Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болу негіздері мен шығу тегіне ой жүгірту
Жан Жак Руссо
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Жан-Жак Руссо. Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болу негіздері мен шығу тегіне ой жүгірту
ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА
АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ТЕҢСІЗДІКТІҢ ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІ МЕН ШЫҒУ ТЕГІНЕ ОЙ-ЖҮГІРТУ
ЖАН ЖАК РУССО
(Аударған Б. Рахымжанов)
Non іn depravatіs, sed іn hіs quae
bene secundum naturam se habent,
consіderandum est quіd sіt naturale.
Arіstot[eles]. Polіtіc [a], lіb. І, cap. ІІ'.
ЖЕНЕВА РЕСПУБЛИКАСЫНА
МӘРТЕБЕЛІ, АСА ҚҰРМЕТТІ ЖӘНЕ ЫҚПАЛДЫ БАСШЫ ТАҚСЫРЛАР!
Тек ізгі, адамгершілікті азаматқа ғана Отанына ашық түрде қабылдай алатын құрмет көрсетуге, баға беруге лайықты екеніне кәміл сенемін. Міне, мен отыз жыл бойы сіздерге жұрт алдында құрмет көрсету құқына лайықты болуға күш салып келемін; ендігі бақытты жағдай, аздап болса да менің күш-қуатыммен жасай алмаған нәрселер толықтырылуда және мен оған жеткілікті өкілдікті маған беруі тиіс құқыққа қарағанда мені рухтандырған жігермен көбірек санасуға рұқсат етіледі деп есептедім. Мен сіздердің орталарыңызда дүниеге келу бақытына қалай ие болдым деген сияқты, қалай мен адамдардың арасындағы табиғаттан берілген теңдік пен адамдар арқылы қалыптасқан теңсіздік мәселесі туралы және Мемлекеттегілердің бәрі де бақытты саналып, оларға табиғи заңдылықтарға жақындауға мүмкіндік туғызатын қоғамға неғұрлым ізгі бейнедегі қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың бақытына қолдау көрсету туралы меселеге даналықпен терең ойға шомбай қалай ой-тұжырымдай аламын? Дұрыс ойлаудың Басқару құрылымын жанама тұрғыдан болса да дегеніне көндіретіндігі туралы қағидаларды іздеп табу арқылы мен олардың барлығын сіздердің Басқаруларыңыздағы әрекеттен көргенде таң қалдым, тіпті мен сіздердің жерлеріңізде дүниеге келмеген болсам да адамзат қоғамының бұндай бейнесін менің ойымша қазіргідей Басқарудың ең ізгі жағын көріп отыр деген барлық халықтарға жеткізе алмай отыра алмас едім және ең дұрысы бұндай қиянатты басқалардың барлығына ескерткен болар едім. Егер маған менің туған жерімді таңдап алу мүмкіндігі берілген болса, саны адамзаттық қабілеттіліктің көлемімен шектелетін, сонымен қатар жақсы басқарылу мүмкіндігіндегі қоғамды, әркім өз орынында болатындықтан Мемлекеттің тарапынан берілетін дәрежелік міндеттерді басқаға ауыстырып жатпайтын, жеке тұлғалары бірін-бірі білетін, сондықтан халықтың әділет таразысынан бұзықтықтың арам ойының көлеңкесін жамыла алмайтын, ізгі адамның инабаттылығы да назардан тыс қала алмайтын және бұндай бір-бірін танып білетін жақсы әдет отанға деген, сол және басқа да аймақтағы адамдарға деген сүйіспеншілік тудыратын жерді, қоғамды таңдар едім. Мен суверен мен халықтың мүддесі бір, барлық қозғалыс әрекеттің бағыты ортақ бақытқа бағытталған елде тууды қалар едім; бұндай жағдай халық пен суверен бір кісіге айналғанда ғана болады және осыдан кейін мен ақыл ойға сыйымды біркелкі, қалыпты демократиялық Басқару жүйесінде өмір сүргенді қалар едім. Мен еркіндікте өмір сүріп, еркіндікте өлуді және дәл осылайша мен де, басқалар да заңдардың қасиетті қамытын өз мойынынан лақтырып тастай алмайтын қоғамды, тіпті басқа еш нәрсенің алдында илікпейтін тәкәппар бастардың өзі басқа бірдеңеге емес, осы құтқарушы және азапсыз қамыттың алдында мойын ұсынғанын қалар едім. Сонымен мен ешкім де Мемлекетте өзін Заңдардан жоғары қоймағанын және ешкімнің де Мемлекет мойындауға міндетті заңдарды сырттан күштеп әкелмегенін қалар едім. Өйткені Биліктің қандай жүйесіндегі қоғам болмасын ондағы бір жалғыз адам Заңдарға бағынбайтын болса, онда қалғандарының бәрі әлгі адамның билігіне бағынышты болып қалады; және егер аталмыш халықтың көз алдында бір елбасы болып, ал екіншісі оған жат болса онда олар өз араларында қанша билікті бөліскенімен, екеуіне де бірдей халықтың бой ұсынуы және мемлекеттің заңдылықтарға сай басқарылуы мүмкін емес. Мен заңдары қанша жақсы болса да, жаңадан ғана құрылған Республикада тұрғым келмес еді, өйткені Басқару формасы дәл қазіргі талаптан өзгеше жаңа азаматтарға немесе азаматтары Басқарудың жаңа формасына сай емес Мемлекетке жаңа қалыптасып келе жатқан кезінен бастап жарылып құру қаупі төнген болар еді. Өйткені еркіндік тұрпайылау, бірақ күшті адамдарға жақсы сіңетін, әрі қуатты ететін, ал әлсіз, нәзіктерге ауыртпалық әкеліп әрі масықтыратын шырынды тағамға және қасиетті шарапқа ұқсайды. Өз әміршілерінің болғанына дағдыланған халықтар әрі қарай оларсыз болуға дәрменсіз. Егер олар езгіні жоюға тырысса, онда еркіндіктен одан сайын алшақтап, оған қарама-қайшы тоқтаусыз бейбастықтықты еркіндік деп қабылдайды; бұндай бетбұрыс өзгерістер үнемі олардың бұғауын ауырлататын арбаушылардың уысына түсіреді. Тіптен барлық халықтар үшін еркіндік үлгісі болған Рим халқының өзі Таркванийлердің езгісінен шыққан кезде өздерін басқару халінде болған жоқ еді. Тарквинийлердің артып тастаған, масқаралаған ауыр бейнетінен құлдыққа салынған олар алдымен өздерін мағынасыз тобыр ретінде ғана көреді; оларды біртіндеп еркіндіктің қасиетті де шипалы ауасымен тыныстауға дағдыландырып, қуатсызданған, дәлірек айтқанда тирандық биліктің қысымынан азған, дөрекіленген бұл жандардың бірте-бірте барлық халықтардың ішіндегі ең лайықты құрметке жеткізген берік мінез бен ерлік абыройға ие болуы үшін оларға құнттылықпен қарау және оларды адам айтқысыз ұлы даналықпен басқару қажет болды. Осының нәтижесінен мен өзіме отанды көне заман уақыт тұңғиығында елеске айналған, ондағы көріністер тек тұрғындарының ерлік пен отанына деген махаббатын оятатын және азаматтары әлдеқашан тағылымды жолдағы тәуелсіздікке дағдыланған, тек еркіндікте ғана емес, сонымен қатар еркіндікке әбден лайықты, бақытты да тыныш Республикадан табуға тырысар едім. Мен өзіме, басқа елді жаулауға деген қанқұмар әуесқойлыққа жат болу бақытына ие және бағына қарай географиялық жағдайының арқасында басқа Мемлекеттің жеміне айналу үрейінен ада Отанды таңдағанды қалар едім; яғни ол ешкімге де оны басып алу пайда әкелмейтін көптеген халықтардың ортасында орналасқан еркін қала; бір сөзбен айтқанда өзінің көршілерінің мақтансүйгіштігі арбамайтын және қажет жағдайда олардың көмегіне сенуге лайықты негізі бар Республиканы таңдар едім. Осыдан келіп, бұндай бақытты жағдайда оған өз-өзінен қауіптенбегені сияқты, басқа ешкімнен қауіптенбеуге тура келеді; егер оның азаматтары қару ұстауға жаттығатын болса, онда олар бұны өзін қорғау қажеттілігінен көрі еркіндікке негізделген, бостандық сүйгіш әскери жалындағы ерлік абыройға қолдау көрсету үшін істейді. Мен заң шығару құқығы барлық азаматтарына ортақ елді табуға тырысар едім. Өйткені, қандай жағдайда бір қоғамда оларға бірге өмір сүру лайықты екендігін сол азаматтардың өздерінен артық кім біле алады? Бірақ мен Римдегі Мемлекет басшылары және оның сақталуына неғұрлым мүдделі әрі оны құтқаруға қабілетті адамдардың пайдаланатын жиналыстарға қатыстырылмаған және заңдарының айнымалы тиянақсыз қисынсыздығының нәтижесінде магистраттардың қарапайым азаматтар құқықтардан айрылған кездегі плебисцитке ұқсайтын плебисциттерді мақұлдамас едім. Мен керісінше өзімшіл, пайдакүнем қиын түсінілетін заң жобаларына және ақыр соңында афиналықтарды құртқандағыдай қауіпті жаңалықтарға бастайтын жолды жабуды тілер едім. Ол үшін кім көрінгеннің қашан және қалай тілегенін істеуіне және жаңа заңдар ұсынуына мүмкіндігі болмауы керек; ол үшін бұл құқық тек магистраттарда ғана болуы керек, магистраттардың өзі оларды байқап қолдануы қажет; ол үшін халық бұл заңдарға өз келісімін берген кезде соншалықты абай болуы; олардың жариялануы мемлекеттің тарапынан орындалу тәртібінде мемлекет сәл толқуда болып адамдарда ұлы заңдардың байырғы қалыптылығы оларды қасиетті де мақтаулы ететіндігіне көз жеткізуге уақыты болуы керек. Сондықтан халық ендігі жерде көз алдында күнде ауысып жататын заңдарды жек көріп кетуді бастайды және сондықтанда ескі дәстүр-салттарды ұстауды үйреніп, адамдар көбіне кішкентай нәрсені түзеймін деп үлкен зұлымдық кіргізеді. Әсіресе, мен халық өздерінің магистраттарынсыз бола аламыз деп ойлап, оларға болмашы ғана билік беріп, азаматтық істерді өздеріне қалдырып басқару әрекетіне абайсыз ұмтылып және өз заңдарын өздері орындап, азаматтық істерді басқаруда байыпсыздық танытып отырған Республикадан қашар едім: тікелей табиғи жағдайдан шыққан Басқарудың алғашқы жетілмеген құрылысы осындай болуы тиіс және Афиналар Республикасының жойылуының негізінде жатқан бір олқылық осындай жағдаймен байланысты. Бірақ мен жеке тұлғалары заңдарды бекітуде ортақ үлес қосатын және ел басшысының ұсынысымен неғұрлым маңызды қоғамдық істерді шешетін, басқару мекемелеріне тән құрметті пайдалана отырып ұйымдастыратын, ұқыптылықпен жекелеген мекемелерге шек қоя алатын, әділ сотқа жіберу үшін және мемлекеттік басқаруға жылдан-жылға неғұрлым қабілетті, сатылмайтын, өз отандастарын сыйлай алатын және адамгершілікті магистраттары халық даналығын куәләндіратын, матистраттары мен халқы бір-бірін аса құрметтейтін Республиканы таңдар едім. Сондықтан егерде күндердің күнінде бір қатер әкелетін қателесушілік қоғамдық келісімді бұзса, онда бұл көзбайлаушылық пен қателесулер кезеңі заңдарға деген жаппай құрмет, өзара сыйластық және сыпайы сабырлылық үшін сабақ болар еді: міне бұл ішкі өмірдің мәңгі және шынайылық нышаны мен кепілдігі болып саналады. МӘРТЕБЕЛІ, АСА ҚҰРМЕТТІ ЖӘНЕ ЕЛГЕ ИЕ БАСШЫ ТАҚСЫРЛАР, менің Отан ретінде таңдағым келген елден көргім келетін ерекшеліктердің бар мәні осындай. Ал егерде осыған орналасқан жері ғажайып, ауа-райы қоңырсалқын, топырағы құнарлы, аспан астындағы тіршіліктің таңқаларлық бейнесін құдіретпен қосып Болжап елестетсем, онда менің бақытым одан сайын тасуы үшін мен бұл ізгіліктің барлығын жоғарыда айтылған отанымның аясында ғана отандастарыммен тату-тәтті, жанға жағымды карым-қатынаста, олардың адамгершілігіне тән адамгершілік көрсетіп, өзімнің жан дүниемде тек адамгершілікті және адал айбынды отансүйгіш адамның бейнесін ғана есте қалдырып қолданған болар едім. Егер бұдан бақытым сәл төмен болып, мезгілінен тым кеш көрегендікке жетіп, мен басқа бір аймақта кездейсоқ ұшырауға мәжбүр болып, ақымақ жастық шағымның менен айырған тыныштық пен бейбітшілікке өкініп, өмірімді ауыр дертпен өшіретін, құлазыған күйге тап болған болсам, мен Отанымның гүлденуіне бере алмаған сезімдерімді өз жанымда сезініп және қол жетпес алыс жердегі отандастарыма деген нәзік те риясыз сүйіспеншілігіме еніп оларға арнап жүрегімнің түбінен шыққан мынандай жан айқайымды білдірер едім: "Сүйікті менің отандастарым немесе бауырларым менің, бауыр дейтінім біздің қанымыз заңдар сияқты біздің бәрімізді біріктіреді! Бәрінен айрылған соң олардың құнын менен артық ешкім білмейтін, сіздер барлық қызығын көріп жүрген ізгіліктер туралы бірмезгілде ойламай сіздер туралы ойлай алмайтындығым маған қуанышты. Неғұрлым сіздердің саяси және азаматтық жағдайларыңызды көбірек ойлаған сайын адамдар жағдайының одан жақсы болатындығын елестету қиынырақ. Мемлекетті ізгілікпен неғұрлым көбірек қамтамасыз ету туралы сөз қозғасақ, Басқарудың барлық өзгеше формаларында бәрі де үнемі бір жобада шектеледі немесе ең зор дегені мүмкіндіктермен ғана. Сіздерге келетін болсақ сіздердің бақыттарыңыз толық жасалынған, тек оны қолдана білу керек және айтарлықтай бақытты сезіну үшін өз бақыттарыңызбен қанағаттана білулеріңіз керек. Сіздердің қол жеткізген немесе қылыштың жүзімен жеңіп алған және екі ғасыр бойы сіздердің айбындарыңыз бен даналықтарыңыз арқылы қорғалып келген тәуелсіздіктеріңіз ақыры толықтай барлық жерде мойындалды. Сіздердің мемлекеттік құрылымдарыңыз өтe жақсы. Ол асқан ақылмен жасалған және достастықтағы ірі мемлекеттер кепілдік берген; сіздердің Мемлекеттеріңіз бейбіт. Сіздерге жауынгерлерден де, жаулаушылардан да қорықпауға тура келеді. Сатып алынбайтын сіздер сайлаған магистраттар тарапынан орындалған, сіздер жасаған тағылымды заңдардан басқа сіздердің ешқандай әміршілеріңіз жоқ. Сіздер шынайы адамгершілігі бар адамды тануға және шынайы бакытқа деген талғамдарыңызды әуре-сарсаң рахатта жоғалтқандай және әлжуаздықты қалжырататындай бай емессіздер, сонымен қатар сіздердің еңбектеріңіз қамтамасыз ете алмайтын қажеттіліктерді орындау үшін сырттан көмек қажет ететіндей кедей де емессіздер және шамадан тыс салықпен ғана қорғалатын ірі ұлттардағыдай емес, сіздерге бұл аса құнды еркіндікті сақтау тегін іске асады. Соншалықты көрегендікпен, бақытты құрылған Республика — бұл өз азаматтарының бақыты үшін мәңгі, басқа халықтарға үлгі ретінде жасай берсін! Міне, бұл сіздердің қам жейтін жария ететін айтарлықтай ант, серттеріңіз. Бақыттарыңызды қайта жасамау бүгіннен бастап тек өздеріңізге байланысты — сіздердің бабаларыңыз сіздерді ондай қиыншылықтан құтқарды, оны пайдалана отырып нығайта түсу керек. Сіздердің аман-саулықтарыңыз сіздердің үнемі бірліктеріңізге, заңға бой ұсынуларыңызға, қызметкерлерге деген құрметтеріңізге байланысты. Егер сіздердің араларыңызда сәл ғана зұлымдықтың нышаны байқалса, өскеннен кейін сіздердің бакытсыздықтарыңызбен мемлекеттің қирауына ертелі кеш әйтеуір әкелетін пәленің тамырын жұлғандай етіп оны құртып жіберіңіздер. Мен сіздердің барлықтарыңызды өз жан дүниелеріңіздің жүрек түбіндегі сырына назар салып, ар-ұждандарыңыздың құпиялы үніне құлақ салуға шақырамын. Сіздердің іштеріңізде дүниеде сіздердің магистратура бірлестігіне тең келетін, одан зор құрметке лайықты көкірек көзі көреген, білімдірек бірлестік бар екенін білетіндер бар ма, оның барлық мүшелері сіздерге ұстамдылықтың, биязы мінездің, шынайы келісім татулықтың үлгісін бермей ме? Айтарлықтай көреген жетекшілерге адамгершілікті адамның зердесіне міндеттелетін құтқарушылық сенімді бұлтартпастан сыйға тартыңыздар; сөзсіз сіздерге қайтып берілетін, өздеріңіз жоғары дәрежеге ие қылған тиісті құрметтеген бұл таңдаушыларды өздеріңіз сайлағандарыңыз естеріңізде болсын. Сіздердің араларыңызда қай жерде заңдардың және оларды қорғаушылардың билігі шектелетін болса, сол жерде ешкімге де қауіпсіздік пен еркіндіктің болмайтынын білмейтіндей соншама білімсіздер жоқ. Сіздерден лайықты сенімдеріңізбен бәрібір орындауға тиісті нәрселерден басқа ақыл атынан ант етіп өздеріңіздің шын мүдделеріңіз бен парыздарыңызды орындау талап етіледі. Мемлекеттік құрылымды сақтауға деген және қылмыс пен құтқаруға жол бастайтын толғаусыз байыпсыздық ешқашанда сіздердің араларыңыздағы ынталылар мен көреген пікірлерді елемей, менсінбеуге түрткі болмасын; бірақ әділеттілік, ұстамдылық және бәрінен бұрын құрмет пен табанды тұрақтылық сіздердің барлық әрекеттеріңізге жетекшілік етсін және сіздерді бар әлемге асқақ, инабатты, өзінің даңқына және еркіндігіне деген ынталы халық ретінде үлгі көрсетсін. Бұл менің соңғы кеңесім. Әсіресе зұлымдыққа бастайтын өсек-аяңға, зәрлі сөздерге ешқашан құлақ түрмеңіздер, олардың құпия бағыты олардың әрекет ету мақсатынан да қауіптірек. Барлық үй іші ұйқысынан шошып оянып, үрейленіп, мазасызданады, ұрылар келгенде ғана үретін адал бейшара үй сақшысының дауысы әрең естіледі; бірақ қоғамдық тыныштықты тоқтаусыз бұзатын бұл хайуандардың шуылы және керек кезінде естілмейтін әлдекімдердің үнемі орынсыз ескертулері мазасыздық тудырып баршаға жексұрын көрінеді". Сіздер МӘРТЕБЕЛІ, АСА ҚҰРМЕТТІ БАСШЫ ТАҚСЫРЛАР және сіздер еркін халықтың құрметті магистраттары! Маған сіздерге деген жеке шынайы құрмет пен мадақ көрсетуіме рұқсат етіңіздер. Егер әлемде дәріптеуге лайықтыларды дәріптейтін ереже, заң болса, онда сөзсіз — бұл таланттар мен ізгі адамдар қол жеткізген ереже заңдар, лайықты қалыптастырылған және сіздердің отандастарыңыз сіздерді жоғары деңгейге көтерген ереже, заңдар. Олардың ар-абыройы сіздерге салтанат береді және сондықтан сіздер басқаларды басқаруға қабілетті адамдардың өздерін басқару үшін сол адамдардың тарапынан таңдалып, сайланғансыздар. Мен халық, әсіресе басқа мемлекеттердегі тобырлардан өздерінің ақыл-ой, білімдарлығымен жоғары тұрған сіздер басқару абыройына ие болып отырған халық неғұрлым еркіндікте болғандықтан сіздерді басқа магистраттарға қарағанда әлде қайда жоғарыдан көремін. Маған айтарлықтай есте қалатын, менің жүрегімде мәңгі өмір сүретін бір мысал келтіруге рұқсат етіңіздер. Мен мені жарық дүниеге әкелгені үшін үнемі өзімді қарыздар сезінетін, сіздерге көрсетуім тиіс құрмет туралы менімен балалық шағымда үнемі әңгімелесіп, тәрбие берген мейірімді канды тебіренбей еске ала алмаймын. Өзінің маңдай терімен өмір сүрген және жанынан шынайы асқақ ақиқаттылық сезілетін сол жан көз алдымда. Оның алдында жұмыс аспаптарымен бірге араласып жататын Тацит, Плутарх, Гроцийдің кітаптары да көз алдымда. Оның жанында ең күшті әкелердің бірінен аздап тәлім алып отырған оның ұлы, бұның бәрі дәл кешегідей есімде. Егерде жастықтың аңдаусыз адасушылығы соншалықты тағылымды үлгіні ұмыттырса да, бұзықтыққа қанша бет қойсам да мен жанымда тәрбиемен сіңген тәлімнің мәңгі өшіп қалмайтындығын көру бақытына ие болған жан екенмін. Істің мәні осындай МӘРТЕБЕЛІ; АСА ҚҰРМЕТТІ БАСШЫ ТАҚСЫРЛАР және Сіздер басқарып отырған мемлекетте туғандар, азаматтар және қарапайым тұрғындар; басқа ұлттарда төмен және жалған бейнеде көрсетілетін жұмысшылар деген атқа ие бұл парасатты да тәрбиелі адамдар осындай. Әкем өзінің отандастарының ішінде еш ерекшеленбеген мен бұны қуанышпен мойындаймын; ол барлық отандастары сияқты; ол қандай болса да қоғамда оны іздемейтін орын, онымен қатынаспайтын адам болмайтын және онымен үнемі абыройлы адамдар араласатын. Құдайға шүкір, тәрбие жағынан, табиғи құқық, дүниеге келу құқығы жағынан болсын, маған адамдардың тарапынан күтілетін теңдік туралы айту сай емес және оған қажеттілік жоқ, халық құрметке құрметпен жауап беретін сіздердің қасиеттеріңізге сай өздерін өз еркімен сіздерден төмен қойды, енді өз кезектеріңізде оларды біршама мойындауға міндеттісіздер. Мен сіздердің заңдарға қызмет ететіндерге ұқсас момын кішіпейілділікпен қаталдықтың өзін жұмсартатындарыңызды рахаттана аңғарамын; олардың сіздерге көрсетуі тиіс бой ұсыну мен құрметін назар аудара соншалықты жомарттықпен бағалайсыздар: бұл мінез-құлық енді қайтып көрмеу үшін біржола ұмытылуы керек бақытсыз сорақы жағдайларды жадыдан шығаруға қабілетті әділеттілік пен даналық арқылы іске асырылған; бұл мінез-құлық табиғатынан парыздан ләззат алатын әділ де кең пейілді халықтың сіздерді құрметтеуге, өздерінің құқын қорғауға және басқалардың құқын қадірлеу бейімділігіне негізделген. Азаматтық қоғамның жетекшілерінің оның даңқы мен бақытын сүйетіндігі таң қалдырмауы тиіс; көбірек таң қалдыратыны адамдардың тыныштығы үшін өзіне магистраттарға қарағандай немесе неғұрлым қасиетті де асқақ рухты елдің әміршілеріне қарағандай қарайтындардың, өздерін асырап отырған жер бетіндегі туған ата мекеніне сүйіспеншілік білдіргендігі. Менің өте сирек мүмкіндіктерді біздің пайдамызға асыра алатыныма және біздің ең жақсы азаматтарымыздың қатарына әрқашан өздерінің орындайтындарынан бастайтын қасиетті діни догмалар заңдарымен бекітілген ынталы сақшыларды, біздің жүрегімізде Евангелиенің өсиеттерін тым жақсы орната білетін шешен, адам жанының құрметті басшыларын қатар қоя алатындығыма мен қуаныштымын. Уағыздаудың жоғарғы өнері Женевада қандай жеміспен өркендеп келе жатқандығы бәріне белгілі. Бірақ халық бір нәрсені айтып, басқа нәрсені істеушілікті көруге әбден дағдыланып алды, біздің діни қызметкерлер бірлестігінде христиан дінінің рухы, адамгершіліктің көретендігі, өз-өзіне деген ерекше қатаң талап, өзгеге деген биязылықтың қандай деңгейде үстемдік ететінін тек шамалы жандар ғана біледі. Мүмкін, тек бір қала — Женеваға ғана әлемге әдебиетшілер мен діни ілімді ұстанушылар қоғамдарындағы соншалық кемелді бірліктің үлгісін көрсету сай шығар; және солардың мойындаған даналығы мен сабырлылығына, мемлекеттің гүлденуіне деген ынталылығына қарап мен мәңгілік оның тыныштығына айтарлықтай үміттенемін; және оларға тарихтан мысал, өздерін Құдай жолындағы адамдармыз деп санаған варварлардың өздерінің Құдайлық деп аталатын құқықтарын, мүдделерін қорғау үшін қаншама адамзаттың қанын аямай төккендері, әрқашанда аяу керек деген үмітпен өздерін алдағандары олардың жан дүниесінде соншалықты жан шошырлық үрей тудыратындығына сүйсіне, таңқала, ерекше мақтана алатынымды айтып өткім келеді. Басқа адамдарға бақыт әкелетін момындық пен даналық бейбітшілікке, кішпейілділікке жол ашатын Республиканы қалай ұмыта аламын. Ашық жүзді және мейірімді әйел азаматшалар, сіздерге ерлер мен бірге болу және оларды басқару жазылған. Ерлі-зайыптылардың өмірінде ғана іске асатын сіздердің таза мінезді биліктеріңіз тек өзіңізді мемлекеттің даңқы үшін және ортақ бақытыңыз үшін сезіндіретін болса, қандай қуанышты! Спартада әйелдер дәл осылай басқарды және дәл осылай сіздер Женевада басқаруға лайықтысыздар. Қандай айуан-еркек нәзік жарының ауызынан шыққан ақыл мен ар намыстың үніне қарсы шыға алады және сіздің киіміңіз сымбатыңызға құйылып, сіздің лайықты жарқындығыңыз артып тұрған қарапайым инабатты киім үлгіңізді көргенде кім пайдасыз сән-салтанатты жек көрмес? Адамдар арасындағы келісімдер мен Мемлекеттік заңдарға деген сүйіспеншілікке қолдау көрсету сіздердің ақжарқын күнәсіз биліктеріңіз бен ақылдарыңызға тән, лайықты. Жауласқан от басыларды бақытты неке арқылы қосу, бәрінен бұрын өздеріңіздің тәлімдеріңіздің қарапайым нанымдылығымен біздің жастарымыз пайдалы нәрселермен коса басқа жақтан әкелген бұзылған әйелдерге тән, балалық істеуге бейім күлкілі қылықтарды, тек сыртын ажарландырған құлдық жағдайдағы идеялардан, қасиетті еркіндікке айырбастамайтын жаман идеал, мәнерлерді түзеу сіздерге ғана тән. Әрқашанда осындай — мінез-құлықтың таза мінезді сақшылары және береке бірліктің нәзік дәнекерлері болыңыздар; және қандай жағдайда болса да адамгершілік пен парыздың пайдасы үшін табиғат құқығы мен жүрек құзырын қорғай беріңіздер. Мен Республиканың даңқы мен азаматтардың ортақ бақытына деген өзімнің үмітімді осыған ұқсас кепілдіктермен негіздегенде оларды фактілер теріске шығармас деп ойлағым келеді. Мен осындай ерекшелікке ие болған Республиканың балаларды қайран қылып, құмарлық тудыратын бақыттың да, еркіндіктің қас жауы жалған жылтыраққа елірмейтіндігін мойындаймын. Азған жастар болатын болса басқа жақтан өздеріне жеңіл ләззат іздей берсін, кейін өкінішке жолығады; сән қуған адамдар басқа жақтағы сарайлардың әдемілігіне, экипаждардың сұлулығына, жиһазды жасаулардың тамашалығына, сәнді оқиғаларға және байлық пен неуетектіктің барлығына да масаттана берсін. Женевадан тек адамдарды ғана көруге болады; бұндай оқиғалардың да, әрине өзіндік құны бар және оны іздеушілер қалған басқаларына табынушылардан жоғары тұрады. МӘРТЕБЕЛІ, АСА ҚҰРМЕТТІ ЖӘНЕ ЕЛГЕ ИЕ ТАҚСЫРЛАР ізет көрсетудің айғағы мен үшін сіздердің аман-саулықтарыңыз өте қымбат екендігін барлықтарыңыз бірдей мейіріммен қабылдауға мархабат етіңіздер. Егер жан-дүниемнен ағытылған осынау біраз қуаныштың ажар, сыпай шықпағанына айыпты болып сорласам, онда сіздерден менің бұл қуанышымнан тек қана шынайы отанын сүйгіш адамның қылығын, өзіне сіздердің барлықтарыңызды бақытты жағдайда көруден асқан бақыт жоқ деп санаған адамға тән қызу, албырт құлшынысын көріп кешірім етулеріңізді өтінемін. МӘРТЕБЕЛІ, АСА ҚҰРМЕТТІ ЖӘНЕ ЕЛГЕ ИЕ ТАҚСЫРЛАР, ерекше құрметпен сіздерге бас июші құлдарыңыз және отандастарыңыз
Жан Жак Руссо.
Шамбери, 12маусым 1754 ж.
АЛҒЫ СӨЗ
Барлық адамзат білімінің ішіндегі ілгері ең аз жылжығанын және неғұрлым пайдалысын мен адам туралы білім деп ойлаймын; сонымен қатар мен делфий храмының сыртындағы бір жазуы, моралистердің барлық қалың кітаптарынан көрі неғұрлым терең маңызды өсиетті мазмұндайтындығын батыл тұрғыдан айта аламын. Сондықтан, мен адамдардың білімі туралы сұраққа философияның талқылауына болатын ең басты қызықты сұрақ ретінде қараймын және сорымызға қарай бұл қиын сұрақ, өйткені адамдардың арасындағы теңсіздіктің шығу тегін олардың өзін танудан бастамасақ қалай танимыз және бастапқы күйден уақыт пен заттардың үнемі өзгерісіне байланысты өзгеріске ұшыраған, жағдай мен даму оның алғашқы күйіне өзгерістер қосқан немесе оны өзгеріске ұшыратқан барлық өзгерістерден кейін адам өзін табиғат жаратқандай күйде қалай көре алады? Уақыт пен теңіз жел көркін кетіріп, сиқын бұзғандығы сонша, Құдай емес жабайы хайуанға ұқсап кеткен Главка мүсіні сияқты адамның жаны қоғамда мыңдаған себептердің күшіне айналып бұрмаланған, көптеген білімдерге ие және адасушылыққа тап болып үнемі құмарлыққа соқтығудан, дене бітіміндегі өзгерістен үздіксіз өзгеріске түскендіктен өзінің сыртқы тұрпатын танымастай формаға ауыстырды және енді біз әрқашан анықталған өзгеріссіз қағидамен әрекет ететін, табиғи ұлы қарапайымдылықтағы, жаратушының қолтаңбасы өзгермеген тіршілік иесінің орнына бар болғаны ойлайтын, зердесімен сандырақтайтын, құмарлықтарының қарма-қайшылығында ұсқынсызданған тіршілік иесін көреміз. Сонымен қатар ең ауыры, адамзат тарапынан қол жеткізген табыстарының барлығы оны неғұрлым одан сайын алғашқы жаратылысынан алыстата береді және сондықтанда біз неғұрлым жаңа білімдерді жинағанда соғұрлым өзімізді бәрінен де маңыздыға қол жеткізетін құралдан айырамыз; олай болса біз адамды танып білуге тереңдеген сайын оны тануға деген қабілеттілігімізді жоямыз. Адам табиғатының дәл осылай біртін-біртін өзгеру салдарын көру қиын емес және әртүрлі физикалық себептер олардың кейбіреулерінің арасындағы біз атап жүрген айырмашылықтарды айқындағаннан бұрын жануарлардың әр түрінің өз араларында тең болғаны сияқты жалпы алып қарағанда өз араларында тең болған адамдардың арасындағы айырмашылықтардың алғашқы шығу тегін іздеу керек. Бұл барлық өзгерістер немен болса да бұл түрдегі жеке адамдарды бір-ақ жолмен ғана бірден өзгерткен болса шындығында оған ақыл жетпеген болар еді; олай болса біреулері кемелденіп табиғатынан оларға берілмеген жаңадан жақсы да жаман қасиеттер қалыптастырып, басқалары қалай өздерінің алғашқы жаратылған күйінде қалып қойды. Оның ақиқаттық нақты себебін көрсетуден көрі осылайша жалпы формада көрсету жеңілірек, адамдардың арасындағы теңсіздіктің алғашқы шығу тегі де осылай болған еді. Менің оқырмандарым мені көруі қиын нәрсені аңғаруға өзін тым батыл үміттендірген деп ойлап қалмасын. Мен бірнеше ой жүгіртулер жасадым және мен бұл сұрақты шешу үмітінде емес, оның шынайы бетін ашып, айқындау мақсатында бірнеше болжам, ұйғарулар айтуды жөн көрдім. Қалған адамдар үшін осы жолмен әрі қарай бару жеңіл болады, бірақ ешкімге де шегіне жету оңай болмайды, өйткені адамдардың табиғатындағылардың қайсысы туа біткенін, қайсысы жасанды екенін бөліп көрсету және енді бұдан былай болмайтын, мүмкін ешқашан болмаған, ешқашан болмауы мүмкін жағдайларды толық тану және сондада біздің қазіргі жағдайымызды жору үшін дұрыс түсінік қалыптастыру қиын әрекет.Бұл тақырыпқа маңызды зерттеулер жүргізу үшін қандай сақтықпен қимылдау керек екендігін дәл анықтауды қолға алу үшін ел ойлап жүргеннен де көбірек рухтың табандылығы қажет және төмендегідей мақсаттарды дұрыс шешу үшін біздің ғасырдың Аристотельдері мен Плинийлері лайықты емес деп ойлай алмаймын: табиғи адамды тану үшін қандай тәжірибелер қажет болады? Және бұл тәжірибелерді қоғамда жасауға мүмкіндік беретін жол қандай? Бұл мақсатты шеше аламын деген ойдан аулақ бола отырып мен оған қазір жауап беруге батылым бару үшін бұл сұрақ туралы жетерліктей ойландым деп есептеймін: ұлы философтарға бұл тәжірибеге жетекшілік ету және құдіретті билеуші тақсырларға оларды қолдану ұятты іс болмас, сонымен қатар біздің біліміміздің бұлжымай біртіндеп дамуын, екі жақтың да жеміске жетуге жол берген еркінің үйлестік жағдайларының тоғысуын күтіп отыру дұрыс болмас еді. Осы кезге дейін назарға көп алынбаған жүргізілуі қиын бұл зерттеулер қанша дегенмен, адамзат қоғамының шын мәніндегі негізін тану жолындағы көптеген қиындықтарды жеңуге біздегі бірден-бір жол болып табылады. Бұл адамның тағайындалған табиғатының дәл өзі және табиғи құқықты шынайы анықтауды бұлыңғыр түнекпен бүркейді: құқық идеясы, әсіресе табиғи құқық идеясы сөзсіз адамның табиғатына қатысты идея дейді Бурламаки мырза. Ол өз сөзін "осылайша осы адамның табиғатының өзінен және құрылымы мен жағдайынан бұл ғылымның принципін шығару керек" — деп жалғастырды. Бұл маңызды сұрақ туралы мәселеде онымен айналысқан әртүрлі авторлардың арасында ортақ ұқсас шешімдер өте аз екендігін ұялмай-ақ, таң қалмай-ақ аңғаруға болады. Ең маңызды деген адамды таба қою қиын. Ең басты қағидаларда бір-біріне қарама-қайшылық тудыруға мақсат ететін көне заман философтарын айтпағанның өзінде осылай. Рим заңгерлері адамды және басқа барлық хайуандарды ешбір таң қалмай-ақ сол бір табиғи заңдарға бағындырады, сондықтан олардың адамдар үшін ұйғарылған заң деген ұғымдарының астарында табиғаттың адамдар үшін емес, өзі үшін белгіленген заңдары жатыр немесе бұнда барлық тірі жәндіктердің арасындағы тіршіліктің сақталуы үшін жаратылған табиғат заңдарының жалпы қатынастарын айту үшін осы жағдайда қолданатын Рим заңгерлерінің ерекше мән берген заң сөзі жатыр. Заң деген атауды, еркіндіктегі тіршілік иесі адамға ғана жазылған ережені мойындайтын жаңа заман адамы табиғи заңдардың қолдану ауқымын ақыл ой иесі бір ғана табиғат жануары адамға ғана қолданумен шектейді; бірақ бұл заңды әркім өзінше анықтап, олардың барлығы метафизикалық қағидаларға негіздеп, тіпті біздің арамыздағы кейбір адамдар оларды білмей жатып түсінуге тырысады. Сондықтан бұл ғалым ерлердің барлық анықтамалары әрқашан қарама-қайшылықта, өйткені табиғи заңдарды түсіну мүмкін емес деген түсінікті қолдайды, содан кейін үлкен маман немесе ғұлама метафизик болмай жатып оған бой ұсына салады. Бұл міндетті түрде адамдар қоғамды анықтау үшін үлкен еңбекпен ғана келетін немесе сол қоғамдағылардың жүзден біріне ғана берілетін танымдық талғамды қолдану керектігінің даусыз екендігін білдіреді. Біз табиғат жайлы аз білеміз және заң сөзінің мағынасын бірдей түсінбейміз, сондықтан табиғи заңның біршама дұрыс анықтамасына келісімге келу өте қиын болды. Оның үстіне бұл кемшілік пен қатар біздің кітаптардан кездестіретін барлық анықтамаларымыз біркелкі емес, сонымен қатар олар адамдардың табиғи күйінен, табиғатынан ие емес және табиғи жағдайдан шыққан кезде ғана қалыптасқан түсініктердің ерекшелігінен пайда болған көптеген білімдерден алынған. Олар ортақ пайдасы үшін адамдарға өзара келісу ыңғайлы болды, олар игіліктері үшін барлық жерлерде бұл ережелерді қолданып жер аударды, содан кейін бұл ережелердің жиынтығына табиғи заң деген ат берді дегенге ұқсайтын жорамалдарға қатысты ережелерді іздеуден бастайды. Міне, шындығында заттардың табиғатын қолдан жасалған жорамалмен ойлап табылған өзара келісімнің көмегімен түсіндіру және анықтау тым ыңғайлы әдіс. Біз табиғи адамды айтарлықтай деңгейде білмейімізше, оның алған немесе бәрінен бұрын оның табиғатына сәйкес келетін заңды анықтауға босқа тырысатын боламыз. Біз бұл заңға байланысты мынаны ғана анық айта аламыз: ол заң болуы үшін оның жауапкершілік жүктейтін адамдардың еркі, оның оған саналы түрде бағынуы ғана керек емес; оның табиғи ғана болып қоюымен қатар, ол сол табиғаттың өз дауысымен сөйлесуі, сонымен үндесуі керек. Сондықтан адамды адамдардың өздері өзгерткен түрін көруге бізді үйрететін барлық ғылыми кітаптарды шетке сырып қойып және адам жанының алғашқы қарапайым әрекеттеріне көз жүгірте отырып мен адамдағы өзім аңғарған зердеге дейінгі екі бастауды көрсеткім келеді: Олардың бірі бізді өзіміздің жеке жақсы күн көрісімізге, өзімізді сақтауға айтарлықтай мұқтаждығымызды тудырады, ал екіншісі бізге ұқсайтын және басқа да сезімтал тіршілік иесінің азапқа түсуін, өлімін көргенде табиғи жиіркеніш, аяушылық сезімін туғызады. Осы екі бастаманың нәтижесінде біздің зердемізді тудыратын қасиеттердің қабысып, үйлесуінен қоғамдық тұрмыс қасиетінің пайда болатындығын көрсете кету керек және менің ойымша барлық табиғи құқықтың принциптері шығатын сияқты; зерденің содан кейін басқа негізде қалыптастырған принциптері өзінің дәйекті даму нәтижесінде түптің-түбінде келіп табиғатты ығыстырады да, одан басым болады. Сонымен адамның өзін жасап болмай тұрып одан философ жасаудың қажеті шамалы. Оның басқаларға қатысты міндеттері тек қана даналықтың кешігіп жеткен сабақтарымен ғана жүктелмейді; және онда әзірше жанашырлыққа деген іштей толқынысына тосқауыл жоқ, ол басқа адамға, кім болса да, сезімтал тіршілік иесіне ешқашан зұлымдық істемейді, тек жағдай оның өз тіршілігіне байланысты болған кезде ол толықтай заңды тұрғыдан өз мұқтаждығын бірінші орынға қоюға міндетті. Осыдан келіп жануарлардың да табиғи заңға қатысы барлығы туралы ескі дауды аяқтаймыз, өйткені білім және еркіндігі жоқ олар бұл заңды мойындай алмайды; бірақ олардың бізбен ұқсастығы болғандықтан, оларға да сезіну қабілеті берілгендіктен олардың да табиғи құқыққа қатысы болуы керек және адамда оларға қатысты кейбір міндеттер бар емес пе? Егер мен маған ұқсайтындарға ол ойлайтын тіршілік иесі болған соң ғана емес, сезіне алатын тіршілік иесі болған соң да зұлымдық жасамауға міндетті болсам, онда шынында да солай болып шығады ғой; жануарлар мен адамға ортақ бұл қасиет ең кем дегенде олардың біріне басқаның кесірінен бостан бос азапқа душар болмауға құқық береді. Бұл алғашқы қауымдық адамның бастапқы қажеттіліктерін және оның өзіндік міндеттерін түсінудің басты негіздерін зерттеу және сондай-ақ тұлғалық жағдайдағы теңсіздіктің пайда болуы туралы сұрақтарды, саяси Организмнің шынайы бастамалары, олардың мүшелерінің өзара құқықтары және тағы басқа да аса маңызды аз түсіндірілген осыған ұқсас сұрақтарды шешуде пайда болатын сансыз қиындықтарды жоюдың дұрыс жолы. Егер адамзат қоғамына байыпты, әділ көзқараспен назар аударсақ, онда ол бізге алдымен тек құдіретті адамның зорлығы мен әлсіздердің езгісі сияқты көрінеді: ақыл алғашқысының зұлымдығына қарсы тұрады; біз екіншісінің соқырлығын жоқтауға бейімбіз. Сонымен адамдардың арасында даналық емес көбінесе кездейсоқ пайда болатын және күштілік — әлсіздік, байлық — кедейлік деп аталатын сыртқы қатынастардан жиі өзгермелі ештеңе жоқ болғандықтан, ол бір көргеннен-ақ адамдардың орнатқан нәрселері сусымалы құм төбелерге қойылғандай көрінеді. Оны қоршаған шаң мен құмды аршып, жақын келіп қарағанда ғана ол орнатылған берік негізді аңғарып, оның бастауларын көруге үйренесің. Сонымен адамды, оның табиғи қабілеттерін және дамудың бірізділігін өнер өзіне телігісі келетіндерден заттардың құрылымындағы Құдайдың ырқымен жаралғанды шын айыра алмаймыз. Саяси және моральдық зерттеулерден шығатын, мен қарастырып отырған мәселелердің маңыздылығы жан-жақты, ал Басқарудың болжамалы тарихы барлық қатынастарда адам үшін өнегелі сабақ бола алады. Біз өз бетімізше әрекет еткен кезде неге айналатындығымыз туралы ойланғанда, біздің жасағандарымызды түзеп, оны берік етіп, ретсіздіктерді ескерткен, біздің қауіптерімізді аластауы тиіс құралдармен біздің бақытымызды жасаған есіркеуші қолдардың иесіне қалай ризашылық білдірмеске. Quem te Deus esse
Jussіt, et humana gua parte
Locatus es іn re,
Dіsce1
ЕСКЕРТУЛЕР ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ
Өзімнің анда-санда жұмыс істеуімнің бейғамдық әдетіне сай мен бұл шығармаға кейбір ескертулерді қостым. Бұл ескертулер тақырыптан жиі шығып кетіп отыратындықтан, оны мәтінмен бірге оқымай-ақ қоюға болады. Сондықтан түзу жолдан шықпауға тырысып, мен оларды Ой-толғамдарынның соңынан келтіруге тырыстым. Бұл ескертулерді қарағысы, оқығысы келгендер болса, алданыш үшін олжа іздестіріп ақтарып шығуға болады. Егер оларды басқалар оқымай қойса да одан келер ешқандай зиян жоқ.
ОЙ ТАСТАУ
Адам. Міне, ол туралы енді айтуға тура келеді: және менің тарапымнан қарастырылып отырған сұрақтың өзі сол адамдар туралы айтуды талап етеді, өйткені ақиқатты еске алуға қорыққан кезде бұл сияқты сұрақтар ұсынылмайды. Сөйтіп, мен өзімді соған ниеттендіретін даналардың алдында адамзаттың ісін сеніммен қорғаймын, осыдан келіп егер басқа да талқылаушылардың алдында өз тақырыбыммен лайықты деңгейде танылсам өз-өзіме көңілім толар еді. Мен адамның тегіндегі екі теңсіздікті аңғарамын: бірін мен табиғи немесе физикалық деп атаймын, өйткені табиғатпен бірге жаратылған және жас, денсаулық, дене күштерінен, ақылдан, жан қасиеттерінен тұрады. Екіншісін шартты немесе саяси деп айтуға болады, өйткені ол келісімге байланысты және адамдардың келісімі арқылы қалыптасады. Бұл соңғысы кейбіреулердің басқалардың есебінен қолданатын әртүрлі артықшылықтардан пайда болады: басқаларға қарағанда олар байырақ, құрметтірек, күштірек және тіпті оларды өзіне бой ұсынуға мәжбүрлейді. Табиғи теңсіздіктің шығу тегі қандай деп сұраудың қажеті жоқ. Өйткені, оның жауабы қарапайым, оның атында тұр. Сонымен қатар, бұл теңсіздіктің екі түрінің арасында қандайда бір байланысты орнатудың маңызы шамалы. Өйткені, бұл басқаша айтқанда бой ұсынғандарға қарағанда билеушілер күшті болуы міндетті ме және екеуінің де тәндік және рухани күші, даналығы мен адамгершілігі, құдіреті мен байлығы пропорционалды ма деп сұраған тәрізді: өздерін қожайындарының алдында құлмыз деп мойындайтындардың алдында бұл сұрақты қою қажет: ақиқатты іздейтін еркін де ақыл ойлы адамның алдында бұндай сұрақ тумайды. Бұл Ой жүгіртуімізде не туралы сөз болып отыр? Заттардың алға дамуында күштеудің орнына құқық келіп, содан кейін табиғат Заңдарға бағындырылған сәтті көрсету ме; қандай керемет жалғастық күшімен күшті әлсізге қызмет етуге ұйғарыла алатындығын түсіндіру, ал халық — нағыз бақыттың құнымен қиялдағы тыныштықты сатып алады. Қоғамның пайда болу негізін зерттеген философтардың бәрі табиғи жағдайдан шығару қажет екендігін сезінді, бірақ олардың ешқайсының жолы болған жоқ. Біреулері ондай ұғым болуы керек пе, ол ол үшін пайдалы ма екенін көрсету қамына кіріспей жатып адамдардың бұл жағдайында әділеттілік және әділетсіздік ұғымы болғандығын болжауға қобалжымады. Басқалары табиғи құқық туралы өздерінің "тиесілі" деген сөзді қалай түсінетіндіктерін түсіндірместен әркімнің өзіне тиесілі нәрселерін сақтау деп айтты. Үшінші біреулері "билік" және "басқару" адамдарға түсінікті болу үшін оған дейін біраз уақыт өту керек екендігін ойламай жатып алдымен әлсіздердің үстінен күштілердің билігін көрсете отырып, Басқару туралы айтты. Ақыры бәрі қажеттіліктер, сараңдық, қанаушылық тілек пен өзімшілдік туралы айтып-айтып, өздері қоғамнан алған түсініктерін табиғи жағдайға теліді: олар жабайы адам туралы айтты және адамды азаматтық жағдайда бейнеледі. Біздің философтардың көбісі табиғи жағдайдың болғандығына ешбір күмәнданбайды, бірақ діни кітаптарды оқығанда анықталғандай алғашқы адам тікелей Құдайдан білім мен ақыл алған кезде де бұл табиғи жағдайда болған жоқ, егер Мұсаның жазбаларына кез келген христиан филсофтары сияқты қатынаста сеніммен қарасақ, онда осыдан кейін-ақ адамдар әйтеуір бір кезде жер бетін су басқанға дейін табиғи жағдайда болған жоқ, егер олар оған қандайда бір белгісіз оқиғаның салдарынан түсіп кетпесе деп ойлауға болмайды. Бұл породоксты қорғау өте қиын және дәлелдеу тіптен мүмкін емес. Бұған дейінгі барлық фактілерді аттап өтуге тура келеді, өйткені олардың аталмыш сұраққа байланысы жоқ. Біз осы тақырып бойынша қозғауға болатын ізденісіміздің нәтижелерін тарихи шындық үшін емес, тек біздің жаратылыс танушылардың дүниенің пайда болуы туралы үнемі айтып жүрген болжамдары сияқты заттардың пайда болуының шынайы жолын анықтағаннан көрі, заттардың табиғатын түсіндіруге неғұрлым қабілетті шартты да болжамды ой жүгіртулеріміз үшін қолдануымыз керек. Дін бізге Құдай әлемді жаратқан соң адамды табиғи жағдайдан бөліп алды, сондықтан олар тең емес, өйткені ол адамдардың тең болғанын қалады дегенге сенуге бұйырады; бірақ дін бізге адамдардың табиғатының және қоршаған тіршілікке иелерінің негізінде ғана адамды өз еркіне қоя бергенде адамзат баласы неге айналар еді деген сұрақтың айналасында болжам жасауға тиым салмайды. Менен сұралатын да, менің бұл Ой жүгіртулерімде қарастыруға мақсат қоятыным да міне осы. Менің тақырыбым жалпы адамдарға қатысты болғандықтан мен барлық ұлттарға түсінікті тілмен айтамын; немесе олардың алдында дәлірек айтсақ — өзім айтатын адамдар туралы ғана ойлау үшін басқадан көңілімді бөле отырып мен ұстаздарымның ілімін қайталап, қазыларым Платон мен Ксенократ, тыңдаушыларым адамзат баласының алдында өзімді афина лицейінде тұрғандай елестетіп сезінемін. О, адам! Қай елден болсаңда, қандай болсаңда тыңда — міне сенің тарихың мен жорығандай. Мен оларды сен тектестер жазған жалған кітаптардан оқығам жоқ, өтірік айтпайтын табиғаттан танып білдім. Табиғаттан шыққанның бәрі — ақиқат: жалған ол тек қаламасам да өзімнен алып қосқандарым. Мен айтатын уақыттар алыстаған, яғни адамзаттың табиғи кезеңі әлдеқашан өтіп кеткен болатын. Бастапқы түріңмен салыстырғанда сенің өзгергенің сияқты ол уақыт өзгерді. Мен саған сен тектестердің өмірін сені өзгертсе де жоя алмаған, сенің алған тәрбиелерің мен әдеттерің қалыптастырған қасиеттер бойынша сипаттаймын. Мен алыстағы, бөлектенген адамдардың тоқтағысы келетін шағы бар екенін сеземін: сен өзің тектестер тоқтаса деп тілеген шақты іздейтін боласың. Сенің бақытсыз ұрпақтарыңды одан да үлкен қынжылыстарға дәмелендіретін себептерге байланысты өзіңнің қазіргі күйіңе кейіген сен мүмкін артқа қайтуды қаларсың: және бұл сезім сенің алғашқы ата-бабаңа арналған мадақ сөзіне, қазіргі замандастарың үшін сынға айналуы және сенен кейін өмір сүру бақытсыздығына ие болғандарды үрейлендіруі тиіс.
БІРІНШІ БӨЛІМ
Адамдардың табиғи жағдайы туралы дұрыс пікір айту үшін оның жарық дүниеге пайда болу сәтінен бастап зерттеу соншама маңызды болса да мен ақыры қазіргідей күйге жетіп тынған адамның кейін қандай болатындығын білу үшін оның қалыптасуының бірізді өзгерістерін бақылап отырмаймын. Мен жануарлардың организмін зерттеуге тоқталып жатпаймын, алғашында ол тіпті Аристотель ойлағандай ілмек тырнақты болды ма, әлде ондай болмады ма, аю сияқты түкті болды ма? және ол төр таяқтап жүргенде сұсы басым, денесі бірнеше қадамға созылған оның басты белгісін көрсеткен түр сипатын мен баяндап, зерделеп жатпаймын. Егер олай істейтін болсам бұлар жайлы мен негізсіз анықталмаған жорамалдар ғана айтар едім. Көз жеткізерліктей толғамдарға негіз боларлықтай ой-толғамдар жасауға табиғат зерттеушілерінің көз жеткізіп аңғарғаны айтарлықтай айқын емес, салыстырмалы анатомияның қол жеткізген жетістіктері әлі аз. Сондықтан жоғарыдан бізге көмекке берілген нұрланушылыққа нанбай-ақ және өзінің дене мүшелерін жаңа әрекетке, тамаққа икемделуіне байланысты оның дене бітімінің іштей әрі сырттай өзгеруі тиістігін есепке алмай-ақ, мен ол алғашқы адамдар әрқашанда бүгінгі біз көріп жүрген адамдарға ұқсас түрде болды деп пайымдаймын: екі аяқпен жүреді, біздің өз қолдарымызды пайдаланғанымыз сияқты оларда өз қолдарын пайдаланды, біздің аңғарғанымыздай олар да айналаға өздерінің көзін салып, барлық табиғатты аңғарып, оны өздерінше белгілі бір көкірек кеңістігіне сидырды және өздерінің көз жанарымен аспанның байтақ кеңістігін өлшеді. Осылайша тіршілік иесін жоғары табиғаттан тыс күштермен берілген, жасанды қабілеттер арқылы қалыптастырған, ұзақ дамудың нәтижесінде шындалған қабілеттерін сөзше бөліп алып, оны табиғаттан жаңа шыққан күйіндегідей қарастыру арқылы мен көз алдымда біреулерге қарағанда азырақ күшті, тағы біреулерге қарағанда азырақ епті, шапшаң, жалпы басқаларға қарағанда күштірек ұйымдастырылған жануарды көремін. Мен оның қандайда бір еменнің саясында өзінің аштығын басқаның және алғашқы кездескен бұлақтан шөлін қандырғанын көремін; өзіне жем әкелген ағаштың түбінде төсек тапқанын көремін, міне осылай оның барлық қажеттіліктері қанағаттандырылған. Өзінің табиғи жемістілігімен пайдалануға берілген, әлі балталармен зақымданбаған үлкен ормандармен көмкерілген жер беті әртүрлі жануарларға қадам сайын баспана және азық қоймасы бола алады. Олардың ортасында шашыраған адамдар оларды бақылап, дағдыларын қабылдап осылайша жануарлық инстинкт деңгейіне сондай ерекшелікпен көтеріледі: әртүрлі жануарлардың тек өзіне тән инстинкті болды, ал адам өзіне тән инстинкте ие болмастан, басқа инстинктердің барлығын иеленеді; әртүрлі өлшемде басқа жануарлар өз арасында бөліп қарайтын тамақтың дерлік түгел түрін қолданады және тіршілік ету үшін керек қажеттіліктерді басқа жануарларға қарағанда тез табады. Жас кезінен бастап ауа-райының құбылмалылығына, қыстың суығы мен жаздың аптаптарына үйреніп, басқа жыртқыштардан өзінің жемі мен өмірін жалаңаш әрі қарусыз қорғауға немесе олардан қашып құтылуға, ауыртпашылықтарға үйренген адамдар өзгерістерге душар болмастан мықты дене бітімге ие болады. Балалар жарық дүниеге келген соң әкелерінің ерекше дене бітіміндеріне қарап оны жалғастырып, өздерін әкелерін сол күйге жеткізген жаттығулармен күшейте түседі; сөйтіп олар адамзат баласының қол жеткізе алатын барлық күштеріне ие болады. Табиғат олармен Спартаның заңдары өздерінің балалары және азаматтарымен істегеніндей жасайды: ол жақсы қалыптасқан және қалғандарының бәрін кұртатындарды мықты әрі күшті етеді, мемлекет балаларды әкелеріне азапты ауыртпалыққа айналдырып, олардың жарық дүниеге келгеніне дейін оларды ешқандай таңдаусыз өлтіретін біздің қоғамнан осынысымен ерекшеленеді. Жабайы адамдардың денесі сияқты — бұл бірден-бір оған белгілі құрал, ол оны біздің денеміз жаттығулардың жетіспеуінен қол жеткізе алмайтын көптеген мақсаттарға қолданады: біздің өнертапқыштығымыз жабайы адамдардың қол жеткізуіне қажетті және оны соған мәжбүрлеген сол күштермен, тәсілдерден бізді айырады. Оның балтасы болғанда оның қолы соншама жуан бұтақты сындыра алар ма еді? Оның сақпаны болса тасты сонша дәлдікпен қолмен лақтыруға үйренер ме еді? Оның аты болғанда ол жүгіруде соншалық жылдам болып қалыптасар ма еді? Өркениетті адамға маңайына өзінің барлық машиналарын жинап алуға уақыт беріңіз: оның жабайы адамнан жоғары биіктікті жеңіл жеңіп алатынына еш күмән жоқ; егер бұдан да теңсіздіктегі күресті көргіңіз келсе, онда оларды бір-біріне жалаңаш әрі қарусыз қарама-қарсы қойыңыз, сонда сіз барлық күштерді үнемі өзіңізде ұстап, оны өзіңіз билеп, әрқашан кез келген кездейсоқтыққа дайын болудың және әрқашан бәрін өзіңізбен бірге алып жүрудің артықшылығын көрер едіңіз. Гоббс адам табиғатынан үрейсіз, батыл және тек шабуылға, соғысуға бейім деп пайымдайды. Тағы бір танымал философ басқаша ойлайды және Кемберленд пен Пуфендорф та солай табиғи жағдайдағы адамнан именшек нәрсе жоқ, ол үнемі қорқыныштан қалтырайды және ол сәл ғана қозғалысты аңғарса, сәл ғана тырсыл естісе қашуға дайын деп пайымдайды. Мүмкін бұл оған белгісіз заттарға қатысты айтылған шығар, мен оның барлық алдынан шығатын одан жақсылық әлде жамандық күту керек пе екендігін тани алмаймын, физикалық тұрғыдан алғанда өз күшін қорқыныш тудырып тұрған қауіппен салыстырып өлшей алмайтын, яғни өз күшінен әлде қайда басым түсетін жаңа оқиғалардан қорқатынына күмәнданбаймын: бұл тектес жағдайлар бәрі бірқалыпты, өйткені жер беті халықтардың тұрақсыздығына, құмарлығына шақырған кездейсоқ үздіксіз өзгерістеріне тап болмаса, табиғи жағдайда өте сирек кездеседі. Бірақ жабайы адам тікелей жануарлардың ортасында ертеден сондай жағдайда өмір сүріп, олармен күшпен сынасуға тура келгенде тез арада оларды өзімен салыстырып және өзінің қабілетінің олардың айла, күшінен әлде қайда басым екенін сезіп, енді олардан қорықпауға үйренеді. Аюды немесе қасқырды әрі батыл, әрі айлалы, тас және жақсы шоқпармен қаруланған жабайы адаммен күресуге мәжбүрлеңіз, сонда сіз екі жаққа да бірдей қауіпті екенін, бірнеше рет болған мұндай тәжірибеден кейін бір-біріне шабуыл жасауды аса қаламайтын, жыртқыш аңдардың адамға оларды өздері сияқты жыртқыш деп санап шабуыл жасауға аса құмартпайтын болғандығына көз жеткізесіз. Айласынан көрі күші басым жануарлар ше, олармен салыстырғанда ол дегенмен тіршілік етіп тұрған әлсіз түрде көрінеді; оның үстінде олардан көлемі жағынан кем емес бола тұрса да өзінің жүгіру жылдамдығына сенімді, ағаштардан сенімді баспанасы болса да, адамда қашу мен алысуды таңдау, күресу мен одан бас тартуға деген ерік артықшылығы бар. Бұған қоса өзінің жаратылысы бойынша өлердей аштық жағдайында немесе өзін өзі қорғау жағдайынан басқа кезде адамға шабуыл жасайтын және бұл екеуінің бір-біріне тамақ болуы үшін жаралғандығын куәландыратын, адамға айтарлықтай кенет жиреніш байқататын бірде-бір жануар жоқ ау деймін. Міне, негрлер мен жабайы адамдардың орманда жыртқыш аңдармен кездесіп қалудан аса қорықпайтындығы ешбір күмәнсіз, себебі бұл тұрғыдан алып қарағанда Венесуэлалық караибтердің бұдан да қауіптілердің ортасында түк те қауіптенбей өмір сүріп жатқандарын айта кету керек. Олар түгел дерлік жалаңаш бола тұрса да дейді Франсуа Кореаль, олар тек садақ және жебемен қаруланса да жыныс шатқалдарға терең үңіледі; бірақ олардың біреуін жабайы аңдардың азаптағанын, тартып кеткенін естігеміз жоқ. Адамдардың басқа жаулары бар. Олардан бұндай құрал-жабдықтармен қорғана алмайды, табиғилықтың бәрі дәрменсіз. Жастық, кәрілік және әртүрлі аурулар — біздің қайғы-қасіретіміздің белгілері. Бұлардың алғашқы екеуі барлық жануарларға ортақ, ал соңғысы қоғамда өмір сүріп отырған адамға ғана тән. Егер балалар туралы айтатын болсақ, өзіне тамақ іздеу үшін, өзінің балаларын сүтпен қоректендіріп тамақтандыру үшін үнемі кетіп қалып үлкен күш жіберіп қайтып келіп отыруға мәжбүр көптеген жануарлардың еркектермен салыстырғанда балаларын үнемі өзімен алып жүретін, оларды оңайырақ қоректендіретін әйел-аналарды да айта кету керек. Шын, егер анасы өлсе, балаға да өлу қаупі төнеді; бірақ бұндай қауіп балалары өз аяғымен тамақ іздеуге әлі ұзақ уақыт бойы дәрменсіз жануарлардың барлық түріне қорқыныш әкеледі; және егер біздің балалық шағымыз ұзақ болса, онда соншалықты өміріміз де ұзақ, бәрі де бұл жағдайға шамамен тең болып шығады, дегенмен баланың жасының ұзақтығы және нәрестелер санына қатысты менің тақырыбыма қатысы жоқ басқа заңдар енді әрекет етіп жатыр. Аз әрекет етіп, аз сайраңдайтын қарттарда тамаққа деген сұраныс олардың оны табуға деген қабілетімен бірге кемиді; ал көп әрекет етпеу оларды бір жағынан буынның сырқап ауруынан, ревматизмнен құтқарады, ал кәрілік — бұл адамдардың барлық нәрселерден бірте-бірте жеңілдеп ақыры өздерінің тіршілігінің ақырындап сөнгенін өздері де аңғармай қалатын күйі. Ауруға келсек, мен көптеген дені сау адамдардың тарапынан медицинаға қарсы айтылған жалған да, бос көпірме сөздерді ешбір қайталағым келмейді; бірақ мен оны қамқорлықпен қорғайтын елмен салыстырғанда оны елемейтін елдің өмір сүру орта жасы кемірек деп қорытынды жасарлықай шешімге келетін қандайда бір маңызды емдеу өнері бар ма деп сұраймын. Иә, медицинаның бізге дәрі-дәрмектерді жасап беріп жатқаннан көрі біздің өзімізге ауруларды көп жасап алып тұрған кезде бұл қалай болсын? Өмірде теңсіздік өте көп, біреулерде жұмыссыздық, ал біреулерде жұмыс басынан асып жатыр; біздің тәбетіміз бен сезімділігімізді қоздыруға және қанағаттандыруға болған жеңілдіктер; байларда ас таңдаулы тамақ, ас қорытудың бұзылуына әкелетін қызу беретін шараптар, кедейлерде кездейсоқ ондай мүмкіндікке жеткенде ғана сараңдықпен асқазанын әрең ауқаттандыратын үнемі жетпей жататын нашар тамақ; кез келген мүлік жағдайында адамдардың басынан өткізетін және жанын қинайтын ұйқысыз түндер, әртүрлі артықшылықтар, қанағатсыз қызу нәпсі, ақыл күшінің қуатсыздануы және тауқыметі, шексіз кейіс және уайымдау — бұлар біздің ауруларымыздың басым бөлігі, біздің өз қолымыздың ісі екендігінің өкінішті дәлелдері. Егер біз қарапайым, бірбеткей және оңаша табиғаттан жазылған өмір сүру жолын сақтағанымызда, бізге олардың бәрінен құтылуға болар еді. Егер ол табиғилық біздің сау болуымызға жазса, жол ашса, онда мен зерделілік күйі дерлік табиғилыққа қарсы күй және зерделі адам — бұл бұзылған, табиғи емес жануар деп тұжырымдар едім. Жабайы адамдардың, өз денсаулығын спирттік сусындармен уламаған кейбір адамдардың денсаулығының кереметтігін ойлағанда; олардың жарақат пен кәріліктен басқа дәрменсіздікті білмейтіндігін еске алғанда азаматтық қоғамның тарихына қарай отырып, адамзат ауруының тарихын оңай жасауға, жүйелеуге болады деген ойды мақұлдайсың. Қалай болғанда да Платонның пікірі осындай — ол Подалири мен Махаон тарапынан мақұлданған, қолданылған кейбір дәрі-дәрмектер туралы айта келе бұл дәрі-дәрмектер тудыратын шарасыз әртүрлі аурулар, әлі адамдардың арасында тіптен белгісіз деген шешімге келді; ал Цельс қазір аса қажет болып отырған диетаны ойлап шығарған Гиппократ дегенді айтады. Соншалық аурудың бастамалары аз кезде адам табиғи жағдайда дерліктей дәрі-дәрмектерді және дәрігерлерді қажет етпейді; бұл жағынан алғанда адамзат баласы басқалардан жаман жағдайда болмайды; және аңшыларға өздерінің жолында науқас жануарлар көп кездесе ме дегенді білу қиын емес. Олар қауіпті жарақаттанған және олары өз бетімен беріштеніп біткен сүйегі, тіпті кейбір мүшелері сынған және ешбір дәрігерсіз ешқандай шаралар жүйесінсіз-ақ қалыпқа келген жануарларды жиі кездестіреді. Бұл жануарлар операциялармен қиналмай-ақ, жансыздандыратын дәрілермен уландырылмай-ақ және емдеу жолындағы ашықтыруларсыз-ақ, әбден сауығып кеткен. Ақыры дұрыс қолданылған дәрігерлік өнер бізге қаншалықты пайдалы болғанымен, өз-өзімен сырқаттанған жабайы адамның табиғаттан басқа үміттенері жоқ, сондықтанда оның өз ауруынан басқадан қауіптенбейтіндігі бәрібір таң қалдырады: бұл біздікіне қарағанда оның жағдайының артықшылығын жиі көрсетеді. Біз өзіміздің алдымызда көріп жүрген адамдар мен жабайы адамды шатастырып алудан абай болайық. Табиғат өзінің барлық жануарларына қамқорлық және мейрімділікпен қатынаста болды, сондықтанда олар өздерінің осы құқына ерекше жан-тәнімен қарайды. Ат, мысық, бұқа тіптен есек те, әсіресе өзінің тұрпатымен, ауқымды қарыны мен, күшімен және батылдығымен үй жағдайында емес орманда өмір сүрген кезде неғұрлым ерекшеленеді; олар өздерінің ерекшеліктерінің жартысын үй жағдайында жоғалтады және бұл жануарларға деген біздің жақсы қатынасымыз, жақсы тамақтандыруымыз олардың тек азып кетуіне әкеледі деп айтуға болады. Адамда да тура солай: қоғамда өмір сүру қабілетіне ие болып және құлға айналып, әлжуаз, жасқаншақ болып, еңсесі түсіп, ал оның өмірі нәзіктік пен әлсіздікке ұрынып, ақыр соңында оның күш-қуаты мен жаужүректігін жояды. Бұған қосайық, жабайы күйдегі және үй жағдайындағы адамдардың айырмашылығы жабайы жануарлар мен үй жануарларының арасындағы айырмашылыққа қарағанда көбірек болуы керек. Өйткені табиғат жануарларға да, адамдарға да бірдей қатынаста болады, адамдар өздері жасаған өмір сүру жағдайлары арқылы үйретілген жануарларға қараганда көп нәрсеге қол жеткізеді. Бұл — оның неғұрлым сезіліп тұратын құлдырауының негізгі себебінің мәні. Сонымен, бұл алғашқы адамдарға біз үшін аса қажет деп саналатын барлық керекті нәрселер, яғни, олардың баспанасының жоқтығы, жалаңаштығы олардың өздерін қорғауда аса қиындық тудырмай және олар үшін бақытсыздық деп саналмайды. Егер олардың терісі түксіз болса, оларға ондай болудың ыстық жақтарда қажет емес, ал суық жақтарда олар өздері аулаған аңның терісін жамылу арқылы қорғануға тез үйренеді. Егер оларда жүгіру үшін екі аяғы ғана болса, есесіне олардың өзін қорғау үшін керек жағдайда қолданатын екі қолы бар. Олардың балалары жүгіруге кеш және қиындықпен үйренуі мүмкін, есесіне анасы оларды өзімен бірге еш қиындықсыз тасып жүре береді. Жауынан қашып келе жатып өз баласын тағдырдың зорлық-зомбылығына тастауға немесе өзінің жүгірісін баласының жүгірісіне икемдеп жайырақ жүгіруге анасы мәжбүр болады, басқа жануарлардың түрлерінде бұл артықшылық жоқ*. Сонымен мен алда айтатын кездейсоқ және ешқашен айтылмай кетуі тиіс жағдайларды бажайламасақ, белгілі жағдайда алғашқы бұл заттар аз қажеттілік тудырса да өзіне киім дайындаған және үй салған, оған дейін де оларсыз-ақ ұзақ уақыт бойы өмір сүрген адамдардың неліктен өздерінің балалық шағынан үйренген өмірлерін ер жеткен соң немесе бұрынғы өмірлерін кейін де солай әрі қарай неге жалғастыра бермегендігін түсінбейміз. Жалғыз, қолы бос, әрқашан қауіпке тікелей жақын жабайы адам ұйықтауды жақсы көруі тиіс және оның ұйқысы басқа жануарлардікіндей сергек. Оның ең басты қам жейтін шаруасы өзін өзі қорғау, сондықтан оның неғұрлым дамыған қайрат қабілеті шабуыл жасауда немесе қорғануда басты қызмет етеді: немесе өзінің жеміне қол жеткізу үшін, не керісінше нәзіктік пен сезімділіктің ықпалы арқылы дамитын мүшелері дөрекі күйде қалуы тиіс, бұл жабайы адамда талғампаз нәзіктіктің қай түрінің де жоқ екендігін көрсетеді және оны сезім сияқты мынандай белгілер арқылы бөледі. Оларда түйсік және талғам айтарлықтай өрескел, көру, есту және иіс сезу түйсігі жоғары деңгейде. Жалпы жануарлардың бәрі осындай күйде және саяхатшылардың айтуынша жабайы халықтардың көбісінің сезіну күйі де осындай. Сондықтан мүйістен готтентоттар Мейірімді Үмітпен ашық теңіздегі кемелерді голландықтар дүрбімен әрең көретіндей қашықтықтан ешқандай көру құралдарынсыз — ақ оңай айыра алатындығына таң қалмаңыз. Сол сияқты Американың жабайылары да Испандықтарды олардың ізінен бейне бір із кескіш иттер сияқты сезе алатын болған. Ол, ол ма, бұл жабайы халықтардың барлығы да өздерінің тәбетін үнді бұрышының көмегімен көтеріп, еуропаның шараптарын су сияқты ішеді. Бұған дейін мен адамдардың тек физикалық жаратылысы туралы айтып, қарастырдым, енді оған рухани және адамгершілік тұрғысынан қарап көрейік. Жануарлардың барлығынан мен табиғат оларды өзін өзі от алдыруы үшін және әртүрлі деңгейдегі қауіп пен қатерден қорғану үшін қажет сезімдермен жаратқан айлалы машинаны көремін. Дәл сондайды мен адамзаттық машинадан да аңғарамын. Олардағы айырмашылық табиғат жануарлардың барлық әрекеттерін басқарса, адам бұған өзі еркін әрекет етуші нәрсе ретінде қатысады. Бірі инстинкт арқылы бір нәрсені таңдап немесе қабыл алмаса, екіншісі өзінің еркін ырқының акті арқылы әрекет етеді. Бұл басқа жол оған ыңғайлы болса да жануарлардың табиғатынан жазылып қойған жолдан шықпауына әкеліп соғады, адам бұл жолдан жиі шығып кетіп өзіне зиян әкеледі. *Бұнда кейбір ерекшелік бар. Мысалға Никарагуа провинциясындағы жануарларды келтірейік: ол түлкіге ұқсас, оның аяқтары адамдардың қолы тәрізді және оның Кореалдың айтуынша қарынынан төменірек қалтасы бар. Оған енесі өзінің баласын бір нәрседен қашып құтылу керек болған кезде салып алады. Бұл сөзсіз Мексикада тлакатцин деп аталатын жануар және Лаэттің баяндауынша оның да қалтасы бар, тура сондай түрде. Сондықтанда етке толы терең ыдыстың жанында көгершін, ал мысық жеміс немесе дәннің үйіндісінің жанында тұрса да аштан өледі. Олар өздері жаратпайтын бұл азықтардың дәмін татып көру керек екендігін білсе екеуі де тамақтана алар еді. Сондықтанда адамдар нәтижесінде маза кетіріп өлім әкелетін қомағайлықпен қанағатсыздыққа беріледі, сонымен қатар ақыл сезімді бұзық жолға түсіріп, ал нәпсі табиғат тыныштықта тұрғанда сөйлей беруді жалғастырады. Әрбір жануардың өзіндік елестетулері болады, өйткені оларда сезім бар; олар тіпті кей жағдайда өз елестетулерін қиыстыра алады және бұл тұрғыдан алғанда адам жануардан кішімен үлкеннің ерекшелігіндей ғана айрықшалықта ерекшеленеді. Тіптен философтар адамдардың жануардан айырмашылығына қарағанда адамдардың басқа адамнан айырмашылығы басым деген болжамдар жасайды. Осыдан келіп адамдардың басқа барлық жануарлардан ерекше айырмашылығы тек ақыл ойына ғана байланысты емес, оның еркін әрекет ету қабілетіне байланысты. Табиғат әртүрлі жануарларға өмір береді, бұйырады және жануарлар оған бой ұсынады. Адамға да оның әсері бар, бірақ адам бірдеңеге бой ұсыну керек пе, қарсыласу керек пе бұл жағдайда өзін еркін санайды, өзі біледі және дәл осы еркіндікті танығанда оның жанының неғұрлым рухани табиғаты айқындалады, көрінеді. Өйткені физика бізге кейбір жолдармен ұғымдардың пайда болуы және сезімдердің механизмін түсіндіреді, бірақ ықылас беру нақтырақ айтсақ таңдау қабілеттері және бұл қабілеттерді түсінуден, ешқандай да механика заңдары арқылы түсіндіруге болмайтын тек таза рухани әрекеттерді көруге болады. Бірақ бұл сұрақтарды зерттеуге байланысты қиыншылықтар туса, адам мен жануардың арасындағы бұндай ерекшелікке байланысты кейбір дауларды тудырса, ешқандай дау тудырмайтын оларды бір-бірінен ерекшелендіретін қасиеттер: бұл — басқа қабілеттерді әртүрлі жағдайларда бірізді дамуға әкелетін өзін өзі жетілдіру қабілеті. Бұл қабілет барлық адамзат баласына да және әрбір жеке адамға да тән, ал жануарлар жарық дүниеге келгеннен кейін бірнеше айдан соң өзінің мәңгі бақиғы қалпын қалыптастырады және олардың тұқымы мың жылдан кейін де сол мың жылдықтың алғашқы жылындағыдай күйінде қалады. Неліктен адам ғана ақылдан айрылу қабілетіне ие? Бұл оның өзінің бастапқы күйіне қайтып оралуы емес пе; қайтып оралған кезде ол ештеңесін де жоғалтпайтын, ештеңеге де қол жеткізбейтін жануар сияқты әрқашан өз инстинктін сақтайды, адам кәріліктің басқа да кездейсоқ қырсықтың салдарынан кезінде өзін өзі кемелдендіруге деген қабілеті арқылы қол жеткізгендерінің барлығын жоғалтып, қайтадан құлдырап, тіптен жануарлардан да төмен күйге түседі ме? Егер біз адамдардың бұл ерекше және шексіз қабілетін адамдарды күнәсіз де тыныш күндерін өткізген алғашқы күйінен уақыт ағысымен шығарып жіберген, оның барлық бақытсыздығының қайнар көзі деп мойындауға мәжбүр болсақ, біз үшін қандай қайғылы десеңізші; дәл сол қабілеттер адамның білімі мен адасушылығы, бұзықтық пен адамгершілік таңының жарқырап атуына ғасырлар бойы мүмкіндіктер туғызып, оны уақыт өте келе өзі өзінің және табиғаттың рақымсыз тиранына айналдырады! Егер бізге Ориноко жағалауындағы тұрғындарға олардың алғашқы қауымдық бақытының және кем ақылдылығының себебі болған — өздерінің балаларының басын сопақ етіп қысатын тақтайшаны қалай қолдану керектігін алғаш үйреткен жанды игілікті жан деп мадақтауымыз керек болса қандай жан түршігерлік жағдай болар еді. Жабайы адам, табиғаттан жалғыз инстинкт қана берілген немесе нақтырақ айтсақ, инстинкті болмай қалған жағдайда біріншіден оны ауыстыра алатын, екіншіден оны табиғаттан да жоғары көтеретін мүмкіндік сыйға тартылған адам ең алдымен таза жануарлық қызметтен бастайды. Аңғару және сезіну — бұл оның барлық жануарлардікіндей алғашқы күйі; қалау немесе қаламау, тілеу және қорқу — бұлар жаңа жағдайлар, оны жаңаша дамуға шақырғанша олардың жанының алғашқы және бірден-бір әрекеттері. Моралистер қалай айтса да адамның зердесі құмарлықтың алдында борышты. Дәл сол құмарлықтың әрекетіне байланысты біздің зердеміз дамиды; біз рахаттанғымыз келгендіктен ғана білгіміз келеді, онсыз құштарлығы немесе қорқынышы жоқ адамдарға ойлану еңбегі не үшін керек екенін ұғыну мүмкін болмас еді. Құмарлықтар өз кезегінде біздің қажеттіліктерімізден, ал олардың дамуы біздің білімімізден шығады; өйткені бірдеңені қалау немесе бірдеңеден қорқу бұлар бұл туралы біздің елестетулеріміздің негізінде немесе табиғат қозғалысына көз жүгірте отырып мүмкін болады; және қандайда бір танымнан жұрдай жабайы адам осы соңғысымен ғана байланысты қорқыныш пен құштарлықты басынан өткереді. Оның тілектері физикалық қажеттіліктерден әрі аспайды; оған белгілі әлемдегі ең басты игілік бұл — үңгір, ұрғашысы және демалыс; оның бірден-бір қорқатын қырсығы ол — ауру мен аштық. Мен өлім демей ауру деп қана айтып отырмын, өйткені жануарлар ешқашан өлу дегеннің не екенін білмейді және олардың өлімі мен қорқыныш үрейі туралы түсініктер бұл — адамның жануарлық күйден шыққанан кейінгі алғаш ойлап тапқандарының бірі болып табылады. Егер бұл пікірлерді фактілермен дәлелдеп, әлемнің барлық халықтарында зерденің жетістіктері олардың табиғаттан алған және белгілі жағдайлармен мәжбүр болған қажеттіліктермен, оларды бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оятқан құмарлықтармен дәлме-дәл сәйкес келетіндігін дәлелдеу қажет болса, оны дәлелдеу маған оңай болар еді. Мен көрсетер едім, қалай Египетте ғылым мен өнер пайда болып және Нілдің тасқынымен бірге оның қалай тарағанын; мен олардың гректердегі даму ерекшелігін, яғни олардың Евротаның құнарлы жағалауларында емес Аттиканың құм мен жартастарының ортасында дамып көкке көтерілгенін айтар едім; мен жалпы Солтүстік халықтары Оңтүстіктікіне қарағанда өнертапқыш келгендігін айтар едім; өйткені оларға онсыз өмір сүру қиынырақ. Осылайша бейне бір табиғат топыраққа бермеген құнарлылықты олардың ақылына беру арқылы теңестіргендей. Біз тарихтың аса айқын емес деректеріне жүгінбесек те, кез келген адамға бәрі де жабайы адамды сондай болудан тоқтатуға еліктіретін құралдардан алыстататындығы түсінікті сияқты емес пе? Оның елестетулері оған ештеңені бейнелеп көрсетпейді, оның жүрегі одан ештеңе талап етпейді. Оның қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыруға керек нәрселерді қолмен-ақ өте жеңіл табуға болады және ол тағы да одан да көпке қол жеткізуге қажет білім деңгейінен соншалықты алыс. Онда алдын-ала болжау, білімқұмарлық болуы мүмкін емес. Үйреніп алғаннан кейін табиғат көріністеріне талғаусыз қарайды: үнемі сол тәртіп, үнемі сол өзгерістер; ол ұлы ғажайыптарға таң қала алмайды және одан адамға бұған дейін күнде көретініне бірде ғана көңіл аударуға қажет ақылдың философиялық қисындылығын іздеудің қажеті жоқ. Ештеңеге алаңдамайтын оның жаны қанша жақын болса да болашақ туралы ой жоқ, тек оның дәл қазіргі сәттегі тіршілігін түйсінумен ғана шектеледі және оның жоспарлары өзінің ой-өрісі сияқты шектеулі, сол күннің соңына дейін әзер жетеді. Бүгінгі күні әлі де Карайбтің алдын болжау дәрежесі осындай: ол өзінің жұмсақ төсегін таңертең сатып жібереді де кешке жыларман болып қайта сатып алуға келеді, сонда ол келесі түнде де оның керек екендігін болжап біле алмайды. Неғұрлым біз бұл сұрақ бойынша көп ойланған сайын соғұрлым біздің көз алдымызда таза түйсік пен ең оңай деген білімнің арасындағы арақашықтық үлкейе түседі; және адамның қалай тек өз күшімен және өзі тәрізділермен қарым-қатынасқа түспей-ақ, қажеттіліктерге ұрынбай-ақ осыншама ара-қашықтықты жеңгендігін елестетудің өзі қиын. Адамдардың күннен басқа отты көруге жеткеніне дейін қаншама ғасыр өтті десеңізші. Олардың ең үйреншікті тәсілімен оны пайдалануға үйренуі үшін қаншама әртүрлі кездейсоқтықтар қажет болды десеңізші! Олардың оны таратып қою өнеріне жеткенінше ол оларда қанша рет сөнді екен! Қанша әрбір құпия өзін ашқан жанмен бірге кетті десеңізші! Біз жер өңдеу, яғни кейін ғана пайда болса да тек қоғамда ғана қолданылатындығы ақиқат және жердің өз берген жемісін теріп алуға ғана емес біздің талғамымызға сай ұнамды нәрселерді өндіруге қажет сақтық пен ұқыптылық қаншама еңбекті талап ететін өнері екені жайында не айта аламыз? Айтайық, адамдардың көбейгендігі сонша, ендігі оларды қоректендіру үшін табиғат жемістері жеткіліксіз болар еді. Сәті түскенде айта кетейік, бұл пікір бұндай өмір сүру тұрмыс қалпында адамзат баласы үшін ұлы пайда жатқандығын куәландырады. Айтайық, жер өңдеу құралдары ұста мен шеберханасыз жабайылардың қолына аспаннан түсе қалды делік; олар өлердей аза бойы қаза болып оларды ұзаққа созылған еңбекте пайдаланып меңгерер еді; олар өздерінің қажеттіліктерін алдын-ала болжап білуге үйренер еді; олар жерді қалай өңдеу керектігін, дәнді және ағашты қалай егу, отырғызу керектігін ұғынар еді; олар бидай түю және жүзім ашыту өнерін ашар еді. Бұның барлығына оларды Құдай үйретті дейміз, өйткені бұлардың бәріне олардың өздерінің қалай үйренгендігін ұғыну мүмкін емес. Егер біреудің бар күшін шығарып өңделген егістік, адам ба, жануар ма бәрібір бұл өнім ұнап қалған алғашқы келімсек біреулердің тарапынан тапталып, бүлдірілсе кім осыдан кейін абайсыз болады? Және неліктен әрбір адам өз өмірін азапты еңбекпен өткізгісі келеді дейсің, егер олар сол еңбегінен өзіне қажетінен көбірек есесін қайтаратынына сенбесе? Айтайық, қалай бұл жағдай жерді тіпті өзара бөліспей жатып және табиғи күйі жойылмай жатып адамдарға жерді өңдеуге түрткі болды? Егер біз оларды біздің философтарымыз көрсеткендей, жабайы адам ойлау өнеріне тереңдеді деп болжағымыз келсе; егер біз олар көрсеткендей жабайы адамнан жоғары ақиқатты өз бетімен аша алатын, жалпы тәртіпке, махаббатқа немесе өзінің Жаратушысының танылған еркіне негізделген зерделілік пен әділеттілік қағидаларының ұзын-сонар ой толғамдары жолымен өзін қалыптастырған философты жасасақ; айтайық, егер біз оның басына шындығында түсініксіз, топастық болып табылатын қаншама мағына бар деп жорамалдасақ, онда адамзат баласы бір индивидумнан екіншісіне беріле алмайтын және өзін жасаған жанмен бірге өлетін бұндай ақыл-ой дамуынан қандай пайда шығара алар еді? Орманда жануарлардың арасында шашыраған адамзат баласында қандай жетістіктер болуы тиіс? Тұрақты баспанасы, бір-біріне қажеттілігі жоқ, өмірінде мүмкін бар болғаны екі реттен артық бір-бірімен кездеспейтін, бір-бірін білмей, бір-бірімен сұхбаттаспай өмір сүретін адамдар қаншалықты деңгейге дейін бірге дамиды және бір-бірінің көзін аша алар еді? Ойлаңыздаршы, қаншама түсініктерімізбен біз сөзді қолдану қасиетіне борыштымыз; граматика ақылдың әрекетін қалай ұштайды және жеңілдетеді; қандай адам айтқысыз күш және қаншама ұзақ уақыт алғаш тілдің пайда болуына кетті десеңізші. Бұл пікірге жоғарыда айтылған пікірлерді қосыңыз сонда адамзаттың ақыл ойындағы мүмкіндігінше әрекет ету қабілеттің дамуына қанша мыңдаған ғасырлар кеткендігін өздеріңіз таразылар едіңіздер. Маған тілдердің пайда болуы туралы сұраққа байланысты қиындықтарға көз жүгіртіп шығуға мүмкіндік беріледі деп ойлаймын. Маған бұл сұрақ бойынша аббат Кондильяк мырзаның зерттеулерін қайталаумен, баяндаумен шектелуіме болар еді. Олар толықтай менің пікіріме сәйкес келеді және бұл сұрақ бойынша маған алғашқы түсініктер қалыптастырған болып табылады. Бірақ қабылданған заңдылықтардың пайда болуы туралы сұрақта өзі тудырған қиыншылықтарды философтың шешу әдісі, оның мен күмәнданатын, дәлірек айтсақ тілді ойлап табушылардың арасындағы өзіндік байланыстың бар екендігі жайында болжағандығын көрсетеді. Сондықтан мен оқырмандарды оның ой-толғамдарына сілтеме жасай отырып, менің тақырыбыма сәйкес бұл қиындықтарды баяндап көрсету үшін мен оған өзімдікін қосуым керек деп ойлаймын. Бұл жерде туындайтын алғашқы қиындық тілдер қандай жолдармен адамдар үшін керек болды дегенді түсінуде жатыр. Өйткені адамдар өзара ешқандай қатынаста болмаса және оған деген ешқандай қажеттілікте болмаса, онда ол бұны ойлап шығаруға деген мұқтаждығы, не мүмкіндігі түсініксіз болар еді. Мен басқа көптеген адамдар сияқты тілдер үй ішіндегі ата-ана мен балалардың арасындағы қарым-қатынаста пайда болды деп айта алар едім. Бірақ бұнымен қатар бұған қарсылықты бекерге шығармас едім. Бұл пікір қателік жібергендікті білдіреді. Ол қателік: табиғи жағдай туралы айтып жатып, оған қоғамнан алған түсініктерді, яғни жанұяны оның мүшелерін бір баспананың астындағы бірлікте көруді, біз көріп жүргендей адамдарға байланысты қарастыруды, оларды ортақ мүдде біріктіргендігін көшіріп көрсете салуда; былайша айтқанда, ол алғашқы қауымдық жағдайда, үйде, лашықта, ешқандай жеке меншікте болған жоқ, сондықтан әркім қай жер қолайлы соған орналасады, көбінесе ол бір түнге ғана тұрақтайды; еркектері мен ұрғашылары кездейсоқ жағдайлармен кездесіп қалып қосылады және оларда бір-біріне айтуы қажет нәрселерді жеткізу үшін сөйлеуге деген ешқандай қажеттілікті бастарынан өткерген жоқ. Олар дәл солай бір-бірін оңай жоғалтып алады. Анасы алдымен балаларын тамақтандырды, өйткені, ол оның өзіне қажет болды: содан кейін бұл әдет оларды оған қымбат етті және ол балаларын оларға қажет болған соң тамақтандырды. Балалары өзіне тамақ таба алатындай күш жинағанда анасын тастап кетті. Енді олардың бір-бірін табуы емес, жоғалтуы жиі ұшырасатын болды, тіптен олар кейін бір-бірін танымауға дейін барды. Баласының өзіне керектерін қалай түсіндіруі тиіс екендігін көрсетсек, оған анасының айтатынынан көрі оның анасына айтатын нәрсесі көп болды, бұл жерде балаға ол өнеге, яғни өз жаратылысына тән деңгейде тілге ерекше көп күш жұмсауға тура келді. Бұл қаншама жеке адам оларда сөйлеу үшін тіршілік еткен сайын соншама тілдерді көбейтті; бұған сонымен қатар бірде-бір сөздің толық нығайуына уақыт бермеген кезбелік өмір қалпы мүмкіндік туғызды. Егер анасы баласына өзінен бірдеңені сұрау барысында пайдаланатын сөздерді үйретсе делік, онда бұл тілдердің қалай қалыптасатындығын түсіндірмейді, тек әлдеқашан қалыптасқан тілге қалай үйрететіндігін көрсетеді. Бұл алғашқы қиыншылық жеңілді деп санайық; табиғи жағдайды тілге дейін әлдеқашан пайда болған қажеттіліктен бөлуі тиіс зор кеңістік арқылы бір сәтке ауысып, тілдер қажет деп болжай отырып, олар қалай қалыптаса бастағандығын білуге тырысамыз. Ендігі бұрынғыдан да көбірек жаңа қиындық басталады. Өйткені егер адамдар сөздерді ойлану үшін қажет етсе, онда олар сөз өнерін ойлап табу үшін ойлай білуді оданда көбірек қажет еткен болды ғой және егер біз дауыстың үні қандай жолмен біздің ойымызды жеткізетін шартты таратқыш ретінде алынғандығын түсінсек, онда бәрібір бұл сезілмейтін, дауыс және ымдау арқылы анықталмайтын түсінігіміз бен ұғымымызды білдіретін таратқыштардың өзі қандай болуы керектігін білу керек болады. Сондықтан бұл өнердің, яғни басқа адамдарға өз ойыңды хабардар ететін және ақыл ойлардың арасында қарым-қатынас орнату өнерінің пайда болуына қатысты қандайда бір негізді болжам қалыптастыру қиын; өздерінің бастауларынан көтеріңкі жоғары дәрежеге жеткен, бірақ философтардың ойынша өздерінің кемелдігінен әлі де болса алыс жатқан, әйтеуір бір, тіптен уақыт өзімен бірге ала келетін өзгерісте де және соның пайдасы үшін таусылса да, тіпті академиялар өзінің болжам-сенімдерінен айырылса да, болжам-сенімдер академиялардың алдында іштей тынса да және академиялар жүздеген жылдар бойы тек осы қиын сұрақпен айналысса да бұл өнер кемелдікке келеді деп тұжырымдап, батылдыққа бара алатын адам жоқ. Адамдардың алғашқы тілі, яғни неғұрлым жалпыға ортақ, неғұрлым мәнерлі және жалғыз, басқа адамдар бірдеңеге иландыру керек болғанына дейін адамдардың қажет еткен тілі -бұл табиғаттың өз дауысы, үні еді. Бұл дауыс адамда тек кейбір шұғыл күтпеген жағдайда үлкен қауіптен көмекке шақыру немесе ауыр азапты жеңілдету барысында бақыру инстинкті арқылы қалыптасты, бірақ олар оны сабырлық сезімі үстемдік еткен күнделікті тыныш өмірде өте сирек қолданды. Адамдардың көзқарасы кеңейіп күрделіленгенде және адамдардың арасында неғұрлым тығыз қатынас орнағанда олар көп түрлі белгілерді табуға және неғұрлым дамыған тілді табуға тырысып, олар дауыстың ырғақтарының өзгерістерін көбейтіп және оған мағынасы табиғатына қосымша жағдайларға аса тәуелді емес, мәнерлірек қимыл қылықтарды қосты. Олар осылайша қимыл арқылы көзге көрінетін және қимылдайтын заттарды бейнеледі, есту қабілетіне әсер ететін құбылыстарды дауыстарға еліктеу арқылы көрсетті. Бетпе-бет көрінетін, жеңіл бейнеленетін әрекеттерді ғана қимылдар арқылы бейнеледі. Сонымен қатар қимыл арқылы бейнелеуді қолдану барлық құбылыстарды қамти алмады. Сондықтан қараңғылық немесе қандайда бір бөгеттердің кездесуі ондай қимыл мен бейнелеу әрекеттерін пайдасыз етті. Сондықтан олар оны әрі қарай қалай жалғастыру керек екендігін ойлап ақыры қимылды бейнелеуді белгілі көзқарастарды білдіру үшін оларды ескертулер түрінде білдіретін дауысқа ауыстырды. Бұндай ауыстыру тек ортақ келісім бойынша жасалады және бұндай тәсілді нашар жетілген адамдарға орындау қиын болды. Оның үстіне сөйлеу мүшелеріне жаттығуларсыз бұндай ауыстырушылық қол жетпейтін қиындық тудырды. Сондықтан бұл бір ауыздан келісушілік қандай бір түрде мотивациялануы және алдымен сөзді қолданбас бұрын оны білу керек болды. Адамдардың қолданған алғашқы сөздері олардың ойларында қалыптасқан тілдегі қолданыстағы сөздерге қарағанда әлдеқайда кеңірек мазмұнға ие болғандығын айту керек; яғни, сөздерді құрамдас бөліктерге бөлмей, алғашқыда олардың әрқайсысына білдей бір сөйлемнің мағынасын берді. Олардың оның бастауышын баяндауышынан, етістігін зат есімінен айыра бастағандығы олардың кемеңгерлік ерлігінің жемісін көрсетеді. Алғашында зат есімдер қанша есімдер болса сонша ғана болды және бұл кезде тұйық рай етістіктің жалғыз-ақ шағы болды. Ал сын есімдерге келсек олар туралы түсініктер тек үлкен қиыншылықпен даму керек болатын, өйткені әрбір сын есім абстрактілі сөз болып табылады, ал абстракциялар істің барысында қиын және көбінекей табиғи емес болады. Алдымен әрбір зат түріне және тегіне қарамастан өзінің ерекше атауына ие болады. Бұл алғашқы үйретушілер айыра алу күйіне ие болған жоқ және барлық жеке заттар табиғаттың картинасындағыдай олардың санасында жекеленген, оқшау түрде түсінілді. Егер бір емен А деп аталса, басқа емен Б деп аталады. Өйткені екі затты қатар көргенде біздің алғашқы көзқарасымыз — бұл олардың бір зат емес екендігін түсінумен айқындалады. Және әркез олардың ортақ бірдейлігінің бар екенін білуге көп уақыт керек; сондықтан неғұрлым білім шектеулілікте болса, соғұрлым сөздік кең көлемді болды. Бұндай атаулар тізімінің көптігімен байланысты қиындықтардан арылу оңай болған жоқ, себебі тірі жәндіктерді ортақ және тектік белгілеріне бөліп қарау үшін олардың қасиеті мен айырмашылығын білу керек және бақылау, анықтау қажет болды. Ол үшін табиғат тарихы мен метафизиканы сол кездегі адамдарға белгілі болған көлемнен әлде қайда кең көлемде білу қажет еді. Сонымен қатар жалпы ұғымдар ойда тек сөздердің көмегімен ғана пайда болып, ал пайым оларды сөйлемдер арқылы аңғарып, ұғынады. Бұл — бұндай ұғымдардың жануарларда қалыптаса алмайтындығының және олардың бұл ұғымдарға байланысты іске асатын кемелденуге деген қабілетке ешқашан ие бола алмауының себептерінің бірі болып табылады. Маймыл мыңқ етпестен бір жаңғақтан екінші жаңғаққа кіріскен кезде, біз оған қарап тұрып онда жемістің бұл түрі туралы жалпы түсінік бар және ол өзінде пайда болған бейнені бұл екі бөлек затпен салыстырмады ма деп ойлаймыз ба? Жоқ әрине, бірақ бұл жаңғақтардың біреуінің түрі бұрынғы басқасын еске түсіріп, оның санасында түйсік тудырады, ал оның көзі белгілі бір затқа бейімделгендікпен дәм сезу мүшесіне алдын — ала қалай икемделу керек екендігін хабардар етеді. Әртүрлі жалпы ұғымдар таза ақылмен орындалады; егер оған сәл-пәл ойдағы қиялдау араласатын болса, ұғым, түсінік бірден жеке болып шығады. Өзіңіз ағаштың бейнесін жалпы елестетіп көріңізші, сіз ешқашан оны елестете алмайсыз: ырқыңызбен қатар, сіз оны үлкен немесе кіші қылып, жапырақтарын қалың немесе сирек қылып, жарық немесе күңгірт қылып көруге тиісті боласыз. Және егер одан әрбір ағашқа тән нәрсені ғана көру сізге байланысты болса онда бұл алынған бейне енді ағашқа ұқсас болмас еді. Тек таза абстракция ретінде өмір сүретінді осыған ұқсас бейнеде көруге немесе сөйлеу арқылы ғана ұғынуға болар еді. Үшбұрыштың анықтамасы ғана сізге ол туралы шынайы түсінік береді; ал сіз өз ойыңызда үшбұрышты елестеткенде, ол дәл басқаша емес сондай үшбұрыш болады және сіз міндетті түрде оған сызық және боялған жазықтық беріп қарайсыз. Жалпы түсінікте болу үшін сөйлем айту немесе сөйлеу керек, өйткені ойдағы елестету тоқтаса ақыл тек сөздің көмегімен ғана алға жылжиды. Осыдан келіп алғашқы тілді жасаушылар өздеріндегі бар түсініктерге ғана атау бере алған болса, онда бұдан алғашқы зат есімдердің өз аттарынан басқа ештеңе болмағандығын көреміз. Бірақ маған түсініксіз әдістер арқылы біздің жаңа таныла бастаған грамматиктеріміз өздерінің түсініктерін кеңейтіп, өз сөздерін жалпыландыра бастағанда, алғашқы тілді жасаушылардың білімсіздігін бұл әдіс барынша тар қалыптар арқылы шектеу керек болды; олар жеке заттардың атауларын тым көбейтіп жіберді, өйткені олар тектер мен түрлерді білген жоқ, соның салдарынан олар өте аз тектер мен түрлер қалыптастырды. Өйткені дүниеге олар заттардың әртүрлілігі тұрғысынан қараған жоқ. Әр алуандылықты айыра білуді дамыту үшін оларда болуы мүмкін деңгейден әлдеқайда көп білім және тәжірибе қажет еді және олар үшін бұған қолдануға қажет болғаннан да көбірек еңбек пен зерттеу керек еді. Ал егер күн сайын әлі күнге дейін біздің байқауымызға ілікпей жүрген түрлерді ашатын болса, онда ойланыңыздаршы, оларға заттар туралы алғашқы көзқарас пен түсініктегі адамдардан қанша жасырынып жүруге тура келгенін. Алғашқы категориялар мен неғұрлым жалпы ұғымдарға келетін болсақ, бұлар оларға ондай болғысы келмеген артық нәрселерді асыра қосу болып табылады. Мәселен, ұзақ уақыт оларды қолданып жүрген біздің философтарымыздың өзі үлкен қиындықпен түсінетін материя, pyx, мән, тәсіл, бейне, көзқарас деген сөздерді олар қалай түсінді және біз бұл сөздермен байланыстыратын ұғымдар тұтастай дерексіз, олар табиғатта оларға сәйкес ешқандай бейнені таппайды ғой? Мен осы алғашқы жасалған қадаммен ғана тоқтаймын және оқырман менің әділ қазыларымнан оқуды осы жерден тоқтатып ойлануды өтінемін: тілдің қалыптасуы жеңіл бөлігі мен зат есімдер жасалынғаннан кейін, адамдардың барлық ойын бейнелеу үшін, онымен көпшілік ашық тілдесуі үшін тұрақты формаға қол жеткізуге және оның көмегімен қоғамға әсер ету үшін тілге тағы да қандай жолдан өтуі керек еді? Мен оларға сандарды ойлап табуға, сөйлем құрауға үйрену үшін синтаксис, бөлшек, етістіктің барлық шақтары мен аористерді ойлап табуға және сөйлеудің барлық логикалық жүйесін құруға тұжырым қалыптастыруға қанша уақыт пен білім қажет етілгендігі туралы толғануды өтінемін. Өзіме келетін болсам, арта түскен қиыншылықтардан үрейлене отырып, тілдер таза адамзаттық құралдардың көмегімен пайда болып, қалыптаса алмайтындығына көз жеткізе отырып, мен барлық бұл қиын сұрақты талқылаумен айналысқысы келгендерге айтамын: қайсысы қажеттірек болды — тілдерді енгізу үшін әлдеқашан қалыптасқан қоғам ба, әлде қоғамды қалыптастыруға әлдеқашан жасалынған тілдер ме. Қоғам мен тілдердің пайда болуы туралы мәселе қандай жағдайда болмасын бәрі адамдардың өзара қажеттіліктерінің негізінде жақындасуына, олардың сөйлей алуын жеңілдетуге табиғаттың өз тарапынан аз ықпал жасап, қам жемеуінде жатыр және табиғаттың адамдарды бірігіп өмір сүруге және қоғамның дәнекерлерін бекіте түсу әрекетіне дайындықсыз жаратқандығы көрініп тұр. Шындығында алғашқы қауымдық жағдайда өзіне ұқсас басқа жануарлар — қасқыр немесе маймылдарға қарағанда адамның неліктен басқа адамды қажет еткендігін түсіну қиын; жарайды, ол бұны қажет етті делік, онда қандай себеп басқа адамдардың бұған келуіне итермеледі; сонымен, тіптен, бұл соңғы жағдайда болды делік, олар әртүрлі жағдайларға байланысты өзара келісімге қалай келді? Бізге үнемі қайталайды, мен бұны білемін, яғни бұл жағдайдағы адамнан сорлы ештеңе болған жоқ; егер шын болса, мен дәлелдедім деп ойлаймын, яғни тек көптеген ғасырлардан кейін ғана оларда бұл жағдайдан шығуға талап және мүмкіндік пайда болады, бұл үшін оның дәл осылай жаратқан пендесін емес, оны солай жаратқан табиғаттың өзін кінәләу-керек сияқты. Егер мен дұрыс түсінсем, бұл бақытсыздықтың белгісі, әлде бұл сөздің мағынасы жоқ, не жан мен тәннің мехнаты мен тек азапты айрылысын білдіреді; егер бұлай болса, онда мен дені сау және жаны тыныш еркін тіршілік иесінің бақытсыздығы қандай түрде болатындығын түсіндіруді қалар едім. Өмір сүрудің қай жолында — азаматтық қоғамда ма, әлде табиғи жағдайда ма, бұларда өмір сүрушілерді жан төзгісіз күйге жеткізуі мүмкін? Біз айналамызда көбінесе өз өміріне наразы адамдарды және көбінесе өз биліктерінде болғанда өз өмірлеріне қол салатын адамдарды көреміз; Құдайлық заңдар және адамзаттық заңдар бірге қосылып бұл бейберекетсіздікті зорға тоқтату халінде: Мен сіздерден сұрайын, сіздер еркіндіктегі жабайы адамның өмірге наразы болып, өз-өзін өлтіруі туралы ойлатанын естідіңіздер ме? Менмендікке салынбай, ойланыңыздаршы, шынайы адамзаттық бақытсыздықты біз қай қырынан көріп отырмыз және керісінше танымнан жұрдай, үрейлерден мазасы кеткен, өз күйінен жақсы күй туралы ой жүгірте алатын жабайы адамнан өткен бақытсыз жан болуы мүмкін бе? Бұл адамдардың қайраттылықта қол жеткізген қабілеттері уақытынан ерте ауыртпалық әкелетін керексіз немесе қажет жағдайда кешігіп пайдасыз болмауы үшін оларды жаттықтыру кезеңінде ғана дамытатын болса айтарлықтай көрегендік болар еді. Ол үшін, яғни табиғи жағдайда өмір сүру үшін оған қажет болған нәрселердің бәрі тек бір инстинкттен ғана тұрады; ал қоғамда өмір сүру үшін оған қажет болған нәрселердің бәрі санадағы білімділіктен тұрады. Алғаш қарағанда, егер бұл сөздерді физикалық мағынасында қабылдап біз жеке тіршілік иелерінің өзін қорғаудағы әрекетін бұзықтық деп, ал оның өз-өзін қорғауға мүмкіндік туғызатын қасиетін адамгершілік деп айтпасақ, табиғи жағдайдағы адамдар өз араларында ешқандай моральдық сипаттағы қатынаста, ешқандай міндеттілікте, жақсы да, ақымақта, бұзық та, адамгершілікті де болмаған сияқты; аталмыш жағдайда неғұрлым адамгершілікті деп табиғаттың қарапайым да қалыпты ықпалына қарсы шықпағандарды айтуға тура келеді. Бірақ егер біз бұл сөздің қарапайым мағынасынан алшақ кететін болсақ, онда бұл жағдай туралы тұжырым айтпаған дұрыс және біздің болжам, нанымдарымызға сенімді өлшемдерге қол жеткізбей сенбеу керек, біз өркениетті адамдардың ортасында адамгершілікті адамдар бұзықтарға қарағанда көп пе екендігін немесе бұл адамдарға олардың адамгершілігінің әкелетін пайдасы бұзақылығы әкелетін зияндылығынан басым ба немесе олардың білімінің дамуы бір-біріне жасалуы тиіс жақсылыққа үйренуге қарағанда олардың бір-біріне жасайтын зұлымдығына жеткілікті қайтарым, сый ақы бола алады ма немесе жалпы оларға ештеңені де жоғалтпайтын және зұлымдықтан қорқып жатпайтын, өздеріне біреуге міндеттелмегендерден бәрін күтуге міндеттелген, бәріне тәуелді қоғам өміріне қарағанда ешкімнен жақсылық күтіп жатпайтын кездегі олардың жағдайы артық емес пе екендігін зерттемейміз. Бәрінен бұрын Гоббспен келісіп, төмендегідей қорытынды жасаудан тартынамыз. Адамда жақсылық туралы түсінік болмайынша ол зұлым,— дейді ол, адамгерішілікті білмейінше бұзық; ол үнемі өзіне ұқсас басқа жандарға көмек көрсетпейді, егер өзін оған міндетті деп санамаса және негізді түрде өзі иемденген, өзіне қажет заттарға иелік ету құқының жетегімен ол өзін бүкіл әлемнің қожасы санайды. Гоббс табиғи құқықтың қазіргі замандағы барлық анықтамаларының жетімсіз жақтарын өте жақсы көре білді, бірақ оның өзінің анықтамасынан шығатын нәтижеге оның біршама жалған мазмұн бергенін көрсетеді. Өзі қалыптастырған қағидалардан шыға отырып бұл автор табиғи күй — бұл біз өзімізді сақтауға қам жегенде басқалардың өзін сақтауына зиянын тигізбейтін күй және бұл сонымен қатар әлемге қолайлы, адамзат баласына неғұрлым лайық күй деп айтуы керек еді. Бірде ол жабайы адамның өзін қорғау қамын құрайтын қасиетке, қоғамның туу мәнін және заңдарды бекіту қажеттілігін жасаған көптеген құмарлықтарды қанағаттандыру қажеттілігін орынсыз қосқан кезде бұған қарама-қайшы пайымдау жасайды. Бұл күшті бала — зұлым дейді ол. Жабайы адам күшті бала бола ма, міне соны айқындау керек. Айтайық біз бұл жерде оныңмен келістік дейік, ал бұдан не шығарар еді? Егер күшті бола тұрып, адам басқаларға тәуелді болса, онда оның әлсіз болғаны, ал оны тиятын шек жоқ кезде ол қандай болады? Ол өз анасын, егер емшек беруде сәл кешіксе, соққы берер еді; ол кіші бауырларының бірін ығыр қылса, оны қылқындырып тастар еді; егер басқа адам оның мазасын алып итеріп жіберсе, ол оның аяғынан тістеп алар еді. Күшті болу және бір сәтте тәуелді болу — бұл табиғи жағдайда бір-бірін болғызбайтын екі жағдай болып табылады. Адам тәуелді болған кезде әлсіз, бірақ ол күшті болғанға дейін де тәуелділіктен босайды. Өзі айтқанындай, әрі біздің заңгерлеріміздің мақұлдап жүргеніндей жабайы адамға өз ақылын қолдануына да кедергі жасайтын себептің сонымен қоса оларға өз қабілеттерін жамандық жасауға қолдануға кедергі жасайтындығын Гоббс есіңнен шығарып жіберді. Сондықтан жабайы адамдар зұлым емес, себебі олар жақсы болудың не екенін білмейді. Өйткені оларға зұлымдық жасауға танымының дамуы және Заңдардың ауыздықтауы емес, құмарлық қызуының болмауы және кесел, бұзықтықты түсінбеу, одан хабарсыз болуы кедергі жасайды деп айтуға болар еді. Tanto plus іn іllіs profіcіt vіtіorum іgnaratіo guan іn hіs cagnіtіo vіrtutus*. Алайда Гоббс тіптен жадынан шығарып кеткен тағы бір негіз, бастама бар. Белгілі жағдайларда намыс сезімі тумай тұрған кезде өзін қорғауға тырысушылығы немесе оның намыс қайсарлығымен аяу үшін берілген сол негіз өзіне ұқсас басқа біреудің азап шеккен кезде басынан кешіретін тумысынан біткен жиіркеніш пен оның өзінің амандығы үшін күресте жігерін басады. Егер мен адамға тіптен адамзаттық адамгершілікті қасақана жамандайтындардың өзі мойындайтын табиғи адамгершілікті беріп қарастыратын болсам, маған қандайда бір қарсы пікірден қорқудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Мен біз сияқты әлсіз, бізге қауіп төнгендей қауіп төнетін тіршілік иелеріне деген табиғи жанашырлық пен аяушылық туралы айтып отырмын: оның үстіне адамгершілік, рақымшылық бәрін қамтиды және адамға пайдалы, ол оларда әртүрлі ойларға дейін болады және соншалықты табиғи, тіпті жануарлар кейде оның айқын белгілерін аңғарады. Аналарының балаларына деген мейірімін және балаларын қорғау үшін барғанда қарсы келетін қауіп туралы айтпасақ та, бізге күнде аттардың қандайда бір тіршілік иесін тұяғымен таптап кетуі соншалықты жиренішті екендігін байқауға тура келмейді ме. Кез келген жануар жолда өзі типтес өлі жануарды кездестіргенде аздап болса да алаңдаушылықты сезінеді; тіптен өзінің бауырласына көмуге, жерлеуге ұқсас әрекет жасайтындары да бар және малдың қасапханаға апарғанда аянышты өкіруі оны бауыздау кезіндегі оған қорқынышты әсердің болғандығы туралы айтып тұр емес пе. Біз Аралар туралы ертегілердің авторының адамның қайғыға ортақтасушы және сезімтал тіршілік иесі екенін мойындай отырып, бұл жағдай туралы өзінің таң қаларлық және салқын стилімен — терезенің сыртында жабайы аңның баланы анасының құшағынан жұлып алып өзінің жойқын азу тістерімен оның әлсіз дене мүшесін ұсақтап мұжып, тырнағымен қалтыраған баланың ішек қарынын жарғанын көріп отырған қамаудағы адамның ой түсіретін бейнесін келтіргенін сезімге бөленіп айтып бере аламыз. Өзіне еш қатысы жоқ бұндай жағдайдың куәгерлерінің қандай қорқыныштан мазасы кетуі тиіс! Не баласынан айырылған анаға, не өліп бара жатқан балаға ешқандай көмек көрсете алмайтын ол бұл оқиғаны көріп отырып қандай азапты басынан кешіруі тиіс. Қандайда бір ойға берілуге дейін қалыптасқан табиғи толқыныс осындай болды, ең бұзылған, азған әдетпен жойыла қоймайтын табиғи жанашырлықтың, аяушылықтың қуаты осындай, өйткені біздің спектакльдерімізде бір сормаңдай бақытсыз жанның басына кездескен қырсыққа іш-бауыры езіліп, көз жасын төгіп жүретіндерді көріп жүрміз. Егер ол жендеттің орнында қанқұмар бақытсыздықтың себебі өзі болса немесе ол бақытсыздыққа деген соншалық сезімтал Сулла сияқты немесе Андромаха және Приаммен бірге күйзелгендігін көрсетпеу үшін трагедияның қандай да бір қойылымына келуден бас тартқан, сөйте тұра, өзінің бұйрығы бойынша өлтірілген азаматтардың зарын еш мазасызданбай тыңдайтын Александр Ферски сияқты одан сайын жауының азабын ауырлатар ма еді.
Mollіssіma corda
Humano generі dare se natura fatetur,
Quae lacrіmas dedtt'
Табиғат оларға ақыл мен жанашырлықты бермегенде барлық моральдық қағидаларына қарамастан адамдар мәңгілік рақымсыз құбыжық сияқты болып қалар еді дегенді Мандевилль жақсы түсінді; бірақ ол бұл қасиеттен өзі адамдарда жоқ деп айтқысы келген барлық қоғамдық адамгершіліктердің пайда болатындығын көре алмады. Шындығында кеңпейілділік, адамдық, мейірімділік дегеніміз не, әлсіздерге, кінәлілерге немесе жалпы адамзат баласына жаны ашымау деген не? Тілектестік және тіптен достық бұларға анықталған нәрсеге бағытталған үздіксіз жанашырлықтың нәтижесі ретінде қарасақ бұлар мәнді; өйткені біреудің азап шекпеуін тілеу, оның бақытты болуын тілеу емес пе? Егер дұрыс болса, аяушылық бар болғаны бізді азап шегуші басқаның орнына қоятын сезім — жабайы адамдағы байыпсыз және күшті сезім. Азаматтық жағдайдағы адамдағы дамыған, бірақ әлсіз — сезім. Яғни, менің сөзімнің ақиқаттылығы жаңа дәлелдерге қол жеткізеді. Шындығында аяушылық неғұрлым басым болған сайын азап шеккен жануар мен оны көруші жануарды соғұрлым тығыз байланыста теңестіреді. Бұндай теңестіру табиғи жағдайда адамдардың ендігі ойлана алатын кезімен салыстырғанда әлдеқайда толық деңгейде болатындығы даусыз ақиқат. Зерде намысты тудырады, ал ойлау оны нығайтады; нақ осы ойлау адамды оны қапаландыратын, қысылдыратын барлық нәрселерден бөледі, алшақтатады; дәл соған байланысты ол күзетшінің бейнесінде үнсіз, тыныштықта "Қаласаң өл, мен қауіпсіздіктемін"-дейді. Бүкіл қоғамға үрей төндірген қауіп қана философтың тыныш ұйқысын бұзып, оны төсегінен тұрғыза алады. Жақынын жазасыз терезесінің алдында сойып, кесіп жатса да, ол өлтіріп жатқан адаммен өзін теңестірмеу үшін, өзінің табиғатындағы қарсылықтарды біраз тыныштандыру үшін тек қолымен өзінің құлағын жабады да қояды. Жабайы адамда бұндай ғажайып өнер жоқ және ақыл мен саналылықтың жетіспеушілігінен ол ойланбастан адам сүйгіштіктің алғашқы тартуына беріледі. Бүлік кезінде, көшедегі төбелес кезінде тобыр жүгіріп келеді, ал есті адам аулақ кетуге тырысады; қағылған — соғылғандар, базар саудагерлері төбелесіп жатқандарды айырып жібереді және олардың ұрыс-керіс жасауына кедергі жасайды. Сонымен аяушылық дегеніміз бұл әрбір жеке адамның менмендігін баса отырып барлық адамзатты бізге сақтауға мүмкіндік туғызатын табиғи сезім екендігі айтарлықтай ақиқат. Аяушылық — ол көз алдымызда азап шегіп жатқан адамға бізді ойланбастан көмекке асығуға мәжбүрлейтін қасиет; елдің бәрі оның қоңыр үніне құлақ асқысы келетін қасиетке ие аяушылық-табиғи жағдайда адамгершілік, рақымшылықтың, заңдардың орнында болады. Дәл осы қасиет қандайда бір күшті жабайыға, әлсіздің баласын тартып алуға немесе егер ол өзіне басқа жерден тауып алуға үміттенсе әлсіз қарттың қолындағы қиындықпен тапқан тамағын тартып алуына жол бермейді. Керісінше, олардың орнына ол тірі жанды мынандай маңызды ұйғарымға иландырады: Өзіңмен қандай қатынас жасағанды қалайсың, басқалармен сондай қатынас жаса немесе жоғарыда айтылғаннан пайдалы болуы мүмкін табиғи ізгіліктің басқа ұйғарымы: Шамаң келгенше басқаларға аз зиян келтіруге тырыса отырып, өз амандығыңның қамын ойла. Айтайық, басқа бір айлалы ой пікірден көрі алдымен дәл осы табиғи сезімнен кез келген адамның әртүрлі тәрбиенің қағидаларынсыз-ақ зұлымдық жасаудан жиренетіндігінің себебін көруге болады. Дегенмен Сократқа және оның шындалған ақылына өзінің зердесінің күшімен ізгіліктерді араластыру сәтті шыққан да шығар, бірақ, егер оның сақталуы тек пайымдаушылардың ой-толғамдарына ғана байланысты болса адамзат баласы ендігі баяғыда-ақ өмір сүрмеуші еді. Соншама аз жігерлі құмарлыққа және дәл осындай аман алып қалатын тізгінге ие бола отырып, бұл адамдар жауыздарға қарағанда қызбалау, басқаға жамандық жасауға әккіленгендерден гөрі өзін жамандықтан қорғаудың көбірек қамын жей отырып, өз араларында тым қауіпті ұрыс жанжалға барған жоқ; себебі, олардың арасында қандайда бір қатынас, байланыс болған жоқ және солай болған соң олар мансапқұмарлық, бас ию, құрметтеу жек көрушіліктің не екенін білген жоқ; солай болған соң оларда "сенікі" және "менікі" туралы ешбір түсінік және қандайда бір әділеттілік туралы шынайы түсінік те болған жоқ; солай болған соң өздері де ұшырауы мүмкін зорлықты жазалауды талап ететін жәбірлеушілік емес, жеңіл түзелетін жамандық деп санады және олар кек туралы ойлаған да жоқ, тек оны лақтырған тасты тістеген ит тәрізді лезде, ойламай, бірден жылдам жүзеге асырды, егер тек неғұрлым маңызды бірдеңе, мысалы тамақ сияқты нәрселерге байланысты ғана болмаса, олардың арасындағы талас қан төгуге сирек әкелді. Бірақ бұл жерде неғұрлым қауіпті және маған ол туралы айтуыма тура келетін бір нәрсе бар. Құмарлықтардың ішінде адамның жүрегін тынышсыздандыратын, қызу, әрі бой бермейтін, бір жынысты екінші жынысқа қажет еткізетін бір құмарлық бар; бұл сұмдық, қауіпті елеткізбейтін, барлық қиындық, бөгетті бұзатын құмарлық; адамзат баласын сақтауға жазылған ол өзінің қысымымен адамзат баласын жойып жіберуге қабілетті сияқты көрінеді. Бұл жүгенсіз, дөрекі құмарлықтың жеміне айналған ұятты, шегеруді білмейтін және күнделікті өмірде бір-бірімен өз махаббаттарына кез келген жолмен, қанымен таласатын адамдар неге айналады десеңізші. Ең алдымен неғұрлым құмарлықтың қысымы күшті болған сайын, оларды тоқтату үшін соншалықты заңдар керек екендігін мойындау керек. Сонымен қоса бұл құмарлықтар туғызатын біздің күнделікті өміріміздегі тәртіпсіздік пен қылмыс бұл жағдайда заңдардың жетіспеушілігін айқын көрсетеді. Сонымен бірге бұл тәртіпсіздіктердің бәрі жалпы заңдармен бірге туған жоқ па екендігін зерттеу жаман болмас еді. Өйткені, олар тәртіпсіздікпен күресуге қабілетті болса, онда заңдардан талап етілетіні оларсыз ешқашан болмаған жамандықты жою. Енді махаббат сезіміндегі руханилықты физикалықтан айырудан бастайық. Физикалық — бұл жалпы бір жыныстың екінші жынысқа қосылуына әуестендіретін тілек. Рухани — бұл тілекті анықтаушы және оны тек бір нәрсеге ғана бағыттайды немесе аз өлшемде жаңағы артық көретін нәрсеге бағытталған тілекке қуаттылықтың жоғарғы дәрежесінде қасиет береді. Осыдан келіп, махаббаттың рухани жағы бұл әйелдердің дәріптеген керемет айламен және өздерінің билігін күшейту үшін бағынышты жынысты үстемдік етуші жынысқа айналдыруға тырысушылығымен қоғам өмірінде туған жасанды сезім. Бұл жабайы адамда мүлдем болмауы тиіс, онымен салыстыруға мүлдем келмейтін және олар жасай алмайтын сұлулық пен бағалылық туралы айқын түсініктерге негізделген сезім. Өйткені жабайы адамның санасында дұрыстық, сәйкес келушілік туралы дерексіз түсініктер әлі қалыптаса қойған жоқ, сонымен қатар оның жаны қайран қалушылықты және жауапсыз, байыпсыз болса да бұл ұғымды қолданудан туатын махаббатты сезінуге қабілетсіз. Ол тек әлі қол жеткізе алмай жатқан талғамынан емес, табиғаттан алған өзінің темпераментіне ғана бағынады және ол үшін кез келген әйел жақсы. Бұл адамдар махаббаттың тек физикалық жағын ғана білу еді және бұл сезімді тұтатып, оның ауыртпалығын көбейтетін жеке дара ұнатушылықты, артық көрушілікті басынан өткермеген олар бақытты; сондықтанда олар махаббат азабының дертін жан-тәнімен сезінбеуі тиіс; олай болған болса олардың арасындағы қақтығыстар жиі және онша қатал болмауы тиіс. Біздің арамызда қаншама мұқтаждық тудыратын ойдағы елестер, жабайының жүрегіне ештеңе сезіндірмейді; олардың әрқайсысы тыныш қана табиғаттың нұсқауын күтеді, оған еш таңдамастан, құмарлықтан көрі неғұрлым рахаттылықпен беріледі және қажеттілігі қанағаттанған бетте тілек құмарлығы басылады, сөнеді. Соңдықтан махаббат басқа да құмарлықтар сияқты адамдар үшін өзін соншалықты азапты ететін, бас-бермейтін жалынды, албырттыққа тек қоғамда ғана қол жеткізеді; және оның үстіне жабайы адамдарды өзінің хайуандық инстинкттерін канағатандыру үшін бір-бірін тоқтаусыз қырып жоятын нәрсе ретінде елестетуі күлкі келтіреді, бұл пікір фактілерге қайшылық туғызады. Мысалы, караибтер қазіргі өмір сүріп отырған халықтардың ішіндегі өздерінің табиғи жағдайынан бөлініп шыққан халық, олар құштарлықтарды қоздыра түсуі тиіс аптапты климаттарда өмір сүрсе де өздерінің барлық махаббат істерінде ымырашыл және қызғаншақтыққа аз ұшыраған халық. Әртүрлі хайуандардың түрлерінде болатын, мысалы күнделікті құс қораларын қанмен суаратын еркек арландардың арпалысы немесе ұрғашы қаншықтар үшін бір-біріне қарсы болып көктемде біздің ормандарды айғаймен жаңғырықтырған олардың айқасын сыртынан байқаған соң жасауға болатын қорытындыларға келетін болсақ, онда бұл жерде бізге қарағанда жыныстардың арасындағы қатынасты басқаша орнатқан хайуандардың түрлерін шығарып тастау керек. Сондықтан қораздардың шайқасы адамзат баласына қатысты қандайда бір қорытынды жасауға негіз бола алмайды. Пропорция (тепе-теңдік) қаталырақ сақталатын жануарлардың арасында бұл айқастың себебі ұрғашыларының еркек арландарға қарағанда санының аз болуына ғана байланысты немесе ұрғашылары еркектерін өздеріне тіпті жолатпай қойған кездегі аралық уақыттың болуына байланысты, ал бұл бізді алғашқы себепке қайта алып келеді — өйткені, егер әрбір ұрғашы еркегін өзіне жылына екі-ақ рет жолататын болса, онда нәтижесінде еркек арландардың саны алтыдан бес бөлікке кемиді. Бірақ бұндай екі жағдайдың бірі де әдетте ерлері әйелдерінің санынан басым және тіпті жабайыларда да ондайды басынан кешірмеген басқа жануарлардағыдай ұрғашылары бір мезетте еркектерін жолатпай, бір кезеңде оларды іздеп жүргендігі, ешқашан байқалмайтын адамзат баласына қолдануға келмейді. Бұдан басқа, жануарлардың көбісінде ұйыту, күйлеу кезеңі бір мезгілде басталатын болғандықтан, жалпылама қозу, елігудің астан-кестен әбігерліктің және ұрғашы үшін айқастың сұмдық сәті орнайды. Бұндай сот ешқашанда адамдардың арасында орнамайды, себебі адамзат баласында махаббат ешқашанда ешқандай кезеңдермен байланысты болмайды. Сондықтан ұрғашыға ие болу үшін кейбір жануарлардың жасаған айқасына қарап, мүмкін дәл осындай жағдай табиғи жағдайдағы адамда да болады деп қорытуға болмайды, ал егер мұндай қорытынды жасауға болатын болса онда бұл керістер жануарлардың басқа түрлерін еш жоймайды, кем дегенде олар адамзат баласы үшін аса қауіпті болған жоқ па екендігін ойлауға тура келеді және өте айқыны олар табиғи жағдайда бүлдірушілікті қоғамда жасағаннан көрі азырақ жасаса, әсіресе адамгершілік бірдеңеге тұратын және көзтаныс ашыналардың қызғанышы мен ерлі зайыптылардың кегі күнделікті жекпе-жек, кісі өлімі және оданда жаман жағдайлар тудыратын елдерде бүлдіргі әрекетті азырақ жасасa; ол елдерде мәңгі адалдыққа деген парыз тек зинақорлыққа шақыруға қызмет етеді, ұстамдылық заңдары және намыс бұзықтықты көбейтеді және жасанды түсініктердің санын арттырады. Қорытынды жасайық: жабайы адам орманда адасып жүріп еңбек сүйгіш болған жоқ, сөзді білген жоқ, үйі де жоқ, ешкіммен соғыспады да және ешкіммен араласпады, өзі сияқтыларды қажет етпеді, солай оларға жамандық әкелу қажеттілігін сезінген жоқ, тіпті олардың ешқайсысын жеке білмеген шығар, тек азғантай құмарлыққа шалдықты, өз-өзіне қанағаттанып, тек табиғи жағдайға сәйкес сезімдер мен танымға ие болды, тек өзінің шын қажеттіліктерін ғана сезінді, өзін қызықтырған нәрсеге ғана қарады және оның менменшілдігінен көрі ақыл ойы аздаған жетістіктер жасады. Егер ол кездейсоқ жаңалық ашса, ол туралы әлде біреулерге хабарлай алмады, тіпті өз балаларын да таныған жоқ. Өнер өнертапқыштармен бірге өліп жатты. Оқу-білім, даму болған жоқ, ұрпақтары пайдасыз көбейді және олардың әрқайсысы жүздеген жылдар бойы жалғасқан алғашқы қауымдық дөрекіліктен бастау алды: тұқым, түр ескірді, ал адам әлі де болса бала болып қала берді. Егер мен бұл болжанып отырған алғашқы қауымдық адамның жағдайы туралы ұзақ өріс алсам, ұзақ айтсам, бұл маған бұрынғы адасушылықты және тамыр жайған нанымды жою үшін керек және түбіне дейін қазуға және бұнда теңсіздік, тіпті табиғилықтың өзі біздің жазушыларымыз айтып жүргендегіден көрі басқа көлемге, басқа мағынаға ие болатын табиғи жағдайдың шын бейнесін көрсетуге өзімді міндетті санадым. Шындығында, адамдардың арасындағы айырмашылықтарды құрайтын ерекшеліктер оларға тұрмыс қалпында қоғам өмірі арқылы тән болатын айырмашылықтар мен әдеттерден туған болса да көбісінің табиғи екендігін көру қиын емес. Сонымен дене бітімінің күштілігі немесе жүдеулігі және осыған тәуелді күш немесе әлсіздік оның бастапқы дене құрылысынан көрі көбінекей тәрбиемен шынықтыру немесе нәзіктендіріп жіберуге байланысты анықталады. Ақылдың қайраты да осы сияқты; сонымен тәрбие білімді және білімсіз саналардың арасында ғана айырмашылық тудырмайды, сонымен қатар ол алғашқысының арасында олардың біліміне сәйкес айырмашылықтарды арттырады. Өйткені, айтайық, егер алып пен ергежейлі бір жолмен жүретін болса, сол алғашқысы мен соңғысының әрбір қадамы алыпқа жаңа артықшылық бермейді ме?! Міне, егер біз азаматтық қоғамдағы әртүрлі дәрежедегі адамдардың өмір қалпындағы, тәрбиелеу тәсіліндегі әртүрлілікті бірдей өмір қалпындағы, барлығы бірдей тамақпен қоректенетін, істейтіндерінің бәрі бірдей жануар мен жабайының өміріндегі біркелкілікпен салыстыратын болсақ, біз қоғамдық жағдайға қарағанда, табиғи жағдайда адамдар арасындағы айырмашылықтардың соншалықты маңызсыз екендігін және қоғамдық белгіленген жағдайдан туған теңсіздіктің нәтижесінде адамзат баласының ішінде табиғи теңсіздіктің қаншалықты артуы тиіс екендігін түсінеміз. Егер табиғат өзінің сый қабілеттерін бөлуде соншалықты әділетсіз болған болса, онда қалғандарының алдында табиғаттың игі ниетіне ие болғандар заттардың арасындағы байланыстар мүмкін емес жағдайда қандай артықшылыққа ие болар еді? Махаббат жоқ жерде сұлулық не үшін керек? Сөйлей алмайтын адамдарға ақылдан және ешқандай ісі, жұмысы жоқ адамдарға қулықтан қандай пайда келеді. Маған үнемі айтып жүр, күштілер әлсіздерді езеді, қанайды деп. Бұл "езу", "қанау" деген сөздердің астарынан не түсінетіндерін маған түсіндірсінші. Олар зорлаудың көмегімен үстемдік етеді, басқалары олардың барлық орынсыз тілектеріне бағынуға мәжбүр болып әлсіреп, ариды. Міне, бұл менің біздің арамыздан байқап жүргенімнің тап өзі, бірақ мен езіп-жаншу мен үстемдік етудің не екенін түсінуі тіптен оңай емес жабайылар туралы бұл жайында қалай айтуға болатынын көріп отырған жоқпын. Әрине, адам басқа біреу жинаған жемістерге, олар өлтірген құстарға, оларға баспана болған үңгірлерге иелік ете алады, бірақ ол басқаларды өзіне бағындыруға, бой ұсындыруға қалай қол жеткізеді? Ешқандай иелігі жоқ адамдардың арасында бір-біріне тәуелділіктің дәнекері қандай болуы тиіс? Егер мені бір ағаштан қуып жіберсе, маған басқа ағашқа бара салу жеткілікті; егер маған бір жерде маза бермесе, кім маған басқа жерге баруға бөгет жасайды? Мені өзінің тамағын табу үшін мәжбүрлейтін күші менен асып түсетін және оның үстіне соншалықты азған, соншалықты жалқау және қатал адам бар болса, онда ол қалай қолы бос жұмыссыз бола алады? Оған мені бір сәт те көз алдынан жоғалтпауды мақсат етуге тура келеді және ұйықтауға жатқанда аса ұқыптылықпен менің қашып кетпеуімді, оны өлтірмеуімді аңдап үрейленуі тиіс, сондықтан ол өзін өзі еркімен өзі бас тартатын және маған аудара салған бейнеттен де қиын бейнетке душар етеді. Бұның бәріне қарамастан, егер оның қырағылығы бір минутке де әлсірейтін болса, егер қапылыста күтпеген айқай оны мойын бұрғызса, мен орман ішімен қашып кетемін де бұғаудан босаймын және ол мені енді ешқашан көрмейтін болады. Егер, тіпті бұндай тәптіштеулерге бойламасақ та әркімге құлдықтың бұғауы тек адамдардың бір-біріне тәуелділігінен және оларды бір-біріне біріктіруші қажеттіліктерден туатыны айқын. Сондықтанда адамдарды бір-бірінсіз бола алмайтындай жағдайға әкелмейінше оларды құл-қылу, езу, жаншу мүмкін емес: бұндай жағдай табиғи жағдайда орын ала алмайды және сондықтан табиғи жағдайда әркім бұғаудан еркіндікте, ал онда неғұрлым күштілердің заңдары жарамсыз. Табиғи жағдайда теңсіздік болар-болмас қана сезілетіндігін және оның ықпалы бұл жағдайда жоққа тең екендігін дәлелдегеннен соң, маған теңсіздіктің адамзат санасының келесі даму барысында пайда болып дамуын көрсету қалады. Өз кезегінде табиғи адам потенциядан алған жетілуге деген қабілет, қоғамдық рақымшылдық және тағы басқада қабілеттер ешқашанда өз бетімен дами алмайтындығын, ол үшін онсыз адам бастапқы күйінде қалып қоятын, ешқашан болмауы да мүмкін болған көптеген сыртқы себептердің қажет екендігін мен көрсеттім. Енді маған адамдарды бір мезетте бірігіп өмір сүруге қабілетті қылған, адамдарды қатал, мейірімсіз тіршілік иесі еткен, адамзат баласын бір мезгілде азғындауға жетелеген, адамзат зердесінің дамуына мүмкіндік туғызған әртүрлі кездейсоқтықтарды салыстыру және оны ұзақ уақыт арнасында адамдардың бірігіп өмір сүре бастаған дәуірінен бастап дүние мен адам біз көріп отырғандай болған кезге дейін қарастыру қалды. Мен түсіндіретін, мазмұндайтын оқиғалар әртүрлі болуы мүмкін екенін мен мойындаймын және сондықтан өз таңдауымды жасай отырып, мен тек әртүрлі ой-пікірлер мен болжамдарды басшылыққа ала аламын. Егер олар бәрі неғұрлым заттардың табиғатынан шығаруға болатындарының ішіндегі неғұрлым ықтималдысы болса бұл болжамдар дәлелдерге айналар еді. Олар ақиқатты ашу үшін тек қана қисыны бар әдістерді ұсынады. Бұл болжамдардан мен шығарайын деп жатқан нәтижелер осы үшін ешқандайда шамамен істелмейді және менің тарапымнан бекітілген қағидаларға ғана негізделіп, маған керекті нәтижелер әкелмейтін және мен керекті қорытындылар жасай алмайтын ешқандай да басқа жүйені құруға болмайды. Бұл оқиға кезінде олардың шындыққа сәйкестігінің жетіспеушілігін қандай жолмен жою туралы менің ой-түсінігімді дамыту қажеттілігінен мені құтқарады; егер ол үздіксіз әрекет етсе өте азғантай себептердің таң қаларлық күші туралы; егер бір жағынан біз анық фактілермен оларға мазмұн бере алмайтын жағдайда болсақ, екінші жағынан кейбір гипотезаларды теріске шығару мүмкін еместігі туралы менің ой-түсінігімді дамыту қажеттілігінен мені құтқарады. Егер бізге анық деген екі факт берілсе және оларды белгісіз немесе қарастырылған аралық фактілердің тізбегімен байланыстыру керек болып, егер бізде оларды қосатын факт болса, бұл — тарихтың ісі; Егер фактілер жетпесе, алғашқыларын өзара байланыстыра алатын ұқсас фактілер ойлап табу керек болса, бұл философияның ісі болады. Сонымен әртүрлі фактілердің ұқсастығы әртүрлі категориялардың біз ойлағаннан гөрі әлде қайда аз санына қаншалықты алып баратындығы туралы жоруға болады. Мен үшін бұл тақырыпты менің пікір алысушыларыма ұсыну жеткілікті; маған енді қарапайым оқырмандарға оларды қарастыру мұқтаждығы болмау үшін осылайша істеу жеткілікті.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Жердің белгілі бір бөлігін қоршап: "Бұл менікі!" деп мәлімдеп және өзінің сөзіне сенетін аңғал адамдарды тапқан бұл бірінші адам азаматтық қоғамның алғашқы негізін салушысы болды. Егер сол кезде бір адам шығып, қағылған қазықтарды жұлып алып немесе орларды көміп тастап: "Мынау алаяқты тыңдаудан абай болыңдар; егер сендер жердің жемісі бәрінікі, ал өзі ешкімдікі емес екендігін ұмытсаңдар, өлдім деп санаңдар" — деп айқайлаған болса ол қаншама соғыстардан, қылмыстардан, адам өлтіру зұлматтарынан, бақытсыздықтан, масқара сұмдықтардан адамзат баласын аман алып қалар еді. Бірақ бұл істердің қалпы, сірә бұрынғы күйде қала алмайтын дәрежеге жеткен кезде болғанға ұқсайды. Өйткені, бұл — "жеке меншік" ұғымы адамдардың санасында бірден пайда болмаған, тек біртін-біртін ғана қалыптасқан өзіне дейінгі басқа да көптеген ұғымдармен байланысты. Табиғи жағдайдың бұл ең соңғы шегіне жету үшін алдымен көптеген дағдыларды қалыптастырып, оларды ұрпақтан ұрпаққа бере отырып, арттырып, көптеген жетістіктерге қол жеткізу керек болды. Сондықтан ерте кезеңнен бастап және бір көзқараспен ғана бұл оқиғалармен жағдайлардың баяу дамуын қамтып, олардың бірізділігін білуге тырысамыз. Адамдардың алғашқы сезімі оның болмысын түсінуі болды; алғашқы жұмысы — өзін өзі сақтау болды. Жер ананың жемісі өмірге керек барлық жабдықты оның алдына қойды; инстинкт оларға оларды қалай қолдануды үйретті. Аштық және басқа да әуестіктер оны тіршілік ету тәсілінің көп түрін басынан кешіруге мәжбүрледі және әуестіктердің ішінде оны өзінің тұқымын жалғастыруға шақырған әуестіктің бірі бұл — барлық жүрек сезімдерінен айырылған соқыр құштарлық тек таза хайуандық актіге апарып соқты. Мұқтаждықтарын қанағаттандырып болған ұрғашы мен еркек жыныстылар әрі қарай бір-бірін білген жоқ және тіпті, бала өз бетімен күн көре алатын кезге жеткенде анасы үшін ешқандай мәнге ие болған жоқ. Туып-өсіп келе жатқан адамдардың жағдайы осындай болды; алғашында таза түйсіктерге ғана қол жеткізген және табиғаттың берген, сыйға тартқан қабілетін әрең қолданған, сонымен қатар одан бірдеңені қайтарып алуға ниеттенбеген жануардың өмірі осылай өтті. Кейін ол қиыншылықтарға соқтықты; оларды жеңе білуге үйрену керек болды. Жемісті алуға зәулім ағаштар бөгет жасады; сол жемістермен қоректенгісі келген басқа жануарлар таластығы, олардың бәрінің бұның өміріне қауіп төндірген мейірімсіздігі — бұлардың барлығы да оны табандылықпен өзінің денесін жаттықтыруға мәжбүр етті; айлалы болу, жүгіргенде жылдам, арпалысқанда күшті болу керек болды. Табиғи қарулар — ағаштың бұтақтары және тастар кешікпей олардың қолына тиді. Ол табиғи кедергілерді жеңуге, қажет жағдайда басқа хайуанмен айқасуға, өзінің тамағын, тіпті басқа адамдардан қорғап таласуға немесе өзінен күштіге еріксіз бере салған тамақтың орнына өзіне жаңа тамақ табуға үйренді. Онымен қоса алғашқы адамзат баласы жайыла өсіп тарады, кейінгі адамдардікі сияқты қиыншылықтар көбейді. Жердің, ауа-райының, жыл мезгілдер айырмашылықтары адамдағы өздерінің өмір қалпына өзгешелік енгізуге итермеледі. Астықсыз жылдар, ұзақ әрі қатал қыстар, барлық өсімдіктерді жоятын от қарыған жаздың ыстық аптаптары олардан жаңа өнертапқыштықты талап етті. Теңіздер мен өзен жағалауларына адамдар орман жасап, қармақты ойлап тапты да балық аулауды үйренді және балықпен тамақтана бастады. Орманды жерде олар өздеріне садақ пен жебе жасап аңшыларға және жауынгерлерге айналды. Найзағай, жанартаулардың атқылауы немесе басқа бір бақытты жайт оларды отпен таныстырды. Бұл қыстың суығымен күресетін жаңа құрал; олар отты сақтауды және оны қайта жағуды, ақыры отан бұрын өздері шикілей жеген етті пісіруді үйренді. Бұл үнемі әртүрлі тірі жәндіктерді өзімен салыстыру және бірінен соң бірі болып жатқан құбылыстар, адамдардың санасында кейбір арасалмақтар туралы көзқарастарды табиғи жолмен тудыруы тиіс еді. Бұлар біздің сөзбен айтатын арасалмақтар: үлкен, кіші, өжет және тағы басқа осыған ұқсас қажетті жағдайда салыстырылатын бейсаналық ұғымдар, олар ақыры ойлау тәрізді қасиетті немесе бәрінен бұрын оның қауіпсіздігіне неғұрлым қажет сақтануды, аңдаушылықты ойға салатын лезде ойлайтын естілікті тудырды. Осылай дамудың нәтижесінде пайда болған жаңа білімдер олардың басқа жануарлардан артықшылығын арттырды және оны бұл артықшылықты ұғынуға мәжбүрледі. Ол хайуандарға қақпан, тұзақ құруды үйренді, ол жануарларды мыңдаған тәсілмен алдауға тырысты; әйтседе, жануарлардың көбісі оған пайдалы немесе қауіпті бола отырып, алысқан сәтте одан басым түсіп, жүгіргенде озатын болды. Ол уақыт өте келе алғашқысының қожасына, соңғысының қауіпіне айналды. Сондықтанда адамдардың өз-өзіне алғаш көз тастағанынан бастап, оның бойында тәкәппар, менмендік пайда болды; осыған байланысты әртүрлі тірі жәндіктердің бір-бірінен айырмашылығын аңғаруға әрең үйренген ол өзін бірінші деп мойындап, ол ендігі жерде бірте-бірте бұл бірінші орынға жеке адам ретінде талпынуға дайындалды. Олар өзіне ұқсас басқаларға біз сияқты қарай алмаса да, олармен басқа жануарлармен салыстырғанда сондайлық қарым-қатынаста болмаса да солардың барлығы да олардың байқауынан, бақылауынан шығып кеткен жоқ. Уақыт өте келе оның басқалардың арасындағы өзінің ұрғашысымен өзінің арасындағы ұқсас белгілерді аңғара алуға үйренуі, бұрын өздері аңдай алмаған басқа да ұқсас белгілердің өмір сүретіндігін білуге мәжбүрлейді; белгілі бір жағдайда басқалардың істегені дәл соған ұқсас жағдайда өзінің істегеніндей әрекет етуін көрген ол басқалар да дәл өзі сияқты сезіне және ойлана алады деген қорытындыға келді; және оның санасында мықтап орнаған бұл маңызды ақиқат логикалық ойлаумен салыстырғанда өте жылдам алдын-ала сезінудің арқасында оны жүріс-тұрыстың неғұрлым жақсырақ ереже, әдеттерін ұстануға, яғни оларды өзінің қауіпсіздігі мен артықшылығын қамтамасыз ету үшін ұстануға мәжбүрледі. Тәжірибеден үйрену, аман-саулыққа деген ұмтылыс — бұл адамзат іс-әрекетінің бірден-бір қозғаушы күші. Ортақ мүдде оның өзіне ұқсастарының жәрдеміне сенуге жол беретін сирек жағдайларды және бәсекелестік жағдайында басқалардан сақтануға мәжбүрлейтін тіпті сирек жағдайларды ол айырып тануға қабілетті болды. Алғашқы жағдайда ол олармен бір табынға немесе ең үлкен ешкімге ешқандай міндет артпайтын және аз уақыттық қажеттілік бар кезде ғана қалыптасқан еркін ассоцияцияға ұқсас бірлестікке бірікті. Екінші жағдайда әркім өзін пайдалы жағдайға қоюға тырысты, яғни олар өзі үшін оны мүмкін деп санаса ашықтай күш қолданып немесе өздерін сол жағдайда әлсіз деп сезінсе ептілік пен айланың күші арқылы өздерін пайдалы жағдайға қоюға тырысты. Міне, қалайша адамдар өзара міндеттілік туралы кейбір дөрекі ұғымдарға елеусіз қол жеткізгендігі және оларды орындау қаншалықты пайдалы екендігі, қаншалықты елеулі және маңызды мүддені талап ете алатындығына байланысты. Өйткені олар алдын-ала сақтық дегенді білмейді және олар алыс болашақ туралы ойламай ғана қойған жоқ, тіпті ертеңгі күні туралы да ойланбады. Егер олар бұғыны аулауға шықса әрқайсысы ол үшін өз орындарында тұруы керек екендігін жақсы түсінді, бірақ біреуінің жанынан табан астынан қоян қаша жөнелсе қымсынбастан оның оны қуа жөнелетіндігіне және өзінің олжасын қуып жетіп, өзінің басқа жолдастарын олжаларынан айырғанына еш қапаланбайтындығына күмән жоқ. Бұндай қатынаста тілдің қажет болғанын түсіну қиын емес. Әрине, тіл дегенде жаңағыдай жағдайда өзінің табынын жинауға қолданатын маймылдар мен қарғалардың тіліне қарағанда нәзіктеу тілді айтып тұрмыз. Тұтас, сараланбаған дыбыстар, көптеген қимылдық белгілер және дауысқа еліктеуші шулар, ұзақ уақыт бойы жалпыға ортақ тілді құрауы тиіс болды; пайда болуын мен айтып өткен, әрбір жерден шыққан бірнеше сараланбаған және шартты дыбыстар арқылы қазір кейбір жабайы халықтарда кездесетін дөрекі, жетілмеген ерекше тілдердің пайда болғандығын түсіндіру оңай емес. Мен зырлаған уақыттың арнасымен көптеген ғасырлардың үстінен ұшып өтіп, ол туралы менің айтуым тиіс нәрселердің ауқымдылығын және алғашында дамудың болмашы болғандығын көремін. Сондықтанда оқиғалар бір-бірін неғұрлым баяу алмастырса, соғұрлым оларды мазмұндап беру оңайырақ. Бұл алғашқы жетістіктер ақырында адамға басқа жетістіктерге тезірек қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сана неғұрлым көзі ашылған сайын, соғұрлым өнертапқыштық пен әдет дағдылар көбірек дамыды, кешікпей адамдар кез келген ағаштың түбінде түнейтін жерді құруды немесе үңгірлерде жасырынуды қойды; оларда кейін өздері лай балшық пен сыртын сылауға көз жеткізген лашықтарын бұтақтардан тұрғызуға және жер қазуға, ағаш жабуға керек қатты әрі өткір тастардан жасалған балтаға ұқсас құрал пайда болды. Бұл отбасылардың бөлініп шығуына, өзіндік меншік түрінің пайда болуына әкелген алғашқы төңкеріс, өзгеріс дәуірі болды, сосын сол үшін көптеген арпалыс, айқас болған шығар. Осылайша өздеріне баспана салған және өздерін оны қорғауға қабілетті деп сезінген алғашқылар ең күштілер еді. Осыдан келіп әлсіздер оларды баспанасынан қуып шыққаннан көрі, олардан үлгі алғанды сенімді, әрі жедел әрекет деп санады; бұл бұрыннан балағаны барлар өздерінің көршілерінің лашығын тартып алуға өзінікі болмаған соң емес, өзіне керек болмаған соң тырыспады және ол оны иеленіп отырған басқа жанұямен аяусыз айқаспен қырғынға түспей ала алмады. Олардағы алғашқы ішкі жан сезімінің қозғалысы үй ішінде балалар пайда болған жаңа жағдайдың нәтижесі болып табылады. Бірге өмір сүру дағдысы адамдарға белгілі, ең нәзік сезімдер — ерлі-зайыптылық махаббат пен ата-аналық махаббатты тудырды. Әрбір отбасы біріккен, араларындағы бірден-бір дәнекер бостандық пен бір-біріне деген сүйіспеншілік болған кішкене қоғамға айналды; дәл сол кезде бұған дейін бірдей өмір кешкен әртүрлі жыныстағы адамдардың өмір қалпында алғаш рет айырмашылықтар орнады. Әйелдер үйде жиі қалатын бола бастады және балалары мен лашықтарын күзетуге үйренді, ол кезде еркектер барлығына тамақ іздеуге кетті. Олар бұрынғыдай аса қатал емес өмірге, өздерінің жыртқыштығы мен күшін азырақ пайдалануға үйрене бастады. Бірақ олардың әрқайсысы жабайы жыртқыштармен жекпе-жек күресуге бұрынғыдан қабілетсіздеу бола бастағанымен, жыртқыштардан бірігу арқылы оңай қорғанды. Бұл жаңа күйде, өмір қарапайым бірлікте, қажеттіліктер бірыңғайлыққа түсіп, бұл мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін адамдар құралдар жасап, олардың өмірінде көптеген бос уақыттар қалыптасып және олар бұл бос уақыттарын өзіне өзінің бұрынғы әкелері көрмей кеткен ыңғайлы өмірдің алуан түріне қол жеткізуге жіберді; бұл олардың өздерінің ұрпақтарына дайындаған құрып бітудің бастамасы және өздері одан сезіктенбей, өздеріне кигізген алғашқы қамыты, бұғауы еді. Бұнымен қоса адамдар осылайша рухымен де тәнімен де нәзіктене бастады, жаңағы өмірдің ыңғайлылығын олар әдеттерінің салдарынан жоғалтып алды және бұндай тамашаның барлығы нағыз қажеттілікке айналды: бұл қолайлылыққа ие болу оңаша жанға жайлы бола қойған жоқ. Олар қолында бар кезде адамдар өздерін бақытты санамаса да, олардан айырылғанда адамдар өздерін соншалық бақытсыз сезінді. Енді аздап болса да сөздің қолданысқа қалай шыққаны немесе ол әрбір шаңырақтың аясында елеусіз қалай дамығандығы түсінікті болды және енді тілді аса қажет қыла отырып оның дамуын жылдамдатқан және таралуына әртүрлі жеке себептердің қалай қолтабыс болғандығы туралы кейбір болжамдар жасауға болады. Үлкен тасқындар немесе зілзала тұрғылықты халықты сумен немесе тұңғиық шыңыраулармен қоршап, амалсыз жағдайға қалдырды; жер шарында төңкеріс болып, құрлықтан оның бөлшегі үзіліп шығып аралдарға бөлінді. Бұндай жағдайда адамдар бір-біріне жақындап, бірге өмір сүруге мәжбүр болғандығы түсінікті, құрлықтағы орман-тоғайларда адасып жүрген ана адамдарға қарағанда бұларда тезірек ортақ тіл қалыптасуы қажет болды. Теңізде жүзуге деген алғашқы әрекеттен кейін арал тұрғындары бізге сөзді пайдалана білуді әкелуі ықтимал ғой; кем дегенде олар құрлықтарға белгілі болғанша қоғам және тілдер аралдарда пайда болып, алдымен сонда дамыды деп болжауға болар еді. Бәрі өзге түрді қабылдай бастады. Әлі күнге дейін ормандарда адасып жүрген адамдар енді неғұрлым өмірдің отырықшы қалпына үйренді және ақырындап әртүрлі табынға жақындап бірігеді, ақыры әрбір елде заңдар немесе ережелермен емес әдет-ғұрпы, дәстүр-салтымен, үрдіс - кәдесімен және бірқалыпты өмір салтындағы, бірлескен халықтар пайда болды. Үнемі көрші болу мүмкін емес, ақыр соңында әртүрлі жанұялар арасында жақындық тудырмайды. Әртүрлі жыныстағы жастар көрші лашықтарда тұрады. Табиғат талап ететін аз уақыттық қатынас, нәтижесінде бір-біріне қатынасуға әкеледі. Адамдар әртүрлі заттарға көз салып, салыстыруға үйренеді: олар өздерін басқаларды құрметтеуге мәжбүрлейтін сұлулық пен ар-абырой туралы ұғымдарға қол жеткізеді: Бір-бірін көруге үйренген адамдар, бір-бірін қайта-қайта көре алмай отыра алмайтын болды. Жанда нәзік және тәтті сезім пайда болады, бірақ сәл ғана қарсылыққа кезіксе ол бой бермейтін құмарлыққа айналады. Махаббат пен бірге қызғанышты оятады; керіс салтанат құрып, назды құштарлық адамзат қанын құрбан етеді. Онымен қоса, түсінік сияқты сезімдер бірінен соң бірі пайда болып, сана мен жүрек дамыған соң адамзат баласы жабайылық күйден шығады, байланыстар кеңейіп, қамыт, бұғау тарыла түседі. Адамдар лашықтардың немесе үлкен ағаштың айналасына жиналуға үйренеді; ән салу мен билеу — махаббаттың баласы. Бос уақыт алдануға немесе әртүрлі жиынға біріккен, қолы бос ерлер мен әйелдердің кәсібіне айналды. Ең жақсы ән айтқан немесе билеген, ең күшті, ең әдемі, ең айлалы, ең шешен адам неғұрлым құрметті адам болды — бұл сонымен қатар теңсіздік пен кемістікке, кеселге қарай жасалған алғашқы қадам еді. Бұл жоғары бағалаудан бір жағынан — менмендік пен жек көру, ал екінші жағынан — ұят пен қызғаныш туды: бұл жаңа ашытқыдан туған быршу ақыр соңында күнәсіздік пен бақытқа опат тудыратын жағдайлардың бірігуіне жол ашты. Адамдар бір-бірін өзара бағалап және олардың санасында құрметтеу туралы түсініктер қалыптасқасын әркім оған деген өз құқын талап ете бастады және ендігі жерде жазасыз оны мойындамау мүмкін емес болды. Осы жерден тіпті жабайы адамдардың ортасында қарым-қатынаста болудың алғашқы ережесі пайда болды және сондықтанда барлық әдейі жасалған жәбірден әркім өзінің тұлғасына деген, көбінекей зұлымдықтың өзіне қарағанда әлде қайда көтеру қиын жек көрушілікті көреді. Әркім өзіне жасалған жек көрушіліктің өзі үшін қаншалықты маңызды деп санауына сай деңгейде есесін қайтарды. Сондықтан кек алу өте сұмдық болды, ал адамдар қанқұмар және қатал болып кетті. Бұл бізге белгілі жабайы халықтардың даму сатысы; көптеген адамдар түсініктердің арасында жеткілікті айырмашылықтар жасаған жоқ және бұл халықтардың әлдеқашан алғашқы табиғи күйінен алыстап кеткенін аңғармай, сондықтан адамдар табиғатынан қатал деген қорытынды жасауға асықты және олар өздерінің мінез-құлықтарын түзеу үшін ішкі басқаруға қажетсінеді дейді; сол кезде жануарлардың санасыздығынан және азаматтық жағдайдағы адамның зұлмат танымынан алыс, тек өзіне төнген қауіптен өзін сақтау үшін оятатын инстинкт пен зердеге ие, табиғатынан тең алғашқы күйдегі адамнан момын ештеңе жоқ еді. Ол табиғи аяушылықпен өзі басқа біреуге жамандық істеуден тартынады және оған қандайда бір жамандық жәрдемдессе де ештеме еліктірмейді. Өйткені, данышпан Локктің аксиомасына сәйкес, жеке меншік атымен жоқ жерде зиян, залал келтіру мүмкін емес. Айта кету керек адамдардың арасында қалыптасқан қоғам және қатынас олардан бастапқы өз табиғатына ие қасиеттерден өзгеше қасиетті талап етті; адамзаттың іс-қылықтарында мораль ұғымы пайда бола бастады, ал заңдар пайда болғанға дейін әркім көрген жәбіріне өзі төреші және сол үшін кек алушы болды және таза табиғи жағдайдағы орынды болған мейірбандық, қалыптасқан қоғамдық жағдайда орынсыздыққа айналды; жәбірлеушілік жасау оқиғалары жиілеген сайын мүмкіндігінше жазалау неғұрлым қатал болуы тиіс және кек алу қаупін заңдармен жүгендеу тиіс болды. Осылайша адамдар төзімсізірек бола түссе де, табиғи аяушылық қасиет әлсіреуге ұшырасада, дегенмен дамудың бұл кезеңі, яғни біздің намысымыздың қарқынды әрекеті мен бастапқы жағдайының толғаусыздығының ортасында жатқан адамзат қабілеттерінің даму кезеңі ең бақытты және ең ұзақ дәуір болуы керек болатын. Бұл жағдай туралы көп ойлаған сайын соғұрлым оның төңкеріске ұшыратандығына, оның адам үшін ең жақсы болғандығына және оған бұл жағдайдан ортақ пайда әкелмейтін қандайда бір зұлматтық оқиғаның салдарынан шығуға тура келгеніне иланасың. Түгел дерлік дамудың бұл сатысынан табылған барлық жабайылардың өмірі адамзат баласының мәңгілік осылай қалуға жаралғандығын, бұл күйдің дүниенің нағыз жастық шағы болып табылатындығын дәлелдейтін сияқты және оның әрі қарай барлық дамуы адамзат баласының қаусауын емес, жеке адамның дамуға деген қадамын көрсетеді. Әзірге адамдар өзінің жұпыны лашықтарына қанағаттанып, әзірге олар балықтың сүйегі немесе ағаштың тікенектерінің көмегімен аңдардың терісінен өздеріне киім тігумен шектеліп, өздерін қауырсындар және қабыршақтармен ажарлап, өз денелерін әртүрлі түстермен бояп, садақтары мен жебелерін әбден жетілдіріп немесе өңдеп, өткір тастардың көмегімен балық аулайтын қайық немесе тұрпайы музыкалық аспап жасап, айтайық, әзірше олар бір адамның ғана қолымен жасалатын көп қолды қажет етпейтін кәсіптермен шұғылданып жатқанда, олар бар мүмкіндігінше еркін, дені-сау, мейірімді және бақытты өмір сүріп жатты және өзара қатынастарында өздерінің тәуелсіздігін бұзбаған қарым-қатынастардың шаттығымен рахаттануды жалғастырды. Бір адам екінші адамның көмегін қажет еткен сәттен бастап, адамдар бір адамға екі адам үшін тамақтың артық қорын сақтаудың пайдалы екендігін аңғарғаннан бастап — теңдік жоғалды, жеке меншік пайда болды, еңбек қажетті жағдайға айналды және көлемді ормандардың орыны кейін адамдардың тарапынан суарылуы тиіс болған кешікпей себіліп және өніммен бірге құлдық пен қайыршылық өсіп шыққан кез қуантатын егінге айналды. Металл және жер өңдеу өнері орасан зор төңкеріске әкелген екі түрлі өнер болып табылады. Философтың көзқарасы бойынша нан және темір, ақынның көзқарасы бойынша алтын мен күміс — бұлар адамдарды цивилизацияландырған әрі адамзат баласын құртқан нәрселер. Бұлардың ешқайсыда Американың жабайыларына белгілі болған жоқ, сондықтанда олар мәңгі жабайылар болып қалды; ал басқа халықтар бұл өнердің біреуін екіншісінсіз қолданғанда, шамасы варварлық күйде қалып қойды. Жер шарының басқа бөлігіне қарағанда Еуропаның мықты әрі күштірек Цивилизациялануының себебін оның темір мен бәрінен бай және нанды бәрінен көп табатындығымен түсіндіруге болады. Адамдардың темірмен қалай танысқаны және қолдануға үйренгеніне көз жеткізу қиын, өйткені олардың бұл заттарды рудниктерден қазып алу және ақыры не болып шығатынын білмей жатып оларды еріту үшін оған қажет қосымша өңдеу керек екендігі туралы өз бетімен ойға келуі ақылға сыймайды. Бір жағынан бұл жаңалықты кездейсоқ өрттің болуымен байланыстыруға болады, өйтпесе тақыр жерде руда кені жатады ма. Табиғат бұл қиын сырды жасырып қоюдың алдын-ала қамын жеген. Тек төтенше жағдай, қандайда бір вулканның қайнаған метал шашып жатқаны, оны көріп ойланып тұрған адамға табиғаттың бұл әрекетін жаңадан қайта жасауға иландырды деп болжау ғана қалды. Сонымен қатар бұдан шығатын пайданы алдын-ала аңғару және соншалықты қиын жұмысты қолға алу үшін бұл адамдар күшті және алды-артын ойлағыш қасиетке ие болды деп болжауға болады; себебі бұл сол кезде болуы тиіс олардың санасына қарағанда тек қана әлдеқашан неғұрлым дамыған ақылға қол жетерлік іс емес пе. Жер өңдеуге келетін болсақ, оның негізгі жолдары адамдарға ол дағдылы кәсіпке айналғанға дейін-ақ әлде қайда бұрын белгілі болды және үздіксіз өзіне тамақ — ағаштың және өсімдіктердің жемісін табумен қолы тимейтін адамдарға көп уақытқа дейін табиғат қандай жолмен өсімдіктердің көбейуін жүзеге асырғандығы туралы түсінік пайда болған жоқ. Олардың өнертапқыштығы бұл жағына өте кеш келген сияқты — сол себепті ме балық аулау, аңшылық пен қатар жандарындағы ағаштар оларға жемісін берді және ол ағаштар өздеріне қамқорлық қажет етпеді немесе олардың нанның ікінін қолдану білмегенінен бе немесе бұл дәндерді өңдеуге құралдарының болмағанынан ба немесе олардың өздерінің алдағы қажеттіліктерін алдын-ала көре білу қабілетіне ие болмағандығынан ба, әлде ақыры оларда өз еңбектерін басқа біреулердің иеленіп кетуіне кедергі жасайтын құралдарының болмағандығынан ба екен. Адамдар неғұрлым жасампаз болып қалыптасқан кезде ашық егістіктерді пайдаланып жер өңдеуге қажет құрал жабдықтарға ие болғаннан әлдеқайда бұрын-ақ өткір тастар мен ұшталған ағаштардың көмегімен өз лашығының айналасына кейбір жемістерді және тамыр сабақтарын отырғызар еді деп жоруға болар еді. Бірақ онда басқа жағдайларды ұмыта тұрып бұл жұмысқа өзінің бар күшін салып және жерге дән сеуіп, адамдар кейін көп нәрсеге кету үшін алдымен нені садақа ету, сарп ету керек екенін шешіп алуы керек болды. Бұндай алды-артын ойлағыштық кешке өзіне не қажет екенін таңертең ойлай алмайтын жабайының санасының қисынына үйлеспейді. Осылайша, адамзатты жер өңдеу өнеріне жеткізу үшін басқа өнерлерді ойлап табу қажет болды. Қалай бір адамға темірді балқытып және соғу мұқтаждығы пайда болды, солай басқа адамдарға оларды асырау қажет болды. Неғұрлым жұмыскерлердің саны артқан сайын, соғұрлым тамақ табатын қолдардың саны азайды, бірақ тамақ қажет ететін ауыздар азайған жоқ; біреулерге қоректену өнімдерін олардың теміріне айырбастау керек болды, басқалар бұл темірлерді тамақ болатын керек жарақтарды көбейту үшін қалай пайдалану керектігінің сырын ашты. Осы жерден бір жағынан жер жырту және ауыл шаруашылығы, екінші жағынан метал өңдеу және оларды қолдану ауқымын кеңейту өнері пайда болды. Жер өңдеудің болмай қоймайтын нәтижесі оны бөлу еді, ал жеке меншік мойындалды да енді әділеттіліктің алғашқы уставы (жарғысы) пайда болуы керек болды. Өйткені оны әркімге анықтау үшін әркім өзі бірдеңеге ие болуы қажет; сонымен қоса адамдар келешегіне қарап және барлығыда бірдеңесін жоғалтатынын көргенде, өзінің біреуге келтіріп алуы мүмкін зиянының құнын немесе жазасын ойлағанда олардың іштерінде үрейі ұшпаған адамдар қалмады. Жеке меншіктің пайда болуын осылай түсіндіруге болады. Оның үстіне бұл — жеке меншік түсінігінің еңбек әрекеттерінен басқаша жолдан пайда болды деп айту мүмкін емес, өйткені біз адамдардың бір нәрсеге ие болуы үшін еңбегінен басқа өзі жасамаған, басқа жақтан бір нәрсені енгізгенін көреміз. Еңбек қана өзі өңдеген жер өніміне құқық беріп, сонымен катар өнімді жинаған уақытқа дейін жерге ие болу құқын берген соң адамдар жылдан жылға ол жерге үздіксіз ие болып, сол жер оңай жеке меншікке айналады. Ертедегілер дейді Гроций; Цереруде заң шығарушы деп ат қойып, ал оның құрметіне өткізілген мерекені фесмофориялар деп, осы арқылы олар адамдарға жерді бөлу құқықтың жаңа түрінің, дәлірек айтсақ табиғи заңдардан шығатын құқықтардан өзгеше жеке меншік құқығының пайда болғандығын түсінуін талап етті. Дүниенің мұндай жағдайында, егер адамдар бірдей қабілетке ие болса, мәселен, темірді және қоректену өнімдерін қолдану үнемі дәл тепе-теңдікте болса, теңдік сақталар еді. Бірақ ешқай жағынан қолдау көрмеген бұндай сәйкестік кейін бұзылды: ең күштілер өз күшімен басқалардан көп өндірді, ең шеберлер өзінің жұмыстарынан көп пайда алды, өнертапқыштар еңбек шығынын қысқартудың тәсілдерін тапты, жер жыртатындар көбінекей темірді немесе ұста нанды көбірек қажет етті және бірдей еңбек етіп біреулер көп табыс тапса, басқа біреулер әрең өмір сүрді. Осылай білінбей ғана табиғи теңсіздікпен бірте-бірте қалыптасқан теңсіздік қатар дами түсті және адамдардың арасындағы айырмашылықтар, сыртқы жағдайлардың айырмашылығымен жетіліп, өзінің тұрақты көріністерімен неғұрлым елеуленеді және сонымен қатар жеке адамның тағдырына әсер етеді. Іс осындай жағдайға келгенде енді басқаларын елестету қиын емес. Бұл жерде мен басқа өнерлердің бірінен соң бірі қалай ойлап табылғандығына, тілдердің қалай дамығандығына, олардың іс жүзінде тексеріліп және қабілетін қолданыста қалай тапқандығына, теңсіздік күйінің қалай артқанына, байлықтың қалай пайдаланылып және қандай қиянат істер тудырғанына тоқталып жатпаймын және барлық осылармен байланысты және әркім жеңіл толықтыра алатын нақтылықтарды келтірмеймін. Мен барлық адамзат баласына заттардың бұл жаңа жағдайында тек көз жіберіп қараумен ғана шектелемін. Міне, біздің барлық қабілеттеріміз толық дамуға мүмкіндік алады, ес және қиялмен елестету іске қосылады, ар-намыс сақталғанымен зерде әрекетшіл бола түседі және акыл -сана өзінің шегіне тән кемелдікке жетті. Міне, ендігі біздің табиғи қасиеттеріміз іс қимылға келтірілген, әрбір адамның хал-күйі мен тағдыры оның мүлкінің көлемімен ғана және оның пайда әкелу немесе зиян келтіру қабілетімен ғана анықталмайды, ол ақылына, әдемілігіне, күшіне немесе ептілігіне, еңбегі немесе дарындылығына да байланысты. Тек осы қасиеттер ғана құрмет әкеле алатын болғаннан бастап, кешікпей бұл қасиеттерге ие болу немесе оларға ие сияқты түр көрсету талап етілді; дәл ондай болғаннан көрі, сондай сияқты болу жеңіл әpі пайдалы іске айналды. Болу және болған сияқты болып көріну — бұл бұдан былай үш қайнаса сорпасы қосылмайтын екі нәрсе болды және бұл айырмашылықтардың нәтижесіне: жылтыраққа құрмет туғызуды, алдауды паналаған құлдықты және бұндай жамандықтардың орен-жарандарын құрайтын кеселдерді жатқызуға болады. Екінші жағынан, осылайша бұрын еркін және тәуелсіз болған адам көптеген қажеттіліктердің пайда болуы нәтижесінде, айтайық, табиғатқа және әсіресе, өзі сияқты басқаларға бағынышты болып қалды; олардың қожайыны бола тұрып кей жағдайда ол олардың құлына айналады, егер ол бай болса ол олардың қызметіне, егер ол кедей болса — ол олардың көмегіне мұқтаж болады және егер бұлардың екеуінің ортасында ортаңғы орынға ие болса да ол басқа адамдарды айналып өте алмайды. Сондықтан оған өзі сияқты басқа адамдарды өзінің тағдырына мүдделі етуге тоқтаусыз тырысуға және оған басқаларды өзінің пайдасына қызмет еткізу үшін оларды шын немесе шын болып көрінетін пайданы табуға мәжбүрлеуге тура келеді: бұл оны айлакер, басқаларға қатал және біреулерге айлалы, біреулерге қайтпас қатал етеді және егер басқаларды өзінен қорқуға мәжбүрлей алмаса, ол оларға өзінің пайдасы үшін қызмет етудің пайдасын көрмесе, онда ол өзі мұқтаж адамдардың барлығын алдау қажеттілігіне тап болады. Ақыры ашкөз атаққұмарлық, өз жағдайын түзеуге деген құмарлық, адамдардың өзара бір - біріне зиян тигізуіне аздап бейімдеп, іштей қызғаныш тудырып соққы беруге итермелеп, ол жиі жасанды бетпен мейірбан сияқтанып көрінеді; айтайық, бәсекелестік пен бақталастық бір жағынан мүдделердің қарама-қайшылығы, ал басқа жағынан — барлық жерде біреулердің есебінен сездірмей үнемдеуге деген жасырын тілектену. Бұл барлық бейшаралық — жеке меншіктің алғашқы ықпал әрекеті және туылған теңсіздіктің бөлінбейтін қошеметшісі. Байлықты көрсететін белгілер ойлап табылғанша, байлық адамдардың бірден-бір заттық мүлкі жер мен малы болды. Мұраға беріліп отыратын иелік барлық жерді жауып кетіп және барлығы бір-бірімен тұтасып кететіндей көлемі және сан жағынан өседі, сөйтіп бір иелік басқаларының есебінен өсіп, ештеңесіз қалған адамдар әлсіз және немқұрайлы адамдарға айналып, бұл өз кезегінде олардың жер участктеріне ие болуына кедергі тудырып, олар ештеңе жоғалтпай-ақ кедейлерге айналады; олардың айналасындағылардың бәрі өзгерді, бірақ олардың өздері өзгерген жоқ және өмір сүруге деген талғажауды байлардың қолынан алуға немесе олардан ұрлап алуға мәжбүр болды; осы жерден әртүрлі қожалықтарға тән өзгешеліктердің айырмашылықтарына байланысты осы жерден бастап құл қылу немесе күштеу және тонаушылық басталды. Байлар өз кезегінде билікке масайрап, өзіне жаңа адамдарды бағындыру үшін өздерінің бұрынғы құлдарын пайдалана отырып, басқалардың барлығын жек көре бастады. Олар адам етін татып көріп, басқа тамақтарды қабыл алмайтын, тек адамдарға шабуыл жасайтын аш қасқырлар сияқты тек өзінің көршілерін бағындыруды және құл қылуды ойлады. Осылайша ең құдіреттілер немесе ең кедейлерде өз күштері мен мұқтаждықтарының назарын бөтен мүлікті иелену құқығына, жеке меншікке деген тең құқылыққа аударды және теңдіктің жойылуының артында жан түршігерлік бұзақылық тұр еді: байлардың әділетсіз тартып алуы, кедейлердің қарақшылығы және бұл екеуінің де ауыздықсыз құмарлығы, табиғи аяушылық қасиетті әділеттіліктің әлсіз үнін тұншықтырып, адамдарды сараң, мақтансүйгіш, атақ құмар және зұлым етті. Күшті мен күштіден бұрын келіп қалғанның арасында, тек айқас және өліммен аяқталатын үздіксіз қақтығыстар басталды. Бұлай қалыптасқан қоғам ең үрейлі соғыс жағдайына жетті: өздері қолдан жасаған бұзықтыққа былғанған және ашынған адамзат баласы не қайтадан кері қайта алмады, не тауып алған қастық ниеттен бас тарта алмады; ол қабілеттерін зұлымдыққа жұмсап тек өзінің абыройын төкті және өзін жойылудың шегіне әкелді.
Attonіtus novіtіate malі, dіvesgue, mіsergue
Effugere optal opes6 et guoe modo voverar odіt'
Ақыр аяғында адамдар осылай өздерін бастығылдырып тастаған бақытсыздық пен ауыр жағдай туралы ойламай тұра алмады. Әсіресе, байлар бұндай үздіксіз соғыстың қаншалықты зиян екенін кешікпей сезуі керек болатын. Оларға түскен барлық шығындар өмірге төнген жағдайда ортақ, ал мүлікке келгенде бір жақты болады. Алайда, олардың басып алуы сырттай сүйкімді көрінгенімен олар тартып алудың тек тұрақсыз, бояма құқыққа негізделетінін жақсы түсінді. Өздерінің тартып алған нәрсесіне олар күштің арқасында қол жеткізді, сондай күшпен бұны олардан тартып алуға болады және бұл үшін шағымдануға оларда ешқандай негіз болмас еді. Тіпті, еңбексүйгіштікпен байығандардың өзі де, өзінің меншігіне деген құқығын әрең негіздер еді. Олар "Бұл қорғанды мен тұрғызған жоқпын ба, жердің бұл учаскесін өз еңбегіммен иемдендім" — деп бекер айтар еді. "Сіздердің қожалықтарыңыздың шекарасын кім анықтады? Және сіздерге біз жүктемеген жұмысқа біздің есебімізден төлеуге қандай негізге сүйену арқылы талаптанасыздар? Әлде, сіздер көптеген бауырларыңыз сіздерде тым көп асып жатқан нәрселердің жетіспеуінен қиналып немесе өліп жатқанын білмейсіздер ме және сіздерге өмір сүруге деген ортақ қаражаттан өздеріңіздің қажеттіліктеріңізді асыру үшін адамзат баласының шешімді және ынтымақты келісімі керек пе?" — деп біз оларға жауап берер едік. Ақталу үшін салмақты дәлелдерге, қорғану үшін жеткілікті күшке ие болмай, жеке адамды жеңіп шығып, бірақ өзі тонаушылар шайқасында жеңіліп жалғыз көпке қарсы болады, өйткені өзара күншілдіктің есебінен ол тонаушылықты сәтті іске асыру үшін ортақ үмітпен біріккен жауымен күресу үшін өзіне тең басқалармен біріге алмады. Байлар қажеттіліктің қысымымен адамзаттың санасында күндердің күнінде туатын, басқаларға қарағанда неғұрлым ойланылған жоспар жасады: өзіне шабуыл жасағандардың күшін өз пайдасына аудару, қарсыластарын өздерінің қорғаушысына айналдыру, оларды өздеріне пайдалы қағидаларға икемдеу, олардың мүдделеріне табиғи құқықты соншалық қарама-қайшылыққа келтірді. Осы мақсатта алдын-ала өз көршілеріне бұндай күйдің барлық адамдарды бір-біріне қарсы қаруландырған үрейлілігін көрсете отырып, оларға мүлікке ие болуды, мұқтаждықтарды қанағаттандыру сияқты қиын шаруа қылып жіберді; мейлі бай болсын немесе кедей болсын, ешкім де өзін қауіпсіз сезіне алмайтын бұндай жағдайда ол өзі ұмтылған нәрсесіне басқаларды көндіру үшін түрлі дәлелдерді оңай тапты. "Әлсіздерді қанаудан қорғау үшін атаққұмарларды тоқтату және әрбір адамның өз үлесіне ие болуы үшін келіңіздер бірігейік; келіңіздер барлық адамдар санасуға міндетті болатын, бұраңдамайтын, бір-біріне міндеттілігін арттырып күшті мен әлсізді тең бағындырып, кей жағдайда тағдырдың тұрақсыздығын түзейтін соттық уставтар мен әлемдік соттарды бекітейік. Айтайық, біздің күшімізді өз-өзімізге қарсы жұмсағанша, оларды көрген заңдарға сай бізді басқаратын ортақ билікке, қоғамның бүкіл мүшесіне қамқорлық жасап қорғайтын, жауларды тықсыртатын және біздің ортамыздағы мәңгі келісімге қолдау көрсететін бір жоғарғы билікке біріктірейік" - деді ол. Тіпті, бұндай сөздердің араларындағы егесті арбитрларсыз-ақ шешуді қажет еткен, ұзақ уақыт өміршісіз болу үшін тым сараң және атаққұмар болған дөрекі және аңқау адамдарды еліктіру үшін қажеті жоқ. Осы арқылы өздерінің еркіндігін қамтамасыз ететіндіктеріне сеніп барлығы тікелей шынжыр бұғауларын сыпырып тастауға жармасып, өткен саяси құрылымның артықшылығына қол жеткізуге жетерліктей саналы бола отырып, олар бұған байланысты қауіптерді алдын-ала көре білуге айтарлықтай тәжірибелі болған жоқ. Бұның қиянатқа әкелетінін алдын-ала көре білуге бұл қиянаттан пайда табуды есептегендер қабілетті болды және тіпті, данышпандардың өзі басқа денесін аман алып қалу үшін қолын кесуге рұқсат берген жаралы адам сияқты өздерінің қалған бостандығын сақтап қалу үшін, шамалы еркіндігін құрбан етуі керек екендігін көрді. Қоғамның пайда болуы және әлсізге жаңа жол салған, байларға жаңа күштер берген, табиғи еркіндікті келмеске кетірген, мәңгілікке теңсіздік пен жеке меншік заңын орнатқан, айлалы озбырлықпен басып алуды мызғымас құқыққа айналдырған заңдар осылайша пайда болған немесе пайда болуы керек еді және кейбір атаққұмарлардың пайдасы үшін адамзат баласын әлі күнге дейін азап және құлдық пен кедейлікке душар етіп отыр. Неліктен бір ғана қоғамның құрылуы барлық қалғандарының шарасыз құрылуына әсер еткендігін және біріккен күштерге қарсыласу үшін, өз кезегінде неліктен бірігу керек болғандығын көру қиын емес. Қоғам сан жағынан тезірек көбейіп немесе таралып, бүкіл жер бетін жайлап алды; енді бүкіл әлемнен ең құрығанда өзінің бұғауыңды ағытып тастайтын және үнемі әрбір адамның басына сенімсіз қолдар арқылы жиі төнген қылыштан басыңды құтқаратын бір кішкентай бұрышты табу мүмкін емес болды. Осылайша адамзаттық құқық жалпы азаматтардың бәріне ортақ заң болғаннан кейін табиғи заң тек табиғи аяушылықтың орнын басатын кейбір нәрселерді құру үшін қарым-қатынасқа кең мүмкіндік ашатын, ол кейбір үнсіз келісімдермен жұмсартылған халықаралық құқық деген атауға ие әртүрлі қоғамдардың арасында ғана қолданылады: ол (табиғи заң) қоғамдардың арасындағы, адамдардың арасындағы қатынаста ие болған өздерінің барлық күшін жоғалтады және ол халықтар арасындағы шекараны талғамайтын өздерін жаратқан жоғарғы құдіреті Тіршілік иесінің үлгісінде тек әлемнің аздаған азаматтарының қасиетті жан дүниесінде ғана өмір сүруін жалғастырып, өздерінің ізгілігін бүкіл адамзат баласына таратады. Саяси организмдер, осылайша өзара қатынастарында табиғи жағдайда қала отырып, кешікпей бұрын жеке адамдарды шығуға мәжбүрлеген жағдайдан жайсыздықты басынан өткерді; және бұл жағдай бұрынғы жеке адамдар арасындағы қатынастарға қарағанда осы үлкен Организмдердің арасындағы қатынастар үшін одан сайын қауіптірек бола түсті. Осы жерден халықтардың арасындағы соғыстар, табиғаттың тітіркенуіне және ақылдың кейуіне әкелетін кісі өлтіру мен зорлық және қан төгумен қол жеткізген рақымшылдарға құрмет белгілейтін қорқынышты наным пайда болды. Ең мақтаулы ерлер өзінің басты міндеттерінің бірін өзіне ұқсастарды жою деп білді; ақыр аяғында адамдар не үшін екенін өздері түсінбестен бір-бірлерін сан мыңдап өлтіре бастады, бір күнгі соғыста қаншама адам қырылды, бір қаланы алуда табиғи жағдайда ғасырлар бойы бүкіл жер бетінде болмаған көптеген жексұрын істер жасалынды. Адамзат баласының әртүрлі қоғамға бөлінуінің бізге алғаш анық болып отырған нәтижесі міне, осындай. Бұның қалай болғандығына назар аударайық. Мен көптеген адамдардың саяси қоғамның пайда болуын басқа себептермен, мәселен неғұрлым күштінің жаулап алуымен немесе әлсіздердің бірігуімен деген сияқты себептермен түсіндіріп жүргенін білемін; бірақ оның мен көрсеткім келген нәрсе үшін мағынасы жоқ. Алайда, жаңағы мен көрсеткен себептер маған келесі түсініктердің арқасында ғана ең табиғи болып елестейді. Алдымен жаулау құқығы, қандайда бір басқа құқыққа негіз бола алмайды, өйткені егер тек ұлт қайтадан толық еркіндікке қол жеткізіп, өз еркімен өз басшысы етіп өзінің жеңімпазын таңдамаса жаулаушы және жауланушы халықтар үнемі өз араларында соғыс жағдайында қалып қояды. Бұған дейін қандайда бір тең құқылы емес келісімдер орын алғанымен — олардың барлығы тек күштеуге негізделеді және нәтижесінде бұл жалғыз фактінің күшімен жарамсыз; бұл гипотезаны қабылдай отырып, біз бұл жерден неғұрлым күшті заңнан басқа нағыз қоғамды, нағыз Саяси организмді, не басқа заңды көрмейміз. Екіншіден, күшті және әлсіз деген сөздер — екі мәнді; жеке меншік құқын бекітуден айыратын уақыт аралығына дейін немесе саяси Басқаруды бекіткеннен кейін алғашқы жер учаскесін алғаннан бастап бұл терминдердің мағынасы кедей және бай деген терминдерге беріледі, өйткені заңдар пайда болғанға дейін байлардың олардың мүлкіне қол сұғу немесе оларға өзінікінің бөлігін бөліп беруден басқа өзімен тең адамдарды бағындыруға өзге амалы болмады. Үшіншіден, кедейлердің өздерінің еркіндігінен басқа жоғалтатын ештеңесі болған жоқ, егер олар өз еркімен өздері басқа ештеңеге қол жеткізбей, қалған жалғыз игілігінен айрылғанда, бұл олардың жіберген үлкен ақылсыздығы болар еді; керісінше байлар өздерінің игіліктерінің барлық бөлігінде де осал болды және сондықтан оған шығын келтіру жеңілірек болды, нәтижесінде оларға өзін бұдан қорғау үшін неғұрлым көбірек абай болуға тура келді... Пайда болған басқару ешқандай тұрақты және ретті формаға ие болған жоқ. Философия мен тәжірибе жоқ жерде жаңа келген қолайсыздықты көруге болады, ал басқаларды түзету туралы олар мәлім болған кезге байланысты ойлай бастады. Данышпан Заң шығарушылардың еңбектеріне қарамастан саяси құрылым бәрібір дамымай қалды. Өйткені, ол бүтіндей жағдайдың ісі болатын, бұл құрылым басынан бастап нашар болатын болса, онда уақыт ағысымен оның кемшілігі мәлім болар еді. Оларды жоюдың амалы табылды, Бірақ қалайда оның негізінде жатқан кесел түзетілген жоқ; берік ғимарат тұрғызу үшін Ликургтің Спартада жасағанындай, алдымен құрылыс салатын жерді тазартып, ескі материалдарды алып тастау керек болды, ал бұлар үнемі жөндеумен келе жатыр. Қоғамдық жағдай алдымен жалпы сипаттағы бірнеше келісім қабылдаудан тұрады. Бұл сипаттар бойынша барлық жеке тұлғалар осы келісімдерді сақтауға міндеттелді, ал бұл келісімдерді сақтағаны үшін олардың әрқайсысының алдында қоғам кепілдік болды. Осындай құрылымдардың қаншалықты әлсіз екендігін тәжірибе көрсетуі қажет болды және сонымен қатар келісімді бұзғандардың күнәсі үшін куәгері де, әділ қазысы да қоғамның өзі болуы тиіс жазалау немесе әшкерелеуден қашу жеңіл болды; заңдарды мыңдаған тәсілдермен айналып өтуі, қолайсыздық пен тәртіпсіздіктің тоқтаусыз көбейуі қажет болды, ақыры адамдарға жеке тұлғаларға сену қауіпті екендігі туралы ой келуі үшін, ашық түрде билік магистраттарға халықтың шешімінің сақталуын қадағалауды жүктеу үшін қажет болды. Өйткені билеушілер конфедерация пайда болғанға дейін сайланған және заң қызметкерлері заңдардың өзіне дейін де өмір сүрген деп мақұлдау — бұл шындап терістеуге болмайтын болжау болып табылады. Халықтар әуелден-ақ ешқандай шартсыз және басыбайлылықта шектеусіз билеушілердің құшағына қойып кеткен деп ойлау ақылға сиымсыз болар еді және ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзімшіл және езіп жаншудың не екенін білмейтін адамдардың көз жеткізген алғашқы тәсілдері өздерін тезірек құлдыққа итермелеуден тұрды. Шынында не үшін олар өз үстінен бастықтар тағайындады, өзін қанаудан қорғау және мүлкін, еркіндігін, өмірін сақтау үшін бе? Егер адамдардың қарым-қатынасы тұрғысынан қарасақ өзін басқаға деген мейірімге берілген түрде көруден адамға ешқандай жамандық болмауы тиіс, егер адамдар әу бастан адамдарға оны сақтап қалу үшін көмектесуі керек ізгіліктен өздерін оларды билеушілердің қолына бере отырып айырса дұрыс ойлаушылыққа қайшы болмай ма? Ол адамдарға бұндай керемет құқықтың орнына айырбасқа, қайтарымға бұған көнгені үшін не ұсына алар еді? Және егер ол оларды қорғау үшін керек деп айтуға батылы барса, сол сәтте-ақ ол жауаптың орынына "Бізге жауларымыз енді бұрынғыдан да жаман қандай жамандық істей алады" — деген сөзін естір еді: Бұл — халықтардың өздерін құлға айналдырмай, олардың еркіндігін қорғау үшін басшыларының алдына қоятын толықтай даусыз негізгі конституциялық құқық ереже болар еді. Әміршінің пайда болуынан сақтайтын біздің басшы тақсырларымыз бар деп Плиний Траянға айтқан болатын. Біздің философтарымыздың — ойшылдарымыздың бастапқы табиғи жағдай туралы айтқанындай, біздің саясаткерлеріміз еркіндікке деген құштарлық туралы тек бөсуде. Олар өздерінің көріп жүрген нәрселерінің негізінде өздері ешқашан көрмеген, тіптен, басқа нәрселер туралы кесіп-пішіп, талдап жүр және адамдардағы табиғи бейімділікті құлдық деп есептейді, өйткені олардың көз алдында көріп жүрген адамдары бұл құлдық жағдайға шыдамдылықпен төзіп жүр; олар еркіндіктің құнын оларға қол жеткізгенде ғана түсінетін күнәсіздік пен ізгілік сияқты іс екендігін ойламайды. Спарта өміріндегі әдет-ғұрыпты Барсид Персеполис өміріндегі әдет-ғұрыптармен салыстырған бір сатрапқа (қатал басшы) "Мен сенің еліңнің рахат, қуаныштарын білемін, бірақ менің елімнің қуаныштарынан сен бейхабарсың" — деген болатын. Ауыздықтың не екенін білмейтін жабайы тұлпар өзіне қарай жүгенді әкеле жатқанда жалын күдірейтіп, тұяғымен жерді тарпып, бой бермей, кері шегінгені сияқты, бас білдірілген аттың иесінің өкшесімен тебінгеніне, шыбықпен ұрғанына төзімділікпен шыдағанындай, жабайы адам өркениетті адамның көнгіштікпен алып жүрген қамытына басын игісі келмейді және құлдық, езгінің тыныштығынан көрі толық еркіндіктің қатерлерін артық көреді. Адамдардың құлдыққа немесе құлдыққа қарсы табиғи бейімділігі туралы құлдыққа түскен халықтардың құрдымға құлауы арқылы емес, барлық еркін халықтардың өзін езгіден қорғау үшін жасаған ғажайыптары арқылы жоруымыз керек. Мен құлдыққа түскен халықтардың өздерінің лашықтарында рахаттанатын бейбітшілік пен тыныштықты мақтаудан жалықпайтындығын білемін және олар mіserrіmam servіtutem paсem appellant*. Мен кейінгілердің аса сақтықпен қарайтын тек байлықтарын сақтау үшін тыныштығын, ләззатын, билігін, тіпті өздерінің өмірін құрбан ететіндерін көргенде, жануарлар сияқты еркін туылғандардың еріксіздіктен жиреніп өз абақтыларының темірлеріне бастарын соққанын көргенде, тобыр сияқты тыр жалаңаш жабайылардың өздерінің еркіндігін сақтау үшін аштыққа, от, темір және өлімге қарамастан еуропалықтардың ләззатын қабыл алмағанын көргенде, еркіндік туралы ойлаудың құлдарға берілмегендігін түсінемін. Мемлекетті және жалпы қоғамды шексіз басқарудың пайда болуын көптеген адамдар байланыстырып жүрген әкелік билікке келетін болсақ, Локк пен Сидней берген қарсы дәлелдерге жүгінбей-ақ, әмір етушілердің пайдасынан гөрі, бағынушылардың пайдасын көбірек ойлайтын бұл биліктің мейірімділігінен гөрі, шексіз әміршіліктің қатал рухынан жат ештеңе жоқ екендігін көрсету жеткілікті; табиғаттың заңы бойынша әкесі баласына әзірге өзінің көмегі қажет жастан шыққанша әмірші бола алады, ал бұл жастан өткеннен кейін олар тең болады және енді әкесінен толық тәуелсіз ұлы оған бой ұсынбай оны құрмет тұтуы керек, өйткені қадірлеу бұл құқық арқылы емес өзің өзіңнен талап ететін парыз болып табылады. Азаматтық қоғам әкелік биліктен пайда болған дегеннен көрі, керісінше бұл билік нақ қоғамның өзінен, өзінің басты күшіне ие болды деп айтқан жөн болар еді. Қандайда болсын бір жеке адам көптеген адамдардың әкесі деп мойындалды (әзірше ол адамдар оның маңайыңда тұрған кезде). Балаларды әкесіне бағынышты қылып, тежеп тұратын тізгін бұл өзіне ғана тән оның мүлкі болып табылады: және әкесі өз еркімен олардың еңбегіне байланысты, олардың лайықтығына сай мұрасын қалдырады. Алайда қол астындағылары өздерінің әміршісінен бұндай рақымды мүлде күтпейді, тек олардың өздері иелік ететін барлық заттары оның жеке меншігін көрсетеді немесе болмаса ол бұған талаптанады: олар әміршінің олардың өз мүлкінен құраған қалдыратын мүліктерін рақымшылық ретінде алуға мәжбүр. Әміршілер олардан мүлкін сыпырып алғанда олар әділ қазыға жүгінеді, ол оларға өмірін қалдыра отырып кешірім етеді. Егер біз осылайша фактілерді құқық тұрғысынан қарастыруды жалғастырсақ, онда тиранияны ерікті түрде орнату туралы болжамдардың негізсіз, жалған екенін көрер едік және бір жақты біреулерге ғана міндеттер жүктелетін, бұл келісім үшін міндетті өз мойнына алған адамға қарай бәрін бұра салатын қандайда бір келісімнің қалай күшке ие болатынын түсіндіру қиын. Бұл жағымсыз ой жүгіртудің жүйесі, тіпті, біздің заманымызда да көреген әрі қайырымды монархтардың тарапынан іске асырылуға әлі алыс. Әсіресе, Франция корольдерінің тарапынан іске асырылуға тіптен алыс. Бұл Франция корольдерінің әртүрлі жерлерден жарлықтарын көруге болады, дәлірек айтсақ XІV Людовиктің атынан 1667 жылы бұйрық етіліп халыққа таратылған келесі әйгілі шығармадан үзінді алуға болады: "Маған жоғарғы үкімет билігі қолындағы адам оның билігіндегі Мемлекет заңдарына бағынышты емес деп айтуға ешкімнің дәті бармасын, өйткені жағдай керісінше — бұл жарамсақтар кейде дауласқан, бірақ мейірбан мемлекет басшылары өздерінің мемлекетін қорғаушы Құдайға теңеген халықаралық құқықтың ақиқаты. Королевствоның аман-саулығы үшін қол астындағылар мемлекет басшысына мойын ұсынуы, мемлекет басшысы Заңдарға мойын ұсынуы және заңдар әділ болуы, әрқашан қоғамдық игілікке бағытталуы керек деп Платонмен бірге әділірек айтуымыз қажет". Мен егер еркіндік адамның игілікті қасиеттерінің бірі болса онда ол өзінің табиғатын қорламай ма, ол өзін жануарлардың деңгейіне, инстинктің құлдығына дейін төмен түсірмейді ме деген және егер сөзсіз бұл оның аса құнды сыйынан бас тартса, егер ол істеуге тиым салған қылмысты қаһарлы, ақылсыз билеушіге жағу үшін жасауға жол берсе, ол өзінің жаратушысын қорламайды ма деген сұрақты зерттеуге тоқталып жатпаймын. Қажет болса мен Локктың ізінше пікір айтқан Барбейрактың пікірін елемеуге де барар едім. Оның ойынша ешкімде өзімен өзінің орынсыз тілектері арқылы қатынас жасауы мүмкін дара билікке бағыну үшін соншама өзінің еркіндігін сата алмайды: "Өйткені — дейді ол, бұл оның ешкімге тән емес өз өмірін сатумен бірдей еді". Мен тек өзін бұндай деңгейге дейін түсіруден қорықпағандардың қандай жолмен осындай намыссыздыққа өзінің ұрпағын душар қылатынын сұраймын... Дәл осылай біз басқаға өзіміздің келісім шарт арқылы мүлкімізді беретініміз сияқты, біз біреудің пайдасы үшін бостандығымызды да бере аламыз деген еді Пуфендорф. Бұл пікір меніңше қате деп ойлаймын. Өйткені, біріншіден менің жатсынған мүлкім маған тіптен жат нәрсеге айналады және оны зұлымдыққа пайдаланады ма, жоқ па, маған бәрібір; мен үшін өте маңыздысы қайткенде де менің еркіндігім арқылы қиянат жасамау; және маған жасауға мәжбүрлейтін зұлымдыққа мен кінәлі болмай тұрып өзімді қауіпке итеріп, қылмыстың құралына айнала алмаймын. Сонымен қатар меншік құқы адамдардың келісімінің нәтижесі болып табылады және адамдар тарапынан бекітіледі, олай болса адам өзінің қалауына қарай өзінің дүниесіне еркін иелік ете алады. Бірақ табиғаттың берген сыйларымен іс басқаша шешіледі. Оның тарапынан берілген өмірді және еркіндікті әрбір адамға қолдануға рұқсат етілген; және адамдардың құдіретінің бұл сыйларынан өзін айыруына құқының болғандығы күмәнді: бұл сыйлардың біреуінен-ақ өзімізді айырсақ, біз табиғатымызды қорлаймыз. Өзімізді жаңағы сыйлардың екіншісінен айырсақ, біз өз табиғатымызды жоямыз. Жер бетінің ешқандайда игілігі бұл екі сыйдың орнын толтыра алмайды, сондықтан қандай болмасын бір құнды нәрсе үшін олардан бас тарту бір мезгілде қатарынан табиғат пен зердені қорлаумен бірдей болар еді. Мүлік сияқты өз еркіндігіңді жатсынуға болатын болса, онда әкесінің мүлкіне оның құқы арқылы ие болған балалар үшін айырмашылық өте үлкен. Онда адамдардың табиғаттан алған еркіндігі олар үшін — сый, сондықтан да ата-аналарының оларды бұл сыйдан айыруға ешқандай құқы жоқ. Осыдан келіп: құлдықты орнату үшін табиғатқа зорлық жасауға тура келеді және құл иелену құқығын мәңгі сақтау үшін табиғатты өзгерту керек болады және юрисконсульттер (Юрисконсульт — сотта, арбитражда тағы басқада өз мекемелерінің тапсыруы бойынша шығып сөйлейтін және заң мәселелері жөнінде қорытынды жасап беретін заңгер — қазақ тіліне аудармашыдан) құлдардың балалары құл болып туады деп маңыздылықпен жариялады, басқа сөзбен айтқанда адам адам болып тумайды деп қаулы етті. Ендеше маған Басқарудың көптеген түрінің шексіз биліктен басталмағандығы немесе Басқаруды табиғи емес екендігі ғана емес, оның ең соңғы шегі оны әртүрлі Басқаруды жоюдың неғұрлым күшті құралы болған заңдарға әкелетіндігі даусыз болып көрінеді; сонымен қоса, егер олар тіпті, бұдан басталса да, не қоғамдық құқықтың негіздеріне, нәтижесінде не енгізілген теңсіздікке қызмет ете алады. Барлық Биліктің негізінде жатқан алғашқы келісімдердің табиғаты туралы сұрақты зерттеуге үңіліп жатпай, мен көпшілік мақұлдаған пікірдің ізінше бүл жерде Саяси организмді құруды халық пен олардың өздері сайлаған билеушілер арасындағы екі жақ та заңдарды сақтауға міндеттелген олардың байланысының қалыптасуына себепші болған бастапқы келісім ретінде қарастырамын. Қоғамның ішкі жағдайына қатысты нәрселерге келсек, халық өзінің барлық тілектерін бір ырыққа біріктіреді, бұл ырық туралы айтылатын барлық баптар Мемлекеттің барлық өкілдеріне анықталған міндет жүктейтін Негізгі заңдар болып қаланады. Ал бұл заңдардың бірі келісімнің басқа баптарының толыққанды орындалуын бақылайтын магистраттар билігін сайлау тәртібін анықтайды. Бұл билік орнатылған мемлекеттік құрылымның қызмет ететін тараптарына ықпалды барлық әрекеттерді түгел қамтитын, бірақ бұл құрылымды өзгерте алмайды. Бұған сонымен қатар, заңдарға және оның қызметкерлеріне құрмет туғызатын, ал заңдарға қызмет етуші тұлғаларға ауыр қызметі және жақсы басқарғаны үшін төленетін сый, құрметті қосыңыз. Магистрат өз тарапынан оған сеніп тапсырған билікті тек өзіне сенім берушілердің мақсаттарына сәйкес пайдалануға, әркімге өз игілігін бейбіт түрде пайдалануға мүмкіндік тудыруға, өзінің жеке мүддесінен қоғамдық игілікті, пайданы әрқашан артық көруге міндеттеледі. Адамзат жанының білімі бұндай қоғамдық құрылымда болмай қоймайтын қиянат істерді ақыры алдын-ала болжап білуге мәжбүрлегенін тәжірибе көрсеткенге дейін ол алдымен бұндай қиянат жасаушылардың болмауын бақылау жүктелген адамдарға қажет және олар өздері оған мүдделі болуы тиіс. Өйткені магистратура және оның құқықтары тек негізгі заңдарға орнығады, сондықтан заңдар жойылса магистраттар сол сәтте-ақ заңсыз болып қалар еді. Олай болса халық оларға енді мойын ұсынбайды, өйткені Мемлекеттің мәнін магистраттар емес Заңдар құрайтын болғандықтан, онда әркім өз еркімен қайтадан өзінің табиғи еркіндігіне оралар еді. Басқа да ой-пікірлерге сүйену үшін бұл туралы тек ерекше ықылас қойып ойлану керек, ал келісімнің табиғатынан оның бұзылмайтын бола алмайтындығын көреміз. Өйткені егер өзара міндеттемелерді қолға алып келісім қатынасына түскендерді сол міндеттемелерді орындауға мәжбүрлейтін жоғары билік болмаса, онда екі жақ та өзінің ісіне өзі төреші болып қала берер еді және олардың әрқайсысының келісімнен бас тартуға әрқашанда құқы болып, ол тек ана жақтың оның шартын бұзғанын немесе бұл шарт оларды қанағаттандырмайтынын көрер еді. Дәл осы принципке біржақты бас тарту құқығы негізделуі мүмкін сияқты. Оның үстіне, егер біз тек адамдар орнатқан жағдайларды қарастырсақ, егер магистрат өзінің қолында толық билікті ұстап отырса және келісімнің пайдасын өзіне ғана иемденсе бәрібір биліктен бас тартуға құқы бар, онда билеушілердің бүкіл қателерінің зардабын арқалаушы халық басыбайлылық тәуелділіктен бас тартуға құқы бар. Бұл қауіпті мүмкіндікке апарып соғатын ырың-жырың мен керіс басқа нәрселерге қарағанда адамдар орнатқан Үкіметтің жалғыз зердеден көрі неғұрлым берік іргетастың болғанын қажет ететіндігін жақсырақ көрсетеді және ондай беріктік басыбайлыларды оған иелік ету қауіпті құқынан айыруға, жоғарғы билікке мызғымас әрі қасиетті өзгешелік беру үшін Құдайдың араласуына, қоғамдағы бейбітшілік үшін қаншалықты қажет десеңізші. Егер дін адамдарға тек осы игілікті әкелген болса, онда бұл адамдардың оны қадірлеп, қабылдауына жеткілікті болар еді, сонымен қатар ол фанатизмнің қан төгуге мәжбүрлегенінен көрі қанның төгілмеуіне жол ашар еді. Біздің гипотезамыздың негізгі желісіне түсейік. Басқару алуан түрлі өзінің бастауын тек алғашқы қалыптасу сәтіндегі жеке тұлғалардың арасындағы азды-көпті басты айырмашылықтардан алады. Егер бір адам барлық адамның арасынан күшті де айбындылығымен, байлығымен немесе ықпалымен ерекшеленіп шықса, онда оны магистрат ретінде сайлады және Мемлекет монархиялық болды. Егер бірнеше адам өз араларында тең болып басқалардан жоғары көрінсе, онда бұл адамдарды магистраттар ретінде сайлады және аристократия болып шықты. Байлығы, қабілеті аса ерекшеленбеген және басқаларға қарағанда табиғи жағдайдан азырақ алыстаған адамдар өз қолдарында бірлесіп ортақ жоғарғы билікті сақтады және демократияны қалыптастырды. Бұл басқару формаларының қайсысы да адамдар үшін қолайлы болғанын уақыт көрсетті. Біреулер бұрынғыдай тек заңдарға ғана бағынды; тағы басқалары кешікпей Құдайға бой ұсынды. Азаматтар өз еркіндігін сақтағысы келді, қол астына қарайтындар тек өз көршілерінің еркіндігін қалай тартып алу керек екендігі туралы ойлады, сонымен қатар өздері пайдаланбайтын игіліктермен басқалардың ләзаттануына көнгісі келмеді. Айтайық, бір жақта байлық және жаулап алу болса, басқа жақта бақыт және ізгілік болды. Осындай Басқарудың алуан түрінде магистратура бастапқыда сайлаулы жүйеде болды және егер байлықты жоғары бағалауға құмартпаса, онда олардың табиғи артықшылықты анықтайтын және істе тәжірибелі жасты, шешім шығарғанда байсалдылықты көрсететін адамгершілікке бағынғандығы. Ежелгі еврейлердің қариялары, Спартадағы геронттар, Римдегі сенат және біздің сеньор сөзіміздің өзінің этимолмогиясы ертеректе қарттықтың қалай құрмет тұтылғандығын көрсетеді. Неғұрлым сайлау, таңдау ұлғайған шақтағы ерлерге түскен сайын, соғұрлым сайлау жиі өткізілуі тиіс болды және соғұрлым сайлауды өткізумен байланысты қиыншылық көбірек сезілді: қастық, шытырман оқиғалар, топтанушылық пайда болып, партиялар күресі қызып, азаматтық соғыстар тұтанып, ақыры азаматтардың қаны Мемлекеттің бақыты деп аталатын нәрсені құрбандыққа шалады және бұрынғы замандағы анархияға енуге бірақ қадам жасау ғана қалады. Мақтаншақ бастықтар өзінің үй-ішімен дәрежесін мәңгі сақтап қалуға бұл жағдайларды пайдаланып кетеді; бағыныштылыққа, тыныштыққа тіршілік қолайлылығына үйренген халық ендігі жерде өзінің бұғауын талқандауға қабілетсіз және өзінің тыныштығын тұрақтандыру үшін күшейген езгіге көнді. Және осылайша басқарушылар тұқым қуалайтын билеушілікке қол жеткізіп, өздерінің магистраттарына үйіндегі мүлік сияқты қарауға әдеттенді, ал өздерін алғашында өзінің отандастарын құлға теңеген және оларды өзінің меншігіндегі заттар мен мал сияқты санаған лауазымды қызметкер болған, қазір өзін Құдайға теңеген, патшалардың патшасы санайтын Мемлекеттің меншік иесі ретінде санайды. Егер біз бұл төңкерістер уақытындағы теңсіздіктің алға басқан дамуын бақылап отырсақ, онда заңдарды орнату мен жеке меншік құқығының бұнда бірінші саты болғандығын, магистратураны орнатудың — екінші, үшінші және соңғы сатысы билікті заңдарға негізделген түрге, шексіз билікке айналдыру болғанын көрер едік. Сондықтан байлық пен кедейлік бірінші кезеңде заңдастырылса, күштілік пен қорғансыздық — екінші кезеңде, үшінші кезеңде қожалық пен құлдықтың заңдастырылғанын көреміз, ал бұл теңсіздіктің соңғы сатысы қалған сатыларын жаңа төңкерістер түбімен Билікті жоймайынша ақыры өзіне дейін әкелетін немесе оны заңды тұрғыдан орнатуға бөгет жасайтын теңсіздіктің шегі болып табылады. Бұндай дамудың қажеттілігін түсіну үшін Саяси организмнің қалыптасуына түрткі болған себептерден көрі, оның іс жүзінде іске асу барысында қабылдаған формасын және ол қалыптасқаннан кейін әкеліп соғатын қолайсыздықтарды есте ұстау керек. Өйткені қоғамды орнатуды қажет еткізетін кемістіктер өздері жол ашқан қиянаттарды шарасыз етеді. Сонымен Заңдар балаларды тәрбиелеудің қамын жеген және Ликург оған заңдарды араласудан құтқарып ол үшін әдет-ғұрыптар орнатқан бір Спартаны қоспасақта, оларды өзгертпей-ақ бұрмаланбай, өзгермей барлық Билік өзінің алғашқы мақсатымен болғанда оларды орнатудың қажеттілігі болмайтындығын және ешкімде заңдарды айналып өтпейтін және магистраттардың билігін қаскүнемдікке пайдаланбайтын ел магистраттарға да заңдарға да мұқтаж болмайтындығын көрсету қиын емес. Саяси жағдайдағы айырмашылықтар міндетті түрде азаматтық жағдайдағы айырмашылықтарға әкеледі. Халық пен оның басшыларының арасындағы теңсіздік артқан кезде, бұл кешікпей жеке тұлғалардың арасындағы қарым-қатынастар туралы білуге жол ашады және ол құмарлық, қабілет кездейсоқ жағдайларға байланысты мыңдаған тәсілдермен түрін өзгертеді. Магистрат кей жағдайда биліктің кейбір бөлшегін үлестіруге мәжбүр болатын өзінің креатурасын (Креатура — беделді адамның ықпалында жүрген кісі) құрмай заңсыз билікті алуы мүмкін емес. Онымен қоса азаматтар соқыр мақтансүйгіштікке еліктеп, өздерінен жоғарғылардан көрі өздерінің аяғының астындағылардан жоғарырақ көрініп, олар тәуелсіздіктен көрі үстемдіктің алдында қалтырап, өздерін езуге рұқсат беріп, өз кезегінде басқалардың мойнына шынжыр салу мүмкіндігіне ие болу үшін өздеріне бұғау салғызуға көнеді. Өзі мүлде құлшынбаған және еркін болудан басқа ештеңені қаламайтын адамдарды бой ұсынуға көндіру өте қиын және ең айлалы деген саясаткерлер де оларға әмір ете алмайды. Бірақ теңсіздік жан-тәнімен мақтан сүйгіш, әрі опасыз, әрқашанда тағдырды сынауға және бірден әуестікпен бой ұсынуға немесе үстемдік етуге дайын, тағдыр оған тілектес пе, жоқ па, соған үнемі тәуелді адамдардың арасында жеңіл тарайды. Осылайша халық соншалықты қараңғы соқыр болатын уақытта келуі тиіс, тіпті оның жетекшісіне, мүсәпір адамдардың біріне "Сен және сенің бүкіл руың ұлы болсын" деуі мұң екен және ол барлығына сол сәтте-ақ ұлы болып көріне бастап, өз көз алдында ұлыға айналады, ал оның ұрпақтары одан алыстаған сайын, тіпті, көтеріле бастады. Басты себеп неғұрлым көнеріп әpі бұлыңғырланған сайын оның әрекеттері соғұрлым көбейе түсті; бұл жанұяда жатып ішер арамтамақтардың саны артқан сайын бұл жанұя соғұрлым әйгілі бола бастады. Егер бұл жерде жағдайды нақтырақ ақылға салсақ, мен жеке тұлғалардың арасында, тіпті Үкіметтің араласуынсыз бедел мен ықпалдылық теңсіздігінің қалай үйреншікті жағдайға айналғандығын, тек олар ғана белгілі бір қоғамға бірігіп, бір-бірін салыстыруға және үнемі қарым-қатынаста кездестіретін және солай болуы міндетті араларындағы айырмашылықтармен санасуға қалай мәжбүр болғанын оңай түсіндірер едім. Бұл айырмашылықтар көп түрлі, бірақ жалпы алғанда байлық, атақ немесе дәреже, күштілік және жеке абырой — бұлар адамдардың қоғамдағы орнын көрсететін басты өзгешеліктер, олай болса бұл әртүрлі күштердің арасындағы келісім мен күрес — бұлардың Мемлекеттің жақсы немесе жаман тұрғызылғанын көрсететін ең сенімді көрсеткіш екендігін мен дәлелдей аламын. Басқа барлық теңсіздіктің пайда болуының себебіне айналатын жеке сананың теңсіздігінің бұл төрт түрі ақыры байлыққа кеп саяды, өйткені ол (байлық) жақсы тұрмыстың тікелей анықтаушысы, бәрінен бұрын оны басқаға беру жеңіл және сондықтанда оның көмегімен қалған басқалардың бәрін сатып алуға болады; бұл бақылауымыз халықтың бастапқы құрылымынан алшақ кету дәрежесін, бұл жолда ол іріп-шіруге қатты бағыт алды ма, жоқ па, мұны дәл талқыға салуға мүмкіндік береді. Мен бәрімізді жапа шектірген даңққа, құрмет пен ерекшелікке деген бұл жалпы ұмтылыс қалай бізді күш пен қабілетті салыстыру мен дамытуға мәжбүрлейтінін, қалай бұл ұмтылыс құмарлықты қоздырып көбейтетіндігін, адамдардың бәрін бәсекелес, бақталас, тіпті жау ететіндігін, оның адамдардың тағдырына күн сайын өзгерістер әкелетінін, қаншама ізденушілерді бір іс майданында қақтығыстыруға мәжбүрлеп көптеген жетістіктер мен аппаттардың себебі болатындығын айтып өтер едім. Мен дәл осы қызу ұмтылыстың бізді ерекшелендіріп, бізді өзімізден тыс болуымызға итермелейтінін көрсетер едім және біз адамдардағы жақсы да, жаман да, қасиеттерге борыштармыз: біздің адамгершіліктеріміз және кеселдерімізбен, біздің ғылымымыз және адасушылығымызбен, біздің жаулаушыларымыз және философтарымызбен және тағы басқада көптеген жақсы да жаман әдеттерімізбен борыштармыз. Мен ақыры дәлелдер едім; егер күштілер мен байлардың уысы ұлылық пен бақыттың шыңына жетсе, онда тобыр қайыршылық пен хабарсыздықтан жорғалап, бұның барлығы бұл алғашқылар өз игіліктерін басқаларда бұндай игіліктердің болмауымен бағалағандықтан және олардың сол жағдайда қала отырып халық бақытсыз болудан арылса өздерін бақытсыз деп санағандығынан болады. Бұл нақтылықтармен-ақ барлық Билеудің қолайсыздығы мен артықшылығын табиғи жағдайдағы құқықтармен салыстыру арқылы ақылға салуға болатын көлемді шығармаға деректер құрастыруға болар еді. Біз сыртқы қауіптерге қарсы тұру үшін қолданылған сақтандыру нәтижесінің салдарынан Мемлекет ішіндегі езілген көпшілікті көрер едік; біз езілген адамдарға қанаудың өсуін тоқтату үшін оның қандай шегі болатындығын түсінетін сана берілмегендігін, қанаудың үнемі өсуін көрер едік; біз азаматтық құқықтың өз күшін жоғалтып қалай сөнгенін және ұлттық еркіндік пен әлсіздердің қарсылығының сотқар наразылық деп қарастырылғанын көрер едік; біз белгілі бір жағымпаз құйыршықтардың мемлекеттің ортақ мүддесін қорғауға лайық адамдарға кедергі жасаған саясатын көрер едік; біз осыдан келіп салықтардың қалай пайда болғандығын, рухы сынған диқаншылардың бейбіт уақыттың өзінде қылыш асыну үшін қалай өзінің соқасы мен егістігін тастағанын көрер едік; біз намыс пен ар-абыройды түсінудің таң қаларлық әрі жойқын қағидаларының туғанын көрер едік; біз қалай оған қорғаушылардың ертелі кеш өз отандастарының басына қылыш ойнататынын оның жауына айналғанын және олардың өз отанын езіп қанаушыларға төмендегідей сөздерді айтатын уақыттың да әйтеуір келетінін көрер едік:
Pectore sі fratіs gladіum juguloque parentіs
Condere me jubeas, gravіdaeque іn vіscera partu
Conjuqіs, іnvіto peragam tamen omnіa dextra'
Жағдай мен күйдің асқан теңсіздігінен, қабілет пен құштарлықтың көп түрлілігінен, пайдасыз, зиян өнерден, жанама таяз білімнен, ақыл, бақыт пен ізгілікке қарсы, жоқ нәрсеге сенуші көпшілік пайда болды. Біз басшылардың қалай бірліктегі адамдарға қызғанышпен қарап, оларды ажырататын барлық жағдайға қолдау көрсеткенін көрер едік: яғни, барлық қоғамға келісімнің құр түрін ғана беретін және оған ұрыс-керістің ұрығын егу, әртүрлі таптар арасында сенімсіздік, өзара көре алмаушылық тудыру олардың құқықтарын олардың мүдделеріне қарсы қойып, бұларды ұстап тұратын билікті күшейту көбейгенін көрер едік. Осындай келеңсіздіктердің арасында бірте-бірте жағымсыз деспотизм бас көтереді; ол Мемлекеттің барлық бөліктеріндегі жақсы, әрі сау нәрселердің бәрін жалмап, ақыры ол халықты, заңдарды аяққа таптай бастайды, әрі Республиканың құлауына әкеледі. Бұл соңғы өзгерісте болған уақыт зұлмат пен тәртіпсіздіктің уақыты болады, ақыры рақымсыз құбыжық бәрін жұтып тынады және халықтарда енді ешқандай басшы, заң да болмай, тек қана тирандар ғана қалады. Осы сәттен бастап не адамгершілік, не ізгілік туралы сөз болмауы тиіс. Өйткені, cuі ex honesto nulla est spes (ешқандай парасаттылық тән емес /лат/) деспотизм қай жерде патшалық құрады, сол жерде ол өзімен бірге ешқашан басқа әміршіні қаламайды; деспотизм бас көтерген жерде ар-абырой, парызбен санасу деген жүрмейді. Көзсіз бағыну — бұл сол жағдайда құлдарға қалдырылған бірден-бір ізгілік, адамгершілік болып саналады. Бұл — теңсіздіктің шеңбері тұйықталып, бізден басталған нүктемен қабысатын соңғы шегі және ақырғы нүктесі. Бұнда жеке тұлғалар қайтадан теңеседі, өйткені, олар мәнінде ештеңе емес, басыбайлыларда қожайындарының ырқынан басқа заң жоқ, ал онда құмарлықтан басқа билеуші жоқ, ендеше жақсылық туралы түсінік және әділеттілік қағидалары қайтадан жоғалады; мұнда барлығы тек қана неғұрлым күшті заңға және нәтижесінде жаңа табиғи жағдайға келеді. Алғашқы таза табиғи күймен салыстырғанда бұл — ең соңғы ыдыраудың жемісі болып табылады. Алайда, бұл екі жағдайда бір -бірінен өзгешеленеді, ал Билікті орнату туралы келісім деспотизммен нашарлағаны сондай, деспот ол бәрінен күштірек болып тұрған кезде ғана әмірші болып тұра алады, бірақ адамдар оны қуып шығуға дәрменді болған сәттен бастап-ақ оның зорлыққа зарлануы, наразылануы негізсіз болып қалады. Кісі өліміне немесе қандайда бір сұлтанның тағын құлатуға әкелген көтеріліс — бұл оның жаңа ғана өзінің басыбайлыларының өмірі мен мүлкіне қожалық еткені сияқты заңға сыйымды акт болып табылады. Бәрі де осылайша өздерінің табиғи жолымен жүреді және бұндай түйін шешілетін жағдай қанша жиі әрі жылдам болғанымен ешкім де біреулердің әділетсіздігіне наразылық білдіре алмайды, тек өздерінің ессіздігіне немесе бақытсыздығына ғана зарлана алады. Адамды табиғи жағдайдан азаматтық жағдайға әкелуі тиіс болған, ұмытылып, жоғалтылған жолдарды ашып, оларды бағамдай отырып, маған уақыттың тарапынан қалдырып кетуге тура келген, тіпті мен айтпаған дүниелерді жоғарыда мен көрсеткен аралық кезеңдердің көмегімен қалпына келтіре отырып әрбір көзі қарақты оқырман тек бұл екі жағдайды бөліп тұрған кеңістіктің үлкендігіне таң қалуы мүмкін. Бұндай жалпылама баяу дамудан ол біздің философтарымыз шеше алмайтын көптеген шексіз, моральдық және саяси мәселелердің шешімін көреді. Ол бір дәуірдегі адамзат баласы — бұл басқа дәуірдегі адамзат баласы емес, бөлек екенін түсінеді, осы себепке байланысты айтсақ Диогеннің ешқандай адамды табa алмау себебі ол өз замандастарының ортасында өткен заманның адамын іздеуінде. Бұны оқырман былайша айтады: “Катон өз еркіндігімен және Риммен бірге елді, өйткені оған өз дәуірінде орын болған жоқ; ұлы адамдарды бес ғасыр алдағы өмір ғана таң қалдырады”. Айтайық, ол адамның жаны сияқты оның құштарлықтары өзінің табиғатын өзгертеді; міне, сондықтанда уақыт ағысымен біздің ләззаттарымыз бен қажеттіліктеріміз өзгереді; сондықтанда адамдағы бастапқы нәрселер жоғалып және қоғам бұл жаңа қатынастардың мәні ешқандай табиғатта жоқ жалған құмарлық пен жасанды адамдардың жиынын көруге данышпандардың көзін ашады. Біздің бұл жерде ой жүгіртудің көмегімен білетініміз және бақылау арқылы нақтыланатындар: жабайы және өркениетті адамдардың бір-бірінен жан дүниесінің құрылымы және бейімділіктерімен ерекшеленетіндігі, бірінің жоғарғы бақыты екіншісінің торығуына соқтыратындығы. Жабайы адам тыныштық пен еркіндікті аңсайды, ол қолы бос өмір сүріп, әрқашан солай болып қалғысы келеді және олардың еш нәрсеге парықсыздығына ештеңе тең келмейді. Керісінше, азамат үнемі тер төгіп, жұмыс іздеп, өзін үнемі азапқа салады; ол өлген күніне дейін жұмыс істейді, ол, тіпті тіршілік етуге мүмкіндік алу үшін немесе атын қалдыру үшін өлімге де барады. Ол өзі жек көретін атақты адамдардың немесе байлардың алдында жағымпазданады; ол оларға қызмет ету құрметінен басқа ештеңені тілемейді; ол өзінің таяздығынан олардың қамқорлығына тәкаппарлықпен мақтанып, өзінің құлдық жағдайына марқайып, бұл жағдайға кіргісі келмейтін адамдарды менсінбей, жек көреді. Қандайда бір Еуропа Министірінің ауыр да, қызғаныш тудырған бейнеті караиб үшін қандай жан түршігерлік оқиғаны елестетер еді! Дұрыс әрекет еткенін үшін санаңды қуанышпен ажарландырмайтын бұндай өмірдің жан түршігерлік жағдайын бұл жабайы адам қандай азапты елімнен де артық көрмейді! Ол бұндай азаптардың түп мақсатын көруі үшін олардың санасында құдірет пен атақ сөздері белгілі мағынаға қол жеткізу керек; олар өздеріне қалған әлемнің назар салатынына мән беретін адамдардың бар екенін, өздерін басқалар солай ойлағандықтан бақытты деп білетін адамдардың бар екенін білуі керек. Бұл айырмашылықтардың шынайы себептері осындай: жабайы адамдар өзінде өмір сүреді, ал қоғамда өмір сүруге үйренген адам әрқашан өзінен тыс өмір сүреді; ол тек басқалардың пікіріне тәуелді, ол сол пікірлердің бірінен өзінің өмір сүріп тұрғанын сезіне алады. Бұндай жағдайдан жақсылық пен жамандыққа деген парықсыздық қалай пайда болғанын көрсету менің тақырыбыма кірмейді... Айтайық, өзіміз туралы біреуден өтініп, бұл туралы ешқашан өзімізден сұрамай енді біз философияның, адамгершіліктің, инабаттылық пен жоғары қағидалардың молшылығына қарамастан тек алдампаз, бос сыртқы келбетке ғана бас иеміз: адамгершіліксіз намысқа, даналықсыз зердеге, бақытсыз ләззатқа бас иеміз. Мен үшін алғашқы адамдардың бұндай емес екендігін және адамдардың тудырған теңсіздігі біздің табиғи бейімділігімізді бүлдіретіндігін дәлелдеп қана қою жеткілікті болды деп есептеймін. Мен саяси коғамның орнатылуын, теңсіздіктің пайда болуымен дамуын және бұның барлығынын жоғарғы билікке Құдайлық құқық санкциясын беретін діни догматтардан тәуелсіз тек зерденің шырағымен қаншалықты адамдардың табиғатынан шығарылатындығын көрсетуге тырыстым. Жоғарыда айтылғандардан кейін теңсіздіктің табиғи жағдайда өте аз екендігін және ол біздің қабілеттеріміздің адамзат санасының жемісінің арқасында күшейіп, ақыры жеке меншік пен заңдардың бекітілу нәтижесінде заңдастырылғанын көруге болады. Осыдан келіп құқықпен енгізілген тұлғалардың теңсіздігі табиғи құқыққа әрқашан қарама-қайшылық тудыратынын аңғаруға болады: бұл айырмашылық осы тұрғыдан бізге барлық өркениетті халықтардың арасында патшалық құрған теңсіздікті көрсетеді, өйткені біз оны қандай қалыпта анықтасақ та, яғни, балалардың үлкендерді басқаруын, ақымақтардың ақылды адамға жетекшілік етуін, ынсапсыздықты алсақ та табиғи заңдарға ашық қайшылық келтіреді.
Руссо Ж.Ж. Рассуждение о происхождении и основаниях
неравенства между людьми // Руссо Ж.Ж. Об общественном
договоре. Трактаты. М., 1998. 51-15066.
Түсінік
Адамдардың арасындағы теңсіздіктің пайда болу негіздері
мен шығу тегіне ой-жүгірту
Геродот айтқандай Лже-Смердис өлтірілгеннен кейін Парсының жерін азат етуші жеті адам Мемлекетте басқарудың қандай формасын орнату керек екендігін шешу үшін бірге жиналғанда Отанес ешбір толқусыз түрде Республиканы қолдап сөйлейді; әпербақан, ұр да жық басшының аузынан шыққан пікір өз басында болуы тиіс билікке деген жеке дәмеленушілігін айтпағанның өзінде тіптен таңқалдырады, асқақ, дандайсыған адам адамдарды сыйлауға мәжбүрлейтін Басқару формасынан өлімнен де жаман қорқады. Отанеске оңай сене қойсын ба, ешкім де оны тыңдаған жоқ және қалғандарының барлығы монархты таңдауға бет бұрғанын көргенде оған бой ұсынғысы келмей, ешкімге де әмір еткісі де келмей, өз еркімен бақталастарына таққа отыру құқығын беріп түрліше сый-сияпаттың орнына кейін қол жеткізген өзіне және өзінің ұрпақтары үшін тек бостандық пен еркіндікті талап етеді. Егерде Геродот бұндай артықшылықтың ерекшелігін көрсеткен шектеушілікті бізге жеткізбегенде де бұндай ынсаптылықтың жасалғандығын сөзсіз болжауға болар еді. Әйтпесе Отанес ешқандай заңдарды мойындамай, ешбір жанның алдында жауапкершілікті сезінбестен Мемлекеттегі ең құдіретті адам болып шығып және патшаның өзінен де құдіретті болар еді ғой. Бұндай жағдайда қиянат іс жасау оп-оңай қолынан келе тұрып аталмыш айрықша қасиетпен оның қанағаттануы адам сенгісіз жағдай. Сонымен қатар шынында да біз бұл құқық данышпан Отанестің немесе оның ұрпақтарының бірінің кінәсінан емес, күндердің күнінде аздап болса да бүлік шақыратындығын байқамаймыз. Әу бастан-ақ философтар мойындайтын мына бір белсенді ойға сенімділікпен тоқталуға болады. Ол ойды тек қана философтар айта алады және түсінеді: "Біз өзімізді тануға қызығушылық танытқанымызбен "біз" еместің не екенін білмейтіндігімізге мен сенімсізбін. Біздің тек өзімізді-өзіміз сақтауға қызмет ететуіміз үшін табиғат бізге дене мүшелерін берді, бірақ біз ол мүшелерді тек сыртқы құбылыстарды қабылдау үшін пайдаланамыз; біз тек сыртқы ортаға қарай таралуға және өзімізден тыс тіршілік етуге тырысамыз. Біздің сезімдеріміздің қызметтерінің көбеюімен және біздің тіршілігіміздің сыртқа таралуының көбеюімен тым әуре болған біз ақиқаттық өлшемдерге әкелетін және оған қатысты емес барлық нәрселерден бізді алыстататын ішкі сезімдерімізді сирек қолданамыз. Ал шындығында дәл осы ішкі сезімдерді біз көбірек қолдануымыз керек, өйткені біз өз-өзімізді танығымыз келеді, бұл біздің өз-өзімізді тануға көмектесетін бірден-бір сезім. Бірақ қалай осы ішкі сезімдерге іс-әрекет пен күш беруге болады?, біздің ақыл ойымыздың қате түсініктеріне байланып қалған біздің жанымызды қалай құтқаруға болады? Біз осы ішкі сезімдерімізді қолдану әдеттерімізді жоғалтып алдық; бұл әдеттер біздің қайнаған дене түйсіктерімізде ешқандай дамуға ие болған жоқ, ол біздің құштарлықтарымыздың өртімен қақталғандай қатып-семіп қалған: жүрек, ақыл, сезім — бәріде оған қарсы әрекет етіп келді." ("Табиғат тарихы", ІV, 151 бет; "Адам табиғаты туралы", т ІІ. 1749, 430 бет). [...] Түсініктердің даму жолы арқылы ғана қол жеткізілетін, бірте-бірте баяу дамитын және ойлануды қажет ететін барлық білімдер жабайы адам үшін қол жеткізе алмайтын нәрсе болып табылады, өйткені ол өзі сияқты басқалармен қарым-қатынас жасамайды, басқа сөзбен айтсақ, онда бұл қатынасқа қызмет ететін құрал және бұндай қатынасты керек еткізетін қажеттілік жоқ. Оның білімі мен іс-әрекеті секіру, жүгіру, тасты домалату, төбелесу, ағашқа өрмелеумен шектеледі. Ол осы нәрселерді ғана жасай алғанымен, оларды бізден әлде қайда жақсы орындайды. Бұндай іс-әрекеттер тек дене жаттығуларының күштілігіне байланысты болғандықтан біреуден басқаға беріле алмайды және дами алмайды, сондықтан алғашқы адам бұл жағдайларда өзінің бұрынғы ата-бабалары сияқты айтарлықтай шебер болуы да мүмкін. Бір әйгілі автор адам өміріндегі ізгілік пен бақытсыздықты салыстыра келе және олардың қорытындысын салыстырып, соңғысы алғашқысын әлдеқайда басым екендігін тапты, жалпы өмір адам үшін — айтарлықтай қатал сый екенін көрсеткен болатын. Мен оның жасаған қорытындысына еш таң қалмаймын: себебі ол азаматтық қоғамдағы адамның хал-жағдайын айтып отыр. Егер ол табиғи адам жағдайына дейін жетсе, онда адамда қолдан жасағаннан басқа бақытсыздық болмайтынын ескереді. Бізге өз-өзімізді бақытсыздыққа ұрындыру еш қиын емес. Бір жағынан алғанда адамның өлшеусіз еңбегіне, олардың тудырған сансыз көп ғылымдарына, олар жасаған өнерге, қаншама күш жұмсап қолдан тегістелген тау, өзен, қазылған көл, құрлыққа және суға салынған ғимараттарға, көлдің бетін жапқан корабльдерге қарағанда, басқа жағынан зерттеп қарасақ бәрі де адамзат баласына қандай байлық пен бақыт әкелгендігін ойланып, тек біріншісі мен екіншісінің арасындағы таң қаларлық сәйкессіздікке қайран қаласың және адамды менмендікке әкелген көзсіздігіне, адамдардың өздерін бақытсыз қылуы мүмкін нәрселердің артынан қуғанына және ізгілікті табиғаттың олардың одан жирікенуінің қамын жегеніне аяушылықпен қарайсың. Адамдар — зұлым, қатал; ұзаққа созылған тәжірибе бұны оны дәлелдеп жатуды қажет етпейтінін көрсетті. Дегенмен адам табиғатынан қайырымды — бұны мен дәлелдедім деп ойлаймын. Оны осыншама деңгейге дейін бұзып жіберген оның дене бітімінің өзгерісі, қол жеткізген жетістіктері және ол тудырған білімдер емей немене дейсің. Сіз адамзат қоғамына қанша болса, сонша қайран қала беруіңізге болады, бәрібір ол әйтеуір адамдардың мүддесі үшін бір-бірін жек көруге, бір-біріне жалған, алдамшы қызмет көрсетуге, ал істе бір-біріне мүмкіндігінше барлық бақытсыздықтарды әкелуге итермелейді. Әрбір жеке адамның мүддесі қоғамдық ортақ пайдаға қарама-қарсы қағидаға сендірген кезде, әркім басқа біреудің бақытсыздығынан өзінің пайдасын көрген кезде біз бұндай қатынас туралы не ойлай аламыз? Мұрагері немесе көбінесе өз балалары іштей өлімін тілемейтін бірде-бір бай адам жоқ шығар; белгілі бір саудагер үшін апатқа ұшырауы жаман жаңалық болып табылатын бірде-бір кеме жоқ; жауапкершіліксіз қарыздар адамға барлық ішіндегі қағаздарымен бірге өртеніп кеткенін көргісі келмейтін бірде-бір үй жоқ; өзінің көршілерінің бақытсыздығына қуанбайтын бірде-бір халық жоқ шығар. Осылайша біз біздің жақындарымыздың сәтсіздікке ұшырауынан пайдаға қол жеткіземіз және біреудің ұтылуы әрқашан басқаның аман саулығының себебі болады. Сонымен қатар, тағы бір қауіптісі қоғамдық бақытсыздық көптеген жеке тұлғалардың үмітін және күтетін нәрсесін құрайтындығында. Біреулерге — ауру, басқаларға - індет, тағы басқаларға-соғыс, тағы біреулерге — аштық қажет. Біз жақындарымыздың осындай қыспаққа түсіп, ұтылыстарға ұшырауы біреудің пайдасына бұйыратынын ұмытпағанымыз жөн. Қанша мың қайыршылардың еңбегінің есебінен күн көріп отырған жағымсыз байлар көп. Олардың дүниеқоңыздығы сондай, олар егін шықпай қалған уақытта қайғырып, үлкен және қорқынышты Лондон өрті шыққанда өз еңбегі жойылғандай жылағанын мен көрдім. Мен Монтень афиналық Демадты өзінің отандастарының өлімінен пайда тауып, табыттарды өте қымбат бағаға сатқаны үшін бір жұмыскердің жазалануына қол жеткізгенін көзге шұқып айтқанын білемін. Монтеньнің ойынша, егер зер сала пайымдайтын болсақ, онда осыншама бағаға осындай табыттарды сатып алған барлық адамдарды жазалау керек еді. Егер біз өзіміздің жақсылық тілегендей болып тұратын қуыс кеудемізге тереңірек үңілетін болсақ, онда адамдардың бір-біріне мейіріммен қарауға мәжбүр екенін аңғарамыз және сол сәтте бір-біріне өлім тілейтіндігін көреміз, олар дүниеге келгенде парыз тұрғысынан алсақ бір-біріне жау, есепке келгенде алдампаз. Егер қоғамдағы әр адамға басқа біреуге қызмет ету пайдалы деп маған жауап берсе, мен егер оларға зиян әкелу неғұрлым пайдалы болмаса, өте жақсы болар еді деп жауап берер едім. Заңда заңсыз алынатын пайда жоқ, бірақ дегенмен де жақыныңа келтірілген зиян, оған көрсетілген қызметтен әлдеқайда пайдалы. Мұндағы басты мақсат өз-өзіне заңсыздық әдісін қамтамасыз ету. Осыған жету үшін барлық күштілер — күштерін, ал әлсіздер — қулықтарын пайдаланады. Егер жабайы адамға тамақтануы сәтті болса, онда оған табиғатта өзіне ұқсастар дос болады. Егер тамақты біреумен бөлісуге тура келсе, онда қан қызыл төбелес керек еместігін сезініп тек жұдырықтасады. Жеңген асқа ие болады, жеңілген бақытын іздеуге кетеді. Міне, осылай бейбітшілік қалпына келеді. Ал қоғамдағы адамның ісі мүлде бөлек, онда алдымен тұрмыстық заттар, сансыз байлық, одан кейін құлдар қажет және демалуға бір минутта уақыты жоқ. Бір таң қаларлық жай адам бойындағы табиғилық азайған сайын құмарлық шексіз жеген үстіне жесем, байыған үстіне байи түссем дейді және тіптен сорақысы оларды қанағаттандыруға деген мүмкіндік арта түседі; сөйтіп көптеген байлықты жұтқан және басқаларды несібесіз қалдырған адам бүкіл әлемнің өзі ғана қожайыны болғанша одан сайын барлығын жұта бергісі келеді. Өркениетті адам өмірінің рухани ұмтылыстары осындай. Жабайы адамдар мен азаматтық қоғамдағы адамдарды салыстырып, олардың қажеттіліктерін, бақытсыздықтарын, қаталдықтарын айтпағанның өзінде осы екеуінің қайсысы бірінші болып қайғы мен өлімге есік ашқандығын анықтап көріңіз. Егер сіздер біреулерді қажеттіліктеріне қол жеткізе алмай өлуге, екінші біреулерді астамшылықтан өлуге мәжбүрлейтін, оған байлар бас иетін қауіптерді назарға алсаңыздар; егер біз көңілімізде жанымызды жегідей жеп жүрген мұңға батсақ, қаншама құмарлықтар мен мөлшерсіз еңбектер, сансыз көп қайыршылар, арам байлар, неше түрлі қоспалар қосылған өнімдер, зиянды дәмдеуіштер, бұзылып кеткен тамақтар, сапасыз дәрілер, улы заттар эпидемиялық аурулар, үйден-үйге көшу, әдеттегідей бір көйлекті киіп-шешу осының бәріне бізге не өмірімізбен, не денсаулығымызбен жауап беруімізге тура келеді; бұған қалаларды, мыңдаған адамдарды жоятын табиғат апатын қосыңыз, сонда табиғат бізден одан жиренгеніміз үшін қалай кек алғанын көрер едіңіз. Адам алғашқыда табиғатқа бағынбайды, соның кесірінен, енді оның қарғысына ұшырап, енді сол әрекетінен сабақ, алады. Сондықтан адам қауіп-қатердің ортасында өмір сүреді. Мен бұл жерде соғыс туралы тоқталмаймын, әскер жайлы ондағы госпитальдар мен қаншама қаза болған солдаттар туралы сұмдық жайды қауым білу керек. Егер жыл бойына теңізде аштықтан немесе қарақшылардың қолынан, өрттен, кеме апатынан өлгендердің санын есептесек нәтижесі таң қаларлықтай болар еді. Бірақ адамның жеке меншік құқығы қоғам есебінде мынаған алып келуі мүмкін: улану, ұрлау, өлтіру, бір адамның өлімі үшін екі адамның өмірі қиылуы мүмкін. Бұлай жазалаудың көбеюі адам тегінің жойылып, жоғалуына алып келуі мүмкін. Адамның дүниеге келуіне бөгет жасайтын табиғатқа қарсы шыққан қаншама ұятты жайлар бар және оған не жабайылар, не хайуандар көрмеген өркениетті елдерде болып жатқан құпия түсіктерді, заманаға сай ұрпақтың болуы мен ар түсінігін қосыңыз. Көп балалар көмексіз қалады және өледі. Оған кінәлі ата-аналарының қайыршылануы мен жабайы қорқыныш, осыдан келіп, әкелік құқық адамзат талаптарын ашық қорлаған кезде неғұрлым қауіпті, неғұрлым жеке мыңдаған оқиғалар орын алмайды ма? Қаншама талпыныстар, қабілеттер әкелер тарапынан ақылсыз мәжбүрлікпен қысым көрді! Қаншама адамдар өзіне қажет емес іспен айналысып, өмірлерінен айырылады. Қаншама бақытты некелердің шаңырағы шайқалды. Үнемі табиғи тәртіпке қайшы таптық жағдайда қаншама адамдардың ұяты тапталды, тәртіпке бағынғысы келмеген жар-жолдастар масқара болды. Қаншама некелескен адамдарға махаббат пен ақыл керек болды және олар бір-біріне сәйкес емес деген пікірмен өз өмірлерін улайды. Қаншама жастар байлық үшін табалдырық аттап жатады. Жұбанышсыз әкелер мен аналар мені кешіріңіздер. Мен еріксіз сіздердің жараларыңызды ушықтырсам кешіріңіздер, бұл әрбір адамға қорқынышты сабақ болсын!
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру