Мазмұнға өту
Home

Жарық

Құл-Керім Елемес

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жарық

Авторы: Құл-Керім Елемес

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ЖАРЫҚ ж ы р к і т а б ы Алматы

УДК 070 ББК 76.03 Е 24 Редакторы: Дәулетбек БАЙТҰРСЫН Е 24 Елемес Құл-Керім. Жарық: жыр кітабы – Алматы: «Таңбалы» баспасы, 2013. ISBN 978-9905-22-740-9 Бұл жинақ ақынның соңғы жылдары, әсіресе Хақты, хақиқатты тануға бар ынты-шынтысымен ден қойған тұстарындағы өз көзі жеткен шындықтың санаға ұрылған сәулелері дерлік. Мұнда ақын оқырманын жалғаннан шынды айыруға, илаһи тазалыққа, «адам қайдан келді, қайда келді, қайда барадыға» ерекше назар аудартады. Әрі Адам баласын жалғанға малданып мәңгі опық жеп қалмауға, амал дүниесі болып табылатын бұ дүниеде о дүниесі үшін де қызмет етіп, мүмкіндігінше шындыққа қарманып қалуға, екі әлемін тең ойлауға жетелейді. УДК 070 ББК 76.03 ISBN 978-9905-22-740-9 © Құл-Керім ЕЛЕМЕС. 2013 © «Таңбалы» баспасы. 2013

Иегердің иелік бір сөзі Бисмилләһир Рахманир Рахим Менше әдебиет арлының ісі. Олай болатыны әдебиет өз алдына бола қалатын іс емес. Оны тудыратын адам – әдебиетші. Міне сондықтан оны тудыратын адам арлы болмай ол тудырған әдебиет әркез арлы болмайды. Демек, әдебиет өзін тудырған әдебиетші арлы болмай арлы болмайды. Мұнда ардың адамдағы өзін жаратқан Иесіне болған оның шүбәсіз сенімінен келетінін ескерсек, әдебиетті тудырушының Иесіне болған кіршіксіз сенімінің бар, не жоғы, ал бар болса қай дәрежеде екені бірінші көзде ұсталмақ. Демек, әдебиетті тудырушы Хақ тағаласына сенімде шүбәсіз болса, ол тудырған әдебиет сөзсіз арлы болмақ. Немесе әдебиет иманы берік жүрек иесінің пайымынан барлыққа келу арқылы арлы әдебиет ретінде өмірлемек. Анығында ол деңгейге жеткен әдебиеттің болмысында таза емес сөз бен пайым болмайды. Діңі мен ділі Хақ тағала кәламынан болады. Тұтасымен түзелген сөз болады. Ондай сөз тыңдаушысын да түземек... Мен өзіме тән жазушылық өмірімде бұл іске, Аллаһ тағаланың нәсібімен, міне осы мөлшерден үңілдім де. Қолдарыңыздағы жинақ осы ойымның қазірінше мен жеткен мені. Мұнда бұған дейін жазған дүниелерімнің арлысы мен нұрлысы (кейі қайтадан өңделіп) топтастырылды. Әрі бұл кітап осыған дейін жазғандарымның негізгі шоғыры да. Себебі мұнда жаңа жазғандарым мен ескі жазғандарымның мақсаты үндестірілген. Жоғарыдағы мақсат пен талапқа үндеспегені мен жауап бере алмағандарын тастадым... Сондықтан ол дүниелерімді оқырмандарымның (тіпті керек болып қалған жағдайда да) өзге кітаптарымнан іздемеуін талап еткен болар едім... Құрметпен Құл-Керім ЕЛЕМЕС

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Құл-керімнің керім жырлары Бисмилләһир Рахманир Рахим Қазақтың қалам ұстаған қаламгерлерінің ешбірі діни тақырыпқа соқпай өткен емес. Себебі, дін деген дүние танымның бастауы, өмір сүрудің нақты нанымы. Тіпті кешегі қылышынан қан тамған Кеңестік жүйе кезінде Мұқағали Мақатаев «Сатқан емен, сатпаймын дінімді мен» - деп жырлағанын білеміз. Құдайсыз қоғамның қандай болатынын көзбен көрдік. Және сол сияқты, дінге, әркімнің жеке наным-сеніміне шектеу қойылмай бетімен кеткен уақытқа да куә болып отырмыз. Ақ жолмен жүру де, имансыз жолға түсу де пенденің өз қолында. Бірде пайғамбарымыз Мұхаммед саллалаһу аләйһи уәсәлламнан біреу «Мына алманы жеу менің пешенеме жазылған ба, жазылмаған ба?» - деп сауал қояды. Сонда пайғамбарымыз «Жесең жазылған, жемесең жазылмаған» - деп жауап береді. Демек, шексіз мейірімді Жаратқан өзінің құлдарына барша жауапкершілікті жүктеген. Яғни, адам ғұмыры – адамның сынақ мерзімі десек болады. Ал, енді «осы мерзімді кім қалай, не үшін пайдаланады» деген сауалға біздің бүгінгі кейіпкеріміз ақын Құл-Керім Елемес өзінің ақиқи жүрек лебізімен жауап іздеп жүрген шайыр. (Бисмилләһир Рахманир Рахим) «Хаққым болсын Саған, – дейтін, – жан құрбан!» Құдай берді құштарлық ол жанды ұрған. Хақ лебінің бір мысқалы ол, мүмкін, Соқыр, мылқау, кереңді де жандырған! Дүниенің тартылысы ол – махаббат. Жасындардың жарқылысы ол – махаббат. Рух пен тәннің әр тынысы ол – махаббат, Сезімдердің шарпылысы ол – махаббат!.. Ал, онда – Хақ пен өзін ұламаған махаббат, Хақты айтқанда жыламаған махаббат,

Жарық Хақтың аты аты құрлы арудың, Жан-діліне ұнамаған махаббат, Махаббат па? Хақты көрмей, қызды көрген махаббат, Нақты көрмей, ізді көрген махаббат, Хаққа құлдық ісін жаннан өшіріп, Нәпсілерге үздіге ерген махаббат, Махаббат па? Хақ сырына қанықпаған махаббат, Хақты құлға танытпаған махаббат, Сонша ма ыстық сүйіспендік күшімен, Хақты бір де қана ұқпаған махаббат, Махаббат па? Жүректерді аралаған махаббат, Жүрген жерін жаралаған махаббат, Өзі берген құштарлықпен Аллаһты, Бір сүюге жарамаған махаббат, Махаббат па? Жоқ!!! Ол және былай дейді: «Меніңше әдебиет арлының ісі. Олай болатыны әдебиет өз алдына бола қалатын іс емес. Оны тудыратын адам – әдебиетші. Міне сондықтан оны тудыратын адам арлы болмай ол тудырған әдебиет әркез арлы болмайды... Демек, әдебиетті тудырушы Хақ тағаласына сенімде шүбәсіз болса, ол тудырған әдебиет сөзсіз арлы болмақ». Осындайда еске Қарабура әулие туралы аңыз оралады. Қарабура негізінде хан баласы. Ол 12 жасында Бұхара ғұламаларынан кәдімгі Қожа Ахмет Иссауимен бірге дәріс тыңдаған. Кейіннен Қарабураның әкесін ауыр науқас меңдеп, жас шәкіртті кері шақырып алып әкесінің тағына отырғызады. Бір күні Қарабура хан шатырында біреудің жүргенін байқап дереу алдына алып келуін бұйырады. Хан күзетшілері Қарабураның алдына бір кейуана, қарияны алып келеді. Қарабура қабағын түйіп «Менің шатырымда не іздеп жүрсің?» - дейді. Әлгі қария аспай-саспай «Түйе іздеп жүр едім, хан ием» - дейді. Қарабура қаһарына мініп «Сен кімді ақымақ көріп тұрсың, шатырда түйе жүруші ме еді?» -

Құл-Керім ЕЛЕМЕС дейді. «Оның несіне таң қаласыз, хан ием, тақтан иман іздеп, міне, сіз де отырсыз ғой» - дейді де әлгі қария ғайып болып кетеді. Бұл қария бейнесінде көрінген Ғайып-Ерен қырық шілтен екен дейді. Сол сәттен бастап Қарабура хан тағын талақ етіп Қожа Ахмет Иссауиге келеді. Дін мен әулиелік жолға біржола мұйынұсынады. Қожа Ахмет Иссауидың отын-суын жалаң аяқ жүріп тасиды, кейін жаназасын да өзі шығарады... Мінекей, Алла жолына шын құлаған адам ханның тағын да тәрік ете алады екен. «Ислам дінін ұстау уыстарыңа шоқ ұстап жүргенмен бірдей кезең келеді деген екен дейді» пайғамбарымыз бір сұхбатында. Расында да бүгінгідей алмағайып уақытта Мұсылманның бес парызын ұстап қана қоймай Хақты, хақиқатты тануға бар ынтасымен ден қойған ақын Құл-Керім алдыңызға арлы жырдың алтын сандығын ақтарып салады. Оның әрбір жыры жаңа сапа, жаңа сатыға шығып сөйлейді. Ол «Адам қайдан келді, қайда келді, қайда барады» деген адамзаттық пәлсафаға Алланың ақ жолымен сөз сабақтап, ой түйеді.

(Бисмилләһир Рахманир Рахим) Күміс тамшылар, Күміс тамшылар, Шырқалған көктен күмісті ән шығар? Біреуі бір-бір дүние болып, Жиналып қалған күміс таң шығар? Күміс тамшылар тамшылар күміс, Құйылған көктен ән шығар күміс? Сатырлап келіп сабалап кететін, Оятып жерді қамшылар күміс. Күміс тамшылар (жырымдай ұқтым), Құяды жерге нұрын Ғайыптың. Біздікі әйтеу ұқсату ғана, Хақ қана білед сырын Ғайыптың... Тоқтатпай жерді қамшылағанды, Күміс тамшылар тамшыла мәңгі.

Жарық Күміс тамшылар – ырыс тамшылар, Берген Тәңірім жан сұрағанды!.. Күміс тамшылар тамшыла мәңгі?! Мұндай нәзік сезімге құрылған, кемпірқосақ бояуындай тылсым, табиғаттың өзінен алып қоя салғандай мөлдір-мөлдір поэзиялар Құл-Керімнің бүгінгі сөз етіп отырған «Жарық» деп аталатын жинағында жетіп артылады. О бастан ақын боп туған Құл-Керім Елемес он сегіз мың ғаламның Иесіне иіп сөйлегенде оның әр жолы, әр шумағы нұрға малғандай көңілге салтанатшуағын шашыратады. Қай жылы Райымбек ауданында Райымбек батырдың асы өтетін болып Алматы қаласынан 2-3 «Икарус» автобуспен ақынжазушылар жолға шықтық. Көкпектің жазығында көлігіміз бірер сәтке аялдаған болатын. Бір қарасақ осы Құл-Керім Елемес жолдың бойына жайнамазын жайып жіберіп, құбыланы бетке алып қаза болып бара жатқан бесін намазының азанын қирағаттап жатыр екен. Құл-Керімді сыртынан әркім әжуалап мәз. Солардың арасынан Құл-Керімге ұйып, сапқа тұрып намаз оқыған бірде бір адам болған жоқ. Аллаһ Құранда былай дейді: «Жер жүзінде орынсыз көкірек қаққандарды аяттарымнан аластатамын. (Оларды түсінбейді). Тіпті барлық мұғжизаларды көрсе де, сенбейді. Сондай-ақ, олар тура жолды көрсе, оны жол етіп алмайды. Ал егер қисық жол көрсе, соны жол етіп алады. Бұл аяттарымызды теріске шығарып, одан мақұрым қалғандықтарынан» (Ағраф, 7/146) Біз ісімен де, тілімен де Алланың құдіретіне шексіз бас иіп жүрген замандас ақынға шығармашылық табыстар тілейміз. Маралтай Райымбекұлы

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Рас (Бисмилләһир Рахманир Рахим) 1. Мұсылман адам тағымен де, тілімен де Аллаһтың жолында күреседі. Жаратқан Иемнің атына ант, сендер (ақындар) ататын оқтың үші өткір. 2. Кімде-кім ижтихад етудің нәтижесінде ақиқатты дөп басса, оған екі сауап беріледі. Ал қателессе бір сауап беріледі. Хадис

Бисмилләһир Рахманир Рахим! Хаққым, Сені жырлап өту – мұратым! Жыр бер Өзің, Нұр бер Өзің жырыма, Құлың ем ғой жырдан тапқан мұратын?! Бисмилләһир Рахманир Рахим! Сөзде менің жалғаным да, расым. Сөзде жайдым жайылса егер құлашым, Болсам болдым Хақ сөзімен бір ақын. Сөзден осы құл екенім сезіндім, Хақ сөзімен жамандықтан безіндім. Хақ сөзімен ақ, қараны айырып, Хақ білдірді өзге кім һәм өзім кім! Хақ сөзі анық хақиқатты білдірді, Хақ сөзі ашты мендей пақыр ділгірді. Хақтың сөзі ақындығымды айқындап, Анық етті санамдағы бұлдырды... Бисмилләһпен көзімді аштым – көр екем!.. Бисмилләһсыз «төр» дегенім «көр» екен!.. Бисмилләһпен екі әлемімді анықтап, Бисмилләһпен кірді қашқан берекем!.. Солай, анық болды адам Құл – Керекең! Шүкір! 2011.8.13

Жарық Сүю (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Адам һәм Адам баласы, Аллаһты сүйсе жарапты. Жын менен Адам баласын, Сүюге Өзін жаратты! Аллаһты сүйгем, нұр өпкем, Әр сәтім жарап мың күнге. Аллаһты сүйген жүрекпен, Адамды сүймеу мүмкін бе? Адамды сүйгем жүрекпен, Әр сәтім татып мың күнге. Адамды сүйген жүрекпен, Қазақты сүймеу мүмкін бе? Қазақты сүйгем жүрекпен, Әр сәтім татып мың күнге. Қазақты сүйген жүрекпен, Қалқаны сүймеу мүмкін бе? Жоқ! Сен (Бисмилләһир Рахманир Рахим) «Ия, Аллаһ» десем, жарқылдап Жүрегім нұрға толады. Аллаһты құлдың артында, Бір іздеушісі болады! «Аллаһ» деп өткен Абай да, «Аллаһ» деп өткен Шәкәрім. Солардың тұнған арайға, Жүземін әппәқ шәһәрін... Жүземін әппәқ шәһәрда, Иманнан – нұрдан қашалған.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Солардай нұрын шашарда, Нәпсіден аулақ қаша алған! «Ия, Аллаһ» десем, арайлап Жүрегім нұрға толады. Аллаһты құлдың қалайда, Бір іздеушісі болады!.. Сен! 2002.2.10 Махаббат па? (Бисмилләһир Рахманир Рахим) «Хаққым болсын Саған, – дейтін, – жан құрбан!» Құдай берді құштарлық ол жанды ұрған. Хақ лебінің бір мысқалы ол, мүмкін, Соқыр, мылқау, кереңді де жандырған! Дүниенің тартылысы ол – махаббат. Жасындардың жарқылысы ол – махаббат. Рух пен тәннің әр тынысы ол – махаббат, Сезімдердің шарпылысы ол – махаббат!.. Ал, онда – Хақ пен өзін ұламаған махаббат, Хақты айтқанда жыламаған махаббат, Хақтың аты аты құрлы арудың, Жан-діліне ұнамаған махаббат, Махаббат па? Хақты көрмей, қызды көрген махаббат, Нақты көрмей, ізді көрген махаббат, Хаққа құлдық ісін жаннан өшіріп, Нәпсілерге үздіге ерген махаббат, Махаббат па?

Жарық Хақ сырына қанықпаған махаббат, Хақты құлға танытпаған махаббат, Сонша ма ыстық сүйіспендік күшімен, Хақты бір де қана ұқпаған махаббат, Махаббат па? Жүректерді аралаған махаббат, Жүрген жерін жаралаған махаббат, Өзі берген құштарлықпен Аллаһты, Бір сүюге жарамаған махаббат, Махаббат па? Жоқ!!! 2007.2.8 Қап-ай (Бисмилләһир Рахманир Рахим)

Екі ұшы күндіздің қараңғы, Екі ұшы өмірдің жап-жарық. Күндізін жұтқандай қараңғы, Өмірдің ортасында отырмын дағдарып. Пендемін, не дауа, ғарыппын, Жарыққа назарын салмаған. Басы мен аяғы жарықтың, Ортасын жарықтай алмаған! Өмірімнің ортасын қарайтып, Шетіне жете алмай – жарыққа, Екі бір дүниемді тарайтып, Анығында айналдым ғарыпқа... Қап-ай!.. 2007.1.25

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Қайшы (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Аузы ашылып көрімнің, Өткенімді жерлеп тұр... Құл-Керім мен Керімнің, Арасында жер, көк тұр... Аузын ашып көрімнің, Жап-жарық нұр өтті есіп. Құл-Керім мен Керімнің, Жатқаны бұл беттесіп. Тұтасымды тұмшаған, Қараңғымнан арылып, Жарығыма ұмсанам, Екіге хақ жарылып... Алдыңгүнім қап-қара, Ал, бүгінім жап-жарық. Қараңғымды қап-қара, Шығып келем қақ жарып!.. Әлхамдулилләһ! 2002.11.26

Жарық Сескену (Бисмилләһир Рахманир Рахим) «Жерде жүргенде дандайсып асқақтама. Өйткені, сен Жерді әсте жара алмайсың. Бой жағынан да таулармен иық тірестіре алмайсың» (Құран. «Исра» сүресі, 37аят) Өзіңнен үмітімді ұштағам мен, Рухым нұр, тәнім сенсің ұшпағанмен. Дәретсіз бір баспауға қақылы едім, Жер, cені басқаным-ай күс табанмен! Жер, cені басқаным-ай аяғыммен. Астамсып шұқып аса таяғыммен. Бірақ, сен мызғымастан, «мыңқ» деместен, Жатырсың сабаз қалпы баяғыңмен... Жер-ау, Жер, Сен недеген төзімдісің? Сыйлаған Аллаһ қандай төзім күшін? Мүмкін, сен бір алмастан жатырсың ба-ау, Жаратқан сенен1 бізден көзіңді шын?! Біз – құлға менменсіген елес үндеп, Айтып та жатырсың ба-ау «өлесің» деп? «Паң, пақыр көкке қарап кердеңси бер, Түбі ақыр қойыныма келесің» деп?! Жер, cені жібердім-ау таптап-ақ тым. Шіркін-ай, қайтып ақыңды ақтамақпын? Жүрісім мынау менің «Құдай» деудің Орнына ізін кесіп ақ тамақтың... Жер – Ана-ай, «Құлыным» деп құшармысың? Жоқ әлде қос бүйірден қысармысың? 1 Сенен – топырағыңнан

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Отын боп Жаһанамға жанар ма екем, Ұша алмай Жәннәт – бақта ұшар құсым?! Аллаһ – Ол шексіз Ұлы, кешірімді! Бірақ, «мен» өмір еттім кесірімді... Аруақты құдай тұтып2 қара бастым, Аллаһқа тарыс жауып «есігімді»... Аллаһ – Ол шексіз ұлы, Рахымды! Кешірер (бұрғам Оған мұратымды!) «Серіксіз, иманы пәк болса екен» деп, Халқының қамын жеген бір ақынды! Аллаһ – Ол шексіз Рахман! Рахымды! Алақан (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Түн пердесін ысырғанда шапырашты Аспан, Көзін ашты есінеп Күн шашырап тастан. Өбісіп жас сәулемен өрле-еп кеткендей, Шамқарады шағыр шың шашын ақ басқан. Көкжиектің сәл-л үсті қызыл-ақтанып, Буаз тұман барады жүзіп, аттанып. Жұлдыз шықтар жымиып көзін ашады, Шалғын беті бурыл бу қызымақтанып. Шөккен мұнар балбұлы үлбір етегі, Сұйық әйнек секілді дір-дір етеді. Көзбен ғана өбісіп көріктенесің, Қарсы бассаң ғайып боп ділгір етеді. Шуақ сүртіп көк көзін айықтырады, Үп еткен леп шөп басын жәй-й ықтырады. Жүрек-гүлдер Аспанға ауыз аша ма? Жоқ, Құйттай алақандарын жәйіп тұрады. 2 Аруақты құдай тұту – кейбір қазақи таным меңзелген

Жарық Тотияйынға етегін малып қойғандай, Ғайып кезген кеме – Жер алып қой, қандай?! Торғын-тоты бояуға тоғытып алып, Күреңіткен күндізге жәйіп қойғандай. Ғайып кезген кеме – Жер алып қой, қандай! Күз (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Сұлу сияқты мына күз, Сарғаймаған, сарғайған. Мен жүріп өткен жылады із, Бір бұрышта сарнайды ән... Кербездеу шыққан Күнді еміп, Күлгіндеу ауа жылиды. Жүректі жұмысақ мұң көміп, Жапырақтар ұлиды... Қызарып кеткен қысымнан, Оқалы дала ойлылау. Уақыт сенің мысыңнан Көңілі кірбең, Қайғылы-ау!.. Ұйқы (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Келді де түн жұтып алып Күнді арбап, Қара жерді жаншылады бауырында. Жұлдыз – шәші үрпе-шүрпе дудардай, Қан-сөлі жоқ бозарады Ай сауырында. Сіміріп ап қара түнек қасіретті, Бір қор етіп талып кетті тіршілік. Содан бір түн, жоқ, мүмкін, бір ғасыр өтті, Ұйқылы үміт қылшасынан қыршылып...

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Аңқа кеуіп Азаны жоқ аймақта, Балапан – таң жұмыртқасын жара алмай, Іріп кетті ұйқылы түн ішінде, Қауызында қаңсып қалған аралдай... Тапжылман соң тарамайды қан бойға. Шырын түстен жүйке тоны сүзілді. Ғамалсыз түн мен салатын ән қайда? Қорылымнан қобыз ішегі үзілді... Қас қағым ғұмыр (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Тотияйынға барып батты Күн, Кіреу көзденді жарық Ай. Шәшірады жұлдыз – шаттығым, Тауыққа шәшқан тарыдай. Ағарған жалғыз көз – түннен, Санаға ұйқы тамып тұр. Қазан астынан боз күмбез, Қараңғыны іштім қанып бір. Қараңғыны ішіп қаңсыған, Масаңдау майпаң екпінмен, Түн – нұрдың әуен аңқыған, Көңліне сіңіп кеттім мен. Ес жиғанша есер мауықтан, Қарадан аққа ауысыпты. Жұлдыз біткеннің тауық – таң, Шоқылап бәрін тауысыпты...

Жарық Құмқора (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жұңғар ойпаты менің туған мекенім. Қамысты өлке. Күз келіп қамыс үлдіректегенде сары жәйқын теңіз кейіптенеді. Оның дәл ортасында Құмқора деп аталатын биік құм төбе бар. Ол сол сары теңізді жүзіп бара жатқан алып кемеге ұқсайды... Сары қамыс, қызық, телегей сары теңіздей шайқалақтаған. Құмқора тұр жүзіп кемедей, Сары сағымда жәйқалақтаған. Ұшар басына ұмтылушы едім, Сары сағымды кештіріп атпен. Қытықшыл аумақ қымсынушы еді, Құлпырушы еді кешкілік... әттең?! Сары Күн қимай аз-кем тұрақтап, Құмтау басында – сары мойнақта, Асатын ары назбен бір аттап, Сары киіктей cағым ойнақтап... Жататын солай сары күз бөртіп... Ол жәйлі менің әнім күшінде. Оны мен жүрем өзіммен ертіп, Ол қазір менің жаным ішінде... Күдік (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Тау жылап, Орман жылап, Жылап мекен... Күн күйіп көкжиекке құлапты екен. Адасқан ақылынан Ар – дүние, Қолында Қожасының сұрақ та екен...

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Егессе екі дүлдүл Күн парлаған, «Тағдырың қолымда» деп, Түн сарнаған... Дүлейдің дүрсілінен дір-дір етіп сауыры, Жан ұшырад сұңқар – ғалам!.. Тіршілік – кісінейді қара бие... Оталып лап-лап етіп барады үйек... Арман-ай, алып Жердің жүрегіне, Жүрегіне түскен бе Қаракүйе?.. Жар – әлем, Жасыл әлем, Жасын – әлем... Жанжалсыз жасап кеп ең, жасымап ең... Өсірдің өр төсіңде... ойран етіп, Түбінде жетер ме екем басыңа мен?!.. Ақ тілеу (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Самалалардың сағымы көміп беткейді, Жылы бір әннен жүрегі жырдың көктейді. Көлкілдеп тұрған жанардың бұла жасындай, Көк зеңгір Жерге төгіліп неге кетпейді?! Сырын ұқпайтын сырлы да, нұрлы көк тунек... Мекендеп өткен астарын Айдың көп түнеп, Аспанға қағып Күн сынды – күйген шаланы, Жер шарын соған арқандап біреу кетті ме? Жоқ! Жүрек – мекен осылай еді о бастан... Тәңірден анық тәңір боп ешкім жоқ асқан! Күн «өліп» бірде, «тіріліп» қайта келеді, Тістеп ап Жерді домалап бірге доға – Аспан... Домалап Жермен, домалайд бірге қыр-аңыз... (Қызықтың сырын қырмызы қырдан сұраңыз!)

Жарық Қалпынан жазбай қас нұрда мына неліктен, Жақындап Күнге, Алыстап қайта тұрамыз?! Бәрі де жұмбақ... Жұмбақсың бота – боз далам. Күн қуып Айдан, Ай қуып жылдан озбаған... Табиғатпенен табиғат болып кете алмай, Жер болып ойлап, Жерменен бірге қозғалам!.. Қозғалам бірге... Иншаллаһ, қоздап жана алам! Қолдайтын Аллаһ, тілекшім барда – жан анам. Тілеймін мен де Иесі Хақтан мәңгілік, Елді аман ет деп, болсын деп Жердің жаны аман?! Махаббат гүлі (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Махаббат гүлі – ғашықтық, Ғашықтық болса, ол, қашықты Біріне бірін ынталап, Қасиет қосар асық қып. Махаббатты егер жер десек, Ғашықтық соның гүлі өскен. Жер жоқ па гүлің нөлге есеп, Кем қалмақ солай үлестен. Таптасаң жерді табанда, Ардай ақ гүлін жаныштап. Қалай ғана өсіп бағаң да, Жаратқанға өрлеп «жан» ұшпақ? Қалай ғана, адам, сафтығың, Жаралған қалпы сақталмақ? Қалай ғана артып сақтығың, Адамдық мұрат ақталмақ?

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Махаббат, ғашық бірісіз бірінің күні қаран-ды. Нұры ол Хақ, Хақтың нұрысыз, Адамның күні қараңғы. Аллаһтан берген адамға, Қасиет олар тым нәзік. Болмаса олар адамда, Кетпек-ті адам мүлде азып. Айтсақ шын ойдың ашығын: Бастырған Хаққа қадамды, Махаббаты мен ғашығын, Сақтаумен адам адам-ды. Сүюге Хақты арналған, Қасиетті осы пәсейтіп, Адам қанша ма қармалған, Нәпсісін жөнсіз есейтіп?! Тұрса да тәнді алқымдап, Ғашығын тиған маздаған, Сабырын сары алтындап, Жетті Оған адам аздаған. Махаббатсыз шын жоқ ғашық, Махаббат та жоқ ғашықсыз. Талайдың жүргені от басып, Еді олар Хаққа асықсыз. Асығың – Аллаһ, Хаққа асық, Арыңмен Оны, ал, мақта. Аллаһың ғана жақтасып, Жеткізетұғын Жәннәтқа! 2011.8.14

Жарық Құзыр ету (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Бабына келтіріп ем жыр құлағын, Бұлақтай тастан аққан сылдырадым. Немесе анасынан аулақ қалып, Қайта ұшқан құлындайын құлдырадым... Дұрыс! Сыйы ғой бұл да Хақтың берген маған, Қалайша кереметсіп кердең қағам! Етуге Хаққа шүкір қақылымын, Берілсін төмен, кейде өрден бағам. Мақтау да, мадақ та Бір тән Аллаһқа! Мәңгі істің мағынасы, мәні Аллаһта. Құлқымен құзырына байланғасын, Жақсының нұрлана ұшад «жаны» Аллаһқа. Бірақ та, адаммын ғой, айыптымын. Бірімін Хақ алдында айыптының! Қалшиям қайтерімді білмей қатып, Қалайын ойлағанда ғайып күнім... Қабірім не болады тар ма, кең бе? Жағымды іс жауап берер бар ма менде? Жауап бере алмайды екен Нәкир, Мункәр Сұраған сұрағына арға кенде. Ниетсіз қылған құлдық тиын дейді, Әй, қайдам, ниет сондай иінбейді. Нәпсі ме, нәпсі сайқал қайқаң қағып, Менменсіп мен байқұсқа күйінбейді. «Қой» деймін, «тоқтал» деймін, «арыл» деймін, «Ағыңнан Хақ Аллаһқа жарыл» деймін. Сүйеді ол дүниені өліп-өшіп, Бәрібір зарық оған, зар іл мейлің...

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Ием-ай, сонда да Өзіңе үміттенем! Қараймын қаһарыңа үмітпенен! Енсем деп Құзырыңа құл пейілмен, Келемін көңіл жүйрік күлікпенен! Қабыл ал тілегімді, Құдіреттім! Өзіңсің құдіреттісі Құдіреттің! Өзіңсің таубаларды қабылдаушы, Сондықтан құзырыңа құзыр еттім! Кешірші тастан қатты кінәмді, Аллаһ? Қалдырма қас бойымда күмәнді, Аллаһ! Айырар ақ пен қара, дос пен қасты, Жолшырақ берген бізге – Құранды, Аллаһ! 2011.8.14 Иншаллаһ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Салған көпір, не мектеп, Немесе еккен бақ сынды, Артымда қап емектеп, Асқақтатар жақсымды. Алар жаттап бар өрен, Көңілдерін көнші етіп. Жалғыз шумақ қара өлең, Қалдыра алсам енші етіп. Екі-ақ тармақ немесе, Алтынсарин көзіндей – Оқыса кім он есе, Сауап жиған сөзіндей.

Жарық Сөз қалдырсам жетер ед, Әрі жарық, әрі шын.

Оқығанның еселеп, Ашатұғын ғарышын. Себебі әр ғасырдан, Жетті бізге тармақ бір. Жебедейін атылған, Жетесінен саулап нұр. Хақ үні бар демінде, Хақ шындық бар діңінде. Жыр жаза алсам менің де, Жанар бағым түбінде. Иншаллаһ! 2011.8.24 Әулие (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хақтан хақтап пәгеюін сұраған, Әулие, ол – Хаққа ғашық бір адам. Хақ болғасын қабыл оның дұғасы, Сонда да одан сұм болады сұраған. Бірі өзінің әулиесін білмейді, Бірақ та ылғи қылған ісі гүлдейді. Басқа біліп оның әулие екенін, Дұға еткізіп дұғасынан нілдейді. Бірі өзінің біледі әулие екенін, Хақтан сұрап хақтандырар мекенін. Дүниеге пысқырмайды өткінші, Деп біледі дүниені «не теңім». Енді бірін жұрт та, өзі де біледі, Күндіз күлмей, түнде аз кірпік іледі. Хаққа шексіз құл болған соң қалтқысыз, Хақ алдында қабыл шексіз тілеі.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Бәрі солай әулиелігі ашылған, Иманының нұры әлемге шашылған. Солай рас, бірақ солай екен деп, Адасады әулиеге бас ұрған!.. Ең жақсы сөз (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Дүниенің бар болуы – Ләә иләәһә илаллаһ. Тілеулердің нар болуы – Ләә иләәһә илаллаһ. Дүниенің жақсы сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Ақиққаттың нақты сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Пәк иманның нұрлы сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Пәгеюдің сырлы сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Екі әлемнің ауыр сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Мұсылманның бауыр сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Хақ Аллаһқа сенім сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Қай құл айтса соның сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Жаратылыс мақсат сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Зікірлеудің жақсы-ақ сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Дінге адамды ашар сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Ділге шуақ шашар сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Алғаш Адам көрген сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Хаққа уәде берген сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Адам иман еткен сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Ақиқаттан өктем сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Екі өмірдің сұлу сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Жан жібітер жылу сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Адам алып қайтар сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Ақтық демдегі айтар сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Тірілердің тауап сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Өлгендердің жауап сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Мақшарда іске асар сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Таразыны басар сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Құл Жәннәтқа кірер сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Бәрін Хақтан білер сөзі – Ләә иләәһә илаллаһ. Адам, сені шақырамын «осы сөзді айт, тыңда!» деп. Осы сөзсіз, адам саған, екі әлемде дым да жоқ!.. 2011.8.24

Жарық Зікір (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жамандық іздеп өзіңнен, Жалған дос болып жанайтын. Аллаһсыздар көп сөзіңнен, Аллаһтың атын санайтын. Шімірікпесін байқарсың, Хақ атын «қайталапсың» деп. Өліге қайтіп айтарсың, «Хаққыңнан аулақ қапсың» деп. Ол үшін Рас өтірік, Өтірік рас ол үшін. Кетеді-ау ертең от ұрып, Ашиды жаның сол үшін. Білдіру болмас білмеске, Білдірген Хаққа шүкір ет! Құр ойнап, босқа күлмеске, Зікір ет, Хаққа, ал пікір ет! Хақсыздар қарсы бола алмас, Иманың болсын жолдасың. Зікірсіз тыныс бол алмас, Бір сөзің Хақсыз болмасын! 2011.8.25 Нәпсі күші (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жетпіс үш бір нәпсіде Шайтан күші бар екен. Найынсап дүр нәпсіге, Қап кетуде бар есем. Шайтансыз-ақ малғұнның, Атқаратын міндетін.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Нәпсі бауыр әркімнің, Жегізуде күнде етін. Нәпсі екі аша нәрсе екен, Біреуі – тіл, «тән» – бірі. Құлдыққа ол қарсы екен, Хақ алдында мәнді ірі. Оңайлау шын тән тыю, Тыю қиын, әй, тілді. Талай сөзді жан қыю, Әй, тіл айтты, Айтылды... Тұратыны ол марқайып, Сені итеріп кемеске, Тән тозғанмен қартайып, Тіл тозбайды емес пе. Жоқ тілді ұру бассалып, Қоймау үшін ырқына, Жүрген содан тас салып, Сахабалар ұртына. Ондай биік қайда, қап, Ондай төзім жоқ бізде. Тән-тілді онда байлап ап, Нәпсіні оларға өткізбе. Сөйт те нәпсіңді ақылға, Ақылыңды иманға бағындыр, сөйт, мақұл ма? Өзің Хаққа иланда! Сөйтсең бағың жанады, Сөйтсең құс боп ұшасың. Сонда хақтап манағы, Хақ Иеңді құшасың! Иншаллаһ!

Жарық Иман күші (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хақ атымен басталмаған іс қаран, Хақ атымен сөйленбеген сөз мәнсіз. Хақ атымен істелмеген іс харам, Хақсыз сүрген өмірдегі кез жансыз. Аспан, Жерге толған сыйлық етсең де, Хаққа серік қоссаң кетер жиғаның. Бағың жанар бермесең де бес теңге, Серіксіз һәм берік болса иманың. 2011.8.25 Қисық (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ақылсыз болса ұл кетер, Нақылсыз болса қыз кетер. Ата-ана қалар аңырап, Айтқаныңменен жүз бекер. Ертсе де татыр жүз нөкер, Ақылды талай жүзді өтер. Ибалы болса алғаның, Жаныңды жылтып ізгі етер. Сіз десер туған, біз десер, Үмітіңді үзбе, үз, бекер. Біліксіз болса бауырың, Маңыңды терең құзды етер. Қарақшы болып із кесер, Опасыз қара жүзді есер. Имансыз болса ел патшасы, Басынан халық құз көшер.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Көңіліңді суық күз-ді етер, Күн шықса жерден сыз кетер. Майдансыз болса дос, жолдас, Араны жалтыр мұзды етер. 2011.8.25 Жаман (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жақсы көру көрсетпейді жаманды, Улап, торлар у-сойқы ойлар санаңды. Кей сұлулық ой кірінің шапаны, Ақтан қараны айырмау да жаман-ды. Ферғауындай ақылшы еткен Қаманды, Әуексітіп Қамандайын жаманды. Мұса әкелген хақиқатты танымай, Былықтырған, Ылықтырған заманды... Күзет (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Қадір түні – қадірлі түн, мың айдан да сауапты! Кірсіз, мінсіз сексен жылдық құлдықты ойла, сауатты! Екі әлемі жарқыраған нұрлы иманмен гүлдеген, Сексен жылға адамзатты ырысты ету бұл деген. Періштелік тазалыққа бір-ақ сәтте өту бұл. Сексен жылдық мінсіздікке бір-ақ түнде жету бұл. Бұл қалауды білген құлды жіберетін шүлен ғып, Бұл недеген мейірімділік, Бұл недеген шүлендік? Тал бойынан жоқ ететін тауба еткеннің кесірін, Бұл недеген жарылқану, Бұл недеген кешірім?

Жарық Бұл недеген рахымдылық, Бұл недеген мейірім? Шатастырма бұл мейірмен ата-анаңның мейірін! Хақ сыйлаған бұл қадірлі отыз күндік жарықта, Оразаңды тұттың ба шын, онда айналдың жарыққа. Шүбәланба, болды солай, Хақ нұрына кенелдің! Қалпың бұзба, халың сақта, сенсің бірі кемелдің!.. Сонда бұл түн қандай жарық, қазыналы түн еді? Мұндай сыйды тұрған сыйлап адамзатқа Кім еді?! Ойлан бауыр, Орныңнан тұр, бұл дүние жалған-ды! Қанша ақылды шайтанға еріп, нәпсісіне алданды. Тырдай мынау дүниені өтсең дағы аралап, Көзіңді енді соқыр ет те, харам жаққа қарама. Тіліңді ме, тіліңді жұт, өсек, сыбысты ұмыт та, Өзіңді ұста дініңе еніп – мұсылмандық тұнықта. Сеніміңде серік қоспа – Хақтан басқа жоқ тәңір! «Бар» дегендер болмақ оттық, табынам деп жоққа құр. «Хақ!» деп қана құлдығыңда берік болсаң нағында, Шүбәланба, ой-қой бауыр, кіреріңе Ғадынға! Ал ендеше күзетейік Оразаның соңғы онын, Болмайық та ұйқы ұйытқан, нәпсі мінген тоңмойын! Ұйқы деген ұры халық, ал күзетіп Нұр сыйын. Ұйқы өлтіріп, құры қалсаң өксігенің бір тиын! Жетері хақ даргайыңа Сен салғанға сабырлы ер! Оят та онда, о, Аллаһым, мүминіңе сабыр бер?! 2011.8.26

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Адам (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хақ рас, Құран рас, Рас діні! «Хақ» деген растайды рас мұны. Тірілтіп өлмей тұрып, Хаққа шүкір, Танытқан шын расты қыр астырып! Хақ Өзі сүйген құлын дара етеді, Барды жоқ, жоқты жоқтан бар етеді. Тәңірін танымаған «Барды жоқ» деп, Наданды Намұрттай хар3 етеді. Ондайлар көз, жүрегі, құлақ тұрып, Шындықты естімейді құлақ түріп. Анықты «көрдім» демес көзі көрмей, Білмекті «білмеймін» дер жылап тұрып. Бұл үшін адам деме перделіні, Һәм «пенде» дей көрме әсте зерделіні. Аллаһын естіп, көрмей нанатын бар, Адам сол адамдықта жердегі ірі! 2011.8.26 Кенделік (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Сақтан «саңлақ, даңықты, ұлы, салмақтым»! Сезген білмек ауырлығын салмақтың. Даңық – изар, екен бізше алжапқыш, Ұлылық ол шапаны екен Аллаһтың! 3 Хар – суқараңғы

Жарық Даңық кімді арбамады қазақта? Ұлылық та тіркелмеді аз атқа. Хақ: «екеуін иелемек болса кім, Салам, – депті, – сол құлымды азапқа»4! «Кешір Аллаһ, тауба!» делік – қайтайық! Хаққа ғана мақтау, мадақ айтайық! Құл лайықсыз шынды жалған малданып, Жүре бермей «ұлымын» деп қайқайып. Ұлы Аллаһ, Аллаһ дана, Даңықты! Ұлы, өйткені Ол – жаратты да, дамытты Аспан, Жерді, Жел, Күн, Айды, күллі істі, Екі әлемді, Жәннәтті һәм тамұқты... Ол жаратты өсімдік, хайуан, жәндікті, Ол: «бол!» деді, боп бәріне жан бітті... Ол жаратты өлім, өмір, жоқ, барды... Нұр, сәулені, жасынды, отты һәм құтты... Ол жаратты періште, Жын, Адамды! Періште ме, пәкизат ол табанды. Жын ба, жын да тұрақсыздау мақұлық, Адам – халиф, бірақ көбі надан-ды... Адам рас жаратылыс соңғысы, Күтілді одан болмақ бәрі оңды ісі. Қос қасиет – ақыл, нәпсі беріліп, Болсын делді тек жәннәттық сом кісі. 4 Құдыс хадис. Имам Муслимнен

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Адам бірақ тілін алып малғұнның, Жоқшысына айналды, әттең, бал күннің. Болды міндет дүниеден қайта өрлеу, Еншісінде Хақ білер жәй... ол кімнің! Соны білмей кердеңсиді көп пенде, Хақтан қорқу кәперінде жоқ та емге. Аңғармайды тұрса да өлім алқымдап, Адам рас ақиқаттан бек кенде! 2011.8.26 Тәртіп (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ханға тәртіп келмесе, Жұртқа тәртіп кеу қиын. Ол жоқ қоғамды, ендеше, «Ашық қоғам» деу қиын. Ханы иманды болмаса, Халқы иманды болмайды. Имансыз боп сорласа, Халық үшін сол қайғы. Иманды боп келеді, Адам өмірге анығы. Мұнда да Оған сенеді, Ақиқатқа қанығы. Иманменен келгеннің, Сенбегені неткені? Сенімсіз боп өлгеннің, Имансыз боп кеткені. Мәнсіз өмір – өмірдің Құлшылықсыз өткені. Сеніммен кеп дүниеден Сенімсіз боп кеткені.

Жарық БОЛАДЫ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Бұзылуы адамның Көруінен болады. Аллаһқа емес шайтанға Еруінен болады. Қарақшылық хан жолын, Торуынан болады. Жаманшылық Хақ ісін Жоруынан болады. Азу құлдың арлыға Қозуынан болады. Ақымақтық әдептен Озуынан болады. Ұятсыздық ұятты Ашуынан болады. Кедейшілік орынсыз Шашуынан болады. Құдайсыздық Құдайды Танымаудан болады. Хақ ісіне ақылды Жанымаудан болады. Менменшілдік көңілдің Тасуынан болады. Әлжеттілік әлінен Асуынан болады. Жемеңгерлік шүкірдің Жоқтығынан болады. Ақылсыздық қарынның Тоқтығынан болады.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Мақтанпаздық құл өзін Зорсынудан болады. Такаппарлық басқаны Қорсынудан болады. Білімсіздік «білдім» деп Марқаюдан болады. Ілімсіздік сенімнен Ортаюдан болады. Нәпсіқорлық пенде өзін Тектеместен болады. Иман нұры жүректе Көктеместан болады. Өзімшілдік, озбырлық Сараңдықтан болады. Кісіліксіз надандық Арамдықтан болады. Жамандықты ұмытпау Жамандықтан болады. Жақсылықты ұмыту Надандықтан болады. Кекшілдік пен жәһілдік, Білімсізден болады. Қарсы шығу шындыққа Ілімсізден болады. Жігерсіздік жігерін Жанымаудан болады. Мұның бәрі Тәңірін Танымаудан болады. Солай!.. 2011.8.28

Жарық ҚҰРАН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Құранда тұрып ілім сені күтті, Менменсіп білмедің-ау соны «мықты». Онда: «Мен жын, адамды тек Өзіме жараттым құлдық үшін»5 делініпті! Менменсіп оқымадың Құранды ашып, Санаңды күдікті ауыр күмән басып. Құранды оқысаң саф шын көрер ең, Жалғанда жалғанға емес Шынға ерер ең. Шынға еріп, шынданар ең періштедей, Хақты һәм Хақтың ісін терістемей. Ғаламның он сегіз мың сырын біліп, Кетпес ең кездейсоқты ырым қылып. Таубаңа келіп солай танып Хақты, Өткенге өкінер ең жанып қатты! Дүние өтірігін рас біліп, Дүрмектен алыстар ең құлашты ұрып. Тірілер Хақ алдында күніңді ойлап, Істеген біліп, білмей мінің бойлап, Таубаңа тағы, тағы, тағы келіп, Хақ құлдың қараүзер ең нағы болып! Күнәдан шыбын-шіркей қашып солай, Өзіңді жарқырар ең ашып солай!.. Бар кітап бір харфіне тең келмейтін, Оқымай адам оны жөнделмейтін, 5 «Зәрият» сүресі, 56аят

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Құранды – сөзін Хақтың оқымауың, Ол сенің – екі әлемдік тоқырауың! Ол сенің – Хақ Аллаһпен сырласпауың, Хақ берген бойдағы игі сырды ашпауың! Ол сенің – надандыққа тірелуің, Ол сенің – тірі жүріп тірі өлуің! Ол сенің – Хақ ілімін қате алуың, Қате алып хақсыздыққа маталуың! Ол сенің – өзіңді-өзің аша алмауың, Жаныңа жарығыңды шаша алмауың! Ол сенің – айырмауың ақ, қараны, Ол сенің – ақ білуің қап-қараны! Ол сенің – жұмсамауың ақылыңды, Адамдық қор еткенің асылыңды. Ол сенің – рух, жан һәм сезім жәйлі, Білмеуің не делгенін өзің жәйлі!.. Екі әлем, Періште, Жын, Жаралды Адам, Жаралып Хақтан зат жоқ нәр алмаған. Жалғыз зат Аллаһ қана жаралмаған, Һәм Аллаһ сөзі – Құран жаралмаған! Себебі, жаралмайды Жаралмастың Сөзі де, Өзі де хақ!.. Нәр алмас кім?! Білсең бұл хақ Құранның мәртебесі, Жіберген бізге оны Хақ, мәрт еді Осы!

Жарық Білмеуің міне осыны – Құран білмеу, Көзіңе ілмеу Хақты – Құранды ілмеу! Көзіңе Құранды ілмеу – Хақты «жоқ» деу, Басыңнан екі әлемдік бақты жөткеу! Басыңнан екі әлемдік бақты жөткеп, Пәниде-ақ тозақ оты жақты беттеу!.. Солай! 2011.9.3 СҰРАУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Біреуге аз, біреуге Хақ көп береді... Ал адам бергенді әрең өткереді. Сондықтан адамға адам бере алмайды, Беру не, сұрағанды жеккөреді. Хақ қана күллі істі өткеретін, Өзінен сұрағанды еп көретін. Хақ қана беріп тұрса бере алмайтын, Басқадан сұрағанды жеккөретін. Хақ бәрін көрнеу, көмес көре алатын, Жоқ жоқты жоқтан бар қып өре алатын. Өзінен сұрағанды жақсы көріп, Өзінен сұрағанға бере алатын. Болса да жерден тысқар күн атағы, Сұрау ол Хақтан тыстан күнә тағы. Хақ қана жақсы көрмеc сұрамауды, Хақ қана сұрағанды ұнатады! Тағдыры істің барлық сірә Хақтан! Хақ құлын бармен, жоқпен сынамақ сан... Бере алмас сұрап құлдан қорлық таппай, Сондықтан не сұрасаң сұра Хақтан! 2011.9.3

Құл-Керім ЕЛЕМЕС КӘЛИМА (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Адам ба, Адам Кәлиманы айтпақ керек. Айтып, сеніп иманды байытпақ керек. Таусылып дәм өмірден озарда да, «Ләә иләәһә илаллаһ» деп, қайтпақ керек! Босқа өткізбей өмірді жоққа өкпелеп, Аллаһ нұрын жүрекпен өппек керек. Нұры ішінде Аллаһтың сүріп өмір, – Осы Сөзбен пәниден өтпек керек. Шырқағанмен шыңында әнді басқа, Сенбейтіндер бары рас мәңгі Расқа. Өмір мәні – кәлима, қайталап өт, Өмірде одан нәрсе жоқ мәнді басқа! 2011.9.4 АҚ ПЕН ҚАРА (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Білмеймін деп ойламайды еш надан, Басқа білер деп те ойламайд еш надан. Надандық ол – мойындамау Хақ барын, Надан надан – хақиқаттан еш қаған. Сенімі бар сенбес Хақсыз ешке адам! Барда сенім қалмас надан еш те адам. Сенімділік – Хаққа сену қылаусыз, Адам ба адам – ақиқатты қостаған! Надан Күннің шығуына бір қарап, Оны: «Тәңір, – десе, – тұрған нұрлап-ақ!» Адам демек: «Аллаһ Күнді жайнатқан, Хақ күшімен Күн осылай нұрламақ!»

Жарық Адам – білу, Бардың6 барын анықтап, Шүбәсіз һәм шексіз білу қанықтап. Надан – білмеу, Бардың, бар ғып Жаратқан Өзін Шынның анығында танып та! 2011.9.4 СОНІКІ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Анық шындық менікі емес, Хақтікі! Хақтікі шын хақтығы хақ Нақтікі! Хақтікі жөн хақтығы рас Растікі, Өйткені мен Хақ бар еткен бақтікі!.. Мен өйткені Хақ бар еткен құл-ақпын, Ақиқаттан аққан жалғыз бұлақпын! Білдірілген, Білетіннің білдірген Бір шынымын, бір-ақ шыннан7 гүл аттым! Себебі сол, қалай менікі рас-ты! Растау да құлға ауыр іс расты. Рас білген растығын Растың, Жан аспаған ақиқаттан бір асты. Сол себебі Хақтікі жөн, жөні сол! Хақ құлына жөн білу де жеңіс ол! Хақтың құлы – Хаққа құлдық бағынан Өніп шығар хақиқаттың жемісі ол! Сондықтан да емес дұрыс менікі! Деу хақсыздық адам үшін «менікі!» Күллі ғалам, мендегі де Хақтікі, Хақтікі рас, Барлық рас Сонікі! 2011.9.4 6 Бар – Аллаһ тағала 7 Бір-ақ шын – Адам атадан

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ОБАЛ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Расты өтірікші қаралайды, Өйткені ол растауға жарамайды. Ал шыншыл Хаққысы ашқан хақ көзімен, Хақты да, қараны да саралайды. Бірақ шын өтірікке қараймайды, Ол қайта ол өйткен сайын арайлайды. Ол қайта шыншылға шын сырын ашып, Шыншылдың жанын жарық сарайлайды. Өтірікші Распенен өштесем деп, Өзінше еткенімен өшпес еңбек, Ақыры өлім оны оятқанда, Шайтанға өкінеді «кетті есем» деп! 2011.9.4 САДАҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ермек үшін жазбан мен де өлеңді, Хақиқы өлең Хақтың сыйы – ол енді. Шайнап берген нандай жайғап берсең де, Түсінбес бар берген жазып өлеңді. Жүрек шөлін қандырмай ма нұрлы өлең, Сөнген ойды жандырмай ма нұрлы өлең. Көңілсізді көл қылмай ма нұрлы өлең, Танымсызды таң қылмай ма нұрлы өлең. Ақылға ақыл қоспас па еді нұрлы өлең, Тағылықтан тоспас па еді нұрлы өлең. Түнергенді ашпас па еді нұрлы өлең, Айрылғанды қоспас па еді нұрлы өлең. Жоқ, қоспаққа себеп болмақ нұрлы өлең, Болса егер хақ хақиқатпен бүрлеген.

Жарық Сіңіріліп сәлихалы нұрлы иман, Иман бақтан болса әйтпесе нұр кеген. Өлең дейін игеріп сөз – құйынды, Хақ шындықты жырлау құлға қиын-ды. Жан жыртығын жамау керек болса егер, Сөзден гөрі жырмен жамау тиімді. Ақын – мерген, Ойы – садақ, Сөз – жебе, Ата алсаң ат діттегенің көзде де. Ақиқатсыз көзді соқыр сияқты, Бірақ дарып кетпеуі шарт өзгеге. Нұрлы өлеңнің тиер жері бұрыстық болуы шарт, жөн орнауы дұрыстық. Әкелері болу керек туралық, Орнатары болсын көпке ырыс-құт. Хақ Құранмен қаруландыр сөзіңді, Ақиқаттан айнытпа да еш өзіңді. Қисықтардың қасында ұста қашанда, Хаққың берген қайсар өлең – тезіңді! Түсінбеске түсіндіріп қиналма. Одан да аттан Хақ Иеңе жинал да. Әр сөзіңе абай болып, «Аллаһ» деп, Хақ жолында ұш жүректер мен миларға! 2011.9.5

Құл-Керім ЕЛЕМЕС СЫН... (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ақындарға азғындар ілеседі. Олардың сай-салада қаңғырып жүргенін көрмедің бе? Олар істемеген істі істедік деп көпіреді. Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Аллаһты көп зікір еткендер және зұлымдық көрсе де артынан (өлеңмен) кек алғандар бір басқа. Ал зұлымдық істегендер қандай орынға қайтарылатындығын әлі-ақ білетін болады. «Шұғара» сүресі 224-226 аяттар.

Ақын болсаң ақ, хақ һәм зерек болғай! Ақындары ем тартатын ерек толғай. Хақты хақтар Хақ беріп жырлар жазсам, Қайран кейге қалдым мен керек болмай. Қырқындатып, қыздатып, қатындатып, Жырға әйел қосқансып затын батып, Жыр жазуға жалғандық бек әуеспіз, Жаһаннамға түсірер ақынды атып. Жапырақтатып, шөптетіп, шөңгелетіп, Өсекті, өтірікті дөңгелетіп, Желектінің алысып етегімен, Желөкпелеп, желпінтіп, жеңгелетіп... Құйқылжытып, құйылтып, сорғалатып, Төмен қарай тамақтан жорғалатып, Қорғағансып намысты қоңын ашып, Бет пердесін жалғаннан қорғалатып. «Сүйем сені, сүйемін, күйемдетіп», Саған ғана басымды иемдетіп. «Сен ғанасың өмірде, сен болмасаң, Қалар болды, – дегізтіп, – жүйем кетіп». Етек жақтан бір ғана шыға алмайтын, «Жыр» деп мүлде басқаны құп алмайтын, Бір сөз айтсаң шыны бар ұға алмайтын, Айтуды әсте Хақ жәйлі құп алмайтын.

Жарық Айтсаң болды Хақ жәйлі «жыр емес» деп, Ақылына Хақ емес, жын елестеп, Мүфти, имам дегенді «тұлға емес» деп, Құранды «ертек немесе құр елес» деп. «Өз тағдырың өзіңнің қолыңда» деп, «Бала белде, ал қатын жолыңда» деп, «Дүниені белінен жаныштап өт, Айың оңда, ал Күнің солыңда» деп. «О дүние» дей қалсаң, «кім көрді» деп, «Өткіз қане ойнаумен күндерді» деп. «Өзіңді-өзің таны деп, таң атқанша, Атыр қане сауықпен түндерді» деп, Десең «жаса құлшылық», «тазамын» деп, «Бұрқырата осылай жазамын» деп, Иман, ұят, Хақ жәйлі бір тіл қатпай, «Қасиетті (жалғаннан) қазағым» деп. Шақырғанды хақ дінге «ағымда» деп, «Осы болар бұзылған нағында» деп, «Бұзып жатыр халықты, сүзіп жатыр, Жою керек көзін тез уағында» деп. Мұсылмандық жүріске қарап көріп, Әйел көрсе көйлекті араб көріп, «Болды бұлар бұзатын ұлтты» десіп, Есінде жоқ бұзғаны арақ беріп... «Лирика» деп ат қойып жырға бұзық, Кісіліктің жіптерін ырғап үзіп, Қайран қазақ халқымды-ай қорлап бітті, Жатқан иман орнында нұрға жүзіп. «Жыр бердік» деп халыққа у ұсынып, Көсемісіп, әзілқой қуы сынып, Өзі ғана білгірі, данышпаны, Елдің биік көтерер туы сынып.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Аңқау елдің албыртқан ақындары-ай, Болу керек еді ғой затың да арай. Тұнығыңды өздерің лайлайсыңдар... Қайран Мұқаң, Әй, қайран Қасымдар-ай! Қайран Абай, Әй, қайран Шәкәрім-ай! Иман нұрын уыстап шашарым-ай! «Ақынмын» деп бәлсінген бәтшағардың, Бар қылығын бетіне басарым-ай! Қайран Ахмет, Әй, қайран Баласағұн! Білерлерім кім биік, аласа кім. Сендер білген шындықты Хақ білдіріп, Жаздым аз жыр оқысын қаласа кім! Қаласа кім Хаққа хақ бетін бұрсын, Қатесіне қай кімді өкіндірсін. Жырыменен Хақ берген хақты жазып, Хақ жолына әз халқын бекіндірсін! Дұрысы ақын сөйтуі ақындығы, Хақта онысы Хаққына жақындығы. Неге жаратылғанын түсініп һәм Бақылауда болмысты басымдығы. Тудырмаса екен бұл сөзім егес. Сезіміңді мынаны сезіне кеш: Ақылыңды аңдай біл, Хақты құлға танытатын сол, әсте сезім емес! Сезім нәпсі, Сезу ол ақыл(ға) жақын, Сезген құлға сезімнен ақыл жақын. Сезуді әсте сезіммен шатастырмай, Хақтап өтер Хаққысын ақылды ақын!

Жарық Ақылдыға шындықтың сыры мәлім, Біліп қайтпау қылмысын ұрыға мін. Ақындықта ақылды ауызға ұрып, Сезіміңмен шектелсең құрығаның! 2011.9.5 ЖОҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Қолына ұстағаны алтын қалам, Жыры жоқ жалғыз ауыз алтындаған. Әуелі Хаққын танып, Хақты жырлап, Болмай ма ақын ақын қалпында адам. Нәпсісін нәжістерден тоса алмаған, Ылғи да Хаққа аруақты қосарлаған, Иесін қалай ақын бола алмақ-ты, Жырына жалғыз рет қоса алмаған?! 2011.9.6 РУХ ПЕН ЖАН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Рухты «жан» деп, Жан жәйлі кеппіз жақ ашпай. Рухсыз, жансыз, ақылсыз өскен ағаштай. Тілейік Хақтан жан (нәпсіге) еріп адасып, Істеген талай ісіміз үшін оғаш қай... Кіргенді «жан» деп, Шыққанды кеппіз «рух» деп, Жоқ олай емес, кірген де шыққан рух тек! Жан ба, жан – нәпсі ұшатын алып әр неге, Қоздыратын да, тоздыратын да «бұрық» деп.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Жансыз болса ағаш «нәпсісіз екен» деп түсін, Әне сол жаннан көретіні адам бек қысым. Жан адамдағы ақылды алса басқарып, Екі әлемде адам өтеді сор мен от құшып. Рух ол – адам тән қабында алған отырып, Жан ол – тән бірде ақылды, ал бірде есірік. Тән қабын тастап кететін де рух, һәм тағы, Әл-Мисақта әлгі серт берген Хаққа да осы рух!.. Сондықтан жан мен рухты біліп даралап, Жанға еріп рухты алмайық кірлеп, қаралап. Рухқа бәрін басқартып иман (сеніммен), Өтейік «Хақ» деп дүние бағын аралап. 2011.9.6 БАЯН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хақ алдында еш білгір жоқ, Елші алдында данышпан. Етілгенге бес күн құрмет, Болдым деме «данышпан!». Хақтың ісін Хақ біледі, Құлдікі Оның аяны.

Хақ па, Хақ Ол нақ біледі, Құлдағысы баяны... 2011.9.6

Жарық СӨЙТ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Аллаһ жолға салған құлды, Ешкім де азғыра алмайды екен. Аллаһсыз қап азған құлды, Ешкім жолға салмайды екен! Салмайды емес, сала алмайды, Өйту құлдың қолында емес. Салынған құл қала алмайды, Құдайсыздық жолында егес. «Хақ» деп атта алға аттарда, «Аллаһ» деп ал тынысыңды. Тек «Хақ» десең Жәннәттар да, Жарқырарсың күні сынды. Тіпті түкке, түкке алданба, Білгенге өмір салмақ, бөгет. Арнал солай құтталғанға, Аллаһты «Аллаһ, Аллаһ» деп өт! 2011.9.6 ТАЙҒАҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Шешінгенге «ки» демей, Киінгенді «шеш» дедік. Есіргенге «тый» демей, Күйінгенді «өш» дедік. Ізгісізді «ірі» атап, Екі жүзді «ер» дедік. Құдайсызды «пір» атап, Азғынға «әне, төр» дедік. Діні бардан шошынып, Жыны барға жанастық.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Қарақшыға қосылып, Сараңдармен санастық. Сатқындарды қашырып, Ғалымдарды байладық. Қулығымызды асырып, Жұртты жұттық айла ғып. Жалған дінді жаудырып, Жалғыз дінді күндедік. Жұртты шыннан аудырып, Бір ұлтты еттік мың бөлік... Ақылшы етіп наданды, Наданға ауыл басқарттық. Адам көрмей адамды, Адамдықтан бас тарттық. «Таниық-ау» демей бір, «Танытамыз» деп ұштық. Етпей ерді егей-дүр, Жасаудамыз жегіш қып. Иман, Ұят, Қанағат, Тауба, Шүкір бек кеміп. Хақтық ашық сана қап, Кеттік екі беттеніп. Кешір, Аллаһ, Өзің кеш! Дұғам осы-ай айтар мың! Даргайыңа сөзімде еш, Кір қалдырмай қайтарғын! Әмин! 2011.9.6

Жарық ДІН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Өмірде жалғыз бақты – діні адамның, Діні аман болады пәк күнәдан мың. Жаратқан адамды Аллаһ дін үстінде, Күн емес діні жоқ па күні адамның. Дін бе, дін Аллаһ берген нұры адамның. Қорлық сол, діні жоқ па, бұл адамның. Басқадан сұрап босқа күнә таппа, Бүйірі шығар Хақтан сұрағанның. Екі әлемі ырыстамақ діні аманның, Дінсізге өз байқалмайды міні адамның. «Аллаһ» деп күні туар жылағанның, Аллаһсыз сүйері жоқ құлағанның. Қашанда жолы жарық дінді адамның, Құдайлы көкірегі Күнді адамның. Діні жоқ, Хақ Иесін танымаған, Жүрегі, жүзі қара сұм наданның. Аллаһқа құл боп көркем қарыз жолдап, Дінде өлмек дінді адамға фарыз болмақ. Сондықтан дін тұтыну құлға міндет, Дінің тұт! Міндетіңді8 ұқ!.. Қарыз болма!.. 2011.9.6 8 Міндет – «Мен жын мен адамзатты Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттымды» («Зәрият» сүресі, 56) біліп ғамал ету.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС АЛАШ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Алаш ұранлы халық боламыз, ол рас. Алашы – «Алла аш», басқаға білген жорымас. Дәлел ме? Дәлел – мұсылман жұртпыз біз деген! «Алла аштап» сұрап, үмітін Одан үзбеген. Мысалы, Алаш – «Алла жол, бағым, барымды аш!», Дегені екені күмәнсіз менше, ей, қарындас! Тіпті, Алаш – «Алла аш!» екені көңілді емдемек, «Ялланың» – «ия, Аллаһ» екені сынды «мен» демек. Мұндай сөз бізде көп-ақ-ты, халқым, көп бізде. Соларды ескер, салыстыр ойдан өткіз де! Мысалы, Құда – парсыша «Құдай» деген сөз. Ал «Құдыяр» ма – «Құдай – Жар» деген көген сөз. Мысалы, «Алаш – алапес елдің аты екен», Деген сөз қалай ақылға саймақ? Жат екен!.. Солайы даусыз, күмәнсіз болса сөз жоқ-ты. О дағы болжам қисыны шыннан өзгек-ті. Хан аты да емес, Ел аты да емес «Алаш» ол, Ежелден діншіл ұраны қазақ – «Алла аш!» ол! Айтыла «Алла аш» – «Алды аш» – «Алаш» боп өзгеріп, Жеткен сөз өзі шыннан тұр бізге сөз беріп. Қазақ ұраны – «Алла ашта» тастай біріккен.

Жарық Аруақтағанда үріккен қойдай іріккен... Онысы Хақты ұмытқаны еді ширіктеп, Танымнан азып тозғаны еді шіріктеп. «Алла ашы» қалып батырын кетіп ұрандап, Тозғаны үшін басынан ұшқан Тұран – бақ!.. «Алла ашын» тастап, «аруақтап» қазақ шабам деп, Астына түсті құдайсыздардың сабан боп... Солайша сақал, Қырқылды қыздың бұрымы, Тіректен Ұлы күшейгенде ырым, жырымы... Себебі, Аллаһ Жалғыз-ақ еді, Бір еді! Ол – Ояу, Білгір, Әуелсіз, Соңсыз, Тірі еді!.. Оны ұмытқанның жоқ болмақ еді тірегі! Сенімі азып, жабылмақ еді жүрегі... Ел болдық қайта Хақ беріп тәуелсіздікті, Қоялық енді хақсыздық – Әуелсіздікті! «Аруақтап» шаппай, «Аллааштап» ұрандаталық, Ұлт болып ұйып бір ғана Хаққа маталып! Тек сөйтсек қана бақытты халық боламыз! Нұрлап тұрмақ-ты кетсек те жоқ боп моламыз!.. Иншаллаһ! 2011.9.7

Құл-Керім ЕЛЕМЕС СЕН ҒАНА БАРСЫҢ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Аллаһымды ойлап атырып таңын Аллаһтың, Құзырына Аллаһ жүрегім жібін жалғаптым. Езіліп жүрек, есіліп көңіл елжиді, Көтеріп күшін бойдағы ауыр салмақтың. Құранын оқып Құдіретпенен сырласып, Жанымда жабық жабылып қалған сырды ашып, Аллаһыма әрі өзіме жақындап келем, Ақ нұрда балқып екі де басып, бір басып. Шіркін десеңші, жамалын көрсем Иемнің! Ием-ай, Саған ілтипатыммен сүйендім! Құранды қондыр, Әлім жеткенше амал ғып, Жұқтырып алған шәяйын нұрмен күйемді! Аллаһым, Өзің қателерімді кешірші? Рух, тәнімдегі кір атаулымды өшірші? Таудан да биік, Тастан да қатты кінәм бар, Кешіріп, Ием, Жәннәт бағыңа көшірші?! Мәңгілік мекен Ғадынға кірсем, шіркін-ай! Бұзылмас еді мәңгілік болып шырқым-ай! Онда кіргеннің мәңгілік нұрлап бақыты, Онда кіргеннің балта шаппайды мұртын-ай! Шіркін-ай!.. Нағымға иә, Фердауысқа не кірейін! Үкіміңе айтқан үмітпен құлақ түрейін! Дем бер Хақ Өзің, шайтанның сақтап шәрінен, Тура Өзің баста, «жүр» дегеніңмен жүрейін!

Жарық Саған сенемін, Сенен басқа ешбір жоқ тәңір! Басқаға сенген кірері даусыз отқа құр. Саған сенемін, Сен ғана барсың, Мәңгісің, Мүмкін емес-ті болуы әсте жоқта нұр!.. Сенен басқа, Аллаһ, Сенен басқа әсте жоқ тәңір!!! 2011.9.7 ХАҚ ДІНІ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хақтың дінін қаралама, Хақ діні – Ардан таза әділеттің ол ақ тіні! «Жаман» тұтса періштедей пәгейіп, Періштеден де алға етеді жақсыны. Хақтың діні хақ құзырдың мекені, Діндегінің даусыз құзырда екені. Құзырға адам дінде ғана жетеді, Дінде жоққа құзыр оның не теңі!.. Хақ дін құлдың арылатын аймағы, Хақ алдында ол ап шығатын айғағы. Құлды есейтер Хақ қалыбы дін деген, Жоқ онда орын жамандыққа қайдағы. Жамылып ап Хақ дінінің шапанын, Шатуы дерт рухани шатаның. Жұртты бұзып, Құдай қарғар іс қылып, Басын кезген «әулие мен атаның»... 2011.9.8

Құл-Керім ЕЛЕМЕС САҚТАНДЫРҒЫ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Лаухулмақфузда әркімнің тағдыры айқын жазылған, Анық білдік біз оны Құрандағы назылдан... Құдайсыздың білімі табиғатқа тірелген, Сондықтан да Аллаһқа сенімінің нұры өлген. Құдайсыздың танымы көргенінен өтпейді, Хақты ілімі сондықтан хақтауға оның жетпейді. Құдайлылық көрмей-ақ нану болса ғайыпқа, Құдайсыздық нанбау ол көрмеген соң ғайыпқа. Бақастықпен былыққан зейіні мен зердесі, Шындықты оған танытпайд такаппарлық пердесі. Біз «сақтасын» дегенмен, сақтанбайды ол өзі, Тек қарсы өтер Хаққына адамзаттың ол езі. Бар қып өзін жаратып, Бар қып өмір берсе де, Танымайды ол Тәңірін таныр ақыл берсе де. Құдайсыз боп қалады ол айыпта ма, айыпта! Нақ мүмин бе, нанады ол Аллаһына, ғайыпқа!.. Хаққа ұшсын құл, сондықтан, тек Хаққысын мақтасын! Өзін қор ғып Хаққына қарсы өлуден сақтасын! 2011.9.10

Жарық ІЗДЕУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жалғызды «Бір» деп жалғыздай алмау нанымнан, Көзқарастардың біреулеспеуі танымнан. Түсініктердің түрлілігі де ілімді, Үйренудегі, игерудегі алымнан. Ілімін Хақтың игеру құлда пәс болса, Ақылы надан, Аллаһ ісіне қас болса, Барына Хақтың, Жалғыздығына нанбайтын, Құлағы керең, Жүрегі қара тас болса, Онда ондай адам көргенге ғана нанбақ-ты. Талдаусыздықтан Тәңірдің сырын сан жақты, Жаратып өзін, Ғаламды мүлтсіз басқарып тұрған бір күштің Хақ екенінен танбақ-ты. Өйткені оның көңілі жабық, көзі ашық, Жалғанды шындап шырқауда жұрттан сөзі асып, Құдай боп алған құл екенінде күмән жоқ, Ақылға сеніп дүниеге өзі қожасып. Дүние құлы болмақ-ты залым, ол мыстан, Жасамақ құдай Құдай бар еткен ол мыстан. Өйткені надан көргенге ғана сенетін, Іздемек Хақты жаратқан Өзі Ол болмыстан. 2011.9.10

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ХАҚ ТІЛЕУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Аллаһу Әкбар, Аллаһсың, Әкбар – Ұлысың! Сен ғана барсың, басқа тәңір жоқ құл үшін! Сен жаратқалы жасап келе атқан мекенім, Сен нәсіп еткен станым қазақ – Ұлысым! Әлхамдулиллиәһ, Қазақстаным – мекенім! Мұндағы қазақ бір бауыр елі Мекенің! Адам атаның бір ұлы болса бұл қазақ, Мен қазаққа ұлмын, Хақ Саған құлдық етемін! Өзіңе құлдық еттім де таптым менімді, Иман нұрыңмен жібіттім қатқан көнімді. Адамның бақты Өзіңе ғана серіксіз сенімде екен! Бекіттім, шүкір, сенімді! Атамыз қазақ болғаныменен мұсылман, Адасулардан күніміз көп-ті қысылған. Мезгілдер өтті халық боп бастан кешірген, Дәреттен, құлдық, хабарсыз қалған ғұсылдан... Сан шүкір Хаққа, орнады қайта басқа бақ! Қазақтың қазір ғаламдағы аты асқақ-ақ! Сен берген, шүкір, бастағы бақты дос қолдап, Қаймыға бізге қадайды көзін қас қадап. Шүкір, сан шүкір, мадақ Өзіңе Хақ Ием! Халқымның әйтеу қалмағаны анық тағы иен. Елді одан ары дінімен көркейт, дінімен көркейген жұрттың қалмайды қаңсып бағы иен! 2011.9.10

Жарық ӘЙ, МЕНШІЛІК (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Менімнің жауы, әй, меншілік, Қазір-ақ қойсам имандап, Қазір-ақ тауып кемшілік, Қазір-ақ шықтың сыйдаңдап... Менмендей берсең сыйдаңдап, Мен қайтып Хаққа иланбақ? Онда тез өшіп иман қап, Кетпейме бойдан жиған бақ. Ей, меншіл Хақтың пендесі, Ырыққа Ол үшін көнде осы, Жарасын меннің емдесіп, Кәне өтші ал менмен мендесіп. Сөйтсең мен – менім хақтанып Хақты хақ танып, мақтанып кетпей «мен-мен» деп, Нақтанып үндесер шынмен сафтанып! Иншаллаһ! 2011.9.11 СӨЙТКЕСІН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хақ ашып өзін салынса адам жолға хақ, Тек Хаққын пәктеп хақ махаббатын жолдамақ. Ойы да, сөзі, ісі де хақтап, біреулеп, Жат қылықтардан жанталаса өзін қолға амақ. Өрлетіп солай өрлегендердің Хақ қалап, Рухы, жаны, ниеті кірсіз ақтамақ! Ақылы, ойы, санасы самғап ғарышқа, Болмысыменен Тәңірі Аллаһ жақтамақ!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Сөйткесін адам жалғанын жойып шынданбақ. Расы гүлдеп, рухы асқақ шыңданбақ. Нанымы бекіп, танымы кеңіп Аллаһын Танумен анық құлданбақ, Сәттеп құнданбақ!.. Сөйткесін адам ақ сүйіп халқын, мекенін, Аллаһ хақ, Дін шын, Құранның рас екенін, Болмысыменен шек, шүбә қалмай мойындап, Әлемдік екі рухының тәппәқ хош емін! 2011.9.12 ЕКІ ТАНУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Саулықта Хақты танысаң бір-ақ, білгірім, Ауырғанда Оны танисың екі, ділгірім. Себебі, емге данышпан таппай Оны асқан, Ұшумен Оған айқындалады бұлдырың. Қысқанда науқас тұлаңды қара тер басып, Ес кеткен ақыл елпектеп оны қорғасып, Айдағанда ауыру тұрқында тәннің жан қалмай, Сасқалақтамақ адамды қара қор басып. Ақылдан ақыл, Мендіктен менмен «ер»9 қашып, Алқымдап ажал, елестеп көзге көр қашық, Рух пен тәннің үйлесімі ұшып тараптап, Көңілді қайғы, жүректі үрей, сор басып... Шырқырап рух жер таппай қалар бұғынып, Алдына келер әміріне Аллаһ жүгініп... Аурудың сырын Аллаһ қана Өзі біледі, Бұл істі ғайып білмек жоқ адам ұғынып... 2011.9.12 9 Ер – жайшылықтағы адамның өз ішкі мені

Жарық САҢЫРАУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Серікшілдің құдайы жасалады қолымен, Ол жүрмейді сондықтан хақиқаттың жолымен. Оның жолы отты жол апаратын тозаққа, Өмірі оның ұқсайды тірі жүрген өлімен. Жасалатын құдайдың «құдайы өзі» екенін, Сездіргенмен сезбейді ол рухани мешелің. Аллаһ Өзі ақ жолдан адасқаннан сақтасын, Аллаһ бермей таппайсың ондай сордың еш емін. Қалай құдай болады жасалатын, жасайсың? Құдай Құдай болмай ма жарататан, жасайтын! Қалай құдай болады илеп жасап қамырдан, Қарны ашқанда қайтадан тамақ етіп асайтын? Мына күмбез көк аспан, Жер және оның таулары, Ондағы аң, құс, өсімдік, миуа, бақша-баулары... Бәрін берген Аллаһты бұт, аруаққа теңейтін, Серікшіл де, Бұтшыл да хақ Аллаһтың жаулары!

Жасағанды «құдай» деп, Жаратқанды танымау, Баласына Адамның қандай қарғыс, жаным-ау! Неге берген ақылды ойласаң-ды соған сап, Ей, көзі бар көр соқыр, құлағы бар саңырау! 2011.9.12 ҚАСИЕТ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хақ Ол Хақ, хақ Хақ, Ұлының Ұлы Ол Ұлысы! Ұлының ұлы ол, қашан да ұлы ұлы ісі! Қасиет беріп Ұлы Өзі хақ қып жаратқан, Хақтау ол Хақты хақтанған нақ хақ құл ісі!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Құл сондықтан да хақ қалу керек тұрқында, Тек Хақ боу керек Хақ берген қан мен ұрқында. Басқаның бәрін болмыс пен ойдан шығарып, Қасиеттеу керек қасиетін сақтап ғұрпында. Қасиет ол – нығмет Хақ берген құлға бір белгі, Қасиетпен құлға қасиеттелсін деп нұр келді. Қасиетпен адам жаралып қара топырақтан, Биік боп бардан10, Халиф боп барға түргелді... Сондықтан құлға шайтанға ермеу бір міндет, Шайтан ол құлды сәт сайын шалып жүр күндеп. «Жаралмаса адам болар ем мен деп халифа, Адам кеп аздым, «адам» деп мәңгі құрыдым» деп. Мақсаты оның тозақтау «жауы» адамды, Аңдулы ол содан адамдағы әрбір қадамды. Адам тек Хаққын зікірлеп, жүріп хақ дінмен Сақтанбақ одан бес фарыз, дос қып азанды... Сөйтсе адам сафтап, өмірлеп өтпек бір қалпы, Қасиет құлдық сақталмақ сонда нұр қалпы. Сондықтан да адам тек «Хақ» деп ғана хақтанып, Сақтасын өзін хақ дін ішінде жырғалтып!.. Себебі: қасиет бағаламаудан қашады, Хақ дінін Хақтың сағаламаудан қашады. Бойынан бір сәл әлсіздік көрсе әлгі адам,

Өз-өзін мінеп табаламаудан қашады. Әдетті жұққыш жамандық бастар жанды елтіп, Шәриғат салып тазаламаудан қашады. Шайтанға еріп шатқаяқтаған нәшүкір, Нәпсісін арсыз жазаламаудан қашады... 2011.9.13 10 Бар – күллі, барлық жаратылыс

Жарық БІЛУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Өмір ме ішпек, ұйықтамақ, жемек, күлмек құр? Жоқ, мысалы, Аллаһ: «дана бол, бәрін біл» деп тұр!.. Даналық деген – Аллаһын танып, Аллаһтың Өзін де, Сөзін, Дінін де «бір» деп білмек-дүр! Білумен құлдың адамдық құны аспандап, Бойынан пенде, такаппар, менмен, астам қап, Шынына жетіп өзіндегі өзі Хақ берген, «Хақ» деп тек рухы жарықтар емес пе асқан бақ?! Білумен құлдың құлдығы өзін сақтамақ, Саф алтындайын болмысыменен сафтана-ақ. Туғанда қалай пәк болса, кірсіз, сенімді, Сол халын иман халымен халдеп, нақтамақ. Білумен құлдың менінің мәні шешіліп, Бойының міні, ойының сұмы кешіліп, Рухын тұсап мандытпай келген дүниеге, Құлдықтан Хаққа құтыла жүйткір көсіліп. Білумен құлдың өлімге достығы айқындап, Қорқуы одан алмасып Хаққа қайтымдап, Құлантазара адам боп Аллаһқа ұшады, Өз-өзін кешпей күн сындап, апта, ай сындап... 2011.9.13

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ӨР АЛЛАҺ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Сен ғана барсың, ия, Аллаһ! Аллаһ жоқ Сенен еш басқа! Расұл – елшің Мұхаммед, адамзат тәжі ол көш баста! Сендірдің Өзің бұл шынға жолға сап, Рухым, денеммен, Басқа Аллаһ Сенен жоғына, Сен ғанаңа, Аллаһ, сенем мен! Көзімді аштым соқыр ем, Ояттың өлі ем, тірілдім! Орнымнан иман нұрыңмен Сен берген, Аллаһ, тұрылдым. Ол рас жасап Сен берген өмірді мұнда тауысып, Өзіңе қайтам, мақсатым – жүзіңді көру қауышып! Жүзіңді көру ең ізгі иманды құлдың арманы, Жүзіңді көріп, Жәннәтта бақыты – құлдың қалғаны! Әлхамдулилләһ, жүрегім бұл шынға әбден иланды! Өмірдің басқа жоқ мәні сақтаудан кірсіз иманды! Сақтауға кірсіз иманды Өзіңнен қуат сұраймын? Өйткені жарық Өзіңмен дүние, жарық нұры Айдың!.. Жүзіңді көріп Жәннәтта қалуды мәңгі бер, Аллаһ?! Сен барсың, басқа еш тәңір жоқ! Сен ғана Барсың, Өр Аллаһ!! 2011.9.14

Жарық САТҚЫН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Дін сыртында адамға адам жақпайды, Дін ішінде адамды адам сатпайды. Себебі, адам хақ білумен Хақ ісін, Хақ дінімен хақиқатын сақтайды. Дін сыртында білмегесін шындықты, Боп бір өзі алады да шын мықты, Шын Мықтының үкімінен қалыс қап, Қару қылад қасиетіне сұмдықты. Сұмдық оны бастамайды шындыққа, Бастайды ол тек қулық пенен сұмдыққа. Қулық, сұмдық құлды Хақтан айырып, Сатқындыққа апарады құлдықта. Тек мүддемен ғұмыр кешіп ол сосын, Әуел сатып ана – Отанын, өлкесін, Тілін, Дінін, Арын сатып, намысын, Сосын ақыр қасыр соңы желкесін. Дін сыртында адамға адам жақпауы – Міне осындай сатқындықты сақтауы. Аллаһқа емес, малғұн шайтанға ілесіп, Иманда ұйып, дінде үйлесім таппауы. 2011.9.14

Құл-Керім ЕЛЕМЕС КІЛТ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Кілті Сенің қолыңда жүректердің, Танысын деп Өзіңді жүрек бердің. Сосын оны толтырдың иман нұрға, Болмасын деп иесі құры еттердің. Сол иманмен таныды Өзіңді адам, Дін, елшіңді, ақиқат Сөзіңді адам. Таныды да кейі оның Өзің беттеп, Кейі шыннан кердеңдеп безінді адам. Танығанның болмысы жарықтады, Ақ, қараны, жоқ, барды парықтады. Танымаған жүрегі тасқа айналып, Тірі жүріп өмірде-ақ ғарыптады. Адам солай сенімнен қақ бөлініп, Кейі шайтан, ал кейі Хақ телініп, Жатты бірі Жәннәтқа сапар шегіп, Жатты бірі тозаққа тап болынып... БАСҚА (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Сенім басқа, бауырым, құлшылық басқа! Өміріңді, дұрыс ол, құлшынып баста! Сенім болмай әуелі құлшылық болмас, Маңдайыңды жарсаң да құлша ұрып тасқа. Сенім – нану, Құлшылық – нанған қылатын, Хақ фарызы Хақпенен жалғандыратын. Құл әрине сенім мен құлшылығымен, Хақ Аллаһқа жолдамақ арман-мұратын. Дұрыс, нанған – мұсылман, емес «ол емес». Бірақ құлдық қылмасаң он есе кемес

Жарық игіліктер Аллаһтан тиіс келуге, Қалуың деу мақұрым «кемесе кемес!» Құлдық дағы сенімнің қорғаныс бағы, Сенім ғана гүлдемек қорғаныстағы. Тіпті сенім қорғансыз жалаңаш қалған, Құлға келген бақыттың қолдан ұшпағы. Хаққа нанған құлшылық тұрмайды етпей, Оны қойып кетпейді сырнайды беттей. Оны қойып кеткеннің дүние беттеп, Орнықпас мен – адамы, иманы көктей. Өзін білген мүмкінсіз тұрмауы бағып, Шайтанданған болмаса тұрлауы бәдік. Хаққын танып, Фарыздың міндетін ұққан, Сенімдінің құлшылық қылмауы кәдік!.. ӨТТІ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Өтірікке малданған, «Су деп сағымға алданған», Берген соған кезекті, Суайттық кез өтті. Шындық жасап жалғаннан, Жамандықпен жалғанған, Жоққа адамды нандырған, Адамды естен тандырған, Жалғаншылдар бексіген, Өмір өтті-ау өксіген... Сананы ластық торлаған, Адамды адам қорлаған, Білместіктің жаманы-ай! Әй, пенделік – заман-ай!.. 2011.9.14

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ЕКЕУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ұяттың негізі иманнан, Оны ұққан иманын нықтамақ. Иманмен Хаққына иланған, Ұятын иманмен мықтамақ. Бұл екеу бар болса мият бар, Бұл екеу бар құлды сыйлаңдар. Иман бар адамда ұят бар, Ұят бар адамда иман бар. Иман бір миуа бақ сияқты, Ұят ол жемісі – сый мәнді. Иманын сақтаған ұятты, Ұятын сақтаған иманды. «Аллаһ жоқ» дегенге иланба, Күн тұрмақ Олсыз жоқ қияқ та. Адамның адамдығы иманда, Ал иман көрінісі ұятта. Болмақ тек иманың жиғаның, Өмірде басқа одан жоқ та ісің. Ұятың кемісе – «иманың жойылып баратыр» деп түсін! 2011.9.15

Жарық ХАҚТЫ ОЙЛАУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) «Мен сондаймын құлым қандай ойласа!» – Бұл Хақ сөзі хикіметті, ойлы аса!.. Бұны бізге хақтығымен өпкізген, Елшісі Оның хақиқатпен жеткізген. Еш нәрсеге ұқсамайды Хақ бірақ, Сен де ешке онда ұқсатпа Оны нақтырақ! Тек Өзіне Ұлы болса Ол қандай, Ұлы Ол, Ұлы, Ұлы нағыз Ол сондай! Кейлер Күнге ұқсатты, ұста соны есте, Күн бірақ та Ол жаратқаны емес пе?! Өз жаратқан затына Өзін ұқсату, Құл өзін тек тозақ отқа ұстату!.. Бұл, жәйлі Өзі «биік ойла» дегені! Басты Өзіне иіп ойла дегені! Тек Өзін, тек сүйіп ойла дегені! Құранды ойға құйып ойла дегені! Үмітті ешбір үзбей ойла дегені! Уайымға жүзбей ойла дегені! Өзіне ешті қоспай ойла дегені! Тек Өз жолын қостай ойла дегені! Мақтау, мадақ айтып ойла дегені! Ақиқатқа қайтып ойла дегені! «Кешіред» деп сеніп ойла дегені! Сынақтарға көніп ойла дегені!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Жүрегімде тұр деп ойла дегені! Тәңір Ол тек – Бір деп ойла дегені! Естіп, білед Ол деп ойла дегені! Ілімі Оның мол деп ойла дегені! «Көп еске алып тек Өзі Ұлы – Егені, Тек Өзіме құлдық жаса» дегені!.. Иә, бұл сөзді бұдан да кең түсініп, Құл боу шарт құл Хаққынна өзін ұсынып! Жақсы ойласаң жарылқайды Хақ сені! Жат ойлауға қақың құлдық жоқ сенің! 2011.9.17 БІЛГІ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Кімнің нақ кім екенін Хақ біледі, Құл шексіз нанбаққа Оған хаққылы еді. Құлға Хақ үкімі мен міндеттері, Құранда жазуда анық нақтылы еді. Кімнің не істегенін Хақ көреді, Құл үшін қай іске де Хақ төре еді. Құлға оны «қылмадым» деп бұлтару жоқ, Тұрған соң «дәптерде амал» нақ дерегі. Кімнің не сөйлегенін Хақ естиді, Ойыңды Ол сыбыр тұрмақ нақ естиді. Сондықтан құлға тура жүру фарыз, Жоқ етіп нәпсідегі әбес күйді. Хақ қана хақиқаттың иесі-дүр! Хақпенен хақиқаттың жүйесі бір. Хақтың хақ Хақ екенін, Нақ екенін, Түсінбей өтіп кетпе түйесі құр... 2011.9.17

Жарық БЕР (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Әр харф, Әр сөзіме шындық бер, Хақ? Шынсың Сен, не берсең де шын ғып бер, Хақ? Әр сәтін өмірімнің шын ғып сүріп, Құл етші не айтсам да «шындық» дер, Хақ?! Жараттың рас қылып, рас келіп, Ісімді мұндағы әрбір рас көріп, Құл боп хақ құлдығымды растайын, Өзіңе жүрегімді рас беріп! Жар Аллаһ, Жаббар Аллаһ, Дана, Керім! Аша гөр, тек Өзіңдік санада орын! Қылайын дегеніңді, қуатта Өзің, Жақта Өзің, Жарылқа Өзің Панагерім?! 2011.9.17 ӘЛЕМ ТІЛІ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хақ Құранын Аллаһ бізге түсірді араб тілінде, Тұрғаны анық онда ақиқат, екі әлемдік ілім де. Оны білу біздегі өлшем Онан алған білімде. Дүние біреу, Әлем екеу, Дүние әлем ішінде, Құран тілі – әлем тілі, Хақ сөзімен күшінде! Адам соны түсінбеуде надандығы үшін де. Әлем тілі болғасын ол дүниенің де тілі анық! Дәлелдеуді керек етпес бұлтартпас бұл бір анық! Жазылған һәм хақ Құранда күллі болмыс сыры анық.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС «Ағылшын» ол қатынас тіл, қарын тілі немесе, Қарын тілден дарын тілдің артығы анық он есе! Бұл шындықты білу еш жоқ хақ дінге адам кемесе. Құран тілмен қаруланған биге шықпақ екі алып, Жұртпен әуел қатынаспақ һәм Аллаһқа бет алып. Құран құмар Хақ Аллаһпен сырласары өте анық. Онан жалған, шынды біліп, ақ пен қараны айырып, Адамға азып, адаспақ жоқ жаман беттеп, жәй ұрып. Ал, тірі өлі саналмақ-ты одан қалса еш қай рух. Білгесін тіл Құранды оқып, Хақтың хақтап әмірін, Таниды адам тек Аллаһ Хақ Жалғыз Ұлы Тәңірін! Сосын «Басқа Тәңір жоқтан» болмайды онда жаңылым! 2011.9.18 СЫН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Адам Хаққын танып, Хақтың хақ Құранын оқысын! Хақ Құранмен қаруланып, хақ иманмен бекісін! Адам сөйтіп адам болмақ! Сөйтпейтін бар, сондықтан, Ақымаққа дүние бір, ақылдыға екі сын!.. Ақымаққа сын біреуі, ол – білмейтіннен ақымақ. Ақылдыға сын екеуі, ол – білетіннен ақылы ақ. Білмейтіннің жеңіл міні – білмей істейд бір істі, Білетіннің ауыр міні – біліп істейд бақылап. Ақымақта ақылына қондыру жоқ ақылды. Тіпті ол сөз деп білмес Хақтың сөзін – нұрлы нақылды. Ал ақылды ақиқатты екі етпеу шарт бір тыңдап, Өйткені, ол ақымақтық етпеуімен ақылды. 2011.9.18

Жарық ЗІКІР (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Күн де «Аллаһ» деп шығады. Ай да «Аллаһ» деп туады. Жел де «Аллаһ» деп соғады. Жер де «Аллаһ» деп жатады. Көк те «Аллаһ» деп тұрады. Шөп те «Аллаһ» деп өседі. Гүл де «Аллаһ» деп ашылады. Жауын да «Аллаһ» деп жауады. Шуақ та «Аллаһ» деп шашады. Ағаш та «Аллаһ» деп мәуейді. Теңіз де «Аллаһ» деп толқиды. Мал да «Аллаһ» деп өседі. Хақ белгісі осы еді!.. ШЫРАҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Су әдеті – жыру. Жол әдеті – жүру. Қыран әдеті – бүру. Қасқыр әдеті – қыру. Көл әдеті – тұру. Шөл әдеті – құру. Су атасы – бұлақ. Шам атасы – шырақ. Қамыс атасы – құрақ. Бәйге атасы – пырақ. Біліп алғын, шырақ!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ҚАЗАҚ-АУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Салтың қайсы қазақ-ау, Дінің қайсы? Діннен тайып жетілген күнің қайсы? Абай айтқан бейнеңнен артқа кеттің, Біліп қане түзелген мінің қайсы? Біліп қане түзелген түрің қайсы? Сақтамайтын, сақтайтын сырың қайсы? Жеңіл асты, ауырдың үстіндесің, Хаққа өрлеткен кәсіпте қырың қайсы? Тұтынғанды қош көрдің арам асты... Киінгенді қош көрмей, жалаңашты жаның сүйді, Сондықтан – арың – қызың, Ашпайтұғын, масқара-ай, араны ашты!.. Сұмдық болды, бұл іске бет үйренді, Көре-көре көзбен, діл, ет үйренді. Ел болатын ұлтыңның жәйі осылай, Бұғанасы, әй, қайтып бекиді енді? Ұят жоқта иман жоқ емес пе еді, Имансыз жоқ айдардан жел еспегі. Күрес иман, тек ұят үшін ғана – Екі әлемін ойлаған ел өстеді.

Ұят, иман болса тек бәрі болмақ! Бұлар болса сақтайд Хақ әрі қолдап. Бұлар болмай бұ дүниең харан болмақ, О дүниең онан да ары болмақ! Ұят, иман әуел сол керек бізге, Өзіңді-өзің олсыз құр жер еткізбе. Дамығаның дүниеде мәселе емес, О дүниеңе әуелі керекті ізде!

Жарық Сондықтан да, қазақ-ау, тұт ұятты, Енгіз қайта үйіне құт – ұятты. Әйел қойма ашылған ұяттысы, Әйел ұлттың ұяты «құпия» атты!.. Сосын ерді тый, қазақ, зина еткеннен, Әйел ерсіз түк қылмас үйреткенмен. Әйел қылмақ еркекті қашаннан жоқ, Ерді тимақ шарт бүйдә сүйреткеннен... Сөйтсең ұлттан арылып зор мін тақ қап, Ұят, иман қайтып өз орнын тәппәқ. Сөйтіп рухы асқақтап Хақ алдында, Ұлт тек сонда қалмақ-ты формын сақтап! Иман, ұят бар адам бұзылмайды, Олсыз ұлт та қырмандай қызылдайды... Олсыз халық азаптан құтылмақ жоқ, Баса бермек азғындық жүзін қайғы... 2011.9.19 АСУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Бұл қандай ауыр дерт еді? Құмарлық бойды өртеді. «Дүние» деген дүр нәпсім, Дүлейдің күйін шертеді. Жүректі жырға аша алмай, Жындылықтардан қаша алмай, Асудан өксіп қайтамын, Абайлар асқан аса алмай! Ә-әй!...

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Өтірік (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Рас тұр, Қасында өзек өтірік тұр, «Рас» деп өтірікті көпіріп тұр. Сөзінен шындық өшіп, жалған өсіп, Бойынан шіріндінің қошы ұрып тұр... Жидіген пәлекеттің иісін-ай, Қайтарған хайуанша күйісін-ай. Шылпетпей, шімірікпей Барды «жоқ» қып, Жандырып жамандықты түйісін-ай. Жалғаншы бәтшағардың сөзінше онда, Өзі бар, Бар еткен жоқ өзін сонда. Құдай-ау, бұл недеген жалақорлық, Құдай-ау, бұл недеген өзін шоңдау?! Уақытын жұмысаумен өтірікке, Ақылын шығындаған көпірікке, «Жалған, – деп, – бұның» қайтіп ұқтырасың, Хақ жәйлі қараңқалған есірікке. Өтірік өтірікші қазынасы, Жатпайды ол әуіре боп қазып ашып. Ол оның ұшында тұр тілінің тек, Береді ол содан бүрке азынатып. Үлкені өтіріктің Хақты «жоқ» деу, Саны жоқ кішісінің, ақты «көк» деу... Жан сеңі һәм өтірік баста бақты Жоқ ету орып, шәйіп, тақсыреттеу... 2011.9.19

Жарық АЗҒЫН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Тәңірідей табынған бар өлеңге, Бір сөзі жоқ ақыл болар әлемге. «Өлең жұртты құтқарады» деу де әуел, Не демексің ондай хақсыз, кереңге?! Құтқаратын Хақ емес пе ед халықты, Жаратқан да Ол «халық» деген алыпты. Жыр да Оған тән егер болса салихты, Бұл анық қой жұрт білетін қалыпты. Жұрт құтқарар не бар екен өлеңде? Болса ақиқат, жөн-ау, тағы өлеңде. Сонда жұртты құтқаратын нәпсіқор, Аруақ бастап, жын сасыған өлең бе? Аллаһ жәйлі бір сөйлем жоқ бойында, Құрылған тек жынойнақ пен ойынға, Аллаһ Құран, дінмен тосқан сұмдықты, Жазып, жырлау өлең бе екен?.. Қойыңдар! Жырдан бұлай бұт жасаған не сұмдық? Надандардың бұл ісінен шошындық! Наннан құдай жасап, қарны ашқанда, Жеген араб жәһилдері секілді... Қой ақыным, таубаңа кел, Хаққа қайт! Жазсаң өлең хақиқатты хақтап айт! Жырлайсың ба, жырлауға анық лайық Сол, Оны білген қыз-қырқынды мақтамайд! ...Әлгі сөз ол Хақ Аллаһқа қарсылық, Шайтан Оған айтақтаған қарсы қып. Хақ жауының барар жері жәһәннам, Дүниесі де өз ойындай таршылық!..

Құл-Керім ЕЛЕМЕС «Ақындарға ереді, – деп, – азғындар»11, Хақ айтты ақын міне осындай азғын, хар! Кіріп, әлде кейпіне енген адамның сөзіне ерген еліктірген бәз жындар... 2011.9.19 ТІЛЕ, ХАЛҚЫМ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Патшаң залым болса егер тіле, халқым, Жұрттың боу шарт ол үшін жүрегі алтын. Алтындығы жүректің – Хаққа иман, Жүрегі алтын халықтың тілегі алтын. Алтынданған жүрекпен алтын тіле, Алтын жүрек патшаға қалпын тіле. Алтынданған жүрекпен жұртты бастар, Алтын жүрек патшаға қарқын тіле. Тіле халқым, не етсең де Хақ көреді, Шын тілеген тілекті Хақ береді. Хақ береді, сен Соған, «беред» деп сен, Хаққа сенген қашан да Хаққа ереді! Хақтан жомарт жомарт жоқ шүбәланба, «Хақ» деп қана қызмет қыл, шық «алаңға». «Хақ» деп қана малың бақ, сал егінді, «Хақ» деп қана шық болсаң шығар аңға... Ісің удан боп келіп, сөзің жалын, Көңілің надан болмасын, көзің ғалым. Залым жұртқа залым хан беріледі екен, Патшаң бетер боп жүрме өзің залым!.. 2011.9.19 11 «Шұғара» сұресі, 224аят

Жарық ҚҰМАЛАҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) (Ей, Мұхаммед, айт): «Мен сендерге жындар кімдерге түсуі туралы айтайын ба? Олар барлық күнәға батқан өтірікші-жалақорларға түсіп, Естіп алғандарын оларға тастайды (айтады).Олардың (жындардың) көбі өтірікші. («Шұғара» сүресі, 222-226 аяттар) «Келеді, – деп, – тағы да бір Пайғамбар», Күту де кей хақиқаттан тайғандар. Құранда енді келмейтіні айтылған, Мұхаммед хақ, хақ ол соңғы Пайғамбар! Хақ, Құранға нанбайтұғын залымдар, Білгендей-ақ дүниенің жалын бар, Бірі жұртты Хақ бастамақ елші боп, Бірі күтіп «соңғы» елшіні жалындар. Бірі Мәді, Бірі Иса боп барады, Дүниеге соқыр діндер тарады... Хаққа осылай қарсы шығып жатқанда, Хақтан зауал кеп қалмаса жарады. Аллаһты емес, пір тұтқандар атаны, Аруақ кезіп алды тауып жапаны. Бақшыларға жынның тисе шатағы, Бақсыларға керек шықпақ атағы. Дін жамылып, шымқай шаңқан ақ киіп, Бағынғанға жалған қояр «бақты» үйіп. «Әулие екен десе, – болды, – атасын», Науқас – «жынын» жереді алып «сап тиып». Ол оны анық «әулие екен» деп қалад, Жатқаннан соң жалын жұтып, от жалап. Солай сезіп, қосса серік жеткені, Артық оған қойылмайды бек талап.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Мінсіз боуды жүргенде іздеп, дінсіз боп шыға келу оңай солай құнсыз боп. Бірақ та олар «хақ жолдамыз, – дейді, – анық», Шүбәланбайд, сұрасаңыз «кімсіз» деп. Міне осылай бақсы, «әулие», «пайғамбар», Шайтанға еріп шарапатын шәйғандар, Жұртты азғырып, Рухтарды ластауда, Хақ жолынан кеткен ауып қайрандар! Қылықтары бұл сұмдардың қанқұйлы-ақ, Қанқұйлыны хайырымды хан тимақ. Хан тимаса қанқұйлыны Хақ тимақ, Хақ тиымы зауал болмақ, аңқима! Қорық халқым, зауал келер іс қылма! Хақ ісіне такаппарсып ысқырма! Дініңді ұста, Дініңмен тый дінсізді, Жамандықтың қара қанын құстыр да! Жамандық ол тимағанға тимек-ті, Бұдан білген білгі өнеге түймек-ті. Тимау оны жақтасқандық саналып, Ақиретте тозақ отқа күймек-ті. Одан – оттан сақтасын Хақ, сақтасын! Сақтау үшін халық дінін сатпасын! Сақтау үшін халық тиып азғынын, Хақ Аллаһын – Мәңгі Иесін мақтасын! 2011.9.19

Жарық МОЙЫНДАУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Шынсыз үшін айтпасаң қой «ақын» деп, Хақтаған Хақ, Хақтан аттар ақым жоқ! Хақ білдірген хақты жазып кетейін, Жалған жәйсіп жарқ етпей-ақ жасын боп. Өтіріктен шын жақсысын шын білдім, Шын ілім де несібі екен шын құлдың. Қиял қумай шайтан шәрлеп қисынмен, Жүрегімнің түбіндегі шынды ілдім. Қазіргі шын бұрынғымнан басқа шын, Кірпігімді малыр бұл шын жасқа шын. Хақтың жолы – қасиеттің ақ жолы, Ақ жолдағы құлын Хаққым растасын! Бұрын дүние ішін кезіп жүріппін, Жынға ілесіп деппін түнді «жырық түн». Көз көргенім «осы-ақ екен әлем» деп, Ай астында ойша сауық құрыппын. Былайша айтсам «ертегі» екем бір өзім, «Дірілдеткен дүниені» дүр өзім. Самғатып ой, ой қармаған қисынды, Етіп кеппін сырлап-сыптап жыр өзін. «Ол не екенге», не деріне бермей мән, Деп салыппын «дерттен биік өрлейді ән». Құсқа балар, ұстап алар жоқ белгі, Белгісізге айналыппын керлі ойдан. Не түсе алмай, не ұша алмай ары аттап, Жалған көкте жатып қаппын ғарақтап. Шайтан залым шаш-етектен ап тұтып, Жыртып кепті мен бейбақты парақтап.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Бірінші ақын болу үшін күресте, Қай бір «шыңда» қатып қаппын сіреспе. «Сонда қане хақиқаттан не жаздым», Деп ойласам түспей тынды бірі еске. Абай жырда қолданбапты теңеу көп, «Сияқтысыз» сілтепті Хақ демеу боп. Ол өлеңді даңық үшін жазбапты, Хақ білдірген хақты айтыпты теңеу жоқ. Хақты «хақ» деп, Нақты «нақ» деп тыныпты, «Бу сияқты» демепті еш те тымықты. «Аллаһ рас, Құран шын» деп шындапты, Сондықтан да нұрдай таза тұныпты. Ал біз бе, әуел «Хақ» демедік, «қыз» дедік, «Қарға түскен қайда кеткен із» дедік. Көлденеңдеп көзді сүзсе құнажын, «Бұқасың сен, қыл бүйдәні үз» дедік. Біздік өлең осылайша бұзылды, Қырау қатты, кірпігіне мұз ілді... Хақты, әттең-ай, хақтай алмай қақында, Парақтар ақ паңсық сөзбен сызылды... «Хақ жоқ» десе боп бермек-ті сезімге, Сезімнің тек ар болмайды өзінде. Сезім ұят, иманменен сүйкімді, Ол екеусіз әлем оның көзінде... Хақтың жауы тізгін үзген нәпсі екен, Нәпсі қуған адам хақсыз бақсы екен. Адам адам боп қауы үшін мәңгіге, «Хақ» деп, Хақтың жолын тұту жақсы екен! Сонда ақын да лақпайды екен лас оймен, Өмірде де айналыспай әсеймен, Хақтап, нақтап өтеді екен дүниеден,

Жарық Рух биік, халмен құлдық пәсейген! Пәстік құлдың нақ болмысы әуелгі, Пәстікте құл тәппәқ өзін әуелгі. Даңықты, Ұлы, Биіктердің Биігі, Такаппарлық Хаққа ғана тәуелді! Мұны білген «бәрі Хақтан нәсіп» деп, Алқымай бос ақиқаттан асып бек, Меніндегі менін ашып құлдықпен Хаққысына хақ ұшпақ-ты ғашық боп. Жыры дағы өзіндегі өзі боп, Өзін тапқан ақылының сөзі боп, Жап-жарық нұр шырақтарға айналмақ, Оқығанның көзін ашар көзі боп. 2011.9.20 ӘМИН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Құштарлығымды арттыр да, Аллаһ! Іштарлығымды арттырма, Аллаһ! Жәннәттің дәмі Исламда екен, Енгізіп дәмін таттырған, Аллаһ?! Жамандығымды жасырған, Аллаһ, Жақсылығымды асырған, Аллаһ, Жетпейтін баққа жетікіздің Өзің, Талпынсам қанша ғасырдан, Аллаһ?! Құлдықты солай еткізген, Аллаһ! Шындықты көзден өпкізген, Аллаһ! Сан шүкір, тура жолыңа салып, Жетпеске мәңгі жеткізген, Аллаһ!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Енді адасқаннан сақтай гөр, Аллаһ! Сенім нұрыңмен сафтай гөр, Аллаһ! Өзің Хаққымсың, Хаққымсың Өзің, Іс, болмысыммен хақтай гөр, Аллаһ?! Мен ғана емес, мүмінді хақта! Елімді, қызым, ұлымды хақта! Жалғыз хақ жолың – Исламға салып, Күллі адам, адам құлыңды хақта! Сөйтіп, қор етер кіргенді мәңгі, Мәңгі отжалман тозақтан сақта?! Әмин, Аллаһу Әкбар!!! 2011.9.21 ШАРТ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Біл, бауырым, нәпсіде ақыл болмайды, Болса онда адам шайтанға еріп солмайды. Әгәр анық нәпсіде ақыл болса ма, Адам іші жамандыққа толмайды. Нәпсіде ақыл болмағасын жан азбақ, Хақ фарызы – бес уақыт намаз ғап, Дүние ісін күйіттемек нәпсіге қызымет қып... Ақиретке қамы аздап... Сондықтан да нәпсіге ерген оңбайды, Хақтан тайып қара басар ондайды. Тек нәпсіні хақ иманмен қапысыз, Нұрлағанды Аллаһ түбі оңдайды. Сондықтан да нәпсіні адам қолға ап шарт, Оны иманмен орнықтыру болмақ шарт. Оны иманмен орнықтырып, тазартып, Адам адам күйі нұрға толмақ шарт! 2011.9.29

Жарық АДАМ, ОТАН, ҰЛТ (поэма) (Бисмилләһир Рахманир Рахим) (13) Оларға елшілер келген қала (Антакия) тұрғындарын мысалға келтір. (14) Біз бір кезде оларға екі елші жібердік. Бірақ олар екеуін де мойындамады. үшінші елшіні жіберіп (ол екеуіне) медет бердік. Елшілер: «біз сендерге келген нағыз елшілерміз» деді. (15) Олар: «сендер біз сияқты кәдімгі адамсыңдар. Рахымды Аллаһ еш нәрсе түсірген жоқ. Сендер құйдай өтірік айтасыңдар» деді. (16) Елшілер: «Раббымыз біледі, біз расында сендерге келген елшілерміз. (17) Біздің міндетіміз – (айқын дәлелдер арқылы Аллаһтың әмірін) толық жеткізу» деді. (18) (Кәпірлер:) «сендер бізге жаман ырым әкелдіңдер. Айтқандарыңнан қайтпасаңдар, гап жоқ сендерді таспен атқылаймыз, әрі біздің жан түршігерлік жазамызға тап боласыңдар». (19) Елшілер: «жаман ырым өздеріңмен кетсін! Нәсихатталуларың жаман ырым болып па? Олай емес, сендер шектен шыққан қауымсыңдар» деді. (20) Қаланың шалғай бір жерінен біреу (Хабиф Нәжжәр) жүгіріп келіп: «Ей, қауымым! – деді, – елшілерге ілесіңдер! (21) Тура жол тапқан, сендерден (өздеріңді иманға үндегеніне) ақы сұрамайтындарға ілесіңдер! (22) (Ол сөзін сабақтап:) мен неліктен өзімді жаратқан һәм сендер даргаһына баратын Аллаһқа ғибадат қылмаймын? (23) Одан өзге тәңір тұтар болсам, мүбәдә Аллаһ маған бір залалды тағдыр етсе, олардың шапағаты маған еш септігін тигізе алмайды әрі мені құтқара да алмайды. (24) Олай болғанда мен сөзсіз ашықтан-ашық адасқан боламын. (25) Мен даусыз Раббылеріңе иман келтірдім (сендім). Маған құлақ салыңдар» деді. (26) (Солай дегені үшін оны залым ел тас атып өлтірді. Сол кезде оған:) «Ұжмаққа кір» делінді (ғайыптан әмір берілді), сонда бұл адам (Хабип Нәжжәр): «Әттең, қауымым білген болсашы, (27) Раббымның мені есіркеп, ардақталушы еткенін»! деді. (28) Біз одан кейін оның қауымына аспаннан қосын (періштелер) түсірдік. (Сондай-ақ әрқандай қауымға қосын) түсірушы де емеспіз (өйтудың керегі жоқ). (29) Бір ғана дауыспен-ақ олар сеспей қатты. (30) Өздеріне келген пайғамбарды сайқы-мазақ еткен пенделерге неткен өкінішті десеңізші!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС (31) Олар (Мекке тұрғындары) өздерінен бұрын қанша елді (қарсыласқандықтан) ойран еткенімізді, өз қастарына әсте қайта айналып келмейтінін көрмеді ме? (32) Олардың барлығы (қияметте) алдымызға жиналады. (33) Өлі Жер олар үшін бір нышан (белгі): Біз оны жандандырып, олар азық қылатын дән шығарамыз. (34) Ол Жерден құрма, үзім бақшаларын жараттық және арасынан бұлақтар ағыздық. (35) Олар мұның (Аллаһ жаратқанның) жемістерінен және өздері қол екі істеген нәрселерінен жесін. Олар (бұған) шүкірлік етпей ме? (36) Жерде өнген нәрселерді, олардың өздерін және олар білмейтін нәрселерді жұп-жұбымен жаратқан Аллаһ (нұқсаннан) пәк. (37) Оларға түннің өзі бір нышан: онан күндізді ажыратсақ, олар тас қараңғыда қалады. (38) Күн белгілі шекте әрекеттенеді. Міне бұл – жеңіс пен ғылым Иесі Аллаһтың белгілемесі. (39) Айға жүріп-тұратын аралық белгіледік, қашан ол (ең ақырғы шекке барып) қураған құрманың бұтағына ұқсап қалғанға дейін. (40) Күннің айды қуып жетуі (екеуінің қосылуы), түннің де күндізді басып озуы (уақыттан бұрын күндіздің орнын басуы) мүмкін емес. Әр біреуі бір жүлгеде жүзіп жүреді. (41) Олардың нәсілдерін толтыра кемеге (Нұх пайғамбардың кемесіне) шығаруымыздың өзі олар үшін бір ғаламат. (42) Әрі оларға сол кеме сияқты мінетін көліктерді жараттық. (43) Қаласақ оларды суға батырамыз, сонда оларға бірде-бір арашашы шықпайды, олар құтқарылмайды да. (44) Бірақ, мәлім мезгілге шейін (өмірде) игіліктендіріп, мархамат еткендеріміз мұның сыртында. (45) Оларға: «Рахыметке қол жеткізулерің үшін, алдарыңдағыдан және арттарыңдағыдан (дүние және ахиреттегі азаптан) сақтаныңдар» делінді. (46) Раббыларының аяттарынан бір аят келсе, одан бет бұрды. (47) Оларға: «Аллаһтың сендерге берген ырыздықтарынан (жоқжітіктерге) садақа беріңдер» делінсе, кәпірлер мұсылмандарға: «Аллаһ қаласа тамақтандыратын біреулерді біз тамақтандырамыз ба? Сендер анық адасқан екенсіңдер» дейді. (48) Олар: «егер шыншыл болсаңдар, бұл уағда қашан іске асады?» дейді. (49) Олар (сауда-саттық және басқа да дүниелік істер жөнінде) керісіп тұрғанда оларды (тұтқиыл) жайрататын бір ашты дауыс күтіп тұрады. (50) Олардың өсиет айтуға, үйіне қайтуға мұрсалары да келмейді. (51) Олар Сүр үрленген замат қабірлерінен тұрып, Раббыларына

Жарық қарай жүгіреді. (52) Олар: «әттеген-ай, бізді ұйықтап жатқан орнымыздан кім оятты?» дейді. (Ысрапыл періште қиямет болар алдында құдірет Сүрін екі рет тартады. Осы екі реткі Сүрдың арасында қабірде біраз тыныс болады екен. «Кім бізді оятты» деген сөз осыған қаратылған). «Мейірімді Аллаһтың уағдасы міне осы. Пайғамбарлар да шын айтқан» (делінеді періштелер жағынан). (53) Бір айғай шығысымен-ақ олар тұтас алдымызға жиналып дайын болады. (54) Ол күні ешкімге әділетсіздік істелмейді. Сендер тек істегендеріңнің ғана бодауын аласыңдар. (55) Ол Жәннәттықтар көңілді сауықпен шұғылданады. (56) Олар да, жұбайлары да көлеңкелерде тахтарға сүйеніп отырады. (57) Олар үшін Жәннәтта түрлі жемістер және тілегендерінің бәрі бар. (58) Рахымды Аллаһтан оларға «сәлем» сөзі айтылады. (59) Ей, күнәһарлар, бүгін жіктеріңді айырыңдар. (60) Ей, Адам балалары, Мен сендерге «шайтанға табынбаңдар, ол расында сендерге әшкере дұшпан» деп серт бермедім бе? (61) «Маған ғана ғибадат етіңдер! Тура жол осы» демедім бе? (62) Шайтан сендерден расында көп халықты азғырды. Мұны түсінбейсіңдер ме? (63) Сендерге уағда етілген жәһәннам (тозақ) осы. (64) Кәпір болғандарыңның жазасына енді осыған кіріңдер. (65) Сол күні олардың жағын қарыстырамыз. Бізге олардың қолдары сөйлейді, не істегендеріне аяқтары куә болады. (66) Егер біз тілесек, олардың көздерін соқыр қылар едік. Сонда олар жол табуға ұмтылады, бірақ қалай көре алсын? (67) Егер біз қаласақ, тұрған орындарында олардың бейнелерін (маймыл, шошқа, тас сияқтыларға) өзгертер едік, сонда олар не ілгері жүре алмайтын, не кейін қайта алмайтын болар еді. (68) Біз кімге ұзақ өмір берсек, сонда оның денесін әлсіретеміз (балалық, жастық, жігіттіктен кетіп, кәртейеді, нашарлайды). Олар мұны түсінбей ме? (69-70) Біз оған (Мұхаммедке) өлең үйретпедік. Оған өлең лайық та емес. Бұл тек тірілерге ескерту, кәпірлерге (азап туралы) сөздің шындығын білдіретін уағыз-нәсихат және айқын Құран. (71) Құдірет қолымызбен оларға хайуандарды жаратқанымызды, бұларды өздерінің иеленіп басқарып тұратынын олар білмей ме? (72) Біз хайуандарды оларға бойсынбырдық, олар кейбіреуін мінеді, кейбіреуінің етін жейді. (73) Олар үшін хайуандарда қыруар пайда және (сүт сияқты)

Құл-Керім ЕЛЕМЕС сусындар бар. Олар (осы игіліктерге) шүкірлік етпей ме? (74) Олар бір көмегі тиер деп үміттеніп, Аллаһтан өзге құдайлар жасап алды. (75) (Ол құдайлары) оларға көмек беруге иқуатсыз. Бұл бұттар олардың өмірлеріне қарсы дайындалған бір қосын (қияметте олардың қылмыстарына куәші болып, азапқа душарласуына себепкер болады). (76) (Ей, Мұхаммед!) олардың сөздері сені кейітпесін. Біз олардың құпия және әшкере істегендерінің бәрін білеміз. (77) Адам баласы біздің өздерін бір тамшы судан (мәниден) жаратқанымызды білмей ме? Енді олар (Аллаһқа) ашық қыңырлық істейтін болды. (78) Ол өзінің жаратылысын да ұмытып, бізге (адамның тірілуіне қарсы шіріген сүйектерді) мысалдап көрсетті. Ол: «мына шіріген сүйектерді кім тірілте алады?» деді. (79) (Ей, Мұхамед!) «Ту баста Жаратқан Ие тірілтеді. Ол барша жаратылысты біледі» деп айт. (80) Аллаһ сендерге жасыл ағаштан от шығарды (марх, ғафар деп аталатын екі жасыл ағаш біріне-бірі үйкелсе от шығады, жанады). Сендер онымен от жағасыңдар. (81) Көк пен Жерді Жаратушының солар сияқтыны жаратуға құдіреті жетпей ме? Әлбетте жетеді. Ол – ерен Жаратушы, аса Білгір. (82) Ол бір нәрсені (жаратуды) ниет қылса, Оның бұйрығы оған «бол!» деу ғана. Сонымен ол бола қалады. (83) Күллі істің билігі Өз қолында болған әрі сендер даргаһына қайтарылатын Аллаһ (нұқсаннан) пәк»! «Ясын» сүресі. (92) «(Ей, адамдар), сендердің ұлттарың – діндерің, расында, бір дін (яғни, Ислам). Мен болсам (барлықтарыңның) Раббыларыңмын. Ендеше Маған ғана құлшылық етіңдер! (93) (Адамдар) болса, істерін (яғни, діндерін) өзара бөлшектеп бөліп алды. (Біліп қойсын) Барлығы Бізге қайтушы». «Әнбия» сүресі. Құран Кәрім. М. М.Ахытұлдары нұсқасынан.

Үлкен Отан – қара Жер, Ол сыртқы Отан – күшті Отан! Ал, кіші Отан мемлекет – мемлекет ол ішкі Отан! Үлкен Отан – қара Жер адамзаттың Отаны, Ол бақтамай анығы бақтамайды ішкі Отан! Үлкен Отан – қара Жер, адамзаттың даласы, Бір-біріне ол ықпалдас кіші Отандар қаласы. Үлкен ұлтым – күллі адам,

Жарық Қазағым ол кіші ұлтым, Үлкен ұлтсыз кіші ұлттың жазылмайды наласы. Үлкен Отан, шоң ұлтта бірлік болмай, дін болмай, Кіші ұлт, кіші отандар дамымайды мін болмай. Кіші ұлт, кіші отандар үндеспеуден хақ жолда, Қайран адам азуда көкірегінде дым болмай. Қайран адам тозуда хақтай алмай Бір Хақты, Жүру керек бір жолмен жүрмей бұзып ырғақты. «Осы ғана өмір» деп, мойындамай ақыретті, Тірі жүріп азаппен тіршілігін құрғатты... «Бұ дүние-ақ» деген ой таластырып атаққа, Қарсы адамды айдауда екі әлемдік шатаққа. Ішкі отандар иесі «ферғауындар» хақсынып, Сыртқы Отанды жалмауда айналдырып апатқа. Хаққа шексіз иман жоқ, тіпті нанбай барына, Шығып алды көп пенде шайтан малғұн жағына. Хақ Аллаһпен қастасып, Шайтан менен шайтан боп, Жағып алды кетпестей «қара күйе» арына... Тау, Күнге де, Ағашқа, Аруаққа да табынып, Бөлек, бөлек, бөлек боп барады адам қағынып... Оранғанды мәнсұқтап, ашық жүрісті әспеттеп, Зина әкелген пәлекет кетті індеттей қабынып... Өлшем бұзу, Өсім жеу, Кесір жолды кеңіту, «Қарасың сен, ақсың» деп адамды адам кеміту... Кіші отандар елінде болып жатқан шындық бұл, Бір Аллаһқа бір жолмен, бір ниет жоқ тең ұшу...

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Біл, ей, адам, бұл сұмдық... Бір дінге қайт – хақ дінге! Қасиет бар, жарық бар, мәңгілік бар хақ дінде!.. Аллаһ жалғыз, Дін біреу білу оны бір міндет, Ол да жалғыз Жер – Отан, адам біреу, білдің бе?! Надан болсаң білмейсің, Адам болсаң білгейсің, Адамдықпен бұл сөзді ақылыңа ілгейсің! Сыртқы Отанды аясаң, Хақ дінінде бірігіп, Ішкі Отанда бақыттап, бұ дүниеде-ақ гүлдейсің! «Отан сүю иманнан!» – бұл Хақ діні үкімі! «Осы дінді Ол қалады!»12 – бұ да Растың бітімі! Бұл сөзімен, Хақ Аллаһ, дініне тұр шақырып, Хақ шақырса қайқаңдау қараңғаудың мүсіні. «Өзің біл» деу, ей, адам, өзек тепті сөз болар, Хақтың Сөзі, Хақ діні сатылмайды бөзге олар! Хақтың сөзін оқы да, Хақ дініне отырып, Хаққыңа қайт, әйтпесе қайтар жерің қоз болар...

Үлкен Отан тұрғыны үлкен ұлтым – бар адам, Бір-ақ ұлтпыз біз деген ата Адамнан тараған. Бір Аллаһтың құлымыз, дін бір, тек өң, тіл басқа, Жөн болмақ-ты ақылмен ақиқатқа қараған. Адам ата баллары ұлтқа ұрудан айналып, Мекен еткен жерлерін меншіктеуге сайланып, Кіші Отандар жасады, әмірімен Аллаһтың, Кіші Отанда ұлт болды бауырынан байланып. Хақ біледі анығын, қанша ғасыр өткенін, Қанша ма рет Күн шығып, қанша беттен өпкенін? 12 «Бақара» сүресі, 132аят

Жарық Қанша ма рет дін бұзып шайтанға еріп шатақ сап, Бір-бірінің бұл адам қанын судай төккенін? Қаласымен жұтылды қанша ма өлке тұрғыны? Білмейтін бұл ақиқат жер бетінің нұрғыны13. Тіпті кеше еді ғой қаны кеуіп болмаған, Біз білетін Шыңғыс пен Гитлердің қырғыны... Нұх, Сәлих қауымы, Сәбә, Сәмут, Елі Ғат, Қарсы келіп Аллаһқа болғаны үшін жолы бәт, Бірі дауыс, бірі су, тас жаңбырмен ал бірі, Қор боп өшті дүниеден... тозаққа олар жолығад... Әй, адам-ай, Жерде бұл Хаққа қарсы келем деп, Шалқақтайсың шатасып, ойланбастан «өлем» деп. Болғанменен көз, ақыл, ашылмаса көкірек, Сүресің-ау, өмірді құлағы бар керең боп... Әй, адам-ай, Шоң Отан Аллаһ берген сыйымыз, Ал кіші Отан – мемлекет, ол ұлт үйі – үйіміз. Шоң Отанды қорғамай көркейткенмен кішіні, Үлкен Отан бүлінсе кері айналар күйіміз... Ойлайықшы Хақ біреу, Отан біреу, Адам бір... Хақтың діні біреу-ақ, Хаққа жүрер қадам бір. Бір адамда бір-ақ дін болуы оның заңдылық, Дін көп, Құдай көп болу пенде ісі надан, дүр!.. 13 Нұрғын – көп

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Аллаһ бізді ақыл мен сынап отыр сенімде, Бір дінде боп, Бір «Хақ» деу міндетің, біл, сенің де! Бұзып алған дін менен жасап алған құдайға, Сенуге түк қақы жоқ құл – адамның тегінде! Күллі адам Адам мен Хауа ананың баласы, Сары, қара, ақ, қоңыр, мейлі болсын аласы... Хаққа қарсы антұрған құдайсызы болмаса, Құран білген қауымның жоқ бұған еш таласы. Соңғы Расұл кеп болған, Ақырзаман жұртымыз... Болмаған соң бір дінде салтымыз көп, ғұрпымыз... Дүниеде аз жасаймыз, бойымыз да аласа, Айшықталған әр тұста тұрқымыз бен ырқымыз. Соңғы Расұл – Мұхаммед (сәлем болсын Аллаһтан)! Оны жоққа шығарар қарғыс күткен Аллаһтан. Ол әкелген хақ Құран – адамдықтың қалыбы, Оны тұт та, турасы, Аллаһқа ұш, Алға аттан!.. Құран білмей көп пенде шоң Отанның бетінде, Қап қоюда қаңғырып хақсыздықтың өтінде. Хақсыздықтың салынан халал, харамды айырмай, Жеуде, тіпті, кейде адам бір-бірінің етін де... Хақсыздықтың кебінен хақиқаттан сыртта қап, Ойға кегенді істеуде улы судан ұрттан ап... Ойға кегенді істеуде биліқ, байлық, жер үшін, Дүниені сүюдей көкірегін құрт талап... «Қауым өзін өзгертпей Хақ өзгертпейд!»14 – бұл Хақтың Сөзі! Ақылды адамға керегі не бұлтақтың?.. Нәпсі, шайтанға арбалып мәңгі бақтын Жәннәттай, Айырбастап жермек пе жәһәннамға құл тақтын?! 14 «Рағыд» сүресі, 11аят

Жарық Таурат, Зәбур, Інжілді өзгерткесін надандар, «Құранды оқып хақтансын, – деп, Хаққымыз, – адамдар», Хақ сөзімен құптады! Адамдардың ендеше Хақсыздықта қасарып қақы қанша табандар?! Оң жол табу сондықтан қақы емес пе адамның, Теріс жолда теңселмей настығымен наданның. Хаққа жету деген сөз – кірсіздікпен кіршіксіз, Басылуы емес пе әрбір басқан қадамның?! Әй, адам-ай, Сондықтан дініңді тап – Хақ діні, Хақ Өзі адамға арнаған ақиқаттың ақ діні! Әуел Хаққа шек қойма, сосын дінін «хақ» деп біл, Жарылқайды Хақ Өзі дінін тапқан жақсыны! «Дінде зорлық жоқ!»15 – бұл шын хақ Құранның аяты! Басқа дін жоқ хақ діннен, «дін» дегені жәй аты... Атаулыда қайбір дін Хақтан түскен не кітап, Не бір дәлел, не пара, не жоқ бір де аяты... «Дін» деп сонда да азғын көп ойға кегенді атайды, Сөйтіп жұртты бей күнә жалған дінмен матайды. Хабарсыз қап дәл солай достасқан соң шайтанмен, Көп қауымның жүрегі дінсіздіктен қатайды... Әй, Адамның баласы, мекені бір, Хаққы бір, Бойдағы иман шалмасын десең – сенім – ақты кір, Аллаһ жалғыз, басқа Аллаһ жоқ һәм басқа дін де жоқ, Хақты танып, сондықтан, Хақ дініне нақты кір! Отансыз еш өлмек жоқ, Жер – шоң Отан тұрғанда! Көр неденін білген құл, ел кеденін ұрған ба?! 15 «Бақара» сүресі, 256аят

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Үлкен ұлттың, Шоң Отан мәнін шындап түсінген, Хақ дінге енбек киелі қапы қалмай нұрдан да! Жерді Отан деп ұғынған ірге орынсыз бөлгеннен, Сақтанады Хақты ұққан жат дінге елді телгеннен. Сондықтан да қайда адам емес өлсе де отансыз, Адамды онда сақта, Аллаһ, дінсіз сорлап өлгеннен?!.. Әмин! 2011.9.22 ХАЛЫҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Халық: «халық құдіретті» дер, Жоқ, ол әсте құдіретті емес. Хақты ғана құдірет білер, Халықты әсте «құдірет» демес. Халық рас құдірет болса, Харлық қорлық кешпес еді. Еш мұқтажсыз құдіретті Олша, Жасап мәңгі өшпес еді. Хақсыз оның жоқ түгі де, Тек ол ештер жиынтығы. Жете салар жоқ түбіне, Жоқ бейшара ол қиын түгі. Хақтау Хақтың анық сыйы, Қанша десең де «емес» мейлі. Хақсыз халық халық күйі, Бір хақтыға теңеспейді. Бұл өмірдің ережесі – Иман барлық қалыпқа өлшем. Бір хақтының дәрежесі, Хақсыз күллі халықпен тең.

Жарық Хақшылдық ол – шын тірілік, Мың өліден бір тірі артық. Білсін мұны шын тіріліп, Жүрген хақсыз құр мұнартып. Халық – «Халиқ» – Жаратушы атты Хақтың бір есімі. Халық бірақ жаратушы емес, жәйлі ол, біл, осыны! Топ ол мұқтаж хақ Аллаһқа, Хақпен халық боп өседі. Тағдыры оның хақ Аллаһта, Хақсыз халық жоқ есебі. Имансыздың тиын құны, Тіпті халық болсын мейлі. Жатқа Өзінен сиындыны, Хақ ешқашан менсінбейді! Малданбау шарт санына аса, Хаққа қарсы салып егес. Хақ Аллаһын танымаса, Халық тіпті халық емес! Көптігінің тиын құны, Егер иман келтірмесе. Онда оның қиын күні, Өйтсе өзін сан өлтірді есе! Құл боу Хаққа жиғаны кем, Көп болса да ол өлген тексіз. Халық халық иманымен, Бір Хаққына сенген шексіз! 2011.9.24

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Қайғы (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хаққын білген хақтардың сөзі біреу болады, Көретұғын шындықты көзі біреу болады. Жүрегінде сақтаған Хақ Аллаһын хақтаған, Иманы бір болған соң өзі біреу болады. Мысалы, Абай: «Аллаһтың сөзі де Өзі рас» деп, Мұқағали да «Аллаһтың бәрі айтқаны рас» деп, Ділдері де, көздері, сөздері де бір Хақты, Танып, біліп қалды әне өздері де рас боп!.. Сондықтан да «даналар сөзі неге ұқсас» деп, «Бір-біріне неге олар Хақ ісінде ықтас» деп, Айтар Хаққын танымас көңілі соқыр, көзі ояу, Һәм тағы айтар ақылы ақиқатты ұқпас тек. Аллаһ жалғыз, анық ол! Анықтамас анықты жалғанға еріп бұл істе жақсылыққа жанықты... Жанықты да жалғанның жалған, шынын айырған, Хақ Құранын қалдырып, алды таңдап тамұқты. Шіркін, бірліқ солайша Біршілдерде қалды да, Олар кетті «Аллаһ» деп ақыл, ойда алдыға. Ал хақсыздар, не дауа, хақиқаттан қағылып, Қор боп қалды әркім бір құдай жасап алды да... Көп құдайлыда идея, ағым да көп аңғыртқан, Шайтан бас боп ақылмен ағымдарын жаңғыртқан. Тәрк еткен соң Аллаһты ымыраға бір келмей, Арсыз наданға айналды Аллаһ Өзі қаңғыртқан!.. Бірлемеуден адамда біреулемек болмайды, Бірлемеген жүрекке Бірлік нұры толмайды. Бір Аллаһын хақтамау күллі болмыс хақтаған, Адам үшін ақылды бәрінен де сол қайғы! 2011.9.26

Жарық ШҮКІР (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ісім діндене бастады, сан шүкір! Түсім діндене бастады, сан шүкір! Сыртым діндене бастады, сан шүкір! Ішім діндене бастады, сан шүкір! Сөзім діндене бастады, сан шүкір! Көзім діндене бастады, сан шүкір! Төзім діндене бастады, сан шүкір! Мендегі өзім діндене бастады, сан шүкір! Жүрісім діндене бастады, сан шүкір! Тұрысым діндене бастады, сан шүкір! Дұрысым діндене бастады, сан шүкір! Ырысым діндене бастады, сан шүкір! Жүрегім діндене бастады, сан шүкір! Тілегім діндене бастады, сан шүкір! Жүрегім ішінде рухым – Хақ нұры, Тірегім діндене бастады, сан шүкір! Қадамым діндене бастады, сан шүкір! Қабаным16 діндене бастады, сан шүкір! Бәрін де басқарып тұратын, сан шүкір, Адамым діндене бастады, сан шүкір! Бал тілім діндене бастады, сан шүкір! Бар тұлым діндене бастады, сан шүкір! Аллаһым бір Өзің тірілткен, Құл-Керім, Хар құлың діндене бастады, сан шүкір!.. 2011.9.26 16 Қабан – нәпсі

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ҚАРҒАМ-АУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жасап тұрып құлшылық отырасың бек азып, Хақ шындықтан қалыс қап, туралықтан не жазып. Біліп-білмес Аллаһын, бар, не жоқғы белгісіз, Онда өмірі құлшылық қылмайтынға не жазық? Хал жеткенше еске алып, Хақты хақтап сәт сайын, Деп отырып: «Мақтаулы Сенсің, Хаққым, Мақтайым»! Күнәңді ойлап күйрейсің тұла бойың түршігіп, Қабыр, Мақшар, Есеп күн, Сиратты еске ап дайым... Дүниенің ісіне әбден алып ысылып, Құрық бойсыз қулықпен жүрген жалған құс іліп, Өкінесің бауырға, һәм күнәңді шәя алмай, Мәңгі бармен, Мәңгі жоқ арасында қысылып... Өкінесің, шүкір ғой, жанға, әрине, ол ауыр да, Өкініште бар үміт әрі төзгенде ауырға. Бірақ, сұмдық болмақ-ты қарсы кеумен Хаққына, Онысына бір де рет өкіне алмас бауырға! Бірақ құлға бола оған міндет ара қарғамау, Олай ету қарсы кеу мәңгі бақтар Барға Анау!.. Ес жи кемі «дін айтқан хақ боп қалса қайтем» деп, Қайтатынын білсе де қамсыз жүрген, Қарғам-ау! 2011.9.28

Жарық ҰРЫ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Бір сынақпен болса да келген пәле қай қырдан, Ұры түссе үйіне құлдан қорық қайғырған. Анығы адам осылай керек еді қайғыру Хақ ісіне, Қайғың не, бермейді оған жәй бір мән!.. Балағаттан кейін-ақ бес фарызын арқалап, Уақыттар келеді құл көңлін жарқалап. Алса алды құл, алмаса өтіп кете береді, Қойылғаны қойылған күйінде қап бар талап. Талап Хақтан болғасын, орындамау асылық боп қамақ һәм мойынға қарыз болып асылып... Анығы құл осында жоғалтқаны ұры алып кеткен заттан есе артық еді ол үшін асылы!.. Қайғырса құл лайығы қайғыруға осы еді, Демейді ол бірақ та: «байлық кімнің досы еді?» Байлыққа емес нағы құл құлшылықпен өседі, Хаққа сенген құлдықпен түгелденіп есебі! Залымдық ол, әрине, ұрлық ісі бір надан, Ол да өйтпес ед хақтанып болса иманмен нұрлаған. Бірақ ұры тонаудың не екенін білдірді, Сен де ұрысың анығы өз бағыңды ұрлаған... Ұрлау емей немене мәңгі бағың кепілі, Хақ әмірін атқармау секілді Хақ өкілі? Ұрлық емей немене Жәннәтқа ұшпай құлдық қып, Тозаққа өзіңді айдауың жалын атқан, от ұрып! Біл, түссе ұры үйіңе – «сен де ұрысың» дегені, «Сен де ұрысың, ал, қайт» деп ақиқаттың кегені. Ұры түссе үйіңе қой өзіңді ұрлауды, Қайта атқарып Хақ ісін бақ тап танып Егені! 2011.9.28

Құл-Керім ЕЛЕМЕС БІЛ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жұртты діннен тосқан залым оңбайды, Хабарлы бол, Хақ қарғаған ондайды. Хақтың дінін жаю қайта бір міндет, Дін жаюмен адам өзін сомдайды. Дінді тосу – Күнді тосу секілді, Жою ол тек Хақ алдында кепілді. Дінді тосқан бәтшағардың өмірде, Күллі қылған жақсылығы есіл-ді. Дінді тосу – құдайсыздық белгісі, Дінді тосқан адамдағы нөл кісі. Дінді тосқан лағынеттің шайтан дос, Өзі, сөзі, барлық игі өлді ісі... Дінді тосу – Хақты тосу Жаратқан, Адам етіп жоқтан бар ғып жаратқан. Дінді тосу – Хақты тосу ғаламды он сегіз мың құзырына қаратқан. Дінді тосу – тосуы өзін пенденің, Дегені оның «ақиқаттан кендемін». Құл тосқанға дін қалмайды тосылып, Хақ мінсіз Ол, болғанымен сенде мін. Дінді тосу тосқан үшін бір сынақ, Хақ тұр тағы құлын солай бір сынап... Дін Хақтікі, сен, бәріміз Хақтанбыз, Хақтан келдік, Қайтуды Оған, біл, шырақ!.. 2011.9.28

Жарық МОНТАНЫ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ақымақпын, ақымақтарды «дос» деп кеппін, Шындыққа достық жәйлі бос беттеппін. Кетті деп өзім менен өзім болып, Жоғымды, барымды айтып ескектеппін. Әй, рас оларсыз да ас батпайтын, Болса олар көңіл шалқып асқақтайтын. Көрмесем жалғыз сәтке сағынушы ем, Қайрандар болды қазір қашқақтайтын.

Шын деппін, достығымыз рас деппін, Ол достық мәңгілікке мұрас деппін. «Жолымыз, мұратымыз, – дұғам да ылғи, – бір болып асулардан бір ас» деппін. Қатем сол оларды тым артықтаппын, Көңлімді келсе-келмес хар сықтаппын. Қазыр жоқ жанымда олар жалғыз қалдым, Сөйтем деп басқа қайғы артық таптым... Оларға тигізбен деп кесірімді, Шығарып ақыл бойдан кесір үнді, Аллаһтың ризасы үшін сұраудамын Сұраса кешейін деп кешірімді. Кешірім көп сұрадым кешейін деп, Түйінді арадағы шешейін деп. Ал олар бір кешірім сұраған жоқ, Жүр ме екен ат кекілін кесейін деп?.. Әй, мүмкін, менмендерін жеңе алмауда, Хақ діннен дерттеріне ем алмауда. Бойдағы білместікті кетіруде, Өздерін өздері өте кем алдауда...

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Оң істің өзін ылғи теріс бөгеп, Мұрындық бола тұра керіске көп, Кісідей күнәсі жоқ монтансиды, Құдды бір өздері тек періште боп... 2011.9.28 БЕК-БОЛАТ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Мадақ ол Хаққа, Мен сені мақтайын деген жоқ едім, Хақ Өзі хақтап хақсызға атылған ұшқыр оқ едің. Дәл қазір жұртты тас қара надандық түнек ішінен, Оятуда сен жалғыз-ақ парламент өзің боп едің!.. «Халық» дегенді халық өзі қорғап тұра алмай аттырған, Күн өткен бастан халыққа өзіне-өзін саттырған. Мысалы,Тұрар, Мыржақып, Ахмет, Дулат, Мағжандар, Тұлғалар еді халықтың қамын ойлаудан сап құрған! Сұмдық-ай деші, оянбақ, ой алмақ қашан бұл қазақ? Қолқасына өзі қол саумен өзіне ылғи қылды азап. Қайтадан тіпті ханданған, жанданған мына ғасырда, Жарығын жалмап басқаға ету ғой өзін бұл мазақ! Тексізден емес, тектіден тексіздік іздеу не сұмдық? Арланын талай бұл қазақ жібермеп пе еді мешін ғып. Қыранын қалың қарғаға қансоқталата шоқытқан, Сұмдық-ай сұмдық, сұмдықтан, Сұмдықтан мұндай шошындық!.. Абайла, ей, қазақ, абайла, Туыңды қолдан құлатпа! Туыңды қолдан құлатып, тұлғаңды қайта жылатпа! Қамың жеп, қазақ, «ұлтым» деп, еңіреген оғлан ұлыңды, Қасқырша бассап бауыздап, тартқылай көрме лақша!

Жарық Көзіңді аш, қазақ, күн туды жұмулы көзіңді ашатын, Кез емес мынау қазақтың қазақ өз қанын шашатын. Самғайтын кезі бұл анық діні мен ділі үндесіп, Ілім, ғылымды қанат қып, ілдірмей шаңға шашасын! Ішінде ел қазір біздіңше шындық пен жалған тірескен, Жалғанды шындық қозғауда ғасырлап мұздай сірескен. Надандық жеңбек күш қылса, Адамдық жеңбек іс қылса, Байқау шарт, сұмдық басталмақ ортада шайтан ысқырса... «Нем кетер» деме, ей, қазақ, басталса сұмдық нең кетпес? Рухтан азса ұлысың жарасын жанға емдетпес. Көз ашқан нұрға жүректі арсыздық бітеп антұрған, Жайқалып жалған жақсылық шайқалып тынар, Меңзетпес... Бұл да бір сынақ арбасқан қараңғы менен жарыққа, Қараңғы қамап жарықты итермелеуде жар, ыққа... Жабылып бәрі жарықты өшірмекке өле кіріскен, Айналып ақыр тынбасын біздің бұл қоғам ғарыпқа!.. «Ұлтшыл» көп, қызық, «тіл» дейтін, не етуді ол жәйлі білмейтін, Ауызша «салт» деп айғайлап, салтты өзі көзге ілмейтін, Ділінде ұлт жәйлі дыбыс жоқ, ол жәйлі қоймас ұлуды, Сөздері ғана жасырған халықсыз ішкі тұл кейпін... Кигені басқа, ішкені, ұлтының кимін кимейтін, Жүргенмен тілі «ұлтым» деп, жүрегі ұлтын сүймейтін, Адамның, Екі ғаламның Раббы – танып Аллаһын, Тұтынып дінін ұлт тұтқан, Хаққына басын имейтін... Көп бізде қазір осындай айырмас ақ пен қараны, Ырысын ұлттың соруға ашылған абы17 – араны. Қазақты қазақ тілімен, дінімен тұтас сүю жоқ, Қасқыр мен қойды бір қамап отырмыз жауып қораны... 17 Абы – жыланның бір түрі

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Сұмдық-ай, қорлық болды бұл, ағымның бәрі осында... Төрт мыңы төрт мың үй тігіп, айналды төрт мың қосынға... Біріне кіріп біртіндеп арбаған абыға арбалып, Айналып кетіп барады жауыңа жақын досың да... Хаққым-ай, Өзің кешіргін? Бәрі де Сенің сынағың екенін біліп тұрсам да, пенделікпенен сынамын... Көтеріп дінім беделін, біздегі жұрттың басына, Біреулесуді бер, Аллаһ, қалдырмай бір де бір ағым?! Сабыр қып жалғыз Иеге, аман болшы әуел, бауырым! Ел мойнына ауыр жүк түссе арқалап жүрдің ауырын! Тілейік Хақтан бауырдың, тез оянуын тілейік, Оянса бауыр, Иншаллаһ, таниды бауыр бауырын! Сондықтан сабыр Хаққа етіп, болшы аман, оғлан, бауырым! 2011.9.28 СӨЙТ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ән тыңдаса кенен, Дін тыңдаса керең, Қазақтың бұл несі? Әзіл тыңдаса қарық болып қалатын, Дін тыңдаса ғарып болып қалатын, Адамдығы ма осы? Өсек айтса шулаған, Хақ дінді айтса улаған, Надандық бұл неткен? Жоқты мақтап бардай етіп өргеннен, Турашылды тұрмастай ғып жергеннен, Білместік бар ма өткен? Шынды айтқанды талаған, Жалғанды шын санаған, Хақсыздық бұл қандай?

Жарық Қараңғыдан жарыққа шық, қазағым, Хақ жолынан арып қашып, азағым, Хақиқаттан танбай! Арыңменен, Барыңменен хақтанып, Дініңмен бет Хаққыңа бұр сафтанып! Сөйт! 2011.9.29 БОЛМАЙДЫ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Бала жейді әкені, Болса әке егер күйгелек. Бала күтіп мәпені, Әке ол іске күйремек. Әке бақты баласы, Тілін алса екі етпей. Хақшыл бала қаласыз, Жан аялдар бекеттей. Әкенің – бала иманды, Қазынасы қалдырған. Ал әке – оған сый мәңгі, Жәннәт сарай салдырған. Ата-ана әуел оңғай-ды, Үйдей болмай қиранды. Бала иманды болмайды, Болмай ата-ана иманды! 2011.9.29

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ТӘТТІ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Дүние-ай, шіркін, тәттіңді-ай! Өмір ғып сүрдім тәттіңді-ай. Тәтті деп сені сонда да, Ойламапты екем тақ мұндай! Дүние-ай, шіркін, тәттіңді-ай! Тәтті деп сені тақ мұндай, Ауыру жанды қыспаса, Сезер ме ем қайдам тап мұндай?! Дүние-ай, шіркін, тәттіңді-ай! Болар ма ең тәтті тап мұндай? Ауыру ажал сияқтап, Тәттіңді тіпті таттым қай! Сенен де өткен кең бар-ау... Қимайтын сенің нең бар-ау? Қымбатың сенің иманда, Сезбеген соны ең қарау, Көзді де көзсіз ең хар-ау! Хақтауға хақты иман қап, Сүрмеген сені имандап, Тәттіңді өзіне у етер, Сендегі тәтті сыйдан қап. Дүние-ай, сенің тәттіңді-ай! Тәттіңнен сезіп тәттімді-ай, Тәттіңнен Тәттіме аттандым, Тәттіңнен Тәттім – Хаққымдай! Болса екен таза пактым қай, Анадан туған аққымдай. Ал, жаным, ал ұш Аллаһқа, Қанатыңды ары қақ тынбай!

Жарық Кешірші, Аллаһ, кешірімді, Надандық та еткен кесірімді?! Білесің қылған не сырымды, Кешіршы, Ием, кешірімді?! 2011.10.1 БІРЛІК (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Адамдағы көзқарастың көптігі, Анығында адамда иман жоқтығы. Хақ, Құраннан қалғандардың хабарсыз, Рухы аш, қарынының тоқтығы. Аллаһша емес, «меніңшесі» асқынған, Дүлейлікпен дүниені ғана бақсынған, Адамдағы надандықта озу бұл, Құдайлықпен бір-біріне тапсынған. Санадағы көптігі құл құдайдың, Білмеулік тек құл құдай кім, Құдай кім. Беріп, алып, бар, жоқ ете алатын, Жүректе шын жоқтығы Анық Құдайдың! «Олай емес, меніңше бұл былай» деп, Айтпақ пенде жүрегінде Құдай жоқ. Ал «Хақ рас, тек Хақтікі рас!» деп, Хақ құл ғана айтар жүрген «Құдай» деп! Сөйткен құлдың сенім гүлі бүрлемек, Емес әсте адамы азып, кірлемек. Сөйткен құлдың барлық істе бағы артып, Күллі барға көзқарасы бірлемек. Ашылмаған ақылының кеніші, Бардың тағы рухани кемісі, Һәм Хақ жәйлі ойы басқа надандай көп ойлық ол – ақымақтықтың жемісі. 2011.10.3

Құл-Керім ЕЛЕМЕС САҚТАН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Шайтан малғұн – пенденің мұңайғанын, Нәпсісінің сәт сайын тыңайғанын, Тағдырына Тәңірдің қарсы келіп, Дүниенің жегенін жылай қамын ұнатады! Шайтан – құлдың өз ойын тыңдағанын, Дана айтқан ақылға қыңбағанын, Дана тұрмақ Аллаһтың Құранда айтқан, Хақ сөзіне қарсы кеп сынбағанын ұнатады! Шайтан малғұн – пенденің керіскенін, Бір-біріне тек пәле теріскенін, Хақ Аллаһқа ұйытқан хақ иманнан, Айырылып бауырдан жеріскенін ұнатады! Шайтан – құлдың бір-бірін кешірмеуін, Араздықты көңілден өшірмеуін, Хақ дінге еніп хақтанып, ізгілік пен Мейірімді жүрекке көшірмеуін ұнатады! Шайтан малғұн – достардың кетіскенін, Кешірместей қас ойға бекіскенін, Көршілердің есігін тарыс жауып, Аллаһ сүймес сараңдық етіскенін ұнатады! Шайтан малғұн – жұбайлар жарылғанын, Бармақ тістеп соңынан сарылғанын, Махаббаттай Аллаһтың сыйын білмей, Өкініштің отына қарылғанын ұнатады! Шайтан малғұн – ел мен ел жауласқанын, Жақ-жақ болып жақындар дауласқанын, Қасиетсіз заңдар мен қарша борап, Жұрттың мәнсіз жаулауын қаулы аспанын ұнатады!

Жарық Шайтан малғұн – жұрт дінге беттемеуін, Хақсыздыққа қасқая бет кемеуін, Хақсыздыққа қасқая қарсы шығып, Хақиқатта адам боп көктемеуін ұнатады! Шайтан малғұн – хақшылдар бірікпеуін, Хақсыздықтан жандағы үрікпеуін, Ел тұтқасын ұстаған әкімдердің, Хақтан қорқып тізгінін ірікпеуін ұнатады! Шайтан малғұн – ұяттың жоғалуын, Құран емес, қолға жұрт доп алуын, Иман емес, әзіл мен айтыс қуып, Бар сияқты жоқ болып жоғалуын ұнатады!.. Ендеше жұрт сақтансын малғұндықтан, Шайтанға азбас шайтандай малғұнды ұққан. Құран біліп, Хақ біліп, Хақ дінмен тек жүріп хақтап, құтылсын «балғындықтан»! Шайтандық іс – дінде жұрт таласуы, Бақсы барып, тағдырға бал ашуы, Құлдың қор боп шайтаннан жеңілуі ол, Ол мазалар емес жай жан ашуы! 2011.10.3 ТҮСІНУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Адам жанын адамның өз жанымен түсінбек, Адамды адам сондықтан жоқ шынымен түсінбек. Шын түсінік Хаққа тән, Аллаһтығы ол Аллаһтың, Сондықтан да досқа «шын түсін» деме, салмақтым. Түсінуге ол тырысса, түсінгені ол сені, Түсінудің құлдағы әне сол-ақ өлшемі.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Түсінген де ол өзіне сендегімен ұқсас па, Салыстырып көреді өзіндегі ұқсасқа. Түсіну ол – ұқсату, «солай-ау ма» деп білу түсінігін, немесе сенікімен дөп білу. Тіпті анығы түсіну – кешірісу құлды құл, Қайта достық орнатпақ кім шындықты білді бұл! Сондықтан өз жанымен түсінетін басқаны, «Түсінбедің» деуі адам адамдықта асқаны! Немесе оның осы бір дүниенің кезінде, Түсінікке жоқтығы түсініктің өзінде. 2011.10.3 СӨЙТУ КЕРЕК (Бисмилләһир Рахманир Рахим) «Егер құлшылықтарың болмаса, Раббым сендерді неге бағаласын». («Әл-Фурқан», 77-аят) Атағың, Даңқың аспандап таулармен талғар теңессін, Табысың судай тасқындап, айдарыңды аңқып жел ессін, Бәрі-бір Хақтың алдында, сен бе, сен түк те емессің! Әрі сол Хақтан басқа-шы, ешкімге керек емессің! Жау бермес бауыр, дос, жолдас маңыңды қоршап тел өссін, Олар сені алқап: «аспансың, асқар-ақ десін, белессің!..» Ажал сені алмай қоймайды, Ажалға сен түк емессің! Өйткені Хақтан басқа, шын, ешке сен керек емессің! Тынысың, дәмің Оныкі! Табысың дағы Оныкі! Жаралмақ, Тумақ, Қайта өлмек, тағысын тағы Оныкі!..

Жарық Ойлама «байлық, бала, әйел менікі», деп сен, ол дағы Оныкі, Оған ең ізгі құлдығың ғана сенікі! Әуелі сеніп Аллаһқа, ете алсаң құлдық өмірі, Алдында Оның анық ол күтуде сыйлық сені ірі. Тақуасың ба, адамда артығы сенсің бәрінен, Бақытты сенсің бірінші алдында Оның нөмірі! Сондықтан хақ дін Исламдай айнымай тұтып сарадан, Тартқызбай ажалға артыңнан бетіңмен тура бар Оған. Көңліңде қылау қалдырмай, шерік те қатпай зәредей, Күллі ісіңді арнап жолына, құл болып шексіз әрі Оған, Бар Оған! КЕПІЛ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Тәңір жоқ басқа, тек Аллаһ қана Егең, сез! Құлдық қыл Оған, құлдыққа жастық деген кез. Бөлінген қойдай сыртында жүрсең кір оған, Исламға кіру – «Жәннәтқа ену» деген сөз! Жастық нұр шақ ол желбірер желмен кекілі, Нұрлай алмасаң бар тағы жойқын кесірі... Нұрлайтын оны Хақ жолы – діні Ислам, Ислам ғана нұрлап тұрудың кепілі! Жәннәтқа енудің Ислам анық кепілі! Немесе Ислам дүние сират көпірі. Исламға енген Хаққына шексіз құл болып, Пенделік қалмай жойылған адам кесірі. Исламға еніп тырыссаң кірсіз құлдауға, Өзіңді-өзің үйретсең күнә қылмауға, Сенімде Хаққа зәредей болсаң шүбәсіз, Бармауың анық өзіңді мұнда бұлдауға. Шіркін-ай, адам, жастығын бағаламайды-ау!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ТАУБА (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жанымды ауыр батпандай, Тастады соғып мақтан қай. Енді одан арыла алмаспын, Хақ сөзін оқып хақтанбай. Хақ Құранды оқып хақтанып, Қайтадан жатпай мақтанып, Жанымның кірін жуайын, Нұрымен иман ақтанып. Тауба еттім, Аллаһ, тауба еттім! Бұрып бұл бетін нәубеттің, Рас кеп, рас кететін, Бірі еткін жаны сау көптің? Әмин! 2011.10.5 БАЯН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Таң еді мана, Ауып түс, Күн батып барады... Өткен бір күннің ойлы әнін тыңдатып барады. Түсінген жанға ол күн бір сыр ұқтырғандай, Ол күн бізге бір ғайыптық тіл қатып қарады... Дүр-дүр-дү-үр... 2011.10.5

Жарық ҚОСЫН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Достық деген болады екен үш түрлі, Әуелгісі иманға дос іш нұрлы. Сосынғы екеу – даңық, мүдде достығы, Немесе ол қанжар достық үш қырлы. Сен бе, сен сол қанжар салған қынапсың, Қанжар салды халы аян-ды қынаптың... Бірі даңық, бірі көздер мүддені, Ал біріне иман тұрмақ ұнап тым. Даңық қуған даңқың қалса пәсейіп, Шыға келмек шімірікпей қасейіп. Мүддешілі сендегі ісі біткен күн, Кері айналар кереметтей есейіп. Тек сенімен иман досы қалады, Хақ жолында шаңға бөгіп балағы. Күлсең күліп, ал жыласаң бір жылап, Сеніменен бірге тыныс алады. Хақ жолының қасиеті осында, Мін болмайды достығыңда, досыңда. Хақ ырзасын мақсат тұтқандықтан да, Айналасың мәңгілік бір қосынға. 2011.10.16 ТАЙҒАҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Қасамын қайта қанша ішсе, Қоймаған қалып қап иен. Күпірлік қылған қанша істе, Құлыңды кешші, Хақ Ием? Білмейтін, білгенге ұқсайтын, Білмесім аңқыр кебімнен.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Анығы түкті де ұқпайтын, Недеген ділгір едім мен? Аллаһ, Сен анық білгірсің! Орныңды Өзің ұқтырдың. Білмеген оны діл құрысын, Орнымнан ұшып нық тұрдым. Нық тұрдым, ендім дініңе, Құраннан алып ілімді. Қол создым кәусар күніңе, Білген құл етші білімді. Білейін сырын адамдық, Білейін мәнін құлдықтың. Басайын хақпен қадам нық, Қақысында анық құлдықтың! 2011.10.17 КӨЗ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Шанағына Сыймағанды көз көрмес, Көрмей сенбес көрмей Хақты өзгермес. Көрмегені тұрмағанын көрінбей Түсіндіру мүмкін емес ездерге еш.

Сөзді түсін, Құран хақ сөз ол нақты, Нақ Сөзін Хақ періштемен жолдапты. Ақиқаттың сөзбен білгенге Иесін Көзбен көру қайтып мүмкін болмақ-ты? Сөз ақылда көрінеді өз күшінде. Сөзді анық адам көру үшін де, Сөзді көру мүмкін емес сияқты Біл, соны біл шындық сөздің ішінде. Ақыл білсең көрмей Оған нана бер,

Жарық Тек Ол ғана Жарылқаушы, Панагер! Хақтың Өзін о дүниеде көресің, Көрмей нанбас көкірегі қара көр. Сөзін білсең Хақтың Өзін табасың, Сондықтан да Құранның біл бағасын! Рас, ол хақ – Құранның біл бағасын, Аңсыз бейғам алшақтамай, Ағасы! 2011.11.11 Өмір (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Өмір деген – мың жығылу, мың тұру!.. Өлім деген – күн артынан күн туу!.. Нағыз өмір – талқан етіп нәпсіні, Жап-жарық боп жақсы өлуге ұмтылу! ШҮКІР (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хақ Аллаһым! Хақ Аллаһым – Тақ Аллаһым! Тақ Аллаһым – Нақ Аллаһым! Нақ Аллаһым – Пәк Аллаһым! Пәк Аллаһым – Саф Аллаһым! Саған құл боп, екі әлемдік, Таптым міне бақ, Аллаһым! Аллаһу Әкбар! 2011.11.20

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ТЕРІС МЕЖЕ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Қасқыр ол аю шапса жөн-ақ еді, Бүркіт те қасқыр алса жөн-ақ еді. Қасқыр ол қойға шауып «ұран» болды. Бүркіт ол қоян аулап «қыран» болды. Қасқыр қой, не, ал тіпті, жарсын айғыр, Қыран қоян, не киік алсын-ай бір, Азусызды заңдылық жері екеуі, Шындыққа адам бұл терең барсын-ай бір... Хақ берді ойла адамға есті не ғып? Бұлайша адам жалғаннан бөсті не ғып? Қыран қасқыр, ал қасқыр арыстан ап, Иттің итті жегенін естімедік. Жергендейміз жағып шын өрлікті отқа, Бүркіт алса қоянды ерлік боп па? Қоян момын, қой момын, ал ендеше, Қасқыр, қыран қай ісі өрлік бопты, а?! Былай қойып көрсеткен Құран жолды, Мақтайтыны қазақтың қыран болды. Хақ алдында бермекпіз қалай жауап, Көп наданға көкбөрі ұран болды. Онсыздағы жетерлік бойда азабың, Хақ таны, Құраннан ал ой ғажабын. Қойдың жауы бөріні ұран тұтып, Қыран мінез болмай-ақ қой, қазағым! 2011.11. 14

Жарық СЕЗІНУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ауырдым!.. Не екенін білдім ауырдың? Айырдым тағы дос пен қас, Емес кім, жақын бауыр кім? Ауырдым!.. Басымнан өтті ауыр күн. «Ақыры қайыр» деуші еді, Қайырлы ет соңын ауырдың!.. Хақ берген саулық қандай бақ, Танымау Хақты дерт екен. Жазғанды көру маңдайға, Жазылған Хақтан серті екен. Тұрса да күтіп қабірің, Саулықта күледі екенсің. Бойдағы әр мүше қадірін, Ауырсаң біледі екенсің. Науқассыз – қамсыз еркіңді ұқ, Ескертем соны, ей, бекем құл. Бірінші анық еркіндік, Деніңнің саулығы екен, біл! АЛЛАҺЫМ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Сен берген ғылыммен мақтанып, Жүрексіз ауызбен сақтанып, Жүрген мен пақырды арылтшы, Болайын сафиың сафтанып! Сенсіз мен бұл дерттен құтылман, Сенсіз мен сорлымын ұтылған. Сенсіз мен мәңгілік тұтқынмын, Қорлықпен отыңа тұтылған.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Тек менмін, менмін тек айыптың! Мақтауға Сен ғана лайықсың! Нәпсімдей азғынымды арылтшы, Иесі, Аллаһым, ғайыптың! Әмин! АҚЫМАҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хақ Өзі берген хақ иманымды үйіріп, Хақ жыр жазып ем қарадың мұрын шүйіріп. Шөңге мен шөпке үйлесіп қалған көңіл-ай, Хақ жырдың сені кетпей тұрған-ау иіріп. «Қызық сөз» айттың, қеремет кері баға айттың. Күлем бе бұған, жылайын ба, әлде, а, қайттым? Қыз жәйлі қызып «қызық» сөз айтсам, «бәле-ай» деп, Мүмкін-ау, сенің астынан ауың «тағы айттың»! Құлағың сенің «Хақ» деген сөзге қақырап, Ішіңде білем сайтаның ұлып жатыр-ақ... Хақ келдің Хақтан, хақ кету жолын тапсайшы, Соңынан малғұн солықтай бермей, ақымақ! Болғасын тек бір ашуы жанның орынды, Бейғамдық тұнған көзіңнен көрдім сорыңды. Жарық қой жалған, өтерсің әйтеу жарықсыз, Қараңғы, әй, бауыр, нұрларсың немен көріңді?! 2011.12.3

Жарық АШУРА ТҮНІ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Дүниеге өмір салған өрнек екен, Сезгенге уақыт дәмі кермек екен... Анықты білдіріп Хақ, білген хақ құл, Неге жол жалғандыққа бермек екен?! Иесі екі әлемнің Хақ тағала! Анық құл адам жалғыз Хаққа ғана! Сондықтан, «Ол ғанам!» – шын ағарғаным, Жаға алмақ қай антұрған аққа қара?! Арыма, иманыма күзеттемін, Ісімнің қисықтары түзеткенім. Барымды салып қанша жармассам да, Өзім боп кетпеді, әттең, ізет менің! Мен одан оқудамын дұрыстықты, Құл қылар қылса дінде бір іс мықты. Өйткені, Аллаһ дінін адам үшін жаратып екі әлемдік ырыс қыпты. Хақ дінмен бар-жоғымды сезудемін, Шын жолда шындық іздеп кезудемін. Білгесін дүниенің жалғандығын, Харлықтан хал жеткенше безудемін. Санамды, болмысымды сафтамаққа, Әмірін Хақ тағала ақтамаққа, Халімше Хақ құзырын мекен тұттым, Қадірін адамдықтың сақтамаққа! Бауырым, сен де нанғын бұл аныққа, Нәпсідей малти бермей «быламықта». Адамның бағы мәңгі жанбақ емес, Танымай Хақ Аллаһын құл анықтап! 2011.12.5

Құл-Керім ЕЛЕМЕС АЖЫРАУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жаратқан жар боп, жаралған тамшы мәниден18, Жалғыз кеп көпке қосылад адам пәниден. Өмірді мұнда дінді мен дінсіз бір сүрмек, Мына үйден Азан, Шырқалып озан ана үйден... Азанды үйдің құлдығы Хақпен ұласып, Жүректерде иман қауашақ жарып, гүл ашып, Пәнидің емес, бақидың мұңы мұңданып, Қияметті ойлап тұрғыны жатар жыласып. Озанды үйдің сауығы тынбай сайрандап, Құлдығы қалар «қызыққа» батып қайрандап. Дүние оты орап ап шынды көрсетпей, Бейшаралардың бақтарын тынар ойрандап. Жалғаннан солай иманмен нұрлы қор жиып Аттанса бірі, аттанар бірі сор жиып... Жалғыз кеп көпке қосылған адам осылай, Өтеді жалғыз арқалап бақ, не зор күйік... Қайтқан құл жалғыз қосылад көпке бақида, Ол жәйлі хабар айтылған анық уахида... Бақида дінді-дінсіз бір болмайд, мұнда бір болғанмен жүру бөлек болса да ақида. 2011.12.5 18 Мәни – ер киесі ұрық

Жарық АҚЫЛ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ақылды ақылы жоқ тыңдамайды, Ақылсыз ақылсызды сындамайды. Ақылды ақылды айтқан тыңдатпауға, Ақылын ақылсыздың жын қамайды. Ақылды Аллаһты ұққан дана тыңдар, Ақ иман нұрлағасын санасын бар. Ақылды пенделікпен адаспаған, Толмаған балағатқа бала тыңдар. Дана оны тыңдайды өзін өсірмекке, Бір нұсқау берер тұста есірмекке. Ісінен рас деген жалған шығып, Тигізіп қоймау үшін кесір көпке. Ақылды бала тыңдар білу үшін, Ілімді сарайына ілу үшін. Қалған көп ақылды әсте тыңдамайды, Себебі, Хақты таныр құлығы сұм. Дінсіз көп «ақыл айтпа, білем» дейді, «Өмірді ақылсыз да сүрем» дейді. Адамның басқалардан артығы ақыл, Ақылсыз адам ісі бір өнбейді. Болғасын жарық онда сана күткен, Ақылмен Хаққа сенер дана біткен. Ақыл ол адамзаттағы артығы анық, Ақылмен Хақ тану да дана діттен. Нұрланған нұрлы ақылмен саналары, Даланың біз білетін даналары, Ақылмен сенген шексіз Хақ Аллаһқа. Адамның Хаққа сенген дана бәрі! Ақылды ақылдылар құп алады, Ақылды ақылды ғана ұға алады. Адам ол ақыл алмай адам болмас, Адам тек ақылынан сыналады.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ҰРАН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Иманды ұлт адам атын ұрандамас, Түсінген қыран құлқын қырандамас. «Аллаһ» деп, Аллаһынан бақ тапқан ел, Хақ жолдан бұра тартып бұраңдамас. Тік жүрер, тура тартар хақ құзырға, Екенін біліп бақтың хақ құзырда. Бәрін тек Хақ берерін білген қауым, Демейді Хақты тастап «бақ Қызырда». Шаппайды ұрандатып атасы атын, Жол олын біледі анық шатасатын. Ол жолдың біледі анық қарғыс жолы екенін шайтан сұмға отасатын. Шабады егер шапса «Бір Аллаһтап», Жарықтар екі әлемді «Нұр – Аллаһтап». Ендеше, хан – қазағым, қаққың артсын, Сүр өмір, Отыр, Жүр һәм тұр Аллаһтап!!! 2011.12.19 ОРЫН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Орныңды біл, ей, адам ғаламдағы, Сен үшіні ол анық ғалам дағы. Бірақ, пенде, дүниеге махаббаттай, Шығар қане дертіңді санаңдағы!.. Шықса ол сүю табасың орыныңды, Қалыптайсың шын адам форымыңды. Үйлесіммен ғаламдай үйлесесің, Адам деген шығарып зор үніңді. Орның білсең, адам-ау, дінденесің,

Жарық Сөйтсең ғана дін сынды күнденесің. Сонда адам боп сафтанып айналасың, Саф Адамға жемейтін мін денесін. Сонда ғана биіктеп періштеден, Растайсың жалғанды терістеген. Сонда ғана шындықпен бетпе-бет кеп, Жамандықты жоясың өрістеген. Адам тапса орынын ғаламдағы, Жойылады зұлымдық ғаламдағы. Адам солай адамдық орнын тапса, Пенделік хал көкке ұшпақ арандағы... ҚАУЫП (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Мемлекет – үй, не бірі оған жуықтың. Шаңырақ – ұлт, қосатын басын уықтың. Ұру – уық, шаңырақ тұрмас уықсыз, Ұлт дінмен ұлт, Дініңмен Хаққа жуықсың! Хақ ұлтты ұлт қып хақ дінмен хақтап жаратқан, Дүниені жайып үстіне ұлт-ұлт қып таратқан. Бас Отан біреу, ауа, су біреу, дін біреу, Құран бір, Соңғы Елші бір, Хақ бір Жаратқан!.. Ұлт пен тіл басқа болғанмен діл бір – жүрек бір! Өң түрлі... бірақ ішіп-жеу, кию, тілек бір! Хаққа иманменен қауымның бағы жанбақ-ты, Иман жоқ жүрек жүрек емес ол, құры ет-дүр! Адамдар жеке иманды болса ұлт сауықпақ, Сау ұлт қана өзін иманмен алар сауыттап. Ұлтта иман болмай мемлекетте қорған болмайды, Қорғансыз мемлекет мемлекет боп тұру қауіпті-ақ!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС БҰЗҒЫ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Имансыздың оспағы көп, коспағы жоқ көңілге, Оспағынан айғыз-айғыз тыртық қалар көңілде... Оспағымен осып, тіліп, жан-жүректі жұлқылап, Нұрдай мөлдір адам көңлін табанға ұрар жыртып ап. Хақты еске алар ой әлемін оспақтатып, шимайлап, Рух шыңын жібереді теп-тегістеп, мидайлап. Суық сөзі сұмаң қағып болмысыңды аралап, Жібереді жан-жүйеңді жазылмастай жаралап. Күйдіреді, жандырады, суытады, мұздатып, Жанға лезде жара салып, асқындырар сыздатып. Оспақы сөз салған тыртық рухта өшпей сақталмақ, Сондықтан да оспадардың оспағынан сақта, Аллаһ?! ПІСУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жер қараңғы болғасын, Жарық жерге түседі. Жарық жерге толғасын, Қараңғылық піседі. Қараңғының піскені, Жердің жарықтағаны. Хақтың19 жерге түскені, Құлдың нарықтағаны... 19 Хақ – Құран

Жарық АҚ ЖАУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Аллаһ жаудырды ақ қарды, Ақ қар басты бақтарды. Періште әкеп әр гүлін, Хақ міндетін атқарды. Аллаһ, осы жаудырған, Ақ нұрыңды аудырма!.. Берекет пен нұр етіп, Тұр әмсе ылғи жаудыр да! Аймағымды ағарттың! Ақпен жанымды ағарттым! Жауар тағы ақ нұр деп, Үмітімді тағы арттым! 2011.12.20 ЕГЕР (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Адам дінде болмаса – Тек жалғанға сенеді. Хақтың емес халықтың, Айтқанына көнеді. Адам дінде болмаса – Тек жалғанды сүйеді. Иер басты Аллаһқа, Бұт-бұрханға иеді. Адам дінде болмаса – Уәдеде тұрмайды. Жомарт Аллаһ берсе де, Жоққа мойын бұрмайды. Адам дінде болмаса – Қиянатқа қыңбайды.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС «Жан» қалауын елемей, Тән қалауын тыңдайды. Адам дінде болмаса – Еш айтқанға көнбейді. Көрмеген соң көзі анық, Хақ барына сенбейді. Адам дінде болмаса – Өзін салып қайқаңға, Жүрмей тура жолда аса, Айналады шайтанға… 2012.12.30 ОЯН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Анық соны білсін адам: Адам әсте өлмейді! Бірақ тәнге бөлгеніндей рухқа көңіл бөлмейді. «Қайтып келген кім бар екен?» – көп наданның габы бұл, Ол ақиқат өлген анық қайтып мұнда келмейді. Өлім екеу – әуелгісі тірі жүріп дінде өлу, Дінде өлу – Хақты білмеу, хақсыздықтан күнде өлу. Өлі күйі өмір сүріп, таусылған сәт дәм-тұзы, Өтіп хақсыз дүниеден оттық мәңгі сұм болу. Екінші өлу – дінмен сүріп бұл өмірді айтудай, Баянды етіп нұрлап, пәктеп дүниеден қайту жәй. Оның аты әрине «өлу» болғанменен заты оның Міне осындай дінде оянып, дінмен Хаққа қайту жәй. Бұл өліммен өлгендерді «өлді» деген ақымақ, Бұл сырды ұққан кешегі өткен Ибраһим ақын-ақ. Ақымақтың анығында кіші, үлкені болмайды, Жатады олар дүниеден мәңгі өтпестей қатынап... Олар үшін өлу деген – мәңгі жоқ боп жоғалу, Өмір сүру – бір келетін өмірге би боп алу.

Жарық Міне осындай түсініктің иелері үшін де, Өлім анық – екі өмірде хақсыз қор боп жоғалу! Адам біреу, Бірақ оның түсінігі осындай, Хақ шындықта қақ бөлінген екі қарсы қосындай. Әл-Мисақтағы уәдесін ұмытып қап бұл адам, Қарғыстарға ұшырауда Хақтан келген тосын қай... Әй, адам-ай, дініңе қайт, Хақ қалаған дін біреу, Хақ Біреуін айтқан едік, мынау тағы мұнды20 іреу. Әлемге артық тигізбе қол үйлесімін бұзарсың, Білген жанға бір шындық бар, неге Ай, Жер, Күн біреу?!.. Бірақ бұлар Хақ жаратқан мүшелері ғаламның, (Бұл да ескерту, себебі, адам түсінігіне алаңмын!..) Хақ Бірлігі бұл бірлердің Иесілік Бірлігі, Немесе Аллаһ Иесі осы он сегіз мың ғаламның! Мұхаммедтік сүюменен сүю сені бек қиын, Өйткені өлі дінсіз құлға сүю құны көк тиын. Өйткені Аллаһ сан пайғамбар, жіберсе де көп кітап, Секем алып, селт етпейді шайтанға ерген көкмиың!.. «Өлім оятудан бұрын керек екен ояну», Хақ жаратқан зат, күллі істен ақыл терең ой алу. Дәлел ме, адам малға иесің, күллі барға ие Хақ, Көрмей сенбей қор болма онда, Сенбеу – қорлық бой алу! 2012.1.7 20 Мұн – есті, бірақ білері аз

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ЖАНЫ АШУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хақтан басқа ешкімнің ашымайды жаны ешке, Оның сыры құл әсте жаратушы еместе. Аллаһ құлға мейірім берсе ғана ол мейірлі, Ал болмаса өмірі қор боп өтпек егесте. Жаны ашуды хақ кімге бағыш етсе ол елжіреп, Хақ жолында іс қылмақ болмысымен елбіреп. Зәре қалмай бойында Хаққа құлдық етумен, Кіршіксізге айналар нұрдай таза мөлдіреп. Адамға тән тағы бір жаны аз, не көп ашуы, Пәк сенімнің бойдағы тасуы, не қашуы. Сенім тасса бойдағы сындыру жоқ шөп басын, Сенім қашса адамнан тек бұрқамақ ашуы. Жаны ашуды берсе Хақ рухы ашылып адамның, Хаққа басқан қандай бір нұрланғаны қадамның. Тасты ерітіп тамырсыз басса мамық бауырға, Айналғаны жібекке қасқыр мінез наданның. Жаны ашуы адамға Хақтың берген сыйы анық, Ашуы үшін көпке жан хақ Хаққыңды сүй анық. Хаққын сүйген құл тұтас нұрға айналмақ, Хақ жолда Жан ашуың не сенің, әз рухын да қияды! Бұл биікке жетуі құлдың нағыз сафтауы, Қылаң қалмай бойында сафилығын сақтауы. Бұл биіктен көріну адамдағы адамдық, Періштеден жоғары өз міндетін ақтауы! 2012.1.12

Жарық ЖОҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хақ, Сен бермей хақтық жоқ! Хақтанудың қиын-ай. Тауысатын нәпсі жеп, Пенделік қу дүние-ай! Балам «хақ болса» екен деп, Бар күшіңді салғанмен, Кетіп босқа есең бек, Бет келесің жалғанмен. Жалған жалған анық ол, Шындау мүмкін тағы емес. Ақ Иеңді танып өл, Басқаша өлу бақ емес! Балаң соны білсе, әттең, Қартаймас ең сақтық жеп. Хақ ісіне бұлтақпен, Құлға ешқашан пәктік жоқ! ИІС (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Нан исінен сезінесің Жер исін, Жер исінен аңғарасың көр исін. Егер Жерден аңғардың ба көр исін, Онда жалған дүниеден жерисің! Нан исінде Жер исінің бары анық, Жер исінде көр исінің бары анық. Нан, Жерден соң иіскеп бақ та адамды, Сосын жәйлі ол хақ Құранға қара анық... Ақыл, сенім, бір сырлы ойды түйісінде, Һәм болғанмен өзгешелік киісінде, Жермен, нанмен хақ Аллаһтың хақтығы ол, Бір ұқсастық болса адамның исінде!..

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Болса да адам ақылынан жоқ күткен, Жерсіз, нансыз ғұмыры оның жоқ тіптен. Жер мен нанды игіліктеп жаратып, Халифа еткен Хаққа құлдық еттік кем! Жер, нан, адам ұқсасы анық иісі, Жер мен нансыз жоқ тағы адам күйісі. Өз иісін жер мен наннан сезген құл, Құлдық ғұмыр сүруі шарт тиісі! ЕКІ НҰР (Бисмилләһир Рахманир Рахим) І Хақ нәсіптеп өзіңді, Еттім, шүкір, зиярат! Кағба, Алмадым көзімді, Жүрекке нұр ұялап! Көретінді түсімде, Өңімде, Аллаһ, көрсеттің. Мін қалмауын ісімде, Мойыныма борыш еттің. Мекке басқан әр қадам, Меккеде алған әр тыныс, Түсіріп жүкті арқадан, Хаққа еттірді жарқын іс! Мина барып, міне бақ, Арафатта тек сұрау... Мұздалифа түнеп ап, «Жамаратты» соққылау... Кәғбатоллаһты айналып, Сафа – Мәруә да сағилау – Хаққа мәңгі байланып,

Жарық Хақ боп қалу қағида-ау! Сосын шашты алдырып, Қоштасу да бір бақыт. Меккені ойда қалдырып, Мәдинә ұшу – нұрға тік!.. Қасиетті Меккем-ай! Қайтіп қиып кетем-ай?! Ардағыма Мұхаммед, Болған жарық мекен-ай! Жер жарығы Меккем-ай! ІІ Жүрмін сені сағынып, Қасиетті хақ Меккем! Аллаһыма бағынып, Өзімді ылғи бақты етем! Саған сырттай сүйініп, Ардай таза ақ мекен, Аллаһыма сыйынып, Әмсе шындық жаққа өтем! Сағыну ол – махаббат, Махаббатты Хақ бермек. Омен өзін оқалап, Хақтайды адам Хаққа өрлеп. Хаққа өрлеген құл текті, Хаққа өрлеген құл өктем. Хақты сүйген ұл текті, Сені сүйген жүрекпен. Жерде нұрлы жоқ сендей, Хақ хақтаған хақ мекен. Адам атамды өпкендей, Өбем сені ақ Меккем!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ІІІ Мәдинә Мінәууәра, Қаласы Пайғамбардың. Әрі оған сынала да, Еріп дін жайғандардың. Мәдинә Мінәууәра, Қаласы Расұлдың. Қаласы мына қала, Адамда шын асылдың! Мәдинә Мінәууәра, Қаласы Елшінің хақ. «Емес» деу күнә ғана, Соңғы елші ол шынында-ақ! Мәдинә Мінәууәра, Қаласы Мұхаммедтің. Еріп ол ғұламаға, Хақтауды нысана еттім... Мұхаммед соллоллоһу ғаләйһи уә сәлләмға, Дінде ер, Қарғыс жауар Ермеген есалаңға!.. 2012.1.12 ҚҰЛЫНДАРЫМА ЕСКЕРТУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Сендерге анықты ұқтыра алмай барам өзімді өлтіріп. Жүректі иман, көкіректі хақ Құранға толтырып, Хақ жолында тек Хақ ісін хақтауларың шарт еді, Адам болып ақиқатшыл болмай жортқан бөлтірік... Мен кетірген қателікті етпеулерің шарт еді, Нәпсі қуған найынсапсыз ақылдының арты еді.

Жарық Ал анығы ақиқатқа уызында жарыған, Аллаһ жолын тек қуған құл адамзаттың нарты еді. Сендер білген хақ шындықты талай бітеу білген жоқ, Білместіктен талай бітеу Хақты көзге ілген жоқ. Күлді өмірде, бірақ-бірақ, анығына келгенде, Шын күлкінің не екенін шіміріге білген жоқ. Білу менен білмеудің шын екі арасы жер мен көк, Білген биік, ал білмеген кетер төмен жермендеп. Білген биік хаққа шығып қасиеті ханданса, Ал білмеген жатар төмен төрт аяқтап ербеңдеп... Бұ дүние әлем менен жәлем толы бір мекен, Көз қуантар қызығы мол, бұзығы да бірге, тең... Екі әлемін деп сүрген құл «бақытты етем, нұрлы етем», Дінмен болар, Дінденгенге бұ да нағыз нұр мекен!.. Сондықтан да қате толы істі сендер етпеңдер, Ақ иманмен Аллаһ берген ақылдардан көктеңдер. Екі әлемнің қоры болып қалары анық Хақ айтқан, Хақиқатқа қарсы жүріп хақсыз, қамсыз өткендер!.. ЛАЙЫҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Құрғақ сөзбен құс жүгіртіп, аң аулап, Қайтем жалған атақ қуып танаулап. Мәңгіліктің сырын түйген мүминге, Мына дүние қуанышы санаулы-ақ. Сондықтан да жалған қызыққа елітпей, Көңілді тек шындықтарға бөліп кей, Еліктейін алсам егер көз көрмес, Хақ білдірген хақиқатқа еліктей. Жазсам қане хақ шындықты жазайын, Кенімнің тек асылдарын қазайын.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Жақұт біліп жалған тағы жыр жазып, Қияметте босқа тартпай сазайын. Қайғымдағы бақытыма беттейін, Өліп шынға опасыздық етпейін. Хақ білдірген хақиқатты қана ұғып, Ибраһимше жүректерден көктейін. Хақты жазсам болары анық керек бір, Жалған сөйлеп жөнім қайсы өрекпір. Нені жазу керек болса егерде, Хақ Аллаһтың хаққы мәңгі ерек тұр. Жазам Соны ілім, халым жеткенше, Бос қиял мен нәпсіні ойсыз өпкенше. Жазам Соны ақын еткен Сол мені, Жазам Соны басым жерге жеткенше! Анық ақынға Одан басқа айтар жоқ, Шыншыл үшін Шын жолынан қайтар жоқ. Ал қайсыбір Хақ ісінде хақы өлген, Жалғаншыға Ол шындықты байқар жоқ. Хақ адамға артқаны емес аз міндет, Сол себепті айту асық «жаздым» деп. Хаққа хақсып қарсы ұшса қай ақын, Анығында өтетін сол азғын боп!

Жарық ИӘ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Такаппарлықтан бойда бір көмес нышан бар, Менмендей бермей мезетінде оны іш аңғар. Құтылу одан Аллаһқа құлдық бір міндет, Кеңімес олсыз орныққан жанға қысаңдар. Ол кетпей бойдан рухта алға аттамас, Иман да нұрлап қасиетін хақтық сафтамас. Құлшылықтар да құдіреттеніп, құтайып, Адамым анық адамдық қалпын сақтамас. Менім-ай, шіркін, тек биіктікті сүйесің, Дұрыс-ау, бірақ жуу шарт жанның күйесін. Өзіңе сіңген бұл сұмдық халды жоймасаң, Біліп қой соны, отына оның күйесің. Менім-ай, шіркін, қайтпаса екен меселдең, Құтылсаң екен құтайтпас бұл сұм кеселден. Түбіңе түсіп орнығып алған ол бір сұм, Ол сұм ба, ол сұм құбылуға әбден төселген... Сен байқұс, дұрыс, мейірімді-ақсың, иманды-ақ! Иманыңа арың, намысың, барың иланды-ақ. Бәрібір бірақ меніңнің сона-ау түбінен, Айғайын естіп қаласың оның қираңдап... Міне бұл сенің ішкі кіріңнің белдісі, Ішкі кір құлдың құритынының белгісі. Астағфираллаһ, Менім, ей, оны құрт онда, Такаппар адам Хақ алдындағы нөл кісі! «Барлық жан биік, аласасы анық тек менмін, Мен өйткені ауыр Жер деген үнсіз тектенмін», деген ой емес ой ғана, менің боуы шарт, Сонда әне Хақтың боласың бірі өпкеннің! Иншаллаһ!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС КІР (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Адамдығы адамның жылтыраған жүзде емес, Жүрек жылтыр болмаса адам хақты іздемес. Иманы бар, ал, бірақ, сол иманды кір шалған, Сырты кірсіз, іші кір туралыққа жүз кемес. Турасы оның өз ісі өз ақылы «жөн» деген, Жау ол үшін достықпен оның жөнін жөндеген. Бұл мінезден мынандай мақал шығар сияқты: «Іші кірдің сырты дүр, солына оңы жем» деген. Іші адамның болса кір ісі оңды болмақ жоқ, Өлі бала тапқандай сүрмек өмір толғақ жеп. Құлдық, Сенім құтайып шапағатты шәшіп нұр, Іс, сөз тауып үндестік адамдықта толмақ жоқ. Ішкі кірі адамның сөз бен істен көрінбек, Күлмек, ішпек, сараңдық бәрі содан, ерінбек... Аманатқа қиянат, уәде үзу, ант бұзу, Өтірік, өсек, мүддеқор, жар сүймекте жерінбек... Сыртын сыптап сыланып, айнаға алты таранып, Үлде менен бүлдеге алғанымен оранып, Қасиетті қашырар, берекетті кетірер, Кір ішті құл адамның, Қоғамның да соры анық!..

Жарық ҚҰЛЫНЫМ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Нәпсі қуып құр бекер дүрмекке ерме, Болмайды еш мән, құлыным, дүрмектерде. Дүрмекке еріп аяғың шалыс бассаң, Айналасың шешілмес күрмектерге. Жарықсызға дүние – соғар құйын. Керөкпіген көңліңнің доғар күйін. Шалыс бассаң аяқты дүрмекке еріп, Күрмектердің шешімі болар қиын. Дүрмек – сыйқыр адамды аса арбайды. Дүрмек Хаққа ешқашан апармайды. Сені мәңгі тозақпен қор ететін, Дүрмек ішін мекендеп жатар қайғы. Хақ жолына, құлыным, дара аттағын, Ақылыңмен әр істі сараптағын. Бойдан қуып хақсыздық атаулыны, Әр сәтіңді иманмен жарақтағын. Еш нәрсеге жүгінбе Хақтан басқа, Еш нәрсеге жүректей қақпаңды ашпа. Хақ Аллаһқа тек ғана тәуекел ет, Жарылқаушы жоқ ешбір Хақтан басқа! Бәрін шығар ойыңнан Хақ басқаның, Тазард солай тұлғаңның тат басқанын. Бір жамандық басыңа орнай қалса, Хақтан басқа көрмессің жақтасқанын! Шындық осы сырқатсыз сана барар, (Өмірде адам сан кірлеп, сан ағарар). Жеке қалсаң нәпсіңмен шайтан залым, Хақтан бөліп нәпсіңе қамап алар. Қош айтуға жарамас, не сәлемге, Берме, балам, ырқыңды еш әлемге. Барлық бардың Иесі – мәңгілік Бар, Хақтан басқа кепіл жоқ екі әлемге!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ОБАЛ-АЙ! (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ортақ дүние жүзсе де – нәсіп көлді, Бір-бірінен неге адам асық болды? Бір-бірінен неге адам қашық болды? Бір-бірінен неге адам пасық болды? Жер, су баспай біреуі кердеңсиді, Көсемсиді, біреуі көргенсиді... Адамдықтай Хақ Өзі берген сыйды, Тәлкек етіп тәңірдей өрденсиді. Ақыл жетпес біреуі данасиды, Құдайсиды, Құдайдай панасиды... Ана сыйдан дәметіп, ана сыйды, Кейі әлемде тек өзі ғанасиды. Дүниені «мәңгілік» деп ұғынып, Қызығына дүние көбі құнық. Хаққа құлдық шынымен қылатыны аз, Топырақтан жаралған тегін ұғып. Малдан бетер қылығы көбісінің, Хаққа қарсы мақсаты көп ісінің. Миығынан қарайды дүниеге, Көкке жетіп тұмсығы кебісінің. Жаны жақсы көреді «мына менді», (Бұл да Аллаһтың білгенге сынағы, енді). Кейі ешкімге еш дәмін таттырмастан, Жұтып қана жерердей мына әлемді. Хақпенен жоқ бір мысқал шаруасы, Кейі кейін қырады қару асып... Тіпті өмірмен кейінің жұмысы жоқ, Берсе болды табылып зәру асы.

Жарық Мәңгілігі көбінің осы-ақ әлем, Өлшейді өмір бақытын босағамен. «О дүние, Жұмақ пен тозақ барды», Кейі амалсыз санатқа қосады әрең. Көбі анығы бұл шынға нана алмайды, Нанбағасын хақ нұрға қана алмайды. Нұрға қанып, Хаққа құл болмағасын, Ондай адам нақ адам саналмайды. Осылайша нұр текті қор боп адам, Өз нәпсісі өзіне зор боп адам, Жарық келіп қараңғы сүруде өмір, Құс секілді хафазда – торда қаған... Хақ дінінен қашқақтап осқырынып, Жамандыққа жатқасын босқа ұрынып, Төрт аяқтап жатады дін сыртында, Мәңгіліктен қылмастан ешбір үміт. ІШ КІРІ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Сана, ақыл жат сеніммен былғанса, Талпынғанмен тазармайды құл қанша. Адам еш те ағармайды сәбидей, Рухында оның болғанымен нұр қанша. Анығында жат сенімге сенгеннің, Жатқа сеніп нанымынан сөнгеннің, Рухында нұр болуы мүмкінсіз, Нұр сенімнен – қақы ол Хаққа сенгеннің! Сенімде адам сәл басқаға алқыса, Хаққа жалғар «делдал» іздеп толқыса, Іші кірлеп ірігені адамның, Назардан қап тозақ бастар жол құша.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Басқа қылдай күнә етпей өтсең де, Өмірде тек қайырлы еңбек етсең де, Сеніміңе серік қосып алдың ба, Хақ алды онда еш нәтиже жоқ сенде. Кіміңді ішкі білдіретін нақ сенің, Серігі жоқ Хаққа сендегі ақ сенім. Ішің кір ме, сен таза адам емессің, Іш кірі ол серік қосу – жат сенім! Сондықтан шарт адам пәктеу иманды, Пәк иман ол – сенім кірсіз иланды. Іш кірлеуі – имансыздық деген сөз, Ішің кір ме, онда емессің иманды! Ішің қандай тұрад біліп Хақ сенің, Құлды Хаққа хабибы етпек нақ сенім. Ішкі кірсіз пәк болмыспен бұл адам, Түбі жетпек Хаққа оранып ақ кебін... 2012.1.23 ЖОҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хақ жолымен тәу етіп жүрмегені – Хақ дініне адамның кірмегені. Хақ дініне адамның кірмегені – Хақ өмірін иманмен сүрмегені! Хақ өмірін иманмен сүрмесе адам – Хақтың сөзін құлаққа ілмегені. Хақтың сөзін құлаққа ілмесе адам – Хақтың анық Хақтығын білмегені! Хақтың анық Хақтығын білмегені – Мына өмірде шын өмір сүрмегені.

Жарық Мына өмірде шын өмір сүрмегені – Өзін мәңгі тозаққа күрмегені! Өзін мәңгі тозаққа күрмегені – Мұнда кеудің мақсатын білмегені. Мұнда кеудің мақсатын білмегені – Хаққа емес шайтанға өзін құл дегені... Имансыз сүрген өмір өмір емес! 2012.1.23 РАББЫМ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Дүниеге түскен адам Күннің нұрын «жарық» дер. Дұрыс, бірақ емес әсте ол нағыз жарық дәріптер. Нағыз жарық дін жарығы, Дін, иманым беріктеп, Қараңғыны дал-дал етіп жарып өтер жарық бер, Ием?! Қараңғыны жарып өтіп үндесейін жарықпен, Рух – қозы жарығандай уызына жарып мен. Шын жарықтан құл қолына ұстатқан шам-шырағың – Құран нұрын рухыма құйшы анықты дәріптер, Хаққым?! Құран ашқан көкірегімде жарықпенен жарықтап, Оң-солымды, Ақыл жетпес ақ-қараны парықтап, Дүниеге келгендегі мақсатыммен өмірлеп, Хақ жетейін құзырыңа хар нәпсімді жарып қақ, Раббым! Әмин! 2012.1.29

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ҚҰДІРЕТТІМ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Құдіреттім, Жоғы анық Сенен басқа Құдіреттің! Нұрымен мәңгіліктің жарылқадың, Келмейтін соқыр едім қыбыр еткім. Құдіреттім, Келмейді Сенсіз енді қыбыр еткім! Мен үшін сондай қорлық шығып қалу, Сыртына, Хаққым, Сендік құзыреттің! Құдіреттім, Келмейді Сенсіз енді қыбыр еткім! Сыртына шығып қалсам құзырыңның, Ішінде қалғаным ол құбыр – оттың!.. Құдіреттім, Келмейді Сенсіз енді еш қыбыр еткім! Мәңгілік жарылқаушы тек Өзіңсің, Тек Өзің жарылқай гөр, Құдіреттім?! Мәңгілік тағындағы Рахымдым, Сенсіз шынға асыра алмақ мұратын кім? Жарыққа Өзің ғана бастамасаң, Оң шықпай қалары хақ құласымның21!.. Жар Аллаһ! Жалғыз Аллаһ Құдіреттім! Жоғы анық Сенен өзге Құдіреттің! Әуелсіз, Ақырсыз, бәрі Өзіңдікі... Мәңгілік Мәңгілігім, Құдіреттім!!! 2012.1.29 21 Құласы – қортында, нәтиже

Жарық ЕСКЕ САЛУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Пенделік заң-зәкүн мен надан жеңіп, Хақ жаққа баратқандай қадам кеміп. Адамдық қақындағы ісін білер, Сөз ұғар ақылы бар адам кеміп. Ырықты серілік пен салдық илеп, Ақиқат жүректерден қалды күйреп. Деген ой «тек осы өмір» көңілді арбап, Тіршілік Біршілікті алды билеп. Білдірген былай қалып хақ шындықты, Күлдірген озды бұрып нақ шындықты. Басына не келсе де сабырменен, Хақшыл топ ақиқатын Хақтың күтті. Әне сол топ қуалап ақиқатты, Құрандай қыбыла етіп нәсихатты, Аллаһтың жәрдемімен, Әлхәмдулилләһ, Өзінде бұ дүниенің бақи22 тапты! Бәрі-бір білмейтінге білдіру жоқ, Көзіне Хақтың Өзін ілдіру жоқ. Білдіру, Жолға салу Хақтың ісі, Ол үшін адамға әсте құлды ұру жоқ! Сондықтан адам Хақты ұлықтасын, Хақтанбау адамдағы құлыққа сын. Келген кім дүниеге қайтып ертең, Хаққына баратынын ұмытпасын! 22 Бақи – мәңгі

Құл-Керім ЕЛЕМЕС БАЙҚА (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Адам өмірі жүректі өлшейтін аспаптай, Соғысын оның қағазға сызған атқақтай. Немесе бірде жоғары-төмен, түп-түзу, Мұз бетін сызған шыймай сияқты шатқақтай. Көңілді бірде, көңілсіз бірде, қайғылы, Пәс, кейде бәсең, жететін кейде Айға үні... Ұшақпен, атпен, жүретін кейде жаяулап, Белгісіз, кейде ғаламды соққан айбыны... Ақыл мен сана болғанмен ортақ, Сенімде алуандық адам баласын тірі өлімге итермелеуде... Бұл халы бар ғой пенденің, өкіруіне болмақ-ты себеп көрінде... Бұл халын пенде еш түсіне алмай сорлауда, Қалауы жанның Хақ көрер көзін торлауда. Торланған көзбен қараны ақ көріп шатасып, Хақ ісінде адам надан қап өзін қорлауда. Қорлаған өзін адамнан кетіп түзулік, Орнына оның қытымыр орнап қызулық, Ақыл мен иман астаса алмай жүректе, Көрінуде оң іс тураны ылғи бұзулық. Шіркін-ай, адам, жүрегіңді өзің тыңдашы! Адамсың ғой сен, нәпсіңнен әсте сынбашы. Бар болмысыңды Хақ Құранымен қарулап, Қателік көрсең өзіңді кешпей сындашы! Не болар екен өмірің сосын бір байқа, Жалынам саған бұл анық хаққы сырды айта. Шүбә жоқ сөйтсең бақтанатыныңа сенемін, Хақ берер иман – болмысыңа еніп нұр қайта! Сөйт!

Жарық АЛДАНУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Надан құл өзін сондай жақсы көрмек, Сенімде Аллаһқа емес, бақсыға ермек. Сенімде Аллаһқа емес, бақсыға еріп, Ақылы тазаны емес, ласты көрмек. Ұнату өзін де ептеп дұрыс, бірақ, Бұл жәйлі білген абзал мына істі нақ: Аллаһты, Сосын Оның Пайғамбарын, Ең жақсы көру құлды құрыш қымақ. Көрген құл өзін жақсы аса алдайды, Өзінен өзі ешқашан аса алмайды. Сөйткесін ондай әлсіз ақымақты, Шайтандай лағынеті қас алдайды. Сөйткесін өзін ғана жақсы көріп, Сенімде Аллаһқа емес, бақсыға еріп, Дүниеден тозақтық боп өте шығар, Тек өзін құдай санап, Хаққы көріп... ҚАЙТЕР ЕҢ? (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Болғанымен мұнда бар, Жәннәтта жоқ жамандық! Тәмәм болар дүние, Жәннәтта жоқ тәмәмдық! Қор боудасың бірақ та жасап алып жамандық, Болса да бұ дүние сенің үшін тәмәмдық. Бұ дүние мәңгілік емес, анық тәмәмдық. Сен сүрмейсің дүниені тағы ақырлап, тәмәм қып. Жасап қор боп қаласың бір-ақ сәтте жамандық, Бұ дүние қайтер ең болмаса егер тәмәмдық?

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ХАҚ БЕРДІ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хақ беріп ән жасадым, Күй шығардым, Мұныммен мүмкін жұртқа сый шығармын. Өмірден соны білдім, шыным осы, Иманмен оңады екен қисық әркім. Хақ беріп күй шығардым, Ән жасадым, Бойда қан, ойнап талай жанда сағым. Бірақ та келіп қана хақ иманға, Шындыққа анық, айқын қам жасадым. Ән шырқап, Күй де шертіп, Жаздым өлең... Болмаған шығар еш те сазды менен. Ақылым жеткенінше шынды сүйдім, Бірақ та туа бітті азғын емен. Өнер де Аллаһ берген керемет-ті, Өнерден сездім талай кереметті... Сан шүкір хақ Аллаһқа, Аллаһ берген, Мені иман, Өнерді иман ерен етті!.. Әлхәмдулилләһ! 2012.1.31 АЯУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Адамды адам аямайды, адамды Аллаһ аяйтын! Адамды адам аяй алмау ақылдыға жәй айқын. Адамды адам аяу қайтып келмек адам қолынан, Аяу сезімді Аллаһ бермей кім еді адам аяйтын?

Жарық Адамды адам аяу үшін онда боу шарт нұрлы иман, Нұрлы иманмен болмысына болуы шарт нұр жиған. Адамды адам аяу үшін әрі дінмен діндеу шарт, Дінсізде әсте болмақ емес аяу сезім нұр құйған. Дінсіз пенде ешкімді әсте, еш те аяй білмейді, Аяу тұр ғой өзден басқа ешті көзге ілмейді. Өзден басқа ешті көзге ілмегесін адам деп, Қажет көрсе адамды ұрып, Қажет көрсе тілдейді... Өйтетіні ол Хақ Аллаһты танымайды Біреу деп, Танымайды екі әлемге Ол Өзі ғана тіреу деп. Сөйткесін де ол пақырдың үш көрімі23 жабылған, Үш көрімі жабылғанға өзден басқа біреу жоқ. Аллаһ құлын үш көрімі жабылғаннан сақтасын! Сөйтіп аяу сезімінен қағылғаннан сақтасын! Діннен тыс қау – Хақ Аллаһтың назарынан тыс қалу, Діннен тыс қап тозақ отқа жағылғаннан сақтасын! Әмин! 2012.2.3 АЛАҢ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Анық жәйлі асқақ ән, Дәуір болды шын бұққан. Тас қараңғы қас надан, Алға озуда шындықтан. Саналуда білімсіз, Ақиқат пен шынды ұққан. Бас тартпауда ғылымсыз, Сенімсіздер сұмдықтан! Обал болды анығы, Сәбилер мен жастарға. 23 Үш көрім – көз, құлақ, жүрек

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Жолға ақиқат қанығы, Көрсетілмей бастарға. Хақ ісіне бастырмай, Хақ ғылымға жолатпай, Хақ Құранын аштырмай, Тосудамыз жол – ақты-ай... Дін ісіне тік қарап, Дінсіз сөзді төкпелеп, Дінсіз істі тықпалап, Жатудамыз екпелеп... Дін жәйлі көп жақ ашпай, Хақтың атын да ататпай, Қурап қалған ағаштай, Босты ұлықтап атақтай, «Бисмилләһи» дегізбей, Аллаһ атын аластап, Тек жалғанды негіздей, Айналдырып таласқа, Хақ илаһи шындыққа, Надандықпен жұмып көз, Шайтан құптар сұмдыққа, Ақыл, сана, тұнып көз. Сөзде жалған «Құдай» деп, Намаз оқып көз қылып, Шыны жанда Құдай жоқ, Тек жалғанды сөз қылып, Хақты оларға білдірмей, Елдің жарқын ертеңін, Қоюдамыз ділгірлей, Өшіріп ел өркенін.

Жарық Солай арсыз қаптауда, Болашақтың асына. Хақиқатты таптауда, Келгенді істеп басына. Тосуға, әттең, жоқ дәрмен, Жүрек босқа тулауда. Алысқасын сотқармен, Жанда қайғы шулауда. Хаққысыздық осылай, Жас сананы бұзуда. Бұл сұмдыққа шошына-ай, Тіл мен жүрек қызуда... Білмек Саған тән, Аллаһ, Тек Өзіңсің Бір-ақ Хақ! Тек Өзіңсің пана, Аллаһ, Кешір кетсем жырақ қап?! 2012.2.4 ҚАЗАҚ КҮЙІНДЕ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Қазақтың барлық арманы, мұңы күйінде, Қазақтығы оның бұрышсыз қазақы үйінде. Хақпенен ішкі үндесі, шексіз құлдығы, Ауратын жапқан ар қабы сынды киімде. Қазақтың күйін қазақы киіз үйінде, Үстіне киім қазақы киген күйінде, Алдыда қымыз, жал, жая, бағлан сырбазын қарпытқан қалпы тыңдау шарт қазақ күйінде... Еске түссе олар сөз таптыртпайтын айтарға, Айналтар лезде қан тулап бойда қайсарға, Іргеден енген жуа, гүл, тезек, көң исі... Шіркін-ай, деші, Қазақы ол өмір қайтар ма?!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Шіркін-ай, рас, қазақтың күйі – арманы! Ішінде оның қара баласы, сар наны. Ішінде оның бар сүрген өмір тарихы, Ішінде оның қол жетпей кеткен Қорланы... Ішінде оның дұғасы менен тілегі... Ішінде оның бірліккен жауға білегі... Ішінде оның адасқан шағы хақсыздап, Ішінде оның дін тұтқан елдік ірілігі... Қазақтың содан көңлінен қалса жыр ұшпай, Жаман қиялдар болмысын алса құрыстай, Жалғыз күй тыңдап, құрыс-құрысы жазылып, Жарқылдайтыны алдаспан сынды қылыштай… 2012.2.12 МИРАС (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Дамы адам, Дамып адам Айға барғын, Жердегі бірі болғын айдағардың, Бәрі-бір Хақты Хақ деп танымасаң, Бірісің іші үрленген жәй дағардың. Дамы адам, Дамып адам Күнге барғын, Жер беті мықтысы боп кімге барғын, Бәрі-бір Хақ Иеңді бірлемесең, Бірісің көңлі соқыр мүлде хардың. Дамы адам, Дамып адам ұшып кеткін, Өмірде ішіп, мейлі құшып кеткін, Бәрі-бір Хақ жолымен жүре алмасаң, Өзіңді от – тозаққа түсік-ті еттің... Мың, тіпті, миллиардтық бол-ақ қауым, Өзіңе дінсіздікті жолатпауың, керексің,

Жарық Ал хақ діннен сыртта қалсаң, Емес ол Хақ міндетін сене ақтауың. Дінсіз бе, дамуға онда сенбе, адамзат! Сенем деп құдайсыз қап сембе, адамзат! Дамы, Тек дініңменен бірге дамы, Хаққыңа, дұрысы сол, сен де, адамзат! Жәннәттың ашқышы анық бұл дүние, Ол да анық дінсізге бұл тұл дүние! Жәннәт ол дүниесін дін дамытқан, Болатын мирасы анық құлдың ие. 2012.2.13 СҰМДЫҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хамма істің тағдыры Хақ Аллаһтың қолында, Жүрмесе де, жүрсе адам Хақ Аллаһтың жолында! Өйткені өмір Онікі – келу, кету, жеу, ішіу, Азуы адам бек сұмдық мәнін білмей соның да. Жолында Хақ Аллаһтың жүрмесе де, жүрсе адам! Білер еді бұл сырды Құранға құлақ түрсе адам. Әттең, пенде өмірін хақ иманмен сүрмейді, Білер еді бұл сырды сонда өмірін сүрсе адам. Жер, Күн, ауа, бас, аяқ, қолың да ана, Сонікі! Сана, сезім, ақыл, ой – қорың да ана, Сонікі! Келіп Содан жаралып, жатсың жайлап дүниесін, Сонда қалай болмақ «дін жолың» ғана сенікі? Дін де Онікі емес пе, Әрі хақ дін – бір-ақ дін! Қайдан шықты ендеше мыңдап кеткен құрақ дін? Құраны бар құдіретті, Елшісі бар ел асқан, Тар боуда ма санаңа Исламдай нұр, ақ дін?!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Оның құлы боп тұрып, Оның асын жеп тұрып, Оның дінін тәрк етіп, хақ Құранын жеткіріп, Ол жаратқан бар етіп ит пен құсқа табынар, Қайдан шықты, адам-ау, енгісіз бұл көп ғұрып?! Сүріп өмірді Ол берген, Ол жаратқан мекенде, Табынған соң бұл адам Өзін қойып бөтенге, Ақылы бар бұл адам хайуандық та ете алмай, Мәңгі төмен тозақтық боп кетеді екен де?! Өкінішті!!! 2012.2.18 ӘЙ... (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Бауырым-ай! Жанды ұрған жат ойыңның ауырын-ай! Жидіген сөздеріңнің сасығын-ай! Ілгішті істеріңнің пасығын-ай! Дін кеп те діліңменен езілмейсің, Баяғы тас тіліңмен безілдейсің. Бауырым, Шыныменен азарлысың, Осынша адамдықтан азармысың! Әй, бауырым-ай!.. 2012.3.4 ӨНЕР (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Табысың да, жеңісің, Хақтан, хақта Хақты Аллаһ! Себебі өнер мен үшін, Зікір ету Хақты Аллаһ!

Жарық ЕКІ ДҰҒА (Бисмилләһир Рахманир Рахим) І Әссәләумуғалайкум, Оразалы! Қаза етіп алсаң Намаз, Оразаны, Күнәңді кешіп Аллаһ білмей еткен, Сен үшін болмаса екен көр азабы?! Жақсының екі әлемде жары Құдай! Жарқылдап жүруші едің, жарығым-ай! Жарқылдап жүруші едің, жарығым-ай, Сол күннің санадағы жарығын-ай!.. Халқың ба, артыңдағы бейғам әлі, Хақ ісінде аттатпауда ой қамағы. Айналған дүние отын көбелектей, Сияқты сүру де өмір той қонағы... Хақ өлім талдамас қарт, жасты тағы, Екенін білсе де елің масқытады. Сен кеттің қазаң кеп ед қапияда, Еменнің қиылғандай жас бұтағы!.. «Бір күні біз де осылай кетерміз» деп, «Бүйтсек қор хақсыз болып өтерміз» деп, «Бұлайша дінсіз, хақсыз өтіп кетсек, Өзіміз түбімізге өз жетерміз» деп, Шынымен шырқай Хаққа бір ойламай, Иманмен екі әлемді сүре ойламай, Анығы елің әлі жатыр ұйықтап, Дін ісін қорылынан тұра ойламай! «Ертең, не бүрсігүні, арғы күн» деп, Аллаһтың алмауда еске жарлығын бек... Біреуі бардан асып басса жерді, Біреуі жабырқауда «жарлымын» деп!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС (Дін жәйлі дүниені жайқуда өкпек...) Кей қуған Раббы жолын айтуда ептеп: Өмірге келу деген – келген беттен, Ұғынып Хаққа екенін қайту беттеп... Әлі оған мән беретін емес дұйым, Секілді шын іс көптің жемес миын. Шырағы сөніп қалған үй құсақты, Надан мен адам құрса кеңес қиын. Көңілін Хаққа қарсы нала қысып, Есіне бірі сені алады ішіп. Кейінің берекеті кесілуде, Ауызын жалағандай ала күшік... Дүние өзгеріссіз, өтуде күн, Хақ білед өшуде кім, өсуде кім? Қара Жер бетінде түк болмағандай, Өткеннің ізін көміп көшуде құм... Әуелден дамулы еткен сүйікті Егең ғаламды! Адам Оны сүйіп кеген жоқ еді, Сондықтан да адам салған үй биік, жоқ сана әлі биіктеген... Құлшылық екі әлемнің дәру асы, Онымен ешкімнің жоқ шаруасы. Иманын қорғамайды, дінін өліп, Нәпсі ісін қорғағандай қару асып. «Дүние жалған, Распен ұлас» деші, «Дін тұтын, дін Тәңірліқ мұрас» деші. Құлдық ет өмір сүру мәні сонда, Айтқаны Құл-ағамның рас» деші! «Мәнін біл, жаралудың мақсатын біл, Өмірдің өте шығар әп-сәтін біл.

Жарық Құл болып Хаққа ғана, иманды өту, Жәннәтқа мініп барар жақсы атың, біл,» – Деп айтшы, Өйтпегеннің қор боларын, Олайсыз екі әлемі сор боларын, Тең ойлап екі өмірді нұр сүргеннің, Жақта анық өзің барған зор боларын, Айтшы өзің, Айтшы, бауырым, Оразалы! Қаза етсең Намаз, Зекет, Оразаны, Тілейтін, дұғам осы: «кешіп Аллаһ, Сен үшін болмағай» деп көр азабы?! Әмин! «Әмин» де, әй, бауырым! Алақан «әмин» деп жәй, бауырым! Дін тұтып, дініңменен дұға еткенің, Міндірген оған нұрдан – тай, Бауырым!.. ІІ Әссәләумуғалайкум, Оразалы, бауырым, Тұлпар сынды ақын ең жел сыйпаған сауырын. Айтып келмес ажалдың ақиқатын білсек те, Көтере алмай қайыстық қазаң салған ауырын. Қаза Хақтан, ол анық, айтып әсте ол келмейді, Қаза – қайту Хаққа адам, Қайтады, әсте ол өлмейді. Бірақ, шіркін, тіріде қаза жәйлі кеп қалар, Ойланбайды ол анық, көңіл де оған бөлмейді. Сен кетуің, сенімен дәуірлестер біздерге, Қайта қарауды ескертті басып өткен іздерге. Қайта қарап, әнеки, сені көріп отырмын, Өнердегі ақшаңқан сенің кемең жүзді өрге. Сенің кемең ақ кеме желкендерін Көкше етіп,

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Тартқан күйі, тағдыр-ай, арғы әлемге кетті өтіп... Өмірді өтпес көретін адамдарға абайсыз, Ақ пен қара, жоқ, шынды жүректерде екшетіп. Көп өкінді, Мен бе, мен, мен де әрине өкіндім! Бірақ, одан да анығы өтер күнге бекіндім. Бекіндім де, сен барған шын дүние Иесі, Хақ Аллаһтан күнәңді кешіруін өтіндім! Олай ету тірінің артта қалған міндеті, Жанбас мұнда мәңгілік қай-кімнің де күнде оты. Қатарында жақсылар атың қалды, сан шүкір, Теңеп айтсам жап-жарық секілденіп Күн беті. Даурықпайын «жоқ еді артық сенен ешкім» деп, Хақ қарсы кеп «мезгілсіз жанбай неге өштің?» деп. Абыроймен Хақ берген қалып халқың аузында, Көшкен алтын секілді өте шықтың көшкін боп... Бізде бір күн барамыз мәңгілік ол мекенге, Кімдер жүрген жоқ дейсің мәңгілік ол мекенде? Адам атаң бастаған пайғамбарлар шоғыры, Әулиелер, данышпан сонда, бауырым, көсем де... Күтудесің ол анық Есеп күнді ақымда, Арман бар ма өзіңдей айтып өткен ақында? «Обал-ай» деп қояды ойсыз, ойлы бауыр көп, Менше сенің қалмады дүниеде еш ақың да! Өйткені, Аллаһ ісі хақ кімнің қанша жасауы? Кімнің қандай ақын боп жырдан жамбы қашауы? Тілі болып қауымның тіліп түсіп айтқасын, Кейде орынды секілді көңілдердің босауы... Мен, сан шүкір, түсіндім, өлім сыры не екенін... Кетед тастап неге адам нұр дүние мекенін?.. Сондықтан да тілеймін күнәңді Аллаһ кешуін, Аллаһ кешкен құлының жеңілдетпек есебін...

Жарық Қозыларың жүретін анасына жамырап, Анасы – әппәқ Ажарың сен кетіп ең қаңырап, Қалғандай боп жүрді де, тағдыр ісі, әрине, Ол да кетті, кетті ұшып өзің жаққа аңырап... Дұрыс болса Аллаһқа, дұрыс болмақ адамға! Өзгерту жоқ, әрине, тағдыр ісін адамға. Біз қимадық, дегенмен Хаққа ұнады солай боу, Мүмкін емес ұнамау Хаққа ұнаған адамға. Мен тілеймін екеуің бір кіруді Жәннәтқа, Жақсыларға орын кең дүниеден Жәннәтта. Қайтады адам өлмейді, Иә, сендер қайттыңдар, Қол ұстасып бір боңдар мәңгі, мәңгі Жәннәтта!.. Мүмкін, жүріп айтысып болса амалың етпеген, Болса арманың шындық пен туралықта жетпеген, Жеткен ісіңді еселеп, абыройыңды асырып, Рахымды, Өзі Аллаһ, рахымын төксе екен?! Рахымды, Өзі Аллаһ, рахымын төксе екен?! Мұнда жақсы еткендей, жақсы онда да етсе екен? Сеніміңде, бауырым, секілді еді ақау жоқ, Күнәңді Өзі кешіріп Фердауыстық етсе екен?! Әмин! 2012.2.20 ЖЫН ҰЯСЫ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Бұрсаң сөзді салмақсыздар қалжыңға, Олайы жын ұясы бар қалжыңда... Сөзге қалжың қосу шыны шындықты, Қақпақыл қып беру шайтан малғұнға. Қалжың қоссаң хақ сөз қалмақ хақсыздап, Қатықсыз шәй ішкен сынды ақсыз қап.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Үнемі елді күлдірумен кім өтсе, Екі әлемде сорлаушы сол бақсыз қап. Қалжың Хақты ұмыттырмақ адамға, Хақ болмайды қалжың құмар адамда. Шайтанға еріп абайсызда бір айтқан, Қалжың дананы айналдырмақ наданға. Қалжыңменен айырылып-жыртылып, Күлу хақты білген жанға дырқылық. Қалжыңменен өмір сүрген пенденің, Ашылмайды рухындағы нұр – құлып. Депті Лұқпан: «күлкі жүректі өлтіред»! Тірі ол Хақпен, денедегі ол – тірек! Күлкі қуып бір де Хақты еске алмас, Бұл сөз тірі өлікті еске келтіред. Қалжың хақты, хақ қалжыңды жоқ етпек, Бірін-бірі оларда жоқ өбекпек. Мысал, халал ішкеніңді нұр етсе, Харам халалды арам етпек, боқ етпек... Демек, анық қалжың шынның жойғышы, Қалжыңда еш сақталмайды ой күші. Ендеше адам қас қалжыңнан сақтанып, Болсын сөзді хақ нұр толы ойлы іші! 2012.3.4 ІШКІ КҮН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Күні бар күннің ішінде, Әрбір ісімді сенімдеп, Күнімді жағып ішімде, Күнденбейтін еш жөнім жоқ!

Жарық ӘЙ, ДҮНИЕ-АЙ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жаратпақ ол Хақ ісі, Адам ісі сұрамақ! Жоқты бар ғу Хақ ісі, Адам оны құрамақ!.. Адамда жоқ жарату, жоқты әмбе бар ету, Жауап беред бәріне Аллаһ сөзі Құран-ақ! Аллаһ ісі жарылқау, адамдікі өтіну, Жол көрсету Аллаһтан, басса да әлем бетін у. Түкті алып бұл адам, бере алмайды түкті де, Надан ісі сондықтан дүниемен бекіну. Жәрдем Хақтан болады, етсе адам ол себепкер, Жұмақы етпек адамды ақ жолда еткен себептер. Адам құны ақылда, Адамды ақыл дана етпек, Тура Өзіне тартқанға Аллаһ Өзі медеткер! Тура Хаққа тартады ақылдысы адамның, Қадам жарығы ішінде Хаққа тартқан қадамның. Ақылы жоқ хайуан танығанда Аллаһын, Хайуаннан төмендеу ісін қылу наданның. Ақымаққа дүние шетсіз, шексіз сезілмек, Тауыспақ ол өмірін «дүние» деп безілдеп. Тек дүние болғасын мәңгілігі ондайдың, Мәңгілік һәм Хақ жәйлі рухы өлмек, көз ілмек... Рухы өлсе, бұл адам, тек кері істі ұнатып, Бұзылған ас секілді бұзылады түн асып. Көріп тұрып көрмейтін, Естіп тұрып сенбейтін, Бола қалмақ әп-сәтте не кәпір, не мінәфық. Обал-ақ, шын, адамға, обалы әрине өзіне, Құлақ аспағасын да Хақтың нұрлы сөзіне.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Сенім заңы мұсылман – сенуі шарт ғайыпқа, Ақылымен көретін көрінбеске көзіне... Әй, дүние-ай, тәттісің, Шынымен-ақ тәттісің! Сені сүйіп көп пенде кесапатын тапты шын. Сонша ақылды адамды абы болып арбап бек, Маңдайынан ұшырдың мәңгісінің ақ құсын... Әй, дүние-ай, қаттысың!.. 2012.3.4 ДІН СЫРТЫНДА (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Дін сыртында ешқашан әділдік жоқ, болмайды! Дін сыртынан әділдік іздесе, адам, сол қайғы. Дін сыртында дүние мәңгі болып көрінбек, Дүрлегеннің дін сырты лапылдамақ көрінде от. Екі әлемге мәңгілік жүргізетін әмірін, Дін сыртында шын адам танымайды Тәңірін! Дін сыртында шын адам өзі айланбақ «тәңірге», Құлақ аспай құлқы өшіп Құрандағы әмірге! Дін сыртында барлығы еркін болып ұғылмақ, Еркін кеткен ақыры тозақ отқа тығылмақ! Дін сыртында өмірдің жоқ ешқандай бағасы, Көзі шығып біреудің, жыртылады жағасы... Дін сыртында уақыттың білінбейді өткені, Қадірленбей қанша бақ желмен ұшып кеткені. Дін сыртында ақылдың құны тиын саналып, Қалмақ асты табанда қасиетті даналық.

Жарық Дін сыртында жын сезім айқұлақтап алға озбақ, Кереметке баланып кердеңсіген сал «боздақ». Дін сыртында адамдық түбірінен қараң қап, Харам ішу, Зина ғу жігіттікке баланбақ... Дін сыртында дін ісі құбыжыққа баланып, Шын құбыжық боп өтпек адам ардан таланып. 2012.3.4 ҰСТАЗ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ұстазбенен тұрмайды шәкірт қатар, Шәрбат дәмін ұстаздан шәкірт татар. Білімсізді қатарға ұстаз қатар, Надан болса ұстазын шәкірт сатар. Анық ұстаз Хақ ісі данышпаны, Анық ұстаз тәңірлік жан ұстамы. «Екінші ана» деп кейде бағалаймыз, Шын ұстазды тулаған намыс қаны. Шын ұстаздан шын шәкріт шығары анық, Шын ұстазға шын шәкріт шыдары анық. Шын шәкріттің шын ұстаз бағын ашпақ, Хақ ісіне жатпас еш шүбәланып. Құл қожа Ахмет, Абайдан кейін бізде, Ұстаздыққа болмады-ау бейім бізде. Ол ақиқат құдайсыз заман үсті, Түскен жарық болған жоқ кейінгі ізге. Тіпті, Абай да ұстазсыз боп өскені, Мына сөзден белгілі емес пе еді: «Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім»... «Олай емес» деп онда егеспелі!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Абайды біз «ұстаз» деп танысақ жөн, Хақ жолымен өйткені ол таныс әбден. «Ұстазы жоқ халықпыз» деген кейде, Жүректі езіп етеді намыс ақжем! 2012.3.7 ШЫН СЕНІМ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Адамды адам ететұғын сенім шын, Шын сенімде шын менің бар сенің шын. Шын сенімде шын танисың Хаққыңды, Сол екенін естіп, біліп, көрушің. Шын сенімде қылдан таю сенде жоқ, Шын сенімде желік қуған сөнбек от. Шын сенімде адамдыққа жетесің, Нәпсі қуып жүресің де пенде боп. Шын сенімде ақ-қараның не екенін, Анық танып, дейсің «пәни не теңім». Шын сенімде лайықтайсың өзіңді, Көзбен көріп мәңгіліктің мекенін. Шын сенімде табынарың жалғыздап, Хаққа құлдық деп білесің жалғыз бақ! Шын сенімде тарықпайсың еш неден, Шын сенімде қор болмайсың жалғыз қап. Шын сенімде шын Досыңды табасың, Шынның онда шын білесің бағасын. Шын сенімде оған дейін қара тас, Кеудеңде өшкен шырағыңды жағасың. Ол шырақтың майы сенім болғасын, Өшпейтін ол мәңгі жарық жолдасың. Өшпейтін ол Хаққа сенім мәңгілік, Мәңгілікке ол болмақ сенің жолдасың! 2012.3.14

Жарық ДАУЫС (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Әр ата-ана нұрланбай, Әр отбасы нұрланбас. Әр отбасы нұрланбай Мемлекет нұрланбас! Әр ата-ана орнықпай, Әр отбасы орнықпас. Әр отбасы орнықпай, Мемлекет орнықпас! Әрбір жеке хақтанбай, Ұлт пен ұру хақтанбас. Ұлт пен ұру хақтанбай, Мемлекет хақтанбас! Әрбір жеке шынданбай, Әрбір әкім шынданбас. Әрбір әкім шынбанбай, Мемлекет шынданбас! Әрбір ұстаз растанбай, Әрбір шәкірт растанбас. Әрбір шәкірт растанбай, Елдің халқы растанбас. Мақтаулы Аллаһ тұрғанда, Мақтаулы құл мақтанбас. Хақ төбеден ұрғанда, Жаман одан сақтанбас. Сақтанбаған сафтанбас! Халық өзі дінденбей, Ханы оның дінденбес. Ханы оның дінденбей, Мемлекет дінденбес!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Мемлекет дінденбей, Мемлекет гүлденбес. Мемлекет гүлденбей, Елдің күні күнденбес... Бұл сөзімде қате жоқ, Мәнін терең білгенге еш. Хақтан қайтсең де, ей, халқым, Айырмағын іргеңді еш! Түк марқадам таппайсың, Рас сөзге күлген де еш. Жақсылықтан айырма, Жамандықпен іргеңді еш. Ойсыз, қамсыз, амалсыз, Алам деуге нұр көнбес. Сондықтан да, бауырым, Хақ жолына бірден көш! Сонда ғана қалмайсың, Хақиқаттан мүлдемге еш. Олсыз адам өмірі, Олла-билләһ гүлденбес! Ала-алмайсың һәм Хақтан, Жәннәттайын жүлдеңді еш! Тиынға опа бермейді, Бұ дүние білгенге еш! 2012.3.14

Жарық ДӘУ КЕН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жыр арнапсың маған бір, шүкір, досым! Надан ғана жақынын шұқыр, досын. Маған айтқан тілегің өзіңе кеп, Басыңда бақ, бауырым, шүпірлесін! Рахымет айтпаған рахыметтен, Кенде қалады екен Хақ рахым еткен. Сен де, шүкір, ізгінің бірі ең, Дәукем, Ақын деген аймаққа аты кеткен. Екеумізді анық ед Хақ қосқаны, Алдымыздан әппәқ нұр бақ тосқаны. Мен де саған адал ем, сен де маған Адал едің суындай ақ – тоспаның. Жылағымды келтірдің жырыңды арнап, Жыр боп ұшқан жүрегің – нұрыңды арнап. «Неге өйтті екен» дейтұғын некер емен, Жат бұратын жақсы ойды қырын қармап. Сен де, мүмкін, «әппәқ жыр – бұлағым» деп, Жазған да отқан шығарсың жылағың кеп. Жақсы көңлің үшін мін, арқам міне, Арманыңа ап ұшайын пырағың боп! Мендегі арман, менше ұқсас, – сендегі арман, Мұмкін емес «Хақ» деген сембегі арнаң. Арманымыз біздердің – Жәннәтқа еніп, Хақ қауышу! Бұндай-шы, жеңбек арман!.. Бұдан артық болмайды биік мұрат, Адам үшін Жәннәт – нұр биік тұрақ. Сондықтан да Жаратқан хақ Аллаһтан, Басты жүрген біз бір құл иіп сұрап?!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Көпір салып, бақша рас тұрғызбадық, Сонда да ақты (нақақ па?), ұрғызбадық. Аллаһ Өзі салғалы ақ жолына, Пейлімізді бұзғыға бұрғызбадық. Шүкір деуге тиіс пе, шүкір дедік, «Соқыр» көрсек «алдың жар, шұқыр» дедік. Күле қарап Хақ ісін тәрк еткенге, «Байқа, бауыр, бұның шын күпір» дедік! Мүмкінінше жыр бетін бұрдық Хаққа, Түсіндік те екенін құрлық – қақпа... Құранды оқып, болмысқа ой жүгірттік, Ондағы Ұлы Хақ айтқан сырды ұқпаққа! Дүние емес мәңгілік бақытты іздеп, Жатар ойдан бас тарттық «жахұтпыз» деп. Өлі халден Хақ Өзі тірілтпесе, Мәңгі кетпек екенбіз бақытсыз боп... Біздің әлі шәш-етек бар күнәміз, Бір сауаптан жалмауда әр күнәміз. Тілге, Көзге, Нәпсіге ерік беріп, Қас қаққанша-ақ даңғылды тар қыламыз. Титтей ғана талаптан аса алмаймыз, Тек шын үшін жанарға жас алмаймыз. Болар-болмас көңілге қаяу кетсе, Қан шапшытқан ызаны баса алмаймыз. Демек, бізде бар әлі өкпеге орын, Жыға ғана салуда өкпегі оның. Олшы, сен де Шынды ең шын өппегенің! Олшы, мен де Шынды ең шын өппегенім!! Міне бұлар біздегі кемшіліктер, Демек, ішкі біздегі кем шынықты «ер».

Жарық Шын Шын үшін Жалғанды тәрк ете алмай, Жалған үшін ашуда кеңсіріктер. Саған айтпай кімге айтам, Дәукем менің! Сен мен үшін таусылмас дәу кен де едің. Сенен өзімді оқушы ем аңқыл қаққан, Қуаныштан алқынып әукем менің. Сенің маған ұнайтын сүйіспенің, Жүрегіңмен жаныма түйіскенің. Артық соғып кетпесе сүйіспенім, Саған қайым жақпауы тиіс менің?! Артық сүйіп жақпасам кешір мені? Мен әуелден сүйгем жоқ көшірмені. Мені қай дос достықта ұнатпаса, Ең сүйгіні ол өзінен өшіргені!.. Отырған-ай бір түрлі жылағым кеп, Бірақ хақтан басқа іске жылағым жоқ. Сен де маған ақ, Дәукем, жылы ағын боп, Мен де саған ағайын жылы ағын боп! Сөйтіп бірге ұшайық Жұмақ жаққа, Біздер күткен бақыт тек Жұмақ жақта... Дүние жалған, онда оған пысқырмайық, Табыстырсын Хақ бізді Жұмақ – бақта! Әмин! 2012.3.15 СОЛ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) «Нәпсіңді тый, Салтыңа орал», Қайт дінге! Айтар болсаң білгеніңді айт дінде! Хақ жолында талмай қылып шын құлдық, Қайтсаң егер «шын құл болып қайттым» де.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Нәпсіге еріп қайта алмасаң хақ дінге, Дүниеде қасіретке баттым де. Дүниеден дінсіз болып өттің бе, Онда өзіңді өзің оқ боп аттым де! Дүниеде болғанымен тақ кімде, Мәңгілікке тұрар дейсің тақ кімде? Екі әлемнің бақыттысы сол, бауыр, Бұ дүниеде болса құлдық, хақ кімде! ШӨЛМЕК (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Адамдарды айналдырма мазаққа, Малғұн шайтан ласы болмақ мазақта. Адамдарды айналдыру мазаққа, Анық түбі тартылар іс азапқа. Тісі орсақ, қисық көзі, мұрыны, Ал біреудің әйелге ұқсайд түр, үні... Мазақ – кемің, сондықтан да доғар, дос, Бойыңдағы менменсіген іріні. Бәрі де оның Хақтан, Хақтың сынағы... Бұл істе Хақ хақ құлдарын сынады. Жұртты сылтың қылмақ келмек басқа, дос, Байқа, байқа шөлмек бір күн сынады!..

Жарық ҰШЫРҒЫ МЕН ТАРТҚЫ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ашу кекті, Ақыл текті болады, Ашуына ерік берген солады. Ақылымен ақиқатқа ұласқан, Кемелденіп адамдықта толады. Ақылымен адамдықта толған құл, Екі әлемде ең бақытты болған құл. Ашу мініп, кек бағатын иіріп, Жұмыр Жерде-ақ жуадайын солған құл. Ашу құлды иманынан тұл етіп, Аллаһқа емес, ібіліске құл етіп, Ізгілікпен қойған бағын гүл етіп, Бір-ақ сәтте-ақ жібереді күл етіп. Ақыл құлды тек Аллаһқа құл етіп, Ізгілік пен хақиқатта түлетіп, Іс, ниетін, сөзін нұрлап хақ нұрмен, Екі әлемін жібереді гүл етіп. Ашуыңды ақылмен бас сондықтан, Нұрлы ақылда нұрсыз ашу сең бұққан. Ақылды құл Хаққа қарсы келмейді, Құранды оқып, Исламдық жөнді ұққан!.. 2012.3.23

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ЖАҢА (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Дейміз біздер «дін көне», Дін емес, біз көнеміз. Алмаған соң діндене, Көрінеді көнеміз. Көнеліктен күндене, Көрілмеуі дін шыңы. Болса анығы кім көне, Соған жабық дін шыны. Балағаттан соң адамда, Басталады ескілеу. Ұстау жаңа оны адамға Келмек діннен, естім-оу! Көнелігі адамның, Діннен тыс қау мәңгіріп. Басылмауы қадамның, Дін – жаңаға мәңгілік. Дін Хақ қалау болғасын, Кірсіз, таза, зат жаңа. Адамға, өзін, ол да сын, Дінде ұстамау жап-жаңа. Кірімізді ішкі анық, Дінмен жуып-шаймақпыз. Дінмен құл боп күшті анық Пәк тұрмақпыз жайнап біз. Болғасын да дін жаңа, Адам дінге өтеді. Хақ алдына дін ғана, Жаңа күйі жетеді.

Жарық Қалмау үшін көнеріп, Қадірсіздеп ескіріп. Дінге, қане, енелік, Тұрмай хақсыз осқырып. Біз іздеген хақ сонда, Біз іздеген Нақ сонда. Біз іздеген бақ сонда, Біз іздеген тақ сонда... Дінмен жүрсе адамның, Жаңа халы сақталмақ. Дінге ендіріп адамның, Жаңа халын сақта, Аллаһ?! Әмин! ТАЗАЛЫҚШЫ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Бәріне Хақ қазы анық, Хақтан үміт үзбеген, Мұнда келген тазалық Жұмысшысы біз деген. Қақымыз бар Хақ алды, Адамдықты сақтауға. Дүние үшін ғазалды, Ар, иманды сатпауға! Біріміз хан, біріміз Ғалым, ақын, данышпан... Шетімізден іріміз, Жалған атақ, намыстан... Мәңгі өлместей байлыққа, Аш пейілмен кірісіп, Бола өмірлік шайлыққа, Сорлаудамыз нұр ұшып...

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Хақ жаратқан таза ғып, Сақтандыра күнәдан, Анығында тазалық Жұмысшысы бұл адам. Білген мұны қорланбас, Нәпсісіне болып құл. Хақтар тіпті ел нанбас, Хақ нұрына толып кіл. Ұрысқаны аз, кейіткені, Өтейтін тез жазасын, Ханнан гөрі, өйткені, Тазалықшы таза тым. Дүнияуи сынақта, Салмағасын «кірге» қол, Тазалықшы Жұмаққа, Ханнан бұрын кірмек ол... Бәріне Хақ қазы анық, Хақтан үміт үзбеген, Хақтан келген тазалық Жұмысшысы біз деген. Сондықтан да өмірді Сүрмей тірі қаза қып, Сүр бірінші нөмірлі, Боп жұмысшы тазалық!.. ҚҰЛЫНЫМ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Заң солай... Дінді оқытпай надан болдым, Сондықтан нәпсі әр басқан қадамда өлдім... Өмірді өлі сүріп жүргенімде, Дін келіп, Құранды оқып адам болдым!..

Жарық Балам, сен дінді, шүкір, оқып өстің, Көңілге хақты әліңше тоқып өстің. Сондықтан ерте алмау шарт сені, балам, Жастықтай жалыны ұрған оты кештің... Орының одан сенің биікте тым, Себебі тәрбие алды биікте есің. Сондықтан бұзғы істен құлан түз кет, Құлыным, адамдығың биіктесін! Немесе ұста осы биігіңді, Күшейтпей дүние отымен күйігіңді. Құлыным, сонда ғана жүректегі, Ашасың алдырмаған тұйығыңды... 2012.4.19 АЗУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) І Хақ сенімім жүректе, Хақ Пайғамбар соңында, Ағып келем, сан шүкір, Хақ Аллаһым жолында. Мәзһабтамын ол рас – Имам Ағзам мәзһабым, Қандай іске сөзі үлгі хақ Құраным қолымда!.. Боу шарт еді мұсылман бір-біріне ең бауыр, Маған әйтеу кей тарап... қимылдайды емге ауыр... Шүкір Хаққа білгізген, көзім жетті, сол анық, Дін басқа, адам басқа екен... сенбе бұған сен, бауыр!.. Шүкір, шүкір, сан шүкір, Хаққа иман келтірдім! Оқып намаз, нәпсімнің кері жағына мол тұрдым... Қаж да бардым Хақ жар боп, (жетсе берем) қазірге Жетпегесін байлығым тек Зекетті «өлтірдім»... Жұма барып мешітке жұртпен бірге қайтамын, Қалам қолда, таңдайға Хақ салғанды айтамын... Тырысамын ол да рас шақырғаннан қалмауға, Бірақ дінде бөлетін жіктерге бар қайқаңым...

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Тарабында болмасаң жоқ екенсің еш топта, Алады екен сыртыңнан өзсінгенің не, өш боп та. Аллаһ құлдың, әмин, азуынан сақтасын, Азса кетеді екен құл тастап жүріп дос боп та!.. ІІ Аруақшылдар, масқара, олар үшін арабпын, Рухани жұтылған мүритімін арабтың... Олар үшін көк тиын, қазақ тұтқан мың жылдық, Құндылығы Ислам, ақиқатшыл тараптың. «Тәңір» дей ме, Аллаһты Тәңірі білмей шатасып... «Бөрі» екен-мыс олардың жетпіс жеті атасы... Өлген дереу «құдайға» шыға келіп айналып, Бетке ұрады, сұмдық-ай, нанымдағы қатасы... «Ұлт» дегенде «ұрып» тұр, Ұлттың діні жауы нақ! Хақсыздықпен қарайған қасіретін жауып ап, Отан, ұлт тек, бар ғой-шы, солардікі секілді, «Аллаһ» десең жаусың сен, ту-у алыстан жауығад! Әй, шіркін-ай, білгенді білмес тыңдау жөн еді, Білместіктен бұл қауым не істеп, не жемеді?.. Білмейтіннің рухына білгендікі ем еді, Бүйтсе ондайлар, білмеймін, өзін дінсіз көмеді!.. 2012.4.21 ДЕРЕК (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Болса дағы кім ие, Бәрі өзінде керектің. Тарих дағы дүние, Мен ондағы дерекпін.

Жарық Құдіреттің күшінде, Мәужүт24 болып кең ырғын Сүріп өткен ішінде, Дүниенің өмірмін. Алар мүмкін ертеңім, Болса егер керегі. Кешіп өткен өркенін, Мен дүние дерегі. Бір жерінде уақыттың, Жетегінде Бір Иенің, Сүрген өмір уатып шын, Расымын дүниенің. Заманақыр келіп қап, Құламаса Көк пен Жер, Иншаллаһ, бір жолықпақ, Дерегім... Тек, сөкпеңдер!.. 2012.4.21 БАР МЕН ЖОҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Діні бар адам – діңі бар адам. Діні жоқ адам – діңі жоқ адам. Діңі бар адам тұратын адам, Білетін анық мұратын адам. Діңі жоқ адам тұрмайтын адам, Мұратын құлдық ұрмайтын адам. Демек, дінді адам анық құл адам, Дінсіз ол бейбақ тамұқ құлаған... 2004.6.5 24 Мәужүт – бар болу

Құл-Керім ЕЛЕМЕС БІЛДІРУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Иманды адам нәпсісін өзіне құл етеді. Имансыз адам нәпсісіне өзі құл болады. Иманды адамға нәпсісі өзі қызмет етеді. Имансыз адам нәпсісіне қызмет етеді. Иманды адам нәпсісінің алдында жүреді. Имансыз адамның нәпсісі алдында жүреді. 2004.6.6 АКТЕР (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ақылым көзін ашпауда, Жұпарын жұртқа шашпауда. Білдіріп Хаққым, білгенім, Қарын қамынан аспауда... Салғырттық ойды бөлуде, Уақтым көбі өлуде... Қырық та мынау қылығым, Не тындырмақпын елуде?! Бар ма, жоқ маған ол сәттер? Өтті шақ «нұрға толсақ» дер... Құртады екен пенде өзін, Аллаһтан алыс болса актер!.. АЛАҢ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Қорқамын! Жанымда жалаңдайды мұң... Жортамын... Жоқ өткен санамда ай, күнім... Ойлашы бекісе жүрек, көз, құлақ, Бақиына адам боп алаңдайды кім?

Жарық ҚАҢҒУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Сенімі жоқ Аллаһқа, Мән таппайды еш істен. Ауадағы салмаққа, Онда ақылмен көшіс кем. Қадамдағы әр басқан, Тыныстағы әр алған, Мәнді білмей алға асқан, Құл тұра өзі жаралған!.. БҰЗҒЫ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Туысты сөз бұзады. Сәбиді көз бұзады. Ақымақты алқау бұзады. Жақсы істі жалқау бұзады. Малды айдау бұзады. Достықты жәй дау бұзады. Ішті харам ас бұзады. Әйелді қарамас бұзады. Сүтті іру бұзады. Ұлысты ұру бұзады... СОЛҒЫ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Толғана алам, Қолға қалам енді алмасам болмады. Жыр дүниені жырсыз сүю толғамыма толмады. Аллаһ берген ақиқатты Аллаһ берген өлеңде, Айтпай қалу ақындағы ақындықтың солмағы!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС КЕРЕМЕТ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Керемет ақын жоқ, Керемет бар Аллаһ. Жармын дер ақың жоқ, Бәріне жар Аллаһ! Пендеге салсаң ба, Менмін дер керемет. Құзырда ол қалсаң ба, Өзіңді керең ет. Керемет Хақ Аллаһ, Хақ қана керемет! Хақ деп тек ақ алға, Хақ деген еленед! ЖАРЫҚШАҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жүрегім, сұмдық, өлі еттей, Кеудемнен мүлде бөлектей. Рухым менен өзімді, Қойды ғой мүлде тел етпей. Ақылы тұрса да өкініп, Сөйтуді санам өтініп, Жүрегім жыбыр етпейді, Алғандай без боп бекініп. Зікірлеп Аллаһ әр атын, Ұшсам да жетпей баратым... Рухым мен өзім ортамда, Жатқандай шөгіп қара түн...

Жарық ЖІГІТ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ибалы жігіт елі, жұртын сыйлайды. Ибасыз жігіт ауылына сыймайды. Ақылды жігіт өзін өзі ер етеді. Ақылсыз жігіт ата-анасын жер етеді. Әдепті жігіт өз тілін өзі тияды. Әдепсіз жігіт өз қыршынын өзі қияды... ДҮМШЕ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Діндегіде дүмше жоқ, Дүмше дінде еместер. Діндегіні «дүмше» деп, Соғар дінде еместер. Сөйтіп хақтан жерінер, Көрін қазып өзіне... Дана жын боп көрінер, Дінде жоқтың көзіне. «Дүмше» өзі болмаған, Бола алмаған білместің, «Дүмше» жәйлі толғаған, Толғамынан мұң кештім... Өле жатқан «дүмшенің», Танығаны Тәңір – Хақ. Ей, өлі құл, біл соны, Таны Иеңді таңырқап! «Дүмше» болып ал да әуел, Қара ол да емес кезіңе. «Дүмше» болда – молда бол, Молда ол – ұстаз өзіне!..

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ХАҚТАН ТІЛЕК (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Барлық мадақ саған тән, О, Аллаһым – Тәңірім! Кері істі де оң етер, Сенің шексіз әмірің! Сенен басқа Құдай жоқ! «Бар» деушілер азады! «Бар» деушілер өзінің Көрін өзі қазады!.. Қазақтайын момынды, Арсызға енді жем етпе! Арсызға арын жем етіп, Абыройын көн етпе! Сүйген елді өзіңді Әл-Мисақтан растап, Қалдыра гөр қашанда, Хақиқатта нұр асқақ! Тарағанды қанынан Баурынан жертпе! Саған ғана сенімін, Санасында берікте! Бойындағы кемісін Болмысынан айыр да, Еткен күллі тірлігін Айналдырғын қайырға! Өзіне-өзін силаттыр, Жат жанынан түңілсін! Көріп сендік бірлігін Көре алмастар мұң ілсін... Бағын жандыр халқымның Ынтымағын үздіктеп! Өтердей ет өзіңнің Жәннәтіңді «біздік» деп!

Жарық ҚЫЛАУ (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Біз қазақ бұл күндері кіммен доспыз? Адасып айдалада жүрген көшпіз. Арабтың тіліндегі дінмен емес, Арақтың түбіндегі жынмен доспыз... М.Тазабек Жынменен дос болудан қайт, қазағым! Араққа салыну ма, айтпа о жағын! Сақтаған болмысыңды дінің тауып, Қайтадан кәлимәңді айт, қазағым! Қайтадан кәлимаға тілің келтір! Асқынған аш нәпсіңді діліңде өлтір! Қаласың бұл тұрыңмен күресінде, Орныңнан қатарыңнан, бұрын, бол, тұр! Кеше ел ең көңілімен көк тіреген, Түрің бар бүгін шөп жеп, етсіреген... Оданда үйір де иман, ортаңнан оз, Қалпыңа ен де қайта өткір, ерен! Сөйт! ӨТІНУ (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Хақ жүрегім, Саған ешті телмейді, Жоққа сеніп жоқ боп кеткім келмейді. Саған сенем – екі әлем Егесі, Саған сенген екі әлемде өлмейді! Сөз, ісімді біреулеші – шындайын! Сенімді етші, Сені ғана тыңдайын! Жан-тәнімді пәгейте түс Жар-Аллаһ, Қайдан келген қас малғұнға қыңбайын! Сені ғана айналайын Хақ Аллаһ, Жарық алып айналғандай Күнді Айың!..

Құл-Керім ЕЛЕМЕС БІЛУ (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Бұл жалғанның жалғандығын білдірдің, Шүкір Аллаһ, Жәннәтыңа бастай бер! Білмей қанша бүтінімді бүлдірдім, Ақылды әлгі Абайларша аспай кер... Қырық асып, қырық бесте енді ұқтым, Нұр дегеннің, жыр дегеннің не екенін... Арасында бойлық пенен ендіктің, Әзер таптым Адам ата мекенін... Адам ата жер мекені – Мекке екен, Әрине оның мәңгілігі Жәннәт-ты! Рухымды нұрландырып Жерде есен, Нәсіп еткей Атамекен Жәннәтті?! КӨЗ (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Көз маңдайда төре еді, Ол бәрін де көреді... Ол ақылсыз бірақ та, Нәпсі артынан ереді. Адамда иман болса анық, Ақыл оған толса лық, Нәпсі нұрлап, көз сонда, Көрер шынды ең қанық!.. Олсыз көздің көргені, Нұрсыз нәпсіге ергені... Не имансыз ақылдың, Санаға айтып бергені... Нұрсыз ақылға ер мейлі... Нұрсыз нәпсіге ер мейлі... Адам нұрлы имансыз, Көз шындықты көрмейді!

Жарық ЖЕР (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Ей, адам! Адамын тонатқан надан! Көрдің бе, анау «Көр»! Көзіңді аш та көр! Уақыт уақтыңды жер... Жер сені жер!.. Мәңгі емес төр!.. Біреу Жерді нұсқап тұрып: «Жер» десе, Ол сені ертең жейтұғын «жер» дегені! Біреу Көрді нұсқап тұрып: «Көр» десе, Ертең «кірер көрің, ал, көр» дегені! Жер сөзі әуел «же» деп бұйрық ап тұрса, Сосын «жер» деп ескерту де беріп тұр... «Же» сөзінде бұлжымайтын хақ тұрса, «Жер» сөзінде сені жер Жер торып тұр!.. Онда үстінде жүрсің ненің сен білгін! Жалын Хаққа, көп жылап, бек кем күлгін! Ей, ақылды пенде, өзіңді неліктен Жер жер бұрын нәпсіңе екі жем қылдың?!.. Ұлым, шақыр, тұр қанеки, Азанды!.. АР (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Таңғалдым Құдіреттің құдіретіне! Ене алмай жүріппін Хақ құзыретіне... Хақ Аллаһ ендіріп ед құзыретіне, Қалмады қақым қайда қыбыр етуге!.. Білмесең «білем» деуден тартынбайсың, Айтудан қайдағыны арсынбайсың... Айтудан қайдағыны арсынбауың, Қалмаудан қасиетіңде ар шыңдайтын!..

Құл-Керім ЕЛЕМЕС АЛЛАҺЫМ (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Тек қана өзімдік тұлғаммен, Тұтас бір жарыққа айналдым. Пенде боп көп күнә қылғам мен, Енді Өзіңе адам боп байландым! Аллаһым! Осылай қалдыршы кіл нұрда? Мәңгілік жалғанып кіл нұрға, Мәңгілік жарқырай берейін, Ақырсыз айналмай бұлдырға?.. Аллаһым! АДАСҚАҚ (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Жорам менің, қайтейін, Еріп кеттің басқаға... Өкінерсің, әй, кейін, Басыңды ұрып тасқа, аға! Тәтті тілін емізген, Астына уын жасырып. Құпиялы, сен, ізбен, Жүріп кеттің бас ұрып... Өзің кетпей кетсең де, Айналаңды ап барасың. Әй, қателік көп сенде, Жанға түскен жарасың... Сияқтанып Намұрыт, Ақ, қарадан тұл болдың... Діннің тонын жамылып, Діні жоққа құл болдың!..

Жарық ХАҚ (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Ізгілікпен үндестір? Ізгілермен дос ет, Хақ! Өмірімді күндестір? Берер алда есеп хақ!.. Жарық жолға түсірдің, Қарыз бенен аманат, Кісі ақысын түсіргін мойынымнан? Санам ақ! «Пайда бермес ғылымнан, Қорықпайтын жүректен, Тоймайтұғын нәпсіден, Қабыл болмас дұғадан сиынамын!»... Кезексіз Тілек қабыл Етушім! Нажағайдай тез өткіз? Сиратыңнан өту шын!.. ЖАҚСЫ, ЖАМАН (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Жақсылар бір-бірімен керіспейді! Жамандар бірін-бірі терістейді! Дәлелге Хақтың Сөзін келтірсең де, Жаман ол туралыққа келіспейді! МАЗА (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Мені тарайтып жүрген, Айналамның тарлығы... Мені қарайтып жүрген, Хақ ісінде харлығы!..

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ТӨРТІНШІ МҮШЕЛ (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Мың тоғыз жүз алпыс үш, Қарашаның бесінде, Мен келіппін өмірге, О шағым жоқ есімде... Жыңғылдының маңы екен, «Қызыл үйде» турасы. Түлегі едім қазақтың, Бураталдың тумасы. Қырық тоғыз мүшелге, Шүкір, Аллаһ, жеттім кеп. Айта алмаймын еліме: «Егей еңбек еттім» деп!.. Сонда да, Аллаһ, сан шүкір, Бергеніңе жолға сап... Болады екен пенде адам, Аллаһ Өзі қолдаса! Адам болдым мінеки, Хақтың ғана құлымын! Мұхаммедтің үмбеті, Қазақтың бір ұлымын! 2012.11.5 ПЕРДЕ (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Сенбейтінді Тәңірге, Сендіре алмақ құл қайтіп? Көрмейтінге көрмейді, Көрсетсең де ұлғайтып!..

Жарық ШЫН СӨЗ (Бимиллаәһир-Рахманир-Рахим) Қарамай Хақ сөзі – Құранға, Құл сөзіне өтірік жуықпыз. Тұрса да шын хақ сөз Құранда, Келеміз жалғанды қуып біз. Келеміз жалған сөзді растап, Хақ сөзін ақтарып бір білмей. Ақылдан аулақта рас қап, Жалғанды талшықтап, ділгірлей... Құл сөзін «өнер» деп әспеттеп, Хақ сөзін «ақыл» деп хар болдық. Нұрсыз сөз айтам деп ескектеп, Қалып хақ назардан қор болдық! Құраннан аулақтап – жарықтан, Нәпсінің шыңынан ары асып, Біз бір қор пендеміз зарыққан, Секілді суалған қарашық!.. ӨЛШЕМ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Адам Тәңір әрине болмағасын, Беру қиын адамның дәл бағасын. Шүкір дейсің жүрегін Хақты сүйген, Жүрегіңе хақ сүйген жалғағасын. Түсініктен тұрады адам деген, Парқы иманда адамның наданменен. Жалғанбайды мың жерден жалғасаң да, Хақсыз надан жүрегі адамменен. Міне осыдан біл білгің келсе мұны, Адамның жүз, наданның нөл сенімі. Баға берме адамға, дегенменен, Өлше иманмен өлшегің келсе мұны!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ҚОЖА (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Күнде сенің оқитының Құран ба, әлде жыр, ән бе? Болмас шындық өзегінде Құраны жоқ жыр, әнде! Хақты таныр хақиқаттан құры қалдым деп түсін, Құранды алмай есіңе түк болса ойың тек жыр, әнде! Хақты қақтар өзегінде болмаса нұр сөзіңнің, Болмағаны хақиқаттың болмысыңда өзіңнің. Өмір сүріп дүниеден өткеніңмен адам боп, Екі әлемдік хақ шындыққа жетпегені көзіңнің! Ол деген сөз – адам болып келгеніңмен өмірге, Неге келген мақсатыңды түсінбеуің өмірге! Нәпсі менен шырмауында лағынеті шайтанның, Ақылыңмен өз-өзіңнен аса алмауың өмірде! Сөйтіп атақ, қуып байлық, қамыменен қарынның, Күшін сезбей жүрек, қайрат, жауһар ақыл, қарымның, Дүниеге ашық келіп жабық күйі өтуің Олардағы Хақты таныр көзін ашпай дарынның. Ашылады адам дінде, Дін адамның жобасы25, Жобасы жоқ емес адам, халал ісі, жоқ асы!.. Адамды ашар жүрек кілті – Ләә иләәһә илаллаһ, Дінде ашылған адам ғана болмысының қожасы! АЛА (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Білмесең досың болар көп, Білдің бе жалғыз қаласың. Аласы адам ішінде, Көрмейсің сырттан аласын! 25 Жоба – праграмма

Жарық АЗ БЕН КӨП (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Адамның пендесі көп, адамы аз, Себебі хақиқатқа қадамы аз. Адамның адамы көп болу үшін, Болу шарт Хақ танымас наданы аз! Аллаһын танымаған надан болмақ, Құдайсыз надан қайтіп адам болмақ. Аллаһын танып құлдық етпегесін, Надандық адамдағы содан болмақ! ХЛУЕТ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Бір қарастан естен танса шайхтар, Мың қарайтын біз сорлыға сөз бар ма?.. Мақсум Зарлы

Сол үшін де керек кейге хлует, Хақтың анық қалу үшін құлы боп! Ол хлует өзің боп өт еркіңе, Сөйтіп хақтан өздегі өздің бірі боп! ӨТКІ (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Тіл де өтеді адамға, Сөз де өтеді адамға. Адамыңа абай бол, Бағдарыңды бағамда! Суық жүріс өң бұзар, Зинақорлық ген бұзар... Ген бұзылу адамның, Екі әлемін тең бұзар...

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ТАНЫМАУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Көп пенде нәпсі айтқанды қоя алмай жүр, Көзі ашық, көкірегі оянбай жүр. Жаралған мәңгілікке – адам рухы, Фанидің қызығына тоя алмай жур. М.Тазабек Өйткені танымай жүр Жаратқанын! Жаратып, бір Адамнан таратқанын! Өзін де, екі әлемді жоқтан бар ғып, Рызықтап, Өзіне Оның қаратқанын! Таныса көкірегі ашылар ед! Рухынан иман нұры шашылар ед! Мақсатын жаратылу біліп, бақтап, Дүниеге махаббаты басылар ед! Шайтанды иман ғана «жоқ» етеді! Имансыз адамдық та жоқ есебі! Хақ бірақ сүйген құлын иманды етпек, Иманмен адам адам боп өтеді! (Ондайлық көпте болмақ жоқ есебі...) ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫМ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Қалада түнде, көшеде баяу, Келемін жалғыз көңілім ояу. Құлаққа ұрған танадай әлем, Малынған нұрға қап-қара бояу. Сол қара бояу ішінен жарық, Көрінді менің жұлдызым жанып. Көрінген сол бір жұлдызым жарық, Жарқырап тұрды түнімді жарып. Сол жұлдыз жарық түнімді жарып, Келемін кешіп күнімді жарық.

Жарық Сол жарық, шіркін, кеудемнен қуды, Имансыз, надан күнімді ғарып... Қалада түнде, көшеде баяу, Келемін жалғыз, келемін жаяу. Ұйқылы түнде жұлдызбен көкте Жалғасқан жарық көңілім ояу. НЕГЕ?... (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Өз тілінен халық шын жалыққан ба? Шығады екен білместік алыптан да, ә? Қайран тілін Хақ берген сөйлемейді, Кімнен өзі бұл індет, халықтан ба?! Құстардағы сайрайды тілінде өзі, Хайуандар да сөйлейді тілінде өзі. Біз ғанамыз, тек, рас, біз ғанамыз, Сөйлемейтін байырғы тілін де өзі. Қазақ дегің келмейді кейде кейді, «Қазақпын» деп тұрса да күлім көзі... Өз тілінен сонша ма безе ме екен? Өзін қор ғып өзі адам езе ме екен? Жат тіл десе жатта кеп сайрап кетет, Біз білмейтін бірдеме сезе ме екен, Осы қазақ?! Тіл деген ол Хақ берген бақ емес пе ед! Қазақ, ділің ежелден ақ емес пе ед! Байлық берген, жер, мемлекет, бәрін берген, Бәрін берген, ойлашы, ей, Хақ емес пе ед?! Жөнің бар ед тіліңмен жарқ ететін! Хақ бергенді неге сен тәрк етесің? Хақ бергенді неге сен тәрк етіп сап, Неге өзіңе Тәңіріңді қарсы етесің?! Неге???...

Құл-Керім ЕЛЕМЕС АЛЛАҺ ХАЙ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Мәңгінің иесі Өзің Аллаһ – Құдай! Білетін өткенді де, алдағыны-ай... Сені ұғар жүрек болса ойға аудың тек, Мәңгілік жоқ болар ед салмағына-ай! Білмеуден айтудамыз Аллаһ-ай деп! Жаббар деп, Әл Кәрим деп, Аллаһ Хай деп!... Уәли деп, Әл Ғалим деп, Рахман деп, Өзің мен жүрегімізді жалғашы-ай деп! Білмеуден Хақ есімін тура атап біз, Құрдастай қайқаңдаймыз тура тақ біз! Бірақ та Аллаһ шексіз мейірімді, Атымен жарылқауда қумасақ та із... Атымен жарылқауда атағанды, Жүрегін Өз атына матағанды. Біз «Ұлы» десек Ұлы Ол, немесе құл Солай Ол қалай десе Жасағанды! Әй, шексіз құдіретті Құдай – Аллаһ! Өрлеттің Өзің дегенді ұдайы алға! Өрлетіп Өзің дегенді ұдайы алға, Әділсің, алмайсың жәй «Құдай алға»!.. Әй, шексіз құдіретті Құдай – Аллаһ! ІРІТІНДІ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жүздіктердің керегі жоқ қазаққа. Одан қазақ тұспеді анық аз отқа... Жүздіктерге тұрғанында бөлініп, Қазақ анық емес әсте азат та!

Жарық НАДАН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Таныса Аллаһты адам жақсы көрмек, Сөйтсе адам «Аллаһ» деген жақсыға ермек. Сөйтсе адам «Аллаһ» деген жақсыға еріп, Болмайды онда надан бақсыға ермек! Таныған Оны өмірін Жұмақтайды. Қыңбайды келсе қанша сынақ – қайғы... Танымсыз көкірегі жабық надан, Жоқ біліп Оны ешқашан ұнатпайды. Ол ма, ол «Аллаһ» десең ауырады. Ол жәйлі орынсыз бос дау ұрады... Ол ма, ОЛ жаратқанның бәрін сүйіп, Оның тек, тек Өзіне жауығады! Өкінішті, ә! БАЛАМ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Балам, сенен күтетінім көп менің! Мынау сенің шешек атқан көктемің! Тек Хақты сүй, бағың жанар сөйте алсаң, Бағы жанар тек Тәңірін өпкеннің! Балам, айтқан сөздерімнің сырын ұқ, Нәпсіге еріп қалма өкініп, сүрініп... Жастығыңды таусып алма тақатсыз, Сезім билеп тағдырсызға ұрынып... Хаққын сүймес айналады ғапылға. Хаққың сүймей қалма айналып ғапылға. Балағат пен үйленудің арасы, Сынақ құлға... Шайтанға еріп шатылма!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС МИЛЛИОН ЖҮРЕКТЕН ӨТУ НЕМЕСЕ ЖАРҚЫНЫМ (Бисмиллаһир-рахманир-рахим!) (Жарқынның «Мың бір сапарының» оқырманы миллионға толған күні жазылған жыр) Жарқыным-ау, жарқыным! Үдей түссін қарқының! Мадақ хаққа, сан шүкір, Үні болдың жалпының! Жарқыным-ау, жарқыным! Үдей түскен қарқының, Көз алдыға келтіред, Нажағайдың жарқылын! Жарқыным-ау, жарқыным! Пәсеймесін қарқының! Жаны иманды нағыз ер, Жоғын жоқтар халқының! Жарқыным-ау, жарқыным! Үнің қандай жарқын үн? Сөзің қандай сап асыл, Тілің қандай бал-шырын!.. Жарқыным-ау, жарқыным! Сендей болсын халқының, Бола білген жоқшысы, Діні менен салтының! Жарқыным-ау, жарқыным! Үдей түсіп қарқының, Сеніміңмен Аллаһқа, Жынын қақтың қарсының!.. Жарқыным-ау, жарқыным! Мақтанысың жалпының! Барыңды сал халқыңа, Тек, Жәннәттә ал тыным!...

Жарық Ағаңмын ғой, Аллаһтан, Тілеуіңді тілейін! Қасиетіңді әспеттеп, Қадырыңды білейін! Өзімсің ғой, өзімсің! Жатқа сені қимайым! Жат жанынан түңілсін, Жаттан артық сыйлайын! Дүбіріңе жел ескен, Құлағымды түрейін! Кел, қане, мін арқама, Тік көтеріп жүрейін! Танымастар Хаққысын Хақтық қақын түсінсін! Хақшылдығың хақсыздың, Басып тұрсын мысын шын! Ер-ұланым – еңселім, Елдің туған бағына! Аллаһ – Хақтың жолында, Шығысайын жағыңа! Мынау аз-ақ ғұмырда, Хақтың, Елдің діні үшін, Барымызды атайық, Сүрмей өмір күн үшін! Сүрген өмір күн үшін, Ісімізден үлгі алсын! Хақ құлдарша, Иншаллаһ, Ізімізде гүл қалсын!.. Түсінбеген түсінер! Түсінгені бағалар!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Хақшыл жұрттан дәметпес, Хақтың Өзін жағалар! Өзімізді сыйлайық, Өзімізді шындайық! Хақ елшісін үлгі етіп, Қиындыққа қыңбайық! Қазақ деген қайсар жұрт, «Құрттан» аман өзегі!.. Оған содан ел боудың, Келді қайта кезегі!.. Бірақ, тағы, ол да рас: Көп ісіміз қалыпсыз!.. Бір ғасырда көбінен Айырылған халықпыз... Соның басы сыйластық, Ол ділде емес, тілде тұр. Сондықтан да ел болмысы Сияқтауда қыл көпір!... Сондықтан да әуелі Қайту керек сыйластық! Жатты жаннан түңілтпек, Келсе қайтып сыйластық! Күрес керек ол үшін, Құлдық керек Құдайға! Анық құлды Өзіне, Құптары анық Құдай да! Сондықтан да, бауырым, Жатқа сені қимайын! Жат жанынан түңілсін, Жаттан артық сыйлайын!

Жарық Қазақ та өзін сыйласын, Жұдырықтай жұмылсын! Сөйтіп, қайта қазақтың, Өлі рухы тірілсін!.. Бағам еді бұл менің, Ұнаған соң көпке ісің! Мақтағаным емес бұл, Сыйлағаным деп түсін! Жарқыным-ау, жарқыным! Мақтаны бол жалпының! Барыңды сал халқыңа, Тек, Жәннәттә ал тыным! Жарқыным-ау, Жарқыным! Алтыным-ау, Алтыным! Әмин, Аллаһу Әкбәр! ШАҚЫРУ (Бисмиллаһир Рахманир Рахим) «Он күнәнің тоғызы тіден»26 екен... Болмаған соң буыны тілге не тем? Айтқан сөздің атылған оқ екенін, Бұрынғылар бұлжытпай білген екен! Білсе айту анықты міндет болса, Білмегенді айтпау да білген екен. Үйдей пәле де аулаққа жөңкиді екен, Ұндемейтін жерінде үндемесең. Күндей берсең күңнен де тіл шығады, Шын мұсылман екенсің күндемесең. Бар сауапты қызғаныш жалмаушы екен, Кету де екен оған шын мүлдеге есең!... 26 Хадис

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Басайық та ақылмен қызған ішті, Адамдықты, иманды, бұзған ішті, Өзіміз де әуелі тазарайық, Бойымыздан арылтып қызғанышты. Бойымыздан арылтсақ қызғанышты, Қызғаныштай жегіні бұзған ішті, Сөйіп Хақтың нұрымен нұрлана алсақ, Болмағанда кім болар біз намысты?! Емес шығар сұттен ақ Жарқын мұмкін. Бірақ та әркім өзінің нарқын білсін. Жалпы болып жалғызға жабылмау шарт, Емес ед қой жабылу, халқым, ғұрпың?! Ол да пенде... Ол да адам сүйек-етті, Жалғызды көп, жөні сол, сүйемек-ті! Көп емес пе ед жалғызын көктететін, Қашан білгі ел жалғызын күйелепті?! Біраз еңбек ол шыны еткен адам, Маңдай терін елі үшін төккен адам! Аллаһ білед анығын, ақ, қарасын, Бізше ол Хаққын һәм халқын өпкен адам! Білетұғын мен оның қателігі, Жанды ауыртар жалаға жат елігі. Немесе ме, алды-артын тораған көп Білері азды, кешпеуі қателіні... Туған халқын бізше ол тек аялады. Елден несін хақшыл ер аянады! Бір кісідей білгенін айтқаны анық, Еш білгенін халқынан аямады! Сол үшін де болмай ма кешіруге? Неге ауеспіз біз оны өшіруге? Біле-білсек біз оның айтқандарын, Санамызға тиіспіз көшіруге!

Жарық Халқым, әлі алдыңда бөгет тұр сан... Өзің өз ғой, кетпейді ол өзекке ұрсаң! Қасиетің емес ол, қасіретің, Жандасыңа қанжарды кезеп тұрсаң!... Ойлан!... ............................................... Жарқын, Сен де кешіргін бауырыңды! Бауыр жайлы қой енді ауыр үнді!... Хақ тағала жолында шыдау фарыз, Қасқыр тартып кетсе де сауырыңды!... Солай!... ҚОЖЫРАУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Міне ғажап, үш күннен бері дүние ісіне ерекше көңіл аударып едім ғибадатым салмақсызданып, ілімге ынтығым көз іліп, көңілім қожырай бастады. Дүние ісі қараңғы, Асқынтады ол «жараңды». Ізде өзіңнен табасың, Өзіне өзі сараңды. Дүние ісі қараңғы. Хақпен ашып араңды, Өзің жұтып өзіңді, Батырасың қараңды... Дүние ісі қараңғы, Жарығы оның ісі дін. Ол ағартар қараңды, Олсыз болмас кісі дым...

Құл-Керім ЕЛЕМЕС МҰХИТДИН ИСА (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хатыңды алдым Мұхитдин, бауырым-ай! Маңдайын нұр – Күн өпкен, сауырын Ай. Мысыр, Сирия, Хақ діні жәйлі айтқан, Расында ойыңның ауырын-ай! Әлем жұрты шынымен қарап отыр, Бауырына талатып бауырын-ай!.. Әншейінде «еркіндік» деп қақсайтын, Батыс, шығыс қайда сол қауымым-ай! Еркінсіздік Мысырда боп жатса да, Болмағандай еш... үнсіз қалуын-ай! Қолдан келер дәрмен жоқ, шыныменен Тек көңілдің өксуі-ай, налуын-ай!.. Неге бірлік жоқ боп тұр мұсылманда? Біріксе тең келер кім мұсылманға?! Хақ Құраны қолында – хақиқаты, Аллаһы бар жебейтін қысылғанда! Дін «тілде бар, ділде жоқ» боп тұр ма рас, Неге бірлік жоқ боуда мұсылманда?! Дініндегі бірлігін ұстап берік, Діліндегі иманын ұшбақ көріп, Бір жаға бас шығарса, бір жеңнен қол, Кімнен зардап тартар ед қыспақ көріп?! Жол бергесін малғұнға арадағы, Көңілдердің ұлғайып қара дағы, Мұсылманды мұсылман қырғындауда, Жан, тәндегі асқынып жара дағы... Бірге қуса шайтанды арадағы, Нұрға айналып жүректің қара дағы, Ғаламдағы ықпалы, бірлігі артып, Мұсылманның жанар ед дара бағы! Мұсылманның жанғаны дара бағы, Бөлшектеулер жойылып арадағы, Адамдардың рухы рахат тауып, Күллі әлемнің өшкені ед қара дағы!

Жарық Мұны кейлер білгесін ерегесіп, Бойындағы малғұндық дерегі өсіп, Арасына мұсылман жік салуда-ай, Дұшпандыққа жатуда-ай өле көшіп... Отырған жоқ оны ешкім тағы білмей, Білсе дағы ақылға тағы да ілмей, Ібілістің сөзіне бек еріп тұр, Кейдің берсе болды өзі бағы гүлдей... Негізі Адам баласы үндес еді, Рухы иман, жүрегі діндес еді! Бірақ соны түсінбей тегіс бәрі, Көп дінденіп өз ара күндеседі... Міне соның кесірі Мысырдағы, Басқа былай тірлікті ысыр дағы, Осыны шеш дүние, ей, таубаңа кеп, Көңіліңнен өштікті ұшыр дағы! Жасап жатып анығы бір мекенде, Болғандықтан сенімде БІРге кенде, Алты бақан алауыз боп отырсың, Ауаны бір, тамақты бір жесеңде!.. Түсінсеңші ақылды, мініңді, адам! Ойласаңшы екі өмір күніңді, адам! Адамдығың, бірлігің анығы шын, Хақты қақтар жалғыз Хақ дінінде, адам!.. Имамдарды біздегі қаралауы, Жоқтың ісі анықты саралауы... Бауырым-ай, түсіндім жан даусыңды, Ол шындықтың жаныңды жаралауы... Алғашы мен қайы хат түсінбедім! Өлеңдеріңді оқыдым күшіндегі. Өлеңдеріңді оқып ап күшіндегі, Мәніне ептеп мән бердім ішіндегі...

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Екеуі де жақсы өлең, дұрыс бәрі, Емес екен анықтан жыр ұшқары. Хақтың хақ Хақ екенін білдіріпсің, Болса құяр құлақтар құрыштары... «Хат жазып ем Құл-Керім Елемеске, Елер ме екен, білмеймін, елемес пе?!» Депсің, бауыр, неге мен елемейін, Елемеуім сұмдық та, жөн емес те! Хатыңа хат осылай жазып салдым, Оқыған жұрт жақсы еді-ау өнеге етсе! Әссәләму ғаләйкум, Мұхитдинім! Өз алдына ілімде мұхит-ты інім! Хақ жолында бір болып бағытымыз, Хақтың бірге жүзейік мұхит – дінін! Иншаллаһ! АҢСАУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Көзім ашық, Көңлім хар, Пақырмын-ау, пақырмын. Көңілі хар, Көзі тар, Күні қаран пақырдың... Аллаһ, Маған шырақ бер? Түнегімді нұрлайын. Пұлыс жонды пырақ бер? Мінейін де зырлайын... Зырлайын да өтейін, Жеті қабат аспаннан. Жәннәтыңа жетейін, Адамдығым басталған!..

Жарық АДАМ ЖҮРЕГІ АУЫРАДЫ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Адамның шын адамы анық, Жүрегінде адамның. Адамы жоқ жүрегінде, Аллаһы жоқ наданның. Жүректе адам қазынасы, Бар адамға тәндіктің. Жүрегіңе енде, ондағы Хақиқат пен мәнді ұққын... Хақпен емес жүрек байқұс Бұтпен толып кенесе, Бұзылады Бір-ақ Тәңір Демесе тек немесе! Бұзылады жүрек байқұс, Көп ойнап һәм көп күлген. Өмір осы-ақ, басқа өмір жоқ, Өлім – құру деп білген. Бір де алмастан ақылына, Жалғыз Хақтай Ұлықты, Тек дүние толған жүрек, Қоқсық салған тұлып-ты. Бұзылады ондай жүрек, Ауырады ем дарымай. Ондай жүрек иесі өтер, Мәңгі хаққа жарымай! Адам жүрегі ауырады, Хақ нұры оған толмаса. Адам жүрегі ауырады, Ішінде иман болмаса!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС МАХАББАТТЫ ЖАУЛАСА ЕГЕР ЕРКІНДІК (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ай – абының ақ сазандай білегі, Тәнге тисе тарс-тарс етіп жүрегі, Хақты білмес кімде болса халде бұл, Томсарып тек жатпайтынын біледі. Нұрлы ақылды нәпсі билеп алғанда, Санаға кеп сайтан қолды салғанда, Қасіретінде қалғып кету заңдылық, Абы құшқан қыршын білек талғанда... Бүгін кейбір қаламызда қайнаған, Тыр жалаңаш сайтан тірлік ойнаған... Керең кеуде кезбелерді көресің, Хағын жалмап, қасіретін тойлаған... Бұлай болса құрығаны наздың да, Бұлай болса азайғаны аздың да... Бұлай болса тіршіліктің қожырап, Махаббаттың айналғаны азғынға! Бұлай болу даламыздың салтында Жоқ, жоқ, рас біздің қазақ халқында Хақ иманды өткен талай ғашықтар, Арын таза сатпайтұғын алтынға. Шын жүректер шырқамайды жәй әнді! Хақтың ісі хақшылдарға аян-ды... Ер жүрегі еңірейді хақ бұзған, Есіне алып Қозы менен Баянды... Бізден ешкім аса алмайды «нұрлі ек» деп. Сұлулықтың өзі сырлы бір мектеп... Біз ежелден хақиқатты растап, Келген елміз махаббатты құрметтеп!

Жарық Қайда кеткен қасиетті өнеге? Мынау не өзі, еркіндік пе, немене? Жүз еркекті «жұтымынан» өткізген, Тырдай қалпы түсіп алып «кемеге»... Қақың қанша ед қасиетке налуға? Әлің жетпес арды сатып алуға. Мазасы жоқ махаббаттағы еркіндік, Баянсыздар базарға өзін салу ма? Қызойнаққа айналдырған сауықты, Хақ білместер мысықтайын мауықты... Бұлай болса іңкәрліктің тозғаны, Тіршілігің әлде қайда қауыпты!... Махаббатты махаббат деп білу құт! Ол ғаламға бағыштайды жылыулық. Өз іреңін өзгертеді дүние, Жер бетінен жойылғанда сұлулық! Кер даланың кер маралы кекілді, Кер ынтықтың кесірінен кетілді... Махаббатты жауласа егер еркіндік, Сүюді адам ұмытатын секілді!.. ӨТІНУ (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Ілімдінің ісі Хақпен болар... Ілімсіздің ісі тақпен болар... Ілімдіде мін болмайды. Ілімсізде дым болмайды. Діннен шығып тарайғаннан, Ілімсіздікпен қарайғаннан сақта, Аллаһ!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ХОШ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Мен сені сағынып барғамын... Нәпсіме бағынып, арманым! Нәпсіде көз болмайды екен ғой, Бұл ісім болды анық арға мін... Ғашықтық қасиетін аса ұқтым, Мен сені көргенше асықтым. Нәпсінің қасіреті екен бұл, Нәпсім-ай, тасқындай тасыттың... Бұл ісім оң емес Хаққа нақ, Хақ та Өзі сүйгенін хақтамақ. Хақ сүйіп хақталған құл ғана, Күнәдан болмысын ақтамақ. Сен кеттің аралап гүлді бақ... Жанымды жаралап, бұлдырап... Мен қалдым түнек боп тұнжырап... Өксідім қалғандай Күн жылап... Сенікі дұрыс-тын, себебі, Біз білмес хикімет көп еді... Сол күнді еске алсам жарықсыз, Өз арым өзімді сөгеді... Хош, хош, хош көңлімнің қалауы, Өртеген нәпсімнің алауы! Қарасам шимайдан көрінбейд, Өмірімнің жастық сол тарауы... Сені де, мені де кешсін Хақ? Жүректен жүрекке көшсін хақ... Жас Хаққа жас қалпы аттансын, Хақ қайтпай таппайды ешкім бақ... Хақ қайтпай болмайды ешкім хақ!

Жарық БІР ҮЙДЕ ЖАНЫП ТҰРАЙЫҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жалғанып үміт үзілген, Қуанып қалдым қайтадан. Хақ сүю үшін түзілген, Жүрегім күліп айтады ән... Жүрегім күліп айтады ән, Рухына жиып арайды. Хақ десем ғана жәй табам, Хақ десем қайғым тарайды. Пәс еді көңлім кешегі, Барады қайта биіктеп... Хақ нұрын ойым кешеді, Хаққа өтем басты иіп тек! Махаббат болып осы ұлық, Болайық мәңгі сәлем мың... Тартылыс болып қосылып, Тартылысына әлемнің!.. Хақ үшін сені ұнаттым, Хақ үшін сені сүйейін. Тұрғындығы үшін Жұмақтың, Басымды Хаққа иейін! Сағынып сабыр күткенше, Хақ үшін басты құрайық. Білтеміз қашан біткенше, Бір үйде жанып тұрайық!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ГҮЛ – БАҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Қуанышым деп біліп өзіңді мен, Сені қалай сүйгенімді өзім білем... Сен талайдың қарманса қолы жетпес, Бағындағы бақыттың сезім гүлі ең. Жарқ-жұрқ етіп жүруші ең жасылдардай, Тоқсан гүлдің ішінде асыл қарға-ай! Ғашық болып сыртыңнан өртенуші ем, Сүйемін деп айтуға дәтім бармай. Қарындасым деуші едім, «мен кім» десең. Ал, ағаңмын дегенге сендің бе сен? Бір жақсылық нышанын елестетіп, Мүмкін, талай түсіңе ендім бе екем?! Мүләйім ең, тым нәзік, сылық та едің... Қармағына талайдың ілікпедің. Сонда менің сыртыңнан ғашық болып, Жүргенімді ішіңнен біліп пе едің?! Білдің, білем... Қажеті аз оттың басқа! «Ақын едің, – дедің де, – екпінді, асқақ»... Қақ жарылып қарсылықтар қала берді, Бақытыңның бағына кеттің бастап!.. Шүкір Хаққа, келеміз содан бірге, Содан бірге сүңгідік қоғам дүрге... Екі ұл, бір қыз өсірдік тәрбиелеп, Жаным мүрде болған жоқ, жағам кір де... Тек көшкенді Хаққына «қай көш» дедік. Жерде тұрып аспанға әй көшпедік... Тапшылықтар болды ептеп – Тәңір сыны, Оған бола, сан шүкір, шәй деспедік.

Жарық Тәңір Өзі салды кеп ақ жолына, Жалғыз діні Ислам – хақ жолына! Мәңгілікке баста Өзің Тәңір, енді Ауып малғұн қалмайық қап жолында?! Қараңғыдан шығардың жарыққа Өзің, Біздей пақыр тірілттің ғарыпты Өзің. Біздей пақыр тірілтіп ғарыпты Өзің, Жарығыңмен таныттың жарық көзін. Енді бізді көрліктен сақа, Құдай! Сақта Құдай, нұрыңмен сафта, Құдай! Күнәмізді бар қылған мағфират қып, Тозағыңа қор етер атпа, Құдай?! Күнәмізді бар қылған ақта, Құдай! Ақта Құдай, тек Өзің жақта Құдай! Иесі Өзің ілімнің, ешің бізді, Даналықпен, іліммен нақта, Құдай?! Сенсіз біздің ісіміз қаран, Аллаһ! Жейтініміз, ішетін харам, Аллаһ! Сенің ғана рахым етуіңмен, Бөлдік әрең малғұннан араны, Аллаһ! Бөліп әрең малғұннан араны, Аллаһ! Сапалақтан айырдық сараны, Аллаһ! Сапалақтан айырып сараны, Аллаһ, Әрең таптық Өзіңдей Дараны, Аллаһ! Әрең тауып Өзіңдей Дараны, Аллаһ! Ақтан хақпен айырдық қараны, Аллаһ! Ақтан хақпен айырып қараны, Аллаһ Жаздық нұрмен жандағы жараны, Аллаһ! Жазып нұрмен жандағы жараны, Аллаһ! Әдеттегі өшірдік пәрәні, Аллаһ! Әдеттегі өшіріп пәрәні, Аллаһ, Амал менен өсірдік шараны, Аллаһ!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Сенің нұрлы сөзіңді қуат қылып, Хақ иманға рухтағы суат қылып, Өзімізді сонымен өздеудеміз, Құдіретті бұл неткен қуаттылық?! Бойды билеп бір кезде мәнсіз шүпір, Бізді күтіп тұрыпты сансыз шұқыр... Содан өттік Сен салған сара жолмен, Шүкір, шүкір, сан шүкір, сансыз шүкір! Сансыз мадақ Өзіңе, Жарылқаушым! Сенің ғана ырқыңда жарылқау шын! Сен ғанасың бақытты ететұғын, Жарылқай гөр мәңгі Өзің, Жарылқаушым?! Әмин! ЖАРЫҚ ІЗДЕУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жарық іздеп қараңғыға қадалдым, Қараңғының тілі жоқ. Құлағыма үні келді Ғазалдың, Дыбысы бар, тіні жоқ... Қараңғыға жарық әні жалған ән, Қараңғыға қараңғылық ұнайды. Қара ән ішіп, қараңғыны жалмаған, Жарықтарым жылайды. Жыламайды, Жатырқайды тым тіпті, Қараңғыға енген сайын діл көзім. Діл көзімнен дүниеде жоқ «Күн» шықты, Күнді кезім Құдіретке құл кезім... Қақым осы, қараңғыны ұнатам, Шыным осы «шындығыңды айт» десе. Қараңғымен жарық боп тұр мына таң, Мен де жарық боп қалар ма ем әйтпесе?!

Жарық ЖҰМАБЕК (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жүрегіңде «Күнің» бар, Жарығы бар Күніңнің. Жаны жарық кімің бар? Жарығың бар кіміңнің? Күйген Күндей қараңғы, Жүрегі өлген, көзі ояу, Батыратын қараңды, Некер жетер не «жаяу»... Басқасың сен, басқасың, Басқадан да басқасың. Майдай еру тасқа сын, Тастай қату басқа сын. Сынсаң «шарт» деп сынасың, Өз айтқаныңда өлесің... Ерді ел бір-ақ сынасын, Екі сынау көне сын! Қараңғыңды жарытты, Жаныңдағы жарығың. Намыс тұтқан нарықты, Менің жарық жарығым! Қараңғыңды жарытты, Аллаһ жаныңды ілімдеп. Жаның сүйді жарықты, Жүрек – көзің күлімдеп. Өліп барып тірілді, Өзегіңдегі арайың. Жалған жәйлі сыр ілді, Сәулелеген сарайың.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Жоғын біліп бақ мұнда, Нұрын ішіп ақ таңның, Жарық жолын таптың да, Жарық жаққа аттандың!.. Аллаһ Хай! Жол ақ болғай! 2002.10.1 ЖЫН КІСІ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ей, жын кісі, Жұлдызы жоқ түн кісі. Жалған күлуге шынығып па едің? Жалған сөйлеуден шімірікпедің. Сен, Жалғаныңды шын етуге зорландың, Арың оған қорланды. Сен, Жалғаныңды тіліңмен растадың, Сөйтем деп шындық шыңынан бір аспадың, Өкінішті! Сен, Сездің, Жүрегімнің арайлы әнін сездің... Шырқап тұрдым бесінде... Шырқап тұрып мен сездім, Жүрегіңнің қарайғанын сездім... Қап-қара боп табы жатты бетіңде... Ей, жын кісі! Ей, түн кісі... Ей, мұн кісі... Қайт!

Жарық НАМАЗ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Хақ алдында Намаздың Орны өлшеусіз, жоқ теңеу! Намазсыздың жаны азғын, Намазсыздық – көктемеу. Ақиқаты ақыр күн Құранда... Оқы Намазды! Жарығы жоқ пақырдың, Жарықсыздан жаны азды... Дүниеден бөлініп, Жойып ақылға алғанды.... Жарға рухпен телініп, Тәрк ете алсаң Жалғанды, Иман сені жалғамақ, Жарығына Аллаһтың. Жалған атақ, жалған ат, Қамы мұнда қалмақтың... Кетші-ей! ИНШАЛЛАҺ (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Шәриғатсыз іс қылма, Өз арыңның соты ол. Дүниеге пысқырма, Өртер тозақ оты ол!.. Досым, тыңда сөзімді, Иман болсын шырағың. Тіл мен тисаң көзіңді, Жәннәт болар тұрағың!..

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ТАЛПЫНЫС (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Екі көзден нұр тамуда, Үйіріліп иманым. Сонда да Оны бір тануға, Татымады жиғаным. Ішім мөлдір аспандай нұр, Мінезімді мамық қып, Тайға таңба басқандай бір, Танымақ ем анық қып. Мұса кәламда анық Оны, Көрмегенін білсем де, Өлмек едім танып Оны, Күлмесең де, күлсең де! Ештік пенен ғапылдықтың, Мақамында маталып, Сан тірі өлген бақылдықпын, Хақсыз ғарып аталып... Хақ жәйлі ойды қиял аулап, Түлен түртіп тыншымды, Сенім бойға ұялау қап, Көшем лезде құм сынды... Кесірі анық бұл Хақсыздық, Сақтай алмау халды бұл. О, Жаратқан, бұл хақсызды, Сафилардың алды қыл?! Әмин! 2007.2.1

Жарық БАСҚА (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Рух басқа. Жан басқа. Ілім басқа. Пән басқа. Бұл төртеуін айырмай, Ғылым келмес жамбасқа. Басқа-басқа болғанмен, Ол бір мақсат құлдары. Біледі оны толғаммен, Ақиқаттың ділмәрі. Біледі де мәніне Үңіледі алға аттап. Дүниенің әніне Құлдық ұрмай жалбақтап. Мақсаттарға ең ізгі, Оны ұшқан соң нақ танып, Тебірентсе де теңізді, Жатпайды олар мақтанып! Рух басқа. Жан басқа. Ілім басқа. Пән басқа. Бұл төртеуін біл, білсең Аллаһ жәйлі «ән» басқа!.. 2007.12.29

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ҮНДЕСУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ибраһим мен Шәкәрім, Мұқаметқали, Құл-Керім, Жүзуде иман шәһәрін, Шығарып нәпсі күл-парын... Бір шындықты олар мойындап, Мың жалғанды олар тәрк етті. Дүние – күйік уайым қап, Шыққан ақ күндей жарқ етті. Жарқ еткен сол ақ жарықтан, Дүние соқыр бет бұрды. Ақыл сонда аумай ғарыптан, Жылағысы өксіп кеп тұрды. Абыжылан бір аумаған, Жіберердей ол қылғып бір. Сол жарықты әппәқ қаумалап, Дүние соқыр мүлгіп тұр... ӨКІНУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Бойымдағы пендемнен асып, адам бола алмай жүрген пақыр пендең мен, Кешіре гөр, ой, Алла-ай?! Бетім бұрсам жарыққа, Жамандарым қаумалап, Құлатады арыққа, Жан-тәнімді жаулап ап. Аллаһ Өзі құл ғыпты, Құл бола алсам жарады. Құндай алмай құлдықты, Күнім өтіп барады.

Жарық СӨЙТ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Харамдарды көзім көрме, ол – қараңғы, Ізгілікті байқа баданадай боп. Харам қарау өшіреді қараңды, Жүр дітіңе Хақ ісі үшін абай боп. Нұрсыз сөзге құлағым бол таскерең, Ізгі ән болса құрышыңа ал құйып. Мұң, салмаққа мойымайды қасберен, Отырады ол ардан тәтті «бал» жиып. Дінсіз сөзге тілім тиыл, бір тиыл, Жарығыңды өшіреді ол жанған. Хаққа елтуден қасиетіме нұр құйыл, Екі әлемдік құр қалмайын олжамнан?! Сөйт! 2004.1.7 ЖЫЛ КЕЛДІ (Бисмиллаһир-рахманир-рахим) Күндізге күндіздер ілесіп, Жылдармен жатады жыл өсіп. Илаһи ұлы бір әмірмен, Тұрады жалғасып бұ несіп... Сүйсе адам Аллаһты, Иені, Аллаһ та адамды сүйеді! Әппәқ қар Аллаһтың сыйы еді, Тұр жауып аспаннан киелі... Куә боп жаныма, сырыма, Арқау боп әніме, жырыма, Тағы бір мінеки, жыл келді, Бөленіп Рахман нұрына!.. 2009.11.8

Құл-Керім ЕЛЕМЕС САҚСЫНДЫРУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Керім, Келдің қырыққа, Пайғамбармен құрдассың. Түссең алтын құрыққа, Қас қағым сәт тұрмассың. Дүние тас қараңғы, Қараңғыда қалтақтап, Тура бетке ап молаңды, Таяп қалдың талтақтап... Мүрдең аузын күзетіп, Мүмкін, үстінде отырсың. Қоймайсың-ау тыз етіп, Әй, соқырсың, Соқырсың!.. Керім, қамдан! Қалықта ән дүниенің үстінде. Жалғанынан жалыққан, Ұшады екен құс түнде... Кері-ім, қамдан!.. 2004.1.8 АБЗАЛ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Сенген абзал Хаққа, Көнген жақсы «жоққа». Таңбау өзін нұрлы іс, Дүние соқыр – боққа!

Жарық ДАҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Түнеу күні тініме бір дақ түсті... Жаным күйіп, рух шыңым пәсейді. Жан – көзімнің жанарына ақ түсті, Қалыбымнан қашырғанша-ақ қас ойды. Жарығы әйбәт жақсылығым бұлданып, Тоңған Айдай суық тәнін өптірді. Шапағатсыз шарбатына құл қанып, Келген сезім кереметінен бет бұрды... Жібергендей от құшаққа қар салып, Жағымсыздау әнге өзгеріп жақұт үн, Ынтығысты ынтығыссыз қарсы алып, Қорлайды екен пенде солай бақытын... Тәрк етіп сап қолдағы алтын жүзігін, Түк тұрмасқа түңілуін жоя алмай, Қорлайды екен адам солай қызығын, Қорлайды екен өзін-өзі... Ой, Алла-ай?! 2004.1.14 ХИКМЕТ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Шығарып ойдың жалғанын, Шындықты дітке ілгей-ді. Хикметімен Алланың, Қырау да, қар да гүлдейді... Аяз бен аптап туыс та. Біреуін бірі шындайды. Аптапты аяз суытса, Аяз аптапты шыңдайды... 2004.2.7

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ҒАРЫП (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Дүние тас қараңғы, Қараңғысын «жарық» деп, Надан жаппас пәрәнжі, Нәпсісіне қарық боп. Тас қараңғы дүние, «Жарық» дейді ғарыптар. Нәсіп етпей Бір Ие, Көрінбейді ол жарықтар... Ол ғаламат жарықтан, Ғалам нұрға кернейді. Шайтан, Жынмен шалыққан, Ол жарықты көрмейді. Шын құлдың ол несібі, Екі әлемді тең өпкен. Аллаһқа ашсын есігін, Ол жарықтан дәметкен. Дүние тас қараңғы, Қараңғысын «жарық» деп, Хақ – Жарықты қараңғы, Көрмей өтер ғарып боп. Өкінішті! 2004.1.14 ШЫРАҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Қатеде қасірет бар. Дұрыста ырыс бар. Қатеден қалыс жүр, Дұрысқа жұғыс жүр!

Жарық НОҚАТ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Мақталып, Кейде датталып, Аптапта пістім кәуадай. Қысылып, қырық қатталып, Дөңгелектегі ауадай. Дөңгелектегі ауада, Білерсің қанша күш барын? Жоймауын тіле, ау, аға, Құлының Аллаһ құштарын! Төзімім қатты темірден, Көңілім жұмсақ арайдан. Бір ноқат көрсең өмірден, Ол – менмін, әне-еу қарайған... 2004.1.16 БАҒЫТТАЛУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) «Түрмеңде» ұста нәпсіңді, Жанбасын десең көріңде от. Кеудеңе қондыр ақ Түнді, Қаламын десең Керім боп. Жаныңды ақ Күнмен жарқырат, Құраның болсын ұраның. Сан жылдан соң да жарқырап, Жарық боп десең тұрамын. Ақ Күніңді әйбәт жақ тағы, Сәулелеулі әппәқ Жолға шық. Мәңгілік Ғайып жақтағы, Аллаһқа ғана бол ғашық! 2004.1.16

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ӨТІНУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Тәңір тұтып ырымды, «Өлгем» қалмай жан – тәнде ар. Шаша-шаша нұрымды, Кеуіп қалған аңқам бар. Кеуіп қалған сезімім, Нұр өптірмей киеме, Тірі өлгеннің өзімін, Тірімді орап күйеме... Тірімді орап жалғанға, Сүрдім өмір сүлдермен. Енді жеттім арманға, Әй, үлгермен, үлгермен!.. Сен деп шыққан жан оттан, Жұлдыз ерір жарық бер? Екі көзден қан аққан, Жарығыңа зарықты ер. Мәжүнін боп кетейін, Бұл жалғанға симаған. Ғашық боп Өзіңе өтейін, Ғашықтықты қи маған?! 2004.1.16 ҚИЫН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Көше толған нәпсі... Көңіл толған нәпсі... Болу оңай бақсы, Болу қиын жақсы!

Жарық ТАНУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Үйлескенше ақылым мен иманым, Иір-иір отыз бес жыл жол жүрдім. Хаққа елтуге жан тапқанша иланым, Қақыранды қиял мұжып болдырдым. Үйлесті де ақылым мен иманым, Отыз бесте ақиқатқа аттандым. Нұр сәулелеп рухым, Тәнім, Жиғаным, Хаққым берген қасиетпен қақтандым. Хаққым берген қасиетті мекенде, Тірі өліппін дінсіздікке тіреліп. Дінсіз кезім – нұрсыз кезім екен де, Нұрсыз кезім – кезім екен тірі өлік... Өкінішті! 2004.1.27 ПӘРӘНЖІ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Пәрәнжінің ар жағында шындық бар, Бер жағы оның өтірік әлем жалтырақ. Өз жалғанын күзетеді шындықтар, Пәрәнжінің ар жағынан қалтырап. Пәктенуді «бітеулену» деп ұқты, Жан шырағын жаға алмаған ділгірлік. Нұрлы рухты нұрсыздыққа тоғытты, Білегі үлкен Бисмилләһсыз білгірлік. Пәрәнжінің ар жағында бар шындық, Бер жағы оның өтірік Жалған қараңғы. Қақырама, хайуаннан парқыңды ұқ, Ақ, қараңды айырады пәрәнжі...

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ТІРЕУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Мен нағыз мұсылманмын. Гете Нұрыменен Алламның, Нұрсәулелеп тұр ғалам. Кемеңгер боп қалғанның, Аллаһ бәрін нұрлаған. Гете соның біреуі, Аллаһ жанын нұр еткен. Ол өнердің тіреуі, Аллаһты өпкен жүрекпен. Бақилық боп келеді ол, Хақты хақтап өткесін. Құлдық қақын төледі ол, Аллаһты өле де өпкесін. Аллаһ жалғыз – шын Мықты! Хақсыз өлгім келмейді. Екі әлемде шындықты, Танығандар «өлмейді»!.. 2004.2.9 БІЛУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жүрегінде иманы бар адамның, Қашан да ісін қылмасы анық наданның. Өйткені ол құл апарарын біледі, Ақыр күнге әрбір басқан қадамның...

Жарық ЕГЕ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ғаламдағы жаршы егең Аллаһ қана! Өтіндім – Денемдегі барша әлем, Аллаһқа бұр бетіңді! Басқа әмірге бағынба, Қор болма аруақ тергеп те. Аллаһ қана нағында, Жалғыз егең Жер – Көкте! Одан басқа Тәңір жоқ! «Бар» деушілер дінсіздер. Одан басқа тәңірге, Табынбайды мінсіздер! 2004.2.9 ЖАЛЫҒУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жалықтым-ау! Үңгірінде үнсіз жатқан халық мынау. Түйсінер түкпіріңді тірі жан жоқ, Жарығым, сен аман бол жарық «Күн-ау!» Көбісі сырласқанның екі бетті, Жете алмай жекеніме есіл етті. Ділдегі ділгірліктер, Дінсіздіктер, Көңлімді қырық шұрық тесік етті... Жалықтым-ау! 2002.10.1

Құл-Керім ЕЛЕМЕС БЕЛГІ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жаныңа жарық өткізетін, Жаныма жарық нұр келді... Жалғассаң жарқ еткізетін, Менен де қалды бір белгі. Бір белгі қалды менен де, Қалғандай даналардан боп. Нұрсәулелеп тұр денемде, Енді өліп кетсем арман жоқ! Ибраһим, Әбу Насырға, Берілген жарық та осы еді. Құлдығы жеткен ғасырға, Аллаһтың олар досы еді. Бетпе-бет келіп Жалғанмен, Жалғаным жолын кесем көп. Нұр берген әппәқ Алламмен, Дос болып өтсем екен деп! 2004.2.23 ТӘТТІ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Сен де сүй Ол – Аллаһты жаннан тәтті! Ибраһим Жанымнан тәттім ақ Аллам! Жанымнан тәттім тек Сен ең. Сенсіз отымды жаға алман, Сенен басқаны көксемен. Жүрегі жабық қас надан, Сорлы едім соқыр, тас керең. Өзінен-өзі аспаған,

Жарық Ақылсызды еттің қасберен! «Жұлдыз боп ақтым» демейім, Жұлдыз да мендей аға алмас. Жарыққа толды көмейім, Жарқылда тілім ақ алмас! Жарқылда тілім «Аллаһ» деп, «Аллаһ» деп ділім жарқылда. Екі әлеміңді жалғап кет, Жарығың қалсын артыңда!.. 2004.2.24 ПАЙҒАМБАР (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Пайғамбарға берілгені уахи – хақ! Шындыққа ылғи қылыш, қанжар кезелді. Саған жетпей жататыны ақиқат, Ақиқатқа жетпегеннің өзі өлді! Ақиқатқа жетпегеннің сөзі өлді, Өтірікті өбістіргені үшін де. Қақ құлдардың ерітеді сөзі елді, Дүбір толы дүниенің үстінде. Дүбір толы дүниенің үстінде, Қақ құлдардың сөзі қалар «мәңгі» боп. Қақ еместің халы айналып мүшкілге, Өз арына өзі шабар әңгі боп... Сөйтіп оны жалмар қорлап мәңгіге от!.. Астағфираллаһ!

Құл-Керім ЕЛЕМЕС АҒАРУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Батыр емен бар күші білегінің. Көзін ашқан Хақ Өзі жүрегінің – Қуат алған ғайыптан – Хақ нұрынан, Өмір атты мектептің түлегімін. Қараңғылар қақпаған қақты білдім, Нан, құй нанба, нарқында Нақты білдім... Рух, тәнім әппәқ кіл нұрға айналды, Бірі екемін, сан шүкір, бақты құлдың! Жалғаныңды, дүние-ай, шындап бақтым. Құдіреттім, Құз да едім шыңға аттаттың... Жап-жарық боп жанамын рух-тәніммен, Жарығымды емеді құндақтап Түн... Таңдайға сап Түн мені сорады-ай кеп, Жарығымды жалайды орақ – Ай көп... Дүние – жалған, Жалғанды шындау үшін, Жеті айналып жеті қат орады-ай көк... Дүние – жалған, Жалғанын шындап бақтым. Жарығымен жанастым мұңды аптаптың. Құшаққа алып өбеді күн батты ақ Түн... Жарға аттану жарқырап қымбатты-ақ тым!.. Батыр емен бар күші білегінің! Көзін ашқан Хақ Өзі жүрегінің – Қуат алған ғайыптан – Хақ нұрынан, Өмір атты универдің түлегімін!.. 2004.3.10

Жарық ЖАРЫҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жерге жарық Аспан жақтан келеді, Рух, тәнді, Жер-жапанды ағартып. Жерге жарық Аспан жақтан келеді, Аспан жақпен астасқанның бағы артық... Жерге жарық Аспан жақтан келіп тұр, Аспан жақтан келетіннің бәрі ақ нұр. Жәләл Аллаһ, жамалыңа жолықтыр, Жолығуды рух, тәнім қалап тұр?! Жерге жарық Аспан жақтан тұр келіп, Әппәқ нұрмен ақ сәулелеп ақ таңды. Жүректерге Аспан жақтан нұр келіп, Жүректегі Аспан жаққа аттанды!.. 2004.3.15 ИТЕРМЕЛЕУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) «Абай бол» дейсің, Қайтіп мен Абай бола алам? Абай дітінен ақ Аллаһ жаққа жол алам... «Абай бол» дейсің, Қайтіп мен Абай бола алам? Абай болсам мен, Абайға сіңіп жоғалам... «Абай бол» дейсің, Аулақпын деуден «болмаймын»! Үлгісі оның – құйғандай нұрын жолға Айдың. Абайдан үлгі ап, Құл-Керім-ақша толғаймын, Абайша, өйткені, опалың болу – мол қайғым!.. «Абай бол» дейсің, Арбауыңды арғы сездіріп,

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Қызғаныштарың қызарақтайды көзге ұрып. Күмісім қола, Алтындарымды жез қылып, Хақ Ием берген қайран өнерден бездіріп... «Абай бол» дейсің! Маған ғана айтпа, Абайша сен де ұш, ұш Хаққа! Жетем дегенге жеткізер анық күш Хақта! Абайша танып, Абайша сүйсең Хаққыңды, Жетесің сен де дана Абай жеткен ұшпаққа!.. Абай ол Хаққын жүрекпен сүйген кемеңгер, Хаққын сүйгеннің қақы емес әсте төмендер. Хақталса жүрек қорлауға онда орын қалмау шарт, Сондықтан қорлап «Абай бол» бәске демеңдер! «Абай бол» дейсің!.. Ә-әй!.. НҰР ТІЛЕУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Нұр бер Аллаһ өзіме? Нұр бер Аллаһ көзіме? Тарап жатсын жұлдыздап, Нұр бер Аллаһ сөзіме? Нұр бер Аллаһ дініме? Нұр бер Аллаһ діліме? Иман жұпар аңқысын, Нұр бер Аллаһ тіліме? Нұр бер Аллаһ жүзіме? Нұр бер Аллаһ ізіме? Жап-жарық боп нұр шашып, Жөнелейін түзіме? Нұр бер Аллаһ???

Жарық ӨЛТІРУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Пендеден бір періште – дос таппадым, Әй, досым, өлтіре әтей бос мақтадың... Кішірейген кісімсіп асқақтадың, Орағытып алыстан оспақтадың... Пенделік-ай, қосылып жылап тұрып, Өліп дос боп, кететін лақтырып!.. Жарыдым деп келе атып жақсыға еріп, Айрылудың жаманы-ай жақсы көріп!.. Шіркін, адам қайдасың қалып бұзбас? АҚ ЖҰЛДЫЗ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) «Құлмын» деп ем тірі жан түсінбеді, «Құл дегенің қулығың үшін» деді... Бақсыға еріп сорлаған «соқыр» далам, Жарығымды көрмеді ішімдегі... Жарығымды білмеді ішімдегі, Жүрегімнің жарығым ішінде еді. Жарығым – Хаққым берген ақ иманым, Ақ иманым ақ жұлдыз пішінде еді. Ақ иманым ақ жұлдыз пішінді еді, Қараңғымды жарытып ішімдегі – Шұғыла шашып тұратын тірлігіме, Күн сәуледей кірпігім үшіндегі. Түсінбесе түсінбей қалар ортам, Құлмын, несіп Аллаһтан алар әр таң. Шын қадірін білетін, Иншалла, әлі-ақ, Тербетер-ді жырымды дала дарқан!..

Құл-Керім ЕЛЕМЕС БАҚ ТІЛЕУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Саған бақыт тілеймін, Халқымның серкесі деп! Саған бақыт тілеймін, Нарымның өркеші деп! Саған бақыт тілеймін, Жұртты оңға бастағын деп! Саған бақыт тілеймын, Бағы ассын, асқағым деп! Саған бақыт тілеймін, Еліме саясың деп! Саған бақыт тілеймін, Ұрпағын аясын деп! Саған бақыт тілеймін, Жаратқан жақтасын деп! Саған бақыт тілеймін, Бірлікті сақтасын деп! Саған бақыт тілеймін, Елімді ұйытсын деп! Саған бақыт тілеймін, Бәрінен биіксің деп! Саған бақыт тілеймін, Нарласын намысың деп! Саған бақыт тілеймін, Тәңірін танысын деп!.. Саған бақыт тілеймін!.. 2004.5.2

Жарық ҰСЫНУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) «Аллаһ» деген құл едім, «Өнер» деген «тұл» едім, Болсам ба деп тақуа, Хақты сүйген ұл едім. Үйсінтауда туылып, Тәңіртауда түледім. Елім, Жерім, Дінім деп, Боздаулының бірі едім. Шындық үшін шырқырап, Жұлып берген жүрегін. Ұл едім, мен, ұл едім, Құл едім, мен, құл едім! Аллаһ қолдап ісімді, Жинап жігер күшімді, Жүрегімнен жаныңа, Ұшырайын құсымды... Қондырып ал, Қабыл ал, Құсым – жырым – жүрегім! АЛАҢДАУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ағаларым айқасты, Туыстарым шайқасты, Кімнен барып үлгі алам? Жалғасқанды шағады, Жалғыз-жалғыз шабады, Көбісі арсыз, қу, надан. Ат секілді тұлдаған, Еңбектерін бұлдаған, Тамтық ұшты тұлғадан... Не боп кетті бұл заман? Не боп кетті бұл заман?! Әй-й!..

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ТӘУЕКЕЛ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Бұлай жазсам құр ұйқас, Қуып жазған болармын. Өз-өзімнен өлеңнен, Суып жазған болармын. Қасиетін қара өлең, Жуып жазған болармын. Қасиетті Хақ берген, Буып жазған болармын. Сондықтан да Хақ жәйлі, Оймен терең ойлайын. Жүректегі рухтың Шүңетіне бойлайын. Ақиқатты ондағы, Ақылыммен сойлайын. Талай өлең өмірім, Бекер өтіп кетті анық. Хақ нұры емес, дүние Тотыменен тоттанып... Дүние сөзін сөйлеумен, Сөзім жалған оттанып. Енді, шүкір, отырмын, Хаққым жар боп хақтанып! Өзімдікі жөн демей Енді өзімнен озайын. Дүние сөзін сөйлемей Хақты ғана жазайын! Мақтау керек болса егер Лайық екен Сол ғана. Соны ғана мақтайын Тереңімнен толғана!

Жарық Сұрау керек болса егер Сұрасаң да нұр Айын, Бере алатын Сол екен Содан ғана сұрайын! Білдім соны – бүгінім, Ертеңім де қолында екен Соның, сондықтан, Өтем Соның жолында! Тәуекел! Өкіну (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Міне, қырық бірдемін, Мүлде қырық түрдемін... Некер екем нәпсісі, Торлап алған нұр көгін. Ақылыма жағам деп, Айтқанымда бағам жоқ. Жарыққа емес, зарыққа Қанатымды қағам кеп. Жүргендеймін ізденіп, Жүзім екі жүзденіп... Бара жатыр жақындап, Барар жерге із кеміп... Раббыма не деймін, Нәпсімде әлі егеймін? Жарықтан кеп, жарықтан Жұрдай болған кедеймін! Өкінішті! 2004.11.5

Құл-Керім ЕЛЕМЕС БАҒАСЫЗ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Діні жоқтың дымы жоқ! Діні бардың міні жоқ! Діні жоқтың әр қылған Ісінің еш құны жоқ!.. Болмайды онда мұрат та! Білмейді, әттең, бірақ та, Жетпесін құл дінсіз еш, Мәңгілік шын мұратқа!.. ШАҚЫРУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Сыр перделері ашылыңдаршы? Құдіреттіме жақындайын бір. Қасиеттерімді асырыңдаршы? Айтып өлейін ақындайын-дүр. Рухым, тәнім үндесіңдерші? Менімнің сырын көзіммен көрейін. Әр ойым бір-бір күндесіңдерші? Күнімді жарық өзім меңгерейін. Әр сөзім, қане, жөнге кеңдерші? Берекетсіз қу сирақтанбайын. Жырымды жөнсіз «жөндемеңдерші», Рух – мұнарамды қиратқандайын. Құранға қарап шынданыңдаршы? Тек, сонда тектеп, жанданасыңдар. Аллаһқа, ей, қарақ, шын наныңдаршы? Аллаһсыз жарымжан ғанасыңдар!.. 2005.12.10

Жарық КҮН ӨТУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Бұрысыңды «дұрыс» деген пақырмын, Дұрысыңды «бұрыс» деген пақырмын. Көкірегіме содан қатқан қап-қара, Қан-соқтаны жібіте алмай жатырмын. Иманымды пәктей алмай жатырмын, Жан-сарайымды әктей алмай жатырмын. Күннен нұрлы кәмілдікке жеткенше, Жетіп келіп қалар ма екен «Ақыр күн»!.. Ақыл соқыр Сенетінге сенді кем, Дүние оты көкіректен сөнді кем. Көңіл байқұс дәмелі әлі... Бірақ та, Үзілерге таяп қалды соңғы дем... Үзер тұсқа үміт келед жетелеп, Хаққа әлімше тартып келем төтелеп. «Ләә иләәһә илаллаһ» деп, Хақ Аллаһ, Құзырыңа құлап өлсем жетер ед?! 2005.12.10 ЖОҚ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Өтірігімді шындықтарым жаба алмай, Жалған көңіл қанаттарын қаға алмай, Хақты нақтап танымаған хар сәттер, Көзін жұмып көкке сіңіп жоғалды-ай...

Құл-Керім ЕЛЕМЕС АЛДАМШЫ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жалғанымның шетіне таяп қалдым, Хақиқатқа дей алман «сай ақталдым!» Бір бүтін бір өмір ем мұнда келген, Білместікпен бір түрлі аяқталдым... Кемелдемей толық бір кеттім өтіп, Жалған мұңды жүрекке көп түнетіп. Менің жәйлі біреулер шын айтса илан, Жалған айтса, жаным-ау, естіме түк. Сафты білмей сақылдап қатты күлгем, Боларымды болғанда Хақты білгем. Сосын барып өзімді өзім тауып, Ажыратқан жайым бар ақты күлден. Бұл Жалған аз күндік құр тұрақ қана, Әр қадымды Аллаһсыз құр аттама. Екі әлемнің бақыты – Хаққа құлдық, Сен солай ет, жарай ма, ей, шырақ – бала! ШҮКІР (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Қателіктерім қақ маңдайымнан шарт етті, Шашылған шоқтай көз отым жанып жарқ етті. Жанымды жеген жегі құрт – нәпсі жемірден, Жеріді рухым тегі нұр таза Жар текті... Қайырылып қалып ақындық қайсар ұлдығым, Жазалап жатты рухым өшкен құлдығын... Данышпандарша дағымды жуа бастадым, Даңғылға түсіп... Даналық сырын білді кім? 2004.5.1

Жарық ҚАДЫР ТҮНІ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ғалам қабат-қабаттардан тұрады, Ғаламның көп адам білмес сұрағы. Сол адамдар құлдық ұрар Тәңіріне, Жүрегінде жанып иман – шырағы. Жүрегінде Шырағы бар пақырдың, Әр минуты боп елестер «Ақыр күн»... Себебі ме, сағаттары уақыттың Сырт-сырт етіп күнін ұрлар ғасырдың... Сол уақыттың ішінде үш ай бар-ды, Шеніне еш шендетпейтін айларды. Сол үш айдың бірі – Ораза. Ораза, Хақ Аллаһқа құлдықтағы қайнар-ды. Сол Ораза әр күні бір, бір ғалам, Әр сәті оның Хақ нұрымен нұрлаған. «Аллаһ» деген ақ құлдардың жүрегі, Онда Аллаһын әр сәт сайын жырлаған. Сол Ораза ішінде бір түн бар-ды, Қарыс адым аттатпайтын жындарды. Жер бетіне өріп шығып сол түні, Періштелер тыңдайтұғын мұң-зарды... Сауабы бар мың айдан да ол артық түн – Қадыр түні! (Хаққа құлдықты ар тұттым!) Қадыр түні Құран түсіп Аллаһтан, Жүректерге жауған түн ол бар құттың... Қадыр түні түндердегі түн жарық, Шыққандайын қараңғыны Күн жарып. Екі әлемі жарық Қадыр түніндей, Өз нәпсісін өтер болса кім жарып! Қадыр түні түндердегі түн жарық!..

Құл-Керім ЕЛЕМЕС АЛЛАҺ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жыр сұрап едім жыр бердің, Аллаһ! Күй сұрап едім күй бердің, Аллаһ! Нұр сұрап едім нұр бердің, Аллаһ! Сый сұрап едім сый бердің, Аллаһ! Ән сұрап едім ән бердің, Аллаһ! Мән сұрап едім мән бердің, Аллаһ! Тірі өлік едім, «жан» бердің, Аллаһ, Өзіңе мәңгі-мәңгі ердім, Аллаһ! «Дүние» деген пақыр ем, Аллаһ, Не екенін білмес тояттың, Аллаһ! «Қараңғыда» ұйықтап жатыр ем, Аллаһ, Иманмен әппәқ ояттың, Аллаһ! Ішінде жүр ем бұлдырдың, Аллаһ! Тұлданған бірі ем тұлдырдың, Аллаһ! Құл екенімді білдірдің, Аллаһ! Білгірі Сенсің білгірдің, Аллаһ! Көзі бар көзсіз соқыр ем, Аллаһ, Білтемді Өзің тамыздың, Аллаһ! Тәкаппар, тарпаң, поқыр27 ем, Аллаһ, Болып барамын жаны ізгің, Аллаһ! Көрнеуді, көмес көретін, Аллаһ! Сұрағаныңды беретін, Аллаһ! Сұрамасаң да беретін, Аллаһ! Жомартсың, Хақсың өр есім, Аллаһ! Жолдарын кесіп кесірдің, Аллаһ! Қатемді қай бір кешірдің, Аллаһ! Жылауын тиып жесірдің, Аллаһ, Дәрежемді Елдік өсіргін, Аллаһ?! 27 Поқыр – такаппар

Жарық Фарызыңды адал атқарыт, Аллаһ! Нұрыңмен иман бақ дарыт, Аллаһ! Ханға адал Елді басқарыт, Аллаһ! Шын мүмин халын жақсарыт, Аллаһ?! Шын мүмин болып өтейін, Аллаһ! Фарызымды адал өтейін, Аллаһ! «Сираттан» зымқап өтейін, Аллаһ! Жәннәтыңа аман жетейін, Аллаһ?! Тілегімді әппәқ қабыл ет, Аллаһ! Болайын бірі сафидың, Аллаһ! Нақты нақ таныр қабылет, Аллаһ, Бер Өзің Кәрим заты Игім, Аллаһ?! Әмин! 2006.10.13 ТАРИХ... (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Бекер, босқа налисың. Налыма, ісін қыл ердің! Адамзаттың тарихын, Хақтан басқа білер кім? Күн айтуға ділгірлеу, Айта алмайды дұрысы. Білмейтінді білдірмеу, Құдіреттің бір ісі... Екіленбе, анық ол – Адам – атаң, Хауа – анаң! Хақ – Иеңді таны, бол, Танығанға жауады «ән»... Ісін қылма наданның, Бос қиялды қармап құр. Саф тарихы адамның, Әз Құранда сарнап тұр...

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ҰЯТ-АЙ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Көңілім тастай қараңғы, Жарығын өзім өшіргем. Көп көріп, көп жеп харамды, Кешегі күнде есірген... Ұят та болған Ұлықтан, Кесір де болған кешірмес. Құтылсам ерте былықтан, Едім ғой сәулемді өшірмес. Қайтейін, ақыл тозды да, Анықты ол, білдім, алмайды. Жарығым алға озды да, Қараңғым артта қалбайды. Ойымды қанша жисам да, Шашылып лезде қап барам. Ішіме Сәуле құйсам да, Қараңғы – қапас боп қаран... Жарықша жарық шаша алмай, Түтіндеп қара бықсимын. Өзімнен өзім аса алмай, Тағы өзім ұп-ұлықсимын. Ұят-ай! 2006.11.19 РАС (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Әр сөзімнің ішінде бір мазмұн бар... Әр сөзімнің үшінде бір жарық бар... Білмейді оны шайтанға ерген азғындар, Көрмейді оны көңілі соқыр ғарыптар...

Жарық ИНШАЛЛАҺ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жанбайтын да боп алдым, күймейтін де, Есім кетіп ескіше сүймейтін де. Қайран басты тауға ұрып, тасқа да ұрып, Өмір сүрмей өткен соң кіл кейпімде. Қиын екен шындықты кеш білгенің, Жөнді білсем жөргектен өстір ме едім? Әй, қояйын, Келтірдім тағдырға иман, Бүй деуге онда қақым жоқ ешбір менің! Әй, қояйын, «Сөйтсем жол табар ма едім? Ерте жүрек шырағын жағар ма едім? Нәжістерін нәпсінің тіміскімей, Ғарышқа ерте қанатты қағар ма едім?» – Деп, надандық танытар қақым бар ма? Жоқ! Жоқ, шүкір, мың шүкір бұл күніме! Гүлдеп шыққан нәпсімнен гүл күніме! Ештен жақсы таныдым Хақ Иемді, Хақ Иеме, сан шүкір, құл күніме! Білмей кетсем қайтер ем Хақ Иемді, Хақ Аллаһтай мәңгілік бақ Иемді?! Танытты Өзі, таныдым, енді өлгенше, Хақтайын да өтейін Хақ Иемді!!! 2006.11.19

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ҰШҚЫ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Кеңи алмай-ақ қойдым-ау, Абайша сүйіп Аллаһты. Ақындыққа әбден тойдым-ау, Бір ой да тартпай салмақты... Неге мен сонша зарықтым, Өзімнен өзім жерініп? Жарыққа қарап жарықтың, Жарығы құсап көрініп. Жарыққа қарап жарықтың, Жарығы құсап көрінбей. Кешейін күйін ғарыптың, Жеткенше Хаққа ерінбей! Асылық болды-ау, анығы, Бұлайша шүкір етпеуім! Адамым Хаққын таныды, Еді ғой бұл да көктеуім! Айтпайын енді өтірік, Хақтығын Хақтың жыр еттім! Ендеше неге өсіріп, Айтамын шынын жүректің?! Айтайын шынын жүректің, Түбіне сүңги отырып. Өзімді бекер кір еттім, Қайғырып босқа өтірік! Қайғырман босқа, шүкір сан, Бергенін жаздым Иемнің! Неге өзімді онда тұқыртам, Ішінде тұрып жүйемнің! 2006.11.19

Жарық БҰРЫЛУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Көкірегімді ашайын, Ашайында оқиын. Кесапаттан қашайын, Тіл тартқызбас топиын28. Көкірегім құлыпты, Құлыпты құл тас қара. Хақ ашады құлыпты, Ашылмаса масқара. Хақ ашпаған жүректе, Шынның жанбас шырағы. Жүректі ондай «құры ет» де – Ібілістің тұрағы. Ниетіңді бұр Хаққа, Бәрін Хақтан алғансың. «Хақ Аллаһ» деп тұр сапқа, Екі әлемің жалғансын. Ниетімді бұрайын, Екі әлемім жалғансын. Хаққа басымды ұрайын, Рухым нұрға, ал, қансын! Әмин! 2006.11.19 28 Топин – улы дәрі

Құл-Керім ЕЛЕМЕС КЕМІСТІК (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Жарығының күшімен, Көрсетпейді Күн өзін. Дүниенің ішінен, Танымайсың мінезін. Көтерілсең Күн жаққа, Жердегілер қақпайды. Күн – шырақты кім жаққан? Оны ақылдар таппайды. Қасындасың, Алайда, Күн жақ сенің тұрағың. Қараңғыға балайды, ә, Жанып тұрса шырағың?! Жалған деген осы ғой, Күндізіңді «түн» десе. Ол, Аллаһтың досы ғой, «Құлмын» десе, «кім?» десе! Күнді көре алмасаң, Күннен емес кемістік. Жарығыңды жалмасаң, Қайда саған кеңістік! 2006.11.19

Жарық ҚОБЫЗ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Үніңдегі кереметке мәңгі игі, Қиял сүңгіп қияндарға қаңғиды. Тигенде ысқыш туқұйрыққа тіл бітіп, Әуен жылап, Күй қоңырсып, Ән күйді... Күн сорғалап, Ай тамшылап, Сам еріп, Тік шапшыды тамырларда қан өріп... Ішек пенен арасында ысқыштың, Әуен қалды сан тіріліп, сан өліп... Тереңдерге тартары қақ толғамың, Бақыр – басың тіл ділгірлер толған үн... Ол ақиқат дана тұтқан жоқ сені, Бақсының жын шақырғышы болғаның. Мұным сені қаралауым емес-ті. Аңыздардан үн келеді көне, ескі... Сол үндерден ақиқаттар сен жәйлі, Бізге жетті... Қарақтандым соны естіп. «Мұртыммен бұлтты тіліп, көк тестім, – Дей алмаймын, – Жерде туып, көкте өстім»!.. Хан – қазақтың көнекөзі болсаңда, Тәңір тұрып саған құлдық етпеспін! Құдіретше құламаса Күн егер, Қияметке жалғасарсың... біле гөр! Бізге жеткен дүниенің түбінен, Көне қазақ көзіндей боп жүре бер!.. 2007.1.20

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ЖАРУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Мұңмен бастап өлеңді, Нұрмен аяқтап келем. Болмағанмен көлемді, Ақиқатын тапты өлең. Ақиқатын тапты ақын, Ақиқаттан ап білім. Қабыл болып мақсатым, Хаққым ашты, Ақ ділім! Хаққым ашты – ақ ділім! Шүкір Аллаһ, жарыдым. Құранда екен бақ, ғылым, Жырға құйдым жарығын. Бұрын мұңым – нәпсі еді, Қазір мұңым – Хақ қасы. Ақын қандай тапшы еді, Ашылмаса қақпасы?! ҚҰЛДЫРАУЫН (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Қазақша айтса қуандым, Абайша айтса үнсізбін. Өтірікке өле жұбандым, Өйткені, «мен» «күнсізбін29»... Бар сияқты жоқпын, Жоқ сияқты бармын. Жоғыма атқан оқпын, Жоқтауына зармын. Олайы, мен тармын. Себебі, хақсыз хармын! Иә!.. 29 Мен – дінсіз көп, күн – иман мәнде

Жарық ХОШ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Мен өлдім – Соқырдың көзінде өлдім, Наданның сөзінде өлдім, Кереңнің құлағында өлдім, Нәпсінің сынағында өлдім... Соқыр көрмеді, Басымнан аттап кетті... Надан білмеді, Данамды даттап кетті... Керең естімеді, Тазамды ластап кетті... Бәріне шыдадым!.. Шындық – шырағым, Жап-жарық әлемге Ол мені бастап кетті... Кеттім... Хош соқыр! Хош надан! Хош керең! 2006.11.27 ҚАЙТАРУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Сен үшін үздім бір тамшы, Ауадай тұнық – ақ мөлдір. Бетіңді Хаққа бұрсаңшы, Басыңа нұрдан бақ келгір! Басыңа нұрдан бақ тұнғыр! Өзіңе өзің тіреліп, Қаперсіз, қамсыз жатсың бір, Кәдімгі халде тірі өлік.

Құл-Керім ЕЛЕМЕС Жатырсың халде тірі өлік, Ұйқыдағы аю сияқты. Жүрегің жынға сіреліп, Серіппей бір де тұяқты. Келмесең құл боп уәжге егер, Қарғыстылармен жақтассың. Басыңды қоймай сәждеге, Бақыттың жолын таппассың! Басыңа нұрдан бақ жауғыр?! ҰЙҚЫ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Мен білетін айнала, Көп білед деп ойлама. Бас дегенді құлақ деп, Білетіндер жәй ғана. Мен білетін айнала, Дін білед деп ойлама. Құлдық ұрған құлқынға, Құлқын құлдар жәй ғана. Мен білетін төңірек, Жеп-жерерлер сені іреп... Анық жәйлі ақ сөйлер, Ақылдысы кемірек. Мен білетін бұл маңай, Қайра-ан, қайда тұлғам-ай? Мейірсіз көп мекерлер, Бір іс қылмас бұлдамай. Мен білетін бұл қауым, Туралықтан тұл қауым. Тимайтындар бір өңкей, Тұнықтарын былғауын...

Жарық Мен білетін қазақта, Аллаһ ісі аз-ақ та, Айналдыру көп, сұмдық, Ақиқатты мазаққа... Мен білетін жайсаңның, Жабығынан тайсандым. Жарығы кем ішінде, Жарығындай май шамның. Қамсыздыққа телінді, Менің мынау елімді, Жүзетін жұрт етші, Ием, Әппәқ иман көліңді?! Әмин! 2006.12.2 ӨЗІН КӨРУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Ақиқатқа ақылы аштың, Аллаһ, Құлыптанған жүрегін аштың, Аллаһ! Құлыптанған жүрегін ашып, қара түнегіне ақ жұлдыз шаштың, Аллаһ! Түнегіме ақ жұлдыз шаштың, Аллаһ! Бал-шарбатқа айналды аштым, Аллаһ! Ағараңдай бастадым түнегімнен, Ішіндегі аққа ұқсап шаштың, Аллаһ! Ағына ұқсап бір өңкей қара қудың, Даналарша жолыңды дара қудым. Түнегімнен тік тұрдым, арасынан көтерген ақ байрақтай қара тудың!.. Шүкір! 2006.12.3

Құл-Керім ЕЛЕМЕС ҰЛАСУ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Қараңғыны әр сәуле тесіп кіріп, Жол ашады жарыққа несіп қылып. Жалған менен мәңгілік парқын білген, Өлімге өзін алмайды өшіктіріп. Өшіктіріп алмайды өлімге өзін, Шындықпенен шыңдайды өлімде өзін. Ар-иманның ақ туын желбіретіп, Ақылдының ашады өлім көзін... Өлім ащы болғанмен, Шындық тәтті... Өлімге көп үңілген шындық тапты. Өлімге көп үңілген шындық тауып, Өмірінің әр сәтін шындықтатты... Есік ашар өлімге шындық – шәһар, Өтірік пен тұрмайды шындық қатар. Өлім сені апарар мәңгілікке, Емес өлім ол бір-ақ күндік сапар... 2006.12.10 ХАЛҚЫМ (Бисмилләһир Рахманир Рахим) Халқым, Әлі алдыңда бөгет тұр сан... Өзің-өз ғой... кетпейді ол өзекке ұрсаң... Қасиетің емес ол, қасіретің, Қандасыңа қанжарды кезеп тұрсаң!..

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙