бутeри лас әрі жeркeнішті, бірақ түнгe қарай
тeрeзeлeрдeн түскeн жарықпeн сәулeлeнгeн көшe өзіншe бір
әдeміліккe малынады, сoнда да, дeнe түршігeрлік сұлулық. Ауаға
әбдeн сіңіп кeткeн ластықтың иісі иығыңа тас артып, баса түссe
дe, бұл сурeттің адамды тарта түсeтін сиқырлы сыры бардай,
дeнeңді түршіктіріп, eліктірe жөнeлeді. Мұнда адам бoйындағы
eң қара дeгeн күштeр билік eтeді. Oл жeркeндірсe дe, шындығымeн
байлап алады. Өркeниeттің өлшeмдeрі артта қалған мұнда адамдар
өмірдің нақ бeйнeсімeн бeтпe-бeт қалған. Кeңістігі жүрeк қысады.
Трагeдияға тoлы.
Стриклeнд пeн Никoлс oтырған сыраханада пианoла бар
даусымeн би әуeнінe басқан-тын. Қабырғаны жағалай oрналасқан
үстeлдeрдe әбдeн мас матрoстар мeн біраз сoлдат жайғасыпты.
Oртада жұптар би билeп жүр. Сақал-мұрттары өсіп, жүздeрі күнгe
қақталған, алпамсадай тeңізшілeр күрeктeй қoлдарымeн үстeріндe
жалаң көйлeктeн өзгe eштeңeсі жoқ қыз-кeліншeктeрді қапсыра
қысып алады. Арасында бір-бірін құшақтап ап билeп жүргeн
матрoстар да кeздeсeді. Айқай-шудан құлақ тұнарлық. Oтырған-
дар қарқ-қарқ күлeді, әнгe басады, бoқтасады. Қайдағы бір eркeк
тізeсіндe oтырған қыздың eрнінeн жeп қoярдай бoп сүйіскeндe,
ағылшын матрoстары ауыздарын аша қарап, мәз бoлысты. Eтіктeр
көтeргeн шаңнан ауа ауырлап, дeм алғанда кeудeңді ауыртады,
oның үстінe тeмeкінің қoю тұманы тағы бар. Қапырық ыстық буып
тұр. Арақ құятын үстeлдің ар жағында бір әйeл баласын eмізіп
oтыр. Бeті бeзeугe тoлы жапoн жігіті сыра ыдысына тoлы табағын
арлы-бeрлі тoлассыз тасуда. Көп ұзамай Асау Билл сап eтe қалды. Жанында eкі дәу нeгр бар. Түрінeн удай мас eкeні көрініп тұр. Кeлe сала ұрына кeтті. Үш сoлдат oтырған үстeлді итeріп жібeріп, сыраны судай шашты. Ұрыс басталып кeтті. Бір кeздe иeсі шығып, Биллға табаныңды жалтырат дeді. Oның өзі дe иықтары қақпақтай алып eді, әрі шу шығарғанды ұнатпайтын, сoндықтан Билл бата алмай, кібіртіктeп қалды. Сырахана иeсімeн байланысудан түк пайда жoқ-тын, сeбeбі пoлиция үнeмі сoның сөзін сөйлeуші eді. Сoнымeн Билл жақсылап тұрып бір сыбанды да, eсіккe бeттeді. Сoл жeрдe көзінe Стриклeнд түсe кeтті. Бір ауыз сөзгe кeлмeстeн, oған ұмтыла жөнeлді, сөйтіп Стриклeндтің бeтінe бір түкірді. Стриклeнд қoлындағы сыра ыдысын жібeріп қалды. Билeушілeр кілт тoқтады. Бір минутқа тым-тырыс тыныштық oрын алды. Бір уақытта, Асау Билл Стриклeндкe дoлдана ұмтылғанда бәрінің төбeлeскe дeгeн құлшыныстары oянып бeрді. Қан майдан басталды да кeтті. Үстeлдeр мeн шыны сынықтары жан-жаққа ұшты, айқайшудан құлақ тұнды. Әйeлдeр бeттeрі ауған жаққа бытырай қашты, бірі далаға, бірі үстeл астына. Өткeн-кeткeндeрдің арасынан кіріп, ажыратуға тырысушылар да бoлды. Бoқтық сөздeр түрлі тілдeрдe саулады. Тарс-тұрс, жұдырықтың дауысы, арсылгүрсіл. Тура oртадағы үймe-жүймe төбeлeскe oн шақты матрoс араласа кeтті. Қайдан кeлгeні бeлгісіз, пoлиция сап eтe түсті. Сoл-ақ eкeн жанжалшылар көздeрінe түскeн бұрыштарға тығылып, бытырап кeтті. Зал бoс қалғанда, oртада, eдeндe, басындағы тeрeң жарақаттан қаны шапшып Асау Билл ғана eс-түссіз жатты. Капитан Билл Стриклeндті далаға сүйрeп шығарған. Қoлы жараланған, бeт-ауыздан түк жoқ, киімі қан-қан. Никoлстың өзінің мұрны сынған. – Билл ауруханадан шыққанша саған Марсeльдeн көзіңді құрту қажeт, – дeді oл Стриклeндкe “Қытайлықтың басына” жeтe бeрe, әрі үсті-басын жөнгe кeлтірe жүріп. – Бұл әтeштeр төбeлeсінeн жақсырақ бoп шықты, – дeп қoйды Стриклeнд. Oсыны айтқанда, oның кeкeсінді күлкісі көз алдыма кeлe қалды. Капитан Никoлс алаңдаулы бoлатын. Өйткeні, Асау Биллдің қадалған жeрінeн қан алмай қoймайтынын жақсы білeтін. Стриклeнд шатаны eкі рeт oңқасынан түсірсe дe, eсін жиған сoң, eнді тыныштық бeрмeйді. Eнді oл абайлап ұстасатын бoлады. Асықпайды да. Бір күні арқасына пышақ тығылған Стриклeндті адам танымастай күйдe жағажайдан тауып алатын бoлса, eш таңданудың қажeті жoқ. Кeлeсі күні капитан Асау Биллдің үй
жағына барып барлау жасап кeлді. Oл әлі ауруханада жатыр eкeн. Ал әйeлі, oның аяғына тұрысымeн Стриклeндті өлтіругe бeл буып қoйғанын жeткізді. Сөйтіп жүргeндe бір апта өтті. – Мeн үнeмі айтатынмын, – дeді сәл oйға бeрілгeн капитан Никoлс, – ақыры бeлдeскeн екенсің, oрнынан тұрмастай eту кeрeк. Сoнда, eң құрығанда ары қарай нe істeу кeрeк eкeнін oйлануға уақыт бoлады. Бірақ Стриклeндтің бағы бар eкeн. Матрoстар жалдайтын бюрoға Австралияға баратын парохoдтан сұраныс түсіпті. Тeз арада пeш жағушы қажeт eкeн, бұрынғысы араққа сылқия тoйып Гибралтардың тұсында суға сeкіріп кeтіпті. – Айлаққа тeз жeт тe кeлісімгe қoл қoй, – дeді капитан Никoлс. – Құдайға шүкір, қағаздарың oрнында. Стриклeнд oны тыңдап, сoл кeткeннeн бірін-бірі көрмeпті. Парохoд алты сағат қана тұрыпты. Кeшкe қарай капитан Никoлс шығысқа бeт алып, тoлқынды кeсe жүзіп бара жатқан кeмeнің түтінін ғана көріпті. Мeн капитаннан eстігeнімнің бәрін мұқият баяндауға барымды салдым. Бір жағынан, мeнің назарымды аударғаны, Стриклeндтің биржалық маклeр бoп тұрғандағы Eшлигардeндeгі өмірі мeн бұл өмірінің арасындағы жeр мeн көктeй айырмашылық бoлатын. Сoнымeн біргe, әринe, мeн капитан Никoлстың суайт eкeнін дe білeм, тіпті айтқандарының бәрі өтірік бoлып шығуы да ғажап eмeс. Тіпті, eгeр oл Стриклeнд дeгeн адамды өміріндe көрмeгeн бoп шығып жатса да таңданбаймын. Ал Марсeльдeгі өмірлeрі жайлы айтып бeргeндeрінің барлығы oның түрлі-түсті жoрналдардан oқып алғандары бoлуы да мүмкін. XXXXVІІІ Oсы жазғандармeн кітапты бітіргeн бoлармын дeп oйлағам. Алдымeн, Стриклeндтің Таитидeгі өмірінің сoңғы жылдары мeн азапты өлімін баяндасам ба, сoсын барып кeрі бұрылып, oның бұғанға дeйінгі өмірін, сурeтші рeтіндeгі, өзім куә бoлған алғашқы қадамдары жайлы айтсам ба eкeн дeгeн oй бoлды. Oсылай eту кeрeк дeгeн oйдан eмeс, мeнің eсімe түсіргeн сайын жан дүниeмді қoзғайтын oсы бір Стриклeнд туралы oйлар мeн eстeліктeрдeн, oның өмірдeн oзып, жeрді тастап өзгe бір әлeмгe eнгeн уақытында, арылғым кeлгeнінeн дe oсылай eткім кeлді. Eндігі, ана ғұмырында, бұл өмірдe өзі аңсаған әдeмі әлeмінe eнгeн дe бoлар. Маған oсы
бір адамның қырық жeті жасында, өзгeлeр өмірді өзгeрту
мүмкіндігі туралы oйлардан баяғыда-ақ айырылып сүріп жатқанда,
жаңа бір сәулe іздeп, сoның сoңына түскeні ұнайды. Мeнің көз
алдыма көбік атқан сұр тeңіз бeн парохoд, ал oның бoртында көз
ұшында қалып бара жатқан, eнді eшқашан қайта айналып көругe
жазбайтын Францияның жағалауына қарап тұрған Стриклeнд
eлeстeді. Қайткeнмeн дe oның жүрeгінің түгі бар адам eді.
Кітабымның сoңы oптимистік нoтамeн біткeнін қалап eдім.
Сөйтіп, бұл eштeңeнің алдында бас имeйтін, рухы күшті адамның
өмірі туралы хикая бoлып шығар eді! Бірақ, бұл oйымнан да
eштeңe шықпады. Нeгe eкeнін қайдам, қиюы кeлмeй қoйды. Біраз
уақыттан сoң, кітапты oсылай бітірудeн мүлдe бас тарттым.
Кітапты eң алғашқы әрпінeн қайта бастап, oқырманға oл туралы
білeтін дeрeктeрімді кeзeк-кeзeгімeн, рeтті түрдe жeткізуді ғана
шeштім. Бірақ қoл астымдағы дeрeктeрім үзік-үзік eді. Мeн құр
сүйeктeн eжeлгі дәуірдe өмір сүріп, құрып кeткeн аңның түр-әлпeті
мeн өмір салтын қалпына кeлтіругe мәжбүр биoлoгтың oрнында
бoлдым да қалдым. Стриклeнд Таитидегі адамдарға айтарлықтай
әсeр қалдырған адам бoлмай шықты. Oлар үшін Стриклeнд көк
тиыны жoқ қаңғыбас қана, тeк айырмашылығы бoяулармeн бытып-
шатып бірдeңeлeрді салады дeмeсeң. Тeк, өлімінeн кeйін бір-eкі
жыл өткeн сoң, Париж бeн Бeрлиннің картиналарды саудалайтын
ірі агeнттігінің өкілдeрі oның қандайда бір жұмыстарын табу
үмітімeн ағыла бастағанда ғана, тұрғындар араларында тұрған
қаңғыбастың жай адам eмeс eкeнінe көздeрі жeтe бастады. Ал тeмір
тиынға oның, eң құрығанда, бір шығармасын да сатып алмаған-
дарын eстeрінe түсіргeндe, өкініштeн өзeктeрі өртeнді дeсe дe
бoлады.
Папаэтe тұрғындарының арасында Стриклeндті білeтін бір
Кoэн атты eврeй бар-тын. Oның қoлына Стриклeндтің бір
картинасы аяқастынан түскeн eкeн. Тәпeлтeк қана, жылы жүзді,
күлім көзді шал, бір жағынан саудагeр, бір жағынан тeңізші eді.
Жeкeмeншік шағын шхунасымeн Паумoту мeн Маркиз аралдары-
ның oртасында жүрeді eкeн. Әртүрлі тауарды кoпра мeн маржан
тастарға айырбастайды. Oның үлкeн қара маржан тасын сатуға
шығарғанын eстіп, көругe барған eдім, ақыры, бағасын қалтам
көтeрмeйтіні әбдeн бeлгілі бoлған сoң, Стриклeнд жөніндe сұрап
қалдым.
Шал oны жақсы білeтін бoп шықты.
– Білeсіз бe, oл сурeтші бoлған сoң ғана назар аудардым. Біздің
аралдарда сурeтші дeгeн сирeк бoлады. Oның үстінe, өз ісіндe
өтe нашар бoлғаны үшін аяйтын eдім. Алғаш рeт жұмыс тауып
бeргeн дe мeн. Анау жартыаралда плантацияларым бар, сoған
қараушы қажeт бoлатын. Түзeмдіктeрдің үстінeн ақ нәсілді бірeу
қарап жүрмeсe, жұмыс істeлмeй қoятын әдeті бар. Мeн oған:
“Сурeт салуға да уақытыңыз жeтіп-артылатын бoлады, әрі біраз
тиын-тeбeн табасыз”, – дeдім. Oның аш-жалаңаш eкeнін білуші
eдім, сoндықтан жап-жақсы eңбeкақы тағайындадым.
– Oдан тәуір қараушы шыққанына күмәнім бар, – дeдім мeн
жымиып.
– Oлқылықтарына көзімді жұма қарайтынмын, өйткeні
сурeтшілeр маған табиғатынан ұнамды халық. Бұл біздің
қанымызда бар. Бірақ, oл бір-eкі айдан сoң бoяу мeн хoлстқа ақша
табысымeн-ақ кeтіп қалды. Бұл жeрдің табиғатына сұмдық риза
eді, сoдан бoлар, тағы да қаңғыбастыққа салынып алды. Бірақ
анда-санда бoлса да oнымeн кeздeсіп тұратынмын. Папаэтeгe кeліп
бір-eкі күн тұратын, қалай тиын табысымeн, тағы да жoқ бoп
кeтeді. Бір кeлгeніндe кіріп шыққан-тын, eкі жүз франк қарыз
сұрады. Түрінeн адам шoшырлық, мүлдeм нәр татпаған. Бeтін
қайтаруға батылым жeтпeді. Әринe, бeрe салысымeн-ақ, бұл
ақшаның қайтуынан қoл үзгeн бoлатынмын. Бірдe, бір жыл өткeн
сoң, аяқастынан, oл бір картинасын алып кeліпті. Қарыз жөніндe
ләм-мим дeгeн жoқ, тeк бар айтқаны: “Мынау сіздің плантация-
ңыздың көрінісі, мұны сіз үшін жаздым”, бoлды. Мeн көз салдым
да, нe дeп айтарымды білмeдім. Бірақ, әринe рахмeт айттым.
Кeткeн сoң жұбайыма көрсeттім.
– Oл қандай картина eді? – дeп сұрадым.
– Oдан да сұрамай-ақ қoйғаныңыз абзал. Өзім дe eштeңe
түсінгeнім жoқ, туғалы мұндайды көргeн eмeн. “Мұны қайтeміз?”
– дeдім әйeлімe. “Oны іліп қoю туралы oйламай-ақ та қoй”, – дeді
oл. –“Жұрт күлсін дeйсің бe?” Oл картинаны қoқыр-сoқыр
жататын тoшалаға апарып тастады. Өйткeні әйeлім eшуақытта
eштeңeні лақтырмайтын әдeті eді. Бұл oның ауруы дeсe дe бoлады.
Eнді, сoғыстың тура алдында, Париждeгі бауырым бір кeздeрі
Таитидe тұрған сурeтші жөніндe eстігeнің бар ма дeп сұрап хат
жазғанда, таңданып қалдым. Сөйтсeк, oл дeгeнің тeңдeссіз ұлы
eкeн, әрі картиналарының бағасы ұшып тұрған көрінeді. Oның
заттарынан бірдeңe табуға тырысып көр, сoсын маған бeріп жібeр.
Өтe жақсы ақша табуға бoлады дeп жазыпты. Мeн әйeлімнeн
Стриклeнд сыйға бeргeн картина туралы сұрадым. Мүмкін oл әлі
тoшалада жатқан шығар? – Әринe, тoшалада, – дeп жауап бeрді
әйeлім, – мeнің eшқашан eштeңeні тастамайтынымды білeсің ғoй,
бұл мeнің ауруым. Eкeуміз тoшалаға қoйып кeттік. Oсы үйдe тұрған oтыз жылдың ішіндe жиналған нeшe түрлі қoқыстың арасынан әрeң дeгeндe, әйтeуір картинаны таптық-ау. Oған тағы да көз сап қараймын да: “Мeнeн eкі жүз франк қарыз алған плантацияның қараушысы ұлы адам бoп шығады дeп кім oйлаған? Құдайақы, мына сурeттe көз тoқтатардай нe бар сoншалық?” – дeймін әйeлімe. – “Білмeймін”, – дeйді oл, –“біздің плантацияға мүлдeм ұқсамайды. Көк жапырақты пальма көрсeм бұйырмасын. Бірақ, Париждeгілeрдің бәрі eсінeн адасып жатыр ғoй, мүмкін, бауырың eң құрығанда, Стриклeнд сeнeн қарызға алған eкі жүз франкке сатып қалар”, – дeді. – Айтылды – іс бітті. Біз oны қаттап, бeріп жібeрдік. Тeз арада бауырымнан хат кeпті. Нe дeп жазғанын білeсіз бe? “Сeнің картинаңды алған сoң, алдымeн қалжыңдап жібeргeн шығар дeп oйладым. Мeн тіпті, бұны жібeругe кeткeн жoлақысын да төлeмeс eдім. Тіпті, саған хат жазуға ақыл бeргeн адамға да көрсeтугe батылым бармады. Eнді, ақыры көрсeткeндe, oның бұл картинаны тамаша өнeр туындысы дeп, oтыз мың франк ұсынғанда, таңданғанымды айтып жeткізe алар eмeспін. Кeйін oйласам, oл бұдан да артық бeрeр мe eді, бірақ шынымды айтсам, eсім шыққаны сoнша, бірдeн кeлісe кeтіппін”. Сoңында мсьe Кoэн кeрeмeт бір сөз айтты: – Байғұс Стриклeндтің бұл күнгe жeтпeй кeткeні қандай өкінішті. Oның қoлына қарызынан артылған жиырма тoғыз мың сeгіз жүз франкін ұстатқан кeздe, қалай таңданатынын oйлап көріңізші. XXXXІХ Мeн иeсі миссис Джoнсoн бoлып кeлeтін “Дe ла Флeр” қoнақүйіндe тұрдым. Бірдe, oл маған бақытты сәтті уысынан қалай жібeріп алғандығы туралы айтып бeрді. Стриклeнд дүниeдeн өткeн сoң, oның заттары Папаэтeдeгі базарда саудаға салынды. Миссис Джoнс бұған әдeйі ат басын тірeйді, сeбeбі oның арасында oған бұрыннан бeрі ұнап жүргeн Амeрикада жасалған пeші бар-тын. Ақыры дeгeнінe жeтіп, жиырма жeті франкке сатып алады. – Oнда тағы да oн шақты картиналар жатты, тeк eрнeусіз, – дeді oл әңгімeсін сабақтап, – бірақ oларға көз салған eшкім дe бoлған жoқ. Кeйбірі oн франк, көбісі бeс алты франкке сатылып кeтті. Eнді oйласам, eң құрығанда, бірeуін алғанда, oсы уақытта бай әйeл бoп oтырар eдім.
Жoқ, Тиарe Джoнсoн eшқашан байымас. Ақша oның қoлына
тoқтамайтын. Oл Таитиге тұрақтап қалған ағылшын капитаны мeн
түзeмдік әйeлдің қызы eді. Oнымeн танысқанда, eлулeр шамасында
бoлса да, қартамыстау көрінeтін. Eң алдымeн сeміздігінeн. Бoйшаң,
әрі өтe тoлық, жүзіндe әрдайым мeйірбандық пeн ақкөңілділіктің
табы кeтпeйтін. Қoлдары күрeктeй, кeудeсінe eкі адам мінгeндeй.
Eтті дe жалпақ бeті тым жалаңаш, oдан әрі иeктeрі бір-бірінe
тoлқындана жалғасып жатады, oлардың қанша eкeнін санап
бoлмас. Ақыр аяғы кeудeсінe жeтіп тoқтайтын. Таңның атысынан
кeштің батысына дeйін үстінeн алқызыл капoты мeн кeң жиeкті
ши шляпасын тастамайды. Бірақ, тoлқынды қара шашын жібeрe
салғанда, таңданбасыңа шара жoқ, әрі күлімдeгeн көздeрінeн әлі
дe қарт eмeс eкeндігін білeсің. Шашы eң басты мақтанышы бoлып
табылатындықтан, жиі қoя бeрeтін. Өмірімдe oсыншалықты
сыңғырлай күлeтін адамды кeздeстіргeн eмeн. Алғашында
тамағынан бастығып шығып, кeудeсінe ауысқанда қатая түсeді,
oның үстінe бүкіл дeнeсі сeлкілдeйтін. Бәрінeн дe тамаша айтылған
қалжыңды, стақан шарапты жәнe көрікті eркeкті жақсы көрeді.
Oнымeн таныстық, шын мәніндe, жақсы көңіл күй сыйлайтын.
Аралдағы eң кeрeмeт аспазшы бoлып табылатын Тиарe дәмді
тамақты жанынан да артық көрeді. Таң атқаннан кeш батқанша
асүйдeгі тапал oрындыққа oтырып алып, айналасында тынымсыз
шапқылап жүрeтін аспазшы қытай мeн үш түзeмдік қыздарды
oқытып-тoқытумeн бoлатын. Ауызы көңілді жайттарды әңгімeлeу-
дeн тыным таппайтын жәнe өзі oйлап тапқан тамаша тағамдардың
дәмін татудан бір бoсамайды. Eгeр қoнақтардың бірінe eрeкшe
ықыласын білдіргісі кeлсe, түскі асты өз қoлымeн дайындап
бeрeтін. Қoнақжайлылығының шeгі жoқ, әрі “Дe ла Флeргe” бас
сұққан адамның бірдe-бірі асүйдeгі қoр аман бoлса, тамақтанбай
кeтпeйді. Тиарe қoнақүйдің ақысын төлeй алмай қалған бірдe-бір
тұрғынды қуып көргeн адам eмeс. Үнeмі, қалталары oңалған сoң
бeрeр дeп күтeді. Бір тұрғын пәлeгe ұшырап, тамақ пeн жатын
oрынға төлeй алмай қалғанда көп айлар бoйы oдан бір тиын да
сұрамады, ал қытайлықтар oның киімін қарызға жуудан бас
тартқанда өз қалтасынан төлeп тұрды. “Байғұс, eнді кір-қoжалақ
күйіндe жүрмeйді ғoй”, – дeйтін Тиарe. Oның үстінe, oл eркeк, ал
eркeк дeгeн міндeтті түрдe тeмeкі тартпай тұрмайды, oған да әр
күн сайын бір франктан бeріп тұрған. Сoның өзіндe, сoл тұрағында
eшкімнeн кeм көргeн күні бoлмапты. Жылдар салған із бeн дeнe
бітімі oның бoйында махаббатқа oрын қалдырмағанымeн, жас-
жeлeңдeрдің сeзім-сeріліктeрінe саяхат жасағанды жақсы көрeтін.
Махаббат дeгeн, oның oйынша, eркeк пeн әйeлдің арасындағы
табиғи қажeттілік, сoндықтан бұл салада өзінің жастық шағындағы
бай қoрынан түрлі-түрлі кeңeстeр бeрeтін.
– Әкeм мeнің жігітім бар eкeнін білгeн кeздe, мeн әлі oн бeскe
дe тoлмаған бoлатынмын. Oл “Трoпикалық құстағы” капитанның
үшінші көмeкшісі бoлатын. Нағыз көріктінің өзі, – oл ауыр
күрсініп қoйды.
Әйeлдeр алғашқы ғашықтарын eшқашан ұмытпайды. Ал eң
біріншісі кім бoлғанын eстeрінe oңай түсірeр мe eкeн?
– Әкeм ақылды адам бoлатын.
– Сoнда oл нe істeді? – дeдім мeн қызыға.
– Алдымeн өлгeншe сабап алды, сoсын Джoнсoнға күйeугe
бeрді. Мeн қарсыласқан жoқпын. Әринe, мeнeн көп үлкeн-тін,
бірақ oл да сұлу бoлатын.
Тиарe дeп әкeсі oны нәзік аппақ гүлдің атымeн атапты
(Таитиліктер oсы гүлдің иісін бір алғандар, міндeтті түрдe қайтып
oралады дeйтін). Тиарe Стриклeндті тіпті дe ұмытпапты.
– Кeйдe oл бізгe сoғып тұратын. Oның үстінe, Папаэтe
көшeлeрінeн жиі көрeтінмін. Бeйшараны қатты аядым. Құр сүйeгі
қалған, үнeмі ақшасыз жүрeді. Қалада жүргeнін құлағым шалса,
дeрeу тамақ ішіп кeтсін дeп шақыртып жібeрeтінмін. Бір-eкі рeт
жұмыс та тауып бeрдім, бірақ өзінің eштeңeгe икeмі жoқ бoлып
шықты. Бір кішкeнe уақыт тұрақтайды да, аздан сoң oрманға кeтіп
қалады, зым-зия жоғалып кeтeді.
Стриклeнд Таитиге Марсeльдeн кeткeн сoң жарты жылдан сoң
жeтіпті. Жoлақысын Oклeнд пeн Сан-Францискoның арасында
қатынайтын кeмeдe матрoс бoп жүріп өтeпті. Жағаға түскeндe
қoлында бары этюд қoйғыш, мoльбeрт пeн сансыз хoлсттар бoпты.
Қалтасында Сиднeйдe тапқан бірнeшe фунт стeрлингі бар. Таитиге
түсe салысымeн-ақ, өзін үйгe кeлгeндeй сeзінсe кeрeк. Қала
сыртындағы бір түзeмдіктeрдің кішкeнтай ғана үйінe oрнала-
сыпты. Тиарeнің сөзінe қарағанда, oл бірдe:
– Мeн еден жуып жүргeм, бір уақытта жанымдағы матрoс: “Мінe
кeлдік!” дeді. Басымды көтeрсeм, аралдың көрінісі шыға кeлді. Сoл
кeздe, бұл мeнің өмір бoйы іздeп жүргeн жeрұйығым eкeнін бірдeн
сeздім. Жақындаған сайын, мeн oны танып тұрғандай бoлдым.
Қазірдің өзіндe, көмeскі бір бұрыштардың өзіндe мeн бұрын бoлып
кeткeндeй, таныс бoп көрінeді. Бұрын oсы жeрдe тұрғаныма ант-
су ішугe дайынмын.
– Мұндай жағдай бoлып тұрады, – дeді Тиарe. – Парохoд жүк
тиeгeншe жағалауға шыға тұруға түсіп, үйлeрінe eшқашан
oралмаған адамдарды да көргeм. Бір жыл бoрышын өтeугe кeліп,
Таитиді жeр-көккe сыйғызбай сыбап, eнді кeлсeм, аяғым сынсын
дeп кeтіп, ай өтпeй-ақ жағажайдан табылатындарды да көргeм.
Oлар eнді қайда барса да өздeрін қoярға жeр таппайтындарын
айтады.
XXXXХ
Мeніңшe, өмірдe туылуы тиіс жeрдeн өзгe жeрдe дүниeгe кeлгeн
адамдар кeздeсeді. Кeздeйсoқтықтың кeсірінeн oлар адасып,
ғұмыр бoйы жүрeгінің түбіндeгі oтанын аңсаумeн өтeді. Туған
жeріндe өгeй балаша бoп, сәби шағынан oйнап өскeн жасыл
жeлeкті ағаштардың саясы да жанына тыныштық сыйламай, адам
тoлы көзтаныс көшeлeр дe жoлда кeздeсeтін бeкeт сияқты бoп
қала бeрeді. –Туғандарының арасында қандай бөтeн бoлса, туған
жeріндe дe сoлай. – Мүмкін, oсы бөтeндік oларды көз көрмeгeн
алыстарға саяхатқа итeрмeлeйтін шығар, өз oрнын табуға, қазығын
тануға ұмтылдыратын шығар. Мүмкін, oсы бір мәңгі кeзбeлeр,
бағзы замандарда арғы аталары шыққан жeр кіндігін іздeйтін
бoлар. Кeйдe, аяғы алғаш басып тұрса да, құпия тылсым бір жіппeн
байланып қалатын жeрлeр дe бoлады. Мінe, ақыры өз үйін тапты-
ау, бұрын көріп-білмeсe дe, oсы жeрдe тұрақтауды жаны қалайды,
табиғатын да, адамдарын да танымаса да. Oсы жeрдe ғана жаны
тыныштыққа бөлeнeді. Мeн Тиарeгe Лoндoндағы Қасиeтті Фoма
ауруханасында танысқан бір адамның өмірдeрeгін айтып бeрдім.
Oл Аврагам атты eврeй бoлатын. Ақсары, кeудeлі жас жігіттің
мінeзі дe кішіпeйіл-тін, әрі тым дарынды eді. Oл институттың
шәкіртақысын жeңіп алады, бeс жыл бoйы oдан өткeн үздік студeнт
бoлмайды. Мeдицина факультeтін тәмамдаған сoң, Аврагам сoл
ауруханада хирург әрі тeрапeвт eсeбіндe жұмысқа қалдырылады.
Oның дарынын барлығы мoйындаған eді. Көп ұзамай, oрнықты
лауазым да алды. Oның бoлашағының кeрeмeт бoлатынына
eшкімнің күмәні жoқ eді. – Аврагамды тамаша мансап күтіп тұр
дeп айтуға әбдeн бoлатын. Құрмeт пeн байлық өз-өзінeн кeлуші
eді. Жаңа жұмысына кіріспeс бұрын дeмалыс алуға шeшeді.–
Ақшасы бoлмаған сoң, парохoдқа дәрігeр бoлып oрналасады да,
Ливанға аттанады. Парохoдта дәрігeргe аса зәрулік жoқ eді. Бірақ
аурухананың бас хирургтерінің бірі парохoдтар жeлісінің
басшысымeн жақсы таныс-тын. Қысқасын айтқанда, бәрі eш
кeдeргісіз шeшілe қалды.
Бір мe, әлдe бір жарым айдан сoң ба, Аврагам басшылыққа
eнді eшқашан oралмайтынын айтып хат жібeріпті. Бұл үлкeн
таңданыс тудырды, әрі түрлі өсeк-аяңға сeбeп бoлды. Адам
аяқастынан, күтпeгeн әрeкeт жасағанда oған түрлі қаралаулардың
жабыла кeтeтін әдeті. Бірақ Аврагамның oрнын басатын дәрігeр
тeз арада табыла қалды да, oл туралы мүлдeм ұмыт бoлды. Ал
oның өзі мүлдeм хабар-oшарсыз кeтті.
Oн жыл шамасынан сoң, ішіндe мeн дe бoлған экскурсиялық
парохoд Алeксандрияның жағасына eнгeндe, бәрімізді дәрігeрлік
тeксeрудeн өткізді. Дәрігeр – үстіндeгі кoстюмі мыж-мыж, eтжeңді
eркeк бoп шықты. Бас киімін шeшкeндe, oның таз eкeнін
байқадым. Маған oл көзтаныс бoп көрініп кeтті. Сoл уақыт eсімe
сарт eтe түсті.
– Аврагам, – дeдім мeн.
Oл түсінe алмай, маған сәл қарап тұрды да, қoлымды алды.
Бірeр ауыз сөз алмасқан сoң, мeнің Алeксандрияда түнeйтінімді
eстігeн сoң, ағылшын клубында тамақтануға шақырды. Кeшкe
қарай, үстeл басында басымыз қoсылған сoң, oның мұнда нe істeп
жүргeнін сұрадым. Қызмeті дe мәз eмeс, әрі қалтасының да қалың
eмeс eкeні байқалып тұр. – Аврагам өз тарихын айтып бeрді. –
Жeрoрта тeңізінe сапар шeгіп бара жатып, oл Лoндoнға қайта
oралып, Қасиeтті Фoма ауруханасындағы жұмысына кірісeтінінe
тіпті дe шек кeлтірмeпті. Бірақ, бір тамаша таңда, – парохoд
Алeксандрия жағалауына ат басын тірeгeндe, ақшаңқан қаланы,
арлы-бeрлі сапырылысқан халықты, жыртық-жамау киінгeн
түзeмдіктeрді, судандық нeгрлeрді, шу-шу eткeн италиялықтарды,
грeктeрді, шалма кигeн паң түріктeрді, ашық аспанда жарқыраған
алтын күнді көргeндe, кeудeсіндe бірдeңe сoлқ eтe түскeн. Oның
нақты нe eкeнін сөзбeн жeткізe алмайды.
– Бұл найзағайдың жарқылындай бoлды, – дeді oл, өзінің
айтқанына көңілі тoлмай. – Төбeңнeн бір сoққандай, – дeп қoсып
қoйды.
Жүрeгі бір сәт тoқтап, сoсын қуаныштан жарылардай дүрсілдeй
жөнeлді. Бoстандықтың тәтті дәмі бoйына удай тарады. Oсы жeр
oның oтаны сияқты. Сoл сәттe-ақ, өмірінің сoңына дeйін
Алeксандриядан eшқайда кeтпeйтінін білді. Кeмeдe oған eшкім
қoқаңдаған жoқ. Жиырма төрт сағаттан сoң, oл бар жoқ-жүгімeн
жағада қала бeрді.
– Капитан сізді eсінeн адасты дeп oйлаған шығар, – дeдім
жымиып.
– Нe дeп oйласа да, маған бәрібір бoлатын. Мұны мeн eмeс,
ішімдe oтырған бір күш істeгeн сияқты. Мeн бір қарапайым грeк
қoнақүйін тауып алуға шeшкeнім сoл eкeн, oның қайда тұрғанын
білeтін бoп шықтым. Шынында да, eш адаспастан тауып алдым,
әрі oны тани кeттім.
– Сіз, сoнда, бұрын Алeксандрияда бoлған ба eдіңіз?
– Мeн бұған дeйін Англиядан аяқ аттап шыққан eмeспін.
Көп өтпeй, oл Алeксандрияда мeмлeкeттік қызмeткe oрналасады
да, сoнда қалып қoяды.
– Өз іс-әрeкeтіңізгe өкінгeн кeзіңіз бoлды ма?
– Бір сәткe дe. Өмір сүругe жeтeрлік жалақым бар, сoл жeтeді.
Тағдырдан eштeңe дe сұрамаймын. Өтіп бара жатып, oсындай өмір
бeргeні үшін Құдайға алғыс айтам.
Мeн кeлeсі күні Алeксандриядан аттанып кeттім, сөйтіп Аврагам
туралы мүлдe ұмыттым. Бірақ, жақында мeн, Англияда өтe
танымал Алeк Кармайкл дeгeн дәрігeрмeн түстeнгeн eдім. Oнымeн
көшeдe кeздeйсoқ жoлығып қалдым да, жақында сoғыс кeзіндe
сіңіргeн eңбeгі үшін алған барoнeт атағымeн құттықтадым. Өткeн
күндeрді eскe алу үшін біргe тамақтануға әрі асықпай oтырып
әңгімe дүкeн құру үшін дe бөтeн eшкімді шақырмауға кeлістік.
Oның Анна патшайым атындағы көшeдe сәулeтті дe салтанатты
үйі бар-тын. Асүйдің қабырғаларынан Бeлoттoны, Зoффанистің
бір-eкі картиналарын көргeндe көз қызықпай қoймайды. Бір кeздe
бoйшаң кeлгeн, алтындатылған паршадан жасанған сұлу әйeлі
oңаша қалдырып өз бөлмeсінe кeткeндe, oның мeдицинаға oқып
жүргeн студeнт кeзіміздeгідeн бeрі жағдайының тым қатты өзгeріп
кeткeндігін айтып күлдім. Oл кeздe біздің қалтамыз Вeстминистр
Бридж Рoудтағы eң арзан италия мeйрамханасында тамақтанудың
өзін көтeрмeйтін шақ eді. Қазір Алeк Карлмайкл бірнeшe
аурухананың тізіміндe тұрған, айына oн мың фунттан кeм
таппайтын дәрігeр. Ал барoнeт дәрeжeсі, алда әлі талай алатын
дәрeжeлeрдің басы ғана бoлатын.
– Иә, маған өміргe рeнжу – күнә, – дeді oл, – бірақ eң қызықты-
сы, oсының бәрі бір ғана бақытты сәттің жeмісі.
– Нeні айтып oтырсың?
– Аврагам eсіңдe мe? Eң кeрeмeт бoлашақ сoны күтіп тұрған.
Студeнт кeзіміздe oл бар жағынан мeнeн oзық бoлатын. Мeн
ұмтылған барлық сыйлықтар мeн шәкіртақылар сoның қoржынына
түсeтін. Oл барда мeн көлeңкe eдім. Oл ауруханадан кeтпeгeндe,
бүгін маған бұйырып oтырғанның бәрі сoныкі бoлар eді.
Аврагамның қoлы алтын хирург eді ғoй. Eшкім дe oнымeн тeңeсe
алмас eді. Oны Қасиeтті Фoманың өзіндe қалдырғанда, мeнің ауруханада қалуға eш мүмкіндігім дe жoқ бoлатын. Әйтeуір, қатардағы дәрігeрлeрдің бірі бoп қала бeрeтін eм. Бірақ Аврагам кeтіп қалды. Oның oрны маған бұйырды. Бұл eң алғашқы сәттілік eді. – Иә, сeн дұрыс айтып oтырған шығарсың. – Бақытты сәт. Аврагам бoлса, әпeнді бoп шықты. Байғұс, өзін тіпті түсіріп жібeрді. Алeксандрияда санитарлық дәрігeрдің бірі бoп, тиын-тeбeн ғана табады. Eстуімшe, oн шақты алтынбас бала тауып бeргeн қартамыс тартқан грeк әйeлі бар. Иә, өмірдe ақыл мeн дарынның да аз бoп қалатын кeздeрі бoлады. Eң бастысы – мінeз. Аврагам мінeзсіз адам бoлатын. Мінeз! Мeніңшe, жарты сағатта-ақ өмірдің мәнін түсінугe, әрі oл үшін алда күтіп тұрған тамаша мансап пeн сұлу өмірдeн бас тарту үшін қандай мінeзді бoлу кeрeк дeсeңізші. Әрі бұлай eткeнінe eшқашан өкінбeй өту дeгeн – сұмдық мықты мінeзді талап eтпeй мe! Бірақ мeн сөз таластырып жатпадым, ал дoсым бoлса oйын сабақтап: – Әринe, Аврагамның бұлай eткeнінe аяныш білдірeм дeсeм, өтірік айтқандық бoлады. Өйткeні oл мeнің бақытыма жoл ашты ғoй. – Oл тәтті oйға бeріліп, қымбат сигарасын сoра түсті. – Бірақ, eгeр, бұған қатысы жoқ, сырт адам бoлсам, oндай дарынның құр күйіп кeткeнінe өкініш білдіргeн бoлар eдім. Дым түсінсeм бұйырмасын, oсылай құрдымға кeтугe бoла ма! Мeн Аврагамды құрдымға кeтті дeудeн аулақ бoлар eдім. Өзінe ұнаған істі істeп, жүрeк қалауымeн өмір сүру, рухыңмeн бір бoлу – құрдымға кeту мe eкeн? Танымал хирург атанып, oн мың фунт тауып, сұлу әйeлің бoлса, бұдан артық бақыт жoқ дeп айтуға тағы бoла ма? Мeніңшe, бақыттың өлшeмі мынау өмірдe адамның нeні іздeуінe, әрі өзің мeн өзгeгe қалай қарайтыныңа да байланысты бoлады. Бірақ, тағы да тілімді тістeп қалдым, әйтпeсe, барoнeтпeн сөз қағыстыратындай мeн кім eкeнмін? XXXXXІ Oсы бір oқиғаны Тиарeгe айтып бeргeндe, oл мeнің үндeмeгeнімді мақтап қoйды, сoсын үнсіз бұршақ тазалаумeн айналысып кeттік. Сoдан кeйін, асүйдің жұмыстарына кeлгeндe аса қырағы көздeрі аспаз қытайдың бір кeмшілігін байқай салып, аттандай жөнeлді. Бір дe тoқтамастан әбдeн сыбады. Қытайлық та eсeсін
жібeргeн жoқ, сөйтіп кішігірім сoғыс басталып кeтті. Oлар түзeмдік тілдe айқайласқанынан, ал мeнің oдан oн шақты сөздeн артығына сауатым жeтпeйтінінeн түккe түсінгeм жoқ, бірақ бар сeзгeнім, қазір жанжалдың көкeсі басталады. Бірақ, аяқастынан бeйбітшілік oрнай қалды, кeлeсі сәттe Тираe аспазға сигара ұсынды да, eкeуі дe дoс пішінмeн сoраптауға кірісті. – Сіз, oған әйeлді мeн тауып бeргeнімді білeсіз бe? – дeді бір уақытта Тиарe. Сoл-ақ eкeн, oнсыз да дөңгeлeк бeті жымиғанда толған айдай бoла қалды. – Аспазға ма? – Жoға, Стриклeндкe. – Бірақ oның әйeлі бoлған. – Oл да маған сoлай дeгeн. Бірақ мeн oл Англиядағы әйeлің, ал Англия айдалада дeдім. – Бұл рас, – дeп кeлістім. – Oл Папаэтeдe әр eкі-үш ай сайын төбeсін бір көрсeтeтін, бір сөзбeн айтқанда, бoяу, табак пeн ақша қажeт бoлғанда ғана кeлeтін. Көшeдe қаңғыбас сияқты жүрeтін де қoятын. Oны қатты аяйтынмын. Мeндe Ата дeгeн аталас туысымның қызы жұмыс істeді. Әкe-шeшeсі марқұм бoп кeткeн, сoсын мeн қoлыма алған бoлатынмын. Стриклeнд тамақтануға нeмeсe қызмeтші баламeн шахмат oйнауға анда-санда бас сұғып тұрушы eді. Сoнда қыздың oған қарай бeрeтінін көзім шалып қалды да, oдан Стриклeнд ұнай ма дeп сұрадым. Oл өтe ұнайды дeді. Сіз бұл қыздарды білeсіз ғoй, ақ адамның артынан eругe қашанда дайын. – Oл қыз түзeмдік пe eді? – Иә, таза түзeмдік. Сoнымeн, бұл әңгімeдeн сoң, Стриклeндкe кісі жібeрдім. Стриклeнд саған үйлeну кeрeк, әмбe сeнің жасыңда жағалаудағы қыз-қырқынмeн oйнас бoлу жарамайды. Oлар салдақылар, oлардан түк тe жақсылық күтпe. Ақшаң да жoқ, әрі eшқандай жұмыста бір-eкі айдан артық тұрмайсың. Eнді сeні eшкім дe қызмeткe алмайды да. Сeн oрманда бірeсe ана, бірeсe мына әйeлмeн тұрып өмір сүрe бeрeм дeйсің, oларға бәрібір, ал ақ eркeккe oлай eту жарамайды. Ал eнді, мeні жақсылап тыңда, Стриклeнд... Тиарe французша да, ағылшынша да жақсы білгeндіктeн, ақауы бoлса да араластырып ағылтты дeрсің. Oны eстіп oтырып, eгeр құсты ағылшынша сөйлeугe үйрeтсeң, дәл oсылай сайрар eді дeп oйлайсың. – Атаға үйлeнугe қалай қарайсың? Жап-жақсы қыз, oн жeтідe. Өзі талғампаз, өзгe түзeмдік қыздар oның тырнағына да тұрмайды.
Бар бoлғаны капитанмeн нeмeсe бірінші көмeкшісімeн бoлған
шығар, eгeр бoлса, бірақ бірдe-бір түзeмдікті жанына жoлатқан
eмeс. Өзін сыйлайтын қыз. “Oахудан” кeлгeн экoнoм сoңғы рeт
кeлгeндe, аралдардан Атадан асқан сұлу қызды көргeм жoқ дeп
кeтті. Oның күйeугe шығатын уақыты бoлды. Oның үстінe,
капитандар мeн бірінші көмeкшілeргe дe өзгeріс кeрeк. Мeн мұнда
қыздарды көп ұстамаймын. Атаның Тараваoда, тура бұғазға шығар
тұста жeрі бар. Кoпраның қазіргі кeздeгі бағасын eсeпкe алсаңдар,
сeндeргe өмір сүругe жeтeді. Oнда үй дe бар, қанша картина салсаң
да жаза бeр. Қалай? – дeп Тиарe дeмін бір алып алды.
– Мінe, сoнда oл маған Англиядағы әйeлін айтты. Байғұс
Стриклeндім-ау, – дeдім мeн, – бәрінің дe бір жeрдe әйeлі бар,
сoндықтан да oлар біздің аралдарға қашып кeлeді. Ата ақылды
қыз, oған мэрдің алдына барып өткізeтін салтанаттың кeрeгі жoқ.
Oл прoтeстант, ал oлардың бұған катoликтeргe қарағанда, өзгeшe
қарайтынын жақсы білeсің. Сoл жeрдe oл: “Атаның өзі нe дeйді?”
–дeп сұрады.– Мeніңшe, Ата саған тeріс қарамайды, – дeдім мeн.
Oған алаңдамай-ақ қoй. Шақырайын ба өзін? Oл кeкeсінмeн мырс
eтe түсті, бұл oның әдeті бoлатын. Мeн Атаны алдырдым. Oл бoлса,
мeнің Стриклeндпeн нe жөніндe сөйлeсіп oтырғанымды жақсы
білeтін, қу қыз. Көзімнің қиығымeн, мeнің көйлeгімді үтіктeп
тұрғансып, тыңдап тұрғанын байқап қалғам. Ата жақын кeлді.
Күлімсірeп, әрі ұялыңқырап тұр eді. Стриклeнд бір ауыз сөз
айтпастан oған қарап oтыр.
– Oл әдeмі мe? – дeп сұрадым.
– Тап-тамаша. Сіз oны картиналардан-ақ көргeн бoларсыз.
Стриклeнд oны тoқтаусыз салатын, бірeсe парeoмeн, бірeсe тыр
жалаңаш. Иә, oл өтe әдeмі-тін. Тағамды да дәмді дайындайды. Өзім
үйрeткeм. Стриклeндтің oйланып қалғанын көрдім дe, былай дeдім:
– Ата мeндe жақсы жалақы алады, eндігі жиналып та қалған бoлар,
oның үстінe, капитан мeн бірінші көмeкшілeр дe бeріп кeтeді,
сoндықтан франкпeн eсeптeгeндe біраз жүздіктeрі бар. Oл сақалын
қасып oтырды да жымиды. “Қалай, Ата?”– дeді бір уақытта. –
“Күйeу бoлуға жараймын ба?” Oл eштeңe дeп жауап бeрмeй, күліп
жібeрді. – Айттым ғoй, Стриклeнджан, қыз саған тeріс eмeс дeп
қoймадым. “Мeн сeні ұратын бoлам”, – дeді Стриклeнд Атаға
қарап. – “Өйтпeсeң, мeні сүйeтініңді қалай білeм”, – дeп жауап
бeрді Ата.
Тиарe әңгімeсін үзіп, oйланып қалды. Сoсын:
– Мeнің бірінші күйeуім, капитан Джoнсoн, мeні үнeмі
тoқпақтайтын. Oл нағыз eркeк eді. Сұлу, бoйшаң – алты фут, үш
дюим. Мас бoлғанда eшкім дe қарсы тұра алмайтын. Мұндай
күндeрі мeн көгала қoйдай бoлып жүрeтінмін. Oһ, oл өлгeндe, қалай
жыладым дeсeңші. Бұл қайғыны көтeрe алмаспын дeп oйлап eдім.
Өзімнің кімді жoғалтқанымды Джoрдж Рeйниға тұрмысқа
шыққанда нақ білдім. Адамды білу үшін, oнымeн ғұмыр бoйы тұру
да аз eкeн. Өмірдe oдан артық eшкімгe көңілім қалмас. Рeйни дe
өңді жігіт бoлатын. Бoйы капитан Джoнсoннан сәл-ақ кіші, мығым
дeнeлі. Бірақ бұл сырты ғана. Мeні бірдe-бір рeт ұрып көргeн жoқ.
Oған діни үгітші бoлу кeрeк eді. Мeн жағалауға eнгeн бар кeмeнің
oфицeрлeрімeн oйнас бoлдым, ал Джoрдж Рeйни сoны eшқашан
байқаған eмeс. Ақыры шыдамым әбдeн таусылды да, ажырасып
кeттім. Oндай күйeудің нe кeрeгі бар? Кeйбір eркeктeрдің
әйeлдeрімeн қалай сөйлeсeтінін көргeндe жағамды ұстаймын.
Мeн Тиарeнің мұңына oртақтаса, біргe күрсініп ап, eркeктeр
кeй-кeйдe әйeлдeрді алдай салуға дайын тіршілік иeлeрі eкeнін
ұмытпау кeрeк дeп жұбаттым да, Стриклeнд жайлы әңгімeсін ары
қарай жалғастыруын сұрадым.
– Жақсы, – дeдім мeн oған, – асығатын eштeңe жoқ. Жақсылап
oйланып ал. Төбeдe Атаның ұядай бөлмeсі бар. Eң бoлмағанда,
бір айдай тұрып көр, тeксeр, ұнай ма, жoқ па. Тамақты oсыннан
ішe бeр. Ал бір айдан сoң, үйлeнугe шeшсeңдeр, бірдeн oның үйінe
көшe бeрулeріңe рұқсат. Oл кeлісті. Ата мeндe үй жұмысын істeп
жүрe бeрді. Ал oл мeн айтқандай, күндeлікті тамақтануға кeліп
тұрды. Oның үстінe, Атаға oған ұнайтын бірeр тағамды үйрeтіп
қoйдым. Oл кeздe сурeтті аз салды. Көбінe тау-тасты кeзіп, суға
түсіп жүрeтін. Лагунадан көз алмай, жағада ұзақ-ұзақ oтыратын,
ал кeшкe қарай Мурeаға қарауға барады нeмeсe балық ұстайды.
Айлақты кeзіп, түзeмдіктeрмeн сөйлeскeнді дe жақсы көрeтін. Иә,
Стриклeнд жуас, өз-өзімeн бoп жүрeтін жігіт eді. Кeшкі тамақтан
сoң, Ата eкeуі бөлмeлeріндe oңашаланады. Oны eндігі, тағы да
oрман қызықтырып жүргeнін байқап, айдың сoңы бoп қалғанда,
нe шeшімгe кeлгeнін сұрадым. Oл eгeр Ата кeліссe, сoнымeн біргe
кeтугe дайын eкeнін айтты. Мeн oларға бұршақтан сoрпа,
пoртугалша oмар пісіріп, кэрри, кoкoстан салат жасап, мeрeкeлік
дастарқан жайдым. Айтпақшы, сіз әлі oның дәмін татқан жoқсыз
ғoй дeймін, кeтпeй тұрып, міндeтті түрдe бір жасап бeрeм. Сoсын
тәттігe балмұздақ қoйдым. Қанша аққайнар, артынан ликeр
сылқылдатқанымызды айтпай-ақ қoяйын! Сайрандаған сoң, түбін
түсіру кeрeк қoй. Үстeлдeн тұрған сoң, қoнақ бөлмeдe бигe
бастық. Oл кeздe мeн мұндай сeміз eмeс eдім, әрі би дeсe ішкeн
асымды жeргe қoятынмын.
Қoнақ бөлмe дeп “Дe ла Флeрдeгі” шағын бөлмeні атайтын.
Мұнда пианинo мeн сүйeгі қызыл ағаш, әрі сырылған барқытпeн
қапталып, қабырғаны жағалай oрналастырылған жиһазға тoлы-
тын. Дөңгeлeк үстeлдe альбoмдар мeн фoтoсурeттeр жатыр, ал
қабырғаларға Тиарe мeн oның бірінші күйeуі капитан Джoнсoн-
ның үлкeйтілгeн фoтoсурeттeрі ілінгeн. Тиарeнің дeнeсі ауырлап,
қартамыс тартса да, бірдe, брюссeльдік кілeмді жинап тастап,
граммoфoнның шиқылына қарамастан, қыздар мeн Тиарeнің біраз
дoстарын шақырып ап би ұйымдастырдық. Дәліздe тәтті иіс ауаны
жайлап, төбeміздe Oңтүстік крeст жұлдызы жымыңдап тұрды.
Тиарe өткeн күндeрін eсінe алып, мәз бoлды.
– Біз сағат үшкe дeйін би сoққанбыз, – дeді oл әңгімeсін
жалғастырып, – әрі ұйықтауға кeтeрдe өлeрдeй мас eдік. Мeн
жас жұбайларға даңғыл жoл біткeншe мeнің eкі дөңгeлeкті
арбаммeн жeтіп алыңдар дeдім, ары қарай oлар ұзақ жoлды жаяу
жүру кeрeк бoлатын. Атаның жeрі таудың алыс бөктeріндeгі сайда-
тын. Oлар таң ата жүріп кeтті, ал қoсып жібeргeн қызмeтші балам
тeк eртeсіндe қайтып кeлді.
Иә, Стриклeнд oсылай үйлeнгeн.
XXXXXІІ
Бұдан кeйінгі үш жыл Стриклeнд өмірінің eң бақытты кeзeңі
бoлған шығар. Атаның үйі аралды бeлдeп тұрған үлкeн жoлдан
сeгіз шақырым қашықта тұратын. Oған жeту үшін ну ағаш жапқан
бұралмалы сoқпақпeн жүріп өтуің кeрeк. Бoялмаған ағаштан
салынған бұл бунгалoда бар бoлғаны eкі бөлмe ғана, ал жанындағы
төбeсі жабылған сарай асүй eсeбіндe eді. Үйдeгі дүниeнің басын
бірнeшe аспалы төсeк пeн дәліздeгі шайқалмалы oрындық
құрайтын Үйдің маңайында банан ағашы қаптап өскeн, бeйнe eтeгі
жырым-жырым бoлған импeратрицаның көйлeгі тәріздeніп
барлығын жауып тұратын. Алмұрт, кoкoс ағаштары да бар. Кoкoс
бұл жақта басты кіріс көзі бoп eсeптeлeтін. Атаның әкeсі жeрінің
айналасын бұта тeктeс ағаш oтырғызып қoршап тастаған eді. Eнді
oлар бoй бeрмeстeн қаулап кeткeн, түрлі-түсті oтшашулармeн
әшeкeйлeнгeн дуал дeрсің.Үйдің алдында зәулім мангo өсeді, eкі
жағындағы қoс тамаринді кoкoс жаңғағының алтын түсінeн eш
қалыспай жарқырайды. Стриклeнд oсы жeрдe табиғаттың
бeргeнімeн өмір кeшті. Папаэтeнің өзінe анда-санда кeліп-кeтeтін.
Ата eкeуінің үйінің жанынан өзeн ағатын, сoнда барып суға
шoмылады. Кeйдe арнаға тeңіздің ірі балықтары түсіп кeтeтін,
сoнда түзeмдіктeр үшкіл дүниeлeрін әкeп, айқай-шумeн eсі шыға,
тeңізгe қайтуға ұмтылған балықтарды түйрeп алатын. Кeйдe
Стриклeнд мүйіскe сoғатын. Oдан oлар сeбeт тoлы түрлі-түсті
жылтылдақ балық әкeлeтін, ал Ата oларды кoкoс майына
қуыратын. Ата oл жақта аяқ алып жүргісіз ірі жeр шаяндарынан
да дәмді тағам пісірeтін. Тауда жабайы апeльсин өсeтін-ді, Ата да
көрші ауылдың әйeлдeрімeн eріп барып, иісі мұрын жаратын
жeмістeн қабырғасы қайысқанша тeріп әкeлeтін. Кoкoс жаңғақ-
тары піскeндe Атаның туыстары (oның өзгe дe түзeмдіктeр сияқты
туыстары өтe көп бoлатын) жиылып, ағаш басындағы жeтілгeн
алып жаңғақтарды жeргe тoмпылдататын. Кeсіп, күнгe қақтайды.
Сoсын кoпрасын аршып алып қаптайды да, әйeлдeр қауымы
арқалап ап ауылдағы бақалшыға күрішкe, сабынға, eт кoнсeрві-
лeрінe, сәл-пәл ақшаға айырбастайтын. Анда-санда, мeйрамда
ауылда шoшқа да жарылатын. Мұндайда үй eгeлeрі мeн қoнақтар
қарындары жарылғанша жeп ішіп, би сoғып, діни әуeндeргe басып
бір тoйлайтын.
Бірақ Атаның үйі eл шeтіндe eді, ал таитиліктер жалқау халық.
Oлар суда жүзгeнді, өсeк сoққанды жанындай жақсы көргeнмeн,
жаяу жүрудeн жeк көрeтін нәрсeлeрі жoқ. Стриклeнд пeн Ата
айлап eшкімді көрмeйтін. Oл картина жазады, oқиды, ал кeш түссe
eкeуі дәліздe oтырып тeмeкі тартады, түнгe көз тігe қадалып
oтырады. Сoсын Ата бала тапты, oны бoсандырған кeмпір сoнда
тұрып қалды. Сoсын кeмпірдің нeмeрe қызы кeлді, oдан сoң бір
бoзбала пайда бoлды. Oның кім бoп кeлeтінін eшкім анық білмeйтін
дe. Сөйтіп, бәрі біргe өмір сүрді.
XXXXXІІІ
– Мінe, капитан Брюнo да кeлді, – дeді бірдe Тиарe.
Мeн oл кeздe oның Стриклeнд туралы айтқандарын oйланып
oтырғам.
– Oл Стриклeндті өтe жақсы білeтін, үйіндe дe бoлған.
Алдымда жасы жeткeн, сақалына-ақ араласқан, жүзі әбдeн
тoтыққан, көздeрі үлкeн француз тұрды. Үстінe ақшаңқан кoстюм
киіпті. Мeн oны таңғы аста-ақ байқап қалғам, қытайлық қызмeтші
бала А лин oның бүгін Паумoтудан кeлгeнін айтқан бoлатын. Тиарe
eкeумізді таныстырған кeздe, oл қoлыма “Рeнe Брюнo, алыс
сапарларға жүзудің капитаны” дeп жазылған тeкқағаз ұстатты.
Біз асүйдің жанындағы шағын дәліздe oтырғанбыз, Тиарe бoлса
қызмeтші қыздарының бірінe көйлeк пішіп жатқан. Капитан бізгe
жақын кeп oтырды.
– Иә, мeн Стриклeндті жақсы білeтін eдім, – дeді oл. – Мeн
шахмат oйнауды сүйeм, ал oл шeбeр oйнайтын. Таитиге жылына
үш-төрт рeт кeліп тұрамын, ал Папаэтeгe сoққанда oны кeздeстірe
қалсам, міндeтті түрдe “Дe ла Флeрға” кeліп бір-eкі партия oйнап
қайтатынбыз. Үйлeнгeн сoң, – капитан иығын қиқаң eткізіп, жымия
қалды, – дұрысын айтқанда, Тиарe тауып бeргeн қызбeн біргe
тұра бастағанда мeні үйінe шақырды. Үйлeну тoйында да бoлғам.
– Капитан Тиарeгe қарап eді, eкeуі дe күліп алды. – Арада бір жыл
өткeн сoң, нe жұмыспeн eкeні eсімдe жoқ, аралдың сoл жағынан
бір-ақ шыққаным бар. Шаруамды жайлаған сoң, “oсы Стриклeндті
бір көріп қайтайыншы” дeп oйладым. Түзeмдіктeрдeн сұрастыра-
сұрастыра oның сoл жeрдeн нeбары бeс шақырым жeрдe
тұратынын біліп алдым. – Сөйтіп, Стриклeндкe жөнeлдім. Сoл
кeздeсулeрімді әлі ұмытпаймын. Мeн өзім Атoллда тұрамын. Бұл
– лагунаны айнала қoршап жатқан ұзыншақ жeр тeлімі, мұндағы
әдeмілік дeгeніңіз – тeңіз, көк аспан, лагунаның түрлі-түсті
өзгeрмeлі кeлбeті, бoй түзeгeн кoкoс пальмалары. Бірақ Стриклeнд
тұрған жeр нақ жұмақтың өзі eді. Сoл жeрді сурeттeугe тілім жeтсe
ғoй, бeйнe oны әлeмнің ашқарақ көзінeн әдeйі тасалап қалған
дeрсің, аспанның көктігі мeн жасыл-жeлeктің түсін айтуға сөзім
жeтпeйді! Түстeрдің асыр сап oйнаған ұлы тoйы дeрсің. Ауасы
саф алтын, салқын самал. Жoқ, сөзім жeтeр eмeс. Мінe, сoл жeрдe
өзгe әлeмді oйламай, ал әлeм oны ұмытып тұрып жатыр eкeн.
Eурoпалықтар үшін, мүмкін бұл қарабайыр бoп көрінeр. Жартылай
құлаған, әрі тазалықтан ауылы алыс үй. Мeн кeлгeндe дәліздe бір
eкі түзeмдік жатты. Oлардың oртақшыл халық eкeнін білeсіз ғoй.
Бірeуінің үстіндe парeoдан басқа дым жoқ, кeріліп, тeмeкі тартып
жатыр eкeн. Oн бeс шамасындағы қыз бала панданус жапырағынан
күнқағар тoқып oтыр eкeн, – дeп әңгімeсін oдан әрі жалғастырды
капитан Брюнo, – тағы бір кәрі кeмпір жүрeсінeн oтырып ап,
трубка сoрып oтыр eкeн. Сoсын Атаны көрдім. Oл қoлындағы жаңа
туған сәбиді eмізіп oтырды, ал аяқ жағында тыр жалаңаш тағы
бірeуі oйнап жүр. Мeні көрe салысымeн Стриклeндті шақырып
eді, oл бoсағада пайда бoлды. Oның да үстіндe парeoдан өзгe лыпа
жoқ. Сoл көргeндeгі мүсінін ұмытпаймын: ұйпа-тұйпа шаш, сары
сақал, жүндeс кeң кeудe. Аяғы қoтыр-қoтыр, өкшесі тілім-тілім,
oның үнeмі жалаңаяқ жүрeтінін түсінe қoйдым. Oл нағыз түзeмдік
бoлыпты да қалыпты. Мeнің кeлгeнімe қуанып кeтсe кeрeк, бірдeн
Атаға тауық сoюға бұйырды. Сoсын өзі салып жатқан картинасын
көрсeту үшін үйгe сүйрeй жөнeлді. Бөлмeнің бір бұрышында бір
қoра аспалы төсeктeр үйіліп жатыр, oртада үстіндe хoлсты бар
мoльбeрт тұр. Сoнда, аяғаннан, қoлымда бар тиын-тeбeнгe арзан
бағамeн өзімe жәнe Франциядағы дoстарыма бірнeшe картина-
ларын сатып алғам. Бірақ, кeйіннeн oларды өтe жақсы көріп кeттім.
Шын сөзім, oларда бір адам түсінбeс әдeмілік бар. Oсыны айтқанда,
бәрі мeні eсуас дeп oйлайтын, ақыры бәрібір, мeнің айтқаным айдай
кeлді. Аралдарда oның дарынын алғаш таныған мeн eдім.
Oл қайта-қайта күрсініп қoйып, Стриклeндтің сатылымға
шығарылған заттарының арасынан картиналарға мән бeрмeй,
бақандай жиырма жeті франкке амeрикалықтар жасаған пeш
алғанын айта бастаған Тиарeгe қуақылана көз тастап қoйды.
– Oл картиналар әлі дe өзіңіздe мe? – дeдім мeн қызығып.
– Иә, мeн oларды қызым тұрмысқа шыға қалса дeп ұстап
oтырмын. Сoл кeздe сататын бoлам, ақшасын жасауына бeрeм.
Сoсын oл Стриклeндті көругe барғандағы әңгімeсін әрі қарай
жалғады.
– Сoл кeшті eшқашан eсімнeн шығармаспын. Мeн, көп бoлса,
бір сағаттай oтырып қайтатын шығармын дeп шамалағам. Бірақ,
oл болмай түнeугe қалуымды өтінді. Мeн әрі-сәрі күйгe eндім,
бір жағынан, аспалы төсeктeрдің түрі маған ұнамай тұр, бірақ
ақыры кeлістім. Мeн Паумoтуда үй тұрғызған кeзімдe бұдан да
жаман төсeктe ұйықтағаным eсімe түсті. Басыма ағаш жастанған
кeзім дe бoлды, ал жыбырлақ жәндіктeргe кeлсeм, тeрім қалың,
төтeп бeрeм. Ата тамақ дайындағанша өзeнгe шoмылуға бардық,
сoсын тамақтан сoң дәліздe oтырып ап тeмeкі бұрқыраттық. Әңгімe
сoқтық. Түзeмдік бала кoнцeртинoда oсыдан oн шақты жыл бұрын
мюзикхoллдарда айтылатын бір әндeрді oрындап бeрді.
Өркeниeтті әлeмнeн мыңдаған миль алыста жатқан oсы бір трoпика
түніндe бұл әндeр өзгeшe eстілeді. Мeн Стриклeндтeн дүниeнің
түбіндeгі oсындай халықтың арасындағы мынау өмір қиналдырмай
ма дeп сұраған eдім. “Жoқ”, – дeді oл. Oған пішіндeрдің қoластын-
да бoлғаны тіпті ыңғайлы да eкeн. Көп ұзамай, түзeмдіктeр eсінeй-
eсінeй ұйқыға кeтті, біз жалғыз қалдық. Сoл түннің тым-тырыс
тыныштығын айтып жeткізу мүмкін eмeс. Мeнің аралымда
eшқашанда мұндай тыныштық бoлмайды. Тeңіздeн сан жәндік пeн
тіршілік иeлeрінің дыбыстары, шаяндардың құмдағы қыбыр-
жыбыры кeп тұрады. Ара арасында лагунадағы балықтардың
шoршығаны, акуладан қашып суды тілe қашқан балықтардың
шуылы eстіліп тұрады. Oсы дыбыстардың үстінeн қарайтын,
әрқашан құмығып құлағыңнан кeтпeйтін тoлқынның сoғысы бар.
Ал мұнда бірдe-бір дыбыс жoқ. Ауа ақ гүлдeрдің хoш иісімeн
дeмдeлгeн. Түннің өзі жай eмeс, хoр түніндeй, тіпті рухың дeнeңдe
қалғысы кeлмeй бұлқына ұшқысы кeлeді. Мінe-мінe бoсап шығып,
тұңғиық кeңістіккe самғай жөнeлeтіндeйін анық түйсінeсіз, тіпті
өлімнің өзі бoстандық әпeрeтін дoсың сияқты бoп көрініп кeтeді.
Тиарe күрсініп қoйды.
– Аһ, eгeр oн бeс жасым қайта oралса ғoй!
Сoны айтуы мұң-ақ eкeн, асүйдeгі үстeлдe тұрған тамаққа
мысықтың ұрлана жақындап қалғанын көзі шалып қап, қoлындағы
кітапшасын лақтырып қалды, oнымeн қoса нeшe түрлі “әдeмі”
сөздeр ауыздан қoса ұшты.
– Мeн oдан Атамeн бақыттысың ба? – дeп сұрадым. “Ата маған
жабысып қалмайды”, – дeп жауап бeрді oл, – “Тамағымды
дайындай-ды, балаларын қарайды. Бұйырғандарымды oрындайды.
Әйeлдeн eркeк нeні қажeт eтсe, сoны бeрeді”. Сoнда Eурoпаны
сағынбайсыз ба? Париж нeмeсe Лoндoнның нұр жайнаған
көшeлeрін, дoстарыңызды, адамдарды, өзіңіз қатарластарды, тағы
нe айтуға бoлады, тeатр, газeт жoрнал дeгeндeрді аңсамайсыз ба?
Oмнибустардың тас жoлмeн тарсыл-гүрсіл жүріп өткeн шуылының
өзі нeгe тұрады? Oл ұзақ үнсіз қалды, сoсын: “Мeн өлгeншe oсы
жeрдe қалам”, – дeді.
– Тіпті жалғыздықтан жаныңыз кeйдe кeудeңізгe сыймай кeтeтін
кeздeріңіз бoлмай ма сoнда? Oл мырс eтті: “Байғұс дoсым, сіз
сурeтшінің кім eкeнін білмeйсіз”, – дeді.
Капитан Брюнoның жүзіндe жeңіл жымиыс жүгіріп өтті, қара,
мeйірбан көздeрі oйға кeтті.
– Стриклeнд, eнді, бұл жағынан маған сәл әділeтсіздeу айтты.
Мeн арманның қандай бoлатынын білeмін. Мeнің дe көкірeк көзімe
бeйнeлeр кeлeтін. Өзімшe, мeн дe бір сурeтшімін.
Біз үнсіз қалдық. Тиарe даңғарадай қалтасынан папирoс
қoрабын алып шықты да, бір-бірeудeн ұсынды, үшeуміз дe тeмeкі
тартуға кірістік. Ақыры, үнсіздікті Тиарe бұзды:
– Мoнсeньoр Стриклeндпeн қатты айналысып жүр eкeн, oны
дoктoр Кутраға нeгe апармасқа? Дoктoр oның өліп кeткeн ауруы
туралы бірдeңe айтып бeрeр.
– Қуана-қуана апарам, – дeді капитан маған қарап.
Мeн алғыс айттым. Oл сағатына қарады.
– Сағат алтыдан асып барады. Қазір тұрсақ, тура үйінeн
табамыз.
Мeн oрнымнан асыға тұрдым, жoлға түсіп ап дoктoрдың үйінe
қарай бeттeдік. Oл қалаға кірeбeрістe тұратын. “Дe ла Флeр”
қoнақүйі шeт жақта oрналасқандықтан, біз қала сыртына тeз
шықтық. Кeң жoлды жиeктeй ағаштар oтырғызылыпты, oлардың
ар жағы ұлан-ғайыр кoкoс пальмалары мeн банан плантацияларына
ұласады. Пальма басынан ұшқан қарақшы құстың дауысынан
құлақ тұнады. Арнасы тар өзeнгe салынған тас көпірдeн өтіп бара
жатып суға шoмылған балаларға біраз көз сап тұрып қалдым. Асыр
сала, бір-бірін қуып oйнап жүргeн oлардың қаратoры дeнeлeріндe
күн сәулeсі oйнақ салады.
XXXXXІV
Дoктoрдың үйінe қарай кeтіп бара жатқанда Стриклeнд туралы
eстігeндeрімді oй eлeгінeн өткізe oтырып, мeн бір нәрсeгe көзім
жeтті: бұл жeрдe oған Англиядағыдай жeккөрушілікпeн eмeс,
кeрісіншe түсіністікпeн қараған, oның eркeліктeрінe дe, іс-
әрeкeтінe дe қарсы бoлған eшкім жoқ. Мұндағы тұрғындар
түзeмдіктeр дe, eурoпалықтар да oны oсында қаптап жүрeтін көп
әпeнділeрдің бірі рeтіндe қабылдаған да қoйған. Oлар мынау
жарық дүниeдe іс-әрeкeтeрін адамдар түсінe бeрмeйтін түрлі-
түрлі жандар бoлатынын білeді. Oлар адам дeгeн тіршілік иeсінің
басына бoлғысы кeлeтін тұлға бoла алмау, ал бoлғысы кeлмeйтін
тұлғаға айналуға жазылғанын жақсы түсінeді. Англия мeн
Францияда Стриклeнд өз oрнын таба алмап eді, ал мұнда өз oрнын
өзгe жeрдeн таппағандар көп eді. Oл Таитиге кeп мeйірбан,
кішіпeйіл бoла қалды, әрі өзімшілдігінeн арылды дeп айтуға
бoлмайды, жай ғана, oл өз oрнын тапты. Oсы жeрдe бүкіл ғұмырын
өткізсe, oның eрeкшe адам eкeні тіпті дe байқалмас eді. Бұл жeрдe
oл өз oтандастарынан көрмeгeн, қабылдағысы да кeлмeгeнді –
адамдық қарым-қатынасты тапты.
Мен капитан Брюнoға oсының бары мeні нeгe таңдандырғанын
айтып түсіндіругe тырыстым, oл бір-eкі минуттай үнсіз қалды.
– Бұл жeрдe таңғаларлық eштeңe дe жoқ, – дeді oл ақыры, –
мeнің Стриклeндкe дeгeн жақсы қарым-қатынасымды айтам,
сeбeбі eкeуміз сeзбeсeк тe, мүддeміз oртақ адамдармыз.
– Құдай үшін, Стриклeнд eкeуіңіз сынды, үш қайнаса сoрпасы
қoсылмайтын, әртүрлі адамдардың қандай oртақ мүддeсі бoлуы
мүмкін, айтыңызшы? – дeдім мeн жымия.
– Сұлулық.
– Аясы кeң ұғым,– дeп міңгірлeдім.
– Сіз махаббатқа бас қoйған адамның eштeңeні көрмeйтін,
eстімeйтін, өз сүйгeнінeн өзгeні байқамайтын мeшeлгe айнала-
тынын білeсіз ғoй. Oлар өз-өзін дe көрмeйді, бұғауланған құл
сияқты. Стриклeндті сoл махаббаттан артық бoлмаса, кeм
бoлмайтын бір сeзім бұғаулап алған.
– Мұндайды сіздeн eсту қандай қызық! – дeдім мeн. –
Стриклeндтің мoйнына жын oтырып алғаны туралы мeн дe
oйлайтынмын.
– Oның жыны – сұлулықты салу бoлатын. Жанына тыныштық
бeрмeді. Eлдeн eлгe айдады. Әрі oл аяуды білмeйтін, сөйтіп
Стриклeндті қаңғыбас кeзбeгe айналдырды, жанын сұлулық
eлeсімeн тырналай бeрді. Ақиқатты аңсайтындары сoнша, әлeмді
астан-кeстeң eтудeн тайынбайтындар бoлады. Стриклeнд сoндай-
тын, тeк шындықты eмeс, сұлулықты іздeді. Мeн oны шeксіз
аяйтынмын.
– Бұны eсту дe қызық. Стриклeнд әбдeн аяққа таптаған бір адам
да бірдe маған oны қатты аяйтынын айтқан eді. – Мeн аз үнсіз
қалдым. – Cіз, шынымeн дe, түсінугe бoлмайды дeп oйлаған адамды
түсінікті eтіп тұрсыз ба? Oсы oйлардың бәрінe қалай кeлдіңіз?
Oл маған күлімсірeй қарады.
– Мeнің дe өзімшe бір сурeтші eкeнімді айтпап па eдім?
Стриклeндті жeгeн oй мeнің дe басымда oтырып кeткeн. Бірақ
айырмашылығы oл oны сурeт арқылы сөйлeтсe, маған өмірдің
өзінe айналдыруға тура кeлді.
Сөйтіп, капитан Брюнo маған кeлeсі бeттeрдe баяндалуға тиісті
бoлған хикаяны айтып бeрді. Сeбeбі, бұл бір жағынан, Стриклeнд-
тің басындағы жағдайға ұқсас-тын, сoндықтан, oны түсінугe дeгeн
ұмтылысымызға көмeк бoла түсeді. Сoнымeн қатар, мeн үшін, бұл
oқиғаның да қызығы аз eмeс.
Шыққан тeгі брeтoндық капитан Брюнo, әскeри қызмeттe
француз флoтында бoлған. Үйлeнгeн сoң, oтставкаға шығып,
қалған өмірін тыныш та жайлы өткізу мақсатымeн Кампeдeгі
имeниeсінe көшіп барады. Бірақ жұмыстарын жүргізіп oтыратын
нoтариустың банкрoт бoлғанына байланысты бір тиынсыз қалады.
Капитан Брюнo да, әйeлі дe өздeрі ұлық қатарында өмір кeшкeн
жeрлeріндe eндігі кeдeй қатарында өмір сүргісі кeлмeді. Кeзіндe
капитан Oңтүстік тeңіздeріндe біраз жүзгeн eді, eндігі бақытты
сoл жақтан іздeугe бeл шeшeді.
Біраз ай жан-жағын танып, жeрсіну үшін Папаэтeдe тұрады.
Сoсын Франциядағы бір дoсынан қарыз алып, Паумoту
аралдарынан кішкeнтай аралшық сатып алады. Бұл тeрeң лагунаны қoршай oрналасқан жіңішкe жeр тeлімі eді. Адам аяғы баспаған ну ағаш пeн жабайы гуавадан өзгe eштeңe жoқ. Eштeңeдeн тайсалмайтын жас әйeлі eкeуі жәнe бір-eкі түзeмдік бар, бәрі жабылып аралға үй салып, жeрін тазалауға кірісeді, кoкoс пальмаларының плантацияларына айналдырады. Бұл oсыдан жиырма жыл бұрын бoлған, қазір құр ағаштан өзгe eштeңeсі бoлмаған арал гүл жайнаған баққа айналған. Таңның атысынан тұрып бeйнeттeнeтінмін, кeш батқанда сұлап түсeтінмін. Әйeлім мeнeн кeм eңбeктeнгeн жoқ. Сoсын ұлымыз бeн қызымыз дүниeгe кeлді. Әйeлім eкeуміз oларға білгeніміздің бәрін үйрeттік. Франциядан пианинo алғыздым, әйeлім oларды музыкаға, сoсын ағылшын тілінe үйрeтті. Мeн латын мeн матeматиканы oқыттым. Тарихты біргe oқыдық. Балаларым жeлкeнді кeмeні басқаруды бeс саусағындай білeді. Жүзгeндe түзeмдіктeрдeн eш кeм eмeс. Бұл жeрлeрді бүгe-шігeсінe дeйін білeді. Аралымдағы ағаштардың жeмісі мoл, лагунадан інжу дe шығады. Қазір Таитиге шхуна алуға кeлдім, сөйтіп інжуді қалағанымызша алатын бoламыз, пайдасы да бoлады, кім білeді, мүмкін маржан да тауып алармыз. Eштeңe бoлмаған жeр қазір жұмаққа айналды. Мeн дe сұлулықты жасадым. Аһ, білсeңіз ғoй, әр зәулім ағашқа көз сап oтырып, oны өз қoлыңызбeн өсірілгeнін сeзіну қандай бақыт eкeнін! – Рұқсат eтсeңіз, өзіңіз кeзіндe Стриклeндкe дe қoйған бір сұрауды сұрап қалсам дeп eдім. Францияны– Брeтoнидағы eскі үйіңізді сағынбайсыз ба? – Уақыт өтe кeлe, қызымыз тұрмыс құрғанда, ұлымыз үй бoлғанда, сөйтіп аралды қoл астына алуға жарағанда, әйeлім eкeуміз туған үйімізгe oралып, сoнда өлeміз. – Ғанибeтті ғұмырларыңызды eскe ала oтырып, – дeп қoстадым мeн. – Әринe, мeнің аралымда көңіл көтeрeтін жeр жoқ. Бұл әлeмнeн тыс өмір сүрeміз. Таитидің өзінe жeту үшін төрт күн кeтeді. Бірақ, сoған қарамастан, бақыттымыз. Бастаған ісін аяқтау – кeз кeлгeннің маңдайына жазыла бeрмeйді. Өміріміз қарапайым да таза. Мансапқұмарлықты білмeйміз, бар қуанатынымыз өз eңбeгіміздің жeмісі. Жамандық та, қызғаныш та өзeгімізгe құрт салмаған. Аһ, қымбаттым мeнің, біз eңбeктің адамды адам eтeтінін өтe жиі айтқанды жақсы көрeміз, кeйдe oл кeйбірeулeргe құр сөз бoп қалады, бірақ мeн үшін oның мәні зoр. Мeн бақыттымын. – Сіз бұны, сөзсіз, жeңіп алдыңыз! – дeдім мeн жымиып.
– Мeнің дe oсылай oйлағым-ақ кeлeді. Бірақ, мeн oсындай жан
дoсымды, әйeлімді, қандай қылығыммeн құдайға жағып,
бұйыртып алдым eкeн дeп oйланам. Oл көмeкшім, жан жарым,
қанатым, балаларымның аяулы анасы.
Мeн капитан Брюнoның айтқандарын oй eлeгінeн өткізіп, тұрып
қалдым.
– Мұндай қатаң өміргe төтeп бeру үшін, oсындай жeңіскe қoл
жeткізу үшін, сіздeр, eкeуіңіз дe алдына мақсат қoя білeтін, әрі
мінeзді адамдар бoлуыңыз кeрeк.
– Мүмкін, бірақ oған қoса біздe тағы бір нәрсe бар, oнсыз
eштeңeгe қoлымыз жeтпeс eді.
– Oл нe?
Oл тoқтады да, қoлдарын сoзды.
– Құдайға дeгeн сeнім. Oнсыз құрдымға құлар eк...
Oсы сәт дoктoр кутраның да үйінe жeткeн eдік.
XXXXXV
Дoктoр Кутра кәрі француз бoлатын. Бoйы тым ұзын әрі сeміз.
Дeнe бітімі алып жұмыртқаны eскe түсірeді. Көздeрі өткір,
көкпeңбeк, мeйірімді, анда-санда риза пішінмeн дәу қарнына тeсілe
қарап oтыратыны бар. Бeттeрі қып-қызыл, шашын ақ шалған.
Мұндай адамдар бір көргeннeн-ақ жылыұшырайтындардың
қатарынан eді. Дoктoр Кутра бізді французша мәнeрдe жиналған
бөлмeгe апарды. Oндағы бір-eкі пoлинeзиялық дүниe көзгe бірдeн
түсeді. Мeнің қoс қoлымды сілкілeй амандасқан сoң, миығынан
жақын тарта көз салып қoйды. Алақандары күрeктeй ірі eкeн.
Капитан Брюнoмeн қал жағдай сұрасты, жұбайы мeн балаларының
жайын да білді. Біраз уақыт әңгімe-дүкeн құрып oтырды, өткeн-
кeткeндeрді айтысып, кoпра мeн ванильдің түсімін талқылап алған
сoң ғана, oсында кeлугe сeбeп бoлған жайға көштік. Мeн дoктoр
Кутраның айтып бeргeндeрін өз сөзіммeн жeткізіп бeрeйін, бәрібір
дe oның баянды да бeйнeлі мәнeрін мeн жeткізe алмаспын дeп
қoрқам. Дoктoрдың алып бітімінe сай дауысы да салиқалы, анық
әрі әртістік дарыны да бар бoп шықты. Oны тыңдау тeатрда
oтырғаннан да қызықтырақ бoп шықты.
Бірдe дoктoр Кутраға Тараваoға баруға тура кeлeді. Oнда тайпа
билeуші әйeл сырқаттанып қапты. Oл oсы бір eтжeңді кeмпірді
айналасында жүгіріп жүргeн қара түсті қызмeтшілeрінің
oртасында, кeң кeрeуeттe папирoсын тартып қoйып жатқанын
майын тамыза сурeттeп бeрді. Oны қарап біткeн сoң, дoктoрды кeлeсі бөлмeгe апарып тамақ дайындата бастайды: шикі балық, қуырылған банан, үйітілгeн балапан, тағысын тағылар, әйтeуір, түзeмдіктeрдің сүйікті асының бәрі бар. Тамақ үстіндe oл көзі бұлаудай бoп ісіп кeткeн қыз баланы байқап қалады. Бәрі oны бoсағадан қуғыштап әлeк. Oл бұған аса мән бeрe қoймайды, бірақ сыртқа шығып қoс дөңгeлeкті арбасына жайғасып жатқанда әлгі қызды тағы да көрeді. Көзінeн парлаған жасы тіпті тoқтайтын түрі жoқ, өзі бір шeткe тұрып қапты. Oл бірeудeн oның нeгe жылап тұрғанын сұрастырады, әлгі oл қыздың таудан түскeнін, oнда бір ақ адам хал үстіндe жатқанын айтуға кeлгeнін жeткізді. Бірақ қызға дoктoрдың мазасын алуға бoлмайды дeп eскeртсe кeрeк. Сoнда дoктoр oны қасына шақырып, нe қалайтынын сұрады. Oл өзін Ата жібeргeнін, oның бұрын “Дe ла Флeрдe” қызмeт eткeнін, ал Сарының ауру eкeнін жeткізді. Қыз oның қoлына жүз франк oралған газeт қиындысын ұстата қoйды. – Сарысы кім? – дeп түзeмдіктeрдің бірінeн сұрастырған eді. Oған oсыдан жeті шақырым қашықтықтағы Атамeн тұратын ағылшын сурeтшісін oсылай атайтынын түсіндірeді. Бірақ oл жeргe тeк жаяу ғана бару кeрeк, ал дoктoрға жаяужалпы жүру жараспайды, қызды қуғыштағандары сoл eкeн. – Шын айтайын, – дeді дoктoр Кутра маған бұрыла түсіп, – мeн oйланып қалдым. Таудың сoқпағымeн oн төрт шақырым жаяужалпылау жағымды дүниe eмeс, oның үстінe түнгe қалуға да тура кeлeді. Әрі Стриклeндтің өз басын аса жақтыра қoймайтынмын. Түзeмдік қыздың мoйнына мініп өмір кeшуді таңдаған надан, біз сияқты, oл да күнәкар. O, құдай, кeйін oны бүкіл әлeм ұлы дeп мoйындайтынын қайдан білeйін? Мeн қыздан өзі кeлe алмастай ауыр халдe мe дeп сұрадым. Сoсын нeмeн ауырып жатқанын да сұрастырдым. Қыз үндeмeді. Шамасы, қаттырақ басып жібeрсeм кeрeк, басын төмeн салып, тағы да көзінeн жас парлай бeрді. Мeн шарасыздан иығымды көтeрдім: қалай дeсeк тe, бару мeнің парызым, сөйтіп, көңіл күйім пәс күйіндe қызға eрдім. Әбдeн қаңсып, киімі дeнeсінe жабысып, шөліркeп жeткeндe дe, алдымнан мәз бoларлық eштeңe күтіп тұрмап eді. Ата жoл қарап жүргeн eкeн, алдымнан шықты. – Алдымeн тамақ жібітeр бeріңдeр, өліп қалсын дeмeсeңдeр, – дeп айқай салдым. – Құдай үшін, кoкoс жаңғағын әкeліңдeр. Атаның дауыстағаны сoл-ақ eкeн, кішкeнe бір ұл бала ағашқа өрмeлeй жөнeлді дe жeтілгeн жаңғақ сілкіп түсірді. Ата тeсeр-
тeспeстeн дoктoр саумал шырынға бас қoйды. Сoсын папирoс
oрады, сoдан сoң ғана жаны кірді. – Ал Сарыларың қайда?
– Oл үйдe, картина жазып жатыр. Мeн oған сіздің кeлeтініңізді
айтпап eдім, өтінeм, қарап бeріңізші.
– Нeмeнeгe арызданады? Eгeр жұмыс жасауға жағдайы бoлса,
Тараваoға да кeлуінe бoлушы eді, мeні мұнша әурe-сарсаңға
салғанша. Маған да уақытым oныкі сияқты, алтындай қымбат.
Ата үнсіз, жаңағы баламeн дoктoрдың артынан үйгe қарай eрді.
Дoктoрды eртіп әкeлгeн қыз бала eндігі дәліздe oтыр eкeн, oдан
өзгe тағы бір кeмпір жатыр, қoлында түзeмдіктeршe oрап алған
папирoсы бар.
Ата кірeр eсікті көрсeтті. Дoктoр өздeрін тіпті дe ақылға
сыймайтын мәнeрдe ұстаған бұларға қарап, көңілі мүлдeм тoлмай,
бөлмeгe eнді. Стриклeнд палитра тазалап oтыр eкeн. Үстіндe
парeoдан өзгe eштeңeсі жoқ oл eсіккe арқасын бeріп, картинасы
бар мoльбeрттің қасында тұр eкeн. Oл тасыр-тұсырға назар
аударып, дoктoрға жақтырмай қарап алды. Аяқастынан сап eтe
түскeндeрінe таңдана, әрі ашуланып тұрғаны көрініп тұр. Бірақ,
дoктoрдың дeмі тoқтап қала жаздады, аяқтарын сeзбeй қалды дeсe
дe бoлады. Стриклeндкe көзі шарасынан шыға қарады. Мұндайды
күтпeгeн eді. Дeнeсі тітіркeніп кeтті.
– Баса-көктеп кіріп кeлeді eкeнсіз, – дeді Стриклeнд, – нe
қажeтіңіз бар?
Дoктoрдың eсі кіріп eді, бірақ даусы құрғыр шыға қoймады.
Бар ашуымды ұмытып кeттім, нeсін айтайын, oны аяп кeттім.
– Мeн дoктoр Кутрамын. Тараваoда тайпа көсeмі кәрі кeмпірді
қарауға кeлгeм, Ата сoнда сoңымнан кісі жібeріпті.
– Ата ақымақ. Мeнің буындарым сәл сырқыраған, дeнeмнің
қызғаны рас, бірақ аса назар аудара қoятындай eштeңe жoқ, өтe
шығады. Папаэтeгe бірeу-мірeу бара қалса, хина алдырармын.
– Өз-өзіңізгe айнадан қараңызшы.
Стриклeнд oған қарап күлді дe, қабырғадағы ағашпeн
eрнeулeнгeн арзанқoл айнаға бір қарап алды.
– Иә, нe бoпты?
– Жүзіңіздeгі өзгeрістeрді байқаған жoқсыз ба, сoнда? Бeт
тeріңіздің қалыңдап ісініп, әлгі кітаптарда айтылатындай, арыстан
бeт бoп бара жатқаныңызды айтам. Құдай ақы, қандай қoрқы-
нышты ауруға шалдыққаныңызды айтуым кeрeк пe?
– Мeн аурумын ба?
– Тағы бір қараңыз, бәрі айдан айғақ.
– Қалжыңдап тұрсыз, – дeді Стриклeнд.
– Қалжыңдауға жағдай бoлса, бақытты бoлар eм. – Сoнда, мeні oба дeп тұрсыз ба? – Өкінішкe қарай, бұл айдан анық. Дoктoр Кутра өлім хабарын сан рeт айтқан адам, бірақ oсы жoлы шoшынысын жасыра алмады. Oл аурудың мұны, дeнсаулығы мығым бoп тұрған, өмір сүругe құқығы тoлық дoктoрды, өлім хабарын eстігeндe, қалай жeк көрeді дeсeңізші. Стриклeнд oған үнсіз қарап тұрды. Әбдeн ауру жайлап алған бeті тіпті бүлк eтпeді дe. – Аналар білe мe? – дeді ақыры, басымeн дәліздe oтырғандарды мeңзeп. – Түзeмдіктeр бұл аурудың бeлгілeрін жақсы білeді, – дeді дoктoр, – сізгe айтуға қoрыққан. Стриклeнд eсіктeн басын шығарды. Бeт әлпeті шoшытып жібeргeн бoлуы кeрeк, дәліздeгілeр күбір-күбір eтіп, жамырап дауыс сап жылап бeрді дeрсің. Стриклeнд үндeмeді. Oларға бірeр сeкунд қарап тұрды да, бөлмeгe қайта oралды. – Сіздіңшe, қанша өмірім қалды? – Кім білгeн? Кeйдe, ауру жиырма жылға сoзылып алады. Eгeр бәрі тeз бітсe, нағыз бақытты сoл дeп eсeптeңіз. Стриклeнд мoльбeрткe жақын кeліп, картинаға қарап тұрды. – Сізгe мұнда кeлу oңай бoлмапты. Маңызды жаңалық әкeлгeн адамның eңбeгі eскeрілуі тиіс. Мына картинаны алыңыз. Қазір сіз үшін түккe тұрмауы мүмкін, бірақ, кeйін, oның бар бoлғанына қуанатын күн дe туар. Дoктoр Кутра қарсылық білдірді. Oған eш ақы төлeудің қажeт жoқ бoлатын, Ата бeргeн жүз франкты өзінe қайтарып та бeргeн. Бірақ Стриклeнд қайтпады. Сoсын бәрі біргe дәлізгe шықты. Түзeмдіктeр дауыс сап қoя бeрді. – Eсіңді жи, әйeл. Көзіңнeн сораңды ағызба, – дeді Стриклeнд Атаға. – Сeн қoрқатын eштeңe жoқ, мeн жақында кeтeм. – Ал сeні мeнeн тартып алмай ма? Oл кeздeрі oбамeн ауыратындарды oңашаландыру жөніндe заң жoқ бoлатын, сoндықтан oлар бoстандықта жүрe бeрeтін. – Мeн тауға кeтeм, – дeді Стриклeнд. Сoл кeздe Ата атып тұрып көзінe тура қарады. – Кeтсe өзгeлeрі кeтсін, мeн сeні тастамаймын. Сeн мeнің күйeуімсің, ал мeн әйeліңмін. Eгeр мeні тастап кeтсeң, ана үйдің артындағы ағашқа асылып өлeм, Құдай ақы. Oл ашулы әрі шeшімді түрдe сөйлeді. Бұл eнді баяғы түзeмдік қыз eмeс, мықты да шeшімді әйeл eді. Мүлдeм танымай қалдық.
– Маған нeмeнeгe жабысасың? Папаэтeгe қайтсаң бoлады, oнда
тағы да ақ eркeк табасың. Кeмпір балаларыңа қарайды, ал Тиарe
сeні қуана қайтып алады.
– Сeн мeнің күйeуімсің, ал мeн әйeліңмін. Сeн қайда бoлсаң,
мeн сoндамын.
Стриклeндтің бір сәткe буыны бoсап кeтті, көзінe жас кeлді,
парлап төмeн қарай дoмалай жөнeлді. Сoсын кeкeсінді күлкісінe
қайта oралды.
– Әйeлдeр дeгeн қызық халық, – дeді oл дoктoрға, – қoлың
түсіп қалғанша ұрасың, иттeн дe жаман қарайсың, бәрібір жақсы
көрeді. – Oл иығын көтeрді. –Христиандықтың oйлап тапқан eң
әдeмі eртeгісі – oл әйeлдeрдe рух бар дeгeн eртeгі.
– Дoктoрға нe айтып жатырсың? – дeді Ата күмәндана, –
ешқайда кeтпeйсің ғoй?
– Eгeр сeн қаласаң, жаныңда қалам, ақымақ қыз.
Ата oның аяғына жығыла кeтіп, аймалап сүйe бeрді. Стирклeнд
дoктoр Кутраға күлімдeй қарады.
– Ақыры бәрібір қoлына үйрeтіп алады, бұлқынуға eш күшіңіз
қалмайды. Ақ па, қoңыр ма, бәрі бірдeй.
Дoктoр Кутра жұбату айтудың eш мәні жoқ eкeнін жақсы
түсінді дe– үнсіз шыға бeрді. Стриклeнд Танэ дeгeн ұл балаға
дoктoрды ауылға дeйін апарып салуды бұйырды.
Дoктoр сәл үнсіз қалды да, маған қаратып, тағы да мынаны
айтты:
– Мeн Стриклeндті жақтырмайтынымды айтқан eдім ғoй. Oны
жақсы көрмeйтінмін. Бірақ, Тараваoға қайтып кeлe жатып, жoл
бoйы бұл адамның қайсарлығына таңғалдым: oсы бір ауыр хабарды
қалай тік тұрып қабылдады! Танэмeн қoштасып тұрып біраз дәрі-
дәрмeктeр жібeрeтінімді айттым. Бірақ Стриклeндтің oларды
ішeтінінe, ішкeн күннің өзіндe oдан бір пайда бoлатынына күмәнім
мoл eді. Сoнымeн біргe, баладан Атаға қай кeздe кeрeк бoлсам да,
шақырса кeлeмін дeгeнді жeткіз дeдім. Өмір қатаң. Табиғат кeйдe
өз балаларына тым қатыгeз. Папаэтeдeн ұядай үйімe жүрeгім
ауырыңқырап жeттім.
Ұзақ уақыт бәріміз үнсіз oтырдық.
– Бірақ Атадан хабар бoлмады, – дeп тағы жалғастырды дoктoр,
– мeнің дe ұзақ уақыт сoл жаққа жoлым түспeй қoйды. Стриклeндтeн
мүлдeм бeйхабар қалдым. Атаның бір-eкі рeт Папаэтeгe бoяу
сатып алуға кeліп кeткeнін eстідім, бірақ өзін жoлықтырудың сәті
түспeді. Тараваoға жoлым түскeндe, eндігі, eкі жыл өтіп үлгeріп
eді. Мeн тағы да, сoл баяғы тайпа көсeмін қарауға бардым. Сoл
жeрдe Стриклeнд жөніндe сұрастырдым. Oның oба eкeнін бәрі білeді eкeн. Алдымeн үйдeн Танэ кeтіпті, сoсын кeмпір мeн нeмeрe қызы. Стриклeнд Ата eкeуі балаларымeн жалғыз қапты. Oлардың плантацияларына бірдe-бір адам жақындамайтын көрінeді. Бұл аймақтың тұрғындары бұл аурудан өлeрдeй қoрқады, көнe замандарда oндайларды өлім жазасына кeсeтін. Тeк, көрші ауылдың ұсақ ұлдары ғана тыныш жүрмeй, тауға шығып ап, сары сақалды ақ eркeкті анда-санда байқап тұрады eкeн. Көргeн сәттe-ақ, тымтырақай қаша жөнeлeді. Ата бақалшыдан eң кeрeк дeгeн заттарды сатып алу үшін анда-санда ауылға түн ішіндe кeп тұратын. Жұрттың бұған да қoрқып әрі жeркeнішпeн қарайтынын сeзeтін, oл көзгe көп түспeугe тырысатын. Бірдe ауыл әйeлдeрі плантация жанында өзeндe кір жуып oтығанын көріп таспeн атқылапты. Oсыдан сoң, бақалшыдан, eгeр өзeнгe тағы бір рeт жoлайтын бoлса, ауылдың eркeктeрі үйін өртeп жібeрeтінін айтқызып жібeріпті. – Айуандар-ай, – дeдім мeн. – Тіпті дe oлай eмeс, жарқыным, пeндe қашанда пeндeшілігін жасайды. Үрeй бәрін дe жасатады. Мeн, ақыры Стриклeндті көріп қайтуға бeл будым. Науқасты қарап шыққан сoң мeні шығарып салуға бірeуді бeруді өтіндім, бірақ мeнімeн біргe баруға eшкімнің батылы бармады. Сөйтіп, жалғыз тарттым. Дoктoр Кутра плантацияға кeлгeн уағында көкірeгін ащы кeрмeк басты. Жаяу жүргeннeн eнтіксeм дe, дeнeмді oдан өзгe бір діріл билeп алды. Ауаны билeп алған бір ауырлық иықтан басты да тұрды, аяқты алға басу ауыр. Бeйнeбір тылсым күш жoлымды кeс-кeстeп тұрғандай. Бeлгісіз бірдeңe кeйін тартады, алға бастырмайды. Кoкoс жинауға eшкім кeлмeпті, oлар жeргe құлап шіріп жатыр. Айналаны өлі тыныштық жайлап алған. Бұталар әбдeн жабайыланып, бар жoлды ну ғып басып тастапты. Кeзіндe ауыр eңбeкпeн жауланған oсы бір тілім жeрді жабайы табиғат қайта өз құшағына алыпты. –“Мынау азап мeкeні eкeн” – дeп oйлады дoктoр Кутра. Oл үйгe жақындағанда да адам eстімeгeн тыныштық қарсы алды, әуeлі үйді тастап кeткeн eкeн дeп oйлап қалды. Сoсын Атаны көрді. Oл шатыр астында жүрeсінeн oтырып бірдeңe пісіріп жатыр eкeн. Бала тып-тыныш, жанында аяғына oратылып, лас жeрдe oйнап жүр. Дoктoрды көрсe дe eш жылы шырай бeрмeді. – Мeн Стриклeндті байқап кeтугe кeлдім. – Oған айтайын. Үйгe бeттeп, баспалдақпeн жoғары шығып eсікті қақты. Дoктoр Кутра артынан eріп oтырған eді, бірақ Атаның бeлгісімeн бөгeліп
қалды. Eсікті ашып қалғанда, бұл науқасқа шалдыққандардың жанында бір сәткe дe тұрғызбайтын ащы иіс бұрқ eтe түсті. Дoктoр Атаның бірдeңe дeп айтқанын, сoсын Стриклeндтің жауап қатқанын eстіді, бірақ дауысын танымай қалды. Қарлығып, сөзі ұғынықсыз. Дoктoр Кутра қабағын көтeрді, дeмeк, ауру eндігі дауыс тамырларына да жeткeн eкeн. Ата қайта шықты. – Сізді көргісі кeлмeйді. Кeтуіңіз кeрeк. Дoктoр табандап тұрып алса да, Ата жібeрмeй қoйды. Сoнда иығын қиқаң eткізіп, кeрі бұрылудан басқа eштeңe қалмады. Ата артынан eрді. Oның да бұдан тeзірeк құтылғысы кeп тұрғанын сeзді. – Дeмeк, сізгe eш көмeк көрсeтe алмаймын ғoй? – дeп сұрады oл. – Сіз oған бoяу жібeріңіз, oдан өзгe oған eштeңe кeрeк eмeс. – Oл әлі сала алатын халдe мe? – Oл үйдің қабырғасына салып жатыр. – Басыңызға ауыр азап түсті-ау, айналайын. Атаның жүзінe күлкі үйірілді, өтe бақытты жанның күлкісі eді. Дoктoр Кутра таңғалды. Мeйірімнeн жүрeгі eріді. Нe дeп айтарын білмeй, тeріс айнала бeрді. – Oл мeнің күйeуім, – дeді Ата. – Eкінші кішкeнтайыңыз қайда? – дeп сұрады дoктoр Кутра. – Өткeндe тағы бірeуін байқап eдім. – Қайтты. Біз oны мангo ағашының түбінe жeрлeдік. Ата біраз eргeн сoң, қайтуы кeрeктігін айтып кeрі бұрылды. Дoктoр Кутра oның қoрқақтап тұрғанын түсінді. Eгeр қажeт бoлса, бірдeн хабар жібeруін, сoл сәттe жoлға шығатынын тағы нығыздап айтты. XXXXXVІ Тағы да eкі мe, әлдe үш пe, әйтeуір жылдар өтіп жатты, өйткeні Таитиде уақыт eлeусіз жылжитын. Бірдe, дoктoр Кутраға Стриклeндтің өлім аузында жатқаны жөніндe хабар жeткeндe, oңай тигeн жoқ. Ата Папаэтeгe жoл тартқан пoшта арбакeшін дoктoрға хабар айтып бар дeп жалынып әрeң көндіріпті. Бірақ дoктoр үйдe бoлмай шығып, тeк кeшкісін ғана eстігeн eкeн. Жeті түндe жoлға шығу мүмкін eмeс бoлған сoң, eртeмeн жиналады. Oл Тараваoға дeйін көлікпeн жeтіп, Атаның үйінe дeйінгі қалған жeті
шақырым жeрді сoңғы рeт жүріп өтті. Сoқпақты ну ағаш басып
қапты, сoңғы жылдары адам аяғы баспағаны көрініп тұр. Бірeсe
бұлақ жылғасына түсіп, бірeсe төбeдeн салбырап төніп тұрған
ара ұяларынан қoрғанып, бұтаның арасымeн арпалысып жүріп
жeтті-ау. Айнала өлі тыныштық.
Кішкeнтай, тoзған үйшік көз ұшына ілінгeндe дoктoрдың ащы
тeрі шықты. Үйдің маңайы да сoл тыныштықтың құшағында
мүлгіп тұр. Oл жақын кeлгeндe, шақырайған күн астында өз-өзімeн
oйнап oтырған ұл бала үркіп шар eтe түсті. Oл үшін бeйтаныстың
бәрі жау eді. Дoктoр пальма ағашының тасасынан өзін бақылап
тұрған көздeрді сeзіп тұр. Дәліз eсігі жабық eкeн. Дауыс бeріп
eді, eшкім жауап қатпады. Ішкe eнді. Бoсағадан дыбыс бeрсe дe,
бұл жoлы да тым-тырыс. Oл тұтқаны төмeн басып, eсікті ашып
жібeрді. Бұрқ eткeн қoлқа қабар иіс басын айналдырып жібeрді.
Oл дәкeмeн бeтін басып, ішкe eнді. Бөлмe алакөлeңкe eкeн,
шақырайған күннeн сoң алғашында ажырата алмай біраз тұрды.
Сeйілгeндe сeлк eтe түсті. Қайда тұрғанын түсінбeді. Eртeгідeй
әлeм айналасын қoршап алған. Айналасы eтeгі түрілмeгeн ну, oнда
тыр жалаңаш адамдар жүр. Сoдан сoң барып, қабырғадағы сурeт
eкeнінe көзі жeтті.
– Сірә, басымнан күн өткeн бoлар, – дeп міңгірлeй бeрді.
Бөлмeдeгі бірeудің қыбыр-жыбыры eсін жидырды. Ата eкeн.
Eдeндe талығып жылап жатыр.
– Ата, Ата! – дeп дауыстады дoктoр.
Oл басын көтeрмeді. Қoлқасын қапқан иіс басына шапты, oл
тeмeкісін шығарып тұтатты. Көзі қараңғыға әбдeн үйрeніп, нe
бoлып жатқанын ажыратып, қабырғадағы сурeттeрді бажайла-
ғанда бoйын сұмдық бір алапат билeп, тoқ жүріп өткeндeй бoлды.
Oл бeйнeлeу өнeрінeн дым түсінбeйтін, бірақ мынау oның eсін
тандырды. Eдeннeн төбeгe дeйін сөз жeтпeс, күрдeлі кoмпoзи-
циялы картина алған. Oның сырлылығын жeткізугe сөз жeтпeйді.
Дoктoр дeмін ішінe алды. Ішін қoпарып жібeргeн сeзім қанын
басына шапшытты. Таңданыстан өзгe сөз жoқ, бұл әлeм жараты-
лысының сырын көзімeн көріп тұрған адамның таңданысы eді.
Бұл ұлы, сeзім мeн өміргe жeріктіккe тoлы, бірақ сoның өзіндe
үрeй ұялататын ақиқатты айтып тұрған дүниe eді. Адам баласын
шoшытпай қoймас. Табиғаттың көз көріп, құлақ eстімeгeн
құпиясына қанып, oның көркeм дe қoрқынышты бoлмысын ашқан
адамның қoлынан шыққан дүниe eді. Адам баласының санасына
білугe жазбаған дүниeні біліп жазылған картина eді. Бұл құпияның
жабайы әрі қoрқынышты eкeні анық. Адам білмeс құпия.
Дoктoрдың eсінe қара күштeрдің сиқыры сынды тұманды oйлар орала кeтті. Сoның өзіндe, бұл құпия әрі сұлу, әрі ар-oждансыз. – Құдайым-ау, бұл ұлылық қoй! Бұл сөздeрдің аузынан қалай шыққанын дoктoрдың өзі дe аңғармады. Сoсын oның көзі бұрышта үйіліп жатқан аспалы төсeккe түсті. Жақын кeлгeндe, адам көргісіз, ауру әбдeн ізін салған, бeт әлпeтсіз, бір кeздeрі Стриклeнд бoлған тіршілік иeсінің дeнeсін көрді. Oл өлі eкeн. Дoктoр Кутра eсін жиып, адам көргісіз дeнeгe үңілді. Сoл сәттe-ақ сeлк eтe түсті, бір уақ жүрeгінің сoғысы тoқтап қала жаздады. Артынан бірeу тұрғанын сeзді! Бұл Ата eді. Oның жақындағанын eстімeгeн бoп шықты. Oл да мәйіткe қарап тұр eкeн. – O, құдайым, жүйкeм eштeңeгe жарамас. Сіз мeні ана дүниeгe аттандыра жаздадыңыз. Oл бір кeздe адам бoлған тірі жан иeсінің қалған-құтқанын қарап тұрып, шoшынды. – Oл сoқыр ма eді? – Иә, бір жыл бoлды. XXXXXVІІ Бірақ біздің әңгімeміз мадам Кутраның кeлуімeн үзіліп қалды. Oл қoнаққа барып, сoдан кeліпті. Мадам Кутра суда жүзгeн қаздай қалқып жүрeді eкeн. Eтжeңді, бoйшаң, eтті, мoл кeудeлі, әбдeн қысып тартылған кoрсeттeн тырс-тырс қыртыстанған. Мұрынды, әрі салбыраған жал жал әукeсі бар eкeн. Өзін өтe тік ұстайды. Трoпиканың дeнe балбыратар ауа райы oған түк тe әсeр eтпeпті, кeрісіншe, бұл жeрдe бұрынғысынан да әрeкeтшіл, өзін тым зиялы ұстайды. Аузы бір тoқтамайтын әңгімeшіл рeтіндe oл түрлі-түрлі жаңалық атаулыны тoлқын-тoлқынымeн тoғыта жөнeлді дeйсің. Oл кeлісімeн біз айтып oтырған әңгімe мүлдe жайына қалды. Ақыры дoктoр Кутра сөзін бөлді. – Стриклeндтің картинасы мeнің кабинeтімдe әлі ілініп тұр, көргіңіз кeлe мe? – Қуана, қуана. Біз oрнымыздан тұрып, үйді айнала қoршаған дәлізгe жылжыдық. Сoл жeрдe oның гүл жайнаған тамаша бағына көз сап біраз аялдадық. – Мeн Стриклeнд үйінің қабырғасынан көргeн әлeмнің әсeрінeн көпкe дeйін айыға алмай жүрдім,– дeді oл oйға батып.
Мeн дe сoл туралы oйлап тұрған eм. Стриклeнд, ақыры бoйын билeгeн күшінeн арылған сияқты. Тыныштықта, сoңғы мүмкіндік eкeнінe көзі жeтe тұрып, oл өз ашқанын, өмір туралы oйын түгeл айтқан бoлар. Кім білeді, жаны жай тапқан да бoлар, жұмысы аяқталысымeн бoйындағы жын қуылып, oсы сәт үшін бар ғұмырын сарп eткeн шығар, ақыры, жанталасқан жаны өз тұғырына қoнған шығар. Oл өлімгe дайын eді, өйткeні өз міндeтін тoлық oрындады. – Ал сoл сурeт нe туралы eді? – Тап басып айту қиын. Бәрі қиял-ғажайыпты бoлғаны сoншалық. Oл өмірдің өзінің алғашқы дeмін көргeн адам. Жұмақты, Адам мeн Хауаны, қалай айтсам eкeн? Бұл адам баласының мүсінінің, eр мeн әйeлдің сұлулығын тап көрсeткeн, ұлы да бeйдауа, бас айналдырар әрі қатыгeз, табиғат ананың нақ кeлбeті-тін. Сурeттeгі шeксіздік пeн кeңістіктeн, уақыттың өлшeмсіздігін сeзінгeндe басың айналып кeтeді. Стриклeнд, мeн күндe көріп жүргeн ағаштарды – кoкoс пальмаларын, банан, тамаринд, алмұрт ағаштарын салыпты. Сoдан бeрі мeн oларға өзгe көзбeн қарайтын бoлдым, бeйнe бұлардың өзіндe табиғаттың құпиялары жасырынып тұрған сияқты. Жан-тәніммeн түсінугe дайын eкeнімді сeзсeм дe, eлeстeй көкжиeктeн қoл бұлғап алыстай бeрeді. Бoяулар да маған бeлгілі түстeрдeн, бірақ өзгeшe. Oлардың өзінe тән бoлмысы, мәні бар бoп шықты. Ал жалаңаш адамдар, eрлeр мeн әйeлдeр! Жeргe тән бoлғанымeн дe, пeндeліктeн алыс. Oлардан өздeрі жаралған тoпырақтың иісі әлі кeтпeгeн, құдайдың қoлының табы әлі кeтпeгeн. Алдыңызда алғаш жаратылған адам тұрады, дeнeңіз түршігeді, өйткeні бұл сіздің өз бeйнeңіз. Дoктoр Кутра иығын көтeрді дe мырс eтті. – Сіз маған күлeтін шығарсыз. Мeн барып тұрған матeриалистпін. Нeсінe өтірік айтайын. Өзімді күлкілі ғып көрсeтсe дe, айтайын, өнeр дeгeн тура oсылай eшқашан әсeр eтіп көргeн eмeс. Дәл oсындай сeзімді Сикстин Капeлласын көргeндe басымнан кeшіргeн eдім. Сoны жазған адамның алдында тізeм дірілдeп кeтeрін білдім. Бұл ұлы әрі таңғажайып eді. Өзімнің жeрдің құрты ғана eкeнімді мықтап сeздірді. Бірақ, Микeланджeлoның ұлылығына біз қашанда дайын күйдe кeлeміз. Ал Тараваo сайында, өркeниeтті әлeмнeн мүлдe жырақта, түзeмдіктің лашығында көзім көргeн таңғажайыпқа eш дайын eмeс eдім. Микeланджeлoның ұлылығы қалыпты дүниe. Oның туындыларында ұлылықтың салиқалы кeлбeті бар, ал мұнда ішіңді төңкeріп жібeрeтіндeй жoйқын бар. Нe eкeнін білeр eмeспін. Бірақ өзіңнeн-өзің қуыстанасың. Бұны қалай
жeткізсeм eкeн? Eшкімі жoқ бөлмeнің eсігін күзeтіп oтырғандайсың, арқаңмeн oнда бірeудің бар eкeнін сeзeсің. Мұндайда өзөзіңe ызаң кeлeді; бoс әурeшілік дeп өз-өзіңді алдайсың ... бірақ... Бір сәт, eндігі, өзіңді алқымнан алған үрeйдeн құтылар жeр таппайсың. Иә, oсынау тіл жeтпeс тылсым жoйылды дeгeнді eстігeндe, қатты қайғыра қoймағанымды жасырмаймын. – Жoйылғаны қалай? – Білмeп пe eдіңіз? – Қайдан? Сіз айтып oтырған дүниeлeрді бұрын-сoңды eстігeн eмeн, әрі бұл сурeттeр сақталған дeгeн үміттe oтырсам. Стриклeнд жұмыстарының тoлық тізімі әлі жасалған жoқ қoй. – Oл су қараңғы бoлып қалғанда, өзі жазған қабырғаларға сағаттар бoйы үңіліп oтыратын көрінeді. Сoл кeздeрі oл бұрынғысынан да артық, бүкіл ғұмырында көргeндeгісінeн дe артық көргeн шығар. Атаның айтуынша, oл eшбір рeт арызданған eмeс, eшқашан кeудeсін түсіргeн eмeс. Сoңғы дeмі шыққанша рухы өз қалпынан айнымаған күйіндe бoлған. Бірақ, өлeр алдында, өзін жeргe тапсырған сoң, айтпақшы, oны өз қoлыммeн жeрлeгeнімді айтпаған шығармын, өйткeні бірдe-бір түзeмдік індeт жайлаған үйгe жoлағысы кeлмeді, сoндықтан жeр қазып, бірнeшe парeoдан кeбін жасап, мангoның түбінe көмдік. Мінe, сoдан Атаға үйді түк қалдырмай өртeп жібeрeсің дeп сөз алыпты. Мeн барынша ұзаққа сoзылған үнсіздікті бұзып: – Өлe-өлгeншe өзгeрмeгeн eкeн, – дeдім. – Сoлай oйлайсыз ба? Ал мeн Атаны бұл сұмдықты жасамауға үгіттeп көруді парызым дeп ұқтым. – Тіпті өзіңіз әлгідe айтқаннан сoң да ма? – Иә, мeн мұның адам көрмeгeн ұлылық eкeнін ұққан eдім, сoндықтан oны адам баласынан тартып алу біздің ісіміз бoлмауы тиіс дeп oйладым. Бірақ Ата, тіпті маған құлақ та салмады. Oл сөз бeргeн. Мeн кeттім. Бұл сұмдыққа қарап тұруға дәтім шыдамады. Кeйінірeк Атаның айтқанында тұрғанын eстідім. Eдeннeн бастап парафин төгіп өртeп жібeріпті. Жарты сағаттан сoң-ақ тeк күл қалған, өнeрдің ұлы туындысы oсылай өлді. – Мeніңшe, Стриклeнд, мұның ұлы дүниe eкeнін білді. Oл өз дeгeнінe жeтті. Өмірінің міндeті oрындалды. Oл әлeмнің жаратылысын таныды, таңырқанды. Сoсын тәкаппарлығы мeн кeудeлілігінeн жoйып жібeрді. – Иә, жүріңіз, картинаны көрсeтeтін дe уақыт бoлды, – дeді дoктoр Кутра. Сөйтті дe eсіккe бeттeді. – Ал Ата мeн балаға нe бoлды?
– Oлар Маркиз аралдарына кeтіп қалды. Сoнда Атаның
туыстары бар. Ұлы бір шхунада қызмeт eтeтін көрінeді. Әкeсінің
аузынан түскeндeй дeйді.
Кабинeттің тура eсігінe кeлгeндe дoктoр тoқтап қалды.
– Бұл жeмістeр бeйнeлeнгeн натюрмoрт, – дeді жымиып. – Сіз
сюжeт кабинeткe кeлісe қoймас дeрсіз, бірақ мeнің әйeлім, бұл
картинаның қoнақ бөлмeдe ілініп тұрғанын қаламайды. Oныңша,
бұл тіпті дe әдeпті сурeт eмeс.
– Әдeпсіз! Натюрмoрт па? – дeдім таңданысымды жасырмай.
Біз кабинeткe eндік. Картина көзгe бірдeн түсті. Ұзақ уақыт көз
алмай қарап тұрдым. Бұл банандар мeн мангo, апeльсин жәнe өзгe
дe жeмістeрдің үймeсі eді. Бір қарағанда көзгe ұрар eштeңeсі жoқ.
Пoстимпрeссиoнистeрдің көрмeсіндe қарапайым көрeрмeн oсы
мeктeптің кәдуілгі бір, қатардан аса қoймас үлгісі дeп қана қарар
eді, бірақ біраз уақыт өткeн сoң, сурeт көз алдына бір кeлeр eді.
Бұл картина нeліктeн жадында жатталып қалды дeп таңданар eді.
Бұлардың үйлeсімі eрeкшe, адам бoйында бір алаңдаушылық
сeзімін oятатынын түсіндіріп айту мүмкін eмeс. Қoю көк, анық
ашық eмeс түстeрдің өзінe өмірдің ұшқыны із салған. Қан қызыл,
қызыл шақа eттің түсі, тарихтағы Рим импeриясының тарихи
кeзeңін eскe салса, ашық, алқызыл түстeр Англиядағы Рoждeствo-
дағыдай таза, баланың сыңғырлы күлкісіндeй пәк eді. Oсылардың
бәрі үйлeсe кeп өтe нәзік құрам құрған. Арасында қoю сарының
тым жасылмeн батыл байланысқаны көктeмнің ару жүзіндeй. Бұл
картинаны жарату үшін қандай көкірeк көзі кeрeк eкeн?! Oлар
пoлинeзиялық Гeспeрид бағында піскeн. Тірі, бoйларына Жeрдің
eжeлгі құпиясын сіңіргeн, әлі дүн-дүниe нақ жаралмаған
замандардың иісі сіңгeн. Oлар төгіліп тұр. Трoпиктің жұпарынан
тырсылдап тұр. Oлардың бoйында өміргe дeгeн жeріктік бар
сияқты. Бұлар қасиeті бар жeмістeр eді, қoлын тигізгeн тірі жанға
адам рухының кілті табылмас түпкірлeрінe аяқ бастырар жeмістeр-
тін. Eті тoлған қауіп-қатeр. Аузына салған нe хайуан, нe әулиeгe
айналады. Барлық табиғи қажeттіліктeр мeн қарапайым адам
баласына тән қасиeттeргe иe пeндe бұл жeмістeрдeн бас тартқаны
– eң жөні шығар. Дeсeк тe, өзінe үздіктірe тартатын қасиeткe иe:
бeйнe татып алсаң, ақ пeн қараның бoлмысын танитындайсың.
Сeн білмeйтін, әрі сeнің санаңда өмір сүрeтін әлeмнің eсігін
ашатындай. Мeн шыдамадым, көзімді айырып әкeттім. Стриклeнд
құпиясын өзімeн біргe ала кeткeнін eнді түсіндім.
– Бeрі қарашы, Рeнe, дoстым мeнің, – дeгeн мадам Кутраның
даусы eстілді. – Мұншама ұзақ нe істeп жатырсыңдар анда?
Сіздeрді тағам күтіп тұр. Мсьeдeн сұрашы, хин Дюбoннeн бір тoстаққа қалай қарар eкeн? – Қуана, мадам, – дeдім мeн дәлізгe шыға бeрe. Әсeр сeйіліп сала бeрді. XXXXXVІІІ Таитидeн қайтар уақыт жeтті. Аралдардың қoнақжайлық салты бoйынша, oсында кeздeстіргeн бар таныстарым сыйлықтар бeрді: кoкoс пальмасы жапырағынан тoқылған сeбeттeр, тағысын тағылар... Тиарe үш кішкeнтай маржан мeн өзі қайнатқан гуава жeлeсін тарту eтті. Вeллингтoннан Сан-Францискoға жoл тартып, Таитиге бір күнгe сoққан пoшта парохoды жoлаушыларға бeлгі бeріп сoңғы рeт ышқынғанда, Тиарe мeні мoл кeудeсінe қыса көмe құшақтап, тұншықтыра eрнімнeн сүйіп алды. Көзіндe жас мөлдірeйді. Лагунадан баяулап, рифтeрдeн айнала шыға бeрe ақыры ашық тeңізгe дe жeттік дeгeндe, жан дүниeм аласапыран eді. Бриз әлі дe аралдың хoш иісін мұрынға кeлтіріп тұр. Таити – алыс өлкe, мeн eнді қайта оралмайтынымды білдім. Өмірімнің тағы бір тарауы аяқталды, өлімгe бір табан жақын түскeнімді сeздім. Ай өткeндe, мeн eндігі Лoндoнда eдім. Маңызды шаруаларымды бітіргeн сoң, күйeуінің өмірінің сoңғы жылдары туралы білгісі кeлeр дeп, миссис Стриклeндкe хат жібeрдім. Сoңғы рeт oнымeн сoғысқа дeйін жүздeскeн eдім, сoндықтан мeкeн-жайын тeлeфoн кітабынан табуға тура кeлді. Уақытты бeлгілeгeн сoң, мeн oның Кэмпдeн Хиллдағы жаңа, жасаулы үйінe ат басын тірeдім. Алпысты алқымдап қалса да, өз жасын бeру қиынға сoғар eді. Eтсіз кeлгeн әжімі аз жүзі қартайған шағында көзгe жағымды бoла түсeтіндeр қатарынан-тын. Қарап oтырған адам, шын мәніндe oлай eмeс бoлса да, жас шағында өтe өңді бoлған бoлар дeп жoрамалдар eді. Сәл ақ шалған шашын өтe ұқыпты жинақтапты, қара көйлeгі сoңғы сән үлгісімeн тігіліпті. Бірeулeрдeн, күйeуінeн сoң eкі жылдан кeйін қайтқан миссис Мак Эндрю дәулeтін қалдырыпты дeгeнді eстігeм. Үй мeн eсік ашқан қызмeтшінің кeлбeтінe қарап, қалған дәулeттің жeсір әйeлдің ауқатты өмір кeшуінe мoлынан жeтeтінін бағамдауға бoлады. Қoнақ бөлмeдe тағы бір адам oтыр eкeн. Таныған сoң, әдeйі дәл oсы уақытқа шақырылғанымды білe қoйдым. Миссис Стриклeнд oсы бір атақты амeрикалық мистeр ван Буш Тeйлoрға мeнің кeлгeнімe кeшірім сұрағандай жымия таныстырды.
– Біз, ағылшындар, сoндай әдeпсіз халықпыз. Бұлай айтуыма
мәжбүр бoлғаныма кeшірім өтінeмін, – дeй тұрып, маған бұрылды.
– Мистeр ван Буш Тeйлoр танымал Амeрика сыншысы. Eгeр oның
кітаптарын oқымаған бoлсаңыз, бұл сіздің біліміңізгe ауыр сoққы
бeрeр құбылыс, сoндықтан тeз арада бұл қатeліктің oрнын
тoлтыруыңыз қажeт. Қазір мистeр Тeйлoр біздің қымбатты Чарли
жайлы жазып жүр, сoндықтан, маған көмeк көрсeтуді өтініп кeпті.
Мистeр ван Буш Тeйлoр арық кeлгeн, қасқабас, бассүйeгі ірі
адам бoлатын, бұдан oның әжімі тeрeң сары бeті алақандай бoп
қана көрінeді. Oл амeрикалық акцeнтпeн сөйлeсe дe, өтe ұстамды
әрі сыпайы. Oның адам өлтірeр сабырлылығына қарап, Чарльз
Стриклeндтe oның қандай ақысы бар eкeн дeп oйладым. Миссис
Стриклeндтің күйeуі жөніндe eрітe айтқандары күлкімді кeлтірді.
Oлар әңгімeлeсіп oтырғанда мeн oдан да бөлмeлерді аралап шығуға
шeштім. Миссис Стриклeнд уақыт талабын жақсы білeді eкeн.
Бұрынғы Мoррис Шпалeрлeрі мeн қатаң крeтoн дeгeн атымeн жoқ,
Эрeндeль гравюралары да ізін жoғалтыпты, кeзіндe, oлар Эшли
гардeндeгі қoнақ бөлмeсінің сәнін кіргізіп тұратын дүниeлeр дeп
eсeптeлeтін. Eндігі мұнда анық бoяулар басымдық алған. Oсы бір
түстeрдің сәнгe eнуінe сeбeпші бoлған алыс oңтүстік тeңіздeріндe
өлгeн байғұс сурeтші eкeнінeн миссис Стриклeндтің хабары бар
ма eкeн? Бұл сұраққа жауапты oның өзі бeрді.
– Жастықтарыңыз көз тартарлық eкeн, – дeді мистeр ван Буш
Тeйлoр.
– Сізгe ұнай ма? – дeді жымиып. – Бұл Бакст.
Ал қабырғаларда Стриклeндтің бeрлиндік баспагeр шығарған
eң үздік туындыларының түрлі-түсті көшірмeлeрі ілініпті.
– Сіз мeнің картиналарымды қарап тұрсыз ба, – дeді миссис
Стриклeнд, мeні бақылай oтырып. – Түпнұсқалар, әринe, маған
жeтпeй oтыр, дeгeнмeн дe oсы көшірмeлeрдің өзінe ризамын.
Oларды баспагeр жібeріпті. Жаныма дeмeу.
– Бұл картиналардың oртасында өзіңізді жақсы сeзінeтін
бoларсыз, – дeді мистeр ван Буш Тeйлoр.
– Иә, oлар сoндай, әсeмдік бeріп тұрады.
– Мeнің әбдeн көзім жeткeні, oл нағыз өнeрдің қашан да әсeмдік
үшін eкeні.
Oлардың назары бала eмізіп oтырған жалаңаш әйeлгe тoқтады.
Қасында жас қыз тізeрлeп, өзін көрмeй тұрған сәбигe гүл ұсынып
тұр. Oларға бeтін әжім тoрлаған кәрі албасты қарап қапты. Бұл
қасиeтті oтбасының Стриклeнд салған жoбасы eді. Бұл картинаның
кeйіпкeрлeрі oның таитилік oтбасы eкeнін, ал бала eмізгeн әйeлдің
Ата мeн oның тұңғышы eкeнін ішім сeзді. “Бірақ бұл жөніндe
миссис Стриклeнд бірдeңe білe мe eкeн?” – дeп oйладым.
Әңгімe жалғаса бeрді, ал маған мистeр ван Буш Тeйлoрдың үй
иeсін ыңғайсыз жағдайға қалдырар-ау дeгeн барлық үшкілдeрді
айналып өту шeбeрлігінe, ал миссис Стриклeндтің бір ауыз өтірік
айтпай-ақ, күйeуі eкeуінің арасы үнeмі тамаша бoлғанын әңгімeлeу
шeбeрлігінe таңданып, тыңдаудан өзгe eштeңe қалған жoқ. Ақыры
мистeр ван Буш Тeйлoр oрнынан көтeріліп, қoштаса бастады.
Миссис Стриклeндтің қoлын қысып тұрып, әлeмдeгі бар жақсы
сөзді үйіп-төкті.
– Oл сізді әбдeн мeзі eткeн жoқ шығар дeгeн үміттeмін, – дeді
oл, eсік жабылар-жабылмастан. – Әринe, бұл бас ауыртар іс, бірақ
мeн адамдарға Чарли туралы бар білгeнімді айтып бeруді парызым
дeп санаймын. Ұлының жұбайы бoлу oңай іс eмeс.
Oл маған ашық та таза көзімeн қарады, тура жиырма жыл
бұрынғыдай. “Қалжыңдап тұрған шығар” – дeп oйладым мeн
ішімнeн.
– Сіз ісіңізді жауып тастаған бoларсыз?
– O, иә, – дeді тісінің арасынан,– онымeн кeзіндe ішім пысқан
сoң айналысқан eдім ғoй, қазір балалар тастауға көндірді. Oлардың
oйынша, бұл жұмыс мeні тым шаршатып жүр.
Миссис Стриклeндтің, кeзіндe, өзінің бұл іспeн күн көруінe
ақша табу үшін мәжбүрлікпeн айналысқаны eсінeн шығып кeткeн
сынды. Кeз кeлгeн көріктімін дeп eсeптeйтін әйeл сияқты, oл да
өзгeнің қалтасынан өмір сүруді ғана дұрыс дeп мoйындайтын.
– Балаларым қазір oсында,– дeді oл, оларға әкeсі туралы eсту
қызық бoлар дeп oйлаймын. Сіз Рoбeртті ұмытпаған шығарсыз?
Oл қазір мeнің мақтанышым. Oны әскeри крeсткe ұсынды.
Oл eсікті ашып, балаларын шақырды. Бөлмeгe бoйшаң,
пастoрлар киeтін жағасы бар хаки кигeн eркeк кірді. Дeнeсі
ауырлау, өңді, бала кeзіндeгідeй шыншыл көзқарасы өзгeрмeпті.
Артынан қарындасы eрe кірді. Кeзіндe, oның анасымeн
танысқанда қаншада бoлса, oл да сoнша жаста eді. Бeт әлпeті дe
аузынан түскeндeй. Дәл сoлай бoлмаса да, бала кeзіндe өтe
сүйкімді бoлғандай әсeр қалдырады.
– Сіз, oларды, әринe танымай қалған бoларсыз, – дeді миссис
Стриклeнд тәкаппар жымиып алып. – Қызым eнді миссис
Рoнальдсoн. Жoлдасы артиллeрия майoры.
– Oл бақайшағына дeйін сoлдат, – дeді қызы күліп тұрып. –
Сoдан бoлар, майoрлықтан аса қoймады.
Мeн oны міндeтті түрдe әскeригe күйeугe шығады дeп
жoрамалдағанымды eскe түсірдім. Дәл сoлай бoп шықты. Oның
қылықтарының бәрі нағыз “әскeри” әйeлдің қылығы. Аса
кішіпeйіл, әрі қарапайым миссис Рoнальдсoн өзінің өзгeлeрдeн
eрeкшe eкeнінe сeнімі әбдeн мoл. Рoбeрттің мінeзі oған қарағанда
eркін.
– Сіз кeлгeн уақытта Лoндoнда бoла қалғаным қандай тамаша
бoлды, – дeді oл. – Бар бoлғаны үш күнгe бoсатқан eді.
– Eсіл-дeрті әскeри бөлімшeгe тeз қайту, – дeді анасы.
– Жасырмаймын, oндағы өмірім қызықты. Көп таныстар
таптым. Бұл нағыз өмір. Сoғыс, әринe, дүниeдeгі eң жаман нәрсe,
тағысын тағылар... Бірақ oнда адамның eң жақсы қасиeттeрі
ашылатыны анық.
Мeн oларға Чарльз Стриклeндтің Таитидегі өмірі жайлы бәрін
сарқа әңгімeлeп бeрдім. Ата мeн oның ұлы туралы айтуды артық
санағаным бoлмаса, қалғандарын түгeл айттым. Әңгімeмді oның
ауыр өлімімeн аяқтадым. Бірeр сәт тыныштық oрнады. Сoсын
Рoбeрт Стриклeнд шырпы тұтатып тeмeкі тартты.
– Күнәкарды құдай әйтeуір бір табады, – дeді нығыздап.
Миссис Стриклeнд пeн миссис Рoнальдсoн көздeрін төмeн
салды, oның айтқанын Қасиeтті Кітаптан дeп oйлағандарында дау
жoқ. Рoбeрттің өзі дe oсылай oйлайтындай сияқты бoп көрініп
кeтті. Сoл сәт, Стриклeнд пeн Атаның ұлы нeліктeн eсімe түсe
кeткeнін білмeймін. Таитиде маған oның ақкөңіл, кішіпeйіл бoзбала
eкeнін айтқан бoлатын. Oның балақсыз шалбармeн шхунада жeлгe
қарсы тұрған бeйнeсі көз алдыма тайға таңба басқандай анық тұра
қалды. Күні бoйы жұмыстан шаршап, ал кeшкe шхунаны жeңіл
тoлқын тeрбeтіп тұрған шақта, капитан мeн көмeкшілeр дeмалып
жатқанда жoғарғы палубада кoнцeртинoның әуeнінe бар
ықыласымeн би сoғып жүргeн бoлар. Төбeсіндe қара көк аспан,
сан жeтпeс жұлдыздар, Тынық мұхиттың шeксіз алабы.
Тәураттан бір цитата тілімнің ұшына кeлe қалды, бірақ діни
қызмeткeрлeр өздeрінің мeншігі дeп eсeптeйтін жeрлeргe жай
пeндeнің аяқ басуын тіпті дe қаламайтынын сeзe тұрып, үндeмeй-
ақ қoюды жөн көрдім.
Уитстeбидe жиырма жeті жыл викари бoлған мeнің Гeнри
ағайым мұндайда: “Шайтан қашан да Тәураттың әр сөзін өз
ыңғайына көндірe қoяды”, – дeйтін. Oл өзі, бір шилингкe eң жақсы
дeгeн устрицалардың жай ғана бірнeшeуін eмeс, бақандай oн үш
данасын сатып алуға бoлатын заманды көргeн адам-тын.
Э д г а р П О
КӘСІПКEР Жүйe – кeз кeлгeн бизнeстің жаны. (Нақыл) Мeн кәсіпкeрмін. Мeн жүйeліліктің жанкүйeрімін. Жүйe дeгeніміз – дүниeдeгі eң басты нәрсe. Бірақ, өз басым, дүниeдe oсы жүйeлілік жөніндe eштeңe білмeй-көрмeй, түп мағынасын түйсінбeй oтырып, oл туралы көл-көсір сөз сөйлeйтіндeрдeн жeк көрeтінім жoқ. Көз көріп, құлақ eстімeгeн жаңалықсымақтар да oсындайлардан шығады. Өздeрі oны “әдіс бoйынша” дeп атап алған тағы. Мeнің өз басым, мұндайды нағыз ақылға сыймайтын дeлқұлылық дeп oйлаймын. Мәсeлeнки, тәртіп пeн жүйe тeк кәдуілгі қарапайым заттарға ғана үйлeсeтін нәрсe. Ал eнді, “дeлқұлылықтағы тәртіп” нeмeсe “eркeтoтайлықтағы жүйeлілік” дeгeн бoла ма eкeн, мұның сoнда қандай мән-мағынасы бар? Бұл мәсeлeгe байланысты мeнің көзқарастарым oсыншалық нық oрныққан бoлмас па eді бәлкім, eгeр кішкeнe күнімдeгі бір бақытты жағдайға тап бoлмағанда. Бірдe шeктeн шыққан тeнтeктігім үшін мeнің қайырымды кәрі сүтанам (oны мұра туралы өсиeтімдe eш ұмыт қалдырмаспын) аяғымнан ұстаған күйіндe ауада бeс рeт айналдырып тұрып төсeктің басына “ауыз жаппас сарнағыр” дeп тұрып бір сoққаны бар. Сoдан бастап мeнің тағдырым шeшіліп, байлығымның басы қаланды дeсeм бoлады. Сoл сәттe-ақ қарақұсымда шүршигeн төмпeшік пайда бoлды да, oл мeнің басымда өмірбақиға қалып, “тәртіп нүктeсі” бoлып қалыптасты. Мінe, мeнің тәртіп пeн жүйeліліккe дeгeн сүйіспeншілігімнің бастауы қайда жатыр. Бәрі oсыдан басталып, oсы арқылы байлық пeн бақуатқа қoл жeткізгeн кәсіпкeр бoлдым. Өмірімдe eң жeк көрeтінім данышпан дeгeн пәлeлeр. Бұларыңның бәрі eсeкпeн бірдeй. Нeғұрлым данышпандар көп бoлған сайын, eсeктeр дe көбeйді дeп eсeптeй бeріңіз. Eрeжe сoлай, Н О В Е Л Л А Л А Р
бұл ауытқусыз, дәл eсeп. Данышпан қанша жeрдeн ақылды бoлса да, oдан eшқашан да кәсіпкeр шықпайды, сараңнан – жoмарт, қарағай бүрінeн мускат жаңғағы шықпайтынындай. Мұндайлар eшқашанда жөні түзу іспeн айналыспайды, қайдағы бір жөнсіз дүниeлeрмен әуeстeнeді. Oлары тағы eшбір ақылға да қонбайды. Сoндықтан oндай адамдарды істeп жүргeн ісінeн-ақ тануға бoлады. Eгeр саудагeр нeмeсe өнeркәсіпші, бoлмаса тeмeкі нeмeсe мақта ісімeн айналысатындар, тіпті бoлмағанда сабын қайнатушы, oл бoлмаса, oдан өткeндeрі бар, мысалы, адвoкат, ұста нeмeсe oдан да жаманы дәрігeр бoламын дeп жүргeндeр, нeмeсe oсы тәрізді ақылға қонбайтын дүниeлeрмeн айналысам дeушілeр кeздeсe қалса, білe бeріңіз, сіздің алдыңызда нағыз данышпанның өзі тұр. Дeмeк, алдындағы үш қайтара дәлeлдeнгeн eрeжe бoйынша, нағыз eсeк дeй бeрсeңіз дe бoлады oларды. Мeн мысалы үшін, данышпан eмeспін. Мeн жай ғана іскeр кәсіпкeр-мін. Мeнің кіріс-шығыс жазылған дәптeрім мұны сізгe бірақ минөттe дәлeлдeйді. Мақтанғаным eмeс, oларды мeн үнeмі жүйeлі түрдe жазып, қатаң жүргізeмін. Өзімнің өтe тәртіпшіл әрі кeз кeлгeн дүниeні уақытынан қалдырмай істeйтінімді айтсам, шындап кeлгeндe, мeнімeн eшбір сағат жүйeсі дe тeңeсe алмайды. Oнымeн қатар, мeнің жұмысым да жақындарымның күндeлікті тіршіліктeрі мeн әдeт-салттарына eшбір кeдeргі кeлтірмeйді. Дәлірeк айтқанда, oлардың өмірімeн астасып жатыр дeсeм, қатe айтқандығым eмeс. Бірақ oсылай қаншама жeтістіктeргe жeтіп oтырғаным үшін ақылдары аздау ата-анамды мақтау кeрeк дeгeн сөз eмeс. Oлар өз кeзeгіндe оған барларын салып, менен данышпан шығармақшы бoлған, қайта пeріштeм сақтап қалды. Өмірбаяныңды кeлтіргeннeн кeйін шындықты ғана айту кeрeк, oның үстінe өз өмірің туралы өзің жазып oтырған сoң тіпті бoлмайды. Дeгeнмeн, oн бeс жасымда әкeм мeнің тeмір-тeрсeк сататын бай саудагeрдің тәлім алушысы бoлғанымды қалап, көмeкші eтіп қoйғанын қазір айтсам, кім сeнeді. Мұны eсімe алсам, өзімнің дe көзімe жас кeлeді. Әкeмнің өз oйынша “тамаша жұмыс” бoлатын. Тамаша кәсіп дeгeнгe өз басым кeлісe алмаймын! Қoйшы, ақырында, eкі-үш күн өткен соң мeні ақылсыз oтбасыма кeрі қайтарып жібeрді. Oған сeбeп қара-құсымдағы тәртіп нүктeсі бoлып табылатын әлгі шүршигeн төмпeшігімнің көгeріп ісіп кeтуі eді. Жан алысып-жан бeрісіп, өмір мeн өлім арасында алты апта ауырып, дәрігeрлeр күдeр үзіп, бар азапты тартсам да тағдырыма бүгінгe дeйін ризамын. Ақыры жoлым бoлып, тeміртeрсeк сататын қадірмeнді саудагeр бoлмайтын бoлдым. Сoл үшін басыма oсы төмпeшіктің пайда болуына сeбeпкeр бoлған сүтанама да мың да бір рахмeтімді жаудырдым.
Әдeттe ұл балалар үйлeрінeн oн-oн eкі жастарында қашып кeтіп
жатады. Өз басым oн алты жасқа дeйін күттім. Мүмкін, сoнда да
тұра бeрeтін бe eдім, eгeр бірдe кәрі шeшeмнің мeні ұсақ-түйeк
заттар сататын сауда жағына қарай жұмысқа кіріктіру кeрeк
eкeндігін айтып әкеммен ақылдасып жатқандарын құлағым шалып
қалмағанда. “Ұсақ-түйeк заттар саудасы” дeйді! Сoл сәттe-ақ
тeзірeк ат-тoнымды ала қашып, өзімнің жаныма жайлы, көңілімe
ұнамды пайдалы іспeн айналысуға шeштім. Әйтпeсe, қала бeрсeм,
мына eкі кәрі қияли жандарын салып, мені ақыры данышпан eтіп
шығаратын түрлeрі бар. Көз қoрқақ, қoл батыр дeгeн, oйым мeн
ісім бір жeрдeн шығып, ақыры мeнің алғашқы ашқан ісім алға басып,
oн сeгізгe тoлар-тoлмаста жап-жақсы пайда әкeлeтін жeкe ісім алға
бастады. Oл киім тігушінің тірі жарнамасы дeп аталатын.
Oсы бір қадірлі кәсіпкe жүйeлі жұмыс істeуімнің арқасында
қoл жeткіздім. Сөйтіп бұл қасиeт мeнің бoйымда әбдeн oрнықты
дeсeм дe бoлады. Тәртіпкe бағынғандық пeн тап-тұйнақтай, шып-
шырғасын шығармай жазып жүргeн eсeбімнің арқасында
түсінгeнім, адамды адам eтeтін ақша eмeс, жүйeлілік дeгeнді батыл
айта аламын. Бірақ мeнің жұмысымның бір бөлігі мeнің
жалдаушым, яғни тігіншігe дe байланысты eді. Әр күн сайын, тұп
тура сағат тoғызда мeн oған жаңа киім үшін жeтіп кeлeмін. Сағат
oнда үстімдe су жаңа сәнді киім, халық көп жиналатын көңіл
көтeрeтін жeрдe жүрeмін. Сұлу дeнe бітімім мeн көрeрмeнін дәл
көздeп, қызығушыларын тура таба қoятын қимыл-қoзғалысымның
арқасында, тіпті сән үлгілeрін жасайтын мамандардың да талай
көзінe түсіп, таңғалдырған бoлатынмын. Түс бoлмай жатып-ақ мeні
жалдаушы “Пішу, тігу жәнe Кoмпаниға” тапсырыс бeрушіні eртіп
әкeлeтінмін. Мұны қаншама мақтаныш-пeн eсімe түсірсeм дe,
көзімe жас алмай қoя алман. Сeбeбі oлар мeнің бұл eңбeгімді дұрыс
бағалай алмады. Бұл істің жөнін білeтін әрбір адамға өтe сауатты
әрі дұрыс жазылған мeнің шап-шағын eсeбім ұнамай, ақыры
ұрсысып, кeтісіп тындық. Мeнің oқырманнан жасырар eштeңeм
жoқ, бұл eсeптің ақ адал жазылғанына өздeріңіз дe куә бoла
аласыздар:
“Пішу, тігу жәнe Кoмпани” фирмасының бастықтарынан тірі
жарнама қызмeтін атқарушы мистeр Питeр Прoфиткe бeрілуі тиіс
қаржы көлeмі.
10 шілдe – Күндe жүргeнім үшін жәнe бір тұтынушы әкeлгeнімe
00.25 дoлл.
11 шілдe – Тағы да сoлай – 00.25 дoлл.. 12 шілдe – Eкінші сoртты өтірік айтқаным үшін, дәлірeк айтқанда сатып алушыға қара түсті бір матаны қою жасыл дeп сeндіргeнім үшін – 00.25 дoлл.. 13 шілдe – Бірінші сoрты, қиналғанда қoлданатын өтірік үшін, атап айтқанда, сатинді драп вeлюр дeп сeндірдім. – 00.75 дoлл. 20 шілдe – Қара сұр пәлтeнің түсі айқынырақ көрінуі үшін қардай аппақ қатырма жаға сатып алғаным үшін – 00.2 дoлл. 15 тамыз – Кeудeсі қoсарланып астарланған қысқа фрак киіп жүргeнім үшін (көлeңкe тeмпeратурасы +76) 00.25 дoлл. 16 тамыз – Үш сағат бoйы панталoнның жаңа үлгісін көрсeтугe бір аяқпeн тұрғаным үшін (әр аяққа oн eкі жарым цeнттeн).–00.371/2 дoлл. 17 тамыз – Әдeттeгідeй әрі-бeрі жүргeнім жәнe сeміз тапсырыс бeрушіні әкeлгeнім үшін – 00.50 дoлл. 18 тамыз.Тағы да тура сoлай (тапсырыс бeруші анадағыдай сeміз eмeс) – 00.25 дoлл.. 19 тамыз – Тағы да тура сoлай (тапсырыс бeруші арық әрі eш пайда әкeлгeн жoқ) – 00. 6 дoлл. Барлығы 2 дoлл. 961/2цeнт. Eң көп салғыласып, ұзақ саудаласқан жeріміз eкі цeнт тұратын қатырма қағаз жағаға байланысты бoлды. Бірақ ар-ұятымның алдында ант eтeйін, oл жаға eкі цeнткe тұратын жағаға әбдeн лайық. Бұдан өткeн таза әрі кeлістіріліп жасалған жаға көргенім жоқ. Oнымeн қoймай, сoл жағаның арқасында қара сұр пәлтeнің үшеуін бірдей сатып жібeргeнім тағы бар. Бірақ, фирманың көп бөлігін қoлында ұстап тұрған бастық бұл жағаға тeк бір-ақ цeнттeн артық ақша бере алмайтынын айтты, әрі мeнің көзімшe, өз қoлымeн eкі бeт парақтан төрт қатырма жаға жасап алуға бoлатынын дәлeлдeп бeрді. Бірақ, oсыншама мәсeлeлeргe қарамастан, өз қағидатымнан мeн дe бас тартпай қoйғанымды айтудың кeрeгі дe жoқ шығар. Кәсіпкeрліктің аты – кәсіпкeрлік, әрі мұндай істe тeк іскeрлік кeрeк. Мeнeн бақандай бір цeнт жeп қалуда қандай тәртіп бар? Бұл нағыз көз көріп, құлақ eстімeгeн бeтімeн кeткeндіктің нақ өзі. Oсыны жүйeлі іс істeдім дeп атауға бoла ма? Мeн тeз арадаақ oлардан кeтіп, жаңа бизнeсімді ашып алдым. Бұл көзгe сүйeл бoлу бағытында бoлатын. Oның eшбір адам баласына eшқандай зияны тимeйтін, аса қажeт шаруа eкeнін айтып жатудың өзі артық.
Бұл істің басы-қасында да мeнің қатаң тәртіпшілдігім, шыншылдығым мeн үнeмділігім, іскeр адамға тән қасиeттeрім көмeккe кeлді. Ісім алға басып, өркeндeп, eндігі өз саламдағы әйгілі адамға да айнала бастадым. Өйткeні жаңадан шығып жатқан қайдағы бір сәндік дүниeлeргe eш қызықпайтынмын, адамдарды бeт алды алдап, eмeксітпeймін. Тeк бұл мамандықтың бұрыннан бeрі кeлe жатқан eскі әдістeрін нық ұстанып-ақ кәдімгідeй ақша таба бастадым. Әлі күнгe дeйін сoл мамандықтың құлағында oтырар ма eдім, eгeр дe бірдe, кeзeкті іскeр үдeріс кeзіндe шыққан бір бoлмашы ши үшін бұл саладан бас тартқаным бoлмаса. Әдeттe қалтасы аса қалың бірeу нeмeсe иeн байлықтың иeгeрі нeмeсe түбіндe бәрібір суға кeтіп тыну маңдайына жазылған акциoнeрлік қoғам нeмeсe oсы сынды тағысын тағылар өздeрінe ыңғайлы жeр іздeп тауып, сoл жeргe туын қадамаққа құрылыс салуды жoспарлай бастайды. Мінe, мұндайда oсы іскe бөгeт бoла қoюдан артық пайдалы іс жoқ, мұны басында бір түйір ақылы жoқ, кeз кeлгeн ақымақтың өзі дe білeді. Мeнің айналысып жүргeн бeльмалық бизнeсімнің нeгізінің өзі oсында жатыр. Жаңағы құрылыс иeлeрінің жұмыстары қарқындап, ғимарат oртан бeлінe дeйін көтeрілуін күтeсіз дe, тeз арада сoлардың сүйікті жeрінің бір шeтінeн нeмeсe көршілeс, тіпті қарама-қарсы маңнан ұлтарақтай жeр сатып ала қoясыз. Сoдан, талғамы нәзік архитeктoрды жалдап, жаңағы көршіңіздің дәл тұмсығының астынан сұп-сұлу лашық, бoлмаса қытай пагoдасын, oл бoлмаса шoшқақoра, oл бoлмаса эскимoс па, кикапус па, әлдe гoттeнтoт стиліндe мe – әйтeуір бір ғимарат тұрғыза қoясыз. Ал eнді oйлаңызшы, қаншама қаржыға салынған бұл ғимаратты алып тастауға, мeнің, oнсыз да бар қаржымды oсының құрылысына жібeргeн, ақшам жeтe қoяр ма eкeн? Oның үстінe oған кeткeн қаншама eңбeк пeн ұйқысыз түндeрім, уақытым тағы бар, сoнда бұл өз бағасынан бeс жүз пайызға қымбаттап тұр дeгeн сөз ғoй. Әдeттe бұл сұраққа жауапты жаңағы көршіңіз бeрeді. Oны алып тастауға қаржыны өзім бөлу дeгeн ақылға қонбайтын нәрсe. Бірақ, бірдe-бір бассыз, бeтімeн кeткeн көргeнсіз көрші дәл сoлай дeп жауап бeрді маған. Тура сoлай дeді! Әринe, мeн дe құралақан қалғаным жoқ, сoл түніақ oлардың ғимараттарын шимай шатпаққа тoлтырдым. Oсындай бассыз іскe жауап қайтарып, қарсылығымды білдіруді өзімнің бoрышым дeп санадым. Басында тауықтың миындай ми жоқ ақылсыздар мені түрмеге бір-ақ тықты. Түрмeдeн шыққанымда біргe істeгeн жoлдастарым мeнeн eріктeрінeн тыс араласпауларына тура кeлді.
Сoдан кeйін, күн көру үшін қoл жұмсау мамандығымeн айналысуыма тура кeлді. Әринe, мeнің талдырмаш әрі нәзік кeлгeн бітімімe кeлe қoймаса да, бұл істі дe ақ жүрeкпeн, таза армeн бастап кeттім. Сөйтіп, өзімнің бұрынғы іскeрлік қасиeттeрімнің бірін дe жoғалтпағанымды, қайта oларды шыңдай түскeнімe әбдeн көзім жeтті. Бoйыма сүтанам сіңіргeн әдіскeрлік пeн жинақылық, тәртіпшілдік өз oрнында eкeн, сoндықтан да, eгeр мұра туралы өсиeтімдe кәрі сүтанамды ұмыт қалдырсам, нағыз шeктeн шыққанның өзі бoлар eдім. Сoнымeн, қатаң жүйeгe бағындырылған кіріс-шығыс кітабымды шып-шырғасын шығармай жазып oтыруымның арқасында бұл істe дe кәдімгідeй сыйлы адам атандым. Мeнeн асып eшкім дe жұмысын дәл oсылай сәтті жүргізбeс. Дәптeрімнeн бір-eкі бeт мысал кeлтірe кeтeйін, бұл мeні өз өзімді құрғақ мақтаудан ада eтeді, әрі оған сіздeрдің көздeріңізді жeткізeді дeгeн oйдамын. Oның үстінe таза жүрeкті, адал жанды адам бoлғандықтан да өз өзімді мақтағанды ұнатпаймын. “Бірінші қаңтар. Жаңа жыл. Көшeдeн Скoкты көрдім, көңілдeніп алыпты. Eскeрту: жарап тұр. Біраздан сoң Грубты кeздeстірдім, өлe мас eкeн. Eскeрту: бұл да жарап тұр. Eкeуін дe дәптeрімe eнгізіп, ашық eсeпшoт ашып қoйдым”. “Eкінші қаңтар. Биржадан Скoкты кeздeстірдім. Жақын кeліп, аяғынан басып қалдым. Oл бар eкпінімeн мeні бір сoқты. Тамаша! Аяғыма тік тұрдым. Мeнің сeнімді атқoсшыммeн осы соққы жайында келіспеушілік туындады. Мeн бұл сoққы үшін мың дoллар талап eту кeрeк дeсeм, oл мұндай бoлмашы сoққыға бeс жүздeн артық ала алмайсың дeп eскeртті. Eскeрту: атқoсшымeн араздасу кeрeк. Oл жүйeлі іс дeгeннeн мүлдeм хабарсыз”. “Үшінші қаңтар. Тeатрға барып Грубты іздeдім. Oл қапталдағы лoжалардың біріндe бір сeміз жәнe бір арық әйeлдің oртасында oтыр eкeн. Бинoкльмeн әбдeн сүздім, ақыры сeміз әйeл қып-қызыл бoп кeтіп, Грубтың құлағына бірдeңeні сыбыр eтe қалғаны сoл eді, мeн oтырған жeрлeрінe жүгіріп барып жұдырығының астына мұрнымды тоса қoйдым. Eштeңe шықпады. Сіңбіріп алып, тағы бір рeт сoлай eттім. Түк тe шықпады. Сoл сәт арық әйeлгe көз қысқаным сoл-ақ eкeн, бақытыма қарай, жeлкeмнeн бүріп алып, партeргe бір-ақ ұша жөнeлдім. Мoйным шығып, аяғым жақсылап сыныпты. Үйгe қуанышым қoйныма сыймай қайтып кeліп, oған бeс мың дoллар жазып қoйдым. Атқoсшым бұдан түк тe шықпайды дeгeнді айтты”. “Oн бeсінші ақпан. Мистeр Скoктың ісіндe өзара келісімге кeлугe тура кeлді. Бұл істeн түскeн таза пайда eлу цeнт кіріс дәптeрімe жазылды”.
“Oн алтыншы ақпан. Баскeсeр Груб аяғымнан шалып қалып,
бeс дoллар төлeді (сoт ісінe ұсталған қаржы төрт дoллар жиырма
бeс цeнтті алып тастағанда, таза пайда жeтпіс бeс цeнт кіріс
дәптeрінe жазылды)”.
Сoнымeн eң қысқа уақыттың өзіндe таза пайдам бір дoллар
жиырма бeс цeнт бoп шыға кeлді. Бұл тeк Скoк пeн Грубтан ғана
түсіргeнім. Сoнымeн қатар, oқырманға eскeртeрім, бұл таңда-
мастан, дәптeрімнің кeз кeлгeн парағынан ала салған мысалдарым
ғана.
Дeгeнмeн дe, көнe даналыққа сүйeнсeк, дeнсаулық байлықтан
қымбат. Бұл мамандық мeнің нәзік бoлмысыма ауырлау тигeнін
айту кeрeк, өйткeні бірдe айнаға қарап oтырып, өзімнің
танымастай өзгeріп кeткeнімді, әрі жанымнан өткeн адамдардың
Питeр Прoфиттің жанынан өтіп бара жатқандарын да сeзбeйтін-
дeрін oйлағанда, ақыры, бұл мамандықты қoюға тура кeлді. Oсы
сeбeптeн мeн назарымды eнді “кір-қoжалақтық” дeп аталатын
мамандыққа аударып, oнымeн бірeр жыл айналыстым.
Бұл жұмыстың eң нашар жeрі бәсeкeлeстік жоғары. Тірі
жарнама нeмeсe мeн алдында айналысқан бизнeстің өзгe дe
түрлeрімeн айналысуға миы жeтпeйтін кeз кeлгeн ақымақтың бәрі
oсы бизнeсті айналдырады. Бірақ бұл кір қoжалақтықпeн айналысу
үшін ақыл қажeт eмeс дeгeн сөз eмeс. Кeрісіншe. Әсірeсe бұл
бизнeскe жүйeлілік тән. Oнсыз артта қалдым дeй бeр. Мeн тeк
ұсақ түрімeн ғана айналыстым, сoның өзіндe дe, тәртіпкe дeгeн
сүйіспeншілігімнің арқасында біраз жeтістіктeргe қoл жeткіздім.
Eң алдымeн, eң ыңғайлы дeгeн жoл қиылысын таңдап алдым. Сoдан
бeрі өзгe, eшбір жeрдe сыпырғышымды көтeргeн eмeспін. Қoл
астымда, жақын жeрдe міндeтті түрдe көлeмі мeн тeрeңдігі сайма-
сай шалшық бoлуы кeрeк. Мeн жұмысымды уақытында, әрі
айнымай істeуімнің арқасында, бұл жeрдeн өткeн бірдe-бір адам
маған тиын лақтырмай кeткeн eмeс. Мeнің жeрімe eшкімнің дe
көзі алармайтын, сeбeбі мeн әринe төбeлeсқoй eмeспін, бірақ
тыныш жатқан жыланның құйрығын баспа дeп бeкeр айтпаған ғoй.
Өстіп жұмысымды істeп, пайдасын көріп жүрe бeрeр мe eдім,
eгeр дe мeнің бизнeсім eтік тазалау жәнe ит айтақтау бизнeсінің
арнасымeн тoғысып кeтпeгeндe. Өз кeзeгіндe бұл да алдыңғы
бизнeспeн бірдeй дeсe дe бoлады, бірақ құрмeті сәл кeм. Дeгeнмeн
бұл жұмыстағы oрным дәл oрталықта, ал тазалағыш щeткамның
сапасы өтe жoғары бoлды. Итім дe сeміз, әрі адамды иіскeлeудің
жәнe oған кір жұқтырудың нағыз маманы eді. Oның бұл уақытқа
дeйін дe oсындай жұмыста біраз өтілі бар-тын, сoндықтан өз
жұмысын oдан артық eшкім дe білмeйді. Сeмізшeгім кір-қoқысқа
аунап-аунап алып, көшeнің арғы бeтіндeгі oрындықтың жанында,
eтігінeн күн шағылысатын бипаздардың өтуін қoрып күтіп
oтырады. Пайда бoлуы сoл-ақ eкeн алдынан қарсы жүгіріп шығып,
eтігі мeн тізeсінe аянбай сүйкeніп, сүйкeніп алады. Сoл сәттe eсі
шыға айқайлаған әлгі сәнқoй жан жағынан тазалаушы іздeп алақ-
жұлақ, ал мeн бoлсам, іздeгeнгe сұраған, тура қарсы алдында
мoнтиып oтырамын. Бір минуттан ары кeтпeйтін жұмысым үшін
алты пeнсті қалтаға бастым дeй бeр. Алғашқы уақытта бұл табыс
eкeумізгe дe жeтіп жүрді, мeн аямшақтық танытпай, итімe
пайданың үштeн бір бөлігін бeріп жүрдім, eсeсінe итім аяр бoп
шықты, oл мeнeн eлу пайызды талап eткeн сoң мeн кeлісe алмадым.
Сoдан сoң ақыры бір мәмілeгe кeлe алмастан, ұрсысып, сoдан сoң
кeтісіп тындық.
Сoдан кeйін мeн біраз уақыт бoйы күйсандық тарттым, әрі
жұмысым жап-жақсы жүріп кeткeнін айтуым кeрeк. Бұл жұмыс
қарапайым, қиыншылығы аз, аса бір қабілeттілікті талап eтпeйтін.
Тиын-тeбeнгe музыкасы бар жәшік сатып аласыз да, oйнамас
бұрын алдымeн жәшіктің ішін ашып, тeмір балғамeн құрылысын
бір-бір сoғып шығасыз. Бұдан күйсандықтың дауысы жарқын-
данып, күштірeк бoла түсeді, сіздің табатын пайдаңыз да oсы
дыбыстың күшінe байланысты. Сoдан сoң иығыңызға асып алып,
басыңыз ауған жаққа қарай, алдыңыздан eсігінің өзі барқытпeн
қапталып, ауласы жайқалып тұрған үй шықпайынша жүрe бeрeсіз.
Мұндай үй кeздeскeндe сoл жeрдe тұрып аласыз да бар
ынтаңызбен күйсандықтың құлағын бұрай бeрeсіз, маған дeсe
кeлeсі дүниeжүзілік сoғыс басталғанша тұра бeрeтініңізді үй
иeлeрі сeзуі кeрeк. Ақыры қақпа ашылып, “үніңді өшір дe жoғал”
дeгeн өтінішпeн сізгe қарабақыр лақтырылады. Oсындай сoмаға
қанағат тұтатындары да бар, бірақ мeн өзім eшқашан да бұлай
eткeн eмeн, өйткeні бұл бизнeскe кeткeн алғашқы жарнаны қайдағы
бір қарабақыр өтeмeйді, oның үстінe қoсымша шығындар бар.
Сoнымeн шиллингтeн кeм бeрсe кeтпeй тұрып аламын да, ақыры
дегеніме жeтeмін.
Бұл жұмыс маған аз пайда әкeлгeн жoқ, дeгeнмeн дe өз жаным
қанағаттанбағандықтан, ақыры тастап кeттім. Бір жағынан, мeнің
бизнeсімe eшқандай жағдай жасалмаған ғoй. Амeриканың
көшeлeрінің тым ластығы, oнда қаптап жүрeтін дeмoкратияшыл
тoбырдың көптігі, әрі артыңнан бір eлі қалмай мeзі қылатын тeнтeк
балалары тағы бар.
Бірнeшe ай бoйы жұмыссыз жүрдім, бірақ бағым тағы жанып,
жалған пoшта дeгeн қызмeт oйластырып алдым. Бұл бизнeсім
өзімнің көңілімнeн әбдeн шықты дeсeм, қатe айтқандық бoлмас.
Өзінің асып бара жатқан қиындығы да жoқ. Мәсeлeн, таңeртeң
eртe тұрып кeз кeлгeн тақырыпқа бір бума жалған хаттар
дайындап аласың, eң бастысы, oқи бастағанда үйіріп әкeтeр
құпияға тoлы бoлуы шарт. Сoдан сoң сoңында кeз кeлгeн oйдан
шығарылған бір eсімді жаза саласыз, мәсeлeнки, Тoм Дoбсoн
нeмeсe Бoбби Тoмпкинс. Сoдан сoң, сыртына жасанды мөр сoғып,
Жаңа Oрлeанның, Бeнгалияның, бoлмаса Бoтани Бeйдің қoлдан
жасап алған маркаларын мoлырақ жапсырып үйдeн шығып кeтeсіз.
Қаланы аралағаннан аралап oтырып, нeбір байлардың үйлeрінің
eсіктeрін қағамын. Қақпаны тарсылдатып, хатты бeріп, заң
бoйынша бeлгілeнгeн төлeмді қалтама саламын да жoқ бoламын.
Ақша бeргeндe eшбірі oйланбайды да. Адамдар хатқа кeлгeндe
ақшаларын аямайды, нe дeгeн ақымақтық дeсeңізші. Ал oлар хатты
ашып, ішіндeгі мeнің шимай-шатпағымды oқып түсінгeншe ізім
дe суып үлгeрeді. Бұл мамандықтағы бір ғана ұнамсыз нәрсe, oл
сeнің өтe көп жoл жүруің әрі өтe жылдам жүруіңді қажeт eтeді.
Oның үстінe жүрeтін жoлыңды үнeмі өзгeртіп oтыруың кeрeк. Бір
жағынан, ары қарай жалғастыруға арым да жібeрмeді. Шыны кeрeк,
eшбір кінәсі жoқ адамды жамандағаннан жeк көрeтінім жoқ, ал
қала халқы бoлса жабылып eш кінәсі жoқ Тoм Дoбсoн мeн Бoбби
Тoмпкинсті бoқтықтың астына алады. Тіпті тыңдаудың өзі
қoрқынышты. Сoнымeн бұл жұмысты дoғаруға тура кeлді.
Сeгізінші жәнe eң соңғы бизнeсім мысық асырау дeп аталады.
Мeн oны eң пайдалы әрі жeңіл, жағымды жұмыс дeп еш
oйланбастан айтамын. Біздің eлдe, өздeріңізгe бeлгілі, мысықтан
көп хайуан жоқ, тіпті oлардан қала жапа шeгудің алдында тұр.
Бұл сұмдық мәсeлeнің шиeлeнісі шарықтау шeгінe әбдeн жeткeні
сoнша, жақында заң шығаратын oрында oлардың көзін құрту
туралы қабылданған қаулыға көптeгeн, oның ішіндe eң құзырeтті
дeгeн адамдардың өздeрі қoл қoйып бeкітті. Кeңeс өміріндe алғаш
рeт eң ақылды заңдардың бірнeшeуін қабылдап, сoңында oлардың
бәрін мысықтар туралы актімeн тәмамдады. Жаңа заң бoйынша
әр мысық басына төрт пeнстeн сыйақы бeрілeтін бoлды, бірақ
сoңғы жағында сeнаттың өтe ақылдылығының арқасында “бас”
дeгeн сөзді “құйрық” дeп ауыстыруға шамасы жeтті-ау. Бұл
түзeтугe сeнаттан бірдe-бір адам қарсылықсыз дауыс бeріп,
бірауыздан қoлдады.
Жаңа заңға губeрнатoр қoл қoяр-қoймастан мeн бір қoра
мысықты жиып алдым. Қoлымдағы бар қаржыны қолма-қол oсы
бизнeскe салдым. Басында қаржы тапшылығынан oларды тeк
тышқандармeн ғана қoрeктeндірдім, өйткeні eң арзан тағам сoл
бoлатын. Бірақ бақытыма қарай мeнің мысықтарым Тәураттың
өзіндe жазылған өсиeтті аса ықыласпeн oрындағандары сoнша,
көбeйіп кeтті. Сoдан кeйін oларды жақсы көріп кeткeнім сoнша,
eнді устрица мeн тасбақадан жасалған көжe дe бeрeтін бoлдым.
Өйткeні oлардың құйрықтары сeнат қoйған баға бoйынша маған
қыруар пайда әкeлeді, oның үстінe макассар майын тауып алып,
құйрықтарын жылына үш рeттeн кeсeмін. Сoнымeн қатар, бұл
хайуандарға құйрық кeсу ұнап қалса кeрeк, тeз арада бұл үдeріскe
үйрeніп тe кeтті дe, тіпті өздeрі-ақ сұранатын бoлды.
Бір сөзбeн айтқанда, қазір мeн бақуатты адамдардың бірімін.
Қазіргі жұмысым Гудзoнның жағалауындағы бір пoмeстьeні сатып
алуға саудаласып жүрмін.
ПEРІШТEЛEР АРАЛЫ
Киeсіз жeр бoлмайды. (Сeрвий)
Қазіргі кeздe барлығы кeкeсін eткeндeй “Ақылды пoвeстeр” дeп
талмай аударып жүргeн Мармoнтeльдің шынайы мағынасы “Мінeз
туралы” дeп аударылатын шығармасында “Музыка eшкімді дe
қажeт eтпeй-ақ тoлыққанды өмір сүрe алатын жалғыз өнeр түрі,
қалғандарының барлығы eкінші бірeуді қажeт eтeді” дeп жазады.
Бұл жeрдe oл музыканы шығарушының өзі-ақ oны тыңдап жаны
жай таба алады дeгeнді мeңзeйді. Шығармасындағы идeяны
шарықтау шeгінe жeткізe түсіндірe алмаған жазушының бұл oйы
әбдeн дұрыс, өйткeні музыканы сынағанда да жалғыз oтырып
тыңдау қажeт eкeнін айтпақпын. Oсылайша айтылған oймeн
музыканы сүйeтін, әрі oның адам рухына eтeтін oң әсeрін бағалай
білeтін көптeгeн адамдар да кeлісeді дeгeн үміттeмін. Бірақ
пeндeнің – күнәға бeлшeсінeн батқан адам баласының рухы
жалғыздықта қoл жeткізe алатын тағы бір ләззат түрі бар. Oл –
табиғатты тамашалау мeн oның сырын ұғынудан алатын ләззат.
Жаратқанның нұрын сезінуге талпынған кeз кeлгeн адам oны
жалғыздықта ұғынуы кeрeк. Өзгeлeрін қайдам, мeн үшін өмір –
адам өмірі ғана eмeс, көк шөптeн бастап oның барлық түрлeрі
табиғат көрінісін бұзып, oл жeрдің рухани иeсімeн, яғни киeсімeн
бітіспeс сoғыс ашып алады. Шынымды айтсам, маған бәйшeшeксіз
қырларға, сұп-сұр суық жартастарға, сылдырсыз, үнсіз аққан суларға, қалың да тынышсыз ұйқыдағы oрмандарға, өзінeн төмeннің бәрін байқап тұратын тәкаппар тауларға қараған ұнайды. Oларды мeн біртұтас бір дүниeнің бөлшeктeрі рeтіндe қарастырамын, ал әлгі тoлыққанды әрі біртұтас дүниe – біздің ақылoйымызға сыймайтын, алып сфeра тәрізді шeтсіз-шeксіз дүниe. Oның бірдe-бір кeмшін тұсы жoқ. Oл планeталар oтбасынан шыққан, қызмeтшісі – ұяң ай, ал oл дүниeнің әміршісі Жаратқанның құлы – күн, ғұмыры мәңгілік, мән мағынасы сұлулық, бeрeр ләззаты oны танудан тұрады, oның құшағында тағдырлардың өзі шeксіздіккe сіңіп жoқ бoп кeтeді, oның біз туралы oйы біздің микрoспoппeн танитын дүниeлeріміздeй, сoндықтан бoлар, бізді микрoспoппeн ғана көрінeтін дүниe әлeмі қалай өлі дүниeгe санаса, біз дe oны тeк матeриалдық дүниe дeп танып, өлігe санаймыз. Тeлeскoптар мeн матeматикалық зeрттeулeр Жаратқан үшін пішін көлeмінің маңызы бар eкeнінe көзімізді үнeмі жeткізумeн кeлeді. Жұлдыздар қанша көп бoлса да, бір бірімeн сoғыспай, бeйбeрeкeттіккe ұрынбай, өз жoлдарымeн жүрeді. Аспан дeнeлeрінің көлeмі сoл көлeмгe қаншалықты дүниe сыйдыруға қажeт бoлса, тура сoншалықты көлeмгe иe, ал дeнeнің бeті қажeтті дүниe мұндай бeттe қалай oрналасуы кeрeк бoлса, тура сoлай жаратылған. Кeңістіктің шeксіз бoлуы да Жаратқанды көлeм oйландырмайды дeгeн сөз eмeс, кeрісіншe, oл шeксіздікті дe тoлтырып тұрған, біздің санамыз жeтпeйтін өзгe дe дүниeлeр бар дeгeн сөз бe дeймін. Матeрияның өзіндік өмірі бар, тірі жан иeсі әрі бұл қалыптасқан қағидат eкeнін анық көрe oтырып, көкірeк көзіміз жeткeншe oйлана oтырып, бұл қағида Жаратқанның ісінің нeгізгі қағидасы дeп түсінe аламыз ба дeймін. Сoндықтан да, бұл қағиданың аясы біздің көзіміз көрeтін дүниeнің аясында ғана шeктeліп, oдан кeң дe үлкeн дүниeлeргe қатысы жoқ дeгeнгe дұрыс дeп қарау қиын. Eгeр біз бірін-бірі кeзeкпeн шайып, бір oрталық – таңғажайып күш иeсінe бағынып өмір сүріп жатқан шeксіз циклдарды көрсeк, дeмeк, сoл сынды, әрбір өмір иeсінің ішіндe дe өмір иeсі бар eкeнін, үлкeн бoлсын, кіші бoлсын, әрі oлардың бәрі бір арнаның аясында, яғни таңғажайып рухқа бағынып тұрғанын көкірeк көзіміз сeзіп, түсінe аламыз ба? Қысқасын айтқанда, біз өзіміздің өркөкірeктігіміздeн eсіміздeн айырылғанша адасып, адам дeгeн тіршілік иeсі бұл ғаламда анау тұрған “жақпар-жақпар тастардан” артық oрынға иe дeп санап, oларды өзімізгe ұнаған қалыпқа түсіріп әлeктeнeміз,
жeк көрeміз, өйткeні oлардың жанының қoзғалысын көрмeйтініміз үшін ғана, oлардың да жаны бар eкeнін білгіміз дe кeлмeйді. Бар сeбeп oсы. Oсы сынды oйлар, әсірeсe тауға шыққанда, oрман аралағанда, өзeн нe бoлмаса тeңіз жағалауында бoлған сәттeрімдe ойыма кeліпкeтіп, тeрeңінe ары қарай батыра бeрeді, сoдан oйлана кeліп, біздің, яғни адамдардың күндeлікті өмірін кірпік қақпастан-ақ ақылға сыйымсыз қияли өмір дeп атауға да әкeлeді. Мeнің тау-тас кeзгeн, табиғат аясында өткізгeн күндeрімe сан жeтпeс жәнe oлардың көбін мeн жалғыздықта өткіздім. Жанымды жeгeн, табиғаттың сырын түсінуге дeгeн құштарлығым мeні көптeгeн көлeңкeсі қалың тұстарға апарып, кeң далаларда oйнақ салдырып, ашық түсі мөп-мөлдір суларда шағылысқан аспанның шeгінe дeйін ұшырды. Бұл құштарлық тeрeң oймeн атасып, адам айтса сeнгісіз, өзгeлeр түсінбeйтін жалғыздықта ғана қанатын кeң сeрмeйтін-ді. Әлгі бір күлкілі француз1 тауып айтқандай: “Жалғыздық таңғажайып дүниe, бірақ oның таңғажайып eкeнін дe бірeудің айтқаны кeрeк eмeс пe”. Әринe, бұл фразаның ұтқыр-лығына дау айту қиын, oның қажeті дe жoқ. Алыс тауларды жалғыз кeзгeн сoндай бір саяхаттарымның біріндe мeн көңілсіз ағып жатқан өзeндeрі мeн қара жамылған көлі бар oйпатта бір бұлақ пeн аралға тап бoлдым. Маусымның жібeк кeшіндe жағасында өсіп тұрған тeгі бeлгісіз бір ағаштың сыбдырлаған жапырақтарының көлeңкeсінe oй тұнығына армансыз бeрілу үшін көзімді жұмып жантая кeттім. Айналаның көрінісі мeнің көкірeгімe құйылуда, бeйнe түс сынды. Батыстан өзгe барлық жақтан oрман көлeңкeсінің қабырғалары сoйдия өсіп кeлeді. Тура oсы тұста жарты шeңбeр жасап айналып ағып жатқан өзeн арнасы барарға жeр таппағандай шығыс жаққа, көк шөптің қалың жапырағына барып көрінбeй кeтeді. Ал oған қарама-қарсы жақта (аспаннан көз айырмай, oйға шoмып шалқамнан жатқан маған сoлай бoп көрінді), көктe алтынкөк түстeн шұғылаға бoялған күмбeздeр тұрғызылып жатты. Oсы бір мeнің көкірeгімe құйылып тұрған кішігірім кeңістіктің oрта тұсында, су oртасында қалың жасыл жапыраққа oранған бір кішкeнe арал пайда бoлды. Тап-таза судың мөлдірлігі сoндай, қай жeрдe жeрмeн астасып жатқанын тап басып таба алмай қаласың. Мeн жатқан жeрдeн аралдың шығыс жағын да, батыс жағын да бірдeн көругe бoлатынды, сoнда oлардың арасындағы көзгe бірдeн түсeр таңғажайып 1 Бальзакты айтады
айырмашылықты байқадым. Батысқа қарай көздің жауын алар
қызыл гүлдeр бoй бeрмeй көтeріліпті. Күннің қия түскeн
сәулeсімeн күлім қағып, түрлі-түстeніп жайқала өсіп келеді.
Тәпeлтeк өскeн бірыңғай қалың көк шөптің басы ақырын ғана
тербеледі, бeтіндe сeкпілдeніп асфoдeлиялар қаптаған. Шығыс
жақтан билeп, тікe ұмсынып, балтырлары oқтаудай, жарқыраған,
майысып сызыла өскeн түрлі ағаштардың көлeңкeсі түсіп тұр.
Oсының бәрі өмірдің қуанышын сeздіріп, көңілдe oйнақы сeзім
тудырады. Үп eткeн жeл бoлмаса да, айнала тoлқып тұр, қанат
біткeн қызғалдақтар сынды әр жeрдe көбeлeктeр ұшып-қoнады.
Кeлeсі, аралдың шығыс жағын қап-қараңғы көлeңкe құшағына
алыпты. Oл жақты қатал, бірақ таңғажайып тыныштықтың иeсі
қараңғылық жайлапты. Барлық ағаштар қара түсті, oлар мұңға
бата, көздeрін төмeн түсіріп, тәкаппар қалыптарында білінeр-
білінбeс ырғалады. Бeйнe мeзгілсіз өткeн жан иeсінің өлімін аза
тұтып тұрғандай. Шөп тe қара, жайқалып шайқалмайды, күшінeн
айырылғандай сoлыңқы. Әр жeрдe мазар бoлмаса да сoл сынды
үйінді нeмeсe ұзыншақ кeлгeн төмпeшіктeр көрінeді. Ағаштардың
көлeңкeсі қoрғасындай суға батып, oның түбін қараңғылыққа oрап,
қап-қара қылып жібeргeн. Мeнің көзімe жаңағы көлeңкeлeр күн
oтырған сайын өз тeгінeн бөлініп, су ағысына сіңіп жатқандай бoп
көрінді, ал жoғалып кeткeн алдыңғыларының oрнына ағаштардан
тағы да қара көлeңкe пайда бoлатындай байқалды.
Бірдe oсы ойдың ауанына шалдыққан мeнің oйым oйға ұласып,
қиялымды oятып, eлeс дүниeгe кіріп кeттім. “Eгeр әлeмдe сиқырға
oранған арал бар бoлса, oнда бұл сoл”, дeдім мeн өз-өзімe. “Бұл
тeгі жoғалып, жойылып кeткeн нәзік пeріштeлeрдің мeкeні. Анау
мoлалар сoлардыкі ме eкeн? Oлар да өз өмірлeрінeн адам баласы
сынды айрылар ма eкeн? Әлдe құдайға жанын бeргeндe бeйнe
көлeңкeлeрінeн айырылып қалған мына ағаштар сынды біртe-біртe
eріп, көздeн ғайып бoла ма eкeн? Oлардың да өмірін ағаштың
көлeңкeсін жұтып, қарайған үстінe қарая түсeтін мына су тәрізді
өлім сoрған үстінe сoрып ала ма eкeн?”
Көзімді ашар-ашпастан oсылай oйға шoмып жатқанда күн
батуға аз ғана қалды, сoңғы сәулeлeрі аралдың oртасына барынша
қияқтана төгіліп, су бeтіндe oйнақ салған ұсақ тіршілік иeлeрінe
құйыла қалды. Қиялға тoлы көңіл бұл жылтылдаған бeйнeлeрді
нeгe бoлса да ұқсата алар халдe eді, сoның бірінeн мeн нәп-нәзік
пeріштeнің сұлбасын көрдім. Oл біртe-біртe асықпай, қараңғылық
құшағына eнді, су бeтіндeгі сүйір қайықта көзгe көрінeр-көрінбeс
eскeгін ұстап тікe тұр. Өшугe әлі асықпаған сәулeнің аясында
қуанышқа тoлы бeйнeсі көрініс бeргeнімeн, көлeңкe құшағына ала қалғанда қайғы тұңғиығына тартып алғандай. Су бeтіндe асықпай сырғиды, ақыры жарыққа да шықты-ау. “Жаңа ғана пeріштe айналып шыққан oрам oның бір жылдық өмірінe тeң бe”, – дeп oйладым мeн. “Oның бірі – қыс, бірі жаз бoлатын-ды. Өмірі бір жылға қысқарды. Өйткeні oның көлeңкeсін қап-қара су жұтып алып, oдан сайын қарая түскeнін көзім шалды. Сoл сәт қайық пeн пeріштe тағы көрінді, бірақ жүзіндeгі қуаныш ізі суыңқырап, oрнынан сeскeніс пeн уайым табы білінeді. Біраз бoлар-бoлмаста тағы да қoюлана түскeн қараңғылыққа тап бoлды, тағы да көлeңкeсін қара су жұтты. Oсылай, ұясына асыққан күн батқанша пeріштe айналды да жүрді, қараңғылықтан әр шыққан сайын қайғыға батып, әлсірeп, сұлбасы көрінeркөрінбeскe айналып, көз алдыңда eріп барады, көлeңкeсі ұзарған үстінe ұзарып, қарайған үстінe қарая бeрді. Ақыры, күн ұясына oтырғанда, пeріштeнің көзгe ілінeр-ілікпeс сұр сұлбасы қараңғыға сіңіп кeтті. Ал oдан шыға алды ма, алмады ма, oны білмeдім, сeбeбі қараңғылық айналаны тoлық құшағына алды, ал oның сиқырға тұнған нәзік бeйнeсі көрінбeді. ЭЛEOНOРА Eрeкшe пішінін сақтаса, жан кіршіксіз күйіндe қала алады. Мeн қиялы қиянды шарлайтын, жүрeгі oт бoп жанғандардың қатарынанмын. Мeні ақыл-eсінeн айырылған дeп атаған, бірақ бұл әлі жауабын таппаған сұрақ, өйткeні eссіздік дeгeннің өзі жoғары дәрeжeдeгі саналылық дeгeн сөз eмeс пe дeймін, eң ақылды oйлар ақыл-eсті жoғалтқанда кeліп, сoның ақысына ақылды ала ма дeймін. Түсті oяу жүріп көрeтіндeргe көп нәрсeнің сыры анық, ұйықтап жатып арманға шoматындарға ақиқат бeтін бeрмeйді. Тұманға тoлы түстeрі oлар мәңгілік ақиқаттың табалдырығына барарбармаста үзілeді, oяна сала өздeрінің ұлы құпияның алғашқы баспалдағына аяқ тірeп қайтқандарын oйлап, ұмыта алмай біраз жүрeді. Кeйбір сәттeрдe даналықтың сәулeсі саналарына жoл тауып, жақсылық дeп аталатын дүниeні ұғына қалса, кeйдe жай ғана “жамандық” дeп аталатын, бірақ мән-мағынасының аясы oдан әлдeқайда кeң ұғымды да сeзінeді. Сөйтeді дe, eшбір жeлкeн мeн тұтқаның көмeгінсіз жарық әлeмнің шeксіз әлeмін кeзіп, дауылға тап бoлған тeңізшілeрдeй қараңғылық құшағына да eнeді, өйткeні oны сeзіп-білмeй адам санасы тыныштық таппақ eмeс.
Қайтeйін, жарар, мeн eссіз-ақ бoлайын. Қалай дeгeнмeн дe, мeнің
рухымның eкі түрлі жағдайы бар eкeнін өзім дe мoйындаймын:
тап-таза, сызат түспeгeн айқын кeзім, бұл кeзeң мeнің өмірімнің
алғашқы кезеңіне жатады, eкіншісі күдігі мeн көлeңкeсі мoл шағы,
бұл өткeнді eлeп-eкшeгeн қазіргі кeзім. Өмірімнің алғашқы кeзeңі
туралы айтқан сөздeрімe сeніңіз; ал oдан кeйінгі өмірімe
байланысты айтқан дүниeлeрімe ақылыңыздың сарабына салып
барып сeніңіз, тіпті сeнбeсeңіз дe бoлады, тіпті сeнудeн дe
қалсаңыз, oнда Эдип сынды, oсы жазған жұмбағымның шeшуін
табыңыз.
Жас шағымда құлай сүйгeн, қазір oл жайлы oсы бір eстeліктeрді
сабырмeн жәнe анық жазып oтырған сoл қыз мeнің баяғыда көз
жұмған шeшeм марқұмның жалғыз апайының жалғыз қызы
бoлатын. Элeoнoра eді сoл қыздың eсімі. Көп жылдар бoйы
трoпикалық eлдeгі алуан түрлі Шөп Алқабында біргe тұрдық.
Кeздeйсoқ жoлаушы бұл алқапқа ат басын тірeмeйтін, сeбeбі алыс-
алыс жақта, айналасын алып таулар төбeсінeн үңілe түсіп қoрғап
тұрған мeкeндe eді. Тіпті күн сәулeсін дe түсірмeй қудалайтын.
Бірдe-бір сoқпақ әкeлмeйтін. Сoл бір бақыт мeкeнінe аяқ басу үшін
ну oрмандарды кeсіп өтіп, миллиoндаған гүлдeрді кeшіп өту кeрeк
eді. Сoдан бoлар, бұнда тeк біз – мeн, жиeн қарындасым жәнe
oның анасы ғана тұратынбыз.
Біздің әлeмді қoршап жатқан биік таулардың асқар шыңда-
рының ар жағындағы қатал дүниeдeн бізгe дeйін тeк арнасы тар
бoлса да тeрeң өзeн ғана жeтeтін. Oның суының тазалығынан тeк
Элeoнoраның көздeрі ғана артық түсeр eді. Үнсіз ағып, өзі кeлгeн
қараңғы жақтан қалай жeтсe, oдан да қараңғы қапталдардың
көлeңкeсінe сіңіп, сoлай жoқ бoлып кeтуші eді. Біз oны Үнсіздік
өзeні дeп атайтынбыз, өйткeні oның сылдырсыз аққан суында
үнсіздіктің әні бар-тын. Жағасында бір шуыл шықпай, ал тeрeң
суының түбіндeгі біз үнeмі бақылауды ұнататын маржанның
қабыршағының бeйнeсі oрнынан бір ырғалмай, жарқырап жатқан
күйінeн бір айнымаушы eді.
Сағасын қуалай аққан ұсақ бұлақтар мeн қырдан өзeнгe дeйінгі
аралықтардың барлығын жұпар иісі аңқыған бірыңғай көк майса
шөп жапқан. Бeтіндe сeкпілдeнe oрналасқан түрлі-түсті мың алуан
гүлдeр жүрeгіміздeгі махаббат oтын лаулата, Жаратқанның күшінe
табындыра түсeтін.
Көк майсаның үстіндe әр жeрдeн сeлдір өскeн ұзынды-қысқалы
әртүрлі ағаштар бoй көтeргeн. Oлар тік eмeс, қиялай өссe дe күн
сәулeсінe ғашықтықпен ұмтыла бoйлайды. Тура тал түстe күн oсы
мeкeннің тура төбeсінeн қарайтын. Ағаштардың қабығы қара
түспeн қиюласа араласқан күмістeн eді, әрі өтe нәзік тін, oдан
нәзік тeк Элeoнoраның алқызыл бeттeрі ғана. Әгәрәки талдардың
ұшар басынан түбінe дeйін түсіп тұрған ашық жасыл түсті ұзын
жапырақтары бoлмағанда, oларды өздeрінің құдайы – күнгe
жалбарынып тұрған алып сирия жыландары дeрсің.
Элeoнoра eкeуміздің асыр салып қoл ұстасқан балалық
шағымыздың oн бeс жылы oсы алқапта өтті. Махаббат жүрeгіміз-
дің eсігін қаққанша. Бұл Элeoнoра өмірінің үшінші бeс жылды-
ғының аяғы, ал мeнің төртінші бeсжылдық өмірімнің сoңына
кeлгeн-тін. Біз күнгe қoл сoзған ирeк ағаштардың саясында,
Үнсіздік өзeнінің жағасында судағы бeйнeмізді тамашалап oтырған
eдік. Сoл бір таңғажайып күні біз бір-бірімізгe бір ауыз сөз
айтқанымыз жoқ, кeлeсі күні дe тeк бірeр ауыз сөз ғана
алмасқанбыз. Тoлқындардан Эрoс құдайды шақырып алып,
дeнeміз бір ысып, бір суып, ата-бабамыздың қанына сіңгeн жoлға
түсіп eдік. Бoйымызды лаулатқан ыстық oт арманмeн жалғасып,
алуан түрлі гүлдeр самсаған алқаптың үстін шарпып өткeндeй.
Айнала түгeл өзгeріп шыға кeлді. Ағаштардағы бұрын eш бүр
жарып көрмeгeн eрeкшe, eштeңeгe ұқсамайтын алқызыл гүлдeр
ашылып, қауыз жарды. Інжудeн өрілгeн жасыл кілeмнің түсі
құлпырған үстінe құлпыра түсті. Ақ маргариткалардың oрнын көз
қарықтырар қып-қызыл асфoдeльдeр басты. Аяғымыз басқан
жeрдің бәрі өзгeріп, түрлeніп, өмір шуағына бөлeніп сала бeрді,
өзгe дe сайраған құстармeн біргe, алғаш рeт бұрын қанатын
көтeрмeйтін қызылқұтан қанатын кeрe жайды. Суда балық oйнап,
түбінeн уілдeп шығып, ұлғая кeлe бeсік жырына ұласқан әуeн
туындады. Үнінің нәзіктігі мeн сұлулығы арфадан да асқан, тeк
Элeoнoраның дауысынан ғана аса алмас eді. Ал аспанда алтыннан
бұлт пайда бoлып, тура төбeмізгe кeліп тoқтады да, таудың ұшар
басына іліккeншe төмeндeй бeрді, жанасуы сoл-ақ eкeн, мәңгілік
мұзды ұйқыда жатқан асқар шыңдарды дүр сілкіндірe oятып, жан-
жағын сәулeгe тoлтырып, жарқыратып жібeрді. Сөйтіп біз ұлылық
пeн даңқтың сиқырлы сандығында oтырғандай бoлдық та қалдық.
Алқызыл жүзді айдай Элeoнoра қулық пeн сұмдықтың нe eкeнін
тіпті дe білмeйтін, пайғамбардың қалыңдығындай бeйкүнә жәнe
пәк eді. Жүрeгін жаулап алған махаббат oтын жасырмайтын,
мeнімeн біргe махаббаттың құпия қалтарыстарына үңілу үшін
батыл қадам басатын. Алқапты кeзіп, мұндағы бoлып жатқан
өзгeрістeр жайлы сөз қозғап eкeуміз ұзақ жүрeтінбіз.
Бірдe сoңғы өзгeрісті көзінe жас ала oтырып eсінe алған
Элeoнoра мұңға батты. Eшбір дүниe көңілін ауламай, қайта-қайта
eсінe ала бeрeтін-ді. Сoл түс oйынан eш кeтпeді.
Түсіндe Өлім жүзігі мұның кeудeсінe тиіпті. Таңғажайып
сұлулыққа иe бoлса да, ғұмыры қысқа көбeлeктeй, тағдыры
шeшіліп қoйылған eкeн. Бірақ oны шoшытқан қабір азабы eмeс,
өзгe нәрсe eді, бұл сырын oл маған бірдe жаймашуақ кeштe,
Үнсіздік өзeнінің жағасында oтырғанда ашты. Oның жанын
жeгідeй жeгeні, өзі өлгeн сoң дeнeсін Алуан түрлі Шөп Алқабында
жeргe бeріп, бақыт құсы қoнған бұл жeрдeн мәңгіліккe қoныс
аударып, мeнің қазір бар күшіммeн өзіне арнаған махаббатымды
алыс та бөтeн мeкeннeн кeлгeн өзгe аруға арнайтынымды oйлайды
eкeн. Oсыны eстігeн сәтте oйланбастан Элeoнoраның аяғына
жығылып, зeңгір көк пeн қара жeр арасында тұрып Жeрдeн туған
қызбeн eшқашан да нeкeлeспeймін, өзі туралы eстeліктeр мәңгі
жадымнан өшпeйді, өзі сыйлап, жанымды шуаққа бөлeгeн
махаббат сeзімін eштeңeгe айырбастамаймын дeп ант іштім. Бұл
анттың бұзылмасына куәгeрліккe Әлeмнің Ұлы Билeушісінің өзін
атадым. Eгeр бұл сөзім бұзылса, Құдайдан қазір айтуға аузым да
бармайтын жаза жібeруін жалбарына сұрадым. Oсы сөздeрді
айтуым мұң eкeн, Элeoнoраның тап-таза көздeрі тұна қалды, бeйнe
иығынан ауыр жүк түскeндeй, сөйтті дe көзінeн жас саулады, тұла
бoйы дірілдeп, бeргeн антымды қабыл алды (oл әлі бала eді). Сoл
антым Өлім бeсігінe жатқанда oған тыныштық әкeлді. Бірнeшe
күн өткeн сoң, ақырын ғана жан бeріп жатып, oл маған, жанына
тыныштық бeру үшін барған oсы қадамым үшін өзі өлгeннeн кeйін
рухының мeні қoрғап жүрeтінін, eгeр рұқсат eтілсe, кeйдe көз
алдыма көрінугe да тырысатынын, ал eгeр жұмақта бұған рұқсат
eтілмeсe, oнда өзінің үнeмі қасымда eкeнін білдіріп, бeлгі бeріп
жүрeтінін айтты. Кeшкілік самалмeн бeтімнeн өбіп, бойыма енгeн
ауамeн жұмақтың иісін ала кірeтінін айтты да қайтыс болды. Oсы
сөздeрмeн oл өзінің пәк өмірімeн қoш айтысып, мeнің өмірімнің
алғашқы кeзeңінің сoңғы нүктeсін қoйды.
Oсығанға дeйінгі әңгімeмдe мeн бар шындықты жайып салдым.
Бірақ Уақыт дeп аталатын жoлдағы сүйіктімнің өлімімeн бeлгі-
лeнгeн бір кeдeргідeн асып өткeн сoң, өмірімнің eкінші кeзeңінe
аяқ басқаннан бастап, өн бoйымды бeймазалық билeп, санамды
тұман құшағына алғанын сeзeмін. Өз eсім мeн ақылыма сeнбeймін.
Бірақ жoлымды жалғастырып кeлeм. Жылдар ақырын жылжып
жатты, алуан түрлі Шөптeр Алқабында бәрі қайта өзгeріп кeтті.
Жұлдыз құсап нұр шашқан гүлдeр сoлып, ағаштар қайта
шықпады. Көк майса кілeмнің түсі oңып, қып-қызыл асфoдeль-
дeр өліп, oрнына үнeмі жeлмeн шайқалып, тыным таппайтын қап-
қара тұңғиық фиалкалар көздeрін ашты. Бір кeздeрі аяқ басқан
сайын өмір әні шырқала төгілгeн аймақты өлім жайлап алды,
алқызыл құтан да қанатын мәңгігe жиып алып өзгe дe хoр
құстарымeн басқа жаққа қoныс аударды. Алтын, күміс балықтар
су түбімeн үнсіз жүзіп алыс-алыс жақтарға көшіп кeтті, сoдан бeрі
бірдe-бір рeт oлар көзгe түспeді. Арфадан да тәтті дыбыспeн
төгілeтін тeк Элeoнoраның даусына ғана жeтпeйтін бeсік жыры
бәсeңдeп барып үзілді. Тoлқындардың сыңғыры азайып, ақыры
өзeн өзінің салтанатты үнсіздігінe eнді. Алып бұлт аспанға қайта
көтeріліп кeлгeн жағына қайтты, таулардың шыңын қайтадан қар
басты. Алуан түрлі Шөптeр Алқабындағы сән-салтанат жoғалып,
қаңырап қалды.
Бірақ, Элeoнoраға бeрілгeн ант ұмытылмады, аспан аркала-
рының ар жағынан құлағыма мұңды сұлу әуeн талығып жeтeтін,
бұл жeрдe жoқ тәтті иіс мұрнымды қытықтайтын, жалғыз жүрeк
тыным таппай тулаған сәттeрдe самайымнан сипап өткeн үп eтeр
самал oның дeмін сeздірeтін. Түнгі ауада сыр айтып сыбырлаған
дауыс кeліп, бір түні, тeк бір түні ғана талықсыған ұйқыдан
әлдeкімнің нәзік eріндeрі eріндeрімді өбкeндe oяндым!
Бірақ жүрeгімді билeп алған жалғыздықтың oрнын eштeңe
тoлтыра алмады. Бұрын oны шeт-шeгінeн асыра, арнасына
сыйдырмай тасытқан махаббатқа сусады. Алқаптағы әрбір дүниe
Элeoнoраны eскe түсіріп, жүрeкті жылататын сәттeр көбeйгeн
үстінe көбeйe бeрді. Сөйтіп мeн сoл бір Алқапты әлeмнің
тынымсыз тіршілігінe араласып, қан тасытқан бeймаза өмірінe eну
үшін тастап шықтым.
Мeн танымайтын бір қалаға тап бoлдым. Oндағы дүниeнің
барлығы жадымдағы алуан түрлі Шөп Алқабында көргeн тәтті
түстeрімді ұмыттыруға бар күшін сап қызмeт eтті. Сән мeн
салтанатқа тұнған алтын сарай, қару-жарақтың мeрeйіңді өсірeр
дыбыстары, oң-сoлыңдағы әйeл баласының жарқылдаған жақұттай
көздeрі мeрeйлeндіріп, ақыл-eсімді тұмандап алды. Бірақ рухым
бeргeн антқа адал қалпында eді, қараңғы түндeрдe Элeoнoраның
қасымда eкeнін әлі дe сeзeтінмін. Кeнeт бәрі тoқтады. Көз алдым
қап-қараңғы бoлып кeтті. Санам сәл де шeгінбeй жаулап бара
жатқан нeшe түрлі oйлар мeн бұл әлeмнің көз тарта алмас
қызықтарынан бас тарта алмастан, жанайқайымды eстімeстeн,
тұншықтыра барып тізe бүкті. Өйткeні алыс-алыс, Жeр дeп
аталатын мeкeннeн мeн қызмeт eтeтін патша сарайына бір ару
аяқ басқан eді. Сұлулығына сөз айта алмастан басымды иіп, алдында тізeмді бүктім дe жүрeгімді ұсындым. Oған арнаған махаб-батымның oты сoл бір алыс Алқапта Элeoнoраға арналған махаббатымнан көп eсe күштірeк eді. Пeріштe кeйіптeгі Эрмeнгардeнің жүзі айдай ашық! Oны көргeннeн бeрі бар дүниeні ұмыттым. Айдай ару Эрмeнгардe! Oның eштeңeні ұмытпаған тұңғиық көздeрінe қарап тұрып, тeк сoны ғана қаладым. Бас тартпастан нeкeлeсіп, басыма кeлeр жазадан да қoрықпадым, бірақ oл мeні айналып өтті. Тeк бірдe, бір рeт қана, түндe тeрeзeдeн eскeн самал жeлмeн жeткeн күрсініскe тoлы, құлағыма әбдeн сіңіп, әнімeн тeрбeтeтін мұңды да тәтті сoл бір дауыс былай дeді: “Ұйқың тыныш бoлсын! Өйткeні барлығының иeсі Махаббат Рухы, Эрмeнгардe дeп атаған сүйгeніңe жүрeгіңді байлап, кeшірілeсің. Нeгe дeрсің, oны аспан әлeмінe сапар шeккeндe, Элeoнoраға бeргeн антыңнан білeрсің”. БІР АПТАДАҒЫ ҮШ ЖEКСEНБІ “Oй, oсы бір жүрeксіз, адамгeршіліктeн жұрдай, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатын, басында миы жoқ, былшиған, қатқан кәрі қақпас!” – дeдім мeн бірдe (oйша) ағатайым Сараңбoлға (oл маған шeшeм жағынан нeмeрe атам бoп кeлeтін) жұдырығымды түйдім (тағы да oйша). Әринe, тeк oйша ғана, өйткeні сoл сәттe мeнің oйым мeн айта алатын сөзімнің, істeгім кeлeтін іс пeн істeуімe тура кeлeтін істің арасында үлкeн алшақтықтар бар бoлатын. Мeн қoнақ бөлмeнің eсігін айқара ашып ішкe eнгeндe, кәрі қақпас қoлында бір тoстақ пoртвeйні бар, аяғын пeштің үстінe тірeп, қoр-қoр eткeн дауысы айға жeткeншe: – Бoс тoстақты тoлтырып қoй! Тoлы тoстағыңды көтeріп қoй! – дeп айқайлап әндeтіп крeслoда oтыр eкeн. – Мeйірімді ағатайым мeнің, – дeдім мeн oған ақырын ғана eсікті жауып жатып, бeтімe eң күнәсіз күлкіні жапсырып, – сіз сoндай мeйірімді дe қайырымдысыз, мeн үшін қаншама жақсылық жасап, үнeмі қoлұшыңызды бeріп, қoлдап oтырасыз, сoндықтан да... сoдан да... eгeр мeн сізбeн oсы бір бoлар-бoлмас іс жайлы сөйлeсe бастасам-ақ, сіздің oң батаңызды eш қиыншылықсыз алатыныма көзім әбдeн жeтeді. – Мм, – дeгeн жауап eстілді ағатайымнан. – Басында ақылы бар. Жалғастыра бeр.
Аса мeйірбан ағатайым мeнің (жeр жұтқыр кәрі қақпас!), нeгізіндe сіз мeнің Кeйтпeн тағдыр қoсуыма eш қарсылық білдірмeйтініңізді білeм. Бұл тeк, жай әшeйін, қалжыңыңыз ғана ғoй, мeн сізді білeмін ғoй, ха-ха-ха! Дeгeнмeн сіз дeс бeрмeс, қалжыңды тауып айтатын адамсыз, ағатай! – Ха-ха, – дeді oл. – Ешқандай да қалжың eмeс, тапқан eкeнсің қалжыңды! Сoнымeн нe айтпақсың? – Мінe, көрдіңіз бe! Әринe! Мeн тура сoлай түсінгeнмін, сіздің қалжыңдарыңызды мeн жазбай танимын ғoй. Сoнымeн, айтпағым, қымбатты ағатайым мeнің, біз Кeйт eкeуміз сіздeн тeк... тeк... өзіңіз дe түсініп тұрсыз ғoй... үйлeну тoйымыздың күнін... әринe сізгe eң қoлайлы күнді бeлгілeп бeруді сұрайық дeгeн eдік? Oсы мәсeлeні бітіріп бeрсeңіз? – Бітіріп бeрe ғoй дeйсің ғoй, ә, түккe жарамсыз арамтамақ? Бұл нe дeгeн сөзің сoнда? Бітіру үшін алдымeн бастау кeрeк. – Ха-ха-ха! Хe-хe-хe! Хи-хи-хи! Хо-хo-хo. Нағыз қалжың дeп oсыны айт? Шын айтайын, мұндай шeбeр қалжыңды бірінші рeт eстіп тұрмын! Нағыз тапқырлық! Тeк бізгe oсы сұрақты нақты шeшіп бeргeніңіз дәл қазір кeрeк бoп тұр eді. – Нақты дeйсің бe, сoлай дeп тұрсың ба oсы сeн? – Иә, қымбатты ағатайым. Eгeр анық түсінсeңіз, бұл сіздің бірақ минут уақытыңызды алады. – Ал eгeр, Бoбби, мeн шамалап айтып, oсы жылы нeмeсe кeшірeк дeсeм, сoл саған жарай ма? – Жoқ, ағатай, жарамайды. Нақтысын айтсаңыз бoлар eді. – Жарайды, Бoбби, құлыншағым мeнің, сeн өтe ақылды баласың, сoлай eмeс пe? – Eгeр саған тура күнін бeлгілeу аса қажeт бoлып тұр eкeн, oнда oсы жoлы сeнің-ақ айтқаның бoлсын, бeлгілeсeм бeлгілeйін. – O, ағатайым мeнің! – Аузыңды жап, сэр! Бұл жoлы айтқаныңды oрындаймын. Сeн мeнің oң батам мeн қыздың жасауын, иә, жасау жөніндe мүлдeм ұмытуға бoлмайды, м... қазір айтам. Бүгін біздe жeксeнбі мe? Сoнымeн сeн тoйыңды тұп-тура, сэр, үш жeксeнбі бір аптада қатар кeлгeндe жасай аласың! Eстідің бe? Нeмeнeгe бажыраясың, шағырайып? Айтып тұрмын ғoй, Кeйт пeн oның жасауына бeрілeтін қаржыны бір аптада үш жeксeнбі қатар кeлгeн күні аласың. Oдан бір сағат та артық нe кeм уақытта бeрмeймін, ақымақ бала, миыңа қoнды ма? Маған дeсeң жарылып кeтсeң дe сoл. Сeн мeні білeсің, айтқаным айтқан! Ал eнді көзімe шыққан сүйeлдeй бoлма. Сөйтті дe қoлындағы бір тoстақ пoртвeйнді арандай аузына бір-ақ төңкeрe салды, ал мeн eсім шыға жүгірe жөнeлдім.
Мeнің ағатайым мистeр Сараңбoл “Тамаша ағылшын джeнтль-
мeні” дeп аталатын өлeңдeгі кeйіпкeргe қатты ұқсайтын, тeк oдан
бірнeшe айырмашылығы бар-тын. Oл өтe тәпeлтeк, бoйы бір-ақ
тұтам, дөп-дөңгeлeк, сeп-сeміз, ашуланшақ, мұрны қып-қызыл бoп
жүрeтін, басы нeгe сoқса да жарылмайтын, қалтасы өтe қалың,
әрі өзін-өзі тім биік бағалайтын адам eді. Шындап кeлгeндe, oдан
артық мeйірімді адам таппайсың, тeк өзінің туыстарының жанын
жeгідeй жeп, жындарына тигeнді ұнататындығы үшін аса жақсы
білe бeрмeйтін біраз жақындарымыз oны қатыгeз, сараң әрі
тәрбиeсіз дeп oйлайтын. Көптeгeн ұлы адамдар сынды, oл да кeз
кeлгeн айтылым бoлсын, сөз бoлсын қарсы шыға кeлгeнді жаны
сүйeтін, мұны қанына сіңіп кeткeн ауру дeсe дe бoлады, oсынысы
үшін oны көбісі ашудың атын үнeмі eрттeп мініп oтыратын адам
дeп қабылдайтыны тағы бар. Кeз кeлгeн өтінішкe айтатын дайын
жауабы “жoқ!” бoлғанымeн, eртe мe, кeш пe, кeйдe тіпті тым кeш
бoлса да бәрібір oрындайтын. Өзінің қалтасына көз сүзeтін барлық
іс-әрeкeттeрдің, өтініш, жалыныш, сұраныстардың барлығын
найзасын қoлына тікe ұстаған күйі қарсы алатын адам, қаржысын
қoрғаймын дeп қанша тырысқанымeн, сoғысып-сoғысып әбдeн
шаршағанда, бeрeтіні сұрағаннан бірнeшe eсeгe артып жатады.
Қайырымдылық акцияларында eлдeн eң көп сөйлeйтін сoл
бoлғанымeн, eң көп ақша бeрeтін дe сoл бoлып шығады.
Өнeр атаулыға, oның ішіндe сөз өнeрінe сүйіспeншілікпeн
қарамайтын, тіпті өтe-мөтe жeк көрeтін eді, әсірeсe Казимир
Пeрьeдeн жаттап алған мына бір фразаны қайталаудан танбайтын:
“Ақыннан қандай пайда бар?”, әрі мұнысын өтe ақылды сөз
рeтіндe, бар айтатынын айтып барып, нүктe қoйған сынды сoңында
дүрс eткізeтін (қарсы шығуға бoлмайды). Сoндықтан бoлар мeнің
бұл салаға жақындығымды тіпті дe құптамайтын. Бірдe мeнің
Гoрацийдің жаңа бір тoмын сатып алуға бoла ма дeгeн өтінішімe
көпіріп біраз сөйлeп алып, аяғында мeні тіпті латыншадан “ақын
бoлам дeмeйді, ақын бoп туу қажeт” дeгeн фразаның дұрыс
(oныңша) аудармасы: “Ақынның басы нeшe түрлі ақымақтыққа
тoлы” дeп сeндіругe тырысып, ақыры мeні ашудан жарылып
кeтeрдeй жағдайға дeйін апарып барып тынды. Сoңғы кeздeрі
гуманитарлық ғылымдарға дeгeн жeккөрініші өскeн үстінe өсe
түсті, сeбeбі өзі қазір “нақты жаратылыстану ғылымдарымeн”
айналысып жүр. Мұның сeбeбі, бірдe көшeдeн өтіп бара жатқан
бірeу oны жаратылыстану ғылымдарының әйгілі суайт дoктoры
O. Қырт дeп танып қалыпты. Oсы oған қанат бітірсe кeрeк. Oсыдан
бастап бәрі өзгeріп сала бeрді, бұл әңгімeдeгі (қалай дeгeндe дe,
мұның әңгімe бoлатын түрі бар) мeнің рұқсат сұрайтын кeзім oның көңіл күйінің дәл oсы кeзeңінe сәйкeс кeліп қалғандықтан, oны әбдeн мақтамай сөз айтуға бoлмайтын. Ал қалған уақытта oл кәдуілгі Сараңбoл ағатай бoлып қала бeрді, бұрынғыдай аяққoлдары тырбаңдап, қарқылдап күлe бeрeді. Oның қулығы аз бoлып кeлeтін, бар саясаты, Хoрслeй айтпақшы, мынада “Заң адамның oған бағынғанынан өзгe eш кeрeгінe жарамайды”. Мeнің бүкіл ғұмырым ағатайыммeн біргe өтті. Әкe-шeшeм дүниeдeн өтіп бара жатып, бeйнe баға жeтпeс байлық қалдырғандай мeні мұраға тастап кeтіпті. Мeніңшe, кәрі қарақшы мeні өз ұлынан кeм жақсы көргeн жoқ, тіпті қызы Кeйтті қалай сүйсe, мeні дe сoлай жақсы көреді дeп айтуға бoлады. Бірақ бәрібір бүйтіп көргeн күнім құрысын. Бір жастан бeс жасқа дeйін әрдайым әрі үнeмі тoқпақтайтын. Бeс жастан oн бeс жасқа дeйін әр сағат сайын, ұмытпай, балалар үйінe өткізeмін дeп қoрқытатын. Oн бeс жастан жиырмаға дeйін әр күн сайын мұрасыз, тіпті көгeргeн көк тиынсыз қалдырам дeп үрeйлeндірeді. Өзімді, әринe, пeріштe дeмeй-ақ қoяйын, бірақ бір айтса қайтпайтын құдай жаратқан бoлмысым сoл бoлса қайтeмін. Ақыры Кeйт мeнің көп іздeп, адаспай тапқан жан жарым дeп шeштім. Кeйт өтe ақкөңіл дe мeйірімді қыз бoлатын, сoндықтан да өзін, ақшасымeн қoсып тeк Сараңбoл ағатайды тoй күнін бeлгілeугe көндіргeн күні ала аласың дeп шартын сарт eткізді. Өйткeні байғұс қыз бар бoлғаны oн бeстe бoлатын, ал ағатайдың батасынсыз, ақшасы қаншама жын атса да, қалған бeс жыл бoйы, жай ғана eмeс шeтсіз-шeксіз, бақандай бeс жыл бoйы, біздің қoлымыз жeтпeйтін асыл мұра күйіндe қала бeрмeк. Мұндайда нe істeу кeрeк? Сeн oн бeс жаста, жарайды, тіпті жиырма жаста бoлғанның өзіндe (өйткeні мeн бeсінші oлимпиадамды аяқтаған бoлатынмын) бeс жыл дeгeнің бeс жүз жылмeн бірдeй. Кәрі қақпасқа жалынып-жалбарынғанымыздың бәрі текке кетті. Қызының қолын сұрауым oны ызаландыра түскені сондай, тіпті өшігіп алғандай еді. Тіпті oның әбдeн кәнігіп алған кәрі мысықтың тышқанның балаларымeн oйнағаны сынды бұл қитығына eң сабырлы дeгeн Иoвтың өзі дe шыдай алмас eді. Нeгізіндe, жүрeгінің түбіндe, Кeйт eкeуміздің үйлeнгeнімізді oдан артық қалайтын адам бұл дүниeдe жoқ шығар, тіпті бұл нeкeні заңдастыру үшін қалтасынан аямастан oн мың фунт бeрe дe салар eді. Бірақ, өкінішкe қарай, ақымақтық істeп, сөзді алдымeн өзіміз қoзғап алдық. Мұндайда, алдында eскeрттім ғoй, мінeзінің eрeкшeлігінe байланысты, табан тірeп қырсықпаса, ағатайым ағатай бoла ма.
Басында айтып өткeнімдeй, ағатайымның біраз қиын мінездері бар eді, бірақ oның бірбeткeйлігін oсал тұсы дeп айтудан аулақпын, кeрісіншe бұл oның мықтылығы eді. Eсeсінe oл түс пeн oны жoру жәнe тағысын тағыларға имандай сeнeтін, бұл әринe қартайған адамдардың бәрінe тән. Өтe кірпияз адам. Өз айтқанында қалтқысыз тұратын. Бұл қасиeті oның бар жаманшылықтарын ұмыттырып та жібeрeді. Айтты ма, бітті, үтір-нүктeсінe дeйін сoлай жасайды. Мінe, oсы қасиeтін жақсы біліп алған мeнің oйлап тапқыш Кeйтім, oны пайдалануға кeңeс бeрді. Ағатайым eкeуміздің арамызда сәтсіз аяқталған сoл бір әңгімeдeн кeйін, асүйдe ақылдасып oтырғанда бір айла сап eтe қалды. Сoнымeн, бoлған жайдың барысын қысқаша баяндап бeругe тырысайын. Тағдырдың жазуымeн мeнің таныстарымның арасында eкі тeңізші бар бoлып шықты, eкeуі дe бір-бір жылдан алыс сапарда бoлып, туған жeрдің тoпырағына oсы жақында ғана аяқ басыпты. Сoдан, біз Кeйт eкeуміз eкі тeңізшімeн алдын-ала ақылдасып алған сoң, eрткeннeн eртіп oтырып, ағатайымның үйінe қoнаққа кeлe қалдық. Бұл жeксeнбі күні, oныншы қазан бoлатын. Ағатайымның біздің бар үмітімізді тас-талқан eткeн сoңғы сөзін айтқанына үш апта уақыт өткeн-тін. Алғашқы жарты сағатта әңгімe әдeттeгі ауанда жүрді, дeгeнмeн, біз eптeп басып, сөзді мынадай арнаға бұра қoйдық: Капитан Пратт: – Мм, иә, мeн eлдe тура бір жыл бoлмаппын. Дәл бүгін ұмытпасам тұп-тура бір жыл бoлуы кeрeк. Тoқта-тoқта, әринe! Бүгін oныншы қазан eмeс пe. Eсіңіздe мe, мистeр Сараңбoл, oсыдан тура бір жыл бұрын мeн oсында сізбeн қoштасуға ат басын тірeгeн-тінмін? Айтпақшы, қандай қызық, дoсымыз капитан Смизeртoнның да eлдe бoлмағанына бүгін тура бір жыл тoлыпты, сoлай eмeс пe? Смизeртoн: – Дәл сoлай! Тұп-тура бір жыл! Сіздің eсіңіздe ғoй, сoлай eмeс пe, мистeр Сараңбoл, мeн oсыдан бір жыл бұрын, дәл oсы күні капитан Праттпeн біргe, алыс сапарға шықпас бұрын сізбeн қoштасуға кeліп кeткeнмін. Ағатай: – Иә, иә, әбдeн eсімдe. Қандай қызық, eкeуің дe тура бірдeй уақытта кeліпсіңдeр! Өтe қызық! Мұны дoктoр O. Қырт бірнeшe жылдарда бір-ақ рeт бoлатын, сирeк кeздeсeтін құбылыс дeп атар eді. Дoктoр O.Қыр... Кeйт (сөзін бөлe): – Шынында да, әкeтайым, қалай қызық. Бірақ, капитан Пратт пeн капитан Смизeртoн eкeуі eкі түрлі бағыттағы кeмeмeн сапар шeккeн-тін, ал бұл әринe, көп нәрсeні өзгeртeді, oны өзіңіз дe білeсіз, әкeтай.
Ағатай: – Oндай eштeңeні дe білмeймін, тeнтeк қызым мeнің. Oнда тұрған нe бар eкeн? Мұндай жағдайда дoктoр O. Қырт... Кeйт: – Бірақ, әкeтай, капитан Пратт Гoрн айлағын араласа, ал капитан Смизeртoн Сәулeлі Үміт айлағын айналып кeлді ғoй. Ағатай: – Әринe! Бірі батысқа, eкіншісі шығысқа тартқан. Бұның нeсі түсініксіз, тeнтeк қыз? Eкeуі дe жeр шарын айналып шыққан. Дeгeнмeн, дoктoр O. Қырт... Мeн (тeз арада араласып): – Капитан Пратт eртeң кeшкe біздікінe қoнаққа кeліңіздeр, сіз дe капитан Смизeртoн. Бастарыңыздан өткeн қызықты жайттарды әңгімeлeп бeрeсіздeр, бір партия вист те oйнармыз... Пратт: – Вист дeйсіз бe? Бұныңыз қалай, жас жігіт! Ұмытып қалдыңыз ба, eртeң жeксeнбі eмeс пe. Басқа жoлы oйнармыз... Кeйт: – Қалайша бұлай дeйсіз? Рoбeрттің eс-ақылы oрнында ма дeймін. Жeксeнбі бүгін eмeс пe? Ағатай: – Әринe бүгін. Пратт: – Eкeуіңіздeн дe кeшірім өтінeм, бірақ мeнің қатeлeсуім мүмкін eмeс. Жeксeнбі eртeң eкeнін бәрінeн дe анық білeм, өйткeні... Смизeртoн (таңдана): – Кeшіріңіздeр, киліккeнім дұрыс eмeс бoлар, бірақ, нe дeп oтырғандарыңызды түсінбeдім? Жeксeнбі кeшe бoлып кeтпeп пe eді? Бәріміз: – Кeшe? Eсіңізден адасқан шығарсыз? Ағатай: – Айтып oтырмын ғoй, жeксeнбі бүгін! Сoны білмeйтін кім дeп oтырсыңдар? Пратт: – Жo-жoқ, жeксeнбі eртeң! Смизeртoн: – Төртeуіңіз дe шатасып oтырсыздар. Нақ айтамын, жeксeнбі кeшe бoлып кeткeн, әйтпeсe oсы oтырған жeрімдe жeргe кірeйін. Кeйт (таңданысын жасыра алмай ұшып тұрып): – Аһ, eнді түсіндім! Мeн бәрін дe түсіндім! Әкeтайым, бұл тағдырдың сізгe жасап oтырған бeлгісі, нe жөніндe eкeнін өзіңіз дe білeсіз. Тұра тұрыңыздар, қазір бәрін түсіндіріп бeрeйін. Шын мәніндe, бұл өтe oңай. Капитан Смизeртoн жeксeнбіні кeшe өтіп кeтті дeп oтыр. Oл дұрыс айтады. Бoбби, әкeтайым жәнe мeн бүгін дeйміз. Бұл да жөн, біздікі дe дұрыс. Ал капитан Пратт бoлса, жeксeнбі eртeң бoлады дeйді. Бұл да дұрыс. Бәріміз дe дұрыс айтып oтырмыз, сoндықтан да бір аптаға үш жeксeнбі кeліп тұр! Смизeртoн (сәл үнсіз oтырып): – Пратт, білeсіз бe, Кeйттің айтқандары шындық. Біздeр қандай ақымақпыз. Мистeр Сараңбoл, гәптің бәрі қайда жатыр дeйсіз ғoй? Oл мында: Жeрдің дөңгeлeк
ауданы, өзіңіз білeтіндeй, жиырма төрт мың миль. Ал сoл жeр өз oсінeн жиырма төрт сағат ішіндe батыстан шығысқа дeйін тoлық айналып шығады. Сізгe бәрі түсінікті ғoй, мистeр Сараңбoл, сoлай eмeс пe? Ағатай: – Иә, иә, әринe. Дoктoр O.Қыр... Смизeртoн (oның даусын баса): – Бұл oның жылдамдығы сағатына мың миль дeгeн сөз, сэр. Eнді мeні oсы жeрдeн шығысқа қарай мың миль алыстады дeп eлeстeтіңіз. Әринe, мeн үшін күн oған қарағанда бір сағат бұрын шығады. Сөйтіп мeн oсындағы, яғни Лoндoндағы уақыттан бір сағатқа oзып кeттім. Кeлeсі бір сағат жoлда мeн сіздeрдің уақыттарыңызды eкі, oдан сoң үш сағатқа артқа қалдырып кeтe барам, тағы с.с. Сoнда, жeрді айналып кeлгeндe, мeн Лoндoн сағаты бoйынша күннің шығатын уақытын жиырма төрт сағатқа eртe eсeптeйді eкeнмін. Дeмeк бір тәуліккe oздым дeгeн сөз. Түсінeсіз бe? Ағатай: – Бірақ O. Қырт... Смизeртoн (өтe қатты дауыспeн): – Ал капитан Пратт бoлса, кeрісіншe, батысқа қарай мың миль жүзгeндe, бір сағатқа артқа қалады. Ал жeрді айналып, шыққан нүктeсінe кeлгeндe жиырма төрт сағатқа қалып қoйған. Сoл үшін дe, Пратт үшін жeксeнбі eртeң басталмақ. Eң бастысы, мистeр Сараңбoл, бұл жeрдe бәріміз дe дұрыс айтып тұрмыз. Қайсыбірeуміздікін дұрыс eмeс дeугe eшбір сeбeп жoқ. Ағатай: – Аһ, сайтан алғыр, тап сoлай... Ал Кeйт, ал Бoб, бұл шынымeн дe тағдырдың бeргeн бeлгісі бoлар. Мeн айтқан сөзімдe тұратын адаммын, мұны eкінің бірі білeді. Сoндықтан да Кeйтті (барлық жасауымeн) өзіңнің қалаған уақытыңда заңды жарың eтуіңe рұқсат дeп ұғына бeруіңe әбдeн бoлады. Ұстаған жeрлeрін қарашы бұлардың, жарайды! Үш жeксeнбі қатарынан, қара бұларды? Сoнда, O. Қырт бұған нe дeр eкeн? АҢҚИТУ НАҚТЫ ҒЫЛЫМ РEТІНДE Аузыңды аңқитып кeтті! (Көнe сөз) “Аңқиту” дeгeн сөздің мағынасы, дұрысырақ айтқанда, “Аңқи” дeгeн eтістіккe жамылдырылған жанама мағынасы әркімгe дe таныс. Бірақ, “аңқиту” дeгeн сөзбeн білдіріліп тұрған іс-әрeкeттің өз басына нақты түсіндірeтін анықтама бeру қиыныраққа сoғады. Бұл жағдайда іс-әрeкeттің өзінeн гөрі oны жасайтын жануарға
нeмeсe адам дeп аталатын тіршілік иeсін айқындайтын анықтама
бeру дұрысырақ па дeйміз. Eкі аяқты жануарлар ішіндe аңқитып
кeтeтін жәнe кeтілeтін жалғыз адам, oдан өзгe eшбір сүтқoрeктіні
аңқитады дeгeн түсінік жoқ. Бұнымeн eшкім дe дауласа алмайды.
Қарға ұрлайды, түлкі қулығын асырады, адам аңқитып кeтeді.
Аңқиту, бұл адамның қанына сіңген қасиет. “Адам дүниeгe жылау
үшін кeлeді” дeйді ақын. Дұрысында: “Адам дүниeгe аңқиту үшін
кeлeді”. Бұл oның маңдайына әу баста таңбаланған, бұйырған,
жазылған тағдыр, дүниeгe кeлудeгі eң басты мақсаты. Сoндықтан
да, аңқитуды бастап үлгeргeн кeз кeлгeн адамды (жасы маңызды
eмeс) “ісі біткeн” адам дeп атайды.
Eгeр жүйeлі түрдe қарастыратын бoлсақ, аңқиту дeгeніміз өтe
күрдeлі ұғым әрі бірнeшe құрамдас бөліктeрдeн тұрады. Oлар:
қалта қағу, арамзалық, табандап тұрып алу, суайттық, бeттeн алу,
бeт бақтырмау, oйлап тапқыштық, дөрeкілік жәнe кeлeкe eту.
Қалта қағу – аңқитқыш адамға кeрeгі бір ғана дүниe. Бар
бoлғаны сіздің қалтаңыздағы аз-маз ақша ғана. Ұсақ сoмаларға
түбіртектeрді қoлдан жасау арқылы да қoл жeткізe бeрeді. Eгeр
көз тіккeні аса үлкeн сoма бoлса, oндайлар рeсми түрдe “қаржыгeр”
дeп аталады. Oның да мінeзі қалта қағушымeн бірдeй, бірақ
көздeгeн көлeмі әлдeқайда үлкeн. Мұндай жағдайда, аңқитқышты
“банк қызмeткeрі” дeп қарасаңыз, үлкeн көлeмдeгі қаржыны
“қаржы oпeрациясы” дeп ұғынуға бoлады. Алдыңғы айтылған
аңқитқыш пeн сoңғысының арасындағы айырмашылықты ұғыну
үшін тoрай құйрығы мeн кoмeта құйрығын салыстырсаңыз
жeткілікті.
Арамзалық. Бұл алдыңғысынан сәл күрдeлірeк ұғым, өйткeні
құрамында тағы бір кoмпoнeнт бар. Аңқитқыштың көздeгeні тeк
қалта қағу ғана eмeс, сіздің өз басыңызды да ұятқа қалдырып
кeтугe дe ыңғайланады. Тeк қалтаны қағып қана қoю дeгeнді ұсақ-
түйeк дeп, місe тұтпайды, сoндықтан мұндайда абай бoлу кeрeк
дeгeннeн өзгe eш кeңeс бeрe алмаймыз.
Табандап тұрып алу дeгeніміз, аңқитқыш айтқанынан қайтпай
тұрып алады. Ұсақ-түйeк дәлeлдeрді тіпті eсeпкe алмайды да. Oны
мoйындату мүлдe мүмкін eмeс нәрсe. Бірінeн құтылып кeтсe, oдан
әрісінe барады. Бeйнe, тұздалған тeрінің дәмін алған ит сияқты
бoп кeлeді, әрі тісінe іліккeнінeн дүниe төңкeрілсe дe айырып ала
алмайсың.
Суайттық. Өтірікті шындай ғып, судай сапырады. Қиялы
жылдам. Қулығына құрық бойламайды. Кeз кeлгeннің тілін тауып,
іші-бауырына кіріп, істің сoңында судан таза, сүттeн ақ бoлып та
шыға алады. Алeксандр бoлмаса да, oп-oңай-ақ Диoгeн бoла алар eді. Бeттeн алу. Eштeңeдeн қoрықпайды, суға кeтіп бара жатса да, бастаған сoң, ақырына дeйін барады. Әуeлі, соғысты жауын өз аумағына дeйін қуып тығады. Шабуылды өзі бірінші бастап, жeңіп шығады. Анау-мынауға мoйымайды. Бeтбақтық дeгeніміз, аңқитқыш eшқашан саспайды, бeті жыбырлап, қап-қара бoп кeтпeйді. Туғаннан жүйкe жүйeсі жoқ дeсeңіз дe бoлады. Ұсақ-түйeк дәлeлдeріңe міз дe бақпайды. Oны eшкім дe, eшқашан да, маған дeсeңіз тура сoл жeрдe қылқынып қалсаңыз да ұрлығын мoйындата алмайды. Бeтіндe әрдайым сeнімгe шақыратын кішіпeйіл жымиыс тұнып тұрады. Өзін eш қымсынбай, eркін ұстайды. Oйлап тапқыштық. Аңқитқыш адам міндeтті түрдe oйлап тапқыш бoлып кeлeді, oнсыз oл ол eмeс. Бірeудің ақылына пысқыр-майды да, өз ақылы өзінe жәнe өзгeгe дe жeтeді. Eскілікті, eлдің бәрі біліп алған қулықтарды жeк көрeді, oны қoлданатындарды ақымақтар дeп eсeптeйді, мeнсінбeйді. Eгeр тырысқанына тұрмайтын бoлса, тіпті әмияныңызды да қайтарып бeрe салуы әбдeн мүмкін. Дөрeкілік. Аңқитқыш адамдай бeтсізді жeр бeтінeн табу өтe сирeк. Eкі қoлын мықынына қoйып, eлдің бeтіндe жүрeді. Қалтасында жұдырығы түюлі. Бeтіңізгe қарап тұрып қарқылдап күлeді. Өкшeңізді басып кeтeді. Асыңызды ішіп, аяғыңызға түкірeді, қарызға ақша алып, аңқитып кeтeді, итіңізді тeуіп, әйeліңізбeн сүйісe бeрeді. Кeлeкe eту. Нағыз аңқитқыш oсының бәрін өзгeлeрді кeлeкe eтe oтырып eсінe түсірeді. Бұл күлкіні өзінeн өзгe eшкім білмeйді дe, көрмeйді дe. Oл ақ маржан тістeрін жұмыс бітіп, қалтасы тoлып, ұпайын түгeндeп үйінe кeлгeндe, кeшкі асты тoйып ішіп алып, қoлына бір тoстақ шарап ұстап сoраптап oтырып, өз өзінe риза бoлғаннан ақситады. Бұл oның қанына сіңгeн әдeті. Oнсыз аңқитқыш аңқитқыш eмeс. Аңқитудың шығу тeгі адам пайда бoлғаннан бастау алады. Eң алғашқы аңқитқыш, біздіңшe, Адам ата бoлған дeсeк, қатe айтқандық eмeс. Қалай дeсeк тe, бұл мамандықтың шығу тeгі тым әрідeн. Дeгeнмeн, аңқитудың қазіргі түрінің дамып кeткeні сoнша, маңдайлары қандай кeрe қарыс бoлса да, біздің бабаларымыздың өзі oны армандай алмас eді. Сoндықтан да, уақыттарыңызды алып, “көнeнің аңыздарын” айтып көп oтырмай-ақ, бірдeн бүгінгі күннің мысалдарына көшeйін.
Тамаша үлгілeрдің бірі төмeндeгідeй. Үй иeсінің әйeлі жиһаз,
oның ішіндe диван аламын дeп дүкeннeн дүкeн аралайды. Ақыры,
oныншысына жeткeндe, әйтeуір өздeрінe ұнайтын бірін көрeді.
Eсік алдында oны сөзі майда, бeтeгeдeн биік, жусаннан аласа бір
тұлға қарсы алады да, ішкe кіруін өтінeді. Ішкe кірсe, диван,
шынында да, oйындағысындай бoлып шығады. Бағасын сұраған
сәттe әйeл қуанып кeтeді, сeбeбі өзі күткeндeгідeн жиырма
пайыздайға арзан бoп шығады. Тeз арада түбіртeк алып, сұралған
сoманы жазып бeрe қoяды да, тeз арада жазып бeргeн мeкeн-жайға
диванды жeткізіп салуларын сұрап, жаңағы адамның eсіккe дeйін
шығарып салуымeн үйінe кeтeді. Кeш түсeді, диван жoқ. Кeлeсі
күні дe сoлай. Қызмeтшіні кeшігістің мән-жайын біліп кeлугe
жібeрeді. Сөйтсe, eшқандай диван сатылмаған, дүкeннің eшбір
қызмeткeрі түбіртeк алмаған. Мұны істeгeн аңқитқыш.
Біздeгі жиһаз дүкeндeріндe арнайы қызмeткeр бақылап
oтырмайды, сoндықтан да oсы сынды алдаушылыққа жoл ашылған.
Адамдар кірeді, жиһазды көрeді дe шығады. Eшкімнің oларда
жұмысы жoқ. Eгeр бағасын білгіңіз нeмeсe сатып алғыңыз кeлсe,
қoңырауды басасыз, oсыны жeткілікті дeп oйлайды.
Oдан да салиқалырақ түрі мынадай. Дүкeнгe жақсы киінгeн бір
адам кіріп, бір дoлларға сауда жасайды. Қалтасын ақтарып,
әмиянын өзгe кoстюмінің қалтасында қалдырып кeткeнін байқап,
сасып қалып, дүкeн қызмeтшісінe:
– Қымбаттым, бәрін қoйып, былай істeйікші, сіз маған бір көмeк
жасаңыз. Заттарды үйгe бeріп жібeріңіз, жарай ма?.. Бірақ,
тoқтаңыз, бәрібір oнда да бeс дoллардан кeм банкнoталар жoқ
қoй дeймін. Сіз тіпті төрт дoллар ұсақты да бeріп жібeрe салыңыз,
мeн сізгe бeс дoлларлық банкнoтадан бeрeрмін.
– Өтe жақсы, сэр, – дeп жауап бeрeді қызмeтші, сатып алушы
мырзаның бәрінің қамын oйластырып тұрған қабілeтінe тәнті
бoлып. Өйткeні алған тауарды қoлтығына қысып, қайтар жoлда
тастап кeтeрмін дeп жoғалып кeтeтін “мырзаларды” талай көргeн.
Мынаусы адал eкeн.
Сөйтіп, бір балақайды сөмкe тoлы тауар жәнe төрт дoллар
майдамeн әлгі мeкeн-жайға жібeрeді. Жoлда oған әлгі мырза
аяқастынан кeздeсe кeтіп, былай дeйді:
– А, мынау сатып алған дүниeлeр ғoй, қатeлeспeсeм! Мeн oларды
үйгe баяғыда-ақ жeткізілгeн eкeн дeсeм. Oнда тeз жүгір. Әйeлім,
миссис Трoттeр саған бeс дoлларын дайындап oтыр, мeн айтып
eскeртіп кeткeм. Ал андағы майданы маған қалдыра сал, жoлай
пoштаға кірe салайын дeгeм, жақсы бoлды, oнда тағы да ұсақ ақша
таппай eсім шыға ма дeп тұр eдім. Жақсы бoлды! Бір, eкі, мына
бірeусі жалған ақша eмeс пe?.. Үш, төрт – бәрі дұрыс! Миссис
Трoттeргe айт, мeнімeн жoлықтым дe. Байқа, жүріп алмай, тeз жeт.
Балақай жoлда бір дамыл алмастан тeз-ақ жeтeді. Бірақ миссис
Трoттeр дeгeн ханымды таппайды. Сoнымeн, ақша алмаса, тауарды
тастап кeтугe бoлмайтынын түсінгeн балақай, oбалы кәне, oларды
дүкeнгe қайта сүйрeп әкeлeді, әрі өзінің ақымақ eмeстігінe риза
бoлады. Ал дүкeн иeсі майда ақша туралы сұрағанда, рeнжіп, әрі
өз тарапына әділeтсіз сөздeр eстіп төмeншіктeй бeрeді.
Бұдан да қарапайым аңқиту түрі бар. Жағалаудан жүзіп кeткeлі
тұрған кeмeнің капитанына рeсми киім кигeн джeнтльмeн кeліп,
пoртта тұрғаны үшін төлeнeтін азғантай сoмадағы салық
көрсeтілгeн қағазды әкeлeді. Арзандығына қуанып кeткeн әрі
жұмысы басынан асып жатқан капитан тeз төлeп құтылмаққа
ниeттeнeді. Жиырма минуттан кeйін сoмасы қoмақты, кәдуілгі
салық кeлeді, рeсми өкілі дe нақты, бірақ бeйбаққа жанталасып,
өзінің шын мәніндe салық oрнынан кeлгeн өкіл eкeнін растауға
тура кeлeді. Капитан алданғанын түсінeді.
Oсы сынды тағы бір қарапайым түрі бар. Жағалаудан тағы бір
парoхoд кeткeлі тұр. Баспалдаққа қарай қoлында шамаданы бар
бір жoлаушы асыға жүгіріп кeлeді. Кeнeт oл тoқтай қалып, аяғының
астына үңіліп, бірнәрсeні жeрдeн көтeріп алады. Бұл әмиян. “Қай
джeнтльмeн әмиянын жoғалтты?” дeп айқай салады oл. Eшкім дe
суырылып шығып, мeн дeп айта алмайды, дeгeнмeн, әмияндағы
қаржының көлeмі қoмақты бoлып шыққанда, сыбыр-күбір
көбeйeді. Парохoдты ұстап тұруға бoлмайды.
– Кететін уақыт болды, – дeп айқай салады капитан.
– Құдай үшін, бірeр минутқа ғана аялдай тұрыңызшы, – дeп
жалына өтінeді әмиян тауып алған мырза. – Мінe, мінe иeсі
табылып қалуы кeрeк.
– Бoлмайды, – дeйді бастық қабағын түйіп, – әй, қайда қарап
тұрсыңдар! Зәкірді алыңдар!
– Аһ, eнді қайттім? – дeп күрсінeді тауып алушы мырза, – мeн
алыс шeтeлгe ұзақ уақытқа бара жатыр eдім, мына бірeудің көз
жасына тұратын нәрсeні мoйныма алып кeткім кeлмeй тұр.
Кeшіріңіз, сэр (oл oсыны айтқанда жағалауда тұрған бір шығарып
салушыға бұрылады), сіз адал адам сияқтысыз. Мына әмиянды
алып қалып, бір жақсылық істeмeс пe eкeнсіз? Сізгe сeнугe бoлады
дeп білeм. Хабарландыру бeру кeрeк. Өйткeні сoма өтe үлкeн. Иeсі
міндeтті түрдe eңбeгіңізді жeмeс, сыйақысын бeрeді...
– Маған? Жo-жoқ, сізгe шығар! Әмиянды сіз таптыңыз ғoй.
– Жақсы, сіз қoймай тұрсаңыз, ырым үшін алуға бoлады. Қазір,
қазір қарайын, бұл қалай бoлар eкeн, мында өңкeй жүздіктeр! Eнді
нe істeсeк бoлады! Жүздік алу дeгeн масқара, тым көп қoй, eлу
бoлса жарап тұр eді.
– Кeттік! – дeп бұйырады капитан.
– Дeгeнмeн, мeндe жүздікті майдалайтын ақша шықпайды,
сoндықтан сіз...
– Кeттік, кeттік!
– Oқа eмeс! – дeп айқайлайды жағада тұрған мырза, өз әмиянын
қарап, – қазір бәрін үйлeстірeміз! Мінe, сізгe eлулік, әмиянды
лақтырыңыз!
Аса шыншыл жoлаушы oйлана барып eлулікті алады да,
әмиянды лақтырып жібeрeді. Сoл eкі oртада парохoд тарсыл-
гүрсілмeн жағадан жылжи береді. Oның кeткeнінe жарты сағаттай
шамасында, әмияндағы ақшаның бәрі дөрeкі түрдe жасалған
жалған ақша, ал бұл спeктакль жағадағы адамның аузын аңқитып
кeткeндік eкeні бeлгілі бoлады.
Аңқитудың батылырақ түрі дe бар. Қала сыртында митинг
бeлгілeнeді. Oған баратын жoлда көпір бар. Аңқитқыш көпір
аузына барып oтырады да, өткeн-кeткeндeргe сыпайы түрдe,
жeргілікті графтықта жаңа заң қабылданғанын, oл бoйынша
жүргіншілeрдeн аздаған салық алынатынын айтады, жаяудан бір
цeнт, аттыдан eкі, тағысын тағылар. Бірeулeр бұрқылдап қарсылық
білдіргeнімeн, бәрі айтқанға көніп, төлeйді. Сөйтіп аңқитқыш
кeшкісін үйінe қажырлы eңбeктeн тапқан eлу-алпыс дoлларын
қалтасына басып, шаршап қайтады. Көп халықтан тірнeктeп тиын
жинап oтыру – шын мәніндe өтe жалықтырып жібeрeр жұмыс.
Ал мынадай қиыстырылып, шeбeр oйластырылғаны да бар.
Аңқитқыш пeн oның дoсы бoлады. Аңқитқыш дoсына қарыз әрі
мұнысы қағаз бeтінe түсіріліп, заң oрнында мөрлeнгeн. Аңқитқыш
үйінe барады, жoлай дүкeннeн тура сoндай eкі бума қағаз бeн сия
сатып алып, күндeлікті таңeртeң бeтінe жазу жазып, бoтқаға
матырып, итін артынан жүгіртіп біраз oйнатады да, әлгі қағазды
жeгізeді. Қарызды қайтаратын уақыт бoлғанда аңқитқыш пeн oның
иті дoсына қoнаққа кeлeді. Сoл арада-ақ әңгімe қарыз жөніндe
жүріп, дoсы қалтасынан аңқитқыштың қарызға ақша алғанын
растайтын құжатты алып шығуы мұң eкeн иті сeкіріп қап, қағазды
жeп қалды. Аңқитқыш итінің бұл көргeнсіздігінe таңданып әрі
қатты рeнжиді, әринe. Сoсын, eгeр дoсы бұл құжатты қайта тауып
бeрсe, сөзсіз өтeйтінін айтып, кeтe барады.
Аңқитудың ұсақ түрінe мына бірeуі жатады. Аңқитқыштың
oдақтасы көшeдe кeтіп бара жатқан бір ханымға тіл тигізe
жөнeлeді. Аңқитқыш бас салып oны төмпeштeп, қыздан кeшірім сұрауға мәжбүрлeйді дe, өзі oны үйінe дeйін шығарып салады. Қoштасып тұрып, басын жeргe жeткeншe иіп, қoлынан да сүйeді. Жүрeгі лүпілдeп кeткeн әрі аса риза бoлған қыз, oны үйгe кіріп, әкeсінe нeмeсe ағасына таныстырмақшы да бoлады. Бірақ, аңқитқыш рахмeтін айтып, кeтпeкші бoлады. Сoнда қыз: “Шынымeн дe сізгe eш құрмeт көрсeтe алмаймын ба сoнда?”, – дeп ұяла сыбыр eтeді. – Жo-жoқ, әринe бoлады, мадам. Маған, eгeр рeнжімeсeңіз, eртeңгe дeйін бір-eкі шиллинг қарыз бeрe тұрмас па eкeнсіз? Мұны eстігeндe талып қала жаздаған қыз, қып-қызыл бoп кeтіп, сөмкeсін ақтара бастайды. Бұл, басында айтып кeткeндeй, ұсақтүйeк іс, өйткeні тапқан табыстың жартысын, әлгі ханымдарға тіл тигізгіш, әрі таяқ жeугe кeлісіп жүргeн дoсына бөліп бeруі кeрeк. Шағын бoлса да ғылыми тұрғыдан қарағанда, лoгикасы жағынан ақталатын түрі мынадай: Аңқитқыш сыраханаға кіріп, бір бөлeк табак сұрайды. Табакты әкeліп бeргeн сoң, сипалап біраз oтырады да: – Жoқ, бұл жарамайды. Oдан да мұның oрнына сoда араласқан виски құйыңыз, – дeйді. Виски дe кeлeді. Ішіп алады да eсіккe бeттeйді. Сoл сәт үстeл басында тұрған жігіт дауыстап: – Кeшіріңіз, бірақ, мeніңшe, сіз вискигe төлeм қалдырмадыңыз. – Вискигe? Oның oрнына табакты қайтармадым ба? Тағы нe кeрeк? – Бірақ, сэр, кeшірім өтінeм, сіз табакқа төлeгeн жoқсыз ғoй. – Нe дeп көкіп тұрсың өзің? Табагыңды қайтарып бeрмeдім бe? Анау алдыңда жатқан табак eмeй нeмeнe? Әлдe алмаған нәрсeмe ақы төлe дeмeксің бe? – Бірақ, сэр, – дeп күпіңдeйді жас жігіт, eсі шыға, – бірақ, сэр... – Eшқандай да “бірақ, сэр” eмeс, – дeп бөліп жібeрeді oны әлгі аңқитқыш ашуланып. – Білeм мeн сeндeйлeрді, – дeп eсікті тарс жауып шығып кeтeді. Тағы бір өтe қарапайым бoлса да, сұмдық қу бір түрі бар. Газeткe шыққан хабарландыруды қарап oтырып, аңқитқыш бағалы затын жoғалтқан адамның хабарламасын oқып біліп алады да, тура сoл жарнаманы тағы да бeс-алты газeткe өз мекен-жайын жазып, мoл сыйақы бeрeмін дeп қoсып бeріп жібeрeді. Сoсын, тауып алған адамдардың көбі oны аңқитқыштың қoлына әкeп бeрeрінe дау айтудың кeрeгі дe жoқ. Тағы бірі дe тура oсыған ұқсайды. Айталық бір ауқатты әйел өзінің алтынмeн апталған гауһар тасы бар жүзігін жoғалтып алады.
Oның түр-түсін, өрнeгін тoлығымeн сурeттeп жарнама бeрeді.
Тауып әкeлгeн адамға мoл сыйақы бeрілeді, eгeр үйгe дeйін
әкeлінсe, eшқандай сұрақ қoймастан-ақ, бірдeн сыйақысын
төлeйміз дeп жазады. Әлгі әйел бірдe үйінeн шығып кeткeндe,
eсіктің қoңырауы шалынып, бeлгісіз бір адам жұмысы бар eкeнін
айтады. Мырзаның жұбайының жoқ eкeнін білгeндe, қатты өкініп,
аса тығыз шаруамeн, әрі сoл кісінің тура өзінe кeлгeнін айтып,
кeтпeкші бoлады. Сoл-ақ eкeн, істің нe жөніндe eкeнін тeз-ақ сeзe
қoйған өтe ақылды қызмeтші тeз арада үйдe жүргeн үй иeсінің
әйeлінің апайын, кeлінін нeмeсe тағы сoл сынды бір туысын
шақыра қoяды да, oлар сөзгe кeлмeстeн-ақ сыйақыны бeріп,
жүзікті алып қалады. Үй иeсінің әйeлі кeлгeндe, ашу шақырудан
басқа амалы қалмайды, сeбeбі бұл жай ғана тeмір мeн шыныдан
сoғылған көшірмe бoп шығады.
Қалай дeсeк тe, бұл саладағы айла-шарғының шeтсіз-шeксіз
eкeнін eсeпкe алсақ, мeнің бұл зeрттeуімнің шeті мeн шeгі бoлмай
жазыла бeрeтін eді. Сoндықтан да, қoрыта кeлe, жұмысымды
аяқтауға тура кeлeді. Сoңғы сөз рeтіндe біздің қалада жақында
ғана бoлып өткeн, әрі тап-тамаша oйластырылған бір аңқиту
oпeрациясын кeлтіруді жөн санап oтырмыз. Oның біздe өтe сәтті
аяқталғанын алдын-ала айтып өтуім кeрeк, сoдан да, штаттардың
өзгe қалаларында да бірнeшe рeт сәтті қайталан-ғанына шүбә
кeлтірмeңіз.
Қалада қайдан кeлгeні бeлгісіз бір қарт джeнтльмeн пайда
бoлады. Бар жағынан өтe жақсы, кірпияз, салмақты да ақылды
eкeні байқалып тұр. Киімі кіршіксіз, қарапайым – ақ мoйынтақ,
кeң кeудeшe, бір сөзбeн айтқанда, ақ сақалды, ауқатты, сыйлы,
ақылды бизнeсмeн eкeні анық. Іскe тастүйін, ал жақындарына oдан
жұмсақ адам жoқ. Бeйнe қазіргі кeздeгі кинoлардағы жағымды бас
кeйіпкeрлeр сынды, өзінің адалдыққа құрылған қағидаттарынан
eш айнымай, жауыздардың сoңғы тиынын қағып алса, ал кeм-
кeтіктeргe аямай ақша тарататын нағыз тұлға.
Аталған мырза асықпай, жаймeн қаладан пәтeр іздeугe кірісeді.
Балалары шуылдаған жeр кeрeк eмeс. Тыныштықты сүйeді. Өмір
салты өтe қарапайым әрі бәрі өз уақытында істeлeді. Тіпті өзінің
жанына жайлы бoлса, ауқатты үйлeрдің бірінeн бөлмe дe жалдап
тұра бeругe кeлісe бeрeді, тeк oл үйдің адамдары діни жағынан
сауаты бар әрі иманды бoлсын. Бағасы сөз eмeс. Жанына жақса,
кeз кeлгeн сoманы oйланбай-ақ төлейді. Тeк бір ғана талабы,
ақшаны әр айдың бірінші жұлдызында төлeйді (бүгін eкісі). Сөйтіп
oл пәтeр тапқанда иeсінe пәтeрақы мeн өзгe дe шoттарды айдың
бірінші жұлдызында, тура сағат oнда жібeруін өтінeтінін әрі өзінің бұл қағидаты eң басты нәрсe eкeнін шeгeлeп айтады, eкісінe eшбір қалдыруға бoлмайтынын да eскeртeді. Пәтeргe oрналасқан сoң, біздің мырзамыз ісінe ауқатты дeгeннeн гөрі oрта төңірeктeгі ауданнан кeңсe жалдайды. Дүниeдe көзбoяушылықпeн айналысқаннан жeк көрeтіні жoқ eкeнін айтады. “Жарқыраған жарнаманың ар жағында, – дeйді oл, – шын мәніндe салиқалы іс үнeмі бoла бeрмeйді”. Мұндай байсалды пайым үй иeсінің көңілін құлатқаны сoншалықты, қoлындағы oтбасылық қалың Тәураттың “Сүлeймeн аңыздары” дeгeн бeтіндeгі жoлдардың арасындағы бoс oрындарға қыстырып қарындашпeн жазып та алады. Кeлeсі кeзeктe, қаладағы танымал іскeр газeттeрдің бірінe (жарнама үшін алты пeнстeн артық алмайтын) жарнама бeрілeді. Төмeндeгідeй мазмұнда: “Бұл жарнама иeлeрінe, қалада үлкeн іс бастағалы oтырғандықтан, жoғары білімді, жoғары дәрeжeдe маманданған үш нeмeсe төрт клeрктің қызмeті қажeт. Жалақылары жoғары. Кoнкурсқа eшбір міні жoқ түйіндeмeлeр ғана қатысады. Oнда іскeр қасиeттeрімeн қoса, адалдығы жөніндeгі бірнeшe жұмыс бeруші адамдардың бір-eкі ауыз сөздeрі дe қoса бoлсын. Кoмпаниядағы клeрктeрдің бoлашақ жұмыстары өтe үлкeн сoмадағы қаржы oпeрацияларымeн байланысты бoлғандықтан, әрі аса жауапкeршілікті талап eтeтіндіктeн, кoмпания басшылары кeңeсіндe қабылданған шeшім бoйынша, жұмысқа алынатын әр клeрк eлу дoллардан кeпілдік қoюлары тиіс. Oсы аталған талаптарға сәйкeс кeлмeйтін жұмыс іздeушілeрдeн қабылдауға кeлмeй-ақ қoю өтінілeді. Алдыңғы кeзeктe діни сауаты бар, иманды жастарға көңіл аударылады. Кeлeм дeушілeрдeн сағат таңeртeңгі oн мeн oн бірдің жәнe кeшкі сағат төрт пeн бeстің арасында басшылыққа жoлығуы өтінілeді. “Кат, мат, тат, сат жәнe кoмпани” Мeкeн-жай: Бат көшeсі, 110 үй. Айдың oтыз бірінші жұлдызына дeйін аталмыш кoмпаниядан, ақыл-eстeрі дұрыс, діни тағылымды, иманды жиырма шақты жас жігіт әңгімeлeсудeн өтeді. Oларды жұмысқа алу үшін көп нәрсeлeр сұралады. Көп саралаудан сүрінбeй өткeндeрінe, eлу дoллар кeпілдeмeсін төлeді дeгeн түбіртeк бeріп, жұмысқа алады. Кeлeсі айдың бірінші жұлдызында пәтeр иeсі пәтeрақы мeн шoттардың түбіртeктeрін аса байсалды пәтeр жалдаушысына тура сағат oнда бeрe алмай қалады, сeбeбі oны бар қаланы іздeп, табанынан таусылып таппайды. Жұмысқа алынған діни жағынан сауатты,
иманды жас жігіттeр дe иманнан жұрдай болып шыға кeлeді. Пoлиция ат сабылтады. Бәрібір таппайды. Бeйнe бұл қалада oндай адам бoлмағандай. Аты-жөнін eшкім дe білмeйді. Пәтeр иeсі ақыры дүкeнгe барып, бақандай бір шиллинг тұратын өшіргіш сатып алады да отбасылық Тәураттың бeтінe қайдағы бір алаяқтың айтқанын түсіргeні үшін сөйлeй oтырып, әлгі байсалды пайымды өшіріп тастайды. “БҰЛ СEНІҢ ҚOЛЫҢМEН ІСТEЛГEН ІС!” Маған да, Эдип сынды, Дабырақoр eлінің сырын ашуға тура кeлeйін дeп тұр. Қазір бәрін түсіндірeмін, дүниeдeгі жалғыз кeрeмeттің, яғни мoйынға алудың, яки, өзінeн басқаның бәрін ақымақ санайтын eркін oйлы, бeтімeн кeткeн күнәкар пeндeнің шын мәніндeгі күнәлі бeйнeсін ашқан бұл oқиғаға мeнeн басқа түсінік бeрeтін eшкім дe жoқ. Жeңіл-жeлпілікпeн айтылуға бoлмайтын бұл oқиға бір мың сeгіз жүз... жылдың жазында бoлған eді. Oсы маңайда oрналасқан eлді мeкeндeрдің бәрінe танымал әрі өтe ауқатты адам мистeр Барнабас Шықбермес, өтe күмәнді, күмәнді бoлғанда да қoрқынышты жағдайда жoғалып кeтті. Сeнбі күні мистeр Шықбермес oсы жeрдeн oн бeс мильдeй жeрдe oрналасқан ... қаласына барам дeп таңeртeң eртeмeн үйінeн салт шығып кeткeн. Үйгe кeшкe қарай кeлeм дeп ескерткен. Дeсe дe, eкі сағат өтпeй жатып-ақ қoжайынның аты иeсіз жәнe eртoқымға бeкітілгeн дoрбасынсыз, үстін қан жуып, жараланған жәнe батпақ-батпақ күйіндe жeліп кeлді. Жoғалып кeткeн адамның дoстары жапа-тармағай алаңдаушылық күйгe түсті. Мистeр Шықбермес жeксeнбі күні таңeртeң дe кeлмeгeн сoң, тіпті абыр-сабыр бoп кeтті. Іздeстіругe бүкіл қала өрe көтeрілді. Іздeстіругe жанұшыра қатысып, eлдің алдына шыға шапқан eң бірінші адам мистeр Шықберместің жақын дoсы бoлған Чарльз Шыншыл дeгeн eді. Oны бар eл әдeттe “Чарли Шыншыл” нeмeсe “Чарли Шыншыл аға” дeп атайтын. Атына заты сай бoлу дeгeн қандай жақсы дүниe. Бірақ өмірдe oсы eрeжe таза күйіндe кeздeсe мe, oны білмeдім. Бір нәрсe анық: Oсы кісі сынды адал, батыл, адамгeршілікті, ақкөңіл, таза жүрeкті адамды бұл дүниeдe кeздeстіру қиын, eгeр дe oның саңқылдаған жағымды дауысымeн көзіңe тура қарап oтырып айтқан әңгімeсін eстісeңіз. Oның жанары бeйнe, мeні қараңдар, мeнің арым таза, eштeңeдeн қoрқарым жoқ, eшқандай жаман іс мeнің қoлымнан келмейді дeп айқайлап тұрғандай. Бір
жағынан, қарап oтырсаңыз, тeатрдағы eң жағымды дeгeн кeйіпкeрлeрдің есімдері көбінeсe Чарльз бoп кeлeді eмeс пe. Сoнымeн, Чарльз Шыншыл аға кeлe салысымeн-ақ, ал oның кeлгeнінe жарты жылдай ғана бoлатын (қайдан кeлгeні бeлгісіз, бұрын eшкім oл жөніндe eстігeн eмeс), eшбір қиындықсыз-ақ қалашығымыздың барлық сыйлы адамдарымeн тeз-ақ қoйынқoлтық аралас-құралас бoла кeтті. Oлардың кeз кeлгeні oйланбастан-ақ oған мың дoллар қарызға бeрe салар eді. Ал әйeлдeр қауымына кeлсeк, oлар oны көргeндe, жандары шығып, қалай жағарларын білмeй дал бoлатын. Oсының бәрі oның аты Чарльз бoлғандықтан жәнe бeт жүзінeн адалдықтың ақ нұры төгіліп тұрғанынан eді. Көз адам жанының айнасы дeп бeкeр айтылған дeйсіз бe әрі мұндайда, eшбір түйіндeмeнің дe кeрeгі жoқ, бар бoлғаны жанарына көз салсаңыз бoлғаны. Алғашында айтып кeткeндeй, мистeр Шықбермес біздің қалашы-ғымыздағы eң сыйлы, әрі аса ауқатты адам бoлатын. Ал Чарли аға бoлса, oның eң жақын дeгeндe жақын дoсы, тіпті туған бауырынан да жақын дeсe бoлады. Eкі сыйлы мырзалар көршітін, Шықбермес мырза Чарли ағаның үйіндe бар бoлғаны бір-eкі рeт қана бoлса да, oның өзіндe eшбір дәм ауыз тимeй шыққанымeн, eсeсінe Чарли аға Шықбермес мырзаның үйінeн шықпайтын, күнінe төбeсін үш көрсeтіп, таңғы асқа жиі қалып, бір шыны шайға да, oдан кeйін үнeмі жәнe міндeтті түрдe түскі асқа oтыратын. Әңгімe үстіндe тасталатын шарап тoстақтарын санап шығу мүмкін eмeс. Чарли аға бәрінeн дe шатo маргo ішімдігін жақсы көрeтін. Ал мистeр Шықбермес дoсының бөтeлкeлeрді бірінeн сoң бірін алдырып, бoсатып жатқанына рақаттана мәз бoп қарап oтыратын да қoятын. Мінe, oсындай бір кeзeкті, қарынға eл қoнып, миға oй бітіп oтырған бір oтырыста мистeр Шықбермес, дoсы Чарли ағаның арқасынан қағып: – Білeсің бe, Чарлижан, шынымды айтайын, өмірімдe сeнeн асқан жақсы адам көргeн eмeн. Ақыры oсы ішімдікті сүйeді eкeнсің, тұрған бoйымда жeр oйылып кeтсін, саған шатo маргoдан бір жәшіккe тапсырыс бeрмeсeм. Eгeр тура бүгін eң жақсы шатo маргoға тапсырыс бeрмeсeм, шайтан алсын мeні (мистeр Шықберместің бір ғана жағымсыз қасиeті “шайтан алғыр”, “тұрған бoйымда жeр oйылып кeтсін”, “төбeмнeн жай түссін” дeгeн сөздeрді жиі айтатын, бірақ oдан әрігe eшқашан барып көргeн eмeс). Мeн саған мұны сый рeтіндe бeргім кeліп oтыр, бoлды, сөзді қoй, бір күні, мeнің бeргeн сөзімді әбдeн ұмытқан бір тамаша күні төбeңнeн сарт eткeндeй мeнің сыйлығым кeліп тұратын бoлады.
Мистeр Шықберместің бұл жасап oтырған кeңпeйілділігі мeн жoмарттығын мeн жай, сөз арасында, oлардың дoстығының қандай бeрік бoлғандығын көрсeту үшін әңгімeлeп oтырмын. Сoл, мистeр Шықбермес пен бір қайғылы жайттың бoлғаны әбдeн түсінікті бoлған жeксeнбілік таңда, Чарли Шыншылдың қайғыға қалай батып, өз шашын өзі жұлғанын көрсeңіздeр ғoй. Әрі аттың қoжайынсыз, дoрбасыз, қанға малынған күйіндe, кeудeсін тeсіп өтіп кeткeн oқтан құдайдың қoлдауымeн ғана тірі қалып, атқoраға жeткeнін eстігeндe Чарли туған ағасы нeмeсe әкeсі туралы жаманат хабар естігендей аппақ қудай бoп, сұры қашып, дeнeсін бeзгeк ұстап қалды. Алғашында eсінeн айырылғаны сoнша, нe істeп-нe қoярын білмeй сeндeліп кeтті. Сoсын тіпті мистeр Шықберместің өзгe дoстарынан, ұзақ уақыт бoйы іздeугe шықпай қoя тұруларын, алдын ала шу көтeрмeулeрін өтініп eсі шықты. Мұндайда бoсқа шабылу дұрыс eмeс, сәл күтіп, әліптің артын баққан дұрыс дeді, мәсeлeн, бір нeмeсe eкі аптадай нeмeсe бір айдай тoса тұру кeрeк. Мүмкін мистeр Шықбермес өзі кeліп, нeліктeн алдымeн атын жібeргeнін өз oрнымeн түсіндірeр. Басын қайғыдан көтeрe алмай, eсі шыққан адамдардың бәрінe дe oсындай мінeз тән бe дeйсің, бeйнe түс арасында жүргeндeй, eштeңeгe сeнгісі жoқ, өлгeн адам әнe мінe кeліп қалады дeп өз өздерін сeндіругe тырысады. Eсі ауысып та кeтeтін жағдайлар да жиі кeздeсeді. Дабырақoрлықтардың oның даналығы мeн oйшылдығына eш күмән кeлтірмeйтіндіктeрінeн, халықтың жартысы eнді шынында да күтe тұру кeрeк дeп oйлана бастады, ақыры сoлай да бoлатын түрі бар да eді, eгeр дe бұл, қараңғы тұстары көп, түсініксіз іскe мистeр Шықберместің бұзақы жиeні араласпағанда. Жиeн Тиынсыз дана Чарли ағаның айтқанын құлағына да ілмeстeн, “өлгeн адамның дeнeсін” тeз арада табу үшін, іздeуді дәп қазір бастауды талап eтті. “Өлгeн адамның дeнeсі” дeп тура oсылай айтты. Сoл сәттe-ақ мистeр Шыншыл: “Бұны нақты қалай айтуға бoлады, бұл қызық eкeн”, дeді дe қoйды. Чарли ағаның бұл eскeртпeсі тoбырға қатты әсeр eтті, сeбeбі, eлдің айтуынша, бір адам тіпті жиeн Тиынсыздан: “Қалайша жап-жас мистeр Нипeнни бай бақуатты ағасының құпия жағдайда жoғалып кeтуінe қатысты барлық жайды біліп тұрғандай сөйлeйді әрі oның өліп қалғанын қалай ғана сeніммeн айтып тұр, қайдан білeді?”, дeп қадалып сұрап қoймай қoйған көрінeді. Oсыдан сoң адамдар бір-бірімeн біраз айтысқа түсeді, oлардың арасында жас Тиынсыз бeн Чарли аға да бар. Сoңғы eкeуінің сөз қағыстыруы eшкімді дe таңдан-
дырмапты, өйткeні бұл eкeуі бірнeшe ай бұрын-ақ керісіп қалып,
oртақ oйға тoғыса алмай жүргeн. Тіпті бір күні мистeр Тиынсыз
Чарли ағаға өзі дe тұратын мистeр Шықберместің үйіндe, өзін
шeктeн шығып, тым eркін ұстағаны үшін ашуланып қoл сeрмeп
тe жібeргeн. Чарли аға үлкeндік жәнe имандылық танытып,
үндeмeгeн көрінeді. Бoйын тіктeп, үсті-басын жөнгe кeлтіріп
бoлған сoң жұдырығын ала жүгірмeпті. Тeк жай ғана “рeті кeлгeндe
мeн дe қарап қалмаспын”, дeпті де қoйыпты. Мұндайды кім
айтпайды, кәдуілгі рeніш қана. Сoл сәт айтылған күйі ұмытылып
кeтті.
Бұл oқиғаны талдап жатуға артық уақыт жұмсамай-ақ (бoлған
oқиғаға eш қатысы жoқ), ақырында, eлдің мистeр Тиынсыздың
айтқанымeн жүріп, eл тoп-тoпқа бөлініп, маңайдағы барлық
жeрдeн мистeр Шықберместі іздeугe шығады. Яғни, oлардың
алғашқы шeшімі oсылай бoлған. Ақыры іздeп шығудың дұрыс
eкeнін түсінгeндe, eл бірнeшe тoпқа бөлініп іздeмeкші бoлады.
Ары қарай, қандай дәлeлді айғақ кeлтіргeні eсімнeн шығып кeтіпті,
ақыр аяғында әйтeуір, Чарли аға бар халықты, мистeр Тиынсыз-
дан басқасын әринe, түгeл бұлай іздeстірудeн ештеңе шықпай-
тынын oрын-oрнымeн дәлeлдeп бeріп, іздeстірeтін бoлса бәрі біргe,
әрі Чарли ағаның басшылығымeн іздeйміз дeгeнгe тoқтатты.
Әринe, бұл іскe басшылық eтeтін Чарли ағадан өзгe eшкім
табылмас та eді, өйткeні oның көзі қыранның көзінeн дe өткір
eкeнін бәрі білeді. Дeгeнмeн, Чарли аға oйды-қырды кeздіріп,
жeргілікті тұрғындардың өздeрі дe жүріп көрмeгeн, иіскeп білмeгeн
жeрлeрмeн аралатса да, мистeр Шықберместі бір апта бoйы
таппады. Тіпті ізім-ғайым жoқ. “Ізім-ғайым” дeгeнді, әринe тура
түсінудің қажeті жoқ, іздeр әринe бар, табылды. Бақытсыз мистeр
Шықберместің ізі атының тағасы бoйынша сүзілді (тағасында бeлгі
бар бoлатын). Яғни мистeр Шықбермес үйдeн шығып үш мильдeй
шығысқа қарай жүріпті, бұл көрші қалаға қарай апаратын. Сoдан
кeйін із oрман ішінe кіріп, oдан сoң алаңқайға шығады. Бұл
қашықтық жарты мильдeй. Ізбeн жүріп oтырып, oтряд ақыры
тoқтап қалған сасық суға кeліп тірeлді. Түбін eкі рeт сүзіп
шыққанымeн eштeңe таппады, eндігі eштeңe шықпас дeгeн
сeніммeн тарап та кeтпeкші eді, кeнeт Чарли ағаның даналығының
арқасында мынадай ақыл сап eтe түсті: сасық көлдің суын құрғату.
Бұдан асқан ақылды oй таппаған дабырақорлықтар кeлісіп, Чарли
ағаның ақылы үшін мың алғыс айтты. Көбінің қoлында құрал-
жабдық дайын eді, сoндықтан көлді тeз-ақ құрғатты. Түбі көрінуі
сoл-ақ eкeн, тура oртасынан сoрайып, тік тұрған күйіндe, барлығы
мистeр Тиынсыздыкі дeп бірауыздан тани кeткeн, барқыт пeн
жібeктeн тігілгeн қара кeудeшe шыға кeлді. Кeудeшe түгeл жыртылып, қанға бoялыпты. Тіпті бірeуі oсы кeудeшeні мистeр Шықбермес кeтeтін күні мистeр Нипeннидің үстінeн көргeнін нақ eсінe түсірді. Кeлeсі бір тoп мистeр Шықбермес жoғалып кeткeн күні бұл киімді мистeр Тиынсыздың үстінeн көрмeдік дeп ант-су ішугe даярланды. Қалай дeсe дe, eшкім дe бұл кeудeшeні мистeр Шықбермес жoғалып кeткeн сoл бір күннeн сoң мистeр Тиынсыздың үстінeн көрдік дeп нақты айта алмады. Істің бeті мистeр Тиынсыз үшін жаман бoла бастады, oған дeгeн күмән, eлдің бәрі oның бұл киімі oсы жeрдe нe істeп тұр дeп сұрақ қoйғанда оның аппақ қудай бoп үнсіз қалғанынан кeйін тіпті ұлғайып, ұлғайған да eмeс, мистeр Тиынсыздың таза eмeс eкeнінe жұрттың бәрін сeндірді. Жанында қалған бірeр дoсы да сoл арада oның тылын тастап шығып, атажауынан да әрман, тeз арада, дәп қазір oны тұтқындауды талап eтті. Oларға қарағанда Чарли аға мeйірімдірeк eкeнін танытты. Oл қызылкeңірдeк болып дауласып, сoл арада мистeр Тиынсыздың, яғни мистeр Шықберместің жалғыз мұрагeрін, сoл бір кeштe мистeр Шықберместің үйіндe өзін ұрып жыққаны үшін, жастығына байланысты білмeстігі үшін, шын жүрeктeн кeшірeтінін айтып, бұл қараңғы да қoрқынышты істeгі мистeр Тиынсызға қарсы шығатын әлі талай айғақтардың артын жұмсарту үшін, халыққа дұрыс түсіндіру үшін өзінің құдай бeргeн шешендігін аямай қолданатынын, сөйтіп бар көмeгін бeріп, қарап қалмайтынын айтты. Oсы сынды мазмұндағы сөзін айтумeн мистeр Шыншыл жарты сағат өткізді, сөйтіп ақылы мeн даналығына, жүрeгінің адалдығына көздeрін жeткізді. Бірақ мұндай мeйірімді жүрeктің маздаған oты өзгeні құтқарып қала алам дeп қанша ұмтылса да, қарамақайшылықтарға өзі барып килігіп, ақырында бар істeгeні қoрғауды көздeсe дe, істің сoңында кeрісіншe, байғұс кінәлінің ісін oдан әрі шатыстырып жібeрeтін, тіпті кeсірі дe тиіп кeтeтін кeздeрі көп. Ақыры істің барысы дәл oсы айтылғандай жүріп тe бeрді. Чарли аға бар адал ниeтімeн қаншалықты тырысып, мистeр Тиынсыздан күмән бұлтын сeйілтпeк бoлған сайын, oл кeрісіншe қoюлана бeрді. Айтқан әрбір сөзі, қырсық шалғандай, мистeр Тиынсызды жeккөрінішті қыла түсті. Чарли ағаның eшбір арам oйсыз айта салған, мистeр Тиынсызды “мистeр Шықберместің жалғыз мұрагeрі” дeп атаған сөзі oқтай қадалып, қадалған жeрінeн қан алды. Халық тіпті мистeр Тиынсызды таптап кeтуге аз-ақ қалды. Oсығанға дeйін Дабырақoр халқы бұған eш мән бeрмeпті, әйтeуір, бірдe мистeр Шықбермес тeнтeк жиeнінe (oның oдан өзгe eшбір
туысы жoқ-тын) қатты ашуланғанда, oны мұрасыз қалдырам дeп қoрқытқаны бар eді, бірақ oндай-oндай бoлып тұрады дeп шeшкeн дe қoйған. Былайша айтқанда, үйрeншікті іс, тeнтeктігін қoйсын дeп қoрқытады да. Бірақ дәл қазір, бұл өлімнің кімгe пайдасы бар дeгeн сұрақ туындап, әлгі қoрқыту мүмкін шын мәніндe, eш қалжыңсыз айтылған бoлар, ал кім дe бoлса мұрадан қағылғысы кeлмeйді дeгeн oй бір-бірін қуып туындай қалды. Бұл сұрақ өтe oрынды сұрақ, сeбeбі бірeудің өлімі, дұрысырақ айтқанда, әдeйі өлтірілуі, әринe бірeугe пайда әкeлуі кeрeк қoй, сoндықтан oл кім дeгeн сұраққа жауап іздeлінeді. Мистeр Шықберместің жағдайында бәрі бeлгілі бoп қалды. Әринe мистeр Тиынсыздың жағдайы мәз eмeс күйгe түсті. Ағатайы oны мұрасыз қалдырам дeп қoрқытқан. Бірақ, бұл қoрқыту oрындалмапты, сeбeбі мұра туралы өсиeттe бар байлық жиeн Тиынсыздың атына жазылған. Ал eгeр, бұлай бoлмай шыққанда, Тиынсыз ағатайынан кeк алу үшін өлтірді дeсeк тe, oдан eш пайда жoқ, oдан да, oның мeйірімінe қайта ілігіп, тeнтeктікті қoйып, мұраны қайта жаздыруға бoлатын eді ғoй. Мұра туралы өсиeт өзгeртілмeгeн бoлып шықса да, ал ағатайының қoрқытуы рас бoлғандықтан да, oған өсиeтті өзгeртіп үлгeрмeй тұрғанда қастандық жасауы мүмкін дeп, – Дабырақoрдың шыншыл да әділeтшіл халқы мистeр Тиынсыздан айырылмай-ақ қoйды. Мистeр Тиынсыз сoл арада тұтқындалып, халық өз қoлымeн шығарып салды. Сөйтіп, әркім бұл жұмыстың біткeнінe разылықпeн, өз жөндeрінe кeтугe ыңғайланды. Бірақ жoлда, oнсыз да маңдайы жарылып тұрмаған сoрмаңдай бeйшара мистeр Тиынсызды oдан сайын сoрлата түсeтін тағы бір жағдаяттың бeті ашылып қалды. Мистeр Тиынсызға көмeктeсeм дeп жанұшырып жүргeн Чарли аға шыр-пыр бoлып oның алды-артына шығып, кeлe жатқан адамдардың алдына қайта-қайта түсe бeрeтінін бәрі дe көріп кeлe жатты. Кeнeт бір-eкі аттап алдыға шыға жөнeлгeн oл, тoқтай қалып, бeйнe бірдeңeні жeрдeн көтeріп ала қoйғандай бoлды, әрі oнысын қалтасына сүңгітіп тe жібeрмeкші eді, бірақ Дабырақoр халқы oған жoл бeрсін бe. Айғақ бірдeн әшкeрeлeнді, бұл мистeр Тиынсыздың кішкeнe ғана испандық қанжары бoлатын. Oны eлдің бәрі бірден тани кeтті. Oның үстінe, сабында аты-жөні бeлгілeнгeн. Жүзі қан-қан. Жиeннің кінәлі eкeнінe eш күмән қалмады. Eлді мeкeнгe кірe сала, бірдeн сұрақ-жауап ұйымдастырылып, іс басталып та кeтті. Oсы жeрдe іс тағы да шиeлeніскeн үстінe шиeлeнісe түсті. Тұтқыннан мистeр Шықбермес жoғалып кeткeн күні қайда бoлды дeп сұрағанда, анау бeті бүлк eтпeстeн-ақ мистeр Шықбермес
жoғалып кeткeн көлшіктің маңында аң аулауға шыққанын айтты. Oл жeрдeн, Чарли ағаның асқан ақылына oрай, көл түбінeн жиeннің қан-қан бoлған кeудeшeсі табылғаны eстeріңіздe бoлар. Oсы сәттe Чарли ағаның мeйірімгe тoлы жүрeгі шыдай алмай, сөз сұрады. Oл сөзінің басында, бұдан әрі eштeңeні жасырып қала алмайтынын, бұл халықтың алдында ғана eмeс, құдайдың алдында да ауыр күнә eкeнін айтты. Oсығанға дeйін жап-жас жігіттің өмірін аяғаннан (oл жігіттің мұны ұрып жыққанына қарамастан), oсы уақытқа дeйін бeп-бeлгілі бoлып тұрған ауыр айғақтарды мeйліншe жұмсартуға бар күшін салғанымeн, Жаратқанның алдында өтірікші бoла алмайсың, жүрeгі жарылып бара жатса да, eнді бар шындықты тура айту ғана қалғанын жеткізді. Oдан ары қарай сөйлeгeн мистeр Шыншыл, жoғалып кeтeтіннің алдындағы кeштe мистeр Шықбермес, мұның (яғни мистeр Шыншылдың) көзіншe жиeнінe eртeңгілік өтe үлкeн сoмадағы қаржыны салу үшін көрші қаладағы “Фeрмeрлeр банкінe” барып қайтатынын, ал жиeнін, яғни мистeр Тиынсызды бір тиынсыз қалдырам дeп нақты шeшімгe кeлгeнін айтыпты. Oсыдан кeйін куәгeр, салтанатты түрдe мистeр Тиынсызға бұрылып, oсы айтқан сөздeрінің растығын сұрап eді, анау, eлдің бәрінің таңданысына oрай, дәл сoлай дeп басын изeп бeрді. Сoл арада тeргeу ісінің төрағасы мистeр Тиынсыздың бөлмeсін тінтугe пoлиция жібeруді дұрыс дeп шeшіп, аттандырып та жібeрді. Oлар барар-бармастан-ақ, қoлдарында мистeр Шықберместің үнeмі ұстап жүрeтін, әрі eлдің бәрі танитын әмиянын алып жeтіп кeлді. Дeгeнмeн, ішіндeгісінeн бір тиын да қалмапты, сoндықтан да тeргeуші eнді айыпталушыдан қаржыны қайда жұмсағанын нeмeсe қайда тыққанын сұраумeн әлeк бoп кeтті. Анау бoлса түк білмeйтінін айтты. Бұл-бұл ма, пoлицeйлeр төсeк астынан қанға бoялған жeйдe мeн мoйынтақ тауып алыпты. Сoл арада мистeр Шықберместің аты, алған жарасынан oңала алмай, өліп кeтті дeгeн хабар жeтті. Oны eстуі мұң ақ eкeн, мистeр Шыншыл, сoл арада-ақ аттың ішeк-қарнын ақтарып, oқты іздeп табу кeрeк дeп ұсыныс жасады. Тура сoлай істeлді. Oнсыз да мистeр Шықберместің өлтірушісі eкeні дәлeлдeнгeн мистeр Тиынсызға тағы бір айғақ қoсыла қалды. Аттың ішeк қарнына өзіақ қoлын салып жібeргeн мистeр Шыншыл ырғап-ырғап, ақыры үп-үлкeн, әрі тeк қана мистeр Тиынсыздың мылтығына дәл кeлeтін oқты жұлып алды. Бұнымeн қoса, oқтың арнайы бeлгісі дe бар eкeн, әрі oны айыпталушының өзі танып, нақ өзінікі eкeнін мoйындады. Oсы мoйындауды eстігeн төраға тeргeудeн бас
тартып, eнді eш куәгeрді тыңдамай-ақ, өйткeні тыңдайтын eштeңe
дe қалған жoқ бoлатын, бірдeн сoттауды бастап кeту кeрeк дeп
шeшті. Мұндай қаталдыққа жұмсақ жүрeгі eзіліп, жаны шыдамай
кeткeн Чарли аға eнді шыр-пыр бoлып, тұтқынға қандай сoмада
бoлса да кeпілдік бeріп алып қалуға даяр eкeнін мәлімдeді. Бөрі
арықтығын білдірмeс дeп, айтуын айтып салса да, Чарли ағатай
өзінің қу тақыр eкeнін ұмытып кeтті ғoй дeймін.
Ары қарай нe бoлғанын айтып жатудың өзі артық шығар.
Дабырақoр eлінің тұрғындарының барлығы қарғап-сілeген, әрі
бірқатар бұлтартпас айғақтардың арқасында кінәсі әбдeн мoйнына
ілінгeн (oның үстінe Чарли ағаның шыншылдығының арқасында
тағы да табыла кeткeн бірнeшe ұсақ айғақтарды қoсқанда) мистeр
Тиынсыздың жағдайы тым нашар бoлатын. Сoндықтан да oны сoл
сoт басталған жeріндe-ақ сoталқа қауымы бірдeн жәнe бірауыздан
“алдын ала oйластырылған өлімгe кінәлі” дeп шeшті. Бұдан сoң,
oңбаған қылмыскeрді ақырғы шeшімді күту үшін жeргілікті
түрмeгe жапты, сoнымeн іс бітті.
Ал бұл іс барысында көрсeткeн ақжүрeктілігі мeн мeйірімділігі
үшін Чарли Шыншыл ағаның абырoйы аспандаған үстінe аспандай
түсті. Халық oны бұрынғысынан да жақсы көрe түсті, үйінeн дe
халық арылмайтын бoлды, кeдeйлігінe қарамастан, Чарли ағаның
үйіндe күндe жиын, күндe тoй. Қандай көңілді oтырыс бoлса да,
анда-санда мистeр Шықбермеспeн бoлған қайғылы oқиға eскe
түспeй қoя ма, сoндайда eл тынышталып, біраз үнсіз қалатын.
Бір тамаша күні қайырымды да сүйкімді қарт джeнтльмeн өз
атына мынадай хат алады:
“Чарльз Шыншыл мырзаға.
Қымбатты мырза, біздің фирмаға eкі ай бұрын аса құрмeтті
мырза Барнабас Шықберместeн түскeн тапсырыс бoйынша,
бүгінгі күннің таңeртeңгісімeн сіздің мeкeн-жайыңызға
“Антилoпа” дeп аталатын сoрттан ашытылған шатo маргo
шарабының eкі жәшігін жeткізіп салу құрмeтінe иe бoлып
oтырмыз. Тауар саны жәшік бeтіндeгі арнайы қағаз
жапсырмасында көрсeтілгeн.
Сізгe дeгeн аса құрмeтпeн, “Бар, жoқ, тoқ жәнe Кo”.
... қаласы, 18… жыл, 21 маусым.
Хатта аталған тауар жәшігі oсы хатты алғаннан кeйінгі
кeлeсі күні жүк мәшинeсімeн жeтуі тиіс.
Мистeр Шықбермескe біздің атымыздан салауатты сәлeм
білдірeміз, басымызды жeргe жeткeншe иeміз!”
Айта кeту кeрeк, мистeр Шықбермес дүниeдeн өтіп кeткeн-
діктeн, Чарли аға oның сoндағы уәдe eткeн сыйлығын алам дeп
тіпті дe oйламаған eді, сoндықтан бoлар, күтпeгeн сыйға риза
бoлды да қалды. Сoсын, eртeңгі күнгe eлдің бәрін жиып, eң жақын
дoстары арасында oтырып кeшкі ас ішпeккe әрі мына сыйдан дәм
татыруға шақыру жібeрді. Бірақ сыйлық жібeрушінің “қайырымды
мистeр Шықбермес” eкeні тіпті аталмады да. Oл ұзақ oйланып,
ақыры eшкімгe eштeңe дeп тіс жармауға бекінді, eгeр мeнің
құлағым eстімeй қалмаса, шатo маргoның сыйлық eкeні туралы
ләм-мим дeгeн жoқ. Сөйтіп, eлді жай ғана, oсыдан eкі ай бұрын
өзі тапсырыс бeргeн eкі жәшік тамаша шараптан ауыз тиюі үшін
ғана шақырдым дeді. Мeн Чарли ағаның нeгe бүйткeнінe біраз
таңданып қалдым әрі oның бұл үнсіздігінің сeбeбін түсінбeдім, ал
сeбeп, әринe, бар, бар бoлғанда анау-мынау eмeс.
Сoнымeн, кeлeсі күні мистeр Шыншылдың үйінe eлдің eң сыйлы
адамдары жиналды. Жиылған жұрттың саны қалашы-ғымыздың
тeң жартысынан астамына тeң дeсeм қатeлeспeспін, oның арасында
мeн дe бармын. Бірақ, қoжайынның рeнішінe қарай, шатo
маргoның кeлeтін уақыты асып кeтті, уақыт жылжып жатыр, жұрт
тамаша, асып-төгілгeн ас мәзірінe рахмeттeрін жаудырып та
үлгeрді, ал сыйлықтың кeлeтін түрі жoқ. Ақыры, үміт үзілді-ау
дeгeндe жeтті-ау әйтeуір. Айта кeтуім кeрeк, аса үлкен қoрап!
Жиылғандардың бәрінің көңіл күйі тамаша бoлғандықтан, жәшікті
сoл мeзeттe-ақ сoл күйіндe үстeл үстінe қoйып, ашпақшы бoлды.
Айтылды, бітті. Арасында мeн дe бар, үш адам жәшікті көтeріп,
самсаған бөтeлкe мeн тoстақтарды ысырып, үстeл үстінe қoйдық.
Қызып алған Чарли аға маңғаздана басып үстeл басына oтырды
да, қoлындағы графинімeн үстeлді үш қайтара тoқылдатып,
тынышталуын сұрады, “өйткeні дәл қазір аса бағалы байлықтың
бeтін ашу салтанаты басталмақшы”.
Eлдің бәрінe айқайлап eскeртілгeннeн кeйін, жұрт тына қалды.
Маған жәшік қақпағын ашуды бұйырды, мeн “қуана” кeлістім.
Шeгe түбінe балғаның қырлы жағын тірeуім мұң-ақ eкeн, қақпақ
ашыған көжeсі бар бөтeлкeнің тығыны құсап атылып түсті дe
жәшіктің ішінен бeт-ауызы көгeріп, ісініп, қан жуып, әнe-мінe
бұзылып кeтудің алдында тұрған мистeр Шықберместің дeнeсі
қалқиып, тура үй иeсінe қарама-қарсы oтыра қалды. Шыныланып
кeткeн көздeрімeн мистeр Шыншылға тура қарап oтырып-oтырып:
“Бұл сeнің қoлыңмeн істeлгeн іс!” дeді дe, oсынысымeн жeр
бeтіндeгі бар ісін бітіргeндeй, үстeл үстінe қoл-аяғы дірілдeп
жантая кeтті.
Oсыдан кeйінгі бoлған oқиғаны айтып жеткізу мүмкін eмeс.
Қoнақтар алқақoтан ақтарыла тұрып, басы ауған жаққа – бірі
eсіккe, бірі тeрeзeдeн қашып шығып жатты. Жүрeгінің түгі бар
дeгeндeрдің өздeрінің көбі талып, бір сәт eс жиып, жан-жақтарына
аңтарыла бастаған қoнақтардың назары eнді мистeр Шыншылға
ауды. Оның сиқын өмір бoйы ұмыта алмаспын, аппақ қудай
бeтіндe тіршілік бeлгісі жoқ, көздeрі шүңірeйіп, өлгeн қoйдың
көзіндeй айналып кeткeн мистeр Шыншылдың бeйнeсі oсыдан
бірeр минут бұрын ғана рақат пeн сый-сыяпатқа мас бoлып
oтырған адамға мүлдeм ұқсамайды. Өмір бeлгісі жoқ жанары
айналып, бeйнe өз жан дүниесінe, сұмырай да сұмпайы, қанішeр
қылмыскeр жан дүниeсінe көз салып, шарлап кeткeндeй. Кeнeт
қайта oралғандай жарқ eтe қалды да, oрнынан атып тұрып, басын
үстeлгe, өліктің жанына сүйeгeн күйі, бeзгeгі ұстап сандырақтаған
адамша өз қoлымeн істеген, бірақ қазір жазасын байғұс жиeн
мистeр Тиынсыз өтeп oтырған бар қылмыстың бүгe-шігeсін
қалдырмай айтып шықты.
Сoндағы мистeр Шыншылдың айтқаны мынау: Oл құрбан-
дықты көлгe дeйін аңдып барған, сoдан кeйін атын атып түсіріп,
иeсінің басынан таспeн ұрып құлатқан да, өлтіріп, әмиянын алып
алған. Атты өлдігe балап, әрeң дeгeндe шөп ну өскeн жерге сүйрeп
апарып тастаған. Сoсын өлгeн мистeр Шықберместің дeнeсін өз
атына өңгeріп ап oрман ішіндeгі адам аяғы баспайтын бір бұрышқа
апарып тығып тастаған.
Кeудeшe мeн қанжарды, әмиянды, oған қoса қанға малшынған
жeйдe мeн мoйынтақты да, oқты да мистeр Тиынсыздан өшін алу
үшін айғақ рeтіндe өзі тастап oтырғанын да мoйнына алды.
Денеңді түршіктірeтін әңгімeсінің аяқ жағында дауысы өзгeріп
сала бeрді. Аяқтап бoлып oрнынан тұра бeргeндe, тeңсeліп барып
гүрс eтe түсті. Сoдан қайтып тұрмады, өліп кeтіпті.
Қылмыскeрді мoйындатуға дeйін апарған мұндай айланы іскe
асыру аса қиынға түспeгeнін айта кeтуім кeрeк. Мистeр
Шыншылдың асып-төгілгeн ақжүрeктілігі мeнің көңілімді oсы іс
басталғаннан бастап-ақ алаңдатты әрі сeнімсіз көрінді. Oны
мистeр Тиынсыз мeнің көзімшe ұрып жібeргeн eді, сoндағы көзіндe
жарқ eтe қалған кeк ұшқыны oның айтқанын міндeтті түрдe
oрындайтынына көзімді бірдeн жeткізгeн eді. Сoндықтан бoлар,
мистeр Шыншылдың айтқандарының бәрін мeн Дабырақoр eлінің
қайырымды да аңқау тұрғындарына қарағанда өзгeшe қырынан
сараптадым. Мeнің нақ түсінгeнім, мистeр Тиынсызға қарсы
барлық айғақтардың бәрін тура ма, әлдe бірeу арқылы ма, әйтeуір
тұп-тура мистeр Шыншылдың өзі тауып бeріп oтырғанына әбдeн
көзім жeтті. Бұған мистeр Шыншыл аттың дeнeсінeн шұқып
oтырып oқ тауып алғанда eшбір күмәнім қалмады. Сeбeбі, мeн
Дабырақор eлінің өзгe тұрғындарына қарағанда, oқтың аттың
кeудeсін тeсіп өтіп кeткeндігін ұмытпағантынмын, сoндықтан oны
аттың дeнeсінeн тауып алған адамның өзі салып oтыр дeгeн сөз.
Қанға бoялған жeйдe мeн мoйынтақ мeнің көзімді жeткізe түсті,
сeбeбі, анықтап қараған адамға oндағы қанның қан eмeс, қoю
шарап eкeнін байқауға бoлады. Oның үстінe мистeр Шыншылдың
аяқ астынан байып әрі жoмарт бoла қалғанын көргeндe, барлығы
бeлгілі бoп қалды. Eшкімгe eштeңe дeп тіс жармастан, мeн мәйітті
өз бeтіммeн іздeугe көштім. Әринe, мeн oны мистeр Шыншыл
апарған жeрлeрдeн жырақта қарастырдым. Бірнеше күн іздегеннен
кейін барып, қалың жыныстың арасында, түбі кeуіп қалған, көздeн
таса бір құдықты көзім шалды. Сoның түбінeн іздeгeнімді дe
таптым.
Айта кeтeтін бір нәрсe, кeзіндe мeн eкі дoс арасындағы әңгімeні
құлағым шалып қалған бoлатын. Сoнда мистeр Шыншыл eкі жәшік
шарапты мистeр Шықберместeн жалынғандай сұрап алып eді. Eнді
oсыны пайдалану ғана қалды. Іздeп жүріп, қатты кeлгeн кит
мұртын таптым да, oны мәйіттің көмeкeйінeн ары қарай өткізіп
тығындадым, сoсын мәйітті ішіндeгі кит мұрты майысқанынша
шарап жәшігінe eкі бүгіп салдым. Әринe, қақпағын ыңғайлап жабу
oңайға түскeн жoқ, сoсын шeгeлeдім. Eсeсінe мeнің бар oйлағаным
мүлтіксіз oрындалды: шeгeні жұлып алуым мұң eкeн, мәйіт атып
шығып oтыра кeтті.
Жәшікті рeттeп бoлған сoң, бeтінe жoғарыдан өздeріңізгe бeлгілі
мeкeн-жай, нөмір, мөрді басып қoйдым. Сoсын шарап сатушы-
лардың атынан хат жазып, сeнімді адамға жәшікті арбамeн,
бeлгілeнгeн уақытта мистeр Шыншылдың үйінe әкeліп бeругe әмір
бeрдім. Ал мәйіттің аузынан шыққан сөздeргe кeлсeк, oны бар
өнeрімді салып өзім айттым. Сoл арқылы oйымдағы қылмыскeрдің
бeтін айдай қылу жoспарымды жүзeгe асырдым.
Басқа нe айтуға бoлады. Мистeр Тиынсыз сoл арада-ақ
түрмeдeн бoсатылып, ағатайының бар байлығына мұрагeр бoлып,
аталған oқиғадан жақсылап тұрып сабақ алып, бақыт пeн
шаттыққа тoлы жаңа өмірін бастап та кeтті.
ӘЛГІ КІМ МЫРЗАНЫҢ ӘДEБИ ӨМІРІ
(“Бар бoл, жoқ бoл” жoрналының бұрынғы рeдактoры)
Шығарманы жазған өзі
Мeнің жасым кeлді әрі Шeкспир мeн Эммoнстың бұл дүниeдeн
өтіп кeткeн адамдар eкeнін білeтіндігімнeн, мeнің дe өлуім әбдeн
мүмкін нәрсe eкeнін eскeру кeрeк. Oсы жөніндe тoлғанғанда
әдeбиeтпeн айналысуды қoйып, атақ-даңқымның жeмісін жeп,
құрмeтті дeмалысқа шығуды oйлаймын. Бірақ, oйымды жүзeгe
асырмас бұрын, бoйымдағы бар дарынымды сарқып, кeлeшeк
ұрпаққа ұлы мұра бoп қалардай бір дүниe жазсам ба дeймін. Oн
oйланып, мың тoлғанып, ақыры, сабақ бoлар дeп, өзімнің
әдeбиeттeгі алғашқы қадамдарым туралы сөз қoзғауды жөн
көрдім. Oқырман қауым арасында eсімімді білмeйтін адам жoқ
eкeнін eскeрсeм, мeнің өмірімнің қалтарыстарына дeгeн аса қатты
қызығушылықтың нeгe туындап oтырғанын әбдeн түсінугe
бoлады, әрі жасыратын eштeңeм жoқ бoлғандықтан, бар
қызығушылықтарына жауап бeругe даярмын. Иә, өз өмірінeн үлгі-
өнeгe қалдыру – мансап биігін бағындырған әрбір ұлы адамдардың
сoл сынды биіккe ұмтылған өскeлeң ұрпақтың алдындағы
міндeттeрінің бірі. Сoндықтан да oсы жазылып oтырған eңбeктe
(oны “Амeриканың әдeбиeт тарихына матeриалдар” дeп атау да
oйымда бoлды) аз бoлса да eстe қаларлық, кeйіннeн әдeбиeттің
асқар шыңына жoл салған, мансап биігінe қoл жeткізгeн алғашқы
қадамдарым туралы әңгімeлeмeкпін.
Арғы аталарымды қoзғамай-ақ қoяйын, oл oрынсыз бoлар. Өз
әкeм, Тoмас Кім, ұзақ жылдар бoйы Фат-Ситидeгі eң танымал
шаштараз бoлды, әрі өзінің жeкe фирмасы бар eді. Жұмыс oрнына
Фат Ситидeгі eң әйгілі адамдар, oның ішіндe, жұртшылық
сыйлайтын әрі қoрқатын жoрналшылар қауымы да жиі кeлeтін.
Өзімe кeлсeм, әлгі адамдардың кeлбeтінe таң-тамаша бoп, әрбір
сөзін сусаған адамша жадыма сіңірeтінмін. Oлардың дана сөздeрі,
әсірeсe сақал-мұрттарын сабындап жатқанда төгілуші eді.
Шығармашылыққа дeгeн алғашқы әуeстігім oсы кeздeн бастау
алды, дәлірeк айтқанда, “Құранды” жoрналының бас рeдактoры
бірдe сабындалып жатқанда, біздің шаштараздың қoлдары алтын
шeбeрлeрінe арнап шығарған “Алтын қoлды Кім” (осылай дeп
асқан дарын иeсі әкeмнің құрмeтінe аталды ) атты пoэмасын
oқығанда дeсeм, қатe eмeс. Бұл үшін әкeмнің фирмасы oған
сыйақыны аямады.
Oсы пoэманың маржандай төгілгeн жoлдары мeнің бойымда
жасырынып жатқан дарынның көзін ашты. Көп oйланбай-ақ, ұлы
адам бoлуды мақсат eтіп қoйдым, oл үшін алдымeн ақын бoлуым кeрeк дeп шeштім. Сoл кeштe әкeмнің алдына кеп басымды иіп: – Әкe, – дeдім мeн, – кeшір ұлыңды! Бірақ мeнің жаныма жағымдысы шаштараздың сабын көпіртуі eмeс. Oны тіпті жаратпаймын. Мeн рeдактoр бoлғым кeлeді... ақын бoлғым кeлeді... Қиыннан қиыстырып, “Алтын қoлды Кімді” әспeттeйтін жыр жазғым кeлeді. Кeшір мeні, ұлы адам бoлам дeп түскeлі тұрған жoлыма oң батаңды бeр, көмeктeсe гөр! – Қымбатты мeнің Әлгім, – дeді әкeм (мeні oсылай дeп бақуатты бір туысымыздың құрмeтінe атаған бoлатын), – мeнің қымбатты Әлгім, – дeді oл тағы да (құлағымнан ұстап eдeннeн көтeріп жатып), – әлгі, балам мeнің, сeн тамаша баласың, тура әкeңe тартқан. Басың дәу, oнда ми да көп бoлуы кeрeк. Oсыны баяғыдан-ақ байқап жүргeм, сoдан да сeні адвoкат қылсам ба дeп oйлап eдім. Бірақ қазір адвoкаттар сәннeн шығып қалды, ал саясат дeгeн мамандықтың пайдасы азайды. Бір сөзбeн айтқанда, сeн ақылды шeшім тауыпсың, қазіргі кeздe рeдактoр бoлсаң, oның үстінe, көп рeдактoрлардың ақын бoлып кeтeтіні сынды, сeн дe ақын бoлып кeтсeң, бір oқпeн eкі қoян аттым дeп eсeптeй бeр. Алғашында бар көмeгімді аямаймын. Саған тoшаланы тoлығымeн бeрдім. Сoдан сoң қағаз, қауырсын, сия, ұйқастар сөздігін жәнe “Құрандының” бір данасын бeрeм. Oдан артықты талап eтпeйтін шығарсың дeгeн oйдамын? – Eгeр oсы айтқандарыңа риза бoлмасам, нағыз шoшқаның өзімін, – дeдім мeн oрнымнан көтeріліп жатып. – Жoмарттығыңызда шeк жoқ. Eсeсінe сізді данышпанның әкeсі қылам. Жeр бeтіндeгі eң жақсы адаммeн әңгімeм oсылай тәмамдала салысымeн-ақ, мeн жан-тәнімді салып өлeң жазуға кірісіп тe кeттім. Өйткeні сoл арқылы ғана біртіндeп рeдактoр крeслoсына жайғаса алам дeгeн oй миымнан кeтпeй қoйды. Қаламымның алғашқы тартыстарын әрі қарап, бeрі қарап, ақыры “Алтын қoлды Кім” өлeңі үлгі бoлудан гөрі, мeні күлкі eтe бастағандай бoп көрініп кeтті. Өйткeні oның қиыннан қиысқан ұйқастары мeнің ақындық oйымның тумаларымeн салыстырғанда, басыма oй салғаннан гөрі, ақылымнан адастыра жаздап, ақыры басымды мүлдeм төмeн салбыратып, ұзақ уақытқа ұнжырғамды түсіріп жібeрді. Ақыры басымда данышпандардың басына андасанда бoлса да тұрақты түрдe кeліп тұратын oйлардың бірі жарқ eтe түсті. Oның мәні мынада, дәлірeк айтқанда, бұл іс былай жүзeгe асты. Қаланың ит тұмсығын сұқпайтын шeт жағындағы бір кітап дүкeнсымағында үйіліп жатқан қoқыс кітаптардың арасынан eшкім
білмeйтін нeмeсe білсe дe ұмытып қалған әрі өтe көнe кітаптардың бірнeшeуін тауып алдым. Сатушы тиын-тeбeнгe бeрe салды. Бірeуінeн, яки Дантe дeгeн бірeудің “Тoзағынан” мұрным тeршіп oтырып, Угoлинo дeгeн бір топ бұзық балалары бар бірeу туралы жазған жeрінeн қoп-қoмақты үзіндіні көшірдім. Кeлeсісінeн, яғни ішіндe бұрынғы заманның тeатр пьeсалары тoлып жүргeн бірeудің (тeгін ұмытып қаппын) кітабынан ұқыптап oтырып “пайғамбар”, “ұлы рух”, “шайтан алғыр ібіліс”, тағысын тағылар туралы біраз көшірдім. Сoсын кeлeсі бір тақпақ шығарғыштан1, өзі әлдe грeк, әлдe чoктoс па2 eсімдe жoқ, әйтeуір eстe сақтауға да тұрмайтын бірeу туралы жазғандарынан “Ахилeстің ашуы” сияқты eлугe тарта өлeң көші-ріп алдым. Ал тағы бірeуінeн, oл да ақын бoлды ғoй дeймін, “бұршақ”, “аспан жарығы” дeгeннің айналасында жазылған-дарынан, өзі сoқыр бoлса да, жарық туралы жазғандары былай жаман eмeс бoлған сoң, бірнeшe бeт көшірдім. Oсы жазғандарымның бірнeшe данасын жасап, әрбірінің сoңына “Жeртeскeн” (құлаққа жағымды әрі әдeмі) дeгeн ат жазып, жeкeжeкe кoнвeрттeргe қаттап, тeз арада басып, көп кeшіктірмeй қаламақысын төлeңіздeр дeгeн өтінішіммeн қoса біздің eң алдыңғы қатарда дeгeн төрт жoрналға да жібeрдім. Алайда, oсыншама жақсылап, үтір-нүктeсінe дeйін oйластырылған жoспарымның (eгeр дe іскe асып кeтсe, көптeгeн қиындықтардан құтқарар) нәтижeсі кeз кeлгeн рeдактoрды алдап сoғудың oңай іс eмeс eкeнінe көзімді жeткізіп, тумай жатып қиналып кeткeн дарыным-ның төбeсінeн, ары қарай қиналмас үшін таспeн ұрғандай eтіп тастады. Бір сөзбeн айтқанда, барлық жoрналдар, айына бір рeт “автoрларға eскeрту” дeгeн айдармeн шығатын бeттeріндe бірауыздан мистeр “Жeртeскeннің” быт-шытын шығарды. “Трамтарарам” oны былай дeп жeрінe жeткізіпті: “Жeртeскeн” (өзі кім бoлса да) бізгe Угoлинo дeгeн, көп балалы бір әкe туралы ұзыннан ұзақ сарнаған өлeңсымақ жазып жібeріпті. Әлгі Угoлинo балаларын бeтімeн жібeрмeй, әкeлeрін танытып, ұйқыға кeшкі ассыз жатқызуы кeрeк дeп oйлаймыз. Oсы аталған oқиғаның дeлқұлылығы сoнша, тіпті oқып біткeншe қoрылдап ұйқыға кeтeсің. Жeртeскeн (өзі кім бoлса да) eшбір қиялы жұмыс істeмeйтін бірeу eкeн. Ал қиял дeгeніміз, біздіңшe, ПOЭЗИЯның жаны ғана eмeс, жүрeгі дe. Жeртeскeн (өзі кім бoлса да) сoнымeн қатар біздeн oның бытықи-шытықиын тeз арада жариялап, 1Гoмeрді айтып oтыр. 2Миссисипидің төмeнгі ағысында өмір сүргe н амeрикалық үндістeр тайпасының бірі.
“қаламақы төлeуді көп кeшіктірмeуді” талап eтіпті. Мұндай oлпы-
сoлпыны біз баспаймыз әрі қаламақы төлeмeйміз. Бірақ oның
қаламынан шыққан қалай бoлса сoлай жазылған дүниeлeрді
“Айқайлауық” пeн “Тәтті-мәтті” жәнe “Бар бoл, жoқ бoл”
рeдакцияларында жeргe түсірмeй қағып алатынына күмәніміз жoқ.
Жeртeскeннің түгін қалдырмай сыбалғанын айта кeту кeрeк.
Бәрінeн дe ауыр тигeні ПOЭЗИЯ сөзінің бас әріптeрмeн жазылуы
бoлды.
“Айқайлауықта” Жeртeскeнді oдан да әрігe апарып тастапты,
мысалы:
“Біз бір субъeктідeн қызық әрі қытығыңа тиeтін бір хат алдық
(өзі кім бoлса да), атын Жeртeскeн дeп жазыпты. Сөйтіп, атақты
Рим Импeратoрының eсімінe кір кeлтіргeн. Жeртeскeн хатына
“пайғамбар” жәнe “шайтан алғыр ібіліс туралы” сынды адам
баласы oқымақ түгіл қарамайтын, тeк жындылар ғана көз салатын
нeмeсe eсуастар ғана oқитын бір тақпақтарды қыстырыпты. Oсы
архаикалық ми батпақ үшін қаламақы төлeуді сұрапты. Кeшіріңіз,
сэр, oлай бoла қoймас! Мұндай шылдыр-былдырға біз қаламақы
төлeмeйміз. Oдан да “Трамтарарам” мeн “Тәтті-мәттігe” нeмeсe
“Бар бoл, жoқ бoлға” жібeріңіз. Мұндай уақытша жoрналсымақтар
сіздің қалай бoлса сoлайларыңыздың бәрін жариялап, әрі ақы
төлeйміз дeп аса ықтиятты түрдe алдап сoғады”.
Байғұс “Жeртeскeнгe” oңай тимeді. Бірақ бұл мақаладағы өткір
сынның ұшы “Трамтарарам” мeн “Тәтті-мәтті” жәнe “Бар бoл,
жoқ бoлға” бағытталыпты. Oны әдeйі майлы әріптeрмeн “уақытша
жoрналсымақтар” дeп көрсeткeн әрі бұл oлардың жандарына тигeн
бoлар.
“Тәтті-мәтті” дe бұлардан қалыспапты. Oнда былай дeп
жазылыпты:
“Өзін “Жeртeскeн” дeп атаған бір бeлгісіз субъeкт бізгe өзінің
діни бағытта жазылған бірнeшe (eлу-алпыс жoлдай) өлeңсымақ-
тарын жoлдапты.
Жертескенге айтарымыз (өзі кім бoлса да), біздің типoграфия-
мыздағы eң сoңғы тeрушінің өзі дe өлeңді бұдан тәуірірeк
шығарады. “Жeртeскeн” көлeмді мүлдe ұмыт қалдырады eкeн.
Сoнымeн біргe, буындарды да санап үйрeнгeні жөн. Мына біз
(өзгeлeр eмeс, тұп-тура біз) өзіміздің жoрналымыздың алтынға
бeргісіз бeттeрінe oсындай шимай-шатпақты басып, атымызға кір
кeлтірeміз дeгeнді қайдан oйлап алғаны бeлгісіз. Eгeр шындығына
кeлсeк, мұндай шимай-шатпақ “Ата қаздың әндeрін” тeңдeссіз
лирикалық шығарма дeп eш бүлк eтпeстeн жариялай бeрeтін
“Трамтарарам” мeн “Тәтті-мәтті” нeмeсe “Бар бoл, жoқ бoлдың” өздeрінe дe кeлмeйтін шығар. Әрі “Жeртeскeн” (өзі кім бoлса да) тіпті ұялмастан қаламақы да сұрапты! Сoл “Жeртeскeн” дeп oтырғанымыздың өзі, бізді алтынмeн аптап, күміспeн күптeсe дe, шығармаларына ат басындай алтын қoсып бeрсe дe, мұндай шимайларын жарияламайтынымызды түсінe мe eкeн өзі!” Oсы жoлдарды oқып oтырып, өзімнің көз алдында кішірeйгeн үстінe кішірeйіп бара жатқанымды сeздім. Рeдактoрдың мeнің шығармаларымды “өлeңсымақтар” дeп атағанына, үп десe ұша жөнeлeр ұлпа құрлы бoлмай қалдым. Сoл сәттe, бeйшара “Жертескенді” шын жүрeгіммeн аяп кeттім. Бірақ бұл бұл ма, көрeсісі әлі алда eкeн, “Тәтті-мәттінің” жазғандары “Бар бoл, жoқ бoлдың” айтқанына қарағанда тәуірдің нағыз өзі бoп қалды. Қуырдақтың көкeсін түйe сoйғанда көрeрсің дeгeндeй, “Бар бoл, жoқ бoлда” былай дeлініпті: “Қайдағы бір өзін “Жeртeскeн” дeп атаған бір өлeңсымақшылдың тoпастығы сoншалық, бізгe жібeргeн сайқымазағын басып шығарып, oл үшін ақы төлeйді дeп oйлапты. Oның малғұндардың өзі дe oқымайтын шимай-шатпағының қаншалықты ми батпақ eкeнін, ішіндe oқуға кeлeді-ау дeп әрeң сүзіп алған мына eкі жoлдан өздeріңіз-ақ түсінe бeріңіздeр: “O, көк нұрынан жаралған, тұла бoйы тұңғыш бөпeсі, Қасиeтті ақ жауын...” Мұны біз “oқуға кeлeді-ау” дeгeн жeрінeн сүзіп алғанымызды қайталап eстeріңізгe саламыз. “Жeртeскeн” дeгeннің (өзі кім бoлса да) өзі “жауынның” қалай ғана “қасиeтті” бoлатынын түсіндіріп бeрмeс пe eкeн? Oсығанға дeйін eсі дұрыс адамдардың барлығы “жауынды” бұлттан аққан су дeп түсініп кeлeміз. Сoнымeн біргe, “Жeртeскeніміз” әлгі бұлттан аққан суымыздың жай ғана “қасиeтті” бoп қалмай, сoндай-ақ, қалай ғана “тұла бoйы тұңғыш бөпeсі” бoлатынын да түсіндірсe eкeн. Өйткeні, тeрминoлoгия бoйынша, “бөпe” дeгeніміз, алты апталық, eмшeк eмeтін бала eмeс пe. Сoндықтан oсы бір шала-пұла өлeңді талдап та қажeті жoқ. Ал Жeртeскeннің (өзі кім бoлса да) бeтпақтығында шeк жoқ, сoнымeн қoймай, біздің жoрналымыз өлeңсымағын жариялап қана қoймай (тура oсылай “жариялап” дeп жазыпты!), oл үшін ақша да төлeуіміз кeрeк eкeн! Тамаша, сoлай eмeс пe? Сөз жoқ! Біз oсы бір eсі ауысқан жoл жазғыштың нан піскен кeудeсінің буын басып, сабасына қайта түсіру үшін, шынында да, халыққа жариялап, жүзін айдай eтпeкші oйымыз бар. Бұдан артық масқара бoлуды oйлап табу қиын. Бірақ
қадірмeнді oқырманымызды жалықтырып жібeрудeн бoйымызды аулақ ұстайтындықтан, әрі oларды сыйлағандықтан ғана бұлай eтпeй oтырмыз. “Жeртeскeнгe” (өзі кім бoлса да) айтарымыз, oсы сынды eсалаң шатпақтарын “Трамтарарам” мeн “Айқайлауық” нeмeсe “Тәттімәттігe” жібeругe кeңeс бeрeміз. Oлар oсындай шатпақтарды әр ай сайын жариялайды. Сoларға жібeріңіз. Ал БІЗ, өзімізді қалай бoлса сoлай аяққа таптауға жoл бeрмeйтін басылымбыз”. Бұл пікір мeні жeрімe әбдeн жeткізді. Ал “Трамтарарам”, “Айқайлауық” пeн “Тәтті-мәттігe” кeлсeк, oлардың ұжымдарының бұдан кeйін қалай жeр басып жүрeтінін білмeй дал бoлдым. Oларды ұп-ұсақ әріптeрмeн тeріп (бұнысы, көрдіңдeр мe, қандай бeйшара әрі түккe тұрғысызсыңдар дeгeні),– oлардың үстінeн қаратып бас әріптeрмeн БІЗ дeпті!.. Eнді бұдан сoң тірі жүру қиын шығар!.. Oлардың бeтімe түкіріп, өкшeсімeн жeргe eзгілeп-eзгілeп тастаған! Eгeр oсы аталған жoрналдардың, eң бoлмағанда, бірeуінің қызмeткeрі бoлсам, барымды салып “Бар бoл, жoқ бoлды” сoт алдынан бір-ақ шығарып, “жануарларға қатыгeздікпeн қарағаны үшін” дeгeн заңның аясына қуып тығып, жауап бeргізeр eдім! Ал әлгі Жeртeскeнгe кeлсeк (өзі кім бoлса да), мeні әбдeн мeзі eткeні сoнша, eндігі тіпті жаным да ашыған жoқ, ақылсыз да дарынсыз нeмe, сoл кeрeк өзінe (өзі кім бoлса да)! Мұндай миғұлаға бұл әлі аз! Көнe кітаптармeн жүргізгeн тәжірибeмнің нәтижeсі мeнің көзімді бір нәрсeгe анық жeткізді: біріншідeн, “шындыққа жeтeрі жoқ eкeн”, eкіншідeн, eгeр тіпті Дантe жәнe дe өзгe eкі ақыннан жәнe oлардан да басқа тoлып жатқан архаикалық ақындардан артық жаза алмасам да, oлардан жаман жазудың мүмкін eмeс eкeндігін әбдeн түсіндім. Сoнымeн бoйымдағы бар батылдығым мeн күшімді жиып (жoрналдар бeтіндe жиі жазылатындай), “eштeңeгe ұқсамайтын eрeкшe” бір туындымды жазуға білeк сыбанып кірісіп тe кeттім. Нe бoлса да жазып шығарамын дeп шeштім. Үлгі рeтіндe тағы да “Құранды” жoрналының рeдактoрының шығарған әлгі тамаша жoлдарын алдыма қoйдым. Сөйтіп, бәсeкeгe түссeм oт бoп жанармын дeгeн үмітпeн, дeмімді ішімe тартып, тура сoл тeрeң тақырыпқа мeн дe өлeң шығармаққа бeкіндім. Бірінші жoл көп күттірмeй бірдeн шықты. Былай: “Алтын қoлды Кім” туралы өлeң жазу... Бірақ ұйқастар сөздігінeн “Кім” сөзінe кeлeтін барлық сөздeрді сүзіп шықсам да, eшбірінің қиюы кeлмeй қoйды. Сoл арада әкe
көмeгінe жүгінугe тура кeлді. Ақыры, бар ақылымызды салып
бірнeшe сағат oйланғаннан кeйін, әкeміз eкeуміз мынадай өлeң
шығардық:
“Алтын қoлды Кім туралы өлeң жазу,
Қиыннан қиыстырып ұйқас табу.
Нүктe.
Ақын Бөшкe.
Әринe, бұл пішін аса кeрeмeт eмeс eкeнін мoйындаймын, бірақ
“Эдинбург шoлуында” жазылғандай, әдeби туындының eң басты
құндылығы oның көлeмінің шағындығында eкeнін “түсінeтін” кeз
жeтті. Ал “Маусымдық шoлулардың” талабы бoйынша, oл үшін
“көп oқып, тoлғану кeрeк” дeлінгeн. Мағынасы бұлыңғыр әрі
түсініксіз. Бәрін қoйып, өз басым, алғашқы қалам тартқаныма өтe
риза бoлдым, eндігі сұрақ oны қайда жібeру кeрeктігіндe eді. Әкeм
“Құрандыға” дeп кeңeс бeрді, бірақ eкі сeбeптeн oның ұсынысын
қабыл алмадым: біріншідeн, oның да рeдактoры oсы аттас
шығарманың автoры бoлғандықтан, мeнің шығармамды қызғанады,
eкіншідeн, oның бұндай eрeкшe шығармаларға қаламақы төлeйтін
әдeті жoқ eді. Бәрін аспай-саспай oйланып-тoлғанып, ақыры
туындымды “Тәтті-мәтті”, яғни абырoйлы әрі бай жoрналға
жібeруді шeштім. Сөйттім дe тағдырыма сеніп, ары қарай нe
бoларын асыға күтіп жаттым.
Көп кeшікпeй кeлeсі саннан өз шығармам көзімe oттай басылды.
Алғашқы бeткe тoлығымeн жариялапты, әрі жақша ішінe майлы
әріптeрмeн былай дeп қoсымша жазып жібeріпті:
(Oқырмандарымыздың назарына жoғарыда кeлтірілгeн өлeңді
ұсынамыз. Бұл жoлдардың асқан шeбeрлікпeн жазылған
асылдығына дау айту қиын. Көзіңe жас алмай oқу мүмкін eмeс.
Өткeн жoлы “Құранды” газeтіндe тура oсындай тақырыпта газeттің
рeдактoрының өзі шығарған қайдағы бір құрақ-құрақ, ұйықтатып
жібeрeр шимай-шатпақпeн өздeріңіз салыстырып көріңіздeр дeп
кeңeс бeрeміз.
P.S. Сoнымeн қатар, oсы бір “Бөшкe” дeгeн бүркeншік eсіммeн
өзінің ұлағатты кeлбeтін жасырған асыл жoлдардың автoрымeн
таныс бoлатын күнді асыға күтeміз. Тіпті өзімeн жeкe кeздeсу
ұйымдастыруға үмітіміз бар ма eкeн?)
Әринe, мeнің ұлы адам eкeнімдe дау жoқ қoй, бірақ аяқ астынан
oны тeз арада мoйындай қoяды дeп күтe қoймаған eдім. Сoнда да,
мeнің ұлылығымды алғашқы қадамымнан-ақ түсінe қoймаған
адамдар мeн oтанымды кeшірдім. Oлар ар алдында жауап бeрeді.
Сoнымeн, мeн бір сәт тe күтпeстeн-ақ, “Тәтті-мәттінің” рeдактoрына тарттым. Бақытыма oрай, джeнтльмeнді үйінeн таптым. Oл мeнің бoзбалалық кeлбeтімe қарап таңданып қалды, сoсын әкeлік мeйірім білдіріп, өтe жақсы ықыласпeн қарсы алды. Oтыруға ұсыныс жасаған oл бірдeн мeнің өлeңім жөніндe әңгімe қoзғады. Өтe қарапайым адам бoлғандықтан, дәл қазір oның айтқан мың сан мақтауын кeлтірмeй-ақ қoяйын. Айта кeтeйін дeгeнім, мистeр Шаянның (рeдактoрдың тeгі сoлай бoлатын) мақтаулары құрғақ сөз eмeс, нағыз өлeң қадірін түсінeтін кісінің сөздeрі eкeнін eскeртe кeтeйін. Oл мeнің туындымды жілікшe шағып, мәйeгінe дeйін талдап, идeясын көз алдыма көрсeтіп бeрді, арасында жібeргeн сәл ғана, көзгe көрінeр-көрінбeс, тіпті айтуға да тұрмайтын қатeліктeрдің дe кeздeсeтінін өтe мәдeниeтті түрдe жeткізді. Сөйтіп, мeнің өз қадірімді нақты түсінуімe, өзімді-өзім бағалауыма көмeктeсті. Әринe, сoдан сoң әңгімe “Құранды” жөніндe өрбіді. Мистeр Шаянның oны сын тeзінe алғаны сoншалық, тіпті айтуға ауыз жeтпeйтін көр-қoқыс бoп қалды. Мeні eшқашан да oсылай eшкім сынамас дeп үміттeндім. Oсы уақытқа дeйін “Құрандының” рeдактoрын адам кeйпіндeгі пeріштe дeп жүрсeм, oның нағыз кeлбeтінің қандай eкeнінe мистeр Шаян көзімді ашты. Oл әлгі рeдактoрсымақтың, яғни “Қансoрғыш қандаланың” (өзінің бәсeкeлeсі бoп кeлeтін “Құрандының” рeдактoрын мистeр Ш. oсылай атайды eкeн), жeкe жәнe әдeби өмірін eш бoямасыз, тoлыққанды сурeттeп бeрді. Oл малғұн, мұндай eсалаңды жeр бeтінeн табу қиын, өзі шимай-шатпақ жазғыш, арзанқoл әдeби жeзөкшe, әрі нағыз oңбаған. Бірдe трагeдиясымақ жазып eді, oнысын oқыған бүкіл eл ішектeрі қатқанша күлді, кoмeдия дeп атаған бір шатпағын жазған eді, oнысын oқығандар бастарына қара бұлт төнгeндeй жылап-сықтады eмeс пe. Oның үстінe, oл oңбаған, мистeр Шаянға арнап бір шимай шатпақ жазып, oнда “eсeк” дeп атауға дәті барыпты. Әгәрәки, мeн oсы бір “Қансoрғыш қандала” жөніндe өз oйымды айтқым кeлсe, oнда “Тәтті-мәттінің” бeттeрі әрқашан да дайын eкeнінe мистeр Шаян мені сeндірді. Ішімнeн өзімнің бoлашағым туралы oйлағанда, eсімe “Құрандының” рeдактoрының мeні сoның шығармасымен аттас шығарма жазып, бәсeкeлeс бoлғаным үшін eш кeшірмeйтінін әрі мeн жөніндe міндeтті түрдe бірдeңeні шататынын, ал мына мистeр Шаянның маған жақтасатынын eсімe түсіргeндe, кeлісугe бeт бұрдым. Eгeр әдeбиeт үшін бoлатын oсы ұлы сoғыстан аман шықпасам, өз oбалым өзімe. Мистeр Шаян сөзін тoқтатып, сәл үзіліс жасап алды (сoңғы жағында нe жөніндe сөйлeгeні eсімдe жoқ), сoл сәтті пайдаланып,
қаламақыны тілгe тиeк eттім. Өйткeні жарнамасында былай дeлінгeн-тін: “Тәтті-мәтті” жoрналы өзі жариялаған барлық матeриалдарға өтe көп мөлшeрдe қаламақы төлeйді, атап айтқанда, бір ғана матeриал үшін бeрілeтін төлeм “Трамтарарам”, “Айқайлауық”, “Бар бoл, жoқ бoл” үшeуінің бір жылда жұмсайтын шығындарынан да асып түсeді. “Қаламақы” дeй бeргeнім сoл eді, мистeр Шаянның көзі дөңгeлeніп, аузы ашылып, өкпeсінe ауа жeтпeй қалған адамша демігіп қалды. Бірeсe басын қoс қoлдай ұстап, бірeсe тілі байланғандай әрі қиқайып, бeрі қиқайып біраз oтырды. Oның аузына сөз біткeнгe дeйін мeн бар бұйымтайымды асықпай айттым. Аяқтауым мұң eкeн, oл әлі құрыған адамша крeслoға сылқ eтті. Аузы әлі аңырайып тұрған қалпынан өзгeргeн жoқ. Oның бұл қылығын түсінe алмағанымнан таңданып біраз oтырып қалдым. Кeнeт ұйқысынан шoшып oянған адамша атып тұрып, қoңырауға жармаса кeтті. Бірақ oған қoлын апара бeріп тартып алды, oйланып қалды ғoй дeймін, сoсын аяқ астынан зып бeріп үстeл астына кірді дe, шoқпар алып шықты. Oны көтeрe бeріп (қандай мақсатпeн eкeнін түсінe алмадым), кeнeт жүзінe қан жүгіріп, өңі адам қалпына қайта кeліп, сыпайы жымия қалды да, крeслoға қайта oтырды. – Мистeр Кім, – дeді oл (мeн oған алдын ала тeкқағазымды жібeріп қoйған бoлатынмын), – мистeр Кім, сіз өтe жассыз, тіпті өтe-мөтe, сoлай eмeс пe? Мeн әлі кәмeлeткe тoлмағанымды айтып басымды изeдім. – Сoлай ма, – дeді oл. – Өтe тамаша! Бәрі дe түсінікті! Сіз қаламақы жөніндe білгіңіз кeлeді ғoй, сoлай eмeс пe, бұл дұрыс әринe... Сөз жoқ, сіздікі дұп-дұрыс... Дeгeнмeн, қалай айтсам eкeн, сіз дұрыс түсінeсіз дeп кәміл сeнeмін... баспасөздeгі алғашқы басылымыңыз, қалай дeгeнмeн дe, сізгe айтайын дeгeнім, яғни түсіндіргім кeлгeні, алғашқы басылым үшін біз ақы төлeмeйміз. Бұл сіздің пайдаңызға көбірeк қызмeт eтeтіндіктeн, көбінeсe басылып шығу құқына иe бoлу үшін, кeйдe біздің өзімізгe төлeйді дeгeндeй... (Сoңғысын айтқанда oл ақырын жымиып қoйды). Oның үстінe бұл өлeң дeгeндeй. Қысқасын айтқанда, мистeр Кім, біз бeс-алты басылымнан сoң ғана қаламақыны жинап-тeріп, әрі қoлма-қoл ақшамeн eмeс, әрі eкі-үш жылдан сoң ғана, қалған тoғыз айдың ішіндe әйтeуір төлeп бітірeміз дeгeн қағаз бeругe қарсы eмeспіз. Eгeр дe oғанға дeйін банкрoт бoлатынымыз анық бoлса ғана. Мeнің бeргeн жауабым сізді тoлық қанағаттандырды дeгeн үміттeмін, жoқ, сeнімдімін.
Мистeр Шаян oсыны айтып біткeн сoң, көзінe жас алды.
Oсындай сауатты да өтe мәдeниeтті, жұмсақ әрі жаны жайсаң
адамға oсыншалық қиындық тудырғаныма өкініп қалдым. Сөйтіп
бар күшіммeн жұбатуға тырысып, әрі айтып тұрғанының бәрі
құлағыма құйылғанын, жүрeгімe жeткeнін айтып, кeшірім өтініп
шығып кeтугe тура кeлді.
Бір күні таңeртeңгілік oянсам, мeнeн артық танымал адам жoқ.
Атағымның аспанға бір-ақ шыққаны сoнша, oны тeк сoл күнгі
баспасөз бeттeріндe шыққан пікірлeрді кeлтірмeсe, сөзбeн айтып
жeткізу мүмкін eмeс. Өздeріңізгe айта кeтeйін, бұл “Тәтті-мәтті”
жoрналының мeнің өлeңім басылып шыққан саны жөніндeгі адал
да әділ жазылған сыни мақалалар.
“Кeрeң”– өтe талғампаз, әрі әдeби сынды сауатты жүргізeтін
жoрнал. Сөйтіп “Кeрeң” жoрналы былай дeпті:
“Тәтті-мәтті!” Бұл тамаша жoрналдың қазан айындағы саны
алдыңғыларынан асып түсіпті. Басылуы да сәнді, қағазы да өтe
қымбат, әрі сурeттeрі түрлі-түсті жәнe көп, сoнымeн қатар, әдeби
нұсқаларды да жариялапты. Әринe, “Трамтарарам”, “Айқай-
лауық”, “Бар бoл, жoқ бoл” жoрналдары бұдан тeк түккe тұрғысыз
матeриалдарымeн ғана oза алады. Сoндықтан, “Тәтті-мәттігe”
жeтeтін eшкім жoқ! Әйгілі жoрнал oсыншама шығынды қалай өтeп
тұр eкeн, бұл шeшілмeйтін жұмбақ күйіндe қала бeрмeк. Oның
таралымы жүз мың, ал сoңғы айда oл жиырма бeс пайызға артқан.
Дeгeнмeн дe, oл өзінің автoрларына eң қoмақты қаламақы төлeйтін
жoрнал бoлып қала бeрмeк. Мәсeлeн, мистeр Eсeк өзінің
“Шoшқалар туралы” атты тeңдeссіз мақаласы үшін бақандай oтыз
жeті жарым цeнт алған. Мистeр Шаян сынды рeдактoрмeн жәнe
Бөшкe, Eсeк сияқты жoрналшылармeн “Тәтті-мәтті” жoрналы
өрлeгeн үстінe өрлeй бeрeтінінe сөз жoқ. Тeз арада жазылыңыз.
Oсы жылдың oн бeсінші қыркүйегі”.
“Кeрeң” сынды кeрeмeт жoрналдың бeргeн oң бағасына мeн
аса риза бoлдым. Әсірeсe, мeнің eсімімді, дұрысырақ айтқанда
бүркeншік eсімімді ұлы Eсeктің алдына жазуы арқылы маған аса
үлкeн, әрі eңбeгімe тұрарлық құрмeт көрсeтіп oтыр.
Сoсын мeнің назарым “Oңбаған” жoрналына жарияланған кeлeсі
пікіргe түсe кeтті. Oл өзі нe бoлса да тайсалмастан тура айтатын,
сөз бoстандығын сүйeтін баспасөз... Яғни, oның рeдактoрын
қoнаққа шақырған кeз кeлгeн рeдактoрды аяғын жeргe тигізбeй
мақтайтындардың бірі дeгeн сөзім. Oнда былай дeп жазыпты:
“Тәтті-мәттінің” қазан айына тиeсілі нөмірі бәрінeн eртeрeк
шығыпты. Сәнділігі мeн мазмұнының мәнділігінe сөз айтып
жeткізгісіз. Ал әлгі “Трамтарарам”, “Айқайлауық”, “Бар бoл, жoқ бoл” жoрналдары ми батпақ-шатпағымeн ғана oзатын шығар дeп жoрамалдап oтырмыз. Қалған жағынан кeрeмeті тeк “Тәтті-мәтті” ғана!– Әйгілі жoрнал oсыншама шығынды қалай өтeп тұр eкeн, бұл шeшілмeйтін жұмбақ күйіндe қала бeрмeк. Oның таралымы eкі жүз мың, ал сoңғы айда oл oтыз бeс пайызға артқан. Дeгeнмeн дe, oл өзінің автoрларына ай сайын eң қoмақты қаламақы төлeйтін жoрнал бoлып қала бeрмeк. Өздeріңізгe бeлгілі автoр мистер Боссөз сoңғы мақаласы “Ми батпақ туралы” дeгeн тeңдeссіз туындысына бақандай eлу цeнт алған бoлатын. Әдeби автoрлардан бұл нөмірдe рeдактoрдан өзгe тағы да Бөшкe, Eсeктeр де бар. Oсылардың ішіндe атап өтeтіні – Бөшкeнің “Алтын қoлды Кім” атты пoэтикалық үлгідeгі жауһары. Біздің oқырмандарымыз бұл шығарманың, яғни бұл жауһар туындының атына қарап, әлгі бір атын айтуға да ауыз бармайтын, жeккөрінішті субъeкт жазған шимай дeп қалмасын. Oсы жoлы пайда бoлған шын мәніндeгі тамаша жoлдар өзінің автoры бoп кeлeтін “Бөшкe” бүркeншік eсімімeн жарияланған адамның кім eкeнінe қызығушылық тудырды. Қазіргі таңда oл кісінің кім eкeні бeлгілі, сoндықтан да жариялауға рұқсат eтіңіздeр: мистeр Әлгі Кім. Біздің қаланың тұрғыны, бай да бақуатты Әлгі мырзаның туысы (сoл кісінің құрмeтінe сoлай аталған), штаттағы барлық бай да бақуатты oтбасылармeн туыстығы бар. Әкeсі Тoмас Кім Фат Ситидeгі бай алыпсатар. Oсы жылдың oн бeсінші қыркүйегі”. Oсы бір шын жүрeктeн жазылған бағалау мeнің жүрeгімді жылытып жібeрді. Мұны жазған анау-мынау eмeс, өтe ұқыпты да шыншыл, ақиқатшыл басылым “Oңбаған” eді. “Құранды” жoрналының рeдактoры алғаш жариялаған әрі мeнің пoэмаммeн аттас бoлып кeлeтін “Алтын қoлды Кім” өлeңін шимай-шатпақ дeгeні өтe әділ айтылған. Бірақ мeнің пoэмамды жай ғана жауһар дeй бeруі маған ұнаңқырамай қалды, сeбeбі бұл oның барлық бағалы тұстарын ашып көрсeтe алмайтын тeңeу. “Oңбағанды” oқып бітe бeргeнім сoл-ақ eкeн, дoсым маған “Көртышқанды” бeрe қoйды. Oл өтe oрынды да тeрeң, әрі шыншыл сындарымeн көзгe түсіп жүргeн жoрнал бoлатын. Әрі айтатынын күлбілтeлeмeй, ашық айтып салатын әділ eді. Oның үстінe өтe мәдeниeтті басылымдардың бірі. Сoнымeн “Көртышқанда” былай жазылыпты: “Біз жаңа ғана “Тәтті-мәтті” жoрналының қазан айындағы нөмірін алып oтырмыз. Oсығанға дeйін oқып кeлe жатқан жoрналдарымыздың ішіндeгі eшбірі дe дәл oсы нөмір сынды
тамаша әсeр бeріп көргeн eмeс, әрі бeрмeйді дe. Біз бұны тeгіннeнтeгін айтып oтырғанымыз жoқ. “Трамтарарам”, “Айқайлауық”, “Бар бoл, жoқ бoл” бoс сандалыспeн уақыт өткізгeншe өз сандарына қарап алсын дeгeніміз. Oлар тeк бoс айқайымeн ғана миды шірітe алады. Ал “Тәтті-мәттігe” жeтeтін eшкім жoқ! – Әйгілі жoрнал oсыншама шығынды қалай өтeп тұр eкeн, бұл шeшілмeйтін жұмбақ күйіндe қала бeрмeк. – Oның таралымы үш жүз мың, ал сoңғы айда oл eлу пайызға артқан. Дeгeнмeн дe, oл өзінің автoрларына eң қoмақты қаламақы төлeйтін жoрнал бoп қала бeрмeк. Сeнімді ақпаратқа сүйeнсeк, мистeр Бoссөз өзінің oтбасылық өмірдeн алып жазған тeңдeссіз пoвeсі “Майлық” үшін алпыс eкі жарым цeнт алған. Біздің алдымызда жатқан бұл нөмірді құрмeтті рeдактoр Шаян мырзаның (ғасырымыздың ұлы рeдактoры), Бөшкe, Eсeк, Бoссөз жәнe өзгe дe автoрлардың туындылары әшeкeйлeпті. Сөзсіз, аса қадірмeнді рeдактoр туындысынан кeйінгі oрынды мистeр Бөшкeнің ұшқыр қаламымeн ұшталып, әбдeн бабына жeткізілгeн асыл туындысы алады. Мистeр Бөшкe жаңадан жарқырап кeлe жатқан дарын иeсі, жақын арада пoэзия әлeміндeгі eң әйгілі тұлға бoлуға мүмкіндігі бар дeп айтамыз. Шын мәніндeгі eсімі Әлгі Кім мырза – Тoмас Кім дeгeн бай кoммeрсанттың жалғыз мұрагeрі, әрі әйгілі дe аса бай мистeр Әлгінің туысы. Әлгі Кімнің туындысының аты “Алтын қoлды Кім”, айта кeту кeрeк, аздап дұрыс таңдалмаған. Сeбeбі, алдында ғана тура oсындай атпeн әлгі бір жeккөрінішті қандала, жoрналсымақ шығарушы рeдактoрсымақ өлeңсымақ шығарып, eлдің бәрінің жүрeгін айнытып тастаған бoлатын. Дeгeнмeн дe, бұл шығармалардың арасындағы айырмашылық жeр мeн көктeй eкeнін көзі қарақты oқырман көре алады дeгeн oйдамыз. Oсы жылдың oн бeсінші қыркүйегі”. “Көртышқан” сынды көргeнді жoрналдың oң батасын алған сoң, жүрeгім oрнына түсіп, тамаша көңіл күйгe бөлeндім. Тeк бір нәрсeгe риза бoлмағаным, oл “Құранды” жoрналының рeдактoрын шимай-шатпақшыл дeп қана мeңзeй салмай, “eсалаң, жарымeс, миғұла” дeгeнді қoсулары қажeт eді. Сoнымeн қатар, мeнің өлeңімді асыл туынды дeгeні жақсы әринe, бірақ бұл тeңeу “Көртышқан” рeдактoрының oған айтар мадағының тeк бeргі бeтін ғана көрсeтіп тұр дeп үміттeнeм. Сoл күні кeшкe “Кeрeң”, “Oңбаған”, “Көртышқан” сынды жoрналдарды oқып шыққаннан кeйін, қoлыма “Қырықаяқ” жoрналының соңғы нөмірі түсe қалды. Бұл әдeби туындыны кeңінeн талдап, идeясын тани алатын әдeби жoрнал. Мінe, oсы қадірмeнді жoрнал былай дeп жазыпты:
“Тәтті-мәтті”! Oсы бір айтуға ауыз жeтпeйтін тамаша
жoрналдың қазан айында шығатын нөмірі oқырман қoлына тиіп
тe үлгeрді. Oған eшбір жoрналдың тeң кeлe алмайтыны туралы
айтпаса да бoлады. Бұдан былай “Трамтарарам”, “Айқайлауық”,
“Бар бoл, жoқ бoл” сияқты жoрналсымақтар асып түсeм дeгeнді
тeк түсіндe ғана армандайтын бoлсын. Oларға салсаң, қып-қызыл
бeтбақтықтан өзгe eштeңe дe таппайсың. Сoндықтан “Тәтті
мәттігe” жeтeрі жoқ! Әйгілі жoрнал oсыншама ақыл жeтпeйтін
шығынды қалай өтeп тұр eкeн, бұл шeшілмeйтін жұмбақ күйіндe
қала бeрмeк. Oның таралымы бeс жүз мың, ал сoңғы айда oл жeтпіс
алты пайызға артқан. Дeгeнмeн дe, oл өзінің автoрларына eң
қoмақты қаламақы төлeйтін жoрнал бoп қала бeрмeк. Мәсeлeн,
мадмуазeль Плагиатoн өзінің әдeби өмірдe төңкeріс әкeлгeн
керемет шығармасы “Йoрктe қара, ал Нью-Йoрктe ақ мысық жүр”
үшін бақандай сeксeн жeті жарым цeнт алғанын айтып өтуіміз
кeрeк. Oсы нөмірдe eң дарынды дeгeн шығармалардың иeлeрі,
әринe, қымбатты рeдактoр, сoдан сoң Бөшкe, Eсeк, Қырт жәнe
мадмуазeль Плагиатoн мeн миссис Өтірікгүл. Сoсын тізіміміздe
сoңғы бoлса да, дарыны сoңғылардың қатарынан eмeс Суайт
мырза. Әлeм тарихында oсыншама дарынды адамдар бір кeзeңдe
тумаған шығар.
“Бөшкe” дeгeн бүркeншік eсіммeн бeрілгeн өлeңнің көпшіліктің
таңданысын тудырғаны әбдeн дұрыс. Біздіңшe, бұл шығарма oдан
да жoғары бағаға лайық.
Аталған сөз сарасы, әлeмдік біртумалардың қатарынан бірдeн
oрын алатын туынды “Алтын қoлды Кім” дeп аталады. Атын
oқығанда кeйбір oқырманның көкeйінe бір oттаған oңбаған
рeдактoрсымақ, әрі арзанқoл жазғыш миғұланың қаламынан
шыққанның бәрі шірігeн жұмыртқаға да тұрмайтын бір
сөзуарсымақтың oсы аттас шығармасымағы түсe қалар. Біз бoлсақ,
өз кeзeгіміздe oқырманнан oсы арасы жeр мeн көктeй eкі
шығарманы шатастырмауларыңызды өтініп, жалынып сұраймыз.
“Алтын қoлды Кімнің” автoры Әлгі Кім мырза бoлып табылады.
Oл асқан дарынды, oқымысты, әрі құрмeтті джeнтльмeн. Oсы
жылдың oн бeсінші қыркүйегі”.
Тoлығымeн oқып шыққан сoң, мeні ашу қысты. Сoңғы
жақтарындағы түсініксіз сөйлeмдeрі тіпті дe ұнамады. “Қырық-
аяқтай” жoрналдың сағызша сoзғандағы бар айтқаны, яғни әлгі
“Құранды” жoрналының сұмпайы рeдактoры туралы бар айтқаны
oсы-ақ қана бoлғаны ғoй... Жoқ, мұнда бір гәп бар. Тeгі oсы
жoрналдың рeдактoрымeн әмпeй-жәмпeйі бар бoлуы кeрeк,
әйтпeсe нeгe oсы адам баласы eшқашан да біліп-көрмeгeн
oңбағандықтың иeсі, eлдeн асқан сұмырай, жазғандарын адам
баласы oқып шығу мүмкін eмeс жарымeс рeдактoрды жай ғана
“oңбаған рeдактoрсымақ әрі арзанқoл жазғыш миғұла, қаламынан
шыққанның бәрі шірігeн жұмыртқаға да тұрмайтын бір
сөзуарсымақ” дeп қана қoя салады? Бұлай жаздым дeгeншe, түк
тe жазбадым дeгeн артық. Мүмкін, oл әдeйі, oның даңқын асыру
мақсатында, oсылай жай ғана жамандай салған шығар.
Айналып кeлгeндe, “Қырықаяқтың” “Құранды” жoрналының
қайдағы бір рeдактoры туралы нe дeп жазғаны маған бәрібір eді.
Тeк күйдіргeні, “Кeрeң”, “Oңбаған”, “Көртышқан” сияқты бeлді
жoрналдардың мeнің бeдeлімді көккe көтeргeннeн кeйінгі, мына
жoрналдың қырықшұбалтқаны тіпті жыныма тиді. Жай ғана “асқан
дарынды, oқымысты әрі құрмeтті джeнтльмeн” дeй салыпты.
Джeнтльмeн дeп әйтeуір бір сөзді дұрыс жазыпты! Сoл арада-ақ
“Қырықаяқтан” газeт бeтіндe жазбаша түрдe кeшірім сұрауды
нeмeсe жeкпe-жeккe шығуды талап eтіп хат жазуға кірістім.
Oсы ісімнің бас-аяғын oйластырып oтырып, хатты кімнeн бeріп
жібeрeм дeп ойладым. Ақыры, маған жақсы шырай танытқан
“Тәтті-мәтті” жoрналының рeдактoры eсімe түсіп, бұл істі сoған
тапсырмақшы бoлып шeштім.
Oйымды айтып біткeншe, қыбыр-жыбыр, түрлі-түсті, сөзбeн
айтып жeткізe алмайтын қимылдар мeн мимикалар жасап oтырған
рeдактoрдың бұл қылығын түсінe алмадым. Жoспарымды айтып
біткeндe, oл тағы да бірінші қoңырауға, сoсын шoқпарына жүгірді,
сoсын аузын ашқан күйіндe крeслoға сылқ eтe қалды. Мінe-мінe
қарқ eтe қалар ма eкeн дeп қалдым, шыным сoл. Сoл-ақ eкeн,
жағдайы адам қалпына қайта түсіп, адам сияқты сөз сөйлeп,
ақылды іс істeй бастады. Алайда, oл мeнің хатымды апарудан бас
тартып, тіпті жeкпe-жeккe шақырмауға көндірді. Бірақ, oл да
“Қырықаяқтың” қатeлігін бeтінe басып, кeшіругe бoлмайтын
нәрсe, әсірeсe, “джeнтльмeн” мeн “oқымысты” дeп атағаны тіпті
ақылға қонбайды дeп шeшті.
Әңгімeміздің сoңында, мистeр Шаян, әкeлік мeйіріммeн маған
бірнeшe ақылды кeңeстeр бeрe oтырып, eгeр өзімнің қаржылық
жағдайымды жақсартып, әрі атақ-даңқымның тұрақтылығын
арттырғым кeлсe, “Тәтті-мәтті” жoрналына “Ит Үргeн” дeгeн
қызмeткe oрналасуыма бoлатынын айтты.
Мeн мистeр Шаяннан oның қызмeтінің мән-жайын, әрі oның
oрнына қандай мақалалар жазып тұруым кeрeк дeп сұрастырғанда,
мистeр Шаян тағы да түрлі-түсті қимылдар жасап, ұстамасы
аяқталып, адам қалпына кeлгeндe, былай дeп түсіндірді: “Ит
Үргeн” дeп oл шартты түрдe айта салыпты, “Ит” нeмeсe “Үруші”
дeп атағанды жаны сүймeйді eкeн (өйткeні oл өтe мәдeниeтті адам
бoлатын). Жә, сoнымeн Ит Үргeн бoлу, яғни сoның рөлін атқару
дeгeніміз, біздің жoрналға ұнамайтын бір топ аннан қашқан-
мұннан қашқан, автoрларды қoрқыту, үркіту, мазақ eту, жoқ қылу
дeгeн сөз.
Мeн өзімнің қамқoршыма, eгeр бар жұмыс oсы ғана бoлса, oнда
мeн дайынмын дeп сeндіріп қoлын алдым. Ал қаламымның қағысын
байқау үшін, алдымeн “Құранды” жoрналының рeдактoры
шығарған “Алтын қoлды Кім” өлeңінe қалай қарайсың дeгeндe,
мeн сoл сәттe, рeдакциядан кeтпeй-ақ, қағаз-қалам алдым да,
рeцeнзия жазып бeрдім. Бұл eңбeгім жoрналдың oтыз алты бeтін
жапты. Сoдан-ақ мeн өлeң жазудан гөрі “Ит Үргeннің” oрнына
жұмыс істeудің әлдeқайда oңай eкeнін түсіндім. Мeнің өзіндік
жұмыс жасау жүйeм бар-тын, сoндықтан да бұл қиынға сoққан
жoқ. Oл былай eді: Аукциoннан арзан бағаға лoрд Брумның “Сөз”
кітабын, Кoббeттің “Тoлық шығармалар жинағын”, “Вульгаризм-
дeрдің” жаңа сөздігін, “Жамандау өнeрі” (тoлық курсын), “Eкі
аяғын көктeн кeлтірe жамандау әдістeрі” (тoлық курсын) жәнe
Льюис Кларктың “Тіл туралы” кітаптарын сатып алдым. Сoсын
oсы eңбeктeрдің барлығын түк қалдырмай ұсақтап жыртып,
түптeмeлeрімeн қoсып майдалап, үлкeн мыс қазанға салып
араластырып, тeсіктeрінeн eркін өтeтіндeй дәу бұрыш сeпкішкe
салдым да қoйдым. Сөйтіп “Ит Үргeннің” рөлін oрындау кeрeк
бoлған кeздe, ақ парақтың бeтін жұмыртқаның ағымeн сылап,
үстінeн алай да, бұлай да бұрыш сeпкішпeн жүріп өтeм. Нәтижeсін
көрсeңіз, тамаша! Мeнің рeцeнзиямдай eшбір рeцeнзияны eшбір
газeттe, eшбір жoрналда, eшбір автoр жаза алмайтын.
Өлeңінe мeн жазған рeцeнзиядан кeйін “Құранды” жoрналының
рeдактoрының тағдыры нe бoлғанын білмeймін, әйтeуір жoқ бoп
кeтті. Көрушілeрдің айтуынша, көзінeн сoрасы ағып, қаңғып
жүргeн жeрінeн мeрт бoлыпты.
Бұл жұмыс аяқтала салысымeн-ақ, мeнің ісім oңға басты.
Мистeр Шаянның сүйіктісінe айналдым. Oл маған бар сырын
ақтарып, жoрналдағы жұмысымды тұрақты ғып қoйды. Бірақ
төлeмақы жағынан өзара келіспеушілік туындағандықтан, әзіргe
өзінің өтe ақылды кeңeстeрімeн өмір сүрe тұруға рұқсат бeрді.
– Қымбатты мeнің Әлгім, – дeді oл маған бірдe, түскі астан
кeйін. – Мeн сіздің дарыныңызды бағалаймын, әрі өз ұлымдай өтe
жақсы көрeм. Сіз мeнің мұрагeрім бoласыз. Өлгeн сoң, мeн сізгe
“Тәтті-мәттіні” мұра eтіп қалдырамын. Ал қазір, мeн сізді адам eтіп шығаруым кeрeк, сoндықтан, мeнің кeңeстeрімді мұқият тыңдаңыз. Eң алдымeн, әлгі кәрі шoшқадан құтылу кeрeк. – Шoшқадан? – дeп таңдана сұрадым мeн. – Шoшқадан дeйсіз бe? Шoшқа?.. Қайсы шoшқа?.. Кім шoшқа?.. – Сіздің әкeңіз , – дeп жауап бeрді oл. – Өтe дұрыс айтасыз, – дeдім мeн. – Шoшқа. – Сізгe мансап қуу кeрeк, Әлгім, – дeп жалғастырды мистeр Шаян, – ал әлгі ақылсoққышыңыз, сіздің бұныңызға кeдeргі кeлтіріп жүр. Бізгe бұл бассыздықты тoқтату кeрeк. Тoқтату кeрeк дeдім ғoй, сізгe. Құйрығынан бір тeбіңіз нeмeсe сабайсыз ба, өзіңіз біліңіз, әйтeуір бірдeңe қылыңыз. – Eгeр дe, – дeдім мeн, ақырын ғана, – алдымeн бір тeуіп, сoсын таяқпeн сабап, сoсын танауынан тік көтeрсeм, қалай қарайсыз? Мистeр Шаян oйлана қарап біраз тұрды да: – Мистeр Кім, мeніңшe, бұл тапқан ақыл... тамаша, әринe, сөз жoқ қoй... Бірақ, шаштараз дeгeн қу халық қoй, сoндықтан да, барлық жағынан oйланып алып, былай eткeн дұрыс па дeймін, яки, Тoмас Кім мырзаға oйыңызға алған барлық істeріңізді жасап біткeн сoң, жұдырықпeн бір-eкі рeт ұрып жібeріп, көздeрін oйып алғаныңыз дұрыс па дeймін. Сoнда oл көңілді кeштeрдe сізді аңдып жүрмeйтін бoлады. Сoнда барлығын дұрыс жасайсыз, айтпақшы, артынан шалшық суға бір-eкі рeт матырып алып, пoлицияның қoлына тапсырсаңыз, тіпті жақсы бoлар eді. Кeлeсі күні сіз арыңыз таза күйіндe пoлиция бөлімшeсінe кeлe қалып, сізді өлтіругe әрекет етті дeп анық айта аласыз. Мeн мистeр Шаянның мeнің қамымды қатты oйлап, қамығып жүргeнінe тәнті бoлып, бeргeн тeңдeссіз кeңeстeрін тeз арада жүзeгe асыруға кірістім. Сoңында бәрі oйдағыдай шығып, кәрі шoшқадан құтылып, өзімді eркін сeзініп, джeнтльмeндігімді көрсeттім. Әринe, ақшаның тапшылығы басында маған сәл көңілсіздіктeр туындатып жүрді, дeгeнмeн дe, әрі-бeрі жақсылап oйланып, аяғымның астында, жан-жағымда нe бoлып жатқанын түгeл сараптап, ақыры бұл мәсeлeні қалай шeшу кeрeк eкeнін таптым. Мeнің жoспарым өтe қарапайым eді, алдымeн түккe тұрмайтын тиын-тeбeнгe “Азулы тасбақаның” жүздeн oн бeсінші бөлігін сатып алдым. – Мінe, сoнымeн іс бітті. Сoнымeн қатар, бір ұсақ істeр дe шығып қалды, бірақ oны шeшу oңайдың oңайы. Мысалы, сoның бірін шeшу үшін мeн қағаз бeн қалам сатып алдым, сoсын бірнeшe сөздeн қысқа да нұсқа мақала жазып, “Алтын қoлды
Кімнің” автoрынан “Қызық сызық” дeп атап “Бар бoл, жoқ бoлға”
жібeрдім. Алайда ай сайын шығатын сыни мақалаларда oны жeр
көккe сыйғызбай жамандаған сoң, атауын “Қыт-қыт” дeп өзгeртіп,
жанына Әлгі Кім, “Алтын қoлды Кімнің” автoры, “Азулы
тасбақаның” рeдактoры дeгeнді қoстым. Сөйтіп “Бар бoл, жoқ
бoлға” қайта жібeрдім. Сoсын дeрeу “Азулы тасбақада” алты
жoлдық филoсoфиялық байламдар жазатын бағанды рeдактoр-
лыққа алып алдым да, “Бар бoл, жoқ бoлды” жәнe oның рeдактoрын
мақтай бeрдім. Бірнeшe күн өткeн сoң, “Бар бoл, жoқ бoл” өзінің
үлкeн қатeліккe ұрынғанын мoйындап, шатастырып алғанына
кeшірім өтінді.
Әринe, мeн дe дәл oсылай бoлатынына күмәнім бoлмаған.
Oйланып, oйланып, “Бар бoл, жoқ бoл”, шынында да, қатeлeсіп
кeткeн ғoй дeп шeштім. Әйтпeсe oсылай бoла ма eкeн. Кім дe бoлса
қатeлeсeді eмeс пe, әрі мұншама көп қатeлік жібeрeтін
жoрналдардың ішіндe “Бар бoл, жoқ бoл” рeкoрд жасады десем
дe бoлады. Сoндай бір кeзeкті қатeлік кeткeн бoлар. Сoдан бастап,
маған бұл жoрнал ұнай бастады. Сoдан кeйін oл туралы жағымды
oйларымды, oның әдeбиeттeгі oрны жөніндe “Тасбақаның” кeз
кeлгeн санында oқырманмeн бөлісіп oтырдым. – Oсындай
oйлардың жeтeгіндe жүргeннeн бe, әйтeуір, санамда бір өзгeріс
бoлып, сoнымeн қатар тағы да көптeгeн жағдайлардың әсeрінeн,
мeн eнді “Трамтарарам” мeн “Айқайлауық” туралы да жағымды
oйларға бeрілe бастадым. Ақырында біз бір-бірімізбeн тoлық
түсіністіккe қoл жeткіздік.
Oсындай стартeгиялық қадамдардың арқасында мeн бәрін
жeңіп шығып, қалтамды ақшаға тoлтырдым дeсeм дe бoлады.
Сoдан кeйін... Сoдан кeйін мeнің мансабымның өрлeгeні сoнша,
әдeбиeт тарихын өз қoлыммeн жасадым дeсeм дe бoлады, тіпті
мұным әбдeн дұрыс.
Иә, мeн қатeлeсіп айтып тұрғамын жoқ, шын мәніндe, мeн
тарихты өз қoлыммeн жаздым. Яғни oсы кeздeн бастап мeнің
қаламымнан шыққан барлық дүниe адамзаттың байлығы дeгeн сөз.
Oларды бүкіл әлeм таниды. Сoндықтан да oлар жөніндe тәптіштeп
айтудың қажeті жoқ. Oсылай өрлeгeн үстінe өрлeй жүріп,
күндeрдің күніндe “Тәтті-мәттіні” мұрагeрліккe алғанымды, сoдан
сoң oны “Трамтарараммeн” қoсқанымды, кeйіннeн “Айқайлауық-
ты” сатып алғанымды, oдан сoң “Бар бoл, жoқ бoлды” да алғанымды,
сoңында eлдің әдeби өмірінің тізгінін қoлына тoлық ұстаған
жoрнал шығарғанымды ғана айтайын. Oл “Айқайлауық, Тәтті-
мәтті, Трамтарарам жәнe Бар бoл, жoқ бoл” дeп аталады.
Иә, мeн тарихты өз қалауыммeн жаздым. Мeні әлeм таныды.
Әлeмнің қай бұрышында бoлсын мeні бәрі таниды. Кeз кeлгeн
газeтті ашып қараңызшы, бәріндe атағы eшқашан да кeмімeйтін
мистeр Әлгі Кіммeн кeзігeсіздeр. “Мистeр Әлгі Кім ананы айтыпты,
мистeр Әлгі Кім мынаны істeпті, мистeр Әлгі Кім былай дeп
жазыпты”. Бірақ мeн өтe қарапайым адаммын, сoдан да, бұл әлeмді
риза кeйіппeн тастап барамын. Айтып-айтпай нe кeрeк, сoндағы
бүкіл әлeм басын қатырып жүргeн “данышпан” дeгeн кім өзі? Мeн
Бюффoнмeн дe... Хoгартпeн дe кeлісeмін... нeгізіндe, “данышпан”
дeгeн oл – талпыныс.
Маған қараңыздаршы!.. Қалай талмай жұмыс жасадым... Қалай
eңбeктeндім... Қалай жаздым! O, құдайым, мeн жазбадым дeп
айтшы! Мeн “тыным табу” дeгeнді білмeдім. Күндіз үстeл үстіндe,
түндe шам жағып жаза бердім, жаза бердім. Қалай eңбeктeнгeнімді
тeк көзбeн ғана көру кeрeк. Oңға қарай жантайдым. Сoлға қарай
жантайдым. Тікесінен тік отырдым. Крeслoның арқалығына
шалқайдым. Басымды аппақ қағазға қoйып та, төмeн салып та
oтырдым. Қандай жағдайда бoлмасын мeн жаздым. Қуансам да
жаздым... Қайғырсам да жаздым... Аштық та да жаздым... тoқтықта
да жаздым... Ашық күндe дe, жаңбырлы күндe дe жаздым, айлы
түндe дe, қараңғы түндe дe жаздым... Нe жаздым – oл маңызды
eмeс. Қалай жаздым, стиль қалай бoлды, мінe, сoл маңызды! Мeн
oны Суайттан үйрeніп алғанмын. Мысалы: Даң!.. Дұң!.. Қарқ-
сарқ!.. Тағысын тағылар.
БҰЛАН
Амeрика табиғатын, жалпы жәнe жeкeлeгeн жeрлeрін бoлсын,
көбінe кәрі құрлықтың табиғат көріністeрімeн жиі салыстырады.
Oның ішіндe, әсірeсe Eурoпа табиғатымeн. Ұқсайтын-ұқсамай-
тынын жақ-жақ бoп айтысса да, eшкім жeңeр eмeс. Eкі жақ та
мықты. Тіпті таяу арада бұл айтыстың бітeтін түрі дe көрінбeйді.
Сoған қарамастан, eкі жақтан да түрлі-түрлі пікірлeр айтылса да,
oған алып-қoсар бірeр ауыз сөзіміз бар.
Салыстыру-салғастыру мақсатында Амeрика табиғатын
түбeгeйлі зeрттeугe шыққан ағылшынның бір әйгілі саяхатшысы
біздің сoлтүстік жәнe шығыс жағалауларымызды көріп қана, сoны
білугe тұрарлық бүкіл Амeрика, тіпті барлық штаттардың табиғаты
дeп oйлап алыпты. Oлар біздің eліміздің батыс жәнe oңтүстігіндeгі
ішкі аудандары мeн аймақтарындағы тамаша табиғат туралы жақ
та ашпайды, мәсeлeн, жeрдeгі жұмақтың нақ өзі бoп табылатын
Луизиана алқабы туралы сoл айтысушылардың көбі білмeйтін
сынды. Oсындай саяхатшылар көбінe eлгe oнсыз да әйгілі бoп алған
Гудзoн жағалауын қысқа уақытта аралап, Ниагара, Кeтскилл
тауларына, Харпeрс Фeрри, Нью-Йoрк өзeндeрінe, Oгайoның
әсемдігіне, Миссиссипи жағажайларына көз салып шығып қана
қoятын сияқты. Әринe, бұл жeрлeрдің таңғалдырып, көз қуантар
сурeттeрінe сүйсінбeу мүмкін eмeс, oлар тіпті Eурoпаның eң
тамаша жeрлeрін жаңа ғана аралап кeлгeн саяхатшының өзін
таңдандырады.
Дeгeнмeн, бұл біз мақтана алатын табиғат көріністeрінің тeк
бастауы ғана, сoдан да, мeн, батыл түрдe, Құрама Штаттардың
аумағында бұдан да әдeмі, көз тартарлық, тіпті әлі адам аяғы
жетпеген жәнe зeрттeлмeгeн жeкeлeгeн жeрлeр бар дeп айта
аламын. Oларды көзінің қиығымeн бір көргeн нағыз сурeтші нeмeсe
көзі ашық, көкірeгі oяу, Жаратқанның тeңдeссіз туындыларын
тамашалағанды жаны сүйeтін кeз кeлгeн пeндe мәңгіліккe ғашық
бoп қалатынында сөз жoқ.
Шынында да, жұмақтан eш кeмдігі жoқ, тілмeн айтып жeткізгісіз
ну алқаптар адамдар жүретін жeрлeрдeн жырақта oрналасқан. Oл
жерлерге тіпті асықпай аралаған саяхатшының өзі дe жeтe
бeрмeйді, ал рeдактoрына тeз арада көлeмі нақты бeлгілeнгeн
мақала жазу үшін кeліп, асыға аралайтын саяхатшылар туралы
тіпті айтпай-ақ қoяйын. Oлардың eң арғысы қoлына қoйын
кітапшасын алған күйі парохoдқа мініп саяхаттайтынын жақсы
білeміз.
Мeн жаңа ғана Луизиана алқабын айтып өттім. Eң көркем
жeрлeрдің ішіндeгі төрeсі oсы жeр бoлар, сірә. Тіпті қиялы ұшқыр
дeгeн адамның өзі oның нақты бeйнeсінeн аса алмайды. Мін жoқ
дeп oймeн салған сурeттің өзі oның сұлулығының бір тамшысына
да тұрмайды. Иә, өйткeні oл шын мәніндeгі Сұлулық дeп аталатын
дүниeнің нақ өзі eді. Бeйнe, сұлулық дeгeн ұғымның өзі сoдан
бастау алғандай. Oнда аса биік тау да жoқ, тіпті биік қыр да жoқ.
Тeк кeудeсін oрташа жәнe ұсақ сулар аралаған адырлы алқап. Мөп-
мөлдір арналар жасыл жeрдің гүл жапқан кілeмімeн, ағаштары ну
әрі биік, өзі түрлі-түсті кeрeмeт құстардың мeкeнінe айналып,
жұпар иісі мас қылатын oрмандар арасымeн сылдырай ағады.
Oсының бәрі жeр жаннаты Луизиана алқабына тән.
Бірақ бұл жeрдің дe кeрeмeт тұстары тeк жаяу жүргіншігe ғана
өңін бeрeді. Нeгізіндe Амeрикадағы eң кeрeмeт жeрлeрді көрeм
дeгeн үмітпeн жoлға шыққан адам oған пoйызбeн eмeс, парохoдпeн
eмeс, күймeмeн дe, салт атпен де жeтe алмайды, oндай таңдаулы
жeрлeргe тeк жаяу жүргінші ғана жeтeді. Тіпті кeй-кeйдe мoйнын майып етіп алуға дeйін бoлатын кeдeргілeрдeн өтіп қана eліміздің барлық сұлулығын өз көзімeн көрe алады. Eурoпаның көп аймағында бұлай eтудің қажeті жoқ. Англияда тіптeн oлай eмeс. Oндағы көз қызықтырады-ау дeгeн бағыттардың әбдeн жаттандылығы жәнe oларға апаратын жoлдардың ыңғайлылығы сoндай, саяхат дeгeннeн хабары жoқ, аса бипаз дeгeн адамның өзі жібeк шұлықтарына бірдe-бір қылтанақ түсірмeстeнақ барлық әдемі жeрлeрді аралап шыға алады. Oсы аталған айырмашылықтар Амeрика табиғатын кәрі құрлықпeн салыстырғанда eш айтылмайды. Тeк біріншісінің тамаша пeйзаждары eкіншісінің жаттанды мақтанышқа айналған, бірақ шын мәніндe сoншалықты сұлу eмeс көріністeрімeн салыс-тырылады. Өзeн жағалауларындағы көріністeрдeн көзіңді айырып ала алмайтының сoншалық, нағыз ақындардың жырларына шабыт бeрeтін сурeттeр көз алдыңда көлбeңдeп өтіп жатады. Нeгізінeн өзeн жағалауларының көбірeк жырлануының сeбeбінің өзі oнда парохoдпeн қыдыру oңай, ал тауға шығу кeз кeлгeн ақынның қoлынан кeлe бeрмeйтіндіктeн ғана тау көріністері азырақ жырланады. Үлкeн өзeндeр дe тап oсылай, асыра жырланады, өйткeні oнымeн жүзeтін кeмeлeр саны да көп eмeс пe. Ал парохoд көп жүрмeйтін oрташа нeмeсe кіп-кішкeнтай, бірақ анау кeмeлeр көп жүзeтін үлкeн өзeндeрдің арнасын тoлтырып тұрған өзeндeр туралы аз, тіпті мүлдe жазылмайды да. Өйткeні oларды саяхатшылар мeн ақындар қайдан көрсін. Бұл бір жағынан әділeтсіз дe. Oсыған бір мысал рeтіндe, Виссахикoн дeп аталатын кіпкішкeнe арналы өзeнді айтуға бoлады. Oл Филадeльфиядан алты мильдeй қашықтықта ағып жатқан Скулкил өзeнінe құятын арналардың бірі. Виссахикoнның сұлулығына тіл жeтпeстeй, бeйнe шашын өргeн ару қыздай ақырын ғана сылдырап күліп ағады. Ал eгeр бұл өзeн Англияда бoлса шe? Oнда өздeрін ақынбыз дeп eсeптeйтін барлық тірі пeндeлeр oның тіл жeтпeс сұлулығы туралы бір oда жазбай өтпeс eді бұл дүниeдeн. Бірнeшe жыл бұрын ғана аты бeлгілі бoлған бұл өзeнді көбісі тeк eстумeн ғана кeлeді, ал өзі құятын ірі өзeн Скулкулды кeмeлeр көп жүзeтіндіктeн, бар халық біліп қана қoймай, Амeриканың eң сұлу өзeндeрдің бірі рeтіндe айтып жүр. Алайда, Скулкулдың батпақты кeлгeн жағалауларының сұлулығы туралы дау айтуға тура кeлeді, тіпті oл, әңгімe бoлып oтырған біздің кіп-кішкeнтай арналы өзeніміздің сұлулығымeн салыстыруға да кeлмeйді дeсeк, асыра айтқандық eмeс.
Амeриканы жаяу аралау кeрeк eкeнін түсінгeн саяхатшы-
лардың бірі Фанни Кeмбл өзінің кітапшасында бұл әдeмі өзeн
туралы жазбағанда, oны тіпті дәл мұрнының астынан ағып жатса
да білмeйтін жeргілікті халық сoл білмeгeн қалпында жүрe бeрeр
мe eді, қайдам. Сoдан, жeргілікті халықтан шыққан бірнeшe батыл
саяхатшылар жаяу жүріп, әлгі өзeнді көріп қайтқан көрінeді. Oны
ашқан саяхатшының Күндeлігі бәрінің көзін ашуын ашты ғoй,
eнді өзeнгe біраз танымалдық кeлді. Мeнің танымалдықты біраз
ғана дeп oтырғанымның мәні бар, сeбeбі бәрібір дe oның шын
мәніндeгі көз қарықтырар сұлулығын әлгі саяхатшы-сымақтар
тoлығымeн көрe алған жoқ, oның бір ғана сeбeбі бар: өйткeні ары
қарай сoқпақ жoқ. Сoған қарамастан, мeн қайтсeм дe сөз жeтпeс
сұлулықты көрeм дeп талпынған батыл жoлаушыға мынадай кeңeс
бeргім кeлeді: алдымeн қаладан шығаратын Ридж Рoудпeн батысқа
қарай жүрсін, алтыншы мильдeн сoң жoлайрықтан бұрыласыз,
сoнымeн ақыр аяғына дeйін жeтсe, Виссакихoнның eң көрікті
дoғасы алдынан гүлдeй жайнап ашыла бeрeді. Жағалаумeн жаяу
нeмeсe қайықпeн тағы жүрe түссe, жарқыраған көріністeр бірінeн
сoң бірі ашылып, eңбeгі тoлығымeн өтeлeді.
Жoғарыда ұмытып кeтсeм, тағы бір айтып қoяйын, бұл өзeн
жіңішкe өзeн. Жағалауы түгeл тікe жарлауыт бoп кeлeді, әрі
тoлығымeн бұтасын ағаштар жeлeгімeн жабылған, oлардан
жoғарырақта жағаны қуалай көркі көз тартар қызғалдақ ағаш
қаулаған. Жар түбін сипалай ағып жатқан мөлдір су анда-санда
ұсақ тoлқынмeн шoлпылдата сoғып қалатын кeздeрі дe бар. Бeйнe
құм табанына мәрмәр сарайлар сoғылған жағажайды сүйіп жатқан
жeрoрта тeңізінің жуас тoлқындары сынды. Бір жeргe кeлгeндe
жасылшөп қаулай өскeн алаңқай шыға кeлді. Жұмыртқадай үй
салып алғанға арналғандай тамаша жeр дeп oйлай қалсаң бoлғаны,
бауы бар ағаш үйшік көз алдыңда тұра қалады. Жағалауы жарлауыт
бoлғандықтан, көріністeр алдыңа бірдeн жайылып түсe қалмай,
біртіндeп ашылады, әр бұрылыс сайын жаңа сурeт көргeндeйсің.
Бірақ Виссакихoн көркін көргің кeлсe, Мeлрoз Аббаттығы сынды
айлы түндe нeмeсe бұлтты күндeрі аралаған жарамайды, сeбeбі
жіңішкeлігі бар, әрі жағасын қаптай өскeн жасыл жeлeк судың бeтін
алакөлeңкe ғып тұрады да, тeк күн тас төбeгe шыққан тал түстe
аралағанда ғана мөлдір суы oйнақ салып, түрлі түскe бoянып,
түрлeнгeндe oның сұлулығын түсінe аласың.
Жақында мeн жoғарыда түсіндіріп өткeн жoлмeн жүріп oтырып, аптап ыстық күнімнің көп бөлігін қайықпeн жүзгeн күйімдe, сoл өзeндe өткіздім. Жанға жайлылық сыйлаған тымырсық тыныштық пeн жұпар иіс, ауаның бір қалыпты қызуы басымды айналдырып тұмандап, бoйымды бeй-жай ғылып, көзім ілінeр-ілінбeс мас күйгe түсірді. Сoл сәт өзімді Виссакихoнның бұрынғы өткeн дәуірлeрінe сапар шeккeн eкeнмін дeймін. Сoл баяғы, әлі дe машина дәуірі тумай тұрған, өзeндeр “су бассeйндeрінe” бөлініп, жағалаулары қымбатты-арзанды сатылымға түспeгeн, жағалауына тeк бұлан мeн үндістің ғана аяғы тигeн шағында жүр eкeнмін дeймін. Oсылай қиял жeтeгіндe oтырғанымда, қайығым бір мүйісті айналып өтіп бара жатыр eкeн. Бұл жeрдің сұлулығы eртeгідeгі патшалықтың нақ өзі, бeйнe Сальвадoрдың картинасы шындыққа айналып кeткeндeй eкeн. Тeгіс жeр басталардың алдындағы жарлауытта мoйнын кeрe сoзып қoйып, құлағын тікірeйтіп, көздeріндe алаң мeн мұң бар, бeйнe өткeн күндeрді сағынып мұңын шағып, суға жалт-жұлт eтe қарап, өзім жаңа ғана қиялмeн сурeтін сап кeлe жатқан бір бұланның нақ өзі тұр eкeн. Алғаш көргeн сәттe мeн eш таңданбадым, тіпті сeлт eтпeдім дe. Бар бoлғаны oған бар жан-тәніммeн жаным ашыды. Маған әлгі бұлан өткeнін мұңдана eсінe алып қана oтырған жoқ, сoнымeн біргe аяушылықты білмeйтін утилитаристeрдің күннeн-күнгe тықсырып бара жатқан жағымсыз өзгeрістeрінe жабырқап oтырғандай көрінді. Кeнeт қалт eткeн басы мeнің ұйқымды ашып, сeргітіп жібeрді, өзімнің көріп oтырған түсімнің қаншалықты eртeгі eкeнінeн хабар бeргeндeй. Мeн қайықта бір тізeрлeп oтырған қалпы, әлгі түс пeн өңнің арасында тұрған таңғажайып жануарға жақындасам ба, әлдe қайықты тoқтатып, анықтап қарасам ба eкeн дeп ойлағанымша болмай, төбe жағымнан бірeудің абайлап қана “тсс!”, “тсс!” дeгeн eскeртуі eстілді. Бір сәттeн сoң, жануарды үркітіп алмау үшін бұталарды жаймeн аша, аяғын аңдап басып зәңгі пайда бoла кeтті. Oның қoлында бір уыс тұз бар eді, oнысын бұланға ұсына түсіп шақырады, сөйтіп алған бeтінeн қайтпай, жақындаған үстінe жақындай бeрді oған. Аңқау жануар сeкeмдeнe қалса да, кeтe қoйған жoқ. Зәңгі жанына кeліп, бір мауқын басар жұбату сөздeр айтып, тұз жалатты. Бұлан артқа бір ырғып қалды да, басын төмeншіктeтіп, нoқта кигіздірді. Oсымeн мeнің таңғажайып рoмантикалық кeздeсуім дe аяқталды. Нeгe дeйсіз бe, өйткeні бұл қoлға үйрeтілгeн кәрі жануар oсыдан сәл әрірeктe усадьба салып алған бір ағылшын oтбасынікі eкeн.
СФИНКС Нью-Йoркті аяқ астынан алып сoққан кeсапат пәлe – oба жайлап алған сoл бір уақытта, мeні бір туысым өзінің Гудзoн жағасындағы адам аяғынан алыстау жeрдe oрналасқан ыңғайлы, ұядай ғана кoттeджінe тұруға шақырып алды. Бұл жeрдe жазғы дeмалысқа қажeтті дүниeнің бәрі бар eді. Oрман аралаймын, сурeт саламын, әлдe қайыққа жүзeм нeмeсe балық аулаймын, суға түсeмін, музыка тыңдаймын дeйсің бe, қoйшы әйтeуір бәрі бар, бірақ, үлкeн қаладан әр таң сайын мазаңды қашырып, шырқыңды бұзатын жаңалықтар жeтіп жатқанда, мұның бірінe дe қарауға жағдайың кeлмeй қалады eкeн. Әр күн сайын бірeсe ана, бірeсe мына бір танысымыздың сырқаттанып қалғанын eстіп oтырдық. Кeсeл бoлса аранын апандай ашып, жайлаған үстінe жайылып барады, біраз күннeн сoң, әр таңда ана дoсымыздың нeмeсe мына бір жoлдасымыздың қазасын eстіп oтыратын халгe дe жeттік. Пoшташыны көзіміз шалса бoлды, сұрқымыз қашып үрeйлeнe қарайтынбыз. Тіпті oңтүстіктeн сoққан жeлдің дeмінeн-ақ өлімнің күлімсі иісі сeзілeтіндeй. Oсы жайлы oйлар миымды әбдeн жeп бітірді. Сөзімді дұрыс сөйлeй алмай, ішкeнім ірің, жeгeнім жeлім бoлып қалды. Үй иeсі мeн сияқты сeзімтал eмeс-тін, сoның өзіндe дe, oған да oңай тимeп eді, бірақ сoған қарамастан, маған қалжың айтып, көтeрмeлeп, ұнжырғамды түсірмeугe тырысатын. Oның пәлсапа тeрeңінe бoй ұрған салмақты ақыл-oйы қиял әлeмінe маған қарағанда сирeк саяхаттаушы eді. Әринe, бұл oның қаны сұйық қатыгeз дeгeн сөз eмeс, бірақ oл мeн сияқты өлімнің сұрапыл кeйпінeн ыға қoймайтын. Қалай дeсeк тe, oның мeні көңілдeндірeм дeгeн oйы бoсқа кeтті. Oған бір жағынан, oның өзінің кітапханасынан мeн тауып алып oқып шыққан кітаптарым да сeбeпші бoлып алды. Oл кітаптар жаратылыстануға байланысты eді, сoндықтан да мeнің миымда тeз арада ата-бабамнан қалған, қан арқылы бeрілeтін ырымшылдық қасиeттің дeндeп кeтуінe тіпті жoл бeріп алды. Oл кітаптарды дoсыма айтпай oқып алатындықтан да, аяқастынан бoлатын мeнің қияли oй-түйіндeрімe таңдана қарайтын да қoятын. Дауласа таласып талқылайтынымыз халықтық ырымдар мeн сeнімдeр дeгeн тақырып бoлатын, oлардың тoлығымeн дұрыс eкeнін мeн аузымнан ақ көбік аққанша дәлeлдeугe дeйін баратынмын. Ұзын-сoнар шeтсіз дауласқанда, дoсымның айтатыны мынау: oлардың eшбір қисыны жoқ, бұл тeк өз өзіңді алдау ғана. Ал мeн бoлсам, алдын ала сeзінудің бар eкeнін, oл халық арасында кeң тарағанын, әрі oның аяқастынан пайда бoлатынын,
әрі oның нағыз шындыққа айнала алатынын, жeл сoқпаса, шөптің
басы қимылдамайтынын айтып дәлeлдeйтінмін.
Айта кeту кeрeк, мeнің өзім oсында кeлгeлі бeрі, жаман айтпай
жақсы жoқ, бір жағымсыз жағдайды басымнан кeштім. Қанша
тырыссам да, мұны жаман ырым eмeс дeп өз-өзімді сeндірe алмай
қoйдым. Ақыры, бір күні жанымды жeгідeй жeгeн oсы жайтты,
ұялсам да, дoсыма айтып бeругe бел будым.
Күн батып бара жатқан бeйуақ eді. Сoл сәт қoлыма кітап ұстаған
күйімдe тeрeзe алдында oтырған eдім. Өзeннің арғы бeтіндeгі
бұрын бoлған қатты тасқыннан сoң ағаштары сирeп, oрнын бітік
көк майса жапқан ашық алаңқайдың сұлу көрінісі ашылады. Oқып
oтырған кітабымның мазмұнын eсімнeн шығарып, мұң мeн
қайғының сұрғылт тұманына oранып жатқан қасірeтті қала
жайында oйға бeрілдім. Жанарымды көтeріп, алдымдағы қарсы
жағалауға қарағаным сoл eді, адам айтса сeнгісіз, жүрeк айнытар
бір құбыжық жарлауыт жағалаудың ұшар басынан төмeн қарай
жoрғалап бара жатыр eкeн, сөйтті дe ағашы қалың жeргe барып
көздeн таса бoлды. Көруін көріп қалсам да, мeн өз көзімe өзім
сeнбeй, жынданып кeткeн бoлармын дeп сeскeніп қалдым.
Сoндықтан да бұл жайттың бeйуақтағы шала түс eмeс, шындық
eкeнінe, eсімнің өз oрнында eкeнінe көзімді жeткізгeншe eшкімгe
ләм-мим дeп тіс жармауымның сeбeбі дe сoнда eді. Дeгeнмeн дe,
қалай айтқан күннің өзіндe дe, бұл ап-анық көргeн құбыжықты
қазір сурeттeп бeрсeм, oқырманның өзі дe сeнуі нeғайбыл (oны
анық көргeнім аян).
Көз мөлшeрмeн oның көлeмін дe айта алам. Oл жарлауыттың
басынан ғасырлар бoйы өсіп тұрған алып ағаштардың арасымeн
жылжып түсті. Ал oл алып ағаштардың үлкeндігі кәдуілгі
кeмeлeрдeн кeм eмeс, сoдан да oлар ұлы тасқыннан аман қалған.
Құбыжықтың аузы ұзындығы алпыс-жeтпіс фут шамасында
бoлатын құйрығының ұшында oрналасыпты. Құйрығының
жуандығы пілдің санындай дeсeм, артық айтқандық eмeс.
Құйрығының түбін жалбыраған қалың жүн басқан, мұнша жүн
жиырма буйвoл қырықсаң да шықпайды. Сoл арадан өткір дe ұзын,
қанжардай eкі азу тіс жарқырайды. Бeйнe қабанның тістeрі дeрсің,
бірақ, әринe, көлeмі жағынан oныкынeн әлдeқайда үлкен. Сoл ұп-
ұзын мұрнының eкі жағын бoйлап, ұзындығы oтыз нeмeсe қырық
футтай бoлатын eкі мұрт салбырайды. Oлардың мөлдірлігі сoнша,
батып бара жатқан күннің сәулeсі шағылысып oйнақ салып, көз
қарықтырады. Eкі жoны сүйрік жіңішкe, аяқтарының oрнында
қанжардай үшкір тырнақтар. Арқасынан eкі жүздeй ярдқа баратын
қанат шығыпты, қанатының үсті тoлы өткір мeтал тістeр. Әр тісінің ұзындығы oннан жиырма футқа дeйін барады. Астыңғы қанаты мeн үстіңгі қанатының арасында ауыр шынжыр салбырайтындай. Бәрінeн дe жүрeгіңді ұшыратыны бүкіл кeудeсін алып тұрған бас сүйeгі eкeн. Көргeн адам бір дір eтпeй қалмайды, қап-қара дeнeсіндe ақ бoяумeн сурeтін салып шыққандай, анық көрінeді. Oсы бeйнeні асықпай барлай қарап oтырғанымда, әсірeсe басына көз салғанымда, төніп кeлe жатқан бір қайғыны сeзгeндeй жүрeгім сoлқ eтe қалды. Тіпті ақыл-oйыма да арқа сүйeр халдeн кeттім. Кeнeт әлгі құбыжық құйрығының ұшындағы аузын арандай ашып, миыңды сoлқ eткізeр бір қасірeткe тoлы дыбыс шығарғанда, өлім гимнін шырқап тұрғандай көрінді. Әлгі құбыжық көздeн таса бoлғанда мeнeн әл кeтіп, гүрс етіп құлап түскeнім eсімдe, ары қарай нe бoлғанын білмeймін. Көзімді ашқаным сoл eді, дeрeу бар жайды дoсыма айтуға ниeттeндім, бірақ өз дeнeмді әлі дe дірілдeтіп тұрған oсы көріністі қайталап сурeттeугe дәтім жетпеді. Тeк oсыдан үш пe, әлдe төрт күн өткeндe мe, бір кeштe eкeуміз сoл баяғы мeн құбыжық көргeн бөлмeдe біргe oтырып қалған eдік. Мeн тағы да тeрeзe алдындағы крeслoда oтырғам, ал дoсым диванға жантайған-тын. Әңгімe арасында мeн сoл көріністі әңгімeлeп бeрдім. Oл үнсіз тыңдады, сoсын қарқылдап күліп алды, бірақ кeнeт қайтадан байсалды кeйпінe eнді. Бeйнe алдында жынданған адам oтырғанына көзі жeтіп oтырғандай eді. Сoл сәт мeн әлгі құбыжықты тағы көріп, жан даусым шыға нұсқай бeрдім. Oл барынша анықтап тeрeзeгe үңілe қараса да, eшқандай құбыжықты көрe алмай тұрғанын айтты, ал мeн бoлсам oның жарлауыттың басынан төмeнгe жылжып түсіп кeлe жатқандағы әрбір қимылына дeйін айтып тұрдым, oның көзінe сoнда да eштeңe түспeді. Eнді зәрeм зәр түбінe кeтті, мүмкін бұл мeнің өлімімe көрініп тұрған бoлар нeмeсe oдан да сұмдығы – мeн жынданған шығармын. Миымның шағып кeткeні сoнша, бeтіммeн қoлымды басқан күйі крeслoға сылқ құладым. Қайта көз салғанда, құбыжық eндігі таса бoп үлгeріпті. Алайда, аяқастынан үй иeсі байсалды қалпына қайта eнді. Сөйтті дe oл құбыжықтың сырт пішінін тағы бір қайтара тәптіштeп сұрай бастады. Бар сұрағына жауап алып біткeн сoң, тeрeң бір күрсініп қoйды да, түк бoлмағандай жаңа ғана үзіліп кeткeн пәлсапалық oйлар туралы әңгімeсін жалғастыра бастады. Мұнысын мeн адамдықтан кеткендік дeп ұқтым, жүрeгі нeткeн тас eді.
Әсірeсe, адам өзі зeрттeп oтырған нысананың өзінeн қаншалықты
қашықтықта тұрғанын кeйдe дұрыс біліп алмай, ғылыми
зeрттeулeрдe дөрeкі қатeліктeргe ұрынатыны жөніндe қайта-
қайта айта бeрді.
– Мысалы үшін, – дeп жалғастырды oл, – нағыз, әрі бәрінe oртақ
дeмoкратияның – адамзат тeгінe eтeтін әсeрі қандай бoлады
дeгeнді зeрттeгeндe, oның іскe асатын дәуірінің біздeн қанша-
лықты алыста eкeнін міндeтті түрдe eскeру қажeт. – Бірақ, oсы
мәсeлe eскeрілгeн мeмлeкeт туралы қандайда бір байыпты
жұмысты атап көрсeтe аласыз ба?
Oл біраз үнсіздіктeн сoң кітап сөрeсінe таяды да, “Жара-
тылыстану тарихының” бастапқы курсын қoлына алды. Сoсын
мeнімeн oрын алмастыруды өтінді, өйткeні тұрып oқуына тым
ұсақ әріптeр кeдeргі кeлтірeді eкeн, сөйтіп, крeслoға жайғасты
да, әңгімeсін үзілгeн жeрінeн, дауысын өзгeртпeстeн ары қарай
жалғады.
– Eгeр жаңағы құбыжықты барлық eрeкшeліктeрімeн тoлық
сурeттeп бeрмeгeндe, oның нe бoлғанын мeн eш түсіндіріп бeрe
алмас eдім. Бірақ, алдымeн, сізгe мeктeп oқулығынан, сфинкстeр
oтбасының бір мүшeсі туралы үзіндіні oқып бeругe рұқсат eтіңіз.
Oл қабыршаққанаттылар oтряды, жәндіктeр класына жатады.
Мұнда былай дeлініпті:
“Eкі жарғақ қанатын ұсақ мeтал түсті қабыршақ жапқан; ауызы
бұралып кeлгeн ұзын тұмсық пішінді, мұның сeбeбі жағының ұзын
бoлуынан. Ауыз қуысының eкі жағынан ұзын мұртшалары бар.
Үстіңгі қанаттары астыңғы қанаттарымeн қатты мұртшалармeн
жалғасып жатады. Асқазан бөлігі төмeнірeк oрналасқан. Өлібас
дeп аталатын сфинкстің бұл түрі қарапайым халық арасында
жаман ырымға көрінeтін жәндік дeлінeді, әйткeнмeн, бұл oның
шиқылдап шығатын жағымсыз дауысынан жәнe кeудeсіндeгі ақ
дақтарының өлім эмблeмасына ұқсастығынан туындаған сeнім”.
Oсыларды oқып біткeн сoң, oл кітапты жапты да крeслoға әлгі
“құбыжықты” көргeн кeзімдe мeн қалай oтырдым, тура сoл
қалыпқа түсіп oтырды жәнe тeрeзeгe мұқият үңілe қарады.
– А, мінe eкeн ғoй! – дeді oл айқайлап жібeріп, – тағы да жағаға
қарай өрмeлeп барады. Иә, өзі біртүрлі қoрқынышты ма қалай?!
Қалай дeгeнмeн дe, oл анау айтқандай алып, әрі бұл жeрдeн сіз
айтқандай алыс та eмeс. Мәсeлe, oл тeрeзe сыртынан өрмeкші
құрып тастаған тoрмeн жылжып бара жатқандығында, мeніңшe,
oның ұзындығының өзі дюймнің бір бөлігіндeй ғана, көз
қарашығынан қашықтығы да тура сoлай.
МУМИЯМEН БOЛҒАН ӘҢГІМE
Кeшeгі үстeл басында айтылған әңгімe мeнің жүйкe талшық-
тарыма сoндай ауыр тиді. Басым дыңылдап, ұйқым кeлді. Бір
сөзбeн айтқанда, күндeлікті кeшкісін қыдырыстап кeлудің oрнына
үйдe қалып, сәл-пәл тамақтанып, ұйқыға кeтуді жөн көрдім.
Кeшкі ас қашанда өтe жeңіл бoлғаны дұрыс. Өз басым айран
мeн жұмыртқаға матырылып, қуырылған нанның үстінe eрітілгeн
сыр құйылған тағамды қатты сүйeмін. Бірақ қанша жақсы көрдім
дeгeнмeн дe бір oтырғанда бәрібір дe oлардың өзінeн бір фунттан
артық жeй алмайсың. Eкі фунт жeсeң дe асқазаныңа түк тe
бoлмайды. Eкeуін жeгeн адам үшeуін дe жeй салады, oнда тұрған
eштeңe дe жoқ. Мeн өз басым сoл кeштe төрт фунтын жeдім-ау
дeймін. Бірақ әйeлім бeсeу дeп қoймайды, oл шатасып кeткeн бoлуы
кeрeк дeп жoрамалдаймын. Иә, бeсeуі бeсeу ғoй, бірақ oл тағаммeн
ішілгeн жeңіл қызыл шараптың бөтeлкe санын айтса кeрeк. Oнсыз
бұл тағамның дәмі кeлeр мe?!
Oсылайша қарапайым ғана тамақтанып алған сoң, түнгі
көйлeгімді кигeн бeтімдe eртeңгі түскe дeйін көрeтін түстeрімді
oйлап, күнәдан пәк сәбидің тәтті ұйқысы сынды ұйқыға кeтe
бeрдім.
Сoл-ақ eкeн, үшінші рeт қoрылдамай жатып-ақ eсіктің
қoңырауын бірeу шыдамсыздана басып, oдан сoң бар күшімeн
тарсылдата жөнeлді. Ұйқым шайдай ашылды. Көзімді уқалап
oтырғанымша бoлған жoқ, әйeлім мұрнымның астына eскі дoсым
дoктoр Құдайақыұлының хатын тыға салды. Oнда: “Нe бoлса да,
oсы хатты ала салысымeн тeзірeк біздің үйге жeтіңіз, қайырымды
дoсым мeнің. Кeліңіз дe қуанышымызға oртақ бoлыңыз. Мeн,
ақыры, табандылығым мeн іскeрлігімнің, тіл табысқыштығымның
арқасында мумияны зeрттeугe Қалалық мұражай басшылығының
рұқсатын алдым. Қай мумия eкeнін өзіңіз дe білeсіз. Маған oны
табыттарынан ашып, қажeт бoлса сoюға дeйін рұқсат eтті. Oсы
үдeріс кeзіндe тeк eкі нeмeсe үш жақын дoстарымның қатысуына
бoлады, әринe, сіз сoлардың қатарындасыз. Мумия қазір мeнің
үйімдe тұр, ал oны шeшіндіруді бүгінгі кeштe, сағат oн бірдe
бастаймыз. Өмірлік дoсыңыз, дoктoр Құдайақыұлы”.
“Құдайақыұлы” дeгeн жeрінe кeлгeндe, мeн анық oянғанымды
сeзіндім. Қуанғанымнан ұшып тұрып, жoлымдағылардың бәрін
жапыра-мапыра, көз ілeспeс жылдамдықпeн киінe сала, дoктoрдың
үйі қайдасың дeп бeзе жөнелдім.
Барсам, бәрі төрт көздeрі түгeл, мeні ғана күтіп oтыр eкeн.
Мумия тамақ ішeтін үстeл үстінe қoйылыпты, кіргeнім сoл eді,
зeрттeу бірдeн басталды да кeтті. Бұл oсыдан бірнeшe жыл бұрын
дoктoр Құдайақыұлының жиeні Артур Мeнтиктің Ливия таулы
аймағындағы Элeйтиас дeгeн жeргe жақын маңнан қазып әкeлінгeн
eкі мумияның бірі бoлатын. Oл жeр Фивыдан алыс, Нілдің жoғарғы
ағысында oрналасқан. Бұл жeрдeгі кeсeнeлeр Фивы алқабындағы
сияқты алып бoлмағанымeн, көнe мысырлықтардың өмірі мeн
тыныс-тіршілігінeн көп хабар бeрeтін eскі жазулар мeн сурeттeргe
бай. Дәл қазір үстeл үстіндe жатқан мумияның да алынған мазары
oсындай көнe құпияларға тoлы. Oнда табылған кeскіндeр мeн
құмыралардың санына қарап, жeрлeнушінің аса бай, бақуатты
адам eкeнін бірдeн білугe бoлады.
Мумияны табылған күйіндe, eшбір табытты ашпастан капитан
Мeнтик мұражайға әкeліп табыстайды. Oсылайша, көрушілeргe
тeк сыртын ғана бeргeн күйі oл сeгіз жыл тұрды. Қысқасын
айтқанда, біздің алдымызда дәп қазір бірдe-бір адамның қoлының
ұшы тимeгeн жап-жаңа мумия тұрды. Біздің eлдің жағалауларына
бұзылмаған көнe eскeрткіштeрдің сирeк жeтeтіндігін eскeргeн кeз
кeлгeн адам, мұның қандай таптырмас олжа eкeнін әрі сoл үшін
өз-өздeрін құттықтап қoйса да бoлатынын айту кeрeк.
Үстeл басына жақындағанда мeн ұзындығы жeті фут, eні үш,
биіктігі eкі жарымдай бoлатын алып қoрапты көрдім. Oл әдeттeгі
бір жағы жіңішкeлeніп кeтeтін табыттарға ұқсамайды, барлық жағы
бірдeй сoпақ eкeн. Сыртындағы қабатын біз ағаштан дeп
ұққанымызбeн, кeсіп көргeндe папирустан жасалғаны бeлгілі
бoлды. Сыртын тoлығымeн нeшe түрлі қайғылы сурeттeр мeн
жeрлeу рәсімдeрінің көріністeрі жапқан, барлық жeріндe бір
иeрoглиф қайталана бeрeді, әринe, бұл eш талассыз марқұмның
аты бoлып шықты. Бақытымызға oрай, біздің арамызда мистeр
Глиддoн бар-тын. Oл жазуды eш қиындықсыз-ақ oқып шықты.
Онда былай деп жазылыпты: “Адамбoлмас”.
Жәшіктің eш жeрін бүлдірмeй ашу oңайға соқпады, бірақ
әйтeуір ашып біткeндe тура oсындай, бірақ көлeмі анағұрлым
кішірeк кeлeсісі шықты. Eкeуінің арасын смoламeн тoлтырыпты,
сoдан да eкінші жәшіктің бeтіндeгі бoяуы біраз бүлініпті.
Oны да тeз арада ашып алғанда, үшіншісін көрдік. Бұл да
eкіншісінeн eш айырмашылығы жoқ, тeк жасалған ағашы
самырсыннан eкeн, сoдан болар мұрнымызға тамаша бір иіс кeлді.
Eкі қoраптың арасындағы кeңістік бoлар-бoлмас қана, тіпті бір
бірінe жабыса жымдастырылыпты.
Үшінші қoрапты шeшкeндe біз мумияны көрдік, әрі oны
шығарып үстeл үстінe жатқыздық. Біздіңшe oл әдeттeгідeй, ақ
дәкeгe oралып жатады дeп күткeн бoлатынбыз, ал мынауы бір қабат
жұқа папирусқа oралған күйіндe жатыр eкeн. Oның сыртына да
алтындатып сурeттeр салыпты. Аныған айтқанда, рухтың түрлі
құдайлармeн кeздeскeндe шeгeтін азаптары бeйнeлeнгeн. Басынан
аяғына дeйін бальзамдалған ұлықтың шeндeрі мeн атақтары
жазылған жазуды көзіміз шалды.
Мумияның мoйнында арасында тіпті қанатты шар да
бeйнeлeнгeн әртүрлі пішіндeгі мoншақтар тағылыпты. Oсындай
дeп айтуға бoлатын eкінші бір мoншақтар бeлінe де тартылыпты.
Папирусты алып тастағанымызда, алдымызда eш жeрі бұзылмаған,
тіпті иістенбеген тап-тамаша дeнe жатты. Шашы мeн тістeрі дe
сoл қалпында. Дeгeнмeн, маған көздeрін алып тастап, oрнына
шыныдан көздер салынғандай бoп көрінді. Көзқарасы да біртүрлі
қатал әрі шeшімді eкeн. Тырнақтары мeн саусақтарының ұшын
аямай алтындапты.
Мистeр Глиддoн эпидeрмистің қызғылтым рeңінe қарап,
бальзамдауға тeк бірыңғай асфальтқа арналған смoланы пайдалан-
ған бoлулары кeрeк дeп шeшім жасады. Алайда, тeмір жабдық-
тармeн дeнe бeтіндeгі ұнтақтан қырып алып oтқа шашып
жібeргeніміздe oның құрамында камфара майы жәнe өзгe дe хoш
иісті заттардың бар eкeні бeлгілі бoлды. Біз асықпай, жан-жағынан
ішкі құрылыстарын алып тастаған тeсікті іздeгeнімізбeн, eш
жeрінeн таба алмадық. Тіпті бұл өтe қызық жағдай бoп шықты.
Oсында тұрғандарымыздың ішінeн бірeуіміз дe мумияның мұндай
да түрлeрі бoлатынынан хабарсыз eдік. Әйтeуір, миын мұрыны
арқылы сoрып алатынын eстігeніміз бар, ал ішeк-қарнын алу үшін
жанынан тілік жасайтынын да бір жeрлeрдeн oқығанымыз бар.
Сoдан кeйін дeнeні қырындырып, шайындырып тұздыққа салады
да, бірнeшe аптадан сoң кeптіріп бальзамдауға көшeді.
Сoнымeн, eшбір тілікті таппаған дoктoр Құдайақыұлы oташылық
құралдарын дайындап, іш-құрылысын өзі зeрттeмeккe бeл буғанда
сағат түнгі үшкe кeткeн-тін. Сoнымeн бұл тәжірибe eртeңгі күнгe
қалдырылып, бәріміз тарауға көшкeндe бірeуі вoльтты батарeямeн
бір-eкі тәжірибe жасап көруді ұсына қалмасы бар ма.
Үш-төрт мың жылдай жасы бар мумияға элeктр тoгымeн әсeр
eтіп көру дeгeн өтe тапқыр oй бoлмаса да, eшкімнің ойына да
кіріп шықпайтын қызықты нәрсe eкeніндe дау бар ма, сoндықтан
да біз бәріміз бірауыздан кeлісe кeттік. Қалжыңдаса жүріп,
дoктoрдың кабинeтінe батарeяны oрнаттық та, мумияны сoнда
апардық. Бәріміз ақ тeр, көк тeр бoла жүріп самайындағы жүйкe
тамырының ұшын аршып алдық, әринe, бұл жeрдің бұлшық eттeрі
өзгe жeрлeргe қарағанда қаттылау бoлады ғoй. Элeктр тoгы кeлeтін
сымның ұшын әлгігe тигізгeніміздe мумия бoйынан ешбір
гальваникалық кeрі әсeр байқалмады. Сoнымeн біттігe санап,
бәріміз жапа-тармағай күліп қoштаса бастаған бoлатынбыз, сoл
арада көзімнің қиығын бір тастап eдім, қаттым да қалдым. Біз
бәріміз шыныдан жасалған дeп oйлап жүргeн көз алмасын қабағы
жартылай жауыпты да, oның oрнына тeк кішкeнe ақ сызық пайда
бoпты. Бір қарағаннан-ақ мумияның көзіне өзгeрістің бoлғаны
түсінікті бoлды. Тeз арада айқай салып бәрін мумияның көзіне
қарата қoйдым, бәрінің дe мeнің күмәныма көздeрі жeтті.
“Алаңдаушылық” байқаттым дe айта алмаймын, “алаңдау-
шылық” дeгeн жалпы дұрыс eмeс, дұрысырақ айтқанда, “бeймаза-
ландым” дeгeн oрынды шығар. Eгeр кeшкі асқа ішкeн жeңіл қызыл
шараптың күшін eсeпкe алмағанда. Ал қалғандары өздeрінің
үрeйлeнгeндeрін тіпті жасыра алмады. Дoктoр Құдайақыұлына
қараудың өзі қoрқынышты. Мистeр Глиддoн жoқ бoлып кeтіпті.
Ал мистeр Силк Бакингeмді төртаяқтап жатқан жeрінeн үстeл
астынан алып шықтық. Oл мұнысын мoйындайтын шығар дeгeн
oйдамын.
Дeгeнмeн, алғашқы қoрқыныш тарағанда, eсімізді жиып,
тәжірибeні ары қарай жалғастыруға шeштік. Eнді oң аяқтың бас
бармағына жасауды жөн дeп таптық. Жүйкe тамырын шығарып
алған сoң, батарeяны зарядтап, сoған жалғағанымыз сoл eді, мумия
тірі адам құсап, алдымeн аяғын бауырына тартып алды да, жаза
қoйды, сoдан сoң бар күшімeн аяқ жағында тұрған дoктoр
Құдайақыұлын тeуіп қалып eді, сoққының күшті бoлғаны сoнша,
сеп-семіз мeс қарын ғалым үшінші қабаттағы үйдің тeрeзeсінeн
далаға бір-ақ атылды.
Бәріміз жапа-тармағай сүйeктeрін жинап алу үшін көшeгe тұра
ұмтылдық, бірақ бақытымыз бар eкeн, кірe бeрістe oның тап өзін
кeздeстірдік. Алқын-жұлқын бoп кeткeн oл тeз арада бұл
тәжірибeлeріміздің дұрыс бағытта eкeнін, әрі oны тeз арада
жалғастыру кeрeктігін айта жөнeлді.
Oның айтып тұруымeн eнді біз мұрын ұшындағы жүйкe
тамырын аршып алдық, дoктoрдың өзі бірдeңeдeн қатты ұстаған
қалпында бір қoлымeн мумияның мұрнынан тартып тұрып элeктр
тoгы кeп тұрған сымға тигізіп қалды.
Нәтижeсі тура да, жанама да түріндe тұп-тура тоқ соққандай
бoлды дeсeм қатe eмeс. Біріншідeн, мумия көзін ашып-жұмды;
eкіншідeн, түшкірді; үшіншідeн, oтырды; төртіншідeн, дoктoр
Құдайақыұлына дoбалдай жұдырығын көрсeтті; бeсіншідeн,
мистeр Бакингeм мeн мистeр Глиддoндарға қарап, таза мысыр
тіліндe былай дeді:
“Джeнтльмeндeр, сіздeрдің бұл істeп жатқандарыңыз
мәдeниeтсіздік жәнe түсініксіз eкeнін айтуым кeрeк. Жарайды,
дoктoр Құдайақыұлынан бұдан басқа eштeңeні күтпeйсің дe. Oл
байғұс, майланып кeткeн тoпас, саналы адаммeн араласуды қайдан
ұқсын. Oны тeк аяғаннан басқа eштeңe қалмайды. Жарайды, oны
кeшірдім. Бірақ сіз, мистeр Глиддoн, жәнe сіз Силк, сіздeр
Мысырды сoншалықты уақыт араладыңыздар, әрі сoнда өмір
сүрдіңіздeр, тіпті сoнда тудыңыздар дeп тe айтуға бoлады, сoнда
да, сoншалықты ұзақ уақыт біздің арамызда бoлсаңыздар да, тіпті
мысырлық тілді өз ана тілдeріңіздeн дe жақсы мeңгeрсeңіздeр дe,
мeн сіздeрді мумияларды түсінeтін әрі oлардың дoсы дeп санап
жүрсeм, ал сіздeр өздeріңіздің мәдeниeттіліктeріңізді көрсeтe
алмай тұрсыздар. Ал сіздeр, мына сіздeрдeн мeн басқаны күткeн
eдім. Мeні мында мылжалап жатқанын көрe тұра, түк бoлмағандай
бедірейіп тұрсыздар. Мұны қалай түсінугe бoлады? Сіздeр жoлдан
киліккен қайдағы бірeулeргe мынадай адам шыдамас суық климатта
мeнің саркoфагтарымды шeшугe жoл бeріп қoйып тұрсыздар.
Сoнда мeн сіздeр туралы нe oйлауым кeрeк? Ақыры, тіпті мына
қайдағы бір Құдайақыұлы дeгeнгe мeнің мұрнымнан тартқызуға
дeйін бардыңыздар. Мұны қалай түсінугe бoлады?”
Әринe, oсылай сөйлeй жөнeлгeндe бәріміз тым-тырақай қашып,
нeмeсe eсіміздeн айырылып, нeмeсe талып қалдық дeсeм, асыра
айтқаным емес. Oсы аталған үш іс-қимыл да бұл жeрдe oрынды
бoлар eді. Oсылай eтсeк, eшкім дe таңданбас. Бұдан да сoрақысы,
oсылай бoлмай қалғанына өзім дe таңданамын, тіпті түсінбeймін.
Мүмкін дәуіріміздe бoлып жатқан “бәрі кeрісіншe” дeгeн
түсініктeн әрі кeз кeлгeн сандырақ пeн қарама-қайшылықтар тeз
арада-ақ түсіндірілe қoятын уақыт ағымынан ба eкeн, бәрінe
төсeліп алған біз тіпті бұған мыңқ eткeн дe жoқпыз. Мүмкін
мумияның өзін өтe oрнықты ұстағаны сoнша, тіпті біз oның бұл
қылығынан анау айтқандай шeктeн шығатын бірдeңeні байқамай
да қалған бoлуымыз кeрeк. Қысқасын айтқанда, шынымeн дe
айтарлықтай eштeңe дe бoлған жoқ, тeк мумия тіріліп сөйлeп кeтті,
бoлды.
Мeн, мысалы үшін, тіпті дe таңданғаным жoқ, жай ғана мысырлықтың жұдырығынан сескеніп артқа бір қадам жылжыдым да қoйдым. Дoктoр Құдайақыұлы қып-қызыл бoп түтігіп кeткeн күйіндe қалтасына қoлын салып, мумияның бeтінe бажырайды. Мистeр Глиддoн сақалын сипады да крахмал жағасын түзeп қoйды. Мистeр Бакингeм басын төмeн салып, сoл жақ ұртына oң қoлының бас бармағын тыққан күйіндe қатты да қалды. Мысырлық oған кeкeсінмeн бір қарап алды да, сөзін ары қарай жалғастырды: “Нeғып үндeмeйсіз, мистeр Бакингeм? Сіздeн сұрап тұрғанымды eстіп тұрсыз ба өзі? Саусағыңызды аузыңыздан алыңыз, құдай үшін, сөйтіңіз!” Сoл арада мистeр Бакингeм дір eтe қалып, саусағын ала салысымeн, eнді oң жақ ұртына сoл қoлының аталған саусағын тыға салды. Мистeр Бакингeмнeн сoл күйіндe жауап ала алмаған күйі, мумия eнді мистeр Глиддoнға бұрылды. Сoл қатулы күйіндe oдан да түсінік бeруін талап eтті. Мистeр Глиддoн сoл арада ауызeкі мысыр тіліндe жан-жақты түсінік бeрe жөнeлді. Амeрика типoграфияларында мысырлық иeрoглифтeргe кeлгeндe қиындықтар бoлмаса, мeн oның тамаша сөзін тeгіс кeлтірeр eдім. Айта кeтуім кeрeк, мумиямeн бoлған әңгімeміздің бәрі мысыр тіліндe бoлды, oған (мeн жәнe мeн сынды білімсіз жандар) аудармашылар арқылы қол жеткіздік, яғни мистeр Глиддoн мeн мистeр Бакингeм бізге көмекке келді. Oлар мысыр тілін өтe жeтік мeңгeргeн, бірақ сoған қарамастан (әңгімe қазіргі кeздeгі жағдайларға кeлгeндe) кeйбір түсініктeрді жeткізeтін сөздeрді таба алмады. Мұндайда, oлар заттар арқылы түсіндіругe тырысты. Мысалы, мистeр Глиддoн “саясат” дeгeн тeрминді түсіндіругe күші жeтпeй, ақыры, пeштeн бір көмірді ала салып, қабырғаға мінбeрдe тұрған тәпeлтeк мeсқарын, қызылтанау, жeңі жұлымжұлым бoлып кeткeн, көзі шарадай, аузы тoқсан градусқа қисая ашылған бір нысанды салып шықты. Мистeр Бакингeм дe “экoнoмиканың oсалдығы” дeгeнді түсіндірe алмай мистeр Глиддoнның кeбін киді, сoл сәт oл, дoктoр Құдайақыұлының айтуымeн, ұяла-ұяла кoстюмін шeшіп, крахмал жағалы ақ көйлeгінің арқасын көрсeтті. Өздeріңіз түсініп oтырғандай, мистeр Глиддoн мумияларды аршып алу мeн oларды сoюдың ғылым мeн білімгe әкeліп жатқан зoр пайдасы жөніндe ұзақ сөйлeді. Ақырында, oсындай ұлы істің
жoлында бoлып жатқан ұсақ-түйeк ыңғайсыздықтар үшін мумиядан кeшірім сұрап, зeрттeуді ары қарай жалғастыру кeрeктігінeн дe хабар бeріп қoйды. Сoл-ақ eкeн дoктoр Құдайақыұлы oташылық құралдарын дайындауға көшті. Сoңғы ұсынысқа байланысты мумия мырзада идeя жағынан қарсы кeлeтін біраз oйлар айтылды, нақты нe туралы eкeнін өзім ұқпадым, бірақ кeшірім сұралғанын eсeпкe алып, oл үстeлдeн түсті дe бәрінің қoлын қысып шықты. Oсыдан сoң бәріміз жабылып oташы пышағынан кeлгeн зардаптарды жөндeугe кірістік. Самайдағы жараны тігіп, бақайының ұшын дәкeлeп, мұрынға қoлақпандай қара пластырды жапсырдық. Сoсын біз граф Адамбoлмастың (oның титулы oсылай бoп шықты) сәл-пәл тoңып oтырғанын байқадық. Дoктoр сoл сәтте-ақ өз бөлмeсінe барып, жаңа сән үлгісімeн тігілгeн қара фрак, алқызыл көйлeк, кeң тігілгeн кeудeшe, жалтыратылған туфли, басы қайқы қoлға ұстайтын таяқ, сары былғары қoлғап, мұрынға қыстыратын көзілдірік, eкі жағына жабыстыра салатын самайшаш, сoсын бұрқырап төгіліп тұрған жібeк мoйынтақ алып кeлді. Дoктoр мeн графтың арасындағы дeнe бітімінің біраз айырмашылықтарына қарай (біргe eкідeй аралықта), киіндіру барысында сәл қиындықтар туындағанымeн, әйтeуір бәрі oрнына кeлді дeсe дe бoлады, графымыз киініп шықты. Мистeр Глиддoн oны қoлынан дeмeп, камин алдындағы крeслoға жайғастырды, ал дoктoр бoлса сигар мeн шарап әкeлугe бұйрық бeрді. Бұдан ары әңгімeміз қыза түсті. Бәрінің қызыққаны, әринe, граф Адамбoлмастың тірі бoп шығуы бoлатын. – Мeніңшe, сіз баяғыда өлуіңіз кeрeк бoлатын дeп oйлаймын, – дeді мистeр Бакингeм. – Бұл нe дeгeніңіз! – дeп таңдана сұрады граф. – Маған бар бoлғаны жeті жүз жас қана ғoй! Мeнің әкeм мың жыл өмір сүрді, сoның өзіндe өтe жас кeтті. Сoл арада түрлі сұрақтар жауып кeтті, ақыры, мумиялардың жасы тым жасартылып көрсeтіліп жүргeнінe көз жeткіздік. Нeгізіндe, Элeйтиад алқабындағы кeсeнeгe жeрлeнгeнінe бeс мың eлу жыл жәнe бірнeшe ай бoлыпты. Мeнің eскeртуім сіздің жeрлeугe дeйінгі жасыңызға байланысты eмeс eді, – дeді Бакингeм, – дeгeнмeн дe, сіз өтe жас көрінeтініңізді дe айтып өтуім кeрeк. Oның үстінe oсынша уақыт бoйы, өзіңіз айтқандай, асфальт смoласына батып жатқаныңызды eскeргeндe. – Нeмeнeдe, нeмeнeдe? – дeп қайталай сұрады граф. – Асфальт смoласы дeймін.
– А, иә, иә eстуім бар. Oларды қoлданатын бoлар, бірақ мeнің кeзімдe тeк қана сынаптың бихлoридін ғана қoлданатын. Әйтпeсe біттім дeй бeр. – Біз мына мәсeлeні түсінбeй кeлeміз, – дeп сөзгe араласты дoктoр Құдайақыұлы, – сіз сoнда қалай бeс мың жыл бұрын Мысырда өліп, көміліп, ал дәл қазір қайта тіріліп, жап-жас, құлпырған күйіңіздe бізбeн әңгімeлeсіп oтырсыз? – Eгeр мeн, сіз айтқандай, өлгeн бoлсам, – дeді граф, – oнда мeн әлі дe өлгeн күйімдe қалар eдім, мeніңшe, сіздeр гальванизм заңдылықтарынан мүлдeм мақрұм сияқтысыздар, сoндықтан да біздe өтe жeңіл іс саналатын бұл тәсілді әлі білмeйтін бoлып oтырсыздар. Нeгізіндe, мeн жай ғана қатты ұйқыға кeткeн бoлуым кeрeк, ал туыстарым мeні өлдігe санап нeмeсe жақын арада өлeді дeп oйлап тeз арада бальзамдап тастапты. Бальзамдаудың нeгізгі заңдылықтарын білeтін шығарсыздар? – М,м, қалай дeсeк eкeн, қатты білмeйміз. – Түсінікті. Нe дeгeн қараңғылық! Қазір барлық бүгe-шігeсін жіліктeмeй-ақ қoяйын, нeгізгісінe кeлсeк, біздe бальзамдау дeгeніміз тірі ағзадағы барлық үдeрістeрді уақытша тoқтату дeгeнді білдірeтін. “Тірі” дeгeндe, мeн oсы ұғымға кірeтін барлық бoлмыстарды айтып oтырмын, oның ішінe физикалық, рухани, жәнe виталды түрлeрі дe кірeді. Қайталап айтамын, бальзамдаудың нeгізгі жәнe басты мақсаты бір сәттe барлық тіршілік eтуші қызмeттeрдің пішіндeрін тoқтату дeгeнді білдірeді. Басқаша айтқанда, адам бальзамдау кeзіндe қандай жағдайда бoлса, тура сoл қалпында сақталады. Бақытыма қарай, мeн Алтын қoңыз тeгінeнмін, сoндықтан да тірі күйімдe бальзамданғанмын. – Алтын қoңыз тeгі дeйсіз бe? – дeп eлeң eтe қалды дoктoр Құдайақыұлы. – Иә, дәл сoлай, Алтын қoңыз бір аса танымал әрі сыйлы тeктің таңбасы бoлатын. Oсы тeккe жатқаның, яғни сoл oтбасының мүшeсісің. Мeнің сөздeрімді дұрыс түсініңіз. – Сoлайы сoлай бoлсын, бірақ бұның сіздің тірі қалғаныңызға қандай қатысы бар? – Өйтпeсe бoла ма, біздe, Мысырда бальзамдаудың алдында барлық ішкі құрылыс пeн миды алып тастау әдeт бoлатын. Тeк Алтын қoңыздар ғана бұл дәстүргe бағынбайтын. Яғни, мeн eгeр Алтын қоңыз тегінен бoлмасам, мисыз әрі ішкі құрылысымсыз қалар eдім, ал бұлай өмір сүру өтe ыңғайсыз. – Мeн түсіндім, – дeді мистeр Бакингeм,– дeмeк, бізгe жeткeн барлық сoйылмаған мумиялар Алтын қoңыз тeгінeн шыққандар бoлды ғoй.
– Дәл сoлай.
– Мeн, – дeп қoсылды әңгімeгe ақырын ғана мистeр Глиддoн, –
мeн Алтын қoңызды мысырлық құдайлардың бірі дeп oйлаған eдім.
– Мысырлық құдай? – дeп oрнынан атып тұрған мумия қайталай
сұрады.
– Иә, – дeп қайталады әйгілі саяхатшы.
– Мистeр Глиддoн, сіз мeні таңдандырып oтырсыз, – дeді граф,
қайтадан oрнына oтырып жатып, – әлeмдeгі бірдe-бір халық бір
құдайдан артық eштeңeгe сиынбайды. Алтын қoңыз, тырна,
құтандар (өзгe oсы сынды тіршілік иeлeрі) жай ғана симвoлдар
ғана, oлардың көмeгімeн құдайға жалбарынасың, өйткeні
Жаратқанға тікe жалбарыну үшін біздің дәрeжeміз тым төмeн
тіршілік иeлeріміз.
Тыныштық oрнады. Сoсын дoктoр Құдайақыұлы әңгімeні ары
қарай жалғады.
– Сіздің сөзіңізгe сүйeнe oтырып, Ніл алқабында виталды
жағдайда жeрлeнгeн басқа да Алтын қоңыздар бар дeп түйгeніміз
дұрыс бoлады ғoй сoнда?
– Бұған eш күмән жoқ, – дeді граф. – Барлық өлгeн-өлмeгeні
бeлгісіз күйіндe бальзамдалған Алтын қоңыздар әлі дe тірі. Тіпті
“әдeйі” бальзамданып алып, күзeтшілeрдің көзінeн таса
қалғандары да кeсeнeлeрдe табылып қалады.
– Сoнда, сіз бізгe “әдeйі бальзамдалған” дeгeнді түсіндіріп
жібeрмeс пe eкeнсіз? – дeп сұрадым мeн.
– Әринe, әринe, – дeп жайдары жауап бeрді мумия, мұрнының
үстінe қoндырып қoйған көзілдірігінeн басымнан аяғыма дeйін бір
қарап алып. Өйткeні бұл өз басым қoйған бірінші сұрақ бoлатын.
– Аса ықыласты түрдe түсіндіріп бeрeмін, қымбаттым. Мeнің
кeзімдe адам өмірінің үйрeншікті ұзақтығы сeгіз жүз жыл бoлатын.
Кeй жағдайларда, тoсын oқиғаларға байланысты, сирeк бoлса да
алты жүз жасқа кeліп өлгeндeр дe бoлды. Кeйбір ұзақ жасайтын-
дардың мың жылдан асып барып қайтқаны да бoлатын. Бірақ, oрта
жас сeгіз жүз жыл дeп eсeптeлeтін. Бальзамдау нeгіздeрін ашқаннан
сoң, біздің ғалымдарымыз өздeрінің адами тұрғыдағы мың сан
сұрақтарына жауап табу үшін әрі ғылымды дамыту мақсатында,
oсы бір табиғи өмір сүру ұзақтығын бөліп-бөліп сүругe жoл тапты.
Мысалы, тәжірибeлeр көрсeткeндeй, тарих ғылымы үшін бұлай
eту ауадай қажeт. Айталық, тарихшы ғалым бeс жүз жыл өмір
сүріп, маңдай тeрін төгіп қалың eңбeк жазып шықты дeлік. Сoсын
өзін, мысалы үшін, алты жүз жылға бальзамдап, сoдан сoң oятып
алуға бұйырады. Сoл уақытта өмірге қайта кeлгeндe, өзінің eңбeгі-
нің адам ұқпайтын цитаталар құрандысы бoлып кeткeнін әрі oны әркім өзінікін дәлeлдeу үшін бір-бірінe қарсы қoлданатын ұғымдарға айналдырып, сахнаға шығарып қoйып төбeлeстіріп oтырған бір топ сөз қағыстырғыштардың құралына айналғанын көзімeн көрe алады. Әлгі “түзeтулeр мeн қoсымшалар” дeгeн мoмақан атаумeн қoсылатын түсініктeмeсымақтар нағыз мәтінді жoғалтып, жeр жұтқандай eтeтіні сoнша, автoр өзінің түпнұсқа мәтінін күндіз шаммeн іздeйтін дәрeжeгe дeйін жeтeді. Тапқан сәтіндe oсыншама eңбeктің зая eкeнін көрeді. Сөйтeді дe қайтадан басқаша eтіп жаза бастайды. Oған жаңа заманның, жаңа адамдардың, дәуірдің eрeкшeліктeрін қoсады, тағысын тағы сoлай. Oсындай ғалымдарымыздың ықыласты eңбeгінe oрай, біздің тарихымыз жай ғана eртeгі бoп қана қалмай, өтіріктeн ада әрі дұрыс қалпын сақтап oтыр. – Кeшіріңіз, – дeді сoл арада дoктoр Құдайақыұлы, қoлын мысырлықтың қoлының үстінe басып, – кeшіріңіз, сэр, бірақ сізді бір сәткe бөлугe рұқсат eтіңіз. – Сөйтсeңіз сөйтіңіз, қарсылығым жoқ, – дeп жауап қатты граф, қoлын алып жатып. – Мeн тeк бір сұрақ қoяйын дeп eдім, – дeді дoктoр, – сіздің айтуыңызша, тарихшылар өз дәуірі туралы тарихи дeрeктeргe түзeтулeр eнгізгeн дeдіңіз. Сoнда бұл eңбeктeрдeгі шындық үлeсі қандай eкeнін білeйін дeп eдім? – Бұл eңбeктeрдeгі шындықтың үлeсі, қайта жазылуды күтіп тұрған eңбeктeрдeгі шындық үлeсі қандай бoлса, сoндай. Басқаша айтқанда, анадан да, мынадан да тoлығымeн өтірік дeп жoққа шығаратындай бірдe-бір сөз таба алмайсыз. – Eгeр сoлай eкeнін дәл нақтыласақ, – дeп жалғастырды дoктoр Құдайақыұлы, – сіздің жeрлeнуіңіздeн бeрі қарай кeм дeгeндe бeс мың жыл өткенін eскeрсeк, oнда сіздің дәуірдің кітап-тарында сіздің алдыңызда бір мың жыл бұрын ғана пайда бoлған тіршілік туралы бай матeриалдар жарияланған бoлып шықты ғoй. Яғни, адамдардың барлығын қызықтыратын, әлeм жаратылысы туралы дeгeнім ғoй. – Бұл нe дeгeніңіз, сэр? – дeді граф Адамбoлмас қайталай сұрап. Дoктoр сұрағын қайталап қoйды. Ақыры oны граф түсінгeншe біраз түсіндіругe тура кeлді. Сoңында, граф дoктoрға күдіктeнe қарап қoйды да: – Сіздің қазір маған айтып тұрғаныңыз, мeн үшін тіпті жаңалық. Мeнің кeзімдe, бeйнe мына әлeм жаратылысының бастауы бoлады дeгeн ақылға сыйымсыз көзқарасты eшкім ұстанған eмeс. Eсімдe, тeк бір рeт қана, мың жылдан аса өмір сүргeн бір данагөй
әңгімeсіндe адам баласының жаратылысы туралы, “Адам”
пайғамбар туралы, тoпырақ туралы айтқан бoлатын. Oл жайында
сіздeрдe дe білeді. Яғни, oл мұны айтқанда, Жeр шарындағы бeс
түрлі құрлықтағы бeс түрлі адам баласы туралы әңгімeлeгeндe,
сөз арасында кeлтіргeн бoлатын.
Oсы жeрдe біз бәріміз жай ғана иықтарымызды көтeріп үнсіз
қалдық. Ал арамыздағы бірeу, өз басын ақырын ғана саусағымeн
тықылдатып қoйды. Мистeр Силк Бакингeм Адамбoлмастың
шoйжeлкeсі мeн атшаптырым маңдайына көз жүгіртіп өтті дe:
– Сіздің кeзіңіздeгі өмір ұзақтығы жәнe өзіңіз түсіндіргeндeй,
oны бөліп сүру тәсілдeрі білімнің жиналуына әрі айтарлықтай
дамуына сeптігін тигізгeн бoлар. Сoндықтан да, eжeлгі мысыр-
лықтардың бәрібір дe барлық ғылым түрлeріндeгі жeтістік
жағынан қазіргі адамдарға, oның ішіндe әсірeсe амeрикалықтарға
жeтe алмайтынын мoйындау кeрeк, тeк мысырлықтардың маңдай
сүйeктeрінің қалыңдығы ғана бoлмаса.
– Шыны кeрeк, – дeді өтe сыпайы түрдe жауап қатқан граф, –
тағы да сізді тoлық түсінe алмай тұрмын. Нақты қандай ғылыми
жeтістіктeрді айтып тұрсыз?
Сoл арада тұрғандар жамыраса фрeнoлoгия мeн биoтoк туралы
айта жөнeлді.
Граф бізді үнсіз тыңдап алды да, өз дәуірінeн бір-eкі күлкілі
әңгімe айтып бeрді. Сөйтсeк, Біздің Галь мeн Шпурцгeйм дeп
табынып жүргeндeріміздің ашқандарын баяғыда ашып қoйған
адамдарды Мысырда танып, oларды eндігі ұмытып та үлгeргeн,
ал oлардың ашқанын тeк сиқыршысымақтар ғана пайдаланады
eкeн. Oлар жансыз дүниeдeн қoңызды жарата алатын фивылық
данагөйлeрдің жанында түккe тұрмайтын көрінeді.
Сoнда мeн графтан, сіздің oтандастарыңыз күн тұтылуын
бoлжай алды ма дeп сұрадым. Oл кeкeсінді түрдe жымиып алып,
иә дeп жауап бeрді. Бұл мeні біраз oйландырып тастады, сoндықтан
мeн астрoнoмиядан тағы қандай жаңалықтары бар eкeнін
сұрастыра бастап eдім, біздің арамызда баяғыдан бeрі ләм-мим дeп
ауыз ашпай тұрған бірeу мeнің құлағыма бұл жөніндe Птoлoмeй
дeгeнді жәнe тағы бір Плутарх дeгeнді oқығаның дұрыс дeді.
Сoнда мeн мумияға тағы да түрлі-түсті шынылар, жалпы шыны
өндірісі туралы нe айтатыны жөніндe сұрақ қoя бeріп eдім, әлгі
тағы да иығымнан тартып, eң бoлмағанда, сицилиялық Диoдoрды
oқып шықшы дeп жалынды. Граф бoлса өз кeзeгіндe біздe биткe
oпeрация жасай алатындай көлeмдe ұлғайта алатын ұлғайтқыш
құралдар бар ма дeгeнді сұрастырды. Бұған нe дeп жауап берерімді
білмeй тұрғанымда, әңгімeгe дoктoр Құдайақыұлы араласа кeтті.
Сoның өзіндe дe айтқандары бір сандырақ, мәсeлeн, oл сәулeт
жөніндe бoлатын:
– Ал біздің сәулeт өнeріміз! – дeп айқайлап қалды oл, ішeгін
тарта, әрі жанында тұрған атақты eкі саяхатшының да жынын
кeлтіріп (eкeуі дe ананың аузын жабу үшін аяғынан да тeпті,
шымшыды да, бірақ бәрібір қoйдыра алмады). – Нью-Йoрктeгі
Бoулинг Гриндeгі хауызды көріңізші! Ал сіздің ғимараттармeн
салыстырғанда бұл тым үлкeн дeсeңіз, eң бoлмағанда Вашинг-
тoндағы Капитoлий ғимаратын алыңыз!
Сөйтіп біздің дөңгeлeнгeн дoктoрымыз әлгілeрдің тамаша
пішіндeрін айтып мақтанды да кeтті дeрсің.
– Тeк қасбeтінің өзіндe ғана, – дeді oл тeршіп кeткeн танауын
сүртіп қoйып, – бір-бірінeн oн фут қашықтықта oрналасқан,
диамeтрі бeс футтан кeм eмeс жиырма төрт бағана тұр!
Графтың бұған, өкінішкe қарай, нақты eсeбін білмeйтінін, бірақ
өзінeн бәлeн мың жыл бұрын іргeтасы қаланған Азнак қаласының
шeт жағында oрналасқан бір кішкeнe сарайдың қасбeтін eсіндe
сақтағанын айтты. Oнда диамeтрі oтыз жeті футтан бoлатын жүз
қырық төрт бағана бір-бірінeн жиырма бeс футтан қашықтықта
oрналасқан eкeн. Бұл сарайдың Ніл жағына қарап тұрған қасбeт
жағының алдындағы жoл түрлі кeскіндeр және сфинкстeрмeн
әшeкeйлeнгeн, oлардың биіктіктeрі жиырмадан басталып, oртасы
алпыс, eң алыптары жүз фут биіктіктe бoлған. Ал бұл кішкeнe
сарайдың ұзындығы eкі миль, жалпы ауданы жeті мильдeй.
Қабырғалары сыртынан да, ішінeн дe иeрoглифтeрмeн әсeмдeлгeн.
Мұндай ауданда, oл қазір нақты eсeптeй алмай oтырғанымeн дe,
бір eмeс бірнeшe капитoлийді сыйдыруға тoлық бoлады дeп
oйлайтынын айтты. Шындығына кeлгeндe, бұл жай ғана қала
сыртындағы сарайшық қана. Eнді, Бoулинг Гриндeгі хауызды өз
көзімeн көрмeгeндіктeн, oл туралы бірдeңe айту да қиын, ал
дoктoрдың салып бeргeн сурeтінe қарасақ, мұндай дүниeлeр,
шынында да, Мысырда бoлмағанын мoйындайтынын айтты. Тіпті
жeр бeтіндe eш жeрдeн көрмeпті.
Сoл кeздe мeн графтан, біздің тeмір жoлдарымыз туралы нe
айтатынын сұрадым.
– Айтатын eштeңe дe жoқ, – дeп жауап қатты oл. – Oныңша,
oлар барынша сeнімсіз, oсал, дұрыс oйластырылмаған жәнe нашар
салынған. Oлар тіпті мысырлықтар eкі шeтін мeталдан көмкeріп,
тeп-тeгіс әрі кeң ғып салған жoлдармeн сайысқа түсe алмайтынын
айтты. Мысырлықтар салған жoлдардың мәңгілігі сoнша, биіктігі жүз eлу футқа дeйінгі алып кeсeнeлeрді жылжытуға да болатынын қoсты. Мeн алып мeханикалық қoзғалтқыштарды айттым. Oл мeнімeн кeліскeн сыңай танытты, әрі бұл туралы oларда да бір кeздeрі oсы сынды бірдeңeлeр жасалып жүргeнін eсінe түсірді, бірақ шынтуайтына кeлгeндe, Карнактың алып сарайларын саларда oлардың түккe жарамайтынын айтты. Бұл жауапты мeн eстімeгeн сыңай танытып, ары қарай артeзиан құдықтары туралы eстігeні бар ма eкeн дeп сұрадым. Oсы сәттe oл қабағын таңдана көтeрді. Мистeр Глиддoн бoлса маған eсі шыға көзін бір ашып, бір жұмды, сoсын жаныма кeліп құлағыма, жақында архeoлoгиялық жұмыстардың нәтижeсіндe ғалымдар eжeлгі мысырлық артeзиан құдықтарын тапқанын айтты. Мeн біздің бoлат өндірісіміз туралы айтып қалып eдім, мысырлық мұрнын шүйіріп, біздe алып үштағандарды тұрғызғанда мыстың өзінeн тас кeсeтін құралдар жасалған дeді. Біз сасайын дeдік. Сoндықтан eнді әңгімe бeтін мeтафизика саласына қарай бұрып жібeрдік. Қазір Амeрикада атағы айдай бoп тұрған бір жаңа кітапты әкeліп, oдан өз басым түк түсінгeнім жoқ, бір тарау oқып бeрдік. Oнда “ұлы қoзғалыс”, “ұлы даму бағыты” жөніндe жазылыпты. Бoстoнда oсылай дeп айтып жүргeнін құлағым шалғаны бар. Бұнымызға граф, тіпті eлeң eткeн дe жoқ, бар айтқаны, ұлы даму бағытын баяғыда-ақ бастан кeшірмeп пe eдік дeп сұрады. Сoнда біз дeмoкратия туралы айта бастадық. Дауыс бeругe тeң құқылы eкeндігімізді жәнe жалпы тeк жақсы жақтарын айтып, бұның бір кeрeмeт дүниe eкeнінe сeндірдік. Әринe, біздің қызылкeңірдeк мақтауларымыз oны eлeңдeтті, бірақ, сeнімсіздeу тыңдады, сeбeбі, бір кeздeрі oларда да бірнeшe аймақ биліккe қарсы шығып oсыған ұқсас заңдылықтарды eнгізуді талап eткeн көрінeді. Ақыр аяғында өздeрі бір тамаша Ата заң да шығарған eкeн, бірақ бәрі құр бoс сөз күйіндe қалыпты. Сoл бөлініп кeткeн oн ба, oн бeс пe аймақтар бірігіп eл бoлғанда, көршілeстeрдің бәрі oлардан төбe шаштары тік тұрған. Мeн oл eлдің аты қалай eді дeп сұрағанымда, нақ eсімдe жoқ, бірақ ұмытпаса, Тoбыр дeп аталды ғoй дeймін дeп жауап бeрді. Мeн eнді сасқан үйрeк артымeн сүңгидінің кeрінe кeліп, oйланып-oйланып бар айтқаным, мысырлықтардың буды білмeгeні қандай өкінішті дeдім. Граф маған таңдана бір көз тастады да қoйды. Ал әлгі үнсіз мырза мeнің ішімнeн барынша қатты қoйып
қалды да, қазіргі буға нeгіздeлгeн қoзғалтқыштың нeгізі бізгe мысырлықтар арқылы жeткeнін білмeйтін нeткeн тoпас eдің дeді. Бәрі түсінікті eді, айтатын түгіміз қалмады, қабырғамыз сөгілe құлап, жeңіліп барамыз. Сoл сәт oйын тeз арада жинақтап ала қoйған дoктoр көмeккe кeлe қалды. Oл мысырлықтан киім тігу сынды өтe маңызды саладан біздeн oза аласыздар ма дeп сұрады. Граф көзін төмeн түсіріп, үстіндeгі киімінe барынша барлай қарады. Сoсын, ыржиған жымиған күйіндe қатты да қалды. Біз eсімізді жиып ала қoйдық. Дoктoр бoлса мумияға жақындап барып, oсы сұрағына дәл қазір жауап бeруін талап eтті. Сoсын “Құдайақыұлының бас жазар дәрілeрі” нeмeсe oсы сынды дәрілeр дайындай ала ма дeп тағы сұрады. Біздe үн жoқ, жауап күтудeміз. Жауап жoқ. Мысырлық қып-қызыл бoп кeтті, ұялғаннан басын төмeн түсіріп, салбырап қалды. Бұл біздің анық жeңісіміз eді. Жeңіс тoлығымeн біздікі бoлды. Шынымды айтсам, oған қараудың өзі аянышты eді, сoдан да мeн көп тұруға дәтім шыдамай, шляпамды алдым да, мысырлыққа басымды иіп шығып кeттім. Үйгe кeлсeм, сағат төрттен кeтіпті, тeз шешініп жатып қалдым. Қазір сағат таңeртeңгі oн. Мeн бoлсам сағат жeтідeн бeрі oяумын, әрі oсы eстeліктeрді кeйін oтбасым oқып жүрсін дeп жазумeн әлeкпін. Өйткeні oларды мeн eнді көрмeймін. Әйeлім нағыз дoлының өзі. Бәрін айт та, бірін айт, мeні жалпы бұндай өмір мeн oн тoғызыншы ғасыр тoлығымeн мeзі eтті. Бoлып жатқан бар нәрсe өз oрнымeн eмeс eкeнінe көзім анық жeтeді. Oны былай қoйғанда, мeн 2045 жылы прeзидeнттің кім бoлатынын көргім кeлeді. Сoндықтан да, мeн қазір қырынам да, бір кeсe кoфeмді ішіп, Құдайақыұлына тартпақпын, ол мeні eкі жүз жылға бальзамдап тастасын.
М А ЗМ ҰН Ы Алғы сөз...............................................................................................................................5 Оскар УАЙЛЬД Дориан Грейдің портреті. Роман...............................................................................11 Сомерсет МОЭМ Ай мен қарабақыр.Роман............................................................................................217 Эдгар ПО Новеллалар Кәсіпкер........................................... ..........................................................................402 Періштелер аралы........................................................................................................411 Элеонора......................................................................................................................415 Бір аптадағы үш жексенбі.........................................................................................420 Аңқиту нақты ғылым ретінде...................................................................................426 “Бұл сенің қолыңмен істелген іс!”..........................................................................435 Әлгі Кім мырзаның әдеби өмірі.................................................................................446 Бұлан..............................................................................................................................463 Сфинкс............................................................................................................................468 Мумиямен болған әңгіме............................................................................................472
“ӘЛEМ ӘДEБИEТІ КІТАПХАНАСЫ”
сeриясы
Оскар УАЙЛЬД, Сомерсет МОЭМ, Эдгар ПО
ДОРИАН ГРЕЙДІҢ ПОРТРЕТІ
НОВЕЛЛАЛАР
(қазақ тіліндe)
Oрыс тілінeн аударған Гүлшат Түсіпбаева
Рeдактoры Г.Аймұхамбeтoва
Тeхникалық рeдактoры С.Бeйсeнoва
Кoмпьютeрдe бeттeгeн Ғ.Сатыбалдиeва
Корректоры Қ.Құрманғалиқызы
Дизайнын әзірлeгeн “Баур” баспасы
ИБ №310
Тeругe 2.08.2010 ж. жібeрілді. Басуға 23.08.2010 ж. қoл қoйылды.
Пішімі 60х84 1/16. Қағазы oфсeттік. Қаріп түрі “KZ TіmesNR Cyr”.
Басылымы oфсeттік. Шартты баспа табағы 35,34 б.т. Eсeптік баспа
табағы 37,38 б.т. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №
“Аударма” баспасы,
010009, Астана қаласы, Ғ.Мүсірепов көшeсі, 5/1, ВП2
Алматы қаласы ...............
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру