TELEGEI

Home

Қазақ құқығы "жарғы" және билер соты туралы қолжазбалар

Kitap.kz

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қазақ құқығы "жарғы" және билер соты туралы қолжазбалар

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылып отыр «Мәдени мұра» бағдарламасының қоғамдық кеңес мүшелері Әшімбаев М. С., кеңес төрағасы, Асқаров Ә. А, жауапты хатшы, Абдрахманов С. А., Аяған...

ҚАЗАҚ ҚҰҚЫFЫ «ЖАРҒЫ» ЖӘНЕ БИЛЕР СОТЫ ТУРАЛЫ ҚОЛЖАЗБАЛАР
РУКОПИСНЬЕ МАТЕРИАЛЫ О КАЗАХСКОМ ПРАВЕ «ЖAPFЫ» И СУДЕ БИЕВ

X. Амандықов

Жеті жарғы1 Төбе би атанған — Төле бидің тікелей қатысуымен жазылған «Жеті жарғыны» келешек жастар білсін, кейбір кемшіліктері мен асыра сілтеген жерлері болса зерделесін деген ниетпен газетке ұсынып отырмыз. Жарғыдағы негізгі заңдастырылған заң кодексі, біздің тілмен айтып отырмыз, мынадай:

— Қанға мал алу, яғни біреудің кіcіcі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (Ер адамның құны мың қой, әйелге — бес жүз қой деген шартты келісім) белгіленген.

— Ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі. Жазаны ердің құнын төлеу арқылы ғана жеңілдетуге болады.

— Денеге зақым келтірсе, соған сәйкес құн төленеді (мәселен бас бармақтың құны — жүз қой, шынашақ — жиырма қой екен).

— Төре мен қараша құнының айырмашылығы жеті есе белгіленген.

— Егер әйел epін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі. Ал ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады. Мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, құн төлеуден азат етіледі.

— Егер epі әйелін өлтірсе, құнын төлеумен ғана ақтала алады.

— Ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды. Ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі.

— Өзін-өзі өлтіргендер мұсылмандар зиратынан бөлек жерге жерленеді.

Егер екіқабат әйелді атты кіcі қағып кетіп, одан өлі бала туса, бес айлық түсік үшін — бес ат, бес айдан тоғыз айға дейінгі құрсақтағы балаға — әр айына біp туйеден төлейді. Ал түйесі жоқ болса, балама есеп мынадай екен — жүз түйе үш жүз атқа, немесе мың қойға барабар өлшеммен төленген.

— Әйелді зорлау — кісіні өлтірумен бірдей қылмыс деп танылған (қaзіpгі біздің заңымызға үйлеседі). Мұндай қылмыс үшін әйелдің epінe, немесе қыздың ата-анасына құн төленуге тиіс. Егер зорлаған жігіт сол абыройсыз болған қызға қалыңмал төлеп, әйелдікке алса, жазадан босатылады.

— Егер әйелін epі зинақорлық жасаған («шөп салған») кезінде үстінен түссе, өлтіруге қақылы. Ол үшін қылмысты дәл осы сәтте елге жария етуге тиесілі. Әйелдің ерінің көзіне «шөп салудан» аулақ екенін дәлелдеп, төрт ер адам араға түссе дәлелдей алса, әйел күнәсіз деп табылады, жазадан босатылады.

— Біреудің некелі әйелін ерінің келісімінсіз басынып алып қашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді. Егер әйелдің келісімімен алып қашса, бұрынғы күйеуіне қалың төлейді, оған қоса қалыңсыз қыз береді.

— Әйелді орынсыз, кінәсіз ренжіткен, көңіліне дақ салған адам сол әйелден кешірім сұрауға тиіc. Егер осылай етпесе арсыздығы мен әпербақандығы, ноқайлығы үшін айып төлейді.

— Қан араластыруға жеті атаға дeйін тыйым салынады. Немесе жеті атаға жеткенше қыз алып, қыз беруге жол жоқ. Егер бұл шартты бұзса, өлім жазасына кесіледі, немесе ағайындарының белгілеген ауыр жазасын тартады. Демек, жеті атаға дейін барлық ұрпақ туыс деп саналады.

— Құдайға тіл тигізген кіcі жеті адам куәлік берсе, таспен атып өлтіріледі.

— Кәпір атағын алған адам мал-мүлкінен де айрылады.

— Құл-құнсыз. Ол қожайынының еркінде. Әйтсе де қазақ халқы өз тарихында құлдарын малшы-жалшы есебінде пайдаланып, кейін еншісін бepіп, кірме ағайынға айналдырған.

— Ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым киіз байлап, қара малға тepіc қаратып мінгізген, өзін қамшымен сабап жүріп, ауыл-елді аралатқан және масқарасын шығарған. Ал қыз баланың қол-аяғын байлап, жазалауды анасының билігіне берген.

— Ұрлық жасаған адам үш тоғызымен малын, немесе дүние-мүлкін егесіне қайтаруға тиісті.

— Ұрлық пен кіcі өлтіруді қоса кәсіп еткен кіcі екі бірдей жазамен айыпталған.

— Epінің ұрлығын біле-тұра хабарламаған әйелі мен баласы жазаға тартылмайды. Өйткені үй егесінің үстінен шағым айту әбестік, көргенсіздік.

— Өсиет ағайындары мен молдалардың катысуымен айтылады.

— Барымтадан мал төлімен, кейде жетегімен қайтарылуы тиіc.

— Дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі.

— Куәлікке кемінде үш, ал кейде екі адам жүреді.

— Билерге билік жасағаны үшін кесілген малдың оннан біpі тиесілі.

— Егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының, Бидің рұқсаты арқылы барымталап алуға болады...

Mінe бізге жеткен «Жеті жарғының» негізгі принциптері осындай екен. Ал Төле би «Жарғыны» талқылау және бекіту кезінде аз тер текпесе керек. Сөзіміз дәлелді болу үшін мынадай мәселелерді айта кету орынды. «Есімханнан қалған ecкі жолда» адам өлтірілген кісінің «тас ошағын талқандау, күлін суыру, үpім-бұтағын құл-күң есебінде сату, түтінін өшіру» секілді аса қатал заң қолданылған екен. Төленің, ұсынысы бойынша өлген адамның жоғарыда айтқанымыздай құны анықталған, «құн төлеу» тәсілі заңға енген. Онан өзге «жер дауы, жесір дауы» жөнінде де, «барымта, қарымта туралы да» адамгершілікке бейімделген құжаттарды негізгі заң тармақтарына енгізген. Ол үшін атап көрсеткеніміздей, Тәуке ханмен келісе жүpіп, әр рудың, атаның мал өсіретін, егін салатын, жаз жайлайтын, қыс қыстайтын жайлау, қыстауын алдын ала белгілеген. Бұлардан өзге жаудан елді қорғауға қазақтың күллі қару ұстауға жарайтын азаматтары міндетті түрде, бай-кедей, молда-қожа, төре-би, бек-батыр, манап-дәруіш демей, түгел қатысуға тиісті екенін де заңдастыруға себепші болған. «Тура биде — туған жоқ, туғанды биде — иман жоқ» деген принципі де Төле би әр бидің, ру басының негізгі қағидасына айналдырады. Төле бидің табанды талап етуімен бұрыннан дәстүрге айналған, мәселен, адам өлтіретін кіcі қара қазан, қара нар керек, өлтірген кісінің сол қара нарға артып Түркістанға апарып жерлеу, қара шолақ бие төлеу, қара тон беру, жетім бастаған тоғыз-тоғыз тарту, қара кілем, қара тон айып тарту секілді екінің бірінің қолынан келе бермейтін қатаң талаптарды өлім құнынан шығарып тастауға барынша күш салады және айтқаны өтеді. «Жеті жарғыда» біз тізіп отырған аса жабайы да қатал өктемдік пен адамгершіліктен шеткері кеткен қағидалар енбей қалуының біp ceбeбі де Төле бидің данышпандығын дәлелдесе керек.

Қазақ халқының, әдет-ғұрыптары және дәстүрлері туралы деректер (академик С.З. Зимановтың қолжазба қорынан алынды. XX ғасырдың 60 жылдары жиналған, өзгертусіз берілді) Ғасырлар бойы қазақ халқының қолданып келген әдет-ғұрып, салт-сана, заңдары соңғы жылдарға шейін келіп, оларды ел арасында қолданып, өткен дәуірде жүзеге асырылған жобалар төменде аталған билер мен хандардан қалған нұсқалар деп айтылады, мысалы: 1) Майқы биден қалған әдет-ғұрып жобалары қазаққа XІ ғасырда тараған. Сол кездің атақты биі болуға тиісті. Мысалы, Майқы бидің кім екенін, қайдан шыққанын білуге мынау жазылған кестеге қарап салыстыруға болады:

Ескеру: осы Мөңке бидің жол жобасы. 2) Мөңке биден қалған жобалар. Майқы биден қалған салт-сана, әдет-ғұрыпты жаңартқан Мөңке би Бекарыстың баласы (Кіші жүз). XІІІ ғасырда жасаған. 3) Біздің жыл санауымыздан XV — XVІ ғасырларда өміp сүрген: Әз-Жәнібек (Жиренше yәзіpі), ол XV ғасырда жасаған. Ал, Аяуке хан (орысша—Аюк, Аюке —дейді) ол — Алтай жоңғары қалмағы. 1630 жылы Еділ бойына барып, хандық орнатқан, Алтай мен Еділдің арасындағы халыққа дарып, әдет-ғұрып жайылған. 4) XVІІІ ғасырдың бас кезінде үш жүздің ханы Тәуке дәуірінде болған «Күлтөбе» кеңесінде: Ұлы жүзден — үйсін Төле би, Орта жүзден — арғын Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден — алшын Әйтеке билердің шешімдерімен қазақтың әдет-ғұрып, салт-саналары бекітіліп, соңғы кезге шейін сол жобалар қолданып келген. Ескерту: 1. (Мақамбет пайғамбар) (Әбділда ұлы) 509 жылы туған, 632 жылы Мединеде өлген. Ислам діні Мақамбеттің 40 жасында яғни 609-жылынан бастап жайыла бастаған (ceбeбі: ол көкке шығып құдаймен сөйлесіп, пайғамбар болып келді деген жылы еді). Һежирия санағы сол күннен басталады, яғни милидия санағымен екі арада 581 жыл бар. Милидия санағы Айсаның 33 жасынан бастап «Көкке ұшқан күннен» есептеледі. Ескерту: 2. Қазақтың атамыз анасы Сахаба деген cөзі бар. Ол анасы Мақамбет пайғамбардан 23 жас кіші. 592 жылы туған, 712 жылы өлген. 120 жасында Басра шаһарында өліпті. Сол кезде оның ұрпақтары 106 болған деседі. Анасы Маликтің баласы түрік нәcілінeн. Ескерту: 3. Қазақ арасында кең тарап жүрген (ауызша айтылып, жазылып жүрген) шежірелерде:

Құн Ер кісінің құны —100 түйе, яки 1000 сом ақша (алтын есебімен). Әйелдің құны осы айтылған мөлшердің тең жартысы. Оның eceбі: ең әуелі әдет-ғұрып заңы казак арасында ислам дінінің жобасынан тараған, онда (құранда) ерден әйелдер eкі есе кем саналған —(мирасқорлықта, алуда, куәлікке жүруде және т.б.). Сол жобамен кейінгі хан, билер де шариғат жолына көбірек сүйенген. Төре мен қожаның құны —қара қазаққа екі есе болған. Оның ce6e6і: қожа — керемет көрсетуші пір болса, тере — ақсүйек, ел басқарушы өкімет егесі деген. Ханның өлімше құн жоқ, ceбeбі —ол өлтіруші, өлуші жаққа бірдей басқарушы, әдет бойынша хан өлген кезде қарауындағы халықтың қолы жеткені ханға тиісті мал-мүлкін талап алушылық заң (оны хан талапайы дейді). Қара қазақтың өлімінің құны мал төлеуге шамасы келмеген жерлерде — құн төлейтін (қанды ошақ) жағы құн үшін қыз береді, ондағы мөлшері атаның руларының көп зор жеріне, билер мен шонжар байлардың құны төрт қызға шейін, ал, аз атаның ұлына, жалғыз бастыларға, кедей кем қаржыларға тек біp қызга дейін ғана төлейтін болған.

Бармақ кесілсе құны — 5 қара,
Шынтақ кесілсе құны — 3 қара,
Сол қол кесілсе құны — 2 қара
Ортан қол кесілсе құны — 2 қара.

Біp көзді шығарса ердің құнының төрттен біp бөлігі, eкі көзді шығарса — құнның жартысы төленген. Біp құлағы кесілсе — біp қыз яки соның мөлшері. Біp қолы сынса — бес қара айып салынады.

Біp аяғы сынса — алты қара айып төленеді.
Басы жарылса — ат-тон айып салынады.

«Басы жарылса бөpік ішінде, қолы сынса, жең ішінде»,—деп келістіріп құтқарған. Әйелдің біp бұрымы кесілсе оның құнының төрттен біp бөлігі, екі бұрымы кесілсе жарты құнының мөлшерінде айып төленетін болған. Ауылдан адасып өлсе, көліктен жығылып өлсе, суыққа тоңып, ыссыға шөлдеп, отқа күйіп, суға кетіп өлсе, осылайша болып өлуіне қастық пен зорлық ceбeптepі сезілмесе, онда да сол бағытта жұмсаушыдан жарты құн алатын болған. Ат, түйе сияқты асау көлікті белдеуге байлап, соның тепкісінен үйге кіріп шыққанда жазым болып өлгенде, белдеуге көлік байлаушы босағаға байласа — бүтін құн, жапсарға байласа — ат-тон айыппен құтылатын болған. Мал, дүние ұрлаушы, сол ұрлық үстінде болған ұрыстан өлсе, некелі әйел ерінен рұқсатсыз қашқан жолында жазым болып өлсе, малай күні бітпей қожайынынан рұқсатсыз қашқан сапарында өз бетінше өлсе, оларды жоқтаушы-талапкер жағы — шонжар, бай, зор атаның улы болса, құн емес міні деп үш тоғызға шейін жауапкер жағынан (малдай, дүниедей) айып алатын болған. Аз атаның ұлына, жалғыз басты, кедейлерге тек — ат-тон айып мөлшерінде төлеп құтылатын болған. Осы жоғарыда айтылғандардан басқа да құн төленуге жататын кептеген себептердің турлері айтылады. Бұл саладағы қазақтың әдет-ғұрып заңындағы біміт-келіспімнің қорытынды атаулары: құн, мін, үш тоғыз, біp тоғыз, ат-тон айып деп аталынады. 2. Ұрлық жайлы Ұрланған аяқты малдардың ұрыдан көзі қайтарылады. Егерде көзі жоқ болып кетсе, оның орнына төлеу алынады. Біp қара ұрлағанның айыбына «ауыздықсыз ат, астарсыз шапан» деген кәделі айып төлейді / ауыздықсыз ат деген — қой, ешкі, көйлектік шүберек — астарсыз шапаны /. Бес пенен он қараның арасындағы ұрланған малдың ұрыдан өндірілетін ат-тон айып кінәсі, оның үстіне ұрланған малдың басын түгелдеуі міндетті. Оннан жоғары ұрланған малдардың басы түгелденіп алынған соң, оның үстіне ұрыдан «мойнына қосақ — көтіне тіреу» дейтін екі қара айып алынады. Ұры біp кіcі болса да, біpнeшe кіcілep болса да барлығы бірдей кінәлі, айыпты тең төлеуге тиісті. Ал, ұры жұмсаған — «дарға басы болса» оның қарауында бірнеше жұмсайтын ұрылары болады. Ол кезде зәбір eгecі мал ұрлап әкелген ұрыны білмейді. Тек оны жасап алдырған басқарушы «дарға басын» біледі. Ұрлатқан малдары мен тиісті айыптарын басқарушыдан талап етіп өндіреді. Мал, дүние ұрлаған ұрылардың ұрлық үстінде қолға түскендеріне — байлап, сабап, тонап берген азарлар жоқталмайды. Бір жеріне кемістік келтірсе ғана көзі шықса, қолы сынса, құлағы кесілсе, аяғы сынса т.б./ сол кездерде тиісті әдет-ғұрып заңымен қарастырып, зә6іp берушілерге мөлшерлі айыбын төлеуге мәжбүр етеді. Нағашы-жиеніді, қaйынды-күйеулі, туысқан адамдар арасындағы ұрлықтар, жасы толмаған балалардың ұрлығы, әдет-ғұрып заңымен қаралмайды. Олардың өздерінің қалай келісіп ризаласулары үшін epік өздерінде болып есептеледі. 3. Ант туралы Ант беру, ант алудың әдет-ғұрыптағы заңы көпшілік ретте: кісі өлтіру мен ұрлық арасында қолданылатын жобалы тәртіп, мысалы: Түрлі себептермен /тоңып, шөлдеп, аштан, адасып, бура шайнап, жылқы теуіп, отқа күйіп, суға кетіп, оқ тиіп, там құлап, ін басып т.б./ қастандықсыз өлген кісілерге де, зәбіp иecі жағы, өлтіртуге себепкер жағынан құнның орнына — ант / жан / алуды талап етеді. Оның талап ететін ceбeбі: жауапкер жағы өлген кісінің өлуіне ешқандай менің қосылысым жоқ, өз бетінше өліміне өзі себепкер, мен жұмсағаным жоқ, зорлағаным жоқ, өлуіне себепкер мен емеспін, — деп мойындамаған кезде, зәбіp иecі жауапкер / күмәнді / жағынан ант талап етеді. Сол кезде жауапкер жағы өзіне-өзі сеніп, ақ болса ант 6epіn / құннан аман қалады /, құтылатын болады. Ант алатын болған кезде жауапкер жақтың туған-туысқан, жақын-жуығының қайсыбірін антқа ұстауға зәбіp иecі epікті болады. Мысалы: жауапкердің ағайын-туысынан; жаны ардақты жалғызды, бидің, атқа мінер азаматты, ақын молданы тағы сол сияқтыларды ант бepcін деп, атын атап таңдап ұстауға epкі бар. Сондықтан жауапкер жағы ант беруге лажсыз мәжбүр болады. Сөйтіп ант берсе, жауапкер жағының кісілері аман-сау ешнәрсе төлеместен құтылады. Егер де ант / жан / беруден бас тартса, онда анық қылмысты болған болып есептеліп, cөзcіз құн төлеуге тиісті болады. Ант / жан / беру кіcі өлімімен басқа да күрделі ұрлық, зорлық-қатынастардың жөнінде де қолданылады. Үйірлі жылқы, келелі түйе, қоралы қойларды ұрлаушылар, яки сондай күрделі дүние, үй мүлкі, қыстау, ғимарат-жайлар (ұрланган ақша, жасаулар), су, жау апаттарына ұшырауына тікелей қатысы болғандығы сезініп, жауапкер жағы мойындамаса, яки мал, дүние ұрлаушы, болмаса қастықпен зиян келтірушіге көмектесті деп сезінсе, ол үшін жауапкер жаққа қарсы беттескенде, екі кісіден кем емес куә айғақ болса, осы айтылған жағдайларда да жоғарыда айтылған кіcі өліміне ант 6epіn құтылғандай, талапкердің қалауы бойынша жауапкер жағы ант беріп құтылады. Ант бере алмаса зиянды төлеуге тиісті болады.

Ант бepіп, ант алудың заңы Талапкер жағы жауапкер жақтың таңдаулы екі-үш кісілердің аттарын атап, солардың біреуін антын берсе разы болып тарқап кетеді. Ант талап етуі атын атаған кісілерінің ішінен біpeyінің антын өздері ойласып шығарып беру жауапкер жағының еріктерінде болады. Ант бергенде: құран, нан дайындап, молда шақырып антын беретін кіcі үстіне ақ киініп, дәрет алып, айнала отырған кісілердің ортасына келіп «бұл айтылған жала, тағылған кінәдан ақтығым үшін алланың атынан ант етемін, уәллаһи, билләһи» — деп құран сүйіп, нан береді (сүйеді). Сөйтіп даулы кіcілepдің арасындағы ашу-араз анттан кейін тарап, ырзаласып, зілсіз болып татуласып кетеді. 4. Барымта туралы Әдет-ғұрып бойынша барымталасудың түрлі себептері болады. Kөбінece барымтаның заңы мынадай реттерде қолданылатын болған: Біpeудің «ақбаталы» жесірі кетсе, я болмаса некелі әйелі кетсе, біреудің қорық жеріне малы жайылып бүлдірсе, арнап келіп түскенде тиісті қонағасысын бермесе, кісі өлтірген жағы құн төлеп бітіскенше, тағы басқа осы секілді жағдайларда— зәбіp иecі жағы ашу үстінде жауапкер жағының тайпасынан барымталап мал қуып алады. Қанды басты, ақбаталы жесір деп, қалың төлеп айттырып қойған, ұзатып әкелмеген қалыңдықты айтады. Некелі әйел деп ұзатып алып келген, некесін қиып, құтпасы оқылып, әйел атағын алғанды айтады. Ақбаталы жесірі кеткеннен, ақ некелі әйелі кеткеннің барымтасы салмақты болады. Ұзатылмаған қыз, төркінінің үйінде отырған басқа біреумен қашып кетсе, ол қызға төленген қалыңмал қалыбынша құлаққа-құлақ, тұяққа-түяқ қыз иесінен қайтарылады. Оның үстіне ат-тон айып төлеуге тиісті. Ал біреудің некелі әйелі кетсе, ол әйел ізінше кеткен epінe қайтарылуы тиіс. Және де ақ некелі әйелді алып қашқан кіcі зәбіp иecі жағына үш тоғызға шейін айып тартады. Егер де әйелді кайтып алмайтын болған кезінде оның бұрынғы күйеуінің сол әйелге төлеген қалыңмалы түгелдей жауапкерден өндіріледі оның үстіне кемінде біp тоғыз қосымша айып төлейді. Біреудің қорық жеріне — бақшасына мал жайып бүлдірген кіcі, үйіне келіп түскенде қонақ асы, сыбағасын бермеген кісілердің төлейтін айыптары олардан алынатын барымта тек ат-тон айып мұқтарында болады. Барымтаның кіcі өлімі жайындағы мөлшері жоғарыда айтылған / жесір, жер, қонақасылардан анағұрлым артық болады. Ceбeбі: epдің құнының мөлшері— жесірдің, жердің дауларының төлeмінeн бірнеше есе көп қой. Жоғарыда айтылған жағдайлардағы алынған барымталардың барлығыда eкі жақтың бітімге келген кезінде тепе есептелетін, жауапкер жақтың төлейтін шығыны есебіне шегеріліп жататын болады. Екі жағы бітімге келген кезде, оған дейін алынған барымталар жайлы, зә6іp иecі жағы жауапкерлер жағына барымта алғандары туралы айыпты деп есептелмейді. Барымта менен ұрлықтың арасында, әдет-ғұрып заңы бойынша жоғарыда айтылғандай үлкен айырмашылықтардың бар екендігі байқалып тұр. Мысалы: «Ұрлықтың түбі қорлық» деген мақал болса, барымта жайлы «Білсе барымта, білмесе сырымта» деп барымта алушының айыпты болып есептелмейтінін жобаға келтіріп қойған. Барымта алған кісінің білінген барымтасы бітім кезінде қайтарылады да білінбегені болса онда «сырымта» болып сіңіп қала береді. 5. Жер-су жайлы Жер, су, жайлау, қыстау қоныстары туралы ecкі әдет-ғұрып бойынша талас тартыс даулары әр жерде өте жиі болып тұратын жағдайлардың біpі болған. Жер, су қонысқа иелік ету үшін оны басқа біp екінші тараптан даулап, өзіне айналдырып алу үшін салт-сана заңында талапкерге койылатын түрлі шартты сұрақтар менен белгілер бар. Талапкердің пайдасына шешу үшін төрелік берушіні қанағаттандырарлықтай төмендеп түрде бірқатар негізді анықтамалар болуы шарт: Жерді даулау үшін ата-бабаның қорымы-моласы, қазылған арық, егілген егіннің атыз жаптары, құрылған шығырдың орны, қоршап қазылған ор, айнала соғылған бөгет, қыршылған қырманның орны, қазылған құдық, малдың қысқы кеш, жазғы түнеп, тұрғызылған қарақшы, үйілген белгі, тағы сондай басқа түрлі дәлелді анықтаушы көрсеткіштер болуы шарт. Оның үстіне егілген бақша, тігілген ағаш, салынған там, соғылған қора-азбар, қазылған ошақ, іскерт-пішенге қоршалған ор, тағы сол сияқтылар. Осы жоғарыда көрсетілген белгілердің қайсыбірі болмасын өзінің, әкесінің, бабасының яки туысқанының біpeyінің еңбегімен істеліп, біp кездерде қоныстанып мекен еткендігі анықталса, одан кейінгі иеленушіден, бұрынғы eгecі талап етіп дауласа, cөзcіз қайтарып алуға тиісті болады. Біpaқ соңғы мекендеушінің алып кете алмайтын (қора-жай, там, бау-бақша сияқты) салынған күрделі жайлары, тұрарлығы бағаланып, битарап үш кіcі комиссияның кесімімен бағасы төленеді. Егерде жер иесінің даулаған кезінен кейін салынған жай, тігілген ағаш, бау-бақшалар болса, онда шатақ шешілмей тұрып жорта, даулы жерге біле-көре іcтeген еңбек бейнеті деп есептеліп, оған ешнәрсе төленбейді. Біp жерге дауласып таласушының екі жағының куә-айғақтары тең болса, істелген еңбек, салынған белгілер eкі жағынанда бар екен деп табылса, біpaқ кімнің бұрын мекендеп еңбек істегені күмәнді болып анықталмаса, төрешілер / билер / әдет-ғұрып заңы бойынша жерді бұрынғы даулаушының антына салады. Екінші жағы қалған кісінің антын талап етеді. Сөйтіп ант алған жағы жерден шығады. Анттан бас тартып бeргісі келмесе, онда жерден ол айырылады. 6. Мұрагерлік енші Қазақтың ескі әдет-ғұрып заңы бойынша, туысқан кісілердің арасында енші алысудың белгілі жобасы бар, біp кісінің бірнеше ұлы, қызы — балалары болады. Әрине, ол балалардың барлығы 6іp анадан емес, көпшілік жағдайларда, әр анадан болады. Қыздары бой жеткен кезде, қалыңың алып беруге ұзатады. Ұлдары ер жеткен кезде қалың төлеп, қатын алып береді.. Бірақ ұлдың үлкенін алдыменен үйлендіру, қыздың үлкенін бұрын ұзату — әдет бойынша жолды міндет. Keмпіp мен шал үйленбеген яки үйленсе де кейінгі кіші ұл балаларының қолында қала берулері заңды. Ұл баласының үлкені үйленгеннен кейін, арада жыл еткен соң ол ұлына әкесі енші бepіп, бөлек үй қылып шығарады. Одан кейін ретімен екінші, үшінші тағы сондай ұлдарын кезекпен еншісін бepіп, бөлек үй етіп шығара береді. Сөйтіп, шал мен кемпір ең кенже / кіші / ұл баласының қолында — қара шаңырақта қалады. Ұлдарын eнші бepіп бөлек шығарған кезде: үстіне үй, бауырына қазан, төсек-орын, мәнерлік ат, артарлық түйе, сауарлық сауын және батасын бepіп шығарады. Малдың, дүниенің көпшілігі шал мен кемпір отырған кенже баланың қарауындағы үлкен орын — қара шаңырақта қалады. Дәулетті бай кісілер енші бepіп шығарған үлкен ұлдарына: 100 қой, біp айғырдың үйірі — жылқы, 10 түйеге шейін малдай енші, үстіне — отау, төсек-орын, қазан-ошақ, аяқ-табақтарын тақтап бepіп, құдай жолын іcтеп, кемпір-шал батасын беріп шығарады. Орта дәулетті кісілер ұлдарына енші беріп шығарғанда: 5 түйе, 1 ат, 10 шақты жандық малдармен, үстіне төрт қанат үй тігіп беріп, шамалы төсек-орын, аяқ-табақ, қазан-ошақпен шығарады. Әрине, дәулеті аз кісілер де шамасы келгенініне енші бepіп, ұлдарын ретімен бөлек шығара береді. Әдет тәртібі бойынша, алдымен енші алған үлкен ұлы кемпір-шалға өзінің бұрын көрген тұңғыш перзентің (ұл болса да, қыз болса да) ұсынып, кемпір шалдың баласы деп атап, есепке де солай деп кірістіріп, жүріп-тұратын болған кезде қара шаңырақтағы қарт ата-анасының қарауына басы байлы шығарып береді. Сонымен катар ұзатқан қызының баласын да (жиенін) кемпір шал алып, бауырына басып, өз балам деп есептейді. Біpaқ ұрушылық салт-сана бойынша ұлынан туған баладан, қызынан туған (жиен) бала сыртқарылау болып, нағыз ұрпақ-тұқымы деп есептелмейді. Ата-анасынан енші алып шыққан ұл балалары шығар кезде еншіге наразы болмаса, онда үлкен қара шаңыраққа, кемпір шалдың батасын алып, алған еншісінен таңдаулы — ат яки атанды босағаға байлап шығуы тиісті. Алған еншісінің көлеміне қарай аты, атаны болмаса, кілем яки шапан сияқты бұйымдар қалдырып кетуі шарт. Енші алушының шығарда қара шаңыраққа қалдырған кәдесі өзіне қайтарып бepіп, ырзалығымен ешнәрсе алмай-ақ батасын беремін десе, кемпір шал epікті. Ұзатылған қыз арада үш жыл өткеннен кейін, ұзатылған қыз ұзатылған жерінен төркініне келіп төркіндеуге epікті, ол кезде төркіндері өздерінің қал-жағдайларына қарай тиісті төркін сыбағасын бepіп қайтаруы міндетті әдет заңы. Берген еншісіне өкпелеген ұл, төркін сыбағаға өкпелеген қыз тиісті төре / би / алдына шағынып, толық мөлшерде мал, дүние талап етіп айтысуға құқылы. Ондай жағдайда белгілі жобадан кем бepіп, сараңдық eтіп отырған жағы, сөзсіз талапкерді ырза ететіндей төpeліккe еге болады. Шамасынан артық орынсыз талап еткен болса, оған ешнәрсе қосылмайды. Бергенін алады да кетеді. Қыздан туған баланың / жиенің / нағашыларынан жиен сыбаға алуы заңды әдет. Нағашысы жиеніне өз еркімен жиен сыбаға бepіп разы етеді. Жиені бергеніне разы болмаса, алмай тастап кетеді де, өрістен қалаған атын, яки атан болсын ұстап алып кете береді. Ондай жағдайда — нағашылары жиенінен алып кеткен малын талап етіп ешкімге жүгіне алмайды. Сөйтіп, әдет заңы бойынша жиен нағашысынан біp рет қана қалағанын алып, жиендік етуге epікті болады. «Жиен сыбаға» мен «төркін сыбаға» тек біp-біp реттен ғана алынған кәделі жоба. Мұрагерлік (мирасқорлық) дегеніміз: әдет-ғұрып заңы бойынша мал, мүлік, дүние eгесі опат болып, оның орнында басқарушы бірге туысқан естияр, ержеткен кіcіcі болмаған кезде қолданылатын заң. Мал-мүліктің егесі жоқ болғаннан кейін оның артында eнші алып кеткен ұлдары мен ұзатылған қыздарынан басқа ешкім қалмаса, я болмаса қолында ұл баласы жоқ, яки т бала тумаған кіші әйелі ғана қалса, ол кездерде өлген / опат болған / кісінің тиісті «асын» беріп болғаннан кейін ағайын туыстары жиналып, қалған мал-мүліктерді енші алып кеткен ұлдары мен ұзатылған қыздарына, оң жақта қалған «өгей» шешеге бөлінеді. Мирасқа бөлінетін мал-мүліктердің тақсымды бөлінетін мөлшері туған ұлдарына екі еседен, туған қыздарына, баласыз әйелдеріне біp еседен, өгей балаларына — жарты еседен, есігінде еншілес құлы менен күңі қалса — ширек еседен бөлініп беріледі. Егерде өлген мал-мүлік егесінің орнында жас ұл, қыздар қалса, олардың, туған шешелері жоқ болса, тек тумаған өгей шешелері ғана болса, ол кезде егер тоқалды / алатын әмеңгері болмаса / жоғарыда айтылған мөлшерде сыбағасын бepіп, іргеден шығарып рұқсат бepіп, еркіне жібереді. Ал, қалған жас балаларды тиісті олардың мал-мүліктерімен қос. ып, eнші алып шыққан ағаларының біpeyі тәрбиесіне алып, бағып ер жеткізеді. Өлген кісінің орнында қалған жас балалардың туған шешесі бола қойса, онда қалған мал-мүліктерді мирасқа бөлшектеуге ешкімнің правосы болмайды. Өлген кісінің өзімен туысқан аға-інілері болса, әмеңгерлік жолымен жесір қалған әйелді (жеңгесін, келінін) тиісті сыбағасымен іргеден шығарып, неке қиып алуға epікті. Әмеңгерлік заңы әдет-ғұрып бойынша туысқан яки немере-шөбере жақындардың біpі өлген кезде, оның жесір қалған оң жақтағы әйелін, яки айттырып қойған қалыңдығын, жоғарыда айтылғандай, жақындары алуға праволы / мейлі ол қайнысы болсын, қайнағасы болсын /. Ал, жесір қалған әйелдің әмеңгері аламын деп тұрғанда, оны қаламаса да тимеймін деп айтуға правосы жоқ, егерде тимей кетіп қала қойса онда, кеткен жесірдің қатарында кінәлі болып «жесір дауының» ережесі қолданылып, ел арасына дау кіріп, жік түседі. Қазақтың әдеп бойынша, бай мен бәйбішенің қолында ең кіші ұл баласы қалатынын айтып кеттік. Ол үлкен үй / ауыл / қара шаңырақ болып аталады. Ал, бай кіші әйелімен бөлініп, бөлек ауыл болып шығады, бәйбіше мен кіші ұлы үлкен ауыл болып қалады. Сол кезде үлкен ауыл деп, бәйбіше мен кенже бала қалған ауыл атанады да, тоқалымен кеткен байдың отырған ауылы «Кіші ауыл» деп аталады. Сондай-ақ бұрын енші алған үлкен ұлының үйін — «үлкен отау», одан кейінгісі «Кіші отау» деп атайды. Шал-кемпірдің қолындағы ұлының жатар орны — отау үш бөлек болғанымен оны «Кіші отау» деп атамайды, тек ғана / пәленнің / отауы дейді. Мұрагерлік, мирасқорлық, әмеңгерлік деген әдет-ғұрыптағы ақаулар біp-бірімен байланысты. Ceбебі: «Аға өлсе, жеңге мирас, ат өлсе, сауыры мирас» деген мақалдың өзі, өлген кісінің мал-мүлкімен қалған жесір әйелін, қандай жақындары және кімдердің егелік етіп алатынын көрсетіп тұр. 7. Қалыңмал заңы Қазақтың ecкі әдет-ғұрпы бойынша (ұлына, інісіне, басқа туыстарына, өзіне) күн ілгері ыз айттырып (атастырып), құда түсіп, «құйрық-бауыр жеп», қалыңмал төлеушілік ғасырлар бойы өте берік қолданылып жүрген заңның біpі болып келген. Қалыңмал төлеп қыз айттырып, ұл мен қыздың туған күннен бастап оның ата-аналары, болмаса туысқандары күн ілгері сөйлесіп, келісіп «құда» болуларынан басталады. Құда түсіп, қалың төлеген кезде қалыңдық пен күйеудің жас-қатарлығы, ден саулықтары, бір-біpінe риза-наразылықтары қалай болады деп тіпті ескеріліп, есепке алынбайды. Күйеумен қалыңдықтың ата-аналары балалары ескеннен кейін де олардың махаббаттық жан-жағдайларымен санасуды тіпті керек етпейтін егерде қалың төлеп «ақ бата» келісім болғаннан кейін еш жақтың / күйеу, қалыңдық / біpeyі қаламастық көңіл сездіріп наразы болса, онда ол «ақ батаны» бұзған нағыз тентек болып «аруаққа қарсы, көпке тентек, құдайға шет», ата-ана, жақын-жуықтары жексұрын көріп, орталарынан аластап қуады, сондықтан, көпшілік жағдайларда амалсыздан / қорыққаннан / кейін қаламаған жарға телініп қосылады.

Құда түсіп, қыз айттырудың, тәртібі Әркімнің дәулет тұрмысына қарай, құда түскенде қасына epтіп баратын құданың саны үш түрлі мөлшерде болып шамаланады. Құда болып баратын кісілер құда түсушінің жақтың жақын жуық, туған-туысқандарынан болады. Құда түсуден бұрын екі жақтың арадағы келістіруші уәкілдері арқылы, яки тікелей eкі жақтың өздepінің келісімімен «қалыңмалдың» мөлшері, құда түсетін мезгілдер белгіленіп сол күндерден бастап құдалық, қайынды-күйеулес кәдесі басталады. Құдалыққа баратын кісілердің саны үш мөлшерге бөлінгенде: ете кем қарып, жоқ жұқалардың арасындағы құдалар бірден беске дейін, орта дәулетті кісілердің құдалары — бес кісімен он кісінің арасында, ал, байлардың, салтанатты кісілердің epіп баратын құдалары он кіcі мен он бес кісінің арасындағы мөлшерлерден болған. Хандардың, сардарлардың, бектердің ертіп баратын құдаларының саны —он бестен отыз кісіге дейін болған жерлері де бар. Құда түсіп, қыз айттыруда әдет заңы бойынша алдымен күйеу жағының құдалары барып қалыңдықтың ауылына құда түсіп, киіт киіп, мініс мінеді. Күйеуінің, ауылына, қыздың ауылының құдалары содан кейін шақырған / хабарлаған / кезде, тиісті құдаларын epтіп барып, құда түсіп «құйрық-бауыр» жеп, олардан лайықты міндеттерін киіп, міністерін мініп, қалыңмалдарын айдап қайтысады. Құда түсуден eкі тараптың құдаларына да хал-жағдайларына қарап кигізілетін киттер түрліше болады. Бас құда болып қыз бен күйеудің басқарушы егелері есептеледі. Олардың қасына epіп барған құдалары / жақындық реттеріне қарай екінші, үшінші, төртінші тағы сондай жолыменен —құдалық киіттерін киеді. Киіттің түрлері / дәулеті, сән-салтанатты кісілерден / жылжыған жорға, жылмиған жүйрік, қара нар, қалы кілем, қамқа тон, ішік, қыран құс, жүйpік тазы, алмас қылыш, деңмент белбау, ат, атан сияқтылар болып, оның үстіне — бүтін құндыз, жібек шапан секілді жам дүниелер де қосылады. Жоғарыда аталған сияқты киіттердің eгecі — жауапкершіліктен бас құдада болып есептеліп, ол epіп келген құдаларына киіттің қандай түрінен беремін десе де ықтияры өзінде болады. Kиітті кигізген жақ, келген құдалардың саны қанша коп болғанымен тек бас құдасын ғана біледі.

Қыздың қалыңмалының кесімді мөлшері Құда болған eкі тараптың хал-жағдай, тұрмыстарына қарап, айттырылған қыздың қалыңмалының кесімді мөлшері көпшілік жағдайларға, қазақ арасында бес түрлі болып қолданылып келген. 1. Қырық қара, біp жүз қой / яки алпыс жылқы /. 2. Жиырма қара, біp жүз қой / жүз жиырманың қалыңы /. 3. Жеті қара, қырық қой / қырық жетінің қалыңы «дөңгелек» /. 4. Он eкі қара /«дөңгелек» қалың /. 5. Сегіз қара / кедейдің қалыңы /. Бірінші қатардағы қалыңмалдың кесімді төлемі құда болған eкі жақтың әрқайсысының мыңдаған қойлары мен жүздеген қаралары бар байлар мен шонжарлардың арасындағы мөлшерлер. Екінші қатардағы қалыңмал кесімі, ордадан жоғары дәулеті барлар мен болыс билердің құдалығының арасында қолданылатын кесім. Үшінші қатардағы қалыңмал мөлшері орта шаруалардың арасындағы / қатыны өлген, яки қатын үстіне / айттырған қызға төленетін қалыңмал. Төртінші қатардағы «дөңгелек қалың» / қатыны өлген / кедейдің айттырған қызға төлейтін қалың малының мөлшері.

Бесінші қатардағы кесім кедейлердің қалыңмалының мөлшері.

Қалыңмалдан басқа да неше түрлі кәделердің аты, жөні кеп, оны түгел жазып жіберемін, бірақ осы ретте үлгеріп қалыңмал туралы әдет-ғұрып заңын жазып жіберуге — тиіспей, үлгере алмадым. Жоғарыда айтылған қыз айттырған жақтың қалыңдыққа төлейтін «қалыңмалдарынан» басқа да неше түрлі міндетті түрде өтейтін / қыз ұзатылғанға шейін / кесімі кәделер бар. Мысалы:

«Жеңгетай, балдыз көрімдік»

Қызды айттыруға келісіп, құда түсе барған кезде «қалыңмалдың» Kecіміне eкі жағы келіскен соң, қыз eгecі жағы «жеңгетай, балдыз көрімдік» деген кәделерді алатындығын сол кезде ескертеді. Бұл кәделердің негізі: «Қалыңмал» төлене бастағаннан кейін күйеудің қайын жұртымен танысып, қатынас жасаудың әуелгі бастамасы тек жеңге, балдыздары арқылы болатынына сәйкес негізделген жолды кәде. Күйеу қайын жұртына «жеңгетай, балдыз көрімдіктің» кәдесі өтелмей тұрып қатынас жасаймын деуі жолсыз болады, сондықтан күйеудің қалыңдыққа жанастыруға бейімдейтін бастамасы — балдызы мен жеңгелерінің күйеумен танысып, қатынасуларынан басталатын болады. «Жеңгетай, балдыз көрімдік» кәдесі, шамасы келерлік дәулетті кісілерден толық екі іpі қара / түйе, жылқы / мөлшерінде болады. Егерде іpі қара болмаса оның тұрарлығы / ақшалай, заттай / төленсе де болады. Жоқ, жұқа кісілерден, шапан, көйлек-көншек сияқты нәрселер де болса алына береді. Біpaқ, ешнәрсе кәделемей «нейбет» тастауға жол жоқ. «Ата өлсе де, кәде өлмес, арық қойдан түстік ал» деген қазақтың нақылы сондай реттерде айтылған.

«Ілу, тоймал» «Ілу, тоймал» кәделерді қыздың қалыңмалынан тысқары алынатын арнайы кәденің біpі болып есептеледі. Қыз иесі «ілy алса — жасау береді, тоймал алса — қатар береді. Жасау: кілем, текемет, сандық, көрпе-жастық, төсек-орындар, үй мүліктері, ал, қатар: қызға ұзатылғанда көшіне тіркеліп қосылатын аяқты іpі қара (түйе, жылқы) малдары. «Ілу, тоймал» eкі жақтың ел-шамаларына қарай eкі қарамен он қараның арасындағы мөлшерде алынып, төленеді. Егерде «ілу, тоймал» кәдесі алынбаса да, қалыңмалынан құтылғаннан кейін қыздың ұзатылуына күрделі кедергілік болуға тиіс емес, біpaқ қыз ұзатылғаннан кейін күйеу, құдалар жасау мен қатарды олқысынып, өкпелеп, кеуіл білдіруге жолды праволары болмай қалады. Себебі «ілу мен тоймал» кәделері тек жасау мен қатар (тіркеу) үшін алынып-берілетін, араласатын, орыны бар дербес кәделер. Сондықтан, /«ілу алсаң, жасау бересің», «тоймал алсаң, қатар бересің»/ деген қазақтың нақыл cөзі, бұл кәделердің не үшін алынатынын дәлелдеп көрсетіп тұр.

«Ірге көрер»

Қалыңдық пен күйеудің әкелері, болмаса олардың туған ағалары, қыз ұзатылмастан бұрын кәделі түрде біp-біpінe араласып, қарым-қатынастары жасаулары керек болады. Ондай қатынасудың бастамасының кит «Ірге көрер» деген кәдемен ашылатын болады. Жол-жоба бойынша алдымен қалыңдықтың қайын атасы қыз иесінің «іpгесін» көруге тиісті болады, содан кейін қыздың әкecі барып (күйеу) құдасының «іргесін» көреді. Eкі жақтың құдалары да «іpгe көре» барғанда бостан бос барып көрмейді. Олардың хал-ауқаттарына қарай (біp қарадан үш қараға дейін) жетекпен болмаса сондай сомамен барып көруге тиісті. Аяқты мал я оның сомасын таба алмаған, жоқ жұқа құдалар (шапан-шақбыт, шүберек-шаршы) тапқандарын алып барып «іpгe» көреді. «Ірге көруге» барған eкі жақтың (күйеу мен қалыңдықтың) қайын аталары: кeлін баласының, сондай-ақ күйеу баласының қашып, жасырынбай, Kөpініп қызмет істеп жүpyлepінe рұқсат етіп, ертіп әкеліп көрсетіңдер деп қайын атасы құдасынан сұрайды. Сол кезде «көрімдік» кәдесін алып, «ірге көре» келген құдасына / қызды болсын, күйеуді болсын / әкеліп көрсетеді. Содан кейін күйеу мен қалыңдықтың қайын аталарынан қашпай, көрініп жүре бepyі орынды болып есептеледі. Кәдесіз, рұқсатсыз өз беттерінше қайын аталарынан қашпай көрінген күйеу де, қыз да айыпты, кінәлі деп есептеледі.

«Қызкөрсетер» / ұрын бару / Күйеу қалыңдығын (оң жақта) бірінші рет көру үшін қайынына арнаулы кіcі жіберіп рұқсат сұрап, ризалығын алады. Keйбір жағдайда оң жақта көрсетпеймін, біp жола көреді, — деп рұқсат етпей қоятындар да болады. Күйеудің «ұрын» келуіне рұқсат-келісім болғаннан соң қасына құрдасын epтіп, «қызкөрсетер» кәдесін алып, қайынның ауылына жасырын кештетіп келеді. Қыр астына барып отырған күйеуді жеңгесі мен балдыздары epтіп алып, оқшаулау тігілген біp жеңгесінің үйіне әкеліп кіргізеді. Содан кейін күйеудің қасындағы құрдасынан қыздың аға-жеңгелері қызкөрсетер кәдесін сұрап біледі. «Қызкөрсетер» кәдесі / шамасы келетін кісілерден / толық екі іpі қарамен, біp қараның бұйымы шамасынан кем болмайды. Кем қаржы кісілерден де «қызкөрсетер» кәдесі біp қараның жуығынан кем алынбайды. «Қызкөрсетер» кәденің шамасына қыздың аға-жеңгелері азсынып, кеуілі бітпесе, толықтырып үстінe қостырады. Болмаса қызды көрсетпей, қайтарып жіберуге epіктepі бар. «Қызкөрсетер» кәдесін алып, қызды күйеуге көрсеткеннен кейін, қалыңдық пен күйеудің арасында қатынас кедергілері болмайды, өзді-өзінің келісімдерімен қашан қыз ұзатылғанша, күйеу қатынап жүре беретін болады.

«Сүтақы» «Сүтақы» — қыздың шешесінің ақ сүтін бepіп, аналық тәрбие еткен еңбегіне алынатын кәдeнің дербес аты. Ол үшін: толық біp іpі қара, яки қараға тұрарлық кілем, ішік сияқты бұйымдар да болады. Шамасы келмейтін кісілер тапқанын бepіп қыздың шешесін (қайын енесін) риза қылса, «сүтақы» кәдесінен құтылады. / Бірақ ырымсыз, нейбет құтыла алмайды /.

«Тойлық»

Қалыңдық жақтың басқарушылары, күйеу-құдаларға қызды ұзатуға айналғансын, «тойлық» мал әкелуді талап етеді. Ол eкі жақтың (той дережесінің көлеміне) келісуімен болады. Ұзатылатын қыздың тойына сойылатын малға eкі тарапта бірдей ортақ болулары керек.

«Отаужабар» /сағлақ/ Қызды ұзатып болып (сәрсенбінің сәтіне) болатын тойға ел шақырылғаннан соң, қыздың отауы жабылып, тойдан бұрын мелдекше «отаужабар» тойы болып, сағлағы шабылады. «Отаужабардың» тойына сойылған мал қыз иесінен болады да, бәйге-мүше, тартылатын сағлақ (көкпары) шығындары күйеу жағынан болады.

«Қыз ұзатар тойы»

Ұзатылатын қыздың тойы болғанша, жақын-жуық, аға жеңге, төркіндері, күнде біpeyі кезекпенен шақырып ойын-сауық, мереке көрсетіп (қоштасу) дәм татқызады. Той болған күш, шақырылған кісілерді тиісті тігілген тойдың саятшылары кіргізіп жайлайды, табақ тартылып тойдың eті желініп болғаннан соң, саятшылар: «атшабарлап» әр жерден дауыстап хабарлайды. Тойға келген кісілер (ер, әйелдер) тепе мереке көруге «қарақшы» тігілген төбеге жиналып, ат шабылып, көкпар тартылып, палуан күресіп тағы басқа түрлі ойындар көрсетіледі. Ат шабылып, ойын ойналып болған соң peтті атаның жолымен «Тойбастар» кәдесі тиген кісіні ортаға алып, көпшілік тойханаға қайтіп келіп, ұзатылатын қыздың «тойбастары» басталады. «Тойбастар» өлеңменен айтылады. «Тойбастар» айтқан кіcі қызды сыңсытып жылатып, содан кейін оның жылағанын қойдыратын лайықты сөздер айтып, тоқтатуы шарт. Той бастаған кіcі қызды сез тауып жылата алмаса, яки қыздар сыңсып жылаған кезде жұбатып қойдыратын қолайлы өлең таба алмаса, онда тыңдап тұрған көпшілік күлкі етеді де, «Тойбастар» кәдесін ол ала алмай қалады, содан кейін «тойбастарды» дұрыс білетіні қайтадан бастап, тиісті кәдесін алады. Қыздың «тойбастар» кәдесін той eгecі төлейді. Ал, тойдың «төбеге шығар» жыртыс «кәделерін» күйеу-құдалар жағы береді. «Төбеге шығар» кәдесі ақшалай, кездеме-шүберектей жағалы шапан сияқтылардан құрастырылған түрде күйеу-құдалар әкеліп, оны тойдың асабашылары — шабылған аттың, тартқан көкбардың, күрескен палуанның бәйгі мүшeлepінe, және де ата-руының ақсақалдарына жеткеніне ырымдап үлестіріп таратады. Содан кейін той тарқап, жиналған халық ауыл елдеріне қайтысады.

«Қызқашар»

Ұзатылатын қыздың тойы тарқаған күш оның «Қызқашар» кәдесін қыз иесінің қaдіpлі біp жақын-жуығы сұрап алып, сол күш кешке ұзатылатын қызды, оның сіңілісін, жеңгесін, күйеу құдалары және де ауылдың қыз-келіншек жігіттерін шақырып, ойын «тартыс» мерекесін істейді. «Қызқашар» кәдесі шамасы келетін кісілерден біp іpі қарадан, яки оның шамасына тұрарлық / тон ішік, шапан сияқты / жам дүниеден, мүліктен кем болмауы тиіc. «Қызқашар» кешінің ойын-мерекесі түн ортасына шейін ойналғаннан кейін ұзатылатын қыздың некесін қиятын молда шақырылады, болмаса молда сол ойын басталғаннан-ақ ішінде бола береді. Түнгі ойынды басқарушылар: мерекеге жиналған көпшілікке енді ойынды доғарып «неке қияр» жолының болатынын айтып хабарлайды. Қыздың некесін қиюға кіріскенде eкі кісіден куә сайланып, олар қыз бен күйеудің арасында екі жағының біp-біpінe некеленуге ризалығы үшін «кәзәлікте» жүретін куә болып есептеледі. Біpaқ көпшілік жағдайларда, күйеуге қалыңдық «ризамын» деп айтқанын куәлар құлағымен есітпесе де есіткен болып, неке қиған молда (ила-шарғысына) сыйыстырып, неке қиярдың құтпасын оқып, тиісті алатынын алып (кесе құйылып, бетіне ақ орамал жабылған) неке суды «Tіcінe құрт түспейді, қасиетті» деп дәріптеп, жеткенінше ұрттатып шығып кетеді. Содан кейін «тартыс» басталады: Қыздың жеңгелері біp табиға, сіңілілері мен қыздар біp табиға болып, қыздар үйден шықпай, керегеден ұстап бекінеді, жеңгелері шығарамыз деп, сүйреп тартады / ұзатылатын қыздың тартысы деп аталатын ceбeбі содан қалған /. Әйелдер қыздарды өздері шығарып әкетуге шамасы келмесе, жігіт-бозбалаларға ақы беріп солардың көмегіменен үйден ақыры шығарады, шығатын болғанын білгеннен-ақ қыздар дауыстап, сыңсып жылай бастайды, арасы қашық болмаса, ұзатылатын қыздың үйіне келгенше қыздар жылап сыңсып келіп, ата-ана туыстарымен көрісіп жылайды. Содан кейін отау тігілген қыз болса жеңгелері қыз бен (қалыңдықтың) күйеудің «отауға салар» кәдесіне кіріседі. Отау тігілмеген қыз болса, отырған үйінің оң жағына шымылдық құрып, жеңгелері «төсек салар» кәдесін алып сол күні күйеу мен қалыңдықты біp төсекке жатқызады. Ұзатылатын қыздың некecі қиылып, құтпасы оқылғаннан соң, ол бұрынғы ата-ана әлпештеп, еркіне жіберіп өcіpгeн, сайраңдаған дәуірден, су сепкендей басылып, сол кездеп бастап-ақ, мойнына бұғалық түскен асаудай, «қыз» деген атынан айырылып, «келіншек» атағына көше бастайды. Неке қылып, «құтпа» оқу заңы, күйеу мен қалыңдық екі тарапының да неке қияр кезінде арада жүрген екі кісі «кәззәлік» куәлар арқылы біp-біpіне «жұптылыққа» қосылуға ризалығын — олардың құлағына естіртіп айту, молданың шариғатының тетікті заңы болса да, көпшілік жағдайда — қыз күйеуіне, күйеу қалыңдығына разы болмаса да epіксіз қосақталып жіберіле беретіні ескі әдет-ғұрыптың қолданылып, мықты ұстаған салтының біpі.

Қыздың некесін қиярда — арасында жүрген екі куә:
Куә-куә, куәдүрміз — куәлікке жүрәдүрміз.
Таңда — хақ қасында бұл кезде халық қасында,

Ақ куәлік бередүрміз, — деп естімесе де есіктен өткізіп, жұртқа жариялатқан молданың үйретіндісімен (жалған куәлік) айтады да, молдекең «ила-шарғысына» сыйыстырып, риза деп, құтпасын оқып, алапасын алып жөнінне тартады.

«Отқақұяр»

Қыздың «қызқашар» мерекесі тарап, күйеу мен қалыңдық (отауға салынып) жатпастан бұрын, сол түн ішінде күйеу алдымен қайнатасының үйіне кіріп сәлем береді. Қайын ата-анасының үйіне кіргенде «құдай-аруақ» жолына деп біp бес майда жандық мал (қой, ешкі) «отқақұяр кәдесін күйеу беретін болады». Отқа май салып, күйеуге дам татқызып қыздың ата-анасы тілектестік-ырзалығын білдіреді.

«Шымылдық байғазы»
(төсек салар)

Қыздың жеңгелері күйеу мен қалыңдыққа деген төсектерін салып, оның алдына құрған «шымылдық байғазысы» деген кәдесін алғасын, олардың шымылдық ішіне кіруіне рұқсат етеді.

«Қолұстатар, шашсипар»

Күйеу мен қалыңдықты біp төсекте, «некелі жұптылар қатарында алғашқы бас қосып жатуға айналған кезінде, жеңгелері күйеуден «қолұстатар, шашсипар» кәделерін алып (жатар орындары жайлы-құтты болсын деп) таң алдында тарап кетіседі.

«Сәукеле, желек, байғазы»

Хал-жағдайы жетерлік кісілер, қызын ұзатқанда сәукеле кигізіп, оның сыртынан «желекпен» ұзататын болады. Сондықтан оны құн ілгері әзірлеп, қалыңдық ұзатылатын күйі жеңгелері кісі келіп, күйеу құдадан: «сәукеле-желек» байғазы алады.

«Босаға шапан»

Ұзатылатын қызды жөнелту алдында, қайын атасы күйеу, құдасын шақырып дәм татқызып, қызына беретін мал-дүниелерін көрсетіп, олардың ризалықтарын сұрап еншілесіп қоштаса бастайды. Сол кезде қайын атаның қара шаңырағының босағасының құрметіне біp жағалы киім «босаға шапан» кәдесін іліп шығады.

«Күйеу аттандырар»

Ата-ана, туған-туысқандарымен құшақтасып көрісіп ұзатылатын қыздың жасаулары артылып, қатарлары тіркеліп, қыздың шешесі бірге epіп, күйеудің ауылына қарап жөнеле бастаған кезде, күйеуін төбенің астына дейін жеңге, балдыздары бірге epтіп шығарып, қоштасып, «күйеу аттандырар» кәдесін алып, аттандырып жөнелтіп қайтысады.

«Беташар»

Келіншек келіп түскен ауылда тиісті меркелері болып, шашу шашылып, сол күні кешке келіншектің түскен ауылы жиналысып «беташар» кәдесін бастайды. Келіншектің бетін ашатын кісі, өлеңмен бастап, үлкендерге сәлем еттіреді. «Беташар» өлеңінде де «тойбастар» сияқты өзіне тән, жарастықты желісі болады, бет алдына кез келген ұйқаспен құрастырып айтып, келіншектің бетін ашуға болмайды. Келіншектің қайын атасына, енесіне, қайын aғa, абысындарына, жезде-апаларына, қайын сіңлі, қайындарына, тағы сондайларға бөлек-бөлек жарастықты өлеңмен айтылатын «беташар» жыры өз алдына бір сала шығарма болады.

«Өкіл әке, өкіл шеше»

Ұзатылып жаңа түскен келіншекті барған жерінде әдейі көрімдік кәдесін әкеліп берулер туысынан «өкіл қыз» етеді. Әрине, ол келіншекке «өкіл әке» болған жері оның төркін тайпасынан басқа рудан болуы тиіс. Сондай-ақ «өкіл әке, өкіл шеше» жаңа түскен келіншекке ғана болғанмен оның күйеуі де «өкіл күйеу» болып келешекте ол тайпаны қайын-жұрты ретінде санайтын болады. Көрімдіктерін алып, «өкіл әке» болып келген кісінің қалағанын беріп разы қылып, келіншектің өкіл төркіні етіп қайтарады. Соңғылықта келіншек туған төркініне, төркіндеген кезде «өкіл әкеге де» төркіндеуге болады. (Атақты шонжарлар: хандар, бектер, байлар қыздарын ұзатқанда — жігітіне күң, құл бергендері де болыпты). «Қызға қалыңмал» төлеп, құда түсуден бастап, оның ұзатылып, келіншек болғанша, ecкі әдет-ғұрып бойынша қолданылатын кәделердің бірқатар білерлік түрлері осымен аяқталады.

«Қасым ұлы Кенесары хан мен Қарадос бидің кездесуі»

Кенесары хан қасына ерген қосындарымен Арқадан Қырғызға бет алып сапарланған жолында, мал жайында отырған қыр жайлап, қыс қыстайтын, көшпелі қазақ шаруаларының, келе жатқан қосының алдынан қашып кеше алмай хабарсыз қалып, кездескендерінің epікcіз малдарын айдап алып азық, киімдерін де сарбаздардың керегіне сұраусыз алып, біp кешеулерін зәбірлеген. 1846 жылдар шамасында Кенесары қосындарының Арқадан Алатауға бет қойып бара жатқан жорығында, Kіші жүздің Алшын оның ішінде қаракесектің «Шөмекей» руындағы «Балқы» тайпасының, «Тоққожа» аталығы, Қарадос бидің ағайынының eкі айғыр үйірі (қырық бес) жылқысы ханның жортуылшыларының қолына түсіп, сойылып, мініліп «қосынның» қаражатына жұмсалады. Жылқы егесі кездейсоқ жұтқа ұшырағанына налып кеткен жылқының артынан іздеп баруға амалы жоқ, ағайындарынан «жылу» сұрап, болған уақиғаның жағдайын айтып, жылап Қарадос бидің ауылына келеді. Сол кезде Қарадос би ете қартайып 104 жасқа келген кезі екен. Біpaқ, ecі дұрыс, cөзі бұзылмаған, тек жүріп-тұрудан қалған уақыты екен. Алайда Қарадос би жақын отырған ауылдас ағайындарын жинатып алып «басқа келген бәледен, бастан құлақ садаға», «малға келген бәледен, малдан лақ садаға» деген, төтенше жұтқа ұшыраған ағайынның жоғының бәрін түгендемегенімен жартысын түгендеңдер,—деп біршілік айтып тапсырады. Біpaқ, зәбірленушінің қолына ешнәрсе құралып түспейді. Ағайындары «жылу» берудің орнына, ханның жортуылынан қорыққан болып, қашып көше бастайды. Қырық жылқысынан айырылып, жұртта қалған сорлы: қарт Қарадос биге келіп ағайынынан жылу-көмек болмағанын айтып шағынып жылайды. Қарадос би өзінің / Алушы деген / баласын қасына алып, жылқысы алынған ағайынын ертіп, айнала қоршаулап істелген «ашамай» ерге мініп, атының басын жетелетіп, Кенесары ханның қосынына өзі іздеп кeлeді. Сырт қарауыл күзетшіге: ханмен жолығатын жұмысым бар, жаяу жүре алмаймын, рұқсат етсін, атымның басын өзің жетелеп алып бар, алдияр тақсыр ханға айт айыпқа тұтпасын, кім екенімді ханның өзіне айтамын, — дейді Қарадос би. Кенесары хан қарауылға: — Қартты өзін жетелеп алып кел, жолдастары сыртта қалсын,—деп тәртіп береді. Күзетіп барып, қартты өзі жетелеп қалың қосынның ортасындағы ханның шатырына алып келгенде, хан қартты көріп, шатырдан шығып: «Ақсақал, таныспадық, аяқпен жүріп тұратын халдан айырылған шамаға келгенде, ауызбен айтып тыңдатарлық қандай қауырт-арызыңыз бар еді»—деді. Әуелі aты-жөніңізді айтыңыз депті.

Сонда ат үстінде тұрған Қарадос би:
«Мен Абылайдың тұсында — атқа шапқан бала едім
Қасым ханның тұсында ақыл айтқан дана едім.
Кенесары хан болып, халық билеген кезінде,

Қырық жылқымды алдырып, қуып келген ізінен—
Бұл кезде бір жүз төртке келген шал едім»,—депті.

Айтылған сөздің мазмұнына түсінген Кенесары хан қайтарып айтарлық жауап таба алмай, Қарадос бидің қырық жылқысын сол сағатында дайындатып, «мойнына қосақ, көтіне тіркеу» айыппен қырық eкі бас жылқы eтіп алдына салып айдатып қайтарады. Қазақтың: «сөз жүйесін тапса, мал иесін табады» деген мақалына сәйкес / төрт ауыз / сөзбен қисынын келтіріп айтқан 104 жастағы карт Қарадос бидің cөзі, қаһарлы күшті ханды еліктіріп, кеткен жылқысын түгендетіп қайтарып алған тапқырлығы, ғасырлар бойы халық аузында—үлгілі нақылия сөздердің біpі болып, ұмытылмай сақталып келеді. Қарадос би, Кенесарының атасы Абылайды керген Kіcі болғанда, олардың eкі жағы да осы кезде жеті атаның үстінде тұр. Мысалы: Қарадос би, одан Алушы, Алушыдан — Бекарыстан, Бекарыстан — Төрежан, Төрежаннан — Жақсылық, ол осы кезде Ырғыз ауданының «Жабасақ» ауылында тұрады, жасы жет үстінде. Оның немересі бар. Абылай ханнан — Қасым, Қасымнан — Кенесары хан, Кесенесары ханнан — Сыздық, оның катар туыстарында немере-шөберелерінің бар екендігі естіледі. Сонда Қарадос бидің: «Абылайдың тұсында атқа шапқан бала едім» —деген cөзі дұрыс тұстас келеді.

Қарадос бидің «Жаббас» Тілеке биді сөзден cүрінтуі Kіші жүзде «Байұлы» руының Жаббас аталығынан шыққан атақты — Өте Тілеу би, жасынан нағашысының ішінде (Әлімнің шекті аталығының ішінде) туып өседі. Өте Тілеу жас бозбала жігіт кезінде, түнде біp «қыз-ойнақ» мерекеде біреулерменен (жастың Садырмектің) себебінен шатасып төбелес болып, құлағы кесіледі. Өте Тілеу (құлағын азалап) нағашы жұртына өкпелеп, Ақ-Мешіттегі ағайынына көшетін болады. Біpaқ, нағашы-жұрты (шектілер) жібермей кеуілін тауып, азар көрсетушіден, құлағының құнына біp қыз тегін алып бepіп, өкпесін тарқатып риза қылады. Сол Өте Тілеудің құлағының құнына алған қыздан туған баласы Тілеке би болады. Өте Тілеу қартайып, Тілекке ер жеткен кезінде, өзінің туған елін іздеп нағашы жұртынан қонысын аударып, Сырдарияның аяғындағы «Кектің көлі» мекенін тастап, Ақ-Мешіт қолтығындағы ағайындарына көшіп кетеді. Сол кезден Кіші жүздің ханы Абылқайырды / Орта жүздің ханы / Барақ «арғын» Сырымбет Бекше дегенге XVІІІ ғасырдың орта кезінде өлтіртеді. Кіші жүздің ханы Әбілқайыр өліп, елі егесіз тұрған кезде Тілеке ағайындарынан 300 үй «Жаббас» бай балаларын epтіп, Сыр бойына Арқаға Орта жүздің жеріне көшіп кетеді. Әбілқайырдың орнына баласы Нұралы хан болған кезінде Kіші жүзден Орта жүзге көшіп кеткен елдерін қайтарып алумен жұмысы болмағандықтан Тілеке өзінің қарауындағы көшіп барған елдерімен өз бетінше аралықта жайсын отыра берген. Нұралы ханнан кейін Әбілқайырдың екінші баласы Ералы Кіші жүзге хан болған кезінде: ең алдымен әкecі Әбілқайырды өлтірген Сырымбет Бекшені іздеп барып «Жүз құдық—қақпатасы» тауында қашып жүрген жерінде өлтіріп (әкесінің қанын алып) қайтып келгенсін, Арқаға қашып көшіп кеткен үш жүз үй Тілекені іздеп, бес жүз кіcі мен Қарадос биді басшы қылып қайтарып әкелуге барады. Келе жатқан көп қосынның хабарын естісең Тілеке, ара-күндік жерден алдынан шығып, Ералы ханды қарсы алып, Қарадос биге екпе артқысы келіп, өзінің езге дәлелге орайластырып былай депті. «Eгесіз халық, epcіз әйелмен бірдей, бақпаса мал, қарамаса қатын кетеді» деген, кеткен ел керек болса өзің-ақ неге келмедің, жасақ жинап келгендей жауды қайдан таптың? Бұл қаптаған қалың қолының: алды қайда, арты қайда, оны қайда, солы қайда?—депті мыс. Сонда Қарадос би: «Әй, Тілеке! Асқа талау тисе — итмұрын да кіреді» деген. Сен халықты жинап, қашып кешкендей неден үріктің, кімнен қорықтың?—депті. Тілекенің: бу қаптаған көп қосынның алды-арты қайда, кімді шабайын деп нөкер жинап келе жатырсың,—деген «кекесін» сұрағына, Қарадос би былай деп жауап қайырады:

- Тілек, сен білгің келсе қаптаған қалың қолымның алды-артын айтайын дейді Қарадос:

«Арқа жағын сұрасаң Алғайдың құба дөңінде,
Күн шығыс жағын сұрасаң, ит жортпастың шөлінде.
Түстік жағын сұрасаң, Жаңа дарияның белінде.
Күн батыс жағын сұрасаң, әкең Өте Тілеудің,

Құлағын кескен көлінде»,—депті Содан кейін Тілеке айтарлық сөзден тоқталып, кеткен елді қалыбына қайтарып, Сыр бойындағы қонысына әкеліп қондырыпты. Жаббас Өте Тілеу, Әбілқайыр ханмен тұстас, Тілеке менен Қарадос, Ералы ханмен тұстас болуы керек.

Ескерту: «Жаббас» дегеніміз жайлы түсінік:

Kіші жүздің Алшын тайпасынан «он eкі атаның Байұлы». Байдың Самса деген әйелінен алты аталық «Жаббас» болып бөлінеді. Сол алты аталық Жаббастың біpі «қияқы». Өте Тілеу, Тілекелер сол қияқыдан деседі.

«СЕРКЕШ» Жамантайдың Қасым ұлы
Елкей ханды сөзден тоқтатып теңдік алғаны

Kіші жүздегі «Бай ұлы» руының ішіндегі «Серкеш» тайпасынан шыққан Жамантай деген туымды ділмар кіcі болған. Туып өскен мекені Сырдарияның бойында бұрынғы — Қосқорған Қaзіpгі Қармақшы ауданының жерінде Елкей ханның кезінде жасы катар замандас болған. Жамантай өзінің төңірегіне біpнeше кісілерден «жортуыл» жинап, соларды басқарып жұмсап, байлардың малын астыртын түнделетіп айдап алып, «Білсе барымта, білмесе сырымтаның» жолыменен, көпшілік жағдайларда мал егелеріне дұрыс теңдік бермейтін болған. Жамантай, біp жылы қырдағы байлардан жылқы қудырып алуға, қарауындағы жұмсайтын «қолғанат» жігіттерше жақсы, жүйрік (қашса құтылатын, қуса жететін) аттар тақтап беру үшін өздері білетін аяқ жетер жердегі кісілердің тәyіp аттарын ұрлап әкeліп жорыққа мінуге жігіттерше таратып бepіп, әрқайсысын әр жаққа жұмсап, өзі қулысы кете Өтeyлі байдың баласының бағулы күзетте түнде кісенде, күндіз арқанда / тұратын атақты бәйгі атын ұрлап әкелуге, қараңғы түнде келіп аңдиды. Жамантайдан күтініп, ат күзеткен қарауылдар таң алдында көзі ілініп кеткен кезінде, аңдып жүрген Жамантай «алмас» арамен аттың кісенін кeсіп, біp аяғын босатып, енді алып кетуге айналған кезде, кісенінің сылдырын ceзіп оянып кеткен күзетші ұрыны ұстап айқай салған дауысы менен ауыл адамдары жиналып, Жамантайдың екі қолын артына байлап, ат иесінің үйіне айдап алып келеді. Жамантайдың ұрыларын қолға түcіpe алмай, көптен бepі кісінің күзетте отырған ауыл, ұрының дарға басын қылмыс үстінде қолға түсірген соң кеуілдерін бірлегендей болып, Жамантайдың (сүйегіне мөр болғандай) денесіне белгі салып жұртқа әшкерелеу мақсатымен, оң қолының (аты жоқ төртінші) саусағын түбінен шауып түсіріп, байлаудан босатып қоя береді. Бұрын соңды көрмеген азабын көрген Жамантай, сол бетімен басқа жаққа бұрылмастан Елкей ханның ордасына барып: «Ат арытпақ болса да,ер — арытпақ жоқ» деген «жаңылмас жақ, сүрінбес тұяқ» болмайды деген, менің сүйегіме мөр салғандай жазығым жоқ еді, «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген, тақсыр, әділетпен тексеріп, теңдігімді алып бер,—деп арыз айтады. Елкей хан, шариғат білетін молдаларды, тариқат білетін ақсақалдарды жинап, уәзірлерімен бас қосып азар көруші Жамантаймен, азар көрсетушіні қатыстырып, тексеріп кеңескенде: қай жолмен қарастырса да—аты жоқ саусаққа «құн» жоқ болып шығады. Адамның біp қолындағы бес саусақтың төртеуіне (бес бармақ, сұқ қол, ортаң қол, шынтақ) құн бар екен де, шариғаттың әдет-ғұрыптың заңы бойынша атсыз саусаққа төленетін «құн» да «міні» де жоқ екен. Молдалар мен билердің қорытындысына қосылмасқа болмайды, «ұрлықтың түбі қорлық» деген. Осы төрелікке біразы болсын дағы деп, Елкей хан Жамантайға биліктің шешімін жариялаған кезде, ханнан сез кезегін сұрап алып, тоқталмастан былай дейді: «Бестің төртеуіне теңдік тиетін, біpeyі босқа күйетін» билікке разы еместігін, тақсыр!

«Саусағым бөлек болғанмен, білегім біp еді,
Талабым бөлек болғанмен, тілегім біp еді».

«Адасқанды алдындағы, жаңылғанды жанындағы біледі» деген атамыз қазақтың мақалы бар еді. Мүләйімсіген молдаларыңызбен, білгірсінген билеріңіздің білетіні жоқ екенде, білмейтіні көп екен.

«Бұл аты жоқ саусақ—қол сұлтаны еді,
Тақсыр, cіз ел сұлтаны eдіңіз».

Қол сұлтаны қорлық көргенде, тиетін теңдік осы болса, ел сұлтаны қорлық көрсе, оның да төрелігі осылай болатын шығар,—деген кезде, хан қайтарып айтарлық жауап таба алмай, сөзден ұтылып, саусақ кесушіден Жамантайға үш тоғыз айып төлетіп, разы қылып қайтарыпты.

Жаңай батырдың Жамантайдан сөзден тоқталуы Жаңайдың әкесі Ережепті жас бала кезінде түрікмендер Қызыл бастан (Персиядан) алып қашып әкеліп Кіші жүздің «қаракесек» руындағы «Шөмекейдің «бозғыл тайпасының «десек» аталығының байы — Қабай деген кіcігe «құл» қылып сатады. Сол Ережептен туған Жаңай әpі батыр, әpі шешен болады. Он eкі атаның ұлы —«Байұлының» «Серкеш» тайпасынан шыққан Жамантайдан Жаңай үш жас үлкен болады. Eкeyі біp-бірінe қадірменді дос болады. Жаугершілік жорықтарда бірнеше рет жолдас болып, ерлік сенімділікпен танысып дос болысады. Олардың екеуі де Қасым ұлы Елкей ханмен жасы катар, замандас талер. Жаңай батыр мен Жамантай түрлі себептермен қоныстарының бөлек болуына байланысты, жастары жетіп қартайған кездерінде біp-біpімен көп жылдар көріспепті. Сыр бойынан Арқадағы Жаңай батырды әдeйі көріп қайтуға іздеп, Жамантай барыпты. Арнап сәлемдесуге келген досын, Жаңай батыр да ете қуанышпен қарсы алып, бірнеше күндер құрметтеп, сыйлап, арада көріспегелі өткен көп жылдарда, бастарынан кешкен жаңалық сырларын айтысып, хал-жағдай сұрасыпты. Жаңай батыр Жамантайдан сөз арасында: — Қоныстың шалғайлығынан, бір-бірімізбен көріспегелі көп жылдар өтіп кетті, жан ашитын дос, жай білетін жолдас едік,—деп Жамантайдың жасақ жинап, ұры жұмсайды деген хабарын қатынасушыдан естіген досы Жаңай батыр, лайық көрмей былай депті.

— Жамантай жан! «Ат қартайса сүріншек, ер қартайса ұрыншақ» болады деген, ceні жұрт ұры жұмсап, тай мініп, тайлақ жетелейтін болды деген жаман атқа таңып жүр, осы хабар рас па, өзің айтшы?—депті.

— Сонда Жамантай: «Батыр аға! Жанылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» деген. Жас кезімде жаңылған да, cүрінген де шығармыз (жас жеткесін, қайрат кеткесін) өткен іc, көрген түстей болып тәуба-тағаттың жолына түскеніме кеп жылдар болсадағы, «ат тағылған қалмайды, боқ жағылған қалады»,—деген; (сіздің «құл» атаңыз бен, біздің «ұры» атамыз) өлгенде қалмаса тіріде, cіpә, қалатұғын түрі көрінбейді,—депті.

Сол кезде Жаңай батыр: «аталы сөзді, арсыз қайрады» деген, жарайсың Жамантай—деп ат мінгізіп, тон кигізіп, досын құрметтеп қайтарыпты.

«Тоқа» Сәтбай биді, «дөсек» Жаңай батырдың сөзден ұтуы Кіші жүз, «Шөмекей» руының үлкені «Тоқта» тайпасының «Есқара» аталығыннан шыққан Баубекұлы Сәтбай би Жаңай батырмен құрдас, XІX ғасырдың 20 жылдары шамасында туған кісілер. Төрт «шөмекейдің» кенже баласы «бозгүл» руының «Бекет» тайпасындағы, «шөпдар» аталығының атақты кісісі болған. (Сардар) — тоба берген улы Алымат, Арқада (бұрынғы Торғай облысына қарасты), «Аққұм» деген жерде мекендегі жасаған кісі. Алымат XІX ғасырдың 80 жылдары шамасында қайтыс болғаннан кейін, «шөмекейдің» төрт рулы баласы / Тоқа, Кенен, Аспан, Бозгүл / бірлесіп, сардарға ұлы жиын — дәріпті «асын» беруге төрт «шөмекейдің» басты кісілері қатысқан (қанды-ошақта) кеңес болып, «астың» қаражаты белгіленіп, кесіліп, пішіледі. Кеңеске қатысқан билер қорытындыларын Алыматтың балаларына (Самырат, Тере-мұрат, Мақан) айтып мәлімдеу үшін, төрт «шөмекейдің» үлкен! — Тоқа Сәтбайға сөз беріледі, сонда ол:

— Алыматтың «асына» төрт жүз үй тігілетін болғанын, төрт уездің (Ырғыз, Торғай, Қазалы, Перовский) ел шақырылатынын, қосылған аттың бас бәйгесіне жүз қара тігілетінін, бұрын соңды Kіші жүздің баласында бұл секілді іpі астың eшбіp жерде болмағанын баяндай келіп, Сәтбай: — Жанай батырмен құрдас екен, оның «құлдығын» қағытып ceзініп қорытындысында былай депті:

— «Сардар — Әлекеме тірісінде: арыстандай айбат, асқар таудай абырой берген адам еді, өлгесін оған берілейін деп отырған асында, айрықша адам таңырқап, айта қалғандай болайын деп отыр, бірақ, бір кемісіміз болып аттың бәйгесіне мал тіктік те, «құл» тіге алмадық»,—депті.

Сонда Алыматтың баласы Самыратқа қарап, Сәтпайдың сөзіне жауап ретінде, кідірместен Жаңай батыр:

— «Әлекемнің атының бәйгесіне тігуіме жарайтын «құл» табылғанменен, оны тігуге жарайтын «ұл» табылмады ғой» деп, «құл» болса да, ұлмен тебінгісі тең екенін шеберлікпен суреттеп, Сәтбай биді Жаңай батыр сөзден ұтыпты.

Сырым батырдың, (Датұлы) сөз тапқырлығы Сырым Датұлы Кіші жүз «Алшын», оның ішінде он екі ата бай ұлының «Байбақты» руынан. Байбақтыдан — Айтымбет, Айтымбеттен — Шолпан, Шолпаннан—Дат, Даттан —Сырым, Сырымнан — Қази, Жүсіп екі бала. Сырым батыр XVІІІ ғасырдың екінші жартысында жасаған. Әбілқайырдың баласы — Нұралы ханмен замандас өмір сүрген адам. Ханның ордасына біp жұмыспен, көптеген қазақтың қадірлі кісілермен бірге Сырым батыр да келеді. Нұралы ханның ордасында ілулі тұрған аң терісінен істелген, әдемі ішікті таңырқаған қазақтың біpінe, Нұралы хан:

«Атаңа — нәлет, кергенсіз — қазақ,
Біp тышқанның терісіне сонша—
Таңырқадыңдар, басқаны керсеңдер
Ecтеріңнен танарсыңдар, cіpә!» —

депті сонда Сырым батыр: «Қаңғырған» қанды шелек ханыңнан асайын деген екенсің, қара қазақты аяғыңа басайын деген екенсің» — депті. Қанның сөккеніне қатты ызаланған Сырым, Нұралы қанға қарап үш түрлі сұрақ қойыпты:

«Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе?
Әкімнің адалы көппе, арамы кеп пе?»
«Аз бен көпті, ақ пен қараны,
Алдымен — әлсізді тең көрмеген—жан көргенсіз бе?

Теңдік тимеген —ел көргенсіз бе?»
«Көлеңкесі көпке түсетін гүжім біp дарақ бар.
Ол дарақта 32 тармақ, 114 бұтақ бар,
Ол бұтақтарда 6666 жапырақ бар.»

Сол дарақтың саясы кімдерге түседі екен? Халықтың кимесін киген, мінбесін мінген, қарны жуан хандарға түсе ме екен, болмаса, қойдан қоңыр кінәсіз момын жандарға түсе ме екен? «Кергені көп білгір хан» осы сұрақтарымның орынды жауаптарын бере алмасаң, жайыңды табармын, орныңды шабармын, ханым деп тұрып шығып кетіпті. Сырым батыр содан кейін / Тана — Малайсары, Беріш — Алдар, Ыстық— Таубай билерден ақыл сұрап /: Нұралы ханның ордасын шауып (ұлын — Ұрымға, қызын — Қырымға жібереді) ханның өзі қашып құтылыпты. Сырым батыр Нұралы ханның ордасын шапқаннан кейін, қасына Дауқараұлы Бекара деген батыр (палуанды) ертіп, кеткен барымта малдың ізімен Хиуаның ханына барыпты. Сырымның батырлық, шешендігін сыртынан ecтіп қанық болған Хиуаның ханы, Сырымды сынап шамасын білмек үшін (тілге шешен ділмарын, жолға көсем билерін) жинап, түрлі сауалдар бepіп, шатастырғысы келіп «шарға» салады.

Хиуаның шешені: — Сөз анасы, су сағасы, жол шамасы не депті?
Сырым батыр тоқталмастан: —
Сөз анасы — құлақтан,
Су сағасы — бұлақтан,

Жол шамасы — тұяқтан, — депті.
Ханның шешені:
Дау мұраты,
Сауда мұраты,

Қыз мұраты,
Жол мұраты не,—депті
Сырым батыр:
Дау мұраты — біту,

Сауда мұраты — өту,
Қыз мұраты — кету,
Жол мұраты — жету, — депті.

Сырым батыр Хиуаның ханына барғанда жол ұзақ, жат жер болғаннан кейін жарақтанып, қос атпен барған екен. Әcіpece, атының біpeyі атақты жүйрік бәйгі ат екен де, екіншісі шаппайтын жылжыған жорға екен. Хиуа ханның «Қоңырат» қаласында болған үлкен бір тойда, бәйгеге қосылған аттардың бәрінен де Сырымның аты озып, бірінші болып озып келеді, ханның аты да Сырымның атынан қалып қояды. Палуанның бас бәйгесіне ханның палуанымен күрескен, Сырымның жолдасы Есқара палуан жығып бас бәйгені алады. Той тарқап, кешкі отырыста — мәжілісте Хиуаның ханы Сырым батырға (сезден мүдірту мақсатымен) мынадай деп сауал қояды: Хан: — Қазақтың (ас, мас, жігі, мігіт) «ат, мат» дейтін сөздерінің (қосалқалап) айтылатын мәнісі не? Соны бізге түсіндіріңізші— деп қағытыпты.

Сырым: — Түсіндірейін, тыңдай қойыңыз, тақсыр.
Қазақ — «ас» деп табақ толтырып тартқан ет пен қанып ішкен қымызды айтады.

«Мас» деп: «Сылдыраған шай мен шарапты, жесе тамақ болмайтын жеміс пен науатты» айтады.

«Жігіт» деп: топқа тұрып күрескенде, көтеріп соғып жыққанды айтады.
«Mігіт» деп: мардымы құрып жығылғанды айтады.
«Ат» деп: алдымен келіп, бас бәйгені алғанды айтады,
«Мат» деп: артында (қор боп) қалғанды айтады,—депті Сырым.

Хан Сырымды намазға барайық, мешітке жүріңіз —деп epтіп келгенде — кебісіне жұққан нәрсені көріп: Хан:—«Қонақ, көзіңе қарамай жүремін деп, аяғында «нәжіс» басыпсың ғой — депті. Сырым:—«Бұқара» мен «Хиуаны» ақ діннің кілті ашылған жері десек, аяққа «нәжістің» басылған жері екен ғой—депті. Сөзден ұтылып ызаланған Хиуаның ханы, Сырымның қайту сапарына қымызға «у» қостырып бергізіп, соның себебінен Сырым батыр өліпті—деседі.

«Адай» Атақозы бидің Нұралы ханды сезден ұтуы Маңғыстаулық, тіл дүлдүлі, —«Адайдың» атақты биі Атақозы деген кіcі, Әбілқайырдың баласы Нұралы ханменен замандас жасаған адам. Атақозы би: / жер шатағы, жecіp дауы, ер құны сияқты жұмыстарда / орыс, қазақтың зорлықшыларының азарына көнбей, eкі талай ерегесті жерлерде тиісті теңдігін алып, халқы ізіне epіп қадірлейтін, тілге шешен, жолға көсем адам болыпты. Халықты күйзелткен хандармен қарсы бағытта болған адам екен. Нұралы ханмен бірінші рет кездесуінде, Атақозыға Нұралы: — «Қырда — қазақ, ойда — орысты коймай жүрсең де, бойыңа «шір» жұқпапты ғой, «шемен» ауруың жоқ па еді?—депті.

Атақозы:

— «Қаралысында—қатын, қайғысыз хан семіреді» деген,

«Өлеңді жерде — өгіз, өлімді жерде — молда семіреді» деген.

Ханның қанауынан, жаттың тонауынан қазақ қайткенде құтылар екен, топтан топай шалдырмаудың, халқымды жауға алдырмаудың амалы не болар екен — деп, қысқа күнде қырық ойланып, тоғыз толғанам, жатсам ұйқым келмейді, жамбасым жерге тимейді, қалай маған «шер» жұқсын депті.

Ел аузынан жазылып алынған сөздер
(академик С.З.Зимановтың қолжазба қорынан алынып, өзгертусіз бepілді)
1-жазу. Семей қаласы.

1964 жыл 1 июль күні Семейдегі Абай музейінде жолыққан Орынғали Жасаңбайұлы деген 66 жастағы қарттың айтуы бойынша жазылды. Тобықты елінің ішінде Жұмағұл деген кісінің алты ұлы болыпты: Мамай, Мырза, Баян, Рысбай, Манай дегендер. Тобықты елін Өрдің қара ағашы деген жерден осы Шыңғыс дау бойына бастап алып келген ел батыры осы Мамай деген адам екен. Мамайдың өзіне тете інісі Мырза да батыр, балуан, мықты адам болған екен. Осы мырза Қанжығалы еліндегі бір Боқты дегеннің бойжетіп отырған қызын айттырыпты. Бір күні Мырзаның оң жақта отырған қалыңдығы Мырзадан:

— Сен баймысың, кедеймісің?—деп сұрапты.

— Бай емеспін, біз тұқымымызбен батырлық жасап, жорыққа өмір еткен адамдармыз. Мал жинап, байлық құра алмадық,—деді Мырза.

Сонда қалыңдығы тұрып былай депті:

— Менің әкемнің ешкімге көрсетпей тығып жүрген 40 биелік қазынасы бар. Оның барлығы жамбы күміс құймалар. Ішінде бесік жамбы, ат бас, қой бас жамбы, тай тұяқ, қой тұяқ, түйе көз жамбылар бар. Осыны мен саған шығарып берейін. Сен соны сатып басыңа тәyіp үй жасап ал,—депті.

Мырза жарайды деп келісіпті. Қыз әлгі 40 биелік жамбыны алып келіп қараса, түйенің мойнақ терісінен тіккен кең торсыққа салған біршама күміс екен.

— Мұны әкең саған қалай айтып, қалай көрсетті,—деп сұрапты Мырза. Қыз айтты:

— Әкем маған айтпайды. Өйткені қазақта «Ұзатылар қыз жау, кетерінде келін жау» деген мақал бар емес пе. Әкем шешеме сенеді екен. Сол кісіге айтып тыққан жерін көрсетіпті. Ал шеше деген ана емес пе, ол келіп маған айтты. Мен міне, екеуімізге бұйырсын деп, саған айтып отырмын,—депті.

Сонымен жамбы Мырзаға сіңіп, қыз ұзатылып Мырзаның үйіне келіпті. Боқты жамбының жоғалғанын қызы кеткен соң ғана білсе керек. Біp күні қызының үйіне келіп, Боқты жамбының жоғалғанын, өзінің кедей болу қаупіне таянып қалғандығын айтты. Әкесіне жаны ашыған қыз — Жамбыны Мырза алып еді,—деп айтып қойыпты. Боқты дәукес, сөзшең адам екен. Соған қарай ел арасында оны көбік ауыз Боқты деп атайтын. Боқты: өзі күйеу, өзі батыр бола тұрып менің қазынамды ұрлады. Қара шаңырағыма арам қолын сұқты,—деп арғын, тобықтының билеріне жүгініс жасапты. Арғын билері: — Қыз үшін өзі шапты. Өз дастарханын өзі ұрлады. Бұл — үлкен айып,—деп мойнына қосақ, артына тіркеумен 40 биенің қазынасын 120 тұтқа кесіпті. Бұған Мырза көнбей қойыпты.

Тобықты билері

— Ұрлап өткізген өзіңнің қызың, бергенін алғаны үшін 40 биенің үстіне 10 бие қосып, Мырза 50 бие төлесін,—деп билік айтады. Бұған Боқты көнбей жағып алыпты. Сонда біp қария:

Көбік ауыз Боқты қоймайды,
Көк ауыз Мырза көнбейді.
Сонымен енді ел шабысады-ау,—деген екен.

Біp күні Боқты күйеу баламмен өзім сөйлесем деп, Мырзаны Қанжығалыға өз үйіне қонаққа шақырып алыпты. Мырзалар 3 кісі болып келіпті. Боқты үшеуінің де аттарын аударып алып, Мырзаны аттың құйрығына тағып, шеңгелге сүйрепті. Мырзаның осы соққыдан 4 маңдай тіcі сыныпты. Соққыдан тонауға түскен үш жаяу ел шетіне шығып, осы елдің біp батырынан үш ат мініп қайта кeліпті де, Боқтыдан тағыда бес жылқы алып кетіпті. Дау, сүргін тағы да қоза түсіпті. Осы дау Тобықты мен Қанжығалы арасында үш жыл бойына созылыпты. Сонымен Арғын — Тобықтының билepі өздepі тоқтам жасай алмаған соң сөз аяғын Ұлы жүз Үйсін eліндeгі Төле биге жүгініске келген жерде Мырза биге қарап сол жақ қолымен оң жақ қолтығын басыпты да, тілінің ұшын шығарып, бармағын маңдай тісімен басыпты. Бұнысы «Қол көмекші, тіл жалғарым жоқ, жалғызбын. Дұшпандықпен маңдай тісімді қағып алды. Әділ билігіңе жүгіндім» деген cөзі екен. Төле би екі жақтың дауын тыңдап алыпты да, Боқтының дауын кері қайтарып, ол былай депті. «Бірінші, 40 биенің қазынасын ұрлаған Мырза емес, өзіңнің қызың. Шариғат бойынша ата-ананың қолындағы алтын-күмістің төрттен біpі қызға тиеді. Сонда ұрланған 40 биенің 10 —қайтарылатын болады. Екінші, әйелді ол бала жастан тәрбиелеген әкесі мен шешесі. Олай болса, сенің қызыңның ұрлығы үшін Мырза айып тартпайды. Егер айып салынатын болса баласының ісі үшін әкесі айып татар еді. Он бие сол үшін қайтарылды,—депті. Үшінші, ердің құны —50 түйе. Мырзаны ат құйрығына байлап өлтірмек болыпсың, төрт тісін сындырыпсың. алған жиырма биенің құны ер азаматтың төрт тісінің құнына парапар. Ер өліп, ел іші бұзылар еш нәрсе жоқ. Қайтыңдар»,—деген екен.

2-жазу. 2.07.1964. Қарауыл.

Кенже Тілеу Доламбекұлы. Абай ауданы. Абай атындағы совхозда қарт пенсионер. Сол кісінің айтуы бойынша.

— Абай сабалды депті. Жанжалдың кезінде Шыңғыс елінде Әкімжанның Мұсажаны болыс екен. Дүрбелең, шатақ болып бірнеше күн ел жиналып, тарағаннан кейін Абай Мұсажанды шақыртып кісі жіберіпті. Мұсажан ашулы Абайға барудан өте қорқып, «Енді Абай маған сенің болыстығың қайда, ел іші бүлік болды, оның түбі менің басыма таяқ тиді,—дер. Мүмкін мені орнымнан түсіріп тастар, елде Ырғызбайдың сотқарларына сабатар»,—деп ойлап келе жатса, жолда Асылбек дейтін кісі жолығыпты. Бұл Асылбек Абайдың біp өте сыйласы, ақылшысы болған адам екен. Сол Асылбек Мұсажанға:

— Сен Мұсажан Абай аулына бармай-ақ қой. Онан да сені Семей ұлығына шақыртады. Сонда ұлық алдына барып жауап бepecің, — депті.

Көп кешікпей Семей ұлығының алдына шақырып алған ел жуандарын айыптап Абай сөз сөйлепті. Әcіpece Мұсажанды қатаң жазалауды сұрапты билерден. Сонда Мамай елінен шыққан Шымырбай дейтін би Абайға мынандай сұрақ қойыпты:

Ай, Абай, осы тайлақтың теңі атанға тең бола ма?—депті.

— Абай: — Жоқ, биеке. Тайлақтың теңі атанға тең болмайды. Ол кішкене болғандықтан, атан түйенің аркасына шығып кетеді де жүк aya бергіш болады.— депті.

— Абай, егерде атанның қомын тайлаққа кигізсе қайтер еді,—депті.

Абай:— Ақсақал-ау, атанның қомын тайлаққа кигізсе ез бойын басып кетпей ме, ол қалай қом болушы еді.—депті.

— Ай, Абай, тұрасың, біp Айдостың баласысың. Сенімен Мұсажан тең бе, тең емес пе?—депті.

Абай:— Мен бұл сияқты ел бүлдіргіш емеспін қой, биеке. Мұсажан маған қалай тең болады. Meні неге бұл сияқты ала аяқпен теңейсің,—депті.. Сонда Шымырбай: — Олай болса Абай, жиын алдына кіммен жүгініске келіп отырсың? Жүгініске келген адамдар билер алдында біpімен-біpі тең болады. Сондықтан ез бауырың Мұсажанменен дауға түсуің Абай басыңа лайық емес. Ecін білген азамат өз күнәсін өзі жуа жатар. Мұсажан үйіне кайтсын,—депті.

7-жазу. 8.07.1964.
Ескендірден (Ескендірдің жөн-жосығы 6-сөзде жазылған).

Біp жылы Абайдың үйінде көп кісі түстеніп отырса, Көтбақ қара Қазыбек дейтін өсекші, қыдырмашы кeліпті. Ол ecіктен кіpe, сәлем беріп:

— Е, құдай айдап, бұйырған тағамға кез келгенімді қарашы—деп, қолын жуып, табаққа келе жатса, Абай зілді үнмен:

— Қайда барасың өңмеңдеп, отыр сол жерге, — депті. Қазыбек не айтарын білмей отыра кетті.

Абай еді қайтарып тағы біp сөз айтпай, қонақтарымен етті жей бepіпті. Ет артынан шай ішіпті. Қазыбекті шайға да шақырмапты. Тамақ ішін болысымен жұрттың бepі шығып бара жатқанда Қазыбек те кете бермек болып түргелсе, Абай — отыр, — депті. Қазыбек кайта отырыпты.

— Сен өзің есек жинайсың, біpeyінің дауын сатып алып, айтысқа түсесің. Осының бәpі біp құдайдың бұйрығы ма?—депті.

Қазбек үндей алмапты.

— Ал сен жаңа «Құдай айдап, бұйырған тағамға дәл келдім-ау»—деп еді. Бұйырды ма сол тағам, жоқ па?—деп сұрапты.

Қазыбек: — Бұйырмады—депті.

Абай: — Ол солай. Сен ас үшін арыңды сатып, бұйырмаған астан іштім деді. Оны бұйырып тұр деді. Кәне, бұйырғаны. Онан да, қаңғырып жүріп, ас үcтінe кез болдым-ау деп неге айтпадың. Жейтін тамағыңды шыныңды айтып жесең нең кетеді—деп ұрысты. Сонда Қара Қазыбек отырып: — Абай, қазақтың біp ырымы, салты бар. үлкенін сыйлаушы еді, cіз менің сақалымды сыйласаңыз eтті,—депті. Абай: —Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық. Cенің үлкендігің мен сақалын қадірлі екені рас. Бірақ, соның қадірін өзің кетіріп жүрсің. Өзің сыйламаған сақалды жұрт не қылсын,—депті.

8-жазу. 14.07.1964.

Рақым молда. 89 жаста. Абай ауданы, Қарауыл селосында тұрады. Ескіше көп оқыған адам. Араб, парсы тілдерін жақсы біледі.

Ердің құны eкі ауыз сөзбен бітті.
Қара Керей Найман елі Арғын Қарсын Кернайдың біp кісісіне құнды болыпты.

Дау жайы: Қарсын Кернайдың біp жігіті жалғыз өзі аттанып Керейге келді де, түнде жылқышылармен соғысып жүpіп, ұрыста тұрыс жоқ, баса сілтемесе де, қате тиеді ме, қалай, сойылға жығылып өледі. Құн сұрай келген арғындарға Керей елі — Ақ адал, ақ малымызды айырып алу үшін соғыстық. Соғысып жүргенде аттан жығылып, өз аты өзін сүйретіп өлтірді. Біз таза арулап көмдік. Тастай алмаған шоқпар, әмбе басқа, әмбе көтке тиеді екен—деген. Арғынның ұрысы келіп, Керейдің малының етіне қақалып өлсе, біз құн төлейміз бе—деп, құн бермей қояды екен. Осы дау туралы Арғын Тіленші бидің өзі келіпті. Қара Керей жағынан Саршуаш деген би Tіленшінің қарсысына шығып дауға кірісті.

Tіленші би сөз бастайды.

— Қара Керей, Матайсың,

Өнбес дауды атайсың.
Epім өлді, құнын бер,
Арғынға өштес емес едің,
Қысқа да қаптас емес едің.

Қанды қолыңның кірін жу! —депті.
Саршуаш би:
Қарсын менен Кернейсің,
Бекер босқа терлейсің.

Суырылып салып сөйлейсің,
Құлағым ecтімейді, не дейсің?—деп жантая кетіпті.
Тіленші:
Ел менікі деп есейме,

Елден елдің аласы жоқ.
Жер менікі деп есейме,
Қазақ-орыстың даласы көп.
Қара Керей, Матайсың,

Он бес дауды атайсың.
Арғыннан Тіленші келе, ағамын
Алты жақсы, жүз жылқыны матайсың,—депті.
Саршуаш би:

Арғынға мен барқам жоқ,
Арғымақ матап алғам жоқ.
Жортуылшының басы жолда қалады.
Жосып жүрген ұрыға мен қарауылшы емеспін.

Тіленші. Әуелі ас ішіп, ауқаттанып алайық—деп, даяр тұрған қазанды түсіртіп, ет жеуге кірісіпті. Ет жеп болып, қол сүрткен соң Tіленші:

Ей, Саршуаш, Арғын, найман арасын
Ат шапқаны бүгін емес.
Арғын, найман анасы
Ұл тапқаны бүгін емес.

Жақыпбектің сүйегіне
Тіленшенің тиегіне сүйеніп,
Жығылар жерден ақсамай өткің келеді-ау—десем.
Саршуаш би:

Елмен елді атайтын өреші болсаң,
Ет ауыртпай жығатын төреші болсаң,
Ауыртпай емдейтін оташы болсаң
Біp аяғынан ақсасам ақсайын, — депті.

Тіленші:
Ақсаған аяғыңды тағалайын,
Ақтан тілегеніңді бағалайын,—депті.
Саршуаш:

Сөз бітті. Сен жеңбесең Тіленші болармысың. Билігіңе құлдық,—депті. Сонымен дау біткен екен. Саршуаш пен Тіленшінің қағысы сегізде келісім тапқандарының мағынасы мынау екен. Бірінші, қандай дау болса да eкі жақтың көзі бірдей бітпеce оған дәлді билік айтылмасын. Екінші, Керей мал иесі едің Арғынның ұрысы өз малы үшін емес бөтеннің малы үшін ажал тапты. Сонда да—ер құнсыз болмасын, нар пулсыз болмасын. Ердің құнының жартысы болсын, яғни ұры жігіттің құны әйел құны болсын. Осымен елдің дауы бітсін дескен екен.

9-жазу. 12 июль 1964 жыл.

Абай ауданы, Қарауыл селосында, аудандық кітап сауда бөлінің бастығы Толғамбаев Балтақай. 1900 жылы туған. Біp жылы Құнанбай Қарқаралға өзінің біp тұстасына қонаққа бармақ болыпты. Абай ол кезде 10 жаста екен. Пәуеске жегіліп, Құнанбай жүруге айналғанда Зере бәйбіше:

— Мына Абайжанды да ала кет, ел көрсің, жер көрсін, сөз тыңдасын,—депті. Құнанбай бұл сөзді ұнатыпты да Абайды қасына отырғызып Қарқаралыға ала кетіпті. Келін түскен үйдің де Құнанбай сияқты өз елінің ең мықты биі болса керек.

Құнанбаймен әңгімелесіп отырып үй иecі де біp айтылар билік туралы қиналып отырғанын сыр қылып айтыпты. Пәлен рудың біp ұрысын Көген деген рудың малын ұрлай барып соғыс үстінде қаза тауыпты. Eкі жағы да жақын, қадірлес адамдар еді. Даулары да қиын. Осыған билікті Құнанбай сен айт. Мен қиуы мен қисынын таба алмай отырмын,—депті. Абай бұл кезде сол ауылдың біp баласымен хан ойнап отыр екен. Тап сол кезде Абай ханмен Біp кеңтайды атып қалса, eкі асық біp-біpінe мінгесе жақын түсіріпті. Ойнап отырған бала Абайға мінгесе түскен асықты қимылдатпай ал деп талап қылады. Абай: — Жоқ, асық қимылдап қалса, манадан бергі ұпайым күйіп кетеді. Мен алмаймын дейді.

Оған ана бала: — Бәpі-біp алмасаң сенің ұпайың күйіп кетеді деп таласады. Абай айтады: — Менің атып алған асығым қолымда қалады, ол күймейді. Осы жолы атқан асығымды алудан наумез-ақ болайын. Енді сен алып соқ десе, бала тағы көнбейді екен. Әкесімен байдың сөзіне де біp жағынан құлағын сала тыңдап отырған Абай: — Әке, бұларға айтылатын билік менің мына баламен арамыздағы дауымыз сияқты екен. Мен болсам оп-оңай айтар едім,—дейді.

— Сонда сен не деп билік айтар едің,—деп сұрапты үй иecі.

Абай айтты:

— Ұры жігіт мал иесінің малын алып келе жатып қуғыншының жеткеніне қарамай, жетегін тастамай жүріп соғысып өлсе, оған жарты күн кесер едім.

— Егер, мал иесі жеткен кезде, ұры жететін тастап қашқан болса, қуғыншылар оған қарамай, өштесе қуып ұрып өлтірген болса, толық құн кесер едім,—депті.

— Ал оны қалай ажыратып аламыз,—депті сонда әкecі.

Абай: — Әкемдей-әкемдей eкі би отырып, eкі ауыз сөзді қағалмайды дегенге мен сенгім келмейді,—депті. Ертеңіне даугерлер келіп сөз қылуға көшкенде, ұры жігіт жетегін тастап қашқандығы, қуғыншылар оған қарамастан қуып жеткендігі анықталыпты да, қуғыншылар жағына толық біp кісінің құны кесіліпті.

Құн даулаушылар желіге түсіп:

— Ердің құны 50 түйе немесе жүз жылқы ғой, сол арасы ашылып айтылсын деп, екі биге тағы да өтініш жасапты.

Сонда анандай жерде сөз тыңдап отырған Абай:

— Мал ұрлап ала қашқан кісі де ер бола ма,—депті.

Абай сөзінің орындылығын сезген билер:

— Жоқ. Ердің құны емес, ердің құны яғни 20 түйе немесе 25 жылқы — депті.

Осы соз ел аузында: Абай 10 жасында билік айтты—деп лақап болып кеткен екен. Үйіне келгенде Құнанбай өз баласына риза болып, оның елі билікке ортақ екенін Зереге айтып қуантқан екен. Екі-үш күннен кейін тал түсте ұйықтап жатқан Абайдың он бойы ысып бет жүзі албырап қызарып жатты.

Мұны көрген Зере зәpecі ұшып Құнанбайға:

— Сен балаға көз тигіздің, әне ол ауырып қалды — десе, Құнанбай:

— Бәлі балаң ауырып жатқан жоқ. Ол тап осы сағатында балалың шақтан eтіп, қулық кәмелетке жетіп, албырап жатыр ғой, қызылы сыртына шыққан, ап парық бетіне тепкен екен,—деген екен.

10-жазу.13 июль.
Рақым Молдадан. Рақым молда. Абай ауданы. Қарқаралы селосында тұрады.

Тобықты Мамай руынан Көжекбай, Тезекбай дейтін ағайынды екі адам жерге дауласып, дауларына Абайға жүгінбек болып тоқтапты. Сол кезде ел аралап жүрген Абайдың Мағаш деген баласына Көжекбай біp атақты Ақ бөрте ат дейтін атын сыйлап мінгізіп жіберіпті. Бір күні Көжекбай мен Тезекбайдың дауына қандай билік айттыңыз, әке — деп сұрапты Мағауия Абайдан. Сонда Абай: — Әй, балам-ай, қандай билік айта аламын. Екеуінде сол елдегі Шымыр бай дейтін биге кайта айдап жібердім,—депті.

— Әке, қандай билік айта алам дегеніңіз не? Мамайға билік айтуға шамаңыз келмеді ме?—деп сұрапты Мағауия.

Сонда Абай: — Әй, қарағым-ай. Біp атқа eкі кіcі мінгесін жүрген пақыр адам кімге билік айта алады. Ақ бөрте аттың жартысына сен мініп, жартысына мені мінгізіп қойған жоқсың ба,—депті.. Бұл —сен бақырайтып пара үшін алмасаң да, — Ақ бөрте атты мінгіздім, жер менікі болар,—деп Көжекбай жүр. Ақ бөрте атты параға алып алды, енді жерден айырылдық—деп Тезекбай жүр. Сен осы Ақ бөрте құрығырды неге алдың. Өз малын өзіне жететін еді ғой, Кісі параны сатылдым деп ойламайды, сатылып қалғанын өзі де білмей қалады,—депті Абай баласына.

11-жазу.
Қалиакпар Жайсаңбайұлы. Арқат аулында тұрады. Мамай Жолбарыс руынан.

Арғын арасында ұлы дүбір дау болыпты. Атақты билер жиналыпты. Сол билердің ішінде жасы үлкен Сарымаңғаз Садуақас деген болыпты. Қарқаралы eкі болыс, даран Тобықтыдан Нарманбет би барыпты. Бақталас билер біріне-бірі сілтеп, сөз бастамай отыра беріпті. Сонда Нарманбет би:

— Жүйріктен шабыс шығады,

Сүйріктен қамыс шығады,
Бірліктен намыс шығады,
Сөйлеңдер жүйріктер,— депті.
Өзінен бұрын сөз бастаған Нарманбетті ұнатпаған Сарымаңғаз:

— Көз көрмеген елде, ел естімеген құс болады—деген екен. Мына бір жап-жас би ел естімеген, кез кермеген бір тың әңгіме бастады ғой, құлағымыз сенде, сөйле Нарманбет,—депті.

Нарманбет:

— Ұлы-ұлы билер бар,

Ұлы суға қонады.
Ұлы бидің ақылы
Рулы елде болады.
Шұғыл-шұғыл билер бар,

Шоқанақ суға қонады.
Шұғыл бидің ақылы
Шағала құста болады,—деген сез бар екен.

Үлкен көлге мың жылқы түссе де жоқ болады. Кішкентай көлге 10 жылқы түссе боқ болады,—десеңші. Сарымаңғаз би үлкен келіп кермеген екен. Қол кермеген кісінің құстарын көрмеуі де ғажап емес,—депті. Сонда Сарымаңғаз: — Кел-кел дейсің, мен кермеген қандай көлің бар еді, кірме Тобықты,—депті. Нарманбет: — Құдай артың жаратқан Құнанбайдың баласы Абайды көрмепсіз. Кел-келдің дариясы Абай емес пе,—депті. Ызаланып алған Сарымаңғаз би: — Ой, тәйірі-ай, Құнанбайдан туды демесең, сол бір не қазақ емес, не орыс емес, Абайыңды қойшы — деп, Абай есімше шек келтіріпті. Сонда Нарманбет:

— Барымтадан қорықпас малсыз кісі

Періштеден қорықпас жансыз кісі.
Ақ теріні қара деп таласады,
Әпербақан, ала өкпе, арсыз кіcі,—депті.
Нарманбеті, алғаш атағын шығарған осы cөзі еді деп ecтідім.

19-жазу.

Семей облысы, Абай ауданы, Арқат совхозы. Ескендірдің қолынан жазылып алынған сөз.

Абай баласы Төрағұл айтқан бір мысал. 1920 жылы қысты күні бір көп атты адамдар, жемге тойып тұрған бүркітті атпен қуып ұстап алды. Бүркітке ең алдымен бұрын жетіп, қолы тиген Алпысұлы Нұрбай деген кіcі еді. Бүркітті ұстап алды да ешкімге берместен өзі орап алды. Топ кісінің ішінде Қосқан, Қасима сияқты жасы үлкен ақсақалдар бар еді. Ayыл мұғaлімі Ахмет Елшібекұлы деген қонақ жігіт бар еді. Бүркітті ұсталғаннан кейін Қосқан мен Қасима: —Қазақ жолы бойынша ұсталған бүркіт сол топтың ішіндегі ең жақсы үлкен ақсақалға байлануға тиіс, сондықтан бүркіт біздікі боларға тиіс—деп дауға түсті. Қонақ мұғалім: — Қазақ жолында олжа қонақтікі, бүркітті мен алуым керек, —деп дауға түсті. Ал Нұрбай осы даулардың бәріне де қарсы тұрып, бүркітті ешкімге бермей қойды. Жаз шыққан соң біздің елге қонақтап жүріп Абайдың Төрағұл дейтін үлкен баласы келді. Даугер осы жұмыс туралы Төрағұлға жүгініске барды. Сол топтың ішінде өзімде болып едім. Сонда Тораш былай деп билік айтты: «Қазақ ережесі бойынша ғайыптан табылған олжаны жасы үлкен адамға байланады. Екіншісі, сол топтың ішінде бұрын жолға шығып олжа алмаған жас сәби бала болса сол балаға береді де жасы үлкендерге жол беріледі. Ал мына дау туралы жол басқаша. Қазақ жолы бойынша 3 түрлі олжа кісіге байланбайды. 1. Даладан табылған жүген, шідері қамшы. 2. Ғайыптан кездескен кесек алтын иә байланбайды. 3. Ғайыптан кездескен түз қыраны байланбайды.

Бұл заттарды кім бұрын тауып алса, кім бұрын қолына алса соған бұйырады. Қонақ мұғалімге жол беру лайық, ақсақалдар да жолын алсын. Бүркіт Нұрбайдың өзіне бұйырған зат. Сондықтан ол бүркітке ие болады—деді.

А. Қосжанов
Бабадан қалған баптар
Қазақ қағидалары

Қазақта қылмыспен жазаға қатысты бір қатар қағидалары бар. Олар жарғы түрінде қолданылған. Өткендер бұл жарғының негізін Тәуке хан (1710 — 1721) салған деседі. Қазақ халқының тарихында ол заң шығарушы көрнекті қайраткер болған. Бұл заңдардың бастылары — жаза туралы заң жүйелері. Қазақ заңдарында жаза Еуропа тілінде «таллион» деп аталатын мұндағы «қанға-қан, жанға-жан» принципі бойынша тағайындалған. Мәселен кісі өлтірген өлтіріледі, денеге зақым келтіріледі. 1. Тәукенің заңдарына сәйкес өлген адамның туыстары өлтірушіні өлтіру құқына ие. Біреудің дене мүшелерінің біріне зақым келтірген адамның дене мүшесіне дәл сондай зақым келтіру жолымен жазаланады. Алайда, сот жазаны жеңілдете алады. Ол үшін өлтірген адамның туыстарының сондай жаза тағайындауға келісімі керек. Мұндай жағдайда қылмыскер зардап шеккен жаққа мал-мүлік беріп құтыла алады. Өзіне кесілген жазадан құтылу үшін қылмыскер жәбірленуші жаққа мал-мүлкін түрінде құн төлеген. 2. «Құн» төлеу арқылы қылмыскер өз өмірін сақтап қала алған. Өлім үшін төленетін «құн» жазаның заттай баламасы болып табылады. Құнның көлемі еркектер үшін—1000 (мың), әйелдер үшін — 500 қой. Денеге, дене мүшелерінің біріне кeлтіpілгeн зақым үшін төленетін құн да бар. Біреудің бас бармағы жүз қой, кіші саусағын сындырса отыз қой төлеуге мәжбүр болады. Төрелер мен молдаларға қол көтергендер 27 қой төлейді, оларды ренжіткендер 9 қой айып төлеуге тиіс. 3. Күйеуін өлтірген әйел міндетті түрде өлім жазасына кесіледі. Егер күйеуінің туыстары кешірім жасамаса құн төлеу арқылы құтыла алмайды. Күйеуін өлтірген eкі қабат әйел өлім жазасына ұйғарылмайды. Алайда, ол жаман атқа ілініп, өмір бойы барша жұртқа жеккөрінішті болып етеді. 4. Әйелін өлтірген еркек, әйелдің туыстары кесілсе, құн беріп құтылады. 5. Некесіз тапқан баласын өлтірген ана өлім жазасына кесіледі. 6. Балаларын өлтірген адам қорымнан бөлек, басқа жерге жерленеді. 7. Өзін-өзі өлтірген адам қорымнан бөлек, басқа жерге жерленеді. 8. Ат үстінде келе жатқан eкі қабат әйелді ұрып құлатқандықтан немесе оны атқа таптатқандықтан іштегі баласы әлсіз не ауру болып туса, қылмыскер мынадай мөлшерде құн төлейді;

а) бала бес айлық болса, бір ат;
е) бала бес пен тоғыз ай арасында болса, бір түйе.

9. Қызды немесе әйелді зорлаушы өлім жазасына лайық деп есептеледі. Егер зорлыққа ұшыраған әйел болса, зорлықшының жазасы — өлім немесе құн. Ал қыз болса, қылмыскер тек қалың мал төлеп, сол қызға үйлену арқылы өлім жазасынан немесе құн төлеуден құтыла алады. 10. Көзіне шөп салған зайыбын қылмыс үстінде немесе куәгердің растауымен ұстап өлтірген еркек жазадан босатылады. Бұдан кейін де ол өз әйелімен зинақорлық қатынас жасап жүрген еркектің өлтіруін талап ете алады. Ол үшін әлгіндей қатынастың болғаны дәлелденуі қажет. Егер төрт сенімді куәгер қылмыс жасағандарды куәсіз растаса, олар жазадан босатылады. 11. Егер әлдекім басқа біреудің әйeлін ықтиярсыз алып қашса, өлім жазасына немесе соған тән құн төлеуге ұйғарылады. Ал егер әйелдің өзі келісімін беріп, ықтиярымен қашып кетсе, онда әлгі әйел алып қашқан адамға қалдырылады. Алып қашушы әйелдің бұрынғы күйеуіне қалыңмал төлейді және оған қыз тауып беріп, қайтадан үйленуіне жәрдемдеседі. Әйелді ренжіткен (тіл тигізген) адам дереу одан кешірім сұрауға тиіc. Кешірім сұрамаған жағдайда заттай айыбын төлеуге мәжбүр болады. 12. Некелесуге болмайтын туысымен жыныстың қатынас жасаған адам өлім жазасына лайық деп саналады. Бұл жаза үй ішінің ұйғаруымен басқа жаза түрімен алмастырылуы мүмкін. 13. Тәңірге тіл тигізген адам, егер мұны жеті куә растаса, тас лақтырылып өлтіріледі. 14. Христиан дініне кірген шоқындылардың және оның бұған туыстарының мал-мүлкі тәркіленеді. 15. Құл иеленуші құлдарына қандай жаза қолданамын десе де (өлтіруге дейін) epікті әpі оған шек қойылмайды. Құлдың өз иесіне жасаған шағымы ешқашан қаралмайды. 16. Ата-анасына тіл тигізген немесе қол жұмсаған ер бала сиырға тepіc мінгізіледі де, ауыл-ауылды аралата жүріп, оған қамшымен дүре соғылады. Ал жәбірлеуші қыз бала болса, қол-аяғы байланып, анасына тапсырылады. Анасы оған не істеймін десе де epікті. 17. Ұрлық жасаушы ұрлаған заттың құнын 17 есе артық қайтаруға тиіс. Егер ұрлағаны түйе болса, қайтармақшы түйелеріне қосымша бір құл беруге, ал ат болса, қосымшасына түйе беруге міндетті. Ұрлағаны қой болса, қосымшасына бір ат беру керек. 18. Біpey бір уақытта epі ұрлық жасап, әpі қылмысы үшін жеке-жеке жазаланады. Күйеуінің ұрлық жасағанын немесе әкесінің кісі өлтіргенін ресми орындарға хабарламаған әйел мен балалары жауапқа тартылмайды (өйткені әйелдер мен балалардың отағасының үстінен шағым айтуына тыйым салынады). 19. Аңға салатын итті немесе құсты (бүркітті) өлтірген адамнан олардың иесі бір құл немесе бір күң беруді талап ете алады.

Мұра жайында 20. Егер әкесінен енші алған ұлы өзі баласы болмай тұрып қайтыс болса, оның дүние-мүлкіне әкecі ие болады. 21. Қайтыс болған адамның кәмелетке толмаған балаларына жақын туыстарының біpі қамқоршысы ретінде тағайындалады. Жақын туысы болмаса, бөтен біpey қамқоршылыққа тағайындалуы мүмкін. 22. Өсиетнама туыстардың және молданы қатысуымен жасалады. Қайтыс болған адамның кісілердегі қойлары төлемдерімен қоса олардан қайтарылып алынады. Барымтамен алынған мал қайтарылмайды. Қолында қойы барлар қойларын жасырмай отырғанын антпен растауына болады.

Дауды шешу 23. Дауды шешуге ханның немесе хан тағайындаған есімдердің (билердің) және ақсақалдардың құқы бар. Би—дауласушы eкі жақтың да төрешісі. Дау ісіне екі жақтың сеніп тапсырған өкілдері шақырылады. Бидің бейтарап екендігі күмән туғызса, ол іc таратылады. 24. Егер жауапкер жақ бидің шақырғанына келмесе, яғни айыпкер тағайындаған айыптың заттай құнын төлеуден бас тартса, онда тағайындалған айыптың мөлшері қылмыскердің туыстарынан немесе ауылынан өндірген. Туыстары немесе ауылдастары кейін кылмыскерден қайтарып өндіріп алу құқына ие. 25.Қылмыстың толық дәлелденуі үшін кемінде екі куә қажет. Кейбір дау-дамайда екеу емес, одан да кеп куәнің болуы мүмкін. Куәлар болмаған жағдайда ант беру талап етіледі. Бірақ дауласушыларға ант беруге рұқсат етілмейді. Олар үшін өзінің тазалығымен, адалдығымен халыққа танымал, белгілі адамдар ғана ант беруге тиіс. Жауапкер жақ үшін ешкім ант бергісі келмесе, дау оның пайдасына шешілмейді. 26. Әйелдер, малайлар, балалар және құлдар куә бола алмайды. 27. Дауға түскен нәрсенің (бұйым, мүлік т.т.) оннан бір болт би мен өкілдерге беріледі. 28. Егер сол ауылдың басшысы дау қуушының шағымына құлақ аспай, өз тарапынан қорғай берсе, онда дау қуушы өз ру басшыларының кесімімен барымта жасау құқысына ие болады. Алайда барымта жолымен қолға түсірілген малының саны үкімде көрсетілген малдың санынан аспауы керек. Енді бұл заңдардан басқа «Тәуке хандық» делініп жүрген мынадай қағидалар бар 1. Жыл сайын күзде төрелер мен ру басшылары түгелімен дүйім халыққа ортақ маңызды мәселелерді талқылау үшін белгілі бір орынға, жиынға (құрылтайға) жиналып отыруы тиіс. 2. Мұндай жиынға әр қазақ қару-жарағымен келуі керек. Қарусыз келгендер дауыс беру құқығынан айырылады. 3. Қару асынуға жарайтын әрбір қазақ (төрелерді, яғни хан әулеті мен ақсүйектерді есептемегенде) жыл сайын ханға және халықты билеп отырған басқа әкімдерге өз байлығының жиырмадан бір бөлігін беруге міндетті. 4. Әр рудың өзіне тән таңбасы болады. Бұл таңбамен кімдікі екенін көрсету үшін үй хайуандары және басқа мал-мүліктері түгел таңбаланады. 5. Қазақтардың бұрынғы тұрмыс-салт құқығы жөнінде орыс тілінде жазылған еңбектерде жаңа мағлұмат бар екенін біле тұра, оларға тоқтауды қажет деп таппадық. Біз тек ежелгі салт-дәстүрдің жалғасы болған ең маңызды құқықтық қағиданы осылайша тұжырымдауымен ғана қанағаттануға мәжбүр болдық. Сонымен қатар осы сияқты әдет заңдарымен бірге шариғат заңдары да бар. Шариғаттың қылмыстық заң нормаларында кісі өлтірудің бес түpі көрсетілген және оларға мынадай жаза қолданылған. Қасақана кіcі өлтіpген адамды міндeтті түрде өлтіріп отырған. Ал басқадай жағдайларда кіcі өліміне құн төлеу арқылы құтылуға жол берілген. Сырымнан бұрын да кіcі өлтірген адамның бір қолы кесілген. Мас түрінде қызды немесе баланы зорлап өлтірсе, өлім жазасына тартылған. Сырым бидің биліктерінде жасы кәмелетке толмаған қыздарды зорлағандарға түрліше айып жаза қолдану туралы айтылған. Шариғат заңында жеке меншікке қол сұққандарды жазалау қатал түрде іcкe асырылып отырған. Бұл заң бойынша ұрлыққа жатпайтын заттар: қамыс, сабын, ұстап алынған балық, жабайы құс және т.б. Құран буларды жеке меншік деп санамаған. Егер бағалы заттар белгілі-біp құнға бepілгeн деген жазуы бар дәптер ұрланса, ұрының қолы кесілген. Оны әдейі қасақана ұрлық деп санайды. Балаларды, мал-мүлікті ұрлағанда да қолдары кесілген. Ұрының әуелі оң қолы кесілген, екінші рет ұрласа сол аяғы, үшінші рет сол қолы, төртінші рет он аяғы, бесінші рет қылмыс істегендер өлім жазасына тартылған.

Ж. Омари
Жарғының негізгі өзегі2

1. «Жарғы» қазақ арасында кең тараған, ғасырлар елегінен өткен («Жол», «Жаза», «Жарғы» «Қасым ханның қасқа жолы», «Ecім ханның ескі жолы») негізін қуаттайды және жетекшілікке алады. 2. «Жарғы» арғы түбін Алаштан алатын қазақ елінің бірлігін, туыстығын сақтап қалуды көздейді. Қандай да болмасын билік, бітім соз қазақтың арасын ашпай «жарасуға», «қарындасқа» бастауы тиіс. 3. «Жарғы» ел басшылығына ұсынылатын хан, ұлыс султаны, билердің жеке бастарының қасиеттері жоғары болуын талап етеді. Қазақ ішінде таза мұрагерлік, таза сайланбалы тәртіп жоқ. 4. «Жарғы» қазақ арасындағы билік, бітім сөзінің халықтың қатысуымен, жария етілуін талап етеді. Бидің айтқан шешімін кейінге қалдырмай, ел болып, бірден іске асыруы тиіс. 5. «Жарғы» бойынша екі жақ алдына келіп бірдей жүгінгеннен кейін айтылған бітім cөзі заң болып табылады. Би (кеңес, жүгініс) шешімін орындамаған адам ел ортасынан аласталады, ие барымтаға түседі. 6. «Жарғы» қазақ арасындағы қылмысқа катысты шешімдердің алдымен «қанға—қан», «көзге—көз» ережесімен шешілуін талап етеді. Кешірім болған уақытта ғана «құн» мен «айыпты» қолданады. 7. «Жарғы» қазақ атанған елдің азаматтары, қару-жарағы мен жорық аты сайлы болса, дәрежесі тең екенін және қарым-қатынас тек туыстық жолмен реттелетіндігі жариялайды. 8. «Жарғы» — қазақ ішінде неке мен отбасы құндылықтарын мүлтіксіз сақтауды талап етеді. Зорлық, ойнас, біреудің некелі әйелін алып қашу т.б. қылмыстарға өлім жазасын лайықты деп санайды. 9. «Жарғы» меншікке, әркімнің табан ақы, маңдай тері — еңбекпен тапқан мал-мүлкіне қарсы жасалған қылмыстың қай түpі болсын — ұрлық, тонаушылық, өте қатал жазалануын талап етеді. 10. «Жарғы» діннем безген, құдайға тіл тигізген адамдарды, өзге дінге кірушіні қатын-баласынан, мал-мүлкінен айыруды, өлім жазасын беруің қуаттайды. Өзіне өзі қол көтерген адамның жаназасын шығармауды, ру қорымынан бөлек жерлеуді талап етеді.

Бірінші таған
Мемлекет және билік
§1. Билік деңгейлері

1. Ақсақал билігі — ата баласының ішінде жүреді. Неке мен отбасы, жақын туыс ағайын арасы, мұрагерлік пен енші т.б. мәселелерді шешуге хақылы. Ақсақалдар бір ата баласы ішіндегі дауда кінәлі жақты жазалауға да хақылы. 2. Рулы елдің билігі — сол елдің ішінен шыққан көсемге тапсырылады. Ол не өз қасиетімен, не аталарынан жеткен мұрагерлікпен билік жүргізеді. Ру биі рулы елге иелік жасайды, дау шарына терелік айтады, ағайынды бір-бірімен табыстырады. Сол рулы елді өзге жерде қорғайды, намысын жыртады. Жақсы би ез руын өрге сүйрейді, өз бас бұзарын өзі жазалайды. 3. Ұлыс биі — бірнеше руға иелік етеді, ұлыстың (жаугершілік жағдайында кемі 10 мың жігіт шығара алатын одақ, бас билігі, сыртқы саясаты ұлыс сұлтанының қолында) шаруашылық және әлеуметтік өміріне басшылық жасайды. Сол ұлысқа ие болып отырған ханның, не сұлтанның ақылшысы, сүйеушісі болады. Іpі-іpі кеңестерде, «Жарғының» жиналыстарында ұлыс елдің намысын қорғап, немесе елдің ішкі және сыртқы жағдайына катысты қабырғалы кеңес айтады. 4. Орда биі — тұтас жүздің басшысы, кемеңгер ел басының қызметі, би ағасының ең биік деңгейі. Орда биі жалпы халықтың мәселелерді шешуге, өзге елдермен қарым-қатынас ісіне тікелей катысады. Орда биі мемлекеттік «Жарғының» құрамына енеді, яғни сыртқы және ішкі саясатқа ықпалы мол, ханды тежеуге немесе қамшылауға, не жауапқа тартуға хақылы. Орда билері хандық биліктің осал кезінде ел татулығын, бірлігін ұстап тұруға жауапты. 5. Хандық билік — хан немесе ұлыс сұлтаны тарапынан жүргізіледі. Биліктің бұл деңгейі жayгepшілік тұсында аса көтеріледі және «Жарғының» шешімімен хан немесе ұлыс сұлтаны өз бетімен сыртқы саясатты жүргізуге мүмкіндік алады. Ішкі саясат мәселесінде ел ішіндегі билердің алдынан бітпеген даулар немесе ұлыс сұлтандары арасындағы даулар хан алдына барады. Әр даудан, хан катыссын мейлі, қатыспасын, жауапкердің есебінен кесілген мал мен мүліктің 10 пайызы ханға олжа («хандық») ханның үлесі «тоғыз» есебімен беріледі. Сыртқы елдермен арадағы елшілік, сүйек жақындық (қыз беру, қыз алу), жаугершілік пен бітім тікелей ханның, не ұлыс сұлтанның басшылығымен жасалады. Төре тұқымының ішкі әулеттік даулары хан алдында тарайды, қара қазақ баласы «хан баласы көпір болса басып өтпе деп қабыл алса, кез келген дауды төре алдына алып барып шешуге мүмкіндігі бар. 6. Қаз — бүкіл қазақ елінің бас қосқан кеңесі. Ел басына түскен өте ауыр, даулы жауапты мәселелерді талқылауға үш жүздің бас көтерер азаматы (бес қаруы мен ат-сайманы бойында) түгел қатысады. Көрші елдермен соғысу, не одақтасу, не мойынсыну т.б. бойынша шeшімді бекітуге тек «Қаздың» ғана деңгейі келеді. «Қаз» бекітпесе хан мен султан болса да, елдің беделді билері болса да биліктері заңсыз деп табылады.

§2. Би 1. Би — сайланбалы қызмет емес; ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келісімі мен шешімі бойынша елдің салт-дәстүрін білетін, шежіреден хабары бар, аузы дуалы шаруасы түзу, ата-тегі белгілі және елге беделді, сыйлы адам би болады. 2. Би — жас ерекшелігіне бағынбайтын қызмет. Айтқанын ел қабылдаса, жас бала да елге билік айтып, даудың шешімін шығарады. 3. Би —атадан балаға қалатын мұра емес, әркім өз жігерімен, білімімен, зердесімен жететін абыройлы атақ. (Алты атасын арқалап жүрген бар ма екен, жеті ағасын жетектеп жүрген бар ма екен?) 4. Қазақ билігі ауызша айтылатын, ауызша шешілетін билігі жұрт алдында, қалың тобыр елдің үстінде айтылады, кім катысам, кім сөйлеймін десе де, ел келіссе, рұқсат. 5. Би —табиғи қабілет пен терең ұштастырған адам болуы шарт. 6. Би —шешен, тілді, тоқсан ауыз сөздің тобықтай менің табатын, айтқан cөзінің салмағы қорғасындай болуы шарт. 7. Би — ердің құны, нардың пұлы болса да екі ауыз сөзбен шешілетін адам. 8. Би — қазақ шежіресін, ру құрылымын, олардың арасындағы жолды, туысқандықты терең айыратын жан. 9. Би — терең білімділігімен қатар, өзіне тартпайтын адам. Ол — туралы «Қара қылды қақ жарған», «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ». 10. Би — өз өмірінде өз басында дау келтірмеуі шарт, елге күмән, күмәнді сөзге себеп бермеуі шарт.

Би басына дау келсе,
Билік кетер басынан.
§3. Хандық билік

1. Қазақ билік жүйесінде мұрагерлік және сайланбалы қызмет катар қолданылады. 2. Хан сайлаудың шарты — елдің ең белгілі көсемдерінің ақ киізге хан тағына үміткерді көтеріп, елді аралатып бір биікке шығаруы. 3. Екінші шарты — ханға үміткерді боз биенің сүтіне шомылдыру. 4. Хан сайлауға катысушылар ақ киізді қылдай қылып белін алады. 5. Ханға жақын адамдар оның киімін алады. 6. Хан сайлаудан қайтқан ел ханның мал-дүниесін бөліп, айдап алып кетеді оның орнын толтырып еселеп мал береді (хан талау). 7. Ханның ақылшы адамдарын «нақ» дейді, баласының (мұрагер) тәрбиешісін «аталық» деп атайды. 8. Ханға қарсылық жасаған рулар «тоғыз» айып төлейді (ханға қарсылық - құдайға қарсылық). 9. Ханның жеке ез басына қарсылық көрсеткен, тыңдамаған адам тоғыздан айыбын төлейді. Кінәліні мойнына құрым іліп ауыл айналдырады. 10. Ханның өзі бастап, ұлыс сұлтандары ел басы билер мен ақсақалдар жыл сайын күз уақытында қазақ даласының орталығына қарай белгілі бір жерде ел мәселелерін талқыға салуы шарт (қазға салу). 11. Елдің бас қосқан жиынына (қаз) әрбір қазақ бес қаруымен келуі шарт. Қарусыз адам дауысқа түспейді. Жасы кішілер оған орын бермейді. 12. Әpбіp қару-жарағы сайлы адам (сұлтандардан басқа) ел қазынасына деп сұлтандар мен елбасына өз меншігіндегі дүниенің, малдың есімінен 1 /20 бөлігі жыл сайын беруі шарт.

Хан сайлау Қазақ халқы ерте заманнан ханға бағынған ел, хан қоғамдағы ең жоғары биліктің өкілі. Қазақ халқының үлкен хандарын «ақ киізге» көтеру дәстүрі — ел болып хан билігін мойындаудың белгісі. Барлық қазаққа ортақ билік несіп «үлкен орданың ханы» деп атайды, сонымен бірге ер жүз немесе ұлыс билеушісі сұлтандарды «хан» деп марапаттау бар, бірақ ақ киізге ел болып түгел көтермегеннен кейін олардың деңгейі төмен. Хан атағы әкеден балаға қалатын мұра емес, негізгі шарт ағадан ініге қалады. Бірақ, халықтың көңілі кетіп, өзіне жағымды деп тапса, сол адамына береді. Шарты: үлкен хандардың тұқымынан болуы керек, негізгі өзектен. Хан болатын үміткер жарғының алдында сыннан өтеді. Халықтың негізгі бөлігі қатынасқан жиын «қаз» ханды сайлауға рұқсат береді. Хан болатын үміткер өзін жан-жақты көpceтуі шарт: ел арасындағы келіспеушілігі болса — терелік жасап, жаугершілік болса—қолбасшылық жасап, келіссөздер болса — елдің намысын сақтап. Хан атағына үміткерді ел басшылары толық жиналған соң боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ киізге салып көтереді. Ханды қолдайтын билер ақ киіздің шетін ұстап ел жиынын аралайды. Ханды үш рет көтереді. Елдің бері ханды көтерген сайын «Хан», «Хан» деп айғайлап дауыстайды. Бұдан кейін сол жерде адамның бәрі жапа-тармағай жабылып ханды көтерген киізді «тәбәрік» деп бөліп алады. Ақ, киізге көтерген соң боз биенің сүтіне шомылдырады, хан киімін кигізeді (алтынмен оқаланған хан шапаны мен айыр қалпақ). Ең жақын-жанашыр деген адамдар ханның ecкі киімін өзара бөліп алады. Боз биенің сүтіне шомылдырылғаннан кейін ханды ел алдында алып шығып таныстырады. Осы жиында ханның жанына кеңесшісі болатын жақтарды сайлайды, ханның балаларын тәрбиелейтін, ханның тапсырмасын атқаратын «аталық» сайлайды. Қазға қатысқан іpі рулардың билер) ханға арналған тарту-таралғыларын тапсырады. Ханның туын көтереді ту көтеріп жүретін, соған жауапты батырды белгілейді. Қаздан шыққан ел pәсім аяқталған соң, меншігіндегі малдың бәрін «хан талапай» деп қолына түскенін айдап кетеді.. Бірақ, оның ертеңінде әрқайсысы ханға еселеп сыбаға жібереді. Қаз жиынына қазақ елінің атқамінер, қаруы сайлы азаматы түгел қатысады. Түркістан мен Ташкенттің, сол жердегі қалалардың тұрғындары түгел қатыстырылады, ғұлама молдалар, қожалар «бәтуа» бepeді. Қаз жиынның, соңы қашанда қызық-думан той болып аяқталады. Ел басшылары өзара келісімге келгенінің белгісі ретінде «аққасқа — көкқасқа» сойып (құрбандық шалу) соның бауыздау қанына бармақтарын батырып, көкке көтереді (уағданы бұзсақ, көк соқсын делінеді.).

Осылай өзара серттескеннен кейін хан билігі ел ішінде мойындалған болады. Хан сайлауға қатысқан ел бұдан былай «ханға қарсылық — құдайға қарсылық» деп өзара хан атағын сыйлауға бәтуаласады. Ханға қарсылық жасаған руларды «Жарғы» жазаға тартады. Ханның іpі рулардан сайланған жақтары өз руларының күшімен кез келген қарсылықты басады, кінәлі рулардың билері тоғыздан айыптарын тартады. Хан алдында кінәлі болған жеке адамдарды жасауылдар мойнына құрым іліп, қара сиырға мінгізіп хан ордасынан айналдырады. Хан қазақ елінің бас төрешісі қызметін атқарады. Жүз, ру арасындағы іpі даулы мәселелер ханның қатысуымен шешіледі, қатыспаған күннің елінде «хандығын» алады. Хан ез қалауымен Жарғының келісімін алса, кез келген адамды (кінәсіне қарай) өлім жазасына кесе алады.

§4. Билікке жататын іcтep Билердің алдына немесе «кеңес», «жүгініc» сияқты билердің басы қосылған ортаға түсетін мәceлeлepдің қатарына: а) Адамның жеке басына қарсы; в) рулы елге қарсы; б) қалыптасқан қоғамдық тәртіпке қарсы; в) қабылданған дінге қарсы, құдайға қарсы жасалған қылмыстың түрлерін eнгізeді. Қылмыс ұғымының орнына — қаскүнемдік, жаманат, жаман іc, күнә т.б. түсініктер жүреді. Қылмыстың түрлерін осыған байланысты «Жарғы»: а) неке мен отбасы тәртібіне қарсы қылмыс (жесір дауы, қалыңмал мен жасау т.б.), е) меншікке қарсы жасалған қылмыс, мал-мүлкін, дүниені ұрлау, тонау т.б., б) қалыптасқан қоғамдық тәртіпке қарсы жасалған қылмыс (ру құндылықтары, тәртібі, қонақасы т.б.) және в) Құдай тағала алдында күнәһар болу деп екшеп береді. «Жарғы» қазақ тіршілігіне қатысты даулардың бәріне қалыпты қоғамдық жағдайды, ешбір салтты бұлжытпай ұстап отыру тұрғысынан қарастырады.«Жарғы» билік дәстүрін іске асыратын адамдарға ең жауапты, адал қызметкерлері ретінде шексіз билік береді. Осы көрсетілген қылмыс түрлерінен туындайтын ең ауыр оқиға — Kіcі өлімі, ел тонау, ұрлық, зорлау, ойнас деп есептеп, осындай салдарға алып келген даулардың бәрінде де қатал өлім жазасының қолданылуына рұқсат етеді. Қоғамдағы қылмысты тоқтатудың, туыстықты сақтаудың негізгі жолы туысқандық деп білетін «Жарғы» сонымен катар қандай да оқиғаны ушықтырмаудың көзі кінәліні қатаң жазалау екенін ескертеді. «Жарғы» адам өлімінің үш түрін қарастырады: а) жол тәртібін ұстап, кек қуып өлтіру; о) әдейі қастандықпен өлтіру; б) абайсызда кездейсоқ өлтіру. 1. Жол тәртібіне жататыны — қожайыны құлын өлтіру, мал иесінің ұрыны, қарақшыны өлтіруі, үстінен түсіп, күйеуінің әйелі мен ойнасын өлтіру т.б. қылмыс үстіндегі өлімдер. 2. Әдейі қастандықпен өлтіруге жататын ұзыннан өші, қысқадан кері жоқ адамды төбелес үстінде өлтіру, жолаушылап келе жатқан адамды өлтіру, ел тонап жүріп адам өлтіру т.б. өлім түрлері. 3. Абайсызда қателікпен өлтіру — аңшылық кезінде жазым болып өліп кетсе, ойын-той, бәйге кезінде елес немесе күресіп жүріп өліп кетсе, абайсызда ат теуіп өлтіру т.б. Осылардың ішінде «қасақана кісі өлтіру» ауыр жазаланады, егер өлген адам денесі табылмаса, кісі өлтіруші жақ eкі есе құн төлeйді және елден аласталады. Зәбіp көрген жақ өлім жазасын талап етуге хақылы. Денесіне зақым келген адам кінәлінің дәл сол мүшесін зақымдауға epікті. Абайсызда болған кінәнің өзінде, мысалы атты адам аяғы ауыр әйелді қағып кетсе, ол өлме, оның, ішіндегі баласына да құн төлеуге міндетті. 5 айға дейінгі шарананың ер айына 1 жылқы, одан әpі айына 1 түйе. Адам өлген жағдайда оның туыстары құннан бөлек «қанжуар» деп қарсы жақтан (қылмыcкepлepдің өзінен, не руынан») мал алуы айыпталмайды. Егер «қанжуар» алынбай қалса, билер құнның үcтінe «қанжуар» қосуға epікті.. Меншікке қол сұғудың қандай түpі болса да (ұрлық, тонау, шабу), ел «жау шапты» деп ұран көтеруге, қарсылық көрсетуге хақылы. Ұрлық жасағандар «үйірімен үш тоғыз» қайтарады, оған қосымша «мойнына қосақ, көтіне тіркеy» байлайды, оны көтере алмаса босағаға байланады, бұғалық салып жазалайды. Eкі қылмысқа eкі жаза, бір қылмысқа біp ғана жаза (біp қойдан eкі тepі алмайды) болады. Ер қаруы болып болып табылатын, ердің басын сақтайтын заттар (қылыш, найза, шідер, үзенгі, жүген т.б.) ұрлығы өте ауыр жазаланады. «Жеті Жарғы» қазақ қоғамының қалыптасқан саяси, этникалық, шаруашылық, әлеуметтік дәстүрлерін сақтау мақсатында қылмыстың ұсақ-түйегі болмайды деп есептеп бәріне жаза қолданады. Осы себептен қылмыс туралы даугердің өтініші келіп түспей-ақ кез келген елге абыройлы бидің өз бетімен іcті бастауына рұқсат беріледі.

§5. Кеңес және жүгініс
Даулы істің ауыр-жеңіліне қарай билік айту бірнеше жағдайда іcкe асады:

а) Егер іc өлімге, ел тонау, зорлық т.б. ру аралық ауыр қылмысқа байланысты болса, оны Кеңес шешеді. 8-ден 24-ке дейін би катысады. Төбе биді даугер мен жауапкер жақ өзара келісіп таңдайды. Төбе би өз таңдауы бойынша алдын ала кеңеске билерді, ақсақалдарды шақырады. Даугер мен жауапкердің кеңес мүшелеріне қатысты пікірі ecкepілeді. ә) Егер іc үлкен ұрлық, тонау, жесір дауы, денеге зақым келтіру сияқты ру ішіндегі немесе көрші рулармен арадағы қылмыспен байланысты болса, оны жүгініс шешеді. Оған 6 — 8 би, ақсақал қатысады. Төбе бидің екі жақ келісіп таңдайды. Жүгініс мүшелерін төбе би шақырады. б) Егер ата баласының, ру ішінің арасындағы дау болса (төбелес, боқтау, ұсақ ұрлық т.б.) бір бидің немесе ақсақалдың өзі де шешеді. Ececін қуып жүрген жақты—даугер (даушы), ал оның қарсы жағын жауапкер дейді. Биліктің тәртібі бойынша билер мен ақсақалдар төбе басында қатарласа отырады (жарты шеңбер болып). Ең алдымен төбе би жиналған елге істің барысын баяндайды, билікке қағысын отырғандарды таныстырады. Жүгіністің шарты бойынша екі жақ та би алдында шарт жүгініп отырады, екі қолын салалап, тізесінің үстіне қояды. Алғашқы сөзді даугер бастайды, ол сөзін аяқтағаннан кейін оны жауапкер жалғастырады. Жүгініске отырмай тұрып би екі жақтың жақсыларына, не даугер мен жауапкердің өзіне өзара келісімге келу жөнінде ұсыныс айтуға хақылы (төреге барып, төбеге шықпай). Егер екі жақ та биге салса, ол даудың шешімімен не өз ақылымен, не жанындағы билермен ақылдаса отырып айтуға тиісті. Билік айтылатын жерге даугер мен жауапкердің туыстары ағайындары, жақтастары келуге хақылы. Олардың әрқайсысы талқылау барысында сөйлеймін десе ерікті. Биліктің бидің жалғыз айтуына мүдделі болса, даугер мен жауапкер оны алдын-ала ескертуі тиіс. Егер дау бірнеше бидің талқысына түссе, онда орталарынан төбе би сайлайды. (Даугер мен жауапкерден ұсыныс түспесе билердің өздері келіседі.). Би шешіміне разы болмаған жақ, екінші жақтың келісімін алып, өзге биге баруға ұсыныс жасауға хақылы. («Үлкен қазанда, немесе басқа қазанда қайналық»). Егер жолы кіші рудың биінен дау бітім таппаса, не даушылар шешімге көңілі толмаса, жолы үлкен рудың биіне баруға хақылы (мәселен — Байұлының биіне көңілі толмаса, оның үстінен Әлімұлы биіне барып шешімді бұза алады). Eкі жақ бірдей биді мойындаса, соның бeлгіcі деп бидің алдына қамшыларын тастайды. Жауапкер не даугер келісімді уақытта би алдына келмесе, онда би сол елдің жақсыларына сын айтуға мүмкіндік бар. Егер би мен оның өтініш берушілері бір рудан болса, би ез бимен жасауыл жіберіп, күшпен алғызуға хақылы.

Жасауыл ақы немесе «ат майы» жауапкердің есебінен өтеледі.

Егер дауласушы жақтың біpі (кінәлі) билікке келмесе, билер барымта алуға рұқсат береді. Даугер мен жауапкердің сөздерінде (мәселен мал, не жесір туралы) біpдей қисынсыздық болса, би eкі жағына тең жарады. Мұны «Жарасу» немесе «Қарындас болу» дейді.

«Қарындас болып» білуге ешқандай шек болмайды.

Би алдына келген қандай болмасын іcті «жан бергізбей», яғни eкі жақты антқа түсірмей бітістіруге мүдделі болуы керек («Жаман би жанға салады»). Жауапкер де, даугер де іc барысында куәлерді қатыстыруға хақылы. Би алдында өзінің айғағын ұсынатын адамды «бет айғақ» деп атайды, ал егер жасырын қалғысы келсе, оны «сырт айғақ» дейді. Ел алдында екеуінің де cөзі сенімді болуы шарт. «Бет айғақ» өзінің куәлігі үшін «сүйінші» (табылған дүние-малдың 1/5 бөлігіне дейін) талап етуіне бөгет жоқ, егер айтқаны жалған болса, оны қайтаруы тиіс. Егер «бет айғақ» би алдына келмесе, би оны жасауыл жіберіп алғызуға хақылы (ақысы кінәлінің үстінен). Айғақ берушілердің дауласушыларға туысқандық немесе жолдастық қатысы болмауын би өзі қадағалайды («жан айғақтың тайғағы»). Егер айғақ eкі жақтың біріне бүйрегі бұратын болса, ол куәлік етуге жіберілмейді («Жан айғақтың тазасынан»). Егер айғақ елге ете танымал және беделді (Сұлтандардан, не атақты би-батыр тұқымынан) болса, оның «жан бepyі» талап етілмейді. «Жан беруші» таңдау міндеті даугерге жүктеледі не бидің өзі жауапкер жақтың біp беделді адамын жанға салады. Егер қылмыскердің бала-шағасы қылмысты біліп тұрып жасырса, олар кінәлі болып табылмайды және айыпталмайды. Жауапкер өз кезегінде кінә тағып отырған жақтың ішінен даугердің сөзін бекітетін «жан беретін» адамды таңдауға мүмкіндігі бар.

Жан беру: «Жан беру» — қазақтың ежелгі дәстүрі немесе оны «Ант беру» деп атаған. Ант беру, жан беру көбінесе үш жағдайға байланысты қолданылады: 1. Алдымен болған оқиға, яғни қылмысқа байланысты күмәнді адамның ең беделді туыстарынан, не руларынан бір кісі «жан беру» керек. Өздерінің билерге жасаған шағымдарына байланысты жан беретін адамды қарсы рудың ішінен таңдап, нұсқау міндетін даугер жақ алады. 2. Екіншіден, жауапкер жақ күнәсін мойнына алмаған жағдайда және ешқандай қосымша дәлел табылмаған кезде даугер өзінің шағымының шын екенін дәлелдеу үшін жан береді. 3. Үшіншіден, билердің алдында болатын жүгіністе куә есебінде (айғақ) сөйлейтін адамдар жан береді. «Жан беру» арқылы бет айғақ болған адам қылмысты куәландырып, қылмыскердің мойнына салып береді. Сондықтан, ондай куә адамның орны да, сүйіншісі де қомақты, ал дәлелі негізсіз болса, сүйіншісі де, шыққан шығынды да қайтаруға тиісті. Даугер жақтың келісімі бойынша, жұрт алдында туысқаны үшін жан беруші сол елдің беделді, абыройлы адамдары болған іске қанығу үшін бір жұмадан бір айға дейін билерден мұрсат алады, сөйтіп, ол әбден анықтап алғаннан кейін ғана туысының күнәсіздігіне көзі жетсе оны тазалап жан береді. Ал енді туысының өтірігін, ұрлығын т.б. сезген «жан бepyші» немесе «жанға ұстанған» адам билерге хабар жөнелтіп, кінәлі туысына араша түсуден бас тартады. Күмәнді туысын тексеру үшін жан беретін адам оны шақыртып алады, қара қойды сойғызып, соны айналдырып жүргізеді мұны «құрмалдық» деп атайды. Егер «жан беруші» азамат билердің белгіленген жеріне, ел алдына келмесе өзінен-өзі жауапкер жақ кінәлі болып саналады. Ал, ауыр жағдай кезігіп, жан беруші адам не ауырып, не қайтыс болып кетсе «жан беру» кейінге шегеріліп, біp жылға дейін күшін жоғалтпайды. Мұндайда қазақ: «Жан берген — жай бер» деп тосып жатады. Жан берушіні таңдау: егер біp бас қой немесе бір жылқы ұрланса, күмәнді адамның үш атадан қосылатын ең жақын туысы жан беру керек. Онға дейінгі мал ұрланса жеті атаға дейін туысатын бір ағайын ара түсе алады. Ал, егер ұрланған мал 50 басқа дейін жетіп қалса, сол елдің ортан қолдай бір басшы азаматы жан беруі керек, ал 100 бастан асса, мұндай жағдайда күмәнді сейілту үшін рудың ең тәyіp, еді деген екі азаматы жан береді. Біp адам eкі қылмыс бойынша күмәнді болса, онда eкі туысы оны ақтап жан беруі керек. «Жан беру» ғұрпы бір биік еңселі жерде, қырда, болмаса бейіт басында, не су жанында өтeді. Жиналған қалың елдің алдында жан беруші, өз туысының ақтығын жақтай сөйлеп, ант етумен аяқтайды. Көбінесе ант сөздері былайша келеді: «Егер өтірік айтсам, құдай атсын, о дүниеде иман бұйырмасын, бұл дүниеде мал-басымның игілігін көрмейін». Ауыр қылмыс үшін күмәнді жауапкердің ақтығын дәлелдеу үшін жан беруші ауыр сыннан етуге мәжбүр болады. Мысалы, оқтаулы мылтық ұңғысын сүю немесе ата-бабаның бірінің көрін үш қайта айналу. Міне, бұл айтылғандардың бәрі тек туысының ақтығына сенімді қазақтың ғана жүрегі дауалайтын сынақтар. Ең сирек кездесетін жан берудің түpі мынадай: жан беруші адам үйдің оң жағына, өлік шығатын тәртіппен жатады, сүйекке ту тәртіппен жуылып, кебінге оранады. Сонда ғана даугер жақ қумен туғызған елдің, адамның тазалығына көзі жетеді. Әрине, мұндай ауыр дәстүр сирек кездеседі. Kөбінece жауапкер жақтың бір асыл адамы билер отырған биікке көтерілгеннің өзін қазақтар ұсақ-түйек күмәнді сейілтуге жеткілікті деп санайды. Жан беру дәстүрін халқымыз өте ауыр деп қасиеттеген. Тәңірінің жазасынан құтылу үшін, осындай дауға түсетін адамдар бүкіл руластарын шақырып, ақсарыбас сойын, дем береді. Кейде жас баланың ит көйлегін жүрек тұсына байлап та барады, ақтығын дәлелдеу үшін. Сонда да жан беретін адамды жазасыз қалмайды деп есептеп, ел қауіптенеді. Оған мысал:

«Ант ішкеннің үйіне барма, айрандай жұғады»;
«Ант ішкеннің мыңы өледі, у ішкеннің бірі өледі».

30. Әйелдің куәлік беруіне рұқсат, бірақ оның сөзінің шындығына күйеуі «жан беруі» қажет. 31. Іpі қылмысты істерге немесе көп мөлшердегі мал дауына әйел адам айғақ бере алмайды. 32. Құл, күң, жас бала, ecі шала адамдар айғақ бере алмайды. 33. Егер даугердің істі қарау кезінде айғаққа ұсынатын адамдары болмаса да би істі қарап теңдігін алып беруі керек. 34. Жауапкер сырттан келген келімсек болса, немесе азаттығын жаңа алған құл болса, оның тазалығына кепілдік ететін ешкім табылмаған жағдайда, оның кінәсін мойындатып, даугер жақтан бір адам «жан беруі» керек. 35. Егер жауапты адамның белгілі руға бір қатысы, араластығы болса, сол рудың беделді адамынан жауап талап етіледі. 36. Егер адамдар арасындағы дау мал мен мүлікке байланысты болса, кепіл талап етіледі. 37. Егер алушының (мәселен, жүйрік атты) иесіне қайтаратынынан бәсін тіккен болса, ол кепілді— «зер кепіл» деп атайды. Зер кепілі, бидің талап етуі бойынша, алушы қайтара алмаса өз қолына, өз малынан қайтарады. 38. Өз малын кепілдікке тікпейтін, бірақ жауапкердің уақытылы қайтаратынын уағда қылған болса, оны «жай кепіл» дейді. 39. Би даудың шешімін ел алдында айтқанынан кейін eкі жақ ала арқанды тартып ара ағайынның бірі оны қақ ортасынан кеседі («ала жіпті кесу»), 40. «Ала жіпті кесу» даудың тиянақ тапқанын білдіреді. Би алдында қылмыскер, мәселен ұры, қылмыс үстінде қолға түсіп әкелінетін болса, ол жағдайда аяғы ала жіппен шандылады. Сол қалпында би шешім айтқанға дейін жатады. 41. Билердің алатын «билігі», ел билеуші ханға, не ұлыс сұлтанына берілетін «хандық» және жасауылдардың ақысы кеңес, не жүгініс аяқтала салысымен беріледі. 42. Даугердің тарапынан билерге, ел ағаларына арналған «тарту» болуы мүмкін (билік соңында берілетін), үлкен дау болса «тоғыз», кіші дауларда «ат шапан».

Екінші таған
Жарғының алтын қазығы
§1 Отбасы және неке

1. Туыстық есеп өзегі атадан бастау алып, қарым-қатынастың барлық саласын баурайды. Қоғамдық және қауымдық тіршіліктің әр түрлі туыстық ұғымдары қолданылады. Ұру (ру), сүйек, үрім-бұтақ (ұрқы), жұрағат, ағайын ел — жамағайын, жеті ата, ата баласы, аталас, топ, тармақ, арыс, тебе, тайпа т.б. Осылардың ішінде қандас туыстық, жеті атаңа дейін ерекше сақталады: «жеті атасын білген ер — жеті жұрттың қамын жер», «жеті атасын білмеген — жетесіз» т.б.

Қандас туыстықтың деңгейлерін көрсету үшін төмендегі ұғымдар қолданылады:

Қазақ ішінде «үш жұрт» ұғымы қолданылады. Біріншісі, адамның әкесі жағынан туысатын өз жұрты, әйелдің төркін жұрты деп аталады. Екінші, шешесі жағынан туысатын нағашы жұрты. Үшіншісі, әйелі немесе күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты. Қазақ ата намысын қанша тартса да «ердің жақсы болмағы нағашыдан» деп нағашы жұртына аса үлкен маңыз береді.

Нағашы —жиен арасы: 1. Бөлелер арасында неке қарым-қатынастарына рұқсат етілді. 2. Нағашы жиеніне «40 серкеш» беруі керек. Жиені нағашысына «қырық серкемді алуға келдім»,—деп арнайы нағашылап барғанда, оны құр қайтармай, өзінің қалағанын алып қайтады. 3. Жиені көңілі түскен нәрсесін, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық болсын қалаған бұйымтайын нағашысы қолынан бермесе, жиені жолынан алуына хақысы бар. 4. Жиен нағашысынан үш ретке дейін қалағанын ала алады және бұндай жиeндік ету үш ретке дейін айыпталмайды. 5. Төркіндеген шешесіне еріп келген кішкентай жиендеріне нағашылары бәсіре мал атап, жас төлдерге ен салдыртып, кейін жиені ер жеткенде енші қылып береді. 6. Нағашыларының алдында бөлелердің құқығы бірдей. Екі қыздан туған жиендердің нағашыларына барып, жиендік етулеріне тыйым жоқ. 7. Бөлелер арасында неке қарым-қатынастарына рұқсат етілді.

Ата-ана мен бала: 1.Әке отбасына тиесілі мал мен мүліктің, жер мен судың, құл мен күңнің негізгі иесі болып табылады. 2. Әйел өз жасауына өзі иелік етеді. 3. Ері қайтыс болған күнде, әйелі бүкіл дүниеге ұлы балиғатқа жеткенше ғана иелік етеді. 4. Егер epі әйелін өлтірсе, әйелдің туыстарына құн төлеп және жасауын қайтарады. 5. Егер epі әйелін ашынасымен ұстап алса, әйелін өлтіруге хақы бар. 6. Егер әйелі күйеуін өлтірсе, онда ол өлім жазасына кесіледі. Егер күйеуінің туысқандары кешірсе, әйел бұл жазадан құтыла алады. 7. Егер ерлер арасындағы жанжал, төбелес болып жатқан жерге әйел кірісіп кетіп қайтыс болса, онда оған ешқандай құн төленбейді. 8. Балаларының әкесіне қарсы шығуға хақылары жоқ. Әке енші алмаған балаларына, дүние-мүлкіне ие болып, шектеусіз билік жүргізеді. 9. Әкесі баласын өлтірсе, жазаға тартылмайды. 10. Егер өзінің әкесін немесе шешесін балалары балағаттаса, онда қара сиырға тepіc қаратып отырғызып, мойнына ecкі құрым ішін, ауыл аралатады, немесе қамшымен дүрелейді. Ал қызды байлап, шешесінің жазалауына береді.

Енші беру 1. Отбасындағы балалар ер жетіп, үйленгенде оның еншісін беріп, бөлек шығарады. 2. Кей кездері үйленген ұл ата қонысынан бір-екі жыл шықпай отырып, өзіне тиісті еншісін кеш алса epікті. 3. Ұлын бөлек шығарарда әкecі бүкіл ағайын-туыстарын жинап, мал сойып, той жасайды. 4. Туысқандары өз әлінше бөлек көмектесіп, мал-мүлік қосуға, беруге ерікті. Нағашылары тарапынан да емеурін көpceтілeді. 5. Бөлек шығып жатқан келін өзінің жасауынан біp жақсы затын, киімін атасына беріп, оның орнына атасы қойды қосақтап байлайтын арқанды береді, бота жасатады. Бөлек шыққан отаудың белгісі ұсақ малға ен салу. 6. Енші алып бөлек шыққан ұл шаруашылығын өзі жүргізуге хақы ба 7. Алғашқы кездерде, мысалы қыстау алып, әбден орныққанға дейін әкесінің ұлына көмектесуі шарт. Ал кейіннен ұлы әкесіне көмектесуге тиісті. 8. Егер отбасында бірнеше ұл болса, онда бөлек шыққысы келген балаларына еншісін бөліп беріп, бөлек отауларға шығарады. 9. Әкесімен тек кенже ұлы қалып, өлі-тіpіcінe ата орнына ие болатын шаңырақ иесі болып есептеледі. 10. Енші алған ұл, әкеcі өлген соң қалған малынан ештеңе талап етпейді және оның мал-жанын сақтауға қайрат қылып «үлкен үйден құр кетпесе бәрімізге жетер» деген қағиданы ұстайды. 11 Қазақ халқының әдет-ғұрпы бойынша ұлға енші беру мен қатар ата мүлкінен үлес сыбаға алуға ұзатылған қыздың да хақы бар. «Төркіндеу» өзінің жол-жоралғысымен жүреді. Мәселен бір адамның eкі ұлы, eкі қызы болса, үлкен қызы ұзатылған, одан кейінгі ұлы үйленген де, қалған біp ұлы, бір қызы қолында. Бар малын есептеп, бөлек шығаратын үлкен ұлына енші бермес бұрын ұзатылған қызы елі төркіндеп келмесе, оған берілетін сыбағасы бөлінеді. Ал бұрын төркіндеп келіп, өз сыбағасын алып кетсе, оған ешбір тимейді. Кіші қызының жасауына, кіші баласының қалыңмалы деп белгілі мөлшерде мал қалдырады да, қалған малды төртке бөледі. Бір бөлігін үлкен ұлына еншіге береді. Ал қалған үш бөлек ата-анаға және кенже баланың үлесі болып қара шаңырақта қалады.

Мұрагерлік 1. Әр адам меншігіндегі мал-мүлікті өз туысынан басқа адамға қалдыруға хақы жоқ. 2. Кейбір жағдайда қимас досына мұра есебінде бергісі келген малын, затын өз мұрагерлеріне тапсырып кетуге eрікті. 3. Өлген адамның артында мұра eceбіндe мал, жер-су, үй-жай, мүлік, ақша қалады. 4. Өлген адамның соңында жас балалары қалса, epі олардың туған шешесі болса, онда өлген әкесінен қалған мал-мүлікті мирасқа бөлшектеуге ешкімнің хақы жоқ. 5. Егер елгеи кісінің енші кеткен ұлдары мен ұзатылып кеткен қыздарынан басқа қолында бала болмаса, немесе бірге тұрған кіші әйелінен бала тумаған болса, онда өлген кісінің жылы толғаннан кейін асын бepeді де, ағайын-туғандары жиналып, қалған мал-мүлікті енші алып кеткен ұлдары мен қыздарына, оң жақта қалған олардың өгей шешесіне бөледі. Ол мынандай мөлшерде: туған ұлдарына — eкі еседен, есігіндегі еншілес болып жүрген құлы мен күңі болса оларға ширек еседен сый тиісті 6. Егер тіршілігінде көп әйел алып, олардың еншісін әуелден бөлек ұстаған болса, ер әйелдің бөлінбеген кенже баласы иемденеді. 7. Әке жастай елін артында жас балалары мен жас әйелі қалса, әмеңгерлік бойынша өлген адамның бірге туған ағасы не інісі, ондай туысы болмаса немере, шөбере туысқандары, қала берді аталас жақындарының бірі жесірге үйленіп, балаларын өз қамқорлығына алып, мал-мүлікке заңды түрде иелік етеді.

Асырап алу Асырап алу қазақ ғұрпында өте жиі кездеседі. Оған негізгі себеп елдің басындағы жаугершілік, қоғамды толық игеріп отырған туысқандық байланыстар жүйесі, ру ішінде ер адамдар көп болсын деген мүдде. Қазақ шежіресінің ұзын ырғасы асырап алу оқиғаларын жиі баяндайды. Соған қарап қазіргі қазақ руларының көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде біp-біpімен саяси және шаруашылық мүдденің ортақтығы жақындастырған қауым деп есептеуге болады. Бала асырап алған кезде қазақ ешкімді де бөтенсінбейді — ағайын туыстың баласы, алыс жамағайын, қолға түскен тұтқын, ат аркасына мінгесін келген олжа — бәpі де казак ішінде егер пысық, еті тірі болса өз орнын, яғни әкесі мен шешесі тауып кетеді. Бала асырап алатын адам алдымен ел ақсақалдарына, ру басы көсем-биге осы шешімін хабарлайды. Елді жиып, қазан көтереді, ақсақалдардың батасын алады. Баланың қолына қойдың не жылқының ортан жілігі ұстатып үйге кереге астынан кіргізеді. Ол үшін бірнеше қарулы жігіт киіз үйдің аздап көтереді сол саңылаудан бала үйге еңбектеп кіреді. «Ортан жілік ұстады ма екен?» деген сөз осыған байланысты қалған, ол жілік ұстаған бала әкеден қалған жан мен малға мұрагер есепті. Киіз үйдің ішіне енген соң екінші бір ғұрып бар. Сол ауылдың кәpі әйелдерінің отыз-қырығы тізіліп тұра қалып, асырап алынатын бала аяқтарының арасынан жорғалап өтеді. Ол да болса осы елдің баласы, ешкім бөтенсімейді деген ишара. Үшінші бір ғұрып бала асырап алушының әйелі, осы шаңырақтың бәйбішесі, бір үлкен көйлегін киіз үйдің оң жағына төсейді. Бала сол көйлектің жағасынан кіріп етегінен шығады. Бұл ишара сол бәйбішенің ішінен шықты дегенмен бірдей (киімді бала). 1. Егер жесір әйел әмеңгерлікке мойынсұнбай, басқа біреуге өз еркімен тұрмысқа шыққысы келсе, немесе төркініне кетпек болса, оған өзінің киім-кешек, төсек-орыны мен мінер атынан басқа ештеңе берілмейді. 2. Жесірдің тиетін күйеуінен айып ретінде үш тоғыз немесе бір қызға берілетін қалыңмал алынады. Шешесі басқа күйеуге шыққанда жас балалар әкесінің туыстарында қалып, әкеден қалған мал-мүлікке мұрагер болады. 3. Бір некеден туған балаларды «мал-мүлкіне екінші, не үшінші некеден туған балалардың» қол сұғуына хақылары жоқ. 4. Егер бір некеден ешбір мұрагер қалмаған болса ғана әке мұрасын басқа некеден туған балалар бөліседі. 5. Асырап алынған бала егей әкесі өлген соң, оның заңды мұрагері болуға хақы бар. Мұра болған мал-мүлікке марқұмның туыстары қол сұғуға epіктері жоқ. 6. Егер әке асырап алған баланы өзінің мұрагері еткісі келсе, көзінің тірісінде оның мұрагерлік хақын жариялап кетеді. 7. Егер әке көзі тірісінде арнайы мұрагер етпесе немесе кенеттен өліп кетсе, өсиет айтылмаса, әкенің жақын туыстары әке мұрасын асырап алған ұлға билетпеуге ерікті. Оған ұлға берілетін енші мөлшерін толығымен беріп, үйленбеген болса қалыңмал беріп, қалған мал-мүлкін туыстары өзара бөліceді. 8. Егер қайтыс болған ұлының баласы болмаса, оның дүние-мүлкіне иелік әкесіне қалдырылады.

Қыз алып қашу 1. Өзінің айттырылған қалыңдығын алып қашқаны үшін, жігіттің туыстары ат-шапан айып төлейді және бұл ауыр қылмыс болып есептелмейді. 2. Айттырып қойған қыз, өз сүйгенімен қашып кетсе, бұрынғы айттырған күйеуіне қалыңмалын қайтарумен бірге, бір қызды айып ретінде береді немесе орнына қалың мөлшерін төлейді.

Қыз әкесі айыпты болмаған жағдайда, қызды алып қашушы төлейді. 3. Егер қыз әкесі алып қашушымен үндес, жымдас болса, бұрынғы құдасына қалыңынан қайтарып, өз тарапынан айыбын төлейді немесе басқа қызын береді. 4. Қызды айттырып қойған жақ, қызды алып қашушының тарапынан кешірім сұрау, немесе қалыңмалын айыбымен қоса қайтару кешірмесе өлім жазасын талап етуге, не барымтаға шығуына рұқсат. 5. Егер айттырылмаған басы бос қызды алып, қашса, онда алып қашқан адам қыздың ата-анасына қалыңмал, түйе бастатқан тоғыз немесе қалың ретінде бір қыз беріп, алып қашқан қызға үйленеді.

Құда тарту Ұлына жар таңдаған әке жақсы ниетін білдіру үшін қалыс адамды «жаушы етіп» жібереді. Жаушы сөзін: «Сізде лашын бар, бізде сұңқар бар», — деп бастап, құда болғылары келетінін айтады. Егер қыздың ата-анасы бұл ұсынысты қабыл алса, жіберілген адамдар сол арада қалыңмал туралы сөйлесіп, оның мөлшерін келіседі. Жаушы «қарғыбау» кәдесін тартады, құдалықты бекітер кәдесін— ат пен шапан береді. Қыз әкесі жаушы арқылы күйеу әкесінің туыстарының «құда түсер» мезгілін айтады. Қалыңдық ауылына келе жатқан құдалар, өздерінің келе жатқандығы туралы хабар береді. Қалыңдық әкесі өз туыстары мен достарына құдаларының келетінін айтып, киіз үй тігіп, ақсарбас қой сойғызып, бата оқытады. Ең бағалы сый күйеудің әкесіне немесе оның орнындағы адамға тартылады. Уәденің белгісі ретінде қонақтардың алдына жіңішке етіліп кесілген құйрық пен бауыр қойылады. «Құйрық-бауыр» ең алдымен жігіт туыстарына сонан соң қыз туыстарына беріледі. Құда тусу тойында құтты болсын айтып келген әйелдер құдаларға арнап шашу үстінде басы жарылып, көзі шықса да ешкім ренжімеуі керек. Әйелдер одан соң қонақтарға жеке-жеке талап қойып, ен салдырып, күй тартқызып, жұмбақ шештіріп, жаңылтпаш айтқызады. Талапты орындай алмағандар тиісті жазаларын алады: басына құрым қалпақ кигізіп, бетіне күйе, ұн, балшық жағады. Немесе үстіне суық, су құйып, өгізге теріс қаратып мінгізеді, немесе шынарға байлайды, шаңырақтан арқан салып, аяғынан байлап жоғары көтереді. Бұл кеште ер шешуге қиын, орысыз талаптар қою арқылы қарсы жақты сынау арқылы олармен өте жақындасуды мақсат еткен. Осының бәрін бір сөзбен «құда тарту» — дейді. 6. Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен кейін ғана құдалық, уағда бекиді. 7. Егер «қарғыбауы» беріліп, сөз салып қойған жігіт жағы келісімді бұзып, басқа біреудің қызына құда түспек болса, онда келісімді бұзған кінәлі жақ ат-тон төлейді және бүкіл киітті қайтарады. 8. Егер алдында құдаласып, кейін басқа біреуге үйленбекші болып, келісімді бұзса, онда келісімді бұзған жақ бір түйе бастатқан тоғыз айыпты төлейді. Бірінші құда түскен қалыңдықты алып, бәйбіше атандырып барып қана екіншісіне үйленуге хақы бар. 9. Қалыңмалдың негізгі бөлігі немесе барлығы өтелген соң ғана күйеу жігіт қалыңдық ойнауға барады («ұрын бару»), Күйеу жігіттің бұл келуі бірінші келу болғандықтан, қалыңдық жағы той жасайды. 10. Егер күйеу қалыңмалын өтемей, ұрын бармай, қалыңдық ауылына келе қалса, онда оның атын тартып алып, ісін әдепсіздікке жатқызып, өзін жаяу жібереді. 11. Егер ұрын барғанда қалыңдық ауылында болғысы келсе, күйеу бір апта, тіпті бір ай жатуға еркі бар. Ұрын тойдан кейін күйеудің қалыңдық ойнап барып тұруына хақы бар. 12. Күйеу жігіт қалыңдықтың ұзатылу тойына дейін жақындыққа баруға хақы жоқ. 13. Егер күйеу ұрын тойда қалыңдығын пәктігінен айырған болса, неке жаулық төсеген жеңгелерге кәдесін береді. 14. Ұрын тойға келіп кеткен күйеу қайтыс болса, онда туыстары қалыңдықты марқұмның ауылына қайғылы күйде аза кәдесімен бірге әкеледі. Осындай қалыңдық (жесір) күйеуін жыл бойы жоқтап, сонан соң оның інісіне немесе ағасына, тіпті болмаса жақын туысына тұрмысқа шығады. 15. Неке қиюды қалыңдық ауылында молда өткізеді. Ол жігіт пен қыз жағынан кәде алып (алтын жүзік, сақина, садақ жебесі) оны су құйылған сырлы тостағанға салады. Жігіт пен қалыңдық, олардың туыстары неке қияр суды ішуі жұбайлық өмірдің басы болып саналады. 16. Неке қиярдың орнына жігіттің үлкен шаңырағында отқа май құю салтанаты жүреді. 17. Қайын енесі тірі тұрғанда келін төрге шықпайды. Қайын енесі қайтыс болғанда келін отқа тағы да май құяды, одан әpі төрге шығуға рұқсат етіледі.

Әмеңгерлік
Жесір әйелге әмеңгер таңдау қайтыс болған күйеуінің жылы толғанда шешіледі.

Күйеу өлген әйел билер (ақсақалдар) шешімімен күйеуінің жақын бір туысына шығуы керек, («Ерден кетсе де елден кетпейді»). Егер жесір қалған әйелдің өлген күйеуінің ағасы да, інісі де болса, онда жесір әйел күйеуінің ағасына шығуы керек. Егер жесір әйел қайнысын таңдаса, оған рұқсат, бірақ жеңге алған інісі ағасына жолы ретінде «тоғыз» тартады. Егер жесір басқа біреуге тұрмысқа шыққысы келсе, оған рұқсат, бірақ мал-мүлкінен ештеңе берілмейді. Ал тиетін күйеуінен толық, қалыңмал алынады. Жесірдің есейіп қалған балалары әкесінің туыстарында қалады. Егер күйеуі жас өлсе, eкі жақ құдалықты үзбей, қалыңдықты марқұмның інісіне атастырып, бұрынғы келісілген қалыңмалдың үстіне бір ат үстеме төлеп, әмеңгерлікке алуға рұқсат. Егер өлген күйеудің басы бос, інісі болмай, басқа жерде айттырылған қалыңдығы бар інісіне немесе үйленген ағаларының біріне қосқысы келсе, бұрынғы келісілген қалыңмал үстіне түйе бастатқан тоғыз төлеп, некеге отырғызуға рұқсат. Егер қалыңдық ер жетіп қалған жағдайда басы бос, тым жас әмеңгері бола тура, күйеу әкесінің еркі бойынша үйленген балаларының біріне қосатын болса, онда күйеу әкесі түйе бастатқан тоғызды екі немесе үш еселеп береді. Егер өлген күйеудің өзімен бірге туған ешбір еркек кіндікті болмаса, немере туыстарының бірі қалыңдықты әмеңгері ретінде алуға хақы бар.

Егер қыз әкесі бұндай жағдайда бас тартса қалыңмалды қайтарады. Егер күйеу келіп үлгермесе және қалыңдықтың әкесі қызын әлі үйленбеген, қыз айттырмаған әмеңгеріне бермей қойса, қыз әкесі қалыңмал бір тоғыз айып төлейді.

Балдыз алу 1. Егер қыз әкесіне құдасы немесе күйеу баласы ұнамаса, әсіресе өлген қызы түскен жерінде тиісті сый-құрмет көрмей, ылғи жәбірленіп жүріп дүние салса, басы бос бойжеткен қызы бола тұрып бермеуге хақылы. 2. Егер марқұмның туған сіңілісі айттырылып қойған болса, немере туыстарының қызын сұрауға хақылы. 3. Өлген қалыңдықты туған сіңілісі тым жас болса, оны күйеу жігіттің жас інісіне атастыруға болады. 4. Ал басы бос қызы бола тұра қызын бермесе, қыз әкесі алған қалыңмалын түгел қайтарумен бірге, түйе бастатқан, бір тоғыз айып төлейді. 5. Егер балдызы жездесіне ұнамай, жездесі балдызын алудан бас тартса, онда күйеу жағы әр түрлі мөлшерде айып төлейді. 6. Егер балдызының жастығын ескеріп, жездесі одан бас тартса, онда қалыңмалдың үштен екісі күйеуге қайтарылып, өзгесі қыз әкесінде қалады. 7. Егер оң жақта отырған қалыңдық қайтыс болып, қыз әкесі қалыңмалды алып қойса, қыздың сіңлісін күйеуге беруге міндетті. 8. Қалыңдық өлігімен күйеу бірнеше жолдастарымен қайын атасына келуі керек, ол егер уақытында келмесе, ескертпесе, балдыз алуға хақы жоқ. 9. Қалыңдығына ұрын барып қойған күйеу балдызын аларда «балдыз қалың» төлейді. «Балдыз қалың» 1 — 2 түйеден, бір тоғызға дейін.

Көп әйел алу 1. Егер жан-жақты бай, тұрмысы ауқатты адам болса, бірнеше әйел алуға хақы бар, тек ер әйеліне енші бөліп, жеке ауыл етіп шығаруы керек, немесе ер әйеліне жеке-жеке үй тігіп береді. 2. Әйелдердің ішінде шаруашылық жағын байдың бірінші әйелі «бәйбіше» басқарады. 3. Әр әйелдің балаларының еншісі шешесіне бөлінген мал-дүниенің есебінен тиеді.

Ажырасу 1. Epі қаншалықты жаман, ынжық, кемтар немесе ете кері болған күнде де одан әйелдің айырылысуға хақы жоқ. 2. Егер жас әйелдің күйеуі өзінің күйеулік міндетін орындауға жарамсыз болса, мұндай дәрменсіздігі куәлар алдында дәлелденуі керек. Дәлелденген жағдайда айырылысуға рұқсат. 3. Егер epі әйелін жазықсыз ұрып-соға берсе, сондай-ақ ел ағаларың ескертуіне құлақ аспайтын меңіреу болса, әйел төркіні, немесе ел ағалары арқылы билер алдында жүгініп, айырылысуға хақылы. 4. Егер күйеуінің ақыл-ecі дұрыс болмаса, шаңырағы түгілі өз басын алып, жүре алмайтын сорлы болып, бала-шағасын асырауға шамасы келмесе, ақсақалдың ескертуінен ештеңе ықпаса, әйел билер алдында жүгінуге хақылы. 5. Егер күйеуі әйеліне күн көріс (нәфаха) қалдырмай, 6 ай 30 күн хабарсыз қалдырса немесе 7 жыл бойы із-түссіз жоғалып кетсе, күн көріс болған күннің өзінде әйелі күйеуінен ажырасуға хақы бар. 6. Күйеуінің әйелін жоғалудағы себеп әйел тарапынан болса, және әйел басқа біреуге қашып кетсе, билер үкімі бойынша әйелді күйеуіне қайтарып, қамшысымен жазалайды және оны айнытқан адам айып төлейді. 7. Еркектер тарапынан әйелін тастау «талақ ету». Үш рет «талақ» деп айтқаннан кейін, үш ай мерзім ішінде айырылады. 8. Әйел жеңілдікке салынып, күйеуінің көзіне шөп салса және ол 4 куәмен дәлелденген болса ажырасады. Әйелге мал-мүліктен ештеңе берілмейді, қара сиырға теріс мінгізіп, бетше күйе жағып, мойнына құрым киіз іліп, төркініне қайтарады. 9. Егер epі әйелінің ойнасы үстінен шықса, әйелін де, оның көңілдесін де өлтіре алады. 10. Еркегін сыйламағаны үшін, немесе көңілі толмаған, сыйластық болмаған жағдайда күйеуі әйелін (бәйбішені) жасау жабдығымен төркініне аттандырады.

Қалыңмал 1. Қалыңмал мынадай бөлімдерден тұрады: а) Бас жақсы — түзу мылтық, берік сауыт, қашса құтылатын қуса жететін бір сәйгүлік, малдағы артың бір түйе немесе олардың орнына 20 жылқы береді. е) Қарамал — қалыңмалдың ең өзекті бөлімі. «47» осы қарамал есебіне енеді. «47»-нің ішіне— жанама жақсы, жеке ту бие, тес ат кіреді. сол есеппен аяқты малдың саны ер жастағы малдан — 33. Орташа қалыңмал «37» осы тәртіппен санағанда қарамал есебімен — 26. Қалыңмалдың құрамы орташа есеппен: 1) бас жақсы—10 жылқы; 2) құлынды бие /16 бас/; 3) құнан-құнажын 7 бас; 4) тай — 7 бас; 5) жеке ту бие;

б) жанама жақсы — 1 таңдамалы жылқы не түйе; 7) аяқ жақсы — 4 бас жылқы. Барлығы — 47 бас жылқы. Ірі қара саны біp 20-дан бес 20-ға дейін барады. 6) Ілу — қызын тәрбиелегені үшін ұрын барғанда берілетін кәде (қарамалмен орайлас — қымбат зат). в) Той малы — қыз ұзату тойына сойысқа апаратын мал, жыртыс және қалыңдық жасауының шығыны. Бұл 20-дан 70 бас жылқыға дейін. Жігіт жаңынан отаудың киізі түгел.

г) Сүтақы — қалыңдықтың анасына беріледі — 1 — 7 түйе. д) Босағаға байлау — қыз әкесінің босағасына төленетін ақы 1—2 түйе, жылқы; қалыңмалдың келем! 57 — 47—37 — 27 — 17 — 7 болып кішірейе береді. Ең кіші қалың «дөңгелек» — 7 —10 бас іpі мал. 2. Ең іpі қара мал шектелмейді мөлшері 57 — 77 жылқыға дейін.

Қалыңмал мөлшері 100-ге дейін көтеріледі. 3. Қалыңмал мөлшеріне сәйкес оның құрамы малдың түрлі қасиеттеріне, жынысына, жасына, қоңына, қысырлығына т.б. байланысты анықталады. Қалыңмал күйеу бала әкесін талаптарына қарай малдың түлігі мен санының әртүрлі ара қатынастарында беріледі. 4. Қалыңмалға қыздың әкесін ғана иелік етуге хақы бар. 5. Егер қыздың әкесі қайтыс болса, берілген қалыңмалға иелік ету қыздың аға-інісі, немесе әкесінің туыстарының ішіндегі ең жақын ер адамға рұқсат етіледі. 6. Егер қалыңдық жігіттен бұрын төсек керген болып шықса, күйеу қалың-малына қоса бір тоғыз айып талап етуге хақылы (қайын атасының отау алдында күйеуге деп байлаған атын пышақтап, шапанын дар айырып кетеді). 7. Қалыңдық, төсек керген болып шықса, іc билердің үкіміне түсер болса, сол іске кінәлідeн қыз әкесінің пайдасына тоғыз даулауға хақы бар.

Жасау 1. Жасау - жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде онан да асып түсетін, ұзатылған қызға міндетті түрде берілетін мал-мүлік; жасауға киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты мүлік түгел кіреді. Әрқайсысы 9-дан. 2. Жасау мөлшері әртүрлі болады: үлкені 2 — 5 түйе, қанауыс пен жібектен тігілген 125 шапан, сәукеле, 50 кілем, шұға мен жібектен тысталған 25 ішік, отау үйдің ағашы, 5 жылқы, күміс ер тоқым, жүген, төсек-орын, киім-кешек т.б. (ат мініп, отауы артылған түйе жетелеп келу»).

§2. Меншік 1. «Меншік ұғымы малға, жерге, адамға (құл, не күң), ит пен құсқа, дүние-мүлікке катысты қолданылады. 2. Меншік - мемлекеттік, қоғамдық, рулық, жеке бастың меншігі т.б. болып бөлінеді. 3. Меншік хақы — сатып алумен, айырбастау мұрагерлікке қалдыру, еншіге беру, арнау (құдайы, садақа т.б.), сыйлау арқылы пайда болады. 4. Мемлекеттік меншік жерге, малға, қалалар мен қоныстарға, т.б. дүниелерге катысты пайда болады. 5. Мемлекеттік меншіктің жауапкері мемлекеттік саяси билік иелері хандар мен ұлыс сұлтандары болып табылады. 6. Хандар мен султандар мемлекеттің, меншіктің негізгі жауапкері есебінде жарғының алдында есеп беріп отырады. 7. Мемлекет қарамағындағы қалалар мен қоныстардан алым-салық жинауды хан мен ұлыс сұлтандар іске асырады. 8. Қала халқы мен отырықшы егіншілер мемлекет пайдасына қазынасына, өз өнімінің 1/10 бөлігін жыл сайын беріп отыруға тиісті. 9. Даланың көшпелі мал баққан халқы мемлекет пайдасына, қазынасына өз өнімінің 1/20 бөлігін жыл сайын беріп отыруға тиісті. 10. Хан мен ұлыс султанына ер ата баласы жылына «соғым» беріп отыруы тиіс (соғым әркімнің жағдайына қарай беріледі.). 11. Жол сапармен жүрген ел басшысына (хан, ұлыс султаны, Орда биі, ұлыс биі) ер отбасы арнайы сыбаға беруі тиіс. 12. Мемлекет мүддесі үшін ел басшылары (хандар, султандар, билер) ел үстінен зекет жинауға хақылы (елдің бір бөлігі жұтқа ұшыраған жағдайда, жаугершілік кезінде, елшілік аттандыру үшін, тұтқыннан өз қандастарын босатып алу үшін). 13. Қалалар мен отырықшы қоныстарға «Жарғының» келісімімен қазақтың батыр-билері де иелік жасай береді. 14. Мемлекет меншігіне жиналған қазына мемлекеттің мүддесін көздейтін іc-шараларға арналуы тиіс: елшілік аттандыру, өзге елдің елшілігін қабылдау, өзге мемлекет басшыларына сыйлықтар, жұтқа ұшыраған руларға жылу-көмек, жаугершілік кезеңінде қару-жарақ, мінер ат, тамақ, тұтқыннан босату үшін (өз қандастарын сатып алу үшін).

Зекет туралы Зекет басы азат, шаруашылығы бүтін азаматтардың бәріне бірдей міндет. Егер тапқан пайдасы, не болмаса шаруашылығының өнімі өзіне, әйелі бала-шағасына жетіп артылатын болса, қысы-жазы киетін киімін, мінетін көлігін, жейтін тамағын, аяқ-табағын, төсек орнын, үй-жайын ақтаса зекет беру парыз болады. Зекетті бірінші кезекте жарлы-жақыбай, бейшараларға, науқас адамдарға, ел мүддесі үшін жұмсалатын шығындарға, қажы жолына барамын деген нашарларға, ұзақ жолда жүріп мүсәпірліктен жоқшылық кешкен адамдарға беру парыз. Әр адам өз меншігінен зекет берерде ең алдымен ез ағайыны, не көршілері жоқшылық көрсе соларға көмектескені абзал. Жақын, көрші адамдарға қарасу дәулетті қазақтарға yәжіп болмақ. Түйе малының бестен кеміне зекет жоқ, бес түйеден тоғыз түйеге шейін бір қой, он түйеден он төртке дейін екі қой. Он бестен жиырмаға шейін үш қой, жиырмадан-жиырма беске шейін төрт қой, жиырма бестен отыз алтыға шейін — тайлақ яки бір тайлақтың басын төлемек, отыз алтыдан қырық алтыға дейін — құнажын інген, қырық алтыдан — алпыс беске шейін — бір беске шығар атан, алпыс бестен — жетпіс алтыға дейін — бесті түйе, жетпіс алтыдан — тоқсан бірге дейін — екі құнажын інген, тоқсан бірден — жүз жиырмаға шейін — екі дөнежін інген, жүз жиырмадан асқан соң әр бес түйеге 1 қой қосыла береді. Сиырдың отызынан кеміне зекет парыз жоқ, отыздан қырыққа шейін сиыры бар кісіден бір жасқа толған бір сиыр. Қырық сиырдан — бір құнан өгіз, алпысқа толса, бір жасардан екі өгізше бермек керек. Мұнан соң тоғыз сиырға бір жасар бір сиыр, әр қырық сиырға екі жасар бір сиыр қосыла береді. Қой мен ешкі қырыққа толса — жүз жиырмаға шейін — екі жасар бір қой, я ешкі бермек керек. Жүз жиырма бір болғанда екі жүзге шейін — екі қой, екі жүз бір қойға—үш қой, eкі жүз бірден төрт жүзге шейін төрт қой, мұнан соң ер жүз қойға —бір қой беріле береді. Алтынның жиырма мысқалдан кеміне зекет парыз емес, жиырма мысқалдан жарым мысқал алтын беру керек. Астық, яғни егіннің зекеті, егер далаға егін, құр қармен жаңбыр суларымен ессе, зекетті оннан бір, яғни он пұттан бір пұт, егер қауғамен, шелекпен су құйып шығарылған егін болса, бірдің жартысы беріледі, яғни он пұттан жарты пұт, жиырмадан бір пұт берілсе керек.

Жеке меншік 1. Жер мемлекеттің негізі болып табылады, ер рудың өзінің қысқы қонысы және жаз жайлауы анық болуы керек. 2. Отырықшы — егінші, қалалық қоныстарда егіншілік, бау-бақша жер ер адамның жеке меншігінде болады. Жерді бөлуді қала басшысы атқарады. Мәйіттер өз иелігіне жерді халықтың рұқсатымен алады. 3. Құл мен күң өз иесінің жеке меншігі болып табылады. Иесі оны сатамын, айырбастаймын, өлтіремін десе ерікті. 4. Қазақ қазаққа құл, күң болмайды. Қазақтың мұсылман-суниттерді де құл қылуға хақы жоқ. 5. Билер кеңecі құлдың өтінішін қабылдамайды. 6. Құл үйленсе, оның бала-шағасы да иесіне тиесілі. 7. Құлдың істеген қылмысына иecі жауап береді. Егер құл біp адамды өлтірсе, оның құнын иесі төлейді. 8. Егер бір ру белгілі жерді 9 жыл бойы қыстаса, сол жер меншікті есепті. Өзге рулар ол жерге малын жайса, тиісті айыбын төлейді. 9. Жерге (жайылым-қыстау) байланысты даулар ер рудың сол жерге қатыстылығы есептеліп шешіледі. 10. Ру арасындағы жер үшін талас-дау әр рудың жолына, ағалы-інілігіне, қарап та шешіледі. 11. Жер үшін (жайылым-кыстау) дау болып адам өліміне әкелсе, дауды шешуші билер құн орнына белгілі мөлшердегі жерін кесе алады (бір қыстау — бір адамның құны). 12. Іpі рулардың арасындағы, жүз арасындағы жер мәселесін шешуде төрелігін «Жарғыға» береді.

Малға меншік 1. Мал — қазақ халқының негізгі игілік көзі, өміp-салтын айқындаушы көрсеткіш болып табылады, (мал-жаның аман ба?). 2. Мал — меншік иесімен сақталады (ру — ата баласы — жеке адам), егер де ұрланған, жоғалған, барымталанған болса, би алдына түседі. 3. Мал - тұрмыстық негізгі игілік көзі болғандықтан, жарғы ережелерінде жеке бас және қоғамдық қарым-қатынас дәнекер есебінде қолданылады. 4. Іpі малға (түйе, жылқы, сиыр) меншіктің негізгі иecі ру және ата-баласы болып табылады. 5. Іpі малға меншік ру таңбасымен анықталады. 6. Ұсақ малға (қой, ешкі) меншіктің негізгі иесі отбасы. 7. Ұсақ малға меншік енмен анықталады. 8.Малға меншігін ерлер (ер адамдар) іске асырады (және малдың негізгі иecі болып табылады). 9. Өз малымен (мәселен атымен) өзгенің шаруасы үшін жүрген адам «аттың майын» талап етуге хақылы. 10. Ұрлық (соның ішінде мал ұрлығы) «үш-тоғыз» айыппен қайтарылады. 11. Мал-рулық, қоғамдық байлықтың көзі болғандықтан ру ішіндегі әр адам ол меншікке катысты. 12. Рудың ортақ мүддесі үшін (құн төлеу, қалың төлеу, ас беру т.б.) іpі (қара) мал ақсақалдардың шешімімен жұмсалады. 13. Мал ұрлаған ұры ұрлаған малын үш есе қайтарып береді.

а) Бір қой ұрласа, қойдың өз басын, екі қой айыбын;
э) Бір жылқы ұрласа, жылқының өз басын, айыбына түйе.
б) Біp түйе ұрласа, түйенің өз басын, айыбына бір құл, күң.

14. Егер ұрланған малдың өзі қайтарылмаса, содан жағдайы кем емес басқа, мал, айыбын сол малдың мойнына, құйрығына байлайды (мойнына қосақ, көтіне тіркеу). 15. Қандай да бір болмасын жер мәселесіне хан, ұлыс султаны тікелей араласып отырады (көшу-қону мәселесі). 16. Жерге меншіктің негізгі белгісі— ата-бабалардың қорымы, атақты ру басы, көсемдерінің күмбез зираты, қыстау салған орындар, не қыстаудың өз басы, құдық ошақ қазған жер т.б. 17. Әр ру арасындағы жер шекарасы табиғи белгілер арқылы анықталады («шекара не кезен болар, не өзен болар»), 18. Табиғи белгілер анық болмаса қолдан омақа (тастан қалап) көтереді.

Көшу-қону Егер көшбасшысы (ру басшысы, ақсақал) ауылдың қонатын жеріне белгі қоймаса, кез келген ауыл келіп сол жерге қона береді. Қонатын жерге белгі қою: найза шаншиды, құрышты бекітеді, рудың таңбасын салады (мәселен бұлақ басына), ру басы белгілі бір затын қалдырып кетеді (мәселен шақшасын, кісенін), биік өскен шөптің (бетеге) басын буып кетеді. Егер көшбасшысы ауылдың қонатын жеріне белгі тастаса, ал кейін келген ауыл оны елемей (немесе аңғармай) сол жерге қонса, дау бірінші келіп белгі қойған ауылдың пайдасына шешіледі, қарсыласы айып тартады. Егер бір уақытта екі ауылдың көшбасшылары бір жерге келіп қалса, таңдау, бірнеше жағдайға байланысты анықталады: а) егер дауласушылардың бірі сұлтан тұқымынан болса, соның пайдасына; ә) егер eкі би таласып қалса, жасы үлкенінің пайдасына; б) би мен қарапайым қазақ болса бидің пайдасына; в) екеуі де қара қазақ болса, жасы үлкенінің пайдасына; г) екі жағының да жас мөлшерлері қатар болса, ру (ата) жолына қарайды (жолы үлкені жеңеді).

Меншікке қол сұғу: 1. Ұрланған жылқы саны 2, не 3 болса, ұры айыпты «тоғызбен» төлейді. 2. Ұрланған мал ұры қолында қанша болды (мәселен бір жыл болса) сонша есімімен алынады (айыбынан басқа). 3. Егер ұры не арқандаулы, не тұсаулы тұрған малды (жылқыны) ұрласа, оның жазасы ауыр болады. Би ұрының мойнына арқан салып, мал иесінің қолына береді. Мал иесі өлшеулі жерге дейін сүйретеді. Бірінен соң бірі үш кісі үш басқа тартады. Өлсе өліп кетті, өлмей қалғанға—«салауат». (Tіpі қалған адамның мойыны кемі жарты кезге ұзарады.) 4. Малдың аса қадірлі түpлepін (құт) ұрлағанда арғымақ ат, кеш басы түйе ұры өлім жазасына кесіледі (біліп тұрып ұрласа). 5. Әркім өз меншігіндегі дүние-мүліктің иесі болып табылады, (мәселен ер адам шақшасы, қару-жарағы, кісісі, әйел адам — жасауы т.б.) 6. Меншік хақы үшін белгілі жас мерзімі жоқ. Кішкентай бала да егер ен салынған малы болса меншік иесі саналады. 7. Барымтада ауысқан малдан есім талап етпейді. 8. Дүниe-мүлікті ұрлау аса ауыр қылмыс болып табылады. Билер кеңесі ол мәселені жағдайға қарай ішіндегі (ең ауыр айып «үш тоғыз»), 9. Дүние-мүлік мал ұрлаған адамды туысы ара туспесе ұрлаған нәрсесін қайтарумен бірге екінші рет ұрлықты қайталамауы үшін (және өзгеге үлгі) дүние-мүлік иесінің қолына бepeді. 10. Дүние-мүлік мал иесінің қолына беруін — «босағасына байлау» деп атайды. Ол кінәсінің ауырлығына қарай бірнеше жыл кызмет жасайды. Егер өзі кісі есебінде жүре алмаса не інісі, не баласы жүреді. 11. Егер ұры көшпелі жауынгер — малшының қажетін ашатын шідер сияқты нәрсені ұрласа айыбын былай есептейді шідердің үш балағын үш атқа салып, үш жаққа айдайды. Үш ат үзіп кете алмаса, ұрыға үш ат айып салады. 12. Егер ұры бәйге атын (елге танылған) ұрласа, айыбына сол аттың бір бәйгеде алатын жүлдесін қосып қайтарады. 13. Егер ұры бәйге атын ұрлап жоқ қылып жіберсе, қайтара алмаса, оны ат иесінің босағасына байлайды, аттың құны өтелгенше. 14. Егер ақтөс тазы, не қыран бүркіт кісі қолынан өлетін болса, иесі құл-күң бастатқан тоғыз талап етуге хақылы. 15. Егер ұрлық үстінде адам өлімі болса, киелі екі қылмыс үшін қатар төлейді (жазаланады). 16. Ұрлықты біліп, біpaқ елге хабарламаған ұрының бала-шағасы жазаланбайды.

Сауда — айырбас: 1. Кез келген казак саудамен айналысуға ықтиярлы. 2. Айырбасқа түсетін дүние-мал ұрлықтан, барымтадан келген болмауы керек. 3. Айырбас пен сауда ауызша жүреді. 4. Егер сатушы біліп тұрып, ұрлықтан не алдап алудан түскен затты сататын болса, затты иесіне қайтарып, айыбын төлейді. 5. Егер сатып алушы біле тура, ұрлықтан, не алдап алудан түскен затты алатын болса, ұрлыққа, не алдап алуға қатысы бар кылмыскер ретінде би алдында айыбын төлейді. 6. Кімде-кім еркін адамды құл орнына сататын болса, билер адамды азат етіп, кінәліні жазалайды. 7. Егер бір зат екі кісіге сатылып қойса, біріншісі алады, ал екіншісі сатушының үстінен билер алдына арыз түсіруге айып алуға (тоғыз) хақылы. 8. Егер кімде-кім өз затын өзгеден танып қалса, ол затты иеленіп жүрген адам затты «хан базарда» сатып алғанын дәлелдеу! керек. «Жанға салып» дәлелдей алмаса иесіне қайтарады. 9. Егер біреуден сатып, не қолқалап алған мал жеті күннің ішінде өліп қалса (аурудан), мал иесі орнына не жаңа мал, не құнын береді. 10. Қандай да болсын келісім ауызша жасалады: айғақтың (куә) болуы шарт емес. 11. Eкі жақты келісім жасалған кезде кепіл қатысуы мүмкін: а) Тең кепіл-келісмге келуші жақтардың бірін (кінәліcін жауапқа алып келуге кепілдік өтeді); в) Зер кепіл-келісімге келуші жақтың бірі уағдасында тұрмаса, өз меншігіне қайтарады. 12. Зер кепілдің кепілдікке алған адамының қайтыс болып кетуі зер-кепілді жауаптылықтан босатпайды. 13. Зер кепіл өз меншігінен кепілге алған адамының қарызын қайтарып, кейін оны билер алдында шақыруға хақылы. 14. Кез келген казак руы керуені— саудагерлердің керуенін қорғауға кепілдік бере алады. 15. Кез келген қазақ өзінің түйелерін саудагерлерді керуендеріне жалға беруге хақылы. 16. Керуенге қосқан түйелерді түйе иесінің өзі күтіп бақылайды. Олардың арасындағы басты адамы (отағасы) тек керуен басыға бағынышты. 17. Керуен басы мен түйе иесі арасындағы келісім ауызша да, жазбаша да болуы мүмкін. 18. Керуенге түйелерін берген және керуенің қорғауға жауаптылық алған ру керуенінің жоспарланған жерге жеткізуге міндетті. 19. Керуеннің амандығына кепілдік беретін (жолбасшы) жол бойы кездескен кедергілерден (тонаушылардан) керуенді аман алып шығуға міндетті. 20. Егер керуен жол-жөнекей тоналған болса, керуен жолбасшыларының руы және өзі айыпты болып табылады. 21. Керуеннен қажет түйе санын уақытында алып келмеген мал иесі айыпты болып табылады. 22. Егер керуендеп түйелер салынған жүктің ауырлығынан (16 пұттан көп болмауы керек) өлетін болса, керуен иесі құнын қайтарады. 23. Біреудің дүниесіне жауап беретін адам оның сақталуына да жауапты (аманат) және сақталмаса айыпты болып табылады.

Аңшылық: 1. Егер аңға жетіп жүрген ат қолды болса, күмәнді оның иесіне екі жүйрік бесті беруі қажет, айыбынан тыс. 2. Егер аңға салып жүрген тазы даулы болса, оның иесіне бір тай беру қажет, айыбынан тыс. 3. Егер аңға түсіп жүрген бүркіті даулы болса, оның орнына бүркіттің бағасын беру керек, не сатып алып береді айыбынан тыс. 4. Егер ат, тазы, бүркіт аңға түсіп, атағы шықпаса оның өз бағасы ғана қайтарылады, (ұрланған жағдайда айыбы қоса): а) ат орнына бесті: ә) тазы орнына тазы, не оның күшігі, б) бүркіт орнына— бір бойдақ қой т.б. 5. Аң қаққан адам олжасын маңайындағы адамдарға береді. Бұл мәселеге байланысты ескертілетін жағдайлар; а) аңшылықты қызықтырушылардың ішінде болса, не жолда жолықса, олжаны ен алдымен қызға береді; ә) орталарында қыз болмаса, олжаны төреге (сұлтанға) береді; б) ақсақалға береді. 6. Аңшының (аңшылардың) олжасы бірнешеу болса да жоғарыда көрсетілген тәртіп сақталады, ең алдымен соларға береді. 7. Көш кезінде кездейсоқ кездескен аңды да көшбасы жоғарыдағы тәртіппен береді. 8. Егер аңды (мәселен қасқырды) бірнеше адам атпен қуып соқса, дауласушылар аттарын жарыстырады. 9. Егер бірнеше адам аң қуып, оны інге тығып ұстаса, егер аң ұрғашы болса, інге жақын қонған аңшы ұтады. Егер аң еркек болса, алыстан қуып келген адам алады. Інге түтін салғанда да осы тәртіп сақталады.

§3. Қоғамдық өмір 1. «Ақсүйек» бұлар — түбі Шыңғыс ханнан тарайтын әлеуметтік топ. Олардың халықпен қарым-қатынасы «Жарғымен» реттеледі. Әлеуметтік мәселелерді өз ішідегі үлкендері реттейді. 2. «Ақсүйек» өкілінің (хан, ұлыс султаны) құны қара қазаққа қарағанда жөн есе жоғары. 3. Қазақ төре тұқымымен кездескенде, аттан түсіп, бір тізесін бүгіп «алдияр (Аллажар) тақсыр» деп сәлем етеді, аттанарда да осылай дейді. Төреден жасы үлкен, немесе елге өте сыйлы адамдар тізе бүкпей-ақ «тақсыр» деп амандасады. 4. Хан мен ұлыс сұлтандары қара халықтың сыйлы өкіліне қолын иығына тигізіп сәлем ишаратын жасайды. 5. Қазақтың ел қызметіне қатысы жоқ төрелерге «аллажар тақсырды» айту немесе аттан түсіп тізе бүгу талап етілмейді, қатар замандастары қол беріп амандасады. 6. Ел жиынына төре келсе, бәрі де орнына тұрып сәлемдеседі төрден орын береді (мысалы, киіз үйде болса). 7. Хан, ұлыс сұлтанның әйелдеріне де заты төреден шықса «алдияр» деп сәлем етеді. 8. Ел қызметіне қатысы жоқ төрелерге жеп құн төлеу шарт емес, бірақ қарапайым құннан бірнеше есе көп болуы керек. 9. Төрелер өзара туының түсіне қарай айырылады (қызыл тулы, ақ тулы т.б.) 10. Хандық, не сұлтандық лауазымға әкесі де, шешесі де таза төреден шыққандар бірінші кезекте ұйғарылады. 11. Әкесі төре, шешесі қара қазақтан шыққан төрелерді «қараман» деп атайды, лауазымға екінші кезекте ұсынылады. 12. Төрелердің таңбасы бәріне бір, қазақтың таңбасынан бөлек, ұраны — «Арқар». 13. Төре тұқымының некеде «жеті ата» тәртібін сақтауы шарт емес. 14. «Асыл сүйек» — түбі пайғамбардың (Мұхамбет Ғалайсалам) жұрағаты болып келетін әлеуметтік топ. Қара қазақпен қарым-қатынасы «Жарғымен» реттеледі. Өз іштеріндегі мәселелерді үлкендері шариғат заңымен шешеді. 15. Аса бeдeлді қожалардың құны қара қазаққа қарағанда жеті есе жоғары, «жеті құн». 16. Қожаларға қарсы ғайбат сөз айтқан, қол көтерген адамдар «үйірмен үш тоғыз» айып төлейді. 17. Қожалардың ішіндегі таза тектілеріне «сейіт қожаларға», ерекше сәлемдесу талап етіледі. Қарсы кездескен адам «әзіз тақсыр» деп алыстан қолын кеудесіне басып тағзым қылады. 18. Қожалар қазақ ішінен «зекет» жинауға хақылы. Ұлыс султандары мен ел басшысы билер ел үстінен қожаның шығынын көтеріп, зекетін жинауына жәрдем жасайды. 19. Қожа тұқымының бәріне біpдeй ілтипат көрсету шарт емес. 20. Қожаларда белгілі ұран мен таңба жоқ («алла ұранды қожа»), 21. Қожа тұқымының неке қарым-қатынастарында «жеті ата» тәртібін ұстануы шарт емес. 22. Қара сүйек — ру болып өміp сүретін қазақтың негізгі бөліп «Жарғы» тәртібіне толық бағынады және күнделікті өмір салтында қолданады. 23. Қара сүйек — қазақ елі өзінің билepінe (ру, ұлыс, орда билеріне) толық бағынады және солардың дегенімен жүреді. 24. Қоғамдық қатынастарда ру аралық жол тәртібі қатаң сақталады (ата тарату жүйесіне сүйенеді, туының және жасының үлкендігіне қарай): а) соғыс-жаугершілік кезінде ру-руды қосының әскери құрылымдағы алатын орыны; соғыстан түскен олжадан үлес алу кезінде; б) той-думан, жиынды ашу мезіpeті, сөз сөйлеу peті; в) ортада орын алу немесе тер мәселесі; г) мүше тарату кезінде, т.б. көрінеді. 25. Аталарының туу ретінің үлкен-кішілігіне қарай рулар қоғамдық, тіршілікте, жаугершілік кезінде, бір-біріне бағыныштылық танытады.

Үлкен рулардан халық ісіне жауаптылық талап етіледі. 26. Ханның және «Жарғының» ұйғаруы бойынша ұсақ рулардың өзара одақ құрып, туыстығын бекітуіне рұқсат. 27. Рулардың өзара барымтасы кезінде көрші рулардың ағайындығын көлденең салып, араласуына, бітімге шақыруына рұқсат. 28. Үлкен рулардың әлімжеттігін тоқтату үшін кіші рулардың өзара әскери одақ құруына да қарсылық жоқ. 29. Ру ішіндегі бүкіл әлеуметтік мәселелерді реттеу (бай-кедей, аға іні, құда-жекжат) сол eлдің ақсақалдары мен билepінe жүктеледі солардың жауаптылығында. 30. «Жарғы» бойынша қазақ арасында жасы кіші, жасы үлкенге құрмет көрсетеді. Үлкен келсе орнынан тұрады, орын береді. Үлкенге «аға», «еке» дегенді қосып айтады (мәселен Дұраға, Дұреке). 31. «Жарғы» қазақ ішінде жасы кішінің жасы үлкенге бірінші сәлем беруін (ассаламағалейкум) талап етеді. 32. «Жарғы» қазақ ішінде жасы үлкеннің жасы кішінің сәлемін алуын (уағалейкумсалам) және «мал-жаның, бала-шағаң аман ба?» деп ез тарапынан мезірет көрсетуін қадағалайды. Жасы кіші «құдайға шүкір, өз мал-жаныңыз есен бе?» деп жауап беру қажет. 33. Жас келіншектер үлкендерге сәлем еткенде бір тізесін бүгеді, оң қолымен оң жағын (бетін) жоғарыдан төмен жанайды. Сәлем алған үлкен басын сел изеп, «көп жаса» деп бата береді. 34. Келіншек болып түскен әйел күйеуінің ауылындағы үлкен-кішінің бәріне (әcіpece өте жақын туысына түгел, жастарын еркелетіп, үлкендеріне ізет көрсетіп) ат қояды. 35. Төлеңгіттер — төре маңында әскери-шаруашылық қызметін атқаратын адамдар. Төлеңгіттердің басым көпшілігі тұтқынға түскен өзге ел өкілдерінен құрылуына «Жарғы» қарсы емес. 36. Қазақтың төре қол астына барып төлеңгіт болуына қарсылық жоқ, бірақ ол өз руының құрамынан шығады. 37. Төлеңгіттің өз шаруашылығы, отбасы болады және оған тере (хан, ұлыс сұлтаны) қол сұға алмайды. 38. Төлеңгіт өз қамқорының (хан, ұлыс сұлтаны) бір айтқанынан қалмай әскери жорыққа, сапарға шығуға міндетті. 39. Төлеңгіттер өз қамқорының шаруашылығына қолқабыс етуге міндетті. 40. Төлеңгіттердің хан мен султан қарсылық жасамаса билер қарауына қарсылық жоқ. 41. Төлеңгіттердің өз қамқорын тастап, не өзге елдің хан, ұлыс сұлтанына, не болмаса қазақтың руына қосылуға хақысы бар. 42. Төлеңгіттер ез малына төре таңбасын салады. 43. Құлдар— күңдер не тұтқынға түсіп, не сатылып алынған адамдар.

Олардың қазақ болмауы — басты шарт. 44. Қазақтардың сунит-мұсылмандарды құл-күңге айналдыруға хақысы жоқ. 45. Құл (күң) — куәлікке (айғаққа) тартылмайды. 46. Құл (күң) — өз иесінің үстінен билер алдында шағым жасауға хақысы жоқ. 47. Құл (күң) — өз жасаған қылмысы үшін жауап бермейді оның жасаған қылмысына иесі жауап береді. 48. Құлды (күңін) жазалау мөлшерін иесі шешеді (құлақ кесті құл) құлдың (күң) құны құдай алдында сұраусыз, иесі өлтірсе де, оған ешкім кінә арта алмайды. 49. Иесінің (бай сұлтан, хан) құлды (күңі) айыпқа (құл бастаған тоғыз), жасауға (күң бастаған жасау-түйенің басын жетелеу), бәйгеге тігуге т.б. шексіз мүмкіндігі бар. 50. Иecі құл мен күңі азат етемін десе өз еркінде (азаткер құл). 51. Егер бір қазақ өзге қазақтың не жүйрік тазысын, не қыран-бүркітін кездейсоқ өлтірсе, оның құнына құл-күң ұсынуға ерікті. 52. Азаткер құл еркін қазақ руынан қыз алып, сол руға сіңсе, оған ру және оның биі жауапты. 53. Азаттың алған құлдың баласының еркін казак азаматы хақы бар. 54. Егер құлды (күңді) азат етіп және асырап алам десе, ол адамға ешқандай шектеу, айыптау жоқ. 55. Өзге елден келіп (саудамен, молдалықпен, хатшылықпен) қазақ арасына сіңген адам — шала қазақ атанады. 56. Шала қазақтың хақысын сол ру қорғайды. Егер ол ұрлық жасап, есе бермесе, даугер жақ сол рудың ақсақалы, биінің малын қуып алуға хақылы. 57. Ру қорғамаған, немесе «жан беретін» адам табылмаған жағдайда шала қазақтың өмірін қалай шешуді даугер өзі біледі.

Қарым-қатынас: 1. Егер ұлыс сұлтанын қара қазақ сөзбен жәбірлесе — бір тоғыз (сұлтанның беделіне қарай: құл бастатқан немесе түйе бастатқан, немесе ат бастатқан). 2. Егер ұлыс сұлтанына қара қазақ қамшы көтерсе «үйірмен үш тоғыз» айып салынады. 3. Сұлтандардың өз ішінде үлкeннің жәбірлесе, «ат тон» айыппен шешіледі. 4. Егер сұлтан бидің сөзбен жәбірлесе, ел алдында кешу етіледі ал қамшы көтерсе қолындағы қамшысын береді. 5. Егер биді қара қазақ, баласы жәбірлесе — бір тоғыз, жұмсаса — екі тоғыз айып салынады. 6. Әлеуметтік жағдайы қатар адамдар бір-бірін ренжітсе ел алдында кешірім сұрап бітіседі. Егер ел алдында шыққысы келмесе ғана би кішісіне бір тоғыз немесе ат тон айып кеседі. 7. Егер кішінің бірі нашар адамды ренжітсе би алдында «азусыз ат, жиексіз тон» береді (яғни бір қой, бір байлам мата). 8. Әйел адамды ренжіткені үшін (сөзбен, қолмен) әлеуметтік дәрежесіне қарай айып төленеді. (ат-тон — үйірімен үш тоғыз). 9. Әйел адамның немесе баланың үстінен айтылған арызды би қабылдамайды (дұрыс еркек әйелмен, баламен байланыспайды). 10. Егер екі адамның арасындағы жанжалда бір жағы жарақаттанса, оның емге кеткен шығынын кінәлі жақ өтейді. Оған қоса айыбын береді. 11. Сырттан айтылған сөз үшін билер ешкімді айыптамайды (хан сыртынан жұдырық). 12. Ата-анасына, ауылдың үлкеніне (сыйлы) қарсы келгендерді қара сиырға теріс мінгізеді де, ауыл аралатады. 13. Елді басына көтеріп аттандаған және жалған хабар таратқан адамдарды (өрт, қасқыр, су тасқыны т.б.) жұрт алдында қамшымен сабайды және өтірікші атайды. 14. Жиын-той, ас беру кезінде елдің шырқын бұзған адамды ас немесе той иесінің пайдасына деп қылмысына қарай айып (ат-тон) тартқызады. Ондай адамдарды «жиын бұзған тентек» дейді. 15. Ауылға жайшылық, уақытта ат қойып келген адамды «ауылға ат жүгірту ат-тон айыпқа тартады және сабайды. 16. Ауыл көшіп келе жатқан уақытта көшке қарай ат қою үлкен қылмыс болып табылады (көшке тию). Егер оны кеш үстіндегі жауынгерлердің бірі атып түсірсе құн төлемейді. «Көшке тиюші» аман қалса, ат-тон айыбын төлейді. 17. Қаралы кешке ат қою үлкен бейбастық болып табылады және кінәлі бір тоғыз айып тартады. Рудың үлкендеріне абырой әпермейтін іc саналады. 18. Ауылға қарай ат қоюға тек сол ауылда адам өлсе ғана рұқсат, адам өлімінің белгісі қаралы үйде жалаулы найза (ақ жалау — кері, қара жалау —орта жас, қызыл жалау —жас адам) көтеріледі. Ат қойғандар «бауырым» дап жылап, ат жалына еңкейіп ауылға шабады. 19. Егер ойын-той кезінде немесе аңшылықта кездейсоқ өлім болса, кінәлі адам тарапынан өлімді жөнелтуге көмек көрсетіледі («ас-атау, кер-кебін»), құн тартпайды. 20. Егер де адамды не малды бура шайнап өлтірген болса (үйірге түскен кезде бура өте ашулы болады) би бірнеше жағдайға көңіл бөлуі қажет: а) егер бураның мінезі бұрыннан белгілі болса, оны арқандап, не тұсап отырмаған үшін иесі өлген адамға құн төлейді (сүйек құн мен қырық байтал қосылмайды), өлген малдың басын қайтарады; е) егер бура бұрын мінез көрсетпесе бураның иесі өлген адамның туыстарына өлік жөнелтуге көмек жасайды (ас-атау, кер-кебін), бураны солардың қолына береді егер малды ешқандай жауаптылық тартпайды. 21. Егер де адам өлімі байлаулы тұрған аттың тебуінен болса, билер бірнеше жағдайды ескеруі қажет: а) егер ат киіз үйдің сыртынан белдеуге байланса, оған ат иесі құн төлемейді. е) егер ат киіз үйдің жанына іргесіне байланса ат иесі жарты құн төлейді. б) егер ат үйдің кіре берісіне (босағаға) байланса, ат иесі толық құн төлейді.

Қонақасы: 1. «Қонақасы» тәртібі жолаушының қонамын деген үйіне: а) ауылдың сыртымен оң келуін (қотан арқылы өтуге болмайды), е) үйдің сыртынан жақындап сәлем етуін («Сөйлес», немесе «сөйлесетін кім бар ау?» деп дауыстайды) талап етеді. 2. Егер жолаушы ауылға қонғысы келсе, ауылдың сыртында аттан түсіп, ауылға қарап малдас құрып отырады. Ауылдан біреуі келіп шақырады. 3. Егер жолаушы ауылға жақындап, аттан түсіп, оны тұсап, өзі жаяу келсе, ол да дұрыс (құрмет) саналады. 4. Жолаушының ауылға соқпай жанамалап өтіп кетуін басынғандық, сыйламау, не жөн білмеу есебінде айыптап, не ұрлық жасап, тәртіп бұзып жүрген адам деп күмән тағу кінә емес. 5. Жолаушы (қонақ) үйге кірерде қару-жарағын босағаға сүйеп кетеді. 6. Хан ордасына енген адам қолына қамшы да ұстамауы шарт. 7. Қонақжайлық дәстүрі бойынша құрметті қонақ келсе үй иесінің өзі аттан түсіріп, не балалары, не әйелі — қызы қонақтың атын байлайды. 8. Кез келген қазақ үш (отбасы) жолаушыға (құдайы қонақ) тамағын беріп, төсегін жайлауға тиіс. 9. Үй иесі (отағасы) қонақ асы беруден бас тартса, жолаушы сол елдің биіне барып арызын айтып ат-тон айып алуға хақылы. 10. Кез келген жолаушы (қазақ болуы шарт) «атамыз Алаштан қалған бөлінбеген еншіміз бар» деп түскен үйінен «қонақ асы» талап етуге хақылы.

Бөлінбеген енші: 1. Қазақтың түп атасы Алаш қартайған уақытында үш баласына (Ақ Арыс, Жан Арыс, Бек Арыс) енші бөліп, өзіне бір бөлігін алып қалыпты. Өлім алдында балаларын арыз дауға шақырып қолындағы бір бөлікті таңы үшеуіне беріпті, «бөлінбеген еншілерің болсын» депті. Жолаушы жүрсеңдер, көшіп қонып жүрсеңдер, қиындық көрсеңдер аяқ-табақтарыңды, жейтін малыңды алып жүрмеңдер, осы үлестен бір-біріңе қонақасы беріңдер деп тапсырса керек. Осы себептен қазақ баласы «Алаштан қалған бөлінбеген еншім бар» деп біледі. 2. Кез келген қазақ шаруашылығы жұттан, не жаугершіліктен тозса, қазақ баласынан жылу жинауға хақылы. Соғыстың кезінде жау шапқан рулар, өзге елден жылу талап етуге хақылы. Әркім өзінің мүмкіндігінше көмектеседі. 3. Кез келген қазақ отбасы, не ата баласы шаруашылығына көмек сұрап (құн төлеу, қалың беру, жасау) бірге қонып, бірге жайлап жүрген көрші ауылдардан, отбасыларынан көмек сұрауға хақылы. 4. Егер кедей отбасының бір үлкен малы кездейсоқ өлсе (мысалы: құдыққа құлап) онымен жақын отырған көрші ауылдас ағайындары «он eкі жілік» деп көмек көpceтуі шарт. 5. Егер бар болып отырып, алыс-жақын ағайын немесе қаймана қазақ нашарға көмек бермесе, оған кемі ат шапан айып салынады, зоры қоғамдық жиындардан шеттетіледі. 6. Жаугершіліктен келген батырлар «сауға» деп алдынан шыққан қазақ баласына (олардың ішіне жауға өзі бару мүмкіндігі бар адам енбейді) үлес беруге міндетті. 7. Бәйгеде аты озып келген адам, елдің үлкендеріне, қатарлас адамдарына сый көрсетуге, бөлісуге міндетті.

Бәйге: 1. Аламан бәйгелерде үлкен сый беріледі. Әcіpece белгілі, дәулетті адамдарға ас берілген кемі 20 — 25 атқа бәйге беріледі. Бірінші келген атқа 100 жылқы, 100 қой, бір тоғыз түйе, жібекпен жауып төрт қанат отау, т.б. тігіледі. Кейін келген аттардың бәйгесі біртіндеп азая береді. 2. Аса іpі бәйгелердің кезінде 40 —100 атқа бәйге беріліп, бас бәйгеге отау үйімен, 100 жылқысымен құл не күң тігіледі. 3. Күреске түсіп жеңіске жеткен балуан ағайындарына, ел үлкендеріне сый-үлес беруге міндетті.

Сауын: 1. Сауын - жағдайы келіскен, шаруасы түзу адам өзінің көрші-қолаңына, туыс жақынына сауынға мал (жылқы, сиыр) береді. Мал иесінің жағдайына байланысты сауынды пайдаланушы не өсімімен, не өсімінсіз қайтарады. 2 Сауын уақытында пайдаланған малдың сүті, жүні, қылы т.б. мал иесіне қайтарылмайды. Сауынды пайдаланудың уақыты екі жақты келісімге байланысты жасалады: бір-екі жылға, немесе мал иесінің шаруашылығындағы шығынға дейін. 3. Сауын алып пайдаланып отырған отбасылар — еркегі, бала-шағасы бар барлығы да мал иесіне тілекшіл болуы тиіс. Сонымен бірге келісім бойынша күнделікті шаруашылыққа көмектесу немесе қыста жылқы бағу т.б. шаруаларды атқаруы мүмкін (соның ішінде барымтаға бару т.б. басқа шаруалар). Егер байдың шаруашылығын жұт кедейлендіріп не жау шапса жақын туыстарына, көрші қолаңға берген сауын малын мерзімінен бұрын қайтарып алуға хақылы.

Көлік көмек (майы): 1. Ағайын-туыс арасындағы, көрші-қолаң арасындағы көмектің бір түрі. Қашанда баққан малының ыңғайымен қоныс ауыстырып көшіп жүретін қазақ елі үшін дүние-мүлкін теңдейтін, алыс жолға шыдамды күш көлік басты қажеттілік. 2. Өз малы болмаған жағдайда, немесе бала-шағасына, дүние-мүлкіне жетпеген жағдайда, өз көрші ағайындарынан, туыстарынан алуға хақылы. Көлікке түйе, өгіз, жылқы алады, үлкен күймелерді қозғау үшін әcіpece өгіздердің еңбегі ерекше. Көлік майын әркім өз қал-қадірі келгеніне келіседі. Оның ішінде шаруашылық мәceлecінe көмектесу т.б.

Қызыл көтеру:

Ағайынды елдің арасындағы, ауыл ішіндегі өзара көмек. Егер бір адамның үлкен малы аяқ астынан өліп (мәселен сауып отырған биесі), қиындық көрсе, жақын туыс-көршілері бір ұсақ малдан береді. Ол үшін мал иесі өлген малының, адал бауыздап алса, бір-бір жілігін көршілеріне таратады. Сол жіліктердің (он eкі жілік) орнына жиналған малға іpі мал сатып алады.

Шүлен тарату:

Аса байып кеткен адамдардың немесе бір себептермен құдайы деп елге көмек не мырзалық көрсеткісі келген адамдардың арасында кездесетін өз меншігіндегі мал-дүниені таратуды «шүлен тарату» деп атайды. Ағайын алыс-жақын туыстың тілек етуімен немесе бір атақты іс бітіргенде, немесе жақсы бір атаққа қалғысы келгенде де дәулетті адамдар өз ықтиярымен шүлен таратады. Елдің билерімен, ақсақалдарымен ақылдаса отырып дәулеттеріне қарай 1/5, не 1/10 бөлігін таратады (әр түрлі болады). Егер малын шүлен берсе қалың елдің алдынан айдатып ер оныншы, не жиырмасыншы малды алдына келгендерге береді. Ол жолаушы осы елдің адамы, өзге елдің адамы болсын айырмасы жоқ. Талап батасын беруі, ризалығын айтуы керек. Шүленге берген малды иесі қайта ала алмайды, құдай алдында (тәңірі алдында) сұраусыз деп береді. Шүленнің кезегі келген мал (жүйрік, жорға болса да, немесе атақты бәйге аты болса да) кезегі келген адамға береді. Егер шүлен малы мал иесінің мал дәулетінің құты болса өзге малға ауыстырады.

Жылу: 1. Әр түрлі табиғи апат (жұт, ерт т.б.) салдарынан мал мен дүниесінен айырылып, күнкөруі қиындап кеткен адамдар қазақ баласынан жылу жинауға хақылы. Жылуды ел болып та, жеке адам болып та жинайды, қандай да түрі болмасын жылу жинау туралы шешімі ел басшылары мен билердің келісімімен алады. 2. Егер апат бір адамға, бір ата баласына ғана келген болса, рулы ел өз бетімен-ақ көмектесіп, жұтаған адамдарға қарайласады. Ал жоқшылық тұтас руға келсе онда амалдың жоқтығынан өзге елдерге барып өтініш жасауға тура келеді. 3. Қазақ ішінде жылуды кез келген дәулетті қазақтан сұрау айып табылмайды (егер шын жұтап отырса). Жағдайы келіп отырған адам нашарға деп жылу беру тәңірі алдындағы іc болып табылады. Егер жылу жинаушы (адам не ру) өзінің берекесіздігінен, жағымсыздығынан, не өз дәулетінен ала алмай езге елде жүрсе, айыпталады — «өз ағасын ағаламаған, өзгенің ағасын жағалайды».

Жұртшылық: 1. Көрші адамдар мен көрші рулардың арасындағы өзара көмек «жұртшылық» атанады. Бір жұртта тұрып, мәселен ел кешкен кезде, туысқанын, көршісін тастап өзі жайлауға көшіп кету қайырымсыздық болып табылады. Қыстың күні мал жайылымы қиындай, мәселен бір жерді көктайғақ мұз басса, ол ел жұртшылық дәстүрін пайдаланып көрші жақын рулардың жерінен жайылым сұрауға хақылы. 2. Жазды күн жайылым болғанымен, тұщы суы жоқ ауылдар малын суару үшін көрші елдердің құдығын, қонып отырған өзен-көлін пайдалануға хақылы.

Сұрап алу кәделері 1. Немеурін сұрау —енші алып, бөлек шыққандар туған-туысқандарынан немеурін сұрап (көмектесулерін сұрап) мал-мүлік алғанды айтады. Қандас туыстар әрқашанда отау тігіп бөлек шыққан туысқанына немеурін сұрап келсе, мал-мүлкінен қолынан келгенше көмектесуге тиісті. 2. Сayға сұрау: жорықтан не бәйгеден олжалы болып келе жатқандардан туыс, сыйлас жандар сауға сұрағанда, түскен олжасының біpep мөлшерін сұраушыға беруге тиісті. 3. Сыралғы сұрау —аң аулап, олжалы келе жатқан аңшыдан сұрап алатын сыйлық. Егер аңшы, мысалға бір киік атып алса, сыралғы сұраушыға сол аңның бір мүшесін беріп кетуі керек. 4. Байғазы сұрау — мінген ат, киген киім немесе жаңа мал-мүлікке туысқандарынан көрімдік сұрау. Байғазы сұраушыларға «Құтты болсын» — айтып, сыйлық беру шарт. 5. Қолқа сұрау —құрбы-құрдас, не досына сапарға баруға жақсы атын бере тұруын өтіну. Қолқа сұраушыға сұрағанын беріп көңілін қайтармау міндетті. 6. Телім сұрау: жасы келіп өлген, жұртқа қадірлі адамдардың киімінен сұрау. Сол секілді әулие, абыз атағандардың киімін жыртып, төлім ету. Ақ киізге көтеріп, хан сайланған соң, сол киізді тіліп-тіліп телім (тәбәрік) алуға рұқсат. 7. Бұйымтай сұрау — келген қонағына сыйлық беру, «не шаруамен келіп едің» деп сұрап, жөнін білгеннен кейін, кететін деп жатқан қонағынан нендей бұйымтайың бар еді деп, қонақжайлық көрсетуі шарт. Қонаққа барғанда өзіне тиісті сыбағасын алып келгендерден, кетерінде «бұйымтайың не» деп сұрау міндет. 8. Тон сұрау - киім-кешектің тапшы кезеңдерінде, тон киім-кешектің сән-салтанаттысы есебінде сыйлы ақсақалдардың үйінде сақтаулы тонды, құдалыққа, жәрмеңкелерге барғанда, сол отбасы иесінен сұрап алып киіп баруға рұқсат. 9. От сұрау — көрші ауыл, көрші үйлерге от (күлдің арасынан көмілген қызыл шоқты) сұрай келіп, тамыздың алып отыруға рұқсат. 10. Сүйінші сұрау - қуанышты хабар жеткізушілерге берілетін сыйлық. Сүйіншінің мөлшері мал-мүліктің (егер жоғалды деген мал болса) бестен бір мөлшеріне тең.

Ас беру: 1. Ас беретін ру (ата баласы) алдымен сауын айтады (шақыратын елдерге). Сауын айтылмаған (хабаршы келмеген) елге міндет емес. 2. Хабар жеткен ел катысатын, катыспайтынын бірден анық айтады. 3. Асқа жиналған ел басылары ез тентектеріне жауап береді және астың шырқын бұзбау ата намысы болып табылады. 4. Егер ас иелері аза салып келгендерді дұрыс қабылдамаса (тиісті деңгейде үй тігу, мүше тарату) олар ас иелерінің үстіне арыз айтуға хақылы. 5. Егер келген адамдар тәртіп бұзса (кешігіп келу, төбелес бастау) ас иелері олардың үстінен арыз айтуға хақылы. 6. Ас беру жанжал-төбелес болса, кінәлі ел жақ билердің шешімімен ас иесіне ат-тон айып төлейді. 7. Егер дау бәйгеге байланысты болса, бірдей келген екі жүйріктің бәйгесін ат иелері рулар тең бөледі оған көнбеген жағдайда аттарды тынықтырып алып кайта жарыстырады (дауласушылардың аттарын ғана). Ел басшыларының дәулетті адамдардың өлгеннен соң бір жылдан кейін жылын өткізудің «ас беру» деп атайды. Шамасы келгендер бірнеше қайтара ас береді (үш ретке дейін). Мүмкіндіктеріне қарай алыс-жақын елдерге сауын айтады (хабарлайды). Қазақ ішіндегі өте іpі тұлғалардың асына аза салып, саба жиып, жол-жоралғасымен Алаш баласы түгел келген. Сол себептен де ас беру кезінде ел ішіндегі ірілі-ұсақты мәселелер билердің талқысына түседі әсіресе ру арасындағы араздық мәселесі рулардың жолы, барымта т.б. Ас беру кезіндегі төрелігі «Кеңес» тәртібімен өтеді. Ас берудің шығынын тұтас рулы ел, ағайын көтеріп алады: сойыс деп мал жию, үй тігу, бәйге беру. Осы шығынның әрқайсысын белгілі бір аталар немесе марқұммен сыйлас, қатарлас адамдар да көтеруі мүмкін. Марқұмның туысқандары ондай адамдарға ерекше ықылас көрсетіп, жолын беруге хақылы. Ас беру кезіндегі әр түрлі шаруашылық-қоғамдық мәселелерді басқарып отыру үшін ас иелepі елдің басшыларынан таңдаған адамына ұсыныс жасайды. Бәйгеге (ат бәйгесі) ерекше жауапты адам сайланады (билердің арасынан), өнердің (күрес, ақындық т.б.) басқа түрлеріне жауапты адамдар сайланады. Төрелер мен қожалар, ер рудың бас көтерер адамы өздерінің жолына сәйкес ерекше тігілген үйге түседі олардың өз жолдарына қарай сый құрмет талап етуі заңды. Жол тәртібін реттеп отыру асты басқаратын адамның міндеті саналады. Асқа байланысты туындайтын даулардың ішінде: егер келуші астың бeлгілeнгeн уақытынан кешіккен болса, өзіне тиесілі орынды талап ету мүмкіндік азаяды. Ас бәйгесінде бірнеше ат қатар келсе, ас иелерінің талабымен бәйгені бірнеше күннен кейін қайта өткізуге рұқсат беріледі.

§4. Дін және шариғат жолы
«Жарғы» мазмұнында дінге катысты бірнеше талап бар, оларды атап айтсақ:

1. Құдайға тіл тигізген адам, егер тіл тигізгенін жеті адам дәлелдей, куәлік берсе, өлім жазасына кесіледі. Өлім жазасы шариғат талабына сәйкес таспен атып орындалады. 2. Өзге дінге кірген, соның ішінде христиан дініне кірген адам, ез мал-мүлкіне, қатын-баласына иелік хақынан айырылады. Себебі мал-мүлікке, адам жанына ру ортақ. Осы себепке байланысты «шоқыншының» мал-мүлкін, қатын-баласын ағайын-туыс бөліп алса қылмыс болып табылмайды.

Шариғаттың тікелей әcepі «Жарғының» төмендегі ережелерінен көрінеді. 3. Өзін-өзі өлтірген, жазалаған адамдарға жаназа оқылмайды, олар ру қорымынан бөлек жерленеді. 4. Адам өлер алдындағы өсиетін ағайындар мен молданың алдында айтуы қажет. Егер де ауылда молда болмаса, өсиетін жақын ағайын, жолдас арасында айта береді. 5. Әйел адамның құны ер адамдардың құнына қарағанда екі есе кем. Сонымен бірге еркек адам әйелін өлтірген жағдайда, әйелінің туыстарына, олар талап етсе, құн төлейді ал әйел адам еркегін өлтірсе өлім жазасына кесіледі. Әйел адам егер аяғы ауыр болса, кешірім етіледі.Бірақ ағайын-туғанның алдында жазалы болып қалады (қарабет). 6. Шариғат жолы—әуелі Құран кәрімге, одан кейін хадистер мен сунналарға негізделеді. 7. Даулы мәселелер бойынша (істер) шешімді шариғатты жақсы білетін және адалдығымен елге танылған қазы мен имам айтуы қажет. 8. Қазы, не имам (муфти) билік ісін көпшілік алдында, ауызекі жүргізеді. 9. Даулы іc бойынша ант беретін адамды екі жақ өздері ұсынады. Ант беретін адам ұсыныстан бас тарта алмайды, егер бас тартса бір құлға азаттық беріп, не 10 адамды тойындырып ас беруі керек. 10. Жалған ант беру тек өзге діннің адамынан өз туысын қорғау үшін ғана беріледі. Құдай алдында өзін ақтау үшін жалған ант берген адам бозқасқа шалып ақталуы қажет. 11. Қарыз беруші қарызын өсімімен алуға қақы жоқ. 12. Қарызын қайтара ал маған адам қызметімен өтейді. 13. Әкеден қалған мұра ұлдарына екі есе, қыздарына бір есе тәртібімен белгіленеді. 14. Марқұмның өз баласы болмаса, аға-інісі екі есе, апа-қарындасы бір есе мұра алады. 15. Epі әйелінің мал-мүлкіне қол сұға алмайды, иелік етуге хақы жоқ. 16. Ерінен ұрпақ қалмаса, әйелі ер мұрасының төрттен біріне ғана ие болады. 17. Егер марқұм көзі тірісінде біреуге қарыз болса, бала-шағасы оны өтеуге міндетті. 18. Ұрлық жасаған адамның ұрлағаны 10 дирхемнен (теңге) кеп болса, бір қолы кесіледі. 19. Ұсақ заттар (сабын, балық, құс) ұрлық болып табылмайды, жаза кесілмейді. 20. Шариғат бойынша алдын ала тергеу жұмысы жүргізілмейді. 21. Тонаушылық (Хараба) өте ауыр қылмыс қатарына жатады: а) Егер қорқытып өзгенің дүние-мүлкін алса: е) егер алған затын таратып жіберсе; б) егер түгелін өзі жаратып жіберсе; в) тонау өліммен ұштастырылса, ондай ұры-тонаушыға өлім жазасы кесіледі. 22. Ерлі зайыпты адамдар арасында кездесетін кезге шеп салу (зина) өлім жазасына (таспен атып) кесіледі. Егер 4 куә кезбен көріп мойындатса. 23. Зинаға байланысты жалған кyәлік берген адамға 30 рет дүре соғылады. 24. Арақ ішіп, ләйліп жүрген адамға 80 рет дүре соғылады. 25. Діннен шығу-иртидад (ислам) өлім жазасына кесіледі (таспен атып өлтіру). 26. Қоғамдық тәртіпті бұзу, ел басшысына, үкіметке қарсы кетеріне, өлім жазасына кесіледі. 27. Қазы немесе имамның билік кезінде шариғат талап етеді тәртіпті жазадан (хадд) ауытқуына тыйым салынады. 28. Адам өлтірген қылмыс бойынша қазы қылмыскерді өлім жазасына кеседі (қысас). 29. Егер өлген адамның туыстары кешірім берген жағдайда, кылмыскер құн төлейді (дийа). 30. Егер қылмыс, не дау шешімі шариғатта (құран, сунна, хадис) көрсетілген болса, қазы өз түсінігі бойынша жаза кеседі (тазир).

Үшінші таған
Кек пен жаза
§1. Кек

Қазақ ұғымында кек қайтару ғұрпы айыпталған емес, керсінше әлдеқалай бұзыққа, не келімсекке қандас туысының өшін жіберсе, не өз басының намысын қорғай алмаса, ондай азаматты халық қор санаған. Туысын өлтірген қылмыскердің өз қанын, не ағайынының қанын ішпей жіберу кешірілмес күнә саналып, ондай еркектер жұрттың көзіне шыққан сүйелдей болып, онымен бір дастарқанға отыруға өзгелер арланған. Алаштың азаматына қас жауының кеңірдегін қанжармен орып жіберіп, қанын ішу ата жолына кіретін, әдет-ғұрып алдындағы абыройлы міндет. Ер жігіт түгілі қазақтың бойжеткен қызы да беліндегі кездігін тастамайды (ер кісесі және әйел кісесі). Қазақтың XVІІІ ғасырдағы қатал мінезі туралы А.И. Левшин (1832 жылы) былай деп жазады: «Қандай арманшыл адам болса да, бұл адамдар қауымына қызығуы қиын, оларды не рухани табиғаттың тамашасы, не тұрмыс-тіршілігі қызықтырмайды. Олар қаталдыққа әбден үйреніп алған және мінезді жұмсартатын нәрсенің бәрінен қашады, ұрлықты да қаталдық деп, ержүректілікті өмір бойы қан төгу деп түсінеді». «Өзіне жасаған қорлыққа кек қайтара алмаған қазақ, ашу-ыза үстінде құтырған қасқырға ұқсас,—дейді А.И. Левшин. 1821 жылы Антонов бекінісінде сол маңда көшіп жүрген бір ордалық қазақ менің көзімше өзін пышақпен бірнеше рет тілгілеп тастады, себебі оның төбелесіп жатқан бір орысын бірнеше Жайық орыс-қазақтары арашалап алып қалып, әбден шерін тарқатуға мүмкіндік берген жоқ Екінші біреуі билердің кесімімен жазаға бұйырылғанына күйініп, жан шошырлық кейіпке түсті, қолма-қол өзін жаралап, әкесіне балта ала жүгірді қызына балта ала жүгірді, қызына жара салып, бірнеше жылқыны балталап тастады». «Егерде талай кедергіден өтіп, көптен бері іздеп, ақырында өзінің көп кеткен жауын тапқанда, ол тіпті нағыз жолбарысқа ұқсап кетеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын кіші жүздің Байұлы eлінің ішідегі Беріш руының қазақтары, өз туыстарының кегін қуып Әлімұлына шабуыл жасады және бірнеше жауларын қолға түсірді. Қолға түскен бақытсыз жандардың, оның ішінде кінәcіздepі де бар, басына түскен адам кінәлі елестетуі неғайбыл. Жеңімпаздар оларды бейіт басына, өздерінің өлген туыстарының қабіріне алып келіп, бір-бірлеп, сол жерде-ақ өлтіреді, үлкенінің кеңірдегін орып жіберіп, аққан қанын уыстап тұрып ішкен». Ханда билік, билерде бәтуа жоқ кезде қазақтың рулары өзара да қанды кек қуысатын болған, мүмкін сондай жанкештілік заманда өзін-өзі сақтау, халық болу, қалу да оңай болмаған болар, бірақ намысты жоғары қойған, «қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді» дейтін қазақ үшін кек қалыпты жағдай болған. Орталық саяси билік әлсіреген тұста «қанды кек» тәртібі қылмыстың алдын алудың ең ұтымды тәсілі әркім өзінің жазасыз қалмасын білуге тиісті. Бірақ сөзге түсінген, сөзге жүгінген ел болғандықтан, қазақ руларының өзара дау-шараларын от тілді орақ ауызды би-шешендері ушықтырмай, шешіп отырған. Қазақ: «Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді» — деп сөз өтетін жерде, шоқпарын ыңғайламаған, сөзбен қағысып барып ештеңе шықпайтын болғанда ғана іске кіріскен, әйтпесе көшпелі ыдырап жүрген елді бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратындай ұйымдасып, ынтымақтастырып отыру оңай болмаса керек. XVІІІ ғасырда өмір сүрген Ақтамберді және Үмбетей жыраулар бір дауға байланысты сез жарыстырғанда айтқаны:

Ақтамберді:
Қынаптан қылыш суырмай,
Қарысқан жау бүлк етпес.
Жуылмай қастың қанымен,

Намысқа тиген кір кетпес.
Шабыссаң, қане, шығып көр,
Жау емессің күш жетпес.
Жeндeтті көрсет көзіме,

Желіккен басты кім кеспес!
Еліңді жүндей түткізіп,
Қанды көбік жұтқызып,
Жайратамыз осы кеш.

Үмбетей:
Ей, Ақтамберді
Суытпа босқа түсіңді
Қайрама онша тісіңді

Сырт тазасы не керек.
Тазарт әуел ішіңді,
Салмақтасаң айта ғой,
Хан алдында күшіңді

Елімді иесіз деймісің,
Еpімді киесіз деймісің?
Алты арысқа білдірмей,
Басып жеймін деймісің?

Батпан-батпан мінің бар,
Қабынбай бітім қылыңдар.

Міне, Үмбетейдің дегенімен екі ру казактары қанды қырғынға бармай, бітімге құн төлеп келіскен. Ал енді сыртқы жау, бөтен елде кеткен кек іште қатқан шер болған. Жиенбай іште қалған шерін былай деп айтқан:

Керегеге ілінген,
Шабылмаған семсер тұр.
Жаудан алмай кегімді,
Есіл де өміp өткен құр.

Сыртқы елмен қатынаста құн төлеу, кешу, бітімге келу өте сирек болғандықтан, не жеңу, не жеңілу керек еді. Атақты Абылай заманындағы ағайынды батырлар Жауғаш, Биғаштың Жауғашы қалмақта өлгенде (елшілікте) қазақ батырдың жолында қырылмақ болып, жеті ердің құнын алған. Сол сияқты кек қайтарушы кісіні «қаскүнем» деп атаған, яғни өзінің ойындағы істі көпке дейін сәті келгенше күтіп іске асырушы.

§2. Қанды кек дәстүрінің қолданылу тәpтібі Қанды кек — қазақтың әдет-ғұрып заңдарының ішінде бірінші орын алатыны (қанға қан, жанға жан). «Жарғы» бойынша өлген адамның туыстары қанішерді өлтіруге хақы бар, егер дене мүшелерінің бірі жазым болған жағдайда (мысалы, аяғы, мұрны) қылмыскердің аталған дене мүшелеріне зақым келтіруге қанды кек тәртібі рұқсат береді. Егер талапкер жақ келіссе, билердің ұйғарымы бойынша жұмсартылатын да жағдай болады. Онда қанды кектің орнына талапкер жақ кылмыскерден алынған төлеммен қанағаттанады. Кісі өлтірушінің өмірін сақтау үшін руластары төлейтін төлемді «құн» деп атайды. Ер адамның құны—1000 қой, әйелдің — 500 қой. Сол сияқты билердің ұйғарымы бойынша, адамның дене мүшелеріне келген зақымды малмен төлеуге болады. Үлкен бармақтың төлемі—100 қой, шынашақ—20, т.б. Ал сұлтан, қожа тұқымдары үшін құнның төлемі 7 есе, жеті адамның құнын талап етуге хақы бар. Сол сияқты сұлтанды, не қожаны тілдегені үшін 9 бас айып төлейді ал қол жұмсағаны үшін 27 бас, яғни «үйірмен үш тоғыз» төлеуі тиіс. Кей-кейде қылмыскер жақ істелген іc үшін аяққа жығылып, құн төлеуге келісім беріп тұрса, өлген адамның туыстары көнбеуі мүмкін. Олай болса, олардың біреуі бес қаруын асынып, сайлы атын мініп, қылмыскермен жекпе-жекке шығуы керек. Жекпе-жекке шақырған жақ қылмыскерді өлтіре алмаған жағдайда құн орнына бір тоғызбен қанағаттанады, ал өлтірсе қылмыскердің құны сұраусыз. Сол тәрізді күдікті адамды құтқару үшін, оның руластарының ішіндегі ең сыйлы, қадірлі, елге беделді ағайындарының бірі жұрт алдында кепілдік беріп, ант ету керек. Осы ғұрыпты қазақ «жан беру» деп атап, істің шешімін тауып, келісімге келеді.

§3. Жаза түрлері Әдет-ғұрып заңдарының бір тармағы есебінде әр түрлі қылмысқа қатысты жазалардың ішіндегі ең ауыры — өлім жазасы, өлім жазасына кем соқпайтын түрлері де баршылық. Қазақ арасында жиі кездесетін жазаның бір түрі — қылмыскер мойнына құрым іліп, бетіне күйе жағып, ауыл айналдыру. Әcіpece, бұл ауыл ішінде тәртіп пен имандылықты бұзғанда қолданылады. Қылмыскерді қара сиырға мінгізіп, бетіне қалың қылып күйе жағып, мойнына әбден құрым болып қалған ескі киізді іліп, соңынан жүріп қамшымен ұрып отырады және бетіне түкіріп, топырақ шашып әбден қорлайды. «Мойнына құрым іліп, бетіне күйе жағу» билердің кеңесінде емес, ауыл-елдің сыйлы ақсақалдарының бұйыруымен істеледі. Себебі, ел имандылығын, әсіресе жастардың дұрыстығын қадағалау ауыл үлкендерінің өзі іcі деп есептеледі. Ауылындағы бас бұзар бұзығын, арсыз әйелін жазаламаған ел басы ақсақал елге сыйлы болмайды. Нәпсіқорлыққа байланысты айтып кететін бір мәселе: қолға түскен еркектің атының құйрығын кесу, онымен бірге ұсталған қыздың, не күйеуі бар әйелдің бұрымдарын кесу. Бұл да ауыр жаза қатарында, себебі ат құйрығын кесу тек өлімде, не жаугершілікте кездесетін нәрсе. Бұл қылмыскерге енді аяушылықтың болмайтындығын көрсетсе керек. Еркек адам қайтыс болғанда мініп жүрген атының құйрығын кесіп жібереді: «тұл ат». Ол атты тек ас бергенде сояды. бір жыл ішіде құйрығы кесілген атқа ешкім мінбейді. Өзгенің жылқысының (ұрланған) құйрығын кескен ұрыға бір жылға шейін билік айтпайды. Мал иесінің босағасын күзеттіреді. Егер атының құйрығы кесілген үйден бір жыл ішінде кісі өлсе, ат құйрығын кескен ұрыға кісі құнын төлeткізeді. Ата-анасына қарсылық жасаған, ел ақсақалына тіл тиген не өз ауылын қорлайтындай, ағайынның намысына келгендей жаман іc істеген адамды мойнына қыл шылбыр іліп, қолын артына байлап, жалаңаш қылып шешіндіріп, ауылды айналдыра қамшымен ұрып жүргізеді және ұрып қана коймай, неге ұратынын жұртқа айтып, балағаттап отырады. Тағы бір түрі аттың құйрығына шылбыр байлап, соны қылмыскерге тістетіп, екі жігіт екі жағынан қамшылап жүгірту. Ел арасынан шыққан бұзақыларға қарсы қолданылған жазалардың ішінде айтып өтуге тұратыны, ол қылмыскердің дене мүшесіне зақым келтіру, құлағын кесу, ернін, танауын жұлу сияқтылар. Бұлар шектен шыққан қылмыскерге, не әлеуметтік сатыда темен тұрған құлдарға қолданылған. Қазақтың жаугершілік уақытта көп қолданылған жазалардың бірі қылмыскерге кісен салу, босаға күзеттіру. Жазаның тағы бір түрі ұраға отырғызу. Ертерек уақытта жазаның ең кеп қолданылған түрі — ел алдында үш бақанның, не уықтың астына отырғызу, ол үшін қылмыскерді жүресінен отырғызып, бастыра үш ағашпен нығырлап, жоғары бастарын қосып, байлап тастайды. Жеңіл-желпі аталатын қылмыстарды да билер елге үлгі болсын деген ниетпен осындай жазаға кесіп отырған. Осы жазаның бір түрі керегені жалаңаштап, кигізіп алып, соның ішіне отырғызып қою. Бұл да ел алдында істелетін жаза. Екі жағдайда да қылмыскердің жанында қылышын жалаңаштап алған жасауыл тұру керек. Жеті атаға толмай көңіл қосқан адамдарды өлім жазасына кеседі. Бірақ шариғат немере арасын қосатын болғандықтан, кейде билер өлім жазасына тікелей кеспегенімен де «оққа» байлайды. Соның бірі жағын (садағын) кезеніп тұрған туыстарының алдынан шауып өту. Өлсе өз жазасы, өлмесе салауат делінеді. Жазаның ең көп қолданылатын түрі — ел алдында кінәлі адамды сол ауылдың үлкенінің, немесе ағайынның біреуін сабауы. Бұзау тіс қамшыны алып, кінәсін бетіне айтып, екінші рет қайталамайтындай қылып сабау.

§4. Барымта Барымта — қылмысқа қарсы қолданылатын ұжымдық шара. Егер қылмыс жасаған жақ би үкіміне көнбесе, немесе кешірмесе, даугер жақ өз тарапынан барымта ұйымдастырады. Барымта—ең алдымен малды айдап алу, оның талабы — белгіленген келемнен (бидің алдында кесілген) шықпау. Осы тұрғыдан барымта қоғамдық қатынастардағы реттеледі деп есептеуге болады. «Жарғы» бойынша егер кылмыскер би үкімін орындамаса, туыстары қорғап, өз тарапынан айыбын тартпаса, ауыл болып дауды шешуден бас тартса, зәбір шегуші жақ барымтаға барады. Зәбір шегуші жақ ен алдымен ақсақал, билердің алдынан өтіп, ал малды айдап келгеннен кейін қанша мал әкелгенін баяндайды. Айдап әкелінген мал үкіммен берілген айыпқа немесе құнға сәйкес келуі керек. Барымта ашық түрде жасалады. Барымтаға қатысқан адам жорықта өлетін болса, Зәбір шеккен жақ құн төлеуді талап етуге хақылы. Барымтаға түскен малды билер айтып қайтара алмайды. Барымтаның түрлері — ұрлық жасалып, ұры малды сіңіріп алса, біреудің кісісі өліп, өлтіруші жақ тез арада алты бүл жақсысын алып алдарына жығылмаса, біреудің қорық жеріне өзгенің малы жайылып, істен шығарса. Сонымен қатар неке мен отбасы мәселелерінен өрбитін қалыңмалын төлемей қыз алып қашу, біреудің заңды некесін бұзу, ортаға түскен олжадан сыбаға бермеу, қонақасы дәстүрін бұзу, т.б.

§5. Өлім жазасы Қазақ әдет-ғұрып заңдары бойынша өлім жазасына адам өлтірген, ұрлық жасаған, ел тонаған, әйел зорлаған, ойнас қылғандар кесіледі. Сонымен бірге өлім жазасына жеті ата дәстүрін бұзған, туыстың арасын ашып, қан араластырған (жақын туыстар арасындағы неке) адамдар немесе некесіз туған баласын жұрттың сөзінен арланып өлтірген әйелдер кесіледі. Зорлау кісі өліміне тең, кінәлі кісі өлім жазасына кесіледі. Егер қыз атастырылмаған болып зорлаушы қалыңмал төлеп үйленсе, онда қыздың туыстарының шешімі, келісімі арқылы құн төлеуден де, өлімнен де босатылады. Әйелін ойнас үстінде ұстаған күйеу, осы сәтте өлтіруге және жазасыз қалуға мүмкіндігі бар. Егер қылмыс дәлелденген (4 куә) жағдайда көзіне шөп салғаны үшін әйелі мен ойнасын билер кеңесінің өлім жазасына кесуге хақы бар. Өзгенің әйeлін келісімінсіз алып қашқанда өлім жазасына, не құн төлеуге кеседі. Егер әйел өз еркімен қашса, оны алып қашқан адам қалыңмалын қайтарып, үстіне қыз қосып береді. Кей жағдайда ел арасындағы ұрлығы үшін өлім жазасына кесілетін де жолы болады. Құдайға тіл тигізген адамдар, жеті кісі куәлік етсе, таспен ұрып өлтіру керек. Күңдер мен құлдардың тағдыры толықтай иелерінің қолында болады, олардың өз иесінің үстінен берген арызын ешкім қабылдамайды. Қазақтың не иті, не бүркіті өлетін болса, иесі оның орнына құл мен күң кінәлі деп талап етуге хақы бар. Өзіне-өзі қол көтергендер ортақ қорымға қойылмай, жеке жерленеді және жаназасын шығармайды. Өлім жазасы 13 жастан асқандарға қолданылған, себебі «он үште отау иесі» деп, балалар үлкен қатарына қосылады. Он үшке толмағандар «сәби» саналып жазаға тартылған жоқ. Немесе кей жағдайда баланың ақыл-есі дұрыс еместігі анықталса, ата-анасына салмақ түседі. Мысалы: Ертеде бір ханды өз інісі өлтіріп, хан болып сайланыпты, ал ағасының баласын бала қылып асырап алады. Сонан бір ойын үстінде бала пышақпен ағасын жаралап тастайды. Ағасы баланы өлім жазасына кесуді өтінеді. Баланың шешесі, бұл шешімге келіспей, ол бала әдейі емес, байқамай ойын үстінде тығып алды, — деп қарсы шығады. Сонан би жиналған жұрттың алдында баланың істегені әдейі ме, елде байқамай істеген іc пе тексеру үшін пышақтың ұшын жоғары қаратып қойып, балаға кеудеңмен пышаққа құла дейді. Бала пышаққа кеудесімен құлап, бірақ күшін бір жақ иығына сала жығылып ешқандай жерін жарақаттамай тұрады. Mіне, осыны көріп тұрған билер алқасы көріп тұрған халық баланың әдейі істемегеніне көздері жетіп, оны өлім жазасына кеспейді. Сол сияқты өлім жазасын жеңілдетуге жастығынан басқа, ақыл-есі, психологиялық жағдайы, оқиғаның кездейсоқтығы, т.б. жағдайлар әсер етеді. Айта кететін бір нәрсе, егер қылмыс біреудің азғыруымен істелсе, мысалы өлім, азғырушы құн төлеумен құтылып, өлім жазасына қару жұмсаған адам бұйырылады. Мұны қазақ «ұр дегенге зор келмес, ұрғанға зор келер» дейді. Билердің не хандардың ұйғарымы, халықтың келісімі бойынша өлім жазасының бірнеше түрі қолданылған. Мысалы: ат құйрығына байлау, таспен ұру, асу, буындыру. Айталық шариғат заңын бұзғандарға көбінесе таспен ұрып өлтіру қолданылған. Бұл нағыз азапты өлім, себебі ұзақты күн жұрттың бәрі бір тас лақтырмайынша, қылмыскер жер қойнына берілмейді. Ертеде өлімге кесілген адамды ат құйрығына байламас бұрын, буындыратын болған. Қылмыскерді ақсақалдардың, ру басшылары мен басқа халық жиналған алаңға алып келіп, мойнына тұзақ салып, екі ұшынан екі адам ұстап турады. Осыдан кейін жиналыс басшысы қолымен белгі береді. Сол белгі бойынша орындаушылар тұзақты екі жаққа бар күшімен тартып буындырып тастайды. Ең соңында оны шу асау жылқының құйрығына байлап жібереді, тұяқ тиіп, қараған, томар, тасқа соғылып, арқаннан басталған бұл шаруа аяқталады. Кей-кейде қылмыскерді бірнеше жерден терең тіліп, сол тіліктерден қыл шылбырмен он жылқының құйрығына байлап, асау жылқыларды қамшының астына алып, жан-жаққа тартқызады. Ал енді асып өлтіргенде қазақтар көбінесе ағашқа, не зор түйеге асады. Асып өлтіру көбінесе зорлықтар мен ойнаста қолға түскендерге қолданылады. Бұлардың ішінде кінәліні қыл шылбырмен буындырып, суға салып өлтіретін де жағдайлар бар. Ең ауыр жаза кісі өлтірушіге қолданылады, егер билер кеңесі қылмыскерді өлген кісінің туысқандарының қолына берсе, сонда оны былай өлтіретін болған: ең әуелі қылмыстының негізгі тамырларын қиып жіберді, өлгеннен кейін бүкіл дене мүшелерін бөлектеп тастайды. Кей кезде қарнын жарып, ішіне бөлек-бөлек шабылған қол-аяқты, басты салады. Осы қалпында денені туыстарының қолына тапсырады, ал іздеушісі болмаса өздері көмеді.

§6. Құн төлеу Айыптың ең жоғарғы сатысынан кейінгі салынатын төлем, яғни үш тоғыздан асатын төлемді «құн» деп атайды. Қылмыстың түріне қарай: толық құн, яғни 500 қойдан 2000-га дейін, 50 жылқыдан 200-ге дейін, 25 түйеден 100-ге дейін. Одан кейін жарты және ширек құндар болған. Құн — қазақ әдет ғұрып заңдарының ертеден келе жатқан ежелгі тәртіптерінің бірі. Қазақтар тура және ауыспалы мағынада осы ұғымды күнделікті тұрмыста қолданады. Егер бір нәрсеге қатты қадалып, өшігіп сұраса — «әкеңнің құны бар ма» деп айтылатын сөздер де бар. Қазақ рулары ерте уақытта қанды кек пен құн заңдарын қатар қолданып келген, бейбітшілік уақытта көбінесе құн төлеу іске асып отырған. Себебі өзара кек қуысып қан төгу қазақтың руларын әлсіретіп, қансыратып, мықты деген батырларынан айырылып қалу оңай соқпаған. Оның үстіне әрдайым сыртқы елдермен шабуылдасып, жауласып жүретін қазақ елі үшін ішкі бірлік, тыныштық екінші кезектегі шаруа болмаса керек. Сондықтан кісі өлтірушіге, зорлаушыға ру жауап беріп, қылмысына ортақ болады. Ұлт алдына не қылмыскер үшін құн төлеуге, не қылмыскерді ел қолына беруге міндет алады. кісі өлімі үшін құн төлеуге мойын ұсынған ру, қарсы жақтың бірнеше сыйлы кісісін шақырып, солардан өлген адамның туыстарына «Сүйек құн» -алты жақсы жібереді.

Сүйек құнының құрамына кіретін нәрселер: а) Кісі өлтірушінің астында болған, оны жай бермей, құйрығын кесіп жіберетін — қанды қара шолақ ат. е) суық қару — не мылтық, не бір қадірлі қылыш, қанжар - өлтіруге қаруы болды деп, мұны қанды қару дейді. б) өлген адамның денесін салып жерлейтін жерге апаруға деп, мәйітті орау үшін қара нар, қалы кілем береді. в) өлген адамның ет-жақыны, яғни не әйелі не шешесі, не қарындасы бір жыл бойы жоқтауға киетін қайғы белгісі саналатын қара тон, сары жаулық. Осы сүйек құн келісімімен даугер жақ қанды кектен бас тартып, қарулы әскерді жинауды доғарып, негізгі құнды күтеді. Өлген адамға құн төлегенде арнап үй тігіледі және союға қара қой дайындалады. Қылмыскердің туысқандары күтуші болады. Адамы өлген жақ келіскен күні айғай-сүрен салып немесе қаруларын, туларын көтеріп, «Ой бауырымдап» тігілген үйге қарай шабады, осы кезде қара қой сойылады. Шабуылдап келген бойда қылмыскердің ауылын, оның өзінің үйін шабады. Қару-жарақтарымен бір-бір салып өтеді, тіпті уықтарын сындырып тастайды. Осыдан кейін барып құн төленеді. Қылмыскерлер үйге тек қана eкі жақ татуласқаннан кейін кіргізеді. Ол төмен отырып, өзінің кінәсі үшін кешірім сұрайды, содан кейін «ала арқан (жиі) кесу» рәсімі жасалады, қылмыскер мен өлген кісінің ағасы жаңағы ала жіпті екі жағынан ұстайды, көлденең елдің Қадірлі азаматы ала жіпті кеседі, осыдан кейін екі жақ дау-жанжалды токтатып, өзара татуласады. Ал, жіп кескен азаматқа кінәлі жақ шапан жабады. Егер кылмыскердің өз туыстары бас тартып, керек құнды төлемесе, кылмыскер өлген адамның руластарының қолына беріледі олар оны өлтіреміз десе де, құлдықта ұстаймыз десе де ерікті. Көбінесе руластары соңғы малын берсе де құн төлеуге тырысады, себебі өз туысынан басын ала қашқан руды ел төмен етіп, мазаққа айналдырады, әсіресе сол рудың байлары көзтүрткі болады. «Жарғы» бойынша құн төлеудің шарты және шығыны төмендегідей: негізінен құнға қылған кесімді үш түрге бөледі:

а) қара құн —100 жылқы, он екі жақсы
е) сүйек құны — 50 жылқы, алты жақсы
б)өнер құны—тоғыз жақсы (тоқал құн)

Егер өлген кісі ел ортасында танымал адам болса, билер кеңесі қылмыскерлерден осы үш құнды толық талап етуге хақылы. Өнер құны деп тілді шешен адамға, ақын-жырауға катысты айтады. Құнның кең тараған түрі 100 жылқы, алты жақсы. Алты жақсының құрамы: 1) жетім (құл, не құн); 2) қара нар; 3) ақ сауыт; 4) түзу мылтық; 5) қара шолақат; 6) қалы кілем. Әйел құны 50 жылқы, үш жақсы: қара нар, қара шолақ ат, қалы кілем; 50 жылқының ішінен үшеуі —«шу» деп қымбат затпен (кездеме, аң терісі, киім) беріледі сонда мал саны—47. Қазақтар тақ сан дұрыс деп есептейді. Сонымен қатар даугер жақ өз туысқаны үшін қарсы жақтан құн төл етіп ала алмаса, намысты қолдан берген болып есептеледі. Өлім үшін құн төленбейтін жағдайлар кездеседі. Барымта кезінде қайтқан адамдар үшін құн төленеді, өз малын қайтару үшін, барымтаға амалсыз барған азаматтардың құнын билер даулауға құқылы, ол үшін 3 куә керек. Ал егер ұрлық үстінде өлген баукеспе, тонаушы үшін құн ешқандай жағдайда төленбейді. Зорлықшы құн үстіне қалыңмал қосып төлейді, кейде ез руынан қыз береді. Кей жағдайда ер адамның құны 1000 қой немесе 100 жылқы немесе 50 түйе делініп, осы көлемін жартысы алты жақсы аталады, таңдаулы малдан алады, қалғанын «қара құн» атанып ұсақ, нашар малмен толтырылады. Билік жасаған бидің, ханның еңбегі деп осы құнның үстінен, кінәлі жақ 40 байтал төлейді, көбінесе құнан, дөненнен асқан жастан. Осының ішінен бөлініп осы билікке қатысқан жасауылдарға да ақы төленеді. Өлген адамның денесі табылмаған жағдайда 1,5 есе құн төлейді. Әйел адамның құны — ер адамның құнының жартысына тең, яғни 500 қой немесе 25 түйе, 40 байталдың да жартысы болуға тиіс. Казак батырлары жауда өлсе, я тұтқынға түсіп өлсе, ел болып кек қуып, бітісетін болса жеті ердің құнын талап етуге хақылы. Әйел құнының бір ерекшелігі, олар еркек ісіне араласып, мысалы, төбелеске кірісіп кететін болса, құны сұраусыз қалады. Ал, егер әйел төбелес кезінде киіз үй ішінде өлсе, онда оған толық құн төленеді. Сұлтан тұқымының құны қазақтың құнынан жеті есе көп, бірақ көбінесе жөн хан құны, ал қызметсіз сұлтан үшін екі есемен шектеледі, сұлтанның қалай болғанда да жай қазақтан жолы жоғары. Егер хан болса, кем дегенде жеті тайпаға өктемдік жетеді деген ұғымнан туған. Қожа тұқымының құны да сұлтандармен қатар. Жоғарыда айтылған жарты немесе ширек құндар адамның дене мүшесіне зақым келген уақытта алынады, оның тәртібі: а) Жарты құн — кез, тіл, еркектік мүше зақым келіп, өзінің қызметінен айырылғанда;

е) Ширек құн — оң қолы, не оң аяғы зақымданып, мүгедек болып қалса;
б) 1/8 сол қол мен сол аяқ істен шыққан уақытта;

в) Біреудің бір көзін шығарса, құнның төрттен бірі, 2 көзін шығарса «жарты құн» төленеді; г) Бір құлағы кесілсе, оның айыбына 1 қыз береді болмаса қыздың толық қалыңмалын төлейді. г) Бір қол сындырылса — бес қара, бір аяғы сындырылса—алты қара «айып» тартады; д) Әйелдің бір бұрымы кесілсе не күрек тісі сындырылса, құнның төрттен бірін төлейді;

е) Ал, егер 2 бұрымы кесілсе, онда толық құнның жартысын төлейді; ж) Біреу ауылдан адасып, аштан өлсе, яки мінген көлігінен жығылып өлсе, болмаса суыққа тоңып, ыстыққа шелдеп өлсе, оның бұлай өлуіне ешкімнің қастандығы, зорлығы сезілмесе, сонда да болса, ол өлген кісіні сол бағытқа салған адамнан жарты құны алынады. Ат, түйе сияқты асау көлікті мініп келген біреу кірген үйінің белдеуше байласа, сол үйге кіріп-шыққан адамға ол көліктің тепкісі тиіп өлсе, белдеуге байлаушыдан алатын құн: 1) босағаға байланса — бүтін құн; 2) белдеуге «жапсарға» байланса — жарты құн;

з) үйдің артына байланса — ат-тон айып.

Құн төлеуге байланысты қазақ қоғамында жиі кездесетін жағдай кінәлі жақтың құн орнына қыз беру (қалыңсыз қыз) береді. Кейде сирек те болса тоғыз-тоғыздан мал беріп (алты ат бастатқан тоғыз, төрт түйе бастатқан тоғыз) оған қосымша қыз береді (жасаусыз — «жалаңаш»). Бұл құнның түрін «жарқын» деп атайды. Құн алушы жақтың билері құнға берілген мал мен дүниені екіге бөледі. Бір бөлігі (жартысы) марқұмның туыстарына, отбасына беріледі. Ал қалғаны ру ақсақалдарының, билердің босағасына байланады.

§7. Айып Қазақ билігінде (Кеңес, жүгініс) ең көп қолданылатын жаза - айып. Өйткені қандай болсын қылмысты, қоғам тәртібі, адамдар арасындағы қатынас нормасын реттейтін, алдын алатын шара. Айыптың ең жеңілі болып «ат-тон айып», яғни ат-шапан айып саналады. Айыпқа беретін аттың жасы құннан кем болмауы керек, сондай-ақ айыпқа аса кәрі ат беруге болмайды. Көбінесе айыпқа берілетін аттың жасына қарамай, дені - саулығына, мықтылығына қарайды. Ат-тон айып кез келген жағдайда қолданылуы мүмкін. Мысалы, қонақты не жолаушыны жөндеп күтпеген үй иесі отағасына да салынады. Ат-тон айып отбасы, ағайын арасының қарым-қатынасында, үлкен мен жас арасындағы сыйластықты сақтау үшін қолданылады, тіпті амандасу ғұрпы сәл бұзылса-ақ осы айып қолданыла бастайды. Кейде билер артық айтылған сөз, оғаш қимыл деген сияқты істерде «азусыз ат, жиексіз тон» деген айып қолданылады. Бұл айып айыптардың ең жеңіл түрі, жеңіл істерге кесіледі. Азусыз ат деп айыпталғанымен, оның орнына бір қой, жиексіз тон дегенге бір киімдік кездеме жарап кетеді. Түйелі елдерде қылмыстар үшін «бір түйе, бір шапан» айып кесіледі. Ауырлау қылмыс, тәртіпсіздік үшін, «бір түйе, бір ат» болып ауырлай береді. Айыптың ауыры қазақтың арасында «тоғыз» деп аталады. Жалпы «тоғыз» қазақ заңында әдет-ғұрыпқа, салтқа байланысты көп қолданылатын айып түрі. Тоғыздың үлкені— «құл бастатқан тоғыз». Жаугершілік заманда құлдар көп болған, оларды шаруаға да пайдаланған, құл базарына да шығарған. Құл бастатқан тоғыз — ауыр қылмыстарға, мысалы, адам денесіне түскен зақым үшін төленіп отырған айыптың түрі. Одан кейін «түйе бастатқан тоғыз» — құрамында үш түйе, үш ат, үш сиыр (немесе үш тай) кесіле береді. Айыптың бұл түрі ру арасындағы қатынастарда, жесір дауында жиі қолданылады. Орта тоғыз немесе «ат бастатқан тоғыз» үш жылқы, үш сиыр немесе үш тай, үш қой көлемінде. Осымен қатар үлкен-кішілі қылмыстар үшін «аяқ тоғыз» немесе «тоқал тоғыз» деген айыптар қолданылған, бұған 7 — 8 қой беріп те құтылуға болады. «Қал тоғыз, қасқа тоғыз» аталатын айыптар қол жұмсап, қан аққанда, жарадар болғанда қолданылған. «Қал тоғыз» дегені қатты таяқ жеп, қорлық көргенде ұсақ малдан тоғыз беріледі ал енді «қасқа тоғыз» дегенің ауыр жарақат алып, көп қиналған кезде айыптыға салады, үлкен малдан таңдап алады, емшінің ақысын да кінәлі қайтарады. Қазақ ішінде жазаның бір түрі сабау екені белгілі, ал енді сабау кейде peтсіз, күші жеткен адамның әлсізге жасайтын әлімжеттілігіне айналып кетеді. Айыптың ең ауыры «үйірімен үш тоғыз» деп аталады, яғни бас-аяғы 27 малға жететін келемде. Мұндай айып көлемі жағынан құнға татитын айып және жай қылмыс емес, ерекше қылмыс болып саналады. Мысалы, қалыңмалы төленіп қойған, енді-енді ұзатылғалы отырған қалыңдықтың туыстары келісімді бұзса, одан қалыңмалын қайтарып, үстіне «үйірімен үш тоғызды» қосады. Ал егер жігіт жағы бас тартатын болса, қалыңмал қайтарылмайды. Кейде шектен шыққан, бірнеше рет көзге түсіп, алған малын сіңіріп кеткен ұры осы үлкен айып «үйірімен үш тоғызға» кесіледі. Қазақ ұрлықты жек көрген, ел есігін бекітіп, дүниесін тықпағандықтан да болар малдан да гөрі үй затының ұрлануын қатты айыптайды. «Сойыл айып» деген де болады, көбінесе жаугершілікте, ұрлықта қолға түскенге қолданылады, мөлшері — бір шапан, ат әбзелімен бірге ұрының, жортуылшының астындағы аты. Ұрлыққа түскен малдың үстіне қосып қайтарылатын айыпты «мойнына қосақ, артына тіркеу» деп айтады. Егер жылқы ұрланса, қосаққа көбінесе құнан артына тай, егер қой ұрланса, қойға қосып бір тоқты, түйе ұрланса — құнан атан мен тайлақ, т.б. қосылып қайтарылады. Ертеде билер шідер ұрлаған біреуге айыбына үш бесті ат кескен екен, билік айтардың алдында жігіттерге үш ат ұстаттырып, бір шідермен бекіттіріпті дейді. Егер үшеуі үш жаққа тартқанда шідер үзілетін болса, дау аяқсыз қалатын болып кесіледі. Әрине, қайыстан жасалған шідер үш атқа бола үзілмепті, би — «бұл шідер емес, бұл үш ер» деп айыпқа үш ат кескен екен. Теле би айтты дейтін тағы бір сөз бар, «ол шідер қос, арқан — дос, тұсау — бос». Яғни шідерленген жылқы қоста тұрған малдай, арқан да сенімді, ал тұсамыс болса, бос жібергенмен тең деп айыпқа бұйырмапты, бұл да болса жау күтіп, жанталасып жүрген заманның тудырғаны. Ертоқым ұрлаған адам ертоқымның әpбір әбзеліне бір бесті ат айып төлеген, мысалы; үзеңгіге, тартпасына, көрпесіне, терлігіне. Айып түрінің көп қолданылып келгені—денеге түскен зақым, жарақатқа кесім «ат-тон», не «бір тоғыз». Кесілген құлақ, мұрын, ерін — екі тоғыз. Он қолдың бас бармағы — бір тоғыз, сұқ саусағы — бір түйе, бір ат. Ортаңғы саусаққа түкте — жоқ, ал аты жоқ пен шынашаққа — бір түйеден. Сол қолдың бас бармағы үшін — бір түйе, бір ат, сұқ саусақ бір түйе: ортаңғы аты жоқ пен шынашаққа — бір аттан. Аяқтың бас бармағы үшін бір түйе, қалғандарына — бір аттан. Ал енді сынған тіс, мысалы, күрек тіс — бір тоғыз, қалған азу тістен басқасы—ат-шапан, азу тіске айып жоқ. Айыптың әлеуметтік қатынастарға байланысты кейбір ерекшеліктері де бар: мысалы сұлтанға тіл тигізгені үшін ат-тон, бір тоғыз қол көтергені үшін тиісінше «үйірмен уш тоғыз» айыбын тартады. Ал, султан тіл тигізсе ел алдында кешірім сұраумен шектеледі қол көтерсе, қамшысын береді. Керісінше қарапайым қадірлі биге қол көтерсе қос ат, шапанмен айыбын өтейді. Жасы катар адамдар артық ауыз сөзі үшін бірінен-бірі кешірім сұрап біледі, ал енді өзінен төмен дәрежелі адамға жәбір көрсетін, ренжіткен адам «азусыз ат, жиексіз тон» — бір қой, бір шаршы мата төлеп құтылады. Айыпты төлеуге ру көмектеседі. Руы көмектесе алмаса жазалы адам (айыпкер) айыпты еңбегімен ақтайды, яғни босағаға байланады. Көрген жәбіpді көтере алмай жатып қалатын болса, оны емдеу, күту жәбірінің мойнында. Сырттан айтылған сөз, тілдеу аяқсыз қалады, оны қазақ «хан сыртынан жұмырдық» деп атайды. Ата-анасын ренжіткен бала аяғына жығылады, жазаға ұшырайды, т.б. «Хандық айып» ханның немесе атақты сұлтанның пайдасына бесті ат болмаса, бір түйе; аса ірі кесім үлесінен ханға тоғыз беріледі.

«Билікк айып» бидің пайдасына беріледі хандық төлемнің жартысына тең. «Даушыға жіп кесер» іс аяқталғанда кесіледі немесе қылмыскер босатылғанда істеледі. Қылмыскердің ала жіп кесілгенге дейін елі басының бос емес екенін білдіреді. Жіпті ара ағайын елдің биі кеседі оған берілетін жолы — бір қой немесе бір шапан. Жалпы бір сөзбен айтқанда, қазақтың көшпелі тұрмысында қолданылатын айып түрлері өте көп, ер айып әрдайым өзінің тиесілі орнында қолданылған. Көшпелі тіpшіліктің желісін сақтау, мәдени-этникалық жағдай, қоғамдық қатынас, жас пен кәрі, ақ сүйек пен қара сүйек, әйел мен еркек арасындағы тәртіптің баршасы айып түрлерінің қолданылуымен реттеліп отырған.

Тұрсынбай Ералыұлы
Өмір шежіресі
Атақты би Ералы Саққұлақтың қысқаша өлеңі3
Мейрамша құдашамен айтыспаймын,

Мәшһүрдей пайғамбар болып кекке аспаймын.
Секендей ата мақтау тағы киын,
Тарихтан бір аз ғана сөз бастайын.
Әуелде біздің қазақ түрік еді,

Үргеніш шаһарынан шығып еді,
Алтын орда тұсында хан Батыйдың
Бір бөлек қолы болып жүріп еді.
Хан болған Әмір-Темір аса күшті,

Құлатқан Алтын орда Тоқтамысты.
Өз алдына халық боп бөлінгенді
Осындай уақиға байланысты.
Біледі еркім ноғайлы Орманбетті,

Басында сол жұртпен көрші бопты.
Бар екен Алаш атты бір мықты қарт
Бұл елді ең әуелі сол билепті.
Әртүрлі жұрттың оған жаласы бар,

Тарихтың хандығына таласы бар.
Жоқ кісінің моласы бола ма екен
Басында ұлы таудың моласы бар.
Он төртінші ғасырды бұл өткізеді

Сайрандап Сары арқаны біраз кезді
Тарихы тұрағы жоқ көшпелі елдің
Қалдырған бізге бір ауыз сөз жеткізді
Хан болған бірінші рет Жәнібек хан

Сол екен Орда қылып қала салған,
Тұсында Қасымханның жора алынып,
«Қасымның қаса жолы « деп атанған.
Бірінші жоба болды оның жолы,

Кейіннен қалыптанып кемі толды.
Тұсында әз Тәукенің қағида атап,
«Күлтөбе» деген жерде дүкен құрды.
«Күлтөбенің басында күнде кеңес»

Деген сөз содан қалған өзге емес.
Қазыбек, Қаражігіт, Төле үшеуі
Бас би екен үш жүзден шыққан теңдес.
Қазаққа бір катысты ел — араб еді

Жазуы сол жұрттың тарап еді
Аталған ханның, бәрі Шыңғыс текті
Төре деп хан көтеріп қарап еді
Сол заттан неше-неше хандар өтіп,

Уақыт, уақыт әр түсті өтіп кетті,
Өз алдына бір бөлек халық болып
Бой теңеп әрбір елге қалпы жетті.
Бертінде Абылай хан болған екен.

Тұсында ханға жолдас батыр, би боп,
Осы кезде қазақ бір толған екен.
Қазақта хан асқан жоқ Абылайдан,
Дұшпаның пенде қылды басқа жайдан,

Ұлы жүз, Орта жүз бен Кіші жүздің,
Бәріне ықпал етті Абылай хан.
Өткізді ол заманын судай тасып,
Жерлерден қуды жауын алған басып

Қорғаушысы есептеп Россияны,
Дос болыпты айнымас ант айтсын.
Сол достық артына да із қалдырды,
Ханға арнап Қызылжарда үй салғызды.

«Абылайдың ақ үш» деп аталып,
Қатынас-байланысты жандандырды.
1781 жылы өлді
Орнына Уаліні хан көтерді

Қатынас Ресеймен жиілесіп,
Генерал-поручик ол шенін берді.
Бірақ жұрт Уәліні мақтамайды.
Ісін де, мінезін де жақтамайды.

Бірлік те, береке де, елден кетіп,
Біріне-бірі ұйып тоқтамайды.
Рулар бірін-бірі шабысады.
Әр сұлтан біз ханбыз деп қағысады.

Сабылып барымтамен ел арасы,
Құбылып заман солай ауысады.
XІX ғасырдың бас шағында
Уәлі апат болды хан тағында.

Көп ұзамай өкімет жоба жазып,
Ұйғарды Орта жүзді қосылуға.
Қарсылық бұған халық білдірген жоқ,
Рухын тағы сондай сендірген жоқ.

Жолында бұл жобаны іске асыру
Шығын боп шыққан емес бір атым оқ.
1823 жылы,
Еркімен Ресейге қосылды ел.

Бұдан соң тарихы мәлім бізге
Тыңдаушым, осыменен риза бол.
Түсінік:

1. Бірінші жолдағы Мейрам— кісі аты. Бұрынғы Атбасар уезіне қарайтын елдің белгілі адамы. Қонаққа келген құдашасына өлең шығарып, оған қарсы құдашасы да өлең шығарған. Бұл айтыстары елге жайылып кеткен екен. 2.Екінші жолдағы Мәшһүр — белгілі Мәшһүр Жүсіп Көпеев ақын. Ол кісінің Мұхамбет Пайғамбар көкке ұшып құдаймен сөйлесіп қайтты деп жазылған «Миғраж» атты қиссасы болған екен, сол жөнінде. 3. Үшінші жолдағы Сәкен — белгілі Шорманов Садуақас. Ол кісінің аталарын мақтаған бір өлең болып журналда басылған екен. 4. Қарттың айтуынша Жәнібек салдырған қаланың аты — Алшархан. Мағынасында «хан қаласы» деген. Шар (шаһар) шағатай тіліндe қала «әл» xapіф) (қосымша). Араб тілінде сөздің алдынан келетін атау септіктің көрсеткіші дегендей айтатын. Қaзіргі қай қала екені белгісіз, бұрын дыбысы ауысқан Астархань қаласы деп келген. Орыс тарихында Астрахань қаласының салынуын одан басқаша айтады.

Ералы Саққұлақұлының, қазақ билері туралы
қолжазба жинақтарынан
Төле бидің, нақыл сөзі
Күштіменен алыспа,

Жүйріктімен жарыспа.
Сұлуменен таныспа,
Бақыттымен шабыспа.
Ұлықпенен қағыспа,

Қас дұшпанмен табыспа.
Болмас іске қарыспа.
Жауыздық іске барыспа.
Жеңетұғын дауыңа,

Қайыр бер де бура бол.
Жеңілетін дауыңа,
Қайық бер де інген бол.
Сүймейтұғын сөзіңе,

Өзің айғыр ие бол.
Қисыны келмес сөз болса,
Сипаңдаған бие бол.
Білетұғын ісіңе

Топқа түскен палуан бол.
Білмейтұғын ісіңе,
Кек есектей шабан бол.
Құрметсіз өткен ерлерден,

Ұйқыда көрген жақсы түс артық.
Сипаты бірдей болғанмен
Ерлерден ердің ісі артық.
Сыны келмес күмістен,

Сұлулап соққан мыс артық.
Тұғыры құнсыз сұңқардан
Жолы болған күнінде,
Тұрымтай атты құс артық.

Алты қанат ақ орда,
Панасыз болсаң басыңа
Дұрыс болса адамы
Таза болса тамағы,

Бәрінен де қараша үйдің іші артық!
Қазыбек бидің сөздері:
Абылайға айтқан насихаты:
Дұрыс ісің хан ием,

Құтты болсын қонысың!
Сүйеуге арқа жарайды,
Мынау көріп отырысын.
Сәтсіздеу бол тынып тұр.

Боғда ханмен соғысың
Тұрпанды шапан Бөгенбай,
Жаратамын сол ісін.
Батыр аңғырт десек те,

Көрсеткендей ел күшін,
Найзадан бұрын, айла ұсын,
Кеңір сонда тынысың.
Менің айтар ойым сол,

Кеңессіз кешпе шықсаң жол.
Қарт адамда қайғы мол
Бәрін өзің ойлап көр?!
Қалмақ, ханға айтқаны:

Ордың жалғыз ағашына таңба салғыздың,
О да сенің өнеріңді.
Мұғалжардан тас алғыздың,
О да сенің өнеріңді

Ертістен темекі шегіп, ат суарттың,
О да сенің өнеріңді
Айналада алты хан бар еді
Өзіңнен артық кім бар еді?

Қатты қарғысың болса,
Қайырлы жарлығасының бар еді.
Қалмақ ханына екінші рет елшілігінде айтқаны:
Ежелден ерке елшімін,

Елдескелі отырмын.
Өрлесем қанша елім жоқ,
Белдескелі отырмын.
Алыс кетсе арамыз,

Шендескелі отырмын.
Өршеленген ер болса,
«Кел» дескелі отырмын.
Жазылмайтын жара жоқ,

Жаласқалы отырмын.
Жолсыз айтқан жобаңа
Таласқалы отырмын.
Жаға болса жыртылған,

Жамасқалы отырмын.
Қала болса бұзылған,
Қаласқалы отырмын.
Құлдыққа көнген ел жоқты,

Құрағалы отырмын.
Бір ожауда екі заң жоқты,
Сұрағалы отырмын.
Екеуін бірдей бермесең,

Қағысқалы отырмын.
Әлемде бірдей жора бар,
Салысқалы отырмын.
Ордаңда бар төрт жайсаң

Мен де сондай елімде.
Уағдаңнан сен тайсаң
Белгілі барар жерімде...
Нақыл сөз

Көлде жүрген қоңыр қаз,
Шөл қадірін білмейді.
Шөлде жүрген дуадақ,
Көл қадірін білмейді.

Көшсе қоныс білмейтін,
Жер қадірін білмейді,
Түн қағып түсі қашпаған,
Ат қадірін білмейді

Таңдайы шөлдеп қайтпаған,
Ақ қадірін білмейді.
Жоқшылық демін татпаған,
Бар қадірін білмейді.

Ғашықтық дәмін татпаған
(Ғашықтың лебін құшпаған)
Жар қадірін білмейді.
Жаттың қорын таппаған,

Ел қадірін білмейді.
Жаудың зарын тартпаған,
Ел қадірін білмейді.
Қолжазба иесі — Ералы ақсақал

1743 жылы Абылай хан Орта жүзде тұрып қалмақ Қалден-Церен батырмен соғысты, орыс патшасыннан көмек алды. Мұны араб қарпімен және ескіше жазған. Осы жазумен көрсеткенде мынандай (қолжазба 6 бет).

Бұдан кейін ақсақал былай деп қалмақпен соғысу тарихын айтады. 1741 жылы қалмақ ханы көп қолмен қазаққа шабуыл жасапты. Сол себепті Абылай хан Орта жүзде тұрып, Орынбордағы губернаторға елші жіберіпті. Ол көмек сұрау жөнінде екен. Жіберген елшісі — Қазыбек би мен Бөгенбай батыр. Бұлар алдыңғы 1740 жылы жасасқан шарты бойынша көмек сұрапты. Ол уақыттағы патша Елизавета Петровна губернатор үкіметіне білдірген соң, үкімет Жоңғарияның елшісі арқылы ханына мәлімдеме жасап, Орта жүз, Кіші жүз қазақтары бізге бағынышты жұрт, сондықтан шабуылдарыңды тоқтату керек деген қатынас туарды. Мұның нәтижесінде қалмақ шабуылын тоқтатады. Ол 1743 жылы сондағы елшілікте Қазыбек бидің жандаралға айтқан сөзі мынау:

Төбесі биік асқарсың,
Бауырыңа кірмекпіз.
Tүбі терең шалқарсың,
Шаңырқасақ ішпекпіз.

Қара Ертіс пен Ақжайық,
Ycті толған жел қайық
Арасында кешпекпіз.
Тес соғысқан доспын деп,

Нарға артқан қоспын деп
Ант, уағда деспекпіз.
Көкіректе ала жоқ,
Көңілде тағы қара жоқ.

Бетіңе бұрған келіспекпіз.
Сен жандарал мен бимін,
Алыстан келген бір сыймын.
Достың деген шарты да,

Нан мен тұзды жеспекпіз.
Дұшпаным көп қамаған,
Обырым көп қанаған,
Күресуге жердем бер,

Бір кемеге түспекпіз.
Егер бұған келмесең,
Ат құйрығын кеспекпіз.
Шұбай жүрген көп қалмақ,

Қашаннан бізге ол салмақ,
Қазақтың қалың ұлтына,
Егескен ескі жауынан
Арқанда бір кек алмақ.

Қаражігіт би Қаражігіт би — Қaзіргі Батыс Қазақстан облысындағы Кіші жүз Алшын тайпасынан шыққан адам. Туған жылы белгілі емес, XVІІ ғасырдың аяғында туып, XVІІІ ғасырдың басында өмір сүрген, өз дәуіріндегі шешендік сөздердің шебері. Біз мұнда екі шешендік cөзін келтірді. Бұл сөзінің сөйлеген тарихы бар. Ол мынандай: көлден құс атып жүрген бір мергеннің оғы жазым болып, суда шомылып жүрген бір қызға тиеді. Қыз өлгеннен соң, оның туыстары құнын даулап Қаражігітке жүгініске түседі. Сонда мынандай бір ауыз өлеңмен төре береді (үкім айтады):

Алмақ екен бір келдің қуын атып,
Жүрген жоқ қастың қылып суын атып.
Жазым болып кеткен қастан емес,
Суда жүрген біреудің қызын атып.

Қалыңмалдың жартысы қыздың құны жазым іске жаза жоқ бұдан артық. Бұлайша өлең-жырмен үкім шығару ол кездегі жол-жораның бірі, себебі онда жазу-сызудың кем уақыты жай сөзбен айтылса, сөз бұрмаланып, екінші тексеpуіме дұрыс жетпеуі мүмкін. Ал жыр сол қалпында айтылып, басқа төрешіге жеткізсе, оған жауапкерлердің қатынасуы да қажет емес. Бұл екінші сөзбен айтқанда, үкімін талапкерге берген кешірім сияқты орын алады. Сондай-ақ талапкер бұл билікке ырза болмай ордадағы Төле мен Қазыбекке барып сынатқанда, олар осы өлең бойынша дауын аяқсыз қалдырып, үкімді бекітіп жібереді. Мұның қисыны бар да сияқты. Өйткені келтірілген өлеңнің алдыңғы төрт тармағы үкімнің мазмұны, соңғы екі тармағы қорытындысы түрінде құрылған.

Нақыл сөздері
Мал төлмен өседі
Төл жермен өседі
Балық шалқар көлде өседі

Аң асқар белде өседі
Тай атқа жeткізeді,
Ат мұратқа жеткізеді
Ер атпен жетеді

Құс қанатпен жетеді.
Бір төре бар сөзбен шығады,
Бір тере бар безбен шығады.
Бір би бар малға қарайды.

Бір би бар арға қарайды.
Құм сайдан шығады,
Сұм байдан шығады.
Су жылғадан шығады,

Қу молдадан шығады.
Күндестік қатыннан шығады,
Онан соң жақыннан шығады.
Азамат жас күнінде жырау болмақ,

Өзі шешен, өзі ақын, жырау болмақ.
Қартайған соң жазаң болмақ,
Бойындағы бар қуат қазан болмақ.
Шеген бидің сөзі

Шеген би қазіргі Қостанай облысы, Торғай ауданында XVІІІ ғасырдың соңғы жарымында туып, XІX ғасырдың басқа жарымында өлген адам. Тұқымы Шақпақ руынан, белгілі Жәнібек батырдың немересі Ыбырай Алтынсариннің нағашы атасы екен.

Нақыл сөздері
Ел болған соң қоныс керек,
Қоныс үшін соғыс керек.
Хан болсаң халық керек,

Халық үшін салт керек.
Би болсаң — даналық керек,
Даналық үшін саналың керек.
Бай болсаң — шүлеңгерлік керек,

Шүлеңгерлік үшін кемеңгерлік керек.
Батыр болсаң — білек керек,
Білек үшін жүрек керек.
Кедей болсаң кесіп керек,

Кесіп үшін машық керек.
Молда болсаң — азан керек,
Азан үшін асылған қазан керек.
Сері болсаң — сән керек,

Сән үшін көркем он керек.
* * *
Хан азғаны сол болар
Әділеті жоқ болса.

Бай азғаны сол болар
Сақау аты жоқ болса.
Би азғаны сол болар
Терде жоба жоқ болса

Ел азғаны сол болар
Ынтымақ, бірлік жоқ болса.
Жер азғаны сол болар
Шыққан лебі жоқ болса.

Көл азғаны сол болар
Ұшқан құсы сол болса.
Шоң бидің сөзі

Шоп Едіге улы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл аулында 1770 жылы туған. 1840 жылдың шамасында өлген. Туған елі — Сүйіндік, оның ішінде Айдабол аталатын күшті рудың бірі әкесі Едіге, оның әкесі — Төбебай Абылай тұсындағы іpі билер, Едіге өлгеннен кейін оның орнын басқам Шоң 1830 жылы құрылған Баянауыл округіне аға султан болып, оған Сүйіндік, Бесінші рулары қараған. Шоңның аты Сұлтанмахмұт Торайғыровтың творчествосы мен өлеңдеріңде де кездеседі. Мәселен: «Шоң едің, Шорман едің, Садуақасқа (Секенге) айтқан өлеңдерінде т.б. Өйткені оның бабасы Торайғырдың туған ағасы болады. Шоң алғыш, жемқор би болыпты. Аға сұлтан кезінде қарамағындағы бір болысқа жүйрік ат тауып бер деп өлеңмен мынандай бұйрық береді.

Аттың ақтығы Шәушектің безіндей болсын,
Жүрісі Бәйгісінің сөзіндей болсын.
Жуандығы тап өзіңдей болсын».

Бұл өз сөзінен көрінетін бейне болса керек. Тұсындағы бір ақын «тай дауынан параға бір қой алып, тамағы Шоңындағы мол дейтұғын» деп суреттейді. Басқа билердің сөздері сияқты Шоңның едеуір нақыл сөздер кездеседі Бірақ, кейбіреулер тақырыптарды Шоңның өз сөзі десе, енді біреулер оны әкесі Едігенің сөзі деген талас бар. Мұны ескерте кетуді мақұл көрдік. Бұдан басқа Шоң туралы тараған сөздердің ішінде бір сот процесінде сөйлеген түсінік сөзі айтылады. Оны өз тұсындағы жұрт көп аңыз қылатын көрінеді. Алдымен осы жөнінде аз баян етейік. Уақиға мынандай: Шоңның аға сұлтан уақытында қарамағында Керлік руы аталатын болыста Торсықбай деген тентек би болыпты. Осы би бір қаныпезер ұрының жазасы үшін құлағын кеседі. Жазаланған ұры мұны жоғары үкімет орындарына мәлімдейді. Ол кезде мұндай үлкен жұмысты қарайтын сот Тобыл қаласында тұратын Сібір соты болады екен. Сонымен, айыпкер түрінде шақырылып Торсықбай Тобылға келіпті. Оны алып келген аға сұлтан Шоң да сотта бірге болыпты. Енді мұндағы сот мәжілісіне қатысушылардың ез сөздерімен беруге тура келеді.

Сот: Торсықбай, сіздің мына кісінің құлағын кесіп, жазалағаныңыз рас па?
Торсықбай: Рас, кесім.

Сот: Ондай тең жазасын беруің дұрыс деп білесің бе? Егер білсең неге істедің? Торсықбай: Бұрынғы қазақ заңы бойынша Шоңнан кесуге рұқсат сұрадым. Шоң рұқсат берді.

Сот: Оған рұқсат, келісім беруге Шоңның қақы бар деп білесің бе? Торсықбай: қақы бар деп білемін. Ол үш ұрыны асып өлтірген. Қaзіргі сол жер ұрының көлі деп аталады. Басында олардың моласы бар. Сот: Аға сұлтан Шоң Едіге ұлы тергеліп отырғандай, тең жазасын беруге сіздің келісім бергеніңіз рас па?

Шоң: Рас.
Сот: Неге? Кандай заңға сүйеніп бердіңіз?
Шоң: Ұзағырақ сөйлеп, толық айтуға рұқсат етіңіз.
Сот: Рұқсат.

Шоң: Менің сүйген заңым — Жора аталатын қазақтың ескі низамы. Қазақ патша үметіңе бағынбай тұрғанда, әр тайпаның ұлы биі болды. Олар өлім жазасына шейін үкім шығаруға хақы бар еді. Мен өзім ол кезде Сүйіндік тайпасы дейтін тайпаның ұлы биі болдым. Торсықбай айтқандай, үш ұрыға өлім жазасын бергенім де рас. Бұл жаза қандай қылмысқа беріледі деген мәселеге келсек, қоюға бой ұсынбаған, тоңым кеппес ұрлық ауыр қылмысқа жатады. Сөйтіп, ондай ауыр жаза бұрын неше рет жаза тартса да тыйылмаған ұрыларға тағы осы сияқты ауыр қылмыстарға беріледі. Алғашқы тыю түріндегі кезеңінде берілетін жаза әртүрлі малдан айып алу, дүре соғу, денесіндегі бір мүшені кеміту, т.б. Ал, енші біріншіден, бұл жазалар теріс болса, екіншіден, ондай іске үкім шығаруға қазақ билердің қақы жоқ болса, бұл жобаны біз ecтігеніміз жоқ. Бізге қандай іc болса да, ез жораларың бойынша басқара бересіңдер. Тек жер-су, ескі жұрттың арасындағы сауда-саттық төленетін алым-салық, әкімшілік орындары жөніндегі жобалар берілді және басқа жарлық, жобалар болса, жеткізіп турады деп сұрады. Сот мырза, егер сіздің қолыңызда арнаулы жобаларың болмаса, алдыңызға түскен жұмысқа қандай тере берер едіңіз? Ар дейтін орган; дүкен бар, Арқа сүйеп шешу жөн. Әділет дейтін үлкен бар, Соған билер кешу жөн; Торсықбай тартты жазасын отырмыз көріп жазасын ақтап, оны кешу жөн.

Нақыл сөздер
Ағайының бар болса, айдын көлдің суаты,
Азаткерің бар болса, бел тамырдың қуаты.
Туысқаның бар болса, өмірдің бір мұраты,

Туған балаң жақсы болса, екі көздің шырағы,
Мінген атың жақсы болса, бұл дүниенің пырағы.
Алған жарың жақсы болса, таудың таза бұлағы.
Туған балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы,

Мінген атың жаман болса, шыбын жанның азабы
Алған жарың жаман болса, бұл дүниенің дозағы.

Көрші ел Қаракесек Бекболат бидің (Қазыбек бидің баласы — Бекболат би) бәйбішесінен туған жалғыз баласы өліп, Бекболат қайғыдан басын көтермей, үйде жатып алыпты. Едіге іске араласпай, тек жылаумен болыпты. Осы кісіге көңіл айтуға келіп, Шоң былай деген екен:

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,
Қияғы бүтін сұңқар жоқ,
Тұлпарды тасқа байласа
Тұяғы кетілер.

Суға байласа — жетілер.
Алтын баулы қоңырау
Бауы үзіліп жерге түсіпті.
Алтын тұғырлы ақ тұйғын

Балақ бауы үзіліп көкке ұшыпты,
Ұста тозбасты соқпайды
Ер қайғыдан бұқпайды.
Бүгілтпе беліңді

Мұңайтпа еліңді.

Бұдан кейін тұрмай төсекте жатқан Бекболат басын көтерген екен дейді. {Жоғарыда кейбіреуі әкесі Едігенің сөзі дейді деген таластау сөз осы). Бір жандарал Шоңға: «Отырсаң тұра алмайсың, тұрсаң жүре алмайсың, етің ауыр, аяғың дімкәр және қартайдың. Осы аға сұлтандықтан түссейші», — депті. Сонда Шоң былай деп жауап берген екен:

«Біреу басқа қарайды,
Біреу асқа қарайды.
Біреу аяққа қарайды,
Біреу қолдағы таяққа қарайды.

Біреу жылқыдағы саяққа қарайды
Сөйлейтін бас емес пе
Байқайтын, көпті көрген жас емес пе.
Осыған жауапты өзің бер, жандарал» —

деген екен. Жандарал үндемей жүре беріпті.
Саққұлақ бидің айтқан бір билігі

Уақиға мынандай. Ақмола облысына жататын Ереймен тауының солтүстік жақ шетінен он шақырым шыққан соң кішірек көп көл басталады. бірінен-бірінің аралары алыс емес. Бірер қырқа ғана аралайды. Айналалары шұқыр-шұқыр су: көлшімек, қарақоға, томар. төңіректері көкмайса, шалғынмен әшекейленген. Көлдерді былай деп атайтын: Жарлы кел, Шөпті көл, Абылайша, Үшмырза, Қасқат тойған көл, Бітен, Үлкен шарықты, Кіші шарықты. Ерементауын мекен еткен Қанжығалы елі наразы болғанмен, оған қарамай осы көлдерді ерте кезде Сүйіндік жайлап кетеді екен. Өйткені олар арғын ішінде күшті жуан елдің бірі болады. Аталған Үшмырза көлінің қырқасының үстінде көп зират бар. Соның бірі — Едіге бидің үш баласының зираты. Көлдің Үшмырза аталуы осыдан дейтін үлкендер. Сөз болғалы отырған оқиғаны Саққұлақ ақсақал былай айтады екен: Аралас отырған ел ғой. өзіміздің елдің бір ауылына барып келе жатыр едім, қырқаға шыға келгенімде, зираттың басынан көп адамдар мен байлаулы аттар көрінді. Біреу өліп, соны қойып жатқан болар, кім екенін білейін деп, бұрылып зиратқа келдім. Келсем, олар аузы-мұрнын ақ шүберекпен таңып тастап, бұрын өлген өлікті көрден суырып алғалы жатқан адамдар болып шықты. Басқаларынан жекелеу Секербай паң отыр. Ол кісі қазы болатын. (Қазы - заседатель, тергеу, сот жұмысын басқаратын). Мен осы кісіге сәлемдемем де, жұмыстың жөнін сұрадым. Ол Добан дейтін бір кісінің қой тоғытып жүріп, суға кетіп өлгенін, оның жаласы кісіде болды деген көрсетумен тексеруге округтен бұйрық алып, өлікті қарайтын арнаулы дәрігер шығып, осы жұмыспен жүргендерін айтты және өлген Добан Едіге бидің Қиқара дейтін баласының немересі болады екен. Мен жұмыстың жөнін білген соң жүріп кеттім. Басқа егжей-тегжей сұрағаным жоқ. Өйткені, өлікті алып, далаға шығарған соң, иісі шыдатпады. Өз кісілері мұрынын таңып алған. Енді бұл оқиғаның жалғасы бар. Оны ақсақал былай әңгімелейді екен. Өліктің денесін ақтарған дәрігер денеден суға тұншығып өлгеннен басқа белгі табылған жоқ деп куәлік беріпті. Осы бойынша қазы Секербай акт жасап, жоғары орынға тапсырғаннан кейін, жұмыста ашылған ауыр қылмыс жоқ, басқа талап болса, қазақтың өздерінің ескі жорасы бойынша қаралсын деп губернатор жұмысты қайтадан аға сұлтанның өзіне жіберіпті. Бөл кездегі Баянауыл округінің аға султаны —Мұса Шорманов шамасы 1855—1860 жылдар арасында. Шорманов мейлінше епті, қу адам екен. Бұл мәселе жөнінде басым көрсетпеуге ойлайды. Өйткені, қылмыс тағылған кісі — атақты Шоң бидің баласы Қорабай деген жігіт. Ол — сол елдегі өте күшті орта. Егер ауырлау үкім болса, қарамағындағы ел бөлек шығып кетуге мүмкін. Осы себепті өз қол астындағы билерге шештіруге сақтық қылып, көрші Ақмола округінің адамы Саққұлақ ақсақалға жібереді. Сонымен, аталған ақсақал жұмысты қарауға кіріскен. Келгендерден ақтара сұрап, ақтара қарап, тексеруге келгенде, сөз болып отырған қылмысты іс мынандай болып анықталған. Өлген Добан мен айыпкер Қорабай туыс адамдар. Екеуінің әкелері бірге туған немере. Қорабайдың әкесі Шоң би, Добанның атасы — Қиқара да Едігіден туады. Добанның кескіні нашар, күйкі адам болыпты. Әйелі өте сұлу, көрікті кісі екен. Осы әйелімсн Қорабай өсекті болады. Оның аяғы азынуға соғып, Қорабай мүлде алуға қызығады. Бірақ, Добанды өлтірмей, қатынды алуға мүмкін емес. Сөйтіп жүргенде бір күні Қорабай мен Добан қой тоғытуға барады. Барған жерлері — Шарықты көлдің құлағы атанатын қара су. Жағадағы жар тастың үстіне Қорабай ойнаған болып, Добанды терең қара суға итеріп жібереді. Осындай аяныш халде Добан өліп кетеді. Артынан қатынды Қорабай алады. Міне, есерсоқ, би баласының ісі осы. Жұмыс тексеріліп біткеннен кейін, бұл дауға тере беруге Саққұлақ ақсақал да қиналыпты. Себебі, біріншіден, мұндай бір туысқан жақтан адамдардың арасында болған кісі өлімнің жазасы туралы бұрынғы қазақ жорасында айтылған қағида жоқ болса керек. Екіншіден, қылмысты болып, жазаға тартылғалы отырған айыпкер — тек қана өз руының ішіне ғана емес, бүкіл арғынға белгілі, қадірлі адамның баласы. Алайда, бірсыпыра толғанып келіп, төресін айтыпты.

Үкім
Бұрынғы қазақ қағидасы бойынша ауыр жазаның үш негізі бар:

1. Жан жазасы 2. Мал жазасы 3. Ар жазасы Біріншіге, қылмысты кісіге өлім жазасын беруге жатады. Оны қанды қанмен жуу деп атайды. Екіншіге, құн төлеу жатады. Үшіншіден, елден қуу немесе күйе жағып, мойнына құрым іліп, қара есекке теріс мінгізіп, ауылды айналдырып, масқаралау жатады. Бұлардың бірінші мен екіншісі туысқан адамдардың арасындағы қылмыстыларға жүрмейді. Оларға бір туысқан ағалы-інілі адамдар, немере туыстар, шөбере туыстар жатады. Сонымен, айыпкер Қорабай Шоң ұлы соңғы үшінші қағида бойынша сүйіндік аталатын елден қуылсын, не жоғарыда айтылғандай көп алдында масқаралансын. Бұл екеуінің таңдауы айыпкерге берілсін. Үкімнің қайсысын алса да, өз елінің жерінде орындалсын. Айыпкер соңғы масқаралау жазасын алыпты. Жұмыс жөнінде Баянауылдан келгендер берілген төреге риза болып кайтыпты. Ескерту: Бұл қысқаша материал Қазақ Ғылым Академиясының Философия және құқық институтының директоры Зиманов жолдастың сұрауы бойынша жазылды. (Тұрсынбай Ералыұлы Ерғалиев).

«Жеті жарғы» жайлы4 Ел ішінде ерте кездерден аңыз болып, көптеген билердің, хандардың заңдарындағы жол-жоба кесім-пішімдері халық аузында бірден-бірге таралып жиырмасыншы, ғасырдың бас кездеріне дейін үлгі болып ескі әдет-ғұрып, саят-сана ретінде сақталып келген. Соның бірі:

«Есім ханның ескі жолы» дейтін нақыл сөз. Олай деп айтылуының себебі: Есім хан ертеректе қазақтың жүзге бөлінбеген кезінде хан болып, барлық қазақтың басын құрап біріктіріп заң шығарған дейді. Сол «Есім ханның ескі жолын» жаңартып, үш жүздің баласына хандық еткен он сегізінші, ғасырдың бас кезіндегі Тәуке хан болған. Тәуке хан өзінің заманында халықтық тыныш, жайлы болуын кеп ойлап, Түркістан Қарауының етегінде «Күлтөбе» деген жерде күнде кеңес құрып, ер тайпаның ойы терең, тілі шешен-билерін жинап, ақылдасып, қазақты басқару, тыныштық орнату мақсатымен өздерінше түрлі жол-жобалар бекітті. Сол шығарған заңдары ханның қарауындағы халқы мақұлдап, бұлжытпай «жарық дүниемен» бірдей заң деп бағалаған. Тәуке ханның «Жеті жарғысының» жобасы төмендегілер деп айтылады. 1. «Ердің құны» туралы қолданылатын тәртіптермен кесімді жол-жобалар. 2. «Жесір дауы» біреудің жесірі яки әйелі кетсе, қолданылатын жол-жобалар. 3. «Ұрлық-қарлық», «Барымта» туралы жол-жобалар. 4. «Жер дауы» туралы заң жобалар. 5. «Қалыңмал» туралы кесімді жол-жобалар зады. 6. «Мұрагерлік» туралы мерзімді жол-жобалар. 7. «Енші мен таңба» туралы белгіленген заң-жобалар. Осы көрсетіліп отырылған күрделі жағдайлар туралы кесім-пішімнің тәртіпті заңды жобасын белгілеп, орнатқан Тәукенің хандық кезіндегі басқарып, істеген еңбегін жұрт «Жеті жарғы» деп атаған. Сондықтан халық; аузында: Тәуке ханның «Жеті жарғы» «Жөн жарық іcі» деп барлығы бір қосылып аталған екен дейтін жұрттың жобалау сөздері бар. Жоғарыда көрсеткен «Жеті жарғы» заңының жобасын қазақ үш жүзге бөлінбестен бұрын барлығы Тәукенің хандығына қарайтын кезде: Ұлы жүздегі — Үйсін Төле би, Орта жүздегі — Арғын Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден Алшын Әйтеке билердің қатысқан кеңесімен шығарылыпты деген сөз бар. Қазақ елі Тәуке хан өлгеннен кейін үш жүзге бөлінген деседі. Атақты «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» болуы да Тәуке хан өлгеннен кейін. Қалмақтардың қазақты жаулап, шабуылдарынан босқыншылыққа ұшыраған халықтың жағдайын «Ақтабан шұбырынды» деп атаған кезінде. Қазақтың ескі әдет-ғұрып, салт-санасында кеп айтылып, ел ішіне тараған үлгілі — нақылды мысал сөздерде «Жеті жарығың» басқа да «жетті» санмен аталып айтылған бөлімді дербес атаулары бар сияқты. Солардың ішінде мысалы: «Жеті ықылым», «Жеті гөре ел», «жеті пір», «жеті күлше нан», «жеті пырақ», «жеті қазына» дейтін сөздер көп кездеседі. Жеті қазына деп:

Күзер
Базар
Қазан

От Су Жер Ит

Екінші жеті қазынаның аттары:
Күн, ай, жұлдыз, жауын, самал, қыс, жаз осыларды айтатын болған.

Жеті гөре ел — өтті деген сөз. Қазақтан бұрында бұл жерлерді мыңдаған халықтар болып өтіпті-міс. Олар мысалы: он сан — ой мауыт, тоғыз — торғауыт, қырық таңбалы — қырым, он таңбалы өрім, он екі баулы өзбек, он сан ногай, қыл жалаулы қалмақ.

Бұлардан соңғы киіз үйлі қазақ болуға тиісті.
Он сан ноғай — деп аталатындар.
Бұлардың тұқымы қырымда: шоймерден, шаһзада.
Қазыбек Кавказда тауы аталған: қазыбек, дулат.

Назылбекұлы Мұнура асанқайғы содан: тама.
Қазандағы ноғайлар: қапығай.

Бұл төртеуі Байұлының Беріш аталығына қосылған ұраны — ағатай: құсайын, құйас, қазанқұлақ, үйсін. «Есім ханның ескі жолы жайлы» халықтың қарияларының бірден-бірге қалдырып жүрген сөздеріне қарағанда Есім хан Тәуке ханнан бір ғасырдай бұрын жасап кеткен адам. Ол сол Тәуке ханның тұқымынан, бір аталықтан көрінеді. Атасы «Есім ханның ескі жолын» жаңартып ұстаған Тәуке ханның заманында «Есім ханның ескі жолы» деп сол өзінің «Жеті жарғы» заңын шығарған. Жеті жарғы сол Есім ханның ескі жолының ізі болуға тиісті.

«Қасым ханның қасқа жолы» жайлы.

Қасым хан — Тәуке ханнан бір ғасырдан кейін заманда жасаған адам. Ол өзінің хан кезінде Қоқан хандығымен жауласып, Түркістан Қаратауының бір ауылынан арнаулы жол салып, «Қасым ханның қасқа жолы» болып, сол асудың жолы атанған дейді. Қасым Абылай баласы, Кенесары Қасымның баласы, Қасым жиырмасыншы ғасырдың ортасында жасаған болуы керек.

Ескі заңнан (әдет-ғұрып) бір-екі сөз5 Қазыбек, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Алшын қара жігіт Шашақ ұлы Жәнібек, Тобықты Қараменде сияқты адамдар басшы болып бас қосыпты. Бұлар қазақтың ресми заңын қабылдамақшы екен. Бұлардың ішінде үлкені де, беделдісі де, билеушісі де Үйсін Төле би деген кісі екен. Бұл екі арасы дау-шарға айналып барады деп сөз басталардан бұрын хабар етіп қалса керек. Сонда Қаз дауысты Қазыбек би отырып: Төке, өлетін тай үшін, қалатын сай үшін дау қанша ауыр болады дейсіз депті. Төле би: Қазыбегім ақын болсаң той көп деген дейін, шешен болсаң дау бар ғой депті. Бұл жерде бос сөздер араласып кетіпті. Тобықты Қараменде отырып: Төренің рұқсатынсыз сөйлей беруге болады ғой депті Төле би бұған қатты ренжіпті. Сен Төлені қойып, Төленің Жалмағамбетімен әңгімелессең де болмайды депті. Бұған Қараменде қынжылып: бізде де Жалмағамбет сияқты бала бар шығар, бізде бақа мен балық сорған жоқ депті. Төле би: Балаң болса неге жасырып жүрсің депті. Сонда аты шыға қоймаған Әйтеке, Жидебай деген кісінің шақыртыпты. Олар келіпті. Бірақ Төледен рұқсат сұрапты. Әңгімені қай бала бастасын деп Төле би айтыпты. Шешен біреуден сөз сұраса, шешенді болса депті. Сонда Жидебай Жалмағамбетке: жол түбі, сөз түбі, су түбі депті... Мұның не сөз екенін Төленің өзі түсінбей, Жидежан қарағым, айтушы кісінің сөзін, тыңдаушы түсінбесе, өзі шешім беретін депті. Сонда Жидебай отырып: 1. Жол түбі қайда барсаң ел. 2. Су түбі қайда барсаң бұлақ. 3. Сөз түбі қайда барсаң құлақ,—депті. Егер еститін құлақ болса, айтатын сөзім көп еді еститін құлақ болмағаннан кейін, менде қанша сез болады,—депті.

Төленің жеңілумен сөз қысқарып, қазақ ресми заңын талқылай шешуге көшіпті.
Әдет-ғұрып заңы жәй тармақтан құрылсын:

1. Жер дауы. 2. Жесір дауы. (Айттырған қыз жесір ретінде қаралады). 3. Өлтірілген адамның өз құны. (Адамның жарты құны). 4. Көз шықса, көз құны. 5. Төренің құны. 6. Қараның құны. 7. Мұрагерлік (кенже қара шаңыраққа ие, ұзақ даулар тарихы бар).

Қазақтың әдет-ғұрып, жарғы заңдары
Қазақтың ескі әдет-ғұрып, жол-жора, салт-сана заңдарың
негізі туралы түсініктер6
«Қасым ханның қасқа жолы» жайлы

Осы кезге дейін Қазақ халқының қолданып жүрген ескіше (әдет-ғұрып, жол-жоба, салт-сана, кәде-қаумет, ырым-жырымдар) заңдарының негізгі жасаушы 16 ғасырдың бірінші жартысында жалпы қазаққа хандық еткен Әз-Жәнібек хан ұлы Қасым хан деп аталады. Ол Қасым хан: өзінен жоғары бес ата жерде бабасы Орыс ханның кезінде кейінге қалдырып кеткен әдет-ғұрып, заңдарын көбейтіп, тұрақты етіп қайта жаңартып шығарыпты. Сондықтан сол шығарылған заңдары кейінгілерге — «Қасым ханның қаска жолы» деп аталатын болыпты. Жошы ханның екінші баласының тұқымы Орыс хан, ол да өзінен жоғары бесінші ата жердегі бабасы Жошы ханның заманындағы кейінге қалдырып кеткен салт-сана, әдет-ғұрып, заңдарын өзгертіп, қарауындағы халықтардың «жол-жоба», салттарына сәйкестендіріп, әдет-ғұрып заңдардың әр түрлі саласына заңдар шығарып кеткен хан екен.

«Есім ханның ескі жолы» туралы Қасым ханмен туысқан Жәдік ханның немересі, Шығай ханның баласы Есім хан заманында жарты ғасырдан артық уақыт хандық салтанатын жүргізіп кеткен дәріпті ханның бірі болған. Жошы хан әулетінде алпыс жылдан артық хандық тағында отырып өмір сүрген қазақтың ханы — тек Есім хан болған деседі. Қасым ханнан кейін Шығай хан қазақтарға хандық етіп, өзінің орнына баласы Есім ханды отырғызған екен. Шығай ханның өзі хандық еткен кезінде Қасым ханның қалдырып кеткен әдет-ғұрып, жол-жоба, салтына ешқандай өзгеріс, жаңалықтар енгізбей, Қасым ханның қасқа заңын жүзеге асырып, мирастың орын-өнегесін баласы Есім ханға тапсырыпты. Сол Есім хан өзінің алпыс жылдан артық уақыт қазақтың ханы болып, басқарушылық өткен заманында өзінен бұрынғы өткен шөбере атасы Қасым ханның қалдырған «әдет-ғұрып, салт-сана» заңдарына сүйеніп, көптеген жол-жоба, кәде-қаумет, ырым-жорық заңдарын шығарып кеткен хан болыпты. Сондықтан, Есім ханнан кейінгі қазақты билеген хандардың кезінде қолданғаны «Есім ханнан қалған ескі жол-жоба болғандықтан, кейінгілер «Есім ханның ескі жолы» атандырыпты.

Мөңке бидің ақылы7 Сыр бойындағы Жаппастың он сегіз жасар бір жігіті қырдағы Тілеу Мөңке биден ақыл сұраймын деп сапарға шығады. Арада бірнеше күн жүріп, Мөңкенің ауылына жақындайды. Көрмеген жердің ой шұқыры көп дегендей, Мөңкенің ауылын кездескен адамнан сұрап келеді. Түс қыза жігітке бір үлкен ақсақалды кісі кездеседі. Онымен сәлемдесіп Мөңкенің ауылын сұрайды, сонда ақсақал:

— Мөңкенің ауылы қашық емес, осыдан бесіндік жерде тұр. Көп жерден еңбек қылып іздеп келеді екенсің, адасып кетіп әуре боларсың. Мен-ақ алып барайын,—деп ақсақал кейін қарай жүреді. Келе жатып ақсақал жігіттің есімін, қай ауылың баласы екенін сұрайды. Жігіт іркілмей жауап береді. Бұдан кейін ол бала менен жөн сұрайтын шығар деп, баладан лебіз күтеді. Бірақ жігіт сұрамайды. Екеуі үнсіз жүріп отырып, бір көп ауылдың тұсына келеді. «Бұл несі: ақыл сұраймын, адам боламын деп келе жатып жөн сұрамағаны қалай?» деп ақсақал ойланады. Мұның өзі қалай екен, байқап көрейін деп ақсақал жігітке:

— Шырағым, ана ауылға барып, бір құман су алып кел. Осы жерде дәрет алып намаз оқимын, — дейді. Ондағы ақсақалдың ойы: — «Мені кім жіберді, кім құман мен су берсін деп сұрап жатыр» деп айтар ма деп жігітті сынау үшін жұмсаған. Егер сұрай қалса, жөнін айтып ілгері жүре беру керек еді. Жігіт сұраған жоқ, жасынан тіл алғыш — ақ желең бала жорғасын тебініп жіберіп, ауылға құйындатып кетеді. Бүкіл итті абалатып, бір үйге барады. Үйден үлкен бір кісі шығып:

— Шырағым, жаумысың, жаушымысың. Тал түсте ауылға қарай шапқаның не, ал жұмысыңды айт, — дейді жактырмай.

— Ана тұрған үлкен кісі жолдасым еді. Ол сол жерде намаз оқитын болды да мені дәрет алуға суға жұмсады. Соған бір құман су беріңіз,—дейді жігіт. Үй иесі: — Жолдасыңның аты кім, кім жіберді?—деп сұрап еді жігіт білмей қалды. Үй иесі: — Кет, су жоқ, сендей дәйіске еріп жүрген ол да оңбас,—деп қуып жібереді. Жігіт бос қайтып келеді. Ақсақал осылай боларын білгендей сабырлы кейіпте: — Бар, — мені Тілеу Мөңке би жіберді деп айт—деп ақсақал екінші рет жұмсайды. «Ау менің іздеп келе жатқан Мөңкем сіз екенсіз ғой, ата ауылыңа жүр» деп айтар деп ойлаған еді. Бірақ аңғырт жігіт, оны аңғармайды. Бұл жолы «Мөңке би жіберді» деп айтып еді бағанағы үй иесі өзі жүгіріп барып, Мөңкені үйіне ертіп келіп құрметтеп жайлайды. Ауыл адамдары біртіндеп келіп, Мөңкеге сәлемдесіп, төрден орын алып, жайғаса береді. Біртіндеп келген адамдарға орын беріп, өзі ығыса-ығыса жігіт есіктен шығады. «сен қонақсың ғой, орнында отыра бер» деп біреуі айтпайды. Босағаға барған жолдасын шақырып алып, әдепкі орнына Мөңке қайта отырғызады. Семіз қойдың еті пісіп, қонақтар мен қыдырмаларға табақ тартылады. Қыдырманың ішінде Қараберді деген атақты жалақор да бар екен. Сол жалақор үй ішінен ет турауға пышақ сұрайды. Үй иесі келем дегенше жолаушы жігіт ұшып тұрып, қынабынан суырып, сабы мүйіз күміс жалатқан пышақты Қарабердіге береді. Қapaбepді пышақты қуана алып, етті турап, жеп болған соң, Мөңкеге қарап сөз бастайды:

— Уа, би аға! Mенің тегімді білесіз, қайыры мол тұқым едік қой. Әкем жолдың бойына жыл сайын қауын егетін еді. Өткен-кеткен жолаушыға басына екі қауыннан қауын беріп жіберетін еді. Әкем қауын піскеннен бастап, бақшаның ішінде күні-түні болатын. Бір күні ертеңгісін қауынға барсам, әкем бақшаның ішінде өліп жатыр. Кімнің өлтіргені белгісіз. Мына пышағын алып кетіпті. Өлтірген адам белгісіз болғасын, іздегенім жоқ еді. Бірақ қан босқа кете ме, міне әкемнің пышағы табылды. Ол мына жігіт екен. Енді әкемді өлтірген осы жігітті бауыздап, әкемнің құнын аламын, —дейді. Сонда Мөңке Қарабердіге:

— Мұны ертең шешейік: пышақты маған бер деп алып қалады. Ауыл адамдары кеткесін, жігітке оңашалап Мөңке былай дейді. — Шырағым талабың таудай жас бала екенсің. Мына Қараберді пәле нағыз жалақордың өзі еді. Ойда-жоқта залымның қолына түстің. Ол енді сенен айырылмайды, өлтіpyгe дайын. Қане, менен не сұрайсың? Іздеп келе жатқан Мөңкең менмін,—дейді. Сонда бала: — Сізден ақыл сұрай келдім, басқа тілегім жоқ,—дейді. Мөңке: — Жақсы өз қолында қанша ақша бар?—дейді. Бала: —Үш мың тілләм бар — дейді. Мөңке жігіттің пұлын алады, —Сенен алған ақшаны, ертең қаріп-қасырға таратып беремін. Сөз сатып күнелткен адам мен емес. Сенен ақша алып отырғаным: Менің айтқан нақыл сөзімді сен сатып алғансың, өмірі ұмытпайтын боласың. Сол үшін ақша алып отырмын. Енді саған үш ауыз нақыл сөз айтамын. Соны тыңда: —Біріншісі, жол үстінде кездескен бейтаныс адамнан атын тұқымын сұрап, танысып біл. Одан зиян жоқ. Екіншіден: жолаушы жүріп, біреудің үйіне қонғанда, өзіңнен соң келген адамға, там болса да орныңды берме. Үшіншіден: Танымайтын адамға қолыңдағы қаруың — пышағыңды берме. Міне сенің үш мың тілләңа берген менің үш ауыз ақылым осы. Енді саған Қараберді пәледен құтылудың жолын айтайын, соны тыңда, — дейді Мөңке. — Менің әкемде қайырымды адам еді Ол да жыл сайын жол бойына қауын eгіп, келген жолаушыға қауынды өзі жарып беріп тойғызатын еді. Мен жаспын. Түнде үйде, күндіз бақшада болатынмын. Сол әдетім бойынша ертеңгісін бақшаға барсам, әкемді бірey өлтіріп, мына пышақты жарылған қауынға шаншып кетіпті. Әкемді жерлеп, мына пышақты сақтадым. Онда жас едім. Қaзір өстім. Жігіт болдым. Сосын пышақты алып, ел кезіп, халық аралауға шықтым. Түстенген, қонған жерімде кім пышақ сұраса іркілмей бере берейін. Кімде-кім танып, мына пышақ менікі деп жабысса, пышақ соныкі болғаны және әкемді өлтірген сол болды ғой деп сапарға шығып едім. Сол себепті бұл пышақты сұратпай-ақ кеше Қарабердіге бердім. Ол танып жабысты. Пышақ Қарабердінікі болды. Әкемді өлтірген де Қараберді екен. Сондықтан, халайық әкемнің құнын мынадан өздерің алып беріңдер. Жоқ десеңдер, табанда өзім аламын деп отырып ал,—дейді. Ертеңгі кеңесте жігіт осыны дәп басып айтады. Көпшілік жігіттің сөзін мақұлдап, Қapaбердіге үлкен айып салып, ол екінші жала жаппауға ант берген екен. Мөңкенің ақылын алған жігіт бір тайпа елдің басшысы болыпты деп қариялар майын тамызып әңгіме айтатынды—дейді.

Ел аузынан жинап тапсырған Ө. Ахметов

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙