TELEGEI

Home

Өлеңдер жинағы. I бөлім

Тұрсынхан Әбдірахманова

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Өлеңдер жинағы. I бөлім

Тұрсынхан Әбдірахманова – өлеңдері бірнеше тілге аударылған ғалым. Ақын поэзиясына нәзік лиризм мен философиялық терең ой тән. Көркем аудармаға үлес қосқан ақын бірнеше шығармаларды қазақ тіліне аударған. Тәуелсіздік алғаннан кейін екі томдық шығармаларының жинағы жарық көрді.

ЖАҚҰТ СӨЗБЕН ӨРІЛГЕН ЖАУҺАР ЖЫРЛАР

В душе, которая светла,
Талант цветет победно,
Но ядовитый почве зла
Талант сгинет бесследно.

Давид Кугулыпинов Қасиетіннен айналайын Жер-Ана адамзат игілігі үшін бауырына басқан қазба байлықтардың бәрі қымбат. Дей тұрсақ та, сол қымбат қазынаның да алтыны мен асылы болары зайыр. Талант та қымбат қазына. Талант – халықтың алтын қоры. Қазба байлықтардың ішінде алтын мен алмастың аз болатыны сияқты таланттардың ішінде де өмір бойы өнімді еңбек етіп, өнер бәйгесінде үнемі алда жүретін жүйріктер аз. Жарты ғасыр бойы қуатты қаламы қолынан түспей, құнарлы да шұрайлы шығармаларымен оқырмандарының ыстық ықыласына бөленіп жүрген осындай саңлақтарымыздың бірі – ақиық, ақын Тұрсынхан Әбдірахманқызы. Жақұт сөзбен жауһар жыр өрген ақынның Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қамқорлығымен оқырман қауыммен қауышқалы отырған бес томдық шығармалар жинағына топтасқан еңбектері әдебиетіміздің төрт сала – төрт жанрын қамтиды. Оның негізгісі, әрине, аса мәртебелі поэзия! «Жыр жазса жүрегіңді суыратын» Тұрсынхан әпкеміз ертеректе жазған «Арнау» дейтін өлеңінде өзі туралы бүй депті:

Демеймін түнді қуған күндізіңмін,
Демеймін жалғыз жанған жұлдызыңмын.
Болса егер елім биік, өзім биік –
Деп жүрген ортаңдағы бір қызыңмын.

Көгіңде біреу емес, жұлдызың мың,
Құлпыртқан кең далаңды қырмзыңмын.
«Қызыл тіл өнер алды» тұлпарыңның
Жармасқан тізгініне бір қызыңмын.

Ал, өзі пір тұтқан Ілияс Жансүгіровке арнаған «Ақын» атты өлеңі:
Ақында Ілиястан кім аса алған,
Мың бұлбұл көкірегіне ұя салған.
Табиғат жомарттықпен алуан сырлы,

Өнерден сом тұлғасын құя салған, – деп басталады. Бұл да ертеректе жазылған өлең. Ақын жыры – жан сыры. Осы шағын шумақтардан Тұрсынхан аз сөзге көп мағына сыйғыза алатын шалымдылығын ғана емес, ақынның кіршіксіз жан-дүниесін көріп, кішіпейілділігін де танимыз. Құдай берген құдыретті таланттың толысып, гүлденуі үшін қажетті алғы шарттар көп. Соның бірі – талантты адамның жан-дүние байлықтарын таза сақтай білуі, биік адамгершілік қасиеттерін кірлетпей таза ұстауы десек, екіншісі – тапжылмай істейтін табанды еңбек. Тұрсынхан Әбдірахманқызы шығармаларының шырайын кіргізіп тұрған да құстың қос қанатындай, домбыраның қос ішегіндей осы егіз қасиет. Оның жыр жазғанда қаламына іші сырлы, сырты нұрлы сиқырлы сөздердің оралатыны да содан. Тұрсынхан өлеңдеріндегі сымбаты бөлек сұлу сөздердің қайнар бұлағы да сол! Оның өзгелерге ұқсамайтын өзгеше, жазу мәнерінің құпиясы да сонда. Содан да Тұрсынхан Әбдірахманқызы сөзбен сұлу сурет сала алатын шеберлік деңгейіне көтерілген ақын. Бір ғана мысал:

Ойнаған сағым билеп, жасыл белі,
Боз жусан, жігіт көде, бетегелі
Үзілмей қысы-жазы аймалайды
Жүзіңді баяу ескен қоңыр желі.

Міне, осы жолдарды оқып отырғанда кез алдыңа қазақ даласының көркем суреттері келіп, «Жүзіңді баяу ескен қоңыр жел» аймалағандай сезінесің. Ақындық деген осы емес пе?! Ана үшін өз баласының жаманы болмайтыны тәрізді творчество адамы үшін өз туындысының жасығы жоқ. «Сонда да солардың бар таңдамасы» дегендей қашан, қай ақынның да жұлдызды жырлары болары зайыр. Ақын Тұрсынхан Әбдірахманқызының сонадайдан көзге шалынар сом бітімді сондай сүйекті туындысы мол. Солардың бірі – «Өзім туралы» атты жыры:

Демеймін биік едім, аласа едім,
Туысым, тегім ерек тамаша едім,
Жұмысшы Әбдірахман мен Камиланың
Ең кенже он үшінші баласы едім, –

деп басталған сыр, тағдыр суреттерімен сабақтасады. Сөйтіп ақын жыры – сырға, сыры – жырға ұласады. Жыр мен сырдың жібектей түйілген түйіні мынау:

Біреулер болдың дейді, толдың дейді,
Біреулер асқар барып қондың дейді,
Дегені бала-ақ қойсын өз көңілімді
Бітпеген іс, тынбаған ой билейді.

Жалпы бұл ұзақ толғау атымен де, затымен де Қасымның әйгілі жырын еске салады. Дей тұрсақ та, бұл атақты ақын жырының көшірмесі де, көлеңкесі де емес, классикалық үлгіден өнеге ала отырып, өмірге келген өзіндік өрнегі, өзгеше үні бар өмірлі өлең. Осы жырымен-ақ ақын Тұрсынхан Әбдірахманқызы өзінін, «Көл-көсір мол Қасымның қарындасы» екендігін дәлелдейді. Сонымен бірге бұл толғау А.А.Феттің:

Если захочешь ты душу мою разгадать,
То перечти со вниманием эту тетрадь, —
деген жыр жолдарын ойға оралтты.
Ендеше, «Бұлтқа емес күнге бейім жаны бар» ақынның:

Дұшпаныма білемін аласамын,
Достарыма биікпін, тамашамын.
Ақиқаты қазақтың ақын қызы,
Қай төріңе қойсаң да жарасамын, —

деуге толық қақысы бар.

Қазақта адамның жанын түршіктіретін «ақыр заман» деген сөз бар. Айғайлап айтар ащы шындық – біз қалайық, қаламайық, мойындайық, мойыңдамайық, ақыр заманның алғашқы белгілері бой көрсете бастады. Оны ең алдымен экономикалық қиындықтардан да емес, саяси ауа райының айнымалылығынан да емес, адам бойындағы адамгершілік қасиеттердің кеміп, жан-дүниеміздегі адалдық, ар-ұят, имандылық, мейірімділік сынды баға жетпес асыл жиһаздарымыздың жоғалып бара жатқандығынан байқасақ керек. Оған дәлелді күнделікті өмірден сәт сайын көптеп көріп жүрміз. Қашан адам баласы жатты қойып, жақынын қасқырша талап еді? «Қасқыр да қас қылмайды жолдасына» дейтін қасиетті қағидалар қайда? Қашан қазақ халқы бауыр еті баласынан безіп, қартайған ата-анасын қарттар үйіне жіберген еді? «Алқакөл сұлама», «Ақтабан шұбырынды», күні – кешегі кезеңімен келген 21, 32 жылғы аштық, 37 жыл, Отан соғысы сияқты сын кезеңдерде де сынбаған адамгершілік асыл қасиеттеріміз қайда жоғалып барады? Ақынға:

Оу, қызым-ау бұл ісің не көріне...
Бөлтірігін тастамайды бөрі де.
Мал екеш мал еміреніп бауырына
Басқа төлді алып жатады теліге.

Сөзім емес сынай айтқан кекесін,
Тәңір өзі бермес пе еді өтесін...
Таңда мақшар сынағанда сыйқыңды,
Бұдан жаман жүзің күйіп өтесің, —

дегенді айтқызып отырған да сол адамгершіліктің ойсырай жоғаларман халі болса керек. Мұндай жан жүрегі езіле қынжылған «Тастанды», «Өмір иірімдері», «Бір толғамдар» тәрізді топтама, толғаулар Әбдірахманқызының соңғы он жыл ішіндегі өлең-толғауларында көп-ақ. Ақынның «Замана сазы», «Сөйле, қалам» кітаптары осы проблемаларды толғайтын, көңіл ұйып оқитын еңбектер. Күн сайын етек алып бара жатқан әртүрлі кеселдерден құтқаратын бірден-бір күш – мәдениеттілік болса керек. Ал мәдениеттіліктің қайнар бұлағы – білім. Білімнің бастау көзі – кітап. Дидроның айтқаны бар: «Кітап оқуды доғарған кезде адамның ақыл-ойы да тұсалады». Өз халқының бойындағы кемшілік, кеселдермен күресуге бүкіл саналы өмірін арнаған көрнекті ақын, белгілі қалам қайраткерінің бірі. «Өлеңге өріп, жанының гүлін сыйлаған оқушымен сыр бөліскен, Ілияс – пір тұтары, көл-көсір мол Қасымның қарындасы Тұрсынхан Әбдірахманқызы. Ол «Ақын орны әрқашан алғы шепте, жүрегім тек қана қалғып кетпе» деп өзін-өзі қамшылап, «теңіз сөзге терең бойлай алмаған сыншы»деген мамандарға таңданып, енді бір сәт: «Қайсыбір қуыс жалқыларды» жыр шоғымен қариды. Соның мықты бір мысалы мынау:

Жал біткендер жүр,
Жанына торсық байлатпай.
Жайдақ мансабы,
Халқының қамын ойлатпай.

Қойторы қыбыр
Терістік, түстік деп қарақтап.
Алатын емес
Ауылынан озып ойнақтай.

Басынан қырат,
Ойпаңға түсе бастаса.
Түпкі есебі,
Ойлары іске аспаса,

Тарс жауып кеткен
Есігін қайта тоздырып.
Сазылады-ай кеп
Шикі қайыстан тілген таспаша.

Шығар күндей шындық мынау: осынау жарық дүниені ақырзаман апатынан құтқаратын біздің бір-бірімізге деген мейіріміміз бен махаббатымыз ғана. Мейірім мен махаббатты да қамтитын адамгершілік асыл қасиеттерді жаңғыртып байытудың бірден-бір жолы – мәдениет. Оның бірден-бір өткір қаруы – әдебиет. Материалдық байлықты бірінші кезекке қойып, мәдениет мәселесін ұмытатындар қатты қателеседі. Мәдениетін жоғалтқан халық бәрін де жоғалтады. Халқымыздың көш бастаған көшелі көсемі, Ұлы ұстазымыз Ахмет Байтұрсыновтың: «Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатынын біз ұмытпауға тиіспіз...» деген ұлағатты өсиетін жадымыздан шығаруға хақымыз жоқ.

Жармада туған ақжарма ақынның бір өлеңінде:
Жұртым-ау, не боп барады мына заман,
Ар-ұят, адамшылық тұралаған,
Билеген зымиян, сұм залымдармен

Қоғам боп қалай ғана тұрады адам ? — деп сұрау қоюы заңды. Кезі қарақты оқушыға бұл әлеуметтік салмағы бар, оралып етуге болмайтын орынды сауал екенін ежіктеп жатудың өзі артық болар. Тұрсынхан Әбдірахманқызы сексеннің сеңгіріне шықса да әлі тұғырынан тайған жоқ. Күні бүгінге дейін айтулы ақындармен өнер жарыстырып, жұлдызды жырлар жазып, мерзімді баспасөзде жарияланып жүрген мақалалары мен сұхбаттарында, радио мен көгілдір экранда, кездесу кештерінде ел өміріндегі ең өзекті мәселелерді өткір көтеріп, қоғамдық өмірге белсене араласып келеді. Бізді, әсіресе, риза еткен ақынның «Сөйле, қалам» атты жаңа жинағы.

Сөйле, Қалам!
Қауырсын қанат, майыспа.
Ағыңнан жарыл,
Ақтарып шынды, сайыс та!

Босат тізгінін,
Арғымақ, ойды тежеме,
Аршындап жетсін
Мұң-нала айтар мәжеге.

Сөйле, қалам!
Ақкөңіл қазақ арманын.
Аңқылдап жүріп
От басып білсін қалғанын.

Жапаң қылышты
Жапыра бұрап, майырып,
Жалындап келіп
Жалаңаш қолмен жай ұста!

Сөйле, қалам!
Ауылдың жайын, халықтың
Қыспағындағы
Қиыны ұшан нарықтың... —

деп басталған ұзақ толғау бір деммен оқылады. Сегіз белден асқанда өлеңге жаңа серпін беріп, жаңа ырғақ тапқан алымды ақын осы жинағымен ғасыр басында ел мұңын егіле жырлаған Ахаңмен – Ахмет Байтұрсыновпен үндесіп тұр. Осынау ойлы да отты жыр езінің көркемдік қуатымен де Ахмет Байтұрсынов биігіне көтерілген десек, асыра айтып, артық бағалағандық болмас. Қорғасын құйған асықтай алшысынан түскен ақық тілді ақиық жырларды Тұрсынхан Әбдірахманқызы кітаптарынан жиі кездестіреміз. Сөзіміз жалаң болмас үшін бірер мысал келтірейік:

Жайлау.
Түн.
Тыныш айнала.
Тынығып әлем мүлгиді.

Тек бұл сәт көкте ай ғана
Тыншымай баяу жылжиды, –

деп басталатын «Жайлау түні» атты өлең оқушының көз алдына табиғаттың сұлу суретімен бірге «Әннен ләззат тауып, сағынған жанын жоқтайтын келіншектің» жан-дүниесін де жарқыратып жайып салады. Осы орайда А.А.Феттің: «Поэт —тот, кто в предмете видит то, что без его помощи другой не увидит» деген сөзі ойға оралады. Адам жанының нәзік иірімдерін тап басып, тапжылтпай беру – Әбдірахманқызының ақындық ерекшеліктерінің бірі. Бір ғана мысал:

Сыйлама сен інжу, маржан, жақұтты,
Сыйлама сен биік мансап, тақытты.
Жүдеу жанын, не салыңқы қабағын
Тани салған назарына ол бақытты.

Сезімдегі сергектік, өлеңдегі елгезектік осындай болса керекті. «Қаждый поэт мечтает написать такое стихотворение, которые хотелось бы читать шепотом» депті Михаил Светлов. Қуанышқа орай осы сөздің үдесінен шығатын осындай өлеңдер Тұрсынхан шығармаларында жиі кездеседі. Адам жанының нәзік пернелерін шерте білетін Тұрсынхан ақынның азаматтық үні де айқын.

Тыңдаған ақын сөзін Абылай да,
Бөленген сонысымен абыройға
Мен бұлай сөйлемесем ақынмын ба?!
Елімнің шел тарихы жатыр мұнда

Жырауша жыр толғамай неден қорқам,
Пысықтар кетер мен бе тақымында!
* * *
Ағайындар-ау, бір ауық

Ашып қарасаңдаршы көзіңді
Жеріңе кіріп алғандар
Дербестік құрып ерекше
Ығыстырып барады өзіңді...

* * *
Жақсы ұл туғызған қазақ,
Жақсы қыз туғызбай қалған жоқ.
* * *

Нөсерді көргем,
Аязды, долы боранды.
Сан рет жаным
Дүлей дауылды оранды.

* * *
Тәңірінің берген талайын,
Тартып ешкім алмайды.
Жанып туған жұлдызы,

Жарқырап шықпай қалмайды.

Ақынның алымы мен азаматтық позициясын біз әдейі таңдап, талғамай-ақ, ақын кітаптарының кез келген бетінен алынған үзік үзінділердің өзі-ақ айтып тұрған жоқ па?! Ендеше ойлы да отты, тұғыры биік тұлғалы туындыларға түсінік жазып жатудың өзі артық. Жұлдызы жанған жақұт жырлардың халықпен бірге жасай берері анық. Ақын Тұрсынхан Әбдірахманқызының өлеңдерінің бір саласы әртүрлі сапарлардан туған топтамалары. «Италия сапарынан», «Ирак сапарынан», «Сарыарқа сапарынан», «Қарақалпақ сапарынан» деген атпен берілген топтама жырлардың бәріне ортақ бір қасиет ақындық, алғырлық, суреткерлік, байқампаздық дер едік. «Бабаларым мен ағаларым» атты қыздың қос бұрымыңдай қатар өрілген қайсар жырларда нәзік лиризм мен нәрлі психологизм жымы білінбей жымдаса өрілген. Тұрсынхан Әбдірахманқызы адам жанының иірімдерін тамыршыдай тап басып, тамылжыта суреттейтін лирик ақын. Сонымен бірге «Анар», «Қызкөл», «Дала қызы», «Сыр», «Қаракер», «Екі кездесу» поэмалары мен «Төребек ханым» либреттосы оның кен тынысты, кең құлашты эпик ақын екендігін де дәлелдейді. Аңызға құрылған «Қызкөл» поэмасы:

Көрдің бе ғажапты сен, сірә, мұндай,
Кавказдың ерке тоты шырағыңдай –
Рица – өзіміздің Есіккөлдің
Бейнебір егізінің сыңарыңдай, —

деп басталып, табиғат суреттері адам тағдырымен бірігіп, кірігіп кетеді. Айтары анық, бояуы қанық «Анар» поэмасындағы мына бір жалғыз шумаққа зер салып керейікші:

Жастығы оның жауқазын гүлдеп еді,
Ол кірпігін түсірсе түндей еді.
Жалт қараса, жалт еткен жанары оның,
Ақ шағырмақ көктемгі күндей еді.

Осынау шып-шымыр, жұп-жұмыр төрт жолға «Ерте сөнген Анардың» сыртқы сұлу тұлғасы ғана емес, сезімі сергек жан-дүние байлығы да сыйып тұрған жоқ па? Ақындық шеберлік деген осы емес пе? «1932» публицистикалық поэмасы қазақ халқының ұлттық трагедиясы – колхозға ұйымдастырылған шаруалар ғана емес, тас қопарып, кен қазған жұмысшы халықты да қырғынға ұшыратқан геноцид жайында. Поэманы көңілің күйзеліп, жүрегің жыламай оқи алмайсың. Ал, «Елім-ай» публицистикалық поэмасында ақын «Ел азған, жерің тозған қалпың мынау, жұртым-ау, ойлаймысың кім кінәлі?» деп сұрақ қойып алып оның себеп-салдарын қазақ жерін кең жайлап алған атом полигондарының тигізген зардаптарын, табиғат экологиясын, қоғамға тигізген рухани зерде жұтаңдағанын да ашына отырып, айыптай отырып ақтара жырлаған. Тұрсынхан Әбдірахманқызының соңғы жылдарда жазған қомақты да құнды туындылары – толғаулар. Оның «Тыңдаған ақын сөзін Абылай да», «Біразырақ Бұхарша», «Жәкемшелеп жыр толғап», «Момыннан жаман қорқақ жоқ», «Тіктің тәуелсіз Ақ орда», «Бір толғамдар» тағы басқа толғауларында қоғам дамуы, заман сыры, ел тағдыры, халық қамы, ізгілік иірімдері, парасаттылық пен пәндалық, адалдық пен зұлымдық сырларына үңіле ой толғайды. Тұрсынхан Әбдірахманқызының қазақ әдебиетінің қоржынына қосқан қомақты үлесі – әдебиеттану ғылымы саласында. Оның Ұлы – Мұхаң – Мұхтар Әуезовтің жетекшілігімен қорғаған «Ілияс Жансүгіровтің лирикасы» жайлы кандидаттық диссертациясы 1965 жылы «Жазушы» баспасынан «Ақын сыры» деген атпен жеке кітап болып басылып шықты. Бұл еңбегінде Т.Әбдірахманқызы Ілиястың ақындық ерекшеліктерін жіті танып, жіліктеп талдайды.

Бір ғана мысал І.Жансүгіровтің:
Желің мынау,
Ел күңіренген өлімдей, –

деген жолдарындағы тапқырлықты тап басып танып, «желдің өзіне теңеу тауып айтқан ақын біздіңше Ілияс қана болса керек» деп әділ баға береді. Сондай-ақ, «Ілияс Жансүгіровте қазақ поэзиясында бұрын болмаған, шығыс әдебиетіндегі кездесетін егіз (а-а) ұйқасты, орыс әдебиетінен үйрену негізінде туған қаусырмалы (а-б-б-а) ұйқаспен үш жолды өзінше ұйқастырады. Мысалы, орыс поэзиясындағы терцинаның бірінші жолы мен үшінші жолы ұйқасып, екінші жолы келесі шумақтың бірінші жолымен ұйқасып отыратын болса, Ілияста әр шумақта бірінші жол мен үшінші жол ғана ұйқасып отырады да, ұйқас келесі шумаққа көшпейді», – деген пікірлерден өлеңнің қадір-қасиетін бір кісідей білетін, өзі де ақын Тұрсынханның ғалым, зерделі зерттеуші екенін тану қиын емес. Ал, Қасым Аманжоловтың ақындық мұрасының табиғатын зерттеу, ерекшеліктерін тану мен танытуға арналған докторлық диссертациясы 1976 жылы «Ғылым» баспасынан «Қасым Аманжоловтың поэтикасы» деген атпен үлкен монография болып жарық көрді. Т.Әбдірахманқызы бұл еңбегінде Аристотель, Горации, Буало, Кантемир, Суморков, Тредиақовский, Лессинг, В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов айтқан анықтамаларға арқа сүйей отырып, әдебиет ғылымында белгілі бір қағидасы жоқ «поэтиканың» мәнін ашуға талпыныс жасап ап, Қасымның ақындық ерекшеліктерін терең зерттеп, тебірене толғанады. Қасымның жаңашыл ақын екенін айта келіп сөз соның: «Қасым творчествосындағы өлең құрылысы – ырғақ, ұйқас, өлең сазы (мелодика) қазақ поэзиясындағы түр, дәстүр, жаңалық проблемаларымен тоғысып, біте қайнасып жатқан құбылыстар. Қазақ совет поэзиясының бұл өзекті мәселелерінде де Қасым ізі сайрап жатыр. Ой жаңалығы, сөз сонылығы, тур жаңалығы тұрғысынан да қазақ совет поэзиясына Қасым айтарлықтай өз үлесін қосып, өз мұрасын қалдырды» деп түюі де көңілге қонымды. Т. Әбдірахманқызының өз сөзімен айтқанда: «шығармашылығы негізінен кеңестік дәуір тұсында өткен» ақын Хамит Ерғалиев жайлы «Ақын үні» атты зерттеу енбегі – («Замана сазы», 161-197 беттер) қазақ әдеби сынының үлкен олжаларының бірі. Олай дейтініміз, Т.Әбдірахманқызы Хамит Ерғалиевтің шығармашылығын терең зерттеп, талдай отырып оның ақындық ерекшеліктері мен жаңашылдығын нақты мысалдармен дәлелдеген. Мәселен, «көркем жасалған тараулар, характерлер, образдар, соны да, тапқыр қолданылған көркемдеу құралдарын былай қойғанда, күй сазын көркем поэзия тілімен сөйлеп, кейбір күйдің сарынын әнге сөз жазған секілді сөзбен жеткізу – нағыз шеберлік деп қараймыз. Романдағы «Айжан қыз» күйіне жазылған жолдарды тек күйдің өз сазымен, өз ырғағымен ғана оқи аларыңыз хақ» деген жолдар соның бір дәлелі. «Ақындық тілдің жетілуіндегі жаңалықтар» деп аталатын қомақты еңбек 1981 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан қалың кітаптың үлкен бір тарауы (72-142 беттер). Ғалым Тұрсынхан бұл еңбегінде С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев, Ж.Саин, А.Тоқмағанбетов, Ж.Молдағалиев, С.Мәуленов, С.Жиенбаев, Т.Айбергенов, т.б. ақындардың шығармаларын талдай отырып мынадай ойлар түйеді: «Жаңалық қашанда творчестволық, принциптердің, өмірді көркем игеру тәсілдерінің өзгеруі арқылы творчестволық дара құбылыстардан көрініп отырады. Әдеби процестегі талант өресі, суреткерлік даралық та осымен өлшенеді» (75-бет). «Әдеби дамуымыздың бұл кезеңінде поэзиямыздың сөздік құрамы майдан өмірімен, соғыс техникасын игерумен, әскери өмірмен байланысты көптеген жаңа сөздермен, терминдермен молықты» (117-бет). «Бұл тұстағы өлең мазмұнындағы жаңа ерекшелік – ойлылық, мағына тереңдігі болса, ақындық тілдің жетілуіндегі ерекшелік соған сай бейнелілік, суреттілік, сюжеттілік, қиыннан қиысқан образдылық» (117-118 бет). Осы үш үзік үзіндіден зерттеушінің зерделілігі мен ғалымның алғырлығын айқын көріп, анық танимыз. Бұған қоса сыншы Т.Әбдірахманқызы «Абай дәстүрі – қазақ поэзиясында», «Өлең өзегі – өмір», «Өз еліме айтамын» т.б. мақалаларында қазақ поэзиясының келелі мәселелерін кеңінен толғайды. Өлеңнің ауқымына сыймайтын өмір көріністерін қарасөзбен жырлау көркем әдебиетте бағзы заманнан бері бар. Өлеңі де, өзі де өрт, жүрегі дерт, алмас қылыш, ақиық ақын Лермонтовтың поэзиядан прозаға ауысып, «Біздің заманның батырын» жазуы тегін емес. А.С.Пушкиннің «Капитан қызын», Дихан Әбілевтің «Ақын арманы», т.б. жазуының терең сырын да өмірдің өзінен, сол өмір сырын дәл бейнелеуге ұмтылған қаламгерлер қарымынан іздеу ләзім. Тұрсынхан Әбдірахманқызы әдеби еңбектерінің үшінші тобын құрайтын прозалық шығармаларынан өзгелерден мойыны озық тұрған екі туындысын ерекше атауға болады. Оның бірі – «Өмірбаяндық толғам», екіншісі – «Құла бие» әңгімесі. «Өмірбаяндық толғамның» ерекшелігі, артықшылығы десе де болады, ақын өзі бастан кешкен жайларды баяндай отырып, уақыт тынысын, заман бейнесін адамдардың тағдыры, характері арқылы байсалды баяндап берген. Ал, «Құла бие» жылқының сезімталдығы мен адам тағдырын шебер байланыстыруымен ерекшеленеді. Қазақ елі егемендік алғалы бері Тұрсынхан әпкеміздің «Замана сазы», («Ана тілі» баспасы, 2000 ж.), «Қазағым – қайда барсам танытқаным» («Атамұра» баспасы, 2000 ж.), «Сөйле, қалам!» («Мерей» баспасы, 2001 ж.) атты кітаптары жарыққа шықты. Бұл кітаптардың негізгі арқауы – Отан, ел тағдыры, халық қамы, заман сыры, туған өлке табиғаты, өмір жайлы философиялық ой толғамдар. Т.Әбдірахманқызы орыс жазушыларының прозалық, поэзиялық шығармаларын қазақшаға аударумен де шұғылданды. Орыс ақыны Людмила Татьяничеваның, Татьяна Кузовлеваның өлеңдерін, украин жазушысы, Лениндік сыйлықтың лауреаты Михайло Стельмахтың «Кровь людская не водица» романын («Адамның қаны – су емес»), орыс жазушысы Евгений Юнганың «Бессмертный корабль» повесін, А.С.Макаренконың жастар тәрбиесі туралы еңбектерін қазақ тіліне шебер аударып, шешен сөйлетті. Мұны Тұрсынхан Әбдірахманқызы еңбегінің бесінші саласы деуге болады. Тұрсынхан Әбдірахманқызы халыққа, алғашында ғажайып әнші болып танылған талант. Ол Рабиға Есімжанова, Жамал Омарова, Рахия Қойшыбаева, т.б. әйгілі әншілермен өнер жарыстырып, 25 жыл бойы ән салған өнерпаз. Тұрсынхан Әбдірахманқызының әншілік талантын кезінде Жүсіпбек Елебеков, Күләш Байсейітова да жоғары бағалаған. Ол сексеннен асқан шағында да әннің әрін, сөздің нәрін келтіріп, шабыттана шырқағанда тот баспаған талантқа талғампаз тыңдаушы да тәнті болады. Әйтсе де оның бүйрегі сөз патшасы, өнер алды өлеңге көбірек бұрған. Бұл жайлы былай деп сыр шерткені бар:

Жететін кулагыңа күндік жерден,
Менсінбей ән төресін Алла берген.
Өнердің алды – қызыл тіл деп ұғып,
Сиқырлы сұлу сөздің соңына ергем.

Болғам жоқ ел қарасы көптің бірі,
Бағыңды ән тәңірі, сөздің пірі.
Поэма, түрлі толғау өлеңдерде
Айтулы ақтарылды өмір сыры.

Тұрсынхан Әбдірахманқызы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып келеді. Ол кезінде КСРО Жазушылар одағы басқармасының мүшесі болып сайланған, «Огонек», «Советская женщина», «Дружба народов», «Звезда» журналдары мен «Литературная газета» сынды беделді басылымдарда көркем шығармаларымен қатар өмірдің өзекті мәселелерін көтерген көсемсөздері де жиі жарияланған. «Невада-Семей» қозғалысын қызу қолдап, оның Санкт-Петербордағы бөлімшесін құруға мұрындық болған да Тұрсынхан Әбдірахманқызы. Ол ондаған жылдардан бері Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Тұрсынхан Әбдірахманқызы делегациялар құрамында Италия, Ирак, Украина, Эстония, Башқұрстан, Татарстан, Армения, Өзбекстан, Қарақалпақстан және басқа да алыс, жақын шетелдерде болған кезінде өзінің ақыл-парасатымен, ақындық талантымен және асқақ әншілік дарынымен қазақ халқының атын аспандатқан айтулы тұлғалардың бірі. Қалада да, халық арасында Тұрсынхан әпкеміздің беделі аса биік екенін ол кісімен бірге ел ішінде болғанымызда өз көзімізбен көрдік. Алматыда, Астанада Еуразия университетінде өткен кездесулерде зиялы қауым мен еліміздің ертеңі – студент жастар Әбдірахманқызын алақанына салып аялап, ақын атын аспандатқанына сан мәрте куә болдық. Т.Әбдірахманқызына ұлылар мен ұлағатты кісілер берген баға да биік. Соның бір парасын ғана еске алайық: «Тұрсынхан! Адам баласы дүниеде бар өнердің қандайын болса да игере, үйрене алады. Бірақ соның бірде-бірі оның бойына ана сүтімен туа біткен өнердей болмайды. Адам бойына ана сүтімен туа біткен табиғи өнерін қадірлеп, соны дамытып ұстағаны абзал» (Мұхтар Әуезов). «Көп жылдар, әр саладағы сындар қандай іске болса да іркілмес-сарқылмас творчестволық қайратың барлығын көрсетті. Творчестволық қайрат сарқылмау керек. Соған арнап сыйлық еттім» (ағаң Ғабит Мүсірепов). «Тұрсынхан Әбдірахманқызы шығармаларында жаңаға, жаңалыққа ұмтылған қазақ әйелдерінің ой-сезімі, барша қалпы бүгінгі өмір шындығына сай, қазақ халқының ғасырлар бойғы қалыптасқан дәстүрімен тоғыса бейнеленген» (Зоя Кедрина). «Менің алдымда қазақ халқының тамаша қызы Тұрсынхан Әбдірахманқызының өлеңдері жатыр. Маған бұлардың бәрі таныс. Бірақ қайталап оқи берем. Өйткені олар маған нағыз ақынның шексіз бай жан-дүниесін ақтара түседі» (Фазу Алиева). «Мидың, сезімнің, көңілдің аштығынан тоқтығы жаман. Сезім семірсе жан-дүниең тоттанады, көңіл тойса имандылық тоқырайды, ми семірсе ақыл-ой тұсалады. Бұл адамның азуына, қоғамның тозуына апаратын тура жол, қатерлі дерт. Сол дерттің мыңнан бір дауасы ғана емес, бірден-бір емі мәдениет. Мәдениеті жоқ елді тілі, көзі, ақылы, санасы жоқ дүлей күштің иесі – дәу періге немесе шетсіз, шексіз мұхиттың қақ ортасында қай бағытқа жүзерін білмей қаңтарылып тұрған қажетті приборлары жоқ корабльге теңеуге болар. Ғылымға, мәдениетке, әдебиетке, өнерге өгей баласындай қараған елдің өсуі екі талай. Содан да болар, арғы тегі ирландық, Американың атақты бишісі Айседора Дунканның «Я боюсь духовного, а не телесного голода» дегені. Құдай рухани ашаршылықтан сақтасын, талантты жақтасын! Қандай қиын кезеңде де басын бәйгеге тігіп халықтың жоғын жоқтайтын таланттар, ең алдымен ақын-жазушылар емес пе? Әріге бармай-ақ қоялық, желтоқсанда ықпаған, ерлік туын жықпаған ең бірінші еріміз ақын Жұбан Молдағалиев емес пе?! Ливан ақыны Момын Бсисудің жүрегі еліне Америка бомба тастағанда, аспанда ұшақ үстінде, өзбек ақыны Ғафур Гулямның жүрегі Ташкенде зілзала болғанда жерде жарылды. Мәскеу жазушылары астана әкімшілігінде жиналып, елдегі жағдайды сөз еткенде, ақын-майдангер Юрий Левитанский екі рет сөйлепті. Чешенстандағы қантөгісті айыптай сөйлеген. Бірақ сөзін аяқтай алмай, дүниеден өтіп жүре берген. Евгений Евтушенко Президент Ельциннің қолынан мемлекеттік награданы алудан бас тартқан. Мұндай мысалдар аз емес. Ататүріктің бір аталы сөзі еске түсіп түр. Ол кісі былай депті: «Біздің бәріміз парламент депутаты бола аламыз, бірақ, ешқайсысымыз өнер адамы бола алмаймыз. Сондықтан да, өнер адамы біздік емес, біз өнер адамының қолынан сүйеміз». Бұдан асырып айту мүмкін бе? Ал, «Известия» газетінде жарияланған (10.03.1994 жыл) хабарда былай депті: «Десятки тысяч поклонников таланта Мелины Меркури встречали гроб с телом знаменитой греческой актрисы в аэропорту Афин. Ее тело было доставлено из Америки на родину на самолете, который летел в сопровождении четырех реактивных истребителей Греческих ВВС. Закрыты школы и правительственные учреждения, тысячи жителей Афин часами простаивают в очереди, чтобы проститься с Меркури, которую называют самой любимой женщиной Греции». Талантқа бұдан асқан тағзым болар ма?! Ататүріктің елі Түркияға да, Меркуридің отаны Грецияға да бардым, Еуропа мен Азияны араладым. Сонда сол өркениетті елдердің талантты қалай қастерлеп, құрметтейтіндігіне тағы да көзім жетті. Бұл біз үйретуге тұратын, үлгі алатын сөз бен іс. Өйткені, талант елдің асыл қазынасы, алтын қоры. Алтынға да зер керек. Талантқа да ыстық ықылас, сый-құрмет, оны айтасыз атақ-даңқ та керек, бәрінен бұрын, әділеттілік керек! Қоғамда ондай ауа райы, әділеттілік болмаса, ол жеке адамға ғана емес, бергісі өнерге, әрісі тарихқа қиянат. Он тоғызыншы ғасырдың алмас қылыш, ақиық ақыны Ю.М. Лермонтов айтқандай:

Поэт за славу платит муки,
Он славы даром не берет.

Жиырмасыншы ғасырдың Лермонтовы Олжас Сүлейменовтың: «Ұлы мәдениет өзінің кішкентай өкілдерін де жоғалтпайды, ол сонысымен ұлы, ал кішкентай мәдениет өзінің ұлы өкілдерін де оп-оңай жоғалтып алып жатады, ол сонысымен де кіші» деген ұлағатты сөзі мен кемел ойлы кемеңгер Әбіш Кекілбаевтың: «Ортамызда жүріп-ақ оқшауланғаннан опат болған» таланттар тағдырын сабақ еткен есті пікірін ұмытуға бола ма? Ұмытсақ басшыларымызға мін, басқаларымызға сын емес пе?! Орыстар өзінің Римма Казакова мен Людмила Щипахинасын, шешендер Белла Ахмадуллинасын, армяндар Сильва Капутикянын, қырғыздар Мейрамхан Абылхасымовасын, өзбектер Зүлфиясын, дағыстандар Фазу Алиевасын қалай көтергенін еске алайықшы. Біздің Тұрсынхан Әбдірахманқызының таланты мен еңбегі солардан артық болмаса кем емес. Бірақ, біз соларға елдері көрсеткен құрметті Тұрсынханға көрсете алдық па? Міне, мәселе осында!

Тіршілікте көрінеміз өлместей,
Тұра алмаймыз ерегеспей, белдеспей,
Өтейікші бірімізді-біріміз,
Өшіктірмей, өкпелеспей, сен деспей, —

депті қиындықтың қайрағында қайралған қайран, Мұқағали!
Давайте жить во всем
Друг-другу потакая.
Тем более, что жизнь

Короткая такая —
депті граниттей берік, гүлдей нәзік қайран Булат Окуджава.

Қандай ұлы сөз, ұлағатты сабақ. Бұл тағлымды ескермеу есерлік болса болар, бірақ, естілік емес. Жақұт сөз, жауһар жыр қажет болғанда от пен октан тайынбай елі үшін ерлік жасай алатын жаны таза жандардың жүрегін жарып шығады. Сонда ғана таланттың өмірі өлеңге, өлеңі өмірге айналады. Қарасөз ұзай береді. Өмірі өлеңмен өрілген Тұрсынхан Әбдірахманқызы жайлы ойымызды жеті шумақ жырмен түйіндейік:

Он жасында бұлбұл болып сайраған,
Жиырма жаста, қайраткер болып қайнаған,
Отызында орда бұзған ақын боп,
Қырық жаста қылыштайын қайралған.

Елуінде ғылымды өрге сүйреген,
Жершілдікті, жүзшілдікті сүймеген.
Қызғаншақтар тас атса да тасадан,
Көргеміз жоқ кезін оның күйреген.

Алпысында бар әлемге танылған,
Жетпісінде кемеңгерлер табынған.
Сексенінде жастан бетер қайратты,
Жігері бар қиындықта жанылған.

Сексенде де тұғырынан таймаған,
Қайраткерлік қасиетін жоймаған,
Абыз ана, аңыз ана ол бүгін
Бұқардайын елін ойлап сайраған.

Жеті жастан жетім қалып жетілген,
Ұлы Әуезов қолдаған сен жетім ең.
Халық үшін көрсе де сан қиындық,
Кездері жоқ қайрағанда кетілген.

Сөз түйінін айтар болсақ ақыр кеп,
Халық, сізді құрметтейді ақын деп.
Қатарынан асып түскен қаһарман,
Бауыржаннан баға алған батыл деп.

Таланттарды көре алмаймыз күндейміз,
Жабылып кеп сабалаймыз жүндейміз.
Жеңіп шыққан қиындықтың қандайын,
Сізді әпке, қаһарман демей кім дейміз,

Сізді әпке, қаһарман демей кім дейміз!
Қадыр ақын сөзімен қадап айтсақ:
Өлгенін, жерлегенін күтіп жүрмей,
Талантты құрметтейік тірісінде!

Әдетте, Шолпан планетасының бір беті ғана көрінеді, ал екінші беті жердегілерге құпия, ол жеті ғасырда бір-ақ мәрте жарқ етеді. Жарық дүние деп аталатын мына өткінші жалғанның да біз біліп болмаған сондайлық құпиясы әлі соншалық. көп. Жарық дүние мен табиғаттың жарты жанқадай ғана болса да киелі бір бөлшегі – адам. Ал адам жаны әлемнен де күрделі. Егер ол адам талант болса, ол күрделілік онан сайын ұлғайып, онан әрі күрделене түседі. Табиғат пен талант, өмір мен енер ежелден егіз. Есімі мен еңбегі жеке адамның өмірбаянынан бүкіл бір халық, бүтін бір елдің ұлттық рухани өмірбаянына айналатын ұлағаты мол ұлы талант, ірі тұлғалар жайлы айтудың қызықтығы мен қиындығының бір сыры осында. Қазақтың рухани өміріндегі сондай ұлағатты тұлғалардың бірі – айтулы ақын, көрнекті ғалым, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, гуманитарлық - ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты Тұрсынхан Әбдірахманқызы шығармаларының бес томдығының жарыққа шығуы біздің әдеби, мәдени өміріміздегі елеулі оқиға.

Сәбит ДОСАНОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтық лауреаты,
Ресей педагогикалық және әлеуметтік
ғылымдар академиясының академигі, профессор

ӘН-ӘННЕН ӘНГЕ ШЫРҚАУ ӘН ӘСЕРІ

Жасымнан жақсы көріп сүйдім әнді,
Атырдым әнге бөлеп талай таңды.
Асқақ үн, әдемі ән құшағында
Күн күліп ұясына талай барды.

Жасымнан жақсы көріп сүйдім әнді,
Сырластым, аштым небір құпиямды.
Мұң шақтым, қуанышқа ортақ еттім,
Таппадым әннен өзге сырға ұстамды.

Жасымнан жақсы көріп сүйдім әнді,
Жаныма әнді серік еттім мәңгі.
Ән десе көкірегімнен күй төгіліп,
Жалындап жүрегімде жыр тұтанды.

Жасымнан жақсы көріп сүйдім әнді,
Атырдым әнге бөлеп талай таңды.
Асқақ үн, әсерлі ән құшағында
Күн күліп ұясына талай барды.

* * *
Күніндей жаудыраған астананың,
Тәтті бір қылығыңдай жас баланың,
Еркелеп оралды өлең елемей-ақ

Өзгенің маған деген қас-қабағын.
Тәуекел тас қияға қасқарамын,
Басқа жыр, жоқ өзіңнің басқа алаңым.
Өзің үшін поэзия керек болса,

Мұз төсеп, қардан жастық жастанамын.

ӘН

«Оян қазақ, ұйқыңды аш қалын елім!» —
Осынау ән аралаған арқа елін.
Кім айтқан, кімге айтқан, не үшін айтқан,
Ұқпаушы ем мәнісі не, қамы ненің.

Ол менің ойын қуған бала кезім,
Еске алсам ойға шомып қалам өзім.
Әр сөзін қағып алып жаттаушы едім,
Ән салған адамда боп қара кезім.

Ол кезде мұны жұрттың бәрі айтатын,
Өрістен мал қайырған бала айтатын.
Жұбатып көлеңкеде немересін,
Ыңылдап қақпа алдында шал айтатын.

Аспандап, асқарға өрлеп, ән созыла
Естілсе, толқушы едім мен сазына.
Ойласам қазір, осы асқақ әнмен
Ұлылар жол нұсқаған ұл-қызына.

ӘН ҚАНАТЫНДА

Бал сәби тәрізді бір жөргектегі,
Жасымнан ән мен өлең тербеп мені,
Көгершін көңіл соның қанатында
Арманға бастап алыс келмеп пе еді!

Аққу ән асқар барған, аспандаған,
Қай құз бар сен қалықтап қасқармаған!
Жалыңнан айырылмағам сайыпкердей,
Көзімнен шағында да жас парлаған.

Бұл күнде ақ тұйғын ән сынар қанат,
Қыруар өмір жүгін жүр арқалап.
Қияда құс қанаты жетіледі,
Тұрар ма шың аңсамай шынар талап.

Маған да ән ұсынады ақ қанатын,
Жайым жоқ іркілетін, тоқталатын
Асығам, үлгірмеген істерім көп
Сыры кеп өмірдің мен ақтаратын.

* * *
Жақсы ғой шіркін
Көктемнің келіп қақпаны
Айқара ашып,

Адымдап кіріп жатқаны.
Көктем боп күнде
Кірсең сен үйге, аяулым,
Саясын табар

Жанымның алау қаққаны.

МАҚПАЛ ӘН

Қоңыр кеште, қоңыр үйде мақпал ән,
Не сыр қалды саған, сірә, шақпаған!
Жазғыр мені, мейлің тіпті жазала,
Бейшара деп жаны тыным таппаған.

Жанға жалғыз серік сенсің, мақпал ән,
Сеніп сырды саған ғана ақтарам.
Бұл беймаза жүрегімде, түсінші,
Бүгін тағы толасы жоқ , ақ боран.

КҮЙ

Төгіліп, бірде зарлап, бірде боздап,
Құйылып, жанды жұлып, жүрек қозғап.
Сорғалап, иірімге түсіріп бір,
Шымырлап шым батырып кете жаздап.

Ауыр бір мұңға бөлеп жан жылатып,
Кей кезде жас үйіріп жаудыратып.
Талдырып, тал бойыңды қорғасын қып,
Дел-сал қып сүйегіңді саудыратып.

Шығандап бірде аспанға көтеріліп,
Қыран күй тұяғында кетер ме іліп!
Шыңылдап шың жаңғырған сақ-сағынан
Әлдебір бітпес ыза, кек төгіліп!..

Қасқайып, қаһарланып, қайсарланып,
Кеудемнен шыбын жанды қойсаң да алып,
Деген бір, білек сыбап топқа түсер
Екі өлмес алып тұлға жайсанданып!..

Хас жүйрік бірде егіліп елеңдеген,
Жүзіктен өтердей боп көлеңдеген.
Тықыршып орынында тұрмай тулап,
Көмбеге қайтсем озып келем деген.

Тұяқтан бірде жорға жел гулеген,
Жел үрлеп жібек жалы желбіреген.
Тайпалып, бірде шайқап, бірде тербеп,
Ентелеп, шеки басып елбіреген.

Кейде күй көктемгі күн елжіреген,
Жылынып шуағына жан түлеген.
Толқынсыз, тымық күнгі көлдің беті,
Шымырлап, қайнап дір-дір мөлдіреген.

Кейде күй – асау өзен күркіреген,
Ісі жоқ нәзік сыңқыл күлкіменен.
Асығыс ақ толқынды жара жүзіп,
Ақ шабақ үйір-үйір дүркіреген.

Ал кейде жатқан сынды дала тынбай,
Қыран құс ит жүгіртіп салатындай
Дірілдеп қанаттары бозша торғай
Төбеңде шырқап тұрып алатындай.

Сымпылдап бірде аққудың қанатындай,
Шығандап қарасаң көз талатындай.
Шатырлап аспан құлап түсердей боп,
Түнгі бір жарқылдаған жай отындай.

Жеткен бір ауа жарып алыстан үн –
Айбарлы ақырғаны арыстанның!
Ал бірде әкеледі көз алдыңа
Жекпе-жек қас батырлар алысқанын.

Ал бірде тасқын болып тау құлатып,
Әп-сәтте алай-дүлей дауылдатып...
Баз бір шақ ақ бесіктің әлдиі боп,
Қояды орынында маужыратып.

Пай-пай-пай сылдырлы күй, сыңқылды күй,
Әкетер ағынында қиқулы күй.
Сан-саққа қас қағымда түсіретін
Қазақта осындай көп сиқырлы күй.

Қауышқан табиғатпен, өмірменен,
Тыңдасаң алай-дүлей көңіл неден!..
Табынсаң, табын достым, шын өнерге
Еш уақыт көнермеген, көмілмеген.

ӨЛЕҢІМ

Өмір шіркін жел тәрізді
Құбылатын жылына мың.
Тоңсам, өлең жазамын да,
Қызуына жылынамын.

Күйсем, желпіп тағы өлеңнен
Сая табам, суынамын.
Көңіл байғұс кірлесе де,
Өлеңіммен жуынамын.

АЗЫҒЫМ

Сырласым да,
Мұңдасым да,
Шын досым да —
Ән мен елең,

Сендер болсаң,
Кіл қасымда,
Жалқы жаным
Етпейді елең.

Сендер болсаң,
Күй бабында
Шалқиды асқақ
Толғап терең!

Сендер болсаң,
Аймағымда
Тоғысқан тек
Нұрды көрем!

Өмір деген
Ұзақ жолда
Азығым сен,
Ән мен өлең!

Сені дәйім
Ту ғып қолға
Шырқай берем!
Шырқай берем!

ТАТЬЯНАНЫҢ ҚЫРДАҒЫ ӘНІ

Алдыңа адалдықпен жайған жанын,
Үйренген ірікпей айтып ойға алғанын
Келіп тұр зиярат етіп қазақ қызы,
О, Пушкин, сыйынатын пайғамбарым!

Сонау кез Татьянаны байтақ дала,
Қарсы алды Абай сынды ұлы дана.
Аралап сахараны қазақ тартқан
Қосылып жүре берді ол, домбыраға.

Достасып Салтанатпен, Әйгеріммен,
Ұғысқан жүректердің ен төрінен
Орын ап Татьянаның қырдағы әні
Көзі бар көкіректе ойға өрілген.

Нәзік сыр, тоғысқан шер, мұң айтылды,
Қалтқысыз ұғынысқан шын айтылды.
Тоғжан мен Татьяна қол ұстасып,
Ғасырды асып қанша жыл айтылды.

Бұл әнді үлкен де айтты, кіші де айтты,
Өріске талай-талай барып қайтты.
Айт пен той, шілдехана бастап беріп,
Қаншама тойбастарды алып қайтты.

Домалап паң қараған биігінен,
Есінен тана әсем бұлбұл үннен,
Қол соғып Татьянаның қырдағы әнін
Тыңдады бүкіл әлем Бибігүлден!

Дабысың Россиядан кетті асқақ
Тіл біткен әлемдегі атынды атап
Келген із қабіріңе даңғыл қара
Жол болды, қайда оны ермен баспақ!

Достықтың, туыстықтың сен пірісің
Туғансың бауырмалдық өнер үшін!
Қалдырған қолмен салмай ескерткішің
Алып нұр төңіректің торт бұрышын.

НӘЗІК

Бойымнан сабыр-қайрат қайда қаштың,
Неліктен ұмыт сезім тай-таластың?
«Тағдыр» деп тарс жабылған асау жүрек,
Сен не ғып есігіңді айқара аштың?

Сен неге шарықтадың көңіл құсым?
Сездің бе, от бұрқасын сезім күшін.
Алдырмай ақ бораннан алып өтер,
АҚЬІЛЫМ осы жолы сезіктісің!

Қайыспас қас болат деп жүрген төзім,
Сенің де болғаны ма мойыр кезің!
Бәрінді баурап, матап алғаны ма,
Күйкентай құстай ғана нәзік сезім?

Еріксіз елеңдеткен бір тосындай
Қарасаң қас қағысы бұрқасындай.
Япыр-ау, мынау өмір не болар еді
Дүниеде нәзік біткен болса осындай!

СЕЗІМ

Еркін жел сәбидей еркелеп оятқан
Таң гүлімісің!
Көктемнің әлемді жасылға боялтқан
Жаңбырымысың!

Жандыға нәр болып құйылған
Күн Нұрымысың!
Бұлбұлдың тыңдаушы ұйыған
Сырлы үнімісің!

Әйтеуір сүйемін шолпы үні
Сыңғырын үшін!
Сүйемін теңіздің толқыны —
Мың қырың үшін!

Сүйемін асауды алдында сызылтар
Сиқырың үшін!
Бал шырын бүлдіршін қыз іңкәр
Бір сырың үшін!

ОРАЛШЫ БІР

Бұл күндері өзін болдың аңсарым,
Сұлу көктем, қадірмені баршаның!
Ойхой дүние, оралып бір тазартып,
Кетер ме едің көңілімнің бар шаңын.

Білемін ғой қайрылмасын өткеннің,
Өтімі жоқ уақытқа наз-өкпенің!
Сонда дағы жаз жайлауға жанымды
Қондырып бір кетер ме едің, көктемім

Оралшы бір, сонау қырға барайын,
Бойым жазып серпіліп бір қалайын.
Көкірегімде қалғып кеткен бұлбұлды
Оятайын, аспандатып алайын.

Оралшы бір өзің болып қарайын,
Оралшы бір менің де өссін талайым.
Оралшы бір баяғыдай тыныстап,
Баяғыдай лапылдап бір жанайын.

САҒЫНЫШ

Бөлмеме айдың төгіліп нұры
Пердені самал желпиді баяу.
Ұялап жанға сағыныш мұны
Жатырмын жалғыз мен ғана ояу.

Отымның басы құлазып мүлде,
Тәрізді орның ел көшкен алқап.
Әкеттің бәрін өзіңмен бірге,
Көңілдің кетті базары тарқап.

Жалт еткен жансыз елесте көзім,
Мақпалдай қоңыр мүлгіген түнде.
Медеуім, барым бір ғана өзің,
Оралар шаттық өзіңмен бірге.

ҚОШТАСАРДА

Жалғыз сөз айттың,
Лүп етті менің жүрегім,
Жалт қарауыммен
Қайта бір айт деп тіледім.

Қиылып қана
Сабырлы жүзбен қарадың
Жан жүрегіңді
Ақтарып маған тұр өнің.

Жабылған ымырт,
Қарбалас сол бір кездегі
Айнала бізді
Қоршаған қауым сөз бе еді!

Тілсіз де үнсіз
Ұғындырдың, сен жаныңды
Қараңғы кеште
Ұғыстық сырды көздегі.

Осынау халге
Тұрғанда білмей не дерді,
Аспанға ақ құс
Алды да мені жөнелді.

Бір ғана сәтке
Қалғып кеткендей күй кешіп,
Аунақшып көшкен
Ақ бұлтпен ойым теңелді.

ӨЗІ ҒAHA БІЛЕДІ

Қақпа алдында, жасыл терек түбінде,
Жан тербеген толқу бар бір түрінде.
Қос жанары кезіп Талғар шыңдарын,
Отыр сұлу жаздың айлы түнінде.

Жас қиялы мегзеп оған алысты,
Ой тізбегі толқындайын жарысты.
Алабұртып жүйрік көңіл жосылып
Ә дегенше арманымен табысты.

Нұрлы жүзі албырайды сәт сайын,
Жасырса да жария етіп жас жайын.
Енді бір сәт өтті жылжып, дөңгелеп,
Көз алдынан гүлді бақша, ақ қайың...

Неге сонша соғып қатты жүрегі,
Лүпілдеді нені қалап, тіледі,
Неге толқып, алабұртты көңілі,
Оны сұлу өзі ғана біледі.

ЖАҢБЫРЫ БОЛ ГҮЛІМНІҢ

Жүрегімнің төріне егіп,
Өсіріп ем бір нәзік гүл.
Саған ғана қидым сеніп,
Сақта, өзімдей ұғына біл.

Күте білсең гүл құлпырар,
Сыйлар сені жұпар леппен.
Көкірегіне бұлбұл қонар,
Болар ұяң мәңгі көктем.

Нақ, төрінен жүрегіңнің
Сайла дағы орын сәнді,
Жаңбыры боп сол гүлімнің,
Жасартып өт жанып мәңгі.

СУРЕТ

Айнала жым-жырт, шаңқай түс кезі.
Мөлдіреп тұнық қарақат көзі
Алысты кезіп, сағыныш билеп,
Биікте бикеш тұрды бір өзі.

Еліктей үркіп естілсе сыбыс,
Еліге толқып андаса дыбыс,
Ширығып сұлу таппады тыным,
Сезіліп секунд сағаттық тұрыс.

Кезеңнен кенет үдере шұбап;
Көп жылқы кетті көл жаққа құлап.
Телміре қарап қалыпты ару,
Қайтесің оның себебін сұрап.

БІРГЕСІҢ

Қинаушы еді бір кешің...
Жылжиды күндер – жыл, апта,
Өзіммен ылғи біргесің,
Жүрсең де менен жырақта.

Түндерде қатып қабағын.,
Кітапты бірге оқисың
Ұғынып өмір сабағын,
Көңілге бірге тоқисың.

Жанымдай көрген еркем ең,
Жадымда назды қарасың.
Қолтықтап күнде ертемен,
Іске де бірге барасың,

Сона бір күндей мол ашып
Кіреміз завод қақпасын.
Жымиып жылы қарасып,
Шоламыз Құрмет тақтасын.

Тұрмайды қазір нұсқа деп...
Зырлайды билеп станок.
Ұшқыны отты көзіңнің.
Тәрізді онан ұшқан от.

Қинаушы еді бір кешін,
Сусиды күндер сынапша,
Өзіммен ылғи біргесің,
Жүрсең де менен жырақта.

ҚЫЗ СЫРЫ

Оқулығын ашып қойып алдына,
Бір нүктеге қараудан көз талды ма,
Әлде іркілген жасын тыйып алды ма,
Кірпіктерін жиі қағып қалды да,

Сырлы сұлу ауыр басып аяғын,
Терезеге барған шақта аядым.
Тітіреніп тұла бойы дірілдеп,
Соғып жүрек дем алысы жиілеп...

Қараңызшы, түсіп кеткен иінін,
Ауырлығын көрсетпей ме күйінің?
«Отты көзін қадағанда елжіреп,
Келші, қалқам, деп тұрғандай келшілеп.

Тілдесуді телміруден ерсі деп
Ойлай ма екен, неге іркілді ыстық леп»
Дегендей бір ақ жүзінде із тұрды
Үнсіз жүдеп ауыр ойда қыз тұрды.

Жанарына ұялаған жан нұры
Жалт еткенде сездім осы бір сырды.
* * *
Сәбидей таза көңілді,

Шуақты ғана сүйесін.
Бұлт көрсең бұзып өңіңді.
Қабағыңды түйесің.
Өмір тек шуақ қана ма?

Өмір бар жерде бұлт бар.
Бұлтты да мәңгі санама,
Өмір бар жерде үміт бар.
* * *

Тілеймін дүлей дауылды,
Демеймін жаным ауырды.
Сонымен қуғым келеді
Күндерді бастан жауынды.

Көтердім бәрін, көтердім,
Бөгетті бұзып өтермін.
Тайынар болсам дауылдан,
Арманға қалай жетермін.

Бетпе-бет келсем өліммен,
Тайсалып кейін шегінбен.
Ал, тағдыр, енді берік бол,
Сайысқа түстім сенімен!

* * *
Аяздан жылы үйге кіргендей
Жылы еді жымиып қарауың.
Жасырын жан сырын білгендей,

Ұққандай жүректің қалауын.
Сыбырлап лып етті суық ой...
Күрмелді ә деуге тіл келмей...
Ыстық леп суынып, тұнып бой,

Шым батты жылынып үлгермей.

НЕГЕ

Неге екен, неге бұлай
Қарыс қабақ түйіледі.
Жанында дос жанын улай,
Қалын қасын иіледі.

Неге екен, неге бұлай,
От жанарың тайсалады.
Жүзіндегі толқын тулай.
Толқытады, ой салады.

* * *
Тепсініп кеп, поэзия,
Есігіңді ашпадың.
Осқырынып, өлеңіне

Крест қойып басқанын.
Елеусіз-ақ елмен бірге
Ере келдім үйіңе:
Жақсы жырды сәбиімдей

Сүйгеннен соң жас жаным.
* * *
Жарқылдаған жан нұрыңды
Жабықпастай көрген ем.

Тыймай төгіп жаңбырыңды
Жабырқадың сен неден?
Неге керек нұрмен өсер
Жан гүліне жаңбырын!

Жаңбыр емес, құйсаң нөсер,
Жуа алар ма жан кірін!
* * *
Заты сұйық болған соң,

Су мәңгіге қата ма?
Адамдікі болған соң
Сыр ашылмай жата ма!

СҮЙЕ БІЛСЕҢ...

Сүйе білсең,
Сүйсіндіре білер ем.
Сен жымисаң,
Балаша мәз күлер ем.

Сыйлай білсең,
Көтерер ем төбеме,
Көз жұмғанша
Қадір тұтып жүрер ем.

Жанар болсаң,
Болар едім жалынын,
Шуақ болсаң,
Болар едім сағымың.

Болар едім
Жайқалған бәйшешегі
Нұр алған бір
Көңілің жаз шағының.

Амалым не,
Ашылмады боранын,
Түтегіңе
Адасқандай боламын.

Аязыңнан
Ақ жанымды қарыған
Әлі күнге
Қалтыраймын, тоңамын.

СЕН АЛЫСТА

Ылғи менің қасымда едің, бірге едің.
Еркеледің, қойшы әрі жүр дедім.
Әзіліңе жауап қатпай бұртиып,
Тысырайдым, тосырайдым, күлмедім.

Сен алыста, мен мінеки үйдемін,
Сен алыста, мен қаңдайлық күйдемін!
Сен алыста, менің анық түйгенім –
Үйде болшы, бірге болшы, сүйгенім!

ЖАСЫРМА

Үндемедің, бірақ та көп қарадың,
Көп қарадың жанымды ноқталадың.
Көңіліңді ақтарып көзің айтса,
Соқырмын ба, сезбейтін жоқ па жаным!

Көп қарадың күйдірді от жанарың,
От жанарың сездің бе өрт саларын.
Азарлы жол кездессе кес-кестетен,
Асау жүрек қалармын соқпағанын.

Соқпағанын қалармын тоқтағанын,
Ауған көңіл айта алман тоқтамағын.
Тез тарайды арайы батар күннің,
Жанарыңды тайдырма, токта жаным.

Жанарыңды тайдырма, тоқта жаным.
Ұшқынынан кеудемде от жағамын.
Жанар сырын жасырма жария қыл,
Қиындықтың талқандап от қамалын.

ӨЗІҢДІ СҮЙЕМ

Ұшқыны шоқтай көзіңді сүйем,
Алмастан өткір сөзінді сүйем.
Осқылап дауыл, бұлтты жарған,
Найзағай сынды кезіңді сүйем.

Шынайы сұлу сезімді сүйем,
Темірдей берік төзімді сүйем.
Сүйерім көп-ау санайын несін
Бәрінен дағы өзіңді сүйем.

БІР ҒАНА СӘТ

1

Асықтырып күміс қанат құс мені,
Айтылар сөз аузыма да түспеді.
Бір ғажайып билеп еді күш мені,
Япыр-ау сол, өңім емей түс пе еді!

Япыр-ау сол, өңім емей түс пе едің?
О, уақыт осы-ay сенің үстемің.
Жөнеліпті-ау бұрылтып бір қаратпай
Әміршім боп сонау болат құс менің.

Сонан бері жыр сенделіп жүр лағып,
Үміт отын бір сөндіріп, бір жағып.
Кілті екен-ау бір тағдырдың бір-ақ сәт
Кірпігіңді алғанындай бір қағып.

2

Үлгермесең жетер жерге, азардан,
Құтылмайсың арылғанша ажардан.
Қадірін айт ұшып кеткен бір сәттің
Айырып дәл қалған сынды ажалдан.

Бір-ақ сәт-ау көңіл көкке өсері,
Бір-ақ сәт-ау типыл болып өшері.
Күллі өмірге бар бақытты, достарым,
Болады екен бір-ақ сәттің шешері.

Тағы осы сәт отты үрлеп жанбаған,
Өрт қылады, мерт қылады, нан маған!
Кейде тірлік тірегі де бір-ақ сәт,
О, уақыт, құзырыңа таңданам!

* * *
Сонау бір тәтті күндерді
Іздейді көңілің, қимайды.
Естіп күміс үндерді,

Жүрегің сыздап қинайды.
Кейінде қалқан тәтті күн –
Сирек біp татқан асымдай.
Неге елес бердің тап бүгін

Өші бар менде қасымдай.
Қайырылып кейін қарасам,
Көремін сонар әр ізді.
Сол іздер кейде орасан

Табалап тұрған тәрізді.

ҰРЛАТТЫМ

Сезілмес сырын ажармен
Жалғыз ауыз тіл қаттың.
Өміріме жетер азармен,
Жан тағатымды ұрлаттым.

Толқынның терең түбінен,
Жүз қайта шығып, мың баттым.
Сен қыран жырын жырладың,
Жұпарын жұтып гүл бақтың.

КӨЗ

Ән арқауы, қанша жырдың өзегі
Болған талай мойыл қара көз еді.
Жер шарасын алқымдаған шағымда
Келсе амал не сені жырлау кезегі.

О, мойыл көз, қай күш сенен безеді,
Пау, не қылған әрекетің тез еді!
Магнит боп тартып алып өзіне
Тапжылтпасаң қай тас сезім төзеді!

О, мойыл кез, сенен сырды бүкті кім,
Дәл өзіндей оны және ұқты кім!
Төңкеріліп жалғыз рет жалт етсең,
Болмайтұғын бар ма сенің тұтқының!

О, мойыл көз, сені неге теңерсің,
Ылғи жаңа, айтылмаған өлеңсің!
Жұтып қояр тұңғиықсың, тереңсің,
Абайсызды тереңіңе көмерсің!

* * *
Жатсынбай-ақ жанға балап десең де өз,
Болады ғой ашылмай іш қалар кез.
Тіл айтпаған «сарғая құт» деген сөз

Жанарында тұрмап па еді, қара көз!
Телмірейін, мен жолыңа қарайын,
Иек қақшы, мен соңыңнан барайын.
Күн қызуын керек етсең табайын,

Отың болып лапылдайын, жанайын.
Ғарыш бойлап өсер болса талайым,
Сен әперген жұлдызыма балайын.
Армансызы мен болайын әлемнің,

Қолға тұтқан күннің қызыл арайын.
Сонан бері сен деуменен келемін,
Бар болғаны ойды тізе беремін.
Өкініші – саған жетпей өзіммен

Кетеді ғой осы сезім, өлеңім!
Тұрса-дағы жүр деп жүрек жетелеп,
Мен емеспін жөнелетін төтелеп.
Ешкі соқпақ тәрізденген тар жолым

Қандай арман қай үмітті өтемек.
Осылайша айтылмаған сөздердің
Тізбесі бар тұнық қара көз көрдім.
Алауы мол, арманы бар ақша бұлт,

Жаны жалын, жүрегі шоқ өз көрдім.

НЕ ДЕЙ АЛАМ

Тыныс – демің көз алдымда,
Ұмытқаным жоқ бір дірілін.
Бақыты үшін қияр едім
Өз жерімнің бір гүлінің.

Қандыратын жан сусынын –
Құлағымда бұлбұл үнің.
Бақыты үшін қияр едім
Өз жерімнің бір гүлінің.

Тәрізді едің арқамдағы
Егіз өрген бір бұрымым.
Бақыты үшін қияр едім
Өз жерімнің бір гүлінің.

Буынсыз тіл буулы біл,
Асау жүрек мылқау мүлде.
Не дей алсын өрісі өзге
Бағбан болсаң бөгде гүлге.

МЕНІ ЕСКЕ АЛ

Буыны қатып жас құрақ
Марқайған шақта, мені еске ал.
Мұңды ойға батып жапырақ
Сарғайған шақта, мені еске ал.

Ақша бұлт болып аспанды
Кезгенде көңілің, мені еске ал.
Ақ тамұқ сынды жалғыздық
Сезгенде жаның, мені еске ал.

Адасып қалған тобынан
Сыңар қу көрсең, мені еске ал.
Жапанда желдің өтінде
Шынар гүл көрсең, мені еске ал.

Шым батып, маңып ойменен
Орманды кезсең, мені, еске ал.
Сыздатып жаныңды ауыртқан
Сағыныш сезсең, мені еске ал.

КІM ДЕДІҢ

Жанарым ба кінәлі жаудыраған,
Әлде неге назарың ауды маған?
Әлде мынау еңсем бе сыр білдірген,
Иығым ба тәрізді тау құлаған?

Әлде абайсыз жүзіңе қарадым ба,
Қарауымды хабарға баладың ба?
Сыр сандығым – жүрегім түбінде деп
Жүрген сырым тұрды ма қабағымда?

Тереземнен әлде сыр ұрладың ба,
Әнге ақтарып, мұң шағып тұрғанымда.
Әлде мені жансыз бір гүл дедің бе,
Кез келгеннің өсетін гүл бағында?

СЕНБЕДІҢ

Сенбедің!
Мен де сенбедім!
Қалдық үндемей,
Басталып кешеу аяқсыз қалды сөзіміз.

Ілуде бірге берілер бақыт жүлдедей,
Бәйгеге түспес қой күрең сынды езіміз...
Қайсыбір қадам қаздаңдай басып баратын,
Қайсыбір батыл жанарын жұмып табатын.

Тоғыспас тағдыр торабы осы болар да,
Қайсыбір жолшы ілесе түсіп қалатын.

ОСЫНДАЙМЫН

Жыр жазсам, жүрегіңді суырамын,
Жазғырсам, қуырдақ қып қуырамын.
Ән төксем, әкетемін ағынымда,
Толқыным көбігі қып жуынамын.

Назымнан тірі пенде құтылмайды,
Құтылмағанымен ол ұтылмайды.
Сылдыр болсын, ол мейлі сылбыр болсын,
Жібі түзу боп шығады ып-ыңғайлы.

Кейде мен досыма да тосындаймын,
Бір көрген жанның кейде досындаймын.
Қорықпасаң ашық келіп ақтарылшы,
Мен міне, алдындамын, осындаймын.

НЕГЕ

Неге келгім келе береді езіңе?
Неге сенің қарай берем көзіңе?
Қорыққан қоян тәрізденіп ойларым
Неге қашады аралассаң сөзіме?

Ал қасыма келсең неге қысылам?
Жеңілем бе әлде басым мысыңнан?
Алыстасаң айдалада бос қалып,
Айырылғандай болам сұңқар құсымнан.

УАҚЫТ

Шын мықтыны мойындау
Керек болса, ол – уақыт.
Уақытқа достарым,
Бола алмасаң уақып,

Қайыра алмай өтініп,
Күнін кешер өкініп.

ЖҮРЕККЕ ӘМІР ЖОҒЫ РАС

Үй жым-жырт,
Жан жоқ қасымда.
Отырмын ойға шырмалып
Қоңыр ән күңгірт нашында,

Тұнжыр кеш, тылсым бір қалып.
Ақылға салып тіл қатсам,
Тағатым мойын бұрмайды.
Сабырын барша ұрлатқан,

Тынымсыз жүрек тулайды.
Жан – қартаймас мәңгі жас,
Жабылып қалу оңай ма!
Жүрекке әмір жоғы рас,

Мың толған, мейлің он ойла.

САҒЫНЫШЫМ

О, менің аяулы арман, сағынышым,
Жанымның езің бе едің сабыры шын.
Бұлқынған бұл жүректі бұғалықтап,
Ұстаған тәріздімін тағыны шын.

О, менің аяулы арман, сағынышым,
Жанымның алаулаған жалынысың.
Даланың шаңқай түскі ақ қанатты
Сен кейде сезілесің сағымы шын.

О, менің аяулы арман, сағынышым,
Сенімен ғана түгел бақ-ырысым.
Сенсізде елсіздемін дауылдатып,
Нөсер боп құйып өтер жауыным шын.

ӨКІНІШ

Бір кезде сенің қиялың еді-ау,
Іздеуші ед мөлдір қара көз нұрын.
Елесіне оның қиналушы ең-ау,
Жүрсе ол бақта жырлап өз жырын.

Өмірде жолдар тоғысып небір
Жатады,
тағдыр құзыры ма екен!
Шіркін-ай, неге табысқан көңіл

Тоғыспай әсте болады бөтен!

TІЛEК

Ғаббасқа

«Жан қалаулым, жан жетпес, жан серігім,
Ауыр болса, аруанадай берігім.
Көктемнің күн шуағындай көңілі,
Жаны жайлау, еркем менің, елігім» —

Еркелікті алты жастан ұмытқан,
«Жетім қозы отыққан» да шыныққан.
«Асыл пышақ қында жатпас» дегендей,
Үйренгенмін жүзіп ішіп тұнықтан.

Ылғи тұнық қаласам мен, кешір де,
Маған деген жалыныңды өшірме.
Бол саялы көк шалғынды шалқарым,
Елігің боп еркелейін төсінде.

* * *
Кескілеші қылышпен, Мен өлмеймін!
Және жасып, Жаманға теңелмеймін.
Ғасырларға кететін, ұрпақтарға

Өлмейтұғын ешқашан өлеңдеймін.
Жүйеңде ойнап, жүйкеңді құртып сенің
Қасақана алдында көлеңдеймін.

ҮМІТ ОТЫ...

Талай үрлеп үміт отын жандырдым,
Себебісің жана туған сан жырдың.
Сезімді де, төзімді де көңілдің
Көпірінен жүз өткіздім, жан құрбым.

Соңы боп па бұл өмірде сынақтың!
Өзің үшін, өзім үшін шыдаппын.
Айдындағы ай жолында бал сезім
Дірілдеген толқуы дәл сынаптың.

Бұл өмірден бақытты алмақ сұрап кім,
Күнде думан болмас басы қыраттың...
Жүйрік көңіл жұлдызға ауса айып па?
Пендеміз ғой үміт шексіз, мұрат мың.

Ой толқытса, үңілемін қағазға,
Сезім жүгін арқалаған жан аз ба!
Жарқыратып сабырлының шырағын,
Кешеуілдеп ататұғын таң аз ба!

НЕГЕ ҒАНА

Ақтарғыштап тарих – тағдыр беттерін
Ұшырамын алысқа ойдың кептерін.
Шіркін әмір, тәкаппар шын, тәрізді
Қандай ғана қиын еді өткелің.

Қандай ғана қиын еді өткелің,
Білем арман түспес қолға теп-тегін.
Көзі бар да, арнасы жоқ мұң сезім,
Сенін ғана ұшығыңа жетпедім.

Сенін ғана ұшығыңа жетпедім,
Шын қымбатқа рас қиын жетпегің.
Маған тағдыр нәсіп еткен мұң сезім,
Бір тұтанып сөнетұғын от па едің!

Қысқа өмірің қысқы күндей санаулы-ақ.
Соның өзі дөңбекшиді сан аунап.
Бір тұтанған сезім сөнбей, шіркін-ай,
Неге ғана тұрмайды екен алаулап!

ҰНАТАМЫН

Мөлдір кездер мың-мыңдаған
Арасынан ұнар көзін
Қарап, танып жалындаған
Оқысын да жүрек сөзін.

Қою кірпік несіне сен
Перде болып жасырасың,
От болаттар ұшырасып,
Өрт боп ұшқын шашырасын.

Ұнатамын қос жүректің
Қобалжусыз жарасқанын.
Ұнатамын адамдардың,
Қиыса алмай қарасқанын.

ДЕДІМ БЕ ҰНАМАЙСЫҢ

Дедім бе ұнамайсың,
Неліктен кінәлайсың?
Өкпе-назыңа жауап
Ісіңнен сұрағайсың.

Мен үшін шынар едің.
Тақ қайын – сыңар едім.
Өкпе-назыңа жауап
Өзіңнен сұрар едім.

Сенсіз таң атырмайтын,
Сенсіз күн батырмайтын...
Мен онда қау едім ғой
От тисе лапылдайтын.

Сен отты үрлемедің,
Айтпадым, үндемедім.
Гүлбақта жұпар жұттың,
Мен сені күндемедім.

Дедім бе ұнамайсың,
Неліктен кінәлайсың?
Өкпе-назыңа жауап
Өзіңнен сұрағайсың.

ТАҒДЫРЫМНЫҢ ӨЗІ ME ЕҢ

«Тағдыр» деп тарс жабылған
Дір етті-ау бұл жүрегім!
Жалт қараған жанарды
Жаулап алар кім едің?

Жаулап алар кім едің?
Талпына ма жүрегім!
Сыбдырсыз кеп шырмаған,
Сиқыр ма едің, кім едің?

Сиқыр ма едің, кім едің?
Тас түйіннің бірі едім!
Шыңырау жүрек түбінен
Сыр аулаған кім едің?

Сыр аулаған кім едің?
Айсыз тымық түн едім!
Түн пердені ысырып,
Сәуле шашқан кім едің?

Сәуле шашқан кім едің?
Қыраулы құз шың едім!
Құздың мұзын еріткен
Күн нұры ма ен, кім едің?

Өтіп өмір тезінен,
Бәріне де төзіп ем.
Өткір күннің көзінен
Ғажап қуат сезінем.

Өткір күннің көзінен
Ғажап Қуат сезінем.
Жан төзімін сынаған
Тағдырымның езі ме ең!

* * *
«Тәкаппар-ақ» болайын талғамым көп,
Талғап, таңдап өмірден алмағым көп.
Өзгеге бол айлалы қызыл түлкі,

Мәз бол да жүр аңқауды алдадым деп.
Болмай жұлдыз сен айтқан аспандағы,
Мұз болайын ерімес асқардағы.
Айнымасым – сұлу ән, қанатты жыр –

Маған берген тағдырдың асқан бағы.

КІМДІ ОЙЛАДЫҢ?

Мен – сен едім,
Сен – мен едің.
Толқуын жүректің
Толқынға бөледім.

Толқытпай қоймадың.
Тереңге бойладым.
Алдымда ақ сәуле
Болдың да ойнадың.

Жетем деп ойладым.
Жетпей де қоймадым.
Сонда да жүректің
Толқуын жоймадың.

Мен сені ойладым,
Сен кімді ойладың?
* * *
Сұлулыққа құштар көп,

Айта алмаймыз неге деп.
Ең арысы гүлге ғой
Құштар ұшқан көбелек.
Әркім-ақ қол созады

Өмірімнің бағы деп.
Сөйте тұра қара май
Құятындар тағы кеп.
«Қол жетпеген қарлығаш»

Тұрмаған соң бағы үдеп.
* * *
Қарадым саған,
Қададым қара көзді.

Жанардан оқыр
Дедім де айтылар сезді.
Ғарыштай көріндің маған,
Жаныма іздедім төзім...

«Кеш қалып, ерте туып...»
Қымбаттым, жүрген өзің.

ЖЕҢЕШЕ

Қара қасың қиылған қалам дерсің
Таудан ескен таңертең самал желсің.
Қарағанның ұялтқан қара көзін
Мөлдіреген ақ жүзде қара меңсің.

Жанға ашпас жүректің сырындайсың,
Сусап өбкен бал тілден шырындайсың.
Армандағы аяулы ақ арудың
Арқасынан құлаған бұрымдайсың.

ГҮЛ

1

Махаббат – гүл,
адам – оның
Өсер топырағы ғой.
Өсіп, еніп ғұмыр кешер

Мәуелі гүл бағы ғой.
Жәй гүлді сен, гүл базардан
Тиын беріп аласың,
Ал жүректе өскен гүлдің

Кім айта алар бағасын?
Өміріңді жалғастырып,
Шырақ болып жетелер
Гүлдің құны тек сезіммен,

Пәк сезіммен өтелер.
Арман етер жұпар лебін
Мен үшін де ессе деп
Сенбейтін гүл, солмайтын гүл

Жүректерде өссе көп.
Сөнбейтін гүл, солмайтын гүл
Жүректерде өссе көп,
Амал қайсы, қадіріне

Жете бермес кеще көп...

2

Құмырадағы гүлді адам
Мәпелейді, баптайды.
Қорғап, аяз ұрмасын деп,
Аңызақтан сақтайды.

Солмасын деп ертелі-кеш
Қорек беріп, су құйып.
Күнге қояды
тұру үшін

Қабағында нұр ұйып.
Жүректе ескен гүлді әттең
Неге осылай бақпайды?
Өз гүлінің бабын адам

Неге осылай таппайды?
Бүр ашпаған қауызды да
Кейбір сұмдар таптайды.
Адамдығын арзандатып,

Неге ардан аттайды?
Ойлағанға ол біреудің
Ертең тігер қосы ғой!
Біле білсе, адамдықты

Жұмсайтын жер осы ғой.

ТИМЕШІ ГҮЛГЕ

Тимеші, қалқам,
тимеші гүлге,
Үзбеші оны,
жайқалып өссін!

Солуды әсте
білмесін мүлде,
Гүл атаулыға
тимесінші ешкім!

Гүл өссе жерде,
суарып көзді,
Адамда гүлдей
өседі көңіл,

Жылжытып әсем
тірліктің өзін,
Тоғысып жатсын бұл егіз өмір!..

СЕН МЕНІ ҰМЫТТЫҢ

Сен мені ұмыттың, жаным,
Ұмыттың нұрлы күндерді.
Алаулап жүзінде жалын,
Ұнаттың екен кімдерді.

Ақ нұрым жүрем деуші едің.
Аялап қызғышша қорып...
Беймәлім жат бір қақпаны,
Тықыршып жүр ме екенсің торып.

Бүр ашпай махаббат гүлі,
Қалса егер өне алмай солып.
Қалармын жүрегіндегі
Бір түйір ақ нүкте болып.

Жазылған әріптен гөрі,
Нүктені өшіру қиын.
Осынау жыр жолдарымды,
Оқырсың түсірмей иін.

КӨГЕРШШ КӨҢІЛ ӘУЕНІ

КЕРЕМЕТ

Керемет дейміз
табынып тұрып өнерге,
Сол кереметтер
адамға өзі келер ме!

Кереметтерімен
таң қылған сені бұл өмір,
Рахат бір сәтін
оңайлықпенен берер ме!

Керемет дейміз
сыйғызбай мақтап жер-көкке,
Сол кереметтер
келіп пе өзі жөргөкте!

Өзі келмейді,
ешкім бермейді, бауырым,
Таңдай қаққызар
бүкіл керемет еңбекте.

ӨЗГЕРГЕН ӨМІР ЖЕМІСІ

Бостандық таңы атты да жайнап,
Бөленді нұрға біздің бар аймақ;
Тастады серпіп ысырып түнді,
Жіберді жойып қасірет-мұңды.

Азат күн жетті ел күткен талып –
Халықтың арман үмітін алып,
Әйел де құшты бақыттың таңын,
Құл қылып таптап күндіктің заңын

Жаңарды адам, жаңарды сана,
Теңелді жандар, құрметті ана!
Түрленді дала, өзгерді өңір,
Басталды соны қызықты өмір.

Кең байтақ Отан гүлдеуін тілеп,
Әйелдер күллі сыбанып білек,
Жұмылды іске, оқыды, өсті,
Өмірге жана үлесін қосты.

Жылдарда отты бұрқатқан дауыл,
Өткеріп небір күндерді ауыр,
Дұшпанды жеңіп майданда қанды,
Атқардық алып бесжылдықтарды.

Азаттық туын көтеріп шыңға,
Ілгері бастық сүрінбей сында.
Көз тіксек бүгін ой менен қырға,
Табысымыз бар сыймайтын жырға.

Құрметке бөлеп Отанның даңқын,
Жасаймыз өмір бұдан да жарқын.

ШОЛПАН ӨЛЕҢІ

Өнердің шебер салған көп өрнегін,
Оқысам ақын Шолпан өлеңдерін,
Ерке өскен, мұңсыз өскен албырт жаным
Аяйды ол жыр етсе мұң мен шерін.

Шаршаған, өңі солған, қалжыраған,
Өксіген, өміріне зар жылаған,
Ащы үні өз анамның естілгендей,
Осыны баяндайды сол жыр маған.

Сол жырдан жасты көрем мөлдіреген
Гүл көрем «мен мезгілсіз солдым» деген.
Нұр көрем күннің қызы секілденген,
Арнама толам деген көлді көрем.

МАЙ КYHІ

Тамылжыған нұрға бөлеп даланы,
Торғын көктен күлімдеп күн қарады.
Әрбір үйдің шатырында қонақтап,
Ақ. көгершін қауырсынын тарады.

Күндегіден ерте оянды жас ана,
Күндегіден ерте оянды жас бала.
Көшелерін көктем гүлі көмкерген,
Ерте оянды біздің сұлу астана.

Жаңғыртты да аспан астын көк торғын,
Ауа жарып іле эфир көтерді үн:
«Қайырлы таң! Құтты болсын мереке!» –
Өлеңімнің туын мен де көтердім!

Салтанатты басталды Май парады,
Ән аралап, күй кернеді қаланы.
Біздің достық туымызға айбынды,
Дос қызығып, дұшпан бұғып қарады.

Көктемдегі Ертісімдей ағынды,
Кең алаңмен халық лек-лек ағылды.
Жана миллиард! – Жалауларда жарқырап,
Бейбітшілік барабаны қағылды.

КӨКТЕМ

Көктем келді:
көк шығып, жер гүлдеді,
Көкте күн мейірлене елжіреді.
Ашылған жаңа ғана жауқазынның

Бетінде ақ маржаны мөлдіреді.
Судан бу көтеріліп, сағымданып
Даланы қойғандай бір нұрға малып.
Жапырақтар самал сүйген сыбырласса,

Қостайды басын иіп гүл ырғалып.
Балалар сайды кезіп салып асыр,
Түбінен тобылғының жұлып сасыр,
Гүл қадап қалпағына, бақ-бақ үрлеп,

Көгалда сауық құрды ұлан-асыр.
Бүлдіршін жаңа туған жас қозы-лақ,
Ол да мәз күншуақта салып ойнақ.
Дәл біреу қуғандай-ақ әдейілеп,

Жүгіріп дүбір салып өтеді ойнап.
Күйбеңдеп қарт әжелер шықпай ұзап,
Ойнатып немересін жүр қызықтап,
Естілген қыр астынан еміс-еміс

Дауысын трактордың тыңдайды ұзақ.
Егіске қыр астында жұмылған жұрт,
Дегендей мақсатымды қимылдан ұқ.
Кең пейіл жомарт қазақ даласынан

Нысана – биыл тағы миллиард пұт.

ӨТЕ ШЫҚТЫҢ ЖАЗҒА ҰҚСАП

Мен туғанмын шыққаннан соң азат күн
Қыш үйінде қарапайым қазақтың.
«Қызға тыйым қырық үйден» білмеймін,
Татқаным жоқ дәмін ондай азаптың.

Ұл менен қыз тағып қызыл галстук.
Қатар өстік, оқып өнер салыстық.
«Ақ аюды арқаға әкеп өсіріп,
Самолетпен айға ұшып барыстық».

Таған тептік, шаңғы киіп жарыстық,
Саят құрып, өлкемізбен таныстық.
Жас көктемдей гүлдей бердік құлпырып,
Болғаннан соң жүрек ыстық, жан ыстық.

Қайсыбір шақ бұртиысып ойынға!
Ол кезде тек мұқату боп ойында.
Жетекшіге арыз айта барып ап,
Алатынбыз тентектікті мойынға.

Әлі есімде Жақсыбайдың Нұрымы,
Жыны бар-ды десе қыздар бұрымы.
Арқасына тисе де топ жұдырық,
Қоймаушы еді желбең қағып мұрыны.

Оқытушы шақырарда қартаға
Лентамыздан байлап қойып партаға.
Мұғалімді күлдірем деп бүлдіріп,
Екілікті басатұғын қалтаға...

Шіркін сол бір балалық шақ, балғын шақ!
Дәмі кетпей таңдайыңнан балға ұқсап!
Әрбір күнің той-думанға бергісіз,
Өте шықтың жарқыраған жазға ұқсап.

ЖАЙЛАУ ТҮНІ

Жайлау.
Түн.
Тыныш айнала.
Тынығып әлем мүлгиді,

Тек бұл сәт көкте ай ғана
Тыншымай баяу жылжиды.
Күмбезін аспан аралап,
Ақ шарбы бұлттар көшеді.

Жанға аса жайлы рахат
Тау жақтан самал еседі.
Түн тынысын сүйгендей,
Сыбырлай ағып бұлақ та,

Еркелеп назбен күлгендей
Жағада жасыл құраққа.
Толтырып еңбек есесін,
Тыныққан шаруа қауымы.

Босатып желі, өресін
Ұйқыда малшы ауылы.
Балауса көкке тойынған,
Мал жатыр жусап, тыныстап.

Жастар да тарап ойыннан,
Бозалаң тартты шығыс жақ.
Ыңылдап әнге салады.
Келіншек қарап көкке, айға.

Әннен бір ләззат табады
Сағынған жанын жоқтай ма?

«ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕРІНЕ»

(Журналдың 25 жылдығына)

Сезіп білім олқылығын, кемдігін,
Жүрген кезде ойға қалып кемді күн
Өмір кілтін ұсынған сол азат күн
Іле қолға берді «Әйел тендігін».

Тарат!– деді азаттықтың ұранын;
Қапас күннің серпіп таста тұманын,
Қыран құстай самға асқар қияға!
Деді дағы мегзеп берді мұрадын.

«Теңдікке» кеп талай әйел сыр ашты,
Жаны ұғысқан тату достай сырласты.
Жаңа тілек, игі ниет жолында,
Талай қиын өмір өрін бірге асты.

Оқырмандар көз алмады бойыңнан,
Жаңылмадың шықтың көптің ойынан.
Талапты жас, күллі әйел қауымы
Тастамайтын құрал болдың қолынан.

Шағын ғана: «Теңдік» едің бір күнде,
Жаңа ормандай ескеніңді білдің бе!
«Қазақстан әйелдері» тойы деп,
Тербелгенін көрдім қызыл гүлдің де!

Жақсы әңгіме, жанды очерк, батыл сын,
(Сын жағына сызылмайсың, батылсың).
Отанымның сүйіктісі болуға,
Сенсің менің жанашырым ақылшым!

Кең жайлауда мал соңынан жосыған
Қызыл отау, тракторшы қосынан...
Қайда барсам, сен алдымнан шығасың,
Қарт күйіне, жас үніне қосып ән.

Беттеріңді ашқан адам толқиды,
Әр сөзіңді көңіліне тоқиды.
Академик – Нәйлә апайдың өзі де,
Өз үнім деп сүйсініп-ақ оқиды.

Өзің өстің оқушың да қалмады,
Өз басы емес, бүгінгі ойы – арманы –
Отан қамы, халық бағы —
сол үшін,

Нөмірлерің нұрлы болсын алдағы!

ЖАЙЛАУ ТАҢЫ

Арайлап баяу ағарып атқан,
Самалы таңның еседі жайлы.
Малынып нұрға көк торғын аспан,
Үлбіреп ақ бұлт бүркейді айды.

Әлемді бөлеп шапаққа нұрлы,
Күн әрбір үйдің есігін қақты.
Тыныққан ауыл түндігін түрді
Оянды таңғы ұйқыдан тәтті.

Маңырап төлдер, дуылдап адам,
Болды азан-қазан ауылдың үсті.
Құндыз жеңешем жүр бағанадан,
Бұйрықтар беріп, басқарып істі.

Кетерді будақ аспанға шанды,
Тысырлай басқан сансыз көп тұяқ.
Алды асып қырдан, өзенге барды,
Мал өрді балғын өріске шұбап.

Жай басып кейін беттеді Құндыз,
Қонбақшы дайын ерттеулі атқа.
Күнменен ойнап төсінде жұлдыз,
Жөнелді желіп шабындық жаққа.

ЖАЙЛАУДА

Тау қойнауы.
Мөлдір бұлақ.
Жағасында малшы ауылы.
Іргесінде кіл арғымақ,

Төңкерілген жон, сауыры.
Тотияйын – көкше құрақ,
Көк шалғында мұрын жарған.
Ізі сонар болат тұяқ

Тай, құлынның асыр салған.
Келе ауылға шашырады
Сәйгүліктер төгілме жал.
Жұмыр жонын жасырады

Жасыл шілік көк бұйра тал.
Түн күзеттен қайтты жігіт,
Ақ сойылын қарына іліп,
Жолына көз жүрген тігіп,

Түсірді аттан жары күліп.
Екі иіннен демін алған
Ақ самауыр басты күйге
Бейбіт өмір берекесін

Төккен сынды осы үйге.

МЕНІҢ ӨЛКЕМ

Жомарт қол бейне пішкендей мол, кен
Өнерлі ару зеріндей көркем,
Әлемде оған келер ме жер тең
Бұл – менің байтақ орденді өлкем!

Мәңгіге адам жүрегін дос қып,
Салтанат құрған ынтымақ, достық,
Әлемде оған келер ме ел тең
Бұл – менің байтақ орденді өлкем!

Кеудесі күміс, қойыны құрыш –
Шалқыған дәулет, тасыған ырыс,
Табысын теңер табылмас өлшем!
Бұл – менің байтақ орденді өлкем!

Эфирде қалқып шопанның әні...
Зейнетті еңбек жемісі кәні!
Өрісте малы мыңғырып өрген
Бұл – менің байтақ орденді өлкем!

Толқыған егін тың дала төсі,
Жұлдызын жақты қуатты ГЭС-і.
Балқыған болат өзенін көрсең!
Бұл – менің байтақ орденді өлкем!

Шығарған дарқан елінің даңқын,
Кен пейіл, дана қауымы жарқын,
Өнерлі өрен ұрпағы өңшең!
Бұл – менің байтақ орденді өлкем!

Күн сайын алуан тындырып тың іс.
Қуаты ерен, демі кең тыныс –
Гүлдене берер бүгіннен ертең
Бұл – менің байтақ орденді өлкем!

Жомарт қол бейне пішкендей мол, кең,
Өнерлі ару зеріндей көркем,
Әлемде саған келер ме ел тең
Сүйікті– менің орденді өлкем!

АЙ ТІКТІ ОТАУЫН

Іңірде шықса егер далаға,
Аспаннан не қызық балаға!
Жалтырап ұқсаған танаға
Жұлдыздан көздерін ала ма!

Әжемнің етегін уыстап,
Тұрып мен қарасам құныстап,
Самалдай түн лебі аймалап,
Қулана жымиып ай қарап,

Өзіне тартып ол алатын,
Қиялым жаятын қанатын.
«Қарағым, қарама айға көп.
Сиқырлы сыр бар ол айда» – деп

«Алла оны естірдей» сыбырлап,
Қарт әжем ақырын сыр ұрлап –
«Аспан ол тәңірінің мекені
Өзіне аян не екені.

Айды да қолыңмен нұсқама», –
Дегенде ақ жүзі сұстана,
Аспанды жүрсем де жүз көріп,
Қалтырай қалушы ем мұз болып.

Саналған қалды ол ескі ұғым?
Әлемді шарлады, есті үнім!
Ғарышты-алысты анықтап,
Жеңімпаз көгімде қалықтап,

Ракетам қанатын кең жайып,
Айға да жол аштық ғажайып,
Жайы мен жөнімен танысып,
Айменен кеттік біз табысып.

Космостың сырларын жасырын
Тұңғышы азаттық ғасырдың –
Меңгерді жаңашыл Отаным!
Ай тікті ғажайып отауын!

ҮНДІ ҚЫЗЫНА

Кеп толғанып, кеш оянған сезімдей,
Достығымыз сарқылмас кен көзіндей.
Барар жолың бір табысар, бауыр ел,
Сүйем сенің өнеріңді өзіндей.

Жақсы достай жылдар жүріп ұғысқан,
Ойымыз бір тілегіміз туысқан.
Бір арнаға жырларымыз қосылсын,
Ганга қызы, шырқа әнді, Шығыстан!

АНА ЖАНЫН ТЕРБЕГЕН

Сен аспаған алдындағы ер, белең...
Сол еді ғой ана жанын тербеген.
Түнде оят, күндіз мейлің мазала –
Байғұс ана не күйіңе көнбеген!

Сен аспаған алдындағы өр, белең...
Сол еді ғой ана жанын, тербеген.
Мұғалім де ығыр болса өзіңнен,
Ана төзген, ана ғана ерлеген.

Сен аспаған алдындағы өр, белең...
Сол еді ғой ана жанын тербеген.
Тілек етсең қиыла кеп қолқалап,
Жері бар ма шіркін ана бермеген.

Сен аспаған алдындағы ер, белең...
Сол еді ғой ана жанын тербеген.
Сен игерсең өмірдің бір өткелін
Күміс самай сенен бұрын терлеген.

Сен аспаған алдындағы әр, белең...
Сол еді ғой ана жанын тербеген.
Немереден бұрын сүйсе әкесін
Ғазиз ана әсте оғаш кермеген.

Азайса да алдындағы өр, белең...
Өле-өлгенше ана жанын тербеген,
Қамқор ана қамыңды ойлап қамыққан
Шағында да биіктерге өрлеген.

Көңіліңе мынау байтақ даладай,
Қиналамын дәл бір теңеу таба алмай.
Жан біткеннің ізгілігі қашанда
Болса шіркін осы ғазиз анадай!

БІЗДІҢ ЖОМАРТ ӨЛКЕМІЗ

Көңілі кең, қолы ашық ерте күз
Зер киінген тәрізді жас ерке қыз.
Еңбек күйін шырқап, билеп тұр толқып,
Біздің жомарт, астықты тың өлкеміз.

Жара жүзген дән теңізін айдынды,
Комбайн бір нән крейсер айбынды.
Кеме үстінде капитандай қасқиып,
Келе жатқан танып тұрмын Айгүлді.

Комбайнның жеделдетіп жүрісін,
Бара жатыр қусырып дән тынысын.
Гүл жеңешем берекелі қолымен,
Жиып өзі жүр елінің ырысын.

Көңілі кең, қолы ашық, ерте құз,
Зер киінген тәрізді жас ерке қыз.
Миллардың төгіп тастап алдына,
Тұр толықсып астықты тың өлкеміз

ЕСІҢДІ ҚАШАН ЖИЯСЫҢ

Сүзіліп көзі,
Күрмеліп сөзі,
Толқиды елтіп, теңселіп,
Жойылып буы,

Жайылып уы,
Билепті бойын еңсеріп,
Көрдіңіз бе ұсқынын,
Жабулы тайлақ сұстының.

Тантырап тасып,
Тәлтірек басып...
Алға аттап, кейін жығылып,
Теректі сүзіп,

«Тұмсығын бұзып
Қойды» деп оны ұғынып,
Төбелесті терекпен
Жетесіз сорлы желөкпең.

Құлқынын тыймай
Арақты қимай.
Беріліп соған риясыз...
Азайып досы,

Тігілмей қосы...
Ағарды шашы ұясыз.
Құлқынды қашан тыясың?
Есіңді қашан жиясың?

ЗАҢДЫЛЫҚ

Тізіліп ескен,
Қатары қаздай,
Сыңсыған ағаш
Орманның іші.

Қос жасыл шырша
Қосарын жазбай,
Тәрізді тұрған
Үлкен мен кіші.

Кішісі: Шіркін!
Осынау ерен
Болсам-ау мына
Шыршадай биік.

Ол жақын менен
Тұрғанын көрші,
Төбесі сонау
Көк бұлтқа тиіп.

Дегендей көкке
Телміре түсіп,
Өседі бойлап,
Күн Нұрын сүйіп.

Қарасақ ойлап,
Көңілге түйіп,
Жастықтың дәйім
Арманы – биік!

Ал үлкен шырша
Байсалды ғана
Қояды оған
Көз қырын салып.

Жастыққа жалын
Жарастық тапқан,
Қызығып іштей
Тұрғаны анық:

«Балапан едің.
Келесің өсіп,
Көктемі жанның
О, жарқын жастық!

Өкшелеп қуып
Келеді уақыт,
Құтылдық қалай,
Қай жаққа қаштық?» —

Дегендей үлкен
Шырша тұр сұлық.
Заңды ғой аңсау
Кейінді қалған.

Дейміз бе заңсыз
Биікті қалап,
Қыранша құзды
Еткенді арман!

ЕҢБЕК

Дүниеге мені әкелген
Еңбек сен – ғазиз анамсың.
Қиынның кілтін әперген,
Өскелең ойым, санамсың.

Адамның ортақ халіне:
Жасқа да, мосқал кәріге,
Келтірер өмірді әріне
Мейірман доссың бәріне.

Тән мүгедек болса сен,
Жеткізесің кемісін.
Жан мүгедек болса сен,
Дауасысың, емісің.

Сен жеңбейтін дерт бар ма?
Бабын сен дереу табасың.
Өршітпей опат өртке арна,
Талқан қып тасқа шабасың.

Сондықтан сені сүйемін,
Сүйемін қымбат досымдай.
Тек саған басымды иемін.
Қадірін үшін осындай.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫН АҚЫН ДОС

Алматының қызыл-жасыл гүлімен,
Аймағымның бұлбұлдары үнімен,
Қайнап шыққан жүрегімнің түбінен
Сезімімнің толқынымен, дірілмен

Әнімді алып, жырымды ертіп, ақын дос,
Құттықтауға келдім туған күніңмен.
Жылдар келіп, жылдар кетті білінбей,
Құз-қияға самғадың сен, мүдірмей.

Бақ құсындай көтерілдің еліңнің,
Ақ сәуледей, шаң-тозаңға ілінбей
Отандастар көкірегіне нұр құйдың,
Қаламыңнан бұлбұл құстың тіліндей.

Мөлдірлігі гауһарға ұқсас жырыңнан
Өзбек қызы өз бақытын ұғынған.
Қос бұрымдай егіз едік бұрыннан,
Кемпірқосақ тәрізді бір сызылған.

Сен жырлаған тағдырларды табушы ем
Бауырластан, бүкіл қазақ қызынан.
Өтті күндер көкіректе сыр тұнған,
Туған жерің қайта түлеп құлпырған,

Алқабында ән төгіліп, жыр тұнған
Ақ теңіз боп ақ мақтадай гүл тұнған.
Баурап алды бал жырыңның арнасын
Жаңа адамдар жаңалыққа ұмтылған.

Ақын жанға қай уақытта тыну бар!
Кезек күтпес қауырт іс бар қыруар!
Әлі талай айтылмаған сыры бар!
Әлі талай жазылмаған жыры бар!

Ақын мәңгі қартаймайды, тозбайды
Жауқазындай жас балауса жыры бар.

ЖАСА ДЕ

Сәл ғана бүркеп күн көзін
Бұлт алса, түнек жапқандай,
Көретін әжең жел тұрса,
Ажалы келе жатқандай.

Қазығын қағып, жел бауын
Қайтадан байлап тас қылып,
Өресін жиып, қамдайтын
Арқанмен үйін бастырып.

Күбірлей түсіп, қол жайып,
Жалына кекке қарайтын...
«Көз жасты тәңірім көрді» – деп
Жел тынса, соған балайтын.

...От бүркіп, ойнап найзағай
Күркірер сәтте көктемде,
«Тасыт, – деп, – тәңірім сүт селін» –
Жасайтын ырым көп пенде.

Бісмілләсін жаудыра,
Аллалап ұстап жағасын,
Ақ құйып үйін айнала,
Шөмішін әжең қағатын.

Ғасырлар бойы осылай
Аспанға адам табынып,
Келген-ді тағы табиғат
Күшсізге күшті танылып.

Озық ой небір қиынға
Жайғанмен қиял қанатын.
Азалы жандай сазарып,
Беймәлім сыры қалатын...

Жаңарған ұғым, ескі ырым,
Әжең де тектей бермейді
Жаңа іс, жарқын болашақ
Жүзінен бір сәт сөнбейді.

Таныды жаңа ел адамын,
Қайталап әлем есімін!
Аспанның Юрий Гагарин
Айқара ашты есігін.

Қопарып бұлттың тауларын,
Сырларын ұғып жасырын,
Ал Герман «ВОСТОК – 2» мен
Паш етті Космос ғасырын.

Өз үйің бейне бұл күні,
Онымен мәңгі доспыз біз,
Космостың тұңғыш тұрғыны –
Андриян, Павел – қос жұлдыз.

Қоналқа ұшып аспанда
Нешеме тәулік өткерді.
Солайша арман іске асты
Қиял боп келген көптенгі.

Қайдасың, қыздар, құттықта
Қанатты заман қадамын,
Жаса де Космос ғасырын,
Жаса де жаңа ел адамын.

ҚОШ КЕЛДІҢ

Ұлы мен қызы дос елдің,
Есімін білген күллі әлем,
Құшағым, міне, қош келдің!
Халқынан қазақ мың сәлем!

Қош келдің, міне, төріміз,
Өзіндей мен де бауырмал.
Құрметім әзір көріңіз,
Қадірмен аға бауырлар!

Поэзия кегінің
Жұлдызы ақын Зүлфия,
Сіңлің мен де өзіңнің,
Жаныма жарқын жыр ұя.

Күләшімнің құрбысы,
Қош келдің бұлбұл, Халима,
Өнердің озық үлгісін
Өзге деп қауым тани ма!

Ұлы мен қызы дос елдің,
Есімін білген күллі әлем!
Құшағым, міне, қош келдің!
Халқынан қазақ мың сәлем!

ҚАБЫЛ АЛ ҚАЗАҚ СӘЛЕМІН

Ортаңа жаңа келсем де,
Емеспін жай бір таныс жан.
Туысым, досым қадірмен,–
Деп іздеп келдім алыстан.

Қазанның жұрты, қабыл ал
Қазақтың ыстық сәлемін!
Өлкемнің байтақ
есімі

Шарлаған дүние әлемін.
Ақ басын иіп Алатау
Сәлем! – деп қалды көл бұлғап,
Сәлем! – деп қалды Алматы –

Алмалы әсем жасыл бақ.
Жалынды ыстық сәлемін
Паш етіп туған халқымның.
Өлкеңе еріп бізбенен

Келіпті ашық алтын күн.
Қазанның жұрты қабыл ал
Сәлемін достық ниеттің.
Алматымның ыстығын

Жырыма орап сый еттім.

ЖУРНАЛЫМ

Қырық жылың менің де өмір томдарым,
Әр нөмірің әсем кешкен жолдарым.
Арманымның толып туған айыңдай,
Әр бетіңде еккенім мен орғаным.

Әр жолында талпынысым, талабым,
Алыстарға қадаған көз жанарым,
Жан тынысым жайраңдаған шақтарым,
Майдан жылғы маңдай терім, азарым.

Әр бетінде өмірге ынтық күндерім,
Сұлу әнім, сырлы күлкім тұр менің.
Әр бетінде шежіресі ғасырдың,
Әр бетінде болашағым – гүлдерім.

Көк жиекті күмбезіңнен бір шолып,
Көк қияға қанат қақтым жыр болып.
Көңілімнің көгершінін ойнатып,
Көк өзен боп аштым қырға тың жорық.

Көкірегімде сайрап жыршы құстарым
Күн шапағын қолға ту қып ұстадым.
Айдын көлсіз тірлігі жоқ аққудай
О, нұрлы өмір, сенің жырың құштарым.

Құтты болсын қырық жылың журналым,
Алыс жолда ұмытпа ауыр сын барын,
Бесігінде бақ толқынын тербетіп,
Белестерге асыр заман сырларын.

АҚЫНҒА

Жаз сынды жамалыңды көрмес бұрын,
Иіле ұсынып қол бермес бұрын,
Қадірмен құрмет тұтар қонағым боп,
Аттады босағамды сөнбес жырын.

Аттады босағамды сөнбес жырың,
Құшақтап көктеменің жұпар гүлін.
Өзім – ән, қонағым – жыр, үйім – думан,
Естимін күмбірлеген күйдің үнін.

Мейманым төрімдегі – сөнбес жырың,
Шертуге шебер екен жүрек қылын.
Табысқан көп жыл кермей құрбымдайын
Айтылды өзге ешкімге сенбес сырым.

Өзіңмен сонан бері сырлас жаным,
Жабықсам, сенің жырың мұңдасқаным
Ортақсың бәз бір шақта қызықтасам,
Торғындай поэзия нұрлы аспанын.

САЯНДА СЕНІҢ КӨКТЕДІМ

1

Жөргекте қалдым анамнан,
Зар жасын бірақ төкпедім.
Өзіңнен жаным нәр алған,
Саянда сенің көктедім.

Көктемгі гүлдей құлпырдым,
Болмады әсте алаңым.
Қияға қарап ұмтылдым,
Ілгері басты әр қадамым.

Тұнығын кешіп айдынның,
Құзына қондым асқардың.
Қолымда кілті ай-күннің,
Бас иді өзі аспанның.

Ағынға қарсы атылдым,
Қиялға мініп от қанат.
Өзіндей-ақ бір батырдың
Асауды алдым ноқталап.

Өзіне тағдыр жоқ өкпем,
Мың алғыс туған халқыма!
Елімде жетім жоқ өткен,
Заманым жайна жарқыра!

2

Еркелік өтті, бой жеттім.
Байқамай асқан бір белді.
Тәуірін тандап көйлектің
Қыналай будым қыз белді.

Қосылып құсқа жыр төктім,
Сыбырлап нәзік сыр келді...
Сырласпай жатып жер-көкті
Сілкінте отты жыл келді.

Болсам да сыңар балапан
Сытылып қалған жырақта,
Ойылып нәзік алақан,
Сыбанып түстім сынаққа.

Қанатыменен су сепкен
Қарлығаш сынды шырылдап...
Шағында жеңіс күн жеткен
«Уһ!»—дедім бір-ақ тынымдап.

Сол жылдар қатып бұғанам,
Сол жылдар түлеп шынықтым.
Өмірден толқып тулаған
Сол жылдар талай сыр ұқтым.

Армандар, ойлар, толқулар...
Жүректе түйін ел бағы.
Өзіңмен бірге болуға
Сапыңа тұрдым мен дағы.

Болашақ деген ардақты
Ұғымды түйдім жүрекке.
Сол үшін бағышталмақшы
Тыныс, дем, ізгі тілек те.

ЖАҢА ЖЫЛ

Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл, достар, дайындал!
Қайдасың, қыздар,
Дастарқан әкел, жайындар!

Фонтандай шампан
Атқысын кәне, ашыңдар!
Ән менен күйді
Шалқыта шашу шашыңдар!

Жаңа жыл, достар,
Үзілмес мәңгі жақсы үміт.
Тілектер игі,
Болашақ атты жақсылық.

Сол үшін оған
Айқара құшақ ашайық!
Құрметке оны
Бөлейік, жырға қосайық!

Жаңа жыл, достар,
Алдағы игі жұмыстар!
Асулар асар,
Белестер шығып тыныстар.

Жаңа жыл – бөбек
Күн сайын түлей беретін.
Жаңа жыл – көктем
Жаңарып қайта келетін.

Сол үшін оған
Айқара құшақ ашайық!
Құрметке оны
Бөлейік, жырға қосайық!

Жаңа жыл, достар,
Өмірдің жаңа парағы.
Сонардай сайрап
Ізіміз сонда қалады.

Әлемде адам
Сол ізбен жүрер қиырға,
Жылымыз достар,
Жемісті болсын биыл да!

ҰЛЫ ДОСТЫҚ

Елу жылдың биігінен
Көз жіберсең досым-ай,
Россия ел еді ғой
Жылқышылар қосындай,

Бақас шығып бауырластар
Әсте басы қосылмай,
Өтпеп пе еді бір-біріне
Көктен түскен тосындай.

Бүгін оның қандай да бір
Қиырларын шарласаң,
Қай аймағы, қайдағы алыс
Түкпіріне бармасаң,

Жарқын жүздер күліп келіп
Ілтифатпен қарайды,
Сол кіршіксіз күлкілерден
Күн көресің арайлы

Айқара ашқан ыстық құшақ,
Аярсыз мол мейірім,
Кілем қылып төсегендей,
Дос құрметін, пейілін.

Жаңа көріп – білсең дағы,
Жаңа ғана танысып,
Тұрғандайсың ежелгі бір
Дос құрбымен табысып.

Ақ көңілдер аясынан
Ақтарылған жан ыстық
Сездіргендей жүректерде
Жоғын бізде алыстық.

Затың басқа болсаң дағы,
Бөгде емес өздейсің,
Апта емес, айлар жүрсең,
Жалғыздығың сезбейсің.

Қиындықта көл ұшы емес,
Ұсынатын білегін.
Қорғаның да қасың келсе,
Қарсы қояр жүрегін.

Бұл мызғымас достығы бар
Менің байтақ ұлы елім,
Түрлі ұлттар туыстасып
Қосқан мәңгі тілегін

Менің ғана елімде бұл
Арайлы таң атқан нұр,
«Тар жол, тайғақ кешулерде»
Табыстырған тілек бір

Ұлы елімде Ұлы достық
Мызғымас ел туындай
Ғасырларға кетер талай
От қалпында суынбай.

ҚОС ШЫРАҚ

1

Айнадай аспан, тұрса да күліп күн көкте,
Тыныстай алмай тұншықты дала түнекте.
Зіл батпан заман зіл басқан бойын билетпей,
Аршындай алмай арманда жүрді түлек те.

Аршындай алмай арманда жүрді арулар,
Айығар зардан біле алмай қандай дару бар.
«Жазмыштан тиген сыбағам» – деді біліп пе
Сейілтер тұман дейтұғын күрес қару бар.

Көрмеген сынды азаттық деген атты естіп
(Деген жоқ әсте естіген қазақ жат несіп).
Бетінде ылғи итжығыс түсіп бақ пен сор,
Бауырында байлық Сарыарқа жатқан шақта өксіп:

Бостандық сынды таң атты байтақ далаға,
Күресте әділ ақиқат жеңбей қала ма!
Лапылдап жанған нұр шырақ азат күн атты,
Жарқырап сәуле түсірді әрбір санаға.

Сол шырақ нұрдан нәр алған сана оянған,
Ғарышқа ұшса арқалап бүгін ой-арман,
Бесігі болды қазақтың дарқан даласы
Достық нұрының шұғыласына боялған.

2

Қартайған әже сабақтай алмай инесін,
Қарғайтын Тәңірін қамығып жаны күйгесін.
Суыртпақ болса білтелік, жағар майы жоқ,
Тоғыз бен жоғы отының басын үйгесін.

Осындай сонау сүреңсіз сұрғылт заманда,
Тамұқтай азап болғанда тірлік адамға
Тағы да достық қол ұшын берген, демеген,
Нұр болып жеткен сөнейін деген жанарға.

Ысырып кейін «тәңірінің сол бір қосқанын»,
Заманға жаңа жасарып әжең қосты әнін!
Сақшыдай еді ол халықтың бағын күзеткен,
Жасады өзі ГОЭЛРО-ның жоспарын.

Көбесін сөгіп, тау жонын тіліп таспадай,
Ілені тұсап, бағытын нұсқап басқадай,
Жаңқадай ұшып, жартасы жатқан жаңғырып,
Бөлшегі соның бүгінгі біздің Қапшағай!

Өлкемді байтақ осылай алдан тосты бақ!
Күйінсе дұшпан, қуанды мұным досқа ұнап.
Баршындай баққа жеткізер талмай елімді
Бүгінгі достық білім мен қуат– Қос шырақ!

ЖАҢАЛЫҚ

Елімде күнде бір жаңалық
Жатады эфирден таралып,
Жаңадан жасалып теңіздер,
Қосылып іске бір жаңа алып.

Тың ойлар, ірі ойлар қамдасып,
Әркімдер әр істе алға асып
Ғарыштар, алыстар жақындап,
Бүгінгі ертеңмен жалғасып.

Бүгінгі тың ойлар, жаңа ойлар –
Ертеңгі ырыс, бақ – талайлар
Елімде әр үйдің, төрінде
Күлімдеп болашақ арайлар.

Әр сағат, әрбір күн, түндері
Кейін қап өмірдің, бір белі,
Қисығы жолдардың түзеліп,
Ел – керуен жылжиды ілгері.

Жатқанда күнде өмір жаңарып
Адамның болар ма жаны арық!
Күн оған бас ие байыса,
Арайлап атады таң анық!

СІҢЛІМЕ

1

Атымен өтер атаның
Болғаным жоқ бай қызы.
Құрбымның бұзып қатарын
Болғаным жоқ байғұсы.

Төгілген тасып арнадан,
Емес те едім мол кісі.
Намысқа бірақ бармаған,
Болғам жоқ адам сорлысы.

Тегімде тіпті болған жоқ
Профессор түгіл,
оқыған,
Ауыс деп ақыл барғам жоқ,

Халқымнан оқып-тоқығам.
Адамды танып үйренгем,
«Кебенек киім» ішінен.
Жайып сап жанын үйге енген,

Аярым жоқ кісіден.
Әурелеп сіңлім, апаңның
Сөз ете берме «шапанын».
Шапанмен өлшеу адамды,

Үлкені болар қатаның,
Және осы «шапаныммен-ақ»
Мен талай жерге батамын.
* * *

Жазығым қарсы алдым жарқылдап,
Сен келдің «апа» деп сызылып.
Байқамаппын жүріп аңқылдап,
Өңіңнің кеткенін бұзылып.

Әкемдей терлеттім өзіңді
Ниетім – алдында дастарқан.
Байқамаппын улы сөзіңді
Деп жүріп шын адал дос тартам.

Туыстай сіңлім деп мәз жүрмін,
Сен кеттің қулығыңды асырып.
Арыңа не дейсің баз бір күн
Бұл сырың қалғанда ашылып.

Сызылып сыртыңды мақұл ғып,
Арамдық жүр екен ойында,
Жүр екен қалай сені ақын ғып
Меңдеген мынау дерт бойында.

ӨЛЕҢ ЖАЗСАҢ

Өлең жазсаң айтатының –
Адамдық пен адалдық,
Ар-ұят тым көн болса да,
Бір қозғалып қаларлық.

Күнделікті ісінде оны
Іздесек те шам алып,
Ізі-түзін таптырмайды,
Таптырмайды жоғалып.

Өлең жазсаң айтатының –
Ақыл-кеңес ізгілік.
Ойдан отар өргізесің,
Әр қадамыңды із қылып.

Ісінде оның бірі де жоқ ,
Келе атқалы біз біліп,
Адам үшін жүрегіңнен
Соғады тек ызғырық.

Өлең жазсаң көрінесің
Дарқан дүние – гүл бақтан.
Қасын түгіл достарыңа
Құратының кіл қақпан.

Көне күннің күншілісің –
Жылан жүріс, із баққан.
Ізгі жанның жақсылығы
Жүрегіңді сыздатқан.

* * *
Көйлегіңде кіршік жоқ
Жақсы-ақ екен!
Шалбарын да қыры оқтай,

Шап-шақ екен!
Сыртың әсем
Сүйсінер кісі мақтап...
Шіркін сондай болса ғой ішін аппақ.

МАҚТАНАМ

Жұмысшының қызымын деп
Бастап едім сөзімді,
Мырс етіп миығыңнан
Сығырайтып көзіңді,

Қарап маған Алатаудан
Шарпып өттің сезімді,
Бата алмадың, ерінінде
Іркіп қалдың сөзіңді.

Сен, білмейсің жұмысшының
Күрес шебін құрғанын,
Жеңіп шығып,
Өмір көшін

Жаңа арнаға бұрғанын.
Білмейсің сен, күлпаршасын
Шығарғанын Тахыттың...
Жұмысшының қолыменен

Орнағанын бақыттың.
Ол жыл құсы секілденіп
Іздемеген жылы жақ.
Жат ұяны мекен етіп

Өткермеген жыл ұзақ.
Тойған жерін місе тұтып,
Тауықша дән термеген,
Бұлт ілінсе аспанына,

Қайта қашып келмеген.
Осынау тым бұлғақтаған,
Биіксініп қараған
Қалпыңменен біле білсең,

Борыштысың сен оған.
Сиқыр күлкі, зәлім көзбен
Қарама сен, тасадан.
Бақыт дәмін татып жүрсің

Сол жұмысшы жасаған.
Қиын шақта құшақ ашты,
Деген кім бар бөтенсің?
Оған тозаң бүрікпе, шырақ,

Шаңға айналып кетерсің.
Ұйымшыл да бауырластық
Ұранын нық сақтаған.
Жұмысшының қызымын деп

Мен әлемге мақтанам!

ӨМІРДІҢ КӨРКІ БОП ЖАРАС ТЕК

Бүгінгі қазақтың қыздары,
Бақыттысыңдар ғой, бауырым!
Естігенің ғана болмаса,
Білмейсің сен, аттың сауырын.

От басын, ошақты білмейсің,
Тұсаған әйелдер қауымын.
Шабынды...
«күлі өш күндестік»

Білмейсің сен ондай жау үнін.
Үстіңнен мен сенің көремін
Импорттың ішінде тәуірін.
Жамауды білмейсің жайлаған

Сонада бабаңның ауылын.
Ол күнде тері тон ең сорлы,
Нашардың үлесі еді бауырым,
Бұл – күнде бәсеке – мода үшін

Киетін болды ең тәуірін.
Мейлі ғой киімде тұрған не,
Әсемдікке әрқашан талас көп.
Өзіңе жарасқан тоныңдай

Өмірдің көркі боп жарас тек.

AHA ТУРАЛЫ ЖЫР

1

Әйел мен ердің салыстыруға аршынын
Шынымды айтсам, өз басым, достар, қарсымын.
Халықтық дана ақыл-ой бұдан сан ғасыр
Бұрын-ақ бізге айтып кеткен ғой бар шынын.

Өмір жұп, бірақ саусақпен ғана санайтын,
Тақ есімдер бар мақтанып мыңға балайтын.
Парасат, дарын, тақ дегізетін батырлық
Ерекшелік пе жынысқа қарап жанайтын.

Ендеше шырақ, тақ болу достан қолқалар
Дүние емес кез келген оңай жол табар.
Тақ тұру үшін әйел жоқ, ер жоқ еңбек бар,
Биікті көріп, бағалайтұғын орта бар.

2

Талайлар жеңіп тағдыр сұм дейтін тамұқты,
Өмірге келген адамдық атын танытты.
Түксиген қабақ, тікшиген мұрттарды елемей,
Кегінде өнер Темірқазық боп жаныпты.

Даналықты айтсам, ғылымның тыңын қопарған,
Сол үшін патша қуса да туған Отаннан,
Орыстың ғалым, ғұлама қызы Софья
Арманнан биік аяулы жаны от алған.

Ақындықты айтсам, кім асқан біздің Сарадан,
Жез таңдай бұлбұл аузына үш жүз қараған!
Айтысып аға Ұлына тізе бүктіріп,
Төрелік алған Абайдай Ұлы данадан.

Өнерді айтсам, өте көп менің атарым,
Қас жүйріктермен молыққан күнде қатары.
Арысы Майра, кешегі бұлбұл Күләшім,
Сан сыннан өтіп, сүйсінткен Ұлы Отанын.

Батырлықты айтсам, елім деп соққан жүрегі,
Шайқаста жаумен талмаған нәзік білегі.
Қос батыр қызы қазақтың Мәншүк, Әлия
Есімін-дағы, ерлігін де әлем біледі.

Осынау достар, саусақпен ғана санайтын
Тақ есімдер шын мақтана мыңға балайтын,
Қасиет екен әйел деп, ер деп бөлмей-ақ
Еңбекті сүйген адамды талғап жанайтын.

Сұңқар бол мейлің, тұлпар бол, тіпті алып бол,
Атақпен, даңқпен әлемнің жүзін алып бол.
Кемеңгер дарын, ғұлама ойшыл, мол қайрат,
Өмірге өзі қаз басып келе қалып па ол!

Осының бәрі әуелде үрпек балапан,
Ұшырған баурап, аялап ана алақан.
Ендеше достым, тең келер тақ жоқ анаға,
Ана – тақ, ана – ертеңін, атар жаңа тан!

ӘЗІЛ-ШЫНЫМ

Өн бойында жинағыңның
Жана береді екенсің,
Таңданып та, тамсанып та.
Тала береді екенсің.

Өзіңді өзің мысал етіп,
Ала береді екенсің
Бірақ та сол жанамынмен
Қала береді екенсің.

Тез тұтанған тез сөнеді,
Қалмауы да сүлдесі.
Абайлашы, ақын досым,
Сөніп қалып жүрмеші!..

* * *
Емеспін мен ешкімнен артық адам,
Емеспін құр көкірек жарты да адам.
Өмірге өтесем де, алсам да одан,

Ешкімнің несібесін қарпымағам.
Ерекше маңдайым жоқ жарқыраған,
Білемін пендешілік салтын адам...
Қынжылман аз бақытты қимағанға,

Мен көбін тағдырымнан тартып алам.
Еңбекпен таң атқызып, күн батқызам,
Сөзімді халқыма айтам, тыңдатқызам,
Қол соққызып қолпаштау тілемейтін

Жырымды болашаққа бұлдатқызам.
Қазақтың бір қызымын – Тұрсынханмын,
Бұлдымын ауылына жыр сұлтанның.
Жыр өлмесе, мен де өлмен, жыр үстінде

Шапағы алаулаған тұрсын таңның.

САЛЮТ

1

Салют! – дейді
амандасқан қыз-жігіт.
Арқамыздан сонау жылғы ызғырық
Есе қалып,

ойланамыз,
өзге еді-ау
Отты жылғы көрген салют біз біліп.
Жеңісті алып келген еді-ау ол есіп,

Бауырласқа да алып берген белдесіп
Есе-теңдік,
ерік-бақыт, бостандық
Толарсақтан

тер ғана емес,
қан кешіп.
Ол Отанның әмірімен жаралған.
Теңіз халық тілегінен нәр алған.

Басымсыған жаудың басын игізіп,
Ұлылыққа
табындыра оралған.

2

Салют!
Салют!
Көргенбіз ғой сан қарап,
Салют деген ел мерейі салтанат

Құрған шақта,
Ұлы болып бас иіп,
Ұлылыққа тағзым ету сан қабат.
Салют! —

Ізгілікті тани білу, ерлікті
Алдында оның кішірею,
Ең мықты
Ісі үшін

Ер мерейін тасытып.
Сол арқылы
есіре алу елдікті.
Ұлы болу —

емес және бұйыру,
Емес көпті
алдыңа әкеп иіру.
Ұлылық сол —

Ұлылықтың мінбесінен түсе алу,
Ұлылыққа
ұлыларша
тіке тұрып иілу.

ШАШТАРАЗДА

Жас шамасы жиырмаға жетпеген,
Ана сүті ауызынан кетпеген,
Дәл осы қыз дүниеге келерде,
Тағдыры еш тарыншақтық етпеген.

Өте берді сәнмен басып аяғын,
Тоқтай ұрып өтті мені ой ағын.
Қолаң шаштың қарасынан ағы көп,
«Сорлы бала-ай» дедім, тіпті аядым.

Келмей шамам ой тізгінін іркуге,
(Қыз жанына үңіліп ол тінтуде).
«Әй өмір-ай, қымбатсың да қаталсың,
Қандай соққын тиді екен бұл шіркінге».

Деп ойладым.
Кезек күтіп отырмын.
Арасынан кіріп-шыққан нөпірдің
Байқап қалдым,

өте берді әлгі қыз
Шашын қара,
қып-қызыл ғып кекілін.
Енді ұқтым.

Бояу екен жаңағым.
Мен өмірдің соққысына баладым.
Жас кеңілі сәндік қуса сабылып,
Егделердің жас болу ғой алаңы...

Бәрі заңды,
жақсыға жан тоя ма!
Өз дегенін етпей жастық қоя ма!
Ылайым тек сыртың ғана құбылсын,

Адамдығың,
жаның болмай бояма.

КӨК ЖОРҒА

( Әзіл)

Ақындар мінер көк жорға,
Бұл күнде болған көк «Волга».
Құйрық-жалы шұнтиып,
Түспейді құрғыр тек қолға...

СЫР САНДЫҚ КІЛТІ СЫҢҒЫРЛАП

МАҚТАНЫМ

Достарым,
Өмірде сүйерім көп менің:
Сүйемін
Елімнің бұлтсыз аспанын,

Сүйемін түлкі жон даламның көктемін –
Бұраң бел ақ талдың
ақ үрпек
ақ бүршік ашқанын!

Сүйемін
көктемгі даламның ақ таңын,
Сүйемін
еркелеп бұлақтың аққанын,

Сүйемін
қыранның құздағы сақ-сағын
Тау-тасты талдыра
күй төккен

бұлбұлды мақпал үн!
Сүйемін
таң жаңа еңбекпен атқанын,
Сүйемін

өңірді төл үні жапқанын.
Қуанам,
көргенде шат жаным,
Малшы ауыл

ертелеп дуылдап,
қику сап, мыңғырып жатқанын.
Адамның
бақыты – сүйерім, баққаным,

Сүйемін
бейнетқор зейнетке батқанын.
Сүйемін
шопанның Балға-Орақ таққанын,

Сүйемін
осылай баршаның бақытын тапқанын!
Сүйемін
осылай күндердің батқанын,

Сүйемін
осылай таңдардың атқанын.
Ақ сәуле
адамдар көңілінде от жаққанын,

Елімнің
осындай,
Көктемдей өмірі
мақтаным!

ОЙ

Ой – теңіз, өзім – қайық барам жүзіп,
Аңғарын, иірімін қоям сүзіп.
Толқындай бірін-бірі қуған мәңгі,
Шегіне жеткізбейді қара үзіп.

Келемін кейде малтып, кейде қалқып,
Тұңғиық кетем кейде түпке тартып.
Ақ қайран күміс толқын құшағында,
Толқынмен кейде ағамын бірге шалқып.

Теңізде кейде бұрқап дауыл тұрып,
Қайықты үйіреді аласұрып.
Толқынның еркіндегі тал шыбықтай,
Жас өрім бұраламын ағын ұрып.

Ой-теңіз мен келемін әлі жүзіп,
Иірім бұралаңын жара сүзіп.
Таралып тармақты өзен сағасындай
Жүйрік ой жеткізбейді қара үзіп.

ҚҰРМЕТ ТУРАЛЫ СӨЗ

Япыр-ай, достар,
Жан жүрегінде гүл көктеп
Өседі екен,
Отанын сені құрметтеп,

Белгісін тақса,
Көтеріп мерей асырып,
Сыбырлайды екен
Санаң әрнені міндеттеп.

Баршаға аян,
Құрметтеуді ешкім ескеріп
Алмайды сұрап,
Тұрса да көңілі хош көріп.

Төгілген терді,
Талапты тандап жағалап,
Қуантады екен
Бірде ерте, бірде кеш келіп.

Пәндашылықпен
Жүретіндер де көп құр өктеп,
Асығып жастай
Орнамады деп құрмет кеп.

Ойласақ, достар,
Өз түйгенімді айтайын
Құрметті адам
Жинай ма деймін тірнектеп.

Несіне оны
Санайын тізіп, түгендеп,
Қалыпқа құйып
Қойды дейсіздер кім өңдеп.

Өренді танып
Ысырап қылмай өзіңді
Ұстаудан сірә,
Басталады-ау жүгендеп.

Сезілмей бары
Кешеді ғұмыр қанша өмір,
Өтемей парыз
Көшеді қанша жансебіл.

Еленбей кеткен
Таулар бар қанша шың, шынар,
Тәрізді мынау
Қоғамға бөгде жанша бір.

Кейде көз жұмғаннан соң
Келетіні де бар құрметтің,
Демейді тергеп
Кім едің, қандай күйде өттің.

Қолда бар алтын,
Қадірін білмей асылды,
Танымадық деп
Өкінетініміз де бар күйреп тым.

Батар күн сынды
еңкейген, достар, шағында,
Ажарың солған,
самайдың мынау ағында,

Құрметті болу
абайлап ұстар ең нәзік
Қадірі бөлек,
бірақ сол аумалы қалпындағы

бағың да!
Сыбырлап санаң:
«Ұстай білу бар осыны...»
(Ең жанашырлық

осы ма деймін дос үні)
Көстеңдеп аяқ,
жабылмай ауыз, жантаңбай
Болғаннан абзал

ажалдың келген тосыны.
Өмірде, достар,
Құрмет әрі аз, әрі көп.
Аздың аларлық,

Көптің көрерлік мәні көп.
Құрмет пе деймін
Ұлы Абай айтқан сонада
Жүре алсаңыз

бес асыл істің бәрі боп.
Солай, достарым,
ақ самайлылар көбейіп,
Әмісе алға

жетелер жолдар кеңейіп,
Бейбіт күн ayмай,
береке-бірлік, ырыс асып,
Ел жұртымызбен

құрметті бола берейік! ***

Бауырым,
Менің мүлт басқанымды
сонша сабылып іздеме.
Ойлана үңіл,

сонардай сайрап
алдында жатқан ізге де.
Кешегі күресте
Ұлы ағаларымыз

күн тәртібінен түсірмей,
Таң атып,
күн шықсын деп еткен
бізге де.

Ұлы мен қызы
халқымның
қатар тұрса-ау деп,
Қойылса-ау мәңгі

қадамындағы
тұсау көп, —
Деп армандаған,
ғасыр мінінен ұялып, –

Аспандап ойы,
талап қанатында
ұшса-ау деп.
Ғасыл боп сол арман

өткердік жарты ғасырды.
Көркеуде, күйрек,
іздеме менен масылды.
Қайда болса да

өзіңмен қанаттас тұрып,
халықтың бағын көтеріп,
Мен дағы өрге
жылжытыса алам

бүкіл қоғамдық тасынды.
Кертартпа кесір
әдеттен ескі айыққан
Заманда мынау

зердесін әркім-ақ байытқан,
Талапқа жауар
нұр үшін ғана ұмтылып,
Сайысқа түссем,

қарсыласың боп, айып па?
Жасық, топастық
көрсетіп сені қинаған
Жерім жоқ әсте,

ауырың болса
үй маған.
Жұтып жіберер
жылымнан өзім-ақ өтейін,

Тек сен адал кел,
төбе би,
әділ төрелік қи маған.
Мұндайда үміт

жатымнан емес,
құт менен.
Халқым бай,
терең қазынасын

менен бүкпеген.
Тобықтай сөздің
тоқсан құбылғыш
мінезін сезіну

Сіңген бойыма
анамнан емген
сүтпенен.
Ендеше маған

төреші боларда
басшылыққа алма басқаны.
Дүмбілез дүмшеден
жинама жалған

жайсаң мен қасқаны.
Мен шүлен елдің
шөл боп тумаған,
мол болып туған қызымын.

Ешкімнің менен
ақ, шұғылалы емес аспаны.
Солай, бауырым,
менен сорлылық іздеме,

сонша шабыла бүлініп,
Сен осыны
өзгеден бұрын кер,
бұрын ұқ..

Биік шың қасындағы
адыр, шоқылар секілді
біз егер жүрмесек қасында,
Қалайша танылмақ,

бауырым, сендегі
ғажайып «Ұлылық!»
* * *
Шіркін адам!

Анадан сен,
кіршіксіз де пәк туасың.
Есейген соң
есің кіріп,

адамдық зор іс қуасың.
Өмір – өзен,
уақыт – жылым,
жылжып жылдар, айлар өтеді,

Кей адамның сол пәктігі
толысқан соң қайда кетеді!
Кемеңгерлер,
Ғұламалар,

өлмес мәңгі өнерлі өседі.
Ісі қалып
адамдарға,
дүниеден ол да көшеді.

О, сілкіскен фәни дүние,
Айтуға тек оңайсың-ау.
Жылымдайын
жылжып жатып,

пәктікті сен тонайсың-ау!

СЫРЛАСУ

Біз, тәте, екеуміз-ақ
Екеуміз ғана қалдық.
Бір ата,
бір үрім-бұтақ,

Өрбіген
туыстан барлық.
Сен, бірақ қамықпашы,
Мен әлі тірімін ғой.

Болсам да солып қалған,
Тобылғы түбіріндей.
Ала алмай етсем дағы,
Әйел боп ана атын.

Әнім мен жырым болар,
Болашаққа апаратын.
Тек ұрпақ қана ма екен,
Шығарар әкенің атын!

Менің де бар емес пе,
Мәңгілік өлмейтін хатым.
Өмірде кім бар дейсің,
Өтетін сағы сынбай!

Жүрермін қалар болса,
Бір қазақ жағы сынбай.
Тамыры қалады ғой,
Гүл бүрін суық ұрса.

Ғасырды біз де асармыз,
Артта ел аман тұрса.

ӨЗАРА БАЙЛАНЫС

І

Ғажап-ау табиғаттың заңы мына,
Келетін не бар оның шалымына.
Өзара байланысып, бәрі ауысып,
Жатқан ұлы қозғалыс адымына.

Бәрі аян ба, көп нәрсе көз көреді?
Құзырына уақыттың төзбегені?
Бір тәулікте сан саққа түсіп ғалам,
Жоқ пайда боп,

бар сөніп, өзгереді.
Қуанамыз уақыттың өткеніне –
Күттірген бір мерзімнің жеткеніне.
Ісіміз жоқ ғұмырдың бір бөлшегі,

Оралмасқа сонымен кеткенінде.

ІІ

Ойласақ, табиғатпен адам егіз,
Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?
Табиғатсыз қоғам жоқ , ал қоғамсыз
Табиғаттың өзін де өлі деңіз.

Қаралықшы азырақ көңіл бөліп:
Қыс кетеді орнына көктем келіп.
Мәңгі тұрмас кейісін, қуанышың.
Секілді ғой көктемге біткен көрік.

Онан соңғы ауысқан жарқын жазың,
Тәрізді ғой рахат жастық шағың.
Жаздай қысқа жастықты таусылмастай
Көріп...

кейін бітпейді оған назың.
Ал сонан соң ауысқан қоңыр күзің,–
Тоқыраған шағың ол солып жүзің.
Үміт, күдік итжығыс көңілінде –

Уақытқа кейінгі қалған ізің.
Қайта оралған қыс – жеткен қарттығың ғой,
Ол келерін ойлап, пау, тартты кім бой!
Жан ауыртпас жайлысы болса нәсіп,

Алдан шыққан жақсылық, мәрттігің ғой.
Табиғаттың тағы бір ғажабы сол,
Қыс қайталап көктемге ашады жол.
Ал адамның көктемі – артында ұрпақ

Тапсырады топыраққа деп торқа бол.
Өлместей боп ойлаймыз тірлік қамын,
Бір асамын, кейбіреу бір жұтқанын
Олжа көріп әрекет ететін бар,

Қалған өмір ойламай бір тұтамын.
Неге дерге негіз жоқ бұған тағы,
Әрекетсіз ашылмақ кімнің бағы.
Бір кеудеде тоғысу жақсы-жаман,

Басында бар әркімнің өмір заңы.

ӨМІР ЗАҢЫ

1

Өмір – күрес!
Дәлелдің керегі жоқ.
Күреспесең, өзі әкеп берері жоқ.
Күресе кеп танисың кейбір қырын,

Әппақ, таза көңілінде дерегі жоқ.
Ең алдымен танисың күштіні сен,
Жұлып түсер жұлқыса, тістіні сен.
Әлсіз – оның несібе, күн көрісі,

Онсыз, күрес өмірдің мүскіні сен.
Айла, амал, қулық тұр бұдан әрі,
Күресудің құралы мұның бәрі.
Десек дағы еншілес ақылменен,

Зұлымдық қой төркіні, түпкі нәрі.
Мұның жемі – аңқаулар, ақ көңілдер,
Ізгіліктен тарайтын пәк көңілдер.
Адалдықтан аты арып, тоны тозбас,

Қанағатшыл, барына шат көңілдер.
Жаратылыс осынау бұл бір ғажап,
Суға сүңгі, орман кез, жерді аралап,
Жаны бардың әлемде тірлігі осы,

Байланысты, біріне-бірі тамақ.
Танылады осы хәл өмір заңы,
Ұрпақ үшін болашақ күрес қамы.
Адам бола тұрып кей қатынастар

Неге ұқсас осыған қоғамдағы.
Тағылығы дейміз ғой тағы ісін –
Күн көріске тек қана бағынышын.
Жан иесі атаулы ішіндегі

Саналы істің адам ғой тәңірі шын.
Жіберіп көр еркіне сол адамды,
Құдай білсін қайтерін бұл ғаламды.
Біреуі атақ, біреуі сұлу аулап,

Бірі дүние құлы боп тұлғаланды.
Іркіп, бүркеп, білдірмей кей сұмдығын,
Адам ойлап істейді зұлымдығын.
Іші ондай адамның қашан болсын

Бұлты қою тәрізді бұлыңғыр күн.
Ендеше бұл қоғамға қауіпті кім?
Адам ба әлде тағы ма ауып бүгін.
Кеткен яки құрыған? Ғаламдағы

Зұлымдықтар төркінін тауыпты кім.
Тіпті мұның бәрінен дара тұрған,
Ең ізгі, ен кемеңгер дара тұлғаң
Өзі «алтын көргенде жолдан тайып»,

Кеп танытар пенде боп жаратылған.
Өмір күрес дегенің осылардан
Басталмай ма барына қосып алған.
Әлсізге әлді күштілік етері бар

Бар тағдырын қасқайып тосып алған.
Олай болса қоғам да күштінікі,
Ұйтқысы көп тілді мен тістінікі.
Айласы мол, әрекет, қулық-сұмдық

Ұйыстыра білетін істінікі.
Тыным алмай ойлаған тұрмыс қамын,
Илеуіне дән тасып тырмысқанын
Үлгі көрем

еңбекпен ғұмыр кешкен
Өміріне қызығам құмырсқаның..

КРЕМЛЬДЕ ТУҒАН ОЙ

Дейді ғой жұрт
«тағдырынан озад кім?»
Мен де өзімнің тағдырыма ғажаппын.
Кремльдің үлкен залында отырмын,

Қызы едім-ау бір жұмысшы қазақтың.
Қосқан мынау бақытты әсем дәуірге үн
Шақырғанда зиялылар қауымын.
Ұмыт қалмауы жұмысшының қызының,

Бұрқ еткізді жүрегімнің дауылын.
Сонау шақта...
Бұла жастық балдырған
Татып көргем бұл өмірде бар мұңнан.

Бүгін келіп Кремльде отырсам,
Озғаным ғой, достарым-ау, тағдырдан!
Кешіріңдер, ақын көңілін ағайын,
Пенделік қой...

қырау басқан самайын
Шағында бір шалқып кетсе абайсыз,
Тұтатайын деген шығар маңайын.

TAЛAC

Деді біреу:

– Тым ашықтық жараспайды әйелге.

– Ақжарқынды жақсы деу бар

болса дағы қай елде.
Деп таласты екіншісі, –
Пәлен ынжық, тұйық-ақ,
Кеткен сынды

тілін соның
біреу мүлде қиып ап.
Енді бірі тастады оны
Бет қаратпай тыйып-ақ:

– Маңғаз, – деді, —

тұла бойын
қойған дерсің
Қорғасыннан құйып-ақ.
Пай-пай пенде адамдар-ай,

Қай бабыңды табарсың!
Ақ періште келсе алдыңа,
Оған да мін тағарсың!

ДАРАЛЫҚ

Туа біткен бойына
Әркімде бар даралық –
Батыл жүрек,
Алғыр ой,

Кемел ақыл, даналық.
Біреуде күш,
Біреуде іс,
Біреуде қадам бар алып.

Атасақ та дара деп
Даралықтан жатады
Ізгілік пен зұлымдық
Егіз өрбіп таралып.

Даралық емей немене
Қасақы күншіл
Жақсының
Соңына түскен шам алып?

Біреу қорқақ,
Кейбіреу
Топас яки білімсіз,
Біреу пысық,

Кейбіреу
Өлермен, жымсық, жұғымсыз.
Әрі тәйке,
Әрі алшы

Түсіп жүр ғой кей пысық
Маңайына ұғымсыз.
Жоқ деп дәлелдеңізші!
Айтқанымның бірін, сіз!

Тұра алмай ма, шіркін—ай,
Қалып қана жақсылық
Осылардың бірінсіз.
Егіз дүние осынау:

Жақсылық пен жамандық,
Бүліну мен амандық.
Басталу мен тәмамдық...
Айта алам ба тауысып.

Күн менен түн секілді
Қайшылық не қарсылық,
Сәйкессіздік,
Үйлесім

Жатады ғой ауысып,
Біз пендені таң қылып,
Көңілге тоқ тек қана
Ештеңеде

Ешқашан
Болмайтыны мәңгілік.
Күшті,
Күшсіз,

Бар мен жоқ ,,
Биік пенен аласа
Жатады ылғи ауысып,
Осынау шақ өмірде

Жүрсе адамдар, шіркін-ай,
Ізгілік атты
Ең кемел
Даралықпен қауышып.

ТҮТІН

Жаралғанға түтін боп
Жанады деп алданба.
Жаныңды жыртар түтіндеп
Жалындап шықпас жалғанға.

Жаралған соң түтін боп
Бықсудан өзге несі бар?
Түтіннің аты түтін, тек
Мінезіміз бар кеш ұғар.

* * *
Білу қиын кімге сену керегін,
Адам жаны көз алдында көк егін
Емес,

қалай қалтарысын білерсің
Бойлап сонау жүрегінің тереңін.
Жатқа сенбеу заңды,
сенген жақының

Көмек, жетек беріп білген ақылың,
Жаның салып, жақсылығыңды аямай
Жүрсең,
қауып жараласа тақымың!

Қалып көңіл,
қалай жаның талмасын,
Кешірілмес қаттылыққа бармассың.
«Күйген ауыз үрлеп ішіп суықты»,

Енді аяғың қалай жиып алмассың.
Жақсылықты жасау үшін ойлану
Керек екен татымсыздан бой бағу.
Білімсізге болыстық қып бұзылмай,

Артық екен «ауыз майлар қой бағу».

ҚЫЗЫҒАМ

Ойымдағым болмады деп,
«Бақыт құсы» қонбады деп,
От алып, қопаға түсіп,
Қос өкпесі қабынбайтын,

Қиянатқа бағынбайтын,
Бұлаң қағып, сылаң қағып
Лауазымға табынбайтын
Жандарға мен қызығам.

Сөзді теріп сабылмайтын,
Тағдырына шағынбайтын
Айла, амалдан аулақ жүріп,
Ар ауылында дамылдайтын

Рақымы мол, барға разы
Маңайына әділ қазы
Құба төбел, қуғаны өнер
Жандарға мен қызығам.

ҮШЕУ НЕМЕСЕ ОЙЫН СӨЗГЕ ШЫН ТӨРЕ

Тәуірмін деген
жігіттің бүгін құштары
Қолынан келсе,
айырылмай мықтап ұстары

Үш ғажап дейді —
ақша мен атақ һәм ару –
Қоса алса басын...
бағының өрлеп ұшқаны.

Игере алмай
бүлдірсе, солар дұшпаны –
Себеп боп сорға
құлдилап төмен ұшқаны.

Сұраған ауру
табылмай емі ақыры
Күйрейді дейді
еңбексіз жеткен ұшпағы.

І

«Қызыл қағаз, жасыл қағаз, көк қағаз»
Пай не қылған құдіреті көп «қағаз».
Тіршіліктің тұтқасындай көрініп,
Соған көзі қызықпайтын тоқтар аз.

Қайсы біреу қанағатты қалдырып,
Соған бола ар аттайды бар тұрып.
Байлық мұрат емес деп ап, ақырын
Ала беру жатса дағы артылып.

Ала берсек, ала берсек мақұлмыз.
Сөйлеп кетсек,
тұнып тұрған ақылмыз.
Сөз бенен іс, үйлеспеген тұстарда

Заңға қарай шұбап түскен жатыр із.
Дана Абай айтқан сонау аманат –
Бес асыл іс бой тұмар қып, тағар-ақ
Ғибрат қой бүгінге де ойласақ,

Тәуба дерлік барға етіп қанағат.

ІІ

Төркіні атақ мансапта жатыр,
Мансабың өссе,
қимылын батыл.
Көтере сөйлеп, көпіртіп маңай

Түсірмей жерге әкетер ақыр.
Уәлі, айтқыш ауызға бір түс,
Сонан соң өзі болады үрдіс,
«Пәленше екен мақтаған өзі» –

Деп ұстап биік тұрады бір күш.
Сонан соң ұшып кеттім де мүлде
Сенікі төрлер,
Сенікі жүлде...

Шығуы оңай,
түсуі қиын
Биікті, бауырым,
оңай деп жүрме.

Алдыңа айдап малды да матап,
Ырысың асып, фонтандай атады.
Баянсыз бірақ,
өткінші жаңбыр –

Сүтпенен бойға бітпеген атақ.

ІІІ

Дүниеде әйел атты қауым бар,
Қырсық басы сол дегенге дауым бар,
«Жолға шықпас, жолдан қалмас» әйелді
Әділдікпен кінәлайық, бауырлар!

Айтар болсақ ақиқатын адал, ақ,
Әйел ғой сол қоғам етіп адамзат
Басын құрап,
Табандаған қара күш

Иелерін ұйыстырған амалдап.
Мойындайық парыздар бар әкелік,
Киім, тамақ, тәрбиемен өтеліп
Жатар мейлі,

бірақ не тең анаға
Ақ сүт берген дүниеге әкеліп.
Алмайтыны таңдап ата-ананы,
Секілді дәл таңдамайды баланы.

Ылжыраған «шикі өкпеден» кім ғана
Ойлайықшы өсіреді дананы.
Нәзіктігін таныса да әлем боп,
Ердің ісін атқаратын әйел көп.

Бөрік бұлдап, сырғисындар сынаптай
Мойындамай, баяғы сол әйел деп.
Нәзік туса, батыр туған анадан,
Ол да заңды,

дүние егіз тараған.
Әлсіздігі – қасиеті әйелдің, –
Деген нақыл қалған ойшыл данадан.
Сұлу сырын тебірене тереңнен

Толғап,
түгел жеткізе алмай өлеңмен
Поэзия иығына қондырып,
Жырламаған ақын тапшы әлемнен.

Әйелдің көп нашарынан тәуірі
Еркектің де бар не түрлі қауымы...
Дүние тегіс жаралмаған демей ме
Әрқилы ғой мінездердің ауылы.

Санап, тізсем, қай міндерің таппаймын,
Сондықтан да әйелдерді ақтаймын.
Төзімділік, қайсар қайрат үшін де,
Әйелдермен мақтанамын, мақтаймын.

Сұлу көрсең, үймелейсің шыбындай,
Ызалысың ұшпағанға жұлындай.
Нәзік болса, гүлдей шығар,
ол дағы

Бүр ашады ызғырыққа ұрынбай.
Бір жұтымның буыменен бөскенде,
Батып ауыз аша алмай еш пенде...
Бұл қылықтар өтсе әйел басынан

Айтыңдаршы, еркек, сірә, кешкен бе?
Әйелі бар үйдің оты өшкен бе?
Тозып ұя ырызығы көшкен бе?
Түн оздырып, әлдеқайдан түрегеп

Келсе әйел,
еркек әсте кешкен бе?
Күту керек болса, әйел талған ба?
Ері үшін әрекеттен қалған ба?

Бір қырсықпен сібір кеткен әйелді,
Іздеп, айтшы, еркек, сірә, барған ба?
Әйел қалса, ер түтіні өшпейді.
Еркек қалса, өз өмірін екшейді.

Ұзағанда жылға жетіп,
төсегін
Жаңғыртады,
кешпе мейлің, кеш мейлі.

Ар мен намыс әйел, ер деп бөлмейді,
Жыныс талғап өнер дағы келмейді.
Талантыңмен табындырсаң еліңді
Ер емессің неге деп кім тергейді?

Нені пенде көріп, неге көнбейді!
Әйел ерсіз, ер әйелсіз өлмейді,
Бірақ әйел сүйемесе рухымен,
Бір қолың жоқ тәрізді ісің өнбейді,

Өміріңнің мәні бар ма әйелсіз?
Десең айтшы бұл сөзімді дәлелсіз!
Әйелсіз де жер үстінде өмір жоқ,
Болмайтыны тәрізді дәл ел ерсіз.

«Жақсы әйел,
жаман ерін би қылар.
Жаман еркек,
жақсы әйелін ій қылар»–

Деген нақыл халқымыздан тараған
Қадір тұта қабылданар, сый қылар.
Демен әсте мұның бәрін білмейсің,
Қаперіңе біле тұра ілмейсің.

Еркекті піл, әйелдерді шіл дейсің...
Артық қадам басып кетсе, күңдейсін
Осыдан соң еркекпін деп дардайсың.
Әйел қоспақ, өзің ғана нардайсың.

Біле-білсек мұның бәрі ар жүгі
Арын аттау азаматқа қандай сын.
Анаң,
қызың,

әйел заттан
бауырың
Өміріңнің жеңілін де ауырын
Бөліседі,

қызметіңде...
ендеше
Неге олар қырсық басы – жауырын?
Неге олар қадірлеуге тұрмайды?

Неге ісі мойыныңды бұрмайды?
Кемістігін ғана көріп әжуа
Етуді
еркек неге намыс қылмайды?

Ісімізде болу үшін ұнасым,
Ненің болсын әділ сөйлеп расын,
Бұтаққа атып, терекке оқ тигізбей,
Айтқан абзал әркімнің өз кінәсін.

ҰМЫТШАҚ БОЛАЙЫҚШЫ

Жау көбейтіп адамдар арасынан,
Пайда тауып қайсыбір таласынан.
Түлкі қулық қуғандар табылады
Болғанымсып баршаға жаны ашыған.

Есікте айтқан екі ауыз бейкүнә сөз
Төрге тоқсан құбылып жетеді тез.
Креслодан ызғырық есе қалып,
Өңменіңнен өтеді ызалы көз.

Осыдан соң басып көр қадам алға...
Кінәсізден шырмалып мүшкіл халға .
Түсіп,
Одан шыққанша шаш ағарып,

Тыныштық тілер күн жетер шыбын жанға.
Қырсық басы – төрт құбыла,
төрт мүшеңдей,
Бірін ғана іш тартып,

үшін сенбей
Алалайтын
Кінәң не,
бауырым-ау,

Үш мүшеңе денеңде пейіл бермей?
О, ағайын, осыны қояйық та!
Бір бұтаққа топ құстай қонайық та!
Жақсылықты жүрекке ұялатып

Жамандыққа ұмытшақ болайық та!

СӘЙКЕССІЗДІК

Құндыз ішік,
бұлғын бөрік,
Көз қуантар,
сәнге серік

Затсың,
бірақ қоса алмайсың
Кигендерге ақыл бөліп...
Не болмаса тұрар пұлға,

Жан-жүректі бөлеп нұрға,
Кигендердің жасын ептеп
Шегерсең ғой бір он жылға.
Көз суарып, «келісіпті»,–

Дейтұғындай, сол ішікті
Бүркесе ғой ойқы-шойқы
Бойындағы кемістікті.
Танымайды адамды кім,

Түсінбейді бағаңды кім.
Бұлғын бүркеп тұра алмайды
Бадырайған жамандығың.
Мүмкіндік пен қажеттілік,

Сәйкеспейсің кезек тұрып.
Үйлестіру бұл екеуін
Керек етеді көп ептілік...

ҮМІТ

Тағдырыңа көрші кәне бағынбай,
Адамдыққа тұрармысың табынбай!
«Япыр-ай» деп қалатының болмаса,
Табынғаның айтқанынан табылмай.

Жұбатады түлкі үміт
Сағымдай
Ол баураса,
Кім соңынан сабылмай

Тұра алады
Күллі арманы ғасыл боп
Өткен бар ма үміт тауы шағылмай!
Сан армандар құл болса да өз басым

Жүректегі үміт көзі тозбасын,–
Деп қараймын.
Жақсы үміт жетелеп,
Талабыңды тек ілгері қозғасын.

Сәтіменен ақталуын осы үміт,
Бақыт дейміз көңілімізді өсіріп.
Сақтасын да жүрек отын өшіріп,
Қалғанынан үміт мүлде кесіліп.

ЖЫЛЫЛЫҚ

Ғажап-ақ қой жібек самал,
Алу қажет болған кезде салқындап.
Азап-ақ қой тоңу деген,
Алса құрсап, ә дегізбей алқымдап.

Ғажап-ақ қой кейіс сүймес
Қабағыңда ылғи ғана тұрса күн.
Азап-ақ қой қыр соңыңнан
Көлеңкендей қалмай еріп жүрсе мұң.

Дос-жарандай қарсы алдыңнан
Салтанатпен шыққан нан мен тұз алып,
Қалмайсың ба жылылықтан
Жаның түлеп, бойың өсіп ұзарып!

Бәрін-дағы татады, адам,
Өз есесін алмай өмір неге өтсін!
Сонда-дағы жанды ұйытқан
Жылылыққа, достарым-ау, не жетсін!

* * *
Қызықпа, жаным,
біреудің арзан ырысына.
Соңына түсіп,

Мансапты қума құлшына.
Ақ моншақ жақұт,
не қымбат шүберекпенен
Бақ орнап мәңгі

таң ата қалмас, күн шыға.
Тазалықпенен,
өнермен ғана өсер бой,
Арыңа ғана

жүгін де, соны көсем қой.
Мансабың, яки
төгіліп-тасқан тіршілік
Тұрмайтын мәңгі

бір төгіп өткен нөсер ғой.

ГҮЛ ЕКЕШ ГҮЛ ДЕ...

Айтайын несін!
Ойға алғаным өмірдің
Тек тұнығы еді, тереңі.
Шалқыған сәтін тауып бір

асау толқынға
қасқита қарсы
жібермек едім кемені!
Амал не соған

талпынуменен келемін.
Серігім болып
сол баяғы.
арым, әнім мен

асқақ өлеңім.
Әйтеуір соған
бір жететініме сенемін,
Өйткені,

маусымдық гүл екеш гүл де
алаулап, гүл атып барып сөнеді!

ТӨЗЕ БЕРУГЕ ӨМІР ШАҚ

Мол, әрине өмірде
Өнімдінің өрісі.
Сол өнімділіктен кейде
Жылжи бермейді әр ісі.

Жемісті ағаш секілді
Сілкіп маза бермейміз.
Өзегіне үңіліп,
Жан жүрегін көрмейміз.

Ақылшы көп кейісе,
Дейміз шыда, төзім тап.
Төзімділік жақсы-ау, тек
Төзе беруге өмір шақ1.

Достыққа достық – қарыз іс,
Қастыққа қастық – шарт емес.
Зұлымдықпенен алыссаң,
Сен алды да, ол арты емес,

Күле кіріп, күңірене
Шықса да тыңда жақсы ұйып.
Жыланды да жібереді
Өлтірмей үйден ақ құйып.

УАҚЫТ ҚҰЗЫРЫ

Жиын ғып,
жүрген жерінді той ғып, дулатып
Жүретін шақ-ай
шырқатып әнді шыңға атып.

Құстары
тастап кеткен көл сынды тұнжырмын,
Мен емес,
бұған кінәлі, достым, уақыт.

Бояу жоқ өзге,
көрініп әлем ақ түс боп.
Аспанның төсін
шарлайтын күндер ақ құс боп,

Қадамындағы
қақпанның өзін кей сәткі
Алушы ең, дүние-ай
азарға ғана шақ түстеп.

Сақылдап тұрған
сары аяздарда бу атып,
Қуатың құрыш,
бөгетті бордай уатып,

Жүретін шағың
кешегің болып келмейтін,
Бұлқынсаң,
ойын бұрап көндірер уақыт,

Айтатын ашық
әдетім, күлме сен маған,
Осыған тәнті
бұл ғаламдағы пенде адам.

Құзырын уақыт
мойындамайтын жан тапсаң,
Жетелеп алып,
күлегеш досым, кел маған!

АДАМНЫҢ КЕЙБІР СӘТТЕРІ

Тұмадан ішкен тұнық су қандай,
Шөліркеп құрғап тұрғанда таңдай.
Салқындап бойың, сарайың кеңіп,
Ақ маржан тағып алғандай маңдай.

Қаймақтап күрең шәй ішкен қандай,
Құрысып денең жадырай алмай
Тұрғанда,
балқып, құр атқа мінген .

Тәрізді
бойға күш құйылғандай.
Сапырып ішкен сары қымыз қандай,
Самалдап бойың, қан қызынғандай.

Кірбіңсіз көңіл төгіліп-тасып,
Тіршілік қамын құзырға алмай...
О, пенде адам, ғажапсың қандай,
Қолың жеткенге, тағатың қалмай

Қуансаң,
сәлге өкпелей қалып,
Кейисің,
көңілін орныға алмай.

МАЙШАМ

Өртеніп жатыр өзегі
Күйдіріп жүзін ыстық жас.
Лапылдап жанып бітуге
Ден қойған сынды, ықылас.

Алау ақ сәуле төгеді,
Маңайы толы шұғыла.
Қайсарлық, мынау қайратқа
Бас исе болар жығыла.

Ойласақ майшам осынау
Ғибрат сынды адамға.
Шақ өмірді дейтіндей
Лапылдап жанып тәмәмда.

* * *
Күтерің егер болмаса,
Келер күн, сірә, қызық па?
Көңілді сұр бұлт торласа,

Батасың қалай қызыққа?!
Қоңыр құз тоңы қатпаған
Төндірмес қауып ол аса
Сары аязын сақтаған,

Артында қысы болмаса!

СЫР САНДЫҚ

Сыр сандықты ашып қара.
Ашып қара, сырласым!
Сым пернені басып қара,
Басып қара, жырласын.

Сәкен Сейфуллин

Оқушы дос, алдындағы,
Алдындағы сыр сандық.
Сыр сандық бұл – жан құндағы,
Жан құндағы – жыр сандық.

Сыр сандықтың Кілті2, оқушым,
Кілті, оқушым, қолында.
Сыр сандықтан сыр тоқырсың,
Сыр тоқырсың қонымды.

Теңіз ойдың тереңінен,
Тереңінен бір-бірлеп,
Тердім інжу кемерінен,
Кемерінен күмбірлеп

Сыр төгілді, жүрек сынды
Сыр сандықта сақтадым.
Сыр сандықтан тыңда сырды
Тұтатар ой шақпағын.

Ен даланың сырын тіздім,
Сырын тіздім орманның.
Таудан алдым,
бұлттан үздім,

Өрнектеп ой толғадым.
Көктемеге би билеттім,
Би билеттім жыр еттім
Толқынына әлдилеттім,

Әлдилеттім жүректің.
Өмір мұхит жағасының,
Жағасының гүл бағын
Араладым

және осыдан
Бұлбұл үнін тыңдадым.
Тіздім жырдың ақ маржаның
Ақ маржанын даралап,

Ақ маржанды ақтар, жаным,
Ақтар, жаным, саралап.
Ақын – бала!
Сыр айтады ол,

Сыр айтады сеніп тым...
Бірде шат, бір мұң айтады...
Сырымды ұқсаң, мені ұқтың.

АРМАН

Отырмын өзім, ойым жүр орғып,
Ұясыз құстай орныға алмай.
Арманнан арман туады өрбіп,
Қиынға қиял жетелеп шалғай.

Сәбидей аңқау қараған күліп,
Келеді төніп, береді елес.
Жүр дейді алға, сүйрейді үміт,
Қыңыр ғой күдік, құрады егес.

Арбасты олар, жеңілді күдік,
Жөнелді арман, тынды ол іліп,
Жүйрік қой көңіл, тоқтай ма тынып,
Жаңа арман алда тағы тұр күліп.

ҚҰЙЫН

Қасақана, кегі бардай өшігіп,
Ұйтқып соғып, қадамдарын өсіріп,
Жайбарақат шуақ сәтте тап болды
Жынды құйын үйіріліп есіріп.

Құмды иіріп, шаңды аспанға атты да,
Күлді үйіріп, топан теуіп қапты да.
Иілдіре, үзілдіре гүл белін,
Борандата кезді барып бақты да.

Күшке бағып құйын да тез тынбады
Нәзікпін деп гүл де мойынсұнбады:
«Тән әлсізін, жаны әлсізге санама»
Дегендей гүл майысса да сынбады.

Сағым сынды сәтінде жүз құбылған
Құйындар кеп бұл күндері шұбырған
Осы гүлдей құлпырарсың, жанарсың
Болсаң аулақ, құйын мінез құбылдан.

АЛБЫРТТЫҚ

Албырттық – жасық апармас қайда
Ілезде ұшып жетпей ме айға.
Өмірдің ойы-қырының бары
Ол кезде, сірә, келер ме ойға!

Көресің онда жолды тек даңғыл,
Жас арман жанға бере ме дамыл?
Дос сөзін ұғар бола ма шаман,
Қамыңды ойлап, қақса да дабыл.

Дұрыс қой өмір шыңына бойлау,
Жастықта жарқын жалын боп жай
Тәтті ғой қиял, арман да жақсы,
Артық қой бірақ жан-жақты ойлау.

ЖАПЫРАҚ

Көңіл күзін бездіріп,
Күлгенімен атырап:
Өмір күзін сездіріп,
Сарғайыпсың жапырақ.

Самал – ана, сен – бала,
Еркелеуші ең былдырлап
Мөлдір бұлақ ән сала
Үн қосатын сылдырап.

Тіршіліктің тынысы
Соқса мәңгі тыншымай.
Өмір сүрген ешбір гүл
Сарғаймаса шіркін-ай!

ЖАҚСЫ ЕКЕН АЯЗ ҚЫСҚАНЫ

Қадірін күннің білер ме!
Азабын түннің шекпеген.
Рахат сырын білер ме!
Маңдайдан терін төкпеген.

Жанымен жайраң күлер ме!
Басынан кейіс өтпеген.
Жалғыздық сырын білер ме!
Жүрмеген жиын көппенен.

Қадірін жаздың білер ме!
Қысылып қыста тоңбаған.
Биігін құздың білер ме!
Талдырып қанат қонбаған.

Саялы бақтың самалын
Сараламастай ұшқары,
Жинақы жүрер жақсы екен,
Аяздың да аздап қысқаны.

ДАУЫЛ

Қорғасын бұлтты үйіріп,
Алқымдап көктің алабын,
Шуақты сәтті сиырып,
Қуыра жердің танабын.

Келеді дауыл ақырып,
Келеді дерсің кекке үндеп,
Жолында не бар жапырып,
Үдере есіп екпіндеп.

Кірпігін күн де түсіріп,
Түнере шытты қабағын.
Шешегін гүлдің ұшырып,
Жұлқыды дауыл сабағын,

Сақылдап күліп жан-жаққа
Бытырай қашқан балалар
Секілді ұшқан аулаққа
Гүлшешек – қызыл таналар.

Гүлшешек – қызыл күледі
Күледі дала, атырап,
Күледі күштіні іледі,
Күледі ұшқан жапырақ.

Өзінің сезбес еш мінін
Шығы да бар ғой ілкіде,
Бойына сенген күштінің
Қалатын солай күлкіге...

КӨҢІЛ

Кей-кейде көңіл құйын ғой,
Үйіре ұйтқып соғатын
Толастамағы киын ғой
Жоғалтқан таппай тағатын.

Кей-кейде көңіл қара бұлт
Тұтаса көкте үдерген.
Шуақтың өткен бәрі ұмыт,
Қара аспан төніп түнерген.

Кей-кейде көңіл найзағай,
Жарқылдап оттың ұшқыны,
Жасаулы жарақ найзадай,
Өтердей түйреп ұсқыны.

Кей-кейде көңіл шуақ күн,
Тоғысқан торғын көктегі
Нұрына балқып шуақтың
Жан гүлдеп, өсіп көктеді.

Кейіме, достым, көңілге,
Құбылған күйкі күй деме.
Толғанып жатқан өмірде
Тосырқау тұрсын күй неге!

ДОСҚА

Жаныңмен жанын қосқандай,
Ниетін бал қып тосқандай,
Қабақтан танып қалпыңды,
Қалтқысыз ұққан дос қандай!

Күн көзін бұлттан ашқандай,
Жаны бар ашық аспандай,
Шеніңмен емес, сенімен,
Табысқан шіркін дос қандай!

Алдыңнан ажал тосқандай,
Айналаң үркіп босқандай.
Кезінде келіп қасыңнан
Табылған, шіркін, дос қандай!

Жаныңмен жанын қосқандай,
Ниетін бал қып тосқандай,
Қабақтан танып қалпыңды,
Қалтқысыз ұққан дос қандай!

Пай-пай, пәленшекең-ай!» –
Деп жатамыз, – «ірі ғой!»
Әділ көрер көз болса,
Ол да адамның бірі ғой.

Әр мезгілдің әдемі
Жарастықты сәні бар
Әр бұлбұлдың өз демі,
Өз тынысы, әні бар.

Әрбір биік өзінің
Өресімен танылар.
Дария толқып, тасыса,
Шарасынан табылар.

Күн орнына түн келсе,
Көз сырынан жаңылар.
Сөйткенімен таң атпай,
Қалмайтыны тағы бар.

Әр қадамды бір кезбен
Өлшеушілер әлі бар.
Адам сайын қадам бар.
Осыны ұқсақ не қылар!

НОҚТА

Енесінің бауырында,
Еркін ойнап жүрген құлын.
Тулай-тулай тұңғыш рет
Құрдан ноқта киді бүгін.

Шапшып, көкке бұлқынады,
Жұмсайды бар сәби күшін.
«Ей адамзат, ұнамайды», –
Дейді-ау, сірә, – «мынау ісің!»

Бұлқынба сен, бұла сәби,
Заңына өмір келме қайшы.
Тағдырына тап келсе егер,
Ноқта кимес асау қайсы!

АДАМДЫҚ

Қаласаң, қоныс тынығар,
Қаласаң, доспын сыр ұғар.
Қалтырап тоңған шағында
Қаласаң, отпын жылынар.

Қаласаң, тіпті өзіңмін,
Қаласаң қара көзіңмін.
Есейген көптің арманы –
Қаласаң, бала кезіңмін.

Қаласаң, көкте күніңмін,
Қаласаң, аға-ініңмін.
Өміріңнің жалғасы
Қаласаң, көктер гүліңмін.

Қаласаң, адал жарыңмын,
Қаласаң, тіпті барыңмын.
Қаласаң, мені дос тұтсаң,
Демессің әсте жанылдым.

Жанымды достым, адал үк!
Анамның аты – адалдық.
Ағасы – ақыл, інісі – ар,
Біліп ал атым адамдық.

СҰЛУЛЫҚ

Қандай сұлу
Отпен ойнап,
Құрыш құйған болатшы!
Қандай сұлу

Ұста жігіт
Талдай иген болатты!
Қандай сұлу
Шекарашы

Қыран құстай қырағы,
Шопан қыз ше!
Құшарлық-ақ
Жанған жігіт шырағы.

Қандай сұлу
Дәрігер қыз
Ажалменен алысқан,
Егінші ше,

Мерзім күтіп,
Уақытпен жарысқан!
Қандай сұлу
Жасы үлкенге

Қайырымды жас адам!
Қандай сұлу
Жүрек шіркін –
Сұлулықты жасаған!

АДАМ

Достым, ұлы өмірге
Басқан түңғыш қадам,
Құйып соғар құрышты
Балға емес, адам!

Құралайды көзге атқан
Садақ емес, мерген.
Үлкен пештің өзі емес,
Нан пісіріп берген.

Ғылымның да өзі емес,
Дүниеге келген.
«Восток»,
«Космос» жаралған

Төккен маңдай терден!
Жер үстінде адамсыз
Іс сәтімен тынбас,
Адамсыз өрт тұтанып,

Жарты жаңқа сынбас.
Атом өртеп әлемді,
Қыл үстінде ғалам
Тұрса, шешер тағдырын

Жер тұтқасы – адам!
Тыңда достым, өмірге
Басқан тұңғыш қадам,
Қиынырақ бәрінен

Болу нағыз адам.

ҚОЛ

Өзіңе иілдіріп, бағындырып,
Қаттыны қасарысқан қашайсың сен!
Сөйлетіп тілсіз, мылқау қара тасты,
Қиялды шынайы іс жасайсың сен!

Өткізіп ұзақ күнді күйбеңменен
Таппайтын жаны тыным баласы үшін.
Тұтқасы тіршіліктің тәрізденген
Асырар сен адамның анасысың.

Менсініп сиыр жемес қоға-қамыс
Сен алсаң сыбызғы боп күй төгеді.
Дүниеде талғамы көп адамзаттың
Сенімен табылады бар керегі.

Жансызға жан бітірген, сән бітірген,
Сиқырдай сұлулықтың шеберісің.
Нәзіктік, ұлылықты тоғыстырып,
Дүниеге келгендейсің өнер үшін.

Сен алсаң тынбас іс жоқ орынымен,
Қалады тау қазына ғасырларға!
Адамзат қоғамына сенсіз келген,
Осынау дүниеде асыл бар ма!

Ғажайып сен жасаған сұлулықтан
Нұрланып, оттай лаулап жанады көз.
Теңіздей толқып жүрек тебіреніп,
Меруерттей ақ қағазға төгеді сөз.

Ұрпақтан-ұрпаққа өткен, бізге жеткен,
Әлемнің ажарындай ғажап ісің.
Ізгілік, ұлылықтың тәңірісіндей,
Қашаннан қызметің адам үшін.

Тұрсаң тұр ажалға ара дәрі болып,
Атылар оқ болуға көне көрме.
Қару боп, қаза әкеліп дүниеге,
Желкеге жұдырық боп төне көрме!

ӨМІР ДЕП НЕНІ АЙТАР ЕК

Көгершін көңіл қалықтап,
Қанатын жайды алысқа
Бағыты барар шарықтап,
Бейтаныс әрі таныс та.

Беймаза жүрек шымырлап
Қиналады қам ойлап.
Кінәмшіл күдік сыбырлап,
Шығады үрей атойлап!

Жетекке алған жүйріктей
Жетеді сол сәт жақсы үміт.
Үрейді қуып аулаққа
«Тұр!» – дейді әне жақсылық.

Үмітсіз өмір не болмақ,
Жетелер жігер, жеңіске?
Сүрінуде де ғибрат бар,
Ғибрат бар тіпті кейісте.

Күрестің мәні не болмақ,
Итжығыс түсіп жатпасаң?
Тәттіні қалай танисың,
Ащыны, сірә, татпасаң?

Кешегі күнгі жақсылық
Қуантпайды қайта кеп.
Үмітсіз, күдік, күрессіз,
Өмір деп нені айтар ек!

ЖАРАСТЫҚ

Елжірейді жас келіншек
Бөбегіне үңіліп,
Албырайды ақша жүзі
Алаулап қан жүгіріп.

«Айым менің айнымаған
Көкесінен келбеті» –
Шаттанады уысында
Тұрғандайын жер беті.

Елжірейді жалын жігіт
Бөбегіне үңіліп,
Қоңыр жүзі алаулайды
Албырап қан жүгіріп:

«Аяулымнан айнымапты
Қасы-көзі қиылып» –
Күбірлейді, күлімдейді
Көзінен нұр құйылып.

Төрге шығып тайтаңдамас
Сор қызғаныш – жаны аштық.
Әрбір оттың басы толы
Болса осындай жарастық.

* * *
Жақсы адам деп мен айтсам,
Кей мұрттар кетер жыбырлап.
Тұтанғыш кейбір арулар

Тұра алмас тіпті шыбындап.
Жақсы адам деп мені айтса,
Ауызын тырнап ерінің,
Жоқты бар қылып жосылтып

Шүйірер білем ерінін.
Жақсыға құштар әркім-ақ
Жасырамыз несіне
Бірақ та бәрі болмайды

Сен ойлаған несібе.
Жақсыны танып жақсы деу
Адамдықтың белгісі.
Артықтығын өзгенің

Айтар тек пейлі кең кісі.

ҮМІТ

Жетеле мені, жақсы үміт,
Арманға алыс басташы.
Жанымды адал жақсы ұғып,
Күдікті кейін тасташы.

Түсірші сілкіп иықтан
Шоқпытын көне көңілдің.
Жүрекке жаңа құйып қан,
Шырағын жақшы өмірдің.

ЖАЙЛАУ

Жайлау!
Жалғыз ғана сөз,
Мағына қанша мұндағы!
Жаз болса жылдың төресі,

Жайлау ғой жердің «ұжмағы».
Мәнісін барлап қарасаң,
Мейірбан көпшіл көңіл ғой.
Көлеңке, күні аралас

Ылдилы – өрлі өмір ғой.
* * *
Алдыңа келсе айыптың,
Кешілмес күнә жоғы рас.

Бірақ та еткен оралып,
Жоғалған көңіл табылмас.
* * *
Әр күннің бар аязы,

Әр күннің бар көктемі.
Күн ішінде күндер бар
Секілді өмір еткелі.
* * *

Көзді тартқан көрікті
Көңілді тарта бере ме?
Әдемі емес ай десең,
Ауған көңіл көне ме?

Қош көрген, сірә, қоласын,
Алтыныңа бере ме?
Қияпас, қыңыр қызғаныш
Айтшы сонда немене?

* * *
Демеймін жалын да мен, лапыл да мен,
Демеймін жанартаудай атылмақ ем.
Арындап аспанға ұшып, айды құшып,

Демеймін найзағайдан от ұрлап ем.
Мен жай бір шымырлаған бұлақ көзі,
Қатпайтын қысы-жазы құрғап көзі.
Ием халық аялар, көзімді ашар,

Жағада жасыл мақпал құрақ та өзі.

ДАНА

Нешеге келдің деме, сен,
Жасымды менің сұрама
Өмірдің күнін, күңгейін
Өткерген жылдар құра ма?

Іс болса ұждан ұялар,
Төрелік айтар жасы ма?
Күнәсін адам тартпай ма
Қарамай келген жасына.

Аласа ма екен ар-намыс
Аласа бойлы адамда?
«Пішіні жадау, жан жүдеу», –
Жамандау үшін амал да!

Сындардай биік бойлыда
Биік пе екен ой-арман?
Түсіне шаштың қарама,
Оның да көбі боялған.

Ащыны татып, алысты
Жортқаннан сұра жолдама.
Сонда да сонан ғибратты,
Кім ала білсе, сол – дана.

ДОСТАРЫМ БАР

«Достарым бар»
Қолым қысып,
Аяғыма қарайтын.
Достарым бар

Бас қана изеп,
Қабағыма қарайтын.
«Достарым бар»
Сәл сүрінсем,

Жығылдыға санайтын.
Достарым бар
Жарқын жүрсем,
Арай күнге балайтын.

Бастапқыға
Қабақ берем,
Қайсарлана жымиям,
Соңғысына

Жүрегімді
Жеткізуге тіл ұяң.

БАРШЫЛЫҚ

Қиыстырып қиыннан,
Білдірмей жымын, есіліп.
Көрегенсіп қиырдан,
Ақжарқынсып, шешіліп.

Өзі ғана озады,
Өзгелерді өшіріп,
Өкінген де болады,
Мәні – жәйді кеш ұғып,

Өз басынан өткенді
Әлде кімге көшіріп,
«Ой сабазым»– дегенге
Ойланбастан төс ұрып,

Төрін барлап алмастан,
Аяқ жимай көсіліп.
Ортамызда баршылық
Жүретіндер есіріп

Әмір шіркін дарқан ғой,
Жатады бәрін кешіріп.

УАҚЫТ

Уақыт – емші,
Көп күнәні кешетұғын.
Уақыт – елші,
Таласты бейбіт шешетұғын.

Сонда,
Жүректер талай жалғасатын.
Сонда,
Армандар талай алға асатын.,

Сонда,
Өмір қонағы – адам
Ғарышқа бойлап өсетұғын
Сөйтіп,

Бір жығылып, бір тұрып
Өмірін кешетұғын.
Солай
Толқынды шаштар ағаратын.

Содан
Ақ жүзге әжім жамалатын.
Осыны
Қайран өмір десетұғын.

Осылай ол
Сол өмірден көшетұғын.

КЕЙІМЕ

Шілік еңкіш,
Қарағай тік,
Терек паң да
Биік қой.

Шілік терек
Бола алар ма
Барлағанға
Түйіп ой.

Жер бір дархан
Сондайлардың
Бәрі сиған
Өңір ғой.

Кейіме дос,
Біреу еңкек,
Біреу шалқақ
Өмір ғой...

САҒЫНЫП КЕЛЕМІН

Аспан —
Адамның ғарыш деп санайтыны.
Аспан —
Ең биік, әркімнің қалайтыны.

Биікте
Ақша бұлт үстінде келемін,
Биіктеп
Шарлайды ақ бұлттай өлеңім.

Аярсыз
Ақтарып жанымның тереңін,
Шырқайды
Шығанға ерке жел өлеңім.

Осылай
Аңсаған ғарышта келемін,
Ал жерді
Сонда да сағына беремін.

* * *
Қайтып көрер қақпанды қатты жауып,
Ертеңіңнен жөнелдің қылмай қауіп
Сезбедің-ау, сірә, сен кеткеніңді

Жүрегімнің есігін бірге жауып.
Мейлің достас, мәңгіге мейлің жауық,
Сол есікке-ақ келерсің көңілің ауып.
Жапқан есікті ашарсың қолыңмен-ақ,

Жүрекке кілт аласын қайтып тауып?
* * *
Қара көзді көп айтады жігіттер,
Қара көзден емес кімдер үміткер!

Төңкерілген сол көздердің езі де
Тәуірлерін жігіттердің іріктер.

БИІКТІГІМ

Бұрқырадың, тасыдың,
Төгілдің асып шараңнан.
Мен ұға алмай жасыдым,
Айнымай тұрмын балаңнан.

Сен шығанға шырқадың,
Көрсетпек болып бойыңды
«Болатпын желке қырқатын» –
Деп тұрсың, ұқтым ойынды.

Мейлің сен ұйтқы, үдей түс
Ұғынсаң өзің өлгенің.
Тулатқан сені дүлей құш –
Биіктігім ол менің.

МІНЕЗДЕР БАР

Мінездер бар
Қылпылдаған
Ұстараның жүзінше.
Мінездер бар

Сәтте дауыл,
Жайма-шуақ ізінше.
Мінездер бар
«Қыз» атанған,

Қызбаланып ұрынбай,
Жұғысқанды
Жұтатұғын
Қорғасын сұр жылымдай.

Мінездер бар
Тыңдасаң ақ,
Үңілсең, іш құрымдай.
Мінездер бар

Қайрақ сынды
Жүрер түсі жылынбай.
Мінездер бар
Аулақ жүрер

Алты қырды айналып,
Жанағанды
Жағыстырып,
Жағар қара майды алып.

Мінездер бар
Майлы қасық
Оңына да солына,
Қыбын тауып

Қыранды да
Қондыратын қолына.
Мінездер бар
Биік жатқан

Асқар ала тауыңнан.
Айырмасы
«Аспан сынды»
Жерде жүрген қауымнан.

Мінездер бар
Шыңыраудай
Жатар бәрі ішінде.
Мінездер бар

Қаудырлаған
Тетігі тіл үшінде.
Адам қанша
Болса сонша

Мінез екен шатқалаң.
Шатқалаңда
Шырматылып,
Шым батуға шақ қалам.

Қайсы бірі
Жүректерге
Жол тәрізді табылған,
Қайсы бірі

Жүректерге
Қақпа сынды жабылған.
Қилы мінез –
Қилы кезең

Өзі нәзік қадамға,
Әсіресе
Жалбақтауды
Жаны сүймес адамға.

Дарқан ана
Табиғаттың
Даралаған сыйын-ай,
Жүректерге

Барар жолдың
Қашан болсын қиыны-ай!

КІЛТ

Кілт дейміз!
Кілт кеп қой өмірге.
Тіпті өмір сүруің өзі кілт.
Ақ қанат,

ақ жарқын көңілге
Түсірмей ақ мендей үзім бұлт.
Жер өзі адаммен ғана ғой,
Адамсыз өлі ғой табиғат.

Ол сені оятар,
салар ой,
Бірақ кілт адаммен табылмақ.
Тұрса өмір жақсы мен жаманнан,

Бір ісін біріне қырын ғып.
Бәрі де адамнан таралған,
Тек адам бәріне мұрындық.
О адам!

Сен үлкен сезімсің,
Ақылсың,
сабыр мен төзімсің.
Өмірдің сарқылмас көзі үшін

Бәріне мықты кілт өзіңсің!

ЖҰМЫР ЖЕР

Жұмыр жер!
Ойлап тұрсам мағына көп,
Қалпыңның толғандырар жағы да көп.
Кіндік қан жалғыз тамшы құдірет күші,

Тартатын магнит боп шағы да көп.
Сол үшін бөліп-жарып тағы да кеп,
Даралап меншіктейміз жабыла кеп.
Әдейі өлең арнап, күй шығарып,

Аттансақ, ораламыз сағына кеп.
Шынында емессің ғой мекен ғана,
Адамға сен ғой көнбіс қамқор ана.
Ізгі бір ұлыға да, жауызға да

Қашанда, қай күйде де баурың пана.
Жүзіңді жалын отқа шарпытқандар,
Қырғын сап,
қызыл қанға малтыққандар,

Не керек бәрі өзіңді паналайды,
Қояндай түс өзгертіп, тал бұққандар.
Адамның кешпейсің сен қай күнәсін,
Бір күліп,

бірге онымен қайғырасың.
Жалынған қос қолына жаны ізгінің
Өзіңсің төрт түлігін сай қылатын.
Адам – құс бүгін космос күмбезінде,

Айды қой,
жету қалды күн көзіне.
Ғарышты қанша армандап барғанменен,
Асыға оралады бір езіңе.

Жұмыр жер!
Сен адамның азығысың,
Әмірлі, Отан атты, қазығысың.
Тірлігі жан біткеннің сеніменен,

Өмірдің танытар сен, жазы-қысын.

ЖОЛДАР

1

Тоқсан тарау жол жатады өңірде,
Тоқсан тарау жол жатады өмірде.
Бұралаңы, бұрысы жоқ дап-даңғыл,
Жол жатады құйындаған көңілде.

Құйын көңіл алып ұшып асқарға,
Бұлтты тіліп жөнел дейді қасқар да.
Қойып кет те көк толқынның төсіне,
Қарсы атыл дейді ағыннан жасқанба.

Тіліп түсер қара тасты ақ алмас,
Жастық, сірә, бөгет бар ма ала алмас!
Тіршіліктің «тар жол, тайғақ кешуі»
Жастық тауын, арман тауын шаға алмас,

Нар тәуекел, қойып беріп біріне,
Жөнелгенде жығыла да сүріне,
Илеуі мен иірімін түгел деп,
Сонда ғана қанасың, жол сыры не.

Тоқсан тарау жол жатады өңірде,
Тоқсан тарау жол жатады көңілде...
Бұралаңы, бұрысы жоқ дап-даңғыл
Жол жатады кейбіреуге өмірде.

Жылым жолдар, жыңғыл жолдар, cap жолдар
Бұл өмірде талай-талай бар жолдар.
Мықты болса, жетелеушің, «жебеушің»
Кеңіп сала берер талай тар жолдар.

Тағдыр одан тайқи соғар қорғақтай,
Ондайлардан аулақ жүрер сор батпай.
Бәз біреуге өткелі жоқ асаумен
Ол жөнелер тайпала кеп жорға аттай.

ҒЫЛЫМ

Көне заман, қатар болса ғасыр үн –
Сенсің,
сенен ұқтым арман ғасылын.
Сенін түсер болса жарқын нұр сәулең,

Мынау дүние қала алмайды жасырын.
Асыққанға жеткізбес бір қиырсың,
Шыдамсызға шым-шытырық шиырсың.
Жолбикелер жолда табан тоздырар,

Желөкпеге нағыз тұсау, тыйымсың.
Сабырсызға шешілмейтін түйінсің,
Табансыздар тайып түсер қиынсың.
Бас құрасқан қайрат, төзім, мол бейнет,

Келелі іс қамындағы жиынсын.
Шыңыраусың жоқ аумағың, жоқ мүсін,
Ылғи да бір жоқ іздеген жоқшысың.
Таймас табан, қайсар қайрат маңайлар,

Солар ғана жетер жаншып топшысын.
Айқын сүрлеу, даңғыл жолың жоқ-тағы,
Қызықтырғыш жүзің қызыл шоқ-тағы.
Ымдап ылғи назар баурап алады.

Құзға асылған нәзік ешкі соқпағың.
Дәйім алдан жаңалықсың ашылар,
Адам үшін сенде ырызық асыл бар.
Сеніменен көне дүние жаңарып,

Сеніменен жақындайды ғасырлар.
Отан – кеме, сен – жылжытар желкені,
Жатыр сенде оның жарқын ертеңі.
Техника – үнің сенін, нәтижең,

Нұрландырар мынау байтақ өлкені.
Сеніменен жатыр мақсат алға асып,
Бүгінгі іс болашақпен жалғасып.
Батырларың бағындырып Космосты,

«Салют», «Союз» кемелер жүр алмасып.
Көне заман қатар болса ғасыр үн –
Сенсің
сенен ұқтым арман ғасылын.

Сенің түсер болса жарқын нұр сәулең,
Мынау дүние қала алмайды жасырын.

ЕШКІ СОҚПАҚ

Ешкі соқпақ,– соқыр соқпақ тұр алда,
Көмескі деп түспей әсте тұрам ба!
Жылымы мол, жыңғыл болсаң қайтер ем,
О, тағдырым, ризамын бұған да..

Биіктерге таласа қол созад та,
Бәрі емес, талайы асқан азад та.
Қызықтырып, қымсындырып көп көзді,
Бұл соқпақтың жол болуы ғажап па!

ТАҢ

Ақ ару, айлы түнде сыр ұғысқан
Шолпанды шығарып сап, күнді құшқан.
Арайлы ақ таң, әсем ақ сәулелі
Секілді тіршілікпен бір туысқан.

Аралап тау, тоғайды, өзен, көлді,
Аймалап терезеден есік-төрді
Тіршілік станогін іске қосып,
Ақ жарқын болашаққа ту көтерді.

ДОТ

Бородино даласы!
Куәсі қырғын ойранның.
Шіркін жер – ана жарасы
Қанша екен, сірә, ойладым.

Топырақ обыр талғандай,
Қан төкпей ғасыр өтпеген.
Өмірде өші қалғандай,
Ойнаған адам отпенен.

Жұтарман аузы үңірейген
Үңгірді біреу «дот»,– деді.
Елестей берді үреймен
Зіркілдеп оның от демі.

Жер ана!
Онсыз тірлік жоқ,
Қадірлеу – адам парызы.
Парызды осы мынау дот

Ескертіп тұрған тәрізді.

АҚ СӘУЛЕ

Ақ сәуле!
Саған кімдер емес құштар!
Ақ дейміз адалдықты етіп тұспал.
Ізгі жан, үлкен жүрек, игі қадам –

Түйінін жалғыз ауыз ақ қана ұстар.
Жақсылық атаулының жаршысысың,
Әр жанның аузындасың сен сол үшін.
«Сәулем» деп үмітіне балайды адам,

Табиғат паш етеді сәуле күшін.
Ақ сәуле алауласа күншығыстан,
Түн түріп шымылдығын, бұлт ығысқан.
Ақ ару – ақ сағымдар аймаласып,

Ақ қанат жер үстінде нұр тоғысқан.
Осы нұр өмір сәнін белгілейді,
(Несіне деме, оқушым, тергілейді).
«Қара жер бауыры суық» тек сәулеге

Шынайы жүрек жарып елжірейді.
Сондықтан сәуле тірлік тірегіндей,
Оған шат тұратын түн күле білмей.
Ол жүріп өткен жолдың болған емес,

Қалғаны шешек атар гүл егілмей.
Адамға қиял қонып ой түнеді,
Әрқилы бірақ түлер ой түлегі
Ақ сәуле ақ кірпігін бір көтерсе

Тұра алмас тұра қашпай ой түнегі.
Бұзады сәуле түссе, түнек түсін,
Тырнайды түнек басқан адам да ішін,
Жалын жас жар сүйсе адал сәуле сынды

Оқ атар деп дұшпанға «Сәулем үшін!»
Өмірден сәуле адамның алашағы,
Сәулемен ертеңіне ол жол ашады.
Ғарышқа алып ұшар аяулы ақ құс —

Ақ сәуле игі қауым болашағы.
* * *
О, шіркін, қайран сонау балаусын шақ!
Жаның пәк, жүрегің ақ, алаңсыз шақ!

Жан біткен жанашырың тәрізденген
«Жат, дұшпан» ұғымдардан хабарсыз шақ!
О, онда кімді көрсең, бәрі де дос,
Бәріне дүниенің көңілің көш,

Аймағың анандайын тілегіңде,
Ай емес, апта емес, сағаттап өс.
Қосады бәрі тілек талабыңа,
Ол кезде бәрі мырза «қарағымға».

Аттаған сайын қайқы бөренелер
Жатпайды бүгінгідей қадамында.
О, шіркін, қайран сонау балаусын шақ!
Жаның пәк, жүрегің ақ, алаңсыз шақ!

«Шыны ма» – деп жанына үңілмейтін,
«Жат, дұшпан» ұғымдардан хабарсыз шақ!

АЛАУ

Жүйріктей бәйгеге әзір жүрген жарау,
Жалын ғой шіркін жастық ылғи алау
Көктемгі таудан аққан қар суындай
Алдыңнан жол ашылып тарау-тарау.

Солардан алау жастық сыр ұрлайды,
Еліккіш асау жүрек шымырлайды.
Бәрі асыл, көргенінің, бәріне таң,
«Мен бақыт, мен!» —деп бәрі сыбырлайды.

Мұндайда ақыл сонда, сезім алда
Ол білмек, ол ілмектің шегі бар ма!
Жетудің қолда жоққа бәрі бақыт,
Тигенше табан тасқа соғып жарға.

Бір-екі сүрінген соң, алтынды арай
Күдік боп дегізеді «мынау қалай?»
Жел сезім жетегінде, ақыл алда
Жылжиды әр қадамың санай-санай.

Ал мүлде ой салғанда күміс самай,
Көрініп қимасындай күллі маңай.
Самарқау жылжиды екен алау жаның,
Қия алмай кейінгіге қарай-қарай.

ҚАЙШЫЛЫҚТАР

«Аспаның ашықта досың көп,
Бірі – аға, туыстай бірі – іні.
Көлеңкендей қашар, тосын кеп,
Басынды бұлт алса, бір күні».

Бұлт де, шуақ де ақ қанат
Ол қашан құлашын жая алды!
Алмай ма уақыт ноқталап,
Не бар бұл өмірде баянды?

Көктем кеп құлпырып жер үсті,
Гүл біткен алақан жайыпты...
Құз жетті, гүл кетті, ол ұшты!..
Осыған іздейміз бе айыпты?

Алыс боп жылытпай ма күн көзі?
Жетпеске санар ма жырақты!
Табиғат құбылғыш болса өзі,
Өмірден тауып көр тұрақты!

Шегі жоқ пенделік тілектер,
Қояр ма «жалықтым» дегізбей!
Ұнар ма тағдырлар бір өткел,
Күні бар, күйі бар егіздей.

Кездесіп қиындық тезіне
Тарынсаң, тамұқ қой гүл өңір.
Көпті айтып тұрмай ма өзі де,
Бір ғана берілген бұл өмір!

Басатын қай қадам қатасыз?
Таймас бақ, аумайтын мәңгі жоқ.
Болдың деп әлдекімге опасыз,
Кеюдің, достарым, мәні жоқ.

* * *
Ең қиын жұмбақ деседі адам тегінде,
Түсінен гөрі, шатқалы қиын ішінің.
Бір күліп өте шығамыз-дағы көбінде,

Безбенге түсе бермейтіні бар ісінің.
Өзіміз қолдан жасаймыз жақсы адамды,
Ақ көйлек дейміз,
әзілқой дейміз ондайда.

Өкінішті-ақ талдайтынымыз жаманды,
Қасығы келіп тақ еткенінде маңдайға.
Адамның өзі тоғысқан жақсы-жаманнан,
Қиынның бірі – алу ғой адал дос танып.

Кейісең оттай лапылдап, өрбіп жанардан,
Өкінбейтіндей көңілің мүлде бос қалып.
* * *
Қиындыққа деп жүргем жоқ бой берем,

Тұншықтыра қамаса да ой терең.
Қос қанатым алып өтер – ән-жырым,
Сендер, сірә, болмасаңдар қайтер ем!
Сен сыпырып ақ кебінің күйректің,

Өр кеудемді ылғи алға сүйреппін.
Өткелінен өмірдің сан өткізіп,
Мен күрсінсем, сен күлуді үйреттің.
Жабырқасам, тек сендерге шағынам,

Тек сендерге жарыламын ағынан.
Екі қолым, ар-намысым, ән-жырым,
Бұл өмірде тек сендерге табынам.

КӨКДӨНЕН КӨҢІЛ

Әндетемін кейде асқақ көңілменен,
Ақ сәуледей бұлтқа әсте көмілмеген,
Саясында жан табар рахатын
Шынардаймын жапырағы төгілмеген.

Кейде түйір дәндеймін егілмеген,
Гүлмін бірде қыз бұрымға өрілмеген,
Ауыздығын қарш шайнап көкке орғыған
Асау тұлпар арбаға жегілмеген.

Мәуелі бақ жемісі терілмеген,
Шырынымын қыз тілден өбілмеген.
Кейіп әсте кермеген мұңсыздаймын,
Көз жасына кірпігі көмілмеген.

Үкім айта келгенмін өмірге мен,
Уысымда мынау жер-өңір деген...
Қартаймаған, ешқашан көнермеген,
Осы-ay шіркін,

көкдөнен көңіл деген.

НАЗ

Мен сені мынау тұрған
Тау сынды асқар деп ем.
Жанымды соның заңғар
Шынына бастар деп ем.

Мен сені мынау жатқан
Көлдейін шалқар деп ем.
Көңіліңді күн шуағы
Жаныңды дарқан деп ем.

Асқардың ақ төсіңде
Сен деп ем ақ қаршыға.
Ақынның жыры жаққан
Жүрегінде от бар шығар.

О, достым, мен өзіңнен
Бұдан да көп күткен ем.
Аяғын өлеңімнің
Бітірем көп нүктемен...

* * *
Әсте де мен демеуші ем,
Бойыма тең демеуші ем.
Ешкімге сен демеуші ем,

Тентекке ол ем демеуші ем.
Бұл үшін «ынжық» десті,
Мықтылар найзаға көшті...
«Көп қуса, қорқақ та батыр»,

«Ынжық» та жимасын ба есті.
Бір кезде «жігерсіз шіркін»
«Жүгенсіз» боп шықты бір күн.
Өмір-ай десейші, досым,

Осыған келеді күлкім.

САМАЛ

Самал – қоңыр жел ғана ма?
Өмір толы самал леп.
Аймаламай ма самал боп
Жайлы, жылы хабар кеп?

Самал қоңыр жел ғана ма?
Өмір толы самал леп.
Қабағынан күнді ұялтар
Самал ескен жамал көп.

Самал жібек жел ғана ма?
Өмір толы самал леп.
Тұнық, мөлдір айдындайын,
Самал ескен жанар көп.

Самал жібек жел ғана ма?
Өмір толы самал леп.
Пәк көңілді, ақ көңілді
Ғазиз жанды табар кеп.

ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ

Әйел нәзік гүл дейсіндер ерекше,
Осы ойынды, достым өзің кел, екше.
Мәңгі гүлдеп болу үшін бақытты
Сол әйелге көп дүние керек пе?

Үймей-ақ қой басына оның бар құтты,
Сыйлама сен, оқа, ұштоп барқытты.
Ертелі-кеш үйге есіктен кіргенде,
Жадыраңқы ажарыңа ол бақытты.

Сыйлама сен, інжу, маржан, жақұтты,
Сыйлама сен, биік мансап тақытты.
Жүдеу жанын не сыныңқы қабағын
Тани салған назарыңа ол бақытты.

Ұстамасаң әйел еді деп ықтырып,
Бөлісетін болсаң барыңды ұқтырып.
Бар күйіңе ортақ етсең бақытты ол
Қызметінде болар мәңгі тік тұрып.

* * *
Даңғыл жол болмаса да қалар ізі,
Қауымға қаймықпай-ақ қарар жүзі.
Адамын тізіп, тере бастағанда,

Қазақтың мен де ауызға алар қызы.
Жаңғыртып жеті жаста жердің үстін,
Ән қостым дауысына ұшқан құстың.
Сол әнмен жеңілдетіп шерлі шерін,

Сол әнмен қуанышқа от қоса түстім.
Көтеріп ән мен күйдің нулы орманын,
Елімнің той-думанын мен қолға алдым.
Теңіз қып толқытатын тыңдағанды

Жауқазын жаңа ашылған жыр толғадым.
Дария ақыл болмасам да, көкірек дана,
Болғам жоқ бір әншейін ерге қара,
Жарқ етіп қайда салсаң, жарып шықтым,

Дегем жоқ мынау қала, мынау дала.
Ортама болғаным жоқ және ала,
Көппенен жарты дәнді жедім жара.
Өзіме тартқан сіңлім дер еді-ау

Тіріліп келсе бір сәт ақын Сара.
Мақтан сөз көкейіме қонып кетіп,
Тұрғам жоқ өзімді-өзім көрікті етіп.
Ғафу ет, өз оқушым, жазғанымды

Әншейін бір сәт көңілім толып кетіп.

БОРЫШ

Ақынмын деме, төгіліп-тасып жатпасаң,
Әншімін деме, есігін аспан қақпасаң.
Жер басып әркім жүреді, бірақ адаммын
Дегейсің, адам қалпыңды биік сақтасаң.

Досын көп сенің ешкімнің тауын шақпасаң,
«Қайрылып көрер есікті қатты жаппасаң».
Адамдық борыш өтедім деме сен, өзге
Көңілде бір сәт Қуаныш отын жақпасаң.

Тілім әсте келмесе де мен деуге,
Алатаудың өрлігі бар кеудемде.
Кең даламдай көңілім бар жаралған
Дархандықтың дариясындай көлбеуге.

Тек асқардың кеудесіне өрлеуге,
Жаралған ол тегіндікпен өлмеуге.
Босағаны місе тұтып көрмеуге,
Ұмтылуға, ылғи ғана төрлеуге.

Жел боп суық жан бетіне келмеуге,
Бірақ намыс қолдан қиып бермеуге.
Шуағы мол ақ шағырмақ жаным бар,
Оттан ұшқын алған мәңгі сөнбеуге.

АДАЛ ДОС

Ес біліп келе жатқалы
Көргенім өмір шатқалы.
Қолтықтан демер қол ұшы,
Жоқ әсте мені тапқаны.

Не дейін ары тереңдей,
Қаламын дүбірге елендей.
Көңілдес менде жоқ әсте
Көмбеге сүйреп келердей.

Сонда да жолдан шықпадым,
Қиыннан қорқып бұқпадым.
Сүріне түсіп жүргенде
Әйтеуір менің ұққаным:

Жүрегің адал тон екен,
Тоңдырмас, тозбас сол екен.
Жықпайтын жарға ең адал
Дос деген – екі көл екен.

БАҚЫТ

І

Қайда бақыт, қайдасың мен іздеген?
Келем бе әлде жүре алмай дәл ізбенен.
Бірде мекен сезілсе ақ қанатың,
Бірде құрдым түбінде тәрізденем.

Қырда ойнаған құбылып сағымдайсың,
Сан іздесе, сабылтып табылмайсың.
Алыстасам, ақырын тағы ымдайсың
Тағы ымдайсың, тағатты тағы ұрлайсың.

Бірде ілініп қолыма, жуық келем,
Көңіліме сен бар деп түйіп терең.
Тәуекелге белімді қынай буып,
Көзді жұмып мен сені қуып келем.

Қайда бақыт, қайдасың мен іздеген?
Келем бе әлде жүре алмай дәл ізбенен!
Бірде мекен сезілсе ақ қанатың,
Бірде құрдым түбінде тәрізденем.

ІІ

Сор мен бақыт екі араң бір адым жоқ,
Баянсызсың, мекенің, тұрағың жоқ.
Жел көңілді желіккіш жетелейсің,
Шындап жағар алдына шырағың жоқ.

Сен соныңмен бүгін бар, ертең жоқсың,
Қызықтырғыш қызылсың, жанған шоқсың.
Бұлаңдаған айлакер қызыл түлкі,
Алдауға бар аярсың, шынға жоқ сын.

Мекерлікпен етесің ақылды ашын,
Арбаушыдай аулайсың ықыласың.
Қысылшаңда «қырсықты» ұстап беріп,
«Тағдыр» атын жамылып құтыласың.

Бақыт десе бар көңіл тұрады алаң,
Кей сабырлар сарқылып тұралаған,
Бақыттымын деп ешкім бас тартпайды,
Жер үстінде бір саған құмар адам.

ІІІ

Ал сенелік, бола-ақ қой ақ құс мейлі,
Көп айтқандай жұп емес, тақ құс мейлі!
Жақсылықтың сен дейін жиынтығы,
Соның өзі аспаннан кеп түспейді.

Үмітке арқау бол мейлің құсқа балап,
Күтсін көңіл қонар деп өзі қалап.
Шын бақытты сонда да – бейнетқор жан,
Жетер мақсат, алдына қойған талап.

ІV

Қай назарды баурамаған бақытсың,
Баз біреуге лауазымсың – тақытсың.
Баз біреуге киген киім, ішкен ас,
Баз біреуге көңілді өткен уақытсың.

Баз біреуге бақыт деген – даңқ, атақ,
Тізе берсем, түгеспеспін сені атап.
Адамдардың бір қатарын осылай,
Келесің ғой тұтқын етіп сен матап.

Аталғанның ішінде жоқ шамалы,
Талайы асқан жетер жыртып жағаны.
Алакөз ғып, әттең, іні-ағаны,
Көпке тегіс жетпейсің бір жаманы.

АР КЕҢЕСІ

Өмірге адам келмейді атақ үшін,
Сыпайыға бақыт үн қатады шын.
Лауазымның құлынын, көбейгені,
Жасырмаймын жаныма батады шын.

Азаматсың алдымен айналаңа
Дейді арым ақыным, жай қарама.
Жүк көтерген екенсің ауырсынба,
Қия жерде қаймықпа, тайғанама.

Тайғанасаң, досыңды қайдалама,
Қояйын деп есеппен пайдалана.
Пасықтықпен шыққанша шың басына,
Елеусіз-ақ қал тіпті айдалада.

УАҚЫТ ӨЗІ ӨҢДЕЙДІ

Бір тал ақ шаш жүр дедің бе сен маған?
Тиме, жаным, жасара алмас енді анаң.
Батар күннің еңкеюі тәрізді
Көрерсің сен енді менен әр ізді.

Жылдар жылжып жатады ғой жылымдай,
Өмір ғана жылжымайды бірыңғай.
Иірімде қалмайын деп жүргенде,
О, жан балам, шашыма ақ кірген де.

Бір кездерде анаң да дәл сендей-ді.
Әйел, ер деп өмір жүгін бөлмейді...
Көңіл бұған бұлқынады, көнбейді,
Ал уақыт сені өзінше өңдейді.

ҚАДАМ

Кейбіреу тағдырына шағынады,
Кейбіреу мәңгі соған табынады.
Қадамын шалыс басып, тірлігіне
Лағынет айтушы да табылады.

Осылай парлап кезден жас таматын
Немесе бақыт қағар жас қанатын
Болса да,
қадам біткен әркімге тән

Тәрізді адамдықтан басталатын.
Қадам бар басталатын еркелеп те,
Қадам бар із қалдырар ертелеп те,
Қадам бар басталатын ішімдіктен,

Баста деп солай біреу желкелеп пе!
Қадам бар ілгерілі-кейінді де,
Қадам бар аңыз болған кейінгіге.
Тізгінсіз жаралған жоқ дүниеде

Қолына ала білген пейілдіге.
Қадам бар әдіпті де, аршынды да,
Қадам бар қағып өтер алшыңды да.
Осылай десек тағы қырсық, кеміп,

Қисықтан дүние тегіс аршылды ма!
* * *
Биік көп қанша көз
Қызығып қарайтын.

Көп көздің бәрі емес,
Біреуі-ақ жанайтын.
Бұлт көп аспанды
Мұнартып қамайтын.

Түйіп кеп қабағын
Жауа алмай тарайтын.
Адам көп өмірде
Өзін піл санайтын.

Шынайы пілдікке
Санаулы-ақ жарайтын.

АЗАМАТ ҚАЙДА

І

Азамат қайда бір айтып, бір-ақ кесетін,
Сол айтқаны үшін етікпен суды кешетін,
Пайдаланбайтын қас жауының да қапысын,
Бел буса, бөкен бөктергеннен соң шешетін.

Азамат қайда құласа, құлар асқардан,
Зор санап өзін тілемес жеке басқа арман.
Еркек боп туған, еркекше өлер болар деп,
Ажалы тұрса, алақтамастан қасқарған.

Азамат қайда бармын деп асып-таспайтын,
Жоқпын деп жасып, сабыры қашып саспайтын
Ақ көйлек жаны «атасын ұрып» досына
Жалғыз ат демей жарқыратып-ақ тастайтын.

Азамат қайда жабыға ұқсап былғанбас,
Таусыла сүйіп, тәңірі тұтып ұрған бас
Өзгенің арын өзінен кемге санамас,
Жалғанға бармас, сертінен тайып ұрланбас.

Азамат қайда борышы елге өтелген,
Ісімен өрге әділет туын көтерген.
Өмірге бір кеп, бір кетер болса ер жігіт
Өз басым мәңгі қызметінде өтер ем.

ІІ

Өзінен үлкен портфельдер семіз құшақтап
Қапысын тауып қадамын достын тұсап қап.
Жүргендер, сірә, айыпқа мені бұйырма,
Бүгінде сенің кеткеніңді айтсам ұсақтап.

Ұнамас мұным, ұнатпасыңды білемін,
Мен түстеп-түктеп айтпайын саған іреңін.
Бойына теңмен сайысып нардан жығылмай,
Әйелге жұмсап сынайтындар бар білегін.

Отырсаң төрде, ұшыра үйдің төбесін,
Бауырым дейсің, қыраннан жіті көресің.
Төбеге шықсаң, бәріне жалпақ апайсың
Өз бауырыңмен қосылмай басып келесің.

Өтірік десең, өзің айт кәне, төресін,
Сөз болса, қиқым-қоқысын тізіп тересің.
Абайламайсың анаңның әйел екенін,
Әйелдің ылғи етегін ғана көресің.

Тайғанай соғып, жүре алмай жаның жайып сап,
Айтшы өзің, достым
жетпегін, сонда қай ұшпақ?
От пенен судан шынығып шыққан болат жоқ,

Ғафу ет, өңшең қаңылтыр қапсың майысқақ.
Халыққа медеу, қоғамға тірек сүйікті ен
Азамат есім лайық саған тиіпті ең.
Мен әзір мәңгі қызметінде болуға

Соған сай өзің көрінер болсақ биіктен.

ШІРКІН ЖАСТЫҚ

Шіркін жастық!
Мекені құз қырансың,
Түгесілмес, ылғи жаңа жыр-әнсің
Кеудесінде жаны барды аспанға

Алып ұшпай қалмайтұғын ұрансың.
Шіркін жастық!
Ауыр бар ма көтермес,
Дүние күйсе абыржып ес кетер ме еш!

«Аштан өліп, қалыпты кім көшке ермей,
Сырдың суын жүз кешпей ме бекерге еш!»
Шіркін жастық!
Сен мәуелі көктемсің,

Найзағайдай әмірлісің, өктемсің.
Бұл қадірің неге ғана шіркін-ай,
Танылады оралмасқа кеткенсін!

АЛЫП ТЫНЫС

Алып тыныс —
мынау шексіз дүниенің тынысы,
Алып тыныс —
мынау өмір қатпар-қатпар сыр іші.

Алып тыныс —
әр адамға берілген аз тіршілік,
Ыстығы мен суығына көніп
етер құлшылық.

Ұлының да
ұлысы бар
биік жатқан шоқтығы.
Сол ұлымыз

адам дер ем
болса-дағы көп міні.
Табиғат өз
заңыменен дамып тыныстағанмен,

Оның-дағы бар тынысы,
тіршілігі адаммен.
Бір ғажабы,
осы тыныс ен қимасың бөтенге,

Қас қағымда
бір үф етіп
тына салады екен де.
Қас қағымда

алып жүрек
тынады екен лүпілі,
Шөлмек – өмір осылайша
сынады екен бір күні.

КҮҢГІРТТІК

Күн де күңгірт,
мен де күңгірт,
күй күнгірт,
Жұрт ұйқыда,

мен ғана ояу,
үй жым-жырт.
Барды ішіне
жиып алып, шіркін-ай,

Жарылып кетпей
қалай жүреді бұл жұрт!
Мен де білем
берік болу керегін,

Кейде мен де
мықтысынып көремін.
Әуреленіп,
шықпаған соң ештеңе,

Ақтарамын
бөліседі өлеңім.

ЖҮРЕК

Таласып кеп кейде ойдың нөпірі,
Тілге оралып сұлу сөздің не түрі
Тұрса дағы, жұдырықтай ет жүрекке
Жасалмай-ақ қояды жыр көпірі.

Қадіріңді жеткізе алар түйіп кім,
Әміріңе жүгінбейді ұйып кім!
Ет жүрек деп аласартып айтқанмен,
Өзіңсің ғой ең биігі биіктің.

* * *
Болмай-ақ қойсын жақсы тегіс мейлі,
Жақсы ғып кім әлемді тегістейді.
Жақсылық уағыздаған ізгі адам,

Қолымен жамандықты неге істейді?
Жөн-жоба жатқанымыз жоқ ұсынып біз,
Жақсы да, жаман-дағы түсіріпті із.
Электр зарядындай егіз өмір,

Шытырман жайың көп қой түсініксіз.

ҚЫЗҒАНЫШ

Жындандырып кейде маңғаз ақылды,
Алыстатып қыл өткісіз жақынды,
Жай адамды жалынға орап билетіп,
Бақсы етіп жібересің ақынды.

Қызғаныш – от қызуы бой кеулеген,
Келеміз ғой отты опат деуменен
Жаны оттан ғана жалын лаулайды,
Не шығады отсыз өлік кеудеден.

Бір басында кейбіреудің қыруар
Қасиеті болады жұрт қызығар.
Меншігіндей қызғыштанса қызғаныш,
Күншіл түсі жауар күндей бұзылар.

Екі басқа күншілдік пен қызғаныш,
Тұздан шипа табар дейді қызған іш.
Күйіп кетіп, күлің қалар болмасын,
Күйік басар арағың да тұздап іш.

ӨЗІМ ҒОЙ

Өзім ғой мынау дүние,
Түсінсеңдерші, достарым,
Табиғат менің үніме
Тамылжи үнін қосқанын.

Ақ таңның жібек самалы –
Мендегі тұнық сүйкімді ой.
Ақ шаңқай түстің жамалы –
Ол менің назды күлкім ғой.

Тараған күннен ақ сағым –
Жанары қара көзімнің,
Құздағы қыран сақ-сағын
Қуаты дей бер сезімнің.

АҚЫН ДӘПТЕРІ

Қасым Аманжоловқа
Ақ қағаз – айдын, жыр асқақ
Ақынның көңіл кептері.
Қанжардай кекте сынаспақ

Сұлу сөз – сиқыр от пері.
Шіркін-ай, қандай құзырмен
Жазылып бітпей беттері.
Қалды екен ойы үзілген

Ақынның өлең дәптері.

TAЛҒAM

Емес қой от пен өрттің жалыны бір,
Емес қой күй біткеннің сарыны бір.
Сұлулық табындырмас жан болмайды,
Табынар емес бірақ тәңірі бір.

Баурайтын сұлулықтың мол қыры бар,
Жүрекке ұялайтын төркіні бар.
Алып деп танылғанның өзінде де
Әркімнің табынатын өз «пірі» бар.

СЫР

Өлеңнен өзге досым жоқ,
Өзгеге айтар қошым жоқ.
Бәрінен осы қинайды,
Сыр ішіме сыймайды.

Япыр-ау, ең аяғы
Өлең де жұртқа жаяды,
Бәрінен осы қинайды,
Сыр ішіме сыймайды.

* * *
Ақ құс көңіл шарықтап, шалқып асқақ,
Биіктерге ұмтылған бала жаста-ақ.
Бірге туып, адаммен бірге елетін

Арман, сірә, алдына қойған мақсат.
Арман егіз ендеше үмітпенен,
Қоңсы қонбай үрейшіл күдікпенен.
Талап-таяқ жанына, үміт-азық,

Ол жетелеп, мен еріп жүріп келем. ***

Кім ылайлап кетпейді
Мөлдіреген бұлақты?
Кімдер таптап өтпейді
Тотияйын құрақты?

Тауға әркім шығады,
Аласарып қала ма?
Кейісіңді бүгінгі,
Бауырым, мәңгі санама.

Бүгін ылай сол бұлақ
Мөлдіреп ертең ағады.
Тізеден келіп, ұйысып
Басады құрақ жағаны.

Биік, маңғаз қалпында
Мызғымай тау тұрады.
Тау мінезді адамды
Айтшы, қай дауыл жығады

КӨМКЕРІП КӨҢІЛ НАЗЫМЕН

* * *
Әлде жаным қырандікі ме екен,
Шығаннан шүйіліп,
бақа-шаянды ілмейтін!

Сайын даланы майдан мекені етер,
Тек жымысқып барып
жыңғылға әсте кірмейтін
Әлде жаным тұлпардікі ме екен,

Жүзіп барып
тұнықтан ғана қанатын!
Тұяқ тоздыра қыр асып,
қырымнан іздеп

Шүйгінді ғана шалатын!
Әлде пенделік табиғатымнан ба екен,
Жеттім, тындымды білмейтін!
«Түстік өмірі үшін,

кештік мал жиып»,
Әрекетсіз өмір сүрмейтін!
Әлде үміттің мәңгілігінен бе екен,
Арманды қол созым тұр дейтін!

Қашанда қиынға, қияға жетелеп
Отынды бойында үрлейтін!
Әйтеуір беймаза
жанында тыншу жоқ .

Көңілдің тұнығын,
ақтығын,
пәктігін іздейсің.
Бітпеген, тынбаған бір тілек,

Биіктен күдерді үзбейсің.

О, КЕШІР МЕНІ, АҒАЙЫН!

Аңқылдап жүріп ұрынам жарға кей-кейде,
Қасақы іске жориды оны кей пенде.
Кетпенді басып өтемін сірә япыр-ау,
Шекеме сабы тиеді десем сөйтем бе!

Бұрылу жоқ қой көрген соң жолдын турасын,
(Тақыстау неге болмадың екен бұл басым...)
Досымды төпеп сынаймын кейде өкпелер
Демеймін істің әділін көріп тұрғасын.

Анашым менің жанынан аппақ ай бейне,
Кигізген екен кірлемес мәңгі ақ жейде.
Пайдасы ешбір болмаса мұнын өзіме...
Деп пенделікпен налимын келіп-ай кейде.

О, кешір мені!
Бар қалпым осы ағайын,
Аңқылдап жүріп от басумен-ақ қалайын.
Арамдықпенен алшаң баспай-ақ ортаңда

Шегейін жаза, ақ көңілімнен табайын.

ЖАҢҒЫРЫҚ

Атақтыға табындырып, таң қылып,
Саз мінезді сипаты деп паңдылық,
Лауазымды асқардағы нән қылып,
Ала тайдай әр соқпақты шаң қылып,

Қарғаның да дауысына қаңқ етер
О, тағдырым, етпе мені жаңғырық.
Аз сәулені ататұғын таң қылып,
Сықсиғанды маздап тұрған шам қылып,

Құр айғайды аспандаған ән қылып,
Әсемпазды әсірелеп сән қылып,
Қаңғыры бар, қалқасы жоқ жартастай
О, тағдырым, етпе мені жаңғырық.

ҒАШЫҚПЫН

Жүрмейінші дейді ой-хой,
Алшаң-алшаң басып кім!
Өтпейінші дейді солай
Бұл өмірден тасып кім!

Ғарыш бойлап, не болмаса,
Тау төңкеріп, асып шың
Құзырынан тағдырының
Құтылады қашып кім!

Алшаң білмес аяғымды
Әдеппен-ақ басыппын,
Бір жығылып, бірде тұрып,
Талай белден асыппын.

Адамдыққа нұқсан атты
Әрекеттен қашықпын.
Мені тағдыр сонда дағы
Арқандауға асықтың.

Мойындаман бірақ сені
Өтсем де от басып мың,
Қиындығы – қымбаттығы
Мен өмірге ғашықпын.

ШІРКІН-АЙ, ӨМІР, ҚАНДАЙСЫҢ!

Әдеміні,
әсемді
Таңдаудан адам талмайсың,
Жаныңа рахат теңізді

Сіміріп жұта алмайсың.
Әдеміні,
әсемді
Таңдайсың, әсте талмайсың,

Жылылық іздеп құштарсың,
Отты ұстап тұра алмайсың.
Әдеміні,
әсемді

Таңдайсың еш талмайсың,
Биікті тілеп тұрсаң да,
Құзда өмір сүре алмайсың.
Әдеміні,

әсемді,
Таңдайсың,
адам, талмайсың,
Ғарышқа сонша іңкәрсің,

Аспанда тұра алмайсың.
Әдеміні, әсемді
Таңдаудан, адам, талмайсың,
Мүмкіндік жоққа құмар көп

Шіркін-ай, өмір қандайсың!

КҮНДЕРІМ

Кешірші, достым,
мазам жоқ соңғы күндері,
Ұқпадым мүлде,
хабарлайды екен бұл нені...

Риза емен өзіме дағы өзгеге,
Қуыс күндер бір
жылжып жатқан тек ілгері.
Қадамың толы

тек қана көктем гүлдері.
Шақтар бар еді-ау
жетелейтұғын ілгері.
Күй төгіп әсем,

кеудеңде бұлбұл құс сайрап,
Ағыныңда алып
жөнелер еді жыр селі.
Алыстан атой

бергендей еді қарлы шың,
Маңымды онда
баса алмайтұғын зәрлі мұң,
Қыз беріп, келін

түсірген сынды той-думан
Бәйгеден атың
келген тәрізді әр күнің.
Қайдасың, қайда, рахат сол бір шақтарым,

Жаңғыртып жаһан
сорғалайтұғын мақпал үн.
Жайлаудай жасыл
жауқазын шағым, сені іздеп,

Мазасыз жүрек
бір қалтарысын ақтардым.
* * *
Тікен егіп,

балауса орармысың!
Шөл жаралып,
көл дария болармысың!
Жапалақ боп жаралып,

құс болғанмен,
Қыран жайлар
құзды асып қонармысың!
Мамық өніп шығар ма

жабағыдан,
«Алма алыс түсер ме
сабағынан»
Танытпайтын негізін

зат бола ма,
«Шам жарығы ұзар ма
табағынан!»

АДАМДАР

Адамдар әр алуан жаратылған,
Адам бар күн батырып, таң атырған,
Адам бар аймағын өз өнерімен
Баурап ап, топ ішінде дара тұрған.

Адам бар ел тұлғасын биіктеткен,
Адам бар өp тұлғасын сүйікті еткен.
Адам бар ескерткішін өзі қойып,
Өз өмір жолын өзі түйіп кеткен.

* * *
Жақсылығың істеген,
Жақсыдан ғана қайтады.
Алғанын емес, көп мұндар

Бергенін ғана айтады.
Болыстығыңды істеген,
Білімді ғана ұғады.
Көркеуде өзім жеңдім деп,

Көкірегін ұрып шығады.
Еңбекке ғана ендеше,
Міндет қып, достым, байқағын.
Ол сенің адамдығыңды

Ғарыш асырып айтады.

НӘР

Мін дейсің ғой тұлғамның кішкенесі?
Бұлай түйер ақылының қысқа өресі.
Жұдырықтай қаршыға жүрегімен
Атанғанын білмейсің құс төресі.

Еңсесімен көк тіреп тұрған бар ма?
Бой үшін ат беріп пе бұлдап нарға?
Бойы биік болғанымен, денесі зор,
Бұлбұл үшін жораға жүрмес қарға.

Қыран бүркіт көп кіші түйе құстан,
Кім көріпті түйе құс ғарышқа ұшқан!
Түйір дейміз мәніне не сыймайды,
Кішкенеге ой жібер осы тұстан.

Жалғыз аяқ соқпақтан басталар жол,
Шығары көз, дарияның құяры көл.
Бір уыс деп айтамыз баста миды,
Қызметіне сәл ойлап назарың бол.

Жанды-жансыз біткеннің бәрінде бой.
Лайықты түр-тұлға бәрінде ғой.
Түйірдей деп ұғамыз нәр дегенді,
Гәптің бәрі сол түйір нәрінде ғой.

ЖАЛЫНЫҢ ЕКЕН-АУ СЕНІҢ

Шуақ сәт маған
көпсінер жан жоқ деуші едім,
Жасындай шағым,
жалының екен-ау сенің!

Жанымды жасыл
жайлауға апарып қондырып,
Дүниеде бар-ау
демейтін едім тау селін.

Шуақ сәт маған
көпсінер жан жоқ деуші едім,
Жасындай шағым,
жалының екен-ау сенің!

Сүйек пен еттен
мен де жаралғам деп
ешкімге
Өр басымды иіп, әсте де табынбаушы едім.

Шуақ сәт маған
көпсінер жан жоқ деуші едім.
Жасындай шағым,
жалының екен-ау сенің!

Өзекті жанға
екі өлім жоқ деп алдымда
Өткелсіз асау
тұрса да тайынбаушы едім.

Өзіме-дағы,
өзгеге деген мол сенім,
Екі ойлантпай
ілгері жетелеуші едің!

Шүйілсем ілдім,
сілтесем тиді дейтұғын
Жасындай шағым,
пәктігің екен-ау сенің!

* * *
Өмірде көп-ақ
қайшылық, салдар, себептер,
Қажеттіліктер,

кездейсоқтықтар, деректер...
Ешқайсысы да
өзі жаралып келмейді
Бәріне-дағы

адамдар өзі себепкер.
Мақсат көп адам
жететұғын тек төлеп тер.
Талап пен бақыт

не түрлі тағы «керектер»...
Керегі шексіз,
мақсаты бітпес пендеміз,
Тек жақсылыққа

болайық достар, себепкер!

ВОКЗАЛ

Вокзал дейміз,
Бір ғажайып орын бұл.
Сан сапарлар тоғысады осында.
Адамдардың кең құшағы толы гүл,

Кездеседі таныстар да, тосын да.
Біреу күтіп, біреулер жүр ұзатып,
Құзырына бағындырып уақыт.
Кей көңілді асықтырып, жетелеп,

Кей көңілдің тауын шағып, уатып.
Тек сапарлар ғана сынды жосылып,
Мынау дүние лепіріп, бір тосылып...
Жүректер мен дөңгелектер ырғағы

Жақын қалған армандардай қосылып.
Біреу өтеп, біреу алып қарызды,
Алға апарар жерге түскен әр ізді.
Біреу келіп, біреу кетіп жататын

Мынау өмір езі вокзал тәрізді.

БҮТІН БОЛШЫ, КӨҢІЛДЕР

Асыл шыны, ақ фарфор,
Абайсызда қирады.
Білем, көңілің енді оны
Жоқ дегенге қимады,

Қабағыңнан сол үшін
Қойды кейіс тарамай,
Адамдар да жоқ болады
Ұлылығына қарамай.

Фәни дүние десеңші,
Құзырыңа таң қылып...
Шыны сынса, кейиміз
Көңіл сынса, заңдылық

Деп қараймыз, ақылды
Өзімізше пілдейміз,
Адам жаны фарфордан
Ақ, нәзігін білмейміз.

Шарт сындырып кетеміз,
Сәл нәрсені шам қылып.
Болса дейміз тағы да
Дүние толы заңдылық.

Қалмасыншы шынылар,
Түгесілсін темірлер.
Сау болсыншы жүректер,
Қирамасын көңілдер!

Қирамаса, көңілдер,
Қысқармайды өмірлер!
Өмір үшін ендеше,
Бүтін болшы, көңілдер!

СӨЗ

І

Мәніне бармай, болмашы ғана сөз дейсің.
Сол сөздің ғажап құдірет-күшін сезбейсің.
Сиқырлы сөздің құзырыменен кей-кейде
Жақынмен алыс, жатпенен тіпті өздейсің.

Ел арасында дау деген жүріп сонау кез,
Егер болғанда, елдікке, бастап осы сөз,
Қиынға тартып, қыңырлыққа бет бұрғанды
Қайырып алып, қаңтарғаны бар болып тез.

Қас батырларды шығармай қамап тұйықтан,
Қас аруларды ада қып ардан, сиықтан.
«Тіл кеспек жоқ» деп қасқайып тұрған бастарды,
Қақ орынында қағып түсірген иықтан.

Осы сөз дейді аспанда бұлтты ұйытқан,
Тас жүректерге мейірім атты құйып қан,
Көрікті сөздің көмегі дейді талайды
Шығарып алған ел егер болар тұйықтан.

Жүрекке жылы жағымды сөздер жыланды,–
Дейді ғой халық,– жылжытып іннен шығарды.
Өнерлім деп ел сүйсініп қадір тұтқан ғой
Төркінін танып мәнісін сөздің ұғарды.

Сыйлаған халық, аталы сөзге тоқтаған,
Ер құнын кешіп, нар пұлын қиған жоқ таған.
Тыныштық ойлап, тынымсыздыққа тыйым деп,
Өкшелеп сезді оралып әсте соқпаған.

ІІ

Сөз су емес дос, кейбіреу судай аққанмен,
Мадақтап, мақтап кей мықтыларға жаққанмен.
Көрпедей құрақ қиюластырып, амалдап
Толтырып қалта, күнкөріс пұлын тапқанмен.

Қорлық деп сөзден жығылып жату, мертігіп,
Сөзі мен ісін тең ұстар есті ер жігіт.
Аянышты-ақ ынжыққа біткен қайран тіл,
Әмісе жүрер атасын сөздің өлтіріп.

«Е, дегеніңді емеурініңнен таныдым»,–
Демей ме сірә халықтық дана тағылым.
Аянышты-ақ
мылжыңға біткен қайран тіл,

Сан он мың жолмен түсірген сөздің қадірін.
Айтысып ашық,
келе де алмай кесектен,
Малтығып майда

шыға алмай жымсық, есептен.
Аянышты-ақ,
Күншілге біткен қайран тіл.
Жыбырлап жүріп

тамағын тапқан өсекпен.
Сонардай ізін сиқырлығымен жасырып,
Қимасына да түлкі боп айла асырып.
Аянышты-ақ, залымға біткен қайран тіл,

Әккі боп алған зұлымдықты ішер асы ғып.
Сүзеген кердей кекірең басып,
түйіліп,
«Мен көкірекпен» маңына ернін шүйіріп,

Аянышты-ақ, шайпауға біткен қайран тіл,
Жұлындай қарар жанап кеткенді үйіріп.

ІІІ

Шуақ қой жанға жарастық тапқан әзілдер
Әзіліңді де әрқилы ұғар қазіргі ел...
Жақсы айттың-ау деп жалтармай жанын
жайып сап,

Өрелі сөзге өтелімін дер әділдер.
Шат көңілді де, шақ көңілді де жеткізер,
Ток болып ұрып азабын-дағы шеккізер.
Жанға азық етіп бір жалғыз сөзді медеу ғып,

Қайсы бір адал күтумен өмір өткізер.
Көрінбес нәзік қыл болып жалғар жүректі,
Көңілдерді аршып, көпір боп қосар тілекті.
Сөз бұзбас қамал, сөз шешпес түйін болар ма!

Өмірге күллі табасыз сөзден тиекті.
Осындай сөздің алуан-алуан қыры бар,
Түпсізде терең мау құлақ ұқпас сыры бар.
Талдырып бірде жаз көңілдерді суытса,

Мәңгі от бірде ақ түтек кеуде жылынар.
Ендеше, достым, сөзбенен әсте ойнама,
Ол үшін пұлым шыққан жоқ қой деп ойлама.
Шекілдеуіктің қабығы емес тастайтын,

Өз сезің – өзің, қарайтын болсаң ойлана.

АЗАМАТ

Азамат!
Байыбына бара алғанға ғажап-ақ!
Жалғыз сөзде жатыр қанша мағына,
Жігітті алар көп кінәдан тазалап!

Азамат!
Бүркеншік те, лақап та емес, жария ат.
Азамат деп сүйсінеді ел жігітте
Биік болса, адамшылық, ар-ұят.

Азамат!
Бұл өмірден жанып өту алаулап!
Кешір, достым, бөрік киген бастар көп,
Ап азамат!

Шын азамат санаулы-ақ.

ТАҒДЫРҒА

Тағдырым.
Сен көлеңкемдейсің,
Қия бастырмайсың,
Бірде жел, бірде сеңдейсің,

Аршындап асқындайсың.
Тағдырым,
Келесің күн болып, түн болып,
Қалмайсың, қарқындайсың.

Мейлің келсең де кім болып,
Мен үшін өзіңсің,
Өзге боп артылмайсың.
О, тағдыр,

Арбадың, ала алмадың,
Тізгінді бергенім жоқ.
Адам боп өмірге мен
Саған бағына келгенім жоқ.

* * *
Әлдекімді айыптап,
Әлдекімге өкпелеп
Жүргенше, дос, бір сәтке

Қал арыңмен бетпе-бет.

ТІЛЕК

Адамның терлейтін сәті көп,
Өйткені ол шығар саты көп.
Құмырсқа пенденің өмірде
Тынымдар тыныш бір сәті жоқ.

Даңқ беріп, ұшырма жер-көкке,
Тақ беріп, биікке өрлетпе.
Адамдық ұжданнан аттатып,
Ұяттан тағдырым терлетпе.

Ризамын кейітсең, жылатсаң,
Түзелем, тұрамын құлатсаң.
Беттен от шығарып, тағдырым,
Тек қана терлетпе ұяттан.

Қияйын қымбатты өмірдей,
Табайын төзімді темірдей.
Тілерім өзіңнен, тағдырым,
Терлетпе ұяттан өлімдей.

* * *
Самал жел сыңарым ғой
Жүзімнен күліп өбкен.
Ақша бұлт – ақ жаулығым

Сол сәтте ұшып кеткен.
Ақ сағым – аяулымның.
Алқа ғып сыйлағаны.
Жұлдыздар – сол алқамның

Кеудеме сыймағаны.
Заңғар тау – тұғырым ғой,
Төбелер – таянышым.
Төгілген жылы жаңбыр –

Мейірім, аянышым.
Мұхитқа көз тасташы,
Ол – менің толқынды ойым,
Ақ терек аспан сүйген,

Ол – менің сындар бойым.
Көкте күн күлімдеген.
Мендегі бітпес жалын.
Әппақ, нұр, сұлу сәуле

Ол – менің намыс-арым.
Табиғат «құдай» дейміз,
Менімен ғана құдай.
Алдыңа менсіз жерде

Тылсымын тартқан ұдай.

ҚОБДИША БЕТІНДЕГІ СУРЕТ

Көркің қандай, япыр-ай, көгілдір Ніл,
Аймағыңа көк мұнар төгіпсің нұр.
Жағандағы майысқан мәуелі бақ
Тамашалап бейнесін түйелі тұр.

Жапырағын кең жайған сая ағашың,
Қасиетті хұрмаға бай ағашың,
Әлемге әйгі ғажайып Пирамидаң
Көлеңкемді дей ме адам саяласын...

Қобдишамның бетінде осы сурет,
Әсерінен жыр төкті толқып жүрек.
Кім екенсің Сахара – шөл асырып,
Он саусақтан сұлу саз төккен, құдірет!

УАҚЫТ

Сұхбатпенен отырсаң,
Жетпейтінін қайтерсің!
Күтер болсаң, келер деп
Өтпейтінін қайтерсің.

Кейістінің көңілін,
Тазартатын жұбатып,
Таразы да төреші,
Ғажап-ау бұл уақыт!

* * *
Көкірегің!– дейсін-ау көкірегің! –
Ал ашып айт, сондағы не тілегің?
Көкірексіз адам боп неге керек,

Бұлдаушыдан сақтасын кекіреңін.

ШЫНАР

Қына да жоқ бетінде жалтыр жартас
Тұр басында қасқайып жалғыз шынар.
Жан сезім жоқ ол баурап тартып алмас
«Үні шықпас жалғыздың»... – жалған шығар.

Тұр қасқайып бейне қас батырлардай,
Өлерменді өмірге шақырғандай,
Құларманға:
«Тұр, сен!»—деп ақырғандай,

Жүректерде арай таң атырғандай.
Сөнбейтұғын жастықтың алауындай,
Мәңгілік бір жаныңның қалауындай.
Қажымас та қалғымас қарауылдай,

Өлмес өмір жығылмас жалауындай.
Көз суарып, атой сап шың басынан...
Өтпеген бір қиындық, мұң басынан,
Аптап, аяз, ақ боран ала алмайтын,

Шынар адам
аумайды тұлғасынан.

КҮДІК

Жастықта аяқты сирек қой жүру тең басып,
Кетесің кейде аттап, алға асып,
Қаласың кейіндеп кем басып,
Бұралаң бұрысты өмірдің езі боп

Жатады қадамдар әр тұстан тоғысып, жалғасып.
Апайтөс батырдай кеудені желге ашып,
Аршынды жүйріктей жараған тақ асып,
Өмірге бөбектей тым аңқау қарасып...

Жатқан бір кең жайлау жомарттық,
дарқандық –
Жастыққа бәрі де тұрады жарасып.
Шағында марқайған, жантайған,

Тап болып әр пәле әр қайдан...
Көк дөнен көңілдің тізгінін уыстап,
Төмпешік төбе боп көрініп,
Орала береді ойыңа «әй, қайдам!»

САМАЛ

Самал, сенен нәзік не бар, жұмсақ не?
Айтсыншы әлем,
айтсыншы аспан аясы!
Үміт құсын ұшырар шартарапқа,

Алақаның көңілдердің саясы.
Жер жаһанды кезіп мынау іздейсің,
Кейіс қабақ болу үшін панасы
Нәзік демің желпіп өтсе, ақырын

Жеңілдейді сыздаған жан жарасы.
Маған күншіл,
саған дұшпан – ызғырық,
Өмір заңы келе атқалы біз біліп...

Арамызда бар ғой әлі қайсы бір
Жетпейтіндер сендегі бар ізгілік.
* * *
Түн құлазып,

тәрізді тұлдыр жазық,
Мен құлазып
сабырды етем азық.
Ұйқы алмай тілімді

қажытқан соң
Мақпал түнге
ойымды тұрмын жазып.
Маужырайды мамыр түн

мүлгіп маңай,
Жарығы жоқ
тәрізді күңгірт сарай.
Жаудыр түнге,

жарқын ой тұрмын жазып.
Түн жылжиды
өйткені, таңға қарай.

ШЫҢДАР

Шыңдар көп өңірде де, өмірде де,
Шыңдар көп алынбаған көңілде де
Шың-шың деп шыңылдайды, ұмтылады,
Шың құмар не төмпешік, небір төбе.

«Базарға қарап тұрсақ, әркім барар» –
Дегендей,
Әккі қулар шыңды да алар...
Шығу бар, шың болу бар... несі ғажап,

Шың болып жаралмаған болсаң әгар.
Шың болсаң, халық алар тауып, танып,
Алтынды жез етпейсің жауып, жабып.
Жел үрлеп қай жағымнан ұшырады деп,

Зая ғой өткен өмір қауыптанып.
Шың болсаң, шын бол оқтар өтпейтіндей
Ұмсынған аламан қол жетпейтіндей.
Құрақты, қойнауы кең, саялы бол,

Мәңгіге жүректерден кетпейтіндей.
* * *
Күнім десем, күлімдейсің,
Күн болудан қашпайсың.

Күн жарығы түссе әлемге,
Сен өзіңнен аспайсың...
* * *

І

«Үш қадірсіз,
үш арсыз» бар дейді халық,
Түсініп терең,
айтқан ғой төркінін танып.

Қысқа жаз өтіп,
қоңыр күз жетіп жатады,
Өткеріп бәрін
жүрміз бе мәніне барып.

Амандық, жастық,
денсаулық дейді қадірсіз,
«Басқа іс түскен
баспақшыл» шақта танисыз.

Өткізіп алып,
өкініш шеккен пендеміз,
Тартпайтын аяқ
түскенше барып қабырға із.

ІІ

Ұйқы мен күлкі,
тамақ дейді ғой арсыздар,
Жатса да мұның
мағынасында қанша ызғар,

Ұйқы ұйықтап,
тамақ іштің деп ешкім сөкпейді.
Қайғылы қаза
үстінде дағы жан сыздар.

Жер басып жүре
алмайтынындай ауасыз,
Тірліктің көзі,
қалай деп кінә тағасыз!

Күрмеліп тілі,
аяғын әзер басқанды айт,
Аянышсыз-ақ
бейшара дерлік дауасыз.

НАЗ

Тірімде «соны қойшы» деп,
Күдерді әбден үзесің.
Көз жұмсам «ғажап еді-ау» – деп,
Қадірімді айтып тізесің.

Осындай өмір жайың бар
Айтпасам ішке сыймайды.
Қызықсын да қымбатсын
Тек сол бір жерің қинайды.

ҚОЙЫН ДӘПТЕР

Қойын дәптер,
Өлең атты пірімнің,
Ұясындай
Жанға ашпас сырымның.

Өнер шыңын ойып әкел демесең,
Тек өзіңмен кеңесем.
Сыртың кешкі батар күнге ұқсай ма!
Қызыл арай қыз бақытын нұсқай ма!

Қиын шақта,
Құйын шақта қолдаған
Шабыт шамы бол маған!

HEЛІКTEH

Пәкті қалайсың,
Ақты сүйесің,
Неліктен,
«Беу қара көздер!» – деп

Табынып күйесің?
Пәкті қалайсың,
Ақты сүйесің.
Неліктен

Қолаң шаш, қара қас көрсең
Алып ақ басынды иесің?

ТАЛАСПАН

Жүрсем де үйімде мен табақ тасып,
Келемін түзде өзіңмен қанаттасып.
Қарайсың жерді сызған көйлегіме,
Көзіңді көтере алмай ойлы өңіме.

Қарайтын аяғыма дұшпан ба едің?
Әлде мен қыс боп сені қысқан ба едім?
«Танымас күш атасын» болса егер,
Бөліп ап әйел, ер деп келмейді өнер.

Ерде күш, әйелде айла сан белдескен,
Өткір сөз осал ма екен наркескеннен!
Намысын өзі қорғап сен дескеннің,
Несі ерсі жымсып жүріп ар кешкеннен.

Ендеше өнерді айт, адамдықты айт,
Әділді, жарға жықпас адалдықты айт.
Тырсиып, тілін жұтып, нарға жүксіп,
Жүргеннен сақтасын да бықсып, бүксіп.

Таласпан өлім білмей биікке мен,
Тер төкпей жымсып, жылжып биіктемен.
Адамға еңбекпенен биіктеген
Табынам әр басымды иіп темен.

Е, достым, қиын
қалында
Қияқ құрлы байқалмағаның.
Жаралып, гүл деп аталып,

Бүр ашып жайқалмағаның.
Бойыңды балқытқан сезіммен
Түніңді төрт бөліп оянбағаның.
Елжірей еміреніп отырып,

Ақ бесік таянбағаның.
Бауырыңнан балапан өргізіп,
Қанатты жая алмағаның...
Өмірді жалғауға жаралған гүліңді

Тағдырым қай алдағанын!
* * *
Кемсітерің басымдағы жаулығым,
Жаулық деген – ертеденгі даулы ұғым.

Жаным емес, жаулығыма қарайсын,
Өзің айтшы, осы емес пе «жаулығың».
* * *
Көлеңке дейміз,

Мәнісін барлап қаралық,
Ақтарар болсақ,
Кетеді талдай таралып.
Күн түскен затқа

Көлеңке түспей қалмайды,
Қайсысы болсын
Мәңгіге бірақ бармайды.
Көңілге шуақ

Түссе ғарышқа самғайды,
Көлеңке түссе,
Ой түнек болып қармайды.
Осындай сәтте

Жақсы әрекеттен қалмайды,
Жасықтың жаны
Үрлесең-дағы жанбайды.
* * *

Көлеңкесіз өтсінші
Өмірін де көңілің. –
Деп достарға үйеміз
Тілектердің небірін.

Көлеңкеге әділ ме
Осы берген бағамыз.
Қоймай жүріп шілдеде
Көлеңке іздеп табамыз...

Көлеңкені бұл күнде
Адамнан да іздейміз...
Көлеңкеміз болса егер,
Біз де нәнбіз, пілдейміз.

Көлеңкесін адамның
Жанашырмен бір дейік...
Көлеңкесіз қалғанда ол
Маңын көрмей жүрмейік.

* * *
Сегізінші март!
Март айының сегізі –
Біздер үшін жылы лебіз теңізі.

Саралатып, салмақтатып сан қырын,
Ойлантады теңіз сөздер негізі.
Әйелдерге бұл күн өлең арналып,
Аталамыз «мықты қауым, нар халық».

Шыққан биік, білім, ақыл-парасат
Көгенделіп, тізіледі баршалық.
Бұл күн әркім жан-жүрегін ақтарып,
Жүзін мөлдір шық жууға шақ қалып...

Шоқ жұлдыз боп аспанында Шығыстың
Мәртебеміз биіктейді мақталып.
Бұл күн бізге шоқ-шоқ гүлдер сыйлайды,
Барлық асыл сөзді теріп жинайды.

Бар биікті бізге беріп бұл күні,
Ертеңінде төмпешікті қимайды.

СЕН МАҚТАМА

Демеймін мен қалай саған жақпағам,
Жарамсақсу, жалбарыну жат маған.
«А құдайлап» күніне жүз сыйынған
Құдіретің де барша адамға жақпаған.

Ұнайын деп тырыспаймын тап саған,
Сен мақтама, демей-ақ қой жақсы адам.
Таразы өмір өзі-ақ айтар қайсымыз
Аяғы емес, адамдығы ақсаған.

Болмайтұғын бұлты менен жауыны,
Тарқамайтын думаны мен сауығы,
Жаныңды мен сен айтты деп жәбірлеп,
Ете алмаспын «тарылынын. тауығы».

Ашық айттым, орыны жоқ өкпенің,
Бірде қысын, бірде киіп көктемін,
Адамына қарап алмастыратын,
Алып-салма екі жүзім жоқ менің.

ЖҰЛДЫЗ

Жұлдыздар көп көкте де,
Жұлдыздар көп жерде де.
Ұнатамын жанғанын
Көкіректе, кеудеде.

Жұлдыздар көп өмірде,
Жұлдыздар көп өңірде.
Ұнатамын мен бірақ
Жанғандарын көңілде.

* * *
Сеніспесең, сыр ашпа.
Сеніскен соң сынаспа.
Мерейі үшін арыңның,

Уәде айтсаң, ыраста.
Достық деген нәзік жіп,
Алсаң жалғарсың үзіп.
Бірақ сыны қала ма

Қойсаң түйіндер тізіп.

ТҮН

Жолдай-ақ түнек дүниеге
Ноқталап алып баратын,
Түн десе болды адамдар
Қақпайды қыран қанатын.

Алғаннан ба екен жарымын
Өмірдің, түнді жек керіп
Әйтеуір оны ұйқымен
Жібереді адам өткеріп.

О, өмір, жайын көп-ақ қой
Даралап қарар толғанып,
Ғашықтар күтеді асығып
Кеш батып, түннің болғанын.

ДАРҚАН БОЛСА ЖҮРЕГІҢ...

Қартаймайсың дейсің, мені күндейсің
Өз жүйкеңді өзің түтіп жүндейсің.
Соны ойлап ашытып аз миыңды,
Қартаятыныңды неғып білмейсің?

«Қартаяды ісегінде жаман қой» –
Дейді халық.
«Қалт айта ма», тамам ғой.
«Жақсы болса, жаужұмырды ит жемейді»

Жақсылығың – алынбайтын қамал ғой.
«Сырлы аяқтан сыр кетсе, сын кетпейді» –
Оны айтуға әділдігің жетпейді.
Көңілің кең, дарқан болса жүрегің

Жаны-тәнің көк өлеңдей көктейді.
Ішіне дәм түссе аузыңа ұстаған,
Болсаң-дағы осы аяққа ұқсаған,
Сыры кеткен, сыны өзінде көз тартар

Боласың, дос, сен де жақсы нұсқадан.
* * *
Дүние ісі ақыретке кетпейді
Кетірем деп кейбіреулер өктейді.

Қаңылтырды жалтыратып ысқанмен
Хас болаттың орынына өтпейді.
Дүние ісі ақыретке кетпейді
Кетірем деп кейбіреулер ептейді.

Жаралмышта нәрі бардын бойында
Өлмейді дән, қайтсең де өсіп кектейді.

БИІК ПЕНЕН AЛACA

Аласасыз биік жоқ,
Биіксіз жоқ аласа.
Мынау дүние бітіспес,
Қайшылығымен тамаша.

Неге құмар сонда осы
Адам біткен биікке?
Аласарған күні олар
Қалып жүр ғой күйікте.

Жұлдыз біткен ғарышта,
Төмен қарап ағады.
Жаның түлер жақсы ойды
Тек тереңнен алады.

Мәуелі бақ жемісі
Тола, төмен өседі.
Ақ қар асқар төсінен
Төмен қарай көшеді.

Биікпін деп бұлғақтау
Өткінші бір көңіл ғой...
«Тозбасты ұста соқпайды.
Жіберсеңіз өмірге ой.

Аласаның, биіктің
Бәрібір бар ақыры.
Аласармас сонда тек
Биік болған ақылы.

Биік емес, жармассақ
Жараспас па санаға?
Топырақта сары алтын
Танылмайша қала ма!

* * *
Біреуге «күн-айсың», ұнайсың,
Өңменнен өткен кей көздерге шыдайсың.
Қайсы бір сәлемге бас та изеп қаласың,

«Хал қалай, бауыр» деп монтаны сұрайтын.
Ал келіп арыңмен бетпе-бет қаласың,
Жоқ болып шығады ешкіммен таласың.
О, достым, осылай жүріп сен танисың

Адамның ішіндегі аласын.

МЕН ӘН ТӨКСЕМ..

Мен ән төксем, Алатауды
Алдыма әкеп иемін.
Жыр асырам шың-құзынан
Ғарышқа асқан иегін.

Кешір, досым,
«Тасып кеттің, –
Деме, – мұның өлім ғой»
Жәй әншейін осындай бір

Болсам деген көңіл ғой!
* * *
Ұнатарым – аппақ көңіл ашықтық.
Тағдыр мені қойған соған нәсіп қып.

Қайсыбіреу пайдаланып мұнымды
Маңдайыма тақ еткізеді қасық қып.
Ой, тоба—ай, бұл жаралмышты қойсаңшы,
Сол қасықтан алмаймын ғой ой тамшы

Өкінерім жоқ мұныма,
Көпке ұнар
Қасиетімді біреу үшін жойсамшы!
Арамдығын асырғанмен артты кім?

Адамдыққа жарасымсыз,
Қалтқы-мін.
Айырбасқа бара алмаспын даңқ үшін,
Қанымдағы халқымның бұл мәрттігін.

* * *
Мен ойымды ақтарып айтып үйренгем
Жерім жоқ әсте көлгірсіп әдейі именген.
Жек көрем жанды өтірік күліп үйге енген

Әділеттікті қаршадайымнан сүйгеннен.
* * *
Дейтінің де бар мені толқымалы,
Қалай ғана толқымай ол тынады!

Көкірегімде күй жатыр теңіздейін
Басылмаған өр, асау толқыны әлі
Сол бір күйім көк жойқын толқымалы
Рахатқа жаныңды толтырады.

Үміттенбе үзеңгім үзілер деп,
Қайда барсаң алдында ол тұрады.
Ол тұрады алдында – мен тұрамын.
Құлағында құйқылжып толқыр әнім.

Қалайтының аташы қай мінезім,
Бәрін табам, олқынды толтырамын.
Дейтінің де бар мені толқымалы,
Қалай ғана толқымай ол тынады.

Көкірегімде күй жатыр теңіздейін
Басылмаған өр, асау толқыны әлі.

ОЙ

Бір ой мүлде әзәзілдей
Жақыныңды жат қылып,
Тұнық халіңді ылайласа,
Жұп күйінді тақ қылып.

Бір ой оған сайыс құрып,
Қарсы шығып, қасқиып,
Қамалды алар, қас түнекті
Сенен алыс лақтырып.

Ойлар ылғи осылайша
Баста жүріп таласа,
Мен байғұсқа көбінесе
Бермей кетеді араша.

* * *
Жарысы жүйріктердің мынау заман,
Жүзінен жүлделінің нұр аумаған.
Биік шың бітпес арман жетелеген,

Кейбіреу алдамшы үмітті ылаулаған.
Өмір – теңіз, адамдар сыр аулаған,
Сыр аулаған кей жүзде мұң аунаған.
Баршындай бақ, торықпас тұлпар талап

Сайысында кей самай қыраулаған.
Сынап сынды толқыған еспе көңіл,
Бұрмалама ойымды, шешпе женіл.
Құмырсқадай дән тасып, дамыл алмай

Бұл дүниеден қыруар көшкен өмір.
Көшкен өмір ізі бар – кесте небір,
Кестесіне ой жібер шешпе жеңіл.
Жақсылықты ұмытшақ адам пенде,

Қиынымен қымбат қой дескен өмір.
* * *
Адам өлмейді
Тіршілік туындайды.

Сырбай
Адам өледі,
Өтірігі ашылғанда.
Адам өледі,

Айыбы бетіне басылғанда.
Адам өледі,
Ар аттағанда,
Тышқан аулаған кәрі бүркітше,

Ұсақты қарақтағанда.

АЯУЛЫЛАРЫМ

БАБАЛАРЫМ ХАҚЫНДА

Сәулетті сарайларды салмады деп,
Жазылып көне тарих қалмады деп
Кеййміз,
бабаларды жазғырамыз,

Кәсіпке малдан өзге бармады деп.
Аңқылдап, несібесін тауып ақтан,
Даласын қайыстырып малын баққан.
Жерінің молы үшін де кінәлаймыз...

Телегей-теңіз ырыс төгіп жатқан.
Орнығып осы пікір көкейге кең,
Көнені бойымызға көрмейтін тең
Болады шақтарымыз,

сол бабалар
Ойлалық, рухани кедей ме екен.
Жанына жақсы сөзді азық еткен,
Төреші, пәтуаға қазық еткен.

Жеткізген бізге елдік, ерлік сырын
Бағалы бабалардың азы неткен.
Әнінде жатыр жаны ақтарыла,
Сиярлық күмбір күйі мақтаныңа.

Бабалар салған тізсек жыр сарайын,
Келетін елің сирек қапталына.
Көпірме, қыңыр қилы көзқарастар
Бейне бір киімдегі тозған астар

Тәрізді
күпсінеді от басында
Оятып ой тереңнен қозғамастар.
Намысы, ел бар ма оның кегі кеткен,

Басынып келген жауын еңіреткен.
Малынын. тұяғымен болашаққа
Несібе сол бабалар егіп өткен.
Жазира жайсаң дарқан жаны көктем,

Үлкеннің кішіге айтқан назы өткен.
Малының тұяғымен даласына
Тарихын сол бабалар жазып өткен.
Кітап қой оқи алсаң мынау аймақ

Ерінбей шегі-шетін кезсең айлап.
Тарих та, ғимарат та, жасыл бақ та
Бабалар даласында жатыр сайрап.

АҒАЛАРЫМ ХАҚЫНДА

1

Сезімсіз жүрегінде елім деген,
Елім деп ең қиынға жегілмеген,
Сол үшін тоңып, күйіп, жанып бітпей,
Не керек мимырт, митың өмір деген.

Септігің тию оған сәл де болса,
Арысы, бұзбай айтқан ән де болса....
Пішінің, тілің, ғұрпың, әрекетің
Өткеріп тұрар парыз әрде болса!..

Бауырым, сонда ғана азаматсың,
Өйтпесең, бәрібір сен жаза бастың.
Ой жібер Шоқан, Абай, Ыбырайға,
Қамынан биік тұрған қара бастың.

2

Бүгінге, болашаққа бағдар сөзі,
(Үш-үштен берген екен тағдыр өзі)
Сәкен мен Ілиястың, Биағаңның
Өмірі – түгесілмес ғибрат көзі.

Шіркін-ай, елім өссе-ау, ерім өссе-ау,
Өзгемен терезе тең күйге көшсе-ау, –
Деп Қаныш, Мұхтар, Әлкей – ғұламалар
Бағыштап ақыл-күшін ғұмыр кешті-ау.

Ардагер алғашқылар арасында,
Жаңаша сөз сарайын қаласуда
Ғабиден, Ғабит, Сәбит эстафета
Жалғады жаңа бағыт, жаңа асуға.

3

Өмірден талай есім еткені бар,
Бүгінге ғасыр асып жеткені бар.
Елдікке бастап елін өрге сүйреп,
Артына аңыз болып кеткені бар.

Ішінде осындай шоқ есімдердің,
Елінің абыройын өсіргеннің
Бауыржан, Батыр Мәлік, Ер Төлеген,
Ғасырлар өтсе, болар есінде елдің.

Ер тусаң осылардай ту дер едім,
Соларша ел намысын қу дер едім.
Ел үшін тоңып, күйіп-жанып, сөнбей
Өткізген өмір мәнсіз құр дер едім.

АЛЫПТАР ПОРТРЕТІ АЛДЫНДА

Алдында тұрмын алыптар портретінің,
Есімдері мен еңбектері бар білетінім.
Жылдарды бойлап
шегініп кері ойым түр,

Саралай барлап
мәнісін ел құрметінің.
Ілияс, Сәкен,
ізетпен дейміз Биағаң.

Егіздер дерсің
қанаттанған бір ұядан.
Тұлға, тұрпаты,
парасат, дарын өресі

Толқытып, баурап,
жүрекке ыстық құяды ән.
Жауыққан жауды
алыстан тапқан, алыстан,

Бауырын даттап,
қарындасымен алысқан
Емес дейді олар
біреуді сүріндіріп кеп

Масайрап орын
алмаған дейді ғарыштан.
Есеппен дос боп
абырой-атақ жимаған,

Қас болып досқа
қапысын тауып қинаған
Емес дейді олар,
арамдықпенен биіктеп,

Залымдықпенен
«бит ішіне қан құймаған»
Ғажап-ау пай-пай,
дерсін бір қалай нар туған.

Кейбіреулердей
атақ-даңқ емес, ар қуған.
Елім деп күйіп,
елім деп тоңған,

сол үшін
Көбелек болып
шыбын жандары шарқ ұрған.
Көмірдей қара

шаштарда ақ жоқ жалғыз тал,
Қараған үнсіз
жүздерде мынау бар ма ызғар.
Мейірім төккен

тұп-тұнық мөлдір көздерден
Төгілер сынды
ғажайып сырлар жан сыздар.
Тоқсанға келді

деп тойлап біздер мәзбіз-ақ.
Құзыры күшті
уақыт өзі жалғыз-ақ
Сала алмай ізін,

күн асқан сайын биіктеп,
Жігіт күйінде,
ғасырлар асып,
аз ғұмыр жасап,

мәңгі өлмей, есте қалды ұзақ.

ӨЗІҢСІҢ ПОЭЗИЯ ГИМАЛАЙЫ

Жүргенде жігері құм, арманда адам,
Сен соның азаттығын армандаған
Бірі едің ізгі жанның қармағына
Өлеңнен өзге күрес қармалмаған.

Атар таң аймағына бергенде арай,
Сен мәңгі бұрдың бетті соған қарай,
«Алқыны басылмаған арынды» асау,
Шығандап шың басына шықтың талай.

Халқыңның көкірегіне күй құрағын
Көктетіп,
Тасқындаттың жыр бұлағын,
Паш етіп өңір сырын, өмір сырын

Өлеңнің мұхитына жылжыды ағын.
Шарлады дүниені өктем үнің
Жұмыр жер естімеген әсте бұрын
Қазақтың сахарасын сілкіндіріп,

Өлеңнің жасадың сен Октябрін.
Тасқынды тау селіндей жыр арнадан
Тасыттың
Сүйсінбейше тұрар ма адам!

Дауысың көк аспанда қалды тұнып,
«Шабуыл өнерге» деп ұрандаған.
Жасадың жүрегімде жыр ұясын,
Ардагер аяулы аға, Ілиясым.

Халқыңа қалдырдың сен бітпес азық,
Байытар рухани дүниесін.
Күн жетіп күн артынан озар ғасыр,
Мұраты сарғайғанның деген ғасыл...

Қаншама топырақта жатса дағы,
Қарайып тот басар ма, тозар ма асыл!
Бұлтты, найзағайлы күндер өтті,
Шалқыды қаз дауысың жарып топты.

Толқытып поэзия қан тамырын
Тоқтаған ақын жүрек қайта соқты.
Бейне бір көктеменің гүлдер айы
Солмайтын мәңгі жасыл гүл маңайы.

Болар да алып тұлғаң тұрар асқақ
Секілді поэзия Гималайы!

СӘБИТ АҒАМЕН СЫРЛАСУ

Сәбит аға,
арналып сізге қанша жыр.
Ақтара айтып,
Ашылды білем қанша сыр.

Толқымай көңіл,
Жырламай жүрек қалатын емес бүгін де,
Төгіліп кеткен
Таба алар емес жан сабыр.

Мен сізді сонау
Галстук тағып,
партада отырған шағымда
тыңдағам,

Егіліп тұрып,
мұңыма қосып,
«Жетім қыз күйін» де
мұндағам.

Балбөпе, Гүлжан, Қозыбақтарға ілесіп,
Талап қанатында
Тасқынды жігер шындағам.
Танып ем өмір

Арқалап жүріп томыңды,
Сіз тұрған шыңға
Бағдарлаған да ем жолымды.
Аяйтын едім

Сұлушаш пенен Бәтесті,
Армандаушы едім
Айбарша, Гүлнар, Ботакөздердей болуды.
Сіз сұлу жырлардан

Жасақтадыңыз армия,
Жолында оның
Жапырылып талай жар, қия
Сезімді жаулап,

Көңілде бұлбұл сайратып,
Әрбір жүрекке
Қалықтап қонып салды ұя
Сүйсінтіп көпті

Шежіре, ғұламалығыңды таныттың,
Атандың әйгі
Ең мәшһүр ұлы халықтың.
Көз жұмғанынша

Қаламың түспей қолыңнан,
Бұрқырап жатты
Қайнар бұлағы шабыттың.
Әр үйге бүгін

Түсіріп шуақ арайлы,
Томдарың төрде
Өзің боп күліп қарайды.
«Өткелдер» сонау,

«Өскен жол» сонау сайраған
Сара жол болып
Ғасырларды асып,
бүкіл аспан астына тарайды

«Ботакөз», «Аққан жұлдыздар»
Бүкіл әлемді аралап
Дән етіп жүрген
Гүлдейді әсем жаңа бақ.

«Тында туғандар»
Толқытып, егін көктетіп,
Жер беті қайта түлейді
өркендеп, өсіп жаңалап.

Қар бұзып берген
Төтелеп, тыңнан жол бастап,
Ағалар ісі
Ұласып әрі,

Ұлы дәстүрлер болып жалғаспақ.
Толғанып сіздер,
«Алыптар тобы», тұрарсыз...
Келер ұрпаққа

Сүйсіне қарап, ой тастап.
Халқыңа еткен
Еңбегіңді айтып, түгесіп
Бола ма бүгін

Сіз шыққан биікке ілесіп,
Дара тудыңыз,
Дара тұрарсыз
Жеке батырдай тұлғалым,

Жетсе де қанша
Бұлар бой жетіп, ұл өсіп.
Толтырып олқы
Одақта жүрер кезіңді

Кіші пейілін,
Бауырмал жылы өзіңді,
Күнде көреміз,
Күнде естиміз,

Әйтсе де,
Бүгінгі ұрпақ
Іздейді әр кез езінді.

ҚАЗАҚТЫҢ АҚЫН БҰЛБҰЛЫ

«Мекен қып сусыз аралды,
Амалсыз қонған қаз» едің.
Қанатын қомдап, көк шарлап,
Ұша алмай еркін наза едің.

Сабырмен күтіп «Сұңқарды»
Көрмедің жасып, бас иіп,
«Аралдан елсіз» құтқарды
Азаттық атты ақиық.

Еркіндік алып айдынның
Ақ төсін ерек шарладың.
Жаңарған байтақ елінде
Сандуғаш сынды сайрадың.

«Үлгілі сөздің» ұстасы,
Өнері асқан өрім ең.
Ертерек кеттің амал не,
Осынау сәнді өмірден.

Толқыған жүрек түбінен
Арналды сізге бұл жырым.
Гүл-жырға бөлеп өтерміз,
Қазақтың ақын бұлбұлын.

МӘНШҮК

Түйіліп шүберекке адам жаны,
Неше күн түтегелі оқ бораны.
Жансебіл, бұралқы жау бастырмалап,
Алса да сыбағасын тоқтамады.

От дауыл басылмады, қайта үдеп
Әлемді бір сұрапыл басты түтек.
Оқ шашқан жау ұясын байқады да,
Қайсар қыз соған бетті алды түзеп.

Шарт түйіп қабағына ел намысын,
Бойда бар жинап күллі қаһар күшін.
Қырандай қылт еткенін қиып түсіп,
Құрытты қысылшаңда жаудың мысын.

Боратып пулеметтен төкті жасын...
Талқандап жаудың соңғы от ұясын,
Көрсеткен мұнша қайрат жауынгер қыз
Оққа ұшты, көрді ерлер Мәнсиясын.

Алғандай көз шырымын бір мезетке,
Мандайын сүйеп қана пулеметке,
Қалыпты ол жер бауырлап,
жас арудың

Өлімі шақырғандай ерді кекке.
Алынды жау қолынан бұл күн Невель,
Құлпырды қайта көктеп, жаңарып жер.
Қазір де сол Невельдің төрінде тұр,

Қарайды ер тұлғасын қадірлеп ел.

ЗҮЛФИЯҒА

Көрмесем дағы жүздесіп,
Ашпасаң дағы күнде есік.
Бейтаныс, бөтен емеспіз
Жататын мынау кім десіп.

Іргелес байтақ жұртымыз.
Егіздей әсем ғұрпымыз.
Сона бір күндей, бүгін де
Тағдыры ұқсас құрбымыз.

Басымда Ташкент топпосы.
Сен төккен әсем оқасы.
Сенің де дастарқанында
Тың өлкемнің тоқашы.

Сен мақта жисаң ауылда,
Мен бағам түлік бауырда.
Өмірді солай гүлдетіп,
Етеміз еңбек қауымға.

Мызғымас достық іргеміз.
Біз де егіз, асар сын да егіз.
Өмірде, қиял арманда
Үнемі біздер біргеміз,

Көрмесем-дағы жүздесіп,
Ашпасаң-дағы күнде есік,
Қос дария суындай
Жырымыз жатсын үндесіп.

ЕГІЗБІЗ

Бір жүзіктің көзіне
Сыйғанындай атымыз,
Егіз елдің қызымыз,
Егіз шыққан затымыз.

Өзіміз де егізбіз.
Қауыштырған отты шақ.
Құйылған болат мүсіндей,
Құрыштай біздің дос құшақ.

МҰХТАР АҒАҒА

Секілденді босқа сөз
Жеткізбестей ойымды.
Көрсетіп қалғым келген жоқ,
Болмаса бүгін бойымды.

Өлеңнің үстем мерейі,
«Патшасы сөздің» дегеннен,
Мақұл көрдім, жақсы аға,
Құттықтауды өлеңмен.

Сезінемін анадай
Тәй-тәйлаған баланы
Ниетімді нәзік жыр
Жеткізе алса жарады.

Мақтанышын елінің
Қалайша жүрек жыр етпес!
Асыл аға, жүз жаса,
Біздер соған тілектес.

КОНЦЕРТ

Театр іші лық толы адам,
Сөнді шам.
Жым-жырт.
Жұрт тына қалған.

Толқыды торғын шымылдық сырғып,
Соққандай самал кең сахнадан.
Салмақты басып, асықпай, баяу,
Келді де тұрды ортаға таяу.

Тал бойын сынап, таппайсың еш мін,
Ұнамай ойға саларлық қаяу.
Қоңыржай бастап, біртіндеп ширап.
Қысылмай еркін көтере шырқап.

Отырған кепті үйіріп лезде,
Ұйытып алды әдемі ырғақ.
Ескі өмір сонау өртеген өзек
Елестеп өтті тізіліп кезек.

Сыры мол сұлу сызылған әннен,
Жүрегің барлап, көп нәрсе сезед...
Сандуғаш сайрап қонғандай талға...
Телміре тыңдап жұрт отыр залда:

«Сайраса сан кеш шаршауды білмес,
Тал бойы әннен құйылған жан ба!»
Ән сырын жалын үнменен төкті...
Таңдағы бұлбұл елестеп өтті,

Отырған орнын ұмытып қауым,
Орманды оймен аралап кетті.
Тетелес еді ежелден сырлас,
«Өртенген ұя» етіпті мұндас.

Қосылып ұшып қосағын жазбай,
Қалықтап өтті «Қос қарлығаш».
Саялы салқын орманды танап,
Ашылған гүлдей бір жас қыз – поляк.

Келеді міне, «жидегін тере»,
Ырғала билеп, сызыла қарап.
Шарықтап шыңға сермеген құлаш,
Өнердің асыл кені еді-ау, рас;

Өнерпаз елдің өрені жүйрік,
Бұл тұрған – біздің сүйікті Күләш.
Әр елдің әнін өзіндей шырқап,
Өрнегін салды асырып, сырлап.

Адамның жанын әлдилеп әнмен
Әлі тұр шырқап...
Отырмыз тыңдап.

АҚЫНҒА

Әйел жаны сырға сараң, берік қой,
Сырға сабыр егіз сынды серік қой.
Кейбіреудің өзіменен мәңгілік
Кетеді ғой не бір сыры, көрікті ой.

Әлсіздікке саймаңыз сыр ақтарсам,
Отты жыры кеуделерге жаққан шам.
Жақсылығын айтып нұрын тасытып,
Бүгін сірә айып та емес мақтансам.

Тізіп, теріп жұрт айтқанды жаңалап,
Жатпайын мен ұлы адам не ғажап-ақ.
Деп иемін мен басымды өзіңе
Ақын аға, аяулы абзал азамат.

ҚАЙРАН АҒАМ

Тұңғыш іңгә үнім тарап,
Сызға арқам тиген үйім.
Лаулап жалын жанды жалап,
Өртегендей мынау күйің.

Не үшін тағдыр кестің жаза
Қандай күйге тап болғамын!
Ұшқан ұям, маған таза
Шын ба осы жат болғаның?

Терезе-есік шегеленген,
Мұржа жабық қалған бүтін.
Сан естіп еш елемеген
Осы ма едің «Өшкен түтін».

Мен келгенде ауыл – думан,
Мәре-сәре болған күндер!
Ән, домбыра у да – шумен
Таң ататын тынбай үндер.

Ұзақты күн есікте еш
Тыным болмай жатқан күндер.
Ауыл-аймақ ертелі-кеш
Сый-құрметке батқан күндер.

«Әкел кәне, дастарқан жай,
Қымыз келтір, қазан көтер» –
Дейтін көңлің дастарқандай,
Таза жанын, астан бетер.

«Сапар, алшы домбыраңды,
Әнші балам, шырқашы бір.
Радиодағы соңғы әнді...
Сұлу саздан тыңдайық сыр» —

Деп келетін қауым болып,
Тілектері наз үйіріп,
Тыңдайтұғын ауыл болып
Көрмейтұғын ән тыйылып...

Ол кезде мен жатпаушы едім,
Ойлап, барлап беріп баға.
Тіршілігің екен сенің,
Қайран бауыр, қайран аға!

БАУЫРЖАН АҒА

Туысы бөлек,
Қадірі өзге қауымнан,
Ерекше тұлға,
Елім деп жаны ауырған.

Сайыста жеңіп,
Бәйгеден келген қас жүйрік,
Құттықтай келдік
Аяулы аға, Бауыржан!

Отындай жайдың
Жалт етіп ұшқын жанардан,
Қан кешулерде
Садаға дедің жан ардан.

Қиядан шолар
Ақиық бүркіт тұлғалым,
Халқының туған
Абыройы үшін жаралған.

Қаһары қанжар,
Иілмес тірлік қамы үшін,
Жақынын жақтап
Кеудеге қақпас алысын.

Әділдігімен
Аңыз боп көптің аузында,
Ту қып ұстаған
Туған елінің намысын.

Түймедей ісін
Түйеге балап мақтанып,
Төгіліп-тасып,
Жатпайды сырын ақтарып.

Жаныңа жат қой,
Күншілдік күңкіл, күйректік,
Қайсар қырандай
Ширақ, сергек бір сақ қалып.

Ұнатпағанын
Жасырып майпаңдамайтын,
Ақыл-кеңесті
Ағалық борыш санайтын.

Ілгері басқан
Әрбір қадамға қуанып,
Туған Отанның
Абыройына балайтын.

Аянсыз көпке,
Даңқыңызды айтып не дейін,
Жаз етіп жаның,
Жауқазын жырға бөлейін.

Жүлдегер аға,
Өнердің полковнигі боп,
Тағы да міне,
Асырдың елдің мерейін.

Тумайды батыр
Даңқ үшін атақ, бақ үшін,
Туады батыр
Елінің сынбас сағы үшін.

Болашақ ұрпақ.
Ұмтылар нысанасы боп,
Көп жаса
Отан, туған халқыңның бағы үшін.

АҚЫН

Ақында Ілиястан кім аса алған,
Мың бұлбұл көкірегіне ұя салған.
Табиғат жомарттықпен алуан сырлы
Өнерден сом тұлғасын құя салған.

Бар тыныс, барша демі, жаз көркімен,
Арлы ұл, ару қызын өз еркімен
Сайратып,
сан ғасырғы сонау байтақ

Даланды көз алдыңа қаз кетірген.
Тоты күй тоқсан тарау көз ілмеген,
Бірде асқақ, бірде нәзік сезімменен,
Бағынып ақындықтың құдіретіне

Жосылып жыр жолында безілдеген.
Ақын ол ел тұлғасын биіктеткен,
Ақын ол өр тұлғасын сүйікті еткен.
Ақын ол ескерткішін өзі қойып,

Арманды өмір жолын түйіп кеткен.

АЛАТАУЫ АҚЫНДАРДЫҢ

Жердегі әр биіктің бар атауы,
Әділ ғой сізді халық дана атауы.
Торқалы тойыңызға құтты болсын, –
Дей келдік, ақындардың Алатауы.

Қарт ата, сыңғыр көмей, жез таңдайлым,
Жеткізер құрметімді сөз таңдаймын.
Балғын ән, балауса жыр жүрегімде,
Оянған шырылынан «Боз торғайдың».

«Туған ел», «Қайран жастық», «Дина келін»,
Естілсе алты қырдан жиған елін.
Шырқатып, шығандатып, шың басынан,
Қайырып, сорғалатып құйған едің.

Демеңіз тақылдаған мұнысы кім,
Аймаққа менің де аян күміс үнім.
Жармасқан тұлпар өнер тізгініне,
Әйгілі Сара ақынның сіңдісімін.

Ән мен жыр халқымызға ырыстайын,
Гауһар су, мөлдір ауа тыныстайын.
Тұрғанда сіздей үлгім, мен неліктен,
Ұқсауға өзіңізге тырыспайын.

Кене ата, сомдап соққан ән естісін,
Тойыңа жиналған жұрт тағы естісін.
Дәстүрді өзі салған жалғастырып,
Ал, алқа, шырқап берем «Ақ ешкісін».

ШОЛПАН

Ақтоқтысың Ақан жанын
Жалыныңмен баураған.
От көзіңнің ұшқынынан
Өлік кеуде лаулаған.

Ақыл, мінез, көркіменен
Табындырған Абайды
Тоғжан да сен тал бойынан
Көктем ескен арайлы.

Самал болып аялаған,
Бала ноян Қозыны
Тұр-ау сенде
Ақ Баянның,

Маусым көркі, жаз үні.
Адам пенде махаббатын
Аспандатқан Еңліксің
Ер қаруы қолында ойнар

Тұла бойың ерліксің.
Ел тағдыры, ер намысы
Сынға түскен жорықта
Қобыландыға серік болған

Дана ару Құртқа –
Қазақтың бұл абзал жанды
Қыздарының тұлғасын
Нәзік сырын, пәк сезімін

Тал бойыңа жиғасың.
Бейнелеген сан ғасырлар
Армандаған сезімді,
Сияр деймін барлығынан

Дана десем өзіңді.
Өнерімен сүйсіндірген
Талғамы мол ортаны,
Жасай берші өскен қазақ

Өнерінің Шолпаны.

ЖЫР ШАШУ

Заңды дер достар бүгінгі көңіл тасуын,
Қиналмай жеңген сексеннің заңғар асуын.
Қадірменді аға торқалы мынау тойыңа,
Ерсі ме төксем меруерт жырдың шашуын.

Қаншама өмір жүреді бары сезілмей,
Қайсыбір өмір тозады борпыл бөзіндей,
Өзіңіз, аға, сүйегі берік шын асыл,
Қауымға қымбат, қимас көненің көзіндей.

Жарамай қалған жазуға парақ беттердей,
Қайсыбір өмір сөнеді парыз өткермей.
Ал өзіңізді сан сала еңбек сайысы
Жүйріктей жарау көмбеден алып өткендей.

Жалықпас ұстаз ұрпақтың қамын ойлаған,
Өмірдің мұхит тереңін сүзіп бойлаған.
Тірнектеп гүлдеп бал жиған ара тәрізді,
Өзіндей болар бұл замандағы ойлы адам.

Иіліп қауым, ілтифат тұтып сыйлайды,
Сапекең дейді ізетпен ғана сіз жайлы.
Сыйлата білген ағалық парасатыңыз,
Алдында іні, інілік парыз бұзбайды.

Өміріңіз бар көркі ерекше көктемдей,
Көңіліңіз бар күн мейірімін төккендей,.
Қалпыңыз бар жағасы жайлау қазақтың
Кен сахарасы көз алдымыздан өткендей.

Қалтқысыз аға, бұл көңілдегі шынымыз,
Бірдің ғана емес, ойы деп көптің ұғыңыз.
Біз тілектеспіз, өсер ұрпақтың бағы үшін,
Бір ғасыр өмір биігіне де шығыңыз.

Өріне өнер домалай берсін тасыңыз,
Өрмелеп шыңға биіктей берсін жасыңыз.
Тойыңызға аға, жыр-шашу ала кеп тұрған
Тұрсынхан дейтін ақ жанды қарындасыңыз.

ҚАЛЫҚТАП АРУ ЖЫРДЫҢ ҚАНАТЫМЕН...

Ал абзал қайсысынан бастағаным?
Арқаның шырқайын ба асқақ әнін?
Жорғалап жыр жолдары кетсін бе әлде,
Тойыңда, Әбділда аға, асқаралым!

Әйтеуір барынша бір төгілетін
Дәл бүгін ылайықты келді ретім.
Қазақтың поэзия тойы күні
Мен жәй бір бөгде ме екем шегінетін!

Жалпының бірі болып жаратылып,
Алады жалқы атын дара тұнық!
Тау деліп тау тізбегі аталғанмен
Әр шыны танылады дара тұрып.

Сол шындай сіздің дағы дара тұлғаң
Зер сөзің көңілдерде таң атырған.
Қар бұзып, жол салушы көсем дарын
Халқына үзіп берген жан отынан.

Келесіз жарты ғасыр жыр мүсіндей
Қалпыңыз еңбеккерлік үлгісіндей.
Шындармен өзіңіздей әлемге әйгі
Қазақтың өлең-жыры тұр кішірмей.

Алғандай бұлт ішінен аршып айды,
Драма, проза ма аршын ойлы.
Сіз жазған жыл ішінде мол дүние
Намысын ақындардың қамшылайды.

Тізгіндеп бар жанрды бір қолына
Бәрінен бастадыңыз жол соныға.
Таратып, талдап бәрін айтар едім
Сыймай тұр мынау нәзік жыр жолына.

Білмейді алау жаның тыным ала,
Келдіңіз тың қопара ғылымға да.
Үлгермей Мұхтар аға кеткен ісін
Қолға алып тәмәмдадың жаның сала.

Әріптес тұрғыласың таласа алмай,
Тақ тұру тақ ісіне жарасардай.
Не дейін топтан озсаң тұлпар демей,
Келесіз алдыңызға қара салмай.

Болғанмен барша жанға мирас арман,
Үлгі із қала ма әрбір жер басқаннан
Қалықтап ару жырдың қанатымен
Өттіңіз шырқай басып жеті асқардан.

Жақсы аға, құтты болсын мүшел тойын
Тербетер тындағанның ақыл-ойын
Ақ қанат жыр қолтықтап
Жамбыл алған

Қамалды ал,
арта берсін абыройың!

КӨП ПЕНЕН AЗ

Өмірде не аз, сонда даралық мол,
Қашанда азға көптей жетпейді қол.
Орманда не өспейді? Бәрі шынар
Емес қой әрбір аздың негізі сол.

Жайқалып жер көмкерер жаздың гүлі,
Жаудырап, жанар баурап алуан түрі
Бәрі әсем,
бірақ бірі Раушан емес,

Аңқыған жұпар исі аздың бірі.
Жақұт тас, Ақық, Меруерт көп қой Маржан,
Ешбірін дей алмаймыз құнсыз, арзан.
Бәрі асыл,

бірақ бірі Гауһар емес,
Құбылып, көрген көздің жауын алған.
Жүйрік көп,
емес бірақ бәрі дүлдүл,

Сайраған құстың бәрі емес бұлбұл.
Әр көптің аз атанған дарасы бар,
Ойлантар жаратылыс заңы бұл бір.
Осылай тізе берсем, сараланып,

Аздың да біраз жерге барары анық.
Адамнын талғамында шек бола ма,
Аз сиреп іріктесек қалары анық.
Аз аты аз,

емес оған дала тұнған,
Сондай бір сыры бөлек жаратылған.
Қазақтың аз қызының бірі – өзің
Шынардай көп ішінде дара тұрған.

Тәнтіміз мінезіңе кішіпейіл,
Жасқа да, жасы үлкенге беріп пейіл.
Жүргенің ақ жарылып, ақтарылып,
Шуақтай аймағыңа төгіп мейір.

Едің деп жастайыңнан өнерге икем,
Не дейін,
Еңбегіңе қандай сый тең.
Тасытып ел мерейін шың асырып,

Жасай бер әппақ жанды ару Бикен3.
* * *
Көзің жетік,
Көңілге аян,

Біліп тұрсың
Себептерді жетпейтін.
Сонда дағы
Болады екен.

Алыс арман
Көкірегінде гүл атып,
Жүрегіңнен
Мәңгілікке кетпейтін.

ЖАСАЙ БЕР, AҒA!

Жыр мазалап шала ұйқы
Жүргенде дала бағында,
Ерғалидың Хамиты
Атанған жаңа шағыңца.

Сен үшін Отан, ақ бесік!
Дедің де,
жауға кек өсіп
Аттандың...

кеудеңді оқ тесіп
Жеңіспен келдің от кешіп.
Оралдың... «тұрдың үш есе
Вахтаға,

Отың сөнбеді...
Қаламгер қауым мүшесі – »
Жыр алаулады сендегі.
Тасыды «Сенің өзенің»

Болар ма асау бұл сынды!
Орманға бөлеп өз елін,
Енбекке Гүлжан құлшынды.
Жеңіспен келген соны көп,

Мұхиттан асты үркіп сор.
Коммунизмнің жолы боп
Қасқады жаңа «Үлкен жол...»
Көшпенді елдің күмбірлеп

Орныққан күйін көңілге,
Аштың да сырын бір-бірлеп
Әкелдің қайта өмірге.
Ғасырлар асқан халықтың

Қиялың, арман, назың мұң
Толғадың терең таныттың
Күйімен Құрманғазының.
Тағы да нөпір, тасқын жыр

Жалғасып «Жылдар-жылдармен»,
Жетпісің жеті асқан қыр –
Шұғыла шашқан нұр дәурен!
Алдында асу молы бар,

Сегіз он, тоғыз, оны бар.
Шаршамай аға, оны да ал
Қыран боп құзға қонып ал.
Сыйлысыз,

Хамаң, атайды ел,
Мінезбен сұсты алмастай.
Жырыңмен солай жасай бер,
Мен зерттеп түгесе алмастай!

АЯЛЫЛАРЫМ

БӨБЕК

Титтей ыстық жүрегінде
Түр ғой сенін, таң күліп.
Қылығыңа қызықтырып,
Аймағыңды таң қылып.

Ақ жанымды ақтарғыштап,
Апалайсың не біліп...
Бүлдіршінім, бал тіліңнен.
Еріп барам төгіліп.

Жан жүйемді тебіренттің,
Ақ сүтімдей пәк қылық.
Елде көріп,
еміренуге

Бұйырмаған тәттілік!

ҚАҒАЗ КЕМЕ СУҒА ТҮСТІ

Жаңбыр көзін ашып-жұмып,
Найзағайдан қорқып, бұғып,
Күле салған жылап тұрып,
Сәбидейін жасын сығып.

Алды дағы қоя қойды,
Құшты шуақ қырды-ойды,
Күліп тұрды көпке дейін,
Қандыра кеп көк мерейін.

Қауырт іс ел баласына
Басталды арық жағасында,
Қызыл-жасыл алуан түсті
Қағаз кеме суға түсті.

ӘСЕМ

Иығына шәлі салып,
Үлбіретіп лента тағып,
Қуыршағын киіндіріп
Жатыр Әсем үстін қағып:

– Ойнай ғой бар күн шуақта,

Өзің бірақ есте сақта:
Киіміңді ұқыпты ки,
Аунама шаң топыраққа.
Мамасының бал бөбегі,

Машинаға жол береді.
Байқаусызда түсіп қалсаң,
Күл болады дөңгелегі.
Бара ғой, бар бөпенді ал да,

Жел өтінде тұрып қалма.
Салқын тиіп қалса егер,
Доктор тағы келеді онда.
Көрсет дейді тілінді ол,

Тұмауратсаң салады укол,
Тұрғызбайды төсегіңнен,
Өзің айтшы жақсы ма сол.
Деген кезде тауып пайым,

Қалай шыдап отырайын,
Көтеріп ап уыз беттен,
Деп сүйемін тотым-айым.

МАМАМ БӘРІН БІЛЕДІ

Келген еді Әсемнің
Қонаққа қырдан әжесі.
Құрақ ұшып, бәйек боп,
Сәбидің қалмай жүр есі.

Айтып берді нақыстап
Білетін өзі тақпағын.
Енді бір кезде әкелді,
Көтеріп жәшік шап-шағын.

Ойыншығын көрсетіп,
Ә дегенше тауысты.
«Мен саған оқып берейін» –
Деп кітапқа ауысты.

Зулатып айтып шықты да,
Өзінің жаттап алғанын,
Әжесіне ұсынды:
Сен оқы, – деп, – қалғанын.

Ысырды кейін өзіне,
Әжесі оқи ала ма: –
Мен білмеймін, құлыным,
Оқытшы, – деді, – мамаңа.

Тандана қарап әжеге,
Жымиып Әсем күледі.
Бір қарап қойды мақтана:
«Мамам бәрін біледі».

АЯДЫ

Ақ лақ маңырап,
Енесін іздейді.
Ал Әсем таңырқап. –
Тиді екен кім? – дейді.

Көрмек еді уатып,
Ақ лақ көнбеді
Басынан жұбатып,
Сипауға бермеді.

Кім сені жылатты,
Кім?– деді, сұрады,
Аяды лақты,
Қосылып жылады.

СУРЕТШІ

Суретші қолға бояуын алып,
Көлеңке жаққа жайғасты барып.
Асықпай баппен бастады істі,
Бояумен қанық алуан түсті.

Жасылдан жайлап көгалды баптап,
Сарыдан сұлу шығарды бақбақ.
Қызылдан кірпіш дап-дайын болды,
Қаланды үлкен, биік үй онды.

Көк күмбез тікше шатыры әсем.
Болсын ба үйден ауласы бәсең,
Алқызыл, күрең бояудан қанық
Гүл өсті небір құлпырып, жанып.

Жел беріп, желпіп, жайнатып гүлді.
Көгілдір фонтан атқылап тұрды.
Құрылды биік әлпеншек ағаш,
Ескерді оған тумауын талас.

Осыны шебер атқарды бояу,
Бәрінен шебер
Мараттың ойы-ау.

АУЛАДА

Жауыпты бүгін алғашқы,
Мамықтай аппақ ұлпа қар.
Тебеміз шаңғы сырғанақ, –
Деп қуанды балалар.

Әсем, Мұрат, Нұржамал,
Шығыпты титтей Анна да.
Қар күреп ойнап мәз-мейрам
Асыр сап жүр аулада.

Домалатып, аунатып,
Илектеп қарды үйеді.
Адам жасап ақ қардан,
Мәз болып бәрі күледі.

Қолда шана, күрегі –
Керегінің бәрі сай.
Бірі айтып, бірі түзейді,
Олай емес, – деп, – былай.

Нарттай жанып нұрланып,
Аяз сүйген уыз бет.
«Көрдің бе мені!» дегендей
Қояды қарап күлімдеп.

Шықты, міне, қарт әже
Жайлап басып үйінен.
Тұрды қарап қызықтап
Немересін қар үйген.

Асыр сап жүр топ бала,
Бастары еркін қосылған.
Қызықтырақ әжеге
Сәт болар ма осыдан!

АРМАН-ДУМАН

І

Үй ішім боп армандаған Армансың,
Қамығумен көңіл әбден талғансын.
Тіршілігі ымырт сынды қоңыр үй
Шамы болып туа сала жанғансың.

Қуаныш не, сен біздерге білдірдің,
Қабақ шытсам, сен сәтінде күлдірдің.
Алыс-жақын сапар шексем, өзіммен
Көз алдымда, тіл ұшында бір жүрдің.

Үйде отырсам, болдың менің базарым,
Пәк күлкіңмен кейісімнен тазардым.
Сеніменен жаз оралып жаныма,
Сеніменен кірді көрік, ажарым.

«Дада» деп сен қойып алдың атымды,
Қайдан ғана таптың ойлап, ақылдым!
Бар қылығы балдан тәтті балдырған,
Арман айтса, мен, әрине, мақұлмын.

Жасқа жетпей шықты тілің, аяғың
Ұшар қанат, менің тірек таяғым.
Жас жарымда домбыра алып қолыңа,
Аймағыңды алау нұрға боядың.

«Екі жаста төгілтіп сен ән салдың»,
Жүрегіме мәңгі азық нәр салдың.
Қарақаттай жанарыңа жиыпсың,
Барлық шоғын бұл өмірде бар сәннің.

Ұнатасың аймағыңның ырзасын,
Сондықтан да, «насыбайға» мырзасың,
Екі жастан аса бере таныдың
Топ асықтың ішіндегі құлжасын.

Неткен дарқан, бұл титімдей жүрегің!
Пәк жаныңды айтып ылғи тұр өңін.
Аман-сау өс елің үшін, мен үшін,
Арман жаным, биік арман тілегім.

ІІ

Үйдің ішін думандатқан Думансың,
Арманыма серік бола туғансың.
Жалғыз бала деген атты Арманға
Жолатпан деп жеделдете қуғансың.

Туғаннан-ақ бар бұйрыққа бағындың,
Отырғызған орынымнан табылдың.
Елемеген ағасының ашуын,
Ақылыңнан айналайын, сабырлым.

Қоңыр ғана менің екі қос қозым,
Аулақ қылғай екеуіңнен қас көзін.
Қос балапан, қос мерейім, ертеңім,
Құрғатқаным әжесінің жас көзін.

МЕЙІРЛАНЫМ

Кішкентай ботам,
Мейірланым, сол мейірлім,
Жаныма сусын
қалтқысыз сәби пейілің.

Танауы тәмпіш,
сүйкімді жүзі қылықтым,
Қылығыңменен
қандырдың әжең мейірін.

Еркелеп маған
алғанша конфет баласың,
«Қорықпа, мен бармын» —
деп қонуға да қаласың.

Шын көріп сірә
қалмады ма деп ақырын
Көз қиығыңды
анаңа да ептеп саласың.

Екі ағаңменен
мен үшін болып таласың,
Аға еді демей,
жұдырықты да саласың.

Мейрам қып үйді
шуаққа бөлеп, дадалап,
Емдейсің менің
жанымның бітпес жарасын.

Кішкентай ботам,
бал тілдім, саған не дейін,
Ғұмырлы бол деп
ақ тілеу – бата берейін.

Азамат боп ос,
арыңа тозаң жуытпай,
Ақ сүтін ақтап
көтеріп анаң мерейін.

ТЕНТЕГІМ

Айналайын, тәмпіш танау тентегім,
Тентегіме тәнті емен мен тегін.
Сенем түбі келетінін қолынан
Не келсе де өткір, өжет еркенің.

Не айтсаң да, не десең де көнетін,
Сәл қысылса, көзіне жас келетін,
Сақтасын да боркеміктен, бос белбеу,
Өз мені жоқ, қолбаң, қораз келетін.

Тіпті әртүрлі тентектіктің өзі де,
Кейбіреулер момақансып көзіңе,
Сырт айнада беріп бүйі секілді,
Қиянатын жасап кетер өзіңе.

Тентек әсте жаралмайды тегіннен,
Үңілу шарт мұның арғы тегіне.
Түбінде оның зерде жатыр, күрес бар,
Өзің ойлап, әрекет қыл дегізген.

Тентек деген сөздің мәнін ұғын тек,
Қиракез боп, көрінгенге қырын кеп
Жүру емес ол асаусып, алқынып,
Менің ғана атым жүрсін бұрын деп.

Міне, осыдан сақтасын да тәңірім,
Жүргізгісі келетін тек әмірін.
Әділеттен аттап өтіп, аймақты
Алаулатып, тигізетін зәбірін.

НАҚЫШТАП КEMEЛ КЕЛБЕТІН

АРНАУ

Демеймін түнді қуған күндізіңмін,
Демеймін жалғыз жанған жұлдызыңмын.
Болса егер елім биік, өзім биік, –
Деп жүрген ортаңдағы бір қызыңмын.

Көгінде біреу емес, жұлдызың мың,
Құлпыртқан кең даланды қырмызың мың.
«Қызыл тіл – өнер алды» – тұлпарыңның
Жармасқан тізгініне бір қызыңмын.

Үмітің, демеді ме алқағаның,
Әйтеуір өнер жүгін арқаладым.
Арналды бір өзіңе туған елім,
Ілгері болса басқан әр қадамым.

Білмеймін қанша алға кеткенімді,
Бөгетті бұзып қанша өткенімді.
Болсын деп әділ қазы жұртым өзі
Ұсындым «орғанымды», «еккенімді».

Балғының қанаттанған өңіріңнен,
Туған ел, шығар болса көңіліңнен.
Нәзік боп қыл қажетті өтемей ме,
Қызың жоқ бұғып қалар әміріңнен.

СЕМЕЙГЕ

Отанның қай бұрышы болсын өгей,
Аларсың қай асылды оған теңей!
Дегенмен арқам тұнғыш сызға тиген
Ыстықсың жасырмаймын туған, Семей!

Шегі жоқ саған деген сағыныштың,
Қанат қып сол сезімді алып ұштым.
Арналы ақ Ертісім айдыныңнан
Жүйріктей шөліркеп кеп қанып іштім.

Алдымнан алып шықты далаң гүлін,
Кетіпті ғарыш бойлап қалаң бүгін,
Ел көріп, еңбек деген, өнер деген,
Бөленді бал сезімге балаң бүгін.

Сан толғап саған теңеу табамын ба,
Өзіңсіз өлең отын жағамын ба!
Шақпағым бойымдағы тәрізденген
Құмыңның ыстығы әлі табанымда.

Ақ Ертіс, әсем екен жағаң бүгін
Төгілген қалың жыныс қолаң бұрым,
Иілген ілтифатпен келінімдей,
Ақ қайың паң қарайтын маған бұрын.

Сен неткен туған өңір сүйікті едің,
Бауырыңнан өрген бала киік едім.
Аралап, көріп бүгін өскеніңді
Мен-дағы өркештендім, биіктедім.

АРМЫСЫҢ

Армысың, қарт Шыңғыстау тізбектелген,
Қызыңмын сағынышпен іздеп келген.
Сонау бір отты жылда бауырында
Сайысып, қиындықты жүз бөктергем.

Армысың, Шыңғыстаудың даласы кең,
Төсіңе жаз гүліндей жарасып ем.
Қуыртып Сұр төбелге жер танабын,
Төгілтіп шырқап-шырқап алатын ем.

Армысың, бүгінгі орда Қарауылым,
Бауырында тоғысатын бар ауылың.
Ен дала қас батыры тәрізденіп,
Елімнің еске салдың дана ұлын.

Армысың, Жидебайым – Абайқорық,
Нұрындай осы өңірдің арай көрік,
Ырыс-бақ ұялаған құтты қоныс,
Мен сені түгесем бе санай беріп.

Армысың, қариялар секілді асқар,
Құрбылар, бүгін аға, кеше жастар.
Толқыған көңіл тілге ерік бермей,
Білмей тұр ақын сөзді неден бастар.

Өткен соң ширек ғасыр түңғыш келдім,
Кең дала тұнған алып тыныс көрдім.
Қауым боп еселеген ел ырысын,
Тепкінді, тегеурінді тың іс көрдім.

Пау жұртым, бақ-дәулетің басында екен,
Қазақтың жайлау жаны осында екен.
Орнында ескі ауылдың өскен қала
Дегізді емес пе екен тосын мекен.

Білмеймін көдең көп пе, қойың көп пе,
Арқардай одырайған тойып көкке.
Мыңғырып белең, сайың, қырат-қорық,
Қаптапты сыймай мынау төңірекке.

Кеткендей қусырылып бел арасы,
Жаңғырып жиілепті ел арасы.
Кешегі комсомолға өзім алған
Жастарым бүгін жайсаң ел ағасы.

Ел едің сен ежелден өнер кені,
Жоқ екен дәстүріңнің көнергені.
Топ жарып суырылған шешендерің
Дегізді мынау Абай өрендері.

Жастарың өнерлісін біліп келгем,
Даңқына көптен құлақ түріп келгем.
Әйтсе де, көзім көріп, көңілім толды
Пау, қалай сай тасындай іріктелген!

Әкелер бастағанын алға асырып,
Ағаға іні серік жалғас тұрып,
Абай мен Мұхтар аға дәстүрін де
Бүгінмен келеді екен жалғастырып.

Жаңаның театрың – жаңа ырғағы,
Бүгінде ордасындай танылады.
Сонада, Ойқұдықта Мұхаң өзі
Көтерген өнердің жас шаңырағы.

Осылай Абай елі, Мұхтар елі
Өскенін айтсам қауым құптар мені.
Шын болат жігер болса шындағандай
Өнердің мерейі асып шыққан жері.

Білмеймін бұл өңірде жыр тынбағын...
Еселеп өсе берсін жұртым бағың.
Мен түгіл дұшпан қарап қызыққандай
Берекең, жасай берсін ынтымағың!

КЕЗДЕСУ

Бір кезде менің дағы ұям еді,
Биікке жетелеген қиял еді.
Бүгін біз уақыттың құзырымен
Құрметті дружинаның пионері.

Мойныма таққан сәтте галстугін,
Сезіндім балалықтың бал ыстығын.
Оралып келіп біраз аялда дер
Әттең жоқ уақытпен таныстығым...

Шіркін-ай, келсе ғажап ғайып бастап,
Бала күн балғын жанын жайып тастап,
Атағы, лауазымы, дәрежесін
Сақаң4 да жібермекші айырбастап.

Пәк көңіл, қанатты арман қиялдаған,
Бал шырын балалықты қияр ма адам!
Апаңа жас достарым, кешірім ет
Кездесіп кейінгісін қия алмаған.

СЫЙ ДОМБЫРА

Елімнің арқалаған мол мұрасын
Қос ішек, тоғыз перне домбырасын,
Қоңыр үн, күмбір күйге ілестіріп,
Көңілді көшіріп бір қондырасың.

Япыр-ау, құдірет-күш тұр еді нендей,
Жанымды жалындап кеп нұр өбкендей.
Қадаған сені әкеліп өңіріме
Сәби қол көкірегіме күй еккендей.

Сол жерде мен төгіліп күй боп кеттім,
Толқынды жүрегімде күй көктеттім,
Аспанда аққу әнді қалықтатып,
Нөсерін нәзік жырдың түйдектеттім.

Мен үшін «жол да – сын ғой, тон да – сын ғой»,
Қәдірің танылмаса ол да сын ғой...
Етейін сені серік ендігәрі
Маңыма жоламасын қорғасын ой.

ҚЫСҚЫ ДАЛА

Арқанын мынау байтақ даласына
Япыр-ай, қарап көзің қанасын ба!
Қай мезгіл, қай бұрышын көрсең-дағы
Қаласың ғажайыптар арасында.

Ол бүгін – киіп алған ақ халатын,
Дәрігер жан-жүрегіңді ақтаратын.
Бойында дарқандықтың жатыр бәрі
Еш мінің тұрпатына жоқ тағатын.

Дейтұғын «қайсар болсаң қасқар кәні»
Баршаға мінезі бар жастан кәні.
Ералы Орда таудың кәдуілгі
Алдына жайып алған дастарқаны.

Қой тастар төсіндегі – қалың жаяу
Өрмелеп бірде жіті, бірде баяу...
Бетінде қарлы дала сары көде –
Төгілген ақ қағазға сары бояу.

Қан сонар, ұзын, қысқа қатар сонар,
Қанжыға болса қанға батар сонар.
Ақ қарда «қаса сұлу шомылдырып».
Әккі аңшы қызық дәмін татар сонар.

Қаймықпас ешнәрседен жанары үркіп
Келеді құздан құлап әне бүркіт.
Ақ қарда қызыл түлкі – қызыл сағым,
Жөнелді жан ұшырып, алабұртып.

Ал достар, қызықтасаң міне сайран,
Айла мен күш белдесті, ашты майдан!
Көз алмай кербез дала келбетінен
Біз тұрмыз тамашалап, қалып қайран.

ЕСІМДЕ

«Жан досым!»
Неткен мөлдір сөз.
Жалыны қандай мол еді.
Бағына ұмыт сол бір көз

Жанымды қайта бөледі.
Наз үнің жетіп:
«Досым-ау,–
Дегендей маған, – сыр ақтар».

Толқытып тосын осынау
Төгіліп кетті шумақтар.
Қалықтап ойым аралап,
Жөнелді Шыңғыс асқарын...

Бір терген гүлін дала – бақ
Есімде қимас достарым.
Есімде қазақ данасы
Қаз табаны тиген жер!

Шыңғыстың байтақ даласы –
Мекендеп мен де сүйген жер.
Есімде көлі, орманы,
Есімде әсем Қарауыл!

Ұмытпан сұлу Орданы,
Есімде тіпті бар ауыл!
Есімде жастық сайраны
Бергенше арай таң күліп.

Сұлу ән қанат жайғаны
Шындардан асып жаңғырып...
Еңбек пен енер елінде
Ұққанмын өмір сырларын.

Шыңғыстың салқын белінде
Туған-ды тұнғыш жырларым.
«Жан досым!»
Неткен мөлдір сөз.

Жалыны қандай мол еді.
Бағына ұмыт сол бір кез
Жанымды қайта бөледі.

ҮЙ ТАС

Орданың ерен екен тауы мына,
Қазақтың аңыз болған қауымына,
Шалдырмай аңызаққа, ақ боранға
Алыпты екі жасын бауырына.

Көкжартас, Қақпажартас, Кәріжартас,
Бір кезде еді бізге бәрі жартас.
Саңырау, меңіреу тас атанғанмен
Ішіңде болады екен мәні бар тас.

Айтушы ек қаттылықты тасқа теңеп,
Кей қатты болады екен тастан ерек.
Кей жаннан мейірімді дер едім мен
Мына тас мекендеген Ендік, Кебек.

Жарасып жар сүйгені жазық болып,
Жаз өмір жастар күткен тамұқ болып
Сәбиге жаназасы тумай шыққан
Осы тас төселіпті мамық болып.

Үй тасты кергеннен соң кетпеді ой,
Ұшырар ой сезімнің кептері ғой.
Жамырай жөнелетін жалт қарасаң.
Бұл дала көне тарих беттері ғой.

Көңілдер қалаулысын құша алмаған,
Қадам жоқ шариғатпен тұсалмаған.
Ар, ақыл торға түскен қаһар заман,
Балаға ана ара түсе алмаған.

Осыны деген қазақ «атам заман»
Атамнан ада болғыр қатал заман.
Қалың ел ұлы-қызын ең болмаса
Сауғаға сұрауға да бата алмаған.

Азшылық дүйім көпке өктем күшін
Өткізген, тіс жарғызбай еткен ісін.
Болсын деп зұлымдыққа әшкереші
Табиғат қойыпты өз ескерткішін.

ТУҒАН ЖЕР

Атақты болмаса да өзен, көлі,
Жайқалған торғын тоғай – жасыл белі,
Сар дала селеу басқан болсын мейлі,
Әркімнің езіне ыстық туған жері.

Қартада көрінбеген тұрған жері,
Қысы-жаз үзілмейтін қоңыр желі,
Анамдай ақ сүт берген ыстық маған
Қалбада «Бөке» дейтін алтын кені.

Құба бел, тізбек-тізбек адырлы тау,
Бауырында өспейді оның жемісті бау.
Ақтарсаң қойны толы мол қазына –
Алтыннан неғып болсын бір тасы сау.

Жылқы асқан, Ақбиік пен Арқар атқан,
Ақтұмсық бауырынан алтын аққан.
Есепсіз ен байлықтың бұлар көзі
Сарқылмай жылдар бойы келе жатқан.

Әр сайы мөлдір бұлақ күліп аққан,
Қатпайды қаһарлы қыс кезінде ақпан.
Шығады маңдайыңнан ащы терің,
Шілдеде сусап келіп дәмін татсаң.

Балауса балғын құрақ жапырағы
Жас өлең кісі бойын жасырады.
Таппайсың түйір тозаң тал шөбінен
Кек майса – қалы кілем атырабы.

Сайраған арасында бұлбұл құсы,
Теректей боз қараған, тобылғысы.
Өткісіз ит тұмсығы ну ормандай
Ішіне адасады кірген кісі.

Кеш батса күліп кектен ай қарайды,
Тамылжып нұр құшады бар маңайды.
Құрғатып маңдай терін жұмысшының,
Жүзінен жібек самал аймалайды.

Әр жанның тынысындай еңбек игі,
Тәкаппар тау да басын енбекке иді.
Осындай ұлы іске үлес қосқан,
Еңбектің озат ірі коллективі.

Қопарған болат қолдар тауды қаптал,
(Тәптіштеп әрқайсысын берем бе ақпар!)
Туын ап туған отан шыңға өрлеген
Осында еңбек ері – шам шырақтар.

БӨКЕ ӨЗЕНІ

Мынау өзен бұралған Бөке деген,
Өз қызымын мен мұның бөтені емен.
Өр толқыны жасымда еркелетіп,
Ағынымен ойнатып жетелеген.

Содан ба екен, қиынға қарсы атылам,
Қабат-қабат ораса қанша тұман.
Мойымайтын менде де бар бір мінез,
Ақ боранға алдырмас жанша тұрам.

Мынау өзен шап-шағын Бөке деген,
Жолың қиып ешкімнің бөгемеген.
Содан ба екен, менде де бар бір мінез,
Кепке борыш жандаймын өтемеген.

Жаз келгенде жағасы қаз бен қудан
Босамайтын
бойы бір сауық-думан.
Өзі шағын, суы мол, толқыны асау

Мен кішкентай Бөкеме тартып туғам.

ҚАТПАС БҰЛАҚ

Бу бүркеніп бұралған Қатпас бұлақ,
Сарқырап ол қиядан жатпас құлап.
Қына тастың түбінен мөлдіреген
Бота көздер ақпанда қатпас бірақ.

Төрт түлік мал мыңғырған маңайында,
(Өскен елдің біткен бақ-талайына.)
Бірден келіп құласа, ылайланбас,
Ырыс-несібе бұл өңір ағайынға.

Болған аймақ халқына құт-береке,
Құт-береке өңірден құт мереке.
Әр төбеден күн сайын алтын қаптап
Алып жатса емес пе ол мереке!

Ыстық едің, анамдай керетін ем,
Сәл ұзасам, сағына келетін ем.
Тамылжыған тамызда жағандағы
Бал құрақтан бүлдірген теретін ем.

Көк майсада көбелек қуатын ем,
Күн нұрымен жүзімді жуатын ең.
Бұрымымды толтырып сарғалдаққа,
Қызғалдақпен қынай бел буатын ем.

Жасыл белдер жұпар сай қызықты ең сен,
Мамырда кеп мал төлін қызықтаушы ем.
Алғаш бие байлаған күнгі кеште
Алтыбақан...

ән сазын үзіп пе ем мен!
Әншіл өзен, сері дөң көзді баурар,
Жібек самал жел ескен қоңыр таулар,
Бір демалыс бұйырмай жүр ғой әзір.

Қысылмай-ақ баурында едім аунар.

ЖЫЛҚЫАСҚАН

Тіп-тік кезең әйгілі Жылқыасқаным,
Өзіңе арнап сағынып жыр бастадым.
Бауыры дауыл, үсті жел, ерге қанат
Көргенім жоқ мыңғырып жылқы асқанын.

Тіп-тік кезең әйгілі Жылқыасқаным,
Арнасам аз өзіңе жыр дастанын
Әліппесін қолтықтап бір қаршадай
Жетім қыздың көргенмін күнде асқанын.

Үсті боран, бауыры жаз Жылқыасқаным,
Шындарыңмен есімде сырласқаным
Жылқыасқаным, өзіңді күнде асқаным!
Болашаққа екен ғой бір басқаным.

О, туған жер, сен десе ой толқындайды,
Жетелейді қиялды қолтықтайды.
Сан асулар, кезеңдер сенен соңғы
Жылқыасқаным, өзіндей толқытпайды.

КӨГАЛ

Көк торғын дала көкпеңбек
Көркімен тартып өзіңді.
Көбелек ұшып көлбеңдеп,
Оятып ұмыт сезімді.

Жетпейді құшақ не керек,
Құшар ем сені кең далам!
Қуар ем сені көбелек,
Бойымнан мынау ұялам.

КӨКТЕМДЕ

Көктем – жастық, жаңарудың басы да,
Көктемінде гүлдер таудың тасы да.
Көктемінде көгермес зат бола ма,
Келмейтұғын ажар бар ма нашына?

Көктемінде күлімдеген күн қандай?
Көктемінде үлбіреген гүл қандай!
Әлемдегі әсемдіктер тоғысып,
Жердің үсті Нұр боп қана тұрғандай!

Көктем – жастық, көңілді кім тұсады!
Көктем көңіл құс боп қалқып ұшады.
Әр кеудеде ән төгеді бір бұлбұл
Нұрға толы, жырға толы құшағы!

Көктем – көңіл кілтін соғар ұстасың,
Қандай көңіл көк сүймесін, ұшпасын!
Жан біткеннің бар ғой сәті – Көктемі,
Әттең соның қайтерсің тек қысқасын!

ҚЫСҚЫ ТҮН

Қысқы түн.
Манаурап маң тыным алып,
Ай нұрын төгіп, аймақ сағымданып,
Күн түскен тұнық айна сынығыңдай

Күміс қар қаратпайды көзді қарып.
Алыстан жымыңдайды жұлдыз біткен.
Тұтасып қарлы дала көк жиекпен.
Көз түспес әншейінде әлсіз ноқат,

Ап-айқын көрінеді ақ күртіктен.
Арудың ауылдағы жан толқынын
Жеткізіп жылқышыға төгетұғын.
Арқаның «қабақ шытпас» аталатын,

Кім сүймес май тоңғысыз майда түнін.

БОЛА АЛМАЙДЫ КӨҢІЛ ҚҰЗ

Өкпелеген баладайын бұртиып,
Кең қабағын бірде ашып, бір түйіп,
Қуақы жас қыз мінезді қоңыр құз
Құбылады көңіліне сыр түйіп.

Жаздағы ерке жібек самал лебі жоқ,
Жаз тынысы, жайлы жұпар демі жоқ.
Паң теректің айыптыдай ажары,
Қазір оның жазғы жайраң өңі жоқ.

Қалыңдықтай жарын ойлап жүдеген,
Жанарында жас мөлдіреп тұр емен.
Ақ қайыңның селдіреген бойы тұр.
Ақ үкідей көктемдегі түлеген.

Жүзі солғын көрінсе де өңір күз,
Көре алмадым, жүрген адам көңілсіз.
Жерім жомарт, берекелі елім бай,
Өмір жарқын, бола алмайды көңіл күз.

ЫСТЫҚКӨЛ

Секілді бір қара бұлттың мұңдасы
Мұз мекендеп, қар жамылған құз басы,
Шындарында шұбатылған ақша бұлт,
Қабақ шытса береке-ырыс төгер құт.

Баурайында толқып жатыр Ыстықкөл,
Толқынына құлашыңды ұр, түсіп көр.
Суы тұнық, түбі маржан – ақ қайраң!
Көз жеткісіз айдынына мен қайран!

Не тілейсің?
Керегін, сай!
Міне сый!
Суға шомыл, құмыңа ауна, күнге күй!

Бал жемісті мәуелі бақ жағасы.
Жүрсең сая қайың, терек – ағашы.
Сейілдесең сергітеді даласы,
Жұтсаң сусын – мөлдір мынау ауасы.

Көкжиекпен көлдің шеті тұтасып.
Көктегі аспан, көлдегі аспан ұласып,
Жалт-жұлт етіп сәуле сүйген су беті,
Сағымданып суда шыңның суреті.

Анда-санда толқындары баспалап,
Жалт етіп бір көрінеді ақ шабақ.
Паһ шіркін-ай,
Неткен ғажап көл еді,

Көз алмастан қарай бергін, келеді!

КӨКТЕМ КӨРКІ

Неткен ғажап көктемдегі күн көркі!
Бар табиғат кіл өзгерген біркелкі.
Пүліш халат киіп кербез Алатау,
Қалыпты тек шекесінде мұз бөркі.

Қысқы сыздың ізі де жоқ кешегі,
Жібек самал баяу ғана еседі,
Ақ киізін жиып алып жер ана,
Айқара кеп қалы кілем төседі.

Ақ қайыңның жасарыпты реңі,
Мол саялы мәуесі көк тіреді.
Тәтті ұйқыдан шат оянған сұлудай,
Сай-саладан күміс бұлақ күледі.

Анау қырға жіберсеңіз көз қырын,
Ауыл көркі қандырғандай көз нұрын.
Мынау жатқан іргесінде егіні,
Мұндай сәнді көріп пе еді көз бұрын.

Неткен ғажап! Айналаң шат көңілді!
Жер бетіне дән қылтиып көрінді!
Жасыл шашақ – желбіреген сол дәннен
Болашақты, көрем сәнді өмірді.

ҚҰЗ

Сұр бұлт суық көк жүзін орап,
Жыл құсы – қонақ жол шеккен алыс,
Жел үрлеп үзіп үкісін тонап,
Мұңайды үнсіз ақ қайың таныс.

Ауада баяу ұшады қалқып,
Төгіліп тынбай жапырақ – жаңбыр,
Жаздағы дала жап-жасыл барқыт
Оранған бозғылт тұманға бұлдыр.

Тізеден келіп ұйысқан шалғын,
Ажары кетіп сарғайып сөнген.
Әсем шың құстың базары болған,
Көңілсіз көлге үңіліп төнген.

Түйіліп іштей, тиылып үннен,
Тұңғиық тартқан, су беті күңгірт,
Жұрттайын иен құлазып мүлдем,
Қалыпты міне, көл басы жым-жырт!

Сауығы бөлек сайраны жаздың
Қара үзіп кейін қалғандай алыс.
Сағынып жазғы күлкі, әсем назын,
Мұңайды үнсіз ақ қайың таныс.

Телміре жүріп аралап бақты
Аяндап ару келеді қайтып.
Кірпікке маржан іркіле қапты,
Не дейін оның мәнісін айтып.

ӘСЕР

Төгіп тұр көктем күйін күн шуағын,
Торғындай толқынданып сұлу сағым,
Жасарған жасыл киіп кең даланын,
Көрдің бе дәл осындай сұлу шағын?

Қара жол бірде даңғыл бірде ирек,
Қозғалып бір қосылып, бірде сиреп.
Мұнартып бір қарайған бірнешеу боп,
Бұлдырап жан-жағыңның бәрі билеп.

Көз тіксең сол бір сәтте айналаңа,
Көлеңке ойда кірбің жай қала ма?
Бой сергіп, тыныс кеңіп, жүрек толқып,
Көтере ән шырқайсың айдалада.

Кеткендей жан-күйіңнің қылын басып,
Шаттанып, көтеріліп бойын тасып,
Балаша жеңілейіп жүгіресің,
Кеудеңді жібек самал желге ашып.

Кідіріп аз отырсаң тау басына,
Маужырап мас боласың ауасына.
Аңқыған жұпар иіс кеудені алып,
Дерт болса, жолыққандай дауасына.

Сүйемін осынау бір мезгіл шағын,
Кен дала тапқан соны ән ырғағын.
Сол сәтте бұлбұлы боп бай даланың
Келеді гүлге қонып тынымдағың.

ҰЛПА ҚАР

Жер де аппақ,
көк те аппақ, көркем неткен
Шоқ ұлпа тік құлайды торғын көктен!
Мөп-мөлдір таңертеңгі тұнық ауа,

Япырай, жел болсашы-ау бір уф еткен.
Ақ үлпек баяу қалқып үлп-үлп еткен
Қайынды қалыңдықтай үлбіреткен.
Теректің әр бұтағын ақ мамыққа,

Тәрізді әдейілеп орап кеткен.
Көркінен көзіңді алмай қарағандай,
Қайсыбір нәзік бұтақ көтере алмай.
Ақ ұлпа төмен сырғып күрп еткенде,

Ақ боран алай-дүлей борағандай.
Оранған ақ мамыққа танап қандай!
Емес пе көңілде күй боратқандай?
Нұр төгіп тамылжыған бұл сұлу таң

Сан сырлы сезіміңді оятқандай.

ЖАЗҒЫ КЕШТЕ

Жанға аса жайлы жазғы бір кеште
Кергенім есте, сезгенім есте:
Жағасы құрақ айдынды көлден
Қоңырқай самал еседі төске.

Маужырап, мүлгіп, тұнып тұр аймақ,
Ескегім суға сүңгиді жайлап.
Жылжиды баяу дірілдеп толқын,
Шоршиды шабақ бетінде ойнап.

Теңселе түсіп келеді қайық...
Шағала кектен қанатын жайып.
Шүйіліп келіп шолады көлді,
Ол сәтте шабақ, болады ғайып.

Мүлгіді іңір, хабарлап түнді,
Ойнайды шабақ білмейді мұңды.
Жарқ етті кенет шағала сонда,
Шолп берді суға, шабақты ілді.

Мейлі жұрт мұны құр сурет десін,
Дәлелдеп оның жатамын несін.
Табиғат сұлу нұрына балқып,
Әдемі бұл бір тыныққан кешім.

ШУ ӨЗЕНІ

Тасқыны тауды жаңғырта
Шу жатыр ағып, гүрілдеп.
Гүрілінен тұрғандай,
Сол өңір түгел дірілдеп.

Зіркілдейді айнала,
Станок дерсің бір алып.
Үнін қосып сай-сала
Жөнеледі ән салып.

Жөңкіліп құлай домалап,
Түйіліп бірде бүк түсіп.
Жарысып толқын сумаңдап
Атылып тасқа су ыршып.

Ырғытып доптай үйіріп,
Тиірмендей тасты төңкеріп,
Екпініменен лықсытып,
Кетердей тауды еңсеріп.

Шындардан қарлы баспалап,
Қиялай бойлап күн күліп:
Биіктен төніп жартасы
Қарайды суға үңіліп.

Тасқыны тауды жаңғырта
Шу жатыр ағып, гүрілдеп.
Гүрілінен тұрғандай
Сол өңір түгел дірілдеп.

ТҮН ТЫНЫСЫ

Жазғы түн.
Жасыл құрақ. көл жағасы.
Көлде түр келісті бір көңіл нашы.
Дірілдеп айдынында ай сәулесі,

Жиектің жылтылдайды меруерт тасы,
Қараймын қызыққаннан күміс көлге,
Көл қадап алғандай көп күміс теңге.
Тоғысқан ай нұрымен бу мұнарын

Дерсің бір тоқып құрған күміс перде.
Маужырап, мүлгіп мақпал түн ұйықтапты
Манаурап бар табиғат тұнып қапты.
Айменен абысындай сырлас көл де

Толқыннан толас тауып тыныстапты.

КӨКШЕ

Сәлем Көкше!
Сұлу Көкше, қиялдай,
Шарықтаған құс көңілді тыя алмай,
Сені көріп кеттім толқып, төгіліп,

Бурабайға бұлақ. болып құярдай.
Кеттім толқып билей алмай сабырды,
Жыр боп бәрі жүрегімнен ағылды.
Көңілімнің айнасындай асқақ ән.

Шындарыңа алқа болып тағылды.
Көкше атың, сай екен сән-көркіңе,
Көрген жерде қоймаған сол еркіме.
Самалыңа жан саялап, жадырап,

Ой сергіді, ұшты қиял серпіле.
Көкше қандай!
Көктем қандай!
Май қандай!

Айнакөлді айдан қиып қойғандай.
Түкті кілем тоқып шебер табиғат,
Оқжетпестің етегіне жайғандай!
Қия таста ақ қайың мен қарағай,

Қалай қиып өтерсің бір қарамай.
Маужыратып, тау мен тасты талдырып,
Шырқап тұрған бейне Біржан – Сарадай.
Бұйра толқын Бурабайда Жұмбақтас

Сырға берік тымырсық қыз тіл қатпас.
Ерке толқын мойынына оралып,
Жалынса да шімірікпес, міз бақпас.
Күлімдеген күнмен ойнап шындарың,

Баурайында білем алуан сыр барын.
Сен ежелгі ордасысың өнердің,
Өңіріңнен ерген талай шын дарын.
Ақан сері, әнші Ыбырай, сал Біржан,

Өнеріне үш жүзді таңқалдырған.
Ән мен жырдан соғып сұлу ескерткіш –
Ұрпағына өлмес мұра қалдырған.
Ақын Сәкен ардақты ұлы қазақтың,

Өнеріне қалмайды оның ғажап кім?
Бостандықтың туын ұстап алысты
Аймағында туғанынша азат күн.
Толғанудан ақын жаны тынбаған.

Асқақ үнін әлем ұйып тыңдаған.
«Кербез сұлу Көкше тауын арқаның»
Ақын бар ма дәл Сәкендей жырлаған.
Әнші Көкше, ақын Көкше, күй Көкше,

Табиғаттан алған алуан сый Көкше
Мен де балаң өнер қуған жасынан
Көл нұрыңнан көкірегіме күй, Көкше.
Сұлу Көкше, демі жұпар гүл Көкше!

Таусылмайтын шабыт көзі жыр төксе,
Жиған талай тарих сырын шежіре,
Том-том дастан болар Көкше сыр төксе.
Қош болып тұр, сұлу Көкше қиялдай!

Шарықтаған құс көңілді тыя алмай,
Аттанарда, Көкше, саған қайырылып,
Қарай бердім, қарай бердім қия алмай.

ДАЛА ТЫНЫСЫ

Көп таңдайды тамсандырған сұлудай,
Торғын киіп келді толқып сұлу Май.
Көгілдір көк – айдынды көл, ақша бұлт,
Еркін жүзген оның кербез қуындай.

Төңірек дәл түркіменнің кілемі,
Кірмеген бір зат қалсашы реқі.
Қабақ ашпай тұратұғын тымырсық,
Жартас тағы бүгін жайраң күледі.

Жұпар демі, тынысы сай-саланың
Қоңыр кешкі әлдиіндей ананың.
Жарын тосып жалқы жүрген арудай,
Жаудырайды қызғалдағы даланың.

АҚ ЕДІЛ

Ең жойқын, ақ жайқын, Ақ Еділ,
Сен неткен айдынды ең, кең едің?
Қырың құт, баурайың бақ Еділ,
Халықтың ырысы дер едім!

Көп көрген көне Еділ, ана Еділ,
Дарқансың, мейірбан асылсың.
Бойында алуан сыр бар Еділ,
Тарихсың, өзің сан ғасырсың.

Таусылмас несібе ұрпаққа,
Нанысың қолында баланың.
Ел бағы, ер сағы сын шақта,
Туысың ар, намыс, сананың.

Сондықтан Ақ Еділ, ана Еділ,
Атандың әйгілі әлемге.
Сондықтан ақ Еділ, нән Еділ,
Сыймайсың азғантай өлеңге.

БҰЛТ

Тәкаппар шың басына
Мақта үйіп қойғандай,
Ақша бұлтқа көз түссе,
Қарап болмас ойланбай.

Бұлт біткенді көгендеп,
Жіктемейміз арасын.
Бұлт деп үрей асырып,
Көбейтеміз қарасын.

Қарасы бар, ағы бар,
Бұлттар көп қой өмірде
Жетерлік қой ашылмас
Ылғи бұлтты көңіл де.

Бұлт жаласын көтерер
Ақша бұлтта кінә не?
Аспан ақша бұлтымен
Сұлуырақ сірә де!

Қашсаң, қара бұлттан қаш,
Көкте үрей қоймаған.
Ниеттен қаш ашылмас,
Қара түнек ойлаған.

Тілей көрме жамандық,
Досың түгіл, қасыңа.
Бұлт түнеріп төнбесін,
Әсте адам басына.

* * *
Көкте бұлт ашулы
Күркіреп құйып өткенде,
Қыр құлпырып, қызғалдақ

Гүл ашады екен бөктерде.
Қыр құлпырып, қызғалдақ
Гүл ашқанда бөктерде,
Қуанғаннан ақ қайың,

Жылайды екен көктемде.
Қуанғаннан ақ қайын,
Жылағанда көктемде,
Кейін қарап күрсініп,

Мұңаяды екен көп пенде.

КӨКТЕМДЕ

Тағы да келді
Жас мырза көктем көрікті!
Бойжеткен дала
Бойына гүлдер өріпті!

Кербез Алатау
Ақ сусар әсем бөрікті
Сүйіншісіне
Сыпырып бастан беріпті!

* * *
Ақ сағымы аймалап,
Күн төккенде жерге нұр.
Қына тасты қақ жарып,

Қаулайды екен жас өмір.

СӘСКЕДЕ

Ерен екен мынау Алатау бүгін,
Құз – ару қыз бұлғайды ақ жаулығын.
Асқар шыңның демі жылып, бусанып,
Сызылып жәй сәскелікке ауды күн.

Судыраған торғын сынды құбылып,
Танғы ауа – ақ хрусталь сырылып,
Кербез Алатау алдына мұнартқан
Құрып алды көп-көгілдір шымылдық.

АЛМАТЫНЫ КӨРСЕҢ ҒОЙ...

Алматыны
көрсең ғой, достым, көктемде,
Күн ару күліп,
еркелеп шуақ төккенде.

Жер торқа төсеп,
балапан гүлдер бүр ашып,
Көшесін көркем
бәйшешек басып кеткенде,

Алматыны
көрсең ғой, достым, көктемде,
Қалдырмай тозаң
көк нөсер жуып өткенде.

Шым жасыл жібек
шымылдық сусып бұтақтан
Төгіліп зәулім
үйлерді көміп кеткенде.

Алматыны
көрсең ғой, достым, көктемде,
Жаудыр гүлдерді
көбелек шымшып өбкенде.

Жар құшағында
арудай бойы дірілдеп,
Сиреньдер аңқып,
жұпарға қала бөккенде.

Алматыны
көрсең ғой, достым, көктемде,
Алма бақ гүлдеп,
ақ торғын болып кеткенде.

Жылқыдай самал
қайырған таңғы боз тұман
Шұбалып барып
жотаға сонау шөккенде.

Алматыны
көрсең ғой, достым, көктемде,
Сағынып құстар
ұясын іздеп жеткенде.

Таң ата қала
сахна болып сәнді бір,
Сан сырлы күйді
құс оркестрі төккенде.

Алматыны
көрсең ғой, достым, көктемде,
Жаңғыртып кеше
күлегеш бұлақ жеткенде.

Ақ мәрмәр фонтан
демінен есіп қоңыр леп,
Ақ меруерттер
атылып көкке кеткенде.

Алматыны
көрсең ғой, достым, көктемде
Нұр шашқан көздер,
жаныңнан жүріп өткенде,

Бүр болып қаулап,
гүл болып жанып, көшеге
Көктемдей түлеп,
махаббат сыймай кеткенде.

ДАЛА

Шіркін дала, кереметің қаншалық,
Келген сайын қарсы аласың ән салып.
Байтақ далам, дарқандығың бөлек қой,
Асқар біткен болсадағы қанша алып.

Ақ бетеге былқып, балқып буына,
Ақ көделер таңғы шықпен жуына,
Желбіреген қызғалдақтар ұқсайды
Айдындағы кемелердің туына.

Мұрын жарып ақ жусанның иісі,
Жұпар ғана болып дала тынысы.
Жан-жануар өз тілінде ұғысқан,
Дала – шексіз сезім бағы, сыр іші.

Қоңыр самал желпи есіп жай ғана,
Көп-көгілдір нұрға толып айнала.
Жас сәбиін ақ төсінде ойнатқан
Әке сынды дарқан дала, бай дала.

Сергіп қалам саған келіп, жүдесем,
Қасиетіңді қалай тізіп түгесем.
Сен арқылы әйгі болдым әлемге,
Сен арқылы биіктедім жүз есе.

* * *
Бұрала толқып, майысып
Өрімдей сындар тұр шілік.
Қауызын ашып жаңа бүр

Береді белгі тіршілік.
Таң самалы ақырын
Жүзінен жұмсақ өбеді.
Мөлдіретіп маржанын

Жапыраққа төгеді.
* * *
Кербез керіп қабағын,
Дірілдетіп кірпігін.

Толқытып нұрға алабын,
Күн ашты күмбез түндігін.
Күнге төсеп маңдайын,
Шып-шып тершіп балбырап,

Көк шалғын беті бусанып,
Майыса түсті балқұрақ.
* * *
Көктем таңы.

Сұлу дала
Көк пүлішпен көмкерілген.
Торғын аспан күліп қана
Тұр шатырдай төңкерілген.

Махаббатты әлемдегі
Оятқандай белгі етіп,
Нұр тәңрісі – күн оянды
Жер жүрегін елжіретіп.

ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ӨЛЕҢДЕР

Менің ғажап кеңпейіл байтақ жұртым,
Көпке аян мол-ақ қой дәстүр-ғұрпың.
Солардың бар ішінде кереметі
Мақтанышпен әлемге айтар бұл күн.

Жетпесе де кітап боп бізге хаты,
Салт-дәстүрге жазылған айтар даты.
Ізгілерден із болып қалып келген
Ұрпағына бабалар аманаты.

КӨРШІ ХАҚЫ

Ең алдымен айтайын көршілікті,
Қазақта мол көршіге кеңшілікті.
Аяқ-табақ арада жүгіріспей,
Кіржиісу дегенді ерсі ұғыпты.

«Ол дүниеде көрші үшін жауап та бар,
Татулыққһа «иман» бар, сауап та бар».
«Көршісіне құдайы» кешірім көп,
Іс керіссіз, кейіссіз аяқталар.

Ерулікке мал сойып шақырады,
Соғымынан сыбаға татырады.
Дәмді асынан қалмайды ауыз тимей,
Көршіге деп іркіп қап отырады.

«Көрші хақы өйткені – тәңір хақы»,
Қалт етпейді бар қазақ бұған мақұл.
«Көрші отырып не керек»,– десең болды,
Сұралмайды көршіде кеткен ақы.

Куә етіп шындыққа тәңір атын,
Дар алдында тұрса да табынатын,
Табарсыз ба халқымнан өткен дарқан,
Тең тұтыпты тәңірімен көрші хақын.

ДӘМ

«Жоғары шық!»
дегенді үйге енгенге,
Жөргегінде бар қазақ үйренген де!
«Пай, құрауыз шықты-ау», – деп қылмысты да

Қысылады дәм ауыз тимегенге.
Ас орамал жая сап асыққанға,
Құрты, майын ұсынып қосып нанға,
Дәм татырмай үйінен шығармайды,

Риза бол деп тағы осы барға.
Барын іркіп қонаққа үйренген ел,
«Жоқ» дегенді намыс қып именген ел.
Ауыл арасы алысқа құрмет өзге,

Түстік асып, мал сояр күй келгендер.
Дастарқанның қазақта жолы басқа,
Сыйлағанға жайылар толып асқа.
Жомарттығы – Атымтай, жайсаң елім,

Сын да тақпас адамға қолы қысқа.
Сыйлы қонақ келсе егер сый өзгеше,
Бір омыртқа сыбаға сый өз десе.
Үйге келген адамға үйдей өкпе,

Айтылмайды,
айтылса, мін өзгеше.
Өмір – кітап бабалар оқығаны,
Ойлантады ғибрат ап тоқығаны,

Опасызға кек қуып жолын кеспей,
Дәм-тұзына тапсырып отырғаны.

ТҰЗ

Ұйыйтұғын имандай күллі қазақ,
Және бір салт, дәстүр бар мәні ғажап
Түз сұраған адамға жоқ демейді,
Бізде-дағы қалыпты дейді аз-ақ.

Тұз сұраса, болмайды сөзге келген,
Қазекеңде заң басқа өзге елден.
Түйір қалса, түп-түгел береді де,
Керек болса, алады өзгелерден.

Бүгінгідей кенеліп ел бақытқа,
«Шырт түкіріп», пенсия ап тек жатып па!
Нені болсын жоқ деуге барғанымен,
Тұзды бермей қалмаған еш уақытта.

Сұраушы боп бабалар тақ тұрып па?
Төркіні оның жатыр ғой тапшылықта.
Жоқ індеттей жайлаған шақта-дағы,
Салтты бұзбау дегенін жақсылық та!

Бір әйелін қазақтың иман жүзді,
Деп кінәлай алмассыз салтты бұзды.
Дәм-тұз атау дегенін ардың ісі
Ал бағала ойла да дәм мен тұзды.

ОТ

Қайысқан жері
болғаныменен жылқысы,
Баба қазақтың
аз бопты мүлде шырпысы.

Жалғыз шоқ қалып,
жана қалса егер бір үйде от
Бүкіл ауылда
жаныпты оттар дүрілдеп.

Көтерген мосы
бір үйден бір үй от алып,
Сұрамайды отты,
кейімейді алса қопарып.

От ала келген
қумайды араз, алысын,
Көпті айтып тұр-ау
ұғынсақ, достар, мәнісін!..

Бабалар көшкен
осылай өмір өткеріп,
Ошағынан да,
жанынан да үзіп от беріп.

Отыңның басын
маздатып шырақ жақса кеп,
Мәңгіге жаса
бабалар тұтқан жақсы әдет.

ҚҰДАЙЫ ҚОНАҚ

Қарамай-ақ сергелдең, сейіліне,
Үңілмей-ақ оның іш пейіліне.
«Үйден ұзап шыққан соң мүсәпір» деп.
Жолаушыны бөлейді мейірімге.

Танымасын мейлі оны бәрі бір бәс,
Төр ұсынып, алдына қояды ас.
Жоғы болса, түгендеп қадарынша,
Берер, бірақ бір тиын ақы алмас.

Мұндайларды «құдайы қонақ» дейді.
Өз несібі қонақтың болады дейді.
«Бір күн дәмдес болғанға, қырық күн сәлем»
Соныменен орыны толады дейді.

Көңілінде болмайтын теңгедей бұлт,
Міне, біздің қазекең осындай жұрт.
Тағы бірі салтының – мықты ұстаған
Қора-қопсы бекітіп, салмайды кілт.

Күн көреді күресін шоқып қарға,
«Жер – тебіңгі, әуе – айна» пейілі тарға..,
Бұл қазақ деп тани бер кезіксеңіз,
Мол дастарқан, кең пейіл тірлік барға.

БАЗАРЛЫҚ

Кейбіреу санағанмен мұны ескілік,
Бүгін де қалмаған жәй құны ескіріп,
Дәстүрлі халқымыздың, әдет-ғұрпы
Беретін базарлық деп дәм үлестіріп.

Жолаушы жолдан келсе, сәлемдесу,
Түсіріп аттан, жолын тәмәмдесу,
Еркектер сапар жәйін әңгімелеп,
Жиылып абысындар қоржын шешу...

Бұл ғұрып бабалардан мирас қалған –
Алдына үлкендердің сыйлы ас барған
Қуантса қыз-келінді айна-тарақ,
Конфеттен бала болмас құр тасталған.

Кейбіреу санағанмен мұны ескілік,
Бүгін де қалмаған жәй құны ескіріп.
Дәстүрі халқымыздың барлағанға
Жатыр ғой жан жылуын үлестіріп.

МЕРЕЙЛІ САПАРЛАР САЗЫ

ДОСТЫҚ ЛЕБІЗ

«Қонақ келсе, аз отырып көп сынар»,
Дей көрмеңіз, қысылмаңыз достылар!
Сынай келген бейтанысың емеспіз,
Туысыңбыз, жүрегіміз досқұмар.

Сәбит аға аралаған көп елді,
Өзі бастап келді ортаңа өнерді.
Сусындатсын Қарақұмды өлең-жыр,
Қаналындай толқыны ұрған кемерді.

Сый қадірі өлшенбейді аспенен,
Біз риза, келді қабақ қаспенен.
Достық жырын шырқап шыңға көтеріп,
Туа берер жан азығы жақсы өлең.

ҚАРАҚҰМ

Тарихтың шежіресі, дара үні,
Төгілген ана зары, бала мұңы,
Куәсі тарыққанның талай ғасыр
Армысыз, Түркменнің Қарақұмы!

Селт етпес сен едің-ау, мылқау жаның,
Құбылып, күнде көшіп құм тауларын.
Түтігіп, таңдай кеуіп тамшы сусыз,
Өзін, де дөңбекшідің, күнде аунадың.

Кешегі кеселді құм, кесірлі құм.
Сен екен жер жаннаты, кешір бүгін!
Көркіңді көрген сәтте көңілім толқып,
Аспанда, ақ төсінде есілді үнім.

«Шынымен осы жатқан Қарақұм ба!?
Дегізді сән сәулетті қала мұнда.
Таңырқап келеміз біз Түркменнің,
Бақыты – Қарақұмның каналында.

Ғажайып көз тұнады танабыңа,
Ұйысқан ақ алтынды алабыңа!
Бұйдалап Дарияны алып келген
Сағ бол5 де сен советтің адамына!

Каналдан суға қанып төсін керіп,
Маңқиып тұрады екен сұлу елік.
Меймандос мейірімді елім, секілдісің,
Бар тұлғаң өзгеріпті Дария келіп.

Осылай, қайта жасап кеттің түлеп,
Жатырсың бауырыңнан байлық күреп!
Мұнай – қан, мұнаралар – қан тамыры
Небитдаг – кеудендегі соққан жүрек.

Туысы, серігісің тың өлкемнің,
Ұқсас қой тағдыр, табыс, күні ертеңің.
Тербетіп қиял құсын күн асырып,
Өсірер жер екенсің, жыр өркенін.

ӨЗІҢ БЕ ДЕДІМ ЖЫР КӨЗІН

Ежелгі таныс досымдай,
Еркіндеп келіп құштың сен.
Толқуын жүрек жасырмай,
Бауырына мені қыстың сен.

Дос жайса ыстық құшағын,
Еркінде қалар қандай жан.
Тәтеме өзің ұқсадың
Сүйген бір сәтте маңдайдан.

Жүректі жарып шықты да,
Өңіңнен жылы леп есті.
Жаныңды жаным ұқты да,
Ойыңмен ойым кеңесті.

Құрбыдай тату ұғыстық,
Айтылмай сырлар қалмады.
Өлеңнің ортақ туы ыстық
Арман мен бізді жалғады.

Жаз екен сенің күнің де,
Жаз екен байтақ танабың.
Жаз екен мақпал үнің де,
Жаз екен жарқын қабағың.

Ашхабадтың күніндей
Жайдары ашық мінезің.
Шымырлап жатқан білінбей,
Өзің бе дедім жыр көзін.

СҮЙІНІШ ЖЫРЫ

Копетдағгың бауырында,
Берді ағаның ауылында,
Бір ұяда жеті шынар,
Бойы сындар, басы мұнар.

Сегізінші Феруза қыз
Ел аузында еді аңыз,
Бөленіп бүр торқасына,
Жеті ағаның ортасында,

Бұлғақтаған ол нашында,
Қалай аңыз болмасын да!
Жоқ мінеки сол Ферузаш,
Жеті ағаның көзінде жас...

Десе біреу жел біледі.
Желге қарап телміреді.
Десе біреу көк біледі,
Көктен сұрап көп тіледі...

Бұған көп жыл өтіп еді,
Қыз хабарсыз кетіп еді.
Жақсылыққа «сүйінші» дер,
Ал, ағалар, сүйінші бер!

Ел аузында болған аңыз,
Сол аяулы Ферузаңыз
Жүрегінен ғазақлардың –
Ақындардың – «азаплардың,»

Жыр боп міне туды қайта
Мен сүйінші келдім айта.
Жақсылыққа «сүйінші» дер,
Ал ағалар, сүйінші бер!

ҚАРА ТЕҢІЗГЕ

Жасымнан жағаңда жүгіріп,
Малта тас түрлерін жимадым.
Әйтсе де ынтық ем,
сезгендей,

Самалды саяңды сыйладың.
Көк торғын толқынға орадың
Бесікте бөбекше тербетіп,
Секірсем жарыңнан жалтармай,

Аяңа алдың сен мөлт етіп.
Сәскеде күн сүйген толқының,
Жақұт тас тәрізді жалтылдап,
Алқа боп тағылып мойныма,

Тастады ақ жүзімді алтындап.
Бейне бір айдынның еркесі,
Алаңсыз ақ көңіл ақ шабақ
Тәрізді

тұнығында ойнадым,
Толассыз толқынды таспалап.
Егізі Каспийдің есен бол,
Дегенше қайта кеп: «Армысың!»

Жазылған жағаңда осынау
Жолдарым – сыйға сый, алғысым!

КИПАРИС

Ноқталап асау жүрегін,
Сыр ашпай сұлық жүретін.
Тағдырға көнбіс арудай
Тұрасың мұңнан арылмай.

Бақ талай баста өлшенер,
Сұлулық бақыт болса егер,
Ай сынды әсем жұпар иіс,
Мұңлысың неге, кипарис!

Қасыңнан өтсем, қараймын,
Жаныма жақын балаймын.
Символы мұңның кипарис,
Маған да сол бір мұң таныс.

ТЕЛМІРЕДІ АЙПЕТР

Байқап тұрсаң, өмірде
Түрлі-түрлі пенде бар.
Көзі түсіп кеткенді
«Ғашық» дейтіндер де бар.

«Маған ғашық!» дер ме еді,
Болса егер айда тіл!
Кірпік қақпай телміріп
Тұрады екен Айпетр.

ТЕҢІЗ МІНЕЗІ

Теңізден дарқан өтер ме!
Қалпында ол да тұрмайды.
Таңертең маңғаз анадай,
Сел ақса мойнын бұрмайды.

Сәскеде сәнді арудай,
Жанарын көздің ұрлайды.
Сұлулық сүйгіш сезімтал,
Нәзікті дереу улайды.

Айдында күннің сынығы –
Ақ сағым билеп ымдайды,
Ат басы алмас құбылып,
Көз тоқтар бір сәт тынбайды.

Жазықсыз жатқан жағаны
«Әуп» деп алып ұрмайды,
Күмістей толқып сылдырап,
Сазды бір күйді жырлайды.

Тамсанып таңдай қағады
Көрмеген бұрын мұндайды.
Күн қайта теңіз кәдімгі
Шекеге салған күндігін

Қытымыр әйел, ашушаң.
Қырылдақ дауыс, күмбір үн.
Бүктеліп түсіп, бұрқанып
Қыстағы дүлей ақпандай.

Толқынды толқын жұмарлап,
Желкелеп бейне жатқандай.
Ышқына демін алады,
Ішіне тартып тынысын.

Уһілеп күрс-күрс күрсініп,
Салады солай ұрысын.
Басылып кеште әпігі
Дамылдап теңіз тыншыған,

Көк қайрақ қайсар долыдай
Жар қойнында тұншыққан.

ПАЛЬМА

Шілгір ыстық шілдеде
«Қалай дерлік мұнысы»
Ақ киізге оранып,
Пальма ағаштың тұрысы.

Соған ғана түскендей
Табиғаттың мейірі...
Секілді екен өзі де
Сол арудың веері.

ТЕҢІЗ

Мейірбан маңғаз жаралған
Көгілдір теңіз тұңғиық.
Жатырсың адам жанына
Денсаулық, егіп, нұр құйып

Байыпты ғана жүретін,
Бірақ та жаны әбігер.
Айықсақ айдай күлетін
Екенсің абзал дәрігер.

Мейірбан маңғаз жаралған
Көгілдір теңіз тұңғиық,
Шалқи бер адам жанына
Денсаулық егіп, нұр құйып

СЫРДАРИЯ

Түнделетіп сұлу Сыр,
Тұңғыш келдім жағаңа,
Долы желдің елемей
Жармасқанын жағама.

Көпіріңнен көз салдым
Көсілген бай далаңа,
Ыңыранып ырыс-бақ
Жусаған сай-салаңа.

Каналдарын тоғысқан
Бей не жолдың торабы
Плотинаң – диспетчер
Бағытыңңды шолады.

Айдынында ай жолы.
Айдай екен ажарың.
Аймағыңа анадай
Мейрімді екен назарың.

Алқабында алтын дән
Өскен —
Халық ырысы.
Осы өлкенің екенсің

Жан жүйесі, тынысы.

ҚЫЗЫЛОРДА

Қызылорда жаңа орда,
Бір кезгі Қызыл астанам!
Секілдісің шежіре
Ғасырлар жазып тастаған!

Көшенді бойлап келемін,
Көргендей кино күйдемін.
Жылдардан сонау сыр шертіп,
Сөйлеп тұр көне үйлерің.

Жыпырлаған мынау бір
Көп терезе, қақпа – есік...
«Сәлделі сүлік ұясы
Осы емес пе екен Ақмешіт!»

Перовск! Боз бөрік,
Тікірейген мұрт көрем.
Бой тасалап дойырдан
Ығысып, босқан жұрт көрем!...

«Кел қазақ, жиыл кедейлер,
Ұйымдас жалшы, құлдармен!» –
Деген үн бір кеп құлаққа,
Тоғысты отты жылдармен...

Жатаған мынау ақ үйдің
Қақпасын ашып ақырын,
Толғанып төрде отырған
Көремін күрес ақынын...

Осылай сурет ауысып,
Жылдарды жылдар қуады.
Керуендей шұбап, күн жылжып,
Ойдан ой өрбіп туады.

Қызылорда – жаңа орда,
Бір кезгі Қызыл астанам!
Секілдісің шежіре
Ғасырлар жазып тастаған!

ӘННІҢ АТЫ АҚ КҮРІШ

Сабырлы Сыр, сұлу Сыр,
Сұлай аққан шымырлап.
Толқытады жанымды
Толқындарың сыбырлап.

Көңіл қошын қолтықтап
Жүрмеген Сыр жағаңда,
Асау Ертіс қызымын
Толқын таныс маған да.

Сыңғырлы Сыр, сұлу Сыр,
Сүйіп беттен самалың:
«Сарыарқаға ала бар,
Дейді, – Сырдың жаңа әнін,

Әннің аты «Ақ күріш»,
Баданадай ақ қанам,
Мөлдіретіп маржандай,
Сыр қыздары баптаған.

Жырға ынтық жаным бар,
Мен де әнге іңкәрмін.
«Ақ күрішті» аспанға
Асқақтата шырқармын...

Сыңғырлы Сыр, сұлу Сыр,
Сыр ақтаршы тағы да,
Сыбырларың бөледі
Жанымды жыр бағына!

ШИЕЛІ

Асан Қайғы арман еткен,
Мәуелі жер танабы
Емес пе екен деп ойлайсың
Шиелінің алабы.

Жасыл шілік, көк бұйра тал
Күміс көлдер жағасы.
Самал сүйген судырайды
Қайың, терек ағашы.

Көкше құрақ, күміс бұлақ
Күліп аққан сылдырап,
Қалың жыныс – жиделі бақ
Көңілінде жыр құрап.

Қақ айырып жер қыртысын
Тастағандай төнкеріп,
Қаракөл қой қыратында
Жатыр жонды көмкеріп.

Алқабында қамыстайын
Теңселеді ақ күріш.
Кең өлкесін дерсің жапқан
Ақ көдесін ақ пүліш.

Сені қалай мақтаса да
Сиярлықтай Сыр елі.
Жер жаннаты десе болар
Жер екенсің Шиелі.

ЖАҢАҚОРҒАН

Ізгілікті тудай тігіп,
Кем-кетікке пана болған.
Сәттеріңнің құрметіне
Атандың ба Жаңақорған?

Жаралыға жан ұшырған
Болдың ба әлде пана, қорған?
Қыршын жанды сақтадың ба
Алдындағы ғазап, ордан?

Болыстың ба жалғыз – жарым
Саяқ жүрген жолаушыға?
Олжалауға бермедің бе
Жол күзеткен тонаушыға?

Мейлі не үшін берілсе де.
«Қорған» деген атын жақсы.
Адамдардың бақытына
Нағыз қорған болып бақшы.

БОРЫШТЫМЫН, СЫР САҒАН

Тұңғиық түн.
Ай қарап
Үңіледі төбемнен.
Сыр жағалап келемін,

Қолтықтасып өлеңмен.
Толқын үні асқақ бір
Ән шырқаған еркемдей.
Жүзген жойқын сендерің

Сол мінген ақ желкендей.
Қиялымды сең-желкен
Оятқандай менің де.
Самал болып сезілді

Соққан суық желін, де.
Сеңмен ойым жарысты.
Елестетіп арманды,
«Айтылмаған ән» Нәзік

Жырымменен жалғанды...
Жүзіп ішкен жүйріктей
Жаным жырға сусаған.
Сәттер үшін осынау

Борыштымын, Сыр, саған.

КАВКАЗ ШЫҢЫ

Қап тауы – Кавказ тауы тамашасың,
Заңғарсың, зәулім көкпен таласасың.
Осынау өзім тұрған төмпешіктің
Білер ме ем сен болмасаң аласасын!

Білер ме ем сен болмасаң шыңның барын
Таппасың айқын шықсам шын құмарым!
Бабамның мен нәсілі қалған алып
Адамның осалдығын – шың құмарын.

Ышқынып ішін тартып, ашу бунап,
Өртеніп өз дертіне өзі улап.
Шыңына қолы жетпей, құмары асып,
Қалыпты етегінде теңіз тулап.

Сынаман, өзім де осы теңіздеймін,
Толқысам теңізбенен егіздеймін.
Аңсаған адам біткен ақ басты шың,
Жетпейсің бір ғана сен,

сені іздеймін.
Әсіре болмаса да шың құмарым
Осы сәт шыңың болды шын құмарым.
Жүретін әсте айықпай басымдағы

Ойыма ұқсатамын шың мұнарын.
Алыстан шақырғандай сырлы асқарың,
Мұңменен бала жастан сырлас жаным.
Шың сүйген жүрегімнің құптағандай

Айбынды асқар шыңмен сырласқанын.

ТОҒЫСУ

Тереземнің дәл түбінен
Тулап теңіз тыншымайды.
Жаның толқып көрген болса,
Түсінші дос, білші жайды.

Түсінші дос, білші жайды,
Жан толқыса кім шыдайды?
Алтын оқа ай жолы онда,
Жүрегімді шымшылайды.

Жүрегімді шымшылайды,
Көк теңіздің күрсінгені.
Айықпас бір дертті жандай,
Күрсінгенде құр сүлдері.

Күрсінгенде құр сүлдері,
Сен айтқалы тұрсың нені? –
Деме достым, түсін дәйім,
Күлгенді емес, күрсінгенді.

Әлде Кавказ қарлы шыңы
Көк теңіздің аңсағаны.
Теңіз еткен ақын жанын –
Жүрек емі, жан самалы.

Дөңбекшиді теңіз аунап
Тереземнің дәл түбінен.
Мен тоғысып бара жатам
Кейін қалған тәтті күнмен.

Кейін қалған тәтті күндер,
Тәтті күндер шақырады.
Бірге толқып теңізбенен
Ақын да таң атырады.

АҚ ШАБАҚТАР

Тулаған теңіз ашулы мана,
Момақан енді, бүлдіршін ғана
Бесікте бөбек әлдиде жатып,
Ұйқыға тәтті берілген жаңа.

Көгілдір айдын көңілдің хошы,
Көңілдің хошы, жанымның досы
Сәттерде осы шақырады ымдап
Теңіздің дарқан көк торғын төсі.

Қос қолым ескек, қайықпен өзім,
Мұндайда билеп дара бір сезім.
Қамынан тірлік арылып мүлде,
Сәбидей мұңсыз болады кезің.

Жылжимын ерке толқынды бойлап,
Жалықпас сынды жүзуден айлап.
Бір сәтте үйдің орнындай аумақ
Қазандай шұрқ-шұрқ жөнелді қайнап.

Ал керек болса, ғажайып жұмбақ...
Толқиды баяу көк мамық құндақ,
Сағына сүйген су бетін шөп-шөп
Жаңбыр ма әлде деп қоям тыңдап.

Білгенше жаның табар ма тағат,
Жылжимын алға жанарым қадап.
Алаңсыз орғып, айдында осы
Салып жүр ойнақ бір үйір шабақ.

Кішкене алмас қылыштай жайнап,
Атылып көкке, секіріп, ойнап,
Жалт беріп тағы сүңгиді кейін,
Жебедей терең толқынды бойлап,

Шабақтар ойнап сабалап суды,
Алаңсыз тіптен, білмейді мұңды.
Қимылсыз қарап тамаша қылған
Жүректе бір ой менде де туды.

Теңіз бе мейлі, тау ма әлде бөтен,
Әйтеуір жерді етуші мекен.
Жан біткен осы ақшабақтардай
Шаттықта ылғи бола берсе екен.

МАГНОЛИЯ

Құзында қыран жаңғыртса шыңды,
Қияда шұбап бұлт керуен көші.
Табиғат дарқан көрмесі сынды,
Сыңсыған ағаш қарт Кавказ төсі.

Ішінде соның ару сындарлы,
Аспанмен талас Магнолияны
Қызғалдақ қыздар арасындағы
Сұлуы ерек десең сыяды.

Толқынды бұйра шашына қалың
Әсем гүл – ақ бант қадаған тізіп.
Магнит сынды... Жетсе егер қолың,
Бақытты жігіт, көр бірін үзіп...

Тәкаппар ару тілдескен көкпен,
Тулаған теңіз толқынын тыңдап.
Аймаққа әсем хош иіс төккен,
Бөгде жан білмес сыры бар жұмбақ.

Жұпарын жұтсаң,
айналар басың,
Қалуың мүмкін ұйықтасаң тұрмай.
Момақан ару әп-сәтте қасын,

Алады сені еш тұзақ құрмай.
Әлде бұл Кавказ аруы ма екен,
Бабадан мирас қан кегін жиған,
Ата жолы үшін анадан бөтен,

Жақынын, жарын елімге қиған!
Әлде бұл қайсар кавказдық, кіл көк
Бөркіне бұйра ақ қанат таққан.
Қодардай емес, тікенсіз гүл боп,

Аруға кінә аударып жатқан.
Зұлымдық біткен сұлуға мирас
Оқысаң халық аңызын, жырын.
Сол деуге мұны жүрегің қимас,

Ал түсін, достым, сұлудың сырын.

БЕСТАУ

Тау таңсық па көк мұнар бұлдыраған,
Манауратып маңайын нұр құлаған
Алатаудың мен келдім аясынан
Бүйірінен аспанның бұрғылаған.

Өзге сырың тартатын мені Бестау,
Баурындағы ботакөз шипа бастау,
«Провалың»6 тағы да ақпандағы
Жалтыр мұздан ойылған тәрізді астау.

Тағзым етпей тарамас ғашық қауым,
Назарымды баураған Машук тауың.
Сұлу сазды «эол арфасынан»7
Тарап,

Кавказ шыңынан асыпты-ау үн.
Бестау!
Бестау, тіккен бес шатырдайсың,
Тұла бойың толған сес, батылдайсың.

Дерт шипасы ботакөз бұлақ қыздар
Күзетінде тұрған бес батырдайсың.

МАШУК

Бес батырдың бірісің сұлу Машук,
Кеттің білем бір нәзік қылын басып.
Төсіндегі шың асқан арфа үні мен
Жүрегімде тұрғандай жыр ұласып,

Ақын оның8 «Замана батырлары»
Сайрап ізі сонардай жатыр әлі.
Қамыс шатыр,
қыш үйде поэзия

Талай танды көз ілмей атырғаны.
«Патша ағзамнан» тараған құзырменен
Тынды қалам, тоқтады, бұзылды өлең.
Ағып түскен жұлдыздай қысқа өмірдің

Жатқан сынды арқауы үзілмеген.
Бауырың торғын Машук тау, басың ызғар
Ақын ізі – бетіңде өшпес із бар.
Кемеңгерін орыстың ғасырларға

Мөлт-мөлт жылап жоқтауда бұлақ қыздар.

АРМЫСЫҢ, АҚЫН СИЛЬВАНЫҢ ЕЛІ

Алыстан баурап әкелген лебі,
Самалың сүйіп сыйлады мені.
Сиқырлы сөздің сарқылмас кені
Армысың, ақын Сильваның елі!

Апалар салған ізбенен жүріп,
Түпсізден қармап, тереңнен сүзіп,
Дауылдан алып, бұлттардан үзіп,
Маржанын жырдың әкелдім тізіп.

Мен сіңлің сенін, білемін көптен,
Жайың бар жанға жыр гүлін еккен
Кезінде тентек жыр қиыс кеткен
Өзіңе шағып, талай сыр төккем.

Менімен талай бөлістің түнді,
Кейідім кімге, қимасы кім-ді...
Шапағын төгіп, таң нұры тұрды,
Осылай талай қарсы алдық күнді.

Айтамын несін тәптіштеп, талдап,
Отты жыр бізді осылай жалғап,
Жөнелді достық арнаға самғап,
Бағыштап жаңа өлеңдер арнап.

Кейінде талай асулар қалар,
Табысар талай жүректер адал,
Құрметпен ұрпақ ауызға алар
Мызғымас достық ғасырлар барар.

ГАГРА АҚШАМЫ

Алтын күн шұғылаға оранып батады алаулап,
Ал теңіз, ғұлама ғалымдай толғанып, жатады манаурап
Бұл сәтте күмбезі күміске боялған көк шілтер жотаны
Жаңғырта

бұлақтар сейілшіл қыздарша
Сыңқылдай күліп тіл қатады.
Асқарда құз-шыңдар жамылып ақ шәлі
Алау нұр жол төсеп теңізге

Жанады аспанның тақ шамы,
Көгілдір кешкі Нұр ғашықтай аймалап мәуелі
Көңіліңді жетелеп көк күмбез ғарышқа
Сезімді баурайды баурайды сені де Гагра ақшамы.

ЖҮРЕК ЛЕБІ

Бетіндей көк теңіздің аспаны айдын,
Көк дауыл қысы қатты Қостанайдың–
Дейтұғын көрмегенге күмпілдесіп,
Достарым, сөздеріңді қостамаймын.

Тобылдан баяу ескен самал бетке
Сусыған қолға тұрмай шым жібекке
Ұқсай кеп оралғанда мойыныңа,
Жыр болып құйылғандай көкірекке.

Іңірде әсем зәрлі шолпылы аспан,
Ертелеп шымылдығын толқи ашқан
Арайлы ақ шолпанмен аймаласып,
Ақ сәуле, күміс кірпік таңға ұласқан.

Жаудыр түн, жайдары күн, желсіз алап,
Мәкеннің өз жанына тұрмын балап.
Қашаннан өнерге өзек әз табиғат
Тұнғандай ақын тойын тамашалап.

От көлі – Қостанайдың түнгі реңі,
Тамсана үңіледі жұлдыз легі.
Балқытқан, балбыратқан бар аймақты
Ақынның болмаса егер жүрек лебі.

Бетіндей көк теңіздің аспаны айдын.
Көк дауыл қысы қатты Қостанайдың, –
Дейтұғын көрмегенге күмпілдесіп,
Достарым, сөздеріңді қостамаймын.

ТАМШЫ ЖАС

Ақынның келдік ауылына
Ән-күйге бөлеп даланы.
Қау жыңғыл қалың орманның
Көркі көз жауын алады.

Көк бұйра бөркін ұшырып,
Қуанған бейне баладай,
Аңқыған жұпар ұсынып,
Қарсы алды Арақарағай.

Желекті жеңге секілді
Көрпесін төсеп ақ қардан,
Шок қайың тұрды бір кезде
Ақын қыз кеп сыр ақтарған.

Ақын қыз кеп сыр ақтарған
Қаншама сырды ап қалған –
Шок қайын сонау күндердің
Белгісі сынды сақталған...

Жалынға бөлеп ақынды,
Домалап түсті тамшы жас.
Қатты да сынар кез бар ғой,
Тас төзім ғана таусылмас.

Кім білсін елес берді ме,
Қаз басып алғаш тұрған жер.
Қиыла сұрап жеңгеден
Алтыбақан құрған жер.

Алғашқы сезім жетелеп,
Кештетіп түңғыш келген жер.
«Алысқа шырқа айым» деп
Өнерге қанат берген жер...

Толқытты ақын жүрегін,
Біз үшін дала қыс, қырау...
Болатты бордай үгіткен,
Туған жер қайран ыстық-ау!

ҚЫЗЫЛ ШОҚ

Қызыл шок десе қызыл шок,
Бірақ ол пеште от емес.
Жаныңды бөлер жалынға
Дәл айтсам отпен тетелес.

Шоқтайын ыстық көзіңе
Көрінер мынау мекенге
«Қызыл шок» деген есімді
Тауып-ақ қойған екен де!

ӨЗІҢДІ КӨРІП ТОН ПІШТІМ

«Осы сіз, өлең – жанның азығы» деп...
«Ойлап жаз, ой өлеңнің қазығы» – деп
Кінәлап алдыңызға барғанымда
Өмірден өлең түгіл қажыдым деп.

«Не дедің, қайталашы алдыма кеп,
Қажытқан өмір жалғыз сен бе екен тек!
Мынау шаш текке ағарды деп пе едің, сен
Мен мұны деп жүрмін-ау есті тентек.

Өмірдің тұңғиығы, жарқабағы,
Бұрын-соң қай ғазизді жалмамады.
Бұйдалап, үмітке ертіп, дедектетіп,
Кімді ол бұлан қаға алдамады.

Есіңе неге алмайсың сен өткенді —
Қалқаман – Мамыр,
Ендік – Кебектерді?
Аттай дәл жиырма жыл оқысаң да,

Осыны мен айтуым керек пе еді?
Жез таңдай, күміс көмей ақын Сара,
Қазақта қыз өтіп пе еді одан дана.
Ол керген қорлықты сен көрген жоқсың,

Қажыдым-мажыдым деп тантырама.
Сайраған сандуғаштай әнші Майра,
Майраға сөз танылды қашан майда?
Дегендей «Әр заманда бір сұрқылтай»

Шықса егер жазбағаның оған пайда.
Көніп пе олар соған жаманынан,
Көрді ғой өскен орта, заманынан.
Отаның, партияң бар өз кінәңнен

Үзілсең өспей жатып сабағыңнан.
«Бұл жұрттың тыныш жүрсе іші кебеді,
Саспа оған қашан болсын шындық жеңеді.
Қырсық-сор қаптап келіп қонсадағы,

Еңбегің өзі-ақ оны басқа тебеді». —
Деп төпеп, бір жымиып миығыңнан,
Шыға алмай түнек ойдың тұйығынан,
Арқалап мен апарған қара аспанды

Түсіріп сан қайтардың иығымнан.
Сонымен жүрегімнен алдың орын,
Білмеймін қаншалықты тапты қоным.
Көңілімнен көгершіндей Ұшқан жырым

Өзіңді керіп апай, пішкен тоным.
Жүруші ем көкірекке түйіп сыр ғып,
Ағымнан ақтарылдым бүгін жыр қып.
Кешірім, аға-інілер ашық кетсем,

Айтылар сәті жеткен бұл бір шындық.
Көк тұйғын көкірегімнен ұшырғаным
Шындық қой айтпан несін қысыламын.
Өсірген жүрегімде гүлім бұл жыр,

Өзіңе Мәриям апай, ұсынамын.

ҒАШЫҚ ТАЛ

1

Баба қазақ малға қоса ән жиған,
Әні аспанда, аясында Андижан.
Зүлфия бар келе жаттық аралап,
Жасыл қала жанына жыр, ән құйған.

Басқалардай телмірмеген асқарға
Бұрылып мен қарай бердім жас талға.
«Мәжнүн тал ғой»– деді ақырын Зүлфия,
О, ғажап-ау тал көзінде жас бар ма!

О, махаббат, сезім бағы нұр бағы,
Кейде бақыт, кейде айықпас мұң бағы.
Әміріңнен ажал кейін шегініп,
Аласарып қалады құз-шың-дағы.

О, махаббат, көркің көктем,
назың бал,
Жайың да бар жаза басқан жазымдар.
Бір өзіңнің құзырыңмен осынау

Нәзік ағаш атаныпты Мәжнүн тал.
Сезімі шер, көңілі жер бұл-дағы
Сенің ғана құдіретіңнің құрбаны.
Ағаштардың аспан болса аңсары,

Бұл бүгіліп, жерге құлап тұрғаны.
Тақсыреттің тартқан сынды ауырын,
Бойын жеңіп, жаза алмайды бауырын.
Орыс жұрты «жылауық тал» атапты

«Тыймаған соң көзден бұршақ» жауынын.
О, махаббат, саған жат па қайыспақ,
Ғашықтар да, ғашық тал да майысқақ.
Құзырыңмен қылы үзілмей үміт түр

Қолаң шашын, қыл саусағын жайып сап.
О, махаббат, тіршіліктің тірегі,
Өзінде ғой өмір мәні, тиегі.
Сен тұтатып бермес болсаң сезімге от,

Дүние құл боп сөнер ме, кім біледі...

2

О, ғашық тал, ақпанда да көз ілмей
Жататұғын кәусар бұлақ көзіндей
Таралыпсың жұмыр жердің бетіне,
Әлем толы махаббаттың өзіндей.

Жауын алып талай көзді талдырған,
Ләйләсі үшін талқы көрген тағдырдан,
О, ғашық тал, белгісі ме ең Мәжнүннің
Кейінгіге ой салсын деп қалдырған!

Балдыр кешіп белуардан осынша
Қия жардың иығына асыла
Жиегінде сен үңілген мөлдір су,
О, Ғашықтал, Мәжнүннің көз жасы ма!

Сыбдырында сарыны бар наз-мұңның,
Көк торқанда көркі ылғи жаз күннің!
Уыз көктем үлбіреген ажарың,
О, Ғашық тал, жастығы ма Мәжнүннің.

Өңір толы, өмір толы ғашықтар,
Сыпырмайық сыр пердесін ашып бал.
Әлде мынау әз табиғат адамға
Ғибрат үшін сыйлаған да Ғашық тал!

Кешті дүние қанша қысы, жазы өтіп,
Көшті ғасыр қанша өмірді мәз етіп...
Қаз-қалпында қалды әлде Ғашық тал
Махаббаттың мәңгілігін паш етіп!

СӘЛЕМ, САҒАН ФЕРҒАНА

Бір қарасаң, жәй бір көркем жер ғана,
Бойлай түссең, мынау ғазиз елге ана.
Балғын шынар, торғын мұнар, көз тұнар.
Сәлем саған, сәлем гөзәл Ферғана.

Кербез алқап жасыл нұрға боялған,
Арудайсың таңғы ұйқыдан оянған!
Маужыраған мәуелі бақ, бай танап,
Көркіңе мен қарап сірә тоя алман.

Жырға толы, сырға толы бұл өңір,
Бұл өңірді десең болар Нұр өңір
Манаурайды жаңа келген көктемдей,
Тынысында түр толықсып Ұлы өмір.

Ақ шанақта аппақ мақта, гүл мақта,
Әлде мақта, әлде әсем гүл бақ па!
Самалыңды саялап жыр жазар ма ем
Егіз құсың болып сенің бір бақта.

Бір қарасаң, жәй бір көркем жер ғана,
Бойлай түссең, мынау ғазиз елге ана.
Маусым өңір, мақта өңір, бақша өңір
Сәлем саған, сәлем, сұлу Ферғана!

ТАҚИЯ

Зер төккен, бұрын қыздар армандаған
Тақия сыйладың сен арнап маған.
Қазақта қадірі ерен бас киімнің,
Маған да ештеңе жоқ ардақты одан.

Ат, атан сыйлығыңмен ол барабар,
Жүреді тон орнына қол орамал.
Шешеді сүйіншілеп бас киімді,
Хабары жақсылықтың басқа қонар.

Жерге әсте бас киімді тастамайды,
Әрісі жастық етіп жастамайды.
Сыйлайды сирек, қимас досқа ғана,
Беруді бастан киім қостамайды.

Босаға емес, оны төрге іледі,
Бейсауат басып өтпес жерге іледі.
Танытар бас қадірін, дос қадірін,
Халықтың ғұрпы қандай мөлдір еді!

Бар қауым бұл ғұрыпқа ұйып өтті,
Қазаққа дос қадірін сүйікті етті,
Төрімде зер тақияң азиз досым,
Жанымды Алатаудай биіктетті.

СӘЛЕМ ӨЗБЕК ҚЫЗЫНА

Сәлем сізге, өзбек қызы,
Бауырласым, мақта өсірген.
Жыр арнадым даңқыңды естіп,
Алатаудың ақ төсінен!

Мақтан болдың қыстағыңа
Сүйді аңызақ жүзіңді нұр.
Алға өрлей түс – тағы да
Жайна-жайна, о қызыл гүл.

Орағанын ақ торғынға
Кең алқабы Ферғананың.
Баста жібек орамалың
Жалауындай кен даланың.

Елестейді көз алдыма
Мақта теріп жүрген кезің –
Қарысып қол, талса да бел.
Мұң шалмаған қара көзің.

Ақ мақтаң – ақ раушан гүл
Үлбірейді самал тербеп.
Саусағыңнан төгіліп нұр,
Аймағыңа аштың өрнек.

Құттықтаймын, от жүрек қыз,
Еңбегіңмен ер атандың.
Табысыңмен молайттың сен
Күш-қуатын Ұлы Отанның.

САМАРҚАН

Сары арқада жасыл жайлау, самал тан.
Нұрындайсың сырлы, зерлі, Самарқан!
Құшағыңа құлай келіп тоғысты,
Саған іңкәр сан жүректе сан арман.

Өзіндегі ажар қандай, сын қандай!
Күмбездерін күннен қиып құрғандай.
Сарайларың сан ғасырдың сырларын
Жазған хаттай жайып салып тұрғандай.

Тәріздісің мүдірмес бір шежіре,
Төтеп берген уақыттың тезіне.
Сен арқылы бетпе-бет кеп қараймын
Сол беймаза көне дүние көзіне:

«Бибі ханым», «Регистан», «Шах зында»,
Самарқанның көк тасынан тақ мұнда.
Қалдық қайран сиқырына, сырына,
Өз баласын жауықтырған тақтың да.

«Әмір көрі» мұнарасын айға арта,
Айналаға сұс шашады ойланта.
Мандайыңнан шығарады суық тер
Желкелерді қиып өткен ай балта.

Хандар анау басқан жері әлі ызғар...
Ұлықбектей ғалым салған сан із бар.
Мекен еткен тағы талай тағдырды
Толғайтұғын көп хикая, аңыз бар.

Өлмес өнер иелері жаны ізгі
Қыршын кетті, қабырғаңда дәм үзді.
Өзі емес, өнер үшін ғажайып
Ескерткішін қойып кеткен тәрізді!

Соны сонар екен сенің аймағың...
Жан тынғандай орындалып ойдағың!
Көріп көзбен иықтанып қалдық біз
Кене шығыс өнерінің айғағын!

КAPЛ ҚАЙНАРЫ

Пай-пай-пай, мынау неткен ғажап өңір,
Мамыр жел, мөлдір ауа тыныс кеңір,
Көз тінтіп, ойын кезіп жоталарды,
Жараудай бір орында тұрмай көңіл.

Маңғаз тау – сері жігіт ширатылған,
Қарауыл – күміс шырша шында тұрған.
Секілді газ орамал қалықтайды,
Боз тұман сайды өрлей шұбатылған.

Қарағай – қалың жыныс кәрісіндей,
Ақ шынар – ертегінің Әлісіндей,
Жапырақтар түрлі-түсті жаңа түскен
Келіншектің гүлді жасыл шәлісіндей.

Көгалда сағым ойнап шұғылалы,
Ағаштың саясына тығылады.
Бұтақтар арасынан күн сығалап,
Гауһардай сәуле шашқан құбылады.

Алаңда жасыл пүліш тотияйын
Таранған кербез қайың тотыдайын
Жыр болып құлағыңа сыбырлайды
Десең де алаңсыз бір отырайын.

Тізілген мол саялы каштандары
Күнменен тілдесердей аспандары.
Әрбір шың өз алдына бір шежіре
Төгіліп тұрған аңыз-дастан бәрі.

Тепла9 сылқ-сылқ күлген қызға ұқсап,
Жамылып бозғылт мұнар бойы бусап...
Жылқыдай су ішінде үйездеген
Жатады тұнығында форель жусап.

Тіршілік қызметінде бұл жер ұйық
Тәрізді аруана тұрған иіп.
Құр, қоян даласында қойдай өрсе,
Бақтарда ақ тиын жүр жаңғақ жиып.

Тапжылтпай таңырқатып көзді байлар,
Бұл өңір аталады Карл қайнар10.
Кең қолтық Чехословак елі екен бұл,
Мейманға қабақ шытпас жатса да айлар.

Қош келдің! – қарсы алады он екі ару11
Қыз – қайнар жанға сая, дертке дару.
Градус жетпіс екі, құшағы ыстық
Ғажап па бұл құшақта сөніп-жану...

ЕЛІК ҚАШҚАН

Тараған чех жұртына аңыз-дастан
Дейді екен мынау шынды Елік қашқан
Жаралы ай мүйізді алтын елік
Жанкешті ырғыған соң осы тастан.

Мен сірә аңыз жайын болсам ұққан,
Карл төрт12 нөкерімен аңға шыққан...
Жаралап жүйрік тазы жетерменде,
Елік кеп жан сауғалап тасқа бұққан.

Өкшелеп тасты қоршап алған қуғын...
Тұсынан шыққан елік қалың будың.
Атылып секіргенде шыңыраудан,
Шетіне дік етіпті қайнар судың.

Жетіпті тасқа тазы елік бұққан,
(Болар ма алған беттен долы ыққан)
Екпінмен қарғығанда төмендегі
Қайнарға құлап сәтте жидіп шыққан.

Ғажайып болды апыр-ау мынау неткен...
Тазының ажалына шын-ақ жеткен
Қайнардың жағалауы шипа болып,
Жазылып жарасынан елік кеткен.

Карл төрт бұған назар салды дейді,
Шақыртып дәрігерін алды дейді...
Қайнардың дерт дауасы сыры ашылып,
Атағы жер шетіне барды дейді.

Шыңырау тас түбінен елік қашқан
Карл төрт сарай салып, курорт ашқан.
Аталып Карл қайнары ыстық гейзер
Тарайды шартарапқа аңыз дастан.

Қазірде Карл қайнары әлемге әйгі,
Көркейіп жылдан-жылға қанат жайды.
Дос көңілі адамдардың – ақ көгершін
Империал13 күмбезіне қонақтайды.

ОН ЕКІ АРУ ҚАЛАСЫ

Келтіріп көне күнді көз алдыңа
Саты үйлер сап түзеген өз алдына...
Готика, Ренессанс, Борокколар
Күмбірлеп жөнелді-ай кеп сөз алды да.

Ететін көз салғанның ойын алаң,
Ұқсатпай бір-біріне оюлаған
Әр үйдің тарихы бар,
Мемориаль

Тақталар тегіндіктен қойылмаған.
Мұхиттан әрі қалып күрес-тартыс,
Босатып бір сәт ойын алдындағы іс...
Қасында Элеонора, серуенге

Шыққандай мынау үйден Карл Маркс.
Қоңыр үй қос қабатты келдік жанап,
Сипатын тәптіштейін несін санап.
Армандап Ульрикадай ару қызды,

Тұрғандай балконынан Гете қарап.
Әсем үй кенересін алтындаған,
Бұл үйде күндіз-түні ән тынбаған.
Жиылған шартараптан шадыман жұрт

Осында Шаляпиннен ән тыңдаған.
Қойған үй күмбезіне лавр өріп,
Қарайды әр бұрышынан ару төніп.
Гончаров қаламынан осы үйде

Келіпті дүниеге Обломов.
Тепланы жағалап жұрт жылжып жайлап,
Кеңесіп ғасырлармен әрнені ойлап...
Тургенев, Горький, Гоголь, Бетховеннің,

Ізімен келе жатыр жатқан сайрап.
Атағы бұл қайнардың көпке тарап,
Алыстан ат сабылтып, іздеп қалап
Келмеген ұлы адамдар аз-ақ екен

Айтайын әрі тізіп несін санап.
Қаланың осал емес бүгінгісі,
Аз жылда өскен ғажап қуат-күші.
Соңғы үш он жылдағы өткерілген

Бейбіт күн, бірлікті еңбек қуанышы:
Қайнардың көркі ұлылар ескерткіші,
Гүл қойып, құрметтейді үлкен-кіші,
Шадыман өмір содан басталады

Қаланың тіпті өзгеше осынау тұсы.
Колонада – Чех-Совет достығы үйі
Біздің ел құрметіне қойған, сыйы.
Осында он екі ару ыстық, қайнар

Табиғат құшағында жатқан күйі.
Сұлу үй көк мрамор қасындағы –
Колонада Гагарин атындағы.
Екі мың үш жүз метрде ыстық Гейзер

Төрінде көкке атылып жатыр тағы.
Шақырып, отырғызбай ауа тұнық,
Шығасыз еріксізден серуен құрып.
Москва, Волгоград – көшелер бар

Сүйсіне қызықтайсың жүрек жылып.
Арулар ақ манардай ақ халатты.
Еңбекпен ару атын ақтап апты.
Сапырып қымыз құйған Ғалияша

Шипа су ұсынады инабатты..
Майысып тағы бірі сыра ұсынып...
Барып көр айтсам достым тым асырып,
Кеш болса көк жаңғырта орған ойнап

Тастайды көңілдерді шын асырып.
Жиылған мұнша қауым шартараптан,
Ұқсайды теплаға жылжып аққан.
Кейбіреу бойын сылап бүлініпті-ай...

Ешбір жан болмаса да қарап жатқан.
Ортада Фатимадай әсем келін,
(Қалмайды жақсы болса әсері ненің).
Қалижан аға отыр Расулмен

Бөлісіп қайнардағы әсерлерін.
Кешірім, кетсем ашық төтеменен,
Сезімнің парызын бір өтемеген
Жандардай бұл кісілерде әзілдейді

Тағдырлас болса ғой деп Гетеменен...

ҰЛЫ ПЕТР ШЫҢЫ

Қайнарда болған екен ұлы Петр
Оқушым демегейсіз «онда не тұр!»
Онымен дидарласпай қайтпайды екен,
Төңіректің төрт бұрышынан келген нөпір.

Биік шың басында екен ескерткіші,
Қайтады көз суарып үлкен-кіші.
Ізгіден із қалмайша тұрмайды ғой
Даңқына сай да екен өнер-күші.

Әр елден келген қауым, мынау танап
«Сіздің» деп сөз етеді бізге тарап
Аз күнгі Қай нарда еткен өмірінен
Келіпті ғасыр асып аңыз тарап.

Ғажап жан деседі оны кішіпейіл,
Жаратпас жалғыздықты көпке бейіл.
Хан, қара демей өзіне ұнағанмен
Сөйлесе кетеді екен беріп пейіл.

Халыққа, қауымға үйір мінезі ашық
Жалтақты жаратпайды жаны жасық
Сүйеді алғырлықты, батылдықты
Айтсаң ем пікіріңді бүкпей ашып.

Әсте де өлтірмейді сөз атасын
Табанда мойындайды өз қатесін.
Сайысқа, күш сынауға жаны құмар,
Кісі емес әрекетсіз тек жататын.

Сауыққа сылтау іздеп бұл қаладан
Жүріп, еш лауазымын бұлдамаған
Кездесіп құрылысшыға «бұл да өнер!» деп
Бір күні ол кешке дейін үй қалаған.

Серуенге шыққан бір күн тауға қарап,
Жиынға дабырласқан келді жанап...
Мергендік салыстырып, түгел жеңіп,
Бір бөшке бәйгесіне алды шарап.

Көбейді сайыс түрі...
тағы!.. тағы!..
Өзгенің, пай-пай, жанбай қойды бағы...
Шарапқа қоса алтын тікті Петр

Және бір сайыс ойлап тапты-дағы.
Сайыс деп атағанмен ойланар іс
Тіп-тік шың, беті орман, қалың жыныс.
Асауды жайдақ мініп тіке шауып,

Шықса кім, таласы жоқ сондық жеңіс.
Тиеді алтын соған және шарап,
«Табыс жоқ талпынбайша, қылмай талап»
Дескенмен қайратына жүрегі сай

Табылмай қауым үнсіз тұрды қарап.
Әкелді асау ақбоз атты тауып,
Көңілінде ізі де жоқ қатер, қауіп.
Жарқырап қасқа маңдай ақбоз атпен

Шыңға өзі Ұлы Петр шықты шауып.
Шығып ап шың басынан айғай салды.
Дауысы аспан асып, жерді жарды.
Ақша бұлт аясында аққұс болып,

Қалықтап шың үстінде тұрып қалды.
Аздан соң жиылып жұрт шың басына
Қарапты таңданып ер тұлғасына.
Ішіпті шампан ашып саулығы үшін

Сондағы бокал әлі тұр қасында.
Ескерткіш осы шыңның нақ басында,
Өлең сөз бар мрамор тақтасында
Қоладан құйып жазған ұлы ісін

Ұлының
ұрпақ есте сақтасын да.
Шыңы деп Ұлы Петр атайды екен,
Жақсының ісі, аты кімге бөтен!

Сондықтан шартараптан келген қауым
Бас иіп, тағзым етіп кетеді екен.

АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУ

Аралап Қайнарды14 келемін
Гүл бақтың, нұр бақтың өзіндей
Баурайды жаныңды жарқын күй
Алғашқы оянған сезімдей.

Арқасын асқарға сүйеген
Саты үйлер ғажайып мол тіпті-ақ
Ақ күміс шыршалар алыпты
Шынтағынан демеп қолтықтап.

Алғашқы сезімдер жетелеп,
Аралап Қайнарды келемін
Бұл қала тәрізді өзімнің
Бірі ұзақ, бірі қысқа өлеңім.

* * *
Тепла сұлу ән салады
Қайнарды қақ жара сылдырап.
Бір батып, бір қалқып қалады

Өлеңнің жолдары бұлдырап.
Қай сәтте ақында ой тынған
Көкірегің күй болып күмбірлеп.
Өлеңнің жолдары толқыннан

Шығады айқындап, бір-бірлеп.
* * *
Прага! —
Кремль!

Келеміз
Аралап зәулім көп сарайды
Көнерген замана күбірлеп
Қабырғаларынан қарайды.

Ойлантты
оның әр тасында
Өнерлі қолдардан із қалған.
Ұрпақтарға жетіп бүгінгі,

Ұяға қоныпты ізгі арман.

СОҢҒЫ КЕЗДЕСУ

Қайнары Карл
кең сарай
Журналистермен кездестік.
Ұғысып, ойлар тоғысып...

Мақсаттар биік көздестік!..
Веранова Яна,
Дәрігер екен, чех қызы.
Сөзімді, өлеңдерімді

Отырған жұртқа жеткізді...
Қиылып осы жырынды
Сыйлашы деп ол өтінді.
Арқалап кітап жүрмен деп.

Ақыры, міне, екіндім...
Көшіріп бердім қағазға
Көзінен көрдім, шаттығын
«Не қылған бейқам жансың» деп

Қалижан ағай тақты мін...
Өлеңімді ұқтың – мені ұқтың,
Мәні не өзге құр сездің
Құйылған өлең құдіретін

Осынау жерде бір сездім.
* * *
Қайнарда Ульрикадай жауқазын қыз,
Қыз жүрек – теңіне от, кәріге – мұз.

Сол қызға ақын Гете махаббаты
Аңыз боп, күллі әлемге тараған із.
Ульрика он жетіде алтын асық,
Жетпіс бес жаста ақын бұған ғашық.

Бұл шақта тап осындай ұлы сезім
Беу, дүние, болды екен кімге нәсіп?!

АРМЫСЫЗДАР, АҒАЙЫН!

Егіз өскен қос гүлдей бір бақтағы,
Егіз ұйқас өлеңнің ырғақтары
Тәрізденген
Туыс ел армысыздар,

Әз Салауат Юлаев ұрпақтары!
Аса ескен Оралдан самал желі,
Торғын тоғай, жұпар гүл, жасыл белі,
Ерке бұлақ, күміс көл – мекені бар,

Армысыздар, ағайын, башқұрт елі!
Бұл өлкенің сүйікті астанасы,
Бауырынан өрбіген жас қаласы...
Сәлем беруді үлкеннен бастау лазым,

Ар ма, Уфа, башқұрттың бас қаласы!
Көрікті жер, осынау сәнді ұяда,
Жыр ұшырып, қондырған ән қияға,
Поэзия бағының ақсақалы,

Ассалаумағалайкум, Сәйфи аға!
Поэзия ақ қанат құс саяда
Ғарыш аспай қалықтап құс қона ма!
Талай шынды талантты табындырған,

Ассалаумағалайкум, Мұстай аға!
Уа, армысыз, қайдасыз, ақын Назар,
Назар жүрген жер дейтін ән-жыр базар
Ән өргізіп, жыр баққан ел қызымын,

Топта тұлпар сыналса, құлаш жазар...
Қазақстан – елім бар тұнған нұрға
Байқоңырдан тарайтын ойға, қырға.
Сөз зергері ағалар келді бас боп

Алматыдан аттанған өлең-жырға,
Қазақ, башқұрт ежелден дәмдес-тұздас
Азаматы жарасып ескен сырлас.
Сәйфи аға, Би-ағаң салған дәстүр

Ғасыр асып, суынбас, һеш мызғымас.

О, ҚАРАКӨЗ ҚАЙЫҢДАР

Бір топ қазақ келіп жеттік Баймаққа,
Башқұрттарша – Баймақ, бізше бай жаққа
Кәусәр бұлақ, күміс көлдер, көк орман –
Көз тұндырған көрікті бір аймаққа.

Күн еңкейді тау жотасын алтындап,
Мүлгіп маңай жыршы құстан ән тыңдап.
Ақ қайындар арулардай кеш бата
Серуендеген су жағалап салқындап.

Ақ қайындар!
Ақ, қайындар жүзінен,
Ару сынын көрем белі үзілген.
Сибай, Баймақ алқабында осынау

Ақ қайындар – ақ шырағдан тізілген.
Шырағданнан алаулаған ақ жалын
Дерсің жарқын адамының ақ жанын.
Ыстық лебіз, жылы жүздер толқытып,

Құштық білем ақша бұлттың ақ жалын.
Қара көздер ұшқын атып,
Оттары
Қонып жатыр жүректерге тақ барып.

Сыпайылық сақтағанмен інілер
Тұрды білем лап етуге шақ қалып.
Қауышысып көптен біліс жандардай,
Қара көздер құрақ ұшты жан қалмай...

Дәл осы сәт сұрай қалсаң жүрегін
Суырып ап алақанға салғандай.
Ақат келеді: «ал, апатай, бер кемек» –
Қонақ кәде өткеріп жүр тер төлеп.

Сейтжан аға екі езуі құлақта,
Наз үйіріп, балдыздарына еркелеп...
Ирандықтан асып әндер қалықтап,
(Әркім бойда бар өнерін танытпақ).

«Ай бұлбұлды» Шерхан бастап, шырқап ек,
Достық әні кетті биік шарықтап.
«Қаламқасты» Талғат бастап бір кезде,
Махаббаттың жанды алауы нұр көзде,

Бал сезімнің қанатында қалқыған
Мынау қауым ұмытқандай сырды өзге.
Мейірімдіге жақыны не,
алыс не,

Жақсы жайы танылады әр істе.
Адам жанын әлдилеуге жаралған
Қара көздер, бұрма ойымды теріске.
Сындарлы бой, сырдан терең ойың бар,

Шабыт көзі қызыл күрең шайың бал,
Аруларым,
Ән арнады қазақтар
Аты оның – «О, қара көз қайындар!»

НҰРИЯ

Қорғасын бұлт күннің көзін жасырып,
Ақ Еділге бозғылт тұман асылып...
Ақ қанат құс алып ұшты бір кезде
Таңертеңнен құйған жауын басылып.

Алдымызда кенді Сибай, кең Сибай,
Ақтарылып кең Сибайға кен сыймай...
Сұлулыққа қосып жомарт табиғат
Салған екен түгесілмес кен сыйлай.

Жатқаннан соң ән жүлде алып, жыр ұтып,
Күн салқынын кетті ақындар ұмытып.
Сибайлықтар алауы мол жүректің
Жалынымен алды бізді жылытып.

Адамдары іздемеген жылы ұя
Жандарына енбек атты жыр ұя.
Тізгін ұстап тәрізді аттан түсірген
Ару құрбым қолтықтады жымия.

Мекендей-ақ көптен бізге бір ұя
Болып кеттік Жүректерге
Нұр құя... Көзінде от, кеудесінде
Балға-Орақ,

Жарқыраған флотатор Нұрия.
Бұл оныншы бесжылдықта
Нұрия Қара көзін бір төңкеріп сырға ұя:
Келем дейді Чекушинаны өкшелеп,

Жетем дейді сенімменен жымия.
Мінезі әсем мақпал әлде дүрия,
Елін даңққа бөлеген бұл Нұрия.
Жүрек тербеп жыр арнасын ақындар,

Нұрияға толып кетші дүния!

ЖҰЛДЫЗ ҚАДАП ҚАЙТТЫМ МЕН

Көңілі – көл, ойы – теңіз бұл халық,
Жаны – жайлау, жүрегі ән-жыр халық.
Күллі халық үлескенде мереке,
Қойған башқұрт жырлап жүріп құр қалып.

– Біз де жұртпыз!

– Бізге де ортақ мереке!

– Мерекесіз бола ма елде береке!

Десе башқұрт,

– Қонақ шақыр бір үйің,

Аймағың боп тойла етіп мереке!—
Депті қызыр.
Башқұрт жұрты құп алған.
Қол соғыпты жасыл дала, ну орман...

Көріп қайттық, қонақ келсе той жасап,
Кәрі-жасы шығады екен құмардан.
Жадыраған, жаудыраған бар алап,
Кербез ару Ақ Еділді жағалап,

Маңдайыма жұлдыз қадап қайттым мен...
Дарқан жанды башқұрт елін аралап.

ҰҚСАСТЫҚ

Қазақтар да, башқұрттар да құптастық:
Ақиқатты дәлелдеуден шықпас түк.
Башқұрт, қазақ түрі, әдет-ғұрпында
Мойындастық, мол екен деп ұқсастық.

Ұқсас екен қонақжайлық салты да,
Қойын сойып, бас қоятын алдыңа.
Үлкенді аға, кішіні іні санайтын
Қайран қалдым өз жұртымдай қалпына.

Көзбен көріп, көпті біліп иландық,
Қонақ көде өтеп тағы қиналдық.
Ағаларым құда, өзім құдаша
Болып, ой-хой, құдалардан сый да алдық.

Егіз дерсің Ирандық пен Көкшені,
Жасыл алқап – би алаңы кештегі.
Майысыпты әппақ биші қайындар,
Билеп жүр ме Бурабайдан кеп, тегі.

Қазақтар да башқұрттар да құптастық,
Дәлелдіні дәлелдеуден шықпас түк.
Айтыңдаршы егер туыс болмасақ,
Қайдан келмек егіз сынды ұқсастық?!

Достық деген келіп едім іздермен,
Таныстым да мейірімі мол жүздермен,
Қаны бірге, жаны бірге туыс боп
Қайтып барам ағайындар сіздермен.

АҚМАРҚА – АЛТАЙ

– Баяндар көлдің атын жыр, аңызды

Білсеңіз...
Сөз желісін сұрақ үзді.

– Кім білсін жылын, айын, әйтеуір,– деп

Мұрекең бастап кетті бір аңызды...
Ертеде, ертенің ту ертесінде
Қалыпты болған бір жай ел есінде.
Ілінген көп аузына Ақмарқа атты

Қыз бопты осы елдің бір төресінде.
Өзі би, руы оның төре болған,
Өрісі – мал, үйіне дүние толған.
Төрені қыз менсінбей, қараға әке

Қыз бермей,
Марқа көңілі шептей солған.
Дүрдараз әке мен қыз нала екен.
Сүйді қыз Алтайды елден ала бөтен.

Тек оның тегі қара, өзі кедей
Жігіттің сұлтаны дер дара екен.
Қайраты, ақылына көркі де сай,
Болғанмен малға кедей, өнерге бай.

Мінезі жайсаң, сері, жаны дарқан,
Қаһары қас жауына түсірер жай.
Болған соң әрі есті, әрі сұлу,
Марқаның өз еркінде жүріп түру.

Ақылы, айласымен ата-ананы
Көндіріп, ойы Алтаймен өмір сұру.
Бір күні қыз бір амал ойлап тапты,
Бақ сынар елеңдетіп бар талапты.

«Сәтінде сүт пісірім көлді айналып
Келгенге тиемін»,—деп жар таратты.
Алтайға қыздың кеңілі еді мығым,
Жер жайын, жолдың сырын білетұғын.

Сездірмей жан адамға қысқа таңда
Марқасын құшып қайтып жүретұғын.
Естіген үміттілер қызға келді,
Айналып қас қағымда келмек келді.

Марқа да сертін ұстап, кеп күттірмей
Сайысты бастандар деп жарлық берді.
Қарауыл жүз жігіттен қойып, көлді,
Айнала шолар жерін бөліп берді.

Он жігіт тағы да атап төрешіге,
Саналып, сайыскерлер іріктелді.
Кім білсін үміт ертіп қанша көпті,
Жетелеп жүйрік көңіл әуре етті.

Сүт пісіп, от сөндіре берген кезде
Қасқайып қыз алдына Алтай кепті.
Ал әке қыздың ойын ойран етті,
Жүдеді көңіл, үміт зая кетті.

«Кедейге қара қасқа қыз берем бе,
Төріме жұт шығара алман»,– депті.
Әкесін көндіре алмай қанша сұрап,
Қайғыдан солды ару күн-түн жылап,

«Алтайсыз тіршілікті тілемен» деп,
Өмірін үзіпті қыз көлге құлап.
Тұрар ма жігіт жаны бұған төзіп,
Жүрегін жар қайғысы жаншып-езіп,

Күйікке шыдай алмай ақырында Ер
Алтай иен тауды кетті кезіп.
Кім білсін күңіренумен қанша өтті,
Тағдыры әуреге сап тентіретті.

Алатын Ақмарқаны аясына
Тым құрса тау болсамшы деп тілепті...
Тілегі жазықсыздың болып ғасыл,
Өткенін кім айта алар қанша ғасыр.

Әйтеуір Ақмарқасы аясында
Байлыққа бөккен бүгін Алтай жатыр.
Мегзейтін анығына жалғыз белгі –
Атағы әлемді алған жарып жерді,

Есімін ер Алтайдың тауға қойып,
Марқакөл атапты жұрт жаудыр келді.
Жөңкіген көлден шөлге құлап сайдан.
Өзеннің аты-дағы кетпейді ойдан.

Тәрізді қыңыр бастап қалжыраған
Әкеге балап атын Қалжыр қойған.
Сонымен тауға айналған асқар Алтай,
Алтайдай айнымаған жастан Алтай.

Ырыс-бақ ыңырайып өңірінде
Қырсық, сор жолай алмай қашқан Алтай.
Ажары ер Алтайдың тауға көшкен,
Көрген жан сүйсінгеннен пай-пай дескен,

Кең пейіл, жомарттығы – мол қазына,
Мейірімі – қоңыр самал таудан ескен.
Дегізген парасаты асқар Алтай,
Бауырында бар асылын ашқан Алтай.

Жанының тазалығы – жамбы, жақұт,
Халқына несібе ғып шашқан Алтай.
Мінезі ер Алтайдың – қорғасын, мырыш.
Қайраты – темір, қола жез бен құрыш.

Шадыман серілігі – тау төсінде
Жұпар гүл, барқыт көгал, қалың жыныс.
Ақпанда шуаққа орар паң даланы,
Жаздағы жайлы жібек таң самалы –

Марқаның ерке назды махаббаты
Ер Алтай табатұғын жан саяны.
Құяр күй көкірегіңе барсаң маңы,
Бейназар қала алмайтын адам жаны,

Сылдыры көп бұлақтың көлге құйған
Алтайдың Марқаға арнап салған әні.
Кен Алтай, бал мәуелі бақхана Алтай,
Бақытын кендігінен тапқан Алтай.

Атанған «елге қалқа, алтын алқа,
Отанның омырауына таққан Алтай».
Кең Алтай, кенді Алтай, шалқар Алтай
Байлығы түгесілмес дарқан Алтай,

«Алтайдай, ағажан-ау, жер қайдалап
Үзілмес әнге халқы салған Алтай.
«Тер төгіп, қазынанды ақтарайын»,–
Дегеннің өсіре бер бақ-талайын,

Жасай бер, елім үшін ырысты өлкем,
Мен сені жырға қосып мақтанайын!

МАРҚАКӨЛ

«Мүмкін бе көрмей кету Марқакөлді»,–
Деген соң құмар мүлде арта берді.
Қиялап мәрмәр таудың құзар шыңын
Шығандап шыңырауды асып тарта бердік.

Еңкейіп, біз жеткенде, таудан асып,
Күн батты алтын шапақ арай шашып.
Шынтақтап өр Алтайды Марқа сұлу
Толықсып жатыр екен көкке ұласып.

Төсеніп жасыл кілем, киіп торқа,
Жамылып жанат ішік тағып оқа,
Тәкаппар, алыс сұлу тәрізденіп,
Толқиды салтанатпен ару Марқа.

Пішіні Байқалменен ұқсас екен
Жиырма төрт өзен құяды нұсқасы ерен.
Шығатын Ангараша жалғыз Қалжыр –
Халыққа шарапаты тиген берен.

Сиқыр ма баурап алар мынау өңір
Серпіліп кеттім, сергіп, бойым жеңіл.
Құлаққа ән естіліп, күй келе ме-ау,
Білмеймін қай шынды асты алау көңіл.

Күлкісін, Ақмарқаның үнін тыңдап,
Шақ қана төзім тежеп, тұрмын шыдап.
Маужырай манаураған мына өңірді
Оятып жібергім кеп шырқап-шырқап.

Таңқалдық еліміздің «алқасына»,
Мыңғырып байлық жатқан әр тасында.
Ер Алтай ертегінің батырынша
Марқасын арқалапты арқасына.

ҰРАҢҚАЙ

Мұрекең айтқан мынау Ұраңқай ма!
Ұраңқай сұлулыққа ұрандай ма!
Аюлы тау төсінде көк Марқакөл.
Көңілден көшпейтұғын құмардай ма!

Мұрекең айтқан мынау Ұраңқай ма!
Ұраңқай сұлулыққа ұрандай ма!
Тараған батар күннен алтын арай
Билей ме, көл бетінде бұраңдай ма!

Мұрекең айтқан мынау Ұраңқай ма!
Ұраңқай сұлулыққа ұрандай ма!
Өрмелеп құзар шыңға қалың жыныс
Тізіліп барып сапқа тұрардай ма!

Қайыңы қалыңдықтай сылаңдай ма!
Терегі теңдесі жоқ сыңардай ма!
Жебесі бұлтты барып бүйірлеген
Шыршасы шың басында шынардай ма!

Мұрекең айтқан мынау Ұраңқай ма!
Ұраңқай сұлулыққа ұрандай ма!
Көк шалғын мұрын жарған гүл
бәйшешек

Альпімен бәсекеге тұрардай ма!
Құбылмай мынау өңір тұра алмай ма!
Төңірек түгел мойын бұрардай ма!
Үзбелеп, өрім талға тізіп ілген

Жемісі қызыл лағыл тұмардай ма!
Көгілдір кешкі ауа тұмандай ма!
Көлеңке сайға түскен мұнардай ма!
Көл беті әбігерлік– балапанын

Түгендеп құс ұяға қонардай ма!
Әйтеуір тамсандырды табындырды,
Аунаған Шүмекті асып сағым нұрды
Жамылып жасыл шындар, қалын орман

Марқакөл айдынына барып тұнды.

САУЫНШЫЛАР АУЫЛЫНДА

Қоныпты алқа қотан ауыл мұнда,
Дарқандық молшылық бір қауымында.
Ақжарқын адамдардың ажары бар
Шаруада, жүрген малдың сауынында.

Боз үйлер! Қалын шалғын! Мөлдір бұлақ
Қандырар құлақ құрышын таудан құлап,
Тізеден жағасында өскен жалбыз,
Кек жасыл тотияйын көкше құрақ.

Талдырып, тамылжытып, тоқсан бұрап,
Толқытып күй төге ме-ау бұлбұл жырақ.
Күржиіп, қорбаң басып қоңыр аю
Қоналқа келеді екен хал-жай сұрап.

Жүк тиеп жатқандай бір арбасына,
Шыға алмай жатыр ма арба жар басына,
Әупілін үдетеді әупілдек құс,
Соғылып үні Алтайдың жартасына.

Жеңгелер, келін, сіңлі жымындасқан,
Тыңдаймыз деседі ән, яки дастан.
Сөз тауып дейміз біздер «уақыт қайда
Босатпай жатырсыздар ауызды астан».

– Қайтеміз жиі келе бермейсіздер,

Сылтау ғып мойны қашық жер дейсіздер.
Бұзбайтын ел дәстүрін салтымыз бар,
Өткеріп қонақ кәде терлейсіздер.

– Ендеше Алты ауыз да болсын әзір,

– Ауылда барымыздың бәрі мәзір!

Жарасып, «сұрай-сұрай бөле шығып»,
Тірілтіп сөз атасын астарлы әзіл...
Шырқалып назды сұлу ән еркесі,
Алтайдан асып жатыр ән өркеші.

Сөз алып өнерпаздар кезектесіп,
Отырыс болып кетті енер кеші.

– Ал, ағалар, жол болсын,

Жолда азығың мол болсын,
Біздің тілек сол болсын,
Ден саулығын зор болсын,—
Деп қана майысады қарындасы,

«Жауапқа кәне, ағасы, табылмашы»,–
Дегендей Қара бала жаутаңдайды,
«Қалайда жігіттауы шағылмашы».
Гүр етті ол: әттең, қыздар, көздерің-ай,

Жымиған күлкің, майда сөздерін-ай.
Жалт етіп қарағаның, беу дариға-ай
Үзіліп өпкеніндей өзгенің-ай.
Осылай ауа жарып ән шын асқан,

Алты ауыз, қонақ кәде таңға ұласқан.
Ай қарап, аймақ тынып, тала тыңдап.
Қалыпты көлде тұнып торғын аспан.

ҰЛАН АСУ

Неліктен аталды екен мына асу –
Тоздырған ат тұяғын «Ұлан асу!»
Созылған өркеш-өркеш тасты бұйрат,
Тік кезең түгесілмес, құлама су.

Кеш бата сай сағалап қаққан бұлан,
Жырынды жау тұмсықтан берген қылаң
Сәтінде, сәйгүлікті сайлап мініп,
Қойған ба құрметіне жортқан ұлан!

Болмаса жайбарақат жатқан елге
Жау тиіп, бас сауғалап осы белде
Шұбырып, малы-жанын сүйрей қашып
Жүргенде ат тұяғы тозды ма әлде.

Әйтпесе салтанатпен ауыл көшіп,
Тоғанақ – тоғыз, тоқсан үдере есіп,
Нар белін қайыстырып, түгесілмей
Қойған соң кетті ме екен ұлан десіп.

Әйтеуір өлке бойлап қалың жыныс,
Лебінен бой тоңазып, кеңіп тыныс...
Бүкшиіп жетелеп ап жеткізбейді
Қия жол, төзім сынар ұзақ жүріс.

Баз бір сәт ұлан десе, ұлан-ау деп,
Ойлайсың кейінгіге ұран-ау деп,
Қымбатты бұйымындай дала – тарих
Көненің көзіне ұқсап тұрады-ау деп.

Осылай ұлан асып, түрлі ой кеп,
Келеміз көңілдерді тежеп, қой деп...
Жер ана жазған хат қой оқи білсе,
Көсіліп шежіреше кетер сөйлеп.

КӨКШЕ

«Арқаның кер без сұлу Көкшетауы...»
Сәкен Сейфуллин
Көкшені кім білмейді Арқадағы
Тамсантып табындырған әр танабы.

Арқаның кеудесіне жарасыпты
Тәрізді асыл тастар алқадағы.
Көресің көп ғаламат Көкше барсаң,
Байыптап айналаңа назар салсаң.

Тау толғап, орман ән сап,
Жартас жырлап,
Жамырап жөнеледі жанай қалсаң.
Көкшенің қызық біткен қына тасы,

Ішінде шежірелер ғұламасы
Тәрізді көне күннен сыр сөйлесе,
Табылмас тыңдағанға ұнамасы.
Көрмеген бұрын көзің жәй осында,

Жаныңа нұр құятын сая осында.
Айналаң – алуан сурет музейіндей
Ғажайып ашық аспан аясында.
Бере алмас шебер адам қолы жасап,

Мол мүсін табиғаттың өзі қашап
Қойыпты, түсінігі – тұнған аңыз,
Құлаққа құйып алар мол сыр ашад.
Қарағай қарауылы тәріздідей,

Тұрады қысы-жазы әні үзілмей.
Аққулы айдын көлдер тойлы ауылдай
Жататын салтанаты – сәні үзілмей.
Сақ қыран құз қиялап құлдырайды,

Шығандап аспанды өрлеп бұлдырайды.
Көкшенің көк күмбезді шолғыншысы
Көрінсе, көгілдір көл тұнжырайды.
Көшеді көкала бұлт тынбай кілкіп,

Жылқыдай дүркіреген жөңкіп, үркіп.
Кек күмбез көңілі босап әлденеге
Алады ауық-ауық жасын іркіп.
Түседі ертелі-кеш бұлбұл бейлі,

Ұйытып, әнмен тербеп, әлдилейді.
Қоңыр жел оркестрі күй төккенде,
Майысып қыз қайындар би билейді.
Маужырап мас боласың ауасына,

Дерт болса, кезігердей дауасына.
Жер осы емес пе екен деп ойлайсың
Жолыққан Адам ата Хауасына.
Көкшені көп жырлаған Сәкен аға,

(Көруге бұйырмаған бізге дана.)
Ақынның қаламына ілінбеген
Сөз етіп көрем кейбір қырын ғана.

ҚАРАҒАЙ

Зәулім бойың оқтай боп тіп-тік өскен,
Елжірей кеп еркелеп күн тілдескен.
Сынып кетер,
иілмес тәкаппарым,

Сені жырлап әлемде кім түгескен.
Іздемепсің орынды саз бен ықтан,
Сені көрген өмірдің мәнін ұққан,
«Көк жартасын Көкшенің қақ айырып,

Қия шыңға қасқайып қалай шыққан!» —
Деп таңданып көрген көз ойға қалған,
Ойға қалған сөзімді демес жалған.
Көк жартастың көз ілер сызатынан

Сынадай боп бой бермей бүршік жарған.
Бүршік жарған еткендей өмірді арман,
Әмірді аңсап шығыпты кім құмардан!
Жаны бардың аңсары – жарық дүние,

Шаруа жоқ күтеді нелер алдан.
Қысса қыста ақ шұнақ аяз қымтап,
Жазда жұлқып көк дауыл соқса бұрқап,
Елен қылмай өмірге ұмтылғандай

Көк жартасын Көкшенің етіп құндақ.
Күрес деген ұғымның үрдісіндей
(Біреу ұғып, біреулер жүр түсінбей)
Қына тасты қақ бөлген нән қарағай,

Сол күрестің кәдімгі үлгісіндей.
Жарық дүние қымбатын танығандай,
Танығандай қадірін жан ұғардай.
Қарағайға қайырылып қарай бердім,

Өмір жайлы ойымнан арыла алмай.

ӘППАҚ АЛАҢ

Басталып үлкен Көкше етегінен
Жалғасып ну орманмен кетер бірден.
Ақ ауыл ауласындай әппақ алаң,
Көргенде көңілің көкке көтерілген.

Ұмытып дүниені масайрайсың,
Көңілмен көк бұлттан асардайсың.
Ұйысқан әппақ көде – ақ киізді
Аяғың қиып тіпті баса алмайсын.

Бетеге балтыр көміп, кісі жердей,
Қойған деп қолдан егіп түсінердей.
Қойтастар ақ қайынды көлеңкелеп,
Отырған алқа қотан кісілердей.

Көңілде көп сурет ауысқандай,
Сөйлеп кім Көкше көркін тауысқандай.
Бір сәтке әр қиырдан аттылар кеп
Құйылып,

болып кетеді қауышқандай.
Қарағай сап түзеген қалың әскер,
Дегендей сес көрсетіп «мені де ескер».
Айнала ақ аланды қоршап алып

Тұрғаны мейлің ерте, мейлің кеш кел.
Алаңнан әріректеу тігіп шатыр,
Шалқадан жұлдыз санап Жеке батыр.
Ши тістеп, шырт түкіріп әмір күткен

Тәрізді Адақ батыр сұсты, батыл.
Ақ бура жатыр шөгіп аулағырақ,
Тіге ме аландағы дауға құлақ,
Елеңдеп, әлдененің алдын сезіп...

Еңкілдеп жөнелердей тауға құлап.
Айқара ақ текемет жайған алаң,
Табиғат өзі жасап қойған алаң.
Біресе талапкерлер сайыс құрып,

Біресе болып кетеді майдан алаң.
Тәптіштеп тізсем көп сыр туар еді,
Толғанған жүректерде ой тұнар еді.
Кешірім, ақ сағымды әппақ алаң,

Көненің көпті білген куәгері.

ТАХЫТ ТАС

«Адамзат жасағандай құйған тастан»
Сәкен Сейфуллин
Көз көріп, көңіл нанбас бір ғаламат...
Кім ие болып, еткен кімге аманат!

Төрінде Ақ алаңның тахыт тас тұр,
Тұйыққа ғажаптанып ой қамалад.
Кәдімгі кресло – тахыт тасқа
Шамаң жоқ таңдай қағып таңданбасқа.

Ақ мәрмәр айналасы жұпар жусан,
Бұдыр жоқ маңайында онан басқа.
Зат емес тәмәмдаған адам қолы,
Жаралған сонда қалай дерсің оны!

Шебердің табиғаттай құпиясы –
Беймәлім қабат-қабат сырға толы.
...Пендені көптің бірі аспандатып
Көрсеткен осы ма әлі асқан бақыт!

Әкеге баланы қас еткен күшті,
Алдына келе алмаған адам батып.
Осы ма әйгілі тақ табындырған,
Ұмтылтып талайларды сабылдырған!

Мал-жанын, ар-намысын құрбан етіп,
Талайды ақыл-естен жаңылдырған.
Осы ма қаракөкті үйірлеген,
Қырымды қосқан әкеп қиырменен.

Алдында бүгілмеген тізе қалмай,
Болмаған қадірлі бас иілмеген.
Халықты қара, төре түске бөлген,
Бүтіндеу бөлінгенді күшке келген.

Осы ма талайына табындырып,
Адамға азап-сорды үстелеген.
Осы ма көпті ұстаған қаймықтырып,
Жүрегін не мықтының шайлықтырып.

Осы ма кімді болсын мысы жеңіп,
Отырған қабағымен ойды ұқтырып.
Осы ма тас қып жапқан достыққа жол,
Мейірім емес, мұң, зар, қастыққа мол.

Жат демей, жақын демей көршілерін
Тонаған қырғын салып жіберіп көл.
Осынын ойлап бәрін қалам қайран,
Уақыт құзырымен болған ойран

Тас тахыт:
«Мәңгі жоқ»,– деп мелшиеді
Күн қақтап,
аяз қысып, жауын шайған.

ОҚЖЕТПЕС

Көз көріп, көңіл неге қызықпайды,
Келмей ме алғың көктен үзіп айды!
Сұлу көп, сұлулық көп жанды жаулар
Емесін бәрі нәсіп кім ұқпайды!

Әйтсе де жан жүрегің жарақтанып,
Әлдебір нұр бойыңа тарап барып,
Сұлулық көрген сәтте көңіл өсіп,
Ұшқандай болмайсың ба қанаттанып!

Бірі ғой соның Көкше – жер сұлуы.
Қалың ну жіпсіп, жұпар ұшқан буы
Шұбалып шың басына көтерілген
Көк мұнар – Көкше батыр тұтқан туы.

Көзіңдей жаудыраған құралайдың
Төменде көңіліңді бұрар айдын.
Жан-жағын айнасына түсіріп ап
Толқиды тұнық суы Бурабайдың.

Кешкендей көл түбіне діңгек тас та,
Ұмытып дүниені онан басқа
«Атқан оқ қайдан жетсін» деп таңырқап,
Толады телміргеннен жанар жасқа.

Оқжетпес – жиған жүктей тас керікті,
Дәл мұндай тас заңғарын кім көріпті!
Беймәлім қайдан келіп, қалай шықты,
Басына таудай болып піл шөгіпті.

Тұмсығын діңгектей ғып салбыратып,
Қалайша найза ұшында қалды қатып!
Әлде бір табиғатпен тайталасқан
Жау жүрек күш иесін қалды ма атып!

Әйтеуір көз көрген жәй көпке танық,
Қыран құс қана жетер қанат талып
Бір өзі ап Оқжетпестің ұшар басын
Алып піл мәңгі мекен еткен анық.

Барласаң Оқжетпесті онан әрі,
Көп сурет көңіліңе оралады...
«Өрмелеп шың басына қалмақ қызы
Желбіреп бара жатыр орамалы».

Қыранның шыңның үнін шыңға қосып
Жаңғыртқан сақ-сағына құлақ тосып,
Биіктен көз жіберсең, биіктейді
Жарысып бұлтпенен бірге көшіп.

Білмедім мұнда қандай заңдылық бар,
Маңайды тақ бойына таң қылып бар,
Қарасаң қай биіктен аласармай
Көрінер Оқжетпеске тән қылық бар.

Биіктік бар тұлғаға жарасардай,
Биік бар тұрар алға қара салмай.
Жаралған жан өзінің биігінен
Не жетсін өткеніне аласармай.

Бетінде жұмыр жердің дара тұрған,
Бір бұрыш көркі ерекше жаратылған.
Қайтуға биіктіктен ғибрат алып
Оқжетпес әдейілеп баратын маң.

ЖҰМБАҚ ТАС

Кәлінде Бурабайдың жұмбақ тас тұр,
Көрініп бірде арыстан, бірде қасқыр.
Біресе жезтырнақ боп үрей алып,
Барласаң сан құбылып тұрған тас бұл.

Біресе крокодил киген телпек,
Біресе хас батыр бір тұрған сергек.
Сурет тасты айнала ауысады,
Мультфильм кадрындай тұнған ертек.

Әйгі бір оқиғадан қалған ізді
Көремін
көне күнмен жалғап бізді
Тұрғандай төгілдіріп сауға сұрап

Жұмбақтап сыр сөйлеген қалмақ қызды.
Әйтеуір жарты дүние жалғыз таста,
Беймәлім жәйі бөлек, жөні басқа.
Не керек жұмбақ болып кеткен мәңгі

Уақыт құзырымен оралмасқа.
Әлемде не түрлі бар сыры жұмбақ,
Әуелде даралаймыз бөліп, бұлдап.
Алған соң сыралғы боп пәндәлықпен

Жатпаймыз қадір тұтып сонша құндап.
Осынын бәрі шартты.
Шынды шындап
Танудың езі мәңгі бітпес қымбат.

Қыры мен сыры шексіз ғалам түгіл,
Адамдар бір-біріне үлкен жұмбақ.
* * *
Сөйледім көзім көрген Көкше сырын,

Жырланып келсе дағы бұдан бұрын.
«Сөз бар ма кісі айтпаған» дегендейін,
Кешірім кейбір ойға келсем қырын.
Көрінер әсірелеу кейбір жанға.

Қоспадым көпірме сөз.
Мейлің нанба.
Көлдің дәл ортасынан көз жіберсең,
Тұрады бәрі осының алақанда!

ЭСТОНДЫҚТАР

1

Жасыл алқап, жаңбырлы Эстония,
Жалаң аяқ жүгіріп өскен ұя
Болмасаң да,
баурады бір жылы леп,

Атой сала бермейтін сөзге сия.
Қадір де оны, құрмет де, білсін еркің,
Кешір, атай алмаймын жүрек өртін.
Сыйласқанға сый аз ба,

пейіл аз ба?
Сол сезімді тудырған өзім дерсің.
Қойы жатқан қоралас
көрші емессің,

Қонақ кәде, құдалық көріп ешкім
Әзір біле қоймаған
жырақ жұртсың,
Бауырластай достықты тілемес кім!

Аз отырып, қонақпыз көп сынайтын,
Байқағымыз келеді көпке ұнайтын,
Даралығын жұртыңның
елдік сырын,

Танығымыз келеді достықты айқын.

2

Өз ісімен ғана боп әрбір адам,
Даурықпайтын шашылып, сөзге сараң.
Қасиетін халқыңның
қанағатшыл

Мен ғана емес,
таныған бүкіл ғалам.
Таңқалдырды ғажайып еңбекқорлық
Тасты өлкені жайқалтқан

жасыл жон қып.
Қажыр-қайрат,
ұстамды,
төзімділік

Мол-ақ екен,
көрмеген жанды қор қып.
Дастарқан жоқ майысқан ысырап боп,
Бар мәзірі алдында, қонағы тоқ.

Ac үстінде алаулап жиылыс ашу,
Күлдір-күлдір бокалдар сайысы жоқ.
Қалай ғана болмассың бұған тәнті,
Мирас еткен ұрпаққа елдің салты.

Аз сөйлеп,
іс тындырып,
анық басып,
Үйреніпті ежелден эстон халқы.

МЫЛЖЫҢДАР ТУРАЛЫ АҢЬІЗ

Аңға шығып бір күні екі эстон,
Мылтық алып, ит ертіп,
орман кешкен.
Бір заматта кездескен ізді керіп,

Бір-біріне:

– Қоян!

– Иә, қоян! – дескен.

Осыдан соң екеуі екі жаққа,
Кетіп, орман шарлайды күн ұзаққа.
Кешке қарай қайтыпты ауылына
Ең арысы түспепті шіл тұзаққа.

Таңертеңгі із тағы ұшырасқан,
Орман кезіп күн бойы түсі қашқан.
Бір-біріне қарасып тұрып-тұрып:

– Қоян!

– Иә, қоян! – деп ажырасқан.

Жайланған соң үйінде асқа тойып,
Трубкасын жайымен сорып қойып.
Әйеліне бұл жәйді айтса бірі,
«Неткен мылжың едіңдер»

депті кейіп.

ҚАЙЫҚ

«Сырғаңды қайық қылып өткіз мені».
Халық өлеңі
Ырымға жатса-дағы түбі сайып,
Құрметке дәстүр сынды түр ылайық.

Қазақта ат берсе де,
жүген бермеу,
Тәрізді эстондарда еспе қайық.
Қастерлі, қасиетті бұйым екен,

Халықтың қорегі ғой тұрған мекен.
Қайықтан, кәсіпке сай құрал жасап,
Еңбекпен күнелткенге келер не тең!
Негізгі кәсіп балық эстон үшін,

Қайықсыз балықшының халін түсін.
Ішер ас, киер киім,
алар білім,
Шаруаның тындырады барлық ісін.

Ұстарлық қадір тұтып, қасиеттеп,
Көлігің – дария кешер,
қусаң жетер,
Құтқарып қашсаң, мақсат ғасыл етпек.

Ғашықтар:
«сен ар жақта,
мен бер жақта»,–
Деп жылап, сырға қайық етер шақта,

Көмекке келер тағы осы қайық
Ғайыптан пайда болып жанар баққа.
Сондықтан эстон үшін қайық қымбат,
Ұстайды киелідей баптап, бұлдап.

Тозғанын тастамайды, өртемейді.
Қаңтарып дуалына қояр құндап.

ШЕЖІРЕ

Сыр шерткізгің келсе егер Жер-анаға,
(Үйіңе әкеп табиғат бере ала ма!)
Көзің көріп, көңіліңмен сезінетін
Шамаң келсе, бауырым, ел арала.

Ғаламаттар не түрлі елде екен,
Ел көкте емес, еткен ғой жерде мекен.
Өзіне де, ізіңе қамқор ана
Болып мынау жер бекер келе ме екен!

Жер – ғұлама, жер – тарих, жер –
шежіре,
Осы асыл қоймадан сыр сезіне
Алар адам кезіксе,

айтпасы мен
Салмасы оның болмас-ау ой тезіне.
Сыр шерткізгің келсе егер, Жер-анаға,
(Үйіне әкеп табиғат бере ала ма!)

Жақсы-жаман із қалған бұл өмірді
Білгің келсе, бауырым, ел арала.

МУЗЕЙ ҚАЛА

«Италияны, әсіресе Римді көрген адам,
өмірден бақытсыз өттім дей алмас».
Гете
Жастан-ақ өскенбіз ғой құлақ қанып,

Мұғалім жүре ме деп сұрап қалып,
«Европа елінің бір астанасы,
Айта ғой жазсаң аты үш-ақ қарып». —
Дейтінбіз қайталап біз қалаларды...

Сол кезден жадымызда қала барды.
Көз көрді естігенді несі ғажап
Бұл ғасыр жақын етсе араларды.
Тибрдың15 жағасынан тұрмын қарап,

Өтеді алуан түрлі ойлар жанап...
Жаралған жермен бірге көне Рим,
Тарихтың беттеріндей парақ-парақ.
Саналуан ескерткіштер қатар түзей,

Ертенің ертесінен желі үзбей
Әкелген
ашық аспан аясында
Қарт Рим ғажайып, бір қала музей.

Ойласаң баурайтұғын қала да емес.
Қала Рим өз алдына дара кеңес.
Жаулаған жан жүйеңді өнер күші
Көңілден әсте өшіп қалар емес,

Із жатыр әр ұлыдан, әр ғасырдан
Шыңырауды шың басымен жалғастырған
Көпірдей
көнермейтін, қирамайтын

Шын өнер мәңгілікті қамдастырған.
Көзіндей көне күннің сан орын бар,
Әулие Петрдің зор соборы бар.
Жүрекке жетіп жанды баурар болса,

Дей алман әсте өнердің сөнері бар.
Бейнесі әр ғасырдың парақталып,
Оқылар кітап сынды сан ақтарып,
Қалыпты Микеланджело, Рафаэльдан

Әлемді таңдандырған тарап барып...

МРАМОР ТАСТАР СӨЙЛЕП...

Тан болып тамсанасың таңдай қаға
Ғажайып өнер қонған маңдайға да.
Адамның мүмкіндігін көріп тұрып,
Қадасың, пай-пай қалай жанбай ғана.

Сән сарай, ғимараттар, зәулім үйлер...
Көз тойып, санаң байып, көңілің билер.
Тереңге тұнып қалай ойың кетпес
Мрамор тастар сөйлеп, төксе күйлер.

Мәселен айтайыншы мынау сырды:
Бір бала – тас мрамор көңіл бұрды.
Шөгірді табанынан алмақшы боп
Отырған шұғылданып осы ғұрлы.

Бар ішкі дүниесін, бар назарын,
Шөгірдің жанға батқан бар азарын :
Түп-түгел төгілтіп түр
тас мүсіннің

Тіріден айнымаған бет ажары.
...Жас ару тұтқын болған, көзінде жас16
Жалынса аяр ма оны қасақы қас
Қайғысын, күйінішін мұның-дағы

Сөйлеп тұр кәдімгідей мрамор тас.
Түсіпті айнымастан көз жасы да,
Етіне батқан қолдың таңбасы да.
Егілткен тас мүсінді талант күші

Қояр ма әсте тәнті болмасыңа.

ИТАЛИЯ БОЯУЛАРЫ

Калабрия17
Келем бойлап жағаны,
Көрікті өңір көңіл билеп жамалы.
Желпіп жеңіл жетелейді қиялды

Көк теңіздің жайлы жібек самалы.
Нақ төбеден күн қараса күлімдеп,
Аймағында аппақ сағым дірілдеп,
Жер реңі сәтінде сан құбылып,

Бояуларын өзгертеді біртіндеп.
Абайласаң күн төбеден ауғанда,
Алтын арай асылады бар маңға.
Көз ұялтқан ақ торғынды ақ келін

Дерсің мүлде бүктеп жиып алған ба!
Еңкейіп күн ұясына барғанда,
Айналаны қызғылт нұрға малғанға
Ұқсай келіп,

бірте-бірте көгілдір
Нұр қолтықтап ұйып маңай қалғанда.
Кез қыдырып, кезіп арғы жағаны,
(Тек Мессино18 бөліп тұрған араны.)

Боз діңгектей іліп қойған аспанға
Мұнартады Сицилия аралы.

СИЦИЛИЯ АРАЛЫ

Тәрізді бір талып жеткен таң, әні
Бар екен де
көзді жаулап алары.
Көк аспанды жамылып,

кек теңізді
Құндақ еткен Сицилия аралы.
Сан құбылып, көлеңке күн ауысып,
Ақша бұлттар ажырап, бір қауышып..

Ленталарын іліп болмай жатқандай
Кемпірқосақ көкте сабыр тауысып.
Ағаштары тағып алтын алқаны,
Сусындатқан жемісінің бал дәмі.

Апельсині, лимоны үшін ат алған,
Шынында да алтын екен алқабы.
Көңіліме құйып алып көлемін,
Көркемдікпен кез суарып келемін.

Бұл аралдың әр шоқысы, әр тасы
Шырқағандай «Санто лу чио» өлеңін.

ПЕНТИДАТО

Қарабұжыр, Қалбаның
көгалына аунаған
Білесіздер, ағайын,
таңсық емес тау маған.

Көп назарын аударды
Апеннинде бір биік.
Кескінімен өзінің
бес саусақтан аумаған.

Барлағанға мәні бар
мұның көңіл бұрғандай,
Қына да жоқ бетінде
жап-жалтыр тау сұр маңдай.

Пентидато грекше —
бес саусақ тау,
біздердей
Жолаушыға ағылған

ізет жасап тұрғандай.
Қарсы ала ма өзінше,
көш деп қолын бұлғай ма!
Пентидато себеп боп,

әкелді бұл түрлі ойға:
Жұмыссыз көп босқынға
қалаларға шұбырған
Түсірме деп иықты,

әлде, жігер шындай ма!
Ауыл біткен маңында
қаңырайып бос қалған.
Босқындарды жосыған

қандай тағдыр тосты алдан.
Қос қолына бір күрек
таппаған көп қыршындар
Үміт бастап, кім білсін,

келешекке қосты арман.
Көлеңке күн тоғысқан
осы таудың боз ала
Бетіндей ел ала көз

келе жатқан өз ара.
Көктен тілер ежелгі
дініне сай салтымен
Бес саусағын тауы да

көкке қарап соза ма!..

КАКТУСТЕР

Тау, төбе ме,
төмпешік пе,
саға ма,
Жол жиегі,

жыра,
биік жаға ма!
Пілдің талыс құлағынша қалқиып,
Тұнып тұрған Фигидино, Агава19.

Таңдансақ та деп не қылған көп тіптен,
Назарды ол баураған жоқ көптікпен.
Жол нұсқаушы аңызы бар, шыны бар
Кактус жайлы білгендерін жоқ бүккен.

Жанап адам бармайтұғын қасына,
Зұлымдығы жетсе дағы басына.
Тікенді, улы кактус болып тараған
Әйел бопты Агаваңыз осына.

Ақ нүктелер тұла бойға қадаған,
Айырғысыз әппақ ақық танадан.
Көрмегенін көрген жерде үлкендер
Тіпті айнымай қалады екен баладан:

Фигидино өне бойы көк тікен
Шырыны бал, жемісі оның кеп тіптен.
Ауыз тимеу күнә десіп...
жұмсалып

Жатыр айла, амал, тәсіл, еп біткен.

– Несі бар!– деп өзін батыл санаған

Тау жігітті жетіп барып жанаған,
Кері қайтты азар шегіп кактустен
Абайсызда ақ жебесін қадаған.

– Алыңыз! – деп бірін зорға аршып ап,

Бір ағайын келе жатыр аршындап...
Тілге тікен қадап алған кейбіреу
Жолар емес берсең-дағы алтындап.
Әзіл, күлкі, көңілділік маңайда...

Табиғаттың сыры жайлы мен ойда...
Түрі-түсі бірдей,
бірі жемісті,
Бірі улы,

ғажайып қой қалайда.
Екеуін де кактус деп ел атады,
Екеуіне де таң атып, күн батады.
Бір топырақтан қорек алып,

күннен нұр,
Екеуіне де жер ана боп жатады.
Табиғат-ай, құзырыңа таңданам,
Бір өзіңе тәнті, әрине, бар ғалам...

Адамдарға беру үшін әрекет
Болармысың егіз дүние таңдаған.

АРМЫСЫҢ БАҒДАТ!

Армысың, Бағдат!
Өзіндей тарих шежіре,
Толқытып, баурап,
Себепкер болдың сөзіме.

Ойларым кейде
әл-Фарабиге ілесіп,
Жүретін еді
Оқшаулай соғып өзіңе.

Нәсіп боп міне,
Өзіңмен бүгін жүздестім,
Мен қазақ елінің
Ақ даласында түзде өстім,

Бавилония,
Басра, Бағдат, Қос өзен,
Таныссың маған
Тарихыңды да біле өстім.

Таныған мынау
Бүкіл әлемнің алабы,
Ұстаз деп білген
Данышпан ойшыл дананы

Құшаққа алдың,
Менің бабам – Әбунасыр әл-Фараби
Ауаңды жұтып,
Құмыңды басты табаны.

Жасымнан қанып
Оқығам араб дастанын,
Бәйіттеріңнің
Ғазалдарыңның танып астарын.

Естай ақынның
Қорланын іздеп,
Өзіңді
Білемін шырқап

Әніне асқақ қосқанын.
Шымырлап аққан
Сарқылмас көзі бұлақша
Мың бір түн жетіп,

Біздің елге де жыраққа.
Кеп жүректерде
Ақындық отын тұтатып,
Талапты ерді

Мінгізген талай пыраққа.
Ендеше достық
Тамыры жатыр тереңде,
Сыймайтын мынау

Аз ғана арнау өлеңге.
Көңілден адал
Тілерім – бірлік, татулық,
Аспаның ашық

Бейбіт күн тұрсын төбеңде.

ІІ

Қала Бағдат – қарбаласы, қамы көп,
Біреу сорлап,
Біреулердің бағы үдеп
Жүргендей,

Тек тұйық ару мен үшін,
Сыр ашпайды
өзің біліп, таны деп.
Танығаным, өзім барлап көргенім –

Бір Бағдатта екі ұдайлық өргені.
Көне менен бүгінгінің шендесе,
Иықтаса келіп атой бергені.
Жаңбыр жуған қарақаттай жанары,

Шүпірлеген жетелеп топ баланы,
Тұла бойын көме қара жамылған
Араб әйел мұңға көмді сананы.
Европа үлгісімен киінген

Жап-жас жігіт шыға кеп бір бүйірден
Көк мешітке көкке қарап мелшиген
Кірді жайлап тағзым етіп иілген.
Көру үшін біз де кірдік.

Байқадым
Жүзін беріп құбылаға,
айтарын
Әлгі жігіт жан жүректен ақтарып,

Құран сүйіп отыр мүлгіп шайқалып.
Араласаң һарон – Рашид көшесін,
Көңілінде көп түйінді шешесің.
Зәулім үйлер мешіттерден иіндес

Қайтарып тұр биіктіктің есесін.
Машиналар сыймай көше қайысқан
Зымырайды оңға-солға ойысқан.
Ұшырайды Бәдәуидің есегі,

Белі үзіліп, ши аяғы майысқан.
Таңдандырып қайшыласқан жан-жақты
Тепең қағып өте берді салт атты.
Арықтығы көтеремнен тұрғандай

Қозы күрең, ол да кепті андатты.
Бір қолымен елін қорғап соғысып,
Бір қолымен шаруа бағып толысып
Жатқан Бағдат

Контрасты қала екен
Көнесі мен бүгінгісі тоғысып.

ДИДЖЛА20

Диджла!– Тигр
Жадымда қалған жасымнан,
Келгіштеп саған,
Кете алмай жүрмін қасыннан.

Галстук тағып
Картаның тұрған алдында
Шақтарым барады
Толқындарыңа асылған!

Өзендер көрмей
Жүргендей неге толқыдым!
Сазың ба сұлу
Сыңғыры сынды шолпының!

Желің бе жібек
Торғындай сусып төгіліп,
Жамылған сәтте
Денеңе жайған салқынын.

Әйтеуір солай
Жанарды жаулап жамалың.
Жаныма жайған
Әлде бір ләззат самалың.

Анадай маңғаз
Қалпыңа қарап толғандым,
Оятып ойды
Тереңін тінтіп сананың.

Құм басқан мынау
Көнедей күлгін даланың
Бойына нәр боп
Қан тамырыңдай тарадың.

Арудың бұлаң
Қос бұрымыңдай қос өзен –
Евфрат – Тигр
Қос анарыңдай ананың.

Қайда даланды
Аралап көрдім көзіммен
Қайда да сенің
Шипалы нәрің сезілген

Мейірімі шексіз
Жаны ізгі жарқын аруана
Дарқандықты адам
Үйренсе болар өзіңнен.

ТӘТТІ

Атың тәтті!
Тәтті екенсің өзің де.
Болашақ тұр мойыл қара көзінде..
Тұла бойың тұнып тұрған парасат

Жүрек жұлқып,
От қойғандай сезімге.
...Аз – Зубадта21 балалардың бағында,
Біздерменен ұшырасу шағында,

Жан жүйемді балқытты бір бал бөбек,
Қысылу жоқ, жатырқау жоқ жанында.
Қалт еткенде қасыма оны шақырдым:

– Бал қылықты бұйра басым, атың кім

– Тәтті, – деді ол.

– Тәтті екенсің деп мен де

Бауырыма қыса түсіп жатырмын...
Титтей ғана тәтті қызы арабтық,
Топты бастап,
көпті аузыңа қараттың.

Тақпағың мен әнің, биің жарасып,
Маңайыңа сүйкімдім нұр тараттың.
Балғын шақта байсалдысың үлкендей,
Шолпандайсың топ ішінде үркердей.

Майдандағы офицердің бөбегі,
Аспаныңа ашық бейбіт күн келгей.
Атың тәтті!
Тәтті екенсің өзің де,

Болашақ тұр мойыл қара көзінде.
Тұла бойың тұнып тұрған парасат,
Жүрек жұлқып,
От қойғандай сезімге.

ХҰРМА ТУРАЛЫ СӨЗ

1

Хұрма ағашын көлеңкелеп отырып,
Ескі наным,
қазір мүлде жоқ ғұрып.
Еске түсіп,

әңгімені жалғадық
Көңілде көп ой кестесі тоқылып.
Меккеден! – деп
қасиеттеп қаншалық,

Ауыл біткен ауыз тиіп, тамсанып,
Ақ сандықтан әжең ғана шығарып,
Іркіп ұстап, қымбатыңдай соншалық.
Нәрестені сақтайды деп тіл көзден,

Жын-періден
ұйтқып үрлеп күл кезген.
Тақияға тағып хұрма сүйегін,
Бесіктерге қадайтұғын бір кезде.

Ауырғанда ауыз дәмін алуға,
Сәтін берсе, ажалдан да қалуға
Көңіл бұрып,
қайран аңқау қазекем

Балаған ғой киесі мол даруға.
Әжелер жоқ бұл ғұрыпты аттаған,
Бісмілләсіз қолға ұстауға батпаған.
Хұрмаң осы! —

дейді Әбсаттар ақырын
Ағаш жәйлі
ақжем ғып күн қақтаған.
Сол хұрма өсіп қонақ үйдің қасында,

Тәбат тартып жемісі ұшар басыңда. –
Япыр-ау! —
деп қыздар күледі қулана
Батыл жігіт жоқ па деп бір осында.

Әлібекке кей біреуі көз салып,
«Бір рахат болар еді шөл қанып» —

– Биік екен!

– Он-ақ метр ағашқа

Шығу деген қиын боп па соншалық...

– Мұны арабтың ару қызы баптаған.

Бізге емес, Ерағаңа сақтаған, –
Ағасына әзілдейді Әлібек

– Ерағасы-ау, ұят қой деп татпаған.

Ермек күліп:

– Жемісі оның биікте,

Биік деген қолға оңай тиіп пе?!...
Маңың толы жанды хұрма тұрғанда
Тұрсың бала, көңіліңе түйіп не?
Күлкі...

Әзіл осылайша жарасып,
Өзінше әркім әр хұрмаға қарасып...
Қашан болсын жақсы биік тұрады деп
Қойдық түйіп, Хұрмадан сәл ары асып.

2

Күнге иін төсеп мынау томсарып
Тұрған хұрма байқағанға соншалық
Мол ризық екен-ау бұл аз елге, –
Дедім барша қасиеті ой салып.

Араб жұрты Хұрма бағын қалайды,
Оның мәні – құрылысқа ол жарайды.
Көлеңкесі – сая,
сусын – жемісі

Экспортпен жер бетіне тарайды.
Қала көркі – ағаш,
әйгі сыр мәлім.
Бұл сөзімнің әз оқушым біл мәнін.

Алматының терегіндей тізілген
Ару Бағдат құшағында Хұрманың.
Сол Хұрмадан қала сая тапқандай
Қыз бейнелі ару —

сындар, ақ маңдай
Жасыл торғын жәйіп Бағдат үстіне
Жел боп желпіп,
самал сеуіп жатқандай.

Сондықтан да қала жәйлі, кең тыныс
Тілейміз тек болса ғой деп ел тыныш.
Қирамаса снарядтан осынау
Табиғаттың өзі қойған желпуіш!

ТҰРАРСЫҢ МАЗДАП ЖАНЫП МӘҢГІ СӨНБЕЙ

Тақ жұлдыз талайы асқан Сәкен аға,
Халқының бақыты боп туған дана.
Ісімен,
өнерімен,

тұлғасымен
Ел қазақ арасында тұрған дара.
Армандап аз жұртының азаттығын,
Арысым, кешкен бастан азапты күн.

«Азамат тізе қос» деп ұрандаған.
Үніңнің сазын сезем ғажап бүгін.
Еменім иілмеген, майыспаған,
Жалаңаш қолыменен жай ұстаған.

От берген өзегінен Прометейім,
Жоныңнан ет кессе де қайыспаған.
Өткеріп «тар жол, тайғақ кешулерді»
Өзгемен терезе тең етуге елді

Күресің, сонау азап вагоны да
Боздағым, ұмытылмайды, есіңде елдің.
Қуанған шыққанында жаңарып күн
Жаршысы жаңа елдің бар жаңалықтың

Жүйткітіп шығып алға экспресспен
Көрсеттің сан үлгісін даналықтың.
Шын айттың сыр сандықты ашып қойып
Ақырын сым пернені басып қойып.

Сырласып «қызыл атпен» қиналсаң да
Көрмедің пәнда болып жасып, мойып.
«Бір сырлы, сегіз қырлы» қыраным-ай,
Ардағы елдің ерке бұланым-ай!

Тақ біткен маңдайыма темір қазық
Ырысым, құт-береке бұлағындай.
Арманың ғасыл, елің азат бүгін
Атынды зердесіне жазады бүгін

Атанып Сәкен елі мерейі асып
Әйгілі күллі әлемге қазақ бүгін.
Туар ма едім енді ұлды сендей
Өнері, өнегесі бітпес кеңдей.

Алдында өсер ұрпақ жарық жұлдыз
Тұрарсың маздап жанып
мәңгі сөнбей.

САРЫАРҚА СӘКЕН ӨСКЕН САЙРАН ДАЛА

1

Сарыарқа – Сәкен ескен сайран дала,
Осы де жас жүзіндей жайраң дала.
Асыр сап, балалармен асық ойнап,
Асау тай жарыстырған қайран аға.

Осы де шежіре жер, көп көрген жер,
Басынан көп дүние өткерген жер.
Оянып сері сезім,
ақын алғаш

Аруға бота көзін төңкерген жер.
Осы де Сәкен ыстық керетін жер,
Сағына жырға қоса беретін жер.
Аймақты әнге бөлеп, тау ішіне

Ақбозбен түнделете келетін жер.
Осы де ит жүгіртіп құс салған жер,
Қызық шақ, қимас, қымбат түс қалған жер
Сонарда бөкен қуып, бері соғып,

Қаңтардың қысқа күні қысқарған жер.
Осы де өсіп ойы ұстарған жер,
Қауырсын қалам қолға ұсталған жер.
Көз көріп, заман сырын көңіл жазып,

Әділет жолын берік ұстанған жер.
Осы де сөйтіп Сәкен туған жері,
Ақ қанат сағым арман қуған жері.
Жетелеп ізгі сезім,

игі ниет
Зұлматпен күреске бел буған жері.

2

Сарыарқа, сәнді Арқа, сайран Арқа,
Кең қазақ кең құлашын жайған Арқа,
Келемін көз буланып, көңіл босап,
Бұл күйге түсермін бе жайдан Арқа.

Үзілмес қоңыр желі ескен Арқа,
Өнерлі сан саңлақтар өскен Арқа.
Арқа мен өнер егіз ұғым болып,
Жасымнан көкірегіме кешкен Арқа.

Көмкерген көкалалар құба белдер...
Төгілген құйындатып Құлагерлер...
Айдынын әнге бөлеп аққу сызған,
Құрағы көз тұндырған тұма, көлдер...

Қазақтың кең жерінің төрі Арқа,
Кербез тау, керме иық бел, сері Арқа.
Ән өсіп, жыр қаулаған, күй көктеген,
Өнердің түгесілмес кені арқа.

Шырайлы қыз көркіндей керім Арқа,
Шұрайлы шүйгін жұпар жерің Арқа,
Сауықшыл өнер сүйген бұл өңірдің
Мақтан ғып атап кеткен елін Арқа.

Ақындар, сал-серілер елі де Арқа,
Шешендік сиқыр сездің кені де Арқа.
Ғасырлар асып жыр боп келе жатқан
Мен жырлап түгесе алман сені Арқа.

3

Бұл өңір бүгін – байтақ Жаңаарқа,
Жаңарып жері, елі, сана арта
Түлеген өңір көріп, өмір көріп,
Сүйсініп, көңіл өсіп, жанады арқа.

Көркі бар айырғысыз жасыл бақтан,
Телегей теңіз ырыс тасып жатқан.
Бүгінгі Жаңаарқаңыз Сәкен аға,
Аңсаған арманынан асып жатқан.

Несіне табыстарын тізіп айтам,
Көңілге қонымдысын сүзіп айтам.
Еңбегі, өнерімен ел мерейін
Өсірген ұлы менен қызын айтам.

Толқынды «Тоқырауын ырғақтары»
Еселеп ел бақытын жырлап тағы
Ғасырлар асыратын өнер сүйген,
Жасай бер, Сәкен аға ұрпақтары.

АРНАУ

Армысың, ақын Бердақтың елі,
Әжнияз сүйіп жырлаған өлке!
Бозатау сынды гүлбақтың елі,
Қызыр кеп өлең сыйлаған өлке.

Өңіріне өнер сыймаған өлке.
Армысың, әсем Кегейлі жері,
Өзіңе елің теңейді нені.
Армысың ару аруана Әму,

Сылдырың сырға бөлейді мені,
Ағысың неткен көп ойлы еді...
Армысың, дарқан ақсақал дала.
Ақсақал дала – ғұлама дана,

Жаңылмас жағы екен жылнама,
Жылнама әсем төгер жыр ғана –
Өнерлі елдің ризығы дара.
Көкпек пен көкше сексеуіл өскен,

Боз дала боздап аңызақ ескен.
Бабалар кеше жүріп жол кешкен
Жоқ екен кене көңілден кешкен,
Жоқ екен ізі өмірден өшкен.

Қарақалпақтық жазушы, ақын,
Ұрпағы туыс, тетелес елдің,
Жаны да қаны, жүрегі жақын
Деп іздеп арнай аралай келдім,

Әріптестердің сәлемін бердім.
Арғымақ жырдың жалында өскен,
Қызымын қазақ елі ақын дескен.
Ән салсам, асқақ аспан тілдескен,

Ақша бұлт ауып орнынан көшкен,
Бұлбұл үн баурап дауысымнан өскен.
Бауырлар, сөйтіп аралай келдім,
Аспаныңа әнім тараған дедім.

Сөзі бар семсер ақиық кез боп,
Сайысына енер жарағай дедім,
Дауыл боп жырлар борағай дедім.

БАС КИІМНЕН ТАНЫҒАН

Қырғыз туыс кисе киіз ақ қалпақ,
Қарақалпақ киеді екен қарасын.
Бәт құндыздан қарасын да, ағын да
Қазақ кисе, табады екен жарасым.

Түрікпенде сеңсең бөрік, өзбекте
Зер тақия,
Жазбай танып аласың.
Әр қайсысын көрсең егер жалаңбас,

Қайсысы кім, айыра алмай қаласың.
Бір ұядан тарағанын бұлардың
Әлем біледі,
естімедім таласын...

Өсіп-өніп жарты ғалам жайлаған
Тауып, танып алуға әр баласын
Ұлы баба дара-дара бас киім
Кигізген-ау...

қалай бұдан танасың!
Қалпақ түрін ойлап тауып ғаламат,
Туыстықты еткен мәңгі аманат.
Бабалардың ұрпақ қамын ойлаған

Рухына бас иейік жамағат!

ГҮЖІМ АҒАШЫ

О, достар!
Осынау шақ жасымда
Аралап біраз жер көрдім.
Көргенді көңілге тоқып,

Көркемін өлеңге өрдім.
Көп жаздым ағаштар жайын –
Мәжнүн тал,
сымбатты қайың,

Нән шынар,
зәулім терек,
Жемісі шырын хұрма
Мәнісін ақтардым ерек.

Қабағын ашпайтұғын,
Бөгде сыр шашпайтұғын,
Мұңы мол кипаристі,
Магнолия жұпар иісті,

Сұлу һәм залым қалпында
Ол дағы өлеңге түсті.
Көк тасын Көкшетаудың
Қақ жарып өскен зәулім

Қарағай хас батыр боп,
Мол жайлап жүр жыр ауылын.
Жерінде қарақалпақ
Және бір ғажайып көрдім,

Көркінен көз айыра алмай
Таңданып, таңырқай бердім.
Қанатын кең жайып өскен,
Жапырақ бұтағы ерек,

Ордадай алты қанатты
Кең сая, самалы бөлек
Бір ағаш Гүжім аталған
Сырымен тербеді мені

Ерекше толқынға бөлеп.
Бұл өзі кездеспейді молдан,
Өспейді ішінде орман,
Өйткені егеді екен,

Тек қана қарт кісі қолдан.
Жастарға егуге тыйым
Ежелден салатын болған.
Мұны жас адамдар ексе,

Көктемей жастайын солған.
Сонымен аулаға егіліп,
Бір бүйірі суға көміліп,
Бес жүз жыл ғұмыр жасап,

Маңына самалы себіліп,
Тұрады Гүжім төгіліп.
Ерекше тағы бір қыры,
Білуге қажетті сыры –

Маңына шыбын шіркейдің
Әсте де жоламайды бірі.
Кеш болса, қарттар құйылып,
Әңгіме дүкен құрылып,

Сергіп бір тарасады екен,
Көкірекке көп сырлар түйіліп.
Мақтауға тұрарлық бөтен,
Және бір сыры бар екен –

Қарақалпақ, Хорезм жерінен
Өзге топырақты етпейді мекен.
Алматы апорты сынды
Ғажайып патриот екен.

КҮЛІП ЖҮРШІ

Қабақ шыта қарай қалсаң, түн екен,
Кейігенің қара бұлтпен бір екен.
Әлде қалай ақ жарыла жүректен
Жымиғаның – бұлттан шыққан күн екен.

Ойхой, дүние, көңілің неге мұң екен,
Сенің үшін кімдер ғана бұл екен!
Білер ме еді жүрегіңе бір сұңгіп,
Сені мұндай күйге салған кім екен!

Бойындағы бар асылды жасырып,
Жабылмашы мұң мерейін асырып.
Тау құласа, нар боп берік қал дағы,
Қасақана күліп жүрші ашылып.

Күліп жүрсең, жүзіңнен бір нұр есіп,
Тұрады екен алғандай ел үлесіп.
Күліп жүрсең, күллі аруы әлемнің
Кете берер деп ойлаймын ілесіп.

ӨКІНІП ҚАЛДЫМ

Тек ізет қана,
Жүздесіп, сәлемдесе кетем!
Шаруам жоқ мүлде
Бір түйір бөтен.

Ақынды мансап бұзбайды...
Деп едім ақ көңілімменен,
Мұным, дос, аңқаулық екен...
Сыйлап ем жыр кітабымды,

Көзге ілмей тал-бұта ғұрлы,
Столдың ат шаптырымдай
Шетіне алды да ұрды.
Дегендей не сырмен келдің

Қабағын шытынып тұрды.
Мен біраз абыржып қалдым,
Ұятқа жүзімді қарыдым.
Өзіме кейіп налыдым.

Арылып алдында ардың...
Ақын жоқ мансапқа кез боп,
Бірқатар ғибрат алдым.

ТӨРЕБЕК СҰЛУ

(Әжнияздан)

Мінсіздігің Бозатаудың гүліндей,
Сен бар жерде ара гүлден безінер.
Кірпігіңді бір көтеріп күлімдей
Қарасаң сен, түн жұлдыздан безінер.

Сені көрген мынау пәни ғаламда
Бар сұлулық атаулыдан безінер.
Сені көріп сабыр тапқан адамнан
Сабыр-тахат өзі аулақ безінер.

Тәтті тілің, майда сөзің ерітіп,
Жылжытар да жалынды іннен бездірер.
Махаббатың маужыратып, елтітіп,
Бұл аманат жанды тәннен бездірер.

Алтын тіллә, пісте мұрнында әребек22.
Екі қара көзің екі бәледек23.
Үргеніште ару бегім Төребек,
Мәжнүн етіп Зиуарды24 елден бездірер.

МЕРЕЙІМ

«Мерейім»25,
аяулы ақ қанат құстарым,
Бұл сапар сендерсің
ұшырып, алысты нұсқарым.

Сыр менен Аралдың
құмынан әрі асып өтіңдер,
Нөкісте қаламдас достарға
Жүректің сәлемін

Арқалап жетіңдер.
Құттықтап достардың Съезін
Тау табыс тілеңдер,
Жарқылдап жаңарып,

Жасарып түлендер
Кегейлі қызынын әніне
Менің де қос әнім
Өздерің арқылы көңілімді

Түсінер алыста достарым.

ӨЛЕҢ ӨМІР

AHA ТІЛІМ

Ана тілім – тірлігімнің тірегі.
Тілмен ғана кірер адам іреңі.
Тілсіз қоғам өлі,
мынау дүние

Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім – әрекетім азығы,
Бар ғаламды тануымның қайығы.
Ой-санамның өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгіге әз үні.
Ана тілім – айна түсер аймағы,
Елім, жерім, ұлтымның да айғағы.
Бар қалпымды, бар өремді дәлелдеп

Жеткізетін мәні, нәрі, қаймағы.
Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем.
Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем.
Ана тілім – анам сынды аяулым,
Сенсіз жерде көш соңында жаяумын.
Сенсіз жерде күйім көрдей қараңғы,

Сенсіз қалсам құруға да таяумын.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң,
сыйлап өтіңдер.

Туған тілін танымаған көр соқыр
Болып өтер,
ертең мәңгі өкінер.

ҚАЛҒЫП КЕТПЕ

Ақын орны әрқашан алғы шепте,
Беу, жүрегім, тек қана қалғып кетпе!
Сілкініске, ел күткен серпіліске
Қосылайын барынша қалмай шетте.

Болып көрген жан емен ұйқыма алаң,
Ақ саусақтық жолаған емес маған.
Бүгінгі ұран – адалдық, әділеттік,
Дәл сол үшін ерекше сілкіне алам.

Мен осыдан азарды көп шегіп ем,
Өз басымнан өткердім лек-легімен.
Жібек арқан, жүз, құбыла болмай менде,
Түбі ақиқат жеңер бір деп сеніп ем.

Сол үмітім ғасылы қолымда екен,
Буу керек екен тек белді бекем.
Арылу һәм арылту, қайта құру,
Қуат-күшті бұл іске беріп өтем.

Беу, жүрегім, тек қана қалғып кетпе,
Қара шоқпар тобырға елен етпе,
Өлең отына өртедім «бұйрықты» мен,
Бұйрықпенен өмірге ақын кеп пе!

ДИАЛЕКТИКА

Жұтарман, жойқын
Мұхит – дүние,
Өмір – өр толқын
іреңді.

Зымырап уақыт,
Біреу қуанып,
Кейіс уатып
біреуді.

Өмір – бекетін
Жылап кеп тұрып,
Қимай кететін
пәндә адам,

Толқында налып,
Тал қармап талып
Жүрсе де жарық
таңдаған.

Жеткізбес үміт
Жетелеп
толқын
Желкелеп үгіп

жігерін...
Мұратын іздей...
Сөніп бір жанып,
Күрескен үзбей

күдерін
Бұл мәңгі
ғалам
Қоғам боп тұтас

Басқалы адам
ілгері.
Жылжыған ұлы
Алып дөңгелек

Жүргізер мұны
Кім кері!

ҚАЙТА ҚҰРУ

Қайта құру – бар қалпыңмен жаңарып,
Жарқын жолға түсу қолға шам алып
Шыққан сынды
айналаңды айқындап,

Шын арылу көң-қоқыстан тазарып.
Қайта құру – өз бойыңнан күш тауып
Күресе алу,
сенім мықты еш қауып

Күтпегенде, қайсы тұста неліктен
Әділдіктің таразысы түсті ауып.
Қайта құру – адалдыққа бет бұрып,
Ашық сөйлеу,

ақиқатты шеп құрып
Қорғау,
адам төмендетпей өресін,
Айту «мынау кемістігің» деп тұрып.

Қайта құру – ар бетіне тік қарап
Үйрену,
сол сүрінуден құтқарад.
Серіктесу, ұжданменен достасу,

Бұра тартпау түзу жолдан бұқпалап.
Қайта құру – әділдікпен танылу,
Жалтақтардан, жағымпаздан арылу.
Күн көріске құл боп тізе бүккенше,

Аш қалып-ақ тік тұру, ақ жарылу,
Қайта құру – әділдікпен танылу,
Үймеу маңға,
опасы жоқ тайғанақ

Жолға түспеу әпермейтін абырой,
Жіберетін ірілікті майдалап.
Қайта құру – арылу ол масылдан,
Атағымен масылдығын жасырған.

Күреп алып машықтанған маңынан,
Мал құлынан қалған екі ғасырдан.
Қайта құру – нығайта алу достықты,
Кеше ағалар дән бөлісіп ас қыпты.

Ғасыр бойы мызғымаған дәстүрге
Мегзеу қаулап келе жатқан жастықты.
Қайта құру – арқа сүйеу қауымға,
Қауым ғана төтеп берер ауырға,

Не тұйықтан алып өтер жол тауып,
Адастырмас ақ шырақ сол дауылда.

БАЙТАҚ ДАЛАМ

О, менің байтақ далам.
Ырысы шайқалмаған!
Қу дала медиен деп
Бұл күнде айтар ма адам!

Ой-қыры, әр қиясы –
Дәулеттің дариясы!
Жүз ұлттың құт мекені,
Ұжмағы жан ұясы.

Еңбекпен таны атқан,
Шаттық әр шаңырақтан
Шалқыған,
береке, бірлік

Ынтымақ халқыма мақтан.
Далама құлпырған бұл
Жетпіс-ақ жыл толып тұр.
Еркіндік, бостандық әкеп

Октябрь құйғалы нұр.
О, менің байтақ далам,
Ырысы шайқалмаған.
Қу дала медиен деп

Бұл күнде айтар ма адам!

АЛЫПТЬІ ТАУҒА ТЕҢЕЙМІЗ

Алыпты тауға теңейміз,
Биікті ғарыш деп атап,
Адамнан артық бар деме
Ендеше не үшін атақ?

Мақтаныш сезімменен
Айтқан соң өз атын атап,
Эпитет, теңеулер тіркеп,
Несіне тіземіз матап?

Түйедей атағы, даңқы
Түймедей адамдық нарқы
Көрмейтін пайдасын халқы
Жүр қуыс қайсыбір жалқы.

Достар-ау, түсінейік те,
Атақсыз кішірейіп пе?
Жүріп жәй адам кейіпте
Еңбекпен биіктейік те.

Лауазым, атақпен өсіп
Адам атымызды
Тым төмен түсірмейік те.
* * *

Көктемде күн көзінде нұр ойнайды,
Жастықтың жүрегінде сыр ойнайды.
Жұптасқан жанды-жансыз пәк дүние,
Бұл шақта ертеңіңді кім ойлайды.

Селт етпес жан бола ма көктем шақта
Кетпей ме көңіл көшіп көркем баққа.
Табысып тау тағысы, тас мажырап,
Күледі сағым сақ-сақ атырапта.

* * *
Зымырайды өмір алға,
Баяулатар құзыр қайда.
Бір қалыпта тұрар бар ма.

Бәрі өзгеріп, құбылмай ма?
Жоқ етеді құйған жауын
Шуақты гүл аймалаған.
Қара бұлтты қуар дауыл,

Көшер тұман сай-саладан.
Тағдырына әлі жеткен,
Әмір еткен айналада
Ауытқымай әділеттен,

Қалған мәңгі қайда адам.

ЕКПІН

Дұрыс айтпадым бірер сөздің екпінін,
Сол екпінге кетіп-ақ еді көп күнім.
Жеңіл екпін зілдей қадам байлайды
Әсер сәтте бола қалып тек мінім.

Екпінменен жөргегінде танысқан,
Өз тілінен мақрұм қалған «данышпан»,
Екпіндерін түгендемей өзгенің,
Туған тілін білмегенге намыстан.

Екпінді де, екпіндер де жетерлік,
Кей малмаңдар қанжығада кетерлік...
Екпіндерін түгендемей өзгенің
Дана тусаң ел намысын көтер тік.

ҮЙІРІП ҰЙТҚЫДЫ ДАУЫЛ

Үйіріп ұйтқыды дауыл,
Ұшырды гүл жапырағын.
Домалап күй кешіп ауыр
Кезді ол жер атырабын.

Тау асты,
Орманға барды
Үдеді дауылда сарын.
Жүдеді жапырақ сорлы

Сарқып бар бойында барын.
Ақыры сынды да, тынды
Жамылып өскен жер топырағын.

БАЙҒҰС ӨЛЕҢ

Шөп те өлең, шөңге де өлең, өңге де өлең,
Жүгіріп шықсын мейлі дөңге де өлең.
Әйтеуір «түшкіргенге жәрәкім Алла»
Арналып жатыр теңге, кемге де өлең.

Білмеймін емес бүгін қай түс өлең,
Бояусыз, көз тоқтамас жәй түс те өлең.
Сабынның көбігіндей ұшатұғын,
Бозарған оңған бөздей байғұс өлең.

Емессің бұл күнде сен кімге нәсіп,
Бәріне ұмтылғанның болдың кәсіп.
Әйтеуір айқайы кеп, айтары жоқ,
Өлеңнен өлер болдық құлақ басып.

Пау, қайда асқар асып өткен өлең,
Тер төгіп, табан тозып жеткен өлең,
Жүректі бұлбұл сайрар көкек жайлап,
Бейшара қадір-құны кеткен өлең.

КОНТРАСТ

Дарқан дейміз теңізді,
Жатқандықтан ба шегі-шеті көрінбей.
Тілсіз жау дейміз үреймен,
Жұтқандықтан ба кей қыршынды өрімдей.

Дарқан дейміз теңізді,
Ашқандықтан ба байлығын адамға.
Тілсіз жау дейміз үреймен,
Кейде қауып төндіргеннен бе жарты ғаламға.

О, ғажап табиғат, таңданам,
Бір қырың кіл әсем келісім, жарасым,
Бір қырың қозғалыс, арпалыс
Құрайды кіл күрес өмірдің жаңару таласын.

БИБІГҮЛ

Беу, дүние, саф күміс пе мына таңдай,
Сыңғыры сабырыңды сынағандай.
Тоғысып әлемдегі үн атаулы,
Көңілдің құлақ күйін бұрағандай.

Беу, дүние, саф күміс пе мына таңдай,
Сыңғыры сабырыңды сынағандай.
Бибігүл деп бұлбұл құс бұрылып кеп,
Үніңді ұйып өзі тыңдағандай.

Сән болмайды көк түтін,
Әл болмайды бір жұтым.
Қ. Аманжолов

ОТАҒАСЫ

Әппақ арды дал-дал жыртып,
Ойланбастан аттап еттің.
Парықтамай қылығыңды,
Қор еттің де, ұйықтап кеттің.

Бей-жайлықты өзің ектің,
Қабағыңа қарамақ кім.
Кірәсіні біткен шамдай
Өлеусіреп махаббатың.

Балаң еркін еркелемей,
Жанай алмай ығысады.
Анасына жалтақ-жалтақ,
Қабақпенен ұғысады.

Құлазыған көңіл көрдім,
Жыртық үйдей жылуы жоқ.
Бағдарсыз бос өмір көрдім
Өткелінен жылымы көп.

Шаңырақтың тіреуіші
Санап жүрген, отағасы,
Қаңқасы бар,
қалқасы жоқ,

Қалды ұяңның не бағасы?
Жалынған – бас қорғау емес,
Жағаласқан – бас қорғау.
М. Әуезов

ЖАЛҒЫЗ ҚАЙЫҢ

Қабақта,
өзен бойында
Өсті бір нәзік ақ, қайың.
Түсіріп еске

томсарған
Тағдырға көнбіс тақ жәйін.
Жел ұрып, дауыл жұлқыса,
Майысатұғын,

сынбайтын.
Темірдей қысса, сары аяз
Сазарып мойынсұнбайтын.
Жападан-жалғыз, жап-жалғыз,

Көрсең де қашан бір өзі,
Жүретін аян осынау
Қайыңға ұқсап мінезі.
Әділет жоқ, аяу жоқ,

Тағдырға іштей налушы ем.
Беріктік, сірә, бар болса,
Өзі ме деп қалушы ем...
Сынбасты ұста соқпайды,

Тозбастың барын білсін кім!
Дүние-ай мәңгі жоқ-ау деп
Өкініп іштей күрсіндім.

ЕРКЕК

Онымен толы ортаймас, азын толмас,
Болса да жұртта қалмас, көптен озбас
Санаға сіңіп қалған ұғымдар бар,
Өмірде келе жатқан тауып жалғас.

Мәселен ер азамат, еркек делік,
Мәнісі дараланар көрсек теріп.
Иесі шаңырақтың отағасы –
Есіммен тұрар ұя өрнектеліп.

Еркекке көрсетілер таудай сенім,
Еркегі жоқ үйде орны болсын ненің..
Сай болып төрт құбыла тұрсын мейлі
Молайтар еркек жоғы үйдің кемін.

Еркексіз үй жарлының үйі сынды,
«Ас ішті қайдан,
атты қайдан мінді»
Дегендей, әр қадамы сынға түсіп,

Ұқсатым, талап, еңбек күдік ілді.
Бар болса аты еркек тымақ киген
Жоқ мейлі тауқыметі жаны күйген,
Аталып есімімен малы-жаның

Ұлтыңды белгілеу де соған тиген.
Айтпайын баға беріп, тізіп-теріп,
Жамылған еркек атын жүр ғой өріп...
Өмірде сәйкессіздік – аққан өзен,

Бұл дағы құяды да соған келіп.

ТАҒЛЫМ

Жүр еді айту ойымда
Осынау тағлым жайында.
Зиялы келін, қыздарым
Ойымды оңдап пайымда.

Орныққан дәстүр сонада
Ұқ мәнін көне санама,
Келіндер, жеңге ат қойған
Үлкенге тіпті балаға.

Жеңеше десе інішек,
Ізетін танып білуші ек.
«Кішкенем» деген жеңгеге
Тәнті боп риза жүруші ек.

Алғанға мәнін түсіне
Ат қою үлкен-кішіге
Келінді тұсап, кемсітіп
Ұстаудың достар, ісі ме?

Толы ғой бұл жай астарға,
Қайсыбір жеңіл бастарға,
Сыйластық ізет өз ара
Үлгі ғой өсер жастарға.

Халықтан дана өтер ме
Тек үлгі салар қаперге.
Жұртымыз тегіс қабылдап,
Ұстанбаған ғой бекерге.

Ат қойма мейлің, ханымдар,
Тек мәнін ұғып таныңдар.
Сыйластыққа дәнекер
Тағлымнан тәлім алыңдар.

КЕЛІНДЕРГЕ

«Қызға қырық үйден тыйым»26
Деген сөз түсіріп иін.
Кертартпа саналады бір кез
Әйгілеп әйелдер күйін.

Білімді, өнерді қусын,
Алсын да ғылымнан сусын.
Тең, еркін азаматтардың
Ілгергі сапында тұрсын.

Деп алға жетелеп, асыл
Арман бұл болды да ғасыл.
Қыз біткен қызғалдақ сыңды
Гүл болып қаулады жасыл.

Сауатты зиялы болды,
Көп істер көңілге қонды.
Өткір ой, алғыр ақылды
Тұйықтан табатын жолды.

Тек бір іс қалдырып қайран
Көңілде тудырады ойран
Сыйыспас ата-енемен
Келіндер келеді қайдан.

Дана жоқ халықтан асқан,
Ұрынар сөз сырын ашқан.
Қыздарын қырық үй боп тыйып,
Деген ғой «баланы жастан».

Келіндер қаперге алар,
Ойланар ақылға салар.
«Атана істесең нені
Алдыңа сол» деген де бар27

* * *
Қабілет конфет емес,
өлшеніп тең
Берілер,

біреуде артық, біреуде кем.
Ұқсатып өзің құндап ұстамасаң,
Болады кемнің өзі әрнеге жем.

АЯЙМЫН

Кей біреуді аяймын,
Үйірлеу даңқ-атаққа көп.
Кейбіреуді аяймын,
Үйірлеу сән құрмаққа көп.

Кейбіреуді аяймын,
Үйірлеу баянсыз баққа көп.
Кейбіреуді аяймын
Түсетін сәтінде саққа көп.

Кейбіреуді аяймын,
Түседі-ау жер құндаққа деп.
* * *

БАТА АЛМАЙ, АЙТА АЛМАЙ ОЙЫҢДЫ

Бата алмай, айта алмай ойыңды,
Мұрныңның астынан міңгірлеп.
Кеулеген ызамен бойыңды
Күпіндің әркімді бір күндеп.

Аяйды-ау қалпыңды көрген көз,
Сөзінде түйін жоқ жалған көп.
Далаға бет алды ерген сөз –
Кезеніп, атылмай қалған оқ.

БҰЙРЫҚ

Тән – мылқау,
ақыл – сылбыр,
көңіл – жүйрік,
Көз көріп, көп дүние ішке түйдік:

Пәндалық «алсам» үшін арпалыс бар,
Ырыс бар санаспай көр дейтін «бұйрық».
Ал бұйрық – қажеттілік, кездейсоқтық
Қауышып,

ғайыптан бір келген дөптік,
Біреудің азаппенен бар еткені,
Бұйыру біреулерге беріп шоқтық...
Осыдан жүйрік жүйткіп, күдік туар,

Сайысқа түсер айла, қулық қуар.
Жылымдай жылжып шоқтық биіктер де,
Шешенге тоқтау айтып бұйрық тұрар.

БІP АҚЫНҒА

Жазығым жоқ еді ғой, жарықтығым,
Тұрғандайсың мені тек танып бүгін.
Көлденеңдеп сермейсің сойылыңды,
Көгереңдеп, сұрланып алып түрін.

Келініңдей едім мен сыйлағанда,
Жақының ем жаманға қимағанда.
Саралаушы ем мәнісін сөздеріңнің,
Сыйға тұрар санаушы ем милы адамға.

Шет жұртқа да даттадың, мән бермедім,
Өзі ұғынар қатасын жөндер дедім.
Үндемесем ынжық деп, тіл қатсам-ақ
Шапылдады деп шықтың теңгермедім.

Сан рет сен ұрындың өзің келіп,
Не қыламын дедім де сөзің теріп,
Әр ісіңнен жоғары тұрдым талай
Ашу тежеп, ақылым төзім беріп.

Мен білмейтін бар екен сырың бөтен,
Мол пішілген тек қана сыртын екен.
Қадам алға басып ем, қабағыңды
Алатаудың етіпті бұлты мекен.

Сенен жапа өкінбен шегем-ау деп,
Ойлаушы едім маңайда неге дау көп...
Өкінемін іштарлық себеп болып,
Адам арын осылай төгеді-ау деп.

ҰНАТЫП ЕДІМ

Мен сені ұнатып едім,
Ең биік мұратым едің.
Сол сырды мен білдіре алмай,
Сен сезбей тұратын едің.

Құрбымнан көз алмайтынсың,
Мәніңді ұғатын едім.
Онымен киноға кетіп,
Сан кештер жылатып едің.

Уақыт зымырап етті,
Кеп арман қош айтты, кетті...
Көл көңіл толқып, басылып,
Салмақты сабыр кеп жетті.

Бүгін кеп ақтарылдың,
Өзіңді шақ таныдым.
Сен сөйлеп, мен ойлап тұрмын:
«Не күйде қалдырдың екен,

Құрбанын қақпаныңның...».

МАХАББАТ

О, махаббат аяулы асыл сезім,
Арнамаған бар ма екен саған сөзін.
Мекендеген жер үстін жан иесін
Баурамаған бар ма екен сірә кезің.

Асыл сезім жаралған ізгіліктен
Талпынады жан біткен ізгі үмітпен
Сенен шығып, тарайды сенен ғана
Бар жақсылық атаулы бізді күткен.

Дүние бос, өмір жоқ сенсіз жерде
Тең саналар хайуанмен сенсіз пенде.
Адамдықтың, ізгілік, ұлылықтың
Биігіне жетудің кілті сенде.

Ұлы сезім, шегін жоқ , шеңберін жоқ,
Бір қарасақ өзіңсің елдегі көп.
Түрлерін көп, қырларың, сырларың көп
Ең көл жетпес және өзің жердегі жоқ.

Адамдағы қымбаттың, қасиеттің
Қадіріне жетуді ғасыл еттің
Сен бар жерде бақытты жан атаулы,
Сен жоқ жерде басында қасірет-мұң.

О, махаббат берілген тек адамға
Нұрың түспес жан бар ма бұл ғаламда.
Тек қадірің түсіну, құрбан болу
Бұйырмаған жердегі әр адамға.

ҚАМШЫ

Көпке таныс,
көшпелі елде
қамшы дейтін қару бар.
Қолдануын білер әркім,

жұмсау сырын тану бар.
Бишік ілер босағаға,
қамшыны әсте ілмейді,
Иесіне балап қолға

ізетпенен алу бар.
Бойжеткенге,
азаматқа
арнап қамшы өру бар,

Өрімге де,
өрнекке де
астарлап сыр беру бар.
Сап-сары ала

ырғай сапты
бүлдіргесі шашақты,
Бес не сегіз,
он екі өрім

бұзау тіс боп келу бар.
Қыз қамшысы
жеңіл келер
жез бунақты, өрнекті

Бозбалаға
сұлу қамшы
сырбаздық сын бермекші.
Ел қамқоры

ер-азамат
ұстар қамшы өзгеше,
Сілтегенде,
сіріңді де

қақыратып бөлмекші.
Ал осындай
қамшыда бар
және бір сыр ерек тым,

Иесінің
киесіндей
мәні-жәйі бөлек тым.
Ер шекісіп,

мәңгілікке
бекісудің белгісі
Ретінде
бір-біріне

қамшыларын беретін.
Иесінің
денесіне
тимес болар бұл қамшы,

Ел бетіне
қарай алмас
сөзін бұзған жалғаншы.
Аттап әсте

жігіт нары
өтпейтұғын асу бұл,
Достыққа кір
түсіру – мін

бұдан әрі бір тамшы.
Ойлап көрсек,
қамшы сылтау,
ел ғұрыпы ғажап-ақ,

Жігіт нарын, ердің арын
ұстайтұғын тазалап.
Екі сөйлеп
ез болғаннан

өлуді артық көретін,
Ер дәстүрін жалғастырар
жаса жайсаң азамат.

ҚҰЗҒЫН МЕН БҰЛБҰЛ

(Мысал)

Алдында жалпақтап жүретін,
Ол жымиса, қарқылдап күлетін,
Жандайшап жапалақтарын жинап,
Бұйырды байғыз:

Анау бұлбұлды
Орманнан, орнынан тайғыз.
Құзғынға ұнамай жатыр,
Сайрауық бұлбұлсып батыл,

Құзғынға құзғынсың депті,
Елемей отырған көпті,
Құзекемді соншама сөкті,
Сөйтіп ол заржақ сорлы

Құзекем абыройын төкті.
Құзекем бақаша булығып,
Көзімнен жойыңдар депті.
Жапалақтар жалп-жалп ұшты,

Бұлбұлдың соңына түсті...
Құрыттық, қираттық десті,
Құзғынның көңілі өсті...
Орманды құзғынға беріп,

Өмірін әнменен еріп,
Бұлбұл жүр еркімен сайрап,
Құзғын жүр тек тісін қайрап.

СЫНАП

Сөз сөйлесе, айтатыны –
Әділет, ар, ынтымақ
Үзіледі, үздігеді
Жан жүйені жұлқылап.

Ал осыны өз қолымен
Өткерер сәт келгенде,
Ылпылдайды, жылпылдайды.
Май қасықтай жылтырап.

Сөзін сөйлеп,
сілтейтұғын
Шоқпар болсаң,
қамқорың

Онсыз аяқ баспайды әсте
Жібермейді қалт оны.
Бет келгенге зіркілдейді
Есігінде жүргендей,

Жандайшаптар, жағымпаздар
Жөнелгенге күйбеңдей.
Өзі қалып қалтарыста,
Аттандырып тобырын

Тізе бүгіп бас имесең,
Қаздырады қабырын.
Көне атақ,
Көлгір бастық...

Сүйеп қойып арқаны
Жан қинамай,
жатып ішіп,
Толтырады қалтаны.

Асып түсіп бөріден де
Ұрғашыны жүр талап,
Із жасырып
сынап сынды

Сусиды-ай кеп сырғанап.
Танытты әбден кім екенін
Бұлдыр істер бұлғалақ
Болған өмірде өшкен емес

Білді сырын күллі алап.

ҚИСЫҚ

«Бір аяғым көрде,
Бір аяғым жерде».
Енді жәбір шекпейді
Менен ешбір пенде.

Бұл тәубесі жетеді
Бір-ақ адым жерге
Сырт айнала қастық
Жасайтыны елге.

Түзелмес-ау дейді жұрт
Түспей тұрып көрге.

ИТ ҮРЕДІ...

Ит үреді көшеде көрінгенге,
Неге үресің демейміз салып жөнге.
Ит үлесі өмірде– үру ғана
Бұйырмаған сорлыға одан өңге.

Ісі ұқсастар кездеседі арамыздан,
Бірақ орын алмайды санамыздан.
Адам санап жүргенің Хамелеон
Больга шығады, міне шын қаламыз таң.

ҚАЙРАНМЫН

Сыншы деген мамандарға таңданам,
Өзі жазып көрмегенін үйреткен.
Теңіз сөзге терең бойлай алмаған
Шақта,

ылғи «сирақ шығар бүйректен».
Сыншы деген мамандарға қайранмын.
Зергер емес, зер тоқуды үйреткен.
«Дүмше молда дін бұзарлар» ойранмен

Сөздің басын жарып, көзін күйреткен.
Кейбір сыншы ақындықтан бастаған,
Ол екпіні бірер жылдан аспаған.
Қайсыбірі роман жазып тастаған

Прозаға онысы үлес қоспаған.
Кейбір сыншы көпті аузына қаратып,
Кегін қуып қасақана даттаған.
Сыншы шықты ащы суға жаратып,

Ала тай ғып ру болып баптаған.
Сыншы шықты арқа сүйеп ағаға,
Нұсқауменен жармасар кей жағаға.
Сыншы шықты сынында жоқ мағына,

Сыны ешбір жетпейтұғын санаға.
Өмірде бұл сыналған ең оңай жол.
Ерте атым шықсын десең, сыншы бол.
Өмір түлкі, сен шаршамас құмай бол.

Топты көбейт, «біткен іске мінші мол».
Сыншыға да, сынға қарсы емеспіз,
Өнерге бұл жана түскен емес із.
Мынау дәуір құптарлық тек емес іс

Есепқор сын, жылан жүріс, көмескі із.
Ашық айттым ойымды, дос, несі мін?
Ұнамаған алар кегін, өшін мың.
Туғанына жаққан бар ма тура айтып,

Серік пенен Тұрсынбектен, кешірім.

ШЕШЕН

Ойхой, десеңші.
Сұлу сөйлейміз
Сылдырап тұрамыз.
Түйдек-түйдек тастап,

Ақылға құрамыз...
Әр салаға ой жіберіп,
Плеханов,
Добролюбов,

Чернышевскийлерді,
Тізіп, теріп,
санай келіп
Писарев,

Горький,
Белинскийлерді
Қайталап беріп,
Мінбеде тұрамыз

көкірек керіп:
«Ойпыр-ай, шіркін,
Жетісіппіз-ақ.
Бір-бірімізге

Құрыппыз тұзақ...
Оны айтқанша
Мұны айту керек.
Қырсыздық

қырсықты
Азайту керек...
Сұрау керек...
Сынау керек

Сөйтіп елдік құрау керек»,
Осылай сөйлеп
бөсеміз келіп,
Көзге ілініп,

Уәлі ауыздар арқылы өсеміз келіп.
Мінбеден түскен соң
Сөз бір жақта,
Іс бір жақта,

Гу-гу баяғы алып қашпа...
Қалтада ақша,
Машина аста,
Жүреміз желіп

Өлместей болып
Кейін бір жауап
Берместей болып.

ДАСТАРҚАН

Дастарқанның жөні бөлек,
Мәні ерекше, достарым,
Оны халық сыйлайды ерек,
Тәлкегі етпей басқаның.

Бекерге ол жайылмайды,
Әр дастарқан мәні бар.
Бұлты айыққан күн тәрізді,
Жарқын жанға танылар.

Алысыңды жақын етер,
Дос етер ол жақынды.
Кейістіні келістірер,
Елші сынды ақылды.

От басының берекесі,
Азаматтық нәрің бар,
Бәрі, бәрі дастарқанның
Ажарынан танылар.

«Атың барда деген халқым,
Желіп жүріп жер таны,
Асың барда беріп жүріп,
Ел тірегі ер таны».

Әлемге сол аппақ, адал
Дастарқанмен танылған,
Еліміздің үрдісі бар,
Жеріміз жоқ жаңылған.

«Жаман асын жапалақша
Бауырына басып жер,
Жақсы ақ иық қыран сынды
Аймағына шашып жер».

Деген сынды қалған мирас
Халықтық мол нұсқалар.
Дастарқанды, дәм аттауды
Ең сұмпайы іс санар.

Халық айтса қалт айтпайды,
Тек мәніне жету бар.
Адамдыққа, адалдыққа
Азбас басшы ету бар.

АҚ ЖЕҢЕШЕМ

Айналайын,
аяулы, абзал, жеңешем,
Болар екен
кімге өзіңді теңесем.

Ақ пейілін,
адал жанын болмаса,
Өлең арнап,
мен жеңешем демес ем.

Аймағыңа ақ тілеулі анасың
Ақ көңілің кіршіксіз,
дәл баласың.
Кісілігің,

тәнті етті,
ақылың
Парықтаған
жер мен көктің арасын.

Үйдің ішін бар ғып, мол ғып,
толтырып,
Ауызға алмай,
«жоқтың» атын өлтіріп

Отырғаның
қабағыңмен, пейілмен
Дастарқанның сәнін сонша келтіріп.
Бауырыңнан шүпірлескен балапан

Бүлдіршіндер емес әсте тараған.
Немере ме,
Шөбере ме,
Шөпшек пе.

Үйіріліп, әжетайлап қамаған.
Бар тілеуің,
жан-тәніңмен ағаның
Болса үстінде,

қалай одан танамын.
Демің бірге,
Төрің бірге,
Бейнетің

Бірге болса,
Демей қайтем саналым.
Бұрын дағы,
Кеше,

Тіпті бүгін де,
Көші-қон боп
Көтермеген кім ірге.
Жеңешемді айт

Іздеп барып ағаны,
Қоныс тепкен
Қобалжымай Сібірге.
Ақ жеңешем,

Ұяң артық пейіштен,
Бірлік,
Тірлік
ада мүлде кейістен.

Абысынмен,
Ағайыңмен жарастық...
Ғибрат алар істерің көп келіскен.
Ақ жеңешем, үлгі-өнеге көзіндей,

Қазекемнің дәстүрінің өзіндей
Қалпыңменен
Жет келешек ұрпаққа
Көнермейтін кемеңгердің сөзіндей.

СЕГІЗІНШІ МАРТ

Сегізінші март —
мереке басы көктемгі
Тоғысқан ойлар
толыса жүріп көптенгі

Көк дөнен болып
көсіліп кетсе, кешірім,
Көгендей тізіп
бүгінгі менен өткенді.

Достарым, бұл күн
мен дара айтпан әйелді,
Қыздары біздей
атайсыз кәне қай елді?

Сегізінші март —
халықтық бүкіл мереке.
Айтуым артық
сөзіме өзге дәлелді.

Сегізінші март —
советтік елдің ұл-қызы
Жарыса ескен
жауқазын сынды қырмызы.

Сүйініп достар,
күйініп дұшпан қарайды,
Алдында әлем
биік тұр бақыт жұлдызы.

Сегізінші март —
төгілген шаттық жанардан.
Ғасыл боп мәңгі
сан жүректерде сан арман.

Жетпіс қыр асқан
кен-байтақ далам осынау
Ажары дағы,
адамы дағы жаңарған.

Сегізінші март —
алынған қиын өткелдер,
Сұрапыл жылда
бөгетті бұзып өткендер:

Мельникайтелер,
Әлия, Мәншүк, Зоялар...
Қаймыққан жауы
ұшқыны шоқтай от көздер,

Сегізінші март —
бейбіт таң атып, күн шығып..
Жеңіспен келген
бақ-талай, баршын тіршілік.

Жұлдызды қала,
КАМАЗдар, БАМдар, Байқоңыр,
Кіріскен келер
игі істерге құлшынып.

Сегізінші март —
адамға жігер, от беріп,
Қиялдар іс боп
қырандай қанат қақты ерік.

Ұлдары жүрсе
ғарышта айлар өткеріп,
Қыздары жерде
бесжылдықтарды бөктеріп...

Сегізінші март —
Советтік Отан ұл-қызы,
Жарыса өскен
қызғалдақ дерсің қырмызы.

Ойы мен ісі
бүкіл әлемге өнеге,
Биік түр оның
жақұттай жанып ЖҰЛДЫЗЫ.

НӘЗЕКЕТ

Жымиған күлкің
жанымды жарқын жаз етеді.
Төркінін сөздің
танисың айтса наз өтеді.

(Өмірде мынау
тұрғаның қандай жақсы еді).
Ғұмырлы болғыр
Сүйкімді ғана, Нәзекет.

«Ақырын жүріп,
анықтап басып»,
асқардан алты асыпсың.
Келтіріп бөбек

өмірге ұрық шашыпсың.
Әйел атаулының
парызы сынды
аппақ ақ бесік таянып,

Ана боп, жаным,
бауырына бақыт
балбырап тұрып басыпсың.
Қоғамдық іске,

қосыпсың үлес ғылымға,
Өтіпсің жеңіп
бой бермей түпсіз жылымға.
Айдай ақ ханым

жар көңілінен табылған,
Тәкең өзі айтар
шүбәшіл «достар»
қате бар десе мұнымда.

Сен бақытты жансың —
адам боп өмір жасаған.
Жауына-дағы
тас атпайтұғын тасадан.

Мейірімменен,
пейіліңменен
отыңның басын толтырып,
Ұйытып сүттей

ұжмақ қып мынау босағаң.
Жымиған күлкің
жанымды жарқын жаз етеді.
Төркінін сөздің

танисың айтсам наз етеді.
Көргім келеді
тоғыз асудан асқан шағынды.
Тырысшы соған

ғұмырлы болғыр,
сүйкімді ғана Нәзекет.

СҰР КОСТЮМНІҢ ІШІНДЕ КІМ ТҰРМАЙДЫ

Жүрегіңді толқытып ой тулайды
Ойдан туады жаныңды жейтін қайғы.
Сып-сыпайы өзінше сыр алдырмай
Сұр костюмнің ішінде кім тұрмайды.

Сырты таза, іші нас шен тұрады,
Шен ішінде шертиіп «Мен» тұрады.
Правоны, міндетті, адамдықты
Жиып қойған құдаймен тең тұрады.

Ата-анасын танымас паң тұрады,
Аузы-мұрны ақ түтек шаң тұрады.
Жанап кетсең жұғатын қара күйе,
Жілік жұтса қақалмас нән тұрады.

Мысық жүріс тойымсыз мес тұрады,
Қарын, қалта,
Жоқ өзге еш мұраты.
Ұмытпаған ұяда көргендерін

Таптың ұлы, сыздаған сес тұрады.
Бір басына он атақ аз тұрады,
Ширатылған «ғұлама» саз тұрады.
Бастығы жоқ жақпайтын жарамсақ сор

Күн көріске мәңгі құл мәз тұрады.
Наданменен алысқан адам тұрады,
Аттатпаған қақпандар қадам тұрады.
Тура айтып жақпаған туғанына

Қалта да жоқ, атақ жоқ жадаң тұрады.
Ойлағаны ел қамы, халық ары
Деп жүргенің табынып жігіт нары.
Таразысы тең жан деп сенген шенін

От басының боп шығады тоғышары.
Көкейінде тек қана дүние малы,
Жаны айырбас мал үшін пида ары.
Тамам будың астында қалады екен,

Бұраудың да соңында сұрау бары.
Көріп жүріп кейбіреу күлтелейді.
Сөзім ашық тыңдасаң үрке мейлі.
Сұр костюм, ақ жаға, сән галстук

Кімді ғана шен-шекпен бүркемейді.

КӨКЕК

Көкек – құс
тегі мақұлық.
Тынбай жырлап жүреді
Өз атын өзі шақырып.

Құс болып ұя салмайды,
Аңқау торғайларды алдайды.
Көкектер торғайлар бауырында өседі,
Тек торғай боп қалмайды.

Әлемді көкек боп шарлайды,
Олар да өз атын жарлайды.
О,адамдар
өмірде осындай нұсқалар бар

Жәбір-жапаға ұсталар бар.
Үлгісін ұстамаңдар,
Соларға ұқсамаңдар,
ұқсамаңдар!

Із жасырып сайрап,
Іс тындырмай бойлап
Өсерлер бар.
Өз атын өзі шақырып,

Бөсерлер бар.
О, адамдар,
Үлгісін ұстамаңдар,
Соларға ұқсамаңдар,

ұқсамаңдар!

СҰРАҚ

О, арманшылдары,
Жиырмасыншы ғасырдың,
Біріңнен бірің
тіресіп иық асырдың.

Санашылдары,
Жанашырлары-ау
үмітін ақтар халықтық,
Сонда кімдерді мұқатып,

Айла-амалыңды асырдың?
Таластыңдар кеп,
Санастыңдар кеп кеміңді,
Қарлығып дауыс

Сыбанып тастап жеңіңді,
Қорладың кімді,
Арнадың кімге аямас
Көрсеттің кімге

Шараңнан асып керінді?
Бірікпей басың
Бүйректей бөлінгеніңді,
Толтырып өңір

Қадаған кердік шеніңді.
Өзіне қимай
Ұстаған қорғап қымбатың
Бұйырды кімге?

Таптаттың кімге төріңді?
Жеңдің кімдерді,
Кімдерге тізе бүктірдің.
Қасқайып озған

Аташы кәне,
мықтың кім?
Қаулап соңыңнан келе жатқан
Жиырма бірінші ғасырға

Нені мирас қып
Үрдісті қандай ұқтырдың?
Ойласаң,
Өз талайыңды түсіріп,

Өзіңе өзің тізе бүктірдің,
Өзіңді өзін бұқтырдың.

НЕЛІКТЕН

Ләззатқа бөлер
сымбатыменен, көрікпен,
Сүйкіміменен
қалпыңды баурап, еріткен,

Япырай деймін,
жанды-жансызда, достарым
Жақсы атаулының
өмірі қысқа неліктен!

Ақ сағым ойнап,
аймағың нұр боп көктемде,
Жадырап жаның
ақ самал лебі өбкенде,

Шие гүліне
үлгермейсің-ау қарап та
Ақ торғын болып
құлпырған сонау бөктерде.

Жаудырып нәзік
үф еткен лепке дірілдеп,
Қызғалдақ кеше
гүл ашқан бақта біріндеп.

Шүберек болып
ажары қалмай солады,
Қарасаң оған
оралып қайта бүгін кеп.

Байқасақ барлап,
әлі де қысқа өмір көп.
Ойың жетпесті
көз көретін бар небір кеп...

Ақыры біреу,
себебі мың сан құбылыс,
Әрненің дара
тағдыры болып көрінбек.

Ләззатқа бөлер
сымбатыменен, көрікпен,
Сүйкіміменен
жан атаулыны еріткен.

Сирек те сұлу
қасиет беріп табиғат,
Өмірін, сірә,
болар ма екен кеміткен...

СЫНАҚ

Өмір – ұласқан сынақ,
Басталады қаз басқаныңнан.
Сүріне-жығыла жүріп,
Дүниеге көз ашқаныңнан,

Аймақтан ала алғаныңнан,
Оған өз қосқаныңнан,
Сынақшы көңілден табылып,
Кәдеге өз асқаныңнан.

Жастықта жалындап
жана алмасаң сын.
Өмірге «кірпіш боп
қаланбасаң» сын.

Бір айтып, бір кесіп
Сертінде қала алмасаң сын,
Қиынға бара алмасаң,
бөгетті ала алмасаң сын.

Жан қияр адал дос танып,
Шын серік бола алмасаң сын.
Ұя сап
тұғырға қона алмасаң сын,

Шаңыраққа тіреуіш
бола алмасаң сын.
Кең тұсау,
ұзын арқау өсіріп,

Өмірді жалғамасаң сын.
Мол пішіп, кесек турап,
Азамат бағанды өзің
барламасаң сын.

Қарттықта абайламасаң сын,
Алды-артыңа
қарайламасаң сын.
Әріңе қарай киіп,

Әліңе қарай ішіп,
Сүйкімнің қамын ойлап.
Сый-құрмет нәріне бойлап
Әрекет ете алмасаң сын,

Абырой мәніне
жете алмасаң сын.
Жаспенен жағалассаң сын,
Әр іске килігіп аралассаң сын,

Сақалды саудаға салып,
Салмақты бағалассаң сын,
Ауытқып әділеттен,
Көрінеу жаза бассаң сын.

Ойлап ем,
өмір сынақшының
Осы сынынан аман өттім.
Азамат қарызын

Адал,
Тер төгіп тамам етті.
Оның құр далбаса екен,
Сынақтар кезекпен алмасады екен.

Жаңбырдан соңғы
Саңырауқұлақша туындап,
Өкшелеп жармасады екен.
Әр кезде алдыңнан шығып,

Өзіңмен арбасады екен.
Осылай ғұмырың бойы
Жолыңнан сынақ кетпей,
Самайыңды ақ күміс шалып,

Аздан соң ол дағы қалып,
Алатаудың ақ шыңындай
Алып басыңның өзін
Аппақ қар басады екен.

ЖИНАЛЫСТА

Жұрт сөйлесін келемді етіп,
Тыңдағанды елеңдетіп,
Біздер,– деді, - терең кетіп
Отырайық өлеңдетіп.

Төрт жол өлең жазып ем тек,
Ол сегізбен жауап берді.
Жол артылтып қатырдым деп,
Иықтанып қабақ керді.

Сынайын деп шын күйінді
Бастап жана бір түйінді.
Жіберіп ем, жыр құйылды,
Миығыма күлкі үйірді.

Шуда жіптің арасына
Олақ түскен оқа жіптей,
Жылтыр сөздер тізбесі мән
Түсініксіз қойды бітпей...

Ойы онға бытыраған,
Нөпір сөздер бұрқыраған,
Мағынасы қалтыраған
Ақын көрдім жыр құраған.

Қиыса алмай, сыйыса алмай
Өлең тісі сырқыраған.

КРЕСЛО

Бұл күнде креслоның мәні басқа,
Шараң жоқ басқаша оны танымасқа,
Үлкені,
кішісі оның

өз алдына,
Қойылу, пайдалану
нәрі басқа.
Тұрасың креслоң болса, жарып асқа

Қалтаңа өзі келіп түседі ақша.
Уыстап миллионерше төгіп-шашып,
Сүйсінтіп айналаңды «пай-пай, қасқа!»

Дегізер кресло деген бақыт,
Тіпті оған жақынның да таңы атып,
Шығады күні қалаған сәтінде
Бетіне жан келе алмас әсте батып.

БАТА

Сүйікті баланын бірі едің,
Бақшамда дара өскен гүл едің.
Қарағым қадамына арнаған
Қабыл ал аналық тілегім.

Ақ отауын құтты болсын,
Кетпес ырыс, бақыт қонсын.
Ақ шуақ іші береке – бірлік
Шаттыққа толсын.

Бақытта жүз қалқам, балықтай,
Гүлдендір ұяңды жалықпай.
Қабағың бұлт көрмей ғұмырың,
Шат болсын маздаған жарықтай.

Ақ отауың құтты болсын.
Кетпес ырыс, бақыт қонсын.
Қуаныш іші,
Сәбилер шуы,

Күлкіге толсын.
Өмірде не түрлі бар жандар,
Дүниеге пәнда боп қалмаңдар.
Ар құлы болыңдар аймағың

Сендердей болуды армандар.
Отауларын құтты болсын,
Кетпес ырыс, бақыт қонсын.
Көгершін сынды

Жұптарың мәңгі
Жазылмас болсын.

СЕНДІМ

Үлкенге сендім,
Асқар боп,
Арқамнан сүйеп,
демер бір деп.

Кішіге сендім,
Қыран боп,
Қырымнан қарап
Ісімді көрер бір деп.

Жақынға сендім,
Өлтірмес өз болып,
Жарылқамас жатқа
шүйілер, төнер бір деп.

Құрбыға сендім,
Сырластық
сыйластық жеңіп,
Ақ сөйлеп,

әділін
әлемге пәш етіп
берер бір деп.
Сендім бәріне

Адамдық парызын өтеп,
Ар алдына
Ақ жарылып
Ақтарылып

Келер бір деп.
Сендім үмітпен
маған да
Ақ шуақ

Ақ нұрын төгер бір деп.
Мұңы мол
жүрегімде содан
Бақыттың ақ гүлі

Бүр ашар,
Өнер бір деп.
Аңғал да аңқау,
Жалғансыз жанымды

өбер бір деп.
Сәулелі қуанышқа
мені де
көмер бір деп.

Алдамшы тағдырым
аяр да,
ақиқат
адалдық жеңер бір деп

Сендім алаңсыз,
Күттім келер күн
Келер күн деп.
О, адамдар.

Адамдар, ойлаңдар.
Ойлап тек қоймаңдар,
Сөзімнің мәніне бойлаңдар.
Өмір бар опасыз,

Алды үміт
Соңы тек өкініш
Жүрмейді оған еш
өкпе-наз,

өтініш.
Онда егіз
арбасқан ізгілік,
зұлымдық

деген зор.
Арпалыс,
алмасқан
бақ пен сор.

Сенгішті
көнгішті,
көнбісті
жұтарман құрған тор.

Айлалы
зұлымдар,
жылымдар,
Жарамсақ,

көлгір бар
етер көр.
О, адамдар!
Адамдар, ойлаңдар!

Ойлап тек қоймаңдар,
Сөзімнің
мәніне
бойлаңдар!

Өзіңсің,
демеуші,
жебеуші,
Жалынба,

жағалас
етіп іс.
Өзіңсің
хас қорған,

ешкімге алдырмас
ең мықты бекініс!
* * *

ӨТІРІКТІҢ ОРАМЫ БІР-АҚ ТҰТАМ

Өтіріктің орамы бір-ақ тұтам.
Өтірікпен адасады деген ұтам.
Бір құтылып кетерсің, келесі жол
Тұтылғанда тартады жүзің жұтаң.

ПЫСЫҚТЫҒЫҢ ЖАҚСЫ ЕГЕР ІСІҢ ТАЗА

Пысықтығың жақсы егер ісің таза
Жүрсең адал ешкімге бермей наза.
Біреуді алдап, біреуді арбап «Пысық!»
Атанғаннан артық қой жеткен қаза.

* * *
Момыннан жаман қорқақ жоқ,
Қу, пысық деген ат қайда?
Айлакер болмай атақ жоқ,

Алдамшы болмай бақ қайда ?
Абай

ҚАЛАЙ АЙТТЫ ЕКЕН ДАНЫШПАН

Қалай айтты екен данышпан
Жауымен адал алысқан.
«Досыңа достық қарыз іс,
Әділ бол жатқа аңдысқан».

Деген-ең арсыз алдағыш,
Бере ме абырой жалған іс?
Айналып кетер хайуанға
Болмаған бойда ар-намыс.

ШІРКІН КӨҢІЛ

Шіркін көңіл қайда алып ұшпайсың,
Көктемдегі оралған ақ құстайсың.
Жанын, жайлау,
жағаң қыстау

бейқам бір
Кейде сонау балалық пәк тұстайсың.
Шіркін көңіл қайда алып ұшпайсың,
Кейде сонау балалық пәк тұстайсың.

Арман-ақ құс қанатында қалықтап,
Алау қағып қай ұжмақты құшпайсың.
Шіркін көңіл қайда алып ұшпайсың,
Алау қағып қай ұжмақты құшпайсың.

Кейде ашық аспан түтек, ақ боран
Аяз қысқан ақпандағы қыстайсың.
Шіркін көңіл қайда алып ұшпайсың.
Аяз қысқан ақпандағы қыстайсың.

Кейде тары қауызына сыйғызып,
Беу дүние, қай маңғазды қыспайсың.
Беу адамдар!
Қожайыны өмірдің

Бола тұрып,
ауытқыма көңілдің
Тұтқынысың,
өсек, өтірікке аялдап,

Күдікке еріп рәсуә төгілдің. ***

ЖАҚСЫСЫ МЕНЕН

Жақсысы менен
Жаманы егіз өмір бар.
Тозаңнан жеңіл,
Торғыннан аппақ көңіл бар.

Қара ниет бар
Ғасырлап жусаң ағармас
Мәңгі үміт бар
Мұрат бар жерде жоғалмас.

ЖИЫРМА БЕС

Құзырын уақыт
Алмай қаперге еш,
Опық жермін-ау
Демей қалып кеш,

Оздырып алып
Оралдыра алмай,
Өкініп өткен,
Қайран жиырма бес!

Шалдығу әсте
Шаршауды білмес,
Ыстық-суығың
Қаперге кірмес,

Жүгірсе – бөкен,
Желсе – желмая
Шабыста – тұлпар
Қайран жиырма бес!

Әр күнді тойдай
Өткеріп бойлай,
Қызықты қуған
Құмай жиырма бес.

Аялдау болмас.
Боркемік борға
Өтетін мойын,
Бұрмай жиырма бес!

Бар мен жоқ, ертең
Ойға келмей еш
Жастық буына
Піскен жиырма бес.

«Шапқанда байдың
Ұлы боп есіп,
Тоқтағанда еске
Түскен» жиырма бес.

Құзырын уақыт
Алмай қаперге еш,
Опық жермін-ау
Демей қалып кеш,

Оздырып алып
Оралдыра алмай,
Өкініп өткен
Қайран жиырма бес.

УАҚЫТ ҚҰЗЫРЫ

О, құдіретті уақыт,
Саған тең бар ма.
Секірген кеше
Лақтай жарға,

Құлақтан басып,
Асауды алға
Келтірген жасты,
Аймағы нарға,

Балаған күшті
Құзырың сенің,
Түсірді бүгін
Бейдауа халға.

Алдымен салдың
Көңілге сынық,
Кежір кейіске
Бермеген ырық.

Жалауын жастық
Қойдың ысырып.
Салқын бір саққа
Жүрегін бұрып.

Мұнан соң түсті
Маңдайға сызық
Ақ жүзін айдай
Айғыздап, бұзып.

Айран ғып қойдың
Тұнық көздерді,
Жанардан шоқты
Алдын да үзіп.

Тізілген меруерт
Отыз тіс маржан,
Кеткен соң,

Иек

Кемиіп
Жардан
Айнымай қапты
Сөйлесе ерін

Икемге келмей
Сөз сынын алған.
Төл қара сүмбіл
Шаш тұзға малған

Тәрізді бейне
Қаракөк сеңсең.
Сындардай бойдың
Қаңқасы қалған

Арылған еттен
Шөгіңкі еңсең.
Бойдағы қуат
Аулақтап баяу,

Бөлініп буын
Қалуға таяу
Тәрізді
Аттам жер

жүру жаяу,
Салады ойға
Не түрлі қаяу.
Осының бәрін

Әйгілеп, жарлап
Қояды әр кез
Қос тізе сарнап.
Тағысын-тағы

Қайтемін барлап,
Салмасаң болар
Ақылға қармақ.
Құзырың сөйтіп

Жүрмейтін бар ма?
Қадірін жастық
Тартасың алға,
Бұл да бір зауал

Амалын бар ма,
Тек етпе зағип
Өмірді жалға.
* * *

СЕКІРЕР БІРЕУ ТОҚТАН

Секірер біреу тоқтан
біреу жоқтан.
Секіру тоқтан жаман
атқан оқтан.

Жоқ болсақ та, атылар
оқ болмайық
Тоқ монтан тоғышарға
жақ болмайық.

РОЗА

Асықтай жонған
аяулы қызы қазақтың,
Қаршадайыңнан
тұлпарын мініп талаптың,

Рымбай қызы
Роза әнші атанып,
Асқақ әніңмен
аузына көпті қараттың.

Құмында өскен
Ертістің құба талым-ай,
Болар ма мұнша
жүрегің дарқан, жаның бай.

Он сегіз жаста
тізгініне өнер ие боп,
Сүйсінтіп көпті
топ жарып шықтың жалындай.

Даламда дарқһан
еркелеп өскен елігім
Жұлдыздай жанып,
мақтаны болған елінің

Сан сайыстарда
сақ сындырмаған санлағым,
Аузына алады
алғысын айтып елің мың.

Шет жұртқа еттің
қазақтың атын жария,
Ерлігі аңыз
әлемге әйгі Әлия.

Мөлдіреп бота көздері
«Алғыс!» – дегендей
Құндақ боп әнің
тапқандай қыршын жаны ұя.

Кен кеудесінде
сыр тұнған ата мекеннің,
Мұңына қоссаң,
асқақтап айға жетер үн...

Өнерімізде
Розалардың дәстүрін,
Жалғап, ғасырдан
асырып туын көтергін.

Шөлдесем сусын,
ауырсам, әнің даруым,
Еңбекте көпке
ұсынар қуат, қаруым.

Еліңнің бағы,
өнердің сынбас сағы үшін
Самғай бер биік
Құралай көзді, аруым.

«Кенесары көп болса,
жүзге келер».
(Қырғыз мақалы)

ОНЫ ЖЕҢДІМ ДЕП

Оны жеңдім деп
Масайрап келдің.
Өзіңе риза боп,
Көкірек кердің.

Кімнің қақысы
Кімде кетпеген...
Опасыз дүние
Кімнен етпеген.

Дүние қысасы
Дүниеде қайтады
Ісін, әлемге
Кім екеніңді айтады.

Қуанасың бос
Мәз болып бекер
Бұл пәни дүние
Сенен де өтер.

АҚ ПЕРІШТЕЛЕРІМ

Ұстаған биік
адамшылықты, парызды
Ақ халатты періштелерім,
жүрегі дарқан, жаны ізгі.

Мерейлі мынау
күніңмен жарқын құттықтап,
Өтесем болар
мойнымдағы үлкен қарызды.

Ажалмен айқас,
ылғи бір күрес маңайың,
Тамаша жандар,
жоғары болсын талайың.

Жан қысылғанда
алғашқы түсер ауызға,
Ана тәрізді
ұсынар өмір арайын.

Айқассаң ажал қаймығар
алып жүректім,
Қаншаны шипа қолыңмен
қайта түлеттің.

Күрсініп барған,
күліп қайтатын алдынан
Жолыңа жарқын
жырымнан тізіп гүл ектім.

Ғажапсың бәрің
даралап, бөліп не дейін
Аяулыларым деп
алғысқа ғана бөлейін.

АҚЫН ӘЙЕЛ

(Әрі әзіл, әрі шын)

Ой тасқынын тежеп ақын
әсте бөгет құрған ба.
Шалқып кейде шабыт келеді
Ыдыс жуып тұрғанда.

Отыра қап жаза қояр
Мұршаң қайсы мұндайда,
Әйел байғұсқа ондай сәттер
бұйыратын күн қайда.

Столыңа оралып кеп,
жаңа орныға бергенде,
Ырыққа көніп қыңыр сөздер
енді ұйқасы келгенде,

Сүт тасиды ас үйінді
ала кеуім түтін ғып,
Мұндай сәтте шабытыңа
қайдан келсін бүтіндік.

Киіндіріп мектебіне
жібергенше баланы,
Сәске өтіп, түскі астың
қамы келіп қалады.

Тағы да ас үй... жүргенінде
Құшағында тағылар...
Торғай болып ұшып сөздер
Шабыт тауы шағылар.

Білем, білем «қол тимесе
жазба» дерін сыншылар,
Сыны емес, дәл осы сөз
жан ауыртып шымшылар.

Жазбай қойсам...
жазбай қойсам...
жазбай қойсам тұншығар.
Жас ұрықтың құндағында

өспеуіне
кім шыдар.
Бөбегіңдей поэзия
тұрса тербеп жаныңды

Жүрегіңді жаулап алған
бірде сүйген жарыңды
Елестетіп,
бар қалпыңды

билеп алса ойынды,
Күшің жетіп тыйып көрші,
жиып көрші бойыңды.
Мықты болсаң, бас тартып көр

кеудеңдегі бұлбұлдан
Жүрегің мен бұлбұлыңның
ұясы бір, бір туған.
Ажырасса бір-бірінен

өмірі жоқ, білмейсің.
Соны ұқпай тұрып сыншым,
пілдейсін-ау, пілдейсің!
Табиғаттың жаралмышта

берген ғажап сыйын ап,
Бұлбұл үннің бар сыйқырын
көкірегіңе құйып ап.
Жүріп, соны қиқым тірлік

құмырсқа іске қиып ап,
Ақын әйел, көрген күнің
беу байғұсым қиын-ақ.

ҚАЛА ЖҰРТЫН ӘДЕТ БАР

Қала жұртын әдет бар
Қат дер таза ауаға.
Қолдан келген ертелеп
Шығады сол дауаға.

Сондай бір күн аланда
Ауа жұтып қоймадым,
Көп нәрсеге куә боп,
Ит туралы ойладым.

Ит дегенің ит қой,
Жаралған қора бағуға
Бөтен сыбыс естілсе,
Абалап дабыл қағуға.

Қайсыбірі сол үшін
Аталатын сақ құлақ.
Күндіз ұйықтап, түнімен
Жүгірген соң шапқылап.

Иттің орны ол күнде
Үй іргесі, қора еді.
Бүгінгі кей иттердің
Ырысы қандай мол еді.

Таңқалдырып тағдыры
Өзгеріпті, оңыпты.
Адамдармен бір тұрып,
Бірге ішетін болыпты.

Албыр-жалбыр сабалақ
Күміс қарғы киіпті.
Баламыз баспас гүл алаң
...ретхана болып тиіпті.

Ол да ауаға шығыпты,
Гүлзарда жүр тайраңдап.
Бақшаға қарай балалар
Томпаңдайды қайран қап.

Баз біреуге шәуілдеп,
Баз біреуге абалап,
Жүгіреді сабалақ
Тірсегіңді сағалап.

Зекіп қалсақ иесі
Баласындай қорғаштап...
Әуектейді аймалап,
Аларады ойқастап,

Көңіл бұрар ой тастап.
Енді бір топ бұралқы ит
Жүр көшеде зыр қағып.
Несібесін бұйырған

Одан-бұдан бір қағып.
Тойғанынан еліріп,
Үрмейді олар абалап.
Телміреді жаутаңдап

Кафелерді жағалап.
Көріп оқшау туады ой,
Пай, не қылған тағдыр зор!
Ит үлесі бұл болса,

Әділетті тауып көр!

ТҮСІНБЕДІМ

Түсінбедім!
Өмірге түскен терең із
Жақсы-жаманын
ажырата айтып-ақ келеміз.

Өзіміз сынап,
өзіміз мінеп өткенді,
Бүгін кеп соны
неге қайталай береміз!

Түсінбедім!
Жоқ па басқа шарамыз?
Бейшара көшті
қай жаққа сүйреп барамыз?

Қолдан жасалған
құдай деп кеше құлатып,
Неліктен бүгін
жаңадан жасап аламыз?

Түсінбедім!
Құдай біреу еді бір күнде.
Жүретін еді құзыры
көпке сол бірдің де.

Япыр-ау бүгін
аспаннан құдай жауғандай...
Әлде мен ояу
ұйқыда, сірә, жүрмін бе!

КӨҢІЛІМ ҚИРАП...

Кім ұғар жанымды менің
Отырмын көңілім қирап.
Тілеппін басыма бейнет
Иесіз дүние жинап...

Бір түстік өмірі үшін,
Сайлайтын бес кештік малын,
Ойласам киіппін мен де
Күнәһар пенденің халін.

Күшің мол, қуатың мығым,
Шағында қызық еді бәрі,
«Ие мен!» – дерің болмаса,
Қызықтың жоқ екен мәні.

Сабақ жіп маған бұл күнде
Қажетсіз, жаныңды қинап
Ғұмырғы төккен терінді
Тек киын заяға қимақ –

Ертең деп өмір сүреміз,
Ертеңге қоямыз жинап...
Көз жұмар күнімді білсем,
Таратып берер ем сыйлап.

Ең жөні – өзіңді билеп,
Пенденің ісінен тыймақ.
Кезеңін өткізіп алып,
Отырмын көңілім қирап.

Жетелеп құбылғыш көңіл
Білмеймін қайда құйғымақ!
Ақтардым жүректен бір сыр
Кейінге болсын деп ғибрат.

КӨҢІЛ КӨЙЛЕГІҢ ЕМЕС

Көңіл көйлегің емес,
Жуғанға кететін кірі.
Абайлап кірлетпей ұстау –
Ұға алсаң, ісің сол ірі.

Ағаштың қисық бұтағы,
Тастайтын діңінен жонып
Емес ол, көбелек және
Жүретін оралып қонып.

Мың емес, бір ғана сынар,
Ол нәзік шөлмекке барабар.
Құрсаулап, құрастыратын
Зат та емес қайта жаңалар.

Мейлің,
сен жаңалап-ақ көр,
Қиыстыр, жама да жасқа.
Алғашқы аппақ көңілің

Бәрі бір болады басқа.
* * *

ТІРЕЛДІМ ТҰЙЫҚҚА

Тірелдім тұйыққа,
Зіл батпан иықта.
Бұл өмір шуағын
Мәңгіге қиып па!

Арқамда аға жоқ,
Іні жоқ , бала жоқ,
Күреске шама жоқ,
Көнбеске шара жоқ.

Бала жоқ, – пана жоқ,
Көңілде нала көп
Жүректе жанады от
Жанымда жара көп.

Айығар шама жоқ,
Дұшпанға таба боп
Отырмын бейдауа
Шүйкедей ғана боп.

ҚАЙТЕЙІН МЕНІҢ ТЕК

Қайтейін менің тек
Талабым ғана бар.
Қолдайтын өзгеде
Аға бар – жаға бар.

Ағасы барларда
Құлатпас таға бар.
Биік ол дейтұғын
Ескірмес баға бар.

Бағасы өшпес қып,
Шырағын жаға алар.
Шырағы жанғанда
Асқармен барабар

Тау сынды шама бар.

ЖАҢБЫРДАН СОҢ ОРМАНДА

Жаңбырдан соң күн жүрегі елжіреп,
Төңіректі нұрға көмді,
жел жібек.
Желпіп қалып,

ақ маржандар сусыды
Қарағайдың кірпігінен мөлдіреп.
Жел жетелеп боз тұманын мұнартып,
Шыңға қарай барады ертіп, шұбалтып.

Ақ нұр өбкен алау қағып ажары,
Қыз қайындар құлпырыпты құнартып.
Жаңбырдан соң аймақ түлеп жаңарып,
Тиіндер жүр жуынып ап таранып.

Маңайына міз бақпастан түйіліп,
Түксиіп тек тас қалыпты сазарып.
* * *

МАХАББАТТЫҢ ОТЫН АЛАУ

Махаббаттың отын алау
Құяр оған жан аз ба!
Жанып кетпей қалай тұр деп
Таңданамын қағазға!

ӨЗДЕРІҢ

Ғайып бір таңдайын атқан
Пәк, сәби жанымды оятқан.
Кеудеме бұлбұл боп қонып,
Әсемдік алауын жаққан –

Өздерің әнім мен жырым.
Кіршіксіз жанымды аппақ
Сұлулық бағында баптап,
Тазалық, адалдық сыйлап,

Өшпейтін тұтатқан шақпақ –
Өздерің әнім мен жырым.
Өмірдің қиынында да,
Құбылғыш құйынында да,

Ақ жалын ұсынған маған
Ақ бозым – ылғиында да –
Өздерің әнім мен жырым.
Татымды тынған ісім де,

Бойымда қуат-күшім де,
Иықта ақ періштелерім,
Таяныш сүйенішім де –
Өздерін әнім мен жырым.

Өздерің табынарым да,
Іздерім, сағынарым да,
Жүгімді қалдырмас жолда
Өздерін қара нарым да,–

Өздерін әнім мен жырым.
Ертеңге жол ашарым деп,
Кейінгі болашағым деп,
Артымнан айғайлап шығар

Сендерсің жанашырым деп –
Көз жұмам әнім мен жырым.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙