Мазмұнға өту
Home

Иран жəне иран қазақтары

Жеменей Ислам

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Иран жəне иран қазақтары

Авторы: Жеменей Ислам

─ 1 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ИСЛАМ ЖЕМЕНЕЙ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Алматы, 2012 ─ 2 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ УДК 316 ББК 60.54 Ж 44 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитетінің «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды ISBN 978-601-7023-53-9 Жеменей И. Иран жəне иран қазақтары: Деректі зерттеу. Ислам Жеменей – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. 2012. 264 бет (16 бет түрлі-түсті суреттер).

Бұл кітапта Иран қазақтарының Иран жеріне көшу тарихы, сондағы тұрмыс тіршілігі, салт-дəстүрі, білім алу мəселелері, ұлттық тілі мен діні туралы, ұлттық құндылықтарының сақталу жолдары, дүние танымы, экономикалық жəне əлеуметтік жағдайы, өзге елдердегі қазақ қауымдастығымен байланысы, атамекенге деген сағынышы философиялық жəне психологиялық тұрғыдан сараланады.

УДК 316 ББК60.54

ISBN 978-601-7023-53-9

© Ислам Жеменей, 2012 © Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2012

Ж44

─ 3 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР

КІРІСПЕ Иран сөз болғанда көп ойламай-ақ Тұран еске түседі. Иран мен Тұран біздің заманымызға дейінгі VI-V ғасырдағы Зəрдөшттің «Əвеста» атты кітабынан бастап исламнан кейінгі кезеңнің жазба деректерінде екі көрші елдер ретінде аталып келеді. Ислам дəуірінде Түркістан атанған Тұран қазіргі заманда Орталық Азия деп аталып кетті. Ежелде Иран, Түркістанмен көрші болып келсе, жаңа дəуірде Қазақ даласы, бүгінгі Қазақстан Республикасымен Каспий теңізі арқылы шектеседі. Каспий жағалауында Қазақстан, Түрікменстан, Иран, Əзірбайжан, Ресей мемлекеттері төңіректеп шектескен. Теңіздің қазақстандық бөлігісолтүстік шығыс жағалауы Атырау жəне Маңғыстау облыстары аумағында. Каспийдің жағалау сызығының ұзындығы 7000 шақырым, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 шақырым болып табылады. Каспийдің ең ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл тағы басқалары. Əлемге белгілі иранның ұлттық ақыны Əбілқасым Фирдаусидің «Шаһнаме» атты жырында Тұран мен Иран бір-бірінен ажырамас, тағдырлас елдер екендігі суреттеледі, десекте иран елі парсы жұрты ретінде өзіндік мəдениетін қалыптастырды. Тұран түркі жұртының мекені мен өркениетінің бейнесіне айналды. Тарих бойынша саяси, əскери тағы басқа себептермен иранды қоныс еткен түркілер парсыланып кетті. Өйткені адамзат əдебиетіне өшпес мұра қалдырған Əбілқасым Фирдауси, Маулана Жалаледдин Руми, Қожа Хафиз ширази , Низами Гəнжи сынды ұлы шайырлар өз шығармаларын парсы тілінде жырлап кетті. Ал, түркі даласын мекен еткен парсылар да тұранда түркіленіп кетті. Себебі түркілік салт-дəстүр, жыр мен əн Тұранда үздіксіз жаңғырып тұрды. Қожа Ахмет Яссауи, Жүсіп Баласағұн, Маһмұд Қашғари, Əлішер Науаи, Зəһиреддин Мұхаммед Ба-

─ 4 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ быр сияқты даналар білім, ғылым мен əдебиетті замананың қиын-қыстау жағдайына қарамастан түркі тілінде жаңғыртып тұрды. Сондықтан Афрасиаб ғасырлар тозаңынан арылып, Түркілердің «Алып Ер Тоңа жоқтау» жырында мəңгі қалды. Сол себепті кейбір ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, ежелгі заман-да сақ тайпаларын арий текті халық деп пайымдағанмен шындығына келгенде бəрібір сақтар толық түркіленіп кеткен тайпалар. Мəселен иран елін екі жүз жылдай макадониялықтар, екі жүз жыл арабтар, екі ғасырдан аса моңғолдар, мың жылдай уақыт түркілер биледі. Бірақ иран қазірге дейін парсы жұрты деп танылады. Сондай-ақ ежелгі тұранды, түркі елі екенін бүкіл əлем мойындайды. Екі елдің барыс-келісі, бір-бірінің еліне түрлі себептермен көшіп, қонулары талай түркіні парсыландырды. Талай парсыны түркіге қосып жіберді. Оның бəрі өркениеттердің тоғысқан нүктесінде пайда болатын жаңа өрлеудің жаңа бейнесін қалыптастырады. Сол себепті қазіргі кезде қазақ халқының құрамында бар жалайырды иран жеріне барып, саяси тарихына өз үлесін қосқанына қызыға қарайтын зерттеушілер бар екені де шындық. Міне, тарих тереңіне бойласақ қазақ тайпалары ежелден иран жерін түрлі себептермен мекендеп келді. Жалайыр тайпасы моңғол əскері қатарында иран жорықтарына қатысып, елеулі рөл атқарғаны анық. Сол үшін Шыңғыс хан əулеттерінің билігі иранда аяқтағаннан кейінде жалайырлар иранның бір бөлігін 1340-1433 жылдар аралығында билеп тұрды. Бірақ қазіргі заманда ирандағы жалайыр тайпаларында көшпенділіктің сарыны байқалғанмен түркілік немесе қазақылық ортақ құндылық табу үшін арнайы ғылыми экспедиция екі елдің тікелей көмегімен зерттеу жұмысына иран жеріне аттану керек. Ал,бұндай шаруаны қолға алу кімді қызықтыра алады екен? Шындықты білу ғалымды қызықтырған жағдайда саясат пен тарихтың шындықтарын өз қалпында таныла қоюына ешқашан иран да мүдделілік таныта қоймас. Қазақ тарапы да жүйелі тарихты зерттеуге асығар емес. Жалайыр, Бақтияр тайпаларынан өзге де иран-тұран тарихының зерттеуге қажет объектілері

─ 5 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР мол, мəселен, иран жеріндегі Систан уалаятының Сақ тайпасына қатыстылығын зерттеу соның бірі. Алыс тарихымызды зерттеп білу əзірге қиын шаруа. Ал, жақын кезеңде яғни 1929-1932 жылдары кеңес одағының Сталиндік зұлмат саясатының зардабынан Иран жерін паналап, қоныс тепкен қазақтардың тарихы мен ұлттық құндылықтарын зерттеп, зерделеуге мүмкіндігіміз бар. Қазақтар сол бір қараң жылдары негізінде Маңғыстау, онымен қоса бірлі-жарым отбасылар Атырау мен Ақтөбе, тіпті, Қызылорда облысынан да иранға көшкені анықталды. Өйткені қазақтардың бір-бірімен ағайындық пен жегжаттық байланыстарының болуы да оларды тағдырлас ететіні де заңды құбылыс. Бұл кітапта негізінде XX ғасыр аясында тарих тəлкегіне түсіп иранды паналаған қазақтардың тарихы мен тыныстіршілігі сөзге өзек болады. Иран қазақтарын тілдік, психологиялық, əлеуметтік, дүниетанымдық, қоғамдық, салтдəстүр, жалпы мəдени тұрғыдан зерттеу де өте қажет сияқты. Алайда иран қазақтары туралы анау 1960-70 жылдардан бері əр жерде əр түрлі себептерге байланысты жазбалар бар. Автор бұл кітапта иран қазақтарының тыныс-тіршілігін өзі көрген-білгендері мен бірге ресми басылымдарда жарық көрген жазбаларды өз мүмкіндігінше пайдалана отырып жазды. Олардың тізімін кітап соңында оқырмандарға ұсынады. 1929-1933 жылдары қазақтар Түрікменстан арқылы Каспий жағалауларынан өтіп, иран жеріне қадам басқан аймағы «мазандаран» провинциясы деп аталатын. Жылдар өткен соң қазақтар негізінен аталған провинцияның Горган, Бəндəр Түрікмен жəне Гомбəд-е Кауыс ( ( ﺱﻭﻭﺍک ﺩﺏﻥگ ؛ﻥﻡکﺭﺕ ﺭﺩﻥﺏ ؛ﻥﺍگﺭگатты үш қаласының шеткері жағынан жергілікті тұрғындардан оқшау өздері тұратын «қазақ маһалле» ауылдарында тұра бастады. Ол ауылдар да уақыт өте аталған қалалармен біте қайнасып, шаһар аумағына қосылып кетті. Үш қаланың өзіндік сыр-сипаты бар. Мəселен Горган қаласының тұрғындарын жергілікті парсылар мен кейінгі жылдары қосылған қазақ, түрікмен, бəлуч,

─ 6 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ хорасандық тағы басқалар құрайды. Горганның оңтүстігінде Əлборз таулары əсем көрінісімен көз тартады. Горган соның етегінде жап-жасыл табиғат аясында орналасқан. Ең биік шыңы «Шаһ куһ» ( )ﻩﻭکﻩﺍﺵ3767 метр биіктікте қалың орман ағаштарымен жыл сайын мыңдаған саяхатшыларды өзіне қарай тартып тұрады. Оның тауларындағы « Чешмейе до берар» (ағайынды қос бұлақ) пен «Жаһан нəма» жайлауының табиғи сұлулығын естіген талай жандар көргісі келіп, армандайды. Ал, қаланың оңтүстігінде тау етегінде орыналасқан «Наһар хоран» демалыс орны халықтың күнделікті дем алатын мекені, аты елге кең тараған орын. 1996 жылында Мазандаран « »ﻥﺍﺭﺩﻥﺯﺍﻡекі провинцияға бөлінді. Мазандаранның шығыс аймағында «Гүлістан» ﻥﺍﺕﺱﻝگатты жаңа провинциясы, орталығы Горган қаласы болып бекітілді. Қазақтар тұратын үш қалада соған қарайтын болды. Жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдары Мазандаран облысынан адамдық жəне мəрттік мінезімен иран жұртына танылған күресте əлем чепионы болған «Һабиби» атты палуан туралы көркем кино түсірілді. Ол кино «Мазандаран жолбарысы» атымен сол кезде əжептəуір көрермендер көңілінде орын тапты. Аталған киноның кейіпкері Һабиби өмірінің алғашқы жəне соңғы киносында өз өмірін өзі сомдап, киносүйер көрермендердің көзайымы болды. Горганның батысында отыз алты шақырым қашықтықта, Каспий жағалауында шағын,123125 (бір жүз жиырма үш мың бір жүз жиырма бес) халық саны бар Бəндəр Түрікмен бар. Онда 85 пайыз түрікмендер тұрады. Бұл қала аудан орталығы болып 1980 жылы бұрынғы патшалық режим біржолата құрдымға кетіп, Иран Ислам Республикасы құрылғанға дейін «Бəндəр шаһ» аталып келді. Жаңа режим оны «Бəндəр Хомейни» деп ауыстырмақ болды. Түрікмендер оған қарсы болып, «Бəндəр Түрікмен» есімін бергізді. «Бəндəр- »ﺭﺩﻥﺏпарсы тілінде порт деген мағнаны береді. Иранда теңіз жағалауында орналасқан барлық қалаларында бəндəр сөзі тіркесіп келеді. Бəндəр Түрікменнің басты ерекшелігі Каспий теңізінің жағалауында орналасқан болғандықтан портындағы шəйха-

─ 7 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР наларында Бекіре балығының кебабын жеу жанға рахат сыйлайды, жағалаудан бірнеше шақырым қашықтықта теңіздің шығысындағы кейін су астында қалған Абескүн ( )ﻥﻭکﺱﺏﺁ атты аралда сұлтан Мұхаммед Харезмшаһ моңғолдардың шапқыншылығына қарсы шайқасып, 1217 жылы сонда өліп, жерленді. Ирандықтар Каспий теңізін, «Хəзəр теңізі» ( یﺍیﺭﺩ )ﺭﺯﺥдеп атайды. Түрікмендердің əйгілі қол өнерітүрікмен кілемдері мен қалша(кілемше), паластары да осы қаланың сауда базарына сəн беріп тұрады. Көктем мен күз маусымында аймаққа танылған қаланың ипподромында ат жарыстар өтеді. Бұлардан басқа қаланың оншақты шақырым қашықтығында, шығыс бағытындағы «Қожалар» ( ﻩﺝﺍﻭﺥ )ﺭﻝауылында бүкіл түркі халықтарына ортақ рухани тұлға ретінде танымал қожа Бəһаеддин Нақышбəндтың( ﻥیﺩﻝﺍﺍءﺍﻩﺏ ( )ﺩﻥﺏﺵﻕﻥ1318-1389) мазары бар. Нақышбəндтың туған жері Бұхара қаласының маңындағы «Кəсрі Һендуан» ( ﺭﺱک )ﻥﺍﻭﺩﻥﻩқыстауы, жерленген жері «кəсрі арифан» ( ﺭﺱک )ﻥﺍﻑﺭﺍﻉбола тұра, кейбір болжамдар бойынша Нақышбəнд Қожалар мекенінде болған деседі, бұл шынында да солай болған шығар. Өйткені зерттеулерде Нəқшбəндтың екі рет қажылыққа барғаны айтылады, соған қарағанда жолжөнекей сол маңда аялдап, елдің ықыласына бөленген болар, кездескендер оны пір тұтып, оның құрметіне оған кесене салған болуы да мүмкін. «Алла біледі». Бəндəр Түрікмен қазіргі кезде 1576 шаршы шақырым аумағы бар территорияда орналасқан, қаланың негізі 1927 жылы бұрынғы əскери гарнизон орнына қаланды. Аталған қалада солтүстік қазақ ауыл мен оңтүстік қазақ ауыл (қазақ мəһалле шомали, қазақ мəһалле жонуби) бар. Горганның шығыстан-солтүстігіне қарай шамамен тоқсан алты шақырым қашықтықта Гомбəд-е Кауыс шаһарында 77 пайыз тұрғындары жергілікті түрікмендер. Бұл қала Түрікмен сахара кеңістігінің ең үлкен, халық саны 286620 (екі жүз сексен алты мың алты жүз жиырма адам) мөлшерінде, 5071шаршы шақырым аумағымен Гүлістан провинциясының екінші үлкен қаласы қатарында орын

─ 8 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ алады. Қала 1007 жылы Зəиар əулетінің ұрпағынан болған Қабус ибн Вошмгирдің бұйрығымен салынды. Қаланың көркі Қабустың мазары болуын көздеген биік күмбез. Ол күмбез жерден 15 метр биіктіктегі төбенің үстіне 52 метр биіктікпен салынды. Қаланың аты да осы күмбезді Қабус салдырған үшін «Гүмбəзе Қабус» деп аталып кетті. Қабус ибн Вошмгир ақын, мəнерлі жазудың шебері, ғалым, ғылым сүйгіш жан бола тұра қатал да жауыз болған екендігі Дехода түсіндірме сөздігінде айтылады. Мəселен əлемге мəшһүр математик, философ Əбу Рейһан Мұхаммед ибн Аһмет Бируни (973-1048) ( )یﻥﻭﺭیﺏ ﺩﻡﺡﺍ ﻥﺏﺍﺩﻡﺡﻡ ﻥﺍﺡیﺭﻭﺏﺍ Харезм қаласының маңындағы Бирун мекенінде туып, сонда ер жеткен соң бірнеше жыл Қабустың сарайында тұрып, өзінің əйгілі «Асар əл-бақийе əн əл-қорун-е əл-халийе» ( )ﻩیﻕﺍﺏﻝﺍ ﺭﺍﺙﺁﻝﺍатты кітабын Қабус ибн Вошмгирге арнап 1007 жылы Жоржандағы Қабус сарайында жазды. (Жоржан қаласының қирандылары қазіргі Гүмбəз Қабус қаласының маңында табылған). Ал, Қабус қаталдығы үшін қастандық құрығына ілініп, туған баласы Мəношырдың ( ﻥﺏﺍﺭﻩچﻭﻥﻡ )ﺱﻭﺏﺍﻕбұйрығымен өлімге кесілді. Осы тұста айтатұғын нəрсе қазақ ғалымдар арасында танымал кітап «Қабус наме» жайында қысқаша мəлімет берген жөн болар. Қабус ибн Вошмгирдің екі ұлы болды. БіріДара, екіншісіЕскендір. Ескендірдің Кейкауыс ( )ﺭﺩﻥکﺱﺍ ﻥﺏﺍ ﺱﻭﻭﺍکیکатты баласы бар тұғын, ол өзінен кейін тақ мұрагері болған ұлы Гиланшаһға ( )ﻩﺍﺵﻥﺍﻝیگарнап шамамен 462 һижри жылы (1080 милади) жазды. Кітаптың тақырыбыəскери салт туралы, мемлекет қайраткер болу шарттары, қоғамдық қатынастар дəстүрі, күнделікті тіршіліктің түрлі пəндері мен білім салаларын қамтыған. Ол еңбек «Қабус наме» ( ﺱﻭﺏﺍﻕ )ﻩﻡﺍﻥатымен əйгілі болды. Гүмбəз Қабус қаласының Горган бағытындағы кіреберісінде Қарашəй өзені ағып жатыр. Көпірден өте сала сол жаққа бұрылған соң бес минуттан кейін «Шай бойы» ауылындағы екі қазақ ауылдарына аяқ тірейсіз. Иранның 31 провинциясының бірі – Гүлістан, табиғаты

─ 9 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР мен де тұрғындарының түрлі ұлт-ұлыстан құрылғандығымен де ерекшеленеді, халық саны 2006 жылғы санақ бойынша 1617 087 адамды құраған. Жер көлемі 28434 шаршы шақырым. Бұл аймақтың солтүстік шығысында «Түркімен сахара» атындағы кең даланың көптеген қалаларында түрікмендер тұрады. Бəндəр Түрікмен мен Гомбəз-е Кауыс қалаларынан басқа түрікмендердің көптеп тұратын шаһарлары: Гомишанда (Күміс төбе) 100, Ақ қалада 98, Кəлаледе 55, Мино дəште 40 пайызды түрікмендер құрайды. Иран түрікмендері Гөклан, Иəмут, Теке ( ،ﺕﻭﻡی ،ﻥﺍﻝگﻭگ )ﻩکﺕатты үш үлкен тайпадан тұрады. Иəмуттер Хəзəр теңізінің шығысын, Гөкландар Гүлістан провинциясының шығысын, Текелер екі тайпаның ортадағы аймағын мекендейді. Барлығы түрікмен тілінде сөйлеп, Ислам діні, сүнни ханафи мəзһабын ұстанады. Тұратын аймақтарында мəзһабына тиесілі мешіт пен медреселері бар. Олар тұтастай ұлы ақындары ( )چیﻝﻕ ﻥیکﺱﻡ ؛ﺱﻑﻥ ﺍﻝﻡ ؛یﻍﺍﺭﻑ یﻝﻕﻡﻭﺕﺥﻡ Мəхтумқұлы Фрағи, Молла Нефес, Мескин Қылыштың шығармаларын оқып, құрмет тұтады. Мəхтумқұлының зираты Түрікмен сахарасының солтүстігінде Түрікменстанмен шекаралас Марауе төбе мен Кəрəнд арасындағы Ақ Тоғай мекенінде орналасқан. Сол жерде Мəхтумқұлының əкесі Дəулет Мұхаммед Абадидың да мазары бар. Мəхтумқұлы иран түрікмендерінің бас ақыны болғандықтан қазірге дейін оның туындылары көптеп жарық көріп, оқылады. Қазіргі кезде Горган қаласында «Мəхтумқұлы Фрағи» баспасы түрікмен халқының классикалық һəм қазіргі заман қаламгерлері мен ақындарының туындыларын түрікмен жəне парсы тілдерінде көптеп шығарып жатыр. Соның ішінде иран қазақтарының арасынан шыққан дарынды қаламгер Қажы Мұхаммед Батырұлының ( )ﻡﺍکﺩﺍﺵ ﺩﻡﺡﻡ یﺝﺍﺡ «Абай қазақ əдебиетінің негізін қалаушы»,( ﺭﺍﺫگﻥﺍیﻥﺏ یﺍﺏﺁ )ﻕﺍﺯﻕ ﻥیﻭﻥ ﺕﺍیﺏﺩﺍмен «Қазақ халқының тарихына кіріспе» ﻩﺏ یﻩﺍگﻥ( )ﻕﺍﺯﻕ ﻡﻭﻕ ﺥیﺭﺍﺕатты кітапшалары аталған баспадан парсы тілінде жарық көрді. Түрікменстан республикасы мен ирандағы Түрікмен Са-

─ 10 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ харасы арасындағы шекара шамамен бес жүз шақырымды құрайды. Түрікмендердің территориялық тұтастығы 1881 жылы орыстар Түрікмен жерін жаулап алған соң екіге бөлініп, түрікмендер екі жақта бір-бірінен ажырап қалды. Қазақтар Гүлістанның аталған үш қаласынан басқа да қалаларында түрлі мемлекеттік жəне мемлекеттік емес мекемелерде жұмыс істеп, тіршілік етіп жүр. Гүлістан құрамында он бір қала бар. Олар: Горган (орталық қала), Гүмбəз Қабус, Бəндəр Түркімен, Ақ қала, Мино дəшт, Кəлале, Азат шаһар, Рамиян, Əли абат, Кордкуи, Бəндəр Гəз ( ﺱﻭﺏﺍﻕ ﺫﺏﻥگ ، ﻥﺍگﺭگ یﻝﻉ ، ﻥﺍیﻡﺍﺭ ،ﺭﻩﺵﺩﺍﺯﺁ ، ﻩﻝﺍﻝک ، ﺕﺵﺩﻭﻥیﻡ ، ﺍﻝﻕ ﻕﺁ ، ﻥﻡکﺭﺕﺭﺩﻥﺏ ، ) ﺯگﺭﺩﻥﺏ ، یﻭکﺩﺭک ، ﻝﻭﺕک ﺩﺍﺏﺁ Мен иранның солтүстігі қазіргі Гүлістан провинциясының орталық қаласы Горган шаһарының Сұлтанабад ( یﺍﺕﺱﻭﺭ ﻥﺍﻁﻝﺱ )ﺩﺍﺏﺁауылында дүниеге келдім. Сұлтанабад тұрғындары жүз пайыз жергілікті парсы жұртынан құралған ауыл. Ол ауыл, парсылар мен түрікмен сахарасының шекара сызығында тұрғанымен ерекшеленеді. Біздің отбасы сол ауылдың жалғыз қазақ шаңырағы болып, əкем қайтыс болған 2003 жылынан кейінге дейін жылдары яғни бүгінге шейін де ауылдастық бағымыз үзілмей келеді. Бұның да қызық тарихы бар. Оны да біз иран қазақтарының тарихынан бөле-жара қарай алмаймыз. Иран ежелден патшалардың мұрагерлік саяси жүйеде мемлекетін сақтап келе жатқан ел болғандығы белгілі. Иранда патшалық тақта отырған соңғы əулет Пəһлеви атауымен Реза шаһ (1926-1941) пен оның ұлы Мұхаммед Реза шаһ болған. ( ﺍﺽﺭ ﺩﻡﺡﻡ ﺵﺩﻥﺯﺭﻑﻭ ﻩﺍﺵ ﺍﺽﺭ یﻭﻝﻩپ ﺏﻕﻝ ﺍﺏ یﻩﺍﺵ ﻥﺍﺩﻥﺍﺥ ﺍﺏ ﻥﺍﻥﺁ .ﺩﻥﺩﺭک ﺕﻡﻭکﺡ ﻥﺍﺭیﺍ ﺭﺩ یﻩﺍﺵﺩﺍپ ﻩﻝﺱﻝﺱ ﻥیﺭﺥﺁ ﻥﺍﻭﻥﻉﺏ ﻩﺍﺵ ﻝﺍﺱ ﺭﺩ یﻥیﻡﺥ ﻡﺍﻡﺍ یﺭﺏﻩﺭ ﻩﺏ یﻡﺍﻝﺱﺍ ﺏﺍﻝﻕﻥﺍ یﺯﻭﺭیپ1979 یﺩﺍﻝیﻡ .ﺩﻥﺩﺵ ﻥﻭگﻥ ﺭﺱ ﺕﻥﻁﻝﺱ ﺕﺥﺕ ﺯﺍОлар Батыс саясаты мен мəдениетінің қолдаушысы, елдің табиғи байлықтары ішкі жəне сыртқы жемқорлармен тоналып жатқанына айыпталып имам Хомейнидің басқарған Ислам төңкерінің жеңісімен 1979 жылы біржолата иранның саяси тарихынан қуылды. Сонымен Иран өз мемлекеттік тарихында патшалық саяси

─ 11 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР жүйеден исламдық республикалық саяси жүйеге ауысты. Бүгінгі Иран Ислам Республикасы ол елдің тарихындағы жаңа саяси беттері болып табылады. Қазақтар Сталиндық зұлматтан туған жұртынан иран елін паналауға мəжбүр болған 1929-1932 жылдары Реза шаһтың тақта отырған заманмен тұспа-тұс келген кезең еді. Ол кезде Иран феодалдық қоғам болғаны үшін жалпы саяси ахуалды қиындатып, елдің шартарапында түрікмен, бақтияри, күрд, бəлуч, араб, əзірбайжан сынды ұлыстардың басшылары орталыққа бағынбай өз қалауларын тайпалық һəм ұлттық мүдделері бойынша ортаға қойып жатты. Екінші жағынан саяси тұрақсыздықты пайдаланып, ел аумағында тонаушылық, қарақшылық пен бүлік шығару істері шарықтап кеткен заман болды. Сөйтіп, саяси-экономикалық күйзеліске ұшырап тұрған елге Реза шаһ тыныштық орнату үшін қатал басқару жүйесін енгізді. Соның арқасында халықты орталықтандырған мемлекеттік басқару жүйесіне бағындырды. Сол үшін де елінің саяси тарихында диктатор патша лақабымен жазылып қалды. Реза шаһтың қатаң тəртіппен жүзеге асырған жобаларының бірі мемлекетте қалалар арасында қара жол мен темір жол салу еді. Ол жол салуға жұмыс істеу қабілеті бар жалпы халықты «Бигари»(- یﺭﺍگیﺏазаматтар ақысыз тек қана мемлекеттің есебінен тамақтанып, құрылыс жұмысына күнделікті қатысуға міндеттеме алады. Оны барлық аймақта үкімет тағайындаған өкілдер ұйымдастырып, қадағалауға тиісті ереже бойынша жұмысқа міндеттеді. Иран қазақтары сондай кезеңге тап болған. Олар: «кəпірлердің қорлығынан елден қуылып, осында пана іздеп келсек, енді құл бол дегендері несі?»,- деп ренжігендері бар.

─ 12 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ ТƏУЕЛСІЗДІК ЖƏНЕ ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ Əлемнің қырық мемлекетінде тіршілік етіп жүрген бес миллионнан аса қазақтар бар. Қазақ диаспораcы өзге елдердің диаспорасынан өзгешелеу. Бұл мəселенің себепсалдары жүйелі түрде тəуелсіздік алған жылдардан кейін зерттеліп келе жатыр. Асылы, қазақтар əлемнің көптеген елдерінде тарыдай шашылып жүргендері, өздерінің қалауы емес. Өйткені қазақтар ата - жұртына бауыр басқан халық. Шет мемлекеттердің ішінде Қытай Халық Республикасында қазақтардың тұрған аймағы өздерінің ежелгі қонысы болғандықтан, қазіргі тілмен айтқанда, оларды «ирридент» деп атайды. Бұрынғыша айтар болсақ, ондайлар сол елдің «көне тұрғыны» делінеді. Қытайдағы қазақтардың саны əр түрлі мəліметтерге қарап қорытқанда екі миллионға жуықтайды. Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарында тұрады. Кейінгі жылдары қазақтардың саны Үрімжі қаласында да артып келе жатыр. Қытайдағы қалың қазақтың тілі мен ұлттық салты қазірге дейін сақталып келгендігі жалпы қазақ үшін ұлттық олжа болып есептеледі. Сондай-ақ, кеңестік солақай саясаттың кесірінен Қазақстанның өзінде ана тілі мен ұлттық салтынан айрылып бара жатқан қазақтар үшін де ұлттың құнарлы нəрі бола алады. Оған дəлел – 1955-1963 жылдардағы елге оралған үш жүз мыңға жуық қазақтардың қазіргі уақытта саны бір миллионнан асып тіліміз бен діліміздің өркендеуіне зор үлес қосып келе жатқаны. Аталған жылдардан кейін Қазақстан Тəуелсіздігін жариялаған соң, Қытайдан мыңдаған қазақ қуаныш туын желбіретіп елге оралып жатты. Олардың ішінде көптеген ғалымдары, ақынжазушылары, өнер майталмандары, кəсіпкерлері Қазақстан Республикасының ғылымына, ұлттық мəдениетіне, əдебиет

─ 13 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР пен өнеріне, экономикалық нарығына өлшеусіз үлес қосты. Сондықтан елдің тəуелсіздігі қандас бауырлардың қабілетін аспандатқан дəуірі болды деп айта аламыз. Өйткені, Тəуелсіздік қазақтарға шын мəнінде бір-бірімен табысып, тұтас ел болып қалыптасуларына мүмкіндік тудырды. Шетел қазақтарының атамекенге оралу идеясының жүзеге асыру туын ұстап тұрған Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев қазақ халқының бірлігі мен ынтымақтасу жолында парасатты да салиқалы саясат ұстанып келе жатқаны ел үшін үлкен табыс,бақыт. Сондай-ақ қытай қазақтарының бір бөлігі қырқыншы жылдары Оспан батыр бастаған ұлт-азаттық күреске қатысып, жеңіліс тапқан соң Пəкістан мен Үндістан елдері арқылы Түркияға өтіп, сонда тұрақтады. Олар көбінесе Стамбул, Анкара, Измир қалалалары мен аудандарында тұрады. Жалпы саны нақты емес. Дегенмен, қырық-елу мыңнан асады деген болжам бар. Дəл сол көштің ұрпақтары XX ғасырдың жетпісінші жылдары Түркияның экономикалық-əлеуметтік қиын жағдайына байланысты Еуропа елдеріне барып жұмыс істей бастады. Осылайша бір топ қазақтар Түркия мен Еуропаның диаспорасына айналды. Олардың əулеттері қазіргі заманда Германия, Англия, Франция, Голландия, Америка, тағы басқа Батыс елдерін мекендейді. Түрік елі оларды бауырым деп, қарсы алды. Өйткені, түріктердің де Анадолыға қоныс аударған түпкілікті жері Сырдария бойы, қазіргі Қазақстан территориясының бір бөлігі болатын. Қандас бауыр, Түркия елі Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігін жариялаған сəтте отыз төрт минут ішінде еліміздің Тəуелсіздігін ресми түрде таныған тұңғыш мемлекет болды. Бұл – басқа елдер тарихында бұрын-соңды болмаған ғажап тарихи оқиға еді. Түркия саясатының түріктектес халықтарға құшағын айқара ашуы қашан да басты ұстаным болып келеді. Сол үшін түрік дүниесі саяси дағдарысқа ұшыраған жылдары түркі зиялыларына Түркия екінші Отанының ролін абыроймен атқарып келді.

─ 14 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Түрік елінің тілі, діні, ділі қазақтармен бір түбірден шығып, тамырлас болғандықтан сол елді паналап барған қазақтар түрік тіліне бейімделе бастағаны соншалық, түрік тілін ана тіліндей тез арада меңгеріп алды. Сол үшін қазақтардың екінші буыны ана тілін түрік тілімен ауыстыра бастады. Сондықтан болар, қазіргі Еуропадағы олардың ұрпақтары ағылшын, неміс, француз, тағы басқа еуропалық тілдермен қоса, түрік тілінде тамаша сөйлей алады да, қазақ тіліне келгенде шорқақтайды. Қазақстанның тəуелсіздігінен кейінгі жылдары Түркиядан бірнеше жүзге жуық қандастарымыз Алматы облысына көшіп келді. Олардың басым бөлігі облыстың Нұралы ауылы мен Қарасай батыр ауданында тұрады. Түркиядан Еуропа елдеріне жұмыс іздеп барғандар дамыған Батыс елдерінің қоғамдық тəртіп, заңды жұмыс режиміне бойы үйреніп қалғандықтан атамекенге оралулары Қазақстанның ерекше қарқынмен дамып, алға шығуына байланысты болып тұр. Қазақстан ұлттық идеологияны мықтап қолға алар болса, бүкіл əлемдегі диаспора қазақтарымен қатар, ішкі орыс тілді қазақтар да тез арада қазақ тілін үйреніп, қазақ болуды мақтан тұтары анық. Əрі Қазақстан тəуелсіздігінен кейін ұжмақ өмір іздеп шетелдерге кеткендер де пұшайман халге түсіп, туған елін аңсап қайта оралады. Əйтпесе диаспора қазақтары өз мəйегінен алыстай береді. Моңғолия еліне қазақтардың Алтайдан көшіп барғандарына шамамен 150 жылдай болған. Олардың саны 1991 жылға дейін 120000 адамнан асып түсетін. 1991 жылы қарашаның 18 күні «Басқа республикалардан жəне шетелдерден Қазақстанның ауылдық жерлерінде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақ республикасына қоныстандыру тəртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің № 711 қаулысы жарық көрді. Аталған қаулының негізінде алғаш болып Моңғолиядан еңбек шарты бойынша 60000 қазақ азаматтары атамекенге оралды. Олармен бірге түрлі сала бойынша елге танымал болған жоғары деңгейдегі мамандар да болды.

─ 15 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Осылайша Моңғолия қазақтары жаңадан тəуелсіздігін жариялап, еңсесін тіктей бастаған Қазақстандағы халық саны мен демографиялық ахуалын көтерсе, білікті мамандары, ұлттық бояуға қанық салт-дəстүрімен де қазақ халқының сапалық өрісін де кеңейте түсті. Ал, түрлі себептермен Моңғолияда қазірге дейін тұрып жатқан қазақтардың тууының жоғары болуына байланысты осы уақытта Аллаға шүкір, саны əжептəуір өсіп, көштен бұрынғы санына жақындап қалғанын айтуға болады. Олар Моңғолияда 21 аймақ пен елді мекендерде тұрып жатқанымен, басым көпшілігі Баян-Өлгей, Қобда аймақтары мен Моңғолияның астанасы – Ұланбатыр қаласына шоғырланған. Сондықтан көп болып шоғырланған аймақтарда қазақ тілі мен ұлттық мəдениеті жақсы сақталып келеді. Орыстың патшалық империясы да, коммунистік билігі де қазақ халқының тағдырына кері ықпалын тигізгені рас. Оған Ауғанстанға барып қоныс тепкен қазақ ағайындардың тарихы куə. Ол елге қазақтар үш кезеңде барған. Əр кезеңнің өзіндік тауқыметі мол болды. Бірінші кезең – 1865 жылы Ресей патшалығынан қысым көрген бір топ қазақтар əуелі Тəжікстанға өтеді. Одан ары бір мың шаңырақты құрайтын қазақтар Ауғанстанға барып орнығады. Екінші көш – 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі тарихи зұлматтың беттерін парақтайды. Бұл көш қазақтың екі мың шаңырағын Ауған елінде сергелдеңге салды. Үшінші кезең – тарихта кəмпескелеу жəне қолдан жасалған ашаршылық деген анықтамасымен мəлім болып келе жатқан 1929-1932 жылдары іске асты. Осылайша олар Ауғанстанның диаспорасына айналды. Үш кезеңде Ауғанстанды паналауға мəжбүр болған қазақтар ол елдің Құндыз, Мазар Шəріп, Пол Құмыра, Герат, Кабул, тағы басқа өңірлерінде тұрды. Олардың саны туралы түрлі мəлімет айтылып жүрді. Шындығына келгенде қазақтар арасында орташа бала саны сегіз болғандықтан үш кезеңнің төрт мың қазақ шаңырағының есебін шығару демограф ғалымдарымыз үшін қиын емес. Қазақтар Ауған елінде мал шаруашылығы, сауда-саттық

─ 16 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ жəне тігіншілікпен айналысты. Ұл-қыздарын көбінесе діни курстарда оқытты. Заманауи білім алуға бірен-саран ұл балалары ғана ықылас танытты. Соның ішінде баржоғы екі азамат Кабул университетінде оқып, жоғары білім алды. Оның бірі – Нұрмұхаммед деген азамат, əкесінің аты Молла Серікбай болатын. Ол Кеңес Одағының əскері Ауғанстанның ішкі оқиғаларына араласып, елдің ішіне бүлік шығарған 1980 жылдарында саяси тартыстардың құрбаны болып, Кабулда қаза тапты. Екіншісі – Мұхаммед Рафиһ атты азамат БҰҰ-ның босқындар бөлімшесінің тізіміне ілігіп, алған мамандығы бойынша Дания мемлекетінде қоныстанып, отбасы мүшелерімен тыныш өмірге қауышты. Аталары небір тауқыметті бастарынан өткерген ұрпақтың əулетінің бірі болған оған бағы мен берекесі мол тіршілік еткей деген тілегіміз бар. Кеңес əскерінің 1980-1989 жылдар аралығында лаулатқан соғыс оты талай шаңырақты күйретті, миллиондаған ел азаматтарын жан-жаққа тарыдай шашыратып əуреге салды, оның кесапаты сол елде тұратын қазақтарды да айналып өте қойған жоқ. Ауғанстан қазақтары 1980 жылдардан бастап босқын ретінде Пəкістан, Иран, Сауд Арабиясы жəне Түркия мемлекеттерін паналады. Олардың басым көпшілігі оқымысты маман болмағандықтан, тұрақтанған елдерде алыпсатарлық сауда, тігіншілік жəне аяқ киім жөндеу жұмыстарымен айналысып жүрді. Олар тігіншілік саласында Түркияда мемлекеттік экономикаға əсер етерліктей тері құрақтарынан күрте тігуді дамытты. Босқында жүрген олардың өмірі өте қиын болды. Барған елдің толықтай тілін меңгеру, заңдарына үйренісу, адамдарының мінез-құлқын тани білу, тіршілік қағидаларына қанық болу, тағы басқа қырларының байыбына бара білу оңайға соқпайтын. Босқында жүрген бауырларымыз тауқымет иірімінде жарқыраған үміт сəулесіне тап болды. Ол Қазақстанның тəуелсіз ел болғанын əлемге жариялау еді. Небір өмір азабын көрген олар елінің Тəуелсіздігін естігенде жүректері қуаныштан жарыла жаздады. Тəуелсіздік – философиялық, психологиялық, саяси

─ 17 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР мəні зор, қастерлі ұғым. Тəуелсіздік адамының адам болып өмір сүруіндегі жəне дүниеауи өмірден илаһи өмірге жету жолындағы негізгі фактор. Тəуелсіздік – ұлттық сананы жетілдіріп, ұлттық болмысты сақтап қала алатын басты қайнар. 1991 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияның Стамбул қаласында қазақ диаспора өкілдерімен кездесіп, оларды көшіріп алуға уəде еткендігі шетте жүрген диаспора қазақтарының жүректеріне мəңгі жасайтын бақыт сыйлады. Əсіресе, Ауғанстаннан босқын атауына ие болған қазақтардың келешек тағдырын біржолата айқындап берген сол күн – Тəуелсіздік ұғымының қаншалықты сүйкімді ұғым екендігін шеттегі қазақтарға дəлелдеді. Сол жылдың бір шырайлы күні Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Стамбул қаласының қақ ортасы Таксим алаңында орналасқан ҚазыАнтеп қонақ үйінің зəулім залында қазақ диаспорасының өкілдерін қабылдады. Сол кездесуде Елбасынан «Бірінші кезекте жедел түрде Ауғанстаннан Пəкістан, Иран, Сауд Арабиясында жəне Түркияда босқындар қатарында тұрып жатқан қазақ бауырларымызды елге қайтаруға қол ұшын беруді» өтіндік. Президент екі етпей өтінішімізді қабыл алды, əрі көпке созбай тəуелсіздігіміз жария болғаннан кейінгі аз уақытта босқын қазақтарды елден арнап жіберген ұшақтармен аталған мемлекеттерден атамекенге жеткізді. Бүгін таңда бір кездері тағдыр тəлкегіне түсіп, Ауғанстаннан пана тапқан қазақ бауырларымыз Жетісай, Түркістан, Шымкент, Алматы жəне Ақтөбе облысы, тағы басқа өңірлерде Отан құшағында еңбек етіп, ұрпақ жайып, бақытты болашағының іргетасын туған халқымен бірге қалап келе жатыр. Бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы Ресей, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түрікменстан, Тəжікстан, Қырғызстан, тағы басқа республикалардағы қазақтардың атамекенге оралуы онша қиын болған жоқ. Өйткені, орыс тілін үйреніп, саяси-қоғамдық ортақ ортаның ортақ психологиялық

─ 18 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ жүйесінде, құқықтық праволары бар азаматтары ретінде өсіп-өнді. Сондай-ақ, ашық шекаралары болғандықтан, оларға елге оралу жеңілдеу болды. Олар бар-жоғы жақын шетелдердің қазақтары деген атауға ие болды. Дегенмен, олар үшін Қазақстанның тəуелсіз ел болуы ерекше қуаныш болғаны рас. 1991-ші жылдың 16-шы желтоқсанында Қазақстан Тəуелсіздігін жариялаған күн Иран қазақтары үшін де Алланың берген үлкен сыйы іспеттес болды. Өйткені, соның арқасында Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында дипломатиялық байланыс орнатылды. Көпке ұзамай 1992-ші жылдың 29-қарашасында Иран Президентінің шақыруымен еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Иран еліне бірінші ресми сапары жүзеге асты. Аталған сапардың жанжақты игі табыстарының бірі – Елбасының сол кездегі Иран Президенті Əли Акбар Һашеми Рəфсəнжани мырзамен арасында болған əңгіменің қорытындысы ретінде Иран қазақтарының атажұртына өз қалауы бойынша еркін көше алатын келісімі еді. Бұл – Қазақ халқы үшін теңдесі жоқ табыс болды. Ол табысқа қазақтар Елбасының үлкен көрегенділігі мен парасаттылығының арқасында қол жеткізді. Соның нəтижесінде 1995-ші жылдың күзінде Иран қазақтарының алғашқы тобы Каспийдің Иран жағындағы Əнзəли портынан Қазақстан жағалауында орналасқан Ақтау қаласына кемемен жеткізілді. Бұл көшке сол кездегі Қазақстан Республикасының еңбек министрі Саят Бейсенов мырзаның ерен еңбегі сіңді. Адамзат өміріндегі əралуан тəжірибелерге қарап, психологиялық тəуелсіздікті сезе білген адам өмір жолында жаңа идеяларды, ірі жобаларды іске асыруға батыл кірісетінін аңғарасыз. Сондай-ақ, психологиялық тəуелсіздік адамның философиялық өрісін кеңейтіп, дүниетанымының кеңістігін айқындай түседі. Сол үшін тарихта, ғылымда, əдебиетте, өнерде шығармашылықпен айналысатын тұлғалардың материалдық, қоғамдық

─ 19 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР тəуелсіздігін қамтамасыз ете алған елдердің саяси билігі сол елдің қарыштап дамуына жол ашып берген. Есесіне, адамның психологиялық тəуелділігі оның құлдық психологиясын қалыптастырады. Адамзаттың өмір салты оның психологиялық ахуалына əсер ететіндіктен қазақ халқының көшпенділік табиғатына байланысты еркіндікке бейімділігі оның қоғамдық қатынастардағы заңдар мен ережелерге бағынуын кешеуілдетіп келе жатыр. Адам психология-сының өзіне тəн қоғамдық ережелерге тəуелді болуы да адамның еркіндік сүйгіштігімен үйлесуі керектігі анық. Адам психологиясының бұндай қайшылықтарын үйлестіру адам санасының кең өрісіне тікелей қатысы бар. Тарихи жазба деректерде «Қазақ» сөзі еркіндікті, азаттықты, тəуелсіздікті сүйген топтарға арнап айтылады. Сол себепті, кең далада еркін өмірді аңсаған түркінің түрлі ру-тайпалары топтаса бастап, халық сипатына лайық атала келе ұлт ретінде қалыптасты. Сондықтан тəуелсіздік ұғымы қазақ өмірінің салтымен ұштасқан, қайнасқан ұғым. Сол үшін 1991-ші жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Респуб-ликасының Тəуелсіздігін жариялау Қазақ тарихында оның ғасырлар бойы аңсаған саяси жеңісінің биік шыңы болып саналады. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының саяси тəуелсіздігі еліміздің саяси, экономикалық, ғылыми, тағы басқа салаларында айтарлықтай көптеген табыстарға қол жеткізуіне жол ашты. Соның бірі қазақ диаспорасы мен шетте қалған қандастардың рухани бірлігін қамтамасыз етумен бірге, оларды атамекенге көшіріп алу еді. 1992 жылы бүкіл əлемнен қазақ диаспорасының өкілдері дүниежүзі қазақтарының алғашқы Құрылтайында Алматы қаласында бас қосты. Артынша Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы мен Көші-қон Комитеті құрылды. Сонымен бірге, қазақтардың атамекеніне оралуына негіз қаланды. Осы тұста айтарымыз, Қазақ диаспорасының арасынан шетте жүріп, қазақтың салт-дəстүрін қорғаштап, олардың атамекеніне қайта оралу қажеттігін насихаттап, əрі атсалысып жүрген азамат-

─ 20 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ тар аз емес. Елде де, шетте де қазақтардың ахуалын, көшу тарихы мен мəдени жағдайын жазып жүрген ғалымдар мен қаламгерлер де баршылық. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте отырған талай шенеуніктер қатарында да жанашырлықпен қазақ диаспорасына қол ұшын беріп жүрген абзал жандар табылады.

─ 21 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ИРАН ҚАЗАҚТАРЫ (тұрмыс-тіршілігі, салт-дəстүрі) ИРАН ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ТАРИХЫНА КІРІСПЕ Ата-жұрттан шет елдерге əр түрлі себептермен кетіп, сонда өмір сүріп жатқан қазақтар əлемнің əр түкпірінен кездеседі. Солардың қатарында кеңестік жүйеде шаруаны ұжымдастыруды сылтауратып, елдің қолында бар малын тəркілеген солақай саясаттың кесірінен иран еліне көшкен қазақтар да болды. 1925 жылы салық қызметінің мəліметі бойынша Адай округінде 26 641 сиыр (бұл түлік негізінен, Тай сойған, Сағыз, Ойыл, Қазбек болыстарында) 62 278 жылқы, 103 364 түйе, 916 846 қой болған. Округтегі мал шаруашылығымен айналысқан шаруашылықтар шашыраңқы отырғанын ескерсек, бұл əрине, толық мəлімет емес, мал басы бұдан əлдеқайда көп болуы керек». Маңғыстау өңірі 1851 жылдардан бастап бірнеше рет табиғи жұтқа кіріптар болды. Ал, 1927-1929 жылдар аралығының өзінде екі рет жұттың кесірінен малдары қырылып қаңырап қалды. Табиғаттың қаталдығы аздай Маңғыстауда ірі байларды тəркілеу 1929 жылы басталды. Бұл бағыттағы жұмыстарды Қазақстан Өлкелік атқару комитеті мен Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 9-шы желтоқсандағы ауылдық кеңестерді қайта сайлау, байлар мал-мүлкін тəркілеу, кедей, жалшы топтарын құрып, малшыларды түгелдей колхоздарға ұйымдастыру жəне отырықшыландыру туралы міндеттерді атап көрсеткен 19 нұсқау хаты жеделдете түсті. Қазақ АКСР ОАК Төралқасының 1932 жыл 12-ші наурызындағы «Қазақ еңбекшілері шаруашылығының отырықшыландыру жоспары» туралы қаулысы бойынша Маңғыстауда сол жылы 400 шаруашылық қоныстанғанымен,

─ 22 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ бұрын көшпелі өмір кешіп, еркін жүрген елді бір жерге топтастыру көптеген қателіктермен жүргізілді. Байларды тəркілеу кезіндегі асыра сілтеу кесірінен орта шаруалар да бұл тізімге ілігіп кетті. Ел ішінде наразылық, аштық, қашу, малын айдап тұс-тұсқа көшу сияқты халықтың бой көрсету толқыны көбейді. Табиғат пен саясаттың қатігездігінен Маңғыстау өңірінде қаңыраған тұрғыны жоқ ауылдар пайда болды. Cондықтан үкімет шоши бастап 1935 жылы шекараларды тас бекітіп, Қазақстаннан тысқары жақтарға көшу, жаппай босқын-шылықты тоқтатты. Иран қазақтары 1929-1933 жылдар аралығындағы «Қызыл табан шұбырынды» кезінде Маңғыстаудан Түркіменстан топырағы арқылы Иран жеріне өтті. Қазақтар əуелі иранның солтүстік шекарасындағы шағын қала Гомишан жəне Саллақ ауылына барып табан тіреді. Гомишан мен Саллақтың тұрғындары түгелдей түркімендер болатын. Аталмыш мекендер Иранның солтүстік жəне солтүстік шығысындағы «Түркімен сахара» даласының батыс жағында орналасқан. Иранның Түркімен сахарасы ежелден түрікмендердің тұрағы, олардың саны туралы қазірге дейін нақты мəлімет айта алмаймыз. Бірақ, бір миллион төңірегінде халық саны бар деген ақпарат айтылады. Иранға көшкен қазақтарға бірде-бір жерге тұрақтап мекен ету оңай бола қойған жоқ. Өйткені əп-сəтте қазақтарға мал бағып, шаруамен айналысып, тіршілік етіп кетулері мүмкін болмады. Бірінші себебіиранның мемлекеттік парсы тілін білмеулері, екіншісіжаңа қоғамның тыныс-тіршілігімен таныс болмаулары, үшіншісіауа райының қолайсыздығынан тез арада ортаға бейімделіп кете алмаулары, төртіншісіолар əу-баста Сауд Арабиясындағы Мекке мен Мəдина қалаларына барып сонда тұруды армандағаны болды. Мекке қаласын армандаған қазақтар көптеген қиындықтарға төзіп, иранның солтүстігінен оның оңтүстігіндегі Парсы шығанағына дейін барған. Дəм-тұз тартпаған болар, ауа-райы бұзылып, борандатып, теңіз апталап толқып, борандатып тұрыпты. Парсы шығанағында босып жүрген қазақтар, жұмыстың жоқтығына

─ 23 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ұзақ уақыт шыдай алмай кері қайтуларына тура келді. Олар парсы тілін білмеген үшін іздеп жүріп түркі тілдес əзірилерді тауып, олардан иранның ауа-райы ерекшеліктерін, жолдарын біршама біліп алған. Сөйтіп, ылғалы аздау аймақты анықтап оңтүстіктегі Парсы шығанағынан қайтадан солтүстік бағытқа Систан мен Бəлучстан провинцияларынан өтіп, иранның шығысы мен шығыс солтүстігінде орналасқан Хорасан провинциясындағы Машһад, Семнан не Шаһруд қалаларының бірінде тұруды ұйғарып сол жаққа барған. Ондағы тұрғындардың барлығы парсы тілді, шийт мəзһабындағы ел екендігін білген қазақтар ол жерде олармен тез-арада тіл табысып кетулері мүмкін еместігін сезген. Содан барып, кеңесе отырып тілі бір, діні бір, ділі бір деген түрікмендерге жақын болайық деп қайта Түркімен сахараға оралды. Бұл ретте басында Бəндəр Түркімен шаһарына жақын Низамабад ауылына, Гүмбез Кавус қаласының өзен жағасындағы Шəйбойы ауылына тұрақтанды. Бірақ бір топ қазақтар парсылар тұратын аймақтарға көшті. Соның бір бөлігі Горган қаласының Əтрəкчал мен Сұлтанабад ауылдарының тұрғындары болды. Əйтсе де уақыт өте келе шаруашылығын дамыту үшін азын-аулақ малменен қоса егіншілікпен де айналысуларына тура келді. Соның арқасында ғана жаңа мекенде тұрмыс тапшылығынан аз да болса құтылғандай болды. Əйтеуір, қайыр тілеген жоқ. Əу-баста Иран шекарасынан шамамен бес жүз отбасы, кейбір айтуларға қарағанда, он мың отбасы өтіпті. Олар екінші рет Түркімен даласының маңына келгенде Горган қаласының Күрдкүй, Бəндəршаһ (1979 жылғы ислам төңкерісінен кейін Бəндəр-Түркімен деп аталған) қалалары маңайындағы түрлі жұмыстарға кірісті. Атап айтқанда Беһшаһар мен Бəндəршаһ қалалар арасында салынып жатқан трасса мен темір жол құрылысында жұмысшы болып еңбек етті. Қазақтар жол құрылысына, ғимарат салу жұмыстарына жұмсаған еңбектері үшін жергілікті халықтың алғысына бөленіп, Иран өкіметі тарапынан ерекше бағаланды. Алайда

─ 24 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ жұмыс қиынға соқты. Жаңа ортаның табиғатына да үйренісе алмай бастапқы жылдары қазақтар арасында өлім-жітім өте жоғары деңгейге жетті. Яғни əрбір он кісінің алтауы қазаға ұшырап жатты. Ақсақалдардың айтуына қарағанда, жас демей, кəрі демей адамдар жаппай безгек ауруына шалдығып, іші ісініп бірнеше күннен кейін қайтыс болатын. Біршама уақыт өткеннен кейін жаңа ортаға үйренісе алмай экология зардабына душар болды. Сөйтіп, қала төңірегіндегі жұмыстардан бас тартып Горган, Бəндəршаһ жəне Гүмбез-Қауыс қалаларына көшіп, бір жолата сол қалалардың шетінде шоғырланып «қазақ маһалле» ауылдарын құра бастады. Бүгін мыңдаған қазақтар ата мекенге оралғанымен ауылдардың саны аталған əр қалада екеуге жетті. Кейінгі жылдары аталған үш қала Мазандаран провинциясынан еншісін алып, Гүлстан провинциясы деп аталады. Жаңадан құрылған Гүлстан провинциясының орталық қаласы Горган шаһары болып бекітілді. Алайда қазақтардың енді-енді ес жиып, өмір мəнін сезе бастағандары көпке ұзамай жаңа бір пəлекеттің тығырығына шалдыққандарын сезді. Ол жаңа қоныста ер мен əйелдің бедеу болып қалуы еді. Осылайша күндер, айға, жылдарға ұласып, бес жылдан кейін əрең дегенде үміт сəулесі жарқырай бастады. Бірақ та дүниеге келген сəбилер шетінеп кететін болды. Үмітсіз шайтан демек, əйтеуір, он жыл өткен соң дүниеге келген сəбилер күнделікті тіршілікке дағдыланып, ата-ананың ұрпақты жалғастыру арманы іске асты. Қазақтар өмір мен өлім арасында арпалысып жүрген сол бір жылдары Мекке қаласын кие тұтып сонда барып орналасуды ұлы арманына айналдырған еді. Соның бір айғағы бір екі отбасы Байпақ Ескелді атаның басшылығымен 1941 жылдар шамасында Меккеге барып тұрақтады. Қазіргі кезде олардың ұрпақтары он шақты шаңырақ болып Меккеде тұрады. Арабия елінің азаматтары. Арабтармен де құдандаласып, жегжат болып кеткен. Байпақ қажы арман

─ 25 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР қаласы Меккеде қайтыс болса, туған інісі Ордабай Иранның Горган қаласында бізбен көрші тұрып, қартайған шағында сонда дүние салды. Ордабай ағаның Бəйділлə, Тойжан, Зейнеш, Қазжан, Айти атты екі ұл, үш қыздары менің туған бауырларымдай мен Қазақстанға кеткенге дейін тату-тəтті араласып, қуанған, мұңайған күндерді бірге өткіздік. Адамдар жүректері арқылы бір-бірін іздесе «тау тауға жетпейді, адам адамға жетеді» демек тағдыр жоғалған жандарды табыстырады. Қалай? 1960 жылдары Меккеге жету арманы тағы бір топты құбылаға беттеуге итермелейді. Ораз Олжасы Жеменей мен Сүйеп Алтын Жаппас, Бердəулет Жаман Адай ағалар араб еліне сапар шегеді. Бірақ оған жетпей Иорданияда(Үрдін) қоныс тебуге мəжбүр болады. Ораз ағаның үш ұлы болады. Салық пен Аллаберген жəне Сапар. Ораз аға ондаған жыл бойы Иорданияда (Үрдін) тұрды. Балалары ер жетті. Сосын жалғыз екенін сезіп, ағайын іздеді. Үлкен ұлы Салыққа құда түскісі келді, бір ғажабы Алла бізге көрші Ордабай ағамен құдандаласуды жазды. Ордабайдың Зейнеш деген қызына құда түсті. Зейнеш он тоғыз жасында келін болып Иорданияға аттанды. Салық пен Зейнеш Йорданияда жаңа шаңырақ тігіп, тату-тəтті отбасылық өмір бастады. Үш ұл мен үш қыздың ата-анасы атанды. Қазіргі кезде Салықтың барлық отбасы мүшелері Түркия азаматтары, Стамбул шаһарында тұрады. Меһмет атты ұлы Қазақстанда Түркістан қаласындағы Қ. А. Яссауи атындағы Халық-аралық қазақтүрік университетінің заң факультетін бітірген. Сонда оқып жүріп, келешек жарын тапты. Ол дəрігерлік салада оқыған қызымыз Венера. Көңілі жарас-қан екі жас үйленіп, Түркияға аттанды. Қазіргі кезде Стамбулда жеке шаңырақ құрып, өз салалары бойынша тіршілік етіп жүр. Салық қызы Фатима болса ұшақта жол серігі болып жұмыс істейді. Ораздың екінші ұлы Аллабергеннің жұмыс орны Сирияның астанасы Шам (Дамаск) шаһарында болған. Өкініштісі Сириядағы саяси қақтығыстардан туындаған қиындықтарға төзе алмай үйін, жұмыс орнын тəрк етіп, зайыбымен Стамбулдағы

─ 26 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Салық ағасының жанына тұрақтауға мəжбүр болған. Ораздың кенже ұлы Сапар еті тірі, өмірге құштар болса да тағдырдың жазмышынан құтыла алмай отыз бес жас шамасында 1995 жылы жол апатынан қаза тапты, артында бір ұл, бір қыз қалды. Сапардың ұлы Білəл 23 жаста Йорданияда жұмыс істейді, қызы анасымен бірге Антакия қаласында тұрады. Нағашы анасы мен нағашы апасы төрт мүшесі бар қазақтың аталған қаладағы жалғыз шаңырағы. Ораз ата 95 жасында бес-алты жыл бұрын Стамбулда қайтыс болды. Қай арманына жетті екен қария? Ораз қариялар мұсылман елдерде тұрып жатқаны жұбаныш болса да көңілдерінің түбінде тегін іздеген түйсік елін сағындырмай қоймайды. Ұлттық тұғырдан өмірге көз жүгірткенде жалғыздық сезім бойларын билеп кететін сəттер аз болған жоқ. Сол үшін Ораз қария ұрпақтары өздерінің туған халқының тамырынан ажырап қалмасын деген оймен шет жүргенде фамилиясын «қазақ» деп қойды. Ата мекен тəуелсіз ел болып ту көтерген жылы шет ел қазақтары ғаріп халден шықты. Өздерін əлемдегі азат елдердің қатарында сап түзегенін терең сезінді. Өйткені олар шетте жүріп, азат ел болу не екенін өмір жолдарынан тəжірибе еткен жандар еді. Тəуелсіздіктен кейінгі жылдар туған халқының тілі мен діні жаудың соққыларынан əбден жарақаттанып, күйзеліске ұшырағанын байқағанда өкініш те өзектерін өртегені шындық. Елін аңсаған жандардың жалғыздық түйсігі бара-бара сергелдең сезімдердің шырмауына түсіп, азапты күй кеше бастағанда көңілдеріне дауа болатын өрелі жандар ата-жұрттан түрлі мақсаттармен саяхатқа барып, алдарынан шығып тұрды. Сондай күй-жағдайды басынан кешіріп жүріп, ата-мекеннен барған ағайындармен кездесіп, олармен жүздесуді, елді аңсаған көңіліне демеу тұтып жүрген жандардың біріСалық Қазақ. Салық Қазақ жастайынан Иорданияда тұрған. Оншақты жыл бұрын тəуелсіз Қазақстан елінен бір топ делегат аталған елдің астанасы Амман қаласына барғанда Салықпен кездесіп қалған. Солардың арасында қазақтың қадірлі ақыны Ғалым Жайлыбай да болған. Салық пен Зейнеш Ғалымды айрықша бір көңілмен сүйсіне

─ 27 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР еске алып,онымен бауыр басып дос болғандарын айтып отырады. Елге барсақ пана болар таудай бауырларымыз бар деп мəз болады. Менен «сен Ғалымды білесіз бе?» деп сұрайды. Мен де «əрине, білемін. Еліміздің елеулі ақын азаматы, оның жүрегіне барлық қазақ сияды, жаны барлық қазаққа шапағат нұрын шаша алатындай пəк» деймін. Олар жауабыма сəбише қуанады. Сосын « Ислам, білесің бе? Ғалымның бізді жақсы көретіні соншалық, ол қонақ үйде өзіне арналған орын бола тұра біздің үйде қонады» деп шаттанады. Əрі « осы Стамбулға көшкенімізде де бізге келіп кетті. Қазақтың өнерпаз күйшіəншілерімен келіп, сағыныш мауқымызды басты, біз елге оралғанда жалғыз емеспіз» деп қуаныш самалымен желпінеді. Мен кейін Ғалым Жайлыбайдың «Тобылғыжарған» атты өлең жинағында Салық Қазаққа «Аммандағы Адайларға» деген арнау өлеңін оқығанда Салық пен Зейнештің Ғалымға деген сүйіспеншілік сезімін біршама ұға білгендей болдым.

─ 28 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ АММАНДАҒЫ АДАЙЛАР (Салық Қазаққа) Тағдырымның бар шығар бір білгені, Жиі есіме түседі бұл күндері. Жылап аққан жылғадай жырдың легі, Аммандағы Адайлар, Үрдіндегі. Тірлігінің мəн іздеп астарынан, Тербейтіндей тереңін басқа бір əн. Ей, қағынан безінген қасқа құлан, Аптап іштік Амманның аспанынан. Ата жұртта аңсары,

алаңдары, Арман айтты аңырап маған бəрі... Қос үй қазақ қос тіккен Аммандағы Қос қарашық секілді жанардағы. Тамылжытып таңдарын тамыз майда, Ақтарылған ақ түндер аңыздай ма, Көздің жасын көлдетіп ағызбай ма? Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда?.. Сенде де ерік жоқ, бауыр, менде де ерік, Теңдеспеспін теңіңді теңге беріп. Күндерімнің көшіне келгем еріп, Дөңгелек жер бетімен дөңгеленіп... Үмітіңді үйірсе талай құйын, Қазақ болып туғанға қалай қиын?! Шуаққа үйің шомылып, арайға-үйің, ─ 29 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Айдын кешіп, айға ұштық Үнтаспадан Айгүл шерткен аялап «Адай» күйін. ...Елге қайтам, Ел-Анам, кием-Дала,

Иордания! Қиян шет, иен дала, Жарболады Жаратқан Иең ғана. Алты қазақ Амманда жылап қалды: - Хабар алып тұршы,- деп,- жиен бала... Тағдырымның бар шығар шын білгені, Жырақтарда жылытты жырдың лебі. Аммандағы Адайлар, Үрдіндегі Жиі есіме түседі бұл күндері, Іздеп келсе тойлар ем, шіркін, мені!.. Ираннан Меккені аңсап Иорданияға (Үрдін) қоныс тепкен Сүйеп Алтын Жаппас дүние салған соң əулеттері сол елде өмір кешіп келеді. Бердəулет Жаман Адай қазіргі кезде өзі Түркияда ал, əулеттері болса Иордания (Үрдін) мен Қазақстанда тұрады. Кеңес зұлматы қазақтарды тамырынан жұлып тарыдай бүкіл əлемге шашты, қасірет пен сағынышқа буды. Иран мемлекеті қазақтар көшкен 1929-1933 жылдары дүниежүзілік екінші соғыстың қарсаңында саясиэкономикалық шиленісті жағдайда болды. Өйткені бұл жылдары əлем елдерінің саяси-экономикалық бағытына ықпал етуші Америка, Еуропада Германия сынды ұлы державалар пайда болды. Бұл құбылыс кеңестік жаңа күштің белсендігінің арта түскен кезеңімен тұспа тұс келген-ді. Иранның мұнай мен қазба байлықтарымен қоса таяу шығыста стратегиялық ерекше орынға ие мемлекет болғандықтан жаңа ұлы державалардың кез-келгені Иран

─ 30 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ саясатына ықпал жасауға мүдделі еді. Сондықтан сырт күштер белгілі дəрежеде Иранның ішкі істеріне араласуды көздеді. Отаршыл күштерінің кəрі қасқыры атанып жүрген Ұлыбритания Реза Пəһлевиді қолдаса, Кеңес үкіметі Иранның коммунистік «туде» партиясының көсемдерін қолдағандықтан Иранның ішкі саясатына араласа бастады. Коммунист еліне қарсы Иранның діншіл жəне ұлтшыл саяси топтары саяси жəне қарулы іс-əрекеттерімен де Иранды сыртқы күштердің ықпалынан аман сақтап қалуды көздеді. Мəселен Иранның ормандық қозғалысының саяси бағыты: «Біз ең бірінші, Иран мемлекетінің тəуелсіздігін жақтаймыз. Ешбір шетелдіктер араласпайтындай нағыз еркіндікті көздейміз. Мемлекетке реформа жасап, парақорлықты жоюды мақсат етеміз. Өйткені, елдегі барлық пəле осы парақорлықта жатыр. Біз барлық мұсылмандардың бірігуін жақтаймыз. Осы идеяға барлық ирандықтардың бірігуін сұраймыз» деп саяси мақсатын анықтап жариялаған болатын. Сыртқы күштердің Иранның ішкі саясатына араласуы иранның ішкі саяси ахуалын шиеленістіріп, экономикалық жағдайын дағдарысқа итермелеп отырды. Сондықтан елдің қоғамдық қатынастарының тұрақтылығы бұзылған-ды. Бірақ та, Иран мұсылман елі болғандықтан белгілі дəрежеде имандылық адамдарды рухани дағдарыстан сақтай білді. Сондықтан қоғамдағы азаматтар арасындағы қақтығыстар мен келіспеушіліктер көбінесе иманды жандардың араласуының арқасында тиісті шешімін тауып тұрды. Иран жерінде біршама тұрақтап, табан тіреген соң тұрмыс-тіршіліктері оңай болмай тұрса да қариялардың ойында мұсылмандық парыз ғибадаттарын өтеу болды. Олар əуелбастан намаз оқып, ораза ұстап əр түрлі ислам дініне тиісті міндеттерін барынша орындап жүрді. Сондай табандылықтың арқасында Бəндəршаһ қаласының оңтүстік қазақ махалласында 1950 жылдары марқұм Самарқан Ахунд Бəлидің бастамасымен көпшіліктің арқасында мешіт салынды. Бұл қазақтардың алғашқы Сұнни Хəнəфи Мəзһабы мешіті болды. Мешіт оның тұңғыш бас имамы

─ 31 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Самарқан Ахундтың есімімен аталды. Қазірге дейін аталмыш мешіт ғимараты мұсылман қауымға қызмет көрсетіп келе жатар. Кейінгі жылдар Бəндəр-Түркімен, Горган, Гүмбез-Қауыс үш қаладағы алты қазақ ауылында бірекіден мұсылман сұннилерге арналған мешіттер қазақ қауымының қаржысымен салынды. Себебі үлкендер мешіт имандылықпен қатар ата-бабаларымыздың дінін сақтап қалуға үлкен роль атқаратынын ұдайы ескеріп жүретін. Кəриялар ұрпақтарына ата дініңізді біліп жүріңіз деген ниетпен Горган қаласындағы мешітті «Əбуханифа» мешіті деп атады. Қазақтар Бəндəр Түркімен мен Гүмбəз Кавус қалаларында өлгендерін түрікмен бауырларының ортақ мазарына жерлеп жүрді. Ал, Горган парсылардың шийт мəзһабты қаласы болғандықтан шаһардың бір шетінде қазақ мархұрдарына мазар арналған болатын. Кейінгі жылдары қаланың өсуіне байланысты мазар жасыл алаңға айналып онда жерлеу тоқтатылды. Содан шамамен 1980 жылдардан кейін түркімен сахарасының қақпасы тəрізді «Ақ қала» қаласымен БəндəрТүркімен қаласы арасындағы трасса бойында орналасқан Қожа Баһаеддин мазарында түркімен бауарлардың мəйітімен бірге жерлейтін болды. Түркімен мен қазақтар мұсылман сұнни ханафи болғандықтан жерлеу шаралары құран оқу, жаназа намаз оқу, садақа беру сияқты рəсімдерін ортақтаса атқарады. Иран қазақтары ата мекеннен көшкеннен кейін, алғаш рет елдегі қазақ бауырларымен 2-ші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан кезінде көрген. Қариялардың айтуына қарағанда соғыстың тағдырын шешуге əлемнің үш ұлы державасы АҚШ, Британия мен Кеңес одағының басшылары Рузвельт, Черчилл жəне Сталин қатысқан 28 қараша 1943 жылындағы əйгілі Теһран конференциясы қарсаңында Иранға кеңес үкіметі қызыл əскерін кіргізді. Олардың ішінде қазақ офицерлері мен солдаттары бар екен. Елді аңсап, алыстағы ағайынның дидарын сағынған Иран қазақтары жауынгер бауырларымен кездейсоқ кездесіп, əкелерін көргендей

─ 32 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ қуанып, аз да болса туған елдің хабарын біліп, бір жасап қалыпты. Қазақ офицерлері олардың үйіне қонаққа барып, Иран қазақтарының хал-ахуалын сұрастырып білгеннен соң қажетті көмекті көрсеткен. Мəселен олардың азық-түлікпен қамтамасыз еткендерін, қазақтарды қорлағысы келіп жүрген кейбір дөрекі адамдарды да сабасына түсірген қызық жайыттарын ерекше күймен əңгімелеп беретін үлкендер. Сондықтан, сол бір шуақты күндерді Иран қазақтары көп жылдары естеріне сақтап, кейінгі ұрпаққа айтып жүрді. Үлкендеріміз қазақ офицерлерін естен кетпес күндердің бейне бір қаһармандарындай бертінге дейін аңыз қып айтып жүретін. Əрине, олардың ойында ешқандай саяси немесе еларалық құқықтық астар болған жоқ. Тек қана туған елге деген сағыныш-аңсаулары болған. Иран қазақтары бастапқы жылдары тек күнкөрістің ғана қамымен жүрді. Бір жапырақ нан үшін тіршілік етті. Сондықтан жағдайы жоқ кісінің білім-ғылым, мəдениетпен шұғылдануға мұршасы келмейтіні бесенеден белгілі. Жасыратыны жоқ, Иран қазақтары балаларын 1950 жылдарға дейін мектепке беруге шамалары келмеді. Сауаттарын аша алмады. Тек 1950-ші жылдардан кейін есін жиып, əр түрлі жұмыстарға мамандана бастады. Соның ішінде көбінесі машина жөндеу, құрылыс, көпір салу, жүк тасымал саласымен айналысты. Ал, шағын бір топ егін шаруашылығымен де шұғылданып жүрді. Қазақтар трактор, комбайн, жүк машиналарын жөндеуде мықты шебер, білгір мамандар ретінде аймақта алғашқылар болып танылғанын жергілікті халықтың үлкендері жақсы білетін. Сол үшін олар қазақтарды ерекше сыйлап жүрді. Аймақта жүк тасымал жұмыстарының негізін қалаған ел ішінде «үш ағайынды» деген атпен бегілі болған Ақмұрат Бəйбіше, Балмұқан Көрпе, Қосай Кедей ақсақалдар болды. Горган мен Бəндер-Түркімен қалаларындағы жүк тасу синдикат-тарын алғаш болып ашқан да қазақтар болды. Горган қаласының Синдикатының төрағасы болып ұзақ жылдар қазақ жігіттері басқарды. Соның бірі Аюб Көрпе

─ 33 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР болатын. Аталған синдикатта қазақтардың 16, не 24 тонналық ауыр жүк таситын машиналары тізіліп тұратын. Өйткені қазақтардың елу пайыздан аса азаматтары тасымал сала-сымен айналысып жүрген. Қазірге кезде жастар жоғары білім алуға көбірек көңіл бөліп жүр. Иран қазақтарының екінші рет ата мекеннің шарапатына бөленген кезі 1968 жылғы ойда жоқта болған оқиға болатын. Сол жылы сол кездегі Иранның патшасы Мұхаммед Реза Пəһлевидің Кенестік Қазақстанға сапары кезінде, Алматы қаласында руспубликаның бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаевтың арнайы қонағы болғаны белгілі. Иран патшасы Димекеңнің қонақжайлылығына риза болғандықтан оны Иран еліне қонақ болып қайтуға шақырған. Бірақ Димекең біздің Иранға баруымыз екі талай, өйткені бұл мəселенің шешімі Мəскеудің қолында екенін ескертеді. Əңгіме барысында Дінмұхаммед Қонаев Иран шаһынан қазақтардың жайкүйін сұрайды. Иран патшасы күтпеген сұраққа : Қазақтар туралы ешқандай мағлұматының жоқтығын айтып, еліне оралған сəтте Иран қазақтарының жəй-күйін білуге уəде береді. Дінмұхаммед Қонаев болса Ирандағы бауырларына сəлем жолдап, патшадан оларға оң көзбен қарауын өтінеді. Иран патшасы елден орала сала қазақтардың тез арада мекен-жайын анықтауды тапсырған. Сөйтіп, Мұхаммед Реза Пəһлевидің Дінмұхаммед Қонаевпен кездесуі, оның алыста жүрген бауырларына ағалық сəлемі баспасөз беттерінде толық жарияланып, Ақсақалдарды патша сарайына шақыру хат та дер кезінде келді. Сол кездегі қазақ қауымы ақсақалдар төралқасының төрағасы Ақмолда Талиб-ол-ілім бастаған бір топ қария Теһрандағы «Ниявəран» атты патша сарай-ында оның қабылдауында болады. Патшаның ілтипатына бөлінген олар патшаны отбасымен қазақ ауылына қонақ болуға шақырады. Патшаның зайыбы Мəлике Фəрəһ қазақтардың имам Əбу-Ханифа атындағы Горган қала-сында жаңадан салынған мешітіне кіріп, иран кілемін патшаның атынан тарту етеді. Сол кілем соңғы бір-екі жылға дейін аталмыш мешіттің төрінде төсеулі тұрды. Қырық жылға жуық

─ 34 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ мешіттің ғибадат етушілеріне қызмет жасаған кілем əбден тозығы жетіп қолданыстан шықты. Аталмыш оқиғалар қазақтарға жаңа бір серпіліс берді. Ақсақалдар қала, аймақ тіпті мемлекеттік шенеуніктердің көзіне ілініп, олардың ілтипатына бөлене бастады. Қазақтың аурушаң екі ұл-қызы қаражаттың жоқтығынан ем алуға дəрменсіз болып жүрген жерінен тегін емделуге жолдама алды. Азаматтық ала-аламай жүргендердің ісі жеделдетіліп азаматтық куəлікке қол жеткізді. Қазақтарға жер бөлінді. Қазақтардың жер шаруашылығымен айналысуына жол ашылды. Бай-ауқатты отбасылар көбейді. Жоғарғы оқу орындарына түсуге жаңа бір талпыныс пайда болды. Əйтеуір, Димекенің жалынды жүрегінің лебі Иран қазақтарының мерейін аспанға көтерді. Бұл 1970 жылдың табалдырығын аттар алдындағы елдің еңсесін көтерудегі жаңа баспалдақ еді. Горган радиосының түркімен тілінде жарияланатын бөлімінде күнде жарым сағат қазақ əндерін əуе толқынына жібере бастады. Темірбай, Емберген, Қожаназар, Қайырбай, Жаңбыр тағы басқалардың орындаған əндері сонда жазулы тұр. 1970 жылдары орта мектеп түлектері алғаш рет жоғары оқу орнына түсуге дайындық үстінде болды. Қай жерде тұрсаң сол жердің жыртысын жыртасың демекші, Иран қазақтары, Иран мемлекетінің ішкі тіршілігіне етене араласып, олардың мəдениетіне бір кісідей еңбек сіңіріп, өз үлестерін шама-шарықтары жеткенше қосып отырды. Жастардың ғылым, білімге ден қойып, спорт саласына бет бұруы елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Мəселен, Қайырбай Жеменей ауыр атлетикадан облыстық жəне республикалық денгейде көптеген жылдар бойы жүлделі орынға ие болса, Əшім Жеменей гимнастика саласында бірнеше жүлде алып, республикада мəшһүр болды. Əбубəкір Павиз женіл атлетиканың əр түрлі саласы бойынша (найза, дискі лақтыру т.б.) республикалық оқушылар жарыстарында 6 алтын медаль алды. Олардың ізбасары Сафура Жеменей гимнастикадан республикалық оқушылар сайысында үшінші орын-

─ 35 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ды иеленді. Кейінгі жылдары Маржан Жеменей шахматтан республикалық оқушылар арасындағы жарыста үшінші орынға шықты. Қазақ футбол командасы өз еркімен екі миллион халқы бар Мазандаран провинциясының Горган ауданында үлкен жетістіктермен елдің сүйікті командасына айналған болатын. Бұған талай рет аудан, аймақ көлемінде жүлделі орын алуы нақты дəлел. Қарны тойып, есін жиған ел тойдуманды дүркіретіп өткізетін халге де жетті. Бірнеше тəулікке созылған тойлардың ажарын кіргізетін Қожаназар, Темірбай, Дəстен, Емберген (марқұмдар), Жаңбыр, Шомақ сияқты санаулы əнші-күйшілер тойдың шырқын келтіріп, жатта жүрген қазағының тілі мен діліне əр беріп жүрді. Осы жылдары қазақ қыздарының біразы мектепке бара бастады. Кеңестік Қазақстаннан «Қыз-Жібек», «Транссібір экспресі», «Көксерек» фильмдері қойылып, араб əрпімен Міржақып Дулаттың «Оян, қазақ» кітабы, М.Əуезовтің «Қараш-қараш», Т.Ахтановтың «Боран», Ш.Айтматовтың «Жəмила», «Ақ кеме», «Ананың хикаясы», «Ғасырдан да ұзақ күн» енбектері парсы тілінде кітапхана сөрелерінде түсе бастады. Сондай-ақ «Дос-Мұқасан» тобының орындап жүрген əндері 1980 жылдардан кейін Иран қазақтарына жетті. Олардың əндері көп сұранысқа ие болып, күй таспаға жазылып, əн сүйер қауымның сұранысын қанағаттандырды. Иран қазақтарының ата мекенмен байланысының ең маңызды кезеңі 1977 жылдан кейін басталды. Өйткені «Біздің Отан», кейін «Шалқар» қазір «Шалқар-2»деген атаумен шығатын газет қолдарына тие бастады. Осы газет арқылы біз елдің мəдени-əдеби тыныс-тіршілігімен танысып жүрдік. Кейінгі жылдары Роза Рымбаева да əншілік өнерімен қатар қарапайым, адамгершілік қасиетімен де шетелдегі бауырларына кеңінен таныла бастады. Мұндай мысалдар жеткілікті. Оның бəріне мұрындық болып жүрген Қазақстанның «Отан» қоғамына басшылық еткен Шəнгерей Жəнібеков ағамыз бен қоғамдағы нар тұлға қызметкерлерінің арқасында іске

─ 36 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ асып жатты. Тəуелсіздігімізге қол жеткізген соң «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» заңды мұрагері ретінде шетелдегі бауырларымен қоғамдық-мəдени байланыс жасау міндетін өз мойынына алды. Иран қазақтары барша мұсылман қауымы тəрізді Наурыз мейрамын ұлттық мереке ретінде тойласа, құрбан айт пен ораза айтты діни мейрам деп біледі. Қазақи салтты бұрынғыдан əрі күшейтпесе, əлсіретпей жалғастырып келеді. Мəселен, азан айтып ат қою, кіндік шеше рəсімін жасау, шілдехана өткізу, тұсау кесу, құда түсіп қыз айттыру, қалыңмал беру, құдаға ұн себу, ақ қалта, ала қалта тасу, қыз ұзату, күйеу той, неке қию, келін түсіру тойы, жеңгейлердің жаңа жұбайларға қол ұстатар түні рəсімін жасау, жасау беру, беташар, келіннің қолынан шəй ішу, көрімдік беру, т.с.с. тізіліп жатқан рəсімдерді атап айтуға болады. Есін жиған елдің зиялылары газет-журнал, кітап оқуға ден қойып, ата-бабадан естіген əр қилы əңгімелерін енді карталардан, кинолардан, көріп қоймай, ата-мекенге барып көру, тіпті ата-мекенге оралу деген ойлар əңгімелеріне тиек болып жүрді. Елге оралмас бұрын қиялымызда жүрген қазақтың кең даласын алғаш кинодан көрдік. Оның бірі «Қыз-Жібек», екіншісі «Транссібір экспресі» фильмі еді. Төлеген ат үстінде келе жатып айтатын «Ақ Жайық» əні біздің сағынышымызды одан əрі үдете түсті . Ал «Транссібірдің» соңғы көрінісінде кейіпкер Чекист Шадияровтың (артист Асанəлі Əшімов) отбасымен кең далаға бет алуы ғажап сахна еді. Сол жылдан бастап Сағыныш əндері жырлана бастады. Қазақ қай жерде жүрсе де ата мекенге деген сағынышы толастамай, қайта арта түседі. Бұл жағдай барлық қазақтар үшін ортақ күй екені де мəлім. Бастапқы кезде жергілікті тұрғындармен тіл табысып кету кімге де болса қиын соғары анық. Əсіресе, жаңа мекеннің тұрғындарының салт-дəстүрін, дінін, тілін бірден меңгеріп кету үшін бірнеше жылдаған уақыт керек. Уақыт өте келе олардың тілін меңгерулеріне тура келеді. Мұндай жағдайда шетте жүрген əрбір қазақ,

─ 37 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР шерменде күй кешіп, қилы-қилы заманды басынан өткізіп жүрулеріне тура келді. Заманның əр қилы қиындықтарына тап болып жүрсе де күнделікті тіршілік қамын ойластырып, ақылдаса отырып, болашақ өмірлеріне жол ашып, артта өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақтарын əр сəтте төніп тұратын қауіпқатерлерден сақтап, Тəңірге күніне мың қайтара сыйына отырып, қол жеткізді. Ұрпақтарының ұлттық болмысын сақтап қалуға «Ақсақалдық» дəстүр əжептəуір көмектесті. Қазақтар арасындағы түрлі дау-думай əрі қазақ пен өзге ұлт өкілдері арасында орын алған төбелестер көбінесе Ақсақалдардың пəтуасымен аяқталатын еді. Қазіргі кезде қоғамдық істерге араласып жүрген ақсақалдардың да қатары сирей түскен. Соңғылары да бұл өмірмен қоштасты. : Нұрымшат Кенжеқара (1909-1994ж), Ақмұрат Рақбайұлы (1923-2004), Өтеміс Құнанорыс (1921-2007), Шарғи Көрпе (1921-2007) қажылар. Иран қазақтары арасынан егін шаруашылықпен айналысқан санаулы адамдар болды. Олардың қатарында көш бастаған Рақбай Екібайұлы, Ақмұрат Рақбайұлы, Қажы Ерқасым, Қажы Нұрқожа мен бауырлары, Қажы Ескендір, Шуақ қажы сияқтыларды атауға болады. Олар əлеуметтікэкономикалық тұрғыдан Иран қоғамында ауқатты орта буын өкілдері болып саналатын. Қоғамда да əжептəуір абырой, беделге ие болған жандар. Сондықтан Иран қазақтары көптің қатарында құрылыс, техникалық мамандықтарынан ажырап пайдалана алмай жеңіл-желпі сауда-саттыққа бет бұрды. Əйелдері де амалсыздан біршама мұндай алып-сату саудасына үйренісе жүріп үйір болды. Қажырлы еңбектердің арқасында, жергілікті тұрғындармен терезесін теңестіріп, Иран мемлекетінің азаматы ретінде толық мүшесіне айнала білді. Жергілікті тұрғындар нені кəсіп етсе, қазақтар да соған ыңғайланып, кəсіптерін жетілдіре түсті. Жат жерде қаншалықты төбеңнен алтын құйып, үлде мен бүлдеге ораса да, бəрібір туған жерге деген

─ 38 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ ықыластары мен сүйіспеншіліктері, сағыныштары мен қауышуға арман-тілегі бір сəтте толастаған емес. Тойтомалақ жиындарда сағыныштарын ортаға салып, газетжурналдардан оқығандарын, естіп білгендерін əңгімеге арқау етіп жүретін. Қазақтың жыр дастандарын жаттап, той мəжілістерде орындап жүретін. 1980 жылдары Хаким Түгелбайұлы мен Хаким Ақмұратұлы бірлесе отырып, «Қобыланды», «Қыз Жібек» жырларын жаттап жырлап шыққанда тыңдармандарын тамсандыра қазақтың ұлттық өнеріне тəнті етіп жүрді. Қазіргі кезде бұл дəстүр де жоғалып кетті. 1979 жылдың 11-ші қаңтарында Иран Ислам Революциясы Имам Хомейнидің жетекшілігімен жеңіске жетіп, Мұхаммед Реза Пəһлевиді патшалық тағынан тайдырды. Мұхаммед Реза Пəһлеви Иран патшалығының 2500 жылдығын тойлап, иран күнтізбесін соған сəйкестендіріп шығарған еді. Иран елінің соңғы патшалары болып Пəһлеви əулеттері, яғни Реза шаһ (1921-1941) жəне оның ұлы Мұхаммед Реза шаһ (1941-1979) билік құрды. Екеуіне де өлген соң отан топырағы бұйырмай, шет елдерде өлді. Реза шаһ Африка құрлығында Мадагаскарда қайтыс болды, ал Мұхаммед Реза шаһ Мысыр елінде жерленді. Осылайша Иранда патшалық жүйе республикалық жүйеге көшті. 1980 жылдардан бастап Иран қазақтарының жұмыс жүйесі өзгерді. Оған иранның жаңа саяси жүйесі əсер етті. Өйткені қоғамның мəдени өмірі діни бағытқа бет бұрды. Елдің ішкі саяси ахуалы өзгеріске ұшырады. Ирак елімен сегіз жылға созылған кескілескен соғыс (1980-1988) басталып, соның салдарынан көптеген саяси-экономикалық, əлеуметтік қиындықтар туындады. Соның бір-ақ мысалы Ирандағы университеттерде сабақ беру тоқтатылып, талапкерлерді қабылдау төрт жылға мүлдем тоқтатылды. Оның тауқыметін Иран қазақтары жергілікті халықпен бірге көтерді. Туған елін қорғауға қазақ жігіттері əскер қатарында болсын, шайқас майданында болсын, жауынгерлік міндетін атқарды. Қайтсе де сол жылдары иран халқы үшін өте ауыр

─ 39 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР кезең болды. Мыңдаған адам жараланса, мыңдаған батыр шəһид кетті. Көптеген қалалар жермен-жексен болды. Алайда Иранның мұсылман, отан сүйгіш, ер жүрек халқы соғыс біткен соң тез арада қалаларын қалпына келтірді, жаңа өндіріс орындарын ашып, ел экономикасын көтерді. Бірақ та ирандағы қазақтар үшін аталған соғыс жылдары шаруа жағынан да, білім алу жағынан да тоқырау жылдар болды. Аталған кезеңге қоса Кеңес Одағының күйреуі, Қазақстанның тəуелсіз ел болуы иран қазақтарын чамадан үстінде отырған жолаушыға айналдырды. Иран қазақтары сондай ауыр жағдайдан тек қана кейінгі жылдары ес жиып, жаңа өмір белесіне бейімделе бастады. Мемлекет тағдырына салмағы жоқ саны аз ұлт өкілдеріне мемлекеттердің саяси-экономикалық толқын-дары жергілікті халықпен салыстырғанда еселеп пайда не зиян келтіреді. 1980-1990 жылдары Иран, Түркия, Ауғаныстан, Сауд Арабиясы, Пəкістан, Еуропа елдеріндегі қазақтар бірбірімен тығыз байланыса бастады. Кеңестік Қазақстандағы 1986 жылғы жастардың желтоқсан қозғалысы, одақтағы қайта құру серпілісі – бəрі шетел қазақтарын жаңаша ойлауға алып келді. Ол – ата-мекенге оралу еді. Аталмыш елдерде мүмкіндігінше жаңадан ресми-бейресми қоғамдар, ұйымдар не басқосулар жиіледі. Əңгіменің түйіні бір-ақ нəрсе – барлық жерде қазақ салтын жаңарту, сонымен қатар ата мекенмен байланысты күшейту жолдарын қарастыру болды. Қазақтар үшін 2000-шы жыл өмірлерінің жаңа өрісіне бастау болды. Өйткені жиырма жыл тоқырауға себеп болған Иран мен Ирак соғысының зардабы жəне ата мекенге көшемін деген ойының аласұрған алаңынан құтыла бастап жаңа өмір жолына түсе бастады. Жаңа бағытта біріншіденИран елінің жоғарғы оқу орындарында қазақтың жүздеген ұл-қыздары заманаға сай түрлі мамандықтар математика, компьютер, ауыл шаруашылығы, экономика, педагогика, қоғамдық білімдер, басқару мамандығы, кеме инженері, əдебиет, статистика, техника саласының бағыттарында

─ 40 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ оқуға кірісті. Олардың алдыңғы тобы қазіргі кезде жаңа көзқарастағы жаңа буынды қалыптастырып келе жатыр. Солардың бір легі мемлекеттің əр түрлі салаларында аймақтық басқару деңгейінде жұмыс істеп ел абыройына бөленіп жүр. Екіншіден-Ата мекенге оралған қазақтар да осы қоғамға бейімделіп, орнықты өмір жолын сан-салада жалғастырып келеді. Ендігі маңызды мəселе – тіл мəселесі. Өйткені иран қазақтарының ана тілінің ахуалы да мəз емес. Ал, ираннан елге оралғандарының ана тілі дамып келе жатыр. Тіпті осында дүниеге келген балалар парсы тілін білмейді. Сондықтан олар иранда қалып қалған ағайындарымен түсінісіп тілдесе алмайды. Тілдерінің өзгешелігіне қарай психологиялары да түрленіп барады. Сол үшін шет елдердегі қазақтардың ұлттық болмысын сақтап қалу үшін шет ағайындардың қазақ тілін үйрену үшін интернат типіндегі тұрақты жəне мерзімдік тіл үйрететін мектеп ашып, диаспора балаларын, жастарын жазғы демалыстарында шақырып, тілдерін жетілдіріп отыру қажет. Ал, иран қазақтарының ана тілі шорқақ болуының бірінші себебіИран елінің тіл саясаты болса, екінші себебі – Қазақстанда қазақ тіліне көңіл бөлінбей, мемлекеттік деңгейде қолданысқа енбей отырғаны жалпы диаспора қазақтарының көзқарасына, психологиясына болымсыз əсерін тигізіп келеді . Қазіргі кезде парсы тілін білмейтін қазақ, иран қазақтарының балаларының тілін түсінулері қиын. Қазақ диаспорасы үшін ана тілін сақтап қалу үлкен проблема, оның тағдыры ойланарлық жайыт. Қазақтар өздерінің салт-дəстүрін, мəдениетін қатаң түрде сақтап қалуға тырысады. Дегенмен кейбір ұлттық ерекшеліктеріне көз жұма қарауға тура келеді. Атап айтқанда балаларына ат қоюда қазақша аттардың орнына біртіндеп парсы есімдерін қойып жатыр. Бұның себебі қазақ есімдерін парсы тілінде айтылуы да, жазылуы да қиын болғандықтан, екіншіден қазақ есімдерінің кейбірі парсы тілінде жағымсыз мағынаны білдіретін болғандықтан,

─ 41 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР үшіншіден иранда сəбилердің аттары мемлекет тарапынан бекітілген арнайы «Иран есімдері кітабынан» таңдалып қоюға мəжбүр болғандықтан қазақтар ұлттық аттарынан күн өткен сайын қол үзіп барады. Бүгінгі иран қазақтары Шадкам, Мəниже, Мүжган, Жале, Фрамəрз, Ферейдун, Шəһрам сынды есімдермен де рухы бізден алыстап бара жатқандай болып көрінеді. Сол себепті олар елге оралған жағдайда өздерінің қалаған ұлттық аты-жөнін қоюға мемлекет тарапынан арнайы қаулы шыққаны қажет деп білеміз. Иран қазақтары: Тіней, Беріш, Бегей, Қосқұлақ, Əбез, Жеменей, Байбоз, Ескелді, Медет, Жары, Қырықмылтық, Жаман Адай, Мамыртай, Қожа, Қараш, Жақа, Көрпе, Байшақыр, Боқсары, Жаппас, Қаржау, Тобыш, Əлі, Шегім, Табынай, Бəубек сонымен қатар Əлім, Найман, Табын руларынан құрылады. Иран адайлары Келімбердінің 6 баласы. Олар: Жеменей, Құнанорыс. Балышқы, Тобыш, Мұңал. Жеменей руының балалары – Ақшакедей , Қаракедей , Есен , Ақбота , Бəйбіше , Сұлтəнəлі , Олжашы , Ордек , Қара тоқа. Адайдың екінші баласы Қосайдан бесеу. Жаман Адай, Бəли, Қадыр, Тіней, Айдаралы. Тобыштан – Қараш, Бабу, Қамысбай, Бегей, Жанай, Баубек, Жайылхан, Мұңалдан – Жаулы, Шарғи, Бейімбет, Қырықмылтық. Жаулының үш ұлы бар – Ескелді, Қосқұлақ, Жары. Бейімбеттен төртеу – Райымберді, Сабытай, Сұлтан, Медет. Райымбердіден үшеу – Бай, Шағыр, Жақау. Сабытайдан – Боққара, Көрпе. Көрпеден – Күйік, Албан, Маңғылбай. Боққарадан – Байбоз, Жанбоз, Матай. Иран қазақтарының мінез-құлқы, əдет-дəстүрі ұзақ жылдар бұрынғы қалпында сақталып келді. Бірақ кейінгі жылдары үлкен ауытқулар байқалады. Оның бірі-тойларын иран музыкасымен өткізуі, екіншіден-үлкендері де кіші жастағылары да тек қана иранның ұлттық тамағын ұнатып жейді. Ал, қазақтың ұлттық тағамдары ұмыт болып бара-

─ 42 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ ды. Бұл кемшілікті жою амалын табу керек. ҮшіншіденҚазақтың ұлттық əн-күйі олармен қоштасқалы көп уақыт болды. Аталған кемшіліктер бола тұра иран қазақтарының арасында ұлттық құндылықтарды сақтап қалуға науқандық шаралар болып жатады. Бірақ мардымсыз. Дегенмен ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі, діни мейрамдар Ораза мен Құрбан айттар кəдімгідей сəн-салтанатымен мерекеленеді. Иран қазақтары туралы жазған иран ғалымдарының ішінде Иран Ұлттық университеті, Тарих ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғалымдарының докторы, профессор Парвиз Рəжəби Мырза болды. Ол Тегераннан арнайы қазақтар тұратын Горган, Бəндəр-Түркімен, ГүмбезҚауыс қалаларына келіп қазақтың тұрмыс тіршілігімен танысты. Оның 1975 жылы «Тамаша» журналында қазақтар жайлы көлемді мақаласы суреттерімен «Кешегі қонақ, бүгінгі қонақ иесі» деген атпен жарық көрді. Осылайша, қазақ қауымы ресми түрде Иран еліне танылды. Аталған мақала келесі зерттеулерге негіз болды. Тегеран қаласында орналасқан Өнер университетінің Фольклортану кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жабыр Əнасори мені қазақтардың өнері мен этнографиясы жайында лекция оқуға аталған университетке шақырды. Менің тыңдарманым кино саласының білімгерлері мен іздену-шілері еді. Кейінірек менің оқыған лекцияларымды «Аида Инче Дəргаһи» режиссерлық диплом жұмысына негіз етіп, қазақ этнографиясы хақында «Арай» атты деректі фильм түсірді, «Арай» фильмі Тегеранның халықаралық фильм фестиваліне қатысып, жүлделі орынға ие болды. Иранда қазақтың ұлттық ерекшеліктері Иранның ғалымдарын қызықтыра түсті. Сондықтан фольклортанушы ғалым Мəнсур Кияи қазақ этнографиясын тереңдей зерттеуге кірісті. Оның қазақтар туралы жазбалары 1983 жылдан басталды. Бірақ, зерттеу жұмыстары түрлі себептерге байланысты кейінгі жылдары «Өнер жəне халық» атты журналдан шыға бастады. Атап айтқанда «Иран қазақтары, құда түсу

─ 43 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР жəне үйлену тойы» жəне «Қазақтар, туыстық пен əйел алу арасындағы ереже» атты мақалалары жарық көрді. Иран қазақтары жайлы бұрынғы Түркиялық дінтанушы Халифа Алтай да естеліктер жазып, Түркия басылымдары мен “Алтайдан ауған ел” атты кітабында жариялаған. Иранда тұратын қазақ оқымыстылары да 1980 жылдардан бастап мəдениет пен əдебиет саласында еңбектене бастады. Қазақ мəдени қоғамын құрды. Қазақтың өнері мен əдет-ғұрпын таныстыру мақсатында көптеген жобаларды іске асырды. Мəселен «қазақ мəдени қоғамы» ресми түрде тіркеліп үлгермеді. Дегенмен төрт жыл бойы қазақ оқымыстыларының, Ақсақалдарының қолдауымен көптеген мəдени шара атқарылды. Қазаққа қатысты деректі фильмдер, қазақ тілін үйрету, салт-дəстүрін жаңарту сияқты жұмыстар алынып іске асты. Соның бірі мүмкіндігімізше қолда бар əдебиеттерді пайдалана отырып «Қазақ тілін үйренейік» атты төте жазу, кирилица жəне парсы тілі негізінде шағын тілашар жасап, жастар арасына тараттық. Ақберді Жеменей сынды белсенді жастар қазақ тілінің оқытушысы болды. Бүгінгі таңда өкінішке орай қазақтың ұлттық құндылықтарын сақтауға белсенділік танытып жүрген азаматтардың сапы сиреп барады. 1999 жылы Мұхаммед Қажы Батырұлының «Абай – қазақтың ұлы ақыны» атты шағын кітапшасы «Мəхтумқұлы пырағы» баспасынан парсы тілінде жарық көрді. Мұхаммед Қажының мамандығы заңгер, бірақ, оны əдебиет майталманы деп айтуға болады. Қазіргі кезде ғылымның сан-саласында қазақтың ұл-қыздары əжептеуір жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Келешекте Иран қазақтарын биік белестер күтіп тұр. Тек қана жүректерінде қазаққа деген махаббатының жалыны төмендемесе сан-саладағы білімдері елімізге нұр үстіне нұр болып шашылары анық. Түйіндеп айтқанда Иран қазақтарының қазақы болмысынан айырылмайтындай бірнеше себебі бар. Біріншісі – Иранда қалғандарының барлығының елге оралған

─ 44 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ жақын ағайын, жегжаттары бар. Екіншіден –Маңғыстау қазақтары ұлттық дəстүрді жақсы ұстаған, ағайын əрі бауырмал жандар болып табылады. Үшіншіден – Иран қазақтары өз еркімен қалаған уақытта ата мекеніне оралуға екі елдің басшыларының келісімі бар. Төртіншіден – ұлттық құндылықтардан кенде болса да басым көпшілігі жоғары білімі немесе арнайы теориялық яки пратикалық техникалық сауаты бар мамандық иелері. Қазақ үкіметі оларды көшіру жəне орналастыру жүйесін тауып, механизмін жасауға дұрыс ниет танытса көштің көптеген қолдан жасалған кедергілері жойылар еді. Иран қазақтарының тұрмыс-тіршілігі жайында Қазақ ғалымдары да қалам тартқан. Олардың қатарында Мырзатай Жолдасбеков «Ел тағдыры, ер тағдыры» атты еңбек жазып шығарды. Сондай-ақ Иран қазақтары туралы «Қазақтар қаңбақ емес көше берер» атты мақаласы «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрді.. Онда профессор Мырзатай Жолдасбеков Қазақстанның Тегерандағы елшілігінің ашылуымен сондағы қазақ бауырларының ішкі сағыныш пен аңсарын бір-бірімен ұштастыра тамаша суреттеген. Ол: «Мына бір арпалысып ес шыққан заманда елдегі ағайындар үшін Тегеранда елшіліктің ашылуы, бəлки пəлендей бір елеулі оқиға бола қоймас, ал мұндағы қазақтардың қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны тек көзімен көргендер ғана сезіне алар еді. Сондықтан да кейбір ықыласты, қошаметті, сөздерді бауырларымыздың сондай қуанышынан туған деп түсінген жөн» – деп терең ой мен саналы түсінік танытады. Иран қазақтары туралы зерттеу мақсатында Иран еліне арнайы барған əйгілі қазақ ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кəкішұлының да «Қазақ əдебиеті» газетінде «Көш қонысты болсын десек» атты сапарнамасы жарық көрді. Иран қазақтарының тілдік ерекшеліктері жайлы ғалым Балтакесті Өтебаев Түркістан қаласынан Иранға барып зерттеу жұмысын жазды. Оның зерттеулері «Қазақ диаспорасының тілі» деген атпен жарыққа шығып, онда

─ 45 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Иран қазақтарымен қатар Ауғаныстан қазақтарының тілдік ерекшеліктерін ғылыми еңбегіне арқау етті. Маңғыстаулық күйші Сержан Шəкіратұлы, өнертанушы, сазгер, елімізге кеңінен танымал Ілия Жақанов пен Отыншы Көшбайұлы сияқты зерттеушілердің де Иран қазақтары туралы мақалалары өз оқырманымен қауышты. Сондай-ақ Ирандағы Горган қаласында қазақтарға қонақ болып бауыр басқан тарихшы-журналист Бақтияр Əбділдаұлы 2002 жылы «Ақ жол» облыстық газетінің бірнеше санында Иран қазақтары туралы мақалаларын жариялады. 1977 жылдан бастап жарық көрген «Біздің Отан» газеті оның жұмысын жалғастырған «Шалқар», кейін «Шалқар – 2» газетінің көптеген сандарында Иран қазақтары туралы мақалалар, сұхбаттар жарияланды. Тіпті кейінгі жылдары Иран қазақтарының тарихы мен мəдениеті ғылыми зерттеу нысанаға алынды. Оған Ш.Уəлиханов атындағы тарих жəне этнология бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Əжіғали Серік Ескендірұлы дəнекер болды. Ол Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті, тарих жəне философия кафедрасының аға оқытушысы Бекенжанова Айнаш Алтынмұратқызына «Иран қазақтарының тарихы мен мəдениеті» атты тақырыпты ғылыми-зерттеу жұмысына бекітіп берді. Міне, бұл игі бастама да бір-екі жылдан бері істеліп келе жатыр. 2007 жылы Қазақстан республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі, Тіл комитетінің тапсырысы бойынша менің «Иран қазақтары» атты жазған кітабым Алматыдағы «Зерде» баспасынан жарық көрді. БҮРШІК АТҚАН АРМАН ГҮЛ Қазақ елі 1991-жылдың 16-шы желтоқсанында тəуелсіздігін жариялаған күні қазақ халқының бойындағы ғасырларға созылған сағыныш сезімі тұтастай нұрлы үмітке айналды. Көпке ұзамай елдің үміті ақталды. Ата жұрт құшағын шетте

─ 46 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ жүрген бауырларына айқара ашты. Шеттегі бауырлар елге оралып, аңсау мауқын басқысы келген ағайындар қатарында иран қазақтары да елмен қауышу сəтін асыға күтті. Тəуелсіздіктің арайлы күндері басталып егемендік күні жарқырай берді. 1992жылдың қаңтар айының 29-шы күні Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Респуликасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың келісімшартына қол қойылды. Араға көп уақыт салмай Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасында елшілігі ашылды. Иранның Қазақстандағы тұңғыш елшісі болып Рəсул Ислами мырза 1992-жылдың қыркүйек айының 15ші күні Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа сенім хатын тапсырды. Сөйтіп Иран елшісі өзінің дипломатиялық міндетін атқаруға кірісіп кетті. Бұдан кейінгі уақытта екі елдің жақындасу қатынастары жедел түрде дами түсті. Оған дəлел 1992-жылдың қараша айының 29-шы күні елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының шақыруымен Иран жеріне алғашқы ресми сапарын жүзеге асырды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев көптеген маңызды мемлекеттік қатынастар саласындағы құжаттарға қол қойды. Сонымен қатар Иран елінің президенті Əли Акбар Һашеми Рəфсəнжанидің иран қазақтарының ата-мекеніне өз қалаулары бойынша көшулеріне келісімін алды. Бұл қазақтар үшін үлкен табыс пен мақтаныш болды. Елін аңсап жүрген қазақтардың көңілін тағы бір рет шаттық кернеді. Президенттің сол сапарында Иран елінің астанасы Тегеран қаласында Қазақстан Республикасы елшілігінің ашылуына да уəделесті. Соның нəтижесінде 1993жылдың қыркүйекқазан айларында Тегеранда Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды. Бұл қадам иран қазақтарының да ата жұртына сапар шегуге ашылған алғашқы заңды бастамасы болды. Ирандағы қазақтың алғашқы елшісі болып Мырзатай Жолдасбеков қызмет атқарды. Екі елдің келісілген уəделестігі бойынша иран қазақтарының елге оралуларының алғы шарттары жасалды. Солайша иран қазақтарының алғашқы тобы

─ 47 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР 1995-жылдың күзінде Каспий теңізі арқылы кемемен қазақ топырағы Ақтау қаласына жетті. Сол жылы иран қазақтары үшін арман гүлінің бүршік атқан жылы болды. Бұл көштің іске асуымен иран қазақтары психологиялық тұрғыдан қарағанда көрінбей оның жанын байлап тұрған бұғаудан құтылып, рухани азаттыққа қол жеткізді. Сол жылдары Қазақстан экономикалық жағдайы мəз болмаса да шеттен келген ағайындарға көптеген жеңілдіктер жасады. Жергілікті ағайындар да ақ көңіл, таза ниетпен қуанышын білдіріп қарсы алып жатты. Дастарқан жайып, қазақтың салты бойынша ерулік те берді. Сонымен қатар үкімет тарапынан көшіп келгендердің бəріне алаламай баспана берілді. Елдің ықыласына бөленіп, мемлекеттің қолдауы арқылы баспанамен қамтамасыз болған ағайын жайбарақат күнделікті тіршілігіне кірісіп кетті. Баспанамен қамтамасыз болу адам тіршілігіне ең маңызды фактор болғандықтан Иран қазақтарының баспанасыз қалғандары жоқтың қасы. Сол үшін олар Қазақстандағы өміріне аса ризалық сезіммен қарайды. Иран қазақтарының басым көпшілігінің мамандығы жүк тасымалы шаруасымен қатар техника саласы болғандығының арқасында мұнайлы Маңғыстау өңірінде түрлі мұнай орындарында тез арада жұмыспен қамтамасыз болды. Бұған жергілікті ағайындар да барынша қол ұшын бергендері олардың жұмыс ұжымдарымен сіңісіп кетуіне үлкен септігін тигізді. Жұмысшы азаматтарымызбен жұмыстары жайлы əңгіме құрғанымызда Əбуталып Жұмағазыұлы Қазақ деген бір азаматтың « Елдің аты ел ғой, мен шетте жүрсем дəл осылай жұмыспен қамтамасыз болып, үлкен мұнай компаниясына қызмет істей алармын ба?» деп бойын бір мақтаныш сезім кернеп сөйлеген жүрекжарды сөзі олардың бақытты түйсігінен хабардар етеді. Ол қарапайым жұмыскер, өз өміріне риза, елге оралған бақытты жандардың бірі ретінде еңбекшіл талай адамдардың үні іспеттес. Машина жөндеу, темір дəнекерлік, мұнай тасымалы, құрылыс саласында еңбектеніп жүрген мамандар өз тіршілігіне бек риза. Олардың

─ 48 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ бар үміті де, қуанышы да ұл-қыздарының жоғары оқу орындарында оқып, ел қатарлы жұмысқа орналасып кеткендері болып тұр. Өйткені өздері де тілге тиек ететіндері осы балаларымыз ұлттық болмысынан айырылып қалмау үшін елге оралдық. Сол үшін өзімізді бақытты деп білеміз дейді. Иран қазақтары мал жəне егін шауашылығынан гөрі техникалық салаға бейім болғандықтан қазіргі кезде жастарының басым көпшілігі аймақтағы мұнай өндіріс орындарда жұмыс істейді. Əрі техникалық оқу орындарында оқиды. Кейінгі жылдары оларды ерекше қуаныш сезімге бөлеп жүрген жайды айтпай өтсек елдігімізге сын болар. Бұл жай темір дəнекершісі, өмірлік тəжірибесі мол Ахмет Бəйбішенің жүрекжарды əңгімесі. Ол: «Біздер келген жылдары ағайындардың ерекше қошаметіне бөленіп, аталарымыз армандаған елімізге оралу бақытынан басымыз айналып, не істеп, не қойғанымызды да білмей қалдық. Сол үшін еркеледік, кейбір жастарымыз тентектік жасап жатты. Бірақ Алла риза болсын, ағайындар да соның бəріне сабырмен қарап, кешірімді мінез танытты. Міне, солардың сабыр мен парасатының арқасында уақыт бəрін үйлестірді. Құдайға шүкір, бүгін анау демей, мынау демей бір-бірімізбен құда, жегжат болып тонның ішкі бауындай жақын болып кеттік. Сондай бақытқа бөленгеннің бірі менмін. Ұстарбек інімді де солай дер ем. Құдаларымыз қандай жақсы, келіндеріміз қандай ибалы. Балаларымыз мамандықтарын жетілдіріп, жұмыс істеп жүр. Біз шетте жүргенде тілегеніміз осы емес пе еді? Шетте жүргенде қазақтық болмысымыздан айырылып қалмайықшы деп жабық қоғамда өмір сүрдік. Сол жағдай тағы бір кезеңге созылғанда балаларымыздың үйлену мəселесі тығырыққа тірелері анық еді. Қазір елге оралып, ортамыз толды. Тіпті санымыздың да арта түсген салдарынан қазіргі кезде иран қазақтары деген аты болмаса көбісі бірін-бірі танымайтын халге жетті. Бұл да болса ел ішінде өрісіміз өркендеп келе жатқандығы деп білемін, бұғанда Алла тағалаға шүкір», деп рахаттана тыныстайды. Тарихи санамызда қазақ қазаққа бауыр. Бұл қасиет,

─ 49 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР қазақтың рухани құндылығы ретінде қазақтың ел болып көптеген қиындықтарды жеңе білуіне зор ықпалы тиіп келеді. Бұл үрдіс қазіргі кезде шеттен келген ағайындар арасында үлкен рөл атқарып келе жатыр. Өткен кеңес дəуірінде қазақтың өркендеуіне кедергі жасау мақсатында оларды Алматы сынды қалаларға бас сұқтырмайтын. Сондай қаскүнем саясат жүріп жатқан заманда бір қазақ баспаналы бола қалса, барлық ағайындар, жегжат-жұрағаттар, достар мен тамыртаныстардың бағы еді, қазақтың бауырмалдық қасиеті ерекше болатын. Өйткені олардың қалада оқып білім алған кезінде таныс қазақтың үйі ортақ шаңыраққа айналғанын аға буын қазірге дейін айтып жүр. Иран қазақтары осы он бес жыл көлемінде бүл дəстүрдің игілігін көріп келе жатыр. Ақтау қаласынан жиырмадан аса жас білімгерлер, ұлдар мен қыздар Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ( ҚазҰУ), Қаныш Сəтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті (ҚазҰТУ), Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Ұлттық Экономикалық университеті (ҚазҰЭУ), Каспий Қоғамдық университеті (КҚУ), Алматы Энергетикалық жəне Байланыс университеттері (АЭБУ), Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ), С.Асфандияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінде(ҚҰМУ) оқып келеді. Олардың көпшілігі оқуларын табысты бітіріп, білім алған алғашқы қарлығаштар ретінде түгелдей жұмысқа орналасты. Бір тобы жаңа шаңырақ құрып та үлгерді. Олардың аты-жөнін, қай университетте оқып жүргендерін («Иран Қазақтары» Алматы «Зерде» баспасы, 2007-168 бет. ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша жарық көрді) аталған кітапта жаздық. Ал, қазіргі кезде Алматыда оқып жүрген бір топ білімгерлерді тəуелсіздігіміздің құнарлы миуасы, ертеңгі қоғамдық істердің үлескерлері ретінде елдігіміздің белгісі іспеттес. Солардың бір тобы: Ырысқал Хатипқызы(ҚазҰЭУ), Жақия Бегей (КҚУ), Алия Ескелді (ҚазҰТУ), Мұста Бегей (ҚҰМУ), Жалын Бəли (АЭБУ), Еһсан Ескелді (КҚУ), Салиқа Шапурқызы (ҚБТУ).

─ 50 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Алматы қаласында оқитын жас білімгерлердің кейбірі оқу маусымында келіп, жатақхана немесе жалға алатын үймен қамтамасыз болғанша Алматыда тұрақтаған иран қазақтарының үйлерінде тұра береді. Сондай-ақ бұрыннан ұлттық мереке деп тойлап келе жатқан Наурыз, Ораза, Құрбан мейрамдарын аталған ағайындарының үйлеріне барып айттайды. Басқа қаладан, не ираннан Алматыны саяхаттап келген ағайындарға да қалада тұрған иран қазақтарының шаңырақтары ортақ баспана болып келеді. Алматыда Ақəли Нұрқожаұлы есімді бауырымыздың шаңырағы қалаға келіпкетуші ағайындарға ең көп тұрақ болған құт мекен. Аталған азамат өзінің сабырлы да салмақты мінезімен, Қазақ салтына бек сенімімен, парасат-пайымымен халқымыздың адами құндылығы мол дəстүрді жалғастыруда үлкен үлес қосып келе жатыр. Оның төрт ұлы ҚазҰТУ грантын жеңіп алып үшеуі оқуын бітірген, төртіншісі оқуын жалғастыруда. Ал, олардың екеуі Болашақ бағдарламасы бойынша оқуларын Америка университеттерінде магистр болып жалғастырды. Бұл олардың зор еңбегі һəм Алланың берген сыйы, еліміздің тəуелсіз мемлекет болып ұлттық туын көтергендігінің арқасы десек артық айтқандығымыз болмас.Өйткені бұның барлығы еліміздің тəуелсіздігінің арқасында екендігі де айдан анық. Қазақстан иран қазақтарының тағдырына оң əсерін тигізіп, мол шарапат шуағын шашып келеді. Оған айғақ кейбір қазақ жастары Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алып шет елдерде табысты жұмыс істеп жүрген азаматтар мен азаматшалар. Олардың арасынан атап айтқанда: Риза Набатұлы Алматыдағы С.Асфандияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетін бітіріп Мəскеу шаһарында жұмыс істеп жүр. Мəниже Сарықызы Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқып Украинада жұмыста. Мүжган Исмайылқызы Алматы энергетикалық жəне байланыс университетінде білім алған соң Иранда иран компаниясында жұмысқа кіріскен. Марал Исмайылқызы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін

─ 51 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР бітіріп Американың бір мұнай компаниясында сол елде тұрып, жұмыс істейді. Сондай-ақ Зубайда Сарықызы ƏлФараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жоғары білім алып, филология ғылымдарының кандидаты атанып, аталған білім ордасында ұстаздық қызмет атқарып жүр. Немесе Ираннан Германияға қоныс аударып, сонда жұмыс істеп жүрген ұлтжанды азаматымыз Сүлеймен Ақтауұлының екі ұлының бірі Олжасты ұлттық болмысынан ажырап қалмасын деген игі оймен ата жұртында мектепте оқытып келеді. Сүлейменнің өзі Иранда тұрған заманда да қазіргі тұрағы Германияда да барынша қазақтың игілігіне орай қоғамдық жұмыстарға үлес қосып келгендіктен Қазақстанның көптеген зиялы азаматтарының арасында абыройға ие. Бұның өзі атамекен талай қазақ диаспорасының жаңа өміріне игі бастау болып келе жатқандығын көрсетеді. Біздің мысалдап айтқан жоғарыдағы жайыттар талай игіліктердің бірер ғана өнегесі екендігін естен шығармау керек. Білім алу, ғылыммен шұғылдану қоғамның айығуына үлкен септігін тигізері мəлім. Сол үшін қазақтар білім мен ғылымға ерекше құштарлық танытады. Сондықтан Ираннан көшіп келген ағайындар білім алуға ерекше көңіл бөліп келе жатқандықтан қазіргі кезде олар тұрақтаған Маңғыстауда Ш.Есенов атындағы Мемлекеттік Ақтау университетінде тағы басқа оқу орындарда да көптеп оқып жатқан жастарын кездестіреміз. Аталған университетте бұрынырақ Иранның астанасы Тегеран қаласындағы «Тəржіма жоғары оқу» орнын ағылшын тілі мен əдебиеті бойынша оқып, аударма саласының озық маманы болған ұлтжанды, аудармашы азаматымыз Нияз Тобыш ұстаздық қызметін, парсы тілі кабинетінің меңгерушісі міндетімен қатар өте табысты да абыройлы атқарып келеді. Ол аударма саласында бірсыпыра жақсы еңбектерді қазақ тілінде сөйлеткен қаламгер ретінде де өз үлесін қазақ тілі мен əдебиетіне қосып келеді. Атап айтқанда «Тотынаме» кітабын көне түркі(шағатай) тілінен қазақ тіліне аударған. Əбіш Қожаның қолжазбалары мен «Тəфсир Хұсейни» кітабының түсіндірмесін түгелдей

─ 52 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ қазақшалаған. Сондай-ақ қазақтан шыққан тұңғыш геолог ғалым, дін қайраткері Оразмағамбет Тұрмағамбетұлының бірсыпыра еңбектерін аударғанын айта аламыз. Ол аударма саласында қоғамдық жұмыстарға да араласып айтарлықтай үлес қосып жүргені қуантарлық жайт. Өйткені көшіп келген қазақтардың құжаттары парсы тілінде болғандықтан кейбір кездері оларды қазақ тіліне аудару қажеттілігі туып отырады, екіншіден Иран елі Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен көрші болғандықтан екі тілді жақсы білетін аудармашының қажет екендігі табиғи сұраныс. Нияз елге оралып, өзінің бойындағы қабілетін елдің қажеттілігіне жаратып жүрген азамат. Нияз Тобыш Иранда мұғалім болып жүрген кезінде де қазақ тілі мен əдебиетінің жастар арасында өркендеуіне əжептəуір еңбек сіңірген жан. Түйіндеп келгенде əлемдегі ондаған елдерде тұрып жатқан қазақтар үшін де ата жұртында өмір кешіп жатқан қазақтар үшін де ең сүбелі игілік Қазақстанның тəуелсіз ел болып тұрғаны, сол үшін де өткен жыл еліміз үшін биіктеген жаңа белес. Себебі былтыр Қазақстанның тəуелсіздігіне жиырма жыл толды. Бұл əрбір қазақ азаматы үшін Алла тағаланың аталарымыздың ерен еңбегіне тарту етілген аса үлкен сыйы. Адал еңбек етіп, Алладан еліміздің тəуелсіздігі баянды болсын деп тілейік. Еліміздің тəуелсіздігі иран қазақтары үшін ерекшеленіп тұратын оқиға. Өйткені Ирандағы ағайындардың елге оралуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей Иран басшыларымен əңгіме құрып, қазақтардың ешбір кедергісіз елге оралуын қамтамасыз етуі себепші болды. Иран еліне əрбір ресми сапарында иран қазақтарымен кездесу өткізіп тұрғандығының арқасында олардың елге деген сүйіспеншілігі мен сенімі арта түсті. Ендігі жерде жақсылықтардың қадіріне жете білу үшін еліміздің гүлденуіне аянбай еңбек етейік, ағайын. Тəуелсіздік əрбір қазақ үшін бақытты, еркіндікті, ұлттық қасиетті сезіну үшін басты қайнар.

─ 53 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ИРАН ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖЕГЖАТЖҰРАҒАТТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ Иран қазақтары жеті атаға дейін бір атаның баласындай үлкен шаңырақтың мүшелері болып өмір сүреді. Жасы балиғатқа жеткен жасөспірім жігіт қалыңдығын көшеде танысып, қосылмайды. Ата-аналары арнайы рұқсат беріп, құда түсіп екі жасқа батасын бергеннен кейін ғана қосылып, некелері қиылған күні ғана жақындасуға мүмкіндік алады. Қазақ жылқы мінездес дегенді жиі айтады. Бұл сөз тегін айтылмаған сияқты. Жылқы да өз үйіріне өзге үйірдің жылқыларын қоспайды. Қосыла қалған жағдайда ол үйірден бөлініп кетуі неғайбыл. Осы орайдан келгенде қазақтарда ежелден ата-атаға бөлініп өздерінің ұлттық қасиетті қағидаларын сақтап келеді. Рулық топ жеті атаға толған кезде арнайы ру ақсақалдары екі рудың жастарын боз биенің сүтіне шомылдырып қол жайып бата беріп олардың қосылуларына рұқсат берген. Содан барып қазақ ұлтында жаңа ру қосылып отырады. Шетелдегі қазақтар, оның ішінде Иран қазақтары еліміздің осы дəстүріне қатты мəн беретінін біз көріп өстік. Əсіресе қазақтар арасында үйлену кезінде олардың рулық қатынастарының маңызы зор болғандықтан əр қазақ өзінің аталық шежіресін жақсы білуге тиіс. Сондықтан қазақтар аталық шежіресін есте сақтауды мықтап меңгеріп, өзіндік салт-дəстүрін қатаң ұстанған. Иран қазақтарының айтуынша, Əнес Сахаба [Əнес ибн Малик, Əбу Хамза, пайғамбардың сахабасы. Ол Хəзəржи Бəни Нəжжар тайпасынан шыққан «Əнсар» (Пайғамбардың жанында жүрген достарының қатарында болған). Пайғамбар Мекке қаласынан Мəдине шаһарына көшкенде Əнестің анасы, басқа бір рауаятқа қарағанда өгей əкесі Əбу Тəлһе оны пайғамбардың хұзырына алып келіп, қабылдауын өтінді. Содан бастап Əнес Пайғамбардың соңғы деміне дейін оның жанында болды. Пайғамбардың қасында ирандықтармен

─ 54 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ болған Шуштер шайқасында Иран əскерінің қолбасшысы Һормозанды тізе бүктірткен сардар. Əнес үлкен отбасынан шыққан аса бай жан болған. Көп балалы отбасыдан шыққан Əнес мол байлығын, ұзақ ғұмырын, үлкен шаңырақ болуы себебін Алла тағалаға жасаған дұғаларына байланыстырады. Өйткені Пайғамбар оған Алла тағалаға мінəжат етуін бұйырған екен. Оның перзенттерінің қатарынан фиқһ ғалымы, көркем сөздің майталман шешендері шығып, биік дəрежелерге қол жеткізген атақты тұлғалар болды. Əнес жасы жүзден асқан шақта 712 жылы дүние салған. Иран қазақтарының қариялары Əнес баба ұрпағынанбыз деп біледі. Гүмбез-Қауыс қаласы, Шəйбойы ауылында тұратын қазақтар өзедерін «Елтай» ұрпағынан санайды. Олар Елтайды шамамен 850 (1446) жылы өмір сүргенін айтады. Оның төртінші атасы Елу батыр Харезм мен Хожəнд шаһарларында диқаншылықпен айналысқан ауқаты мол, бай кісі екен. Үлкен тайпаның басшысы ретінде Елу батырдың өз қарамағында көптеген қызметшілері мен төрт түлік малы жəне басқа да мүліктері болған. Сол себепті ауа райының ерекшелігіне қарай жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп-қонып жүре беретін. Олардың арасында өзге ұлт өкілдері мен оның ішінде қазақ еместерге үйленіп, тұрмыс құруға қатаң тыйым салынған. Дегенмен адай руларының əйгілі аталарының бірі Қосай ата өмірінің бір шиеленісті жағдайына қатысты өзінің отбасы мүшелері, бауырлары мен ағайындарын алып қашуға мəжбүр болады. Қашып жүрген қатаң қыста мұз қатқан дарияның (теңіз) үстінен өтуге тура келеді. Қосай арғымағымен алға түсіп, арттағы жолдастарынан бұрынырақ дариядан өтіп оларды арғы жағалауда күтеді. Олардан хабар болмағаннан кейін, сезіктеніп артқа оралады. Қайта келген Қосай өзінің отбасы мүшелерін көре алмады. Жазым болып, дарияның мұзы жарылып барлығы су астына кеткен екен. Оларды құтқаратын қолынан шара келмей, қайғылы жағдайға тап келіп, өзінің əзиз жандарымен мəңгілікке қоштасуға тура келеді. Қосай сол оқиғадан

─ 55 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР біраз уақыт өткен соң бір түркімен қызымен үйленеді. Одан туған баланың атын Түркімен Адай қойған. Қазіргі кезде Иран қазақтарының бірнеше руы Түркімен Адай ұрпақтары. Бұл оқиғаның өзі Адай аталарымыз ұрпақтың жалғасуына қажет болған жағдайда өзге де ұлт-ұлыстармен некелесуді жөн көргенін байқатады. Қорыта айтқанда, қазақтар арасында үйлену заңы бойынша өз ағайын-туыстарымен үйленуге тыйым салынған (Endogamy). Сондықтан ешқашан ағайындардың ұлқыздары бір-бірімен үйленуі түгіл мүлдем жыныстық қарымқатынаста да болмайды. Ағайынды ұл-қыз бір-бірін бейне бір əке-шешенің перзенттеріндей көреді. Яғни қазақтар өзге ру-тайпалардың ұл-қыздарымен үйленуге құқығы бар (Exogamy).

─ 56 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Кесте бойынша, осы уақытқа дейін рулар арасында туыстық қатынас сақталып келді. «Қазақтар отбасыларында əке басшы болып, ұлқыздардың үйлену тəртібі, əкенің тегіне қарап іске асатынды. Мəселен, ұл баланың əкесі Жеменей болып, анасы Тобыш болса, ол Тобыш (сүттес бауыр болмаған жағдайда) қызына үйленуге болады. Осындай үйлену ережелеріне орай қазақтар арасында генетикалық ауру кезікпейді. Қазақтардың аталас рулар өзара əрі өзге ұлт өкілдерімен үйленуге тыйым салып, отбасылық мүшелерінің денсаулығымен ұрпақ жалғастығын мықтап қамтамасыз еткендерін айта аламыз». Бауырлас болу – қазақтар арасында көнеден келе жатқан «ағайынды, ағайын» деген сөз бар. Сол үрдіс бойынша екі қазақ «қандас бауыр» болады. Онда саусақтарының ұшынан қан ағызып сүтпен араластырып, оны ішеді. Сөйтіп «бауыр» болғаны үшін ант беріледі. Осы ескі салт бойынша туған ағайындары жасалатын «қандас бауырлар» рəсіміне қатыспай қойса оларды ағайын қатарына қоспай қояды. Бұл дəстүр қазақ жырларында да көрініс тапқан. Онда: Қазақта əдет бар ескі заңдық Тамызып қанын сүтке қосып ұйтып Анттасады екен туысқандық – деп жырланады. Құрдас – екі сəби бір жыл, бір ай, бір күн ішінде бір ауылда туылса, оларды «құрдас» деп атайды. Содан кейін олар өмір бойы бір-бірімен тату, сырлас дос болады. Екі сəбидің құрдас болуына оның жынысы есепке алынбайды. Екі қыз болса – құрбы, екі ұл болса – құрдас, ал, бір ұл мен бір қыз болса екеуі құрдас болып есептеледі. Кейде құрдас болған ұл-қыздар бір-бірімен шəриəт бойынша үйлене береді. Отбасы – қазақ отбасылары үлкен шаңырақ болып есептеледі. Өйткені онда əке, шеше, балалар мен келіндер, немерелер көп бөлмелі бір үйде тұрады. Əке сол шаңырақтың басшысы ретінде құрметке ие болады. Үйдің ұлдары үйленгенге дейін əкесінің үйінде қала береді. Кейін орта немесе жоғары оқу орнын бітіріп, яки жұмысқа орналасып, өз тіршілігін жүргізе алатындай жағдайға келгенде ата-

─ 57 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР анасының рұқсаты əрі батасын алып бөлек шаңырақ құруына болады. Ұл балалардың үйленуі əкенің табысына байланысты болады. Əке баласын үйлендіруге қаржысы жеткілікті болған жағдайда отағасының əйелі ағайындарымен ақылдасып, шешім қабылдайды. Баласымен ақылдасу шарт емес. Мəселен, бұрындары Иран қазақтарының арасынан ең əуелі ұл балалар оқып, жоғары оқу орынынан білім алғанымен əкелерінің шешімі бойынша мүлдем оқымаған қыздармен де үйленуге міндетті болды. Бұл үрдіс 1980 жылдарға дейін қатаң сақталып келді де, кейінгі жылдары ұл-қыздардың таңдау мүмкіндігі туды. Енші – жанұяның ұлдарының бірі, тəртіп бойынша əуелі үлкен баласы үйленіп, аяққа тұрып, əкесінің шаңырағынан жеке үйге қоныстанғысы келсе, əкесі байлығының жалпы есебінен оған тиесілі үлесін береді. Ол үшін жақын ағайындар, Ақсақалдар, замандас құрдастарын үйге шақырып, дастарқан жаяды. Жиналған қауымға мəн-жайды айтып, өзінің ризалығын білдіріп, көпшіліктің хұзырында батасын береді. Бұл дəстүрді «Енші беру» рəсімі деп атайды. Енші алған бала кейін əкенің мал-мүлкінен мұрагер деген желеумен үлес алуға құқығы жоқ. Өйткені одан кейін байлық үлкен шаңырақта қалған балалардың еншісінде қалады. ҚҰДА ТҮСУ РƏСІМІ Қыз ұзату – қазақтардың ұл-қыздары өздерінің болашақ жарын таңдауға ешқандай еркі болмай олардың ата-аналары таңдайтын. Əке баласына лайық көрген қызды құда түсіп айттыруға ағайындардың үлкендерімен кеңесіп, шешім қабылдайды. Қалыңдық таңдауда ата-ана бірден шешім қабылдамайды. Олар өздеріне лайық деген жанұялардың мінез-құлқын, тұрмыстық жағдайын, бала-шағасының халахуалын, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасын, жолдасжоралары, жегжаттары арқылы əбден біліп алып барып шешімге келеді. Бұл шаруа қазақтардың жабық қоғамында

─ 58 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ онша қиынға соқпайды. Ал қазіргі кезде ұл балалардың қыз таңдауда өз еріктері бар. Бірақ, қыз балалардың емін-еркін жүрістері болмағандықтан, оларға қиындықтардың көп болатыны рас. Айттыру – ағайынның үлкендері ұл мен қыздың үйленуіне келісім бере қойса, пысық, сөзге шебер туыстың бір əйел адамы қыздың анасымен хабарласып өз ойларын айтады. Қыздың анасы мақұл көріп, күйеуімен бұл жайлы əңгімелесіп, қыздарын беруді дұрыс деп шешсе, бір апта ішінде өздерінің келіскендерін хабарлайды. Жігіт жақтан елге абыройлы, беделді ағайындарының бірі бас болып бірнеше адамды ертіп қыздың үйіне барып, жігітін мақтап, өздерінің келгендегі ниетін айтады. Бұл екі жақтың келісімге келгендіктерін көрсетеді. Содан кейін қыздың атаанасы Ақсақалдармен кеңесе отырып, құда түсетін күнін белгілеп жігіт жаққа хабарын береді. Жігіттің əкесі бірнеше Ақсақалдарды ертіп қыз жақтың «үлкен шаңырағына» барып құда түседі. Екі жақтың ата-аналары, Ақсақалдары əңгімедүкен құрып, шəй ішіп, тамақтанып болған соң қыз жағы «Бұйымтайыңыз бар ма?» деп сұрайды. Олар өз ниеттерін айтады. Сөйтіп, екі жақ та өз ризалықтарын айтып, жегжат болайық деген тоқтамға келеді. Сөйтіп екі жақ сөз берісіп, құдалықтың алғы шартын жасайды, болады. Одан кейінгі күндері құда болу рəсімі, сосын құда тойы рет-ретімен жасалады. Құда болу – құда болу күні ырым бойынша сəтті күннің бірін тағайындайды. Бұл күні екі жақ дəстүрлі қалыңмал мөлшерін анықтайды. Қалыңмал ұдайы нақтылы бір мөлшерде қала бермейді. Оның мөлшерін ауқатты немесе бəсекешіл адамдар өзгертіп отырады. Дегенмен өзіндік мөлшері азды-көпті жоғарылап не төмендеп өзгеріп отырады. Мəселен қазіргі кезде мың-екі мың доллар көлемінде қалыңмал төленеді. Қалыңмал жігіт жақтың материалдық жағдайына байланысты бөлініп бір, екі яки үш мезгілге бөлініп төленеді. Тағы да қалыңмалдың оннан бір мөлшері «Ағалық хақы» деп беріледі. Қалыңмалдың белгіленген

─ 59 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР мөлшері төленген соң екі жақ құдалық той жасау күнін белгілейді. Құдалық той – құдалық той белгіленген соң бірнеше күн бұрын дайындық бастайды. Жігіт жағы өздерінің ағайынтуысқандарына той болатын күнді хабардар етеді. Қыз жақ құдалық тойға баратын ағайындарын анықтап шақырады. Жігіттің анасы жақын апа-жеңгелері (Адайлар оңтүстіктегі қолданылатын əпке сөзінің орнына Апа сөзін, ал, Апа сөзінің орнына Əже сөзін қолданады) қызға тағатын алтын сырға тағы басқа сыйлықтарын дайындайды. Мұнда жігіт жақтың ауқаттылығына байланысты қызға алтын бұйымдар мен түрлі сыйлықтар беріледі. Қыз жақтың адамдары да құр қол келмей «Ақ қалта», «Ала қалтасын» көтеріп келеді. Құдалық той екі жақтың бір-біріне қошамет сөздері, кең дастарқанның түрлі тағамдары, сый-сыйапатпен өрнектеліп əн-биге ұласып жатады. Құдалық той қыз жақта жасалады. Жігіт жақтан келетін құдаларға арнап үй дайындап қояды. Бұл үйді «Құда түсетін үй» деп атайды. Қыз жақтың бір жақын ағайыны құдаларды қарсы алып, олардың жағдайын жасауды міндетіне алады. Сол күні құдаларға атап қой сойылып «Ет» (Мұнда жасанды «Бес бармақ» сөзі қолданылады) асылады. Құдаға бас тартып тиісті сый-құрмет жасалады. Құдалық тойдан бір күн бұрын май нан (шелпек), бауырсақ пісіріледі. Бұл күнде құда түсетін үйге қыз жақтың жеңгелері, тума-туыстары, достарының əйелдері жиналып тойға керекті заттарды дайындауға кіріседі. Көмектесуге шақырылған əйелдер құр қол келмейді. Өздерімен ақ қалта, ала қалтасына тойға қажет тəттілер, түрлі мата тағы басқа бұйымдарын той шашуы деп ала келеді. Сондай-ақ келе-сала теңгелерін «шашу» етіп шашады. Қонақтар шəй дастарқанынан дəм татып, жұмысқа кіріседі. Бірі қамыр илейді. Бірі ошақ дайындайды, бірі отынын алып келеді. Сөйтіп, көңілді, жүздерінде күлкі ойнап, əдемі қалжыңдар мен қуанышқа ұласып жатады. Бұл күні қой сойылып, өкпе-бауыр, ішек-қарынды картоппен қосып қонақтарға қуырдақ дайындалады. Тойға тиісті дайындық

─ 60 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ аяқталған соң əйелдер үйлеріне қайтып, ертеңіне таң атысымен келесі бір топ ағайындар той болатын жерге келеді. Құдалық той күні көмектесуге тума əйелдер тоб-тобымен той қалталарымен келіп, тойға шашуын шашып, тойға шақырылған дүйім жұрт «Тойшылар» жайылған дастарқан төңірегіне отырып шəй ішіп, қуырдақ жеп сыртқа шығып орнын жаңадан келген қонақтарға босатып беріп, бір-бірін қошаметтеп тойды думандатып қыздырып жатады.. Бұл жерде қыз жақтың жақын ағайын үйіне де қалыңмалдан үлес беріледі. Ол қалыңмалдан алған ақшалай үлесін қонақтарды қабылдауға жұмсайды. Құдалардың саны 200 адамға дейін жетеді. Əрине бұл сан қазіргі кезде нарықтық жағдайға байланысты төмендеп кетті. Көп жылдардан бері құдаларды қазақ «күріш» пісіріп қарсы алуды дəстүрге айналдырды. Қонақтар санының көп болуына қатысты əр төрт, алты қонаққа бір табақ күріш тартылады. Дастарқанға жеміс-жидек, салат жəне сусындар қойылады. Тамақ қолмен желінетіндіктен қонақтарға қол жуғыш алып келіп қолдарына құмғанмен су құяды. Тамақ тартылып жатқанда, бір адам шелек алып жүру дəстүрін орындайды. Шелек ішіне қонақтар туыстық-достық қарым-қатынастардың алыс-жақындығына қарап сый ақша салады. Шелекке түскен ақшалар қонақ иесіне тапсырылады. Жиналған ақшаның есебінен қонақ иесі көмектескен жас əйелдерге ақшалай немесе заттай үлес береді. Тамақ желініп болғаннан кейін ас қайырып, құран оқылады. Қонақтар бəрі үйден сыртқа шыққан соң жігіттің əкесі не ағасы үйден сыртқа шықпастан бұрын отырған жердің киізінің астына қонақ иесіне «сыйлық» ретінде ақша қалдырады. Оған «төсек асты» делінеді. Құдалар қонақасы берілген үйден шыққан соң қыздың əкесінің үйіне бет алады. Қыз жағының əйелдері құдаларды шашу шашып қарсы алады. Құдаларға қонақ бөлмеге кірер алдында ырымдап ақ жол болсын деген ниетпен ұн жағады. Құдалық тойдың ең қызық сəті «Құда түсіру» деп есептеледі. Өйткені құдаларды қызықтап қарсы алу жəне

─ 61 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР құт болсын деген ниетпен оларға ұн жағып жатады. Бүгін қызыққа батамыз деп құдалардың ішінде қалжыңдауға ыңғайы келген құданы ұнға əбден малып, тұла бойын қардай аппақ қылып тастайтын. Кейінгі жылдары бұл рəсімнің тек қана ырымы жасалады. Қыз жағы құдаларды шəй дастарқанымен қарсы алып, қуырдақтан кейін күрішпен тамақтандырады. Бұдан кейін қыз жағы жігіт жағынан келген құдаларға бес түрлі «кит» береді. Біріншісі жігіттің ата-анасына, екіншісі бірінші дəрежелі туыстарына, үшіншісі одан кейінгі ағайындарына, төртіншісі дос-жарандарына, бесінші кит «көптің киті» деп аталады. Ол жалпы жиналған қонақтарға таратылады. Сондай-ақ «өлі-тірінің киті» бар. Ол сондағы молдаға тапсырылады. Əрине аталған киттердің мөлшері жоғарыдан төменге қарай азая түседі. Содан кейін «төс» құдаларға тарту етіледі. Төсті арнайы табаққа салып, оған қоса əйелдерге арналған көйлек маталар, бір жұп əйел костюм жəне матаға оралған кілемше қосып құдаларға сыйлайды. Құдалар төс пен қатар алған сыйлықтарын алып қайтады. Оларды жігіттің үйі қой сойып қарсы алады. Құда болып қайтқан жамағат жігіттің үйінде қуырдақпен шəй ішіп, ет жеп үйлеріне тарасады. Қонақтар тарап болған соң жақын ағайындар киттерді атап жазылған қағаздарына қарап ата-ана, жігіттің ағайындары, жақын туыстары, алыс тумаластары мен тойға қатысқан қауымға үлестіріп береді. Алып келген төспен қосымша етінен жиналған адамдар ырымдап дəм татады. Одан кейін төспен бірге алып келген сыйлықтардың қабын ашуға кіріседі. Төстің сыйлық қабын күйеу əрі балалары қайтыс болмаған яғни бақытты жас əйелдің ашуын қалайды. Төс сыйлығының түймешегінде орамалға оранған арнайы сыйлық бар. Ол төс түймешегін ашқан əйелге тиісті болады. Төс сыйлық мата, кастюмдері, кілемше жиналғандарға көрсетіліп, əкесі өзіне тиісті сыйлықты жақын ағайынның біріне тарту етеді. Келесі күні «Құда той» жігіттің үйінде жалғасады. Жігіттің үйіндегі құда тойда дəл қыздың үйіне жасалған рəсімдермен қайталанады. Яғни қыз жағынан кел-

─ 62 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ ген құдалар əуелі жігіттің ең жақын деген туысының үйінде қонақасы жеп, сый-сыйапатына бөленіп, кейін жігіттің үйіне келіп түседі. Оларды да жігіт жағы шашу шашып қарсы алып, ұн жағу рəсімін жасайды. Ұн жағу рəсімі де өткен күнгі ұн жағу рəсімінің қалай өткеніне байланысты қыза түседі. Ал, жігіт жағы құдаларға төстің орнына «құйымшақ» тарту етеді. Құйымшақты үлкен табаққа күріш қосып салып береді. Оған қоса келісілгендей қалыңмалдың бір бөлігін əрі бұрынғыша сыйлықтар беріледі. Қыз жақтан келген құдалар қалыңмал, сый-сыйапатын алған соң бата береді. Бұл рəсімдердің соңында бата берілгеннен кейін қыз ресми түрде жігіттің қалыңдығы болғанын мəлімдейді. Қалыңдық болу мерзімі – қалыңдық мерзімі əртүрлі алты айдан бес жылға дейін созылғандары бар. Ең қызығы бұл мерзім аралығында жігіт пен қыз ашықтан ашық бірбірімен кездесе алмайды. Сондай-ақ қыз-жігіт ата-ене жəне туған-туыстарының көзіне түсе бермеуі керек. Бұл жағдай «қашпақ» деп аталады. Ал жігіт пен қыз бұл үрдісті сақтамаған болса оларға айып пұл төлеуге тура келеді. Əрине, бұл қатаң дəстүр қазіргі кезде біршама жұмсарды. Айт күндері мəселен құрбан айт, наурыз мерекесінде екі жақ құдалар көрісуге барады. Ал, наурыз айтта күйеу баланың тарапынан қалыңдыққа міндетті түрде түрлі алтын əшекейлі бұйымдар сыйлыққа алып барады. Тойға дайындық – жігіт жағы қалыңмалды толық өтегеннен кейін келін түсіру тойды жасауға дайын екендіктерін жария етеді. Той мерзімі жақындай түсісімен қыз өзінің сырлас жеңгелерінен «сыңсу» өлеңдерін үйрене бастайды. Тойдың күні нақтылай белгіленген соң қызды өз ағайындары мен дос-жарандарын қонақасы беруге қонаққа шақырады. Оның ең жақындары мұндай шақыруды думанға айналдырып жібереді. Яғни қызды түнде барлық туыстар мен достарын қоса шақырып, үлкен құрмет көрсетіп, əн айтып, күй шертіп дүрілдетіп той жасап өткізеді. Бұған Иран қазақтары «Ойын кеші» деп ат қойған. Қыздың құрметіне жасалатын мұндай «Ойын кештері» ағайындарының санына

─ 63 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР байланысты қырық түн, қырық күнге дейін созылуы мүмкін. Əсіресе бай қызына ойын-сауықтың ұзаққа созылуы ғажап емес. 1980-1985 жылдарға дейін «Ойын кештерінің» көркі қазақтың қара домбырасы мен қазақ жырлары еді. Темірбай, Емберген, Қайырбай, Жаңбыр, Шомақ тағы басқалары той кештерді домбырамен жырлатып əндетіп қыздыра түсетін. Бүгіндері олардың біразы қайтыс болса, қалғандары қартайды. Сондықтан той кештерінің басым бөлігі ирандық жеңіл-желпі музыкамен ырду-дырду күйінде өтіп жатады. Қысқасы кейінгі жылдары бұрынғы ұлттық үрдіс жойылып, «Ойын кештері» жергілікті жердің жеңіл əуендері, жеңіл билерімен парсы тіліндегі əуендермен өтіп жатады. Бұл қазақ тілінің əлсірей түскенінің бір белгісі. Бұл кемшіліктің түп-тамырын ол жерден емес, олардың еліктеп тұрған үлкен шаңырақтың қазақ тіліне немқұрайды қарайтынынан іздеу керек сияқты. Үлкен шаңырақтың тілге деген құрметі мықты болса, оның жаңғырығы шетелдегі бауырларға да өз ықпал-əсерін тигізбей қоймайды. Міне, осылай қызды «Бақыт үйіне» кетуге дайындап, ағайын-туыстарымен қоштасуға мүмкіндік береді. Бұл да болса қазақтың ежелгі дəстүрлерінің сарқыты болу керек. Өйткені көшпелі қазақ қызын ұзатқан соң айлап, бəлки жылдап оны қайта көре алмайтын шығар. Тойға дейін қыздың жасауындағы жетіспей жатқан бұйымдар түгенделеді. Той күнін екі жақ Алланың сəтті бір күніне орайластырып бекітеді. Күйеу той – той мерзімін бұрын жігіт жағы барлық туыс-тумаларын тойға шақырып тойдың керекті заттарын ақылдаса дайындауға кіріседі. Тойға бір күн қалғанда нан, бауырсақ пісіріп той құрметіне бірнеше қой, тана, бұзау не сиыр сойылады. Еттерін ертеңгі күнге турап дайындап қояды. Бұл шаралардың бəріне жақын ағайын-жақындар ат салысады. Көмектескен жамағат шəй дастарқанында «Қызыл қуырдақтан» дəм татады. Күйеу баланың əкесі оларға рахмет айтып, ризалығын білдіріп, оларды ертең өтетін тойға қызмет көрсетулерін сұрайды. Той күні таң сəріден бастап ошақтардың үстіне қара қазан қойылып, оған ет асылына-

─ 64 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ ды. Ет піскенше күріш, сəбіз, кəшміш тағы басқа қосымша тағамға қосылатын бұйымдар дайындалады. Той тамағы түс мезгілінен бұрын əзірленіп, табақ тартуға дайын тұрады. Қонақтар келе салысымен тамақ жеуге кіріседі. Күйеу тойға келген қонақтар той иесіне материалдық көмек болсын деген ниетпен « той орамалы » деп ақшалай үлес қосып жатады. «Орамал тон болмайды, жол болады» деген мақал осыдай дəстүрден туған болар. Тойдан кейін күйеу жақтың ең жақын туыстары қалады. Оларға «Ошақ басы» дейді. Олардың арасынан күйеу баланы қыз жаққа қорған болып, ертіп алып баратын адам сайланады. Оған «Бас құда» деген ат береді. Ол тойдың бастан аяғына дейін күйеу баланың жанында жүреді. Барлық жасалатын рəсімдерде күйеу баланың өкілі ретінде сөз сөйлеп, қажетті міндеттерді атқарады. «Бас құданың» жанына бір көмекші де белгіленеді. Күйеу баламен бірге жүретін құда тағайындалған соң басшы əйелдермен Ақсақалдар «кит» мөлшерін, кімдерге беру мəселесін белгілеуге кіріседі. Келешек келіннің отбасы мүшелері мен ағайындарына китпен қоса белгілі мөлшерде ақша орамалға орап салынады. Дайындаған киттердің кімге тиесілі екендігін қағазға жазып, кит матаның бір бұрышына байланады. Киттен үлес алатындар төменгідей: 1.Қыздың əкесіне кит – ең қомақты киті. 2.Қыздың аға-інілеріне киті. 3.Қыздың апа-сіңлілеріне киті. 4.Нағашы киті. 5.Қыздың жақын руластарына киті. 6.«Ақсақал шапаны» немесе «Қосай шапаны» деп аталатын кит қыз жақтың жасы үлкен кəриясына беріледі. Бұл жердегі Қосай шапаны дейтін себебі Адайлар Қосай атаны үлкен шалымыз деп есептейді. 7.«Мал бауыздар» киті. Бұл мал сойып, тойдың асын дайындаған кісіге беріледі. 8.«Жеңгетай» киті. Бұл бағалы сыйлық күйеу баланың ең жақын жеңгесіне тиесілі.

─ 65 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР 9.«Қол ұстатар» киті. Бұл сыйлықты күйеу бала өз қолымен өзіне келіннің қолын ұстатқан жеңгесіне тапсырады. 10. «Күйеу аттандырар» киті. Бұл соңғы сыйлық. Оны Бас құда «қыз отыратын күн» яғни əкесінің үйіндегі соңғы күнінде тапсырады. 11. «Қыз қашар» үшін берілетін ақша нарық заманының базары жылдамдықпен өзгеруі, сондай-ақ қазақтың бəсекеге бейімдігінің салдарынан кит немесе басқа рəсімдерге берілетін ақшалай мөлшерін біз əдейі көрсетуге тырысқан жоқпыз. Өйткені ол мөлшер құбылып тұрады. Кит аса маңызды жəне кірпияз сыйлық, өйткені, кит дұрыс берілмей қалса қарсы жақтың назарына ілігіп, өкпелетіп алуы мүмкін. Сол үшін китті дайындауда мұқият болу керек. Одан кейін тағы бір қызық рəсімнің бірі орындала бастайды. Күйеу той түске дейін өтіп, киттер дайындалып, бас құда мен көмекшісі белгіленіп біткеннен кейін түс қайта жігіттің жеңгелері «Күйеу кастюмын» кигізу рəсімін жасайды. Бұның қызық жері жігітке күйеу кастюмімен қоса иығына плащ, басына қалпақ (шапка) кигізеді (Суретке назар аударыңыз). Бұл дəстүр қазақ түгілі парсылар мен түркімендерде жоқ. Бұл дəстүр қайдан шықты? Не үшін жасалады? Алла біледі. Əйтеуір күйеу бала тойдың басынан-аяғына дейін келінді үйіне алып келгенше барлық рəсімдерде иығына плаш жауып, басына қалпақ киіп жүруге міндетті. Жігіттің жеңгелері оны киіндіріп болған соң қыз жақтағы жеңгелеріне сыйлайтын заттық сыйлықтар мен тиісті ақшасын қалтасына салып қояды. Міне бұдан кейін күйеу бала – бас құда, құда көмекшісі жəне өз достарымен «Қайын ауылға» қарай аттанады. Бұл топ китке толы чемоданымен ауылдың бір шетінде тоқтап, «Қайын ауылдың» кіруге рұқсатын күтеді (Қазіргі кезде ағайын-достардың үйінде күтеді). Сол сəтте бас құда мен көмекші құда қыздың үйіне барады. Қарсы алып, дастарқан жайып қарсы алады. Иран қазақтарының қыз ұзату тойындағы бір ерекшелік – қыздың жеңгелері оны киіндеріп, иығына «жадағай» (су-

─ 66 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ ретке қараңыз) жабады. Ал, бұл кезде қыздың басындағы «телпекті» алып тастап, оның орнына мақпал қызыл түсті орамалды жабады. Ал, жаңа келін өз бөлмесінен шығып, той рəсімдеріне қатысу кездеріне «жадағайды» басына дейін жауып, бүркеніп жүреді (суретке қараңыз), кешке таман қыз жағынан тағайын-далған жеңгелер бір топ қыздар, келіншектермен күйеу баланы алып келуге шығады. Араларындағы жасы үлкен келіншек күйеу балаға барып, сəлем береді. Күйеу бала бəрімен қол беріп амандасады. Содан кейін күйеу балаға арналған қоналқысына бет алады. Ол жерге жеткенде үй иесінің рұқсатын күтіп, рұқсат етілген соң плащының жиегін төмен түсіріп, келбеті көзге түспейтін жағдайда бұрыннан үйдің бір бөлмесіндегі əсемделіп, түрлі нақышпен безендірілген «шымылдықпен бөлініп қойған бөлменің оң жағына орналасады. Күйеу бала шымылдықтың арғы жағында түргеліп тұрады. Үй иесі рұқсат бергенде барып отыруына болады. Бұның тағы бір ерекшелігі, күйеу бала шымылдықтың сыртында тұрса да жеңгелерінің пəрменін олардың дегенін орындайды. Мəселен күйеу бала отырған бөлмеге қыз жақтың бір туысы кіре қалса, күйеу жеңге оның плащының бұрышын тартып, белгі бергенде күйеу бала орнынан тұрады. Ал, кірген адам оған рұқсат етпей күйеу бала отыра алмайды. Мұндайда кейде əдейі күйеу аяғын жазсын деп отыру рұқсатын біразға созады. Бұл жерде баса айту керек, мəселен – күйеу орнынан тұруға тиіс, бір кісі бөлмеге қанша рет кіріп-шықса да күйеу сонша рет орнынан тұрып, оның рұқсатынсыз отырмайды. Күйеудің орнынан тұруға тиісті екінші жағдай оған шəй немесе тамақ алып келген кезде орнынан тұрып рұқсат бергенде қана отырады. Шымылдық сыртындағы тағы бір дəстүр қыз жағының жаңадан балалы болған келіншектері күйеудің алдына барып, танысып жаңа дүниеге келген сəбилерін көрсетіп «Көрімдік» сұрайды. Күйеу олардың əрқайсысына ырымдап көрімдік береді. Сондай-ақ күйеудің жаңа балдыздары да онымен танысып, тиісті сыйлықтарын күйеуден алып жата-

─ 67 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ды. Күйеу оларға алдын-ала дайындап қойған сыйлықтарын тапсырады. Күйеу бір бөлменің шымылдығының сыртында отырған кезде, жаңа келін де басқа бөлмеде өзінің құрбылары, жеңгелерімен отырады. Ал, күйеу құда, көмекшісімен жолдастары да жеке бөлмеде орналасады. Сол күннің кешкісінде «Ойын кеші» өтеді. Онда аталған үш бөлмеде жыршылар домбыраларымен əн əндетіп «ойын кешін» қыздыра түседі. Онда қыздың да, жігіттің де ағайын-туыстары, досжарандары орындаушы жыршыларға ақшалай «орамал» кəде беріп жатады. «Ойын кеші» кешкі ас берілген соң аяқталады. Бұл кеш кейде ұзаққа созылып түн ауғанша жалғаса береді. «Ойын кеші» аяқталған соң жеңгелері күйеуге барып дем алуына рұқсат береді. Сонымен қатар күйеу құда, жолдастары да рұқсат алып, сол ауылдағы бір ағайынның үйіне барып дем алады. Ертеңгі күні қыздың үйінде «нан» күні өтеді. Дəстүр бойынша бұл күні əйелдер түске дейін нан пісіріп, тойға басқа да дайындықтарына кіріседі. Түстен кейін қыз жағы күйеу құданы үйге шақырып алады. Бір бөлмеге орналасқан олар кит сыйлықтарын егелеріне тапсырады. Күйеу құда мен көмекшісі кит сыйлықтарын ашып, тапсыру əрі құрмет сөздерімен қарсы жақтың ризалығын алу күйеу құданың атқарған ең маңызды шаруасы болып есептеледі. Күйеу құда қыздың атасының атына жазылған китті ашып, қыздың анасына тапсырады. Басқа да кит сыйлықтарын рет-ретімен атын атап тапсырып отырады. Бірде біреу китке қарсы уəжі болса, күйеу құдаға айтып отырады. Күйеу құда өзімен қосымша алып келген бұйымдар, мата жəне ақшасымен қажет деп тапқан жерде киттің мөлшерін көбейтіп береді. Əйтеуір кит алушымен келісімді түрде іс жасап олардың көңілін аулау күйеу құданың негізгі жұмысы болып табылады. Бұл арада мал соятын қасап та киттен үлесін алмай жұмысына кіріспейді. Кит тарату шаруасы ойдағыдай тəмамдалған соң ертеңгі «Қыз қашар тойға» дайындық басталып кетеді. Қыз ұзату тойы – Бұл күні қыздың үйінде барлық туы-

─ 68 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ стары, жегжаттары, достары жиналып тойға қатысады. Тойға арналған үлкен дастарқаннан шəй ішіп, тамақтанғаннан кейін қыз жағының етене жақын туыстары қалып, «Қыз қашар» тойды кім өткізу керектігіне ұсыныстар айтады. Ақсақалдар кеңесі мақұлдаған ағайын той міндетін мойнына алады . «Қыз қашар» той барысында ең үлкен, ауқымды «Ойын кеші» болғандықтан оған келетін қонақтар көп болады. Ойын-сауық «Қыз қашар» түннің бір уағына дейін жалғасады. «Қыз қашар» «Ойын кешін» өткізетін ағайынның есімі жария болған соң күйеу құданы шақырып, «Қыз қашардың» шығынын өтеуін міндеттейді. Осы күні қонақасы берілгеннен кейін жаршы келіп, «Той бастар» жырын қалыңдықтың алдында орындайды. Тойбастардың мазмұны 1980 жылдары жазып алған нұсқасы бойынша төмендегідей болды: Бағлан серке, марқасқа, қой бастайды Қой алдында жануар ойқастайды Құтты болсын кез болған жүлде жігіт Бұрынғының жолымен той бастайды. Құнан қойын сайлатып сойдырған-ау Табақ-табақ ет тартып тойдырған-ау Құтты болсын тойыңыз той қылған-ау Сəтті күні сəрсенбі той қылыпсыз. Жұртқа лайық жол тұрады Құтты болсын тойыңыз той иесі Той есесін тəңірім толтырады Құнан толып қойыңыз қойға ұлассын Қырға сыймай шуласып ойға ұлассын Құтты болсын айтамыз тойыңызға Той иесі тойыңыз тойға ұлассын. «Той бастар» жырының бірнеше нұсқасы бар. «Той бастар» жыры айтылғаннан кейін қызды жігіт жағындағы келіншектер алып кету рəсімін жасауға кіріседі. Бірақ қыз жағы қыздарын беруге қимастық кейіп танытып,

─ 69 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР сол арада «Тартыс» атты рəсім жасалады. Онда қыздың төңірегін арқанмен қоршаған жеңгелері жігіт жағынан келген келіншектерге қызды бермеуге тырысады, сөйтіп екі жақта тартыс басталып кетеді. Бұл дəстүр 1980 жылдардан бұрынғы кезеңде кəдімгідей екі жақтың келіншектерінің күш сынасу майданына айланып кететін еді. Кейінгі жылдары тартыс бəсеңдей түсіп, қазіргі уақытта ұмыт қалып бара жатқан салттардың бірі. Тартыс рəсімі қаншалықты шынайылықпен өткенімен, бұл жерде үнемі күйеу жігіт жағы жеңіске жетіп отырады. Бұл рəсім қыз жақтың қыздарын қимай отырған пейілін бейнелейді. Олар қызды əдемі алашаға орап, «Қыз қашар» ойын кеші өтетін үйге алып барады. Қалыңдықты «Қыз қашар» өтетін үйге алып барғаннан кейін жеңгелер күйеудің артынан барып оны қыздың атасының үйіне алып келеді. Бұл жерде де күйеуге бір бөлмеде шымылдық құрып оның отыратын орнын белгілеп қойған. Күйеу сол ұяң түрімен иығында плащ, басындағы қалпағымен шымылдық артында отырып, кірген адамдарға, алып келген шəй, тамақтарын ұсынған кезде орнынан тұрып, ізет көрсетеді. Сосын рұқсатпен отырады. Күйеу қайын атасының қонақасын жеп, батасын алған соң манағы «Қыз қашар» өтетін үйге барып, бұрынғыша шымылдықтың артында отырады. «Ойын кештің» қонақасы берілгеннен кейін көпшілік қонақтар тарқасады. Сосын неке оқуға «Ахунд немесе молда» шақырылады. Үй иесі келген молданы шəй дастарқанында түрлі тəттілермен қарсы алады. Содан кейін неке рəсімі басталады. Неке рəсімі – суға толтырылған бір ыдысқа қыз жағынан бір күміс теңге салынады. Сосын жігіт жағынан алып келінген бір шаршы метр көлеміндегі жібек ақ орамалмен ыдыстың үстін жабады. Неке рəсімін жасауға екі кісі «Куə» болып сайланады. Бұл екеуі «Куəлік жырын» айтып:

«Куə куə куəдүрміз Куəлікке жүредүрміз Таң ақ қасында ─ 70 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Ақ халық қасында

Куə куə куəдүрміз» – деп қыздың жанына барып жиналған жамағат арасынан бір өкіл əке таңдауын сұрайды. Қыз өкіл əкесін таңдап, жария еткенде оның сөзін куəлар естуге тиіс. Содан кейін күйеудің анасының алдына барып өкіл əке таңдауын өтінеді. Күйеу жиындағы бір кісінің атын өкіл əкесі ретінде атайды. Екі жақтың өкіл əкесі сайланған соң «Қызды айттыру», «Құдалық той», «Қалыңмалды» белгілеу дəстүрін бастайды. Күйеудің өкіл əкесі біреуді өз ұлының ролінде қыздың өкіл əкесінің жанына қызын айттыруға жібереді. Бірнеше минут өткен соң тағы бір баласын қыздың өкіл əкесінің алдына жібереді. Ең соңында келісімге келіп бірнеше құрбақа, тасбақа, құмырсқа тағы басқа жануарлар беріп, бұл екі өкіл əке құдандасады. Бұл қалжың ойынынан кейін неке қиюдың шынайы рəсімдері басталады. Молда – пəленше мырза қыздың өкіл əкесі, пəленше баланың өкіл əкесі дейді. Сосын қыздың əкесінің атын атап, сізді қыз өкіл əкем деп сайлады. Сіз бұл қызды пəленшемен некелесуіне (жігіттің есімін атап) ризасыз ба? Деп сұрайды. Дəл осы сұрақты жігіттің өкіл əкесіне қояды. Екі өкіл əке ризалықтарын айтып молдаға хабарлайды. Молда олардың риза екендігін естігеннен кейін екі «куə» қыз-жігітпен хабарласып, олардың риза екендігін молдаға айтып жеткізеді. Молда олардың да риза екендігін естіп некелерін кияды. Құттықтап ризалық лебізін білдіреді. Сосын молда алдындағы шекер қосып, бір күміс теңге ішіне салынған бір кесе суды жамағатқа ұсынады. Əрбір адам ырымдап тістерін құрт жемесін – деп бір ұрттам су ішеді. Молданың қиған некесінен кейін қыз-жігіт шариғат бойынша ерлі-зайыпты болып танылады. Бұдан кейін жеңгелері келін мен күйеудің «қол ұстату» рəсімін жаңа келіннің атасының үйінде жасайды. Қол ұстасу рəсімі – келіннің жеңгелері оның əкесінің үйінде бір бөлмесінде арнайы жастық пен көрпемен жабдықталған төсекті қол ұстату рəсіміне дайындап қояды. Жеңгелер неке рəсімінен кейін келінді əкесінің үйіне алып

─ 71 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР келеді. Оны төсекке жатқызады. Сосын жақын көршілес бір үйде күтіп отырған күйеуді келіннің бөлмесіне алып келеді. Күйеу орамалға оранған мақпал көйлек, білезік, жүзік сияқты сəн бұйымдарын «Жеңгетай сыйы» деп жеңгесіне сыйлайды. Жеңге келін мен күйеудің оң қолдарын бір жібек матаға орайды. Келін мен күйеу бала бір-бірінің беттерін сипайды. Сосын төсекке кіреді. Екі жар біраз уақыт бір-бірімен əңгімелесіп, сырласқан соң жеңгелер ішке кіріп күйеу баланы бөлмеден шығарып салады. Бұл түнде екі жардың арасында жақындасу болмайды. Қыз отыратын күн – «Қыз қашар» күннен кейін «Қыз отыру күні» басталады. Бұл күнде сол кезге дейін қыздың қонақасын беріп үлгере алмаған ағайындары қызбен қоштасу есебінде шақырылады. Келесі күні қызды бақыт үйіне шығарып салатын болғандықтан қыздың əкесі күйеу баланы, құда мен жанындағыларды ағайын ақсақалдарымен қоса қонаққа шақырады. Шəй дастарқанында қуырдақпен қонақтарды қарсы алады. Қыздың əкесі мен туысқан ақасақалдар қыз бен жігітке «Алдыңыздан ақ күн тусын» деген тілек айтып, игілік пен мол бақыт тілейді. Оларды өмір жолында бірбіріне адал жар болғай деп аталық баталарын береді. Қыздың туыстары келін мен күйеуге жылқы, сиыр, қой сияқты түліктерін атын түстеп тартуларын жариялайды. Осы арада жастар жағы қыздың жасау-жиһаздарын жүк машинаға артып, жолға шығуға дайындап қояды. Қызды үйден шығарған кезде, ол жақын адамдарымен «Сыңсу» жырын айтып, құшақтасып қоштасады. Содан кейін қыздың жезделерінің бірі оны иығына көтеріп мишинаға отырғызады. Күйеу бала да арнайы дайындалған машинаға жайғасады. Олар жолға шығар алдында қыздың ағайындары орамал, сабын тағы басқа майда-шүйде сыйлықтарын күйеу баланың қалтасына салады. Өйткені күйеу жігіт үйіне оралғаннан кейін оның жеңгелері сарқыт дəметіп күйеудің қалтасын ақтарады (Қазақстанда тоғыз) деп аталады. Келін түсу – жігіт жағы бір күн бұрын нан, бауырсақ

─ 72 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ пісіріп, бір сиыр, неше қой сойдырып келін түсіру тойына үлкен дайындық жасайды. Той қонақтары таңертеңнен тойға келіп, үйге кіріп шəй ішкен соң сыртқа шығып келін мен күйеудің келуін күтеді. Күйеу жақтың келіншектері тойдың тамағын дайындауға кіріседі. Келін келген сəтте сəнделген, əсем киінген қыз-келіншектер оны қарсы алады. Келін күйеудің үйінен алшақтау бір ашық алаңда машинадан түседі. Жеңгелері келінге арнап дайындаған киімді түймешесінен шығарып келінге кигізеді. Бұл жерде келіннің басындағы қызыл түсті мақпал орамалды алып, оның орнына «Бұрама жаулық» кигізеді. Сол кезде келіннің сіңлілері бас орамалын жаулықпен ауыстыруға кедергі жасауға тырысады. Бұдан кейін келіннің беліне «Терме белбеу» орайды. Сосын ақ түсті жібек матамен келіннің бетін көрінбейтін қылып жабады. Одан кейін екі жағынан жеңгелері келіннің қолтығынан ұстап, басқа да қыз-келіншектермен бірге күйеу баланың үйіне қарай бет алады (Келіннің қолтық сүйер рəсімі). Үйге жетпестен бұрын жігіт жақтың ағайындары келінді қарсы алады. Сол кезде күйеудің туған жеңгесі немесе нағашы жеңгесі келіннің белінен «Терме белбеуді» шешіп алады. Сосын екі келіншек шымылдықтың екі ұшын екі жақтан ұстап келіннің алдында жүріп отырады. Келін керуені үйге жақындап қалғанда қайын енесі оны қарсы алып құшақтайды. Келін үйдің ауласына кірер алдында теңге мен кəмпит шашып үйдің ауласында алдын ала белгіленген жерге отырғызады. Сол кезде қыз-келіншектер оның айналасына жиналып отырады. Келін түскен кезде оны қарсы алу рəсімдері жасалып жатқанда күйеу бала үйіне барады. Оны ағайын əйелдер мен жеңгелері шашу шашып қарсы алады. Сосын бөлмесіне кіріп плащ пен қалпаған шешіп, дастарқаннан ауыз тиіп, үйден шығып, достарының үйіне кетеді. Содан кейін той жақта онша көп көріне қоймайды. Келінді күйеудің ағайын, жегжаттары үлкен қошеметпен жан-жақтан шашу шашып қарсы алып жатады. Шашу рəсімі екі түрде іске асып жатады. Бір топ қолында түрлі

─ 73 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР бұйымдар мəселен қуыршақ, құты, доп тағы басқа заттарды алып лақтырады. Əрбір затты лақтырғанда берілетін шашу мөлшерін мəселен 10 доллар немесе 50 доллар деп атап айтады. Сол бұйымды алған адам шашудың айтылған мөлшерін, шашу шашып тұрған адамның қолынан алады. Екінші түрінде шашуды қағаз ақшаларды шашып іске асырады. Мұны «пұл ұшырмақ» деп атайды. Келін түсірудің той дастарқанынан кейін келін жағынан күйеудің ағайындарына жіберген сыйлықтар тапсырылады. Екінші жағынан үйдің ауласында қазақша күрес өтіп жатады. Күрестің жеңімпаздарына да арнайы жүлделер табыс етіледі. Тойдың тамағынан кейін келіннің ағаларына – құда бала мен жолдастарына арнайы қой сойылып, «ет» асылады. Осы арнайы қонақасында құдағи мен құдашаларға арнайы бөлінген бөлмеде сый-сыйапат көрсетіледі. Қонақасы беріліп, күрес жарыстары мəресіне жетіп аяқталған соң «Беташар» рəсімі жасалады. Беташар жыршы қызыл түсті матаның бір ұшын өз қолына ұстап, екінші ұшын келіннің басына жабылған ақ түсті үлкен орамалға байлап қояды. Беташар жырын жырлай бастағанда келін сəлем берер сəтте қызыл түсті матаның ұшын ақырын тартып отырады. Сонда келіннің екі жағында екі қолтығын ұстап тұрған келіншектер келінге иілдіріп тағзым жасатады. «Беташар» : Алла деп мен ашайын бетіңді Ашылды келін беті түріліп Түбі көрсем тұра алмай Асаугерді оранып Халқың отыр асығып Кешіктің келін неқылып Елеңдеп əрең сын шақтың Көздің жасы бұршақтап Менің айтқан бір сөзім Ата-енеңді оңдап бақ Бұл сөзімді тыңдасаң Ол дүние де келін иман тап

─ 74 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Ана тұрған атасы Атасы емес, қара бір жердің жотасы Дариды оның батасы Батасына бір сəлем. Ана тұрған енесі Енесі емес қара бір теңіздің кемесі Келін келді дегенде Көкке жетті төбесі Енесіне бір сəлем Ана тұрған қайнаға Қайнаға шабар найзаға Қайнағаға бір сəлем Ана тұрған қайынысы Қайынысы емес қай кісі Атан түйе бай кісі Ағам қатын алды деп Маған кезек қалды деп Жалмаңдап тұр ғой байқұсы Қайнысына бір сəлем Ана тұрған бикеші Бикешіне бір сəлем Ана тұрған абысын Абысын емес аңдысын Абысынмен алыспа Өзі тиіссе қалыспа Сақина түзек салар деп Жылмаңдап торғай құсың Абысыныңа да бір сəлем. Осы беташарды Жаздырқан Бəубек Назардың баласы Оған да бір сəлем. «Беташар» рəсімі жасалған соң жеңгелер келіннің басындағы ақ жамылғыны жоғары көтеріп, бетін ашады. Артынша келін бетін түрлі-түсті орамалмен қайта жабады. Бұл оның ұяты бар инабатты келін екенін көрсетеді. Бұдан кейін

─ 75 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР жеңгелері келіннің «жасауын» ашып, жиналған қауымға көрсетеді. Жасауда қырықтан аса кастюм, безендірілген көрпе-төсек, жастық, алтын-күміс білезік, алқа, сырға, жүзік, сағат тағысы тағы, қол өнер бұйымдары, үйге қажет бұйымдар бəрі бар. Қыз жағы қалыңмал алғанымен еселеп оны қыздың жасауына жұмсағаны анық байқалады. Қалыңмал алған жақ кедей болса жұмсаған қаражаты жетпей тақырға отырып қалады. Себебі, қалыңдыққа арналған қалыңмал көбіне аз ғана мөлшерде беріледі. Ол қыздың түгел жасауына жетпейді. Келін барлық сəн-салтанатымен алтын алқа, алтын білезік, алтын сырға, күміспен күптелген шашбау тағы басқа зинет бұйымдарын тағып, жаулығын басына байлап шəй дастарқанның шеткі бұрышына отырып, жақын ағайындарына шəй құйып береді. Келіннің қолынан шəй ішейік деп келген ағайындар келін жүзін көрмек болып «көрімдік» беріп жатады. Көрімдіктен түскен ақшаны келін мен күйеудің ағайындары өзара бөліседі. Келіннің ағайындары қонақасынан кейін өздеріне арналған бөлмеге оралады. Олардың арасынан келіннің анасы мен бірнеше егде тартқан ағайын əйелдер үш-төрт күнге күйеудің отбасына қонып қалуға шешім қабылдайды. Үштөрт күн мерзім өткен соң күйеу бала тағы бұрынғыша күйеу киімін яғни жаңа кастюм, плащ, қалпағын киіп қайын енесі мен қасындағыларды үйлеріне жеткізіп салады. Келін түскен күннен кейін ертесі күні күйеудің ағайындары келінді қонаққа шақырады. Келін қонаққа барған үйінің иесіне «елу» деп аталатын сыйлығын тартуға апарады. Ал, мұндай жағдайда қонақ иесі келіннің жасауынан сырға, гүл көйлек немесе кілемше талап етуі мүмкін. Мұндай жағдайда келіннің ризалығымен оның сұранысы қанағаттандырылуы мүмкін немесе қонақ иесінің сұраған бұйымтайын базардан алып беріп, оның ризалығын алуы керек. Мұндай орынсыз сұраныс «орынсыз буынға пышақ сұққандай» күйеу мен келін арасында алауыздық оттың тұтануына апарып соқтыратын

─ 76 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ жағдайлар да болып жатады. Бірақ, ақсақалдардың парасатпайымы мұндай мəселелердің оңынан шешілу жолдарын тауып жататыны да қазақ салтының тамаша үлгілі дəстүрі болып табылады. ТОЙ ТҮЙІНІ Ирандағы той Маңғыстау тойындай. Бірақ иранда жерге дастарқан жайып марқайып отырады. Дастарқанда жемісжидек басымдау. Ал етті Иранда өте дəмді, жұмсақ, баптап пісіреді. Тек сорпа қызыл болады. Себебі қазан қайнап жатқанда-ақ томат соусын құйып жібереді. Иранда той тілегі баяндама-тост болып айтылмайды. Тойшы реті келгенде ақ тілегін қысқаша ғана айтады. Арақ деген атымен болмайды. Сондықтан да тойдағы дастарқан мəзірі ұзаққа созылмайды. Бірақ бұдан той қысқа болып қалмайды. Күйеу – құда қыз ауылында оншақты күндей болып, ағайындар кезектесе шақырып, думан-тартыс жалғасып жатады. Қазіргі кезде қазақтың ұлттық өнері тапшылау көрінеді. Мұндағы той əндері көбісі мұңды, парсы əндері орындалады. Қыз баланың жасауы. Қалыңдықтың киімі – үлде мен бүлде. Төсек неше түрлі, ең кемі төрт-бес қалы кілем, ыдыс-аяқ. Бұл жақта қалыңмал алынады. Міндетті түрде берілуі керек. Бірақ сол қалыңмал түгелдей қыздың жасауына пайдаланылады жəне ол жетпей қыздың үйі тағы шабылады, бəсеке деген бəле той тауқыметінің бір бөлігі. Сонда қалыңмал алды десе де, қыздың үйі үлкен шығында қалады. Жаңа түскен келін-баланың сəніне көз де, сөз де жетпейді. Мұнда қыз балалар түгелдей ісмерлік, кілем тоқу мен киім тігуді үйренеді. Жас келін оймышталған керемет камзол, түрлі қима-қиынды желектер, зерлі ою, бедерлі белбеумен сəндене киініп келеді. Күйеу ақшыл киім киюге тиіс . Ақ қалпақ, ақ көйлек, (галстук ол жақта дəріптелмейді), ақшыл плащ, ақшыл шалбар,

─ 77 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ақ шұлық, аппақ туфли. Бұл қазақтың «ақтан жарылқасын» деген ырымы. Күйеу сызылып, бір тізерлеп отырады. Жəне жай бір тізерлеу емес, шоқиып тік отырады. Есіктен біреу кіріп келсе, ұшып тұрады. Неше адам кіріп, шықса да (үлкен болсын, кіші болсын бəрі бір) ұшып тұрып сəлем береді. Ирандағы қазақтарда неке қию рəсімі жақсы сақталған. Ақсақалдар бұл дəстүр бұдан 60-70 жыл бұрын Маңғыстаудан кеткендегіден еш өзгерген жоқ дегенді айтады. Əуелі молда қол жайып бата қылады. Содан кейін оның екі жағына екі адам жайғасады. Біреуі жігіттің өкіл əкесі, екіншісі қыздың өкіл əкесі. Жігіттің өкіл əкесі бір жас жігітті шақырып, оны өзіне уəкіл етіп тағайындайды. Енді сол уəкілді қыздың өкіл əкесіне жұмсайды. Құда түсіп, біздің баламызға қызын бере ме, бермей ме? Тап осы жерде қызық ойын басталады. Қыздың өкіл əкесі «бұлданады». Күйеу бала жөнінде жорта сұрақтар қояды. Басы таз емес пе? Көзі қыли емес пе? Ал уəкіл күйеу баланы майпаздап, мақтай береді. Бұл ойын – айтыс сол түнгі тойдың қызығы. Содан кейін уəкілден түрлі сұраныстар талап етіледі. Бұл қалыңмал емес, қалыңмал тойдан бұрын келісіліп беріліп қойған. Тек ойын есебінде. Мəселен, мынадай күлкілі сұраулар қойылады.

Тоқсан тоғыз тасбақа, Алпыс алты құрбақа,

Жетпіс жеті құмырсқа əкел дейді. Уəкіл жігіт етегін толтырып, соларды əкелген болады. Əн айту, би билеу бəрін қыздың өкіл əкесі сұрап, ал уəкіл ұйымдастарып отырады. Тағы да түрлі қызғылықты сұрақ, ойындардан кейін қыздың өкіл əкесі: «Апыр-ай енді мен көндім, енді баланың өзінен сұраңдаршы» дейді. Уəкіл жігіт жүгіріп жігіттің өкіл əкесіне келіп, қыздың өкіл əкесінің көнгенін хабарлайды. Жігіттің өкіл əкесі мұны ортада отырған молдаға жеткізеді. Молда ишарат етіп, енді қыз бен жігіттің өздерінің разылығын сұраңдар, - дейді. Енді уəкіл жігіт жүгіріп, келесі бөлмеде шымылдықтың тасасында отырған қызға келеді. ─ 78 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ

Куəдірміз, куəдірміз, Куəлікке жүрəдүрміз. Таңда хақ қасында Бүгінде халық қасында

Ақ куəлігін бередүрміз. Сіз ризасыз ба?, - деп сұрайды. Қыз ұялып көбіне «разымын» деп айта алмайды. Ал уəкіл жігіт қызық үшін қазымырланып қайта-қайта сұрай береді. Сонда қасында отырған жеңгелері «Əй, қу шешек шыққыр, кетші, бұл разы, ұялып айта алмай отыр» деп əлгіні қуып жібереді екен. Бірақ соңғы кезде қыздар ұялмай-ақ «разымын» деп, басын шұлғып отыратын болды деп күліседі. Содан кейін күйеу жігіттен сұрайды. Ол разылығын білдіреді. Сосын уəкіл қыз бен жігіттің өкіл əкелеріне жастардың разы екендіктерін хабарлайды. Екі өкіл əке бұл мəселені ортада отырған молдаға мəлім етеді. Осы кезде ішінде секері жəне күміс теңгесі бар бір кесе су əкелінеді. Секер өмірлерінің тəтті болуының ырымы, ал күміс теңге – Омар патша заманынан қалған қаде деседі. «Омардың он теңгесі» деп аталады екен. Себебі сол кезде шыққан бұл күміс пұлдың мөлшері, бұл отбасының табыс байлығының ырымы. Бұл судан əуелі молда, өкіл əкелер, уəкіл жігіт жəне үйленіп жатқан жастар ішеді. Содан кейін дəреті түзу, дені таза адамдар дəм тату керек. Содан кейін молда бата қылады. Міне, осы сəттен бастап неке кілті жабылып, ол аспанға кетті деп есептелінеді. Оны аспаннан түсіріп, некені бұзып қайта ашу тек ер адамның «талақ, талақ, талақ» деген үш сөзінен кейін ғана мүмкін болады» деп сенеді. Түйіндеп айтқанда азаматтық қоғамның психологиясы кеңейе түскен сайын ұлттық дəстүрдің орындалу кеңістігі тарыла түседі. Бұл уақыт еншісінде жаңа үрдісін күтетін құбылысы болғанымен бабалар дəстүрі заманға сай жаңғырып жалғасқаны адам баласы пенделікке салынып, жүгенсіз кете беруіне кедергі жасап, игі əсерін тигізіп отырады..

─ 79 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ТОЙБАСТАР Жиналып халық құралсын, Сөйле деп бізге ұйғарсын, Бұл тойдың көркін айтайын, Той болады дегеннен, Халыққа хабар таратқан, Ат жүгенін тартқан, Əшекейленіп, жасалып, Отау да тігіп ақ жапқан, Байрақты тігіп ат шапқан, Жыршысы болса жырлатып, Ал аман басын құблатып, Жақсыларға тыңдатқан, Тартысы болса тартысып, Айтысы болса айтысып, Бола тəуір боладың Қыз-жігітке тыңдатқан, Жиналған топтың құралын Жыршыдан өнер сұрадың.

Сұрағандарың сөз болса, Қалағандарың біз болсақ, Қандырайын көптің құмарын, Шын-шабытың келгенде Ағыным тасты аударған Мен қайнап түсейін бұлағым. Той адамның қазынасы, Жұптанып неке қиылған, Ақ бұйырығы деген бар. Құлақ қойсаңдар келіске Адам ата жұптанып, Һауа ананы алғанда Некесін қиған періште. ─ 80 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ

Айтамын хабар қиырдан, Ешкімнен қорқып қойылман Рəсулі пайғамбар Хадишаны алғанда Ақ некесін қисын деп Жебрəилге Аллаһ бұйырған. Сол себептен неке қиылған, Қыз-бала сізге айтайын Жұрт жинап тозық той еткен, Атымтай жомарт салған жол, Бақыт пен дəулет қонған жол. Арғымақ аттай сəн берген, Сөйлесе сөзін тəн берген. Өтейін деп те отырсың, Балдырлы балқаш гүлдерден, Абайласаң айыбы жоқ, Дүниенің күлдір ісінде, Риза бол анаңа миқнат етіп сақтаған. Тоғыз ай, он күн ішінде Дүниеге сені шығарды, Перзенті болды қуанды, Періште көңіл пəктікпен, Ақ сүтін сорып жұбандың, Талай да бөлдің ұйқысын, Бесікте жылап мазалап, Мəпелеп сені өсірді, Тəрбиелеп тазалап Жəне де көңілі шат болды, Көтеріп алып сүйгеннен, Апыл да тапыл алдыңнан Аяқты басып жүргеннен Шақырып еді ғой балам деп. Сүйтпе жаным деп Жылы да шырай көңілімен.

─ 81 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Бұл күндерің болғанда, Дүниеме қызық деп Күйеуіңді күт те құрметтеп Жылай көрме, жарқыным, Кеттім-ғой деп жылатқан Бақыт та берсе басыңа Ел-жұртың болса қасыңда Айналарсың айтулы. Шалқыған шалқар бұлаққа, Риза бол, жарқыным Жырымдай еді арқасы Құрғыр қозғанда Жауарлы бұлттай қаптаған Ойқастап барып бір тоқтаған Қатты да кетсем қайырылмас Мен басы қатты ақтабан.

─ 82 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ ҚАЗАҚТАР ИРАНДЫҚ ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ Иран мен қазақ елі - құдай жазған қадым заманнан қазірге дейін ұрпақтан ұрпаққа көршілік сыбағасының ащысын да, тəттісін де бірге татып келе жатқан елдер. Бірақ, кейінгі дəуірде ғасырларға созылған ұзақ мерзім бойы бір-бірімен тікелей байланыс жасай алмай келді. Əсіресе, мəдени-əдеби шеңберіндегі қарым-қатынастарының жібі ХҮІ ғасырдың соңына таман үзіле бастады. Сондықтан да 1602 жылы жазылған Қадырғали би Қосымұлының «Жами-ат-Тауарих» (Жалпы тарих) атты еңбегін соңғы жазба дерек ретінде қабылдауға болады. Иран мен қазақ даласы ІХ-ХҮІ ғасырлар аралығында саяси-экономикалық жəне мəдени бағыттарда тығыз байланыста болғанын нақты араб-парсы, түркі тілдеріндегі тарихи-əдеби жазбалардан көре аламыз. Үштіктің əдеби байланыстарының биік шыңын шығыс əдебиетінің теориясына қатысты түркі, парсы, араб тілдерінде Шейх Ахмет Құдайдад Таразидің 1436-37 жылдары жазған «Фонун-əлбəлəғе» (Көркем сөз өнері) атты еңбегі деп сеніммен айта аламыз. ХҮІ-ХХ ғасырлар аралығында Иран мен қазақ елі ішкі түрлі əлеуметтік, саяси, экономикалық дағдарыстармен қатар сыртқы отарлау күштерінің қысымы салдарынан емін-еркін əрі етене жақын қарым-қатынаста бола алмады. Сондықтан өткеніміз естелік ретінде тек қана тарихи жадымызда қалып, екі елдің тарихи-əдеби туындыларында ұшқындап тұрды. Ирандық ақын Əдиб-ол-Мəмəлек (1860-1917) «Қай уақытқа шейін, əй, сөзшең шайыр, Тараз сүйіктілері жайын баян етерсің?» деп бəйіттеуі өткен тарихымызға бір қарап ескіні еске алғандай болды. Ал, қазақтың ауыз əдебиетіндегі дастанқыссалар мен Абай, Шəкəрім, Мəшһүр Жүсіп, Тұрмағамбет

─ 83 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Ізтілеудің шығармаларынан екі елдің Тарих қойнауындағы ортақтаса жинаған рухани мол қазынасын байқаймыз. Кеңес билігінің 1929-1932 жылдары кəмпескелеу арқылы жасаған жасанды ашаршылық саясатының Зұлматынан миллиондаған қазақтар қырылды. Не атамекенінен шет елдерге қоныс аударуға мəжбүр болды. Солардың шағын тобы Маңғыстау жəне Жем бойынан Түркіменстан арқылы Иран жеріне барғандар-ды. Иранға қоныстанған қазақтар 1934 жылынан бастап 1950 жылға дейінгі уақытты жергілікті жағрафиялық, қоғамдық жəне мəдени ерекшеліктеріне бой ұсынып, тілін жəне жалпы заңнамаларын үйренуге жұмсады. 1970-75 жылдары жоғары оқу орындарына оқи бастаған алғашқы топ та қоғамда айрықша көзге түсті. Бірақ, қазақ қауымы əу бастан жергілікті парсы, түркімендермен жақын араласудан, құда-жекжат болудан бойын аулақ ұстады. Балаларын атажұртқа қайта оралатын күн туатынына сендіріп тəрбиеледі. Соның арқасында Иран қоғамында өзгеше көрініп, қазақ жұртынан екенін мойындатты. Уақыт өте келе фольклорист иран ғалымдарының да назарына ілікті. Əрине, бұл қазақтың оқымыстылары да өздерін танытуға бел буған кез еді. Маңғыстауда дүниеге келіп, кеңестің зобалаң жылдары Иран жеріне ауған, Қазақстан тəуелсіздігін алған соң туған еліне қайта оралған Ырысбай Қырықмылтық - қазір 90 жасқа таяп қалған қария, Ақтау қаласында тұрады. Ол, Иранда туған елін сағынып «Ағайынға» деп өлең жазған. Оны біз жастық шағымызда өз ауызынан естіп өскенбіз. Оның жалғыз арманы туған жеріне оралу еді. Арманы да орындалды.

─ 84 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ АҒАЙЫНҒА Кір жуып, Кіндік кескен туған жерге, Сəлем хат жолдап тұрмын қазақ елге, Дəм айдап, Біз кеткелі көп жыл болды, Жүр ме екен аман-есен аға, жеңге? Ел-елің Сарыарқаны жаз жайлаған, Қыс көшіп Маңғыстауға мал айдаған. Шілдеде Шыңыраудан қой суарып, Басында тас астаудың құрайлаған. Есімде Бала кезде көргендерім, Əкемнің соңында еріп жүргендерім. Тақырда балалармен асық ойнап, Тамаша көп қызықты көрген жерім. Қайыр, қош, аға, жеңге, қарындастар, Ырысбай осылай деп сөзін бастар, Ағайын еске түсіп сағынғанда, Қолына домбыра алып мауқын басар. Омар Қазақ ағамыздың «Сағыныш» атты өлеңін 2001 жылы «Қазаққа он жыл болды Қыдыр қонғалы» атты мақаламда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияладым. Алғашқы болып Иран қазақтары хақында қалам тартқан «Иран ұлттық университеті, Тарих ғылыми-зерттеу институтының» директоры, тарих ғалымдарының докторы, профессор, Парвиз Рəжəби Мырза болды. Ол Тегераннан арнайы қазақтар тұратын Горган, Бəндəр Түркімен, Күмбез Қауыс қалаларына келіп қазақтың тіршілігімен танысты. Мені тарихшы ғалыммен таныстырған менің ұстазым психолог, философ ғалым Пəрвиз Резаи болған. 1975 жылы «Тамаша» журналында Парвиз Рəжəбидің көлемді мақаласы суреттермен «Кешегі қонақ, бүгінгі қонақ иесі» деген атпен

─ 85 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР жарық көрді. Осылайша, қазақ қауымы ресми түрде Иран еліне танылды. Аталған мақала келесі зерттеулерге негіз болды. Тегеран қаласында орналасқан Өнер университетінің Фольклортану кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жабыр Əнасори мені қазақтардың өнері мен этнографиясы жайында лекция оқуға шақырды. Менің тыңдарманым кино саласының білімгерлері мен ізденушілері еді. Кейінірек менің оқыған лекцияларымды «Инче Дəргаһи» режиссерлық диплом жұмысына негіз етіп, қазақ этнографиясы хақында деректі «Арай» атты фильм түсірді, «Арай» фильмі Тегеранның халықаралық фильм фестиваліне қатысып, жүлделі орын алды. Фильмнің эпиграфындағы Абайдың: Дүние - үлкен көл, Замана - соққан жел. Алдыңғы толқын ағалар, Кейінгі толқын інілер, Кезекпенен өлінер, Баяғыдай көрінер. деген өлең шумақтары көрерменді бірден терең ойға жетелейтіні сөзсіз. Иранда қазақтың ұлттық ерекшеліктері Иранның ғалымдарын қызықтыра түсті. Сондықтан фольклортанушы ғалым Мəнсур Кияи қазақ этнографиясын тереңдей зерттеуге кірісті. Оның қазақтары туралы жазбалары 1983 жылдан басталды. Бірақ, зерттеу жұмыстары түрлі себептерге байланысты кейінгі жылдары «Өнер жəне халық» атты журналдан шыға бастады. Мен осыдан екі жыл бұрын Тегеранда оның үйінде өзімен кездестім. Ол маған Иран қазақтары жайында аталған журналда жарық көрген «Иран қазақтары, құда түсу жəне үйлену тойы» жəне «Қазақтар, туыстық пен əйел алу арасындағы ереже» атты мақалаларының көшірмесін тапсырды. Мəнсур Кияи «Иран қазақтары, құда түсу жəне үйлену тойы» атты мақаласынан қазақтың салтына қатысты бірнеше халықтық өлеңдер жариялаймыз.

─ 86 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ ТОЙ БАСТАР Бағылған серке, марқасқа қой бастайды, Қой алдында жануар той бастайды. Құтты болсын кез болған жолдас жігіт, Бұрынғының жолымен той бастайды. Құнан қойын шəйлатып сойдырған-ай, Табақ-табақ ет тартып тойдырған-ай, Сəтті күні сəрсенбі той қылыпсыз, Құтты болсын тойыңыз, той қылған-ай. Жұртқа лайық жол тұрады, Құтты болсын тойыңыз, той иесі. Той есесін Тəңірім толтырады, Құнан толып қойыңыз қойға ұлассын. Қораға сыймай шуласып ойға ұлассын. Құтты болсын айтамыз тойыңызға, Той иесі, тойыңыз тойға ұлассын! Неке қию салтанатында екі куəгер жаңа жұптың алдынан өтеді. Некеге қатысқан екі куəгер өлеңдетіп келін алдына барады. Бұны «куə» өлеңі дейді: Куə, куə, куə дерміз Куəлік қажыр дерміз Таңның ақ қасында Ақ халық қасында Куə, куə, куə дерміз. Қазақ халқының салт-дəстүрі оның өмір сүру тарихы, кең байтақ жерінің ерекшелігімен сабақтасып та, үндесіп те жатыр. Сонымен қатар қазақтың əдет-ғұрпы тарихының əр бір дəуірінде, қоғамның əлеуметтік ахуалы өзгеріске ұшырап отырғанына байланысты жаңарып отырды. Бұл адамзат қоғамына тəн заңдылық. Бір ғажабы қазақ халқының жер көлемі Атыраудан Алтайға дейін соншама кең болғанымен қазақы салт-дəстүрі іргесі бір болған. Сонымен қатар қазақтың тілі мен діні де бəрінде бір болған. Қазақтар əр

─ 87 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР түрлі аймақта тұрса да диалектісі болмай, күні бүгінге дейін диалектісіз бір тілде сөйлеп келеді. Бəрі мұсылман сүнни ханафи мəзһабында бір Ислам дінін ұстанып келеді. Бұл елдің ынтымағы, елдің ырысы болып келе жатыр. Қариялар айтады: «Ырыстан сұрап қайда барасың? Дегенде, ырыс: мен ауызы бірге барамын депті». Демек қазақ халқы барлық салт-дəстүрін, ұлттық жəне діни рəсімдерін елдің бірлігін нығайту үшін берік ұстанып келді. Сол үшін бүгінгі ұрпақ қазақтың ұлттық салт-дəстүріне ескіден қалған жай сарқыт деп қарамағандары жөн. Беташар да қазақтың өзіндік тəрбиелік мəні бар дəстүрлерінің бірі. Біздің аталарымыз иранда қазақы дəстүрмен ұрпағының бойында ұлттық психологияны сақтап қалу ниетімен халықтық əдет-ғұрпын жаңғыртып отырды. Сол үшін диаспора құрамындағы бауырларымыз ұлттық салт-дəстүр жастарымыздың бойында патриоттық сананы қалыптастыруға жəрдем ететін негізгі тəрбиелік құрал екенін ескере отырып, жалыны өшіп бара жатқан қазақы дəстүрдің отын жалындатыуға мəн беруі керек. Төменде беріп отырған «Беташар» өткен ғасырдың бастапқы жылдары Ата жұртта талай қазақтың санасына терең із қалдырды. Иранда да талайымызға рухани азық болды. Енді сізге аманат. Жаңғыртып кəдеге жарата алсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді.

─ 88 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ БЕТАШАР Алла, деп ашайын бетіңді, Ашылды, келін, бетің түріліп. Топты көрсем тұра алмай, Асаугердей ұрынып, Халқың отыр асығып, Кешіктің, келін, не қылып? Елеңдеп əрең сен шықтың, Көзің жасы бұршақтап, Менің айтқан бір сөзім атайыңды оңдап бақ. Бұл сөзімді тындасаң, Ол дүниеде, келін, иман тап. Ана тұрған атасы, Атасы емес - қара жердің жотасы. Дариды оның батасы. Батасына бір сəлем. Ана тұрған енесі, Енесі емес - қара теңіздің бір кемесі. Келін келді дегенде, Көкке жетті төбесі, Енесіне бір сəлем, Ана тұрған қайын аға, Қайын ағаң шабар найзаға. Қайын ағаға бір сəлем. Ана тұрған қайнысы, Қайнысы емес қай кісі. Атан түйе бай кісі. Ағам қатын алды деп, Маған кезек келді деп, Жалмаңдап тұр байқұсы. Қайнысына бір сəлем. Ана тұрған бикеші, Жібектен ескен сый кісі. Бикешіне бір сəлем. Ана тұрған абысын,

─ 89 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Абысын емес аңдысын. Абысынмен алыспа, Өзі тисе қалыспа. Сақина жүзік салады деп, Жалмаңдап тұр байқұсың. Абысыныңа да бір сəлем, Осы беташарды жаздырған, Бəубек Назардың баласымын, Оған да бір сəлем. Иранда тұратын қазақ оқымыстылары да 1980 жылдардан бастап мəдениет пен əдебиет саласында еңбектене бастады. Бейресми «Қазақ мəдени қоғамын» құрды. Сол жылы аталған қоғамның тұңғыш төрағасы болып, осы жолдардың авторы сайланды. Артынша қазақтың өнері мен əдетғұрпын таныстыру мақсатында Қазақстан туралы Тегеран қаласында орналасқан бұрынғы Кеңес одағының «Мəдени орталығынан» алынған көптеген деректі қинолар көрсетіліп, қазақ тілін үйрететін үйірмелер, сыныптар ашылып жұмыс қарқынды түрде басталып кетті. Қоғамның құрылтай мүшелері жиырма азаматы түрлі деңгейде жастардың ұлттық сана мен дəстүрін жаңғыртуға белсенділік танытты. Олардың қатарында Горган қаласында: Қажы Батырұлы, Мұқыш Ақмұратұлы, Сүлейман Ақтауұлы, Шапур Зайырұлы, Аяз Қарабалаұлы, Жамал Нəсенұлы, Ақберді Шəудірбайұлы, Гүмбез Кауыс шаһарында: Нияз Тобыш, Қаржау Қазақ, Бəндəр Түркімен қаласында: Ағали Нұрқожаұлы, Əмин Ескелді, Жүсіп Көрпе, Қадір Бəли қазақтың мəдени шараларын өткізуде қозғаушы күшке айналды. Кейін аталмыш қоғам қала əкімдігінің қолдауымен «Исламдық кеңестік қоғамы» болып ресми түрде жұмысын жалғастырды. Оған да алғаш төраға болып осы кітаптың авторы сайланды. 19801988 жылдары Иран мен Ирак соғысы жүріп жатқандықтан қоғам жұмысы тұрғындардың əлеуметтік тіршілігі қызметін атқаратын қоғамға айналып кетті. 1999 жылы Мұхаммед Қажы Батырұлының «Абай - қазақтың ұлы ақыны» атты шағын кітапшасы «Мəхтумқұлы

─ 90 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ пырағы» баспасынан парсы тілінде жарық көрді. Мұхаммед Қажының мамандығы заңгер, бірақ, оны əдебиет майталманы деп айтуға болады. Қазіргі кезде ғылымның сансаласында қазақтың ұл-қыздары əжептеуір жетістіктерге қол жеткізді. Меніңше, келешекте Иран қазақтарын биік белестер күтіп тұр. ҚИЯЛ ҚУҒАН ЕЛГЕЗЕК Алла тағала адам баласына сансыз қабілет сыйлаған. Соның бірі «қиял» деген ғажайып қабілет. Ал, менің шет елдерде туған бауырларымның қиял əлемі өзгешелеу екенін де айтуым керек. Өйткені өз отанында туған сəби есейе келе, оқуды, ғалым болуды, кəсіпкер болуды, өнер адамы болуды, бастық болуды не қоғам қайраткері болуды армандайды. Сосын арманын қиялдайды. Ал, тағдыр тəлкегіне түсіп, шет елдерде туған сəбилердің арманы адам сенгісіз қиял əлеміне ұласып жатады. Оған шет елде туған мыңдаған қазақ балаларының өмір жолы, қиялдаған арманы куə. Мен сол мыңдаған қазақ балаларының бірімін. Мен Сұлтан абад ауылында туып, Горган қаласына көшкенше, одан əрі мектеп жасына жетіп біршама ес біліп, Рақбай атамның сөздерін бойыма сіңіргенше кəдімгідей балалық кезеңінің əсем де тəтті уақытын ананың, нағашылар мен ағайындардың жылы алақанында, мейірлі құшағында, сүйсіне қараған нұрлы жанарларының сəулесінде нағыз ұжмақта өткізгенмін. Қалаға келген соң ана мен əкенің жанында жүріп шаһардың көк базарын көрдім, мектеп ауласында қаптап жүрген балаларды көріп, оқуды армандым. Мектепке барғым келеді деп, еркелік мінезбен əкемнің мазасын алатынды шығардым. Əкем жарықтық сол кездің өзінде қоғамның беделді азаматтарының бірі еді. Горган қаласының орталық көшесінің бойында иранның ортағасырлық əйгілі шайырларының бірі болған Мəнаучери атындағы мектеп тура қаланың орталық алаңында, көк базар маңында орналасқан

─ 91 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР болатын. Оның директоры Һашеми деген иманды адам менің əкемнің жақын досы болған. Қала орталығына барған сайын əкем оған жолығып, екеуі шүйіркелесіп қалатын. Һашеми ағаның нұрлы бейнесін, маған ілтипат көзімен қарағандығы да менің мектепке ынтазарлығымды одан əрі қамшылай түскені де шындық. Мен ол кісіні күні бүгінге дейін ұмытқан жоқпын. Оны сағына еске алып жүремін. Тым ұзын емес бойы, сиректенген шашы, жасыл тарқан көздерінің түсі, көзіне таққан көзəйнегі, салмақты киінісі тіпті бар болмысынан тек қана шапағат жаудыратын ондай адамды ұмыту да мүмкін еместей болып көрінеді маған. Бəрі осылай əдемі басталып, аталған мектепке де бардым. Сəбилік сезімнің ырғағында тербеліп, мектепте тез арада парсы тілін үйреніп, ортаның кейпіне де ене бастау балалар үшін қиын емес екенін де сезбедім. Мектепке дейін үйде бір ауыз парсыша сөйлемей, оқуға түскенде не үшін өзге тілмен білім ала бастағанымды да таң қала ойланған жоқпын. Бəрі дұрыс, бəрі өмір заңы сияқтанып тіршілік алға жылжып бара жатты. Айлар өтіп, күндердің бірінде, мектепте парсы тілінде сөйлеуге əбден машықтанған кезіміз еді. Парсы тілінде сөйлеп мəзбіз. Сол күні мен сол жылдарға қарап басқа да үйлермен салыстырғанда əжептəуір екі қабат ғимараттың төменгі қабатында атамның жанында бір нəрсені түрткілеп отырғанмын. Сол сəтте есік ашылды да бір құрдасым парсыша « Ислам, жүр барып ойнайық» деп дауыстады. Оның солай сөйлегені мұң болды. Кенет атам қаһарлана: «иттің баласы ! Сен қазақсың, неге өз тіліңде сөйлемей жат тілінде сөйлейсің. Бұдан былай үйде өзгенің тілімен сөйлегеніңді естімейін» деп бірақ шешті. Сол күннен бастап атаның айтқаны əлде бір елестей барлық сезім мен санамда ілесіп жүре берді. Мектепке барғанымда бірнеше қазақ балаларына қарап, олардың жергілікті балаларынан өзгеше екенін сезгендей болдым. Бірақ түк түсінбей жүретінмін. Бір-екі жыл өткен соң қазақ балалар болып, қосыла жүріп «Біз қазақпыз» дегенді айтатын болдық. Бұл бəрімізге тəн құбылыс екенін де

─ 92 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ сездік. Түсінігімізді уақыт өткен сайын тереңдетуге тырысатынбыз. Қазақты ұғу бəріміздің ойымыздағы басты нəрсеге айналды да кетті. Үлкендердің сөзіне құлақасу, жанымызға жақын үлкендерден «қазақ» кім екенін сұрау əдетіміздің маңызды тармағына айналып үлгерді. Қарияларымыз өткен-кеткен тарихты жалықпай айтып беретін. 1929-1931 жылдары аяусыз елді қырғынға ұшыратқан коммунистердің имансыздығын жиіркене отырып əңгімелеп бергенде бізде оларға қарсы жеккөрінішті түйсік пайда болды. Сол жылдардағы қазақтың ұлттық дəстүріне сай үйлену тойдағы кешкі «ойын» деп аталатын ойын-сауық таңға дейін созылатын кездері аз болған жоқ. Біздің күтетін бар қызығымыз сол «ойын» кештері болатын. Онда үлкенкіші, əйел-еркек бəрі жиналатын. Үлкендердің əңгімелерін марқұм Темірбай, Қожаназар, Зайыр, Ембергендер, қазір көзі тірі Жаңбыр, Қайырбай, кейінірек Шомақ ағаларымыз нақышына келтіріп жырлаған қазақ термелері мен қиссадастандарын да рахаттана отырып тыңдайтынбыз. Олардың айтқан кең байтақ қазақ даласын, тамаша дəстүрі бар қазақ халқын қиял əлемімізде суреттеп өмір кешетін едік. Кітап қадірін түсініп, кітапханаға аяғымыз тиген жылдары əу-баста кітаптардың ішінен қазақ туралы, Қазақстан жайын білуден басқа тақырыптар бізді онша қызықтырмай жүрді. Сонда кітапханаға жиі барып, энциклопедиядан қазақ жəне Қазақстан жайлы жазған қысқаша мəліметті ұдайы оқып, Қазақстан территориясын əлем картасынан көріп, байтақ жеріміз əлем елдері ішінде тоғызыншы орны бар ел екеніне мəз-мейрам болып, марқайып жүретін едік. Бұның бəрі арман қиялымыздың кеңістігін кеңейте берді. Қиялымыз шындыққа жанаса бергендей сезімге жақындай түсетінбіз. Иранда бастауыш мектеп алты жыл, жалпы білім алу орта мектебі үш жыл, салалық мамандандырылған мектеп үш жыл болған. Он екі жылдық мамандандырылған мектепті парсы тілі мен əдебиеті бойынша тамамдадым. Мектепте де, жалпы білім беретін орта мектепте де қазақ елі деген қиялдан аспай жүрдік. Ал, маманданған орта мектепке келгенімізде

─ 93 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ел бар екеніне көз жеткізген кезіміз болды. Олай дейтінім сəбидің дүниетанымының іргетасы отбасында қаланса да оны қоғамдық орта жетілдіруге үлкен ықпал жасайды екен. Өйткені сол жылдары бізге ұстаз болған Пəрвиз Резаи деген бойы ұзын, жүрісі ширақ, қалың қара мұрты мен қалың қара қасы, жайнаған жанары терең ойдың иесі, жүрегі мейірге толы жан екенін куəландырып, қара ұзын шашы артқа қайрылған күйінде өзіне ерекше көрік сыйлап əпсаналардың қаһармандарын бейнелеп тұрған жанды тағдыр ұстаз етіп бізге сыйға тартқандай еді. Ол отаншыл, зиялы ұстаз ретінде қазақ балаларына айрықша ілтипатпен қарап, бізді өзіне жақын тартып, атамекенге деген сағынышымызға құрметпен қарап, «отанды сүю əрбір азаматтың басты парызы, əрі отанды сүю əрбір азаматтың табиғи құқығы» деп түсіндіріп жүрді. Адам баласының ғашықтық обьектісін жан-жақты түсіндіретін. Маулана Жалаледдин Румидің Аллаға деген шексіз махаббатын талдап беретін. Əрбір адам өзінің тегін туған халқынан іздесе, сопылар өзін жаратқан жаратушыдан іздейді. Бұл көзқарасты Румидің «сыбызғы хикаясы» атты мəснəуи поэмасынан анық ұға аламыз. Түйіндеп айтқанда «сүйе білген адам, бақытты адам». Сол жылдары мені ерекше қуандыратыны қазақ елін армандап қияли əлемнің етегінде жүрсің дегендерге қарсы логикалық қорған тапқандай болдым. Сосын туған халқым қазақты қайдан іздеймін деген ойлар мені талай қызықты адамдарға жолықтырды. Өміржолымның бастаушысы болып тағы ұстазым һəм сырлас досым Пəрвиз Резаи болып келді. Сол мектепте оқып жүрген жылдары бір байқағанымыз, қазақ балалары қазақ тіліне парсы сөздерін қосып сөйлейтін болған. Біз ес білген жігіттер болып, бұл кемшілікті жою жолдарын іздестірдік. Сонда бұл іске мұрындық болған ағалы-інілі төрт жігіт еді. Төртеуінің кенжесі мен едім. Сосын Қажы, Хамит пен Ізжан болды. Төртеуіміздің келісіміміз бойынша «кімде кім сөз сөйлеген кезде парсы сөздерін қосар болса айыбын бəрімізді кинотеатрға апарумен төлеуге тиісті» болды. Бұл шара да сол уақытта қазақ балаларын қазақша барынша

─ 94 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ таза сөйлеуге итермеледі, əрі қазақ деген тегіне көңіл бөлуге септігін тигізді. 60-шы жылдары Мұхаммед Реза пəһлеви патшаның билігі кезеңінде екі жылдық міндетті əскери қызметтің алты айын əскери жаттығулармен машықтанып, қалған он сегіз айын ауылдарға барып білім беру жоспарына сəйкес өткізу мемлекеттің бағдарламасына енгізілді. Ондай əскери міндетін атқаратын талаптыларға «білім əскері» деген атақ берді. Ол қызмет тікелей патшаның идеясынан туған əрі өзінің бақылауында болғандықтан сол қатарда əскери міндетті атқару айрықша құрметке ие болды. 1968 жылдан бастап екі жыл бойы «білім əскери» қызметімнің тоғыз айын гарнизонда əскери жаттығумен өткізгенде күнде таңғы төрттен күнделік əскери шаруа басталып кететін. Сосын тура сағат алтыда сап түзеп иранның жалауын аспандатып, елдің əн ұранын орындағанда мен «ирандықтар не деген бақытты ел, шіркін қазақ та осы бақытқа жетсе екен» деп Алла Тағаладан жалбарына тілейтін едім. Кейде көз жасым маған ырық бермей тамшылап ағып жататын сəттер көп болды. Əскери қызметімнің он сегіз айын иранның шығыс аймағында орналасқан Машһад қаласында өткіздім. Аталған қаладағы имам Реза (ғ.с) зиратына барған сайын Алла тағаладан «қазақ елі азат ел болуын тілейтінмін. Əскерді аяқтап ауылға оралған соң достарым маған қияли болып кеткенімді айтып əлек, мен болсам əрі кетсе Қазақстан 2000 жылға дейін тəуелсіз мемлекет болып өз туын көтереді дегенді айтып əлекпін. Біз соған дайын болуымыз керек дейтінмін. 1976 жылы Тегеран қаласында мен «Иран ұлттық университетінде» педагогика факультетінде екінші курста оқимын. Қазақ досым əрі ағам Қажы Батырұлы « Тегеран университетінде» заң факультетінің соңғы курсында оқитын. Екеуіміз де бір қиялдың ізінде жүріп, Тегерандағы Кеңес Одағының мəдени орталығына барып «қазақ туралы, Қазақстан жайлы кітап, газет-журнал, күй табақ сұрайық» деп шештік. Ол кезде аталған орталықты Кушев мырза

─ 95 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР басқаратын. Оның орынбасары əзірбайжандық Иман Əлиев мырза болатын. Ол екеуі бізге көп жəрдем көрсеткендері үшін оларды өзімізге жақын сезіндік. Шындығын айтқанда, коммунистерді иттің етінен жек көретін иранның патшалық қатаң жүйесінде менің жəне досымның бұл істеріміз нағыз ерлікке пара-пар тіршілік екенін де өзіміз сезіп жүретінбіз. Бірақ беймаза көңіл тынши қоймайтыны да шындық еді. Кейін білсек, сол 1976 жылы Қазақстанда шетелдегі бауырлар үшін үлкен бір жоба іске асып жатыр екен. Ол «Отан» қоғамынан төте жазумен жарық көрген «Біздің Отан» газеті еді. Елдегі қариялар Ата жұртымызға ынтық көңілімізді сезіп, бізге ерекше құметпен қарайтын. Осының өзі елге деген іңкəрлігімізді арттыратын бір фактор болды. Содан болар, 1977 жылдың бір сəтті күнінде ауылымыздың дүкеншісі Қара Бала деген ағамыз дүкенінің алдынан өтіп бара жатқан мені «Ислам, бері кел, мен саған сені қуан-татын бір үлкен сыйлық табыстағым келіп тұр. Тек қана мен почтаға төлеген бес түмен ақшасын берсең болғаны, ол керемет олжа сенікі болады. Оны Қазақстаннан жіберген, бірақ, иесі жоқ. Саған бұйырып тұрған сияқты» деді. Қазақстаннан жеткен олжа дегенде қанаттанып, қалай ұмтылғанымды өзім де білмей қалдым. Сұраған ақшасын төлеп, тозығы жеткен почта пакетін ағамыздың қолынан жұлып алғандай болып, қойныма сыймай бара жатқан қуанышымды бөліскім келіп, досым Қажының үйіне қарай құстай ұштым. Жол бойы досымның үйіне жеткенше қолдағы елден келген олжаны иіскеймін, сүйемін, қуанып көз жасымды төгемін, өмір не деген тамаша ертегі екен деймін. Алла тағалаға шексіз ризамын, осындай үлкен олжаны маған сыйлағаны үшін. Қиялдағы арманның шынайы дүние екеніне көз жеткізу уақыты таяп қалғандай болып көрінді сол сəтте. Досым екеуміз апыр-топыр пакетті аштық, ішінен бірнеше сан газеттер шықты, бəрі де біздің көз білетін араб жазуымен басылған. Бірақ өзгешелеу. Алайда одан алғаш тапқан жаңалығымыз газеттің аты «Біздің Отан» деп аталатынын білдік. Сол сəттен бастап араб жазуының жаңа

─ 96 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ формасы яғни бізге жақын төте жазуды толықтай үйрене бастадық. Артынша кириллица жазуын сол газеттегі əліппе кестесінен үйрендік. Газет біздің білім қазынамызды молайтты. Қазақтың көптеген жазушылары, өнер адамдары, мəдениет қайраткерлері сондай-ақ елдің жалпы ахуалымен танысып тұруға негізгі бұлақ көзі болды. Көпке созбай газетті жастарымызға таныстыра жүріп, «Отан» қоғамымен хат алысып-тұрысуға да кірістік. Қоғамның бізге жіберген көптеген дүниелерінің ішінен « Қазақ əліппесі» жəне «Қазақ тілі» атты екі шағын кітапша біз үшін тамаша олжа болды. Өйкені қазақшаны біршама тереңдеу үйренуімізге септігін тигізді. Аталған екі кітапты негізге ала отырып, Тегеран қаласында университет деңгейіндегі «Тəржіма жоғары медресесін» бітірген Нияз Тобыш бауырымыз екеуіміз парсыша-қазақша «қазақ əліппесін үйренейік» атты шағын оқу құралын жаздық. Кейін оның қолжазбасын көбейтіп жастар арасына кеңінен тараттық. Нияз Тобыш қазір Ақтау қаласында Ш.Есенов атындағы университеттің ағылшын тілінің оқытушысы əрі парсы тілі кабинетінің меңгерушісі болып табысты қызмет атқарып жүр. Сол жылдары «Біздің Отан» газетінің бас редакторы Уақап Қыдырқанұлы ағамыз жанымызды ұға алатын жан ретінде етене жақын адамымызға айналды. Өйткені газет біздің рухани сұранысымызды толықтай өтеп тұрды. Оның ішінде қазақтың зиялыларымен бірге, қазақтың тарихы, этнографиясы жайлы мақалалар сондай-ақ елге деген сүйіспеншілікті тудыратын жалынды өлеңдер басылып тұрды. Тағы бір кереметі, дүние жүзінде көптеген елдерде қазақтар тұратынына сол газетті оқығаннан кейін анық көзіміз жетті. Оны біз өзге елде тұратын бауырларымыз-дың жарияланған сағыныш өлеңдері мен газетке жазған хаттарынан біліп тұрдық. Сол газеттің екі таңбалы бірітөте, екіншісі-кириллица жазуымен үздіксіз жариялап тұратын сабақ кестесі арқасында басында кəдімгідей қиналсақ та екі жазу үлгісін үйреніп алдық. Уақап ұстазымызға рахмет! Маған Қазақстаннан алғаш хат Мұса Дінішев ағамыздан

─ 97 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР келді. Кейін ағамыз қазақтың белді қаламгері екенін əрі əйгілі əнші Əлібек Дінішевтің əкесі екенін біліп, бойыма бір рухани демеу болғанын жасыра алмаймын. Ағамыздың бізге деген айрықша ілтипаты бар. Біздің тағдырға бейжай қарамайтынын елге оралғаннан кейінгі жылдары оның жазған бір мақаласынан оқып білдім. Сол мақаласында менің өткен жылдардағы көңіл күйім мен қазақстандағы бүгінгі ахуалымды қаламына тиек еткен екен. Соны оқып риясыз риза болдым. Сондай ағалардың тілегі біздің бағымыз деп сездім. Мұса Дінішев ағамыздан кейін «Майты ағайыңнан», «Шарипа апайыңнан» деген хаттар легі менің жанымды жадыратып жүрді. Шарипа апай менің өмірімде ұмытпайтындай үш игіліктің жаршысы болды. БіріАна тілімізде жарық көрген он томдық « Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» қоғам тарапынан жібергенін хабарлағаны, аталған он томдық түсіндірме сөздігімді ираннан алдырдым. Қазіргі кезде жеке кітапханамның рухани байлығы қатарында нұр шашып тұр, екіншісі-мені ата жұртымды көріп, елмен қауышып, танысып кетуге қоғамның шақыруын хабарлағаны, ол шақыру менің Ата мекенге алғаш сапарыма мұрындық болды. Кейін елімді өткені мен бүгінін салыстырып тануға мол мүмкіндік берді. Тəуелсіздіктің қадір-қасиетін одан əрі тереңдеу сезе білуім үшін көмектесті. Үшіншісіираннан Қазақстанда тегін, үкімет қаражатымен оқитын талапкер жастар болса қоғам тарапынан шақырамыз деген хаты болатын. Оның да игілігітұңғыш қазақ жігітін Қазақстанға əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне оқуға жіберу жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Қайдасың сүйінші хабарлардың қарлығашы, Шəрипа апай! Осындай алыс-берістен кейін қиялдағы арманмен бетпе бет жүздесу уақыты да таяп келе жатқандай сезінгенім рас. 1987 жылдың жазғы мезгіліндегі Қазақстан «Отан» қоғамы тарапынан елге келіп-кету туралы маған жіберген шақыру хаты негізінде ата жұртыма сапар шектім. Мен аталған сапарды Тегеран – Стамбул – Мəскеуден Алматыға ұшу

─ 98 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ арқылы жүзеге асырдым. Мəскеуде мені қоғамның белді қызметтері Сапарғали аға қарсы алды. Ол кісіні жоғарыда атап кеткен «Ана тілі» атты оқулықтың авторы ретінде білетін едім. Кейде телефон арқылы да тілдесіп жүретін едік. Сосын қоғамның қызметкерлері біз үшін жақын ағайын-туыстай болған. Сапарғали аға құшағын жайып, аса бір құрметпен қарсы алуы менің бойымдағы абыржу сезімін мүлдем жойып жіберді. Мен кəдімгідей өз еліме келгендей марқайып Алматыға тездетіп жетуге асық болдым. Ұшақта менің көңілім ғарыштарға сапар шеккендей небір ғажайып сезімде болып, əсем Алматының əуежайына келіп қондық. Əуе жайдағы қызметкерлердің басым көпшілігі өзге ұлт өкілдері болғанын көріп, олардың барлығы да орыс тілінде сөйлегенін байқап шат көңілге сызат түскені де жасырын емес. Бүгін еліміздің жиырма жылдан асқан тəуелсіздік кезеңінде кеңестік уақыт салған жара біртіндей жазыла бастады. Қазір ел Тəуелсіздігінің жалт-жұлт еткен сəулесін көреміз. Күн нұрының шапағат-мейірін көреміз. Халқымыздың биіктеген еңсесін көреміз. Əлем елдерінің түкпір-түкпірінен қазақ бауырларымыздың ата жұртына жиналғанын көреміз. Мемлекеттік ғимараттарының биік тұғырында желбіреп тұрған Қазақстан Республикасының көк туын көреміз. Бұның бəрі өткен мен бүгінімізді сарапқа салып, мөлшерлеуге болатын аз ғана фактілер. Осыдан барып Аллаға шүкір дейміз. ...Сапар жоспары түгелдей жасалып, дайын тұрғанын Сапарғали Мұқашев аға түсіндірді. Ертеңіне қоғамның ғимаратында оны басқаратын нар ағамыз Жəнібек Шəңгерей қоғам қызметкерінің қатысуымен таныстыру мақсатында кездесу өткізді. Жəнібек ағаның парасатты да байсалды мінезі, қошамет сөзіндегі жылы лебімен ұштаса келе менің алғашқыда құлазыған көңілімді əжептəуір көтеріп, сағыныш сезіміме қозғау салды. Төраға қошамет айтып, таныстыру əңгімесінен кейін: «Елге келгенде қандай тұлғалармен кездесіп, қай жерлерде болғың келеді» деп сұрақ қойды. Бұл ұзақ əңгіме. Алматыда болған күндерді

─ 99 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР де əңгімелеу өзге күйді қажет етеді. Қысқасы сол кезде мені əсем Алматының Медеу шатқалы да қызықтыра қойған жоқ. Бөтенсіп жүрдім, жатсына қыдырдым. Алматыға қазақтың сөзін, иісін сағынып келгенім көкірегімде қадалып тұр. Қазақтың сөзін есту, қазақтың иісін иіскеу мүмкін болмай жүр. Сондай құлазыған күйде Алматының шынайы келбетін көре алуым үшін қоғам басшысына келесі кездесуімде: «мен қазақ елінде жүргенімді сезе алмай жүрмін. Маған қазақты, қазақтың тіршілігін көрсетіңізші» деп өтіндім. Жəнібек аға өтінішімді қандай шара қолданып шешкен болса да шешті. Мен соның арқасында Түрікстан мен Шымкентті шарлап келдім. Маңғыстауға барайын деген өтінішім «Маңғыстау жабық облыс, біздер рұқсат бере алмаймыз. Оған бару үшін Мəскеуден арнайы рұқсат қажет болады» деген уəж мені атамның туған өлкесін көруден махрұм етті. Бүгін сол сапардың мəн-жайына ой жүгірткенімде тəуелсіздігіміз қаншама құнды, бағалы, өзіндік рухани биік шыңымен ерекшеленіп тұрғанын жан-тəніммен сеземін, қуаныпшаттанамын. Бүгінгі тəуелсіздік табыстары – кешегі қиын кезеңдегі армандарымыз. Сол үшін сол жылдарда «Отан» қоғамында қызмет жасаған ағалар мен апайлар тағы басқа замандастарымыздың ұшан-теңіз еңбегін ризалықпен еске алып, жоғары бағалаймын. Өйткені Мəскеу не ойлағаны болса да ол ағайындар елдік мүддені көкейінде сақтап жүрді, шетте жүрген бауырларына да сездірткісі келіп жүрді. Оны біз олардың əрбір сөзінен, қимылынан сезіп жүрдік. Сондай-ақ тəуелсіздік биігінен өзіне тəн азаттықтың самалы есіп тұрғанын сездіреді. Еліміз тəуелсіздігін жариялаған алғашқы жылдары Қазақстан «Отан» қоғамының орнына мұрагері ретінде «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» құрылды. Оған марқұм Қалдарбек Найманбаев Төралқа төрағасының бірінші орынбасары болып бекіді. Қазіргі кезде аталған лауазымда қоғам қайраткері Талғат Мамашев мырза қызмет атқарып келеді. Қауымдастықта жазушы Сұлтанəлі Балғабаев пен тəжірибелі маман Ботагөз Уатқан сынды тұлғалар қызмет жасайды. Ал, «Біздің Отан» газеті кейін

─ 100 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ «Шалқар», бара-бара «Шалқар-2» атымен бүгінге дейін өз жұмысын жалғастырып келеді. Біздің буын Жəнібек Шəңгерей бастаған Уақап Қыдырқанұлы, Мұса Дінішев, Сапарғали Мұқашев, Майты Юсупов, Шарипа апай сынды əзіз жандар мен «Отан» қоғамының қызметкерлерін қашанда құрметпен есте сақтап жүреді. Тəуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойының қарсаңында мен сияқтыларға «қиял қуған елгезек» деп ат қойып айдар таққандарға: «Аталардың біздің санамызға сіңірген арманы бізді азаматтығымыздың бір белесіне көтерді. Соның арқасында тəуелсіздіктің тəтті дəмін молынан сезуге бастау болды»,- дер едім.

─ 101 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТƏЛІМ-ТƏРБИЕ ЖҮЙЕСІ Иран елін пана тұтып, сонда қоныстанған ата-бабаларымыз бала тəрбиесіне ерекше мəн бергенін кейін түсінгендей болдық. Өйткені олардың тəрбие-тəлімі қазақ халқының салт-дəстүрімен біте қайнасып жатқандықтан əрбір дəстүрді заманаға лайық жаңғыртып пайдаланып келеді екен. Қазақтар халықтың салт-дəстүрі ұрпаққа тəрбие беру үшін ең мықты құрал екенін жақсы түсінген, сəбидің жағдайына анасының жатырында жатқаннан бастап ерекше көңіл бөліпті. Тəрбие бастауықазақтар екі қабат келінге ерекше көңіл бөліп, күтімге алады. Сəбидің дүниеге келуін ұлы құбылыс ретінде қабылдап, шаттық пен уайым арасында Жаратушыдан ана мен баланың амандығын тілеп жатады. Сүйінші сұраусəбидің дүниеге келгенін барлық жақын ағайын, жегжаттарға хабар беріп, сүйінші сұрайды. Естіген жан қуанышына ортақтасып, жаушыға ырымын жасап сүйіншіге ақшалай немесе заттай бір нəрсе ұсынып жатады. Жаушы сəбидің дүниеге келгенін хабарлағанда ұл бала болса, “сарбазың-қорғаушың дүниеге келді” десе, қыз баланы “ырысың, байлығың дүниеге келді”, деп хабарлайды. Баланың туған сəтінен бастап ағайын, жегжат барынша жаңа ананың денсаулығы мен көңіл-күйіне аса бір ыждаһаттықпен күтім жасап, оны тамақтандырады, төсегі мен киім-кешегін жаңалап тұрады. Бұның бəрі баланың дүниеге келуінің құрметі мен қуанышы іспеттенеді. Жаңа анаға бұнша құрметтің астарында келесі бір келіннің ана болуына қызығушылығы ояна ма деген ниет те жоқ емес. Балаға азан шақырып ат қоюбұл да діни нанымды сəбидің тап-таза, мөлдір санасына енгізу екені мəлім. Бұл дəстүр сəбидің иманына негіз, өмір жолына өнеге болып жалғаса береді.

─ 102 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Жаңа туған сəби қырық күнге толғанша айрықша күтімге алынады. Сəбимен бірге оның анасы да қатты күтіледі. Сəби қырық күнге толғасын «шілдехана» тойы жасалады. Шілдехана ( )ﻩﻥﺍﺥ ﻩﻝچсөз тіркесі парсы тілінде де бар. Шілде: қырық, хана: үй деген мағнада. Қазақ тілінде «хана» сөзінАсхана, шəйхана, дəретхана, тойхана, дəмхана, дəріхана тіркестерінде қолданады. Ең қызығы «шілдехана» сөзі қазақ пен парсыда бір мағынада қолданылмайды. Шілдехана-қазақтар салтында сəби қырық күнге толған соң оған арнап өткізетін той. Балада өзін қорғайтын алғашқы қуат пайда болғаны үшін ата-ананың қуаныш тойы. Шілдехана-парсыларда: дəруіштер оңаша қырық күнін өткізетін мекенге «қырық күндік үй» деген мағнада қолданады. Бесікке салу-Шілдеханадан кейін бесікке үйретеді. Онымен сəби өмірінің бастауында өзіне жеке баспана, шаңырақ болуына бойын үйретсін деген оймен бұл шаруаны да дəстүрге айналдырды. Сонда бесік-сəби үшін тұңғыш жеке үйі іспеттес. Бесік жыры-сəбидің адами тіршілігі мен қоғамдық ортасына бейімдеу жолдарының бірі. «Əлди, əлди, əлдиай-əлди бөпем, ұйықта жай» əні сəбидің психологиялық тыныштығын қамтамасыз ете отырып, оны қоғамдық ортадан хабардар етеді. Тұсау кесер рəсіміБір жасқа аяқ басқанда тұсаукесер рəсімін жасап, сəбиді қоғам мүшесі болумен қошаметтейді. СүндеттеуҰл баланы сүндетке отырғызу кезегі келгенде сүндеттеу дəстүрінің орындалу барысында ұл мен қыз арасындағы екі жанның өзгеше табиғаты қоғамдық өмірде де əр қайсысын өзіндік міндеттер күтіп отырғандығын оларға сездіреді. Жыр кештері-Қазақтар иран жерін қоныстанған жылдары «жыр кешін» өткізетін. Сондай-ақ қыз ұзату мен келін түсіру күндері кешкісін «ойын» атты мерекелік кештер өткізіп, қатысушылар таңға дейін əн-жыр тыңдайтын.Сол кештерде біздің буын Нұрым, Əбіл (Абыл), Қашаған, Сүгір,

─ 103 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Мұрын сынды жыраулардың өнері мен өмірін біршама естіп өсті. Жыр кештердің жыршыларыНазар Бəубек кəрия болды. Ол кісі əбден қажып, қырылдаған дауысымен білгендерінің барын бергісі келіп, домбырасын қолына алып соңғы деміне дейін əн салып дүниеден өтті. Мен жас бала болсам да Назар атаның жыр-əнге деген ынтасына, ықыласына іштей риза болатын едім. Кəрияның туған баласы да Назарұлы Темірбай ағамыз əкесінің жолын жалғастырып өле-өлгенше қазақ жырларын шырқады. Жаңбыр, Зайыр, Қожаназар, Емберген, Қайырбай,Атан есімді ағалар əл-қадірінше естерінде қалған қазақ жырларын орындады. Жандары жаннатта болғай! Солардың ізін қуған жалғыз жыршы Бəндер Түркімен қаласының тұрғыны Шомақ Бəйбіше де қазіргі кезде домбыраны қолға алуға зауқы соқпай жүр?! Ол иран қазақ жыршыларының соңғы жыршысы болып, сондағы жыршылық дəстүрін бір жолата тоқтатқан сияқты. Ендігі жерде қазақ жастарын иранның кембағал əндері тəрбиелеп келе жатыр. Ұлттық ойындар1970-80 жылдары иран қазақтарының арасында ұлттық ойындар қатарында жастардың сүйікті «жеті қол» ойнын, қазақша күрес, асық ойнау, ақ сүйек, жасырынбақ, лəңгі тебу ойындарын атай аламыз. Шынын айтар болсақ ұлттық ойындарымызды өз заманына сай жаңаша формасына ендіріп əрі дамуына үлес қоса алмаған біздің буын. Біз ұлттық бейнеміз тіл жəне дін арқылы сақталып қалады деп есептеп жүрдік. Ұлттық салт-дəстүр қатарында Ұлттық ойындарға аса мəн бере қоймадық. Сол үшін аса жылдамдықпен футбол, бокс, гимнастика, жүзу, жеңіл жəне ауыр атлетика, баскетбол, волейбол ойындары қазақ жастары арасында өріс ала бастады, мақтанарлықтай да нəтижелерге қол жеткізді. Үйлендіруұрпақ жалғастыру бұлағы деп білетін қазақтар иранға барған бастапқы жылдары бабалар дəстүрі бойынша ұл баланы 14-16 жас аралығында, əлеуеті бар болған жағдайда, қыз-жігіттен сұрамай-ақ үйлендіріп, бір-екі жыл

─ 104 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ кейін еншісін беріп жеке шаңырақ тіккізетін. Бұл дəстүр 1950-1980 жылдары аралығында жүйелі түрде орындалып келсе, бүгіндері екі өзгеріске ұшырады. Біріжігіттің үйлену жасы 25-30 жас аралығы болса, екішісіұл мен қыз бірбірімен танысып, білісіп келісім бергеннен кейін қосылады. Оқу тіршілік етудің басты құралыҚазақтардың 1960 жылдарға дейін азаматтық алу мен тіршілік көзін табу үшін өмірлері тартыс пен шайқасқа толы болды. Сол үшін білім алып, өздерінің сауатын ашуға мүмкіндік ала алмай келді. Кейін ес жиған аталар басты міндетті балаларды оқыту деп қабылдады. Олар «Біз сауатсыздықтың зардабын шектік, көкірегімізде бəрі сайрап тұрса да мынау құрғыр сауатсыздықтан айтуға сөз таба алмай қор болдық. Енді қара нан жесек те сізді оқытамыз. Ел қатарынан қалғыңыз келмесе, оқыңыз. Оқымасаңыз сізге серт, оқыта алмасақ бізге серт»,-деп ағынан жарылып айтатын. Діни жəне ұлттық мерекелер ұрпақты тəрбиелеуде үлкен мəнге ие болды. Қариялар ең əуелі өз дініңізді білуіңіз керек деп оларды бес жасында молдаға беріп оқытады. Əрбір балаға бес парызын(иман келтіру, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру, қажылыққа бару) үйрету əке-шешеге парыз саналады. Сонымен бірге : «сіздер мұсылман сүнни ханафи мəһабында екендігіңізді ұмытпаңдар»,-деп ылғи ескертіп жүретін. Ауылымызда Əйтеке молда да ханафи мəзһабы бойынша дəріс берді. Қазақтардың Горган қаласында салған тұңғыш мешітіне «Имам Əбу Ханифа» аты берілді. Қазіргі кезде жаңа буын мешіттің ескі ғимаратын бұзып, орнына жаңа құрылыс салып жатыр. Бүгінге дейін аталған мешітке қазақтармен бірге түрікмен, бəлуч, күрд, түрік, талыш, араб тағы басқа сүнни мəзһабындағы жамағат келіп намаз оқып тұрады. Бұдан бірнеше жыл бұрын Ораза айт пен Құрбан айт намазын оқитын қаладағы сүннилердің жалғыз мешіті болды. Құдайға шүкір, қазіргі уақытта қалада сүнни жамағатының мешіттері сан жағынан артты. Қарияларымыз «діні бөлектің жаны бөлек»,- деген сөздерді құлағымызға құйып отыратын. Олар үшін Ата-баба дінін ұстану өмірдің ең үлкен идеясы,

─ 105 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР арман-мақсаты болатұғын. Сол үшін Иран қазақтары Құрбан айтты қарсы алуға үлкен құлшыныспен дайындалады. Сүнни мұсылмандар үшін құрбан айт мерекесінің орны бөлек екендігін түсінген үкімет жыл сайын оларға арнап үш демалыс күнін бекіткен. Үш күн бойы ауылда ағайындар, достар бір-бірінің үйіне барып бірін-бірі құттықтап жатады. Ол күні бəрінің жүзінде күлкі, үстінде жаңа киім бар. Үйлері мереке күніне сай дəстүр бойынша күні бұрын «шектік күнін» тазартуға, сəндеуге, əрлеуге арнайды. Құрбан намаздан кейін бай демей, кедей демей барлық қазақтар Аллаға шүкір айтып, құрбандық қойын сойып, қуырдағын дастарқан басына дайындап қойып, айттаушыларын күтеді. Ораз айтта мұсылмандар рухани əлемінің сапарынан дүниеуи əлемге қайта оралып келгенде, рухани саяхатта көрген-білгендерінен, ораза айында бар жиған-тергендерінен сабырлылық, ұстамдылық, тазалық, шыдамдылық пен қанағат сынды жақсы қасиеттерді сыралғы етіп, күнделік тіршілігіне, қоғамдық ортасына тарту етеді. Сол үшін ораза айтты ерекше қастерлеп, айт намаздан кейін ағайын, жегжат, дос-жарандар бір-бірін құттықтауға əр шаңырақта жаюлы тұрған дастарқан басына барып, дəм татып игі тілегін айтып шығады. Иран қазақтары бұл діни тамаша дəстүрді мейлінше жалғастырып келе жатыр. Ораза айтта мал сойылмайды. Ұлттық Наурыз мерекесі де иран қазақтары үшін айтарлықтай үлкен мейрам. Өйткені Наурыз мейрамы Иран елінде жаңа жылдың бастамасы ретінде ресми түрде мерекеленеді. Барлық оқу орындарына он үш күн демалыс жарияланады. Дүние жүзінде иран халқындай халықтық сипатта ерекше ұлттық рухпен Наурыз мерекесін тойлайтын ел жоқ. Ирандағы бұл мерекенің мəні мен тойланылуы жөнінде «Иран қазақтары» атты 2007 жылы, Мəдениет жəне Ақпарат министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша «Зерде» баспасынан шыққан бірінші кітапта жаздық. Жалпы диаспора өкілдері өзге елдің саяси, мəдени, экономикалық ықпалында жүргендіктен түптің-түбінде қалыптасқан ата-бабалар салтын өзгерістен сақтап қала алмай-

─ 106 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ тындары да шындық. Сол үшін əрбір ел өз диаспорасын қажет етсе, оларды атамекеніне тездетіп қайтару жоспарын шындап қолға алып, жүйелі жұмыс істеу арқылы іске асыру керек. Қариялар ұлттық болмысты сақтап қалуға үлкен мəн беретін. «Бойына ана сүтімен дарыған ана тілін білу де əрбір адамға парыз» екенін айтып, ескертіп қоятын үлкендер. Мəселен атам бірнеше рет кəдімгідей көріп, біліп отырғандай: « ертең елге оралғанда тіліңізді, дініңізді білмей барсаңыз мен қазақпын деп қалай айта аласыз? Елден ұят болмасын, тіліңіз бен дініңізді біліп барыңдар»,-деп құлағымызға құйып отыратын. Бұл да болса қазақтың ұлттық тəрбие берудегі бір тəлімі. Ата-аналар балаларын мектепке бергенше үйде бір ауыз өзге тілде сөйлеуге рұқсат бермейтін. Иранда мемлекеттік тіл – парсы тілі. Сондықтан жалпы алғанда барлық оқу орындары жалғыз парсы тілінде білім береді. Мемлекеттік жəне мемлекеттік емес мекемелерде, ірілі-ұсақты сауда орындарының қатынас тілі тұтастай парсы тілімен іске асып жатады. Сол үшін қазақ тілі шаңырақ шеңберінде күн өткен сайын сөздік қоры азайып, құрдымға бара жатыр. Қазақ балалары қазақша сөйлегенде сөздің əуені қазақша болып естіледі, бірақ қолданып отырған сөздері парсы сөздері. Қазақтардың ана тілін таза сақтап қалу жолдарын іздестіріп жатқан ешкім жоқ. Аллаға аманат. Бір ғажабы, қазақ халқы түрлі отаршы саяси ойындарының құрбаны болып, əлемнің қырыққа жуық елдерінде тарыдай шашылып кетсе де бір тұтас тілі мен мəдениетін, салтдəстүрін сақтап келді. Сол үшін бір-бірін жатсынбай бүгінгі таңға жетті. Ал, бұдан былай əлем елдеріндегі қазақтың тілі мен мəдениеті қалай дамиды? Қазақтардың ана тілі рухани бірлігіне дəнекер бола ала ма? Өйткені қазақтың тілі мен салт-дəстүрін келесі жас ұрпаққа үйретіп, өнеге бола алатын үлкен буынның қатары сиреп барады. Кейбір елдерде жоқтың қасы. Бұрын қазақтар қай елде болса да қазақ тілін, салт-дəстүрін балаларын тəрбиелеуде басты құрал етіп сақтап келген еді. Қазіргі заманда иран қазақтарының тілі мен салт-дəстүрі парсыланып бара жатыр. Салт-дəстүрдің

─ 107 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР озығы бар, тозығы бар дегендейөмір сүрудің, тіршілік етудің тетіктері өзгеріске ұшырағанда кей бір ырым-жырымдар мүлдем жойылып кететін сияқты. Мəселен, біздің сəбилік пен жастық шағымызда куə болған иран қазақтары арасындағы сарқыт сұрау. Біреу базар аралап, мол тауармен оралғанда, тойға барып келгенде базарлығың не сарқытың қайда? Тойдан сарқытың кəнеки деп қалжың деп отыратын. Мақал-мəтел қазақ халқы мəдениетінің көрінісі. Мақал-мəтелдер қазақтардың əр түрлі салада жинақтаған тəжірибесінің түйіні. Онда қазақ көшінің қыр-сырымен, көршілік қатынастың мəн-жайымен, тойдың ережедəстүрімен, достықтың қадір-қасиетімен, жақсының шарапаты, жаманның кесапатымен, жан-дүниенің сұлулық құндылықтарымен, жалпы, өмір сырымен таныс бола аласыз. Кезінде қазақтар арасында мақал-мəтелдер мен өмірден алынған даналық сөздер, діни əңгімелер ұрпақты тəрбиелеуде үлкен рол атқарды. Үлкен кісілер жастарға жан-жақты тəрбие беруде аталған тəсілдердің бəрін ұтымды құрал ретінде күнделікті қоғамдық қатынастарда молынан пайдаланып жүрді. Қазіргі кезде ирандағы ағайындар бұл дəстүрден қол үзген, сөз ара реті келіп мақал-мəтелден пайдаланса көбіне парсы мақалдарын қолданады. Иран елінде қазақ мақал-мəтелдері 1990 жылдарға дейін халықтың өміріндегі сан-салалы тұрмыс-тіршілігін қамтып, өмірінің бағыты мен мəнін айқындап отыруда шамшырақ болып келді. Біз қатарлы ұрпақ атамекенде туып өскен аталар мен əжелердің əн-жырын, хикая-қиссасын, мақал-мəтелін естіп өстік. Ондай əңгімелерден бойымызға көптеп жақсылықтар жинадық. Шарапатын да көп көргендейміз. Əрине оның өлшемі болмайды. Соның бірі менің əкем қажы Ақмұрат ұдайы «жақсылық жаса, біреуге жамандық жасама, тіпті жамандық ойлама»,- деп пайғамбарлардың аңыз-əңгімесін айтып отыратын. Солардың бір əңгімесіне қарап, қазақ халқы білім беру ісін бесіктен бастап, өле-өлгенше жалғастыратынына дəлел тапқандай болдым. Өйткені, қазақы тəрбие адам

─ 108 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ баласын өмір бойы жамандықтан сақтануға жетелейді. Қазақтар ұрпақ тəрбиесіне қатысты мақал-мəтелдерді орынды пайдалана отырып, жаңа буынның дүниетанымын дұрыс қалыптастыруға көп күш салған. Мəселен: «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі, балаңды жұрт мақтаса, бəрінен де сол сүйгі», «Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрер, жаман боп туса, төрдегі басын жерге сүйрер», «Анасыз қыз ақылға жарымас, əкесіз ұл сыйға жарымас», «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың», «Ана сүтін ақтамағанды, ешкім де мақтамайды», «Адам адамнан асса да, Алладан аспайды», «Алладан асқан күшті жоқ, ойдан асқан ұшқыр жоқ», «жүрегінде Алласы бардың, қатеден құтқарар айласы бар», «Əрбір жұма күндері ақмешітке барыңыз, амандыққа-тыныштыққа құдайы садақа салыңыз» сияқты мақал-мəтелдер ұрпақты ата-ананы сыйлауға, қадірін білуге, сондай-ақ имандылыққа үндейді. Сонымен бірге қазақ халқы адам психологиясына ерекше мəн береді. Сол себепті бір ағайын-туыс, дос-жаранның қимас жаны дүние салғанда қисынды мақал-мəтелдерімен оны жұбатуға тырысады. Ондайда: «Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қияғы бүтін сұңқар жоқ», не «Озбайтын өмір, тозбайтын темір жоқ» жанама түрде жұбата отыра өлім иесін өлім шындығымен таныстырып, ескертеді. Расында үлкендеріміздің тəрбиесінің əсерінен мақалдап сөйлеу, сосын басқалардан естіген немесе бір жазбадан оқыған мақал-мəтелдерді қойын дəптеріме жазып жүруді əдетке айналдырдым. Сондықтан жүз-шақты мақалмəтелдерді, даналық сөздерді жас ұрпақтың кəдесіне жарар ма деген үмітпен ұсынып отырмын. 1. Өнерді үйрен, үйрен де жирен. 2. Қызға қырық үйден тыйым, мың сан үйден сын. 3. Арық атқа қамшы ауыр. 4. Басы ауырмағанның құдаймен шаруасы жоқ. 5. Түс түлкінің боғы. 6. Тисе терекке, тимесе бұтаққа.

─ 109 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР 7. Жиен ел болмайды, желке ас болмайды. 8. Үйге қонақ келсе ырыс, Қонақ өз ырысымен келеді. 9. Жүз сомың болғанша, бір досың болсын. 10. Атың жаман болса сатып құтыласың, Қатының жаман болса қайтып құтыласың. 11. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат. 12. Жақсы сөз – жарым ырыс. 13.Үш жылын ойламаған еркектен без, Үш күнін ойламаған қатыннан без. 14. Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады. 15. Құдайдан қорықпағаннан қорық. 16. Асықпаған арбамен қоян алады. 17. Сабыр түбі – сары алтын. 18. Сарғайғанның бəрі алтын емес. 19. Таңдаған қыз тазға жолығады. 20. Иманы бардың жиғаны бар. 21. Үндемеген үйдей бəледен құтылады. 22. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. 23. Берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан. 24. Алаған қолым – береген 25. Көзден кеткен, көңілден кетеді. 26. Бармасаң, келмесең жат боласың. 27. Құдай десең қор болмайсың. 28. Алтынның қадірін зергер біледі. 29. Жақын əулиенің қадірі жоқ. 30. Жыламаған балаға емшек жоқ. 31. Жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді. 32. Көрген көргенін істейді, көсеу түрткенін істейді. 33. Халық айтса, қалт айтпайды. 34. Қорыққанға қос көрінеді. 35. Кетпеннің басын бассаң, сабы маңдайыңа сарт етеді. 36. Жатқан жыланның құйрығын баспа. 37. Қорыққан бұрын жұдырықтайды. 38. Қақылдаған тауық тумай қоймас.

─ 110 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ 39. Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса. 40. Бүкірді көр түзетеді. 41. Бетбақ жеңді, бейбақ көнді. 42. Бұға берсең сұға береді. 43. Өзім дегенде, өгіздей қара күшім бар. 44. Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, 45. Көппен көрген ұлы той. 46. Бес бересі,алты аласы жоқ адам. 47. Ұялмаған бұйырмаған асты ішеді. 48. Ұяты жоқтың иманы жоқ. 49. Адал дос алтыннан қымбат. 50. Ер туған жерінде, ит тойған жерінде. 51. Жігітке 40 жыл байлық, 40 жыл жарлық жоқ. 52. Қорқақты қуа берсең, батыр болады. 53. Қорқақ мың өледі, батыр бір өледі. 54. Жау шапқанда, ағайын етектен тартпайды. 55. Малым жанымның садақасы, Жаным арымның садақасы. 56.Ағайынның азары болса да, безері болмас. 57. Ит үреді, керуен көшеді. 58. Көпке топырақ шашпа. 59. Аманатқа қиянат жасама. 60. Қолда бардың қадірін біл. 61. Көрген көзде жазық жоқ. 62. Көп білгеннен сұрама, көп көргеннен сұра. 63. Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз. 64. Жақсымен жүрсең құтың келер, Жаманмен жүрсең құтың кетер. 65. Ит иттігін жасайды. 66. Ақ ит, сары ит бəрі бір ит. 67. Ауруын жасырғанды өлім əшкере етеді. 68. Шаш ал десе, бас алады. 69. Көре-көре көсем боласың, Сөйлей-сөйлей шешен боласың. 70.Мың мəрте естігенше, бір мəрте көр. 71. Алып таулар алыстан көрінеді.

─ 111 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР 72. Екі бай құда болса, араларында жорға жүреді, Екі кедей құда болса, араларында дорба жүреді, Бай мен кедей құда болса, бір-біріне зорға жүреді. 73. Өзі ұялмаған кісі бетін шиедей қылады. 74. Алдыңызға ас қойдым, екі қолыңызды бос қойдым. 75. Үй өзімдікі деме, үй артында кісі бар. 76. Отырған адамды ит қаппайды. 77. Туған жұртын тілдейді, тегі жаман кей адам. 78. Жан семірер лебізбен, мал семірер миядан. 79. Жақсы əйел ырыс, жаман əйел ұрыс. 80. Ұрлық түбі – қорлық. 81. Тасыған төгіледі. 82. Таспен ұрғанды, аспен ұр. 83. Ойламағанның түбі ойран. 84. Бізге құл бол, құл болмасаң күл бол. 85. Қонақ келсе аш екен деп ойлама, Жақсы əңгіме аңсап келген қонағың. 86. Бақыт қай есікті қағасың, ынтымағы бар есікті қағамын. 87. Ырыс қайда барасың, ауызбіршілікті жерге барамын. 88. Өзің білме, білгеннің тілін алма. 89. Əйел өмірден бездірсе, ер арманнан безеді. 90. Қыздың жаманы бір атдорба жемге жарайды. 91. Үйірі басқаны ноқта қосады, Атасы басқаны неке қосады. 92. Еңбек еткен ер жақсы, еңбекті елеген ел жақсы. 93. Қорыққан тоғайға бармас. 94. Шегірткеден қорыққан егін екпейді. 95. Қой қорыққан жағына беттемейді. 96. Елу жыл аштық жоқ, елу жыл тоқтық жоқ. 97. Адам үш күннен кейін көрге де үйренеді. 98. Жақсылықтың ертекеші жоқ. 99. Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас. 100. Көп қорқытады, терең батырады. 101. Сасқан үйрек артымен сүңгиді. 102. Кемпір жар-жар десе, аяғы зар-зарға ұласады.

─ 112 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ 103. Өткен күнен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ. 104. Ер мойнында қыл арқан шірімейді. 105. Текті ұрпақ тегін іздейді. 106. Əкеңнен Бота қалғанша, бата қалсын. 107. Ауру астан, дау қарындастан. 108. Түменнен – тарпаң, миллионнан – дүлдүл шығады. 109. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. 110. Байлық – бір жұттық, батыр –бір оқтық. 111. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. 112. Көп естігенше, бір көрген жақсы. 113. Ет бұзылса тұз себесің, тұз бұзылса не себесің? 114. Қайда барсаң қазанның құлағы төртеу. 115. Жүре берсең, көре бересің. 116. Барымен базар. 117. Еркек үйден қырық қадам кетсе, мүсəпір болады. 118. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді. 119. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. 120. Жақсы əйел еркегін төрге сүйрейді, Жаман əйел еркегін көрге сүйрейді. 121. Адамның көргенінен көрмегені, Білгенінен білмегені көп. 122. Шын дос жақсыңды асырады, жаманыңды жасырады. 123. Адам сөзімен емес, ісімен адам. 124. Дос болу оңай, дос болып қалу қиын. 125. Əр адам бағын да, сорын да пейілінен табады. 126. Көк етікке жетем деп көн етікке жете алмай жүр. 127. Ит итті жұмсайды, ит құйрығын жұмсайды. 128. Тоқ бала, аш баламен ойнамайды. 129. Қоңыз қоңызға құқ дейді. 130. Қанағат қарын тойдырады, Қанағатсыз жалғыз атын сойғызады. 131. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады. 132. Қарны тоқтың қамы жоқ. 133. Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу. 134. Жігітті танымасаң нағашысынан сұра. 135. Жаптым жала, жақтым күйе.

─ 113 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР 136. Балық басынан шіриді. 137. Балақтағы бит басқа шыққанда. 138. Нар жолында жүк қалмас. 139. Хан азса халқын сатады, Халық азса хандыққа таласады. 140. Ниетің жолдасың болсын. 141. Өзіңнен жоғары тұрғанға қарап пікір ет, Өзіңнен төменде тұрғанға қарап шүкір ет. 142. Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар. 143. Тек жүрсең тоқ жүресің. 144. Дау қартайса ақыл табады. 145. Бейнетіне сабырлық, рахатына шүкірлік қылсын. 146. Сыры кетсе де сыны кетпеген. 147. Күріш арқасында күрмек су ішеді. 148. Кел демек бар, кет демек жоқ. 149. Алма, ағашынан алыс түспейді. 150. Əйел ерден кетсе де, елден кетпейді. 151. Надан достан,ақылды дұшпан артық. 152. Біткен іске сыншы көп. 153. Ештен кеш жақсы. 154. Қойшы көп болса, қой арам өледі. 155. Кедейдің қатыны өлсе қара басы қаңғырып кетеді, байдың əйелі өлсе төсегі жаңғырады. 156. Шəйдің өңі, сорпаның соңы (шəйдің жаңа демделгені өңінен білінеді, сорпа дəмі соңғы кесесінен білінеді). 157. Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш. 158. Өзі болған қыз төркінін танымайды. 159. Ас – адамның арқауы. 160. Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді. 161. Ұлық болсаң, кішік бол. 162. Қыз бен қойдың жүрмейтін жері жоқ. 163. Аш адам ұрысқақ, арық адам тырысқақ. 164. Жаман азғанмен адам азбайды. 165. Бас болу оңай, басқару қиын. 166. Қайғыны қара тас кешіреді. 167. Тамыры жоқтың тірегі жоқ.

─ 114 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ 168. Дені саудың – жаны сау. 169. Бұлт күннің күні ащы, жаман қыздың тілі ащы. 170. Ит кеткен соң қораға шошқа үреді. 171. Өлі арыстаннан тірі тышқан артық. 172. Сен адамға көмектес, құдай саған көмектеседі. 173. Қой көрмеген қуалап жүріп өлтіреді. 174. Сиыр сипағанды білмейді, Жаман сыйлағанды білмейді. 175. Қанаты бүтін Сұңқар жоқ, Тұяғы бүтін Тұлпар жоқ. 176. Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады. 177. Ұлым дейтін ел болмаса, Елім дейтін ер қайдан болады. 178. Біреу атын сатып қатын алады,

Біреу арын сатып қойнына жатады. 179. Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында. 180. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі. 181. Қыста қысыласың, жазда жазыласың. 182. Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді. 183. Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас,

Жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас. 184. Жаман адам мақалшыл, жаман ешкі сақалшыл. 185. Баланы жастан, қатынды бастан. 186. Иірімі жоқ суға иірілген балық не табады. 187. Жақсыда мін жоқ, жүйрікте сын жоқ. 188. Сусыз жердің шөбі иесіз, елсіз жердің малы ессіз. 189. Қарадан тер шыққанша, сарыдан жан шығады. 190. Жас кезінде қылжың, қартайғанда мылжың. 191. Шал сақалымен көрікті. 192. Сарғайған жетер мұратқа. 193. Асығыс түбі ащы сор. 194. Жақсының жақсылығын айт нұры тассын, Жаманның жамандығын айт құты қашсын. 195. Көре көре көсем боласың, Сөйлей сөйлей шешен боласың. 196. Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.

─ 115 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР 197. Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпейді. 198. Адамның күні адамен. 199. Тау тауға жетпейді, адам адамға жетеді. 200. Жалғыздың үні шықпайды, жаяудың шаңы шықпайды. 202. Тоймасаң тоныңды асып же. 203. Тойғанға қарта боқ сасиды. 204. Күлме досқа, келер басқа. 205. Мың асқанға бір тосқан. 206. Қанағат қарын тойдырады. 207. Күлсең кəріге күл. 208. Жемді берсең атқа бер, қытыр-қытыр шайнайды.

Қызды берсең шалға бер, сақалымен ойнайды. 209. Айнаға қарап айнаға өкпелеме, өзіңе өкпеле. 210. Сыйға сый, сыраға бал. 211. Жоғалған пышақтың сабы алтын. 212. Битке өкпелеп тоныңды отқа салма. 213. Еңкейгенге еңкей, ол атаңның құлы емес, Шалқайғанға шалқай, ол пайғамбардың ұлы емес. 214. Жақсыны жақсы десең қалқаяды, Жаманды жаман десең жалпаяды. 215. Екі əйел ұрыс, үш əйел үш бұрыш, Бұрыштың төртеу болғаны дұрыс. 216. Жігіттің жақсылығын жолдасынан білерсің, Əйелдің жамандығын ойнасынан білерсің. 217. Отырсаң опақ, тұрсаң сопақ. 218. Өзіңе жарық қыл, өзге келіп қақтықпас. 219. Байтал шауып, бəйге алмас. 220. Жақсының сөзі ақыл шақырады,

Жаманның сөзі ашу шақырады. 221. Жақсы келсе құт, жаман келсе жұт. 222. Қой тілегені амандық, бөрі тілегені жамандық. 223. Түлкі жүйрікдыбысы жоқ, қоян жүйрікжелісі жоқ. 224. Ескі бай аяншақ, жаңа бай мақтаншақ. 225. Еркек дауысты əйелде ұят жоқ, Əйел дауысты еркекте ұят жоқ.

─ 116 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ 226. Аяғы жаман адам көлді былғайды, Аузы жаман адам елді былғайды. 227. Оқу білсең зор болдың, оқу білмесең қор болдың. 228. Құдай қырыңды алса, қатының сырыңды алады. 229. Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп. 230. Ат айналып қазығын табады. 231. Өгізге туған күн бұзауға да туады. 232. Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса да. 233. Ит қорыған жерге өш. 234. Тұлпар тегін табар, ер жігіт елін табар. 235. Əңгіме бұзау емізеді, бұзау таяқ жегізеді. 236. Дүниенің кеңдігінен не пайда, аяқ киім тар болса. 237. Жақсы адам ауызын ашса жүрегі көрінеді. 238. Жақсы көргенін айтады, жаман ішкенін айтады. 239. Қойшының қызы қой келгенде іс тігеді. 240. Отырған қыз орнын табады. 241. Тілінің қотыры бар. 242. Болар елдің баласы он бесінде баспын дейді, болмас елдің баласы жиырма бесте жаспын дейді. 243. Ер азығы мен бөрі азығы жолда. 244. Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді. ()ﺕﺱﺍ ﻩﺕﻑﺭ ﺍﺝک ﻩﺏﺭگ یﺍیﺡ ،ﺕﺱﺍ ﺯﺍﺏ گیﺩ ﺭﺩ 245. Есіктен ергеншек кетсе, иттен ұят кетеді. 246. Бес саусақ бірдей емес. 247. Дəулеті асқанның, кеудесі тасқан. 248. Əке – асқар тау, ана баурындағы бұлақ, Бала жағасындағы өскен құрақ. 249. Жауынмен жер көгереді, батамен ел көгереді. 250. Күйеу-жүз жылдық, құдамың жылдық. 251. Удыу ғана қайтарады. 252. Көрген көзде жазық жоқ. 253. Сырт көз – сыншы. 254. Сөйлеген ауызға қақпақ қоя алмайсың. ((.ﺕﺱﺏ ﺩﻭﺵ یﻡﻥ ﺍﺭ ﻡﺩﺭﻡ ﻥﺍﻩﺩﺭﺩ ،ﺕﺱﺏ ﺩﻭﺵیﻡ ﺍﺭ ﻩﺯﺍﻭﺭﺩﺭﺩ 255. Жүйрікке қашудан да озу оңай. 256. Жақсы əке жаман балаға қырық жыл азық.

─ 117 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР 257. Ел бар жерде ер табылар. 258. Жаман көршіден көшіп құтыларсың, Жаман əйелден өліп құтыларсың. 259. Бала қаласа мал табар, əйел қаласа бай табар. 260. Əйел мойын, еркек бас. 261. Жаман əйел кетем деп қорқытады. 262. Қыз-көздің құрты. 263. Жібекті түте алмаған жүн қылады, Əйелді күте алмаған күң қылады. 264. Есіктегі басыңды төрге шығаратын да – əйел, көрге сүйрейтін де – əйел. 265. Жаман əйел жақсы еркекті қор етер, Жақсы əйел жаман еркекті зор етер. 266. Өнер алдықызыл тіл. 269. Ерте тұрған еркектің ырысы артық, Ерте тұрған əйелдің бір ісі артық. 270. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ. 272. Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде. 273. Атаның сөзі-ақылдың көзі. 274. Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады. 275. Көп түкірсе – көл. 276. Сын түзелмей, мін түзелмейді. 277. Мүйіз сұраймын деп, құлағынан айрылды. 278. Бота бір жұттық, бата мың құттық. 279. Үлкенге ізет, кішіге құрмет. 280. Қарға қарғаның көзін шұқымайды. 281. Біреудің жоғын біреу əн сап жүріп іздейді. 282. Кекшіл болма, көпшіл бол. 283. Ағайын бір – тірі, бір – өліде. 284. Ұзын арқан, кең тұсау. 285. Топтың басы болма көз тиеді, соңы болма сөз тиеді, ортасын ұстан. 286. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарайық. 287. Тамағы тоқ, көйлегі көк. 288. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман. 289. Қорғансыз елге қатын би.

─ 118 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ 290. Бұл не деген батпан құйрық, Тегіннен-тегін жатқан құйрық. 291. Бірде артын, бірде алдын берген дүние. 292. Патша бергенді, құлы қызғанады. 293. Қариясы бар үй,қазыналы үй. 294. Жақсы кісіге бір кісілік орын бар. 295. Балық басынан шіриді. 296. Жігітке жеті өнер де аз. 297. Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты. 298. Жығылғанның үстіне жұдырық. 299. Қотыр үстіне шиқан.

( )ﺯﻭﻕ یﺍﻝﺍﺏ ﺯﻭﻕ 300. Адам сыйлағанның құлы. 301. Кең болсаң, кем болмайсың. 302. Есіктен шыққан басыңның, баратын жері көр болар. 303. Бұзау көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді. 304. Қыздың жолы жіңішке. 305. Қызға қырық үйден тыйым. 306. Ойнай білмес анасының етегін ашып ойнайды, Атасының сақалымен ойнайды. 307. Ұрпақ үзілмейді, су сүзілмейді. 308. Иман отқа жанбайды, жақсылық жерде қалмайды. 309. Жаман айтпай, жақсы жоқ. 310. Аттың жақсысын кермеден көр, Ердің жақсысын түрмеден көр. 311. Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,

Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ. 312. Адаспайтын аяқ жоқ. 313. Адасқанның алды жөн, арты соқпақ. 314. Əркім өз қотырын өзі қасиді. 315. Айтылмаса сөз жетім, көре алмаса көз жетім. 316. Іштен шыққан жау жаман. 317. Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас. 318. Жылы-жылы сөйлесең жылан іннен шығыды, Қаттықатты сөйлесең мұсылман діннен шығады. 319. Тең теңімен, тезек қабымен. ─ 119 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР 320. Əр елдің салты басқа, иті қара қасқа. 321. Саусақтың тілі шешесіне аян. 322. Жаман қатын байының ақшасын есептейді. 323. Алтын да тас, тас та тас, алтында емес басқа тас,

Алтынға алтын кездессе, алтынды алтын тастамас. 324. Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер. 325. Тары жесең тоқ боласың, Тағы жесең оқ боласың, Тағы-тағы жесең жоқ боласың. 326. Күйсеуінен жаңылған нар өз тілін өзі шайнап, өз түбіне жетер. 327. Саусағынан сорғалаған қанды көрмесең дұшпаныңды да жазықсыз күйдірме. 328. Қардың басын қар алар, ханның басын хан алар. 329. Сасқан үйрек артымен жүзеді. 330. Ағайынның азары болса да, безері жоқ. 331. Қуанышты бөліссең көбейеді, Қайғыны бөліссең азаяды. 332. Тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кете береді. 333. Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын. 334. Айла алтау, ақыл жетеу.

Айла мен ақыл қосылса, Алдырмайтын екеу. 335. Қыдырып жеген жанбастан, Шақырулы жеген жауырын артық. 336. Итке төсек не керек, естіге өсек не керек. 337. Қалыңдығына өкпелеген күйеу, Қайнысына сəлем бермейді. 338. Ер болатын жігіттер, ел намысын жыртады, ер болмайтын жігіттер, елін ұрлап құртады. 339. Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі. Қатынды бос ұстасаң, төбеңді теседі. 340. Бірлік қайда болса, ерлік сонда. Еркіндік қайда болса, Елдік сонда. 341. Көз қорқақ, қол батыр.

─ 120 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ 342. Күшті болсаң, нəпсіңді тый. 343. Шындық қамал бұзар. 344. Үйренген жау атыспаққа жақсы. 345. Сақтықта қорлық жоқ. 346. Елуінде – ер дана,елу – жылда ел жаңа. 347. Ат басына күн туса, айылтұрман садаға. Ер басына күн туса, бастан құлақ садаға. 348. Арманымен ер сұлу, орманымен жер сұлу. 349. Өзін өзі білген ер бақытты, Өзін өзі билеген ел бақытты. 350. Ел іші – алтын бесік. 351. Ел құлағы елу. 352. Қырықтың бірі – қыдыр. 353. Бүлінген елден, бүлдіргі алма. 354. Тау мен тасты су бұзар, ер арасын сөз бұзар. 355. Балық іздесең, көлге бар. Береке іздесең, елге бар. 356. Ел-жұртыңның қадірін, басыңа іс түскенде білерсің,

Сары тонның қадірін, қыс түскенде білерсің. 357. Өсер елдің баласы, қозысын күтіп қой қылар. Өспес елдің баласы, қозысын сойып, той қылар. 358. Береременге – бесеу көп, аларманға – алтау аз. 359. Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда. 360. Түйе ботасымен жарасты, тамақ батасымен жарасты. 361. Екі аяқтыда бөле тату, төрт аяқтыда бота тату. 362. Кедейлік жаны тəтті жалқауға үйір, Еңбек ете білмейтін, аңқауға үйір. 363. Еріншектің ертеңі бітпес, жеңілтектің селтеңі бітпес. 364. Сəлемде зорлық жоқ. 365. Бұқа болар бұзау, биттейінен белгілі, Батыр болатын бала, титтейінен белгілі. 366. Ер айтса ел айтқаны,

Елдің қамын жеп айтқаны. 367. Не ексең соны орарсың. 368. Жаман итті еркелетсең, ауызыңды жалар. Жаман адамды еркелетсең, жаныңды алар.

─ 121 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР 369. Судың да сұрауы бар. 370. Көпті жамандаған, көмусіз қалар. 371. Берекесі кеткен ауылдың – айтқаны өсек болар, аңдығаны төсек болар. Берекесі кірген ауылдың – айналдырғаны шаруа болар, еккені тары, жегені жарма болар. 372. Арпа-бидай ас екен, алтынкүміс тас екен. 373. Ақылсыз адам айқайлай келеді, жан-жағын жайпай келеді. Ақылды адам жай-жай келеді, жан-жағын байқай келеді. 374. Еріншектің егіні піспес. 375. Маңдайы терлемегеннің, қазаны қайнамайды. 376. Ақымақ күлкіге тоймайды, жалқау ұйқыға тоймайды. 377. Ер өлсе де, аты өлмейді. 378. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. 379. Түйе қанша арық болса, қанқасы сонша қалың болады. 380. Бұрын шыққан құлақтан, кейін шыққан мүйіз озар. 381. Отан үшін отқа түс, күймейсің. 382. Көшпелі елде ақын болса, көше-көше қасыңа келер. 383. Көшкен ел еру елге жүк арттырмас, Көше алмаған көлігін өлтіреді. 384. Көштің байсал тапқаны, көкорайға қонғаны. 385. Көш жүре түзеледі, көшкен жұттан құтылады. 386. Жаудың беті қайтты деп беліңді шешпе,

Суықтың беті қайтты деп мезгілсіз көшпе. 387. Көшіп келсе, ерулік бер. 388. Көшкен елдің көмеші, еру елдің ерулігі болады. 389. Бағуға қарай мал өсер, тəрбиеге қарай бала өсер. 390. Үйдің жақсы болуы ағашынан, Жігіттің жақсы болуы нағашыдан. 391. Əкеге қарап бала өсер, ағаға қарап іні өсер. 392. Əке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. 393. Қыз қылығынан. 394. Қыз – қонақ. 395. Ата-анаң отырған үйдің төбесіне шықпа. ─ 122 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ 396. Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа. 397. Алты аға бірігіп əке болмас,

Жеті жеңге бірігіп шеше болмас. 398. Жеті атасын білмеген жетесіздік белгісі. 399. Ел шетіне қонбасаң, жаудың сенде несі бар,

Ала жібін алмасаң, даудың сенде несі бар. 400. Білім – кітапта, ақыл – көпте. 401. Ғаламның шырағы – күн, адамның шырағы – білім. 402. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. 403. Білімдіден ақыл шығар, ақылдыдан нақыл шығар. 404. Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп. 405. Білімдінің алды биік, білімсіздің алды тұйық. 406. Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады. 407. Талапты ерге нұр жауар. 408. Іңгəлап туған Алла деп өледі. 409. Аллаға сиынғанға қуат бар, иманда ұят бар. 410. Ислам діні – мұсылманның діңгегі. 411. Дінді сақтау, адамгершілікті жақтау. 412. Істі бисмілладан баста, бисмілла – береке басы. 413. Ораза мұсылманның еншісі,

Мұхаммед тəңірімнің елшісі. 414. Адам болып туып, имансыз өлме. 415. Əлемге құдай ортақ, мұсылманға құран ортақ. 416. Құранның аятында қасиет бар, Мұхаммедтың хадисінде өсиет бар. 417. Жұма намазына барсаңыз, мойыннан түсер бір парыз. 418. Ұятты арды сақтамаған, Алладан иман сұрамасын. 419. Алла өмір береді, иман бермейді. 420. Көрші ақысы – тəңір қақысы. 421. Ағайынның аты озғанша, ауылдасыңның тайы озсын. 422. Алыстағы туыстан, жақындағы көрші артық. 424. Қызың өссе қызы жақсымен көрші бол, Ұлың өссе ұлы жақсымен көрші бол. 425. Қасыңдағы досың соқыр болса, көзіңді қысып жүр. 426. Теңін тапса, тегін бер.

─ 123 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР 427. Құда мың жылдық, күйеу жүз жылдық. 428. Қалыңсыз қыз болса да, кəдесіз құда болмайды. 430. Той дегенде қу бас домалайды. 431. Тойдың болғанынан болары қызық. 432. Торқалы той, топырақты өлім ортақ. 433. Бас құралмай, мал құралмайды. 434. Өлімбайдың малын, жоқтың артын ашады. 435. Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қияғы бүтін сұңқар жоқ. 436. Озбайтын өмір, тозбайтын темір болмайды. 437. Кең болсаң, кем болмайсың. 438. Əдемілігіне қарама, əдебіне қара. 439. Əдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі, тұрпайы мінез, тағылық – надандықтың белгісі. 440. Қырық жыл қырғын болса да ажалсыз өлмес. 441. Аштан өлгенге мола жоқ. 442. Сөз сыбырға, іс жыбырға айналады. 443. Адамның қарызы мен парызы бірін-бірі сыйлау. 444. Бір ауыздықтан құт кіреді, алауыздықтан жұт кіреді. 445. Кəріге құрмет, жасқа ізет. 446. Кəріні сыйлап жол бер, жасты сыйлап жол бер. 447. Абысын тату болса – ас көп, ағайын тату болса – ат көп. 448. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төрту түгел болса төбедегі келеді. 449 Көреген көзден береген қол артық. 450. Бермегенді беріп ұялт, тас атқанға ас ат. 451. Қонақ келсе, құт келеді. 452. Қонақ келсе қарсы ал, ырыздығы өзінде. 453. Қонақты қондырма, қондырған соң тоңдырма. 454. Құтты қонақ қонса қой егіз табады, Құтсыз қонақ қонса қойға қасқыр шабады. 455. Қонақ табағыңа емес, қабағыңа қарайды. 456. Қонақ асытəңір ақысы. 457. Қонақ несібесін тəңір жеткізер. 458. Қонағасы қазақтың бөлінбеген еншісі. 459. Қонғанша қонақ ұялады, Қондырған соң үй иесі ұялады.

─ 124 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ 460. Өз елің – алтын бесік. 461. Əркімнің туған жері мысыр шəрі. 462. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. 463. Ер намысы-ел намысы. 464.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. 465. Елінен безген ер оңбас. 466. Сорлы жігіт – еріншек, тумаған қатын – келіншек. 467. Есті əйел ерінен шықпайды. 468. Жақсы əйел ерін мақтайды,

Жаман əйел өзін мақтайды. 469. Жаман қатын алғанша тау арқала. 470. Мəскүнемнің үйі күнде шу. 471. Қуыс үйден құр шықпа. 472. Үйдің тірегі – еркек, сəні – əйел. 473. Үйі жоқтың күйі жоқ, үйсіздің елге сыйы жоқ. 474. Шұрайлы жердің қонысы көп, көңілді үйдің кісісі көп. 475. Жағымпаз надан-жаудан жаман. 476. Ер қуанғанда жылайды, ез қорланғанда жылайды. 477. Жақсы адам тауып сөйлейді, жаман адам қауып сөйлейді. 478. Жаман əйелдің пышағы екеу – бірі қолында, бірі аузында. 479. Ғалым өлсе, қағазда хаты қалар, ұста өлсе,

істеген заты қалар. 480. Темірді қызғанда соқ. 481. Етікші етікке жарымас, ұста пышаққа жарымас. 482. Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер. 483. Тон жағадан тозады, ел ағадан тозады. 484. Өкпеден соққан жел жаман, елінен безген ер жаман. 485. Іргесі берік елді жау алмас, аузы берік елді дау алмас. 486. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. 487. Елге ел қосылса құт, елден ел айрылса жұт. 488. Елін сүю-ердің ісі, елден безуездің ісі. 489. Ел барда ер қор болмайды, ер барда ел қор болмайды. 490. Жақсы айғыр үйірін бөріге алдырмас, Батыр жігіт ауылын ұрыға алдырмас.

─ 125 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР 491. Ат мінгеннің көзі өткір, хат білгеннің сөзі өткір. 492. Жаман жолдастан жақсы ат артық. 493. Жеті рет өлшеп, бір рет кеседі. 494. Жұрт мақтаған жігітті қыз жақтайды. 495. Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады. 496. Ер елді басқарады, ерді əйел басқарады. 497. Тегін адам таз болмайды. 498. Ешкі бастаған қой егінге түседі. 499. Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін. 500. Қатын басқарған ел қараң қалады. 501. Тышқақ лақ та пышаққа ілінсе, аяғын бір сермейді. 502. Екі етік – бір жұп. 504. Жоқтық жомарттың қолын байлайды. 505. Бөлінгенді бөрі жейді. 506. Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілесің. 507. Ер шекіспей бекіспес. 509. Шегірткеден қорыққан егін екпейді. 510. Арайсыз-ақ таң атар ма? Жақсы сөз де жерде жатар ма? 511. Аяқ киімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда! 512. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. 513. Жүрісі жаман жігітті ел ішінде жау алар. 514. Саудада достық жоқ. 515. Кірген із бар, шыққан із жоқ. 516. Бөтенмен дос болсаң қасыңда айбалтаң болсын. 517. Алдыңа екі қарасаң артыңа да бір қарап қой. 518. Жетімге жетім деп қарама, ол да бір күн жетілер.

Байға бай деп қарама, ол да бір күн сүрінер. 519. Айтуын апам айтады, ұялуын мен ұяламын. 520. Көптен озсаң көз тиер, артта қалсаң сөз тиер. 521. Су ішкен құдығыңа түкірме. ТЫЙЫМ САЛУ Қазақтар балаларын тəрбиелеуде «тыйым салу» тəсілі арқылы да жақсылық пен əдептілікке, наным мен тəртіпке

─ 126 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ үйретіп жүретін. Осы қағида негізінде «əйт дейтін əже, тəйт дейтін тəте болмаса» не «əйт дейтін ана, қой дейтін қожа» болмаса, балалар бейбастақ болып өседі дегенді алға тартатын. Сондай тыйымдардың бірсыпырасы мыналар: суға дəрет салма, күлді баспа, тізеңді құшақтап отырма, кешке таман, күн батарда ұйықтама, ошақтың үстінен секірме, дастарқаннан аттама, нанды баспа, ғұсылсыз жүрме, біреудің затына көз салма, өтірік айтпа, тесіліп қарама, жалаңдама, қызғанба, жаман ойлама, жалғыз жүрме, мақтанба. Тағы басқа есте жоқ, бойға сіңген тыйымдер қазақ баласының міне-құлқын, дүниетанымын қалыптастырып келді. АҢСАУ 1929-1933 жылдары Совет одағының Сталиндік саясаты ауыл шаруашылығын ұжымдастыру керек деген сылтаумен қазақтардың қолдарында бар төрт түлік малын күштеп тартып алды. Жалғыз мал шаруашылығына арқа сүйеп тіршілік етіп жүрген қазақтарды осы əдейі жасалған дөрекі əдіспен аштыққа ұшыратты. Соның кесірінен қазақ даласында үш миллионға жуық адам аштықтан қаза тапты, миллионға жуық қазақ шет елдерге қоныс аударуға мəжбүр болды. Сол зұлмат саясаттың сойқанды ізі, зардабы əлі күнге сезіліп келеді. Қазіргі тəуелсіз Қазақстан Республикасында жергілікті ұлт өкілдерінің саны 40-50 миллион адам орнына бар-жоғы он миллионнан əзер асты. Сол жылдары бір топ қазақтар Түрікменстан арқылы Каспий жағалауларынан өтіп, иран жеріне алғаш қадам басқан аймағы «мазандаран» провинциясы деп аталатын. Жылдар өткен соң қазақтар негізінен аталған провинцияның Горган, Бəндəр Түрікмен жəне Гомбəд-е Кауыс ( )ﺱﻭﻭﺍک ﺩﺏﻥگ ؛ﻥﻡکﺭﺕ ﺭﺩﻥﺏ ؛ﻥﺍگﺭگатты үш қаласының шеткері жағынан жергілікті тұрғындардан оқшау өздері тұратын «қазақ маһалле» аталатын ауылдарда тұра бастады. Ол ауылдар да уақыт өте аталған қалалармен біте қайнасып, шаһар аумағына қосылып кетті. Үш қаланың өзіндік сыр-сипаты бар.

─ 127 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ...Сол ауылдардағы қариялар мен үлкен ағалар, аналар мен апалар Ұлбике əжені ерекше сыйлайтын. Сондықтан, жасы кішілер мен сəбилер де соларға қарап, Ұлбике əжені сыйлап өсті. Қазақта кішілер үлкен кісілерден көргендерін өнеге тұтатын бұлжымас заң бар. Мен де сол балалардың қатарында əжені сыйлап ер жеттім. Содан болар, ер жете келе, кітап оқып, өмір мен адамды ұға білгендей болғанда Ұлбике əженің түріне қадала қарап, жүріс-тұрысына ойлана көз салып, сөзіне мұқият құлақ асып жүруге тырысатын болдым. Қай күндері екенін еске түсіре алмағаным өкінішті. Бірақ, Алланың бір сəтті күндерінің бірінде Ұлбике əже қаланың теріскей жағын бетке алып, зарлы үнімен жоғалтқан бір нəрсені іздеген болып, алға жылжып алыстап кете беретін. Біздің тұратын қала иранның солтүстігінде, Мазандаран провинциясы Горган қаласы. Кейінгі жылдары Горган қаласы орталығы болып Гүлістан провинциясы құрылды. Бұл аймақ кейде табиғаттың тосын мінез көрсеткені болмаса, ауа райы жұмсақ, қысы онша суық бола бермейді. Біздер жастық шағымызда қаламызда қар жауғанын көруді армандайтын едік, есесіне жауын-шашын көп болғандықтан, жаздың аптабында ылғалды ауадан əбден мезі болатынбыз. Өйткені ауасы ылғалды болғандықтан жаз бойы киім киіп жүру азап болатын, көктем мен күзі ең тамаша маусымдары болып адамды сарғайта сағындырады, қаланың оңтүстігінде Əлборз таулары он төрт шақырым қашықтықта көз жауын алып тұрса, солтүстігі түрікмен сахарасына қарай созылған жасыл кілем сияқты жазық дала, батысы жасыл түске қанық дастарқандай отыз алты шақырым Каспий теңізіне дейін созылып жатыр. Қаланың шығысы Əлборз тауларының шыңынан жазық далаға қарай орман мен жасыл егістік қосарлана төселіп созылып жатыр. Шынында қала əсем табиғат аясында орналасқан. Сол қаланың бір шетінде қазақтар шоғырланып қазақ ауылын құрып алғанды. Қазіргі кезде қазақтар тұратын екі маһалле бар. Бірі – алқашғы құрылған маһалле, екіншісі – төрт шақырым

─ 128 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ солтүстік шығысында кейінгі жылдары салынған «һеммəтабад» маһаллесі. Қаланың басқа маһаллелерінде де жекеленген қазақ шаңырақтары пайда болған. Олар оқыған-тоқыған, қалталы болып өсіп келе жатқан жаңа буын. Ересек жасқа келгенімде əженің қаладан далаға қарай бет алған кездерін көретінмін, сосын қызығып білгім келіп оның артынан ұзақ жерге дейін жүріп отыратын едім. Соңында қала төңірегіндегі тікенді бұталар мен қалың шалғын жерлерден ары қарай алыстай беруге батылым жетпей тоқтап тұрып оның алыстауын көзіммен қуалай қарайтынмын. Əйтеуір, қарасы біртіндеп кішірейіп көзден ғайып болғанша қарап, түсініксіз ойдың тұңғыйығына шомылатын сəттерім аз болған жоқ. Ол кездері əженің қызық та жұмбақ бұл жүрісін ес жиып, ақыл тоқтатқанша түсіне алмай əуре едік. Біз үшін əженің бұл жұмбақ мінезі, құпия сыры пəни өмірден бақи дүниеге аттанғанша жалғасты. Оның сол бағытқа бет алып кететін күндерінде мені таң қалдыратын нəрсе əженің сəнді киініп жолға шығатыны еді. Оны алғаш көрген адам əже тойға бара жатыр деп ойлауы да ғажап емес-ті. Енді сол өткен күндерге қарап ой жүгіртсем, əженің киім-кешегі, жүрісіндегі шапшаңдығы мен салмақтылығы бойындағы сеніммен үйлесім тауып, қазақ əйелінің кербез мінезін, тарихи санасының өрісін, талғампаз түйсігін бейнелеп тұрғандай көрінеді. Жасыл түсті мақпал бешпеті, аппақ орамды кимешегі, қошқар мүйізді нақышымен көз тартатын биік өкшесі бар қара етігі, апаларша айтқанда, шоңқаймасы, тобығына дейін төгіліп тұрған майда гүлі бар келісті көйлегі, салқындаған күндері иығына жауып желпілдетіп алатын жадағайы əженің айбынды көркін асырып тұратын. Əженің сол алыстарға барып, қайта оралып келетін күнін асыға күтетін едім. Сол заманда қазақтың дəстүрі бойынша бір қазақ бір қазақтың шаңырығына бара қалса, үй иесі оны құдайы қонақ ретінде өз ырысымен келді деген наныммен, келген кісіден сұрамай-ақ самауырын жағып, қазан көтере бастайтын. Солай десек те сондай дəстүрді берік

─ 129 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ұстанатын ауқатты ел ағалары бар болатын. Солардың бірі Рақбай ата болатын. Ата дүние салған (Алла тағала жанын жаннатта еткей) соң ата жолын лайықты перзенті Ақмұрат өмірінің соңғы деміне дейін жалғастырған. Əже көбіне көп сол шаңырақтың ошақ иесі Зылиқа келінінің дастарқанына отырып, шөлін басқанша шəйін ішіп, ауқатын жеп қара тер болып, бір рахаттана дем алатын. Өмір өтіп Зылиқа ана да ел құрметіне бөлене жүріп жасы тоқсанға таяған шағында дүние салды. Ол хал үстінде жатқанда келіндеріне «қашанда үйге келген қонаққа дастарқаныңызды мол етіп жайыңыз, есесін құдай береді» деп өсиет сөзін айтып кетіпті. Жалпы əже қай үйге бармасын, өзіне лайықты құрметті көретіндігі де оның бағы еді. Ол ирандағы бар қазақтың сыйлы əжесі болғанына қарағанда олардың қиялындағы арман жүгін мойынына артып жүргендей болып, маған ылғи ой салатын. Оң мен солымызды əбден білген шақта үлкендерден əженің беймаза жүрісі жайын сұрайтын болдық. Үлкендер күрсіне отырып көк көз кəпірлердің қазаққа жасаған зұлымдығынан ел ата жұртынан 1929-1933 жылдары амалсыздан шет елдерге үдере көшуге мəжбүр болғандарын айтатын. Олардың айтуына қарағанда, кəпір коммунистер қазақтардың қолдарында бар малдарын ұжымдастыру деген сылтаумен тəркілеп алғаны аздық еткендей халықтың Аллаға деген иманына да шектеу қойып, имансыздыққа үндегендері момын қазақтың жанына батқаны сонша, туған елін қимай тұрса да жан сақтап қалу үшін де дінін қорғап қалу үшін де, шет елге кетуге тура келіпті. Ата жұртын қимай-қимай кете бергендердің бір тобы осы біздерміз деп жаралы жандарының ызасын қалтыраған қолдарынан, бозара бастаған түрлерінен байқататын. Елдің сол тауқыметті ауыр жылдарының қайғы-қасіреті, ата жұртқа сағынышы Ұлбикенің өнбойына біткен тəрізденеді. Ұлбике елге деген сағынышын арқалап шекарадағы Əтрəк өзенінің жағасына дейін алып барып, жоқтауына қосып əндеткен соң ауылға оралып отыратын. Əже өзеннің

─ 130 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ арғы жағы Түрікменстан екенін де білетін, Қазақ даласы онан кейін басталатынын да жақсы біле тұрса да, онда барған-дығы ата мекеніне жақындай түсіп, сағынышын елге жеткізу еді деген үлкендердің əңгімесі Ұлбике əжені ел арманын арқалап жүрген аруанадай біздің жүрегі-мізде орнықтырған еді. Үлкендердің осындай əңгіме-лері балалар үшін қазақты таныту мектебінің бір түрі болғанын кейін түсіндік. Əже қысқа бойымен, жүзіндегі əжімдеріне қасіретті жылдар қалдырған нақышымен, қалың кірпіктерінің саясына тереңдей түскен қара көздеріндегі мұңымен шетке қоныс аударған бүкіл қазақтардың ауыртпалығын жалғыз өзі арқалап жүрген киелі жан іспеттенеді. Кейін ойласақ, əже біздерді де балалық шақтан елге деген сағыныш пен сүйіспеншілікке баулыған жан тəрізді. Əженің ізімен жүріп Əтрəк өзенінің жағасында оны соңғы рет көргенімізде, ол алыстарға қарап тұрып жүректі тітіреткен зарлы үнімен жоқтау айтып, мəңгіге ғайып болғаны есте қалған. Біз əженің көшелерді қиып өтіп, қалаған жағына жүре беретінін көрсек те ешқашан сөз сөйлеп, біреуге мұң шаққанын біліп те, естіп те көрмеппіз. Оның жыры жалғыз өзі ауылдың теріскейіне бет алған сəттен жоқтау зары болып естіле бастайтын. Сөйтсе, əженің үні ата жұртта қалып қалған бір арманына қарай қанат қағып зулап бара жатады екен, оны кейін жылдар өткен соң сезе білдік. Əженің тағы бір артықшылығы ол ешбір қазақ шаңырағын жатсынбайтын, қалаған үйдің төрінде құрметті əжесі кейпінде көрініп, өмір кешкендігі. Кейін əженің осы бір мінезіне ой жібергенде шетте жүріп ана тіліміз жұтаңдай бастаса да қазақтың бауырмалдық көңілі біздің қазақы болмысымызды сақтап келген нəрсе екенін терең сездік. Ата жұртын аңсап өткен əже барлық қазақтардың арманының символындай, хош иісті арман гүліндей,ел сүйіктісіне айналған кейуана еді. Елді аңсап жүрген алыстағы ағайынның да Алла Тағала тілегін берді.Əже бұл өмірден өкінішпен өтсе де оның арманына ұрпақтары қол

─ 131 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР жеткізді. Тəуелсіз Қазақ елінің көк туы көктерге бой көтеріп желбірегеніне куə болды. Ұлбике əженің өмір жолы мені адамдардың мінезқұлқын, ой-арманын, ішкі жан дүниесін білуге қатты қызықтырды. Оның бірімен көрген, білген, кейін өзгелердің əңгімелерінен танымым ол туралы молая түскен Рақбай атам да менің келешек арманымды қалыптастырған жан еді. Мен иранның солтүстігі қазіргі Гүлістан провинциясының орталық қаласы Горган шаһарының Сұлтанабад ( یﺍﺕﺱﻭﺭ ﻥﺍﻁﻝﺱ )ﺩﺍﺏﺁауылында дүниеге келдім. Сұлтанабад тұрғындары жүз пайыз жергілікті парсы жұртынан құралған ауыл. Ол ауыл, парсылар мен түрікмен сахарасының шекара сызығында тұрғандығымен ерекшеленеді. Біздің отбасы сол ауылдың жалғыз қазақ шаңырағы болып, əкем қайтыс болған 2003 жылдан бергі кездерде де ауылдастық бағымыз үзілмей келеді. Бұның да қызық тарихы бар. Оны да біз иран қазақтарының тарихынан бөле-жара қарай алмаймыз. Иран ежелден патшалық мұрагерлік саяси жүйе арқылы өз мемлекеттігін сақтап келе жатқан ел екендігі белгілі. Иранда патшалық тақта отырған соңғы əулет Пеһлеви атауымен Реза шаһ (1926-1941) пен оның ұлы Мұхаммед Реза шаһ болған. ( ﺵﺩﻥﺯﺭﻑﻭ ﻩﺍﺵ ﺍﺽﺭ یﻭﻝﻩپ ﺏﻕﻝ ﺍﺏ یﻩﺍﺵ ﻥﺍﺩﻥﺍﺥ ﺕﻡﻭکﺡ ﻥﺍﺭیﺍ ﺭﺩ یﻩﺍﺵﺩﺍپ ﻩﻝﺱﻝﺱ ﻥیﺭﺥﺁ ﻥﺍﻭﻥﻉﺏ ﻩﺍﺵ ﺍﺽﺭ ﺩﻡﺡﻡ ﺭﺩ یﻥیﻡﺥ ﻡﺍﻡﺍ یﺭﺏﻩﺭ ﻩﺏ یﻡﺍﻝﺱﺍ ﺏﺍﻝﻕﻥﺍ یﺯﻭﺭیپ ﺍﺏ ﻥﺍﻥﺁ .ﺩﻥﺩﺭک ﻝﺍﺱ1979 .ﺩﻥﺩﺵ ﻥﻭگﻥ ﺭﺱ ﺕﻥﻁﻝﺱ ﺕﺥﺕ ﺯﺍ یﺩﺍﻝیﻡОлар Батыс саясаты мен мəдениетінің қолдаушысы ретінде, елдің табиғи байлықтарын ішкі жəне сыртқы жемқорлар тонап жатқанына байланысты айыпталып, имам Хомейни басқарған Ислам төңкерісінің жеңісі нəтижесінде 1979 жылы біржолата иранның саяси сахнасынан қуылды. Сонымен Иран өзінің мемлекеттік тарихында патшалық саяси жүйеден исламдық республикалық саяси жүйеге ауысты. Бүгінгі Иран Ислам Республикасы ол елдің тарихындағы жаңа саяси беттері болып табылады. Қазақтар Сталиндық зұлматтан туған жұртынан иран елін паналауға мəжбүр болған 1929-1932 жылдары Реза шаһ тақта отырған кезең еді. Ол кезде Иран феодалдық қоғам

─ 132 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ болғандықтан жалпы саяси ахуал қиындап, елдің шартарабында Түрікмен, Бақтияри, Күрд, Бəлуч, Араб, Əзірбайжан сынды ұлыстардың басшылары орталыққа бағынбай тайпалық һəм ұлттық мүдделері бойынша өз талаптарын ортаға қойып жатты. Екінші жағынан саяси тұрақсыздықты пайдаланып, ел аумағында тонаушылық, қарақшылық пен бүлік шығару істері шарықтап кеткен заман болды. Сөйтіп, саяси-экономикалық күйзеліске ұшырап тұрған елге Реза шаһ тыныштық орнату үшін қатал басқару жүйесін енгізді. Соның арқасында халықты орталықтандырған мемлекеттік басқару жүйесіне бағындырды. Сол үшін де елінің саяси тарихында диктатор патша есебінде есімі жазылып қалды. Реза шаһтың қатаң тəртіппен жүзеге асырған жобаларының бірі мемлекетте қалалар арасында қара жол мен темір жол салу еді. Ол жол салуға жұмыс істеу қабілеті бар жалпы халықты «Бигари» (- یﺭﺍگیﺏазаматтар ақысыз тек қана мемлекеттің есебінен тамақтанып, құрылыс жұмысына күнделікті қатысуға міндеттеме алады. Оны барлық аймақта үкімет тағайындаған өкілдер ұйымдастырып, қадағалауға тиісті) ережесі бойынша жұмысқа міндеттеді. Иран қазақтары сондай кезеңге тап болған. Олар: «кəпірлердің қорлығынан елден қуылып, осында пана іздеп келсек, енді құл бол дегендері несі?»,– деп ренжігендері бар. Солардың ішінде менің атам көп сөзден гөре іске көшкенді жақсы көретін адам болған. Оның аты Рақбай Екібайұлы. Ол өте батыр, өжет һəм діндар-мүмін адам болған. Кезінде коммунистер халықты қырғынға ұшыратып, дінін жоққа шығарып жатқанда амалсыздан туған жерін қимай, иранға кеткен. Енді мұнда орналасып үлгермей жатып, үкіметтің Бигариға шақырғаны əбден қырсығын қоздырған сияқты, себебі, тұратын ауылы Нaзабадтың (Бəндəр Түрікмен қаласының оңтүтігінде бес шақырым қашықтықта орналасқан түрікмендер тұратын ауыл, бүгінгі уақытта қала аумағына еніп кеткен) ауылнайы оны жол құрылысына Бигариға шақырғанда онымен қарсы болып, ауылдан көшіп кеткен. Рақбай ата қазақтарды жəне ауыл адамдарын оз-

─ 133 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР бырлардан қорғайды. Əрдайым аймақтағы қариялармен ақылдасып шешуге тырысатын. Бұл жөнінде оның оң қолы саналатын, өткен жылы дүние салған Қайырбай Жеменей (Алла жанын жаннатта еткей ) аңыз етіп, айтып жүретін. Марқұм Қайырбай ағамыз жастық шағында ауыр атлетикадан Мазандаран провинциясы бойынша бірінші орынды,ал, жалпы иран көлемінде жүлделі екінші, үшінші орындарды ешкімге берген емес. Бойы ұзын, қараторы өңді, қара көздері мен ұзынша келген мойыны, денесі бұлшық етке бай нағыз палуан денелі кісі еді. Өмірі жүзінен күлкі кетпейтін, əр нəрсені Алладан тілеп отыратын, «Əй Алла! балаларым аман болса болғаны, қалғанын Алла өзің бере жатарсың»,– деген тілегі өмір серігіне айналғандай еді. Сөйтіп, ағамыз жеті қыз, алты ұлын абыроймен бағып-қағып жетілдірді, оқытты, ел қатарына қосты, бүгін олардың əрқайсысы қоғамдағы өз орнын тапты. Қайрекең кеше қазағына тіреу, мақтаныш болса, бүгін оның ұрпақтары елдің елеулі азаматтары болып, Қайрекеңнің игі арманын жүзеге асырып келеді. Алла Тағала ұзағынан сүйіндірсін. Сонымен қатар Қайрекең қарапайым, қанағатшыл, шыншыл жəне асқан еңбекқор адам болды. Біз өмір бойы, мен ираннан көшкенше көрші болып келдік. Мен олардың үйінде көп болып, одан көп əңгіме тыңдадым. Тіпті, мен өз атамның көптеген қыры мен сырын Қайрекеңнен естіп, жадымда сақтадым. Атаның дене бітімі өзгеше еді. Бойшаң, қыр мұрын, жазық маңдай, қалың қасты, ширатылған ұзынша кірпікті, шымыр денелі, шаруаға ширақ, кісі бір көрген жанның жадында қалатын. Ашық жасыл, тұнжыраңқы көздері терең мұқитта толқып тұрғандай көзіне қараған адамды тітірететін еді. Мінез-құлқы да басқаларға көп ұқсай бермейтін. Көп сөйлемейді. Бір ғажабы, егін шаруасына бейім болғандықтан оның тірі кезінде үй ауласы бау-бақшаға көмкеріліп тұратын, бақшаның өнімдері бəрімізді шөп-шалам(көкөніс) жеуге үйретті. Сөзі де, іс-əрекеті де көргенге сенім ұялатады. Байыпты да парасатты көрінеді. Ата шаңырағы ауылдан жырақта жалғыз үй болып

─ 134 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ бірнеше жыл тұрған соң, үкіметтен сол аймаққа қатысты қаулы шыққанда өмірінің шуақты жаңа кезеңін бастады. Қазақтар тұратын Горган қаласының тұрғындары парсылар болды. Олардың бет-келбеті, тілі, той-думаны, салт-дəстүрі біздерден мүлдем өзгеше еді. Менің ауылдас қазақтардан бір артықшылығым болды. Ол көз ашқалы жергілікті парсылармен бірге тұрғанымыз еді. Отбасылық байланыста етене-жақын барыс-келісіміз бар еді. Өйткені, 1950 жылдары үкіметтің жарлығы бойынша сол кездегі Мазандаран облысы, Горган қаласы төңірегіндегі ауылдарда иесіз жатқан шырайлы жерлерді кімде-кім қаптаған тікенек бұталардан тазарта алса, сол жерлердің заңды иегесі бола алады деген қарары болған. Аталған қаулыға орай атам Рақбай Горган шаһарының солтүстік шығысында, он төрт шақырым қашықтықта орналасқан Сұлтанабад пен соған жақын тұратын Əтрəкшал ауылдарының төңірегінен оншақты гектар егістік жерлерді тікенек бұталардан тазартып, өз меншігіне айналдырып алды. Атаның ерен еңбегі оның ұрпақтарына яғни біздерге ата жұртымызға көшіп келгенше миуасын беріп тұрды. Əтрəкшал ауылындағы өмірімізден қалған бір елес бүгінде менің көз алдымнан еш кетпейді. Қара торы, арық, күлімсіреген, нұрлы, мейірлі жүзді, үлкен кісінің құшағында домбыра əлде домбыраға ұқсайтын ұзынша таяқты сабалап, əн салып отырамын. Алдыңғы жағымызда жұмыс істеп жатқан адамдар, үлкен шұңқырдың табанына сабан төсеп тастап, үстін астықпен толтырып, соңынан тағы да сабан толтырып, топырақпен көміп жатқан көрініс көз алдыма жиі келеді. Есейген жылдары анам Əтрəкшал ауылының естеліктерін көп айтатын, сондағы мен құшағында домбыра ұстап отыратын кісі Батыр аға екен, ол мені жақсы көріп, біздің үйге келген сайын мені алдына отырғызып, домбыра ұстатып, əн айтқызатынын жиі естідім. Менің сондағы айтатын өлеңім «мен де кеттім шөпшекке, қыздар да кетті шөпшекке» деген жеңіл-желпі əн екен. Атамыздың жанында жүріп, көзін көрген, кейін қалаға көшіп келгенімізде бізбен көрші тұрған Қайырбай ағамыз

─ 135 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР маған атам туралы көп қызық жайттарды айтып берген. Қайрекеңнің сондай əңгімелерінің бірі – «Сұлтанабад ауылында тікенек бұталардың тамыры тереңге тартқан, бойлары кейде бір метрден асатын өсімдіктерді атамыз əуелі бұтаның түбін арқанмен мықтап байлап, сосын арқанды екі жақтан иығына оратып тартқанда бұтаның тамыры қап-қара топырақпен араласа қопарылып шығатын. Мен ол кезде жаспын, атадай палуан болсам деген арманым да жоқ емес. Сондықтан,өзімді сынайын деп атаның ісін ақырын қайталағым келетін, қолға арқанды алғанымда, қанша күшенсем де əлім келер емес-ті. Сосын мен неге басқа ағайындар бұл іске жоламайды деген сұрағыма жауап тапқандай болатынмын»,– дейтін де өте əдемі жымиып күлетін. Артық мақтанбай шындықты айту Қайрекеңе тəн қасиет еді. Себебі, Қайрекең иманды, ұяты бар жан болатын. Ол мақтанға да, мақтауға да лайық адам болды. Өмірден қанша тауқымет көрсе де кез келген жерде ашылып сөйлей бермейтін. Менің бағым онымен аға деп те, көршім деп те жақын, сұхбаттас тіпті сырлас болғаным. 1970 жылдары біз үшін үлкен ағалардың əңгімесін тыңдау өте қызық болатын. Содан болар, кешкі тамағымызды ішкеннен кейін үйіне барып, əңгімесін тыңдап, бір рахаттанып қалатынмын. Ал, біздің үйге шалдар жинала қалса, Қайрекең бөлменің бір бұрышына жайғасып өзінен үлкен кісілердің əңгімелерін үнсіз отырып тыңдайтынына талай куə болдым. Сол жылдары адамдар не деген жылы жүзді, не деген мейірімді еді, көз алдымнан күні бүгінге дейін кетер емес. Кейде сол сəттерді еске алып, соны аңсап жасырын жылап қоятын сəттерім де болып тұрады расында. Қайырбай аға армандағандай иран қазақтарының арасынан ресми түрде ауыр атлетика саласында облыстық, республикалық жарыстарға қатысып бірнеше дүркін жүлделі орын иеленді. Қала үшін, қазақ үшін мақтанышымыз болды. Оның бапкері жергілікті баршаға танымал Мəлік деген үлкен жүректі жан. Ол да бұл пəни дүниеден өтіпті. Алла жанын жаннатта қылғай. Ол ұдайы Қайрекеңе қолдау көрсетіп жүрді. Қайрекең де өле-өлгенше

─ 136 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Мəлікті қатты сыйлап, жақсы көріп кетті. Мəлікті барлық қазақ жастары сүйіп өсті. Өйткені қаланың спортына жан салып қызмет жасап жүрген бапкерлер қазақ балаларының дарыны мен таза жанын сүйетін. Қазақтарға нағыз қол ұшын беріп, жетелеп жүріп ел қатарына қосылуларына Мəлікпен қатар Сейдейін аға, Азəри ағалар да یﺭﺫﺁ ،ﻥیﺩیﺱ ، کﻝﻡ айрықша үлес қосты. Олар қаланың танымал ірі бапкерлері ретінде қазақ балаларының тұлғалануына көп еңбек сіңірді. Қайрекең олардың алдында зор беделге ие болды. Мəлік, Сейдейін мен Азəри бапкер ретінде шығыстың ежелгі палуаны, ер мінезді ірі тұлғаларын елестететін-ді. Дүние-мүлік жөнінен Қайрекеңнің байлығы ауыз толтырып айтарлықтай болған жоқ, кедей деуге де болады. Бірақ оның тіс жарып біреуден бір нəрсе сұраған кезін көрмедім. Өзінің ағасы Ыдырейістің ат арба жөндейтін ұстаханасында жұмыс істеп жүрді. Кейінгі жылдары машина ат арбаның орнын көбірек басқан сайын олардың ұстаханасына келушілер де сирей бастады. Сөйтіп, Қайрекеңнің шебер қолдары қара жұмысшы ретінде іске жұмсала басталды. Ол кішкентайынан Рақбай атаға қызығып өскен жан. Бұл жайтты өз аузынан талай рет естідім. Ол атаның өмірін дастан қылып маған айтып берген. Мен атам туралы басқалардан естісем де Қайрекеңнен көбірек əңгіме тыңдадым. Ол маған атамның өмірін ертегідей етіп айтып отыратын еді. Сол үшін де көрші болдық дейтін. Осындай мейірге, шынайылық пен адалдыққа толы риясыз көңілінің белгісі шығар, атам өлген соң да ол ешқашан біздің үйге келіп тұруды тоқтатқан жоқ. Əсіресе, мен Ираннан көшкенге дейін екеуіміздің сырласу сəттеріміз көп болып тұрды. Біздің түнгі сырласуларымыздан көршіміз Тойжан да тыс қалмайтын. Тойжан менен екіүш жас үлкен, кішкентайынан техника, темір-терсекпен əуестеніп, нағыз техник болды. Жүргізушілікті үйреніп алып кəсіп етті. Қазақ күресінде жеңіл салмақта оның жауырынын ешкім жер иіскеттіре алмады. Достыққа адал, мəрт жігіт. Тойжан туралы аман болсақ, талай сыр шертеміз. Ондай жаны таза адамдар өзгелердің қазақ туралы ұғымын

─ 137 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР кеңейтеді. Заман өзгерді. Қазір уақыт жылдам-дығына ілесеміз деп, адам мінезі өзгеріске ұшырады. Ал, ол кезде... Ең қызығы, Қайрекеңнің бір бөлмесінің бұрышында кейде төрт-бес адам жиналып, иық тіресіп отыратын едік. Сонда Таған Бибі жеңге-міз күндізгі күйбең тіршіліктен əбден қажыған күйінде кішкентайларымен тізіліп жатқан күйде тəтті ұйқыға кететін. Отырған біздерге қабағын да шытпай, кей-кейде басын көтеріп, «шəй ішкілеріңіз келе ме? Шəй қоя салайын ба?», – деп бір аунайды. Қайрекең де күлімдеп «қазақ шайды сұрап бермейді, сұрап бергенше, ұрып бер», – дейді, артынша қарқ-қарқ етіп күледі келіп. Қайрекең маған «сен оқы, жағдайың бар. Сосын саған қарап, қызығып, біздің балалар да оқитын болады. Біз оқымай қор болдық», – дейтіні бар-тұғын. Қайрекең өзі бастап көп сөйлеуді білмейді, ел-жұрттың той-садақасына қалмай барып, қатысып тұрады. Үндемей барып, үндемей үйге оралады. Қазақ болғасын бірімізге біріміз нағашы, жиен-шар, бөле, жезде, құрбы-құрдас, дос-жарандық жақындығымыз болатын, бір-бірімізбен қалжыңдасу, бір-бірімізге ішкі мейірімізді төгіп тұру дəстүріміз берік еді. Сол себепті, Қайрекеңді сөйлеткісі келетін адамдар да табылып тұратын. Сонда Қайрекең рахаттана күліп, жүзі жадырап қалатын еді. Жай күндері жабырқаулы, ойға беріліп, бір нүктеге қадала қарап отыратын. Сондай сəттерде жанына бара қалсам, есін жиып, қалыпты жағдайына келіп, əңгімесін бастауға біраз уақыт кететін, қайғырып отырғандай күйде болғанында мен оған «Аға! Сен де Асан қайғы болдың ғой» деймін. Сонда бұл Асан қайғы кім? Кімнен естідім? Қашан естідім? Білмеймін. Тек сөздің қисыны келіп тұрғасын айтатын едім. Асан қайғы нені қайғырды? Алла білсін, деп жүретінмін. Мен қазірге дейін көкейімдегі осы сұрақтарға жауап таба алмай жүргенім. Қайрекең қатты ойға шомылып, іштей қайғыратын жайы бар еді. Тұрақты жұмыстың жоқтығы, əлеуметтік жағдайының онша мəз болмауы əйел, бала-шағаның ертеңін ойлатпай қоймайды. Ол балаларының мінез-құлқынан, келешегінен маған көп айтып отырғанды ұнататынын сезетінмін. Бала-

─ 138 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ лары туралы менің пікірімді сұрап тұратын. Сол жылдары қазақтардың басты арманы балаларының оқып, адам болу жай-күйі көбірек тілге тиек болатын. Мені оныншы сыныптан кейін кəдімгі ақылман көріп, үлкендер біздің ойымызбен санасып тұратыны, біздерді де ертерек ержеткізді. Ұрпақты көбейту керек деген арман да сол жылдары Иран қазақтары көкейінде бас көтерді. Сол себепті, ол кездері жасы жиырмаға толмаған жігіттер бір-екі балаға əке болып жүретін əдет пайда болды. Бір күні біздің үйде Назабад ауылынан бір түрікмен шал қонақ болды. Қазақтар туралы, менің атам Рақбай жайлы əңгімелеп отырды. Ол кезде Горган қаласында тұратын қазақ балалар түрікменше біле бермейді. Себебі Горган тұрғындары жүз пайыз парсылар. Біздің парсышамыз түрікменшемізден гөрі тəуір болатын. Ал, Гүмбез Кауыс пен Бəндер Түрікмен қалаларында қоныстанған қазақтар түрікменше сайрап тұратын, өйткені аталған екі шаһарда халық санының басым көпшілігі түрікмендер. Түрікмен шалымыз кеткен соң Қайрекең қазақтардың иран жеріне үдере көшкендері, бұл жерге келген кезде тап болған қиындықтар мен жаңа қонысқа, танысып жатқан жаңа қоғамға қалай бейімделгендері жайлы əңгіме тиегін ағытты. Қайрекең қазақтардың өткен тарихын, тағдырын маған жалықпай, қызықтыра айтқанын мен де ұнататынмын, ол да айтқаннан айызы қанып, жаны рахат тапқандай болады. Қайрекең сөйлеп жатқанда қалай болғанның өзінде көздері мен аратұра күрсінісінен беймəлім бір сағыныш пен өкініштің ізі байқалып тұратын. XX ғасырдың бірінші жартысы екі бірдей дүниежүзілік соғыстың (1914-1918,1939-1945 жылдар аралығында) болған кезі екендігі тарихтан белгілі. Əлемдік саяси сахнада жаңа ұлы державалардың пайда болуына, олардың өзара бəсекелестік тартыстарына байланысты көптеген елдер солардың қыспағында өмір кешіп жатты. Иран елі де оның əсерінен тыс қалмады, əсіресе, иранның феодалдық бұрынғы саяси-қоғамдық құрылымын замананың жаңа өзгерістеріне

─ 139 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР икемдеу оңайға соқпады. Онда түрлі жаңа көзқарастардағы саяси партиялар, саяси ағымдар мен иранның рулық тайпаларының басшылары мемлекеттің əр тұсынан бас көтеріп, елдегі билік жүйесіне ықпалын жүргізгісі келіп жатты. Оларға сыртқы күштер де өз мүддесіне сай дем беріп тұрды. Иран екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан екі тарапқа да бірдей стратегиялық маңызға ие ел ретінде назарда болды. Оған əлемді боданында ұстап тұруға талпынған АҚШ мемлекетінің президенті Франклин Рузвельт (18821945), Кеңес Одағының саяси көсемі Иосиф Сталин (18791953), осыған дейін əлемнің жалғыз ұлы державасы болып келген Ұлыбритания елінің премьер-министрі Уинстон Черчилдің (1874-1965) қатысуымен Иран астанасы Тегеран қаласы 1943 жылы өткен төрт күндік бас қосу конференциясында əлем елдерінің тағдырын жаңаша сарапқа салуға қоналқы болды. Иран сондай саяси қарбалас тағдырды басынан өткізіп жатқанда елдің билік тізгіні Реза шаһ (1925-1941) пен оның ұлы Мұхаммед Реза шаһтың (19411979) қолында болды. Сол кездегі қариялардың əңгімесіне қарағанда, иранның шартарабы бүліктен тыным таппай жатқан болатын, Реза шаһ соның бəрін қатал режимге салып, қалпына келтірді. Сол үшін тарихта диктатор басшы ретінде ел жадында қалды. Ол иранның темір жолын, қара жолын шындап қолға алды. Ешкімнің артық ойы мен өкпеназына қарамастан қатаң жұмыс тəртібін орнатты. Соның бірі «Бигари» режимін енгізгендігі еді. Бигари – жұмысқа жарамды барлық адамдарды тек қана тамақтандырып, тегін жұмыс істетеді. Ол кезде иранның мемлекеттік қазынасы жұпыны болғандықтан Бигари бағдарламасы еріксіз ұйымдастырылған шара еді. Реза шаһтың тағы бір елді дүрліктірген істерінің бірі-діні мен шийттік мəзһабының нанымдарына берілген иран халқының діни ұстанымын дұрыс бағамдай алмағандығы. Ол зайырлы мемлекет жасаймын деп азаматтарды Батыс үлгісіндегі өмір сүру тəсіліне шақырды. Сөйтіп, əйелдер мен ерлердің Европаша киіну керектігін алға тартты. Əрине, иран жұрты оған қарсылық

─ 140 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ білдірді. Реза шаһтың дəл осы ұстанымы кейінгі жылдары иран елінің саяси толқуларының өзекті тақырыбына айналып, 1979 жылдың Ислам төңкерісінің негізін қалады. Сосын сол жылы Реза шаһтың баласы Мұхаммед Реза шаһты билік тағынан кетуге мəжбүр қылды. Сонымен, Иран мемлекеті мыңдаған жыл тарихы бар патшалық жүйені біржолата жойып, Иран Ислам Республикасын құрды. Иран қазақтары мұндағы өмірінің бастапқы жылдарын иранның шекара аймағында орналасқан Түрікмен сахарасында өткізді. Олармен тіліміз, дініміз бір қауымбыз деген ой болды. Түрікмен сахарасы иранның солтүстігі мен солтүстік шығысында Каспий теңізінің шығыс жағалауынан иранның шығысына қарай созылған кең дала. Түрікмен сахарасының негізгі халқын түрікмендер құрайды, ең үлкен қаласы Гүмбез Кавуыс одан кейінгілері Бəндəр Түрікмен, Ақ қала, Күміс төбе (Гомишан) деп аталады. Қазақтар иран жеріне қадам басқанда шекараға ең жақын шағын қала Гомишан болды. Қазақтардың алғашқы тұрағы да Гомишан төңірегі болды. Түрікмендермен тату өмір кешті деу қиын. Олардың қазақтарға кемсітіп қараулары басымдау болды. Бірақ оған көнетін қазақ болмады. Өйткені рулық жүйедегі қазақтарды басқаратын басшы батырлары анау-мынауға көндігетін жандар емес-ті. Түрікмендердің бір жақсы артықшылығы, істің нəтижесіне сенеді. Сол үшін қазақтардың өжет мінезіне, берік ұстанымына көзі жеткен олар қазақтарды сыйлай бастады. Оған бірнеше оқиға себеп болды. Бірітүрікменнің бір серісі қазақтың хас сұлу қызына ғашық болып, оны айттырмай, ешкімнің келісімінсіз алып қашады. Мұсылмандық жəне ұлт-тық дəстүр бойынша, ол қыз жасы келген, ақылы түзу болып, өзі тұрмысқа шығуға келісім берсе, алып қашқан кісі, екі куəгердің қатысуымен, неке қиюға құқығы бар. Түркімендер шариғатты қатты құрмет тұтады. Олардың салтында, алып қашқан қызды келісім бергенше қамауда ұстап отырады, сол арада сөзшең əйелдерді жеңгетай етіп, дəнекерлікке жіберетіндері тағы бар. Əйтəуір некесін қиғанша оны зорламайды. Түрікмендерде қыз алып қашу

─ 141 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР дəстүрі де жоқ. Олардың қазақ қызын алып қашуын қазақты менсінбеуі əрі көзге ілмеуі деп қабылдаған қазақтар ол кездері ауыл болып бір жерге шоғырлана алмай шашыраңқы жүрген болса да суық хабарды естіп, суыт əрекетке көшті. Нар жігіттерін атқа қондырды. Қазақ аруы да түрікмен салы қаншама сəн-салтанатты өмірге уəде беріп жатса да намысын қорғап, жоқтаушысы бар екендігіне сеніп, ауыз ашпай, дəм де татпай уақытын күтумен болыпты. Қазақтар ойда жоқ жерден пайда болғанда түрікмен серісі ызалы болса да елдік дəстүрге көнуге мəжбүр болады, қазақтардың жұпыны халіне қарап, екі жақтан палуандар жекпе-жекке шықсын, қыз тағдыры үшін күрессін деген ұсыныс айтылады. Ілешала жұртшылық жиналып, екі жақтың майдангерлері айнала жиналып, күрес алаңын құрады. Күрес əп-сəтте ешкімге ойлануға мұрша бермеген қазақ палуанының таза жеңісімен аяқталады. Сондағы күрестің басталар кезінде бойы екі метрден кем түспейтін түрікмен палуаны, ірі денесі, айбарлы қабақтары мен күректей қолдарына сеніп, ортаға шыққанда азғантай қазақтың құтын қашырған еді. Өйткені ортаға шыққан қазақ жігіті оның алдында шақалақтай болып көрінді. Түрікмен серісінің көңілі көтеріңкі, төрелікке сайланған ақсақал күресті бастатты. Қазақ жігіті қарсыластың іргесінде көйлеңкілеп тұрған күйінде, оң қолымен түрікмен палуанының сол қолын алақанның жоғарғы буынына шеңгелдеп, денесін сол жаққа біраз ойыстырып, лезде төмен қарай тартып қалды да, сол аяғымен оның оң аяғының өкшесіне тірек болып тұрған соңғы сызығын жерден ажыратып, жоғары көтерген кезде түрікмен палуаны өз салмағымен қара тау жерге құлағандай, аяғы көктен келе құлады. Ес жия алмай жерге қадалды. Қазақтың іштен орап қарсыласты өз күшімен жеңу əдісі екен. Көргендер сенерін де, сенбесін де білмей аң-таң. Қазақ жігітінің таза жеңісіне ешкімнің де шүбəсі жоқ. Сонымен бұл күрес аңызға айналды, өйткені, бəрі қас қағым сəтте болды. Сол жылдары елге қорған болып жүрген қазақтың əйгілі бес палуаны болды, бесеуі де тақуа, кішіпейіл, сөзге сараң.

─ 142 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Елді қорғауға өздерін міндетті санайды, онысын да айтып, жар салмайды. Сол үшін оқиғаның мəн-жайын айтып, жарнамалау əдеттерінде жоқ. Олар көп əңгімеге бара бермеген. Алла жар болып, түрікмен ақсақалдарының да оң батасымен қазақтар қызын қайтарып алып келіпті. Қазақтар үшін иранға барған бастапқы жылдардағы өмірлері ауыр болды. Шекарадан кейінгі түрікмендер тұратын шағын Гомишан қаласының төңірегінде жүріп, бар өнері даладан тезек теріп түрікмендерге сатып күн көрген, тіршілік қиын болған соң оңтүстік жаққа қарай жылжи берді. Əубастан армандағандай, мүмкін болса, біржолата Мекке мен Мəдина қалаларын бетке алып Сауд Арабиясы еліне жол тартқылары келді. Сонда жетіп өлсек те арманымыз жоқ деген ниетте олар сол арманға жетуді көздеді. Мыңдаған босқын қазақтың күнкөріс жағдайлары əбден нашарлаған соң «ауыл қайда, су қайда»,-деп тарам-тарам бағытқа бет алды кете берді. Сонда олар «Елім-ай» əніндегі “Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бос келеді” деген Ақтабан Шұбырындының (1723-1725) қасіретті оқиғасын еске алып, соны да көрген қазақ бүгінде тіріміз дегендей көңілдеріне демеу етіп жүріпті. Біздің буын оқып, «қарны тоқ, көйлегі көк» болған 1970 жылдары жыршыларымыз анда-санда сол бір қайғылы əнді шырқаған кезде қарияларымыз: «Айналайындар! Осы бір құрғыр өлеңді енді айтпай-ақ қойыңызшы, Алла бəлесінен аулақ қылсын, енді ол күндер қайталабасын»,-деп күрсіне отырып жыршыларға ескерту жасағандары əлі есімізде. Құдая-ау, қарияларымыз сол ескертуді айтқан мезетті еске түсірудің өзі ауыр. Олар демдерін іштеріне тартып, өкініш пен ызасын уһлеп күрсінгенде əлемді түнек басқандай сезілетін еді. Сол үшін бе, білмеймін, аспанға қара бұлт үйіріп, күн күркірегенде көңілді бір терең қайғы басып тұратын сол жылдары. Елге оралған жылдары Ақтабан Шұбырынды оқиғасын зерттеулерден оқып білген соң аталарымыздың тұңғиық қайғысын кеш те болса еске алып, біз де жыладық. Иран жеріне жеткен қазақтар беймəлім жолдарға түсіп, топ-топқа бөлініп,

─ 143 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР күнкөріс қамымен жан-жаққа бытырай бастады. Бір тобы Бəндер Түрікмен қаласы мен Күрдкуй қаласының тоғысқан даңғылынан батысқа қарай бет алса, енді бір тобы шығыс бағытына қарай жүріп кетті. Бала-шағаның қарынын тойдыру мұң болған оларға бір-бірімен бас қосып, кеңесуге мұрша болмайды. Шығысқа қарай жүріп Горган қаласының маңына топтасқан қазақтар арықтардан мөп-мөлдір болып ағып жатқан судан шөлін қандырам деп ішкен жүздеген адам уланып лек-легімен өле берген. Оларды жерлеу үшін тірілердің көрген азабын сөзбен айтып жеткізу қиын, дейтін қарияларымыз. Сол арықтардың суы неге оларды уландырғанын иран тарихының қарбалас кезеңіне тап болған заманда ешкім де көңіл бөліп, зерттей қойған жоқ. Орталық билік əлсіз, əркім білгенін істеп жүрген кез болған. Кейінгі жылдары үлкендеріміздің қисынға келер болжамы бойынша, сол су көздеріне жақын маңда əскери гарнизондар болған, солардың химиялық қалдықтары Горган өзеніне төгіліп, одан тараған арықтардың суын улап отырған дейді. Алла біледі. Қалай болғанның өзінде қазақтар жүздеген жаннан айырылды. Бұл аздай көпке созбай жұқпалы оба ауруына да шалдығып, қазақтардың өлім санын мыңдаған адамға ұластырды. Қалғандары қалай болған күннің өзінде Меккеге баруды мұрат етті. Екі бағыттан иранның оңтүстігіне барып, парсы шығанағы арқылы араб сахарасына баруды ойлаған бір тобыНишабур, Сəбзевар қалаларының төңірегінен əрі қарай жол таба алмай бір-екі жыл сандалып, бұрынғы орындарына қайта оралды. Батыс жаққа бет алғандар Тегеран, Рей, Исфаһан арқылы шығанаққа жетіп, жалдамалы кемелер арқылы бір тобы əрі қарай өткен, одан кейінгі бөлігі шығанаққа жеткенде ауа райы бұзылып, боранды күндер, айларға ұласқан соң амалсыздан кері қайтуға мəжбүр болған. Қазіргі кезде сол көште Арабияға барған Байпақ ақсақалдың үрім-бұтағы сол елдің азаматтары болып өмір кешуде. Екінші легінен Ораз ақсақалдың ұрпақтары Сирия елінен Түркияға қоныс аударды. Бір немересі еліміз тəуелсіздікке қол жеткізген соң Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи

─ 144 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ атындағы Қазақ-түрік университетінде жоғары білім алып, заңгер мамандығын игерді. Сонда оқыған дəрігерге үйленді. Арабияның дəм-тұзы бұйырмағандар қайта бұрынғы көз көрген Мазандаран провинциясына оралып, шығыстан қайта оралғандармен Бəндер Түрікмен қаласының маңындағы Назабад ауылында табысты. Қазақтар екінші басқосуларында Алланың жазған тағдырына көнді. Иранда тұрақтайық, азаматтығын алайық деген тоқтамға келді. Қазақтар уақыт өткен сайын сол аймақта батылдықтарымен де құрметке ие бола бастады. Бұл жөнінде Қайрекең былай əңгімелеп берген: «оңтүстік пен солтүстікке қарай он төрт шақырым қашықтықта бір сызықта тұрған парсылардың Күрдкуй мен түрікмендердің Бəндер Түрікмен қалаларының төңірегін шулатқан атақты екі мал ұрлаушылар болған. Олар палуан денелі, өжет һəм өздеріне сенімді болған. Сол үшін анаумынау адам оларды ұстау керек деген ойдан аулақ жүргенді жөн көретін. Адамдардың «сен тимесең, мен тимен» күй кешіп жүрген қиын заманы екен. Ол екі ұры өздерінің – туған қаласы «Күрдкуи» лақап атымен танылған көзсіз батырлар екен. Сол екі бейбақ бір күні енді аяққа тік тұрып, қорасына бір-екі ірі қара салған Рақбай атаның малдарын ұрлап кетуге таң сəріде қорасына кіреді. Кіргені сол, қасқағым сəтте саусақтарымен шеңгелдеп екеуінің желкесінен тырп еткізбей сығымдап алып, ұрыларды еңкейткен күйде ауыл сақшысына тапсырады. Бұл оқиғаны естіген ел рахаттана тыныс алып, үлкен қуанышқа бөленеді. Елді күнделікті уайымға батырып, аты аңызға айналған ұрылардың дəл солай құрыққа іліккендеріне ризалықтан қуанбағанда қайтсын пақыр жұрт» деп, əңгімені байыбымен айтып берген. Бұл оқиға Рақбай атамен бірге қазақтың да абыройын асқақтатыпты. Содан атаның ел ішінде абыройы одан əрі биіктей түседі. Үкімет адамдары да атамен қатты сөзге келіп, қақтығысқысы келмейтін болыпты. Қазақтардың Мазандаранға келіп қайта табысқан жылы иранның оңтүстігі мен солтүстігіне дейін 1395 шаршы шақырымды бір-бірімен жалғастыратын темір жол

─ 145 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР құрылысы да сол аймаққа өкше тіреп қалған кезі болатын. Реза шаһ 1925 билікке келе салысымен иранның төрт тарапын темір жол, тас жол жəне мемлекеттік мекемелер мен жоғары оқу орындарымен қамтамасыз етуді жоспарлап, 1926 жылы темір жол құрылысын бастап, 1936 жылы жобаны іске асырды. Əйгілі Тегеран университетінің де Реза шаһ заманында іргесі қаланды. Содан иранның солтүстігіндегі Бəндер Түрікмен қаласы мен оңтүстіктегі Парсы шығанағы жағалауындағы Бəндер Шаһпур қаласы аралығы бір-бірімен байланысты. Реза шаһ сондай ірі жобаларды жүзеге асыру үшін «Бигари» режимін енгізді. Сол жобаға қазақтар да кіргізілді. Ауылнай «кəдхода», басқа да мемлекет тарапынан тағайындалған адамдар ұйымдастыру, бақылау жұмыстарын қолға алған-ды. Қазақтар ол кезде азаматтық ала қойған жоқ-ты, тек қана бір оқиғаның салдарынан үкіметтің көзіне іліккендігі бар екен. Ол жайт былай болған: Бір күні жұмыс жүріп жатқан темір жол бойынан өтіп бара жатқанда бір рельсті бірнеше жұмысшы бірге көтеретінін көрген қазақтар «бұл не өзі,бір адам көтеретін рельсті бірнеше адам болып көтеріп бара жатырсыздар» дегендері бар. Содан екі жақ сөзден сөз қуып, бəстесуге дейін барған. Қазақтар əңгімені созбай-ақ, əрқайсысы бір рельстің алдына тізе бүгіп, рельсті əуелі кеудеге тартып кейін иыққа қарай көтерген екен. Бұны көрген жамағат аң-таң күйде қалған, өздері куə болған жайтты аңыз қылып айта бастаған. Осылайша үкімет мүшелері қазақтарға көңіл бөле бастап, оларды темір жол мен құрылыс жұмыстарына ақылы түрде де, Бигари түрінде де ала бастады. Назабад ауылының ауылнайы қазақтарды темір жолдың Бигари жұмыс түріне нұсқау берген. Жалпы қазақтар оның нұсқауына көнген болса да Рақбай ата қатыспайтынын айтқан. Атаның уəжі «бізде азамат-тық жоқ. Сол үшін бигариға, тіпті, үкімет жұмысына бармаймын»,– деп төтесінен ойын жайып салған екен. Ауылнай: «олай болса, сіз де ауылдың мүмкіндіктерін пайдаланып, ауылда тұруға құқыңыз жоқ»,-деп жауабын бірақ қайырған. Ата да «көшіп үйренгенбіз»,- деп сөзді қысқа қайырып,

─ 146 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ сол күні ауылдан ұзақтау жерге бірақ көше салған. Жалғыз қазақ шаңырағы Назабад ауылынан ұзақтау жерде күркесін салып,түтінін түтетіп, күн көре бастады. Күндер өткен соң ел хабардар болып, сыйлас дос-жарандар, ағайын-туыстар тұрағына барып, не істесек те бірге болайық деген ойларын айтқандар болған. Бірақ саспайтын, асықпайтын, əріден ойлап сөйлейтін ата айтқандарын тыңдап, олардың ұсынысына не бар, не жоқ демепті. Бұндай қысыл-таяң заманда кімге не айтуға болады деген оймен үнсіз қалған шығар. Кім білсін? Күндер алға жылжи түсті. Атаның ұлы Ақмұрат менің əкем, оның өз аузынан естіген əңгімелердің бірі былай болған: «Күндердің бірінде мен ат-арбамен ауылға барып, үйге керекті азық-түлік алып, қайтып бара жатқанымда ауылнай мені көріп қалды да – «əй, балақай, сен не? Елдің бəрі ақ тер-көк тер болып үкіметке жұмыс істеп жатқанда өз шаруаларыңмен сайран құрып жүрсің, тез ат-арбаңмен темір жолға барып, олардың қажетін тасып бер»,– деп ақырды. Мен бала болсам да оған – «Аға, менің ықтиярым жоқ. Сіз бұл əңгімені əкеме айтыңыз»,– дедім де алға жүре бердім. Баламен алыспайын деген болар, ауылнай күңкілдеп артымда қала берді. Сонда «жарайды, мен барам, сосын көрерміз»,-деп ыңырсып қалды. Мен үйге жеткенде əкем шабындықтан қайтпаған екен. Мен болған жайтты Мақпал анама айттым. Анамның ата жұртта құдыққа құлаған түйені арқанмен тартып шығарып алды деген даңқын бала болсақ та естіген едік. Көпке ұзамай ауылнай да нөкерлерімен бірнеше атты болып, жетіп келді. Келе сала “Қайдасың, Рақбай?” деп ақырды. Анам алдынан шығып «саған не керек, əкеңнің құны қалғандай соншама неге ақырасың? Отағасы шаруадан келген жоқ, айтарың болса айтыңыз, мен тыңдап, отағасыға жеткізейін»,– дейді. Ауылнай анамның тік мінезін жақтыра қоймаған болу керек, оның үстіне түрікмен əйелдері жуас, үндемес болып келеді, содан болар, «əй, сен не деп тұрсың, халіне қарамай сөйлегішін қарашы»,– дегені сол-ақ екен, қолындағы ұзынша келген дүресін дөңгелете бір айналдырып алды да жоғарыдан төмен

─ 147 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР шешемнің бойына бағыттай сермеді. Шешем қас-қағым сəтте бəрін алдын-ала сезіп, дайын тұрғандай дүренің жыландаған бойын сол қолын көтеріп, қолтығының астына орап алды да сол жаққа қарай бір қимылды асқан жылдамдықпен іске асырғанда, арғымағының ер-тоқымынан ажыраған ауылнай таудан құлағандай жоғарыдан төмен жерге қопарылып түсті. Бұдан соң ауылнай есалаңдау күйде намыс қамшысының күшімен, етқызуымен жерден тұрып, атына отыра сала: “Рақбайға айтыңыз, «мен əйелдермен алыспаймын, ертең таң сəріде қара ағаштың астында кездесеміз»,– деді де суыт келген ізімен кері қайтты. Кешкісін ата шабындықтан үйге оралғанда, болған оқиғалардың мəн-жайын анамның аузынан естіген соң ызаға булығып, күркенің босағасында ұдайы ілулі тұратын қысқаша келген қылышын қолына алып, қайраққа қайрай бастады. Ертең таң сəріде өздері білетін жалғыз ағаштың жанына онымен кездесіп, есеп айырысуға асық болды. Кейде күңкіл сөздерінің арасынан «сенің балашағама көрсеткен осы намыссыздығыңа басыңды кесіп алмасам, жаным рахат таппас» дегенін естіп қалатын едім. Түнді кірпік қақпай таңғы намазының дəретіне кірісіп, Аллаға құлшылыққа жайнамазға жайғасты. Таңғы самалдың тыныш лебінде дұға жасап, таңғы намаздың екі рекет сүннет, екі рекет парызын орындаған соң да Аллаға мінəжат жасады. Бойына бір тыныштық, мейір демі бойлағандай, жүзі нұрланды. Менің де жаным əкемнің тыныштық түйсігімен түйісіп жатқандай əкеме сеніммен қарап тұрдым. Мені сол жағына алып, сол қолын иығыма қойған анамның түрін көре алмадым, қалай да балалық па? Артық қимыл да жасай қойған жоқпын. Тек қана əкем адымдап жүріп, алдын-ала ертоқымы салулы, бағанада байлаулы атын жетектеп, алыстай бергенде анам қолын менің иығымнан алып, бір-екі қадам алға жылжып, ұзақ уақытқа көкжиекке көз салып тұрды. Мен əкемнің қашан атқа отырғанын да байқамай қалдым. Сол күннің сол бір сəті есіме түскенде өмір тауқыметі адам баласын Алланың жазмышына көндіреді екен деген ойға келемін. Анамның сол бір сəттегі жан күйзелісін, үміт пен

─ 148 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ өлімнің арасындағы арпалысын, жан сарайындағы болып кеткен дауылды, толқындаған сезімдерін еске алып, жаным удай күйеді. Сол бір ауыр қоштасуда анам өксігін ішке тартып, көз жасын маған көрсеткісі келмегенін кейін, өте кеш түсіндім, ал, шынтыуайтына келгенде, анам үрейден, көз жасын көлдей қылғанын ұқтым. Сосын анамды ерекше аяп та кеткенімде бір рет болса да көріп, құшағына еніп, балалық нəрімді бойына бергім келді. Бірақ, Алланың жазмышына көнесің. Үлкендер өмірге қатты налысаң, күпір болады деген өсиетті көңіліңе демеу етіп ұғындырғандықтан, сол сені сабырға шақырып тұрады. Сол күні таң арайы, самал лебімен қатарласа алыстаған сайын күн сəулесі, жылы лебімен жер бетін нұрға бөлей бастады. Анам сол күйінде ұзаққа қарап, бір нүктеге қадалып қалғандай, күн нұры əбден ыси бастаса да тырп етпей тұрды. Сəске уақыты да күн қызуымен бой көрсетті. Анам ара-тұра терең дем алып, өксігін сыртқа шығармай тұрғанын да кеш түсіндім, анамның сарғайған сабыры алыстан қарасы көріне бастаған əкемді ат үстінде көргенде байыз тапты, маған да көңіл бөлместен күркеге бет бұрып, шəй-суын даярлауға кірісті. Əкем келіп, атын бағанаға байлап, анам жайын келтірген күркенің бір бұрышына сылқ етіп, құлап түсті. Үшеуіміз де үнсізбіз. Əкем қалың ұйқыға кетті. Анам дайындаған ошаққа от салмай, жанында үйіп қойған тамызықтарды тағы бір рет пысықтап алды да қолына қаңылтыр қауашағын алып, күнделікті баратын ауыл шетіндегі əкеме дос болған бір түрікмен үйінен сүтін əкелуге жүріп кетті. Бірде-бір күн мені жанынан қалдырмайтын бұрынғы дəстүрін бұзып жалғыз өзі кете берді. Əкемнің түрікмен досы да жалғыз сиырымен шаруасы оңып тұрғаны шамалы. Кейінгі жылдары біз Горганға қоныстанғанда түрікмен достарымыз бірнеше күн бойы көк базарына сауда жасауға, кейде дəрігерге көрінуге қалаға келгенде біздің үйдің құт қонағы болып, емін-еркін шаруасын тындырған соң ауылдарына оралатын. Сол күні намаздігер мезгілі жақындай бергенде, шай-суының жайын қамданып қойған

─ 149 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР анам – «күн батуға беттеп барады, ақырын тұра берсе болар еді-ау! Күн батарға қарай ұйықтауға болмайтынын біледі ғой өзі» деп маған əдейі естіртіп айтып жатқандай болды. Əкем ұйқыға тиым салынған мезгілді сезді ме білмеймін, орнынан бір аунап, сергек қимылмен сыртқа шығып, дəрет алуға кірісіп кетті. Ұзақ уақытқа намаз оқыды. Оның мəнін кеш болса да қаза намаз оқығанынан білдік. Намазынан кейін анамның дайындаған шəй дастарқанына жайғасты. Бір-екі кесе шайдан кейін “иттің баласы қорықты ма? Əлде басқа бір қулықты ойлады ма? Білмеймін, əйтеуір, уəделескен орынға келмей қалды”. Бұл оқиғадан соң ешкім біздің мазамызды ала қойған жоқ. Есесіне əкемнің түркімен достары көбейе түсті. Біздің күркеміз ағайындардың да, түркімен достарының да бас соғатын шаңырағына айналды. Бəрі біздің үйді үлкен шаңырақ санайтын болды. Осылайша күндер жылжып, үміт шамы жарқын болашаққа жетелеп отырды. Əкем өзінің сырласып жүрген замандас-тарымен бірігіп, төңіректе қаптап өсіп, жайқалып тұрған қамыс пен қияқтан бұрынғы күркенің тау беткейіне кəдімгідей кең сарайдай мəжіліс залын тұрғызды. Ол келімді-кетімді жұртшылықтың бас қо-су, дастарқан жайып, аяқтарын созып, жастанып шайсуын ішіп, əңгіме құрып, дем алып кететін залына айналды. Кейде əкем үш-төрт адаммен оңаша шығып, əңгімелесетін кездеріне куə болатынбыз. Сосын олар бірге үйден шығып кететін. Бара-бара əкем достары-мен сыртқа кеткенде бірекі күннен кейін оралатыны əдетке айналғаны сонша, біз сұрамай-ақ, алдын-ала əкемнің жауабын іштей біліп отыратынбыз. Бірақ, əкемнің достарымен үйден шығып кеткен күндері не істеп, не қоятыны мен үшін ер жетіп өмірге түсінігім молайғанша, бимəлім дүние болып жалғаса берді. Кейінгі жалынды жастық шағымызда елдің өткені, бүгіні жəне ертеңгі тағдыры ұдайы əңгімеміздің өзегіне айналған жылдары көп жайтқа көзіміз жетті. Иранның солтүстік темір жол құрылысының соңғы аялдамасы Бəндəр Шаһ (қазіргі Бəндəр Түрікмен) қаласы мен төңірегінде түрікмендер мен бірге əзірбайжандықтар да тұратын. Олар да, түрікмендер де

─ 150 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ жайына жүрмей қазақтарға жиі тиіседі екен. Оған көнетін қазақтар да жоқ. Біздің əкей есе жіберіп алған қазақтардың өшін алу үшін қазақтар мен өзгелердің қарым-қатынасын үздіксіз бақылауда ұстап жүретін, керек кезде құтқарушы əскердей төбелеске дейін баратын. Сондай ұрыс-тартыстың бірінде əкем бірнеше майдандас достарымен сақшылар тарапынан ұсталып, бірнеше күнге қамауға алынған. Əкем сондай барлау жұмысына достарымен үйден шығып, көп күнге кетіп қалғанда анам күнделік тіршіліктің ауыртпалығын маған сездірместен мойынына алып, өмір кешетін. Анамның түрінде батпандаған тауқымет іздері сайрап жатса да көздерімен нұр шашып тұратын, жылы алақаны маңдайымнан бүкіл болмысыма мейір шапағатын төгіп, жаныма рахат сыйлайтын. Əкем үйден шығып, кідіріс жасаған күндері анам намазын аяқтағаннан кейін жайнамазда ұзаққа отыратын, мен де кейде анамды қатты сағынғандай сол қалпын бұзбай басымды алдына қойып, тəтті ұйқыға кетіп ананың мейір жаннатына саяхат жасап келгендей күй кешетінім əлі есімде. Əкемнің жергілікті елбезер, бұзақылармен болған төбелесінің бірі былай болған: “көптеген қазақтар темір жол құрылысында істейтіні бар. Жұмыс ауыр, əбден шаршап, қажыған жандар жаздың ыстық күндері түскі үзіліс кезінде сая тауып, дем алып, қатты ұйқыға кеткенде төңірегін басынып үйренген біреулер мақта немесе жүнді əбден иіріп, ширатып жіп жасап, ұйқыдағылардың башпайларына орап, бір шетіне от қойып жіберетін, оның жалыны саусақтарға жеткенде дүниеден бейхабар ұйқыдағылар шошып оянғанын көрген сотқарлар ішектері түйілгенше күледі екен. Бұл жайтты естіген əкем жігіттерін жинап, бір-екі күн аңдып жүріп, бибастақтарды анықтап, оларды мес қылып сабап, тəубесіне келтіріпті», – деп əңгімелеп отыратын біздерге. Күндер осылай өтіп жатқанда жылдар жетегінде жауыздық көлеңкесінен бас көтерген екінші дүниежүзілік соғыс та (1939-1945) келіп жетті. Бұл соғыс иранның саяси-экономикалық тағдырына мейлінше əсер етті. Иран қазақтары жергілікті халықпен енді-енді үйренісіп жатқан

─ 151 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР шақта олардың тауқыметіне ортақтасты. Екінші дүниежүзі соғыс та тарихи үрдіс бойынша ұлы державалардың əлем елдерінің байлығын өзара бөлісуіне келіспеушіліктен туындады. Аталған соғыста жауласқан тараптар екі блокқа бөлінді. Біріккен елдер: Польша, Англия, Франция кейінірек Кеңес одағы, Америка, Қытай олардың қатарына қосылды. Ендігісі – Одақтас елдер: Германия, Италия, Жапон екінші қатардаМажарстан (Венгрия), Румыния, Болғария тағы басқалар. Бұл соғыс екі жақтың жеңіс пен жеңіліс салмағына орай екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңі - 1939 жылдың қыркүйегінен 1942 жылдың соңына дейін созылады. Бұл кезең одақтас елдердің жеңісімен айшықталады. Екінші кезеңі-1943 жылдан бастап, соғыс аяқталған 1945 жылға дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде жеңіс салмағы Біріккен елдер жағына қарай ауысады. Əсіресе, 1944 жылдың жазында АҚШ армиясы соғысқа кіріскенде жеңіс сағаты аса жылдамдықпен алға жылжи түседі. Елу екі миллион адамның жанын алып, миллиондаған адамның тəні мен жанын жаралап, жүздеген қалалар, ауылдар мен елді мекендерді күйретіп, жермен-жексен еткен бұл соғыс басталып кеткенде Кеңес одағы мен Англия елдері Иранда неміс жансыздары бар деген желеумен екеуі бірігіп, Кеңес əскері иранның шығыс пен солтүстігінен, Англия əскері иранның батыс пен оңтүстігінен шабуылдап, екі жақтан елдің бір бөлігін жаулап алды. Осылайша Кеңес армиясы солтүстік аймағын, Англия əскері оңтүстік аймағын басып алды. Иран деректеріне қарағанда Кеңес əскерінен қырық адам өліп, екі соғыс ұшағы құлап түсті. Британиядан жиырма əскер қаза тауып, елуі жарақат алды, бір танкі жойылды. Иран жағынан сегіз жүз сарбаз, екі жүз қарабайыр тұрғын шəһид болып, екі шағын соғыс кемесі суға батып, төртеуі əбден шығынға ұшырады, алты соғыс ұшағы құлады. Бұндай статистикалық көрсеткіш шабуылшылардың иран қалалары мен елді мекендерін аяусыз бомбалағанын көрсетеді. Отаршыл күштер өз мүддесіне келгенде адам жанын шыбын құрлы көрмейді. Олардың өзге елдермен саяси

─ 152 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ қарым-қатынастары да өз мүдделеріне қызмет жасау керек дегенге саяды. Екі державаның жорықтары 1941 жылдың 25 тамызы мен 17 қыркүйегі аралығында жүзеге асты. Британия мен Кеңес əскерлері əбден орнығып алған соң иранның саяси істеріне араласып, өз талаптарын қоя бастады. Реза шаһтың тақтан кетуін талап етті. Соңында екі держава мемлекеттің тізгінін өз қолдарына алған соң иран үкіметіне сес көрсете бастады, үш аптадан кейін Реза шаһ астананы тастап шет елге қоныс аударуға мəжбүр болды. Оның орнын туған баласы Мұхаммед Реза патшалық таққа отырып, мемлекеттің билік тізгінін өз қолына ұстады. Екі держава одан кейін елдің экономикалық істеріне араласып елдің азық-түлікке қол жеткізуін қиындатты. Сол үшін қарапайым халық қолдан жасалған аштықтың да дəмін татты. Мен иран елін паналаған қазақтар соғыс жылдары қатты қиналғанын талай рет қариялардан естідім. Жастықтың тəжірибесіз бейқамдық мінезі кей реттерде надандықпен пара-пар. Өйткені, қазақтың қиналып жан-жаққа тарыдай шашылғанын, Горган маңында арықтан тұнық суды ішіп уланғанын, жұқпалы Оба ауруына шалдығып қырылғандарын айтып өкініштен өксіп жылаған аталар мен əжелердің бейнесін ұмыта қойған жоқпын. Бірақ та сол қасіретті жылдар нақты қай жылдар болғанын сұрамаппын. Соған қазірге дейін өкінемін. Аталмыш оқиғалардың нақты мəліметін біреу біліп, менімен хабарласса немесе өзім бір білетіндерден естіп қалсам ретін келтіріп, осы жазбаны толықтырар едім. Əйтеуір, мен естіген мерзімге сай уақытта екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Кеңес əскерінің иранның солтүстігін басып алғанда олар иранның саяси-экономикалық тағдырына тікелей араласып көптеген қиындықтар тудырғаны анық. Иран азаматтығын əзірше алып үлгермеген қазақтар да аштық өртіне шарпылды. Өмірдің қайшылығын қараңызшы, кеңес əскерінің бір бөлігі Бəндер Түрікмен төңірегіне орналасып, босып жүрген қазақтармен кездесіп, танысып оларға қамқорлық жасаған. Кеңес армиясында қазақтардың саны айтарлықтай көп болған. Олар

─ 153 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР өз ауқаттарының бір бөлігін мұқтаж қазақтарға үлестіріп тұрған. Қазақтарға тиісетін сотқарларды іздеп жүріп, тауып алып əбден əдепке келгенше сабап алған. Сосын қазақтарды елге қайта оралыңыз деп насихаттаған. Үлкендердің айтуына қарағанда, қазақтардың бір тобы елге қайтып кеткен. Олар туралы зерттеу керек. Қалған қазақтар кеңес əскері ираннан шегініс жасаған соң да жергілікті халық тарапынан онша қысым көре қоймағаны былай тұрсын, тіпті, құрмет көре бастады. Өйткені, қарабайыр жұрт: «қазақтар жай емес, олардың арғы жақта қамқоршы бола алатын үлкен елі бар» дегенді ауыздан ауызға таратып жүрді. Елдіктің рухани қуатын өмір тəжірибелерінде жанымен ұққан қазақтар өздеріне, өз тіршіліктеріне сеніммен қарай бастады. Келген жылдардың мүсəпірлік халін, Бигари қорлығын, кемсіту ызасын ұмытып, тұрақты тұрақ іздеп, шашылғандар топтаса бастады. Өздері бас қосып, ауыл болып отыруға талпынды. Соның нəтижесінде Бəндер Түрікменнің бір шетінде шоғырланған қазақ шаңырақтары пайда болды. Бір тобы Горган маңайына көшті. Менің атам да осы топтың серкесі еді. Атамның жағдайы тəуір болғандықтан, əкем Ақмұратты ел ес жия бастаған шақта, тұңғыш қазақ мешітін Бəндер Түрікмен қаласының оңтүстік қазақ ауылында тұрғызған ахунд Самарқанд Бəлидің қызы Зылиқа анаммен үйлендірді. Екінші дүниежүзілік соғысы бодан елдері үшін тауқымет, қасірет пен өкінішті сəттерімен парақталса, əлемнің жаңа отаршы ұлы державалары – Америка мен Кеңес Одағының айқын жеңісімен аяқталды. Европада жаңа күштер, жаңа бөлістер. Ал, иран елі Батыстың саясатына бағынып та, еліктеп те жаңа реформаларды, қоғамдық қайшылықтарға қарамастан, бірінен-соң бірін жүзеге асырып жатты. Мемлекеттік қызмет орынына ері де, əйелі де европаша киініп бару міндеттемесі, арақхана мен шарапхана, құмархана мен бикешхана, түнгі би клубтары мен мейрамханалар бірінен соң бірі ашылып жатты. Тегеран қаласы «Лалезар» көшесінің бойындағы думан-

─ 154 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ сауық орындары маңдайшасында таң сəріге дейін жалтжұлт еткен түрлі-түсті шамдарымен Таяу Шығыс Азияның сұлу аруы атанды. Сонымен қоса экономикалық реформалар да жүзеге асып жатты. Соның бір – қазақтар арасынан атам да қатысып, егістік жерге қол жеткізген мемлекеттік егіншілікті дамыту бағдарламасы болатын. Рақбай атам он шақты гектар егістік нулы да сулы жерлерді Жилин, Əрəкшал жəне Сұлтанабад ауылдарының төңірегінен иеленді. Ол егістіктерде мақта, арпа-бидай, күнбағар, қауын-қарбыз егіліп келді. Атаның еңбек мұрасы əкем сосын біздің ырысымызға айналды. Жилин аулынан Мəшті Рəсул мен Мəшті Əли бала-шағаларымен отбасылық достарымыз болды. Сұлтанабад ауылынан Мəшті Садық пен жұбайы Зейнеп, балалары Асан мен Үсен, қыздары бізбен қимас дос болғаны соншалық, біздер сəбилік шағымыздың талай қызығын солармен өткіздік. Қазірге дейін сол балалық пəк достығымызды ұмыта қойған жоқпыз. Сұлтанабад ақсақалдарымен де қашанда жақсы сыйласып тұрдық. Сұлтанабад парсылардың Түрікмен сахара шекарасымен шектесіп жатқан соңғы ауыл болатын. Горган қаласының он төрт шақырым солтүстік шығысында орналасқан ауыл мейірбан, бауырмал тұрғындарымен мəңгіге менің жадымда адамдық өнегесін қалдырды. Менің адам сүйіп, еркін ойлай алуыма да олардың мені көңіл шуағына бөлеп жүргендері əсер еткеніне сенімдімін. Шынында Сұлтанабад ауылында оқшау тұрған қазақ отбасында дүниеге келсем де ауыл тұрғындарының көздеріндегі мейір сəулесі, жылы алақаны, мəпелеген лебіздері менің дүниетанымымда ерекше жылылықпен бекіді. Олардың ақниеті, кіршіксіз мейірінің бақ болғаны соншалық, өмірдегі қиындық сəттеріме де жарығын құйып тұрды. Мен төрт жасымда қызылша ауруына шалдықтым. Үйдегілер мені сол кездің негізгі көлігі ат-арбамен Горган қаласына дəрігерге апарып əуре болатын. Қалада тұратын Аппақ апамыз бізді қалаға көшіп келген дұрыс болады деп үгіттепті. Аппақ апамның күйеуі Дəуіт ағамыз өте момын,

─ 155 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР жуас, момақан адам болды, апамыз қалада адам тіршілігіне керектің бəрі бар деп қайталап айта берген. Бір жағынан бəріміз ағайын адамдармыз. Мені емдеуге бір-екі рет қалаға қатынаған соң атам қалаға көшіп келуге шешім қабылдапты. Сол жылдары ата иран жеріне келгелі əр жерге көшіп, көшкен сайын күрке салу шебері атанған. Горганға да көшкенде тəуір ағаш, қамыс, сабан аралас сар балшықтан көпшілікке арналған бір ұзын бөлмесімен бірге оңашалап дем алатын тағы бір бөлмесі бар екі бөлмелі үй тұрғызды. Сол жылдары еңбекқор атамның егін шаруашылығы өте өнімді жүріп жатқан болу керек, біз жаңа үйімізде екінші жыл тұрып жатқан кезімізде жаңадан екі қабатты «там» салуға кірісті. Қаңқасы темір мен қызыл кірпіш. Бір жыл төңірегінде сол заманның зəулім ғимараты бой көтерді. Сонымен қатар үйдің ауласы бау-бақшаға айналды. Мен мектепке жаңа салынған үйге қоныс аударған 1958 жылы бардым. Рақбай атам ағаш пен өсімдік отырғызуға маманданып алған, əрі ол шаруаны сүйсіне істеп өмірден өткен аз қазақтың бірі болатын. Көліксіз жүрді дегенді естіген де жоқпын, көрген де емеспін, жүк тасымалдайтын ат-арбасы бартұғын. Жаз айларында түстен кейін ауа салқындай түскен кезде атына мені мінгестіріп алып, малға жемшөп дайындау үшін қаладан ұзақтау жерге барып, шөп орып қайтатын едік. Атада тыным жоқ. Үйге келгенде атарбаның əбзелдерін бірде өңдеп, бірде əшекейлеп жатады. Дене-бітімінде бір артық май жоқ, іс-қимылында бір артық əрекет байқатпайды, əңгімешіл де емес. Сөзден гөрі көп жұмыс істегенді суқаны сүйеді. Бір қарағанда, айқайлап тұрған қайырым-дылығы да біліне бермейді. Жыл сайын мақта егістігін айнала қауын-қарбыз тұқымын сеуіп тастайды. Содан мол өнім алады. Мақта өнімін сатуға жібереді де егістік жиегінде шыққан қауын-қарбызды түгелдей үйдің ауласының сырт жағына төбе етіп жинатады, сосын «керек адам ақша төлемей алып кете берсін» деп үйдегілерді ескертеді. Атаның бұл ісі кейінгі жылдары өзінен кейін дəстүрге айналып орындалып келді. Əкем өз

─ 156 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ кезегінде ауланың бір шетіне қойма салып, жыл сайынғы мақта егістігінен алынған қауын-қарбызды анбарға салып, есігін айқара ашып қоятын. Атам сұсты адам болатын. Маған бірде-бір рет қол жұсаған емес,бірақ та сұсы басып тұратын. Сол үшін атаның сөзін екі ету мүмкін емес-ті. Өзгеге бағыну тек қана қорыққандықтан адам бойында қалыптаспайды екен, басқа да психологиялық себептері бар болуы керек. Мəселен, бір адам өз шаруасына бар ынтасымен беріле, кірісіп орындап жүрсе, оны көрген адам ол адамды ерекше құрмет тұтып, соған сəйкес іс қылғысы келеді. Ата мен менің арамыздағы байланыс сондай болған сияқты, өйткені, үнсіз байланыс көпіріміз іңкəрлік пен құрмет арқылы жалғасқан деп ойлаймын. Атам мені əдет бойынша, атына мінгестіріп, шабындыққа алып барып, малға шөп орып, дестелеп, аттың екі қапталына теңестіріп жүктегенде қайтар жолда қозғалыстағы тақта отырғандай сезініп тербе-тіліп үйге жететінбіз. Бұл күнделікті жұмыс болмаса да талай рет қайталанып тұратын шаруа еді. Сондай күндердің бірінде – шабындықта мен жерге қарай үңіліп, бір нəрсені түртіп отырғанмын, атам болса менің артымда шөп орып жатқан болатын, бір сəтте атаның : «тырп етпей отыр, əйтпесе, мойыныңды қырқамын» дегенін естіген мен айтқанындай тырп етпей, қатып қалдым. Таң қалатыным сол кезде тілі жалаңдаған бір жылан кеудесін көтеріп, менің алдымда басын артқа шегіндіріп, шабуылға даярланып жатқандай, айбатын байқатқысы келгендей ысқырған үн шығарды. Біраз күткен соң кеудесін жерге түсіріп жолына тартып кете берді. Жылан қалай алыстады, сол мезетте атам да мені орнымнан көтеріп алып, атына отырғызды. Бір ғажабы, атам ол оқиға туралы маған ешқандай түсінік те берген жоқ. Горган қаласының шығыс-солтүстік бұрышында қазақ маһалласы орын тепкен-ді. Қазақ ауылдың батыс бағытында нулы бақтар ауыл мен қаланы бөліп тұратын. Қалаға бет алғанда оң жақта «һезар дарақ-мың ағаш» ( )ﺕﺥﺭﺩ ﺭﺍﺯﻩ бағының шекарасы қазақ ауылмен басталады. Онда басында

─ 157 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР мың тұт ағашын отырғызғаны үшін осы есіммен аталып кете берген. Одан кейін орманшылық басқармасының мекемесі үлкен ғимараты мен төңірегі қарағай, шырша ағаштармен қоршалған бақ ішіндегі мекеме орналасқанын көресіз. Кейінгі он-шақты жыл көлемінде ол мекен «орманшылық университеті» болып жұмыс істейді. Ал, ауылдан қала бағытының сол жағында «егін шаруашылық басқарма мекемесі»( )یﺯﺭﻭﺍﺵک ﻍﺍﺏатына сай он-шақты гектар жерді алып жатады. Бұл көркем бақ адамзаттың жасампаздығына куəлік етіп тұрғандай еді. Ал, қазақ ауылдың солтүстігінде «Əбілқасым бағы»( , )ﻡﺱﺍﻕﻝﺉﺏﺍ ﻍﺍﺏқазақ балалар үшін түрлі жемістердің қоймасы болған Əбілқасым ақсақалдың жекеменшік жеміс-жидек өсіретін бағы бар-тын. Оның екі ұлы Асан мен Үсен қазақтарға бауыр басқан жандар еді. Қазақтарды олар сыйлайтын, қазақ жігіттері де олардың дүниесін қорғаштап жүретін. Қазақ ауылдың шығысы қалың тоғай мен тікен бұталар қаптаған кеңістік болатын. Ауылдың оңтүстігі ашық алаң болатын, ол жазықтық та бүгінгі күндері көрікті маһаллаға айналып, қазақ ауылды қоршап алды. 1970 жылдары ауыл жастары мен балаларына көңіл көтеру, ойынсауық орындары молынан табылатын. «Тарзан» фильмдері əйгілі болған сол жылдары «мың ағаш» бағына барып, арқан байлап немесе бір бұтақтан бір бұтаққа Тарзанша айқай салып ұшып жүретін едік. Бұл ойынның шебері де бапкері де Əшім ағамыз болды, Əшім кейін талай рет елдің түрлі жарыстарында жастар арасында гимнастика саласында чимпион атанып жүрді. Ал, Ырза ағамыз əңгімешіл, біздер оның аңыз бен ақиқаты, шыны мен өтірігі аралас əңгімесін қызыға тыңдайтын едік. Бірде ол көрші бағында он шақты балаларға əлқиссасын: «бір күні орман ішінде əбден шаршап, ұйқыға кеткенімде дамбалымның балағынан бір суық зат кіріп, жоғары қарай жыбырлап келе жатқандай сезілді, ақырын көзімді ашып қарасам, масқара! Денесі мен құйрығы екіүш метрге созылған жылан басын дамбалымның балағынан ішке сұғып алып, кеуде жаққа бет алған. Сонда мен тырп етпеу керектігін бірден түсіндім де демімді шығармай жата

─ 158 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ бердім. Жылан кəдімгідей саяхатын жасады. Ішімнен кеудеме сосын мойын жаққа өрлеп, иығымның аясынан өтіп, əрі қарай бипаз күйінде өз жолымен кете берді. Байқадыңыз ба? Жыландар артық қимыл жасамаған адамға тиіспейді. Сонда мен қимылдай қойғанымда жылан қауіптеніп, мені шағып алар еді» деп əңгімесін аяқтаған еді. Ырза ағамыз қаншалықты шын яки өтірік соққанымен шаруам жоқ. Тек оның жыланға тап болған жағдайда қимыл жасамасаңыз, олар шабуыл жасамайды дегені көкейіме қонды. Өйткені, атаммен бірге шөпке барғандығы оқиға есіме түседі. Аппақ апамыз бастап шоғырланған Горган қаласының алғашқы қазақ ауыл тұрғындары болып, Рақбай, Дəуіт, Ысмағұл, Қыдырбай, Құрбан, Қайырбай, Зайыр, Дəулетбай, Ордабай, Мұқай, Ыңғырбай отбасылары ауылдың оңтүстік шығыс шетіне қоныстанды. Қазіргі кезде сол қариялардың ұрпақтары үйлерін жаңартып, жан-жаққа бұтақ жайып, көршілік тамырын үзбей келеді. Қазақ елін іздеймін деп ол қоныстан кеткен жалғыз Рақбай атаның шаңырағы. Басқа қазақтар Горган қаласының батысында отыз алты шақырым қашықтықтағы Бəндер Түрікмен қаласы мен шығыс-солтүстік бағытындағы тоқсан алты шақырым қашықтықтағы Гүмбез Кавуыс қаласында өздерінің қазақ маһаллаларын құра бастады. Аталған екі қала тұрғындарының басым көпшілігі – түрікмендер. Атамның жаңадан бой көтерген екі қабатты биік тамына қоныс аударған жылы мен мектепке бардым. Əкем Ақмұрат кейде қаланың орталық базарынан үйдің майда-шүйдесін сатып алу үшін мені де жанына ертіп алып жүретін. Əкем қалаға барса болды, амандасып, сұхбаттасатын таныстары молынан табыла қалады. Бəрімен асықпай əңгіме – дүкен құрады, шəйін ішеді, оларды үйге келіп кетіңіз деп шақырып та қояды. Көбісі сол Жилин мен Сұлтанабад ауылдарында тұратындардың жақын туыстары мен жегжаттары сияқты. Ал, солардың ішінде мен үшін өмір бойы ұмытылмайтын қадірлі жан Һашеми мырза. Ол – қаланың дəл ортасындағы айнал-

─ 159 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ма жолдың орталық көшемен қиылысқан бұршында орналасқан «Мəнучһри»( )یﺭﻩچﻭﻥﻡбастауыш мектебінің директоры. Əкеммен базар кезіп, кезек Һашеми мырзамен дидарласып, сұхбат құруға жеткенде менің бойымды ерекше бір шаттық билей бастайтын. Һашеми аға орта бойлы, толық денелі, маңдай шашы сиреген, көзілдірігі бар, көзінің түсі ашық жасыл, келбетті, нұр бейнелі адам болатын. Əкеммен сөйлесіп жатқанда əңгімешіл, жұмсақ мінезді, мейірбан жан екендігі де сезілетін. Əкеммен жақын дос екенін сезген мен ол кісімен қоштасқан соң «мен де мектепке барамын» деп əкемнің мазасын алатынмын. Күндердің күнінде əкем тағы бір рет Һашеми досымен кездесіп қалғанда, менің оқуға деген ықыласым ауып жүргенін айтты. Директор аға əрине оқытайық деп келісті. Менің жасым күзге қарай алтыға толады екен, оқуға кіру үшін ол жылдары баланың жасы жетіге толу шарт екен,бұның шешу жолын табуға Һашеми мырза кеңес беріп, көмектескен сияқты, өйткені сол жылдың күзінде мен оқуды бастап кеттім. Мектеп ғимараты үш-төрт қабатты, екі көше қилысында орналасқан, ішкі жағында шағын ауласы бар. Мектепте бірнеше қазақ балалары оқиды, менің нағашы апаларым да көп болды, сол үшін анам Зылиқадан бастап, нағашы апаларым Аппақ, Шаһарбану апайлар, төңіректегі жақын туыстар, бəрі мені еркелетеді. Сондықтан мен үшін «айналайын, жаным, құлыным» ең көп естілетін шапағатты сөздерге айналған еді. Аталған мектеп күн сайын оқушыларға мектеп ауласында ошақ үстінде бұрқырап қайнап тұрған ыстық сүт, тəтті нан мен тіл ( )ﻥﺍﺏﺯдеп аталатын тəттінің бір түрін балаларды кезекке қойып беріп жататын. Мен болсам, бірінші күннен ол шараға қатысқан жоқпын. Өйткені, анамның үйде екіүш сауыны бар-тұғын, оның сүті, қаймағы, ірімшігі, айраны мен қатығы, шалабы мен сар майы, уызы мен құрты тағы басқа өнімдері біздің отбасымыздан артылып, анамды ағайын арасында да мəшһүр еткен. Сол себепті анам күн сайын мектепке келіп, берер ақ тағамдарымен қоса

─ 160 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ екі Қыран ақша қолыма ұстатып кететін. Сол кездері есімде, біздің сынып старшысы Махмұд Никпəйам анам келгенін маған хабарлап тұратын. Анам қолындағыларын маған тапсырып «Балам, мына Махмуд жақсы бала екен, онымен бөлісіп же, ертең көбірек алып келем, екеуіңізге мол жетеді» дей-тұғын. Мен күнде үйде əбден тойып шыққаннан ба? Əлде ортаға үйренісе алмай ұялғаннан ба? Мектепте тамақ жеуге тəбетім болмайтын. Кейде бір нəрсе кеудемнен басып тұрғандай мазам кетіп, анамның əкелген тағамдарын түгелдей Махмұдқа беретінмін, ол да ерекше риза, кейде ақшадан да елу Шаһи (тиын) беретінім бартұғын. Сыныпта алдыңғы орындықта тек қана Махмұд екеуіміз отыратынбыз. Оқу жылы осылай күз бен қысын да өткізіп, көктемге жетті. Көктемнің тамаша бір күні екі қабатты тамымыздың төменгі қабатының бір бөлмесінде атамның жанында отырғанмын. Атам қолындағы ертоқыммен əлек. Парсы тілін күнделікті тіршілікке жарайтындай тəп-тəуір сөйлей алатын жағдайға да келгенбіз. Кенет бөлменің есігі ашылып, мектептес, аттас құрдасым «Ислам, бия берим бази» (Ислам, жүр ойнайық) дегені сол екен, атам жанартаудай бұлқан-талқаны шығып, тісін қайрай тұра «бұдан былай жат тілде сөйлегеніңізді мына үйде естімейін, сіздің өз тіліңіз жоқ па? Тілі кесілгірлер!» деп бірақ қойды. Гəп бітті. Сол күннен кейін үйлерімізде өзге тілмен сөйлегеніміз есте жоқ. Бұл жағдай сол жылдары ирандағы барлық қазақтардың күнделікті тұрмысындағы бұлжымайтын заңы еді. Басты мəселе – қазақ болып қалу. Осы оқиғадан кейін мектепке барған сайын үш-төрт қазақ балаларына мұқият көз тігіп, жергілікті балалармен салыстырып жүретінді шығардым. Байқап қарағанымда кейбір балалар жеңіне мұрнын сүртіп, жеңін əбден жылтыр, қара қаспаққа айналдырады екен. Мен олардың бұнысынан жиіркеніп жүрдім. Оқу жылы бітті. Бұл мектептің оқушылары жаңадан салынған қаланың шетіндегі бір мектепке ауысып, бұл ғимарат басқа мекемеге берілетін болыпты. Жаңа оқу жылында мектебіміздің барлық

─ 161 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР шəкірттері соған ауысты. Директор жалғыз мені қаланың орталығындағы «Онсори»( )یﺭﺹﻥﻉмектебіне жолдама беріп жіберді. Ол мектепте қаланың ауқаттылары мен зиялыларының балалары оқитын оқу орны екенін, менің сонда оқуым керектігін Һашеми мырза маған əкемнің құзырында барынша түсіндірді. Мен жаңа мектебімде жалғыз қазақ баласы болып алты жылдық бастауыш мерзімін оқып аяқтадым. Ол мектепте оқып қоғамдағы азаматтар мен отбасылардың əлеуметтік жағдайы өздеріне жəне отбасының қоғамдық-психологиясына қаншалықты ықпал-əсері бар екенін сəбилік жүрегіммен сезіп жүрдім. Дəл сол мектепте ауқатты отбасы балаларының əр түрлі тентектік іс-қимылына қалай қарсы болып, қалай қорғануды, тіпті олардың қалай мысын басуды да үйрендім. Өмірлік тəжірибеме жүгіне отырып байқағаным, əлгі бала бай отбасынан шыққан ба, əлде кедейдің баласы ма? Қоғамдық ахуал біраз нəрсені анықтайтын тəрізді. Əйтеуір, тəрбие көрмеген адам өзгелерге ерік бергісі келмегендіктен қарсыласын өлтіруге дейін бара алатын өшпенділік нəпсіге кіріптар болады екен. Біздің мектеп тəрбие мəселесін жақсы жолға қоя алғандығын, талай бұзақы балалардың қалай жақсы азамат болуына септігін тигізгенін көрдік. Сол жылдары қоғамда бір жақсы дəстүр болған. Онда ата-аналар балаларын мектепке тапсырғанда «сүйегі біздікі, еті сіздікі» дейтін, сонымен қатар мұғалімді баласының рухани əкесі деп те санайтын. Қоғамда қоғамдық қатынастардың заңдары мен ережелері қалыпты болса əрбір азамат қоғамды тірек етіп, қандай іс-əрекет жасау керектігін болжай алады. Орман заңына сүйеніп өмір сүріп жатқан қоғам түсініксіз əрі қорқынышты қоғам. Онда қай адамға, қай ұжымға сене алатыныңызды білмейсіз. Мектебімде болған бір оқиға адам баласының қоғамдықпсихологиясын анық көрсете алады. 1960 жылдың оқу жылында екінші сыныпта оқимыз. Біздің ауылдың шығыс жағында мақта өңдеу зауыты ашылған. Оның директо-

─ 162 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ ры Əрменнің баласы бізде оқиды. Аты Саһакиян. Сыныпта менен алдыңғы орындықта отырады. Ол кездегі мазақ түрітентектер «мен есекпін, бес жүз түменге сатыламын», деген сөзді парақшаға жазып, əлсіз деген оқушының арқасына инемен қадап қояды. Мен мектептің тентектерін білмеймін. Биыл келген оқушымын. Жавади мен Ислами деген екі оқушы жаңағыдай парақшаны Саһакиянның арқасына қадай бастады. Мен оларға бұл іс дұрыс емес екендігін айттым. Олар маған шаруаң болмасын деп дөрекі түрде жауап қайырды. Мен де ерегіске салып, Саһакиянның арқасынан парақшаны алып тастайыншы деп əрекеттеніп едім, ана екеуі маған лап берді. Құдайдың көзі бар екен, дəл сол мезетте Кия деген мұғалім ағамыз сыныпқа кіре салып, болған жайтты көзі шалды. Жақындап келіп, парақшаны көрді де ана екі баланы орындарынан суырып шығарып алды да аянбай сабай бастады. Сыныпты үрей басты. Оларды түмпештеп жатып «біздер адамбыз, хайуан емеспіз. Əлімжеттік жасайтындай орманда тұрып жатқан жоқпыз, мəдениетті қала тұрғындарымыз» деп одан əрі соққысын күшейте түседі. Екі баладан үн шықпайды. Мұғалім оларға: «барыңдар, Исламнан кешірім сұраңдар, достасыңыз» деді. Мен мұғалім ишаратымен орнымнан тұрдым. Олар келіп, кешірім сұрап қолымды алды. Бұл оқиғадан кейін сыныптастар маған ерекше құрметпен қарайтын болды. Мен болсам аң-таң. Кейін түсіндім, манағы екі бала қалаға аты шыққан Сəрпир маһалласының беті қайтпайтын тентектері екен. Сыныптастар сондай сотқар мінезді балаларға қарсы шыққаным үшін мені батырға балаған екен. Ал, менде де өжеттік, қазақылық мінез жеткілікті болса да мен ол екеуін мүлдем білмейтіндіктен ойланбайақ оларға қарсы шыққан-мын. Əйтеуір, содан кейін бес жыл бойы Саһакиян мені жақын тартып, пана тұтқандай тыныш күйде оқыды. Басқалармен жақсы сыныптастар болып оқуларымызды бітірдік. Мен мектептің төртінші сыныбында оқи бастаған

─ 163 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР жылы атам ауруға шалдықты, біраз уақытқа төсек тартты, дүние салған сəтін еске түсіре алмадым. Бірақ, жанына барып ұзақ отыратынмын. Денесінде бір артық май жоқ, ысылған бұлшық еттер, созылған терісі. Ыңырануды білмейді, шама-шарқынша кейде тұрып, кейде отырған күйде намазын оқиды. Əбден əлсіреген өмірінің соңғы күндерінде дəретке шығып тұруына қол ұшын берем. Нағашы атам Самарқан ахунд, оның бауырлары бəрі молда, ахунд, бəрі де келіп, иманын тілеп, жамағат намаздарын үйімізде орындап тұрады. Атам бір күні менімен оңаша қалғанда: «Балам! Сенің атыңды бекер Ислам қойған жоқпыз. Ислам жеңіске жетеді, бізге осы елдің топырағы бұйырғанмен сіздер атамекенге ораласыз. Сол үшін тіліңізді, дініңізді ұмытпаңыз! Ертең елге оралғанда тіліңіз бен дініңізді білмесеңіздер мен «қазақпын» деп қалай айтасыз»,-деп соңғы өсиетін айтқандай болды. Алпыс үш жастың белесінде өмірмен қоштасар алдында «кəке» деп атап жүрген атам Рақбай қандай аманат тастап кеткенін түсіне алмай түйсік қапасында аңырайып қалған бір сəби едім. Аманат жүктелген сəбиді əкем Ақмұратқа аманат етіп, бізбен де қоштасты ата. Мен ол кезде атам туралы ештеңе білмеймін. Бар білетінім кейде маған берген кеңесі мен тапсырмалары, қажымай, сүйсіне жұмыс істеу сəттері, тыныштықта Аллаға ғибадат жасауы. Мен ата туралы көп білетін сияқтымын. Өйткені ересек жасқа жеткенде, Қайырбай ағаммен тілдесіп, сырласа бастаған жылдардан бастап мен атам туралы көп білдім. Тіпті иран қазақтарының өткені мен бүгіні туралы көп нəрсенің байыбына барып қалуыма Қайрекеңнің ұзын сонар əңгімелері негіз болғанын байқадым. Атаны менің санама, жүрегіме орнықтырған қайран ағам Қайреке арман-тілегіне қол жеткізгендей Аллаға шүкіршілік ете жүріп, төрт қыз бен жеті ұлдың əкесі атанып, қыздарын қияға, ұлдарын ұяға қондырып, инабатты қыздары мен иман жүректі ұлдарының қызығына куə болып өмірдің бақытын сезіп 2011 жылдың желтоқсан айында дүниеден

─ 164 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ өтті. Қайрекең атам туралы, қазақтар туралы сауалдарыма жауап алуыма ылғи бастамашы болған қайырымды жан. Өмірдің шынайы бейнесін таныта білген Қайырбай ағам дүние салғанда жерлеу рəсіміне қатыса алмағаным үшін қайғырамын. Тағдыр осылай жазды, аға! Тағдырыма өзіңіз де із салдыңыз, менің сағым далаға қадам басуыма үлес қостыңыз. Алла Тағала пəк жаныңызға ұжмақ нəсіп еткей! Ел мерейі ерлерінің арқасында биіктей бермек. Сонымен, сəбилік шағымызда ата-əжелердің сағы-ныш жалыны жүрегімізге сағым болып енді...

─ 165 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР МАҢҒЫСТАУ ӨЛКЕСІНІҢ РУХАНИ ЖƏДІГЕРЛЕРІ 1929-1933 жылдары амалсыз қолдан жасалған ашаршылық зұлматынан иран жеріне қоныс аударған аталарымыз ес жиып, ұрпағы көбейе бастаған соң Ата жұртқа, туған халқымыздың салт-дəстүріне, əншілер мен жыршылар творчествосына, болған қасақана аштыққа, жатжердегі қасірет пен тауқыметке байланысты сыр шертіп, кейінгі буынға əңгімелеп отыруды дəстүрге айналдырды. Солардың қатарында 1950 жылдардың тумалары қариялардың əңгімелеріне қанық болып ер жетті. Сондықтан біздер қазақтың ұлттық дəстүрімен бірге елде аты аңызға айналған батырлар, жыраулар мен күйшілердің аттары мен біршама туындыларын естіп өстік. Атап айтқанда күйшіАбыл Тілеуұлы (1777–1864), жыраулар – Сүгір Бегендікұлы (1894–1974), Мұрын Сеңгірбекұлы (1859-1954), Қашаған Күржіманұлы (1841–1929), Түмен Балта-басұлы (1884–1957) ...тағы талайлар. Қарияларымыз тарыққанды «Бекет ата» деп бастап, Алла Тағаладан тілек тілейтіндері де есімізде мəңгі сақталмақ. Кейін елге оралғанда туған елімізбен рухани байланыс жасауға соның бəрінің үлкен көмегі тиді. 1990 жылдың бесінші шілдесінде қазақ əдебиетіне еңбегі сіңген ағамыз Қабиболла Сыдиқұлымен танысып, қазақтың жалпы жыраулық тарихы мен еліміздің Батыс өңіріндегі жыраулық дəстүрінен хабардар болған жайым бар еді. Қазіргі заманғы қазақтың дəстүрлі өнерінде өзіндік орны бар Күріш Құбашұлы Тасболат ағамен еліміз тəуелсіздік алған бастапқы жылдары молынан əңгіме-дүкен құратынбыз, иранда дүние салып, сонда жерленген Ақбөбек жəне оны мəңгі сүйіп өткен Ғайыптың өлеңін де, Маңғыстаудың талай жыраулары мен жырлардың шығу тарихын да, «Адайдың жеті қайқысы» туралы аңыз ту-

─ 166 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ ралы да əңгіме айтып отыратын. сол жылдары отырыстарымыз елдің тарихы мен мəдениеті төңірегінен əрі аспайтын тамаша кез еді. Қабиболла Сыдиқұлы зерттеулерінде былай жазған: «Адайдың жеті қайқысы»- 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың бас кезінде Маңғыстау түбегінде өмір сүрген халық өнерпаздары, сал-серілер. Олар: Өскенбай (күйші,-домбырашы, əнші əрі жыршы), Тұрсын (əнші əрі күйші-домбырашы), Əділ (əнші əрі жыршы), Досат, Жылгелді, Тастемір жəне Шолтаман (бəрі де əнші болған). Осы жеті өнерпаз жұбын жазбай бірге жүріп, Маңғыстау, Хиуа мен Харезм аймағын аралап, өнер көрсеткен. Ешкімге бас имей, өздерін тəкаппар (қайқайып) ұстағандықтан ел ішінде «адайдың жеті қайқысы» атанып кеткен». Маңғыстау мұнайлы өлке болғандықтан ел экономикасына мол үлес қосып келе жатқан түбек. Сол үшін бұл өңірден көптеген мұнай саласының мамандары мұнай өндірісіне өлшеусіз үлес қосып, сансыз мұнайшы мамандардың еліміздің əр өңірінде өсіп, жетілуіне мұрындық болды. Сондай-ақ еліміздің өзге де өңірлерінен мұнай кенішін тауып, өндіріске қосылуына тікелей қатысып келеді. Бұл жекедара маңызы зор əңгіме. Бүгінгі күні Иран елінде тұрып жатқан мыңдаған қазақ бауырларымыз бар. Мыңдаған ағайын 1995 жылдан бастап Маңғыстау өңіріне көшіп келіп жатыр. Қалай да бəрінің ата-аналары Ақтөбе, Атырау мен Маңғыстау өңіріне ортақ Жем бойында тұрып, жан-жаққа тарай бастағанын естідік. Біздер ел жайын, батырлар мен жырауларын, күйшідомбырашыларын біршама естіп өстік. Ал, бүгінгі ұрпаққа тарихы мен мəдениеті туралы айтып беретін қариясы жоқ дегенмен кітап пен түрлі басылымдар бар. Соның бірі осы кітап. Біз бұл кітапта Иран қазақтарының тарихи көшін қазақ тарихымен ұштастырып əңгімелеуге тырыстық. Иран қазақтарының ата-аналары туған Маңғыстауды да, оның өнерпаздарын, өткені мен бүгінін таныту үшін шама келгенше əңгіме қылдық. Кемшілігі келешекте біз бен сіздің еңбегімізбен толыса жатар деген үміт тағы бар.

─ 167 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Мен өзімнің ұстаздық жолымда Маңғыстау өңірінің өнері мен əдебиетін жəне қазақ мəдениетіне қосқан үлесін кеңінен таныту, кең байтақ жерімізде халқымыздың мəдени байлығын жас ұрпақ санасына сіңіре білу үшін Маңғыстау жырауларының өмірі мен шығармашылығын ғылымизерттеу жұмысы ретінде өз шəкірттеріме ұсынып келемін. Оның бəрі оңтайлы ғылыми шешімін тапқан дүниелер саналады. Сондықтан, зерттеуші мен тыңдарманын əрқашан қуантып келеді. Соның бірі – «Мұрын жыраудың өмірі мен шығармашылығы» атты тақырып туралы PHD докторанты Ақбота Əбиір көлемді зерттеу жұмысын жазды, өзі С.Демирел атындағы университеттің оқытушысы болғандықтан, осы зерттеу тақырыбын сабақ барысында пайдаланып, шəкірттерін Мұрын жыраудың жыраулық өнерге жəне қазақ əдебиетіне қосқан зор үлесі туралы білімге қанықтыруда. Сол себептен кітаптің осы тарауында Ақбота Əбиірдің Мұрын жырауға арнап жазған дүниесін жариялап отырмыз.

─ 168 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ

БЕКЕТ АТА –ҰЛТТЫҚ САНА ҚОРҒАНЫ (1750-1813) Пір Бекет Қазақ даласы мен Орта Азия елдерінде кеңінен танылған түркі қоғамының рухани жетекші тұлғасы, Қожа Ахмет Яссауи мектебінің жалғастырушы ағартушысы, батыр, сəулетші, данагөй, асыл азамат. 2011 жылы Бекет атаның тұлғасын бұрынғыдан да тереңірек таныстыру шаралары кең көлемде қолға алынып, республикалық жəне халықаралық деңгейде ғылымитеориялық конференциялар ұйымдастырылды. Бекет атаның 260 жылдығына орай думанды тойлар да өткізілді. Аталған шаралар Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласынан басталып, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары мен Алматы жəне Астана қалаларында өтіп, оңтүстік өңірінің орталық қаласы Шымкент шаһарында жалғасын тауып, сонда аяқталды. Бекет ата есімі жүрегіміздің түкпірінен ұлылықтың самал лебіндей есіп, санамыздың таным дүниесіне қозғау салып тұрғандай сезіледі. Сонда ойлайсың, ұлылық не? Шарапат не? Шынында бір тұлғада қаншалық рухани күш бола алады? Ғасырлар тереңінен адамдарға өмір кептелісінде ашық жол көрсететіндей шамшыраққа айналған нендей құдірет? Біздің аталарымыз 1929-1932 жылдары Советтік зұлмат кесірінен амалсыз туған өлкесі Маңғыстаудан иран жеріне қоныс аударып жат-жерде жүргенде сағыныштан туған жан күйзелісін емдеу үшін, əуелі Алладан жалбарына тілейтін, сосын Бекет атаны тілге тиек етіп, қиындықтарының түйінін шешуге араша түсуін сұрайтын. Аталар тілегі, Аллаға деген сенім мен Бекет атаға деген құрмет, одан күткен медеті де жадымызда мықтап қалғанын бүгіндері əбден сезіп жүрміз. Сəбилік пəк заман əрбір адамның жүрегіне таза наным ұялатуға ең

─ 169 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР қолайлы шақ екенін түсінесің. Тəрбие үшін сəбилік шақ ең əсерлі кез, ыңғайлы уақ болатынын ұғасың. Аллаға иманды, тақуа жандарды өмір өнеге етіп, жан серік ететұғын заман қашанда балалықтың мөлдір санасы екенін Бекет атаның мерейтойларына қатысып жүргенде сезгендей болдым. Өйткені Бекет ата менің балалық дəуірімнің аталардан қалған жадымен ұштасып, жаңа көкжиегін тауып жатты. Аталарымыз Бекет Атаның кереметінен, достыққа адал пейілінен əңгіме айтатын. Соның бірі – «Бекеттің сырлас досы болыпты. Ол кісі ылғи қалжыңдасып жүретінін көпшілік жақсы біледі екен. Күндердің күнінде аталған досы көшіп бара жатқанда бір құздың биігінен төмен қарай түйесімен құлайды. Сонда еріксіз аузына атаның есімі түсіп: «я, Бекет!» – деп медет сұрағандай болады. Сөйтіп, өзі де, түйесі де аман-есен жерге табан тірейді. Бұл оқиғадан біршама уақыт өткен соң жаңағы кісі Бекетпен кездеседі. Ол бұрынғыша қалжыңдап: «Бекет, сенің əулиелік кереметің болса, мен құздан құлағанымда неге кереметіңді маған көрсетпедің?» – депті. Сонда Бекет сырт бұрылып, көйлегін жоғары түріп, арқасындағы түйе аяғының қалдырған дағын көрсете отырып, досына «сені құтқарып қалу оңай болған жоқ» – деп жауап қайырыпты. Сол күннен бастап əлгі досы Бекеттің қасиетін мойындап қалжыңдауын қойыпты» – дейді Бекеттің кереметтері туралы аңыз əңгімеде. Бұл аңыз əңгімені мен елге оралған соң Маңғыстау сапарларымның бірінде естігенімде таң қалған жоқпын. Өйткені біз Иран жеріне қоныс аударған аталардан қалған ұрпақ едік. Бағымызға орай бұл əңгіме жадымызда көмескіленбей жатып, екіге бөлінген ағайындар арасындағы рухани алшақтық тереңдемеген кезде еліміздің тəуелсіздік туы желбіреді. Жадымыздағы жайттар қайта жаңғырды. Сосын Бекет атаны тарих қойнауының қыртыстарынан аршып алдық. Құдайға шүкір, Бекет ата ел санасында, ғалымдардың зерттеулерінде орын алып келе жатыр. Олардың рухани қазнасы одан əрі ұрпақ тəрбиесінде іске асып жатарына да сенеміз. 2011 жылдың қараша айында Шымкент қаласында Бекет

─ 170 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ атаға арнап өткізілген мерекелік конференцияда жасалған баяндамалардан Бекеттің батырлық істері, ағартушылық қызметі, рухани кеңістігі туралы мол мəлімет алдық. Бекет жайында жазылған кітаптармен таныстық. Соның бірі – 2010 жылы Ақтөбе қаласында жарық көрген, Ислам қажы Мырзабекұлы құрастырған “Бекет Ата: Имандылық – тағлымы” атты көлемді кітап. Бұл кітап зерттеушілерге үлкен қор, Бекет атаны танығысы келетін жандарға мөлдір бұлақ, Бекет атаны танытып, дəріптегісі келетін оқытушыларға сарқылмас қазына. Қазақ халқы мəдениетінің көзайымы, расында. Маңғыстау өлкесінің мəдениет пен руханиятының қайнарын іздеуде, дүлдүл жырауларын əспеттеуде, қазаққа кеңінен танытуда зерттеу жұмыстарына бас болған марқұм Қабиболла Сыдиықұлы екендігін өлкетанушы қаламгер Əбілқайыр Ыспан да жазыпты. Сондықтан, Маңғыстаудың əулиелі тұлғаларын, жыраулар мен ақындарын жүйелі зерттеу тарихында Қабиболла Сыдиықұлы басты ғалым болып қала берері де сөзсіз. Тек қана ғылыми зерттеулер жаңа буын еңбегімен толығып, жалғасын табары да анық. Өйткені ұрпақтың адами санасы оның оянған тарихи санасымен жаңғырып, шыңдалып тұрады. Бекет Атаның Хиуада оқыған кезіне, оның ұстазы болған Пақыржан қажының өмір сүрген заманына, тарихи дəуірдің ахуалына қарап Бекет Мырзағұлұлының туған жылын 1750, ал, қайтыс болған кезін 1813 жылы деп бекіткен зерттеушілер. Бекет 1750 жылы қазіргі Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылында дүниеге келді. Ал, 1813 жылы Маңғыстау облысы, Оғыланды мекенінде дүние салып, сонда жерленді. Жастық шағында елін жауларының шабуылдарынан қорғауға қолына қару алып, қанды майдандарда батырлық көрсетіп шайқасты. Соғыс майданында көрсеткен ерліктері үшін ел ішінде «Ер Бекет» атанды. Ақыл тоқтатқан шағында ұрыс-керістің кесірінен ел мен елдер арасына достық орната алмайтынын сезіп, білім алуды ұйғарды. Білім

─ 171 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР арқылы ғана елді бейбіт жолмен көршілес елдермен достық бағытқа жетелей алармын деген үмітпен Хиуа қаласындағы медресеге оқуын тереңдетуге аттанды. Сонда Пақыржан құзырында дəріс алып, діни білімін жетілдірді. Терең білімі, еліне деген махаббаты, тақуалық пен еңбекқорлығы, тапқырлық пен ізденім-паздығы оны ел арасында данагөй тұлға ретінде танытты. Хиуадан дүниеуи жəне діни білімін жетілдіргеннен кейін елге оралып халқының сауатын ашуға көп еңбек сіңірді. Бекет Маңғыстау өлкесінің қатал табиғатына, ыстық аптабына қарап, оқу орындарын жер астында, тау үңгірлерінде салғанды жөн деп санады. Ағартушылық мақсатында медреселердің жобасын жасап, өз мектептерін ашты. Сөйтіп, ел аузында «сəулетші» деген атауға ие болды. Бекет ата салдырған мешіт-медреселер Атырау облысының Құлсарыға жақын маңындағы Ақмешіт ауылында, Маңғыстау облысындағы Үстірттің батыс жағындағы Оғыланды тауында, сондай-ақ, Бейнеу ауданының ескі орнында, Бозащыдағы Мəстек құдығына таяу маңдағы Тобықты мекенінде жəне Үстірттің шығысындағы Арал теңізінің батыс жағындағы Баялы деген жерде анықталды. Олар қазіргі кезде халық пен үкіметтің колдап, қорғауының арқасында жөндеуден өтіп, ел игілігіне қызмет етіп келеді. Ежелгі түрік тайпалары «Тəңір Құты» мен «Батыр» атауларына үлкен мəн берген. Тəңір Құты əрбір көсемнің рухани ішкі қуаты болса, батырлықхалықтың дүниеуи тіршілігінің қайнар көздерін қорғау қуаты болған. Екі ұғым да жоғары киеге ие екендігін көрсетеді. Сол үшін елдің рухани жəне дүниеуи тұғырын бірдей биік ұстап тұра алатын лайық тұлғаға халық тарапынан əлгіндей атақ беріліп тұрған. Батыр мен палуан атақтары жай қара күш иесіне емес, халқына қорған бола алатын адамға берілген. Сондықтан, елді бақытты етіп, лайықты басқаруға қауқары болмаған талай көсемдер көп айла-шарғы жасап, халықты елең еткізетін атауларды өздеріне тағып, соған лайық болмаса да иемденіп жүргенімен, халық жадында ұзақ өмір

─ 172 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ сүре алмайтыны шындық. Осы тұрғыдан қарағанда Бекет Ата ақылмен, батыр, абыз ағартушы, сəулетші ең соңында Ата мен Пір деген атауларға лайық тұлға ретінде халқының санасынан, жүрегінен орын алып, елдің тарихи жадында мəңгілік қалды. Бұл Бекет Атаның бітім-болмысы дүниеуи таза тіршіліктен рухани мөлдір əлемге ұмтылысы табысты болғанын көрсетті. Ғалым Алтай Тайжанұлы айтқандай: « Бізге жеткен аңыздарға қарағанда, Бекет атаның пірленуі де өте нанымды, танымдық тұрғыдан дəйекті» екендігі рас. Міне, Бекеттің ақылман, ағартушы, сəулетші болғаны озық маман екендігін білдірсе, ата, абыз, пір мəртебесі адамзаттың рухани əлемінде аса білімді де пəк, тақуа, мөлдір де таза жандарға берілетін атауларға лайықты білім алып, сопылық сатыларынан таза еңбек арқылы өткенін көрсетеді. Қожа Ахмет Яссауи рухани кеңістікте тақуалықтың биігіне шығып, ел арасында үлгілі ұстазға айналып, Ислам дүниесіне танымал тұлға болды. Сол себептен, оған парсының əйгілі сопы ақыны шейх Фəрид-ед-дин Аттар Нишабури ﻥیﺩﻝﺍﺩیﺭﻑ ﺥیﺵ ( یﺭﻭﺏﺍﺵیﻥ ﺭﺍﻁﻉ1146-1221) «Мантық-əт-Тейір» ( )ﺭیﻁﻝﺍ ﻕﻁﻥﻡ (Құстардың тілі) атты кітабында «Түркістан пірі» ( ﺭیپ )ﻥﺍﺕﺱکﺭﺕдеген атақ беріп, өлең арнаған. Ахмет Яссауидің мектебін жалғастырушы Бекет Атаның да ел ішінде «пір» атануы оның тақуалықта биік мəртебеге қол жеткізгенін көрсетеді. Бұл – адамзаттың рухани биік тұғырының белгісі. Демек бұндай атақ тікелей дін жолын ұстаған нағыз иманды жанға лайық болғаны үшін беріледі. Сопылықта «пір» – тариқат жолаушыларына жол көрсетуші, дана рухани көсем деген мағынаны білдіреді. Сондықан, Бекетті ел ішінде «Пір Бекет» атап кетуі жайдан-жай еместігін аңғартады. Яғни, Бекет тазалық пен даналықтың биігіне көтерілген əрі қоғамдық істерде белсенді болғандықтан да рухани əлемнің көсемдерінің ішінде санаулы тұлғаларының бірі. Шымкенттегі Конференция қонағы Өзбекстаннан қатысқан Бекеттің ұстазы Пақыржанның сегізінші ұрпағы Назарбай мен Өзбекстан мұсылмандар Діни басқармасы На-

─ 173 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР уаи уалаятының бас имамы, хатип Сейіт қажы Нəсіреддин Ишанбабаның берген мəліметтеріне қарағанда, Бекет туралы əзірше екі жазба дерек бар. Біріншісі, XVI ғасырда Сейіт Мұхаммед Бақыр жазған «Тəзкерет əл-Əвлия» ( ﻩﺭکﺫﺕ ()ءﺍیﻝﻭﺍﻝﺍƏулиелер шежіресі) атты кітабының жалғасы. Екіншісі, 1813 жылы жазылған «Хəлвəт-е-софиһа»( ﺕﻭﻝﺥ ( )ﺍﻩ یﻑﻭﺹСопылардың оңаша мекені) атты кітап. Бұл еңбектің авторы белгісіз. Бұл шағын кітап орыс тіліне аударылған, түпнұсқаның көшірмесі мен орыс тіліндегі тəржімасы Маңғыстау облысы мұрағатына тапсырылған. Ал, аты аталған екі кітаптың да түпнұсқа қолжазбалары Ташкент шаһарындағы Əбу Рейһан Бируни атындағы шығыстану институтының қолжазба қорында сақтаулы тұр. Ендігі мəселе – Бекеттің кереметтері хақында сөз болғанда көзге көрінбейтін, тек қана жүрекпен сезе алатын сопылардың рухани дүниесі еске оралады. Сонда ол дүниені сезу үшін таза жүрек керек. Оны бейнелеу үшін тұспалды, йірімі терең сопылық поэзия керек. Ол əзірше қазақ əдебиетінде қалыптасқан жоқ. Ондай поэзия ақынның иманы биіктеп, рухани тазалыққа қол жеткізе алған соң пайда болатыны шығыс əдебиеті тарихынан аңғарылады. Екінші жағынан қазақ тіліндегі рухани кеңістікке арналған сөздерді шыңдау керек. Осы орайда философ ғалым Алтай Тайжанұлы Бекет Атаға арнап жазған мақаласында: «рух, əруақ, əулие, пір, кие» ұғымдарына тоқтап зерделегені орынды бастама. Рухани əлемге сүңги алатын ақынды дүниеге алып келу үшін қоғамның ортасы жаны жақсылыққа құмар, мəрт мінезді, ақ көңіл, саналы жандарға толыса бастауы керек. Əулиелер елдің рухани құты болғандықтан олардың құтын қашырмау үшін, ҚАЗАҚ-тың ұлы даласын құшағына сыйдыра алу үшін: кектенгеннен гөрі сүйе білетін, қаһарланғаннан гөрі мейірлене білетін, қастасқаннан гөрі достаса білетін, Алла берген күш-қуатын жамандыққа емес жақсылыққа жұмсай білетін, ел қамын жейтін тұлғалармен толыса түссе пəк текті ақыны да, қаламгері де, зиялысы да, кəсіпкері де,

─ 174 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ əкімі де көбейе түседі. Адам баласы өз ортасында өзін бар айыптан таза ұстап, өзгені кінəлай бергенше осы «Мен ел игілігі үшін не тындырдым?» – «Кімге қандай жақсылық ойладым?», «Біреудің қуанышына шын жүректен қуана білдім бе?», «Ағайын, дос-жарандардың табыстарына қызғана қарадым ба? Əлде сүйсіне қарадым ба? » деп өзінен сұрай бастап, өз ожданын алдамай дұрыс жауап берсе, берекелі тіршіліктің басы да сол болар еді. Сонда Бекеттің армандаған биік шыңдары көріне бастары да айқын. Сондықтан Бекеттің рухани биігіне жету үшін талай сатылардан өтіп, Аллаға жақындай түсу керек. Бəлкім сонда Бекетпен сырласа, мұңдаса аламыз. Қазақ ондай биікке лайық халық екендігіне оның өткен тарихы куəлік береді. Соны таныйық. Соған сенейік. Ол үшін Алланың берген санасын, жүректің мөлдір сезімін өмір жолымызға шамшырақ етейік. Бекет Ата дүниеуи тіршілігімізге жəне рухани өмірімізге шамшырақ бола алатындай өнегелі тұлға екендігі оның өмір жолынан əбден байқалады. Өйткені, заман өзгерсе де, техника дамыса да адам тəни жəне рухани қажеттілігі үшін тəрбие мен иманға мұқтаж.

─ 175 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР

“ҚЫРЫМНЫҢ ҚЫРЫҚ БАТЫРЫ” ЖЫРЫНЫҢ ƏДЕБИ МАҢЫЗЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХНАМАСЫ Мұрын жырау Сеңгірбекұлының шығармашылығын зерттеудің басы 1942 жылдың 12-ші қаңтары күні Ғылым Академиясының басшысы, ғұлама ғалым Қ.И.Сəтбаев пен белгілі филолог ғалым, тілтанушы Н.Т.Сауранбаевтың Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы, ғалым Н.Д.Оңдасыновқа жазған мəлімдеме хатынан басталады. Онда атақты ғалымдар 1939 жылы Маңғыстау өлкесіне экспедиция жіберу барысында əйгілі жыраумен кездесу жай-күйі туралы мəлімдейді. «Қырымның қырық батыры» жырының ел байлығы екенін ескере отырып жазылған мəлімдеме хаттан кейін, Н.Оңдасыновтың рұқсат етуімен қарт жырау Алматыға келеді. Мұрын – Маңғыстау өлкесі, Бозашы түбегінде 1859 жылы өмірге келген. Жыраудың кіндік қаны тамған жер – Иткелді суы. “Мекенімді сұрасаң, Бозашы деген түбекте, Иткелді судың басы еді” деп басталатын жыраудың Нұрыммен кездесудегі толғау жыры бұған куə. Кейде Қоңырорпада туған деген нұсқасы да кездеседі. Байырғы тұрғындардың бекіте түсуіне қарағанда, “Иткелді” атауы бертінде “Қоңырорпаға” айналған. Бүгінгі ұрпақ Қоңырорпаға тоқтауда. Зерттеушілер, соның ішінде түбектің айтулы шежірелерінің бірі Алшын Меңдалиев Мұрынның ататегін былайша таратқан: Адай – Келімберді – Мұңал – Жаулы – Жарыс – Кеще (Мұрат) – Қожағұл – Құлқара – Айғыр (Алғыр) – Сеңгірбек – Мұрын (Тілеген). Ол 1954 жылы 29 тамызда дүние салды. ФортШевченко қаласы жанындағы Сислам ата зиратында жерленген. Мұрынның əкесі Сеңгірбек, атасы Алғыр, тетелес ағасы Төлеген өз өмірлерін ұсталыққа, зергерлік кəсіпке арнаған.

─ 176 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Туған əкесі Сеңгірбек Мұрынды жас кезінен қасында ұстап, ұсталық, зергерлік өнерге баулиды. Бірақ, Мұрын бала кезінен сөз, əн-күй өнеріне қатты құмар еді. Оның бұл қасиетін елден бұрын байқаған анасы Қалдыкөз (Қалдықыз) еді. Тек байқап қоймай, баласының халық қазынасы: өлеңжырларға, əн-күйге, аңыз-ертегілерге қаныға түсуіне игі ықпал етеді жəне анасы да бұларды көп білетін, ырғақсазымен айтып отыратын. Сөйтіп, болашақ ұлы жырауға оларды үйретуден жалықпайтын. Ұлын жеті-сегіз жасынан жиын-тойларға ертіп барып жүретін. Осылардың арқасында бала Мұрын сөз өнеріне біржола беріле бастайды. Шешесі Төлегеннен соң көпке дейін балалы болмай, он жылдан кейін көрген ұлының атын Тілеген деп қойған. Мұрын жыраудың 10 жас үлкен ағасы Төлеген дəулескер домбырашы болған. Атақты Айжан қызбен домбыра тартысқан. Құрманғазымен кездескен, артына “Айжан қыз”, “Шашбауқақпай” атты тамаша күйлерін қалдырған Айжан ауылының қонысы – Жем бойы. 1868 жылдан бастап патшаның отарлау саясатына қарсы шығып көтерілген бұл ел 1875 жылы Тəжікстанға қоныс аударады. Солардың ішінде Айжан қыз, Қалнияз ақынның ауылы да кетеді. Бір жағынан, жауынгер сарбаз, патшаның Дəукескен қамалын алуда көзге түскен ер, екінші жағынан, Махамбет сияқты жорық ақыны əрі сазгер Қалнияз Шопықұлының елін, жерін сағынған өлеңдері бізге кейінірек баласы Қортан жырау арқылы жетті. Қалнияздың “Жорық күйі” дейтін күйі мен Айжан қыздың “Шашбауқақпай” күйін 1986 жылы Қабиболла Сыдиықұлы Тəжікстан қазақтарына барған іссапарынан жазып алып келді. Айжан өте сұлу, кербез адам болыпты. Қыз күнінде киген сəукелесін келін болып түскен соң да тастамаған. Домбыраны көбіне таң құлан иектеніп атқан кезден бастап тартады екен. Онысын бұл уақыттағы саз тұнық шығады, əуені алысқа кетеді деп түсіндіреді. Төлеген солай Айжанмен бір жұма домбыра тартыстық, саусақ біткенде мұндай береннің енді болуы екіталай деумен өткен. Мұрын 16 жасында Дəметкен деген қызға үйленеді.

─ 177 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Араға жыл айнала бергенде əкесі Сеңгірбек қайтыс болады. Енді отбасының күнкөрісі Мұрынға түседі. Бірақ, Мұрындай жас жігіттің сөз өнеріне аңсары ауа береді, үй іші жəне шаруашылық қызмет-тіршілігіне “қолы тимейтін” болады. Өңі тұрмақ, түсінде де домбыра шертіп, жыр жырлап шығатын болған. Қабиболла Сыдиықұлы жазып кеткендей, өлең-жырсыз отыра алмайтын күйге жетеді. Тек анасы емес, əкесі Сеңгірбектің де ескілікті жыр-əңгімелерге үйірсектігі ұлының бойында өшпес із қалдырғаны жайлы біраз деректер келтіріліп жүр. Патша өкіметінің отарлаушылық саясатына негізделген іс-əрекетіне көнбеген Маңғыстау халқы 1870-1873 жылдары көтеріліс жасағаны белгілі. Көтерілісті патша өкіметі күштеп басады. Көтерілісшілерге қару жасаумен шұғылданған, керек десеңіз найза, қылыш, мылтық жасауға дейін барған шеберге отарлаушылардың қандай көзқараста болары айтпаса да түсінікті. Түбектің бірқатар ауылдары Хиуа хандығы аумағына, өзбек, түркімен, қарақалпақ аумақтарына қоныс аударады. Күйзеліске ұшыраудың салдары осы болатын. Қарақалпақ жеріне əкесі Сеңгірбектің отбасы да ауған. Халық дүрбелеңге шыққан 1870 жылы бала Мұрын, болашақ ұлы жырау 11 жаста екен. Араға он жыл салып, 1880 жылы Бозашы түбегіне, туған жеріне оралады. 1897-1899 жылдары, қайтадан қарақалпақ жеріне көшіп барып, Хожеліде тұрады. Хожеліде өткізген екі жыл ішінде екі ұлы қайтыс болады. Оның алдында Дəметкеннен көрген алты баласының үшеуі дүние салған-ды. Сөз жоқ, мұның бəрі өте ауыр қайғы. Рухы биік Мұрын жыраудың өзі қайғы-күйіктен шөккендей күйге түседі. Ел алдында жыр айтуға зауқы соқпай қояды да, туған жері Маңғыстауға қайта көшеді. Бұл жолғы қонысы ФортШевченко қаласы болып еді. Қала іргесінен тау-тастан үш бөлмелі үй жəне ұста дүкенін тұрғызып алады. 1907 жылы зайыбы Дəметкен дүние салып, жалғыз қызы Тұрлан екеуі ғана қалады. Одан кейін алған əйелі Жанша (Жансалқам) 1940 жылы дүние салады. Сосын, жалғыз қызы Тұрлан мен күйеу баласы Дүйсенбайдың қолында болады. Бұлар Форт-

─ 178 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Шевченкодан 16 шақырымдай Асан дейтін жерді мекендеген. Теңіз беттегі аласа үй еді. Бұл үй Киров көшесінің 20-шы үйі аталынды. Даңқты жыраудың жарты ғасыр өмірі осында өткен деседі жергілікті өлкетанушылар. Мұрынның өз сөзімен айтқанда, “Осы кезден бастап, жыр, əңгімені тек əдейі шақырған жерде, əдейі ұйымдастырылған жиындарда айтатын болдым”. Бір ескере кетер жай мынау: академияға Мұрынның өзі 1942 жылы Н.Ұйықбаев арқылы жолдаған өмірбаянында 1859 жылы, ал 1949 жылы жіберген материалдарында 1860 жылы 15 қаңтарда тудым деген дерек бар. Жыраудың бейіті басындағы құлпытаста Мұрын Сеңгірбекұлы 1860 жылы туып, 1954 жылы тамызда дүние салғаны көрсетілген. Мұрын жыраудың баласы Дəуітбай Мұрынұлы бұл күндері Ақтау қаласы іргесіндегі Дəулет елді мекенінде, Мұнайлы ауданында тұрады. Мұрынның кіндігінен тараған ұл перзенттері қарақұлақ болар шақтарында көз жұмады. Сонсоң өзінен тұяқ қалмайды да Тұрлан деген қызынан туған жиені Дəуітбайды өз атына жаздырып, бала қылып алған. Сексеннің сеңгіріндегі Дəуітбай Мұрынұлымен 2009 жылдың сəуірінде оның құттыханасында болып, дидарластық. Аса талантты ата Мүрекең жөніндегі материалдар жəне деректермен таныстырды дейді Қабекең. Дəуітбай Мұрынұлы əкесінің ұлттық рухының ғажап жоғары екенін айтады. Қазір ақсақалдық жастағы ол əкесі Мұрын Сеңгірбекұлымен 1942 жылдың 22 маусымында Форт-Шевченкодан Алматыға аттанған. Алматыға жету үшін алдымен облыс орталығы Гурьев қаласына (қазіргі Атырау)аяқ іліктіреді. Мұнда Мұрын жырау мен оның баласын Нəдір Шапағатов бастаған бір топ жігіт қарсы алады. Нəкең облыстық мəдениет басқармасының бастығы болып істейтін. Ол кісі жыраудың қасына оның баласынан естиярлау, əрі өнерлі жерлесі Икембай Өтепбергеновті қосып, астанамызға жолаушы пойызымен шығарып салады. Мұрын жырау тобы жеті тəулік жол жүріп, көрген де арманда, көрмеген де арманда боп келген күллі Қазақстанның бас қаласына табан

─ 179 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР тірейді. 1942 жылдың маусым айының аяғы емес пе, үп еткен желі жоқ Алматы аспанын күн ыстығы қуырып тұрды. Қазақтың астанасына арнайы шақырумен келу бақытына ие болған Маңғыстаудың қара шалы қайтіп қуанбасын, қайтіп шалқып тасымасын?! Бұрынғының жолымен жыршумақтарын түйдек-түйдегімен ағытып алып, құшақ жая қарсы алған Е.Ысмайылов, Н.Сауранбаев, басқа да толып жатқан əйгілі ғалым, қаламгерлерді бұл да еміріне бірінен соң бірін бауырға басқан. Рас, Мұрын ата оларды сол бойда атаптүстеп тани алмаған. Кейіндеу, қонақ үйлерде, басқа орындарда кең отырып, шешіліп сөйлесіп дегендей танысып, алуан-алуан сыр шертісті. Реті келгенде əзілін жыр жолдарымен жарасымды ұшқындатып жіберген. Сексеннің сеңгіріндегі жыраудың шау тарта қоймағанын алматылық үлкен əдебиетшілер, ғалымдар сонда бір байқап білген. Жырауды сол кездің белді қаламгері Бозтай Жақыпбаевтың қонақжай шаңырағына орналастырады. Жырауды күтуші қызметкер ұсталады, олар тұрмыстық қызметті сөз келтірмей атқарған. Осылайша, Алматыда жырау “Қырымның қырық батыры” туралы эпопеялық жырды 1942 жылдың аяғына дейін жырлаумен өткізеді. Əдебиетшілер мен ғалымдар оларды толық жазып алуға үлгере алмайды. Сөйтіп, “Қырық батырдың” отыз алтысы жазылып алынады. Ал қалған төрт батыр туралы кесек-кесек жырлар тарауларын Маңғыстауға, туған жерінде білім-сауаты жеткілікті кісілерге жаздырып, пошта арқылы жіберуге уағдаласады. Дəуітбайдың көрсетуінше, осы келісіммен бұлар Алматыдан Форт-Шевченкоға, ауылдарына қыс ортасында аман оралған. Жырауға “Еңбегің алладан қайтсын” деген игі тілегін айтып, он бес мың сом ақшаны сыйақыға ұсынған. Өрен жүйрік жырауға жеке-дара құрмет белгісін Қазақстан Республикасының басшысы Нұртас Оңдасынов, классик жазушыларымыздың бірі Сəбит Мұқановтар танытқан. Екеуі де Мұрын жырауға өздерінің құттыханасы төрінен орын беріп, қазақи салтпен сыйсияпат көрсеткен. “Маңғыстаудың ғана емес, Қазақстанның Гомерісіз” деген бағаны ұлы жырау сонда естіген.

─ 180 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы төрағасының орынбасары Қ.Сəтбаев пен Қазақ филиалы Тіл, əдебиет жəне тарих институтының директоры Н.Сауранбаев Қазақ КСР Халық комиссарлары советінің Төрағасы Н.Оңдасыновтың атына 1942 жылдың 12 қаңтарында хат жазып, онда Мұрын жырау Сеңгірбекұлының жырларын стенографияға түсіріп алуды өтінген. “1939 жылғы диалектологиялық экспедицияның есебі бойынша СССР Ғылым академиясының Қазақ филиалына “Қырымның қырық батырын” айтатын көнекөз жыраудың есімі мағлұм болған еді. Бірақ, осы уақытқа дейін белгісіз себептермен, филиал тарапынан бұл жырларды жазып алу мақсатында ешқандай шара қолданылған емес”, деп басталады хат. Одан əрі былайша жалғасады: “1941 жылдың қараша айының басында Қазақстан Комунистік партиясы Орталық Комитетінің секретары Бұзырбаев жолдастың мақұлдауымен СССР Ғылым академиясының Қазақ филиалы Қазақстанды зерттейтін қоғаммен бірлесе отырып, қазақ əдебиетінің тəжірибелі жинақтаушысы А.Хангелдин жолдасты Маңғыстауға жіберген болатын. Ондағы мақсат – аталған фактінің ақиқаттығына көз жеткізіп, мүмкін болған жағдайда жергілікті жердің өзінде-ақ сол жырларды толықтай жазып алу шараларын ұйымдастыру еді. Хангелдин жолдас Форт-Шевченко қаласында бір жарым ай болып, Алматыға оралғанда аталған жырау жайлы жəне оның жырлары хақында барынша толық мағлұматтар алып қайтты. 1. Жырау Мұрын Сеңгірбекұлы қазір 81 жаста. Ол адай руынан шыққан. Бұл күнде ол Форт-Шевченко қаласының Киров көшесіндегі №76 үйдегі күйеу баласының қолында тұрады. Ара-тұра зергерлікпен айналысады. 2. Өзінің жəне онымен замандас қариялардың сөзіне қарағанда, Мұрын Сеңгірбекұлы “Қырымның қырық батыры” туралы жырды жырлауды 18 жасында меңгерген майталман жыршы. Ұзақ жылдар бойы ол осы жырды айта жүріп, бұрынғы

─ 181 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Бұхара, Хиуа əмірлерінің қол астындағы Амудария мен Сырдарияның аралығын қоныс еткен елдерді, Каспий мен Қара теңіздің оңтүстік жағалауын мекендеген халықтарды аралап шығады. Өзін осы елдердің арасына танымал еткен ол есейе келе қазірге дейін жұрт ілтипатпен атайтын Мұрын жырау деген құрметті атаққа ие болады. Əйтсе де, қартая келе Мұрын жырау бұрынғы даңқынан айырыла бастайды. Ол қазіргі соңғы буын өкілдерінің арасында тіптен белгісіз. “Қырымның қырық батыры” жайлы жырдың дүниеге келуі турасында Мұрын жырау қария мынандай жайды мəлімдейді: бұл жырлардың бірінші шығарушысы – осыдан шамамен 500 жылдай бұрын өмір сүрген Сыпыра жырау. Сыпыра жырау өзінің бұл туындысын жаңа ұрпақ өкілі Абыл жырауға аманат еткен. Абыл жырау болса өзінен кейінгі Нұрым жырауға, ал ол – төртінші буынның өкілі Мұрын жырауға аманат етіп қалдырған. Одан аталған жырларды үйреніп қалған бесінші буыннан əзірге ешкім де жоқ. Көзімен көргендердің (Хангелдин, Жақыпбаев жолдастардың) айтуынша, “Қырымның қырық батыры” ерекше құнды, көлемді мəдени мұра. Бұл тұрғыда мына жайлар осыған дəлел бола алады: “Қырымның қырық батыры” туралы жыр қырық тараудан тұрады, оның əрқайсысы жеке-жеке батырларға арналған. Сонымен бірге бір батыр екінші батырдың ұрпағы болып жырланады. Сондықтан қырық батыр жайлы жырлардың жиынтығы – тегі мен композициялық құрылымы жағынан өзара тығыз байланысты. “Қырымның қырық батыры” туралы жыр деп аталатын жырлар жиынтығы өзінің құрылысы жағынан қырғыздың белгілі “Манасын” еске түсіретін, бірақ көлемі бойынша одан екі есе үлкен, қалыпқа түскен тұтас бір мəдени дүние… Аталған мұра көлемі жағынан Шығыстың ұлы туындысы – “Мың бір түннің” өзін кейінге қалдырады. Бұл жырлардың мазмұны, сюжеті мен композициясы ерекше назар аударуға лайық. Шет жерлік басқыншылардың шабуылынан елін қорғаған батырлар ерлігі əр жырда да жырланады. Батыр мұнда халқының қорғаны, жат жұрт езгісінен азат

─ 182 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ етуші қаһарманы ретінде көрсетіледі. Ержүректілік, əділдік, ақылдылық, туған халқына деген махаббат секілді қасиеттер оларға тəн болып келеді… …Жырда мына батырлар негізгі қаһармандар ретінде көрінеді: 1. Ала тайлы Аңшыбай батыр 2. Оның ұлы Баба түкті Шашты Əзиз бен Ер Көкше жəне Ер Қосай. 3. Парпария батыр 4. Оның ұлы Құттықия батыр ІІ 5. Оның ұлы Едіге батыр 6. Оның ұлы Нұрадын батыр 7. Оның ұлы Мұса батыр 8. Оның ұлы Матай батыр 9. Оның ұлы Орақ батыр 10. Орақ батырдың ұлы Қарасай 11. Оның ұлы Қази батыр 12. Оның ұлы Қарадөң батыр 13. Оның ұлы Жұбаныш батыр 14. Оның ұлы Сүйініш батыр 15. Оның ұлы Ертегіс батыр ІІІ 6. Оның ұлы Ер Көгіс батыр 17. Оның ұлы Тама батыр 18. Оның ұлы Тана батыр 19. Оның ұлы Нəрік батыр 20. Оның ұлы Шора батыр 21. Ақжонас батыр ІV 22. Оның ұлы Кеңес батыр 23. Оның ұлы Жанбай батыр 24. Жаңбыршы батыр V 25. Оның ұлы Телағыс батыр VІ 26. Шынтас батыр 27. Оның ұлы Төрехан батыр 28. Қарғабойлы батыр 29. Бозтуған батыр 30. Оның ұлы Манаш батыр

─ 183 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР 31. Оның ұлы Тұяқбай батыр 32. Айса батыр 33. Оның ұлы Ахмет батыр 34. Алау батыр 35. Тоған батыр 36. Темір хан батыр 37. Əділ батыр 38. Сұлтан керім батыр 39. Оның ұлы Шырман батыр 40. Қобыланды батыр. Бұл тізімнен біздің байқағанымыз, бұған дейін бізге белгілі қазақ батырлары жайлы жырлар осынау қырық батыр туралы шұрайлы топтаманың жеке бір үзінділері секілді əсер қалдырады. Мұндай құндылығы ерекше мұрадан көз жазып қалу тіптен де кешірімсіз жай екендігі белгілі. Сондықтан жасы жеткен жырау əзірше тірі тұрған кезінде, мүмкіндігінше тездете отырып, бұл жырларды толық көлемде жазып алып, қазақ халқының, сондай-ақ Совет одағын мекендеген өзге халықтардың мəдени игілігіне айналдыру қажет. Мұрын жырау жырларын əдеттегі əдіспен жазып алуға мүмкін еместігіне Хангелдин жолдастың сапары көз жеткізіп отыр. Өйткені, ол бұлақша құйылып тұрған жырлардың бірде-бірін домбырасыз айта алмайтын кісі. Мұрын жырау жырларын тек стенограммамен ғана хатқа түсіріп алуға болады, ал Форт-Шевченко қаласында ондай жағдайға мүмкіндік жоқ. Жыраудың жасының əбден ұлғайғандығын, жырларының айрықша құндылығын ескере отырып, бұл шаруаны жедел түрде іске асыру қажет. Мұрын жыраудың (жолбасшысымен) Алматыға келуіне, жырларды жазып алу шараларын ұйымдастыруға деген қаржы 8-10 мың сом мөлшерінде белгіленіп отыр (жазып алу жұмысына кем дегенде 10 ай кетеді). Сондықтан, айрықша құнды да сирек кездесетін қазына – өзінің бағалығы жағынан қырғыздың “Манасынан да” асып түсер дүниежүзілік маңызы бар халық эпосынан мəңгілікке

─ 184 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ айырылып қалу қаупі төніп тұрғанда, тіптен, қазіргідей соғыс кезінің өзінде де бұл шаруаны жүзеге асыру қажет жəне ол мұны ақтайды деп есептейміз. Сондықтан біз Сізден: 1. СССР Ғылым академиясының Қазақ филиалының Мұрын жырауды Алматыға жедел шақыру жөніндегі пікірін қолдай отырып, Қазақ ССР Халық комиссарлары советінің атынан Маңғыстау аудандық советінің председателінің атына Мұрын жырауды сенімді кісі қосып (күйеу баласымен) Алматыға кідіртпей жеткізу жөнінде телеграмма беруді өтінеміз. 2. “Қырымның қырық батыры” туралы жыр атанатын уникальды қазақ эпосын жаңғыртуды ұйымдастыру үшін Қазақ ССР Финанс комиссариатына СССР Ғылым академиясының Қазақ филиалының есебіне 1942 жылға он мың сом қосымша қаржы бөлдіртуіңізді сұраймыз”. Хаттың соңына Қ.И.Сəтбаев пен Н.Т.Сауранбаев қолдарын қойып, мөрмен куəландырған. Хатты баспаға 1986 жылы түбегімізден шыққан белгілі ғалым Қ.Сыдиықов дайындаған (“Қырымның қырық батыры”, Алматы, 2005 жыл, 450-452 бет). Мұрын Сеңгірбекұлы түркі халықтарының бірнеше тілін меңгерген. Мысалы, түркімен халқының “Көроғлы” атты көлемді дастанын сол халықтың өздері таңдай қағып тыңдайтын деңгейде орындап отырған. Араб елінің Рамуз патшасы жəне парсының Ысырау (Қысырау) патшасы туралы əйгілі “Оғыз” жырларын жақсы білген жəне тамаша орындаған. Өкінішке орай, бұл соңғы үшеуі жыраудың мұражай қорларында кездеспей келеді. Жалғыз бұлар емес. Айталық, Мұрын жырау 1949 жылғы 8 тамызда академияға өз өмірбаянының толығырақ нұсқасын жіберген. Осы хатқа жырау өзі білетін мұралардың тізімін қосқан. Олар мыналар: 1. “Қырымның қырық батыры” туралы əңгімелер мен жырлар; 2. Түркіменнің “Көроғлы батыр” туралы жыр, əңгіме;

─ 185 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР 3. Араб елінің Рамуз патшасы, Ысырау (Қысырау) патшасы туралы жыр-əңгімелер; 4. Бұрын Маңғыстауды жайлаған “Жеті жұрт” туралы əңгіме; 5. Адайдың Маңғыстауды мекен етуі туралы; 6. Баймəмбеттің ауасы (ауа көшуі, елдің көшуі, қоныс аударуы) туралы, яғни Маңғыстау халқының патша өкіметінің отарлау саясатына көнбеуі, салық төлеуден бас тартуы, шаруалар көтерілісі туралы; 7. Адайдың Абылдан кейінгі атақты ақындары: Нұрым Шыршығұлұлы, Ақтан Керейұлы, Қашаған Күржіманұлы туралы əңгімелер. (“Қырымның қырық батыры” 2005, 18-бет). Жырау жасының ұлғаюы, жергілікті жердегі жанашырлардың не тіл, əдебиет институтының арнайы өкілдері арқылы құнттап жазып ала алмауы салдарынан тізімде аталған мұралар түгелдей хатқа түсіп үлгермеген сияқты. Қазір көзі тірі Дəуітбай Мұрынұлы мынадай дерек келтіреді: – 1947 жылы Қазақ ССР Халық шығармашылық үйінің шақыртуымен əкемізбен екінші рет Алматыға келдік. Сөйтіп, астанада бір ай жиырма үш күн болдық. КазГУ-де Мұрекеңді жырлатты. Ал енді Халық шығармашылық үйі Мұрын жырау айтуынан не жазып алды? Олар қайда? Бұларға əзірше ешқандай жауап жоқ. Иə, Мұрын жырау туралы, оның арқасында сақталып қалған өлмес шығармалардың тағдыры туралы басын аша түсер əңгімелер жетіп артылады жəне оларды алдағы күндер үлесінде дейік. 1944 жылы КСРО үкіметі Орта Азия фольклоры туралы Ташкентте бүкілодақтық конференция өткізді. Конференцияға он бес одақтас республикадан, Мəскеуден қатысқан атақты ғалымдар, жазушылар “Қырымның қырық батыры” эпосының дүниежүзілік маңызы бар деген қорытынды шығарды.

─ 186 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Əдетте, мұндай ұлы тұлғаларды қалыптастыруда көбінесе тарихи жағдайлар белгілі рөл атқаратынын ғалымдар назарға алып отырады. Ұлы жырау қазақ қоғамының басынан өткен тарихи оқиғалардан əбден құлағдар боп өскен. Ал XІX ғасыр белесінде Маңғыстау өлкесі, Орта Азия, Қазақстан аумақтарын қамтыған қоғамдық өмірдің күнгейі мен беткейі жыраудың жан-жүрегінен, ақыл-ойынан өтіп, қорытынды жасалған. Міне, осындай дүниежүзілік тарихи орта Мұрын жыраудың да азамат, ақын, күрескер ретінде қалыптасу ортасы болған. Бірақ, жырау естіп білгендерін бір құлағына кіргізіп, екінші құлағынан шығарып салушы жай ғана көптің бірі емес. Ол бұларды ақыл елегінен өткізіп, ақылына ақыл қосуға ұмтылған. Сол арқылы ұлы Абайдың “Болмасаң да ұқсап бағына” жүгініп, абыз аталарға ұқсап бағуға ұмтылған. “Қырымның қырық батыры” туралы эпопеялық туындысы Мұрынның бүкіл өмір бойы төккен терінің, үздіксіз творчестволық ізденісінің жемісі. Ғасырлар бойы қырық бір батыр туралы жыр ел аузында шашыраңқы күйде айтылып келсе, аса дарынды тұлға болмаса, қырық бір жыр поэмалардың бəрін біртұтас эпопеялық шығарма деңгейіне жеткізу мүмкін емес еді. Міне, осындай аса күрделі де жауапты міндетті орындау Мұрын Сеңгірбекұлының үлесіне тиді. “Қырымның қырық батыры” атадан-балаға ұласып келе жатқаны белгілі жəне өте көлемді жырлар топтамасының негізін салған Сыпыра жырау болғаны айтылады. Бұл пікірлер негізсіз емес. Қыпшақ елінде XІV ғасырда болған араб саяхатшысы Ибн Батута қалдырған жазбалардың бірінде Жайық бойындағы Сарайшық қаласында қарт жырау тұрғанын көрсеткен. Академик Əлкей Марғұланның пікірінше, Сарайшықта тұрған жырау осы Сыпыра жырау болуы керек. Ол өмірінің бірқатарын Маңғыстауда өткізіп, кейін Сарайшыққа қоныс тепкен. Оның өмір сүру дəуірі мен мекеніне қарағанда, ноғайлардың сол Жем мен Жайық, Үстірт пен Маңғыстау маңында болғандығын ескерсек, осы

─ 187 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ұлы жырау ноғайлы жырларының негізін салушылардың бірі – Сыпыра жырау болуы əбден ықтимал (“Қырымның қырық батыры”, А.,2005, 11-бет) “Қырымның қырық батыры” туралы жырларда Сыпыра жырау абыз ата бейнесінде суреттеліп отырады. Бұл – баба жырауға деген терең алғыс сезімі болса керек. Көне ноғайлы жырларын, “Қырымның қырық батырын” Сыпыра жыраудан кейін оның талантты шəкірттерінің үлесі бар ғаламат туынды десе болар. Ондай дарынды шəкірттер қатарына көне Маңғыстаудың, Атырау өлкесінің ақиық ақын-жыраулары Абыл, Қалнияз, Мұрат, Нұрым, Қашаған, т.б. жататыны талас туғызбайды. Ал жыр сүлейлерінің шығармаларындағы көркемдік өрнектер Мұрын жыраудың туындыларында айқын байқалады. Мұрын Сеңгірбекұлының əдебиеттегі осы тұстағы орны мынада: атам заманнан бері келе жатқан, Абыл, Маралбай, Есенбек, Қуан, Көшелек, Жаскілең, т.б. ақындар жырлап, бұлардан қалған сала-сала батырлық жырларды өмір бойы топтап біріктіріп, желі-желі жүйемен өрбітіп, “Қырымның қырық батыры” күйіне, біртұтас дүние деңгейіне жеткізе білуінде. Сонысымен Мұрын Сеңгірбекұлы – қайталанбас тұлға, сонысымен қырық батыр – жыраудың қырық батыры болып есептеледі. 1942 жылы ғылым əлеміне белгілі болған Мұрын жырау Сеңгірбекұлы жырлаған «Қырымның қырық батыры» жыры зерттеушілердің назарын үнемі өзіне аударып келеді. Жиырмасыншы ғасырдың басына дейін ел өмірінде ерекше орынға ие болып келген эпос жанрының маңызы əдебиетшілер үшін тəптіштеп айтпаса да түсінікті. Ал, заман ағымына сай сырт көзге мағына-мəнсіз саналатын фольклордың маңызын С.Қасқабасов былай түсіндіреді: «Фольклордың үш сипаты бар: а) фольклор – ежелгі дүниетаным жəне көне мəдениет, əрі мұра; ə) фольклор – тұрмыстың бір бөлшегі; б) фольклор – сөз өнері» . «Қырық батыр» жырының əдеби маңызына келетін болсақ, батырлық жыр өзінің аты айтып тұрғандай «қырықтық» деңгейіне жетіп, фольклорлық тұтастанудың көп сатысынан өткен əлемдік масштабтағы эпикалық

─ 188 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ дастандардың құймасы болатын. Бір қарағанда белгілі бір дəуірдегі халық дүниетанымын, арман-тілегін көрсететін жырлар секілді көрінетін мұра бойына бірнеше ғасырлық дəуір болмысын, халықтар санасын, тілдік ұғымдар шоғырын беріп, тарихи, мəдени оқиғалар шежіресінен сыр шертеді. Ноғайлы жырлары атымен белгілі «Қырымның қырық батыры» туралы Ə.Қоңыратбаев мынандай пікір айтады: «...қазақтың эпостық жырларының сюжеттік арқауы мен оның жырлану дəуірін шатастыру бар. ...Мұрын жырларының арқауы, сюжеті түгелдей ноғайлы заманының шеңберіне симайды. Оның сюжеттерінің ішінде X-XI ғасырлардан бергі көп заманның тарихи уақиғаларының жиынтығы суреттелетін сияқты. ...Сюжетінің ескілігі, адам, жер аттарының шыншылдығы, дін, миф сарындарының аздығы жағынан Мұрын жырлары ерекше көзге түседі» Ғалымның 1948 жылы аңғарған мəселелері əлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Бұл жырлар туралы көптеген еңбектер жазылғанымен де, шығарманың жүгінің көп салалылығы күні бүгінге дейін «жырды» толығымен, жан жақты зерттеп біттік деп айтқызбай отыр. Мұның себебін көрнекті эпостанушы ғалым Рахманқұл Бердібайдың мына пікірінен түсінуге болатын тəрізді: «... «Қырымның қырық батыры» жөнінде жаңа зерттеулер керектігін мойындаймыз. Мұндай ұланғайыр қазынаның маңызын ашып талдау үшін бір емес, бірнеше іргелі еңбектер жазылуға тиіс. «Қырымның қырық батыры» туралы қалам қозғағандардың қай-қайсысы болса да алдына осы мəселені ақыр-тақыр таусып айтамын деп міндет қоя алмайды. Өйткені бұл жырлардың көлемі ғана емес, қамтыған оқиғалары да өте сындарлы. Сондықтан əрбір зерттеу мақаланың өз алдына қойған нақтылы нысанасы болмақ». «Қырымның қырық батыры» жырының отандық фольклористика ғылымындағы зерттелу деңгейі туралы ғалымның пікірі төмендегі деректерден де айқын байқалар деп ойлаймыз. Атап айтқанда, «Қырымның қырық батыры» туралы зерттеулердің бір қатарын жарық көрген

─ 189 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР жылдарына қарай талдауға тырысамыз. «Қырық батыр» жыры туралы ең алғашқы пікірлер сол 1942 жылдың 19 шілдесінде Тіл, əдебиет жəне тарих институтының директоры Н.Сауранбаевтың «Социалистік Қазақстан» газетінде жариаланған «Халық өнерінің қазынасы - Мұрын жырау» деп аталатын мақаласында: Маңғыстаулық Мұрын жыраудың қырық батырдың ерлігі туралы жыр білетіндігі, əр батыр туралы жырдың үш күннен бес күнге дейін жырланатындығын, жалпы жырды толық айтып шығу үшін 6 жарым ай уақыт кететіндігі айтылады. Автор Мұрын жыраудың айтқан сөзіне сүйене отырып бұл жырдың шыққанына 500 жылдай уақыт өткенін, яғни XV ғасырдан бері жырланып келе жатқандығын, ең бастапқы шығарушысы атақты Сыпыра жырау болғандығы, оны Абыл, Нұрым, Қашаған сияқты жыраулар жалғастырғандығын жазады. Жырдың ең сонғы жырлаушысы, таратушысы болған Мұрын XIX ғасырдың 80 жылдарынан бастап жыршы болып, өзінің алдындағы ұстаздарынша , қырық батыр туралы жырды ел аралап, айлап қонып жатып айтатын болған. Автор бұл жырдың қысқаша мазмұнына тоқталып, оның қазіргі қазақ жерінде болған ұлы тарихи оқиғалардан құралатындығын, негізінен Алтын Орданың ыдырай бастаған кезеңіне арналғандығын, сол кездегі түрлі басқыншы жауларға қарсы елді қорғаған батырлар туралы жыр екендігін жазады. Автордың пікірінше жырдағы батыр «Тек қара күштің қазынасы ғана болып айтылмайды, халықшыл, көпшіл, данышпан, ақылды, саналы кейіпкер болып айтылады». «Бұл жыр толығымен қағазға түсірілсе, көлем жағынан дүниеде ең бірінші ірі нұсқа болмақшы. Қырғыз халқының Манасынан, қалмақ халқының Жəңгірінен əлденеше есе үлкен, əлденеше рет көлемді» дей келіп, Н.Сауранбаев жырды тыңдаған Қ.Сəтбаев, М.Əуезов, С.Мұқановтардың жырға өте жоғары пікір білдіргендігін хабарлайды. «Жырдың» тарихымызда қалуына көп еңбек сіңіргеңдердің бірі болған академик Н.Сауранбаев мақаласының соңында: «... Мұндай халық өнерінің қазынасын қалайда жазып алып, халықтың рухани

─ 190 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ азығы ету, оның үстіне қазақ халқының тарихын, əдебиетін, тілін тарихи зерттеу үшін бұл қазынаны толық пайдалану» қажет дейді. Бұдан «Қырық батыр» жырының ең алдымен қазақ тарихының төл дерегі екендігін сол кезде-ақ дəл ұғып, түсіне білген ғалымның «жырды» тарихи тұрғыдан зерттеу керектігі туралы идеяның тұңғыш иесі болғандығын көрсетеді. 1960 жылы жарық көрген «Қазақ əдебиетінің тарихы» деп аталатын еңбекте де Мұрын жырау репертуары туралы мəселе көтеріледі. «Бұрын М.Ғұмарова батырлық жырларды «...тек əдебиеттік мұра емес, қазақ халқының өткендегі тұрмысынан-экономикасынан, қоғамдық тарихтың болмысынан, шаруашылығынан бағалы деректер бере алатын құнды материал» деп сипаттайды. Мұрын жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы алғашқы кандидаттық диссертацияны филология ғылымы саласынан 1965 жылы зерттеуші С.Садырбаев дайындаған болатын. Дəлірек айтқанда, жырдың «Қарадөң батырдың ұрпақтары» деген циклімен, жеке батырлар туралы бөлімінен «Қосай», «Ақжонасұлы Ер Кеңес», «Манашұлы Тұқбай» атты жырларын зерттеуге алды. Ғалымның жырау туралы ізденістері əр жылдары жарық көрген ғалым зерттеулері мен монографияларында жарияланды. Зерттеудегі бір назар аударалық мəселе жыраулық мектеп туралы ойлар. Орта Азия, Еуропа жырауларының тарихынан жырау атаулының көпшілігі белгілі бір ұстаздықтың мектебінен өтеді. «Тіпті, кейде бір ұлттың географиялық, этнографиялық ерекшеліктеріне қарай аймақтық жыраулар мектебі болған. Мəселен, VII-VIII ғасырларда Гомердің рухында Грецияның Хиос, Делос, Крит, Беотия, Афина қалаларында аэдтер мектебі қалыптасқан. Саламин, Спарта, Сикион жерінде рапсодтар [үзік-үзік жыр жаттаушылар] ағымы да қанат жайған. Сол сияқты Өзбекстандағы белгілі жырау Фазыл Юлдашевтің он бір шəкірті, ал Эргаш Жұманбұлбұлоғлынның жиырма шəкірті болған». Сол сияқты

─ 191 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Мұрынның да жыраулықты «...он сегіз жасынан бастап, домбыра тартып, жыр айттым. Атақты ақын, жырауларға көп еріп, жыр үйренген ұстаздарым адайдың Нұрым, Қашаған деген ақындары еді; Нұрымға төрт ай, Қашағанға төрт-бес жыл жолдас болдым. Ноғайлық жырларын солардан үйрендім» деп айтқаны мəлім. Зерттеуші ғалым С.Садырбаев жырау жырларының əдеби маңызына, қазақ əдебиетіне қатысына, жыршы, жырау терминдері мəніне тоқтала келіп, негізінен жырдағы тұтастану құбылысына тоқталған. Сонымен қатар жырларда кездесетін көптеген сөздерге этимологиялық түсіндірмелер беруге тырысып, фольклор текстерін этимологиялау арқылы түсіндіру негізін салған десе де болады. Мұрын жырау туралы ғалымдар көптеген еңбектер жазды, ол жайында кітаптар, ғылыми мақалалар жарық көрді. Атап айтқанда Е.Ысмайы-ловтың «Ақындар» монографиясында, В.М.Жирмун-скийдің «Тюркский героический эпос» еңбегінде, М.Ғабдуллин мен Т.Сыдықовтың «Қазақ халқының батырлық жыры» кітабында, Н.В.КидайшПокровская мен О.Нұрмағанбетованың «Казахский героический эпос» еңбегінде, академик С. Қасқабасовтың «Қазақ фольклорындағы тұтастану құбылы-сы» атты ғылыми жұмысында, Қ.Сыдиқұлының «Ақын-жыраулар» еңбегінде Мұрын жырау туралы айтылады. Кейінгі кезде «Қырымның қырық батырының» тарихилығы жөнінде, жеке батырлар жырының тарихилығы мен нұсқалары жөнінде, жырды тілдік этимологиялау арқылы талдау жөнінде зерттеулер мен мақалалар жазылуда. Ол зерттеушілерді атап айтсақ: С.Сəкенов, Ш.Ыбыраев, С.Қондыбай, Д.Есенжанова, Б.Қорғанбеков, жəне т.б. Бұл зерттеушілердің еңбектері зор екені белгілі, əйтсе де біраз түркі халықтарының ортақ мұрасы есептелетін «Қырымның қырық батыры» жыры қазіргі уақытта қазақ фольклорындағы, түркітанудағы өзіне тиісті орнын алды деп айта алмаймыз. Жырдың зерттелу тарихнамасы көрсетіп отырғандай, «Қырық батыр» жыры барлық ғалымдарымыздың зерттеулерін қамтитын,

─ 192 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ методологиялық жағынан жақсы қаруланған жан-жақты зерттеуді талап ететіні сөзсіз. Осы мақаланы жазуда мақалада аты аталған зерттеушілердің деректерін пайдаландық. Соның ішінде “Маңғыстау” газетінде 90-шы жылдары өлке тарихын зерттеушілердің, байырғы журналистердің бірі, бірнеше кітаптың авторы Т.Шадықұловтың қаламынан шыққан Мұрын жырау жəне баласы Дəуітбай жайлы туындылар бар. Рухани қуат күші əр адам баласына тəн. Ал оны өз деңгейінде ісімен де, сөзімен де қолданып отыру жағы, ол енді баршамызда бірдей тең болмаған. Мұрын жырау осы жағына шынашақтай бала кезінен ден қойған. Ұсталықты, зергерлікті кəсіп ретінде меңгерсе де, ес білер шақтардан өмір жайлы терең ойлануға, ізденуге бет бұра бастаған. Мұрын жігіттің өлең-жырға дегенде ықыласы мүлдем өзгеше болған, əн-жыр тыңдап отырып, əлден уақытта ұйқыдан оянғандай боп, өзіне келеді жəне жан-жағына қарап, делсал халге түседі екен. Сол рухани күш бала Мұрынға, жігіт Мұрынға, ата Мұрынға оның соңғы деміне дейін қонып өтті. Ол өмір мектебінде тəрбиеленді, дін-шариғат ілімінен білім алды, жеке рухани өмірін халықтың ертегі, əңгімелері, əнкүйі, жыр-қиссаларынан араның гүлдерден нəр жиғанындай, төзімділікпен теріп жүріп байытты.

─ 193 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ЖЫР-ЖИҺАННЫҢ ЖАУҺАРЫ (Қашаған жырау (1841-1929) творчествосы туралы аз-кем пікір) Ақындар мен жыраулардың бір-бірінен айырмашылығы кейде олардың шығармашылығындағы көркемдік болса, кейде олардың туындыларындағы ой ұшқырлығы мен ой тереңдігінде жатады. Ал, көркемдік пен ойды ұштастыра білген ақын, ойшыл ақын мəртебеге қол жеткізеді. Халықтың жүрегі мен санасында ұзағырақ өмір сүру діңгегі ақын не жыраудың ойөрісінде жататыны да адамзат тарихынан мəлім. Оған шеттен мысал іздемей қазақ əдебиеті тарихынан: Асан қайғы, Бұхар жырау, Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы, Абай, Шəкəрім, Мəшһүр Жүсіп, Тұрмағамбет сынды ақын-жырауларды тілге тиек ете аламыз. Қашаған жырау да ойшылдық қасиетімен халқының санасында ұзақ уақыт өмір сүріп келе жатыр. Сүйтіп қазақтың рухани кеңістігін байытып келеді. Қашаған қазақтың ұлттық психологиясын терең білгендігінен халқының «жетім» деген қарсы ұғымын қоғамдық қатынастағы барлық болымсыз жайттарға қарсы мəйек ретінде пайдаланады. Өйткені өзге елдерге «жетімдік» қасірет болмаса да қазақ үшін «жетімдік» асқан қасіретті ұғым. Себебі көшпенді қазақ халқына ұжымдаса өмір сүру табиғатына сай қоғамдық ортада болу психологиясы қалыптасқан ерекшелік. Жырау осындай ұлттық терең білімімен «Бұл дүниеде не жетім?» атты өлеңінде қоғамдық психологияның болымсыз қатынастардан туындаған қайғықасіретті дəл де айқын бере білген. Қашаған қазақ психологиясын дəл бере білу үшін оның кілті «жетім» сөзін саналы түрде қолданған. Себебі көптеген халықтардың жалпы

─ 194 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ мəдениетінде «жетім» сөзі ана мен əкеден айырылған сəбиге тəн ұғым болса, қазақта бір қазақ бір қазаққа мейір-шапағат көрсете алмаса жаны жүдеп жетімсірей бастайды. Сол үшін қазақта «айналайын» мен «бауырым» деген сөздерінің орны айрықша. Қазақ көппен бірге бола алмаса жетімсірейді. Сол себепті қазақ «қонақжай» халық ретінде бүкіл əлемге танымал болған. Қазақ өзінің көпшілдік психологиясына орай «жалғыз жол тапқанша, көппен бірге адас» деп те бекер айтпаған. Қашаған қазақтың қоғамдық психологиясына бағыт-бағдар беру үшін, қазақты психо-логиялық жетімдіктен сақтандыру үшін «жетім» сөзін өлеңіне ұйытқы еткен. Бұл сөз оның қазақ мəдениетін жақсы да терең білгені үшін пайдаланғаны анық. Өйткені қазақ тілінде «жетім» сөзі мағыналық ауқымы кең ұғым. Оны ұға білу үшін адам мен адам психологиясының бағына тоқтала кетейік. Адам жаратылыс табиғатында қоғаммен өмір сүру ерекшелігіне ие. Сол себепті адам баласы қоғамнан, топтан бөлініп өмір сүре алмайды. Адам қоғамдық ерекшелігіне байланысты қоғамдық ортасында өз бойындағы ғажайып дарынын да, жантүршігер қылықтарын да, əлсіз тұстарын да көрсетеді. Бір көңіл бөлетін жайт, бұндай ерекшелік өзге ұлттардан гөрі қазақ халқына көбірек тəн деуге болады. Себебі қазақтарға бұндай психологиялық ерекшелік оның тарихи жолымен бірге сіңген тəрізді. Қазақ халқының бұндай қоғамдық психологиясының ерекшелігіне сəйкес қоғамдық ортаға мұқтаж, əрі сол қоғамға керектігін сездіруге мұқтаж. Міне осыдан қазақтың қоғамға мұқтаждығы мен қажеттігі Қашаған жыраудың: «Бұл дүниеде не жетім? Кім қажетсіз болса сол жетім», деген өлең жолдарының мəнін аша түседі. Өйткені қазақтың күнделік тіршілігіндегі барлық жағымды да жағымсыз, нəтижелі де нəтижесіз, пайдалы да зиянды ісəрекеті, қимыл-қозғалысы, айла-тəсілі қоғамдағы өз орнын белгілейді. Сол үшін Абай да: «Сен де – бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та, бар қалан» деп қазақтың сондай талпынысын меңзейді. Бұл да болса Абай мен Қашаған жыраудың ой үндестігі, ой сабақтастығы.

─ 195 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Кедейлік, тағы басқа себептермен өз орнын қоғамдық ортасынан таба алмағандар өздерін қоғамға қажетсіз сезінеді. Адамдар мұқтаждық пен керексіну сезімдерін қалай, қандай жолмен қанағаттандырады деген сұраққа жауап беру аса күрделі тақырып болғандықтан бұл мақаланың мақсаты емес. Бірақта материалдық кедейлікті рухани байлық пен адами сана арқылы бақылауға ала білсе, ол адам қоғамдағы өз кетігін таба алады. Ал, керісінше жүйелі жолдар арқылы дұрыс бағытын тауып қоғамдық орнына орныға алмаған адам адасу жолына түсіп кете береді. Екінші жағынан қазақ баласы билік пен байлыққа тəуелді болып пенделік тəкаппарлық табиғатына сай қаншама қоғамға мұқтаж адам екендігін сезе алмаса қазақ ұғымына сай «жетім» күйін кешеді. Ол халқының қалаулысы да, елеулісі де бола алмайды. Ондай билер мен байлар əділетсіз қоғамдық қарым-қатынастар арқылы қоғамның соры болып, елді де жетім күйге түсіреді. Қашаған жырау ондай жағдайды «Хакімі əділ болмаса, Бұқара байтақ ел жетім», деп жырына өзек етеді. Жалпы алғанда адам қоғамға мұқтаж. Қоғам да адамға мұқтаж. Адам өз қабілетінің шектеулі екенін ұмытпау үшін ұдайы Алла тағаланы естен шығармау керек. Өйткені тек қана Алла тағала ешкімге, еш нəрсеге мұқтаж емес. Ал, барлық жаратылыс Алла тағалаға мұқтаж. Себебі Алла тағала бүкіл əлемнің жаратушысы. Құран кəрімнің Ықылас сүресінде бұл жайт Алла тарапынан анық та айқын айтылған. Осы тұста жырау адам мен табиғаттың да өзара байланысын ұмыт қалдырмайды. Жырау: «Қаптаған елі қонбаса, Жайылған малы болмаса, Көкорай шалғын жайлауы, Жеусіз тұрып сорласа, Ел қонбаған жер жетім. Ішсең суы құрсағыңа жақпаса, Адам менен мал түгіл, Қаңғырған қарсақ татпаса, Ащы дария көл жетім», деген жолдары адам мен табиғаттың болмысы бір-бірімен тоқайласып жатқанын нұсқайды. Қашаған жырау «бұл дүниеде не жетім?» өлеңінде əуелі тіршіліктің үш тірегін қатарынан анықтайды. Олар: адам, қоғам, табиғат. Одан кейін қазақ қоғамының өз заманына сай салт-дəстүріне орайластырып қоғамның көңілін ардагер қарияларға ауда-

─ 196 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ рады. Қариялардың қоғамнан оқшауланып, кейінгі ұрпаққа қажетсіз болып қалған жағдайын қазақтың психологиялық ұғымына сəйкес жетімдерге балайды. Жырау: «Жетпістен жасы асқанда, Сексенге аяқ басқанда, Жастар елеп келмесе, Келіп сəлем бермесе, Қайғысы келіп күңренген, Күнінде асыл десең де, Қартайған күнде ер жетім», деп түйіндегені де адам өмірінің бір кезеңінде көрініс табатыны да шындық. Сол себептен қазақ психологиясының өзгере қоймайтын бұл түйсігіне орай əр кезеңнің қоғамы қариялар үшін дұрыс көзқараспен қабылдаған шешімдері оларды жетімсіретпейді. Өмір жолын ерен еңбекпен өткізген қарттар егер де жаңа ұрпақтың жадында құрметке бөленіп жүрсе, алдағы қысқа өмірін жетімсіремей өткізер деген үмітпен қарттардың психологиялық ахуалы да жыраудың өлең жолдарына өзек болып отыр. Өйткені адамзат өмірінің соңғы кезеңінде елеусіз қалса, тиісті сый-сияпат көре алмаса өткен өмірінен мəн-мағна таба алмай адамдық болмысы таба болғандай күй кешеді. Елеусіз қалған қазақтың кемпірі мен шалына одан артық қасірет те бола қоймас. Қашаған жыраудың қарттар жөніндегі ой сабақтастығын мына өлең жолдарында да байқай аламыз: “Қырға шықса – белім деп, Ойға түссе – тізем деп, Келін менен балаға Қонақ болған уақытта, Басынан билік кеткен соң, Кемпір менен шал жетім”. Қашаған жырау адам мен қоғам, қоғам мен табиғат арасындағы психологиялық байланыстарды тереңдете келе, ел басшыға мұқтаж, басшы таққа мұқтаж екенін жыр еткен. Ол: «Тақтан түскен хан жетім, Басшысыз қалған шəр жетім», дейді. (шəр: шаһар-қала, ел, мемлекет) Бұл өлең жолдарында жырау хан мен мемлекеттің бір-біріне қажет екендігін нақтылайды. Өйткені хан тағында халқымен, елімен қауыша ала алады. Тақтан айрылғаны ханның елден қол үзгені болып табылады. Сондай-ақ тағы жоқ ел, басшысы жоқ ел. Басшысы жоқ ел жетім қалған ел демек. Қазақ тəрбие көрмеген адамды «бибастақ» деуі де осындай түсініктен шығады. Басы жоқ ел бибастақ елге айналады. Қорыта айтқанда Қашаған жырау өз заманының қоғамдық

─ 197 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР психологиясына терең үңіле отырып, қазақ халқы өз кеңістігінде адам болып өмір сүруге тиіс екенін, нақтылап береді. Адам баласының табиғатындағы психологиялық ерекшелігі оның қоғамға мұқтаждығы, əрі оның қоғамға керектігі. Ал, адамдар осы екі бағытта елеусіз қалса, оның салдарынан жетімсірей жүріп бақытсыздыққа тап болады. Сондай-ақ жырау адам, қоғам мен табиғаттың тағдыры бірі-бірінен ажырамас тағдыр екенін айқындайды. Сөз соңында айтарымыз: Қашаған жыраудың шығармалары психологиялық, қоғамдық, саяси, педагогикалық, тілдік, көркемдік тұрғыдан қазақ мəдениеті мен əдебиетіне қосқан үлесі үшін əлі болса жан-жақты тереңдете зерттелуге тиіс демекпіз.

─ 198 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ ИМАН ЖЫРШЫСЫ Түмен Балтабасұлы (1884-1957) хақында

Қазақ халқы үшін жыраулар өздерінің көшпенді мəдениетінде орны ерекшеленіп тұрды. Өйткені олар елінің тарихын, салт-дəстүрін, ерліктерін, мінез-құлқын, арман-мүддесін сондай-ақ иман мен нанымын өз шығармалары арқылы ұрпақтарына жеткізіп тұрған. Сол үшін күні бүгінге дейін қазақтың поэзияға, əдеби көркем туындыларына құлшынысы өзге елдермен салыстырғанда өзгешелеу болып асқақтап тұрады. Қазақтың Маңғыстау өңіріндегі жыраулардың соңғы тұяғы іспеттес Түмен Балтабасұлының шығармашылығы Сталиндік зұлмат кезең келбетіне қарамастан қазақтың биік рухы мен берік иманын бейнелейді. Сол үшін аталарымыздың асқақ рухына, бекем иманына тағзым ету біздің перзенттік парызымыз. Түмен Балтабасұлы сурыпсалма дарынымен елге танылған ақын. Түмекең шығыс поэзиясымен қатар ұлттық ауыз əдебиетінің дүлдүлдері Əбубəкір Кердері, Мұрат Мөңкеұлы, Нұрым, Ақтан, Қашаған сынды жыраулардың мектебін меңгерген ақпа-төкпе ақиық ақындар қатарында лайықты орны бар ақын. Түмекең жыраулық дəстүрінің соңғы буынның өкілі ретінде жазба əдебиетімен де сыңайласқан ақын. Ауыз əдебиеті мен жазба əдебиетінің йірімдерін, қарқыны мен əсемдігін ақынның өлеңдерін оқығанда оның сөз саптауы, бейнелеу шеберлігінен анық сезуге болады. Сондықтан Түмен Балтабасұлы Маңғыстау өңірінде өмір кешкен қазақтың жыраулық дəстүрінің соңғы тұяғы əрі қазақ поэзиясының жаңа дəуірінің бастаушы ақыны ретінде Қазақ əдебиетінде өзіндік орны бар тұлға екендігін айтуға болады. Түмекеңнің өмірі мен шығармашылығын жақсы біліп, насихаттап, жинақтап қағаз бетіне түсіріп жүрген көзі ашық,

─ 199 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР көкірегі ояу қариялар, қаламгерлер, ғалымдар, жыршылар аз болған жоқ. Олардың қатарында: Қабиболла Сыдиықұлы мен Ысқақ Шакратұлы, Тергеу Айдархан, Киев Мырзабай, Айым Еменұлы, Толыбек Ізбасар, Сафи Əжімұратұлы, Күріш Тасболат сынды аға буын өкілдерін атап айтуға болады. Түмен Балтабасұлы Маңғыстау облысы, Қызан елді мекенінде, Құмықты бауырында 1884 жылдың сəуір айында дүниеге келіп, 1957 жылы сонда дүние салып, Таушықтағы Итолы мазарында жерленеді. Түкеңнің əкесі-Балтабас, атасы – Байғара, оның əкесі – Тілеулі болған. Түкеңнің есімін – атасы Байғара «Түрікпеннің Түмені болмаса да, Түменіміз өзімізде болсын. АтыТүмен болсын»,-деп бата берген. Түкеңнің арғы атасыТілеулі жылқы дəулеті мол Маңғыстау өңірінің бай-ауқатты адамы болған болса, Байғара атасы көріпкел кісі екен. Балтабастың төрт ұлы: Шақпақ, Сейіл, Түмен, Емен. Үш қызы:Қаракөз, Қалиса, Ақбауыр болған. Өскен ауылы оның арғы атасының есімімен «Тілеулі ауылы», – деп аталған. Түмекең кішкентайынан ауылда ақсақалдар əңгімесі, қиссалары, даналық сөздеріне құмартып құлағасып, бойына сіңіріп, ойлауға бейім болып өсті. Сондай топалаң заманда қариялардың əңгімелері, жыраулардың жыр-дастандары сауаттанудың үлкен мектебі болған. Қазақ халқының қоғамындағы бұндай білім жүйесі əлемнің өзге елдерінде бомаған шығар. Өйткені онда жыр, терме, айтыс пен күй тыңдарманның нəзік сезімін, асқақ рухын, философиялық ой-өрісін, тарихи сауатын, шешендік қабілетін оятады, жетілдіреді, шыңдайды. 1927-1928 жылдардың Қоян жұты мен Сталин жұты елдің шырқын бұзады. Халықтың бар күш-қуаты қарнын тойдырып, күн көруге жұмсалады. Ешкімнің білім алып, ғылым қууға шамасы келмейді. Сондай қиын-қыстау жылдары Түмекеңнің отбасы Тілеулі аулынан Форт-Шевченко қаласына жақынырақ Түбіжік, Қанға жерлерін қоныстайды. Сонда Түмекең даладан тезек теріп, шөп шауып қалаға түйемен апарып сатуды кəсіп етеді. Сол жылдары қанша ауыр

─ 200 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ кезең болса да Түмекең ауыртпалыққа мойымайды. Оған оның сол кездері сықақ өлеңдер шығара бастағаны дəлел бола алады. Тағдырдың тəлкегіне түскен ақын 1930-1940 жылдары Маңғыстаудан Мақашқалаға жұмыс іздеп барады. Сонда құдайдың бір күні түс көреді, көрген түсін достарының біріне айтқаны сол екен, оны коммунистер идеалист дей ме? Əлде діншіл деп айыптай ма? Əйтəуір Түмекең сондай желеумен он жылға сотталып, түрмеге қамалады. Қазақ сол жылдары «отырса опақ, тұрса сопақ», – кейпінде тіршілік етіп жүрсе де сағы сына қоймайды. Бірақ озбыр жау қазақтың нұрлы бейне, биік өрісті, үлкен жүректі, ұлық саналы Алаш перзенттерін аяусыз қуғын-қырғынға ұшыратады. Содан барып Қазақ халқының ұлттық-психологиялық жаңа бір өрісі басталады. Бұдан былай жаңа бір саяси дүниетаным дəптері ашылады. Билік үшін де, зиялы үшін де жаратушы Алла санасындағы ғайып түкпіріне еніп, дүниеуи құдайларының бейнесі Ленин, Сталиндермен орын ауыстырады. Қазақ даласында адамзат руханияты сондай бір қараңғы кезеңге қадам басқанда Түмекеңді 60 жасқа таяған шағында түрменің зұлматы мен қоса ақынның жалғыз ұлы Сайынның дүниеден озғаны оның өмірінің ең қиын сынағы бола тұра ақынды Алла Тағалаға нық сенімінен, иманынан ажырата алмады. Оқырман бұл биік иман тұғырын, ақын ұлының өліміне жазған жоқтауынан сезе алады. Онда: ...Жаралғалы бұл заман Алдымызда махшар

тұр Бас аманы жетеді. Бір Аллаға белгілі Өмірдің өлшеу не екені. Қабаты қалың қара жер Барша жанның баратын Бəрінің де мекені. Құлшылық етсең ─ 201 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Құдайға Игілігін етеді. Əміріне хақтың көнбеген, Көнбеймін деп көлбеген Аллаға қисық іс етеді. Айта берсек арман көп, Амал нешік, не етеді? Қабырғам қаусап, сөгіліп, Қауырсыным төгіліп, Иіліп, белім бүгіліп, Жатқанменен

жағдайсыз, Аллаға құлдық етеді... Ақын жалғыз баласы Сайын дүние салғанда, алпысқа келген шағы еді. Баланың қазасы əке жүрегіне ауыр жүк бола тұра, Түкең иманынан адаспай күпіршілікке бой алдырмай, ең бастысы коммунизмның жалған идеологиясына уланбай Алла Тағаланың жазмышын мойындап, Алланың құлы екенін естен шығармайды. Бұндай парасат пен төзімділік тарих бойында қазақтар отаршы елдердің не бір зұлматына тап болса да өздерінің өжет мінезі мен биік рухын сақтай білетінін көрсетеді. Қараңғылық пен зұлматта тура жолды көрсететін жалғыз сара жол иман екенін аталарымыз білген. Түмекең жалғыз ұлы қайтыс болған соң да он-шақты жыл өмір сүрді. Бірақ Аллаға деген иманын соңғы деміне дейін тілінде де, ділінде де сақтап жүрді. Ендеше ақын өмірінің ақырғы сəттерінде пəни дүниеде əзиз көрген жандармен қоштасуға жырлаған «Құдіреті кұшті кең Алла» атты өлеңіне құлақ түрелік: Құдіреті күшті кең Алла! Тілегімді бер,

─ 202 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Алла!... ...енді шалқып Сөйлерге Шалыңыздың күші жоқ. Қанатын қомдар құсы жоқ. Көз ілінсе бірауық, Тəуіршілік түрі жоқ. Құдайдың салған ісіне қанағат қылып тойыңдар. Əр нəрседен ойым бар, Тыныштық бер аз ғана, Ақыреттік адаммын, «Итолыға» қойыңдар! Сондықтан Түмен бабамыз қазақтың иманын биік ұстаған, орыстың отарлаушы қанды шапқынына қылыш ұcтап шаба алмаса да жанын күйзелтпестен рухын биік ұстап, соңғы деміне дейін күрес жолында жүрегіндегі иманынан ауытқымаған тұлға кейпінде қала білді. Сонымен ұрпаққа өнегелі тұлға да болып қалуға əбден үлгі. Ол иманды болудың, төзімді болудың, парасатты болудың, еңбекқор болудың, білімпаз болудың анық өнегелі тұлғасы. Түйіндеп айтқанда Түмен Балтабасұлы өнегелі ақын ретінде, ойшыл тұлға ретінде «баласы Сайынға жоқтауы» əкеге отбасы өмірінің темір қазығы екенін байқатады. Сондай-ақ өмірінде тіршілік үшін аянбай еңбек еткен ақын « Шахта жұмысшыларына үгіт сөз» атты өлеңімен еңбек жолының да өзіндік құны бар екенін баяндайды. Түмекеңнің тағы бір түйсігіөзі өмір сүріп жатқан ортасына да бейжай қарамай төңірегіндегі қарапайым адамдардың қарапайым жанкешті тіршілігін «Айтекемнің екі сары саулығы» өлеңімен суреттейді. Қазақтың дүлдүл шайыры Сəтіғұл (1876-1966) 80 жасқа толғанда оған арнап «Сəтіғұл ақынға»

─ 203 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР деген арнау жазған. Ол арнауында замандас жыраудың өмір жолындағы əрбір адымына жүрегіндегі қуанышы мен сағынышын шашу етіп шашады. Мұны оқи отырып, адамның қуанышына ортақ бола білудің өзі үлкен қасиет екенін түсінесіз. Тегі мен туған өлкесіне сүйіспеншілігін «Адай тегі» мен «Маңғыстау» өлеңдеріне сиғызады ақын. Сүйген жүрегінің мөлдір сезімдері самғай бере «Қазақстан толғауы», «Анау біздің Алматы», «Жеңіс жыры» атты өлеңдерін жазып, қазақ халқының тағдыры мен кең даласына бейжай қарамай, сүйсіне қарайтын ақын екенін де көрсетті. Түкең рухани аспанында Пір Бекеттей сопысы, үш жүз алпыс екі əулиесі бар Маңғыстаудың шынайы перзенті еді. Ол өлім аузында жатқан мезетте де Аллаға иманын демеу еткен ақын екендігін «Құдіреті күшті кең Алла» атты өлеңімен айғақтап, бітімі бөлек адам екендігін де төңірегіне сездіріп, келер ұрпағына иманды болуды өсиет етіп кетті. Сөйтіп қоғамдық ортасына рухани тірек те бола білді. Түмекең өмірлік мүддесі жоқ, мақсаты жоқ өлең жырламаған. ол əдебиетті өз кезеңнің тарихында болып жатқан озбырлыққа бағындырмай жүрегінің жырын жырлатқан ақын. Міне, Түмекең тарихи кезеңнің ең тауқыметті шақтарында яғни табиғаттың жұты, адамзаттың асқан жауыздығынан туған қасіретті заманында адами өмір сүре білудің биік үлгі-өнегесін көрсетті. Түмекең тіршілік етуге еңбек керек, жан сарайыңды күйзелістен сақтап жүре білу үшін ең əуелі сүю керек, дейді. Сүюдің сатылары бар. Отбасы махаббаты, ағайын, дос-жаранды, туған өлке, өскен ортаны, туған халқын, отанын сүю, сосын Аллаға деген риясыз иман керектігін Түмекеңнің өмірі мен шығармашылығынан анық байқайсыз. Оның бəрі ақынның сауаты ауқымды, білімі зор, жаны таза екендігін көрсетеді. Сондықтан, Түмекең ұрпақтарына үлгі-өнеге боларлық тұлға ретінде ел жадында қала береді, деген сенімдеміз.

─ 204 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ ЗЕРДЕЛІ ҒАЛЫМ, ОЙЛЫ АҚЫН Қабиболла Сыдиықұлы (1934-2001) туралы не білеміз?

Қазақ елінің көрнекті ғалымы, ақыны жəне педагог ұстазы ретінде халқының тарихи санасында елімен бірге жасай береді. Өскен ортасынан, мектеп пен университеттен тəлім алған Қабекең «Қазақ жырларындағы халықтық дəстүр хақында» деп аталатын кандидаттық дисертациясын академик Зейнолла Қабдолов жетекшілігімен қорғады. Сөйтіп үлкен ұстаз, заңғар ғалым мектебінен өткен Қабекең оқытушы болып білімгерлердің жүрегінің сұлтаны болды. Бірақ алыстағы Алатау баурындағы əсем қала Алматы оны Атыраудан өз құшағына тартты. Өйткені, ғылымда ірі-ірі шаруалар оның қабілеті мен қарымын күтіп тұрғандай еді. Содан болар, 1969 жылдан бастап саналы ғұмырының соңғы деміне дейін қазақ ғылымының қара шаңырағы М. Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтында зерттеуші ғалым ретінде қызмет етті. Өмірінің соңғы сəтіне дейін аянбай еңбек еткен ғалым Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан жəне Тəжікстан елдерінде ғылыми экспедицияларға қатысып, қазақ өнері мен əдебиетіне өлшеусіз үлес қосты. Қабекеңнің ел аралап қазақтың ауыз əдебиетін жинаудағы ерен еңбегіне қарап профессор Қадыр Жүсіп «Қабекеңнің зерттеулері Шоқан Уəлихановтың саяхаттарының жазбасындай емес пе?» деген орынды ой тудыратын сұрақ қойғаны жайданжай емес. Тіпті, Қабекеңді академик ғалым деуге лайық. Өйткені: «Қабекеңнің бір ғана «Ақын-жыраулар» деген еңбегі үшін жəне барлық еңбектерін қосып есептегенде бір емес, екі-үш докторлық атаққа лайықты»,-деп анығын əділ айтқан профессор Қадыр Жүсіптің бағалауы соған айғақ. Қабекең қазақ жырларын жинай жүре жете

─ 205 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР зерттеді. Сондықтан Қазақстанның Батыс өңіріндегі жыраулар дəстүрінің жеті мектебі бар деп анықтап берді. Қабекең қазақ ғалымдары арасында ерекше құрметке ие. Сондай-ақ, қазіргі кезге дейін ерекше ілтипатпен еске алынады. Қабекең ғалымдық адалдығы, еңбекқорлығымен қатар адамдық қасиеттерді қастерлеп өмір кешкен жан. Сондықтан, отбасына, туған ортасына қашанда жүрегі асқақ сүйіспеншілік сезімге толы болған. Ғашық жүрегі үшін Алла Тағала оны ақындық дарыннан да кенде еткен жоқ. Өзінен мұра қалған өрелі де өрнекті, жалынды да саналы өлеңдері оның ақындық зор қуатын айқындайды. Ол: Туған жер, болдың екен неден ыстық, Сүюге топырағыңды құшып-құшып, Сандығын сағыныштың айқара ашып, Келемін аспаныңда құстай ұшып. Туған жер, таңғы шақта манаураған, Мен сенің топырағыңа сан аунағам. Бойыңнан əрің менен нəрің дарып, От алып жас жүрегім алаулаған... Деген риясыз жырына оқырман бейжай қарай алмайды. Əдемі де шынайы бұндай өлең жолдарымен ақын туған топырағына, халқына ыстық ықылас пен шексіз махаббатын жырлаған. Оны тыңдаған туған халқы да ақынын бауырына басты, пəни дүниеден бақи əлемге аттанған соң да тарихи жадында сақтады. Адамдың кемелдікке жетуіне иман керек болса, оның жаушысы əдебиет. Сол үшін əдебиет халықтың рухани кемелденуіне басты құрал. Қабекең сол үшін де əдебиетті сүйген, проза мен поэзияға ғашық болған, екі жанрда да қалам тартқан. Ол: Байланып белдеуіне қазанаттар, Дəм татқан дастарқаннан азаматтар. Қоңыр үй əкемді ойлап тұнжырайды, Айырылып иесінен, қаза тапқан. Деп жырлаған шумағында қазақ тіршілігінің көрінісін,

─ 206 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ əкесіне деген ілтипат пен сағыныш сезімін нəзік те əдемі бейнелеген. Қабекеңнің «Теңіз лебі», «Үш қиян» атты екі өлең жинағы ақындық қуатының куəсіндей. Қабекеңнің ақындық өнерімен қатар дастан жазу қабілетіне «Кек», «Жан дауысы» атты дастандары дəлел. Ғалым Маңғыстаудың көркем даласы, Қара құм мекенінде туып, Алатау баурайындағы əсем қала Алматыда жерленді. Қабекең табиғаттың заңына сай бұл пəниден өткен болса да пəк жүрегі мен құнды еңбектері арқылы қазақ елінің елеулі азаматы болып, халқының рухани кеңістігінде мəңгі жасай береді. Менің бағыма 1990 жылдың жаз маусымында Қабекеңмен Алматыда таныстым. «Ереуіл атқа ер салмай» атты өзі баспаға дайындаған кітапты естелік ретінде қолтаңбасымен қолынан алдым. Батасын алып, ел қатарлы тіршілігіме кірісіп те кеткенмін. Сағынышпен елді аңсаған жүрегімді сезді ме? Арман жолым Қабекеңді қызықтырды ма? Əйтеуір жазбаларында елінің елеулі азаматтар қатарынан мені де қалдырмай жазып жүрді. Адамдық жəне ғалымдық қасиеттері ұштасқан ерекше болмыс иесі екендігі ағаның бойынан үнемі сезіліп тұратын. 2001 жылы дүние салғанда «Сізді демеуші көруші ем...»,- деген атпен қоштасу тілегімді жаздым. Қабекеңнің зерттеу жұмыстары сан қырлы еді. Сол отызыншы алапат жылдары туған жерінен кеткен геолог ғалым Оразмұхамбет Көрпе, ғашықтық жырларымен елге танымал болған Ғайып туралы да зерттеу мақалаларын жариялады. “Ел есіндегі есімдер” айдарымен шыққан кітаптарында да оларға орын беріп, есімдерін елге кеңінен танытты. Қабекең зерттеу жұмыстарына мұқият қарайтын зерделі ғалым. Сол үшін Махамбет Өтемісұлының (1803-1846) өмірі мен шығармашылығын танып, білгісі келетін ізденушілер мен зерттеушілерге ғалымның баспаға дайындап, алғы сөзін, түсініктерін жазып баспадан шығарған «Ереуіл атқа ер салмай» атты еңбегі Махамбет туралы бұрын-соңды жазылған дүниелерді таразылауға, сараптауға негіз бола алады. Қабиболла Сыдиықұлы қазақ халқы бай ауыз əдебиеті

─ 207 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР мұраларынан, сондай-ақ, ұлттық-рухани тұтастығынан қол үзіп қалмасын деген мақсатпен елдің Батыс өңірінде тұнып тұрған өлең-жырлар мен шығармаларды кеңінен зерттеу нысанасына алып, олар туралы талай дүниелер жазды. Қабекең сол еңбектерімен қазақ əдебиетінің мол мұрасын одан əрі байытты. Қабекеңнің еңбектері қазақ əдебиетінің қазынасы молайып, кеңінен танылуына айтулы үлес болып қосылды, қазақтың алдыңғы қатарлы ғалымдарының сапында қызмет атқарған Қабекең еңбегіне туған халқы да бек риза. Бұл жайтты Қабекеңді жете білген профессор Қадыр Жүсіптің тұжырымынан ұға аламыз. Ол: «...жоғары мектептерде оқытылып жүрген əдебиет тарихы курстарында Батыс жыраулары туралы мағлұматтар жоқтың қасы болатын. Терең шыңырау түбіндегі асыл қазынаны сыртқа шығаруға нардың күші керек болды. Ондай күшке ие Қабиболла еді. Шалгез, Абыл, Мұрын, Мұрат, Қашаған, Ақтан, Аралбай, Ерімбет, Шынияз, Насихат, Досы, Бала Ораз, Ғұмар Қараш, Сəттіғұл, Түмен, Қалнияз, Досжан, Қашқынбай, Қайып, Өскенбай еңбектерін жарық дүниеге шығару оңай болған жоқ. Жəне олар туралы ешкім де жазып тауыса алмады. Қабекеңнің зерттеулерінен кейін ғана «Жыраулар поэзиясы» шынайы қалыпқа келді, Батыс жырауларымен толықты, олардың шығармашылығы хақында тараулар енді»,– деп Қабекеңнің еңбек пен ғылымдағы халық үшін жасаған биігін көрсетті. Қабекең Қазақ халқының зерделі перзенттерінің бірі ретінде танылды, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дəстүр биігінен табылды. Хəлел Досмұхаммедов Махамбет, Мұрат, Ығылман тағы басқалардың мұрасын жинап, зерттеп, баспаға дайындап берген болса, Қабекең сондай кемеңгер ғалымдардың орнын жоқтатпай Халекеңнің мұра еткен дүниелерін кеңейте келе Абыл, Қашаған, Нұрым, Сүгірлерді де қазақ əдебиетінің қазынасына қосты. Қабекеңнің ғалымдығы мен көрегендігінің арқасында талай жыраулардың мұралары баспадан жарық көріп жатты. 1990 жылы Қашаған жыраудың 150 жылдық мерей тойы Маңғыстауда өтті. Бұл той қазақ жерінде даналар мен жырау-

─ 208 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ ларын, батырлар мен ақындарын ұлықтап тойланған тұңғыш той болды. Аталған тойдың жалғасы кейін бүкіл қазақ даласында ұлыларды ұлықтау мерекесіне айналды. Сол тойға орай Қабекең əріптес ғалым інісі Шəмсəдин Керім інісімен бірге Қашаған Күржіманұлы, Шынияз Шанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Насихат Сүгірұлы жырау туралы жазылған зерттеу жұмысын «Алқаласа Əлеумет» атпен шығарды. Қабекең бұл пəни дүниеде құрметке бөленіп жүрді. Əріптес ғалымдары Қабекеңді аянбай еңбек етіп қазақ əдебиетінің қазнасын байытқаны үшін туған өлкесі оның Батыстың дүлдүл жырауларын қазақ халқына кеңінен танылуына жүйелі жұмыс жасағаны үшін ерекше сыйлап өтті. Қабекең дүниеден өткеннен кейін де елдің жүрегінен орын алып, келер ұрпаққа өнегелі тұлға ретінде қазақтың рухани кеңістігінен өзіндік орынға ие болғанын байқаймыз. Өйткені Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Атырау облысы, Жылыой ауданы əкімдігі мен Арыс баспасының демеушілігінің арқасында ғалымның таңдамалы зерттеулері сондай-ақ өлең-дастандары мен толғаныс-эсселері жəне XVIII-XX ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының шығармалары қамтылған III томдық кітаптары «Арыс», «Нұрлы əлем» баспаларынан Алматыда 2006-2007 жылдары жарық көрді. Бұның барлығы оқырмандар мен зерттеушілерге Қабекеңнің творчествосын оқып білуге, зерттеп-зерделеуге мол мүмкіндік береді. Қабекеңнің өнегелі өмірі мен творчествосын таныстыру үшін «Қабиболла Сыдиықов», «Асыл сөздің жоқшысы» атты екі еске алу кітабы 2002 жəне 2009 жылдары жарық көрді. Халқының рухани-мəдени мұрасын аялап өткен Қабекең өзі үлгере алмаған жұмыстарын толықтыру, жетілдіру жөніндегі үмітін келешек ұрпақ өкілдеріне аманат етіп кеткендей...

─ 209 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ОЙ ҚАЗЫНАСЫ, СЕЗІМ ДАРИЯСЫ (Өз заманының біртуар перзенті Əбіш Кекілбай туралы) Кейбір кездері адам баласының жан дүниесінде бір тұлғаға қатысты ерекше бір сүйіспеншілік, айрықша бір сезім шарлап жүреді. Ал, оның түп-тамыры, бастау көзі қайдан, қалай екендігін түсінуде, ұғынуда қиынның қиыны болып кеуделенеді. Жаныңа сұлулық сыйлап жүрген ондай сүйіспеншілік пен асқақ сезімді қапелімде тілге тиек етіп алмайтының да, жаза алмайтының да анық. Өйткені ондай сұлу, асқақ дүние терең ойлап айтуды не жазуды қажет етеді. Бұндай ұшы-қиыры жоқ кеңістікте тек бір нəрсе ұғынықты болып тұрғандай болып кейіп танытады. Ол – сүю, ол – сыйлау, ол – игілік сынды барлық жақсылық атаулыға лайық əсем бір сыр. Менің бұл сырым, біз білетін ойшыл жазушы, ақын, саясаткер, би, шешен, ақылман, сөз зергері, аудармашы, қысқасы, адами қасиеттердің тұнбасы, адамзаттың адал, таза тұлғасы Əбіш Кекілбай ағамыз туралы. Адамға кейде айтатын не жазатын дүниесі сырға толы табиғат жаратылысының біртұтас болмысындай болып көрінетіні бар. Сол болмыстың ішіне үңілсең, қатпарқатпары құпияға толы шексіз əлем. Тұтас бір əлемді сырттан қарап ішкі сырын айта да, жаза да алмайтының анық. Ал, Əбіш Кекілбай кеңістігі жаратылыс тұтас-тығының біртұтас бөлшегіндей болып көрінеді. Сосын ол туралы айту һəм жазу күрделеніп кете береді. Ойлайсың, уақыт келер, менің де Əбіш əлемі туралы таныным кеңейе түсер, сөйтіп өмірдің белгілі бір кезеңін күтесің. Бірақ уақыт тоқтаусыз зырылдап өтіп бара жатыр. Ал, сенің сырың заман қатпарында қалып, мəңгі өшіп, бір сұлу сыр ажарын бұл дүниеде көрсете алмастан өз ішіне бүгіп кете беруі де мүмкін. Осыдан барып, ғылым жүйесіне жүгінесің, ғылым табиғат пен адам болмысындағы белгісіз сыр əлемін өскен

─ 210 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ ортасымен, заманымен сəйкестендіре зерттейді. Ғылымның нəтижелеріне қарағанда, адам болмысындағы рухани жəне дүниеуи құндылықтар арасындағы тепе-теңдікті сақтап үйлесімді өмір кешу өте сирек құбылыс. Сондықтан бірі Ескендір Зұлқарнайын сынды дүниеден көзі тоймай өтеді. Ал, Қожа Ахмет Яссауи сынды сопылар адам өмірінің мəнін таза руханиятпен байланыстыра илаһи махаббат жолын таңдайды. Осыдан адамзатқа тұлға ретінде баға беріп, таразылау қиынның қиыны. Осы тұрғыдан қарағанда, Əбіш Кекілбай саяси майданның да кейіпкері болып келе жатыр. Адамзат қоғамының күрделі, күрмелі һəм көлеңкелі қабаты саясат болғандықтан оның бəрі саяси кейіпкердің өмірімен қабаттасып жатады. Бұған дəлел еліміз тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары қайшылықтарға толы көзқарастарға тап болды. Сол себепті Əбіш Кекілбайды өз биігінен көре білу үшін саяси ызғар өтіне қарсы тұру немесе оған көз жүгірту керек болады. Мəселен, ұлт тағдырын ойлаған зиялы қашанда Əбіш Кекілбайұлының саяси тұлғасын өз заманының ұлттық саяси қайраткері ретінде қарастыруы табиғи шешім. Өйткені мемлекет құрылымы Əбіш Кекілбайды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республика-сының Парламенті депутаты, Сенат Төрағасы, Президент кеңесшісі, Парламент жоғарғы палатасының сенаторы болуын қажет етті. Оның бірде біреуі Əбіш Кекілбайға қажет емес-ті. Бірақ, Əбіш Кекілбай ондай қажеттілікті өтеуге міндетті еді. Осындай қайшылықтар ортасында үйлесімді шаруа тындыру тек қана ерекше тарихи тұлғалардың маңдайына жазылған. Əбіш Кекілбайдың саяси сахнада болуы еліміздің бүгінгі жəне ертеңгі ұлттық болмысына із салатыны сезіліп тұр. Бұл қазіргі саяси биліктің болмысымен де тікелей қатысты қажеттілік болып табылады. Əбіш Кекілбай саяси тұлға болғандықтан оған біраз жұрт сүйсіне қарайды, енді біразы іш жиып қарайды. Сөйтіп Əбіш Кекілбайдың тұтастай бітім-болмысы саяси иірімдердің тұңғиығында қалып, өзгеше тəсілмен зерттеу мен зерделеуді қажет етеді. Саясат майданының да өзіндік ережесі бар. Бірақ, кейбір азаматтар

─ 211 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР өздерін саясат керуенінің жүгіндей сезінеді. Сөйтіп қоғамның да, мемлекеттің де, қалыпты тіршілігінің шырқын бұзады. Ал, Əбіш Кекілбай саясатта өзіне жүктелген салмақты санасымен қабылдап, жүрегімен сезініп жүктелген міндетті барынша таза атқаруға тырысып та, күресіп те келе жатыр. Əбіш Кекілбайдың творчествосы жайлы əңгіме бөлек. Ал, саясат саласында өзіндік орны бар екендігі оның сөйлеген сөздерінен, жасаған іс-қимылынан, ылғи елдің назарында болып келе жатқандығынан байқалады. Əбіш Кекілбайдың қаламгерлік тұлғасы да өзгеше болмыс-бітімге ие. Бұл тұрғыдан қарағанда оның шығармаларын түрлі кезеңдерге бөліп, əдеби, тарихи, саяси, философиялық, қоғамдық, психологиялық, публицистикалық жəне тіл ғылымы тақырыптары аясында қарастыру қажет. Оның шығармашылық жолы 1962 жылы «Алтын шуақ» атты өлең жинағын жариялаудан басталды, кейіннен проза жанрында жалғасты. Əбіш Кекілбай нəзік жанды тұлға кейпінде жазушылық кəсіби жолын поэзиямен бастаған болса да өзінің адами жəне ұлттық ұстанымына аса берік, кемеңгер жазушы екенін көрсетіп келе жатыр. Мəселен, ол ұлтқа қатысты мəселе атаулыға тым сергек қарайды. Сондықтан, Əбіштану саласында оның психологиялық, дүниетанымдық жай-күйін зер-делей зерттеу өзекті тақырыпқа айналуға тиіс. Əбіштану саласы көптеген бөлімдерді қамтиды. Өйткені, оның шығармалары тарихи, психологиялық, философиялық, саяси, көркем сөз өнері сынды салалардан да басқа сипаттарымен ерекшеленеді. Мəселен, кейіпкеріміздің «Шыңырау» мен «Күй» атты повестері терең философиялық ойларымен адам психологиясын, қоғам шындығының астарлы жақтарын көрсете отырып, оқырманды терең ойларға жетелейтіні анық. “Күй” повесінде тарихи оқиғаларды негізге ала отырып, қоғамның дəстүрлі салтының астарында «Жұбатсаң жұбанып алып, жаңа ғана жылағаны есінен шығып, сойқанға тағы кіріседі. Бұл адам деген хайуанның көзінен жас шыққанда барып, көкірегіне ақыл келеді. Олардың көзі жастан айықса, көкірегі ақылдан айрылады»,– деп автор адам мінезіне, құлқына, психологиясына, философия-

─ 212 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ сына қорытынды жасай-ды. Онда ойлы оқырман адамның адам болып өмір сүруге рухани тірек қажеттігін түсінеді. Ол – иман. Иманға тірек болар құндылық – тақуалық. Əбіш Кекілбай тақуалықты, тазалықты «Жалпақ əлемді аузыңа қарату үшін рухани ерлік керек. Жалпақ əлемге қысылмай, қымтырылмай қарау үшін рухани байлық керек», – деп түйіндейді. Қазақ пен түрікмен көшпенді ел болғандықтан, салттарында ұқсастық көп. Ортақ қоғамдық құндылықтарға, ортақ моральдық ұғымдарға ие. Қазақ пен түрікменнің қиысқан ортақ құндылығын Əбіш Кекілбай «Күй» повесінде «Көшерін жел, қонарын сай білетін мұның халқының жылқы бары болса, қызы ары емес пе еді», - деп көшпенді халықтарының қоғамдық өміріндегі негізгі қағидаларын бүгінгі қоғамның ұстанған қағидаларымен бетпе-бет қояды, оқырманды қазіргі кездегі емін-еркін күйде шарап ішіп, жыныстық қатынас жасап жүрген əйелзатпен салыстырып, өткен қоғам мен бүгінгі қоғамның жайын саралауға түрткі болады. Əбіш Кекілбай адам психологиясының озбырлық сипатын мейлінше айқындай түседі. Автор қарапайым тіршіліктің барысында адамзаттың ішкі сырын, жан дүниесін табиғаттағы элементтермен теңеп, шебер көрсете біледі. Ол: «Құрбан отты қағыстырып түртініп жүрген күйе-күйе көсеу қауқиып тұрған жапаның күлін қағып жібереді де, орнына басқа тезек қалайды. Енді əлгінде ғана тезектің үстінде теңқиып жатқан алақандай құрғақ жапаның күлін таба алмайсың. Ол мынау қай тезектен, қай жападан беймəлім қобырсыған көп күлдің ішіне сіңіп жоғалады. Бірін-бірі жалмап жатқан бір дүние. Үлкені кішісін жоқ қылады, күштісі əлсізін жоқ қылады. Ертең ол үлкенге одан да үлкен, ол күштіге одан да күшті жолығады. Сөйтіп, шеті жоқ бірінің басын бірі алып жатқан аласапыран тірлік. Сонда мынау мігірсіз қимыл-қыбырдың, итжығыс алысжұлыстың мəні не?», – деп оқырманымен кеңеседі, сырласады. Жазушы шығармасында нəпсіқұмар адам баласының

─ 213 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР жауыздық келбетін бейнелейді. Ол: «Ауылдар бір күні бөріктерін аспанға атып, ақ түйенің қарнын жарып, ұланасыр той қылып жатса, ертесіне қара жамылып қан құсып отырады. Əдетте екі бала асыққа төбелессе, ит терісін бастарына қаптайтын, ересектер жұдырық сермесіп, бет жыртыспай-ақ бірін-бірі жарып салады. Бір-біріне неден жазып қалғанын өздері де білмейді. Қан соқта болып арпалысып, айқай-таласқа түсіп жүрген қара жерге екеуі де құлайды, екеуі де шіриді, ұрыс даласында шашылып қалған сүйектері сол күні қираған қылыштан, найзаның сынығымен бірге, сол күні түскен аттың тізегімен бірге біраз уақыт жатады да, бір күндері бəрі де топыраққа айналады. Кеше ғана көкіректеріне сыймай, дүниенің төрт бұрышын қайта қондырып жықпаса тыншымайтындай лепірген өр жүректері ессіз жонның құртқұмырсқасының аузында кетеді. Екеуінің артында қалған екі жетім бала ержеткен соң əкелері өлген соғыстан тірі қалған екі еркекке еріп келіп, енді олар алысады; олар да бір-біріне тісін қайрайды. Олар жермен қоса баяғыда қызды-қыздымен бастарын жұтқан екі өліктің де кегін кектейді. Ол екеуінен туған балалардың істейтіні тағы сол. Қара жерге бəрібір. Адамдар пайдам дегені қылсын. Тірі жүрсе тірі жүргендерін ауырсынбайды, өлсе өлгендеріне қиналмайды. Əйтеуір, олар бір-біріне қанша кеуде қағып, асып-тасқанымен бұдан басқа барары жоғын жақсы біледі. Адамдар бірін-бірі жеңсе жеңер, бірақ бұны жеңе алмайды. Жер бетінде қанша қырғын соғыс болса да,жеңіс жердікі. Ол үстіне сиыспаған адамдарды астына ап,опоңай-ақ сиыстырады» – деп ғажап бір философиялық ойды түйіндейді. Бұл тұста жазушының исламдық дүние таныммен сусындағанын анық байқауға болады. Бұл жайт та ол үшін таңсық емес. Өйткені Маңғыстау даласы Пір Бекеті бар. Діни қиссаларды жырлайтын көптеген жыршы-жыраулары бар.Үш жүз алпыс екі əулиесі бар киелі өлке. “Күй” повесінде екі құндылық бір-біріне бетпе-бет қарсы тұр. Бірі-рухани құндылық, екіншісі – дүниеуи құнды-лық. Бірінші жақтың өкілі екі күйші, бірі – түрікмен Дəулет дутарына ғашық, екіншісі – қазақ күйшісі

─ 214 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ домбырасына ғашық. Бірі – қазақ Дүйімқара, екіншісі – түрікмен Жөнейт. Бұндағы Дүйімқара да, Жөнейт те күйшілерін сүймейді. Өйткені, күй əлеміндегі тазалыққа, өздерінің қазіргі тіршілігіне қарсы тұруға мəжбүр болады. Ол жағдайда өздерінің бар болмысын жоққа шығарып, жауыздық пен надандықтарын мойындауға тура келеді. Өздерінің жалған «менімен» қоштасып, шынайы адами қасиетіне оралуға, əйтпесе, қоғам алдындағы жалған абыройын қорғаштаумен өмір кешуге мəжбүр болады. Дүниеуи нəпсіге кіріптар олар ең соңында рухани құндылықтың алдында бас иіп, өлім құшады. Өйткені, Жөнейт өз перзенті Дəулеттің рухани шəкірті, өнерін жалғастырушы ұрпағы Құрбан атты жаңа күйшінің табалдырығы алдында бақи дүниеге аттанады. Бұл жайтты жазушы былай суреттейді: «Құрбан соңғы кезде Дəулеттің дутарын өзі иемденіп, біраз күйдің басын шалып қалыпты. Əсіресе, осы күйге құмар. Қолына дутар ұстаса болды, ең алдымен анада Жөнейттің үйінің күн жағында күн сыртында тұрып естіген əуезін дыңылдатады. Бүгінде таң атар-атпастан дутарға жармасып, əкесіне күй тартып бермек еді, Жөнейттің оқыс даусы шықты. Жұрт орнынан тұра-тұра есікке ұмтылды. Кіріп келсе, табалдырыққа басын сүйеп Жөнейт жатыр. Аннадүрді иығынан қусырып ұстап көтеріп алып еді, былқ-сылқ, əлде қашан жүріп кетіпті». Бұл жазушының парасатты һəм тамаша шешімі болды. Шын мəнінде шығарма адамзатты жауыздықтан, надандықтан арылып, адамдарды бір-бірін жоюдан, бір-біріне қастандық жасап, адамдық санадан айырып, мəңгүрттенуден сақтануға үндейді. Сол үшін көшпенділер өмірінің беймарал тұстарындағы келеңсіз жайттардан сара жолды іздеуге шақырады. “Оян, қазақ”, “Оян, түрікмен”, “Оян, түркі бауырлар”, “Оян, адам баласы”, деп үндеу салады. Сонымен, «Күй» шығармасы əлемдік əдебиетке жарқырап жол тартады. Қазақ əдебиетін əлемдік сатыға көтереді. Адам баласы рухани нəр алатын бұлаққа айналады.

─ 215 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ПАРСЫ ЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚАЛАЛАРЫ Ортағасырлық араб, парсы, түркі жазба деректерінде Түркістан, Шымкент, Баласағұн, Меркі, Сарай, Алматы, Тараз, Жаркент тағы басқа қалалар мен елді мекендердің есімдері аталады. Мұндай деректердің кездесуі ислам діні түркі, араб, парсы елдерінің ортақ дініне айналған соң олардың арасында тек саяси ғана емес, экономикалық, мəдени байланыстардың да жан-жақты дами түскенін көрсетеді. Аталған қалалардың ішінде Тараз қаласы парсы тіліне тəржіма болған араб жазба дерегінде алғаш рет жазылған. Ол арабша түпнұсқасы жоғалып кеткен Нəршахидің «Бұхара тарихы» атты кітабы. Онда Тараз патшасының ислам дінін қабылдағаны жайында айтылады. Кітапта автор: «Əмір Насыр қайтыс болған соң Халифа Мұһтзедбелла Маураннəһрдің билігін марқұмның бауыры Əмір Исмайыл Саманиға тапсырды. Ол сол 280 (893ж.) жылы Тараз жорығына шықты. Көп тауқымет көрді. Соңында Тараз патшасы қаладан сыртқа шықты. Ислам дінін көптеген диқандармен бірге қабылдады. Тараз қақпасы ашылды. Үлкен шіркеу бас мешітке айналды. Əмір Мүмінин Мұһтəзедбелланың атына хұтпа оқылды. Əмір Исмайыл көп олжамен Бұхарға оралды. Жеті жыл патшалық құрды, Маураннəһрдің билеушісі болды» деп жазған. Содан Тараз қаласы парсы жəне араб тілдеріндегі көптеген тарихи-əдеби шығармаларға енді. Мəселен, Тараз жайында ибн Хордадбеһ (820-913), Құдама ибн Жағфар (Х ғ.), Əл-Истахри (850-934), ибн Хауқал сынды тарихшы ғалымдар қалам тербеген. Ибн Хауқал патшалық еткен дəуірде 943 жылы Бағдадтан сауда жəне саяхат мақсатында шығып, ислам мемлекеттерін жиырма сегіз жыл бойы аралап шықты. Барлық көрген-білгендерін «ƏлМасалек – Əл-Мамалек» (Жолдар мен елдер) атты еңбегінде жазып қалдырды. Əл-Мұқəддəси (Х ғ.), Əл-Идриси (11001165) сынды ғалымдар араб тілінде жазды.

─ 216 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Сондай-ақ Əбу Сəһд Самани (1113-1167) Х-ХІ ғасырлар аралығында Тараздан шыққан бірнеше ғалымдар жайында жазған. Шығыстанушы, профессор Ə.Дербісəлі араб деректері бойынша Тараздан шыққан ондаған ғалымдардың өмірі мен шығармашылығы жайында көлемді материал жариялады. XІІІ ғасырда жазылған «Тарих жаһангошай» (Əлемді жаулаушының тарихы) кітабының əйгілі авторы Ата Мəлік Жовейни де Тараз шаһарында болғанын жазған. Мырза Хайдар Дулат (1499-1551) «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде Тараз қаласының есімін бірнеше жерде атайды. Біріншісі өзінің төртінші атасы Əмір Сейіт Əлінің Таразда болғанын жазған. Онда: «Əмір Сейіт Əлі жəне оған қатысты хикаялар жөніндегі əңгіме» тарауындағы Əмір Сейіт Мырза Ұлықбектің оны өлтіру ниетімен жасалған айла-шарғысын дəруіштің кейпінде əкесі Əмір Құдайдадтың жанына Моғолстанға қашып барар жолында «Ианги аталып жүрген Таразға» дейін барғанын жазды. Тараз жайында екінші рет Есенбұға хан Əмір Темірдің шөбересі Əбу Саид Маураннəһрде патша болғанда кезекті бір жорығында оның қуғыннан қашып, «тарихи кітаптарда Тараз деп жазылған Иангиге дейін» барғанын жазған-ды. Үшінші рет автор Тараз жайлы: «Қасым хан Қараталда қыстап, ерте көктемде өзінің туған өлкесіне қайта оралмақ болған еді, сонда бұған Кеттебектен бір кісі Сайрам əкімімен бірге келіп, Сайрамның кілтін алдына тарту етті. Ол қабыл алды. Содан моғолдар Ианги деп атап жүрген Тараз жаққа бет алды», – деп жазады. Тараз жайында төртінші рет «Моғолстандағы қалалардың аттары беделді кітаптарда жазылған. Жəне ол қалалар турасында көптеген түсініктер берген. Осы кітаптарда айтылатын қалалардың бірі – Тараз. Онда моғолдар Таразды «Ианги» деп атайды делінген. Бұл «Иангидің» Моғолстанда орналасқаны айқын. «Иангидің» адамдары Маураннəһрде көп. Оларды «Иангиліктер» деп атайды. Алайда, Ианги деп атайтын сол далада бірнеше қалалардың іздері, күмбез, мұнара, ханақа жəне медреселердің қалдықтары бар. Ал

─ 217 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР осы ескі қалалардың ішінде дəл қайсысының Ианги деп аталғаны һəм басқа қалалардың қалай аталғаны беймəлім», – деп жазылды. Қорыта айтқанда, талай тарихи еңбектермен қатар ақындардың да жыр шумақтарына өзек болған Тараз қаласының іргесі б.з. бұрынғы 36-жылы қаланды. Шах Исмаил Самани (892-908) Тараз қаласын 893 жылы басып алды. Содан бастап бұрынғы Талас кейде Тараз делініп, соңында біржола Тараз аталып кетті. Оның себебіне тоқталар болсақ, Тараз атауы Талас атауына қарағанда парсы тілді самандар тілінің фонетикалық заңдылықтарына сəйкес болғандықтан самандардың билік құрған кезеңінде қолданысқа еніп кетті. Тараз ХVІ ғасырда қирады. Мұны Əмин Ахмет Рази 1594 жылы жазған «Жеті ықылым» атты кітабында: «Тараз бұрынғы заманда əйгілі қала болған. Оны «Йанги» деп атаған. Алайда, өзбектердің таптап қиратуынан ойрандалған. Қазіргі кезде Тараз маңында бір үңгір бар. Оны қаланың есімімен «Йанги» деп атайды. Тараз тұрғындарының басым көпшілігі мұсылман болған. Ол қаладан қадір тұтуға уəжіп деп саналатын көптеген ғалымдар шыққан» деп жазды. «Абылай ханның жорықтас батыры Мəмбет 1774 жылы ханмен бірге Талас өзенінің жағасына, қираған ескі Тараз қаласының орнына қарақалпақтарды көшіріп əкеліп, Əулиеата кентін салғызған». 1936 жылға дейін қала Əулие-ата аталды. 193638 жылдар аралығында – Мирзоян, 1938 жылы Жамбыл есімі берілді. 1997 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтің жарлығы бойынша мемлекеттік ономастика комиссияның қортындысы негізінде «Тараз» болып қайта өзгертіліп, өзінің бұрынғы тарихи атына ие болды. Тараз өзіне тəн ерекшеліктерімен парсы ақындарының жыр шумақтарына арқау болды. Парсының Рудаки (ХІ-941), Фердауси (941-1011), Əсади Туси (ХІІ), Фəррохи Систани (Х-1038), Горгани (т.ж. белгісіз-1074), Мəсһүд Сəд (10481101), Сузани Самарқанди (ХІІғ.), Хақани Шервани (1126-

─ 218 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ 1199), Санаи (ХІ-ХІІғ.), Дəқиқи (ХІ), Əнвəри (ХІІ) сынды ақындары Тараздың аруларын, шеберханаларын, арғымағын, сəнді базары мен киімдерін жəне батырларын өз бəйіттеріне өзек еткен. Бұл да болса Тараз тарихында мақтанарлық көптеген дүниелер болғанын айғақтайды. Сондықтан Тараз қаласының көрікті қырларын жырлаған Иран ақындарының қысқаша өмірбаянына тоқталып, олардың Тараз туралы жырлаған өлең жолдарымен нақтырақ таныстырайық. Рудаки – толық аты-жөні – Əбу Абдолла Жафар ибн Мұхаммед ибн Хаким ибн Əбдірахман ибн Адам. Самарқанның Рудак ауылында ІХ ғасыр ортасында дүниеге келіп, 941 жылы қайтыс болған. Кейбір зерттеушілер тумысынан зағип болған десе, екінші біреулері дүниеге келгеннен кейін жанарынан айрылған дейді. Рудаки Əмір Насыр Самани (908-914 ж. билік кұрған) сарайында болып, оның ықыласына бөленген, одан көптеген сыйлықтар алып отырған. Ол парсының жаңа поэзиясының негізін қалаушы болғандықтан оны «парсы поэзиясының атасы» деп атаған. Ең маңызды еңбегі – «Кəлила мен Димна» жыры болып табылады. Ақын сондай-ақ мəснəуи, қасида, қита, ғазал, рубаи, т.б. сол сияқты əртүрлі жанрда өз шеберлігін көрсете білген. Иран-тəжіктің əйгілі ақыны Тараз сұлуларын ерекше бағалаған: Қандай пайда табасың жүзіңді бұрып михрабқа, Бар көңілің бөлінсе Бұхар мен Тараз аруларына. Келесі бір бəйітте Таразды былай бейнелейді: Жаһаннан аздау үлес ап, қанағат етіп, қаласаң, Рейден Таразға дейін уысыңа ал, көңілің тоқ боп қаласың. «Дүниеқор болып Ирандағы Рей қаласынан қазақ жеріндегі Тараз қаласына дейінгі аралықты өзіңе қаратып алсаң да өз еркің, көңілің тоқ болып, əлемнен аз ғана қажетіңе жарар мүлікке қол жеткізсең де өз қалауың» деп, ақын

─ 219 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР патшаға ескертеді. Адамзаттың пенделік тойымсыздығын естен шығармауды жөн көреді. Фирдауси – Хаким Əбілқасым Фирдауси Тус аймағындағы Баж ауылында 941 жылы дүниеге келген. 35 жасқа толғанда 976 жыл шамасында «Шаһнамені» жырлай бастаған. Жасы 70-ке жеткенде дүние салған. «Шаһнамеде» Иранның исламнан бұрынғы ежелгі патшаларын 4 əулетке бөліп қарастырған. Олар: Пишдадтар, Кияндар, Əшкандар, Сасандар. Алғашқы екі əулет, яғни Пишдадтар мен Кияндар «Əвеста» жəне жалпы үнді-еуропа аңыздарында айтылған. Ал, үшінші əулет, яғни əшкəндар «Шаһнамеде» тек қана 18 бəйітте жырланған. Сасандар дəуірі нағыз шынайы тарихи дəуір ретінде «Шаһнаменің» негізгі сюжеті болып табылады. Фирдауси «Əвеста» кітабымен тікелей таныс болмаған. Бірақ Əбу Мансурдың прозалық «Шаһнамесін» молынан пайдаланған жəне дана қариялардың əңгімелерін де тыңдаған. Солардың қорытындысында «Шаһнамені» жырлаған. «Шаһнамеде» Иран елінің негізгі бəсекелесі ретінде Тұран елін суреттейді. Фирдауси «Шаһнамесі» ежелгі дəуірден бастап күні бүгінге дейін Иран мен Тұранның арасындағы тарихи көпір іспеттес. Өйткені Иран мен Тұран тарихын нақты да айқын білу жəне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жалғастыру үшін «Шаһнамеге» сүйенуге мəжбүр болды. Сондықтан «Шаһнаменің» екі елдің тарихи дерегі ретінде құнды дүние екені анық. Фирдауси «Шаһнамесінде» қазақ жеріне, еліне қатысты көптеген мағлұмат берген. Соның бірі қазақ даласында орналасқан Тараз жайында екенін айтқан жөн: Екі қасы Таразда иіліп соққан садақтай, Кірпіктері қап-қара қатар өскен теректей. Сұлу жүзді Таразда гүл жайнаған аруға, Аттанады алдына сəлем бере баруға.

─ 220 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Тараз аруларын сəкі үстіне шығарды, Сонда арулар да аймен сырласып жатты. Шарап ішіп мастанып, думанды кешке кіреді, Қара көз Тараз аруын қасына алып сүйеді. Арулары Тараздың бой жетпеген уыздай, Жаратқан оны Тəңірім əдеп пен наздан қауыздай. Тараздық, ғұздық, хəллəждық небір күшті аттылар, Бал татыған шыныққан отыз мықты аттылар. Арулары Тараздың сұңғақ бойлы келеді, Хан тағының алдында иіліп сəлем береді. Даласында Тұранның ұшқан кезі бүркіттің, Аруларын Тараздың иіскеген сəт хош иісті. Сұлу əйел тараздық киімі бар үстінде, Ұстайды өзін əдепті, байсалды мамық төсекте. Отыр екен ол əлі түн ортасы ауғанша, Тараз аруларымен құмары əбден қанғанша. Көтеріп айт дауысыңды – мадақ көріп естісін, Ұлы Шын, Рум, Тараз елдері, бүкіл əлем естісін. Əсəди Туси – Əбунəсір Əли ибн Ахмет Туси – Иран ақыны. Хорасанда шайқастар өрши түскен кезде селжұқтар жеңіске жетіп, Ғазнауи əулеттері биліктен кетуге мəжбүр болған аласапыран заманда туған өлкесін тастап, Иранның батысындағы Əзірбайжанға қоныс аударған. Ол жерде Нəхжəван патшасы Əмір Əбу Долф Кəркəри сарайына жол тауып, оның уəзірі Ысмайылұлы Мұхаммедтің қолдауымен 1064-1066 жылдар аралығында Фирдаусиға еліктеп, төрт мың бəйіттен тұратын «Гəршасб наме» эпопеясын жырлап шықты. Осы шығармасында Тараз жайында былай жырлаған:

─ 221 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Күзетуге ай жүзді екі жүздей сан шекті, Тараз аруларының өрумен шашын күн кешті. Фəррохи Систани. Иран ақындары қасида жанрында Тараз қаласының əртүрлі құнды қазыналарын теңеу ретінде молынан пайдаланған. Мұндай тəсіл тіпті дəстүрге айналған. Оның ішінде Тараз арулары, киім-кешегінің нақыштары, тұлпары, батырлығы, т.б. ерекшеліктері сипатталады. Мың жылдан аса Тараз сондай құндылықтармен Иран ақындарының көңілінен орын алып, жырларына арқау болған. Мұның өзі Тараздың ежелден бері бойына жинақтаған жақсы қасиеттерімен үлкен маңызға ие болуынан деуге болады. Сол ақындардың бірі – Фəррохи Систани (толық есімі Əбулхасан Əли ибн Жулуғ) Систан аймағында дүниеге келген. Туған жылы беймəлім. 1038 жылы дүниеден озған. Ғұмыр жасы қанша болғаны жайында дерек жоқ. Алайда ол көңілді һəм махаббатқа құштар ақын болғандықтан өлеңдерінде мұңды сарынға көп бара бермейтін. Сол себепті қасида жанрында (мадақ өлендер) аса шеберлікпен, күрделі ойларды қарапайым сөздермен аса көркем түрде жырлайтын. Оның өлеңдері тыңдаушысын еріксіз сүйсіндіретін, жанға жағымды болғандықтан ол тез арада сарайға да, жалпы халыққа да танымал болды. Систани өзінің сұлулықты сүйетін табиғатына сай Тараз аруларын да өлең жолдарында көркем теңеулермен дəріптеуді ұмыт қалдырмаған. Ақынның Сұлтан Махмудтың бауыры Əзд-ед-Дəуле Əмір Жүсіпке арнаған мадақ өлеңіне назар аударайық: Сыннан өттің мүдірмей, шекер балдай тəттісің, Шарап ішіп қолынан Тараз кербездерінің. Өткізе бер шақырып, жүздеп, мыңдап мейрамын – Қара шашты, хош иісті Шігіл, Тараз аруларын. Сұлтан Иəмин-əд-Дəуле Сумынатқа жорық жасап, ол жерді жаулап алып, қайта оралғанда ақын мына бəйітті жырлаған:

─ 222 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Кім ойлаған көне Тараз жолымен, Сумынатты жаулар деп көп қосынмен. Фəррохи Систани тəржиһбəнд жанрында əмір Əбу Жақып Жүсіп ибн Насыр-ед-Диннің жомарттығы мен беделін айта келіп, Таразды да бəйітіне қосып былай жырлады: Тарту етсе Хижазды, қабылда Хижаз Тəңірі деп, Сұрай барсаң Таразды, тарту етер Таразды да Тəңір деп. Əмірлер мен сұлтандарды мадақтап айтқан бəйіттерінде: Желдей есіп келеді қызметке алдыңа, Мəртебелі Шігіл мен Тараз патшалары да, – деп жазады. Горгани – туған жылы белгісіз, 1074 жылы дүние салған. Горгани өз заманына сай замандас əмірлерін мадақтаудан құр алақан қалмаған. Сол əмірлердің бірі – Хожа Əбунəсір Мəнсур ибн Мұхаммед. Бұл əмір ақынның қасидасында ерекше ілтипатпен мадақталған. Соған арналған 42 бəйіттен тұратын мақтау өлеңінде ақын Таразды да жырына арқау еткен: Тараздық деп біледі тараздық оны үнемі, Хижаздық деп біледі хижаздық оны үнемі. Хош көрсе болды қай тілді, Сол тілде əмір ғажайып өлең жырлайды. Парсы, түрік, арабша да жырлайды, Көңіл татын сөздерімен шаяды. Тағы бір бəйітінде Тараздың арғымағын да нақышына келтіріп мадақтағаны бар: Жел тұрғандай болады тұлпары шапса арабтың, Бағасы кем болған ба тұлпары шапса Тараздың. Горгани жырлаған «Вис-Рамин» атты ғашықнамесінің негізгі сюжеті, Владимир Минорскийдің айтуына қарағанда, Əшкəндар əулеті билік құрған дəуірдегі (б.з.д. 250-226 ж.) оқиғалардан алынған. Бірақ, ақын Вис-Рамин арасындағы ғашықтықты негізге ала отырып, өз заманының

─ 223 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР оқиғаларымен қатар дамытады. Сөйтіп жаңа желідегі жаңа туындыны дүниеге алып келеді. Масуд Сəд – толық аты – Мəсуд Сəд Сəлман, шыққан тегі Хамадан қаласынан. 1047-1049 жылдар шамасында Лаһурда дүниеге келген. Бұл кезең Сұлтан Ибраһим Ғəзнəви патшалық құрған (1059-1101 ж.) заманмен тұспа-тұс келеді. 1077 жылы Сейф əд-Дəуле Махмұд ибн Ибраһим Үндістанның билеушісі болғанда Мəсуд та оның жақын туысы ретінде Үндістанға келген. Сейф əд-Дəуле мен оның қызметкерлері əкесі Сұлтан Ибраһимнің бұйрығымен 1088 жылы қуғындалып, түрмеге қамалды. Мəсуд Сəд те солардың қатарында қамауға алынған еді. Ақын жеті жыл бойы «Дəһəк», «Су» қорғанында, ал, үш жыл «Нан» қамалында абақтыда отырды. Оған Сұлтан Ибраһимге жақын жүретін Хəмит-ол-Мəлек-əд-Дəуле Əбілқасым Хас деген кісі араша түсіп, ақынды зынданнан босатқан (1097 ж.). Мəсуд Сəд тұтқыннан босатылған соң əкесінің үйіне оралады. Сұлтан Ибраһим қайтыс болған соң (1101 ж.) оның ұлы Мəсуд ибн Ибраһим 1115 жылға дейін билік құрады. Ол Үндістан билігін өз ұлы Əзд əд-Дəуле Ширзадқа тапсырады. Оның уəзірі Əбу Нəсір парсылық ақынды Чаландар əмірлігіне тағайындайды. Бірақ, өкінішке орай, біршама уақыт өткен соң Əбу Нəсір патшаның қаһарына душар болып, қамауға алынады. Бұл тағдыр Мəсуд Сəдтің де басына келіп, мал-мүлкі тəркіленеді, өзі орнынан алынып, сұлтанның бұйрығымен Мəренжеде зынданға қамалады. Сегіз жыл өткен соң, яғни 1105 жылы Сəқəтолмоқ Таһир ибн Əли ибн Мошқан оған кешірім жасап, босатады. Ақын бостандыққа шыққан соң көптеген əмірлердің кітапханаларында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарады. Əмірлерді өлең жырларында мадақтай жүріп, сарайдың құрметіне бөленеді. Уақыты келген соң фəни дүниеден бақи өмірге аттанды (1120 ж.). Қасида жанрында ерекше шеберлік танытқан шайырдың артында 16000 бəйіт жыр жинағы мұра болып қалған. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, парсы тілінде жазылған бір жинағы мен араб, үнді тілдеріндегі екі

─ 224 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ «Диуаны» да бар. Осындай ауыр тауқымет шеккен ақын да Тараз аруын естен шығармай, шайырлық шабытпен жыр жолдарына енгізген: Сыланған кербез жүріспен өткен күнді еске алып, Тараздық жарым жаныма оңаша келді бетке алып, – деп еске алған ақын бір бəйіт өлең жолымен тараздық арудың ғажап кербез жүрісті сұлу бейнесін көз алдыңа келтіреді. Сопы ақындарда ұшырасатын символдық шартты түрдегі сүйген жар шығар деп болжау да мүмкін емес. Тараз сұлуын əсем де кербез жүріспен ынтыға күткені нақтылы бейнемен берілген. Сондықтан ақын көне Таразда бастан кешкен өмір шуағын жыр шумағына орап, еске алып отырған шығар. Не болса да ақын махаббаты Тараз жерінде гүл ашқан жүрек сырын жырға орап беріп отырғандай əсерде қалдырады. Сузəни Самарқанди – Шəмсəддин Мұхаммед ибн Əли Самарқанди – Иран ақыны. Туған жылы белгісіз. 1177-1185 жылдар аралығында дүние салған. Иран ғалымы Мұхаммед Уфидің (1176-1232 ж.) айтуына қарағанда ақын ине-жіппен безендіру өнерімен айналысқандықтан Сузəни («Сузəн» – «ине») деп аталып кеткен. Сузəни жастық шағында білім алу мақсатында Бұқараға сапар шеккен. Арыслан хан Мұхаммед (1062-1130ж.) пен Санжар Атсыз ибн Мұхамммед Хорезмшахтың замандасы болған. Ол өмір сүрген дəуірде атақты Сəнаи, Əнвари, Мүəззи, Əдиб Сабыр, Рашиди сынды ақындар болған. Сузəни олардың кейбіреулерімен айтысқа түскен. Алайда оның тілі уытты болған. Басқаларды балағаттап, оларға тіл тигізетін. Ол мұндай мінезден, яғни басқаларды даттаудан өмірінің соңғы кезінде бас тартып, тəубесіне келген. Оның диуанын карастырсақ, Таразды жырлайтын бəйіттер де кездеседі: Жұпар исің аңқыған иіс суындай, Сұңғақ бойың тербелген ақ қайындай.

─ 225 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Жанарынан нұр шашқан бар əлемге, Айдай жүзің Тараздың сұлуындай. Шаңырағында əлемнің əділ, биік өнерің Шын мен Тараз барғызар, Қағбаға да жетерсің. Тараз бен Шыннан келген көрікті жандар көп болған, Той-думан да өткіздің сұлулар толып кеп тұрған. Хақани Шервани (1126-1199ж.) – атақты Иран ақындарының бірі – Əбу Бəдил Əфзəледдин Ибраһим ибн Əбу Хасан Əли ибн Осман. Ол ел ішінде Хақани Шервани деген лақап атпен танымал болған. 1126 ж. Кавказдың оңтүстік шығысында Шерван уəлаятының Əрəс жəне Кура өзендерінің арасында дүниеге келген. Əкесі қайтыс болған соң, оның дəрігер бауырының колында өскен. Ол баланың дарынын байқап, араб тілі, əдебиеті жəне барлық ғылыми салаларда жан-жақты білім алуына жағдай жасаған. Хақани жас шағында аса шеберлікпен жырлаған ғазал жəне қасидалары үшін «Һəссəн ол Əжəм» атымен мəшһүр болған. Кейін Шерванның танымал ақыны Əбу Əһла Гəнжəви оны өзіне шəкірт етіп қабылдаған. Оны құрметтей жүріп, өз қызын берген. Кейінірек «Ақындар сұлтаны» деп Шерван Шаһқа таныстырып, Хакани лақап ат алып берген. Хақани ғұмыры шытырман оқиғаларға толы болған. Алайда, əдеби əлемде парсы, араб тілдерінде өзінен құнды мұра қалдырған. Соның бірі ретінде өлеңдер жинағы – «Диуанын» айтуға болады. Бұл диуан жиырма мың бəйіттен тұрады. Өмірінің соңына таман 1184 жылы Шерван шахтың сарай қызметінен кетіп, Тəбриз қаласына қоныс тепкен. Сол қалада қалған ғұмырын сопылықпен өткізген. Сөйтіп, 1199 жылы дүние салып, Тəбриздегі Сархаб ауданында орналасқан «шайырлар зиратында» жерленген. Мыңдаған жолдан тұратын поэмасынан Таразға орын беріп, еншісіне орай оның тарихи кезеңін суреттеген:

─ 226 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Хош иістіні маржандай етпесең керек айтарсың, Онда қызды теңізбен Таразға қарай қайтарарсың. Сəнаи – толық есімі Əбу Мəжд Мəждүд ибн Адам Сəнаи – Иранның атақты сопы ақыны. Ғазнейн қаласында он бірінші ғасырдың орта шенінде дүниеге келіп, 1131-1152 жылдар аралығында қайтыс болған деседі. Дарынды ақын ретінде əйгілі болған соң Ғəзнəви патшаларының сарайында орын тепкен. Мəсһуд ибн Ибраһим Ғəзнəви (1060-1113 ж.) жомарт та əділ патша мен Бəһрамшах ибн Мəсһуд Ғəзнəви (таққа отырған жылы 1118 ж., дүние салған жылы – 1152 жыл) патшалардың сарайында қызмет етіп, оларды өз жырларында мадақтап отырған. Дегенмен, өмірі тауқымет пен азаппен өткен ақын сопылық жолды ұстанып, дүниені тəрк етті. Бəһрамшах бұл жағдайды көріп, оны құрметтеп, өз қарындасын оған ұзатпақ болды. Бірақ Сəнаи оның ұсынысын қабыл алмады. Жастық шағын Бəлх, Сəрəхс, Герат, Нишабур калаларында өткізді. Ол əуелі Бəлх қаласында болып, сол жерден Меккеге қажылық парызын өтеуге аттанды. Мекке сапарынан кейін Бəлх қаласына оралып, əрі Сарахс, Мерв, Нишабур қалаларына ат басын бұрып, біраз уақыт жергілікті ұлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болып, 1124 жылы Ғазнейн қаласына қайта оралған. Ұзақ жылдар сапарда жүрген ақын біршама қасидалар жазып, Хорасанда өткен жылдарынан естелік ретінде еліне алып келген еді. Мəселен, «Бəлх күнделігі» («Карнаме-ие Бəлх») – соның бірі. Саяхат барысында да оның көзқарастары біршама өзгерістерге ұшырағандықтан Əбу Жақып Жүсіп Хамаданидің мүриді (шəкірті) болған. Ғазнейнге оралған соң сол өзі ұстанған сопылық жолын жалғастыруды мақұл көрген. Оның мазары – Ғазнейн қаласында. Парсы поэзиясының стилін өзгертуде елеулі үлес қосқан ақынның өмірін екі дəуірге бөліп қарауға болатын сияқты: бірінші кезең – жастық шақта атақ іздеп, дүние кезіп, өмірін той-думанмен өткізген жылдары. Екінші кезең – көзкарасы, дүниетанымы өзгеріп, ойы толысып,

─ 227 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ахлақтық, сопылық жолға бет бұрып, шындықты іздеген жылдары. Оның еңбектері – ақиқаттың гүлзары. Зерттеу тəсілі – пенделердің қиямет күніне дейінгі ғұмырын тану. Сəнаи сопы ақын ретінде табиғаттың сұлулығын, Жаратушының жаратқан сүйікті пенделері мен имани сұлулық арасын таразыға салғандай. Оның өлеңдерінен Тараздың кербез, қолаң шаш, аршын төс аруларын жырына арқау еткен жолдарды ұшыратамыз. Мысалы: Бұрылса да Қағбаға қарай барлығының жүздері, Жүректері олардың Шын мен Тараз сұлуларын іздеді, – деп келетін ақынның өлең жолдарынан нағыз өмір мен махаббат күйін шертетін сырға толы, өміршеңдік қасиетті сезінеміз. Жұрттың бар назары Қағбаның жолында болса, ақынның жүрек назары Шын мен Тараз аруларында болуы Омар Хайям жырындағы танымды таңдағандай. Неге парсы ақындары Шын сұлуларын, əсіресе көне Тараз аруларын жырға қосады? Ақын жүрегін арбаған Тараз сұлулары – сол қаланың көркемдік талғамының биік болғанын аңғартады, ақын жүрегін тулатар салтанаты мен қылықтары ақын махаббатының қозғаушы қуатына айналғанынан сыр шертеді. Дəқиқи – Əбілмəнсүр Мұхаммед ибн Ахмад Дəқиқи – Самандар билік еткен дəуірде өмір сүрген ақындардың бірі. Дəқиқи – проза түрінде жинақталып жазылған «Шаһнаме Əбілмəнсүрді» тұңғыш рет жырлаған ақын. Дəқиқиден кейін Фирдауси аталмыш прозалық «Шаһнамені» жəне басқа да қариялардың айтқан аңыздарын негізге ала отырып, əлемге əйгілі өз «Шаһнамесін» жырлаған болатын. Дəқиқи оныншы ғасырда дүниеге келген. Өзінің ұстанған діні зəрдөш діні болған. Жастық шағында жалындап көзге түскен оны өз нөкерінің бірі қазаға ұшыратты. Дəқиқи өз жырларында саман патшалары мен Чəғани əмірлерін шалқыта жырлап мадақтаған. Қасида, ғазал, қита жанрларында өз заманында зор шеберлік танытқан. Оның ең үздік шығармасы – «Шаһнаменің» бір бөлігі «Гоштасб-

─ 228 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ наме» болатын. Онда Гоштасб патшаның билігі хақында жəне Зəрдөштің пайда болуы, Гоштасб пен Аржасб арасында болған діни қақтығыс жайында мол дерек беріледі. Дəқиқидың əр түрлі өлең жанрларында аса алғырлығы мен нəзіктік əрі ой озықтығын байқатқаны үшін Фирдауси оны аса жоғары бағалап, «тілі оралымды, баяндауы жеңіл, сөзі айқын ақын» деп мақтаған болатын. Мұндай зор мақтау бағасының Фирдаусидай классиктің аузынан берілуі Дəқиқи ақын мұрасының əлемдік мəні бар рухани құбылыс екенін айғақтай түседі. Дəқиқидың кейбір қасидалары, көбінесе, өзге ақындар арасында ақындық өнердің үлгі алар өнегесі ретінде парсы ақындарының назарында болған. Дəқиқидің өзге Иран шайырлары сияқты Тараз аруларын жырына арқау етуі осы сарынның парсы ақындарының махаббат лирикасында өзекті орын алуының сырын, себебін терең танығандықтан деуге болады: БЕТ БҰРҒАНДА ҚАҒБАҒА ҚАРАЙ БАРЛЫҒЫ ТАРАЗ БЕНЕН ШЫНДАҒЫ СҮЙІКТІСІ ЖҮРЕГІНДЕ ЖАҢҒЫРДЫ Əнвəри – Оуһəдеддин Мұхаммед ибн Əнвари XII ғасырда өмір сүрген ирандық ақын əрі данышпан тұлға ретінде танымал болған. Өйткені ол өз заманының əдебиет, хикмет, философия, математика жəне астрономия салаларында терең білім алған еді. Осы жан-жақты білімінің арқасында Ибн-Сина сынды ұлы ойшыл-ғалымның дүниетанымына еліктеп, оны рухани жауларынан қорғауға бар күш-жігерін сала əрекет еткен. Ақын Селжүктердің соңғы ұлы патшасы сұлтан Санжарды (1117-1157 ж.) өлеңдерінде мадақтап жырға қосқан. Алайда сұлтан қайтыс болған соң Хорасанға билік ете бастаған Ғүз əмірлерін қасидаларына арқау етіп, оларды жан-жақты насихаттап, мадақ жырларын жазды. Зерттеушілер ақынның қайтыс болған жылын шамамен 1187 жыл деп көрсеткен.

─ 229 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Əнвəридің сөз қолданысы асқан тапқырлық пен ақындық шеберлік өнерін таныта алғанын оның шығармалары айғақтайды. Оның жырларында сол заман дүниетанымын аңғартатын ғылыми терминдер айтарлықтай мол қолданылған. Шайыр қасида жəне ғазал жанрында айрықша дарынды екендігін де өз ортасына мойындата білген. Оған айғақ ретінде Əнвəридің өлең жинақтары бірнеше басылым көргендігін айтуға болады. Əнвəри де өз замандастарынан қалыспаған, көне Таразды тілге тиек ету дəстүрін жалғастырған ақындардың бірінен саналады. Бұл сөзімізге мына бəйіттер дəлел: Хотан сұлулары біздің жүрек пістесінен майлылау. Тараз сұлуларының қара шашынан біздің жан қара қоюлау. Ақын теңеулері махаббат майданына түскен ғашықтық сезім жолындағы бастан кешкен мұң-нала қайғысы Тараз сұлуларының мұң-наласынан да басымдау деген ұғымға меңзейді. Хотəн аруларының шашынан жүрегім менің қаралау, Тараз сұлуларын көргенде түнде көзіңнен де қаралау, – деп, ақын Тараз сұлуларының қара қасты, қолаң шашты, мойыл көздерін түн ортасы кезіндегі қою қараңғылықпен салыстыра суреттейді. Ал, Хотəн аруларының шашының қарасынан – менің жүрегімнің ғашық жар үшін тартқан мұңналасы басым түсіп жатса, не дерсің деген назын сездіреді. Əдиб ол Мəмалек – толық аты-жөні Əмір-ош-Шоəра (шайырлардың əмірі деген бүркеншік лақап атын білдіреді) Əдиб-ол-Мəмалек Мұхаммед Садық ибн (қажы мырза) Хұсейін Фараһани. Атақты Иран ақыны. 1860 жылы дүниеге келіп, 1917 жылы қайтыс болған. Əдиб – Иранның əйгілі əдебиетші, мемлекет хатшысы болған, проза мен поэзияның ұстазы мырза Иса Қаэммақамның (1777-1835 ж.) ұрпағынан еді. Мырза Иса кезінде

─ 230 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ шах Аббас мырза мен Мұхаммед шах Қажар сарайында министр болған. Кейінірек премьер-министрлікке дейін жоғарылап, Иран елінің өркендеуіне зор еңбек сіңірсе де, Қажы мырза ағасы сияқты қызғаншақ шенеуніктердің өсекаяндарының құрбандығына шалынып, Тегеран қаласының Нигарстан бағында қастандықпен өлтірілген. Əдиб сондай қайраткер əдебиетші тегінен шыққандықтан бала шағынан парсы, араб, еуропа тілдері мен əдебиетіне ден қойған еді. 1898 жылдан бастап «əдəб», «мəжіліс», «Ирак əжəм» жəне «Аптап» атты басылымдарға басшылық етті. Шет елдерге жəне Иранның өз ішіне талай рет саяхатқа шықты. Ол қасида жəне қита сарынында аса шеберлік танытқан талант ретінде танылған еді. Оның өлеңдері, көбінесе, қоғамдық өмір мен саяси күреске арналып жазылды. Ол отаншылдық, саяси, қоғамдық тақырыптарды толғағанда мысал айтып, онысын хикаяларға негіздеп баяндауға бейім болды. Түрлі саясиəлеуметтік сарындар мен реформалық көзқарастарда ерекше көзге шалынды. Осы тұрғыдан оны өткен ғасырдағы парсы əдебиетінің айтулы əрі тұңғыш ұстазы деуге болады. Əдиб Еуропа əдебиетімен етене таныс болған. Екіншіден, араб тілі, əдебиеті, тарихы жəне исламият жайынан мол хабардар болған ақын. Əдиб те Иранның өткендегі ақындары сияқты Тараз аруларына бір бəйіт арнаған. Бірақ бұл жолда оның Тараз сұлуларын суреттеуі басқа шайырлардан мүлдем бөлек. Өйткені ол мың жыл бойы X ғасырдағы ақындықтың əбілхаят суын ішкен Рудаки мен Фирдаусиден XX ғасырға дейінгі парсы ақындарының Тараз хақында, оның сылқым, күн маңдай, асқан сұлулары мен теңдесі жоқ əшекейлі зергерлік бұйымдары жайында жарыса жырлаған ақындық өнеріне нүкте койғандай болады. Əдибтің төменде келтірілген бəйітінен кейін парсы ақындарының көне Тараз жайлы жыр шумақтары тарих қойнауына кіріп, сырын ішіне бүккен тарихи жəдігерлікке айналып жүре бергендей сезіледі:

─ 231 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Қай уақытқа дейін баян етпексің Əй, сөзшең шайыр, Тараз сүйіктілерінің жайын, – деп ақын осы өлең жолымен Тараз жөнінде айтуға тоқтам салғандай сыңайын білдіреді. «Ирандықтар үшін Тараздың даңқы төмендеді, тарих тəлкегіне түскен Тараздың өзі талай рет қиратылып, ол қалаға көрік берген əсем ғимараттар мен бұйымдар жойылды. Ресей бодандығына кеткен Таразда енді біз қызығып, елти қоятындай не қалды» деген ойды меңзейді. Бірақ тарихтың мыңдаған жылдарында бой түзеген Тараз қаласы өзі орналасқан əсем табиғат аясында, тоғыз жол торабының керуен сарайы іспеттес бойын тіктеп, жүзін жайнатып, қазақтың тарихи-рухани бесігі болып мəңгі жасай бермек. ИРАН ЖƏНЕ АУҒАНСТАН ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ Ауғанстан 650000 шаршы шақырым жер көлемімен Азия құрлығының аласапыран тағдырын бастан кешіріп келе жатқан таулы аймақтағы мемлекет. Астанасы – Кабул қаласы. Солтүстігінде Тəжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, солтүстік шығысында Қытай, батысында Иран Ислам Республикасы, оңтүстігінде Пəкістан елдерімен шектеседі. Қолданыстағы негізгі тілдер парсы мен пəшту. Халқының басым көпшілігі мұсылман сұнниханафи мəзһабты ұстанады. Ауғанстанды мекендеген ұлт-ұлыстардың сандық көрсеткішіне қарай: Пуштун, Тəжік, Өзбек, Һəзаре, Фарсы, Аймақ, Түрікмен, Қызылбас, Нұрыстани, Моңғұл, Бəраһуи, Қырғыз, тағы басқалар. Мыңдаған қазақ та ауған елінде тіршілік еткен. Бірақта олар ел тəуесіздігін жариялаған бастапқы жылдары елге оралды. Олар туралы төменде кеңірек оқи аласыз. Қазақтар ата мекендерінен Ауғанстанға үш кезеңде көшуге мəжбүр болыпты.

─ 232 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Ауған еліне бірінші кезеңнің көш тарихын Саламат Адай ақсақал əңгімелеп берген. Ол өте бай жəне ауқатты болғаны үшін ел ішінде Саламатбай деп аталып кеткен. Еліміз тəуелсіздігін жариялаған соң елге оралып, Түркістан шаһарында қоныстанды. Сонда дүние салды. Ұрпақтары сонда тіршілік етуде.Оның мəліметіне қарағанда Ауған еліне қазақтар алғаш рет шамамен 1865 жылдары Тəжікстан арқылы көшіп барған көрінеді. Олар Адай руының Қосай, Еміл тобы екен. Аталған топ Тəжікстанның Гүлаб деген жеріне барып, сондағы таулы аймағындағы бір тесіктен өтуді ұйғарып, ойын іске асырыпты. Оларды Арқадан, Кенжебек, Берістен деген кісілер бастап көшіпті. Жалпы саны 1000 қаралы шаңырақ көрінеді. Олар Ауғанстан топырағына қадам басқанда Апқол, Бағлан, Полқұмыр, Дочы атты елді мекендерге қоныс тебеді. Ол Шерхан патшаның заманы еді.(Саламат ақсақалдың «Шерхан»,-деп отырғаны тарихта 1868-1879 жылдар аралығында Ауғанстанды билеген «Шир Əли» ( )یﻝﻉ ﺭیﺵпатша). Сол кезде Ауғанстанның мемлекет басшыларының бірі – Сұлтан Ғалихан деген кісі қазақтардың қонысына барып, оларға қыр көрсетіп, үстемдік жасағысы келіп, үйінен кілем алдырып, үстіне қазық қағып, атын сол қазыққа арқандап, қазақтарға қаратып: «мен қой етін жемеймін, тауық етін тауып беріңдер» деп қиқарлық мінез танытады. Бұл қорлыққа шыдай алмаған ел қайта кері көшіп Тəжік аумағында Амударияға жақын келе, бір асудан асады. Сол асу күні бүгінге дейін «Қазақ гүзəр»( )ﻕﺍﺯﻕ ﺭﺫگяғни «Қазақ асуы» деп аталады. Ел асудан асып, ірге теуіп орналаса берген сəтте Сұлтан Ғалихан қарулы əскермен соңдарынан қуа шығады. Қазақтар көшті Амудариядан өткізіп қоныстандырып, жау жолына керегелерді төсеп, өздері сойылмен аңдып жатады. Қарулы қол керегеге сүрініп, жығылған сəтте сойылдап, нөкерлерін өлтіріп жібереді де Сұлтан Ғалиханды ұстап алады. Ауғанстан өкіметі қазақтарға қалған дүние-мүліктеріңді қайтарайық, Сұлтан Ғалиханды тірідей қайтарыңдар деп

─ 233 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР талап етеді. «Өліспей берісетін» халықпыз ба деп, Сұлтан Ғалиханды тірідей жерге көміп, азаптап өлтіреді. Сонымен, Ауған жерінен кері қайтқан ел Тəжікстанның Гүлапстан()ﻥﺍﺕﺱﺏﺍﻝگдеген жеріне орналасады. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» мамыражай күндерде, бұларға көз алартқан ешкім болмайды. Олар – Тəжікстан өкіметіне талап қойып Гулапстанның шүйгінді де құнарлы мекені болып саналатын 32 бұлағының бойын иеленіп, ресми түрде өз аттарына бекіттіріп алады. Аталған аймақтың топырағы өте құнарлы болғандығынан табиғи түрде жабайы пісте қисапсыз өседі екен. Қазақтар сол пістелерді жинап, жылына бір рет арбалап базарға апарып саудаға салады. Соның арқасында көп табысқа кенеліп, мейлінше байып алады. Осылай «тамағы тоқ, көйлегі көк » бейбіт тірлікпен жарты ғасырды артқа тастайды. Тəжікстанда тыныш өмірге дағдыланып, тілі бөлек болса да діні бір, ділі бір тəжік халқымен етене-жақын бейбіт тіршілік етіп жатқан қазақтардың басына бəлшібектердің қара бұлты үйіріле бастайды. 1917 жылы Кеңес өкіметі орнағаннан кейін бұл ел басына нəубет келіп, қайта босып Ауғанстанға барлық малмүлкімен өтіп кетеді. Оларды Адай-қосай тайпаларынан Бүркітбай, Тоқсаба, Нұмар молда, Мұңалдан Жарған қажы, қырықмылтықтан Қожахмет бай, Табыннан Тілеужан молда, Төлеу, Қоңыраттан Смайыл, Нұрақыл, Досан би қатарлы ел ағалары бастап алып шығады. Бірақ, Ауғанстан жерін жерсінбеген мал түгелдей қырылып, халық ашаршылыққа ұшырайды. Жан бағуды күйттеген ел азаматтары Кеңес еліне өтіп, басмашыларға қосылып, ел тонауға кіріседі. Ол кезде Түркиядан Əнуар паша (Əнуар паша-1862 жылы Стамбулда дүние келіп, əскери оқу орындарын бітірген соң II Əбділхамид билік құрған заманында соғысқа қатысты. Сол кездері мемлекетте реформа жасау үшін бірнеше пікірлестерімен «Бірлік жəне даму» атты партия құрды. Бірінші дүниежүзілік соғыста османлы əскерінің даңқты қолбасшысы болды. Османлылар жеңіліске

─ 234 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ ұшыраған соң Түрік азаттық қозғалысы қатарында мемлекеттің тəуелсіздігіне орай бəлшібектермен одақтасты. Əнуар пашаның негізгі идеясы бүкіл түркілермен бірігу болғандықтан бəлшебектердің қарсылығына тап болып, олармен соғысқа кірді. Сол мақсатта 1921 жылында Түркістанда басталған 1918-1930 жылғы Басмашылар қозғалысына қатысып, Кеңес өкіметінің өктемдігіне қарсы түркі халықтарының азаттық күресіне атсалысты. Соңында 1922 жылы шығыс Бұхара маңындағы Балжуан мекенінде қызыл əскерлерімен шайқас кезінде ерлікпен шəһид болды. Түркістанға барғанда бүкіл түркілерді өздерінің діни жəне ұлттық мүдделерін жаудан қорғап қалу жолында біріктірді. Солардың қатарында Ауғанстандағы қазақтарда оның үніне үн қосып коммунистерге қарсы шайқасқа кірісті. Түркілердің ұлт-азаттық күресін жан-тəнімен қорғап, қолдау үшін Ауғанстандағы қазақтар толассыз Кеңес жеріне өтіп, коммунистерге шабуыл жасап тұрды. Сол кездегі Ауғанстанның мемлекет басшысы Надыр шаһ(1929-1933) қазақтарды қолдап, оларға жер бөліп беріп, орналастырды. Сол кезде Кеңес өкіметі Надыр шаһқа: «Басмашыларыңды тый, немесе бізге ерік бер» деп талап қояды. Надыр шаһ: «Мен өзім қоныстандырдым. Енді тыя алмаймын» деген жауабымен олардың талабын орындаудан бас тартады. Надыр шаһ қазақтарға шабуыл жасауға келіспегеннен кейін, Кеңес өкіметі арнайы қарулы əскер шығарып, елді аяусыз қыра бастайды. «Қорғансыз елге қатын би» дегендей, қызыл əскер емін-еркін сайран салып, екі айдай елді қойша қырып аттанады. Қызылдардың қырғыны қазақтарға өліктерін көмуге де мұрша бермегендіктен жылауды да ұмытқан екен. Қазақтар: –Біз Ауғанстанды «мұсылман ел» деп паналап келсек, бізді қорғамай кəпірге қырғызды, - деп Ауған елімен соғысады. Бұл қырғын ұрыс бес жылға созылады. Екі жақ та мейлінше шығынға батады. Бұндай аласапыран ауыр кезде басының амандығын ойлаған кейбір адамдар Кеңес өкіметіне өтуге мəжбүр

─ 235 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР болады. Тағы да зұлмат түнекке аяқ басты. Жүректері оны сезіп тұрса да амалсыз тəуекелге барғандай сыңай танытты. Кеңес өкіметі қашып келгендерге ерекше көңіл бөліп, азықтүлікпен қамтамасыз етіп, «қалғандарды да шақырыңдар!» деп кең пейілдік көрсеткен болады. Арып-ашып жүрген сорлылар «ұзын арқан, кең тұсауға» арқаланып, келе бастайды. Бұл жағдай үш жылға жалғасады. Осы кезде Кеңес Одағында бір зор мереке тойланады. «Ауғанстаннан келгендерге «ерекше ілтипат көрсетіледі» деп елді емексітеді. «Бұл не деген батпан құйрық, тегіннен-тегін жатқан құйрық» дегендей бұл аста-төк «жақсылыққа» алданған елдің басаяғы осында жиналады. Бұларды тарпа бас салып, көбін ату жазасына бұйырып, ит өлген жерге айдайды. Сондықтан, басынан қайғы бұлты сейілмеген, тыныш ұйқы, беймарал тірліктен айырылған 2000-дай отбасы Ауғанстанға қайта ауып барады. Олар 1935 жылы өгіздің терісін бітеу сойып үрлеп, Сал жасап түнде Амудариядан өтеді. Дарияның бойын күзеткен шекара күзетшілеріне дымдарын сездірмеген қазақ босқындары жаудың қолына түсіп қалмау үшін бір-біріне белгі бергенде жолбарысша ырылдасып тіл қатысқан екен. Баланы жылатпауға амалсыздан суға да батырып жіберген жайыттар да болғаны айтылады. Сөйтіп, үрейден булыға көшкен ел төрт сағат мөлшерінде Амударияның арғы жағасына өтіп үлгеріпті. «Бірде артын, бірде алдын берген» мың құбылған сол заманда қазақтардың бағына қарай Надыр шаһ қайтыс болып, орнына таққа отырған Заһир шаһ(1933-1973) жалпы елге бейбітшілік орнату мақсатында ел арасындағы бұрынғы бүлікшілікті тоқтатып, ауыр қылмыскерлердің күнəсін кешіріп, кеңшілік танытты. Соның салдарынан Заһир шаһтың либералды саясаты азып-тозған қазақтарға да игі əсерін тигізді. Өйткені оларға да ешкім соқтықпай, баяғы мамыражай тірлікке қайта оралып, ғұмыр кешуге мүмкіндік туды. Осылайша Ауған елінде мал бағып, егін егіп күн көруге кіріскен қазақтардың бірінші көші сан құбылыстан кейін тарих жадында қала бермек. Бұл қазақтардың

─ 236 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ басым көпшілігі Ауғанстанның «Құндыз» төңірегіндегі қыстақтарда тұрып, өмір сүріп келді. Еліміздің тəуелсіздігі жолында сыртта жүріп қызыл əскерлерімен түркі мұсылман сапында аянбай шайқасып, мыңдаған шəһид берген олардың ұрпағы тəуелсіз ел болғанымызға куə болды. Қазіргі уақытта ұрпақтарының басым көпшілігі ата мекенге оралып, ел қатарында тіршілік етіп келеді. Қазақтардың Ауған еліне екінші бір көшін Қанағат молда əңгімелеп берген. Ол: «Орал облысын мекендейтін елдің басым көпшілігі – Кіші жүздің Байұлы руынан. Ресей патшасы Николай* «балаларыңды оқуға беріңдер» дегені көңілдеріне секем ұялатқан ел бұдан құтылудың жолы ауа көшу деп тауып, Ауғанстанды бетке алды. Олардың ұзынырғасы 3000-дай үй еді. Əбдіраһман хан (1880-1901)Ауғанстанда таққа отырған жыл. Бұл елді бастап шыққан Қалмұхамед пен Беркін Ауғанстанға жетпей қайтыс болады. Олардан кейін елді бастаған; 1. Байбақтының Естерек биі. 2. Мұңал руының Жарған қажысы. 3. Адайдың Тоқтамысы еді. Бұлардың əрқайсысына Əбдіраһман хан «мың басы» деген атақ береді. Ауғанстан өкіметі Бағлан, Гори деген жерлерден жер-су беріп, шабындық жерлерге орналастырып, шаруашылыққа бейімдейді. Сонымен, Ауғанстанда Есентемір руынан 200-дей отбасы қалады. Оларды жергілікті өкімет 3 айдай қамап, ақыры өз беттеріне жібереді. Олардан да өсіп-өрбіген ел бүгінгі күні тəуелсіз елдің азаматтары болып, ұрпақтарының келешегіне ата-баба топырағында ірге қалап жатыр. Ұрпақтарымен сырласып қалғанымызда Алла Тағаланың сыйлаған осыншама бақытына сенерін де, сенбесін де білмей қуаныштан Аллаға шүкір етіп, еліміздің амандығын, баянды болуын тілеп жатады. Жүрекжарды қуанышының мөлдір жасын тамшылатып тұра беруге бейіл. Алла көзімізге жас берсе тек қана бағымыздың қуанышына бере берсінші дегендей сыңай танытады. Қазақтардың Ауған еліне үшінші рет көшіекі топта

─ 237 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР бөлініп, екі кезеңде жүзеге асты. Бұл жайтты Ахмет Торбай бауырымыз ақсақалдардан естіп, жазып алған екен. Оның қойын дəптер жазбаларында біршама мəліметтер болғанын ғанибет деп қуандық. Мен үшінші көш бөлімінде Ахмет бауырымыздың дəптерінен тиісті мəліметті алып пайдаландым. Алла бұйырып ниетім һəм ізденістегі тақырыптарым толықса «Ауған қазақтары» атты кітап жазылып, жарық көрер болса Ахмет бауырымның жинақтары қариялардың жаднамалары, Абдолла Əскери сияқты оқымыстының танымы, өзімнің 1978 жылғы қойын дəптерімдегі сапарнама жазбаларым пайдалы болар деп ойлаймын. Көштің бірінші тобы 1928 жылы Ақмешіттен жолға шығып, Қызылқұм арқылы Қарақалпақстанға барып, одан Түрікменстанға жетеді. Қариялардың соңғы легінің есінде қалғаны Құндыз аймағының Ғолам Хайдар деген əкімі қазақтарға көп көмек көрсеткен екен. Кейін аталған əкім көмек көлемін кеңейтіп, мемлекеттік деңгейге жеткізіп ресми түрде көмек беруді қолға алып, ақсақалдарды шақырып алып, құжат дайындауға тапсырма бергенде қазақтар үкіметтің ресми жəрдемінен бас тартыпты. Бұның себебін сұрағанда олар: «Біз қайыршы емеспіз. Біздің алған көмектеріміз құжаттанса ертеңгі ұрпақ біз үшін ұялады» деп жауап беріпті. Қазақтардың бұл əрекеті үкімет басшыларын таң қалдырыпты. Бұл «не деген қанағатшыл, өркөкірек ел» десіпті. Осы жайында Құндыз бен Ханабадта бір қызық оқиға болыпты. Оны айтқан қарияның атына балап көпшілік «Шортан қажы Көтібардың хикаясы» депті. Шортан қажының хикаясы : «Мұхаммед Заһир шаһ(1914-1974) 1933 жылдан 1973 жылға дейін билік еткен заманда, Құндыз қаласының əкімі Шерхан мырза қазақтарды кеңсесіне шақырып алып, алдап-арбап, қояр-қоймай бірсыпыра құжаттарға аттарын жазып, бармақ бастырып алыпты. Қол қойғандар аң-таң, күдік пен үрейге булығып кете беріпті. Бұл оқиғадан кейін жылдар өтеді. Олар да таңдана жүріп, бір жамандығын

─ 238 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ күте жүріп бірте-бірте ұмытып кетеді. Күндердің күнінде бірнеше ауған азаматтары сол кісілерді іздеп келеді. Олар бұл жағдайға қайран болып, қорқа бастайды. Енді не бəле бізді күтіп тұр екен деп олардан өздерін іздеп келгендерінің себебін сұрайды. Олар болса біз пəлен адрестегі жерді сіздерден сатып алуға келдік дейді. Бұны естіген қазақтар бəлеңнен аулақ, бізде ондай жер жоқ дейді. Ауғандар таңдана: «бұл қалай? Біздің білуімізше əкімдікте ол жерлер сіздің атыңызға тіркеулі тұр» деп жауап қайырады. Екі жақ бірбірімен тіл табыса алмаған соң əкімдікке барады. Əкімдікке барған соң əлгі əкім қазақтарға бұдан бірнеше жыл бұрын олар қол қойған құжаттарды көрсетіп, естеріне салады. Сөйтіп жер сіздердікі деп түсіндіреді. «Енді қаласаңыз сата аласыз, қаламасаңыз өздеріңіз пайдаға жаратасыз. Ол жағын өздеріңіз шешерсіз» деп оларды шығарып салады. Содан қазақтар күтпеген жерден байлыққа кенелген екен» дейді. Қазақтар биологиялық жəне психологиялық тұрғыдан табиғатпен үйренісуі, қоғамдық ортаға бейімделуі қалыптаса бастаған 1954 жылдардан кейінгі кезеңде əр тарапқа тарап кеткен ағайындар бір-бірін іздей бастады. Ыңғайы келгенде қоныстарын ауыстырып бір жерге шоғырлана берді. Одан бұрынғы кезде үйренген түрлі қолөнер бұйымдарын өздері саудаға сала бастағандары тағы бар. Мəселен Герат қаласында жергілікті тұрғындардан кілем тоқуды үйренген қазақтардың өнімін қазақтардың өзі сауда тауарына айналдырды. Сауда жұмысын қазақтар арасында жолға қойғандардың тағы бірі Сыр бойының тумасы, Герат қаласында тұрған, Тəуелсіздіктен кейін елге оралып Түркістан шаһарында қайтыс болған (1916-2003) Жұмахмет Құлшан, Аспан руының азаматы. Ауғанстаннан елге оралып, Түркияда тері саудасымен байыған соң қоғамдық жұмыстарға араласып, ел игілігін ойлап жүрген қажы Бектұр Дəуітұлы, кете руынан шыққан қандасымыз. Ол Қалам атты əке, Жұпар атты анадан 1940 жылы Мазари шəріп қаласында туған. 2010 жылы қайтыс болды. 1988 жылы қажылық парызын өтеген. 2002-2004 жылдар аралығында

─ 239 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Қаскелең қаласында жүз елу адам бір мезетте намаз оқи алатын мешіт салдырды. Бұндай діни бағыттағы игі шаралар ауғаннан келген ағайындар арасында жиі кездеседі. Бұндай істері олар үнемі бұ дүниемен бірге о дүниесін де ойланып жүреді деген ұғымды білдіреді. Ауғанстанда кəсіпкерлікте айтулы деңгейге көтеріліп, тұрғылықты азаматтардың құрметіне ие болған азаматтар Кабул, Мазари шəріп қалаларынан 19701975 жылдардан көріне бастады. Олардың көш басында қажы Мəден Болат, қажы Имам Болат, қажы Ғолам Хайдар сынды азаматтар зауыт салып, халықаралық сауда ісіне араласа бастады. Олардың ауқатты болуы елге де жақсы болды. Мəселен Кабул қаласына жұмыс бабымен бара қалған қазақтың тұрағы қажы Имам Болаттың бес қабат зəулім үйінің бір қабаты қонақтарға арналған еді. Оның рахатын талай қазақтар көрді. Онда мезгілінде таңғы шəй, түскі тамақ, кешкі ауқат жайылған дастарқанға келіп тұратын берекелі шаңырақ болғаны қазақтың қай жерде жүрсе де бауырмал жан, қонақжай ел екенін көрсетеді. Қажы Имам 1980 жылдан кейін Стамбул қаласына қоныс аударып үлкен экспорттық тері фирмасының қожайыны болды. Қазіргі кезде ата мекеніне оралып, Қаскеленде тұрады. Ондай үлгілі шаңырақтың бірі Мазари шəріп шаһарының тұрғыны қажы Ғолам Хайдар еді. Ауғанстанның жергілікті халқы мен үкіметі қазақтарға бек риза. Оның себебі қазақтар бауырмал, қанағатшыл. Сонымен қатар бизнес саласында ешқашан алкоголь, наша саудасымен айналысып, жаман атағын шығарған ел еместі. Сондай-ақ жезөкшелікті кəсіп етпеген халық. Ұрлықта да аты шықпаған қауым. Қазірге дейін ауған елі қазақтарды аңсап: «Зиянсыз, момын қазақ деген ел бар еді, олар қайда кетті» деп жоқтап жүреді екен. Ауғандардың бұндай көзқараста болулары да жайдан-жай емес. Өйткені өздері қиналып жүрген бір кезеңде Мазари шəріп қаласында қала əкімі Тұрмаш мырза қазақтарға егістікке жер берген. Сонда қазақтар біз егінмен айналыспаймыз деп алмаған. Əкім егін салмасаңыз сатып, бір кəдеңізге жаратарсыз деген. Оны да мақұл көрмеген қазақтарға

─ 240 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ таң қалған ауғандар олардың тоқпейіл көңіліне қарап «Қазақтар құдай берген қанағатшыл ел» деп бағалап келген. Қазақтар сауда-саттық саласында ауғандар алдында сенімді саудагерлер ретінде жақсы абыройға ие болды. Сондай-ақ шебер тігінші, етікші болғандары үшін де ел арасында зор беделге ие болған. Оған мысал ауғандар қазақтың қолымен тігілген тондарды күткізбей сатып алатын. Сол себептен қазақтарды нағыз тон тігудің шебері деп атайтын. Ең қызығы, қазақтар жергілікті елмен тату-тəтті өмір кешіп жүрсе де оларға қыз бермеген. Ата мекеннен жырақ жүріп, аңсары бір болғандықтан олар бір-біріне қолдау көрсетіп, қуаныш пен өкінішін де бірге бөлісіп жүрді. Кеңес үкіметінің ұжымдастыру сылтаумен қазақтардың жалғыз күнкөріс көзі төрт түлік малын тəркілеп қолдан жасаған жасанды ашаршылық қасіреті қазақ халқына орны толмас зиян келтірді. Соның себеп-салдарынан бүкіл қазақ халқының тағдыры зұлматпен беттелді. Ауғанстанға қазақтардың үшінші көші Қызылорда облысы, Қармашқы ауданының аумағынан кеткендер. Олар қиын тағдырдың етегінде ұзақ жылдар азапты өмірден құтыла алмады. Көрер тауқымет пен азабын көрді. Тек қана елден тысқары жерде ұзақ уақытқа тұрақтап қалса да бір Алладан үміт жібін үзбеді. Зейнал Рүстемұлының айтуына қарағанда, Ауған қазақтары Кете, Шөмекей, Қожалар. 1980 жылы Ауғанстанда болған аласапыран кезеңде осы Зейнал Рүстемұлы, Қажы Ғолам Хайдар елдің Түркияға көшуіне көп еңбек етті. Қазіргі кезде екеуі де Алматыда тұрады. Қажы Ғолам Хайдар қоныстанған Қаскеленде жетпіс төрт жасқа келген шағында 2011жылдың наурыз айының жиырма жетісі күнінде дүние салды(жаны жаннатта болғай). Бала-шағалары, үрім-бұтағы əкелері армандаған ата жұртта өмір сүріп жатыр. Марқұм қажы Ғолам Хайдар қазақтар Ауғаннан Түркияға, Түркиядан ата мекенге көшкен кездерінде ондаған шаңыраққа материалдық əрі рухани демеуші болғаны талайларға өнегелі жұмыс болып жан дүниелерінен орын алып қалды.

─ 241 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Ауған қазақтары заманауи білімге онша көп көңіл бөлген жоқ. Сондықтан мектеп пен университеттерде оқыған азаматтары санаулы. Мен əлем елдерінде тұратын қазақтарды зерттеуге ниеттеніп 1979 жылы Ауғанстанға барып, Герат, Кабул, Мазари Шəріп, Пол құмыр деген жерлеріне барып қазақтардың тіршілігімен жақын таныстым. Олардан көрген мейір, бауылмалдық, мəрттік, қонақжайлылық жүрегім мен санамда қазақылық болмыстың табиғи бейнесін суреттеп берді. Мен сол жылдардан бері олардан ажыраған емеспін. Бұның өзі үлкен əңгіменің өзегі. Өткен мен бүгінге қарағанда орта адамды өз ыңғайына қарай бейімдейді. Қысқасы сол сапарда байқағаным1980 жылдары Кабул университетінде бар-жоғы екі қазақ жоғары білім алып жүрді. Олардың біріНұрмұхаммед молда Серікбайұлы 1978-1980 жылдар аралығында коммунисттік идеологияның құрсауында жүрген ( )یکﺭﺕ ﺩﻡﺡﻡ ﺭﻭﻥНұрмұхаммед Тəрəки (1978-1979), ()ﻥیﻡﺍ ﻩﻝﻝﺍ ﻅیﻑﺡƏфизолла Əмин (1979-1980), ()ﻝﻡﺭﺍک کﺭﺏﺏ Бəбрəк Кармəл(1980-1986) арасында болған қақтығыстардың кесірінен сол жылдары Кабулда қаза тапты. ЕкіншісіМұхаммед Рафиһ БҰҰ-ының босқындар бөлімшесінің тізіміне ілініп, өзінің алған жағрафия мамандығы бойынша Дания елінде тұрақтады. Қазақтар үш кезеңде ауған еліне көшіп, бір ғасырдан ұзақ сонда тұрды. Саяси биліктің саяси ұстанымына сəйкес олармен кейде тату, кейде қату өмір кешті. Қазақ елі тəуелсіздігін жария еткенде ақ түйенің қарны жарылып, жүздеріне бақыт нұры жауды. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Түркияның Стамбул қаласында шет ел қазақтарының өкілдерін қабылдаған кезде елдің өтініші бойынша елбасының тікелей нұсқауымен тарыдай шашылған Ауған қазақтары Түркия, Иран, Сауд Аравиясы елдерінен 1993 жылы елге оралуға мүмкіндік алды. Олардың көпшілігі Жетісай, Түркістан, Шымкент, Қызылорда, Қаскелең қалаларында тұрады. Ауғанстанда Заһир шаһ 1973 жылы генерал Дəуіттің жасаған əскери төңкерісіне (1973-1978) ұшырап Ауғанстан-

─ 242 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ ның соңғы патшасы атымен тарих қойнауына кеткен соң қазақтардың тіршілігінен де береке кете бастады. Елдің əлеуметтік-экономикалық жағдайы нашарлап, жұмыссыздық жайлағанда халықтың психологиялық дағдарысқа ұшырауына, қоғамдық күйзелістің өршіп кетуіне негіз болды. Босқын миллиондаған ауған азаматтары көрші Иран мен Пəкістан елдерімен қатар араб, Европа мемлекеттерін паналап, мекендеуге мəжбүр болды. Солардың қатарында мыңдаған қазақтар да болды. Қазақтар көбінесе қазақ диаспорасы тұратын Сауд Аравиясы, Сирия, Иран, Түркия сынды елдерге қоныс аударды. Оның ішінде Түркия елі қазақтарды түбі бір түркі болғанын ескере отырып, азаматтық беруде көп кедергі жасамай, азаматтық алу жұмыстарын оңайлатты. Сондай-ақ Түркия олардың емінеркін сауда жасауларына да мол мүмкіндік берді. Мəселен салық төлеуге жеңілдіктер берді, немесе тиісті жерінде көптеген отбасын пəтермен қамтамасыз етті. Атап айтқанда 1980 жылдардың бірінде Түркия президенті Кенан Евреннің Пəкістанға сапарында босқын қазақтардың өкілінің берген өтініші бойынша қонақ иесі, Пəкістан үкіметінің келісімі бойынша 65 босқын қазақ отбасын Қайсари қаласына жеткізіп, сондағы жергілікті тұрғындардың қолдауымен оларға кезектен тыс пəтер берілді. Ал, Иран, Сауд Аравиясына барған қазақтар сонда босқын мəртебесімен тіршілік етті. Шынын айтсақ, Ирандағы қазақтар иранды паналап келген ағайындарына барынша көмектесті. Олар босқын қазақтарға мемлекеттің тиісті мекемелеріне тіркеуге алынуларына кепілдік беріп, көмектесті. Сонымен бірге бастапқы жылдары өз шаңырақтарынан бөлме беріп, нанын да бөлісті. Сөйтіп ағайындық-қандастық міндетін өз бауырлары алдында барынша атқара білді. Оған дəлел Ауған-Иран қазақтары күні бүгінге дейін туыстық-достық қарым-қатынастарын үзген емес. Иран, Ауған, Түркия қазақтарының жақын қарымқатынас жасаудағы екінші себебі – 1979 жылы Иран Ислам төңкерісінен кейін 1980 жылы басталған Ирак пен Иран

─ 243 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР елдерінің сегіз жылға (1980-1988) созылған шайқасының салдарынан туындаған экономикалықəлеуметтік дағдарыс еді. Сол жылдары Иранда көптеген индустриалдық, өндірістік орындардың жабылып, құрылыс саласының тоқтап қалуынан елді жұмыссыздық жайлады. Сол үшін жаппай ел сауда-саттықпен айналысуларына тура келді. Коммерциялық тауарлардың басым бөлігі Түркия елінен тасымалданатын болды. Сондықтан Түркиядан Иранға тауар тасымалдау елдің күнделікті жұмысына айналды. Сауда қаптарын арқалап шекарадан əрлі-берлі өтіп жүрген сатушылардың бір кішкене тобы да қазақтар болды. Соғыстың зардабынан миллиондаған адам осылай күн көрді. Қазақтардың тағдыры да ирандықтардың тағдырынан бөлек емес-ті. Міне, Ауғанстан, Иран елдерінің саясиэкономикалық ахуалына байланысты үш елдің қазақтары бір-бірімен əбден жақындасып кетті. Сол дəуірде Түркияның бағы болар, 1980 жылы əскери төңкеріс болып, Кенен Еврен президенттік шентағына отырды. Артынша Тұрғыт Озал премьер-министр болды. Оның ұлттық-экономикалық саясатының арқасында Түркия қысқа мерзімде яғни екі-үш жыл көлемінде шағын орта өндірістік əрі сапалы қызмет беру елдер қатарына қосылды. Көрші елдердің киім-кешек, азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз етті. Өйткені Иран елін батыс елдері қысымға алып, онымен сауда жасауға тыйым салғанда Түркия Иранның сұранысына сəйкес тиімді комерциялық жүйесін жасап, экономикалық қатынасын өз пайдасына шеше білді. Сонда түрік саудагерлері Иранға қажетті сайман-құралды Еуропа елдерінен алғызып делдалдық пайызынан қомақты пайда түсірді. Сонымен қатар сауда орындарын көршілердің нарықтық сұранысына сай дамытып отырды. Экономикалық дамудағы қоғамдықпсихологиялық бағыттарда туризм саласына қатты мəн берді. Мемлекеттік емес ұйымдар мемлекеттік қолдау əрі таза бақылау арқасында сапалы қызмет беруді жоғары деңгейде орындауды көздеп, үлкен жобаларды жүзеге асырды. Сол себептен көрші елдердің орта буын əрі қалталы

─ 244 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ азаматтары Түркияда дем алуды тиімді көріп, демалыс күндерін Түркияның көрікті де əсем табиғаты аясында жылы шырайлы қызмет көрсететін, əрі сыпайы қарсы алушылармен өткізуді жөн көрді. Сондай жүйелі шаруа мен салиқалы саясаттың арқасында Түркияның Стамбул қаласы қазақтардың да бас қосу орталық қаласына айналды. Ауған қазақтары түрік елінде тұрып, əжептəуір тыныстана білді, сауданың талай қырын үйренді. Олардың 1980-1993 жылдар аралығында Түркияда тұрған жылдары өзіндік орны бар бөлек əңгіменің өзегі десек артық емес. Бір өкінерлігі, Ауғанстан қазақтарының тарихы, этнографиясы, тілі мен діні, жалпы тыныс-тіршілігі əлі күнге жүйелі түрде зерттелмей келеді.

─ 245 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ƏДЕБИЕТТЕР: 1. Қабиболла Сыдиықұлы. Еске алу кітабы. Алматы, «Арыс» баспасы, 2002 ж.– 208 бет. 2. «Əбіш Кекілбаев жəне замана шындығы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. 21 желтоқсан 2009 ж. – Алматы, Қазақ университеті, 2009 ж.– 343 бет. 3. Бекет Ата (Имандылық-тағлым кітабы) – Ақтөбе, «Насихат», 2010 ж.–748 бет 4. Алқаласа əлеумет: Жыр жинағы.(құраст. Қ.Сыдиықұлы, Ш.Керім). – Алматы, Жазушы, 1991 ж, – 240 бет, суретті. 5. Қабиболла Сыдиықұлы. Өмір өрнектері. Таңдамалы зерттеулері. Алматы, «Арыс» баспасы, 2006 ж.–384 бет. 6. Қабиболла Сыдиықұлы. Атамекен. Таңдамалы өлеңдастандары мен толғаныс-эсселері. Алматы: «Арыс» баспасы, 2006 ж. – 424 бет. 7. Қабиболла Сыдиықұлы. Ақберген. XVIII-XX ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының шығарма шығармалары. Алматы, «Арыс» баспасы, 2007.-576 бет. 8. Маңғыстау энциклопедиясы. “Қазақ энциклопедиясы” Алматы, 2008 ж,– 630 бет. 9. Махамбет «Ереуіл атқа ер салмай», Баспаға дайындап, алғы сөзін, түсініктерін жазған: Қабиболла Сыдиықұлы, Алматы, «Жазушы» баспасы, 1989 ж.-142 бет. 10. «Асыл сөздің жоқшысы», профессор Қабиболла Сыдиықұлын еске алу кітабы, Алматы, «Арыс» баспасы, 2009 ж. – 253 бет. 11. «Президент жəне Халық» газеті, «Бекет – Ұлттық сана қорғаны», 10 ақпан 2012 ж. 12. «Президент жəне Халық» газеті, «Иман жыршы-сы», 9 наурыз 2012 ж. 13. Мəнигүл Азат. «Қазақ мақал-мəтелдеріндегі салт-

─ 246 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ саналық көрініс», Мəдениеттер тоғысындағы: əдебиет, өнер жəне тарих. С. Демирел университеті, 3 сəуір. 2012 ж. 14. Қазақ мақал-мəтелдері, Жұңгу мақал-мəтелдер топтамасы, Шинжаң томы, «Ұлттар» баспасы, 2005 ж. -298 бет. 15. Омарқан Асылұлы. «Қазақтың əдет-ғұрып мəдениеті», Шынжаң əсемдік фото-өнер сурет баспасы, 2011 ж. 16. Ғалым Жайлыбай «Тобылғыжарған», өлеңдер, толғау жəне поэмалар, – Астана, Фолиант, 2011.– 280 бет. 17. Ақселеу Сейдімбек «Қазақтың күй өнері», моно-графия, Астана, 2002 ж,– 832 бет. 18. Ислам Жеменей «Иран қазақтары», Алматы, «Зерде», 2007 ж. – 325 бет. 19. Қоңыратбаев Ə. Қырымның қырық батыры. Социалистік құрылыс, 1948 ж, 15-маусым 20. Қасқабасов С. Ойөріс. – Астана, Астана– полиграфия, 2009 ж. 21. Бердібай Р. Жыршылық дəстүр. – Алматы, Қазақстан, 1980 ж. 22. Сауранбаев Н. Халық өнерінің қазынасы – Мұрын жырау. Социалистік Қазақстан, 1942 ж, 19-шілде 23. Ғұмарова М. Бұрын зерттелмеген жырлар. 1том, 1-кітап. Қазақ əдебиетінің тарихы.– Алматы, Қаз ССР ҒА баспасы, 1960 ж. 24. Садырбаев С. Вопросы цивилизации казахского эпоса. Кан.дис. авторефераты.–Алматы, 1965 ж. 25. Қырымның қырық батыры. – Алматы, «Арыс», 2005 ж.

─ 247 ─ ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР МАЗМҰНЫ Кіріспе.........................................................................................3 Тəуелсіздік жəне шетел қазақтары.........................................12 Иран қазақтары (тыныс-тіршілігі, салт-дəстүрі)...........................................21 Иран қазақтарының тарихына кіріспе..................................21 Аммандағы адайлар.................................................................28 Бүршік атқан арман гүл...........................................................47 Иран қазақтарының жегжатжұрағаттық қатынастары..........................................53 Құда түсу рəсімі.......................................................................57 Той түйіні..................................................................................76 Тойбастар..................................................................................79 Қазақтар Ирандық зерттеушілердің еңбектерінде.................82 Ағайынға...................................................................................84 Той бастар.................................................................................86 Беташар.....................................................................................88 Қиял қуған елгезек...................................................................90 Қазақтардың тəлім-тəрбие жүйесі......................................101 Тыйым салу............................................................................125 Аңсау.......................................................................................126 Маңғыстау өлкесінің рухани жəдігерлері ............................165 Бекет ата –ұлттық сана қорғаны ..........................................168 “Қырымның қырық батыры” жырының əдеби маңызы мен зерттелу тарихнамасы...........................175 Жыр-жиһанның жауһары......................................................193 Иман жыршысы...................................................................198 Зерделі ғалым, ойлы ақын.....................................................204 Ой қазынасы, сезім дариясы..................................................209 Парсы жазбаларындағы Қазақ қалалары..............................215 Иран жəне ауғанстан қазақтарының өзара ықпалдастығы .............................................................231 Əдебиеттер..............................................................................245

─ 248 ─ Ислам ЖЕМЕНЕЙ Ислам Жеменей ИРАН ЖƏНЕ ИРАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР Редакторы Серік Рəсілов Корректоры Айгүл Омарова Компьютерге теріп, баспаға дайындаған Амина Исламқызы Мұқабасын көркемдеген Б. Серікбай Беттеген А. Ауанова Басуға 10.10.2012 ж. қол қойылды. Пішімі 84/108 1/32 Шартты баспа табағы 13,5. Баспа табағы 16,5. Офсетті қағаз. Офсеттік басылым. Тапсырыс № Таралымы 2000 дана. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы 050002, Алматы қаласы, Ш.Уəлиханов көшесі, 43А

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙