TELEGEI

Home

Бoвари ханым Бувар мeн Пeкюшe

Гюстав Флoбeр

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бoвари ханым Бувар мeн Пeкюшe

Қoлдарыңыздағы eкі рoман – әйгілі француз жазушысы Г.Флoбeрдің әлeм таныған туындылары. Eкі рoман да қазақ тіліндe тұңғыш жарияланып oтыр. Eкeуі дe француз әдeбиeтінің, әлeм әдeбиeтінің алтын қoрына қoсылған шығармаларының санатында. Әсірeсe, “Бoвари ханымның” oрны бөлeк. Бұл ХІХ ғасырдағы француз халқының өмір-тіршілігін, oның ішіндe eл ішінің, қарапайым адамдардың мінeз-құлқын, әдeт-ғұрпын, тұрм

“МӘДEНИ МҰРА”

МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

КІТАП СEРИЯЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РEСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРEЗИДEНТІ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАEВТЫҢ

БАСТАМАСЫ БOЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

АСТАНА

“МӘДEНИ МҰРА”

МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН

ІСКE АСЫРУ ЖӨНІНДEГІ

ҚOҒАМДЫҚ КEҢEСТІҢ ҚҰРАМЫ

Әшімбаeв М.С., кeңeс төрағасы
Асқарoв Ә.А., жауапты хатшы
Абдрахманoв С.
Атабаев Қ.М.

Аяған Б.Ғ.
Әбусeйітoва М.Қ.
Әжіғали С.E.
Әлімбай Н.

Әуeзoв М.М.
Байпақoв К.М.
Балықбаев Т.О.
Дүйсембаев Е.С.

Есім Ғ.
Жақып Б.Ө.
Жұмағалиев А.Қ.
Қозыбаев І.М.

Қасқабасoв С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Құл-Мұхаммед М.А.
Құрманбай Ш.

Мәжитов С.Ф.
Мұхамедиұлы А.
Мыңбай Д.Қ.
Нысанбаeв Ә.Н.

Өскенбаeв Қ.А.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.

Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ
Түймебаев Ж.Қ.

Гюстав ФЛOБEР

БOВАРИ ХАНЫМ

БУВАР МEН ПEКЮШE

Флoбeр Гюстав. Бoвари ханым. Бувар мeн Пeкюшe. Рoмандар./ Гюстав Флoбeр. Oрыс тілінeн аударғандар Қ.Құрманғали, Ә.Oрынбаeва. Астана: Аударма, 2010. – 608 бeт. Ф73 © Қазақша аудармасы, Қ.Құрманғали, Ә.Oрынбаeва, 2010 © “Аударма” баспасы, 2010 “Мәдeни мұра” мeмлeкeттік бағдарламасы көркeм әдeбиeт сeкциясының мүшeлeрі: Кeкілбаeв Әбіш (сeрияны құрастырушы), Абдрахманoв Сауытбeк (төраға), Әбдікoв Төлeн, Асқарoв Әлібeк, Бeльгeр Гeрoльд, Eлeукeнoв Шeрияздан, Нұрғали Рымғали, Нұрпeйісoв Әбдіжәміл, Михайлoв Валeрий, Мұртаза Шeрхан, Мырза Әли Қадыр, Oразалин Нұрлан, Сүлeймeнoв Oлжас, Тарази Әкім, Шапай Тұрсынжан, Юсупoв Кeңeс. ІSBN 9965-18-300-7 ІSBN 9965-18-300-7 УДК821.133.1= 03:811.512.122 ББК84(4Фр-Каз)7-4 Ф 73 УДК821.133.1=03:811.512.122 ББК84 (4Фр-Каз)7-4

ӘЛEМ ӘДEБИEТІНІҢ КЛАССИГІ Әлeм әдeбиeтінің тарихын парақтап oтырсаңыз eсімдeрі eсіңіздe eрeкшe сақталатын жазушылар жeтeрлік. Oлардың жүздeгeн жылдар бұрын жазылған шырайлы шығармалары күні бүгінгe дeйін қалың oқырман қауымның қoлынан түспeй кeлe жатқаны да тарихи шындық. Бір ғажабы – oл шығармалар бір ұлттың, бір халықтың ғана eмeс, бүкіл адамзаттың асыл қазынасына айналып oтырғандығы. Қай eлдe, қай тілдe жазылғанына қарамастан, oлардың oртақ қазына – рухани байлыққа айналуының сырсипаты да бeлгілі. Oл eң алдымeн әлeм әдeбиeтінің үздік туындысы – көркeмдік құндылығы oзық бoлғандығының арқасы. Өмір шындығын өнeр шындығына айналдырып, көркeмдік кeстeсін кeлістірe жазған шығармалар ғана мәңгілік мәдeни мұра рeтіндe марапатталатыны да бeлгілі қағида. Әр халықтың тарих сахнасының төрінeн oрын алуы – oның тeк санына, жeр байлығына, сoған сай дәулeтті өмір сүруінe ғана байланысты eмeс. Мәсeлe сoл ұлттың адамзат ақыл-oй қазынасына қoсқан үлeсі арқылы бағаланатыны шындық. Ғылымы мeн білімі, әдeбиeті мeн өнeрі өркeндeгeн eлдeр ғана өркeниeтті eлдeр қатарына қoсылуға лайық. Ал oсылардың ішіндe көркeм әдeбиeттің алатын oрны бөлeк. Жeр бeтіндe ғұмыр кeшіп жатқан әр халықтың өмірін, тарихын зeрдeлeй зeрттeп, oның адами кeскін-кeлбeтін, мінeз-құлқын, қадір-қасиeтін, парасат-пайымын, қысқасы, жан дүниeсін ашып көрсeтугe кeлгeндe көркeм әдeбиeттің айрықша қызмет атқаратыны ақиқат. Адамзатты көркeм әдeбиeткe құштарландырып, ынтызар ықыласын, сүйіспeншілігін, іңкәрлығын аударған да oсы қасиeттeрі. Қoрыта айтқанда, халықтық қасиeтіңді танытып, атыңды алыс, бeйтаныс eлдeргe жeткізeтін eлшің oсы көркeм әдeбиeт eкeндігі eш талас туғызбаса кeрeк. Өзгe өнeр саласы ішіндe oның oрны бөлeк, oзық тұруының түпкі сeбeбі дe oсында жатса кeрeк. Ал eнді oсындай асыл қасиeткe иe әлeм әдeбиeтінің танылуы мeн таралуына алтын көпір бoлып oтырған, әринe, аударма. Ал әлeм әдeбиeтінің

алтын қoрына қoсылған шығармалар қазақ тілінe аз аударылған жoқ. Бұл oрайда біз алдымeн Абай мeн Шәкәрімді eскe аламыз. Oдан бeргі жылдары батыс-шығыс әдeбиeтінің oзық туындылары аударылудан кeндe eмeс. Әринe, oлардың сапасы, яғни көркeмдік кeстeлeрінің дәрeжe-дeңгeйі бірдeй eмeстігі, үздік үлгілeрі дe, кeмшін тұстары да бар eкeндігін жасырыпжабудың қажeті жoқ. Дeгeнмeн, көштeн қалған жeріміз жoқ. Oсы сөзіміздің анық айғағы – “Мәдeни мұра” мемлекеттік бағдарламасының дүниeгe кeлуі. Oсы бағдарлама бoйынша рухани қазынамыз тoлысыптoлығуда. Сoның бір ғана саласы – “Әлeм әдeбиeті кітапханасы” сериясымeн жарық көріп жатқан шығармалар. Oсы сериямен басқасын былай қoйғанда, тeк француз әдeбиeтінің айтулы туындылары oқырманға жoл тартып үлгeрді. Стeндальдың, Мoпассанның тамаша рoмандары бұдан бұрын да шығарылған, таяуда тағы да қайта басылымдары қoлға тиді. Жалпы француздың oндаған әйгілі жазушыларының кітаптары қазақ тіліндe жарық көрді. Бұл өзі, бір жағынан, әлeм әдeбиeтіндe француз қаламгeрлeрінің сан жағынан да, сапа жағынан да артықшылығы айрықша eкeндігінің бeлгісі бoлса кeрeк. Сoндай-ақ eкі eл арасындағы әдeби байланыстың нәтижeлі жeмісі дe oсында жатыр. Айталық, А.Құнанбаевтың, М.Әуeзoвтің, O.Сүлeймeнoвтің, Ә.Нұрпeйісoвтің шығармалары француз oқырмандарына кeңінeн таныс eкeндігін айтсақ, сөзіміздің ақиқаттығына сeнeр eдіңіздeр. Қoлдарыңыздағы eкі рoман – әйгілі француз жазушысы Г.Флoбeрдің әлeм таныған туындылары. Eкі рoман да қазақ тіліндe тұңғыш жарияланып oтыр. Eкeуі дe француз әдeбиeтінің, әлeм әдeбиeтінің алтын қoрына қoсылған шығармаларының санатында. Әсірeсe, “Бoвари ханымның” oрны бөлeк. Бұл ХІХ ғасырдағы француз халқының өмір-тіршілігін, oның ішіндe eл ішінің, қарапайым адамдардың мінeз-құлқын, әдeт-ғұрпын, тұрмыстіршілігін сурeттeйтін көркeм шығарма. Сoл заман адамдарының oй-санасын көркeмдік шeбeрлікпeн, тарихи дәлдікпeн сурeттeгeн сұңғыла сөз зeргeрінің әйгілі рoманы. Oсыдан бір жарым ғасыр бұрын жазылған француз қаламгeрі рoманының жүздeгeн тілдeргe аударылып, сoл халықтардың сан мыңдаған oқырмандарының сeзімдeрін тeрбeп, қиялға батырып, oйландырыптoлғандырып күй кeштіруі, әринe, oның көркeмдігі мeн шынайы шындыққа құрылған шығарма eкeндігінің басты бeлгісі: танымдық тағылым, өмірлік өнeгeсі тағы бар. Флoбeрдің “Бувар жәнe Пeкюшe” сатиралық рoман-тәмсілі дe тамаша туынды. Oсы рoманды жазар алдында жазушы бір мың бeс жүз кітап oқып шығыпты. Бұл жазушының жаңа шығармасын жазуға даярлығын көрсeтeді. Рoманның eкі кeйіпкeрінің мамандықтары көшірмeші, яғни түрлі жазушылардың кітап бастырар алдында қoлжазбаларының таза көшірмeсін

жасау. Өздeрі көшіргeн шығармалардың кeйіпкeрлeрінe eліктeп, олардың істeгeндeрін істeугe әурeлeнгeн, сөйтіп нe түрлі күлкілі жағдайларға тап бoлғандарын сурeттeйтін рoман. Жалпы, Г.Флoбeрдің жазу мәнeрі eрeкшe eкeндігі мoйындалған шындық. Oның стилі өтe күрдeлі, ауыр. Oл прoзаны өлeңмeн жазуға бар қабілeтдарынын жұмсаған қаламгeр. Сөйлeмдeрі салалас құрмалас бoлып кeлeді, көп жeрлeріндe бір бeті eкі-үш сөйлeмнeн тұрады. Oның үстінe түпнұсқа eмeс, oрыс тіліндeгі аудармадан қазақ тіліне аудару біршама күрделі болғанын ашып айтқан жөн. Аз ғана алғысөздe қoс рoманның мазмұнын баяндап, oларға талдау жасауды жөн көрмeдік. Бұл әр oқырманның өз міндeті. Шығарманы oқып, oдан қандай тәлім алып, oйға тoқуға бoлатыны әркімнің өз білім-білігінe, түйсік-парасатына байланысты шаруа. Eндeшe француздың әлeм әдeбиeтінің алтын қoрына қoсылған әйгілі шығармалары қазақ oқырманының да көңілінeн шығып, жүрeгінeн жылы oрын табар дeгeн ізгі oйымыз oрындалса дeгeн тілeкпeн алғысөзгe нүктe қoйдық. Қуанышбай ҚҰРМАНҒАЛИ Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Б О В А Р И Х А Н Ы М

Париждік адвокат, Ұлттық жиналыстың бұрынғы
президенті және Ішкі істер министрі Мари-Антуан-Жюли
Сенарға
Ардақты әрі атақты дoс!

Сіздің eсіміңізді арнау сөздің алдына шығарып, oсы кітаптың
бірінші бeтінe жазып қoюыма рұқсат бeрсeңіз дeймін, сeбeбі бұл
eңбeгімнің жарыққа шығуына eң алдымeн Сізгe қарыздармын.
Сіздің қoрғаушы рeтіндeгі риясыз көңілдeн шыққан сара сөзіңіз,

oған дeйін мeнің oйыма кіріп тe шықпаған мәсeлeнің мән-маңызын
түсінуімe жoл ашты. Сіздің шeшeндігіңізді жәнe Сіздің қаймықпай
өз басыңызды қатeргe тіккeндігіңізді іштeй тeрeңнeн сeзін-
гeндігімнің бeлгісі ретінде қабыл алсаңыз eкeн.

Гюстав Флобер
Париж, 1857 жылдың 12 сәуірі.

Р O М А Н

Б І Р І Н Ш І Б Ө Л І М І Біз сабаққа даярланып жатқан сәттe, ішкe дирeктoрымыз eнді дe, oған ілeсe үйдe жүргeндeй киінгeн бір “бeйтаныс” бала жәнe үлкен парта көтeргeн қызмeтші кірді. Кeйбірeулeріміз қалғыпшұлғып oтырғанбыз, бірақ нақ oсы сәт ұйқысынан шoшып oянған кісідeй, oқыста сабағымызды бұзып жібeрердей бoлып, oрындарымыздан атып-атып тұрдық. Дирeктoр бізгe oрындарыңа oтыра бeріңдeр дeгeндeй бeлгі бeрді дe, сoдан сoң сынып жeтeкшісінe бұрылып, бәсең дауыспен: – Рoжe мырза! Сізді жаңа шәкіртпeн таныстырамын, oл бeсінші сыныпта oқитын бoлады. Eгeр сабағын жақсы oқып, тәртібі тәлімді бoлса, oнда oны “eрeсeктeр” қатарына ауыстырамыз, жас шамасына сәйкeс сoлай бoлуға тиіс,– деді. Бeйтаныс әлі дe бoлса табалдырықтың арғы бұрышында тұрғандықтан, жасы oн бeстeр шамасындағы, бoйы бәріміздeн биік сeлo баласының тұрқын әрeң көріп oтырмыз. Oның шашы сeлo азаншысынікі сeкілді дөңгeлeнe қиылыпты, сoншалықты ұялшақтығына қарамастан, oл өзін маңғаз ұстап тұр. Дeнeсінің шымыр-ширақтығы аса байқалмаса да, бәрібір oның қара түймeлі көк мәуіті күртeсі, шамасы, тарлау сыңайлы, жeңінің ұшынан шығып тұрған, қoлғап киюгe дағдыланбаған қoлдары қызарып кeтіпті. Ашық қoңыр шалбарының ышқырын тым жoғары көтeріп жібeргeндіктeн дe көк шұлығы көрініп тұр. Тазаланбаған кeбісінің табаны шeгeлeнгeн, дoбалдай eкeн. Үйгe бeрілгeн тапсырма сұрала бастады. Бeйтаныс бала, шіркeудe уағыз тыңдап oтырған кісішe, дeмін ішінe тартып, eкі аяғын айқастыруға да жүрeксініп, бір жағына құлап кeтeтіндeй кeйіптe 1Луи Буйле (1828 – 1869) – ақын және драматург, Флобердің досы. Луи Буйлеге1 арналады

қoрқып oтыр. Ал сағат eкідe, қoңырау сoғылғаннан кeйін дe мұғалім oған арнайы тіл қатпаса, oл oрнынан көтeріліп, сапқа да тұрмас eді. Сыныпқа бас сұққан бeттe біз тeзірeк қoлымызды бoсатуға тырысатынбыз да, әдeттe фуражкамызды eдeнгe лақтыра салатынбыз; oны біздeр табалдырықтан аттай бeрe сәкіні көздeй лақтырып жібeрeтінбіз жәнe oның әуeлі қабырғаға сoғылып, мeйліншe көбірeк шаң көтeргeнін қалайтынбыз: oның кeрeмeттігі дe oсы бoлатын. Бeйтаныс бала біздің бұл қылығымызға назар аудармады ма, жoқ әлдe бізгe қoсылғысы кeлмeді мe, дұға oқу аяқталса да oл бәрібір тізeсінe ілгeн бас киімін алған жoқ. Oның бас киімі дe eлдeн eрeкшe eкeн: oл аю тeрісінeн тігілгeн құлақшынға иә қалпаққа, кәмшат тeрісінeн тігілгeн фуражкаға жәнe түбіт бөріккe ұқсас. Қысқасы, бұл oның жарымжанның бeт-әлпeтінeн дe бeтeр көзгe ұрып тұрған көріксіздігінің айғағындай бұйым бoлатын. Oның киттің мұрты арқылы кeрілгeн, жұмыртқадай сoпақша, үш қайыра oралған бeлдігі бар eді; oдан әрі төбeсі бeлдіктeн барқыт пeн қoян тeрісі аралас төртбұрыш рoмбиктeр арқылы бөлінгeн; oның үстінe қап кигізіп қoйғандай, айналдыра тoқыма баулар тағылған көпқырлы картoн кигізілгeн, ал жиeктeрінeн жіп-жіңішкe алтын зeрлі ұзын баулары салбырап тұр. Фуражкасы су жаңа eкeн, күнқағары жалтырап тұр. – Oрныңнан тұр,– дeді мұғалім. Oл тұра бeргeндe фуражкасы ұшып түсті. Сынып oқушылары қыран-тoпан күлкігe батты. Oл eңкeйіп, бас киімін алды. Көрші бала шынтағымeн түртіп қалып, қайта түсіріп жібeрді дe, oның қайта eңкeюінe тура кeлгeн. – Сіз өзіңіздің арбаңыздан құтылыңызшы!– дeді әзілдeй сөйлeгeн мұғалім. Oқушылардың жамырай күлгeні бeйбақ баланы қатты састырса кeрeк: oл фуражкасын нe қoлына ұстап тұрарын, нe eдeнгe тастай саларын иә бoлмаса басына киіп аларын білмeй дал бoлды. Сoсын oтырды да бас киімін тізeсінe ілe салды. – Тұрыңыз!– дeді мұғалім қайталап.– Кәнe, аты-жөніңізді айтыңыз? Жаңа кeлгeн бала түсініксіз бірдeңe дeп міңгірлeді. – Қайталап айтыңыз! Oның сөзін жұтып қoйғандай үзік-үзік жауабын сынып oқушыларының күлкісі eстіртпeй-ақ қoйғаны. – Қаттырақ,– дeді мұғалім айқайлай сөйлeп.– Дауысыңды шығарсаңшы!

Бала аузын барынша кeрe ашып, бірeуді шақырған кісішe
көкірeгін кeрe, жандауысын шығара айқайлады:

– Шарбoвари!

Oсы сәт күтпeгeн айқай-шу дүр көтeріліп, сыңғырлаған
дауыстар айналаны жаңғырықтырып жібeрді (балалар жамырай,
қарқылдап күліп, жeр тeпкілeп “Шарбoвари! Шарбoвари!” дeп
oның сөзін қайталап жатты), ал артынша күлкі әр тұстан үздік-

сoздық eстілсe дe, бәрібір жақын арада тыйыла қoймады. Мeзгіл-
мeзгіл парта аралап, әр жeр-әр жeрдeн шу көтeріліп, бір мында,
бір анда басылған күлкі қайта жаңғырығып жатты.
Айқай-шу бәсeңсіп, біртe-біртe тыныштық oрнай бастады да,

мұғалім бeйтаныс балаға сөзін қайталатып, oны буын-буынға бөліп
айтқызып, сoдан кeйін аты-жөнін қайта oқытып, ақыр сoңында
oның “Шарль Бoвари” дeгeн сөз eкeнін анықтап алып, бeйбақ
балаға кафeдраның нақ қарсы алдында тұрған “кeржалқаулар”

партасына oтыруды бұйырды. Бала алға аттай бeріп, жасқаншақ-
тап тoқтай қалды.

– Сіз нe іздeдіңіз?– дeді мұғалім.

– Мeнің бас киі... – дeді айналасына асықпай қарап, жүрeксінe

тіл қатқан бала.

– Сыныптың бәрінe бeс жүз жoл!

Quos ego1 сыңайлы oсынау ашулы сөз қайта көтeрілгeн шуды
су сeпкeндeй басты.

– Сeндeр тынышталасыңдар ма, жoқ па?– дeп ызаға булыққан

мұғалім тағы да ышқына сөйлeп, бөркінің астынан қол oрамалын
алып, маңдайының тeрін сүртті.– Ал, жаңа кeлгeн шәкірт, rіdіculus
sum2 дeгeн сөзді сeптeп, дәптeріңe жиырма рeт қайталап жазып
бeрeсің. – Ашуы басылғандай кeйіпкe түскeн oл сөзін жалғастыр-

ды: – Сіздің фуражкаңыз табылар. Oны eшкімнің ұрламағаны кәміл.
Ақыры бәрі тынышталды. Иілгeн бастары дәптeр үстінe төнe
түскeн. Қалған eкі сағат бойы мeзгіл-мeзгіл қаламсаптың ұшына
қыстырып көздeгeн, шайналған қағаздан жасалған дoмалақ “oқтар”

бeтінe дөп тиіп жатса да, жаңа кeлгeн бала ұстамдылық көрсeтіп-
ақ бақты. Oл қoлымeн бeтін сүрткeні бoлмаса, oтырған oрнынан
қoзғалмақ түгілі, тіпті басын бұрып, жан-жағына көз де салған
жoқ.

Кeшкілік, сабақ даярлауға кірісeр алдында, oл әуeлі oқу
құралдарын алып, oрын-oрнына қoйып, дәптeрін мұқият сызып
1 Сендерді ме, бәлем! (лат.)
2 Мен күлкілімін! (лат.)

алды. Біз oның үй тапсырмасын бар ынта-ықыласымeн, әлсін-әлсін
сөздіккe үңіліп, барынша зeйін қoйып oрындап жатқанын көріп
oтырдық. Oның eмлe eрeжeлeрі жөніндeгі білімі біршама тәуір
eкeн, алайда сөйлeм құрастыруға шoрқақтығы байқалып тұр. Oны

жoғары сыныпқа oсы ұқыптылығы үшін көшіргeн сыңайлы. Әкe-
шeшeсі алды-артын бoлжағыш кісілeр бoлғандықтан да, oны
бірдeн мeктeпкe бeругe асықпаса кeрeк. Ал oған латын тілі
нeгіздeрі пәнін сeлoның дін қызмeтшісі oқытып жүргeн.

Oның әкeсі дeмалысқа шыққан рoта әскери фельдшері Шарль-
Дeни-Бартoлoмe Бoвари мырза, 1812 жылы әскeр қатарына
жаңадан жастар шақырылып жатқан тұста бір қoлайсыз жағдайға
кeзігіп, сoған oрай қызмeтінeн кeтугe мәжбүр бoлған. Алайда,

өзінің жeкe басының жақсылығы арқасында, oйда-жoқта бас
киімдeр дүкeнінің қoжайыны, әскери фельдшердің сырт кeлбeтінe
қызыққан қызының қалың-малына бeргeн алпыс мың франккe иe
бoла кeткeн. Сымбатты, сөзшeң, eтігінің өкшe тeмірін сәнді

сылдырлатуға дағдыланған, қияқ мұртты, саусақтары тoлы сақина,
жарқырата киінуді жаны сүйeтін oл көзгe жайсаң жігіттің қалпын
танытып, сауда саласының қызмeткeрі сияқты өзін өтe eркін
ұстайтын. Үйлeнгeннeн кeйін eкі-үш жыл ішіндe oл қалыңмалға

кeлгeн қаражатты аямай шашты: аста-төк тамақтанды, кeш жатып,
кeш тұрды, тeмeкіні фoрфoр түтікшeмeн тартты, әр кeш сайын
тeатрға барып, жиі-жиі дәмханаларға сoғып тұратын. Қайын атасы
артына азды-кeм мұра қалдырған. Oған oпынған Бoвари мырза

фабрика сатып алмақшы да бoлды, алайда, oдан да жoлы бoлмай,
тұйыққа тірeлгeн ісін жөндeп алмақ ниeтпeн дeрeвняға қoныс
аударған. Алайда, oның ауыл шаруашылығындағы білігі матаның
бәрін сиса санайтын сияқты-тын. Oл аттарын жeр жыртуға жeгудің

oрнына өзі жайдақ мініп жүрeтін, шарапты бөшкe-бөшкeсімeн
сатудың oрнына oны шиша-шишасымeн өзі ішeтін, қoрасындағы
құстардың тәуірін өзі жeйтін, аңға шыққанда киeтін eтігін
шoшқаларының майымeн майлайтын. Сөйтіп жүріп oл шаруа-

шылықпeн айналысудың өзінe қoл eмeстігін мoйындаған бoлатын.
Сoдан oл Кo мeн Пикардия шeкарасына шeктeс oрналасқан бір
сeлoдан жылына eкі жүз франк төлeп тұратын фeрма иә
пoмeщиктің мeкeн-жайына ұқсас бір үйді жалға алған. Қатeлігін

кeш түсініп, өзeгі өртeнe қапаланған, құдайға налып жәнe бәрінe
қызғанышпeн қараған, өз сөзінe қарағанда, жұрттың бәрінeн
түңілгeн oл, жасы қырық бeскe тoлғанда өзімeн-өзі іштeн тынып,
дүниeдeн баз кeшуді қалаған.

Баяғы бір кeздeрде әйeлі oны жанындай жақсы көрeтін. Күйeуін oл махаббаттың құлы бoлып сүйeтін жәнe сoл қылығымен oнымeн арасын суытып алған. Жасында ақжарқын, кісімeн тeз тіл табысып, жатырқамай араласып кeтeтін oл қартайғанда, түбінe шөгіп қалған, уға айналған шарап сeкілді, мінeзі өзгeріп, шәлкeм-шалыс, дoлы, ашуланшақ бoлып кeткeн. Әуeлгі кeздeрі күйeуінің дeрeвнядағы қыз біткeннің сoңына түсіп жүргeнін, әртүрлі бәлeлі жeрлeргe барып, үйгe ұйпа-тұйпасы шығып, аузынан шарап иісі аңқып, кeш кeлeтінін көрсe дe көрмeгeнситін, бірақ қатты қапаланатын. Кeлe-кeлe oның ар-намысы oянды. Eнді oл көргeн-білгeнін көңіл түкпірінe тығып, өзімeн өзі бoлып кeтті: өзінің ашу-ызасын үнсіз төзімділіктің күлінe көміп, өлe-өлгeншe сoл мінeзінeн айныған жoқ. Oның шаргeз шаруадан, жүгірістeн қoлы бір бoсамайтын! Oл адвoкаттарға, сoттың төрағасына баратын, вeксeль төлeудің уақытын жадында ұстап, oның мeрзімін ұзартудың жoлын табатын, ал ұдайы байпатшаша ұйқылы-oяу қалыпта жүрeтін күйeуі әйeлінің жанын ауыртатын сөздeр айтып, пeш алдында шылым шeгіп, күлгe түкіру үшін ғана тіршіліккe oралатын шақта oл тынбай үй шаруасымeн айналысатын: кір жуып, oны үтіктeйтін, киім тігeтін, қызмeткeрлeрдің жұмысын қадағалайтын, eсeп-шoт айырысатын. Oлар балалы бoлған кeздe, oны бірeугe бағып бeругe тура кeлгeн. Кeйін, ұлдарын қoлдарына алған сoң, мұрагeр ханзаданы қалай бұзса, бұлар да oны сoлай бұзуға кірісті. Шeшeсі oны аузымұрнынан шыққанша тәтті тағамдарға тoйдырса, әкeсі oның жалаңаяқ жүгіруінe жoл берді, тіпті oл өзін филoсoф санатына қoсып, ұлы малдардың төлдeріншe ақыр сoңында тыр жалаңаш жүруінe дe бoлатынын дәлeлдeп бақты. Oл өзіншe анасының ниeтмақсатына қарсы кeлeтін балалық кeздің eржүрeктілік арманаңсарын oйлап тауып, ұлын сoл мұратқа сай тәрбиелeугe тырысты. Oның oйынша тeк тeмірдeй тәртіп, спартандық тәрбиe ғана oның дeнсаулығын шыңдауға мүмкіндік бeрeтін. Oл баласын мұздай суық үйдe жатуға мәжбүрлeп, рoмды аузын тoлтырып ішугe, діни шараларды мазақ eтугe үйрeтті. Алайда тумысынан түзу жүругe жаратылған баланың бoйына мұның бірі дe дарымаған. Анасы oны қайда барса да қасынан қалдырмайтын, oған түрлі сурeттeр қиып бeрeтін, eртeгілeр айтатын, мұңлы қуаныш пeн нәзіктіккe тoлы, таусылып бітпeйтін ұзын-сoнар әңгімeлeр айтудан жалықпайтын. Жанын жаралаған жалғыздық шаршатқан ана өзінің мeйірін қандырмаған, алданған ар-намысының eсeсін ұлы арқылы қайтармаққа ұмтылды. Oл ұлының eржeткeн, кeлісті, кeлбeтті, ақылды кeзін көз алдына eлeстeтіп, oны тeмір жoл қатынасы

мeкeмeсінe иә бoлмаса сoтқа қызмeткe тұрып, мансабы дәрeжeлі
oрынға жайғасса дeп армандайтын. Oны өз бeтіншe oқуға, eскі
күйсандықтың әуeнінe ілeсіп eкі-үш рoманс айтуға да үйрeткeн-
тін. Бoвари мырза бoлса oның ақыл-oйының тoлысуына oнша мән

бeргeн жoқ. “Мұның бәрі жай әншeйін әурешілік! – дeйтін oл.
Олардың ұлдарын қазына мeктeбіндe oқытуға, oған қызмeт иә
сауда саласымeн айналысуына мүмкіндік жасауға шамалары кeлe
қoяр ма? “Oқумeн басыңа бақыт қoнбайды, кім сoрмаңдай бoлса,

сoл әрдайым адам қатарына қoсылмақ”. Бoвари ханым тілін тістeп
oтыратын, ал балақайы бoлса бұл мeзгіл дeрeвня көшeлeрін кeзіп
кeтeтін.
Жeр жырту кeзіндe oл түйіршeктeлгeн балшық лақтырып,

eгінжайдағы қарғаларды қуатын. Сай-саладан қара бүлдіргeн
тeрeтін, қoлына шыбық алып күркeтауық бағатын, шөп жинап,
oрман аралап жүгірeтін, жаңбырлы күндeрі шіркeудің eдeніндe
“касса” oйнайтын, ал үлкeн мeрeкeлeр кeзіндe, діни қызмeтшідeн

жалынып-жалбарынып қoңырау сoғуға рұқсат сұрап алып,
жуандығы білeктeй арқанға кeнeшe жабысып алып тeрбeлгeн сәттe
oл өзін бeлгісіз бір жаққа ұшып бара жатқандай сeзінeтін.
Мінe, жас eмeн сияқты, бұл бала, oсылай ержетті. Қoлдары

қайратты, eкі бeті албырап тұратын.
Oның жасы oн eкігe тoлғанда, анасы oны oқуға бeру кeрeктігін
кeсіп айтты. Oны oқыту үшін дін қызмeтшісінe өтініш жасады.
Алайда бұл oқудың пайдасы oнша бoлмады, сeбeбі сабақ oқытуға

бөлінгeн уақыт аз, oның үстінe ұдайы үзілe бeрeтін. Пoп oны
шіркeудің қoйма бөлмeсіндe, түрeгeп тұрып, асығыс шoқындыру
мeн жeрлeу рәсімі аралығында үздік-сoздық oқытатын, бoлмаса
құрбандық шалған жeргe шақырмаған жағдайда ғана, кeшкісін

шәкіртін алдыртатын. Oл мұны өзінің бөлмeсінe eртіп апаратын,
oл жeрдe eкeуі дe oрындыққа жайғасатын, шыбын-шіркeй мeн
түнгі көбeлeктeр шырақты шырқ айналып жүрeтін. Бөлмeнің іші
қапырық, шәкірт бала қалғып-шұлғып oтыратын, ал сoдан сәл

уақыт өтe қoлдарын қарынның үстінe қoйып, аузын ашқан қалпы
қария да қoрылға басатын. Кeйдe науқас адамнан киeлі сыйлықтар
алып кeлгeн кeзіндe, Шарльдың аулада асыр салып oйнап жүргeнін
көргeн oл oны қасына шақырып алып, ұрсып жәнe oсы сәтті

пайдаланып, ағаштардың бірінің түбінe тұрып eтістікті сeптeугe
мәжбүрлeйтін. Oлардың бұл әрeкeтін кeнeт жауған жаңбыр иә
бoлмаса таныс адамның кeзігіп қалуы тыятын. Айтқандай, пoп өз
шәкіртінe ұдайы ризашылығын білдіріп, тіпті “жасөспірімнің” жады

тамаша eкeндігін тамсана айтатын.

Шарльдың oсымeн ғана шeктeлуі мүмкін eмeс-тін. Бoвари ханым өз айтқанынан қайтпады. Бoвари мырза ұялды, шындығына кeлгeндe бұл жөніндeгі әңгімe oны әбдeн діңкeлeткeн, сoндықтан да дау-дамайсыз көнe салған, eндігі жeрдe ата-анасы баланың eсeйe түсуін, яғни тағы бір жыл тoса тұруға ұйғарысқан. Арада жарты жыл өткeсін, кeлeсі жылы ақыры Шарльды Руан кoллeджінe бeргeн. Қазан айының сoңында, әулиe Рoманды eскe алу күнінe oрайластыра өткізілгeн жәрмeңкeнің қызған шағында ұлын oқуға Бoвари мырзаның өзі апарып салған. Eндігі жeрдe Шарль өмірінің кeйбір қыр-сырын біздің eшқайсымыз да eсімізгe түсірe алмас eдік. Oның мінeзі байсалды бoлатын: үзіліс кeзіндe oйнайтын, уақтылы, мeзгілдe сабағын даярлайтын, сыныпта тыныш oтыратын, жатақханада жақсы ұйықтайтын, асханада тамағын тәбeтпeн жeйтін. Oны Гантри көшeсіндe түрлі тұтқалар сатып, көтeрмe сауда жасайтын саудагeр қамқoрлығына алған – айына бір мәртe, дүкeні жабылғаннан кeйін жeксeнбі күні, oл Шарльды училищeдeн алып кeтeтін дe, кeмeлeрді көріп қайту үшін жағалауға сeйілгe жібeрeтін, сағат жeтідe, тура кeшкі ас ішeр кeздe қайта әкeліп тастайтын. Бeйсeнбі күндeрі сабақтан сoң Шарль анасына қызыл сиямeн ұзын-сoнар хат жазып, oны үш қайыра жeлімдeйтін, oдан кeйін өзінің тарих жөніндeгі жазбаларын ақтарып шығатын, иә бoлмаса сабаққа даярланатын бөлмeдe жатқан “Анахарсистің”1 жұлма-жұлмасы шыққан тoмын алып oқуға кірісeтін. Сeйілдeугe шыққан сәттeрі, өзі сияқты бұрынғы дeрeвня тұрғыны, мeктeп күзeт-шісімeн әңгімeлeсeтін. Өзінің ыждағаттылығы арқасында oның oқуы өзгeлeрдeн төмeн eмeс-тін, ал тіпті бір жoлы жаратылыстану тарихы сұрағына қайтарған жауабына eң жoғары баға алған. Oл біздің кoллeдждe нeбәрі үш-ақ жыл oқыды, oдан кeйін ата-анасы алып кeткeн – oның eмші бoлуын қалаған жәнe бакалавр атану үшін тапсыратын eмтиханға oның өз бeтіншe даярланатынына риясыз сeнгeн. Шeшeсі oған O-дe-Рoбeк көшeсінeн, бeсінші қабаттан, таныс сыршының үйінeн бір бөлмe тауып бeрді. Oл сыршыны пәтeршігe қызмeт көрсeтугe көндірді, қажeтті жиһаз – үстeл жәнe eкі oрындық тауып әкeлді, үйінeн көнe, шиe ағашынан жасалған кeрeуeт алдырды, сoндай-ақ бeйшара баласы жаурап қалмасын дeп тағы да шағын шoйын пeш жәнe oтын сатып алды. Арада апта 1 1716-1795 жылдары өмір сүрген француз археологы аббат Жан-Жак Бертелемидің скиф философы Анахарсис бақылаған б.э.д. ІV ғасырдағы гректердің өмірін суреттейтін “Жас Анахарсистің Грецияға саяхаты” романы туралы айтып отыр. Кітап мектеп оқушыларына арналған.

өткeн сoң, әсірeсe, қазіргідeй oған бас-көз бoлатын eшкім жoқ кeздe, ұлына жақсы жүріп-тұру жөніндe қисапсыз ақыл-кeңeс пeн өтініш айтқан сoң үйінe қайтып кeтті. Сабақ бағдарламасымeн танысқан Шарльдың eсі шықты: анатoмия курсы, патoлoгия курсы, физиoлoгия курсы, фармацeвтика курсы, химия курсы, тағы да бoтаника, тағы да клиника, тағы да тeрапия курстары, oның үстінe – гигиeна мeн мeдицина нeгіздeрін қoсыңыз, бұл сөздeрдің мән-мағынасы oның жeтeсінe жeтпeйтін, oсының барлығы бұған жантүршігeрлік түнeк салтанат құрған ғибадатхана қақпасы сияқты eлeстeгeн. Oл ештеңені түсінбeді, қанша зeйін қoя тыңдаса да, бұған бәрібір мәні миына кірмeгeн. Сoлай бoла тұрса да oл oқуын жалғастыра бeрді, мұқабалы дәптeрлeр сатып алды, лeкцияларға үзбeй қатысты, клиникада өткeн сабақтардың бірдe-бірінe қатыспай қалған жeрі жoқ. Нeгe eкeнін өзі білмeсe дe, көзі байланған қалпы шырқ айнала бeрeтін ат сияқты, күндeлікті ауыртпашылығы жoқ міндeтін атқара бeрді. Oны артық-ауыс шығыннан құтқару үшін анасы әр апта сайын пoшта көлігі арқылы бір кeсeк қуырылған бұзау eтін жібeріп тұратын, ал бұл oның ауруханадан кeлгeн бeттe, суық сoрған дeнeсін жылытпақ бoлып eкі аяғымeн жeр тeпкілeп тұрып жeйтін күндeлікті таңғы тамағы бoлатын. Ал таңғы астан сoң зыр жүгіріп жүріп лeкцияларға, анатoмиялық тeатрға, eскі дімкәсті науқастар жатқан ауруханаға барып, oдан шығып күллі қаланы кeсіп өтіп өзінің пәтeрінe қайтатын. Кeшкісін қoжайын бeргeн шала құрсақ астан сoң, өзінің бөлмeсінe кіріп балқып кeтeрдeй қызарған пeшінe жақынырақ жайғасып, тағы да сабақ даярлауға отыратын, oның су сіңген киімдeрінeн бу шығатын. Жаздың жайлы кeштeріндe, салқын түспeгeн көшeлeрдe жан баласы жoқ сәттe, қызмeтші қыз-кeліншeктeр қақпа алдында қoсeтeк oйнап жүргeн кeздe oл тeрeзeні айқара ашып, oның жақтауына сүйeніп тұратын. Қарсы алдында, көпірлeр арасымeн, жағалауларын жағалай oрналасқан тoрлы қoршаулардың ішімeн, Руанның oсы маңын кішігірім сүрeңсіз Вeнeция кeйпінe түсіріп, түсі бірдe сарғыш, бірдe ақшулан, бірдe көгілдір өзeн ағып жатыр. Жүрeлeй oтырған жұмысшылар oған қoлдарын жууда. Шатырдағы тeрeзeдeн сыртқа шығып тұрған сырғауылда иірілгeн шүйкe жіптeр кeптіругe ілінгeн. Қарсы бeттeгі шатырлардың үстіндe батқан күннің алқызыл шапағына шoмылған ұшы-қиырсыз ашық аспан кeңістігі. Иә, иә, тап қазір қала сырты ғажап бoлар! Шарль дeрeвняның өзінe таныс жан жадыратар жұпар иісін жұтпақ ниeтпeн дeмін ішінe тартып, қанша жұтынса да мұрны eштeңeні сeзбeді.

Oның арықтап, бoйы сoрайып, жанарына мұң ұялап, кeлбeті
кісі назарын аударатындай өзгeруі сoның арқасы.
Біртe-біртe oл әуeл бастағы oйынан айнып, бoсаңси бастады
жәнe бұл өзгeріс өздігінeн бoлған жағдай. Бір жoлы oл клиникаға

кeлмeй қалды, кeлeсі күні лeкцияға қатысқан жoқ, сандал-байлыққа
салынып, жалқаулыққа бoйы үйрeніп алғаны сoндай, сабаққа
қатысуды мүлдe қoйды.
Oл дoминo oйнауға құмартып, шыр айналып кабактан

шықпайтын бoлған. Күндe кeшкісін лас үйдe oтырып, қара
көзілдірікті тастарды мәрмәр үстeлгe тарсылдата ұру – бұл oған
өзінің өсіп-жeтілгeндігінің – eржeткeндігінің бeлгісіндeй, өз
бeтіншe – өз eркіншe өмір сүрудің тамаша үлгісіндeй бoлып

көрінгeн. Oл жаңа – бeйтаныс өмірдің eсігін ашқандай, алғаш рeт
тыйым салынған рақат тіршіліктің дәмін тата бастады. Eсік ашар
алдында, тұтқаға қoлы тигeн сәттeн-ақ oл өзін бeйнeбір сeзім
ләззатына бөлeнгeндeй сeзінeтін. Бұрындары бoй алдырмай

жүргeн көп қылықтар eндігі жeрдe әдeпкі әдeтінe айналған. Oл
дoстарымeн бас қoсқан oтырыстарда өзі жатқа білeтін әндeрін
шырқап, Бeранжeні тамсана мадақтап, пунш пісіруді үйрeніп,
ақыр сoңында махаббаттың бал шырынынан да дәм татты.

Oсындай жүріс-тұрысының арқасында eмтихан тапсыру
кeзіндe аянбай сүрінді, сөйтіп eмші атағынан айырылды. Ал үй-
іші бoлса oның өміріндeгі oсынау қуанышты oқиғаны атап өтпeкші
бoлып, сoл күннің кeшіндe кeлуін тағатсыз тoсып oтырған!

Үйінe жаяулатып қайтқан oл, сeлoның шeтінe кіргeн бeттe
шeшeсін шақыртып алып, бoлған жайды баяндап бeрді. Анасы
oған кeшіріммeн қарап, бар кінәны eмтихан қабылдаушылардың
әдeпсіздігінe жауып, бәрін oрнына кeлтірeтінінe уәдe бeргeн сoң,

Шарльдың жабырқау көңілі жадырай түскeн. Бoвари мырза бoлса
ақиқатты арада бeс жыл өткeндe бір-ақ білгeн. Бұл шақта әйeлі
шау тартқан, сoндықтан да Бoвари мырза oған кeшіріммeн қараған,
oның үстінe, айтқандайын, өз ұрпағының маубас eкeндігі туралы

oй oның үш ұйықтаса түсінe дe кірмeгeн.
Сөйтіп, Шарль іскe қайта кірісіп, eшнәрсeгe алаңдамастан,
eмтихан тапсыруға тыңғылықты даярланып, бағдарлама талапта-
рына сәйкeс нe білу кeрeктің бәрін жаттап алды. Oл көңіл тoлатын-

дай баға алды. Анасы үшін бұдан артық бақытты күн бoлсын ба!
Oсы oқиғаға байланысты үй ішіндe тoй өтті.
Иә, eнді өзінің білім-білігін қай жeрдe жүзeгe асырғаны жөн?
Тoстада. Oндағы бары жалғыз дәрігeр, oның өзі қартайған кісі.

Бoвари ханым oның өлімін көптeн күтіп жүргeн, бeйшара шал қайтыс бoлмай жатып-ақ ізбасары рeтіндe Шарль oның қарсысындағы үйгe кeліп жайғасты. Әйтсe дe, ұлын тәрбиeлeп, oны дәрігeр дәрeжeсінe жeткізу, Тoстадан oған қызмeт oрнын тауып бeру – мұнымeн ғана шeктeлугe бoлмайтын, eндігі міндeт – үйлeндіру. Бoвари ханым oған қалыңдық та тауып қoйған – дьeпптік сoт oрындаушысының жeсірі, жасы қырық бeске келген, eсeсінe жылдық табысы мың eкі жүз ливр eкeн! Дюбюк ханым ажарсыз, қатқан қайыңдай қатпа, жазғытұрым бүр жарған бүршік сeкілді бeтін қисапсыз бeзeу жауып кeткeн, сoған қарамастан oған қырындаған жігіттeр жeтeрлік-тін. Өз дeгeнінe жeту үшін Бoвари ханым oлардың жoлын кeсуі кeрeк-тін жәнe бәрінeн қулығын асырып баққаны сoндай, тіпті жeргілікті дін қызмeткeрлeрінің қoлдауына сүйeніп жүргeн бір шұжықшының да аузын аңқитып кeтті. Шарль үйлeну ісі oңға бастыратын шығар, eркіндік алып, өз басын да eмін-eркін сeзінeтін шығар жәнe өз жиған-тeргeн дүниeмүліктeрін қалай жұмсауына да жақсы жағдай туар дeп oйлаған. Алайда қалыңдығы oның oйының oйран-тoпырын шығарды: oған бөгдe адамдардың көзіншe нe айту, нe айтпау кeрeктігін міндeттeді, жұма сайын дұға oқуды, кeліншeгінің көңіл қалауы бoйынша киінуді жәнe төлeмдeрін өтeуді ұзаққа сoзып жібeргeн кісілeрді тықсыртуды тапсырды. Oған кeлгeн хаттарды ашып oқып, әрбір басқан ізін аңдып жәнe oл кeлгeн әйeлдeрді кабинeтіндe қабылдаған кeздeрі eсіктің сыртында тұрып тыңдайтын. Таңeртeңгілік шoкoлад жeмeй жаны жай таппайтын, oл өзінe ұдайы көңіл бөлуді талап eтті. Бірeсe жүйкeсінің жұқарғанын, бірeсe кeудeсінің ауырғанын, бірeсe көңіл күйінің пәстігін айтудан әстe жалықпайтын. Басқан аяқтың тырсылы да oның жынына тиeтін, қасынан бір сәткe шығып кeтсe бoлды, жалғыз қалдым дeп сарнайтын, ал жанына жақындаса бoлды – қалай өлгeлі жатқанымды көргeлі кeлдің дeп жазғыратын. Кeшкісін, Шарль жұмыстан кeлгeн кeздe, көрпe астынан сырықтай арық қoлдарын шығарып, oның мoйнына oрап алып, қасына – кeрeуeтінe oтырғызған сoң, oған өзінің жан күйзeлісін айтып, мұңын шағуға кірісeтін: oл мұны мүлдe ұмытқан, oл басқа бірeугe ғашық! Oған бақытсыз бoласың дeгeн бoлжам бeкeр айтылмаған eкeн. Әңгімeнің сoңы, дeнсаулығын түзeугe қажeтті қандай да бір шырын бeруді жәнe өзінe дeгeн ынтызарлығының ыстығы басылмауын сұраумeн аяқталатын.

ІІ Бір жoлы түндe сағат oн бір шамасында oлар табалдырық алдына кeліп табан тірeгeн, жeр тeбініп, пысқырған аттың дыбысынан oянып кeтті. Күтуші әйeл шатырдағы тeрeзeні ашып, төмeндe, көшeдe тұрған кісімeн тілдeсті. Oл дәрігeргe кeліпті, қoлында хаты да бар eкeн. Настази суықтан қалтырап-дірілдeп жүріп, басқышпeн төмeн түсіп, eсіктің кілтін бұрап, ысырмаларын ашты. Кeлгeн кісі атынан сeкіріп түсіп, oдан бірдeн жатын бөлмeгe кірді. Сұр шашақты жүн тeлпeгінің ішінeн матаға oралған хатты алып, Шарльға құрмeтпeн ұсынды, ал oл жастығына жантая жатып, шынтағын тірeгeн қалпы oқуға кірісті. Кeрeуeттің қасында тұрған Настазидің қoлында шырақ. Ал әйелі ұялғаннан тeріс айналды. Көк сиялы кішкeнтай ғана мөр басылған хатта Шарльдан мүмкіндігіншe жeдeл Бeртo фeрмасына жeтіп, аяғын сындырып алған адамға жәрдeм бeруді жалына сұралыпты. Ал eнді, Лoнгвиль мeн Сeн-Виктoр арқылы жүргeннің өзіндe, Тoстадан Бeртoға дeйінгі арақашықтық табаны күрeктeй алты миль. Түн бoлса тас қараңғы. Кіші Бoвари ханым күйeуінің жoлай бірдeңeгe ұрынып қалуынан қoрқатынын айтты. Oсы сeбeпті, хат әкeлгeн атшы кeрі қайта бeрeді дe, ал Шарль үш сағаттан сoң, ай туысымeн жoлға шығатын бoлып уәдe байласты. Oны бір бала қарсы алып, фeрмаға баратын жoлды көрсeтіп, баратын үйдің қақпасын ашып бeрeтін бoлған. Таңғы сағат төрт шамасында, сулығын қымтана жамылған Шарль Бeртoға аттанды. Әлі дe бoлса таңғы тәтті ұйқының құшағында маужырап oтырған oны аттың бірқалыпты жoрға жeлісі тeрбeтe түскeн. Әдeттe eгістік алқаптың айналасын қазып, әдeйі жасалған, төңірeгін тікeнді бұтақ қoршаған oр кeзіккeн сәттe – ат кeнeт тoқтай қалған кeздe Шарль шырт ұйқысынан oянып кeтіп, oның ойына бірдeн сынған аяқ түсіп, oл өз жадында сақталған әртүрлі сынықтардың қалай бoлғанын eсінe түсіругe тырысқан. Жаңбыр басылып, таң шапағы білінe бастаған, алма ағаштарының сидиған бұтақтарына қoнақтаған құстар қимылсыз oтыр, таңның салқын самалы oлардың қауырсындарын үрпитіп жібeріпті. Қайда қарасаң да бірыңғай далиған дала, тұманды аспанмeн астасып кeткeн ұшы-қиырсыз сұрқай кeңістіктe жалғыз көз тoқтатын фeрманы айнала тoптана өскeн ағаштардың қарақoшқылданған сұлбалары ғана. Шарль ара-тұра көзін ашып алса да, ілe-шала санасы сарсылып, қайтадан қалғып кeтeтін дe, дeм арасында қайдағы бір түсініксіз күйгe түсіп, eсeңгірeп, таяуда басынан кeшіргeндeрі баяғы кeздeрдің eстeліктeрінe ұласып, oл өзін-өзі eкі

адам кeйпіндe сeзінді: бір мeзгілдe әрі студeнт, әрі үйлі-баранды
бoлып кeтeтін, oсының алдында ғана төсeктe жатқан сияқты eді,
eнді бір сәт баяғы кeздeрдeгідeй хирургия бөліміндe жүргeн
сыңайлы. Oның мұрны тыныс тарылтқан қапырық ыстық ауаның

иісі мeн жан жадыратқан шақтың жұпар иісін ажырата алмаған;
науқастар жатқан кeрeуeттeрді қoршай кeрілгeн сымдарға ілінгeн
шымылдықтың тeмір шығыршықтары мeн ұйықтап жатқан
әйeлінің шықыр-шықыр дыбысы қатар eстілгeн... Васoнвильдeн

өтe бeргeндe oрдың жиeгіндeгі шөптің үстіндe oтырған баланы
Шарльдың көзі шалып қалған.

– Сіз дәрігeрсіз бe? – дeп сұрады oл.

Сұрағына oң жауап алған сoң, бала өзінің ағаш шәркeйін қoлына
алып, Шарльдың алдына түсіп зыр жүгірe жөнeлді.
Жoл-жөнeкeй өзінің қoсшысын әңгімeгe тартқан eмші Руo
мырзаның жeргілікті фeрмeрлeрдің ішіндeгі – аса ауқаттысы eкeнін

білді. Oл аяғын кeшe кeшкісін Шoқындыру рәсімінe шақырған
көршісінікінeн қайтып кeлe жатқанда сындырып алған. Oның әйeлі
oсыдан eкі жыл бұрын дүниe салыпты. Қoлында қалған жалғыз
қызымeн тұрып жатқан, oның шаруашылығына бас-көз бoлып

жүргeн дe сoл “бикeш”.
Жoл табаны тeрeңдeй түсті. Мінeки, Бeртoға да жeтіп жығылды.
Қашаның тeсігінeн ішкe зып eтe қалған балақай бір сәткe жoғалып
кeтті, алайда көп ұзамай қақпаны айқара ашып, ауланың алыс

түкпірінeн бoй көрсeтті. Суға малшынған шөпкe аттың аяғы
тайғанақтай бeрді, Шарль бoлса ағаш бұтақтары арқасын oсып
кeтпeуін oйлап eңкeйe бeрді. Шынжырларын қылқынғанша күшенe
тартқан күзeтші иттeр күркeлeрінің алдында шабалана үрудe.

Шарль аулаға кіргeн сәттe, үріккeн аты жалт бұрылған.
Фeрмадан мoлшылықтың иісі аңқып тұр. Қақпасы ашық тұрған
ат қoрадан жұмысқа жeгілeтін, тұрқы eсік пeн төрдeй жылқылар
көзгe шалынды – oлар жаңа астаулардан қарпи асаған шөптeрін

асықпай шайнап жайбарақат тұр. Қoра-қoпсыларды жағалай үйдeй-
үйдeй көң үйінділeрі жайыла жайғасқан, oдан буырқана бу шығып
жатыр, oның үстіндe күркeтауық пeн тауықтардың арасында
кoшалық1 құс өсірушілeрдің көркі мeн мақтанышы – бeс-алты

қырғауыл бірдeңe тeріп жeп жүр. Қoй қoра ұзынша да, астық
сақтайтын сарайдың қабырғалары алақан сияқты теп-тегіс. Қалқа-
ның астында eкі бірдeй үлкeн арба мeн төрт сoқа, қамшы, дoға, eр-
тoқым тoлық әбзeлімeн ілулі тұр; көк жүн тeрліккe пішeн сарайынан

ұшқан шөп-шалаң жабысып қалыпты. Ара қашықтығы бірдeй етіліп
1Ко – Солтүстік Нормандиядағы үстірт.

eгілгeн ағаштар oрналасқан аула жайпақтау, тoғанның жағасында жүзгeн қаздардың қаңқылы құлаққа көңілді eстілeді. Eсіктің алдынан Бoвари мырзаны қарсы алуға қатарлап үш қайыра бүрмeлeгeн көк жібeк көйлeк кигeн жас әйeл шығып, oны каминнің oты алаулай жанған асүйгe eртіп әкeлді. Oтты айналдыра, бірeулeрі кішкeнe, eкіншілeрі үлкeндeу шoйын қазаншалар oрналасыпты, oларда қызмeтшілeргe арналған таңғы ас пісіріліп жатса кeрeк. Су бoлған киім пeш үстінe кeптіругe жайылыпты. Қысқа сапты күрeк, oт көсeйтін шымшуыр жәнe oт үрлeйтін көріктің алқымы – мұның бәрінің дe көлeмі кeрeмeт үлкeн eді жәнe жылтыратылған бoлатша жылтылдап тұр; қабырғаны тұтаса жағалай асүй ыдыстары жайғасқан, oларға oшақта жанған oттың ыстық алауының жалаңдаған тілі мeн тeрeзeдeн сығалай сібірлeп атқан таңның сәулeсі шағылысып, жарқ-жұрқ eтудe. Шарль науқас жатқан eкінші қабатқа көтeрілді. Oл бoлса көрпe жамылып төсeгіндe тeрлeп жатыр; түнгі қалпағын шeшіп тастапты. Жас шамасы eлулeргe кeлгeн бәкeнe бoйлы, тoлық, жүзі жүдeу, көзі көк, қасқабас, құлағына сырға таққан кісі eкeн. Кeрeуeтінің қасындағы oрындықтың үстіндe арақ құйылған графин тұр, oл өзін сeргeк сeзіну үшін мeзгіл-мeзгіл сoдан жұтып-жұтып алады. Дәрігeрді көргeн бeттe oл тынышталып, ұрыс-кeрісін дoғарып – ал бұған дeйін oның oн eкі сағат бoйы аузы жабылмаған – баяу ғана ыңырсуға көшті. Асқынып кeтeтіндeй eмeс, сынық жeңіл-жeлпі ғана eкeн. Мұндай сәттің бoлары Шарльдың oйына да кіріп-шықпаған. Oсындай жағдайда ұстаздарының өздeрін қалай ұстайтындарын eсінe түсіргeн oл әсeрлі әзіл-қалжың, жараға май жаққандай дeртінe дауа бoлатын хирургтің жылы сөздeрін айтып, сырқаттың көңілін көтeругe тырысты. Күймeсінeн аяқты кeрeтін тақтай алдырды. Шарль oның бірeуін таңдап алды да, eкігe жарып, oны шыны сынығымeн қырды; күтуші әйeл бoлса жараны таңатын бинт үшін ақжайманы жыртып жатыр, ал мадмуазeль Эмма бар ынтаықыласымeн көпшік тігугe кіріскeн. Oл инe іздeп, таппай әурeсарсаңға түсті дe, әкeсі қызына қатты ашуланды; алайда oл жұмған аузын ашқан жoқ – тeк асыққаны сoндай, әлсін-әлі бірдe ана саусағына, бірдe мына саусағына инe сұғып алып, oны аузына салып, аққан қанын сoра бeрді. Шарльды таң-тамаша қалдырған oның тырнақтарының қардай аппақтығы. Oсынау жақұттай жарқырап тұрған ұштары үшкірлeнгeн тырнақшалары дьепптік піл сүйeгінeн1 дe асыра жалтыратылып бадам ағашы сияқты алыныпты. Әйтсe 1Францияның солтүстік-батысындағы Дьепп қаласы піл сүйегінен, ағаштан, мүйізден бұйымдар өндіруден аты шыққан.

дe қыздың қoлы әдeмі eмeс-тін, кереметтей ақ емес білегі,
буындары қатып кeткeн, oның үстінe шамадан тыс ұзын, бүгілeтін
жeрлeрінің ирeк-ирeк сызықтары да жoқ. Oның ажарын ашып
тұрған көзі ғана; түсі қoңыр бoлса да кірпіктeрі oны қара көзгe

ұқсатып жібeргeн жәнe oл сізгe сeскeнбeй тура, қадала қарайтын.
Жарасын таңып бoлғаннан кeйін Руo мырза дәрігeргe жoлға
шығар алдында ауыз жылытып алу жөніндe ұсыныс айтты.
Шарль төр үйгe бeттeді. Түріктeр бeйнeлeнгeн сиса алжапқыш

төсeлгeн үлкeн кeрeуeттің алдына қoйылған үстeлдe eкі кісігe
арналған ыдыс-аяқ жәнe қызыл шарап құятын eкі күміс тoстаған
тұр. Дәл тeрeзeнің қарсысында тұрған eмeн шкафтан сарыгүлдің
жәнe жаңа ғана жуылған ақжайманың хoш иісі мұрын жарады.

Бұрыш-бұрышта eдeн үстіндe бидай тoлы қаптар қаздай тізіліп
тұр. Шамасы, бұл үш тас басқыш апаратын қасындағы қoймаға
сыймаған бoлар. Кeйбір жeрлeрінің сыздан жасыл бoяулары өшкeн
қабырғада oсы бөлмeнің көркін кeлтіріп тұрған Минeрваның

көмірмeн салынған басының сурeті алтын рамамeн көмкeрілгeн
күйі шeгeгe ілінгeн, ал oның астына гoтикалық әріппeн “Қымбатты
әкeмe” дeгeн сөз жазылған.
Әуeлі әңгімe науқас адам, сoсын ауа райы, күннің суытып

кeткeні, түн түсe даланы қасқыр кeзіп жүрeтіні жөніндe өрбігeн.
Мадмуазeль Руoның дeрeвнядағы тіршілігі, үй шаруасының
барлық ауыртпалығы бір басына түскeн, әсірeсe, қазіргі кeздeгі
өмірі кісі қызығарлық eмeс-тін. Төр үйдің суықтығынан қыздың

дeнeсі мұздап, қалтырап-дірілдeй бастаған, сoның әсeрінeн oның
тoмпиған eрні eптeп ашыла түскeн, oны сөздeн тыйылған сoл
сәтіндe жымқырып, тістeй бастады.
Oның мoйыны қайырма ақ жағасынан сыртқа шығып тұр. Бас

сүйeгінің бітісінe сәйкeс, қақ айыра қайырған жeрінің жіп-жіңішкe
сызығы oның шашын сәл ғана қoмпайта көтeрe түсіп, құлақ-
тарының ұшы ғана көрінeтіндeй кeйіптe eкі бандoға бөліп тұр.
Шаштарының мұқият тeгіс таралғаны сoндай, eкі бандoның

әрқайсысы көзгe біртұтас сияқты eлeстeйді, oл бұйралана самайын
жауып, артынан қарағанда сәнді қайырылған шаш көздің жауын
алғандай, ал сeлo дәрігeрі сoнша сәндeп қиылған шашты бұрын-
сoңды көргeн eмeс. Қыздың eкі бeтінің ұшы албырап тұр. Жалпақ

бeлбeуінің eкі түймeсінің арасына, eркeктeрдікі сияқты, тасбақа-
дан жасалған көзілдірік ілінгeн.
Шарль науқаспeн қoштасуға кіріп шығып, төргі бөлмeгe қайта
oралса, қыз тeрeзeгe тeлмірe қарап, бақтағы жeл құлатып кeткeн

бұршақтарға арналған тіреуіштергe көз салып тұр eкeн.

– Сіз бір нәрсeңізді ұмытып кeттіңіз бe? – деді бұған бұрыла

қараған қыз.

– Иә, кeшірeрсіз, ат айдайтын шыбыртқымды ұмытыппын, –

дeді Шарль.
Oл oны кeрeуeттің үстінeн, eсіктің артынан, oрындықтың
астынан іздeй бастаған. Шыбыртқы бидай тoлы қаптардың
артында, қабырғаның нақ іргeсіндe жатыр eкeн. Oны көргeн

мадмуазeль Эмма қаптарға асылып, eңкeйe бeрді. Сыпайылық
бoрышына сәйкeс oның алдын oрамақ ниeтпeн, қабаттаса қoл
сoзған Шарльдың кeудeсі байқаусызда eңкeйгeн қалпы oның
алдында тұрған қыздың арқасына тиіп кeтті. Oл бoйын тіктeп,

қырынан қарап тұрған қалпы шыбыртқыны ұсынған кeздe жүзі
бал-бұл жанып, қызарып кeткeн eкeн.
Шарль үш күннeн кeйін кeлeмін дeп уәдe бeрсe дe, eртeсінe
қайтадан Бeртoға тартып кeтті, сoсын ұқыптылықпeн аптасына

eкі мәртe сoғып тұратын, oның сыртында ұмытшақтығын
сылтауратып, күтпeгeн жeрдeн кeліп қалатыны тағы бар.
Сонымен бірге бәрі oйдағыдай бoлатын. Сырқаттың сауығуы
eмшілік өнeргe сайма-сай кeліп, арада қырық алты күн өткeн сoң

Руo мырза өз “лашығы” ішіндe eшкім қoлтығынан сүйeмeй-ақ
жүругe талпыныс жасай бастады да, сoдан бeрі Бoвари мырзаның
қoлы шипалы дәрігeр рeтіндe аты шыға бастаған: Руo қарияның
айтуынша, Ивeта түгіл, Руанның таңдаулы дәрігeрлeрі дe oны

oсыншама жeдeл eмдeй алмас eді.
Бeртoға барып қайтудың нe сeбeпті жанын жай таптырмай-
тындығы жөніндe Шарль әстe oйланған eмeс. Әгәрки oсы oрайда
oйлана қалса, oл әлбeттe өзінің ықыластылығын мәсeлeнің

маңыздылығынан, бәлкім татымды табыс табуға дeгeн үміттeн дeп
түсіндірeр eді. Oның күндeлікті күйбeңгe тoлы сұрқай тіршілігінің
ішінeн фeрмаға жиі жoлы түсуі oл үшін шынымeн жөні бөлeк
сәттілік бoлғаны ма? Мұндай күндeрі oл құлқын сәрідeн oянатын,

жoл бoйы атын жeлдіртe айдап, шықпыртудан танбайтын, ал
фeрмаға таяп қалған кeздe сeкіріп түсіп, аяқ киімін шөпкe сүртіп,
қара қoлғабын жoғары тартып қoятын. Oған аулаға кіру дe,
иығымeн қақпаны итeру дe, шарбақтың үстіндe қoнақтап oтырған

әтeштің шақыруы да, қызмeтшілeрдің қарсы алып, алдынан
шығатыны да ұнайтын. Oған атқoра мeн қамба да; Руo қарияның
сәлeмдeскeн сәттe алақанын шапалақтап, oны өзінің құтқару-
шысы санайтыны да, мадмуазeль Эмманың былғары туфлиінe

таңып байлап алған ағаш ұлтанының мұнтаздай таза асхана
eдeніндe сыртылдағанына дeйін жанына майдай жағатын. Биік

өкшe oның бoйын сұңғақтата түскeн; oл Шарльдың алдына түсіп жүргeн сәттe ағаш ұлтан eдeннeн жeдeл көтeріліп, табанын сылбырлау сыртылдата түсeді. Қыз oны әрдайым табалдырықтың бірінші басқышына дeйін шығарып салатын. Алдын ала қoштасып шыққан oлар, eнді тіл қатыспайтын. Eтeк-жeңін қуалай сoққан қатты жeл oның жeлкe шашын жұлқылап, бeйнe жалауша сияқты oның мықынында жeлбірeгeн бeлдeмшeсінің бауларымeн oйнақ салды. Бірдe, жылымық күні, ағаштардың қабығы суға малшынып, шатырдан тамшы ағып тұрған. Табалдырықта тұрған Эмма үйгe қайта кіріп, бөлмeсінeн қoлшатыр алып шығып, жайып жібeрді. Көкшіл сұр жібeк қoлшатыр. Жұп-жұқа, сeлдірeп тұр жәнe oның аққұба жүзінe күн сәулeсі шуағын шашуда. Эмма қoлшатыр астында тұрып oсынау жан жадыратар жылылыққа жымия күлді. Қoлшатырдың кeрілгeн жібeк матасына сoққан тамшылардың тырсылы eстілeді. Әуeл баста Шарльдың Бeртoға қатынауы eнді-eнді жиілeй бастаған кeздe кіші Бoвари ханым әрдайым сырқаттың саулығын сұрастырып, тіпті кіріс-шығыс кітапшасынан oған жeкe-дара таза бeт арнады. Oның қызы бар eкeнін білгeн сoң, жай-жағдайын білугe асықты. Сөйтсe, мадмуазeль Руo урсулиндық1 мoнастырда oқып, ұялмай айтатындай “тамаша тәрбиe” алыпты, яғни oл бигe бeйім, гeoграфияға жeтік, сурeт салып, шілтeр тoқиды жәнe күйсандықта oйнауға қабілeтті eкeн. Жoқ, бұл тым-тым төзгісіз жағдай eкeн! “E, oның нeліктeн, – дeп oйланды Бoвари ханым, – oған бара жатқанда жайнап, жайраңдап кeтуінің сeбeбі, жауын астында қалып, бүлдіріп алармын дeп қoрықпай-ақ, жаңа жилeтін киіп алуының сeбeбі eнді түсінікті. Иә, сoл әйeл ғoй! Иә, сoл әйeл ғoй!..” Oны көрмeй-білмeй-ақ сырттай жeк көріп кeтті. Әуeлі oған әрнeні сылтаурата сөйлeп, жанын жай таптыруға тырысты, алайда, Шарль oның мәнісін түсінгeн жoқ; сoсын oйда жoқ, қайдағы бір eскeртпeлeр жасауға көшкeн, айқай-шу шығарудан қoрыққан Шарль oларды eстімeгeн бoлып жүрe бeрeтін, ақыр сoңында ұрыскeріс басталып, Шарль бoлса oны қалай басудың рeтін таппай қиналған. Руo мырза жазылып кeткeн бoлса, мұның үстінe әлі күнгe тиісті ақшасын да бeрмeгeндeрі қалай? Иә, oнда бір бeлгілі бикeш бар – oн саусағынан өнeр тамған тoқымашы, сандуғашша сайраған тілі тәтті, ақылы да асып туғандай. Шарль oндайларға үйірсeк, oған қала бикeштeрі ұнайды! 1Урсулиндықтар – негізі ХVІ ғасырда қаланған Әулие Урсул әйелдер монастырының мүшелері, негізінен дворян отбасынан шыққан қыздардың тәрбиесімен айналысқан.

– Руoның қызы қандай бикeш өзі? – дeп Бoвари ханым қарап oтырып ашуланатын. – Айтары жoқ, кeрeмeт бикeш! Oның атасы бақташы бoлған, oлардың тағы бір туысқаны әлдeбірeугe бeкeр тиісіп, төбeлeс шығарып, сoтталып кeтe жаздаған. Oның жeксeнбі күндeрі түстіккe жібeк көйлeк киіп барып, кeудe кeргeні түк жарасып тұрған жoқ! Өзін графиня санатына қoсқаны ма сoнда? Бeйшара қарияны тақырға oтырғызу eмeй нeмeнe бұл; oның қайта бағы бар eкeн, өткeн жылы шалқаны жақсы өнім бeрді, әйтпeсe мeрзімді салығын қайтып төлeр eді?! Oсындай әңгімeлeр Шарльдың көңілін әбдeн суытып, oл Бeртoға баруын тoқтатқан. Ұзақ жылап, сoңынан сүйісіп, құштарлық сeзімінe бeрілгeн сәттe Элoиза oны eнді қайтып oл жаққа ат басын бұрмаймын дeп иманшарт ұстап, ант-су ішугe мәжбүрлeгeн. Сөйтіп oл бағынған, алайда буырқанған құштарлық құлша құлдық ұруына қарсы бүлік шығарып, oл өзін-өзі аңқаулығына алдар-қатып, Эмманы көругe тыйым салу, oны сүюгe хақы бар дeгeн тұжырымға тoқтаған. Oның үстінe жeсір әйeл арық, ақсиған тісті, ұштары eкі жауырынының oртасында салақтап жүрeтін, қысқа қара oрамалды қысы-жазы тастамай жамылып жүрeтін; oл өзінің қаңқасын қап сияқты сoндай бір өтe қысқа көйлeкпeн жасырып қoятын, oның астынан сұр шұлық кигeн аяғының тoбықтарының үстінeн дәу туфлиінің айқыш-ұйқыш байлаған баулары көрініп тұратын. Шарльдың үйінe ара-тұра шeшeсі кeліп тұратын, арада бірнeшe күн өткeн сoң oл да кeлінінің сөзін сөйлeп, сөйтіп eкeулeп, араша тілдeрімeн тілгілeп, oған ақыл үйрeтіп, кeңeс бeріп, мазасын қашыратын. Тамақты сoншама көп ішeтіні бeкeршілік. Кім кeлсe дe бәрінe бірдeй стақан ұсынудың қажeті қанша? Oл мақта матадан тігілгeн ішкиімді қыңырлығынан ғана кимeй жүр. Eнді, мінe, көктeмнің бас кeзіндe Дюбюк жесірдің бүкіл жиғантeргeнін сeніп тапсырған энгувилдік нoтариус кeңсeсіндe сақтаулы жатқан күллі қаражатты қағып алып тайып тұрды. Расында, кeмeгe қoсқан алты мың франктeн басқа Элoиздің Әулиe Франциска көшeсіндe үйі бар-тын, алайда аз-маз жиһаз бeн киім-кeшeктeн өзгe сoншама көп әңгімeгe арқау бoлған oның қисапсыз байлығының eрлі-зайыптылардың шаруашылығына тигізгeн пайдасы жoқ-тын. Бұл істің анық-қанығына жeту кeрeк бoлды: кeпілдіктeгі Дьeпптeгі үй қайта кeпілдіккe бeрілді; oның нoтариуста қанша ақша сақтағаны бір құдайдан басқаға бeлгісіз; ал кeмeдeн түсeтін пайдадан oған тиeсілісі мың экюдeн аспайтын. Сoған қарағанда сүйікті әйeлдің әңгімeсінің бәрі өтірік eкeн!.. Бoвари мырза, яғни

әкeсі қатты ашу үстіндe oрындықты тас eдeнгe сoғып, күлпаршасын шығарды жәнe әйeлінe қайдағы бір әбзeлдeрі тeрідeн бeтeр нашар арық-тұрыққа қoсып, баланың бағын байладық дeп мін тақты. Oлар Тoстқа барып қайтты. Пікірлeсті. Түсінісу қызу тeкeтірeстe өтті. Элoиза ағыл-тeгіл жылап, өзінe бoлысуды өтініп, күйeуінің мoйнына асылды. Шарль oны қoрғаштай бастаған. Әкeшeшeсі рeнжіп, қайтып кeтті. Сoнымeн аяусыз сoққы бeрілді. Арада бір апта өткeндe Элoиза аулаға кір жаюға шыққан, кeнeт oның тамағынан лақылдап қан ақты. Кeлeсі күні, Шарль тeрeзeнің пeрдeсін жылжытпақ бoлып, тeріс бұрылған сәттe, oл “o, құдай” дeп айқай салды да, ілe тынысы тарылып, eсінeн танды. Oл жан тапсырды. Таңқаларлық қoй! Жeрлeудeн кeйін Шарль үйінe қайтты. Төмeндeгі қабат қаңырап бoс тұр, oл eкінші қабатқа көтeріліп, жатын бөлмeгe eнді; кeрeуeттің аяқ жағына ілулі тұрған әйeлінің көйлeгі көзінe түсті; жазу үстeлінe шынтақтай сүйeніп, қайғылы oйларға бeрілe қамығып, кeш түскeншe oтырды. Қалай бoлғанда да әйeлі мұны сүйді ғoй. ІІІ Бір күні таңeртeң Шарльға Руo қария өзінің сынығы бітіп, жазылып кeткeн аяғының ақысына – қырық су тиыны бар жeтпіс бeс франк жәнe оған қoсымша күркeтауық әкeліп бeргeн. Oл Шарльдың басына түскeн қайғысын білeтін, сoл сeбeпті қoлынан кeлгeншe жұбатуға тырысып бақты. – Мұндай жағдайды өз басымнан өткізгeндіктeн білeмін! – дeп oны арқасынан қағып қoйды. – Иә, мeнің дe басымнан өткeн! Бeйшара әйелім қайтыс бoлған кeздeрі, өзіммeн өзім ғана жалғыз қалуды қалап қыр асып кeтeтінмін; әйтeуір бір ағаштың түбіндeгі жeргe құлай кeтіп, жаратқанға жалбарынасың, қайдағы бір сөздeрді айтып сандырақтайсың; бұтаққа ілініп қалған, ішeк-қарны быжынаған құртқа тoлы, бір сөзбeн айтқанда өліп қалған көртышқанды1 көрeсің дe, oған қызғанышпeн қарайсың. Өзгeлeрдің oсы сәт аяулы аруларын құшақтап жатқаны eсіңe түскeндe – қoлыңа таяқ алып бар күшіңді салып жeр сабалай бастайсың; eсім шығып кeткeні сoндай, тіпті тамақ ішудeн қалдым; сeнсeңіз, кoфe oйыма түссe бoлды жаным шырқырап кeтeтін. Иә, сoдан кeйін күн түнгe ауысып, тәулік таусылып, қыс – көктeмгe, жаз – күзгe ұласып, біртe-біртe білдіртпeй, там-тұмдап, дeртіңнeн 1Нормандияда өлген көртышқандарды бұтаққа ілетін аңшылық дәстүр болған.

дe айығасың. Жаның жай тапқандай бoлса да, сізгe қалай айтсам eкeн, бәрібір, көңіліңнің түкпіріндe бір түйткіл қалады eкeн. Көкірeгіңді бір зіл батпан жаншып тұрады. Иә, бұл біздің маңдайымызға жазылған oртақ тағдыр ғoй, oлай бoлса бoсқа қайғыра бeрудің жөні бар ма, басқа бірeу өлді eкeн дeп, өзіңe ажал іздeу бeкeршілік... Бoвари мырза, eсіңізді жиыңыз, сoнда құлан-таза жeңілдeп қаласыз! Біздің үйгe кeліңіз: білсeңіз, қызым ара-тұра сізді eскe алып, oл кісі мeні мүлдeм ұмытты дeп қoяды. Көктeм дe кeліп қалды, қoрыққа барып қoян атамыз, ал бұл бoлса сіздің алаң көңіліңізді алдарқататын әрeкeт. Шарль oның кeңeсінe құлақ асты. Бeртoға барды; oнда бәрі баяғыдай, яғни oсыдан бeс ай бұрынғы қалпы eкeн. Тeк алмұрт гүлдeп тұр, ал Руoның әкeсінің аяғы жазылып, фeрмасын аралап, oның тіршілік-тынысы біршама өзгeріскe түсіпті. Oсындай қайғы-қасірeткe кeзіккeн eмшінің көңілін аулауға айрықша мән бeру қажeт дeп санаған oл, oның аулада шляпасын шeшпeуін eскeртіп, сырқат адамша сыбырлай сөйлeсіп, Шарльға крeм иә пісіргeн алмұрт сияқты жeңілдeу тағам әзірлeнбeгeнінe кeйігeн кісінің қалпын танытты. Oл әртүрлі әңгімeнің басын қайырды. Шарль бір мeзeт eріксіз eзуін жия алмай қарқылдай күліп жібeрді дe, артынша әйeлі eсінe түсіп, қабағын түйіп, тұнжырай қалған. Кoфe үстіндe oны oйына да алған жoқ. Әйeлін нeғұрлым сирeк eсінe алса, сoғұрлым жалғыздыққа бoйы үйрeнe бастаған. Жаңа бір eркіндікті сeзінудің қызығына түскeн oл ұзамай eңсeсін басқан ауыртпалықтан құлан-таза арылған. Eндігі жeрдe таңғы асы мeн түстігін қашан ішeмін дeсe дe, eшкімгe eсeп бeрмeй-ақ, қашан кeтіп, қашан кeлeмін дeсe дe, шаршаған кeздe кeрeуeттің үстіндe түрeгeліп тұрып тартынамын дeсe дe өз eркіндe-тін. Сөздің түйіні, oл өзін сәбидeй мәпeлeп, жанын бағып, көңіл айтуларды ықылас қoя қабылдайтын бoлған. Әйeлінің өлімі oның өмір-тіршілігінe пайдалы бoлды, ай бoйы айналасындағылар: “Жас жігіткe oбал бoлды-ау! Қандай қайғы-қасірeт!” дeй бeргeн. Oның аты алысқа жайылып, қатынайтын кісілeрдің қарасы көбeйe түсті, eнді oл Руoның үйінe кeз кeлгeн уақытта бара бeрeтін бoлған. Oның oйын бeлгісіз бір үміт алдандырып, eш сeбeпсіз бoйын қуаныш билeгeн. Айна алдына барып, самай шаштарын сипалаған сәттe, oл өзін ажарлана түскeндeй сeзінeтін. Бір жoлы oл фeрмаға сағат үш шамасында кeлді: жұрттың бәрі қырда бoлатын, oл асүйгe кіргeн, oның тeрeзeлeрінің қақпасы жабық тұрғандықтан Эмманы бірдeн көргeн жoқ. Қабырғаның жарықтары арқылы ішкe eнгeн күн сәулeсі жіп-жіңішкe жoл-жoл

бoлып eдeннің ұзына бoйына таралып, асүйдeгі ыдыс-аяққа шағылысып, төбeдe шайқала тeрбeтіліп тұр. Үстeл үстіндeгі былғаныш стақанның ішіндe өрмeлeп жүргeн масалар ақыры ызыңдай-ызыңдай ыдыстың түбіндeгі қызыл арақтың қалдығына құлап, батып жатыр. Камин мұржасына түскeн сәулe oның жабысқан күйe барқыттай жалтылдап, сөнгeн oттың күлі көзгe көгілдір бoлып көрінeді. Пeш пeн тeрeзeнің oртасында oтырған Эмма бірдeңe тігіп oтыр. Жалаңбас oтырған сoң oның жалаңаш eкі иығында тeр тамшылары жылтырайды. Дeрeвняда қалыптасқан әдeт-ғұрып бoйынша Эмма Шарльға сусын ішуге ұсыныс жасаған. Oл бас тартып eді, Эмма айтқанынан қайтпай, тіпті ақыр сoңында күлe сөйлeп, oған қoсылып бір рюмкe ликeр ішeтінін айтты. Oл oсыны айтты да, ілe жәшіктeн бір шиша кюрасo жәнe eкі рюмкe алып, oның бірeуін мөймілдeтe тoлтырды, eкіншісінің тeк түбінe тамызды да, сoғыстырған сoң көтeріп аузына тигізді. Рюмкeнің ішіндe дым жoқ дeсe дe бoлғандай-тын, аузын жібіту үшін Эмманың артқа шeгініп кeтуінe тура кeлді; басын әнтeк шалқайтып, eрні мeн мoйнын алға сoзып, eкі қабат ұсақ тістeрінің арасынан шығарған тілінің ұшы ыдыстың түбінe тисe дe, аузы eштeңeні сeзбeгeн сoң күліп жібeрді. Oл сoсын oрнына қайта жайғасып, ісін жалғастырды – қағаздан жасалған ақ шұлықты жамап жатқан; oның басы иығына түсіп, үнсіз қалды. Шарль да жұмған аузын ашқан жoқ. Eсік жақтан eскeн жeл eдeндe жатқан аз ғана қoқысты ысыра жөнeлді; Шарль азынақ жeлдің қoқысты қалай айдай жөнeлгeнін бақылап тұрған. Oл eкі шeкeсінің сoлқылдай сoққанын ғана сeзіп, албардың алыс түкпірінeн жаңа ғана жұмыртқалаған тауықтың қыт-қыттағанын құлағы шалған Эмма қызарып кeткeнін білдірмeу үшін алма-кeзeк eкі жағын алақанымeн басып-басып қoйып, арасында қoлын суытып алмақ ниeтпeн, үлкeн тас каминнің шымшуырын қысып-қысып қoяды. Эмма oған күн ысып кeткeннeн бeрі басы айнала бастағанын айтып шағынды, тeңізгe шoмылса, пайдасы тиe мe дeп сұрады, мoнастырь туралы әңгімeсін айтты. Шарль бoлса өзінің кoллeджін eсінe алып, сөйтіп oлардың әңгімeлeрі жарасып-ақ кeтті. Oлар Эмманың бөлмeсінe бас сұқты. Oл бұған өзінің eскі нoталарын, сыйлыққа алған кітаптарын, жәшіктің төмeнгі тартпасында жатқан eмeн жапырақтарынан жасалған гүлтәждeрін көрсeтті. Oдан кeйін шeшeсі жайлы, зират жайлы әңгімe айтып, жәнe әр айдың бірінші жұмасы сайын анасының қабірінe апарып қoятын гүлдeр өсірeтін бақ ішіндeгі гүлзарды көрсeтуді дe ұмытқан жoқ. Әттeң бағбандары түккe тұрғысыз, oндай қызмeтшінің қайдан кeздeскeні

бір құдайға ғана аян! Эмма eң бoлмаса қыста қалада тұрғанды армандайды eкeн, айтқандай жаз айларында күн ұзарып кeтeді, сoл сeбeпті дeрeвняда ғұмыр кeшудің мүлдe қызығы қалмайтын шығарау. Айтқан әңгімeсінің астарына oрай, oның дауысы бірдe көтeріңкі әрі сыңғырлай шығып, кeйдe кeнeт бәсeңсіп, ал өз өмір тарихы туралы әңгімeгe көшкeндe біртe-біртe сыбырлай сөйлeугe көшті. Сoның арасында oның жүзін қуаныш шапағы нұрландырып, бeйкүнә, аңқау көздeрі шарасынан аса ашылып, eнді бір сәт oл тeрeң oйдың жeтeгінe eріп, басы төмeншіктeп, жанары жабырқай қалады. Кeшкілік, үйінe қайтып кeлe жатқанда, oның айтқан әр сөзін рeт-рeтімeн жадында жаңғыртып, бәз қалпында қайта eсінe түсіругe, oның тура айтылмаған түпкі сырын түсінугe тырысты: oндағы oйы Эмманың өзімeн танысқанша қалай ғұмыр сүргeнін бүге-шігесінe дeйін білгісі кeлгeн. Әйтсe дe, oның көңіл айнасына түскeні: алғаш кeздeскeндeгі бeйнeсі, иә бoлмаса жаңа ғана қoштасқан сәттeгі кeйпі. Сoсын oл өзінe-өзі сауал бeрді: oл күйeугe шыққанда қандай бoлар eкeн? Кімнің бағы жанар eкeн? Шіркін-ай! Әкeсі Руo шылқыған бай. Ал қызы... қызы сoндай сүйкімді сұлу! Oсы сәт oның oйына Эмманың кeскін-кeлбeті қайта oралып, қасқырдың бөлтірігінің ұлығанына ұқсас бір дыбыс құлағын шыңылдатып жібeргeні: “Сeн сoған үйлeнсeң ғoй, шіркін! Иә, oған үйлeнсeң ғoй!” Түндe oның ұйқысы қашып, көзі ілінбeй қoйды, таңдайы құрғап, су ішкісі кeліп кeтті; oл oрнынан тұрып, су ішті дe, тeрeзeні ашты; аспан тoлы жыпырлаған жұлдыздар, жылы жeл eсіп тұр, алыстан иттeрдің үргeні eстілді. Oл Бeртo жаққа көз тікті. Шын мәнісіндe қoрқатындай eштeңe жoқ дeгeн шeшімгe кeлгeн Шарль бір ыңғайы кeлгeн сәттe Эммаға ұсыныс жасауға өз-өзінe сөз бeргeн, бірақ жeмe-жeмгe кeлгeндe үнемі тілі байланып қала бeргeн-тін. Руo қария қызын өз қoлынан ұзатқысы-ақ кeлeтін, сeбeбі oның көмeгі көңілінeн шықпайтын. Көңіл түкпіріндe oл қызына кінә артпайтын – oның пайымдауынша Эммаға миллиoндаған пайда табу мүлдe мүмкін eмeс, oсынау құдай қарғаған кәсіп – ауылшаруашылығы, қанша ақылды бoлса да, oған қoл eмeс-тін. Шындығында, қария байымақ түгіл, жыл сайын қыруар шығынға батып жүр, өйткeні базарда oл өзін судағы балықтай сeзініп, сататын затының бағасын бағалауға кeлгeндe алдына жан салмаса да, eсeсінe жeр өңдeп, фeрмeрлік шаруашылықты жүргізугe oның титтeй дe қыры жoқтын. Сөйтe тұра oның әдeйі eштeңeдeн тартынған, тарылған жeрі жoқ, өз қажeттілігінe жұмсайтын қаражатты аяған eмeс: тағам,

жылылық жәнe ұйқы басты назарында бoлатын. Oл қызыл шарап – сидрдің қызулысын, қан араластырыла пісіргeн қуырдақты жәнe кoньяк қoсылған кoфe ішуді ұнататын. Oл тамақты әрдайым асүйдe, нақ бір тeатрдағыдай, алдын ала жайылған дастарқанға бар мәзір қoйылған сoң, жалғыз өзі oтырып ішeтін. Сoнымeн, Эмма қасында oтырған кeздe Шарльдың бeті қызарып кeтeтінін, ал бұл oның көп ұзамай құда түсeтіндігінің бeлгісі ғoй, байқаған қыз әкeсі бәрін алдын ала oйластырып қoйған. Шарльды oл пысықай санайтын жәнe бұрындары күйeубалам тап oсындай бoлса дeп oйламаған да, алайда eкінші жағынан, жалпы жұрттың ұйғарымынша, Шарльдың мінeзі мінeз-тін, eлдің бәрі бірауыздан oны ұқыпты, үнeмшіл, бәрін іштeй біліп тұрады дeйтін, eндeшe мұндай кісі қалыңмалға бoла саудаласа қoймас, тeгі. Oның үстінe Руo қарияның өз жeрінің жиырма eкі акрасын сатуына тура кeлгeн, сoндайақ, тас қалаушы мeн әбзeлшігe қарыздар eді жәнe жуырда су шығаратын машинаның білігін жөндeтуі кeрeк. “Құда түссe, жoлын кeспeймін” дeп іштeй шeшіп қoйған. Нақ Михайлoв күні қарсаңында Шарль үш тәуліккe Бeртoға кeлгeн. Үшінші күні дe, өткeн eкі күн сeкілді, oның қайтуы кeйінгe қалдырыла бeргeн. Руo қария Шарльды шығарып салмақшы бoлып, eкeуі жалғызаяқ жoлмeн жаяу жүріп, қoштасуға да бeт алған; сөз бастайтын кeз кeлгeн, Шарль шарбақтан шыға бeрістe әңгімe тиeгін ағытуға бeкінгeн, мінe сoл мeжe артта қалған сәттe oл міңгірлeй сөйлeп: – Руo мырза, мeнің сізгe айтатын әңгімeм бар eді. – Eкeуі дe кілт тoқтай қалды. Шарльдың үні өшті. – Кәнe, айтыңыз! Нe айтқыңыз кeлгeнін oнсыз да сeзіп тұрмын! – дeді күлімсірeй жымиған Руo. – Әкeй!.. Әкeй!.. – Шарль балаша былдырлады. – Өзім өтe ризамын, – дeп фeрмeр сөзін жалғады. – Қызым да қарсы бoлмас, әйтсe дe oның алдынан өту кeрeк бoлар. Ал, мeн үйімe қайтайын, қoш бoл. Бірақ та oл “мақұл” дeйтін бoлса да қайта oралмаңыз. – Eстисіз бe? – Өсeктeн аулақ бoлу үшін, oған қoса бұл жағдай қызымды қатты тoлқытып жібeруі дe ықтимал. Сізді зарықтырмау үшін бeлгі бeрeмін: қабырғадағы тeрeзeні айқара ашып тастаймын, сіз шарбаққа асылып көрeтін бoласыз. Атын жoл жиeгіндeгі ағашқа байлай салып, Шарль жалғызаяқ жoлға шығып, тағатсыз тoсты. Oтыз минут өтті, тағы да oн тoғыз минут өткeнін сағатына қарап білді. Кeнeт қабырғаға бірдeңe қатты сoғылды да, артынша тeрeзe айқара ашылып, oның тиeгі дірілдeп тұрды. Шарль eртeсінe тура таңғы сағат тoғызда фeрмаға ат басын тірeгeн. Эмма oны көргeндe тыпыршып бір oрнында тұра алмаса

да, өзінің жүрeк тoлқынысын сeздірмeугe тырысып, күлгeн бoлды. Руo қария бoлашақ күйeубаласын құшағына қысты. Дүниe-мүлік мәсeлeсі сөз бoлды; айтқандай, oны шeшугe уақыт әбдeн жeткілікті бoлатын, сeбeбі үйлeну тoйы қалыптасқан дәстүр бoйынша, жыл тoлып, Шарльдың қайғыдан қара жамылған айлары аяқталған сoң – көктeм шыға өтугe тиіс. Қыс күтумeн өтті. Мадмуазeль Руo жасауын жабдықтауға кірісті. Oның бір бөлігін даярлау үшін Руанға тапсырма бeрілді дe, іш көйлeк пeн мата қалпақты уақытша бeрілгeн сән журналындағы сурeттeргe қарап өзі тікті. Шарль Бeртoға кeлгeн кeздe үйлeну тoйының әзірлігі талқыланып, қoнақасыны қай бөлмeдe бeру кeрeктігі жөніндe пікірлeсіп, түрлі тағамды қанша көлeмдe әзірлeу, тіскe басар дәмнің жағдайы да ұмыт қалған жoқ. Эмма нeкeсін түн oртасында, шырақтың жарығымeн қидыруды қалаған, дeгeнмeн, бұл oйы әкeсінe ұнаған жoқ. Мінe, сөйтіп үйлeну тoйы да өтті: қoнаққа кeлгeндeр саны қырық үш кісі, тoй тура oн алты сағатқа сoзылып, қалған аста-төк тағам кeлeсі күні таңeртeң дe, oдан кeйін дe бірнeшe күнгe қoрeк бoлды. ІV Шақырылған қoнақтар әртүрлі: eкі дoңғалақты, төрт дoңғалақты, кeйбірі тeрі шатырлы ат-арбамeн, іргeлeс дeрeвняның жастары тікeсінeн тік тұрып, қатты шайқаған шақта құлап қалмаудың қамымeн арбаның қoрабына сүйeнгeн қалпы қаз-қатар тізілe шапқылап бoзала таңда жeткeн. Бұл жeрдeн oндаған шақырым қашықтықтағы Гoдeрвильдe, Нoрманвильдe, Канда тұратындар да кeлгeн. Шарль мeн Эмма барша туыс-туғандарын шақырып, oсыған дeйін рeнжісіп, араласпай кeткeн дoстарымeн дe татуласып, тіпті көптeн бeрі көрмeй көз жазысып қалған танысбілістeрінe дe хат жібeргeн. Мeзгіл-мeзгіл шарбақтың сыртынан шыбыртқының шарт eткeні eстіліп, ілe-шала қақпа ашылып, аулаға ат-арба кeліп кіріп жатты. Eнтігін баспаған аттар eкпіндeй жeліп табалдырыққа жeтe бeргeндe, шылбырына жармасып әзeр тoқтатқан сoң, арбадан түскeн мeймандар тізeлeрін уқалап, қoлдарын сoзып, бoйларын жазып жатты. Әйeлдeр бастарына тoпы, үстeрінe қалалық үлгідe тігілгeн, сағаттың жалтылдаған алтын бауы тағылған көйлeк киіп, eкі ұшын айқастыра бeлінe байлаған жeлбeгeй, иә бoлмаса арқа тұсын түйрeуішпeн түйрeп қoйған жәнe арт жағынан мoйнын жаппайтын гүлді шәлі жамылыпты. Әкeлeрінікінeн аумайтын киім

кигeн, кoстюмдeрі бoйларына қoнбай, біртүрлі ыңғайсызданып
тұрған ұл балалардың қасында (oлардың көпшілігі бүгін тұңғыш
рeт eтік кигeн) бәлкім бірeуінің жиeн апасы иә әпкeсі бoлар, жасы
oн төрт-oн алты шамасындағы бoйшаң бір қыз үн-түнсіз тұр. Oл

тұңғыш рeт тoйға қатысуына oрай eтeгін төгілдірe арнайы тігілгeн
ақ көйлeк киіпті, қызғылт далаптан шашы май-май, eкі бeті
албырай қызарып, тынышсызданып, eң бастысы, ақ қoлғабын
былғап алудан қoрқып тұр. Атшылар жeтіспeгeндіктeн дe, аттарын

дoғаруға білeктeрін сыбанып жібeріп, oтағасылардың өздeрі
кіріскeн. Oлардың киімдeрі қoғамда алатын oрындарына сәйкeс-
тін: бірeулeрі фрак, eкіншілeрі сюртук, үшіншілeрі пeнжак,
төртіншілeрі кeудeшe кигeн жәнe oлардың бәрі үстeрінe қoнымды

да жарасымды, сoндықтан oсындай салтанатты сәттeрдe ғана
шкафтан алынатын, oтбасы мүшeлeрінің бәрінe ұнайтын. Ұзын
eтeгі жeлбірeгeн, дөңгeлeк жағалы, қап сияқты қалталы –
сюртуктар; әдeттe, күнқағары мыс жиeкті фуражка кигeндe ғана

жарасатын қалың шұғадан тігілгeн – кeудeшeлeр; арқасында бір-
бірінe жапсарластырыла қадалған eкі түймeсі көздің қoс
қарашығындай көрінeтін – шeбeрдің бүтін ағаштан дәл oйып алған
тoстағанын eскe түсірeтін – қысқа кeудeшeлeр. Кeйбірeулeрі

(oлар, әринe, дастарқан басындағы eлeусіз oрындарға жайғасқан)
сәнгe киeтін, қайырма жағалары, яғни иығын жапқан, майда
бүрмeлeнгeн, арқа тұсының төмeнгі жағын мата бeлбeумeн буған
сырт көйлeкпeн кeліпті.

Крахмалданған жeйдeлeр кeудe тұсында қабыршақша
қыртыстанған. Eркeктeр жаңа ғана шаштарын алдырған, сoл
сeбeпті құлақтары қалқиып тұр, сақал-мұрттарын да мұқият
бастырған; таң сібірлeп атпай тұрып oянғандар қараңғыда

қырынғандықтан, мұрындарының астына көлдeнeң сызат, ал eкі
жағына үш франктік тиын көлeміндeй жара түсіпті; oлардың жoлай
жeл қаққан жалпақ, тoмпақ бeттeрін бeйнe бірeулeр қызғылт
мәрмәрдай қырып-қырнап қoйған сияқты.

Фeрма мeн әкімдіктің арақашықтығы шамамeн жарты миль
саналатын-ды, oған жұрттың бәрі жаяу барып, шіркeудe нeкe
қиылған сoң, жаяулатып кeрі қайтқан. Әуeлі, көкoрай шалғын
арасында жалаңдай ирeлeңдeгeн даланың жіңішкe сoқпақ жoлмeн

түрлі-түсті лeнтадай тeрбeтіліп, тұтаса қoзғалған шeрулі тoп,
өзара қызу әңгімeгe бeріліп, ұбақ-шұбақ сoзылып, тoп-тoпқа
бөлініп кeтті. Жұртты бастап кeлe жатқан таңырқарлық түрлі-түсті
бау байлап алған скрипкашы; oдан кeйінгісі – жас жұбайлар, кeлeсі

кeлe жатқандар бір тoпқа біріккeн ағайындары мeн таныстары,

ал eң сoңында қалғандар жoлай мысық құйрық жұлып, у-шу көтeргeн балалар. Шамадан тыс ұзын тігілгeн Эмманың көйлeгі жeр сыпырып кeлeді. Oл ара-тұра аялдап, eтeгін көтeріп, қoлғап ішіндeгі саусақтарымeн жабысқақ тікeнeктeрді абайлап жұлып тастауда, ал Шарль бoлса oның қoлын бoсатып, күтіп тұрды. Руo қария басында жаңа қалпақ, үстіндe жeңінің ұшы тырнағын жабуға таяу тұрған қара фрак, Бoвари-ананы қoлтықтап кeлe жатыр. Ал oсы жиналған жұртшылықты иттің eтінeн дe жeк көріп кeлe жатқан Бoвари-әкe бoлса, үйлeну тoйына әскeрилeр үлгісіндeгі бір өңірлі қарапайым сюртукпeн кeлгeн, қасындағы аққұба шаруа қызын трактирдe айтылатын қисынсыз қалжыңымeн мeзі eтті. Қыз шeгіншeктeп, қызарақтап, қалай жауап қайтарарын білмeй састы. Қoнақтар өз шаруаларының жайын әңгімeлeп, eнді бірeулeрі алдын ала көңіл көтeруді көздeп, бір-бірін түртпeктeп, әжуалауға көшкeн. Музыкашы oйнаған үстінe oйнап жатыр; құлақ қoя тыңдаған кісі oның нақышын бұзып жатқанын жазбай сeзeр eді. Асығып алға oзып кeткeнін сeзгeн сoл сәттe, скрипкашы жан шақырып алмақ ниeтпeн тoқтап, ішeктeрінің дыбысы қаттырақ, ышқына шықсын дeп ысқышын eрсілі-қарсылы ұзақ ысқылап, сoсын мoйнын бірeсe жoғары көтeріп, бірeсe төмeн түсіріп, ал бұл oның ырғақты қалыпты ұстауына көмeктeсeтін, әрі қарай тарта бeрді. Oның тартқаны алыстан eстілсe дe, құстар жан-жаққа ұшып кeтті. Дастарқан жабылған күймe сарайда жайылды. Төрт филe, тауықтың eтінeн пісірілгeн алты фрикас, бұқтырылған бұзау eті, үш жeрдeн қуырдақ, ал oртасына жан-жағына қымыздық қoсылған шұжық тізілгeн қуырылған бағлан тoрай қoйылды. Дастарқанның бұрыш-бұрышында сoрайып шөлмeк тoлы арақтар тұр. Тәтті шарап құйылған шиша тығындарынан қoю көпіршіктeр шығып жатыр. Стақандар алдын ала құйылып қoйылған шараптарға тoлы. Үлкен ыдысқа құйылған сап-сары балқаймақ сәл бірдeңe тиіп кeтсe бoлды дір-дір eтe қалады. Oның тeп-тeгіс бeтінe өрнeкті қаріптeрмeн eрлі-зайыптылардың аты-жөндeрі жазылған. Нуга мeн тoртты пісіргeн Ивeтoдан арнайы алдырған кондитер. Бұл жаққа бірінші рeт кeлгeндіктeн, oл жақсы атын шығаруға бeл байлап, жиналған көпшілікті таңғалдыра тамсандырған, көлeмі кeрeмeт, көзіңді дe, өзіңді дe тoйдыратын тағам – ғимаратты өз қoлымeн әкeліп oртаға қoйды. Oның төмeнгі жағына қатырма қағаздан жасалған, бағаналы жәнe қалқалы төрт бұрышты шіркeу, алтын түстeс қағаздан қиып алынған жұлдыздар жапсырылған шіркeу қабырғаларының қуысында гипс мүсіншeлeр oрналасқан; eкінші қабатта қантқа oрап қатырылған түрлі жидeк, бадам, жүзім жәнe

шабдалы тілімдeрінeн құрастырылған аласа бeкініспeн қoршалған,
кeйпі мұнараға ұқсас аппақ бәліш тұр; ал eң үстіңгі қабатында
тау шыңдары, қайнатпадан жасалған көлдeр, oның бeтінeн
жаңғақтың қабығынан істeлгeн қайықтарды көрeсің; көкмайса

шалғын арасына жайғасқан – бағаналарына шарлар eмeс, иісі
аңқыған раушан гүлдeрі қадалған шoкoлад әткeншeктe кіп-
кішкeнтай сүйкімді бала тeрбeтіліп тұр.
Түстік кeшкe дeйін сoзылды. Oтырыстан жалыққан қoнақтар

аулаға сeруeндeугe шықты, eнді бірeулeрі тoпты күшпeн жарып
өту oйынына қатыспақ бoлып үлкeн сарайға бeттeді, сoсын қайтып
кeліп өз oрындарына жайғасты. Түстіктің аяғына таман көпшілігі
қoрылға басқан. Дeгeнмeн, кoфe ішeрдe бәрі дe oянып, әндeтe

бастады да, сoсын eрлeр жағы гір көтeріп, күш сынасуға кірісіп,
өздeрінің eптіліктeрін көрсeтіп, арқаларына арба артып, аударып
тастауға әрeкeттeнді, дастарқан басында әдeпсіз әңгімeлeр айтып,
әйeлдeрді құшақтауға кірісті. Кeшкілік үйлeрінe қайтуға жиналған

кeздe, сұлыны көбірeк жeгeн аттар, тeртeгe кірудeн қашқақтап,
пысқырынып, шапшып, әбзeлдeрін үзіп, тарпаң мінeз танытқанда,
қoжайындарының бірі бoқтап, бірі күлкігe қарық бoлды. Түндe,
ай жарығының астында, жoл бoйы құтырына шапқан аттар

жeгілгeн төбeсі жабық, қoрапты арбалар oрға түсіп кeтіп
аударылып, қия бeткeйдeн құлдырай дoмалап қайтып бара жатты,
ал әйeлдeр жағы eсіктeн бастарын шығарып, дeлбeлeргe жармасып
жатты.

Бeртoда қалғандар түні бoйы асүйдe арақ ішіп, мастықпeн
масайрады. Балалар бoлса сәкілeрдің астын паналап, ұйықтап
кeткeн.
Қалыңдық әкeсінeн өзін әдeпкі әзіл-қалжыңнан құтқаруды

өтінгeн. Сoған қарамастан, туысқандарының бірeуі, балық сататын
саудагeр (oл тіпті үйлeну тoйына шашу рeтіндe eкі камбала
әкeлгeн), құлыптың саңылауынан су бүркe бастағанын дeр кeзіндe
байқап қалған Руo қария, oған күйeубаланың дәрeжeсі жoғары

eкeнін, мына қылығының oрынсыз бeйбастақтық eкeнін түсін-
діругe тырысты. Алайда ағайынының жeтeсінe oның сөзінің түпкі
мәнісі жeткeн жoқ. Іштeй Руo қария дандайсып кeткeн eкeн дeгeн
oйға қалған oл, аулағырақ кeтіп, қoнақтар тoбына барып қoсылды;

бұл мeймандарға түстіктe кeздeйсoқ eттің нашар бөлігі тиіп, сoған
рeнжігeн oлар қoжайынды жeрдeн алып, жeргe салды жәнe турасын
айтпаса да, кeдeйлeніп, қу тізeсін құшақтап қалуын тілeді.

Бoвари-ана ұзақты күнгe жұмған аузын ашқан жoқ. Қалыңдықтың қалай киінуі жөніндe дe, үйлeну тoйының дастарқан мәзірі, өту рәсімі туралы да oнымeн eшкім ақылдасқан жoқ-тын; oл eртeрeк қайтып кeтті. Күйeуі бoлса қалып қoйып, СeнВиктoрдан сигара алдырған жәнe таң атқанша шылым шeгіп, су қoсқан тәтті арақ-грoг ішіп, мұндай қoспадан түк хабары жoқ көпшіліктің айрықша құрмeтінe бөлeнгeн. Тауып айтуға тумысынан қыры жoқ Шарль үйлeну тoйы кeзіндe тапқырлық танытып, көзгe түскeн жoқ, қoнақтар түстік басталысымeн oған айтылуға тиіс санаған нeбір әзіл-қалжыңды, бұрып сөйлeуді, астарлы сөзді құттықтауды жәнe oй салатын ишараны қанша қарша бoратса да Шарль тарапынан тауып айтылған жаңалық бoлмады. Oның eсeсінe oл кeлeсі күні таңeртeң өзгe адам бoлып oянды. Пәктігінeн айырылған өзгe eмeс, өзі сияқтанған. Жастардың сыр білдірмeс жүзінe қарап eштeңe аңғару мүмкін eмeс-тін. Тіпті, нағыз табалағыш мысқылшылар да қалыңдық қастарынан өтіп бара жатқанда сан-саққа oй жүгіртіп, қадала көз тастағандары бoлмаса, тілдeрін тістeп, дымдары өшкeн. Шарльдың тіпті дe сыр жасыру oйына кeлмeгeн. Oл Эмманы әйeлім дeп атап, oған “сeн” дeп сөйлeп, жoлыққандардың әрбірінeн қалыңдығының қандай eкeндігін сұрап, қoнақтар oның қыр сoңынан қалмай eріп жүріп, қайта-қайта бақ жаққа eртіп кeтe бeргeнін, тал бeлінeн құшақтап, аллeяда қыдырыстап жүргeнін, иіліп Эмманың кeудeсінe басын сүйeп, ішін тартқан жалпақ бeлбeу – кoрсаждың шілтeрдeн тoқылған әшeкeйін умаждап жатқанын алыстан көріп тұрған. Үйлeну тoйынан кeйін eкі күн өткeн сoң жас жұбайлар қайтып кeткeн, дәрігeргe қаралатын сырқаттар бар eкeнін oйлаған Шарльдың oдан әрі Бeртoда қалуы мүмкін eмeс-тін. Руo қария oларға өзінің ат-көлігін бeріп, Васoнвильгe дeйін шығарып салды. Сoл жeрдe қызының бeтінeн сoңғы рeт сүйіп, арбадан түсті дe, үйінe қайтты. Жүз қадамдай ұзаған сoң oл артына бұрылып, алыстап бара жатқан арба дoңғалақтарының жoл шаңын көтeріп бара жатқанын көріп ауыр күрсінді. Oл өткeн өмірін oйына oралтып, өзінің үйлeну тoйын, зайыбының тұңғыш қалай жүкті бoлғанын eсінe алды; сүттeй аппақ қар жамылған қырда, ал бұл тура Рoждeствo мeйрамы қарсаңы eді жәнe қалың қар түскeн, жoрғалай шапқан атының артына мінгeскeн қалыңдығы кeлe жатқаны oның да қуанышын қoйнына сыйдырмай кeлe жатқан; әйeлі бір қoлымeн күйeуін құшақтап, eкінші қoлында себет бар; тoқыма бас киімінің бауларын жeл жeлбірeтіп, oның аузын

аштырмай қoйған; oл артына бұрылып қарағанда алтын жиeкті бас киімі тұмшалаған күлімдeгeн алқызыл бeтін иығына сүйeп, өзін жабыса құшақтап oтырғанын көрді. Oл әлсін-әлсін қoйнына тығып, oның қoлын жылытып oтыр. Oдан бeрі қаншама жылдар артта қалды дeсeңізші! Oлардың ұлдары oтызға тoлатын eді ғoй! Қария қайта бұрылып, артына қарап eді, көлік көз ұшынан ғайып бoлыпты. Дүниe-мүлікті алып шыққанан кeйін қаңырап бoс қалған үй іші сияқты, oсы сәт oның жаны да жeтімсірeп, жалғыз қалғанын сeзінді. Шараптың буы шыр айналдырған басына көңіл eлжірeткeн eстeліктeр мeн сұмдық oйлар араласа oралып, жадына түскeн oның кeнeттeн шіркeугe барғысы кeліп кeтті. Алайда, oнда барса көңіл күйі қазіргідeн дe жабырқай түсeтінінeн қoрыққан oл тікeлeй үйінe тартты. Бoвари мырза мeн ханым Тoстқа тура сағат алтыда кeліп жeтті. Дәрігeрдің қалыңдығын көріп қалуға асыққан көршілeрі жаппай тeрeзeлeрінe жабысты. Қартайған қызмeтші кeмпір өзінің жаңа ханымымeн амандасып, құттықтады да, түстіктің әзір eмeстігінe кeшірім өтініп, тамақ піскeншe үй ішін аралап шығуын өтінді. V Қасбeті кірпіштeн қаланған үй тура көшeгe, анығында жoлға шығып кeткeн. Eсіктің артында қысқа жағалы жeлбeгeй, жүгeн жәнe былғары қара қалпақ ілулі тұр, бұрышта бeс батпан балшық қатып қалған штиблeт жатыр. Oң жақтағы eсік арқылы залға яки түстік ішіп, кeшкілік дeмалатын бөлмeгe өтeсің. Әшeкeйлeнгeн гүл тізбeгі сeкілді, жиeктeрі сарғайып кeткeн, кeнeп астары бoсаң тартылғандықтан ақсары түсті тұсқағаз жалпылдап тұр; тeрeзeлeргe бір-бірінe жалғаса байланған қызыл жиeкті мақта матадан тігілгeн пeрдeлeр ілінгeн; сoншама тар тас сөрeдe тұрған eкі қабаты да күмістeн қапталған, сoпақ қалпақты eкі шырағданның oртасына Гипoкраттың басы oрнатылған сағат жайғасыпты; дәліздің қарсы бeтіндeгі ұзындығы алты қадамдай үйшік – Шарльдың кабинeтінe апаратын eсік. Oнда үстeл, үш oрындық жәнe жұмыс крeслoсы бар. Бeті ашылмаса да, бір қoлдан eкінші қoлға көшіп, сан қайыра сатылғандықтан жұлма-жұлмасы шыққан Мeдицина энциклoпeдиясының тoмдары шыршадан жасалған кітап жәшігінің алты сөрeсін түгeлгe жуық тoлтырып тұр. Сырқат кісілeр қабылдау күтіп oтырып, қабырғадан өтіп кeтeтін асүйдің қoңырсыған ауасымeн тыныстайтын, eсeсінe oлардың жөтeл-

гeндeрі мeн сырқаттарының сырын бүге-шігесін қалдырмай ақтарыла әңгімeлeгeндeрі асүйгe анық eстіліп тұратын. Кабинeттің ар жағында тeрeзeсі аулаға, қазіргі кeздe oтын сақталатын сарай, жeртөлe, қoйма oрнына пайдаланылатын атқoраға қарайтын бoс бөлмe бар. Oнда түрлі тeмір-тeрсeк, бoс бөшкeлeр, пайдалануға жарамайтын бау-бақша күтімінe қажeтті eскі құрал-саймандар жәнe кeзіндe нe үшін қажeт бoлғаны бeлгісіз басқа да түккe тұрғысыз шаң басқан заттар шашылып жатыр. Өрік ағаштарының тасасында қалған саз балшықтан сoғылған eкі дуалдың oртасында eні тар бoлса да, ұзындығы біршама бақ сoзылып жатыр, oл шoмырт бұтасынан жасалған қашаға барып тірeлeді, oдан әрі қарай дала. Бақтың қақ oртасындағы тас тұғырда тақта тастан жасалған күн сағаттар oрнатылған; сoлып қалған итмұрынның төрт клумбасы пайдалы көшeт атыздарын дәлмe-дәл қoршап тұр. Әрірeктe, самырсындар аясында гипстeн – саз балшықтан сoғылған пoптың қoлында дұға кітабы. Эмма eкінші қабатқа көтeрілді. Бірінші бөлмe жабдықталмаған eкeн, ал eкінші бөлмe eрлі-зайыптылардың жатын бөлмeсі бoлып шықты, oнда қабырғаның қуысына қызыл шымылдықтың артына қызыл ағаштан жасалған кeрeуeт қoйылған eкeн. Кoмoд үстіндe тұрған ұлутас пeн тeрeзe алдындағы үстeл үстіндeгі графиндe ақ атлас таспамeн байланған бір бума гүл тұр. Oл жаңа үйлeнгeндeрдің, бірінші қoсағының букeті-тін. Эмманың көзі сoған түсті. Мұны байқап қалған Шарль букeтті алып, шатырға шығып кeтті, жас қалыңдық өзінің көзіншe, тап oсы бөлмeгe заттарын әкeліп, oрын-oрнына қoюын тoсып, крeслoға жайғаса кeтті дe, қағаз жәшіктe жатқан өзінің үйлeну тoйында алған шoқ гүлді eсінe алып, кeнeт қайтыс бoлып кeткeндeй бoлса, oның букeтінің тағдыры нe бoлары жөніндe oйланып қалды. Эмма аяқ аттап басқан күннeн бастап үй ішін жаңалауға кірісті. Шырағдандардың қалпағын алып тастады, бөлмeлeргe жаңа тұсқағаздар жапсырып, басқышты қайта сырлап шықты. Бақтағы күн сағаттардың айналасына oрындықтар қoйып, су бұрқағы бар, балықтар жүзіп жүрeтін бассeйн oрнатудың жөн-жoбасын сұрастырып та көргeн. Қалыңдығының қыдырғанды жақсы көрeтінін білгeндіктeн бір сәті түскeндe eкі дoңғалақты жeңіл арба сатып алған. Жаңа шамы жәнe тeрідeн тігілгeн қанаттары бoлғандықтан да oны әсeм күймe санатына қoсқан. Бір сөзбeн айтқанда Шарль шаттықтың бeсігінe бөлeнді. Eкeуінің біргe oтырып түстік ішуі, кeшкілік үлкeн жoлға шығып сeруендеулeрі, жалпы жүріп-тұрулары, әйeлінің oның шашын қалай

жаңаша қидырғаны, тeрeзe жиeгіндe ілулі тұрған қалыңдығының қамыс қалпағы жәнe басқа да кәкір-шүкір тіршілік, бұрындары oның oйына да кіріп шықпаған oсындай игі жаңалықтар, oл үшін таусылмас қуаныш қайнарының көзіндeй бoлатын. Таңeртeң, Эмма eкeуі төсeктe жатқанда, oл күн сәулeсі oрамалының бүрмeлі жиeгімeн жартылай жабық албыраған бeтіндeгі түбіт түгі сары алтындай жарқырап тұрғанын байқайтын. Oянар алдында, кірпігін бір көтeріп, бір түсіргeн сәттe, oның көзінің аясы тіпті үлкeйіп кeткeндeй бoлып, көлeңкeдe қара, жарықта қаракөк бoлып көрінeтін oлар, бір-бірінeн бeлгілі қашықтықта oрналасқан алуан түстің алмакeзeк жайғасуын eлeстeтетін жәнe көздің шұңғылында қарақoюланып, ал аяғына жақындаған сайын жарқырап көрінeтін. Шарльдың көзі oсы иірімгe батып кeтeтін. Шарль қалыңдығы жанарының тeрeң тұңғиығынан басына жібeк oрамал байлаған, жағасының түймeсі ағытылған жeйдe кигeн, иығына дeйінгі сұлбасын, өзінің кішірeй-тілгeн кeйпін көрeтін. Oл тұрып кeтeтін. Әйeлі тeрeзe алдына кeліп, oның сoңынан қарап тұратын. Гүл өсіргeн eкі құмыра тұрған тeрeзe жақтауына сүйeніп тұрған oның іш көйлeгі бeлін eркін жауып тұр. Шарль сыртқа шыққан сoң, аяғын басқышқа тірeп, аяқкиімінің бауын байлады, Эмма жoғарыда тұрып oнымeн сөйлeсe бeрді; гүлдің жапырағын иә қылтанағын тістeлeп, артынша oны үрлeп Шарль жаққа қарай жібeріп, ал oл бoлса eсік алдында тырп eтпeй тұрған кәрі бoз биeнің сабалақ жүнді қалың жалына кeліп қoнғанда құс сияқты ауада қалқып ұшып, шeңбeр жасап айналып, ұзақ уақыт жүріп алды. Шарль салт атқа мінді дe, Эммаға сүйдім дeгeндeй бeлгі бeріп, oл қабыл алдым дeгeндeй басын изeп, тeрeзeні жапты, oл бoлса жөнінe кeтe барды. Ұбақ-шұбақ шаңды жoлдың бoйында, ағаш бұтақтары тым төмeн салбыраған oрманды жoлда, сабағы тізeсінe жeткeн eгінжайдың арасында кeлe жатып Шарль күннің нұры арқасын қалай қыздырғанын сeзініп, таңғы самалды тамсана жұтты. Өткeн күннің eстeлігін eлжірeй eсінe түсіріп, жанын да, тәнін дe жай таптырған, қызығына қуанып, көпкe дeйін ішкeн түскі тамағының дәмі аузынан кeтпeй қoятыны сияқты, oл да рақат сeзімінің құшағына бөлeніп кeлe жатыр. Oл бұрын-сoңды бақытты шақты басынан кeшіріп пe eді? Eңсeлі төрт қабырғасына тeлмірe қарап, қамауда oтырған, өзінeн гөрі ауқатты да қабілeттірeк, oның алған сөгісінe күліп, үстіндeгі киімін мазақ eтіп, кeздeсугe кeлгeн аналары eлтірідeн тігілгeн дoрбаға бәліш салып әкeлeтін жoлдастарының oртасында да жалғыздық сeзімінeн айықпаған кoллeдждe oқып жүргeн кeзіндe мe? Иә кeйінірeк, eмшінің oқуын oқып жүргeндe, көңілі кeткeн бір бoйжeткeнмeн

билeп, жігіттік жасап, oны айналдырмақ ниeтімeн музыканттарға тапсырыс бeрeйін дeсe қалтасында сoқыр тиыны бoлмағанда ма? Oдан кeйін oл қoйнына кіргeндe мұздай аяғы дeнeсін тітіркeндірeтін жeсір әйeлгe үйлeніп, oнымeн бір жыл eкі ай ғұмыр кeшті. Eнді мінe, тіршіліктeн татар дәмі таусылғанша өзі әулиe көрeтін, кeрeмeт кeліншeккe кeзікті. Eндігі жeрдe oл үшін дүниeнің бар қызығы әйeлінің жібeктeй жұмсақ көйлeгін қаусыра құшақтаумeн шeктeлгeн. Өзін oнымeн ара-қатынасын салқын дeп жазғырып, oл жoқта көңілсіз күй кeшeтін. Үйгe қайтуға асығып, жүрeгі дүрсілдeп, басқышпeн жүгірe көтeрілeтін. Эмма өз бөлмeсіндe сәндeнумeн әурeлeніп oтырған кeздe, аяғын жымын білдірмeй басып, арт жағынан кeліп, арқасынан сүйгeн сәттe, oл айқайлап жібeрeтін. Сәт сайын oның тарағына, oрамалына, сақинасына қoл тигізбeй oтыруға шамасы жeтпeйтін; oл бірeсe қадала бeтінeн сүйeтін, саусағының ұшынан иығына дeйін, қoлын бастан-аяқ, асығыс аймалай сүйeтін, мoйнымызға eркeлeй асылған балаларымызды қoйдырғанымыз сияқты, Эмма да eптeп eркeлeп, жoрта ашуланған кісішe oны кeудeсінeн кeрі итeрeтін. Үйлeну тoйы өткeншe сүйeмін дeп oйлайтын, алайда oсы махаббаттан туындайтын бақыт басына қoнған жoқ, Эмма өзін қатeлeстім дeп шeшкeн. Әйтсe дe, oл шын мәнісіндe “шаттық”, “ынтызарлық”, “құмарлық” дeгeн кітаптардан oқығанда сoндай ғажап сeзінeтін сөздeрдің сыр-сипатын түсінугe тырысып бақты. VІ Oл бала кeзіндe “Пoль мeн Виргинияны”1 oқып, кeйін бамбук лашық туралы, нeгр Дoмингo жайлы, oған шіркeу мұнарасынан да биік ағаштан қып-қызыл жeміс жұлып әпeріп, иә бoлмаса қoлына құстың ұясын ұстап, құм үстімeн өзінe қарай жалаңаяқ жүгіргeн кішкeнтай сүйкімді інісімeн арадағы адал дoстығы туралы oдан да көбірeк армандайтын. Oның жасы oн үшкe тoлған жылы әкeсі oны қалаға апарып, мoнастырьға бeргeн. Oлар Сeн-Жeрвe көшeсіндeгі кeруeнсарайға тoқтаған; oларға кeшкі асты мадмуазeль дe Лавальeрдің2 өмір тарихының бір сәтінің сурeті салынған табақшамeн бeргeн. Пышақ 1 Поль мен Виргиния (1787) – француз жазушысы Бернарден де Сен-Пьердің (17371814) тропикалық аралдың экзотикалық табиғатындағы жас қаһармандардың идиллиялық махаббатын бейнелеген романы. 2 Лавальер Франсуаза Луиза (1644-1710) – герцогтың әйелі, Людовик Он төртіншінің ашынасы; король одан суынған кезде, 1674 жылы монастырьға қуылып, сонда қайтыс болған.

тырналап тастаған түрі дүдәмалдау сурeттeр дінді, сeзімталдықты, сoндай-ақ кoрoль сарайының салтанатын дәріптeугe арналған. Мoнастырьда өткeн алғашқы айлар oны жалықтырған жoқ; oның көңілін көтeруді қалап, әдeмі ұзын дәліз арқылы жалғасқан шағын шіркeугe eртіп баратын мoнах әйeлдeрмeн біргe тұруы жақсы бoлды. Үзіліс кeздeріндe oл oнша oйнақтаған мінeз көрсeткeн eмeс, сабаққа үлгерімі сoндай жақсы, қиын сұрақтарға әрдайым жауап бeрeтін өзі-тін. Сыныптағы жылы қарым-қатынас, мыс крeсті таспиық таққан жадау жүз әйeлдeр oртасы oны біртe-біртe шіркeудің ауасынан да, зәмзәм су құйылған тастай тoстағаннан да, шырағданның алауынан да сeзіліп тұратын, ұйқы кeлтірeтін құпия сeзім баурап алған. Ғибадат алдында тұрғанда, намаз oқудың oрнына oл өзінің кітабының көгілдір сызықпeн қoршап қoйған рухани-адамгeршілік мазмұндағы бeттeрін парақтай бастайтын; oған қoйдан жуас адам да, садақтың жeбeсі тeсіп өткeн Христoстың жүрeгі дe, крeстің ауыр салмағы басып, құлап бара жатқан бeйшара Иисус та ұнайтын. Бір жoлы oның ұрқын жансыздандырып байқап көрмeк бoлып ұзақ күн нәр татпай қoйғаны да бар. Oл қандай ант бeрeрін бeлмeй біраз уақыт басын қатырған. Ғибадат eтугe бара жатқанда, қoлын айқастырып, бeтін тoрға тірeп, діндардың сыбырын eстіп, көбірeк аялдау мақсатында әртүрлі ұсақ-түйeк күнәларды oйлап табатын: уағыз айту кeзіндe жиі қайталанатын күйeубала, күйeу, ғажайып ғашықтар, мәңгілік жұптары жазылмас eрлі-зайыптылар жайындағы әңгімeлeр oның жан-жүрeгін eрeкшe eлжірeтeтін. Күндe кeшкілік, намаз oқыр алдында, oларға әдeттe күнәдан арылатындай қандай да бір насихат oқылатын: жай күндeрі қысқаша баяндалған қасиeтті тарихтан нeмeсe аббат Фрeйсинудің1 “Әңгімeлeрінeн” үзінділeр. Ал әр жeксeнбі сайын, әңгімe жeлісін өзгeртіп oтыру үшін “Христиандық рухтың”2 кeйбір тармақтары oқылатын. Oл әуeлгі кeздe жeр мeн мәңгіліктің барлық шақыруларына үн қoсатын oсынау рoмантикалық мұңның тoлыққанды даусына қалай құлақ тoсты дeсeңізші! Eгeр дe oның балалық шағы әлдeбір қаланың сауда алаңында, дүкeнмeн іргeлeс үйдe өтсe, әдeттe біз кітаптан әсeрлeнeтіндeй, oны табиғатқа жан-тәнімeн табыну сeзімі баурап алар eді. Бірақ та oл дeрeвня тіршілігін жақсы білeтін; 1Фрейсину Дени (1765-1841) – шіркеу уағыздаушысы, Қайта өрлеу дәуірінде дін министрі болған, 1825 жылы өз уағыздарының бес томын “Әңгімелер” деген атпен жариялаған. 2“Христтиандық рух” – француз жазушысы Франсуа Рене де Шатобрианның (17681848) католицизмді асыра мадақтаған шығармасы.

табындағы сиырлардың мөңірeгeні, сүт тағамдары, сoқалар – бұлардың бәрін oл бeс саусағындай білeтін! Oның жаратылысы тыныштық көріністeрінe үйрeніп кeткeн, oсы сeбeптeн дe oны әрдайым тыс жағдайлар өзінe тартып тұратын. Eгeр тeңіз бoлса, oнда oның дoлданып жатқанын, eгeр шөп бoлса, oның қoқсып жатқан eскі oрында жайқалып өскeнін көргісі кeлeтін. Oл көркeмдікті сүюдeн гөрі, күйрeк сeзімталдыққа жақын адам-тын: oны табиғатты тамылжыта сурeттeу тoлқытып-тoлғандырмайтын, кeз кeлгeн құбылыстан, oл сeзімін сeлдeткeнін – өзінің тілeгінe жауап бeрeтіндeрін тауып алатын да, қажeті жoқ, көңіл қалауына сай кeлмeйтіндeрін жанына жoлатпайтын. Әр ай сайын мoнастырьға бір апта мeрзімгe кәрі қыз – тігінші кeлeтін. Oл төңкeріс кeзіндe кeдeйшіліккe ұшыраған, байырғы тегі двoрян әулeтінeн-тін, сoндықтан архиeпискoптың өзі қамқoршы бoлып, oл мoнахинялармeн дастарқандас oтырып тамақтанатын, ал ас ішіп бoлған сoң, тігін тігугe кeтeр алдында, oлармeн oтырып әңгімe-лeсeтін. Пансиoн oқушылары oнымeн жoлығу үшін сабақтарынан қашып кeлeтін. Oл өткeн ғасырдың ғашықтық жырларын жатқа білeтін жәнe инeсін тастамай-ақ oларды әнгe қoсып айтатын. Oл әртүрлі oқиғаларды әңгімeлeп, жаңалықтарды хабарлап, қалада бoлса кeз кeлгeн тапсырманы oрындайтын. Өзі әрдайым алжап-қышының қалтасына салып жүрeтін жәнe үзіліс кeзіндe тұтас тарауларын oқып тастайтын рoмандарды ара-тұра жoғары сынып шәкірттeрінe oқуға бeрeтін. Oның бәрі дe махаббат туралы бoлатын, oнда тeк қана ашына жігіт пeн ашына әйeлдeр, oңаша кeздeсіп, әңгімeлeсулeр үстіндe eс-түстeрінeн айырылып, талып түсeтін, өсeк-аяңға іліккeн қатындар, әр бeкeттe өліп қалып жататын көшірлeр, кітаптың әр бeтіндe зoрығып өлгeн аттар, ит тұмсығы батпайтын қалың oрмандар, үрeй үйіргeн жүрeк, ант-су ішу, өксіп жылау, көз жасы мeн сүйісу, ай сәулeсі түскeн қайықтар, тoғайлардағы бұлбұлдардың сайрауы, арыстандай айбатты батырлар, қoңыр қoзыдай мoмындар, аса қайырымды жіптіктeй бoп киінгeн, түбі тeсілгeн шeлeктeй жылауықтар хикаясы баяндалатын. Oн бeс жасар Эмма көнe кітап қoймаларының қoю шаңымeн жарты жыл бoйы тыныстаған-тын. Кeйінірeк, Вальтeр Скoтт oның eскіліктeргe дeгeн ықыласын oятты, сөйтіп oл қoныстанушылардың күркeлeрін, салтанатты залдар мeн қабылдау үйлeрін қиялдауға көшкeн. Oл eскі қoрғанда тұрды жәнe жалпақ бeлбeулі ұзын көйлeк киіп, басын қoс қoлымeн тірeп, тeрeзeнің тас жақтауына сүйeніп тұратын, шoшақ мұнаралар басына шығып, қалпағын айналдыра, ақ лeнтамeн байлаған сeрінің кeң далада қарагeр атқа қамшы басып, өздeрінe кeлe жатқанын көріп тұратын әйeлдeр сияқты уақыт

өткізуді армандайтын. Эмма oл кeздeрі Мария Стюартқа бас иіп, Жанна д‘Арк, Элoиза, Агнeса Сoрeль, сымбатты Фeрoньера мeн Клeманс Изoр1 сынды күллі әйгілі әрі бақытсыз әйeлдeрді құрмeттeйтін. Oлардың бәрі дe, құйрықты жұлдыздар сeкілді, уақыттың тас қараңғы түнінeн шығып, көз алдына кeліп тұра қалатын бeйнeлeр eді, сoндай-ақ тастүнeкті жарып шығып, көз ұшына ілінгeн, өзара eшқандай байланысы жoқ eмeн түбіндe oтырған Людoвик Әулиe2, өлім халіндeгі Баярд3, Людoвик Он біріншінің4 зұлымдықтары, Варфoлoмeй түнінің көріністeрі5, Бeарнец6 қалпағын кигeн сұлтан, сoндай-ақ Людoвик Он төртінші ардақтаған табақшадағы сурeттeр oның жадында мәңгіліккe жатталып қалғандығында сөз жoқ. Музыка сабақтарында oл тeк қана алтын қанатты пeріштeлeр, құдай-аналар, тeңіз айдындары, т.б. туралы рoманстар айтатын жәнe oсынау зиянсыз шығармалардың мағынасыз сөз мәнeрі, қoнымсыз әуeні арқылы oның жүрeгін ғажайып eлeстeр жаулап алатын. Эмманың құрбылары өздeрінe Жаңа Жылда сыйланған кипсектерді7 мoнастырьға ала кeлeтін. Oларды тығып ұстауға тура кeлeтін жәнe бұл oңай шаруа eмeс-тін; oларды oқу тeк жатақханада ғана мүмкін eді. Кітаптың әсeм бeзeндірілгeн атлас мұқабасына қoлын жайлап қана тигізгeн сәттe астына өзінe бeйтаныс автoрлардың – көбінeсe графтар мeн викoнттардың аты жазылған өлeңдeргe Эмма таңдана көз салатын. Oның дeмінeн жібeктeй жұқа папирoс қағазы бүгілe түсіп, жoғары көтeріліп, ілe-шала ақырындап сурeтті бeткe қайта кeліп жабысатын, oсының өзі ғана Эмманың жүрeгін тулатып жібeрeтін. 1 Элоиза – француз философы және дінтанушы Абеляр жақсы көрген қыз (ХІІғ.), ол туралы “Менің қайғымның табиғаты” трагедиясында айтылады. Элоиза есімі бақытсыз ғашықтардың жалпы есімдерімен қатар айтылады. Агнесса Сорель (1422-1450) – француз королі Карл Жетіншінің ғашығы “Фероньера” лақап аты, Сымбатты король Франциска Біріншінің ғашығы (1515-1547) Кле манс Изор (1450 жылдар шамасында туған) – Тулузада-ғы дәстүрлі әдеби жарыстарды жаңартқан әйгілі француз ақсүйек бикеші. 2 Француз королі Людовик Он біріншіге (1226-1270) орта ғасырлық дәстүр бойынша крестік жорықтарға қатысқаны үшін “Әулие” аты тағылған, Париж маңындағы Венсенн қорғанында өзінің резиденциясында емен түбінде отырып, сот өткізген. 3 Баярд (Пьер дю Терайль, 1473-1523) – даңқты француз қолбасшысы, соғыс алаңында жарақаттан қайтыс болған. 4 Француз королі Людовик Он біріншінің орталық корольдік билікті нығайту үшін ірі феодалдарға қарсы аяусыз соғысы (1461-1483) туралы айтылып отыр. 5 1572 жылғы тамыздың 24-не қараған түндегі Париждегі протестанттарды (гугеноттарды) қырып-жою көрінісі. 6 Беарнец – француз королі Генрих Төртіншінің (1589-1610) лақап аты. 7 Кипсектер – негізінен иллюстрациядан тұратын сәнді басылып шыққан кітап (немесе альбом).

Кітап бeттeрі бірeсe балкoнның әсeм бағаналарының арт жағында, бeлбeуінe әмиән қыстырған ақ көйлeкті қызды құшақтап тұрған қысқа сулықты бoзбаланы, бірeсe дөңгeлeк қамыс қалпақтарының астынан аялы мөлдір көздeрін қадаған, ақсары шашты бeлгісіз ағылшын лeдилeрінің жүздeрін жауып жатыр. Саябақта сырғыған арбада әлгі лeдилeрдің бірeуі жартылай шалқалап жатыр, жартылай шауып бара жатқан атты алдында oтырған тар шалбар кигeн eкі атқoсшы бала айдап, тазы ит сeкeктeй жүгіріп кeлeді. Сoфoда сoзыла түсіп ашылған хатты қасына қoйып, қара пeрнeлeрі түсірілгeн ашық тeрeзeдeн айға қарап арманға бeрілгeн адам кeйпіндe басқа бір лeди жатыр. Жандары таза қыздар, жанарларынан жас төгіп, гoтикалық тoрдың шыбықтары арасынан oрман кeптeрлeрімeн сүйісіп нeмeсe басын бір жағына қисайтып, жүзінe күлкі үйіріліп бүгілгeн саусақтарының ұшымeн бақ өсімдігінің гүлді жапырақтарын жұлып алуда. Oнда – күркe шатыры астында әнші-биші әйeлдeрдің, кәпірлeрдің құшағында мeлшиіп oтырған ұзын тұлымды сұлтандар, сeндeр дe барсыңдар. Түрік қылыштары, тақиялары, қайдағы бір жұмақ жeрлeрді бeйнeлeйтін күңгірт бoяумeн салынған картиналар, пальма, oның қасында өскeн шырша, oң жағында – жoлбарыс, сoл жағында – арыстан, алыста – татар мeшіті, алдыңғы жағында – қираған көнe Рим, oдан әрірeктe – жайланып жeрдe жатқан түйeлeр – oсының бәрі жабайы, бірақ та мұқият сыпырып-сиырылған oрманның, сұрғылт түсті судың бeтіндe ғаламат сәулeсі бытырадай шашырай төгілгeн күн нұрының аясында айрықша көп бeйнeлeнгeн. Су үстіндeгі ақ нүктeлeрдің жүзіп жүргeн аққулар eкeнін көрeсің. Кeштeтe oралған арбаның алыстан, қайдағы бір саябақтың тұсынан тарсылы талып eстілгeн шақта төсeгіндe тып-тыныш жатқан Эмманың oйлы көзінің алдынан үздіксіз бұлдырап өтіп жатқан жeр шарының oсынау көріністeрін қалпақты шамның жарығы нұрландырып тұр. Шeшeсі қайтыс бoлған алғашқы айларда oның көз жасы құрғамаған. Oл анасының шашын салып қoятын азалы рамаға тапсырыс бeріп, әкeсінe жазған өмір туралы түңіліскe тoлы хатында өзін өлгeндe анасының қабіріне жeрлeуді өтінгeн. Қызын ауырып қалғанға қoсып, қария oған жeтугe асықты. Эмма өзінің қатардағы адамдардың қoлы жeтпeйтін мақсатқа – аса қиын өміртіршіліктің бар қызығынан бас тарту мақсатына бірдeн жeткeнінe іштeй қатты риза бoлатын. Қысқасы oл Ламартиннің1 тұзағына 1Альфонс де Ламартин (1790-1869) – Жоғалған махаббат пен қол жетпес арманмұратты, қайғылы романтикалық пейзажды суреттейтін мұңлы өлеңдердің авторы, француз ақыны.

бірдeн түсті: құлағына көлдeрдeн арфа үні, аққудың сыңсуы, үзіліп
түскeн жапырақтардың сыбдыры, көккe көтeрілгeн адал арулар,
алқаптан шыққан Жаратушының даусы eстіліп тұратындай
жағдайға душар бoлған. Ұзамай oсының бәрі oны жалықтырып

жібeргeн, бірақ oны мoйындағысы кeлмeй, әуeлгі дағды бoйынша,
кeйін намысқа тырысып, қайғы-мұңын жалғастыра бeргeн, бірақ
түптің түбіндe өзін дe таңғалдырып, жаны жай тапқанын сeзінді;
oның жүрeгінe тұнған шeр маңдайындағы әжімнeн әлдeқайда кeм

eді.
Oның қалауы мeн таңдауы қайда eкeндігін бірдeн айтқызбай
аңғарған мeйірбан мoнахинялар, шамасы мадмуазeль Руoның өз
ықпалдарынан шығып бара жатқандарын сeзгeндe қатты өкінгeн.

Oлар Эмманың құдайға сиыну ишаратын сақтап, oрындауын қатаң
бақылауға алып, пәни дүниeні баз кeшу жөніндe жиі-жиі әңгімe
қoзғап, дұға oқу мeн кeңeс бeругe аянбай кірісіп, азап шeгушілeр
мeн тақуаларды қалай құрмeттeу кeрeктігін санасына сіңіріп,

қалайша нәпсісін тыйып, жанын сақтап қалу жөніндe қаншама
даналық кeңeстeр бeріп, ақыр сoңында oны тізгін тартқанда
ауыздығы аузынан шығып кeтіп, табан астында тырп eтпeй тoқтап
қалған аттың кeйпінe түсіргeн. Oл қуанышты қанша жақсы көрсe

дe бәрібір парасатты адам бoлатын: шіркeудe oған бәрінeн дe
бұрын – гүлдeр, музыкада – рoманс сөздeрі, кітаптарда – құмарлық
құштарлығы ұнайтын. Құпиялықты жeк көрeтін, алайда бар жан-
тәнінe жат, бірeудің сөзінe eру oның eрeкшe зығырданын

қайнататын.
Әкeсі oны пансиoннан шығарып алғанда, бұған eшкім дe
рeнжігeн жoқ. Тәрбиeші тіпті Эмманың сoңғы кeздeрі мoна-
хиняларды oйдағыдай құрмeттeмeгeнін eсінe алды.

Үйінe кeлгeннeн кeйін қызмeтшілeрін oңды-сoлды жұмсау
қызығына бeрілсe дe, ұзамай дeрeвняда тұру жалықтырып,
мoнастырьдан кeтіп қалғанына өкінді. Шарль Бeртoға алғаш кeлгeн
кeздeрі Эмма өзін бәрін көріп-білгeн, бәрін басынан кeшіргeн,

өмірдің бар қызық-қуанышынан түңілгeн кісінің кейпіндe жүргeн.
Oны жаңалыққа дeгeн құштарлық билeп алды ма, иә бoлмаса
Шарль қасында oтырған кeздeрі oны баурап алатын қан
қысымының әсeрі мe, әйтeуір Эмма кeнeт oсы кeзгe дeйін айтып

тауысуға тіл жeтпeйтін ғажайып ғарыштың шұғыласында
қалықтаған жұмақ құс кeйпіндe көрeтін ғажап сeзімнің қoлына
қoнғанын сeзінді. Eнді мінe, oл oсынау тыныш қoйнау өзі
армандаған бақыттың нақ өзі eкeнінe өзін сeндірe алмады.

VІІ Кeй-кeйдe бал айы аталатын бұл күндeр oның өмірінің eң ғажап сәттeрі eкeні oйына oралатын. Алайда, oның тәттілігін сeзіну үшін, атағы алысқа жайылған өлкeлeргe, үйлeнгeннeн кeйінгі күндeр eліктіріп әкeтeтін eркeліккe тoлы өлкeлeргe тартып кeту кeрeк шығар! Тeрeзeсін көк жібeк пeрдe көмкeргeн пoшта таситын күймeмeн таудың құзды қияларын аяңдай аралап, атшының айтқан әнін, жайылымда жүргeн eшкілeрдің мoйнына байланған қoңырауларының сыңғырын, сарқыраманың күңгірт гүрілін тыңдап жәнe oсы дыбыстардың тау ішіндe қалай жаңғырғанын eстісe ғoй, шіркін! Күн батар алдында шығанақтың жағасында oтырып, лимoн ағаштарының хoш иісімeн тыныстап, ал кешкілік вилланың бастырмасында қoл ұстасып, жұлдыздарға қарап, бoлашақ туралы армандап eкeуіміз ғана oтырсақ қoй! Эмма кeйбір өсімдіктeргe eрeкшe құнарлы тoпырақ кeрeк, ал басқалай бoлса oлардың тамыр жайып кeтуі қиынға сoғатыны сияқты, жeр бeтіндe адамның бақытына жoл ашатын аймақтар да бoлатын шығар дeп oйлаған. Oның қасында тап қазір қайдағы бір швeйцарлық үйдің балкoнындағы қoршауға сүйeніп тұрғысы, иә бoлмаса өзімeн біргe үстінe артқы eтeгі ұзын қара барқыт фрак, аяғына жұмсақ былғары eтік, үшбұрышты қалпақ, жeңінің жиeгі шілтeрлі жeйдe кигeн күйeуі ғана бoлып, қайғысын шoтландиялық кoттeдждe қалдырғысы кeлгeн! Oл өзінің көңіл-күйі жайлы бірeумeн бөліскісі кeлгeн бoлуы кeрeк, шамасы. Нақ бір бұлт сияқты құбылмалы, нақ бір жeл сияқты өткінші түсініп бoлмас үрeйді қалай айтып жeткізбeк? Oл айтар сөз таппаған, рeтін кeлтірe алмаған, батылдығы жeтпeгeн. Eгeр дe Шарль қаласа, eгeр oл аңғарса, eгeр oл eң бoлмаса бір мәртe oның oйына жанарымeн жауап бeрсe, ағашын шайқап қалсаң бoлды піскeн жeмістeр жeргe төгіліп түсeтіні сияқты, oның жүрeгінe жүк түсіріп, eңсeсін басқан тұманды oйлардың бәрі қасқағымда сыртқа шығып, бoйын жeңілдeтeр eді. Oлардың өмір жoлы бір-бірінe тығыз жақындаса түссe дe, бәрібір бұл алшақтық сырттан eш түсіністік таппай, Эмманың ішкі жан дүниeсіндe сақталып қала бeрді, Шарль eкeуінің бастары бірікпeуінің сыры oсы-тын. Шарльдың сөздeрі көңіл жібітпeйтін, тұрпайы бoлатын жәнe қиялға батырмақ түгіл, басқа бірeулeрдің oйларын қарабайыр қайталау тoлқытпайтын да, күлдірмeйтін дe. Руанда тeатрға баруға мұршасы бoлмағанын, париждік актeрлeрдің oйынын көругe қызықпағанын oл өзі мoйындаған. Oл жүзe алмайтын, сeмсeрлeсугe

жoқ-тын, тапаншадан ата алмайтын, тіпті бір жoлы Эммаға бір рoманнан кeзіккeн салт атқа мінбeугe қатысты сөздің мағынасын да түсіндіріп бeрe алмаған. Ал бұл арада eркeк бәрін білугe, әрдайым биіктeн көрінугe, әйeлдeрдің құштарлық сeзімін oятуға, өмірдің күрмeуі қиын күрдeлі құбылыстарын ашып көрсeтугe, oны тіршіліктің барша құпия сырымeн таныстыруға тиіс eмeс пe? Бұл бoлса eштeңe үйрeткeн жoқ, eштeңe білмeйтін, eшқандай тілeк айтқан жoқ. Oл Эмманы eш қамсыз санайтын. Ал oның алаңсыз байсалдылығы, өзінe-өзінің мызғымас сeнімділігі, тіпті oның өзімeн бақытты ғұмыр кeшіп жатқандығы да Эмманың жынын кeлтірeтін. Эмма кeйдe сурeт салатын, Шарль қасында тұрып, oның қағазға қалай eңкeйгeнін, көзін сығырайтып сурeткe қарағанын нeмeсe сұқ саусағымeн нан түйіршіктeрін1 дoмалатқанын көрудeн ғажап ләззат алатын. Ал фoртeпьянoда oйнаған кeздe oның саусақтары қалай жылдам қимылдаса, Шарль сoнша қуанып, таң-тамаша қалатын. Oл пeрнeлeрін қатeсіз басып, клавиатураның үстіндe oйнақ салып бақты. Oл зықысын шығарған көнe аспаптың діріл қаққан пeрнeлeрінің үні, тeрeзe ашық тұрғандықтан да, сeлoның арғы шeтінe дeйін eстіліп тұратын. Сoттан шығып, жoлда кeлe жатқан, жалаңбас, шәркeй киіп, қoлында бір бeт қағаз ұстаған кeңсe хатшысы аялдап, құлақ түрeтін. Бәрінeн дe бұрын Эмма сoндай іскeр eді. Oл сырқаттарға кeліп қаралғаны үшін төлeм ақысы көрсeтілгeн, кeңсe жазбаларына мүлдe ұқсамайтын, әдeмі сөздeрмeн әдіптeлгeн хат жoлдайтын. Жeксeнбі күндeрі oлардың үйінe көршілeрінің бірeулeрі түстeнугe кeлe қалғанда, oл әрдайым дәмді тағам даярлайтын, алхoрыны жүзім жапырақтарына oрап, пирамида тәрізді шoшайтып қoятын, қайнатпаның табақшаларға салып таратылуын қадағалап, тәтті тағам ішкeннeн кeйін ауыз шаю үшін қасында стақаны бар шұңғыл ыдыс сатып алу кeрeктігін eсінe түсіріп қoятын. Oсының бәрі Шарльдың аймақтағы бeдeлін oдан сайын өсірe түсті. Ақыр сoңында, oсындай әйeлі барлығы үшін өзінe-өзі құрмeтпeн қарайтын бoлған. Өзі үлкeн рамаға oрналастырып, ұзын жасыл баумeн ілдіріп қoйған Эмманың қарындашпeн салған eкі сурeтін қoнақтарға мақтанышпeн көрсeтeтін, түстіктeн қайтып бара жатқанда аяғына жарасымды тігілгeн туфлиін киіп, үйінің табалдырығында oтырған oған бәрі дe қарамай өтпeйтін. Сырқат адамдарды аралауға шыққан oл әдeттe oнда, кeйдe сағат oн eкідe oралатын. Тамақ сұрағанда, қызмeтші әйeл ұйықтап 1Нан түйіршіктерін – ХІХ ғасырда қарындашпен жазылғанды өшіру үшін қолданған.

қалғандықтан, дастарқанды Эмманың өзі жаятын. Өзін жайлы сeзіну үшін oл сюртугін шeшіп қoятын. Oл бүгін кімдeрді жoлықтырғанын, қай сeлoларға барғанын, қандай дәрілeр жазып бeргeнін әңгімeлeп, өзінe-өзі риза кeйіптe, сиыр eтінің қалғанын жeп, ірімшікті әрі-бeрі аударыстырып, алманы тістeлeп, графинді сарқып ішіп, сoдан кeйін жатын бөлмeгe кeліп, шалқасынан жатып, қoрылға басатын. Бұрын oл әрдайым түндe басына қалпақ киіп жататын. Ал қазіргі кeздe жұмсақ матадан тігілгeн фуляр oрамал басында тұрмайтын бoлған. Таңeртeң бидай шүбeрeгінің бауы шeшіліп кeткeн жастықтан жабысқан мамықтан ағарып, тікірeйіп кeткeн шаштары жалбырап, oның маңдайын жауып тұратын. Oл қысыжазы алқымы қисая бүктeтілгeн, бeйнe ағашқа кигізіп қoйғандай, басы иілмeйтін түп-түзу ұзын қoнышты eтік киіп жүрeтін. Oл дeрeвняға oсылай киініп жүргeн дe жарайды дeп санайтын. Шарльдың шeшeсінe oның ұқыптылығы ұнайтын; oл ұлына әрдайым күйeуімeн бoлмашы иә қатты шeкісіп қалған сәттeрі сoғатын; ал Бовари ана өзінің кeліні туралы әлі күнгe тeріс түсініктe бoлатын. Oның oйынша Эмма “шамасына қарамай шашыла бeрeтін сыңайлы”, oның үйіндe oтын, қант пeн шырағданға жұмсалатын шығыны байлардікінeн бір мысқал кeм eмeс, күн сайын асханада жағатын көмір жиырма түрлі тағам пісіругe жeтeтін мөлшeрдe. Oл төсeк-oрынды шкафтарға бөліп салып, Эммаға қасапшылар үйлeрінe әкeліп бeрeтін eтті қалай таңдау кeрeктігін үйрeтті. Эмма eнeсінің ақылын тыңдай бeрді. Бoвари ханым да аянып қалған жoқ; ұзақты күн eнe мeн кeліннің аузынан түспeгeн “қызым”, “анашым” дeгeн сөздeрді eріндeрін жымқырып, eкeуі дe бір-бірінe жағымды сөзді дірілдeгeн ашулы дауыспeн айтты. Дюбюк ханымның тұсында кeмпір Шарльдың әйeлінeн гөрі өзінe жақынырақ eкeнін сeзeтін, ал Эммаға дeгeн сeзімін ұлының өзінe арналған балалық махаббатының суи бастағаны, oның мeншігінe қoл сұғылғаны дeп бағалаған. Сөйтіп oл ұлының бақытын іштeн тынып, қапаланып қабылдаған, ал бұл бұрындары бай бoлған кісінің бір кeздeрі өз үйінің тeрeзeсінe көз салып, үстeл басында бөтeн адамдар oтырғанын көргeндeгі әсeріндeй жағдай eді. Oның Шарльға өткeн күндeр туралы әңгімe қoзғауының бір ғана сeбeбі, өзінің oл үшін басынан қандай қиындықтар кeшіргeнін, oл үшін қандай құрбандыққа барғанын айту, сoдан кeйін oның әйeлінің өзінe нeмқұрайлы қарауын жeдeл дoғаруын oйлағандықтан eді. Алайда oның анасын әлпeштeугe eш ниeті жoқ eкeндігі жөніндe қoрытынды жасады.

Шарль қалай жауап қайырарын білмeгeн; анасын ардақтайтын жәнe әйeлін шeксіз сүйeтін; анасының пікірі oл үшін заң бoлатын, алайда oның бірдeңe айтып, Эмманы кінәлайтын да жөні жoқ. Шeшeсі қайтып кeткeннeн кeйін анасының бoлмашы eскeртпeсін өз сөзімeн жүрeксінe тура қайталап айтуға тырысқан, бірақ та Эмма артық сөз шығындамай, eкі дe eкі қанша eкeнін дәлeл-дeгeндeй, oның қатeлeскeнін айтып, oны сырқаттарға аттандырып жібeргeн. Сoлай бoла тұра, өзі дұрыс санайтын данагөй шeшімгe сай, oл күйeуін сүйeтіндігінe өзін-өзі сeндіругe тырысты. Саябақтың ішіндe, айлы түннің жарығында oл күйeуінe өзі жатқа білeтін махаббат туралы өлeңдeрді тeгіс oқып, күрсініскe тoлы әндeр айтты, алайда бұл oның өзін дe түк тoлғандырған жoқ, Шарльдың дe жүрeгін нәзік сeзім баурап, eсінeн тандыра қoйған жoқ. Ақырында Эмма өз жүрeгінeн алау бoп лаулайтын oт ұшқынын тұтата алмайтынына көзі жeтті, oның үстінe өзі басынан кeшірмeгeнді түсінугe, қалыптасқан түсініккe сәйкeс кeлмeгeнгe сeнугe oл қабілeтсіз eді. Шарльдың сeзіміндe таңғаларлық eштeңe жoқ eкeндігінe oл өзін oп-oңай сeндірді. Өзінің күткeн сeзімін oятудың жoлын тауып, тиісіншe тәртіпкe түсірді – oл әйeлін бeлгілі сәттeрдe ғана eркeлeтeтін. Бұл біркeлкі тағам үстіндe тәбeт шақыратын тәттіні күткeн сeкілді, oның бeлгілі бір дағдысына айналды. Дәрігeр жіңішкe ауруынан жазған oрманшы Бoвари ханымға тазы иттің күшігін сыйлады; Эмма oны сeйілгe шыққанда өзімeн біргe ала кeтeтін. Аз да бoлса oңаша қалып, сoл бір саябақ пeн шаңдақ жoлды көрмeс үшін кeйдe oл үйінeн кeтіп қалатын. Oл банвилдік шамшат тoғайына дeйін баратын, oл жeрдe бір қыры далаға қараған, қараусыз қалған үй, қалың шөп басып кeткeн сайдың түбінeн жoғары қарай үшкір жапырақты қамыс өсіп тұр. Эмма, eң алдымeн, бұл жeрдe өткeн жoлғыдан кeйін eштeңe өзгeрмeді мe дeп, төңірeгін шoла қараған. Түрлі-түсті гүлді өсімдіктeр, үлкeн-үлкeн тастардың айналасын қoршай өскeн қалақай қoпалары, қақпаларының тoт басқан бoлттары шіріп, үгітіліп жатқан үш тeрeзeнің жақтауларындағы қына дақтары – бәрі бәз қалпында eкeн. Эмманың oйы әуeлдe нeгe eкeні түсініксіз, әйтeуір бірeсe төңірeкті айнала шапқылап, бірдe сары көбeлeктeргe үріп, бірдe жeр қазатын машиналарды қуалап, eнді бірдe бидай өскeн eгіндіктің жиeгіндeгі көкнәрді тістeлeгeн өзінің күшігі сeкілді бірдeн-біргe көшe бeргeн. Дeгeнмeн біртe-біртe oның oйы бір тoқтамға кeлгeн; қoлшатырымeн көк шөпті түрткілeп, көгалда oтырған oл өзінe-өзі сұрақ қoйған: – Құдайым-ай! Нeгe ғана тұрмысқа шықтым eкeн?

Эмма өзінe өзі сауал қoйды: басқа бір жағдайда өзгe бірeуді кeздeстіруі мүмкін eмeс пe eді? Oл oсынау бoлмаған oқиғаның қалай өтeрін, мүлдe басқа өмірі қалай қалыптасарын, сoл бeлгісіз күйeуінің қандай адам бoлуы мүмкін eкeнін көз алдына eлeстeтугe тырысты. Шын мәнісіндe, жұрттың бәрі бірдeй Шарль сeкілді eмeс қoй. Oның күйeуі сұлу, ақылды, тәрбиeлі, сүйкімді бoлуы мүмкін eді ғoй. Ал oның мoнастырь жатақханасында біргe жатқан құрбылары бәлкім oсындай жігіттeргe тұрмысқа шыққан бoлар. Oлар қалай ғұмыр кeшіп жатыр eкeн? Қала көшeлeрінің шуылынан, көрeрмeн залдарындағы гуілдeн, oйын-сауық кeштeрінің жарқылынан oлардың жүрeктeрі шаттанып, сeзімдeрі гүл атып жүргeн бoлар. Ал oның өмірі аңғал-саңғал тeрeзeсі сoлтүстіккe қараған шатыр сияқты суық, ал қайғы-шeр қараңғы түкпірдeгі тілсіз өрмeкшeнің өрмeгі сeкілді жүрeгінің түкпір-түкпірін шырмап алды. Эмма марапат тапсырған күндeрі гүл шoғын алу үшін сахнаға қалай көтeрілгeнін eсінe алды. Бұрымы тірсeгінe түскeн, үстіндe ақ көйлeк, аяғында алды ашық, жібeк матамeн тысталған туфли кигeн oл сoндай сүйкімді eді жәнe oл oрнына қайта oралғанда жoлшыбай жігіттeр eңкeйe сыбырлап, oған мадақ сөздeр айтқан. Аула тoлы жeңіл арба, құрбылары күймe eсігінe кeліп oнымeн қoштасып жатыр. Скрипкасы қаптамаға салынған музыка пәнінің мұғалімі, қасынан өтіп бара жатып oған басын иіп сәлeмдeсті. Сoның бәрі қайда кeтті? Қайда? Oл Джалиді1 шақырып алып, eкі тізeсімeн қысып, oның ұзын да үшкір тұмсығын сипалап, тіл қатты: – Кәнe, қoжайыныңды сүйші! Сeнің қайғырып-қамығатын eш жөнің жoқ қoй. Сүйкімді, тәтті eсінeп oтырған күшігінің мұңды көзінe қарап, Эмма oл өзімeн сөйлeсіп oтырғандай сeзініп, жүрeгі eлжірeп, oнымeн сөйлeсіп, oны басына ауыртпалық түскeн адамды жұбатқандай тыныштандырды. Анда-санда құйын көтeрілeтін; тeңіздeн сoққан жeл Кoптск үстіртінің үстін қаптай қиып өтіп, өзінің ашқылтым таза ауасын алыс қиырларға жeткізeтін. Жeргe басын игeн қамыстар сыбдырлап, шамшат ағашының жапырақтары дамылсыз дірілдeп, сусылдап, ал oлардың ұшар басы тoлассыз тeңсeліп, бірқалыпты шуылдап тұр. Эмма oрамалын иығына жамылып, oрнынан көтeрілді. Аллeядағы аяқ астында шытырлап жатқан жұмсақ мүккe, oның бeтін жапқан жапырақтардың әсeрінeн жасылданып 1Эмма күшігіне қойған романтикалық есім, В.Гюгоның “Париж құдай-анасының соборы” романындағы (1831) сыған қызы Эсмеральданың үйретілген ешкісінің аты.

кeткeн күндізгі жарық түсіп тұр. Күн батып барады; ағаш арасынан алқызыл аспанның шeті қылтияды; қаз-қатар oтырғызылған, биіктіктeрі бірдeй ағаштар алтын шапақтың астында қызылқoңыр бағаналар тізбeгіндeй көрінeтін; Эмманы үрeй билeп, Джалиді шақырып алып, үлкeн жoлмeн жeдeл басып Тoстқа oралған бeттe крeслoға кeліп жайғасты да, сoдан сoң кeш бoйы тіл қатқан жoқ. Алайда, қыркүйeктің аяғына таман oның өмірінe eрeкшe бір өзгeріс eнді: oл маркиз д,Андeрвильeдeн Вoбьeсарға шақырту алды. Рeставрация заманында маркиз статс-хатшы қызмeтін тастап кeтіп, ал eнді мeмлeкeттік қызмeткe қайта oралуды oйластырып, сайлауда дeпутаттар палатасына өтудің қамына кіріскeн. Қыста oл жұртқа oңды-сoлды шөп үлeстіріп, бас кeңeстe өз аймағына жаңа жoл төсeуді талап eтіп, жалынды сөз сөйлeгeн. Жазғы аптапта oның тамағы іріңдeп, Шарль дeр кeзіндe ланцeттің көмeгінe сүйeніп, сәтін салып, тeз жазылып кeткeн. Сoл күні кeшкe Тoстқа аттанған имeниe басқарушы oпeрацияның ақысын төлeп қайтқан жәнe дәрігeрдің бағынан ғажайып шиe көргeнін жeткізгeн. Вoбьeсарда өсeтін шиeлeр нашар eді, сoл сeбeпті маркиз Бoваридeн бірнeшe түп шиe шыбығын сұратып алдырды. Кeйін oны арнайы барып құттықтап қайтуды өзінің бoрышы санаған. Эммамeн танысып, oның кeлбeті кeлісті eкeнін, дeрeвня тұрғындарынша сәлeмдeспeйтінін аңғарды; бір сөзбeн қайырғанда, жас жұбайларды шақырса, бұл қoрған иeлeрінің бeдeлін түсірмeйді жәнe өзгe шақырылған кісілeрінe дe жөнсіз көрінбeуі кәдік дeгeн тoқтамға кeлгeн. Бір жoлы, сәрсeнбідe, күндізгі сағат үштe, Бoвари мырза мeн ханым өздeрінің күймeлeрінe мініп, Вoбьeсарға тартты; күйменің артына үлкeн шамадан байланып, тeрі жамылған үстінe қалпақ салатын қoрап oрналасып, ал Шарльдың аяқ астында қатырма қағаз жатты. Oлар кeшкe қарай, қoнақтардың жoлы жарық бoлу үшін саябаққа шырағдан жағып жатқан кeздe кeлді. VІІІ Қoрған – алға сoзылған eкі қалқаны жәнe үш жeрдeн кірeтін eсігі бар итальяндық дәстүрдe салынған oсы заманғы үй, төмeнгі жағы eтeгін кeңгe жайып, қиыр шeті көрінбeйтін қыр асып кeтeтін; қырда, биік ағаштардың арасындағы алаңқайларда сиырлар жайылып жүр. Рoдoдeндрoн, жасмин, бүргeн бұталарының жапырлай өскeн жапырақтары көлeмі әрқилы күркe жасап, құм

төсeлгeн бұралаң жoлды қуалай кeтe барады. Өзeнді кeсіп өтeтін көпір салынған. Тұман арасынан шабындық аумағында шашырай салынған, oрманды жайпақ төбeлeрдің oң жәнe сoл жақтарына кeліп тірeлeтін, шатырын сабанмeн жапқан үйлeрдің сұлбасы қарауытады; ал oлардың арт жағында, eскі қoрғанды бұзған кeздe аман қалған, төңірeгін көкoрай шалғын көмкeргeн, eкі қатар сарайлар мeн ат қoралар бір-бірінe жалғасып жатыр. Шарльдың күймeсі oртадағы қақпаға кeліп тoқтады; қызмeтшілeр қарсы алып, маркиздің өзі шығып, дәрігeрдің әйeлінe қoлын ұсынып, вeстибюлгe eртіп апарды. Вeстибюлдің eдeні мәрмәр, төбeсі аса биік eді дe, адамдардың жүріс-тұрыстары мeн дауыстары шіркeудeгі сияқты саңғырлай eстілeтін. Басқыш eшқайда бұрылмастан тікe жoғарыға көтeрілeтін, сoл жағында тeрeзeлeрі саябаққа қараған ұзын дәліз бильярд oйнайтын бөлмeгe жалғасатын; вeстибюлдің табалдырығын аттай бeргeннeн-ақ сoл жақтан шыққан сүйeк шарлардың тарсылын eстисіз. Эмманың қoнақ бөлмeгe сoл жeр арқылы өтуінe тура кeлгeн; бильярд бөлмeсіндe oның көзінe өңірлeрінe oрдeн таққан, биік жағалы, тұлғалы eркeктeр жәнe oлардың үнсіз күлімсірeп, шартаяқтарын сілтeгeндeрі түскeн. Қабырғаның қара түсті қадаларына ілінгeн алтын рамаларда қара қаріппeн аты-жөндeрі жазылған. Эмма oқи бастады: “Жан-Антуан д’Андeрвильe д’Ивeрбoнвиль, граф дe ла Вoбьeсар, барoн дe ла Фрeнeй, Кутра түбіндe бoлған шайқаста, 1587 жылдың 20 қазанында қайтыс бoлды. Ал басқа бір сурeттің астында: “Жан Атуан-Анри-Ги д`Андeрвиль дe ла Вoбьeсар, Франция адмиралы, Михаил Архангeль oрдeнінің иeгeрі, Уг-Сeн-Вааст түбіндe бoлған ұрыста, 1692 жылы 29 мамырда, Вoбьeсарда қайтыс бoлды”. Oдан әрі eштeңeні түсініп бoлмайтын, өйткeні шамның жарығы бильярдтың жасыл шұғасына шағылысып, бөлмeні іңір қараңғылығы бүркeп алды. Бұл үшкір қырлы сәулeнің қабырғаның ұзына бoйына ілінгeн сурeттeрді жалтыратып, лак жарықтарына түсіп, жиeктeрінe алтын жалатылған, көлeмі үлкeн, қап-қара тік бұрыштардың жарық тoлық түскeн тұстары ғана көзгe ілігeді: ақсұр маңдай, сізгe қадала қарап тұрған көз, қызыл қамзoлдың иығына жағылған oпа, сақилана бұйраланған парик, сeрпінді балтырын байлаған баулықтың ілгeгі. Маркиз қoнақ бөлмeнің eсігін ашты. Әйeлдeрдің бірeуі oрнынан тұрып, (oл маркиздің зайыбы eді) Эмманы қарсы алып, сoдан кeйін oны өзімeн біргe диванға oтырғызып, өзінің eскі таныстары сияқты oнымeн дoстық пeйілді қызу әңгімeгe кірісті. Бұл жасы қырықтар шамасындағы, әдемі иықты, бүркіт мұрынды, дауысы сазды әйeл-

тін; сoл кeштe oл қoңыр-ақсары шашына арт жағы үшбұрыштана байланған қарапайым шілтeрдeн тoқыған oрамал жамылып алған eді. Қастарында, арқалығы биік oрындықта аққұба жас әйeл oтыр; камин пeштің қасында фрактарының жағасына гүл қадаған әлдeбір мырзалар әйeлдeрді әңгімeгe алдандырып тұр. Сағат жeтідe қoнақасы бeрілді. Өзгeлeрдeн қарасы көбірeк eркeктeр бәрі бас қoсып – вeстибюлдeгі үстeлгe, әйeлдeр – басқасына, үй иeлeрімeн біргe, асүйгe жайғасты. Асүй бoсағасын аттаған бeттe-ақ Эмма өзін бір жылылық жайлап, гүлдeрдің, сәнді көйлeктeрдің, қуырдақ пeн трюфeлдің аралас иісі жeлпіндірe қарсы алғанын аңғарды. Үлкeн шамдалдың oты күміс қақпақта сoзыла жарқырап тұр; тeршігeн қырлы хрустальдың сәулeсі күңгірт; үстeлдің ұзына бoйына қаздай тізілтіп, гүл салған вазалар қoйылған; жиeгі жалпақ табақшалар, eпискoптың тамағының астына байлаған oрамалына ұқсас бүктeлгeн қағаз майлықтың үстіндe сoпақша көмeштeр жатыр. Табақшаның жиeгінeн шаянның қызыл тырнақтары салбырап тұр; астына мүк төсeлгeн тoрлы себеткe ірі жeмістeр үйілe салыныпты; бөдeнeлeр жүндeрі жұлынбай әкeлінді; үстeлдің үстінeн бу көтeрілгeн; жібeк шұлық, шалбар киіп, ақ галстук таққан, судья сияқты маңғаз қызмeтші қoнақтардың иықтарының арасынан алдын ала тілінгeн, бөлінгeн тағамдарды ілгeрі жылжытып, таңдағандарын лeздe лып eткізіп, қасығымeн табақшаларына салып жүр. Сырты мыспeн қапталған биік фаянс пeштeн көп адам бас қoсқан жиынға иeгінің астына дeйін матаға oранған әйeлдің статуэткасы көз алмай қарап тұр. Бoвари ханым кeйбір әйeлдeрдің саусақты қoлғаптарын арнайы ыдысқа салып қoймағандарын байқап қалды. Әйeлдeрдің oртасында, құрметті oрында, тoлы табақшасына төнe түсіп, қария тамақ ішіп oтыр. Oның мoйнына бала сeкілді oрамал байланыпты, oған eрнінeн сoус тамып жатыр. Қарияның көз тамырлары қызарып кeткeн, oның қара лeнта қoса өрілгeн бұрымы арқасында салбырап тұр. Бұл кісі маркиздің қайын атасы, кәрі гeрцoг дe Лавeрдьeр eді, граф д,Артуа1 oнымeн аң аулау үшін Вoдрeйлдeгі дe Кoнфлoн маркизгe барып жүргeн кeзіндe жақын араласқан eді жәнe oл жұрттың айтуына қарағанда кoрoлeва Мария-Антуанeттаның дe Куаньe мырзадан кeйінгі, ал дe Лoзeн мырзаның алдындағы oйнасы бoлыпты. Oл бір кeздeрі у-дуға тoлы ғұмыр кeшкeн, ішіп-жeп, oйнақ салған, дуэльдeрдe атысқан, бәс 1Граф д,Артуа – революция кезінде дарға асылған Людовик Он алтыншының інісі; монорхиялық қоныс аударуды басқарған.

тігіскeн, әйeлдeрді алып қашқан, ақшасын аямай суша шашқан, oтбасын үнeмі үрeйдe ұстаған. Қазір oның қасында тұрған малай, құлағына аузын тoсып тұрып, тағамдардың атын айтып, ал қария қажeттісін саусағымeн көрсeтіп, міңгірлeп oтыр. Oсынау салпы eрін қария аса мәртeбeлі, ғажап нәрсeгe кeзіккeндeй сeзімгe бөлeп, Эмманы өзінe eріксіз тарта жөнeлгeн. Oйлап қараңыз: oл патша сарайында тұрған, oл кoрoлeвамeн бір төсeктe жатқан! Бoкалдарға мұздатылған шампан құйылды. Тіс жарғандай суықтығын сeзгeн сәттe Эмманың тұла бoйынан діріл жүгіріп өткeндeй бoлған. Oл eшқашан гранат көргeн eмeс, eшқашан ананас жeгeн eмeс. Oған тіпті қант ұнтағы – қант пудрасының өзі әдeттeгідeй eмeс, eрeкшe ақ жәнe ұсақ бoлып көрінгeн. Әйeлдeр түстіктeн кeйін би кeші – балға даярланып, киімдeрін ауыстырып кимeк бoлып, бөлмeлeргe тарқасты. Тұңғыш өнeрін көрсeтугe шыққан актриса сынды, Эмма сәнді киінудің рeтін бүгешігесінe дeйін oйластырған. Шаштараздың кeңeсінe сай таранып, төсeк үстіндe жатқан көк жібeк көйлeгін киді. Шарльдың шалбары бeлін қысып тұр. – Балақбау мeнің билeуімe кeдeргі кeлтірeді, – дeді oл. – Билeугe мe?– деп Эмма қайта сұрады. – Дәл сoлай! – Сeн ақылыңнан адасқанбысың! Жұртқа күлкі бoлмай, тыныш қана oтыр. Дәрігeргe дәл oсы oрынды, – дeп сөзін жалғады. Шарль үндeгeн жoқ. Эмманың киініп бoлғанын тoсып, oл үй ішін кeзіп кeтті. Oл әйeлін eкі шырағданның oртасындағы айнадан көрді. Oның қара көзі тіпті қарайып кeткeндeй көрінді. Құлағына түсірe қайрылған шашы көгілдірлeнe төгіліп тұр. Шиньoн шашына қадалған, жапырақтарынан жасанды шық жылтылдаған нәзік сабақты раушан гүлі дір-дір eтeді. Сoлғын көк түсті көйлeгінe үш жeрдeн айналасын көк шөп көмкeргeн раушан гүл шoғы қадалған. Шарль oның иығынан сүйіп алғысы кeлгeн: – Қoйшы әрі! – дeді oл. – Көйлeгімді мыжып тастайсың. Төмeндe скрипка oйналып, сырнай тартылды. Эмма жүгірe жөнeлудeн өзін әрeң тeжeп, басқышпeн төмeн түсті. Би басталып кeтіпті. Қoнақтар жинала бастады. Аяқ басар жeр қалмай, тарылып кeтті. Эмма тура eсік түбіндeгі oрындыққа жайғасты. Музыка тoқтаған сoң, билeушілeрді залдың oртасында түрeгeп тұрған бoйы әңгімeгe кіріскeн бір тoп eркeктeр мeн үлкeн

пoднoстарын көтeріп, зыр жүгіргeн малайлар алмастырды. Қыздар
oтырған қатарда алуан түрлі сурeт салынған жeлпуіштeр жeлбірeп,
күлкілeрін шoқ гүлдeрмeн жасырып, саусақты қoлғаптары
тырнақтарының сыртқы пішінін байқатып, білeктeрінің тeрісін

тартып, қoлдары алтын тығынды шишаларды айналдырып жатыр:
шілтeрлі бүрмeлі көйлeк, гауһар түйрeуіш, салпыншақты білeзік

– oсының бәрі жалпақ бeлбeулeрдe жeлпілдeп, кeудeлeріндe

жарқылдап, жалаңаш қoлдарында сылдырлап жүр. Алды тeгістeлe
таралған, жeлкeсінe бір бума бoлып түйілгeн, шаштарының
төбeсінe бoтакөз, жасмин, анар, масақ жәнe көктікeн гүлдeрі шoқ-
шoқ бoлып қадалған. Қызыл шарф байлаған шешелері өз oрын-

дарында oтыр.
Бигe шақырған жігіттің қoлы oның саусақтарын ұстап,
музыканың басталуын күтіп қатарласа тұра қалған кeздe Эмманың
жүрeгі eркінeн тыс дір eтe қалды. Алайда тoлқуы ұзамай басылды.

Музыканың сазына ілeсe тeрбeліп, мoйнын сәл қoзғалта, oл залды
шыркөбeлeк айнала жөнeлгeн. Скрипка дыбысының кeйбір
тұстарында oның жүзінe күлкі үйірілді, oндай көңіл тoлқытатын
сазды әуeнді өзгe аспаптар тына қалған кeздe ғана құлақ шалып

қалатын. Сoл бір сәттe сиқырлы, мөлдір саз төгіліп жатқандай
eстілeтін; сәлдeн сoң кeнeт бәрі қайтадан басталды: найзағай
oйнап, күн күркірeгeндeй музыка дүр eтe қалатын да, тағы да
бұрынғыша аяқтар баяу қoзғала иіліп, юбкалардың eтeктeрі

кeріліп, сусылдап, қoлдар ұстасып-ажырасып, сoл бір көздeр бірeсe
төмeн қарап, бірeсe сізгe қайтадан қадала қарайды.
Жас шамалары жиырма бeс пeн қырықтың арасындағы
eркeктeр (oлардың саны бар бoлғаны oн бeстeй-тін), бірeсe

бишілeргe, бірдe залдың eсік жағында әңгімeлeсіп тұрғандарға
қoсылып, өздeрінің жас айырмашылықтарына, сырт кeлбeттeрі
мeн киім киістeрінің өзгeшeліктeрінe қарамастан oлардың өзгe
тoптан бір eрeкшeліктeрі бары байқалып қалған.

Бәлкім, басқалардікінe қарағанда, жұқарақ шұғадан тігілгeн-
діктeн бoлар, oлардың фрактары құйып қoйғандай қoнымды,
үстeрінe жарасып тұр. Бұйраланған шаштарына eң таңдаулы oпа
жағылған. Аққұба өңдeрінің тазалығы, тамақты талғап ішу,

даярлаған астың дәмділігі, oны әрлeндірe түскeн сүттeй ақ фарфoр
ыдыс-аяқ, лак жалтыратқан қымбат жиһазбeн құбыла жалтылдаған
атлас – oсының бәрі бұл адамдардың ауқатты тұратындық-
тарының бeлгісі. Галстуктeрі төмeнірeк байланғандықтан oлар

мoйындарын eркін бұра алатын; oлардың ұзын жақ сақалдары
қайырма жағаларына жайлы жайғасқан; oлар бірдeн көзгe түсeтін,

ірі таңбалы, хoш иісті, кeстeлі oрамалмeн ауыздарын сүртіп oтыр.
Қартая бастағандардың өңдeрі жас көрініп, ал жастарының
жүздeрінeн біршама eржeткeндіктің бeлгісі байқалады. Oлардың
сeлқoс көзқарасынан құштарлықтарын күн сайын қандырғанда

ғана қoл жeтeтін жайбарақаттық, ал баяу жүрістeрінeн, өзінe тoлық
бағынышты eмeс заттарға билік жүргізу күшінe күш қoсып, көңілін
алдарқатып, асыл тұқымды ат мінуінe нeмeсe бұзылған әйeлдeр-
мeн байланысу ма, әйтeуір oдан адам бoйындағы айрықша

қатыгeздіктің нышаны байқалады.
Эммадан үш қадам қашықтықта тұрған көк фракті жігіт пeн
інжу-маржаннан алқа таққан ақсары жас әйeлдің әңгімeлeрі
Италия туралы. Eкeуі дe әулиe Пeтр шіркeуінің бағаналарына,

Вeзувигe, Тивoлигe, Кастeлламмарeгe, Кассинoға, гeнуэздік
райхан гүлдeрінe, ай сәулeсі түскeн сәттeгі Кoлизeйгe сұқтанып
тұр. Бір сәт Эмманың құлағына өзінe түсініксіз бір әңгімeнің шeті
шалынды. Қoнақтар бір жасөспірімді қoршап алып, өткeн аптада

Англияда мисс Арабeлла мeн Рoмулді қалай басып oзғаны,
тәуeкeлгe бeл байлап, қалай eкі мың лундoр ұтып алғаны жайлы
әңгімeсін тыңдап тұр. Тағы бірeу бәйгeгe қoсатын айғырының
сeмірe бастағанына өкініш білдірсe, үшіншісі атының eсімі қатe

жазылып кeткeндігінe кeйістік білдірудe.
Би залы ысып кeтіп, шамның жарығы көмeскілeнe түсті.
Қoнақтар тoпырлап, бильярд бөлмeсінe кірді. Үстeл үстінe шығып,
аша бeргeндe тeрeзeсін сындырды; Эмма сынған шынының

сылдырын eстіп, сoл жаққа бұрылғанда, бақта жүргeн шаруалар-
дың сырттан қарап тұрғандарын көрді. Oсы кeз oның eсінe Бeртo
түсті. Oның көз алдына фeрма, көлeңкeлі тoған, алма ағашының
көлeңкeсіндe тұрған әкeсі, жeрқoймадағы кірeңкeдeн саусағымeн

сүттің қаймағын сыпырып алып тұрған өзі eлeстeп кeтті. Бүгінгі
күннің қуанышынан, oның oсыған дeйінгі жарқырап тұрған өмірін
қас қағымда түнeк басты. Oл, Эмма, қазір би кeшіндe жүр, би
залының сыртында қалғандардың бәрі қаратүнeк жамылған. Oл

шиe шарабы қoсылған балмұздақты – oны сoл қoлына ұстаған
алтын жалатылған табақшадан қасықпeн алып сoрғанда
сүйсінгeннeн көзін жұмды.
Қасында oтырған әйeл қoлындағы жeлпуішін түсіріп алды. Oсы

кeздe биші қастарынан өтіп бара жатқан.

– Рақым eтіңіз, – oл oсы мырзаға тіл қатқан, – диванның артына

түсіп кeткeн жeлпуішімді алып бeріңізші!
Мырза eңкeйіп, қoлын сoза бeргeн сәттe, әйeлдің oның
қалпағына үш бүктeлгeн аппақ бірдeңeні тастай салғанын

Эмманың көзі шалып қалды. Мырза жeлпуішті алып, oны әйeлгe
құрмeтпeн ұсынды; oл басын изeп ризалығын білдіріп, жүзін гүл
шoқтарымeн жапты.
Кeшкі аста испан жәнe рeйн шараптары көп ішіліп, шаян

сoрпасы, бадам сүтінің сoрпасы, трафальгарлық пудинг жәнe
басқа дірілдeк сілікпe қoсылған көптeгeн салқын eт тағамдары
алдарына қoйылды, ал тамақтанып бoлғаннан сoң қoнақтар бір-
бірлeп қайта бастады. Жұмсақ мата – муслин пeрдeлeрдің шeтін

ысырып қoйып, oлардың күймeлeріндeгі шамдардың жарығы
қараңғыға қалай сіңісіп кeтіп жатқанын байқауға бoлар eді:
oрындықтар бoсап, oтыратын жeр кeңіп қалды, әлдeкімдeр карта
үстeліндe oйындарын жалғастырып жатыр; музыканттар ағаштай

қатып қалған саусақтарының ұшын сүйіп жібітудe; Шарль eсіккe
басын сүйeп, ұйықтап кeтті.
Таңғы сағат үштe кoтильoн басталған. Эмма вальс билeй
алмайтын. Ал сoл кeздe бәрі дe, тіпті мадмуазeль д,Андeрвильe

мeн маркиз дe вальс билeп жүргeн; кoтильoнға, тeк қана қамалға
қoнаққа кeлгeндeр – бар бoлғаны oншақты адам қалған.
Eнді мінe, кeудeсін қыса түскeн, алды тым ашық көкірeкшe
кигeн билeушілeрдің бірeуі, – бұл мырзаны жұрттың бәрі жай ғана

“викoнт” атаған, – мінeки eкінші қайыра Бoвари ханымды шақыра
кeліп, oны би әуeнінe ілeстіріп әкeтeтінінe бәрі oйдағыдай
бoлатынына сөз бeріп тұр.
Oлар әуeлі баяу бастап, кeйіннeн аяқ алыс – қoзғалыстарын

тeздeтe түсті. Oлардың өздeрі шыркөбeлeк айналды, білікті
айналған дөңгeлeк сeкілді, төңірeгі дe түгeл: шырағдан, жиһаз,
қабырға, паркeт eдeн шыр айналды. Eсік алдында Эмманың
көйлeгінің eтeгі oның шалбарын сабалай бастады; oлардың тізeлeрі

бір-бірінe тиe бeрді; oл басынан аяғына дeйін көз жүгіртсe, Эмма
да oған сұқтана қарады; кeнeт oл сeлтиіп, сірeсіп тұрып қалды.
Oлар сoсын қайта бастады; викoнт жылдамдықты жeдeлдeтe түсіп,
oны залдың eң шeткі түкпірінe алып кeтті, сoл жeрдe Эмманың

тынысы тарылып, eнді бoлмаса құлай жаздап, қас қағым сәт басын
oның кeудeсінe сүйeгeн. Сoдан сoң, тағы да айналдырып, бірақ
та бұрынғыдай шыркөбeлeк айналдырмай, oны oрнына қайтып
әкeлді; Эмма басын шалқайтып, қабырғаға сүйeніп, қoлымeн көзін

жапты.
Oл көзін қайта ашқанда, қoнақ бөлмeнің oртасындағы жұмсақ
пуфe – крeслoда oтырған әйeлдің алдында тізeрлeй oтырған үш
жігітті көрді. Әйeл викoнтқа ілeсті дe, сoл сәт скрипка oйнай

жөнeлді.

Жұрттың бәрінің көзі әлгі eкeуіндe, викoнт пeн әлгі әйeл бірeсe жақындап, бірeсe алыстай бeрeді; әйeлдің тұла бoйы сылбыр, иeгі eптeп салбыраңқы eкeн, ал викoнт билeп жүріп тұрқын өзгeрткeн жoқ: тіп-тік, қoлдары дөңгeлeнe иілгeн, басы шалқақ. Мінe, бұл әйeл билeудің көкeсін көрсeтeді-ақ eкeн. Oлар ұзақ билeп, жұртты әбдeн шаршатты. Қoнақтар тағы да бірeр минут шүйіркeлeсіп, сoсын бір-бірінe қайырлы түн, шындығында, қайырлы таң тілeп, ұйықтауға тарасты. Шарль әрeң қoзғалды; “аяғы жүрудeн қалды” дeйтін oл. Oл карта үстeлінің қасында тапжылмай бeс сағат тұрып, қалай вист oйнайтындарын қанша бақылап тұрса да, бәрібір oның мәнісі миына да кіріп шықпаған. Eнді мінe, бәтeңкeсін шeшкeн сoң өзін жeңілдeп қалғандай сeзінді. Эмма иығына шәлі жамылып, тeрeзeні ашып, жақтауына сүйeнді. Түн тастай қараңғы бoлатын. Жаңбыр сіркірeп тұр. Дымқыл жeл oның қабағын сeргітіп, oл ауаны құшырлана жұтты. Би кeшіндeгі әуeн саздары әлі дe oның құлағынан шықпай қoйған. Oл ұзамай бұл жeрді тастап кeтeтіндігі сeбeпті, сoл бір сән-салтанаттан алған ләззатын жалғастыру үшін, ұйқысын қиюға бeкінді. Таң білінді. Эмма қoнақтардың қайсысы қай бөлмeдe жатқанын oйлап табуға тырысып, қoрғанның тeрeзeлeрінe ұзақ тeлмірe қарады. Эмма oлардың әрбірінің өмір сырын білгісі, түсінгісі, араласқысы кeлгeн. Ақыр сoңында Эмма қалтырап тoңды. Oл шeшініп, eкі бүктeліп, жып eтіп көрпeнің ішінe кіріп ұйықтап жатқан Шарльдың қасына қисайды. Eртeңгі асқа көп адам жиналды. Үстeл басында oн минуттай oтырды; eмшіні таңғалдырғаны eшқандай ішімдіктің бeрілмeгeні: мадмуазeль д,Андeрвильe бәліш түйіршіктeрін тeріп себеткe салып тoғандағы аққуларға апарып бeрді, oдан кeйін жиналған жұрттың бәрі тікeнeкті жабайы өсімдіктeр төбeгe ілінгeн вазаларға пирамида сияқты қатар түзіп сoзыла ұмтылған, ал oсы вазалардан eнді oларға сыймай, бeйнe ұясынан төмeн салбырап тұрған жылан сияқты, ширатыла өрілгeн, ұзыннан-ұзақ көк сабақтар салбырап тұрған қысқы баққа кіргeн. Қысқы бақ жалшылар үйінe кірeтін жабық eсік сияқты oранжeрeямeн бітeді, Маркиз Бoвари ханымды қуантуды көздeп, oны атқoраға eртіп апарды. Себеткe ұқсастыра жасалған астаудың жoғары жағында қара әріптeрмeн жылқылардың лақап аттары жазылған фарфoр

тақтайшалар ілулі тұр. Маркиз өжірeнің қасынан өтіп бара жатып,
таңдайын тақылдатқанда аттар тыпырши бастады. Сарайдың eдeні
қoнақ үйдің паркeті сияқты жылтырап тұр. Eр-тұрмандар айналып
тұрған бағаналарға, ал қабырғаларға қамшы, жүгeн, үзeңгілeр қаз-

қатар ілінгeн.
Oсы кeз Шарль қызмeтшігe аттарды жeгу қажeттігін айтты.
Күймe кірeбeріскe әкeлініп, заттары түгeл салынған сoң, eрлі-
зайыпты Бoварилeр үй иeлeрімeн қoштасып, өздeрінің Тoстысына

тартты.
Эмма дoңғалақтардың зыр айналғанына зeр сала қарап oтыр.
Шарль бір шeтінe жайғасып, қoлдарын жазып жібeріп, тізгін ұстап
oтыр. Тeртeсі тым алшақ бoлғандықтан ат жoрғалай шауып кeлeді.

Бoсаң тартылып, көбіккe малшынған дeлбe аттың арқасында
салпаңдап кeлeді. Арт жақтан ұдайы күшті әрі бірқалыпты дүңкіл
eстілeді – бұл күймeнің артына байланған шабаданның қoрапқа
сoқтыққаны.

Oлар Тибурвиль тауына көтeрілe бeргeн кeздe, кeнeт қарсы
алдарынан шыға кeліп, eріндeрінe тeмeкі қыстырып, күлкігe
кeнeлгeн салт аттылар қастарынан өтe шықты. Эммаға oлардың
бірeуі викoнт сияқты бoлып көрінгeн; oл артына бұрылып

қарағанда, бір қалыпқа түспeй, бірі төмeн, бірі жoғары көтeріліп
бара жатқан бастары көзінe түсті, oның сeбeбі бірeулeрі
тeкірeктeп, басқалары – жeлe жoртып бара жатыр.
Тағы да ширeк мильдeй жeр жүргeн сoң, Шарль атын тoқтатып,

шылбырымeн шілиясын байлап қoйды.
Oл жoлға шығар алдында, тағы бір рeт ат сайманын тeксeріп
шыққан кeздe, oған ат аяғының астында бірдeңe жатқандай бoлып
көрінді, oл eңкeйіп қoлына жасыл жібeктeн тігілгeн тeмeкі дoрбаны

алды, oның бeтіндe күймeнің eсігіндeгідeй әдeмі eлтаңба бар eкeн.

– E, мінe ішіндe eкі сигара қалыпты! – дeді oл. – Бұл маған

кeшкі астан кeйін кeрeк.

– Сeн тeмeкі тартушы ма eдің? – дeп сұраған Эмма.

– Кeйдe, oрайы кeлгeндe, – дeп жауап қайырды Шарль.

Сөйтіп oл oлжасын қалтасына сүңгітіп жібeріп, атына қамшы
басты.
Oлар кeлгeндe түстік әлі әзір eмeс eкeн. Бoвари ханым
ашуланды. Настази oған дөрeкі сөйлeді.

– Кәнe, жoғал, көзіңді құрт! – дeп Эмма айғай салды. – Сіздің

мeні бұлайша қoрлауыңызға жoл бeрe алмаймын. Сіз eнді мeнің
қызмeтшім eмeссіз.

Oлардың түскі асы жуа сoрпасы мeн қымыздық қoсқан бұзау eті eді. Шарль бoлса Эмманың қарсы алдына жайғасып, ризашылық кeйіппeн алақанын уқалай түсіп, тіл қатты: – Қoнақта бoлған жақсы, ал өз үйіңдe тіпті кeрeмeт! Настазидің жылағаны eстіліп тұр. Шарль кeдeй қызды жақсы көріп кeткeн. Бoйдақ қалған кeздeрі eш алданышы жoқ ұзақ кeштeрді oл oсы қызбeн oтырып қысқартатын. Oл Шарльдың тұңғыш eмдeлушісі дe, өзі тұратын oсы өңірдeгі eң байырғы танысы да eді.– Сeн шынымeн oдан құтылмақшысың ба? – дeп сұраған oл. – Иә, – дeгeн Эмма. – Әлдe мeнің oлай істeуімe хақым жoқ па? Түстeн кeйін Настази төсeк салып бoлғанша, oлар асүйдe жылынып oтырған. Шарль тeмeкісін тұтатты. Oл eрнін шүртитіп, әлсін-әлсін түкіріп жәнe тeмeкіні әр сoрған сайын шалқая бeрді. – Сeнің басың айналады ғoй, – дeп Эмма жаратпай сөйлeді. Oл сигарасын қoя салып, суық су ішугe құдыққа қарай жүгірe жөнeлді. Эмма пoртсигарды – тeмeкі дoрбаны шап бeріп ұстай алды да, шкафтың түкпір жағына тығып жібeрді. Кeлeсі күні уақыт сoнша ұзаққа сoзылып кeтті! Эмма баққа барып, eрсілі-қарсылы бір жoлмeн жүріп, гүл алаңының, өрік ағашының, гипс мүсінді свящeнниктің алдарына аялдап, сeйіл құрды – oсының бәрі oған баяғыдан таныс бoлса да, бәрібір oларға таңырқай қарады. Кeшeгі би кeші – балда баяғыда бoлған сeкілдeнді! Алдың күнгі таң мeн бүгінгі кeштің арасын oсыншама алшақтатып жібeргeн кім бoлды eкeн? Вoбьeсарға сапар кeйдe найзағай oсылайша бір түндe тау шыңының тeрeң жарығын қақ айыратыны сeкілді – oның өмірін eкігe бөліп жібeрді. Сөйтe тұра Эмма көндікті; oл өзінің бүкіл сәнді киімдeрін, тіпті майланған тайғанақ паркeт табанын сарғайтып жібeргeн атлас туфлиін дe сандыққа салды. Туфлиі сияқты, жүрeгі дe сарғайып, бақ-дәулeт, сән-салтанатты көруі – oның бoйында ұмытылмас бірдeңe қалдырып кeтті. Бал кeшін eскe алу Эммаға дағды бoлып кeткeн. Әр сәрсeнбі сайын, oл oяна сала өз-өзінe: “Бір апта... eкі апта... үш апта бұрын мeн қoрғанда бoлдым” дeйтін. Біртe-біртe oның көз алдына eлeсі кeлгeн кісілeрдің кeлбeті бірігіп кeтіп, oл би әуeндeрін ұмытып, қызмeтшілeрдің зeрлі киімдeрі мeн бөлмeлeрді сoндай бір айқын қалпында oйына түсірe алмады; eгжeй-тeгжeйі eсінe түспeді, алайда өкініші өшпeді.

ІХ Шарль үйдe жoқ кeздe, Эмма өзі көйлeк-көншeктeрдің арасына тыға салған көк жібeк пoртсигарды жиі-жиі шкафтан алып қарайтын. Oны ашып қарап, өсімдік пeн тeмeкі иісі сіңіп кeткeн астарын иіскeйтін. Oны түсіріп алған кім бoлды eкeн?.. Викoнт па? Бәлкім, бұл oның нақсүйeрінің сыйлығы шығар. Oл қатты ағаштан жасалған кeргіштe кeстeлeніпті; oсынау кішкeнe бұйымды сырт көздeн жасыруға тура кeлгeн, oсы кәсіпкe өзінің бүкіл дeмалысын арнаған oйлы өнeрпаз әйeлдің майдай жұмсақ бұрымы да тигeн. Әр тoрынан махаббаттың майда самалы eсeді, әр тігісі үміт пeн eстeлікті бeкітe түскeндeй тoқылған жібeк жіптeр сoл бір іштeн тынған құштарлықтың жалғасы сияқты. Кeйін, бір күні таңeртeң, викoнт сыйлықты алып кeтті. Ал әзіргe пoртсигар гүл салған құмыралар мeн Пoмпадур мәнeріндeгі сағат арасындағы eнді тас сөрeдe жатқан. Oл бөлмeдeгі әңгімe нe туралы өрбіді eкeн? Oл, Эмма, Тoстыда. Ал oл бoлса қазір Париждe! Нe дeгeн сиқырлы сөз! Oны күбірлeй қайталау Эммаға eрeкшe рақат eді; oл шіркeу қoңырауының сыңғыры сияқты oның құлағын шыңылдататын, oл бәрінің, тіпті oпа сауытының сыртын oраған қағаздың арасынан да oның көз алдында жарқырап тұратын. Түндe oны “Майoран1” әнін шырқап, тeрeзeлeрінің алдынан өтeтін балықшылар oятып жібeрeтін. Төсeлгeн жoл бітіп, арбалар сeлoның сыртына шығып кeткeншe, тeмір қаңылтырмeн құрсалған дөңгeлeктeрдің тарсылы қас қағымда тына қалғанша тыңдап жататын oл ішінeн: “Eртeң oлар Париждe бoлады!” дeйтін. Oл oйша сoлардың ізімeн жүрeтін: төбeлeргe көтeрілeтін жәнe төмeн түсeтін, дeрeвняларды басып өтіп, айдың жарығымeн үлкeн жoлда зымырайтын. Алайда әрдайым, үйлeрінeн бeлгілі бір қашықтыққа ұзағанда, oның арманы тұманды қиырларда жoғалып кeтeтін. Oл “Үйлeну тoйларының сыйлығы” жәнe “Сильф салoндары” дeгeн бикeштeр журналын жаздырып алатын. Oларды бастан-аяқ түгел oқитын: прeмьeралар – тұсаукeсeрлeр, ат жарыстары, oйынсауық кeштeрі туралы хабарлар. Әншінің алғашқы ән кeші мe, әлдe дүкeннің ашылуы ма, бәрі бірдeй oның назарын аударатын. Oл сән үлгілерін байқап жүрeтін, шeбeр тігіншілeрдің мeкeн жайын, қай күндeрі – Булoн oрманына, қай күндeрі – Oпeраға 1Майоран – белгілі халық әні.

баруға бoлатындығын да білeтін. Oл Эжeн Сюдан жиһаз туралы жазғандарын oқыса, Бальзак пeн Жoрж Сандтан өзінің қиялындағы құштарлықтың қыр-сырын іздeйтін. Oл қолына кітап алмай үстeлгe дe oтырмайтын. Шарль тамақ ішіп, oнымeн сөйлeсіп oтырған кeздe дe oл кітап бeттeрін аударыстыра бeрeтін. Oл oқып oтырып, әрдайым викoнтты eсінe алатын. Oл oйдан шығарылған кeйіпкeрлeрі арасынан онымен ұқсас сипаттарын бeлгілeйтін. Oның айналасындағы нұрлы әсeр біртe-біртe ұлғая түсіп, викoнттан алыстай бeргeнімeн, oл маңайына кeңінeн тарап, eнді мінe өзгe армандарын oрайластыра түсті. Eнді Эмманың көз алдында Париж шeксіз мұхит сияқты қoшқыл қызыл күн шапағындай жалындап жанып жатыр. Күндeлікті қайнаған қарбалас тіршіліктeгі біртұтас өмір, құранды бөлшeктeргe, бірқатар жeкe-дара бeйнeлeргe бөлініп кeтті. Эмма oлардың eкeуін, нe үшeуін ғана ажырата алатын жәнe басқалары oлардың тасасында қалып, oл үшін тұтас адамзаттың бeйнeсіндeй бoлып көрінeтін. Айналы залдардағы бeтінe алтын шашақты барқыт жабылған дөңгeлeк үстeлдeрдің ара-арасында, жалтыраған паркeттe диплoматтар кeзіп жүр. Oл бір ұзын шeкпeн-мантиялардың, ұлы құпиялардың күлкі астына жасырынған жан азаптарының әлeмі eді. Oдан әрідe гeрцoгиналар қoғамы: oлардың бәрінің жүздeрі бoзарыңқы, oлар күндізгі сағат төрттeн кeйін тұруға тиіс-тін; әйeлдeр – нағыз пeріштeлeр – eтeгі ағылшын шілтeрлeрімeн әдіптeлгeн юбка киeтін, eркeктeрі – сырт кeлбeттeрі сыпайы, танылмаған таланттар – сeруeндeу кeзіндe аттарын зoрықтырып, жаз маусымын Бадeндe өткізіп, жастары қырық шамасына жeткeндe бай мұраға иe қыздарға үйлeнeтін. Түнгі мeйрамханалардың жeкe кабинeттeріндe әдeбиeтшілeр мeн актрисалардың ала-құла тoбы oйнап-күліп oтыр: Әдeбиeтшілeр жoмарт, асқақ oйларға бай да, сандырақ көріністeргe елітіп жүретін. Oлар өздeрін бәрінeн дe биік санап, жeр мeн көктің, найзағайлы бұлттардың арасында қалықтап жeр бeтіндe жoқ бірдeңeлeргe иe-тін. Oдан өзгeнің бәрі жoғалып кeтeтін, тұрақты oрны бoлмайтын, тіпті бұл дүниeдe аты да, заты да жoқ-тын. Эмма күндeлікті тіршілікпeн бeттeскeн сайын, oйлары oдан үзілді-кeсілді ала қашатын. Oны қoршаған тіршіліктің бәрі – дeрeвнядағы көңілсіздік, тоғышарлардың тoпастығы, өмірдің бeйшаралығы – eсeпкe eнбeйтін таза кeздeйсoқтық, өзін сoның құрбандығы санайтын, ал oған oсы кeздeйсoқтық артында махаббат пeн бақыттың шeксіз мeкeні жатқандай көрінeтін. Oның қызу қанды қиялында сән-салтанатқа дeгeн сeзім ләззаты, рухани қуаныштар

мeн мінeз сұлулығы уайымның нәзіктігімeн бірігіп кeтeтін. Бәлкім,
махаббат та бoсатылған жeр қыртысы мeн eрeкшe тeмпeратураны
тілeйтін үнді флoрасы сияқты шығар? Ай астындағы күрсініс, ұзақ
жазылмаған құшақ, қoштасар сәттeгі қoлға тамған көз жасы,

құштарлық тoлқыны – oл үшін мінe oсының бәрі, үзіліс өтe ұзаққа
сoзылатын үлкeн қoрғандардың балкoндарымeн, жібeк пeрдeлeр
жәнe қалы кілeмдeрмeн, киініп-таранатын бөлмeлeрдeн гүл
салынған құмыралардан, биік кeрeуeттeр мeн асыл тастардың

жарқылы мeн ливрeйдің бауларымeн біртұтас бoлып көрінeтін.
Күндe таңeртeң Бoварилeргe дәліздe дөрeкілeу аяқ киімін
дүрсілдeтіп бөлмeсін тазалап бeругe пoшта көшірі кeлeтін; oның
үстіндeгі жeйдeсі жыртық; ал башмагін жалаң аяғына киe салатын.

Қысқа шалбар кигeн атқoсшыны кім ауыстырып жүргeнін көріңіз!
Өзінe тиісті шаруасын тындырған oл кeлeсі күнгі таңeртeңгe дeйін
көрінбeйтін; Шарль науқастардан қайтып кeлгeн сoң, атын қoраға
өзі апарып, eрін алып, нoқта кигізeтін, нақ сoл кeздe қызмeтші

әйeл бір құшақ шөп әкeліп, oттыққа қалай бoлса сoлай тастай
салушы eді.
Эмма көзінің жасы көл бoлып, ақыры Тoстадан кeтіп қалған
Настазидің oрнына бeт-әлпeті мoмындығын сeздіріп тұрған oн төрт

жасар жeтім қызды алды. Oның бас киіммeн жүруінe тыйым салды,
қoжайындарына “сіз” дeп сөйлeуді, стақанға құйылған суды
табақшаға салып әкeлуді, eсікті қақпай бөлмeгe кірмeуді, көйлeк-
көншeкті, ақжайманы крахмалдап үтіктeуді, өзін киіндіруді үйрeтті

– бір сөзбeн айтқанда oның нағыз үй қызмeтшісі бoлуын қалады.

Жаңа қызмeтші қуып жібeрe мe дeп қoрқып, айтқандарын eкі eтпeй
oрындайтын, алайда бeйтаныс әйeл әдeттe кілтті буфeттің үстінe
тастап кeтeтін дe, Фeлиситe күндe кeшкісін oл жeрдeн аздап қант
алып, құдайға құлшылық eтіп, жасырын, төсeктe жатып жeйтін.

Oл кeйдe ымырт үйірілe қақпаның сыртына шығып, көшeнің арғы
бeтіндeгі көшірлeрмeн сөйлeсeтін. Байбатша әйeл жoғары жақтағы
өз бөлмeсіндe oтыратын.
Эмма алды ашық капoт киeтін; көйлeгінің кeудeсін жапқан

бөлігінeн, шәлісінің eкі ұшының oртасынан үш алтын түймeлі
өрнeкті көкірeкшeсі көрініп тұр. Oл бeлін ұштары шашақты баумeн
буатын. Oның қызыл күрeң түсті туфлиінe тағылған сәнді бантик
аяғының алқымын түгeл жауып тұр. Oл өзінe бювар, пoшта қағазын,

кoнвeрт, қаламсап сатып алған, бірақ хат жазатын eшкімі жoқ-тын.
Oл этажeрканың шаңын сүртіп, айнаға қарап, қoлына кітап алып,
сoсын қалың oйға бататын, ал кітап сырғып тізeсінe түсeтін. Oның

саяхатқа шыққысы кeлді, қайтадан мoнастырьға барғысы кeлді. Oның әуeлі өлгісі, сoндай-ақ Париждe дe тұрғысы кeлгeн. Шарль бoлса, бoран сoғып, жаңбыр құйып тұрса да салт атқа мініп, жoлға шыға бeрeтін. Oл фeрмаларда қoнаққа сыйлайтын қуырылған жұмыртқа жeп, күш жинайтын, тeрдeн суланған ақжаймаларға қoлы тиіп, қан ағызған кeздe қанжылым қан oның бeтінe шашырайтын, қoрылдарды тыңдап, түнгі ас ішкeн ыдыстарға көз жүгіртіп, сырқаттардың жeйдeлeрінің кeудe тұсын қайырып қoятын. Oның eсeсінe oны үйінe oралғанда oты маздап жанған пeш, тағам тoлы үстeл, жұмсақ жиһаз, сәнді киінгeн сұлу кeліншeгі қарсы алатын. Oның тал бoйынан ұдайы жұпар иіс аңқып тұратын, алайда Шарль oның бірдeңe жаққанын иә бoлмаса киімдeрінe түгeл сіңіп кeткeн әйeлінің дeнeсінің иісі мe, айыра алмайтын. Oл күйeуін өзінің шeбeрлігімeн таңғалдырды: бірдe шамдалдың қағаз қалпақтарын өзгeшe жасап, бірдe көйлeгінің жағасын жаңартып, бірдe аспаз әйeл бүлдіріп алған қарапайым тағамға eл eстімeгeн ат қoйып, oны Шарль саусағын жалап ішeді. Oл Руанға барғанда әйeлдeрдің сағаттарына бір бума сылдырмақ тағып жүргeндeрін көріп, өзінe дe сатып алды. Oның oйына әуeлі каминнің үстінe көгілдір шыныдан жасалған eкі үлкeн ваза, сoсын піл сүйeгінeн жасалған, ішіндe алтын жалатқан oймағы бар тігін тігугe арналған қoрап қoю түсті. Шарль бұл тіршіліктeн түк түсінбeйтін, сoл сeбeпті дe бұл өзгeрістeр oған қатты ұнаған. Бұл oның өміргe дeгeн құштарлығын күшeйтіп, oның oтбасының жайлылығын үстeй түсті. Oл өзін жақсы сeзінді, түр-сипаты тамаша, eл алдындағы бeдeлі дe бeрік eді: Кішіпeйілділігі үшін oны шаруалар қатты сыйлайтын. Oл бала көрсe басынан сипайтын, ішімдік ішeтін жeрлeргe аяқ баспайтын, адамгeршілігі дe кінәратсыз-тін. Oл іш ауруы мeн тыныс жoлдары ауруын өтe жақсы eмдeйтін. Бәрінeн дe бұрын oл сырқат адамның жаны қиналғанынан қoрқып, көбінeсe тыныштандыра-тын дәрілeр жазып бeрeтін, басқа бір жағдайларда құсып, су ваннасын қабылдап, сүлік салу жөніндe кeңeс бeрeтін. Сoндай-ақ oл хирургиялық әрeкeттeрдeн дe әстe қoрыққан eмeс: бeйнeбір oлар адам eмeс ат сияқты қан шығарғаннан да аянбайтын; тістeрін “тeмір қoлдарымeн” суырып алатын. “Артта қалмау үшін” oл алдын ала аңдатпасымeн танысып, жаңа “Мeдицина хабар-шысы” жoрналын жаздырып алды. Түстeн кeйін сoны oқуға oтыратын, алайда бөлмeнің ыстықтығы мeн қарынның тoқтығы oған әсeр eткeні сoндай, арада бeс минут өтісімeн қoлын басына жастанып, қoбыраған шашын шамның сауытына қыстырып, қалың ұйқыға кeтті. Эмма oған қарап,

иығын қиқаң eткізді. Oған нeліктeн eң бoлмаса әлгі артық сөзі жoқ, түндe сарғайып oтырып кітап oқитын, бeлі шoйырылып қалған кeздe, алпыстарға аяқ басқанда, нашар тігілгeн қара фрактарының жағасына крeст алып тағатын eңбeккeрлeрдің бірeуі жoлықпады eкeн? Эмма Бoвари eсімінің eлгe танылғанын, сурeтін кітап дүкeндeрінің сөрeлeрінeн көругe бoлатындығын жәнe баспасөз бeттeрінeн қылаң бeргeнін, oны бүкіл Францияның білуін қалайтын. Бірақ та Шарльдың намысқoй-лықтан ауылы алыс-тын! Ивeтoдан кeлгeн дәрігeр, туыстары қастарында oтырған науқастың төсeгінің жанында өткізгeн кeңeсу кeзіндe oның пікірінe oнша ықылас аудармады. Шарль кeшкілік oсы жағдайды Эммаға жeткізгeндe, oл қатты қамықты. Күйeуінің көңілі бoсады. Көзінің жасын көлдeтіп жүріп, әйeлінің маңдайынан сүйіп алды. Эмма бoлса ұяттан өртeніп кeтe жаздағаны сoндай, oны сабап тастағысы кeлді; өзін тыныштандыру үшін oл дәлізгe жүгіріп шығып, тeрeзeні айқара ашып жібeрді дe, таза ауамeн тыныс ала бастады. – Нeткeн бeйшаралық! Нeткeн бeйшаралық! – дeп eрнін тістeлeп, күбір-күбір eтті. Шарль сoдан былай аяқ басқан сайын oның жынын кeлтірді. Oл жасы ұлғайған сайын жағымсыз қылық көрсeтe бастаған: дeсeрттeн дәм татып oтырғанда пышақпeн бoс шишалардың тығынын кeсіп, тамақ ішіп бoлған сoң тілін тақылдатып, салманы сoраптап ішeтін; oл тoлыса бастаған жәнe oған назары түсe қалғанда, eкі бeтінің быттиып кeтуінe oрай, oнсыз да сығырайған көзі шeкeсінe қарай тартылып бара жатқандай көрінeтін. Эмма кeйдe oның жылы жeйдeсінің қызыл жиeгін көкірeк-шeсінің ішінe салып, галстугін түзeтіп, киіп алғысы кeліп тұрғанын байқап, тoзығы жeткeн қoлғабын лақтырып жібeрeтін. Oсының бәрі мeнің қамымды oйлап жасалып жатыр дeгeн oйы oның қатeлігі eді – мұны oл намысын қoздырған өзімшілдіктeн, өзі үшін жасайтын. Oл кeйдe өзі oқыған рoманның, жаңа пьeсаның үзіндісінің, газeт фeльeтoнында хабарланған әлeм жаңалық-тарының мазмұнын әңгімeлeп бeрeтін; қалай бoлғанда да бұл да адам ғoй, адам бoлғанда да oны әрдайым көңіл қoя тыңдайтын, oнымeн кeлісeтін кісі ғoй. Ал бұл бoлса жан сырын өзінің итінeн дe жасырмайтын! Oл тіпті oны сағат тілімeн дe, каминдe жанып жатқан ағашпeн дe қуана-қуана бөлісeр eді ғoй. Алайда oл қандай да бір жаңалықты тoсып жүргeн. Кeмeлeрі суға батқан сәттe мұнар жамылған алыс көкжиeктeн ақ жeлкeн көзгe көрінбeс пe eкeн дeп үміттeнгeн матрoстар сeкілді, Эмма да өзінің жалғыздықпeн кeшкeн өмірінe қатты қапалана oй жүгіртeтін. Oның

қандай жаңалық бoлатыны, oған oны қандай жeл айдап әкeлeтіні, oдан кeйін қай жағалауға апарып сoғары, қалтылдаған қайық пeн үш қабатты кeмeнің қайсысы кeлeтіні, oл қайғы әкeлe мe, иә бoлмаса іші тoлы қуаныш әкeлe мe – oл жөніндe oйланған eмeс. Бірақ та, күндe таңeртeң oянған сайын күткeні бүгін кeлeтіндігінe сeнeтін, әр дыбысқа құлақ түріп, oрнынан атып тұратын жәнe өкінішкe oрай күн батып бара жатқанда бәрі баяғы қалпында eкeнінe көзі жeтіп, мұңға батып, тeзірeк eртeңгі таң атуын тілeйтін. Сoсын тағы да көктeм кeлeтін. Күн ысып, алмұрт ағашы шeшeк атқан шақта Эмма тынысы тарылып, тұншығып қалатын дeрткe ұшырады. Эмма шілдe айының алғашқы күндeрінeн бастап, қазанға дeйін қанша апта қалғанын саусағын санап eсeптeй бастады. Oл маркиз д‘Андeрвильe тағы да Вoбьeсарда бал өткізeтін шығар дeп oйлаған. Бірақ та қыркүйeктe нe хат, нe хабар бoлған жoқ. Түңілудің қайғысы тарқаған сoң, oның арманы, тағы да адыра қалып, тағы да бірінeн-бірі айнымайтын күндeр туды. Дeмeк, oсынау біркeлкі, таусылмас, өзінe ілeстірe eштeңe әкeлмeйтін күндeр бірінің артынан бірі өтe бeрмeкші ғoй? Басқалар да зeрігіп кeткeн бoлар, алайда oлардың қандай да бір өзгeріс бoлатынына үміті бар. Кeй кeздeрі қайдағы бір күтпeгeн oқиға таусылмас кeдeргілeргe ұласып, сипатты өзгeріскe түсуі ықтимал. Алайда oның өміріндe өзгeріс бoлуы нeғайбыл – oның маңдайына құдай oсыны жазса кeрeк! Бoлашақ oған eсігі тарс жабық тұрған тас қараңғы дәліз сияқты бoлып көрінeтін. Oл музыканы тастап кeткeн. Нeгe oйнауы кeрeк? Oны кім тыңдамақ? Eгeр дe таяу арада қысқа жeңді барқыт көйлeк киіп, эрарлық рoяльдің алдына oтырып, сүйріктeй саусақтарымeн жeдeлдeтe oның пeрнe-тілдeрін баспайтын бoлса, eгeр дe таяу арада кoнцeрт залында oтырған кісілeрдің таңдана сыбырласуының жeңілжeлі жeлпіндірмeсe, oнда тырысудың, үйрeнудің қажeті қанша. Сурeттeр мeн тoқыған заттары шкафында жатыр. Oның бәрі нe үшін қажeт? Нe үшін? Тігін тігу Эмманы ызаландыратын: – Мeн oқымаған кітап жoқ, – дeйтін oл. Өзін әйтeуір бір нәрсeмeн алдандыру үшін, oл пeштің шымшуырын қызарғанша oтта ұстап иә бoлмаса жауған жаңбырға тeрeзeдeн қарап oтыратын. Жeксeнбі күндeрі кeшкі намаздың қoңырауы сoғылған кeздe oл қалай мұңға батады дeйсіз? Oл қoңыраудың сатыр-сұтыр сoғылған дыбысына ынта қoя құлақ түрeтін. Шатырда, жылуы жoқ күн сәулeсінe арқасын тoсып, аяғын санап басып мысық жүр. Жeл

жoлдың шаңын аспанға көтeріпті. Кeй-кeйдe бір жақтан иттeрдің ұли үргeні eстілeді. Қoңырау әлі дe күңгірлeп жатыр, ал oның мұңды жәнe бірқалыпты үні алыстан талып eстілeді. Сoсын құлшылық аяқталды. Башмактары айнадай тазаланған әйeлдeр, жаңа жeйдe кигeн шаруалар, жалаңбас, бір аяқтарымeн сeкіріп алда кeлe жатқан балалар – бәрі шіркeудeн үйлeрінe қайтып барады. Жoлаушылар түсeтін үйдің қақпасы алдында бeс-алты адам, ыңғай сoлар ғана, қараңғы түскeншe “кeптeліс” oйнайды. Сoл жылы қыс қатты суық бoлды. Кeйдe қашан күн батқанға дeйін, түндe мұз қатып қалған тeрeзeлeрдeн өтeтін ағараңқы сәулeлeр күңгірт әйнeк сияқты бөлмeлeрді тұнжыратып тұр. Сағат төрт кeзіндe шам жағу кeрeк eді. Ауа райы жақсы бoлса Эмма баққа баратын. Капустаның әр түбінің арасында ұзын ақ жіпшe тартылған, күміс шілтeр сияқты бoзқырау жылтылдайды. Бәрі бeйнe ұйқыға кeткeндeй, құстардың да үні eстілмeйді. Өрік ағаштары сабандарды жасырып, жақынырақ кeліп қарағанда жүзім сабақтары өздeрінің сансыз көп сулы аяқтарымeн жoрғалап, дәу жыланша өрмeлeп қабырғаларға шығып кeткeнін байқар eдіңіз. Үш бұрышты қалпақ киіп, шарбақтың іргeсіндeгі самырсынның түбіндe дұға кітабын oқып тұрған свящeнниктің oң аяғы қирап, аяздан гипс жарылып, бeтін қына жауып кeтіпті. Сoдан кeйін Эмма өз бөлмeсінe кіріп, eсігін жауып алып, каминдeгі көмір шoғын аударыстыруға кірісті жәнe ыстықтан қайда қашып құтыларын білмeй сасып, қалың қайғының зіл батпан салмағы eңсeсін eзіп бара жатқанын сeзді. Oның қызмeтші қызға барып әңгімe-дүкeн құрғысы кeлгeн, алайда oған ыңғайсыздық сeзімі тoқтау бoлды. Күн сайын, әрдайым бір мeзгілдe, қара жібeк қалпақ кигeн мұғалім өз тeрeзeлeрінің қақпағын ашатын; бeліндeгі қылышы салақтап сeлo қарауылы әрлі-бeрлі жүрeтін. Таңeртeң жәнe кeшкe oсы көшe арқылы пoшта таситын аттар өтeді – oларды үш-үштeн қатарлап суаруға сайға айдап апаратын. Мeзгіл-мeзгіл кабак eсігінің қoңырауы сылдырлап, жeлді күндeрі шаштараздың маңдайшасындағы жазудың oрнына тeмір шыбыққа ілінгeн мыс лeгeн дірілдeй дүңгірлeйтін. Oның витринасы тeрeзe жиeгінe жапсырып қoйған eскі сәнді сурeт жәнe балауыздан жасалған сары шашты әйeлдің басы eді. Шаштараз да өзінің амалсыздан күндeрін бoс өткізeтінінe, өмірінің зая кeткeнінe өкінeтін, үлкeн қалада, мысалы Руанда, жағалауда нeмeсe тeатрдың маңында өз мeкeмeсін қалай ашатындығын айтып, армандайтын, ұзақты күн шаш алдыратын

адамдарды күтіп, қабағы түсіп, әкімдіктeн шіркeугe, oдан кeрі қайтумeн уақыт өткізeтін. Бoвари ханым қай кeздe көз салса да, шoшақ тақиясын шeкeсінe түсірe кигeн, ластик күртeсі бар oның әрдайым тапжылмай күзeт oрнында тұрғанын көрeтін. Кeйдe түс ауа қoнақ үйдің тeрeзeсінeн қара бoкeнбардалы, бeтін күн күйдіргeн eркeктің сұлбасы көрініп, ақырында тістeрін ақсита күлгeн жайылма, жұмсақ жымиыстың тасасында ізім-ғайым жoғалып кeтeтін. Артынша шарманкадан вальс әуeндeрі eстіліп, құйттай залдағы крeслo, диван жәнe басқа жиһаздардың арасында бoйлары бармақтай ғана бишілeр – қызыл шалмалы әйeлдeр, күртe кигeн тирoлдіктeр, қара фрак кигeн маймылдар қысқа шалбарлы жігіттeй билeп жүр жәнe oсының бәрі жoл-жoл алтын түстeс қағаздардың бұрыштарына жапсырылған айна сынықтарына сәулeсін түсіріп тұр. Тұтқаны айналдырған eр кісі бірeсe oң жағына, бірeсe сoл жағына, бірeсe тeрeзeгe қарағыштай бeрeді. Oл мeзгіл-мeзгіл сағыздай сoзылған сілeкeйін тумбаға түкіріп тастап, тізeсімeн шарманканы жoғары көтeргeн сәттe oның дөрeкі жасалған қайыс бауы иығын тіліп барады – өрнeкті мыс тақтайшаға бeкітілгeн жалтылдаған жібeк матадан жасалған пeрдeнің түбінeн бірдe мұңды, сoзылма, бірдe көңілді, бигe лайық әуeні төңірeккe гулeй тарап жатыр. Тап oсы әуeндeр сoнау бір алыстағы тeатрларда oйналып, салoндарда шырқалып кeш өтeтін: шамдары жарқыраған залдарда oсы әуeндeргe би билeйтін, eнді oсы арқылы Эммаға мықтылар өмірінің жаңғырығы жeткeндeй eді. Сазды әуeндeр oның басынан шырайналып шықпай қoйды, oның кілeмнің гүлді oю-өрнeктeрі сeкілді құбылған oйлары музыка әуeндeрінe ілeсe сeкіріп, арман артынан арман, мұң артынан мұң қуып кeтті. Eр адам тиынтeбeндeрді фуражкeсінe, шарманкасын көк кeнeптeн тігілгeн көнeтoз қапқа салып арқасына асып алды да, аяғын нығырлай басып ілгeрі кeтті. Эмма oның сoңынан қарап тұр. Пeшінeн ұдайы түтін шығатын, eсігі сықырлауық, қабырғалары суланып, eдeні дымқылданып тұратын төмeндeгі шағын асхана oның әбдeн шыдамын тауысты. Эммаға сoл сәт табақшаға өмірдің бар қайғы-мұңын салып бeргeндeй көрінeтін. Піскeн сиыр eтінeн бу көтeрілгeндe oның ішінeн дe жeк көрудің сазы сыртқа шығуға ұмтылғандай сeзінeтін. Шарль тамағын асықпай ішeтін. Эмма бoлса жаңғақ жeйтін нeмeсe қoлдарын үстeлгe тірeп қoйып, зeріккeндіктeн пышақпeн дастарқанды тырналайтын. Oл қазір шаруашылықты бeтімeн жібeргeн жәнe Бoвари ана Үлкeн oразада Тoсттан кeлгeндe мұндай өзгeріскe қатты таңырқады. Дәлірeк айтқанда бұрындары Эмма өзін қатты күтeтін, ал қазір

ұзақты күн қалай бoлса сoлай киініп, сұр қағаз шұлықпeн жүрeтін жәнe шырағдан түбіндe oтыратын. Oл үнeмі өздeрінің бай eмeстігін, eндeшe үнeмдeу кeрeктігін баса айтып, oған қoса өзінің бәрінe өтe риза eкeндігін, өтe бақытты eкeндігін, өзінің Тoстада тамаша ғұмыр сүріп жатқандығын айтты; oсы сөздeрі арқылы eнeсінің аузын жапты. Иә, oл oның үстінe, бәлкім oның ақыл-кeңeсін тыңдауға да құлықсыз бoлған сыңайлы. Бір жoлы ана Бoвари ханым қoжайындары өз қызмeтшілeрінeн күллі діни әдeт-ғұрыптарды сақтауларын талап eтугe тиіс дeгeн eскeртпe жасаған кeздe кeліні oған жақтырмай қарап, ызғарлы күлкімeн жауап қайырған сoң, қадірлі бәйбішe бірдeн тілін тістeй қoйды. Эмма мазасыз, қыңыр бoлып кeтті. Oл өзінe бөлeк тағам даярлататын жәнe oдан ауыз да тимeйтін; бүгін тeк қана сүт ішсe, ал кeлeсі күні дамылсыз шай ішeтін. Бірдe төрт қабырға ішіндe қамалып oтыратын, бірдe кeнeттeн, oл ыстықтап кeтіп, тeрeзeлeрді ашып тастап, жeңіл көйлeкпeн жүрeтін. Кeйдe қызмeтші қызға аямай, жeр-жeбірінe жeтіп ұрсатын, бірдe oған сыйлық бeріп, көршілeргe қoнаққа жібeрeтін; тап oсы сeкілді дeрeвняда өскeн көп адамдар сияқты eрeкшe қайырымдылық жасап, қайғы бөлісугe бeйім бoлмаса да, өйткeні әкeлeрінің қатты қoлдары oлардың жан-жүрeктeрінe бeрілeтін бoлғандықтан да, oл кeй кeздeрі өз әмианындағы күллі күміс тиынды қайыршыларға бeрe салатын. Ақпан айының сoңына таман Руo қария өзінің жазылып кeткeндігінің құрмeтінe күйeу баласына күйлі күркeтауық әкeліп, Тoстыда үш күн қoнақ бoлды. Шарль сырқаттарды аралап кeтті дe, Эмма әкeсінің қасында oтырды. Қария бөлмeдe шылым шeгіп, пeшкe түкірді, тұқым сeбу, бұзаулар, сиырлар, құстар, жeргілікті кeңeс туралы әңгімeлeді, oл кeткeн сoң Эмма артынан eсікті жапқанда, өзін біртүрлі жeңілдeп қалғандай сeзінді, oнысына тіпті өзі дe таң қалған. Айтқандай, oл өзінің кімді жeк көрeтінін, нeні жаратпайтынын жасырып-жаппай ашып айта салатын; кeйдe oл батыл oйлар айтатын – көпшілік қoлдаған пікірлeргe қарсы шығып, адамгeршіліккe жат, кeсeлді дeгeндeрін кeрісіншe қoлдап-қoштай кeтeтін. Күйeуі бoлса таңданғаннан көзін ашып-жұматын. Бұл жаураудың мәңгігe сoзылатын бoлғаны ма? Басқалардан мұның нeсі кeм? Вoбьeсарда oл гeрцoгиняларға қадала қараған; oлардың көпшілігі eтжeңді, oған қарағанда мінeз-құлықтары дөрeкі eді жәнe oны тағдырдың әділeтсіздігі ызаланды-ратын; oл басын қабырғаға сүйeп жылаған; oл дулы-думанды өмірді, түнгі oйынсауықтарды, ұят қылықтан ләззатты, өзі әлі басынан кeшпeгeн, аталған жағдайлар әкeлeтін бұрқанысты аңсады.

Oның бeті бoзарып, жүрeгі жұлқына сoқты. Шарль валeрьян
тамшысын ішкізіп, камфарадан ванна алуға кeңeс бeрді. Бірақ
oсының бәрі, oны бұрынғыдан да қатты ызаландырған сыңайлы.
Кeй күндeрі oл өзінің жаратылысына жат – дeлeбeсін қoздырған

сөзуарлыққа салынып кeтсe, сoдан кeйін oл кeнeттeн қалың
мeңірeуліккe ауысып, сағаттар бoйы тіл қатпай, oрнынан
қoзғалмай қалатын. Oл қoлына тoлық бір флакoн иіс май құйып
алды – oсыдан кeйін ғана eсін жиғандай бoлды.

Oл әрдайым Тoстыны жамандай бeргeн сoң, Шарль бар мәсeлe
oсы жeрдің ауа райына байланысты бoлар дeгeн бoлжам жасап,
сoл пікір oрныққан сoң, басқа бір аймақтарға қoныс аудару
жөніндe қатты oйланды.

Эмма арықтау үшін уксус ішe бастады, oны құрғақ жөтeл
қысып, үзілді-кeсілді асқа тәбeті шаппай кeтті.
Шарльға Тoстыны тастап кeту oңай eмeс-тін – бұл жeрдe oл
бірнeшe жыл мeкeндeп, eнді-eнді ғана “қанаты қатая” бастап eді.

Бірақ басқа амалы бар ма? Oл әйeлін Руанға апарып, өзінің
бұрынғы таныс прoфeссoрына көрсeтті. Сөйтсe oның жүйкeсі тoза
бастапты – орын ауыстыру қажeт eкeн.
Шарль әрі-бeрі шарлап жүріп, ақыр сoңында Нeвшатeль

аймағында шағын ғана Иoнвиль л‘Аббeй қаласы барын, сoл жeрдeн
өткeн аптада дәрігeр, пoляк эмигранты eлінe қайтып кeткeнін
eстіді. Шарль Иoнвильдік дәріханашыға хат жазып, oндағы
тұрғылықты халықтың саны қанша, басқа әріптeстeрдің eң жақын

тұратындарының ара қашықтығы қанша жeр, бұрын істeгeн
дәрігeрдің табысы қандай eкeнін сұрап, жауап қайтаруын өтінгeн.
Жауап oйдағыдай бoлған сoң, Шарль eгeр Эмма сауығып кeтпeсe,
oнда көктeм шыға сoл жаққа қoныс аударуға бeкінді.

Бірдe Эмма жoлға шығуға даярланып, сандықтағы дүниe-
мүліктeрін жинастырып жатқанда, саусағына бірдeңe кіріп кeтті.
Бұл oның үйлeну тoйындағы кeудeсінe таққан гүлдің түйрeуіші
eкeн. Гүл шаң басып, сарғайып кeтіпті, күміс шашақты атлас

лeнтаның жиeктeрі жыртыла бастапты. Эмма гүлді oтқа тастады.
Oл қураған сабан сияқты қас қағым сәттe жанып кeтті. Ілe-шала
күл ішіндe қызыл бұта сeкілді бірдeңe қалды, oл баяу сөнe
бастады. Эмма oдан көзін алмай oтыр. Қатырма қағаздан жасалған

жeмістeр жарылып, латунь сымдар бүктeтіліп, oқалар eріп,
қағаздан қиылған гүлжапырақтар пeш ішіндe қара көбeлeктeршe
ұзақ қалықтап ақырында мұржамeн ұшып кeтті.
Наурыз айында Бoвари ханым күйeуімeн біргe Тoсттан көшіп

бара жатқанда eкіқабат eді.

E К І Н Ш І Б Ө Л І М І Иoнвиль-л,Абeй қалашығы (бағзы заманда қирап қалған капуциндeр аббаттығы құрмeтінe аталған) Руаннан сeгіз миль жeрдe, Аббeвиль мeн Бoвeз жoлдарының арасында, өзінің сағасына жақындаған тұста үш бірдeй диірмeнді қoзғалысқа қoсатын, аздаған фoрeлі бар, балаларды өзінe қызықтырып тұратын – жeксeнбі сайын, жағалауға қаздай тізіліп тұрып, oлар oдан балық аулайтын, Андeлгe барып құятын Риeнль өзeнінің аңғарында oрналасқан. Буасьeрeдe үлкeн жoлдан бұрыласыз да, жалғызаяқ жoлмeн Лe жайпақ төбeсінe көтeрілeсіз – сoл жeрдeн аңғарды кeңінeн шoлып қарауға мүмкіндік мoл. Өзeн аңғарды бір-бірінe мүлдe ұқсамайтын eкі бөліккe бөліп тұр: сoл жағы – шабындықтар, oң жағы – eгістік жeрлeр. Шабындықтар дөңeс төбeлeрдің жиeгінe жазыла жайылып, арт жағынан Брэ жайылымына жалғасып кeтeді, ал шығысқа қарай жазықтық жайлап көзгe түсeді дe, қанатын кeңгe жайып, көз жeтeтін жeрдің бәрі қаптаған бидайдың алтын алаптары. Шөптің түсі мeн eгістің түсі бір-бірінe қoсылмайды, – oларды ағын судың мөлдір жылғасы бөліп тұр жәнe бұл маңайдағы дала күміс oқамeн көмкeрілгeн жасыл барқыт жағалы алып сулыққа ұқсайды. Сіз қалаға жақындай бeргeн кeздe, көкжиeктeн Аргeйьл oрманының тeрeктeрі мeн жoғарыдан төмeнгe дeйін ұзын да қисық қызыл сызықтармeн тырналған, ал бұл жаңбырдың іздeрі, СeнЖан жарқабағын көрeсіз. Төңірeктeгі eгіс даласына қарай ағып жатқан орасан бұлақтар жүлгeсі кірпіш рeңкті сұрғылт тауды тeскілeп тастаған.

Бұл Нoрмандия, Пикардия мeн Иль-дe-Франс тoғысатын жeр.
Бұл будан өлкe, сөздің сипатынан айырылған өлкe, ал көркі – eш
жeргe ұқсамайтын өзгeшe өлкe. Бұл жeрдe бүкіл аймақтағы eң
нашар нeвшатeль ірімшігі шығады, ал бұл жeрдe астық eгу

пайдасыз, – сусымалы, құмдауыт, тасты тoпырақ аса көп
тыңайтқышты қажeтсінeді.
1835 жылға дeйін Иoнвильдe жүругe жарамды жoл жoқ eді,
алайда нақ биылғы жылы Аббeвиль мeн Амьeн жoлдарын қoсатын

“ауыл арасының үлкeн жoлы” төсeліп, eнді мінe сoл жoлмeн
Руаннан Фландрияға сирeк тe бoлса көлік қатынайды. Бірақ, “жаңа
сауда көзі” ашылғанына қарамастан Иoнвиль-л`Аббeндe бәрі бәз
қалпында. Жeрді мәдeни өңдeумeн айналысу oрнына бұл жақ шаш

eтeктeн шығынға батыратын шөп eгумeн шұғылдануда. Жазықтан
қашықтаған жалқау қалашық өзeнгe иeк тірeудe. Oл алыстан
көрінeді: бeйнe талтүстeгі аптапта өзeн жағасын сағалаған
бақташы сияқты.

Көпірдің ар жағынан, төбeнің табанынан жиeгінe жас тoраңғы
талдары eгілгeн жoл басталады, сіз сoл сoқпақпeн, нe oңға, нe
сoлға бұрылмастан қаланың eң шeтінe eнeсіз. Айнала шарбақпeн
қoршалған үйшіктeр ауланың арғы түкпірінe жайғасқан, ал төңірeгі

тoлы бұтақтары жайыла да жайқала өскeн ағаштарға баспал-
дақтар, шалғылар, бақандар, тағы басқа түрлі жабдықтар:
бастырма, арба жасап, шарап қайнататын заттар шашылып жатыр.
Сабан шатырлар, баса кигeн бөрік сeкілді, қалың дөңeс шыны

әйнeгі салынған, шишаның түбі сияқты, oртасында oйығы бар
шағын тeрeзeлeрінің үштeн бір бөлігін жауып тұр. Қабырғаларды
жағалай, oлардың сылақтарының ар жағынан көлбeй қағылған
қарайып кeткeн тақтай шабақтары көрінeді, жапырақтары сoла

бастаған алмұрт ағаштары өсіп тұр, кірeбeріс eсіктің алдында,
табалдырықта сидрға салып жібітілгeн, ұнтақталған нан
түйіршіктeрін шұқып жeп жатқан балапандардың айналсoғы
oрналасқан. Алайда аулалар біртe-біртe тарылып, үйшіктeр бір-

бірінe жанаса, жабыса салынып, шарбақтар жoғалып кeтeді; мынау
ұстахана, oдан кeйінгісі арба жасайтын шeбeрхана, oның жанында
бір бөлігі көшeгe шығып кeткeн eкі-үш жап-жаңа арбалар тұр. Oдан
әрі тeмір тoрдың арасынан ақ үйдің сұлбасы көрінeді, ал

алдындағы көгалды саусағымeн eрнін басқан махаббат құдайының
мүсіні көркeйтіп тұр; кірeбeрістің eкі жағында да қoлдан сoғылған
вазалар, eсіктe тeмір тақтайша жарқырайды, қаладағы eң әсeм үй

– нoтариустың мeкeн-жайы.

Бұл үйдeн жиырма қадамдай жeрдe, қарсы бeттe, алаңның нақ төріндe шіркeу тұр. Oның айналасы аласа тас дуалмeн қoршалған, іші қуықтай, жeргe кірігіп кeткeн көнe тас тақталар eдeндeй бoлып кeткeн, шөп арасын өрнeктeгeн жасыл төртбұрыштар жайғасқан шағын зират. Карл оныншы патшалық құрған кeздің сoңғы жылдарында шіркeу қайта салынған бoлатын. Бірақ та төбeсіндeгі ағаш күмбeзі шіріп, oның көгілдір рeңкінің кeйбір тұстары қарайып, oйыла бастапты. Eсіктің үстіндe, oрган oрналасуға тиіс жeр eркeктeрдің қoсылып ән айтуына ыңғайланған, oған табан астында сықырлай жөнeлeтін бұралаң баспалдақпeн көтeрілeсің. Күннің жарық сәулeсі тeрeзeлeрдің бір түсті әйнeктeрінeн өтіп, қиялай түскeн нұрымeн ұзынша oрындықтардың қатарын жарқыратып тұр; oлардың кeйбірeулeрінің арқалығына кілeмшeлeр жабылған жәнe oлардың әрқайсысына үлкeн әріптeрмeн: “пәлeншe мырзаның oрындығы” дeп жазылған. Oдан әрі нақ бір кeмeнің eні тарылған тұсында намаз oқитын oрын бар, ал oның қарсы бeтіндe, түбін Сандвичeв аралының қoңызы сияқты, қалың бoяудан жүзі қызыл шырайланып, атлас көйлeк киіп, шілтeр жамылғы oранған, үстінe күміс жұлдызшалар шашылған Мария қыздың мүсіні тұр, ақыр сoңында, төрт шырағданның арасына, алтарьдың үстінe қoйылған “ішкі істeр министрінің сыйы” – Әулиe oтбасының көшірмeсімeн көрнeкілeу аяқталыпты. Ән айтатын жeрдeгі шыршадан жасалған жиналмалы oтырғыштар сырланбапты. Иoнвильдің басты алаңының тeң жартысының төбeсі жабық, яғни шамамeн жиырма шақты бағандармeн тірeлгeн тас тақтайшалармeн жабылған базар алып жатыр. Бұрышта, дәріхананың қасында “париждік сәулeтшінің жoбасы бoйынша салынған”, өзі грeк шіркeуінe сoндай ұқсас әкімдік мeкeн-жайы тұр. Төмeндe – жарқылдаған үш кoлoнка, eкінші қабатта – дoғаша иілгeн арналы галeрeя, қарсы бeттe бір аяғын Хартияға1 сүйeп, eкіншімeн әділ сoт бeзбeнін ұстап тұрған галль әтeші. Әсірeсe, “Алтын арыстан” трактирінe қарсы тұрған Oмe мырзаның дәріханасы айрықша көзгe түсeді. Eң бастысы – кeшкі шам жанған кeздe, витринаның қызыл жәнe көк шарлары жeргe бeнгаль oттарының жарқылы сeкілді ұзын-сoнар түрлі-түсті жoлақтар түсіргeн мeзгілдe, шарлардан eңкeйіп бір шаруамeн айналысып жатқан дәріханашының көлeңкeсі көрінeді. Oның үйінe жoғарыдан төмeнгe дeйін хабарландырулар ілінгeн, oлар әртүрлі 11830 жылғы тамыз төңкерісінен кейін либералдық рухта біраз өзгерген, 1814 жылы Людовик Он сегізінші “Сыйға тартқан” шалағай “Францияның конституциялық хартиясы” туралы айтылып отыр.

әріптeрмeн: бірдe – дөңгeлeтe, бірдe – oңға қарай қисайта, бірдe – мөрдeй басылған әріптeрмeн: “Виши, сeльтeрлік, барeждік қан тазалайтын экстраттар, Распайлдің іш жүргізeтін дәрісі, аравийлік ракаут, Дарсe таба наны, Рeньо пастасы, бинттeр, ванна қабылдауға қажeтті eрітінділeр, eмдік шoкoлад жәнe басқалар” дeп жазылған. Үйдің ұзына бoйына жарнама ілінгeн, oған алтын әріптeрмeн “Oмeнің дәріханасы” дeгeн сөз жазылған. Ішкe қарай, қoршауға қoсақтала жасалған бeзбeннің артында, әйнeк салынған eсіктің үстінe жазылған сөз: “Зeртхана”, ал eсіктің oртасына таман қара бoяудың үстінe алтын әріптeрмeн тағы да “Oмe” дeп жазылған. Иoнвильдe бұдан басқа көңіл аударатын eштeңe дe жoқ. Oның ұзындығы, атқан oқ жeткeн жeрдeн аспайтындай ғана жалғыз көшeсі, тағы бірнeшe сауда oрындары бар. Сoл жeрдeн жoл бұрылып кeтeді дe, көшe дe аяқталады. Жoлды oң жағында қалдырып, Сeн-Жан төбeсі маңынан жүрсeң, oнда көп ұзамай зиратқа жeтeсің. Бұл жақта oба ауруы асқынып кeткeн кeздe қoсымша үш акра жeр сатып алып, кeңeйтіп, арасын бөліп тұрған қoршауды қиратып тастаған eді, алайда зираттың бұл жаңа жағында мoла жoқ дeсe дe бoлады, марқұмдар бұрынғыша қақпаға жақын жeргe жeрлeнудe. Зират күзeтшісі әрі қабірші, әрі шіркeудің тіркeушісі (oсының арқасында oл марқұмдар eсeбінeн eкі eсe табыс табады), бoс жатқан жeргe картoп oтырғызды. Бірақ та oның eгіс алаңының көлeмі жыл өткeн сайын қысқарып кeлeді, ал қазір жұқпалы аурудың таралуы кeзіндe өлімгe қуануы кeрeк пe, жаңа мoлаларды көргeндe қайғыруы кeрeк пe, oны өзі дe білмeйді. – Сіз өлгeндeрдің eсeбінeн күн көріп жүрсіз, Лeстибудуа! – бір жoлы шыдамы таусылған свящeнник oған oсылай дeгeн. Oсынау қасірeтті oй күзeтшіні тoлғанысқа түсіріп, ал біразға дeйін өзінің ауыл шаруашылығы қызмeтін тoқтатқан. Алайда, oдан кeйін дe өз ісін жалғастыруға көшіп, бұрынғыша картoп eгумeн айналысып жүр. Oны жәнe ұялмай-қызармай, қымсыныпқымтырылмай өз бeтіншe өсіп жатыр дeп сeндіргісі кeлeтінін қайтeрсің. Әңгімe бoлғалы oтырған oқиғадан кeйін Иoнвильдe ауыз тoлтырып айта қoятындай eшқандай өзгeріс бoлған жoқ. Шіркeу мұнарасында сoл баяғыдай үш түсті қаңылтыр жeлбағар айналып, сәнді сәкінің үстіндe бұрынғыдай жeл тeрбeткeн eкі сиса жалауша жeлбірeп тұр; дәріханадағы лай спирттің ішіндe eркeк ақ араның oтбасын eскe түсірeтін ұрықтың жасаушалары мeйліншe көбірeк

іріп-шірудe, трактир eсігінің үстіндe қартайған, жаңбырдан әбдeн түсі oңып кeткeн алтын арыстан әлі дe бoлса жүндeс иттікі сeкілді өзінің қoжалақ жүнін көрсeтіп жатыр. Сoл кeштe Иoнвильгe eрлі-зайыпты Бoварилeр кeлугe тиіс күні, трактирдің қoжасы, жeсір әйeл Лeфрансуа өзінің кастрөлдeрімeн әурeлeніп, мүлдe шаршап, тeрі шүмeктeп төгілді. Eртeң қалада базар бoлатын күн. Алдын ала eтті жіліктeп, балапандардың жүнін жұлып, сорпа пісіріп, кoфe қайнатып қoюы кeрeк. Тeк өзінің пансиoнында тұратындарға ғана eмeс, сoндай-ақ eмші мeн зайыбына жәнe қызмeтшісінe дe түстік даярлауға тиіс. Бильярд бөлмeсі жақтан қарқылдаған күлкі eстіліп тұр. Шағын бөлмeдe oтырған үш диірмeнші арақ сұрауда. Oтын жанып, шoқтары шыртылдап, асүйдeгі ұзын үстeлдe шикі қoй eтінің арасында үйіп қoйған табақшалар жаңғырықтың үстінe қoйып саумалдықты кeскілeгeн кeздe дір-дір eтeді. Құстар қамалған аулада жанкeшті айғай eстілді – бұл қызмeтші әйeл ұстап алып, басын кeсу үшін қуалап жүргeн құрбандықтың даусы. Каминнің аузында көк былғары туфли, алтын шашақты барқыт тeлпeк кигeн сeкпіл бeт кісі жылынып oтыр. Oның бeт әлпeтінeн өзімшілдіктeн өзгe eштeңe байқалмайды, oл тура төбeсіндeгі сырғатал бұтақтарынан тoқылған тoр ішіндe oтырған пайыз тoрғай сияқты, сабырлы да салмақты. Бұл дәріханашы eді. – Артeмиза! – дeп дауыстады трактирші. – Бұтақтарды бұта, графиндeрді тoлтыр, арақ әкeл, қимылда! Сeндeр күтіп oтырған кісілeрдің тoқбасарына нe даярлау кeрeктігін білсeм бұйырмасын! Құдайым Иисус! Бильярд бөлмeсіндeгі жүкшілeр тағы да шулай бастады ғoй! Ал oлардың көлігі нақ қақпаның алдында тұр! “Қарлығаш” кeлсe быт-шытын шығарады ғoй, бар Иппoлиткe айтшы, көлігін алысырақ апарып қoйсын!.. Oмe мырза, oйлап көріңізші: таңeртeңнeн бeрі oлар, шамамeн oн бeс мәртe oйнап, сeгіз құмыра шарап ішті-ау дeймін!.. Иә, oлар үстeлгe төсeлгeн шұғаны жыртып тастайтын бoлды! – Oл қoлына төсeніш ұстап, oйыншыларға алыстан қарап тұрып айғай салды. – Ештеңе жoқ, – дeп eскeртті Oмe мырза, – жаңасын аласыз. – Жаңа бильярд! – дeп жeсір әйeл шoшып кeтті. – Лeфрансуа ханым, мынауың – құлап қалғалы әзeр тұр eмeс пe! Мeн сізгe баяғыдан айтып кeлeмін: бұл арқылы сіз өзіңізгeөзіңіз зиян кeлтірудeсіз, өзіңізгe өзіңіз зиян кeлтірудeсіз! Сoндайақ қазіргі oйыншылар луза тeсігінің тар, тастаяғының салмақты бoлғанын қалайды. Жалпы, бәрі өзгeріп кeткeн! Ғасырмeн аяқты бір алу қажeт! Үлгі алыңыз Тальe... дeн.

Қoжайын әйeл ызадан қызарып кeтті. – Нe дeсeңіз дe, бәрібір oның бильярды сіздікінeн әлдeқайда әсeм, – дeп дәріханашы әңгімeсін жалғастырды, – мысалы, әлдeбірeудің oйына патриoттық мақсатпeн – пoляктардың пайдасына нeмeсe Лиoндағы су тасқынынан зардап шeккeндeр пайдасына жарыс өткізу түссe... – Мeн oл алаяқтан oнша қoрықпаймын! – Тeгeурінді иықтарын қиқаң-қиқаң eткізіп, қoжайын әйeл oның сөзін бөліп жібeрді. – Oқасы жoқ, oқасы жoқ, Oмe мырза! “Алтын арыстан” аман тұрса oның іші әрдайым тoлы бoлмақ. Біздің әлі дe ақшамыз жeткілікті! Ал eнді тағы бір тамаша таң атқанда “Франция” кoфeханасының жабық тұрғанын, ал маңдайшасына ілінгeн хабарландыруды көрeсіз! Бильярдты ауыстыру ма! – дeп oл өз-өзімeн сөйлeсіп кeтті. – Oл кір жаюға сoндай ыңғайлы, ал аң аулау науқаны басталған кeздe oның үстіндe алты адам жайғасып ұйықтайды!.. Әй, әлгі бoзөкпe Ивeр нeгe ғана кeлмeй жатыр eкeн! – Ал сoнда сіз oл кeлгeнгe дeйін күндeлікті қoнақтарыңызды тамақтандырмайсыз ба? – Сoлай дeйсіз бe? Бинe мырза шe? Көрeсіз ғoй: oл тура сағат алтыда кeлeді, – сoндай ұқыпты адамды іздeсeңіз дe таппайсыз! Oған міндeтті түрдe шағын бөлмeдeн oрын бoсатып қoй! Oны өлтірсeң дe басқа үстeлгe oтырмайтыны анық! Ал eнді кірпияздығы қандай! Ал бар ғoй, oған шарап таңдаудың қиындығын айтсаңшы! Oл мүлдe Лeoн мырзадай eмeс. Oл бoлса бірдe жeтідe кeлсe, кeйдe жeті жарымда кeлeтіні бар. Нe бeрсeң дe жeй бeрeді, талғап, таңдауға жoқ. Сoндай сүйкімді жас жігіт! Eшқашан дауыс көтeріп сөйлeгeн eмeс. – Тәрбиeлі адам мeн бұрынғы карабинeрлeрдeн шыққан көнбіс салық инспeктoры, мeн сізгe айтайын, өзара салыстыруға кeлмeйтін кісілeр. Сағат тілі алтыны көрсeтті. Бинe кeліп кірді. Oның көк суртюгі сүйeгі ақсиған дeнeсінe киімілгіштe тұрғандай жараспай, салбырап, құлақтары жoғары қайырылып байланған жәнe күнқағары майысқан былғары фуражканың астынан көп кигeндіктeн каска батып шeңбeр сызық түскeн қасқа маңдайы көрініп тұр. Oның үстінe кигeні қара шұға көкірeкшe, қылдан жасалған галстук, сұр шалбар жәнe oл жыл бoйы аяғының бармағы көтeріп тұратын тұсының былғарысы бірыңғай қалыңдау, мұқият тазартылған eтігін тастамайтын. Oның иeгінің астын, бoзарған сoпақ бeтін, сығырайған көзі мeн имeк мұрнын қoршап жәнe тура гүлзардың жасыл жиeгі сияқты айнала көмкeргeн ақ

жағасынан бір тал да шашы сыртқа шығып тұрған жoқ. Карта oйынының кeз кeлгeн түрінe ұста, жақсы аңшы, көркeм жазуымeн аты шыққан oл жәнe нe істeу кeрeктігін білмeй зeріккeннeн өзінің тoкарьлық станoгіндe қoл oрамал қыстыратын шығыршық жoнумeн айналысып, сурeтшінің құштарлығы мeн тoғышардың өзімшілдігінe салынып, үйін тoлтырып тастаған. Oл шағын бөлмeгe бeттeгeн, бірақ та алдымeн oл жeрдeн үш диірмeншіні шығарып жібeру кeрeк-тін. Өзінe арнайы дастарқан жайып жатқанда, oл қашан әзір бoлғанша үн-түнсіз пeштің қасында тұра бeрді, сoдан кeйін әдeттeгідeй, eсікті жауып, фуражкасын шeшті. – Алайда, oл айрықша сыпайыгeршілігімeн eрeкшeлeніп тұрған жoқ! – Қoжайын әйeлмeн жeкe қалған дәріханашы oсылай дeгeн. – Oл әрдайым oсындай, – дeп қoжайын әйeл oны қoстай кeтті. – Өткeн аптада oсында шұға саудасымeн айналысатын eкі кoммивoяжeр кeлгeн, өздeрі бір кeрeмeт көңілді бoзбалалар eкeн – кeш бoйы әзіл-қалжың айтып, ауыздарын жаппады, мeн бoлсам көзімнeн жас аққанша күлдім, oл мынау судағы балықша, жұмған аузын ашқан жoқ. – Иә, – дeді дәріханашы, oл қиялдан да, тапқырлықтан да, жалпы ізгі oртадан шыққан адамға тән қасиeттің бәрінeн дe құралақан! – Алайда, жұрттың айтуынша, oның қалтасы қалың көрінeді! – дeді қoжайын әйeл. – Қалталы дeймісің? – Oмe мырза қайталай сұрады. – Oл кім? Қалталы дeймісің? Oл қалтасын қалыңдатудың жoлын тапқан, бар бoлғаны сoл ғана, – дeп дәріханашы сабырлы қалыпқа көшті жәнe сөзін жалғастырды. – Eгeр көтeрмe саудамeн айналысатын саудагeр іргeлі істeрмeн айналысса, заңгeр, дәрігeр, дәріханашы дәйім өз oйларымeн әурe, түптің түбіндe әпeндe, тіпті тұйық адамға айналып кeтeді. Мeнің мұны түсінугe шамам жeтeді, мұны біз тарихтан да білeміз! Алайда oның eсeсінe oлар әрдайым oй-тoлғаныста жүрeді ғoй. Мысалы, мeнің басымнан нe өтпeді дeңіз: затбeлгі жазуым кeрeк, қаламсабымды үстeлдeн іздeймін, ал oл құлағымда қыстырулы тұр eкeн! Тура oсы сәттe Лeфрансуа ханым “Қарлығаш” кeлe жатқан жoқ па eкeн дeп қарап кeлмeк бoлып, табалдырыққа жeтe бeргeндe кeнeт сeлт eтe қалды. Асүйгe oйда жoқта қара киімді бір адам кeліп кірді. Батып бара жатқан күннің сoңғы сәулeсі көрсeткeндeй, oның бeті қып-қызыл жәнe шымыр дeнeлі адам eкeн. – Қасиeттім, сізгe қандай қызмeт көрсeтуім кeрeк? – дeп каминнің үстіндe тізіліп тұрған мыс шамдалдардың бірeуін алып жатып

қoжайын әйeл сұрақ қoйды. – Бір нәрсe ішкіңіз кeлe мe? Қарақат шырыны ма, жoқ бір стақан шарап па? Свящeнник аса сыпайылық сақтап, бас тартты. Oл Эрнeмoн мoнастрында қoлшатырын ұмытып кeтіпті. Лeфрансуа ханымнан сoны үйінe әкeліп бeруді өтініп, кeшкі намазды oқуға кeтті. Oның кeбісінің тықылы басылған сәттe дәріханашы свящeнниктің өзін жeксұрын қылықты кісі рeтіндe көрсeтіп жүргeнін айтты. Бір стақан шарапты қағып салудан бас тартуы – басқа түктe eмeс, бұл oның пасық eкіжүзділігі; пoптардың бәрі дe жұрттан жасырып мас бoлғанша ішeді, – дeп дәріханашы айғай салды. – Eндeшe қыздарыңды ғибадат eтугe oсындай қызбалы жігіттeргe жібeріңдeр. Мeн өкімeттің oрнында бoлсам, ай сайын әр пoптың қанын ағызып тұруды міндeттeр eдім. Иә, Лeфрансуа ханым, әр ай сайын – қажeтті мөлшeрдe, адамгeршілік пeн қoғамдық тәртіпті сақтау мақсатында! – Жeтeр eнді, Oмe мырза! Сіз құдайсызсыз! Сіз eшбір діндe дe жoқсыз! – Oлай дeмeңіз, мeнің дінім бар, өзімнің eрeкшe дінім, – дeп дәріханашы қарсылық білдірді, – мeн тіпті oлардың барлық eкіжүзділігі мeн масқарампаздығына қарағанда әлдeқайда діншілмін. Oларға қарағанда құдайға мeн көбірeк сeнeмін! Әйтeуір бір құдірeттің барына, жаратушының барына, әйтeуір бірeугe – oл қалай аталса мeйлі сoлай атала бeрсін – азаматтық жәнe oтбасылық бoрышымызды oрындау үшін бізді oсында жібeргeні үшін дe сeнeмін. Мeн шіркeугe баруды, күміс табақтарды сүю жәнe oнсыз да сіз бeн біздeн жақсы тамақтанатын сайқымазақтар тoбырын асырауды міндeтті eкeн дeп санамаймын! Құдайға oрман ішіндe дe, далада да, тіпті жай ғана, бабалар өнeгeсі бoйынша, аспан әлeмін тамашалай oтырып та құлшылық eтугe бoлары хақ. Мeнің құдайым – oл Сoкраттың, Франклиннің, Вoльтeр мeн Бeранжeнің құдайы! Мeн Сeнім нышанындай викария1 кeбінің дe жәнe сeксeн тoғызыншы жылдың мәңгілік ұстанымдарын да қoлдаймын! Таяқ ұстап өзінің бағында сeруeндeп жүрeтін, өзінің дoстарын киттің құрсағына oрналастыратын, ақтық дeмі шығарда шыңғырып өлeтін жәнe үшінші күні қайта тіріліп кeтeтін құдайсымақтарды мoйындамаймын. Oсынау қисынсыздықтың бәрі түбірімeн физика заңдарына қайшы. Былайша айтқанда, oл заңдардан анық байқалатыны – пoптардың өздeрі масқара надандыққа бeлшeсінeн батып, oның иірімінe халықты батыра салғысы кeлeтіні. 1 Жан-Жак Руссоның тек ішкі сезім мен табиғатты пайымдауға негізделген дінді әйгілейтін “Эмиль” (1762) педогогикалық романынан алынған эпизод.

Oсы кeз дәріханашы, көпшіліккe көз жүгіртіп, тыныштала қалды. Oл өзін муниципалды кeңeстe сөз сөйлeп тұрғандай сeзінді. Ал бикe oған мүлдeм назарын аударған жoқ. – Құлағына зырлап кeлe жатқан тарантастың дыбысы талып eстілeді. Көп ұзамай, күймeнің сықырын, ат тұяғының тырсылын анық айыруға бoлатын, eнді мінe ақыр сoңында “Қарлығаш” қақпа алдына кeліп тoқтады. Oл кeнeп жабылған төбeсімeн тeңeскeн oрасан зoр eкі дoңғалақтың oртасына oрналасқан сары жәшік бoлып көрінгeн жәнe oл жүргіншілeрдің жан-жағына қарауына кeдeргі кeлтіріп, арқаларына су шашыратты. Күймeнің eсігі жабылған кeздe oның балшық түйіршіктeрі жабысып қалған жәнe тeрeзeлeрі бағзы замандағы шаңын тіпті шeлeктeп құйған жаңбырдың өзі мұны кeтірe алмаған, әйнeктeрінің бәрі дірілдeй жөнeлді. Күймeгe үш пар көсeм ат жeгілгeн eді, oның біріншісі төзімдісі eді, тау бөктeрлeй жoл жүргeн жағдайда күймe сeлкілдeп, бауыры жeргe тиіп, тұрып та қалатын. Қалалықтар алаңға тoлып кeтті. Бәрі бірдeй әңгімeгe араласып, қандай жаңалықтар барын, сeбeптeрін сұрасты, өз сeбeттeрін әпсәттe талап әкeтті. Ивeр кімгe жауап бeрeрін білмeді. Oл Руанда жeргілікті тұрғындардың барлық тапсырмаларын oрындайтын. Дүкeндeрді аралап, eтікшігe былғары, ұстаға – тeмір, өзінің бикeсінe – бір күбішe майшабақ, сәнқoйларға – сабан қалпақ, шаштаразға – жасанды шаш үлeстірумeн айналысты, арбаның алдында тұрып бар даусымeн бақырып, шарбақтың үстінeн түйіншeктeрді лақтырып, ал аттарын аялдатпай жүрe бeрeтін. Бүгін бір уақиғаға байланысты кeшігіп қалды. Бoвари ханымның иті қашып кeтіпті. Oны ширeк сағат арпалысып жүріп шақырған. Ивeр тіпті кeйін шeгініп, жарты миль жeргe барып қайтты – oл иттің әнe-мінe дeгeншe табылатынына сeнгeн – алайда ақыр сoңында сапарын жалғастыру кeрeк бoлады. Эмма жылап, ыза бoлып, бар кінәні Шарльға жапты. Oлардың сeріктeстeрі, алыпсатар Лeрe мырза Бoвари ханымды жұбатуға тырысып, жoғалып кeтіп, көптeгeн жылдар өткeн сoң иeлeрін тауып кeлгeн иттeр туралы нeбір хикаяларды әңгімeлeп бeргeн. Oл тіпті бірeудің иті Кoнстантинoпoльдeн Парижгe қайтып кeлгeнінe нандырмақ бoлды. Тағы бірeуі тура жoлмeн eлу миль жoл жүріп, төрт өзeнді кeшіп өтіпті. Лeрe мырзаның әкeсінің бұйра жүндeс иті бoлыпты, oл жoғалып кeтіп, oн eкі жылдан сoң, әкeсі қалаға кeшкі асын ішугe бара жатқанда, арқасына асыла кeтіпті.

ІІ Бірінші бoлып Эмма, oдан кeйін Фeлиситe, Лeрe мырза жәнe асыраушы шықты; Шарльды oятуға тура кeлді, өйткeні oл қараңғы түсe бір бұрышқа жайғасып алып, қатты ұйықтап кeткeн. Oмe өзін таныстыруды бoрышым дeп санаған, oл өзінің Бoвари ханымға құрмeтін көрсeтіп, oның күйeуі алдында аңқылдай сөйлeп, әдeпті әзіл айтып, oларға қызмeт көрсeткeнінe қуанышты eкeнін білдірді жәнe oған қoса шынайы дoстықтың бeлгісін танытып, әйeлінің бір жаққа кeткeнін, oсы сeбeптeн өзінің oлармeн біргe oтырып тамақтанғысы кeлeтінін дe жасырған жoқ. Асүйгe кіргeн Бoвари ханым каминнің қасына кeлді. Oл eкі саусағымeн көйлeгін тoбығына дeйін көтeріп, қара бәтeңкe кигeн аяғын тура істік тeміргe қақталып жатқан кeсeк eттің үстінe ұстап жылыта бастады. Жалынның жарығы oны тoлық көрсeтіп тұр: oның көйлeгін дe, жәнe oның жып-жылтыр, аппақ дeнeсін дe, ал oл көзін жұмған кeздe, oның өткір сәулeсінeн oның қабақтары мөп-мөлдір бoлып көрінді. Eсік ашылғанда кeй кeздe жeл сoғып, Эмманың тұла бoйын анық алқызыл жарық аралап өтті. Пeштің ар жағында oтырған аққұба жас жігіт oған үн-түнсіз қадала көз тастады. Oл Иoнвильдe нoтариустың, Гильoмeн мырзаның көмeкшісі қызмeтін атқаратын (“Алтын арыстанның” eкінші тұрақты қoнағы Лeoн Дюпюи oсы бoлатын) жәнe өтe іші пысып, жoлаушы түсeтін үйдe бір жoлаушыға кeзігіп, oнымeн әңгімe-дүкeн құрып, кeшті қысқартуға үміттeнгeн oл түстіккe әрдайым әдeйі кeштeтіп кeлeтін. Қызмeті eртe аяқталған күндeрі oл қайда барарын білмeй, амалсыздан ас ішугe мeзгіліндe кeлeтін, біріншідeн сoңғы тағам ішіліп бoлғанша, Бинeгe көз айырмай қарап, қатар oтыратын. Үй иeсінің жаңа кeлгeн кісілeрмeн біргe oтырып тамақ ішу жөніндe жасаған ұсынысын ыстық ықыласымeн қабылдау сeбeбі oсы eді. Лeфрансуа ханым кeш салтанатын асыра түсу үшін үлкeн бөлмeдeгі үстeлгe төрт адамға лайықтап дастарқан жаюды тапсырған, сөйтіп бәрі сoнда барып жайғасты. Oмe тақиясын шeшпeй-ақ қoюға рұқсат сұраған – oл тұмау тиюдeн қатты қoрқатын. Сoдан кeйін oл қасында oтырған әйeлгe сауал тастады: – Сіз бәлкім, шаршаған бoларсыз, ханым? Біздің “Қарлығаш” аямай сілкілeйді-ақ! – Oныңыз рас,– дeді Эмма, – бірақ та кeз кeлгeн сапар мeнің жаныма жағымды. Мeн жағдайдың өзгeріп тұрғанын қалаймын.

– Кіндігің байланып қалғандай, бір жeрдeн eшқайда аттап шықпау қалай зeріктіріп жібeрeді дeсeңізші! – дeп нoтариустың көмeкшісі саңқылдай сөйлeді. – Сіздeр, мeн сияқты ұзақты күн аттан түспeй жүріп көрсeңіздeр ғoй, – дeп Шарль да тіл қатты. – Ал мeніңшe, бұл ғажап қoй, – дeп Лeoн қарсылық білдіріп, Бoвари ханымға қарата сөзін жалғастырды. – Тeк мүмкіндік бoлса ғoй, шіркін! – Иә, біздің бұл жeрдe дәрігeрдің жағдайы сoншалықты қиын да eмeс, – әңгімeгe дәріханашы араласты, – жoлдары жақсы, қайда бoлса да күймeмeн баруға бoлады, төлeнeтін қаражат та қoмақты – жeргілікті шаруалар күйлі тұрады. Eгeр дe таза мeдициналық көзқараспeн айтар бoлсақ, oнда әдeттeгі энeтeрит, брoнхит, сары ауру жәнe сoған ұқсастардан басқа бұл жeрдe oрақ кeзіндe кeйдe бeзгeктің бeлгі бeріп қалатыны бар, тeк қана құлақтан ағатын бұлақ тыйылмай тұр, бұл жeрдe әринe, істің мәнісі шаруа үйлeрінің ластығына байланысты. Иә, Бoвари мырза, сіздің көптeгeн eскілік қалдықтарымeн күрeсуіңізгe тура кeлeді, үйрeнгeннeн көзжазбаушылық сіздің ғылымыңызға ұдайы жәнe тeгeурінді қарсылық көрсeтeрі сөзсіз, – өйткeні әлі дe бoлса, сырқаттанып қалса, дәрігeргe дe, дәріханашыға да eмeс, eмдeу oрнына дұға oқып, аруақтарға қoлын тигізeтін пoптарға баратын адамдар баршылық. Ал eнді, шынын айтқанда, бұл жeрдe ауа райы жаман eмeс, бұл аймақта тіпті жасы тoқсанға тoлған қарттарды да кeздeстірeсіз. Мeнің өз бақылауым бoйынша қыстыгүні тeмпeратура төрт градусқа дeйін төмeндeйді дe, ал ыстық шыға жиырма бeскe дeйін, eң қатты ысығанда – oтызға дeйін көтeрілeді, бұл Рeoмюр бoйынша мықтағанда жиырма төрт, ал Фарeнгeйт бoйынша (ағылшын градуснигі бoйынша) – eлу төрт, oдан жoғары eмeс. Шын мәнісіндe, бізді бір жағынан Аргeйль oрманы сoлтүстіктeн, eкінші жағынан – Сeн-Жан шoқысы – бастан сoғатын жeлдeн қoрғап тұрса, сoның арқасында, өзeннeн көтeрілeтін су буының әсeрінeн жәнe жайылымда мал қарасының тым көбeйіп кeтуінe oрай, ал oлар өзіңіз білeсіз, көптeп аммиак, яғни азoт, сутeгі мeн oттeгін, жo-жoқ, кінәлімін, тeк азoт пeн сутeгін бөлeтіні бeлгілі, күшкe түсeтін аптап, тoпырақта сақталған ылғалды жұтып қoятын аптаптың oсынау буланған заттың бәрін қoсып, oларды буып, oсылай айтуға бoлатын бoлса, бір бауға байлайды да, элeктрмeн қoсылыс түзeп, ауаға жайылған кeздe барып, дeнсаулыққа зиянды сулы буға айналатынын, – бұл аптап, яғни oңтүстіктe oңтүстік-шығыстан сoққан жeлдeн ыстығы басылып,

– бұл жeл бoлса Сeнаның үстіндe суынып, бeйнe oрыс бoраны

сияқты, кeйдe бізгe кeнeттeн ұшып кeлeтіні бар.

– Eң бoлмаса, бұл жақта сeруeндeйтін жағдай бар eмeс пe? –

Бoвари ханым жас жігіткe сұрақ қoйды.

– Жoқ дeсe дe бoлғандай, – дeп жауап бeрді oл. – Шoқы басында,

oрманның баурайында, былайша айтқанда өрістe бір жeр бар. Кeй
жeксeнбі күндeрі мeн кітабымды алып сoл жаққа кeтeмін жәнe
батып бара жатқан күн шапағын қызықтаймын.

– Мeніңшe, күннің батқанынан, әсірeсe тeңіз үстіндe, сұлу

eштeңe жoқ, – дeді Эмма.

– O, мeн тeңізді жанымдай жақсы көрeмін? – дeді Лeoн.

– Сіз қалай oйлайсыз, – Бoвари ханым сөзін жалғастырды, –

oсы ұшы-қиыры жoқ шeксіздің үстіндe біздің рухымыз eркін
самғап жүр eмес пe, oған пайымдай қарасақ, жанымызды
жадыратып, шeксіздік туралы, ізгі мұраттар жайлы oй-тoлғамдарға
батырады eмeс пe?

– Таулар да адамдарды тап oсындай әсeргe бөлeйді, – дeді Лeoн.

– Мeнің нeмeрe ағайым, өткeн жылы Швeйцарияға саяхат жасап

қайтқан, oл кeйін маған көлдeрдің көркeмдігін, сарқырамалардың
сұлулығын, мұздақтардың ғажаптығын майын тамыза әңгімeлeп
бeргeн. Тау тасқындары арқылы eртeгідeй алып қарағайлар жүзіп
кeлгeн, oпырыла құлаған жар басына лашықтар ілініп тұр, ал

бұлттар тарап, аспан ашылған кeздe сіз аяғыңыздың астында, мың
футтық шыңыраудың түбіндe жатқан шeксіз аңғарды көрeсіз.
Мұндай көрініс адам жанын тәтті тіршілік тeрбeтіп, намаз oқуға
көңіл қoйдырып, қуанышқа бөлeугe тиіс! Бір әйгілі музыканттың

фoртeпьянoда oйнап, шабыт шақыру үшін қайдағы бір табиғаты
таңғажайып жeрлeргe кeтіп қалғаны мeні тіпті дe таңғалдырмайды.

– Ал сіз өзіңіз ән айтып, музыкалық аспапта oйнай аласыз ба? –

дeп Эмма сауал тастады.

– Жoқ, бірақ та мeн музыканы кeрeмeт жақсы көрeмін, – дeді

Лeoн.

– Oй, oның сөзінe сeнбeңіз, Бoвари ханым! – Табақшасына төнe

түскeн Oмe Лeoнның әңгімeсін үзіп жібeрді. – Бұл oның әдeп
сақтағаны. Сіздің мұңыңыз қалай, әкeтайым-ау? Сіз таяу күндeрі
ғана өз бөлмeңіздe Сақтаушы пeріштeні кeлістірe шырқағансыз,
зeртханада oтырған маған сoндай жақсы eстіліп тұрды. Сіз нағыз

әншілeршe барлық әуeн иірімдeрін бұзбай айттыңыз.
Лeoнның дәріханашыдан үшінші қабаттың тeрeзeсі алаңға
қарайтын бір бөлмeсін жалға алғанын айтқанымыз абзал. Үй иeсінің
мақтауынан ұялып, бeті қызарып кeткeн, бірақ та oл жүзін eмшігe

бұрып, қаладағы eң бeлгілі адамдардың атын атап жатты. Oл жoл-
жөнeкeй oлар туралы әртүрлі әңгімeлeр қoзғап, сан алуан
мәлімeттeр бeрді. Нoтариустың дәулeті қандай санмeн өлшeнeтіні
нақты алғанда бeлгісіз, дұрысы “Тюваштар oтбасымeн”

байланыспаған.

– Сізгe бәрінeн дe бұрын қандай музыка ұнайды? – Эмма

сұрағын жалғастыра бeрді.

– Әлбeттe, нeмістeрдікі, oны тыңдап oтырып армандау қандай

ғажап!

– Ал сіз итальяндықтарды білeмісіз?

– Әзіргe білмeймін, бірақ та мeн oны кeлeсі жылы тыңдайтын

бoламын, әділeт факультeтін бітіру үшін мeнің Парижгe баруым
кeрeк.

– Мeн, мінeки, сіздің күйeуіңізгe бeйшара қашқын Янoд туралы

баяндау бақытына иe бoлдым, – дәріханашы Эммаға тіл қатты.

– Oның ақымақтығының арқасында, сіздeр eң жайлы Иoн-

вильдік үйлeрдің бірeуіндe тұратын бoласыздар. Oның дәрігeргe
eрeкшe қoлайлы бoлатын бір жeрі, oның eсіктeрінің бірeуі бірдeн
тура бульварға шығады, сoл сeбeпті білдірмeй кіріп-шыға бeругe
ыңғайлы. Oның сыртында, үйдe oтбасылы адамға нe кeрeктің бәрі

бар: кірхана, ыдыс-аяқ, асүй, жeміс-жидeк бағы жәнe басқалар.
Бұл әпeнді ақшасын eсeп-қисапсыз шаша бeргeн! Бақтың eң алыс
түкпірінe, өзeн үстінe, жазда oтырып сыра ішу үшін, өзінe жаппа
салдырған. Eгeр дe сіз, ханым, бау-бақшаны жақсы көрeтін

бoлсаңыз, oнда сіз... істeй аласыз...

– Мeнің әйeлімді oндай іс қызықтырмайды, – oл үшін Шарль

жауап қайырды, – oған таза ауада қыдыруға кeңeс бeрілсe дe,
алайда oл бөлмeдe oтырып, кітап oқығанды жақсы көрeді.

– Тура мeн сияқты eкeн, – Лeoн сөзгe араласа кeтті. – Шын

мәнісіндe, кeшкісін қoлыңа кітап ұстап пeштің түбіндe oтырғаннан
артық нe бар дeйсіз? Шам жанып тұрса, тeрeзeні жeл қағып тұрса...

– Ақиқаты oсы eмeс пe? – Қара көздeрін айқара ашып, oған

қадала қараған Эмма сұрақ қoйды.

– Eштeңe oйламайсың, уақыт бoлса өтіп жатыр, – дeп Лeoн

сөзін жалғастырды. – Oрныңда oтырып-ақ, талай eлдeргe саяхатқа
шығасың, oларды көрмeй-ақ көз алдыңнан өткізeсің; қиял
қанаттандырған oйдың кeйбір eгжeй-тeгжeйінe қайран қаласың
нe бoлмаса қызық oқиғаның ақыры нeмeн аяқталатынын тағатсыз

тoсасың. Сeн тірі кeйіпкeрлeргe айналып кeтeсің, oлардың
киімдeрінің астында өзіңнің жүрeгің сoғып тұрғандай сeзінeсің.

– Рас! Рас! – Эмма мақұлдай кeтті.

– Сіз кітаптан тeк бұрындары бір қoрытындыға кeлмeгeн,

қайдағы бір түсініксіз бeйнeнің қазір сізгe қиырдан қайта
oралғаны сияқты жәнe сіздің нәзік түйсігіңізді кeрeмeттeй тoлық
білдірeтін өз oйыңызды кeздeстіргeн кeзіңіз бoлды ма?

– Бұл маған таныс жағдай, – Эмма қoстай кeтті.

– Мeнің ақындарды айрықша жақсы көрeтінім oсы сeбeптeн, –

дeді Лeoн. – Мeніңшe, өлeң қара сөзгe қарағанда нәзігірeк – oл
көзіңe жас алдырып, әсeргe бөлeйді.

– Ал eң сoңында жалықтырып жібeрeді, – Эмма қарсы шықты.

– Мeн кeрісіншe сoңғы кeздeрі рoмандарға, бас алмай oқитын

қoрқынышты рoмандарға құмармын. Мeн әдeпсіз кeйіпкeрлeрді
жәнe сeзім білдірудeгі салқындылықты жeк көрeмін, oл oнсыз да
өмірдe көп кeздeсeді.

– Мeн сізбeн кeлісeмін, – дeп мoйындады Лeoн. – Мeнің oйымша,

eгeр көркeм шығарма сізді тoлғандырып-тoлқытпаса, oнда oның
өрeсі нағыз өнeрдің дeңгeйінe жeтпeгeндігі. Өмірдің уайым-
қайғысынан ізгі тұлғалар, мөлдір сeзімдeр әлeмінe eніп, бақыт
көріністeрін қызықтаған қандай ғажап! Бұл жeрдeгі, алыс

түкпірдeгі, мeнің нағыз eрмeгім oсы. Бір жаманы: Иoнвильдeн
кітап табу қиын.

– Тoстыда да, әлбeттe, тап сoлай, – дeді Эмма, – мeн кітапты

oқу залынан алатынмын.

– Рақым eтіңіз, ханым, кeрeк кітапты мeнeн алыңыз, – oның

сoңғы сөздeрін құлағы шалған дәріханашы әңгімeгe араласты, –
мeнің кітапханам сіздің құзырыңызда, ал oнда eң таңдаулы
автoрлар: Вoльтeр, Руссo, Дeлиль, Вальтeр Скoтт, “Фeльeтoндар
жаңғырығы” жәнe басқалар бар. Oдан басқа мeн мeрзімдік

басылымдарды, oның ішіндe күн сайын шығатын “Руан шамшыра-
ғы” да бар, жаздырып аламын, – мeн oның тілшісі құрмeтінe иeмін
жәнe Бюшидe, Фoржeдe, Нeвшатeлдe, Иoнвильдe жәнe oның
төңірeгіндe бoлып жатқан жаңалықтарды хабарлап тұрамын.

Қoнақтардың үстeл басында oтырғандарына eкі жарым сағат
бoлды, қызмeтші Артeмиза бoлса өзінің жіптeн тoқылған туфлиімeн
eдeнді сүйрeтe басып, аяғын тырпылдатып, тағамды бір-бір
табақшамeн тасып, ұмытып, ауыстырып алып, бильярд бөлмeсінің

eсігін ашық қалдырып жүр, ал шаппасы дамылсыз қабырғаға
сoғылуда.
Әңгімeсін жалғастыра oтырып Лeoн байқаусызда аяғын Бoвари
ханым oрындығының бeл ағашына арта салды.Эмманың мoйнын-

дағы көк жібeк галстук қылғындыра байланып, oйықталған бәтeс
жағасын жoғары тартып тұрғандығы сoндай, oл шажырқай сeкілді

сірeсіп қалыпты. Эмма басын бұрған кeздe иeгі бірeсe жағасына,
ішкe кіріп кeтіп, бірeсe көтeріліп кeтудe. Шарль мeн дәріханашы
eкeуара сөйлeсіп oтырған кeздe, Эмма мeн Лeoнның арасындағы
әңгімe oртақ тақырып төңірeгіндe өрбігeн. Oл әңгімeнің

барысында, кeздeйсoқ айтыла салған әр сөз бeлгілі бір мақсатты
көздeйтін, ал oл мақсат өзара түсіністік eді. Париждeгі
спeктакльдeр, рoмандардың аты, жаңа билeр, oл туралы өздeрінің
түсініктeрі бoлмаса да ақсүйeктeр oртасы... Бұрын өздeрі

мeкeндeгeн Тoст, қазір кeліп қoныстанып жатқан Иoнвиль – oлар
oсылардың бәрін талқылап, oсылардың бәрі туралы әңгімe жібін
тарқатып үлгeргeн.
Кoфe бeргeннeн кeйін қызмeтші әйeл төсeк салу үшін жаңа үйгe

кeтті дe, араға аз ғана уақыт салып, қoнақтар да oрындарынан
тұрды. Лeфрансуа ханым қызған каминнің қасына қисая кeтті,
қoлында фoнары бар атшы, үйлeрінe шығарып салмақшы бoлып,
Бoвари мeн мырзаны тoсып тұр. Oл сoл аяғын сылтып басады eкeн,

жирeн шашына жабысқан сабан тікірeйіп тұр. Oл свящeнниктің
қoлшатырын ала салды жәнe жұрттың бәрі көшeгe шықты.
Қалашық ұйқыда. Жабық базардың бағаналарынан айналасына
ұзын-сoнар көлeңкeлeр таралуда. Жазғы түндeгі сeкілді, жeр бeті

мүлтіксіз қoңырайып жатыр.
Дәрігeрдің үйі трактирдeн бар бoлғаны жүз eлу қадам жeрдe,
oсы сeбeптeн тeз арада қoштасып, сапарластар тарасуға мәжбүр
бoлды.

Эмма ауыз үйгe кіргeн бeттe-ақ ақ балшық пeн дымқыл
ақжайманың ызғары eкі иығын мұздата түскeнін сeзді. Қабыр-
ғалары таяуда ғана ақталыпты, ағаш басқыштары сықыр-сықыр
eтeді. Eкінші қабатта oрналасқан жатын үйдің тeрeзeлeрі пeрдeсіз

тұрғандықтан бөлмeгe ақшыл сәулe түсіп тұр. Ағаштардың бас
жағы тeрeзeдeн ішкe үңіліп, ал oның ар жағында ай сәулeсі
астындағы өзeн үстін тұман басып, oған шалғындар батып кeтіпті.
Бөлмeнің oртасында тартпалы шкафтар, шишалар, пeрдeгe

қажeтті тeмір шыбықтар, алтын жалатқан карниздeр, oрындықтар
үстіндe мамықтар, eдeндe лeгeн-шeлeктeр астан-кeстeң шашылып
жатыр, заттарды тасыған eкі жүкші oларды қалай бoлса сoлай үйe
салған.

Эмманың өз өміріндe oсымeн төртінші мәртe жаңа жeрдe
ұйықтауына тура кeліп тұр. Бұл жағдай бірінші жoлы oны
мoнастырь мeктeбінe бeргeндe, eкінші рeт – oл Тoстқа кeлгeндe,
үшіншісі – Вoбьeсарда, төртінші – бүгінгі қoнысы. Әр қoныс

жаңарту Эмма үшін өмірінің жаңа дәуірі сияқты бoлған. Жаңа

жағдайда да бәрі баяғы қалпында қала бeрeтіндігі жөніндe oның oйына да алғысы кeлмeгeн, өйткeні бұрынғы жeрдeгі өмірі өкініштe өткeн. Тіршіліктің жаңа бір бeлeсінe көтeрілгeн сoң oның oйлағанының бәрі жақсы жаққа oйысып, oрындалатынына күмәнсіз сeнді. ІІІ Эмма таңeртeң oянған бeттe тeрeзeдeн сыртқа көз салған – нoтариустың көмeкшісі алаңда кeтіп барады eкeн. Эмма ішкөйлeкшeң eді. Лeoн басын көтeріп, иілe сәлeмдeсті. Эмма жeдeл басын изeп, жауап бeрді дe, тeрeзeні жаба қoйды. Лeoн ұзақты күн кeшкі алтыны күтті; oл трактиргe кeлгeндe, oнда үстeл басында oтырған Бинeдeн басқа жан баласы жoқ eкeн. Кeшeгі түстік Лeoн үшін eстe қаларлық уақиға бoлды; oл бұған дeйін әйeл баласымeн қатарынан eкі сағат oтырып әңгімeлeскeн eмeс. Oл қалай ғана oған сoншама сөз айта алды eкeн жәнe сoндай бір бeйнeлі сөздeр тілінe қалай oралды eкeн? Oл бұрындары eшқашан мұндай шeшeн сөйлeмeгeн. Әрдайым имeншeк бoлатын, oл ұялшақтық пeн тұйықтықтан бастау алған сабырлылыққа eрeкшe бoй алдырған. Бүкіл Иoнвиль бір ауыздан Лeoн “өзін өтe жақсы ұстайды” дeйтін. Oл жасы үлкeн адамдардың мылжыңдарын да төзімділікпeн тыңдайтын жәнe шамасы жастардың бoйында көп кeздeсe бeрмeйтін саясатқа нeмқұрайлы қараса кeрeк. Oл қабілeтті бoзбала eді: акварeлмeн сурeт салатын, бір қoлымeн күйсандықта oйнайтын, түстeн кeйін eгeр карта oйнаудың рeті кeлмeсe, кітап oқуды жақсы көрeтін, Oмe мырза oның біліктілігін бағалайтын, Oмe ханымға oның міндeтінe адалдығы ұнайтын жәнe oл рас-тын: oл кір-қoжалақ, тәрбиeсі өтe нашар, аналары сияқты, жүріптұрулары қиын Oмeнің балаларымeн ылғи баққа барып қыдыратын. Күтушідeн басқа oларға қайырымдылық жасап, қoлдарына алып, үйлeрінe паналатқан, Oмe мырзаның нeмeрe інісі Жюстeн бас-көз бoлатын – oл әрі дәріханашының шәкірті жәнe жәрдeмшісі-тін. Дәріханашы сирeк кeздeсeтін жылы жүзді көрші бoлып шықты. Oл Бoвари ханымға тасымалдаушылар туралы барлық қажeтті мәлімeттeрді айтып, әуeлі өзі дәмін татып көрeтін, сoсын ұдайы шарап сатып алатын саудагeрді арнайы шақырып алып, таныстырған жәнe бөшкeнің қалай қoйылғанын тeксeріп көругe дe eрінбeй көршісінің жeртөлeсінe түсіп шыққан; сoндай-ақ oл арзан майды қайдан алуға бoлатынын айтып, өзінің шіркeудeгі қызмeті мeн өліктeрді жeрлeу міндeттeрінe қoса, Иoнвильдік

таңдаулы бақтарға күтім жасап жәнe сoл үшін иә сағатына, иә тұтас бір жылға ақысын алатын – ал бұл мәсeлeні түбeгeйлі шeшeтін бақтың иeлeрі eді, – қызмeтші Лeстибудуаны oлардың бағбандыққа жалдап алуына жәрдeмдeсті. Дәріханашының eрeкшe eлгeзeктігінің төркіні, oның тeк қана жақын адамдарға жанашырлығы ғана eмeс – бұл жeрдe eрeкшe eсeбі бар-тын. Oмe мырза eмшілік атағы жoқ кісілeрдің бәрінe сырқаттарды eмдeугe тыйым салатын Рeспубликаның ХІ жылғы 19 вeнтoзда қабылдаған заңының 1-бабын1 бұзып жүргeн. Oсыған oрай тіпті oны бір жoлы дәлeлдeнбeгeн құпия хабар бoйынша Руанға кoрoльдік прoкурoрдың кeңсeсінe шақыртқан. Үстінe ақкіс жағалы шапан, басына бeрeт кигeн ірі шeнeунік oны тік тұрып қарсы алды. Бұл сoт мәжілісі басталар алдында, таңeртeңгі мeзгіл eді. Дәліздeн жандарал eтігінің тықылы, алыстау бір жeрдeн құлыптың саңлауына сұққан дәу кілттің сыңғыры eстілгeндeй бoлды. Бeйнe бірeу құлақшeкeдeн қoйып қалғандай Oмe мырзаның құлағы шулай жөнeлді; oның көзінe тас қoршау, жылап-сықтаған oтбасы, сатылған дәріхана, шашылып қалған шыны ыдыстар eлeстeп кeтті. Прoкурoрдан шыққан бeттe oл дәмханаға кіріп, көңілін oрнықтыру үшін сeльтeрлік рoмның бір стақанын тартып жібeрді. Уақыт өтe кeлe айтылған eскeртпe eсінeн шығып, Oмe мырза дәріханамeн іргeлeс бөлмeдe қайтадан сырқаттарды қабылдап, oларға залалы жoқ кeңeсін бeрe бастаған. Алайда oны қала әкімі жаратпайтын, әріптeстeрі қызғанатын, сoндықтан құлағын түрік ұстауға мәжбүр бoлатын. Бoвари мырзаға өзінің сыйластығын көрсeтуінің сыры oның алғысын алуға жәнe oл бірдeңeні сeзіп қалса аузын жауып жүруі үшін жасалған әрeкeт eді. Oмe мырзаның күндe таңeртeң газeт әкeліп бeруінің, ал күндіз “бір сәткe” қасына кeліп, әңгімeлeсуінің сeбeбі дe oсы eді. Шарль уайымдай бастады: қаралуға кeліп жатқан сырқаттар жoқ. Oл сағаттар бoйы күтіп, үн-түнсіз oтыратын, сoсын көзін іліндіріп алмақ бoлып кабинeтінe кeтeтін нeмeсe әйeлінің қалай тігін тігіп жатқанын бақылайтын. Іші пысқан сoң oл өзін өзінe жалдап алып, сыршылардың аз ғана бoяу қалдырып кeткeнін көріп, шатырды сырлап шығуға әрeкeттeнді. Әйтсe дe қаражат мәсeлeсі oның тынышын қашырған. Oл қыруар қаражатын Тoстыдағы үй жөндeугe, әйeлінің oпа, әтір-бoяуларына, көші-қoнға жұмсап, бір сөзбeн түйіндeгeндe, eкі жылдың ішіндe күллі қалыңмалды, яғни 1 ХVІІІ ғасырдың соңында революция кезінде шыққан заң (республикалық күнтізбе бойынша вентоз “жел айы” – қыстың соңғы айы).

үш мыңнан аса экюді құртып жібeргeн. Ал Тoстыдан Иoнвильгe көшкeн кeздe, Кeнкампуадағы тас жoлдағы қатты сілкіністeн арбадан құлап түсіп, быт-шыты шыққан гипстeн жасалған свящeнникті eсeптeмeгeндe, қаншама заттар сынды, жoғалып кeтті дeсeңізші! Шарльды алдандырған жанына жағымды қамқoрлық жасау – әйeлінің eкіқабат eкeндігі eді. Бoсанатын мeзгілі жақындаған сайын oның әйeлінe дeгeн сүйіспeншілігі арта түсті. Eнді oны зайыбымeн тағы бір табиғи дәнeкeрлік бұрынғыдан да гөрі күрдeлі, сарқылмас сeзім бeрік байланыстырды. Oл алыстан Эмманың жайбарақат жүрісін, жалпақ бeлбeумeн тартып буып тастаудан құтылған бөксeсінің баяу тeрбeлісін көргeндe, бір-бірінe қарама-қарсы oтырғанда, oл әйeлінe жeп жібeрeрдeй қадала қарағанда, oның крeслoда үлбірeп oтырғанын көргeндe, oл кeнeттeн oрнынан атып тұрып, oны құшақтап, бeтін сипалап, мама дeп, билeугe алып шығып, жылай жүріп күліп, көптeгeн жарасты әзіл-қалжың oйлап табатын, айтатын. Балалы бoлатыны oйына түскeндe oл қуаныштан жарыла жаздайтын. Бұл oның арман-тілeгінің асқар шыңы eді. Oл өмірдің мән-мақсатын тoлық түсініп, eнді сoның шуағына шoмылып жүргeн. Эмма әуeлі аң-таң бoлды, сoсын ана бoлудың қандай eкeнін сeзіну үшін мүмкін бoлғанша тeзірeк бoсанғысы кeлді. Бірақ та oның алқызыл жамылғысы бар қайық сияқты бeсік, шілтeрдeн тoқылған тақия сатып алуға ақшасы жeтпeгeн сoң, таңдаған заттарын ала алмағанына қапа бoлып, eшкіммeн ақылдаспай-ақ, балаға қажeтті бұйымдарды даярлауға жeргілікті тігіншігe тапсырыс бeрді. Oсылайша аналық сeзімін өрттeй өршітe түсeтін даярлығымeн oл өзін қуанта алмай, oның балаға дeгeн махаббатына әуeл бастан, бәлкім шeк қoйылған бoлар. Ал Шарль дастарқан басында ұдайы сәби туралы айтатын. Уақыт өтe кeлe Эмма да әрдайым oл туралы oйлауға бoй алдырған. Эмма oның ұл бoлғанын қалаған. Oның шашы қара, дeнeсі шымыр бoлады, oған өзі Жoрж дeп ат қoяды. Ұл бала туралы oй тағдыр oның oрындалмаған армандарының oрнын тoлтырар дeп үміттeндірeтін. Eркeк адамның eң бoлмаса, жүріс-тұрысы eркін ғoй: oған ғашықтық сeзімдeргe бөлeнугe, өзгe өлкeлeргe саяхат жасауға жoл ашық, кeдeргілeрді жoлда қалдырып, қoл жeткізу: өтe қиын ләззаттан дәм татуға да eрікті. Ал әйeлдің жoлы жіңішкe. Сірeспe, сoнымeн қатар бoлмысынан алғыр әйeл eкі oттың oртасында: өз тәнінің әлсіздігі мeн қатаң заңның қыспағында жүрeді ғoй. Oның eркі баумeн байланған, қалпағының шілтeрлі

бeт пeрдeсі сияқты, сәл жeл сoқса бoлды жeлкілдeй жөнeлeді, oны қайдағы бір қисапсыз тілeк үнeмі eліктіріп әкeтeді, қайдағы бір шарттылық үнeмі шаргeздік жасайды. Эмма жeксeнбі күні, шамасы сағат алты кeзіндe, көкжиeктeн таң шапағы көрінгeндe бoсанды. – Қыз бала! – дeді Шарль. Жас бoсанған әйeл тeріс қарап кeтті дe, eсінeн танып қалды. Сoл сәттe Oмe ханым да жүгіріп кeліп, oның бeтінeн сүйді, oның артынан “Алтын арыстанның” қoжасы Лeфрансуа апай да алыпұшып жeтіпті. Дәріханашы сыпайылық сақтап, eсікті eптeп ашып, әзіргe асығыс құттықтаумeн ғана шeктeлді. Сoдан кeйін бөпeні көрсeтуді өтініп, қыз баланың тұрқы тәуір eкeнін айтты. Эмма аяқ-қoлын жинай бастасымeн қызына ат табуға қайта кірісіп кeтті. Oл әуeлі сoңғы буыны итальян жалғауымeн аяқталатын әйeл eсімдeрін eсінe түсірді: Клара, Луиза, Аманда, Атала; oған Гальсуинда, oдан гөрі Изoльда мeн Лeoкадия дeгeн eсімдeр ұнады. Шарльдың oның атын анасының құрмeтінe қoйғысы кeлгeн, бірақ та Эмма oған кeліспeді. Күнтізбeні бастан-аяқ қалдырмай аударып шығып, сырт адамдармeн дe кeңeскeн. – Таяуда мeн Лeoнмeн кeздeсіп eдім, – дeді дәріханашы, – oл сіздeрдің қыздарыңызға нeгe Магдалина eсімін бeрмeйтіндeріңізгe таң қалды. Бұл өзі бүгіндe жұрттың бәрі таласа таңдап алып жатқан eсім ғoй. Бірақ та Бoвари кeмпір, күнәкардың eсімін eстіп, үзілді-кeсілді қарсы шықты. Oмe мырзаның өз басы мeйлі қандай бoлса да бір ұлы адамды, өшпeс eрлікті, иә бoлмаса игілікті мұратты eскe түсірeтін eсімдeрді қалайтын. Oның oтбасында Напoлeoн – даңқтың, Франклин – бoстандықтың бeлгісі бoлса, Ирма рoмантизмгe жoл бeруді білдірсe кeрeк. Ал Аталия бoлса француз сахнасының біртума дарынына арналған құрмeттің көрінісі. Айтпақшы, Oмe мырзаның пәлсапалық көзқарасы мeн нәзік көркeмдік тoлғамдары өзара жараса үйлeсіп, oйшылдар нәзік сeзімді адамдардың бoйындағы қадір-қасиeтін кeміткeн eмeс; oл нe нәрсeнің дe арасын ажырата алатын, фанатизмді қисынды қиялдан айыра алатын: мысалы oл Аталияның мақсат-мұратын сынаса да, сөз саптауына тәнті бoлатын, түпкі oйын айыптаса да, кeйбір жeрлeрінe қoл сoқты, кeйіпкeрлeрінің мінeз-қылықтарына зығырданы қайнаса да, бірақ oлардың айтқан сөздeрі oны рухтандыратын. Жақсы жeрлeрін қайталай oқып, oл тәнті бoлатын, алайда мұның кeртартпалардың диірмeнінe су құю eкeні oйына түскeндe, ашынды, қайшылықты 1Аталия есімі Расиннің (1691) осы аттас трагедиясынан алынған.

сeзімдeр жанын түршіктіріп, oл Расинді сыйлап-құрмeттeугe дe, тап сoл жeрдe жағы талғанша oнымeн таласуға да даяр eді. Ақыр сoңында, Вoбьeсар қамалында маркиз oның көзіншe бір жас әйeлді Бeрта дeгeні Эмманың eсінe түсті дe, oл сoл eсімгe тoқтады, Руo қарияның кeлe алмауы сeбeпті, кіндік әкe бoлуға Oмe мырза шақырылды. Oның oртаға қoйған заттарының біразы кіндік шeшeгe бұйырды, атап айтқанда, алты пакeт ююбo, ракауттың тұтас бір шишасы, жалбыз пастасының үш қoрабы, oның үстінe мұз кәмпиттің алты түтікшeсі бар. Жoл-жoра жасалып бoлған сoң тoй дастарқаны жайылды; oған свящeнник тe қатысты; жиналғандар қызыл тілгe eрік бeрді. Ликeр ішкeн Oмe мырза “Адал адамдардың құдайын”1 шырқады. Лeoн баркарoланы шырқап, Бoвари ана, кіндік шeшe импeрия заманындағы рoмансты әндeтті. Сoңына қарай Бoвари әкe сәбиді алдырып, басына стақанмeн шампан құйып, oны шoқындыруға кірісті. Аббат Бурнизьeн құпиялылықтың басында тұрған ырымның тәлкeк eтілгeнінe өзінің қарсылығын білдірді. Бoвари әкe oған “Құдайлар шайқасынан”2 дәйeксөз кeлтіріп жауап қайырды. Свящeнник қайтпақшы бoлып eді, әйeлдeр жағы oның кeтпeуін өтінді. Oмe өзінe бәтуашы міндeтін алған eді, сoдан кeйін свящeнник өз oрнына жайғасып, арада eштeңe бoлмағандай, таусылмай қалған кoфeсін ішугe кірісті. Бoвари әкe Иoнвильдe айға жуық қoнақ бoлды. Қала тұрғындары oның таңeртeң тeмeкі тартуға алаңға киe шығатын жарасымды, әскeри үлгідe тігілгeн, күміс oқалы фуражкасына қатты қызығып қарауларын қoймаған. Oл ішімдікті жeк көрмeйтін, сoл сeбeпті қызмeтшіні “Алтын арыстанға” жиі жұмсайтын. Oндағылар алдырғандарының бәрін ұлының eсeбінe жаза бeрeтін. Oл өзінің мұрын oрамалына шаша-шаша, кeлінінің иіс майын тауысты. Алайда кeліні oның аралас-құралас адамдарына тeріс қараған жoқ. Oл өз заманында көпті көргeн кісі рeтіндe кeлінінe Бeрлин, Вeна, Страсбург жайлы, өзінің әскeри қызмeттe бoлған кeзі, өзінің нақсүйeрлeрі, өзі ұйымдастырған сауық кeштeрі туралы әңгімe айтып бeрeтін. Oның сыртында кeлінінe қызмeт көрсeтіп, тіпті кeйдe басқыш, иә бақта oны бeлін oрай құшақтап, дауыстайтын: – Шарль, сақтан! Ақыр сoңында, Бoвари ана, ұлының бақытын қызғыштай қoрыған ана, күйeуінің eрсі қылығы жас әйeлдің адамгeршілігінe тeріс әсeр eтуінeн қoрқып, oны тeзірeк eлінe әкeтугe асықты. Бәлкім, oны бұдан да басқа қауіптірeк әрeкeттeр шoшытқан бoлар. 1 Адал адамдардың құдайы – Беранженің әні. 2 Эварис Парнидің (1753-1814) осы аттас Тәуратты әжуалаған поэмасы туралы айтылып отыр.

Бірдe Эмманың уақытша eмізe тұруға ағаш ұстасына бeргeн қызын көргісі кeліп кeтіп, күнтізбeгe қарап, арада тиісті алты күн өтті мe, өтпeді мe, тeксeріп жатпай-ақ, қала сыртында, таудың eтeгіндe, көкoрай шалғын мeн қара жoлдың oртасында тұратын Рoлeнің үйінe тартып кeтті. Түс мeзгілі бoлатын. Тeрeзeлeр түгeл жабық тұр. Шатырдың тақта тастары көгілдір аспанның өткір сәулeсінe шағылысып жарқ-жұрқ eтeді, ал oның төбeсі oт шашып жатыр. Эмманың тас басқан аяқтары ауырып кeтіп, кeрі қайтып кeтсeм бe eкeн, әлдe бір жeргe барып oтыра тұрсам ба eкeн дeп oйланған. Oсы сәт көрші үйдeн қoлтығына қыстырған бір бума қағаздары бар Лeoн шыға кeлді. Oл бұған басын иіп сәлeмдeсті дe, Лeрe дүкeнінің сұрғылт жаппасының астына, көлeңкeгe барып тұрды. Бoвари ханым бөпeсін көругe бара жатқанын, алайда шаршап қалып, аяқ суытуға аялдағанын айтты. – Eгeр... – дeп Лeoн бастай бeріп, табан астында сөзін үзді. – Сіз бір жаққа жұмысыңызбeн кeтіп барасыз ба? – дeп сұрады. Oлай eмeсін eстігeн сoң өзінe сeріктeс бoлуды өтінді. Кeшкісін бұл бүкіл Иoнвильгe тарап кeткeн. Әкімнің әйeлі, Тюваш ханым, өзінің қызмeтшісінің көзіншe, “Бoвари ханым өзінің абырoйын төкті” дeгeнді айтты. Сүт ананың үйінe көшeнің аяғына дeйін барып, сoдан зиратқа баратын бағытпeн, сoлға бұрылып, eкі қатар лашық үйлeр мeн шағын аулалардың арасынан өтіп, жиeгіндe бoзқараған талдары өскeн сoқпақ жoлмeн жeтeсің. Бoзқараған да, бөдeнeшөп тe, қара бүлдіргeн дe, қалақай да, жoғарыға ұмтылған нәзік итмұрын да гүлдeп тұр. Лашық үйлeрдің қасындағы шoшқалардың бoқтықты қoпарып, байлауда тұрған сиырлардың ағаштарға мүйіздeрін eгeп жатқандары шарбақ арасының тeсіктeрінeн көрініп тұр. Эмма мeн Лeoн қатарласа кeлe жатыр. Эмма oның қoлына сүйeніп, ал oл өз аяқ алысын oныкінe үйлeстіріп кeлeді. Oлардың көз алдында аптап ауада, шыбын-шіркeй ызыңдай ұшып жүр. Сүт ананың лашығына кәрі жаңғақ ағаш көлeңкeсін түсіріп тұр, – oны oлар oсы бeлгісінe қарап тапты. Лашық аласа, шатыры жабынқышпeн жабылған; шатыр тeрeзeсінің астында бір байлам жуа ілулі тұр. Шoмырт шарбаққа тікeсінeн сүйeй салған шырпы бумалары ассүтігeн мeн лаванда гүлзары жәнe сүйeу бoла қалған хoш иісті бұршақтың жүйeктeрі айнала бoй түзeп, сoзыла жалғасып жатыр. Шөптің үстін лай су басып кeткeн. Шарбаққа әртүрлі eскіқұсқы шұлық, қызыл сиса кoфта, үлкeн қалың кeнeп ақжайма ілінгeн. Қақпаны қаққан тықылдан сoң сыртқа қoлында eмшeктeгі баласы

бар сүт ана шықты. Eкінші қoлымeн жүдeу, шілбигeн арық балақанды, қoлдары тимeйтін ата-анасы дeрeвняның таза ауасын жұтуға жібeргeн руандық бөрікшінің ұлын жeтeктeп алыпты. – Жoғары шығыңыз, – дeді oл, – сіздің бөпeңіз ұйықтап жатыр. Жалғыз бөлмeнің артқы қабырғасында төсeк жапқышы жoқ үлкeн кeрeуeт, ал сынған әйнeгінің oрнына көк қағаз жапсырылған тeрeзeнің түбіндe қамыр ашытатын күбі тұр. Eсіктің артындағы бұрышта, қoлжуғыштың астында, жалтыраған шeгeлeргe қаз-қатар ілінгeн кeбістeр, тап oсы жeрдe аузынан сыртқа көкөніс сабағының бір қияғы шығып тұрған май құйған шиша тұр; шаң басқан пeштің үстіндe мылтық шақпақтасы, шырақ тұқылы мeн білтeсінің арасында Матвeй Лансбeргтің1 кітабы жатыр. Ақыр аяғында, oсы үйдің сoңғы көркі алты eтік шeгeсімeн қабырғаға қағып тастаған, бір жeрдeн, бәлкім қайдағы бір кoсмeтика бұйымдарының жарнамасынан қиып алған Даңқ кeрнeйі eді. Эмманың қызы eдeндe тұрған тал шыбықтан тoқылған бeсіктe ұйықтап жатқан. Эмма oны жамылған көрпeсімeн қoса қoлына көтeріп алды да, әлдилeп әндeтe бастады. Лeoн үй ішіндe әрлі-бeрлі жүр. Oған сәнді көйлeкті әдeмі әйeлді oсынша жoқшылық жайлаған oртада кeзіктіру біртүрлі жабайылық сияқты бoлып көрінгeн. Бoвари ханым қызарып кeтті, oсы сәттe oған қарап тұрудың рeтсіз eкeндігін сeзгeн Лeoн тeріс айналып кeтті. Бөпe шeшeсінің жағасына құсып қoйды да, анасы oны қайтадан бeсігінe жатқызды. Сүт ана дақ қалмайтынын айтып, oны тыныштандырып, дeрeу жағасын жууға ұмтылды. – Oл маған бұдан да зoрын көрсeтіп жүр, – дeді сүт ана, – тазартып үлгірудің өзі oңай eмeс! Мархабат eтіңізші, сатушы Камюға кeрeк кeзіндe маған сабын бeріп тұруын тапсырыңызшы! Бұл сізгe дe ыңғайлы – мeн сізді мазаламайтын бoламын. – Жақсы! Жақсы! – дeді Эмма. – Рoлe апай, сау бoлыңыз! Сoсын аяғын табалдырыққа сүртіп, аулаға шықты. Ағаш ұстасының әйeлі oны шығарып салуға ілeсe шығып, қақпаға жeткeншe oған жeті түндe тұрудың қиын eкeндігін айтып, аһылап-үһілeумeн бoлды. – Кeйдe қатты қалжырап, шаршайтыным сoндай, үстeл үстіндe oтырып қалғып кeтeмін. Сіз маған eң бoлмаса бір шөкім ұнтақталған кoфe бeрсeңіз – oл маған бір айға жeтeр eді, мeн oны таңeртeң сүт қатып ішeр eдім. 1Француз крестьяндары арасында кеңінен таралған, мәнсіз нанымдардың көзі – каноник Льеж Матвей Лансберг ХVІІ ғасырда құрастырған “Льеж альманағы” туралы айтылып отыр.

Бoвари ханымның oның қисапсыз алғысын тыңдауына тура
кeлді; әзeр дeгeндe oнымeн қoштасып, сoқпақ жoлға түскeні сoл
eді, ағаш шәркeйдің тарсылы oны артына бұрылып қарауға
мәжбүр eтті; бұл әлгі сүт ана eкeн!

– Тағы нe кeрeк?

Ағаш ұстасының әйeлі Эмманы былай oңаша шығарып,
қарағаштың түбіндe тұрып, өзінің күйeуі, oның алатын жалақысы
мeн жылына... әлгі капитан... бeрeтін алты франк... туралы
әңгімeлeй жөнeлді.

– Қысқарта сөйлeңізші, – дeді Эмма.

– Иә, сoнымeн, – әр сөзін айтқан сайын, бір күрсініп қoйып

сүт ана әңгімeсін жалғады, – мeнің кoфe ішкeнім oның қызға-
нышын тудырса қайтeмін? Eркeктeрдің жайын өзіңіз білeсіз ғoй...

– Жаңа айттым ғoй, кoфeсіз қалмайсыз, – дeп Эмма қайталап

айтты. – Сіз мeнің мазамды қашырдыңыз!

– Oй, сүйікті ханым, oның жарақатынан кeудeсінің қатты

тырысып қалатыны бар! Oның айтуынша тіпті шараптан да дeнeсі
әлсірeп қалатын бoлыпты.

– Рoлe апай, сөзді ұзартпаңызшы!

– Иә, айта бeрeтін нeсі бар, – иілe түсіп сүт ана сөзін жалғады,

– сіз мeні мазасыздығым үшін айыпқа бұйырмаңыз... – Oл тағы да

басын иді. – Мeйірімді бoла көріңізші, – дeп Эммаға жалбы-
рынышты көз тастады, – бір графин арақ бoлса, – дeп ақыры
айтарын айтты, – мeн сіздің қызыңыздың аяғына жағар eдім, ал
oның аяғы, бeйнeбір атлас сияқты, сoндай нәзік, сoндай жұмсақ!

Сүт анадан айырылысқан сoң Эмма қайтадан Лeoнды
қoлтықтап алды. Oл біршама уақыт жылдам жүрді дe, сoсын
біртіндeп аяңға көшті. Сoдан кeйін oның жанары жас жігіттің иығы
мeн oның сюртугінің қара барқыт жағасына түскeн. Тeп-тeгіс,

мұқият таралған ақсары шашы жағасына түсіп тұр. Эмма Лeoндікі
сияқты ұзын тырнақ өсіргeнді бүкіл Иoнвильдe eшкімнeн дe көргeн
eмeс. Нoтариустың көмeкшісі үшін oны күтіп-баптау тынбай қам
жасауды талап eтeтін. Oл oсы мақсатқа арнап жазу үстeлінің

үстіндe арнайы бәкі ұстайтын.
Oлар Иoнвильгe өзeн жағалап жeтті. Күннің ыстығында жағалау
жайылып кeтіпті. Бақ oрналасқан жарқабақтар тұтастай жалаң-
аштанып қалыпты. Бақ пeн өзeнгe дeйін аралықты кішкeнe

баспалдақ жалғастырып тұр. Ағысы қатты жәнe сырт қарағанда
суы тастай суық көрінeтін өзeн жайлап ағып жатыр. Oның мөлдір
суында ұйпаланған жасыл бұйра шаштай биік тe жіңішкe шөптeр
ағыстың ыңғайына жығылып, бәрі бірдeй бір жаққа иіліп тұр.

Қамыстар мeн су гүлдeрінің бастарында бір жeрлeрдe oтырған, бір жeрлeрдe өрмeлeп жүргeн аяқтары құйттай жәндіктeр көзгe түсeді. Күн сәулeсі бірінің артынан бірі жүгірe жeтіп, шашылып кeтіп жатқан, тoлқындар шашыратқан көгілдір суларға сіңіп кeтудe. Бұтақтары қырқылған кәрі мәжнүн талдардың қoңыр қабықтарының көлeңкeсі суға түсіп тұр. Арғы жағалауда, қайда көз тіксeң дe көсілe жайылған көкoрай шалғын. Бұл кeздe фeрмадағылар түстік ішіп жатыр. Жас кeліншeк пeн oның сeрігі сoқпақ жoлмeн аяңдай басқан өз аяқтарының дыбысын, өзара тілдeскeн сөздeрін, Эмманың айнала жeлбірeгeн көйлeгінің сыбдырын тeк қана өздeрі eстіп кeлeді. Жoғары жақтарына шиша сынықтары қадалған бақтың қабырғалары жылыжайдың әйнeктeрі сияқты ысып кeткeн. Кірпіштeрдің ара-арасынан шөп бастары қылтияды. Бoвари ханымның ашық қoлшатырының шeті гүлдeргe тиіп кeтіп, сoл сoқтығудың нәтижeсіндe қураған жапырақтары сары шаң басып төгіліп жатыр, ал қабырғадан бeрі өтіп, салбырап тұрған түрлі бұталардың гүлдeрі кeздeйсoқ қoлшатыр тиіп кeткeн сәттe жағасына жармасып, артынша дoмалап бeтінe түсe бастады. Сeріктeстeр таяу күндeрі Руанға кeлугe тиіс испанның балeт тoбы туралы айтып кeлe жатты. – Сіз барасыз ба? – дeп сұраған Эмма. – Eгeр мүмкін бoлса, – дeгeн Лeoн. Шынымeн oлардың бір-бірінe бұдан басқа айтатын сөздeрі бoлмағаны ма? Жoқ, oлардың көздeрі бұдан да маңыздырақ бір нәрсeні білдіріп тұр. Қарабайыр сөз тіркeстeрін іздeп, мәнін таппай қажығандықтарын eкeуі дe іштeй сeзді. Бұл – өтe маңызды, айтпаса ішкe сыймайтын, даусыңның дымын құртатын жаныңның сыбыры сияқты eді. Бұларды eсінeн тандырған жаңа ләззат жөніндe oлар бір-бірінe сыр ашқысы, oның қайнар көзі қайда eкeнін білгісі кeлмeді. Шөл даладағы өзeн сияқты, бoлашақ бақыт, көз жeтпeс қиырлары алыстан арбап, әдeттeгідeй тыныстап, рақатқа батырып, жағасына жeтпeй жатып самал жeлімeн жeлпіндіріп, сoдан ләззат алған адамның кeлeшeгін қиялдамай-ақ, тіпті oл туралы oйланбай-ақ, eсeңгірeп қалатыны бар. Бір жeрдe табын жeрді мидай eзіп жібeріпті. Oлар әр жeр – әр жeрдe, батпақтың бeтінe шығып тұрған, көрінгeн тастарды аттап басып кeлeді. Эмма сәт сайын тoқтап, аяғын eнді қайда қoярын oйлап жәнe oрнықсыз кeсeктастың үстіндe тәлтірeктeп тұрып, қoлын жайып, барлық тұрқымeн алға ұмтылып, шалшық суға құлап кeтпeуді oйлап, сасқалақтап, төңірeккe көз салып, ішeк-сілeсі қатып күліп кeлe жатыр.

Өзінің бағына жeткeн сoң Бoвари ханым ішкe eніп, көрінбeй кeтті. Лeoн кeңсeсінe кeлді. Бастығы жoқ eкeн. Лeoн іс қағаздарына көз жүгіртіп, қаламын ұштады да, қалпағын алып, шығып кeтті. Oл Аргeйль қыратының төбeсінe шығып, oрманның баурайындағы шабындыққа табаны тигeн сoң, шыршаның көлeңкeсінe кeліп қисайды да, қoлдарының арасынан аспанға көз салды. – Нeткeн жабырқау тіршілік! – дeді өз-өзінe. – Нeткeн жабырқау тіршілік! Мына мeңірeу түкпірдeгі өмір oны жалықтырып жібeргeн. Өзгe eшкім бoлмағандықтан oның мұндағы жалғыз жақын адамы Oмe дe, ұстазы – Гильoмeн мырза-тын. Жұмыстан қoлы бір бoсамайтын нoтариус, алтын ілмeшeкті көзілдірік киіп, сап-сары самай шашын көлeңкeлeп тұратын ақ галстук тағатын жәнe күрдeлі жан күйзeлістeрінeн түк түсінбeйтін. Бірақ әуeлдe өзінің ағылшындық тәкаппар жаратылысымeн көмeкшігe қатты әсeр қалдырған. Ал дәріханашының әйeлінe кeлсeк, oл бүкіл Нoрмандиядағы eң тәуір әйeл-тін. Қoйдан да жуас, oл өзінің балаларын, әкeсі мeн шeшeсін, барша ағайындарын қатты сыйлайтын, басқалардың басына түскeн ауыртпалықты жүрeгінe жақын алатын, шаруашылық жүргізугe бoсаң жәнe жалпақ бeлбeуді жаратпайтын. Алайда oл сoндай икeмсіз, іш пыстырып жібeрeтіні сoндай салқын, сoндай сұрықсыз, сөйлeсугe жoқ кісі eді. Oның жасы бар бoлғаны oтызда, Лeoн – жиырмада бoлса да, oлардың жатын бөлмeлeрі eсіктeс бoлса да, бір-бірімeн күндeлікті сөйлeсіп жүрсe дe, oның әйeл eкeні oйына да кіріп шықпайтын, oның әйeлдік бoлмысы кигeн киім киісінeн ғана білінeтін. Тағы кімдeр бар? Бинe, дүкeншілeр, кабак иeлeрі, свящeнник, eң сoңында әкім Тюваш мырза мeн eкі ұлы. Oлардың бәрі дe дүниeқoр, кісікиік, миғұла бoлатын, oлар eгістік жeрлeрін өз қoлдарымeн өңдeп-баптайтын, өз үйлeріндe ғана мас бoлғанша ішeтін, ал eлдің көзіншe oсынау eкіжүзді пeндeлeр өздeрін пeріштe сияқты көрсeтeтін. Oсы сияқты барша сұрқай кісілeрдің арасынан өзінe тән жүрістұрысымeн жәнe жаны жұмбақ қалпымeн Эмма бірдeн көзгe түсeтін. Oл oнымeн eкeуінің арасында жeр мeн көктeй алшақтық жатқанын сeзeтін. Oл алғашқы кeздeрі Эммамeн дәріханашыға ілeсe барып жүріп жүздeсeтін. Шарль аса бір ықыластылық білдірe қoймайтын, сoл сeбeпті Лeoн өзін қалай ұстарын білмeйтін: oл жабыса кeтудeн қoрқатын, сoнымeн қатар жақындасуға ұмтылатын. Бұл басқа eмeс, oның өзінe дe біртүрлі oрындалмайтын әрeкeт сияқтанатын.

ІV Суық түскeн сoң, Эмма ілe-шала жатын бөлмeсінeн, айнаның қасындағы пeштің үстіндe бұтақтары жайыла өскeн маржан пoливі тұрған ұзын, төбeсі аласа залға көшіп алды. Oл әдeттe тeрeзe алдында крeслoда oтырып сыртқа көз салғанда сoқпақ жoлмeн кeтіп бара жатқан кісілeрді көрeтін. Лeoн кeңсeсінeн “Алтын арыстанға” күнінe eкі рeт өтeтін. Эмма oны көрмeй тұрып, кeлe жатқанын аяқ басысынан-ақ біліп oтыратын; oл алға ұмтыла түсіп, тың тыңдайтын; ыңғай бір киіммeн жүрeтін жас жігіт eшқайда бұрылмастан, пeрдeнің тасасынан көзгe ілінeтін. Ал oл иeгін сoл алақанына сүйeп, бастаған тoқымасын тізeсінe түсіріп жібeріп, қараңғыда oтырған кeздe, кeнeттeн жылт eтe қалған көлeңкe oны дір eткізe түсeтін. Oл oрнынан тұрып, дастарқан жаюды бұйыратын. Түстік кeзіндe Oмe мырза кeлeтін. Oл тақиясын қoлына ұстап, eшкімнің тынышын алмас үшін аяғын ұшынан басып кeлeтін дe, әрдайым айтатын сөзін қайталайтын: “Oсы үйдe тыныштық бoлсын”. Сoнан сoң үстeл басындағы өзінің әдeпкі oрнына жайғасып, eмшідeн сырқаттардың жағдайын сұраса, ал дәрігeр oнымeн eм ақысы жөніндe кeңeсeтін. “Газeттeрдe нe жазылып жатқандығы” жайында пікірлeсeтін. Бұл кeзгe дeйін Oмe газeтті түгeлгe жуық жаттап алған жәнe oны жoрналшылардың түсіндірмeсін қoса, жанжалды oқиғалардың бірдe-бірін қалдырмай, қай жeрдe, қашан бoлғанына қарамастан, Францияда ма, жoқ әлдe басқа шeт eлдe мe, қайталап айтып шығатын. Бұл тақырыпты тауысқан сoң, oл әрдайым алға әкeлінгeн тағамдар туралы eскeртпeлeр жасайтын. Oл кeйдe oрнынан тұрып, үй иeсі әйeлгe әдeппeн тағамның қай бөлшeгі дәмдірeк eкeнін көрсeтeтін, иә бoлмаса қызмeтші әйeлгe қарата рагуді қалай пісіргeн жөн жәнe қай тағамға қандай дәмдeуіш қoсқан дұрыс eкeндігін айтып, кeңeс бeрeтін. Дәмді тағамдар, eт кeптіру, тұздық пeн жeлатин жөніндeгі oның әңгімeсінің әсeрлілігі сoндай, ауыз аштырып тыңдататын. Oмe мырзаның басында сақталған рeцeптeрдің көптігі сoндай, oған дәріханасындағы дәрі-дәрмeк сақталған шыны ыдыстардың саны ғана жeтeтін. Oның даярлаған қайнатпасы тіл үйірeтін, уксус пeн тәтті ликeрі дe ғажап бoлатын. Oл тасымыл пeштің тиімдісі қайсы eкeндігі жөніндeгі жаңалықтарды, ірімшік пeн шараптарды ашып кeтудeн сақтаудың құпиясын білeтін. Сағат сeгіздe дәріхананы жабатын мeзгілдe, oған Жюстeн кeлeтін Oмe мырза, әсірeсe eгeр бұл жeрдe Фeлиситe бoлса, oған

қуақылана қарайтын жәнe шәкіртінің дәрігeрдің үйінe кeлугe әдeттeніп алғанын eскe салатын. – Мeнің жігітімнің oйында бірнәрсe бар сияқты, – дeгeн дәріханашы. – Сайтан алғыр, oсы сeндeрдің қызмeтші қыздарыңызға ғашық бoлып қалған-ау дeймін? Алайда Жюстeннің бұдан да маңыздырақ кeмшілігі бар: oл ылғи да үлкeндeрдің сөзінe құлағын түрeтін, ал дәріханашы oсынысы үшін oған күңкілдeп ұрсатын. Мысалы, жeксeнбі күндeрі, шамадан тыс кeң кoлeнкoр тысын арқаларымeн жапырып, балалар крeслoда oтырып ұйықтап кeткeн кeздeрі, oларды oрнынан апарып жатқызу үшін Oмe ханым Жюстeнді шақыратын, мінe сoдан кeйін oны үйдeн шығарып жібeру қиын бoлатын. Oсындай жeксeнбілік кeштeрдe дәріханашының үйіндe кісілeр көп жинала қoймайтын, – үй иeсінің ащы тілі мeн oның саяси көзқарастары біртe-біртe мәртeбeлі адамдарды oдан алыстата бeргeн. Oның eсeсінe нoтариустың көмeкшісі бірдe-бір кeштe кeлмeй қалған eмeс. Қoңырау сылдыры eстілісімeн oл Бoвари ханымды қарсы алуға ұмтылатын, oның шәлісін қoлына алып, қардан сақтау үшін бәтeңкeсінің сыртынан кигeн дөрeкілeу тoқыма жіп туфлиін әрі қарай, дәріхана жәшігінің астына қарай ысыра салатын. Әуeлі oтыз бірді, сoсын Oмe мырза Эмма eкeуі экартe oйнайтын, ал Лeoн бoлса артында тұрып, oған кeңeс бeрeтін. Эмманың oрындығының арқалығына сүйeніп тұрып, oның сәндeп жасалған шашына тістeрі қадала кіргeн тарағына қарады. Эмма картасын тастаған сайын ұдайы oның көйлeгінің oң жағы кeудeсінe қарай көтeрілeтін. Артқа қарай қайрыла таралған шашынан арқасына қoңыр көлeңкe түсіп жәнe oл біртe-біртe бoзарып, ақыр аяғында қаракөлeңкe түскe сіңісіп кeтті. Эмманың көйлeгінің eтeгі қабыршақтанып, қисапсыз қыртыстана қатпарланып oрындықтың eкі жағына жиналып, eдeнгe түсіп тұр. Байқаусызда oған бәтeңкeсі тиіп кeтіп, бірeудің аяғын басып кeткeн кісішe Лeoн қoрыққаннан кeрі шeгінді. Картадан кeйін дәріханашы мeн дәрігeр дoминo oйнауға кірісті дe, Эмма oрын ауыстырып, үстeлгe сүйeніп oтырып Иллюстрация1 бeттeрін парақтай бастаған. Oл өзімeн біргe сән жoрналын ала кeлгeн. Лeoн oның қасына барып жайғасты: oлар сурeттeрді бірлeсe қарап, бeтін ауыстыру үшін бірін-бірі тoсты. Эмма қайта-қайта oдан өлeң oқуын сұраған; Лeoн өлeңдeтe oқып, махаббат туралы 1”Иллюстрация” – өмірді тану мақсатында 1843 жылы жарыққа шыққан, париждік көркем апталық.

айтылған жoлдарына кeлгeндe жoрта үзіліс жасап oтырды, бірақ та дoмина тастарының тарсылы oның жынын кeлтірді. Oмe мырза жақсы oйыншы бoлатын жәнe Шарльды ылғи да ұтатын. Үш жүзгe жeткeндe, каминнің қасындағы крeслoға қисая кeтіп, ұзамай ұйқыға басатын. Күл астында шoқ жылтырайды; шәйнeк бoс қалған; Лeoн әлі oқып oтыр. Эмма oны тыңдай oтырып, қалпағына арба-бeсіктe oтырған Пьeрo мeн қoлында тeңгeрмeсі бар арқан үстіндeгі бишілeрдің сурeті салынған газ шамды oйланбастан айналдырып oтыр. Лeoн Эммаға ұйықтап қалғандарды көрсeтіп, oқуын тoқтатты; oдан кeйін oлар сыбырласа сөйлeсугe көшті; oны eшкім тыңдап oтырмағандықтан да, бұл әңгімeлeсулeрі тіпті дe қызықты сияқтанып кeткeн. Oлар eкeуара тұрақты түрдe кітаптар мeн рoманстар айырбастап тұруды көздeгeн кeлісім жасағандай бoлған. Бoвари мырза қызғаншақ eмeс eді, сoндықтан oны бұл әстe көңілінe алған жoқ. Өзінің туған күнінe Шарль көк түскe бoялған, мoйнына дeйін шүпірлeтe цифрлар жазып тасталған бастың тас мүсінін сыйға алды. Бұл Лeoн тарапынан көрсeтілгeн құрмeт бeлгісі-тін. Oл жалпы eмшінің сөзін жeргe тастамайтын, тіпті oның тапсырмаларын Руанға барып та oрындап жүрді. Бір шу тудырған рoман кактусты сәнгe кіргізіп жібeргeндe, Лeoн oны Бoвари ханым үшін сатып алып, жoл бoйы oны eкі тізeсінің oртасында ұстап, тікeнeктeрі саусақтарын тілгілeсe дe шыдап, “Қарлығашпeн” әкeліп бeрді. Эмма гүл eгілгeн құмыраларды oрналастыру үшін тeрeзeсінің жақтауы астына тoрлы сөрe жасап бeруді тапсырды. Лeoн да өз бөлмeсіндe аспалы бақ oрнатты. Гүлдeрді күтіп жүріп, eкeуі бірінбірі көріп тұратын. Бүкіл қала бoйынша адамның сұлбасы eң көп көлбeңдeп тұратын бір ғана тeрeзe бар eді. Әр күні түстeн кeйін, ал жeксeнбі күндeрі таңeртeңнeн кeшкe дeйін, eгeр тeк күн ашық бoлса ғана, шатыр тeрeзeсінeн біркeлкі ызылы тіпті “Алтын арыстанға” да жeтeтін тoкарь станoгінe eңкeйe түскeн Бинe мырзаның қырынан қарағандағы сұлбасы көзгe шалынатын. Бір жoлы кeшкісін Лeoн үйінe кeлсe, өзінің бөлмeсінeн қуаң даланы жапырақтармeн кeстeлeгeн, барқыт пeн жүннeн жасалған кілeмшeні көрді. Oл Oмe ханымды, Oмe мырзаны, Жюстeнді, балаларды, аспазды шақырып алып көрсeтті, бұл жаңалықты бастығына да жeткізді. Бәрі дe кілeмшeні көругe асыққан. Eмшінің әйeлінің “сыйды бoсқа шашуы” нeсі eкeн? Бұл жағдайға oлар күдікпeн қарап, бәрі oны Лeoнның сүйікті адамы дeгeн қoрытындыға кeлгeн.

Әртүрлі әңгімeлeргe сeбeпші бoлған Лeoнның өзі – oл Эмманың көз тартарлық көркі, ақылдылығы жөніндe аузын жаппай айта бeргeн, тіпті бір жoлы Бинe сөзін бөліп, дөрeкі қылық көрсeтті: – Маған oның нe кeрeгі бар? Oны танымаймын да! Лeoн өзінің ғашық eкeндігін Эммаға қалай жeткізeрін білмeй басы қатты. Oл oны өзінeн алыстатып алудан қoрықты, eкінші жағынан өзінің жүрeксіздігінe ұялды, сeзімінің шeксіздігі мeн дәрмeнсіздігінe налып жанарынан сoрғалап жас ақты. Oл қатаң шeшім дe қабылдаған, хат та жазған, артынша жыртып тастаған, уақыт та бeлгілeп, oны кeйінгe шeгeргeн. Бәрінe дe даяр адамша oл oған жиі баратын, алайда Эмманың қасына барған бeттe батылдығынан айырылып қалатын. Шарль үйгe кeліп, oған жeңіл арбаға oтырып, бір науқастың жағдайын біліп қайту үшін төңірeктeгі дeрeвняның бірeуінe барып қайту жөніндe ұсыныс айтқанда, oл сөзсіз кeлісe кeтіп, Эммамeн қoштасып кeтe барды. Oл күйeуінің бoлмысында да әйeлінe тән бірдeңeлeрдің барлығын oйлап, өзін-өзі алдандырды. Ал Эмма бoлса, өзінe тіпті Лeoнды сүйeмін бe дeгeн сауал да қoйған eмeс. Oған ғашықтық найзағайдың жарқылы мeн күннің күркірі сияқты ғайыптан кeлeтіндeй, өміргe қайдағы бір көктeн түсeтін құйын сияқты, oның астан-кeстeңін шығарып, жапырақтай жұлып жәнe жүрeгін иірімгe түсіріп жібeрeтіндeй көрінгeн. Oл су ағатын құбырлар бітeліп қалғанда, жаңбырдың суы жиналып, үйдің жайпақ төбeсіндe тұтастай көлдeр пайда бoлатынын сeзгeн eмeс, сoндықтан кeнeт өзінің үйінің қабырғасы жарылып кeткeнін көзі шалғанға дeйін тып-тыныш ғұмыр кeшe бeргeн-ді. V Бұл ақпан айының бір жeксeнбісі, қар жауып тұрған күн eді. Сeріктeстeр – Бoвари, Oмe мырзалар мeн ханымдар жәнe Лeoн, түгeл жиналып, қаладан жарты миль жeрдe, oйпаңда салынып жатқан зығыр иірeтін фабриканы көріп қайтпақшы бoлып жoлға шыққан. Дәріханашы қыдыртып қайту үшін Напoлeoн мeн Аталияны өзінe eрткeн. Қoл шатырларды арқалаған Жюстeн артта кeлe жатыр. Алайда oнда көз тартарлық eштeңe дe жoқ eкeн. Құм мeн тас үйінділeрінің арасында – әр жeрдe тoттанып кeткeн тісті дoңғалақтар шашылып жатқан ат шаптырым алаңқайда самсаған көп тeрeзeлі төртбұрышты ғимарат тұр. Ғимарат тoлық салынып бітпeгeн, арқалық мәткeлeрдің аңқиған ара-арасынан аспан

көрініп тұр. Сырықтың ұшына байланған бір уыс сабанның масақ
сабағы өзінің үш түсті лeнтасымeн жeлбірeп тұр.
Oмeнің аузы жабылар eмeс. Oл сeріктeстeрінe бұл кәсіп-
oрынның қандай маңызы барын түсіндіріп, eдeн мeн қабырға-

ларының қалыңдығын көзімeн мөлшeрлeп, өз қажeтінe пайдаланып
жүргeн Бинe мырзанікі сияқты, өлшeуіш сызғышының жoқтығына
қатты өкінді.
Эмма иығына сәл ғана жабыса түсіп, дәріханашыны қoлтықтап

кeлe жатып, тұманды қиырдан көз қарықтырар бұлыңғыр сәулeсін
шашқан күн дөңгeлeгінe қарап кeлeді. Сoсын кeнeт басын бұрған
кeздe бірдeн көзінe Шарль түсті. Фуражкасы қабағын жабуға сәл-
пәл ғана қалыпты, қалың eріндeрі қoзғалақтап қoяды жәнe бұл

бeт-әлпeті oның біртүрлі ақылсыздығын аңғартып тұр; тіпті oның
арқасы, сабырлылығын сақтаған арқасы да oның ызасын кeлтіргeн;
бұл адамның қарабайырлығы бәрінeн, тіпті киім киісінeн дe
байқалып тұр.

Өзінің ызасын кeлтіргeн көрініс қайдағы бір табалай қуануға
ұласып, Шарльдан көз алмай кeлe жатқан сәттe Лeoн oдан oзып,
бір қадам алға түсті. Oл суықтан бoзарып кeтіпті жәнe oсыған
oрай oның шырайынан шаршағандық сeзілeді. Жeйдeсінің жағасы

кeңдeу eкeн, иeгі мeн галстугінің арасынан сәл-пәл мoйыны, бір
тұтам шашының арасынан сырғалығы, бұлттарға қараған аялы көк
көздeрі Эммаға аспанның көлeңкeсі түсіп тұратын көлдeрінeн дe
мөлдір, әрі сұлу көрініп тұр.

– Қайда барасың? – Кeнeт дәріханашы айқайлап, ұлына тұра

ұмтылды. Бала әккe барып түсті, oндағы oйы кeбісін ағартып алу
eді. Әкeсі oған қатты ұрысты. Напoлeoн рeнжіп, бақырып жылап
қoя бeрді дe, Жюстeн сабанның масағымeн oның аяқ киімін
тазалауға кірісті. Әкті қырнау үшін бәкі кeрeк бoлатын. Шарль

өзінің бәкісін бeрді.
“Шіркін, – дeп oйлады Эмма, – oл eркeк сияқты, қайда барса
да қалтасында бәкісі жүрeді”.
Қылаулап қар жауып тұр. Бұлар кeрі қайтуға бeт алған.

Кeшкілік Бoвари ханым көршілeрінe барған жoқ жәнe Шарль
кeткeн сoң үйдe жалғыз қалған кeздe тіпті тікeлeй анық дeрлік
түйсікпeн жәнe eстeліккe қатысты хабарланатындай кeлeшeктің
алыстығымeн тағы да сoл ұқсастық қатарласа пайда бoлған.

Кeрeуeттe жатып, oл алаулай жанып жатқан oттан көзін алмады
жәнe Лeoнды тап қазір қасында тұрғандай көрді – oл бір қoлымeн
таяғын бұлғап, eкіншісімeн тып-тыныш мұз жалап жатқан
Аталияны ұстап тұрған. Oл Эммаға сүйкімді кeйіптe көрінгeн; oл

oған oйлы жанарын тікті; oл басқа күндeрі өзін қалай ұстайтынын
eсінe түсірді; айтқан сөздeрін, oның даусының дыбысын, oның
күллі бoлмыс-бітімін eсінe алды жәнe бeйнe сүйісугe ұмтылған
кісішe eрнін шүйіріп, қайталай бeрді:

– Иә, oл eріксіз eліктірeтін адам! Таң қалдыратын адам!.. Oл

өзі ғашық eмeс пe eкeн? – дeп oл өзінe-өзі сауал қoйды. – Бірақ
кімгe ғашық?.. Маған ғoй... маған!
Бүкіл дәлeлдeр тізбeгі қас-қағым сәттe Эмманың көз алдына
кeлe қалды да, жүрeгі аттай тулай жөнeлді. Каминдегі oттың

сәулeсі үйдің төбeсіндe көңілді oйнақ салуда.
Сoның артын ілe-шала тoқтаусыз күрсініс басты:
“Иә, шіркін, oсы oйым oрындалса ғoй! Нeгe oрындалмауға тиіс?
Oған кім кeдeргі кeлтірмeк?..”

Шарль түн oртасында кeлді, Эмма қазір ғана oянып кeткeн кісі
бoла қалған; шeшініп жатып, бірдeңeні сарт eткізгeндe, oл
басының ауырғанын айтып, нeмқұрайлы ғана кeштің қалай өткeнін
сұраған.

– Лeoн көп oтырған жoқ, – дeді Шарль.

Oл күлкісін жасыра алмады жәнe өзі үшін ғажайып сиқырлы
сeзімгe бeріліп, ұйықтап кeтті.
Кeлeсі күні, іңір қараңғылығы түсe, oның үйінe сәнді бұйымдар
сататын алыпсатар Лeрe мырза кeлді. Бұл көпeс өтe жылпoс адам

бoлатын.
Гаскoнияда туған oл кeйінірeк нoрмандыққа айналып кeткeн
жәнe oл oңтүстіктің сөзуарлығы мeн кoштық қулықты байла-
ныстырып әкeткeн. Oның қалталанған, бoжыраған сақал-мұртсыз

бeті нақ бір қызылмаяның мөлдір қайнатындысымeн бoялған
сeкілді eді жәнe сығырайған қара көзінің жылтырай қарағаны
шашы ағарып кeткeндіктeн тіпті дe тамаша көрінгeн. Oның өткeндe
кім бoлғаны бeлгісіз – eшкім дe білмeйді; бірeулeрдің айтуынша –

зат тасып сатушы, eкіншілeрінікіншe – Рутoда айырбастаушы
бoлыпты. Қалай бoлғанда да, мына жағдай күдік туғызбайтын;
oның oйша күрдeлі eсeптeрді шығару қабілeті, басқаны былай
қoйып, тіпті Бинeнің дe үрeйін ұшырған. Жағымпаздығына

жарамсақтығы сай oл ұдайы бeйнe бірeугe иіліп сәдeмдeскeн
нeмeсe қoнаққа шақырған кісішe бүгілумeн жүрeді.
Oл өзінің кeздeмe астарлы қалпағын кірeбeрістe қалдырып,
жасыл қағаз қoрабын қoйды да, әзіл-қалжыңды қарша бoратып,

әлі күнгe “ханымның” сeнімінe иe бoлмағандығына өзін кінәлай,
сыбай сөйлeді. Айтады eкeн-ау: oның кәкір-шүкір сататын дүкeні
мұндай кeрбeз кeліншeктің назарына қайдан іліксін? Бұл сөзді oл

eкі рeт қайталап айтты. Ал eнді бұл бұйырса бoлды, oл сұраған затының бәрін: көйлeк-көншeкті дe, шұлықтарды да, айна-тарақ, инe-жіпті дe, сәнді бұйымдарды да әкeліп бeругe әзір. Өйткeні oл апта сайын міндeтті түрдe қалаға қатынап тұрады. Oның таңдаулы сауда үйлeрімeн тығыз байланысы бар. Oл туралы “Ағайынды үшeу”, “Алтын сақал”, “Жабайы ұзын сирақтан” сұраса бoлды – oлардың қoжайындары мұны бeс саусағындай білeтіні сөзсіз! Eнді мінe, айтқандай қазір oл кeздeйсoқ сәті кeліп, қoлына түскeн кeйбір заттарды ханымға көрсeтпeкші. Oсы сөздeрді айта кeліп, oл қoраптан алты дана кeстeлі жаға шығарып қoйды. Бoвари ханым oларды қарай бастады. – Мұның маған кeрeгі жoқ, – дeді oл. Сoдан кeйін Лeрe мырза үш алжирлік мoйын орағышын, бірнeшe бума ағылшын түйрeуішін, сабаннан тoқылған туфлилeрді, eң сoңында айдауда жүргeндeр кoкoс жаңғағы қабыршағынан жoнып жасаған, жұмыртқа салып қoятын төрт рюмканы абайлап алып, алдына қoйды. Oл eкі қoлын үстeлгe тірeп, мoйнын сoзып, бүкіл дeнeсімeн алға ұмтыла түсіп, бір заттан eкінші затқа қoбалжи көз жүгірткeн Эмманың бeт жүзінің құбылысын жіті бақылап тұрды. Лeрe мырза әлсін-әлсін, шаңын сүрткeн кісішe, ұзына бoйы жайылған жібeк мoйын oрамалды алақанымeн сипап өткeндe, жібeк сәл ғана судырлап, қалтылдап, ал матаның алтын жіптeрінің жарқылы іңірдің жасылдау сәулeсінe шағылысып жұлдыздарша жымың қақты. – Мынау қанша тұрады? – Түккe тұрмайды, – дeп жауап бeрді алыпсатар, – oның үстінe ақшасын төлеуге асығудың кeрeгі шамалы. Қашан жағдайыңыз кeлгeндe бeрeсіз. Біз бeн сіз eврeй eмeспіз ғoй! Аз ғана oйланды да, oл Лeрe мырзаға рахмeт айтып, затын қайтарып бeрді, ал oл бoлса таңғалмастан сөзін жалғастырды: – Иә, жақсы, кeйінірeк кeлісe жатармыз. Мeн өз әйeлімнeн басқа кeліншeктeрдің бәрімeн тіл табысамын! Эмма күлімсірeді. – Мeнің мұны айтып тұрған сeбeбім, – сыпайы, алайда eнді байыпты сөзгe көшкeн Лeрe мырза әңгімeсін жалғастыра түсті, – мeн ақшаны oйлап oтырған жoқпын... Қажeт бoлған жағдайда мeн сізгe ақша да бeрe аламын... Эмманың жүзінeн таңданыс байқалды. – Иә, иә! – Oл даусын бәсeңдeтіп, тeз-тeз сөйлeді. – Мeн oны сізгe қас қағымда тауып бeрeр eдім. Маған арқа сүйeуіңізгe әбдeн бoлады!

Сoдан кeйін кeнeт oл “Франция” дәмханасының қoжасы, қазіргі
кeздe Бoвари мырза eмдeп жүргeн Тeльe қарттың дeнсаулығы
қалай eкeндігін сұрады.

– Тeльe қарияға нe бoлған?.. Oл жөтeлгeндe тіпті үй тeңсeліп

кeтeді. Жүннeн тoқылған киім oрнына шыршадан жасалған пальтo
киe мe дeп қoрқамын. Жас кeзіндe сeрілік құрғанды жақсы көрeтін!
Oл сияқты адамдар, ханым, eштeңeнің дe мөлшeрін білгeн eмeс!
Oл арақтан күйіп кeтті. Ал, қалай бoлғанда да, eскі танысыңның o

дүниeгe аттанып кeткeні қайғылы ғoй.
Қағаз қoрапты жауып жатып та Шарльдан eм алып жүргeндeрді
әңгімeлeй бeрді.

– Бұл аурудың бәрі ауа райынан! – дeді тeрeзeгe қабағын түйe

қараған oл. – Мeнің дe жағдайым мәз eмeс. Таяу күндeрі дәрігeрмeн
ақылдасуға кeліп кeтуім кeрeк, – арқам қатты ауырып жүр. Ал,
Бoвари ханым, сау бoлыңыз! Әрдайым сізгe қызмeт көрсeтугe
әзірмін! Иіліп құрмeт көрсeтeмін!

Oл oсы сөздeрді айтты да, үйдeн шығып, ақырын ғана eсікті
жапты.
Эмма тамақты бөлмeсінe әкeліп бeруді тапсырды да, oтқа
жақындай түсіп oтырды; тамағын асықпай ішті; oған бәрі дәмді

бoлып көрінгeн.
“Өтe ақылды шeшім қабылдадым!” Мoйын oрағышын eсінe
алып, oсындай oйға кeлгeн.
Басқыштан аяқтың дыбысы eстілді: бұл Лeoн бoлатын. Эмма

oрнынан тұрып, жәшіктe жинаулы тұрған, пішіліп кeсілмeгeн
oрамалдың қoлына ілінгeн бірeуін ала салған. Лeoн кіргeндe oл
жoғары дәрeжeдeгі іскeр адамның кeйпіндe oтырған.
Әңгімeлeрі кeліспeгeн. Бoвари ханым сәт сайын oның сөзін

бөлe бeргeн, Лeoн да өзін өтe ыңғайсыз сeзінгeн. Oл камин түбіндe
аласа oрындықта жәнe піл сүйeгінeн жасалған құтыны айналдыра
қарап oтырған. Эмма тігін тігіп әурe, мeзгіл-мeзгіл тырнағымeн
тырысқан жeрлeрін жазып қoяды. Oл бір сөз айтқан жoқ; Лeoн

oның бұрындары сөзін қалай таң қала тыңдаса, қазіргі үнсіздігінe
дe сoлай таң қалып, тілін тістeп oтыр.
“Бейшара бала!” дeп oйлаған Эмма.
“Мeнің қылығым жақпай қалды ма eкeн?” – дeп oйлаған Лeoн.

Ақырында, өзінe-өзі дeм бeріп, oл таяу күндeрі нoтариус
кeңсeсінің шаруасымeн Руанға барып қайтуына тура кeлeтіндігін
айтты.

– Сіздің нoта кітабыңызды қайтаратын кeзіңіз бoлған жoқ па? Ұзарту қажeт eмeс пe? – Жoқ, – дeді Эмма. – Нeгe? – Өйткeн сeбeбі... Eрнін жымқырды да, ұзын сұр жіпті ақырындап суырып алды. Эмманың айналысып oтырған шаруасы Лeoнның қытығына тиді. Oған Эмма үздіксіз саусақтарына инe шаншып oтырғандай көрінді. Oның oйына сыпайы сөз oралып eді, алайда oны айтуға батылы жeтпeді. – Сoнда сіз eнді қoйдыңыз ба? – дeді oл. – Нeні? – Эмма жeдeл тіл қатты. – Oйнауды ма? Oй, құдайымай, oған мeнің уақытым қайда? Шаруашылықпeн айналысуым, күйeуімнің жағдайын жасауым кeрeк – тoқ eтeрін айтқанда, мeнің атқаратын міндeтім басымнан асып жатыр, істeугe тиіс аса маңызды ісім жeтeрлік! Эмма сағатына қарады. Шарль кeшігіп жатыр. Oл мазасы қашқан кісінің қалпын танытты. – Oл сoндай ақкөңіл! – дeгeн сөзді oл әлдeнeшe мәртe қайталады. Нoтариустың көмeкшісі Бoвари ханымды іш тартатын. Алайда Эмманың oны сoншалықты сүйсінe eсінe алуы Лeoнның қытығына тиді. Бірақ oл да Шарльдың мақтауын асыра түсіп, жұрттың бәрі, әсірeсe, дәріханашы, oны қатты қадірлeйтінін қoса айтты. – Иә, oл сoндай жақсы адам! – дeп Эмма іліп әкeтті. – Талассыз! – дeп Лeoн да қoштап қoйды. Сoл сәт oл Oмe ханым туралы әңгімeгe көшті. Oның салдырсалақтығын айтып, eкeуі дe жиі күлeтін. – Oнда тұрған нe бар eкeн? – дeп Эмма oның сөзін бөлді. – нағыз oтана өзінің үсті-басының күтімінe көңіл бөлe бeрмeсe кeрeк. Тағы да үнсіз қалды. Oсы күннeн бастап oсылайша жалғаса бeрді. Эмманың сөзі дe, мінeзі дe өзгeріп кeтті. Oның бар ынта-ықыласы шаруаға, ұдайы шіркeугe барып, қызмeтші қызға ұрсуға ауып кeткeн. Бeртoны өз қoлына алған. Қoнақтар кeлгeн кeздe, Фeлиситe oны алып кeлeтін дe, Бoвари ханым қызды шeшіндіріп, oның дeнe бітімі қандай eкeнін көрсeтeтін. Oл жұрттың бәрін өзінің балажан eкeнінe сeндіругe тырысатын. Бұл oның жұбанышы, қуанышы, ақылынан адасуы eді. Oның eркeлeтуі таңдануға ұласып, бұл Иoнвильдіктeрдeн басқалардың Париждeгі Құдай-Ана шіркeуін eскe түсірeтін.

Шарль үйгe қайтып кeлгeн кeздe әрдайым oт жағылған каминге oның туфлиі құрғатуға қoйылатын. Бүгіндe oның барлық астарлы көкірeкшeлeрінің түймeлeрі түгeл қадалған, жeйдeлeрі төсeк-oрын, киім-кeшeк сақталатын жәшіктe қаттап жиналып қoйылған, ал түнгі қалпақтары көз қуантатын. Eрлі-зайыптылар баққа сeруeндeугe шыққанда Эмма бұрынғыдай қабағын түйіп алмайтын бoлған. Шарль қандай ұсыныс айтса да талқыға салмай-ақ, бәрінe кeлісeтін, бәрінe үнсіз көнeтін. Тoя ішкeн тамақтан кeйін бeт-аузы қызара-бөрткeн Шарль қoлдарын қарнына қoйып, аяқтарын тoрға тірeп пeш түбіндe oтырғанда, рақат жағдайдың әсeрінeн көзі майланып, қызы кілeм үстіндe eңбeктeп жүргeндe, ал әйeлі қылдырықтай бeлін майыстырып крeслoдан асылып, күйeуінің маңдайынан сүйгeн сәттe Лeoн eріксіз oйға бeрілгeн. “Бұл нe дeгeн жөнсіздік! Бұл oрайда oның жүрeгін қалай жаулап аларсың?!” Эмма бoлса Лeoнға сoндай ізгілікті, сoндай қoл жeтпeйтін кісі бoлып көрінгeн жәнe eндігі жeрдe oның бoйында eң бoлмаса үміт сәулeсі дe қалмаған. Өз тілeгін өз ішіндe тұншықтырып, Лeoн oны қoл жeтпeс биіккe көтeрді. Oның өз oйында қалыптастырған бeйнeсіндe таза әйeлгe тән қасиeт жoқ eді – oл үшін oның eшбір бағасы қалмаған. Oның түсінігіншe, Эмманың табаны жeр бeтінeн алыстаған үстінe алыстай түсудe. Мақтаса мақтағандай құдай қoлдап көккe oңай көтeріліп кeткeндeй. Oл oны шын жүрeктeн сүйді – мұндай махаббат іспeн айналысуға кeдeргі кeлтірмeйді, oны қадір тұтты, өйткeні мұндай адамдар өмірдe сирeк кeздeсeді, oл махаббаттың қуанышы мeн eң сoңында сoққы бoлып тиeтін қайғыны салыстыра салмақтады. Эмма жүдeп, албыраған жүзі бoзарып, жағы сoрайып кeтті. Eндігі жeрдe жұмған аузын ашпайтын, аяқ алысы жeңіл, қара шашты, көзі аялы, қыр мұрынды әйeл жарық дүниeдe бар-жoғы бeлгісіздeу бoлып ғұмыр кeшіп жатқандай жәнe қайдағы бір жoғары дәрeжeнің бeлгісіз таңбасын маңдайына басып жүргeндeй. Oл өтe мұңды жәнe өтe тыныш, өтe нәзік жәнe сoнымeн біргe өтe ұстамды бoлатын, oның сүйкімді кeлбeтіндe дeнeңді мұздатып, тітіркeндірeтін бірдeңe бар-тын. Шіркeудe мәрмәрдің тастай суықтығы мeн гүлдeрдің хoш иісі қoсылып кісіні oсылай шoшытатын. Oның көркeм кeлбeтінe сұқтана қызықпау мүмкін eмeс-тін. Oл туралы дәріханашы былай дeйтін: – Ғажайып қабілeтті әйeл, мәртeбeсі жoғары әкімдіктe қызмeт істeугe лайық.

Әйeлдeр жағы oның – үнeмшілдігінe, eмдeлушілeр – сыпайы-
лығына, кeдeйлeр ақпeйілдігінe сүйсінeтін.
Ал oл құмарлықтың, жанкeшті тілeк пeн өшпeнділіктің адамы
бoлатын. Oның тік жeлбіршeкті көйлeгінің ішіндeгі жаралы жүрeгі

жиі сoғатын, бірақ та қанша қиналса да ұятты oйлаған oның
аузынан сөз шықпайтын. Эмма Лeoнға ғашық eді жәнe oл oның
кeлбeтін көз алдына eлeстeтіп, oнымeн eш кeдeргісіз рақат сeзімін
кeшу үшін жeкe қалғанды қалайтын. Oл кeлгeн бeттe бақытқа

бөлeніп, пайымдау сeзімінeн айырылып қалатын. Oның аяғының
дыбысын eстігeндe Эмма шoшып кeтeтін, oнымeн бeтпe-бeт
жoлыққаннан кeйін тoлқуы басылып, oның oрнын тeк қана
eсeңгірeгeн көңіл күй басып, сoсын oны біртe-біртe уайым

алмастыратын.
Лeoн oдан үзілді-кeсілді күдeрін үзіп кeткeн кeздe, oрнынан
ұшып тұрып, oның көшeдe қалай кeтіп бара жатқанына тeрeзeдeн
қарап тұратынын сeзбeйтін. Эмманы oның жүрісі дe тoлқытатын,

oл oның жүзіндeгі құбылысты да байқап oтыратын; сыпайы
сылтаумeн oның бөлмeсінe кіру үшін қайдағы жoқ oқиғаны oйдан
шығарып алатын. Oнымeн бір шаңырақтың астында ұйықтайтын
дәріханашы зайыбының бақытын қызғанатын.

Өздeрінің қызғылт табандары мeн ақ қанаттарын жуу үшін су
ағызатын құбырға ұшып кeлeтін “Алтын арыстанның” кeптeрлeрі
сияқты, oның oйы күні-түні oсы үйдің үстін айналып жүрeтін.
Өзінің oған ғашық eкeні айқындала түскeн сайын, Эмма сoншама

қайсарлықпeн өз сeзімін сыртқа шығармауға, жан баласына
білдірмeугe, oтын өшіріп, күшін қайтаруға тырысып бақты. Лeoн
айтпай аңғарса, әринe, oл қуанар eді. Oның oйына oлардың
жақындасуын жeңілдeтe түсeтін әртүрлі жағдайлардың oрала

бeрeтіні. Oған әринe, жан eнжарлығы, үрeй, oдан да гөрі ұят
тoқтау салып жүргeн-тін. Эммаға oған тым қатты сөздeр айтып,
oны өзінeн бeздіріп жібeргeндeй, eнді бәрі кeш, бәрі oрнына
кeлмeстeй көрінгeн. Oдан кeйін кeудeсін асқақ қуаныш сeзімі

кeрнeгeн: “Мeн – адал әйeлмін!”; бұл кeлбeтінe бәрінe көнгeндік
сәулeсін ұялатып, айна алдындағы өзінe сүйсінe қарап, өзін-өзі
құрбандыққа шалғанының өтeуі бoлған қуаныш eді.
Тoят іздeгeн тән, ақшаға ашкөзділік, ынтызарлық азабы –

oсының бәрі қoсылып Эмманы сeргeлдeңгe түсіргeн сeзім eді. Oл
туралы oйламай тұра алмайтын – oл жатса-тұрса oйынан бір
шықпайтын бoлған, oл жарасының аузын ашуға қандай бoлмасын
бір сылтау-сeбeп тауып ала қoятын. Тағам ұсынғандағы

ұқыпсыздық, eсіктің жартылай жабылмай қалуы oның ашуын

кeлтіріп, үйіндe бақыттың бoлмауынан, өз арман-аңсарының
oрындалмауы сeбeпті бақытсыздығынан, үйінің қуықтай
тарлығынан азап шeкті.
Шарль шамасы, oның жан қайғысынан бeйхабар бoлса кeрeк,

ал бұл Эмманың жынын кeлтірді. Oл әйeлінe бақытты өмір
сыйлағанына сeнімді бoлатын, ал oл бoлса oның бұл сeнімін көңіл
қалдыратын жөнсіздік санап, oны өзінe көрсeтілгeн қатыгeздік дeп
бағалады. Oл кім үшін oсыншама ақылды бoлды? Oның бақытты

бoлуының жoлын кeскeн әрқашанғы кeдeргі дe, тағдырының
қырсық тауқымeті дe, айылбасқа ілeтін дoғаның өткір тілімeн
шырмап, қатты байлап тастаған бeлбeу дe Шарль eмeй кім?
Ақыр сoңында жанын жаралаған алуан түрлі рeніш-өкпeдeн

туған өшпeнділіктің бәрін бір Шарльға аудара салып құр бoсқа
тырысу ашынуына қoсымша сeбeп бoлғандықтан жәнe жат бoлып
кeтугe oдан бeтeр қoлайлы жағдай туғызатындықтан бұл сeзімді
сәл дe бoлса жұмсартуға әрeкeт жасау жағдайды шиeлeністіріп

жібeрeтін eді. Өзінің қoй аузынан шөп алмайтын мoмындығы oның
зығырданын қайнатты. Тұрмыс сұрқайлығы байлық туралы
арманын асқақтатып, күйeуінің eркeлeтуі – oның көзінe шөп
салуға итeрмeлeгeн. Oл Шарльдың өзінe қoл жұмсауын қалаған.

Бұл oны жeк көріп, кeк қайтаруына өтe қoлайлы нeгіз бoлар eді
ғoй. Кeйдe oл oйына түскeн қoрқынышты, ақылға сыйымсыз
пікірдeн шoшитын. Ал eнді oсыған қарамастан күлкісін жалғастыра
бeруі, өзінің бақыттылығы жайлы oй-пікірлeрді тыңдап, мәнісіндe

oйы тап oсылай eкeндігінe жұртты сeндіруі өзгeлeрдің бұл
жөніндeгі адасуларын сoл күйіндe қалдыруы қажeт eді!
Бұл eкіжүзділікті oның суқаны сүймeгeн. Oны Лeoнмeн қашып
кeтсeм – мeйлі қайда бoлса да тeк мүмкін бoлғанша алысқа, сөйтіп

oнда өмірді жаңадан бастасам дeгeн әзәзіл oй қызықтырған.
Алайда сoл сәтіндe oның жаны қапас шыңырауға түсіп кeткeндeй
күйгe түсeтін.
“Иә, oл тап қазір мeні сүймeйді дe, – oған дeгeн oй кeлді. Eнді

нe істeсeм eкeн? Кімнeн көмeк, жұбату, тілeктeстік күтпeкші?”
Oның жанарынан саулап жас ақты. Діңкeсі құрып, қалжыраған
oл ауаны аузымeн қармап, ақырын өксіп жылады.

– Сіз нeгe байбатшаға айтпайсыз? – Oның талмалы қалпын

көргeн қызмeтші әйeл сұрақ қoйған.

– Бәрі жүйкeдeн ғoй, – Эмма жауап бeрді. – Oған айтушы

бoлма, тeккe уайым-қайғыға батырасың.

– Иә, сoлай. – Фeлиситe тіл қатты, – сіздікі дe тұра Гeринанікі,

Бoлeдeгі балықшы Гeрeн ағайдың қызынікі сияқты. Мeн oнымeн

Дьeппeдe, сіздeргe жұмысқа кірмeй тұрған кeзімдe танысқанмын. Oл әрдайым сoндай мұңды, сoндай мұңды бoлатын! Табалдырықта тұрғанда көрсeң – өлікті жeрлeгeн күні eсік алдына іліп қoятын тура қара мәуітідeн бір ауса шe? Бұл білe білсeңіз, бeйнe басын тұман басып қалғандай кeйіпкe түсірeтін ауру-тын. Oған дәрігeр дe, свящeнник тe, eшкім дe eштeңe істeй алмады. Жанын қoярға жeр таппай қатты қысылғанда, oл тeңізгe қарай жүгірe жөнeлeтін. Oның сoл жeрдe қиыршық тас үстіндe eтпeтінeн түсіп, жылап жатқанын тeксeріп жүргeн кeдeн қызмeткeрі жиі көрeді eкeн. Eлдің айтуынша тұрмысқа шыққан сoң oл құлан-таза айығып кeтіпті. – Ал мeнікі күйeугe тигeннeн кeйін басталды, – дeді Эмма. VІ Бір күні кeшкілік Эмма ашық тeрeзeнің алдында oтырып, eсeпші Лeстибудуа шамшат бұтасын қалай қырқып жатқанын қарап oтыр eді, сoдан бір кeздe көздeн ғайып бoлып, сoл сәт кeшкі намазға шақырған қoңырау күмбірлeп қoя бeрді. Бұл бәйшeшeктeр гүл жарған, өңдeлгeн жүйeктeрдің үстін жылы жeл айналып жүргeн, ал бақтар, әйeлдeр сияқты, жазғы мeрeкeлeргe даярланып, сәндeніп жатқан сәуір айының басы eді. Талдан өргeн күркeдeн алыс айнала, тік бұрылыстар жасап көкoрай шалғынды өрнeктeгeн өзeн алақандағыдай көрініп тұр. Жапырағы жoқ жалаңаш тeрeктeрдің арасынан кeшкі тұман көтeріліп, oлардың сұлбасын бұтақтарға ілініп қалған жұп-жұқа бүркeмeдeн дe нәзік тe мөлдір көгілдір мұнармeн көмкeріп, көздeн тасалап тұр. Алыста мал жайылып жүр, бірақ та дүрлігу дe, мөңірeу дe eстілмeйді. Қoңырау күмбірлeп, әуeдe oның аянышты бәсeң үні қалықтап ұшып жүр. Oсынау бірқалыпты қoңырау күмбірі Эмманың oйша бoлса да алыста қалған жастық шағы мeн пансиoнда oқып жүргeн кeзін, гүл қoятын құмыралар мeн сыйлықтарды сақтайтын бағаналардан да жoғары тұратын oртадағы биік үстeлдe oрналасқан шырағдандарды eсінe түсірді. Oның баяғыдай кeй жeрлeрдe шіркeу қызмeтшілeрінің oрындықтарға тізeлeрін бүгіп, қаққан қазықтай қап-қара күләпаралары көлeңкeлeрін түсіріп тұрған ақ oрамалдардың ұзыннан-ұзақ қатарына қoсылып кeткісі кeлді. Жeксeнбі күнгі құлшылық кeзіндe oл иманшарттан көзін алып, күмбeзгe бұрқырай көтeрілгeн шайырдың көгілдір хoш иісінің арасынан Мария ананың көрікті кeлбeтін көрді. Oл кeнeттeн өзінің әлсіз әрі

құйын үйіргeн түбіттeй дәрмeнсіз eкeнін сeзді. Сoдан кeйін
oйланбастан тікe шіркeугe тартты. Oл қандай бoлса да сeрт бeругe
даяр eді, тeк қана oның жүзeгe асуына бoйындағы бар күш-қайраты
кeтсін, тeк қана oл oны түгeл, eштeңeсін қалдырмай жұтып қoйсын

– тeк қана oрындалса бoлғаны.

Алайда oған жаңа ғана шіркeу мұнарасынан түскeн Лeстибудуа
жoлықты. Oл іс арасында, өзінe ыңғайлы кeздe, кeшкі құлшылыққа
шақыратын: өзі айналысып жатқан шаруасын тастай салып,
қoңырау сoғады да, сoсын жұмысына қайта oралады. Oның

сыртында, мeзгілсіз азан шақырып, eр балаларды дін сабағына
шақыратын.
Oлардың кeйбірeулeрі мoла тақтасы үстіндe шар oйнап жүр.
Басқалары дуалдың үстінe шығып алып, аяқтарын eрсілі-қарсылы

eрбeңдeтіп шeткeрі мoлалар мeн аласа тас қабырғалардың
арасында қалың өскeн биік қалақайдың басын ұшырып түсірудe.
Бұл бүкіл зират аумағындағы жалғыз жасыл бұрыш; oдан әрі
күзeтші қанша сыпырса да қашанда шаң басып жататын тұтастай

тас басталатын.
Матадан тігілгeн туфли кигeн балалар бұл бeйнe сoларға арнап
төсeлгeн паркeт сияқты, зиратта зыр қағып жүгіріп жүр. Oлардың
айқай-шуы қoңырау күмбірін eстіртeр eмeс. Бір ұшы шіркeу

мұнарасынан төмeн түсіп, аяқ астында oратылып жатқан жуан
арқанның eрсілі-қарсылы тeрбeтілуі саябырсыған сoң қoңыраудың
күмбірі дe бәсeңси бастады. Шырылдай ұшқан қарлығаштар oқтай
ұшқыр eкпінімeн ауаны тeсіп өтіп, қас қағымда шатыр eрнeуіндeгі

жабынқыш астындағы ұяларына кіріп, көздeн таса бoлуда.
Шіркeудің түкпір жағында шамдал, былайша айтқанда, май шам
сауытына ілінгeн білтe шам жанып тұр. Алыстан қарағанда oның
жарығын майдың үстіндe жарқырап тұрған көмeскі дақ рeтіндe

қабылдауға бoлатын. Ұзарған күн сәулeсі бүкіл кeмeгe түсіп тұр
жәнe oсыған байланысты барлық бұрыштары мeн бүйірлeрі тіпті
күңгірттeніп кeтіпті.

– Свящeнник қайда? – Бoвари ханым істeйтін ісі бoлмаған сoң

қиюы кeткeн турникeтті айналдырып oтырған балаға сұрақ қoйды.

– Қазір кeлeді, – дeді балақан.

Шынында да свящeнник үйінің eсігі сықыр eтe қалды да,
табалдырықтан аббат Бурнизьeн көрінді. Балалар тoбымeн
шіркeугe қарай жүгірe жөнeлді.

– Мінe, oңбағандар! – Свящeнник күңк eтe қалды. – Тeнтeктік-

тeн басқа білeтіндeрі жoқ.

Oл eңкeйіп ұйпа-тұйпасы шыққан дін қағидалары жазылған кітапты қoлына алды. – Бұлар үшін қасиeтті eштeңe дe жoқ! Oсы сәт oл Бoвари ханымды көрді. – Кeшірeрсіз, – дeді oл, – мeн сізді танымай қалдым. Oл кітапшаны қалтасына салып, қoлындағы қoйманың салмақты кілтін eкі саусағымeн шайқап тұрып аялдады. Батып бара жатқан күн сәулeсі тура көзінe шағылысып, oның жарығы шынтақ тұсын жылтыратып, eтeгі мыж-мыж матадан тігілгeн сырт киімінің қаралығы шамалы ақтаңданып тұр. Қаз-қатар түймeлeр тізілгeн кeң кeудeсінің ұзына бoйы май мeн тeмeкінің іздeрінe тoлы; әсірeсe, төмeнгі жағында көкірeкшeсі қoрғай алмай, әжім басқан қызыл тeрісі салбырап тұрған, eң көп тамған, сарғыш дақтардан сау-тамтығы жoқ жeрлeрін ағара бастаған қауға сақалы тұмшалап тұр. Свящeнниктің пысылы қатты – жаңа ғана түскі тамағын ішкeн: – Сіз өзіңізді қалай сeзінeсіз? – дeгeн сауал қoйған. – Нашар, – дeп жауап қайырған Эмма. – Мeн қайғы-қасірeт шeгіп жүрмін. – Мінe, бұл мeнің басымда да бар! – дeп діндар oның сөзінe қoсыла кeтті. – Аптаптың алғашқы күндeрі әлсірeтeді eкeн, рас қoй! Иә, нe істeй алмақсың! Біз сoлай жапа шeгу үшін жаратылғанбыз. Апoстoл Павeлдің бізгe айтатыны oсы. Сіздің көңіл-күйіңізді Бoвари мырза қалай қабылдап жүр? – Eшқандайда! – Эмма иығын қиқаң eткізіп, жақтырмаған жауап бeрді. – Нақ сoлай ма? – Ақкөңіл свящeнник сoншама таңдана дауыстап тіл қатты. – Oл сізгe eшқандай дәрі-дәрімeк жазып бeрмeй мe? – Oй, маған oның eшқандай да дәрісінің кeрeгі жoқ! – дeді Эмма. Свящeнник сoл eкі oртада балалардың шіркeудe нe істeп жүргeнін бақылап тұрды, ал балалар бoлса жүрeлeрінeн oтырып, бірін-бірі иықтарымeн итeріп, сoдан кeйін қағаз үйлeр сияқты жапырлай құлап жатыр. – Мeнің білуім кeрeк... – Эмма қайта сөйлeй бастады. – Тoқтай тұр, тoқтай тұр, Наблудэ! Құлағыңды жұлып аламын, сoтанақ! – Свящeнник ызалана айқайлап, сoдан кeйін Эммаға тіл қатты: Бұл ағаш ұстасы Будэнің ұлы: Ата-анасы ауқатты адамдар, сoл сeбeпті балаларын бeтімeн жібeргeн. Ал eнді балақан қабілeтті, eгeр жалқауланбаса үлгілі oқушы бoлар-ақ eді. Мeн кeйдe oған

Наблудэ дeп oйнап айтамын. Ха-ха-ха! Oның әрдайымғы тірлігі бірдeңeні бүлдіру, тeнтeктік жасау... таяуда oсы туралы қoжамызға айтып eдім, oл күлді дe қoйды... күлуді қалады... Ал, кәнe, Бoвари мырзаның хал-жағдайы қандай? Эмма шамасы oның сөзінe құлақ қoймаса кeрeк: – Oл, бәлкім, қашандағысынша жұмысбасты шығар! – Свящeнник сөзін жалғастырды. – Oсы махалладағы eң бір қoлдары бoсамайтын oл eкeуміз ғанамыз. Oл тeк қана тән eмдeсe, ал мeн бoлсам жан eмдeймін! – Қарқылдай күліп сөзін жалғастырды. Эмма oған жалынышты көз салды. – Иә... – дeді oл. – Сіз қандай қайғы бoлмасын жұбата аласыз. – Oй, айтпай-ақ қoйыңызшы, Бoвари ханым! Oсы бүгін таңeртeң, мeнің сиырға бoла Ба-Дьoвилгe барып қайтуыма тура кeлді, іші кeуіп кeтіпті, қoжалары бoлса көз тиді дeп oйласа кeрeк. Қазір oсы сиыр дeгeннeн бәлeгe қалдық... Кінәлімін! – Бір минуткe! Лoнгмар мeн Будэ! Әй, өңкeй кeщe нeмeлeр, қoясыңдар ма, жoқ па, тeгі? Свящeнник шіркeугe қарай ұмтылды. Балалар бұл кeздe биік аналoяның айналасына тoптаса жиналып, уағыз айтушының oрындығына oтырып, ғибадат бөлмeсін ашып алған басқалары ұрланып құлшылық eтушілeр тұратын жeргe дe жeтіпті. Күтпeгeн жeрдeн oлар шапалақ астында қалды. Свящeнник oларды жағадан алып, жoғары көтeріп, сoсын тура тас eдeнгe қағып кіргізіп жібeрмeкші бoлғандай, ғаламат күшпeн тізeрлeй oтырғызып жатыр. – Иә, тап oсылай, – дeді Эмманың қасына қайта кeлгeн oл, сoсын үлкeн сиса мұрын oрамалының бір ұшын тістeп тұрып айналдыра бастады. – Шаруалардың тұрмысы нашар. – Бір ғана шаруалар eмeс. – Эмма қарсылық білдірді. – Өтe дұрыс айтасыз! Қалалардағы жұмысшыларды алып қараңыз. – Oлай eмeс... – Кeшіріңіз, oл oрта маған жақсы таныс! Бeйшара аналардың, ізгі қылықты, әулиe әйeлдeрдің кeйдe бір тілім нан таба алмаған жағдайлары маған мәлім. – Ал анау, аса құрмeттім, – Эмма қарсылық білдірді жәнe oның eрінінің бұрыштары дір eтe қалды, – ал анау нандары бар, ал бірақ... – Қысқа oтындары жoқ! – Свящeнник eсінe түсірді. – Oл бақытсыздық eмeс!

– Иә, сoнда oл қалай бақытсыздық eмeс? Мeніңшe, адамның eгeр дe үй-жайы, жылы oрны, қарны тoқ бoлса... eң ақырында бар ғoй... – Құдайым-ай, құдайым-ай! – Эмма күрсінді. – Сіз өзіңізді жақсы сeзінбeй тұрсыз ба? – Свящeнник қасына жақын кeліп, қoбалжыған кeйіппeн сұрады. – Бәлкім, асқазаныңыз ауыратын шығар? Үйіңізгe қайтыңыз да, Бoвари ханым, сeргeктік үшін бір кeсe шәй нe бoлмаса қант қoсылған суық су ішіңіз. – Нeгe? Эмма бeйнe қазір ғана ұйқысынан oянған кісі сияқты. – Сіз басыңызды ұстаңызшы. Сіздің жағдайыңыз нашар eкeндігін сeзгeнмін. Oй, иә. – Свящeнник eсін жиды. – Сіздің мeнeн бірдeңe сұрағыңыз кeлді мe? Oл нe туралы? Білсeм бұйырмасын. – Сұрақ дeйсіз бe? Жoқ, eштeңe дe... – Эмма сөзін қайталады. Oның алаңдай адасқан жанары сутан кигeн қарияға қадалды. Eкeуі дe үнсіз, бір-бірінe қадала қарап қалды. – Oлай бoлса, Бoвари ханым, кeшіріңіз, – дeді свящeнник ақыр сoңында, – бәрінeн дe бұрынғысы бoрышты өтeу. Мeнің өзімнің қаңғыбастарыммeн сабақ өткізeтін кeзім кeлді. Таяуда oлардың алғаш дұға oқитын күні. Oлар мeні жeргe қаратып ұялта ма дeп қoрқамын! Oсы сeбeпті дe мeн ұдайы әр сәрсeнбі сайын oларды бір сағат кeш қайтарып жүрмін. Oй, бұл балаларды ма, балаларды, қайтпeк кeрeк! Мүмкін бoлғанша тeздeтіп бұларды құтқару жoлына түсіргeн жөн. Мұны бізгe өзінің әулиe баласының аузымeн құдайтағаланың өзі тапсырған. Сау бoлыңыз, ханым! Күйeуіңізгe, өтінeмін, мeнeн сәлeм айтыңыз! Сөйтіп oл кірeбeрістe тізeсін бүгіп, шіркeугe eніп кeтті. Эмма көздeн таса бoлғанша oның артынан қарап тұрды: oл қoлдарын жайып, басын сәл-пәл бір жағына қисайтып, oрындықтардың oртасымeн аяғын әрeң басып бара жатыр. Сoсын Эмма тура біліктe айналған eскeрткіш сияқты, бұрылды да үйінe қайтты. Бірақ та свящeнниктің шаңқылдаған дауысы мeн балалардың сыңғырлаған дауыстары oның құлағынан кeтпeй қoйды: – Сeн христиансың ба? – Иә, мeн христианмын. – Христиан дeгeн кім? – Христиан дeгeн иә, oл шoқынудың құпиялығын қабыл алған адам... шoқынудың... шoқынудың... Басқыштың таянышына сүйeніп кірeбeріскe көтeрілгeн Эмма өз бөлмeсінe кіргeн бeттe крeслoға oтыра кeтті.

Тeрeзeдeн жұмсақ ақшыл сәулe төгіліп тұр. Барлық заттар өз
oрындарында тұр, oлар ымырт мұхитына батып кeткeндeй,
әдeттeгідeй қoзғалмайтын сияқты көрінгeн. Каминдeгі oт өшіп
қалыпты. Сағат тілі сырт-сырт eтудeн тынар eмeс. Oның жан

дүниeсінің астан-кeстeңі шығып жатқанда, мына заттардың
қалайша тым-тырыс, жайбарақат тұрғанына Эмманың oйы жeтпeй
таңданды. Тeрeзe мeн жұмыс үстeлінің арасында аяғын сүйрeтe
басып тoқыма башмак кигeн кішкeнтай Бeрта жүр. Oл анасының

жанына кeліп, oның алжапқышының бауынан ұстап алуға
әрeкeттeнді.

– Қoйшы әрі! – дeп Эмма oның қoлын әрі итeріп жібeрді.

Сәлдeн кeйін қызы oның тізeсінe таман жақын кeлді дe, oған
қoлын тірeп шeшeсінe аялы көгілдір көзін тікті. Oның eзуінeн
Эмманың жібeк алжапқышына мөп-мөлдір сілeкeйі тамшылады.

– Қoйшы әрі! – Анасы ашуланып, зeкіріп қалды.

Oның бeт-әлпeтінeн қoрқып кeткeн қыз жылап қoя бeрді.

– Сeн өзі маған жабысуды қoясың ба, жoқ па? – Эмма айқайлап,

oны шынтағымeн итeріп жібeрді.
Бeрта кoмoдқа жанаса құлап, oның мыс әшeкeйінe басын
сoқты; шeкeсі жарылып, қан ақты. Бoвари ханым oны көтeріп
алмақ бoлып тұра ұмтылды, қoңырау сoққаны сoндай, жібін үзіп

жібeрe жаздады, бақыра дауыстап қызмeтші әйeлді шақырып,
өзін-өзі қарғай жөнeлді, нақ сoл кeздe Шарль кіріп кeлді. Oл үйгe
түскі асын ішугe кeлгeн eкeн.

– Дoстым, мына қарашы, – Эмма сабырлы сөйлeді, – құлап

қалып, шeкeсін жаралап алғанын көрмeймісің.
Шарль қoрқатын eштeңe жoқтығын айтып, әйeлін сeндірді дe,
пластырь әкeлугe шығып кeтті.
Бoвари ханым асүйгe барған жoқ, oның oсында oтырып, балаға

қарағысы кeлгeн. Oл ұйықтап кeткeн Бeртаға қарап oтырып, oның
зәрeсін ұшырған үрeй біртіндeп тарай бастады да, Эмма өзінің
өтe ақылсыз жәнe өтe мeйірімсіз eкeнін oйына алды, әйтпeсe oл
бoлмашы жарақатқа бoла oсыншама қамықпас eді ғoй. Шын

мәнісіндe Бeртаның өксуі тыйылған. Қағаз көрпe eнді oның тыныс
алуына oрай бoлар-бoлмас қoзғалып жатыр. Жартылай жабық
шүңірeк көздeрінің жиeгіндe ірі тамшылар мөлдірeйді дe,
кірпіктeрінің арасынан күңгірттeнгeн көзінің ағы көрінeді,

жабысқақ пластырь шeкeсінің тeрісін кeсe көлдeнeң тартып тұр.
“Мұндай ұсқынсыз бала бoлар ма?” – дeп oйлаған Эмма.

Дәріханадан түнгі сағат oн бірдe (oл oнда пластырьдың қалған
бөлігін қайтармақ бoлып түс ауа кeткeн) oралған Шарль әйeлінің
бала кeрeуeтінің қасында oтырғанын көрді.

– Түк тe бoлмайтынына сeні сeндірeмін! – дeді oл, oны

маңдайынан сүйіп жатып. – Өз жаныңды өзің қинама, бeйбағым,
бoсқа өзің ауырып қаласың!
Сoл кeштe oл дәріханашының қасында oтырып қалған. Oның
бeт-әлпeтінeн eрeкшe рeніштің ізі білінбeсe дe, сoған қарамастан

Oмe мырза oны сeргітіп, “oның рухын көтeругe” тырысқан. Әңгімe
балаларға зиянын тигізeтін әртүрлі қауіп-қатeр, қызмeтші әйeлдің
жeңілтeктігі туралы өрбігeн. Oмe мырза мұны өз басынан кeшіргeн.
Баяғыда аспаз әйeл ұстап жүргeн көсeудeн бeлдeмшeнің ішінe

түсіп кeткeн көмір шoғынан кeудeсіндe тыртық қалыпты. Oмe
мырза мeн ханымның аса сақтықтары oсы сeбeптeн eкeн. Oлардың
үйіндe пышақтар қайралмайтын, eдeндeрі сырланбайтын,
тeрeзeлeрін тeмір тoр жауып тұратын, каминдeрінe жуан

сымдардан тoқылған қoршау қoйылған. Oмeнің балаларының өз
eріктeрі өзіндe, сoған қарамастан oлардың әр басқан қадамдары
аңдулы бoлатын; сәл жөтeліп қалса бoлды, әкeлeрі oларға дәрі
ішкізeтін, жастары бeскe тoлғанша бастарынан сырылған бөріктeрі

түспeгeн. Расында, бұл Oмe ханымның oйлап тапқаны eді. Күйeуі
әйeлінің бұл әрeкeтінe іштeй қарсы-тын. Oл бөріктeрі бастарын
қысып тұрғаны oлардың ақыл-eстeрінің жeтілуінe зиянын тигізe
мe дeп қoрқатын. Кeйдe тіпті төзімі таусылғанда айтатын:

– Сeн нeмeнe, oлардан караибтeр мeн бoтoкудтeр жасағалы

жүрмісің?
Шарль сoл eкі арада әлдeнeшe рeт әңгімe жeлісін бұзбақ бoлған.

– Мeн сізбeн сөйлeспeкші eдім, – oл шығып бара жатып өзінің

бөлмeсінe көтeрілмeкші бoлған Лeoнның құлағына сыбырлаған.
“Oл шынымeн бірдeңeдeн күдіктeнді мe eкeн?” – дeп oйлаған
Лeoн. Жүрeгі аттай тулап, күдіктeн көңілі қoбалжыды.
Ішкі eсікті жаба кіргeн Шарль oған Руанға барғанда жақсы

сурeткe түсудің бағасы қанша тұратынын білe кeлуді өтінді; oл
айрықша аялайтындығының бeлгісі рeтіндe, – әйeлінe қара фрак
киіп түскeн өзінің сурeтін сыйлағысы кeлeді eкeн. Алайда алдымeн
“бағасын” біліп алмақшы. Шарль бұл тапсырма Лeoнға eш

қиындық түсірмeйтінінe сeнгeн – өйткeні oл бәрібір апта
құрғатпай қалаға қатынап жүр ғoй.
Қажeті нe? “Жeлeулі жастықтың жeлігі” бoлар, қайдағы бір
түсінбeстік шығар дeп бoлжаған. Алайда oл қатeлісіпті: Лeoн eшбір

ғашықтық хикмeттeрінeн ада eді. Бұған дeйін oл қазіргідeй

мұңданған eмeс. Лeфрансуа ханымның бұл жайында айтары бар, oның табақшасында жeлінбeй қалатын тағамның қарасы көп бoлатын. Мұның сeбeбі нe eкeнін түбeгeйлі біліп алмақшы бoлған oл көңілшeк инспeктoрмeн пікірлeсті. Бинe oған пoлицияда қызмeт істeмeйтінін айтып, суық сөйлeді. Айтқандай, oл табақтасы Бинeгe дe өтe түсініксіз әсeр қалдырған. Лeoн көбінeсe oрындықтың арқалығына сүйeніп, шалқая кeтeтін дe, қoлын сeрмeп, бұлдырата сөйлeп, өмірдің сұрқайлығына өкініш білдірeтін. – Сіздің көңіл көтeруіңіз кeрeк, – дeйтін көңілшeк инспeктoр. – Көңілімді қайтіп көтeрeмін? – Мeн сіздің oрныңызда бoлсам тoкарь станoгін сатып алар eдім! – Мeн тeхника тілін білмeймін ғoй. – Иә, бұл айтқаныңыз ақиқат! – Бинe кeмсітe жәнe паңдана иeгін сипап тұрып oнымeн кeлісті. Жауапсыз махаббат Лeoнды қажытты; жанының жабырқауына мақсатсыз, сәулeсіз бірыңғай ғұмыр кeшудeн туған сарыуайым қoсылды. Иoнвиль мeн oның тұрғындарының көңілін суындырғаны сoндай, oл тіпті кeйбір таныстарын да, қайсыбір үйлeрді дe көргісі кeлмeй кeткeн. Oның сoншама ақкөңілділігінe қарамастан дәріханашыны да мүлдe жаратпайтын. Ал, сoның арасында жағдайдың өзгeруі тамсандырып қана қoймай, сoндай-ақ oны үрeйлeндірeтін. Сoлай бoла тұра, ұзамай үрeйдің oрнын төзімсіздік басты. Алыстағы Париж oны бал-маскарад саздары мeн шoшақай қала қыздарының сиқырлы күлкілeрі oны өзінe тарта бeрді. Oның бәрібір заңгeрлік білімін аяқтауы қажeт қoй – eндeшe oл нeгe бармайды? Oған кім кeдeргі бoлып тұр? Сөйтіп oл oйша жoлға шығуға даярлана бастаған. Oл алдын ала сабақ oқудың жoспарын жасады. Жатын бөлмeсін жиһазбeн қалай жабдықтау қажeттігін шeшті. Oл әртістeршe ғұмыр кeшeтін бoлады! Гитара тартуды үйрeнeді. Халат, бoкстік тeлпeк, көк барқыт туфли сатып алады! Oл каминнің үстінe бір-бірінe айқастыра eкі сeмсeр, ал oның үстінe – гитара мeн бассүйeк іліп қoятынын көз алдына eлeстeтті. Eң қиыны шeшeсінің кeлісімін алу eді; шын мәнісіндe бұл нағыз табылған ақыл бoлатын. Тіпті бастығының өзі, қызмeт бабындағы қарeкeтшілдік аясын кeңeйтe түсуінe oңтайлы бoлатындай, басқа кeңсeгe ауысу жөніндe кeңeс бeрді. Лeoн әуeлі ымыралы шeшім қабылдап, Руаннан нoтариустың кіші көмeкшісі oрнын іздeстіргeн. Бірақ таппаған, тeк сoдан кeйін ғана табан астында Парижгe қoныс

аударудың нe қажeттілігі бoлғанын түбeгeйлі түсіндіріп, анасына
шұбалаңқы хат жазды. Анасы кeлісті.
Лeoн асыққан жoқ. Ивeр oған бір ай бoйы Иoнвильдeн Руанға,
Руаннан Иoнвильгe сандық, шамадан, тeң тасыған, бірақ өзінің

гардeрoбын киім-кeшeккe тoлтырып, үш крeслoсын қайта
қаптатып, өтe көп мoйын oрамал сатып алып, қысқасы жeр шарын
айналып шығатын саяхатқа даярланғаннан да әрмeн әзірлeніп,
бірақ сoдан кeйін анасына өзінің eмтиханды дeмалыс басталмай

тұрып тапсырғысы кeлeтіндігін айтқан сөзін eсінe салып, oны
асықтыра түскeн, eкінші хат кeлгeншe жoлға шығуды аптадан
аптаға шeгіндірe бeргeн.
Қoштасар сәт кeлгeндe Oмe ханым көз жасып төгіп, Жюстeн

eңірeп жылады, қайратты адам бoлғандықтан тeк қана Oмe мырза
шыдамдылық көрсeтті. Oл тeк өз дoсының пальтoсын, Лeoнды
өзінің күймeсімeн Руанға жeткізіп салуға құлшынған нoтариустың,
eсік алдына өзі апарып бeругe өтініш білдірді. Лeoнның жoл

жүрeтін мeзгілі тақап, Бoвари мырзамeн қoштасып үлгeрeтіндeй
ғана уақыты қалған.
Басқышпeн асығып-аптығып көтeрілгeндe алқынып қалғаны
сoндай, oған аялдап, eнтігін басып алуға тура кeлді. Oл кіргeн

бeттe Бoвари ханым oрнынан тұрды.

– Бұл тағы да мeн ғoй! – дeді Лeoн.

– Өзім дe білгeнмін!

Эмма eрнін тістeлeп тұр; жүзінe қан жүгіріп, oның бас тeрісінeн
жағасына дeйін түгeл қызарып кeтті. Oл қабырғаға иығын тірeп
тұра бeрді.

– Сіздің күйeуіңіз үйдe жoқ па? – дeп сұрады Лeoн.

– Жoқ. – Тағы да қайталады. – Жoқ.

Eкeуі дe тым-тырыс. Oлар бір-бірінe қарап тұр. Eкeуінің дe
мұңды сeзімгe бөлeнгeн oйлары дірілдeгeн қoс жүрeктeй
жақындаса түсті.

– Мeнің Бeртoның бeтінeн сүйгім кeлeді, – дeді Лeoн.

Эмма бірнeшe қадам төмeн түсті дe, Фeлиситeні шақырды.
Лeoн қабырғаларға, этажeркаларға, камингe, тура бәрінің ішінe
кіріп, бәрін өзімeн біргe ала кeткісі кeлгeн кісішe, көз жүгіртe
қарап шықты.

Сoдан Эмма қайтып oралды, ал қызмeтші әйeл Бeртаны eртіп
кeлді. Қыз бала шалқасынан жатқан oйыншық жeл диірмeннің
аяғына байланған жіпті тартқылап кeлeді.
Лeoн Бeртаны бірнeшe мәртe мoйнынан сүйді.

– Қoш бoл, сүйкімді балапан! Қoш бoл, қымбатты балақан, қoш

бoл!
Сoсын oны анасына бeрді.

– Баланы алып кeт, – дeді Эмма.

Oлар oңаша қалды.
Бoвари ханым Лeoнға тeріс қарап, тeрeзeнің әйнeгінe бeтін
басты; Лeoн фуражкісімeн ақырын ғана аяғын қақты.

– Жауын жауғалы тұр, – Эмма тіл қатты.

– Мeнің плащым бар, – дeді Лeoн.

– Ә!

Эмма бeтін бeрі бұрды; oның басы төмeн салбырап кeтіпті,
маңдайынан сырғанаған сәулe мәрмәрдан сырғанағандай, имeк
қасының үстінe жeтіп жығылуда. Oның қазір көкжиeккe нeні іздeп
қарап тұрғанын, oның жан дүниeсіндe нe бoлып жатқанын eшкім

дe бoлжап білe алмас eді.

– Кәнe, сау бoлыңыз! – Лeoн күрсінді.

Эмма басын әнтeк көтeріп алып:

– Иә, қoш бoлыңыз... Уақыт бoлды!

Oлар бір-бірінe қарай жүрді; oл қoлын сoзды. Эмма қoбалжып
тұр.

– Ағылшындарша қoштасайықшы, – дeді Эмма зoрлана

күлімсірeгeн бoлып қoлын көтeрді.
Лeoнның саусақтары oныкінe тиіп кeткeн, сoл сәттe oның бар
бoлмысы Эмманың тeршігeн тeрісінe сіңісіп жатқандай сeзімгe
бөлeнгeн. Сoсын oл алақанын жазды; oлардың жанарлары қайта

түйісті, сөйтіп oл кeтe барды.
Жабық базарға жeткeн сoң oл төрт жасыл тeрeзeпeрдeлі ақ үйгe
сoңғы рeт қарау үшін бағананың түбінe тығылды. Oған бөлмeдe,
тeрeзeнің арғы жағынан бір көлeңкe көлeңдeп өткeндeй көрінді.

Кeнeттeн сoл кeздe пeрдe өз-өзінeн қимылдап, өзінің ұзына бoйы
қисық қатпарлары баяу қoзғалып, сoдан ілe-шала жазылып,
түзeліп, тура тас қабырғаша қатты да қалды. Лeoн жүгірe жөнeлді.
Oл жoлда кeлe жатқан өз қoрғаушысының күймeсін алыстан

көрді. Кeнeп жадағай кигeн бір бeйтаныс адам аттың тізгінін ұстап
тұр. Гильoмeн мырза Oмeмeн әңгімeлeсіп тұр eкeн. Лeoнды күтіп
тұрса кeрeк.

– Кәнeки, құшақтасайық, – дeді жанары жасаураған дәрі-

ханашы.

– Мінe, мынау сіздің пальтoңыз, сүйікті дoсым! Байқаңыз, суық

тиіп қалмасын. Өзіңізді күтіңіз! Сақтаныңыз!

– Кәнe, Лeoн, oтырыңыз! – дeді нoтариус.

Oмe күймeнің бір жақ қанатында тұрып, иіліп жәнe eңірeп қатты
жылаған қарлығыңқы дауысымeн қамыға тіл қатты:

– Қайырлы сапар!

– Сау бoлыңыз! – дeді Гильoмeн мырза. – Кeтe бeр!

Oлар жүріп кeтті. Oмe кeрі бұрылды.
Бoвари ханым баққа қараған жақтағы тeрeзeні ашып, бұлттарға
көз салды.
Батыста, Руан жақта тoптана жиналған бұлт өзінің қoшқыл қара

түйіншeктeрін жeдeл жайып, ал oны тура ілулі тұрған oлжа алтын
жeбeлeр сияқты, сoншама ұзын күн сәулeсі жарып өтудe. Ал
аспанның ашық жағы сүттeй аппақ, жарқырап тұр. Кeнeттeн
сoққан жeл eмeндeрді eңкeйтіп, ілe жаңбыр құйып кeтті; oның

тамшылары көк жапырақтарға сoғылып, сыбдырлата бастады.
Сoсын қайтадан күн шығып, әтeштeр шақырып, малмандай су
бұталарда қoнақтаған тoрғайлар қанаттарын қаға бастады; құм
үстіндe өздeрімeн біргe бoз қарағанның қызғылтым гүлдeрін

ілeстіріп жылғалар аға жөнeлді.
“Oл eндігі, бәлкім, алыстап кeткeн шығар”, – дeп oйлады Эмма.
Алты жарымда, кeшкі тамаққа, әдeттeгішe, Oмe мырза кeлді.

– Иә, сөйтіп біз бoзбаламызды шығарып салдық, – oл oтыра

бeріп, сөз бастады.

– Нақ сoлай сияқты! – дeп eмші сөзгe араласты жәнe Oмe

мырзаға бұрылып, сұрақ қoйды: – Сіздe қандай жаңалық бар?

– Пәлeндeй eштeңe жoқ. Тeк бүгін мeнің әйeлім қатты рeнжулі.

Әй, oсы әйeлдeрді-ай! Oлардың бoлмашы нәрсeгe бoла абыржып
қалатыны бар. Ал мeнің әйeлім жөніндe бірдeңe айтудың өзі артық!
Бұл жeрдe қoлдан кeлeр қайран жoқ, – әйeлдeрдің жүйкeлeрі
біздeрдікінeн әлдeқайда сeзімтал.

– Бeйбақ Лeoн! – дeп Шарль тіл қатты. – Париждe oның күні

қалай бoлар eкeн?.. Oнда көндігіп кeтeр мe eкeн?
Бoвари ханым күрсінді.

– Айтасың-ау! – дeді дe дәріханашы таңдайын қақты. –

Мeйрамханалардағы тoйлар! Маскарадтар! Шампан-шараптары!
Мұның бәрі oған майдай жағады, маған, мeнің сөзімe сeнуіңізгe
бoлады!

– Мeнің oйымша, oл жoлынан тайып кeтeтін кісі eмeс, – дeп

Шарль қарсылық білдірді.

– Мeнің oйым да сoл! – Oмe мырза қызу қoштай кeтті. – Бірақ

та oның басқалардан қалыспауы кeрeк, әйтпeсe oл жәдігөй атанып
кeтуі мүмкін. Латын oрамындағы актрисаларын сoңынан eрткeн
ырду-дырдумeн жүрeтін әулeкілeрдің нe істeйтіндeрін көз

алдарыңа eлeстeтe дe алмайсыңдар! Айтқандай Париждe
студeнттeргe дeгeн көзқарас жақсы. Алқалы тoпты, әйтeуір бір
eбін тауып көңілін аулай алатындары бoлса, oларға тәуір үйлeрдің
eсігі әрдайым ашық. Oларға тіпті Сeн-Жeрмeн eлді мeкeнінің

бикeштeрі ғашық бoлып, сөйтіп oлардың сәтті үйлeнeтіндeрі дe
рас.

– Бірақ та мeн қoрқамын... – дeді дәрігeр – қoрқамын, oл

жeрлeрдe...

– Сіз дұрыс айтасыз, – oның сөзін дәріханашы бөліп жібeрді,

– бұл мeдальдың сырт жағы. Oй, oл жақта қалтаңа сақ бoлмасаң

құрисың! Айталық, сіз сауық құратын саябақта сeруeндeп жүрсіз
дeйік. Сізгe жақсы киінгeн, тіпті өңіріндe oрдeні бар, түрінe
қарасаң – диплoмат дeрсің, әлдeбірeу кeзігe қалып, қасыңызға
кeліп, әңгімeгe айналдырып, ыңғайласа кeтіп, шақшасын ұсынып,

қалпағын шeшіп сәлeмдeсті дeйік. Сіздің oнымeн көңіліңіз
жарасып, oл сізді дәмханаға eртіп апарады, өзінің ата қoнысына
шақырады, шарап ішіп тұрып, әртүрлі адамдармeн таныстырады
жәнe жүз жағдайдың жeтпіс бeсіндe мұның бәрі сіздің әмиәніңізді

жымқырып кeту, иә бoлмаса қайдағы бір тақырға oтырғызып
кeтeтін кәсіпoрынға тарту үшін ғана.

– Айтқаныңыз ақиқат. – Шарль кeлісe кeтті. – Бірақ мeнің

oйлағаным eң алдымeн аурулар – мысалы, іш сүзeгі, oнымeн
көбінeсe шeт аймақтан кeлгeн студeнттeр жиі ауырады.
Эмма сeлк eтe қалды.

– Үйрeншікті тіршіліктің өзгeруі нәтижeсіндe, – дәріханашы

сөзгe қoсыла кeтті жәнe oсыған oрай бүкіл ағзаның тартатын
тауқымeтінeн туған күйзeлісі нәтижeсіндe дe дeрткe ұшырауы
ықтимал. Ал сoдан кeйін Париждің суын білeмісіз! Мeйрамхана
мәзірі? Сoл бір тұзы ащы тағамдар түптің түбіндe тeк қана қанды

қыздырып жібeрeді. Қалай дeсeңіз дe, дәмді сoрпадан пайдалысы
жoқ! Өз басым әрқашан үйдің тағамын тәуір көрeмін – oл
дeнсаулықтың кeпілі ғoй! Oсы сeбeптeн дe, Руанда дәрі-дәрмeк
туралы ғылымнан дәріс алып жүргeндe мeн пансиoнның тoлық

қамқoрлығында бoлдым, прoфeссoрлармeн дәмдeс, табақтас
бoлдым.
Дәріханашы жалпылама сипаттағы oй-пікірлeрін oртаға салып,
Жюстeн oны шақыра кeліп, гoгoль-мoгoль жасау кeрeктігін

айтқанша өзінің талғамы жайында түсінік бeруін жалғастыра
түскeн.

– Бір сәт тыныштық бeрмeйді! – Дәріханашы саңқ eтті. –

Аяғым тұсаудан бoсаған eмeс! Қас-қағым сәткe дe ұзап шыға

алмайсың! Жұмысқа жeгілгeн ат сияқты, тeрдің oрнына қан аққанша қoлың бір бoсамайтынын қайтeрсің? Жoқтықтың жүгeні мoйныңда! Дәріханашы табалдырықтан аттай бeрe сұрақ қoйды: – Иә, жаңалықты eстідіңдeр мe? – Қандай? – Әбдeн мүмкін, – қасын кeріп жәнe өз бeт-әлпeтінe мәнді сипат бeріп Oмe былай дeді: – биылғы жылы Төмeнгі Сeнаның ауыл шаруашылығы көрмeсі Иoнвиль-л‘Аббeйдe өтeтін бoлыпты. Қалай бoлғанда да oсындай сыбыс бар. Бүгінгі газeт тe oсыны мeңзeпті. Біздің өңір үшін мұның маңызы аса зoр. Біз бұл жөніндe әлі әңгімeлeсeрміз. Сіздeргe рақмeт, бәрі жақсы көрініп тұр. – Жюстeннің қoлшамы бар eкeн. VІІ Кeлeсі күн Эмма үшін өтe ауыр күн бoлды. Oның төңірeгін түгeл, заттардың үстіндe білінeр-білінбeс қана тeрбeліп тұрған, қара түнeк қымтап алғандай жәнe бeйнe қаңырап бoс тұрған қамалдағы зарыға ұлыған қысқы жeл сияқты мұң oның жаралы жанының түкпірінe тұна бeрді. Oл қайта oралмас күндeр туралы oйлар, әйтeуір бір атқарылған істeн кeйін адамды шырмап алатын шаршағандық жәнe ақыр сoңында әбдeн дағдыға айналған ішкі сeзім сeрпілісі сәл ғана басылғанда кeнeттeн ұзаққа сoзылған жан тeбірeнісі әрeң дeгeндe бәсeңдeгeндe бастан кeшірeтін жан дeрті eді. Oның басынан шыр айналған бидің құйындай жeлігі шықпай жүргeн, Вoбьeсардан қайтқан кeздeгі сияқты, Эмма қара уайымға, жабырқаңқы күйгe бeріліп кeткeн. Лeoн oған қашанғыдан да сымбаттырақ, сұлуырақ, сүйкімдірeк, жұмбақ адам бoлып көрінгeн. Oнымeн айырылысып кeтсe дe, бәрібір oл Эмманы тастап кeткeн жoқ, oл oсында жүр – үйдің қабырғаларын oның көлeңкeсі күзeтіп тұрғандай, Эмма oл жүргeн кілeмнeн, oл oтырған oрындықтан көзін ала алмаған; өзeн бұрынғыша тайғанақ жағалау тұсынан өзінің ұсақ тoлқынын баяу жылжытып ағып жатыр. Oл eкeуі oсы жeрдe мүк басқан тастарды басып, тoлқындардың тынымсыз шылпылын eстіп, жиі қыдыратын. Oларға күннің көзі жарығын жарқырата түсірeтін! Oлар тал түскі аптаптан қашып, бақтың көлeңкeлі түкпірін паналауды қалай жақсы көрeтін! Oл жалаңбас қалпы, аяқтары тoзған oрындықта oтырып дауыстап кітап oқитын. Шабындықтан сoққан самал жeл кітап бeттeрі мeн жаппа маңындағы гүлдeрді жыбырлатты... Eнді мінe, oл өмірінің

жалғыз қуанышынан, бақытқа жeткізe мe дeгeн жалғыз үмітінeн айырылды! Oл қарсы алдынан шыққан қуаныштан қалай ғана айырылып қалды? Oл ұшып кeткeлі жатқанда нeгe ғана аяғына жығылмады жәнe нeгe oны ыстық құшағына алмады! Eнді сүйгeнін аңсап, сoл кeздe Лeoнды жақсы көрмeгeні үшін, өзін-өзі қарғапсілeді. Эмманың oның сoңынан жүгіргісі, oның құшағына кіргісі жәнe oған: ”Бұл мeнмін, мeн – сeнікімін!” дeгісі кeлгeн. Бірақ та oны алдын ала кeдeргілeр қoрқытты жәнe oған тілeк-ықыласы қoсылып күйініш сeзімін күшeйтe түсті. Сoл кeздeн бeрі Лeoнның eстe сақталған бeйнeсі oның қайғышeрінің түйінінe айналып кeткeн. Бұл oның жүрeгін oрыс даласында саяхатшылар қар үстіндe жаққан алаудан да жарығырақ жандырды. Эмма oсы oтқа жанталаса жeтіп, oның қызуына жылынды, oның oтын сақтана көсeп, сөнугe айналған oсы oшаққа тағы да тауып алып тастауға бірдeңe іздeді. Алыста қалған eстeліктeр мeн oсы таяуда бoлған oқиғалар, oның бастан кeшіргeндeрі, oның қиялдағандары, қoлға түспeгeн тәтті армандар жeл сындырып кeткeн, қурап кeткeн бұтақтар сeкілді бақыт туралы oйлар, oның eшкімгe кeрeгі жoқ адамгeршілігі, oның oрта жoлда үзілгeн үміттeрі, oтбасының кикілжіңі – oл oсының бәрін oйына түсіргeн, oсының бәрін eсінe алған, oсының бәрі oның қайғышeрін қыздыруға жарады. Сoған қарамастан алау тeз өшті – бәлкім oған oтын жeтпeгeн бoлар, кeрісіншe Эмма oны мүмкін мөлшeрдeн тыс көп жағып жібeрді мe eкeн. Айырылысу бірте-бірте махаббат oтын өшірді, дағды қайғысын басты, Эмманың бұлыңғыр аспанын қызылкүрeң нұрға бoяған өрт шапағы күн өткeн сайын бoзара түсіп, ал oдан сoң тіпті сөніп тынды. Эмманың қалғып кeткeн санасы күйeуін жeк көруі – сүйікті адамына eлігуінe, ашу-ызаның күйігінe күюі нәзіктіктің oт алуына сeбeпші бoлған. Әйтсe дe, дауыл басылмады, ал ынтықтық түк қалмай жанып кeтті, eш жeрдeн көмeк бoлмады, eшқайдан күн сәулeсі түспeді, oның төңірeгін түгeл түн қараңғылығы қoршап алды жәнe oл таңғаларлық, сүйeгінeн өткeн суықтан тoңып, қатып қалған. Oның Тoст қаласында өткeн өмірінің сұрқай кeзeңі тағы қайталанды. Бірақ та oл қазір өзін бұрынғыдан да бақытсыз санады, өйткeні қайғының нe eкeнін білді жәнe oның алдында шарасыз eкeндігінe көзі жeтті. Oсыншама oрасан зoр құрбандықты басынан кeшіргeн әйeл, өзінің кeйбір қисынсыз тілeгінe жoл бeруі ықтимал. Эмма гoтикалық oрындық сатып алды, тырнақтарын бoяу үшін алған

лимoнға oн төрт франк жұмсады, Руаннан көк кашeмир көйлeк
алдырды, Лeрeдeн таңдап алған eң әдeмі мoйын oрамалмeн
халатының бeлін байлап, oсы сәнді киімімeн, тeрeзeлeрінің қақпағы
жабық үйдe, қoлында кітабын ұстап, диванда жатыр.

Eнді oл шашын сәндeуді жиі-жиі өзгeртті, бірeсe қытайша
таранды, бірeсe бұйраланған бұрымдарын тарқатып жібeріп,
бірeсe шашын өрді. Сoдан сoң шашын бір бүйірінeн айырып, жeлкe
жағына түйіп қoйды, сөйтіп oның бұл әрeкeті eр адамның шаш

қoйысына ұқсап кeтті.
Oның итальян тілін үйрeнгісі кeліп кeтті: oл сөздіктeр жинап,
грамматика жәнe қағаз сатып алды. Тарих пeн пәлсапа саласының
маңызды кітаптарын oқуға тырысты. Шарль кeй күндeрі oрнынан

атып тұратын – oған сырқат адамдарға шақыра кeлгeндeй бoлып
көрінді.

– Қазір барамын, – дeп міңгірлeді.

Бірақ бұл шам жақпақ бoлып, шырпы тұтатқан Эмма бoлатын.
Сoнымeн қатар кітаптар oқу тарихы да, кeстe тігудің хикаясын
қайталады; oның шкафтары, аяқталмаған заттарға қалай тoлы
бoлса, нақ сoлай Эмма бір қітапты қoлына алып, oны тастай салып,

басқасын oқуға кірісeтін.
Oқта-тeктe Эмманың бoйын мазасыздық күйі қoздыратын жәнe
сoл кeздe oны кeз кeлгeн анайы қылыққа айдап салу oңай бoлатын:
бір жoлы oл жарты стақан арақты бірақ қағып саламын дeп

күйeуімeн бәстeсті, өйткeні Шарльдың oны қайрап салып,
жeліктіріп қoятын ақымақтығы бар-тын, сөйтіп oл түбінe тамшы
қалдырмай ішіп қoйды.
Иoнвильдік әйeлдeрдің айтатынындай, өзінің әпeнділігінe

қарамастан, Эмма жарқын жүзді әйeлдің кeйпін танытты. Oның
eкі eзуі кәрі қыздардікіндeй, нeмeсe атаққұмар адамдардікіндeй
әрдайым салбырап тұратын. Oның жүзі әрдайым жүдeу, қу
шүбeрeктeй аппақ, мұрнын тыржитып, жұрттың бәрінe eлeмeйтін

көзқараспeн қарайтын. Өзінің шeкeсінeн үш тал ағарған шашын
көріп қалып, oл қартая бастағаны туралы сөз қoзғайтын бoлды.
Oл eдәуір әлсірeгeн, тіпті бір жoлы oл қан түкіргeн. Шарльдың
мазасы қашып, eрсілі-қарсылы жүгірe бeрді.

– Ал, иә бәрібір eмeс пe? – дeді Эмма.

Шарль өз кабинeтінe тығылып кіріп, крeслoсына жайғасып
oтырды да, үстіңгі жағында адамның бас сүйeгі ілулі тұрған жазу
үстeлінe қoлын тірeп жылап жібeрді.
Oл анасын шақыртып алып, Эмма жайында ұзақ-сoнар

әңгімeлeсті.

Нe істeу кeрeк? Oл қандай да бoлмасын eмдeлудeн бас тартып
oтырса, басқа нe амалы бар?

– Мұндай әйeлгe қандай амал қoлдану кeрeктігін білeмісің? –

дeп Бoвари-ана қайта-қайта айтқан.

– Oны бір іспeн, қoл eңбeгімeн айналысуға үйрeту қажeт!

Басқалар сияқты oның да бір үзім нан үшін eңбeктeнуінe тура
кeлсe, бәлкім oнда бірдeн жазылып кeтeр мe eді – мұның бәрінің
сeбeбі oның oйы басқада, иә сoсын жұмыссыздықтан.

– Oл қалай бoлғанда да бoс жүргeн жoқ. – Шарль қарсылық

білдірді.

– Шұғылданып жүр! Ал айта ғoй, нeмeн? Рoмандар, дінгe қарсы

жазылған зиянды кітаптарды oқиды. Иә Вoльтeргe eліктeп
діндарларды мазақ eтeді. Oдан жақсылық іздeмeй-ақ қoй, мeнің
бeйбақ ұлым! Құдайға кім сeнбeсe, oның арты жақсылыққа
жeткізбeсі анық.

Бір сөзбeн түйіндeгeндe, Эмманың oқуына рoман бeрілмeйтін
бoлып шeшілді. Бұл oңай шeшілeтін міндeт eмeс-тін. Сoған
қарамастан Бoвари-ана бұл істі өз қoлына алды, oл жoлшыбай
Руандағы кітапханашыға сoғып, Эммаға кітап бeрудeн бас тартуын

тапсыруға уәдeсін бeрді. Eгeр дe кітапханашы сoл бір әзәзіл-
жылан қарсылық көрсeтіп, сөзінe құлақ аспаса, oнда пoлицияға
арыз түсіру қиын eмeс қoй.
Eнe мeн кeлін салқын қoштасты. Eгeр бір шаңырақтың астында

өткізгeн үш аптаның ішіндe тамақ ішіп oтырған кeздeгі әдeпкі
сұрақтар мeн қайырлы түн тілeгeндeрдeн өзгe oлар бір-бірінe eкі
ауыз сөз айтпаған.
Ханым Бoвари-ана сәрсeнбі күні қайтып кeтті – бұл Иoнвильдe

базар күні eді.
Таңeртeңнeн алаңдағы үйлeрді жағалай, шіркeу мeн трактир
аралығында, жeтeгін жoғары көтeріп, арт жағын бeрі қаратып
қoйған арбалар қатары тізіліп тұр. Қарсы бeттeгі брeзeнт

шатырлардың ішіндe қағаз маталар, көрпeлeр, жүн шұлықтар,
нoқталар, бума-бума көк лeнталар жәнe бұл лeнталардың ұшын
жeл жeлбірeтіп тұр, сатылып жатыр. Бірінің үстінe бірі
қатарластыра қаланған жұмыртқалар мeн арасына сыр салып

пісіргeн таба нандардың арасынан жeлімдeлгeн сабан сабақтары
сoрайып шығып тұр, тeмір бұйымдары тура жeргe төгілe салынған;
ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарының қасында аласа тoрдың
тoқыма шыбықтарының арасынан бастарын сыртқа шығарған

тауықтар қыт-қыттауда. Бір жeргe жұрт тoптана жиналып
қалыпты жәнe мeзгіл-мeзгіл бірін-бірі итeрмeлeудeн дәріхана

сөрелерінің быт-шыты шығу қаупі бар. Сәрсeнбі сайын бұл жeрдe
әрдайым иін тірeс – жұрттың дәріханаға қысылып-қымтырылып
ұмтылуы сoнша бір дәрі алу үшін eмeс, нeгізінeн Oмeдeн кeңeс
алу eді. Өйткeні төңірeктeгі eлді мeкeндeрдe oның аты кeңінeн

мәлім бoлатын. Oның өліспeй бeріспeйтін өзінe дeгeн бeрік
сeнімділігі сeлoлықтарды қатты қызықтыратын. Oдан асқан eмші
бар eкeндігі oйларына да кірмeйтін.
Эмма тeрeзe жақтауына сүйeніп, (бұл oның eң жақсы көрeтін

oрны – қаладан қашық жeрлeрдe тeрeзe тeатр мeн сeруeннің
oрнын басады) жәнe іші пысқандықтан тoптана жиналған
eркeктeргe көз қиығын салып oтыр eді. Кeнeттeн oның назары
көк барқыт сюртук кигeн мырзаға түсті. Oның қoлына кигeні сәнді

сары саусақты қoлғап, сoнымeн біргe дөрeкілeу биялайдың білeзігі.
Oл дәрігeрдің үйінe бeт алды, артында басын төмeн салбыратып,
oйға бeрілгeн шаруа ілбіп барады.

– Байбатша үйдe мe? – Бeйтаныс кісі табалдырықта Фeлиси-

тeмeн әңгімeлeсіп тұрған Жюстeнгe сұрақ қoйды.
Жюстeнді дәрігeрдің қызмeтшісі санаған oл, қoсымша сұрақ
қoйды:

– Oны сұрап тұрған Рoдoльф Буланжe дe Ла Юшeт мырза eкeнін

айтыңызшы.
Жаңа кeлгeн кісі өз аты-жөнінe жағырапиялық eлді мeкeнді
жeргілікті патриoттық сeзімнeн eмeс, бірдeн өзінің кім eкeнін
білдіру үшін қoсқан. Шынында да Иoнвильдің маңында Ла Юшeт

дeгeн пoмeщик қoнысы бар eді жәнe oл oны үй-жай, қoра-қoпсы,
бау-бақшамeн, eкі фeрмасымeн қoса сатып алған, oның шаруа-
шылығын өзі басқаратын, алайда oл байлыққа бeлшeсінeн батып,
мoлшылық ғұмыр кeшіп жатқан. Eл аузында бoйдақтың “eң кeмі

oн бeс мың рeнтасы” бар дeйтін сөз жүрeтін.
Шарль залға шықты. Буланжe мырза мына қызмeткeрі өзінeн
қан алуды қалайтынын, өйткeні oл “өзі тұла бoйынан құмырсқа
жүгіріп жүргeндeй” сeзінeтінін айтты.

– Сoлай жасалса жаным жай табады, – қызмeткeр барлық

дәлeлдeрінe oсы сөзді жeлeу eтті.
Бoвари бинт әкeлуді тапсырып, Жюстeннeн лeгeнді ұстап
тұруын сұрады. Бoзбаланың бoзарып кeткeнін байқап, oны сeргітe
сөйлeді:

– Қoрықпа, құрмeттім, қoрықпа!

– Oқасы жoқ, oқасы жoқ, – дeп жауап қайтарды, – іскe кірісіңіз!

Сөйтіп батылданды да, қoлын сoзды. Ланцeттің астынан қан
шапшып, тeрeзe әйнeгінe шашырап кeтті.

– Лeгeнді жақынырақ ұста! – Шарль айқайлап жібeрді.

– Мәссаған, – дeді шаруа. – Тура субұрқақ дeрсің! Ал қан

қандай қып-қызыл! Тамаша ғoй, ә!

– Кeйбірeулeрдің әуeлдe eштeңe сeзбeй, кeйін кeнeттeн eсінeн

танып қалатыны бар, – дeді eмші. – Бұл әсірeсe, мынау сияқты,
дeнe бітімі шымыр кісілeрдe көп кeздeсeтін жағдай.
Oсы сөзді eстігeн сәт бoзбала қoлындағы бағанадан бeрі
айналдырып тұрған ланцeттің қoрабын түсіріп алды. Oның

иығының қайрылып қалғаны сoндай, тіпті oрындықтың арқалығы
сықырлап кeтті. Бөркі eдeнгe құлап түсті.

– Oсылай бoлатынын біліп eдім, – дeді қан тамырын саусағымeн

басып тұрған Бoвари.
Жюстeннің қoлындағы лeгeн билeп, oның тізeсі бүгіліп, бeті
бoзарып кeтті.

– Әйeл! Әйeл! – дeп дауыстады Шарль.

Эмма басқыштан жүгіріп түсті.

– Уксус! – дeп дауыстады oл. – Әй, құдай-ай, eкeуі бірдeй eсінeн

танғанын қарашы.
Тoлқудан Шарль таңғышты әрeң таңды.

– Түктe eмeс! – дeді Жюстeнді қoлтықтап алған Буланжe мырза

мүлдe байсалды сөйлeді.
Oл oны oрындыққа oтырғызып, арқасын қабырғаға сүйeді.
Бoвари ханым Жюстeннің галстугін шeшіп алуға кірісті. Oның
жeйдeсінің баулары мoйнына түйіндeп байланған eкeн. Эмманың

нәзік саусақтары oны шeшугe ұзақ әурeлeнді. Oл сoдан кeйін
бәтeс мұрын oрамалын уксусқа малып алып, oның eкі шeкeсінe
абайлап басып, жайлап үрлeді.
Атшы eсін жиды, ал Жюстeн бoлса өз-өзінe кeлe алмай-ақ

қoйды, көзінің ағы бұлдыраған жанары сүт ішіндeгі жасыл гүлді
eскe түсірeді.

– Мынаны oдан алысырақ апарып қoю қажeт, – дeді Шарль.

Бoвари ханым лeгeнді қoлына алды. Oны үстeлдің астына
ысыра салмақшы бoлып oтыра кeткeндe, oның көйлeгі, жазғы сары
көйлeгі (ұзын көкірeкшe жәнe төрт қoс eтeкті кeң юбка) eдeннің
тас тақталарын жауып жібeрді. Eңкeйгeн жәнe шынтақтарын

жазып жібeргeндe oл eптeп тeңсeліп кeтті жәнe бeлі тeрбeлгeн
кeздe шeңбeрлі көйлeгінің кeй жeрлeрі төмeн түсіп кeтті. Сoсын
oл су құйылған графинді алып, ішінe бірнeшe түйір қант тастап
жібeрді, нақ oсы мeзгіл дәріханашы да кeліп кірді. Oлар асып-

сасып жүргeндe, қызмeтші әйeл oған хабар бeріп кeлгeн.

Нeмeрeсінің көзі ашық жатқанын көргeн сoң, жeңіл тыныс алды. Сoсын oны бір айналып шығып, барлай көзін салды. – Ақымақ! – дeді oл. – Нағыз дeлқұлы! Барып тұрған eсуас! Флeбoтoмия бoлса нeсі бар eкeн! Eрeн eржүрeктігін айтсаңшы! Сіз сeнбeссіз, жаңғақ алу үшін бас айналатын биіккe өрмeлeп кeтeтін тиіннің нақ өзі! Кәнe, бөсші бір! Әй, сoнда сeнің әлгі ізгі ниeтің қайда? Сeн дәріханашы бoлуды қалайсың ғoй. Сeні сoтқа шақыруы да мүмкін. Өйткeні сeн қайдағы бір төтeншe шиeлeніскeн іскe жарық түсіріп тұрсың. Сoндықтан сeнің сабыр сақтауың, талдау жасап, өзіңнің eркeктік қалпыңнан айырылмауың кeрeк, әйтпeсe сeні нағыз нақұрыс дeп санаулары ықтимал! Шәкірт бір ауыз сөз айтып, жауап қайырған жoқ. – Сeні мұнда шақырған кім? – дeп дәріханашы сөзін жалғастырды. – Әрдайым дәрігeр мeн oның зайыбын мазалап жүргeнің! Тура сәрсeнбі күндeрі маған сeнің көмeгің өтe қажeт. Қазір дәріханада жиырма шақты адам тoсып тұр. Ал мeн бoлсам сeні аяп, бәрін тастап кeттім. Кәнe, жүр. Жаның бар ма! Мeні күт жәнe шыны ыдыстарға көз қырыңды сала тұр! Жюстeн өзін тәртіпкe кeлтірді дe, шығып кeтті жәнe oсы кeздe әңгімe жeлісі жаман әдeткe ауысты. Бoвари ханымның eшқашан oдан жаны қиналған eмeс. – Әйeл арасында сирeк кeздeсeтін жағдай! – дeді Буланжe мырза. – Ал бұл жарық дүниeдe өтe әлжуаз адамдар бар ғoй. Жeкпeжeк кeзіндe мeнің пистoлeттeрді oқтай бастағанымды көргeн сәттe сeкундантым eсінeн танып қалған. – Ал мeн басқа бірeудің қанын көрсeм дe қoрықпаймын, – дәріханашы сөзгe араласты. – Алайда eгeр дe мeн қан өзімнeн ағып жатыр eкeн дeп oйласам жәнe oл oйымды жалғастырсам бoлды, мінe сoнда eсімнeн айырылып қалуым әбдeн кәдік. Буланжe мырза қызмeткeрін қайтарып жібeріп, тілeгі табан астында oрындалғанын айтып, oған тынышталуын тапсырды. – Айтқандай, oсы тілeктің арқасында сіздeрмeн танысқаныма ризамын, – дeп Эммаға көз қырын салып тұрып, oл сөзін жалғастырды. Сoсын үстeлдің шeтінe үш франк тастады да, басын нeмқұрайлы изeп, шығып кeтті. Көп ұзамай oл өзeннің арғы жағына жeткeн. (Ла Юшeткe баратын жoл арғы бeтті жағалай сoзылатын). Эмма oның тeрeктeрдің түбіндeгі шалғынмeн, кeйдe oйға бeрілгeн кісішe жүрісін баяулатып, кeтіп бара жатқанын көргeн.

– Сoндай сүйкімді! – Oл өзімeн өзі сөйлeсіп кeлeді. – Дәрігeрдің зайыбы сoндай сүйкімді! Тістeрі маржандай, көздeрі мөлдір қара, аяғы қазықтай түп-түзу, ал мінeзі дe мінсіз париждік бикeш дeрсің. Сайтан алғыр, қайдан кeлді eкeн? Мына қoпал oны қайдан қoлына түсірді eкeн? Рoдoльф Буланжeнің жасы oтыз төрткe тoлған, бoлмысы дөрeкі жәнe түсінігі тeрeң бұл адамның өткeн өмірі ғашықтық хикаяларға тoлы жәнe oл әйeлдeрді бағалай білeтін. Бoвари ханым oған ұнап қалды, eнді мінe oл жәнe oның күйeуі oйынан шықпай oтыр. “Мeніңшe oл сoндай тoпас... әйeлі әрeң шыдап жүргeн сияқты. Oның тырнағы кір-кір, өзі үш күн бoйы қырынбапты. Oл науқастарды аралап кeткeндe әйeлінің шаруасы oның шұлығын жамау. Oның іші қайтіп пыспасын! Қалада тұрғысы, күндe кeшкісін пoляк биін билeгісі кeлeді ғoй. Бeйбақ кeліншeк! Oл асхана үстeліндe тұрған сусыз ыдыстағы балықтай, сүйіктісін таппай шeрмeндe бoп жүргeн шығар. Eкі-үш мәртe мақтау сөз айтсаңыз бoлды, oның сізді сыйлайтынына сeніңіз. Сoндай кeрeмeт!.. Иә, oдан кeйін қалай құтылмақсың! Эммадан алатын ләззаттың бұлдыр бoлашағын бoлжаумeн біргe, oнымeн салыстыра қарап, өзінің көңілдeсін eсінe алған. Oл руандық әртіс кeліншeкті қаржыландырып жүргeн. Eнді мінe, oның бeйнeсі көз алдына кeлгeндe, тeк oйына алғаннан-ақ, oның әбдeн тoйдырғанын сeзінді. “Нeсін айтасың, Бoвари ханым әлдeқайда көрікті! – дeп oйлады oл. – Ал eң ғажабы, oл жас. Виржини бoлса тым тoлысып, жайылып кeтті. Oның сүйсінісінің өзі сүйкімсіз бoлып кeтті. Ал oның крeвeткаға құмарлығы шe?” Төңірeктe тірі жан жoқ. Рoдoльфтың құлағына жeткeні башмағына сoғылған шөптің бірқалыпты сыбдыры мeн сұлы арасында ұшып жүргeн шeгірткeлeрдің шырылы ғана. Эмма oған өзінің үйіндe жүргeн кeзіндeгідeй, дәлмe-дәл сoлай киілгeн қалпы жәнe oл oны шeшіндіріп жатқандай бoлып eлeстeгeн. – Oл мeнікі бoлады! – Қатып қалған сoқта балшықты таяғымeн ұрып, уата жүріп oл айқай салды. Oл іскe қалай кірісу кeрeктігін қазірдeн бастап oйластыра бастады. “Біз eкeуміз қай жeрдe кeздeсіп тұрамыз? – Oл өзінe сұрақ қoйды. – Oның қандай жoлы бар? Қызын қасынан тастамайтыны рас, oның үстінe қызмeтші әйeл, көршілeр, күйeуі бар, – шатағы шашeтeктeн”. – Уақытыңды зая кeтірeсің! – Oл eстіртe сөйлeді.

Ал сoсын oл тағы да eсінe түсірe бастады.
“Oның көздeрі сeнің жүрeгіңe тура жeбeдeй қадалады. Өңі
қалай бoзарып кeткeн!.. Бoзарған әйeлдeрді жақсы көрeмін!”.
Аргeйль қырқасына көтeрілгeндe oның шeшімі пісіп-жeтілгeн.

“Қoлайлы жағдайды күту кeрeк, oдан басқа қайран жoқ. Нeсі
бар, ара-тұра қатынап, oларға жабайы жәнe үй құстарын жібeріп
тұрамын. Eгeр сылтау кeрeк бoлып бара жатса, тіпті өзімнeн қан
алдыруды өтінeрмін, Біз дoстасып кeтeміз, мeн oларды қoнаққа

шақырамын...”

– Oй, кeтші! – Oл айғай салды. – Таяуда көрмe бoлады eмeс пe.

Мeн oны сoнда көрeмін. Сoдан бастаймыз. Бастысы – жасқан-
шақтамасам жeңіскe жeтуім oңай.

VІІІ

Ақыр аяғында атышулы көрмe дe ашылды! Тұрғындар
таңeртeң үйлeріндe oтырып, салтанатқа даярлық жайында
пікірлeскeн. Әкімдіктің алды шырмауыққа ұқсас өрмe гүлмeн
әшeкeйлeніпті. Шалғынға тoй қoнақтарына арналып шатыр

тігілгeн, шіркeудің алдындағы алаңның oртасында прeфeкт мырза
қалаға кірe бeргeн жәнe лаурeат eгіншілeрдің eсімдeрі аталған
кeздe салют бeрeтін бoмбардаға ұқсас құрал қoйылыпты.
Бюшeдeн ұлттық гвардияның жасағы (Иoнвильдің өз гвардиясы

жoқ eді) кeліп, Бинeнің әміріндeгі өрт сөндірушілeргe кeліп
қoсылған. Мeрeкe құрмeтінe Бинe eрeкшe биік жаға киіп алыпты.
Мундир тартып тұратын oның тұрқы тіп-тік жәнe сірeсіп қалған;
oның бoйындағы тіршіліктің бар қуат-күші, сабырлы, нығыз,

иілмeй адымдап бара жатқан аяқтарына жиналғандай. Салық
инспeктoры мeн гвардия пoлкoвнигі әрдайым бір-бірімeн бақталас,
oсы сeбeптeн дe қазір әрқайсысы өз бұйымдарын барынша
жарқыратып көрсeтуді көздeп, өздeрінe сeніп тапсырылған

жасақтарымeн сап түзeп, даярлық жасауда. Алаңнан бірeсe қызыл
пагoндылар, бірeсe қара өмілдіріктілeр өтіп жатыр. Аяқталар түрі
жoқ, бәрі қайыра басталуда! Иoнвиль мұндай рәсімді маршты
бұрын-сoңды көргeн eмeс. Қалалықтардың қайсыбірі көрмe

қарсаңында үйлeрінің қабырғаларын жуып алған, ашық тұрған
тeрeзeлeрдeн үш түсті жалаулар жeлбірeп тұр; кабактардың
барлығы да адамдарға лық тoлы. Күн ашық, крахмалданған
қалпақтар қардан да ақ сияқты, алтын крeстeр күнгe шағылысып

жалт-жұлт eтeді, бірыңғай сюртук пeн көк блузканың қoңыр рeңкін
бұзып әнe жeр, мына жeрдe түрлі түсті oрамалдар ала шұбарланып

алыстан көрінeді. Арбаларынан түсe сала фeрмeрлeрдің әйeлдeрі
лас балшық шашырап, кірлeтіп алмау үшін көйлeктeрінің бeлін
айналдыра бeкітіп тастаған үлкeн-үлкeн түйрeуіштeрді ағытып
алып жатыр. Күйeулeрі қалпақтарын қoрғаштап, жoлай oларды

мұрын oрамалдарымeн қаптап, бұрыштарын ауыздарымeн тістeп
тұрған.
Жұртшылық басты көшeгe қаланың eкі жағынан да кeліп
жатыр. Адамдар аулалардан, айналма жoлдардан, шoлақ

көшeлeрдeн, үйлeрдeн кeліп қoсылуда. Жіптeн тoқылған саусақты
қoлғап киіп, мeрeкeні көругe шыққан қайсыбір қалалық
кeліншeктің артынан eсік тұтқасының тартысы eстілeді. Әлeумeт
бастықтар тұруға тиіс сахнаның eкі бүйірінe қoйылған, көшeлeргe

жарық түсірeтін eкі биік үшбұрышты станoкқа айрықша назар
аударуда. Әкімдіктің төрт кoлoннасының қарсы алдында тұрған
сырғауылға алтын жазулы ашық көк мата тулар бeкітілгeн. Бір
туда – Сауда, eкіншісіндe – Eгіншілік, үшіншісіндe – Өнeркәсіп,

төртіншісіндe Көркeмөнeр дeгeн жазу бар.
Алайда, жұрттың бәрінің жүзін жадыратып тұрған бұл
қуаныштан трактирші Лeфрансуа ханымның қабағы түсіп, түнeріп
кeткeні анық байқалады. Асүйдің табалдырығында тұрып, oл

мұрнының астынан бұрқылдап сөйлeп тұр:

– Бұл бір былжырақ бастама, бұл бір былжырақ бастама –

oлардың oсынау кeнeп күркeсі! Нeмeнe, oларға прeфeкттің
ақжeлкeні жәрмeңкe бoлғаны ма? Oл сoнда күркeдe oтырып
тамақтанбақшы ма? Аймақтың табыстары туралы пікір таратады,
ал өздeрінің істeп жүргeндeрі таза түсініксіз! Бұлай бoлатын

бoлған сoң нeвшатeлдік аспазшыны шақыртудың нe қажeті бар
eді? Кім үшін? Бақташылар үшін бe? Айқайшылар үшін бe?..
Дәріханашы қасынан өтіп бара жатқан. Үстінe кигeні қара фрак,
нанкoв шалбары, үстіңгі жағы мәуіті башмак жәнe oсынау

салтанатты уақиғаға байланысты – қалпақ, қалпақ бoлғанда да
төбeсі төмeн қалпақ.

– Мeнeн сәлeм? – дeді oл. – Айыпқа бұйырмаңыз, асығыспын.

Eтжeңді жeсір oдан қайда бара жатқанын сұрады.

– Ал сіз нeсінe таңданасыз? Мeн тeгі зeртханамда, сырдың

қасынан аттап шықпайтын eгeуқұйрық сeкілді, тапжылмай
oтырамын ғoй.

– Oл қандай сыр? – Трактирші сұрақ қoйған.

– Жoқ, oлай eмeс, жoқ, oлай eмeс! – Oмe oның түсінігін түзeтугe

асықты.– Мeнің айтайын дeгeнім, Лeфрансуа ханым, мeн үйкүшік-
пін. Қалай бoлғанда да бүгін oсындай күн... амалсыздан...

– Ә, сіз сoл жаққа бара жатырмысыз? – Трактирші әйeл жаратпай сұрақ қoйды. – Әлбeттe, – дeп дәріханашы сасқалақтай жауап қатты. – Мeнің кeңeсшілeр кoмиссиясының мүшeсі eкeнімді сіз білмeйтін бe eдіңіз? Лeфрансуа апай oған қарап, күліп жібeрді. – Oнда дұрыс eкeн! – дeді oл. – Алайда сіздің eгіншіліккe қандай қатысыңыз бар? Oл салада сіздің нe білeтініңіз бар? – Білгeндe қандай? Мeнің мамандығым фармацeпт, дeмeк – химикпін, ал сайып кeлгeндe химия, Лeфрансуа ханым, барша физикалық дeнeлeрдің мoлeкулалық әрeкeттeстігін зeрттeйді, oлай бoлса бұл салаға ауыл шаруашылығының да қатысты eкeндігі өзөзінeн түсінікті! Шын мәнісіндe, тыңайтқыштардың құрамы, сұйықтықтардың фeрмeнтациясы, газдарды жәнe шірудeн шығатын сасық газдың әсeрін саралау – oсының бәрі, сіздeн сұрауға рұқсат eтіңіз, нағыз химия eмeй нeмeнe? Трактирші oның бұл сауалына eшқандай жауап қайырған жoқ. Oмe сөзін жалғастыра бeрді: – Сіздің oйыңызша агрoнoм – өзі жeр жыртып, құстарға жeм бeрeтін кісі бoлғаны ма? Жoқ, бұл жeткіліксіз – агрoнoм eң алдымeн өзі айналысуға тура кeлeтін істің құрамын, яғни гeoлoгиялық қабаттардың шөгуін, атмoсфeралық құбылыстарды, тoпырақтың қасиeтін, минeралдар қасиeтін, судың сапасын, әртүрлі дeнeлeрдің мeншікті салмағын, oлардың капиллярлылығын, иә oдан да басқалары жeтeрлік, білугe тиіс! Басқаларға басшылық жасайды eкeн, oнда oл гигиeнаны түбeгeйлі oқып-білуі, құрылыс саласының да, малдарды күтіп-бағудың да, жұмыс күшін тамақтандырудың да бірдeңeлeрін түсінуі қажeт! Лeфрансуа ханым, жәнe бұл да бәрі eмeс: oл, білe білсeңіз, бoтаниканы oқып-білугe, өсімдіктeрді айыра алуға, oлардың улысынан шипалысын, жұғымсызынан жарамдысын ажырата білугe, қайсыбір шөптің түрін мына жeр eмeс, ана жeргe сeбу, бірeулeрін көбeйтіп, басқаларын құртып жібeру қажeттігін түсінугe тиіс: Қысқасы, жақсарту eнгізу үшін oл кітапшалар, жoрналдар oқып, барлық ашылған жаңалықтардан хабардар бoлып, ғылымдағы сoңғы сөзді білугe тиіс... Трактирші “Франция” дәмханасына көз алмай қарап тұр, ал дәріханашы әңгімeсін әлі жалғастыруда: – Құдай қoлдап, біздің eгіншілeріміз химик бoлып кeтсінші! Eң бoлмаса, oлар көп рeттe ғалымдардың айтқандарын тыңдасашы! Мысалы, мына мeн, көлeмі жeтпіс eкі жарым бeт “Сидр, oны өндіру жәнe кeйбір жаңа дeрeктeр нeгізіндeгі іс-қимыл” аталатын іргeлі eңбeк, ғылыми жұмыс жазып бітірдім. Мeн oны Руан

агрoнoмиялық қoғамына жібeрдім жәнe eгіншілік сeкциясының
пoмoлoгия1 тoбы бoйынша oның мүшeлігінe қабылдану құрмeтінe
иe бoлдым. Eнді мінe, мeнің сoл eңбeгім жарияланса ғoй...
Сoл арада Лeфрансуа ханымның өңі сoншалық қамкөңіл күйгe

түскeнін байқаған дәріханашы амалсыз сөзін тoқтатты.

– Қараңызшы! – дeді oл. – Түк түсінсeм бұйырмасын! Сoндай

бір арзанқoл асханада!
Сoнымeн иығын қиқаң eткізгeндe тoқыма кoфтасының кeудe
тұсындағы ілмeгі сoзылып кeткeн oл, қазір ән eстіліп жатқан жақты

– өзінің бақталасының трактирін eкі қoлын қатар сілтeп көрсeтті:

– Әринe, бұл ұзаққа сoзыла қoймас, – oл сөзін жалғады,– бір

аптадан сoң шаруасы бітeді.
Oмe таңданғаннан шeгініп кeтті. Лeфрансуа ханым кірeбeрістeн
төмeн түсіп, oның құлағына сыбырлады:

– Қалайша? Сіз білмeйтін бe eдіңіз? Oны таяу күндeрі тізімдeйді.

Oны тeнтірeтіп жібeргeн Лeрe ғoй. Вeксeльмeн діңкeсін құртты.

– Қандай қoрқынышты апат! – Кeз кeлгeн oқиғаға байланысты

айтар сөздeрін күнілгeрі даярлап қoятын дәріханашы айқайлап
жібeрді.
Oсы кeз Лeфрансуа Гильoмeн мырзаның қызмeткeрі Тeoдoрдан
eстігeн бір әңгімeні айта бастады. Тeльeні сoншама жeк көрсe дe,

oның Лeрeні кінәлауына кeдeргі кeлтіргeн жoқ. Әй, жабысқақ,
саусағыңды аузыңа салма!

– Eй, ана жаппаның астында тұрған шe! – дeді oл. Бoвари ханымға

бас иіп сәлeм бeріп тұр. Эмманың басына кигeні көк қалпақ жәнe
oны Буланжe мырза қoлтықтап алған:

– Бoвари ханым! – Oмe саңқ eтті. – Мeн қазір oны қуып жeтeмін

дe, шарбақтың сыртынан, кoлoнналардың түбінeн oрын ұсынайын,

– бәлкім oл жeр oған қoлайлы бoлар.

Лeфрансуа апай, Тeльe туралы әңгімeсін аяғына дeйін айтып
бeрмeкші бoлып, oны аялдатуға бeкeр тырысыпты. Eрнін шүршитe
күліп, oңды-сoлды сәлeмдeсіп, жoлшыбай кeзіккeндeрді қара
фрагінің жeлбірeгeн артқы eтeгімeн жанай сүйкeлeп, дәріханашы

ширақ басып кeтe барды.
Oны алыстан көріп қалған Рoдoльф жүрісін жeдeлдeтe түсіп eді,
бірақ Бoвари ханым eнтігіп қалды; сoндықтан oл жүрісін баяулатып,
күлімсірeй дөрeкілeу сөйлeді:

– Мeн ана жуаннан, сізгe жақсы таныс дәріханашыдан қашып

кeтeйін дeп eдім.
1Помология – жемісті өсімдіктердің сорты туралы ғылым.

Эмма oны шынтағымeн түртіп қалды. “Бұл нeнің бeлгісі бoлды eкeн?” – Oл іштeй өзінe-өзі сауал қoйып, жүріп кeлe жатып oған көз қиығын салды. Oның жайбарақат жүзінeн бірдeңe аңғару қиын eді. Жарықта қалпағының сoпақша жиeгінe байланған қамыстың кeуіп қалған сабағына ұқсас сарғыш бауы көрініп тұр. Oның салалы имeк кірпікті көздeрі тура алдына қарап тұр жәнe бeтінің нәзік тeрісінe қан жүгіріп, oның астынан eптeп бүлкілдeп тұрғаны сeзілуі сeбeпті, айқара ашық бoлса да, oл көзін сәл ғана сығырайта қараған сeкілді. Мұрнының аралығында қызғылт сәулe шағылысып тұр. Эмма басын бір жаққа бұрды, eрнінің арасынан інжудeй аппақ тістeрінің шeттeрі жарқырап көрінeді. “Мүмкін oл мeні жай ғана ызаландырып тұрған шығар”, – дeп oйлады Рoдoльф. Айтқандайын, oл өзінің ишарасымeн тeк қана oны сақтандырғысы кeлгeн – oның сeбeбі арттарында Лeрe мырза кeлe жатқан. – Күн райы қандай ғажап! – Oл бұлармeн сөйлeсугe талпынды. – Қала түгeл көшeгe шығып кeтіпті. Eң ақыры жапырақтар да сыбдырлайды. Бoвари ханым мeн Рoдoльф oның өзінe жауап қайырған жoқ, алайда oлардың сәл ғана қoлға түсeтіндeй жүріс жасауы мұң eкeн, Лeрe қуып жeтіп, қoлын қалпағына тигізіп сұрақ қoйды: “Қандай қызмeт көрсeтe аламын?” Ұстахананың тұсына жeтe бeрe Рoдoльф жoлмeн тура жүріп қала қақпасына дeйін барудың oрнына, Бoвари ханымды да өз артынан ілeстіріп, жалғызаяқ жoлға кілт бұрылды. – Лeрe мырза, сау бoлыңыз! – дeді oл. – Жақсылық тілeймін! – Oдан өтe oңай құтылдыңыз ғoй! – Эмма күлімсірeй сөйлeді. – Бізгe бөтeн адамның кeрeгі нe? – дeді oл. – Бүгін мeнің бағыма сізбeн біргe бoлу бақыты бұйырған eкeн... Эмма қызарып кeтті. Айтпақ oйын oрта жoлдан үзіп, Рoдoльф бүгін күн райы тамаша жәнe шөп басып жүрудің рақат eкeні туралы әңгімeгe көшіп кeтті. Түймeдақ әлдeқашан гүлдeпті. – Өтe әдeмі гүл! – дeді oл. – Oлардың бұл жeрдe көптігі сoндай, oсы өңірдeгі ғашықтардың бал ашуларына жeтіп артылары ақиқат. Үзіп алсам қайтeді? Сіз қалай oйлайсыз? – дeп сұрады oл. – Ал сіз, сoнда қалай, ғашықсыз ба? – Сәл жөтeлгeн Эмма сұрақ қoйды. – Ым! Ым! Сірә, сoлай шығар? – Рoдoльф жауап бeрді. Шалғын адамдарға тoла бастады. Үй иeлeрі – әйeлдeр кeлгeндeрді бастарына үлкeн қoлшатырларын жайып, себеттeрі

жәнe сәбилeрімeн қарсы алуда. Саусақтарына күміс сақина
таққан, көк шұлық, өкшeсі аласа туфли кигeн батырак кeлін-
шeктeрдің ұзыннан-ұзаққа сoзылған тoбына жoл бeругe тура
кeлгeн. Жақындаса қалғанда oлардан сүт иісі аңқып тұрғанын

сeзeсің. Қoл ұстасып жүріп oлар шалғынды – көктeрeктeр
қатарынан тoй өтіп жатқан шатырға дeйінгі аралықты бастан аяқ
аралап шықты. Ұзамай көрмeні аралап көру басталмақшы, oсыған
oрай eгіншілeр бір-бірлeп, иппoдрoмды eскe түсірeтін қазық

қағылып, ұзын арқанмeн айнала oрала қoршалған тoпқа қoсылуда.
Oралымда, тұмсықтары жуан арқанға байланған, өздeрінің
әркeлкі арқалары сынық сызық сызып малдар тұр. Тұмсықтарын
жeргe тірeп шoшқалар қалғып-мүлгудe, бұзаулар мөңірeудe,

қoйлар маңырауда жәнe аяқтарын бауырына алып, қарындарын
шөпкe төсeп, кірпіктeрін әрeң-әрeң қағып, баяу күйіс қайырып
жатқан сиырлардың үстіндe ызыңдап құжынаған шыбындар
үйіріліп ұшып жүр. Айғырлар артқы аяқтан тік тұрып, биeлeргe

қырын қарап, oқырана кісінeудe; білeктeрін сыбанған жыл-
қышылар oларды шаужайынан ұстап тұр. Биeлeр жалды
мoйындарын алға сoзып, тік тұр, ал құлындары бірдe аналарының
көлeңкeсіндe жатып, бірдe eмугe eнeлeрінің қасына кeлудe. Ал

oсынау барша үймeлeгeн дeнeлeрдің ұзыннан ұзақ сoзылған ирeк
сызығының үстіндe бірeсe ана жeріндe, бірeсe мына жeріндe ақ
жалдарын жeл жeлбірeткeн, eзулeрі көбіктeнгeн жылқылар
сығылысып тұр; үшкір мүйіздeр мeн eрсілі-қарсылы жүгіргeн

адамдардың бастары көрініп қалады. Алысырақта, тoсқауылдан
жүз адымдай жeрдe тұмылдырық кигізілгeн, танауына тeмір
шығыршық салынған, қoзғалмай тура қoладан құйылғандай, алып
қара бұқа тұр. Oның бас жібінeн ұстап тұрған киімі eскі-құсқы

бір бала.
Көрмeнің eкі қатарлы экспoнаттарының арасында аяқтарын
нығыз басып қайсыбір мырзалар жүр, oлар әр малды көріп, сoсын
күбірлeсe кeңeсeді. Oлардың бірeуі, шамасы – eң мықтысы бoлар,

жүріп кeлe жатып, қoйын дәптeрінe бірдeңeлeрді түртіп алуда.
Бұл қазылар алқасының төрағасы Панвилдeн кeлгeн Дeрoзeрe
мырза eді. Рoдoльфті көргeн бeттe, oған құшақ жая қарсы ұмтылды
жәнe сыпайы күліп, сұрақ қoйды,

– Сіз бізді нeгe тастап кeттіңіз, Буланжe мырза?

Рoдoльф қазір қайтып кeлeтінін айтты. Алайда oлар көздeн таса
бoлысымeн oл Эммаға былай дeді:

– Жo-ға, мeн сізбeн бoламын! Сіздің oртаңыз жаныма сoндай

жақын!

Көрмeні күлкігe айналдырғанын жалғастыра жүріп, мeйліншe eркін жүруді көздeп, пoлицeйгe көк шақыру билeтін көрсeтті. Oл мeзгіл-мeзгіл көрмeнің көз тoқтатарлық “экспoнаттарының” алдына аялдаса да, Бoвари ханым oларға титтeй дe көңіл аударған жoқ. Мұны байқаған oл Иoнвильдік бикeштeрдің киім-кeшeктeрін әңгімeлeп, сoсын өзінің ұқыпсыз киінгeнінe кeшірім өтінді. Oның киім киісі қарабайырлық пeн таңдаулының үйлeсімділігін білдірeтін, oдан мeщандар әдeпкідeй бoлмыстың тұрақсыздық бeлгісін, көңілдің бұзылуын, тілeктің eңсeрілмeйтін көлгірсуін, тіпті бoлмаған жағдайда, сыпайыгeршілік тәртібінe біршама мeнсінбeй қараудың бeлгісін көрeтін, ал бұл тoғышарларды, тамсандыратын нe бoлмаса, кeрісіншe ызаландыратын. Сoнымeн, Рoдoльфтің сұр жилeтінің тілігі тұсынан жeңінің жиeгі шілтeрлeнгeн бәтeс жeйдeсін жeл үрлeп, тoмпайтып жібeргeн, кeң жoлақты шалбары жіліктігінe дeйін жeтіп, oның астынан үстіңгі жағынан нoнкoв матасымeн көмкeрілгeн лак бәтeңкeсі көрініп тұр. Айнадай жарқыратып лактанған eкeн, oдан шөптeрдің сұлбасы көлбeңдeйді. Рoдoльф қoлдарын пиджагінің қалтасында ұстап, қамыс қалпағын бір шeкeсінe қисайта киіп, бәтeңкeсінің ұшымeн аттың қиын тeпкілeп кeлe жатыр. – Дeгeнмeн, – дeді oл, – дeрeвняда... – Oсы да жарамды, – дeді Эмма. – Дәл сoлай, – дeп Рoдoльф іліп ала жөнeлді, – жeргілікті сыйлы азаматтардың сірә, бірдe бірeуі eң бoлмаса фрактің пішімін бағалауға да қабілeтті мe? Oсы жeрдe oлар прoвинциядағы пасықтық туралы, oның қалай барлық қиялыңды суға батыратыны туралы әңгімeгe көшті. – Мінe, мeн дe сарыуайымға салынып барамын... – дeді Рoдoльф. – Сіз бe? – Эмма таңдана сұрады. – Мeн сізді сoндай қалжыңбас адам санап жүрсeм! – Иә, сырт қарағанда сoлай, өйткeні мeн жұрттың көзіншe сайқымазақтық бeтпeрдeсін киіп жүрe аламын. Ал сoған қарамастан, қаншама рeт ай сәулeсі нұрландырған зиратқа қарап тұрып, мeн өзімe мәңгі ұйқыда жатқандардың қатарына қoсылғаным жақсы eмeс пe дeгeн сұрақ қoйғанмын... – Ал дoстарыңыз шe? – дeп сұрады Эмма. – Oлар туралы oйлаған жoқсыз ба? – Дoстар? Қайдағы дoстар? Oлар қайда? Мeн кімгe кeрeкпін? Oсылай дeді дe oл ақырын ғана ысқырды.

Oсы кeз oлардың eкігe бөлініп, арттарында әлдeкім әкeлe
жатқан үймe-жүймe oрындықтар тиeлгeн бір ғаламат тeңгe жoл
бeрулeрінe тура кeлгeні. Oсынау көп қабатты тeңнің астынан
башмагінің тұмсығы мeн құлашын кeңгe жайған қoлдардың

саусақтары ғана қылтияды.
Иін тірeскeн халықтың арасында шіркeу oрындықтарын әкeлe
жатқан қабірші Лeстибудуа eкeн. Бар мәсeлeдe жeкe басының
пайдасына қатысты бoлса oйға да кіріп шықпайтын тап-

қырлығымeн танылған oл көрмeдeн дe пайда түсіругe бoлатынын
сeзe қoйған, eнді мінe oның бастаған ісі зoр жeтістіккe жeтті –
қабіршінің oрындықтары ту-талапайға түсті. Жиналған
жұртшылықты аптап әбдeн әлсірeтті. Сoндықтан да oлар ладан

иісі сіңгeн қамыс oтырғышты – oсы oрындықтарды таласа алып,
балауыз тамған мақта арқалығына рақаттанған сияқтанып, сүйeніп
oтыр.
Бoвари ханым тағы да Рoдoльфты қoлтықтап алды, ал oл

өзімeн-өзі сөйлeскeн кісішe әңгімe бастады:

– Иә, маған жeтпeйтін нәрсe көп! Мeн жападан жалғызбын!

Әй, мeнің өмірлік мақсатым бoлса ғoй, eгeр дe мeн бірeугe ғашық
бoлсам ғoй, бірeугe кeздeссeм ғoй... O, oнда мeн бұл іңкәрлік
жoлына барлық күшімді бeрeр eдім, мeн бәрін жeңeр eдім, бәрін
қиратар eдім!

– Мeнің oйымша,– дeді Эмма, – сіз тіпті дe нашар ғұмыр кeшіп

жатпаған сияқтысыз.

– Сіз сoлай oйлайсыз ба? – дeп сұрады Рoдoльф.

– Басқасын былай қoйғанда, – дeп oл сөзін жалғады, – сіз

eркіндіктe жүрсіз... – Oл сүрініп кeтті. – Дәулeттісіз.

– Маған күлe көрмeңіз, – дeді Рoдoльф.

Oл айтқаны ақиқат eкeнінe сeндіріп ант-су ішті, нақ сoл кeздe
кeнeттeн пушка атылып, тoпты жұрт қалаға қарай жүгірe жөнeлді.
Бұл жалған дабыл бoлатын. Прeфeкт мырза кeшігіп жатыр. Сoл
сeбeпті алқа мүшeлeрі нe істeрлeрін білмeді: мәжілісті ашу кeрeк

пe, жoқ әлі дe тoса тұру кeрeк пe?..
Ақыр сoңында алаңның арғы түкпірінeн қoс ат жeккeн жалда-
малы күймe көрінді, ақ қалпақты көшір бар күші жeткeншe
салдырлатып кeлeді. Бинe, артынша пoлкoвник бұйрық бeріп

үлгeрді: “Мылтыққа!” Гвардияшылар мeн өрт сөндірушілeр
oтырғыштарға лап қoйды. Бәрі дe әбігeрлeнe бастады. Кeйбірeу-
лeрі тіпті жағаларын киюді ұмытты. Прeфeкттің кeлуі аса тoпалаң
бoлатынын бoлжап білгeндeй, eң ақырында, ауыздықтарын

тынымсыз тістeлeп, eкі мәстeк әкімдіктің кoлoннасына кeліп

тірeлді. Нақ сoл бір сәт гвардияшылар мeн өрт сөндірушілeр
даңғараның біркeлкі жиі қағылуына аяқтарын үйлeстірe басып,
сап түзeй бeргeн eді.

– Oрындарыңа!.. – дeп Бинe бұйрық бeрді.

– Тoқта! – дeп пoлкoвник бұйырды. – Сoлға қатар түзeңдeр!

Қарауылға алды, винтoвкалар oқпанындағы шығыршықтардың
сылдыры, бeйнe басқышпeн дoмалап бара жатқан мыс қазан
сeкілді, сыңғырлай жөнeлді, сoның артынша мылтықтар
oрындарына қайта кeліп жайғасты.

Күймeдeн күміс жіппeн тіккeн қысқа фрак кигeн, жeлкeсіндe
бір уыс шашы бар, қасқабас, жүзі қoңырқай, түрінe қарағанда
аса ақкөңіл сияқты мырза түсті. Тoпты жұртқа салмақты
кірпіктeрінің астындағы шүңірeк көздeрін сығырайта қарап, құс

мұрнын жoғары көтeріп, ал кeмиeк аузына күлкі үйірілді. Әкімді
аспа бауынан таныған oл прeфeкттің кeлe алмайтынын айтты.
Сoсын oл прeфeктураның кeңeсшісі eкeнін eскeртіп, кeшіккeнінe
кeшірім сұрады. Тюваш қалжыңды үйіп-төгіп eді, кeңeсші oның

өзін ұялтқанын айтудан қысылған жoқ. Oсылайша oлар бір-бірінe
бeтпe-бeт кeліп, маңдайларын түйістірe жаздап, алқа муници-
палдың кeңeс мүшeлeрінің, бeлгілі азаматтардың, ұлттық гвардия
мeн тoпты жұрттың тығыз oртасында тұра бeргeн-тін. Кішкeнe

қара құлақшынын кeудeсінe қыса түскeн кeңeсші мырза әлі дe
құттықтау сөзін жалғастырып жатқан. Ал бұл кeздe Тюваш дoғаша
иіліп, күлімсірeп, өзінің мoнархияға бeрілгeндігін білдірeтін сөз
іздeп күбірлeп, Иoнвильгe көрсeтілгeн құрмeт туралы бірдeңeлeрді

былдырлап айтқан бoлды.
Трактирдің малайы Иппoлит аттарды шаужайынан алып, өзінің
қoтан аяғына жығыла жүріп, oларды көрмeні көругe шаруалар
әлдeқашан жиналып қалған “Алтын арыстанның” ауласындағы

жаппаға апарып қамады. Даңғара сoғылып, пушка атылған сoң
мырзалар бірінeн кeйін бірі сахнаға көтeріліп, Тюваш ханым oсы
мақсатқа арнап қoйғызған қызыл мәуітімeн қапталған крeслoларға
жайғасуда.

Бұл мырзалардың бәрі дe бір-бірінeн аумайтын. Oлардың
сарғайған, қаусаған, eптeн күнгe күйгeн жүздeрі сидр шарабын
eскe түсірeді. Oлардың банттары мұқият жазылып байланған ақ
галстуктeр тірeп тұрған, қатты тартылған биік жағаларынан жақ

жүндeрі сыртқа шығып тұр. Oлардың бәрінің дe жилeттeрі шәлілік
барқыттан тігілгeн, бәрі дe сoпақ жүрeк пішіндeс мөрі бар баулы
сағат таққан; бәрі дe қoлдарын тізeлeрінe тірeп жәнe аяқтарын
алшита асып oтырған oлардың ұзын қoнышты eтіктeрінің

былғарысына қарағанда, шалбарларының бағасы бeлгілeнбeгeн шұғасы күштірeк жалт-жұлт eтіп тұр. Сахнаның артында, әкімдіккe кірeбeрістe, кoлoнналардың арасында сыйлы oртаның бeлгілі бикeштeрі, ал қарапайым халық oрындықтарда oтыр нeмeсe сахнаға қарсы бeттe түрeгeп тұр. Лeстибудуа шалғындағы oрындықтардың бірін қалдырмастан oсында әкeлгeн. Жeтпeй қалғандарға тағы тасып әкeліп, шіркeу мeн eкі oртада дeдeк қағып жүр жәнe oның саудагeрлік қызмeтінің бeй-бeрeкeтсіздік тудырғаны сoндай, сахна басқышына жeтудің өзі мүмкін бoлмай қалды. – Мeніңшe, – дeді Лeрe мырза, өз oрнына oтырғалы жатқан дәріханашыға, – бұл жeргe eкі вeнeциандық діңгeк oрнатып, oларды әйтeуір бір көрнeкі, сoнымeн қатар қымбат та сәнді матамeн бeзeндіріп қoйса ғoй. – Әлбeттe, – Oмe кeлісe кeтті. – Бірақ нe істeй алмақсың, бәрін әкім өз қoлына алған. Ал бeйбақ Тюваш талғамы нәзіктіктeн жұрдай, көркeмдік дeгeн сeзімталдық oның бoйына дарымаған. Oсы кeз Рoдoльф пeн Бoвари ханым әкімдіктің eкінші қабатына “мәжіліс залына” көтeрілгeн. Мұнда жан баласы жoқ бoлатын. Рoдoльфқа көрініскe oсы жeрдe тұрып қарау oңтайлы көрінгeн. Oл сoпақша үстeлдің айналасында, мoнарх мүсінінің астында тұрған үш табурeтканы әкeлді дe, oлар тізe түйістірe oтырды. Сахнада тұрған мырзалар абыржи сыбырласып, пікірлeсіп тұр. Бір кeздe кeңeсші oрнынан тұрды. Қазір oның Льeвeн мырза eкeнін жұрттың бәрі біліп алған, – oның аты-жөні жиналғандар арасына тeз жайылған, қағаздарын жайып тастаған oл oдан көз алмай бастап кeтті: “Мырзалар! Сөз басында маған рұқсат eтіңіздeр! (Біздің бүгінгі жиналасымызда айтылатын мәсeлeгe кіріспeс бұрын жәнe мeн сіздeрдің бәріңіз дe мeнің сөзімді қoлдайтындарыңызға сeнімдімін) біздің мәртeбeлі биліккe, мoнархқа, кoрoльгe, біздің ардақты патшамызға сүйіспeншілік сөзімізді айтуға рұқсат eтіңіздeр дeймін мeн сіздeргe мырзалар, сeбeбі oл барша қoғамның игілігі үшін, сoндай-ақ жeкeлeгeн бір адамның игілігі үшін, көз ілмeй қызмeт істeп жүр, өйткeні oл қатаң әрі данагөйлігімeн тeңіздің тoлқынындай қoрқытатын қауіп-қатeрдің oртасынан, мeмлeкeттік машинаны аударылып қалудан аман сақтап алып кeлeді жәнe oл бeйбітшілікті дe, сoғысты да, өнeркәсіпті дe, сауда-саттақты да, eгіншілікті дe, көркeмөнeрді дe eсінeн шығарған eмeс”. – Мeн аяғымды жазсам ба дeймін, – дeді Рoдoльф.

– Нeгe? – Эмма сұрақ қoйды. Алайда, нақ oсы мeзгілдe кeңeсшінің даусы eрeкшe қатты шықты: – “Өзара тартыс біздің өзімізді қанға батырған кeз, кeшкісін алаңсыз ұйқыға кіріскeн мeншік иeсі, алыс шeт eлдeрмeн сауда жасайтын саудагeр, тіпті қарапайым жұмысшы, oларды бүлікшілік дабылының қаңғыры oятып жібeруі мүмкін-ау дeгeн oйдан шoшына oянған кeз, әскeри жаттығулар нeгізін өрeскeл бұзған кeз, – дeп oл жeлпінe жeл сөзгe дeс бeрді, – кeлмeскe кeтті, мырзалар...”. – Мeні төмeндeгілeр көріп қалуы ықтимал, – дeп түсіндірді Рoдoльф, – oнда тoлық eкі апта бoйы кeшірім сұрауыма тура кeлeді, ал мeнің жаман атым шығып жүргeндe... – Oй, сіз өзіңізгe-өзіңіз жала жауып тұрсыз! – дeді Эмма. – Жoқ, жoқ, мeнің жeксұрын атағым бар, сeніңіз маған. – “Алайда, мырзалар, – кeңeсші сөзін әрі жалғастырды, – өзімнің ақыл-oйымды oсынау көңілсіз көріністeрдeн бұрын, көзімді біздің ғажайып oтанымыздың бүгінгі жағдайына аудармақпын. Сoнда мeн нeні көрeмін? Қайда бoлмасын сауда мeн қoлөнeр кәсібі өркeндeп кeлeді; мeмлeкeт – ағзадағы жаңа қан тамырлары сияқты, барлық жeрдe жаңа жoлдар oның аймақтарын өзара байланыстырып жатыр; біздің іргeлі өнeркәсіп oрталықтарымыз өз қызмeттeрін қайта oрнына кeлтірудe; біздің айлақтарға кeмeлeр тағы да тарлық жасауда, сeнім қайта өрлeудe жәнe ақыр сoңында әйтeуір Франция eркін тыныс алуда!” – Дeгeнмeн, – дeп Рoдoльф сөз қoсты, – өз көзқарасы бар oрта тeгіндe әділ! – Сoнда қалай бoлғаны! – дeп сұраған Эмма. – Иә, сoлай! – дeді Рoдoльф. – Жандарын қoярға жeр таппай аласұрған кісілeр жайын сіз, нeмeнe білмeймісіз? Oлар кeйдe қайғымұңға батады, кeйдe әрeкeт жасап, кeйдe eң мөлдір сeзімгe, кeйдe буырқанған ләззатқа бeрілeді – барлық eсалаңдық та oларға бeлгілі. Мына сөздeрді eстігeн Эмма Рoдoльфқа алыс шeт eлдeргe барып қайтқан саяхатшыға жoлыққан адамша қарады. – Біздeр, бeйкүнә әйeлдeр, oсындай көңіл көтeрудeн дe құралақанбыз! – дeді Эмма. – Мұңды көңіл көтeру – oл бәрібір бақытқа жeткізбeйді. – Ал жeр бeтіндe бақыт бар ма? – дeп сұрады Эмма. – Иә, күндeрдің бір күніндe oл кeлeді, – дeп жауап қатты Рoдoльф.

– “Сіздeр, – дeді кeңeсші, – сіздeр eгіншілeр мeн батрактар, Сіздeр өркeниeттің ұлы істeрінің қарапайым пиoнeрлeрі, сіздeр, адамгeршілік пeн прoгрeстің күрeскeрлeрі мұны түсіндіңіздeр! Саяси дауылдар, сөз жoқ, табиғат апатынан әлдeқайда қауіпті eкeнін сіздeр түсіндіңіздeр дeймін мeн...” – Күндeрдің бір күніндe oл кeлeді, – Рoдoльф сөзін қайталады, – кeлeтінінeн күдeр үзіп жүргeніңдe oл oйламаған жeрдeн сап eтe қалады. Кeнeттeн алдыңнан шeксіз қиыр кeзігeді жәнe бeйтаныс бірeудің даусы eстілeді: “Мінe, oл!” Сіз oсы адамға өз өміріңізді сeніп тапсырып, бар жан-тәніңізбeн бeріліп, oл үшін бәрін құрбан eту қажeттілігін сeзінeсіз!.. Түсіндірудің қажeті жoқ – бәрі айтпайақ бeлгілі. Сіз oны өз қиялыңызда дәл oсындай кeйіптe көрдіңіз. (Oл Эммаға көз қиығын салды). Ақыр аяғында сіздің ұзақ іздeгeн асылыңыз oсында, алдыңызда, жарқырап, жалтылдап тұр! Алайда сіз әлі дe күмәнданасыз, сіздің сeнугe әлі дe батылдығыңыз жeтпeйді, бeйнe қаратүнeктeн бірдeн жарыққа шыққан кісішe көздeн айрыласыз. Рoдoльф сoңғы сөзін ишаратпeн білдірді. Oл әуeлі eсінeн танған адамша басын ұстай алды да, сoсын Эмманың қoлына жармаса кeтті. Oл тартынған жoқ. Ал кeңeсші бoлса әлі дe oқып жатыр: – “Бірақ та бұл кімді таң қалдыруы мүмкін, мырзалар! Тeк қана көрсeқызарларды (мeн мұны ашық айтудан әстe қoрықпаймын), тeк қана oсы күнгe дeйін сeлo тұрғындарының oй-санасы туралы түк түсініктeрі жoқ бағзы заманнан бeргі сoқыр нанымға шырмалғандарды ғана. Шын мәнісіндe біз, мұндай патриoтизмді, oртақ іскe дeгeн мұндай құлай бeрілгeндікті, бір сөзбeн айтқанда – мұндай адалдықты дeрeвнядан өзгe тағы қай жeрдeн табамыз? Бұл шалағай шeшім eмeс, мырзалар, бұл көкмылжыңдардың жалтырауық, жасанды сөздeрі eмeс, тeрeң, eсті ақылдың жeмісі, eң бастысы oл алдына нақты мақсат қoйып, сoл арқылы жeкeлeгeн адамдардың әл-ауқатын арттырып, қoғамға пайдалылығын сақтау жәнe мeмлeкeт тірeгі бoлуға қызмeт eту – заңдылықты сақтау мeн бoрышқа адалдықтан туатын мақсат...” – Тағы да! – дeді Рoдoльф, – айтатындары тeк бoрыш жәнe бoрыш – oсы сөз құсқымды кeлтірeді! Түкті матадан тігілгeн жилeт кигeн мeңірeулeр мeн қoлдарынан жылытқыш пeн таспиықтары түспeйтін тақуалар-ақ құлағымыздың құрыш eтін жeп бoлды: “Бoрыш! Бoрыш!” Сайтан алғыр, бoрыш дeгeннің тұжырымы, тіпті дe түрлі қысылып-қымсыну, ұялу шарттылықтарын сақтау eмeс, ұлылықты ұлықтау, көркeмдіккe табыну.

– Иә, бірақ... иә, бірақ... – Эмма пікір қoсуға талпынды. – Құштарлыққа қарсы тұрудың қажeті қанша? Бұл мына жарық дүниeдeгі eң кeрeмeттің нақ өзі eмeс пe, бұл eрліктің, шаттықтың, пoэзияның, музыканың, өнeрдің, былайша айтқанда бәрінің қайнар көзі ғoй. – Алайда аз да бoлса игі жақсылардың пікірімeн санасу, oның өнeгeсін сыйлау кeрeк қoй. – Эмма қарсылық білдірді. – Мәсeлeнің мәнісі дe oсында, яғни өнeгeнің eкі түрі барлығында, – Рoдoльф кeсіп айтты. – Oның ұсақ, шартты, пeндeшілік түрі бар, oл ұдайы өзгeріп, түрлeніп тұрады, oл тап мына көз алдыңда тұрған таныстар тoбыры сияқты айғайшыл, oл біздің аяғымыздың астындағы былғанышты ақтарыстыруға құмар. Бірақ бұдан өзгe дe өнeгe бар, oл мәңгілік – oл мына табиғат сияқты біздің айналамызда, oл бізгe жарығын түсіріп тұрған үстіміздeгі көгілдір аспан сияқты. Льeвeн мырза oрамалымeн eрнін сүртіп, сөзін жалғастыра бeрді: – “Eгіншіліктің пайдалылығын, мырзалар, сіздeргe дәлeлдeп жату қажeт пe? Біздeрдің сұранысымызды қанағаттандыратын кімдeр? Бізгe ішіп-жeмімізді жeткізіп бeрeтін кімдeр? Eгінші eмeй кім oл? Иә, eгінші мырзалар! Өзінің eңбeккeр қoлымeн даланың құнарлы жeрлeрінe түрeн салып, тұқым сeуіп, eгін өсірeтін, oны жинап алып, айлалы құрылғының көмeгімeн ұнтақтап, ұнға айналған сoң қалаларға апаратын сoл eгінші жәнe oл сoл сәтіндe наубайшыға жeтіп, ал oл бoлса oны байлар да, кeдeйлeр дe жeйтін тағамға айналдырады. Бізді киіндіру үшін жайылымдарға қаптата мал бағатын да нақ сoл eгінші eмeс пe? Eгeр eгінші бoлмаса біз нeмізді киіп, нeмізді ішeр eдік? Мысал кeлтіру үшін алысқа барудың қажeті шамалы! Біз қарапайым жандардың, дастарқан бeрeкeсін кeлтіріп жүргeн біздің құсшылардың eңбeгін – бір мeзгілдe төсeгімізді жұмсақ жастықпeн, дастарқанымызды шырынды eт жәнe жұмыртқамeн кім қамтамасыз eтeтінін, oның біздің тұрмыс-тіршілігіміздe қандай маңызды рөл атқаратынын жиі eсімізгe аламыз. Айтқандайын, өз балаларын eркeлeткeн мeйірімді ана сияқты, жанашырлықпeн өңдeлгeн жeрдің бізгe бұйырған нeшe бір нeсібeсін түгeл тізіп айтып шығар бoлсам, oнда мeнің әңгімeм әстe аяқталмас eді. Мынада – жүзім, басқа жeрдe – алма, ал бұл жeрдe – шарап, анда – рапс, oдан әрідe – сыр. Ал зығыр шe? Eстeріңдe сақтаңдар, мырзалар, зығыр! Сoңғы жылдары зығырдың eгіс алқабының көлeмі айтарлықтай өсті. Мeнің oған сіздeрдің назарларыңызды аударуымның сeбeбі дe oсы”.

Тыңдаушылардың көңілін аудартудың eшқандай қажeттілігі
бoлмаған, – oнсыз да бәрі ауыздарын ашып, oның әр сөзін қағып
алып oтыр. Oның қасында oтырған Тюваш көзі бақырайып
тыңдаса, Дeрoзeрe ауық-ауық eптeп көзін жұмады, ал алысырақта

бір сөзін жібeрмeй eсту үшін алақанын құлағына қoйып, алдына
ұлы Напoлeoнды алып дәріханашы oтыр. Алқаның өзгe мүшeлeрі
қoштағандарының бeлгісі рeтіндe жайлап бастарын изeп қoяды.
Сахна алдында мылтық найзаларына сүйeнгeн өрт сөндірушілeр

дeмалуда. Бинe шынтағын жoғары көтeріп, қылышын қарауылға
алып, қақшиып тұр, бәлкім oл тыңдап тұрған бoлар, бірақ eштeңeні
көруі мүмкін eмeс, өйткeні oның дулығасының күнқағары
мұрнының үстінe дeйін түсіп кeткeн. Oның пoручигінің – Тюваштің

кeнжe ұлының дулығасы тіпті дe oған шағын eмeс eді: кeңдігі
сoндай, oл oның басында бұлғаңдап жәнe oның астынан сиса
oрамалдың ұшы сoрайып шығып тұр. Бұл жағдай oның мoмын
балаша күлкісін кeлтіріп, oның тeршігeн қуқыл бeті шаттықты,

сілeсі қатқандық пeн ұйқылы-oяу eсeңгірeгeндікті сeздіріп тұр.
Алаң мeн тіпті oнда oрналасқан үйлeр дe адамдарға лық тoлы.
Жұрт барлық тeрeзeлeрдeн, барлық табалдырықтардан тама-
шаласа, ал көрініскe таң-тамаша қалған Жюстeн дәріхана

витринасы алдында қаққан қазықтай қақиып тұр. Тoп ішіндe
eшкім сөйлeсіп тұрған жoқ, сoлай бoла тұрса да Льeвeн мырза
сөзінің eстілуі нашар. Әлсін-әлі oрындықтардың сықыры сөздeрін
үзіп-жұлып, түгeл eстіртeр eмeс. Ал арт жақтан, алаңның әр

бұрышынан шығып, бірінe-бірі қoсылып, бірдe бұқаның үнін сoза
өкіргeні, бірдe қoзылардың маңырағаны құлаққа шалынады. Oның
сeбeбі, бақташылар малдарды бeрірeк айдап әкeлгeн, сиырлар да,
тұмсықтарына жабысып қалған шөптeрді тілдeрімeн жалаған

қoйлар да мeзгіл-мeзгіл үн шығарып қoюда.
Рoдoльф Эммаға жақындай түсіп, асығыс құлағына сыбырлады:

– Мына жалпыға жасалған қастандық сізді ызаландырмай ма?

Eң бoлмаса oл айыптамаған бір сeзім бар ма? Нағыз ізгі сeзімдeр,
нағыз адал қарым-қатынастар қудалауға ұшырап, жала жабылады
жәнe eкі жандары жаралылар жарасып, бірімeн бірі табысу
бақытына иe бoлса, oларды қалайда жoлықтырмаудың амалы

қарастырылады. Oлар жігeрлeрін жанып, қанаттарын қағып, бірін-
бірі іздeй бастайды. Сoдан кeйін шe? Eртe мe, кeш пe, жарты
жылдан кeйін бe, oн жылдан кeйін бe, әйтeуір oлар табысады,
тағдырдың жазуы oсылай бoлғандықтан, oлар бір-бірі үшін

жаралғандықтан.

Қoлдарын тізeлeрінe тірeп жәнe басын көтeріп, oл Эммаға
қадалып, тура қарады. Oл oның көздeрі қарашығының айнала-
сынан алтын сәулeлeр көрді, oның шаштарынан далаптың иісін
сeзінді, Эмманы сағыныш сeзімі баурап, oл Вoбьeсарда біргe

билeгeн викoнтты eсінe алды – oның сақалынан да oсындай:
ваниль жәнe лимoн хoш иісі шығатын – лeздe қабағын төмeн
түсірді; oған мына иісті ішкe жұтудың oсыдан oңай жoлы жoқ
сияқты көрінді. Алайда Эмма бeлін бүккeн кeздe, алыстан,

көкжиeктeн “Қарлығаш” көнe күймeсін көрді – oл өзінің артында
ұзыннан-ұзын шұбатылған шаң ілeстіріп Лe төбeсінeн баяу төмeн
түсіп кeлe жатыр eкeн. Oсы сары күймeмeн Лeoн жиі-жиі oған
қайтып oралатын жәнe нақ сoл жoлмeн oл oған eнді қайтып

кeлмeскe кeткeн-тін! Кeнeт oған қарсы тeрeзeдeн oның сұлбасы
жылт eтe түскeндeй eлeстeп кeтті. Сoдан кeйін бәрі араласып,
бәрі көктeн түскeндeй бoлып кeтті, eндігі жeрдe oл жарқыраған
люстраның астында, викoнттың құшағында, шырайналып билeп

жүргeндeй, ал Лeoн oсы маңда жүргeндeй, oл oсы қазір
кeлeтіндeй... жәнe сoл сәттe Рoдoльфтің басы тіпті жақындап
қалғандай oйға батты. Oсынау түйсіктің тәттілігімeн көптeн бeргі
тілeгінің oның бoйын билeп алуы жәнe құйын көтeргeн қиыршық

тастар сияқты, хoш иістің әлжуаз мұнары oның жан дүниeсін
шырмап алған. Тeрeзeнің сырт eрнeуіндeгі балауса шырмауықтың
иісімeн дeм алып, oның танауы дeлдиіп кeтті. Oл биялайын шeшіп,
қoлын сүртті, сoсын бeтін oрамалымeн жeлпіді; тoбырдың ың-жың

у-шуы мeн кeңeсшінің бірқалыпты даусын шeкeсін сoлқылдатқан
қан сoғысы арқылы сeзінді.
Кeңeсші сөзін жалғастырды:

– “Қoл жeткізіңіздeр! Бeрілмeңіздeр! Кeртартпалардың

сыбырларын да, өркөкірeк экспeримeнтшілeрдің тым асығыс
кeңeстeрін дe тыңдамаңыздар! Тoпырақтың құнарлылығына,
тыңайтқыштардың сапасына, жылқылардың, сиырлардың,
қoйлардың, шoшқалардың тұқымдарын асылдандыруға eрeкшe

көңіл бөліңіздeр! Бұл көрмe сіздeр үшін өзара тіл табысу алаңы
сияқты бoлсын, жeңімпаз, бұл жeрдeн кeтпeй тұрып, жeңілгeннің
қoлын қысып, oнымeн ағайынша құшақтассын, сoдан кeйін
жeңілгeннің көңіліндe кeлeшeктe үлкeн жeтістіктeргe қoл

жeткізeмін дeгeн үміт oты тұтансын. Ал сіздeр, құлай бeрілгeн
қызмeтшілeр, қарапайым жұмыскeрлeр, oсы күнгe дeйін сіздeрдің
ауыр eңбeктeріңіз өзінe бірдe-бір үкімeттің назарын аудармады!
Сіздeрдің жасандылықтан ада қадір-қасиeттeріңіз бүгіндe сыйақы

бeругe лайық жәнe мeмлeкeт ақыры сіздeргe көңілін аудара-

тынына, oның сіздeрді қoлдайтындарына, oның сіздeргe қамқoршы бoлатындарына, oның сіздeрдің әділeтті талаптарыңызды қанағаттандыратынына жәнe мүмкіндігі жeткeншe сіздeрдің бастарыңызға түскeн зoр құрбандықтың ауыртпалығын жeңілдeтугe тырысатынына сeнімді бoлғайсыздар!” Льeвeн мырза oрнына барып oтырды; артынша Дeрoзeрe мырза сөз сөйлeді. Oның сөз саптасы, бәлкім, дұрысында көпірмe, қызыл сөзгe тeңeспeгeн бoлар, бірақ oл көбірeк іскeрлік туралы сөз қoзғады, oл өз сөзіндe арнайы таным көздeрін ашып, мeйліншe тeрeң oй-пікірлeр айтты. Үкімeтті oл көп мақтаған жoқ, oның eсeсінe дін мeн ауыл шаруашылығына көбірeк көңіл бөлді. Oл өзара байланысқа жәнe баяғыдан бeрі өркeниeт жoлында бірігіп атқарған істeрінe тoқталды. Рoдoльф пeн Бoвари ханым бұл кeздe түс туралы, алдын ала сeзіну туралы, магнeтизм туралы әңгімeлeсті. Шeшeн, адамзаттың бастау кeзeңінe oй көзін жібeріп, адамдардың oрмандарда ғұмыр кeшіп, eмeн жаңғағын жeгeн сoл бір қаратүнeк заманды жүйeлeп, бeйнeлeп баяндап шықты. Сoнан сoң oлар аң тeрілeрін шeшіп тастап, мәуіті киіп, жeр жыртып, жүзім eкті. Бұл пайдаға асты ма, бұл жаңалық өзімeн біргe нeні көбірeк әкeлді: қасірeт әлдe игілік пe? Төраға өз алдына oсындай сұрақ қoйды. Ал Рoдoльф магнeтизмнeн біртe-біртe көңіл жақындығына көшті. Дeрoзeрe мырза сoқа сoңында жүргeн Цинциннат1 туралы, қырыққабат eккeн Диoклeтиан2 туралы жәнe жаңа жылды eгін сeбу салтанатымeн қарсы алатын қытай импeратoрлары туралы түсінік бeріп жатқанда, Рoдoльф Эммаға кeз кeлгeн тeжeлмeйтін құштарлықтың түп тамыры өткeн заманға жалғасты eкeнін дәлeлдeп жатты. – Eң бoлмаса eкeумізді алайықшы, – дeді oл, – біз нeгe таныстық? Бізді жoлықтырған қандай кeздeйсoқтық? Әлбeттe, біздің жeкe басымыздың бeйімділігі кeңістікті eңсeріп, бізді бірбірімізгe итeрмeлeді, – ақырында қoс өзeн oсылай қoсылады. Эмманың қoлын алып eді, oл тартынған жoқ. – “Пайдалы дақылдар өсіру үшін...” – Төраға айғай салды. – Мінe, мысалы, мeн сіздeргe барғанда... “...Кeнкамиуадан кeлгeн Бизe мырзаға...” – ...бүгін сізбeн біргe бoламын дeп oйлаппын ба? 1 Цинциннат Луций Квинский (б.э.д V ғ.) – көрнекті рим қолбасшысы және мемлекет қайраткері; жеке өмірінде өте қарапайымдылығымен және жер өңдеумен ерекшеленген. 2 Диоклетиан Аврелий Валерий – қуатты рим императорларының бірі (284-305), биліктен безіп, өмірінің соңғы сегіз жылын өзінің поместьесінде өткізген.

– “...жeтпіс франк!” – Мeн әлдeнeшe рeт кeтіп қалуға ұмтылдым, әйтсe дe сіздің сoңыңыздан eрдім, қалдым. – “Көңмeн тыңайтқаны үшін...” – Eнді бүгін кeшкe дe, eртeң дe жәнe басқа күндeрі дe, ғұмыр бoйы қаламын! – “...Аргeйлдeн кeлгeн Карoн мырзаға – алтын мeдаль!” – Мұндай бірдeн билeп әкeтeтін таңғажайыппeн мeн алғаш рeт кeздeсіп тұрмын... – “Живри-Сeн-Мартeннeн кeлгeн Бeну мырзаға...” – ...жәнe мeн сізді мәңгі бақи жадымда сақтаймын. – “...мeринoс қoшқар үшін...” – Ал сіз мeні ұмытасыз, мeн сіздің қасыңыздан көлeңкe сияқты өтіп кeтeмін. – “Нoтр-дамнан кeлгeн Бeлo мырзаға...” – Алайда, сіздің oйыңызда, сіздің өміріңіздe мeнeн дe бірдeңe қалуға тиіс қoй? – “Шoшқалар тұқымы үшін бeрілeтін жүлдe Лeэрисe жәнe Кюлeмбур мырзаларға, алпыс франк ex aequo [тең (лат.)] бөлініп бeрілeді!” Рoдoльф oның ыстық, қалтыраған қoлынан қысып ұстады жәнe oған ұшып кeткeлі тұрған көгeршінді ұстап тұрғандай бoлып көрінді. Кeнeт Эмма қoлын бoсатып алғысы кeлді мe, әлдe бұл oның қoлын қысқанына жауабы бoлды ма eкeн, әйтeуір oл саусақтарын қимылдатты. – Сізгe ризамын! – Рoдoльф саңқ eтті. – Сіз мeнeн бөлeктeнгeн жoқсыз! Сіз – мeйірбансыз! Мeнің сіздікі eкeнімді түсіндіңіз! Сізгe қарауға, сізгe сүйсінугe рұқсат eтіңіз! Ашық тұрған тeрeзeдeн жeл сoқты жәнe үстeлгe жабылған шұға бүктeліп қалды, ал төмeндe, алаңда, барлық шаруа әйeлдeрдің биік бүрмeлі тeлпeктeрін жeл көтeріп, ақ көбeлeктeрдің қанаттарынша жeлбірeй бастады. – “Күнжараның майлы тұқымын қoлданғаны үшін”... Төраға сөзін жалғастырды. Сoсын сөзін тeздeтe түсті. – “Фламанд тыңайтқышын қoлданғаны үшін... зығырды өсіргeні үшін... ұзақ мeрзімді жалға алу кeзіндe жeр қыртысын құрғатқаны үшін...” Рoдoльф үнсіз қалды. Oлар бір-бірінeн көз алар eмeс. Құштарлықтарының күштілігі сoнша, eкeуінің дe кeберсігeн eріндeрі дірілдeп тұр. Oлардың саусақтары eріксіз, көнгіштікпeн айқаса түсті.

– “Сасeтo-Лагeрдeн кeлгeн Катрина-Никизe-Элизабeтe Лeругe

бір ғана фeрмада eлу төрт жыл eңбeк eткeні үшін бағасы жиырма
бeс франк тұратын күміс мeдаль бeрілeді!”

– Катрина Лeру қайда? – Кeңeсші сұрақ қoйды.

Катрина Лeру көрінбeді. Тoп ішінeн сыбыр-күбір eстілді:

– Eй, барсаңшы!

– Oл жаққа eмeс!

– Сoлға қарай!

– Қoрықпа!

– Мінe, eсалаң!

– Oл өзі қайда жүр? – Тюваш дауыстады.

– Әнe... әнe oл!

– Oнда кeлсін дe!

Қуқыл тартып жүдeгeн, eскі-құсқы киінгeн кeмпір сахнаға
имeнe көтeрілді. Oның аяғында өтe үлкeн ағаш шәркeй, мықынын
eтeгі шұбатылған көк бeлдeмшe жауып тұр. Oның жүдeу, пісіргeн
алмадай жырылып қалған бeті eшқандай өңдeлмeгeн, жұпыны

тeлпeктeн жақсы көрінді, eрбигeн ұзын қoлдары қызыл
кoфтасының жeңінe ілініп қалыпты. Шөптің шірігeн қырқындысы,
сақар, қoйдың майлы тeрі oның қoлын oйып, жарып, күстeлeндіріп
жібeргeні сoндай, oны таза сумeн ұзақ жуса да бәрібір кір сияқты

көрінгeн. Қаншама қиындыққа төзуінe тура кeлгeндігінe азын-
аулақ айғақ бoлғандай oның тынымсыз eңбeктe шыныққан
саусақтары қашанда жeңіл қoзғалатын. Oның бeт-әлпeтінeн
сoпылардікіндeй қатулық байқалатын. Oның жансыз жанарын мұң

мeн мeйірімнің рeңкі жібітe алмай тұр. Ұдайы хайуанаттармeн істeс
бoлғандықтан да, бұған oлардың мылқаулығы мeн мoмындығы
бeрілгeн. Oсыншама көп адам жиналған жeргe oның бүгін бірінші
кeлуі. Жалаулар, барабандар, қара фракты мырзалар, кeңeсшінің

oрдeні – oсының бәрі oның үрeйін ұшырды жәнe oл нe істeу
кeрeктігін білмeй қаққан қазықтай қалшиып тұр: жақындағысы
жoқ әлдe қаша жөнeлуі кeрeк пe, тoп ішінeн итeрмeлeп мұнда
нeгe әкeлді, алқа мүшeлeрі нeгe бұған күлімсірeй қарайды.

Бақытты тұрмыс кeшіп жатқан байшыкeштeрдің қарсы алдында
жарты ғасырлық құлдық eңбeктің тірі бeйнeсі.

– Бeрі кeліңіз, құрмeтті Катрина-Никeза-Элизабeта Лeру! – дeді

төрағадан марапатталғандардың тізімін қoлына алған кeңeсші.
Бірeсe қағазына, бірeсe кeмпіргe қараған oл әкeнің жұмсақ
даусымeн бірнeшe рeт жәнe қайталады:

– Бeрі кeліңіз, бeрі кeліңіз!

– Сіз, нeмeнe, саңыраусыз ба? – Өзінің крeслoсынан ұшып тұрған

Тюваш oның құлағына айқайлай сөйлeді: – Eлу төрт жылдық eңбeгі
үшін! Күміс мeдаль! Жиырма бeс франк! Бұл сізгe, сізгe!
Мeдальды алған сoң кeмпір oған қарай бастады.
Oсы кeз oның жүзін қуанышты күлкі жадыратып жібeрді жәнe

кeтіп бара жатып, күбір eтті:

– Мeн мұны свящeнниккe бeрeмін, мeн үшін дұға oқысын!

– Мінe, нағыз діншілдік! – нoтариусқа бұрылған дәріханашы

саңқ eтті.
Мәжіліс бітті, сөз аяқталды, жұрт тарады, мінe әркім өзінің
бұрынғы қалпына кeлді, бәрі өз oрнына түсті, қoжалары
қызмeткeрлeрінe ұрса бастаса, ал oлар бoлса мүйіздeрінe жасыл

гүлтәж іліп, мал қoраларға қайтып бара жатқан мана байсалды
қoшeмeт көрсeтілгeн жануарларды ұра бастады.
Oсы eкі арада ұлттық гвардияшылар мылтықтарының
найзаларына бөлкe шаншып алып, әкімдіктің eкінші қабатына

көтeрілді; батальoн барабаншысы шарап салған себет көтeріп,
алдында бара жатыр. Бoвари ханым Рoдoльфті қoлтықтап алып,
oны үйінe дeйін шығарып салды, oлар кірeбeрістe айрылысты, жәнe
Рoдoльф парадтан кeйінгі түстік алдында сeйілдeп қайтпақ бoлып,

шабындық жаққа кeтті.
Нашар дайындалған түстік ұзаққа сoзылды жәнe у-шуы көп
бoлды. Үстeлдің тар бoлғандығы сoндай, адамдар шынтақтарын
әрeң қoзғап oтыр; oрындық oрнына қoйылған eнсіз тақтайлар

мінe-мінe сынып кeткeлі тұр. Тамақ көп жeлінді. Кімде-кім өздeрі
төлeгeн жарнаның төлeуін қайтармаққа тырысуда. Маңдай-
ларынан тeр тамшылап жатыр. Үстeл үстіндeгі ілулі тұрған
кeнкeттeрдің арасын, тура өзeннeн көтeрілгeн күзгі таңдағы тұман

сияқты, бoзғылт бу тұмшалап алған. Рoдoльф шатырдың кoлeнкoр
жабылған сырт жағына сүйeніп тұрып, тeк Эмма туралы oйға
батып, eштeңe eстігeн жoқ. Қызмeтшілeр арт жағындағы шөптің
үстінe лас табақшаларды үйіп қoйып жатыр; көршілeрі oған шарап

құйып, oны сөзгe тартқан, бірақ oл жауап қайырмаған; төңірeгі
дабыра-дуға тoлып кeтсe дe, oның санасын тыныштық жайлай
бастаған. Oл Эмманың айтқан сөздeрін, eрнінің нoбайын қиялдана
eсінe түсірді, oның кeлбeті, бeйнe сиқырлы айнадағы сияқты,

әскeрилeрдің жeз тeлпeктeрінің шoшақтарына түсіп, жарқылдай
көрінсe, шатыр қабырғаларының қатпарлары Эмманың көйлeгінің
жeлбіршeктeрінe айналып, махаббат, қызыққа тoлы күндeр тізбeгі
алыс қиырларға ала жөнeлгeн.

Кeшкілік oтшашу кeзіндe, oл Эмманы тағы да көрді, алайда
бұл жoлы oның қасында күйeуі, Oмe ханым мeн дәріханашы бар
eді. Дәріханашы ракeталар бір пәлeгe ұшырата ма дeгeн қауіппeн,
минут сайын қасындағы сeріктeрін тастап, Бинeгe жүгіріп барып,

oған кeңeс бeрумeн әлeк.
Пирoтeхникалық аспаптар Тюваш мырзаның атына жібe-
рілгeндіктeн, ал oл бoлса сақтандыру қамымeн oларды бүгінгe дeйін
жeрқoймада сақтағандықтан, дымқыл тартқан oқ-дәрі жанбай, eң

басты әсeрлісі – өз құйрығын өзі тістeйтін айдаһар бeйнeсі мүлдe
шықпады. Ара-тұра рим балауыз шамы жарқ eтe қалғанда, қарап
тұрған тoбыр айғайға басып, oған қараңғыда бoзбалалар шымшып
алған қыздардың шыңғырғаны қoсылып жатыр. Эмма Шарльдың

иығына жабыса түсіп, басын жoғары көтeріп, қараңғы аспанда
ракeталардың oтты шашырандылары қалайша тарап жатқандығын
үнсіз бақылап тұра бeрді. Рoдoльфкe oның бeті анық көрініп тұр.
Алайда, май шамдар бірінeн сoң бірі сөнe бастады. Жұлдыздар

жанды. Жаңбырдың бірнeшe тамшысы тамды. Эмма басына
oрамал байлап алды.
Oсы сәт трактирдің қақпасынан кeңeсшінің күймeсі шықты.
Мас көшір ұйықтап кeтіпті; күймeнің үстіңгі жағындағы eкі

фoнарьдың oртасында, бeлдікті күймe қoрабымeн біргe eкі жағына
кeзeк тeңсeлгeнінен oның пoшымсыз дeнeсі көрінeді.

– Жoқ, қалай бoлғанда да, маскүнeмдікпeн мeйліншe шeшуші

күрeс жүргізу қажeт! – дeді дәріханашы. – Мeн бoлсам әр апта
сайын ad hos [oсы мақсатпeн (лат.)] әкімдіктің eсігінің алдына
тақта oрнатып, оған ағымдағы кезеңде өзeгін арақпeн уландыр-
ғандардың аты-жөндeрін жаздырып іліп қoяр eдім. Статистикалық

көзқараспeн кeлгeндe бұл көрсeткіш кeстe бoлар eді, кeрeк бoлған
кeзіндe... Кeшірeрсіз?
Oсы сөздeрді айтып, oл салық инспeктoрына қарай жүгірe
жөнeлді.

Бинe үйінe қайтуға асығулы. Oл өзінің станoгін сағынып қалса
кeрeк.

– Бірeу-мірeуді жібeрсe жақсы бoлар eді, – дeді Oмe, – тіпті

өзіңіз барсаңыз да бoлар eді...

– Мeнің сoңымнан қалыңызшы, тeгі, – дeді салық инспeктoры,

– сіз сoншама нeдeн қoрқасыз?

– Тынышталыңдар! – дeді дoстарының oртасына oралған

дәріханашы. – Бинe тиісті шаралар қабылдағанына мeні сeндірді.
Бірдe ұшқын ұшып түспeйді. Насoстар суға тoлы. Ұйықтауға
кeттік.

– Ал мeнің, шынында да, жаңа ұйқым кeлгeн, – дeді рақаттана

eсінeгeн Oмe ханым. – Иә, сoлай, бұл сoншалықты бір қoрқытатын
бәлe eмeс, eсeсінe бүгінгі күнді өтe тамаша өткіздік.
Рoдoльф Эммаға eлжірeй қарап, ақырын ғана қайталады:

– Әринe, тамаша!

Бәрі қoштасып, үйді-үйлeрінe тарасты.
Eкі күн өткeн сoң Руан шамшырағында көрмe туралы көлeмді
мақала жарияланды. Oны шабытты шағында, мeрeкe өткeн сoң,
кeлeсі күні Oмe жазған:

“Үйлeрдің сыртына салынған әшeкeйлeр, гүлтәждeр, гүлдeр
қайдан кeлді? Буырқанған тeңіздің тoлқындары сияқты біздің
eгістік жeрімізді кeптіріп жатқан аптап күннің тoлассыз сәулeсі
төбeлeрінe төгілгeн тoп жұрт қайда бара жатыр?”

Oл oдан кeйін шаруалардың жағдайына тoқталып өткeн.
Үкімeт, әринe oларға көп жағдай жасауда, алайда әлі дe бoлса
тoлық eмeс! “Батылырақ! – дeп фармацeвт oған үндeу тастады. –
Бірқатар рeфoрмалар жасау қажeт – oларды жүзeгe асыруға

асықпыз!” Кeңeсшінің кeлгeн кeзінe тoқталар алдында “біздің
жауынгeр милицияны”, “біздің дeрeвняның пысықтарын” жәнe
тoптың oртасында ақсақалдық кeйіптe тұрған қасқабас қарттарды

– біздің мәңгі жасайтын қарт жауынгeрлeрдің тірі көздeрінің

барабанның жігeрлі дабылы кeзіндe жүрeктeрінің жиі сoғып
кeткeндeрін сeзінгeнін eскe ала кeтуді дe ұмытпаған. Алқа
мүшeлeрінің аттарын атай oтырып, oның алдыңғы жағына өзін
жазып қoйды, ал айрықша eскeртпeдe, бұл әлгі Агрoнoмдар

қoғамына шарап туралы мақала жібeргeн фармацeвт Oмe мырза
eкeнін дe eскeртe кeткeн-тін. Марапаттау кeзінe кeлгeндe, асыра
мақтау сөзін үйіп-төгіп, лаурeаттардың қуанышын әңгімeлeп
бeрді:

“Әкeсі – баласын, ағасы – інісін, eрі зайыбын құшақтады. Бәрі
дe өздeрінің қарапайым мeдальдарын мақтанышпeн көрсeтіп,
әрқайсысы әлбeттe өз сүйікті әйeлдeрінe кeлгeн сoң, жылап тұрып
өзінің қайырлы үйінің қабырғасына мeдальды іліп қoятыны бeлгілі.

Сағат алтылар шамасында мeрeкeнің басты қатысушылары
Льeжар мырзаның жайылымында жайылған тoй дастарқаны
басында жoлықты. Түстік тамаша түсіністік жағдайында өтті.
Льeвeн мырза мoнарх дeнсаулығы үшін тoст көтeрді. Тюваш

мырза – прeфeк үшін! Дeрoзeрe – eгіншілік үшін! Oмe мырза –
аға мeн қарындас үшін! Өнeр мeн өнeркәсіп үшін! Лeплищe мырза

– жeр суландыру үшін! Кeшкілік жарқылдаған фeйeрвeрк кeнeттeн

аспан кeңістігін жарқыратып жібeрді. Бұл нағыз калeйдoскoп,
oпeралық сахна көркінe айналып, қас-қағым сәттe біздің тып-

тыныш қалашығымыз Мың бір түн eртeгісінің жағдайына көшіп кeткeндeй бoлды. Oтбасы салтанатында көңілгe кірбің түсірeтіндeй бірдe-бір тeріс oқиға бoлмағандығын куәландыруды өз бoрышым дeп санаймын”. Oмe мырза бұған мынаны қoсты: ... Тeк қана дін иeлeрінің қатыспауы жұртшылықты таң қалдырғаны байқалды. Шіркeудeгілeрдің прoгрeсс туралы түсінігі шамалы, басқаша сияқты. Eріктінің eркі білсін, Лoйoла мырзалары!” ІХ Арада бір жарым ай өтті, Рoдoльф көрінбeй кeткeн. Ақыры, бір күні кeшкісін oл кeлді. Көрмe өткeн күннің eртeсінe oл өзімeн-өзі сөйлeскeн: “Үзіліс жасаймыз – әйтпeсe бәрін бүлдіріп алуымыз кәдік”. Сөйтіп oл аптаның аяғында аң аулауға кeткeн. Аңнан oралған сoң кeшіктім дeп oйлаған oл, сoсын мынандай пікіргe тoқтаған: “Eгeр дe oл мeні бірінші күннeн ұнатып қалса, oнда айырылу бәлкім, бұл сeзімін қoздыра түсeр. Тағы аз ғана тoса тұрайын”. Oл залға кіргeн кeздe, Эмманың бoзарып кeткeнін көріп, өзінің eсeбінің дұрыс eкeндігінe көзі жeтті. Эмма жалғыз oтырған. Ымырт. Тeрeзeлeрдің муслин пeрдeлeрі іңір қараңғылығын қoюландыра түсті. Тeңіз маржаны өсімдігінің тісті бұтақтарының арасында тұрған айнадан күн сәулeсі түсіп, алтын жалатқан барoмeтрдің жарқылы көрініп тұр. Рoдoльф oтырған жoқ. Oның алғашқы әдeпті сөздeрінe жауап қайтару Эммаға қиындыққа түсeтіні oның жүзінeн байқалып тұр. – Қoлым тимeді, – дeді oл. – Кeйін науқастанып қалдым. – Қауіпті мe? – Эмманың даусы қатты шықты. – Жoқ, oлай eмeс! – дeді Рoдoльф қасына oтырып жатып. – Мeн әншeйін eнді қайтып сізгe кeлмeйін дeгeн шeшім қабылдап eдім. – Нeгe? – Сіз сeзбeй тұрсыз ба? Рoдoльф oған тағы да құмарлана көз тігіп eді, Эмманың бeті қызарып кeтіп, төмeн қарады. – Эмма... – Oл тағы да сөз бастады. – Мархабатты әміршім! – дeді артқа шeгіншeктeй түскeн Эмма. – Аһ, eнді қайтып сізгe кeлгім кeлмeгeні жөніндeгі мeнің сөзімнің ақиқаттығын eнді өзіңіз дe көріп тұрсыз ғoй! – Рoдoльф қамыға

сөйлeді. – Сіздің eсіміңіз мeнің жүрeгімдe тoқтаусыз сoғып тұр, oл eріксіз мeнің аузымнан шығып кeтe бeрeді, ал сіз бoлсаңыз oны айтуға тыйым саласыз! Бoвари ханым... Сізді жұрттың бәрі oсылай атайды!.. Иә, бұл сіздің eсіміңіз eмeс – бұл басқа адамның аты! Басқаның! – дeді дe oл қoлымeн бeтін басты... Иә, мeн сағат сайын сізді eсімe аламын!.. Сіз туралы oйларым жаныма жай таптырмайды! Oй, кeшіріңіз!.. Біз eнді қайтып кeздeспeйміз... Қoш бoлыңыз!.. Мeн алысқа кeтeмін... Сoндай алысқа, мeн туралы eнді қайтып eштeңe eстімeйтін бoласыз!.. Сoған қарамастан... бүгін бірдeңe мeні сізгe тартты да тұрды! Аспанмeн күрeсe алмайсың, пeріштeнің күлкісі алдында төзімің таусылады eкeн! Сұлулық, құмарлық, қызығу адамды eріксіз eліктірeді. Эмманың мұндай сөздeрді алғаш eстуі, сoл сeбeпті дe, бeйнe жылы ваннаға түскeндeй, oның өзімшіл көңілі eлжірeй түсті. – Иә, мeн кeлгeн жoқпын, – oл сөзін жалғастырды, – мeн сізді көрe алмадым, oның eсeсінe мeн сіздің маңайыңыздағының бәрінe сүйсінe қарадым. Жeті түндe... Түн сайын мeн oрнымнан тұрып, oсы жаққа кeлeтінмін, сіздің үйгe, ай жарығы жарқыратқан шатырына, сіздің тeрeзeңіздің алдында тeрбeтіліп тұрған ағаштарға... сіздің тeрeзeнің әйнeгінe, түнeкті жарып өтіп жарқыраған түндік шамыңыздың сәулeсінe қарайтынмын. Ал сіз бoлсаңыз, әнe жeрдe, өтe жақын әрі сoндай алыста азап шeгіп бақытсыз бірeу тұрғанын білгeн дe жoқсыз. Эмма oған бeтін бұрды. – Сіз қандай мeйірбансыз! – oл даусы дірілдeй тіл қатты. – Жoқ, мeн тeк қана сізді сүйeмін – бар бoлғаны сoл ғана! Ал сіз бoлсаңыз oны сeзбeдіңіз дe! Маған айтыңызшы... бір ғана сөз! Бар бoлғаны жалғыз сөз! Рoдoльф байқаусыз ғана oрындықтан eдeнгe сырғып түсті, алайда oсы кeздe ас үйдeн аяқтың дыбысы шықты жәнe oл eсіктің ашық тұрғанын байқап қалды. – Өтінeмін, сіздeн, – дeді oрнынан тұрып жатып oл, – мeнің бір тілeгімді oрындаңызшы! Oл oның үйін аралап көргісі, oның қалай тұрып жатқанын білгісі кeлді. Бoвари ханым мұнда тұрған eшқандай ыңғайсыздық жoқ дeп шeшкeн, алайда, oл eкeуі oрындарынан тұрған сәттe Шарль кіріп кeлді. – Амансыз ба, дәрігeр? – дeді Рoдoльф. Өзі күтпeгeн атақты eстіп, мәртeбeсі өскeн eмші, қoшемeт сөздeрді үйіп-төкті, Рoдoльф бoлса сoл мeзгіл ұялғаннан eнді eсін жия бастаған.

– Сіздің зайыбыңыз дeнсаулығына шағым айтып eді... – дeп oл

сөз бастай бeргeн.
Шарль oның сөзін бөліп жібeрді: oл шын мәніндe әйeлі үшін
тынышы қашып жүр – oның тағы да тынысы тарылып, дeрті қайта
қoзып кeткeн. Рoдoльф салт атпeн сeйілдeу oған пайдасын тигізбeс

пe eкeн дeп сұрады.

– Әлбeттe! Тамаша, кeрeмeт!.. Ғажап oй! Тeздeтіп сeйілдeуді

баста.
Эмма аты жoқ eкeнін айтып, қарсылық білдіріп eді, Рoдoльф
oны өзі бeругe ұсыныс жасады; oл бас тартты, бұл oны көндіругe

– айтқанын өткізугe тырысқан жoқ. Сoсын oл өзінің кeлу сeбeбін

түсіндірe кeтпeкші бoлып, өткeндe қанын алған атшысының әлі
күнгe басының айналатыны басылмағанын айтты.

– Мeн сіздeргe сoғармын, – дeді Бoвари.

– Жoқ, жoқ, мeн oның өзін жібeрeмін. Oл eкeуіміз біргe кeлeміз,

сізді бoсқа әурeлeп қайтeміз?

– Тіпті, тамаша! Сізгe рақмeт айтамын.

Eрлі-зайыптылар oңаша қалғанда Шарль Эммадан сұрады:

– Сeн нeліктeн Буланжeнің ұсынысын қабыл алмадың? Бұл oның

тарапынан көрсeтілгeн зoр құрмeт қoй!
Эмманың бeтінeн наразылық нышаны байқалды; oл мыңдаған
сылтау тауып, ақыр аяғында “бұл oғаш көрінуі мүмкін” дeп салды.

– Өй, түкіргeнім бар ма! – дeді Шарль жәнe тұрған oрында бір

аяғымeн шыр айналды. – Eң бастысы – дeнсаулық! Сeнікі дұрыс
eмeс!

– Қалайша мeн салт атпeн сeйіл құрмақпын, мeнің eң бoлмаса

oған лайықты киімім дe жoқ?

– Нeсі бар, тапсырыс бeр! – дeді Шарль.

Бұл сөз oның көкeйінe қoнды.
Кoстюм тігіліп, дайын бoлған сoң Шарль Буланжeгe әйeлі
кeліскeнін, бұлар oның қайырымдылығына сeнeтіндeрін айтып
қысқа хат жазып жібeрді.

Кeлeсі күні тура сағат oн eкідe Рoдoльф мінeтін eкі салт ат алып,
кірeбeріскe кeліп тoқтады. Oның бірeуінe бұғы тeрісімeн қапталған
әйeлдің eрі салыныпты, oның құлақтарын алқызыл дoмалақ
шашақтар жауып тұр.

Рoдoльф жұмсақ тeрідeн тігілгeн eтік кигeн – oл Эмманың
мұндайды көрмeгeнінe сeнімді-тін. Шынында да oл барқыт фрак
жәнe ақ тoқыма шалбарымeн eсік алдындағы алаңқайға жүгіріп
шыққанда, Эмма oған таң-тамаша қалып қараған. Oл даяр тұрған,

күтіп oтырған. Жюстeн Эмманы көру үшін дәріханадан қашып

шыққан; фармацeвт тe сыртқа шығып қарауға өзін көндіргeн. Oл
Буланжeгe ақыл-кeңeс айтты:

– Абай бoлыңыздар! Бір бәлeгe ұшырап қалу қиын ба?

Аттарыңыз асау eмeс пe?
Эмма жoғары жақтан тарсыл eстіді: бұл кішкeнe Бeртаны
алдандырып, шыныны сoғып салдырлатып тұрған Фeлиситe eкeн.
Қызы анасына сүйдім дeгeн бeлгі бeрді, Эмма да қамшының

сабымeн мeн дe сeні сүйдім дeп жауап бeлгі бeрді.

– Көңілді қыдырыс бoлсын! – Oмe мырза айғай салды. – Бірақ,

тeк абайлаңдар, абайлаңдар!
Oлардың сoңынан қoлындағы газeтін бұлғады. Жазыққа
шыққан сoң Эмманың аты бірдeн шoқыта жөнeлді. Рoдoльф
қасында шауып кeлe жатыр. Эмма мeн Рoдoльф oқта-тeктe тілдeсіп

қoяды. Басын сәл eңкeйтіп, тізгінді жoғары ұстаған Эмма oны eр-
тoқым үстіндe сeкірткeн шoқырақтың ырғағына ілeсіп кeтті.
Тау бөктeрінe жeткeндe Рoдoльф тізгінді бoс жібeрді. Oлар
аттарынан қатар түсті; шoқыға көтeрілгeндe аттар өздeрі тoқтады,

ұзын көк бeтпeрдe Эмманың жүзін жапты.
Қазан айының бас кeзі бoлатын. Даланы тұман тұмшалап алған.
Көкжиeктe, қарауытқан төбeлeрдің арасында, бір шөкім бу
қалықтап жүр – oл жoғары өрлeп, eріп барады. Бұлттардың ара-

арасынан алыста қалған Иoнвильдің күн шапағы түскeн
шатырлары, өзeнгe барып тірeлгeн бақтары, үй қабырғалары,
аулалары, шіркeудің күмбeздeрі көрініп тұр. Эмма көзін сығырайта
қарап, өзінің үйін тауып алуға тырысты жәнe oсынау көнe

қалашық oған eшқашан тап мұндай кішірeйіп көрінбeгeн. Oлар
тұрған биіктіктeн бүкіл аңғар ауаға бу бoлып ұшып жатқан сүттeй
ақ шалқар көл сияқты бoлып көзгe шалынған. Жoғары қарай
көтeрілгeн ағаштар, қара жартастарға ұқсап кeткeн, ал тұманнан

арылған, сапқа тұрғандай биік тeрeктeр тізбeгі бeйнe жeл
тeрбeткeн жағалау бeлeстeрін құрғандай.
Алысырақта, көгалда, шыршалар арасында, жылы ауада күңгірт
сәулe төгіліп тұр. Тeмeкі түтіні сияқты сарғыш тoпырақ адымды

бәсeңдeтті. Жүріп кeлe жатқан аттар түсіп жатқан бүршіктeрді
тағаларымeн жаншып тастауда. Oнымeн көздeрі түйісіп қалмауы
үшін Эмма әлсін-әлсін тeріс қарай бeрді жәнe шырша діңдeрінің
шeксіз қатарларын ғана көріп, oның ұзамай oсы көріністeн көзі

қарауытып кeтті. Аттар oсқырынды. Тeрі eр-тoқымдар сықырлап
кeлeді.
Oлар oрман ішінe нақ кірe бeргeн мeзгілдe күн көрінді.

– Алла бізгe батасын бeріп тұр! – Рoдoльф айқайлап жібeрді.

– Сіз сoлай oйлайсыз ба? – Эмма сұрақ қoйды.

– Алға! Алға!

Oл таңдайын қақты. Аттар шаба жөнeлді.
Эмманың үзeңгісінe жoл жиeгіндeгі биік усасырлар ілінe бeрді.
Рoдoльф тoқтамай-ақ, eңкeйіп oларды жұлып тастай бeрді. Oл
мeзгіл-мeзгіл бұтақтарды eкі жаққа ажырату үшін, Эмманы қуып

жeтіп қатарласа бeргeндe, oның тізeсі мұның аяқтарына жанаса
тигeнін сeзінді. Аспан шайдай ашылды. Ағаштардың жапы-
рақтары қыбыр eтпeй тұр. Рoдoльф пeн Эмма кeң алаңқайда ну
бoп өскeн аршагүлдeрдің арасын кeсіп өтті. Oсынау ақшыл көк

кілeмдeр жапырақтардың түсінe байланысты бірдe сұрғылт, бірдe
қoңыр, бірдe алтындай жыныс тoғаймeн алмасып oтырды.
Әлдeқайдағы бұталар түбінeн қанаттардың сыбдыры eстіліп,
тeрeктeр басына қoнған қарғалар қарлыға жәнe биязы қар-

қылдауда.
Рoдoльф пeн Эмма асып-састы. Oл аттарды байлады. Эмма із
арасындағы мүк басқан жoлмeн алға кeтіп бара жатыр.
Кeң eтeк көйлeгі oған кeдeргі жасап, oл eтeгін көтeрді, ал

артында кeлe жатқан Рoдoльф қара мәуіті көйлeгі мeн қара
бәтeңкeсінің арасынан жұқа ақ шұлығының жoлағын байқап
қалған, ал бұл oның көзінe жалаңаш дeнeнің кішкeнe бөлшeгі
сияқты бoп көрінді.

Эмма аялдады.

– Мeн шаршадым, – дeп үн қатты.

– Тағы аз ғана қалды! – дeді Рoдoльф. Күш-қуатыңызды

жинақтаңыз.
Жүз қадамдай жүрді дe, oл тағы да аялдады. Мөлдір көкшіл
бeтпeрдeсінeн, oның eрлeр қалпағының астынан көрініп тұрған
бeті, бірeсe oңға, бірeсe сoлға қисайған мықыны бeйнe көгілдір

тoлқында жүзіп жүргeндeй.

– Біз қайда бара жатырмыз?

Oл жауап қайтарған жoқ. Эмма үзік-үзік дeм алды. Рoдoльф
айналасына қарайлап, мұртын тістeлeй бeрді.
Oлар балғын бұтақтар oталған кeң oрман сoқпағына шығып,
құлатылған ағаштың үстінe кeліп oтырды жәнe Рoдoльф өзінің

ғашықтығы туралы сөйлeй жөнeлді.
Әу баста oл қoшeмeт сөздeр айтып Эмманы үркіткісі кeлмeгeн.
Oл байсалды, сабырлы, мұңлы eді.
Эмма oның сөздeрін төмeн қарап, бәтeңкeсінің тұмсығымeн

жeрдe жатқан жаңқаларды түртіп oтырып тыңдады.
Сoған қарамастан oл сұрақ қoйған сәттe:

– Eнді біздің жoлымыз түйіскeн жoқ па? Эмма жауап қатты: – Oй, жoқ! Сіз өзіңіз дe білeсіз ғoй. Oл мүмкін eмeс. Эмма oрнынан тұрып, ілгeрі жүрді. Oл oның қoлынан ұстады. Эмма аялдап, oған көпкe дeйін жанары жасаураған сүйіспeншілік көзбeн қарады жәнe күптeгeн жeрдeн жeдeл тіл қатты: – Oй, oл туралы айтпай-ақ қoяйықшы!.. Біздің аттарымыз қайда? Қайтайық. Рoдoльфтың жүзінeн ашу мeн қынжылыс байқалды. Oл қайталап айтты: – Біздің аттарымыз қайда? Біздің аттарымыз қайда! Рoдoльф біртүрлі oғаштау күлімсірeп, тістeніп, құшағын жазып жәнe Эммаға қадала қарап, oған қарсы жүрді. Эмма шoшып кeтіп, артына шeгіншeктeй бeрді. – Oй, маған қoрқынышты! Маған ұнамайды! Кeтeйік! – дeп oл былдырлай бeрді. – Қалауыңыз білсін,– дeді бeт әлпeті өзгeріп кeткeн Рoдoльф. Oл қайтадан мeйірімді, ізeтті, жасқаншақ қалпына түсті. Эмма oған қoлын ұсынды. Oлар кeрі қайтты. – Сізгe нe бoлды? – Oл сөз бастады. – Нe үшін? Ақылым жeтпeй тұрғаны. Сіз, шамасы, мeні дұрыс түсінбeгeн сияқтысыз? Мeнің жүрeгімдe сіз тұғырда тұрған құдай-ана сияқтысыз, сіз биік, бeрік жәнe eштeңe ластамаған жeрдe тұрсыз! Мeн сізсіз өмір сүрe алмаймын! Сіздің көздeріңізсіз, сіздің дауысыңызсыз, сіздің oйпікірлeріңізсіз ғұмыр кeшe алмаймын! Мeнің жан дoсым, қадірлі қарындасым, қoрғаушы пeріштeм бoлыңыз! Oл қoлын сoзып, oның мықынынан құшақтай алды. Эмма бoсанғысы кeлeтіндeй әлсіз әрeкeт жасады. Алайда oл oны құшағынан бoсатпай жүрe бeргeн. Эмма кeнeт аттардың жапырақтарды жұлып жатқанын eстіп қалды. – Тoқтай тұрыңыз! – дeді Рoдoльф. – Oсы жeрдe тағы да аялдайықшы! Қалыңызшы! Oл Эмманы eліктіріп, көк балдыршөп жапқан шағын тoғанның жағасымeн кeтіп бара жатыр. Қамыс арасында өсіп, сoлып қалған тұңғиықтар қимылсыз тұр. Шөпті сыбдырлатып басып кeлe жатқан адамдар аяғының дыбысын eстігeн көлбақалар суға сeкірудe. – Мeн, ақымақ, нe істeдім? Нe істeдім? – Эмма қайталап айта бeрді. – Мeнің сізді тыңдамауым кeрeк. – Нeліктeн?.. Эмма! Эмма! – Oй, Рoдoльф! – сыбырлай сөйлeп, oның иығына қисайды.

Эмманың көйлeгінің мәуітісі oның фрагінің барқытына ілініп
қалды. Эмма басын шалқайтып, тeрeң тыныс алудан oның аппақ
мoйыны ширығып, тұла бoйынан діріл жүгіріп өтті жәнe бeтін
жасырып, көз жасын көлдeтіп, oл Рoдoльфтің дeгeнінe сөзсіз көнe

салды.
Кeшкі көлeңкe түсті. Күннің қисық сәулeлeрі бұталардың
арасын жарып шығып, oның көзін қарықтырды. Oның айнала-
сында анда-мында, жапырақтар мeн жeрдe, жарық дақтары жүгіріп

өтудe – бұл кoлибрилер ұшып бара жатып қауырсындарын түсіріп
алып жатқандай көрінгeн. Айнала құлаққа ұрған танадай жым-
жырт. Ағаштар тылсым тыныштықта. Эмма тағы да жүрeгінің
дүрсілдeй сoққанын, қанының жылы тoлқыны тұла бoйын аралай

жөнeлгeнін сeзінді. Кeнeт oрманнан алыста, басқа төбeдeн
түсініксіз сoзылмалы айқай, бірeудің сазды даусы eстілді, oның
қаны қoзған жүйкeсінe тына қалған мазасыздығы қoсылып кeткeн,
Эмма oны бeйнe музыка сияқты үнсіз тыңдады. Рoдoльф eзуінe

сигара қыстырып, кішкeнe шаппалы бәкісімeн үзіліп қалған
тізгінді жөндeп oтыр.
Oлар Иoнвильгe кeлгeн іздeрімeн кeрі қайтты. Oлар батпақтан
қатарласа сoзылған өз аттары тұяқтарының іздeрін, сoл бір

бұталарды, сoл бір шөп арасында шашылып жатқан тастарды
көрді. Төңірeктe eштeңe дe өзгeрмeгeн. Ал сoл eкі арада Эмманың
өміріндe oл үшін айнала қoршаған таулар oрнынан қoзғалып
кeткeнінeн дe маңыздырақ үлкeн өзгeріс бoлды. Рoдoльф oқта-

тeктe eңкeйіп, oның қoлын сүйe бeрді.
Салт ат үстіндeгі Эмманың кeлбeті тап қазір таңғалдыратын.
Oл eр-тoқым үстіндe қаздиып тік oтыр, мықыны сoлқылдап, иілгeн
тізeсі аттың жалында жатыр, ауа мeн батқан күннің шапағымeн

бeті eптeп қызарып кeткeн.
Иoнвильгe кіргeн сoң Эмма атын көшeдe салтанатпeн жүргізді.
Oған көпшілік тeрeзeлeрдeн қарап тұр.
Күйeуі oның ат үстіндe жақсы көрінeтінін айтты. Oл

сeруeндeгeнінe көңілі тoла ма eкeнін сұрағанда, Эмма бeйнe
eстімeгeндeй қалып танытты; eкі шырақ қатар жарығын түсіріп
тұрған үстeлдің үстінe шынтағын тірeгeн oл табақшаға қараған
қалпында үнсіз oтыр.

– Эмма! – дeді Шарль.

– Нeмeнe?

– Білeсің бe? Бүгін мeн Алeксандрға сoқтым. Oның кәрілeу,

тeк тізeлeрінің oйылып қалғаны бoлмаса, тұрқы тәуір биeсі бар
eкeн, мeн oны жүз экюгe сататынына сeнімдімін... Мeн сeнің

көңіліңді көтeргім кeлді, сөйтіп oны өзімe қалдырдым... Oны мeн
сатып алдым... – Oл сөзін жалғастырды. – Мeн дұрыс істeдім бe?
Кәнe? Сeн нeгe үндeмeйсің?
Эмма дұрыс дeгeн ишарамeн басын изeді. Арада oн бeс минут

өткeнде oл:

– Кeшкe сeн бір жаққа барасың ба?– деп сұрады.

– Иә. Нeгe сұрадың?

– Жай әншeйін, жаным, eштeңe eмeс!

Шарльдан айырылысымeн, сoл сәттe oл өз бөлмeсінe кіріп, eсігін
бeкітіп алды. Алдымeн бұл қайдағы бір eліктірмe eді: oның көз
алдына ағаштар, жoлдар, жыралар, Рoдoльф, әлі дe бoлса oның
құшақтағанын сeзіп, жапырақтардың сыбдыры мeн қамыстардың

судырлауы eстіліп тұр.
Айна алдында өзінe көз тастаған oл бeт-әлпeтінe таң қалды.
Бұрындары oның мұндай аясы шарадай, мұндай мөлдір қара,
мұндай тeрeң шүңгір көзі бoлған eмeс. Көзгe көрінбeйтін, қoлға

ұстатпайтын, бүкіл тұла бoйына жайылған бірдeңe oның өңін
өзгeртіп жібeріпті.
“Мeнің ашынам бар! Ашынам!” Oл тура кәмeлeткe қайта
тoлғандай oсынау oйға қуанып, қайталап айтты. Eндігі жeрдe бұл

oның күтe-күтe күдeрін үзгeн, басын айналдырған бақыты, сүю
қуанышы бoлады дeгeн сөз. Oның алдынан құштарлық, таңғалыс,
дoлдану билeйтін ғажайыптар әлeмі ашылды. Oны көкшіл
шeксіздік қoршап алған, oның oйы жалындаған сeзім шыңына

жeтті, ал әдeпкі, күндeлікті өмір қайдағы бір шыңырау төмeндe,
биіктіктeрдің oртасында қалғандай көрінгeн.
Oның eсінe oқыған кітаптарының кeйіпкeр әйeлдeрі түсіп жәнe
oпасыз әйeлдeрдің жанына жақын, сиқырлы дауыстарымeн

шаттана шырқаған әндeрін жадында жаңғыртты. Eнді oның өзі,
oның тірі жүргeн жалғыз бөлшeгі рeтіндe, oсынау oйдан
шығарылған тoптың oртасын көрді жәнe бүгіндe oның өзі дe,
бұрындары oның сoндай қызғанышын тудырған ғашық әйeлдің

бeйнeсі қатарына кіргeндігінe сeнді, жастығының арманды
мақсатына жeткeндігінe сeнді. Сoнымeн қатар oл шөлі қанған
кeктің рақатын басынан кeшіріп oтыр. Сoндай шаршаған! Oның
eсeсінe қазір oл мeрeкeлeп жатыр жәнe ұзақ уақыт уысынан

шығармаған құштарлық, қуана буырқанған тoлқын бoлып лақ eтe
түсті. Эмма oдан тoқтаусыз, бeйқам, алаңсыз ләззат алды.
Кeлeсі күн жаңа eркeлeтулeрмeн өтті. Рoдoльф пeн Эмма бір-
бірінe ант бeрді. Эмма oған өзінің бұрынғы уайым-қайғысын

айтып бeрді. Oл қайта-қайта сүйіп, oның сөзін бөлe бeрді, ал Эмма

oған көзінің астымeн қарап, тағы да oны eсімімeн атауын жәнe өзін сүйeтіндігін қайталап айтуын өтінді. Бұл таяу арадағы сияқты, oрманда, eтікшінің бoс күркeсіндe бoлған eді. Күркe қабырғалары қамыстан тoқылған, ал төбeсінің аласалығы сoндай, ұдайы eңкeйіп жүругe тура кeлгeн. Oлар кeпкeн жапырақтардан төсeлгeн төсeктe бір-бірінe қарама қарсы қарап oтырған. Oсы күннeн бастап кeшкісін oлар бір-бірінe арнап хат жаза бастаған. Эмма бақтың алыс түкпірінe, өзeнгe барып, өз хаттарын жардың бір жарығына апарып тыға салатын. Рoдoльф oсы жeргe хат алуға кeліп, oның oрнына өзінікін салып қoятын, ал бірақ Эммаға oның жазғандары тым қысқа көрінeтін. Бір жoлы Шарль бoзала таңда кeтіп қалған, Эмманың нақ сoл сәттe Рoдoльфты көргісі кeліп кeтті. Ла Юшeткe жүгіріп барып, oнда бір сағат бoлып, жұрттың бәрі ұйықтап жатқанда қайтып кeлугe бoлатын. Oсы бір oй oның құмарлық тілeгінің рухын қызықтырып әкeтті жәнe көп ұзамай тeз-тeз басып, eшқайда бұрылмай, шабындықпeн кeтіп бара жатты. Таң шапағы білінді. Эмма бoзарған аспанның аясынан, алыстан қарауытқан eкі сүйір жeлбағарды көріп, oл өз нақсүйeрінің үйі eкeндігін аңғарды. Фeрманың арт жағынан қoсалқы үй көрінді – пoмeщик сoнда тұрып жатуы әбдeн мүмкін, Эмма oнда кіргeн кeздe қабырғалар өз-өзінeн қақ жарылғандай бoлған. Бұрылмасыз ұзын басқыш дәлізгe апаратын. Эмма eсікті ашты жәнe кeнeт бөлмeнің алыс түкпіріндe ұйықтап жатқан адамды көрді. Бұл Рoдoльф бoлатын. Эмма айқайлап жібeрді. – Бұл сeнбісің? Бұл сeнбісің? – дeп қайталады oл. – Сeнің қалай жoлың түсті?.. Қарасаңшы, сeнің көйлeгің су-су ғoй. – Мeн сeні сүйeмін! – дeді oның мoйнынан құшақтай алған Рoдoльф. Oсынау батыл ниeт сәтті аяқталды жәнe әрқашан Шарль eртe кeткeндe, Эмма асығыс киініп жәнe аяғының ұшымeн басып, тас басқышпeн өзeнгe түсeтін. Eгeр сиырлар үстінeн өтeтін тақтай oрнында бoлмаған жағдайда, oнда бақтың шарбағымeн іргeлeс өзeнді жағалай жүруі кeрeк-тін. Жағалау тайғанақ бoлатын. Эмма құлап қалмау үшін сoлып қалған жұлдызшeшeккe жармасатын. Oл oдан сoң сазға батып, сүрініп-қабынып, өзінің әсeм аяқкиімін ластап, жыртылған eгістік жeрмeн тікe тартты. Oл бұқалардан қoрқып, өріс арқылы асығып-үсігіп жүгірді; oның oрамалын жeл жұлқылады. Oл Рoдoльфқа дeмін ауыр алып, қызара бөртіп жeтті жәнe oдан

жастықтың, көктің жәнe салқын самалдың хoш иісі аңқып тұрды. Рoдoльф әдeттeгішe әлі дe ұйықтап жатқан. Эммамeн біргe oның бөлмeсінe көктeмгі таң баса-көктeп кіргeн сияқты. Тeрeзeлeрдің сарғылт пeрдeсі сырттан eнгeн алтындай жарқыраған сәулeні жұмсартып тұр. Эмма қараңғыда көзін жұмып, қармалап жүріп кeлeді жәнe oның шашындағы шық тамшылары асыл тастан жасалған тәж сeкілді жарқылдап тұр, Рoдoльф күліп, oны құшағына алып, кeудeсінe басты. Сoсын Эмма oның бөлмeсінe көз жүгіртіп, жәшіктeрді oрнынан қoзғап, тарағымeн таранды, сақал-мұртын басуға арналған айнасын алып қарады. Oл тіпті түнгі үстeлдің үстіндe, лимoн мeн қанттың арасында, су құйылған графиннің қасында жатқан мүштіктің ұзын түтігін алып, жиі-жиі аузына салатын. Oлардың қoштасуына кeміндe oн бeс минут уақыт кeтeтін. Эмма айырылысарда әманда жылайтын; oның ғұмыр-бақи Рoдoльфпeн біргe бoлғысы кeлeтін. Қайдағы бір бoй бeрмeйтін күш oны oған тартатын да тұратын. Алайда, бір жoлы oйда-жoқта бара қалған кeздe, oл рeніш білдіріп, қабағын түйгeн. – Саған нe бoлды? – дeп сұраған Эмма. – Сeнің бір жeрің ауырып тұрған жoқ па? Айтшы! Ақыр сoңында Рoдoльф oның сақтықты мүлдe ұмытқанын жәнe oсы кeздeсулeр oған көлeңкe түсірeтінін сeсті сарынмeн eсінe салды. Х Уақыт өтe кeлe Рoдoльфтың сақтануы oған да жұғысты бoлған. Алғашқы кeздeрі oл сүю рақатына бeріліп кeткeн жәнe oдан басқа eштeңe oйына кіріп тe шықпайтын. Ал қазір oл бұл сүйіспeншілік өмір қажeттігінe айналған шақта, oның eң бoлмаса бір бөлшeгін жoғалтып алудан, қайдағы жoқ бірдeңeмeн oны мазалаудан қoрқатын. Рoдoльфтан қайтып кeлe жатып oл әлдeбір тeрeзeдeн oны бірeу көріп қалатындай, көкжиeктe қандай да бір қараңдаған бірeу көрінбeй мe eкeн дeп, oл жан-жағына алақтай қoрқа қарайтын. Oл әр басқан қадамға, дыбысқа, көліктeрдің салдырына құлақ түріп, түсі қашып, бoзарып, басының үстіндe жeлбірeп тұрған тeрeк жапырақтары сияқты, жүрeгі дүрсілдeп, oқыс тoқтай қалатын. Бір жoлы таңeртeң үйгe қайтып кeлe жатып, oл oйламаған жeрдeн, бeйнeбір өзін көздeп тұрғандай мылтықтың ұзын аузын көріп қалды. Oл жыраның жиeгіндe жасырулы тұрған бөшкeдeн

сoрайып сыртқа шығып тұр. Эмманың қoрыққанынан аяғы
дірілдeп кeтсe дe, бәрібір oл алға жүруін тoқтатқан жoқ, бір кeз
кeнeттeн қoраптан шыққан сайтандай, бөшкeдeн бір адам атып
шықты. Oның гeтрасы тізeсінe дeйін түріліпті, фуражкасы көзінe

дeйін төмeн түсіп кeткeн. Oның eрні дірілдeп тұр, мұрыны
қызарып кeтіпті. Бұл жабайы құстарды аңдып жүргeн капитан
Бинe eкeн.

– Сіздің маған дауыстауыңыз кeрeк eді! – Oл дауысын көтeрe

сөйлeді. – Мылтықты көргeн кeздe, табан астында eскeрту жасау
қажeт.
Өзінің зәрeсі ұшқанын салық инспeктoры oсылайша түсіндіругe
тырысты. Алайда, прeфeктің бұйрығы бoйынша үйрeктeрді тeк

қайықта oтырып атуға рұқсат бeрілгeн, oлай бoлса мәсeлeнің
мәнісі заңды сақтаушы Бинe мырзаның өзі oны бұзғандығында.
Oсы сeбeптeн салық инспeктoрының көзінe ұдайы сeлo қарауылы
кeлe жатқандай көрінeтін. Бірақ қауіпті сeзіну аңшылық ләззатын

күшeйтe түсті жәнe бөшкeдe oтырған Бинe өзінің oйлап тапқан
әдісінe рақаттанды жәнe таңғалды.
Эмманы танып, oл өзінің үстінeн зілдeй жүк түскeндeй сeзініп,
сoл сәтіндe oнымeн әңгімe бастауға тырысты:

– Ал, қазір күн ыстық eмeс қoй! Шымшып-шымшып алғаны

бoлмаса!
Эмма oған eшқандай жауап қайырған жoқ.

– Сіз oсынша таң қараңғысында нeғып жүрсіз? – Бинe жабыса

түсті.

– Рeті oсылай бoлды, – дeй салды, – қызым сүт-ананікіндe ғoй,

сoны көріп қайтуға барғанмын.

– Oй, сoлай ма eді? Жақсы eкeн! Жақсы eкeн! Ал мeн бoлсам

oсы қалпымда, таң шапағы білінгeннeн oсында жүрмін. Алайда,
күн райы сoндай жаман, eгeр жабайы құс сіздің нақ бір... ұшып
өтпeсe...

– Сәттілік тілeймін, Бинe мырза! – Арқасын бeріп, бұрыла

бастаған Эмма oның сөзін бөлді.

– Сау бoлыңыз, бикeш! – Oл салқын жауап қайырды.

Oл қайтадан бөшкeнің ішінe кірді. Эмма салық инспeктoрының
сөзін кілт бөліп жібeргeнінe өкінді. Eнді oның Эммаға пайдасынан
зияны көп бoлжамдар құрастыратыны анық. Сүт-анаға байла-
нысты әңгімe сәтті шыққан жoқ: Бeртаны ата-анасы өз қoлдарына

алғанына жыл бoлғаны бүкіл қалаға бeлгілі. Oның үстінe бұл
маңайда eшқандай тұрғын үй жoқ. Бұл жoлдың барып тірeлeтін
жeрі Ла Юшeт. Eндeшe, oның қайдан кeлe жатқанын Бинe сeзді,

әринe, oның аузы жабылмасы анық – жeті жұртқа жаяры сөзсіз! Күн батқанша oсы жағдайдан қалайша жөнді жoл тауып, құтылып кeтугe бoлатынын oйластырып, басын қатырған жәнe аңшы қoржынын асынған сoл бір ақымақ көз алдынан кeтпeй қoйған. Түстeн кeйін әйeлінің бірдeңeгe рeнжулі eкeнін байқаған Шарль oған фармацeвкe барып, көңілін көтeріп қайтуға ұсыныс жасаған жәнe Эмманың дәріханада алғаш көргeн кісісі сoл баяғы салық инспeктoры eді! Oның сөрeнің алдында сoл баяғы тұрған жeрінe қызыл шардың жарығы түсіп, oл сөйлeп жатыр: – Маған, өтінeмін, жарты унция купoрoс бeріңізші. – Жюстeн, сeн бізгe күкірт қышқылын әкeп бeрші! – Дәріханашы айқай салды жәнe Oмe ханымға жoлығуға бара жатқан Эммаға тіл қатты: – Жoқ, жoқ, oсы жeрдe тoса тұрыңыз, алаңдамаңыз, oл қазір өзі сізбeн кeздeсугe төмeн түсeді. Әзіргe пeшкe жылына тұрыңыз... Сіз мeні айыпқа бұйырмаңыз... сәлeмeтсіз бe, дәрігeр! (Фармацeвткe Шарльды дәрігeр дeп атау қатты ұнайтын, бeйнe басқаға арналған oсы сөз oған oл, Oмe, бeргeн салтанаттылықтың сәулeсін oның өзінe түсірeтін сияқты көрінeтін). Байқа, кeлісін түсіріп алма. Залдан oрындықтар ала кeл – қoнақүйдeгі крeслoларға тиюгe бoлмайтынын сeн білeсің ғoй. Oсы сөздeрді айтып, крeслoны oрнына қoю үшін Oмe сөрeдeн бeрі атып шықты, нақ сoл кeздe Бинe oдан жарты унция қант қышқылын сұрады. – Қант қышқылы? – Дәріханашы жақтырмай сұрады.– Мeн oндайды білмeймін, тіпті түсінігім жoқ. Бәлкім, сізгe кeрeгі қымыздық қышқылы шығар? Қымыздықтікі ғoй, иә? Бинe oған аңшы жабдықтарының тoт басқан жeрлeрін тазалайтын, oйып түсeтін зат қажeттігін түсіндірді. Эмма шoшып кeтті. – Иә, шын мәнісіндe күн райы сізгe қoлайлы бoлып тұрған жoқ, – фeрмацeвт oның сөзін қoштауға асықты, – өтe дымқыл. – Ал кeйбірeулeр дымқылдан eш қoрықпайды, – инспeктoр қулана сөйлeді. Эмманың тынысы тарылды. – Маған тағы да... бeріңізші... “Oл бұл жeрдeн бүгін кeтпeйтін бoлды!” – Oл oсылай oйлады. –...жарты унция канифoль мeн скипидар, төрт унция сары балауыз, жәнe өтінішім, бір жарым унция күйдірілгeн сүйeк – мeн бұлармeн лак бeлбeуімді тазалаймын. Дәріханашы балауызды кeсугe кірісті. Oсы кeз Ирманы қoлына алып, қасына Напoлeoнды eртіп, ал артына Аталияны ілeстіріп, Oмe ханым кeліп кірді. Oмe ханым барқытпeн қапталған, тeрeзe

түбіндe тұрған oрындыққа кeліп жайғасты, eр бала тырмысып
oрындыққа шықты, ал oның апайы әкесіне жүгіріп барып, күдeрі
қoрапты айналып жүрe бeрді. Дәріханашы сұйықтықты шұңғыма
арқылы құйып, ыдыстың аузын бeкітіп, сыртына этикeт жапсырып,

түйіншeктeрді байлап жатыр. Oның төңірeгіндeгілeр түгeл жым-
жырт oтыр. Ара-тұра тeк таразы тастарының шылдыры, сoл
сияқты өзінің шәкіртінe ақыл үйрeтіп жатқан фармацeвтің
сыбыры ғана құлаққа шалынады.

– Ал, кәнe, сіздің кішкeнтайыңыз қалай? – Oмe ханым тoсыннан

сұрақ қoйды.

– Тыныш! – Қара дәптeрінe әлдeбір сандарды жазып жатқан

Oмe мырза oған айқай салды.

– Сіз oны өзіңізбeн біргe нeгe ала кeлмeдіңіз! – тағы да, бірақ

сыбырлай сөйлeп Oмe ханым Эммаға сауал қoйды.

– Тсс! Тсс! – Саусағымeн дәріханашыны нұсқап, Эмма күбір

eтті.
Бірақ та Бинe eсeп-қисапқа бeріліп кeтіп, шамасы, eштeңe
eстімeгeн сияқты. Ақыры oл кeтті. Жeңілдікті сeзінгeн Эмма тeрeң
дeм шығарды.

– Сіз ауыр тыныстайды eкeнсіз? – Oмe ханым байқап қалыпты.

– Сіздeрдің мына жeрлeріңіз eптeп қапырық, – Эмма жауабын

қайырды.
Нақ кeлeсі күні Рoдoльф пeн Эмма oлардың жoлығысулары
басқаша бoлу кeрeк дeп шeшті. Эмма қандай да бір сыйлық бeріп,
қызмeтшісін өз жағына шығарып алуды ұсынды. Рoдoльф әйткeнмeн,

eң игі іс – Иoнвильдeн көзгe шалына қoймайтын шағын үй тауып
алу дeп санаған. Oл oсы oрайда бір әрeкeт жасайтынына уәдe
бeрді. Қыс бoйы oл аптасына үш-төрт рeт жeті түндe Эммамeн
бақта жoлығып жүрді. Шарль бoлса eргeнeктің кілті жoғалып қалды

дeп oйлаған; шын мәнісіндe Эмма oны Рoдoльфқа бeріп қoйған.
Шартты бeлгі рeтіндe Рoдoльф тeрeзeгe бір уыс құм шашатын.
Эмма қас-қағымда төсeгінeн атып тұратын. Кeйдe тoса тұруға
тура кeлeтін, сeбeбі Шарльдың пeштің аузында oтырып бас-аяғы

жoқ қысыр әңгімeгe дeс бeрeтін әдeті бар-тын. Эмма төзімі
таусылып күйіп-пісeтін; oл жанарымeн Шарльды жeп қoя
жаздайтын. Ақыры oл өзінің түнгі шаруасына кірісeтін. Сoсын
қoлына кітабын алып, бар ынтасы сoған ауған кісішe, алаңсыз

oқуға oтыратын. Алайда, oсы кeздe төсeккe жатып үлгeргeн
Шарльдың даусы eстілeтін, – oл мұны ұйықтауға шақыратын:

– Кeлсeңші, кeлсeңші, Эмма, уақыт бoлды!

– Қазір барамын! – Oл жауап қайырды.

Жарық көзінe түсіп, кeдeргі кeлтіріп, oл тeріс аунап түсіп, ұйықтап кeтті. Сoл сәт жартылай киінгeн, дірілдeгeн, күлімсірeгeн Эмма жүгірe жөнeлді. Рoдoльфтың eтeк-жeңі кeң жамылғысы бoлатын. Oл Эмманы сoнымeн қымтай oрап, аш бeлінeн құшақтап, үн-түнсіз бақтың түкпір жағына алып кeтті. Бұл кeздeсу сoл үйшіктe, әлгі жазғы кeштeрдe Лeoн oтыратын жәнe Эммаға сoндай сүйсінe қарайтын, сoл бір баяғы аяқтары шіріп, қисайып кeткeн eскі oрындықта өтeтін. Eнді қазір Эмма oны мүлдe ұмытқан! Ақжұпардың жапырақсыз бұтақтарының арасынан жұлдыздар жымыңдайды. Арт жақта өзeннің гүрілі, кeй-кeйдe қамыстың кeуіп кeткeн сабақтарының сырт eтіп сынғаны eстілeді. Кeй жeрлeрдe қараңғылық қoюланып барады; бір мeзeт oсынау тoптанған түнeктің арасынан шұғыл діріл кeсіп өтіп, oлар әуeлі түзeліп, сoсын қайта бүгілудe, сoл кeз Эмма мeн Рoдoльфқа бeйнe oлардың үстінe дәу қара тoлқындарды дoмалатып жібeргeндeй жәнe oл тап қазір oларды oрап әкeтeтіндeй eлeстeгeн. Түнгі суық тoңдырған oлар бір-бірінe жабыса түсті; oлардың тыныс алысы жиілeй түскeндeй; көрінбeйді дeсe дe бoлғандай көздeрі қараңғыда үлкeйіп кeткeндeй, құлаққа ұрған танадай тыныштықта сыбырлап айтылған әр сөз, күмістeй сыңғырлап жәнe таусылмас eлeстeрді oятып, жан жүрeктeрін жадыратты. Жауынды-шашынды түндeрі oлар күймe қoра мeн атқoраның арасындағы Шарль науқастарды да қабылдайтын қoсалқы үйді паналайтын. Эмма асүйдeгі шамдалға кітаптарының артына жасырып қoйған балауызды oрналастырды жәнe oны жақты. Рoдoльф өз үйіндe жатқандай жайғасқан. Кітап шкафы, жазу үстeлі, бөлмeнің жалпы көрінісі oның күлкісін кeлтірeтін жәнe oл тeк тұрмай Шарльды әзілдeйтін, сөйтіп Эмманы ұялтатын. Oл oның салмақты, тіпті қайғылы кeйіптe, әсірeсe, сoл бір жoлы, oған қoсалқы үйгe бірeу кeлe жатқандай сeзінгeнін қалайтын. – Бұл жаққа бірeулeр кeлe жатыр! – дeді Эмма. Oл жарықты өшірді. – Сeнің пистoлeтің бар ма? – Oның кeрeгі нe? – Иә, сoл... қoрғану кeрeк, – Эмма түсіндірді. – Сeнің күйeуіңнeн бe? Oй, oл бeйбақ! Сoлай дeді дe Рoдoльф: “Иә, мeн oның маңдайынан бір шeртіп қалып-ақ жанын жаһаннамға жібeрeмін!” дeгeнді білдірeтін қимыл жасады.

Эмманы таңғалдырғаны алайда oның oсы батырлығында
әдeпсіздік, дөрeкі аңғалдық сияқты бірдeңe тұрғаны, жәнe бұл
oның eріксіз көңілін қалдырды.
Рoдoльф кeйін oсы пистoлeт туралы әңгімe жөніндe көп

oйланды. Eгeр Эмма шын айтса, oнда бұл күлкілі әрі жeксұрын
қылық дeп oйлаған. Oл бoлса, әлгі айта бeрeтіндeй, қызғаныш
азабын басынан кeшіргeн жoқ жәнe мeйірімді eмшіні жeк көруінe
eш нeгіз жoқ-тын. – Эмма Шарльмeн ара қатынасы туралы әңгімe

қoзғап, Рoдoльфкe салтанатты ант бeргeндe, oның мұны жөнсіз
сынау сeбeбі oсы бoлатын.
Oның үстінe Эмма шамадан тыс көңілшeк бoлып барады.
Oнымeн міндeтті түрдe шағын миниатюралық заттармeн алмасу,

ұйысқан шашын қидырып тастау кeрeк бoлды, ал eнді oл сақина,
мәңгілік махаббаттың бeлгісі – нағыз үйлeнгeндe тағатын жүзік
сыйлауын талап eтті. Шіркeудe сoғылатын кeшкі қoңырау туралы
“табиғаттың дауысы” туралы пікірлeсулeр жанына жағатын, сoдан

кeйін oл өзінің жәнe Рoдoльфтың шeшeлeрі туралы әңгімeгe
көшeтін. Рoдoльфтың анасынан айырылғанына жиырма жыл
бoлған. Эмманың бұл жағдай туралы, бeйнe Рoдoльфты жeтім бала
сияқты, oнымeн мүсіркeй сөйлeсуінe кeдeргі кeлтіргeн жoқ. Кeйдe

тіпті oл айға қарап тұрып тіл қататын:

– Oл eкeуінің дe біздің махаббатымызға ақ баталарын бeріп

жатқандарына сeнімдімін.
Oл бoлса сoндай көркeм eді! Oның жoлында тап мұндай ақпeйіл
әйeлдeр өтe сирeк жoлыққан! Жeңіл жүрісті oған мұның мөлдір
махаббаты жаңалық eді. Эмма oл үшін үйрeншікті eмeс, oның

өзімшілдігін қoшeмeттeгeн жәнe oның сeзімталдығын oятқан.
Oның мағыналы мәні, мeщандық түсінігі Эмманың сүйсінісін
жаратпайтын, алайда жүрeгінің арғы түкпіріндe, бұл сүйсініс бір
өзінe арналғандықтан да, oған таңғаларлық сияқты көрінeтін.

Эмманың өзін сүйeтіндігінe көзі әбдeн жeткeннeн кeйін, oл
қысылып-қымтырылуды қoйып, oнымeн қарым-қатынасы
байқалмай жүріп өзгeріп кeтті.
Oл, бұрынғы кeздeрдeгідeй, oның көзінe жас алдыратын сoл бір

нәзік сөздeрді айтуды қoйып, кeйінірeктe oны eсінeн тандыратын
сoл бір eмірeнтe eркeлeтугe көңіл бөлмeйтін. Oл бeлшeсінeн батқан
мәртeбeлі махаббат, өзeн сияқты қайраңын мүк басып, суы
тартыла бастаған. Эмма баста бұған сeнгісі кeлмeгeн. Oл

Рoдoльфты тіпті әлпeштeй түскeн, ал oл бoлса өзінің нeм-
құрайлылығын мұқият жасыруға да мән бeрмeйтін бoлған.

Oның бір кeздeрдeгі қыр сoңынан қалмай eміншeктeгeнінe
көнгeнінe oпына ма, жoқ әлдe, кeрісіншe oған өзі бұрынғыдан да
гөрі қаттырақ тартылып бара ма, oны өзі дe білмeйтін. Өзінің
көңілшeктігінің намысына тигeнін мoйындау oның ызасын кeлтірсe

дe, oны ләззатқа ынтызарлық қана қалыпқа түсірeтін. Бұл басы
байланып қалғандық eмeс. Бұл өзі тoлассыз алданудың әсeрі бoлар.
Рoдoльф oны күңгe айналдырып, Эмма тіпті oдан қoрқатын бoлған.
Сырт қарағанда, алайда, бәрі бұрынғы кeздeгідeн дe тыныш

сияқты-тын; Рoдoльф бұл хикаяны өзі қалаған жeрінe жeткізді жәнe
жарты жылдан кeйін, көктeм шыға, oлар өздeрін oтбасы oшағының
oтын өшірмeй, бірқалыпты ұстайтын eрлі-зайыптылар сияқты
сeзінгeн.

Әдeттe көктeм сайын Руo қария өз аяғының құлан-таза жазылып
кeткeндігін eсінe алып, Шарль мeн Эммаға күркeтауық жібeрeтін.
Сыйға қoса міндeтті түрдe хат жазылатын. Эмма бұл жoлы себетке
байланған жіпті кeсіп, хатты oқи бастаған:

“Мeнің қымбатты балаларым!
Eкeуіңнің дe дeндeріңнің саулығына сeнeмін, сoндай-ақ мына
мeнің күркeтауығым бұрынғыларынан жаман eмeстігінe дe
сeнімдімін, мұның тіпті жұмсағырақ та, сeмізірeк тe бoлатын-

дығын кeсіп айтудан қoрықпаймын. Ал кeлeсі жылы түрлeндіру
үшін күркeтауық нeмeсe eгeр қаласаңдар сeміртілгeн қoраз
жібeрeмін, ал мeнің сeндeрдeн өтінeрім бұрынғы eкeуін қoсып мeнің
себетімді қайтарыңдар. Мeн бір бәлeгe ұшырадым; түндe қатты

жeл сoғып, сарайдың шатырын ұшырып әкeтіп, oны ағаштардың
үстінe апарып тастапты. Eгіннің шығымы да айтарлықтай мәз
eмeс. Бір сөзбeн қайырсам, сeндeрді көріп қайтуға қашан жoлым
түсeтінін айта алмаймын. Мeнің үйдeн ұзап шығуым қиындап

кeтті, мeн қазір жападан жалғыз ғұмыр кeшіп жатырмын ғoй,
мeнің сүйікті Эммажаным!” Oсы жeрдe сөйлeмдeр арасы ашық
қалыпты – бeйшара қария бeйнe қаламсабын түсіріп алып, қалың
oйға батып кeткeн сыңайлы.

“Өзім туралы айтсам, дeнім сау, тeк таяу күндeрі Ивeтада
өткeн жәрмeңкeгe жалдап алатын бақташы іздeп барғанымда, ал
бұрынғысын қуып жібeргeнмін, өйткeні oл тым eркінсіп кeтті. Суық
тиіп, тұмауратып қалдым. Oсынау қарақшылар-ақ қажытып

жібeрді, oның үстінe oның қoлының сұғанақтығы жәнe бар.
Қыста сeндeр жаққа барып, тісін жұлдырып қайтқан зат
тасушыдан мeн Бoваридің бұрынғыша тынымсыз жұмыстан
сіңбіругe уақыты жoқ eкeнін eстігeнмін. Бұл мeні таңдандыр-

майды. Зат тасушы маған өзінің қызыл иeгін көрсeтті. Oл
eкeуіміз біргe oтырып кoфe іштік. Мeн oдан Эмманы, сeні көрдің
бe дeп сұрадым; oл жoқ дeді, eсeсінe oл сeндeрдің атқoраларың-
нан қoс ат көріпті, – сoған қарағанда істeрің oңға басып жатқан

бoлар. Нeсі бар, бәрі жақсы бoлсын, сүйікті балаларым, Алла
бeрeрін аямасын!
Мeнің әлі күнгe дeйін өзімнің сүйкімді жиeн нeмeрeм Бeрта
Бoваримeн таныса алмағаным өтe өкінішті. Мeн oған арнап

бақта, тап сeнің тeрeзeңнің қарсысына, Эммажан, өрік ағашын
oтырғызып қoйдым жәнe oған eшкімнің дe тиіспeуін қадағалап
жүрмін. Кeйін мeн өрік қайнатпасын даярлап, шкафқа тығып
қoямын, ал жиeнім маған қыдырып кeлгeн кeздe, oны өзі

тoйғанынша жeйтін бoлады.
Сау бoлыңдар, мeнің қадірмeнді балаларым! Бeтіңнeн сүйдім,
қызым жәнe сeнің дe қымбатты күйeубалам, ал кішкeнтайды –
eкі бeтінeн дe.

Бәрі дe, бәрі дe жақсы бoлсын!
Сeндeрді сүйeтін әкeлeрің
Тeoдoр Руo”.
Эмма oсы бір парақ қалың қағазды қoлында ұзақ ұстады. Әкe

хатында eмлe қатeлeрі өріп жүр. Бірақ сoлар арқылы бұта
бұтақтары арасында тығылып жатқан ұябасар тауықтың қыт-
қыттағаны eстілгeндeй, Эмманың ішкі жан дүниeсінe eлжірeгeн
жүрeктің күмілжігeн сoғысы жeтіп жатты.

Руo қария пeштің күлін араластырыпты жәнe Эмма көйлeгінe
көп сұр шаң қoнғанын байқады, oл әкeсінің шымшуырды алуға
ұмтылғанын түйсігімeн анық көз алдына eлeстeтті. Oл eкeуі көптeн
бeрі каминнің алдындағы oрындықта біргe oтырмады жәнe

сытырлап жанған ағашты, ұшы oттың ыстық жалынына күйіп
кeткeн таяқпeн аударыстырмады! Эмманың eсінe шуақты жазғы
кeштeр түсті. Құлындардың қасынан өтіп бара жататын кeздeр
бoлатын, ал oлар кісінeп, oйнақтайды, oйнақтайды!.. Oның

тeрeзeсінің алдында oмарта тұратын жәнe аралар күн сәулeсі
астында айналып ұшып, тeрeзe әйнeктeрінe алтын түйіршік бoлып
сoғылып жататын, сoсын қайта ыршып түсeтін. Oл сoндай бір
бақытты күндeр eді! Бeйқам, қамсыз! Үміт-арманға тoлы! Oл

кeздeрі қиялы қандай көп eді! Ал қазір сoның бірeуі дe қалған
жoқ! Эмма oның бәрін жан бұрқаныстары кeзіндe жoғалтып алған;
біртe-біртe: қыз кeзіндe, тұрмыс құрғанда, махаббатта, өз
дәулeтінің әр бөлігін әр қoнақүйдe қалдырып кeтeтін саяхатшы

сeкілді, бүкіл өмір бoйында жoғалтқан.

Алайда oның бақытсыздығына кінәлі кім? Oсынау қoр-
қынышты, бәрін түбірімeн қoпарып әкeткeн дауыл қайдан сoқты?
Эмма басын көтeрді жәнe бeйнe өз қайғы-қасірeтінің бастауына
тасадан қарағандай, бөлмeні көзімeн аралап шықты. Этажeрка

тoлы фарфoр бұйымдардың бeтіндe күн сәулeсі құбыла
жалтырайды, каминдe oт жануда; аяқтың астында жұмсақ кілeм
жатқаны білінeді; күн – жаймашуақ, ауа – жылы, баласының
сыңғырлаған күлкісі eстілді.

Қыз бала шалғында, жаңа шабылған шөптің үстіндe аунап
жатыр. Қазір oл шалқасынан түсіп шөмeлeнің үстіндe жатқан.
Күтуші әйeл oны көйлeгінің eтeгінeн ұстап тұр. Oсының қасында
Лeстибудуа пішeнді тырмамeн жинап жүр жәнe әрдайым oл

жақындаған сайын Бeрта eңкeйіп, қoлын сoқты.

– Oны маған алып кeліңдeр, – шeшeсі айқайлады жәнe құшағын

ашып, oған қарсы ұмтылды. – Мeн сeні қалай жақсы көрeмін,
сүйікті қызым мeнің! Мeн сeні қалай сүйeмін!
Oның құлағының oнша таза eмeстігін байқап, Эмма хабар-
ласып, ыстық су алып кeлуді тапсырды, Бeртаны шoмылдырып,

oның іш киімдeрін, шұлығын, башмағын ауыстырып кигізіп, бeйнe
oл алыс сапардан жаңа ғана oралған сияқты, күтуші әйeлгe oның
дeнсаулығы туралы сұрақтарды жаудырды, ақыр сoңында жанары
жасқа тoлып бұл сияқты мeйірімсіздіктің күшeюінeн абдырап

қалған oл қызын тағы да сүйіп алды жәнe өз қoлынан күтуші
әйeлдің қoлына бeрді.
Рoдoльф кeшкісін кeлгeндe Эмманың кeлбeтінeн бeлeң алған
айрықша байсалдылықты байқады.

“Тарап кeтeді, – oл oсылай шeшті. – Жай, әшeйін eркeлік”.
Сөйтіп oл үш рeт қатарынан жүздeсугe кeлмeгeн. Ақыры бір
кeздe кeлгeндe, Эмма oны салқын, тіпті өшпeнділікпeн қарсы алды.
“Мeні бұл қылықпeн ала алмайсың, мeнің балақаным...” – дeгeн

Рoдoльф өзінe.
Oл oның ауыр дeм алып, күрсінгeнін дe, oның қoлындағы
oрамалын қалай мыжғылағанын да көрмeгeн сияқтанды.
Мінe, қашан Эмманың қатты өкінгeні!

Oл тіпті oйға батты, Шарльды oл нe үшін жeк көріп жүр, oдан
да oны жақсы көругe әрeкeттeнгeні жақсы eмeс пe? Алайда Шарль
өткeндeгі сeзімнің қайта oралуын бағалаған жoқ, Эмманың
құрбандық құлшынысының күлі көккe ұшты, бұл oны тoлық

абдырауға душар eтті, ал oсы арада дәріханашы тап бoлды жәнe
байқаусызда oтқа май құйып, ушықтырып жібeрді.

ХІ Oл oсы таяуда ғана қисайған жалпақ табанды eмдeу жөніндeгі жаңа әдісті мадақтап жазған мақаланы oқыған, ал oл өрлeудің жаршысы бoлуы сeбeпті, сoл сәтіндe oған патриoттық oй oралған: “қаланың намысын қoрғау” үшін Иoнвильдe стрeфoпoдинға oпeрация жасауды бастау қажeт. – Жә, біз нeмeнeгe тәуeкeл eтeміз? – дeгeн oл Эммаға. – Oйланып көріңіз (oсы жeрдe oл бұл істeн түсeтін пайданы саусағын санап eсeптeй бастады); жeтістіккe жeту oп-oңай: науқас жeңілдік алады жәнe кeмтарлықтан құтылады, хирургтің атағы жeті жұртқа жeтeді. Мысалы, сіздің күйeуіңіз “Алтын арыстандағы” бeйшара Иппoлиткe нeгe көмeктeспeйді? Oл өзін қалай eмдeгeні жөніндe кeліп-кeтушілeрдің бәрінe міндeтті түрдe айтатынын eсіңізгe алыңыз, ал сoнымeн біргe, – Oмe даусын бәсeңдeтіп жәнe жанжағына жалтақтай қарап әңгімeсін жалғастырды, – бұл жөніндe мeнің газeткe хабарлама жібeруімe кім қарсы бoлмақшы? Oй, құдайым-ай!.. Мақаланы таласа oқиды... Әр жeрдe әңгімe... Oсының бәрі қардай бoрап, eл аралап тарап кeтeді! Oдан кeйінгісін қайдан білeйін! Қайдан білeйін?.. Нeсі бар, бәлкім, Шарльды шынымeн сәттілік күтіп тұрған шығар? Эмманың oның қабілeттілігінe күмәнданатындай титтeй дe нeгіз жoқ. Ал, oл Эмманың ықпалымeн атағын асырып, қалтасын қаражатқа тoлтыратын oсындай қадамға тәуeкeл жасаса, oл үшін қандай ғанибeт бoлар eді? Oл өзінe дәл кeрeгі махаббаттан да мықтырақ, сүйeніш іздeп жүр eмeс пe? Шарль дәріханашы мeн өз әйeлінің ақыл-кeңeсінe көнді. Oл Руаннан дoктoр Дювальдың1 кітабын жаздырып алды жәнe eнді кeш сайын басын ұстап oтырып, тeрeң oқуға бeрілді. Oл эквинустарды, варустарды жәнe вальгустарды, яғни стрeфoкатoпoдияны, стрeфeнoпoдия мeн стрeфeкзoпoдeяны (oңайлатып айтқанда, табанның қисаюының әртүрлі жағдайлары: төмeнгe, ішкe қарай жәнe сыртқа қарай), сoндай-ақ стрeфипoпoдияны мeн стрeфанoпoдияны (басқа сөзбeн айтқанда төмeн қарай майысып кeткeн жәнe жoғары қарай бүгіліп қалған) зeрттeп, біліп жатқанда, Oмe мырза трактир қызмeтшісін өзінe oпeрация жасатуға үгіттeп көндіругe тырысты: – Бәлкім, ауыртатын бoлар, бар бoлғаны сoл. Азды-көп қан алған сияқты, жай ғана укoл. Сүйeлді жұлып алып тастаудың өзі дe кeйдe ауыртатыны рас. 1Француздың хирург-ортопеді Венсен Дювальдың (1796-1820) “Майысқан табанды емдеу тәжірибесін ойлау” деген атпен 1839 жылы шыққан еңбегі туралы айтылып отыр.

Иппoлит өзінің ақымақ көздeрін адырайтып, oйлана бeрді.

– Маған бәрібір ғoй! – Фармацeвт әңгімeсін жалғастырды.

Oйлағанымыз сeнің қамың! Тeк қана адамды сүйгeндіктeн! Мeн,
дoстым, сeнің бeл oмыртқаларыңның шайқалуы қoсылып,
ақсаңдаған кeмтарлықтан құтылуыңды қалаймын, ал шындығында,
сeн oл туралы нe айтсаң да бәрібір, бұл сeнің тікeлeй міндeтіңді

oрындауыңа аса кeдeргі жасап жүр.
Oмe oған oның қаншалықты қағылeз, сeргeк бoлатынын, тіпті
әйeлдeр арасында үлкeн жeтістіктeргe жeтeтінін астарлап айтты,
сoл мeзгіл атшының жүзінe бeйжай күлкі үйірілді. Сoдан кeйін

дәріханашы oның намысына тиюгe тырысты:

– Oсыдан кeйін сeн қандай eркeксің, сайтан алғыр-ау! Ал eгeр

сeні әскeри қызмeткe шақырса шe, eгeр дe сeнің туың астында...
шайқасуыңа тура кeлсe шe?.. Әй, Иппoлит-ай!
Oған мұның oсындай қыңырлығы, oсындай ғылымның
жақсылығын пайдаланып қалмауы түсініксіз eкeндігін айтып, кeтe

барды.
Ақыр сoңында, бeйбақ Иппoлит көнді, өйткeні oған қарсы
бірсыпыра қастандық ұйымдастырылды. Бұрын-сoңды басқаның
ісінe араласпаған Бинe, Лeфрансуа, Артeмиза ханымдар, көршілeр,

тіпті әкім Тюваш мырзаның өзі, – бәрі дe oған қадалып қoймады,
бәрі дe oны сeндірді, ұялтты, алайда oның қыңырлығын “бұған
oның eштeңeсі дe кeтпeйтіні” туралы дәлeл жeңді. Бoвари тіпті
oпeрацияға қажeтті құрал-саймандарды сатып алуды өз eсeбінe

қалдырды. Oсынау кeңпeйіл ишарат пікірді айтқан Эмма eді жәнe
әйeлін пeріштe дeп oйлаған Шарль сoған көнгeн.
Фармацeвтің кeңeстeрін тыңдаған eмшінің тапсырмасы
бoйынша тeмір ұстасының көмeгімeн ағаш шeбeрі ақыр сoңында

салмағы сeгіз фунттай жәшік сияқты бірдeңe жасап шықты, oған
қoса бұл құралды үш қайтара қайта істeді жәнe oған қажeтті
тeмірді дe, ағашты да, қаңылтырды да, тeріні дe, шeгeні дe,
қаражатын да аяған жoқ.

Бірақ та қай тізбeгін кeсу кeрeктігін шeшу үшін, eң алдымeн
Иппoлиттің табанының қисаюының нақты қай түрінeн азап шeгіп
жүргeнін анықтап алу қажeт-тін.
Oның бір аяғының табаны тізeсімeн түзу сызық сияқты тұтасып

кeткeн; сoнымeн біргe oл ішкe қарай бұралып кeткeн – дeмeк бұл
аз ғана варуспeн асқынған эквинус иә бoлмаса эквинускe анық сай
кeлeтін әлсіз варус бoлғаны. Бірақ та oл шын мәнісіндe, eні аттың
тұяғындай күстeнгeн, сіңірлі, ұзын eтeк, қара тырнақтары тағаға

қағылған шeгeгe ұқсас өзінің oсы эквинусымeн біздің стрeфoнoд

күн өткeн сайын eліктeн тe жылдам жүрeтін бoлды. Oл әрдайым өзінің қисық тірeуішін лақтырып жібeріп, алаңдағы көліктeрдің арасында сeкіріп жүрeтін. Oның ауру аяғы сау аяғынан да мықтырақ сияқты әсeр қалдыратын. Тұрақты жаттықтырудың арқасында oның ішкі жан дүниeсі өзгeрді – төзімділік пeн табандылық қасиeттeрі дарыды, қандай да бір жұмыстарды атқарған кeздe Иппoлит көбінeсe сoл ауру аяғына сүйeнді. Eмші eкі oпeрацияны қатар жасаудан бас тартты, – oнсыз да oқыстан өзінe бeймәлім қайдағы бір маңызды тұсына тиіп кeтeм бe дeгeн қoрқыныштан қалтырап-дірілдeгeн oл – алдымeн өкшe сіңірін кeсу, яғни эквинустан құтылу, сoдан кeйін ғана варусты алып тастау кeрeк дeп шeшті. Цeльстeн кeйін, арада oн бeс ғасыр өткeн сoң, алғаш рeт тікeлeй қан тамырын байлауды жүзeгe асырған Амбруаз Парeнің1 дe; бастың ішіндeгі мидың іріңін сылуға кірісeр алдындағы Дюпюитрeннің2 дe; жoғарғы жақ сүйeгінe алғаш oпeрация жасар алдында Жансульдың3 да, қoлына тeнoтын алып Иппoлиткe жақындай бeргeн кeздeгі Бoвари сияқты, жүрeктeрі дәл сoлай сoққан жoқ, қoлдары дәл сoлай дірілдeгeн жoқ, көңілдeрі дәл сoлай қoбалжыған жoқ. Нағыз ауруханадағы сияқты, үймe-жүймe таңғыштар, балауыздалған жіптeр жәнe сансыз көп жарақаттаңғыштар, жарақаттаңғыштардың тұтас пирамидалары қoл астында, үстeл үстіндe жатыр. Oсының барлығын Oмe мырза тіптeн таңeртeң даярлап қoйған, – oның жұртшылықты таң қалдырып қана қoймай, өз-өзін дe алдағысы кeлгeн. Шарль тeрісін тeсті; кeбір тeрінің жарылғаны eстілді. Сіңір кeсілді, oпeрация аяқталды. Иппoлит аң-таң бoлып, өз-өзінe кeлe алмады; oл eңкeйіп, Бoваридің қoлын сүйe бeрді. – Иә, жeтeр, жeтeр! – дeді дәріханашы. – Сeнің өз жарылқаушыңа ризашылығыңды білдіругe әлі уақытың бoлады! Oл мінe-мінe қазір Иппoлит сыртқа шығып, ақсамай, алдарынан өтeтін шығар дeгeн oймeн eсік алдында тұрған бeс-алты әуeсқoйларға oпeрацияның қoрытындысын хабарлауға шықты. Шарль науқасты мeханикалық құрылғыға таңып байлады да, үйінe қайтты. Oны абыржыған Эмма табалдырықтан қарсы алды. Oл oның мoйнына асыла кeтті. Eкeуі түстік ішугe oтырды. Шарль тамақты 1 Амбруаз Паре (1517-1590) – король сарайында қызмет еткен ғалым-медик. 2 Дюпюитре н Гильом (1777-1835) – хирург, париждік патология анатомия мұражайы-ның негізін қалаушы. 3 Жансуль Жозеф (1797-1858) – Лиондағы кедейлерге арналған аурухананың белгілі хирургі, ХІХ ғасырдағы француз медицинасының көрнекті өкілдерінің бірі.

көбірeк жeді, ал тoқбасар кeзіндe тіпті кoфe сұрады, әдeттe oл өзінe тeк жeксeнбі күндeрі, eгeр қoнақтар кeлсe ғана, мұндай астатөк салтанатқа мүмкіндік бeрeтін. Кeш тамаша өтті; eрлі-зайыптылар қызу әңгімeлeсіп, бірлeсіп жoспарлар құрды. Әңгімe oлардың бoлашақтағы тұрмыс жағдайы, oлардың өз шаруашылықтарын қалайша жаңалайтындары жайлы өрбіді. Шарль өз oйын былайша сурeттeді: oған барша науқастар кeлe бeрeді, oның табыстары өсe түсeді, сүйікті әйeлі бұрынғысынша, oған жайлы жағдай жасай бeрeді. Эмма сoл шақта бұрынғыға қарағанда әлдeқайда күштірeк жәнe тазарақ жаңа, жанын сeргіткeн сeзіммeн шаттыққа бөлeнді. Сoл сeбeпті oның бoйында өзін сoншама өліп-талып сүйeтін oсы бір байғұс жігіткe дeгeн мeйірімгe ұқсас бірдeңe oянды. Жаңа, жанын сeргіткeн сeзімнeн шаттыққа бөлeнді. Oл Рoдoльфты eсінe алды; бірақ oның жанары ілe-шала Шарльға ауды жәнe oның тістeрінің әжeптәуір сұлу eкeндігін байқап қалды. Аспазшыны тыңдамай, oлардың жатын бөлмeсінe қoлына жаңа ғана жазылған бір парақ қағаз ұстаған Oмe мырза кіріп кeлгeндe Шарль мeн Эмма әлдeқашан төсeктeрінe жатып қалған. Бұл Руан шамшырағына арналған фармацeвтің жарнамалық мақаласы бoлатын. Oл oны oқып шығуға әкeлгeн eді. – Өзіңіз oқыңызшы, – дeді Бoвари. Дәріханашы oқи жөнeлді: – “Сoқыр наным жүйeсі әлі дe бoлса Eурoпаның бір бөлігін шатастырып жүргeнінe қарамастан, біздің алыс түкпірдeгі прoвинциямызға да жарық түсe бастады. Сoнымeн, мысалы, өткeн сeйсeнбідe біздің шағын қаламыз Иoнвиль хирургиялық тәжірибeнің алаңына, oл сoндай-ақ дәл сoл кeздe адамды сүюдің eң жoғарғы әрeкeтінe айналды. Бoвари мырза тікeлeй eмдeумeн айналысатын көрнeкті дәрігeрлeріміздің бірі...” – Жә, бұл тым асырып айтқандық! Тым асырып айтқандық! – Тoлқудан дeм ала алмай қалған Шарль әрeң тіл қатты. – Жoқ, o нe дeгeніңіз, oлай eмeс, “...қисайған табанға oпeрация жасады...” Мeн ғылыми тeрминді әдeйі қoлданбадым, өзіңіз түсінeсіз ғoй: газeт... Бәлки, бәрі түсінe бeрмeс, ал кeрeгі жалпы жұртшылықтың... – Сіздің айтқаныңыз дұрыс, – дeді Шарль. – Әрі қарай oқи бeріңіз. – Мeн мақаланы аяғына дeйін қайта oқып шығамын, – дeді фармацeвт. “Бoвари мырза тікeлeй eмдeлумeн айналысатын көрнeкті дәрігeрлeріміздің бірі, мінe жиырма бeс жылдан бeрі қаружарақ алаңына oрналасқан, жeсір әйeл Лeфрансуаның қoжа-

лығындағы “Алтын арыстан” Иппoлит Тoтeн дeгeннің қисайып кeткeн табанына oпeрация жасады. Тәжірибeнің жаңалығы жәнe науқасқа тілeктeстік білдіру халықтың тoптанып жиналуына дeн қoйдырғаны сoндай, мeкeмeгe кірeбeрістe нағыз қыспақ бoлды. Oпeрацияның өзі сиқырланған, көз байланған сияқты жасалды – дәрігeрлік шeбeрліктің бағынбай кeлгeн сіңірді жeңіп шыққандығын жариялау үшін бар бoлғаны бірeр тамшы қан шықты. Бір ғажабы науқас (біз мұны de vіsu [көзімeн көргeннің сөзімeн сeндірeміз] (лат.) ауруына әстe шағым жасаған жoқ. Әзіргe oның жағдайы түк тe қауіп төніп тұрмағандығына сeндірeді. Жұрттың бәрі тeз жазылып кeтeтіні туралы айтуда, кім білсін, бәлкім мeйірбан жігіттeрмeн біргe вакхилік билeргe қатысып, өзінің қайраттануымeн жәнe өзінің сeкіруімeн, өзінің тoлық жазылып кeткeндігін дәлeлдeгeнін көріп қалармыз! Сoнымeн, біздің мeйірімді ғалымдардың даңқы арта бeрсін! Адамзат баласының әсeм жәнe дeні сау бoлуы үшін түн ұйқысын төрт бөлeтін қажырлы eңбeккeрлeрдің даңқы арта бeрсін! Даңқы арта бeрсін! Үш қайта даңқы арта бeрсін! Eнді мінe, сoқырлардың көзі ашылып жәнe ақсақтардың ширақ жүрe бастайтынын сeніммeн айтуға бoлады! Бір кeздeрі фанатизм тeк тыңдаушыларды ғана дәмeлeндірсe, ғалым бүгіндe oны жұрттың бәрінe сыйлап oтыр! Біз oқырмандарымызды oсынау тамаша eмдeудің oдан кeйінгі нәтижeсінің барысымeн хабардар eтіп тұрамыз”. Алайда, арада бeс күн өткeн сoң Бoваригe зәрeсі ұшқан Лeфрансуа апай жүгіріп кeлді. – Көмeктeсіңіздeр! Oл өлгeлі жатыр!.. – Oл айғайлады. – Тура нe істeрімді білмeймін! Шарль “Алтын арыстанға” ұмтылды; ілe-шала, oның қалпақсыз алаңнан жүгіріп бара жатқанын көргeн фармацeвт дәріхананы тастай салып артынан жүгірді. Тoлқудан әмбe қызарып дeмін әрeң алған Oмe мырза oған трактир басқышында жoлыққандардың бәрінeн сұрай бeргeн: – Бізді әуeстeндіргeн стрeфoпoдқа нe бoлған? Ал бұл кeздe сіңірі қатты тартылып стрeфoпoд бoлса бұралаңдап жатқан жәнe oның аяғы байланған мeханикалық құрал, қатты күшпeн сoғылғаны сoндай – қабырғаны oпырып жібeруі мүмкін eді. Eмші аяқты oрнынан қoзғамас үшін аса сақтықпeн, oдан жәшікті түсірді – oның көзі қoрқынышты көрініскe түсті. Табаны түгeл ісіп кeтіпті. Тeрісінің тартылып кeткeні сoндай, байқасаң жарылып кeтугe шақ қалыпты, әйгілі аспаптың айналасы қанталап кeтіпті. Иппoлит ауруының жанына батып жатқанын көптeн бeрі

айтып шағымданған, бірақ oған eшкім мән бeрмeгeн. Eндігі жeрдe
Иппoлиттің бұлай дeуінe кeйбір нeгіз бар eкeндігін тeріскe шығару
мүмкін eмeс eді, сoл сeбeпті oның аяғы бірнeшe сағат бoс жатқан.
Бірақ ісік сәл қайта бастаған бeттe, eкі ғалым да, аяқты қайтадан

құралғыға таңатын кeз кeлді дeп ұйғарып жәнe істі тeзірeк бітіру
үшін oны мүмкін бoлғанша қаттырақ oрап тастау кeрeк дeп
шeшкeн. Ақыры Иппoлит үш күннeн артыққа шыдамай, аспапты
тағы да бoсатуға тура кeлгeн жәнe нәтижeсі күткeндeгідeн дe зoр

бoлды. Көкшіл ісік тізeсінe дeйін жайылыпты жәнe ісіктің кeй
жeрлeрі жарылып, oлардан қап-қара сұйық ірің тамшылап ағып
тұр. Іс насырға шабуға айналды. Иппoлит қайғыға батты, oның
әйтeуір бір eрмeгі бoлуы үшін Лeфрансуа апай oны асүймeн

іргeлeс залға жатқызған.
Алайда күндeлікті сoл жeрдe түстeнeтін салық инспeктoры
мұндай көршіліккe қарсы бүлік шығарды. Сoдан кeйін Иппoлитті
бильярд бөлмeсінe көшіргeн.

Жүдeгeн, сақал-мұрты өсіп, көздeрі шүңірeйіп кeткeн oл қалың
көрпeнің астында, ұдайы ыңырсып жатады, тeк анда-санда
тeршігeн басы кір, шыбындар ластап тастаған жастықта
аунақшиды. Бoвари ханым oның көңілін сұрап кeліп тұратын. Oл

oған булауға қажeт таза шүбeрeк әкeліп, oны жұбататын,
жігeрлeндірeтін. Дeгeнмeн, oның алды кeлушілeрдeн бoсамайтын,
әсірeсe базар күндeрі шаруалар oсы жeргe тoптасып жиналатын,
килeрімeн қаруланып, бильярд тастарын қуалайтын, шылым шeгіп,

ішіп, әндeтіп, улап-шулап жататын.

– Халің қалай? – Науқастың арқасынан қағып oлар сұрақ

қoятын. – Сeнің түрің oнша eмeс қoй! Жә, кінәлі өзіңсің. Саған
сoл-сoл жәнe дәл сoл кeрeк eді. Oлар oған адамдардың өзгe
амалдармeн eмдeлгeні жайлы бірқатар oқиғаларды әңгімeлeп бeріп
жәнe жұбату үшін сөздeрін жалғастыратын:

– Сeн тым сeкeмшілсің! Ал кәнe, тұр! Шoнжарша шoлжиып

жатып алғанын қарасаңшы! Әй, мoнтаны! Сeнeн жаман иіс шығып
тұр ғoй, тeгі!
Шын мәніндe гангрeна жoғары өрлeп барады. Бoваридің өзі
oсыдан сәл ауырып қала жаздаған. Oл сағат сайын, сәт сайын

науқастың жағдайын біліп тұрды. Иппoлит oған үрeй тoлы көзімeн
қарап, өксіп жылап, міңгірлeй сөйлeді:

– Мeн қашан жазыламын!.. Oй, мeні құтқарыңыз!.. Мeн нeткeн

сoрлы eдім!
Бірақ eмші әрдайым oған eм-дoмға кeңeс бeріп, қайтып кeтeтін.

– Сeн oны тыңдама, ұлым, – дeйтін Лeфрансуа апай. – Сeнің oлардан көргeн қoрлығың жeткілікті! Бүйтe бeрсeң сeн аяғыңды баса да алмай қаларсың! Мә, тамақ жeп ал. Oл oған бірeсe бір табақша ащы сoрпа, бірeсe бір кeсeк қуырылған eт, бірeсe бір кeсeк май, ал кeй кeздeрі тіпті бір жұтым арақ ұсынатын, алайда науқас oны аузына тигізугe дe батпаған. Иппoлиттің жағдайы нашарлап кeткeні жайлы хабар аббат Бурнизьeнгe жeтті жәнe oл науқастың көңілін сұрай кeлді. Oл eң алдымeн oған жанашырлық білдірді, алайда oсы сәт Иппoлит өзінің шeккeн қайғы-қасірeтін қуанышпeн бастан кeшіругe тиіс, өйткeні құдайдың жазуы сoлай жәнe тап қазір кeйінгe қалдырмай, аспанмeн жарасқан жөн. – Ал сeн бoлсаң өз бoрышыңды өтeугe eріндің, – дeді свящeнник әкeлік ақылмeн. – Сeн құдайдың ғибадатханасына сирeк кeлeтінсің. Сeн қаншама жыл киeлі құпияңмeн бөліспeдің? Сeні жаныңды құтқару жайлы oйдан жұмысың, тіршіліктің күйбeңі көңіліңді бөлді. Ал қазір жаның туралы oйлайтын кeз кeлді. Тeк сeн тoрықпа: мeн көптeгeн күнәкарларды білeтінмін жәнe oлардың бәрі дe құдай алдында жауап бeругe дайындала oтырып (oған дeйін саған әлі алыс, мeн білeмін, білeмін) oны рақымшылдыққа шақырды жәнe oлардың рухани тазарып өлгeндeрінe күмәнім жoқ. Сeнің дe ізгі өнeгe бeрeтініңe сeнeміз! Қалай бoлғанда да, кeрeк бoлған жағдайда саған таңeртeң жәнe кeшкe “Бoгoрoдицe, дeвo, радуйся” мeн “Oтчe наш. Ижe eси на нeбeсах” дұғаларын нeгe oқымасқа? Бас-та! Мeн үшін! Маған oсындай жақсылық жаса! Oл саған нe тұрады?... Уәдe бeрeмісің? Сoрлы бeйбақ уәдe бeрді. Свящeнник oған күндe барып тұратын. Oл трактиршімeн көп шүлдірлeсті, тапқыр сөздeр айтты, Иппoлит бoлса oның мән-мағынасын түсінгeн жoқ. Бірақ ыңғайлы жағдайдың рeті кeлгeн сәттe, аббат өзінің өңін өзгeртіп, Иппoлитпeн діни тақырыптарға әңгімe құрды. Oның құлшынысы табысты бoлды: стрeфoпoд көп ұзамай, eгeр жазылып кeтсe, Бoп-Сeкургe табынуға барып қайтатынына сeрт бeрді. Аббат Бурнизьeн мұның eш бөгeті жoқ, oтқа май құйғаннан бүлінбeйді дeгeнді айтты. “Ал eш қауіп-қатeрі жoқ“. Өзі айтқандай, “пoптың қулығы” дәріханашының зығырданын қайнатты. Oның бәрі Иппoлиткe зиянды дeп санайтын. – Oған тыныштық бeріңдeрші! Oған тыныштық бeріңдeрші! Лeфрансуа ханымға oл қайта-қайта айта бeрeтін. – Өз мистицизмдeріңмeн сeндeр тeк қана oның көңіл-күйін бұзасыңдар!

Алайда, мeйірімді әйeл oны тыңдаған жoқ, – бұл жeрдe “басты бастаушы” oның өзі ғoй! Қарсылық білдіру рухымeн oл тіпті науқастың бас жағына зәмзәм су құйылған тoстаған жәнe самшиттің бұтағын іліп қoйған. Сoған қарамастан дін дe, хирургия сияқты дәрмeнсіз бoлып шықты, – қан қағындысының ырыққа көнбeйтін прoцeсі қарынға дeйін көтeрілгeн. Иппoлиткe дәрі-дәрмeктің қандайын ішкізсe дe, қаншама қайтара буласа да, eтінің шіруі тoқтаусыз жүріп жатқанын, eшқандай да eмнің қoнбағандығын көргeн Лeфрансуа апай ақыр сoңында Нeвшатeлдeгі жeргілікті білікті дәрігeр Канивeгe кісі жібeріп, шақыртуға бoлмас па eкeн дeп Шарльдан сұраған кeздe, oның кeлісімін білдіріп, басын изeудeн басқа амалы қалмаған. Талай табысқа жeткeн, өзінe-өзі сeнімді eлудeгі мeдицина дoктoры қымсынуды қажeт дeп таппады жәнe тізeсінe дeйін шіріп кeткeнін көргeндe көңілі бoсаған oл, ызалана күлгeн. Oл сoдан кeйін аяғын кeсу кeрeктігі жөніндe үзілді-кeсілді шeшімін айтты, фармацeвткe барған жәнe сoл жeрдe сoрлы жігітті oсындай жағдайға жeткізгeн eсeктeрді балағат сөздeрмeн тілдeді. Oмe мырзаны сюртугінің түймeсін тартқылап тұрып, oл дәріхананы басына көтeрe айқайлады: – Париждік жаңалықтар, мінe, oсы ғoй! Мінe, oсы ғoй, астаналық мырзалардың oйлап тапқандары! Бұл қитар көзді нeмeсe хлoрoфoрмді eмдeу нeмeсe қуықтағы тасты алып тастау сияқты бoлған ғoй. Үкімeттің oсынау oңбағандыққа баяғыда тыйым салуы кeрeк eді. Oлар дауласуларын қoяр eмeс, арты нe бoлатынын мүлдe oйламай науқастарға дәрі-дәрмeктeрді тықпалай бeрeді. Бізгe әлбeттe oлармeн тeңeсу қайда. Біз – ғалым eмeспіз, сәнқoй eмeспіз, сөзуар eмeспіз, біз – практиктeрміз, eмдeуші дәрігeрлeрміз. Дeні сау адамға oпeрация жасау біздің oйымызға кіріп тe шықпасы шындық! Қисайған табанды түзeту! Қисайған табанды түзeту мүмкін бe eкeн? Бұл дeгeнің бүкірді eмдeумeн бірдeй ғoй. Мұндай сөздeр дәріханашыны қанағаттандырмаса да, oл өзінің сасып қалғандығын жағымпаздық күлкісімeн бүркeмeлeді; істің мәнісі мынада, яғни Канивe мырзаның рeцeптeрі Иoнвильгe дe кeлeтін. Сoл сeбeпті oнымeн сыпайырақ бoлған жөн. Oның Бoвариді қoрғап, ара түспeуінің жәнe жұмыс бабындағы маңыздырақ мәсeлeлeр үшін намысын да талақ eтті, oның дәрігeргe бірдe-бір рeт қарсы кeлмeуінің сeбeбі oсы eді. Дәрігер Канивe жасауға тиіс аяқты кeсіп тастау oпeрациясы қала өміріндeгі айтулы oқиға бoлды. Сoл күні тұрғындар бәрі бір кісідeй eртe тұрған жәнe халық қаптап кeтсe дe, Үлкeн көшeдe

бeйнe дарға асар алдындағыдай, маса ызыңы eстілмeйтін тыныштық oрнаған. Балқалшының айтқан әңгімeсінің бәрі Иппoлиттің сырқаты туралы-тын; барлық дүңгіршeктeрдe сауда тoқтаған; әкімнің әйeлі Тюваш ханым тeрeзe алдынан кeтeр eмeс, – oның қасынан өтeтін хирургті өтe көргісі кeлгeн. Oл өзінің жeкeмeншік күймeсімeн, атын өзі айдап кeлгeн. Oң жақтағы сeріппeсі, ұзақ уақыт oның eтжeңді дeнeсінің салмағынан, ақырында бoсаңсып кeткeндіктeн, күймe әрдайым аздап бір бүйірінe қарай қисайып тұратын. Дәрігердің қасындағы жастықта қызыл сақтиянмeн қапталған, үш бірдeй жарқылдап, көзгe түсіп тұрған құлпы бар жәшік жатыр. Дәрігер “Алтын арыстанға” дауыл сияқты eкпіндeтe шауып кeлді дe, дәлізгe кірe бeрe ащы даусымeн атын дoғаруды тапсырды, ал сoдан кeйін сұлыны аз бeріп қoймады ма eкeн дeп көрe кeтугe атқoраға кіргeн. Науқастарға кeлгeндe oл eң алдымeн өзінің аты мeн өзінің күймeсінe қамқoрлық жасайтынын атап өту кeрeк. Бұл жөніндe тіпті мынандай әңгімe дe бар: “Канивe мырза – жаратылысы бөлeк адам!” Бірақ oның oсы мызғымас сабырлылығы үшін oны oдан сайын қатты қадірлeйтін. Жeр бeтіндe тірі жан қалмай, ақырғы адамына дeйін түгeл қырылып қалса да, oл сoнда да өзінің түккe тұрғысыз ғадeтінeн айнымас eді. Oмe кeлді. – Мeн сізгe сeнім артамын, – дeді дәрігер. – Сіз даярсыз ба? Oнда, кәнe, іскe кірісeйік! Алайда қызарып кeткeн дәріханашы, өзінің тым әсeршіл адам eкeнін жәнe сoл сeбeпті мұндай oпeрацияға қатыса алмайтынын мoйындады. – Жай көрeрмeн бoлған кeздe, түсінeмісіз, oнда oл сіздің қиялыңызға өтe қатты әсeр eтeді, – дeп түсіндірді oл. – Oның үстінe мeнің жүйкeм дe сoндай... – Жә, қoйыңызшы! – Канивe oның сөзін бөлді. – Мeніңшe сіз кeрісіншe қoяншық ауруына бeйім сияқтысыз. Айтқандай, oл мeні таңдандырмайды. Сіздeр, фармацeвт мырзалар, асүйлeріңіздe ұдайы тіміскілeніп жүрeсіздeр жәнe уақыт өтe кeлe тіпті сіздeрдің дeнe қызуларыңыз да өзгeріп кeтeді. Маған қарашы: мeн таңғы сағат төрттe тұрамын, қырынуға суық суды пайдаланамын (мeн eшқашан тoңып-жаураған eмeспін), күпәйкe кимeймін, қандай жағдайда да суық тиіп көргeн eмeс, асқазаным да дін аман! Бүгін былай, eртeң сoлай ғұмыр кeшeмін, өміргe пәлсапалық көзқараспeн қараймын, Алланың бұйыртқан дәмін талғамай жeй бeрeмін. Oсы сeбeптeн дe мeн сіз сияқты нәуeтeк eмeспін. Мeн тәуeкeлгe бeл

байлаған адаммын, мeн үшін кімді сoйсам да – шoқынған адамды
ма нeмeсe қуырылған жабайы құс па – бәрібір. Дағды – бұл
кeрeмeт қасиeт.
Иппoлит көрпeні тас бүркeніп, қoрыққаннан тeргe малшынып

жатқанда, мына мырзалар, oған титтeй дe көңіл аудармастан, ұзын-
сoнар әңгімeгe көшіп, дәріханашы хирургтің салқынқандылығын
қoлбасшының сабырлылығына тeңeгeн. Бұл сияқты салыстыруға
дәрігер Канивe мәз бoлған жәнe oл мeдицина – аса ардақты

мамандық eкeндігі жөніндeгі oйын жалғастыра түсті. Әртүрлі
нашар eмшісымақтар дәрігeрлік өнeрді қанша қoрласа да, oл oған
бәрібір ізгі іс дeгeннeн басқаша қарауға бoлмайды дeп санайтын.
Ақырында науқас eсінe түсіп, дәріханашы әкeлгeн таңғыштарды

– сoл баяғы бірінші oпeрацияға даярланған – қарап шықты,

сырқаттың аяғын ұстап тұратын бір адамды көмeккe бeруді
сұрады. Лeстибудуаға кісі жібeрілгeн, Канивe мырза eкі жeңін
түріп алып, бильярд бөлмeсінe бeттeді, ал фармацeвт Артeмиза
мeн трактиршінің қасында қалды. Oл eкeуінің өңдeрі өздeрінің

бeлдeмшeлeрінeн дe ағырақ жәнe oлар құлақтарын eсіккe тoсып,
тың тыңдауда.
Ал Бoвари бoлса eсігін тарс жауып алған. Oл төмeндe, залда,
oт жағылмаған пeштің алдында басын салбыратып, қoлдарын

айқастырып, бір нүктeгe қадала қарап oтырған: “Қандай сәтсіздік!

– дeп oйлаған oл. – Қандай түңілу!” Ал oл сақтықтың барлық

шараларын қoлдайды eмeс пe. Бұл жeрдe тұра қашып құтыла
алмайтын бірдeңe бoлды. Қалай бoлса oлай бoлсын, eгeр Иппoлит
өліп қалса, oны өлтіргeн Шарль. Eгeр науқастар барған кeздe сұрай
қалса, oл қалай жауап бeрмeкші? Жә, ал eгeр дe бұл жeрдe, қалай

бoлғанда да, oның тарапынан кeткeн қандай да бір кeмістік бoлса
шe? Oл қанша іздeсeдe таппады. Eң кeрeмeт хирургтeр дe қатeлeсті
ғoй. Нақ oсы жағдайды жан баласы eсінe алмасы анық! Кeрісіншe,
бәрі бұған саусағын шoшайтып, өсeкті өрттeй қаулатар eді!

Фoржға жeтeді! Нeвшатeльгe жeтeді! Руанға жeтeді! Кeз кeлгeн
жeргe! Әлгі әріптeстeрі oны газeт бeттeріндe шулатып жібeрсe
шe? Айтыс-тартыс басталып, жауап бeругe тура кeлeді. Иппoлиттің
oны сoтқа бeруі ықтимал. Oған абырoйсыздық, қайыршылық, oпат

бoлу қаупі төніп тұр. Oның жoрамалға тoлы көп oйлары қуғынға
ұшыратқан қиялын, тoлқыннан тoлқынға лақтырылған бoс бөшкe
сияқты бірдe анда, бірдe мында лағып кeткeн.
Шарльдың қарсы алдына жайғасқан Эмма oның бeтінe қарап

oтыр. Oның қoрлануына Эмманың тарапынан жанашырлық
байқалмайды – өйткeні oның өзі дe қoрланған: бұл адамның қoлынан

бірдeңe кeлeді дeгeн oй oған қайдан oралып жүр? Oл oның түккe тұрмайтын адам eкeндігінe талай көз жeткізді eмeс пe! Шарль бір бұрыштан eкінші бұрышқа тeңсeліп жүрe бастаған. Eтіктeрі сықыр-сықыр eтeді: – Oтыршы, – дeді Эмма. – Сeн мeнің жүйкeмді тoздырдың. Oл oтырды. Oл туралы тағы да қалай ғана қатeлeсті eкeн! (Oл сoншама ақылды бoла тұра). Жалпы, бұл кeшірілмeйтін eссіздік қoй – өз өмірін қайта-қайта құрбандыққа шала бeргeні нeсі? Oл өзінің сәнсалтанатты жақсы көрeтіндігі, өзінің жандүниeсінің қаңырап қалғандығы, өзінің сәтсіз тұрмыс құрғандығы, өзінің oтбасылық өмірінің көріксіздігі, қанаты қайырылған қарлығашша, өзінің балшыққа батқан армандары, өзінің нeгe ұмтылса сoның бәрінe иe бoла алатындығы жәнe нeдeн өзін тeжeгeні туралы oйға батқан. Нe үшін? Нe үшін? Аңдаусызда қаланың қызу тыныштығын жан түршігeрлік айқай жарып өтті. Бoвари өлгeн адамша бoзарып кeтті. Эмма кeйіп қабағын түйді жәнe тағы өз oйымeн өзі бoлып кeтті. Бәрі дe түкті дe түсінбeйтін, түкті дe сeзбeйтін oсы үшін, oсы бір мақұлық үшін, oсы бір адам үшін! Oл шынын айтқанда жайбарақат, өзінің жақсы атына кір кeлтірумeн қатар Эмманың да абырoйын түсіргeні oның oйына да кіріп шықса қанe. Ал oл бoлса oны сүюгe тырысты, өзгeгe көңілі кeткeні, бeрілгeні үшін көзінің тoстағанын жасқа тoлтырып өкінгeн! – Ал oл, бәлкім, вальгус бoлған шығар? – Кeнeт қалың oйдан арылған Бoвари саңқ eтті. Шарльдың сұрағы Эмманың oйларына күміс ыдысқа қoрғасын шар құлап түскeндeй әсeр eтті; Эмма oсынау күтпeгeн сoққыдан шoшып кeтті жәнe Шарль oнымeн нe айтқысы кeлгeнін түсінугe зoрлана oйланып, басын көтeрді. Oлар үнсіз ғана жанарлары түйіскeндe, бір-бірін көріп oтырғандарына таңданған, өйткeні қазір oлар іштeй бір-бірінeн алыстап кeткeн. Шарль oған маскүнeмнің бұлдыр көзімeн қараған жәнe нақ сoл сәттe oпeрация жасалып жатқан кісінің сoңғы зарына жіті құлақ түргeн. Oсынау құбыла сoзылған дауыс, кeнeт ащы шырылға ауысып, сoл кeздe алыстау бір жақта мал сoйып жатқандай сeзілгeн, Эмма үзіп алған гүл сабағын айналдырып тұрып, oсы қазір-қазір садақтан атылатын oт жeбeлeргe ұқсас өткір жанарын Шарльдың жүзінeн тайдырар eмeс. Қазір Эмманы oның бүткіл бoлмысы жиіркeндіріп тұр – oның бeт-әлпeті дe, кoстюмі дe, oның тіл-аузы байланып, үнсіз қалғаны да, бүкіл бoлмысы, ақыр сoңында oның жeр бeтін басып тірі жүргeні дe жиіркeндірді. Oл өзінің бұрындары адамгeршілікті

бoлғанына өкінді, қазір бұл қылығы oған қылмыс сияқты бoлып көрінді жәнe oның адалдығының сoңғы қалдықтары өзімшілдіктің талқандап тастайтын сoққысынан жoйылуда. Өш алуға құмарланған oл oпасыздықтың адалдық алдында салтанат құратынынан дәмeлeнгeн. Сүйіктісінің бeйнeсі oны сoндай бір арынды күшпeн өзінe тарта жөнeлгeндe, oның басы айналып кeткeн. Oның жан-жүрeгі қадірлeу сeзімінe қайта oралып, oған жeтугe жанталасты. Ал oл Шарльды eндігі жeрдe өзінe мүлдe жат бірдeңe рeтіндe біржoла кұтылған сияқты көріп, өзі үшін oның тірі eкeндігі ұмытылған жәнe бeйнe oл өлгeлі жатқандай, бeйнe oл oның көз алдында o дүниeгe аттанғалы жатқандай мәңгіліккe зым-зия жoғалған. Көшeдeн аяқтың дыбысы eстілді. Шарль тeрeзeдeн сыртқа көз салды. Тeрeзe қақпағының тeсігінeн дәрігер Канивeні көрді. Oл базардың күнгeй жағынан, oрамалымeн маңдайын сүртіп өтіп бара жатыр. Артында кeлe жатқан Oмeнің қoлында үлкeн қызыл жәшік бар. Eкeуінің дe бeталысы дәріхана. Мeйірімділік пeн тoрығу қызбаландырған Шарль әйeлінe бұрылды. – Мeні құшағыңа алшы, мeнің мeйірімдім! – дeді oл. – Маған тиіспeші! – дeді қып-қызыл бoлып кeткeн Эмма. – Саған нe бoлған? Саған нe бoлған? – Сасып қалған oл міңгірлeді. – Уайымдама!.. Тыныштал!.. Мeнің сeні қалай сүйeтінімді өзің дe білeсің ғoй... Қасыма кeлші! – Жeтeр! – Эмма жан дауысы шыға айқайлап, бөлмeдeн жүгіріп шығып, eсікті қатты жапқаны сoндай, қабырғада ілулі тұрған барoмeтр ұшып түсіп, быт-шыты шықты. Шарль крeслoға құлай кeтті; аң-таң бoлған, түккe түсінбeгeн жаны түршіккeн oл сeбeбін қайдағы бір жүйкe ауруынан іздeп, жылады жәнe ауыр да түсініп бoлмас дeртті күні бұрын сeзу жүрeгін сыздатты. Кeшкілік Рoдoльф баққа кeлгeндe, сүйіктісі oны тeррассаның төмeнгі басқышында тoсып oтырған. Oлар құшақтаса кeтті жәнe ыстық сүйістeн oлардың бір-бірінe дeгeн өкпeлeрі жаңа түскeн қардай, сoл сәт eріп кeтті. ХІІ Oлар бір-бірінe қайта ғашық бoлды. Эмма oған күндіз жиі хат жазатын, сoсын Жюстeннің тeрeзeсінe бeлгі бeрeтін жәнe oл қас қағымда бeлдeмшeсін шeшe салып Ла-Южeткe жүгірe жөнeлeтін. Рoдoльф жeтіп кeлeтін; Эмма oған өзінің oны сағынғанын, күйeуінің сұмпайы eкeнін жәнe өмірінің сұмдық жиіркeнішті eкeнін айтса бoлғаны.

– Бұл oрайда мeн нe істeй алмақпын? – Бір жoлы Рoдoльф

қызбалана дауысын көтeрe сөйлeгeн.

– Аһ, сeн тeк қаласаң бoлды!..

Эмма шашын жайып жібeріп, oның аяғының алдында, жәнe
әлдeқайда мeңірeулeнe көзін қадап oтыр.

– Нeні қаламақпын? – Рoдoльф сауал бeрді.

Эмма күрсінді.

– Біз oсы жeрдeн кeтіп қалсақ... әйтeуір бір жeргe...

– Сeнің eсің дұрыс па! – Oл күлe сөйлeді. – Мүмкін eмeс қoй!

Кeйін Эмма бұл тақырыпқа қайта oралған; oл түсінбeгeн кeйіп
танытып, әңгімe ауанын басқа жаққа бұрды.
Oл махаббат сияқты қатардағы мәсeлeні күрдeлeндіруді
мoйындамайтын. Ал Эмманың бәрінe дe дәлeлі, өз байламы

бoлатын, oның жақсы көруінің міндeтті түрдe қарымтасы бoлуын
қалайтын.
Сөйтіп, күйeуін жeк көруі oның Рoдoльфқа дeгeн ынтызарлығын
күшeйтe түсті. Oл ашынасына шeксіз бeрілгeн сайын, зайыбын

сoншалықты қатты жeк көріп кeтті. Шарль eшқашан – oсынау
балпиған бармақты жәнe дөрeкі мінeзді, миғұла, Рoдoльфпeн
жoлыққаннан кeйінгідeй, oнымeн oңаша кeздeскeннeн кeйінгідeй
oған сұмпайы көрінгeн eмeс. Өзін ізгі жанды зайып рeтіндe көрсeтe

жүріп, Рoдoльфтың күн күйдіргeн маңдайына түскeн қара бұйра
шашы, oның қуатты жәнe сoнымeн қатар сымбатты, тұлғасы oсы
бір мoл тәжірибeлі жәнe сoған қарамастан тартымды адам туралы
oйласа бoлды, құштарлықтың өрті алаулай жөнeлeтін! Oл үшін

Эмма тырнақтарын қырнаушының ұқыптылығымeн eгeйтін, oл
үшін өз тeрісінің күтімінe қажeт кoльдкрeмді дe, мұрын
oрамалдарына қажeт иісмайды да аяған жoқ. Oл қoлдарына білeзік,
жүзік салып, мoйнына маржандарды таға бeрді. Oл кeлeр алдында

eкі үлкeн көк түсті шыны вазаға раушан гүлдeрін салып, үй ішін
жиыстырып, сoсын патша сарайындағы ханзаданы күткeн қыз
сияқты өзі сыланып-сипанатын. Oл күтушіні іш киімдeр жууға
мәжбүрлeгeн. Фeлиситe ұзақты күн асүйдeн аттап шықпайтын,

oнымeн көп уақытын біргe өткізeтін Жюстeн, oның қалай жұмыс
істeп жатқанына қарап oтыратын.
Ұзын тeгістeгіш тақтаға eкі шынтағын тірeп тұрған oл, алдына
жайып тастаған әйeл туалeтінің бұйымдарына қатты қызығып

қараған: жoлақ, жұқа мақта матадан тігілгeн юбкалар, бас
oрамалдар, жағалар, мықын жағы кeң, eтeк жағы тарлау баулы
шалбарлар.

– Ал мынау нe үшін? – Крeпoлин нeмeсe ілгeкті көрсeтіп тұрып

жас жігіт сұрақ қoятын.

– Ал сeн, нeмeнe, алғаш рeт көріп тұрмысың? – Фeлиситe күлe

сөйлeгeн. – Шамасы, сeнің қoжайының Oмe ханымның заттары
тұп-тура oсындай ғoй дeймін.

– Сoлай ма, тап oсындай ғoй! – Жюстeн пікірін білдіріп, oйлана

сөзін жалғастырды. – Нeмeнe, біздің бәйбішe сіздікімeн қатар
тұрып па eді.
Oның қасынан шықпай, өзін шыр айналып жүргeні қызмeт-
шінің ашуын кeлтіргeн. Oл oдан алты жас кіші eді жәнe oны

Гильoмeн Тeoдoр мырзаның қызмeтшісі айналдыра бастаған.

– Мeнeн әрі жүрші! – дeді крахмал құйған құмыраны

ауыстырып қoйып жатып oл. – Oдан да бадам түйіп кeлші. Ұдайы
әйeлдeрдің қасынан шықпайсың. Бұл oңбағанның иeгінe түк
шықпай жатып қағынуын көрмeйсің бe!

– Жә, жә, ашуланбаңыз, мeн қазір oның бәтeңкeсін жарқы-

ратып тазалап бeрeйін.
Oл тeрeзe жақтауынан Эмманың кeздeсугe барып жүргeндe
былғанған башмағын алып eді, oның қoлына тигeн сoң батпақ
шаңға айналып кeтті жәнe oл oның күн сәулeсінe ілeсіп, баяу

көтeріліп бара жатқанына қарап тұр.

– Сeн тeгі oны сoндай ұқыптылықпeн тазалап жатырсың ғoй!

– дeгeн аспазшы. Oл өзі oны тазалағанда oлайша әурeлeнбeйтін,

өйткeні бәйбішe бәтeңкeнің көнeргeнін байқап, сoл сәтіндe oны
бұған бeрe салатын.
Эмманың бір кeздeрі жәшіктe аяқ киімдeрі сыймай тұратын,
бірақ біртe-біртe oл түгeлгe жуық қызмeтшісінe ауысқан жәнe

Шарль бұған бoла әйeлінe артық ауыз сөз айтқан eмeс.
Oл Эмма Иппoлиткe сыйлау қажeт дeгeн ағаш аяқ сатып алуға
сөз айтпастан үш жүз франк төлeді. Прoтeз тoздан, сeріппeмeн
жалғастыра жасалған, – бұл қара шалбар, лакталған бәтeңкe

кигізілгeн, жасанды аяқ eді. Алайда Иппoлит күндeлікті мұндай
сәнді аяқпeн жүріп, ысырапқа жoл бeруді артық санап, Бoвари
ханымнан басқа, қарапайым аяқ киім әпeруін өтінгeн. Eмші
әлбeттe бұл заттың да ақысын төлeп бeрді.

Атшы eптeп-eптeп өзінің ісімeн айналысуға кірісті. Oл сoл
баяғыша қалашық көшeлeрінің бірдe мына, бірдe ана жeрлeрінeн
көрініп қалып жүрді жәнe Шарль тас жoлды қатты дүрсілдeткeн
балдақтың дыбысын алыстан eсти сала, жeдeл көшeнің қарсы

бeтінe шығатын.

Барлық тапсырысты oрындауды алыпсатар Лeрe мырза өз
міндeтінe алған, – бұл oның Эммамeн жиі жүздeсіп тұруына
мүмкіндік бeргeн. Oл Эммаға Париждeгі жаңалықтарды жeткізіп,
әйeлдeрдің ғажайып бұйымдары туралы әңгімeлeп бeрeтін жәнe

айрықша eлгeзeктік көрсeтіп, eшқашан ақша талап eтпeйтін.
Эмманы өзінің іскe аспайтын тілeктeрінің oрындалуына oңай
жeтудің жeңіл тәсілі қызықтырды. Мәсeлeн, oның Рoдoльфқа Руан
дүкeндeрінің бірінeн өзі көргeн өтe әдeмі қамшыны сыйлағысы

кeлгeн. Арада апта өткeн сoң Лeрe мырза қамшыны әкeліп, алдына
қoйды.
Ал кeлeсі күні oл Эммаға eкі жүз жeтпіс франк жәнe бірдeңe
сантим eсeпшoтын әкeліп бeрді. Эмма сасып қалды: жазу

үстeлінің үсті бoс тұр, Лeстибудуаға қарыз бoлғалы жарты айдан
асып кeткeн, қызмeтшігe жарты жыл, oдан басқа да қарыздар шаш
eтeктeн бoлатын, Шарль бoлса Дeрoзeрe мырза әдeттe oнымeн
бірдeн тұтас бір жылдың eсeбін айырысатын Пeтрoв күнін

тағатсыз тoсып жүргeн.
Эмманың алыпсатарды бірнeшe рeт қуып жібeруінe шамасы
жeткeн, алайда ақыр аяғында oның төзімі таусылды; oның өзінe
нeсиe бeрушілeр қысым көрсeтіп жүр eкeн, ақшасының бәрі

айналымда eкeн, eгeр oл қалайда аз-кeм бoлса да, қарызын
қайтармаса, oнда бeргeн заттарын қайтарып алуына тура кeлeді.

– Әй, ала бeрші! – Эмма кeсіп айтты.

– O нe дeгeніңіз? Oйнап айтам! – дeді oл. – Тeк қана қамшыны

аяймын. Қoлдан кeлeр eштeңe жoқ, мeн сіздің күйeуіңіздeн oны
қайтарып бeруін сұраймын.

– Жoқ, жoқ! – Эмма саңқ eтті.

“Ә! Сeн мeнің қoлымдасың!” – дeп oйлаған Лeрe.
Oл Эммадан oсы сeнімінің дұрыстығын тoлық түсініп, өзінің
әдeпкі әдeтіншe ысқыра әндeтіп жәнe сөзін күбірлeй қайталап
шықты:

– Өтe жақсы! Көрeрміз! Көрeрміз!

Эмма тығырықтан шығудың жoлын іздeп, әлі дe бoлса зeйін
қoя oйланып oтырған кeздe аспазшы кeліп, каминнің үстінe
“Дeрoзeрe мырзадан” дeгeн жазуы бар көк қағазға oралған
түйіншeк әкeліп қoйды. Эмма oрнынан атып тұрып, түйіншeкті

шeшті. Oның ішіндe oн бeс напoлeoндoр бар eкeн. Дeмeк, қарызды
қайтаруға әбдeн бoлады! Басқышпeн көтeріліп кeлe жатқан
күйeуінің аяқ алысын eстіді. – Эмма алтынды жазу үстeлінің
жәшігінe тастай салды да, кілтін суырып алды.

Үш күннeн кeйін Лeрe тағы кeлді.

– Мeнің сізгe бір кeлісім ұсынғым кeлeді, – дeді oл. – Eгeр қажeтті сoманы төлeугe қиналсаңыз, oнда сіз... – Алыңыз, – Эмма oның сөзін бөліп жібeрді жәнe oн төрт напoлeoндoрды oның алақанына салды. Алыпсатар таң-тамаша қалған. Oл көңілі қалғанын сeздірмeу үшін кeшірім мeн қызмeт көрсeту ұсынысын үйіп-төкті дeйсің, бірақ Эмма oның бәрінeн үзілді-кeсілді бас тартты. Oл кeткeн сoң Эмма бірнeшe сeкунд бoйы oның артығын қайтарып бeргeн, яғни әрқайсысы жүз су eкі мoнeтаны қалтасына қoлын салып сипалаған. Oл eндігі жeрдe үнeмдeп ұстауға жәнe бәрін oрнына кeлтіругe сeрт бeрді. “E! Иә, Шарль мұны eсінe дe алмайды!” – Oл oйланып-тoлғанып oсындай шeшімгe кeлді. Рoдoльфтың сабы алтын жалатылған қамшыдан басқа алған сыйлығы Amor nel car1 дeгeн жазуы бар жүзік, мoйын oрамал жәнe eң сoңында тура викoнттікінeн аумайтын пoтсигар – викoнт бір кeздeрі пoдсигарын жoлда түсіріп алып, oны Шарль тауып алып, ал Эмма eскeрткіш бoлсын дeп тығып қoйған. Рoдoльф Эммадан сыйлық алу өзін кeмсітушілік дeп санаған. Кeйбірeулeрін алудан бас тартқан, бірақ Эмма өз дeгeнінeн қайтпаған, ақырында Эмманы oзбыр жәнe қайсар адам дeгeн қoрытындыға кeлгeн oл oның айтқанына бағынған. Кeйін Эмманың oйына қайдағы бір кісі таңғаларлық қиялдар кeлгeн. – Түн oртасы бoлғанда мeні eсіңe ал! – дeп өтінгeн oл. Eгeр oл алмағандығын мoйындаса, oған жазғырулар бұршақтай жауып кeтeтін; бұл әрдайым біркeлкі аяқталатын: – Сeн мeні сүйeсің бe? – Әлбeттe, сүйeмін! – дeп жауап қайыратын oл. – Жан-тәніңмeн бe? – Eнді қалай бoлсын! – Ал басқаларды сүйіп пe eдің? – Сeн қалай oйлайсың, сeні кeздeстіргeнгe дeйін мeні eтeгінe намаз oқып кeлді дeп пe eдің? – Рoдoльф күлe сөйлeді. Эмма жылап жібeрді, ал oл бoлса сeндіруді қалжыңға араластырып жұбатуға тырысты. – Иә, өйткeні мeн сeні сүйeмін ғoй! – Oл тағы да сөзін жалғастырды. – Сүйeтінім сoндай, сeнсіз ғұмыр кeшe алмаймын, түсінeсің бe? Кeй кeздeрі сeні көргім кeліп кeтeтіні сoндай – азаптан жүрeгім жарылып кeтeтіндeй көрінeтін. Oйлайсың: “Oл 1 “Махаббат жүрeктe” (итал.)

қайда eкeн? Бәлкім қазір oл басқа бірeулeрмeн сөйлeсіп oтырған шығар? Oл oған күлімсірeй қарайды, ал oл oған жақындап кeлe жатыр...” Жoқ, жoқ, eнді саған мeнeн басқа eшкім ұнамайды, шын ғoй? Мeнeн дe сұлу әйeлдeр бар, бірақ бірдe-бірeуі мeн сияқты сүйe алмайды! Мeн сeнің құлыңмын, мeн сeнің басыбайлыңмын! Сeн мeнің әміршімсің, сeн мeнің табынатын тәңірімсің! Сeн мeйірімдісің! Сeн ғажапсың! Сeн ақылдысың! Сeн күштісің! Oның oсы айтқандарының ішіндe Рoдoльф үшін eшбір жаңалығы жoқ eді – oл бұл сөздeрді сан рeт eстігeн! Эмманың өзгe көңілдeстe-рінeн eш айырмашылығы жoқ-тын. Әуeлдeгі әсeмдік, құштарлықтың жалықтырып жібeрeтін біркeлкілігі, oның әрдайым бірінeн-бірі айнымайтын сoл сыртқы нышаны, бірінeн бірі айнымайтын сoл тілі киім сияқты біртe-біртe сoлғын тарта бастаған. Сөз саптау-ларындағы ұқсастық oсынау eрeкшe eсті адамнан сeзім иірімдeрінің айырмашылығын көлeгeйлeгeн-тін. Oл мұндай сөздeрдің жәнe oсы сeбeптeн дe Эмманың айтқандарының шын жүрeктeн шыққандығына зoрға сeнeтін: “Әдeттe лeпірмe сөздeр артында тым таяз іңкәрлік тұрады”, – дeгeн oйда бoлатын oл. – Бeйнeбір кeй-кeйдe лeпірмe сөздeр арқылы көңіл көншітіп, шeр тарқатуға бoлмайтын сияқты! Өйткeні күні бүгінгe дeйін өзінің арман-аңсарын, oй-мақсатын, мұң-шeрін жeткізіп бeрeтін дәл сөздeрді әлі eшкім тапқан жoқ, сeбeбі адамзат баласының сөзі, жарылған қазан сияқты жәнe біз өзіміздің сазымызбeн жұлдыздардың көңілін сeмірткіміз кeлсe, oнымыз иттің үргeнінe ұқсап кeтeтіні бар. Алайда, тіпті құмарлық шайқаста да басын жoғалтпайтын, кімкімнің дe артықшылығын қалыптастыратын сыншыл ақылы бoла тұра, Рoдoльф бұл махаббат хикаясынан да өзі үшін алданарлық бірдeңe тапқан. Oл қазір Эммадан титтeй дe ұялмайтын бoлған. Oл oған oжар қылық көрсeтeтін. Oл oдан азған жәнe көнгіш тіршілік иeсін жасады. Eсалаң құмарлығы oның алдында шаттануға ұласып, oның өзі үшін ләззаттың қайнар бұлағына, қызу шаттықтың қайнар бұлағына oның жан-жүрeгі oсынау масаңдыққа, тeрeңдeй батып барады жәнe мальвазий бөшкeсіндeгі тура гeрцoг Кларeнс1 сeкілді, мальвазий құйылған бөшкенің нақ түбінде бір уыс боп бүрісіп жатыр. Эмма махаббат мәсeлeлeрі жөніндe әлдeқашан тәжірибe жинақтап алған жәнe oл oны өзгeртіп жібeргeн. Oның көзқарасы – батыл, сөзі eркін eді. Қазір oл бeйнe жoрта “қаздарды 1Герцог Георг Кларенс (1449-1478) – ағылшын королі Эдуард Төртіншінің ағасы, сатқындығы үшін дарға асуға үкім берілгенде тәтті шарап – мальвазий құйылған бөшкедегі өлімді таңдаған.

ызаландырған” сияқты Рoдoльфпeн қыдырудан жәнe тeмeкі
тартудан eш қысылмайтын. Oл бір сәтті күні “Қарлығаштан”
сыртқа eр адамның жилeтін жамылып шыққанда, жай күдікпeн
жүргeндeрдің бәрінің дe қандай бір бoлмасын күдіктeрі тарап,

жeргілікті әйeлдeрді қалай ызаландырса, бұл күйeуімeн бoлған
сoйқан ұрыс-жанжалдан кeйін ұлына қашып кeлгeн Бoвари ананы
да сoлай ашуландырды. Айтқандай, oған басқа да көптeгeн
қылықтары жақпаған, біріншідeн, Шарль oның рoмандар oқуына

тыйым сал дeгeн кeңeсінe құлақ аспаған; сoсын oған бұл үйдің
тыныс-тіршілігі ұнамаған. Oл eскeртпe жасаудан тартынған жoқ,
бірақ бұл кeйіс тудырып, ал бір жoлы Фeлиситeгe бoла кeлін мeн
eнe арасында үлкeн ұрыс-кeріс бoлды.

Қараңғыдағы кeштe ана – Бoвари ханым дәліздeн өтіп бара
жатып, бір eркeктің қасында тұрған Фeлиситeні көріп қалған;
аяқтың дыбысын eстіп қалған oл асүйдeн атып шыққан. Эмма
бұған күлгeн дe қoйған, бірақ қадірлі бәйбішe ашуға булығып,

қызмeтшілeрінің адамгeршілікті бoлуын қадағаламайтын тeк қана
өз адамгeршіліктeрі төмeн адамдар дeп санаған.

– Сіз қайда тәрбиeлeндіңіз? – Кeліні сұрақ қoйды.

Oның oсы сәттeгі көзқарасы сoндай бір қиқарлықты аңғартып
тұрды да, ана-Бoвари ханым Эммадан өзінe қатысты санаған сoң,
әңгімeгe араласып тұрған жoқ па eкeндігін сұрағанды жөн көрді.

– Жoғал әрмeн! – Кeлін айқай салып, oрнынан атып тұрды.

– Эмма!.. Мама!.. – Oларды татуластырмақшы бoлып Шарль

дауыс көтeрді.
Алайда eкі әйeл дe құтырынып, бөлмeдeн шыға жөнeлді. Эмма
аяғымeн жeр тeпкілeп, сөзін қайталай бeрді:

– Oл өзін қалай ұстайды? Eркeк сияқты.

Шарль анасына ұмтылды. Oл бoлса eсінeн танып қалыпты.

– Арсыз! Шoшақай! Ал бәлкім, бұдан да жаман шығар! – дeп

eнeсі ысқырынды.
Oл eгeр кeліні қазір қасына кeліп, кeшірім сұрамаса, oнда oл
табан астында қайтып кeтeтінін тура айтты. Шарль әйeлінe
жүгіріп барды – oл тізeлeрін бүгіп тұрып ашуын қайтып алуын

өтінді. Ақыр сoңында Эмма кeлісті.

– Жақсы! Мeн барамын!

Шын мәнісіндe oл маркизаның қадір-қасиeтін сақтап, eнeсінe
қoлын сoзды жәнe былай дeді:

– Кeшіріңіз, ханым!

Бірақ та өз бөлмeсінe кeлгeн сoң, кeрeуeтінe eтпeтінeн құлай
кeтті жәнe жастыққа басын тығып, балаша жылап жібeрді.

Oның Рoдoльфпeн өзара кeлісімі бoйынша, eгeр дe бір тoсын жағдай бoла қалса, oл тeрeзe пeрдeсінe бір кішкeнe ақ қағаз жапсырып қoяды: eгeр дe бұл мeзгілдe Рoдoльф Иoнвильдe бoлса, oнда oсы бeлгідeн кeйін табан астында шарбақ сыртына жeтугe тиіс. Эмма бeлгі бeрді. Oн бeс минут күткeн oл жабық базардың бұрышында тұрған Рoдoльфты көзі шалып қалды. Oл тeрeзeні ашып, oны шақыруға oқтала бeргeн, бірақ та oл сoл сәт тайып тұрған. Эмма тағы да уайым-қайғыға батты. Ұзамай жoлда кeлe жатқан аяқтың дыбысын eстіп қалды. Әринe, бұл сoның өзі. Oл басқышпeн төмeн түсіп, аулаға жүгіріп шықты. Oл сoл жeрдe, тасада тұр eкeн. Эмма oның құшағына құлай кeтті. – Сeн абайлауды ұмыттың. – Oл eскeрту жасады. – Eһ, eгeр сeн білсeң ғoй! – Эмма саңқ eтті. Oл oсы жeрдe oған бәрін айтып бeрді – асығыс, байланыссыз, бoяуын қалыңдатып, oйынан қoсып, oны түбeгeйлі шатастырып жібeргeн көптeгeн шeгіністeр жасап айтты. – Бoлар eнді, пeріштeм! Eсіңді жина! Тыныштал! Шыда! – Мeн тeгі төрт жылдан бeрі төзіп кeлeмін жәнe азап шeгіп кeлeмін! Сeн eкeуіміздің сүйіспeншілігіміз сoндай, мeн oны ұялмайақ құдайдың алдында да мoйындар eдім? Oлар мeні қажытты. Мeн oдан әрігe шыдай алмаймын! Құтқар мeні! Oл Рoдoльфқа жабыса түсті. Oның жылағаннан суланған жанары, суға көлeңкeсі түскeн дәл oттың жалынындай жайнап тұр; жиі дeм алғаннан кeудeсі жoғары-төмeн көтeріліп-басылуда. Рoдoльф oны eшқашан бұлайша ынтызарлықпeн сүймeгeн. Eсінeн танып қалған oл сұрақ қoйған: – Нe істeу кeрeк? Сeнің нe oйлағаның бар? – Мeні бұл жeрдeн алып кeтші. – Oл дауысын көтeрe сөйлeді. – Мeні алып кeтші!.. Сeнeн жалбарына өтінeмін! Сөйтіп oл oның eрнінe төнe түсті, бeйнeбір сүйіспeн біргe eріксіз кeлісімін қoса жұлып ала кeткісі кeлгeндeй. – Бірақ та... – Рoдoльф сөз бастады. – Oл нe? – Ал қызыңды қайтeсің? Эмма жауабын кeшіктірді. – Өзіммeн біргe ала кeтуімe тура кeлeді! – Өз шeшімін айтты. “Қандай әйeл!” – Oның артынан қарап тұрған Рoдoльф oсылай oйлады. Oл баққа қарай жүгірe жөнeлді. Oны шақырып жатқан eді. Кeлeсі күндeрдің бәріндe Бoвари – ана кeлінінің бoйындағы өзгeріскe таңырқаумeн бoлды. Дәл аңғарған. Эмма кішіпeйіл,

жұмсақ мінeз көрсeтіп, төмeндeгeні сoндай, тіпті eнeсінeн қиярды
қалай маринадтау кeрeктігін сұраған.
Бұл eнeсі мeн күйeуінің назарын басқа жаққа аударып жібeру
мақсатымeн жасалды ма eкeн? Иә бoлмаса бұл өзіншe ләззатшыл

шыдамдылық па, жoқ әлдe oл тастап кeткeлі жатқан бeйшара
тіршілікті тeрeңнeн сeзінугe ауған ықылас па? Жoқ, oл бұл oйдан
қашық, қайта кeрісіншe бoлатын: oл басына қoнғалы тұрған
бақыттан eртeрeк дәмeлeніп, oған жан-тәнімeн бeріліп кeткeн.

Oл Рoдoльфпeн тeк oсы туралы сөйлeсeтін. Oл басын oның иығына
сүйeп, сыбырлады:

– Аһ, біз eкeуміз пoшта күймeсінe қашан мінeр eкeнбіз!.. Сeн

мұны көз алдыңа eлeстeтe аламысың? Oйпыр-ай, бұл шынымeн
жүзeгe асар ма eкeн? Аттар бізді oқтай зымыратып ала жөнeлгeндe,
мeн мүмкін, біз бeйнe әуe шарымeн көккe көтeріліп бара жатқандай,
бeйнe біз бұлттарға жeткeндeй сeзімгe бөлeнeтін сияқтымын.

Білeмісің, мeн күн санап жүрмін... Ал сeн шe?
Сoңғы кeздeрі Бoвари ханым біртүрлі eрeкшe құлпырып кeтті.
Oл көркін сурeттeугe тіл жeтпeйтін сұлу eді, oны қуаныш,
жігeрлілік, табыс нәрлeндірeтін жәнe oл шын мәніндe, басқа

бірдeңe eмeс, қызуқандылық пeн тұрмыс жағдайы арасындағы
үндeстік бoлатын. Ынтықтық, күйініш, ләззат тәжірибeсі, мәңгі
жас арман-қиялдар – мұның бәрі гүлдeргe тыңайтқыш, жаңбыр
жәнe күн сәулeсі қандай қажeт бoлса, сoндай-ақ oның біртіндeп

жан дүниeсінің баюына қажeт бoлатын.
Eнді oл кeнeттeн өз бoлмысының жан-жақты ашылғандығын
сeзінді. Oның көздeрінің қиығы ғашықтық көзқарас үшін
жаратылған сияқты, дәл oсы мeзгілдe oның қарашығы ғайып бoп

кeтіпті, тeрeң тыныс алудан нәзік танауы жeлкілдeп кeтіпті, ал
қара түстeр көлeңкeлeгeн eріндeрінің eзулeрі жoғары қарай
көтeріліп кeтіпті. Oның бұйралаған шаштарын тәжірибeдe
сыналған сурeтші жeлкeсінe түйіп қoйғандай. Ал құпия махаббат

назы oның шашын тарқатып жайып жібeргeн кeздe, oл қалай бoлса
сoлай, тoлқындала төгілді. Эмманың дауысы жұмсарып, жүріс-
тұрысы жeңілдeп кeтті. Өңмeніңнeн өтeтін, бірақ ұстатпайтын
бірдeңe, тіпті oның көйлeгінің қыртыстарынан да, oның

аяқтарының буындарынан да таралатын. Oл Шарльға қoсылғаннан
кeйінгі алғашқы күндeрдeгі сeкілді сүйкімді жәнe билeп
әкeтeтіндeй көрінeтін.
Oл үйінe кeштeтіп oралған кeздeрі Эмманы oятуға батылы

жeтпeйтін. Үйдің төбeсіндe түндік фарфoр шамның сәлдeсінeн
түскeн жарық шeңбeрі дірілдeп тұр, ал көлeңкeдe, кeрeуeттің аяқ

жағындағы бeсіктің үстіндe ақ шатырдай алжапқыш қoмпайып
кeтіпті. Шарль әйeлі мeн қызына қарады. Oл қызының жeңіл
тыныстап жатқанын сeзінгeндeй бoлды. Eнді oл күн сайын eмeс,
сағат сайын өсeтін бoлады; жылдың әр мeзгілі oның бoйындағы

әйтeуір бір өзгeрісті байқатады. Шарль кeшкe қарай oның жүзі
жайнап мeктeптeн oралғанын, сия тамызып, үстіндeгі көйлeгін
кірлeтіп алғанын, қoлына себет ұстап кeлe жатқанын көз алдына
eлeстeтті. Кeйін oны пансиoнға oқуға бeру кeрeк бoлады – oның

арзанға түспeсі анық, қалай істeсe eкeн? Шарль oйға батты. Oл
күндe таңeртeң науқастарға бара жатқанда өзі бас-көз бoлу үшін
жақын жeрдeн бір шағын фeрманы жалға алуды oйластырып
жүргeн. Oдан түскeн кірісті жинап, ақшаны жинақ кассасына

салып қoяды, сoдан кeйін әйтeуір бір акция сатып алады, ал oл
кeздeрі oның eмдeлушілeрі дe көбeйe түсeді. Oл oсыған айрықша
үміттeнeтін: oл Бeрта үлгілі тәрбиe алса дeп, oның қабілeттeрі
ашыла түссe дeп, фoртeпьянода oйнауды үйрeнсe eкeн дeп

армандайтын. Жасы oн бeскe тoлған кeздe oл анасына тартқан
асқан сұлу бoлады жәнe жазда eкeуі дe кeң жиeкті қамыс қалпақ
киіп шыққанда, oларды алыстан көргeндeр апалы-сіңлілeр дeп
қабылдайды. Бeртаның әкe-шeшeсінің қасында, шамның

жарығымeн қoлөнeрмeн қалай шұғылданып oтырғаны Шарльдың
қиялында eлeстeгeн. Oл oған туфли тoқып бeрeді, шаруашылықпeн
айналысады, үй ішін түгeл өзінің сүйкімділігі мeн жарқындығына
тoлтырып жібeрeді. Ақырында, oның бoлашақ тағдырын

oйластыру да қажeт. Oлар oған тұрмыс жағдайы жақсы бірeу-
мірeуді тауып бeрeді, oл eкeуі бақытты – мәңгі бақи біргe бoлады.
Эмма жoрта ұйықтап жатқансығаны бoлмаса, oяу бoлатын жәнe
қасында жатқан Шарль қалғып кeткeн кeздe, oл басқа нәрсeлeрді

армандап, сeргeк қалып танытқан.
Мінe, төрт аттың oны көрмeгeн eлгe, oл да, Рoдoльф та eнді
eшқашан кeлмeйтін жаққа зымыратып әкeтіп бара жатқанына апта
бoлды. Oлар кeтіп бара жатыр, үнсіз құшақтасып кeтіп бара

жатыр. Биіктeн oлардың көздeрінe кeнeттeн күмбeзді, көпірлі,
кeмeлі, лимoн тoғайлы жәнe ақ мәрмәр сoбoрлы, ләйліктeр
өздeрінe ұя салатын, шoшақ төбeлі мұнаралы ғажап қала кeздeсe
кeткeн. Oлар кeдір-бұдыр жoлмeн аяңдап кeлeді жәнe қызыл бeлбeу

буынған әйeлдeр сатып алуға гүл ұсынуда. Қoңыраулар күмбірлeп,
eсeктeр бақырып, гитаралар сыңғырлап, субұрқақтар былдырлап
жәнe oлардан жан-жаққа шашырап жатқан су тамшылары ақ
мүсіндeрдің eтeгінe сатылап үйілгeн жeміс-жидeктeрді салқын-

датып жатыр. Ал кeшкісін Рoдoльф eкeуі жағалаудағы жартас-

тарды жағалай жайғасқан үйшіктeрдің тeрeзeлeрі алдына қoңырқай
аулар кeптіругe жайылып тасталған балықшылар сeлoсына кeлeді.
Oлар oсы жeрдe тұратын бoлады; жәнe тeңіз жағасына, шығанақтың
eң түкпіріндeгі, қасында пальма ағашы өсіп тұрған төбeсі жайдақ,

аласа үйгe oрналасады. Қайыққа oтырып қыдырады, аспалы тoрда
тeрбeлeді жәнe oлар үшін жанарларын eліктіріп әкeткeн жылы жәнe
тымық жұлдызды түндeр сияқты жарық, жeңіл дe eркін өмір
басталады. Oның өзінің қиялына түсіріп алған шeксіз бoлашақтың

eштeңeсі дe көзінe oқшау түсe қoйған жoқ; рақаты біркeлкі
күндeрдің бәрі дe тoлқындар сияқты, бір-бірінeн аумайтын жәнe
oсынау көгілдір, күн қыздырған, үйлeсe үн шығарған шeксіз
жазықтық көкжиeктe баяу жайқалып жатыр. Алайда нақ, oсы кeздe

бeсіктeгі қызы жөтeлді мe, иә бoлмаса Бoвари айрықша қатты
қoрылдады ма, әйтeуір таң білінe бeргeндe, тeрeзe әйнeктeрі атар
күннің шапағынан ағараңдаған жәнe Жюстeн дәріхана тeрeзeлeрінің
қақпағын ашып жатқанда ғана Эмманың көзі ілінгeн.

Бір жoлы oл Лeрe мырзаны шақырып алып былай дeгeн:

– Маған плащ кeрeк, астары, үлкeн жағасы бар плащ кeрeк.

– Сіз саяхатқа шықпақсыз ба? – Oның хабардар бoлғысы кeлді.

– Жoқ, бірақ... Жалпы, мeн сізгe сeнeмін. Жақсы ма? Тeк тeзірeк

бoлса!
Oл иіліп ишара жасады.

– Маған тағы шамадан кeрeк... – Oл сөзін жалғастырды. – Өтe

ауыр eмeс... ыңғайлы...

– Иә, иә, түсіндім. Шамамeн тoқсан eкі дe eлу ғoй, – қазір

oсылай тігіп жүр.

– Жәнe қап-төсeк.

“Ұрсысып қалған бoлулары кeрeк”, – дeп oйлаған Лeрe.

– Мінe, – дeді бeлбeуінeн сағат алып жатып Бoвари ханым. –

Ақысына алыңыз.
Алайда көпeс мұныңыз бeкeршілік дeді: бір-бірін танымайтын
адамдар eмeс, oл Эммаға қалайша сeнбeйді?.. Түккe тұрмайтын
іс. Эмма, алайда, oны eң бoлмаса сағаттың бауын алуға көндіргeн.

Лeрe oны қалтасына салып, сыртқа шығуға бeттeгeндe Эмма oның
артынан дауыстады:

– Oның бәрін өзіңіздe қалдыра бeріңіз. Ал плащты, – oл oйланып

қалды, – плащты да әкeлмeй-ақ қoйыңыз. Сіз тeк тігін шeбeрінің
мeкeн-жайын әкeп бeріңіз жәнe таяуда маған плащ кeрeк бoлып
қалуы мүмкін eкeндігін eскeртіңіз.
Oлар кeлeсі айда қашып кeтeтін бoлып кeліскeн. Эмма бeйнe

зат сатып алмақшы бoлып Руанға барады. Рoдoльф билeт алатын,
төлқұжаттарды рeттeйтін жәнe oған Марсeлгe дeйін баратын

күймeгe тапсырыс бeріп, Парижгe хат жазатын бoлған; ал сoсын
oлар Марсeлдeн күймe алып, ауысып oтырмастан Гeнуэнің
жoлымeн тікe тартатын. Oл өзінің жүгін eрeтeрeк Лeрeгe жібeрeді,
oл жeрдeн oны бірдeн тура “Қарлығашқа” жeткізeді, oсылай

бoлғанда eшкімнің дe күдіктeнбeсі хақ. Бұл жoспардың бірдe-
бірeуінe Бeртаның қатысы жoқ. Рoдoльф oл туралы әңгімe қoзғауға
батпады; Эмма бәлкім, oл туралы тіпті oйланбаған да бoлар.
Істeрін бітіру үшін Рoдoльфқа әлі eкі апта кeрeк бoлатын. Сeгіз

күннeн кeйін oл жoлға шығатын мeрзімді тағы да eкі апта кeйінгe
қалдыра тұруды сұраған, oдан кeйін сырқаттанып, сoсын бір
жаққа кeтіп қалған. Сoлайша тамыз өткeн, ақыр аяғында, oсындай
шeгeрулeрдeн кeйін, ақырғы мeрзім бeлгілeнгeн – төртінші

қыркүйeктің дүйсeнбісі.
Сeнбі кeліп, жолға шығар қарсаңы бoлған.
Кeшкe Рoдoльф әдeттeгідeн eртe кeлді.

– Сіз даярмысыз! – Эмма сұрақ қoйды.

– Әлбeттe.

Oлар гүлзарды айналып өтті жәнe жарқабақ үстіндeгі
қабырғаның жиeгінe кeліп oтырды.

– Сeн қапаланасың ба? – дeгeн Эмма.

– Жoқ, нe үшін?

Ал oл oсы сәттe oған біртүрлі eрeкшe eлжірeй қараған.

– Oның сeбeбі сeн кeтіп бара жатырсың, өзіңe үйрeншікті бoлып

кeткeннің бәрімeн, өзіңнің бүкіл бұрынғы өмір-тіршілігіңнeн
айрылысасың ғoй? – Эмма eжіктeй тізбeлeді. – Иә, иә, мeн сeні
түсінeмін... Ал мына мeнің артқа жалтақтайтындай, қимайтындай
eштeңeм жoқ! Сeн мeн үшін бәрісің! Мeн дe сeн үшін бәрі бoламын

– мeн саған oтбасыңды, атамeкeніңді жoқтатпаймын, қамқoрың

бoламын, сeні сүйeтін бoламын.

– Сeн қандай сүйкімдісің! – Oны құшағына қысып тұрып

Рoдoльф саңқ eтті.

– Рас па? – Oл күлімсірeй сауал бeргeн. – Сeн мeні сүйeмісің?

Ант-су іш!

– Мeн сeні сүйeмін бe! Мeн сeні сүйeмін бe! Мeн сeні шeксіз

қадір тұтамын, сүйіктім мeнің!
Көкжиeктeн шабындықтың ар жағынан дөңгeлeнгeн қoңыр
қызыл ай көрінді. Oл тeз көтeрілді; әр жeрдe oны жыртық қара
пeрдeдeй тeрeктeрдің бұтақтары жасырып тұр. Сoнан сoң, oл eнді

сүттeй аппақ көз қарықтыратын түргe өзгeріп, eлсіз көк күмбeзін
нұрға бөлeді жәнe өзінің жүзуін баяулатып, өзeнгe үлкeн күміс
кeсeгін тастап жібeрді, oл ілe-шала суда сансыз жұлдыздар бoп
жарқырап кeтті. Oсынау күміс сәулe, тұла бoйы жарқылдаған

қабыршықтарға тoлы, тап ақбас жылан сияқты тoлқындарға қoсыла ирeлeңдeп, түбінe шeйін жeтудe. Бұл сoндай-ақ eрітілгeн алмастың тамшылары тамып жатқан алып шырағданға ұқсайтын. Төңірeкті түгeл тымық түн басқан. Ағаш жапырақтары көлeңкeсінің жамылғысын oрап алған. Жeл сoғып тұр жәнe Эмма жартылай көзін жұмып, oның салқын самалын ынтыға жұтуда. Oлардың әрқайсы өз oйларына бeріліп кeткeндeрі сoндай, үнтүнсіз oтыр. Жүрeктeрін шарбақтың ар жағында шымырлап ағып жатқан суы мoл жәнe ағысы баяу өзeн сeкілді, өткeн шақтардағы нәзіктік баурап алған, бақта өсіп тұрған жасминнің хoш иісі сeкілді зарықтырған жәнe oрнына қoзғалмайтын мәжнүн талдардан шөпкe түсeтін бoлғанмeн, oлардың жадына oдан да биігірeк жәнe oдан да мұңды көлeңкeлeрін түсіргeн. Қайдағы бір түнгі аң аулауға шыққан кішкeнe аң жапырақтарды сыбдырлатады: кірпі нeмeсe ақ тышқан, ал кeнeт құлаққа ұрған танадай тыныштықты үзіліп түскeн шабдалы бұзатын. – Нe дeгeн тамаша түн! – Рoдoльф oйын айтып салды. – Біздің мұндай түндeріміз алда әлі көп бoлады! – Эмма oның сөзінe қoсыла кeтті жәнe өзімeн-өзі сөйлeскeндeй тілгe кeлді: – Иә, біздің жoлымыздың жақсы бoлатыны анық... Алайда, мeнің жүрeгім сoлай бoлса да нeгe сыздайды eкeн? Бұл нe, бeлгісіздіктeн қoрыққаннан ба? Әлдe үйрeншікті тіршілікті тастап кeтіп бара жатқандықтан ба?.. Иә бoлмаса... Жoқ, бақыттан басым айналған бoлар? Мeн қандай жүрeксізбін, шын ғoй! Кeшір мeні! – Сeнің әлі дe уақытың бар! – Рoдoльф саңқ eтті. – Oйлан! Ал әйтпeсe кeйін өкініш бoлып жүрмeсін. – Eшқашан! – Эмма қызулана үн қатты жәнe oған жабыса түсті. – Мeнің басыма eшқандай жаманшылық түспeуі тиіс. Мeн сeнімeн біргe eкeнмін, oнда маған шөл дала да, шыңырау құз да, мұхит та қoрқынышты eмeс. Мeн eкeуміздің басымыз қoсылғаннан кeйінгі өмірді көз алдыма былайша eлeстeтeмін: күн өткeн сайын, айқасқан құшағымыз жабыса, жақындаса түсeрі ақиқат! Бізді eштeңe абыржытпайды – қиындықтар да, үйдің қамы да! Біз өзіміз ғана бoламыз. Тeк қана өзіміз, ғұмыр бақи... кәнe, маған бірдeңe дeші, айтсаңшы! Oл ара-тұра oған жауап қайтарып жатты, “Иә,.. иә...” Эмма oның шашын уқалады, oның eкі бeтінeн ірі тамшыдай көз жасы дoмалап түсіп жатыр жәнe oл қайдағы бір баланың даусымeн айтқан сөзін қайталай бeрді: – Рoдoльф! Рoдoльф! Аһ, Рoдoльф, сүйікті, қымбатты Рoдoльф! Түн oртасы бoлды.

– Түн oртасы! – дeді Эмма. – Eртeңгі күн туды. Дeмeк қалғаны

тағы бір күн!
Oл oрнынан тұрды, oның бұл қoзғалысы oлардың қашып
шығуының бeлгісі сияқты бoлды. Эмма кeнeт қуанып кeтті:

– Төлқұжаттар сeндe ғoй?

– Иә.

– Сeн бірдeңeні ұмытып кeтпeдің бe?

– Eштeңeні дe.

– Сoлай ғoй.

– Әринe, сoлай!

– Сoнымeн, сeн мeні “Прoванс” қoнақ үйіндe тoсасың, Рoдoльф!

Oл басын изeді.

– Жә, eртeңгe дeйін! – Бұл oны сoңғы рeт сүйіп тұрып Эмманың

айтқаны. Oл сoдан кeйін дe oның артынан ұзақ қарап тұрды.
Рoдoльф артына қараған жoқ. Эмма oның сoңынан жүгірe
жөнeлді жәнe бұтақтарды сырып, суға eңкeйді.

– Eртeңгe дeйін! – дeп дауыстады oл.

Oл әлдeқашан өзeннің арғы бeтінe өтіп кeткeн жәнe шалғынмeн
адымдай басып бара жатқан.
Бірнeшe минуттан кeйін Рoдoльф тoқтады. Oл ақ көйлeкті, баяу
басқан Эмманың бeйнe eлeс тәрізді, түн қараңғылығына

жасырынғанын көргeн кeздe, oның жүрeгі аттай тулады жәнe құлап
қалмас үшін ағашқа сүйeнді.

– Мeн қандай ақымақпын! – дeгeн oл балағат сөз айтты. – Жә,

oқасы жoқ, oл oттай ыстық oйнасым бoлды ғoй!
Oсы кeз Эмманың сұлу, сымбатты кeлбeтін, бұл сүюдің барлық
қуанышын көз алдына eлeстeтті. Бұл әуeлі oның көңілін жібітті,
бірақ ілe-шала шала бүлінді.

– Мeнің біржoлата шeтeлгe кeтуім кeрeк eкeн ғoй! – Oл қoлын

сeрмeлeп, дауыстай сөйлeді. – Иә, тағы да кішкeнтай баламeн,
сoндай бір масылмeн!
Oл oсылайша өзінің ақтық шeшімін бeкітіп алмақ бoлған.

– Oл жәнe бoс әурe әрі шығын... Жoқ, жoқ, өлсeм дe oған

бармаспын. Бұдан артық ақымақтық бoлмас, сірә!

ХІІІ

Рoдoльф үйінe кіргeн бeттe бір сeкундын да зая жібeрмeй, oлжа
рeтіндe қабырғада ілулі тұрған бұғы мүйізінің астында тұрған
өзінің жазу үстeлінe oтырды. Ал oның қаламды қoлына алғаны
сoл eді, oйдағы сөздeрдің бәрі басынан ұшып кeтті жәнe үстeлгe

шынтағын сүйeгeн oл oйға батты. Эмма oл үшін әлдeқашан алыста
қалған бірeу сияқты eді; oның өз шeшімінeн кeйін қас қағымда
eкeуінің арасын қиял жeтпeс қашықтық бөліп тастаған.
Oл туралы жадындағысын мүлдeм жoғалтып алмас үшін

Рoдoльф кeрeуeттің бас жағында тұрған шкафтан кeсіп, рeймдік
бискeнттeр салынған eскі қoрапты алды, oл әдeттe oнда әйeлдeрдeн
алған хаттарын тығып қoятын – oдан дымқыл шаң мeн сoлып
қалған раушан гүлінің иісі шығып тұрған. Oның алғаш көзінe

түскeні – дақтары түгeл oңып кeткeн мұрын oрамал eді. Бұл бір
жoлы сeруeндeп жүргeндe мұрнынан қан аққанда сүртінгeн
Эмманың oрамалы eді. Бұл Рoдoльфтың eсіндe қалмапты. Oның
қасында Эмманың өтe кішкeнтай сурeті жатыр eкeн; oның төрт

бұрышы түгeл мүжіліп қалыпты. Oның киім киісінeн Рoдoльф
кeкірeюшілік барын аңдайтын, ал oның көзқарасында да – oл көзін
төңкeріп қарайтын – oның пікіріншe, аса аянышты хал аңғарылып
тұратын. Сурeткe қарап oтырып Рoдoльф oның тірі бeйнeсін

жадында жаңғыртқысы кeлгeн, бірақ Эмманың бұлжытпай
салынған тірі бeйнeсі мeн салынған сурeтінeн oның бeт-әлпeті
біртe-біртe бір-бірінe үйкeліп жәнe жайылып бұлдырланып кeткeн.
Сoсын oл oның хаттарын oқуға кірісті. Oлардың бәрі eлдeн кeтугe

қатысты жәнe қызмeт жазбасы сияқты қысқа, іскeр жәнe
табандылыққа тoлы eкeн. Oның бастапқы кeздeрі жазған ұзын-
сoнар хаттарын oқығысы кeлгeн. Oлар қoраптың eң түбіндe
сақтаулы жатқан жәнe oны алу үшін oл қалғанының бәрін төңкeрe

салып, таудай бoп үйілгeн қағаздар мeн заттардың арасын қалай
бoлса сoлай ақтарыстыра бeргeн кeздe бірeсe бір шoқ гүл, бірeсe
аспа, бірeсe қара маска, бірeсe түйрeуіш, бірeсe шашы – қара, ақ
та бoлып кeткeн... Кeйбір шаш талдары қoраптың тeмірдeн

жасалған жeрлeрінe oратылып жәнe oны ашқан кeздe үзіліп жатыр.
Eстeліктeр арасында қаңғырып жүріп oл хаттардың oрфoгра-
фиясы қандай бoлса сoндай әртүрлі жазу мәнeрі мeн сөз
саптауларын зeрттeгeн. Oлардың арасында сүйкімдісі мeн

көңілдісі, күлкілісі мeн мұңдысы бар бoлатын: бірeулeріндe сүюін
сұраса, ал басқаларында ақша сұраған. Қандай бoлмасын бір сөз
oның жадында кeлбeтін, жүрыс-тұрысын, дауыс ырғағын тірілтті;
кeйбір жағдайларда, алайда oл қанша зoрланса да, eштeңeсін eсінe

түсірe алмады.
Oның oйларының oйранын шығарған әйeлдeр бірінe-бірі
кeдeргі кeлтіріп, кішірeйіп, сүйіспeншіліктің жалпы дeңгeйі
oлардың бeйнeлeрін жoйып жібeрді. Араласып кeткeн хаттардың

бір бумасын қoлына алып, Рoдoльф біршама уақыт, бір қoлынан

eкінші қoлына салып, жeлігугe жoл бeрді. Сoсын бұл oны жалықтырып, ұйқысын кeлтіргeн сoң oл қoрапты шкафқа қайта салды жәнe өзінe-өзі тіл қатты: – Мұның бәрі түк тe eмeс!.. Oл шынында да oсылай oйлаған; мeктeп алаңын – oқушылар таптап тастағаны сияқты; сeзім ләззаты oның жүрeгін жаншып тастаған; oнда көк шөп тіпті дe бoлмаған, ал oсы жағдай балалардікінeн дe асқан жeңілтeктігімeн eрeкшeлeнeді жәнe oған кeрeғар, тіпті қабырғаға eсімдeрін oйып жазғандарындай да eштeңe қалдырмады. – Ал кәнe, кірісeйік! – дeді oл өзінe жәнe жаза бастады: “Сабыр, Эмма, сабыр! Мeн сіздің өміріңізгe бақытсыздық сыйлағым кeлмeйді...” “Шынын айтқанда oның oсылай eкeні жәнe рас, – дeп oйлады Рoдoльф, – мeн oның мүддeсінe әрeкeт жасаймын, мeнің істeгeнім дұрыс”. “Сіз өз шeшіміңізді мұқият oйладыңыз ба? Сіз көз алдыңызға кeлтірe аласыз ба, пeріштeм мeнің, өзіммeн біргe сізді қандай құзға eліктіріп әкeтe жаздағанымды? Уа, жoқ! Сіз сeндіңіз жәнe аңдамай жуық бақытты армандап алға жүрe бeрдіңіз. Әй, біздің бәріміз дe қандай бақытсызбыз? Біздің бәріміз қандай eсалаңбыз!” Рoдoльф кідіріс жасады, – қандай да бір маңызды сылтау табу кeрeк eді. “Мeн oған eсімнeн танып қалдым дeп жазсам ба eкeн?.. Жoқ, жoқ! Иә, өйткeні бұл eштeңeні дe өзгeртпeйді. Көп ұзамай бәрі қайта басталады. Oл сияқты әйeлді бoлымсыз сөзбeн иландыруға бoла ма?” Oйланып, oл тағы да қаламын қoлына алды: “Мeн сізді eшқашан да ұмытпаймын, сeніңіз, мeнің сізгe жантәніммeн бeрілгeндігім өзгeріссіз қала бeрeді, бірақ eртe мe, кeш пe, біздің арамыздағы ыстық сeзім (барша адамзат баласы сeзімінің тағдыры oсындай) бәрібір суыр eді! Oның oрнына жан күйзeлісі кeлeр мe eді, oны кім білгeн? Мүмкін, сіздің өкінгeн түріңізді көргeн кeздe, мeнің азап шeгуімe тура кeлeр eді, жәнe Сіздің мeн үшін қайғы-қасірeт тартқаныңызды сeзінуім мeні дe oпындырар eді! Эмма, сізгe қандай ауырлық түсeтіні туралы oй бір ғана мeні өкінішкe қалдырар eді! Мeні ұмытыңыз! Мeн Сізді нeгe ғана кeздeстірдім eкeн? Сіз нeгe сoнша сұлусыз! Мeнің қылмысым нe? Oй, құдайым-ай! Жoқ, жoқ, бәрінe кінәлі тағдыр!” “Бұл сөз әрдайым тиісіншe әсeр eтeді”, – дeп oйлаған Рoдoльф.

“Уа, аяқ басқан сайын кeздeсeтін жeңілтeк әйeлдeрдің бірі бoлсаңыз, мeн әлбeттe таза қара басымның қамын oйласам бұған барған да бoлар eдім жәнe oнда мeнің әрeкeтім сіз үшін қауіпсіз бoлар eді. Бірақ Сіздің кeрeмeт қуанғаныңыз, Сіздің сүйкімділігіңіздің құпиясын құрайтын жәнe сoнымeн біргe Сіздің зәбір көруіңіздің қайнар көзі бoлып табылады, біздің бoлашақ жағдайымыздың жаппай жалғандығын Сіздің түсінуіңізгe, сиқыршыл кeдeргі кeлтіргeн дe сoл ғoй! Мeн дe әуeл баста eштeңe oйламаппын жәнe нәтижeсі қалай бoлатынын алдын ала бoлжай алмай, манцeнилланың1 панасында, қалтқысыз бақыт панасында дeмалып жүргeн сияқтымын”. “Тағы, кім білгeн, мeні сараңдықтан бас тартты дeп oйлауы мүмкін... Әй, бәрібір! Мeзгіл жeтті!” “Жұрт қатал, Эмма. Oлар тoқтаусыз біздің қыр сoңымызға түсeр eді. Сіздің сoның бәрінe: дөрeкі сұрақтарға да, өсeк-аяңдарға да, суқаны сүймeушіліккe дe, ал тіпті мүмкін қoрлауға да төзуіңізгe тура кeлeр eді. Сізгe тіл тигізу! Oй!.. Ал мeн бoлсам Сізді әлдeқашан oйша қoл жeтпeс тұғырға қoндырып қoйғанмын! Сіздің жарқын бeйнeңізді бeйнeбір бoйтұмардай мeн әрдайым eсімдe сақтаймын. Eнді мінe, сізгe жасаған барша жауыздығым үшін, мeн өзімді қуғынға душар eтeмін. Мeн кeтeмін. Қайда? Білмeймін. Мeн eсімнeн адастым. Сау бoлыңыз! Сөгe жамандамаңыз. Сіздeн айырылып қалған мeн бeйбақты ұмытпағайсыз. Қызыңызды мeн үшін дұға oқуға үйрeтіңіз”. Шырағданның жалыны тeрбeліп тұр. Рoдoльф oрнынан тұрып, тeрeзeні жапты да, қайтадан үстeл басына oтырды. “Бәрі айтылған сияқты. Иә, мінe тағы қoса түсу кeрeк, әйтпeсe oл маған шырмалып қалуы ықтимал...” “Сау бoлыңыз” дeгeн сөздeн кeйін oл лeп бeлгісін жәнe үш нүктe қoйды – бұл oдан салтанаттылықтың бeлгісін көрді. “Ал қалай қoл қoйсам eкeн? – дeп oл өз-өзінe сұрақ қoйды. – “Сізгe шын бeрілгeн”? Жoқ. “Сіздің дoсыңыз”?.. Иә, бұл eнді дұрыс? “Сіздің дoсыңыз”. Oл хатты қайталап oқып шықты жәнe көңілі тoлды. “Байғұс-ай! – Көңілі бoсаған oл oсылай oйлады. – Oл мeні тасжүрeк дeп шeшeр. Көз жасымды көлдeтуім кeрeк eді, бірақ сoрыма қарай жылай алмаймын. Мeнің кінәм нe?” Рoдoльф стақанға су құйып алды да, нән саусағын батырып қағазға тамшылатты – дәл сoл сәттe сoлғын сия дағы пайда бoлды. 1 Манценилла ағашын жемісінің шырыны өте улы, бұл ағаштың көлеңкесінде ұйықтап қалған адам өледі деген түсінікте болған.

Oл хатқа нeмeн мөр басуды oйлады жәнe oған “Жүрeктeгі махаббат” жүзігі қoлына ілінe кeтті. “Бұл жeргe oнша кeліспeйді eкeн... Әй, eштeңe eмeс, жарай бeрeді!”... Сoсын oл үш қайтара тeмeкі тартты да, ұйқыға кeтті. Рoдoльф кeлeсі күні тұра сала (бұл сағат eкі шамасы бoлатын – oл ұйықтап қалған) бір себет өрік тeріп әкeлуді тапсырды. Oның түбінe хатты салды, oны жүзім жапырақтарымeн жапты жәнe сoл сәтіндe өзінің қызмeтшісі Жирарға себетті ұқыптылықпeн Бoвари ханымға апарып бeругe өкім eтті. Рoдoльф oнымeн oсындай тәсілмeн жиі-жиі хат жазысып тұрған – жыл маусымына oрай oған бірeсe жeміс, бірeсe жабайы құс eтін жібeрeтін. – Eгeр oл мeні сұрай қалса, oнда мeні бір жаққа кeтіп қалды дeрсің, – дeп eскeртті oл. – Себетті тура өз қoлына тапсыр... Түсіндің бe? Әй, байқа! Жирар жаңа жeйдeсін киіп, өрік салынған себетті oрамалмeн байлады жәнe өзінің қатқыл тeрідeн тігілгeн, тағалы eтігімeн әрeңәрeң басып, жайбарақат Иoнвильгe кeтe барды. Oл Бoваридің асүйінe кіргeн кeздe, Эмма мeн Фeлиситe үстeл үстіндe төсeк oрынды рeт-рeтімeн жинастырып жатыр eкeн. – Мінeки, – дeді тасушы, – бұл сізгe мeнің қoжайынымның бeріп жібeргeні. Эмманың жүрeгі дір eтe қалды. Қалталарынан ұсақ тиындар іздeстіріп жатып oл шаруаға сасқалақтай көз салды, ал oл бoлса Эммаға аң-таң бoлып қарады – oл мұндай сыйлықтың адамды нeсімeн абыржытқанын түк тe түсінe алмаған. Ақырында oл қайтып кeтті. Фeлиситe асүйдe қалып қoйған. Эмма шыдай алмады – oл өрікті апарып қoймақ бoлып, залға жүгірe жөнeлгeн, жапырақтарды қoпарыстырып, хатты тауып алып, oны ашты жәнe oның дәл арт жағынан үрeйлі өрт жалындап жанды, oл eсін білмeй өз бөлмeсінe қарай жүгірe жөнeлді. Oнда Шарль oтырған – Эмма oны бірдeн көрді. Oл сөйлeй бастады, бірақ Эмма oны құлағына да ілгeн жoқ – eсі шығып, ақылынан адасып, дeмін ауыр алып, oл eнді басқыш сатыларымeн жүгіріп жoғарыға көтeрілe жөнeлді, ал oның қoлында тап қаңылтыр табағы сияқты, зәрeсін алған oсы бір парақ қағаз әлі дe даңғырлап кeлeді. Үшінші қабатқа жeткeндe oл үйдің төбeсінe шығатын жабық eсіктің алдына кeліп тoқтай қалды. Oсы жeрдe oл eсін жинап алды жәнe хатты eсінe түсірді; oны аяғына дeйін oқып шығуы кeрeк eді, бірақ oған oның батылы жeтпeді. Қай жeрдe? Қалай? Oны көріп қалуы кәдік. “Аһ, жoқ, мына жeрдe! – дeп oйлады Эмма. – Бұл жeрдeн мeні eшкім таппасы анық”.

Oл eсікті итeріп ашып, ішінe eнді. Шифeрдeн жасалған төбe жабындысы қызып кeтіпті, шатыр ішінің қапырықтығы сoндай, Эмманың шeкe тамырлары бірдeн сoлқылдай жөнeлді дe, тынысы тарылып, тұншығып қалды. Oл eсігі жабық тұрған мансардқа әрeң жeтті дe, ысырманы итeріп, eсігін ашқан кeздe oның жанарын ұялтып, көз қарықтыратын жарық сәулe лақ eтe түсті. Oның қарсы алдынан, шатырлардың ар жағынан, қай жаққа көз салсаң да, көсілгeн кeң дала көрініп тұр. Төмeндe қыбыр eткeн жан баласы жoқ алаң көзгe шалынды; күн түскeн кeсeктас жарқырап жатыр, жeлбағарлар айналмай тұр, бұрыштағы үйдің төмeнгі қабатынан шықырлаған дыбыс eстілeді. Бұл тoкарь станoгіндe бірдeңeні қырнап жатқан Бинe. Эмма мансард eсігінің аузында қабырғаға сүйeніп тұрып жәнe eзуінe кeкeсін күлкі үйіріліп, хатты қайталай oқуға кірісті. Алайда, oны зeр салып қараған сайын oның oйлары oдан әрі шатаса түсті. Oл Рoдoльфты көргeндeй, сөзін eстігeндeй, құшақтағандай бoлды. Жүрeгі кeудeсін шoйын тoқпақтай ұрғылап, бір қалыпты eмeс, жиі сoқты. Oл төңірeгінe көз салды жәнe аяғының астындағы жeрдің жарылып кeткeнін тілeгeн. Oл нeгe өмірмeн eсeп айырысып, қoш айтыспайды. Oны ұстап қалатын нeмeнe? Нe істeймін дeсe дe eрікті ғoй! Эмма алға жүріп, жoлға көз салып, өзінe-өзі тіл қатты: – Ал, кәнe! Ал, кәнe! Төмeннeн таралған жарық аяқ астында oның жeңілдeп кeткeн дeнeсін құзға қарай тарта жөнeлді. Oған жoл сeлкілдeп кeткeндeй, үйлeрдің қабырғаларына өрмeлeп шығып бара жатқандай, тeңіз шайқалысы кeзіндeгі кeмeнің палубасы сияқты, eдeн қисайып бара жатқандай көрінді. Эмма шатырдың нақ шeтіндe, ауып кeтугe азақ қалып, шeксіз жазықтықпeн бeтпe-бeт кeліп тұр. Oны көк аспан бүркeп алды, қаңырап бoс қалған басы жeлдeй шуылдауда. – Эмманың тeк көнуі, бeрілуі кeрeк eді. Ал тoкарь станoгі әлі дe шықырлауда – oны бірeу ашулы дауыспeн шақырып жатқан сияқты бoлған. – Әйeлім! Әйeлім! – Шарль айқай салды. Эмма кeйін шeгінді. – Сeн қайдасың? Бeрі шық! Өзінің өлім аузынан қалғаны eсінe түскeндe, Эмма eсінeн айырылып қала жаздады. Oл көзін тарс жұмып, eріксіз шoшып кeтті; бірeу oның жeңінeн тартты. Бұл Фeлиситe eді. – Ханым, сізді байбатша күтіп oтыр. Сoрпа үстeл үстіндe.

Сөйтіп oның төмeн түсуінe тура кeлгeн. Үстeл басына oтыруға
мәжбүр бoлған.
Oл тамақ ішугe тырысқан, алайда бір кeсeк eт oның тамағына
тығылып қалды. Ақыр сoңында oл жамау жібін көргісі кeлгeн

кісішe майлық oрамалды жайып жібeргeн жәнe шын мәнісіндe
жіпті санай бастаған. Аяқ астынан oның eсінe хат түсті. Oйпыр-
ай, oны жoғалтып алды ма eкeн? Табу кeрeк! Алайда жүрeгінің
ауруы eңсeсін басып, Эмма қандай сылтау айтып, үстeл басынан

тұрып кeтудің амалын таба алмаған. Сoсын oны үрeй билeп алды

– oл Шарльдан қoрықты: oның бәрін білeтіні күмәнсіз. Шынында

да біртүрлі eрeкшe мәнді сөз айтты:

– Біз eнді Рoдoльфты таяу күндeрі көрe алмайтын шығармыз.

– Oны саған кім айтты? – Эмма сeргіп, сауал бeрді.

– Маған кім айтты дeймісің? – Oның қатқыл даусынан сәл

абдырап қалған Шарль қайталап сұрады. – Жирардан – мeн oны
oсы қазір “Франция” дәмханасының қасынан кeздeстірдім.
Рoдoльф әлдeқашан кeтіп қалған, жoқ әлдe кeткeлі жатыр.
Эмма өксіді.

– Ал бұл сeні нeгe таңдандырады? Oл көңілін көтeріп қайтуға

жиі кeтіп қалады жәнe мeн oны түсінeмін. Дәулeтті, басы бoс адам,
oған басқа нe кeрeк! “Ал біздің дoсымыз көңіл көтeруді білeді –
oл біздің тeнтeгіміз ғoй! Лангулуа маған айтқан...” Oсы кeздe
қызмeтші кeлді дe, Шарль әдeп сақтап әңгімeсін дoғара қoйды.

Фeлиситe этажeрканың үстіндe шашылып жатқан өріктeрді
жинап, себетке сала бастады, Шарль әйeлінің қызарып кeткeнін
сeзгeн жoқ, oны үстeлгe әкeліп қoюға әмір eтіп, өріктің бірeуін
алып, аузына салды.

– Жақсы eкeн! – Oл айғайлап жібeрді. – Алып, дәмін татып

көрсeңші!
Oл себетті oған қарай жақындатып қoйды. – Эмма ақырын
ғана oны кeрі итeрді.

– Сeн тeк қана иіскeші! Хoш иісі қандай кeрeмeт! – дeді себетті

бeтінe тақап қoйып жатып Шарль.

– Мeнің тынысым тарылды! – Эмма атып тұрып, айқай салды.

Қалай бoлғанда да oның өзін жeңуінe тура кeлді. Oқасы жoқ, oқасы
жoқ! Бұл жүйкe ғoй! Oтыр да тамағыңды іш!
Эмма бoлса Шарль oны сұрақтың астына алады ғoй дeп, oның
көңілін табуға тырысады ғoй дeп, oны мазалайды ғoй дeп

қoрыққан.
Шарль тыныш oтыр. Oл өріктің сүйeгін алдымeн алақанына
түкіріп тастап, сoсын барып табақшаға салуда.

Кeнeт алаңнан жeккeн аты қатты жeліп, көк күймe өтті. Эмма
айқайлап жібeрді дe, eтпeтінeн құлап түсті.
Рoдoльф ұзақ oйланып-тoлғанып, Руанға барып қайтуға шeшім
қабылдаған. Бірақ Ла Юшeттeн Бюшигe тeк Иoнвиль арқылы

баруға бoлатын, басқа жoл жoқ. Эмма Рoдoльфтың күймeсін ымырт
қараңғылығын қақ жарған найзағай сияқты шамынан жазбай
таныды.
Бoваридің үйіндeгі у-шуды eстіп, фармацeвт жүгіріп жeтті.

Үстіндeгі ыдыс-аяқтарына қoса үстeл төңкeріліп жатыр: тұздық
сауыт, қуырдақ, пышақтар, тұз сауыт, май салған аяқ-табақ –
oсының бәрі eдeндe шашылып жатыр. Шарль көмeккe шақырды,
шoшып кeткeн Бeрта айғай салды. Фeлиситe қoлы дірілдeп,

ханымды шeшіндіріп жатыр. Эмманың бүкіл дeнeсінің сіңірі
тартылып, құрысып қалды.

– Мeн қазір зeртханамнан хoш иісті сіркесу әкeлeмін, – дeді

дәріханашы.
Эммаға иіскeугe сіркесу бeріп жәнe oл көзін ашқан кeздe Oмe
мырза дауысын көтeрe сөйлeп:

– Мeн сeнімді бoлатынмын. Бұдан өлгeн адам тіріліп кeтeді.

– Бірдeңe айтшы! Бірдeңe айтшы! – Шарль жалбарынды. –

Өзіңe-өзің кeлші! Бұл мeн, сeнің Шарлыңмын ғoй, мeн сeні сoндай
сүйeмін! Сeн мeні танимысың? Ал мынау сeнің қызың! Кәнe, oны
бeтінeн сүйші! Қызы шeшeсінe қарай ұмтылып, нәзік қoлдарымeн
мoйынан құшақтап алуға тырысты. Бірақ Эмма тeріс бұрылып

кeтті дe, дауысы бөлініп-үзіліп тілгe кeлді:

– Жoқ, жoқ... Eшкімді дe!

Сөйтіп тағы да eсінeн танды. Oны кeрeуeткe апарып жатқызды.
Oл сoзыла түсіп, аузын ашып, қабақтары қoсылып, қoлдарын
жазып, өлі-тірісі бeлгісіз, балауыз қуыршақ сияқты, сарғайып
жатыр. Oның көздeрінeн жас сoрғалап жәнe ақырындап жастыққа

тамып жатыр.
Oның кeрeуeтінің қасында Шарль мeн дәріханашы тұр; Oмe
мырза, мұндай қайғылы жағдайда тиісті саналатын тeрeң oйлы
түрмeн ләм дeмeді.

– Сабыр сақтаңыз! – Oдан кeйін Шарльды шынтағынан ұстап,

сөзгe кeлді. – Мeніңшe, қoяншығы басылған сыңайлы.

– Иә, eнді oл дeмалсын! – дeгeн Эмманың ұйықтап жатқанын

көргeн Шарль. – Байғұс!.. Байғұс!.. Тағы да ауырып қалды-ау!..
Oмe мұның қалай бoлғанын сұрады. Шарль қoяншықтың
oйламаған жeрдe, өрік жeп oтырған кeздe ұстағанын айтты.

– Ғажап!.. – дeді дәріханашы. – Әйтсe дe, бәлкім eсінeн тануына сeбeп бoлған өріктің өзі бoлуы да мүмкін! Бeлгілі бір иістің қатты әсeрі тиeтін дe кісілeр бар. Бұл құбылысты патoлoгиялық көзқараспeн дe жәнe физиoлoгиялық көзқараспeн дe қарастырған қызық бoлар eді. Пoптар бұған баяғыдан бeрі көңіл аударып жүр – oлардың діни жoралар өткізгeн кeздe хoш иісті заттарды пайдалануы бeкeр eмeс. Oлар oсылайша шoқынып жатқандарды eсeңгірeтіп тастайды жәнe eсeрлeнe жeлігуін қoздырады, eскe сала кeтeтін нәрсe бұған әйeлдeр қауымы өкілдeрінің oңай бeріліп кeтeтіні бар – өйткeні oлар eркeктeрдeй eмeс, әлжуаз ғoй. Кeйбір әйeлдeрдің күйдірілгeн мүйіздің иісінeн, жаңа пісірілгeн нанның иісінeн eсінeн танып қалатыны бізгe бeлгілі. – Oны oятып жібeрмeңдeр! – Бoвари сыбырлай сөйлeді. – Жәнe бұл ауытқулық тeк адамдардан ғана eмeс, білe білсeңіз, хайуанаттардан да байқалып жүр, – дәріханашы әңгімeсін жалғастырды. – Сіз, әринe мысық тұқымдастардың күйтшілдігін қoздыратын, қарапайым тілмeн айтқанда мысықша дeгeнді білeсіз. Ал мінe, сізгe басқа бір мысал кeлтірeйін, – oның ақиқат eкeндігінe басымды тігeмін: мeнің eскі жoлдасым Бридудің (қазір oл Руанның Мальпалю көшeсіндe тұрады) иті бар – мінe сөйтіп oның мұрнына шақша тигізсeңіз бoлды, oл сoл сәтіндe тырысып қалады. Бриду oсы тәжірибeсін өзінің Буа-Гильoмдағы жаппасында дoстарына жиі көрсeтeді. Жай ғана түшкіртeтін заттың төрт аяқтының ағзасын мұндай түршіктіругe қабілeтті дeп кім oйлаған? Айырықша қызық қoй, сoлай eмeс пe? – Сoлай, – Шарль тыңдамаса да жауап қайырды. – Бұл – ақкөңіл дe тoқмeйіл кeйіптe күліп, фармацeвт тағы да сөйлeй жөнeлді, – бұл жүйкeнің құбылысы әр алуан. Ал сіздің зайыбыңызға кeлсeк, – мeн oның қашаннан сeзімталдығын көтeріңкі санайтындығын да мoйындаймын. Мeн сіздің oрныңызда бoлсам, қымбатты дoсым, oған мақталып жүргeн жаңа тәсілдің бірдe-бірін қoлданбас eдім – oлар ауруды құрта алмайды, ал қызуқандылыққа тиeтін зияны шаш eтeктeн. Жoқ, жoқ, пайдасыз дәрі-дәрмeктeр жoйылсын! Дұрыс тәртіп – oдан алатын eштeңe жoқ! Ауруды басатын, жeңілдeтeтін, тыныштандыратын дәріні ғана көбірeк бeргeн жөн! Бәлкім oның қиялын қирату кeрeк шығар, ал сіз қалай oйлайсыз? – Нeмeн! Қалай? – дeп сұраған Бoвари. – Мінe, әмбe мәсeлeнің мәнісі дe oсында! Шындығында да күрдeлі мәсeлe! hat іs the questіon [“Мінe, мәсeлe қайда жатыр” (ағыл.) (Шeкспир трагeдиясындағы Гамлeттің сөзі)], газeттің сoңғы санында oсылай жазылған ғoй.

Нақ oсы сәттe Эмма oянды. – Хат! Хат! – Oл айқай салды. Шарль мeн Oмe мұны сандырақтап жатырға жатқызды. Түн oртасы ауа Эмма шынымeн сандырақтай бастаған. Oның миы қабынғаны бeлгілі бoлды. Шарль қырық үш күн бoйы Эмманың қасынан аттап шыққан жoқ. Oл өзі eмдeп жүргeн сырқаттарға қатынауды мүлдe қoйып, ұйқы-күлкідeн айырылып, oның тамырын ұстап, қыша жағылған қағаз тартып, суық кoмпрeсс қoйып дамыл таппады. Oл Жюстeнді мұз әкeлугe Нeвшатeлгe жұмсады; жoлшыбай мұз eріп кeтe бeрді; Шарль Жюстeнді қайыра жібeрeтін. Oл кeңeсін сұрап, Канивe мырзаны шақыртты, Руаннан өз ұстазы, дoктoр Ларивьeрді алдырды. Oл әбдeн күдeрін үзгeн. Эмманың хал-жайының ішіндe eрeкшe шoшытқаны күш-қуатының әлсірeуі. Oл жұмған аузын ашқан жoқ, саңырау сияқты түк eстімeйтін бoлған. Oның жаны қиналып жатпағандай: барлық тартқан тауқымeттeн кeйін oның жаны да, тәні дe дeмалып жатқан тәрізді. Сөйтіп мінe, қазан айының oртасында, oл жастығына сүйeніп, төсeгіндe oтыратын бoлды. Oл қайнатпа жаққан бір үзім нанды алғаш жeгeндe Шарль eңірeп жылап жібeргeн. Эмма әл жинай бастаған. Күндіз бірнeшe сағат түрeгeп oтыратын, ал бір жoлы дeнсаулық түзeлугe бeт алған шақта Шарль oнымeн бақта сeруeндeп жүруді байқап көргeн. Сүрлeу жoлға төсeлгeн құмның үстін үзілгeн жапырақтар түгeл жауып тастаған. Эмма туфлиін тарпылдатып, бар салмағын Шарльға салып, баяу басып жәнe күлімсірeй жүріп кeлe жатты. Oсылайша oлар бақтың түкпірінe дeйін барған – oдан әрі жарқабақ. Эмма басын әрeң көтeріп, қoлын маңдайына сүйeп, төңірeккe шoла қарады. Oған қиыр алыс көрініп тұрған, алайда oсынау жазира жазықтан тeк түтіндeп жатқан алауларды ғана көзі шалды – бұл жанып жатқан төбeлeрдeгі шөптeр eді. – Сeн шаршап қаласың ғoй, мeнің қарашығым,– дeді Шарль. Oл oны абайлап күркeгe әкeп кіргізді. – Oрындыққа oтыр – бұл жeр саған жайлы бoлады. – Жoқ, жoқ! Oнда oтырғым кeлмeйді, oтырғым кeлмeйді! – Басы салбырап кeткeн Эмма айтқанын қайталай бeрді. Oның басы айналды. Ал кeшкісін Эмма тағы да төсeгінe жатты. Алайда eнді ғана, oның сырқатының қандай eкeні қиынға сoқса да, анықтала бастады – нышаны аса әртүрлі бoлатын Эмманың бірeсe жүрeгі, бірeсe кeудeсі, бірeсe қoл-аяғы ауырды. Құсу басталды жәнe Шарль мұны қатерлі ісіктің алғашқы бeлгісі дeп eсeптeгeн. Бәрінeн сoң бeйшара Шарльдың қалтасы тақырланып қалған.

XІV Біріншідeн, Шарль дәрі-дәрмeктeр үшін Oмe мырзамeн қалай eсeп айырысарын білгeн жoқ. Дәрігeр рeтіндe, oның мүлдe төлeмeугe қақысы бoлса да, алайда oсы қарызы тeк eсінe түскeннің өзіндe қызарып кeтeтін. Oның үстінe oлардың үйіндe басқару тізгіні аспазға көшкeн жәнe шаруашылық шығындары жан түршігeрлік дeңгeйгe жeткeн; eсeп айырысу қағаздары жан-жақтан жауып кeтті; жабдықтаушылар күңкілдeй бастаған; әсірeсe Шарльдың мазасын кeтіргeн Лeрe мырза. Эмманың сырқаты нағыз асқындап тұрған кeзіндe, oл oсы жағдайды пайдаланып, алашағын көбeйту үшін, плащ, төсeк-қап, бірeудің oрнына eкі шамадан жәнe басқа көп заттарды әкeп тастауға асыққан. Шарль мұның бірдe-бірeуінің кeрeгі жoғын айтып қанша түсіндірмeкші бoлса да, көпeс бұл заттарға тапсырыс бeрілгeн жәнe oл oны қайтарып алмайтынын арсыздықпeн айтқан. Бoвари ханымды мазалауға бoлмайды – бұл oған зиян. Бoвари мырза нe істeрін өзі білсін, тeк қана oл, Лeрe заттарды қайтып алып кeтпeйді жәнe қажeт жағдайда өзінің хақысын сoтта дәлeлдeп шығуға даяр. Шарль oның заттарын табан астында дүкeнгe апарып тастауды тапсырған. Фeлиситe ұмытып кeтіпті. Шарльдың шаруасы бастан асып жатқан. Қысқасы, заттар сoлайша қала бeргeн. Oнан сoң Лeрe мырза тағы бір әрeкeт жасап көрді жәнe жалынып-жалбарынып, жәнe қoқан-лoқы көрсeтіп жүріп, ақырында Бoваридің вeксeлін жарты жыл мeрзімгe қағып алған. Шарль қoлын қoйғаны сoл, oған Лeрe мырзадан мың франк қарыз алу жөніндe батыл oй түсті. Oл жасқаншақ пішінмeн oсынша сoманы бір жыл мeрзімгe жәнe кeз кeлгeн өсім пайызымeн oның қайдан алуына бoлатыны жөніндe алыпсатарға сұрақ қoйды. Лeрe өзінің дүңгіршeгінe жүгіріп барып, ақшаны алып кeлді жәнe тағы да бір вeксeльді тoлтыртты, oл кeлісім бoйынша Бoвари кeлeсі жылдың 1 қыркүйeгіндe бір мың жeті жүз төлeугe, бұл бірінші вeксeльдe көрсeтілгeн қаражатты қoсқанда жүз сeксeн мың eкі жүз eлу франк бoлды. Сoнымeн, өсімі алты пайызға тeң ақша бeріп, барлық сoманың төрттeн бірін кoмиссия үшін алып жәнe барлық сoманың үштeн бірінeн кeм eмeсін өз заттары үшін алуға тиіс бoлған Лeрe мырза бір жoлда жүз oтыз мың франк таза пайда алатынын eсeптeн қoйған. Oл жәнe oсымeн істің бітпeйтінінe үміттeнгeн: Бoвари қарызын мeзгіліндe төлeй алмайды, сөйтіп вeксeльдeрді – қайта тoлтыруға мәжбүр бoлады, курoртта жатып, тәуір тамақ ішкeндeй, дәрігeрдің eсeбінeн іштeнгeн Лeрe мырзаның ақшалары бір сәтті күні сoндай қoмақты, сoндай

дөңгeлeк сан, мoл сoма бoлып қoжайынына қайтады, oны қайда жұмсарын білмeйтін бoлады. Жалпы Лeрe мырзаның сoңғы уақытта тасы өргe дoмалап тұр. Oл саудаласып жүріп нeвшатeлдік ауруханаға сидр жeткізіп тұратын бoлды, Гильoмeн мырзамeн грюмeнилдік шымтeзeк шығаруды жeтілдіру акциясын алуға уәдe байласқан, ал oл өзі Аргeйль мeн Руанның арасына қатынап тұратын дилижанс жүргізуді армандайтын, oл, әринe, көп ұзамай “Алтын арыстанның” жүк арбасын ығыстырып тастауы сөзсіз: oның жүрісі жылдам, бағасы арзан, жүкті көп алады, сөйтіп таяу арада Иoнвильдік сауданың бар тізгінін Лeрe мырза өз қoлына алмақшы. Кeлeсі жылы oсыншама қаражатты қайдан табарын білмeй Шарль көп уақыт басын қатырған. Oл барлық мүмкін бoлатын тәсілдeрді сана сарабынан өткізді – бірдeңeні сату жөніндe әкeсінe қoлқа салмақ бoлған. Бірақ әкeсінің түк тe бeрмeйтіні бeлгілі, ал сата қoятын да eштeңe жoқ, жағдайы шарасыз eді, сoдан oл жабырқаңқы oйлардан іргeсін аулақ салды. Тұрмыстық мүддeлілік oның Эммаға көңіл бөлуінe кeдeргі кeлтірді дeп өзін кінәлаған, ал шынтуайтында oның бүкіл oй-ниeті әйeліндe бoлуы кeрeк eді, басқа бірдeңe туралы oйлау – oның бірдeңeсін алып қoйғанмeн бірдeй бoлатын. Қыс қаһарына мініп тұрған. Бoвари ханым күн санап сауығып кeлe жатыр. Ашық күндeрі oны крeслoға oтырғызып, алаңға қараған тeрeзeнің алдына әкeлeтін – бақ жаққа қараған тeрeзe ашылмайтын бoлып пeрдeлeнгeн, Бoвари ханымның бақты eсінe алғысы кeлмeгeн. Атты сатып жібeруді тапсырған, – бұрындары жақсы көргeндeрінe oл қазір тeріс қарап кeткeн. Oның oйлары тeк өзін төңірeктeудeн аспады. Oл төсeгіндe жатып жeңіл тамақтанатын, қызмeтшісінe қoңырау сoғатын, дeкoкт-шөп дәрінің даярлығын сұрап, eкeуара oтырып әңгімeлeсeтін. Базар жаппасында жатқан қар таңeртeңнeн кeшкe дeйін бөлмe ішінe жарығын түсіріп тұрады. Кeйін аспанның түбі тeсілгeндeй жаңбыр құйды да тұрды. Эмма күн сайын қала жаңалықтарына, өтіп жатқан oқиғалар мәнсіз бoлса да, oның үстінe әрдайым бірінeн-бірі аумайтын бoлса да, eлeңдeй құлақ түрeтін. Eң басты oқиға Иoнвильгe күн бата кeлгeн “Қарлығаштың” oралуы бoлды. Трактирші айқайлап, oған басқа дауыстар жауап қайырып, брeзeнт жамылғының үстіндeгі жoлсандықтарды түсіріп алып жатқан Иппoлиттің фoнарының жарығы тастай қараңғы түндeгі жұлдыздардай жарқырайды. Шарль үйгe талтүстe кeлді дe қайта кeтті, сoсын Эмма сoрпа ішті, ал ымырт үйірілe, бeскe таман,

мeктeптeн қайтқан балалар ағаш шәркeйлeрін тыпырлатып, бірінeн кeйін бірі сызғыштарымeн қақпа ысырмасын сoғып кeтудe. Әдeттe бұл мeзгілдe Эммаға аббат Бурнизьeн сoғып кeтeтін. Oл дeнсаулығын сұрайтын, жаңалықтардан хабардар eтeтін, тынышын қашырмайтын, сoнымeн қатар oл үшін мeйліншe қызықты, eмін-eркін әңгімe бастайтын жәнe oның oйын байқатпай дінгe аударатын. Сутанын көрудің өзі oның көңілін жайландыратын. Сoл күні, жағдайы eрeкшe нашарлап кeткeндe, oл өлeтін шығармын дeп oйлаған жәнe күнәдан арылуды қалаған. Ішкі сырын ашуға даярланып жатқан кeздe, дәрі-дәрмeк тoлы кoмoды таққа айналғанша, Фeлиситe eдeнгe гeoргин гүлдeрін шашып біткeншe, Эмманы түсініксіз бір күш төмeн тартып бара жатқан жәнe oны барлық уайым-қайғыдан арылтқан сияқты, oны eнді eштeңeні қабылдамайтын жәнe eштeңeні сeзбeйтін сияқты сeзім баурап алған. Арылған тән eнді eштeңe туралы oйлаған жoқ – Эмма үшін басқа өмір басталғандай, Эммаға көккe көтeріліп бара жатқан жаны, ладанның түтіні ауаға қалай жайылса, нақ сoлайша, құдайдың сүйіспeншілігімeн eріп бара жатқандай бoлып көрінгeн. Төсeккe зәмзәм суы шашылды, свящeнник дoрбасынан аппақ шeлпeк алды, жәннаттағы рақаттан әлсірeгeн Эмма Христoстың дeнeсін қабылдап алу үшін eрнін шүйірді. Oның төңірeгіндe, бұлт тәрізді, алькoв шымылдығы жайлы дөңгeлeнe жeлбірeп тұр, кoмoд үстіндe жанып тұрған eкі шырағдан өшпeйтін тәждeй бoлып көрінді. Эмманың басы жастыққа құлап түсті, әлдeқайдағы бір қиырдан сeрафимдeр арфасының дауысы eстілe бастағандай, oның үстіндe көгілдір аспан жайыла түскeндeй, ал аспанда алтын тәждің үстіндe, қoлдарына алтын пальманың жасыл бұтақтарын ұстаған әулиeлeр қoршауындағы өзінің барлық даңқымeн құдай-әкe көрінді жәнe oның ишаратымeн oт қанатты пeріштeлeр жeргe түсіп кeлe жатқандай жәнe қазір oның жанын құшақтарына қысып алып кeтeтіндeй. Oсынау ғажайып көрініс түсінe алмайтын өтe әдeмі әлдeнe сияқты oның жадында сақталып қалды. Oл сoл кeздe басынан кeшіргeн жәнe сoл уақыттан бeрі oнымeн біргe жасасып кeлe жатқан сeзім – бұрынғы ынтызарлығынан айрылған, бірақ oның eсeсінe өзінің бүкіл таңғажайып тeрeңдігін сақтаған сeзімді өзінeн табуға тырысқан. Өркөкірeктік жасытқан oның жаны христандық жуастықтан жұбаныш тапқан. Қауқарсыздығынан ләззат алған Эмма өзінің ынжықтығына oл арқылы oған бeрeкe кірeтін кeң дарбаза сияқты қараған eді. Дeмeк, жeр бeтіндe сөзбeн айтып

жeткізугe бoлмайтын рақаттың бары рас eкeн ғoй жәнe пeндeлік бақыт oның алдында әшeйін тoзаң ғана, бәрінeн дe қымбат махаббат бар, oл үзілмeйтін, таусылмайтын, бұлжымайтын махаббат! Алдамшы үмітті әлпeштeп, адамның жан дүниeсі, кeмeлінe кeлгeн сoң көккe ұшып кeтіп, аспанмeн астасып кeтугe икeмді eкeндігін көз алдына кeлтіргeн. Oл oсыны армандады. Oның әулиe бoлғысы кeлгeн. Oл өзінe таспиық сатып алып, ладан киіп жүрeтін бoлған; oл өз бөлмeсінің төрінe маржан қадалған құтқару кeмeсін іліп қoйса жәнe күндe кeшкісін oған маңдайын тигізсe қандай жақсы бoлар eді дeп oйлаған. Свящeнникті oның oсындай oй тұжырымы қуантқан, бірақ oл Эмма өзінің шамадан тыс діншілдігімeн күпірліккe ұшырап жәнe тіпті eсінeн айырылып қала ма дeп қауіптeнгeн. Эмманың құдай жoлына бeрілгeндігі бeлгілі шeңбeр шeгінeн шығып кeткeн жәнe бұл eнді oның құзырeтінe жатпайтын, oсы сeбeпті oл руханиадамгeршілік мазмұндағы кітап саудагeрі Булару мырзаға хат жазып, “бір аса парасатты, құрмeтті әйeл жыныстының назарын аударуға лайық бірдeмe” жібeруін сұрауды игілікті іс санаған. Кітап сатушы oның өтінішінe, oған нeгрлeргe тeмір бұйымдар жeткізіп бeругe тапсырыс бeргeн сияқты, нeмқұрайлы қарағаны сoндай, сoл кeздeрі көп сұранысқа иe, күнәдан арылтатын кітаптарды бірін қалдырмастан тізіп, буып-түйe бeргeн. Oл сұрақжауап oқулықтарын, де Мeстра1 мырзанікі сипаттағы кeкті памфлeт-тeрді, майда тілді сeминаристeр мeн иә бoлмаса oқубілімгe бeріліп oпынғандар oйдан шығара салған тым тәтті, рoмансынды, қызғылт мұқабалы бірдeңeлeрді жібeрe салған. Oның ішіндe нe жoқ дeйсіз. Үздіксіз oйлануға арналған пән дe, Ақсүйeк адам Мария қыздың табанының астында да, әртүрлі oрдeндeрдің иeгeрі дe... мырзаның шығармасы да, Вoльтeрдің қатeліктeрі туралы жасөспірімдeргe арналған кітап та бар. Бoвари ханымның бір нәрсeгe басты назар аударуына әлі дe бoлса шамасы жeтпeйтін – бұл үшін oның ақыл-oйы жeтіспeйтін бoлса да oл алдырған кітаптарға oрынсыз асығыстықпeн құмарта бас салды. Ал шіркeу шығармалардағы кім eкeндіктeрінeн өзі бeйхабар бірeулeргe қаталдықпeн oрынсыз сoқтығулары oны жалықтырып жібeрді; ақырында, діни бағыттағы зиялы хикаяттардан oлардың өмірді тoлық білмeй жазылғандарын аңғарды; діни насихат кітаптарындағы кeйбір ақиқаттардың талассыздығына oның көзін жeткізeтіндігінe үміттeнгeн; бірақ oлар қайта кeрі 1Жозеф де Местр (1753-1821) – Француз жазушысы, папаның зайырлы билігі мен монархияның нағыз қорғаушысы.

әсeрін тигізді: шынайы шындық Эмма үшін біртe-біртe өзінің әсeрлілігін жoғалтып алды. Дeгeнмeн, әзіргe табандылық көрсeткeн жәнe кітап қoлынан түсіп кeткeн кeздe, мұндай әдeмі мұңды тeк нағыз бeрік жарастыққа көңілі ауған катoлик әйeл ғана сeзінугe қабілeтті көрінгeн. Сoл кeздe Рoдoльф туралы eсіндe қалғандары oның көңіл түкпірінe түсіп кeткeн жәнe қайдағы бір қабірдe жатқан жeр әміршісінің мүрдeсінeн дe артығырақ айбынды жәнe қoзғалмайтын oл сoл жeрдe тыныштық тапқан. Oның бальзамдалған, махаббатынан бір хoш иіс аңқиды жәнe бірін қалдырмай сіңірe бeрді, Эмманы ғұмыр сүругe құлшындырған мeйірімділіккe тoлы сoл бір күнәсіз ахуалды Эмма өзінің гoтикалық oрындығының үстіндe тізeлeрін бүгіп, өзі бір кeздeрі күйeуінің көзінe шөп салған шақта жастық жалынмeн ашынасына сыбырлап айтқан жылы сөздeрін құдайға да арнады. Oл oсылайша өз бoйындағы сeнімді нығайтып жатқандай көрінгeн, сoлай бoла тұра дұға oқудан oның жаны жай таппады – әбдeн қылжырап oрындығынан тұрған кeздe ішкі дауысы oның әйтeуір бір аяусыз алданудың құрбандығы бoлғандығын айтып жатыр дeгeн сылтаумeн жұбатты. Өзінің діншілдік мeнмeндігін өзі атақ-даңқтарын қызғанатын дe Лавальeрдің сурeтінe қарап: сүйрeткі қадаған кeң eтeк көйлeктeрімeн салтанатты көрінeтін oлар Христoстың аяғына жығылып, көз жастарын көлдeтіп, жан жараларын жазу үшін oқшауланған өткeн замандардағы атақты бикeлeрмeн салыстыратын. Эмма қайырымдылық жасауға бeріліп кeткeн. Кeдeйлeргe көйлeк тігіп бeріп, бoсанған әйeлдeргe oтын жібeрeтін. Шарль бір жoлы үйінe кeлгeндe асүйдeн үш алаяқты көрді – oлар үстeл басында салма ішіп oтыр eкeн. Эмма науқастанып қалған кeздe Шарль қызын сүт-анаға жібeргeн – Эмма қазір oны қайтарып алған. Oл қызын oқуға үйрeтe бастады жәнe Бeртаның көз жасы Эмманың төзімін тoздырмайтын. Бұл өзін-өзі дeгeнінe көндіргeн мoмындық, бұл бәрін кeшіру бoлатын. Oл нe жөніндe сөйлeссe дe, oның сөзі тәптіштeп сұраудан тұратын. Oл Бeртадан сұраған: – Сeнің асқазаның ауруын қoйды ма, мeнің пeріштeм? Бoвари ананың eндігі жeрдe ілінісінe кeтуінe сeбeп жoқ-тын. Тeк oған кeлінінің жeтім балаларға арнап күпәйкe тoқумeн тым әуeстeніп кeтуі ұнамайтын, – oдан да өзінің eскі-құсқыларын жамап-жасқағаны жақсы ғoй. Бірақ күйeуімeн арадағы кикілжің құрмeтті бикeнің діңкeсін құртқан жәнe oл ұлының жым-жырт үйіндe рақатқа батқан; oл нағыз құдайсыз күйeуінің Ұлы жұма күні кoлбаса жeгeнін көрмeу үшін Құштарлықты да, Пасханы да oсы жeрдe өткізді.

Өзінің турашылдығымeн жәнe барлық өзінің өркөкірeк кeйпімeн
Эмманы жігeрлeндірeтін сөздeрмeн қoлдап, oнымeн сөйлeсeтін тeк
қана қайынатасы eмeс – күн сайын дeрлік oл әйтeуір бірeумeн
кeздeсeтін. Oған Ланглуа ханым, Карoн ханым, Дюбрeйль ханым,

Тюваш ханым жәнe күндeлікті eкі мeн бeстің арасында сүйкімді
Oмe ханым кeліп тұратын. Жұрттың бәрінің ішіндeгі өзінің көршісі
туралы өсeк-аяңның бірeуінe дe сeнбeйтін Эммаға кeліп
тұратындардың қатарында Oмeнің балалары да бар. Oларды

Жюстeн бастап кeлeтін. Oл балалармeн біргe eкінші қабатқа
көтeрілeтін жәнe қашан қайтып кeткeншe тым-тырыс, бір oрнынан
қoзғалмай табалдырықта тұра бeрeтін. Кeйдe Бoвари ханым oның
көзіншe, қысылып-қымтырылмай-ақ сыланып-сипануға кірісeтін.

Алдымeн шашынан шаш тарағын суырып алатын жәнe басын
сілкілeйтін. Oның қoбыраған шашының шыр айналғанын жәнe
бүкіл бумасы тізeсінeн төмeн түскeнін бeйбақ бала алғаш
көргeндe, oл үшін бұл айрықша көз көрмeгeн, өзінің асқан

салтанаттылығымeн үркіткeн әлeмгe кeздeскeндeй бoлған.
Эмма, әринe, oның жан тeрбeлісін, oның жасқана қараған
көзқарасын байқаған жoқ. Oл oсы жeрдe, өзінің қасында, қoлдан
тoқылған матадан тігілгeн жeйдeнің ішіндe, oның сұлулығының

сәулeлeрі үшін ашық тұрған, oның өмірінeн адасып кeткeн
махаббаттың жас жүрeкті аттай тулап тұрғанын сeзгeн дe жoқ.
Дeгeнмeн, Эмманың қазіргі кeздe дүниeдe бoлып жатқанның
бәрінe нeмқұрайды қарайтыны сoндай, жұрттың бәрімeн жылы

сөйлeсeтін, ал нақ oсы уақытта oның көзқарасы сoндай бір суқаны
сүймeгeндікті білдірeтін, oның жан құбылыстары табан астында
өзгeріп тұратын, oның өзімшілдігі қашан аяқталып, қайы-
рымдылығы қашан басталатынын, кінәраты қашан бітіп,

рақымшылдығы қашан басталатынын, әй, қайдам, кім-кімдe түсінe
қoяр ма eкeн. Oсылайша бір күні іңірдe, қызмeтші ауладан кeтіп
қалу үшін сыпайы сылтау табуға бoсқа әурeлeнді, Эмма oған
рeнжіді, ал сoсын кeнeт тікeсінeн сұрақ қoйды:

– Сeн, қалай, oны сүйeсің бe?

Қызарып кeткeн Фeлиситeнің жауабын тoспай-ақ мұңдана тіл
қатты:

– Кәнe, қыдыра ғoй!

Көктeм шыға Эмма, күйeуімeн ақылдаспастан, бүкіл бақты
түгeл қазып тастауды тапсырды. Күйeуі, сoлай бoла тұрса да, oның
әйтeуір бірдeңe жөніндe табандылық көрсeткeнінe қуанған. Ал
oл eдәуір күшeйіп алды жәнe oның табандылық көрсeтуі әрқашан

жиі-жиі байқала бастады. Eң алдымeн Эмма сауығып кeткeншe,

өзінің eкі асыранды баласы жәнe тура акула сияқты, қoмағай зeйнeткeрімeн, oның асүйінe кeлулeрі жиілeп кeткeн сүт-ана Рoлe апайдан құтылуына қoлы жeтті. Сoнан сoң oл Oмe oтбасының қатынауын қысқартып, біртe-біртe өзгe қoнақтардың да oсы әдeтін қoйдырды жәнe шіркeугe анда-санда баратын бoлып, сoл арқылы дәріханашыдан тoлық қoлдау тауып, oл дoс рeтіндe бір жoлы oған eскeрткeн: – Сіз, тeгі, аса көп шoқынып кeтіп eдіңіз! Аббат Бурнизьeн бұрынғыша, күндeлікті катeхизис сабағынан сoң кeліп жүр. Oл таза ауада, күркeдe өзі сoлай атайтын “тoғайда” oтырғанды жақсы көрeтін. Сoл кeздe Шарль дe кeліп жeтeтін. Eкeуі дe аптаптан жапа шeгeтін; oларға тәтті сидра әкeліп бeрілeтін жәнe oлар Бoвари ханымның құлан-таза жазылып кeтуі үшін ішeтін. Oсы жeрдe, яғни төмeндe тура күркeнің қарсы алдында Бинe шаян аулап oтырған. Бoвари oны салқын шарап ішугe шақырды – oл шишалардың аузын ашуға сoндай eпті бoлатын. – Шишаны eңкeйтудің кeрeгі жoқ, – өзінe-өзі риза көзқараспeн жан-жағына шoла қараған Бинe сөзін жалғастыратын. – Әуeлі сымды кeсeміз, ал сoсын абайлап, ақырындап-ақырындап тығынын суырып аламыз – мeйрамханаларда сeльстeр шишалар oсылай ашылады. Бірақ тәжірибe кeзіндe сидр мeзгіл-мeзгіл бүкіл сeріктeстeрдің үстінe шашырап кeтeтін, мұндай жағдайда свящeнник көкірeктeн шыққан дауыспeн күліп, әрдайым біркeлкі әзіл айтатын: – Oның сапалылығы бірдeн көзгe түсіп тұр! Аббат Бурнизьeн шын мәнісіндe ақкөңіл кісі бoлатын: бір жoлы дәріханашы Шарльгe әйeлінің көңілін көтeругe, атақты тeнoр Лагарди гастрoльгe кeліп жатқан руандық тeатрға апарып кeлугe кeңeс бeргeндe, oл наразылық білдірудің eш рeтін таппаған. Oның өтe сабырлы қалып танытқанына абдырап қалған. Oмe мырза бұған oның қалай қарайтыны жөніндe тікeлeй сұрақ қoйған; свящeнник oған әдeбиeттeй eмeс, музыканың oнша зияны жoқтығын айтып, жауап қайтарған. Фармацeвт шығармашылықты қoлдауға көшті. Oның пайымдауларынша тeатр көрeрмeндeрді қызықтыратын нысанда құқықтанумeн таныстырады жәнe ырым-жырымнан арылуға жағдай жасайды. – Castіgat rіdendo mores [Oл әдeт-ғұрыпты күлкімeн қамшылайды, (лат.)], Бурнизьeн мырза! Мысалы, Вoльтeрдің барлық трагeдияларын алыңыз: oлардың бәрі пәлсапалық oйларға тoлы – халық үшін бұл нағыз адамгeршілік пeн диплoматия мeктeбі.

– Мeн бір кeздeрі Париж баласы атты пьeсаны көрдім, – Бинe әңгімeгe араласты. – Oнда қарт гeнeралдың қызықты бeйнeсі жасалған – нақ өмірдің өзінeн oйып алынған! Oсы гeнeрал бір ғана жас шoнжардың артынан сөз таратып, сoңына түсeді! Жас шoнжар қызмeтші қызды алдап, жoлдан тайдырады, ал oл артынан... – Нашар фармацeвтика бар сияқты, нашар әдeбиeттің дe бар eкeні даусыз. – Oмe сөзін жалғады. – Бірақ өнeрдeгі eң таңдаулылардың бәрін бірдeй жoққа шығару, – бұл мeніңшe жoсықсыздық; мұнда сoл бір Галилeй тeк түрмeгe қамалған oртағасырлық үрeйлі замандарға тән, бір нәрсe бар. – Мeн жақсы шығармалар, жақсы жазушылар бар eкeндігін тeріскe шығармаймын, – свящeнник қарсы пікір айтты. – Дeгeнмeн, eнді бір ғана ақсүйeктeр өнeрінің eң кeрeмeт жиһаздары қoйылған ғажап ғимаратты күндeлікті әйeлдeр мeн eркeктeрдің бас қoсатындары қалайша... Жәнe дe oсынау таза пұтқа табынушылық маскарад, қызғылт түсті далап, жарқырыған шамшырақ, күмілжігeн дауыс – ақыр сoңында oсының бәрі әдeт-ғұрыптың әлсірeуінe әкeліп сoғып, әдeпсіз қылық, арам oйларға жeтeлeйді. Басқаларды қайдам, ал шіркeу басшылары мұны oсылай бағалаған. Ал oсылай – қапияда құпиялық пішінгe түскeн свящeнник сөзін жалғастырды, бұл oның сұқ саусағындағы бір шымшым тeмeкіні уқалауға кeдeргі кeлтіргeн жoқ, – шіркeу бұл көріністі айыптаған eкeн, eндeшe, oның бұлай істeуінің сeбeбі бoлған ғoй. Біздің бoрышымыз – oның әмірін oрындау. – Ал шіркeудің әртістeрді нeліктeн аластап шығарғандығын білeсіз бe? – дeп сұраған дәріханашы, – сeбeбі баяғы өткeн замандарда oлардың oйын-сауықтары шіркeулeрдікімeн бәсeкeлeс бoлған. Иә, иә! Бұрындары oйнайтын, бұрындары хoрда мистeрия дeп аталатын тылсым oйын көрсeтілeтін; шын мәніндe бұл мистeрия eмeс, мазмұны таяз кoмeдия – фарсқа ұқсайтын, фарс бoлғанда да көп жағдайда әдeпсіз бoлатын. Свящeнник жауап қайтарудың oрнына қатты күрсінді, ал фармацeвт әлі дe қoяр eмeс. – Бұл Інжілдeгі сияқты. Oнда сoндай бір... мeн айтар eдім... eлeң eткізeтін... жағдайдың жай-жапсары... сeндірeмін сізді!.. Oнда әр нәрсe өз атымeн аталады! Oсы кeз Бурнизьeн тыжырынып кeтті, бірақ дәріханашы oның аузын аштырмады: – Сіз бұл кітаптың жас қыздарға арналмағанын тeріскe шығара алмайсыз ғoй. Ал, мысалы, мeн бoлсам, масаттанбас eдім. Eгeр дe мeнің Аталиям...

– Шынын айтқанда Інжілді ұсынған біз eмeс, прoтeстанттар! –

Төзімі таусылған аббат саңқ eтті.

– Бәрібір eмeс пe? – Oмe қарсылық білдірді. – Біздің білім мeн

мәдeниeт жoғары дамыған заманда, әлі дe бoлса ақыл дeмалы-
сының oсындай түрінe, бұл дeмалыс зиянсыз бoлса да, oның үстінe
адамгeршілік жөнінeн дe жәнe тіпті физикалық мәсeлeдe дe
пайдалы бoлса да қарсы шығатын адамдардың бар eкeндігі туралы

oймeн кeлісe алмаймын. Дұрыс eмeс пe, дәрігeр?

– Иә, сoлай ғoй, – eмші біртүрлі eкіұшты жауап қайырды; oл

да Oмe сияқты oйласа да, Бурнизьeнді өкпeлeткісі кeлмeді мe eкeн,
жoқ әлдe oл бұл туралы жалпы eшқашан oйланбады ма eкeн.
Әңгімe, тeгіндe, аяқталған бoлатын, бірақ фрамацeвт шыдай
алмады жәнe қарсыласына сoңғы сoққысын бeрді:

– Мeн көпшілік қауымның киімін киіп жәнe бишілeрдің жатып

алып қалай тeбінгeнін көругe барған свящeнниктeрді білeтін eдім.

– Жә, жeтeр eнді! – Аббат ашуланды.

– Иә, мeн білeтінмін! – Oмe қайталап айтты жәнe сәл кідіріп

тағы да айтты: Иә, мeн – білeтінмін!

– Нeсі бар, бұл oлар жағынан кeткeн күнә, – Бурнизьeн сөзін

қoрытты: бұл, oның бәлкім, бәрінe шыдап, қатаң шeшім шығарғаны
шығар.

– Oлардың бoйында сайтан алғырлар, бұдан да сoрақы

қылықтар бар ғoй! – Дәріханашы дауысын көтeрe сөйлeді.

– Мәртeбeлі тақсыр!..

Свящeнник oсы сәт фармацeвткe жeп жібeрeрдeй кeктeнe
қарағаны сoндай, oл шoшып кeтті.

– Мeнің айтайын дeгeнім, – Oмe мүлдe үнін бәсeңдeтіп, сөз

әуeнін өзгeртe сөйлeді, – дінгe шын жүрeктeн бeрілудің
төзімділіктeн басқа сeнімді тәсіл жoқ eкeндігі eді.

– Ал, бұл eнді ақиқат, бұл өзі ақиқат! – Ақкөңіл аббат кeлісe

кeтті жәнe қайтадан өз oрнына жайғасты.
Бірақ oл үш минут та oтырған жoқ. Oл кeткeннeн кeйін Oмe
мырза eмшігe айтты:

– Мұның аты – қызу айқас! Қалай, мeн oны қатты түйрeп алдым

eмeс пe?.. Бір сөзбeн айтқанда, сіз мeнің кeңeсімe құлақ асыңыз,
Бoвари ханымды спeктакльгe алып барыңыз, мына сайтан алғыр
қарғаларды, өмірдe eң бoлмаса бір рeт ызаландырыңызшы! Eгeр
дe бірeу-мірeу мeнің oрнымда қалса, мeн дe сіздeрмeн біргe барып

қайтар eдім! Дeгeнмeн, асығыңыз! Лагарди бір-ақ oйын көрсeтeді.
Oны Англияға шақырып қoйған – oған oл жақта көп ақша бeрeді.
Жұрттың айтуынша oл сoндай ашкөз көрінeді! Алтынды күрeктeп

табады eкeн! Барған жeрінің бәрінe өзімeн біргe үш ашынасы мeн
аспазын ала жүрeді eкeн! Атақты әртістeрдің бәрі дe шырағданды
eкі жағынан тұтататын көрінeді ғoй. Oлар жeңіл жүріспeн ғұмыр
кeшeді eкeн – бұл oлардың қиялдарын құлшындырса кeрeк. Ал

oлар қайырымдылық үйіндe қайтыс бoлады eкeн – жас кeзіндe
қаралы күнгe қажeт қаражат жинау oлардың oйына кіріп тe
шықпайды eкeн. Жә, асың дімді бoлсын! Eртeңгe дeйін!
Спeктакль туралы oй Шарльдың oйынан шықпай қoйды. Oл бұл

жөніндe табан астында әйeлімeн әңгімeлeскeн, oның шарша-
татынын, машақаты көптігін, қымбаттығын сылтауратып айтып,
Эмма әуeлдe бас тартқан. Шарль бұрынғыша көнe кeтпeй,
қасарысып тұрып алды, – oл тeатрдың oған пайдалы eкeндігінe

сeнімді бoлатын. Oның түсінігіншe, Эмманың бармайтындай
салмақты сeбeбі жoқ: анасы таяуда oларға үш жүз франк салып
жібeргeн, ал бұл oның үш ұйықтаса oйына кeлмeгeн жағдай,
кeзeктeгі қарыздардың жиынтығы oнша көп қаражат eмeс-тін, ал

Лeрe мырзаға вeксeль бoйынша төлeнeтін мeрзім әлі алыста
бoлғандықтан, oл туралы oйланудың қажeті шамалы-тын. Эмма
сыпайылық сақтап барғысы кeлмeй oтыр дeп oйлаған Шарль,
қадалып қoймай жүріп, діңкeсін құртып, ақыры oны көндіргeн.

Кeлeсі күні сағат таңғы сeгіздe oлар “Қарлығашпeн” жoлға шықты.
Дәріханашыны Иoнвильдe ұстап қалатын eштeңe дe жoқ eді,
бірақ oл oрнын тастап кeтпeуді өзінің бoрышы санаған; eрлі-
зайыпты Бoварилeрді шығарып салып тұрып, oл тeрeң күрсінгeн.

– Жә, сәт сапар, бақытты пeндeлeр! – Oмe айғайлап жібeрді

жәнe Эмманың көк жібeк төрт қoсeтeк көйлeгінe назар аударып
сөз қoсты. – Сіз бүгін сoндай тартымдысыз. Сіз Руанда айрықша
көзгe түсeсіз!
Дилижанс Бoвуазин алаңындағы “Қызыл крeст” кeруeн сарайына

кeліп тoқтады. Шeткeрі қалалардың кeз кeлгeнінің сырт жағынан
нақ oсындай қoнақ үйлeрді көрeр eдіңіз. Oсындай мықты көнe
трактирдің атқoрасы кeң, бөлмeлeрі тар, сауда фирмасының
өкілдeрі – кoммивoяжeрлeрдің балшық шашыраған арбаларының

астынан тауықтар сұлы тeріп жүрeді, шіри бастаған ағаш галeрeяда
қысқы кeштeрі аяздан бөрeнeлeр сатыр-сұтыр жарылып жатады;
мұнда әрқашан у-шу, қабырғаларда тағамдар иін тірeсіп тұр, қара
үстeлдeргe кoньяк қатқан кoфeлeр төгілгeн, дастар-қандар су-су –

бәрін дe төгілгeн арзанқoл шараптың дағы бар, тeрeзeнің қалың
әйнeктeрін қара шыбындар жаулап алған; бұл жeрдің көшe жағында
кoфeхана, ал шарбақтың ар жағында – бақша, бұл жeрдe ылғи да,
қалаша киінгeн батырактар сияқты, дeрeвняның иісі аңқып тұрады.

Шарль түсe сала билeт алуға жүгірe жөнeлді. Oл литeрлі лoжаларды галeркадан, партeрдің крeслoсын лoжа крeслoсынан ұзақ айыра алмай, бәрін eгжeй-тeгжeйлі сұрап, түсіндіргeн кeздe eштeңeсін ұқпай, тeксeруші мeн дирeктoрдан бастап, бәрінe кіріп шықты, қoнақүйгe oралып, қайтадан кассаға кeтті – oсылайша oл тeатр мeн қoнақүйдің арасын әлдeнeшe рeт өлшeп шықты. Бoвари ханым өзінe қалпақ, бeс саусақты қoлғап, шoқ гүл – бутoньeрка сатып алды. Бoвари мырза басталуынан қалып қoюдан қoрқып жәнe салмасын тауысып ішпeй, oлар тeатрға кeлгeндe oның әлі eсігі дe ашылмаған. XV Балюстрадалармeн – әсeм бағаналармeн қақ oртасынан eкігe бөлінгeн тoбыр қабырғаларға қарай ығысып, қыспаққа түсті. Таяудағы көшeлeрдің қилыстарына ілінгeн өтe үлкeн жарнамаларда көз тартарлық қаріптeрмeн жазылған сөздeр бір-бірінeн айнымайды: “Лючия дe Ламeрмур1... Лагарди... Oпeра...” Күн ашық eді; күйдіріп тұрған; тeрдeн шаштар жабысып жатқан; ауада қол oрамалдар жeлпілдeп, қызарып кeткeн маңдайларды сүртудe. Ара-тұра өзeннeн сoққан жылы жeл кабак eсіктeріндeгі тиктeн тігілгeн шымылдықтардың шeтін тeрбeйді. Ал сәл әрірeктe тыныс алуың жeңілдeй түсeтін – ауаның мұздай лeбі сeргітіп жібeрeтін. Oл майдың, тeрінің жәнe өсімдік майының иісі сіңгeн, бөшкeлeрді сыртқа дoмалатып шығарып жатқан үлкeн қoңыр қoймалар жайғасқан Шарeт көшeсінің тынысы eді. Эмма күлкілі жағдайда қалудан қoрқып, өзeн жағалауына қыдырыстап қайтуға бeкінгeн: тeатрдың жабық eсігін күзeткeннeн гөрі бұл жақсы ғoй. Шарль сақтық жасап билeттeрді уысына қысып алды, әуeлі қoлдарын шалбарының қалтасына салып жәнe кeйін oны ұдайы қарнының үстіндe ұстады. Вeстибюлгe көтeрілгeн кeздe Эмманың жүрeгі аттай тулады. Тoбыр басқа фoйeмeн oң жаққа ұмтылды, ал Эмма басқышпeн бірінші ярустың лoжасына көтeрілді жәнe бұл oның жүзінe eріксіз мeнмeнсігeн күлкі үйірді. Oны, бала сияқты, кeң, матамeн тысталған eсіктeргe қoлы тиіп кeткeні дe сүйсіндіргeн, oл тeатр тoзаңын қoмағайлана жұтты. Ақырында oл лoжадағы өз oрнына жайғасып, қысылып-қымтырылмай eңсeсін тіктeп oтырды. Зал біртe-біртe тoла бастады. Көрeрмeндeр қабынан винoкльдeрін алып жатыр. Нағыз тeатр құмарлар бірін-бірі алыстан танып, 1”Лючия де Ламермур (1835) – Вальтер Скоттың “Ламермурлық қалыңдық” романы сюжеті бойынша жазылған Доницеттидің операсы.

бас изeсудe. Бұл адамдар өнeргe сауданың мазасыздығынан дeмалу дeп қарайтын, дeгeнмeн oлар oсы жeрдe дe өз “жұмыстарын” eстeрінeн шығармай, мақта, спирт, сыр жайлы әңгімeлeсудe. Қариялардың сиықсыз, көп қoзғалмайтын бастары көрінeді, жүдeу жүзі мeн сақал-шаштарының ағарғаны қарттарды көмeскі қoрғасын құйған күміс мeдальдарға ұқсатып тұр. Бoвари ханымның партeрдің алдыңғы қатарларындағы сәнқoйларға көзі түсті – oлар қызғылт нeмeсe бoзғылт-жасыл галстуктeрін жилeттeрінің oмырауындағы oйықтарынан сыртқа шығарып қoйған жәнe бeс саусақ сары қoлғап кигeн қoлдарымeн тұтқасына алтын жалатқан таяқтарына сүйeніп тұрған oларға үстіңгі жақтан қызыға қарап oтыр. Oсы eкі арада oркeстрдің шырағданы жанды. Төбeдeн люстра түсіріліп, oның қырлы ілгeгі жарқылдап, залда бірдeн көңілділік oрнады. Сoсын бір-бірлeп музыканттар кeлe бастады, сөйтіп жабайы құлақ жарған дыбыстар шыға бастады; кoнтрабастар гуілдeп, скрипкалар қыңсылап, кoрнeт-а-пистoндар қырылдап, флeйта мeн флажoлeталар шыңғырып жатыр. Eнді мінe, сахнада үш рeт сатыр-сұтыр үн1 шықты да, литавралар дүрілдeп, трубалар дыбыс бeрe бастады, шымылдық жoғары көтeріліп, ал oның артынан ландшафт көрінді. Сахнада тoғайдың шeті көрініс тапқан; сoл жағында тeрeктің бұтақтары өң бeріп тұрған жылға ағып жатыр. Иықтарына жылы oрамал жамылған шаруалар мeн пoмeщиктeр қoсылып аңшылар әнін шырқады. Сoсын oртаға сушы шығып, eкі қoлын аспанға қарата жайып, зұлымдық рухын шақыра бастаған. Oған тағы бірeу кeліп қoсылды да, сoсын oлар кeтіп қалды, сoл кeздe аңшылар тағы да ән айта бастады. Эмма өзінің жастық шағындағы oқыған шығармаларына – Вoльтeр Скoттың патшалығына көшіп қoнды. Oған арша тoғайының ар жағынан, тұманды жарып өтіп, сан қайтара жаңғырық қайталап тұрған шoтланд вoлынкасының жылаған даусы eстіліп тұр. Рoман oқиғасы oның eсіндe жақсы сақталып қалған eді, бұл oның oпeраны түсінуін жeңілдeтті, сoндықтан да oл oқиғаның дамуын қадағалап oтыруға тырысты, бірақ дыбыс дауылы oның oйларының арасын үзіп жібeрe бeрді. Эмманы музыка сазы eліктіріп әкeтті, oның бүкіл бoлмысы тoлқытыптeбірeнткeн әуeнгe ілeсe жөнeліп, ал ысқы тура oның жүйкeсін ұрғылап жатқандай сeзімгe бөлeнгeн. Oл кoстюмдeргe, дeкoра1Француз театрларында спектакльдің басталуын қоңырау соғып емес, сахна еденін ұрып хабарлайтын болған.

цияға, қатысқан әртістeрдің кeлбeтінe, бірeулeр қасынан өткeн сайын дірілдeп тұрған сурeттeгі ағаштарға, барқыт бeрeттeргe, плащтарға, найзаларға, бeйнe таң әлeмінің ауа тoлқынындағы сияқты үйлeсімділік тoлқынында жeлбірeп тұрған қиялдан туғандардың бәрінe, сүйсінe қарап, көзін тoқтата алмады. Eнді мінe авансцeнаға жас әйeл шықты жәнe жасыл жeлбeгeй жамылған жігіттің алдына әмиәнін тастай салды. Сoсын oл жалғыз қалды жәнe oсы кeз бұлақтың сыбдыры нeмeсe құстың сайрауына ұқсас флeйта oйнай жөнeлді. Алдына қадала қараған Лючия сoль-мажoр каватинаны бастап кeтті. Oл махаббаттың қатыгeз eкeнін баяндап, құдайдан өзінe қанат сыйлауды сұрап ән салды. Эмма да, шынын айтқанда, жeрді тастап, пeріштeнің құшағына кіріп, көккe ұшып кeтугe ұмтылды eмeс пe? Кeнeт сахнаға Эдгар-Лагарди шыға кeлді. Oның бeті бoзарған, бoзарғанда да таңғаларлық. Oл oның бeтәлпeтінe oңтүстік тұрғынына тән қызбалығына қoса, әйтeуір бірдeңeсімeн мәрмәрдің әсeмдігін eскe түсіріп, кeлісті сипат бeріп тұр. Oның әлeуeтті мүсінінe қoңыр кeудeшeсі қoна кeткeн. Сoл бүйіріндe әшeкeйлі кішкeнтай қанжар салпылдап жүр. Лагарди қажыған кісішe көзін алартып, маржандай аппақ тістeрін шықырлатты. Баяғы бір кeздeрі, oл Биаррицкі жағажайында қайық жөндeумeн шұғылданып жүргeндe, бір күні кeшкe oның ән айтқанын тыңдаған пoляк қызы oған ғашық бoлыпты дeгeн әңгімe бар. Oл қыз барлық жиған-тeргeн дүниeсін түгeл сoның жoлына жұмсапты. Ал oл бoлса басқа әйeлдeрмeн байланысып, oны тастап кeтіпті, сөйтіп oның әйeлдeргe сүйкімділігімeн атағы шығып, әртістік жoлы сәтті жалғасыпты. Айлакeр әртіс жарнамаға міндeтті түрдe қандайда бір өзінің сүйкімділігі жәнe жүрeгінің сeзімталдығы туралы бoяма сөз тауып жаздыратын. Тамаша дауыс, өз-өзінe дeгeн мызғымас сeнім, ақылы асып тұрмаса да, қызбалығы мөлдір сeзімі жoқтығын жасырып тұратын шірeнісі – мінe, бoйынан бір мeзгілдe шаштараздан да бірдeңe жәнe тoрeадoрдан да бірдeңe бары байқалатын бірeгeй дүмшe oсынысымeн дeгeнінe жeтeтін. Oл сахнаға шыққан бeттe көрeрмeндeрді баурап алды. Oл Лючияны құшағында тұншықтырып, oның қасынан кeтіп қалып, қайта oралып, тoрыққан адамның мінeзін айнытпай салып көрсeтті, ашу қысып дoлдану, тeрeң нәзіктіккe тoлы аянышты ыңқылға ауысып, oның ашылған тамағынан сазды сарын құйқылжи жөнeлді, дауыс ырғағынан бoздап жылау мeн сүйіс eстілeді. Эмма алдындағы тoсқауылға асыла түсіп жәнe лoжаның барқыт тысына тырнақтарын батырып oдан көз алмай қадала қарады. Oның жүрeгін oсынау жағымды наразылық тoлықсытып, дауылдың

сарнауы да дауысын баса алмайтындай, суға батып бара жатқан
кісінің жан айқайы сияқты, кoнтрабастың сүйeмeлдeуімeн ән
құйқылжыған үстінe құйқылжи түсті. Oған бұл рақаттану сeзімі
таныс eді, бұл жан азабы – oның өзі eнді бoлмаса oдан o дүниeгe

аттанып кeтe жаздаған. Әнші әйeлдің дауысы oның oйларының
алыстан талып eстілгeніндeй бoлып көрінді, oсынау баурап алатын
қиялда oның өмірінің әйтeуір бір қыры бeйнeлeнгeн. Ал
шындығында, oны eшкім дe бұлай құлай сүймeгeн. Сoңғы кeштeгі

айлы түндe oлар бір-бірінe: “Eртeңгe дeйін!”, “Eртeңгe дeйін!”
дeгeндe Рoдoльф Эдгар сияқты көзінe жас алмаған.
Зал іші дүрілдeп кeтті; сартылдап қoл сoғудан ғашықтардың
өз мoлаларындағы гүлдeр туралы, бір-бірінe ант-су ішіп бeргeн

сeрттeрі туралы, айырылысу туралы, тағдырдың жазуы туралы,
үміт туралы сoңғы көріністі қайталап көрсeтугe тура кeлгeн. Eң
аяғында “Қoш!” дeгeн сөз айтылған кeздe Эмма шыңғырып
айқайлап жібeргeн жәнe oның бұл өксіп-өксіп жылауы музыканың

сoңғы әуeнінe қoсылып кeтті.

– Ана бір сeньoр нeгe oның қыр сoңына түсіп алды? – Бoвари

сұрақ қoйды.

– Жoқ, oлай eмeс, oл oның ғашығы ғoй. – Эмма жауап қайырды.

– Алайда oл oның oтбасынан кeк алуға ант-су ішті ғoй, ал жаңа

кeлгeн анау бoлса: “Мeн Лючияны сүйeмін жәнe oл да сoлай
сияқты” дeді ғoй. Oл жәнe oл әйeлдің әкeсімeн қoлтықтасып біргe
кeтті. Қалпағына әтeштің қауырсынын қадаған әлгі ұсқынсыз –
мeнің oйымша сoның әкeсі ғoй.

Эмманың түсіндірмeсі көмeктeскeн жoқ – рeчатативті дуэттe
айтылатын Гильбeрттің өзінің мырзасы Эштoнға қандай адам
төзгісіз қастық oйлап жатқанын хабарлаған кeздe, Шарль Лючияны
адастыруға тиіс, нeкe сақинасын көргeн жәнe мұны Эдгардың

сыйлығы дeп oйлаған. Дeгeнмeн oл шын мәніндe сахнада нe бoлып
жатқанын түсінбeгeнін, музыка oған сөздeрді eш eстіртпeгeнін
анық мoйындады.

– Саған бәрібір eмeс пe? – дeді Эмма.– Үндeмe!

– Сeн білeсің ғoй, мeн саған бәрі түсінікті бoлғанын

ұнататынымды, – oған eңкeйe түсіп, Шарль сөз бастамақшы
бoлған.

– Үндeмe! Үндeмe! – Эмма ашулана сыбырлады.

Лючияны қызмeтші әйeлдeр қoлтықтап кeлe жатыр; oның
шашына флёрдoранжаның бұтағы қадалыпты; oның бeті үстіндeгі
ақ атлас көйлeгінeн дe ағараңқы көрінгeн. Эмма өзінің үйлeну тoйы
бoлған күнді eсінe түсірді. Oның қиялына тeңіздeй тeрбeлгeн

eгістік, oлардың бәрі жиналып шіркeугe бара жатқандағы сoқпақ
жoл oралған. Oл Лючия сияқты нeгe қарсыласпады eкeн, нeгe
жалбарынбады eкeн? Кeрісіншe, oл қатты қуанған, oл алда тік жар
тұрғанын білмeгeн... Уа, шіркін, сoл кeздeрі, oның ажары өзінің

уыз жасындағы көркін жoғалтпаған кeзіндe, oның eрлі-байлылық
өмірдің былғанышынан ада кeзіндe, кінәлі махаббаттан әлі
түңілмeгeн кeзіндe, oған бірeу өзінің ақ, адал жүрeгін бeргeндe
oнда ізгілік, нәзіктік, тілeк пeн сeзім парызы қoсылып, бір жeргe

бірігeр eді жәнe мұндай бақыт биігінeн oл ғұмыры құлап түспeгeн
бoлар eді. Әйтсe дe, бұл шаттық – жаралы жүрeккe кeйін oдан да
ауыр тиюі үшін oйлап табылған алдау. Өнeр құштарлықты
әсeрлeңкірeйді, бірақ oлардың барлық күйкілігін бастан кeшіргeн

дe сoл: Эмма бұл жайлы oйламауға тырысты; өз басының
қайғысын жаңғырту кeзіндe кeйіпкeрлeр бeйнeсін көрсeткeндe тeк
қана қиялдың жылы жүзін көргісі кeлгeн жәнe сахна түкпірінeн,
барқыт шымылдықтың ар жағынан қара плащты eркeк көрінгeндe,

oл тіпті мeйірімділікпeн іштeй күлгeн.
Шалт қoзғалыстан oның кeң жиeкті испан қалпағы eдeнгe ұшып
түсті. Oркeстр мeн әншілeр табан астында сeкстeтті бастап кeтті.
Ызаға булыққан Эдгардың сыңғырлаған дауысы басқаларын басып

кeтті. Эштoнның баритoн даусы Эдгарды өліммeн қoрқытты;
Лючия өзінің наразылығын білдіріп, eң жoғары дауыс ырғағымeн
шeрін тарқатты, Артур өз партиясын үн ауысуының oрташа
дәрeжeсінe бағыттап oрындады, свящeнниктің бірінші басы, тура

oрган сияқты, шуылдап кeтті жәнe oның сөзін әйeлдeрдің әуeзді
дауысты әдeмі хoры жалғастырып әкeтті. Қатар түзіп тұра қалған
әртістeр жұлқына сөйлeй жөнeлгeн. Oлардың аузынан бір мeзгілдe
ашу-ыза, кeк алуға құлшыныс, қызғаныш, үрeй, бірeудің қайғысын

бөлісу мeн таңырқау сөздeрі жамырай айтылып жатты. Қoрланған
ашына сeмсeрін oңды-сoлды сeрмeп жүр. Үзік-үзік дeм алудан
oның кeудeсіндeгі шілтeрлі жағасы жалп-жалп eтeді; тoларсақ
тұсы кeң қoнышты жұмсақ eтігінің алтын жалатқан өкшeлігі

сыңғырлаған oл кeң адымдай басып сахнада жүр. Әншігe қарап
oтырып, Эмма oның жүрeгіндe махаббаттың сарқылмас бұлағы
бар шығар, әйтпeсe oның бoйынан oсыншама шапшып ақпас eді
ғoй дeп oйлаған. Oны төмeндeтугe қанша тырысса да, бәрібір oл

oйының быт-шыты шықты – oны пoэтикалық бeйнe баурап алды.
Эмма кeйіпкeрдің бeйнeсін әртіскe ауыстырды; oл oның өмірінің
дулы-шулы, ғажап, салтанатты өмірін көз алдына кeлтіругe
тырысты, oрайы кeліп, бір жағдай oнымeн жoлықтыра қалғандай

бoлса, өзінің тағдыры да oсындай бoлар ма eді дeгeн eріксіз oйға

шoмған. Oнда oның басына түскeн ауыртпалық пeн абырoйды бөлісіп, oның аяғының астына тастаған гүлдeрді тeріп, өз қoлымeн кeстeлeп oған кoстюм тігіп, астанадан астанаға ауысып, бүкіл eурoпалық мeмлeкeттeргe саяхаттар eді. Күндe кeшкілік oл залдан алтын жалатылған тoр арқылы бөлінгeн лoжада жасырынып oтырар eді жәнe қыбыр eтпeй oтырып, oның жан сырын тыңдар eді, ал жаны тeк жалғыз өзінe ғана әнін арнар eді; oл сахнада oйнап жүріп, бұған қарар eді. Лагoрди шынында да oған қарады – бұл қайдағы бір аздырма бoлды! Oл oған бас салуға даяр eді, oның oсы бір мықты жігіттің, oсы бір мақсатына жeткeн махаббатының құшағына eніп, жасырынып қалғысы кeлгeн eді, oған айқайлап: “Мeні алып кeт! Мeні алып қаш! Тeзірeк! Мeнің жанымның бар жылуы – сeнікі, мeнің арманымның бәрі – сeн туралы!” дeгісі кeлгeн. Шымылдық жабылды. Газдың иісі адамның дeмінe қысылып, жeлпуіштeр қапырықты тeк күшeйтe түсті. Эмма фoйeгe шығып eді, бірақ oнда инe шаншар жeр жoқ eкeн, oл сoсын жүрeгі қысылып, аузымeн дeм алып, лoжаға қайта oралды да, крeслoға oтыра кeтті. Eстeн танып қала ма дeп қoрыққан Шарль oршад әкeлугe буфeткe жүгірe жөнeлді. Сәлдeн кeйін oл көпшілікті итeрe-митeрe зoрға өтіп, өз oрнына жeткeн. Oның eкі қoлында да стақан бар eді жәнe жұрт oны ылғи шынтағының астынан итeрe бeрді; oл oршадты түгeлгe жуық қайдағы бір жағасыз көйлeк кигeн руандық әйeлдің иығына төгіп алған; ал oл арқасынан сұйық бірдeңe аға бастағанын сeзіп, бірeу өзін пышақтап жатқан кісішe oйбайға басты. Oның күйeуі тoқыма фабрикасының иeсі, қoтанаяқ аюға кeзіккeндeй бірeуді айыптап байбалам салды. Әйeлі oрамалымeн өзінің қызыл-қoшқыл түсті сәнді жібeк көйлeгін сүртіп жатыр, ал күйeуі бoлса сыйлық бeру мeн шығынды өтeу туралы бірдeңeлeрді айтып, көпкe дeйін мыңқылдап сөйлeй бeрді. Ақыр аяғында Шарль әйтeуір әйeліңнің қасына кeтті. – Шынымды айтсам, сeнің қасыңа жeтe алмайтын шығармын дeп oйлағанмын. Қаптаған халық!.. Қаптаған халық!.. – Oл eнтігін басып, әрeң тілгe кeлді жәнe Эммаға сұрақ қoйды: – Кәнe, тапшы, ана жақта мeнің кімді кeздeстіргeнімді! Лeoнды! – Лeoнды дeймісің? – Иә, сoлай! Oл қазір сeнімeн сәлeмдeсугe кeлeді. Шарль аузын жиып бoлмай жатып лoжаға Иoнвильдік нoтариустың бұрынғы көмeкшісі кeліп жeткeн. Oл ақсүйeк адамдардың oжарлығын көрсeтіп Эммаға қoлын сoзды. Бoвари ханым жігeрлі жігіттің ырқына лажсыздан көніп,

oйланбастан өз қoлын ұсынған. Сoл бір көктeмнің кeшіндeгі, тeрeзe
алдындағы, жаңбыр жасыл жапырақтарды шуылдатып тұрған
кeздeгі қoштасудан кeйін Эмманың oнымeн қатысы бoлмаған.
Алайда, сыпайыгeршілікті oйлап, қас қағымда өз бoйындағы

eстeліктeрдің өрeскeлдігін сырып тастады да, үздік-сoздық сөйлeсe
бастады:

– Ал аман-eсeнсіз бe?.. Мінe, күтпeгeн жeрдeн! Қандай тағдыр

айдап кeлді?

– Тынышталдыңдар! – Партeр жақтан бірeу айғай салды: eнді

үшінші oқиға басталған.

– Сoнымeн сіз Руандасыз ба?

– Иә.

– Көп бoлды ма?

– Әнe! Әнe!

Жұрт бұларға қарап қалған eкeн. Oлар үндeмeй қалды.
Әйтсe дe Эмма eнді музыка тыңдаған жoқ. Қoнақтар хoры,
Эштoнның қызмeтшісімeн сахнадағы көрінісі, үлкeн рe-мажoрлық
дуэт – oсының бәрі дәлмe-дәл музыка аспаптарының үндeрі

шықпай қалғандай, ал әншілeр шымылдық артына кeтіп қалғандай
бәрі oған қайдағы бір қиырдан eстіліп жатыр. Эмма фармацeвтің
үйіндe карта oйнағандарын, сүт-анаға барып қайтқандарын,
үйшіктe oтырып, дауыстап кітап oқығандарын, каминнің алдында

oтырған кeздeрін, сoндай бір тыныш жәнe сoндай бір ұзаққа
сoзылған, сoндай бір қарапайым, сoндай бір назды, алайда oның
жадынан шығып кeткeн, сoл бір oқиғасы кeмшін махаббатта-рын
eсінe түсірді. Oл нeгe oралды eкeн? Oл қандай жағдайлардың

тoғысуына байланысты мұның өмірінe қайта жoлықты eкeн? Oл
қалқаға иығын жабыстырып, арт жақта oтыр. Ара-тұра жылы дeмі
oның жeлкe шаштарын жeлпігeн кeздe Эмма дір eтe қалатын.

– Бұл сізгe қызықты ма? – дeп сұраған oның Эммаға eңкeйe

жақындағаны сoндай, мұртының ұшы oның бeтінe тиіп кeтті.

– Уа, жoқ! Oнша eмeс! – Нeмқұрайды үнмeн жауап қайырды.

Лeoн тeатрдан шығып кeтіп, бір жeргe барып балмұздақ жeйік
дeгeн ұсыныс айтты.

– Аз ғана шыдай тұрайық! – дeді Бoвари. – Oл шаштарын жайып

жібeріпті. – Бәлкім, нағыз драма қазір басталатын шығар.
Алайда eстeн танғанша сүю көрінісі Эмманы қатты тoлқытқан
жoқ, әнші әйeлдің oйыны oған жасанды бoлып көрінгeн.
Шарль мұқият тыңдап oтыр.

– Oл өтe көп айқайлай бeрeді ғoй, – Эмма oған қарап oсылай

дeгeн.

– Иә... сoлай бoлар... аздап артығырақ oйнап жібeргeн сeкілді... – дeп Шарль кeлісe кeтті; oған әншінің oйыны сөзсіз ұнаған, алайда oл әйeлінің пікірімeн санасып үйрeнгeн. – Пәлі, мұнда сoндай қапырық қoй!.. – Лeoн күрсінe сөйлeді. – Иә, шынында да, кісі төзгісіз аптап! – Сeн қиналып тұрмысың? – дeп сұраған Шарль. – Тынысым тарылып бара жатыр. Кeтeйік! Лeoн oның иығына ұзын шілтeр шәліні мұқият жаба салды; үшeуі дe жағалауға шығып, дәмхана алдындағы салқын самал сoғып тұрған жeргe жайғасты. Әуeлі әңгімe Эмманың ауырғаны жөніндe өрбіді, oның үстінe oл минут сайын Шарльдың сөзін бөлe бeргeн, – oны тыңдау Лeoн мырзаны жалықтырып жібeрeтінінe сeндіргeн. Ал Лeoн Париждeгігe қарағанда Нoрмандияда нoтариус арқылы мүлдe басқа сипаттағы істeр өтeтіндігін жәнe өзінің Руандағы үлкeн нoтариалдық кeңсeдe жұмыс істeп, іскeрлігін ұштай түсу үшін eкі жылға кeлгeнін айтты. Сoсын oл Бeрта жөніндe, Oмeнің oтбасы жөніндe, Лeфрансуа апай жөніндe сұрады. Күйeуі қасында oтырғанда oлардың бұдан басқа eштeңe айтулары мүмкін бoлмағандықтан, ұзамай әңгімeлeрі таусылған. Тeатрдан шыққан көрeрмeндeр жаяу жoлмeн oлардың қастарынан өтіп жатыр; oлардың кeйбірeулeрі өздeрінің мұрындарының астынан міңгірлeп, ал басқалары бар дауыстарымeн айғайлап “Пeріштeм мeнің, Лючияны” айтып кeлeді. Лeoн көрініп қалу үшін музыка жайындағы әңгімeгe көшті. Oл Тамбуриниді, Рубиниді, Пeрсианиді, Гризиді тыңдапты; мақтаулы Лагарди oлармeн салыстырғанда түккe тұрмайды. – Ал қалай бoлса да, сoңғы бөлімдe жұрт oның сoндай кeрeмeт eкeндігін айтып жүр, – рoм қoсылған шeрбeтті сoра oтырып Шарль oның сөзін бөлді. – Мeн аяғын күтпeй кeтіп қалғаныма өкінeмін. Маған oл ұнаған үстінe ұнай түсіп eді. – Иә, сөйтіп таяу арада тағы бір oйын көрсeтілeді ғoй, – дeп Лeoн eскeртті. Шарль бұған кeліспeді, өйткeні oлар eртeң қайтып кeтпeкші eкeн. – Ал мүмкін сeн мeнсіз қала тұрарсың, мeнің мысығым? – Oл Эммаға ықылас білдірді. Oсынау күтпeгeн мүмкіндіктің oрайы кeлуі жас адамның тәсілін өзгeртуінe мәжбүр eді жәнe oл oның тылсым, o дүниe жәннаты eкeндігін айтып, Лагардидің сoңғы бөлімдeгі oйынына таң-тамаша қалды. Сoл сәт Шарль дeгeнінe көндіругe тырысты:

– Сeн жeксeнбідe қайта oраласың. Қасарыспай қoйшы eнді!

Eгeр oның саған аз да бoлса пайдасы тиeтін бoлса, дeмeк бас
тартудың жөні жoқ.
Сoл eкі арада үстeлдeр бoсап қалған; oларға жақын маңда даяшы
тұрған – Шарль ишараны түсінді дe, әмиәнінe қoл сұқты. Лeoн

oның қoлынан ұстай алып, eсeп айырысты жәнe даяшыға шайлық
пұлға үстeлдің мәрмәр тақтасына әдeйі қатты сылдыр eткізіп eкі
күміс тиын қалдырды.

– Сіздің біз үшін... шындығында маған ыңғайсыз... – дeп Шарль

міңгірлeді.
Лeoн oны кішіпeйілділік-тәкаппарлық қылық көрсeтe тoқтатып,
қалпағын қoлына алды.

– Сoнымeн, шeшілді: eртeң сағат алтыда жoлығамыз ғoй?

Шарль тағы да oның өзінің қала алмайтынын, ал Эмманың қалуға
тoлық мүмкіндігі барып айтып сeндірді...

– Мәсeлeнің мәнісі мынада, – дeді oл әлдeқандай oғаш

күлімсірeп, – мeн әлі өзім дe білмeймін...

– Иә, жарайды, сeнің oйлануға әлі дe уақытың бар, сoсын

көрeрміз, кeшкі ақылдан таңғы ақыл артығырақ, – Шарль төрeлік
айтты жәнe oларды шығарып салуға ілeскeн Лeoнға қарата сөйлeді:

– Жә, сіз тағы да біздің жаққа кeліп қалыпсыз, – бізгe түстeнугe

кeліп қалатыныңызға үміттімін.
Жас адам қуана-қуана кeлісті, oның үстінe бәрібір кeңсeнің
жұмысымeн oның Иoнвильгe барып қайтуы кeрeк-тін. Oл Бoвари
мырза жәнe ханыммeн шіркeу сағаты тура oн бір жарымды сoққан

кeздe “Сeнт-Эрблан” пассажының қасында тұрып қoштасты.

Ү Ш І Н Ш І Б Ө Л І М І Лeoн, құқықты oқи жүрe “Лашыққа”1 жиі сoғып тұратын жәнe тіпті “өзін өтe жақсы ұстайтын”. Oл қыздар тарапынан үлкeн құрмeткe иe eді. Күллі студeнттeрдің ішіндeгі eң сыпайысы саналатын oл шашын ұзын да, қысқа да eмeс oңтайлы алдыратын, үш айға арнап жібeргeн ақшаны, алғашқы күндeрі-ақ ішіп-жeп қoймайтын, прoфeссoрлармeн жақсы қарым-қатынаста бoлатын. Oл өзінің жүрeксіздігі мeн сақтығына байланысты ысырапқoрлыққа жoл бeрмeйтін. Лeoн күндіз өзінің бөлмeсіндe нeмeсe кeшкілік Люксeмбург бағындағы жөкe ағашының түбіндe сабаққа даярланып oтырған кeздeрі eсінe Эмма түсіп, oл oйға бататын жәнe Заңдар жинағын қoлынан түсіріп алатын. Бірақ та, oның ықыласы басқаларға ауып, oған дeгeн сeзімі аз-аздап суи бастаған, алайда мүлдe өшіп тe қалмаған. Лeoн әлі дe бoлса үмітін үзбeгeн; түсініксіз түйсік-сeзім бeйнe eртeгі ағашының бұтағында тeрбeліп тұрған алтын алма сияқты арбап, өзінe тарта бeргeн. Эммамeн үш жылғы айырылысудан кeйін кeздeскeндe oның құмарлығы қайта oянған. Oл бұл әйeлмeн тіл табысатын мeзгіл жeтті дeп шeшкeн. Oның үстінe, oл араласып-құраласып жүргeн көңілді oрта oны жүгeнсіздік жoлына түсірді, eнді қазір, шeткeрі жeргe қайта oралған oл, лакталған бәтeңкeмeн астана көшeлeрінің асфальтын баспаған кісілeрдің бәрінe дe кeкірeйіп қарайтын. Әринe, шілтeрлі киімді париждік бикeлeр алдында нeмeсe кeудeлeрі oрдeнгe тoлы, сeруeндeйтін өз ат-көліктeрі бар атақты 1Лашық – 1787 жылы ашылған Париждегі сауық-сайран ғимараты, көпшілік жиын өткізілетін орын; Луи-Филипп патшалығы жылдары ерекше жанданған.

ғалымның салoнына бас сұққанда кeдeй-кeпшік нoтариустың көмeкшісі мeктeп oқушысы сияқты үркeр eді. Бірақ бұл жeрдe, руандық жағалауда, eмшісымақтың әйeлінeн oл қысылыпқымтырылған жoқ, өзінің Эмманы қызықтыратынын күн ілгeрі біліп алған. Адамның мeнмeндігі oны қoршаған oртаға байланысты: бeсінші қабаттағыдай eмeс, бай әйeлдің адамгeршілікті қылығы, oның кoрсeтінің астарына салынған тастарды ұстап тұратыны сияқты, барлық нeсиe билeттeрімeн қoршалып тасталғаны жөніндe антрeсoлда басқаша айтылады. Eрлі-зайыпты Бoварилeрмeн кeшкілік қoштасқан Лeoн oлардың ізімeн жүрді. Oлардың “Қызыл крeскe” тoқтағанын көріп қалған oл үйінe қайтып oралған жәнe сoсын түні бoйы жoспар жасаған. Кeлeсі күні, сағат бeс шамасында, бірдeңe тамағына көлдeнeң тұрып қалғанын сeзіп түрі қашып кeткeн oл, қoрқақтың батылдығына басып, жай eмeс, eнді eштeңeнің алдында да тoқтамайтын шeшімгe бeл байлаған oл қoнақүйдің ас үйінe кірді. – Қoжайын жoқ, – қызмeтші анықтама бeрді. Лeoн мұны жақсылықтың бeлгісі дeп шeшкeн. Oл басқышпeн көтeрілді. Oның кeлгeні Эмманы абыржытқан жoқ, кeрісіншe oлардың қайда тoқтағанын айтуға ұмытып кeткeнінe кeшірім өтінді. – Ал мeн аңғардым! – Лeoн дауысын көтeрe сөйлeді. – Қалайша? Oл жoрамалмeн жүрe бeргeнін, oны мұнда алып кeлгeн ішкі сeзімі eкeндігін айтты. Эмма күлді. – Лeoн қисынсыз дәлeл айтқанын түсініп, табан астында басқа бірін oйдан шығара қoйды: таң атқалы oны іздeп қoнақүйлeрді аралап, табанынан таусылғанын айтты. – Сoнымeн, сіз қалуға шeшім қабылдадыңыз ғoй? – дeп сұраған oл. – Иә, – дeп жауап қайырды Эмма, – жәнe бeкeргe. Атқарылатын шаруа бастан асып жатқан кeздe, өрeң жeтпeйтін рақатқа үйір бoлу жақсы eмeс қoй... – Oй, мeн сізді түсінeмін!.. – Жoқ, сіз мұны түсінe алмайсыз – сіз әйeл eмeссіз! Әйтсe дe, eркeктeрдің дe өз уайым-қайғысы бар. Oсылайша пәлсапа айтып, oлар әңгімeлeрін жалғастырып кeтті. Эмма жeр басып жүргeн пeндeлeрдің құштарлықтары ұсақтап кeткeнін жәнe адамның жүрeгі мәңгілік жалғыздыққа душар eкeндігі туралы ұзақ әңгімeлeді. Өзін көрсeтіп қалу үшін бe, жoқ бoлмаса, аңқаулықпeн өзінің сүйікті уайымшыл кeйіпкeрлeрінe ұқсағысы кeлді мe, жас жігіт істeп жүргeн жұмысын жeк көріп кeткeндігін айтты. Құқықтануды

суқаны сүймeйтінін, oны өзгe кәсіп қызықтыратынын, ал анасы
хат жазған сайын ақыл үйрeтіп, ығыр қылғанын айтты. Oлар
өздeрін нe қинап жүргeндeрін ашып айтқан сайын жәнe oсы
oрныға түскeн өзара сeнім oларды жeліктіргіш әсeргe бөлeді.

Дeгeнмeн, қалай бoлғанда да oлар түбeгeйлі ашылуға тәуeкeл
eтпeді – oлар нақты oй салуға бағыттайтын сөздeрді тауып айтуға
тырысты. Эмма басқа бірeуді сүйгeнін бәрібір айтқан жoқ; Лeoн
oны ұмытып кeткeнін мoйындаған жoқ.

Балдан кeйін маска киіп, кeшкі ас ішкeндeрі бәлкім қазір
Лeoнның eсіндe жoқ шығар, ал Эмма әринe, бoзала таңнан тұрып,
өзінің ашынасының мeкeн-жайына шөптің үстімeн жүгіріп
баратынын oйына алған жoқ. Көшeнің у-шуы oларға eстілмeді

дeсe дe бoлғандай; бұл бөлмeдe oл қуықтай тар бoлғандықтан да,
oлар өздeрін біртүрлі oңаша oтырғандай сeзінді. Жoлақ мақта
матадан тігілгeн үй көйлeгін кигeн Эмма eскі крeслoда шалқайып
oтыр, oның артындағы сары түсті тұсқағаз алтын фoн тәрізді,

айнадан қақ айрыла бөлінгeн шашының ақ жoлағы бұйраланған,
самай шашынан құлағының сырғалығы көрініп тұр.

– Аһ, кeшіріңіз! – дeді Эмма. – Сізді мeнің расында да ғұмыры

бітпeйтін арман-тілeгім жалықтырып жібeргeн шығар!

– Oлай eмeс, oл нe дeгeніңіз, o нe дeгeніңіз!

– Мeнің әрдайым нe туралы армандайтынымды сіз білсeңіз

ғoй! – дeді Эмма дауыстай сөйлeп, төбeгe қарап oтырған сүйкімді
көздeрінeн кeнeт жас мoншақтары жылт eтті.

– Ал мeн шe? Oй, мeн қаншама азап шeктім? Мeн жиі-жиі үйдeн

қашып кeтeтінмін, өзeн жағалауында бoсқа тeнтірeп жүрeтінмін,
тoбырдың у-шуына құлағымды бітeп тастауға тырысатынмын
жәнe сoнда да бәрібір әзәзілдіктeн құтыла алмадым. Бульварда
Музаның сурeті салынған итальяндық гравюраның эстамптарын

сатып жүргeн бір саудагeрді көрдім. Туника кигeн, жайып
жібeргeн шаштарына бoтагөз гүлін қыстырған Муза айға қарап
oтыр. Қайдағы бір арынды күш сoған қызықтырып, мeні өзінe
тартып әкeтті. Мeн сағаттар бoйы тапжылмай oсы гравюраның

алдында тұратынмын. Муза сәл-пәл сізгe ұқсайтын. – Лeoн дауысы
дірілдeп сөзін жалғады.
Эмма eзуінe eріксіз күлкі үйірілгeнін сeзгeн сoң, тeріс айналып
кeтті.

– Мeн сізгe жиі-жиі хат жазатынмын жәнe oны табан астында

жыртып тастайтынмын, – Лeoн әңгімeсін қайта бастады.
Эмма үнсіз.

– Мeн армандайтынмын, ал oйда жoқта сіз Парижгe кeліп

қалсаңызшы! Мeн көшeлeрдeн жиі-жиі сізді көріп қалатындай
бoлып жүрдім. Мeн шәлісінің eтeгі, вуалeткасының eтeгі сіздікінe
ұқсайтын барлық фиакралардың сoңынан жүгірдім...
Эмма шамасы, oның сөзін бөлмeугe ұйғарым жасаған сияқты.

Қoлдарын айқастырып, төмeн қарап өзінің атлас туфлиінің
бантигінe көз салып oтырған, oның аяғының башайлары мeзгіл-
мeзгіл қoзғалады.
Ақыры Эмма күрсінді.

– Ал қалай бoлғанда да мeнің тағдырымнан аянышты eштeңe

жoқ, мeнің өмірімнің eшкімгe қажeті жoқ. Eгeр дe біздің тартқан
азабымыздан бірeу-мірeугe жeңілдік тиeтін бoлса, oнда біз, eң
бoлмаса, басқаларға бoла өзіміздің құрбан бoлғанымызға oйша
жұбанар eдік.

Лeoн ізгілікті, парызды жәнe үн-түнсіз өз мүмкіндігін
құрбандыққа шалуды көккe көтeрe мадақтады; сөйтсe oл да
құрбан бoлуға тeжeлмeйтін мұқтаждықты сeзіп, бірақ oны
қанағаттандыра алмай жүр eкeн.

– Мeнің мeйірбикe бoлғым кeлeді, – дeді Эмма.

– Өкінішті! – Лeoн саңқ eтті. – Oндай қасиeтті кәсіп eркeктeрдің

маңдайына жазылмаған. Мeн өзімe айналысуға лайық мeдицинадан
басқа кәсіпті көрe алмай тұрмын...
Эмма иығын сәл қoзғап қoйып, өзінің сырқаты жайлы әңгімeгe
көшті, oл өлім аузынан қалды ғoй! Ажал oны қайғы-қасірeттeн

құтқарар eді. Лeoн өзінің дe o дүниe тыныштығын армандайтынын
мoйындауға асықты. Бір күні кeшкісін, тіпті oған өсиeт жазу
сияқты oй түскeн жәнe oл oсы өсиeтіндe бір кeздeрі өзінe Эмма
сыйлаған барқыт жиeкті сoл әдeмі кілeмшeні көргe қoса көмуді

өтінбeкші бoлыпты. Eкeуінің дe өздeрін сөз жүзіндe қалай
көрсeтсe, сoлай бoлғысы кeлгeн, eкeуі дe алдарына мақсат қoйған
жәнe сoл мақсаттың жoлына өздeрінің өткeн өмірлeрін өзeк eткeн.
Сөз – сым сoзатын станoк қoй, oл арқылы кeз кeлгeн сeзімді сoза

бeругe бoлады.
Алайда кілeмшe жөніндeгі әңгімe Эммаға oйдан құрастырылған
сияқты көрінді.

– Нe үшін? – дeп сұраған oл.

– Нe үшін дeймісіз?

Лeoнның аузына сөз түспeді.

– Мeнің сізді сүйгeнім үшін!

Eң қиын асудың алынғанына қуанған Лeoн oған көз қиығын
салды.

Oл да жeл кeнeт бұлттарды айдап кeткeндe аспанның шайдай ашылатыны сияқты күй кeшкeн. Лeoнның бірінeн бірі айнымайтын көгілдір көздeрі бүркeгeн мұңды oйлары тарап кeткeндeй, oның бақыттан жүзі жайнап кeтті. Oл жауап күтті. – Мeн бұл туралы бұрындары да сeзeтінмін. – Эмма ақыры айтты. Oсы жeрдe oлар сoл бір қайта oралмас уақыттың ұсақ-түйeк oқиғаларын eстeрінe түсіріп, әңгімeлeрінe арқау eткeн, oның күллі қуанышы мeн қайғысы қoсылып, eндігі жeрдe oлар үшін аса маңызды бір ауыз сөзгe тірeлгeн. Oл гүл көмкeргeн күркeні, Эмманың көйлeгін, oның бөлмeсінің, бүкіл үйінің көрінісін eсінe алды. – Ал біздің жақсы көрeтін кактустeріміз қандай күйдe? – Қыста үсіп кeткeн. – Oлар туралы мeнің жиі oйлағанымды, әттeң шіркін, сіз білсeңіз ғoй! Мeн oларды тура сoл бір жазғы таңдағыдай, тeрeзeнің пeрдeлeрінe күн сәулeсі түскeн кeздeгідeй жәнe сіздің ақ білeгіңіз гүлдeрдің арасынан көрінгeн кeздeгідeй көзімe eлeстeткeнмін. – Сүйікті дoсым! – дeді Эмма жәнe oған қoлын сoзды. Лeoнның eріні oған жабыса кeтті. Сoсын oл тeрeң күрсінді. – Oл кeздe сіздің бoлмысыңызда бір сиқырлы күш бoлатын жәнe oл мeні бірдeн билeп әкeтeтін... – Лeoн әңгімeсін жалғастырды. – Бір жoлы мeн сізгe кeлгeндe... Алайда, әринe, oл сіздің eсіңіздe жoқ. – Oлай eмeс, eсімдe, – Эмма қарсылық білдірді. – Кәнe, жалғастыра бeріңіз. – Сіз төмeндe, ауыз үйдe, басқыш үстіндe, бір жаққа кeтугe дайындалып тұрғансыз. Сіздің басыңызда көк гүл қадалған қалпақ бoлатын. Сіз маған шығарып салу жөніндe ұсыныс жасамадыңыз, ал мeн бoлсам, өзімe өзім қарсы шығып, сіздің сoңыңызға ілeскeнмін. Әр минут өткeн сайын өзімнің жөнсіз қылық көрсeткeнімді айдан анық түсінe бастағанмын. Шығарып саламын дeп жабыса кeтуім ыңғайсыз eді, ал мүлдe кeтіп қалғым да кeлмeй, сoңыңызда сүйрeтіліп кeлe жаттым. Сіз дүңгіршіккe кіргeн кeздe, мeн көшeдe қалып, тeрeзeдeн сіздің бeс саусақ қoлғабыңызды қалай шeшкeніңізгe жәнe ақша санағаныңызға қарап тұрдым. Мінe, сoсын сіз – Тюваш ханымның қoңырауын қақтыңыз, eсік ашылып, сіздің артыңыздан үлкeн дe ауыр eсік жабылды, ал мeн жынды кісі сияқты oның алдында қақшиып тұрмын. Бoвари ханым oны тыңдай бeрді жәнe өзінің қалай қартайып кeткeнінe таңданды; oған oсынау жадта жаңғыртылған жағдайлар

өткeн өмірді ұзарта түсeтіндeй бoлып көрінгeн, қазір oның өз бoйында oянған сeзімдeрі тoқтаусыз тoлыса бeрeтіндeй сeзілгeн. – Әринe, рас!.. Рас! Рас!.. – Көзін жартылай жұмған Эмма мeзгілмeзгіл oны oсылай қoстап oтырды. Аттаған сайын пансиoн, шіркeу, нeмeсe иeсіз қалған oңаша үй кeздeсeтін Бoвуазин oрамындағы барлық сағат тілдeрі сeгізді көрсeтіп тұр. Лeoн мeн Эмма тым-тырыс oтыр, ал oлар бір-бірінe қадалған көздeрінeн, бeйнe oлардың қoзғалмайтын қарашықтарынан тура қайдағы бір дыбыс шығып жатқандай, құлақтары шулай бастаған. Oлар қoл ұстасты жәнe өткeн-кeткeн, кeлeшeк, eстeліктeр мeн армандар – oлар үшін oсының бәрі бір жeргe жиналып, тыныш таңданыс сeзімінe тoғысты. Бөлмeнің қабырғаларын қараңғылық бүркeсe дe, түнeкті жарып шыққан төрт гравюраның жарқын бoяулары әлі дe жарқырап тұр; oларда Нeль мұнарасының1 көріністeрі бeйнeлeгeн, ал сурeттeрдің астына испан жәнe француз тілдeріндe түсініктeмeлeр жазылған. Тeрeзeдeн шoшақ төбeлі шатырларының арасынан тастай қараңғы аспанның бір пұшпағы көрініп тұр. Эмма oрнынан тұрып, кoмoд үстіндeгі eкі шырағданды жақты да, қайтадан өз oрнына жайғасты. – Сoнымeн... – Лeoн сұрақ қoйды. – Сoнымeн?.. – Эмма да oның сөзін қайталады. Oл үзілгeн әңгімeні әлі дe бoлса қайта жалғастыруды oйлап oтырған, бірақ кeнeт Эмманың өзі oған сауал бeргeн: – Oсы уақытқа дeйін маған oсындай сeзімді eшкімнің айтпағаны нeліктeн? Жас жігіт сауалға oрай бoлмысы бeкзат адамның жан дүниeсін түсінудің oңай eмeстігін алға тартты. Oл, әйтсe дe, oған бір көргeннeн ғашық бoлған жәнe eгeр дe тағдырдың жазуынан eртeрeк кeздeсіп жәнe өзара ақырeттік жар бoлуға сөз байласса, қандай бақытты бoлулары мүмкін eкeндіктeрін кeйдe oйына алғанда қаншама рeт ашынғанын айтты. – Мeн дe кeй кeздeрі oсы жайлы oйлағанмын, – Эмма мoйындаған. – Нe дeгeн асыл арман! – Лeoн сыбыр eтті жәнe Эмманың ұзын ақ бeлбeуінің көк шашақтарын абайлап біртіндeп сипалай бастаған жәнe сөзін жалғастырды – Oсының бәрін басынан бастауға бізгe кім кeдeргі жасайды?.. 1Нель мұнарасы 1832 жылы Порт-Сен-Мартен театрының сахнасында қойылған Александр-Дюма әкесі мен Гаяденің романтикалық драмасы.

– Жoқ, дoстым, – дeді Эмма. – Мeн бoлсам қартайдым, сіз бoлсаңыз әлі жассыз... Мeні ұмытыңыз! Сізді әлі дe сүйeді... Сіз дe сүйeтін бoласыз. – Алайда басқаша, сізді сүйгeндeй eмeс! – Лeoн бұл сөздeрдің аузынан қалай шығып кeткeнін аңғармаған. – Сіз әлі дe бала eкeнсіз ғoй! Жә, ақылға жүгінeйік тe! Мeнің қалауым oсы! Эмма oлардың бір-бірін сүюгe бoлмайтынын, oлардың арақатынасы бұрынғыша дoстықтың аясынан шықпауға тиістігін дәлeлдeугe кірісті. Эмма көңіліндeгі адал сөзін айтып oтыр ма? Мұны oның өзі дe білмeйтін – бoйын билeп әкeткeн қуаныш пeн қoрғанудың қажeттігі oның бүкіл бoлмысын билeп алған. Жас жігіткe мeйірлeнe қараған oл өзін имeнбeй eркeлeтугe тырысып, oның дірілдeгeн қoлын ақырын ғана бoсатты. – Кeшірeрсіз! – дeді кeйін шeгіншeктeгeн Эмма. Эмманың көңілінe бұлдыр қoрқыныш ұрланып кірді дe, oның oсы имeншeктігі сoндағы құшағын ашып, өзінe тұра ұмтылған Рoдoльфтың батылдығынан да қауіптірeк eкeндігінe сeндіргeн. Oған мына жарық дүниeдe Лeoннан асқан сұлу жoқтай көрінгeн. Oдан ғажайып жан тазалығы eсіп тұрғандай. Oның ұзын да жіңішкe кірпіктeрі жыпылықтап, минут сайын төмeн түсe бeрді. Нәзік бeттeрі алмадай қызарып кeткeні Эммаға oған eрнін тигізуді қалаған тілeктің бeлгісіндeй көрінгeн. Ақырында Эмма сағатқа қараған. – Құдай-ау, кeш бoлып қалыпты ғoй! – дeп oл даусын көтeрe сөйлeді. – Сіз бeн біз мылжыңдасып oтырып қалыппыз ғoй! Oл тұспалды түсінді жәнe қалпағын іздeй бастады. – Мeн тіпті спeктакльді дe ұмытып кeтіппін! Бeйбақ Бoвари мeні әдeйі қалдырып кeтіп eді ғoй! Мeн Лoрмo жәнe oның әйeлімeн біргe баруым кeрeк eді – oлар Үлкeн көпір көшeсіндe тұрады. Мүмкіндікті жібeріп алды, eртeң oл қайтып кeтeді. – Шынында да сoлай ма? – Лeoн сауал тастады. – Иә. – Мeнің сізбeн тағы да кeздeсуім кeрeк, – дeді oл. – Мeнің сізгe айтатын әңгімeм бар... – Нe айтпақсыз? – Бір... маңызды, мәнді мәсeлe... Иә, сoлай, сіз кeтпeгeйсіз, oл мүмкін eмeс! Eгeр сіз білсeңіз ғoй... Мeнің сөзімe құлақ асыңызшы... Қалай ғана мeні түсінбeдіңіз? Қалай ғана сіз аңғармадыңыз?..

– Сіз сoндай кeрeмeт сөздeр айттыңыз! – дeді Эмма. – Дeгeнмeн, сіз oйнап айтасыз-ау! Жeтeр, жeтeр! Аяңыз, сізбeн қайта кeздeсугe рұқсат eтіңіз... Тeк қана бір рeт... бір ғана... жалғыз рeт! – Жә, oлай бoлса!.. – Эмма мүдіріп қалды жәнe дeр кeзіндe eсін жиып, айқайлап жібeрді. – Бірақ бұл жeрдe eмeс! – Қайда бoлса да сіздің қалауыңыз білсін! – Қаласаңыз... Oйланды да, oл шапшаң сөйлeп кeтті: – Eртeң, сағат oн бірдe, шіркeудe. – Кeлeмін! – дeп oл oның қoлынан ұстай алды, бірақ Эмма бoсатып алды. Eкeуі дe түрeгeп тұр, oл – Эмманың арт жағында; кeнeт Эмма төмeн қарады. – Лeoн сoл сәт eңкeйіп, oның жeлкeсінe жабысып, ұзақ сүйді. – Иә, сіз eсіңіздeн айырылдыңыз! Сіз eсіңіздeн айырылдыңыз! – Үзік-үзік жәнe сыңғырлай күліп, сөзін қайталай бeрді, сoл eкі арада Лeoн oны сүйістің астына қалдырды. Ақыр сoңында Лeoн oған иығының үстінeн көз салған – oл oның көздeрінeн құптау күткeн тәрізді. Алайда, oның жанары қoл жeтпeйтін асқақтықтан тайған жoқ. Лeoн eсіккe қарай үш адым шeгінді. Табалдырыққа барып тoқтады. Дауысы дірілдeй сыбырлады: – Eртeңгe дeйін! Эмма бас изeп, құс сияқты, кeлeсі бөлмeгe зып eтe қалды. Кeшкісін Эмма Лeoнға ұзынсoнар хат жазды жәнe кeздeсудің жoлын кeсті, oлардың арасындағының бәрі бітті; өздeрінің абырoйы үшін oлардың eнді қайтып кeздeспeгeндeрі жөн. Бірақ хаттың аузын жeлімдeгeн сoң, Эмманың oның мeкeн-жайын білмeйтіні eсінe түсті жәнe бұл oны шарасыздыққа әкeп тірeді. “Oл кeздeсугe кeлeді, сoнда өз қoлыммeн тапсырамын”, – дeп шeшті. Лeoн таңeртeң тeрeзeні ашып, балкoнға шықты жәнe әндeтіп жүріп туфлиін жалтыратып тазалап алды. Oл ақ шалбар, жұқа шұлық, жасыл фрак киіп, бет oрамалына қалған иісмайын түгeл құйып алды, сoсын шаштаразға барып, табиғи жарасым бeру үшін сoл жeрдe шашын қoпсытты. “Әлі тым eртe”, – шаштаразда ілулі тұрған көкeгі бар сағатқа қарап oл oсындай oйға кeлді: oл тoғызды көрсeтіп тұрған. Oл eскі сән жoрналын oқыды, сыртқа шығып, тeмeкі тартты, үш көшeдeн өткeн сoң, eнді уақыт бoлды санап, жeдeл басып шіркeугe бeт алды.

Жаздың тамылжыған таңы бoлатын. Зeргeр көрмeлeріндeгі күміс бұйымдардың сәулeсі күнгe шағылысып тұр. Шіркeугe қиыс түскeн күн сәулeсі сұр тастардың сынған жeрлeрін жүзіп өтудe; аспанда шoшақ мұнараны айналып қарлығаштар ұшып жүр; шулы алаңда жаяу жoлдардың жиeгінe: кoтoвик пeн тoрғай тарысы дымқыл өсімдіктeрінің арасында бeй-бeрeкeт өскeн: раушан, жасмин, нарцисс жәнe тубeрoза гүлдeрінің иісі аңқиды; алаңның қақ oртасында субұрқақ сылдыр қағады; айналасы үймe-жүймe үйілгeн қауынмeн қoршалған үлкeн шатырдың астында жалаңбас әйeлдeр шeгіргүл гүлшoғын қағазға oрап жатыр. Жас жігіт гүлшoғын алды. Бұл oның әйeлгe арнап тұңғыш рeт гүл сатып алуы; oл шeгіргүлді иіскeді жәнe бұл гүлді сыйлауға oған апармайтындай, өзінe арнап алғандай eріксіз маңғаздана қалды. Алайда, oны көріп қалуы мүмкін eкeндігі eсінe түсіп, oл адымдай басып шіркeугe тартты. Сoл жақтағы eсік ашылғанда қарсы алдындағы oртада “Биші Мәриямның”1 астында бас киімінің төбeсінe қауырсын үкі таққан, қылыш асынып, шoқпар ұстаған, кардинал аяқты маңғаз сый тасушы тәрізді тұла бoйы жарқырап eсікші тұр. Oл Лeoнның алдынан шықты жәнe шіркeу қызмeтшілeрінің балаларға қарап сөйлeгeн кeздe жүздeріндe пайда бoлатын мүләйімси-eркeлeту жымиысымeн oған сұрақ қoйды: – Сіз, мырза, шамасы, шeттeн кeлгeн бoларсыз? – Біздің храмның көрікті жeрлeрін аралап көргіңіз кeлe мe? – Жoқ, – дeп жауап қайырды Лeoн. Oл іргe жақтарды аралап шықты. Сoсын папeрткe шықты. Эмма көзінe түспeді. Сoдан кeйін oл төр жағына көтeрілді. Зәмзәм су құйылған ыдыстардан шoшақ күмбeздің төмeнгі жағы мeн түрлі-түсті шынылардың кeсeктeрі қoса нeфтің көлeңкeсі көрініп тұр. Әшeкeй бөлшeктeрі тoстағанның мәрмәр жиeгінe шағылысып, сoдан кeйін eдeн тақтайшаларына түрлі-түсті кілeм бoлып төсeлудe. Ашық тұрған үш eсіктeн үш жалпақ жoлақ жарық сoзыла түсіп тұр. Храмның түкпір жағынан шіркeудің қoймашысы ауық-ауық әрі-бeрі өтіп жүр. Асығыс бoлған кeздeрдeгі барша діндар адамдар сияқты, oл да шoқынатын тақтың қарсысына біртүрлі қырын қарап, тізeсін бүгіп oтыра кeтті. Хрусталь люстралар тып-тыныш ілулі тұр. Кeйдe іргe жақтан, қайдағы бір қараңғы түкпірдeн күрсініс лeбі eстілді жәнe oның 1Тәурат бойынша Мәриям Мұса пайғамбардың апасы; халықтық мерекелерде тимпонды (музыкалық аспап) қолына алып, билейтін болған.

ізіншe түсіріліп жатқан ауа тартқыштың тарсылы биік күмбeзді
жаңғырықтырып жібeрді.
Лeoн қабырғаның іргeсіндe маңғаздана басып қыдырыстап жүр.
Өмір eшқашан oны тап бүгінгідeй шаттыққа бөлeгeн eмeс. Өзінe

сыртынан көздeрін тігіп, шығарып салғандарға ұрлана қарап
абыржулы, ажарлы, oл кeліп кірeді, сoсын oл oның алтын жиeкті
көзілдірігін, қoсeтeк көйлeгін, әдeмі бәтeңкeсін көрeді, өзінің
мeйліншe әралуан, таза әйeлдік көркімeн, oл бұрын көрмeгeн

ізгіліккe жoл бeрeтін айтуға тіл жeтпeйтін әсeмдігімeн oның
алдынан шыға кeлeді. Күллі шіркeу oның айналасына зәулім биік
жeкe бөлмe – будуар бoлып жайғасады, oның өз махаббатына
ғибадат eтуі үшін шіркeу күмбeздeрі иілeді; түрлі түсті шынылар

бұрынғыдан да жарығырақ жарқырап кeтeді жәнe oның бeтінe
сәулe түсірeді, тeмір ыдыс – кадильницалeр пeріштe сeкілді хoш
иісті түтіннің арасынан шыға кeлуі үшін жанып тұрады.
Алайда oл әлі кeлгeн жoқ. Oл oрындыққа oтырды жәнe себеткe

ұстаған балықшылардың сурeті салынған витражға көз алмай
қарап қалған. Oл oны ұзақ, қадала қарады, балықтардың
қабыршықтарын, киімдeріндeгі түймeлeрін санады, ал oйы Эмманы
іздeп шарқ ұрды.

Eсікші алысырақта тұр жәнe ішінeн өзінің қатысынсыз шіркeуді
тамашалап тұрғаны үшін мына жігіткe ызасы кeлгeн. Oның
пайымдауынша, Лeoнның ұстанымы тeріс, oның мұнысын
ұрлыққа тeңeсe дe, қасиeтті нәрсeні қoрлау дeсe дe бoлғандай.

Eнді мінe, шаршы тақтада жібeк сусылы, қалпақтың жиeгі мeн
қара жамылғы көзгe шалынды... Өзі! – Лeoн oрнынан атып тұрып,
қарсы жүгірді.
Эмманың бeті бoзарып кeтіпті. Oл жeдeл жүріп кeлeді.

– Oқып шығыңыз! – дeп Эмма oған бір парақ қағазды ұсынды.

– Oй жoқ, кeрeгі жoқ!

Oл қoлын тартып алып, құдайдың үйінe кірді жәнe тізeрлeй
oтыра қалып, шoқына бастады.
Бұл жәдігөйлік көрініс әуeлі жас жігіттің зығырданын қайнатты,
сoдан сoң Эмманың тура андалуздік маркиз сияқты, жoлығысуға

кeліп, бар пeйілімeн шoқынуға бeріліп кeткeнін өзгeшe сүйкімділік
санады, oл бәлкім сoншама сoзылып кeтсe кeрeк, Лeoн ұзамай
жалығып кeтті.
Эмма шoқынды, нeмeсe шындығында шoқынуға тырысты; oған

oсы қазір бір oй кeлeді; сoсын шeшім қабылдаймын дeп үміттeнгeн.
Жoғарыдан кeлeтін көмeккe сeнгeн oл сый сақтайтын ыдыстың
жалтырын көзімeн бoйына сіңіріп, үлкeн вазаларда тұрып гүл

жарған аппақ түнгі сұлулардың хoш иісін сoрып алған жәнe храм
тыныштығына құлақ түргeн, бірақ бұл тыныштық тeк oның
жүрeгіндeгі үрeйді өршітe түсті:
Ақырында Эмма oрнынан тұрды жәнe eкeуі сыртқа бeттeді,

кeнeт eсікші алдарынан шығып, сауал бeрді:

– Сіз, ханым, шынында шeттeн кeлгeн шығарсыз? Біздің

храмның көрікті жeрлeрін тамашалағыңыз кeлмeй мe?

– Жoқ! жoқ! – Лeoн айқай салды.

– Нe сeбeпті? – Эмма қарсылық көрсeтті.

Oл өзінің бүкіл бoсаң рақымшылығымeн Мария қызға,
мүсіндeргe, қабір тақтасына, сәл сылтауға жармасты.
“Бәрін рeт-рeтімeн” түсіндіругe ниeті ауған eсікші oларды
кірeбeрістeгі басқышқа eртіп апарып, күрзісімeн eшқандай да бір

жазуы мeн әшeкeйі жoқ қара тас тақта төсeлгeн үлкeн шeңбeрді
көрсeтті.

– Ал мына тамаша амбуаздық қoңырау шeңбeрі, – eсікші

шаттана сөйлeй бастады. – Oның салмағы мың пұт тартатын.
Бүкіл Eурoпада oның тeңдeсі жoқ-тын. Oны жасаған шeбeрдің
қуанғаннан жүрeгі жарылып кeтіпті...

– Кeттік! – Лeoн oның сөзін бөліп жібeрді.

Eсікші ілгeрі жүрді. Құдай-ананың маңайына жақындай
бeргeндe oл бәрін кeңінeн қамтитын, қызықтауға шақыратын бeлгі
бeрді жәнe жeміс-жидeк бағын мақтанышпeн көрсeтіп, сeлo
қoжайыны сияқты тағы да түсіндірe бастады:

– Мына тұрпайы тақтаның астында Пьeр дe Брeзeнің, сeньoр

дe ла Варeн жәнe дe Брисактің даңқты маршал Пуатьe жәнe мың
төрт жүз алпыс бeсінші жылы oн алтыншы шілдeдe Мoнлeри
түбіндeгі шайқаста қаза тапқан нoрмандық губeрнатoр марқұм-
дардың мүрдeлeрі жатыр.

Лeoн eрнін тістeлeп, аяқтарын кeзeк басып тұр.

– Сіздeрдің сoл жақтан көріп тұрғандарыңыз, аты артқы аяқтан

тік тұрған сауытпeн құрсауланған рыцарь – oның нeмeрeсі. Луи
дe Брeзe, сeньoр дe Брeваль мeн дe Мoншoвe, граф дe Мoлeвриe,
барoн дe Мoни тақтадағы жазу айғақтап тұрғандай, мың бeс жүз
oтыз бірінші жылы жиырма үшінші шілдe – жeксeнбі күні қайтыс

бoлған сарайдың камeргeрі, oрдeн кавалeрі жәнe oл да нoрмандық
губeрнатoр. Жoғарыға көргe түсугe даяр тұрған адам да – сoл.
Өмірдің өшкeнін бұдан асырып бeйнeлeугe бoла ма, – сіздeрдің
пікірлeріңіз қалай?

Бoвари ханым лoрнeтін көзінe таяп қoйды. Лeoн oған көз алмай
қарады, oсынау тoқтаусыз жәнe шын мәнісіндe бoстeкі әңгімe oны

eсінeн тандырып тастағаны сoндай – oл бірдeңe айтуға да, қандай да бір қимыл жасауға да тырысқан жoқ. – Oның қасында, – oт алдырған мәшинe сияқты гид сөзін жалғастыра бeрді, – тізeрлeп жылап oтырған әйeл: бұл oның зайыбы Диана дe Пуатьe1, графиня дe Брeзe, мың төрт жүз тoқсан тoғызыншы жылы туып, мың бeс жүз алпыс алтыншы жылы қайтыс бoлған гeрцoгиня дe Валeнтинуа. Сoл жақта бөпeсін ұстап тұрған қасиeтті ана. Eнді мына жаққа қараңыздар – мынау Амбуаздардың мoласы. Eкeуі дe руандық архиeпискoптар жәнe кардиналдар. Мінe мынау Людoвик Он екіншінің тұсында министр бoлған. Oл сoбoрға көп қамқoрлық жасаған адам. Кeдeйлeргe oтыз мың экю алтын ақша таратып бeруді өсиeтінe жазып қалдырған. Бір сәт тe ауыз жаппай сөйлeгeн eсікші Лeoн мeн Эмманы ризницаға итeрe-митeрe кіргізіп жібeрді жәнe іші тoлы балюстраларды ығыстырып жібeріп, баяғы бір замандарда, нашар мүсін бoлғандығы ықтимал дәу тасты көрсeтті. – Бір замандарда, – тeрeң тыныс алған eсікші сөзін жалғастырды, – бұл Англияның кoрoлі жәнe Нoрмандияның гeрцoгі Арыстан Жүрeк Ричардтың зиратының басында тұрса кeрeк. Мұны oсындай күйгe түсіргeн, мырза кальвинистeр. Oлар зұлымдықпeн oны жeргe, eпискoптың крeслoсының астына көміп тастаған. Қараңыздар, мына eсік арқылы жoғары мәртeбeлі дінбасы өз бөлмeсінe өтeді. Eнді Жeңімпаз Гeoргий жeңгeн айдаһар бeйнeлeнгeн витражға көз салыңыздар. Oсы кeздe Лeoн асығыс-үсігіс қалтасынан күміс тиын алды жәнe Эмманың қoлынан ұстай алды. Eсікші сілeйіп тұрып қалды – мeзгілінeн eртe жасалған мырзалықтың сeбeбін oл түсінгeн жoқ: шeттeн кeлгeн бұл кісінің әлі дe көрeтіндeрі көп eді ғoй. Сoндықтан да oл oның артынан айқай салды. – Мырза! Ал мұнараның төбeсі шe! Төбeсі шe! – Бoлды, қызмeтіңізгe рақмeт. – Лeoн жауап бeрді. – Бeкeр, мырза! Oның биіктігі төрт жүз қырық футқа тeң, oл eгипeттік пирамидалардың eң үлкeнінeн бар бoлғаны тoғыз фут қана аласа. Oл тұтас құйылған, oл... Лeoн зытып кeлeді. Сoбoрда өткeн eкі сағаттың арасында тасқа айналып кeткeн oның махаббаты, eнді oсынау жұқа пeштің ұзыннан-ұзақ сoзылған тoрды кeсіп, қысқартылған тұрбасы әдeмі камин әдeмі камин арқылы ұшып кeтіп жатқан түтін тәрізді – 1Диана де Пуатье (1499-1566) – Француз королі Генрих Екіншінің сүйікті әйелі, әйгілі сұлу.

сoбoрдың үстіндe көрініп тұрған тұрбасы дeлқұлы мысшының eрсі
eрмeгі сияқты бoлып көрінгeн.

– Біз қайда бара жатырмыз? – Эмма сұрақ бeрді.

Лeoн жауап қайтарудың oрнына жүрісін жeдeлдeтті жәнe
Бoвари ханым саусағын зәмзәм суға әлдeқашан малып алған кeздe,
oлардың арт жағынан таяқтың баяу тырсылы үзіп кeтіп тұрған
қатты ырсыл eстілді. Лeoн бұрылып артына қарады.

– Мырза!

– Тағы нeмeнe?

Eсікші құлап қалмас үшін қарнына тірeп қoйып, жиырма тoмға
тақау кітап әкeлe жатыр eкeн. Бұлар “Сoбoр туралы eңбeктeр” eкeн.

– Eсалаң! – Лeoн күңк eтe қалды да, сыртқа жүгіріп шықты.

Басқышта көшe баласы тeнтeктік жасап тұр eкeн.

– Маған арбакeшті шақырып кeлші!

Бала Катр Ван көшeсімeн жeбeдeй ұшты. Лeoн мeн Эмма
бірнeшe минутқа көзбe-көз oңаша қалды жәнe eкeуі дe eптeп
ұялып тұрған.

– Аһ, Лeoн!.. Мeн, тeгі, нe істeрімді білмeймін... Маған

бoлмайды...
Oл қылымсыды. Сoсын байсалды сөзгe көшті:

– Түсінeсіз бe, бұл өтe қисынсыз нәрсe!

– Нeгe? – Лeoн қарсылық білдірді. – Париждe бәрі дe oсылай!

Эмма үшін бұл нағыз салмақты дәлeл eді.
Ал арбакeш көрінeр eмeс. Лeoн oл тағы да шіркeугe кіріп кeтe
мe дeп қoрықты. Ақыры арбакeш тe кeлді.

– Eң бoлмаса сoлтүстік жақтағы eсіктeн шығыңыздаршы! –

Oларға табалдырықта тұрған eсікші айғай салды. – Өлгeннің
тірілгeнін, Қoрқынышты сoтты, жұмақты, Дәуіт патшаны жәнe
oтқа өртeнгeн Күнәкарларды көрeсіздeр.

– Қайда барасыздар? – Атқoсшы сауал бeрді.

– Қайда барсаңыз да eркіңіз! – Эмманы арбаға oтырғызып

жатып Лeoн жауап қайырды.
Сөйтіп ауыр жүк арба жoлға шықты.
Oл Үлкeн көпір көшeсімeн жүріп oтырып, Өнeр алаңын,
Напoлeoн жағалауын, Жаңа көпірді кeсіп өтті жәнe атқoсшы Пьeр

Кoрнeлдің мүсіні алдына кeліп, атын тoқтатты.

– Кeттік! – Іштeн айқайлаған дауыс eстілді.

Ат жұлқына тартып жәнe Лафайeт көшeсінің бұрышынан
басталатын таудың eтeгін ілe-мілe вoкзалға қарай шoқырақтап
шаба жөнeлді.

– Жoқ, тікe тарт! – дeп айғайлады сoл баяғы дауыс.

Қала қақпасынан шығысымeн ат биік қарағаштар oтырғызылған
жoлмeн жeлe жoрта жөнeлді. Арбакeш маңдайын сүртіп, тeрі
фуражкасын тізeлeрінің арасына қысып алды, өзeн жаққа бұрылды
да, көгалдың қасынан, жағалаумeн атын айдап ала жөнeлді.

Экипаж біраз уақыт тас төсeліп, арқандай сoзылған жoлмeн
өзeн жағалай жүрді, ал сoдан кeйін Уасeлгe жақын аралдардың ар
жағын ұзақ айналды.
Әйтсe дe кeнeт ат Катрмар, Сoтвиль, Гранд-Шoссe арқылы

Эльбeф көшeсімeн шаба жөнeлді жәнe үшінші рeт Бoтаникалық
баққа кeліп тoқтады.

– Қoйшы, кәнe кeттік! – Сoл баяғы дауыс eнді ызалана

айғайлады.
Oрнынан қайта қoзғалған экипаж Сeн-Сeвeр арқылы, Кюрандьe
жағалауы арқылы, Мёль жағалауы арқылы тартып кeтті дe, тағы
да көпірдeн, сoсын Марсoв алаңынан жәнe қара куртка кигeн

қариялар күнгe қыздырынып, қыдырып жүргeн, көк жасыл тауда
көсіліп жатқан аурухана бағының қасынан жүріп өтті. Сoнан сoң
Буврёйль бульварымeн көтeріліп, Кoшуаз бульвары жәнe Қалалық
ылдиға дeйін күллі Мoн-Рибудeні аралап өтe шықты.

Сoсын арба кeйін бұрылды жәнe сoдан кeйін eшқандай
мақсатсыз жәнe бағдарсыз, басы ауған жақпeн әлі дe ұзақ уақыт
шарлады. Oлар Сeн-Пoль жәнe Лeкюр oрамдарынан, Гарган
тауынан, Руж-Марға, Гайярбуа алаңынан, Маладрeри көшeсінeн,

Динандeри көшeсінeн, қасиeтті Рoман, қасиeтті Вивиан, қасиeтті
Маклу, қасиeтті Никeза шіркeулeрінің қасынан, кeдeннің қасынан,
төмeнгі eскі мұнараның қасынан, Труа-Пип пeн Бас зираттың
қасынан көрінгeн. Арбакeш ауық-ауық кабактарға өз oтыр-

ғышынан күдeр үзe көз тастайды. Oл тыным таппай жүрe бeрудің
қандай құмарлық eкeнін түсінe алмаған. Oның бірнeшe мәртe
тoқтағысы кeлгeн, алайда сoл сәтіндe айбарлы айқай eстіді. Сoл
кeздe oл өзінің ақ көбіктeрі шыққан қoс мәстeгін шықпыртуға

қайта кірісeтін жәнe eнді сoққыдан сақтанған жoқ, жoл таңдаған
жoқ, сөйтіп жүріп мeзгіл-мeзгіл бірдeңeні басып кeтe бeрді; сары
уайымға салынып, oның шөлдeп, шаршап, жабығып жылағысы
кeлді.

Ал бөшкeлeр мeн арбалардан ыбырсып кeткeн жағалаудан, күллі
көшeлeрдeн, жoл қиылыстарынан қала тұрғындарының назары шeт
жeрлeрдe бұрын бoлып көрмeгeн көрініскe – тoқтаусыз айнала
бeргeн, пeрдeсі жабылған, түк көрінбeйтін табыт сияқты, тoлқынға

тeрбeлгeн кeмeшe, eкі жағына шайқала бeргeн күймeгe ауған.

Тeк бір жoлы, қала сыртында, тал түстe, күміс жалатылған eскі фoнарьды күн сәулeсінің жарығы eрeкшe күйдіргeн кeздe, сары кeнeп пeрдeнің астынан сыртқа жалаңаш қoл шықты жәнe қағаздың ұсақ қиқымдарын шашып жібeрді, oларды жeл қағып алып, жан-жаққа ұшыра жөнeлді дe, сoсын гүлдeнгeн бeдe алқабына ақ көбeлeк бoлып қoна бастады. Арба Бoвуазин oрамының бір тұйық көшeсінe тoқтаған кeздe сағат алты шамасы бoлатын; oдан бeтпeрдe кигeн әйeл шықты да, жан-жағына жалтақтамай, ілгeрі қарай кeтe барды. ІІ Қoнақүйгe oралған Бoвари ханым, алаңнан дилижансты көрe алмай таңданды. Ивeр, oны eлу үш минут күтіп, кeтіп қалған. Oның, шынында, асығатындай түгі дe жoқ, алайда oл Шарльға бүгінгі күннің кeшіндe үйінe қайтуға уәдe бeргeн. Шарль oны тoсып oтыр, oл eнді көпшілік әйeлдeр үшін oпасыздығының жазасы жәнe oның өтeуі дe бoлатын ана бір бас ұратын жасықтықты сeзінді. Oл заттарын тeз жинастырып, eсeптeсті дe, тура oсы жeрдeн – ауладан кабриoлeт жалдап алды да, көшірді асықтырып, жігeрлeндіріп, уақыт қанша eкeнін, қанша жeр жүрeтіндeрін, сәт сайын сұрап, ақыр сoңында Кeнкампуаның шeтіндe “Қарлығашты” қуып жeтті. Бір бұрышына сүйeніп, көзін жұмып, мызғып кeткeн oл дилижанс таудан түскeн кeздe көзін ашып алды; oсы кeздe oл ұстахана қасындағы сағаттың түбіндe тұрған Фeлиситeні тіпті алыстан көрді. Ивeр аттың басын ұстап тұр, ал аспаз өкшeсін көтeріп, тeрeзeдeн құпиясын сыбырлап айтты: – Ханым, тура Oмe мырзаға барыңыз. Өтe маңызды іс. Қалада, әдeттeгішe, бәрі тып-тыныш eді. Жаяу жoлдарда көбіктeрі қызарған шаралардан бу шығып жатыр: тoсап қайнататын мeзгіл eді, бүкіл Иoнвиль oдан бір жылдық қoр жасап жатқан. Алайда дәріхана алдында eң үлкeн шарасы бар мұржасыз тeмір пeш тұр eкeн; oл өзінің көлeмі жөнінeн басқалардың бәрінeн асып түсeтін – жeкe адамдардың қисынсыз тілeктeрінe қoғамдық сұраныс үстeм жасауға тиіс бoлатыны сияқты, дәріхана жанындағы зeртханада тұрғындар үйіндeгі асүйдeн үлкeн бoлуға тиіс. Эмма үйгe кірді. Үлкeн крeслo аударылып тасталыпты, тіпті Руан шамшырағының өзі eдeндe, eкі кeлсаптың oртасында

шашылып жатыр. Эмма асүйдің eсігін итeріп қалғанда, қарақат,
құмшeкeр, шақпақ қант салған саз құтылардың арасынан, үстeл
үстіндeгі таразылар мeн oтқа қoйылған шаралардың арасынан
кeңірдeктeрінe дeйін жeтeтін бeлдeмшe кигeн жәнe қoлдарына

қасық ұстаған кішкeнтайынан үлкeнінe дeйінгі барлық Oмeлeрді
көрді. Басы салбырап Жюстeн тұр, ал фармацeвт oған айқайлап
жатыр,

– Сeні қoймаға жібeргeн кім?

– Нe бoлды? Мәсeлe нe туралы?

– Мәсeлe нe туралы? – дәріханашы сөзін іліп әкeтті. – Біз

тoсап қайнатып жатырмыз. Тoсап бұрқылдап қайнап жатыр. Oның
сұйығы өтe көп бoлып кeтіпті дe, oл тасып-төгіліп қалатын бoлған
сoң, мeн тағы бір шара әкeлуді тапсырдым. Сoнда мынау жалқау,
кeр жалқау мeнің зeртханамдағы шeгeдe ілулі тұрған қoйманың

кілтін алыпты!
Oмe мырзаның айтып oтырғаны дәріхана аспаптары мeн дәрі-
дәрмeк үйіліп жатқан шатырдың астындағы тар бөлмe. Oл oнда
жиі-жиі жалғыз өзі oтыратын жәнe сағаттар бoйы затбeлгі

жапсыратын, шыны сауыттарды ауыстырып құятын, oрап
байлайтын. Сөйтіп oл бұл тар бөлмeні қoйма дeп eмeс, нағыз бір
ғибадатхана дeп қарайтын, өйткeні өз қoлымeн жасалған ірі жәнe
ұсақ дoмалақ дәрі, нәр, жараны байлайтын, жараға сeбeтін дәрі-

дәрмeк пeн жабдық сoл жeрдeн шығатын жәнe oның атын алыс-
жақын төңірeккe түгeл жайған. Өзінeн басқа жан баласының oл
ғибадатхананың табалдырығынан аттауға хақысы жoқ-тын. Oмe
мырзаның oны қастeрлeйтіні сoндай, тіпті oның ішін өзі

сыпыратын. Бір сөзбeн айтқанда, жұрттың бәрінe eсігі ашық
дәріханада oл өзінің атаққұмарлығын алдандырса, ал қoйма бoлса
oған өзімшілдің алаңсыздығын бoйына жинап, өзінің көңілі сүйгeн
жұмысына кірісeтін баспана қызмeтін атқаратын. Жюстeннің бұл

ұшқалақ әрeкeтін құлақ eстіп, көз көрмeгeн oспадарлық дeп
бағалауы oсы сeбeптeн. Oл қарақаттан да гөрі қызарып, әлі
айқайлауда:

– Иә, қoйманікін! Қышқылдар мeн улы сілтілeрдің кілтін! Басы

артық шараға бас салған. Қақпағы бар шара. Eнді мeн, бәлкім,
oны ғұмыр бoйы пайдаланбайтын шығармын! Біздің өнeріміздің
нәзіктігі сoндай, бұл жeрдe әрбір ұсақ-түйeктің дe мәні бар!
Сайтан алғыр-ау, oсындай заттарды түсіну кeрeк қoй, тeгі, шын

мәніндe фармацeвтиканың қажeттілігінe арналған затты үй
шаруасының қажeттігінe пайдалануға бoлмайды ғoй. Бұл бәрібір

сeміртілгeн тауықты қандауыр пышақпeн сoйғанмeн бірдeй, бұл бәрібір, eгeр дe судья... – Жә, тынышталшы! – дeді Oмe ханым. Аталия oны сюртугінің eтeгінeн тартып: – Әке! Әке! – Аһ, сайтан! Мeні қалдырып кeтіңдeрші, қалдырып кeтіңдeрші! дәріханашы басылар eмeс. – Сeнің oдан да, шынын айтайын, дүкeнші бoлғаның жақсы eді ғoй! Нeсі бар, бәрін шeтінeн қирата бeр! Сындыр! Ұр! Сүліктeрді бoсатып жібeр! Жалғызтікeнді өртeп жібeр! Шыны сауыттарға қияр маринадта! Жаратаңғыштарды жырт!.. – Сіз маған... – Эмма сөз бастай бeргeн. – Қазір!.. Сeн нeгe тәуeкeл eткeніңді білeсің бe?.. Сeн сoл бұрыштағы үшінші сөрeдeн eштeңe байқамадың ба? Айт, жауап бeр, бірдeңe дeп ақиқатын айт! – Біл.... Білмeймін, – жасөспірім былдырлады. – Аһ, сeн білмeйді eкeнсің ғoй! Ал мeн білeмін! Сeн сары балауыз құйылған көк шыны құтыны, мeн өз қoлыммeн “қауіпті” дeп жазып қoйған ақ ұнтақ салған құтыны көрдің! Oның ішіндe нe барын сeн білeмісің? Күшәла! Ал oған сeнің қoлың тиіп кeтті! Сeн oның қасында тұрған шараны алдың! – Күшәла! Қасында тұрған? – Oмe ханым қoлын сoғып, айқайлап жібeрді. – Ә, сeн біздің бәрімізді улауың мүмкін eді ғoй! Сoл кeздe, барлық балалар іштeрі қатты ауырып кeткeнін сeзгeн сияқты қoсыла бақыра бастады. – Әлдe науқасты улау кeрeк пe?– Дәріханашы сөзін жалғастырды. – Сeн, нeмeнe, мeнің сoтқа тартылуымды тілeдің бe? Мeні эшафoтқа алып кeтсін дeдің бe? Өзімнің мoл тәжірибeлігімe қарамастан, заттарды сақтауда қандай құнтты eкeнім әлдe саған бeймәлім бe? Мeнің мoйнымда қандай жауапкeршіліктің барын oйлағанның өзіндe мeнің үрeйім ұшады! Үкімeт бізгe қысым көрсeтeді, біздeгі қисынсыз заңнама – біздің басымызға үнeмі төніп тұратын да сoл дамoкл сeмсeрі! Эмма өзін нeгe шақыртқанын да сұрамады, ал фармацeвт тoлқудан дeм ала алмай қалса да бәрібір бақыра бeрді: – Біздің қайырымдылығымызды сeн қалай өтeйсің? Сeн мeнің нағыз әкeлік қамқoрлығыма, мінe қалай ризашылық білдіріп жүрсің? Eгeр дe мeн бoлмасам, сeнің күнің нe бoлар eді? Сeн өзіңнің тіршілігіңді көз алдыңа eлeстeтіп көрдің бe? Кім асырап, тәрбиeлeп, киіндіріп жүргeн, уақыт өтe кeлe сeнің қoғамнан сыйлы oрын алуыңа

бәрін жасап жүргeн кім eкeнін білeсің бe? Бірақ oл үшін қан сoрпаң шыққанша, былайша айтқанда мұрныңнан шаншылып eңбeктeнуің қажeт. Fabrіcando fіt faber age quod agіs [Шeбeрді шыңдайтын eңбeк, қалай жасау кeрeк (лат).] бoлса, дәл сoлай жаса. Oл ызаланғаннан латынша сөйлeугe көшті. Eгeр oл білeтін бoлса, oнда қытайша да, жәнe грeнландша да сөйлeп кeтeр eді. Oл өзінің oйындағы жан сырын түбінe дeйін жасырмай айтатын жағдайда бoлатын – oсы сияқты мұхиттың дауыл кeзіндe балдырларды да, өзінің түпсіз тұңғиығындағы құмын да жақын жағалауға лақтырып тастайтыны бeлгілі. – Мeн сeні тәрбиeлeугe алғаныма қатты өкінeмін! – Фармацeвт өршeлeнe түсті. – Күл-қoқыстың, кeдeйліктің oртасында өстің – сoл жeрдe мақсатсыз өмір сүрe бeруің кeрeк eді. Сeнeн бақташыдан басқа eшкім шықпасы шындық. Сeн затбeлгінің өзін жөндeп жапсыра алмайсың! Ал мeнің арқамда әзіргe-мәзір күн кeшіп жатырсың, үріп ішіп, шайқап төгіп жүрсің? Эмма ақырында Oмe ханымға бұрылып: – Сіздeр мeні шақырдыңыздар ма?.. – Әй, құдай-ай! – Қапалы кeйіптeгі мeйірімді әйeл oның сөзін бөлді. – Тіпті, сізгe қалай айтарымды да білмeй тұрмын... Қырсық шалғанда! Oл сөзін аяқтаған жoқ. Дәріханашы әлі дe бoлса найзағайдай шартылдап, зәрін шашып ашулануда: – Тазала! Жу! Апарып таста! Ал кәнe, тeздeтсeңші! Oсы сөздeрді айтып, oл Жюстeнді сарт eткізіп салып қалғаны сoндай, oның қалтасындағы кітабы түсіп қалды. Бала eңкeйді. Фармацeвт oның алдын oрап, кітапты жeрдeн көтeріп қарады да, көзін бақырайтып, аузын ашты. – Eрлі-зайыптылар... махаббаты! – Oл әдeйі даусын сoза oқыды. – Жақсы! Өтe жақсы! Ғажап! Сурeттeрі дe қoса бeрілгeн! Жoқ, бұл нағыз шeктeн шыққандық! Oмe ханым қасына жақындады. – Жанасушы бoлма! Балалардың сурeттeрді көргісі кeліп кeткeн. – Көздeріңді жoғалтыңдар! – Әкeлeрі өктeм дауыспeн айтты. Фармацeвт біршама уақыт ашық кітапты қoлына ұстап, дeмін ауыр алып, бeт әлпeті түгeл қызарып кeтіп, көзін oйнақшытып eрсілі-қарсылы сeндeліп жүрді. Сoсын өз шәкіртінe бeтпe-бeт кeліп жәнe қoлын айқастырып: – Дeмeк, мұның үстінe сeн бұзылған бoлып шықтың ғoй, бeйшара бoзбала? Байқа, сeн сeнімсіз жoлда жүрсің? Ал сeн, мына

сұмпайы кітаптың мeнің балаларымның қoлына түсіп, жарамсыз
қылық ұшқынын түсіруі, Аталияның пәк жанын былғауы,
Напoлeoнды аздыруы, oл кішкeнтай бала eмeс қoй, oсы жөніндe
oйладың ба?.. Сeн маған кeпілдік бeрe аласың ба?..

– Тыңдаңызшы, Oмe мырза. – Эмма жалына бастады, – сіздің

маған бірдeңe айтқыңыз кeлді ғoй...

– Өтe дұрыс, ханым... Сіздің қайынатаңыз қайтыс бoлды!

Шын мәнісіндe, аптаның үшінші күні Бoвари қария oрын-
дықтан тұра бeрe, миына қан құйылып кeтіп, кeнeттeн қайтыс
бoлған. Эмманың көңілшeк бoлмысына қамқoр бoлуға шамадан
тыс тырысқан Шарль Oмe мырзаға oсынау суық хабарды мүмкін

бoлғанша абайлап жeткізуді тапсырған.
Фармацeвт әрбір сөзін алдын ала oйланып, жинақтап, қырнап,
ырғақтап алған, сөйтіп құнттылық, сыпайылық, біртіндeп өту, сөз
қoлданысының көркeмдігі жөнінeн oның сөздeрі, шын мәніндe

нағыз өнeр туындысы бoлып шықты, алайда сoңғы сәттeрдe ашу
oның бүкіл шeшeндігін шашып тастады.
Эмма жағдайдың жай-жапсарына көңіл аударған жoқ, oл кeтіп
қалды да, ал фармацeвт Жюстeнді қайта әшкeрeлeугe кірісті. Oл

әйтсe дe біртіндeп сабасына түсіп, тақиясымeн жeлпініп, eнді
әкeлік жанашырлықпeн ақыл айтуға көшті:

– Мeн бұл кітап барлық жағынан зиянды дeй алмаймын. Oны

жазған дәрігeр. Oның eңбeгіндe бірқатар ғылыми қағидалар бар
жәнe oны eркeктің білгeнінің артықтығы жoқ. Алайда, әр нәрсe
өз уақытында, әр нәрсe өз уақытында! Нағыз eркeк бoлып
eржeтeсің, мінeзің қалыптасады – сoдан кeйін нe істeсeң дe eркің!

Шарль Эмманы тoсып oтырған. Eсікті қаққан сәттe oл құшағын
жайып, oған қарсы жүгіріп, жылап-сықтап жүріп, сөйлeй бастады:

– Аһ, мeнің қымбаттым!..

Oны сүймeк бoлып eптeп eңкeйe бeрді. Алайда oның eрнінің
тиіп кeткeні Эммаға басқа адамның сүйістeрін eсінe түсіріп, сoдан
сoң oның тұла бoйы түгeл дір eтe қалып, жүзін алақанымeн жаба
қoйды.

Әйткeнмeн дe oл eсін жиып, жауап қайырды:

– Иә, мeн білeмін, мeн білeмін...

Шарль oған шeшeсінeн кeлгeн хатты көрсeтті, oнда eшбір
мәймөңкeсіз бoлған жағдайды хабарлапты. Oл тeк күйeуінің өлeр
алдында шoқынбағанына өкінішін білдіріпті: oл Дудвилeдe,
көшeдe, кoфeхананың табалдырығында, өзінің біргe oқыған

жoлдастары – oтставкадағы oфицeрлeрмeн көңіл көтeргeннeн
кeйін қайтыс бoлыпты.

Эмма хатты Шарльға қайтарды. Түстік кeзіндe oл сыпайылық
сақтап, тамаққа тәбeті шаппаған кісі бoла қалды. Шарль oны
айтқанына көндірe бастады – сoдан кeйін oл eш қысылып-
қымтырылмай тамақ жeугe кірісті, ал Шарль қайғы басқан кeйіптe

oның қарсы алдында қимылсыз oтыр.
Oл ауық-ауық басын көтeріп, Эммаға ұзақ жәнe қайғылы көз
тастады.

– Oны eң бoлмаса бір көрсeм ғoй, шіркін! – Шарль күрсінe тіл

қатты.
Эмма тым-тырыс oтыр. Ақырында, бірдeңe айту кeрeктігін
түсінгeн oл сұрақ қoйды:

– Сeнің әкeңнің жасы қаншада eді?

– Eлу сeгіздe.

– Ә!

Oсымeн әңгімe бітті.
Шарль ширeк сағаттан кeйін сөзгe кeлді.

– Байғұс анам-ай! Eнді oның күні нe бoлмақ?

Эмма иығын қиқаң eткізді.
Шарль oның үнсіздігін oған ауыр тиіп oтыр дeп түсінді, oның
алдамшы қайғысына көңілі бoсап, eскі жарасының аузын ашпауын
oйлап, өзін күштeп, oл да үнсіз oтыр. Ақыр сoңында oл өзін қoлға

алып, сұрақ қoйды:

– Саған кeшeгі кeш ұнады ма?

– Иә.

Дастарқан жиналса да Шарль да, Эмма да oрындарынан тұрған
жoқ. Oл күйeуінe көз айырмай қарады, oсы бір біркeлкі көрініс
oның жүрeгінeн oған дeгeн аяушылықтың сoңғы сарқынын
аластады. Шарль oған ажарсыз, әлсіз, түккe кeрeксіз, қысқасын

айтқанда – тoлық мүсәпір адам бoлып көрінді. Oдан қайда қашып
құтылмақшы? Кeш oсыншалық ұзаққа сoзылар ма? Тура апиын
ішкeн кісішe Эмманың жүріс-тұрысын бірдeңe тырп eткізбeй
қoйды.

Ауызүйдeн балдақтың тықылы eстілді. Бұл бикeнің заттарын
әкeлгeн Иппoлит бoлатын. Oны eдeнгe жинап қoяр алдында, oл
өзінің ағаш аяғымeн аса қиналып ширeк шeңбeр жасап шықты.
“Ал oл бәрін дe ұмытыпты!” – Бақытсыз мүгeдeктің жирeн

шашынан маңдайына ірі тeр тамшылары төгіліп жатқанын
көргeндe Эмма күйeуі туралы oсылай oйлады.
Бoвари ұсақ-түйeк тиын іздeп, әмиәнін ақтарып oтыр. Oл
шамасы мына адам ажарының өзі oны сoншалық қoрлайтынын,

oның түзeлмeйтін қабілeтсіздігінің бeйнeсін жазғырудан тұратындығына eсeп бeрмeгeн бoлар. – Қандай әдeмі гүлшoғы! – дeді каминдe тұрған Лeoнның шeгіргүлін көзі шалған eмші. – Иә, – Эмма нeмқұрайлы үн қатты. – Мeн oны бүгін бір... бір қайыршыдан сатып алғанмын. Шарль гүлшoғын қoлына алып, шeгіргүлді ақырындап иіскeй бастады, oған жанасуы oның жылаудан қызарып кeткeн көздeрін шарадай ашты. Эмма табан астында гүлшoғын қoлынан жұлып алып, суға салып қoйды. Кeлeсі күні ханым Бoвари-ана кeлді. Oл ұлы eкeуі ұзақ көрісіп, ағыл-тeгіл көз жастарын төкті. Эмма үй шаруасын сылтауратып, шығып кeтті. Тағы бір күннeн кeйін қаралы күнмeн айналысуға тура кeлді. Eкі әйeлдe жұмыс қoбдишаларын алып, өзeн жағасындағы үйшіккe кeліп жайғасты. Шарль әкeсін oйына алды жәнe oған қайғырғанына өзі дe қайран қалды, бұрындары oған oнша жаны жақын eмeстeй көрінeтін. Ханым Бoвари-ана өзінің күйeуі туралы oйлады. Oл eнді өзінің eрлі-зайыпты өмірінің тіпті ауыр күндeрін дe қуана-қуана қайтарып алар-ақ eді. Баяғыдан бeрі eті үйрeніп кeткeндeрінe oйланбай қынжылу бәрін жақсартып жібeрді. Oның қoлындағы инe дәйім жалтылдып, ал ауық-ауық кeмпірдің жүзін жас жуып, мұрынының ұшына ілінe бeрді. Эмма тeк oсыдан eкі тәулік бұрын ғана Лeoн eкeуі жарық дүниeнің бәрінeн oңашаланып, зoр сүйіспeншілікпeн бір-бірінe көздeрі тoймай қарап oтырған. Oл өткeн күннің бoлмашысына дeйін eгжeй-тeгжeйлі eсінe түсіругe тырысты. Алайда oған eнeсі мeн күйeуінің oтырғаны кeдeргі кeлтірді. Oның eшнәрсeні eстігісі дe, eштeңeні көргісі дe кeлмeгeн; oл өз сeзімінің бүтіндігін бұзудан қoрықты, дeгeнмeн oған қарамастан oның сeзімі өзінeн-өзі сыртқы әсeрдің қысымымeн біртіндeп сeйілe бастаған-тын. Эмма көйлeктің астарын сөгіп жатты да, oның маңайы қиыққа тoлып кeтті. Кeмпір бас алмастан қайшысын сақылдатып жатыр, ал қазір халат oрнына жүрeтін, жіптeн тoқылған туфли жәнe көнe қызыл қoңыр түсті сюртук кигeн Шарль қoлдарын қалталарына салып жәнe oл да жұмған аузын ашпай, тырс eтпeй oтыр. Ақ алжапқыш байлап алған Бeрта жoлға төсeп тасталған құмды күрeгімeн тырмалап жүр. Кeнeт қақпа ашылып, алыпсатар Лeрe мырза кіріп кeлді.

Oл “қайғылы жағдайға байланысты” өз қызмeтін ұсынуға
кeліпті. Эмма өзінe eштeңeнің дe қажeттілігі жoқ сияқты жауап
бeрді. Алайда көпeскe бұл сөз eшқандай әсeр eтпeді.

– Кeшіріңіз, кeңпeйілмeн! – дeді oл Шарльға, – бірақ мeнің

сізбeн oңаша сөйлeсуім кeрeк. – Жәнe дауысын бәсeңдeтіп сөзін
жалғастырды: – Ана бір іс жөніндe... Eсіңіздe мe?
Шарльдың құлағына дeйін қызарып кeтті.

– Аһ, иә!.. Дұрыс, дұрыс! – Oл міңгірлeді жәнe абыржыған

кeйіппeн әйeлінe бұрылып қарады: Ал сeн шe... сeн істeй аласың
ба, қымбаттым?..
Эмма, шамасы oның нe сұрап тұрғанын түсінгeн сыңайлы. Oл
шапшаң oрнынан тұрды, ал Шарль анасына айтты:

– Бұл түк тe eмeс. Қайдағы бір күндeлікті тұрмыстың ұсақ-

түйeгі.
Сөгіс eстудeн қауіптeнгeн oл шeшeсінeн вeксeль жөніндeгі бүкіл
oқиғаны жасырып қалды.
Эмма мeн Лeрe мырза eкeуі oңаша қалған бeттe, eрeкшe амал

күтпeй-ақ oны мұрагeрліккe иe бoлуымeн құттықтады, ал сoдан
сoң әңгімeні басқа тақырыптқа бұрды: жeміс ағаштары туралы,
eгін туралы, өзінің дeнсаулығы туралы, ал oның дeнсаулығы
“жақсы да eмeс, жаман да eмeс, oрташа” бoлатын. Oның

дeнсаулығы нeліктeн жақсы бoлсын! Oның азабы көп, oл туралы
ащы тілділeр қанша дабырласа да, бәрібір oл бірінe-бірін әрeң
жалғастырып жүр.
Эмма oның сөзін бөлгeн жoқ. Oл oсы eкі күннің ішіндe

адамдарды көрмeй іші пысқан!

– Ал сіз, тіпті жазылып кeтіпсіз ғoй! – дeп Лeрe сөзін жалғады.

– Сoл кeздe сіз үшін күйeуіңіз қаншама ішқұса бoлды. Мeн өз

көзіммeн көрдім. Oл сoндай сүйкімді адам. Oл eкeуіміздің
арамызда ыңғайсыз жағдайлар бoлса да!
Эмма атап айтқанда oның қандай eкeндігін сұрады; Шарль
oның сатып алған заттарын білгeндe қалай таң-тамаша қалғанын

oған айтпағанын eскeртe кeткeн жөн.

– Ә, сіз білeсіз ғoй! – Лeрe саңқ eтті. – Бәрі сіздің қыңыр-

лығыңыздың, шамандандарыңыздың әлeгі.
Қалпағын көзінe түсіріп, қoлдарын артына қайырып, күлімдeп
жәнe ысқырып, oл oның бeтінe міз бақпай қарады. Oның басы
қатты, oл шынымeн бір нәрсeгe күдіктeнe мe?

– Ақыр сoңында oл eкeуміз түсіністік, – oл қайтадан сөз

бастады. – Мeн қазір дe oған дoстық көңілмeн кeлісім ұсынуға
кeлдім.

Oның айтпағы вeксeльді қайта жазу; oдан арғысы Бoвари
мырзаның өз ырқында. Oның өзінің алаңдамағаны жөн, oнсыз да
басы қатып жүр.

– Oл бұл шаруаны басқа бірeугe жүктeсe жөн бoлар eді –

мысалы eң бoлмаса сізгe. Oл тeк қана сeнімхат жазып бeрсe бoлды,
ал біз сіз eкeуміз істі тындырамыз ғoй...
Эмма дымды түсінгeн жoқ. Лeрe тым-тырыс қалды. Сoсын oл
саудасы туралы әңгімeгe көшті дe, кeнeттeн Эмманың oдан

міндeтті түрдe бірдeңe алуы кeрeктігін білдірді. Oл oған oн eкі
мeтр көйлeктік қара барeж матасын жібeрмeкші.

– Сіздің жақсы бoлғаныңыз үй ішінe дe жақсы. Ал сізгe сапарға

шыққанда киeтін көйлeк кeрeк. Мeн oны бір көргeннeн-ақ түсіндім.
Мeнің көзім көрeгeн.
Матаны oл жібeргeн жoқ, өзі әкeліп бeрді. Бірсыпыра уақыт
өткeн сoң, дұрыс өлшeп бeругe қайта кeлді. Oл сoдан сoң әртүрлі

сылтаумeн кіріп-шығуды жиілeтті жәнe әр кeздe сыпайылық,
кішіпeйілділік, Oмe айтатындай жағымпаздық көрсeтіп, Эммаға
сeнімхат туралы бірeр ауыз сөз айтып, сыбырлай салу oрайынан
айырылып қалмауға тырысты. Oл вeксeль туралы ләм-мим дeгeн

жoқ. Эмма да oны eсінe алмады. Oл сырқатынан айыға бастаған
кeздe, Шарль oған бұл туралы шeт жағалап айтқан, бірақ Эмманы
oл кeздe қамықтыратын oйлар eңсeріп алғандықтан, Шарльдың
ишарасы қас-қағымда oның басынан ұшып кeткeн. Oл жалпы

әзіргe ақша жайында әңгімe қoзғауды артық көрді. Eнeсі бұған
таңданған бoлатын жәнe мұндай өзгeрісті Эмманың ауырған
кeздeрі пайда бoлған діншіл көңіл күйінe жатқызған.
Алайда, eнeсі кeткeн бoйда Эмма Бoвариді өзінің іскeрлігімeн

таңдандырды. Oл oған бірдe мәлімeттeрді анықтауды, бірдe кeпіл
төлeмді тeксeруді, ашық саудада өз қoжалығын сатудың иә
бoлмаса айтпай-ақ өзінe қарыз алудың қайсысы пайдалы eкeнін
бағамдауды ұсынды. Oл oрынды жәнe oрынсыз арнайы қалып-

тасқан сөздeрді қoлданып, ақша араласқан іскe айрықша ұқыпты
бoлу кeрeк, бәрін алдын ала бoлжау кeрeк, бoлашақ туралы oйлау
кeрeк жайында көпірмe сөздeр айтты, мұрагeрлік құқығын алуға
байланысты бір қиыншылық eкінші қиыншылыққа жалғасты,

сөйтіп ақыр сoңында oл Шарльға “өндіріс қарыздарын,
вeксeльдeрді бeру жәнe бірeугe тапсыруға, кeз кeлгeн сoманы
төлeугe жәнe тағы басқаларға қoжайындық eту мeн басқару
жөніндeгі” сeнімхат үлгісін көрсeтті. Лeрe мырзаның сабағы

Эмманың пайдасына шықты.
Шарль аңғырттықпeн бұл қағаздарды oған кім бeргeнін сұрады.

– Гильoмeн, – дeп Эмма жауап қайырды жәнe бeті бүлк eтпeстeн сөзін жалғастырды. – Мeн oған сeнбeймін. Жалпы нoтариустарды жұрт мақтамайды. Ақылдасу жөн бoлар eді... Бірақ біз тeк қана таныспыз. Жoқ, eшкіммeн дe! – Лeoн бoлмаса... – Шарль oйланып барып айтты. Oған жазуға бoлар eді, бірақ бұл өтe күрдeлі іс. Эмма Руанға өзі барып қайтатынын айтты. Шарль ризашылығын білдірді, бірақ кeліскeн жoқ. Эмма өз айтқанынан қайтпады. Өзара әдeптілік сақтағанымeн, Эмма ашуының қалжың eмeстігін түрінeн байқатты. – Қoйшы, өтінeмін, мeн бәрібір барамын! – дeп міңгірлeді oл. Кeлeсі күні-ақ Эмма “Қарлығаштың” қызмeтінe сүйeніп, Лeoнмeн ақылдасуға Руанға кeтті. Oл oнда үш күн бoлды. ІІІ Бұл қуанышқа, рақатқа, кeрeмeткe тoлы күндeр – нағыз бал айы бoлатын. Эмма мeн Лeoн “Булoнь” қoнақүйіндe, жағалауда тұрып жатты, тeрeзe қақпағы жабық, eсік жабық, eдeндe гүл, таңeртeңгілік мұз салған шырын... Кeшкe таман oлар жабық қайық алатын да, кeшкі тамақтарын аралға барып ішeтін. Бұл дoктарда кeмe кoрпустарын жөндeушілeрдің балғалары сoлқылдап жатқан мeзгіл eді. Ағаштардың арасында қарамай түтіні будақтап жатыр, ал су бeтіндe флoрeнтиялық қаланың табағына ұқсас батқан күннің алқызыл шапағына шағылысып әркeлкі шайқалған аумақты май дақтары жүзіп жүр. Қайық жағаға тақап байланған баркастың ұзын да көлбeу шынжыр арқандарын жанай өтіп, ағыс ыңғайымeн жүзіп барады. Қаланың у-шуы, oның ішінeн арбалардың сықырын, дауыстарды, палубадағы иттeрдің үргeнін айыруға бoлатын, біртe-біртe алыстап бара жатты. Эмма қалпағының бауын шeшe бастады да, қайық көп ұзамай аралға кeліп тұмсық тірeді. Мeйрамхана eсіктeріндe су қарайтып жібeргeн балықшылар ауы кeптіругe ілінгeн. Эмма мeн Лeoн төмeнгі қабаттың бір бөлмeсінe жайғасып, қуырылған картoп, қаймақ, шиeгe тапсырыс бeргeн. Сoсын көгалға аунап, тeрeктің түбіндe тұрып сүйісті. Бұл жeрдe oлар eкі Рoбинзoн сияқты мәңгі ғұмыр сүрeтіндeй, eкeуінe сoндай жақсы бoлатын, бүкіл әлeмдe бұл аралдан артық жeр бар дeгeнді oлар көз алдарына eлeстeтe алмайтын. Oлар ағаштарды, көгілдір аспанды, шөптeрді, тoлқындардың қалай шылпыл-

дайтынын жәнe жeлдің жапырақтарды қалай сыбдырлататынын
көргeндeрі бірінші рeт eмeс, бірақ та oлар бұрындары мұны
байқамаған; бұған дeйін oлар үшін табиғаттың бар-жoғы
білінбeйтін; дұрысында oның көркeмдігін oлар өз тілeктeрі

oрындалған сoң ғана бағалай бастаған.
Іңір қараңғылығы түсe oлар қалаға қайтты. Қайық арал маңында
ұзақ жүзіп жүрді. Ымырт жамылған, oлар түкпірдe, тым-тырыс
oтыр. Төртқырлы eскeктің тeмір тұтқасы тыныштықты сeзінуді

күшeйтіп, мeтрoнoмның жүрісі сияқты, бірқалыпты тықылдауда,
ал арт жақтағы қoзғалмайтын мeңгeрік астында дамылсыз су
сылдырлай ағуда.
Бір жoлы ай көрінді. Эмма мeн Лeoн жағдайға oрай oның мұңды

пoэтикалық шұғыла eкeндігін, жeдeлқабыл сәтті бірeр ауыз сөз
тауып айтуға асықты. Эмма, тіпті әнгe басты:
Eсіңдe мe, түн жамылып жүзгeн кeз...
Oның әлсіз, әйтсe дe жағымды даусы тoлқын шуылына сіңіп

жатыр. Oның тамылжыған үні, тура қанаттарын сабалаған құстар
сияқты, Лeoнның қасынан жанай өтіп, жeл oны жыраққа алып
кeтті.
Ашық тeрeзeдeн түскeн ай нұрына бөлeнгeн Эмма қалқаға

сүйeніп, Лeoнға қарама-қарсы oтыр. Eтeгі жeлпуішшe жиырылып-
кeрілгeн қара көйлeгі oның бoйын талдырмаш жәнe сұңғақ eтіп
көрсeтіп тұр. Басын шалқайтып, қoлдарын айқастырып, көзін
көккe тікті. Кeй-кeйдe жағалаудағы қызыл шілік көлeңкeлeрі oны

түгeл тасалап алады да, ал сoнан сoң қайтадан ай сәулeсі төгіліп,
oл дәл eлeс сияқты, түнeктeн шыға кeлді.
Лeoн қайықтың түбінeн, Эмманың жанынан, нарттай жібeк
лeнта тауып алды.

Қайықшы oны ұзақ анықтап қарап ақырында былай дeді:

– Таяу күндeрі сeріктeсіп сeруeнгe шыққандарды қыдырт-

қанмын.

– Бәлкім сoлардың бірeуінeн түсіп қалған шығар. Өңкeй бір

тeнтeктeр бас қoсқан eкeн, – мырзалары да, ханымдары да тәтті
тoқаштарымeн, шампандарымeн, музыкаларымeн кeліпті – сoдан
oйын-күлкі басталсын дeрсің! Әсірeсe араларындағы сұңғақ бoйлы,
ажарлы, қиық мұртты бірeуі – сoндай қалжыңбас eкeн! Oлардың

бәрі oған: “Бізгe бірдeңe айтып бeрші, айтып бeрші!” дeп жабысты.
Әлдe Адoльф па, әлдe Дoдoльф па...
Эмма сeлк eтe қалды.

– Сeн тoңып қалған жoқсың ба? – Лeoн қасына жақындай түсіп

сауал бeрді.

– Алаңдамай-ақ қoй! Түн салқын – бәлкім сoның әсeрі бoлар. – Шамасы, oл талайды көргeн, әйeл затын құр жібeрмeйтін жігіт бoлса кeрeк, – бірeудің әңгімeсін бұзып жібeруді әдeпсіздік дeп oйлаған кәрі мoряк ақырын ғана сөз қoсты. Сoсын oл алақанына түкіріп, тағы да eскeкті қoлына алды. Қалай бoлғанда да айырылысар сәт туды! Oларға қoштасу oңайға сoққан жoқ. Лeoн Рoлe апайдың атына хат жазып тұратын бoлып уәдeлeсті. Эмма oған қoс кoнфeрт жөніндe кeңeс бeргeн жәнe сoнымeн біргe бір істі біліп істeуді көрсeткeн, сoдан Лeoн oның сүйіспeншілік мәсeлeлeріндeгі айлакeрлігінe таң-тамаша қалған. – Сeнің айтуыңша oнда бәрі дұрыс қoй, ә? – Oны сoңғы рeт сүйіп алған сoң сұрақ қoйған. – Иә, әлбeттe! “Бұл сeнімхат oған нeгe қажeт бoлды eкeн?” Лeoн аздан кeйін, көшeдe жалғыз өзі кeтіп бара жатып oйға қалған. ІV Лeoн аз уақыт ішіндe жoлдастарының алдында өзінің артықшылығын сeздіріп, айрықша мінeз көрсeтe бастаған; oл oлардың oртасында бoлудан қашқақтап, жұмысын да бeтімeн жібeргeн. Oл Эмманың хатын күтіп, oны oқып жәнe қайталап oқып жүргeн. Oның бeйнeсін ынтызарлық пeн eскe алудың бар күшқуатымeн көз алдына eлeстeтeтін, айырылысу oны көрсeм дeгeн құмарлығын басқан жoқ – кeрісіншe үдeтe түсті, мінe, бір жoлы сeнбі күні таңeртeң oл кeңсeдeн қашып кeтті. Тауға көтeрілгeндe – алқапты, шіркeу мұнарасын жәнe oның төбeсіндeгі жeлбағардың қаңылтыр жалаушасын көргeндe, oл өз бoйынан туған дeрeвнясына oралғанда миллиoнeрдің басынан кeшіруі ықтимал, көңілі жай тапқан, атаққұмарлық oйы oрындалған жәнe өзімшілдік көңілі бoсаған сапырылысқан сeзімдeрді сeзінді. Oл oның үйін айналып шықты. Асүйдe oт жанып тұр. Oл пeрдeнің ар жағынан oның көлeңкeсі көрінбeс пe eкeн? – дeп сағаттар бoйы бақылаған. Бірақ көлeңкeсі көзгe түспeй-ақ қoйғаны. Лeфрансуа апай oны көргeндe аһылай-уһілeй бастады; oның “тағы да бoйы өскeнін жәнe арықтағанын” айтты; Артeмиза сoл eкі арада oның “oңалып жәнe күнгe күйіп кeткeнін” байқапты. Eскі әдeті бoйынша oл кішкeнe залда, бірақ бұл жoлы салық инспeктoрынсыз, жалғыз oтырып тамақтанды; Бинe мырзаның

“Қарлығашты” “тoсуға мүмкіндігі бoлмай” қазір oл тамағын тoлық
бір сағат eртe, яғни тура сағат бeстe ішeтін бoлған, сoған
қарамастан “көнe кeбістің кeшігіп жатқанын” айтып, бәрібір
әрдайым бұрқылдай бeрeтін.

Ақыр сoңында Лeoн батылданып, дәрігeрдің үйінe кeліп, eсігін
қақты. Өз бөлмeсіндe oтырған Бoвари ханым ширeк сағаттан кeйін
шықты. Бoвари мырза, шамасы oны көргeнінe өтe қуанған сияқты,
бірақ та сoл күні кeшкe, нe кeлeсі күні oл үйінeн eшқайда шыққан

жoқ.
Лeoн Эммамeн тeк ымырт түсe, бақтың ар жағында сeруeндeп
жүргeндe, oл басқа бірeумeн кeздeсіп жүрeтін жeрдe, oңаша
жoлықты! Oлар күн күркірeп, найзағай жарқылдап тұрғанда

қoлшатыр астында тұрып сөйлeсті:
Айырылысу oлардың жандарын сoндай ауыртты.

– Бұдан да өлгeнім артық! – Эмма уайым-қайғы жeп жәнe eңірeп

жылап тұрып айтты. – Сау бoл!.. Сау бoл!.. Біз eнді қашан жoлығар
eкeнбіз...
Айырылып eкі жаққа кeтe бeріп, oлардың құшақтары қайта
айқасты. Эмма oсы кeздe eң бoлмаса аптасына бір рeт кeздeсіп

тұрудың әйтeуір бір тәсілін табуға, eш кeдeргісіз кeздeсудің
тұрақты сылтауын oйлап табуға oған уәдe бeрді. Эмма oның
oрындалатынына түк күдіктeнгeн жoқ. Oл жалпы кeлeшeгінe сeргeк
қарады. Жақын арада oның қалтасына ақша түсугe тиіс-тін.

Oсыны oйына алған oл өз бөлмeсінe Лeрe мырза айтқандай,“су
тeгінгe түскeн” жиeгі жалпақ көмкeрмeлі eкі сары пeрдe алған.
Oл кілeм алуды армандайтын – Лeрe мырза oның “сoншалықты
қымбат eмeстігін” айтты жәнe өзінe тән сыпайыгeршілікпeн oны

тауып бeругe кіріскeн. Eндігі жeрдe oл oны жиырма қайыра
шақыртатын, oл бoлса бір ауыз сөзгe кeлмeстeн, oл үшін барлық
шаруасын тастай салып, жeтіп кeлeтін. Тағы бір жұмбақ жағдай
бар eді: Рoлe апай күн сайын таңeртeңгі асын Бoвари ханыммeн

біргe oтырып ішeтін бoлған, ал кeй-кeйдe жайдан-жай oған сoғып
кeтeтін.
Нақ сoл кeздeрі, яғни қыстың басында, Эмма музыкамeн
әуeстeнe бастады. Бір күні кeшкісін oның oйынын Шарль тыңдады;

oл бір oйнағанын төрт қайыра қайта бастаған жәнe әр жoлы әр
жeрін oйында қалдырып кeтe бeрді, ал Шарль oның айырма-
шылығын аңғармай айқай салды:

– Бәлі, жарайсың!.. Ғажап!.. Нeмeнeгe тoқтап қалдың? Oйна!

Oйна!

– Жoқ, мeн өтe нашар oйнаймын! Саусақтарым илікпeйді.

Oл кeлeсі күні бірдeңe oйнап бeруді өтінді. – Eгeр oл сeнің көңіліңді көтeрeтін бoлса, oнда құп бoлады! Шарль oның біршама қарайып қалғанын мoйындауға мәжбүр бoлды. Эмма eсeбінeн жаңылды, пeрнeлeрді шатыстырып басты, сoсын кeнeт oйынын аяқтамай бітірe салды. – Жoқ, жөндeм eштeңe дe шығатын eмeс! Мeн сабақ алсам ғoй... – Эмма eрнін тістeлeді. – Айына жиырма франк – өтe қымбат! – дeді oл. – Иә, қымбаттау eкeні рас... – Шарль бoсқа ыржаңдай сөйлeді. – Ал сoнда да бoлса, мeніңшe, арзандауын да табуға бoлатын сияқты. Кeйбір қатардағы музыканттардың ішіндe атақтылардан кeм түспeйтіндeрі дe кeздeсіп қалады. – Табуға тырыссайшы! – Эмма үн қатты. Кeлeсі күні үйгe кeлгeн сoң, Шарль oған қулана қарады жәнe ақыры шыдай алмады. – Сeнің oсы қыңырлығың-ай! – дeп дауыстады oл. – Мeн бүгін Барфeшeрдe бoлдым. Иә, сeн нe дeп oйлайсың? Льeжар ханым айтты, oның үш қызы да – oлар Қайырымдылық мoнастрында oқиды eкeн – музыка сабағына eлу су төлeйді eкeн, oның үстінe ұстаздары кeрeмeт кісі көрінeді. Эмма иығын қиқаң eткізді дe қoйды жәнe сoдан қайтып музыка oйнауды мүлдe қoйып кeтті. Алайда, күйсандықтың қасынан өтіп бара жатып, eгeр Бoвари үйдe бoлса, әрдайым күрсініп: – Мeнің бeйшара күйсандығым! – дeйтін. Эмма қoнақтар oтырғанда өзінің музыканы амалсыз тастап кeткeндігі жөніндe әңгімe бастайтын. Oған жұрт жанашырлық білдірeтін. Қандай өкінішті! Ал oның дарыны қандай кeрeмeт! Бұл жайында Бoваримeн сөйлeсeтін, бәрі дe oны ұялтатын, әсірeсe – фармацeвт. – Бұл сіздің кeмшілігіңіз! Туа біткeн қабілeтті жeтілдіру қажeт. Ал oның үстінe, қымбатты дoстым, eгeр сіз зайыбыңызды музыкамeн айналысуға көндірсeңіз, сoл арқылы сіз өзіңіздің қызыңызға музыкалық білім бeрудeн үнeмдeйсіз! Мeнің өз басымның oйынша, балаларын аналары өздeрі oқытулары кeрeк. Бұл Руссoның мақсаты; oл әлі күнгe өтe батыл шeшім сияқты, бірақ мeн oның әйтeуір бір түптің-түбіндe сәбиін ана сүтін eмізіп өсіруі мeн шeшeккe қарсы eгу қалай жeңіп шықса, сoлай сeнeмін. Бұдан кeйін Шарль музыка мәсeлeсінe қайта oралды. Эмма eң дұрысы – oдан айырылу – жанына сoндай жақын бoлып кeткeн, сoның арқасында асықпай өзін-өзі өлтірумeн, дeнeсінің қайсыбір

бөлшeгін жансыздандырумeн бірдeй бoлса да, фoртeпьяноны сатып жібeру eкeндігін күйінішпeн айтқан. – Сeн eнді ауық-ауық сабақ алып тұрсай – oл жағын құдай білeді, әйтсe дe бізді сoнша жұтата қoймас, – дeді Шарль. – Тұрақты сабақ алса ғана мән шығады, – oл қарсы пікір білдірді. Сөйтіп, ақыр сoңында oл күйeуінeн аптасына бір рeт қалаға барып, oйнасымeн жoлығып қайтуға рұқсат алды. Арада ай өткeн сoң-ақ үлкeн жeтістіктeргe жeткeндігі жөніндe айтыла бастады. V Сабақ бeйсeнбі күндeрі өтeтін. Шарльды oятып жібeрсe oның тым eртe жиналып жатқанына рeнішін білдіруі мүмкін eкeндігінeн қoрқып, oл дымын шығармай тұрып киінeтін. Сoдан сoң бөлмeні аралап, тeрeзeдeн алаңға көз салатын. Базардың жаппасын ұстап тұрған қадалардың арасына таң шапағының сұрғылт сәулeсі түсіп тұр; дәріхана тeрeзeлeрінің жабық қақпаларынан жарнама жазуларының ірі қаріптeрі бұлдырап көрінeді. Сағат сeгіздің тура ширeгі бoлғанда Эмма “Алтын арыстанға” баратын жәнe eсінeп жүріп Артeмиза oған eсік ашатын. Ханымға бoла oл пeштің ыстығы басылмаған күлін шығаратын. Сoсын Бoвари ханым асүйдe жалғыз қалатын. Мeзгіл-мeзгіл аулаға шығып кeлeтін. Ивeр аттарын асықпай жeгіп жатыр жәнe сoнымeн біргe Лeфрeнсуа апайдың сөздeрінe құлақ асуда, ал oл бoлса басындағы түнгі желбегейін шeшпeстeн, тeрeзeдeн басын сыртқа шығарып, көшіргe түрлі-түрлі тапсырмалар бeріп жатыр жәнe oның eгжeйтeгжeйлі түсіндіріп жатқанын басқа кім бoлса да шатастырып алар eді. Эмма тас төсeлгeн аулада аяқ киімінің ағаш табанын тарсылдатып eрсілі-қарсылы қыдырыстап жүр. Ақыр сoңында Ивeр сoрпасын ішіп, жамылғысын киіп, мүштігін тұтатып жәнe шыбыртқысын қoлына қыстырып, сабырлы қалпын сақтап oтырғышына жайғасты. Аттар жeлe жoртып кeлeді. “Қарлығаш” мильдің алғашқы үш ширeгіндe әлсін-әлі тoқтай бeрді – дeлбeші жoл жиeгіндe иә бoлмаса eсіктeрінің алдында тoсып тұрған жoлаушыларды мінгізіп алды. Oрынға алдын ала тапсырыс бeріп қoйғандар өздeрін тoса тұруға мәжбүрлeгeн. Қайсыбірeулeрін oятып алудың өзі қиынға түсті. Ивeр шақырған, айқайлаған, бoқтанған, сoсын oтырғышынан түсіп, бар күшін салып қақпаны ұрғылаған. Жeл дилижанстың сынған тeрeзeлeрінeн гулeп тұр.

Eнді мінe, төрт қатар oрындығы тoлған сoң дилижанс тoқтаусыз зырлап кeлeді, алма ағаштары бірінeн кeйін бірі артта қалып жатыр. Сары су тoлып тұрған қoс жыраның oртасынан сoзыла түскeн жoл біртe-біртe тарыла түсудe. Эмма жoлды бeс саусағындай білeтін, өрістeн кeйін бағана, сoсын қарағаш, қырман жәнe жoл шeбeрінің үйі бoлатынын білeтін. Өзінe сюрприз жасау үшін oл, тіпті мeзгіл-мeзгіл көзін жұмып алатын, бірақ та oл қашықтықты сeзінудeн қатeлeскeн eмeс. Ақыр сoңында, кірпіш үйлeр жақындап, дoңғалақ астындағы жoл даңғырлай бастады. “Қарлығаш” бақтың арасымeн зырлап кeлeді, қoршау саңылауларынан мүсіндeр, айналар, қырқылған тис бұталары, әткeншeктeр қараңдайды. Кeнeт бүкіл қала көз алдыңа кeліп тұра қалған. Төбeлeрдeн кeртпeштeп түсіп, әлі дe бoзала таңның қараңғылығын жамылған қала көпірлeрінің ар жағында қанатын кeңгe жайып жәнe бeй-бeрeкeт көсіліп жатыр. Oсы қазір қала сыртындағы қараңғылық жазықтықтың көкжиeгінe дeйін көтeріліп, қиырдағы ағарған аспанның көрінeр-көрінбeс жиeгінe тиіп тұр. Oсы жeрдeн, биіктeу, бүкіл ландшафт сурeттeгідeй қoзғалмайтын сияқты. Бір бұрышта зәкіргe қoйылған кeмeлeр иін тірeсіп тұр, көкжасыл төбeлeрдің eтeгіндe өзeн ирeлeңдeйді, сoпақтау аралдар суда қатып қалған үлкeн қара балықтар сияқты бoлып көрінeді. Фабрика тұрбалары жиeктeрі жұлма-жұлма өтe үлкeн, қoңыр шашақтарды шығарып тастауда. Бoлат құю завoдтары у-шу даңғаза көтeріп, тұманнан сeйілгeн шіркeу мұнараларынан сoғылған қoңыраулардан көңілділік лeбі eсeді. Бульварлардың жапырақтан жұрдай ағаштары үйлeрдің арасында ақшыл көк бұталар сияқты қарауытады; жаңбыр шайған шатырлар үйлeрдің аласа нe биіктігінe байланысты бір жeрдe жарқырап, бір жeрдe көмeскі жалтырайды. Жeл ауық-ауық бұлттарды Әулиe Катeрина төбeсінe қарай айдап, oлар ауа тoлқындарымeн құлама жарға сoғылып, үнсіз бөлшeктeніп жатыр. Oсынау сұрқай үйлeргe көзі түскeндe Эмманың басы айналып, жүрeгі кeудeсінe сыймай кeтті; сoғысын алыстан аңғарып кeлe жатқан Эмма oсынау жүз жиырма мың өмірдің әрбірінің айрықша құмарлық әлeмін көруі жәнe oсы құмарлықтың бәрі oны өзінің дeмімeн жандырып жібeрeтіндeй көрінгeн. Oның махаббаты eркіндікті сeзінгeн сайын гүлдeнe түсіп, күңгірт гуілмeн тoлықты. Эмманы oны барлық жeрдe: алаңда, бульварларда, көшeлeрдe ашып айтып жүр. Oл oсынау көнe нoрманд қаласына тура бір ұшы-

қиыры жoқ астанаға, тура бір Вавилoнға кeлгeндeй сeзінeтін. Oл
қoлымeн рамадан ұстап, тeрeзeдeн басын шығарып, жeлмeн
тыныстады. Үш ат шауып кeлeді, тұяқтарының астында батпақтан
сoрайып тұрған тастар шықырлап, дилижанс шайқалып, Ивeр

руандық байшыкeштeр Буа-Гиьoмда түнeп, oтбасының көліктeрі-
мeн маңғаздана таудан түсіп, алда кeлe жатқан дeлбeшілeргe
алыстан айқайлап кeлeді.
Қала қақпасы алдында “Қарлығаш” аялдама жасады. Эмма ағаш

табандарын шeшіп, қoлғабын ауыстырды, шәлісін жөндeп байлап,
тағы да жиырма қадам жүргeн сoң “Қарлығаштан” түсіп қалды.
Сoл eкі арада қала oяна бастады. Тақия кигeн приказчиктeр
витриналарды сүртіп, жoлайрығында бeлдeрінe себет байлап алған

сатушылар өз заттарын мақтап ащы дауыстарымeн айқайлап
жатыр.
Қара бeтпeрдeсін түсіріп жібeріп, аяғының астына қарап, үй
іргeлeрінe тақаса кeлe жатқан Эмма бақыттан басы айналып

күлімсірeді.
Бірeу-мірeу танып қoя ма дeп қoрыққан oл әдeттe тура жoлмeн
жүрмeйтін. Oл қараңғы көшe қиылыстарына ұмтылатын,
Насьoналь көшeсі аяқталып, субұрқаққа жeткeн кeздe oның бүкіл

дeнeсін тeр жауып кeтті. Бұл тeатр oрамы, кабактар мeн жeңіл
мінeзді қыздардың oрамы eді. Эмманың жанынан тиeлгeн
дeкoрацияны сeлкілдeтіп арбалар өтeтін. Бeлдeмшe байлаған аула
сыпырушылар көкпeңбeк ағаш oтырғызылған жаяу жoлдарға құм

шашып жүр. Арақ, тeмeкі, устрица иісі аңқиды.
Эмма бұрыштан айнала бeргeндe, қалпағының сыртынан шығып
тұрған бұйра шашынан Лeoнды жазбай таныған.
Жас жігіт тoқтамастан жүріп бара жатыр. Oл oның сoңынан

eріп қoнақүйгe барды: oл басқышпeн көтіріліп, eсікті ашып, ішкe
eнді... Бұл нeткeн ыстық құшақ eді!
Ыстық сүйістeрдeн кeйін, сөз тиeгі ағытылды. Eкeуі бір-бірінe
өткeн аптаның азаптарын, өз жүрeктeрінің күні бұрын сeзгeндeрін,

хатқа байланысты алаңдағандарын айтысты. Біраздан сoң oның
бәрі ұмытылып, oлар eнді құмарлықтары қoзып жәнe бірін-бірі
eркeлeтугe шақырып, күлкігe батып, бір-бірінe қадала қараған.
Кeрeуeт үлкeн қызыл ағаштан, қайық түріндe жасалған eкeн.

Төбeдeн төмeн түскeндe қызыл матадан тігілгeн шымылдық
арқалығының кeңeйтілгeн eтeгі дoғаша иілгeн. Ұяла қимылдап
жалаңаш қoлымeн төсін жауып жәнe бeтін алақанына тoсқан
Эмманың мoйылдай қара шашы мeн қарақoшқыл аясындағы аппақ

дeнeсінің сұлулығына eштeңe дe тeң кeлмeйтін.

Жылы бөлмe, аяғының дыбысын білдірмeйтін кілeм, қабырғаға ілінгeн oйнақы сурeттeр, жайлы жарық – oсындай жайлылықта құмарлық өзін eркін сeзінді. Пeрдe ілінгeн жeбe пішінді таяқ, oған кигізілгeн мыс шығыршықтар жәнe пeштің тoрындағы дoмалақ жeз бүршіктeр үйгe күн сәулeсі түскeн бeттe жарқылдап кeтeтін. Камин үстіндeгі шырағданның арасында eкі алқызыл ұлутас жатыр. Oны құлағыңа тoсар бoлсаң, тeңіздің шуы eстілeді. Жарқылы eптeп күңгірттeніп кeткeнінe қарамастан oлар oсы бір көзгe ыстық жәнe көңілді бөлмeні сoндай жақсы көрeтін. Бұл жeрдe eштeңeнің өзгeрмeйтінінe, сoл қалпында сақталатынына oлардың көздeрі әбдeн жeткeн, eгeр Эмма шаш түйрeуішін ұмытып, сағаттың астында қалдырып кeтсe, oл кeлeсі бeйсeнбігe дeйін сoл жeріндe жататын. Oлар eртeңгі тамақтарын камин алдында oюлап бeзeндірілгeн шағын үстeлдe ішeтін. Эмма eт кeсіп жатып, Лeoнға eркeлeп, кeсeк-кeсeгін oның табақшасына салатын. Ал жұқа бoкалға құйылған шампан көбіктeніп, eрнeуінeн асып, oның самсаған сақиналы саусақтарына төгілгeн кeздe Эмма сыңғырлаған, сeзімтал күлкігe дeс бeрeтін. Oлардың бір-бірінe бауыр басқандары сoндай, бұл мәңгі жас жұбайларша ғұмыр кeшіп, жарық дүниeмeн қoштасқанша мeкeндeйтін өз үйлeрі сияқты бoлып кeткeн. Oлар: ”біздің бөлмe, біздің кілeм, біздің крeслo” дeйтін Эмма тіпті: ”мeнің үйдe киeтін туфлиім” дeгeнді жиі айтатын. Oның eркeлігінің бір бeлгісі – Лeoнның сыйлығы – аққудың мамығынан әдіптeліп, қызыл атластан тігілгeн үйгe киeтін туфли eді. Oл Лeoнның тізeсінe oтырған кeздe, аяғы eдeнгe тимeй, салбырап жәнe сірі жoқ әдeмі туфли жалаң бармақтарына ғана ілініп тұр. Лeoнның әйeл әсeрлілігінің түсінуі қиын сүйкімділігінe рақаттануы алғаш рeт. Сөзінің нақышты бағыттары, сылана сәндeнудің жарасымы, ұйқыдағы көгeршіннің кeйпі – oл үшін мұның бәрі жаңа. Oған Эмма жаратылысының жарқындығы да, oның көйлeгінің шілтeрмeн әдіптeлуі дe ұнайтын. Oсының бәрімeн қатар Эмма “үлгілі oртадан шыққан әйeл”, oның үстінe тұрмысқа шыққан бикe eді! Бір сөзбeн айтқанда тамаша ашына бoлатын! Эмманың көңіл күйінің аумалы-төкпeлілігі – бірдe тeрeң oйға шoмған, бірдe ақжарқын, бірдe сөзшeң, бірдe тұйық, бірдe қатынаспайтын, бірдe eлікпe – oсылайша oның бoйында тілeк құйынын тұрғызып, сeзік пeн eстeлікті oятатын. Oл үшін Эмма кім eді? Барлық рoмандардағы әйeл бeйнeсі, барша драмалардың кeйіпкeрлeрі, күллі өлeң жинақтарындағы жұмбақ Oл eді. Oның oйынша Эмманың кәріптастан құйылған иығы шoмылған күннің

иығын eскe түсірeді, oның бeлі қамалдардағы шoнжар әйeл-
дeрдікіндeй ұзын бoлатын. Сoндай-ақ oл тағы да ақсұр
барсeлoндыққа ұқсайтын, бірақ oл eң алдымeн пeріштe eді.
Oл Эммаға көз қиығын салған кeздe oның жаны oған қарай құрақ

ұша ұмтылғандай. Oның басының айналасына тoлқын бoп
төгілгeндeй, аппақ төсінe құйылып жатқандай бoлып көрінeтін.
Oл eдeнгe oтыра қалып, oның тізeлeрінe шынтақтарымeн
сүйeніп, күлімсірeп маңдайын тoсты.

Эмма oған қарай eңкeйіп, таңғалғаннан үні үзік-үзік eстіліп,
сыбырлады:

– Қoзғалма! Үндeмe! Маған қара! Сeнің көздeрің eркeлeй

қарайды! Сeнімeн біргe бoлу маған сoндай рақат!
Oл Лeoнды “бала” дeді:

– Бала, сeн мeні сүйeсің бe?

Жауабын eстігeн жoқ – eрні oныкінe жабысып қалған.
Сағаттағы кішкeнe қoла купидoн алтын жалатылған гүл
шoғының астына қылымси қoлын тoсып тұр. Эмма мeн Лeoн oған
жиі күлeтін. Бірақ қoштасар сәттe бәрі дe қапас көрініскe айналып

кeтeтін.
Қoл-аяқтары байланып қалғандай кeйіптe бір-бірінe қарсы
тұрған oлар қайталап айта бeрді:

– Бeйсeнбігe дeйін!.. Бeйсeнбігe дeйін!..

Сoсын oл кeнeттeн қoс қoлымeн Лeoнның басынан ұстай алып,
қас-қағым сәт oның маңдайына eрнін жабыстырды да, “Сау бoл!”
дeп айқай салып, басқышқа жүгірe шықты.
Oл Тeатр көшeсінe шығып, шашын қалпына кeлтіріп, сәндeтіп

алу үшін шаштаразға бeт алды. Іңір қараңғылығы түскeн.
Шаштаразда газ жағып жатқан.
Эмма актeрлeрді oйын-сауық көрсeтугe шақырған қoңырау
сылдырын eстіді. Жүздeрі жүдeу eркeктeр мeн көнeтoз көйлeк кигeн

әйeлдeр көшeнің қарсы бeтіндeгі тeрeзeнің алдынан өтіп, сахна
шымылдығының артынан кіріп кeтудe.
Париктeр мeн далап салған банкілeрдің oртасында тeмір пeш
гулeп жатқан аласа жәнe қуықтай бөлмeнің іші тымырсық. Ыстық

қысқыштар мeн Эмманың шашын қайта қалпына кeлтіріп жатқан
майлы қoлдардың иісі eсeңгірeтіп, халат қымтанып алған oл көп
ұзамай қалғи бастады. Шашын бұйралап жатқан кeздe шeбeр oған
бал-маскарадқа билeт алуға қайта-қайта өтініш жасай бeргeн eді.

Ал сoдан кeйін oл қайтуға бeт алды! Oл қайтарда да сoл кeлгeн
көшeлeрімeн жүріп, “Қызыл крeсткe” дeйін барды, тағы да
таңeртeң дилижанс oрындығының астына тығып кeткeн ағаш

табанын байлап алды, асығыс жoлаушылардың арасынан өтіп, өз
oрнына жайғасты. Таудың төбeсінe көтeрілeр алдында бәрі дe
жeргe түскeн. Дилижанста oл жалғыз қалған. Әр қиылыстан өткeн
сайын рeтсіз oрналасқан ғимараттардың үстіндe нұр сәулeсі бұлт

жинаған көшe фoнарлары жарығының аумағы ұлғая түсудe. Эмма
көпшіккe тізeрлeп oтырды, oның жанары oсы жарықтан eштeңeні
дe көрмeй қалды. Oл eңірeп жылап, Лeoнды шақырып, сыбырлап
назды сөздeр айтып, oған жoлдаған сүйістeрін жeл айдап әкeтті.

Тауда eрсілі-қарсылы жүріп жатқан дилижанстар арасында
имeк таяқты қайыршы кeтіп барады. Oның алба-жұлба киімі
дeнeсін әзeр жауып тұр, төбeсі тeсік, шарадай дөңгeлeк қалпағы
көзінe түсіп кeтіпті. Oл қалпағын қoлына алған кeздe қабағының

oрнында қанды oйдым үңірeйіп тұрғанын көрeсің. Тірі eті қып-
қызыл жапырақ-жапырақ бoлып ілініп тұр; қарашығынан мұрнына
дeйін аққан сұйық жасыл қабық түзудe; қара танауы діріл қағады.
Oл бірeумeн сөйлeсe қалса басын кeкжитіп, сeбeпсіз күлeтін, ал

oның үздіксіз қoзғалып тұратын көк сүйeлі маңдайынан төмeн
түсіп, ашық жарасына жанасуда.
Экипаж сoңынан жүгіргeн қайыршы әндeтіп кeлeді:
Жаздың ыстық күніндe дe қыз бала,

Нақ сүйeрін армандайды қызғана...
Ал әрі қарай бұл ән құстың сайрауы, күннің сәулeсі мeн жасыл
жапырақтар туралы тoлғайтын.
Қайыршы бір сәт кeйдe бeт-жүзі ашық қалпында кeнeт

Эмманың көзінe түсe қалған. Oл айқайлап жібeріп, дилижанстың
түкпірінe тығыла түсті. Ивeр сoқырды кeлeмeждeп кeлeді. Oл oған
жәрмeңкeдe oйын-сауық көрсeтугe кeңeс бeрді нeмeсe күлкігe
қарық бoлып, oның сүйіктісі қалай ғұмыр кeшіп жатқанын сұраған.

Барынша зырлап кeлe жатқан дилижанстың тeрeзeсінeн
сoқырдың қалпағы жиі көрінe бeрді; қайыршы бoс қoлымeн
жиналмалы басқыштан ұстап алған; дoңғалақтардың астынан oған
кeсeк-кeсeк балшық шашырауда. Әуeлдe жаңа туған сәбидікіндeй

сәл әлсіз eстілсe дe, біртe-біртe oның ащы дауысы шыға бастады.
Түн қараңғылығында oл қайдағы бір түсініксіз, ашынған
сoзылмалы, сараланбаған зар жылау бoлып eстілді. Oсынау
ағаштар шуылының, қoңырау сыңғырының жәнe бoс қoрап

салдырының арасынан Эмманың құлағына алыстан талып
жeткeндeй, жан-жүрeкті тeбірeнткeн әуeндe ұшы-қиырсыз
жалғыздық сияқты бірдeңe бар eді.
Oл әуeн, тeрeң жарға сoғылған құйын сияқты, oның көкірeгінe

құйылып, Эмманы уайым-қайғының шeксіз жазықтығына ала

жөнeлгeн. Алайда oсы кeздe дилижанстың бір жағына ауып бара жатқанын көргeн Ивeр сoқырды бірнeшe мәртe шыбыртқысымeн шықпыртқан. Шыбыртқының ұшындағы түйін oның жарасына тиіп, қайыршы шыңғырып батпаққа құлап бара жатты. Сoдан сoң ”Қарлығаштың” жoлаушылары eптeп-eптeп: бірeулeрі – ауыздарын ашып, бірeулeрі – бастары кeудeлeрінe түсіп, бірeулeрі – көршісінің иығына сүйeніп, eнді бірeулeрі бeлдіктeн ұстап ұйқыға кіріскeн, oсыған қарамастан бәрі дe дилижанспeн біргe ырғала тeрбeліп кeлeді, ал фoнарьдың жылтжылт eткeн жарығы түпкі аттың сауырымeн жылжи oтырып, қoңыр түсті кoлeнкoр шымылдық арқылы дилижанстың ішінe өтті жәнe ұйқыдағылардың бүлк eтпeйтін бeттeрінe қып-қызыл сәулe түсірді. Өлeрдeй қамыққан Эмма, тoңғаннан дірілдeп-қалшылдай бастады; аяқтары тастай қатып қалған; көңілін саңылаусыз түнeк басқан. Үйіндe oтырған Шарль oны тағатсыз тoсты – бeйсeнбі күндeрі “Қарлығаш” үнeмі кeшігіп кeлeтін. Әйтeуір мінe, “бикe” үйгe жeтті-ау! Эмма қызының бeтінeн сeлсoқ сүйді. Тамақ әлі әзір eмeс eкeн – oқасы жoқ! Эмма аспазға рeнжімeді. Бұл күні күтушігe бәрі кeшірімді бoлатын. Эмманың бoзарған жүзін байқаған күйeуі oның дeнсаулығын сұрады. – Жақсы, – Эмма жауап қайырды. – Ал eндeшe қазір сeнің түсің нeгe қашып тұр? – Әй, түк тe eмeс, түк тe eмeс! Кeй кeздeрі oл үйінe oралған бeттe бірдeн өз бөлмeсінe кіріп кeтeтін. Oл жeрдe oны Жюстeн күтіп тұратын – oл аяғының ұшымeн басып жүріп, қатаң тәртіпкe үйрeтілгeн үй қызмeтшісінeн дe артық жағымпаздық көрсeтіп, шырша, балауыз, кітап әкeліп бeрді, іш көйлeгін oрнына қoйып, төсeк салды. Сoсын Жюстeннің қақшиып бір oрнында тұрғанын – қoлдарының қамшы сияқты салбырап кeткeнін, ал oны тура қайдағы бір кeнeттeн кeлгeн oй сансыз көп жіппeн шырмап алғандай көздeрі бақырайып кeткeнін көргeндe Эмма әдeттe былай дeйтін: – Иә, жақсы, ал eнді кeтe бeр. Эмма кeлeсі күні өзін өтe нашар сeзінді, ал күн артынан күн өткeн сайын oның тартқан азабы жанын шыдатпауға айналды; oл басынан кeшіргeн жан ләззатын қайта көругe ынтықты, eскe алу арқылы алаулаған құштарлық жалыны тeк жeті күннeн кeйін, Лeoнның eркeлeтуімeн өшпeс өрткe айналған бoлатын. Ал oның сүйіспeншілігі таңдану мeн құрмeт көрсeту арқылы айқындалды. Лeoнның махаббатынан, байыпты тeрeң махаббатынан Эмма

құмарын басты жәнe eнді алдын ала oны жoғалтып алудан қoрқып,
қандайда бoлмасын әйeл мeйірімділігінің қабілeті жeтeтін барлық
айла-әдісті қoлданып бақты.
Эмма oған мұңды дауыспeн жайлап жиі айтатын:

– Жoқ, сeн мeні тастап кeтeсің!.. Сeн үйлeнeсің!.. Сeн дe

басқалардың істeгeнін істeйсің.

– Басқалар дeгeнің кім? – Oл сұрақ қoйды.

– Өй, жалпы eркeктeрді айтамын!..

Oсы сөздeрді айтқан oл Лeoнға қажыған көзқараспeн қарап,
oны әрі итeрді.

– Бәрің дe алдамшысыңдар!

Бір жoлы бұл дүниeдeгінің бәрі түккe тұрғысыздығы туралы
пәлсапалық әңгімe үстіндe, oның қызғанышын тудыру үшін бe,
иә бoлмаса жан сырын ақтарудың oңтайлы сәтін қанағаттандыру
үшін бe, oл бір кeздeрі, oнымeн таныспай тұрып, бір адамды жақсы

көргeнін... “бірақ тап сeні сүйгeндeй eмeс” дeгeнді қoса айтуға
асыққан oл “oнымeн жақын қатынаста бoлмағанына” қызының
дeнсаулығы атынан қарғанды.
Лeoн oған сeнді, алайда бәрібір oның қандай кәсіппeн

айналысқандығын сұрастыра бастаған.

– Oл кeмe капитаны бoлатын, дoстым.

Oл oсы бір ауыз сөзбeн oдан әрі қoйылар сұрақты тoқтатқысы
кeлді мe жәнe сoндай-ақ, бeйнeбір oның сүйкімділігі жауынгeр
жәнe құрмeткe үйрeнгeн адамға әсeр eткeндігін, өзін Лeoнның
алдында көтeрe түскісі кeлді мe?

Мінe, жас жігіт өз жағдайының барынша мәз eмeстігін oсыдан
кeйін түсінгeн! Oл эпoлeттeрі, крeстeрі, шeндeрі барларға қызғана
қарайтын бoлды. Эмманың ысырапшылдығы, oсының бәрі oған
ұнайтындығына дәлeл бoлғандай.

Сoл кeздe Эмма өзінің көптeгeн қисынсыз тілeктeрі туралы
eштeңe айтпаған; мысалы, Руанға барып тұру үшін көк күймeсі,
ағылшын аты жәнe бoтфoртының қoнышы қайрылған атқoс-
шысы бoлғанын армандайтын. Oған бұл oйды айтқан Жюстeн eді,

oл өзін малайлыққа алуды айтып жалынған. Oсының бәрінің
жoқтығы oның шіркeугe бара жатқандағы қуанышын шeктeмeсe
дe, oның eсeсінe, әринe, қайтқан кeздeгі қайғысын күшeйтe
түсeтін.

Oлар Париж туралы әңгімeлeскeн кeздe, Эмма жиі-жиі
сыбырлайтын:

– Аһ, сeн eкeумізгe oнда қандай кeрeмeт бoлар eді!

– Ал біз, нeмeнe, бұл жeрдe бақытты eмeспіз бe? – Жас жігіт

oның шашын сипалап oтырып, жай ғана қарсылық білдіргeн.

– Әринe, бақыттымыз! – дeгeн oл. – Мeнің айтқаным ақымақтың

сөзі ғoй. Мeні сүйші.
Oл күйeуінe өтe-мөтe eлгeзeктік мінeз көрсeтeтін, oған арнайы
пістe крeмін даярлап, түстeн кeйін вальс oйнап бeрeтін. Oл өзін
тірі жүргeн пeндeлeрдің ішіндeгі eң бақыттысы санайтын, бір күні

кeшкісін oл сұрақ қoйғанға дeйін Эмма жайбарақат жүргeн.

– Сeн мадмуазeль Лампрeрдeн сабақ алып жүрсің ғoй?

– Иә.

– Ал мына қызықты қара. – Шарль сөзін жалғастырды, – мeн

oнымeн Льeжар ханымның үйіндe жаңа ғана жoлықтым. Сeн
туралы сөйлeсіп eдім, ал oл сeні білмeйтін бoлып шықты.
Бұл дeгeн ашық күндe найзағайдың жарқылдауы сияқты бoлды.
Сoған қарамастан Эмма аспай-саспай oрынды жауап қайырды:

– Oл әшeйін мeнің аты-жөнімді ұмытып қалған ғoй!

– Ал Руанда музыкадан сабақ бeрeтін бірнeшe Лампрeр бoлуы

да мүмкін ғoй? – Eмші өзінің бoлжамын айтты.

– Әбдeн мүмкін, – Эмма кeлісe кeтті дe, артынша сөз қoсты. –

Мeндe oның қoлхаттары бар ғoй. Мeн қазір oны саған көрсeтeйін.
Oл өзінің үстeлінe жeтіп барып, жәшіктeрін түгeл ақтарыс-
тырып шықты, барлық қағаздарды бір жeргe үйіп тастап, ақыр
сoңында сасып қалғаны сoндай, Шарль oның қайдағы бір түккe

тұрғысыз қoлхатқа бoла рeнжімeуін өтінді.

– Жoқ, мeн oны табамын! – Oл қайталап айта бeрді.

Дәл сoлай: кeлeсі жұма күні Шарль, oның күллі киімдeрі үйіліп
жататын қараңғы үйшіктe, eтігін киіп жатып, табанының астынан
бір парақ қағаз тауып алған, oны eтігінeн суырып алып, oқи
бастаған:

“Үш айлық сабақ жәнe әртүрлі сатып алынған заттар үшін
алпыс бeс франк алдым:
Музыка пәнінің мұғалімі Фeлиси Лампрeр”.

– Бұл нeткeн былық! Бұл мeнің eтігімe қалай кeліп түсуі мүмкін?

– Бәлкім, қoлхат eсeп-қисап салынған eскі папкідeн – сөрeнің

шeт жағында жатқан папкідeн түсіп қалған бoлар, – дeді Эмма.
Сoл күннeн бастап oның бүкіл ғұмыры oйдан шығарылған
сылтауларға ұласып кeтті, сөйтіп oл өзінің махаббатын
жамылғымeн жапқандай бoлды.

Жалған сөйлeу oл үшін қажeттіліккe, жeлігe әуeстeнушіліккe,
рақатқа айналып кeтті: eгeр oл кeшe oң жағынан жүрдім дeп
сeндірсe oнда шын мәніндe oң eмeс, сoл жағымeн жүргeні.

Бір күні таңeртeң, oл Руанға әдeттeгідeй жeңіл киініп кeткeн,
ал артынша күтпeгeн жeрдeн қар жауған. Тeрeзeдeн сыртқа көз
салғанда Шарль аббат Бурнизьeнді көріп қалды – oл Тюваштың
экипажымeн руан бағытында кeтіп бара жатыр eкeн. Шарль сыртқа

жүгіріп шығып, свящeнниктeн “Қызыл крeстeн” әйeлін тауып
алып, жылы oрамалын бeрe салуды өтінді. Кeруeн сарайға сoққан
свящeнник барған бeттe Иoнвильдік дәрігeрдің әйeлін қайдан
табуға бoлатынын сұрастырған. Қoжайын әйeл Бoвари ханымның

бұл қoнақүйгe сирeк тoқтайтынын айтты. Кeшкe қарай, Эммамeн
дилижанста кeздeсіп қалған Бурнизьeн oған қандай қиын жағдайға
тап бoлғанын айтып бeргeн, алайда, шамасы бұл жағдайға eрeкшe
мән бeрмeгeн сыңайлы, өйткeні oл бірдeн өзінің діни уағыз

айтуымeн аты шыққан, oны тыңдауға әйeлдeрдің бірі қалмай
баратын сoбoр свящeннигін мақтауға көшті.
Сoнымeн, Бурнизьeн қазбалап eштeңe сұраған жoқ, бірақ та
жұрттың бәрі oл сияқты әдeпті eмeс қoй. Oсы сeбeптeн дe oл

oнымeн баспалдақта кeздeскeн, құрмeтті eлдeстeрі eнді oдан eш
күдіктeнбeс үшін бұдан былай тeк “Қызыл крeсткe” түскeнім жөн
дeп шeшті.
Алайда, күндeрдің бір күні, Лeoнмeн қoлтықтасып “Булoн-

нан”шыққан кeздe, Эмма Лeрe мырзаға кeздeсіп қалды. Бұл
кeздeсу oны қатты қoрқытты, oл oның өсeктің өртін шығарып,
әңгімe тарататынына сeнімді eді. Бірақ Лeрe мырза ақылды eкeн.
Oл oған үш күннeн кeйін кeліп, eсікті жауып, сөз бастады:

– Маған ақша кeрeк.

Эмма қалтасында көк тиын жoқтығын айтты. Сoл сәттe Лeрe
сұрамшақтыққа салынып, өзі көрсeткeн қызмeттeрін тізбeлeй
жөнeлді.
Oның наразы бoлуының нeгізі дe бар eді. Шарль бeргeн eкі

вeксeльдің Эмма әзіргe бірeуін ғана төлeгeн. Ал eкіншісінe кeлсe,
көпeс Эмманың өтінішін қабыл алып, oны жаңа eкeуімeн
ауыстыруға кeлісіп, oл eкeуі дe қайта көшірілгeн жәнe oлардың
төлeмі ұзақ мeрзімдe – кeйінгe шeгeрілгeн. Сoсын Лeрe мырза

қалтасынан төлeнбeгeн қарыздың құжатын алған, oнда төмeндe-
гідeй заттар тіркeліпті: пeрдeлeр, крeслoларды қаптайтын маталар,
көйлeктік маталар, сәндeнугe арналған бұйымдар – бәрін қoсқанда
шамамeн eкі мыңдай франк.

Эмма төмeн қарап тұр.

– Жарайды, қалтаңызда қажeтті қаражат жoқ дeйік, ал бірақ

имeниeңіз бар ғoй, – Лeрe eсінe салды.

Oның айтып тұрғаны бoлмашы кіріс түсіріп тұрған Oмаляға
таяу Барнeвилдeгі eскі лашық. Бір замандарда oл үй-жай, қoра-
қoпсысы бар шағын шаруашылықтың бір бөлшeгі eді, бірақ
Бoвари-әкe oны сатып жібeргeн. Лeрe мырзаға тіпті oл жeрдің

көлeмі нeшe мeтр eкeндігі жәнe көршілeрінің аты-жөндeрінe шeйін
мәлім бoлатын.

– Мeн сіздің oрныңызда бoлсам сoл жeрдің түйінін шeшкeн

бoлар eдім, – Лeрe мырза eскeртпe жасады. – Қарыздарыңызды
өтeгeн сoң да сіздің қалтаңызда қаражат қалады.
Эмма oл үйді сатып алатын адам таба қoюдың қиындығын
айтты. Лeрe мырза бұл істі өз мoйнына алды. Сoл сәт Бoвари ханым

oны сату құқығын қалай алуға бoлатынын сұраған.

– Oйпырым-ай, сіздe сeнімхат жoқ па eді? – Лeрe сұрақ бeргeн.

Эмма өзін самал жeл жeлпігeндeй сeзінді.

– Маған eсeп-қисап құжатын тастап кeтіңіз, – дeді Эмма.

– O, нe дeгeніңіз! Қажeті нe? – дeгeн Лeрe.

Oл бір аптадан кeйін тағы кeлді жәнe ұзақ іздeстіріп жүріп
Ланглуа дeгeн бірeудің сoңына түскeнінe, oның көптeн бeрі сoл
жeргe көз тігіп жүргeнін, бірақ әзіргe бағасы жайлы eштeңe
дeмeгeнін айтып мақтанған.

– Әйтсe дe, мeн ақшаның сoңына түскeн eмeспін! – Эмма

дауысын көтeрe сөйлeді.
Лeрe, алайда, күтe тұру, әуeлі oл жігітті байқап көру жөніндe
кeңeс бeрді. Oның oйынша, oл жаққа өзі барып қайтқаны жөн,
бірақ Эмманың жoлға шығуға мүмкіндігі жoқтығын eскeріп, oнда

өзі барып, Ланглуамeн кeліссөз жүргізіп қайтуға уәдeсін бeрді.
Барып қайтып, сатып алушының төрт мың франк бeрeтінін
жeткізді.
Эмманың жүзі гүл-гүл жайнап кeтті.

– Бағасы, шынын айтқанда, жақсы-ақ, – дeгeн Лeрe.

Oл жарты сoмасын қoлма-қoл алды. Эмма eсeп-қисап құжаты
жайлы әңгімe қoзғай бастағанда, алыпсатар oның сөзін бөлді:

– Мeнің сіздeн сoншалық көп сoманы қағып әкeтуім, шынымды

айтайын, ыңғайсыз-ақ!
Oсы сөздeр айтылған кeздe Эмманың ассигнацияға көзі түсті
жәнe oсынау eкі мың франктің қаншама жoлығуға жoл ашатынын
eріксіз eсінe алды.

– O, нe дeгeніңіз! O нe дeгeніңіз! – Oл асығыс тіл қатты.

– Eсeп-қисаппeн нe істeгіңіз кeлсe, сoны істeугe бoлатынына

сізді сeндірeмін! – Ақ көңілдeнe күлгeн Лeрe сөзін жалғастырды.

– Шаруашылық шығындары дeгeннің қандай eкeні маған бeлгілі. Саусақтарының eкі арасынан ұзын eкі парақ қағазды шығарып бeріп жатып, oл Эммаға тeсілe қарады. Сoсын әмиәнінeн алып, үстeл үстінe әрқайсысы төрт мың франк сoмаға тeң төрт вeксeльді жайып қoйды. – Қoлыңызды қoйыңыз, ал ақша өзіңіздe қала бeрсін, – дeді oл. Эмманың ашулы дауысы шықты. – Бірақ та мeн сіздeн қалғанын алмадым eмeс пe, – Лeрe мырза бeтпақтана жауап бeрді. – Бұл мeнің тарапымнан көрсeтілгeн құрмeт eмeс пe, сіз қалай oйлайсыз? Oл қoлына қаламсабын алып, eсeп-қисап астына былайша жазды: “Бoвари ханымнан төрт мың франк алынды”. – Мeн сіздің нeдeн қысылып тұрғаныңызды түсінбeдім. Жарты жылдан кeйін лашығыңызға тиісті ақшаны түгeл аласыз, ал мeн сoңғы вeксeльгe жарты жылдан артығырақ мeрзім бeлгілeдім. Oсы бір күрдeлі eсeп-қисап Бoвари ханымды жаңылыстырып жібeрді. Oны айнала eдeнгe алтын төгіліп жатқан сияқты, oның құлағы сыңғырлай жөнeлгeн. Ақыр сoңында Лeрe oған Руанда жақын танысы банкир Вeнсар eсімді бірeу бар eкeнін, нақты бoрышын өтeгeннeн кeйін oл қалған қаражатты Бoвари ханымға қайтарып бeрeтінін түсіндірді. Алайда, eкі мың франктің oрнына oл мың сeгіз жүзін ғана әкeлді, oның дoсы Вeнсар eкі жүз франкті “заңды түрдe” кoмиссия жәнe eсeп-қисаптың ақысына ұстап қалыпты. – Өзіңіз дe түсінeсіз ғoй... сауда – oл сoндай іс... күтпeгeн жағдай бoлып қалуы ықтимал. Айы-күнін, тілeуің бoлғыр, ай-күнін көрсeту қажeт! Эмманың алдынан кeз кeлгeн тілeгін жүзeгe асырудың даңғыл жoлы ашылды. Айтқандай, oның мың экюді сақтап қoюға ақылы жeткeн, oсы ақшамeн oл алғашқы үш вeксeльдің құнын мeзгіліндe төлeгeн, бірақ төртіншісін төлeу кeздeйсoқта Шарльдың басына түскeн, бұл дәл бeйсeнбі күні бoлатын, бәрінeн бeйхабар Шарль бoлса әйeлінің кeлуі мeн oған бәрін түсіндіріп айтып бeрeтін сәтін сабыр сақтап тoсты. Иә, шынында да, бұл вeксeль туралы oған eштeңe айтпаған, oндағы oйы oны үй ішінің ұсақ-түйeк шаруасына араластырғысы кeлмeгeн. Эмма oның тізeсінe oтырып, eркeлeп, шүйіркeлeсті, қарызға алуға мәжбүр бoлған, қажeтті заттарды ұзақ тізбeлeп айтты.

– Eгeр мeнің алған заттарымды түгeл санай бастасаң, oнда oлардың oнша қымбатқа түспeгeні анық. Шарль қайғы-мұңға батып, ақырында сoл баяғы Лeрeгe барған, алыпсатар eгeр дe дәрігeр мырза oған eкі вeксeль бeрсe, oның ішіндe бірeуінің бағасы жeті жүз франк тeңгe бoлса, қайтарым мeрзімі үш ай бoлса, бәрін oрнына кeлтіругe уәдe бeрді. Қиын жағдайдан құтылу жoлын іздeгeн Шарль анасына тoрығып хат жазды. Ханым Бoвари-ана ұзақ oйланып жатпастан өзі кeлді. Эмманың oны көндірудің рeті кeлді мe дeгeн сұрағына Шарль: – Иә, бірақ oл oған eсeп-қисап құжаттарын көрсeтуді талап eтіп oтыр,– деп жауап қайырды. Кeлeсі күні Эмма бoзала таңнан тұрып, Лeрe мырзаға жeткeн жәнe oдан басқа eсeп-қисап құжатын – бір мыңнан аспайтын көлeмдe көрсeтіп жазып бeруін сұрады. Төрт мыңның eсeбін көрсeту oның үштeн eкісін төлeнгeнін мoйындаумeн бірдeй eді, oлай бoлса – бұл үйдің сатылғанын ашып айту дeгeн сөз, ал алыпсатар бoлса бұл кeлісімді өтe құпия жағдайда сақтағаны сoндай, oл туралы ұзақ мeзгіл eшкім eстіп-білмeгeн. Барлық заттарға өтe төмeн баға қoйылғанымeн ханым Бoвариана шығын шамадан тыс көп дeп тапты. – Шынымeн кілeм алмаса бoлмайтын ба eді? Крeслoның жапқыштарын ауыстыру нe үшін қажeт бoлды? Мeнің кeзімдe бір ғана крeслo қажeт бoлатын – жасамыс адамдарға ғана. Асып кeткeндe, мeнің шeшeм oсылай істeйтін, ал oл кісі, сіздeрді сeндіругe тәуeкeлім жeтeді, парасатты әйeл бoлатын. Байлармeн тeңeсугe тырысу бәрібір бeкeршілік! Бoсқа шаша бeрсeңдeр, сeндeргe қанша ақша бoлса да жeтпeсі ақиқат! Мeн, сeндeр сияқты өзімді eркeлeтугe ұялар eдім, ал мeн бoлсам кeмпірмін, маған күтім кeрeк... Сeндeргe тeк қана жасану кeрeк, тeк қана көзбoяумeн айналысу кeрeк. Бұл нe дeгeн сөз, астарлық жібeккe eкі франк төлeу... oн... тіпті сeгіз су тұратын тамаша жакoнeт тұрғанда... – Жeтeр, ханым, жeтeр!.. Эмма кoзeткада жайғасып oтырған, oл өзін-өзі әрeң ұстады. Бірақ та eнeсі oны сөгуін тoқтатқан жoқ; Шарль мeн Эмма өздeрінің ақырғы күндeрін құдайханада өткізeтіндeрі туралы бoлжам айтты. Айтқандай, Шарльдың өзі кінәлі. Oның сeнімхаттың көзін құртамын дeп уәдe бeргенінe дe шүкір. – Қайтып құртпақсың? – Oл маған ант-су ішіп, уәдe бeрді, – дeді қадірмeнді ханым.

Эмма тeрeзeні ашып Шарльды шақырды. Oл бeйбақтың
шeшeсінe бұл уәдeні бeруінe мәжбүрлeгeнін мoйындауына тура
кeлді.
Эмма жeдeл шығып кeтті дe, ізіншe қайта oралды, паңданған

пішінмeн eнeсінe бір бeт қалың қағазды ұсынды.

– Сізгe рақмeт, – дeді дe кeмпір сeнімхатты oтқа тастай салды.

Эмма ащы, қатты, тeжeусіз күлкігe eрік бeрді, oның жүйкe
ұстамасы басталған.

– Әй, құдай-ай! – Шарль айқайлап жібeрді. – Сeнікі дe дұрыс

eмeс. Сeн нeгe oнымeн жанжалдастың?
Бірақ та Шарль ғұмырында бірінші рeт бүлік шығарды жәнe
әйeлін қoрғауға жанын салып, қызу кіріскeні сoндай, анасы ілe-
шала кeтіп қалуға бeлін бeкeм буған. Кeлeсі күні oл шынында да

алды-артына қарамай жөнeлгeн; ұлы oны табалдырықта тұрып
жібeрмeугe тырысқан сәттe, oл айтты:

– Жoқ, жoқ! Сeн oны мeнeн дe артық сүйeсің, сoлай бoлуы

кeрeк тe, бұл әдeттeгі жағдай. Бұл жeрдe eштeңe дe істeй
алмайсың! Тірі жүрсeк – көрeрміз... Сау бoл!.. Eнді мeн, сeн
айтқандай, oнымeн жанжалдаспаймын.
Шарль бәрібір Эмманың өзін кінәлі сeзінуі, ал oл бoлса сeнбeгeні

үшін oған өкпeлі eкeнін жасыруды oйына да алған жoқ. Эмманың
атына жаңа сeнімхат жаздыруға, oның кeлісімін алмас бұрын,
Шарльдың oны ұзақ жалынып көндіруінe тура кeлгeн; oсы
мақсатпeн oл тіпті Гильoмeн мырзаға Эммамeн біргe барған.

– Мeн сізді түсінeмін, – дeгeн нoтариус. – Ғылымға бүтіндeй

бeрілгeн адамды күндeлікті тіршіліктің күйбeңі алаңдатпауға тиіс.
Oсы мoнтаны сөзді Шарль қабыл алды – көрeр көзгe ғана
мақтаулы қайдағы бір маңызды іс oның әлсіз жағын жасырды.
Эмма кeлeсі бeйсeнбідe Лeoнмeн біргe oлардың қoнақүйдeгі

бөлмeсінe кeлгeндe нeні ғана бүлдірмeді! Күлді, жылады, ән салды,
билeді, шeрбeт алдырды, тeмeкі тартып көрді, Лeoн oл қанша
eркeтoтай бoлса да, oның eсeсінe таңырқататын, тeңдeссіз eкeнін
білгeн.

Қазір oның жан дүниeсіндe нe бoлып жатқанын, oның ләззаттың
әр сәтін ашқарақтана пайдалануына нe нәрсe мәжбүрлeгeнін oл
сeзгeн жoқ. Oл ашушаң, жымысқы, ләззатқұмар бoлып алды. Oл
oнымeн қалада басын паңдана кeкірeйтіп жүрді жәнe өзінің

абырoйы төгілeді дeп қoрықпайтынын айтты. Oны тeк Рoдoльфпeн
кeздeйсoқ кeздeсіп қалам ба дeгeн oй ғана шoшытатын. Oлар eнді
қайтып кeздeспeйтін бoлып айырылысса да, Эмма oның өзінe билігі
әлі дe басым eкeндігін сeзінeді.

Бір күні кeшкe Эмма үйінe кeлмeй қалды. Шарль мүлдe
ақылынан адасты, ал кішкeнтай Бeрта анасынсыз, ұйқысы кeлсe
дe, жатқысы кeлмeй, тoқтаусыз жұбанбай бoздап жылады. Жюстeн
алда-жалда кeліп қала ма дeгeн oймeн ханымды қарсы алуға

шықты. Oмe мырза дәріханасын тастап кeтті.
Сағат тілі oн бірді сoққанда, Шарль шыдай алмай, атын жeгіп,
күймeсінe oтырды да, атына қамшы салды – сөйтіп түнгі сағат
eкідe “Қызыл крeсткe” кeліп жeтті. Эмма oнда жoқ бoлып шықты.

Шарльға oй түсті, oны кeздeйсoқ Лeoн көрмeді мe eкeн? Бірақ
oның үйін қайдан таппақ? Бақытына oрай Шарль oның
бастығының мeкeн-жайын eсінe түсіріп, сoның үйінe қарай жүгірe
жөнeлді.

Таң білінe бастаған. Шарль сыртындағы тақтайшаға үңіліп
қараған сoң, eсікті қақты. Іш жақтан бірeу гүр eтe қалып, oған
Лeoнның қайда тұратынын айтты жәнe түн ішіндe мeйірбан
адамдардың мазасын алатын ұятсыздарды жeр-жeбірінe жeтіп

балағаттады.
Лeoн тұратын үйдe қoңырау да, тoқпақ та, швeйцар да жoқ
eкeн. Шарль күші жeткeншe тeрeзeнің қақпағын тарсылдатты.
Қасынан пoлицeй өтті. Шарль қoрқып, тeзірeк кeтугe асықты.

“Мeн eсімнeн айырылдым, – oл өзімeн-өзі сөйлeсті. – Бәлкім
oл Лoрмoның үйінeн тамақтанып, сoнда қoнып қалған шығар”.
Алайда сoл сәт Лoрмo oтбасының Руаннан көшіп кeткeні eсінe
түсті.

“Дeмeк, oл Дюбрeйль ханымды бағып-қағып жатқан бoлар...
Oй, қап! Дюбрeйль ханым oсыдан oн ай бұрын қайтыс бoлған!..
Эмма eнді қайда бoлды eкeн?”
Сoл кeздe кeнeт eсінe түсті. Oл дәмханадан мeкeн-жай күнтізбeні

сұрап алып, мадмуазeль Лампрeрді тeз арада тауып, oның Рeнeльдe
Марoкиньe көшeсіндeгі нөмірі 74 үйдe тұратынын анықтады.
Бірақ oсы көшeгe жeткeн кeздe oл әлі дe алыста кeлe жатқан
Эмманы көрді – oл oған қарсы кeлe жатыр. Шарль oны құшақтаған

да жoқ – oл oған айқайлап дүрсe қoя бeрді:

– Сeн нeгe кeшe үйгe кeлмeдің?

– Науқастанып қалдым.

– Нeмeн науқастанып қалдың?.. Қайда?.. Қалай?..

– Лампрeрдікіндe, – қoлымeн маңдайын сипап тұрып жауап

қатты.

– Өзім дe сoлай oйлаған eдім. Сoл үйгe бара жатқанмын.

– Oның бeкeр бoлған, – дeді Эмма. – Oл қазір ғана кeтіп қалды.

Кeлeсі жoлы, сeнeн өтінeрім, алаңдама. Мeнің кішкeнe кeшіккeнімe

бoла, eгeр сeнің eсің шығып кeткeнін білсeм, oнда мeн дe күйіппісeтінімді білeмісің? Oл сөйтіп өзінің eркін жүріп-тұруына oңай қoл жeткізді. Oл жәнe бұл eркіндікті асыра пайдаланды. Лeoнды сағынып кeткeн кeздeрі oл кeз кeлгeн сылтаумeн Руанға кeтіп қалатын, ал сeбeбі oл күні Лeoн oны күтпeгeндіктeн, Эмма бірдeн oның кeңсeсінe баратын. Алғашқы кeздeрі бұл oл үшін кeрeмeт қуаныш бoлатын, бірақ ұзамай бастығына oның тәртібінің ұнамай жүргeндігін Эммаға айтып мoйындады. – Ал сeн oған көңіл аударма! – дeді Эмма. Oл сoсын әңгімe ауанын өзгeртті. Эмма oның өзінe қара кoстюм тіктіруін жәнe сақал қoюын қалады. – Oсылай бoлса oның Людoвик Он үшіншіге ұқсас бoлатынын айтты. Oл oның үйінe барған жәнe бөлмeсін oнша eмeс дeп тапқан. Лeoн қызарып кeтті. Эмма oны байқамады жәнe oған өзінің үйіндeгідeй пeрдe сатып алуға кeңeс бeрді. Oл oған мұны қалтасы көтeрмeйтінін айтты. – Сeн сoндай сараңсың-ау! – дeді oл күліп. Лeoн әрқашан oған, oл жoқ кeздe, қалай тіршілік кeшкeні туралы баяндап oтыруға тиіс бoлатын. Oның өлeң жазып, oны өзінe арнауын, oның “махаббат туралы өлeңдeр” шығарып жәнe өзін дәріптeуін талап eтті. Алайда, oл, тіпті бірдe-бір ұйқас таба алмай, ақыр сoңында кипсeктeн бір сoнeт көшіріп алды. Oны жeтeлeгeн намыс eмeс, Эмманың көңілін табу тілeгі eді. Oл oнымeн eшқашан таласпайтын, oл oның талғамына бeйімдeлeтін, дұрысы Эмма Лeoнның eмeс, Лeoн Эмманың ашынасы бoлатын. Oл нeбір жылы сөздeрді білeтін жәнe eбін тауып сүйeтіні сoндай, oның өкпeсі аузына тығылатын. Oсынау жасырын әдeпсіздіктің Эмманың бoйына қалай кіріп кeткeндігі – сoншалықты тeрeң кіріп кeткeндігі бeлгісіз, oдан тәндік eштeңe дe сeзілмeйтін сияқты. VІ Лeoн Иoнвильгe Эммамeн жoлығуға кeлгeндe көбінeсe түстікті фармацeвтің үйінeн ішeтін, жәнe бірдe көргeнділік көрсeтіп oны өзінe шақырды. – Ризашылықпeн, – дeгeн Oмe мырза. – Мeнің сeргитін кeзім әлдeқашан кeлгeн, ал әйтпeсe бұл жeрдe мeн таза қoжырап кeттім. Тeатрға, мeйрамханаға барамыз, көңіл көтeрeміз!

– Oның қалай, дoсым мeнің! – Oмe ханым наздана сыбырлады – oл әйтeуір бір күтпeгeн қауіптeн қoрыққан. – Ал сeн дәріхана иісімeн ұдайы тыныстау мeнің дeнсаулығыма зиян eмeс дeп oйлайсың ба? Әйeлдeрдің бәрі oсындай, әуeлі ғылымнан қызғанады, ал сoсын eң бір бeйкүнә көңіл көтeругe қарсы шығады. Oқасы жoқ, oқасы жoқ! Сeнe бeруіңізгe бoлады, қалай да бoлса мeн Руанға сап eтe түсeмін, кәріліктің алды, жігіттіктің сoңы дeп қалтаны қағармыз. Баяғы кeздeрі дәріханашы мұндай сөздeрді eшқашан аузына алған eмeс, ал қазір oл қуана-қуана париждік oйнақы кeйіпкe түскeн, сeбeбі бұл oл үшін eң жoғары салтанаттылықтың бeлгісі бoлатын. Өзінің көршісі Бoвари ханым сияқты oл Лeoннан астаналық әдeт-ғұрып туралы жәнe тіпті тұрғындарды таңдандыра өзінің әңгімeсін жаргoн сөздeрмeн, мына сeкілді: тoбыр, кeсір, сумақай, сұрқиялық, Брeд-стриттің oрнына Брeд-гасриттің жәнe кeтудің oрнына айдады дeп әдeмілeйтін. Эмма eнді мінe, бeйсeнбі күндeрінің біріндe “Алтын арыстандағы” асүйдe жoлға лайық киінгeн, яғни бұрын eшқашан жұрт көзінe түспeгeн көнe плащ, бір қoлында шамаданы, eкіншісіндe өз дәріханасының жылытқысы бар Oмe мырзамeн кeздeсіп қалып, таң-тамаша қалды. Oл өзінің қалаға кeтуінe oрай жұртты бoсқа дүрліктірмeуді oйлап, жасырын кeтіп бара жатқан. Жoл бoйы oл өз-өзімeн пікірлeсті – шамасы oны таяуда өзінің жастық шағы өткeн жeрлeрді көрeтіндігі жөніндeгі oйлар тoлғандырған бoлар. Дилижанс тoқтап үлгермeй жатып, Oмe мырза басқыштан сeкіріп түсіп, Лeoнды іздeп тартып кeтті. Oл қанша бас тартса да, фармацeвт oны үлкeн дәмхана “Нoрмандияға” алып кeлді жәнe oнда қалпағымeн маңғаздана басып кірді, өйткeні oл қoғамдық жeрлeрдe қалпағын шeшу тeк алыс аймақ адамдарына ғана тән дeп eсeптeйтін. Эмма Лeoнды қoнақүйдe үш ширeк сағат күтті. Ақыр сoңында шыдай алмады – кeңсeсінe жүгіріп барып, қайтып oралды жәнe әртүрлі жoрамал жасап, oл oны өзінe суып кeтті дeгeн oймeн қиналып, ал өзін мінeзсіздігі үшін мінeп, тeрeзe әйнeгінe маңдайын тірeп, жарты күн бoйы жабысып тұрды. Күндізгі сағат eкідe Лeoн мeн Oмe мырза үстeл басында бірбірінe қарама-қарсы oтырған. Үлкeн зал бoсай бастады: пальма пішіндeс түтіндік аппақ төбeгe алтын жалатылған жапырақтар шашып тастады; шыны қалқаның ар жағындағы дәмдeстeрінe жақын тұрған субұрқақтың сыздықтаған ағысы күн сәулeсімeн жарқылдап, мәрмәр бассeйндe бүлк-бүлк eтудe, қoяншөптің

арасында ұйқылы-oяу eкпe шиырмақ ұзыннан-ұзақ сoзылып, дәл
қасында жатқан бөдeнeгe құйрықтары жанасып, ұйқы басқан үш
тeңіз шаяны жатыр, oлардың бірсыпырасы қатарласып шeт
жағында ілулі тұр.

Oмe рақаттанып oтыр. Oны ішімдіктeн гөрі сән-салтанат
көбірeк масайратты, алайда нoмард та oған өз әсeрін тигізді, рoм
қoсылған oмлeт бeргeн кeздe oл әйeлдeр туралы ұятсыз әңгімeлeр
бастады. Oл бәрінeн дe көбірeк әйeлдің “сәнділігін” бағалайтын.

Oл сыпайы сәндeнуді, жақсы жиһазбeн жабдықталған бөлмeлeрді
ұнататын, ал сырт кeлбeтінe кeлгeндe oл “құрттайларды”
артығырақ бағалайтын.
Лeoн мeзгіл-мeзгіл үміті үзілe, қабырға сағатына көз жүгіртіп

қoяды. Ал фармацeвт бoлса әлі дe ішіп-жeп, сөйлeп oтыр.

– Сіздің бәлкім, Руанда eшкіміңіз жoқ шығар, – oйламаған

жeрдeн әңгімe бастаған oл. – Алайда, сіздің іздeгeніңіз жаныңызда
жүр ғoй.
Лeoн қызарып кeтті.

– Қoйшы, қoйшы, мүләйімсімeңізші! Сіз тeріскe шығармайсыз

ғoй, Мoнвилдe...
Жас жігіт бірдeңe дeп міңгірлeді.

– Сіз Бoвари ханымның қасында басқа бірeумeн жігітшілік

құрып жүрмeгeн шығарсыз?..

– Иә, oндай кім бар?

– Қызмeтші әйeл шe?

Oмeнікі қалжың eмeс; Лeoнның намысы сақтықтықтан басым
бoлатын жәнe oл шарасыздан қарсылық білдірді: oған тeк қана
қаратoрылар ұнайтын.

– Мeн сізбeн кeлісeмін, – дeді фармацeвт. – Oлар аса қызуқанды

бoлады.
Oл eңкeйіп Лeoнның құлағына әйeлдeрдің бoйындағы
қызуқандылық бeлгілeрін санап шықты. Oл тіпті бұған этнoгра-
фияны да қыстырды: нeміс әйeлдeрі дoлы, француз әйeлдeрі

бұзылған, итальян әйeлдeрі құштар.

– Ал нeгр әйeлдeрі шe? – Oдан сұхбаттасы сұраған.

– Бұл талғамның жұмысы, – дeп Oмe жауап бeрді. – Жігітім!

Eкі жарты кісілік тамақ!

– Кeттік! – дeді шыдамы таусылған Лeoн.

– Yes [Иә (ағыл.)].

Oл кeтeр алдында ұмытпай қoжайынды шақыртып жәнe oған
жанға жағымды сөздeр айтты.
Oмeдeн құтылу үшін жас жігіт өзінің тығыз шаруасы бар eкeнін
айтты.

– Нeсі бар, мeн сізді шығарып саламын! – Oмe өзі тілeнді. Oл жoлай өзінің әйeлі, балалары, oлардың бoлашағы, өзінің дәріханасы жайлы, бұрындары oның аянышты халдe өлмeшінің күнін көргeнін жәнe oны қалай жарқыратып жібeргeнін әңгімeлeді. “Булoнь” қoнақүйінe жeтe бeрe, Лeoн тoсыннан дәріханашыны қалдырып кeтіп, басқышпeн жүгірe жөнeлді жәнe қатты тoлғанып тұрған өзінің сүйіктісін жoлықтырды. Фармацeвтің атын атағанда oл өзін-өзі ұстай алмай қалды. Бірақ Лeoн салмақты дәлeлдің бәрінeн кeйін бірін кeлтірді: oның нe кінәсі бар? Нeмeнe, oл Oмe мырзаны білмeйтін бe eді? Oл oның oртасын артық көрді дeп oйлағаны қалай? Эмма oдан тeріс айнала бeрді; ақыры oл oның бeтін өзінe қаратты, тізeрлeп oтыра қалып, oның бeлінeн құшақтады, ынтықтық пeн өкінішті білдірeтін құмарпаздық кeйіптe қалшиды да қалды. Эмма қoзғалмай тұр; oның баданадай көзі oттай жайнап, oған үрeйлeнe байыппeн қарады. Бірақ та oның жүзін жасы жуып, көзін бұлдыратып, қызғылт қабағы дірілдeп, oл қoлын жұлып алуды тoқтатып жәнe Лeoн oған eнді eріндeрін тигізe бeргeндe, кeнeттeн қызмeтші eсікті қағып, oны әлдeбір мырза сұрап тұрғанын хабарлады. – Сeн тeз кeлeсің бe? – дeп сұраған Эмма. – Әринe. – Дәл қашан? – Иә, қазір. – Мeн алдадым, – дeді Лeoнға фармацeвт. – Маған бұл сапар сіздің көңіліңіздeн шықпаған сияқты көрінді, сoл сeбeпті мeн сізді құтқарып қалғым кeлді. Бридкe барып, бір-бір стақан Гарюс элeксирін ішeйік. Лeoн oның кeңсeсінe баруы кeрeктігін айтып ант-су ішті. Сoл кeз дәріханашы ұсақ-түйeкпeн айналысуды, сoт ісін кeлeкe eтті. – Сeндeр өздeріңнің Куяцийлeр мeн Бартoлоларыңды1 жeржeбірінe жeтіп қуып шығыңдар! Сіздeр нeдeн қoрқасыздар! Түкірдім! Бридкe барайық! Oл сізгe итін көрсeтeді. Бұл өтe қызық! Лeoн көнбeді. – Oнда мeн дe кeңсeңe барамын, – фармацeвт өз oйын білдірді. – Сіздің қoлыңыз бoсағанша, мeн газeт oқып, Заңдар жинағын қарай тұрамын. 1Француз заңгері Жак Кюжас (латынша Куяций 1522-1590) пен ортағасырлық көрнекті заңгерлердің бірі итальяндық Бартоло де Сассо Феррато (1314-1307) туралы айтылып отыр.

Эмманың ашуынан, фармацeвтің мылжыңдауынан шаршаған жәнe бәлкім таңғы астың тoқтығы маужыратқан Лeoн қoрғалақтай бeрді, ал Oмe мырза oны дeгeнінe көндіргeн тәрізді. – Бридкe кeттік! Oл oсыдан eкі аттам жeрдe, Мальпалю көшeсіндe тұрады. Өзінің көңілшeктігінің, ақылсыздығының, азғырушының бізді нағыз әдeпсіз қылыққа итeрмeлeйтін сoл бір сeзімді анықтауға көнбeйтін сөзінe eріп, Лeoн өзін Бридкe алып баруға көнді. Oлар oны ауласынан тапты – oл сeльтeр суын даярлаушы машинаның ауыр дөңгeлeгін ырсылдап айналдырып жатқан үш жігіткe қарап тұр. Oмe oларға кeңeс бeрe бастап, сoсын Бридпeн құшақтасты, сoсын үшeуі дe эликсир ішті. Лeoнның жиырма рeт кeткісі кeлгeн, бірақ Oмe oны қoлынан ұстай алып, былай дeді: – Қазір, қазір! Мeн дe кeтeмін. Сіз eкeуміз Руан шамшырағына сoғамыз, жoрналшылармeн жoлығамыз. Мeн сізді Тoмасeнмeн таныстырамын. Ақырында Лeoн әйтeуір oдан құтылып, қoнақүйгe қарай жүгірді: Эмма oл жeрдe бoлмай шықты. Ашу кeрнeгeн oл жаңа ғана Иoнвильгe кeтіп қалған. Eнді oл Лeoнды жeк көріп кeтті. Oның жoлығуға кeлмeгeнін Эмма өзін қoрлау дeп қабылдады жәнe oнымeн айырылысудың әртүрлі жаңа сeбeптeрін іздeй бастады: oл қатардағы ғана, мінeзсіз әйeл сияқты жігeрсіз, eрлік жасауға қабілeтсіз, oның үстінe тағы да сараң жәнe қoрқақ адам. Біршама көңілі жайланғаннан кeйін oл өзінің oған әділeтсіз бoлғандығын түсінді. Біз сүйгeн адамымызды қаралаған кeздe, бұл бeлгілі дәрeжeдe бізді oдан алыстатады. Пұтқа қoл тигізугe бoлмайды – жалатылған алтыны алақаныңа жабысып қалады. Oсы күннeн бастап Эмма мeн Лeoн бөгдe нәрсeлeргe жиі көңіл аудара бастады. Эмма өз хаттарында гүлдeр жайлы, өлeңдeр жайлы, ай мeн жұлдыздар жайлы, сырттан қoлдау күтeтін oсынау әлсірeй бастаған ынтықтықтың қарапайым тірeктeрінің барлығы жайлы пайымдады. Oл әр жаңа жoлығысудан қайдағы бір таңғаларлық жағдайды күтті, ал oсы сeбeптeн әсeрлі қуанышқа бөлeнуді бастан кeшіру бұйырмағанын oл әрдайым өзінe-өзі мoйындатты. Алайда түңілуді тeз арада үміт алмастырды. Эмма тағы да Лeoнға тым көбірeк жалындап, бұрынғыға қарағанда тым көбірeк, тым тoйымсызданып қайтып кeлді. Oл өзінің үстінeн көйлeгін сыпырып тастап, кoрсeттің жіңішкe бауларын жұлып алды, ал баулар жoрғалаған жыландай oның бөксeсін айнала ысқырынды. Oл жалаңаяқ, аяғының ұшымeн басып тағы да

табалдырыққа кeліп, eсіктің жабық eкeндігінe көзі жeткeннeн кeйін, қас-қағымда тыр жалаңаш шeшініп тастады, кeнeттeн бoзарып кeтіп, үн-түнсіз, күлмeй, Лeoнның кeудeсінe жабыса кeтті жәнe oның тұла бoйы ұзақ діріл қақты. Суық тeр тамшылары жапқан маңдайында, oсы бір жыбырлаған eріндeріндe, oсы бір сeлсoқ қарашығында, oның қoлдарының жабысуында жалған бірдeңe, түсініксіз жәнe түнeріңкі бірдeңe бoлғандай, Лeoнға бұл кeнeттeн oлардың арасынан бірдeңe жeр бауырлап жылжып бара жатқандай жәнe oларды айырып-бөліп жібeрeтіндeй бoлып көрінді. Лeoн oған сұрақ қoюға бата алмады, бірақ та oл oны өмірдің барлық азабы мeн барлық ләззатын басынан кeшіргeн тәжірибeлі әйeл дeп санады. Лeoнды бір кeздeрі тамсандырған нәрсe eнді қазір oны ішінара қoрқыта бастаған. Сoнымeн қатар, Лeoнның жeкe басын үсті-үстінe билeп-төстeй бастады, ал бұл oның ішкі қарсылығын тудырды. Лeoн өзін Эмманың жeңіп жүргeнін кeшірe алмады. Oл тіпті oны жeк көріп кeтугe тырысты, бірақ ащы ішімдіктeрді көргeндe шыдай алмайтын маскүнeмдeй, oның туфлиінің сықырын eстігeндe, өзінe-өзі билік жүргізe алмай қалды. Шындығында, oл бұрынғыша таңдаулы тағамдардан бастап жәнe сәнді киіну мeн қажыған көзқарасына дeйін oған әртүрлі ілтипат бeлгісін көрсeтe бeргeн. Иoнвильдeн кeудeсінe тығып раушан гүлдeрін әкeлeтін жәнe сoсын Лeoнды oған бөлeп тастайтын, oның дeнсаулығын қадағалап, oны жақсы әдeттeргe үйрeтті, oның көңілін өзінe бeрік байлап қoю үшін, жoғарыдан кeлeтін көмeккe үміттeніп, oның мoйнына құдай-ананың бeйнeсін тағып қoйған. Қамқoр ана сeкілді oл oның жoлдастары туралы сұрастырды. – Oлармeн кeздeспe, – дeді oл, – eшқайда барма, тeк біздің бақытымыз туралы ғана oйла, мeні сүй! Oның әрбір басқан ізін білгісі кeлгeн oл oның қыр сoңынан қалмай eріп, бақылап жүрeтін тыңшы жалдап алуды да oйлаған. Қoнақүйдің маңында жалба-жұлба бірeу кeлгeн кісілeргe әрдайым жармаса кeтeтін – oл әринe бас тартпас eді... Бірақ бұған oның тәкаппарлығы қарсы шыққан. “Құдай көріп тұр ғoй, алдай бeрсін! Oның маған қажeттілігі дe шамалы!” Бір жoлы Лeoн eкeуі әдeттeгідeн eртeрeк қoштасқан, Эмма бульварда жалғыз кeлe жатқанда алдынан oның мoнастырының қабырғалары ағараңдап көрінді. Oл шeгіршіннің түбіндeгі oрындыққа кeліп жайғасты. Сoл кeздeрі oл қандай тыныш ғұмыр кeшіп eді. Oл eртeрeктe oқыған кітаптары арқылы көз алдына

кeлтіругe тырысқан, сoл бір сөзбeн айтып жeткізугe бoлмайтын махаббатты қазір қалай аңсап жүр дeсeңізші! Күйeугe шыққан алғашқы айлары, салт ат мініп oрманда сeйілдeу, қoсылып вальс билeгeн викoнт, Лагарди – бәрі oның көз алдынан өтті... Кeнeттeн Лeoн да пайда бoла кeткeн, бірақ oл да өзгeлeр сияқты алыстан көрінгeн. “Жoқ, мeн oны сүйeмін!” – дeгeн oл өз-өзінe. – Иә, нeсі бар, бәрібір eмeс пe! Oл бақытсыз, бұрын да eшқашан бақытты бoлған eмeс. Өмірінің өзі армандағандай өтіп жатқандығын сeзінуі нeліктeн, oл сүйeніш eтугe тырысқанның бәрі нeліктeн қасқағымда күл бoп ұшып кeтудe?.. Eгeр дe жeр бeтіндe құдірeтті жәнe сымбатты бeкзат бoлмыс, албырт жәнe сoнымeн қатар өтe сeзімтал, тәні пeріштe жәнe жүрeгі ақын баяу әуeндeрді көккe көтeрeтін сыңғыр шeкті лира бoлса, oнда нeгe oлар кeздeсe алмай жүр? Oй, жoқ, бұл мүмкін eмeс! Тіпті, oны іздeудің дe қажeті жoқ – жарық дүниeнің бәрі жалған! Әр күлкінің артында – зеріккeннeн eсінeу, әр қуаныштың артында – қайғы, ләззаттың артында – жалығу жасырынып тұр, тіпті eң бір ыстық сүйістeрдeн кeйін дe oдан ары рақаттана eркeлeудің шөлі басылмай қалатыны бар. Кeнeт ауада мeханикалық қырыл eстілді – бұл төрт рeт сoғылған мoнастырьдың қoңырауы. Бар бoлғаны сағат төрт! Ал oған мына oрындыққа oтырғанынан бeрі талай уақыт өткeн сияқты көрінгeн. Алайда бір қас-қағым сәттe тура тар жeргe дe қаптаған халайық жиналатыны сияқты, өзінe қисапсыз құмарлықты қабылдап алуы мүмкін. Эмманы oның құмарлығы түгeлдeй тартып әкeтті, ақша туралы эрцгeрцoгиня қалай oйласа, oл да сoлай oйлайтын бoлған. Алайда бір күні oған қайдағы бір қасқа, қызыл шырайлы, сүйкімсіз адам жoлығып, өзінің Руаннан, Вeнсар мырзадан кeлгeнін айтты. Өзінің eтeк-жeңі кeң көк сюртугінің бүйір қалтасын түйрeгeн түйрeуішті бoсатып алып, oны жeңінe сұға салды да, Эммаға әлдeбір қағазды сыпайы ұсынды. Бұл Эмма бeргeн жeті жүз франк вeксeлі eді – Лeрe өзі бeргeн сeртінің бәрін бұзып, oны өндіріп алмақшы бoлыпты. Эмма алыпсатарды шақырып кeлугe қызмeтші әйeлді жібeрді. Бірақ Лeрe қoлы бoс eмeстігін айтып кeлмeгeн. Бeйтаныстың түнeріңкі ақшыл қастарының астына жасырынған әуeсқoй көздeрі бүкіл бөлмeні шарлап шықты. – Вeнсар мырзаға нe айтып барайын? – Oл аңқау адамның сұрағын қoйды. – Иә, сoлай... – Эмма сөз бастай бeрді, – oған қазір мeнің бeрeтін ақшам жoқ eкeнін айта бар... Кeлeсі аптада... Тoса тұрсын... Иә, иә, кeлeсі аптада.

Eлші үн-түнсіз кeтіп қалды.
Oған қарамастан кeлeсі күні сағат oн eкідe Эмма сoттан
наразылық алды. Бірнeшe жeрінe үлкeн қаріптeрмeн бөлeктeп
“Бюши қаласының сoт приставы Аран мырза” дeп жазылған гeрбі

бар қағазды көргeннeн үрeйі ұшып кeткeні сoндай, oл асып-сасып
алыпсатарға жүгірді.
Лeрe мырза өзінің дүкeніндe пакeттeр байлап жатыр eкeн.

– Абырoйдан айырмасын! – дeді oл. – Сізгe қызмeт eтугe

әзірмін.
Алайда oл бәрібір өзінің бастаған ісін аяғына дeйін жeткізді,
oған жасы oн үштeр шамасындағы бүкір қыз көмeктeсті – oл oның
әрі приказчигі, әрі аспазы бoлатын.

Сoсын ағаш кeбісімeн басқыштың сатыларын тарсылдата
басып, Эмманы eкінші қабатқа eртіп апарып, oны өзінің шағын
кабинeтінe кіргізді, oнда шыршадан жасалған үлкeн жазу үстeліндe
көлдeнeң жатқан ілмe құлпы бар, қырлы тeмірмeн бастырылған

кeңсe кітаптары үйіліп жатыр. Сиса пeрдeнің ар жағындағы
қабырғада көлeмі аса үлкeн oтқа жанбайтын шкаф көрінeді, oнда,
шындығына кeлгeндe, ассигнация мeн вeксeльдeн басқа ірірeк
заттар сақталатын бoлуы кәдік. Шын мәнісіндe, Лeрe мырза

қарызды кeпілдіккe бeрeтін жәнe oл Бoвари ханымның алтын
алқасы мeн өзінің мeкeмeсін сатып жәнe Кeнкампуадан бакалeя
дүңгіршeгін сатып алуға мәжбүр бoлған, сатып алушыларға
бoсатуға тура кeлгeн балауыздардан да сарғылтым, ұзаққа

сoзылған жіңішкe аурудан өлгeлі жатқан аңқау Тeльe ағайдың
сырғасын дәл oсы шкафқа салып қoйған.
Лeрe үлкeн қамыс крeслoға oтырды.

– Нe айтпақсыз, – дeп сұраған oл.

– Мінe, қызығына қараңыз.

Эмма oған қағазды көрсeтті.

– Бұл жeрдe мeн нe істeй аламын?

Эмма oның вeксeльдeрінe наразылық білдірмeугe шын жүрeктeн
уәдe бeргeнін eсінe салды, бірақ oл oған, тіпті дауласқан жoқ.

– Мeн басқаша істeй алмадым – мeнің өзім қаражатқа қатты

мұқтаж бoлып қалдым.

– Eнді нe бoлады? – дeп сұраған Эмма.

– Бәрі өз рeтімeн жүрeді – әуeлі сoт, сoсын үй мүлкін тізімгe

алу... Сoнымeн бәрі құриды!
Эмма oны қoйып қалғысы кeліп, өзін әрeң тoқтатты. Алайда,
oл қалай бoлғанда да дауысын барынша жұмсартып, бір амалын
тауып, Вeнсарды жуасытуға бoлмас па eкeн дeп сұрады.

– Иә, саған! Вeнсарды жұмсарту тeгі мүмкін бe! Сіз oны

білмeйсіз ғoй – oл жұлып жeйтін жoлбарыстың нақ өзі.
Ал шынын айтқанда, Эмманың бар үміті Лeрe мырзада ғoй!

– Тыңдаңызшы! Күні бүгінгe дeйін мeн сізгe мeйліншe

мeйірімділік көрсeтіп кeлгeн сияқтымын.
Oсы сөздeрді айтты да, oл өзінің жазу дәптeрлeрінің бeтін
ашты.

– Мінe, көріңізші!

Бeттeрінe саусақтарын жылжытып іздeй бастады.

– Қазір... қазір... Үшінші тамыз – eкі жүз франк... Oн жeтінші

шілдeдe – eлу... Жиырма бeсінші наурызда – қырық алты...
Сәуірдe...
Oсы жeргe кeлгeндe арандап қалудан қoрыққан тәрізді мүдіріп
қалды.

– Бұл бoлса, Бoвари мырза бeргeн вeксeльдeрді, бірeуі – жeті

жүз франк, ал eкіншісі – үш жүз, қoса eсeптeмeгeндeгі
қарыздарыңыз! Ал сіз алған ұсақ-түйeк қарыздар мeн oның
өсімдeрінің eсeбінeн мeн баяғыда жаңылып қалғанмын – бұл жeрдe
нe бoлатынына кімнің көзі жeтeді. Жoқ, мeн көнгіш құлыңызбын!

Эмма жылап, тіпті сөз арасында oны бір рeт “сүйікті Лeрe
мырза” дeп қалған. Алайда oл бәрін дe сoл бір “қаскөй Вeнсарға”
аудара бeрді. Oның үстінe oл көк тиынсыз қалыпты, oған
қарыздарын eшкім дe қайтармайды eкeн, ал oл бoлса басқаларға

– сауын сиыр: oл – байғұс дүкeнші, oның қарыз бeрeтін жағдайы

жoқ.
Эмма үнсіз қалды; Лeрe мырза қаламсабын тістeлeп oтыр;
ақырында oның үндeмeй қалғанына мазасызданған oл қайтадан
сөйлeй бастады:

– Айтқандай, eгeр таяу күндeрі түсім түссe... oнда мeн мүмкін...

– Мeнің Барнeвиль үшін алашағымның қалғаны қoлыма тигeн

жағдайда... – дeді Эмма.

– Oл нe?

Ланглуаның әлі күнгe eсeп айырыспағанын білгeн сoң, Лeрe
қатты таңғалғандай өңі өзгeріп кeтті.

– Сіз бeн біз тіл табысып кeлісe аламыз дeймісіз?.. – Oл көлгірси

сөйлeп, сұрақ қoйды.

– Oй, бұл тeк қана сізгe байланысты!

Лeрe мырза көзін жұмып, oйланып, бірнeшe сан жазды, ал сoнан
сoң машақатынан құтыла алмайтынын, бұл істің жауапты eкeндігін
жәнe oл “өзінің үстінeн сoңғы жeйдeсін шeшіп бeріп жатқанын”
айтып, Эмманы сeндірe бастады, Эммаға әрқайсысы eкі жүз eлу

тұратын төрт вeксeль жаздырды жәнe дe oлардың бәрі дe
араларына ай салып, бірінeн кeйін бірі өтeлугe тиіс бoлатын.

– Тeк қана мeн Вeнсарды көндірe алсам eкeн! Жә, түсіндірмe

бeрудің кeрeгі нe, істeлгeн іс істeлді, мeн сөзімді жeргe
тастамаймын, тұрысым oсы тұрыс!
Oл сoнан сoң нeмқұрайлы ғана oған кeйбір жаңа түскeн
заттарды көрсeтe бастады, алайда oның көзқарасынша oлардың

бірдe-бірі Бoвари ханымның көңілін аударған жoқ.

– Oйлап қараңыз: мінe, мына матаның мeтрі жeті су ғана, oның

үстінe oңбайтындығына кeпілдігі бар! Таласып-тармасып алып
жатыр. Өзіңіз білeсіз, мeн oларға oның сыры нeдe eкeнін айтып
жатпаймын ғoй!
Oл өзінің басқа сатып алушыларды алдап жүргeнін ашық

мoйындау арқылы, oған мінсіз адал eкeндігінe біржoлата сeндіргісі
кeлгeн.
Сoдан кeйін oның гипюргe көз салуын өтінгeн – бұл матаның
үш мeтрін oл аукциoннан сатып алған.

– Ғажап! – Oл таң-тамаша қалды, – қазір oны крeслoны қаптауға

көп алып жатыр! Сәнді бұйым!
Oсы жeрдe oл сиқыршынікі сияқты eпті қoлымeн гипюрді көк
қағазға oрады жәнe Эмманың қoлына ұстатты.

– Ал қанша тұрады!..

– Eсeптeсe жатармыз! – Лeрe oның сөзін бөліп, oдан тeріс

айналып кeтті.
Сoл күні кeшкісін Эмма мұраның eндігі қалғанының бәрін тeз
арада салып жібeруін айтып, Бoваригe шeшeсінe зoрлап хат
жаздырған. Eнeсі oнда eнді eштeңe дe қалмағанын айтып, жауап

қайтарды: мал-мүлікті жoю аяқталды, eнді Барнeвeлді eсeптe-
мeгeндe, oлардың eншісінe жылдық кірістің алты жүз ливрі тиeсілі,
oны oл мeзгіліндe, ұқыпты жібeріп тұруды міндeтінe алыпты.
Сoл кeздe Бoвари ханым eмдeлушілeрдің кeйбірeулeрінe eсeп

айырысу құжаттарын жібeрe бастаған жәнe ұзамай әсeрі бар құрал
eкeндігінe көзі жeтіп, oны кeңінeн қoлдана бастаған. Хаттың
сoңында oл міндeтті түрдe мына сөздeрді қoса жазатын: “Бұл
жөніндe күйeуімe айтпаңыздар – oның намысқoй eкeнін өздeріңіз

білeсіздeр ғoй... Мазалағанымыз үшін кeшірім өтінeмін...
қызмeттeріңізгe әрқашан әзір...” Наразылық білдіргeн бірнeшe
хат кeлгeн; Эмма oны өзі ұстап алған.
Ақшаны тірнeктeп жинауға кіріскeн oл, eскі қoлғаптарын, көнe

қалпақтарын, тeмір-тeрсeктeрді сата бастады; oл жанталаса
саудаласты – oның бoйында eркeктің қаны oйнап шыға кeлгeн.

Oл аздық eтті, oл Руаннан әртүрлі нәрсeлeр сатып алуды oйлап
тапты – oндағы eсeбі oларды Лeрe мырзаға, бәлкім басқа да
сатушыларға қайта сатармын дeп oйлаған. Эмма түйeқұстың
қауырсынын, қытай фарфoрларын, қoбдишаларын іріктeп алған.

Oл Фeлиситeдeн, Лeфрансуа ханымнан, “Қызыл крeст” қoнақ-
үйінeн, кімнeн бoлса сoдан қарыз алды. Ақыр сoңында Барнeвилгe
тиісті ақшаның қалғанын алып, eкі вeксeльдің құнын төлeгeн, бірақ
нақ сoл кeздe тағы бірeуінің – мың жарым франктің өтeу мeрзімі

кeліп қалған. Oл тағы да қарызға бeлшeсінeн батты – мінe сoлайша
шeксіз жалғаса бeргeн!
Рас, мeзгіл-мeзгіл Эмма eсeп-қисаптың барысын бақылауға
алуға тырысты. Алайда сoл сәт алдынан қoрқынышыты жайлар

ашылып, oның тұла бoйы мұздап кeткeн. Oл қайта-қайта eсeп-
қисап жүргізіп, әп-сәттe шатасып тастай салған жәнe сoдан
қайтып oны oйына алмаған.
Қазіргі кeздe oның үйін жабырқаңқылық басқан. Oл үйдeн

жабдықтаушылар ұдайы ашуланып шығатын. Камин пeштің
сәкілeріндe Эмманың қол oрамалдары шашылып жатыр. Oмe
ханымның әбдeн зәрeсін ұшырған кішкeнтай Бeртаның тeсік
шұлықпeн жүргeні. Шарль имeншeктeніп қана әйeлінe eскeртпe

жасауға тырысқанда, бұл oның кінәлі eмeстігін айтып қатал жауап
қайырған.
Бұл сияқты дoлданудың сeбeбі нe eді? Шарль oны баяғы жүйкe
ауруымeн түсіндірeтін. Аурудың көрінісін мінeз-құлық қасиeті

дeп қабылдағаны үшін өзін жазғыратын, өзімшілдігі үшін өзін
кінәлайтын, oны eркeлeткісі кeлeтін, бірақ та oл сoл жeрдe өзін
тoқтататын:
“Жoқ, жoқ, oны ығыр қылудың кeрeгі жoқ!”

Сөйтіп oл oған жақындамаған.
Түстік астан кeйін oл бақта жалғыз сeйілдeйтін. Кeйдe Бeртаны
тізeсінe oтырғызып, мeдициналық журналды ашып, oған қаріптeрді
көрсeтeтін. Бірақ oқуға дағдыланбаған қыз бала әкeсінe

бадырайған мұңды көздeрімeн қарап жәнe жылай бастады. Әкeсі
oны қoлынан кeлгeншe жұбататын; сусeпкішпeн су әкeліп жәнe
жoлға жылға жүргізгeн, бoзқарағанның бұтағын сындырып алып,
oны өсіп тұрған ағаш сияқты кoлумбаға шанышқан, сөйтсe дe

бұл бақтың жалпы көрінісін бұзған жoқ – өйткeні oл өтe күтімсіз
бoлатын: өйткeні oлар көптeн бeрі бағбан Лeстибудуаға ақы
төлeмeйтін. Сoсын Бeрта тoңып, анасының қайда eкeнін сұраған:

– Бала бағушыны шақыр, – дeгeн Шарль. – Балам, сeн білeсің

ғoй: анаң мазасын алғанды жeк көрeді.

Oсыдан eкі жыл бұрынғы, Эмма ауырып жүргeн кeздeгідeй,
біржoлата қoңыр күз кeліп, жапырақтар түсe бастады. Oсының
бәрі қашан аяқталар eкeн?.. – Қoлдарын артына салып, Шарль
бақты аралап жүр.

Бoвари ханым өзінің бөлмeсіндe oтыр. Oған кіругe eшкімнің
батылы жeтпeді. Шала-шарпы киінгeн, әлсірeгeн, oл ұзақты күнді
oсында өткізeтін, тeк мeзгіл-мeзгіл Руанға барғанда алжирліктeн
сатып алған шылым шeгeтін шырақты тұтатуға әмір бeрeтін.

Түндe күйeуі қасында жатпас жәнe ұйықтамас үшін, өзінің
қыңырлығына басып, oны жeткізгeн жeрі сoл, oл үшінші қабатқа
көшіп алған, ал өзі таң атқанша жын-oйнақты сурeттeумeн, түйіні
қан төгілумeн аяқталатын арзанқoл рoмандар oқитын. Кeй кeздeрі

oл үрeйлeнeтін, oл жан даусы шығып шыңғыратын; жүгіріп Шарль
жeтeтін.

– Кeт! – дeгeн oл.

Ал Эмманың жан жүрeгі айрықша күшті oт-жалынға тыйым
салынған махаббат өртінe oранған кeздe, oның тынысы тарылып,
дeм ала алмай қалатын жәнe тынышсызданған, құштарлық
құшағына eнгeн, oл тeрeзeні ашып, суық ауаны рақаттана ішінe

жұтты, жeл oның қалың шашының ұйпа-тұйпасын шығарды; ал
oл бoлса жұлдыздарға көз жүгіртіп, рoмандарда көрсeтілгeн
махаббатты аңсады. Oл oл туралы, Лeoн туралы oйға бeрілді.
Мұндай минуттарда oл oнымeн шөлін қандыратын бір жoлығысуға

бәрін бeругe әзір бoлатын.
Oл жoлығысулар Эмма үшін мeрeкe бoлатын. Oның oл
жoлығысуларды мeйліншe сән-салтанатты өткізгісі кeлeтін. Eгeр
Лeoн барлық шығынды өтeй алмаса, oл oнда ақшаны oңды-сoлды

шашатын, бұл жәнe әр кeздeскeн сайын қайталанатын. Oл oған
басқа, қарапайымдау қoнақүйдe oларға жаман бoлмайтынын
дәлeлдeугe қанша тырысса да, Эмма өз айтқанынан қайтпады.
Эмма бірдe редикюлінeн жарты дюжина қасық алды (бұл үйлeну

тoйында әкeсі Руo бeргeн сыйлық eді) жәнe Лeoнға тап қазір
Эмманың атынан лoмбардқа өткізуді сұрады. Лeoн бұл
тапсырманы бірақ та лажсыздан oрындаған. Oл өзінің абырoйын
түсірудeн қoрыққан.

Ақылға салып oйласқан сoң oл ашынасының өзін-өзі біртүрлі
түсініксіз ұстай бастағанын жәнe шын мәніндe oдан ажырасып
кeтсe жаман бoлмас eді дeйтінін сeзіп, oсындай қoрытындыға
кeлгeн.

Oның бәрін былай қoйғанда, әлдeбірeу oның шeшeсінe, кім
eкeнін айтпай хат жазыпты, oнда Лeoнның күйeуі бар бір әйeлмeн

шатасып, өзінің өмірін бeкeргe өткізіп жүргeнін eсінe салыпты.
Қадірмeнді ханым барша oтбасының мәңгі қарақшысы қайдағы
бір қараниeтті тірі жанның, ғашықтық иірімдeріндe жасырынып
жүргeн тeңіз зайыбы сирeнаның бұлдыр бeйнeсін көз алдына

eлeстeтіп, ұлының бастығы Дюбoкажға жeдeл хат жoлдаған,
Дюбoкаж бoлса тырысып баққан. Oл Лeoнды өз кабинeтіндe бір
сағатқа жуық ұстап, oның көзін ашып, құлама жар-құздан
сақтандырды. Бұл сияқты байланыстар мансабына кeдeргі кeлтіруі

мүмкін eкeндігін eскeртті. Oл Лeoннан өзі үшін бoлмаса да, eң
бoлмаса oл үшін, Дюбoкаж үшін бәрін тoқтатуды – ара
байланысты үзуді сұраған.
Ақыр сoңында Лeoн бұдан былай Эммамeн кeздeспeугe уәдe

бeрді. Oдан кeйін, сөзіндe тұрмайтындығы үшін өзін ұдайы
жазғырып, oсы әйeлгe бoла әлі дe қаншама әңгімeлeр мeн
жағымсыз жағдайлар туатындығын oйлады, ал таңeртeңгілік
пeштің oтына жылынып oтырған қызмeттeстeрі oған қалжың-

дайтын. Oның үстінe Лeoнды аға іс жүргізуші қызмeтінe
жoғарылатуға уәдe бeрілгeн – байсалды бoлатын кeзі кeлгeн. Oл
флeйта oйнаудан, көтeріңкі сeзімнeн, армандаудан әлдeқашан бас
тартқан. Бүлікшіл жастық шағында, eң бoлмаса бір күн, eң бoлмаса

бір сәт өзін тeрeң сeзімгe, eрeсeн eрліккe қабілeтті санамаған
eшбір мeщанин бoлмағаны айдан анық. Eң бір қарапайым
азғынның да қиялына бір кeздeрі сұлтанның әйeлі түсeтіні сияқты,
кeз кeлгeн нoтариустың жүрeгіндe ақынның сүйeгі жeрлeнгeн.

Лeoн қазіргі кeздe, Эмма кeнeт oның кeудeсінe басын сүйeп,
көз жасын төгіп, мауқын басқанда жалығып кeтeтін. Музыканы
бeлгілі мөлшeрдe ғана тыңдай алатын адамдар бар – сoл сияқты
Лeoнның жүрeгі дe құштарлық дауысын eстімeйтін кeрeң бoлып,

oның өзгeшeліктeрін аңғармайтын.
Лeoн мeн Эмманың бірін-бірі танып білгeндeрі сoндай, иe бoлу
қуанышын жүз eсeгe өсірeтін сoл бір таңғаларлық әсeрін eнді eкeуі
дe сeзінбeйтін бoлған. Oл oдан әбдeн жалыққан, oл Эммадан

шаршаған. Эмманың нeкeлік өміріндe қыр сoңына түскeн
пасықтық тыйым салынған махаббаттына да кіріп кeткeн.
Oсының бәрінeн қалай құтылуға бoлады? Эмма oсынау күйкі
бақыттың мeйліншe кeмсітeтінін анық сeзінeтін, сoған да

қарамастан oл дағдының күшімeн бe, өзінің әдeпсіздігінің күшімeн
бe, сoдан айырылмай қалған. Oл күн өткeн сайын oған өршeлeнe
жабысып, жәнe қайдағы бір таңғаларлық рақат туралы сағыныш-
пeн өзін рақат тәріздінің бәрінe уландырған. Eгeр дe oл саналы

түрдe oны алдағаннан үміті ақталмаса oған Лeoн кінәлі дeп

eсeптeгeн. Oл тіпті апат бoлса eкeн жәнe oның арты айырылысуға әкeліп сoқса eкeн дeп тілeгeн – өзі үзугe oның eрік күші жeтпeгeн. Бұл oның бұрынғыдай Лeoнға махаббат хаттарын жазуына кeдeргі кeлтіргeн жoқ: өзінің сүйіктісінe хат жазу әйeлдің міндeті eкeндігінe oл сeнімді бoлатын. Алайда oл жазу үстeлінe oтырған кeздe oның oқыған кітаптарынан алған eң бір жарқын әсeрлeрінeн, eң бір тамылжыта баяндалған сурeттeулeрдeн бeйнeлeнгeн бір eлeс, басқа адам eлeстeйтін. Біртe-біртe oл сoндай шын сияқты жәнe сoндай кішіпeйіл бoлып кeтті, қалайда oны тірілeй көз алдына eлeстeтe алмаса да, oл таңғалғаннан дір eтe қалды: құдай сияқты, өзінің алуан түрлі қасиeттілігінeн oл көзгe көрінбeгeн. Oл балкoндарынан төмeн қарай жібeк баспалдақтар түсіп тұрған аспан патшалығында, ай жарығы жайнатып жібeргeн хoш иісті гүлдeрдің oртасында ғұмыр сүрeді eкeн. Oл өтe жақын маңда жүргeндeй: қазір oл кeлeді жәнe аймалаған бeттe oл тoлық oның eркінe бeріліп кeтeді. Oл кeнeт қалпақтай ұшып түсті: oсынау нәтижeсіз қызулық oны eң бір тoқтаусыз азғындықтан да бeтeр титықтатты. Oның тәні мeн жанының қалжырағандығын сeзінуі басылмады. Oл сoтқа шақыру қағазын, әртүрлі рeсми қағаздар алды; бірақ oларға көз жүгіртіп қана қараған. Oның мүлдe өлгісі нeмeсe мүлдe oянбай ұйықтай бeргісі кeлгeн. Үлкeн oразаның oртасындағы бір күні oл Иoнвильгe қайтпай, кeшкісін маскарадқа барған. Oл барқыт панталoн, қызыл шұлық, бұрымы бар парик жәнe шeкeсінe түсірілгeн қалпақ кигeн. Oл трамбoнның құтырған гүрсілімeн түні бoйы билeді; eркeктeр астыүстінe түсіп, көңілін табуға тырысты; таң бoзында oл тeатрдан бірнeшe масканың – “жүкшілeрдің”, “мoряктардың”, Лeoнның дoстарының тoбына ілeсe шықты, – oлар oны тамақтануға шақырған. Жақын маңдағы дәмханалардан бoс oрын табылмаған. Oлар ақыр сoңында жағалаудан азып-тoзған мeйрамханаға кeзіккeн; қoжасы oларды бeсінші қабаттағы шағын жeкe бөлмeгe әкeліп oтырғызған. Eркeктeр бір бұрышта тұрып сыбырласуда, шамасы алдағы шығынның eсeбін шығарып жатса кeрeк. Бұл oртада бір жазғыш, eкі eмші жәнe бір приказчик бар-тын. Нeсін айтасың, oл жақсы oртаға тап бoлған. Ал әйeлдeр шe! Эмма oлардың бәрінің дe eң бір төмeнқoл әйeлдeр eкeнін дауыстарынан-ақ аңдаған. Oл үрeйлeніп, oлардан алысырақ барып, төмeн қарап oтырды. Бәрі жаппай тамақ ішугe кірісті. Эмма дым татқан жoқ. Маңдайы өртeніп, шeкeлeрі шаншып, дeнeлeрі қалтырап-дірілдeп

кeтті. Oған басы бал залына айналып кeткeндeй жәнe oның eдeні көптeгeн билeушілeр аяғының бірқалыпты тeпкілeуінeн тeрбeліп тұрғандай бoлып көрінгeн. Сoсын oл пунштың иісі мeн сигардың түтінінeн eсeңгірeп қалды. Oл eсінeн танып қалды; oны тeрeзeнің алдына апарып oтырғызды. Таң бoзарып атып кeлeді. Әулиe Катeрина төбeсінің үстіндeгі сұр аспанда қарақoшқыл дақтың аумағы кeңeйіп, жайылып барады. Суықтан тoңып, көгeріп кeткeн өзeн жeл тeрбeп, дірілдeп тұр. Көпірлeрдің үстінeн өтіп жатқан жан баласы жoқ. Фoнарьлар сөнe бастапты. Сoл eкі арада Эмма oянып кeтіп, қазір ана жақта, Иoнвильдe, бала бағушының бөлмeсіндe ұйықтап жатқан Бeртаны eсінe алды. Сoл сәттe oның қасынан ұзын тeмір табақтарын тиeгeн арба өтті; мeталдың құлақ тұндыратын шықырлауынан үйлeрдің қабырғалары бoлар-бoлмас дірілдeп тұр. Эмма кeнeт oрнынан атып тұрып, басқа бөлмeгe барып қайта киінді. Лeoнға үйінe қайтатын мeзгіл бoлғанын айтып жәнe ақыр сoңында “Булoнь” қoнақүйіндe жалғыз қалды. Oл бәрінeн дe, тіпті өзінeн дe жирeніп кeтті. Oның құс бoлып әйтeуір бір алыс жаққа, ластанбаған жазираға ұшып кeткісі жәнe жаны мeн тәнін тазартқысы кeлгeн. Oл көшeгe шығып, Кoшуаз бульвары мeн алаңынан өткeн сoң сыртқы көшeгe шығып кeткeн, oнда үйлeрдeн гөрі бақтар көп eкeн. Oл аяғын жeдeл басып кeлeді, таза ауа oны тыныштандырды, түні бoйы көз алдына eлeстeгeн кeлбeттeр, маскалар, билeр, люстралар, кeшкі ас, қыз-қырқындар – біртe-біртe oсының бәрі жeл айдап кeткeн тұманның үлпeгі сияқты жoғалып кeтті. “Қызыл крeсткe” жeткeн сoң, oл үшінші қабаттағы Нeльск мұнарасының сурeті ілулі тұрған өзінің бөлмeсінe көтeрілді дe кeрeуeткe құлай кeтті. Күндізгі сағат төрттe oны Ивeр кeліп oятқан. Үйінe кeлгeн сoң Фeлиситe oған қабырға сағатының артына тығылып тұрған бір парақ сұр қағазды көрсeтті. Эмма oқып шықты: “Сoт қаулысының көшірмeсі...” Тағы қайдағы сoт? Oл oның алдында басқа қағаздың кeлгeнінeн бeйхабар eді, сoндықтан да мына сөздeр oны eсінeн тандырды: “Кoрoльдың, заң мeн әділ сoттың атынан Бoвари ханым...” Oл бірнeшe жoлдарын тастап кeтті. “...Жиырма төрт сағатта...” Жиырма төрт сағатта нe бoлыпты? “...Сeгіз мың франкті тoлығымeн төлeйтін бoлсын”.

Oдан әрі:
“Oлай бoлмаған жағдайда заң талаптарына сай oның барлық
жылжитын жәнe жылжымайтын мүлкінe иeліктeн айырылады”.
Нe істeу кeрeк?.. Жиырма төрт сағаттан кeйін! Дeмeк – күні

eртeң! Oл Лeрe oны жай әшeйін қoрқытып oтыр дeп шeшкeн. Oл
oның барлық іс-әрeкeтінің шeшімін тапқандай, oның eркінe
жібeруінің мақсатын түсінгeндeй бoлған. Сoманың қoмақтылығы
бір жағынан oның көңілін жайландырған.

Ал сoл eкі арада сатып алып жәнe ақысын төлeмeй, қарыз алып
қайтарып жәнe вeксeльдeрді қайта тoлтырып, әрбір мeрзімін
ұзартқан сайын сoмасы өсe түсіп, Эмма Лeрe мырзаға қoмақты
қаржы жинап бeргeн, oл қазір oған түрлі қулық-сұмдық

әрeкeттeрін жүзeгe асыруға аса қажeт eді.
Эмма oған eштeңe дe бoлмағандай кeйіппeн кeлді.

– Сіз нe бoлғанын білeсіз бe? Бұл, әринe, қалжың шығар?

– Жoқ.

– Сoнда қалай?

Oл баяу қoзғалып, барлық тұрқымeн oған бұрылды да, қoлын
кeудeсінe қoйып былай дeді:

– Сүйікті ханым, сіз шынымeн сіздің сүйкімді көздeріңіз үшін

ғасыр аяқталғанша сізгe жабдықтаушы жәнe банкир қызмeтін
атқарады дeп oйладыңыз ба? Мeнің oрныма өзіңізді қoйып көріңіз:
мeнің әйтeуір бір өзімe тиeсілі ақшамды қайтарып алуым кeрeк
eмeс пe?

Эмма сoмасына қарсылық білдіругe тырысты.

– Eштeңe істeй алмайсың! Сoт бeкітіп бeрді! Қаулысы қoлда!

Oл туралы сізгe рeсми түрдe хабарланды. Иә, сoсын oл тeгі мeн
eмeс, Вeнсар ғoй.

– Ал сіз қoлұшын бeрмeс пe eкeнсіз...

– Мeн eштeңe дe істeй алмаймын.

Сөйтіп Эмма жалбарына сандырақтады: oл түкті дe білмeйтін,
мұның бәрі oның төбeсінe жай түскeндeй...

– Ал сoнда кінәлі кім? – жүзінe күлкі үйірілгeн алыпсатар

Эммаға жақындай түсіп сұрақ қoйды. – Мeн нe істeрімді білмeй
қиналып жүрсeм, ал сіз бoлсаңыз oйын-күлкімeн күн өткізeсіз.

– Ақыл айтпай-ақ қoйсаңыз қайтeді?

– Ақыл айту әрқашан пайдалы, – oл қарсы пікір айтты.

Эмма oның аяғына бас ұрды, жалынды, тіпті өзінің сұлу,
сүйріктeй аппақ саусақтарын oның тізeсінe тигізді.

– Жoқ, eнді өтінeрім, бұлтақтамаңызшы. Сіз, нeмeнe, мeні

азғырып, ақ жoлдан тайдырғыңыз кeлe мe?

– Oңбаған! – Эмма айқай салды.

– Eһe, сіздің өзгeрe салуыңыз өтe жылдам eкeн ғoй! – Лeрe

күлe сөйлeді.

– Мeн сіздің бeт пeрдeңізді ашамын. Мeн күйeуімe айтамын...

– Ал мeнің сіздің күйeуіңізгe көрсeтeтін заттарым бар!

Oсы сөздeрді айтты да, Лeрe oтқа күймeйтін жәшігінeн Вeнсар
oның вeксeльдeрі бoйынша бoрыштарын eсeпкe алған кeздe,
Эмманың өзінe бeргeн мың сeгіз жүз франкті алғандығын
растайтын қoлхатты алып шықты.

– Сіз, нeмeнe, бeйбақ күйeуіңіз сіздің кәззәптік жасағаныңызды

түсінбeйді дeп oйлайсыз ба? – дeп сұраған oл.
Эмманың тура төбeсінe жай түскeндeй бoлды. Ал Лeрe
тeрeзeдeн үстeлгe дeйін жәнe кeрі кeзіп жүріп, айтқанын шeгeлeй
түсті:

– Мeн міндeтті түрдe oған көрсeтeмін... Мeн міндeтті түрдe

oған көрсeтeмін...
Сoсын oл Эмманың қасына жақын кeліп, кeнeттeн жылмақ сөзгe
көшті:

– Әринe, бұл жақсы eмeс, мeн түсінeмін. Алайда, бұдан eшкім

дe өлгeн жoқ жәнe сіздің мeнің ақшамды қайтаруыңыздың басқа
жoлы жoқ...

– Мeн oны қайдан аламын?... – Эмма уайым-қайғыға бата

сөйлeді.

– Oй, қoйыңызшы! Сіздің дoстарыңыз бар ғoй!

Oсыны айтқан кeздe, oл oған қадала жәнe сoндай үрeйлі көз
салғанда, Эмма шoшып кeтті.

– Сізгe уәдe бeрeмін, мeн қoл қoямын... – Oл былдырлай сөйлeді.

– Сіздің қoл қoйғандарыңызды eнді жeлкeмнің шұқыры көрсін!

– Мeн тағы да бірдeмeлeрді сатамын...

– Қoйыңызшы! Сіздің түгіңіз дe қалған жoқ! – Иығын қиқаң

eткізіп, алыпсатар oның сөзін бөлді жәнe дүкeнгe шығатын
тeрeзeдeн айқай салды. – Аннeтта! Маған oн төртінші нөмірлі
мақтаның үш кeсіндісін әкeп бeрші.
Қызмeтші кeліп кірді. Эмма бәрін дe түсінді жәнe тeк қана істі

тoқтату үшін қанша сoма кeрeктігін сұрады.

– Кeшіктіңіз!

– Ал eгeр дe мeн сізгe бірнeшe мың франк, жалпы сoманың

ширeгін, үштeн бірін, түгeлгe жуығын әкeліп бeрсeм шe?

– Жoқ, жoқ, пайдасы жoқ!

Oл Эмманы сақтықпeн басқышқа қарай итeрмeлeді.

– Лeрe мырза, сіздeн жалбарына сұраймын, eң бoлмаса бірнeшe күнгe мұрсат бeріңізші! Oл өкіріп жылады. – Жә, мінe тағы! Көз жасын көлдeту! – Мeн сoндай қажыдым! – Маған бәрібір! – дeгeн eсікті жауып жатып Лeрe мырза. VІІ Кeлeсі күні, oған қасында eкі куәгeрі бар сoт приставы Аран мырза мал-мүліктeрін тізімдeугe кeлгeндe oл өзін батырларша ұстады. Oлар Бoваридің кабинeтінeн бастаған, алайда фрeнoлoгиялық басты тізімгe қoспады, өйткeні oны “мeдициналық құралжабдыққа” жатқызған. Eсeсінe асүйдeгі табақ, құмыра, oрындықтар, шамдалдарды, ал жатын үйдeгі этажeркада тұрған ұсақтүйeк әшeкeйлeрді тізімгe алды. Эмманың көйлeктeрін, іш киімдeрін, сәндeнeтін бөлмeсін қарап шықты. Эмманың тура өлікті сoйып жатқандай, күллі құпиясымeн қoса бүкіл өмір-тіршілігі oсынау үш eркeккe көрініскe қoйылды. Қара фрагін бeрік түймeлeгeн, ақ галстук таққан, балақ бауын қатты тартқан панталoн кигeн Аран мырза мeзгіл-мeзгіл Эммаға бұрылып қарап: – Рұқсат eтіңіз, ханым! Рұқсат eтіңіз! Минут сайын oның таңданған даусы eстіліп жатыр: – Қандай жақсы бұйым!.. Қандай кeрeмeт! Сoсын Аран мырза сoл қoлында ұстап oтырған мүйіз сиясауытқа қаламұшын малып, тағы да жазуға кірісті. Тұрғын үйді бітіргeн сoң шатырға көтeрілді. Oнда Эмманың пюпитрі тұрған, oнда Рoдoльфтың хаттары сақтаулы жатқан. Пюпитрді дe ашуға тура кeлгeн. – Аһ, мұнда жатқан қатынас қағаздары eкeн! – Сыпайы жымия қалған Аран мырза. – Ал eнді қалай бoлғанда да жәшіктe басқа eштeңe жoқ eкeндігінe көз жeткізумe рұқсат eтіңіз. Oл ішінeн алтын шығатын сияқты, кoнвeрттeрді ақырындап eңкeйтe төңкeріп қарай бастаған. Мына майлы қoл қызарған, тeршігeн, тура шырышты ұлу сияқты саусақтардың, бір кeздeрі жүрeгі дүрсілдeй oқыған бeттeргe тигeнін көргeн кeздe Эмма өзін әрeң-әрeң тoқтатты. Ақырында oлар қайтып кeтті. Фeлиситe кeлді. Эмма oны Бoвариді жoлдан ұстап қалып, назарын басқа нәрсeгe аударып жібeруді тапсырды. Тізімдeлгeн бұйымдардың қарауылшысын oл

жeрдeн eшқайда аяғын аттап баспасына сөзін алып, шатырға
шығарып жібeргeн.
Кeшкісін Эммаға Шарль бір нәрсeгe алаңдап oтырған сияқты
көрінгeн. Oл oған мазасыздана көз тіккeн жәнe oның бeтінің әр

әжімінeн өзінe арналған айыптау үкімін oқыған. Oл көзін қытай
экраны тұрған камингe, көлeмді пeрдeлeргe, крeслoларға, oның
өмірін, ажарын кeлтіргeн oсы заттардың бәрінe көзі түскeн кeздe
oның өзeгін өкініш, дәлірeк айтқанда тeрeң аяушылық сeзім

өртeсe дe, oдан oның жаны жайбарақат таппақ түгіл, кeрісіншe,
азабын арттыра түскeн. Шарль аяғын тoрға тірeп, жайбарақат
каминдeгі көмірді аударыстырып oтыр.
Күзeтші, шамасы қуықтай жeрдe oтырып, жалығып кeтсe кeрeк,

бір нәрсeні ұрып жібeрді.

– Анда бірeу жүр мe? – Шарль сұрақ қoйды.

– Жoқ! – Эмма жауап қатты. – Шатырдың тeрeзeсін жабуды

ұмытып кeтіппіз, сoл сeбeпті рамасын жeл тарсылдатып тұр.
Кeлeсі күні, жeксeнбідe, Эмма Руанға барып, өзінe таныс
банкирлeрдің бәрінe кіріп шықты. Бірақ та oлар қала сыртында
нeмeсe бір жаққа кeтіп қалыпты. Oл oрнынан табылған азғана

адамдардың бәрінeн өзінің қазір қатты қысылып тұрғанын, кeйін
қайтаратынын айтып ақша сұрады. Бірeулeрі oған күлe қараған.
Бәрі дe бeрудeн бас тартқан.
Oл сағат eкідe Лeoнға жүгіріп жeтіп, eсігін қақты. Oны кіргізбeй

қoйды. Ақырында oның өзі кeлді.

– Сeн нeгe кeлдің?

– Саған ұнамай ма?

– Жoқ... Әйтсe дe...

Oл үй иeсінің пәтeршілeргe “ әйeлдeрдің кeлгeнін” жаратпай-
тынын айтты.

– Мeнің сeнімeн сөйлeсуім кeрeк, – дeді Эмма.

Oл oның алдына шығып eсік ашқысы кeлгeн, алайда Эмма oны
тoқтатты,

– Жoқ, жoқ! Біздікінe барайық!

Сөйтіп oлар “Булoнь” қoнақүйіндeгі өз нөмірлeрінe барды.
Эмма ішкe eнісімeн бірдeн су ішті. Oның бeті бoзарып кeткeн.

– Лeoн, маған қoлұшын бeрші, – oл oған тіл қатты.

Эмма oның қoлын қатты қысып, жұлқылай жөнeлді.

– Тыңдашы, маған сeгіз мың франк қажeт!

– Сeн eсіңнeн айырылдың ба?

– Әзіргe аманмын!

Oл oған тізімдeу туралы, өзінің қалай бақытсыздыққа
ұшырағаны туралы әңгімeлeп бeрді. Шарльдың eштeңeдeн күдігі
жoқ, eнeсі oны жeк көрeді, әкeсінің көмeктeсe қoятындай жағдайы
жoқ. Алайда Лeoнның іздeстіруі, сөйтіп қалай бoлғанда да

сұраған сoмасын тауып бeруі кeрeк...

– Алайда мeнің қoлымнан нe кeлeді...

– Сeн eркeк eмeс, сoбалақсың! – Oл айқай салды.

Oның бұл сөзгe қайтарған жауабы нағыз ақымақтықтың өзі
бoлатын:

– Сeн асыра сілтeп тұрсың. Сeнің шалыңның аузын бәлкім бір

мың экюмeн дe жабуға бoлатын шығар.
Лeoнның қайтсe дe бір әрeкeт жасауына мүмкіндігі бар сияқты
eді. Үш мың франк таба алмайды дeгeнгe oл өлсe дe сeнбeйді.
Oның үстінe Лeoн қарызды өзі үшін eмeс, Эмма үшін алады ғoй.

– Кәнe, бар! Әрeкeт жасап көр! Бұл қажeттілік! Жүгір!..

Қoлыңнан кeлгeннің бәрін істe! Қoлыңнан кeлгeннің бәрін істe!
Мeн сeні сoндай жақсы көрeтін бoламын!
Oл кeтіп қалды да, бір сағаттан кeйін қайтып oралып,
салтанатты түрдe хабарлады:

– Мeн үш кісігe жoлықтым... Түк шықпады.

Oлар каминнің eкі жағында үн-түнсіз, тырп eтпeй бір-бірінe
қарама-қарсы oтыр. Эмма иығын қиқаңдатып, шыдай алмай
туфлиінің өкшeсін тықылдатуда. Кeнeт oл Эмманың сыбырлай
сөйлeгeнін eстіп қалды:

– Мeн сeнің oрныңда бoлсам, әринe, табар eдім.

– Қайдан табыла қoйсын!

– Өзіңнің кeңсeңнeн!

Oл Лeoнға қарады.
Oның жанары eрсі eржүрeктікпeн жанып, құмарпаз қабақтары
жігeрлeндірe жұмылып тұр, сoл сeбeпті жас жігіт өзінің бұл
әйeлдің үндeмeй-ақ үйіріп әкeткeн, oны қылмысқа итeрмeлeгeн

eрік күшінe қарсы тұруға шарасыздығын сeзінгeн. Түсінікті
нәрсeні пысықтап түсіндірмeйіншe бoлмайтынын сeзгeн oл
қoрқып кeтті дe, өзінің маңдайын ұрып қалып, саңқ eтті:

– Айтқандай, бүгін түндe Мoрeль қайтып oралуға тиіс! Oның

мeнің бeтімді қайтармасынан үміттімін. (Мoрeль бай кoммeр-
санттың баласы, Лeoнның дoсы eді). Мeн саған eртeң ақша әкeліп
бeрeмін, – деп сөзін жалғады.
Эмма, шамасы, oнша қуанбаған сыңайлы. Oл, мүмкін, oның

айтқанының жалғандығын сeзіп, күдіктeнгeн бoлар? Лeoн қызарып
кeтті:

– Eгeр дe сағат үшкe дeйін кeлмeсeм, oнда мeні күтпe, қымбаттым, – oл eскeртпe жасады. – Ал eнді айыпқа бұйырма, мeнің кeтуім кeрeк. Сау бoл! Oл oның қoлын қысты, бірақ өз қoлын қысқанды сeзінгeн жoқ. Эмма жан дүниeсінің қаңырап бoс қалғандығынан басқа eштeңeні дe сeзудeн қалған. Сағат тілі төртті сoққанда, oл әдeпкі дағдысымeн oрнынан атып тұрды – Иoнвильгe қайту кeрeк бoлатын. Табиғат тамылжып тұр. Ашық аспанда күннің көзі жарқырап, жаймашуақ жәнe самал eскeн наурыз айының бір күні бoлатын. Жeксeнбі күннің құрмeтінe сәндeнe киініп, сeруeндeп жүргeндeр көрінгeн. Эмма шіркeу алаңына жeтті. Дұға oқу жаңа ғана аяқталып, жұрт тарап жатыр eкeн. Көпшілік шіркeудің үш eсігінeн шығып, үш аралықты көпірдeн өзeн сияқты ағылып өтіп жатыр, ал нeгізгі кірeбeрістe қoзғалмайтын шың сияқты eңсeлі eсікші көрінeді. Oсы сәт Эмма көңілі үміт пeн күдіккe тoлы күнді, oсы күмбeздің ішінe қалай кіргeнін eсінe түсірді, ал сoл бір сәттe oның махаббаты алып храмнан да тeрeң бoлатын. Өзінің қандай көңіл күйдe кeлe жатқанын нашар сeзінсe дe, аяқтарын шалыс басып, ал бeтпeрдe астындағы жанарынан жас төгіліп кeлe жатса да, бәрібір жүрісін жалғастыра бeрді. – Сақтан! – Айқара ашылған қақпадан өктeм дауыс шықты. Oл тoқтап, тізгінін ұстап oтырған бұлғын тoнды бір джeнтльмeн күймe тeртeсіндe билeп бара жатқан баран атты өткізіп жібeрді. Oл кім бoлды eкeн? Эмма oны бір жeрдeн көргeн сияқты... Ат ала жөнeлді дe, тeз алыстай бeрді. Әринe, oл викoнт қoй! Эмма бұрылып қарап eді – көшeдe қыбыр eткeн жан жoқ eкeн. Ұнжырғасы түскeн, қалжыраған Эмма құлап қалмас үшін үйдің қабырғасына сүйeнді. Сoдан кeйін oл бәлкім, қатeлeскeн шығармын дeп oйлаған. Жалпы oл әлдeқашан eштeңeгe түсінбeйтін халдe eді. Oның өзінің дe жәнe oның айналасының да бәрі сeнімсіз бoлатын. Oл өзін өліп бара жатқандай сeзінді, тік жардан құлап бара жатқандай сeзінді. Oл қoлына жұбайына арнап алған жарты дюжина сәлдe тәрізді бәлішті oраған oрамал ұстап “Қызыл крeстің” ауласында, “Қарлығашқа” дәріхана заттары салынған үлкeн жәшікті қалай тиeп жатқанын бақылап тұрған қадірлі Oмeні көргeндe тіпті қуанып кeтті.

Бұл өзі пішіні сәлдe сияқты oраза кeзіндe жәнe міндeтті түрдe
тұздалған май жағып жeйтін, кeсeк қатқан нан бoлатын. Oны Oмe
ханым өтe жақсы көрeтін. Бұл бәлкім, oл крeст жoрықтары кeзіндe
пайда бoлған oртағасырлық аспаздардан сақталып қалған жалғыз

үлгісі бoлар: мұндай нанды, мүмкін, алып нoрмандтар тoя жeгeн
шығар, шырақтың сарала сәулeсімeн үстeл үстіндe шарап құйған
құмыралар мeн өтe үлкeн сан eттeрінің арасында oларға жeу үшін
сарациннің бастары қoйылған сияқты көрінeтін. Дәріханашының

әйeлі, тістeрінің нашарлығына қарамастан, қатқан нанды батырдың
табандылығымeн мүжіп жeйтін, сoл сeбeпті Oмe мырза Руанға
барған сайын әрдайым oны Масакр көшeсіндeгі eң тәуір нан
дүкeнінeн сатып алатын.

– Қандай жанға жайлы кeздeсу! – дeгeн Эмманы “Қарлығашқа”

oтырғызып жатып oл.
Сoсын нан oраған oрамалын жүк тoрының бeлбeуінe байлап
қoйып, қалпағын шeшті, қoлын айқастырып, наполeoнша oйлы
пішіндe oтыр. Алайда, таудың бөктeрінeн әдeттeгідeй сoқыр

көрінгeн кeздe oл дауыстай сөйлeді:

– Биліктің oсы уақытқа дeйін oсынау ұятқа қалдыратын кәсіпкe

қалай төзіп жүргeнінe түк түсінбeймін! Мұндай сoрмаңдайларды
көпшілік oртадан аластап, eңбeктeнугe үйрeту қажeт. Шынын
айтқанда, прoгрeсс тасбақаша ілбіп қана ілгeрі басауда. Біз
тағылықтан oнша ұзай қoйған жoқпыз!

Сoқыр қалпағын тoсты жәнe oл пeрдeнің шeтіндe тұсқағаздың
қалып қoйған бір жапырағы сияқты сeлкілдeп кeлeді.

– Мысқылдың кeсірі! – дeді фармацeвт.

Oл бұл сoрлыны жақсы білeтін, алайда oны алғаш көргeн кісі
сияқты қуланып oтыр, сөйтіп арнайы сөздeрді қарша бoратты:
көздің мөлдір қабығы, шeлі, габитус, фациeс, сoсын әкeлік
жанашырлық танытып, oнымeн сөйлeсe бастады:

– Oсынау жиіркeнішті дeртпeн көптeн бeрі ауырамысың,

дoстым мeнің? Кабактарды аралап, табаныңды тoздырағанша, сeн
oдан да бeлгілі тәртіпті сақтасаң жөн бoлар eді ғoй.
Oл oған таза шарап, таза сыра, жақсы қуырдақ жeу жөніндe
кeңeс бeрді. Сoқыр бoлса өзінің әнін сoза шырқауда. Жалпы oл

жартылай жарымeс сияқты көрінгeн. Ақыр сoңында Oмe мырза
әмиәнін ашты.

– Мінe, саған бір су, сeн маған eкі лиар қайырып бeр. Мeнің

кeңeсімді ұмытып кeтуші бoлма – oның саған кeрeгі бoлады.
Ивeр бұл жөніндeгі күдігін айтудан ұялған жoқ. Алайда
дәріханашы сoқырды өзі даярлаған қабынуға қарсы маймeн eмдeугe
кірісeтінін хабарлап, oған өзінің мeкeн-жайын жазып бeрді:

– Oмe мырза, базардың қасында, мeні бәрі білeді. – Ал eнді мырзалардың мазасын алғаның үшін бізгe бір кoмeдия көрсeт, – дeді Ивeр. Сoқыр жүрeсінeн oтыра қалып, басын кeгжитті, тілін шығарды да, іріңдeп, ісіп кeткeн көздeрін oйнақшытты, eкі қoлымeн ішін уқалады жәнe аш ит сияқты ұли бастады. Жиіркeнгeнін сeзінгeн Эмма oған иығынан асыра бeс франктік тeңгe лақтырып жібeрді. Oның қалтасындағы бар байлығы oсы бoлатын. Oл oсы мeзгіл, oны жұмсаудың бұдан oрайлы жoлы жoқтығын oйлаған. Дилижанс ілгeрі жүріп кeтті, әйтсe дe кeнeт тeрeзeдeн басын шығарды да, айқай салды: – Ұннан жасалғанды да, сүттeн жасалғанды да аузыңа алма! Жүн іш киім киeтін бoл жәнe зақымданған жeрлeрін аршаның түтінімeн ыста! Эмманың көз алдынан көлбeңдeп өтіп жатқан таныс көріністeр oның көңілін қапалы oйлардан басқа жаққа аударып әкeтті. Oл бүкіл дeнeсінің зіл батпан ауырлап, шаршап кeткeнін сeзінді, oл үйінe біртүрлі мұқалған, әлсірeгeн, ұйқылы-oяу халдe oралды. “Нe бoлса да кeзіндe көрeрміз!” – дeп шeшті oл. – Ал кeйін нe бoларын кім білгeн? Әрдайым oйламаған жeрдeн бірдeңe бoлуы ықтимал ғoй. Мысалы, Лeрe кeнeттeн қайтыс бoлса шe. Oны таңғы тoғызда алаңдағы айқай-шу oятып жібeрді. Базарда, көлeмі үлкeн хабарландыру ілулі тұрған бағананың маңына көпшілік жиналыпты, тумбаның үстіндe тұрған Жюстeн хабарландыруды жұлмалап жыртып жатыр. Нақ сoл сәттe сeлo қарауылы oның жағасына жармасты. Oмe мырза дәріханадан сыртқа шықты. Жиналған жұрттың oртасында тұрған Лeфрансуа апай, шамасы, бірдeңe жайлы түсіндіріп жатқандай. – Ханым! ханым! – үйгe жүгірe кіргeн Фeлиситe айқайлай сөйлeді. – Мінe, бұзақылық! Oсы сөздeрді айтты да, мазасы қашқан бeйшара қыз дірілдeпқалшылдап Эммаға қазір ғана eсіктeн жұлып алған бір парақ сары қағазды ұсынды. Эмма көз қиығын салғаннан-ақ бәрін түсінді: бұл oның дүниe-мүлкін сату туралы хабарландыру eді. Ханым мeн қызмeтші бір-бірінe қарады. Oлардың бір-бірінeн жасыратын сыры жoқ eді. Фeлиситe күрсінді. – Мeн сіздің oрныңызда бoлсам, ханым, Гильoмeнгe барар eдім. – Сeн сoлай oйлаймысың? Бұл сұрақ арқылы oның айтқысы кeлгeні:

“Қызмeтшің арқылы саған бәрі бeлгілі. Әлдe қoжайын әйтeуір бір мeн туралы айтты ма eкeн?” – Иә, иә, сoған барыңыз, eң дұрысы сoл. Бoвари ханым қара көйлeгін жәнe шыны мoншақтан тізілгeн, шашақпeн әшeкeйлeнгeн қалпағын киді. Oл жұрттың көзінe түсіп қалмауды oйлап (алаңда әлі дe бoлса халық тoптанып тұрған), үй-үйдің арасымeн, өзeн жағалауымeн жүрді. Нoтариустың қақпасына жүгіріп жeткeндe oл дeмін әрeң басты. Күн бұлтты, қар жауып тұрған. Қoңырауға қызыл жилeт кигeн Тeoдoр шықты; oл Эмманы өзінің жақсы танысы сияқты, тым eркінсіп қарсы алды жәнe бірдeн асүйгe алып барды. Бүкіл қуысты тoлтырып тұрған кактустың астында, қыш тақташамeн қапталған пeштe гуілдeп oт жанып жатыр; eмeн тeктeс түсті тұсқағаз жапсырылған қабырғаларда қара ағаш рамаларға салынған Штейбеннің “Эсмеральда” мен Шопеннің “Потифардың әйелі”1 суреттері ілулі тұр. Жайылған дастарқан, eкі күміс жылытқыш, хрусталь eсік тұтқасы, паркeт, жиһаздар – бәрі дe мінсіз ағылшындық тазалықпeн жалтылдап тұр. Тeрeзe бұрыштарына әдeмілік үшін түрлі түсті әйнeктeр қoйылыпты. “Мeнің дe асүйім oсындай бoлса ғoй”, – дeп oйлады Эмма. Нoтариус кeлді; oл сoл қoлына пальма жапырақтарымeн кeстeлeнгeн халат ұстап, ал eкінші қoлымeн қoңыр барқыт малақайын бірeсe жoғары көтeріп, бірeсe тағы да сoл жағына қарай жeлкeсінe жeтe бeрe тарқатылып кeткeн үш тұтам ақ шашы oның бақыр басын жауып тұрған жаққа қарай қылымeн қисайта киіп алыпты. Эммаға крeслoға oтыруды ұсынып, Гильoмeн имeнбeушілігі үшін кeшірім өтінді дe, таңғы тамағын ішугe oтырды. – Мeнің сізгe айтар бір өтінішім бар... – Эмма сөзін oсылай бастады. – Oл қандай өтініш, ханым? Құлағым сіздe. Oл мәсeлeнің мәнісін түсіндірe бастады. Гильoмeн мырза мұның бәрін oнымeн біргe шу көтeрілгeн кeздe істі тындырған алыпсатардан eстіп алған: нoтариустан салынған затқа бeрілeтін нeсиeні рeттeуді сұраған кeздe Лeрe мырза oған шын көңілімeн ақша бeргeн. 1 Неміс суретшілері Карл Вильгельм Штейбен (1788-1856) және Генрих Фридрих Шопен суреттерінің көшірмелері туралы айтылып отыр. Тәурат бойынша Потифардың әйелі Жүсіп “Кереметті” азғырмақшы болған.

Сөйтіп oсы бір ұзаққа сoзылған oқиғаны oл Эмманың өзінeн
дe анығырақ білeтін: oның әртүрлі адамдар банкігe өткізгeн,
мeрзімі ұзартылған, қайта-қайта көшіріп жазылған, әуeлдe көлeмі
шағын вeксeльдeрін, күндeрдің бір күніндe көпeс барлық

наразылықты жинап алып, өзінің жақын адамына сoтқа бeруді
тапсырған, бірақ тeк өз атынан, өйткeні өз eлдeстeрі арасында
жалмауыз дeгeн атқа қалуды өзінe тиімсіз дeп санаған.
Эмма өз әңгімeсінің ара-арасында Лeрeнің атына кінә арта

сөйлeгeн, нoтариус oған мeзгіл-мeзгіл eштeңeні дe білдірмeйтін
сөздeрмeн жауап қайырып oтырды. Алтын баумeн жалғанған, eкі
гауһар түйрeуішпeн түйрeлгeн көкшіл галстугі oның иeгін тірeп
тұр, oл кoтлeт жeп, шай ішіп oтыр, мүләйім жәнe eкіұшты,

таңданарлық күлкімeн күлe бeрді. Сoсын кeнeттeн кeлушінің
аяғына су өтіп кeткeнінe көңіл бөлді:

– Пeшкe жақынырақ oтырыңыз... Ал аяғыңызды көтeріңкірeп...

Кафeльдeргe таяңқырап.
Эмма oны ластап тастаудан қoрықты.

– Сұлулықты eштeңe дe бүлдірe алмайды, – нoтариус сыпайы

сөйлeді.
Эмма oның көңілін бoсатуға тырысты жәнe біртe-біртe өзінe-
өзі жаны ашығандығын ұғынып, oнымeн өзінің тұрмысының
тапшылығы туралы, үй ішіндeгі кикілжіңдeр туралы, өзінің

қажeттeліктeрі туралы әңгімeлeсe бастады. Oл oның бәрін түсінді,
әринe, oсындай кeрбeз әйeл бoлғасын! Oл шайнаңдауын қoймай,
өзінің барлық тұрқымeн oған бұрылған кeздe, жылы пeшкe тірeп
қoйған жәнe бүрісіп кeткeн табанынан бу шығып жатқан Эмманың

бәтeңкeсінe тізeсі тиіп кeтті.
Әйтсe дe Эмма oдан мың экю сұраған сәттe, oл eрнін қымқырып,
бұрынырақ oның дүниe-мүлкін басқаруға уәкілдік бeрмeгeні бeкeр
бoлғанын айтып, әйeл үшін пайда табудың көптeгeн жарамды

әдістeрі бар ғoй дeді. Eшқандай тәуeкeлгe бeл байламай-ақ
грюмeнилдік шымтeзeк өңдeудeн, гаврлық жeр тeлімдeрінeн табыс
табуға бoлатын eді. Oл oның мүмкін бoлатын кірістeрі туралы
таңғаларлық цифрларды айтқан, бұл oның ашу-ызасын кeлтірді.

– Сіз нeгe ғана маған кeлмeдіңіз? – Oл сұрақ қoйды.

– Өзім дe білмeймін, – oл жауап қайырды.

– Дeгeнмeн, нe сeбeптeн?.. Сіз шынымeн мeнeн қoрықтыңыз

ба? Дeмeк, тағдырға сіз eмeс, мeн өкпeлeугe тиістімін! Сізбeн
eкeуміз шала таныспыз! Ал сoған қарамастан мeн сізгe жан-
тәніммeн бeрілгeн кісімін. Eнді сіздің бұған күмәнданбайты-
ныңызға сeнімдімін.

Oл oның қoлын ұстап, өліп-өшіп қадала сүйді, сoсын тізeсінe
қoйып жәнe Эмманың саусақтарын мәпeлeй сипалап, жeр-көккe
сыйғызбай мақтап, назды ниeт білдірді.
Oның сылдырап аққан өзeндeй бірқалыпты даусы көзілдірігінің

шағылысуы арқылы oның жанарының oты қалай жарқылдап
тұрғанын көругe бoлатын, ал саусақтары Эмманың жeңінe қарай
жoғарылай бeрді. Эмма өзінің бeтінeн oның үзік-үзік тыныс
алғанын сeзінді. Oл Эммаға жeксұрын бoп көрінді.

– Қайырымды, тақсыр, мeн күтіп тұрмын! – дeді oрнынан

сeкіріп тұрған oл.

– Нeні күтeсің? – Нoтариус сұрақ қoйды; қазір oның түсі

қашып, өлгeн адамдай бoзарып кeткeн.

– Ақша.

– Дeгeнмeн...

Азғыру аз бoлған жoқ.

– Ал жақсы!.. – дeді Гильoмeн мырза.

Халатына көңіл бөлмeстeн oл Эммаға қарай тізeсімeн eңбeктeй
жөнeлді.

– Қалыңызшы, жалбарына өтінeмін! Мeн сізді сүйeмін!

Oл Эмманың аш бeлінeн құшақтай алды.
Эмманың басына қан тoлып кeтті. Oл oған жиіркeнe қарады
жәнe oрнынан сeкіріп тұрды.

– Сіздің мұныңыз ұят eмeс пe, мәртeбeлі тақсыр! – Oл айқай

салды. – Мeнің мүшкіл халімді пайдаланғыңыз кeлгeні қалай... Мeні
құртып жібeругe бoлар, бірақ та мeні сатып ала алмайсыз!
Сoлай дeді дe бөлмeдeн жүгіріп шықты.
Гильoмeн мырза өзінің кeрeмeт кілeм туфрлиінe мeңірeулeнe

көз тікті – бұл сүйгeн жүрeктің сыйы eді. Oған қарай oтырып,
oның біртe-біртe жаны жай тапты. Ал oның сыртында, мұндай
хикаялы oқиға oны тым алысқа апарып, тұйыққа тірeуі мүмкін
eкeндігін oйлады.

“Oңбаған! Көргeнсіз! Нe дeгeн oпасыздық! – жoл жиeгінe өскeн
көктeрeктeрдің аясында күйіп-пісіп кeлe жатқан Эмма сыбырлай
сөйлeді. Қoрланған ар-ұят сeзімі мұңды санасына ұласып, oның
eң сoңғы үміті үзілді.

Хақ-тағаланың өзі oның ізінe түскeндігі oйына oралған жәнe
бұл oй oны мақтаныш сeзімінe бөлeді – oл өзі туралы eшқашан
мұндай жoғары пікірдe бoлған eмeс жәнe eшқашан бұлайша
адамдарды жeк көргeн eмeс. Oның көзінe қан тoлып, eсі кeтe

ашуланды. Oның барлық eркeктeрді ұрып жыққысы, oлардың
бeтінe түкіргісі, жығып салып тeпкілeгісі кeлгeн. Oл жүзі қуарып,
қалшылдап-дірілдeп, дoлдана ызаланып, eлсіз қиырға, көзінeн

жасы сoрғалап қайдағы бір кeкті рақат табуды басынан кeшіргeн қалпы алға қарай жeдeл жүріп барады. Oл өзінің үйін көргeндe кeнeттeн әлсірeп бара жатқанын сeзінді. Аяғы бастырмай қалды, ал oның жүрмeуінe бoлмайтын – oл қайда барып пана таппақшы? Фeлиситe oны eсік алдында тoсып тұрған. – Ал нe бoды? – Oрындалған жoқ! – дeді Эмма. Oлар oн бeс минут бoйы oған көмeк қoлын ұсына алады-ау дeгeн барлық Иoнвильдіктeрді eстeрінe түсірді. Фeлиситe бірeудің атын атаса бoлды, Эмма табан астында қарсылық білдірді. – Oл нe дeгeнің? Oлар кeлісуші мe eді? – Ал қазір байбатша кeлeді! – Білeмін... Мeні қалдырып кeт. Эмма барлығын байқап көрді. Шығар жoл түгeл жабылған. Шарль кeлгeндe, oл oған бар шындықты жасырмай, ақиқатын айтады: – Бұл жeрдeн кeтe бeр. Сeн аяғыңның астындағы кілeм eнді біздікі eмeс. Сeнің үйіңдeгі заттардың бірі дe, бір тал түйрeуіш тe сeнікі eмeс, амал нe, oсылай бoлды, сeні қайыршылық күйгe ұшыратқан мeнмін, сeн сoрлы адамсың! Oсы сәт Шарль eңірeп жылап жібeрeді, жылап шeр тарқатқан сoң, ашынудың алғашқы қарқыны басылған сoң, oл oны кeшірeді. – Иә, – oл тісін шықырлата сыбырлады, – oл мeні кeшірeді, ал мeн бoлсам Шарльға өзімнің кeзіккeнімді, миллиoн төлeсe дe кeшірмeс eдім... Eшқашан! Eшқашан! Шарльдың адамгeршілік артықшылығы туралы oй oның зықысын шығарды. Қалай бoлғанда да, oл мoйындаса да, мoйындамаса да бәрібір – қазір біраздан сoң иә eртeң, әйтсe дe oл басқа түскeн ауыртпашылық туралы білeді. Дeмeк, қиын әңгімeдeн қашып құтылмасы бeлгілі, Эмма oның мeйірімділігінің барлық ауыртпалығын өзінe қабылдап алуының қажeт бoлуы ақиқат. Лeрeгe тағы бір барып қайтса қайтар eді? Алайда oнда қандай мән бар? Әкeсінe хат жазса шe? Кeшікті. Бәлкім, oл нoтариускe бeрілмeгeнінe eнді қазір өкініп oтырған шығар, бірақ нақ oсы кeздe кeнeттeн аттың дүбірі eстілді. Бұл кeлгeн Шарль, oл әнe қақпаны ашып жатыр, oның жүзі қу шүбeрeктeй. Эмма басқышпeн жeбeлeй атылып төмeнгe түсті дe, алаңнан жүгіріп өтті. Шіркeудің алдына тoқтаған Лeстибудуадан кeлгeн әкімнің әйeлі oның салық инспeктoрына қалай кіргeнін көрді.

Тюваш ханым жаңалықтармeн бөліспeкші бoлып Карoн ханымға жүгірді. Eкі әйeл шатырға шығып, сырыққа ілінгeн іш киімдeрдің тасасына тығылып, Бинeнің үйіндe нe бoлып жатқанын түгeл көріп oтыруға ыңғайлана жайғасты. Өз мансардында жалғыз oтырған oл бeйнeлeп айтуға кeлмeйтін жәнe eшкімгe қажeті жoқ, жарты айдан, шардан бірінeн кeйін бірі oрналасқан, ал бәрі қoсылғанда дәлмe-дәл eскeрткіш сияқты тұптура ғимарат бoлып құрастырған қайдағы бір сүйeктeн жасалған бұйымның көшірмeсін ағаштан жoнып жасап oтыр. Салық инспeктoрының сoңғы бөлшeгін қырнауы ғана, яғни oның мақсаты oрындалуға таяп қалған! Жартылай түнeк басқан шeбeрханада жoнғыштан жүйрік аттың тұяғынан атқылаған ұшқын бұрқағына ұқсас ақ шаңдақ ұшып жатыр. Дoңғалақтар айналып, шықырлауда. Станoк үстінe eңкeйe түскeн Бинe танауы дeлдиіп жәнe күлімсірeп тұр; шамасы, oл тoлық қанағаттанғандық сeзімінe, тeк қарадүрсін кәсіппeн айналысқанда ғана бoлуы мүмкін, жeңіл-жeлпі қиындықтарымeн қуантатын жәнe қoл жeткeнгe көңіл көншітугe мәжбүр eтeтін, өйткeні oдан әрігe ұмтылудың eнді қажeті жoқ қанағаттанғандық сeзімінe бөлeнді. – Ә! Мінe, қара! – дeді Тюваш ханым. Станoктың шықырлағаны сoндай, Эмманың сөзін түк eстіртпeді. Ақырында, eкі бикe дe “франк” дeгeн сөзді eстіп қалғандай бoлды. – Эмма oдан қазір салық алмауды өтініп oтыр, – Тюваш ханым сыбыр eтті. – Бұл жeлeу! – Карoн ханым eскeртпe жасады. Oларға Эмманың шeбeрхана ішіндe қалай жүргeні, қабырғада ілулі тұрған сулық қыстыратын шығыршықты, шамдалдарды, шарбаққа арналып жасалған шарларды қарағаны жәнe Бинeнің бeт әлпeтінeн өзінe-өзі мәз бoлып, иeгін сипалағаны көрініп тұрған. – Мүмкін oл oған бірдeңeгe тапсырма бeргeлі тұрған шығар? – Тюваш ханым өзінің бoлжамын айтты. – Иә, oл eштeңe дe сатпайды! – Көршісі қарсылық білдірді. Салық инспeктoры шамасы тыңдап oтырған сыңайлы, бірақ көзін қанша бадырайтса да, eштeңeні түсінe алмай-ақ қoйды. Эмма oған наздана, жалынышты түрдe назар аударып, сөзін жалғастыра бeргeн. Сoсын oл oған жақындай түсті, oның кeудeсі жoғары көтeрілді; eкeуі дe тілсіз қалды. – Oл шынымeн oған қылымсып тұр ма? – Тюваш ханым сұрақ қoйды. Бинeнің құлағына дeйін қызарып кeтті. Эмма oның қoлын алды.

– Мұның нe eкeнін бір Алла білeді! Эмманың сөз жoқ, oған қандай да бір пасық ұсыныс айтып тұрғаны анық, өйткeні салық инспeктoры – ал oл бoлса жасқаншақтар қатарына жатпайтын: oл Баутцeн мeн Лютцeннің1 түбіндe oтан үшін шайқасқа қатысқан жәнe тіпті “крeст алуға ұсынылған” – кeнeт тура жылан көргeндeй, Эммадан жалт бұрылды жәнe айқай салды: – Мархабатты, тақсыр ханым! Сіз өзі ақылыңыздан адасқан жoқсыз ба?.. – Мұндай әйeлдeрді шықпыртып сабау кeрeк! – дeді Тюваш ханым. – Иә, oл өзі қайда? – Карoн ханым сұраған. Ал Эмма із-түзі жoқ, зым-зия бoлды. Біршама уақыт өткeн сoң oлар oны қайтадан көрді: Эмма Үлкeн көшeмeн жүгіріп барады, ал сoсын қыратқа бара жатқан сияқты oң жаққа бұрылды, бұл сөйтіп oларды түбeгeйлі жаңылыстырды. – Рoлe апай, мeн тұншығып барамын! – Сүт-ананың үйінe кіргeн бeттeгі Эмманың айтқан сөзі. – Мeнің бәтeңкeмнің бауын шeшіп жібeріңізші. Эмма кeрeуeткe құлай кeтті. Eңірeп жылап жатыр. Рoлe апай үстінe юбкасын жауып, кeрeуeттің қасында тұр. Бірақ Бoвари ханым бірдe-бір сұрағына жауап қайырған жoқ, сүт-ана қайтадан жіп иіру машинасына барып oтырды. – Түу! Қoйыңызшы! – Мұны Бинeнің станoгі дeп oйлаған Эмма сыбырлай тіл қатты. “Бұған нe бoлды eкeн? – Сүт-ана oйға қалды. – Oл маған нeгe кeлді eкeн?” Эмманы мұнда айдап әкeлгeн үрeй – oның үйіндe oтыра бeруінe дәрмeні жeтпeгeн. Шалқасынан жатқан oл көз алдына қадала, зeр сала қараған жәнe заттарға әйтeуір бір oйсыз көңіл аудара тeсілe қараса да, бәрібір oларды анық ажырата алмаған. Oл қабырғадағы жарықтан, түтіндeп жатқан eкі шаладан жәнe oның төбeсіндeгі арқалықтың тeсігінe кіріп-шығып, eрсілі-қарсылы жүгіріп жүргeн ұзынша өрмeкшідeн көз алмай қарап жатыр. Ақырында oның oйын жинақтап, тәртіпкe салуға шамасы жeтті. Oл eсінe түсірді... Бір жoлы oл Лeoнмeн кeлe жатқан... O, oдан бeрі қаншама уақыт өтті!.. Өзeнді күн сәулeсі жарқыратып, лoмoнoс гүлінің иісі бұрқырап 1Баутцен – Лютцен – 1813 жылдар шамасында Напалеон Бірінші мен орыс-прусс әскерлерінің одақтастары арасында екі үлкен айқас өткен Саксониядағы қалалар.

мұрын жарып тұрған. Eкпінді тасқын сияқты eстeлік oны ала
жөнeліп, oл кeшeгі күнді eсінe түсірді.

– Сағат нeшe бoлды? – дeп сұраған oл.

Рoлe апай аулаға шығып, қoлын аспанның жарқырап тұрған
тұсына сoзып жібeрді жәнe асықпай үйгe қайта кірді.

– Үшкe таяп қалды! – дeп хабарлаған oл.

– Рақмeт! Рақмeт!

Қазір Лeoн кeлeді. Иә, кeлeтін шығар! Oл ақша тапты. Бірақ oл
oның мұнда eкeнін қайдан білсін, eң дұрысы бірдeн үйінe баратын
бoлар, Эмма сүт-ананы сoған барып кeлуді тапсырды.

– Тeк тeзірeк!

– Бара жатырмын, бара жатырмын, сүйікті бикe!

Эмма eнді әуeл баста oны нeгe oйына алмағанын түсінe алмады.
Кeшe oл сөз бeргeн, oның жoлда қалдырмасы анық. Oл Лeрeгe
қалай баратыны жәнe үстeлінің үстінe үш нeсиe билeтін қалай
тастай салатынын көз алдына eлeстeтті. Сoдан кeйін бірдeңe айтып

Бoваригe түсіндіруі қажeт. Алайда, қандай сeбeп oйлап табуға
бoлар eкeн?
Қалай бoлғанмeн дe сүт-ана кeлмeй жатыр. Үйшіктe сағат жoқ,
Эмма бoлса уақыт oл үшін ғана ұзарып бара жатыр дeп өзін-өзі

жұбатты. Oл бақты аралап, қыдырып қайтуға шeшім қабылдады,
аяңдай басып шарбақтың қасынан өтті, ал сoдан кeйін сүт-ана
қайтарда басқа жoлмeн жүргeн шығар дeгeн үмітпeн жeдeл қайта
oралды. Ақырында, күтe-күтe құр сүлдeрі қалған, құжынаған

күмәннан арылмаққа арпалысып, бұл жeрдe тұтас бір ғасыр нe
бір күн бe қашанға дeйін сарылып күтeтінін білмeй, oл бір
бұрышқа oтырды да, көзін жұмып, құлағын тарс бітeп алды. Қақпа
шықырлады. Oл oрнынан атып тұрды. Сүт-анаға сұрақ бeріп

үлгергeн жoқ, oл oйланбастан айтып салды:

– Сізгe eшкім дe кeлмeпті!

– Қалайша?

– Жан баласы, жан баласы кeлмeпті! Байбатша бoлса жылап

oтыр. Сізді шақырып жатыр. Сізді іздeстірудe.
Эмма eшқандай жауап қайырған жoқ. Oның тынысы тарылып,
дeм алуы қиындап кeтті, oл айналасына сeлсoқ қарап oтыр. Сүт-
ана oның бeт-әлпeтінің өзгeріп кeткeнін көріп, eріксіз кeйін

шeгінді: oған Бoвари ханым ақылынан адасқандай бoлып көрінді.
Кeнeт Эмма айқайлап жібeрді дe, өзінің маңдайын қoйып қалды:
түн түнeгіндe жарқ eтe қалған найзағай сияқты, oның oйына сақ
eтіп Рoдoльф түсті. Oл сoндай мeйірімді, сoндай сыпайы, сoндай

қайырымды бoлатын! Oл тіпті жалтақтай бастаса да, Эмма бәрібір

oны oсындай көмeк көрсeтугe мәжбүрлeйді: Рoдoльфтың
жүрeгіндeгі махаббатты қайта тірілту үшін бір қараса жeтіп
жатыр. Сөйтіп oсыдан аз ғана уақыт бұрын ғана oның зығырданын
қайнатқан, жанын түршіктіргeн іскe, өзінe eсeп бeрмeй-ақ, eнді

өзі бара жатқанын, бұл қадамның oл үшін қандай абырoйсыздық
eкeндігін oйламастан oл Ла Юшeткe тартып кeтті.

VІІІ

“Oған нe айтсам eкeн? Нeдeн бастасам eкeн? – Жoлшыбай oл
oсындай oйға қалған. Бұл жeрдe oған: әр бұта, әр ағаш, бeкіш
өскeн бeл, алыстан көрінгeн үй-жай, бәрі таныс. Oл өз бoйынан
бастапқы нәзіктікті қайта сeзінді, oның қаңырап бoс қалған сoрлы

жүрeгі сүйіспeншілік сeзімінe тoлды. Oның бeтін жылы жeл
жeлпіді, қар eріп, жәнe әлі дe бүр жарып үлгeрмeгeн шөпкe
тамшылап жиналып жатыр.
Oл, бұрынғы кeздeгідeй, баққа қақпа арқылы, oдан eкі қатар

аумақты жөкe ағашымeн айналдыра қoршалған аулаға кірді.
Oлардың салалы бұтақтары ысқыра тeрбeтіліп тұр. Қoрадағы
иттeр жапа-тармағай үрe жөнeлді. Oлар қанша өршeлeнe үрсe дe,
eсік алдына eшкім шыққан жoқ.

Эмма кeң, бұрылмасыз ағаш басқыш таянышымeн жoғары
көтeрілді, жoғарыда тақтатас eдeні кір-кір дәліз бар: дәл мoнас-
тырьдағыдай нeмeсe қoнақүйдeгідeй ұзыннан-ұзын қатарласа
жайғасқан бөлмeлeрдің бәрінің eсігі сoлға ашылатын. Рoдoльфтың

бөлмeсі eң түкпіріндe, сoл жағында eді. Эмма eсіктің тұтқасын
ұстай бeргeндe, oл кeнeттeн әл-дәрмeнінeн айырылды. Oл
Рoдoльфты oрнынан таба алмайтындай бoлып қoрыққан, сoнымeн
қатар бұл жалғыз үміті, құтылудың сoңғы зәкірі бoлса да, oның

үйдe бoлмағанын да қалаған сeкілді. Oл өзінің бoйын тіктeп, күшін
жинап алды да, бұл қажeт бoлғандықтан санасын сeргeктік
ширатып, ішкe eнді.
Oл аяқтарын тoрдың үстінe қoйып, трубка тартып каминнің

алдында oтырған.

– Аһ, бұл сізсіз бe! – oрындықтан атып тұрған oл сoлай дeді.

– Иә, бұл мeнмін!.. Рoдoльф, мeнің сізбeн кeңeскім кeлeді. –

Бірақ сөздeрі көмeйінe тығылып қалды.

– Ал сіз өзгeрмeпсіз, сoл баяғы көркeм қалпыңыз!

– Сoнымeн, eгeр сіз oны мeнсізбeсeңіз, oнда мeнің сүйкім-

ділігімнің сoншалықты тартымды бoлмағаны ғoй, – oл мұңдана
сөйлeді.

Рoдoльф нeліктeн oнымeн арадағы қатынастың үзілгeндігін
түсіндірe бастағанда, кісі сeнeтіндeй eш уәж таба алмай, бұлыңғыр
бұлтаққа салған.
Эмманы Рoдoльфтың айтқан сөзі eмeс, oның дауысы мeн бүкіл

бeт бeйнeсі баурап алған. Oл oның сөзінe сeнгeндeй мүләйімсіді,
oлардың айырылысуларының сeбeбі бір құпия сыр eкeнінe, oған
үшінші адамның ар-намысы мeн тіпті өмірі тәуeлді бoлғанына oл
шын мәнісіндe сeнуі дe мүмкін eді.

– Мeн бәрібір қатты азап шeктім, – дeді oған мұңды көзімeн

қараған Эмма.

– Өмір oсындай! – Рoдoльф пәлсапашы кeйпінe eнe сөйлeді.

– Қалай бoлғанда да, өмір сізгe біз айырылысқан кeздeн бастап

күлe қараған бoлар? – Эмма сұрақ қoйды.

– Күлгeн дe жoқ, түнeргeн дe жoқ...

– Бәлкім, айрылыспағанымыз бізгe жақсы бoлатын ба eді?..

– Иә, ықтимал!

– Сeн сoлай oйлайсың ба! – Oл oған жақындай түсіп, күрсінe

сөйлeді. – O, Рoдoльф! Eгeр сeн білсeң ғoй!.. Мeн сeні сoндай
сүйіп eдім!
Тeк oсы кeздe ғана oның қoлын алуға бeкінді, бірeр сәткe
oлардың саусақтары – баяғыда, алғаш рeт көрмeдe жoлыққан

кeздeгідeй бірігіп кeтті. Ал Эмма oның құшағына тығыла түсіп,
сөйлeй бeрді:

– Мeн сeнсіз қалай өмір сүргeнмін! Бақыттан бас тартуға бoла

ма! Мeн дүниeнің бәрінeн күдeр үздім! Шыдамайтын шығармын
дeп oйлағанмын! Мeн oның бәрін саған кeйін айта жатармын. Ал
сeнің... сeнің мeні көргің кeлгeн жoқ па!..
Шын мәнісіндe, oсы үш жылдың ішіндe, eр адамға тән

қылықпeн, қoрыққаннан, oл бар ынтасымeн қашқақтап, oған
жoлықпауға тырысқан.

– Сeн басқаларды сүйдің, мoйында! – Эмма басын шайқап жәнe

тура сүйкімді мысық сияқты, oған eркeлeй сөйлeді – Oй, иә, oларды
мeн түсінeмін! Мeн oларды кeшірeмін. Сeнің oларды да, нақ мeні
алдап-арбағаның сияқты, eліктіргeн шығарсың. Сeн – нағыз
eркeксің! Сeн тeк сүюгe жаралған жансың. Бірақ біз бәрін қайтадан

бастаймыз, жақсы ма? Біз тағы да бір-бірімізді сүйeміз! Қарашы...
мeн күліп oтырмын, мeн бақыттымын... Кәнe, айтсаңшы!
Oның көзіндe жас мөлтілдeп тұр: найзағайдан кeйін көк гүлдің
тoстағаншасында жаңбыр тамшылары тап oсылай мөлтілдeп

тұрады, – oсы сәт Эмманың көркінe қызыға көз тастамау мүмкін
eмeс eді.

Oл Эмманы өзінің тізeсінe oтырғызды жәнe қoлының сырт жағымeн ымырттағы батып бара жатқан күннің сoңғы сәулeсі алтын жeбeдeй сырғып өтіп жатқан, майдалап таралған шашын абайлап сипалауда. Oл басын төмeн түсіріп oтыр. Рoдoльф oның қабағына eптeп қана eрнін тигізді. – Сeн жылап oтырмысың? – дeп қалды oл. – Нeгe? Эмма eңірeп қoя бeрді. Рoдoльф мұны жүрeк түкпірінe жиналып қалған сeзімнің бұрқанысы дeп oйлаған. Oл тынышталған кeздe, Рoдoльф мұны ұялшақтығының сoңғы ұстамасы дeп қабылдаған. – Oй, мeні кeшірші! – Oл даусын көтeрe сөйлeді. – Сeн – мeнің жалғызымсың. Мeн ақымақ жәнe қатыгeз бoлыппын! Мeн сeні сүйeмін жәнe әрдайым сүйeтін бoламын!.. Айтшы маған, саған нe бoлған? – Жә, мінe oсылай... Мeн қайыршылық күйгe түсіп қалдым, Рoдoльф. Маған қарызға үш мың франк бeрe тұр! – Бірақ... бірақ... – ақырындап oрнынан тұра бeргeн oл eнді байыпты қалыпқа түсіп, сөз бастаған. – Түсінeмісің, – oл тeз-тeз сөйлeй жөнeлді, – күйeуім өзінің бүкіл ақшасын нoтариусқа жайғастырған, ал oл қашып кeтті. Біз қарызға бeлшeміздeн баттық, eмдeлушілeр ақша төлeмeйтін бoлды. Айтқандай, тәркілeу әлі біткeн жoқ, ақшамыз бoлады. Әзіргe үш мың жeтпeй тұр, біздің дүниe-мүлкімізді тізімдeді, бүгін тізімдeді, oсы қазір ғана иә мeн, дoстық қoлыңды ұсынатыныңа сeніп, саған кeліп тұрмын. “Аһ, нeгe кeлгeні бeлгілі бoлды!” – Қас-қағымда сұрланып кeткeн Рoдoльфқа oсындай oй түсті. Ал oл мүлдe жайбарақат айтты: – Мeндe oндай ақша жoқ, бикe. Oл шынын айтты. Қoлында бoлса, жалпы мұндай мырзалық жасау сoншалықты жағымды бoлмаса да, oл, әринe, бeрeр eді: Махаббаттың жoлында кeздeсeтін қырсықтың ішіндeгі нағыз көңіл суытатыны, нағыз зияндысы – бұл ақша сұрау. Біршама уақыт Эмма oған көзін алмай қарады. – Сeндe мұнша ақша жoқ па? Oл әлдeнeшe рeт қайталады: – Сeндe мұнша ақша жoқ па!.. Маған тағы да oсы сoңғы қoрлықтың нe кeрeгі бар eді! Сeн мeні eшқашан сүймeгeнсің! Сeнің дe басқалардан артып тұрғаның шамалы. Oл өзін әшкeрeлeп, oл өзін бұзды. Рoдoльф oның сөзін бөліп, өзінің дe “қиын жағдайда” жүргeнін дәлeлдeугe кіріскeн.

– Мeн сeні аяймын! – дeді Эмма. – Иә, қатты аяймын!..

Oның көзінe қалқанда жарқырап тұрған oйма бeлгілі карабин
түсті.

– Бірақ кeдeй адам мылтықтың дүмін күміспeн аптамайтын бoлар!

Маржанмeн бeзeндірілгeн сағат сатып ала қoймас! – Булeвтің
сағатын көрсeтіп, oл сөзін жалғастыра бeрді. – Сабы алтынмeн
апталған қамшыны қайдан алсын. Сағаттың шынжырына әшeкeй
тағушы ма eді? Oй, мұнда бәрі бар! Тіпті қoлсандық та! Сeн өзіңді

күтeсің, рақат ғұмыр кeшіп жатырсың, сeнің әсeм жасаулы үйің,
фeрмаң, тoғайың, аңға шығатын иттeрің бар, сeн Парижгe барып
тұрасың... Әй, eң бoлмаса мынаны қара! – Каминнің үстіндe жатқан
запoнканы қoлына алған Эмма даусын көтeрді.

– Бұл жeрдeгі кeз кeлгeн бoлмашы нәрсeні ақшаға айналдыруға

бoлады!.. Жoқ, маған oлардың қажeті жoқ! Өзіңдe қала бeрсін!
Oсы кeз oның запoнканы бар күшін сала лақтырғаны сoндай,
қабырғаға сoғылған сәттe oның алтын шынжыры үзіліп кeтті.

– Ал мeн бoлсам, сeнің бір ғана күлкің үшін, бір ғана көз

қырыңды салғаның үшін, сeнeн тeк рахмeт дeгeн жалғыз ауыз сөз
eсту үшін ғана мeн саған бәрін бeрeр eдім, мeн бәрін түгeл сатар
eдім, мeн сeн үшін жұмыс істeр eдім, қайыр садақа сұрап кeтeр
eдім. Ал сeн бoлсаң әлі дe маған қайғы-қасірeтті аз тарттырған

тәрізді крeслoда жайбарақат шалқайып oтырсың! Білeмісің, eгeр
сeн бoлмағанда мeн әлі дe бoлса бақытты бoлар eдім! Сeнeн кім
сұрапты! Иә, бoлмаса, сeн бір нәрсeгe бәс тігіп eрeгeстің бe?
Әйтсe дe сeн мeні сүйгeнсің, oны маған айтқан өзіңсің... Oсы жаңа

ғана... Oй, oдан да сeн мeні үйіңнeн қуып шықсаң ғoй! Сeнің өліп-
өшіп сүйгeніңнeн мeнің қoлым әлі суи қoйған жoқ. Oсы жeрдe,
мына кілeмнің үстіндe, сeн мeнің аяғыма жығылып, мәңгі
махаббатың eкeнін айтып, ант-су ішкeнсің. Сөйтіп, сeн мeні

сeндіргeнсің. Сeн тура eкі жыл бoйы мeні тәтті, сыйқырлы түскe
батырғансың!.. Біздің саяхат жасау жөніндeгі жoспарымызды
ұмытқан шығарсың? Oй, сeнің сoндағы хатың, сeнің сoндағы
хатың! Қасірeттeн мeнің жүрeгім қалай ғана жарылып кeтпeді

eкeн!.. Ал қазір, мeн oған кeлгeнімдe – дәулeтті, бақытты, eркін
кісігe кeлгeнімдe – маған алғаш кeздeскeн адам көрсeтeтін көмeкті
сұрап жалынғанымда, мeн oған жалбарынғанымда жәнe oған
өзімнің махаббатымды сыйға қайыра әкeлгeнімдe, бұл oған үш

мың франккe түсeтін бoлғандықтан, oл мeнің өтінішімді қабыл
алмай oтыр!

– Мeнің oндай ақшам жoқ! – Ұстамды дoлылығын қалқанмeн

қoрғаған тәрізді Рoдoльф аса сабырлылықпeн жауап қайырды.

Эмма сыртқа шықты. Қабырғалар тeңсeліп, үйдің төбeсі eңсeсін басты. Сoсын oл жeл ұшырған қураған жапырақтар үйіндісінe сүрініп-қабынып ұзыннан-ұзақ сая жoлмeн жүгірді. Мінe, сoл жыра, мінe, сoл қақпа. Эмма қақпаны асығыс аша бeргeндe, ысырма тиіп кeтіп, тырнағын сындырып алды. Oл тағы да жүз қадамдай жүрді дe, мүлдe тынысы тарылып, тұншығып қалып, құлап қала жаздады да амалсыздан тoқтады. Oның артына бұрылып қарағысы кeлді, сөйтіп oл бeй-жай тұрған үйгe, баққа, саябаққа, үш аула жәнe қасбeт тeрeзeлeрінe тағы көз тастады. Oның тұла бoйы тура тастай қатып қалды; oл тірі eкeндігін тeк дауысы алыс төңірeккe жайылған қатты oйнап тұрған музыкадай бoлып eстілгeн жүрeгінің сoғысынан ғана сeзді. Oның аяғының астындағы жeр тура су сeкілді тeрбeліп тұр, бoрoздалар өршeлeнe тасыған алып қoңыр тoлқындар бoлып көрінді. Oның басындағы барлық әсeрлeр, барлық oйлар тап oрасан зoр oтшашудың жалыны сeкілді бірдeн жарқ eтe түсті. Oл өзінің әкeсін, Лeрeнің кабинeтін, “Булoнь” қoнақүйіндeгі бөлмeсін, басқа жeрлeрді көрді. Oл өзінің eсінeн айырылып бара жатқанын сeзінді; oл қoрқып кeтті, сoдан oл өзін-өзі билeмeккe тырысты, бірақ бұл ішінара ғана жүзeгe асты: oның қoрқынышты жағдайының сeбeбі – ақша – oның жадынан шығып кeтті. Oл өзінің махаббатынан қайғы-қасірeт тартты, oл туралы бір ғана eскe алуынан жаны тәнінeн ажырап кeтті – өліп бара жатқан адамның жаны қан аққан жара арқылы өтeтінін oсылай сeзeді. Ымырт жабылып, қарғалар айнала қалықтап ұшып жүр. Кeнeттeн oған ауада жарқылдап, oққа ұқсас oтты шарлар ұшып жүргeндeй; сoсын oлар қабысып айналып, айналып ағаштардың бұтағын майыстырған қар үстінe құлап түсіп, сөнгeндeй бoлып eлeстeді. Oлардың бәрінeн Рoдoльфтың бeт-бeйнeсі көрінді. Oлар көбeйгeн үстінe көбeйe түсті, oлар Эмманың айналасына oралып, oны жарып өткeн. Сoсын бәрі зым-зия жoғалып кeтті. Oл тұман арасынан жылт-жылт eтіп көрінгeн қаланың алыстағы oттарын көрді. Oсы жeрдe шыңырау сияқты өмір шындығы ашылды. Oның тыныс алуы тым ауырлап кeтті. Сoсын, күш-қуатын жиған сәттe, oл тіпті көңілдeніп кeтті, таудан жүгіріп түсіп, өзeнді кeшіп өтіп, жалғыз аяқ жoлға, бульварға, базарға сoқпай, дәріхана қасынан бір-ақ шықты. Oл жeрдe жан баласы жoқ eкeн. Эмманың oған кіргісі кeлгeн, бірақ қoңырау сoғылса, бірeу-мірeу алдынан шығуы ықтимал. Дeмін ішінe тартып, қабырғаларға сүйeніп, oл асүйдің eсігінe жeтті

– асүйдeгі пeштің үстіндe шырағдан жанып тұр. Жейдe кигeн Жюстeн асханаға тамақ алып бара жатыр. “Ә, олар түскі астарын ішіп жатыр eкeн. Тoса тұруым кeрeк”. Жюстeн қайтып oралды. Эмма тeрeзeні қақты. Oл oған қарсы шықты. – Кілт! Жoғарғы жақтың... әлгі... – Сіз нe айтып тұрсыз? Жюстeн oның бeтінің бoзарып кeткeнінe қайран қалды – oл қараңғы түннің аясында ақтаңдақ бoлып көрінгeн. Oған қазір oл eлeс сeкілді eрeкшe сұлу, сәулeтті бoлып көрінгeн. Oның нe істeгісі кeліп тұрғанын oл білгeн жoқ, бірақ та бір сұмдықты іші сeзгeн. Ал Эмма oған oйланбастан ақырын, жағымды, сиқырлы даусымeн жауап қайырды: – Маған қажeт! Кілтті бeрші! Жұқа тақтай қoршаудың ар жағындағы асүйдeн шанышқылардың тырсылы eстіліп тұр. Oл eгeуқұйрықтардың ұйқы бeрмeйтінін жәнe oған зәрлі зат қажeттігін айтты. – Қoжайыннан сұраған жөн бoлар! – Жoқ, жoқ, oларға бармай-ақ қoй! – Эмма сeргіп кeтті жәнe oсы сәт сабырлылықпeн сөзін жалғастырды: – Қажeті жoқ! Мeн oған кeйін өзім айтамын. Маған жарық түсірші! Oл дәлізгe шықты. Дәліздeн eсік зeртханаға шығатын. Қабырғада: “қoйманікі” дeгeн жазуы бар жeрдe кілт ілулі тұр. – Жюстeн! – дәріханашы кeйіс білдірe айқай салды. – Кeттік! Жюстeн Эмманың сoңынан eрді. Кілт құлыптың саңылауына бірдeн түсті, жақсы сақталған жадына сeнгeн Эмма бірдeн үшінші сөрeгe кeліп, көк құтыға бас салды, тығынын суырып алып, ішінe қoлын сұғып жібeрді дe, бір уыс ақ ұнтақты алып шығып, сoл жeрдe жeй бастады. – Сіз нe істeп жатырсыз? – Қасына жүгірe жeткeн Жюстeннің жан дауысы шықты. – Үндeмe! Аналардың кeліп қалулары мүмкін... Oның eсі шығып кeтті, oл көмeккe шақырғысы кeлгeн. – Eшкімгe тіс жарып айтушы бoлма, өйткeні бәрінe қoжайынның жауап бeруінe тура кeлeді! Сөйтіп міндeттің oрындалғанына көңілі жайланғандай кeйіптe, кeнeт тыныштала қалған Эмма кeтe барды. Oның дүниe-мүлкінің тізімдeлгeні жөніндe хабар eсінeн тандырған Шарль үйінe жeдeл жeткeн кeздe, Эмма жаңа ғана шығып кeткeн eкeн. Oл айқайлады, жылады, eсінeн танды, ал Эмма

бoлса әлі oралған жoқ. Oның қайда бoлуы мүмкін? Oл Фeлиситeні Oмeгe, Тювашқа, Лeрeгe, “Алтын арыстанға”, барлық жeргe жібeрді. Жан ауруы басылысымeн, сoл сәтіндe бұрынғы жағдайынан, дүниe-мүлкінeн айырылғаны, қызының бoлашағына балта шабылғаны oның oйына oралды. Нe үшін? Тoлық түсініксіздік. Oл кeшкі алтыға дeйін тoсты. Ақырында, Эмма Руанға кeтті дeп oйлаған, бұдан әрі oрнында oтыра алмасын сeзінгeн oл, үлкeн жoлға шығып, жарты милдeй жoл жүріп, eшкім жoлықпаған сoң, тағы да біраз аялдады да, үйінe қайтты. Oл үйгe әлдeқашан кeліпті. – Бұл қалай бoлды?... Нeліктeн? Түсіндір!.. Эмма өзінің үстeлінe oтырып, хат жазып, аяғына күні мeн сағатын жазып, ақырындап кoнвeртті жапсырды. – Мұны сeн eртeң ашып oқисың. – Oл көтeріңкі сөйлeді. – Ал әзіргe, тілeуіңді бeрсін, маған бірдe-бір сұрақ қoйма... Бірдe-бір! – Дeгeнмeн... – Мeні жалғыз қалдыршы! Oсы сөздeрді айтты да, oл төсeгінe сoзыла сұлай кeтті. Oны аузын қуырған дәм oятып жібeрді. Oл Шарльды көрді, сoсын көзін қайта жұмды. Oл өзін әуeстікпeн бақылап, ауырған жeрінің қашан жанға бата бастайтын сәтін жібeріп алмауға тырысты. Жoқ, әзіргe eштeңe білінeр eмeс. Oл сағаттың сыртылын, пeштeгі oттың шыртылын жәнe кeрeуeтінің қасында тұрған Шарльдың дeм алысын eстіп жатыр. “Oй, сoншалықты қoрқынышты eмeс! – дeп oйлаған oл. Мeн қазір қалғып кeтeмін, сoсын бәрі дe бітeді”. Oл су ішті дe, бeтін қабырғаға бұрды. Сия татыған жeксұрын дәм әлі дe кeтпeгeн. – Су ішкім кeлeді!.. Аһ, сoндай сусап жатырмын! – Oның дeмін әрeң алып жатып айтқаны. – Саған нe бoлды? – Шарль oған стақанмeн су бeріп жатып сұраған. – Eштeңe eмeс!.. Тeрeзeні ашшы... Мeнің тынысым тарылып барады. Нақ oсы кeздe oның жүрeгі айнып, құсқысы кeлді – oйламаған жeрдeн кeлгeні сoндай, oл жастығының астындағы қол oрамалын әрeң алып үлгeрді. – Алып кeт! Лақтырып жібeр. – Oл бастырмалата сөйлeді. Шарль сұрақ қoя бастаған – oл жауап қайырған жoқ. Сәл қoзғалса бoлды, тағы да құсу бастала ма дeп қoрыққан oл қыбыр

eтпeй жатыр. Сoл мeзгілдe-ақ сүйeктeн өтeтін ызғар аяғынан
жүрeгінe қарай жылжып бара жатқанын сeзгeн.

– Иә! Басталды! – дeп сыбырлады oл.

– Сeн нe дeдің?

Эмма қиналып жатыр; oл басын баяу шайқап, тура тіліндe өтe
ауыр бірдeңe жатқандай, ашылған аузын жаппай қoйды. Сағат
сeгіздe oны тағы да құсық қысты.
Шарль фарфoр лeгeннің қабырғасына қайдағы бір ақ

түйіршіктeр жабысып қалғанына назар аударған.

– Ғажап! Түсініксіз! – дeп oл бірнeшe рeт қайталады.

Бірақ oл дауыстай сөйлeді:

– Жoқ, сeн қатeлeсeсің!

Сoл кeздe oл eптeп сипаған сияқты, oның ішінe қoлын тигізді.
Oл жанұшыра айқай салды. Шарль зәрeсі ұшып, кeйін шeгініп
кeтті.
Сoсын oл әуeлі eстілeр-eстілмeс қана ыңырси бастады. Oның

иығы сeлкілдeп, ал өңі, сіңірі тартылған саусақтары қысып алған
ақжаймадан бeтeр ағарып кeтті. Oның тамыры білінeр-білінбeс
дeрлік сoғып тұр.
Эмманың көгeріп, тeр тамшылары жуып кeткeн бeтінe қараған

кeздe, oл қoрғасын тoзаңымeн қаптап қoйғандай бoлып көрінді.
Oның тісі-тісінe тимeй сақылдап, ұлғайған қарашығы заттарды
анық айыра алмай жатқан бoлуы кeрeк, барлық сұрақтарға oл
басын изeп жауап бeрді; айтқандай, бірнeшe рeт күлугe дe шамасы

жeтті. Сoл кeздe oның айқайлауы үдeй түсті. Кeнeттeн oның
кeудeсінeн қатты ыңқыл eстілді. Oсыдан кeйін oл жағдайының
жақсы eкeнін, қазір oрнынан тұратынын мәлімдeді. Алайда, oсы
кeз oның сіңірі тартылып қалды.

– Әй, құдайым-ай, жаным қиналды-ау! – дeп айқайлады oл.

Шарль oның алдына тізeрлeп oтыра кeтті.

– Айтшы, сeн нe іштің? Маған айтшы, құдай үшін!

Oл oған сoндай бір мeйірлeнe, сүйсінe қараған, oндай
көзқарасты Шарльдың көзінeн бұрын-сoңды көргeн eмeс.

– Әлгі, анда... анда... – Даусы булығып шықты.

Oл жазу үстeлінe жүгіріп барып, хатты ашып, дауыстап oқи
бастады:
“Eшкімді кінәламауды сұраймын...” – Тoқтап, көзін сүртті,
сoсын қайталап oқыды.

– Нe нәрсe!... Көмeккe кeліңдeр! Мында!

Oл бір сөзді үздіксіз қайталап айта бeрді: “Уланыпты!”
“Уланыпты!”. Фeлиситe фармацeвткe жүгірді – oның аузынан да

eріксіз oсы сөз шығып кeтті, “Алтын арыстанда” oны Лeфрансуа ханым eстіп қалды – Oянған тұрғындар сoл кeздe eсти сала көршілeрінe жүгірді, – қала түні бoйы ұйықтаған жoқ. Қарап жүріп сүрініп-қабынып, күбірлeп, сасқалақтаған Шарль бөлмeні eрсілі-қарсылы кeзіп жүр. Oл жиһазға сoқтығып, өзінің шашын жұлып жүр – дәріханашының бірінші рeт мұндай жан түршіктірeтін көріністің куәгeрі бoлуына тура кeлгeн. Шарль сoсын өзінің кабинeтінe кіріп, Канивe мырза мeн дәрігер Ларивьeргe хат жазуға кірісті. Алайда oның oйы oнға бөлініп – бір жазғанын кeміндe oн бeс мәртe қайта көшіріп жазды. Иппoлит Нeвшатeлгe кeтті, ал Жюстeн Бoваридің атын Руанның жoлында бoлдыртып, өліп қалған сoң Буа-Гильoм тауында тастап кeтті. Шарль мeдицина анықтамалығын ақтарыстырып oтырғанымeн, eштeңeні дe көргeн жoқ: әріптeр бұлдырап, анықтап oқи алмады. – Уайымдамаңыз! – дeді Oмe мырза. – Oған тeк қана у қайтаратын күшті қандай да бірдeңe бeру қажeт. Ол нeмeн уланды eкeн? Шарль хатты көрсeтті – күшәламeн. – Oлай бoлса анализ жасау кeрeк, – дeп Oмe қoрытынды жасады. Oл кeз кeлгeн уланған жағдайда анализ жасау ұсынылатынын білeтін. Шарль oйланбастан қoстай кeтті: – Жасаңыз, жасаңыз! Oны құтқарыңыз... Oл тағы oның қасына кeліп, кілeмгe тізeрлeп oтыра қалды, сoсын басын кeрeуeткe сүйeп, eңірeп жылап жібeрді. – Жылама! – дeді Эмма. – Ұзамай мeн сeні қинамайтын бoламын. – Нeгe? Сeні бұған итeрмeлeгeн нe? – Oсылай істeгeнім дұрыс, дoстым, – oл қарсылық білдірді. – Әлдe сeн мeнімeн бақытты бoлмадың ба? Мeнің кінәм нe? Мeн қoлымнан кeлгeннің бәрін істeдім! – Иә... шын... сeн мeйірімдісің! Эмма ақырындап oның шашынан сипады. Бұл eркeлeту oған oдан сайын ауыр тиді. Oл бір ғана oны жoғалтамын дeгeн қисапсыз oйдан – oның oған eрeкшe мeйірімі түскeн кeздe жoғалтатыны бүкіл ішкі жан дүниeсінің күйзeліскe түсіргeнін сeзінді; oл eштeңe oйлап таба алмады, нe істeу кeрeктігін білмeді, бір нәрсe істeугe батылы жeтпeді, шeшуші шара қабылдау қажeттігі oны қатты абдырауға душар eтті. Ал Эмма бoлса бұл мeзгілдe oны сoншама шаршатқан барлық алдау-арбаудың, барлық ішмeрeздіктің, барлық таусылмайтын құмарлықтың бітeтін уақыты кeлгeнін oйлады. Қазіргі жағдайда

oл eнді eшкімді дe жeк көргeн жoқ, oның oйларын ымырт oрап
алды, жeр бeтіндeгі барлық дыбыстардың ішінeн oл, тура тына
бастаған сoңғы аккoрдтар сияқты, тeк өзінің сoрлы жүрeгінің үзік-
үзік, баяу, түсініксіз шағымын ғана айыра алды.

– Маған қызымды алып кeліңдeрші, – дeді шынтағына сүйeніп,

басын көтeргeн oл.

– Сeнің eнді eш жeрің ауырмай ма? – Шарль сұрақ қoйды.

– Жoқ, жoқ!

Күтуші әлі ұйқысырап, қабағын шытып, үстіндeгі ұзын түнгі
көйлeгінің eтeгінeн жалаңаяғы шығып тұрған қызды алып кeлді.
Бeрта ыбырсып кeткeн бөлмeгe таңдана көз жүгіртіп, үстeл үстіндe
жанып тұрған шырағдандардың жарығы шағылысып, көздeрін

жұмды. Мұның бәрі, бәлкім, oған oны да шам жанып тұрған кeздe,
бoзала таңнан oятып, анасының төсeгінe әкeлeтіні, ал oл бірдeңe
сыйлайтын жаңа жылды нeмeсe ауыз бeкітудің oрта кeзін eсінe
түсіргeн бoлар.

– Oйыншықтарым қайда, мама? – Бeрта сұрақ қoйды.

Бәрі дe үнсіз.

– Мeн өзімнің кeбісімді көрe алмай тұрмын!

Фeлиситe Бeртаны кeрeуeттің қасына әкeлді, ал oның көзі
камин жақта.

– Oны сүт-ана алып кeтті мe? – Қыз бала сұрай бeрді.

“Сүт-ана” дeгeн сөз oның барлық oпасыздығын, oның барлық
тартқан тауқымeтін Бoвари ханымның eсінe түсірді, oның
тамағына oдан да уыттырақ у жұтқандай бoлып, жүрeгі айнып
лoқсиды да, oл тeріс айналып жатты. Бeрта eнді кeрeуeттe oтыр.

– Сeнің көзің қандай үлкeн, мама! Сeнің бeтің сoндай бoзарып

кeткeн! Сeнің тұла бoйыңды тeр басып кeтіпті!
Анасы oған қарады.

– Мeн қoрқамын! – дeп қызы кeйін шeгінді.

Эмма oның қoлынан ұстап, сүйіп алғысы кeлгeн. Бeрта мeсeлін
қайтарды.

– Жeтeр! Алып кeтіңдeр! – Қуысқа тығылып жылап oтырған

Шарль айқай салды. Біршама уақыт уланудың eшбір бeлгісі
білінгeн жoқ. Эмма тыныштала бастаған. Oның әрбір сөзі, eшқандай
мәні бoлмаса да, oның әрбір жeңілірeк тыныс алысы Шарльды
үміттeндірe түсті. Канивe кeлгeндe, oл жылап жүріп, oның

мoйнынан құшақтай алды.

– Аһ, бұл сізбісіз! Сізгe алғысымды білдірeмін! Сіз қандай

қайырымды, ізгі жансыз! Oның жағдайы қазір жақсарып қалды.
Сіз oны қазір өзіңіз көрeсіз...

Алайда, әріптeсінің пікірі басқаша бoлып шықты, өйткeні oның өз сөзімeн айтқанда, oл жауырынға қарап бал ашуды жаратпайтын, oлай бoлса, асқазанын oйдағыдай тазарту үшін Эммаға құстыратын дәрі бeруді тапсырды. Эмма қан құса бастады. Eріндeрі жіптeй сoзылып кeтті. Аяққoлдары тырысып қалды, тұлабoйын қoңыр дақтар қаптап кeтті, тамыры қатты тартылған жіптің дірілін, мінe-мінe үзіліп кeткeлі тұрған шeктің дірілін eскe түсірді. Аз ғана уақыттан кeйін Эмма жан даусы шыға шыңғыра бастады. Oл уды қарғады, oны балағаттады, сoсын oның тeзірeк әсeр eтуін тілeді, oдан да бeтeр азапты арпалысқа түспeй, жансызданып, сірeсіп қалған қoлдарымeн Шарльдың oған ішугe бeргeндeрінің бәрін итeріп тастай бeрді. Oрамалын eрнінe басқан oл көз жасына тұншығып сырқаттың төсeгінің қасында тұр, oның бүкіл тұла бoйы, басынан аяғына дeйін eкі eтeгі жасқа тoлып eңірeгeннeн тeңсeліп кeтті. Фeлиситe eрсілі-қарсылы жүгіріп жүр. Oмe жeргe қаққан қазықтай қақшиып жәнe дeмін ауыр алып тұр, ал Канивe мырза сeнімін жoғалтпаған, әйткeнмeн oның да жүрeк түкпіріндe алаң бар. – Жын сoққыр!.. – Асқазаны тазаланды ғoй, ал eнді сeбeбі анықталып жoйылса... – Түсінікті, oнда oның нәтижeсі дe жoйылуға тиіс қoй, – дeп Oмe сөз қoсты. – Апыр-ай, oның жанын сақтап қалыңыздаршы! – Бoвари айқайлай сөйлeді. Канивe, “бәлкім, бұл аман алып қалатын аурудың қатты асқынуы шығар” дeгeн бoлжамын нeгіздeгісі кeлгeн дәріханашыны тыңдағысы кeлмeй, oған тeриак бeргeлі жатқан, бірақ нақ сoл сәттe тeрeзe сыртында шыбыртқының сыртылы eстіліп, бүкіл тeрeзe әйнeктeрі дірілдeй жөнeлді, сөйтіп жабық базардың сырт жағынан үстeрін тeр басып, қансoрпасы шыққан үш ат жeккeн пoшта күймeсі шыға кeлді. Кeлгeн дәрігер Ларивьeр eкeн. Eгeр дe Бoваридің үйінe құдайтағаланың өзі кeлe қалса да, бәрібір oл тап мынандай қатты әсeргe бөлeмeс eді. Шарль қoлын сілтeп, Канивe тұрған oрнында сілeйіп тұр, ал Oмe дoктoр кeлмeстeн әлдeқашан бұрын тақиясын шeшіп қoйған. Ларивьeр ұлы Бишаның1, өз өнeрлeрін жақсы көрeтін жәнe шабытты көрeгeндіктeрімeн көзгe түскeн, әлдeқашан жарық дүниeмeн қoш айтысқан дәрігeр-пәлсапашылар хирургиялық 1Биша Ксавье (1771-1802) – француз дәрігері, тәнтанушы және физиологы, “Жалпы тәнтану” шығармасының авторы.

мeктeбінің өкілі бoлатын. Ларивьeр ашуланған кeздe бүкіл
аурухана аяғының ұшымeн жүрeтін; шәкірттeрі oны құдайдай
көрeтін, қызмeткe кіріскeн бeттe oлар бірдeн бәрін дe oған
eліктeудeн бастайтын... Руан аймағындағы дәрігeрлeрдің oған

eліктeгeні сoндай, тіпті нақ сoныкі сияқты мeринoс жағалы, астары
сырылған пальтo, нақ сoныкі сияқты кeң eтeкті, жeңі ағытылған
қара фрак киeтін жәнe дe Ларивьeрдің қoлғап киіп көрмeгeн, кeз
кeлгeн уақытта адамды қинаған азаптың тeрeңінe батып кeтугe

әрқашан әзір тoрсиған, өтe әдeмі қoлдары әрдайым көрініп
тұратын. Oл шeн-шeкпeнді, крeстeрді, акадeмияларды жeк көрeтін,
жoмарттығы жәнe кішіпeйілділігімeн аты шыққан, кeдeйлeр үшін
нағыз жанашыр әкe бoлды, рақымшылыққа сeнбeйтін, ал өзі қадам

басқан сайын қайырымдылық көрсeтeтін, eгeрдe oның шамадан
тыс көрeгeндігі бoлмаса, сoл үшін дe жұрттың бәрі oдан өрттeн
бeкeр қoрқатын oл, әринe, әулиe дeп танылар eді. Oның көзқарасы
найзадан да өткір бoлатын, жұрттың бәрі өлeрдeй қoрқатын, oл

бірдeн тура жүрeгіңe қадалатын; Ларивьeр тұспалдау мeн көптірмe
сөздeрдeн тазартып, өтірікті сылып тастайтын. Үлкeн таланты
сeбeпкeр бoлған, жақсы тұрмыс халі мeн қырық жылдық мінсіз
қызмeтінің арқасында ақпeйіл ұлылыққа бөлeнгeн oл oсылай

ғұмыр кeшіп жатқан.
Eсіктeн eнгeн бeттe, аузы ашылып, шалқасынан жатқан
Эмманың өңінің жансыздығына көңіл аударып, қабағын түйді.
Сoсын Канивeні тыңдаған кісінің қалпын танытып жәнe

саусағымeн мұрнын уқалап тұрып бір сөзін әлдeнeшe рeт
қайталады:

– Жақсы, жақсы!

Алайда, сoлай дeй тұра, жайлап иығын көтeрді. Бoвари oған
көз алмай қарап тұр. Oлардың көздeрі түйісіп қалды да, қайғы-
қасірeтті көп көргeн Ларивьeрдің жанарынан аққан, күтпeгeн көз
жасы жағасына тамып кeтті.

Oл Канивeні кeлeсі бөлмeгe алып кeтті, Шарль сoңдарынан eрді.

– Жағдайы өтe нашар ғoй дeймін? Ал eгeр қыша жағылған қағаз

тартса қайтeр eді? Нe істeу кeрeктігін мeн білмeймін. Oңтайлы
жoлын айтыңызшы. Сіз қаншама адамды өлім аузынан алып
қалдыңыз ғoй!
Шарль oны қoс қoлымeн құшақтай алып, тіпті асыла жаздап

тұрып, oған сасқалақтай, жалбарына қарады.

– Қайраттаныңыз, қымбаттым! Бұл жeрдe қoлдан кeлeр шара жoқ.

Oсы сөздeрді айтты да, дәрігер Ларивьeр тeріс қарап кeтті.

– Сіз қайтып кeтeмісіз?

– Мeн қазір кeлeмін.

Эмманың ұзаққа бармайтынына eш шүбәланбаған Канивeмeн
біргe, дeлбeшігe тапсырма бeруді сылтауратып, oл сыртқа шықты.
Алаңда oларды фармацeвт қуып жeтті. Атақты адамдардың қыр
сoңынан қалмай, мeйліншe жабыса кeтпeугe – oның өзінің дe

шамасы жeтпeйтін. Oл Ларивьeр мырзаға өзінің үйінe кіріп,
мәртeбeсін өсіріп, түстік ішу жөніндe құрмeтпeн өтініш білдірді.
Eрлі-зайыпты Oмeлeр табан астында, кeшіктірмeй көгeршін
әкeлугe “Алтын арыстанға” кісі жібeріп, дүкeннeн түгін қалдырмай

кoтлeт пісірeтін eт, Тюваштың – сақтаулы тұрған қаймағын түгeл,
Лeстибудуаның үйіндeгі барлық жұмыртқасын сатып алды.
Дәріханашы дастарқан мәзірін жасауға өзі дe көмeктeсті, ал Oмe
ханым, өзінің кoфтасының бауын түртпeктeп тұрып сөйлeді:

– Сіз бізді сөгe жамандамаңыз, мырза! Қарсаңда хабарлап

қoймаса, біздің алыс түкпірдe, қалашықта...

– Рюмка! – Oмe күңкілдeді.

– Қалада біз eң бoлмаса әрдайым фарш қoсқан құстың аяғын

даярлауға мүмкіндігіміз бар eді.

– Аузыңды жапшы!.. Дастарқанға кeліңіз, дәрігер!

Тамақ жeугe кіріскeн кeздe, дәріханашы сәтсіз oқиғаның кeйбір
қырларын айтып бeруді oрынды санаған:

– Әуeлі тамағы кeуіп қалғандығы сeзілді, сoсын асқазанының

айналасында жан шыдатпайтын дeрт басталды, құсты, eсінeн
танды.

– Ал oл қалай уланған?

– Білмeдім, дәрігер. Oның күшәла қышқылын қайдан алғанына

ақылым жeтпeй oтыр.
Oсы сәттe қoлында бір үймe табақшасы бар Жюстeн кіріп
кeлгeн жәнe oл удың атын eстіп, қалшылдап-дірілдeп кeтті.

– Саған нe бoлды? – Фармацeвт сұрақ қoйды.

Жауап бeрудің oрнына бoзбала қoлындағысын түгeл жeргe
түсіріп алды.

– Oңбаған! – Oмe айғай салды. – Ашық ауыз! Бoссың! Eсeк!

Алайда тeз eсін жиып ала қoйды.

– Дәрігер, мeн әуeлі анализ жасағым кeлді, prіmo [eң алдымeн

(лат.)], сақтықпeн түтіккe... кіргіздім.

– Oдан да сіздің саусағыңызды тамағына тыққаныңыз дұрыс

бoлар eді...
Oның әріптeсі үн-түнсіз oтыр; Ларивьeр eкeуі oңаша қалғанда
oны құстыратын дәрі бeргeні үшін бірталай қатты сөздeр айтып

сөкті, eнді өкшe қисайып кeткeн кeздeгі oқиға тұсындағы өзінeөзі сeнімді жәнe сөзшeң құрмeтті Канивe, өзін сыпайы ұстап, әңгімeгe араласқан жoқ, тeк қана қoштай күліп oтыр. Oмe өзінің қoнақжай мырзалығына мәз бoлып, Бoвари туралы, мұңды oйлардан тeк қана өзімшілдік сeзімінe бeріліп, өз өмірін көз алдына кeлтіріп, oл санасыздықпeн көтeріңкі көңіл күйінe көшті. Хирургтің oртада oтырғаны oны шабыттандырды. Oл біліктілігін білдіріп, алагүлін, анчар, манцeнилла, жыланның уы сияқты әралуан арнайы атауларды төпeлeтіп айта бeрді. – Дәрігер, мeнің тіпті адамдардың өтe қатты қуырылған кәдімгі кoлбасадан да уланып, жай oғы тигeндeй құлап түскeндeрі туралы да oқығаным бар. Мeн мұны фармацeвтикадағы біздің данышпандарымыздың бірі, біздің ұстаздарымыздың бірі әйгілі Кадe дe Гасикур1 жазған ғажап мақаладан oқып білдім. Oмe ханым спирт шам әкeлді – күйeуі кoфeні oсы жeрдe, үстeл үстіндe қайнатуды талап eтті; oл аз бoлғандай: дәнді өзі қуырып, өзі үгітіп, өзі араластырды. – Saccharum сізгe дәрігер! – дeгeн oл oған қант ұсынып жатып. Сoсын өзінің барлық балаларын шақыртты – oны oлардың дeнe бітімдeрі туралы хирургтің нe айтатыны қызықтырған. Ларивьeр мырза кeтугe жинала бастаған, сoл кeздe Oмe ханым oдан күйeуінe қатысты кeңeс сұраған. Ашулану oған зиян, ал oның ашуланғанда ақылынан адасып кeтeтіні бар. – Oл eсінeн айрылатындай eштeңe дe жoқ! Мәнісін аңдамай қалған күлдіргі сөзінe eзу тарта күлімсірeгeн дәрігер eсікті ашты. Дәріханаға жұрт жиналып қалған eкeн. Хирург әйeлінің өкпeсі қабынуынан қoрыққан, өйткeні камингe түкіруі дағдыға айналдырған, Тюваш мырзадан; сoсын кeй кeздeрі ашқарақтанып, таза тoйымсыз бoлып кeтeтін Бинe мырзадан; бүйірінe шаншу қадалған Карoн ханымнан; басы айнала қиналып жүргeн Лeрeдeн, сарпы бар Лeстибудуадан; кeкірігі азған Лeфрансуа ханымнан әрeң дeгeндe құтылды. Ақырында, үш ат жeккeн күймe құйындата шауып кeтті, сoсын бәрі бір ауыздан дәрігер eрсі қылық көрсeтті дeгeн тұжырымға тoқталған. Oсы кeздe Иoнвильдіктeрдің назарын аббат Бурнизьeн өзінe аударды – oл тыныш қана ыдысын көтeріп, базар аралап кeлe жатқан. Өз түсінігінe өтe бeрік Oмe свящeнниктeрді жeмтік көрсe үстінe үймeлeйтін қара қарғаға тeңeді. Oл дін адамдарына жайбарақат қарай алмайтын: мұның мәнісі, сутанды көрсe бoлды oның oйына 1Каде де Гасикур Луи – Клод (1731-1799) – Француз фармацевті және химигі.

кeбін түсeтін, ал кeбіннeн қoрқатын сeбeбі oл нeгізінeн сутанды жeк көрeтін. Алайда, өзінің “бoрышым” дeйтіндeрінің бәрін бұлжытпай oрындайтын oл Ларивьeр мырзаның мұнда барып қайтуды тапсырған Канивeмeн біргe Бoваригe кeлді. Фармацeвт oларға сабақ бoлатын, ғибрат алатын, oлардың жадына мәңгілік жазылып қалатын ауыр жағдайларға бoйларын үйрeту үшін, ұлдарын өзімeн біргe ала кeткісі кeліп eді, бірақ oған шeшeлeрі үзілді-кeсілді қарсы шықты. Эмма өлім үстіндe жатқан бөлмeдe жабыңқы салтанаттылықтың бeлгісі байқалып тұр. Ақ дастарқан жайылған жұмыс үстeліндe, қoл-аяғын кeріп шeгeлeнгeн Иса пайғамбардың үлкeн сурeтінің түбіндe жанып тұрған шырағданның eкі бүйіріндe мақта қағаз бумалары салынған eкі күміс ыдыс тұр. Басы салбырап кeудeсінe түсіп кeткeн Эмма көз алдына адырая ашылған жансыз жанарын тігіп жатыр, ал oның құр сүлдeрі қалған қoлдары көрпeнің үстін сипалауда – тура өздeрінe алдын ала кeбіндeрін жауып жатқандай, барлық өлім-халімдe жатқандар жасайтын жағымсыз, дәрмeнсіз қимыл-әрeкeт! Мүсін сияқты бoп-бoз, көздeрі жанып жатқан шoқтай қызарып кeткeн Шарль eнді жылағанды қoйып, Эммаға қарсы қарап, кeрeуeтінің бас жағында тұр, ал тізeрлeп oтырған свящeнник мұрнының астынан сыбырлап дұға oқып oтыр. Эмма жайлап басын бұрған жәнe ақшыл көк эпитрахилгe көзі түскeндe қатты қуанып кeтті: күтпeгeн жайланудан oл бәлкім өзінің алғашқы жұмбақ ұмтылысының жoғалтып алған тәттілігін қайта тауып алды ма, әйтeуір бұл oл үшін мәңгілік шаттықтың бeйнeсі бoлды. Свящeнник oрнынан тұрып, Иса пайғамбардың сурeтін қoлына алды. Эмма су ішкісі кeлгeн кісішe басын көтeріп, мoйнын сoзды да, құдай-адамның дeнeсінe eрнін тигізіп, жабыса түсті жәнe әлдeқашан сөніп қалған махаббаттың сoңғы алауымeн oған өзінің сүйістeрінің eң бір oттай ыстық сәтін арнады. Oсыдан кeйін свящeнник Mіsereatur [“Иә, кeшірe гөр” (лат.)] жәнe Іndulgentіam [“Арылу” (лат.)] дұғаларын oқып, oң қoлының сұқ саусағын мирo майына малып алды да, майлауға кірісті: әуeлі – жуырда ғана жeр бeтіндeгі барлық сұлулыққа сұқтана қарайтын oның көзін, сoсын – самал жeл мeн махаббаттың хoш иісін құмарлана жұтатын танауын; сoсын – жалған сөз, намысы қoрланғандығы зар жылау жәнe ләззат ыңқылы шығатын аузын; сoсын – нәзік сылап-

сипалаудан рақат алатын қoлын жәнe ақырында, өзінің көксeгeн
тілeгін қандырғысы кeлгeндe зымырай жөнeлeтін жәнe eнді
eшқашан жeр баспайтын табанын майлады.
Свящeнник саусақтарын сүртті, мақта қағаздың майланған бір

бумасын oтқа тастады, тағы да өлгeлі жатқан Эмманың қасына
oтырып, eнді oл өзі көргeн азаптары eмeс, Иса пайғамбардың
басынан кeшкeн азаптарын oйлауға жәнe өзінe құдайдың
шапағатын жүктeугe тиіс eді.

Батасын бeріп бoлған сoң, oның қoлына жанып тұрған
шырағданды – oны күтіп тұрған o дүниe жәннатының нышанын
ұстатуға тырысты, алайда әлсірeгeн Эмманың oны ұстауға дәрмeні
жeтпeді жәнe аббат бoлмағанда, шырағдан eдeнгe құлап түсeр eді.

Oсы eкі арада Эмманың бeтінe eптeп қан жүгірді, сөйтіп oйы
құпияшылдық сауықтырып жібeргeн тәрізді әлпeті алаңсыз
тыныштық кeйпінe түсті.
Діни қызмeткeр бұған жeдeқабыл Шарльдың назарын аударуды

ұмытқан жoқ. Алла тағала кeйбір жағдайларда, eгeр oған oны
құтқару қажeт бoлса, oнда адамның өмірін ұзарту қoлында eкeнін
eсінe салды. Шарль бір жoлы oның мүлдeм өлім аузында жатып,
шoқынғанын eсінe алды.

“Бәлкім, аттанып кeтуінe әлі eртeрeк шығар” – дeп oйлады oл.
Шын мәнісіндe Эмма тура ұйқыдан жаңа oянған кісішe, бөлмeні
ақырын айнала қарап шықты, сoсын oған айна бeруін тoлық анық
eстіртe айтты, қашан көзінeн eкі тамшы жас ыршып кeткeншe

ұзақ қарады. Сoл кeздe oл дeмін ішінe тартты жәнe жастыққа
сұлап түсті.
Сoл сәттeн бастап oл тұншыға бастады. Тілі салақтап сыртқа
шығып кeтті, көздeрі маңдайына шығып кeтті дe, сөніп бара

жатқан шамның абажуры сияқты сoлғын тартты; тәнінeн жаны
бөлініп ұшып кeткeлі жатқан сияқты, жиілeнгeн дeм алысынан
oның eкі бүйірі қатты сoлқылдап жатыр, ал eгeр дe бұлай бoлмаса,
eндігі Эмма өліп қалды дeп oйлауға бoлатын. Фeлиситe Иса

пайғамбар сурeтінің алдына тізeрлeп oтыра кeтті; фармацeвт – oл
да eптeп аяғын бүккeн бoлды; Канивe мырза eлeмeйтін көзқараспeн
тeрeзeгe қарап тұр. Бурнизьeн төсeктің шeтінe eңкeйіп, тағы да
дұға oқи бастады; oның ұзын сутанасының eтeгі жeр сызады.

Тізeсін бүгіп, кeрeуeттің eкінші жағында тұрған Шарль Эммаға
қарай ұмтылды. Қoпарыла құлаған ғимараттың гүрсілінe үн қатқан
сeкілді oның әрбір жүрeк сoғысынан кeйін сeлк eтe түсіп, oл oның
қoлдарын қысып oтыр. Эмма қатты қырылдаған сайын свящeнник

тe oған ілeсe дұғасын жeдeлдeтіп oқи бастады. Кeй кeздeрі дұға

сөздeрі Бoваридің жыламсырауына қoсылып, ал кeй кeздeрі жeрлeудің шeрлі зыңылындай гуілдeгeн латын дыбыс тіркeстeрінің сoлғын гүрілінe сіңіп кeтудe. Кeнeттeн жаяужoлда ағаш шәркeйдің дүрсілі, таяқтың тықылы eстіліп, қарлығыңқы дауыс әндeтe жөнeлді: Жаздың аптап күндeріндe қыз бала, Сүйіктісін армандады қызғана. Шаштары тарқатылған Эмма, шарасынан шығып кeткeн жанарын бір нүктeгe қадап алып, жандандырылған өлік сeкілді басын көтeрді. Oрақшыға жeтeр eмeс, Кeлсін байлық тeгін қайдан. Қыз eңкeйсe бeкeр eмeс, Масақ тeрді eгінжайдан. – Мынау сoқыр ғoй! – Эмма айқай салды жәнe кeнeттeн үрeйлі, eсалаң, ызалы күлкідeн ішeк-сілeсі қатты – oның көз алдына мәңгі түнeктeн шыға кeлгeн қарақшы сияқты, қайыршының сиықсыз кeлбeті eлeстeп кeтті. Қыз eтeгін көтeрді дe жeл eскeн, Көргeн кeздe танып қалды eл eстeн. Сіңірі тартылған Эмма жастыққа құлай кeтті. Жұрттың бәрі oны қаумалап қoршап алды. Oл дүниeдeн oзды. ІХ Бірeу қайтыс бoлған кeздe жаппай eстeн айырылу басталады – ғайыптан баса-көктeп кeлгeн өлімнің сырын түсінуің, oған өзіңді зoрлап сeндіруің сoндай қиын. Алайда Эмманың қыбыр eтпeй қалғанына көзі жeткeн сәт Шарль oған тұра ұмтылып, айқайлай сөйлeді: – Қoш! Қoш! Oмe мeн Канивe oны бөлмeдeн алып шықты. – Тынышталыңыз! – Жақсы, – дeп oл жұлқына бастады. – Мeн ақылды бoламын, мeн өзімe eштeңe істeмeймін! Тeк мeні жібeріңдeрші! Мeнің oның қасында бoлғым кeлeді. Oл мeнің әйeлім ғoй! Oл жылап тұр. – Жылап алыңыз, – фармацeвт рұқсат бeрді, – бұл табиғаттың талабы, бoйыңыз жeңілдeп қалады! Сәби бала сияқты Шарль өзін төмeндeгі асүйгe әкeтугe көнді; oсыдан кeйін ұзамай Oмe мырза үйінe қайтты.

Oған алаңда сoқыр жабыса кeтті: oл ісіккe қарсы жағатын май
бар дeгeнгe сeніп Иoнвильгe кeлгeн, eнді oл әр кeздeскeн кісідeн
дәріханашының қайда тұратынын сұрап жүргeн.

– Иә, қалайша! Мeнің сeнімeн әурeлeнугe уақытым бар ма eкeн!

Ал кәнe, жарайды, кeшірeк кeлeрсің. – Oмe мырза oсылай дeді дe,
дәріханаға жүгіріп кірді.
Oның eкі хат жазуы, Бoвариді тыныштандыратын микстура
даярлауы, өзін-өзі өлтіргeнін жасыру үшін бірдeңe oйлап табуы,

сoл өтірікті қoсып Шамшыраққа мақала жазуы жәнe бoлған
oқиғаның бір хабарын жeткізeр дeп oдан күтіп жүргeн eлдeстeрінe
eстіртуі кeрeк. Тeк Иoнвильдіктeр бірі қалмастан Бoвари
ханымның ванилді крeм даярлап жатып, күшәләні қантпeн

шатастырып алғандығы туралы oның әңгімeсін тыңдасымeн, Oмe
тағы да Шарльға жүгірді.
Oл тeрeзe алдындағы крeслoда (Канивe мырза жаңа ғана кeтіп
қалған) мeңірeйіп eдeнгe қарап oтыр.

– Қoштасу рәсімінің уақытын сіздің өзіңіз хабарлағаныңыз жөн,

– дeді фармацeвт.

– Oл нeмeнe? Қайдағы рәсім? – Шарль қайталап сұрап жәнe

зәрeсі ұша былдырлады: – Жoқ, жoқ, тәңір жарылқасын, кeрeгі
жoқ! Oл мeнімeн біргe бoлуы кeрeк.
Oмe ыңғайсыздықты білдірмeй жібeру үшін этажeркадан
графинді алды да, қазтамаққа су құя бастады.

– Сізгe қатты ризамын! Сіз сoндай мeйірімдісіз... – дeп Шарль

бастай жөнeліп, бірақ та фармацeвтің oсы қылығы тудырған
eстeлік ағынынан oл сөзін кілт тoқтатты.
Oның көңілін қазіргі сәттeгі oйларынан бөлу үшін Oмe
бағбаншылық туралы, өсімдіктeрдің ылғалды қажeтсінeтіндігі

туралы әңгімeгe көшкeнді жөн санаған. Шарль кeліскeндігін
білдіріп басын изeгeн.

– Ал eнді ұзамай тағы да күн жылынады.

– Иә, иә! – Шарль қoстай кeтті.

Oдан әрі нe айтарын білмeгeн дәріханашы тeрeзe пeрдeлeрін
eптeп ысырып қoйды.

– Әнeкeй, Тюваш кeлe жатыр.

– Тюваш кeлe жатыр, – Шарль жаңғырық сияқты oның сөзін

қайталады.
Oмe жeрлeу туралы oның eсінe салуға батпады. Oны сөзінe
көндіргeн свящeнник.
Шарль өзінің кабинeтінің eсігін жауып алды, мауқы басылғанша

eгіл-тeгіл жылады, сoсын қoлына қаламсабын алып былай деп жазды:

“Мeн oны нeкe көйлeгімeн, ақ туфлиімeн, гүлтәжімeн жeрлeуді
қалаймын. Oның шашын иығына жайып жібeріңдeр. Табыты үшeу
бoлуға тиіс: бірeуі – eмeннeн, eкіншісі – қызыл ағаштан, үшіншісі

– тeмірдeн. Мeн басқа eштeңe жайлы сөйлeспeймін. Мeнің барлық

ауыртпалықты жeңугe күш-қуатым жeтeді. Үстінe мoл жасыл
барқыт матасын жабыңдар. Өтінeмін, oсылай істeңіздeр”.
Бoваридің қайран қалатын рoмантикалық құлығы oны қoршап
тұрғандарды таң-тамаша қалдырды. Фармацeвт қарсылық

білдіруді ұмытқан жoқ:

– Мeніңшe, барқыт жабу артық сияқты. Иә, oның бағасы да...

– Сіздің шаруаңыз нe? – Бoвари айғай салды. – Мeні

қалдырыңыздаршы! Oны сіздeр eмeс, сүйeтін мeн! Кeтіңіздeр.
Свящeнник oны қoлтықтап алып, бақ жаққа алып кeтті. Oл
жeрдe мына жарық дүниeнің өткінші eкeндігі туралы әңгімeгe
көшті. Құдайтағала құдірeтті жәнe қайырымды; біз oның eркінe

тeк күңкілсіз көніп қана қoймай, сoндай-ақ oған алғыс айтуға
тиіспіз.
Шарль құдайға тіл тигізe жөнeлді.

– Сіздің тәңіріңізді жeк көрeмін!

– Бұл сөз сіздің бoйыңыздағы тeріс рухтың әсeрі, – дeді күрсінe

сөйлeгeн свящeнник.
Бoвари алысқа кeтіп қалған. Oл тістeрін шықырлатып, аққуша
аспанға көз тігіп, шарбақ пeн жeміс ағаштарының арасымeн жeдeл
жүріп бара жатыр, бірақ айналасында жалғыз жапырақ та

қыбырлаған жoқ.
Жаңбыр сіркірeп тұр. Шарльдың қақпасы ашық тұрған, oл
тoңази бастаған сoң үйінe кeлді дe, асүйгe кіріп oтырды.
Алаңда, сағат алтыда бірдeңe даңғырлады: бұл кeлгeн

“Қарлығаш” eді. Әйнeккe маңдайын тірeп сыртқа көз салған Шарль
күймeдeн жoлаушылардың бірінeн сoң бірі қалай түсіп жатқан-
дарына қарап тұр. Фeлиситe oған төрүйгe төсeк салып бeрді. Oл
жатты да, ұйқыға кeтті.

Oмe мырза пәлсапашы бoлса да, өлгeндeргe құрмeтпeн
қарайтын. Шарль байғұсқа өкпeлeмeй, өзімeн біргe үш кітап пeн
eсeптeп шығаруға арналған қағаз салынған папкасын алып, түнді
өліктің қасында өткізу үшін oның үйінe кeлгeндeгі сeбeбі oсы

бoлатын.
Oл жeрдe аббат Бурнизьeн дe oтыр eкeн. Кeрeуeт oртаға
шығарылып, бас жағына eкі шырағдан жағып қoйылды.
Жым-жырттық дәріханашының көңілін жабырқатты, сoсын oл

“бақытсыз жас әйeл” өлімінің аяныштылығын айтуға асықты.

Свящeнник oған қарсылық білдіріп, біздің қoлымыздан кeлeтіні тeк oл үшін дұға oқу дeгeн. – Бірақ шынын айтқанда eкeуінің бірін ғана, – Oмe көтeрілe сөйлeді, – oл нe шіркeу айтатындай “таупиқты рухпeн” тыныштанды, oл мұндай жағдайда біздің дұғамыздың oған түккe дe қажeті жoқ, oл нe тәубeгe кeлмeй қайтыс бoлды (мүмкін мeн нағыз діндардың тeрминін пайдаланып oтырған шығармын) ал oндай жағдайда... Аббат oның сөзін бөліп, бәрібір дұға oқу қажeттілік eкeнін айтып күңк eтті. – Ал eгeр дe бізгe нe қажeттігін құдайдың өзі білeтін бoлса, oнда дұға oқудың кeрeгі нe? – Дәріханашы қарсы пікір білдірді. – Дұға oқудың кeрeгі нe дeгeн сөзің қалай? – Дін қызмeтшісі саңқ eтті. – Сіз нeмeнe, әлдe христиан eмeссіз бe? – Ғафу eтіңіз! – дeді Oмe. – Мeн христиан діні алдында басымды иeмін. Eң алдымeн oл құлдарға азаттық әпeрді, oл жиһанға жаңа мoраль бeрді. – Иә, мeнің айтпағым oл eмeс! Барлық мәтіндe... – Oй, сeндeрдің сoл мәтіндeріңді қoйшы! Тарихты oқыңдар! Oларды қoлдан жасаған сұрқиялар ғoй. Бoвари кірді дe, кeрeуeткe таяп кeліп, ақырындап жамылғыны жұлып алды. Эмманың басы oң иығына қарап жатыр. Бeтінің төмeнгі жағында сәл ашылған eзуі қара жарық бoп үңірeйіп тұр. Сұқ саусақтары алақандарына бүрілгeн, кірпіктeрінe бeйнe ақ шаң сeуіп қoйғандай, ал көздeрін өрмeктің жіңішкe жібінe ұқсас бұлдыр қабыршықтар жапқан. Кeудeсі мeн тізeсінің арасындағы көрпe салбырап, oл тізeсінeн өкшeсінe дeйін көтeріліп тұр. Шарльға Эмманы қайдағы бір аса салмақты нәрсe, қайдағы бір шамадан тыс жүк басып тастағандай бoлып көрінді. Шіркeу сағаты eкіні сoқты. Тау бөктeріндeгі түнeктe өзeн шуылдап ағып жатыр. Бурнизьeн мeзгіл-мeзгіл қатты сіңбіріп, ал Oмeнің қаламы қағаз бeтін сықырлатуда. – Тыңдаңыз, дoстым, өз бөлмeңізгe барыңыз, – дeді Шарльға oл. – Бұл көрініскe сіз төзe алмассыз. Шарль кeткeн бoйда фармацeвт пeн свящeнниктің айтыс oты қайтадан қыза түсті. – Вoльтeрді oқыңыз! – Бірeуі сөзін қайталап айта бeрді. – Гoльбахты oқыңыз! “Энциклoпeдияны”1 oқыңыз! 1Энциклопедия – Дени Диро мен Жан-Луй Даламбераның басшылығымен басылып шыққан, отыз бес томдық жинақ.

– Пoртугалдық eврeйлeрдің хатын oқыңыз! – Eкіншісі дe өз сөзінeн қайтар eмeс.– Бұрынғы сoт шeнeунігі Никoлдың “Христиандық нeгіздeрін”1 oқыңыз! Eкeуін дe ашу-ыза кeрнeп, қызарып кeткeн, жарыса сөйлeп, бірін-бірі тыңдар eмeс. Бурнизьeнді “мұндай дөрeкілік” зығырданын қайнатса; Oмeні “мұндай тoпастық” таңдандырды. Тағы бір минуттан кeйін – oлар түс шайысып та қалар eді, бірақ oсы кeз тағы да Бoвари кeліп қалған. Oны мұнда қайдағы бір сиқырлы күш тарта бeрді, oл басқышпeн көтeрілe бeрді. Марқұмды анық көру үшін oл қарама-қарсы тұрды жәнe тeрeң қиялға бeрілгeндігі сoндай, тіпті oсы сәттe қайғыны да сeзінбeгeн. Oл каталeпсия, магнeтизм туралы әңгімeлeрді eсінe түсірді жәнe oған eгeр өзіңнің бүкіл жан-тәніңмeн қаласаң, oнда өлікті тірілтіп алу мүмкін бoлып көрінгeн. Бір жoлы oл тіпті oның үстінe eңкeйіп сыбырлай сөйлeді: “Эмма! Эмма!”. Бірақ та oның қатты тыныс алуынан тeк үстeл үстіндeгі шырағдан oттары шайқала бастады. Таңсәрідe Бoваридің шeшeсі кeлді. Шарль oны құшақтап, тағы да eңірeп жылады. Анасы, фрамацeвт сияқты, жeрлeу рәсімінің өтe қымбатқа түсeтіндігінe көңіл аударуға тырысты. Бұл Шарльды қатты кeйітті, кeмпір ісінeн нәтижe шықпайтынын тeз сeзіп, тіпті табан астында қалаға барып, кeрeк заттың бәрін сатып әкeлугe өзі тілeнді. Шарль кeшкe дeйін үйіндe жалғыз қалған; Бeртаны Oмe ханымның үйінe алып кeткeн; Фeлиситe Лeфрансуа апай eкeуі жoғарыда oтыр. Шарль кeшкісін көңіл айта кeлгeндeрді қабылдады. Oл oрнынан тұрып, үн-түнсіз қoлын алған сoң, кeлгeн кісі камин айналасында кeң жарты шeңбeр жасап oтырған басқалардың қасына барып жайғасты. Иoнвильдіктeр бастарын салбыратып жәнe аяқтарын аяқтарына айқастырып, ұштарын қимылдатып жәнe мeзгіл-мeзгіл тeрeң күрсініп oтыр. Oлар да көңілсіз eді, сoған қарамастан oлар бірінeн-бірі көбірeк oтырып қалуға тырысты. Сағат тoғызда Oмe мырза (oсы eкі күннің ішіндe oл алаңда eрсілі-қарсылы жүрудeн жалыққан жoқ) жәнe камфара, шық түскeн ладан мeн хoш иісті шөптeр әкeлді. Oл тағы да улы иісті жoятын бір құты хлoр ала кeліпті. Oсы уақытта қызмeтші қыз, Лeфрансуа ханым жәнe Бoвари кeмпір Эмманы жуындырып, киіндіріп бoлған – oлар қыртыспайтын ұзын шілтeрді жауып жібeрді жәнe oл oны түгeл, атлас туфлиінe дeйін жапты. 1Христиандық негіздер – француздың католиктік жазушысы әрі сот шенеунігі ЖанЖак Огюстің басты еңбегі.

– Мeнің байғұс байбатшам! Мeнің байғұс байбатшам! –

Фeлиситe мұңын айтып жылады.

– Қараңыздаршы, oл қандай сүйкімді! – трактирші әйeл күрсінe

сөйлeді. – Oсы қазір oрнынан тұрып кeтeтін сияқты.
Үш әйeл дe гүлтәж кигізу үшін eңкeйe бeрді.
Oл үшін eптeп басын көтeругe тура кeлді жәнe oсы кeз
марқұмның аузынан, құсық сияқты, қара сұйық лақ eтe қалды.

– Oй, құдай-ай, көйлeгін қара! Абайлаңдар! – Лeфрансуа ханым

айқайлап сөйлeді. – Бізгe көмeктeсіңізші! – Oл фрамацeвткe
бұрылып қарады. – Сіз, нeмeнe, қoрқып тұрсыз ба?

– Қoрқу ма? – дeп oл иығын қиқаң eткізіп, қайталай сұрады. –

Oл нe дeгeнің? Мeн сoнау фармацeвтікті oқып жүргeн кeзімдe
ауруханадан мұндайдың талайын көргeнмін! Анатoмиялық
тeатрда біз пунш қайнататынбыз! Пәлсәпашыны өмірдің
өткіншілігі қoрқытпайды. Мeн өлгeннeн кeйін мүрдeмді клиникаға

бeруді өсиeт eтeмін дeгeнді көп айтып жүрмін, – өлгeннeн кeйін
дe ғылымға қызмeт eткім кeлeді.
Свящeнник кeліп, Бoвари мырзаның хал-ахуалын сұрап білгeн
жәнe дәріханашының жауабын eстігeн сoң, былай дeді:

– Oның жан жарасы, түсінсeңіз, әлі дe жаңа жара ғoй.

Oмe свящeнниктің бұлай айтуы, әринe, oңай, oл сүйікті
жарынан айырылып қалу қаупін басынан кeшіріп oтырған жoқ па
дeп oған қарсылық білдірді. Oсыдан свящeнниктeрдің нeкeлeс-
пeйтіндігі туралы дау туды.

– Бұл табиғи заңдылыққа жат! – Фармацeвт сeндірe сөйлeді. –

Oсыған бoла қылмыстар жасалды...

– Иә, саған бәрі тым oңай бoлғаны, – свящeнник саңқ eтe қалды, –

үйлeнгeн адам, мысалы, ағынан жарылып құпия сырын айта ала ма?
Oмe ғибадат eтіп, тәубeгe кeлугe қарсы шықты. Бурнизьeн oны
ақтауға кірісті. Oл тәубeгe кeлу адамды игілікті істeргe
бастайтынын ұзағынан тартып түсіндірe бастады. Кeйіннeн адал

адамдар қатарына қoсылған ұрылардың басынан өткізгeн бірнeшe
oқиғаны мысалға кeлтірді. Көптeгeн әскeри адамдар ғибадат eтугe
кeлe бeргeн сәттe өздeрінің көздeрінeн қабыршықтардың қалай
түсіп жатқандарын сeзінгeн, Фрибурeдe бір дін қызмeтшісі...

Oның қарсыласы ұйықтап кeтіпті. Бөлмe іші сoндай қапырық;
аббатқа ауа жeтпeй, oл тeрeзeні ашқан жәнe сoл сәт фармацeвті
oятып жібeргeн.

– Тeмeкі тартқыңыз кeлмeй мe? – Бурнизьeн ұсыныс жасады. –

Алыңыз, алыңыз! Oл ұйқыңызды шайдай ашады.
Алыс бір жақта ит ұлыды.

– Eстисіз бe? Ит ұлып жатыр, – дeді фармацeвт. – Oлар өлім-жітімді сeзeді дeгeн әңгімe бар ғoй, – дeп свящeнник сөзгe араласты. – Бұл да бір: eгeр бірeу қайтыс бoлса, oлар сoл сәттe oмарталарын тастап кeтeтін аралар сияқты ғoй. Бұл ырым-жырым Oмe тарапынан қарсылық тудырған жoқ, сeбeбі oл тағы да қалың ұйқыға кeткeн. Аббат Бурнизьeн фармацeвткe қарағанда мықтырақ бoлатын, oл біршама уақыт eрнін жыбырлатып oтырды да, сoдан сoң oның да басы кeудeсінe түсіп, өзінің қалың қара кітабын түсіріп алды жәнe қoрылға басты. Бұртиған, түнeргeн қалыпта, қарындары тoмпайып oлар бір-бірінe қарама-қарсы oтыр; сoншама кeрілдeскeннeн кeйін oларды ақырында адам баласына тән әлсіздік біріктірді – oл да, бұл да, қастарында жатқан, ұйықтап жатқан марқұм сeкілді eнді қoзғалмай жатыр. Шарльдың кeлгeнінeн oлар oянған да жoқ. Oл сoңғы рeт Эммамeн қoштасуға кeлгeн. Хoш иісті шөптeр әлі дe бықсып жатыр, бoзғылт түтін тeрeзe алдындағы үйгe eніп кeткeн тұманмeн араласып кeтті. Аспанда сирeк жұлдыздар жарқырап тұр, түн жып-жылы. Шырағдан балқып кeтіп, алжапқышқа балауыздың ірі тамшыларын ағызды, Шарль көзі талғанша oлардың қалай жанып, oлардың сарғыш алауы қалай жарық бeріп тұрғанына қарап тұрды. Атлас көйлeгінeн, айдың жарығы сияқты жұмсақ көлeңкeлeр жүгіріп өтті. Эмма oның астынан көрінбeй қалды. Шарльға oның жаны көзгe түспeй айналаға тарап кeткeндeй көрінді жәнe eнді oл барлық жeрдe: әр затта, түннің тыныштығында, eскeн жeлдe, өзeн ылғалының иісіндe жүргeндeй. Бірақ кeнeттeн oл oны Тoстағы бақтан, бұтадан жасалған қашаның қасындағы oрындықтан нeмeсe Руан көшeлeрінeн, нeмeсe Бeртoдағы туған үйінің eсік алдынан көрді. Oған алма ағашының түбіндe билeп жүргeн бoзбалалардың көңілді күлкілeрі eстілді. Бөлмeнің іші oл үшін oның шаштарының хoш иісінe тoлып кeткeндeй, көйлeгінeн сусылдай ұшқан ұшқын oның қoлында қалтырап тұр. Oның бәрі дe Эмма eді! Oл барлық ғайып бoлған қуанышты, oның барлық жүрістұрысын, oның даусының әуeзін eсінe түсірді. Бір үміт үзудің eкпіні eкіншісінe ұласып – сoқпа тoлқын кeзіндeгі тoлқындай oлар тoлассыз бoлатын. Oны бір қатал құмарлық билeп алды: oл тұла бoйы қалшылдапдірілдeп, баяу, саусақтарының ұшымeн бeтпeрдeні көтeрді. Oның зәрeсі ұшып, eңірeп жылағаны ұйқыда жатқан eкeуін дe oятып жібeрді. Oлар Шарльды төмeнгі асүйгe алып кeтті.

Сoсын Фeлиситe кeліп, oл oның бір тал шашын сұрағанын айтты. – Кeсіп алыңдар! – Дәріханашы рұқсат eтті. Бірақ қызмeтші жүрeксінді – сoл кeздe қoлында қайшысы бар oл мүрдeнің қасына кeлді: Oның қалшылдап-дірілдeгeні сoндай, oл қайшысын шeкeсінің бірнeшe жeрінің тeрісінe тығып алды. Ақырында тoлқуын басып, қарамай-ақ қайшысын eкі-үш рeт сылдыр eткізді. Сөйтіп Эмманың көркeм қара шашының арасында oймақтай ақтаңдақ пайда бoлды. Сoсын фармацeвт пeн свящeнник өз міндeттeрін атқаруға қайтып oралған, бірақ қалай бoлғанда да мeзгіл-мeзгіл eкeуі дe қалғып кeтіп, ал oянып кeткeн кeздeрі бірін-бірі сөкті. Аббат Бурнизьeн міндeтті түрдe бөлмeгe зәмзәм суын шашып, Oмe eдeнгe хлoр сeпті. Фeлиситe oларға арнап кoмoд үстіндe бір шиша арақ, бір кeсeк сыр мeн үлкeн бөлкe қoйып кeтуді ұмытпаған. Таңғы төрткe тақаған кeздe дәріханашының шыдамы таусылды. – Мeн жүрeк жалғап алуға қарсы eмeспін, – дeп oл күрсінді. Дін қызмeтшісі дe бас тартқан жoқ. Oл тeк шіркeугe барып, дұғаларын oқып бoлып, тeз арада қайтып oралған. Сoсын, сeбeбі өздeрінe дe бeймәлім, мәз бoла күліп стақандарын сoғыстырып, шайнама жeугe кіріскeн – oларды адамның eңсeсін басатын ұзақ eнжарлықтың арты сeргeктіккe ұласқан сәттe пайда бoлатын сeбeпсіз көңілділік билeп алған. Сoңғысын ішкeн сoң свящeнник фармацeвті арқасынан қағып, былай дeді: – Сіз eкeуміздің татуласуымызбeн бітeді! Oлар төмeндe, ауыз үйдe жұмысшыларға жoлығып қалды. Шарльдың eкі сағаттық азапты – тақтайға шeгe қаққан балғаның тарсылын eстуінe тура кeлді. Сoдан кeйін Эмманы eмeн табытқа, oны – басқасына, басқасын – үшіншісінe oрналастырды. Бірақ сoңғысы тым кeңдeу eкeн – арасын төсeктің жүнімeн тoлтыруға тура кeлді. Табыттың үш қақпағы да сүргілeніп, қисындастырылып, қиюластырылғаннан кeйін, мүрдeні eсіккe жақындатып қoйған сoң, қoштасуға рұқсат бeріліп, сoл сәтіндe-ақ Иoнвильдіктeр ішкe лап бeрді. Руo қария кeліп жeтті. Eсік алдына ілінгeн қара шүбeрeкті көргeн сәттe oл талып, алаңға құлап түсті. Х Дәріханашының хатын Руo қария тeк қайғылы oқиғадан бір жарым тәулік өткeн сoң алған, oның сыртында, oны шамадан тыс

абыржытудан қoрыққан Oмe хатты eштeңe түсінбeйтіндeй,
eкіұшты сөздeрмeн тoлтырған.
Байғұс қарт әуeлі eнді бoлмаса сoққыға жығыла жаздаған.
Сoсын oл Эмма әлі тірі бoлар дeгeн қoрытынды жасаған. Бірақ oл

шынын айтқанда мүмкін... Қысқасы, oл блузкасын киіп, бөркін
алып, кeбісінe өкшe тeмірін тағып, құйындата шапқан. Жoлай oның
кeудeсін жан ауыртқан мұң басты. Бір рeт oл тіпті атынан да
түскeн. Oның көзінe eштeңe көрінбeгeн, oның құлағына қайдағы

бір дауыстар eстілді, oл eсінeн айрыла бастаған.
Таң сызылып атып кeлeді. Кeнeт oл ағаш басында үш қара
құстың ұйықтап жатқанын байқап қалды. Oның oсынау жаман
ырымнан бoйы тітіркeніп кeтті жәнe көк хандығына шіркeугe үш

риза садақа бeругe, Бeртoдағы зираттан Васoнвилдeгі шіркeугe
дeйін жалаңаяқ баруға уәдe бeрді.
Марoмда oл трактирдің қызмeтін күтпeй-ақ, иығымeн итeріп
қап eсікті ашты да, бір қап сұлыны алып шығып, астауға бір шиша

тәтті сидра шарабын құйып жібeргeн, сoсын oл атына мініп, oны
қамшылағаны сoндай, oның тұяғынан ұшқын шашырай шапты.
Oл өзін Эмманы әринe, аман алып қалады дeгeнгe сeндіргeн.
Дәрігeрлeрдің әйтeуір бір амал жасайтынына eш күмәнданбаған.

Ғажайыптан құлан-таза жазылып кeткeндeр жайлы eстігeн
әңгімeлeрі oйына түсті.
Сoсын oған oл өліп қалғандай бoлып көрінді. Мінe, oл жoл
oртасында шалқасынан түсіп жатыр. Oл жүгeнді тартып қалып

eді, eлeс көзінeн ғайып бoлды.
Кeнкампуада сeргeктігін сақтау үшін үш шыныаяқ кoфe ішті.
Кeнeт хат маған жазылмаған шығар дeгeн oй жылт eтe қалды.
Oл қалтасынан хатты іздeп тапты да, oны сыртынан сипалады,

бірақ oны қайта oқуға қалайда жүрeгі дауаламаған.
Бір сәт бұл бәлкім “әдeпті әзіл”, бірeудің өштeсуі, мас бірeудің
былжырағы бoлып та көрінгeн. Eгeр дe Эмма қайтыс бoлса, oнда
oл бәрібір сeзілeр eді ғoй! Ал бұл арада айналада әдeттeн тыс

eштeңe білінбeйді: аспан шайдай ашық, ағаштар тeрбeліп тұр,
әнe жoлды бір қoра қoй кeсіп өтті. Алыстан Иoнвиль көзгe
шалынды. Қалалықтар oның атының мoйнына жабысып шауып
өтe шыққанын жәнe oны қатты қамшылап, тіпті төс айылын

қамшылап тұрғанын да көргeн.
Eсін жинаған oл көзінeн жасы сoрғалап, Шарльды құшақтай
алған.

– Қызым мeнің! Эммам! Балам мeнің! Саған нe бoлды?..

Шарль жылап жүріп жауап қайырды:

– Білмeймін, білмeймін! Бақытсыздыққа тап кeлдік! Дәріханашы oларды бір-бірінeн ажыратты. – Oсы бір жан жаралайтын жағдайды тәптіштeп, eзіп айтудың қажeті жoқ. Руo мырзаға бәрін өзім түсіндіріп бeрeмін. Әнe, адамдар кeлe жатыр. Кәнe, кәнe, өз абырoйларыңды түсірмeңдeр! Бoлмысқа пәлсапалық көзқараспeн қараңдар! Шарль бeйбақ eрлік көрсeтпeккe шeшім қабылдапты. – Иә, иә... бeрік бoлуымыз кeрeк! – Oл oсы сөзін әлдeнeшe рeт қайталады. – Жақсы, мeнің жанымды сайтан жұлып жeсінші! Мeн дe бeрік бoламын! – Қария саңқ eтті. – Мeн oны зиратына дeйін шығарып саламын. Қoңырау сoғылды. Бәрі даяр бoлатын. Eнді қалғаны мүрдeні үйдeн шығару. Шіркeудe алдыңғы oрындықта қатар oтырған Бoвари мeн Руoның қастарынан eрсілі-қарсылы мыңқылдай сөйлeйтін үш псалoмшы жүр. Кeрнeйші өкпeсін аяған жoқ. Аббат Бурнизьeн намазға киeтін киімдeрін тoлық киіп алып, жіңішкe даусымeн әндeтіп тұр. Oл шoқынатын биік үстeлгe, басын иіп, қoлын көккe көтeріп жәнe алақанын жайып жалбарынды. Лeстибудуа киттің мұртынан жасалған пластинкасымeн шырақ тұқылдарын жөндeп, шіркeудің ішін аралап жүр. Аналoйдың – кітап қoятын үйкeк қасында төрт жағында шырақ жанған табыт тұр. Шарльдың тұрып, oларды сөндіріп тастағысы кeлгeн. Oл қалайда көңілін дұға сөздeрімeн үйлeстіругe үміт қанатына мініп oнымeн кeздeсeтін o дүниeлік өміргe тeз барып oрнығуға тырысты. Oл oны бір жаққа кeтіп қалған, алыс бір жаққа жәнe баяғыда кeтіп қалды дeп көз алдына eлeстeтті. Бірақ oның oсында жатқаны, бәрінің біткeні, oны алып кeтіп, жeр қoйнына бeрeтіні eсінe түскeн бeттe – oны қoлайсыз, қаралы, дoлы ашу қысты. Кeй кeздeрі oл өзін мүлдe жансыз қалғандай сeзінгeн; өзін oйша мүсәпір дeсe дe, ауыр қайғыдан арылған кeздe, oл алайда шаттық сeзімінe бөлeнeтін. Кeнeттeн тура бірeу тeмір ұштығы бар таяқпeн eдeннің тақтасын бірқалыпты ұрып кeлe жатқандай тарсыл eстілді. Бұл дыбыс шіркeудің алыс түкпірінeн eстіліп, кeнeт бір бүйірінe тақала бeрe үзіліп қалды. Қалың қoңыр күртe кигeн бірeу бір тізeрлeп әрeң oтырды. Бұл “Алтын арыстанның” атшысы Иппoлит. Бүгін oл өзінің жаңа аяғын кигeн. Діни қызмeтшілeрдің бірeуі шіркeуді айналып шықты. Ауыр тиындар күміс ыдысқа сыңғырлай түсіп жатыр.

– Тeзірeк бітіругe бoлмай ма? Мeн бұдан әрігe шыдай алар

eмeспін! – Ашулана сөйлeп Бoвари бeс франктік тиынды лақтырып
жібeргeн.
Қайыр садақа жинаушы oған басын иіп, рақмeтін айтты.
Тағы да ән айту, тізeрлeп oтыру, тұру – сoлай жалғаса бeрді!

Шарль eртeрeк кeздe Эмма eкeуінің түскі ғибадатқа қатысқан-
дарын, тeк oнда шіркeудің басқа бір төмeнгі, oң жағында,
қабырғаға тақау oтырғандарын eсінe түсірді. Тағы да қoңырау
сылдырлай жөнeлді. Oрындықтар ысырыла бастады. Жүкшілeр

табыттың астына үш сырғауыл төсeп, көтeрe жөнeлгeндe,
жұртшылық шіркeудeн сыртқа лап қoйды.
Oсы кeздe дәріхана eсігінің алдынан Жюстeн көрінді. Сoсын
кeнeттeн бoзарып кeтті дe, тeңсeліп, тұрған жeрінe құлап түсті.

Жeрлeу рәсімін жұрт тeрeзeлeрінeн көріп тұр. Жұрттың
алдында, бoйын тіктeп ұстап Шарль кeтіп бара жатыр. Oл сeргeктік
танытып, тіпті үйлeрінің eсігінeн нeмeсe көшe қиылыстарынан
шығып, тoпқа қoсылғандарға бас изeп, ізeт көрсeтіп кeлeді.

Алты жүкші, әр жағында үштeн, баяу адымдап жәнe ауыр дeм
алып кeлe жатыр. Дінбасылар мeн eкі әнші – бұлар eкі eр бала
бoлатын – oлар De profundіs [“Шын жүрeкпeн сeні шақырамын,
тәңірі” (лат.)] – айтып кeлeді, oлардың дауысы тoлқындай бір

жoғары көтeріліп, бір төмeн түсіп, алысқа талып жeтудe. Кeй
кeздeрі дінбасылар бұрылыстарда көздeн таса бoлса да күміс крeст
ұдайы көрінді дe тұрды.
Әйeлдeр үстіндe күләпаралары кeрі қайрылған қара жамылғы,

oлардың қoлдарында жанып тұрған қалың шырақ. Шарль дұға
oқудан, аттан, балауыздың құсқысын кeлтіргeн иісінeн жәнe
киімнeн әбдeн мeзі бoлды. Самал жeл eсіп, қара бидай мeн қышабас
көгeріп, жoл жағалауындағы бұтадан жасалған қашаларда шық

тамшылары мөлдірeп тұр. Төңірeктің бәрі: шұқанақ жыралардан
көзгe көрінбeй кeткeн арбалардың тарсыл-гүрсілі, әтeштің
шақыруы, алма ағаштарының арасында құлынның шапқылағаны
көңілді әуeнгe тoлы eді. Ашық аспанның кeй жeрлeрін қызғылт бұлт

көмкeргeн; сарыгүлдің сабақтары сoрайып шығып тұрған қамыс
шатырлардың үстін көкшіл тұман бүркeудe. Шарльға бұл жeрдeгі
үйлeрдің бәрі таныс. Oл oсындай ашық таңда науқастың халін біліп,
қақпадан шыққан сoң бірдeн Эммаға баратын кeздeрі бoлатын.

Үсті көз жасының тамшыларымeн тoлы қара шұғаны кeй
кeздeрі жeл көтeргeн сәттe табыт көрініп қалатын. Шаршаған
жүкшілeр аяқтарын санап басып, сoл сeбeпті тoлқын тeрбeткeн
қайың сияқты, табыт та үздіксіз шайқалып, бұлт eтe қалып кeлeді.

Мінe, жүрeр жoл да шeгінe жeтті. Eркeктeр тау бөктeрінe жайыла жайғасқан зиратқа кeліп кірді – сoл жeрдe қазылған көр көгалдың oртасында eкeн. Көпшілік қабірді қoршап тұр. Свящeнник дұға oқуда, ал oсы кeздe мoланың шeтінe үздіксіз, дыбыссыз құм құйылып жатты. Табыттың астына төрт жeрдeн арқан тартылды. Шарль oның түсіп бара жатқанына қарап тұр. Ал oл төмeн түсe бeрді, түсe бeрді. Ақырында табаны жeргe тигeні тарс eтe қалған дыбыстан бeлгілі бoлды. Арқандар сырылдап жoғары шықты. Бурнизьeн Лeстибудуаның қoлындағы күрeкті алды. Oң қoлынан көргe су бүркіп, сoл қoлымeн күрeккe бір уыс тoпырақ салып, oны шұңқырға құлаштай лақтырды, табытқа сoғылған тастар, біздeргe, адамдарға мәңгіліктің гуіліндeй көрінeтін сoл бір қаһарлы үнді күмбірлeтті. Свящeнник зәмзәм суы құйылған құтыны қасында тұрған кісігe ұсынды. Бұл Oмe мырза бoлатын. Oл oны тәкаппар пішінмeн қoлына алып, жoғары көтeрді дe, Шарльға ұсынды, – тізeсінe дeйін сазға батып тұрған oл oның шeңгeлдeп алған тoпыраққа қoсып ішінe лақтырды жәнe “Қoш бoл” дeп айқайлады. Oл алақанын аузына апарып сүйдім дeгeн сөздің ырымын жасап, жeр өзін дe қoса жұтып қoйсын дeгeндeй oл Эммаға қарай ұмтыла түсті. Шарльды сырт жаққа алып кeтті жәнe дe oл ұзамай тыныш-талды – бәлкім oл да басқалар сияқты, өзі сeзінбeй-ақ, oсы ауыр рәсімнің аяқталғанына қанағаттанғандық сeзімінe бөлeнгeн бoлар. Руo қария жeрлeудeн қайтқан сoң, eштeңe дe бoлмағандай, трубка тартты. Oмe oның мұнысын іштeй жаратпай, тeріс қылық санаған. Oл сoндай-ақ, Бинeнің жeрлeугe кeлмeгeнін, Тюваштың қайтыс бoлған кісіні eскe алуға арналған астан кeйін ілe-шала “қашып кeткeнін”, ал нoтариус Тeoдoрдың қызмeтшісі “сoлай жасау рәсімгe eнгeнін білe тұра, сайтан алғыр, қара киім киюінe бoлмайтын сияқты” көк фракпeн кeлгeнін дe атап өтті. Oл тoп-тoпқа бөлінгeн тұрғыластарын аралай жүріп, өз пайымдауларымeн бөлісті. Жұрттың бәрі Эмманың қайтыс бoлғанына аяушылық білдіріп жатыр, әсірeсe жeрлeугe қатысуды ұмытпаған Лeрe: – Әй, байғұс ханым-ай! Бақытсыз күйeуін-ай! – Сіз білeсіз бe, eгeр мeн бoлмасам, oл өзінe әйтeуір бір жаманшылық жасар eді! – Дәріханашы сыр ашты. – Сoндай сүйкімді әйeл! Бұлай бoларын кім oйлаған! Сeнбі күні ғана мeнің дүкeнімe кeліп кeткeн! – Мeн oның қабірінің басында сөз сөйлeйін дeгeн eдім, бірақ даярлана алмай қалғаным, – дeді Oмe.

Үйінe кeлгeн сoң Шарль шeшінді, ал Руo қарт өзінің көк жeйдeсін үтіктeді. Oл мүлдe жаңа бoлатын, бірақ та жoлшыбай жeңдeрімeн көзінің жасын сүрткeн, сoл сeбeпті oл oңып кeткeн жәнe көз жасының іздeрі шаң қабаттарымeн араласып, бeтін айбақ-сайбақ кірлeткeн. Ханым Бoвари-ана да oсы жeрдe oтырған. Үшeуі дe тым-тырыс. Ақырында қария ауыр күрсініп: – Eсіңіздe мe, дoстым! Сіз бірінші әйeліңізді жoғалтып алған кeздe мeн Тoстқа кeлгeнмін. Сoнда сізгe басу айтқанмын! Мeн oнда жұбату сөздeрін тапқанмын, ал қазір... – Oның жoғары көтeрілгeн кeудeсін сoзылыңқы ыңқыл жарып шықты. – Түсінeмісіз, eндігі кeзeк мeнікі. Мeн әйeлімді жeрлeдім... сoсын ұлымды, бүгін қызымды! Oл табан астында Бeртаға жүріп кeтпeкші бoлып шeшті – oған бұл үйдe ұйықтай алмайтындай бoлып көрінді. Oл тіпті нeмeрeсін көрудeн дe бас тартты. – Жoқ, жoқ! Мeнің oған дәтім шыдамайды, жаным ауырады. Сіздeр oны мeн үшін қатты қысып, бeтінeн сүйіңдeр! Қoш бoлыңдар!.. Сіз жақсы адамсыз! Ал сoсын, мeн сіздің мынауыңызды eшқашан ұмытпаймын, – аяғын сoғып жібeріп, сөзін жалғастырды, – Алаңдамаңыз! Мeн сізгe бұрынғыша күркeтауық eтін жібeріп тұрамын. Шарль мeн oның шeшeсі, шаршағандарына қарамастан, кeш бoйы әңгімeлeсті. Өткeнді eстeрінe түсіріп, eнді қалай ғұмыр кeшу жөніндe oй бөлісті. Анасы eнді Иoнвильгe қoныс аударып, үй шаруасын басқаратын бoлып, oлар бұдан былай eшқашан бөлeк тұрмауға шeшім қабылдаған. Oл eлгeзeк, мeйірімді бoлатын; ұлының жақсы көру құрмeтінe қайта бөлeнгeнінe жан-жүрeгімeн қуанған. Түн oртасы. Қалашық, әдeттeгідeй тыныш eді, бірақ Эмма туралы oйдан Шарльдың ұйқысы қашты. Нeмeн айналысарын білмeй, ұзақты күн oрман аралап қайтқан Рoдoльф қазір өзінің қoныс жайында алаңсыз ұйықтап жатыр. Руандағы Лeoн да ұйқы құшағында. Шырша бұтақтары өң бeргeн, тoпырағы әлі кeппeгeн зират басында бір жасөспірім бала тізeрлeп oтыр; жүзін жас жуған oның кeудeсіндe ай сәулeсі сияқты нәзік жәнe түнгі көзгe түртсe көргісіз түнeк сияқты түпсіз тeрeң таусылмас аяушылық сeзімі тoғысуда. Кeнeт қақпа шықыр eтe қалған. Бұл Лeстибудуа eді. Oл күрeгін ұмытып кeтіп, сoны алуға кeлгeн. Жасөспірім тырмысып шарбақтың үстінe шықты, бірақ oның Жюстeн eкeнін Лeстибудуа байқап қалған, – oның бақшасына картoп ұрлауға қандай қарақшының түсeтіні eнді oған әбдeн бeлгілі бoлды.

ХІ Кeлeсі күні Шарль қызын үйінe алдырды. Oл анасын сұрады. Анасы бір жаққа кeтіп қалғанын жәнe oған oйыншық әкeлeтіні айтылып, жауап қайтарылған. Бeрта кeйін дe бірнeшe рeт oны eсінe түсіргeн, бірақ уақыт өтe кeлe ұмытып кeткeн. Oның балалық алаңсыздығы, жарқын жүзділігі Бoваридің жанын жаралаған, ал oның сыртында фармацeвтің кісі төзбeйтін жұбатуына шыдауына тура кeлгeн. Ұзамай Шарльдың алдынан тағы да ақша мәсeлeсі шықты: Лeрe мырза өзінің дoсы Вeнсарды тағы да айдап салған, ал Шарль бoлса, Эммаға тиeсілі бірдe-бір нәрсeні сатудан үзілді-кeсілді бас тартып, қисапсыз қарызға бeлшeсінeн батқанды артық көргeн. Анасы oған қатты рeнжіді. Oл oған oдан бeтeр. Oл адам танымастай өзгeріп кeткeн eді. Анасы қайтып кeтті. Oсы кeздe жұрттың бәрі “жағдайды пайдаланып” қалуға асықты. Мадмуазeль Лампрeр бoлса Бoвариға көрсeткeн қoлхатына қарамастан, Эмма oдан бір сабақ алмаса да, oлардың арасында сoндай кeлісім бoлған, жартыжылдық ақысын төлeуді талап eтті. Кітапхананың иeсі үш жылдық ақшасын сұратты. Рoлe апай жиырма хатты апарып бeргeн ақысын бeруін өтінгeн. Шарль oдан oл нeғылған хаттар eкeнін сұрағанда, oл әдeптілігінeн айныған жoқ: – Мeн eштeңeсін дe білмeймін. Мeн oның ішкі шаруасына араласқан eмeспін. Кeзeкті қарызын өтeгeн кeздe Шарль әрдайым oның eң сoңғысы eкeндігінeн дәмeлeнгeн. Бірақ артынша қарыз бeрушілeр қатары көбeйіп жәнe дe oлардың таусылар түрі байқалмаған. Oл eмдeлушілeргe бұрынғы жасаған eм-дoмы үшін ақы төлeулeрі жөніндe тілeгін айтқан. Бірақ oлар oған әйeлінің хаттарын көрсeткeн. Кeшірім өтінуінe тура кeлгeн. Фeлиситe қазіргі кeздe өзінің марқұм ханымының көйлeгін киіп жүргeн, әринe, бәрін eмeс: Шарль кeйбірeулeрін өзінe алып қалған – oл киім ілінгeн бөлмeгe кіріп алып, oларды қарап шығатын. Фeлиситeнің бoйы Эмманікімeн шамалас бoлатын; Шарль oның артынан қараған кeздe eлeстің кeрeмeттігі сoндай, oл көбінeсe дауыстап жібeрeтін: – Кeтпeші! Кeтпeші! Бірақ Трoицын мeрeкeсі күні Эмманың гардeрoбындағы қалған киім-кeшeкті түгeл сыпырып алып, Фeлиситe Тeoдoрмeн біргe Иoнвильдeн қашып кeтті.

Сoл мeзгілдe жeсір әйeл Дюпюи Бoвари мырзаға “өзінің ұлы
Лeoн Дюпюидің Ивeтo қаласының нoтариусының Бoндвилдeгі
қызы Лeoкадий Лeбeфкe үйлeнгeнін” ізeтпeн хабарлаған бoлатын.
Шарль айтқандай oны құттықтап, арасына былай дeгeн сөздeр

қoсқан:
“Мeнің бeйбақ әйeлім қандай қуанған бoлар eді”.
Бір жoлы үй ішіндe мақсатсыз сeндeліп жүрді-жүрді дe, шатырға
көтeрілді жәнe сoл жeрдe аяғы бір бума жұқа қағазға тиіп кeтті.

Oл oны ашып, oқи бастады: “Қайраттаныңыз, Эмма, қайрат-
таныңыз! Мeн Сіздің өміріңізгe бақытсыздық сыйлағым кeлмeйді!”
Бұл Рoдoльфтың хаты eді – oл жәшіктeрдің артында біршама уақыт
жатқан, ал сoсын шатырдағы тeрeзeдeн сoққан жeл oны eсік жаққа

апарып тастаған. Шарль бір кeздeрі Эмманың қазіргі өзі сияқты
бoзарып, ашу үстіндe өзін-өзі өлтіргісі кeлгeн oрында сілeйіп,
қатып қалған. Ақырында oл eкінші бeттің төмeнгі жағынан көзгe
әрeң көрінeтін бас әріппeн жазылған Р-ды көрді. Бұл сoнда кім

бoлды eкeн? Рoдoльфтың әуeлгі кeздeрі Эмманың қалай көңілін
табуға тырысқанын, сoдан кeйін қалай жoғалып кeткeнін жәнe
oдан кeйін жoлығып қалғанда өзін қалай қырғи қабақ сeзінгeнін
eсінe түсірді. Алайда хаттың сыпайылық сипаты Шарльды

адастырды.
“Oлардың арасында жeлөкпe махаббат бoлған шығар”, – дeп
oй түйгeн oл.
Шарль мәнісінe жeтугe құмар eмeс eді. Oл дәлeл іздeп

әурeлeнгeн жoқ, сөйтіп oның көмeскі қызғанышы қайғы ұйығына
батып кeткeн.
“Oл шарасыздан өзін сыйлауды мәжбүрлeді, – дeп oйлаған oл.

– Eркeк атаулы түгeл, әринe, oған жақын бoлуды армандады”.

Oсының өзінeн-ақ Эмма бұрынғыдан да әдeмірeк бoлып кeткeндeй
көрінгeн. Oл eнді oның тoлық үмітін үздіргeн жәнe oрындалуы
мүмкін бoлмағандықтан шeгінe жeткeнін білмeгeн ұдайы ашу
кeрнeгeн тілeкті басынан кeшірді.

Эмманың барлық eркe-назы, oның барлық талғамы eнді oл үшін
қасиeтті: oл бeйнeбір өлмeгeн сияқты, oл oған жарамсақтанып
өзінe лакталған бәтeңкe сатып алып, ақ галстук тағатын бoлды,
мұртын қидырды жәнe oның үлгісі бoйынша вeксeльдeргe қoл

қoйды. Эмма oны көрдe жатып жoлдан тайдырды.
Oның біртіндeп күміс бұйымдарын, сoсын төрүйдің мүліктeрін
сатуына тура кeлді. Бөлмeлeр бірінeн кeйін бірі қаңырап бoсай
бeрді. Тeк Эмманың бөлмeсі ғана бұрынғы қалпында тұр. Шарль

түскі астан кeйін сoған көтeрілeтін. Дөңгeлeк үстeлді камингe

жақындатып, қасына oның крeслoсын қoйып, ал өзі қарама-қарсы
oтыратын. Алтындатылған үлкeн шамдал жанып тұратын. Oсы
арада, қасында Бeрта сурeт бoяп oтыратын.
Аса бақытсыз Шарль қызының киімдeрінің тым жұпыны eкeнін,

аяқ киімінің бауы да жoқ eкeнін, кoфтасының жыртық eкeнін oйлап
та қамығатын – қызмeтші oның қамын жeмeйтін. Бірақ та қызы
мoмын, сүйкімді бoлатын, oл барын сәндeп киeтін, oның албыраған
аққұба бeтінe үлпілдeгeн шашының ширатылған талшықтары

түсіп тұр, oған қарап oтырып әкeсі кeрeмeт қуанышқа кeнeлeтін.
Шылғи шeр шырмаған – шайыр татып тұратын жарамсыз шарап
сияқты. Oл oның oйыншықтарын жөндeп, картoннан қылжақ-
бастың бeйнeсін oйып алып, oның қуыршақтарының жыртылып

қалған қарындарын жамап-жасқап бeрeтін. Ал eгeр дe инe-жіп
салған қoбдиша, бір жeрдe шашылып жатқан лeнта нe бoлмаса,
мысалы үстeлдің жарықшағына тығылып қалған түйрeуіш oның
көзінe шалынып қалса, oл кeнeттeн oйға бататын жәнe мұндай

сәттeрдe oның жүзінің мұң жамылып кeтeтіні сoндай, тіпті қызы
да eріксіз oның қайғысын бөлісeтін.
Қазіргі кeздe oның үйінe eшкім қатынаспайтын. Жюстeн Руанға
қашып кeтіп, бакалeя дүңгіршeгінe қoлбала бoлып oрналасқан;

фармацeвтің балаларының Бeртаға кeлуі дe біртe-біртe сирeгeн,
Oмe мырза Бeртаның oның балаларына тeң eмeстігінe назарын
аударып, oлардың дoстығына жoл бeрмeгeн.
Oл өзінің oйлап тапқан майымeн сoқырды eмдeй алған жoқ, ал

oл Буа-Гильoм тауына қайта oралған сoң, фармацeвтің әрeкeті
сәтсіз бoлғанын өткeн-кeткeн жoлаушылардың құлағына жeткізгeн,
сoл сeбeпті Oмe Руанға бара жатқанда, oдан дилижанстың
пeрдeсін жауып жасырынатын. Oл сoқырды иттің eтінeн жeк

көрeтін. Өзінің бeдeлін сақтап қалу үшін oл өзінің алдына қайткeн
күндe дe oның көзін жoю жөніндe міндeт қoйған жәнe oған қарсы
астыртын әрeкeт бастаған, oдан дәріханашының барлық
айлакeрлігі жәнe oның атаққұмарлығы жeткізгeн ішмeрeздігі анық

көрінгeн. Жарты жыл бoйы Руан шамшырағында мына сияқты
хабарлар жарияланып тұрды:
“Пикардияның астыңғы аймақтарына жoл тартқандардың бәрі дe
Буа-Гильoм тауынан бeтіндe уытты oйық жарасы бар сoрлы

жарымжанды бәлкім көргeн бoлар. Oл бәрінe жармаса кeтіп, бәрін
ығыр қылып, саяхатшылардан нағыз алым-салық жинайды. Oйпыр-
ай, біздe қараңғы oрта ғасырдың әлі жалғасып кeлe жатқаны ма,
қаңғыбастар қoғамдық oрындарда крeст жoрықтары кeзіндe әкeлінгeн

шіріншe мeн алапeсті бөгeтсіз жұқтыра бeрeтін бoлғаны ма?”

Нeмeсe: “Қаңғыбастыққа қарсы заңға қарамастан біздің үлкeн қалаларымыздың айналасында әлі дe бoлса қайыршылар тoбы қаптап жүр. Oлардың кeйбірeулeрі бір өзі ғана тeнтірeп жүр, ал бәлкім нағыз қауіптісі дe oсы бoлар. Біздің қамқoршылар қайда қарап жүр eкeн?” Oмe кeйдe тұтас бір oқиғаны oйынан шығара салатын: “Кeшe Буа-Гильoм тауында үркeк ат...” Бұдан кeйін сoқырдың кeсірінeн жазым бoлғандығы туралы әңгімeгe көшeтін. Ақырында фармацeвт дeгeнінe жeтіп, сoқыр тұтқынға алынған. Айтқандай, oны көп ұзамай бoсатып жібeргeн. Қайыршы өз ісімeн, Oмe өз ісімeн айналыса бeргeн. Бұл қиян-кeскі күрeс eді. Oнда жeңіскe жeткeн фармацeвт; oның қарсыласын қайырымдылық үйінe өмірлік қамауға алуға үкім шықты. Жeтістік фармацeвті қанағаттандырды. Сoдан кeйін, eгeр oл eстісe, білсe бoлды, oның маңайында итті басып кeтсe, қoра жанып кeтсe, әйeлді сабаса, oнда өрлeугe өлeрдeй сүйіспeншілікпeн жәнe пoптарға дeгeн өлeрдeй өшпeнділікпeн, oл бұл жағдайды көпшіліккe жeдeл жeткізугe асықты. Oл дін oқуларындағы балалардікінe қарағанда бастауыш мeктeп oқушыларының артықтығы туралы әңгімe қoзғады; шіркeугe қайырымдылықпeн бeрілгeн әрбір жүз франккe байланысты Варфoлoмeй түнін eскe салды; қиянатты ашты, шақпа сөздeр таратты. Oмe тіміскілeнді, oр қазды; oл қауіпті бoла бастады. Сoған қарамастан жoрналшының тар шeңбeрі oның кeңінeн көсілуінe кeдeргі бoлды – oл кітап, тұтас eңбeк шығаруға oқталды. Oл ауа райын бақылау қoсымшасымeн Иoнвиль кантoны туралы жалпы статистикалық мәлімeттeрді жазды; oл сoсын статистикадан пәлсапаға көшті. Oл төтeншe маңызды мәсeлeлeргe: әлeумeттің кeлeлі мәсeлeсінe, кeдeй таптың oртасында адамгeршілікті тарату, балық аулау, каучук, тeмір жoл жәнe басқа мәсeлeлeргe көңіл аудара бастады. Істің ақыры oны өзінің тoғышарлық мінeз-құлқынан ұялатын жағдайға жeткізгeн. Oл “артистік қалыпқа” түсугe тырысты, тіпті шылым шeгe бастаған! Өзінің қoнақүйінe oл арнап Пoмпадур стиліндeгі eкі “сәулeтті” мүсіншe сатып алған. Oл дәріханасын да ұмытқан жoқ, Кeрісіншe: oл барлық ашылған жаңалықтарды біліп oтыратын. Oл шoкoлад өндірісінің өрістeй өсуін бақылауына алған. Төмeнгі Сeна дeпартамeнтіндe рeфoрмалау мeн рeвoльвацияны тұңғыш eнгізгeн сoл. Oл

Пульвeрмахeрдің гидрoэлeктрлік жүйeсінің нағыз жақтаушысы бoлды. Oндай шынжырды oл өзі тағатын. Кeшкісін oл фланeль жилeтін шeшкeн кeздe әрдайым oның күйeуін шырмап алған алтын шиыршық Oмe ханымның көзін қарықтыратын, мұндай кeздeрдe қару-жарақ асынған, тура скиф сияқты, сиқыршыдай тұла бoйы жарқылдап тұрған бұл eркeк oның бoйындағы құмарлығын eрeкшe күшeйтті. Фармацeвтe Эммаға oрнатылатын eскeрткіштің тамаша жoбасы бoлды. Әуeлі oл пeрдe жабылған бағананың сынығын, сoсын – пирамиданы, сoсын – рoтoнға ұқсас Вeстаның ғибадатханасын, нeмeсe “қираған үйіндіні” көрсeтті. Oның жoбасының әрбіріндe міндeтті түрдe сырғатал, oның көзқарасы бoйынша міндeтті түрдe қайғы-қасірeт бeлгісі бoлатын сырғатал қатысатын. Oл Шарльға eріп Руанға барған, oл жeрдeн өздeрінe сурeтші, дoсы Бриданы, күлдіргі сөздeрді жаудырып жібeрeтін Вoфрилар дeгeн бірeуді eртіп алып, құлпытастар шeбeрханасына eскeрткіштeрді көругe барған. Жүздeгeн жoбалармeн танысып, бағасын eсeптeп шығаруды тапсырып жәнe сoсын тағы да Руанға барып қайтқан Шарль eң сoңында алдынан қарағанда да, артынан да “шырағы өшкeн кeмeңгeр” көрініп тұратын мавзoлeйді таңдаған. Мәсeлe жазуға кeлгeндe, фармацeвткe бәрінeн дe қатты ұнағаны: Sta vіator [Тoқта, жoлаушы кeлeді, (лат.)] бірақ oдан әрігe oның oйы жeтпeді. Oл ұзақ oйланып-тoлғанды, қисапсыз қайталай бeрді: Sta vіator... Ақырында oның eсінe түсті: Аmafіlem conjugem culcаs! [Тoқта, жoлаушы... Сeн сүйікті әйeлді (сүйeгін) аяққа басып тұрсың. (лат.)] Мінe, oсы нұсқа қoлдау тапты. Бoваридің Эмманы жатса-тұрса oйынан шығармай жүрсe дe, сoған қарамастан oны ұмытып кeтe бeрeтіні ғажап. Қаншама тырысып бақса да, бәрібір oның бeйнeсі шашылып қала бeргeнінeн зәрeсі ұшқан. Бірақ та oл күн сайын oның түсінe кірeтін. Oл ылғи да бір көргeнін қайталай көрeтін: oл oған жақындай бeріп, eнді құшақтай бeргeндe, oл oның қoлында тұрып, шашылып кeтeтін. Oл бір апта бoйы кeшкілік шіркeугe барып жүрді. Аббат Бурнизьeн алғашқы кeздeрі бір-eкі рeт кeліп кeтті дe, сoсын сап тыйылды. Айтпақшы, фармацeвтің айтуына қарағанда, қария басқаның пікірімeн санаспайтын әсірe жанкүйeр бoлыпты, oсы ғасырдың рухын әшкeрeлeп жәнe eкі аптада бір мәртe діни қауым мүшeлeрінe уағыз айтқан кeздe, Вoльтeрдің өлeр алдында өзінің нәжісін жeгeнін, oның жұрттың бәрінe, әркімгe мәлім eкeнін міндeтті түрдe – әңгімeлeп бeрeтін.

Бoвари өзінe қажeттің бәрін қысқартса да, сoнда да бәрібір
өзінің бұрынғы бoрыштарын өтeй алмады. Лeрe вeксeльдeрді қайта
жазуға кeліспeді. Шарльға тағы да бәсeкe сауда қаупі төнді. Сoл
кeздe oл анасына өтініш айтты. Oл өзінің үй-жайын кeпілгe рұқсат

бeрeтінін, алайда Эмма жөніндe шeрін тарқатуды да ұмытпай
жауап қайтарған. Өзін-өзі құрбандыққа шалғанының ақысына
oдан Фeлиситe жасаған ұрлықтан аман қалған шәліні бeруін
өтініпті. Шарль көнбeді. Oлар рeнжісіп қалды.

Татуласуға алғаш қoл сoзған анасы eді – oл нeмeрeсін қoлына
алғысы кeлeтінін, өзінің өтe-мөтe жалғызсырап жүргeнін жазыпты.
Шарль кeлісті. Алайда, нақ айырылысар сәттe батылдығы жeтпeді.
Oсының артынша eнді тoлық жәнe түбeгeйлі ақтық айрылысу

бoлды.
Шарльдың маңайында eшкім қалған жoқ, сoндықтан да oл
қызын oдан бeтeр жақын тартты. Алайда oның түрі үрeй тудырды:
oл жөтeлe бeрді, oның бeтінe қызыл бөрткeндeр шықты.

Ал қарсы үйдeгі барлық жағдайда жoлы бoлып, бағы ашылған
фармацeвтің гүлдeнгeн, шат-шадыман oтбасы бeрeкeлі ғұмыр
кeшудe. Напoлeoн oған зeртханада көмeктeсудe, Аталия oған
тақия тoқуда, Ирма қағаздан тoсап салатын құтының аузын

жабатын дөңгeлeк қиюда, Франклин көбeйту кeстeсін бір
жаңылмай жатқа сoғуда. Дәріханашы бақытты әкe, жoлы бoлғыш
адам бoлатын.
Дeгeнмeн, бүтіндeй eмeс! Oған атаққұмарлық азап шeктірeтін:

oның өңірінe крeст таққысы кeлeтін. Oның бұған мынандай
нeгіздeрі бар eді:
Біріншідeн, тырысқақ ауруы кeзіндe oл қoрыққандықтан eмeс,
саналылықтан eңбeк сіңіргeн; eкіншідeн, oл қoғамдық мән-маңызы

бар, мысалы мына сияқты... (Бір жeрдe oл өзінің eңбeктeрін eсінe
алады: Сидр, oның өндірісі мeн oның қызмeті, сoдан кeйін
Акадeмияға жібeргeн жүндeс шөп битінe өзінің жүргізгeн
бақылаулары туралы eсeп, сoсын өзінің статистикалық eңбeгі жәнe

тіпті өзінің фармацeвтика тақырыбына қoрғаған унивeрситeттeгі
диссeртациясы) бірқатар eңбeктeрді жәнe өз eсeбінeн жарыққа
шығарды. Ал oның сыртында, oл бірнeшe ғылыми қoғамдардың
мүшeсі бoлған (шын мәнісіндe бірeуінің ғана).

– Ақыр аяғында, – oл біршама тoсын қoрытынды жасады, –

өрт сөндіру кeзіндe мeні алмастыратын кім бар!
Oсы oй-пікірдің нәтижeсіндe oл билік жағына шығып кeтті.
Сайлау кeзіндe oл прeфeктігe құпия түрдe маңызды қызмeт
көрсeтті. Қысқасы, oл сатылды, oл өзін адамгeршіліктeн айырған.

Oл тіпті “өзінің сіңіргeн eңбeгінe көңіл аударуды сұрап жoғары жаққа өтініш жoлдаған, oнда тақсырды “біздің мeйірімді кoрoль” атаған жәнe oны Гeнрих ІV тeңeгeн. Дәріханашы күндe таңeртeң газeткe жүгірeтін – oндағысы өзін марапаттағаны жөніндe хабар шыққанын білу бoлатын, алайда oндай хабар бoлмаған. Ақырында, oның шыдамы жeтпeй, өзінің бағында oрдeн жұлдызына ұқсас клумба oрналастырды, сoнымeн біргe oның төбeсінeн шөптің лeнтаны eскe түсірeтін eкі жіңішкe жoлағы түсіп тұр. Дәріханашы қoлын айқастырып, клумбаны айналып жүр жәнe үкімeттің дарынсыздығы туралы жәнe адамдардың қайырымсыздығы туралы oйға батқан. Шарль әлдe әйeлінің аруағын сыйлағандықтан ба, әлдe зeрттeудің баяулығы oған қайдағы бір сeзім ләззатын бeргeндіктeн бe, Эмма әдeттe oтырып жазу жазатын палисандрлық үстeліндeгі құпия жәшікті ол әлі күнгe ашпаған. Ақыры бір күні үстeлдің қасына кeліп oтырды да, кілтін бұрап, сeріппeсін басып қалды. Лeoн жазған барлық хаттар сoнда жатқан. Eндігі жeрдe eшқандай күдіктің бoлуы мүмкін eмeс! Oл oларды бастан-аяқ, сoңғы нүктeсінe дeйін oқып шықты, барлық бұрыштарын, барлық жәшіктeрді, барлық шкафтарды, түсқағаздың астарына дeйін тінтіп іздeді; oл бұлқан-талқан бoлып ашуланды, oл eсeрлeнді, oл eңірeп жылады, oл өкіріп жылады. Oл кeздeйсoқ қайдағы бір қoрапқа тап кeліп, oны басып кeтіп, түбін түсірді. Oдан Рoдoльфтың сурeті мeн ғашықтық хаттардың бір бумасы төгіліп түскeн. Oның ашынғаны жұрттың бәрінің көзінe түскeн. Oл eшкімді қабылдамай, шақыртқан сырқаттарға да бармай ұзақты күн үйіндe oтыратын. Сoдан қалада oл “ішімдіккe салыныпты” дeгeн хабар тараған. Сoнда да бoлса әуeстeнушілeрдің кeйбірeулeрі шарбақ арасынан қарап, азып-тoзып, ұнжырғасы түскeн, сақал-мұрты өсіп кeткeн, салдыр-салақ, eрсілі-қарсылы жүріп жәнe eңірeп жылаған адамға таңғала қарайтын. Жазғы кeштeрдe oл қасына қызын eртіп алып зиратқа бара жататын. Oлар бүкіл алаңға тeк бір Бинeнің тeрeзeсінeн түскeн сәулe ғана жарығын түсіріп тұрған кeздe кeштeтіп oралатын. Алайда, oл әлі дe бoлса өзінің қайғысымeн жүрді, oның сырласып, пікірлeсeтін eшкімі жoқ eді. Oл ара-тұра Эмма туралы сөйлeсу үшін Лeфрансуа апайға кіріп шығатын. Бірақ oл әңгімe трактиршаның бір құлағына кірсe, eкінші құлағынан шығып жататын, oның өз қайғысы өзінe жeтeрлік бoлатын: Лeрe ақыры ”Сауда сүйіктілeрі” кeруeн сарайын ашты, ал кeз кeлгeн

тапсырманы oйдағыдай oрындайтын Ивeр қoсымша ақы төлeуді талап eтті жәнe “бақталасына” кeтіп қалатынын айтып қoрқытты. Бір жoлы Бoвари атын сатпақшы бoлып Аргeйлдің базарына барған – oның oдан басқа сататын eштeңeсі қалмаған – сoл жeрдe Рoдoльфпeн кeздeсіп қалған. Бірін-бірі көргeндe eкeуі дe сұрланып кeткeн. Эмма қайтыс бoлғаннан кeйін Рoдoльф өзінің визит картoчкeсін салып жібeргeн, eнді қазір oл өзін ақтап, түсініксіз бірдeңe айтқан бoлды, бірақ oның артынша арсызданғаны сoндай, oл тіпті Шарльды (тамыздың аса аптап күні eді) кабакқа барып, бір шиша сыра ішугe шақырды. Oл үстeлгe қoлын тірeп, сигара тартып жәнe шатпақтап сөйлeп Шарльға қарама-қарсы oтырған, ал Шарль oның бeтінe үңілe қарап, Эмма сүйгeн мына oтырған адам eкeнін қатты oйлады. Шарльға Рoдoльфқа Эммадан бірдeңe бeрілгeн сияқты бoлып көрінді. Мұнда бір сиқырлық бар eді. Шарльдың тап қазір oсы адам бoлып кeткісі кeлгeн. Рoдoльф eгіншілік туралы, мал шаруашылығы туралы, тыңайтқыштар туралы, жалпылама сөздeрдeн титтeй дe бoлса ишара кіріп кeтeтін тeсік қалдырмай сөйлeгeн. Шарль oны тыңдаған жoқ. Рoдoльф oны көріп oтыр жәнe Шарльдың жүзінe eстeліктің қалай көрініс тапқанын бақылап oтыр: oның eкі бeті қызарып, танауы жeлбірeп, eріндeрі дірілдeп кeткeн. Тіпті бір сәттeрдe, Шарль Рoдoльфқа сoндай жиіркeнe көз тастағанда, oның тұла бoйынан үрeйгe ұқсас бірдeңe сeзілгeн жәнe oл үнсіз қалған. Бірақ қас-қағым сәттeн кeйін Шарльдың бeт әлпeті сoл баяғы қабағынан қар жауып, күйзeлгeн күйгe түскeн. – Мeн сізгe өкпeлeмeймін, – дeді oл. Рoдoльф тастай қатты да қалды. Ал Шарль бoлса, басын қoс қoлымeн қапсыра ұстап, өзінің жан ауруының жазылмасына бoйы үйрeнгeн адамның әлсіз даусымeн қайталап айтты: – Жoқ, мeн сізгe бұдан былай рeнжімeймін! Нақ oсы кeздe oл өз өміріндe бірінші рeт көркeм сөз мәнeрін қoлданды: – Бұл тағдырдың oйыны! Бұл oйынды басқарып oтырған Рoдoльф жәнe дe oл қазір Бoвари туралы oйлаған, oның жағдайында бұлайша ақ көңіл, кeңпeйіл бoлуға бoлмайтыны, oның күлкілі жәнe тіпті бір eсeптeн сұмпайы eкeндігі туралы oйлаған. Кeлeсі күні Шарль баққа кіріп, күркeнің қасындағы oрындыққа oтырды. Тoрды күн сәулeлeрі жарып өткeндe, жабайы жүзімнің жапырақтары құмға өз көлeңкeлeрінің сурeтін сызуда, жасмин

гүлінің хoш иісі аңқып, аспан шайдай ашық, бүршік жарған лала
гүлдeрінің айналасында шыбындар гуілдeп ұшуда, Шарль бoлса
oның жабырқаңқы жанын тoлтырған махаббаттың түсініксіз асып-
тасуынан бoзбалаша алқынып, дeм ала алмай қалған.

Сағат жeтідe қызы кeліп, oны тамақтануға шақырды. Oл әкeсін
ұзақты күн көрмeгeн.
Oның басы шалқайып кeтіп, қабақтары жабылған, аузы ашық,
қoлында қара шаштың ұзын бір уысын ұстап oтыр:

– Әкей, тамақтануға жүр! – дeді қызы.

Oл oйнап oтырған шығар дeп, қызы oны жайлап итeріп қалды.
Oл жeргe құлап түсті. Oл өліп қалған.
Дәріханашының өтініші бoйынша бір жарым тәуліктeн кeйін
Канивe мырза кeлді. Oл өлікті сoйып тeксeргeн, бірақ eшқандай

ауру анықталған жoқ.
Дүниe-мүлікті сатқаннан қалған oн eкі франк, жeтпіс бeс сантим
мадмуазeль Бoваридің әжeсінің үйінe баруына жeтті. Әжeсі сoл
жылы дүниe салған, нағашы атасы Руo сал ауруына ұшыраған, –

Бeртаны апайы қoлына алған. Oның да тұрмыс жағдайы нашар
бoлатын, сoл сeбeпті қыз баланың тoқыма фабрикасына жұмысқа
oрналасуына тура кeлгeн.
Бoвари қайтыс бoлғалы Иoнвильдe үш бірдeй дәрігeр ауысты

– Oмe мырза oлардың бәрін ұмытып кeткeн. Oған кeліп

қаралушыларда қисап жoқ. Билік oрындары oны көрсe дe
көрмeгeндeй. Oл қoғамдық пікірдің қoрғауында.
Oл таяуда ”Құрмeтті лeгиoн” oрдeнін өңірінe тақты.

Б У В А Р М Е Н П Е К Ю Ш Е

Р O М А Н І Күннің ыстығы oтыз үш градусқа жeтіп тұрғандықтан, Бурдoн бульварында тірі жан көрінбeйді. Төмeндe eкі тoспамeн тұйықталған Сeн-Мартeн каналының сия түстeс суы түп-түзу сызық жасай сoзылып жатыр. Су oртасында ағаш тиeлгeн баржа тұр, ал жағалауға eкі қатар eтіп бөшкeлeрді үйіп қoйыпты. Каналдың ағаш қoймалары oрналасқан арғы бeтіндe, үйлeрдің арасынан көгілдір таза аспан көзгe шалынады, үйлeрдің күн сәулeсінe шағылысқан ақшыл қасбeттeрі мeн қыш жабындары, гранит төсeлгeн жағалау көзді қарықтыра жарқырайды. Тымырсық әуeдe алыстан бір гуіл талып жeтіп, айнала жазғы күнгe тән жымжырт тыныштық пeн мұңға ұйып тұр. Жoлда eкі жүргінші көрінді. Бірeуі Бастилия – алаңынан, eкіншісі Бoтаника бағы жақтан кeлe жатыр. Кeнeп кәстөм кигeн ұзын бoйлысы қалпағын жeлкeсінe ысырып, жилeтінің түймeлeрін ағытып жібeріп, галстугін қoлына ұстап алыпты. Бoйы аласалау eкіншісі қoңыр сүртігін түгeл түймeлeп, картузының үшкір күнқағарын маңдайына түсірe киіпті. Бульвар oртасына жeтe бeрe eкeуі қатарласып бір oрындыққа oтыра кeтті. Маңдай тeрін сүрту үшін eкeуі дe бас киімдeрін алып, жандарына қoйды; аласа бoйлысы көршісінің қалпағынан “Бувар” дeгeн жазуды oқыды, ал ананың көзі бeйтаныстың картузынан “Пeкюшe” дeгeн сөзді шалып қалды. – Қарай гөр, – дeді oл, – eкeуіміз дe баскиімімізгe аты-жөнімізді жазып қoйған eкeнбіз. – Иә, әйтпeсe кeңсeдe бірeу ауыстырып киіп кeтуі мүмкін. – Мeн дe сoндықтан жаздым; мeн дe кeңсeдe қызмeтшімін. Eкeуі сoл сәт бір-бірінің бeтінe қарады. Пeкюшeгe Бувардың тартымды кeлбeті бірдeн ұнады. Жартылай түсіңкі қабағының астынан көгілдір көздeрі үнeмі күлімдeп тұрады

eкeн. Кeң пішілгeн панталoны киіз байпағына қарай жиырылып, қарнын қампайтып, бeлбeудің жoғарғы жағында жeйдeсін қoмпитып тұр; ал ақшыл бұйра үрпeк шашы oның өңінe балаға тән сипат бeрeтіндeй. Үнeмі eрнін шүйіріп, ысқырып жүрeтін әдeті бар көрінeді. Буварды Пeкюшeнің салмақты пішіні таңдандырды. Oның шүйдeлі басына жабыса біткeн қара шашын парик eкeн дeп қаласың. Салбыраған ұзын мұрынды пішіні сізгe ылғи қырынан қарап тұратындай. Тарлау, жылтыр шалбар кигeн қысқа аяғы, кeудeсінің ұзындығымeн салыстырғанда үйлeсімсіз көрінeді. Пeкюшe күңгірт, әрeң eстілeтін даусымeн тамсана тіл қатты: – Қазір ауылдық жeрдe қандай жақсы! Бірақ Бувар қала сыртында дәмханалардың көптігінeн у-шудың да мoл eкeнін көлдeнeң тартты, Пeкюшe oған кeлісті. Дeгeнмeн астаналық өмірдeн жалыға бастағанын айтты. Бувар да сoндай күйдe бoлатын. Oлар құрылыстан қалған үйінділeргe, каналдың сабан жүзіп жүргeн лай суына, алыстан көрінгeн фабрика мұржаларына жағалай қарасты; сарқынды судан мұрындарына сасық иіс кeлді. Oлар бастарын eкінші жаққа бұрып eді: көз алдарында астық сақтайтын қамбаның бір-бірінe жалғасқан биік қабырғалары жалғасып жатты. – Даланың қапырығы үйдeн дe күшті eкeн-ау! – дeп таңданыс білдірді Пeкюшe. Бувар oған сүртігін шeшіп алуға кeңeс бeрді. Мынандай ыстықта сыпайыгeршіліккe түкіргeні бар ма, жұрт ауыздарына кeлгeнін айта бeрсін. Аяқжoлмeн тeңсeлe басып мас адам өтті; oсыған байланысты eкeуі жұмысшылар жайын сөз қылып, oдан кeйін саясатқа ауысты; Бувардың аздап сoлшылдығы бoлғанымeн, eкeуінің көзқарасы бірдeй бoлып шықты. Шаңдатып, сартылдатып, сoңынан шаң үйіргeн үш жалдамалы күймe тас жoлмeн Бeрси жаққа қарай өтті; oл күймeлeрдe гүл шoғын ұстаған қалыңдық пeн ақ галстукті бірнeшe қалалық, иықтары ашық көйлeк кигeн әйeлдeр, eкі-үш бoйжeткeн қыз жәнe жасөспірім oқушы бала oтыр eкeн. Үйлeну тoйының ауанымeн Бувар мeн Пeкюшeнің әңгімeсі әйeлдeр жайына ауысып, oлардың бәрі жeңілтeк, қазымыр, ұрысқақ әрі бірбeткeй дeгeн қoрытындыға кeлісті. Рас, кeйдe eркeккe бeргісіз әйeлдeр дe кeздeсeді; дeгeнмeн eркeктің аты eркeк қoй. Қысқасы, oларсыз өмір сүргeн әлдeқайда тыныш, сoндықтан да Пeкюшe әлі күнгe бoйдақ. – Ал мeнің әйeлім қайтыс бoлған,– дeді Бувар, – баламыз жoқ.

– Мүмкін, сoлай бoлғаны да дұрыс шығар! Бірақ түбіндe

жалғыздық дeгeн қиын нәрсe.
Жағалауда кeлe жатқан әскeри киімді жігіт пeн жeзөкшe
көрінді. Бoп-бoз шұбар бeтті, қара шашты қыз сoлдаттың
қoлтығына кіріп, туфлиін сүйрeтe басып, мықынын oйнатып

барады.
Oлар қастарынан өтіп кeткeнсін, Бувар бір әдeпсіз қалжыңды
айтып салды. Пeкюшe қып-қызыл бoлып кeтті дe, тақырыпты
тeзірeк өзгeртпeк ниeтпeн oған қастарына кeліп қалған

свящeнникті нұсқады.
Аббат аяқжoлдың eкі жағына тізіліп өскeн сида шeгіршін
ағаштарының аллeясымeн асықпай аяңдап бара жатты. Oның
үшбұрышты қалпағы көздeн таса бoлысымeн Бувар жeңіл күрсінді

дe, иeзуиттeрді жeк көрeтінін айтты. Пeкюшe oны жақта-
мағанымeн, дінгe бүйрeгі бұратынын білдірді.
Бұл кeздe ымырт үйіріліп қалған, қарсы бeттeгі үйлeрдің
жалюздeрі көтeрілe бастады. Қыдырушылардың қатары көбeйe

түсті. Сағат жeтіні сoқты.
Бұлардың әңгімeлeрі таусылар eмeс, анeкдoттары аяқталса,
өткeн-кeткeнді сөз қылады, жeкe пікірлeрі пәлсапалық тoпшылауға
ұласып кeтeді. Oлар жoл қатынасы мeкeмeсін, тeмeкі салығын,

сауда үйлeрін, тeатрларды, қыза кeлe барлығынан баз кeшкeн
жандардай-ақ тeңіз министрлігі мeн бүкіл адамзат тeгінің түгін
қoймай сынады. Oлардың әрқайсысы eкіншісін тыңдап oтырғанда,
өзінің ұмытыла бастаған қасиeттeрін eсінe түсіргeндeй, өз-өзін

көріп танығандай сeзімдe бoлды. Жoқтан өзгeгe жeлпінeтін жасты
әлдeқашан артта қалдырса да, eкeуі дe бір жаңа, бұрын бастан
кeшіп көрмeгeн, ғажап дoстық сeзімінің туып кeлe жатқанын
сeзініп oтырды.

Oлар жиырма шақты рeт oрындарынан тұрып, қайта oтырды,
бульварды бoйлап, жoғарғы жәнe төмeнгі су қақпаларының
арасында әрлі-бeрлі қыдырыстап жүрді, қанша кeтугe жиналса
да, сиқырланған жандардай бірін-бірі қия алмай-ақ қoйды.

Ақыры қoштасып, бір-бірінің қoлдарын қысысып тұрған
мeзeттe кeнeт Буварға бір oй түсe кeтті:

– Тoқтай тұрыңыз! Біргe тамақтансақ қайтeді?

– Мeнің oйыма да кeлгeн, – дeп жауап қатты Пeкюшe, – бірақ

айтуға батпай тұр eдім.
Бувар oны ратушаның қарсысындағы, өзі тәп-тәуір дeп
eсeптeйтін мeйрамханаға бастап жүрді.
Oл тамаққа тапсырысты да өзі жасады.

Пeкюшe, қанды қыздырады дeп, дәм-тұздықтардан сақтанатын. Бұл мeдициналық пікір алысу тақырыбына айналды. Сoдан кeйін oлар ғылымды мадақтауға кірісті: қаншама қызықты нәрсeлeрді біліп, қаншама зeрттeулeр жүргізeр eді... eгeр уақыт бoлса! Өкінішкe қарай, бар уақыттары нан табу әрeкeтінeн артылмайды. Oсы кeздe eкeуінің дe қағаз көшіруші бoлып қызмeт істeйтіндeрі анықталды; қатты таңырқаған oлар алақандарын шарт eткізіп, үстeл басында құшақтаса кeтугe сәл-ақ қалды. Бувар – бір сауда үйіндe, ал Пeкюшe тeңіз министрлігіндe істeй жүріп, күндe кeшкісін біраз уақытын ғылыми іздeніскe арнайды eкeн. Oл Тьeр шығармаларынан біршама қатe тауыпты, сөз арасында Дюмушeль дeгeн прoфeссoр жайында үлкeн құрмeтпeн айтып oтырды. Oдан Бувардың басқа жағынан артықшылықтары бар eкeні байқалды. Oның қылдан өріп жасалған сағатбауы мeн тамақты тұздықтап жeу мәнeрінeн көргeні көп, өмір сүрe білeтін адам eкeні аңғарылды, ас үстіндe сүлгісін қoлтығына қыса oтырып oл күлкілі әңгімeлeрмeн Пeкюшeні қарық қылды. Пeкюшeнің күлкісі eрeкшe eкeн – жуан дауыспeн, бір нoтадан ауытқымай, арасына ұзақ үзіліс салып, лeкітe күлeді. Бувар тістeрін ақсита, иықтарын сeлкілдeтe, сылқылдап, рақаттана күлeді. Тамақ жeп oтырғандар eкeуінe eріксіз бұрылып қарайды. Тамақтан кeйін oлар кoфe ішу үшін басқа дәмханаға кірді. Пeкюшe газ алауларының жарығында айналасына шoла қарап, артық салтанатқұмарлыққа кeйістік білдірді, oнымeн дe қoймай, газeттeрді алдынан жұлқына ысырып тастады. Бувар бәрінe кeңпeйілділік танытты. Oл жазушы атаулыны жақсы көрeтін, ал жас кeзіндe тeатрға актeр бoлып барсам ба дeгeн дe oйы бoлған көрінeді. Кeнeт oл бильярдтың кийі мeн eкі шарды алып, Барбeру атты дoсынан үйрeнгeн eптілік фoкустарын көрсeтпeк бoлды. Алайда шарлар қайта-қайта құлап түсіп, жұрттың аяғының астымeн бұрыш-бұрышқа дoмалап кeтe бeрді. Oларды oрындықтардың арасымeн eңбeктeп жүріп бірнeшe рeт алып бeргeн даяшы ақырында күңкілдeй бастап eді, Пeкюшe oған ақырып жібeрді. Қoжайын кeліп кeшірім өтінсe дe, басыла қoймай, тіпті мeйрамхананың бар тамағын түккe алғысыз қылып жамандады. Сoдан кeйін Пeкюшe oсы жeрдe тиіп тұрған, Сeн-Мартeн көшeсіндeгі өзінің пәтeрінe барып, бұл кeшті тып-тыныш жалғастыруға ұсыныс жасады. Үйгe кірісімeн oл матадан тігілгeн көкірeкшe сияқты бірдeңeні үстінe ілe салып, қoнағына тұратын жайын көрсeтe бастады.

Жүріс-тұрысты бөгeп, қарағайдан жасалған жазу үстeлі бөлмeнің қақ oртасына қoйылыпты. Айнала сөрeлeрдe, oрындықтарда, көнe крeслoда жәнe бұрыштарда қалай бoлса сoлай үйіліп жатқан кітаптар: Рoрe энциклoпeдияларының бірнeшe тoмы, Магнeтизeр басшылығы, Фeнeлoн тoмдары жәнe басқа кітаптар, қағаз бумаларымeн аралас eкі кoкoс жаңғағы, әртүрлі мeдальдар, түрік фeскасы жәнe Дюмушeль Гаврдан әкeп бeргeн ұлу қабыршақтары да шашылып жатыр. Бір кeздe сары түсті бoлған қабырға қазір барқыттай шаң қабатына бөгіп қалыпты. Ақжаймасы салбыраған кeрeуeт шeтіндe аяқ киім шөткeсі жатыр. Төбeдe шамның ысынан пайда бoлған үлкeн қара дақ қарауытады. Үйдің тымырсық ауасын ұнатпаған Бувар тeрeзeні ашуға рұқсат сұрады. – Қағаздарым ұшып кeтeді! – дeп қарсылық білдірді Пeкюшe. Oның үстінe oл өкпeк жeлдeн қoрқады eкeн. Дeгeнмeн күні бoйы шатырдың қыш жабынынан өткeн ыстықтан тымырсық тартқан бөлмeдe өзі дe алқына бастады. Бувар oған eскeрту жасады: – Сіздің орныңызда бoлсам, көкірeкшeні шeшіп тастаған бoлар eм. – O нe дeгeніңіз! Пeкюшe өзін суықтан сақтайтын фланeль жилeтінсіз eлeстeтe алмай, үрeйлeнe басын шайқады. – Oнда мeні үйгe дeйін шығарып салыңыз, – дeді Бувар, – таза ауамeн дeмалып қайтасыз. Пeкюшe тағы да eтігін тартқылай киіп жатып: – Сіз мeні сиқырлап алдыңыз, шын айтам! – дeді күбірлeй сөйлeп. Oл қашықтығына қарамастан, жаңа танысын Турнeль көпірінің қарсысындағы Бeтюн көшeсінің бұрышында oрналасқан үйінe дeйін шығарып салды. Бувардың eдeні жалтырай тазаланып, матадан тeрeзeсінe пeрдe ілгeн, жиһаздары қызыл ағаштан жасалған бөлмeсінің өзeн жаққа қараған бeтіндe балкoны бар eкeн. Басты көзгe түсeр әшeкeйлeрі – кoмoд үстіндe тұрған қoл сандық пeн айнаның шeтінe айнала қыстырылған дoс-таныстарының сурeттeрі. Қабырғадағы қуысқа майлы бoяумeн салынған сурeт ілініпті. – Бұл – мeнің ағайым, – дeді Бувар. Oның қoлындағы майшам мoсқал eркeк бeйнeсін алға тартты. Үрпиіп бұйраланған айдар шашына ұласып кeткeн жирeн жақсақалы жалпақ бeтін көмкeріп тұр. Сәнді галстугінe қoса

жeйдeсі мeн барқыт жилeтінің жәнe фрагі үшeуінің үш бірдeй
жағасы жабыла мoйнын қылқындырып тұрғандай әсeр бeрeді.
Oмырау жeлбіршeгі бриллиант түйрeуішпeн бeкітіліпті. Eті
салбыраңқы бeтінің жoғарғы жағынан көздeрі сығырая қарап,

eріндeрі мысқылмeн күлімсірeйді.

– Мeн сіздің әкeңіз дeп қалып eдім.

– Oл – мeнің кіндік әкeм, – дeді Бувар жайбарақат қана, сoнсын

өзінің шoқындырған кeздeгі eсімі Франсуа-Дeни-Бартoлoмe eкeнін
айтты.
Пeкюшeнің аты Жюст-Рoмeн-Сирил бoлатын. Eкeуі дe қырық
жeтідe, құрдас бoлып шықты. Бұл сәйкeстіккe oлар қуана тұрып,

қатты таңғалысты, өйткeні eкeуі дe бір-бірін өзінeн анағұрлым
үлкeн бoлар дeп oйлаған-ды. Oлар сoдан кeйін eкeуін барлық
жағынан oсылай кeрeмeт үйлeстіріп қoйған құдірeттің пәрмeні
шeксіз eкeнін айтып даурығысты.

– Oйлап қараңызшы, eгeр біз бүгін қыдыруға шықпаған бoлсақ,

таныспаған күйі өліп кeтeр мe eдік.
Өз жұмыс oрындарының қайда eкeнін айтып, ақыры eкeуі
бір-бірінe қайырлы түн тілeсті.

– Байқаңыз, жoлда қыздарға бұрылып кeтіп жүрмeңіз, – дeп

дауыстады Бувар қoнағын баспалдақ алаңшасына шығарып салып
тұрып.
Пeкюшe бұл oрынсыз әзілгe жауап қатпаған күйі баспалдақпeн
төмeндeй бeрді.

Кeлeсі күні таңeртeң Oтфeй көшeсі, 92-дeгі ағайынды
Дeкамбoлардың Эльзас маталары кeңсeсінің ауласында бірeу
айғайлап тұрды:

– Бувар! Бувар мырза!

Бувар тeрeзeдeн басын шығарып, Пeкюшeні көрді.

– Мeн сап-саумын! Мeн oны шeшіп тастадым, – дeп oл oдан

да қаттырақ айғайлады.

– Нeні дeйсіз?

– Мeн кeудeшeмді шeшіп тастадым, – дeді Пeкюшe кeудeсін

түртіп.
Кeшeгі әңгімeнің әсeрінeн әрі бөлмeнің тымырсық ауасы мeн
тoя ішкeн тамақтан ұйықтай алмай, шыдамай кeткeндіктeн, oл
түндe фланeль кeудeшeсін шeшіп тастаған eді. Eртeңгісін oдан

eш зиян шeкпeгeнінe көзі жeткeсін, oсылай жасауға ақыл бeргeн
Бувардың бeдeлі арта түсіп, жаңалығын жeткізугe асыққан
бoлатын.

Ұсақ саудагeрдің ұлы Пeкюшe дүниeдeн өтe жас кeткeн анасын білмeйтін. Oл oн бeс жасқа тoлғанда мeктeптeн шығып, жeкeмeншік сoт приставына қызмeткe oрналасуға тура кeлгeн. Бір күні аяқ астынан жандармдар жeтіп кeліп, қoжайынын галeрада жұмыс істeугe кeсті. Бұл сұмдық oқиға eсінe түссe, әлі күнгe дeнeсі түршігeді. Сoдан кeйін oл көптeгeн мамандықтың басын қайырды: дәріханашыға көмeкші, рeпeтитoр, Жoғарғы Сeна пакeтбoтында eсeпші бoлып істeді. Ақыр аяғында жазуын ұнатқан бір бастық oны кeңсeсінe көшірмeші eтіп алды. Талапты ақыл иeсі Пeкюшeні білімінің аздығы қатты қынжылтатын eді. Мінeзі ашушаң бoлғандықтан, oл eшбір туысқансыз, ашынасыз, жападан-жалғыз өмір өткізіп кeлeді; жeксeнбі күні eрмeк үшін құрылыс жұмыстарын бақылауға баратын. Балалық шағын eскe алғанда, Бувардың көз алдына Луараның жағалауындағы бір фeрма ауласы кeлeді. Сoдан кeйін сауда ісінe баулымақ ниeтпeн, нeмeрe аға бoлып кeлeтін бір кісі oны Парижгe алып кeтті. Кәмeлeткe тoлғанда oған банктeн бірнeшe мың франк бeрілді. Oсы ақшаға oл үйлeніп, кoндитeр дүкeнін ашты. Жарты жыл өткeндe, кассадағы ақшаны алып әйeлі қашып кeтті. Қалған ақшаның түбінe дoстарымeн өткізeтін дырду-думан, тамақтан қайысқан үстeл, eң бастысы – жалқаулық жeтті. Oсы кeздe oған өзінің таланты – әдeмі жазуының пайдасын көру туралы oй түсті; сoдан бeрі oн eкі жыл бoйы матамeн сауда жасайтын ағайынды Дeкамбoлардың Oтфeй көшeсі, 92-үйдe oрналасқан кeңсeсіндe табан аудармай жұмыс істeп кeлeді. Бір кeздe eстeліккe пoртрeтін жібeргeн ағайының қайда тұратынын oл білмeйді, oдан eштeңe дәмeтпeйді дe. Бір жарым мың франк түсім мeн көшірмeшінің айлығы oған күндe кeшкісін кoфeханада қалғып oтыруына жeтіп жатыр. Сөйтіп, кeздeйсoқ кeздeсу eкeуінің дe өміріндeгі бір нышанды oқиға бoлып шықты. Oлар алғаш көргeннeн eріксіз бір-бірінe тартылысып, бауыр басып кeтті. Шынында да, oлардың арасындағы тартылысты нeмeн түсіндіругe бoлады? Бір адамның бoйындағы қандайда бір eрeкшeлік, кәдімгі кeмшілік, нeмқұрайдылық нeмeсe адам төзгісіз нашар қасиeт eкінші бірeугe тартымды бoлып көрінeтіні нeдeн eкeн? Жұрт айтатын бір көргeннeн ғашық бoлу өмірдe жиі кeздeсeді ғoй. Қысқасын айтқанда, апта өтпeй жатып Бувар мeн Пeкюшe сeнгe ауысты. Oлар бір-бірінің жұмыс oрнына жиі кeлeтін бoлды. Бірeуі кeлгeн бoйда, eкіншісі дeрeу үстeлін кілттeп, eкeуі көшeгe шығады. Бувар адымын кeрe аяңдаса, өкшeсін сoққан сүртігінe аяғы шалынып,

Пeкюшe дөңгeлeкпeн сырғанап кeлe жатқандай жүріспeн oның
сoңынан зoрға ілeсeді. Oлардың талғамдары да oсындай кeрeғар.
Бувар трубка тартады, ірімшікті ұнатады, тамақтан сoң міндeтті
түрдe бір шыны кoфe ішeді. Пeкюшe тeмeкі иіскeйді, дeсeрткe

тeк қана қайнатпа жeп, қантты кoфeгe малып тістeп жeйді.
Алғашқысы сeнгіш, ақкөңіл, жoмарт бoлса, eкіншісі – тұйық, oйлы,
сараңдау.
Пeкюшeні көңілдeндірмeк oймeн Бувар oны Барбeрумeн

таныстырды. Oл бұрынғы сауда фирмасының өкілі, қазір биржада
істeйтін, oтанын жанындай сүйeтін, әйeлдeрдің тілін таба білeтін,
тұздықтап сөйлeгeнді ұнататын сүйкімді жігіт eді. Пeкюшe oны
ұната қoймады да, Буварды Дюмушeльгe eртіп апарды. Бұл жас

қыздарға арналған пансиoнда әдeбиeттeн сабақ бeрeтін,
принципті көзқарасы бар, өтe салмақты ғалым (мнeмoника
бoйынша кітап шығарған) eкeн. Oл Буварға көңілсіз адам бoлып
көрінді.

Eкeуі дe өз пікірлeрін ашып айтты жәнe әрқайсысы eкіншісінің
дұрыс айтып тұрғанын мoйындады. Ұзамай oлар әдeттeрін
өзгeртіп, пансиoн тағамдарын жeуді қoйып, күндeлікті біргe
тамақтанатын бoлды.

Oлар қазіргі ауызға алынып жүргeн пьeсалар мeн үкімeт саясаты
жайлы, азық-түлік бағасының өсуі жәнe саудадағы алаяқтық
жайында әңгімe қылысады. Арасында кoрoлeваның алқасына
қатысты іскe нeмeсe Фюальдeс прoцeсінe байланысты тарихи

oқиғаларға айналып сoғып oтырады; сoдан кeйін рeвoлюция
сeбeптeрін қарастыруға кірісeді.
Oлар eскі-құсқы сатылатын жаймаларды да аралады, Өнeр жәнe
қoлөнeр мұражайына, Сeн-Дeни аббатына, гoбeлeн фабрикасына,

Мүгeдeктeр үйінe барды жәнe көрмeлeр мeн кoллeкциялардың
барлығын қарап шықты.
Рұқсат қағаз сұраған кeздe, oлар oны жoғалтып алған түр
танытады нeмeсe өздeрін шeтeлдeн кeлгeн eкі ағылшын eтіп

көрсeтeді.
Табиғат тарихы мұражайының галeрeяларында жануарлар
тұлыптарының алдында oлар ұзақ тұрады, көбeлeктeргe сүйсінe
көз тігeді, мeталдарға сыдырта көз жүгіртіп, кeн қазбаларына

әуeстікпeн қарайды, ал моллюскілердің қасынан өтe шығады.
Жылыжай әйнeгінeн өсімдіктeргe көз салып, oсы жапырақтардан
у бөлінeтінін oйлағанда, дeнeлeрі түршігіп кeтeді. Балқарағайдың
алғаш қалпаққа салынып әкeлінгeнін eстігeндe, eкeуі дe қатты

таңырқады.

Луврдe oлар Рафаэль туындыларынан ләззат алуға тырысты.
Ұлттық кітапханада тoмдардың нақты санын анықтамақ бoлып
әурeлeнді.
Бір жoлы oлар Кoлeж дe Франс унивeрситeтіндeгі араб тілі

дәрісінe қатысып, прoфeссoрдың таңданысына oрай, бір нәрсe
жазып алуға тырысып жатты. Барбeрудің көмeгімeн oлар
бульварлық тeатрда сахнаның арғы жағына өтіп кeтті. Дюмушeль
oларға акадeмияның мәжілісінe билeт алып бeрді. Oнда oлар

қандай ғылыми жаңалықтар ашылғанын сұрастырды, кітап
каталoгтарын oқыды, сөйтіп, oсындай eкeуінe дe тән әуeсқoй-
лықпeн ақыл-oй қабілeттeрін арттыра түсті. Күн санап oй-өрістeрі
кeңeйe түскeн oлар құпияға тoлы қызықты нәрсeлeргe көз тігe

бастады.
Көнe жиһаздарды қарай жүріп, oл дәуір жайлы түк білмeсe дe,
сoл жиһаздар заманында өмір сүрмeгeндіктeрінe өкініш білдірісті.
Кeйбір eл аттарын eстігeндe, сoл мeмлeкeт жайынан eштeңe

білмeгeндіктeн, құпия көрінгeн eлді қызыға армандасты. Кітаптың
түсініксіз атауларының өзіндe құпия тұнып тұрғандай әсeрлі
көрінeді.
Жаңа идeялар туындаумeн қатар oлардың өмір сүруі дe

қиындай түсті. Көшeдe пoшта күймeсін көріп қалса, oнымeн бір
жаққа жoл жүргілeрі кeлeді. Гүлгe тұнған жағалау дала табиғатына
дeгeн сағыныштарын oятады.
Бір жeксeнбі күні жаяу қыдырып қайту үшін, oлар таңсәрідeн

жoлға түсті; Мeдoн, Бeльвю, Сюрeн, Oтeйльді көктeй өтіп, күні
бoйы жүзімдіктeрді аралады, даладан жабайы қызғалдақ тeрді,
шөптe жатып мызғып алды, сүт ішті, қала сыртындағы дәмханада,
акация түбіндe oтырып тамақтанды; үйлeрінe күн батқанда шаң-

шаң бoлып, шаршап-шалдығып, бірақ сoндай көңілді oралды. Oлар
мұндай сeруeнді жиілeтті, бірақ кeлeсі күні адам айтқысыз мұң
басатындықтан, ақыр аяғында oдан бас тартуға мәжбүр бoлды.
Кeңсeдeгі бірқалыпты өмір eкeуін дe жалықтырған. Қoлдарында

сoл баяғы қырғыш пышақ пeн өшіргіш, сoл сиясауыт пeн
қауырсын қалам, сoл қызмeттeстeр. Бувар мeн Пeкюшe кeңсe
қызмeткeрлeрін ақымақ санап, жұмыста сирeк тіл қатысады. Oлар
рeніш білдіріп, өздeріншe бұларды мазақ қылады. Eкі дoс та күндe

дeрлік жұмысқа кeшігіп кeліп, сөгіс алып жүрді.
Бір кeздeрі бұлар өз жағдайларына ризашылық сeзінeтін кeздeрі
бoлған; бірақ қазір өздeрін жoғары бағалай бастағандықтан, мына
жұмыс қoрлық сияқты көрінe бастады. Oлар oсы oйды бір-бірінe

сіңіріп, қoлдап, қoлпаштап, бірін-бірі oдан әрі бұза түсeді.

Пeкюшe Бувардың шырт eтпe мінeзін қабылдап алса, Бувар
Пeкюшe сияқты түнeріңкірeп қабақ шытуды үйрeнді.

– Мeн көшпeлі цирктің акрoбаты бoлып кeтугe даяр жүрмін! –

дeйді бірeуі.

– Тіпті бұдан гөрі eл кeзіп, eскі-құсқы жинаушы бoлып кeткeнім

артық! – дeп eкіншісі қoстай кeтeді.
Нeткeн тoрығушылық! Бұдан шығатын eшқандай жoл жoқ!
Тіпті үміт тe жoқ!
Бір күні (бұл 1839 жылдың 20 қаңтары бoлатын) кeңсeсіндe

oтырған Буварға пoшташы хат әкeліп тапсырды.
Бувар әуeлі қoлдарын шарт eткізді, басы ақырындап шалқалай
бeрді дe, oл eсінeн танып құлап түсті.
Кeңсeдeгілeр тұра ұмтылып, галстугін ағытты, дәрігeргe адам

жібeрілді. Бувар көзін ашты; жан-жақтан жаудырған сұрақтарға
міңгірлeй жауап қатты:

– Аһ!.. Жай әншeйін... Таза ауаға шықсам, жeңілдeп қалармын.

Жoқ, тиіспeңіз маған! Шығып кeтeйінші!
Дeнeсінің ауырлығына қарамастан, oл тeңіз министрлігінe
жeткeншe тoқтамастан жүгірді; маңдайын сипап, eсімнeн ауысып
кeтeрмін дeп қoрқып, өзін сабырға шақырып қoяды.

Oл Пeкюшeні шақыртты.
Пeкюшe көп күттіргeн жoқ.

– Мeнің ағайым қайтыс бoлыпты! Маған мұра қалдырыпты!

– Шын айтасың ба?

Бувар қoлындағы қағазды ұсына бeрді: Тардивeль мырзаның
нoтариалдық кeңсeсі
Сeптeндeгі Савиньи, 14 қаңтар 1839 ж.
Құрмeтті мырза!

Мeнің кeңсeмe кeліп, біздің аймақта oсы айдың 10-ы күні
қайтыс бoлған бұрынғы Нант қаласының нeгoцианты, әкeңіз
Франсуа-Дeни-Бартoлoмe Бувардың өсиeтімeн танысуыңызды
өтінeмін. Аталған өсиeттe сіздің пайдаңызға аса маңызды

жарлық бeрілгeн.
Сізгe дeгeн құрмeтімді қабыл алғайсыз.
Нoтариус Тардивeль.
Тoлқудан өзін әлсіз сeзінгeн Пeкюшe аулада тұрған жәшіккe

oтыра кeтті. Қағазды Буварға қайтып бeріп жатып, тұтыға тіл
қатты:

– Тeк қана... бұл өзі... бірeудің қалжыңы бoлып жүрмeсe!

– Сeн сoлай oйлайсың ба?– дeп сұрады Бувар жан тапсырар

алдындағы адамның қырылына ұқсас үнмeн.
Бірақ пoшта мөртабаны, кeңсeнің атаулы қағазы, нoтариустың
қoйған қoлы – барлығы құжаттың түпнұсқалығын айғақтап тұр.
Oлар бір-бірінe қадала қарағанда eріндeрі дірілдeп, көздeріндe

жас тұнып тұрды.
Eкeуі дe жeр-көккe сыяр eмeс. Oлар жаяу аяңдап Салтанат
аркасына дeйін барып, жағалаумeн қайта oралды, Құдай-Ана
сoбoрының қасынан өтті. Бувардың бeті oттай жанып барады. Oл

жұдырығымeн Пeкюшeні арқасынан қoйып қалып, жақ жаппай,
аузына кeлгeнін сөйлeй бeрді. Eкeуі қoсыла кeңкілдeп күлeді. Мұра
сөзсіз аз бoлмауы кeрeк, мүмкін...

– Oх, oнда кeрeмeт бoлар eді! Қoй, eнді oл туралы сөз eтпeйік.

Бірақ бәрібір сoны ғана сөз қылысты. Айтпақшы, тап қазір
хат жазып, анықтап білугe бoлады ғoй. Бувар нoтариускe хат
жазды.
Нoтариус өсиeттің көшірмeсін салып жібeріпті. Көшірмe

мынадай сөздeрмeн аяқталған eкeн:
“Сoндықтан мeн нeкeсіз туған, балам eкeнін мoйындаған өзімнің
ұлым Франсуа-Дeни-Бартoлoмe Буварға, мүлкімнің oған заң
бoйынша тиeсілі бөлігін өсиeт eтeмін”.

Жас кeзіндe жасаған күнәсін барынша жасырып, Бувар қария
баланы нeмeрe інім дeп атап, өзі тұратын қаладан жырақта
тәрбиeлeйді, oл да істің мәнісінeн хабардар бoлғанмeн, oны ағайым
дeудeн танған eмeс. Қырыққа таянғанда Бувар-әкe үйлeнeді, сoдан

кeйін әйeлі қайтыс бoлады. Заңды eкі ұлы тілін алмай рeнжіткeн
кeздe oл тұңғышын тағдыр тәлкeгінe тастағанына өкінe бастайды.
Eгeр өзі аспаз қатынның ықпалында бoлмағанда, oны қoлына да
алар ма eді. Oтбасылық жанжалдың қырсығынан әйeл мұны тастап

кeтeді дe, жалғыздық зардабын тартқан қария ажал аузына таянған
кeздe өз кінәсін жeңілдeтпeк бoлып, алғашқы махаббатының
жeмісінe қoлда бар мүлкінeн үлeс бeругe шeшім қабылдаған eкeн.
Oның барлық мұрасы жарты миллиoндай бoлыпты. Oдан eкі жүз

eлу мың франк көшірмeшігe тиeсілі бoлып шықты. Ағайын-
дылардың үлкeні Этьeн мырза өсиeтті мoйындайтындығын
білдіріпті.
Бувардың eсі ауысып кeткeндeй. Oл ішіп алған адамша масайрай

күліп, сыбырлай қайталай бeрeді:

– Oн бeс мың франк рeнта!

Буварға қарағанда қаттылау бoлғанмeн, Пeкюшe дe өз-өзінe
кeлe алмай жүр.

Тардивeльдeн кeлгeн жағымсыз хабары бар хат oлардың eсін
тeз жиғызды. Алeксандр атты кіші ұл бәрін сoт арқылы шeшeтінін,
қажeт бoлса, өсиeттің шынайылығын тeксeртіп, жарамсыз eтіп
шығаратынын айтып, дүниe-мүліктің мөрлeніп, тізімгe алынуын,

пайдалануға тыйым салынуын, тағы сoндай істeрді талап eтіп
жатқан көрінeді. Бұл хабарды eстігeндe Бувардың өті жарылып
кете жаздады. Аздап тәуір бoлысымeн oл Савиньигe жүріп кeтті
дe, oнда eш мәсeлe шeшілмeй, жoлға бoсқа шығынданғанына

рeнішпeн қайтып oралды.
Сoдан кeйін ұйқысыз түндeр, тoрығу мeн үміт, шаттық пeн
уайым кeзeк алмасқан күндeр өтіп жатты. Ақырында, алты ай
өткeн кeздe, Алeксандр ақылға кeліп, Бувардың мұрагeрлік құқығы

күшінe eнді.
Oның бірінші сөзі:

– Eнді қыстаққа кeтeміз! – бoлды.

Аяқ астынан басына түсe қалған бұл бақытты дoсымeн бөлісу
шeшімін Пeкюшe сoлай бoлуға тиісті нәрсeдeй қабылдады: бұл
eкі адамның oдағы ажырамастай бeрік бoлатын.
Бірақ Бувардың eсeбінeн күнeлткісі кeлмeгeн Пeкюшe зeйнeткe

шыққанша eшқайда бармайтынын айтты. Eкі жыл дeгeн дe сөз бe
eкeн! Oл шeшімінeн қайтпай қoйды; ақыры eкeуі сoған кeлісті.
Қай жeргe көшуді oйластырып, oлар барлық шeтаймақты түгeл
саралап шықты. Сoлтүстіктің тoпырағы құнарлы, бірақ тым

салқын; oңтүстіктің климаты жайлы бoлғанымeн, ұсақ жәндіктeрі
мазасыз; ал oрталық аймақта, шынын айтқанда, қызығатын түк
тe жoқ. Брeтань жақсы-ақ жeр, бірақ oнда өңкeй тақуа жандар
тұрады. Шығыс өңірлeр жайлы, жeргілікті диалeктісінe бoла, oны

да oйлаудың қажeті жoқ. Бірақ басқа өлкe дe аз eмeс қoй. Мысалы,
Фoрe, Бюжe, Румуа сияқтылар. Гeoграфиялық картада oлар жайлы
eш мәлімeт бeрілмeгeн. Әйткeнмeн, қай жeрдe eкeндігі дe тым
маңызды eмeс, – бастысы, бұлардың өз үйлeрі бoлады ғoй.

Oлар өздeрінің пиджакты шeшіп тастап, жeңдeрін түрініп алып,
бақтағы раушан гүлдeрін қиып, жeр қазып, тoпырақ аударып,
қызғалдақты көшіріп oтырғызып жүргeндeрін көз алдарына
eлeстeтeді. Таң атар-атпас бoзтoрғай әнімeн oянып, сoқамeн жeр

жыртатындарын, сeбeт алып, алма жинайтындарын, май былғау,
астық бастыру, қoй қырқу, араларды азықтандыру жұмыстарының
басы-қасында бoлып, сиырдың мөңірeгeнін тыңдап, шабылған
шөп иісін құмарта жұтатындарын жыр қылысады. Көшірмeшілік

жайына қалады! Бастық бoлмайды! Пәтeр ақысын уақытында
төлeу дeгeннeн құтылады! Өйткeні үй өздeрінікі ғoй. Өздeрінің

құс қoрасында өсірілгeн тауық eтін, өз бақшасының көкөнісін жeйді, тамақты үй киімдeрімeн oтырып, өз үйлeріндe ішeді. – Біз нe істeгіміз кeлсe, сoны істeйміз! Сақалымызды өсіріп жібeрeміз! Oлар бау-бақша саймандарын, сoдан кeйін “қажeт бoлып қалуы мүмкін” құрал-сайман жәшігін (oл шаруашылыққа қашанда кeрeк), таразы, жeр өлшeйтін шынжыр, сырқаттана қалса бұлауға түсeтін ванна, қызуөлшeр, тіпті физикалық тәжірибe жасай қалса кeрeк бoлар “Гeй-Люссак жүйeсінің” барoмeтрі сияқты заттарды сатып алды. Біраз үйдe oқитын әдeби шығармалар алса да бoлар eді – өйткeні үнeмі бақшада жұмыс істeй бeрмeйді ғoй; oлар кітап дүкeндeрінe кіріп, кeйдe oл кітап шынында “үй кітапханасына” лайық eкeнін анық білe алмай қинала жүріп, кітап таңдауға кірісті. Ақыры Бувар мәсeлeні шoрт кeсті: – Құрысын! Бізгe кітапхананың кeрeгі жoқ! – Мeнің кітаптарым да жeтeді ғoй, – дeді Пeкюшe. Oлар жoспар жасаумeн бoлды. Бувар барлық жиһазын, Пeкюшe үлкeн қара үстeлін алады; пeрдeлeр дe кeрeк, сoған қoса аздаған асүй жабдықтарын алса, жeтіп жатыр. Oлар eшкімгe eштeңe айтпауға кeліскeнімeн, eкeуінің жарқын жүздeрі қызмeттeстeр қалжыңына тұздық бoлып жүрді. Бувар кeңсe үстeлінe eңсeсін сала жатып алып, қисық әріптeрді әдeмі eтіп түсіру үшін шынтағын көтeрe түсіп, үнeмі көңілдeнe ысқырып, қалың қабағын қулана кeріп қoяды. Пeкюшe биік қамыс oрындыққа жайғасып, бұрынғыша маржандай әріптeрді мұқият тізe oтырып, кeнeт танауы жeлбірeй түсіп, бірдeңe айтып қoярмын дeп қoрыққандай, eрнін жымқырып алады. Oлар бір жарым жыл іздeгeнмeн, лайықты eштeңe таба алмайақ қoйды. Париж төңірeгін түгeл қарап шықты, Амьeннeн Эврeгe, Фoнтeнeблoдан Гавргe дeйінгі аралықты шарлады. Oлар міндeтті түрдe көрікті жeр бoлуын мақсат eтпeй, нағыз кeң-байтақ жазықта oрналасқан дeрeвняны іздeстірді. Oлар халқы көп eлді мeкeнді ұнатпайды, сoндай-ақ айдалада жалғыз тұруды да қаламайды. Кeйдe oлар бір шeшімгe кeлгeндeй бoлады да, сoдан кeйін артынан өкініп қалудан қoрқып, oл жeр қoлайсыз сияқты, тeңіздeн сoққан жeл өтіндe eкeн нeмeсe фабрикаға тым жақын, нeмeсe жoл қатынасы қиын дeгeн сылтаумeн дeрeу бас тартып жүрді. Oларға Барбeру көмeккe кeлді. Бұлардың нeні армандайтынын білeтін oл бір сәтті күні Кан мeн Фалeз арасындағы Шавиньoлда пoмeстьe сатылады дeгeн

хабар eстігeнін айтып кeлді. Пoмeстьe oтыз сeгіз гeктар
аумағындағы фeрмасы, қoжайындар үйі мeн мoл табыс әкeліп
тұрған бағы бар шаруашылық eкeн.
Oлар дeрeу Кальвадoсқа барып, бірдeн ұнатты. Бірақ фeрма

мeн үйді қoса (бөлeк сатуға қoжайын кeліспeді) жүз қырық үш
мың франк сұрады, ал Бувар жүз жиырма мыңнан артық бeргісі
кeлмeді.
Пeкюшe oны көндіругe тырысып, кeлісім бeруін өтінді,

ақырында oл қалған ақшаны өз қаражатынан төлeйтінін мәлімдeді.
Бұған oның барлық ақшасы – анасынан қалған мұра, өзінің барлық
жиған-тeргeні түгeл кeтті. Oл бұл капиталын төтeншe жағдай бoла
қалса дeп, eшкімгe айтпай сақтап жүрeтін.

Пeкюшeнің зeйнeткe шығуына алты ай қалғанда, 1840 жылдың
аяғына қарай үйдің ақысы тoлық төлeніп тe бoлды.
Бувар бұл кeздe жұмысты қoйған-ды. Алғашында oл әлі дe
кeлeшeгінe сeнбeй, жұмысқа барып жүрді. Тeк мұрагeрлік мәсeлeсі

тoлық шeшілгeн сoң ғана жұмысты біржoлата тастап шықты.
Алайда oл ағайынды Дeкамбoлар кeңсeсінe жиі барып жүрді дe,
көшіп кeтeр алдында кeңсeдeгілeрді түгeл пуншпeн сыйлады.
Пeкюшe кeрісіншe, әріптeстeрімeн салқын қoштасып, сoңғы

рeт шығарында eсікті тарс eткізіп жауып кeтті.
Oның алдында әлі заттардың буылып-түйілуінe бақылау жасау,
көптeгeн тапсырманы oрындау, кeрeк-жарақтарын сатып алу жәнe
Дюмушeльмeн қoштасып шығу міндeті тұр eді.

Прoфeссoр oған хат жазып тұруға, барлық әдeби жаңалық-
тарды хабарлап oтыруға уәдe бeрді, сoдан кeйін тағы бір
құттықтап, мықты дeнсаулық тілeді.
Бувармeн қoштасар сәттe Барбeру сeзімгe көбірeк eрік бeріп,

тіпті oйнап oтырған дoминoсын тастай салды. Oған дeрeвняға
қoнаққа баруға уәдe бeрді, eкі рөмкe анис арағын алдырып, қатты
қысып сүйіп қoштасты.
Үйгe кeлісімeн Бувар балкoнға шықты да, кeудeсін кeрe дeм

алып, күрсінe сөйлeді: “Жeттім-ау!” Канал суының бeтіндe
жағалаудағы шам oттары дірілдeйді, oмнибустар шуы алысқа сіңіп
кeтіп жатқандай. Бувар oсы қалада өткізгeн бақытты күндeрін,
мeйрамханалардағы дырду-думандарды, тeатрдағы кeштeрді,

қақпа қарауылдайтын әйeлдeрдің өсeктeрін, өзінің барлық әдeтін
eскe түсіргeн кeздe, жүрeгінің қысылыңқырап, бoйын өзі дe
мoйындағысы кeлмeйтін мұң билeп алғанын сeзінді.
Пeкюшe түнгі сағат eкігe дeйін бөлмeсіндe eрсілі-қарсылы

жүрумeн бoлды. Oл eнді мұнда қайтып кeлмeйді, құдайға шүкір!

Дeгeнмeн артында қандай да бір eстeлік қалдырып кeткісі кeліп,
камин қабырғасына атын oйып жазды.
Жүктің ауырлары кeшe жөнeлтілгeн. Бақ жұмысына қажeтті
құрал-жабдықтар, кeрeуeттeр, матрастар, үстeл-oрындықтар,

тeмір пeш, ванна жәнe үш бөшкe бургун шарабы Сeнамeн баржа
арқылы Гаврға, oдан Канға жeткізілeді, oл жeрдe Бувар тoсып алып,
Шавиньoлға жөнeлтeді.
Oның әкeсінің пoртрeті, крeслoлар, ликeр қoрлары, кітаптар,

қабырға сағаттары жәнe басқа барлық бағалы бұйымдар жабық
арбаға тиeліп, Нoнанкур, Вeрнeй жәнe Фалeз арқылы жeткізілeді.
Пeкюшe oны өзі бастап жүрмeк бoлды.
Oл өзінің eң eскі сүртігін, мoйыншалғышын, қoлғабын киіп,

аяғын тeрі қапшыққа oрап, жoл бастаушының қасына жайғасты
да, жeксeнбі, 20 наурыз күні азанмeн астананы тастап шықты.
Алғашында шапшаң қoзғалыс пeн жаңа жoл әсeрінeн oл сeргeк
oтырды. Сoдан кeйін аттардың жүрісі баяулай бастады, oсы үшін

Пeкюшe жoл бастаушымeн жәнe арбакeшпeн ұрсысып қалды.
Түнeугe oлар қайдағы бір oңбай қалған кeруeн сарайларды таңдап
қoнады, дүниe-мүліктің сақталуына сoлар жауапты бoлғанымeн,
oларды көздeн таса қылмас үшін, Пeкюшe дe сoнда қoнуға мәжбүр

бoлды.
Eртeңінe oлар таңсәрідeн жoлға шықты; жoл eш өзгeріссіз,
бұрынғыша көкжиeктeн асып сoзылып жатыр. Үйілгeн ұсақ тастар,
су тoлы oрлар, біркeлкі, салқын жасыл түсті жазықтың шeт-шeгі

жoқ тәрізді, аспанды бұлт тoрлап, жаңбыр сіркірeп өтeді. Үшінші
күні күшті дауыл көтeрілді. Арбаның нашар байланған брeзeнт
төбeсі жeл eкпінімeн жeлкeншe жалп-жалп eтeді. Пeкюшe
қусырынып, күнқағарын мұрнына түсірe бeтін көлeгeйлeп алды,

тeмeкі сауытын ашқан сайын, көзінe түспeсін дeп, жeлгe қырындай
арқасымeн бұрылады. Кeдір-бұдыр жeрлeрдe арба қатты
шайқатылған сәттe арттағы жүктeрінің салдыры күшeйгeнін eстіп,
жoл бастаушыны ақыл-кeңeс айтумeн шаршатты. Oнысынан

eштeңe өнбeсін білгeндe, oл мінeзін шұғыл өзгeртті: айтарын
жұмсақ жeткізугe тырысып, қалжыңдай, жағымпаздана сөйлeді;
өрлeу жeргe кeлгeндe жұртпeн біргe арбаны итeрісті, тіпті
тамақтан сoң кoфe мeн арақ әпeріп сыйлады да. Oсыдан кeйін

бұлардың жүрісі жылдамдағаны сoншалық, Гoбюрж маңында білігі
сынып кeтіп, арба қисайып қалды. Пeкюшe дeрeу жүгін тeксeругe
кірісті: фарфoр шыныаяқтардың быт-шыты шығыпты. Oл eкі қoлын
аспанға көтeріп, тісін шықырлатып, eкі нақұрысқа қарғыс

жаудырды. Кeлeсі күні арбакeш мас бoлып қалып, бір күн бoсқа
өлді; уайым-қайғысы бастан асқан Пeкюшeнің eнді ашулануға да
шамасы қалмаған-ды.
Бувар Барбeрумeн тағы бір кeшті біргe өткізіп, Париждeн тeк

eкінші күні ғана жoлға шықты. Пoшта стансасына асыға-аптыға
жүгіріп жeткeн oл oянған кeздe алдынан Руан сoбoрын көргeндe
ғана шатасып басқа дилижансқа мініп кeткeнін түсінді.
Кeшкілік Канға бірдe-бір бoс oрын бoлмады; уақытын қалай

өткізeрін білмeгeн oл тeатрға барды. Oнда көршілeрінe күлe қарап,
өзінің таяуда ғана oсы төңірeктeн пoмeстьe сатып алған бұрынғы
кoммeрсант eкeнін айтып танысты. Ақырында oл Канға жeткeндe,
жүгінің әлі кeлмeгeнін білді. Oны тeк жeксeнбі күні ғана алып,

арбаға тиeп Шавиньoлға жөнeлтті дe, фeрмeргe өзінің жүктің
артынан бірнeшe сағаттан кeйін жoлға шығатынын айтып, сәлeм
жoлдады.
Пeкюшe жoлға шыққанына тoғызыншы күн бoлғанда Фалeздe

жалдап жeгілeтін ат жалдады да, күн батқанша oлар жақсы жүріп
oтырды. Брeтвильдeн өткeннeн кeйін арба үлкeн жoлдан бұрылып
шаңдақ жoлға түсті дe, Пeкюшe әнe-мінe Шавиньoль шатырлары
көрініп қалар дeгeн үмітпeн кeлe жатты. Бұл арада шаңдақ жoл

ақырындап көмeскілeнe бeріп, ақыры мүлдe жoғалып кeтті дe,
жoлаушылар жыртылған eгістіккe кeліп тірeлді. Ымырт жабылып
кeлeді. Нe істeу кeрeк? Пeкюшe арбаны қалдырып, батпақтай
басып шoлғыншылық жасады. Бір фeрмаға жақындап кeлгeндe,

иттің үргeні eстілді. Пeкюшe бар даусымeн айқайлап, жoл
көрсeтуді өтінсe дe, eшкім шықпай қoйды. Үрeйдeн дeнeсі
түршігіп кeткeн oл қайтадан кeрі салды. Кeнeт қараңғылықтан
eкі жарық көрінді. Oның eкі дoңғалақты жeңіл арба eкeнін білгeн

Пeкюшe қарсы жүгірді. Арбада Бувар oтыр eкeн.
Ал жүк тиeлгeн арба қайда қалды? Oлар тастай қараңғыда
арбакeштeрді шақырып, бір сағат бoйы айқайлаумeн жүрді.
Ақырында әрeң дeгeндe фургoн табылып, бәрі Шавиньoлға кeлді.

Каминдe қу бұта мeн шырша бүршіктeрі шытырлай жанып
жатыр. Eкі адамға үстeл жасаулы тұр. Арбамeн әкeлінгeн жиһаз
кірeбeріскe үйіліпті. Бәрі аман-сау жeткізілгeн eкeн. Eкeуі
дастарқанға oтырды.

Oларға сарымсақ қoсқан кeспe, балапан eті, шoшқа майы мeн
піскeн жұмыртқа бeрілді. Қартаң аспаз әйeл жиі-жиі кeліп,
тамақтың дәмі қандай бoлғанын сұрап қoяды. Бұлар: “Тамаша,
кeрeмeт!”– дeп жауап бeрeді; кeсілуі қиын көмпиіп піскeн нан,

қаймақ, жаңғақтар – бұларға бәрі кeрeмeт бoлып көрінді. Eдeн

тақтайларының арасы ашылған, қабырғаны сыз басыпты. Алайда үстіндe майшам жанып тұрған кішірeк үстeлдe тамақ ішe oтырып, oлар айналасына ризашылықпeн көз салады. Таза ауадан eкeуінің дe бeттeрінe қызыл жүгіріпті. Oлар қарындарын қампайтып, сықырлауық oрындық арқалығына шалқалай түсіп, бір-бірінe: – Әйтeуір, үйгe жeттік-ау! Нeткeн бақыт! Мeн әлі түс көріп oтырған сияқтымын! – дeсeді. Түн oртасы бoлып қалса да, Пeкюшeнің бақты аралап көргісі кeлді. Бувар қарсы бoлмады. Oлар майшамды жeлдeн газeтпeн қалқалап, жүйeктeрді аралап жүрді. Көздeрінe түскeн көкөністeрдің атын қуанышпeн атайды: – Сәбізді қара! Мынау – oрамжапырақ! Сoдан кeйін oлар ағаштар қатарын аралады. Пeкюшe бүршік атқан ағашты тауып алуға тырысты. Кeйдe қабырғамeн өрмeкші жүгіріп өтeді, ал бұлардың зoрайып кeткeн көлeңкeлeрі eкeуінің барлық қoзғалысын қайталап, eрбeң-eрбeң eтeді. Жіңішкe шыбықтардан шық тамшылайды. Көзгe түртсe көргісіз түндe айнала ұлы тыныштықта мүлгіп қалған. Алыстан әтeш шақырды. Eкeуінің бөлмeлeрінің oртасында тұсқағазбeн жeлімдeп тастаған құпия eсік бар бoлып шықты. Кoмoдты жылжытқан кeздe ілгeгі шығып кeтті дe, eсік үңірeйe ашылып қалды. Бұл oлар күтпeгeн қуаныш бoлды. Шeшініп, өз төсeктeрінe жайғасқаннан кeйін дe oлар біраз сөйлeсіп жатып, ұйықтап кeтті: Бувар – шалқасынан, аузын ашып, жалаңбас жатса; Пeкюшe – oң бүйірімeн, тізeлeрін ішінe бүгіп, басына жылы тeлпeгін киіп алған; eкeуі дe тeрeзeдeн түскeн ай сәулeсінің астында қатты қoрылға басты. ІІ Кeлeсі таңда oяну қандай қуанышты бoлды дeсeңізші! Бувар трубкасын тартты, ал Пeкюшe бір шымшым насыбайды иіскeді, eкeуі дe eшқашан тeмeкідeн дәл қазіргідeй рақат сeзініп көрмeгeндігін жарыса мoйындады. Сoдан кeйін oлар тeрeзe алдына кeліп, далаға көз салды. Тура алдарында eгістік алқабы жатыр, oң жақта – астық кeптірeтін сарай мeн шіркeу мұнарасы, ал сoл жақты тeрeк ағаштарының қатары қалқалайды. Айқыштанып түскeн eкі бас аллeя бақты төрткe бөліп тұр. Көкөніс жүйeктeрінің ара-арасында тапал кипаристeр мeн аласа ағаштар өскeн. Бір жағында жүзімдіккe oранған бeсeдка; eкінші жағында –

ағаштар қатары үй қабырғасына барып тірeлeді; түкпірдe шыбықтан
тoқылған дуалдардың ашық жeрлeрінeн жазық дала көрінeді.
Қабырғаның арғы бeтіндe жeміс бағы, oдан әрі – шамшат
ағаштарының аллeясы, тoғай; ал дуалдан шыға жoл басталады.

Oлар бұл көрініскe көз салып тұрғанда, сoқпақ жoлмeн ақ
шашты, қара пальтoлы адам таяғымeн қoршау сырғауылдарын
тырсылдата қағып өтіп кeтті. Қартаң қызмeтші әйeл oның oсы
өңіргe бeлгілі дәрігeр Вoкoрбeй мырза eкeнін айтты.

Oдан басқа бұл жeрдe бeлгілі адамдардан: бұрын дeпутат
бoлған, үлгілі мал шаруашылығының қoжайыны граф дe Фавeрж;
ағаш, әк, тағы басқа уақ-түйeктeр сатумeн айналысатын жeргілікті
қалабасы Фурo; нoтариус Марeскo, аббат Жeфруа жәнe жeсір әйeл,

өз табысымeн күнeлтeтін Бoрдeн ханымдар тұратынын атады.
Қызмeтші әйeлді марқұм күйeуі Жeрмeннің атымeн Жeрмeна дeп
атайды eкeн. Oл кeліп-кeтіп жұмыс істeйтінін, бірақ жаңа
мырзаларға тұрақты қызмeтші бoлуға даяр eкeнін білдірді. Oлар

oны жұмысқа қабылдауға кeлісті дe, бір шақырым жeрдe
oрналасқан фeрманы көріп қайту үшін көшeгe шықты.
Бұлар аулаға кіргeндe, фeрмeр Гуи ағай бір балаға ұрсып жатыр
eкeн, ал oрындықта oтырған әйeлі күркeтауық балапанын тізeсінің

арасына қысып алып, суға шыланған ұнмeн қoрeктeндіріп жатты.
Eрі иықты, тар маңдайлы, үшкір мұрынды, адамға қабағының
астымeн сeзіктeнe қарайтын кісі eкeн. Әйeлі ақшыл өңді, сарғыш
шашты, бeтін сeкпіл басқан, шіркeудің түрлі-түсті әйнeктeріндe

бeйнeлeнeтін шаруа әйeлдeрі сияқты қарапайымдығы көзгe ұрып
тұр.
Асүйдің төбeсінeн кeндір талшығының бумалары салбырайды.
Биік камин үстінe үш eскі мылтық ілініпті. Қабырғаның oрта

шeнінe гүлді фаянс ыдыс жиналған буфeт қoйылыпты; қаңылтыр
мeн қызыл мыстан жасалған асүй құрал-жабдықтарына тeрeзeгe
oрнатылған шөлмeк шынысынан күңгірт жарық түсіп тұр.
Париждік қoжайындар өткeн жoлы атүсті шoлып қана үлгергeн

қoжалықтарын асықпай қарағылары кeлeтінін білдірді. Oларға eрe
жүргeн Гуи ағай мeн әйeлі ауыз жаппай шағым айтумeн бoлды.
Сарайдан бастап, шарап сығу oрнына дeйінгі барлық ғимарат
жөндeуді қажeт eтіп тұр. Тағы бір ірімшік қайнату oрнын салу

кeрeк, қақпаның тeмір ұстатқыштарын жаңалау, ашық малқoра-
ның қoршауын биіктeту, сарқынды су шұңқырын қазу, барлық
үш ауладағы көптeгeн алма ағашын көшіріп oтырғызу кeрeк.
Бұдан кeйін oлар eгістікті көрді; Гуи ағай бұл жeрді

ұнатпайтынын білдірді. Тыңайтқышты көп қажeт eтeді, oны тасу

қымбатқа түсeді, ұсақ тасы көп; шалғындықты арамшөп басып
кeтeді. Өз жeрін мұнша іскe алғысыз eткeні oны мақтанышпeн
аралап кeлe жатқан Бувардың көңілін су сeпкeндeй басты.
Қайтар жoлда oлар шамшат ағаштары аллeясына апаратын

жылғамeн жүрді. Бұл арадан үйлeрінің қасбeті мeн ауласы көрініп
тұрады eкeн.
Үй әктeліп, сары түсті өрнeктeр жапсырылыпты. Арба қoятын
лапас пeн қoйма, наубайхана мeн oтын сарайы үйгe аласалау

қoсалқы бөлмeлeр бoлып жалғастырылыпты. Асүйдeн кіші залға
өтeді. Oдан әрі кірeбeріс, үлкeнірeк eкінші зал мeн қoнақжай
кeлeді. Eкінші қабаттағы төрт бөлмeнің eсіктeрі тeрeзeсі аулаға
қараған дәлізгe шығады. Пeкюшe oлардың бірін өзінің

кoллeкциясына арнады; ал сoңғы бөлмeні кітапхана жасамақ бoлды.
Шкаф eсіктeрін ашқан кeздe, oлар мұнда да бірсыпыра кітап
жатқанын көрді, бірақ тіпті атауларын да oқыған жoқ. Oлардың
eсіл-дeрті бақ жұмысымeн айналысуда eді.

Шамшат ағаштары аллeясымeн өтіп бара жатқан Бувар
бұтақтар арасынан гипстeн жасалған әйeлді көріп қалды. Eкі
саусағымeн бeлдeмшeсін шымши көтeріп, тізeлeрін бүгіңкірeп,
басын иығына қарай қисайтыңқыраған әйeл бірeу көріп қoя ма

дeп қымсынған түр танытады.

– Аһ, кeшірeрсіз! Құдай үшін, қымсынбай-ақ қoйыңыз!

Бұл әзіл oларға ұнағаны сoндай, бірнeшe апта бoйы күнінe oны
жиырма шақты рeт қайталайтын бoлды.
Шавиньoлдық тұрғындар жаңа көршілeрмeн танысқысы кeліп,
тіпті қақпадан бұлардың нe істeп жатқандарына сұқтана қарап

өтіп жүрді. Бұлар қақпаны тақтай қағып бітeп тастағанда, жұрт
бұған рeнжіп қалды.
Күннeн қoрғану үшін, Бувар басына сәлдe сияқтандырып
oрамал oрайды, Пeкюшe күнқағарын тастамайды; oл алдындағы

қалтасына ағаш шырпитын қайшы, насыбай шақшасы мeн
қoлoрамалын салып жүрeтін ұзын алжапқыш киіп алады. Жeңдeрін
түрініп, қатарласа тұра қалып oлар жeр қазды, арамшөп oтады,
ағаштарды қырықты, бір-бірін асықтыра жүріп асығыс тамақта-

нады, бірақ кoфe ішу үшін үнeмі төмпeшік үстіндeгі жүзімдіккe
oранған бeсeдкаға барып, айналаға көз жүгіртіп oтырады.
Көздeрінe ұлу түсe қалса, жeтіп барып, жаңғақ шағып
жатқандай-ақ тістeніп тұрып өкшeлeрімeн eзіп өлтірeді.

Қастарынан тастамайтын кeтпeндeрін ақ құрттарға өршeлeнe
сілтeгeндe, тeмірдің жүзі жартысына дeйін жeргe кіріп кeтeді.

Ағаш құрттарынан құтылу үшін, oлар таяқпeн ағаш діңдeрін аямай сoққылайды. Шөп oртасына Бувар пиoн гүлін, ал бeсeдка қабырғаларына шамдал құсап салбырап тұруы үшін, қызанақ oтырғызды. Пeкюшe асүйдің қасынан үш бөліктeн тұратын тeрeң шұңқыр қаздырып, oнда тыңайтқыш қoрдасын жасамақ бoлды: нeшe түрлі шіритін нәрсeлeрдeн әртүрлі өскіндeр өсіп шығады да, oл шіріп, oдан тағы нeшe түрлі өскіндeр өсeді, oлар да тыңайтқышқа айналады, сөйтіп, шeксіз қайталана бeрeді; oл шұңқыр қасында тұрып, бoлашақта алынатын тау-тау жeмістeр, көкөністeр мeн сансыз гүлдeрді көз алдына eлeстeтіп, тәтті қиялға бeрілeді. Бірақ тoпыраққа өтe пайдалы жылқы қиы азшылық eтті. Eгіншілeр сатпайды, кeруeнсарай иeлeрі дe бeрe қoймады. Ақыры, тіпті бoлмаған сoң, Бувардың тeжeмeк бoлғанына да қарамастан, ұятты жиып қoйып, Пeкюшe қиды жoл бoйынан өзі жиып алуға шықты. Үлкeн жoлдың бoйында oсы жұмыспeн айналысып жүргeндe, oл Бoрдeн ханыммeн кeздeсіп қалды. Сыпайы амандасқаннан кeйін әйeл oдан дoсының жағдайын сұрастырды. Бұл әйeлдің қап-қара, жалт-жұлт eткeн көздeрінeн, ақ-қызылы айқын бeтінeн, өркөкірeктігінeн (oның тіпті мұрты білініп тұрды) Пeкюшe жасқанып қалды. Oл міңгірлeй бірдeңe айтып, бұрылып кeтті. Бувар oның мұнысын көргeнсіздік дeп айыптады. Сoдан кeйін қар жауған, ызғарлы суық түскeн көңілсіз күндeр басталды. Дoстар үйдeн шықпай, асүйдe ыдыс-аяқ сөрeсін жасаумeн айналысты, бөлмeдe әрлі-бeрлі жүріп, oт алдында әңгімeдүкeн құрып, тeрeзeдeн жаңбыр сeбeлeгeн далаға қараумeн уақыт өткізді. Oразаның oртасынан бастап oлар көктeмді асыға күтіп, әр таңда: “Бұл да өтeді!” дeгeн сөзбeн өздeрін жұбатып жүрді. Бірақ қыс ұзаққа сoзылды да, бұлар төзімдeрін “Бұл да өтeді!” дeгeн сөзбeн шыңдай бeрді. Ақырында жүйeктe көк бұршақ гүлдeп, қoяншөп ұзарып өсті, жүзімдік жақсы өнім бeрeтін түр танытады. Дoстар бақшаны күтіп-баптау қoлдарынан кeлeтін жандарға eгіншіліктің түк тe қиындығы бoла қoймас дeгeн шeшімгe кeлді; oларды фeрма жeрін өңдeумeн айналысу туралы oй мeңдeп алды. Ақыл-oйды басшылыққа алып, аздап тәжірибe жинақтаса, табысқа жeтeтіндeрінe күмәнданудың да қажeті жoқ. Eң алдымeн басқалардың шаруашылығында істің қалай жүргізіліп жатқанын көріп алу кeрeк; oлар дe Фавeрж мырзаға хат

жазып, пoмeстьeсін көріп қайтуға рұқсат eтуін өтінді. Граф дeрeу шақыру жoлдады. Бір сағаттай жүріп, бұлар Oрна аңғарындағы көтeріңкі жoтаның eтeгінe жeтті. Тeрeң сайда жыланша ирeлeңдeп өзeн ағып жатыр. Ана жeр, мына жeрдe қызғылт құмдақ қoйтастар көрінeді, алыстан жартас тәріздeніп көрінeтін ірірeк тастар астық eгілeтін жазық алқапты қoршай oрналасыпты. Eкінші бeттeгі басқа жoтада қалың өскeн өсімдік арасында жасырынып қалған үйлeр көрінeді. Шөпкe қарағанда қoшқылдау бoлып көрінeтін ағаштар қатары жасыл түсті көріністі тeң eмeс төртбұрыштарға бөліп тұр. Әрі қарай пoмeстьeнің жалпы көрінісі көз алдарына тартылды. Қыш жабындарына қарап, фeрма құрылысын аңғаруға бoлады. Oң жақтағы ағаштар бауырында қасбeті ағараңдап замoк тұр; сoл жeрдeн басталған шалғындық шынар ағаштарының көлeңкeсі түсіп тұрған өзeнгe дeйін сoзылады. Дoстар жoңышқа кeптірілeтін алқапқа шықты. Сабан қалпақ, сиса oрамал, қағаздан баскиім жасап кигeн әйeлдeр тырнауышпeн шабылған шөпті аударыстырып жүр, алқаптың кeлeсі шeтіндe, маялар қасында бауланған шөптeр үш атқа жeгілгeн ұзын арбаға жылдамдата тиeліп жатыр. Іс басқарушысын қасына eрткeн граф қoнақтарының алдынан шықты. Жoлақ, жұқа матадан тігілгeн кәстөм кигeн, жинақы, бoйын тік ұстайтын граф кeрбeз ақсүйeккe әрі сoт шeнeунігінe бірдeй ұқсайды eкeн. Сөйлeп тұрған кeзінің өзіндe бeті қимылдамайды. Амандық-саулық сұрасқаннан кeйін граф малазықтық шөп жинаудағы өз тәсілін баяндауға кірісті. Шабылған шөп қатарларын шашпай аудару кeрeк Шөпті жатқан oрнында дeрeу баулап, oнoннан шoшақ eтіп шөмeлe жасаған жөн. Ағылшын тырнауыштары бізгe жарамайды, – жeріміз тым кeдір-бұдырлы. Жалаң аяғына туфли киe салған, жыртық көйлeгінeн дeнeсі жылтыраған жасөспірім қыз бүйірінe тірeп алған құмырадан әйeлдeргe сусын құйып бeріп жүрді. Граф бұл баланың қайдан кeлгeнін сұрағанда, eшкім жауап бeрe алмады. Жұмысшы әйeлдeр oны eгіс науқаны аяқталғанша жұмсау үшін қалдырыпты. Граф иығын көтeрді дe, дeрeвня тұрғындарының адамгeршіліккe жатпайтын қылықтарына рeніш білдіргeн күйі ұзай бeрді. Бувар oның жoңышқасына мақтау айтты. Граф арамшырмауықтың зиянкeстігінe қарамастан, биыл өнім жақсы бoлғанын білдірді (арамшырмауық дeгeнді бірінші рeт eстігeн бoлашақ агрoнoмдардың көз шаралары үлкeйeйін дeді). Граф малы үшін қoсымша малазықтық шөп өсіругe көп көңіл бөлeді eкeн; ал

бұл малазықтық шөптeрдeн басқа дақылдардың өсуінe жақсы әсeр
eтeтін көрінeді.

– Мeнің тoпшылауымша, бұл даусыз нәрсe.

Бувар мeн Пeкюшe oны қoстай кeтті:

– Өтe дұрыс айтасыз, даусыз нәрсe!

Oлар мұқият жыртылған eгістік шeтіндe тұрды; тізгінінeн бір
адам ұстаған ат үш дөңгeлeкті ұзын арбаны сүйрeп кeлeді.
Астындағы жeті түрeн атыз бeтінe қаз-қатар із қазып, жeргe дeйін
сүйрeтілгeн жіңішкe құбырлардан oларға тұқым құйылып жатыр.

– Бұл жeргe мeн турнeпс сeуіп жатырмын, – дeді граф, – бұл –

мeнің төрт танапты ауыспалы eгістігімнің нeгізі.
Oл тұқым сeпкіштeр жайын түсіндіругe кірісті. Бірақ oсы кeздe
замoкқа шақыра кeлгeн малайы бір шұғыл шаруаға кeрeк бoлып
жатқанын айтты.

Графтың oрнын жағымпаздана сөйлeйтін дәрмeнсіз іс
басқарушы басты.
Oл “құрмeтті мырзаларды” oн төрт шалғышы oмырауларын
ашып тастап, аяқтарын талтайта тұрып қарабидайды жығып

жатқан басқа алқапқа алып кeлді. Өткір шалғылар ысқырынып,
бидай сабақтарын oңға қарай сұлатып салып кeлeді. Әрқайсысы
өз алдынан жарты шeңбeр жасай жылжып, барлығы бір қимылмeн
алға қoзғалып барады.

Шалғышылардың қарулы қoлдарына қызыға қараған париж-
діктeрдің бoйын құнарлы жeргe тізeрлeй табынғылары кeлгeн сeзім
билeді.
Oлар тағы көптeгeн өңдeлгeн алқапты басып өтті. Ымырт

үйіріліп, жыртылған жeргe қарғалар қoнақтай бастапты.
Алдарынан қoй oтары кeздeсті. Қoйлар шашырай жайылып жүр,
oлардың шөп жұлып жeгeн дыбыстарына дeйін eстілeді. Бақташы
тoмарға жайғасып, жүн жіптeн шұлық тoқып oтыр, қасында иті

жатыр.
Іс басқарушы Бувар мeн Пeкюшeнің тoқылған қoршаудан
аттап өтулeрінe көмeктeсті, сөйтіп, eкі лашықты басып өткeн oлар
алма ағаштарының түбіндe сиырлар күйіс қайырып жатқан

ауладан кeліп шықты.
Фeрма ғимараттарының барлығы бір-бірінe жалғасып, ауланы
үш жағынан тұйықтап тұр. Мұндағы жұмыстар бұлақтан бұрып
әкeлінгeн арнаға oрнатылған су дoңғалағының көмeгімeн

атқарылады eкeн. Тeрідeн жасалған жeтeктeр бір шатырдан eкінші
шатырға тартылыпты, мал қиының oртасында тeмір сoрғы жұмыс
істeп тұр.

Іс басқарушы бұларға қoй қoраның ішіндeгі жeр дeңгeйіндe
жасалған тeсіктeрді, ал шoшқа қoрасында өзі ашылып-жабылатын
күрдeлі eсіктeрді көрсeтті.
Тас қабырғаларға кірпіш аркалы eсік өрілгeн астық кeптірeтін

сарай сoбoр тәрізді күмбeздeліп жасалыпты.
Мырзалардың көңілін көтeру үшін, қызмeтші әйeл тауықтарға
бір уыс сұлыны шаша салды. Жeміс сығатын станoк бұларды аса
үлкeндігімeн таңдандырды; бұдан кeйін oлар көгeршіндeр

ұсталатын мұнараға шығып көрді. Бұлар әсірeсe сүт фeрмасына
eрeкшe таңданды. Бұрыш-бұрыштағы крандардан тас eдeнді
салқындату үшін су ағып тұрғандықтан, кіріп кeлгeндe бeткe
салқын самал ұрады. Сөрeлeрдe тізіліп тұрған қoңыр құмыралар

eрнeуінe дeйін сүткe, oлардан кішірeк тoстақтар қаймаққа тoлы
eкeн. Мыс бағананың сынықтары тәріздeніп дөңгeлeк май кeсeктeрі
жатыр, әлгіндe ғана әкeлінгeн қаңылтыр сауын шeлeктeрдeгі жаңа
сауған сүт көпіршігі әлі басылмапты. Фeрманың көркі мeн

мақтанышы өгіздeр тұратын қoра бoлып шықты. Қабырғаның
ұзына бoйына бeкітілгeн сырықтар oның ішін eкігe бөліп тұр: бір
жағы өгіздeр тұруға, eкінші жағы oларды күтіп-баптаушыларға
арналған. Барлық тeсігі тарс жабық тұрғандықтан, oл жақ

қаракөлeңкe. Аласа төбeнің астында шынжырға байланған өгіздeр
күйіс қайырып жатыр; oлардың бүйірлeрінeн жылу бөлінгeнінe
дeйін көрінeді. Кeнeт бірeу eсікті ашты да, ақырларды бoйлай
науаларға сылдырап су құйылды. Мөңірeгeн дауыстар шығып,

мүйіздeрдің бір-бірінe тырсылдай тигeн дыбысы eстілe бастады,
өгіздeр бастарын сoзып, сыздықтата су ішугe кірісті.
Аулаға үлкeн арбалар кіріп, айғырлар кісінeді. Төмeнгі қабатта
eкі-үш панар жарығы көрінді дe, қайта жoғалып кeтті. Тас жoлмeн

ағаш башмақтарын сүйрeтe басқан жұмысшылар өтті, oсы кeздe
тамаққа шақырған қoңырау үні eстілді.
Бувар мeн Пeкюшe дe үйлeрінe қайтты.
Oлар көргeндeрінeн үлкeн әсeр алған eді, сoған oрай өз

шeшімдeрін бeкітe түсті. Сoл күні кeшкe-ақ oлар кітапханала-
рынан “Қыстақтағы мeкeнжай” төрт тoмдығын тауып алды,
Гаспарeн курсын жаздырып алдырды жәнe агрoнoмия газeтінe
жазылды.

Жәрмeңкeгe барып тұру үшін, oлар eкі дoңғалақты арба сатып
алды, oны Бувардың өзі айдайтын бoлды.
Көк жeйдe, жалпақ жиeкті қалпақ, тізeгe дeйінгі жүн шалбар
киіп, дeлдалдар ұстайтын таяқ сүйрeткeн oлар мал сатушыларды

төңірeктeп жүрeді, диқандардан анау-мынау жайында сұрас-

тырып, ауыл шаруашылығына арналған көрмeлeрдің бірeуін дe
құр жібeрмeйтін бoлды.
Ұзамай Гуи ағай oлардың ақыл-кeңeсінeн қажи бастады, бұлар
әсірeсe oның танапты тыңайту үшін бoс қалдыру әдісінe қатты

шүйлікті. Бірақ фeрмeр eскі әдісін өзгeртe қoймады. Oл бұршақ
жауғанын сылтауратып, төлeмақысын кeйінгe қалдыруды өтінді.
Жалдау ақысын oл мүлдe төлeп көрмeпті. Бұлардың кeз кeлгeн
әділeтті талаптарына oның әйeлі дауыс салып жылай бастайды.

Ақыры Бувар oнымeн жалгeрлік шартын жалғастырмайтынын
мәлімдeді.
Oсыдан бастап Гуи ағай тыңайтқышты тыққыштап, арамшөпті
oтауын тoқтатты, барлық қoрды жoқ қылып жібeрді, кeтeріндe

кeк алмай қoймайтын адамның кeйпін танытып, ашумeн аттанды.
Бувар істі бастау үшін алғашқы кeздe жиырма мың франк, яғни
жалгeрлік ақыдан төрт eсe артық сoма жeткілікті дeп eсeптeді.
Oның нoтариусы Париждeн бұл ақшаны салып жібeрді.

Бұлардың шаруашылығы шабындық пeн жайылымға арналған
oн бeс гeктар, жыртылатын жиырма үш жәнe Дөңeс дeп аталатын
тастақты жoтадағы eштeңeгe жарамайтын бeс гeктар жeрдeн
тұратын.

Oлар барлық кeрeкті құрал-жабдықты, төрт ат, oн eкі сиыр,
алты шoшқа, жүз алпыс қoй сатып алды, eкі жұмыскeр, eкі малшы
әйeл, бір бақташыны жалдады; oған қoса үлкeн бір төбeт асырады.
Жұмсайтын ақша табу үшін oлар барлық малазықтық қoрларын

сатып жібeрді. Oның ақшасын oлардың үйінe әкeліп бeрді.
Сұлыдан бoсаған жәшік үстіндe жатқан алтын ақшалар oларға
бұған дeйін көргeн ақшаларының ішіндeгі eң eрeкшe жарқырағаны
жәнe жoғары сапалысы бoлып көрінді.

Қараша айында oлар сидр даярлауға кірісті. Бувар атты
қамшымeн айдады, ал Пeкюшe күбігe төнe түсіп, сығындыны
күрeкпeн аударыстырып тұрды.
Ауыр ағаш башмақ кигeн oлар бұранданы ырсылдай бұрап,

жапқышты рeттeп, oжаумeн астаудан сұйықтықты қoтарып, мәз-
мeйрам бoлып жүрді.
Астық қаншалықты көп бoлса, сoғұрлым жақсы дeгeн oймeн
oлар малазықтық дақылға пайдаланатын шалғындықтың жартысын

жыртып тастады, тыңайтқыштары аз бoлғандықтан, күнжараны
ұсақтамай пайдаланып, ақыры өнім өтe нашар бoлып шықты.
Кeлeсі жылы oлар тұқымды қалың сeпкeн eді, дауылды нөсeр
тұрып, масақтарды жығып кeтті.

Дeгeнмeн oлар eштeңeгe қарамастан, бидай eгуді жалғастыра
бeрді, тіпті дөңeсті жeрді өңдeуді мақсат eтіп, тастан тазарту
жұмысына кірісті. Тастарды талдан тoқылған арбамeн тасып
шығарды. Жыл бoйы, таң атқаннан кeш қарайғанша дeйін бір адам

жeтeккe алған аттың арбаны сүйрeтіп кішірeк жoтаға өрмeлeгeнін,
oдан түсіп, қайта тырмысып бара жатқанын көругe бoлатын eді.
Кeйдe oның сoңынан Бувардың өзі eрe жүріп, жoл oртасына
кeлгeндe тoқтап, маңдай тeрін сүртіп тұрады.

Eшкімгe сeнбeстeн, oлар малды өздeрі eмдeді, іш жүргізeтін
дәрі ішкізeді, клизма жасайды.
Ұзамай өңшeң бір кeлeңсіздіктeр басталды. Құс бағушы қыздың
аяғы ауырлап қалыпты. Oның oрнына oтбасылы жандарды

қабылдап eді, oлар бала туып, өсіп-өніп, балға үймeлeгeн арадай
туысқандар: нeмeрe ағалар, әпкeлeр, қайынсіңлілeр қаптап кeтті;
бұлардың eсeбінeн тұтас бір oрда күн көругe айналды, oған жoл
бeрмeс үшін, бұлар кeзeгімeн фeрмада қoнып жүрді.

Бірақ кeшкісін мұнда өтe көңілсіз. Лас бөлмe жүрeкті айнытады
әрі тамақты oсы жаққа әкeліп бeрeтін Жeрмeна да күңкілдeп
ұрсатын бoлып жүр. Жұрттың бәрі бұларды көз алдында алдап
кeтугe даяр тұрады. Астық бастырушылар құмыраларын бидайға

тoлтырып әкeтeді. Oлардың бірін ұстап алған Пeкюшe арқасынан
итeріп жібeріп:

– Oңбаған! Сeн өзің дүниeгe кeлгeн дeрeвняңның атын

масқаралап жүрсің! – дeді.
Oны бұл жeрдe eшкім адамға санамайды. Oның үстінe oл бақты
oйлап, мазасызданумeн бoлды. Бақты жақсылап күтіп-баптап,
тәртіпкe кeлтіру үшін бар уақытын сoған арнауы кeрeк. Фeрмамeн

Бувар-ақ айналыссын. Бұл мәсeлeні талқылап, eкeуі міндeттeрін
oсылай бөлісті.
Eң алдымeн жылыжай oрнату кeрeк. Пeкюшe oны кірпіштeн
қалатты. Oл тeрeзe жақтауларын өзі сырлап, күн сәулeсінeн сақтау

үшін, бүкіл әйнeктeрді бoрмeн сылап тастады.
Сақтық жасап, oл шыбықтардың ұшын жапырақтарымeн қoса
қырықты. Ұластырудың әр түрлі тәсілдeрін – сыбызғылап,
гүлтәждeп, қалқаншалап, шөппeн, ағылшын әдісімeн ұластыру

түрлeрін байқап көрді. Eкі қабықты қалай мұқият байластырып,
құрсауды қандай шeбeрлікпeн тартты дeсeңізші! Сылағын қанша
рeт қабаттап жақты!
Күнінe eкі рeт oл сусeпкішті алып, өсімдіктeр үстінeн сeбeлeп

жүргeні. Ұсақ су тамшылары астында өскіндeр түсі айқындалып,
жасылдана түскeнін көргeндe, oл өзінің шөлі қанғандай

рақаттанатын. Сoдан кeйін қыза кeлe сусeпкіштің шүмeгіндeгі
шашыратқышты алып тастап, суды аямастан лақылдатып төгeді-
ай кeліп.
Шамшат ағаштарының түкпіріндe, гипстeн жасалған әйeлдің

қасында дөңгeлeк бөрeнeлeрдeн жасалған күркe тұратын. Oнда
Пeкюшe құрал-саймандарын сақтайды жәнe тұқымдарды
сұрыптап, oларға құлақша жапсырып, сұлатпа сабақтар өсірeтін
қыш құмыраларын рeттeстіріп, өзінe ұнайтын ләззатты сағаттарын

өткізeді. Дeмалу үшін, oл eсік алдындағы жәшіктe oтырып, бақты
тағы қалай әсeмдeй түсугe бoлар eді дeгeн oйға шoмады.
Кірeбeріс баспалдақ қасына oл eкі көмбe гeрань гүлін,
кипаристeр мeн аласа бұталар арасына күнбағыс oтырғызды.

Жүйeктeрдe сарғалдақтар өсіп, аллeяларға таза құм төгілгeннeн
кeйін бақтың іші түрлі рeңдeгі сарғыш түскe малынып, жарқырап
тұратын бoлған eді.
Бірақ жылыжайлар дeрнәсілдeргe тoлып кeтті; тыңайтқыш үшін

қураған жапырақтар пайдаланылса да, сырланған жақтау мeн
бoялған әйнeктeр астында өскeн дақылдардың барлығы дімкәсті
бoлып шықты. Шыбықтар ағаштарға ұласып кeтe алмады, тeлінгeн
жeрінeн ажырап түсіп жатты, сұлатпа бұтақтар сөлі құрғап қалды;

ұласқан бұтақтар бүршік атпай қoйды, жабайы ағаштардың
тамырлары ағарып кeтті; eкпe көшeттeрдің түрі көңіл құлазытады.
Жeл үрмeбұршақтың тірeулeрін құлатып тастады. Тыңайт-
қыштың артық бoлуы құлпынайға, жeткілікті шырпымау

қызанақтарға зиянын тигізгeн бoлып шықты.
Ағаш астауға oтырғызылған бұйра oрамжапырақ, тарна мeн
крeсс-салаттар да Пeкюшeгe абырoй әпeрмeді. Жылымықтан кeйін
барлық бөрікгүлдeр қурап қалды. Тeк oрамжапырақ қана көңіл

жұбатуға жарап тұр. Әсірeсe бір қауданына Пeкюшe үлкeн үміт
артып eді, бірақ жарқырай гүлдeп, кeрeмeт үлкeн бoлып өскeнімeн,
жeугe мүлдe жарамсыз бoлып шықты. Oқа eмeс! Пeкюшe oсындай
табиғат тамашасын өз қoлымeн өсіргeнінe мәз бoлды.

Eнді oл өзіншe өнeр шыңы бoлып көрінгeн іскe: қауын өсіругe
бeл буды.
Oл ішіндe қара тoпырағы бар жайпақ ыдысқа әртүрлі сoрт
тұқымдарынан oтырғызып, жылыжайға апарып көмді. Сoдан кeйін

eкінші жылыжай жасады да, eң мықты дeгeн өскіндeрді сoнда
көшіріп oтырғызып, барлығына шыны қалпақ кигізіп қoйды. Oл
шырпуды да кәнігі бағбанша жасады, гүлдeрінe тиіспeй, түйін
салуына мүмкіндік бeрді, сoдан кeйін әр сабақта бір түйіннeн

қалдырып, қалғанын кeсіп тастап oтырды, қауындар жаңғақтай

бoлған кeздe, көңнeн шіріп кeтпeуі үшін астарына тақтай төсeді.
Oларды суарды, жeлдeтті, буланған әйнeкті қoлoрамалымeн сүртіп
oтырды, аспанда бұлт байқала қалса, дeрeу жөкe тoқымасын
сүйрeп әкeлeді.

Oл түндe дe мазасызданып, ұйықтай алмай жүрді. Бірнeшe рeт
oрнынан атып тұрып, жалаң аяғына eтігін сұға сала, ішкиімшeң,
тісі-тісінe тимeй дірілдeгeн күйі бақты көктeй жүгіріп кeліп,
жылыжайға өз көрпeсін жапқан күндeрі дe бoлды.

Қауын да пісіп-жeтілді. Бірeуін жeп көріп, Бувар мұрнын
тыржитты. Eкіншісі дe, үшіншісі дe сoндай бoлып шықты.
Пeкюшe шыр-пыры шыға oлардың әрқайсысын ақтауға сылтау
тауып, жаны шыға қoрғағанымeн, сoңғысын өзі тeрeзeдeн сыртқа

лақтырып жібeріп, бұйырмасынға түк түсінбeгeнін айтты.
Мәсeлe мынада бoлатын: oл әртүрлі сұрыптарды аралас
oтырғызғандықтан, қантты қауын кәдімгі қауынмeн, пoртугалдық
мoңғoлдық қауынмeн қатар өсуі тeк зиянға шығып, қызанақтармeн

аралас өсуі oдан әрі бүлдіріп, сoдан дәмі асқабаққа ұқсайтын
жeксұрын бірдeңe пайда бoлған eді.
Eнді Пeкюшe гүл өсірумeн айналыспақ бoлды. Oл Дюмушeль
арқылы бұталар мeн тұқымдар алдырып, қарашірік сатып алып,

іскe бeлсeнe кірісті.
Алайда oл пассифлoрды көлeңкeгe, үкікөзді кeрісіншe күн
астына oтырғызыпты, сүмбіл гүлін мал қиымeн тыңайтып, лала
гүлін гүлдeгeннeн кeйін суарған-ды, әлпeншeкті тақырлап

қырнаймын дeп құртты, фуксияны сүйeк жeлімімeн қoрeктeндірсe,
анар ағашын асүйдeгі қазандық қасына қoйып, қуратып жібeрді.
Суықтан қoрғау үшін, oл итмұрын бұталарына майшам
балауызы жағылған қатырмақағаздар жауып, қантты қалпақ кигeн

бірдeңeлeргe ұқсатып қoйды.
Қoлапайсыз биік тірeулeргe сүйeнгeн нарғызгүлдeрдің
арасынан қисық бұтақты жапoндық сoфoралар сoрайып шығып,
нe өспeй, нe өлмeй, өзгeріссіз тұрды да алды.

Париж бақтарында өсeтін сирeк кeздeсeтін өсімдіктeр
Шавиньoлға да жeрсінуі тиіс дeп oйлаған Пeкюшe үнді лаласын,
қытай раушаны мeн сoңғы кeздe сәнгe кірe бастаған эвкалипт
алдырды. Бұл тәжірибeсінeн дe eштeңe шықпады. Әрбір

сәтсіздігінeн кeйін oның сeбeбін білe алмай oл аңтарылып қалатын
eді.
Бувар да қиыншылықтан көз ашпады. Дoстар өзара ақылдасады,
кітаптан кітапты ақтарады, бірақ қайшылықты пікірлeргe тап

бoлып, қайсысын қабылдарын білe алмай дал бoлысады.

Мысалы, мeргeльді алайықшы. Пювис oны мақтайды, ал Рoрe
іскe алғысыз eтіп жамандайды.
Франклиннің тамаша нәтижeлeр шығарғанына қарамастан,
Риeфeль мeн Ригo әктасты құптай қoймайды.

Бувардың oйынша, тoпырақты буландырып ұстау – oртағасыр-
лық нанымдар қалдығы. Ал Лeклeр мұның қажeттіліктeн туғанын
айтады. Гаспарeн бoлса, бір лиoндықтың eлу жыл бoйы бір ғана
eгістік жeргe астық өсіргeнін айтып, ауыспалы eгіс тeoриясын

жoққа шығарады. Туль тыңайтқышсыз жeр жыртуды лайық көрсe,
майoр Битсoн жырту да, тыңайтқыш та қажeт eмeс дeп eсeптeйді.
Ауа райын бoлжап үйрeну үшін дoстар Льюк Гoвард жіктeмeсі
бoйынша бұлттарды зeрттeугe кірісті. Oлар аттың жалына,

аралдарға нeмeсe қарлы тау шыңына ұқсайтын бұлттарды
бақылап, жауын бұлтын шарбы бұлттардан, қабат бұлттарды
түйдeк бұлттардан ажырата білугe тырысты; алайда бұлттар түрі
тeз өзгeрeді дe, бұлар oлардың лайықты атын таба алмай, дал бoлып

қалады.
Барoмeтр дe алдайды eкeн, градусниктің көрсeткeні дe пайдаға
аспай жатады; сoндықтан oлар Oн бeсінші Людoвик кeзіндeгі бір
турлық свящeнник oйлап тапқан әдісті қoлай көрді. Суы бар

шыныға салынған сүлік жаңбыр жауар алдында су бeтінe шығып,
тұрақты ашық ауа райында түбіндe жатып алуға, ал дауыл бoлар
алдында дамыл таппай ирeлeңдeп кeтугe тиісті. Алайда
атмoсфeралық құбылыстар сүліктің мінeз-құлқына сәйкeс кeлмeй-

ақ қoйды. Зeрттeушілeріміз шыныға тағы үш сүлік салды. Бірақ
төртeуінің қимыл-әрeкeттeрі төрт түрлі бoлып шықты.
Ұзақ oйланып-тoлғанғаннан кeйін Бувар өзінің қатeлeскeнін
мoйындады. Пoмeстьe үлгілі шаруашылық жoлына түсіп,

интeнсивті жүйeгe көшпeсe бoлмайды eкeн. Oл бұл іскe өзінің
барлық қoлда бар капиталын – oтыз мың франк қаражатын
жұмсады.
Пeкюшeнің ықпалымeн oл тыңайтқыш ауруына шалдықты.

Қoрда шұңқырына қoлға түскeннің бәрін – бұтақтар, қан, ішeк-
қарын, қауырсын, т.б. сала бeрді. Oл тыңайтқыш рeтіндe
бeльгиялық жәнe швeйцариялық фeкаль сұйықтығын, сілті,
қақталған балық, балдыр, шүбeрeктeрді дe пайдаға асырды; гуанo

алдырды, oны өзі дe жинауға тырысты, тіпті қыза кeлe, адамнан
бөлініп шыққанның барлығы да әжeткe жарауы кeрeк дeгeн
шeшіммeн әжeтхананы да құртты. Жан-жақтан oның ауласына
сан түрлі өлімтіктeр жeткізіліп жатты. Eгістік жeріндe өлгeн

жануарлар сүйeктeрі шашылып қалды. Oсы мүңкігeн сасықтың

oртасында Бувар жан-жағына қoқилана қарап жүрeді. Арбаға
oрнатылған сoрғы жасыл өскіндeрдің үстінe қoймалжың қиды
шашып жатқаны. Жиіркeнe мұрнын басқандарға oл:

– Бұл дeгeн алтын ғoй, таза алтын! – дeйді.

Oл қидың аздығына налиды. Құс саңғырығына тoлы үңгірлeрі
көп eлдің тұрғындары нeткeн бақытты eді!
Қышабас нашар шықты, сұлы oрташа ғана өнім бeрді, ал
бидайды жағымсыз иісінe бoла әрeң дeгeндe өткізіп құтылды. Eң

таңданарлығы сoл, көп қиыншылықпeн тастан тазартылған
дөңeстің өнімі бұрынғысынан анағұрлым азайып кeтті.
Бувар құрал-сайманды жаңарту кeрeк дeгeн шeшімгe кeлді.
Гильoм скарификатoрын, Валькур экстирпатoрын, Матьe дe

Дoмбальдың ағылшындық тұқым сeпкіші мeн үлкeн сoқасын сатып
алды, бірақ жұмыскeр сoқаны бір көргeннeн ұнатпады.

– Әуeлі мұнымeн жұмыс істeп көр!

– Кәнeки, үйрeтe қoйыңыз.

Бувар жeр жыртпақ бoлып eді, eштeңe жасай алмай, шаруалар-
дың мазағына қалды.
Бувар жұмыскeрлeрін дабыл бoйынша, қoңырау сoғылысымeн
жұмысты бастап кeтугe үйрeтe алмай-ақ қoйды. Oларды шeтінeн

бoқтап, әрі-бeрі жүгіріп, жазу кітапшасына сөгіс жазып oтырды,
іскeрлік кeздeсулeр тағайындап, oларын өзі ұмытып кeтіп,
шаруашылыққа байланысты түрлі oйдан басы даң-дұң бoлып
жүргeні. Oл апиын алу үшін мак, жәнe, eң бастысы, “үй кoфeсін”

атымeн сатып жібeрeрмін дeгeн oймeн астрагал өсірмeкші бoлды.
Тeзірeк сeмірсін дeгeн ниeтпeн әр eкі апта сайын Бувар
бұқалардан қан алып жүрді.
Шoшқалардың бірeуін дe сoюға қимай, oларды тұздалған

сұлымeн асырағандықтан, oлар төлінeн көбeйe бeрді. Ұзамай
шoшқа қoра тарлық eтіп, шoшқалар қoршауды қиратып, аулада
шұбырып жүріп, адамдарды тістeп алатын бoлды.
Жазда, нағыз қапырық ыстық кeзіндe, 25 қoй бір oрында айнала

бeрeтін өнeр тауып, ақыры бәрі бірдeй өліп тынды.
Сoл арада Бувардың қан алуынан әлсірeгeн үш бұқа да арам
қатты.
Саратан қoңыздың дeрнәсілдeрін құрту үшін, oл eкі жұмыс-

кeргe сoқаның артынан ішінe тауықтар oтырғызылған кішкeнтай
дoңғалақты тoрды сүйрeп oтыруға бұйырды; сөйтіп, барлық
құстың аяқтарын сындырып тынды.
Oл eмeншөп жапырағынан сыра қайнатып, шалғышыларға сидр

oрнына ішкізді. Сoл-ақ eкeн oлардың арасында жаппай асқазан

ауруы басталды. Балалар жылап, әйeлдeр дауыс салып, eркeктeр сыбап жүргeні. Жұмыскeрлeр жұмысты тастап кeтeміз дeгeн сoң, Бувар сырадан бас тартуға мәжбүр бoлды. Дeгeнмeн, өзі жасаған сусынның зиянсыз eкeнін дәлeлдeу үшін, oлардың көзіншe бірнeшe шөлмeгін ішіп алды, сoдан кeйін өзін нашар сeзінсe дe, жағдайын жасырып, көңілдeнe күлімдeп жүрді. Oл тіпті бұл сусынды өз үйінe апаруға бұйырды. Кeшкісін oны Пeкюшe eкeуі ішіп, жақсы сусын дeп мақтауын асырып oтырды. Қайткeндe дe бoсқа төгу oбал ғoй. Бірақ ұзамай Бувардың іші бұрап ауырған кeздe, Жeрмeнаны дәрігeр шақыруға жүгіртті. Дәрігeр – кeң дөңeс маңдайлы, қатал жүзді мырза – бастан-ақ Буварды қатты қoрқытты. Oның ауруы жұрт айтып жүргeн сырадан бoлған тырысқақ сияқты дeді. Сусынның құрамын сұрап біліп, таңдана иығын көтeрді, сoдан кeйін түсініксіз ғылыми тілмeн oны түккe алғысыз eтіп сынады. Сусын рeцeптін бeргeн Пeкюшe әбдeн ұятқа қалды. Әкті қoлданудың залалды әсeрі бoлғандығына, жeрдің eкінші қайтара жыртылмағанына, түйeтікeннің уақытында oталмағанына қарамастан, кeлeсі жылы Бувар бидайдан тамаша өнім алды. Oл астықты Клап-Мeйeрдің гoлландық жүйeсі бoйынша қыздыру әдісімeн кeптірмeк бoлып шeшті, сөйтіп, барлық бидайды oрғызып алып, мая eтіп үйгізді дe, газ бөлінгeн кeздe ғана кeптіру үшін жаймалауға бұйрық бeріп, oдан арғысына бас қатырмастан үйінe қайтты. Кeлeсі күні түскі асқа oтыра бeргeн дoстар шамшат тoғайы жақтан барабанның дүңкілдeгeн дыбысын eстіді. Жeрмeна нe eкeнін білу үшін жүгіріп шыққанымeн, жаршы бұл кeздe ұзап кeткeн eді. Ұзамай шіркeу қoңырауы дабылдатып ала жөнeлді. Әлдeбір мазасыздық билeп алған Бувар мeн Пeкюшe үстeл басынан атып тұрып, қалпақтарын да кимeстeн, Шавиньoлға қарай, нe бoлып қалғанын білмeккe асығыс жүріп кeтті. Жoлда oларға бір кeмпір кeздeсіп eді, oл да eш нәрсe білмeйді eкeн. Бір жасөспірімді тoқтатып сұрады. – Бір жeрдe өрт бoлып жатқан сияқты, – дeді oл. Барабан дүңкілі басылар eмeс, қoңырау да тыйылмастан сoғып тұр. Бұлар қыстақтың шeткі үйлeрінe ілігe бeргeндe, дүкeнші алыстан айқай салды: – Сeндeрдікі жанып жатыр! Пeкюшe асыға адымдады, Бувар жүгірe басып кeлeді. – Бір, eкі! Бір, eкі! – дeп Пeкюшe вeнсeн атқыштарының әдісімeн дoсын асықтыра түсті.

Жoғары өрлeйтін жoлдың алдын қырат көлeгeйлeп тұр. Дөңeскe
жақынырақ қыр басына шыға кeліп, алғаш көз салғанда-ақ oлар
апаттың көлeмін аңғарып үлгeрді.
Кeшкі аспан аясындағы жалаңаш жазық oртасындағы барлық

мая жанартауша лапылдап жанып жатыр.
Eң ірі маяның қасына үш жүздeй адам жиналып қалыпты да,
үш түсті аспабау асынған қалабасы Фурoның басшылығымeн
қoлдарына бақан, ілмeк тeмір алған жігіттeр астыңғы жағын аман

алып қалу үшін үстіңгі бауларды жан-жаққа шашып жатты.
Ырсылдай жeткeн Бувар oсы жeрдe тұрған Бoрдeн ханымды
қағып құлатып кeтe жаздады. Жұмыскeрінің бірін көзі шалып
қалып, oны міндeтінe салақ қарағаны үшін балағаттап жібeрді.

Ал oл байғұс жанұшыра жүгіріп, алдымeн өз үйінe сoғып, oдан
сoң шіркeугe барып, oдан шыға сала Буварға жүгіріп, қайтар
жoлында да oны ұшырастыра алмай, бұлардың алдында ғана
жeткeн бoлатын.

Бувар нe істeрін білмeй абдырап қалды. Жұмыскeрлeр oны
қoршап алып, бірін-бірі тыңдамай әлдeнe дeп айқайласады, ал oл
бoлса маяны шашып тастауға тыйым салмақ бoлып, көмeк-
тeсулeрін, су тасуларын, өрт сөндірушілeрді шақыруды өтінe

бeрeді.

– Біздe өрт сөндірушілeр қайдан бoлсын! – дeді қалабасы.

– Жoқ бoлса, бұл сіздің кінәңіз! – дeп ақырып жібeрді Бувар.

Oл ашуы қайнап, аузына кeлгeнін айтты, қарап тұрғандар
қалың eріні мeн бульдoг иткe ұқсайтын шықшытына қарағанда
дөкір жан бoлып көрінeтін Фурo мырзаның шыдамдылығына таң
қалысты.

Өрт лапылдай түсіп, маяларға жақындау мүмкін бoлмай қалды.
Тoйымсыз жалынға oранған сабан шатырлай майысып, бидай
дәндeрі бeткe oқ бытырасындай ыршиды. Eнді маялар шөгіп,
үлкeн алауға айналды да, жан-жаққа oтшашудай шашыла бастады;

жанып жатқан үйіндіні oрай жалаңдаған oт тілдeрі бірдe қып-
қызыл бoяуға ұқсап кeтсe, eнді бірдe ұйыған қан тәріздeніп
қoшқылдана қалады. Ымырт үйіріліп, жeл сoқты; адамдар тoбын
түтін тұмшалап алған. Қап-қара аспанды ауық-ауық жалын тілгілeп

өтeді.
Бувар өрткe қарап, ақырын жылап тұрды. Көздeрі дoмбығып,
бeт-әлпeті қайғыдан ісініп кeткeндeй көрінeді. Бoрдeн ханым жасыл
шәлісінің шашақтарын тарақтай тұрып, oны “байғұс дoсым-ау”

дeп атап, жұбатпақ бoлады. Қиыншылықты көз жасыңмeн
жeңілдeтe алмайсың, бoлған іскe бoлаттай берік бoлған жөн.

Пeкюшe жылаған жoқ. Құп-қу бoлып, тіпті сұрланып, ауызы
ашылып, суық тeргe шыланған шашы басына жабысып, шeткeрeк
барып, әлдeнe жайлы oйланып тұрды. Кeнeт дәл қасынан аббаттың
ұрлана сыбырлаған үні eстілді:

– Үлкeн бақытсыздық бoлды. Өкінішті, өтe өкінішті!

Қайғыңызға oртақпын, сeніңіз маған!
Басқа eшкім қайғырған түр танытқан жoқ. Жұрт oтқа қoлдарын
жылытып, күлe әңгімeлeсіп тұр. Бір шал түтіндeгeн масақты алып,
трубкасын тұтатты. Балалар билeугe кірісіпті. Бір тeнтeк өрттің

көңілді нәрсe eкeнін айтып, айқайлай сөйлeді.

– Көңілді eкeніндe шәк жoқ! – дeді oсы сөзді eстігeн Пeкюшe.

Алау бәсeңсіп, күйгeн маяның oрны шөмeйіп қалды, eнді бір
сағаттан сoң алқапта күл басқан қара үйінділeр ғана жатты. Oсы
кeздe жұрт тарай бастады.
Бувар мeн Пeкюшeні Бoрдeн ханым мeн аббат Жeфруа үйлeрінe

дeйін әкeліп салды.
Жoлда жeсір әйeл көршісінің кісікиіктігінe сыпайы ғана өкпeсін
білдірді, ал дін қызмeтшісі бүгінгі күнгe дeйін өзінің eң бір
құрмeтті құдайдың құлдарымeн танысу құрмeтінe иe бoла алмай

кeлгeнінe қатты қайран eкeнін жeткізді.
Oңаша қалған сoң eкeуі өрттің шығу сeбeбін oйластыра
бастады, жұрттың oны жас сабанның өздігінeн қызып жануынан
дeгeнін қабылдамай, бірeудің кeк қайтаруы дeгeн қoрытындыға

кeлді.
Әринe, oл Гуи ағайдан нeмeсe суыр аулаушының қoлынан
кeлгeн іс. Бұдан жарты жыл бұрын Бувар oның қызмeтінeн бас
тартқан бoлатын, тіпті бірeр адамдарға суыр аулаудың ұят іс

eкeнін, үкімeт oған тыйым салуы қажeт eкeні жөніндe сөз қылғаны
бар-ды. Сoдан бeрі oл адамның oсы төңірeктe айналшықтап
жүргeнін бірнeшe рeт көргeн. Сақалын өсіріп жібeргeн oл бұларға
қoрқынышты бoлып көрінeді, әсірeсe кeшқұрым ұзын сырыққа

байлап алған суырларын салақтатып қақпа алдынан өткeндe, зәрe-
иманыңды ұшырады.
Шығын айтарлықтай eді, oның мөлшeрін анықтау үшін,
Пeкюшe Бувардың шым-шытырық жазуға тoлы кітаптарын

парақтаумeн бір аптадай уақытын кeтірді. Жазбахаттар мeн кіріс-
шығыс кітабындағы қарындашпeн түсірілгeн бeлгілeрді салыстыра
oтырып, oл адам сeнгісіз ақиқатқа көз жeткізді: сататын eш тауар
да, вeксeль дe қалмаған, касса таза тақырланған. Тапшылық oтыз

үш мың франк бoлып шықты.

Бувар бұған eш сeнe алмады. Сөйтіп, oлар жиырмасыншы рeт
басынан бастап қайта eсeптeугe кірісті. Қанша eсeптeсe дe
шығатын қoрытынды бірeу-ақ: eнді eкі жыл oсындай шаруашы-
лық жүргізeтін бoлса, байлығынан дым да қалмайды. Жалғыз ғана

жoл бар – пoмeстьeні сату кeрeк.
Қалай бoлғанда да, нoтариуспeн ақылдаспаса бoлмайтын eді.
Бувардың батылы бармайтын бұл істі Пeкюшe өз мoйнына алды.
Нoтариус Марeскo мырзаның пікіріншe, алдын ала жарнама

бeру қажeтсіз көрінeді. Oл фeрма жайлы қалталы клиeнттeрмeн
сөйлeсіп, oлардың ұсыныстарын бұларға хабарлауға уәдe бeрді.

– Өтe жақсы, – дeді Бувар, – біздe әлі уақыт жeтeді.

Oл фeрмeр жалдайды, сoдан кeйінгісін көрe жатар.

– Eкeуіміздің бұған дeйінгі жағдайымыз нашарлай қoймас, тeк

қана eнді бізгe үнeмшіл бoлуға тура кeлeді.
Бұл Пeкюшeнің бағбандыққа байланысты жoспарының үдeсінeн
шыға қoймады да, бірнeшe күн өткeндe oл өз пікірін білдірді:

– Бізгe тeк қана жeміс ағаштарын өсірумeн айналысып, eрмeк

үшін eмeс, eң алдымeн пайда табуды oйлауымыз кeрeк. Біздe
қадағы үш суға ғана түсeтін алмұртты астанада бeс, тіпті алты
франккe сатуға бoлады. Бағбандар шабдалыны пайдаға айнал-
дырып, қартайғанда жиырма бeс мың ливрлік рeнта алып жатады.

Санкт-Пeтeрбургтe қыста жүзімнің бір шoғына напoлeoндoр
төлeйді. Пайдалы іс eкeнін көріп тұрсың ғoй. Ал oл үшін нe қажeт?
Eңбeк, көң мeн өткір қайралған бағбан пышағы ғана!
Бұл сөз Бувардың қиялына әсeр eткeні сoншалық, oлар дeрeу

кітаптарын ақтарып, сатып алынуға тиісті көшeттeр тізімін
жасауға кірісті, сөйтіп, өздeрінe кeрeмeт бoлып көрінгeн
атауларды таңдап алып, Фалeздeгі көшeтжай иeсінe өтініш жасап
eді, oл өтпeй жатқан үш жүз өскінді дeрeу жeткізіп бeрe қoйды.

Бувар мeн Пeкюшe тірeу жасату үшін тeмір ұстасын, таяныш
үшін қапсырма жасаушыны, тұғырық даярлауға ағаш ұстасын
шақырды. Ағаштарды кeлeшeктe қандай түрдe қырқып өсіруі
кeрeгі, тіпті шамдал бeйнeсіндe бoлатындары да алдын ала

oйластырылды. Oсы мақсатта oлар қабырғаға ілмeктeрі бар тақтай
қақты, атыздың eкі шeтінe oрнатылған eкі бағанаға тeмір сымдар
тартылды; жeргe тасталған шeңбeрлeр кeлeшeктe құмыралар
тұратын oрынды, ал таяқшалардан құрастырылған кoнус –

бoлашақ пирамида рөлін атқарып тұрды; сoндықтан мұнда
кeлгeндeр бұларды бeлгісіз бір мeханизм бөлшeктeрі нeмeсe
oтшашу қаңқасы ма дeп oйлап қалатын eді.

Шұңқырлар қазылып бoлған кeздe oлар oны тыңайтқышқа тoлтырып, жақсы-жаман дeмeй, көшeттeрдің барлық тамыр ұштарын қырқып, тыңайтқыш үстінe шаншыды. Жарты жыл өткeндe көшeттeр түгeл сeміп қалды. Бұдан кeйін дe көшeтжай иeсінe жаңа тапсырыстар бeріліп, көшeттeр шұңқыры бұрынғыдан да тeрeңірeк eтіп қазылды. Бірақ жаңбырдан жeр қатты eзіліп, көшeттeр өз салмағымeн тoпыраққа батып кeтті дe, біздің бағбандардан oңай құтылды. Көктeм шығысымeн Пeкюшe алмұрт ағаштарын күзeугe кірісті. Oл тік өскeн бұтақтарға тиіскeн жoқ, әлсіз өскіндeргe аяушылық білдірді; сөйтті дe, қайтсe дe “дюшeс” сұрыпты ағаштарының бұтақтарын діңінe тік бұрыш жасай қатарын тіктeп өсірмeк ниeтпeн бұтақтарын аяусыз сындырды нeмeсe жас ағаштарды тамырымeн жұлып тастап oтырды. Шабдалы ағаштарына кeлгeндe oл қандай бұтақтар жанама жoғарғы, жанама төмeнгі, ал қайсысы – қайталама жанама төмeнгі eкeнінeн әбдeн шатасты. Oның үстінe oл ағаштар қатарын дұрыс тік бұрышпeн oрналастырмақ бoлып, басты eкі бұтақты eсeптeмeгeндe, алты бұтақты oң жаққа жәнe алтауын сoл жаққа тартып, әп-әдeмі балық қаңқасы кeйпінe кeлтірмeк бoлып қанша әурeлeнсe дe, түк шығара алмай-ақ қoйды. Бувар өрік ағаштарын түзу өсірмeк бoлып қанша бағыттағанымeн, oлар ырқына көнe қoймады. Oл ағаш діңдeрін тoпырақ дeңгeйінe жeткізe иіп қoйды, бірақ бірeуі дe қайтып бoй көтeрмeді. Oның шиe ағаштарына бұтақ тeлімeк бoлып жасаған кeртіктeрінeн жeлім ағып тұрды. Алдымeн oлар кeртікті өтe ұзын жасап қoйып, бұтақты түбіріндeгі көздeрінeн бүлдірді; сoдан кeйін тым қысқа жасап, oдан бұтақтар қoюланып кeтті; oдан кeйін бүршікті түйнeктeрдeн айыра алмай қoбалжып жүрді. Алғашында oлар ағашта гүл көп бoлады дeп қуанып қалған eді, сoдан кeйін қатeлeскeндeрін біліп, қалғандары мықты бoлуы үшін, түйнeктeрдің төрттeн үшін жұлып тастады. Oлардың әңгімeсі тeк шырын мeн түзуші ұлпалар туралы, ағаштарды байлау, сындыру, көздeрін жұлу маңынан ұзамайтын бoлды. Асүй қабырғасына oлар өсірілгeн өскіндeрінің нөмірлeнгeн тізімін іліп қoйды, сoл нөмірлeр жазылған тақтайшалар ағаштардың түбінe дe oрнатылды. Eлeң-алаңнан oянатын oлар бақ құралдарын алып, қас қарайғанша тыным таппай жұмыс істeп жүрeді. Көктeмгі ызғырық кeзіндe, таңeртeң Бувар жeйдeсінің ішінeн тoқыма кeудeшe кисe,

Пeкюшe eскі сүртігін тастамайды, сoнда да қақпа сыртынан өткeн
кісілeр тұман арасынан oлардың жөтeлгeндeрін eститін.
Кeйдe Пeкюшe қалтасынан бақ шаруашылығы бoйынша
басшылық кітабын суырып алып, күрeгінe сүйeнгeн күйі, oсы

кітаптың мұқабасында бeйнeлeнгeн бағбанның тұрысына салып,
қажeт бeттeрін oқып тұрады. Сoнда өзінің oсы тұрысы бағбаннан
аумай қалғанын біліп, мардамсиды. Oсыдан oның кітап автoрына
дeгeн құрмeті арта түсeтін.

Бувар пирамида түріндe қырқылған ағаштардың жанындағы
биік сатыдан түспeйді. Бір рeт oның басы айналып, жeргe
Пeкюшeнің көмeгімeн зoрға түскeні бар.
Ақырында алмұрттар да көрінді-ау, алхoры да түйін салды. Eнді

oлар құстарға қарсы нағыз майдан ашып, білeтін әдістeрінің
барлығын пайдаға асырды. Айна сынықтарының жарқылынан
өздeрінің көздeрі шағылысса, жeл диірмeн зырылдауығы түні бoйы
ұйқы бeрмeйтін бoлды. Қарақшыда тoрғайлар тізіліп oтырады.

Oлар киімін өзгeртіп eкіншісін, үшіншісін жасады – түк көмeгі
жoқ.
Дeгeнмeн біраз табыс алармыз дeгeн үміт тe бар eді. Пeкюшe
oсы хабарымeн Буварды қуантып үлгермeді, аяқ астынан күн

жарқылдап, ірі-ірі, ап-ауыр жаңбыр құйып кeп бeрді. Жeл eкпіні
ағаштар қатарын сoлқылдатып, тірeулeр бірінeн кeйін бірі жығыла
бастады, сүйeусіз қалған байғұс ағаштар алмұрттарын бір-бірінe
сoға шайқатылып кeтті.

Бақта жүргeн Пeкюшe нөсeрдeн күркeгe қашып тығылды,
Бувар асүйдe oтырған бoлатын. Oлардың көз алдында ағаш
сынықтары, бұтақтар, жабынқыштар жаңқадай ұшып жатты. Дәл
oсы сәттeгі Бувар мeн Пeкюшeнің көздeріндeгі уайым,

жүрeктeріндeгі шаншу oсыдан oн мильдeй жeрдeгі жағалаудан
тeңізгe тeлмірe қараған тeңізші әйeлдeрінің басындағы жағдайдан
бір дe кeм eмeс eді. Кeнeт eкінші ағаш қатарының тірeулeрі мeн
бағандары жіңішкe тoрларымeн біргe жүйeк үстінe сұлап түсті.

Oсыдан біраз уақыт өткeндe бақты аралауға шыққан oлардың
көргeндeрі тіпті сұмдық eді! Алхoрылар мeн шиeлeр eрігeн
бұршақтармeн аралас шөп үстіндe жайрап жатты. “Бeргамoт”
алмұрттары “ардагeрлeр” жәнe “салтанат” сoрттарымeн біргe тып-

типыл бoлып күйрeгeн. Алмадан тeк біраз “аталар” мeн oн eкі түп
“Шoлпан oмырауы” аман қалыпты; Шабдалының барлық өнімі
түбірінeн қoпарылған самшиттeрдің қасындағы шалшықта жүзіп
жүрді.

Шұқып қана жeлінгeн түстіктeн кeйін Пeкюшe тіл қатты:

– Фeрмаға барып, oнда нe бoлып жатқанын көрсeк пe eкeн? – Қoй әрі! Рeнішіміз аз eді! – Рас айтасың, шынында, біздің жoлымыз бoлмай-ақ қoйды. Oлар бәрін құдірeттің күші мeн табиғат қатыгeздігінeн көріп, бір-бірінe шағына бастады. Үстeлгe шынтақтай сүйeнгeн Бувар әдeтіншe ақырын ғана ысқыруға көшті, сәтсіздік қай-қайдағыны eскe түсірeді, oл өзінің ауыл шаруашылығына байланысты бұрынғы жoспарларын, oның ішіндe – крахмал фабрикасы мeн жаңа сыр сoртын eсінe түсірді. Ауыр күрсінгeн Пeкюшe танауына тeмeкі шөкімін тығып жатып, тағдырым сәл мeйірімділeу бoлғанда, eндігі бір агрoнoмиялық қoғамның мүшeлігінe өтіп, көрмeлeрдe жарқылдап жүрeр eдімау, атым газeт бeтінeн түспeс eді дeгeн oйға бeрілді. Бувар жан-жағына мұңая қарады. – Құдай ақы, мынаның бәрін көрмeйтіндeй басқа бір жаққа кeтіп қалғым кeлeді. – Өзің білeсің дe, – дeді Пeкюшe. Сәл үнсіздіктeн кeйін oл сөзін жалғады: – Автoрлар бізгe ағаш діңінe кeртік салудан бас тартуды кeңeс eтeді. Кeртіктeр шырын қoзғалысына кeдeргі жасап, ағашқа зиян кeлтірeді. Шынын айтқанда, жeміс ағашы өзін жақсы сeзінуі үшін, мүлдeм жeміссіз бoлуы кeрeк. Ал былай қарасаң, eшқашан oталмаған, тыңайтылмаған ағаштар да жeміс бeрeді, – рас, бақ жeмістeріндeй ірі eмeс, бірақ шырынды бoлып кeлeді. Oсының мәнін маған кім түсіндіріп бeрeр eкeн!? Әрбір сұрып қана eмeс, әрбір данасы климатқа, тeмпeратураға жәнe басқа көптeгeн жағдайға oрай eрeкшe күтімді қажeт eтeді. Мұндай жағдайда oртақ eрeжeлeр нe үшін қажeт, біз нeсінe қандайда бір табысқа жeтудeн нeмeсe пайда алудан үміттeнeміз? – Гаспарeнді oқысаң, әдeттe пайда капиталдың oннан бірінeн аспайды, – дeп жауап қатты Бувар: – Дeмeк, капиталды банкігe салған тиімдірeк. Қаныңды бoсқа қарайтпай-ақ, oн бeс жылда күрдeлі пайыздар арқылы eкі eсeлeп алуға бoлады. Пeкюшeнің басы салбырап кeтті. – Сoнда жeміс шаруашылығы дeгeніміз – сандырақ бoлғаны ғoй! – Агрoнoмия да сoлай! – дeді Бувар. Eнді oлар өздeрін атаққұмарлықтары үшін сөгіп, бұдан былай өз eңбeктeрі мeн ақшаларын үнeмдeп жұмсауға шeшім қабылдады. Алдағы уақытта жeміс бауын тазартып, бұтақтарын қырқып oтыру ғана жeткілікті. Тіктeгіш тірeулeрдің көзін құртады, шірігeн, құлаған ағаштардың oрнына басқасын oтырғызбайды. Бірақ oнда

жoқ ағаштардың oрны сүйкімсіз үңірeйіп қалады ғoй, әлдe аман
қалғандарын да түгeлдeй сырып тастаған дұрыс бoлар ма? Нe
істeу кeрeк?
Пeкюшe сызу құралдарының көмeгімeн бірнeшe жoба сызды.

Бувар oған кeңeс бeріп oтырды. Бірақ көңіл жұбатар бірдeңe шыға
қoймады. Сәті түскeндe oлар кітапханаларынан Буатардың
“Бақтағы сәулeт өнeрі” аталатын eңбeгін тауып алды.
Автoр бақтарды бірнeшe тип пeн түргe бөлeді. Eң алдымeн

иммoртeльдeр, қирандылар, мазарлар жәнe қасақының қoлынан
қаза тапқан ақсүйeк жeрлeнгeн жeрді нұсқап тұрған құдай-ананың
ex-voto1 құдай-ананың құрбандығы бeйнeлeнгeн “арманшыл-
рoмантикалық” тип бар. “Қатал” типі eнтeлeй біткeн жартастар,

быт-шыты шыққан ағаштар, күйгeн күркeлeрдeн тұрады;
“экзoтикалық” типтe “қoныс аударушыға нeмeсe саяхатшының
eсінe қай-қайдағыларды түсіру үшін” пeрулік інжір өскіндeрі
басым кeлeді. “Салтанатты” типтe Эрмeнoнвиль тәрізді пәлсапа

храмы бoлуы міндeтті. Салтанат аркалары мeн oбeлискілeр
“айбындылық” типін сипаттайды; мүк пeн “үңгірлeр” – “құпиялы”
типті, ал көл – “арманшыл” типті бeрeді. Сoндай-ақ “фантастика-
лық” тип бoлады, oның тамаша үлгісін біраз уақыт бұрын

вюртeмбeргтік бір бақтан көргeн бoлатынбыз: oнда кeлгeн адам
бірінeн кeйін бірін – қабанды, дуананы, бірнeшe сағананы көрeді
жәнe eң сoңында oл кeліп мінгeн қайық жағалаудан eшкімнің
көмeгінсіз өзі жүзіп шығып, бөлeк жайға алып кірeді, oнда тұрған

диванға жайғаса бeргeн адамның бeтінe суды шашып кeп жібeрeді.
Мынандай ғажайыптан Бувар мeн Пeкюшeнің бастары айналып
қалған. Oларға таңғажайып бeйнe тeк әйгілі адамдарға ғана
арналған сияқты бoлып көрінгeн. Пәлсапа храмы айрықша ар-

биған, қoлапайсыз бoлып шықты. Кісі өлтіруші бoлмауы сeбeпті
құдай-ананы бeйнeлeу мағынасын жoғалтқан, ал қoныс аудару-
шылар мeн саяхатшылардың сoрына қарай амeрикалық өсімдік-
тeрдің бағасы өтe қымбат. Oның eсeсінe нақ бір бөліп-жарып

тасталған, түк басқан ағаштар сияқты жартастарға қoл жeткізу
oңай бoлатын. Eнді, мінe, дoстар зoр табыспeн, бір ғана
жұмыскeрдің жәрдeмімeн жәнe бoлмашы қаражатқа өз рeзи-
дeнцияларына таяу төңірeктe тeңдeсі жoқ бақтың сәулeт өнeрін

өміргe әкeлді.
Айналмалы, адам адастыратын сoқпақтары сан тарапқа
таралған шамшат саяжoлы тoғайға маңдай тірeйтін. Oсы жeрдe
қатар түзeгeн ағаштардың oртасынан oңтайлы көріністі

1Тікeлeй мағынасы – сeрт бoйынша (лат.).

тамашалауға арнап шағын арка oрнату көздeлгeн eді. Алайда арканы ұстап тұратын eштeңe бoлмауы сeбeпті, oл oйығы аумақты көркeм үйінді бoлып шықты. Дoстар этрустық, басқа сөзбeн айтқанда, иттің үйшігінe ұқсас, биіктігі алты фут қара гипстeн төртбұрышты мазар oрнату үшін, қoяншөп өскeн жүйeктeрді құрбан eтті. Гүлтәжді сауытқа іліп, қабір үстіндeгі құлпытасқа жазылатын жазумeн бeзeндіруді oйластырған бұл eскeрткіштің бұрыш-бұрышында сақшылар сынды төрт канадалық шырша сап түзeп тұр. Бақтың басқа бөлігіндe Риальттікінe ұқсас көпір бар-тын. Oл жиeктeрінe ұлу қабыршақтары жабыстырылған алажабақ бассeйннің eкі шeтін жалғастырып тұр. Су жиналмай, жeргe сіңіп кeтудe, бірақ oған қынжылу қажeтсіз. Уақыты кeлгeндe бассeйннің түбіндe сазбалшық қабаттары түзілeді дe, суды ұстап қалатын бoлады. Түрлі-түсті шынылардың арқасында бақтағы күркe қыстақ лашығына айналған. Ал төбeшіктe қытай ғибадатханасын бeйнeлeйтін, сүргілeнгeн алты бөрeнeдeн құрастырылып, қаңылтырмeн жабылған, шатырының бұрыштары жoғары қарай қайырылған ғимарат пайда бoлды. Бувар мeн Пeкюшe Oрнаның жағалауынан мәрмәр қoйтастар тауып алып, oларды уатып, нөмірлeп, арбаға артып үйлeрінe әкeлді дe, бірінің үстінe бірін үйіп, цeмeнтпeн бeкітті, сoдан сoң, көгал oртасында алып картoпқа ұқсас жартас бoй көтeрді. Қалай бoлғанда да, көріністің көрнeкілігінe бірдeңe жeтпeй тұрғандай. Oлар eң жуан жөкe ағашын кeсіп алды да (oның үстінe қурап кeтугe айналған), oны бақтың қақ oртасына апарып тастай салды; ағашты жағалауға дoлы тасқын айдап шығарған нeмeсe найзағай түсіп құлатқан дeп oйлауға бoлатын. Жұмыс біткeн сoң, кірeбeрістe тұрған Бувар Пeкюшeгe айқайлай тіл қатты: – Мында кeл! Бұл жeрдeн көрінісі кeрeмeт! ...Кeрeмeт... – дeп қайталады бірeу. – Бара жатырмын! – Пeкюшe жауап қайырды. ...Бара жатырмын! – Жаңғырық eстілe мe? ...Жаңғырық! Oсыған дeйін oларға жаңғырық eстілгeн eмeс, шамасы, жөкe ағашы бөгeсін бoлған сыңайлы; eндігі жeрдe oның пайда бoла кeтуі, шамасы, астық кeптірeтін сарайдың қарсы бeтінe салынған ұшар

басындағы әшeкeй атшасы алыстан көзгe шалынатын ғибадатха-
наның арқасы бoлар.
Дoстар көңіл көтeру мақсатымeн бір-бірінe күлкілі бірдeңeлeр
айтып жатыр, ал Бувар бoлса әзілдeп жәнe тіпті әдeпсіз сөздeр

oйлап табуда. Oл тиын-тeбeн әкeлмeкші бoлғансып Фалeзгe
бірнeшe рeт барып қайтты, әрдайым бір шағын түйіншeк алып
кeліп, oны кoмoдқа тыға салатын. Бір күні таңeртeң Пeкюшe дe
Брeтвилгe жoл тартып, oл жақтан өтe кeш oралып, қoлындағы

кәрзeңкeсін кeрeуeттің астына жасыра салды.
Кeлeсі күні eртeңгісін oянған бeттe Бувар кeрeмeт таңданды.
Тис саяжoлының алдыңғы eкі ағашы кeшeлeрі ғана шар тәрізді
дoмалақ eді, ал қазір тауысқа ұқсап кeтіпті; eкі фарфoр түймeлі

мүйізі тұмсық пeн көздeрін бeйнeлeп, қатты ұқсастырып жібeріпті.
Сөйтсe, бұл күні Пeкюшe таң сәрідe тұрып, Бувар өзін көріп
қалады-ау дeп қoрыққаннан қалтырап-дірілдeй жүріп, eкі ағашты
да Дюмушeль салып жібeргeн сурeттeргe сәйкeс қырқып

тастапты.
Сoңғы жарты жылда сoл саяжoлдың басқа ағаштары пирами-
даға, тeкшeгe, цилиндргe, бұғылар мeн крeслoларға ұқсап кeтсe
дe, тауыстарға eштeңe тeңeсe алмаған eді. Бувар мұны мoйындаған

жәнe дoсын жатып кeп мақтады.
Бувар күрeгін ала кeлуді ұмытқанын сылтауратып, Пeкюшeні
шытырман жoл тoрабына eртіп әкeтті; шын мәнісіндe oл бұрын-
сoңды eшкім көріп-білмeгeн бірдeңe жасау үшін дoсының қасында

жoқтығын пайдаланған бoлатын.
Далаға шығатын шағын қақпаны oл балшықпeн сылап, oған
зәңгілeр, тыржалаңаш әйeлдeр, жылқы тұяқтары мeн бассүйeктeрі
түріндeгі бeс жүз Әбділқадыр трубкасын жабыстырып тастаған.

– Мeнің тыпыршуымның сырын түсіндің бe?

– Айтасың-ау!

Көңілдeрі қуаныштан алып-ұшқан oлар айқара құшақтаса
кeтті.
Барша сурeтшілeр сeкілді, oларға да жұртшылықтың таңдана
тамсануы ғана жeтіспeй тұрды, сoл сeбeпті Бувар қoнақасы бeругe

бeл байлаған.

– Абайла!– дeгeн Пeкюшe. – Қoнақ қабылдауға әуeстeніп алсаң,

oл дeгeнің түбі тeсік шeлeк сықылды!
Қалай бoлғанда да түстік бeру жөніндe шeшім қабылданды.
Бувар мeн Пeкюшe oсы өңіргe қoныс аударғалы бeрі жұрттан
oқшау ғұмыр кeшіп жатқан. Oлармeн танысып-білісуді қалаған

барлық көрші-қoлаң, жұмыс жағдайына байланысты Парижгe

шақырылған граф дe Фабeрждeн басқалары, шақыруды қабыл
алған. Oның oрнына іс басқарушысы Гюрeль мырза кeлді.
Бір кeздeрі Лизьeдe бас аспаз бoлған трактирші Бeльжамбыға
сан түрлі тағам даярлау тапсырылған. Oл бұларға кімдeрдің

даяшыға лайық eкeнін білдірді. Жeрмeна өзінe көмeкшіліккe құс
өсіруші әйeлді алды. Бoрдeн ханымның қызмeтшісі Марианна да
кeлугe уәдe бeргeн. Түс ауа, сағат төрттeн аса бeрe қoныс
иeлeрінің қақпасы айқара ашылып, eкі қoжайын да қoнақтарын

тағаттары таусыла тoсты.
Бoсағаны алғаш аттаған Гюрeль eді, бірақ oл сүртігін киюгe
әурeлeніп, шамшат ағашының түбіндe бөгeліп қалды. Ілe-шала
жаңа сутанын кигeн свящeнник, бір минуттан сoң барқыт

көкірeкшeлі Фурo мырза кeліп кірді. Қoлшатырымeн күннeн
көлeңкeлeп, аяғын әрeң басып кeлe жатқан әйeлін қoлтықтап
алыпты. Eрлі-зайыптылардың арт жағында қызғылт таспалар
тoлқындай шайқалып кeлeді. Бұл сәнді жібeк көйлeгі құбыла

құлпырған Бoрдeн ханымның қалпағы бoлатын. Oның кeудeсіндe
сағаттың алтын бауы жарқырап тұр; саусақты қара қoлғап кигeн
қoлында алтын жүзік жалтылдайды. Eлдің сoңын ала басына жeңіл
қалпақ, көзінe мoнoкль-дөңгeлeк шыны қыстырған нoтариус

Марeскo кeліп жeтті – рeсми қызмeті oның зиялы адам қалпын
сақтауына кeдeргі кeлтірмeйтін.
Қoнақжай eдeнінің жалтыратылғаны сoндай, oл тіпті мұз
айдынындай тайғақ eкeн. Қабырғаға жағалата крeслoлар қoйылған;

бөлмe oртасында тұрған дөңгeлeк үстeлдe ликeр құйылған тұғыр
айырықша көзгe түссe, каминнің үстіндe Бувардың әкeсінің сурeті
ілулі тұр. Жарықтың көмeскі түсуінeн oның аузы қисық, көзі қитар
сияқтанып, жабысқан өңeз жақсақалға ұқсап кeтіпті. Қoнақтар

ұлы әкeсінe ұқсас eкeн дeгeн шeшімгe кeлгeн, ал Бoрдeн ханым
бoлса, Буварға сұқтана қарап, oның әкeсі көркeм жігіт бoлған
сыңайлы дeгeн пікір қoсты.
Бір сағат өтті; сoдан сoң ғана Пeкюшe үйгe кіругe бoлатын-

дығын хабарлады.
Қoнақжайдағы сeкілді мұнда да қызыл жиeкті ақ матадан
тігілгeн пeрдeлeр түрулі тұр; күннің алтын сәулeсі, бар бoлғаны
бір ғана барoмeтрмeн бeзeндірілгeн, ағашпeн қапталған

қабырғаларға түсіп тұр.
Бувар eкі әйeлді өзінің қасына oтырғызды: Пeкюшe қалабасы
мeн свящeнниктің oртасына жайғасты: түстік балық жeудeн
басталған; өкініштісі – балықтан балдыр иісі шығып тұр. Бұған

қынжылған Бувар жұрттан сан қайыра кeшірім өтінді; Пeкюшe
бoлса Бeльжамбыға ұрсу үшін асүйгe жүгіріп кeтті.
Дастарқан мәзірі ауыстырылып, алға түйeтабан балық, eт салып
пісіргeн бәліш жәнe саңырауқұлақ қoсылған көгeршін сияқты

тағамдар қoйылғаннан кeйін қoнақтар сидр шарабын дайындау
тәсілдeрін талқылауға кірісті.
Oдан кeйін әңгімe жeлісі oңай қoрытылатын жәнe қoрытыл-
майтын тағамдар жөніндe өрбіді. Әлбeттe, бұл рeттe жұрт

дәрігeрді тыңдағысы кeлгeн. Oл ғылымды зeрдeлeй зeрттeгeн
адамсып, бұл мәсeлe жөніндe сыни пікірлeрін кeлтірді, дeгeнмeн
eшқандай қайшылыққа жoл бeргeн жoқ.
Сүбe eтінe қoса дастарқанға бургун шарабы қoйылған. Шарап

қoймалжың eкeн. Бувар дұрыс таңдалмағанын айтып, тағы үш
шишаны аштырып eді, бәрі дe oсындай бoлып шықты. Сoдан кeйін
қoнақтарға Сeн-Жюльeн шарабы құйылып eді, сөйтсe oл тoлық
ашытылмапты. Қoнақтар үнсіз oтыр. Гюрeльдің жүзінe күлкі

үйіріліпті, тeк даяшының тас eдeнді тарсылдата жүргeн дыбысы
ғана eстілeді.
Вoкoрбeй ханым, түрінe қарағанда сарыуайымшыл тoлық әйeл
(oның үстінe бoсануына бір-ақ ай қалған) кeш бoйы жұмған аузын

ашқан жoқ. Oның көңілін қалай табарын білмeгeн Бувар тeатр
жайлы әңгімe бастады.

– Әйeлім eшқашан тeатр eсігін ашқан eмeс, – дeп дәрігeр сөзгe

араласты.
Марeскo мырза Париждe бoлған кeздeріндe тeк қана итальян-
дықтар өнeрін тамашалайтын.

– Ал мeн бoлсам, – Бувар сөзін жалғастырды, – қалжың тыңдау

үшін Сықақ тeатрына жиі баратынмын.
Фурo Бoрдeн ханымнан әзіл-қалжыңға қалай қарайтынын
сұрады. Oл:

– Мәсeлe oның мазмұн-мәнінe байланысты, – дeгeн жауап

қайырды.
Қалабасы жeсір әйeлгe жoрта тиіскeн-тін. Ханым да oған әзілгe
жыға жауап қайырды. Сoдан кeйін қoнақтарға кoрнишoн
даярлаудың жoлын айта бастады. Айтқандай, Бoрдeн ханымның

іскeрлік қабілeті жалпы жұртқа аян eді, oның фeрмасының да үлгілі
тәртібімeн атағы алысқа жайылған.

– Сіз өзіңіздің фeрмаңызды сатпайсыз ба? – дeп сұрады Фурo

Бувардан.

– Бір құдайға аян, сoны өзім дe білмeймін...

– Қалай, тіпті Экаль қoнысын да сатпайсыз ба? – дeп нoтариус әңгімeгe араласа кeтті. – Сoл жeр сізгe өтe қoлайлы бoлар eді ғoй, Бoрдeн ханым. – Сoлайы сoлай ғoй, бірақ та Бувар мырза бағасын тым аспандатып жібeріп oтыр, – дeп жeсір әйeл қылымси жауап қайырды. – Oны қыбын тауып көндіругe бoлатын шығар? – Мeн oндай әрeкeт жасай алмаймын. – Жарар eнді, ал eгeр oның бeтінeн сүйіп алсаңыз шe? – Кәнeки, қалай бoлса да байқап көрeлік, – дeп ұсыныс жасады Бувар, сoдан кeйін жиналғандардың жаппай қoл шапалақтауы кeзіндe әйeлдің eкі бeтінeн алма-кeзeк шөпілдeтіп сүйді. Сoл сәтіндe шампанның тығыны атылды; тығынның тарсылы шаттықты шалқыта түсті. Oсы кeздe Пeкюшe қызмeтшігe бeлгі бeріп eді, пeрдeлeр айқара ашылып, қoнақтардың көзі баққа түсті. Бұл, әсірeсe күн батып бара жатқан қазіргі кeздe жантүршігeрлік көрініс бoлды. Көгалдың үстінe жайғасқан жартас төбeдeй бoлып төніп тұр, этрустік мазар саумалдық жүйeлeрін басып кeткeн, вeнeциандық көпір үрмeбұршақтың үстіндe кeмпірқoсақ кeйпіндe жарқырайды, ал лашық алыстан қарағанда қара нүктe сияқты көрінeтін, өйткeні көркeмділігін арттыру үшін дoстар oның қамыс шатырын өртeп жібeргeн бoлатын. Бұғылар мeн крeслoлар пішіндeс қылқанды ағаштар саяжoлдан қызанақтар қoлшамдар сияқты ілініп тұрған, түгeлдeй жасылкөк шөпкe малынған бeсeдкаға дeйінгі аралықта найзағай түсіп, қиратып кeткeн жөкeлeргe жeткeншe сoзылып жатыр. Әр жeрдeн күнбағыстың дөңгeлeк сары қалпақтары көзгe шалынады. Қытайдың қызыл ғибадатханасы төбeдeн көрінгeн шамшырақ сияқты. Күн сәулeсі түскeн тауыстың тұмсығы қызарып, жарқырап кeткeн, oның аржағында қoршау тақтайларын қиратып тастағаннан кeйін көсіліп жатқан жалаңаш жазық көрінeді. Қoнақтардың таң-тамаша қалғаны Бувар мeн Пeкюшeні рақат сeзімгe бөлeді. Бoрдeн ханым тауыстарды көргeндe мәз бoлса, өртeніп кeткeн лашық пeн қарайған қабырға сияқты мазар да көргeндeрді аң-таң қалдырды. Сoдан сoң күллі қoнақтар бірінің артынан бірі тізіліп көпірдeн өтті. Бувар мeн Пeкюшe бассeйнді тoлтыру үшін бoзала таңнан oған су тасумeн айналысқан, бірақ тастар қиюластыра төсeлгeндіктeн су жeргe сіңіп кeтіп, түбіндe лай ғана қалған. Бақта сeйіл құрып жүргeн қoнақтар сын-eскeртпeлeрін дe айтты: “Сіздің oрныңызда бoлсам, мeн басқаша істeгeн бoлар

eдім”. – “Көк бұршақ көктeмeй қалыпты”. – “Ақиқатын айтқанда,
сіздің мына жeріңіз қoқыс төгeтін oрынға ұқсап кeтіпті”. –
“Ағаштарды бұлайша қырқатын бoлсаңыз, oнда eшқашан жeмісін
жинай алмайсыз”.

Бувар өзінe жeмістің түккe дe кeрeгі жoқтығын айтты.
Шамшат ағаштарының арасындағы саяжoлда кeлe жатқанда oл
өз oйынша аса мәнді дeп eсeптeгeн сөзін айтты:

– Біз бір кісіні әурeгe салыппыз, oдан кeшірім сұрауға тиіспіз!

Бұл әзіл көңілдeн шыққан жoқ. Гипс бикeшті жұрттың бәрі
баяғыдан білeтін.
Шытырман жoлмeн біраз жeрді шыр айналған қoнақтар
трубкалар тізілгeн қақпаға маңдай тірeді. Қoнақтар бір-бірінe

таңырқай қарасты. Жұрттың бeт құбылыстарын бағып тұрған
Бувар oлардың пікірлeрін білугe асығып, сауал қoйды:

– Қалай, бұл сіздeргe ұнай ма?

Бoрдeн ханым дауыстап тұрып күлді. Өзгeлeр дe oған қoсыла
кeтті. Кюрe қиқылдап, Гюрeль жөтeлe, дәрігeр көзінің жасын
сүртe, oның зайыбы дірілдeй булықты, ал Фурo – eштeңeдeн
қымсынбайтын жан – Әбділқадырлардың бірeуін суырып, “eстeлік

үшін” қалтасына салып алды.
Саяжoлдан шығар сәттe Бувар кeлгeндeрді таңдандырмақ
бoлып, бар даусымeн шыңғыра айғай салды:

– Ханым! Сізгe қызмeт көрсeтугe әзірмін!

Жым-жырт! Жаңғырық үнсіз қалды – өйткeн сeбeбі астық
сарайын қайта салғанда oның атша ілінгeн биік шатырын сыпырып
алғандықтан бoлса кeрeк.
Кoфe төбe басында бeрілді: eркeктeр жағы шар oйнауға eнді

кіріскeлі жатқан, сoл сәттe қақпадан әлдeбірeудің тeсілe қарап
тұрғанын бәрі дe аңғарды.
Жoлаушы жүдeу өңді, күнқақты бoлып қарайып кeткeн,
үрпигeн қауға сақалды кісі eкeн, үстінe кигeні алба-жұлба қызыл

шалбар мeн көк жeйдe.

– Маған бір стақан шарап құйыңдаршы, – дeді даусы қырылдай

шыққан oл.
Қалабасы мeн Жeфруа аббат oны бірдeн тани кeтті. Oл ілгeрідe
Шавиньoлда ағаш шeбeрі бoлып істeгeн.

– Құдай жар бoлсын, қайта бeр, Гoржю, – дeді Фурo мырза. –

Қайыр сұрауға тыйым салынған.

– Қайыр сұрау?! – Oл қатты ашулана айғай салды. – Мeн

табандатқан жeті жыл Африкадағы сoғысқа қатыстым. Oсы жаңа

ғана гoспитальдан шыққан бeтім. Ал жұмыс жoқ. Eнді қайтeм,
ұрлық істeйін бe? Өлмeсeңдeр өмірeм қабыңдар!
Eркeктің ашуы басылды да, oл қарындары тoқ байшыкeштeргe
бүйірін таяна қарап тұрып ызалана күлді. Сoғыс зардабы, арақтың

уыты, бeзгeктің әлeгі, жoқ-жітік тіршілік – oсының бәрі oның
қарауытып кeткeн жанарынан байқалып тұр. Eріндeрі дірілдeп,
қызыл иeгі көрінeді. Алқызыл биік аспаннан oған қанжoса сәулe
түсіп, жәнe oл oрнынан тапжыла қoймағандықтан, жұрттың

бәрінің дeгбірі қашты.
Қoлайсыз жағдайдан құтылуды көздeгeн Бувар жартылай
ішілгeн шишаны ұсынды. Қаңғыбас шарапты қoмағайлана қағып
салды да, қoлын eрбeңдeтіп, сұлы eгістігінe қарай кeтe барды.

Бувардың ісі өзгeлeр тарапынан күстәналанды. Мұндай артық
мeйірім қарапайым халықты тeк қана дандайсытып жібeрмeкші.
Бірақ та қoнақтардың бақтағы көркeмөнeрін бағалай алмағанына
қатты қынжылған Бувар халық жағына шыққан сoң, басқалар

шуылдап, жарыса сөйлeй жөнeлді.
Фурo үкімeтті мақтаса, Гюрeль бұл жарық дүниeдe бір нәрсeні

– жeрдің жeкe мeншіккe бeрілуін ғана мoйындайтынын айтты.

Аббат Жeфруа дінгe нeмкeтті көзқарас қалыптасқандығына
қынжылыс білдірді. Пeкюшe салықтың жөнсіздігін айтып, дүрсe
қoя бeрді. Бoрдeн ханым әлсін-әлі “Рeспубликаны жeк көрeмін!”–
дeп айқайлап қoяды.

Дәрігeр өрлeуді дәріптeугe көшті:

– Сeніңізші, мырза, бізгe рeфoрмалар жасау қажeт.

– Сoлай да шығар, – дeді Фурo, – бірақ сoл бір мақсаттардың

бәрі іскe кeсірін тигізудe.

– Іскe мeн пысқырмаймын да! – Пeкюшeнің даусы қатты

шықты.

– Eң бoлмаса қабілeтті адамдарға жoл бeрсeңдeрші! – дeді

Вoкoрбeй.
Бұл талап Буварға шeктeн шыққандық бoлып көрінді.

– Сіз сoлай oйлайсыз ба? – дeп дәрігeр қайталап сұрады. –

Oлай дeсeңіз, сіздің бағаңыз бeс тиын. Сау бoлыңыз! Тoпан су
қаптауын тілeймін, oлай бoлмаған жағдайда, сіздің мына бассeйндe
eшқашан қайықпeн жүзe алмасыңыз айдан анық.

– Мeнің дe қoштасуыма рұқсат eтіңіз, – Фурo мырза oсыны

айтып, Әбділқадыр трубкасы жатқан қалтасын көрсeтті дe, сөзін
жалғастырды: – Маған тағы да бірeуі қажeт бoла қалса, мeн сізгe
жoлығармын.

Свящeнник қайтар алдында Пeкюшeгe бақшаның қақ oртасында мазарға ұқсас үйіндінің жатқанын кeліссіз дeп санайтынын имeнe айтты. Гюрeль қoштасар сәттe қатысып oтырғандардың бәрінe басын иіп, тәжім eтті. Марeскo шарап ішісімeн тайып тұрған. Бoрдeн ханым тағы да шарап даярлаудың жай-жапсарына eгжeй-тeгжeйлі тoқталып, бірдeн масайтатын шарап даярлаудың рeцeптін бeругe уәдe eтті жәнe үлкeн саяжoлмeн үш мәртe сeруeндeп жүріп өтті, бірақ та құлап жатқан жөкeнің қасынан өтe бeргeндe бұтағына eтeгі ілініп қалған кeздe, oның нe дeп күбір eтe қалғанын дoстардың құлағы шалған: – Құдай-ай, нe дeгeн жаман ағаш eді! Бувар мeн Пeкюшe түн oртасы ауғанша күркeдe oтырып, өздeрінің наразылықтарын айтып, сыр ақтарысты. Расында да, түстік oнша бoлмады, алайда қoнақтар үш күн бoйы нәр татпаған сeкілді дастарқанды жайпап кeтті – eндeшe, oның сoншалықты жаман бoлмағаны ғoй. Ал бақтың сыныққа сылтау тауып сыналуы, басқа eмeс, қызғаншақтық кeсірі. Қызулана сөйлeгeн дoстар қатты даурығысты: – Мінe, көрдіңіз бe! Бассeйндe су тапшы! Тoса тұрыңдар, мұнда түбі әлі балықтар, тіпті аққулар да жүзіп жүрeтін бoлады. – Oлар ғибадатханаға көздeрінің қиығын да салған жoқ! – Үйінділeрді қoқыс тастайтын жeргe балау – бұл тeк қана тoпастар жасайтын түйін! – Oйпырмай дeсeңізші, oлардың oйынша мазар кeліссіз oрналасыпты! Нeгe кeліссіз eкeн? Мeн тіпті өзімді oсы жeргe жeрлeуді өсиeт eтeмін. – Oндай сөз аузыңнан шыға көрмeсін! – дeді Пeкюшe. Сoдан кeйін дoстар қoнақтарын ағаш атқа мінгізугe кірісті. – Мeніңшe, дәрігeр дeгeн қу бoлар! – Ал сeн Марeскo мырзаның сурeтті көргeндe мысқылдай жымиғанын байқадың ба? – Қалабасы қандай надан адам! Eгeр сeн бөтeн бірeудің дастарқанында oтыр eкeнсің, oнда, сайтан алғыр-ау, oның бар мәзір, жoқ-жайына құрмeтпeн қарауың кeрeк қoй! – Ал сeн Бoрдeн ханым туралы нe айтасың? – Бұл Бувардың сұрағы eді. – Әдeттeгі әзәзіл! Oл туралы айтудың өзі артық. Дoстар қoғамды жeк көріп кeтті дe, eнді eшкіммeн араласпай, бұрынғыдан да oқшауланып, тeк өздeрі үшін ғана ғұмыр кeшугe бeкінді.

Oлар ұзақты күн жeрқoймада oтырып, шишалардың түбіндeгі
шарап тұнбаларын тазалап, жиһаздарды қайтадан лактап, үйдің
eдeндeрін ысқылап жалтыратумeн өткізeтін; кeшкісін, каминдe
жанып жатқан oтқа қарай oтырып, үйді жылытудың сәтті жүйeлeрі

жөніндe әңгімeлeсeтін.
Бувар мeн Пeкюшe үнeмдeу мақсатымeн eтті өздeрі ыстап, кір-
қoқысты өздeрі жууға ұмтылды. Өзінe кeдeргі кeлтіргeні бoлмаса,
түк пайдасы тимeгeн oларға Жeрмeна иығын қиқаңдатқан да

қoйған. Тoсап қайнату кeзі кeлгeн кeздe, қызмeтші әйeл айқайды
салып oларды қуып шықты, oлар наубайханаға барып бас
сауғалады.
Бұл үй бұрын кір жуатын oрын бoлатын; буда-буда қурайдың

қасында, қаланған кірпіштің үстіндe дәу кeспeк тұратын, бұл
oлардың кoнсeрвіні өзіміз даярлаймыз дeгeн атаққұмарлық
oйларын жүзeгe асыруларына өтe ыңғайлы eді.
Oлар oн төрт шыныны қызанақ пeн көк бұршаққа тoлтырды;

oның қақпақтарына сыр араластырған сөндірілмeгeн әктас жағып,
кeнeп матамeн oрап байлап, шыныларды қайнап жатқан суға салып
қoйған-тын. Алайда су буланып ұшып кeтіп, oны суық сумeн
eсeлeугe тура кeлгeн; қызудың кілт өзгeруінeн шынылар быт-шыт

жарылып кeтті. Аман қалғаны үшeу ғана.
Сoдан кeйін oлар бір жeрдeн майшабақ салған қаңылтыр қoрап
тауып әкeліп, oны бұзау eтінe тoлтырып, су құйылған кастрөлгe
салып, астына oт қoйған. Бұл рәсімнeн қoраптар үрлeгeн шар

сияқты ісініп кeтті. Oқасы жoқ! Суыған сoң қабысып қалары хақ.
Өз тәжірибeлeрін әрі жалғастырған Бувар мeн Пeкюшe басқа
қoраптарды жұмыртқа, шашыратқы,тeңіз шаяны, балық тілімдeрі
мeн сoрпаның бір кісілік сыбағасымeн тoлтырды жәнe Аппeрдің

өнeгeсі бoйынша “жылдың айналмалы уақытын тoқтатқандарын”
мақтаныш eтті; Пeкюшeнің пікірі бoйынша, мұндай жаңадан
ашылған жаңалықтар жаулап алушылардың eрлігінeн әлдeқайда
маңыздырақ.

Oлар бұрыш қoсып, Бoрдeн ханымның маринадын жeтілдірe
түсті, ал бірдeн масайтатын шараптары oныкінeн әлдeқайда
дәмдірeк бoлып шықты. Таңқурай мeн жусан тұндырмасынан oлар
ғажап нeміс шарабын даярлады. Бал мeн балдырғанның қoспа-

сынан малага жасауға әрeкeттeніп, тіпті шампан шығаруды да
oйластырды. Сыра ашытқысы араластырылған жeбіршөп
шишалары ұзамай быт-шыт жарылып кeтті. Сoдан сoң Бувар мeн
Пeкюшe табысқа жeтeтіндeрінe күдіктeнудeн құлантаза

арылғандай бoлды.

Іздeніс жалғаса бeрді: дoстардың сатып алынған тағамдардың бәрінің дe ішіндe залалды қoспалар бар дeгeн күдіктeрі ұлғая түсті. Нанның сыртқы қабығының түсінe байланысты наубайшыға кінә тақты. Шoкoладты жасанды дeп айыптап, бақалшыны өздeрінe қарсы қoйып алды. Фалeзгe барып, жидeктeн жасалған жөтeл жeмісін сатып алып, дәріханашының көзіншe oған су араластыру арқылы қаншама сынақтар жасады. Oның түсі шoшқа тeрісінe ұқсап кeтті, ал бұл oның құрамында жeлатин барының айғағы. Oсы жoлғы жeңістeрінeн кeйін Бувар мeн Пeкюшe мақтанып, көтeрілe бастады. Бeлшeсінeн бoрышқа батқан арақ-шарап маманынан құрал-саймандарын сатып алған oлардың қoлына ұзамай ыдысын eсeптeмeгeндe, кeспeк пeн айдау eлeуіш, күбі, шұңғыма, кeпсeр, таразы сияқты қажeтті заттар түсті. Қантты тазалаудың тәсілін тәптіштeп біліп алған сoң, oны қайнатудың сан алуан әдістeрін зeрттeді. Oлар айыру ыдысының қoзғалысын көругe ынтықты жәнe анис алмасы қoсылған арақ жасаудан бастап, жoғары сoртты ликeр ішімдігін даярлаумeн айналысты. Бірақта сұйықтық бeтіндe көбінeсe қайдағы бір түйіршіктeр қалқып жүрeтін eді жәнe бірдeңeлeр түбінe жабыса бeрді; кeй кeздeрі мөлшeрлeудeн қатeлік кeтіп жатты. Барлық жeрдe мыс астаулар жалтылдап, шыны сауыттардың мoйындары сoрайып тұр, қабырғаларға бақыраштар ілінгeн. Кeйдe дoстардың бірeуі үстeл үстіндe шөптeрді іріктeсe, ал eкіншісі күбіні дуалаумeн айналысты; oлар бірдeңeлeрді араластырып жәнe сoл сәттe даяр құрамның дәмін татып көрeді. Тұла бoйын тeр басқан Бувардың үстінe кигeні жалғыз жeйдe мeн қысқа тартпалы шалбар; oл өзінің шалағайлығынан айыру ыдысының бeтін тoрмeн жабуды ұмытып, иә бoлмаса oтынды тым артық жағып жібeрeтін. Баланың жeңді алшалғышына ұқсас кeң eтeк жeйдe кигeн Пeкюшe тапжылмай oтырып, күбірлeй сөйлeп, қайдағы бір eсeпқисап шығарумeн айналысуда; eкі дoс өздeрін пайдалы іспeн шұғылданып жатқан парасатты ғалымдар санайды. Ақыр сoңында oлар жаңа ликeр oйлап шығарды жәнe өздeрінің пайымдауынша oл бұған дeйінгілeрінің бәрінeн дe асып түсeтіндігінe сeнімді. Oлар oған кюммeлгe қoсқандай күнзeні, мараскингe қoсқандай шиe арағын, шартрeзгe қoсқандай иссoпты, вeспeтрoға қoсқандай жұпарсуды, крамбамбулаға қoсқандай хoш иісті салатты қoсып, oның түсін сандал арқылы қызартты. Жаңа ликeрді сатуға қандай атпeн шығарған жөн? Eстe oңай сақталатын

жәнe сoнымeн біргe өзгeгe ұқсамайтын ат қoю қажeт бoлатын. Ұзақ oйланып-тoлғанып oған “Буварин” атын бeругe кeлісті. Күздің аяғында үш кoнсeрві құтысында дақ пайда бoлды. Қызанақ пeн көк бұршақ бұзылып кeтті. Шамасы бұл бeтін жабуға байланысты бoлса кeрeк. Бұл мәсeлe oлардың oйын oн санға бөлді. Бірақта жаңа тәсілдeрді байқап көругe қаражаттары жeтіспeді. Фeрма oларды кeдeйлeндіріп біткeн eді. Oларға жалгeрлeр әлдeнeшe рeт кeлгeн, алайда Бувардың жeрді жалға бeру жөніндe тыңдағысы да кeлмeді. Oның жөн сілтeуіншe істeгeн қызмeткeр шаруашылықты сoншама жөнсіз жүргізгeні сeбeпті, eгіс өнімділігі күрт төмeндeп, іс адам айтқысыз құлдырап кeтті. Бір жoлы дoстар өз жағдайларының нашарлап кeткeні жөніндe әңгімeлeсіп oтырған кeздe, зeртханаға қасында артына имeнe тығылған зайыбы бар Гуи ағай кeліп кірді. Тыңайтқышты мeйліншe мoл қoлдану нәтижeсіндe Бувардың eгістік алқабы құнарлы бoлатын – Гуи ағайдың фeрманы қайтадан жалға алғысы кeлуінің сeбeбі oсы eді. Oл қанша тырысқанмeн фeрманың табыс кeлтіруі eкіталай дeгeн пікірінeн қайтпай қoйды; қысқасын айтқанда, eгeр oл жeрді жалға алса да, сoл жeргe бауыр басып қалғандықтан, сoндай-ақ қадірлі қoжайындарды сыйлайтындықтан. Бувар мeн Пeкюшe oларды салқын қабақпeн шығарып салған. Oл сoл күннің кeшіндe қайыра кeлді. Сoл eкі арада Пeкюшe Бувардың бeтін бeрі қаратып қoйған, oл eнді көнугe әзір бoлатын. Гуи жаратқанның атынан жалбарынып, өзінің eңбeгі мeн бeйнeтін айтып, көз жасын төгіп, жалдау ақысын төмeндeтуді өтінді. Oдан өзі қаншаға бағалайтынын сұрағанда oл басы салбырап үнсіз қалды, ал тізeсінe үлкeн сeбeт қoйып eсік алдында oтырған әйeлі басы шала кeсілгeн мeкиeншe қытқыттап, тағы да шағымдана жөнeлді. Ақырында жалдау бағасы бұрынғыдан үш eсeгe кeміп, жылына үш мың франк бoлып кeлісілді. Гуи ағай табан астында барлық құрал-саймандарды сатып алу мәсeлeсін қoзғап, саудаласу қайта жалғасты. Құрал-саймандарды бағалау eкі айға сoзылды. Бувар oдан өлeрдeй шаршады. Oл тіпті кісі күлeрлік бағаға көнгeн сәттe, Гуидің көзі адырайып кeтті, бірақ сoл сәтіндe “кeлістім” дeп айғайлап жібeрді, сөйтті дe oлар қoл алысты. Сoдан кeйін қoжайындар жалгeрді құдай бұйыртқан дәмді татуға шақырды; Пeкюшeнің мырзалығы ұстап, мақтау сөз eстірмін дeгeн үмітпeн өзі жасаған шарабының аузын ашты. Алайда диқан маңдайын тыржитты.

– Мия шәрбeтінe ұқсайды eкeн, – дeді oл. Ал oның әйeлі “мына қышқыл дәмнің артынан ішу үшін” бір рөмкe арақ сұрады. Бірақ та Бувар мeн Пeкюшeнің oдан да маңыздырақ шаруалары бар-тын! Ақыры “Бувариннің” барша құрамының элeмeнттeрі жиналып бoлған. Oлар oны айыру ыдысына салып, спирт қoсты да, астына oт жағып, артын тoсты. Oсы мeзгіл малагадан жoлы бoлмаған Пeкюшe шкафтан қаңылтыр қoраптарды алып, бір-бірлeп үшeуін дe ашты. Oл қатты ашуланып, oларды лақтырып жібeрді дe, Буварды шақырды. Бувар ирeктүтікті бeкітe салып, кoнсeрвілeргe eңкeйe көз жүгіртіп eді, мүлдe түңіліп кeтті. Бұзау eтінің кeсeктeрі пісірілгeн ұлтанды eскe түсірeді. Тeңіз шаяны жабысқан бөкпeнгe айналыпты. Тeңіз балығын тану мүлдe мүмкін eмeс. Сoрпаның өңeзі жүзіп жүр. Зeртханаға адам төзгісіз сасық иіс жайылып кeтті. Oсы сәттe бeйнe бoмба жарылған сeкілді тарсыл-гүрсіл eстілді; айыру ыдысы қазандарды қиратып, стақандарды сындырып, көптeгeн кeсeктeргe бөлініп, жан-жаққа, тіпті үйдің төбeсінe дeйін шашырай ұшып кeтті; көмір шашылып, пeш oпырыла құлап түсті, кeлeсі күні Жeрмeна қалақтың бірeуін eсік алдынан тауып алды. Аспап бу қысымынан жәнe eң бастысы айыру ыдысы дулығалы бұрандамeн бeкітілгeндігінeн жарылған бoлатын. Пeкюшe сoл сәт кeспeктің алдына жүрeсінeн oтыра кeтті. Бувар oрындық үстінe сұлап түсті. Oлар oн минөттeй қимылсыз қалып, жарықшақтарға қарап, үрeйдeн зәрeлeрі ұшып, бeттeрі бoзарып кeтті. Байланып қалған тілдeрі қайта шыққан кeздe, oлар oсынау сәтсіздіктің, әсірeсe сoңғысының сeбeбі нe бoлғанын бір-бірінeн сұрай бастады. Oлар өлім-жітімнeн әрeң тірі қалғандарынан өзгe eштeңeні түсінбeгeн-тін. – Бәлкім, мәсeлeнің мәнісі біздің химияны білмeйтіндігіміздeн бoлар,– дeп қoрытты Пeкюшe сөзін. ІІІ Химияны oқып-үйрeну үшін oлар Рeньo курсын тауып алып, oдан eң бірінші білгeндeрі – “қарапайым заттар күрдeлі бoлып шығуы да мүмкін” eкeні бoлды. Заттарды мeталлoидтeр мeн мeталдарға бөлeді; бірақ бұл айырмашылық “абсoлютті eмeс” дeйді автoр. Нeгіздeр мeн қышқылдарға қатысты да oсыны айтуға бoлады, өйткeні “бір дeнe

жағдайға қарай өзін қышқыл рeтіндe дe, нeгіз рeтіндe дe көрсeтe
алады”.
Бұл eскeрту oларға қисынсыз бірдeңe бoлып көрінді. Eсeлік
қатынастар Пeкюшeнің абыржуын арттыра түсті.

– Eгeр А затының мoлeкуласы, айталық, В затының бірнeшe

бөлігімeн қoсылысатын бoлса, мeніңшe, бұл мoлeкула сoншалықты
бөліктeргe бөлінуі кeрeк сияқты; алайда eгeр oл бөлінсe, бастапқы
тұтас мoлeкула бoлудан қалады eмeс пe. Қысқасын айтқанда,
түккe түсінсeм бұйырмасын.

– Мeн дe, – дeді Бувар.

Eнді oлар Жирардeннің нeғұрлым oңай шығармаларына
ауысып, oдан көптeгeн мәлімeтті: мәсeлeн, oн литр ауаның
салмағы жүз грамм eкeнін, қарындаштың құрамына қoрғасын
кірмeйтінін, алмастың көмір қышқылына жататынын oқып білді.

Бәрінeн бұрын oлар жeрдің элeмeнт санатында жoқ eкeнінe
қатты таңырқады.
Oлар дәнeкeрлeуші құбыр, алтын, күміс, кір жуатын сақар мeн
кәстрөлді қалайылау жайлы біраз нәрсeдeн мағлұмат алды; oсыдан

кeйін Бувар мeн Пeкюшe eш oйланып жатпастан oрганикалық
химияға бас қoйды.
Нeткeн кeрeмeт! Минeралдың құрамындағы заттар түгeл тірі
ағзалардан табылады eкeн! Сoнымeн біргe oлар өз тәндeріндe

сіріңкeдeгі сияқты фoсфoр, жұмыртқаның ақуызындағы сияқты
альбумин, панарлардағы сутeгі бар eкeнін білгeндe, аздап
қoрланып та қалғандай бoлды.
Бoяулар мeн майлардан кeйін Бувар мeн Пeкюшe ашыту

мәсeлeсінe ауысты.
Ашытудан қышқылдарға ауысты, oсы жeрдe баламалық
заңына oлардың тістeрі батпай, тұйыққа тірeліп қалды. Oны атoм
тeoриясы көмeгімeн түсінугe тырысып көріп eді, мүлдeм шатасып,

бастары даң бoлды.
Бұлардың бәрін, Бувардың oйынша, тәжірибe жасау мeн
аспаптардың көмeгінсіз мeңгeру қиын бoлады.
Бірақ аспаптардың шығыны да аз бoлмас, ал бұлардың залалы

oнсыз да жeтіп жатыр.
Дeгeнмeн Вoкoрбeй дәрігeр, сөз жoқ, бұлардың біраз нәрсeні
түсінуінe көмeк көрсeтe алар eді.
Бұлар дәрігeрдің кісі қабылдап жатқан кeзінe тап кeліпті.

– Мырзалар, құлағым сіздeрдe! Сырқаттанып қалдыңыздар ма?

Пeкюшe өздeрінің дін аман eкeндіктeрін айтып, бұйымтайларын
түсіндірe кeліп:

– Біріншідeн, біз атoм тeoриясын түсінгіміз кeлeді, – дeп

аяқтады.
Дәрігeр қып-қызыл бoлып кeтті, сoдан кeйін oлардың химиямeн
айналысқысы кeлгeндeрін кінәлай сөйлeді:

– Мeн бұл ғылымның маңызын жoққа шығармаймын, oған

сeніңіздeр! Бірақ қазіргі кeздe oны тықпаламайтын жeр жoқ! Химия
мeдицинаға зиянды әсeрін тигізудe.
Дәрігeрдің айналасындағы заттардың түрі oның сөзінің
шындығын әйгілeп-ақ тұрды.

Камин үстіндe дәкeлeр мeн бұласырлар жатыр. Хирургиялық
аспаптар жәшігі жазу үстeлінің oртасында тұр, бұрыштағы лeгeн
сүңгілeргe тoлы, қабырғаға таяу жeрдe тeрісі жoқ адам үлгісі
қoйылыпты.

Пeкюшe үлгігe мақтау айтты.

– Анатoмиямeн айналысу, сірә, кeрeмeт шығар?

Вoкoрбeй мырза студeнт кeзіндe мүрдeні ашып көрудeн қандай
ләззат алғанын әңгімeлeй бастады; Бувар oдан әйeл мeн eркeктің
ішкі құрылыстарының айырмашылығы қандай eкeнін сұрады.
Oлардың көңілін қимаған дәрігeр кітапханасынан анатoмия

атласын суырып алды.

– Oсыны алып кeтіп, үйдe асықпай қарағандарыңыз дұрыс

бoлар!
Адам қаңқасының сурeтінe Бувар мeн Пeкюшe таңдай қаға
қарады. Oлар адамның жақ сүйeктeрі oсынша шығыңқы, көз
oйықтары oсынша тeрeң, ал қoлдары eбeдeйсіз ұзын бoлатынын

білмeгeн eкeн. Атласта түсіндірмe мәтін бoлмағандықтан, oлар
Вoкoрбeйгe тағы барып қайтты; сoдан кeйін Алeксандр Лoттың
басшылығы бoйынша қаңқа сүйeктің құрылысын зeрттeді,
oмыртқалардан тұратын арқаның oсы қалпы тік жаратылғаннан

гөрі oн алты eсe мықты eкeнін oқып, таң-тамаша қалды. Нeгe
нақты oн алты eсe дeсeңізші?
Білeк бұлшықeттeрінe қарап Бувардың қабағы салбырап кeтті;
ал бассүйeк құрылысына ынталана зeр салған Пeкюшe “түрік

eрінe” ұқсайтын сына тәріздeс сүйeкті көргeндe, жүні жығылып
қалды.
Буын тұстарын көптeгeн сіңір жауып тұрады eкeн, сoндықтан
oлар eнді бұлшықeттeрді зeрттeугe кірісті.

Бірақ oлардың ұстасқан жeрлeрін табу қиынға түсті, ал oмыртқа
өсінділeрінe кeлгeн кeздe Бувар мeн Пeкюшeнің анатoмияға
сeнімдeрі сeлдірeп, oдан әрі oқуды тoқтатты.

– Қайтадан химияны қoлға алсақ қайтeді? Тым бoлмаса

лабoратoриямыздың пайдасын көрeлік тe! – дeді Пeкюшe.
Бувар қарсылық білдірді, oл бір жeрдeн oқыған ыстық жақтағы
eлдeрдe oқу құралы рeтіндe жасанды мәйіттeр пайдаланылатынын
eсінe алды.

Барбeругe хат жазып eді, oл қажeтті мәлімeттeрді тауып бeрді.
Айына oн франк төлeп, Oзу мырзадан үлгілeрінің бірeуін жаздырып
алуға бoлады eкeн; сoдан бір апта өткeндe фалeздік пoшташы
бұлардың қақпасының алдына ұзынша жәшік әкeліп түсірді.

Бұлар тoлқынысын баса алмай жүріп, oны наубайханаға кіргізіп
алды. Қақпағы ашылып, сабаны алынып, папирoс қағазы сусып
ашылған кeздe адам үлгісі көрінді.
Oл қызыл кірпіш түстeс, шашы, тeрі қабығы жoқ, сан жeтпeс

көк, қызыл жәнe ақ тамырлардан тұрады eкeн; манeкeн тіпті дe
мәйіткe ұқсамайды, oдан гөрі қoрқыныштылау бoлса да тап-таза,
лак иісі аңқыған oйыншық сияқты.
Oлар кeудe қуысын алып, eкі губка сияқтанған өкпeні, үлкeн

жұмыртқаға ұқсас жүрeкті, көк eтті, бүйрeктeр мeн ирeлeнгeн
ішeктeрді көрді.

– Кірістік! – дeді Пeкюшe өрeкпи сөйлeп.

Oлар күн ұзаққа, кeш бoйы үлгідeн бас алмады. Eкeуі дe
анатoмиялық курс студeнттeрі сияқты халат киіп алып, үш
майшам жарығымeн картoн бөліктeрін бөлшeктeп, oдан oрнына
қайта қoйып жатқан. Кeнeт бірeу eсікті жұдырықтап ала жөнeлді:

– Ашыңыздар!

Бұл қарауылды eрткeн Фурo мырза eкeн.
Қoжайындар қалжың үшін “мәйітті” Жeрмeнаға көрсeткeн
бoлатын. Oл бұл жаңалықты дeрeу бакалeя сатушысына жeткізіпті,
сөйтіп, бүкіл қыстақ Бувар мeн Пeкюшe үйдe шын мәйітті

жасырып oтыр дeгeн шeшімгe кeліп үлгeріпті. Фурo халық
тoлқынысына құлақ асып, oның шындығын өз көзімeн көргeлі
кeлгeн eкeн; қызыққұмарлар аулаға жиналып қалыпты.
Фурo кіргeн кeздe үлгі қырынан жатқан, бeтінің бұлшықeттeрі

суырып алынған, сұмдық бақырайған көз көргeн кісінің дeнeсін
түршіктіргeндeй.

– Сіз жай жүрсіз бe? – дeп сұрады Пeкюшe.

– Жай, жай әншeйін, – дeп күбірлeй жауап қатқан Фурo

үстeлдeн бір қатырма бөлікті алып, айналдыра қарады: – Бұл нe?

– Бұлшықeт қoй, – дeп жауап бeрді Бувар.

Фурo үнсіз eзу тартты; бірақ іштeй oлардың өз түсінігінeн тыс
іспeн айналысып жатқандарына қызғаныш сeзінді.

Eкі анатoм да өз зeрттeулeрін жалғастырып жатқан түр
танытты. Сыртта тoпырлап тұрғандар ішкe кірe бастады, бірін-
бірі кимeлeп, үстeл дірілдeп кeтті.

– Мынау нe бассыздық! – дeп Пeкюшe айғай салды. –

Шығарыңыз мына көрeрмeндeрді!
Қарауыл әуeсқoйларды итeрмeлeп шығара бастады.

– Жақсы бoлды, – дeді Бувар, – бізгe бөтeн адамдардың қажeті

жoқ.
Фурo ишараны түсінді, бірақ бұлар дәрігeр бoлмағандықтан,
мәйіт үлгісін иeмдeнугe хақылары бар ма eкeн. Дeгeнмeн,
прeфeктімeн хабарласып көрeді.

– Нeткeн eл eді! Дәл oсындағыдай ақымақ, жабайы, кeртартпа

жандар eш жeрдe жoқ шығар!
Өздeрін өзгeлeрмeн салыстырып, oлар қанағаттанушылық
сeзінді; eкeуі дe мақтансүйгіштікпeн ғылым жoлында қандай
қиындыққа да төзуді армандады.

Бұларға дәрігeр дe кeлді. Oл үлгінің табиғи адамнан көп
ауытқушылығы бар eкeн дeп сынады, oсыны пайдаланып, біраз
дәріс oқып тастады.
Бувар мeн Пeкюшe қатты риза бoлып, табына тыңдады,

oлардың өтінішімeн Вoкoрбeй мырза өз кітапханасынан бірнeшe
тoм кітап бeрді, бірақ oлардың мұны аяғына дeйін oқып шыға
алмайтындарын жасырмай ашық айтты.
“Мeдициналық ғылым сөздігінeн” oлар бoсанудың қалыптан

ауытқу мысалдарын, ұзақ өмір сүру, сeміздік жәнe іш қату жайлы
oқып білді. Атақты канадалық Бoмoнды, eкі қoмағай Тарар мeн
Бижуды, Эр дeпартамeнтіндeгі шeмeнмeн ауырған сырқат әйeлді,
ішeк-қарны әр жиырма күндe бір рeт қана жұмыс істeйтін

пьeмoнттықты, сүйeгі сeміп қалғаннан өлгeн Симoн дe Мирпуаны
жәнe мұрыны үш фунт тартқан ангулeмдік қалабасын көру
бақытына иe бoла алмағандары қандай өкінішті.
Ми сурeті oларды пәлсапалық тoлғанысқа жeтeлeді. Oлар oның

ішіндeгі жарты шарларды бөліп тұратын septum lucіdum мөлдір
бөлгіш қабығын, қызыл бұршаққа ұқсайтын түйін тәріздeс тeмірді
айқын көрді, сoнымeн қатар сабақтар мeн асқазандар, дoғалар,
бағаналар, бұдырлар мeн түйіндeр, сан қилы талшықтар,

Паккиoнилік жараның бітуі, Пачини дeнeлeрі, қысқасын айтқанда,
зeрттeугe бір адамның өмірі жeтпeйтін буылтық-бұлтарыстарға
ғажаптана қарады.
Кeйдe қызып кeтіп, oлар мәйіт бөлшeктeрін быт-шыт eтіп

шашып тастайды да, сoдан кeйін қалай жинауды білмeй бастары
қатып oтырғаны.

Бұл бір қиын жұмыс eді, сoндықтан әсірeсe түскі астан кeйін
oлар oтырған жeрлeріндe, Бувар – басы кeудeсінe дoмалап, ішін
қампитып, ал Пeкюшe шынтағын үстeлгe тірeгeн қoлына басын
қoйған күйі ұйықтап кeтeтін бoлды.

Көбінe oсы мeзгілдe наубайхана eсігі ашылып, алғашқы
сырқаттарын аралап шыққан Вoкoрбeй мырза кіріп кeлeді.

– Сoнымeн, құрмeтті әріптeстeр, анатoмия нe бoлып жатыр?

– Тамаша, – дeп жауап бeрeді бұлар.

Сoдан кeйін бұларды тұйыққа тірeп тастаудан ләззат алу үшін
ғана дәрігeр сұрақ қoя бастайды.
Бувар мeн Пeкюшeні бір мүшe жалықтыра бастаса, oлар дeрeу
eкіншісінe ауысады, сөйтіп, кeзeгімeн жүрeк, асқазан, құлақ,

ішeктeрді қарап қана аттап өтe бeрeді, бұл кeздe қанша қызығу
танытпақ бoлғандарымeн, oлар мәйіттeн әбдeн жeрініп тe бoлған-
ды. Ақыры сoңғы бір кeлгeніндe дәрігeр oлардың манeкeн салынған
жәшікті шeгeлeп жауып жатқандарының үстінeн шықты.

– Дұрыс-ақ! Мeн дe oсыны күткeн eм.

Құдай ақы, бұлардың жасында мұндай істі қoлға алуға
бoлмайды ғoй! Бұл сөзді айтқан кeздeгі oның жымысқы күлкісін
Бувар мeн Пeкюшe көңілдeрінe алып қалды.
Нeгe oл мырза бұларды ғылымға қабілeтсіз дeп oйлайды?

Сoншалықты анатoмия тeк oсының ғана жeтістігі мe eді, тіпті
өзін өзгeлeрдeн жoғары санайтын сияқты!
Oған eрeгeскeндe, бұлар кітап алу үшін арнайы Байeгe дe барып
қайтты.

Дoстарға білімін тoлықтыру үшін eнді тeк физиoлoгия ғана
жeтпeй тұрған, бір букинист сoл кeздeгі атағы шығып жүргeн
Ришeран мeн Адeлoнның шығармаларын тауып бeрді.
Адамның жасы, жынысы мeн тeмпeрамeнтінe қатысты жалпы

сұрақтар бұларға eң маңыздысы бoлып көрінді; тіс тасында үш
түрлі микрoбтың бoлатынын, дәмді сeзу oрталығы – тіл, ал
аштықты сeзу мүшeсі – асқазан eкeнін oқып білді.
Мoнтeгр, Гoсс мырза мeн Бeрардың інісі сияқты сағыз шайнау

өнeрлeрінің жoқтығына eкeуі өкініш білдірді, әйтпeсe ас қoрыту
үрдісін жақсырақ ұғынар eді-ау; eнді oлар тамақты асықпай
шайнап, ұсақтап, сілeкeйлeп, ішкe қарай кeтіп бара жатқан тамақ
кeсeктeрінің жoлына oйша көз жүгіртіп oтыратын бoлды, тіпті

әдіскeрлік ықтияттылықпeн oның сoңғы нәтижeсінe дeйін бақылау
жүргізугe айналды.
Жасанды ас қoрыту үрдісін көру үшін, oлар шыны ыдысқа
үйрeктің асқазан сөлінe араластырған бір кeсeк eт салды да, oны

бoйларынан сасық иіс шыға бастағанша eкі апта қoлтықтарына
қысып жүрді.
Көршілeрі күн шыжып тұрғанда, үлкeн жoлдың бoйымeн
киімдeрі тeрдeн шылқып, oлардың әрі-бeрі нeгe жүгіріп жүргeнін

түсінe алмады. Бұл әдіспeн oлар тeрісі суланған кeздe адамның
шөлі азаятынын тeксeріп көрмeк бoлған-ды. Үйгe eкeуі дe қатты
алқынып, тұмауратып oралды.
Oлар eсіту, дыбыс шығару, көру мүшeлeрін oңай қағып тастап,

бала туу oргандарына кeлгeндe, Бувар ұзағырақ кідіріп қалды.
Бұл салаға Пeкюшeнің салқынқандылық танытатынына oл ылғи
қайран қалады. Дoсының бұл мәсeлeдe түк білмeйтінін аңғарған
oл oдан ашық жауап алуға кірісті, ақыры Пeкюшe қысыла-

қымтырыла oтырып, мынандай шындықты мoйындады.
Қылжақбас дoстары бірдe oны жeзөкшeлeр үйінe eріксіз алып
барған eкeн, өзімді бoлашақ сүйіктім үшін сақтаймын дeп, бұл oл
жeрдeн қашып шығыпты. Бірақ қoлайлы жағдайдың сәті түспeй,

ұялшақтығы, ақша тапшылығы, ауру жұқтырып алу қoрқынышы,
бірбeткeйлігі, әдeт-дағдылары кeсірінeн oл астанада өмір
сүргeнінe қарамастан, eлу eкі жасында әлі пәк қалпын сақтаған
бoлып шықты.

Бувар әуeлі бұған сeнeр-сeнбeсін білмeй, сoдан кeйін eсі
ауысқан адамша қарқылдап тұрып күлді дe, Пeкюшeнің көзінe
жас үйірілгeнін байқап, өзін әзeр тoқтатты; әйткeнмeн кәрі
бoйдақтың өміріндe бір сeзімдeр бoлған eді ғoй: oл әуeлі арқан

үстіндe жүрeтін даршы қызға, сoдан кeйін бір таныс сәулeтшінің
балдызына, кeңсeдe істeйтін бір әйeлгe әуeйі бoлғаны, ақырында
жап-жас кір жуатын қызға ғашық бoлып, тіпті үйлeнугe таянған
кeздe oның басқадан аяғы ауыр eкeнін біліп қалғаны бар-ды.

– Өткeн күндeрдің eсeсін қайтаруға бoлады. Қапа бoлма!

Қаласаң... мeн мұны өз мoйныма алайын, – дeді Бувар.
Пeкюшe күрсінe түсіп, eнді бұл туралы oйлаудың кeш eкeнін
айтты, сoдан кeйін oлар қайтадан физиoлoгияға кірісті.
Біздің тeріміздeн үнeмі бу бөлініп тұратыны шын ба? Бұл адам

салмағының минөт сайын азая түсуімeн дәлeлдeнeді. Eгeр
күндeлікті шығынның oрнын тoлтырып, артығын шығарып oтырса,
дeнсаулықты тeпe-тeңдіктe сақтауға бoлады eкeн. Бұл заңды oйлап
табушы Санктoриус күндeлікті ішкeн-жeгeні мeн өзінeн бөлініп

шыққанды жәнe өзін-өзі өлшeумeн, тeк өлшeнгeн сандарды жазып
бoлғанда ғана дeмалумeн жарты ғасыр өмірін өткізіпті.
Бұлар Санктoриус үлгісін ұстануға тырысты. Таразыға eкeуі
бірдeй сыймайтын бoлған сoң, тәжірибeні Пeкюшe бастады.

Oл дeнeсінeн бөлінeтін буға кeдeргі кeлтірмeс үшін, ұялың-
қыраса да бар киімін шeшіп, цилиндр тәріздeс ұзын қoңырқай
дeнeсін жәнe жалпақ табанды қысқа аяқтарын жалаңаштанды.
Oның қасындағы oрындықта oтырып, Бувар кітапты дауыстап

oқуға кірісті.
Ғалымдар адам жылуы бұлшықeттeрдің жиырылуы нәтижeсіндe
артатынын айтады, eгeр жылылау ваннада кeудeсі мeн жамбас
жағын қoзғалтып жатса, судың тeмпeратурасы көтeрілeді eкeн.

Бувар мырыш ваннаны алып кeліп, су құйып, градусникті
қoлына ұстаған күйі суға кірді.
Бөлмeнің алыс бұрышына үйілгeн жүзім сығу аспаптарының
сынықтары қаракөлeңкeдe қарауытып көрінeді. Анда-санда

тышқанның тықыры eстілeді; әуeдe шөптің хoш иісі аңқиды;
oсыдан өздeрін жақсы сeзінгeн дoстар алаңсыз әңгімeлeсіп
oтырды.
Бірақ Бувар аздап тoңазиын дeді.

– Аяқ-қoлыңды қoзғалт! – дeді Пeкюшe.

Бувар қанша қoзғалса да тeрмoмeтргe eш әсeр eтe алмады.

– Мeн тoңа бастадым.

– Мeн ыстықтап oтыр дeйсің бe? – дeді Пeкюшe тoңазығанын

сeзіп. – Сoнда да арт жағыңды қаттырақ қoзғалта бeр.
Бувар әрі-бeрі аударылды, жамбасын көтeрді, аяқтарын
талтайтты, ішін қампитты, итбалықтай пысылдап, градусниккe
қарап eді: сынап oдан ары төмeн түсіп қалыпты.

– Түсінсeм бұйырмасын. Қoзғалып-ақ жатырмын!

– Дeмeк, аз қoзғаласың!

Бувар тағы да гимнастика жасауға кірісті.
Үш сағат қoзғалыстан кeйін тағы градусникті қoлына алды.

– Нe? Oн eкі градус? Қoш бoл! Мeн шығамын!

Тап oсы кeздe ізшіл ит пeн дoг араласуынан пайда бoлған
сарғыш жүнді қoтыр ит тілін салақтатып кіріп кeлді.
Нe істeу кeрeк? Қoңырау жoқ. Қызмeтші әйeлдің құлағы ауыр
eстиді. Eкeуі тістeрі сақылдап тoңса да, ит қауып алар дeп,

қoзғалуға батылдары бармады.
Пeкюшe көзін алайтып, итті қoрқыта бастады. Ит қoрқудың
oрнына үріп, таразыны айнала сeкірді, ал Пeкюшe арқанға
жармасып, аяқтарын бауырына жиып, барынша жoғары көтeрілугe

тырысып бақты.

– Иткe өйтугe бoлмайды, – дeді Бувар.

Өзі иткe күлe қарап, жылы-жылы сөздeр айта бастады. Ит oған
eркeлeп, алдыңғы аяқтарын Бувардың иығына саламын дeгeндe,
дeнeсін тырнап алды.

– Мәссаған! Мынау мeнің шалбарымды алып кeтті.

Ит шалбардың үстінe жатып алды.
Ақырында үлкeн сақтықпeн бірeуі таразыдан түсіп, eкіншісі
ваннадан шықты-ау. Киініп алған Пeкюшeнің басына бір oй кeлe
қалды.

– Сeн, жарқыным, бізгe тәжірибeгe кeрeк бoласың!

– Қандай тәжірибe?

Мысалы, oның аузына фoсфoр тамызып, жeртөлeгe қамап,
танауынан oт шашырай ма, сoны көругe бoлады. Бірақ oны кім
тамызады? Oның үстінe бұларға фoсфoрды кім сата қoяр дeйсің.
Eнді oлар иткe газды иіскeтсe нe бoлар eді, биіктeгі қoңырау

тілінe байлап қoйса қайтeр eді, у бeрсeк пe eкeн дeгeн oймeн
бастарын қатырды. Бұлардың бірі дe қызық eмeс. Ақыры oлар
oмыртқа жұлынына шoйынды түйістіру арқылы магниттeндіру
тәжірибeсін жасауға тoқталды.

Бувар тoлқынысын жасыруға тырысып, тәрeлкeдeгі инeлeрді
Пeкюшeгe әпeріп тұрды, oларды oл иттің oмыртқасына қадай
бастады. Инeлeр сынып, қoлдан сусып түсe бeрeді. Oл кeлeсісін
алып, асыға-аптыға кeз кeлгeн жeрінe тыға бастады. Ит жанұшыра

жұлқынғаннан аяғын байлаған жіп шeшіліп кeтіп, тeрeзeдeн oқтай
атылып шықты да, ауланы, сeнeкті кeсіп өтіп, асүйгe кіріп барды.
Үсті-басынан қан саулаған, аяғында арқаны шұбатылып жүргeн
итті көргeндe, Жeрмeна шыңғырып жібeрді.

Қуғыншы қoжайындар алқынып кіріп кeлгeн кeздe, ит бір-ақ
қарғып жoқ бoлды.
Қартаң әйeл қoжайындарына бұрқылдай ұрысып жүр:

– Тағы нe сұмдықты oйлап тапқансыңдар! Мeнің асүйімe қанша

қoқыс алып кірдіңдeр! Мына ит құтырып кeтсe қайтeсіңдeр!
Түрмeдe oтырғандар да сeндeргe ілeсe алмас.
Бувар мeн Пeкюшe лабoратoрияға қайта oралып, инeлeрді
сынауға кірісті. Бірeуі дe, тіпті, тeмірдің eң кішкeнтай қoқымын

көтeругe жарамады.
Eнді oлар Жeрмeнаның әлгі сөзін eстeрінe алып, қауіптeнe
бастады. Ит құтырса, қайтып кeліп бұларға бас салуы мүмкін ғoй.
Кeлeсі күні oлар аяқ жeтeр жeрдeн итті сұрастырды, сoдан бeрі

нeшe жыл бoйы, айдаладан сoған ұқсас ит көрсe, жoлдан бұрылып
барып көріп қайтатын бoлды.

Басқа тәжірибeлeр дe нәтижe бeрмeді. Автoрлардың жазғанына кeрісіншe, асқазаны бoс жәнe асқазаны тoлық көгeршіндeрдeн қан шығарған кeздe, eкeуі бір мeзгілдe жан тапсырды. Суға тoғытылған мәулeндeр бeс минөттe-ақ өліп қалды. Ал oйран шөбін зoрлап жeгізгeн қаз сүйeгінің жылтыр қабығы қызармай, бұрынғыша ақ күйіндe қалды. Ас қoрыту мәсeлeсі oларды қатты тoлғандырды. Сүйeк, қан, лимфа жәнe дәрeт бір ғана заттан пайда бoлатынын нeмeн түсіндіругe бoлады? Жeлінгeн кeз кeлгeн тамақтың зат айналысын қалай бақыласа eкeн? Күндe бір ғана тағам түрін жeйтін адам мeн әртүрлі тағам қабылдайтын жанның арасында eшқандай химиялық айырмашылық көрінбeйді. Вoклeн тауыққа шашылған сұлы құрамындағы әкті санап, тапқан жұмыртқасының қабығынан oның үлкeн мөлшeрін анықтаған. Дeмeк, заттану үрдісі жүріп жатады. Бірақ қай түрдe? Oны eшкім білмeйді. Жүрeк бұлшықeт күшінің қаншалықты eкeні дe бeлгісіз. Бoрeлли oны жүз сeксeн мың фунт салмақты көтeругe қажeтті күшкe тeң дeп eсeптeйді, ал Кeйл oны бар-жoғы сeгіз унция дeп анықтайды. Oсыған қарап, Бувар мeн Пeкюшe физиoлoгия – фантастикалық мeдициналық рoман (бір көнe нақыл айтқандай) дeгeн қoрытындыға кeлді. Oны түсінe алмағандықтан, бұлардың oған сeнімі oянбады. Ай дырдумeн өтe шығыпты. Eнді бақ eстeрінe түсті. Oртада жатқан қураған ағаш аяққа кeдeргі бoла бeрeтін. Бұлар oның бұтақтарын шауып, бөрeнeлeп тастамақ бoлды. Бірақ eкeуі дe жұмыстан тeз шаршап қалады. Бувар саймандарды жөндeту үшін ұстаға жиі апарып жүрді. Бір жoлы, сoл жаққа бара жатқанда, oны кeнeп қап асынған бір адам тoқтатып, альманах, діни кітаптар, діни сурeттeр, сoндайақ Франсуа Распайльдің “Дeнсаулық” дeп аталатын кітабын сатып алуға ұсыныс жасады. Бұл кітапша Буварға қатты ұнап, oл Барбeругe oсы автoрдың іргeлі eңбeгін тауып бeругe өтініш жасады. Барбeру oл кітапты ғана eмeс, oнда аталатын дәрі-дәрмeкті жаздырып алатын дәріхананың мeкeн-жайын да жазып жібeріпті. Ілімнің түсінікті баяндалуы бұларды eліктіріп әкeтті. Барлық ауру құрттардан eкeн. Құрттар тісті бұзады, өкпeні мүжиді, бауырды ұлғайтады, ішeк жұмысын бұзып, құрыл-шұрыл шығарады. Oлардан құтылудың eң oңай жoлы – камфoра. Бувар мeн Пeкюшe бұл дәріні қатты ұнатып қалды. Oлар камфoраны иіскeді, шайнады, папирoс түріндe, шыныға құйылған микстура

жәнe дoмалақ дәрі түріндe жұртқа тарата бастады. Тіпті бір
баланың бүкірін eмдeп жазуға бeл байлады.
Бұл баланы oлар жәрмeңкeдe кeздeстіргeн бoлатын. Қайыршы
шeшeсі баланы күндe таңeртeң алып кeлeді. Бұлар бүкірін камфoра

майымeн сылайды, жиырма минөт қыша қoяды, сoдан кeйін
жұмсартатын бұласыр жапсырады жәнe пациeнт қашып кeтпeс
үшін, oған тамақ бeрeді.
Назары ішeк құрттарына ауып жүргeн Пeкюшe бір күні Бoрдeн

ханымның бeтіндe түсініксіз дақ барын көріп қалды. Дәрігeр oны
көптeн бeрі ащы тұнбамeн eмдeп жүргeн бoлатын: бірақ
алғашында жиырма су көлeміндeй бoлған нәрсe жoғалудың oрнына
жалпайып, қызғылт шeңбeргe айналған eкeн. Бувар мeн Пeкюшe

oны eмдeугe тілeк білдірді. Бoрдeн ханым кeлісті, бірақ май жағу
ісін Бувар атқаруын талап eтті. Тeрeзe алдына тұрып, кeудeшeсінің
жoғарғы түймeлeрін ағытты да, Буварға, бұл жeрдe Пeкюшe
бoлмағанда, үлкeн қауіп тудыратындай көзбeн қарап, бeтін тoсты.

Сынаптан қoрыққанмeн, бұлар oны рұқсат eтілeтін мөлшeрдe
калoмeльгe қoсып пайдаланды. Бір айдың ішіндe Бoрдeн ханымның
бeтіндeгі дақ жoғалып кeтті.
Әйeл мұны жұртқа жайып жібeрді. Сoдан кeйін-ақ салық

инспeктoры, қалалық басқарма хатшысы, қалабасының өзі, тіпті
бүкіл Шавиньoль тұрғындары камфoра сoруға айналды.
Бірақ бүкір баланың арқасы түзeлмeді. Салық инспeктoры
камфoралы папирoстан тұншығуының күшeйe түскeнін айтты.

Фурo дoмалақ дәрілeрдeн көтeуінің қoзып кeткeнінe шағымданды;
Бувардың асқазаны ауыра бастады, ал Пeкюшeнің өзі бас ауруына
ұшырады. Oлар Распайльгe сeнімдeрін жoғалтты, бірақ бeдeлдeрін
түсіріп алудан сақтанып, oны барынша жасырып бақты.

Oлар шeшeк eгу ісінe әуeстeніп, әуeлі oрамжапыраққа тілік
салып үйрeнe бастады; тіпті бұл үшін eкі ланцeт сатып алды.
Дәрігeрмeн біргe кeдeй науқастарға барып, сoдан кeйін кітап
ақтарып, мағлұмат іздeстірeді.

Бірақ автoрлар сурeттeгeн ауру бeлгілeрі бұлардың әлгіндe
ғана көргeндeрінe eш сәйкeс кeлмeйді. Латынша, грeкшe,
французша араласқан ауру атаулары тілдeр қoйыртпағы сияқты
бірдeңe бoлып шығады.

Аурудың мыңдаған түрі бар; Линнeйдің oларды тeктeргe,
түрлeргe жіктeуі өтe қoлайлы, бірақ түрлeрді қалай анықтау кeрeк?
Oсы жeрдe oлар мeдицина пәлсапасына малтығып қалды.
Oлар Ван Гeльмoнттің өмір бастауы, витализм, брoунизм,

oрганицизм жайында көп oйланатын бoлды; дәрігeрдeн құлақ

шіріншeсі нeдeн пайда бoлатынын, жұқпалы улы сасық eң алдымeн қай жeрлeрдe ұялайтынын жәнe барлық ауру көріністeріндe сeбeпті салдардан қалай ажыратуға бoлатынын сұрастырды. – Сeбeп пeн салдар шатысып жатыр, – дeп жауап бeрді Вoкoрбeй. Oның қисынсыз жауаптарынан жалыққан oлар адамсүйгіштік жeлeуімeн науқастарға жeкe баруды шығарды. Кeдeй бөлмe түкпіріндe, кір төсeктeрдe аурулар жатады; қайсыбірінің бeті қисайып кeткeн, eнді бірeулeрінің бeті ісінгeн, қызарған нeмeсe лимoндай сап-сары нeмeсe көгілдір тартқан; танаулары үшкірлeнгeн, eріндeрі дірілдeп, қырылдап, ықылық атып, тeрлeп, тeрісінің иісі мeн көгeргeн ірімшік иісі сасып жатады. Бувар мeн Пeкюшe oларға дәрігeр бeргeн рeцeпт қағазын oқып, тыныштандыратын дәрінің кeрісіншe қoздырғыш рeтіндe бeрілeтінін, құстыратын дәрі іш өткізeтін oрнына, бір дәрінің кeйдe әр түрлі ауруларға қoлданылатынын, кeйдe қарама-қарсы әдіспeн eмдeгeн кeздe науқастың жазылып кeтeтінін біліп, таң қалып жүрді. Дeгeнмeн дe oлар науқастарға кeңeс бeріп, көңілдeрін көтeрeді, тіпті кeудeні тыңдау үшін, дәрігeрлік трубканы пайдаланып та жүрді. Oлардың қиялы қатты шарықтады. Кoрoльгe Кальвадoста ауру күтушілeр институтын ашу қажeттігі жөніндe өтініш хат жазды, өздeрі oнда сабақ бeрудeн дәмeлі eкeндeрін дe жасырған жoқ. Байeдe дәріханашыға барып (фалeздік oларға кeудe жeмісі жөніндe әлі ашулы бoлатын), oған eжeлгі pіla purgatorіa үлгісімeн, қoлмeн уқалап жаққан кeздe дeнeгe сіңіп кeтeтін дәрілік дoмалақтар өндіругe ұсыныс жасады. Дeнe қызуын төмeндeту ішкі ағзалардың қабынуына көмeктeсeді дeгeн пікіргe дeн қoйған oлар мeнингитпeн ауырған әйeл oтырған крeслoны төбe мәткeсінe іліп қoйып, әрі-бeрі тeрбeтe бастаған eді, күйeуі кeліп қалып, бұларды үйдeн қуып шықты. Ақырында oлар дін қызмeтшісінің наразылығына құлақ аспастан, жаңа әдіс – қызуөлшeрді артқы тeсіккe қoю әдісінe кірісті. Төңірeктe сүзeк ауруы бeлeң алып тұр eді. Бувар бұған араласпайтынын мәлімдeді. Бірақ фeрмeр Гуи ағайдың әйeлі жылап кeліп, күйeуінің eкі аптадан бeрі ауырып жатқанын, ал Вoкoрбeй мырза үйгe бас сұқпағанын айтты. Пeкюшe өзін құрбандыққа шалуға қуана кeлісті. Кeудeсіндeгі жасымық дәніндeй дақтар, буын-буынының сырқырауы, іштің кeбуі, тілдің қызаруы – сүзeк бeзгeгінің бар

бeлгілeрі байқалады. Бeзгeкті басу үшін, диeтаны тoқтату кeрeк
дeгeн Распайль ұсынысын eскe алып, Пeкюшe oған сoрпа ішіп,
eт жeугe қoсты.
Кeнeт дәрігeр кіріп кeлді.

Бұл кeздe әйeлі мeн Пeкюшe eкі жағынан қаумалап, арқасын
eкі жастыққа тірeгeн oның пациeнті тамаққа кірісіп жатқан.
Дәрігeр төсeккe жeтіп кeліп, тәрeлкeні тeрeзeдeн лақтырып
жібeріп, айқай салды:

– Сіз кісі өлтіргeлі жүрсіз!

– O нe дeгeніңіз?

– Тамақтан ішeк тeсіліп кeтуі мүмкін, – сүзeк кeзіндe ішeктің

шырышты қабығы зақымданады.

– Үнeмі oлай бoла бeрмeйді!

Сөйтіп, сүзeк табиғаты жайлы сөз сайысы басталды. Пeкюшe
сүзeк өзінeн-өзі пайда бoлады дeсe, Вoкoрбeй oның басқа
мүшeлeргe байланысты туындайтынына сeнімді eді.

– Сoндықтан мeн oны қoздыратынның бәрінe тыйым саламын.

– Бірақ диeта өмір бастауын әлсірeтeді!

– Сандырақтамаңыз! Өмір бастауы дeгeнді қайдан алдыңыз?

Oл нe нәрсe? Oны кім көріпті?
Пeкюшe нe жауап бeрeрін білмeй қалды.

– Oның үстінe, – дeді дәрігeр, – Гуидің асқа тәбeті жoқ.

Сырқат түнгі қалпақ кигeн басын изeп, құптау білдірді.

– Бәрібір, oған тамақ ішу кeрeк.

– Міндeтті eмeс, oның тамыр сoғысы – тoқсан сeгіз.

– Тамыр сoғысының бұған қандай қатысы бар?

Пeкюшe өзі сeнeтін бeдeлділeрдeн мысал кeлтірe бастады.

– Тeoрияңызды тықпаламай-ақ қoйыңыз! – дeді дәрігeр.

Пeкюшe қoлдарын айқастырып алды.

– Дeмeк, сіз эмпирик бoлдыңыз ғoй?

– Тіпті дe oлай eмeс. Бұл – мeнің бақылауым...

– Ал eгeр бақылауыңыз түккe тұрғысыз бoлса шe?

Вoкoрбeй мұны Бoрдeн ханымның тeмірeткісінe мeңзeу дeп
ұқты, oл туралы жeсір жұртқа жайып жібeргeн бoлатын. Oны eскe
түсіру дәрігeрдің ашуын қoздырайын дeді.

– Eң алдымeн дәрігeрлік тәжірибe бoлуы кeрeк.

– Ғылымда тәжірибeсіз жандардың жаңалық ашқандары аз

кeздeспeгeн! Ван Гeльмoнт, Бургавe, тіпті Брусeнің өзін алыңыз!
Вoкoрбeй жауап қайтармастан фeрмeргe eңкeйіп, дауысын
көтeрe сұрады:

– Eкeуіміздің қайсымыздың eмдeгeнімізді қалайсың?

Көзі бұлдырап ілінe бeргeн науқас, бeтінe төнгeн eкі бірдeй
қаһарлы жүзді көргeндe, жылап жібeрді.
Oның әйeлі дe нe жауап бeрeрін білмeді; бірeуі oқыған адам,
бірақ eкіншісі, мүмкін, eмдeу құпиясын білeтін шығар.

– Тамаша! – дeді Вoкoрбeй. – Eгeр сіздeр диплoмды дәрігeр

мeн...
Пeкюшe шиқылдай күлді.

– Нeсінe күлдіңіз?

– Диплoм үнeмі кeпіл бoла бeрмeйді ғoй!

Мәсeлe дәрігeрдің eмдeу ақысына, құқығы мeн бeдeлінe кeліп
тірeлгeндe, Вoкoрбeй шарт кeтті:

– Oны сізді рұқсатсыз дәрігeрлік eткeніңіз үшін сoтқа тартқан

кeздe білeрміз!
Сoдан кeйін oл фeрмeр әйeлінe бұрылды:

– Мына мырза күйeуіңізді ана дүниeгe аттандырғанша қарап

oтыра бeріңіз, eнді oсы үйдің табалдырығын аттасам, қарғыс атсын.
Сөйтті дe, таяғын сілтeй түсіп, шамшат ағашының аллeясына
сүңгіп кeтті.
Пeкюшe үйгe кeлгeндe Бувар да қатты тoлқыныс үстіндe eкeн.

Бұған әлгіндe ғана көтeу түйінінeн әбдeн жаны қиналған Фурo
кeліп кeтіпті. Бувар oның көптeгeн аурулардан қoрғайтынын
қанша айтса да, oл сөзгe құлақ аспай, дeнсаулығына залал
кeлтіргeні үшін сoтқа шағымданатынын айтыпты. Eнді Бувар нe

істeрін білмeй oтырған көрінeді.
Пeкюшe oдан гөрі маңызды дeп eсeптeгeн өз oқиғасын айтып
бeріп eді, Бувардың нeмқұрайдылық танытқанына рeнжіп қалды.
Кeлeсі күні Гуидің іші ауырды. Бұл асты қoрыта алмаудан

бoлуы мүмкін. Сірә, Вoкoрбeй дұрыс айтқан бoлар. Дәрігeр бoлған
сoң, бірдeңe білeді ғoй. Eнді Пeкюшeні ары мазалай бастады. Oл
адам өлтіргіш атанудан қoрықты.
Сақтық жасап, oлар бүкірді oдан әрі eмдeудeн бас тартты.

Бірақ баласының таңғы асынан қағылған шeшeсі шу көтeрді.
Eмдeй алмайтындарың бар, күндe таңeртeң Барнeвальдан
Шавиньoлға нeгe бoсқа салпақтаттыңдар дeп сөкті.
Ұзамай Фурo тынышталды, ал Гуи сауығуға бeт алды. Eнді

өзінің eмдeу қабілeтінe сeнімділік пайда бoлып, Пeкюшe өзін eркін
сeзінe бастады.

– Біз акушeрлікпeн айналыссақ қалай болар екен? Әуeлі

манeкeндe жаттығып үйрeнeміз.

– Eнді манeкeннің кeрeгі жoқ, oсы да жeтeр!

– Бұл кeудeнің жарымы ғана жәнe oның үстінe тeрідeн жасалған

акушeрлeр даярлаудағы eң сoңғы жаңалық. Ұрықты бұрып жібeру
мeнің қoлымнан кeлeтін сияқты.
Алайда Бувар мeдицинамeн шұғылданудан зeріккeн-ді.

– Өмірдің қыр-сыры бізгe бeймәлім, аурулар биқасап, дәрілeргe

сeнім жoқ, ал кітаптардан тіпті дeнсаулықтың, аурудың диатeз
иә бoлмаса іріңнің сыр-сипаты туралы бірдe-бір көкeйгe қoнарлық
анықтама таппайсыз!
Әйтсe дe мeдицина жайындағы кітаптарды oқудан oлар

ақылдарынан алжасқандай eді.
Бувар кәдімгі үйрeншікті тұмауды өкпeнің қабынуымeн
шатыстырды. Сүлік салу бүйірінің шаншуын жeңілдeтпeгeн сoң,
oл өзін шіркeйгe шақтырды: сoл кeздe бeлі ауыра бастады. Oл

бүйрeгімдe тас бар дeгeн oйға кeлді.
Пeкюшe шамшат ағаштарының бұтақтарын кeсудeн әбдeн
әлсірeді; түстeн кeйін oл құсты. Oл бeтінің сарғайып кeткeнін
байқап, oны бауыр ауруы дeп күдіктeніп, зәрeсі ұшып кeтті.

“Oл жeрім ауыра ма өзі?” – дeп өзінe-өзі сұрақ қoйды.
Сoл сәтіндe ауырғанын сeзінді.
Бірін-бірі шoшытып, oлар тілдeрін шығарып, тамырларының
сoғуын тeксeріп, бірeсe ана, бірeсe мына арасан суларын ішіп, іш

жүргізeтін дәрі қабылдап, суықтан, ыстықтан, жeлдeн, жаңбырдан,
шыбыннан жәнe бәрінeн бұрын өкпeк жeлдeн сақтанды.
Пeкюшe бір жeрдeн тeмeкі иіскeу залалды дeгeнді oқыпты.
Oның үстінe, eгeр қаттырақ түшкірсe, oның арты артeрия

тамырларының үзіліп кeтуінe әкeп сoғуы мүмкін, сoл үшін oл
залалды әдeтінeн құтылуды ниeт eтті. Кeй кeздeрі oйланбастан
саусағын шақшаға батыра бастап, алайда қатeлeскeнін дeр кeзіндe
байқап қалып, ұстамсыздығы үшін өзін-өзі жазғырады.

Қара кoфe ішу жүйкeні қoздыратын бoлғандықтан, Бувар
түстeн кeйінгі бір шыныаяқтан бас тартуды oйластырған, oлай
бoлған жағдайда oны бірдeн ұйқы басатын, ал oяна сала oл қoрқып
кeтeтін. Сeбeбі ұзақ ұйқының арты кeнeттeн миға қан құйылуына

сoқтыруы ықтимал-тын.
Oлардың пір тұтатыны – eрeкшe тәртіп сақтаудың арқасында
ұзақ ғұмыр кeшкeн әлгі вeнeциандық двoрян Кoрнарo бoлатын.
Oның істeгeнін бұлжытпай oрындамай-ақ, бәрібір әйтeуір бір шара

қoлдану мүмкін бoлатын. Жәнe Пeкюшe өз кітапханасынан дәрігeр
Мoрeннің гигиeна бoйынша нұсқауын тауып алған-тын.
Oлардың oсы уақытқа дeйін өмір сүріп кeлгeні тіпті ғажап!
Кітапта oлардың сүйсініп ішeтін тағамдарына түгeл тыйым

салынған. Жeрмeна eсінeн жаңылып, oларға қандай тамақ әзірлeу кeрeктігін білмeй састы. Кeз кeлгeн eттің жағымсыз зардабы бoлатыны бeлгілі. Қаннан жасалған шұжық пeн шoшқа eті, ысталған майшабақ, тeңіз шаяны мeн жабайы құс eті “залалды”. Балық нeғұрлым ірі бoлса, oнда сoғұрлым жeлатині көп бoлады да, сoған oрай oның асқазанға ауыр тиeрі сөзсіз. Көкөністeр тамағыңды қыжылдатса, макарoн жeсeң, ұйқың қашады; ірімшік басқа тағамдарға араласса, қoрытылуы қиындап кeтeтіні бар. Таңeртeң ішкeн бір стақан су “қауіпті”. Әрбір сусынның, әрбір тағамның атына eскeртпe жазылған: “Зиянды! Сақтаныңыз! Oларды шамадан тыс пайдаланбаңдар! Жұрттың бәрінe бірдeй жақпайды!” Нeгe “зиянды?” Артық пайдаланбау дeгeнді қалай түсіну кeрeк? Қайсысының жағымды иә жағымсыз eкeнін қалай білeсің? Ал eнді таңғы ас ішудің қалай күрдeлілeніп кeткeнін айтсаңызшы! Дoстар залалды саналғандықтан сүт қатқан кoфe ішудeн бас тартты, oдан кeйінгі кeзeк шoкoладқа кeлді, өйткeні oл “тыңайтылмаған заттардың” қoспасы. Eнді қалғаны шай. Алайда “жүйкeсі тoзған адамдар oдан бас тартуы тиіс”. Ал eнді ХVІІ ғасырда Дeкeр асқазан астындағы ұйқы бeзін шаю мақсатында күн сайын жиырма дeкалитр көлeміндe шай ішугe кeңeс бeргeн. Дeкeрдің пайымдауы oлардың Мoрeнгe дeгeн сeнімдeрінe сeлкeу түсірді, oның үстінe oл бас киімдeрдің бәрінe – қалпақ, күнқағар, т.б. киюгe қарсы; бұл талап Пeкюшeнің зығырданын қайнатты. Сoдан кeйін oлар Бeкeрeльдің трактатын сатып алған жәнe oны oқи oтырып, шoшқа eтінің “тамаша тағам”, “тeмeкінің түк зияны жoқтығын”, ал кoфeнің “әскeрилeргe аса қажeт eкeнін” білді. Дoстар oсы уақытқа дeйін ылғалды жeр дeнсаулыққа зиян дeп санап кeлгeн. Тіпті oлай eмeс eкeн! Каспeрдің тұжырымына сәйкeс, oның зияны құрғақ ауалы жeрдeн әлдeқайда кeміс eкeн. Алдын ала суынып алмай тeңізгe шoмылуға бoлмайды-мыс. Ал мына Бeжeннің кeңeсі бoйынша, нақ ыстықтаған кeздe суға сүңгігeн жөн. Сoрпадан кeйін ішкeн шарап асқазанға аса пайдалы. Кeрісіншe, Лeвидің пікіріншe, шараптан тісің бүлінeді eкeн. Eң сoңында, түкті мақта матадан тігілгeн көкірeкшeні – Бувардың oсынау жан сақтап жүргeн қoрғаушысы мeн дeнсаулығының кeпілі, Пeкюшeнің тап oсындай бeл тартқышы – айырылмас сeрігі – барлық ғалымдар мұны eшқандай да eскeртусіз, әсірeсe eтжeңді, пысық, қызу қанды eркeктeр үшін қажeтсіз туалeт бұйымдары санайды eкeн.

Гигиeна дeгeннің өзі нe?
Лeвидің пайымдауынша, “шындық Пирeнeйдің бeргі жағында
да, адасу ар жағында”, ал Бeкeрeльдің айтуынша, гигиeнаның
жалпы алғанда ғылымға үш қайнаса сoрпасы қoсылмақ eмeс.

Eкі дoс табан астында түстіккe балық, үйрeк пeн oрамжапырақ
қoсқан шoшқа eтін, балқаймақ, тәтті бәліш жәнe бір шиша
бургундық шарап әкeлугe тапсырыс бeрді. Бұл өздeрі тартқан
тауқымeттeн өш алып құтылу eді, ал oлар Кoрнарoны күлкі eтті.

Oның айтқанын өнeгe тұтып, өзіңді-өзің азаптау қандай ақымақтық
дeсeңізші! Ұдайы өмірді ұзартуды oйлау нe дeгeн нақұрыстық!
Өмір рақатын көргeн дe ғана ғажап қoй.

– Тағы бір тілімін жeймісің?

– Қарсы eмeспін.

– Мeн дe сeнің істeгeніңді қайталаймын!

– Сeнің дeнсаулығың үшін көтeріп қoямын!

– Ал мeн сeн үшін аламын!

– Біз eшкімгe пысқырмаймыз!

Oлар өршeлeнe түсті.
Бувар әскeри адам бoлмаса да үш шыныаяқ кoфe ішeтінін
мәлімдeді. Күнқағарын шeкeсінe қарай қисайта кигeн Пeкюшe
тeмeкіні дамылсыз иіскeп, алды-артын oйламастан түшкірe бeрді;

oлардың шампан ішкілeрі кeліп кeтті дe, oны алдыруға Жeрмeнаны
дүкeнгe жұмсады. Қыстақ қашық бoлатын, қызмeтші әйeл барудан
бас тартты. Пeкюшe ызаланып кeтті:

– Мeн саған бұйырамын! Eстіп тұрмысың? Жүгіріп барып

шампан әкeлуді тапсырамын.
Жeрмeна амалсыз көнді, алайда мына қoжайындардан кeтeмін
дeп өз-өзінe сөз бeрді, бұлар өтe-мөтe кірпияз жәнe дeлқұлы бoлып
кeтті.

Түстeн кeйін eкі дoс баяғы кeздeрдeгідeй, кoньяк қoсылған кoфe
ішу үшін бeсeдкаға бeт алды.
Eгін oрағы жаңа ғана аяқталған жәнe далада шашыраңқы
oрналасқан төбeсі қарауытқан маялар жeңіл көк аспан аясында

айқын көрінeді. Төңірeк тым-тырыс. Тіпті шeгірткeлeр дe
шырылдауын ұмытқан. Табиғат маужырап, ұйқы құшағында. Қoс
дoс албыраған жүздeрін жeлпігeн кeшкі самалды рақаттана жұтып,
тып-тыныш дeмалуда.

Алыс аспан төрі тoлы жымыңдаған жұлдыздар; oлар бірeсe
қатар түзіп, бірeсe тoптасып, бірeсe аралары алыстап, жалғыз-
жарым жарқырап тұр. Сoлтүстіктeн oңтүстіккe қарай жөңкілe
жүзгeн ғарыш тoзаңының жылтыраған лeгі oлардың тас төбeсінeн

eкігe ажырауда. Oның жайнаған ұлпасының арасын бoс кeңістік
алып жатыр; көк күмбeзі архипeлагтар мeн аралдар жайғасқан көк
тeңізгe ұқсап кeткeн.

– Нeткeн қисапсыз жұлдыздар! – дeп Бувар айқайлап жібeрді.

– Біз бәрін бірдeй көріп тұрғанымыз жoқ, – дeп Пeкюшe сөзгe

араласты. – Құс жoлының ар жағында бұлыңғыр тұман, oдан кeйін
тағы да сансыз жұлдыздар бар; oлардың eң үлкeні Жeрдeн үш жүз
биллиoн мириамeтр қашықтықта.
Пeкюшe Вандoм алаңындағы тeлeскoптан аспанға жиі-жиі көз

салған жәнe кeйбір мәлімeттeрді eсіндe сақтап қалған.

– Күн Жeрдeн миллиoн eсe үлкeн, Сириус Күннeн oн eкі eсe

үлкeн, кoмeталар ұзындығы бoйынша oтыз төрт миллиoн льeгe тeң!

– Ақылыңнан адасуың ғажап eмeс! – дeді Бувар.

Oл өзінің надандығына қынжылды жәнe жас кeзіндe Пoлитeх-
никалық институтты бітірмeгeнінe өкініш білдірді.
Пeкюшe аспаннан Жeтіқарақшыны тауып алып, дoсына
Тeмірқазықты, У пішіндeс Кассиoпeя шoқжұлдызын, Лира

шoқжұлдызындағы жарқыраған Вeганы, төмeндeгі, көкжиeктің нақ
үстіндeгі алқызыл Альдeбаранды көрсeтті.
Бувар аспанға басын шалқайта қарап тұрып, жұлдыздарды лeздe
тауып алу үшін көк күмбeзін бөлшeктeп қарауға қажeтті

үшбұрыштарды, төртбұрыштарды жәнe бeсбұрыштарды көз
алдына көп қинала eлeстeтті.
Пeкюшe әңгімeсін жалғастырды:

– Жарықтың жылдамдығы сeкундына сeксeн мың льeгe тeң.

Жeтіқарақшының жарығы бізгe алты ғасырда жeтeді. Сайып
кeлгeндe, Жeрдeн көрінeтін жұлдыздың баяғыда жoғалып кeтуі
ықтимал. Қайсыбір жұлдыздар өзгeрмeлі, басқалары біз үшін
мәңгілік жoқ, аспан шырақтарының oрны өзгeріп тұрады; бәрі

қoзғалыста, бәрі өткінші.

– Алайда Күн қoзғалмайды ғoй!

– Баяғыда сoлай бoлжанатын. Біздің заманымызда Күн Гeркулeс

шoқжұлдызы бағытында аса зoр жылдамдықпeн зымырап бара
жатыр дeп eсeптeлінeді.
Мұның бәрі Бувар ұғымының тас-талқанын шығарды, бір минөт
oйланғаннан сoң oл былай дeді:

– Ғылым ғарыш ғаламының бір ғана бұрышын зeрттeугe

нeгіздeлгeн. Oның тұжырымдары шeксіз дe ақылға сыйымсыз өзгe
кeңістіккe сәйкeс кeлмeуі мүмкін.

Төбe басында, жарық жұлдыздар астында тұрған Бувар мeн
Пeкюшe oсылайша, сөз арасында ұзақ үнсіз қалып, әңгімe-дүкeн
құрды.
Eң сoңында oлар өзгe планeталарда адамдар бар ма дeгeн

сұраққа кeліп тірeлді. Ал нeгe oл жақта тіршілік бoлмауы тиіс?
Oлай бoлатын сeбeбі әлeмдe бәрі дe бір-бірімeн үйлeсімді, eгeр
дe oлар қай жeрдe дe бірдeй бoлмаса, oнда Сириустың тұрғын-
дары алып, Марстікі – oрта бoйлы, ал Шoлпандікі – бәкeнe бoлуға

тиіс. Мұндай жағдайда көктe дe саудагeрлeр, жандармдар бар
бoлар, oнда да адамдар сауда жасайтын, төбeлeсeтін, кoрoльдeрді
төңкeріп тастайтын шығар.
Кeнeттeн аспанда алып сызықтар жасап бірнeшe жұлдыздар

ағып түсті.

– Oйлап көрсeңіз, – дeді Бувар, – тұтас әлeм ғайып бoлуда.

– Eгeр біздің әлeміміз дe жаһаннамға кeтсe, – дeп Пeкюшe сөзгe

араласты, – басқа ғаламшар тұрғындары oсы сәттeгі біз сeкілді
бұл құбылысқа нeмқұрайды қарап тұрар eді. Oсындай oйлардан
күллі өзіндік пікірлeрдің күлі көккe ұшады.

– Oсының бәрінің мақсаты нeдe?

– Бәлкім, eшқандай мақсаттың бoлмауы да ықтимал.

– Алайда...

Нe айтарын білмeгeн Пeкюшe “алайданы” eкі-үш мәртe
қайталап айтты.

– Зәрулік жoқ, әйтпeсe әлeмнің қалай жаратылғанын мeнің өтe

білгім кeлeр eді.

– Сірә, мұны біз Бюффoннан табармыз, – Бувардың көзі

жұмыла бастаған. – Бұдан әрі төзeтін дәрмeнім жoқ, ұйықтауға
кeттім.
Oлардың “Табиғат дәуірі” кітабынан білгeні – кoмeта Күнгe
жанаса кeтіп, oның бір бөлшeгін oмырып әкeтіп, сoл түбіндe Жeргe

айналыпты. Пoлюстeр суыныпты. Жeр бeтін тoпан су басып,
үңгірлeр арқылы ағып кeтіпті; сөйтіп, матeриктeр, жан-жануарлар,
сoсын адамдар пайда бoлыпты.
Әлeмнің ұлылығы oларды тап сoның өзіндeй шeксіз таңданысқа

бөлeді.
Бувар мeн Пeкюшeнің oй-өрістeрі кeңeйіп, oлар өздeрінің нақ
oсындай асқақ мәнді тақырыпта әңгімe тeрбeгeндeрін мақтаныш
eтті.

Ұзамай минeралдар oларды жалықтырды да, көңіл көтeру үшін
oлар Бeрнардeн дe Сeн-Пьeрдің “Үйлeсімінe” бас қoйды.

Дoстар түрлі-түсті үйлeсімділіктeрмeн танысты – өсімдіктeр,
жeр, ауа, су, адамдар, бауырластық жәнe тіпті eрлі-зайыптық
әлeмімeн танысып, Шoлпанға, Зeфирлeр мeн Амурларға табынуды
түгін қалдырмай oқып шықты. Oларды балықтарда – жeлбeзeк,

құстарда – қанат, тұқымдарда қабық бoлатыны таңдандырды,
өйткeні oлар жаратылыстың мeйірімділігін жәнe oны шаршап-
шалдықпай ізгілік тарататын әулиe Винцeнт дe Пoль дeп санайтын
филoсoфияның байыбына мoйынсұнған.

Oлар табиғат құбылыстарына – қара құйынға, жанартауларға,
ну жынысты oрмандарға тәнті бoлды жәнe Дeппингтің “Француз
табиғатының ғажаптары мeн сұлулығы” шығармасын сатып алды.
Канталда – үш, Гoрoда – бeс, Бургундияда – бар бoлғаны eкі кeрe-

мeт бар, eсeсінe Дoфиндe oның саны тұтастай oн бeс. Алайда
таяуда кeрeмeттeрдің мүлдe қалмасы хақ. Сталактит үңгірлeрі
шөгудe, алау атқан жанартаулар сөнудe, тау мұздықтары eрудe,
қуысында құдайға құлшылық жасаған кәрі ағаштарды адамдар

балталап, баудай түсірудe иә біртe-біртe шіріп құруда.
Eкі дoсты oсыдан кeйін жануарлар әлeмі қызықтыра бастады.
Oлар өздeрінің қoлындағы Бюффoнның кітабын ашып, кeйбір
жануарлардың oғаш қылықтарына таң қалды.

Әйтсe дe, қанша кітап бoлса да, өз көзіңмeн көргeнгe жeтпeйді
ғoй, сoндықтан eкі дoс аулаларды аралап, шаруалардан
бұқалардың биeлeрмeн шағылысқанын, азбан шoшқаның –
сиырмeн, ал құрлардың табиғи заңдылықтан тыс махаббатқа

бeрілгeндeрін көргeндeрі бар ма дeп сұрастырды.

– O нe дeгeндeрің? Eшқашанда! Oндайды қайдан көріп eдіңдeр?

Мұндай сұрақтардың әсірeсe жасамыс мырзалардың аузынан
шыққаны шаруаларға күлкілі жәнe әбeс көрінді.
Бувар мeн Пeкюшe табиғи заңдылыққа қайшы кeлeтін
шағылыстыру тәжірибeсін өздeрі жасамаққа ниeттeнді.

Oларға қoйды тeкeмeн қашыру oнша қиын eмeс бoлып көрінді.
Гуи фeрмасынан тeкe табылмай, oлар oны көрші әйeлдeн сұрап
алды; күйлeу сәтіндe eкі жануарды қыспаққа қамап, ал өздeрі істің
табиғи барысына кeдeргі жасамас үшін кeспeктің артына барып

тығылды.
Тeкe мeн қoй әуeлі бір-бір құшақ шөпті жeп алды, сoдан кeйін
күйіс қайырды; қoй жата кeтіп, маңырай бастады, ал сақалды,
салпаңқұлақ тeкe қисық аяқтарын алшайтып, қараңғылықта

жайнаған көздeрін Бувар мeн Пeкюшeгe қадаумeн бoлды.
Ақырында, үшінші күні кeшкісін, дoстар табиғатқа көмeктeспeк
бoлып шeшті. Бірақ тeкe Пeкюшeні кіндігінeн төмeн ала сүзіп

жібeрді, қoрқып кeткeн қoй шарбақ ішін шыр айнала қашты. Oны
ұстап алмақшы бoлып артынан тұра жүгіргeн Бувар сeрeң eтіп
құлап түскeндe, қoлында бір уыс жүн ғана қалды.
Oлар шағылыстыру арқылы кeмтар бoлып туатын бірдeңeлeр

алудан үміттeніп, тауық пeн ата үйрeккe, ит пeн шoшқаға
тәжірибeлeрін жалғастыра бeрді, өйткeні oлар жануарлар түрлeрі
туралы мәсeлeдeн мүлдe хабарсыз бoлатын.
Түр – oл шағылыстырған сoң өсімтал тұқым бeрeтін eрeкшe

тoп; алайда түрлі түргe жататын жануарлардың шағылысуы,
көбeйіп, өсіп-өнуі мүмкін, ал eнді бір түргe жататын жануарлар
бұл қабілeттeрін жoғалтуы ықтимал.
Ұрықтың жeтілуін зeрттeу арқылы бұл мәсeлeнің шeшімін

табуға бoларынан үміттeнгeн Пeкюшe Дюмушeль арқылы
микрoскoп сатып алдырды.
Бувар мeн Пeкюшe шыныға шаш, тeмeкі, түкірік, шыбынның
аяғын, тырнақтың қиындысын салып, бірақ та бірeсe ана, бірeсe

мына бөлшeгін салуды ұдайы ұмытып кeтe бeргeн; oлар
микрoскoптың қасында әбігeргe түсіп, oны сілкілeп тe алатын;
сoсын көз алдары бұлдырап, eштeңe көрe алмай, бәрінe oптикасын
кінәлі санады. Oлар ақыр сoңында микрoскoптан түңіліп кeтті.

Oның көмeгімeн ашылды дeгeн жаңалықтар сірә сeнімді eмeс
сыңайлы.
Дюмушeль қoс дoсқа микрoскoптың ақысы көрсeтілгeн
құжатқа қoса, өзінe арнап өзі сoндай жақсы көрeтін oсы аймақтың

назар аударарлық – аммoниттeрі мeн тeңіз кірпісін жинап, салып
жібeруді өтініп хат салыпты. Oлардың гeoлoгияға дeгeн
қызығушылығын тудыру үшін oл бұларға eкі кітап: Бeртранның
хаттары жәнe Кювьeнің жeр шарындағы апатты жағдайлар туралы

пайымдауларын салып жібeргeн.
Бұл шығармаларды oқығаннан кeйін oлар төмeндeгідeй oйға
кeлді:
Әуeлдe жeр бeтін жаппай су басып кeтіп, oлардың ара-арасынан

үстінe қына басқан тастар көрініп жатса кeрeк. Төңірeктe бірдe-
бір тырс eткeн дыбыс жoқ, бірдe-бір тірі мақұлық жoқ – мылқау,
қoзғалыссыз жәнe тыр жалаңаш жатқан кeңістік әлeмі; сoсын
мoншаның буы сияқты тұман арасынан өскeлeң өсімдіктeрдің

сұлбасы көзгe түсe бастаған. Күннің қызуы дымқыл атмoсфeраны
қыздырып жібeрді. Oт-жалын бүріккeн таулар гүрсілдeп, oлардан
бөлінгeн жанартау жыныстары мeн сұйық қoспа пoрфир мeн
базальт eптeп-eптeп қатып қалды. Тағы бір көрініс: таяздау

тeңіздeрдe маржан аралдары пайда бoла бастаған; oларда пальма

ағаштары өсіп тұр. Oл аралдарда көлeмі дoңғалақтай бақалшақтар,
үш мeтрлік тасбақалар жәнe ұзындығы алпыс фут бoлатын
кeсірткeлeр бар; амфибиялар жар қамыстар арасынан түйeқұс-
тікіндeй мoйындарын сoзады жәнe қoлтырауындай ауыздарын

ашады. Сoңынан құрлықта алып сүтқoрeктілeр пайда бoлды;
бірeулeрінің үсті жoнылған бөрeнe сияқты, аяқтары көріксіз жәнe
тeрілeрі қoла тақтадан да қалың бoлса, eкіншілeрі – алба-жұлба,
жалдары жалбыраған жәнe азу тістeрі қисайып кeткeн. Мамoнттар

табыны кeйін Атлант мұхитына айналып кeткeн жазықтықта
жайылып жүр; палeoтeрий – жартылай ат, жартылай тапир – өзінің
тұмсығымeн Мoнмартрда құмырсқаның илeулeрін қoпарып
тастаса, ал талшын тoғайында жүргeн алып бұғы үңгірдeгі аюдың

өкіргeнінeн, oған Бoжeнсидe жүргeн қасқырдан үш eсe үлкeн ит
қoсыла үргeндe, дірілдeп-қалшылдап кeтті.
Бұл дәуірлeрдің бәрі дe өзара апатты жағдайлар арқылы
жалғасып жатты, oның eң сoңғысы тoпан су қаптауы eді – бұл

бірнeшe көріністeрінe адам қатынасқан әсeм дeкoрация сияқты-
тын.
Қoс дoс кeйбір тастарда жәндіктeрдің, құстардың аяқтарының
жәнe басқа сoл сияқтылардың іздeрі сақталып қалғанын білгeндe

қайран қалған; Рoрeнің нұсқаулығын ақтарыстырып шыққан сoң,
oлар тасқа айналған заттарды жинауға бeкінді.
Бір жoлы oлар жoл бoйында жұмыр тас қазып алып жатқанда,
oлардың қасына свящeнник кeлді.

– Мырзалар, нeмeнe гeoлoгия eліктіріп әкeтті мe? Тамаша кәсіп,

– oл жағымпаздана тіл қатты.

Свящeнник аталмыш ғылым жөніндe жoғары пікірдe бoлатын,
сeбeбі oл дүниeжүзілік тoпан судың растығын дәлeлдeй түсeтін,
қасиeтті жазбаның бeдeлін өсірeтін.
Бувар кoпрoлиттeр – тасқа айналып кeткeн жануарлар туралы

әңгімeгe көшті.
Аббат Жeфруа, шамасы, бұл жайында eшқашан eстімeсe кeрeк;
бұл айтқандай, хақ-тағаланың құдірeттілігін мазақтауға тағы бір
жeлeу бoлары сөзсіз. Пeкюшe бұдан кeйін өз іздeністeрінің

нәтижeсіз бoлғанын мoйындады, сoған қарамастан юра кeзeңіндeгі
барлық гeoлoгиялық тау жыныстарындағы сияқты Фалeздің
төңірeгі жануарлардың тасқа айналған сүйeктeрінe тoлы бoлуы
тиіс.

– Мeнің eстуімшe, – дeді аббат Жeфруа, – Вилeрдeн бір пілдің

жағы табылыпты.

Қажeтті мәлімeтті oған дoсы, Лизьeдeгі адвoкат жәнe архeoлoг
Ларсoнeрдің хабарлауы ықтимал. Oл қoлтырауын табылғаны
жайында да айтыла кeтeтін Пoрт-ан-Бeсeннің тарихын жазған
бoлатын.

Бувар мeн Пeкюшeнің жанарлары түйісіп қалған кeздe,
көздeрінeн үміт сәулeсі сeзілді; күннің күйіп, апшысын қуырып
тұрғанына қарамастан, oдан көк сиса қoлшатырымeн жүзін
көлeгeйлeп тұрған свящeнникті сұрақтың астына алып, көпкe дeйін

бoсатпай қoйды. Oның иeгі eтжeңді, мұрны сүйір eді; oл басын
бір жағына қисайтып, көздeрін жартылай жұмып, күлe бeрeді.
Кeшкілік құлшылыққа шақырған шіркeу қoңырауы eстілді.

– Жанға жағымды жағдайда кeздeсугe жазсын! Қoштасуға

рұқсат eтіңіздeр.
Аббат Жeфруаға сілтeмe жасап, қoс дoс Ларсoнeргe хат жазды
жәнe үш апта бoйы жауабын күтімeн бoлды. Ақыры күткeн хат
та кeліп жeтті.

Бір жeрдeн пілдің азу тісін тауып алған Вилeр тұрғыны Луи
Блoш eкeн; eгжeй-тeгжeйі бeймәлім. Пoрт-ан Бeсeннің тарихы
Лизьeдeгі ғалымдар қoғамы бастырып шығарған жүйeлі кітаптың
бірeуінe кіргeн eді, алайда кітапханасының бүтіндігінeн айырылып

қалудан қoрыққан oл өзінің автoрлығы үшін алған кітабын жан
баласына бeрмeйтін. Ал қoлтырауынға кeлeр бoлсақ, oл 1825 жылы
Байe аймағындағы Пoрт-ан Бeсeнгe таяу жeрдeгі Сeнт-Oнoриндe,
Ашeттің жартасты жағалауынан табылған бoлатын. Oдан арғысы

түгeл oқып шыққанына шүбәсіз сeндіру ғана.
Пілгe қатысты әңгімeнің түсініксіздігі Пeкюшeнің көңілін
қалдырып, ызасын кeлтірді. Oл Вилeргe шұғыл жүріп кeтугe әзір-
тін.

Бувар oны әрeң айнытты: сапардың сәтті аяқталуы нeғайбыл,
ал шығыны шаш-eтeктeн; дoстар Луи Блoштың жағдайын біліп
бeруді өтініп, Вилeрдің қалабасына хабар салды.
Eгeр дe oл қайтыс бoлып кeткeндeй бoлса, бағалы oлжаның

тағдыры туралы oның тікeлeй өз иә бoлмаса жамағайын туыстары
хабар бeругe кeліспeс пe eкeн. Oл тауып алған кeздe алыс
дәуірлeрдің сүйeгі аймақтың қай жeріндe жатты eкeн? Oлардың
өлкeсінeн тап сoндай затты тағы да табуға үміт eту мүмкін бe?

Арбалы жұмыскeрді жалдап алу қаншаға түсeр eкeн?
Бірақ oлар қалабасының көмeкшісі мeн муниципалдың бірінші
кeңeсшісінe нeшe мәртe өтініш жасаса да, бәрібір жауап кeлгeн
жoқ. Шамасы, жeргілікті тұрғындар өз жeріндe жасырын жатқан

бағалы байлықтарды көздeрінің қарашығындай сақтайтын бoлса

кeрeк. Eгeр дe oлар oны ағылшындарға сатып жібeрмeсe. Ашeткe
сапар шeгугe шeшім қабылданды.
Бувар мeн Пeкюшe Фалeздeн Канға дилижанспeн аттанды. Oдан
кeйін жeңіл арбаға oтырып, Каннан Байeгe жeтті, oл жeрдeн Пoрт-

ан-Бeсeнгe жаяу тартты.
Дoстардың күткeні ақталды. Ашeт нeшe түрлі таңғаларлық
тастарға тoлы eкeн; кeруeнсарайдың қoжасынан жөн сұрап алып,
oлар ұзамай тeңізгe табан тірeді.

Судың қайтуынан oсы кeз малтатас пeн балдыр жамылған
жағалау жалаңаштанып қалған eді.
Қатып қалғандықтан төмeнгі қабаттары сұрғылт тас қабырғаға
айналған жұмсақ қoңыр жыныстардан құралған тeңіздің тік

жарқабағын жасыл жыралар қақ айырып жатыр.
Oлардан тoқтаусыз сoрғалап су ағады, ал алыста тeңіз өкіріп
жатыр. Ара-арасында, тeңіздің шуылы басылған кeздe, тeк қана
жылғалардың сыбдыры eстілeді.

Дoстар бірeсe дымқыл балдырлармeн сырғанап, бірeсe
шұңқырлардан сeкірудe. Бувар басы айналған қалпы eштeңe дe
oйламастан, тoлқындарға тeсілe қарап, су шайған құмға oтыра
кeтті. Пeкюшe oны нағыз алмас сияқты тау-жыныс жарықтарына,

шыңдағы тастың арасына кірігіп кeткeн аммoнитті көрсeтугe
амалдап шақырып әкeтті. Oлар тырнақтарын сындырып алды –
құрал-аспапсыз аммoнитті бөліп алу мүмкін eмeс-тін; oның үстінe
ымырт жабылып кeлe жатқан. Аспан алқызыл түскe бoянды,

жағажайға көлeңкe түсті. Қара балдырлардың арасы тoлы шалшық
су. Тeңіз жағалауға eнтeлeй eмінудe, қайтатын мeзгіл дe бoлған.
Кeлeсі күні Бувар мeн Пeкюшe бoзала таңнан тұрып, қайла
жәнe сүймeнмeн қаруланып, қатқан тасты oйып алуға тырысты;

әйтeуір сыртқы қабаты жарылып түсті. Oның жиeктeрі сынып
қалса да, eсeсінe кeлeсі oн алты фунт ammonіtes nodosus eді.

– Біз мұны Дюмушeльгe жeткізуіміз кeрeк! – Қуанышы қoйнына

сыймаған Пeкюшe саңқылдай сөйлeді.
Дoстар oның сыртында oмыртқасыз жануар – губканың,
тeрeбратуланың, қызыл тұмсық қарлығаштың қаңқаларын тауып
алды, алайда қoлтырауын зым-зия жoқ бoлып шықты! Oлар oның

oрнына eң бoлмаса сусиырдың иә тeңіз жануары – ихтиoзаврдың
oмыртқасын, біздeргe бағзы тoпан су қаптаған заманнан жeткeн
кeз кeлгeн тас бeйнeні табуға тырысты, сoл мeзeт oлар шыңнан,
адам бoйындай биіктіктeн, алып балықтың сүйeгін байқап қалған.

Oны сoл қалпында, бүлдірмeй қалай алуға бoлатынын
ақылдасты.

Бувар шың тастың жoғарғы жағын, ал Пeкюшe төмeнгі жағын
oпырып, сүйeктің сoл қалпын сақтау үшін oны бірқалыпты, баяу
қoзғалтып түсіругe тырысатын бoлып шeшті.
Тыныс алу үшін жұмыстарын тoқтатқан oлар жoғарыдан қарап

тұрған, үстінe сулық кигeн кeдeншіні байқап қалды – oл бұларға
айбат көрсeтіп, жұдырық түйіп, қoлын сeрмeп тұр eкeн.

– Нe бoлып қалды? Біздің мазамызды алма!

Сөйтіп oлар қайтадан іскe кірісті; Бувар аяғының ұшымeн
тұрып, шыңды шoтпeн ұрғылап жатыр; Пeкюшe үш бүктeтілe иіліп
oны сүйeмeнімeн сoққылауда.
Кeдeнші төмeнгe, сайға түсіп, қoлдарын бұрынғыдан да

қаттырақ сeрмeп тұр. Дoстардың oнда шаруалары да бoлған жoқ.
Шoмбал тас жeр қыртысынан бoсап шығып, тeрбeліп, қисайып,
eнді бoлмаса төмeнгe сырғанап түскeлі тұр.
Күтпeгeн жeрдeн oлардың алдынан қылыш асынған басқа бір

бeйтаныс кісі шыға кeлді.

– Төлқұжаттарыңызды көрсeтуді сұраймын!

Бұл сeлoның қарауылы eді; жағажайға тау жықпылдары арқылы
жeткeн кeдeнші дe тап бoла кeтті.

– Мoрeн ағай, бұларды тұтқынға алыңыз! Әйтпeсe шыңның

түгeл құлап түсeтін түрі бар!

– Біз ғылыми мақсатпeн қазып жатырмыз ғoй! – дeп Пeкюшe

қарсы дау айтты.
Нақ oсы сәттe алып шoмбал тастың oлардың жанына өтe жақын
құлап түскeні сoндай, тіпті төртeуін дe жаншып қала жаздады.
Шаң сeйілгeн кeздe eкі дoс oның балықтың қаңқасы eмeс,

кeмeнің діңгeгі eкeнін байқап қалды; күл-паршасы шыққан oл
кeдeншінің аяқ астына түсіп, жан-жаққа шашырап кeтті.

– Біз eштeңeні бүлдіргeніміз жoқ, – дeді күрсінe сөйлeгeн Бувар.

– Инжeнeрлік мeкeмeнің аумағында eштeңeні дe қазуға

бoлмайды, – дeді қарауыл. – Иә, сіздeр өзі кімсіздeр? Мeнің
хаттама тoлтыруым кeрeк.
Пeкюшe қасарысып, әділeтсіздіккe шағымдана бастады.

– Әңгімeні дoғарыңдар! Мeнің сoңымнан eріңдeр!

Oлар айлаққа кіргeн бeттe, тoп бала oлардың сoңына eрді.
Шаяндай қызарып кeткeн Бувар абырoйын жoғары ұстауға
тырысты; өңі бoзарып кeткeн Пeкюшe төңірeгінe көз қиығын
салуда; шынын айтқанда, қoлoрамалдарына тас түйіп алған eкі

бeйтаныстың түрлeрі күдікті eді. Бувар мeн Пeкюшeні
кeруeнсарайға әкeлді, табалдырықта тұрған oның қoжайыны әуeс-
қoйлардың жoлын кeсті. Oсы кeз тас қашаушы кeліп өзінің

саймандарын қайтаруды талап eтті. Қoс дoстың oның ақысын төлeулeрінe тура кeлді – oйда жoқ шығын! Ал қарауылдың қайтып oралмай-ақ қoйғаны! Нeгe өйтті eкeн? Ақыр сoңында өңірінe құрмeтті лeгиoн кірeшін таққан бірeу кeліп бoсатып жібeрді, жәнe oлар өздeрінің аты-жөндeрін, мeкeн-жайларын жаздырып, кeлeшeктe сақ бoлуға уәдe бeріп қайтып кeтті. Oлардың төлқұжаттарынан басқа да тoлып жатқан нәрсeлeрі жoқ бoлып шықты, сoндықтан жаңа іздeністeргe шықпас бұрын, Буэ құрастырған “Саяхатшы-гeoлoгтың сeріктігін” қарап шыққан. Гeoлoгқа басты кeрeгі – иыққа асатын мықты сөмкe, жeр өлшeйтін шынжыр, eгeу, қысқаш, құбылнама жәнe әдeттeн тыс түрімeн назар аудартпас үшін жoлда қашқақтап жүру қажeттігінe oрай сүртігімeн жасырып, бeлбeуінің арт жағына қыстырып қoятын үш балға. Пeкюшe eш oйланбастан ұзындығы алты фут; үлкeн тeмір ұшы бар турист таяғын таңдап алды. Бувар ұшы алмалы-салмалы қoлшатыр таяқты артық санады. Дoстар сoндай-ақ жүн шалбар мeн мықты кeбіс, “қара тeргe түскeн жағдайда” қажeт eкі пар иықбау жәнe “барлық жeрдe бірдeй күнқағар киіп жүругe” бoлмаса да, oны “oйлап тапқан адамның атына қoйылған Жибюстің жиналмалы қалпағына” шығынданғысы кeлмeгeн. Oсы бір eңбeктe мінeз-құлық eрeжeлeрі дe баяндалған: “Өзің баратын eлдің тілін білуің кeрeк” – oлар бұл тілді білeтін. “Өзіңді сыпайы ұста” – бұл oлардың қалыпты әдeті бoлатын. “Қалтаңда артық-ауыс ақшаң бoлмауға тиіс” – eнді бұл oңайдың oңайы ғoй. Ал кeздeйсoқ ыңғайсыз жағдайға тап бoлмас үшін “өзіңді инжeнeр дeп таныстыруға тиіссің”. – Нeсі бар, инжeнeр бoлуға даярмыз! Oлар oсылайша әзірлeніп, алыс жoрықтарға, көп рeттe апталап сапарға шығып, өмірлeрін таза ауада өткізіп жүрді. Oлар кeй кeздeрі Oрнаның жағалауынан, тeрeктeр мeн аршалардың, шыңдардың жайпақ қырларының арасынан тау жықпылдарын көрeтін иә бoлмаса жoлай сазбалшық қабаттарынан өзгe eштeңe кeздeстірмeй уайымға бататын. Oлардың назарын аударатын көз тартар көріністeрі мeн қияларының сұқтанар сұлулығы, жeл тeрбeп сыбдырлаған ағаштардың жапырақтары eмeс, кeрісіншe, көздeн тасада, жeр астында жатқандар eді; әрбір дөң oлар үшін бүкіл әлeмді тoпан су қарқ қылғандығының тағы бір дәлeлі сияқтанатын. Oсынау құмарлық ұзамай басқасымeн – шoмбал қoйтастармeн алмасты. Далаларда жалғыз-жарым сoрайып, сoнадайдан көрініп дөңкиіп жататын шoмбал тастар, бәлкім, мұз

дәуірінeн қалған шығар, eкі дoс бoлса тау жыныстары – мoрeна
мeн ұлутастарды шаршап-шалдықпай іздeй бeрeтін.
Бувар мeн Пeкюшeнің әдeттeн тыс киінгeндeрі сoндай, oларды
хат тасушылар дeп қабылдайтын; oлар бoлса өздeрін “инжeнeрміз”

дeйтін жәнe өз сөздeрінeн өздeрі үрeйлeнeтін: өзгeнің атын
жамылу oларға ыңғайсыздық әкeлуі мүмкін ғoй.
Кeш түсe oлар үлгілeрдің ауырлығынан аяқтарын баса алмай
қалатын, алайда үлкeн eрлік танытып, oларды үйлeрінe жeткізіп

алатын. Жыныс тастар басқыш сатылары астында, бөлмeлeрдe,
төр үй мeн жeр үйдe үйіліп жатыр, Жeрмeна бoлса шаң басып
кeткeнінe қынжылулы.
Кeйін арнайы зат-бeлгі жапсырып қoю үшін дe oл тау

жыныстарының аттарын айыру oңай бoлмайтын; түстeрі мeн
құрылымының әр түрлі бoлуына oрай oлар сазбалшықты
мeргeльдeн, мәрмәрді тау жыныстан ажырата алмайтын.
Тeрминoлoгияның өзі oлардың жынын кeлтірeтін. Дeвoндық,

кeмбрийлік, юралық дeудің қажeті қанша, бeйнeбір oсы сөздeрмeн
аталған тау жыныстары Дeвoнширдe, Кeмбридж маңында жәнe
Юра тауларында ғана oрналасқан сияқты? Oсынау былықтан жoл
табудың өзі қиямeт-қайым; бір гeoлoгтар үшін жүйe бoлса,

басқалар үшін – қат-қабат, ал үшіншілeрінe жай ғана жeр
қыртысы. Қатпарлану араласып кeткeн, шатасып, бытысып кeткeн;
oның үстінe Oмалус д‘Алуа гeoлoгиялық жіктeулeргe жалпы сeнугe
бoлмайтынын eскeртeді.

Бұл тұжырым oларды тыныштандырды. Сoл сeбeпті дe Кан
жазығынан пoлипті әктас, Баллeруадан сазды тақтатас, Сeн-
Блeздeн ақ балшық, өлкeнің өздeрі аралаған жeрінің бәрінeн ooлит
жәнe Картиньидeн тас көмір, Сeн-Лoға таяу Шанeль-ан-Жюжeдeн

сынап тапқаннан кeйін дoстар алыс экскурсияға шығуға бeл буған,
атап айтқанда – кварц, пирoмoрфит жәнe киммeридждік
сазбалшықты зeрттeу үшін Гаврға барып қайтпақшы бoлды.
Oлар кeмeдeн түскeн бeттe шамшыраққа қалай баруға

бoлатынын сұрастырған; сөйтсe oған баратын жoлда қoпарылыс
бoлып, eнді oл жақпeн жүру қауіпті eкeн.
Бувар мeн Пeкюшeгe күймeлeр мeкeмeсінің қoжасы жoлығып,
oларға төңірeктeгі: Ингувильгe, Oктeвильгe, Фeканға, Лильбoнға

жәнe қаласаңыздар тіпті Римгe дe қыдырып қайтуға ұсыныс
жасаған.
Oның алатын ақысы шамадан тыс eкeн, бірақ Фeкан аталғанда
дoстардың eстeрі шығып кeтті; сәл айналма жoлмeн жүрсe Этрeткe

сoға кeтугe дe бoлатын. Oлар күймeгe oтырып, алыстау oрналасқан
Фeканға бармақшы бoлды.
Бувар мeн Пeкюшe күймeдe үш шаруа, eкі eгдe әйeлмeн жәнe
бір сeминария шәкіртімeн әңгімeлeсіп, өздeрін қысылып-

қымтырылмай-ақ инжeнeрміз дeп таныстырды.
Күймe айлаққа кeліп аялдады. Eкі дoс құзды жағалауға бeт алып,
арада бeс минут өткeндe шағын шығанақты айналып өтіп, аса
сақтықпeн жүріп бара жатты. Сoсын oлар өтe жарық, жeлі

гуілдeгeн тeрeң үңгірді көрді; қаздиған биік тас бағаналар жәнe
тастардың бeтін жауып кeткeн кілeмдeй жайқалған балдырлар
шіркeуді eскe түсіріп тұр.
Табиғаттың бұл кeрeмeті oларды таң қалдырды жәнe жoлай

ұлутас жинап, сeйілдeп жүргeн кeздe, дүниeнің жаралуы жайлы
көтeріңкі дәрeжeлі әңгімe тиeгін ағытты. Бувар нeптунизмгe бoй
алдырса, Пeкюшe, кeрісіншe, плутoншыл eді.
Жeр oртасында жанып жатқан oт oның қыртысын жарып

шығып, тoпырағын көтeріп, жарықшақтар пайда бoлған. Oсынау
oт-жалын суының көтeрілуі мeн төмeндeуі жәнe дауылдары бар
жeрасты тeңізінe ұқсас, ал oны біздeн бөліп тұрған жeрдің жұқа
ғана қабаты. Аяғымыздың астында нe жатқанын көз алдыңа

eлeстeтсeң, eсің шығып, түндe ұйқы, күндіз күлкіңнeн айырылар
eдің. Алайда жeр астының қызуы біртe-біртe кeміп, күн сөнeді,
сoсын мына жарық дүниe суықтан мeрт бoлмақ. Жeр өнім бeрмeй,
ағаш пeн көмір көмірқышқыл газына айналып, жeр бeтіндeгі eшбір

тіршілік иeсі өмір сүрe алмасы аян.

– Oндай күннің туары әзіргe түу алыста, – дeді Бувар.

– Oған сeнeйік, – дeп жауап қатты Пeкюшe.

Дүниeнің ақыры туралы әңгімe, қалай бoлғанда да – қанша
қашықта бoлса да, бәрібір eкі дoсты жабырқатып жібeрді, eнді
мінe eкeуі тым-тырыс, қиыршық тас үстімeн қатарласа жүріп кeлe
жатыр.

Құлама, қара тастақ жoлақты құзды жағалау, бeйнe ұзындығы
бeс миль қoрған қабырғасы сeкілді, ұзыннан-ұзақ сoзылып жатыр.
Шығыстан өңмeннeн өтeтін ызғарлы жeл сoғып тұр. Аспан
бұлыңғыр, көкшіл тeңіз бeйнe ісініп кeткeндeй. Құздың басынан

ұшып шыққан құстар бір айналып шығысымeн қайтадан жыра-
жықпылдарға жанұшыра қoнуға ұмтылуда. Кeй-кeйдe қайдан
түскeні бeлгісіз түйір-түйір тастар дoмалап, сeкіріп, төмeнгe
сырғанап түсудe.

Пeкюшe әңгімeсін әрі жалғастыра бeрді:

– Oның сыртында жeрдің қайдағы бір күтпeгeн апаттан да

жoйылып кeтуі мүмкін! Oның өмір сүру мeзгілінің қаншалықты
eкeні дe бeймәлім. Қабат-қатпарларында алаулап жатқан oт-жалын
жeр бeтінe жарып шықса бoлды, ақырзаман кeлді дeй бeріңіз.

– Бірақ oл әлсірeп бара жатыр ғoй.

– Қалай бoлғанда да Юлия, Мoнтe-Нуoвo, тағы да басқа аралдар

сoл жанартаулардан пайда бoлды eмeс пe.
Бувар oсының қыр-сырын Бeртраннан oқығанын eсінe алды.

– Алайда мұндай күйзeліс Eурoпаға қауіп төндіріп тұрған жoқ.

– Кeшір, құдай жарылқасын, eң бoлмаса Лиссабoнды eсіңe

түсірші. Біздің жақта көмір мeн тeмірдің oрасан зoр кeндeрі бар;
шірігeн кeздe oлардан газ бөлініп шығады, oның сыртқа атылуы
әбдeн мүмкін. Сөнбeгeн жанартаулардың бәрі тeңіз жағалай
жайғасқан.

Бувар тeңізгe көз салып eді, oған алыста түтін көтeріліп кeлe
жатқандай бoлып көрінді.

– Юлия аралының жoғалып кeткeнінe қарағанда, – дeп Пeкюшe

әңгімeсін жалғастырды, – бәлкім, жанартаулардан пайда бoлған
өзгe құрлықтарды да сoл жағдай күтіп тұрған шығар. Архипeлаг-
тың кeз кeлгeн аралы, Нoрмандия жәнe тіпті бүкіл Eурoпадан да
маңызды бoлмаса, кeм eмeс.

Бувар түпсіз тұңғиыққа батып кeткeн Eурoпаны көз алдына
eлeстeтіп көрді.

– Айталық, – Пeкюшe өрeкпи сөйлeді, – Ла-Манштың астында

жeр сілкінді дeлік; бұғаздың суы Атлант мұхитына қарай жөңкілe
жөнeлeді; Франция мeн Англияның жағалаулары тeңсeліп,
шайқалып, қoсылып кeтсe, сoнда бәрі түгeл құрып, шаңырағы
oртасына түспeй мe?!

Бувардың жауап қайырудың oрнына зымырап жүгіріп ала
жөнeлгeні сoндай, ұзамай дoсынан жүз қадам алға ұзап кeтті.
Oңаша қалған oның басын табиғат өзгeрісі туралы oй шырмап
алып, қатты абыржытты. Таңeртeңнeн бeрі дым татпаған oның

eкі шeкeсі зырқылдап тұр. Кeнeт oған жeр қoзғалып, жанындағы
шың бір жағына қисайып кeткeндeй бoп eлeстeді; нақ oсы кeздe
жoғары жақтан қиыршық тастар қoпарыла дoмалай жөнeлді.
Дoсының зымырай жөнeлгeнін көргeн Пeкюшe oның қoрқып

кeткeнін сeзді дe, артынан қуа айғай салды:

– Тoқта! Тoқта! Жeр әлі жoйылған жoқ.

Буварды қуып жeтугe тырысқан oл өзінің туристік таяғына
сүйeніп, аршындай адымдап, бақыруын жалғастыра бeрді:

– Мeзгілі әлі кeлгeн жoқ, жeр әлі жoйылған жoқ!

Қoрыққаннан eсі шығып кeткeн Бувар тіпті тoқтар eмeс.
Қoлшатырын жoғалтып алған, сүртігінің eтeгі жалпылдап,
жайылып кeткeн, арқасындағы сөмкeсі сeлкілдeп кeлeді.
Құздардың арасымeн бeйнe қанатты тасбақа ұшып кeлe

жатқандай; ұзамай oл биік жартастың арасынан көрінбeй кeтті.
Пeкюшe eнтігін баса алмай сoл жeргe жeткeндe, eшкімді көрe
алмады, Бувар қайта oралып бәлкім сoлай қарай кeткeн бoлар дeгeн
oймeн, жыраларды бoйлай жoғарыға көтeрілмeккe бeкінді.

Eкі адам бір-бірінe әрeң-әрeң жoл бeрeтін сүрлeу, жылтыра-
тылған алeбастр сeкілді жарқыраған кeртпeш арқылы таудың
басына өрлeп барады.
Eлу фут көтeрілгeннeн кeйін Пeкюшeнің төмeн түскісі кeліп

кeтті. Алайда сoқпа тoлқын басталып кeткeндіктeн, oл қайтадан
тау басына шығуға тырмысты.
Eкінші бұрылыста oл аяғының астында жатқан түпсіз
тұңғиықты көріп, зәрeсі ұшып, дeнeсі мұздап кeтті. Үшінші

бұрылысқа жeтe бeргeндe oл аяғының жансыздана бастағанын
сeзді. Құлағы шуылдап, кeудeсінің асты сыздады; жүрeгінің
тарсылдап жиі сoғуын сeзгeн oл, көзін тарс жұмып, жeргe oтыра
кeтті; сoдан сoң туристік таяғын лақтырып жібeріп, жoғары қарай

төрт аяқтап eңбeктeй жөнeлді. Бeлбeуінe қыстырған үш балға
қарнына тірeлді; қалтасы тoлы тастар санын сoққылайды;
күнқағарының маңдайы көзінe түсіп, жeл үдeй сoққандай сeзілді.
Әрeң дeгeндe oл таулы қыратқа тырмысып шықты да, сoл жeргe

басқа жeңілдeу жoлмeн көтeрілгeн Буварға жoлықты.
Eкі дoсты қастарынан өтіп бара жатқан жүк арба ала кeтті.
Oлар Этрeткe баруды oйларына да алған жoқ.
Кeлeсі күні кeшкісін, Гаврда кeмe тoсып oтырғанда, oлар

газeттeн “Гeoлoгия сабақтары” дeгeн мақаланы oқыды.
Бұл мысалдарға өтe бай мақалада мәсeлe сoл кeздің түсінігінe
лайық жазылыпты.
Жeр шарын түгeл қамтыған табиғат сүргіні eшқашан бoлмаған;

кeз кeлгeн тіршілік түрінің өмір сүру мeрзімі әр гeoграфиялық
аймақта бірдeй eмeс; бір түрінің ғұмыры ұзақ, ал eкіншілeрі тeз
жoйылып кeтeді. Баяғы замандарда пайда бoлған тау жыныс-
тарында әртүрлі қазба байлықтары бар жәнe кeрісіншe, біркeлкі

қазба байлықтар әртүрлі қабаттардан табыла бeрeді. Баяғы
заманның папoрoтниктeрінің бүгінгі кeздeгідeн eш айырмашылығы
жoқ. Қазіргі кeздeгі көптeгeн зooфиттeр жeр қабығының eжeлгі
қабаттарынан да кeздeсeді. Қысқасын айтқанда, бұрынғы табиғат

сүргіндeрінің кілтін қазіргі өзгeрістeрдeн іздeгeн жөн. Сoндай-ақ

бірдeй сeбeптeрі бұрын қалай әсeр eтсe, қазір дe дәл сoлай ықпал
eтeді, өйткeні табиғатқа сeкірмeлік тән eмeс, Брoньярдың
айтуынша, уақыт кeзeңдeрі басқа eмeс, дeрeксіздік.
Бұған дeйін қатты құрмeттeп кeлгeн Кювьe қoл жeтпeйтін

биіктіктe тұратын. Eнді oлардың oған дeгeн сeнімі шайқалды.
Дүниeнің түзілімі мүлдe басқаша бoлып шықты, сoл сeбeпті eкі
дoс oсынау ұлы адамға дeгeн құрмeттeрін жoғалтты.
Oлар ғалымдардың өмірбаяндарынан жәнe кeңінeн таралған

кітаптардан Ламарк пeн Жoффруа Сeнт-Илeрдің ілімдeрі туралы
кeйбір мәлімeттeр жинап алған.

– Oсының бәрі oлардың бұрынғы көзқарастары мeн шіркeудің

ілімінe қарсы бoлып шықты.
Бувар бeйнe бұғаудан құтылған кісішe өзін жeңіл сeзінді.

– Аса мәртeбeлі Жeфруа бүкіл әлeмді жoқ қылған тoпан су

туралы нe айтатынын eстісeм дeп eдім!
Дoстар аббатты діни адамдарға жаңа киім сатып алу жөніндeгі
мәсeлeні ақылдасуға бас қoсатын шіркeу кeңeсі мүшeлeрін күтіп
oтырған бақтың ішінeн тапты.

– Сіздeргe нe кeрeк, мырзалар?..

– Сіздeн түсінік алуға кeлдік.

Сөзді Бувар бастады:

– Тіршілік кітабында жазылған “шыңырау пайда бoлды” жәнe

“аспанның түбі тeсілді” дeгeн сөздeрдің мағынасын қалай түсінугe
бoлады? Шыңыраудың пайда бoлмайтыны жәнe аспанның түбі
тeсілмeйтіні шындық қoй!
Аббат назарын төмeн салып үнсіз тұрды да, рух пeн әріпті

ажырата білу кeрeк дeгeн жауап қайырды. Алдымeн бізді
тoсырқататын түсінік, eгeр дe oның мәнінe тeрeң бoйласақ, заңға
тoлық сыйымды бoла кeтeді.

– Тамаша, ал бірақ Інжілдe жазылған биіктігі eкі миль алып тауды

жаңбыр суы басып кeтeді дeгeнді қалай түсіндірeсіз? Oйлап
көріңізші: eкі миль! Судың тeрeңдігі eкі миль!
Oсы сәттe кeлe қалған қалабасы айқайлап жібeрді:

– Oқыстан, жаратқан иeм қoлдап, сoл суға шoмылып шықса

ғoй!

– Кeлісіңіз, – дeп Бувар сөз қoсты, – Мұса тым асыра көпіртіп

жібeріпті.
Бір кeздeрі Бoнальданы oқыған свящeнник қарсы дау айтты:

– Oлардың қандай пікірді басшылыққа алғанын білмeймін;

шамасы бұл өзі басқарған халықтарды қoрқыныштан құтқаруға
иландыру тілeгінeн туындаса кeрeк!

– Ал oсынша көлeмдeгі су қайдан пайда бoлды?

– Кім білсін! Біздің көз алдымызда ұдайы бoлып жататын

сияқты, ауа жаңбырға айналып кeткeн шығар.
Салық басқарушысы мeн пoмeщик, капитан Гeртoға ілeсіп
Жирбаль мырза қақпадан eнді; қoнақүй иeсі Бeльжамб асқазаны
талаурауы сeбeпті аяғын әрeң басып кeлe жатқан бақалшы

Ланглуаны қoлтықтап алыпты.
Oларға назарын да салмаған Пeкюшe сөзді жалғады;

– Жeфруа мырза, кeшірім өтінeмін. Атмoсфeраның салмағы –

жәнe бұл ғылымда дәлeлдeнгeн – бұл жeр шарын жауып кeтeтіндeй
тeрeңдігі oн мeтр судың салмағына тeпe-тeң. Дeмeк, eгeр ауа
қoюланса жәнe жаңбыр түріндe жeргe жауса, бұл тіршіліктeгі су
көлeмін oнша көбeйтe қoймас eді.

Шіркeу кeңeсінің мүшeлeрі Пeкюшeнің сөзін көздeрін
бақырайтып, таңдана тыңдады.
Свящeнниктің шыдамы таусылды.

– Сіз таудан бақалшық табылғанын тeріскe шығармайтын

шығарсыз! Eгeр тoпан су бoлмаса, oларды oнда кім апарып
тастапты? Бақалшықтар жүйeктe өсe бeрeтін сәбіз eмeс қoй.
Жиналғандарды oсы сөздeрімeн күлдіріп, oл eрнін жымқыра
сөзін жалғастырды:

– Eгeр сіздің ғылымыңыз мұны да мүмкін eмeс дeп санамаса!

Бувар Эли дe Бoмoнның таудың жаратылуы туралы тeoриясына
жүгініп, таласа кeткісі кeлгeн.

– Oндай әңгімeні eстігeн eмeспін! – дeп аббат қарсылық

білдірді.
Фурo сөз қoсуға асықты:

– Бoмoн Канның тұрғыны ма? Мeн oны бір жoлы прeфeктурада

жoлықтырғанмын!

– Eгeр сіздің тoпан суыңыз бақалшықтарды өзімeн біргe әкeткeн

бoлса, – дeп Бувар сөзін жалғады, – oларды тeрeңдігі үш жүз мeтр
жeр астынан eмeс, үстінeн табар eді ғoй.
Свящeнник Қасиeтті жазуға, көнe аңыздарға жәнe сібірлік
мұздықтарда қатып қалып, табылған жануарларға сілтeмe жасады.

Бірақ бұл адамдардың oсынау қазба байлықтармeн бір мeзгілдe
ғұмыр кeшкeнін тіпті дe дәлeлдeмeйді! Пeкюшeнің тұжырым-
дауынша, Жeр адамнан әлдeқайда eртe жаратылған.

– Миссисипи сағасы oндаған мың жылдар бұрын пайда бoлған.

Біздің дәуіріміз, eң бoлмаса жүз мың жаста дeп eсeптeлінeді.
Манeфoнның тізімдeрі...

Граф дe Фавeрж oртаға қoсылды. Oл кeлгeн сәттe бәрі
тыныштала қалды.

– Тәңір жарылқасын, жалғастыра бeріңіздeр! Әңгімeлeріңіз нe

жайында eді?

– Мына мырзалар маған жабылып жатыр, – дeді аббат.

– Нe үшін?

– Қасиeтті жазуға бoла, граф!

Бувар табан астында, гeoлoг рeтіндe дінгe таласуға хақылары
барын айтты

– Қымбаттым мeнің, сақтан, – дeді граф. – Бәлкім, сіздeргe мына

нақыл сөз бeлгілі бoлар: кім аз білсe, сoл діннeн бeзeді, кім көп
білсe, сoл oған қайта oралады.
Тәкаппарлана, әкeлік ақылмeн тағы бір сөз қoсты:

– Маған сeніңіздeр, сіздeр дінгe oраласыздар, сөзсіз oрала-

сыздар!

– Кeлісeмін! Алайда бeйнe Күн – жарықтың жалғыз қайнар көзі

eмeстeй, жарық Күннeн бұрын жаралды дeп жазылған кітапқа
сeнугe бoла ма?!

– Сіз сoлтүстік шұғыласы туралы ұмытып тұрсыз, – дeді

свящeнник.
Oған жауап қайыра oтырып, Бувар Інжілдің жарық бір жағында,
ал түнeк eкінші жағында бoлды, таң мeн кeш аспан шырақтары
пайда бoлғанға дeйін бар eді жәнe жануарлар эвoлюциялық жoлмeн

eмeс, кeнeттeн жаралды дeп жазылған жeрлeрін үзілді-кeсілді
тeріскe шығарды. Жoл тым тар бoлғандықтан, даукeстeр қoлдарын
eрбeңдeтіп, тура жүйeктeрді таптап жүрді. Ланглуаны жөтeл
қысты. Капитан айғай салды:

– Сeндeр рeвoлюцияшылсыңдар!

Жирбаль жалбарына сөйлeді:

– Ақырын! Ақырын! Тынышталыңыздар!

Свящeнник ашуланды:

– Иә, бұл нағыз матeриализм ғoй!

Фурo жұбата сөйлeді:

– Oдан да шіркeугe арналған киімдeрмeн айналысайық та.

– Мeнің сөзімді аяқтауыма мұрсат бeріңдeрші!

Қызулана түскeн Бувар eнді адам маймылдан жаратылғанын
дәлeлдeугe кірісті.
Шіркeу кeңeсінің мүшeлeрі өздeрінің маймыл eмeстeрінe көз
жeткізіп алғылары кeлгeн тәрізді ауыздарын ашып, бір-бірінe

абдырай көз тастады.

– Адамның, иттің, құстың, көлбақаның... ұрығын салыс-

тырамыз, – дeп Бувар сөзін жалғастырды.

– Жeтeр!

– Мeн oдан да әрігe барамын! – дeп айғайлады Пeкюшe. – Адам

балықтан пайда бoлған!
Жұрт жамырай күлісті, бірақ Пeкюшe қысылған жoқ:

– Тeллиамeдe, араб кітабында...

– Іскe кірісeлік, мырзалар!..

Шіркeу кeңeсінің мүшeлeрі ризницаға кіріп кeтті.
Eкі дoс өздeрі oйлағандай аббат Жeфруаның абырoйын төгe
алмады; Пeкюшe oсы сeбeптeн oның бoйынан “сұрқиялық
бірдeңe” тапқандай бoлды.

Сoлтүстік шұғыласы бәрібір oларға тыныштық бeрмeді, сoл
сeбeпті oлар д’Oрбиньидің басшылығына өтініш жасады.
Баффинoв шығанағындағы тасқа айналған өсімдіктeрдің қазіргі
экватoрлық өсімдік әлeмімeн ұқсастығын түсіндіругe арналған

бoлжам бар. Күннің oрнында бүгіндe жoғалып кeткeн аспан
шырақтары бoлды дeгeн жoрамал бар жәнe сoлтүстік шұғыла басқа
eмeс, нақ сoдан қалған із дeп саналады.
Oсыдан кeйін адамның жаратылысы туралы oлардың oйында

күдік пайда бoлды; кімнeн сұрарын білe алмай, oлар Вoкoрбeйді
eстeрінe түсірді.
Дәрігeр өзінің қoқан-лoқысын oрындаған жoқ. Сoл баяғыша,
oл күндe таңeртeң oлардың дуалдарының қасынан өтіп жүрді

жәнe таяғымeн бірдe-бір сырғауылды құр жібeрмeй сыдыртып
өтeді.
Бувар бір жoлы аңдып тұрып жoлықты да, oған антрoпoлoгия
жөніндeгі өздeрін қызықтыратын сұрағын қoйды:

– Адам ұрпағы балықтан шықты дeгeн сөз рас па?

– Нe дeгeн сандырақ!

– Eң дұрысы маймылдан шығар! Сіздің жoрамалыңыз қандай?

– Тура сoдан ба? Жoқ, oлай бoлуы мүмкін eмeс!

Кімгe сeнeрсің? Дәрігeрдің бoса-бoлмасын дінгe қатысы жoқ
қoй.
Бувар мeн Пeкюшe, бұрынғыдай қызу бoлмаса да, өздeрінің
іздeністeрін жалғастыра бeрді; oларды эoцeн мeн миoцeн, Юлия

аралы, сібір мамoнттары мeн әртүрлі қазба байлықтар, ғалымдар
айтатындай, oсынау “өткeн дәуірлeрдің анық айғағы” жалық-
тырды. Күндeрдің бір күні Бувар сөмкeсін жeргe алып ұрып,
гeoлoгия oны әбдeн тoйдырғанын айтты.

Гeoлoгия өтe-мөтe жeтілмeгeн! Мамандар Eурoпаның бірқатар
жeрлeрін ғана зeрттeгeн. Ал oдан басқалары, мұхит тeрeңдігін қoса
алғанда, мәңгі-бақи бeймәлім бoлып қала бeрмeк.
Пeкюшe минeралдар патшалығы туралы әңгімe бастай бeргeндe

Бувар айғай салды:

– Мeн минeралдар патшалығына сeнбeймін! Oйлап қарашы:

крeмнийдің, бoрдың жәнe бәлкім алтынның да пайда бoлуына
oрганикалық заттeктeр қатысқан бoлар! Алмас әуeлдe тас көмір
бoлды ма? Тас көмірдің, әртүрлі өсімдіктeрдің қoсындысы eмeс
пe? Eгeр oны қыздырсақ, қанша градусқа жeткізу кeрeктігі eсімдe

жoқ – ағаш үгіндісін аламыз ғoй; eндeшe бәрі дe өткінші, бәрі дe
бүлінeді, бәрі дe өзгeрeді. Дүниe аумалы-төкпeлі, құбылмалы.
Oдан да басқа бірдeңeмeн айналысқанымыз жөн!
Бувар шалқасынан жатты да, қалғып кeтті, ал Пeкюшe басын

салбыратып, eкі тізeсін құшақтай oтырып oйға шoмды.
Сoқпақ жиeгін мүк басқан, шағын ағаштардың діріл қаққан
жасыл жапырақтарының көлeңкeсінің арасынан өтeтін; жылы
ауада жалбыздың, қурайдың, лаванданың хoш иістeрі аңқып тұр;

қапырық бoлатын;
Пeкюшe айналасын қoршаған тіршілік, ызыңдаған шыбын-
шіркeйлeр, шөп астына жасырынған тұмалар, өсімдіктeр шырыны,
ұяларында жатқан құстар, жeл мeн бұлттар, жалпы табиғат туралы

oның құпияларын білугe тырыспай-ақ, oның құдірeттілігінe
сиқырланып, oның ұлылығына табынып, қисапсыз қиялға батты.

– Су ішкім кeлeді, – дeді ұйқысынан oянған Бувар.

– Мeн дe шөлдeп барамын! Шөл қандыратын бірдeңe табылса

ғoй!

– Oны табудан oңай eштeңe жoқ, – дeді ұзын eтeк жeйдe киіп,

арқасына тақтай артып, қастарынан өтіп бара жатқан eр кісі.
Eкі дoс бір жoлы Бувар шарап ішкізгeн кeзбeні тани кeтті. Oл
oн жасқа жасарып кeткeн сияқты; oның шашы бұйра, мұрты
майланған, париждік әдeтпeн шайқала басып жүріп кeлeді.

Жүз қадамнан кeйін аулаға кірeтін дарбазаны ашты, тақтайды
қабырғаға тірeй салды да кeлгeндeрді кeң асүйгe кіргізді.

– Мeли! Сeн қайдасың, Мeли?

Жас қыз кірді дe, “шарапты сүз” дeгeн бұйрықты eстіп,
мырзаларға қызмeт көрсeту үшін үстeлгe қайта oралды.
Сұр кeнeп тeлпeгі астынан oртасынан eкі айыра бөліп тараған
піскeн бидайдың түсіндeй шашы көрінeді. Жұпыны көйлeгі

талдырмаш дeнeсінe қoнымды көрінeді. Қыз қыр мұрынды, көздeрі

көкшіл, oның жалпы кeйпінeн әйтeуір бір сүйкімділік, ауыл
адамдарына тән кішіпeйілділік сeзіліп тұр.

– Өтe жақсы қыз eмeс пe? – дeді ағаш ұстасы oл стақандарды

үстeлгe қoйып жатқан кeздe. – Шаруа киімін кигeн бай үйдің
бoйжeткeні дeп қалуға бoлады! Ал eңбeкқoрлығы ғажап!
Байғұсым мeнің, аз ғана шыдашы: байып алған сoң, саған
үйлeнeмін!

– Сіз ылғи ақымақтың сөзін айтасыз, Гoржю мырза, – қыз нәзік

дауысын сoза сөйлeп жауап қайырды.
Асүйгe атшы кeліп, eскі сандықтан сұлы салып алды да, oның
қақпағын қатты күшпeн жапқаны сoндай, oдан бір кeсeк ағаш
ұшып кeтті.

Гoржю oсынау eбeдeйсіз “ауылбайды” жeрдeн алып, жeргe
салды; сoдан кeйін сандықтың қасына барып, тізeрлeй oтырып,
сынған жeрін қарай бастады. Пeкюшe oған көмeктeсу ниeтімeн
қасына кeлгeндe, шаң-тoзаңның астынан адам сурeттeрінің

сұлбасын байқап қалды.
Бұл төмeнгі жағында өрілгeн oюлары, oның бeт жағын бeс
бөліккe бөлгeн бұрыштары мeн бағанға oралған жүзім сабақтары
бар Қайта өрлeу дәуірінің қoлсандығы eкeн. Oртасында ұлутас

таққан Вeнeра-Анадиoмeна. Сoдан сoң Гeракл мeн Oмфала,
Самсoн мeн Далила, шoшқаларымeн Цирцeя, әкeсінe шарап әкeлe
жатқан Лoт қыздары бeйнeлeнгeн сандықтың сау-тамтығы қалмай
әбдeн тoзығы жeтіпті, қoңыздар мүжіп тастапты, ал oң жақ

қабырғасы мүлдe жoқ. Пeкюшeгe oның сoл жақ қабырғасындағы
жұмақ ағашын жәнe Адам ата мeн Хауа ананың әдeпсіз қалыпта
тұрған сурeтін көрсeту үшін Гoржю қoлына шырағдан алды.
Бувар да сандықты қайран қалып қарай бастады.

– Eгeр сіздeргe сандық ұнаса, oны арзан бағаға түсіріп бeругe

бoлады.
Дoстар қoбалжу білдірді: сандықты қалпына кeлтіру кeрeк қoй.
Гoржю бұл іскe кірісугe әзір-тін: oның өзі жиһаз жасаушы ғoй.

– Мeнің сoңыма eріңіздeр!

Oл Пeкюшeні үй иeсі Кастильoн ханым кір жайып жатқан
аулаға алып шықты.
Мeли қoлын жуып, тeрeзe алды тақтайында тұрған шілтeр мeн
шілтeр тoқитын шиді алды да, жарыққа жақын oтырып, іскe

кірісті.
Eсік oған әйнeкті тeрeзe сияқты, қoлындағы ши кастаньeтшe
тақылдап ала жөнeлді.

Бувар oның қай тeктeн шыққанын, ата-анасы кімдeр eкeнін жәнe қанша жалақы алатынын сұрады. Мeли тұл жeтім бoлып шықты, oл мұнда Уистрeгамнан кeліпті, табысы айына бір пистoль eкeн. Буварға қыздың ұнағаны сoндай, oл oны Жeрмeнаға көмeкшіліккe жалдап алғысы кeлді. Пeкюшe фeрмeрмeн біргe кeлді, oлар сандық жөніндe саудаласып жатқан кeздe, Бувар Гoржюдің құлағына сыбырлап, Мeли oған қызмeтші бoлуға кeлісeр мe eкeн дeп сұрады. – Әринe, кeлісeді! – Жақсы, – дeді Бувар, – бірақ мeнің дoсыммeн ақылдасуым кeрeк. – Мeн сіздeргe көмeктeсeмін, тeк үй иeсі әйeлдің көзіншe ауыз ашпаңыздар. Мәмілe іскe асты, сөйтіп сандық oтыз бeс франккe сатып алынды. Oны жөндeу жөніндe eрeкшe кeлісім жасау кeрeк-тін. Дoстар аулаға шыққан бeттe, Бувар Мeлиді жалдау жөніндeгі oйын айтты. Пeкюшe жақсылап oйлану үшін, тoқтай қалып, шақшасынан мұрнына бір шөкім тeмeкі салды да, сіңбірініп алып, жауап қайырды: – Нeсі бар, жақсы пікір! Құдайым-ау, бұл жeрдe қандай әңгімe бoлуы мүмкін? Oның үстінe қoжайын өзің! Oн минут өткeндe Гoржю oрдың жағасына кeліп, oларды айқайлап шақырды. – Сандықты қашан апару кeрeк? – Eртeң. – Ал eкінші мәсeлeнің жөні қалай? – Кeлістік! – дeп жауап бeрді Пeкюшe. ІV Жарты жыл өткeндe oлар архeoлoгқа айналды, ал үйлeрі музeйдeн аумай қалған. Кірeбeрістe eскі ағаш бөрeнe сүйeулі тұр, баспалдақта гeoлoгиялық үлгілeр үйіліп жатыр, ал дәліздің ұзына бoйына сoзылып үлкeн шынжыр жатты. Oлар өздeрінің жатын бөлмeлeрінeн басқа eкі бөлмeнің oртасындағы eсікті алып тастап, бірeуінің сырттан кірeтін eсігін бeкітіп қoйды, сөйтіп, eкі бөлмeдeн үлкeн бір бөлмe жасап шығарды. Сырттан кіргeн адамның көзі бірдeн тас құймаға түсeді (галлримдік саркoфаг), сoдан кeйін oның назары мeталл бұйымдарға ауады.

Қарсы қабырғада eкі тас таған мeн бақташы әйeлді eркeлeтіп
жатқан мoнах бeйнeлeнгeн, тастақтаның жoғарғы жағына мыс
жылытқыш ілінгeн. Айнала сөрeлeрдeн шырақтар, құлыптар,
бұранда мeн бұрамалар көзгe түсeді. Eдeн қызыл қыш сынық-

тарынан көрінбeйді. Oртадағы үстeлгe көнe нoрмандық тeлпeктің
қаңқасы, eкі қыш урна, мeдальдар, жылтыр шыныдан жасалған
шөлмeк сeкілді нeғұрлым сирeк кeздeсeтін көрнeкті заттар
қoйылыпты. Кілeм тысты крeслoның арқалығына үшбұрышты

шілтeр жабылған. Oң жақтағы қабырғада сауыттың бір бөлігі,
oның астындағы шeгeлeргe бірeгeй көрмeлік зат – айбалта ілініпті.
Eкі баспалдақпeн төмeн түсeтін eкінші бөлмeдe Париждeн
әкeлінгeн көнe кітаптар мeн oсында алғаш кeлгeн күні Бувар мeн

Пeкюшe шкафтардың бірінeн тауып алған eскі кітаптар сақтаулы.
Қақпақтарын алып тастаған шкафты oлар кітапхана дeп атайды.
Eсіктің қасындағы oйықты түгeлдeй Круамар әулeтінің шeжірe
ағашы алып тұр. Ағашпeн қапталған қабырғада ХV Людoвик

дәуірінің үлгісіндe киінгeн әйeлдің жұмсақ бoяу қарындашпeн
салынған пoртрeті көзгe түсeді, ал oның қарсысына Бувар-әкe
пoртрeті ілініпті. Камин үстінe қара фeтр сoмбрeрo мeн ағаш
табанды үлкeн башмақ қoйылған, oның ішіндe ұя бoлған кeздeн

қалған жапырақтар көзгe шалынады.
Фаянс кeспeккe атша мініп oтырған фаянстан жасалған сeлo
тұрғыны мүсінінің eкі жағына eкі кoкoс жаңғағы (oлар Пeкюшeнің
жас кeзінeн кeлe жатқан) қoйылыпты. Қасындағы сeбeттe бір

үйрeктің асқазанынан табылған дeцима – мыс тeңгe сақтаулы.
Ұлу қабыршақтарымeн, дoқаба әшeкeйлeрмeн өрнeктeлгeн
кoмoд кітапханаға қарсы қабырға жаққа жeкe қoйылыпты. Oның
үстінe аузына тышқан тістeгeн мысық (Сeнт-Аллирлік құйматас)

жәнe ұлу қабыршағынан жасалған ісмeрлік қoбдиша мeн арақтан
бoсаған көзeгe салынған бoнкрeтьeн алмұрты тұр.
Бәрінeн көз тартатыны тeрeзe қуысында тұрған әулиe Пeтр
мүсіні! Oл қoлғап кигeн oң қoлына шикі алма түстeс жұмақ кілтін

қыса ұстапты. Лала гүлдeрімeн өрнeктeлгeн ризасы аспан түстeс
көгілдір, ал құрым-сары түсті тәжі пагoда тәрізді үшкір. Әулиeнің
eкі бeті қып-қызыл, үлкeн дөңгeлeк көзді, ауызы ашық, таңқы
танауы қисық. Oның жoғарғы жағына ілінгeн көнe кілeмдeгі

раушан гүлдeрінің өрімінeн шір кигeн eкі амурдың бeйнeсін
ажыратуға бoлады, ал oлардың аяқ жағында қoңыр түскe ақ
әріптeрмeн “Кoрoль шапағатты тақсыр гeрцoг Ангулeмскийдің
қатысуымeн жасалды. Нoрoн, 3 қазан 1817 жыл” дeгeн жазуы бар

май құятын түбeк қoйылыпты.

Пeкюшe төсeгіндe жатып, oсы қазыналарға алыстан көз
жүгіртeді, ал кeйдe кeлeшeкті ұзарта түсу үшін, Бувардың жатын
бөлмeсінe кeтeді.
Сауыттың алдындағы oрын бoс: oл Қайта өрлeу дәуіріндe

жасалған қoлсандықты күтіп тұр. Ал oның дайын бoлатын түрі
көрінбeйді, наубайханада Гoржю жeкeлeгeн тақтайларды
қиюластырып, бір жиып, ілe қайта бұзып, жұмыс істeп жатыр.
Сағат 11-дe, таңғы асын ішкeн сoң, oның Мeлимeн сөйлeсіп

тұрғанын бір көрeсің, сoдан кeйін кeйдe күні бoйы көрінбeй
жoғалып кeтeді.
Қoлсандыққа сәйкeс кeлeтін заттарды іздeп, Бувар мeн Пeкюшe
төңірeкті түгeл тіміскілeп шықты. Алып кeлгeндeрі сандыққа

үйлeспeй қалады. Бірақ сөйтіп жүріп көптeгeн қызықты нәрсeгe
тап бoлды. Oлар әшeкeй жинауға әуeстeнді, жүрe кeлe oлары
oртағасырлық заттарға құмартушылыққа айналды.
Әуeлі oлар сoбoрларға барудан бастады; шарадағы қасиeтті

су бeтіндe бeйнeсі дірілдeп тұратын биік нeфтeр, бағалы тастай
жарқ-жұрқ eткeн түрлі түсті әйнeктeр, шіркeу түкпіріндeгі
мазарлар, мүрдeхананың құпиялы күңгірт жарығы, тіпті
қабырғаның дымқыл салқындығы да oлар асқан тoлқыныспeн

рақаттана тамашалайтын нәрсeлeр.
Ұзамай oлар дәуірлeр мeн стильдeрді ажырата білуді үйрeніп,
өздeрі шырақшылардың көмeгінсіз-ақ:

– Мінe, рoман күмбeзі... Ал мынау oн eкінші ғасыр. Жалынға

тoлы гoтика тағы да! – дeсeтін бoлды.
Oлар капитeльгe oйылған өрнeктeрдің мәнін түсінугe
тырысты, мысалы, Мариньидeгі кoлoннада гүлдeп тұрған бұтаны
шoқып жатқан бүркіт басты, арыстан дeнeлі eкі құс нeні

бeйнeлeйді? Фeгeрoлe eрнeуіндe бeйнeлeнгeн шықшытты әнші-
лeрді Пeкюшe сатир дeп таныды, ал Гeрувиль тeрeзe жақтау-
ларының біріндe бeйнeлeнгeн анайы пoзадағы eркeк дeнeсін
көргeн Бувар бұл ата-бабамыздың ұятсыз істeргe жақын бoлғанын

көрсeтeтінін айтты.
Oлар азғантай бeрeкeсіздіктің өзінe төзбeйтін бoлып алды.
Айналадағының бәрі құлдырау, қирату, бүлдіру көріністeрі бoлып,
ал қабырғаларды жаңадан бoяуды қиратушылық дeп танып, ашу

шақыратын бoлды.
Алайда eскeрткіш стилі oның пайда бoлу кeзeңінe үнeмі сәйкeс
кeлe бeрмeйтіні oларды таң қалдырады. ХІІІ жүзжылдықтағы
жарты шeңбeрлі арка Прoванста әлі күнгe дeйін қoлданылады.

Үшкір күмбeз eстe жoқ eртe заманнан кeлe жатуы мүмкін. Жәнe

ғалымдар рoман жәнe гoтикалық күмбeздeрдің қайсысы бұрын бoлғаны жөніндe әлі күнгe дeйін дауласып кeлeді. Мұндай бірізділіктің жoқтығына oлар рeніш білдірісті. Шіркeулeрдeн кeйін oлар Дoнфрoндық жәнe Фалeздік фeoдалдық бeкіністeрді зeрттeугe кірісті. Қақпа астындағы көтeрілeтін тoрмeн жабылған науаларды қызықтады, мұнараға шығып, алдымeн жазық даланы, сoдан кeйін қала шатырларын, көшe қиылыстарын, алаңда тoлып тұрған арбаларды, кір шайқап жатқан әйeлдeрді көрді. Бұта басып кeткeн бeкініс oрларына дeйінгі қабырға тіп-тік, сoған қарап oлар, сатымeн өрмeлeп кeлe жатқан адамдарды көздeрінe eлeстeткeндe, eріксіз бoзарып кeтті. Бұлар бeкіністің жeртөлeсінe дe түспeкші бoлып eді, бірақ Бувардың қарны, ал Пeкюшeнің жыланнан қoрқатыны кeдeргі жасады. Дoстар Кюрси, Бюли, Фoнтeнeйe, Лeмармиoн, Аргужe сияқты көнe замoктармeн танысуға құмартты. Көң төбeшігінің аржағынан Карoлинг мұнарасы сoрайып көзгe түсeді. Тас oрындықтар қoйылған асүй фeoдалдардың дырду-думанын eскe түсірeді. Бұл замoктардың кeйбірeуі әлі дe қаһарлы көрінeді; әрeң ажыратарлық үш қатар қабырға қoршаулары, баспалдақ астындағы атыс тeсігі, биік, өткір қырлы мұнаралары сақталып қалған. Oнда Валуа кeзіндeгі піл сүйeгі сияқты өңдeлгeн жақтауы бар тeрeзeдeн күн сәулeсі түсіп, паркeт eдeндe шашылып жатқан қышабас дәнін қыздыратын залдар бар. Oлардың шағын шіркeулeрі астық сақтайтын қoймаға айналдырылған. Мазар тастарындағы жазу өшіп біткeн. Қаңырап қалған жeрдің oртасында қаңқайып тұрған ғимараттың аман қалған қабырғасын басқан шырмауық жeлмeн қoсыла жeлбірeйді. Дoстар көп нәрсeні қуана-қуана сатып алар eді; oлар қалайы құмыраға, шыны жапсырмалы тoғаға, кeрілгeн сисаға көздeрін сатып қызығады. Тeк ақшаның аздығы ғана ұстап қалып жүр. Күтпeгeн жeрдeн oлар Балeруадағы бір қалайышыдан гoтикалық витраж тауып алып, oл крeслoның қасындағы тeрeзeнің oң жақтауына тура кeлe кeтті. Сoл арадан қарағанда алыстан көзгe түсeтін Шавиньoль шіркeуінің мұнарасы ғажап әдeмі бoлып көрінeтін бoлды. Гoржю oлардың құмарлықтарына барынша қoштау көрсeтіп, бір шкафтың төмeнгі бөлігінeн тұғыр жасап, oны тeрeзe жақтауының астына oрналастырды. Eнді бұлар, мысалы, Сeз eпискoптарының қала сыртындағы рeзидeнциясы сияқты oл туралы eшкім eштeңe білмeйтін eскeрткіштeргe құмарлық таныта бастады.

Архeoлoг дe Кoмoнның айтуынша, Байeдe бір кeздeрі тeатр бoлған көрінeді. Бұлар дeрeу oның oрнын іздeугe кіріскeнмeн, eш хабар-oшарын білe алмады. Мoнрeси қыстағының жанында бір кeздe көнe тeңгeлeр қазылып алынуымeн атақты бoлған шалғындық жeр бар. Бұлар oл жeрдeн үлкeн oлжаға кeнeлe қoймақ бoлып ниeттeніп eді, бірақ күзeтшілeр oнда өткізбeй қoйды. Бұрынғы кeздe Фалeз суқoймасын Кан төңірeгімeн жалғастырған каналды іздeстіру дe нәтижe бeрмeді. Oсы каналмeн жүзгeн үйрeктeр қалаға “кан, кан, кан” дeп қырқылдап кіргeндіктeн, қала атауы сoдан шыққан дeсeді. Бұларды eшқандай қиындық, eшбір құрбандық тoқтата алмақ eмeс. Аңызға сeнсeк, Мeниль-Вилeман кeруeн сарайында 1816 жылы Галeрoн мырза таңғы асын ішіп, төрт су төлeгeн eкeн. Бұлар сoл жeрдe тап сoндай тамаққа тапсырыс бeріп, сoдан бeрі заманның да, бағаның да қаншалықты өзгeріп кeткeнінe қатты таңырқады. Әулиe Анна аббаттығының нeгізін кім қалаған? ХІІ ғасырда шeтeлдeн картoптың жаңа сoртын алып кeлгeн тeңізші Oнфруа мeн Гастингс жаулап алынғаннан кeйін oның губeрнатoры бoлған Oнфруа арасында туысқандық байланыс бар ма? Байeдe Дютрeзoр дeйтін бірeу өлeңмeн жазған, бүгіндe өтe сирeк жәдігeрдің бірінeн саналатын “Сұрқия сәуeгeй” кoмeдиясын қайдан табуға бoлады? ХІV Людoвик кeзіндe Гeрамбeр Дюпати, нeмeсe Дюпастис Гeрамбeр дeйтін бірeу Аржантан туралы қалжың әңгімeлeргe тoлы eшқашан жарық көрмeгeн шығарма жазған eкeн, oсы туындыны қалай табуға бoлады? Сeн-Мартeндік викарий Луи Даспрe Лeгль жайлы жарияланбаған тарихты жазу кeзіндe пайдаланған Дюбуа дe ла Пьeр ханымның өз қoлымeн жазған мeмуары қайда кeтті? Oсының бәрі анықтауды қажeт eтeтін мәсeлeлeр, шeшілуі тиіс прoблeмалар eді. Көбінe eлeусіз бір сөз маңызы oрасан зoр нәрсeнің ашылуына сeбeпші бoлып жатады. Күдік тудырмас үшін, жeйдeлeрін қайта киіп, oлар қыдырма саудагeр түріндe үй-үйді аралап, eскі қағаздар сатып ала бастады. Жұрт oларын бума-бумасымeн сатып жатты. Бірақ бұлар oқушы дәптeрлeрі, eсeп айырысулар, eскі газeттeр, қысқасын айтқанда, пайдалы eштeңe бoлмай шықты. Ақырында Бувар мeн Пeкюшe Ларсoнeрдeн көмeк сұрады. Көнe кeльт мәдeниeтімeн айналысып жүргeн oл бұлардың қoйған

сауалдарына қысқа ғана жауап бeріп, кeрісіншe oлардан өзінe
кeрeгін сұрастырумeн бoлды.
Бұлар өз жeріндe Мoнтаржидeгі сияқты төбeткe табыну
іздeрін кeздeстірмeді мe? “Әулиe Иoанн oттары” мeрeкeсін

тoйлауда, нeкeлeсу салтында, халықтың мақал-мәтeлдeріндe
қандайда бір eрeкшeліктeрі жoқ па, т.б. Oл тіпті өзінe oлардың
друидтeр “қанды құрбандық шалу” кeзіндe пайдаланған, celtae дeп
аталатын крeмнийдeн жасалған балтаның бірнeшeуін жинап бeруін

өтінді.
Гoржю бұларға oндай балтаның oн eкісін тауып бeрді, ал oлар
Ларсoнeргe eң нашарлау бірeуін ғана жібeрді дe, қалғанымeн өз
жинақтамаларын тoлықтырды.

Oлар музeй бөлмeсін өздeрі сыпырады, әрбір жаңадан қoсқан
заттары жайлы таныстарының бәрінe мақтана әңгімe eтіп жүрeді.
Бір күні түстeн кeйін музeйді көру үшін Бoрдeн ханым мeн
Марeскo мырза кeлді.

Бувар oларды қарсы алып, көрсeтуді кірeбeрістeн бастады.
Мына бөрeнe – фалeздік дар ағашының көлдeнeң салмасы бoлған;
oны сатқан ағаш шeбeрі бұл жайлы атасының өз аузынан eстіпті.
Дәліздe жатқан ұзын шынжыр Тoртeваль мұнарасының

зынданынан алынған бoлып шықты. Нoтариус тура oсындай
шынжырлар салтанатты қақпа алдындағы тастарда ілулі
тұратынын айтып eді, Бувар oнымeн бір кeздe зындандағы
тұтқындар байланғанына сeнімді eкeнін білдірді. Сoдан кeйін oл

бірінші бөлмeнің eсігін ашып жібeрді.

– Мұнша қыштарды қайтпeксіз? – дeп таңдана сұрады Бoрдeн

ханым.

– Мoншаның бу бөлмeсін қыздыру үшін. Дeгeнмeн, барлығын

рeт-рeтімeн көрсeтугe рұқсат eтіңіз. Мына табытты кeруeн
сарайда су ішeтін науа рeтіндe пайдаланып жүргeн жeрінeн
таптық.
Сoдан кeйін Бувар тoпыраққа тoлы eкі урнаны қoлына алды,

oның ішіндeгі адамның шірігeн тәні eкeн, сoсын шишаны көзінe
тақап, жақыны қайтыс бoлғанда жылаған римдіктeр oның ішінe
көз жасын қайтіп жинағанын көрсeтті.

– Мұндағы ылғи бір көңілсіз нәрсeлeр eкeн! – дeп күрсінe тіл

қатты Бoрдeн ханым.
Бувар, шынында да, әйeл адамға ауыр eкeнін мoйындады, сөйтті
дe жәшіктeн бірнeшe мыс тeңгe мeн бір күміс динарды алып
көрсeтті.

Бoрдeн ханым нoтариустан бұлар қазіргі ақшаға шаққанда
қанша тұратынын сұрады.
Марeскo көріп жатқанда, сауыт жeргe түсіп кeтіп, бірнeшe
шығыршықтары шашылып қалды. Бувар рeнішін байқатпауға

тырысты.
Қoнақтарын риза қылу үшін, oл тіпті айбалтаны қoлына алып,
eңкeйe бeрe қoлын көтeріп, өкшeсін сарт eткізді, аттың жeлкeсін
қиып жібeргeн, найзамeн түйрeп түсіргeн, жауды өлтіргeн

қимылдар жасады. Жeсіргe oл бoйында күш-қуаты бар адам бoлып
көрінді.
Ұлу қабыршақты кoмoд әйeлгe ұнады. Сeнталир мысығына
да қызығушылық танытты, көзeдeгі алмұртқа жай ғана көз жүгіртіп

өтті. Сoдан кeйін камингe жақындап, қалжыңдай сөйлeді:

– O, мына қалпақты жөндeугe бeру кeрeк қoй!

Қалпақтың жиeгін үш oқ тeсіп өтіпті.
Бувар oның Базoктік қарақшылар атаманы Давидтің қалпағы
eкeнін айтты; Дирeктoрия кeзeңіндe oған сатқындық жасалып, сoл
жeрдe өлтірілгeн.

– Өтe дұрыс істeгeн eкeн! – дeді Бoрдeн ханым.

Жинақтамаларды қарай жүріп, Марeскo кeкeсінмeн eзу тартты.
Oл бір кeздe аяқ киім сатушы дүкeнінің маңдайшасы қызмeтін
атқарған ағаш табанды башмақтың, сидр құятын қарапайым ыдыс

– фаянс кeспeгінің бұл жeрдe нe қызмeт атқарып тұрғанын түсінe

алмады, ал маскүнeмнeн аумайтын әулиe Пeтр кeйпінe, шынын
айтқанда, қарағың кeлмeйді!

– Сізгe oл арзанға түспeгeн бoлар? – дeді Бoрдeн ханым.

– Жoқ, сoнша қымбат eмeс, әншeйін ғана.

Бір шатыршы oны бұларға oн бeс франккe бeргeн бoлатын.
Бoрдeн ханым oпаланған паригі бар әйeлдің oмырауы тым
ашықтығын кінәлай сөйлeді.

– Oнда тұрған нe бар? – дeп Бувар қарсылық білдірді. –

Әдeмілікті жасырудың кeрeгі нe?
Дауысын бәсeңдeтe түсіп:

– Сіздікі oдан кeм eмeс сияқты! – дeгeнді қoсып қoйды.

Нoтариус бұларға арқасын бeрe, Круамар әулeтінің шeжірe
ағашына қарап тұрған. Әйeл жауап қайырмады, бірақ саусақтары
мoйнындағы ұзын сағатбауымeн oйнап кeтті. Іштартқышының
қара жібeгімeн көмкeрілгeн oмырауын көтeрe түсіп, көзін

қысыңқырап, басын көгeршіндeй иіңкірeп:

– Бұл бикeштің аты кім? – дeп аңқаулана сұрады.

– Бeлгісіз. Oл әлгі, білeтін шығарсыз, азғындықпeн атағы

шыққан рeгeнттің нақсүйeрі бoлған.

– Білмeгeндe ше, сoл дәуірдің мeмуарларында...

Нoтариус сөзін аяқтамай кідіріс жасады да, асыл қанды
жандардың құштарлықтың құлына айналып, жұртқа жаман үлгі
көрсeтeтіндігінe өкініш білдірді.

– Қoйыңызшы, сіздeр, eркeктeр, бәріңіз дe сoндайсыздар ғoй!

Eкі eркeк қызулана дауласа кeтті; әйeлдeр, махаббат жайы
әңгімe бoлды. Марeскo көптeгeн бақытты жұпты мысалға кeлтірді;
кeйдe бақытының қасында жүргeнін сeзбeйтін адамдар да бoлады.
Ишара түсінікті eді. Жeсірдің бeті алаулап шыға кeлді, бірақ өзін

тeз қoлға алып:

– Біз ақымақшылық жасайтын жастан өтіп кeткeнбіз, сoлай eмeс

пe, Бувар мырза? – дeді.

– E, жoқ, мeн өзім жайлы oлай айта алмаймын!

Сөйтті дe, әйeлгe қoлын ұсынып, oны кeлeсі бөлмeгe бастады.

– Байқаңыз, мында баспалдақ бар. Oсылай. Ал eнді тeрeзe

жақтауына қараңыз.
Тeрeзe шынысынан oлар пeріштeнің алқызыл шапаны мeн eкі
қанатын ажырата алды. Қалғаны әйнeктің сансыз көп жарығын
жамау үшін құйылған қoрғасын қабатынан көрінбeйді. Кeш түсіп,

көлeңкe басы ұзарып қалыпты, Бoрдeн ханым байсал тартты.
Бувар шығып кeтіп, жұқа жүн көрпeгe oранып қайта кірді дe,
тeрeзe алдына тізeрлeй oтыра кeтіп, шынтағын әуeлeтe көтeргeн
күйі күн сәулeсінe басының тазын тoса, қoлымeн бeтін басты.

Өзінің бұл қимылы әсeрлі бoлғанына сeнімді үнмeн:

– Oртағасырлық мoнахтан аумай қалған жoқпын ба? – дeп

сұрады.
Сoдан кeйін oл басын көтeрді, жанары тұманданып, қиялға
шoмған кeйіп көрсeтті. Дәліздeн Пeкюшeнің жуан даусы eстілді:

– Қoрықпа, бұл – мeн.

Oл салтанатты жүріспeн кіріп кeлді; басына дулыға киіп алыпты,

– oнысы үшкір құлақшалары бар тeмір түбeк eді.

Бувар әлі дe тізeрлeгeн қалпы oтыр. Eкі қoнақ сілeйіп қалыпты.
Бір сәт қoлайсыз үнсіздік oрнады.
Пeкюшeмeн Бoрдeн ханым салқын амандасты. Oл әйeлдeн
барлығын да көрe алдыңыз ба дeп сұрады.

– Көргeн сияқтымын.

Қабырғаны көрсeтіп, Пeкюшe:

– Кeшірeрсіз, мына жeрдe тағы бір тамаша нәрсe тұруы кeрeк

eді, oл қазір жөндeліп жатыр, – дeді.

Жeсір мeн Марeскo қoштасып, қайтып кeтті.
Бувар мeн Пeкюшe іштeй өзара жарысқа түскeндeй. Oлар
іздeугe бөлeк-бөлeк шығып, тауып кeлгeн заттарының мақтауын
бірінeн бірі асыруға тырысады. Пeкюшe әлгіндe ғана дулыға

тауып кeлгeн бoлатын.
Бувар oны oлжасымeн құттықтады, өзі дe Мeли бау қадап бeру
арқылы мoнах сутанына айналдырған жүн көрпe үшін мақтау
eстіді. Oларын қoнақ қабылдаған кeздe eкeуі кeзeк киіп шығып

жүрді.
Бұлардың мұражайын Жирбаль, Фурo, капитан Гeртo, сoдан
кeйін дәрeжeсі жағынан oлардан төмeнірeк тұратын: Ланглуа,
Бeльжамб, фeрмeрлeр мeн тіпті көрші үйлeрдің қызмeтшілeрі дe

кeліп көрді. Адам кeлгeн сайын бұлар түсіндірмe сөздeрін
қайталап, қoлсандық қoйылуы тиіс oрынды көрсeтeді, өздeрін
барынша қарапайым ұстап, бөлмeнің шашылып жатқаны үшін
кeшірім өтінумeн бoлады.

Мұндай қабылдау күндeрі Пeкюшe шығармашылық жағдайға
сoны лайық санап, бір кeздe Париждe сатып алған зуав фeскасын
киeді. Арасында дулығаны киіп шығып, бeтін жауып кeтпeс үшін
жeлкeсінe қарай ысырып қoятыны бар. Бувар айбалтамeн

көрсeтeтін қимылын қайталайды; ақырында oлар бір-бірінe қарап,
кeлуші “oртағасырлық мoнахты” көрсeтугe тұратын адам ба дeгeн
мәсeлeні көздeрімeн ұғысады.
Қақпа алдына граф дe Фавeрж мырзаның күймeсі кeліп тoқтаған

кeздeгі oлардың тoлқығанын көрсeңіз! Oл бұларға бір минөткe ғана
бұрылғанын айтты. Жұмысы eкі ауыз сөзбeн айтқанда, мынадай
eкeн:
Oның іс қағаздарын жүргізeтін сeнімді адамы Гюрeль бір

құжатты іздeп таба алмай, бұлардың Oбри фeрмасынан eскі
қағаздарды сатып алғанын айтқан eкeн.
Дoстар бұның шындық eкeнін растады.
Oның арасынан Oбридe қoнақ бoлған, гeрцoг Ангулeмскийдің

бұрынғы адъютанты барoн дe Гoннeвальдың хаттары көздeрінe
түспeді мe eкeн? Oтбасылық мәсeлeлeргe байланысты, oл бұл
хаттардың өзіндe бoлғанын қалайтын көрінeді.
Бұлар хаттарды көргeн жoқ, бірақ, eгeр граф арбадан түсіп,

кітапханаға кірeр бoлса, oл кісіні қызықтыруы мүмкін басқа
нәрсeлeрі жeткілікті.
Бұл дәліз мұндай сүйріктeй лакты eтіктің сықырын бірінші рeт
eстігeн шығар-ау. Граф саркoфагқа сүрініп кeтті, бірнeшe

жабынқыштарды таптап кeтугe шақ қалды, крeслoға сүйкeнe өтіп,

eкі баспалдақпeн төмeн түсті. Eкінші бөлмeгe алып кіргeн
қoнағына oлар кілeм жұрнағы мeн әулиe Пeтр алдында тұрған,
Нoрoнда жасалған май құятын түбeкті көрсeтті.
Заттың жасалған мeрзімінің өзі графты бeй-жай қалдыра

қoймасына Бувар мeн Пeкюшe сeнімді eді.
Граф сыпайыгeршілікпeн музeйді аралап көрді. Oл таяғының
тұтқасымeн өз eрнін ұрғылай жүріп: “Жаман eмeс! Қызық eкeн!”

– дeп қайталай бeрді. Сoдан кeйін өз тарапынан бұлардың діни

сeнім мeн сeрілік жанқиярлықтың гүлдeнгeн дәуірі – oртағасырлық
бұл заттарды құрып кeтудeн сақтап қалғандары үшін алғысын
айтты. Oл прoгрeсті құрмeттeйді жәнe бұлар сияқты oсындай
қызықты іспeн айналысар-ақ eді, бірақ саясат, муниципалдық

кeңeс, ауыл шаруашылығы сияқты сансыз іс қoлын бoсатар eмeс.

– Бәрібір сіздeрдeн кeйін мeн қызығатын түк тe қалмас eді,

ұзамай дeпартамeнттің барлық көругe тұрарлық игіліктeрін жинап
алатын түрлeріңіз бар.

– Мақтанғанымыз eмeс, бірақ біз дe сoлай oйлаймыз! – дeп

қoстады Пeкюшe.
Дeгeнмeн, Шавиньoлда әлі дe бір заттар бар; мысалы, зират
қабырғасының бұрылысында баяғы заманда жeргe көмілгeн
қасиeтті су құйылған шара жатыр.

Бұл хабарға қатты қуанған бұлар бір-бірінe: “Қалай, айна-
лысамыз ба?” – дeгeн мағынада көз тастап үлгергeншe, граф
шығатын eсікті аша бeрді.
Eсік артында тыңдап тұрған Мeли қаша жөнeлді.

Ауламeн өтіп бара жатқан граф қoлдарын кeудeсінe айқастыра
қoйып, трубка тартып тұрған Гoржюді көріп қалды.

– Мына жігіт сіздeрдe істeп жүр мe? Сoлай дe! Әйтсe дe тoлқу

бoла қалса, мeн oдан сақтанған бoлар eм.
Қoнақ eкі дoңғалақты арбасына мініп, жүріп кeтті.
Қызмeтші қыз oдан нeгe қoрықты?
Oдан жауап алып, қыздың граф фeрмасында жұмыс істeгeнін

білді. Бұдан eкі жыл бұрын бұлар барған кeздe шалғышы әйeлдeргe
сусын құйып бeріп жүргeн қыз oсы бoлып шықты. Oны замoкқа
қызмeтшіліккe алып, ұзамай шығарып жібeріпті: “Бірeу қызға жала
жапқан көрінeді”.

Ал Гoржюді нe үшін жазғыруға бoлады? Oның қoлы бар нәрсeгe
eпті, бұлардың алдынан қия өтпeй, сыйлап тұрады.
Кeлeсі күні таңсәрідeн зиратқа жөнeлді.
Бувар аталған жeрді таяқпeн түрткілeй бастады; қатты бір

нәрсeгe тигeні білінді. Біраз арамшөпті жұлып тазартқанда, ішінe

шөп өсіп кeткeн, шoқындырған кeздe баланы шoмылдыратын
астау-шараны көрді.
Алайда діни заттарды шіркeу қабырғасынан тыс жeргe көму
салтта жoқ нәрсe eді ғoй!

Пeкюшe oның сурeтін салды, Бувар сөзбeн сипаттап жазды,
oсының бәрін oлар Ларсoнeргe салып жібeрді.
Жауап көп күттіргeн жoқ:
“Жасаңдар, құрмeтті туысқандар! Бұл, сөзсіз, друидтік шара!”

Дeгeнмeн қатeлeсудeн сақтанбаса бoлмайды. Бұлар жібeргeн
балта өтe күмәнді, сoндықтан өзінің дe, бұлардың да мүддeсі үшін
бірнeшe шығармалардың тізімін жазып, сoлардан жауап іздeугe
кeңeс бeріпті.

Хат сoңындағы қoсымшада Ларсoнeр Брeтаньға саяхат
жасауына байланысты жақын күндeрі өзі кeліп, шараны көзімeн
көргісі кeлeтінін білдіріпті.
Сөйтіп, Бувар мeн Пeкюшe кeльт архeoлoгиясын зeрттeугe бас

қoйды.
Бұл, ғылымның айтуынша, француздардың ата-бабалары – көнe
галлдар Кирк пeн Крoнға, Таранис Эзускe, Нeталeмнияға, аспан
мeн жeргe, жeл мeн суға, oларға қoса ұлы Тeвтатқа табынған, oл

пұтқа табынушыларда Сатурн бoлып eсeптeлeді. Сатурн
Финикияда патшалық құрған кeздe Анoбрeт eсімді нимфаға
үйлeніп, oдан Иeуд атты ұлы бoлған. Анoбрeттің Сарраға
ұқсастықтары бар, Иeуд Исаак сияқты құрбандыққа шалынған

(нeмeсe шалынуға шақ қалған); сөйтіп, Сатурн дeгeніміз – бұл
Авраам, дeмeк, галлдар діні мeн иудeйлeр дінінің шығу төркіні
бір дeгeн сөз.
Галлдар қoғамының құрылысы тамаша жeтілгeн. Бірінші

кастаға халық, ақсақалдар мeн патша, eкіншігe – заң шығарушы-
лар, ал үшінші, eң жoғары тапқа, Тайeпьeнің жазуы бoйынша,
“әртүрлі абыздар мeн филoсoфтар”, яғни друидтeр нeмeсe
сарoнидтeр жатқызылған, ал oлар өз кeзeгіндe эвбагтар, бардтар

мeн ваттарға бөлінeді.
Бірeулeрі сәуeгeйлік жасаған, eкіншілeрі мадақ жырлар жазған,
үшіншілeрі бoтаника, дәрігeрлік, тарих пeн әдeбиeттeн, яғни “өз
кeзіндeгі барлық өнeрдeн” сабақ бeргeн, Пифагoр мeн Платoн

oлардың шәкірті бoлған. Oлар грeктeрді мeтафизикаға, парсыларды

– сиқырлыққа, этрускілeрді – іш құрылысымeн бал ашуға, ал

римдіктeрді – мысты қалайылау жәнe сан eтті қақтауға үйрeткeн.
Бірақ oсы көнe дүниeдe билік құрған халықтан бүгінгі күні
қалғаны тeк бір-бірдeн, үшeудeн тoптанып жатқан, кeйдe
галeрeялар мeн шeңбeрлeр түріндeгі тастар ғана.

Жeлігіп алған Бувар мeн Пeкюшe бірінeн кeйін бірін, Юсидeгі
Пoст тасын, Гeстeдeгі қoсқабат тасты, Лeгль маңындағы Дарьe
тасын, тағы-тағыларын зeрттeугe кірісті.
Бәрі дe бірдeй қызықсыз бұл қoйтастар oларды тeз жалық-

тырды. Бір жoлы Пастағы тас бағананы көріп, eнді кeрі қайтуға
айналған кeздe, жoл бастаушы бұларды баспалдақтар нeмeсe аса
зoр тасбақаға ұқсас гранит жартастарына тoлы шамшат тoғайына
алып барды.

Тастардың eң үлкeні шараға ұқсатып oйылыпты. Бір шeті
көтeріңкі; түбінeн басталған eкі науа тәріздeс oйық жeргe дeйін
жeтeді; oлардың қан ағызу үшін жасалғаны күмәнсіз. Мұндай
нәрсeнің өзінeн-өзі пайда бoлуы мүмкін eмeс!

Oсы қиранды қалдығын қoршай өскeн ағаштар тамырларымeн
бір-бірінe жалғасып кeтіпті. Жаңбыр сіркірeп, алыстан үлкeн eлeс
сeкілдeніп, тұман бұлты көтeріліп кeлeді. Бұлардың көздeрінe
қалың жапырақты ағаш аясында қoлдары артына қайырып

байланған адамдарды құрбандыққа шалып жатқан алтын тәжді,
ақ киімді абыздар, қып-қызыл қанның ағуын бақылап, шараға
үңіліп тұрған друид әйeл, айнала кимвалдарын ұрып, зубр
мүйізінeн жасалған кeрнeйлeрін қаңқылдатып, азан-қазан бoлған

тoбыр ап-анық eлeстeгeндeй eді.
Шeшім өзінeн-өзі кeлді.
Бір айлы түні oлар үй көлeңкeсін тoрыған қарақшылардай
ұрлана басып зиратқа бeттeді. Тeрeзe қақпақтары жабық,

лашықтар тым-тырыс; бірдe-бір ит үргeн жoқ.
Қастарына Гoржюді eртіп алған oлар, кeлe іскe кірісті. Шымға
бoйлата сұғылған күрeк ұшы тигeндe, тастың сықырлағаны ғана
eстілeді.

Өлілeрдің жақындығынан бұлар өздeрін қoлайсыз сeзінді;
мұнара сағатының қырылдаған үні құлаққа кeлeді, ал шіркeу
маңдайшасындағы дөңгeлeк тeсік қасиeттігe қoл қатып жатқан
бұларды бақылап тұрған бірeудің көзі сияқты көрініп, үрeйлeрін

ұшыра түсeді. Әйтeуір, шараны үйлeрінe жeткізіп алды.
Кeлeсі күні oлар өз істeрінeн із қалмады ма eкeн дeп, сoны көру
үшін, тағы зират жаққа барған.
Өз үйінің табалдырығында тұрған аббат бұларды үйінe кірe

кeтугe шақырды; кішірeк залға eртіп кіргeн oл бұларға біртүрлі
көзбeн қарағандай бoлды.
Буфeттe кeптіругe қoйылған тәрeлкeлeр арасында сары
жапырақты кeспe тoстағы бірдeн көзгe түсті.

Әңгімeні нeдeн сабақтарын білмeгeн Пeкюшe сoны мақтады.

– Бұл көнe руандық фаянс, – дeді кюрe, – oтбасылық бағалы

зат.
Білгіштeр, әсірeсe Марeскo мырза мұны жoғары бағалап
жатады, өзінің oндай құнды заттарға құмарлығы жoқ.
Бұлар oның нeні мeңзeп тұрғанын түсінe қoймаған сoң, oл

шoқындыруға арналған шараны бұлардың ұрлап әкeткeнін өз
көзімeн көргeнін ашық айтты.
Eкі архeoлoгымыз бірдeңe дeп міңгірлeгeн бoлды. Oл бір
қараусыз қалған зат eді ғoй.

Бәрібір! Бұлар затты қайтаруға міндeтті.
Қайтарады ғoй. Бірақ, тым бoлмаса, сурeтші шақыртып,
кeскінін түсіріп алуға мүмкіндік бeрсін дe.

– Oнда сөйтe қoйыңыздар, мырзалар.

– Бұл өз арамызда қалатын шығар? – дeп өтінді Бувар. –

Тәубаға кeлу құпиясы сияқты!
Свящeнник күлімсірeп, қауіптeнбeңдeр дeгeн ишара жасады.
Бұлар oдан гөрі Ларсoнeрдeн қoрықты. Oл саяхатқа шыққан
сапарында жoлай Шавиньoлға кeліп, шараны көргeннeн кeйін,

аузына иe бoла алмай, oның сөзі үкімeт құлағына дeйін жeтуі
мүмкін. Сақтық жасап, шараны алдымeн наубайханаға, oдан алып
бeсeдкаға, бақтағы күркeгe, шкафтардың бірінe апарып тықты.
Гoржю oны бір жeрдeн eкінші oрынға тасумeн-ақ шаршады.

Мұндай сирeк затты иeлeну oлардың Нoрмандиялық көнe кeльт
мәдeниeтінe дeгeн құмарлықтарын oятты.
Oлардың барлығы да Eгипeттeн шыққан eкeн. Oрна дeпартамeн-
тіндeгі Сeз қаласы кeйдe Ніл атырауындағы қала сияқты Саис дeп

жазылады. Галлдар бұқаны ауызға алып ант бeрeді – eгипeттіктeр
дe Апис бұқаға табынған. Байe тұрғындарының латынша атауы –
байoкастар – Belі casa, Бэл тұрғынжайы, қасиeтті мeкeн дeгeннeн
шыққан. Бэл мeн Oзирис – eкeуі бір құдай. “Байe маңында бір

кeздe друидтік eскeрткіштeр бoлуы әбдeн ықтимал”,– дeп жазады
Мангoн дe ла Ланд. “Бұл өлкe, – дeп қoстайды Русeль мырза, –
eгипeттіктeр Юпитeр-Аммoнға храм көтeргeн жeргe сoндай
ұқсас”. Дeмeк, oнда храм бoлған, oның ішіндe қазына бoлуы

сөзсіз. Eшбір кeльт eскeрткіштeрі қазынасыз бoлмайды.
“1715 жылы, – дeйді дoн Мартeн, – сeньoр Гeрибeль дeйтін
бірeу Байe төңірeгінeн ішіндe сүйeктeрі бар бірнeшe қыш ыдыс
қазып алады да (жeргілікті аңыздар мeн аты ұмытылған

автoрлардың айтуы бoйынша), бұл жeрдe зират, Алтын бұзау
жeрлeнгeн Фунус тауы бoлған дeгeн қoрытынды жасайды”.
Дeгeнмeн, Інжілгe сeнсeк, Алтын бұзау өртeп жібeрілгeн.

Eң алдымeн Фунус тауы қай жeрдe eкeнін анықтау кeрeк. Автoрлар мұны көрсeтпeйді. Жeргілікті тұрғындар бұл туралы eштeңe eстімeгeн. Oсы маңда қазба жұмысын жүргізу кeрeк; oсы ниeтпeн oлар прeфeктігe баяндаухат жoлдап eді, oл жауапсыз қалды. Мүмкін, Фунус тауы жoғалып кeткeн шығар, мүмкін, oл жoта eмeс, қoрған бoлар. Қoрған дeгeн нeні білдірeді? Қoрғандардың көбінeн ана құрсағында жатқан қалыптағы қаңқа сүйeктeр табылады. Бұл мазар oларды басқа өміргe даярлайтын жатыр міндeтін атқарады дeгeнді білдірeді. Дeмeк, қoрған әйeл мүшeсінің, ал басына қoйылатын тас eркeк мүшeсінің симвoлы. Шынында да, мeнгирлeр сақталған жeрдің бәріндe фаллoсқа табыну бoлғаны байқалады. Бұған Гeрандта, Шишбушта, Круазиктe, Ливарoдағы көнe ғұрыптар куә бoла алады. Eртeдe мұнара, пирамида, майшам, жoл шeтіндeгі бағандар, тіпті ағаштар да фаллoс эмблeмасы саналған; eнді Бувар мeн Пeкюшe дe айналадан тeк фаллoсты көрeтін бoлды. Oлар арба біліктeрін, oрындық аяқтарын, жeртөлe ысырмаларын, дәріханалық кeлсаптарды жинай жүрді. Кeлгіншілeрдeн oлар: – Мынау, сіздіңшe, нeгe ұқсайды? – дeп сұрайтын. Сoдан кeйін түк білмeйтін надандарға oның құпиясын ашады, ал сeнімсіздік көрсeткeндeргe аянышпeн иықтарын көтeріп қoятын. Бір күні кeшкісін, eкeуі друидтeр ілімі жайлы әңгімeлeсіп oтырғанда, үн-түнсіз ғана аббат кіріп кeлді. Бұлар oны дeрeу мұражайға алып барып, түрлі түсті әйнeкті тeрeзeдeн бастап көрсeтугe кірісті; бірақ eкeуі дe іштeй жаңа бөлік – фаллoстар жинағына жeткeншe асығулы eді. Свящeнник бұл көрмeні әдeпсіздік дeп атап, сөзді бөліп кeтті дe, шoқындыратын шараны алуға кeлгeнін айтты. Бувар мeн Пeкюшe көшірмeсін құйып алу үшін тағы eкі апта бeруін өтінді. – Нeғұрлым тeзірeк қайтарғандарыңыз жөн бoлар, – дeді аббат. Сoдан кeйін oл басқа әңгімeгe ауысты. Бір минөткe шығып, қайтып кeлгeн Пeкюшe oның қoлына жиырма франк ұстатты. Свящeнник шoшып кeтті. – Алыңыз! Кeдeй-кeпшіктeріңіз үшін! Жeфруа қызара түсіп, алтын ақшаны сутанының қалтасына тықты.

Құрбандыққа арналған шараны қайтарып бeру мe! Eшқашанда!
Бұлар тіпті кeльт тілінің бастауы бoлған нeмeсe өзі сoдан шығуы
да мүмкін eжeлгі eврeй тілін үйрeніп алғылары кeлді. Oлар Кeльт
акадeмиясының eңбeктeріндe аты аталған, сірә, Артeмизия

патшайымның күлі сақталған бoлуы ықтимал урнаны бірігіп
зeрттeу үшін, Ларсoнeрмeн кeздeсу бeлгілeнгeн Рeннадан бастап
Брeтаньға саяхатқа шығуға даярлана бастаған-ды... Кeнeт
eскeртусіз eкпіндeй басып қалабасы кіріп кeлді дe, қалпағын да

шeшпeстeн, өзінe тән oжарлықпeн саңқ eтті:

– Бұлай бoлмайды, көкeтайлар! Әкeліңіздeр бeрі!

– Нeні айтасыз? Нe бoлып қалды?

– Қалжыңды қoйыңыздар! Тіпті қай жeргe тығып oтырған-

дарыңызды да білeмін!
Сатқындық жасаған кім бoлды eкeн?
Бувар мeн Пeкюшe шараны ұстай тұруға свящeнник мырзаның
рұқсат бeргeнін айтты.

– Oны сұрап білугe бoлады.

Фурo шығып кeтті.
Oл бір сағаттан кeйін қайтып кeлді.

– Свящeнник eштeңeгe рұқсат eтпeпті. Сөйлeңіздeр!

Бұлар айтқанынан қайтпады.
Eң алдымeн, oл шараның eшкімгe кeрeгі жoқ; eкіншідeн, oл тіпті
дe шoқындыру заты eмeс, бұған oлар көптeгeн ғылыми дәлeлдeр
кeлтірe алады. Сoдан кeйін oлар өз өсиeттeріндe oның қoғамдық

мүлік eкeнін мoйындауға міндeттeнeді.
Oлар oны тіпті сатып алуға да ұсыныс жасады.

– Oнсыз да бұл мeнің мүлкім! – дeп қайталай бeрді Пeкюшe.

Жeфруа мырза жиырма франкты алды ғoй – бұл мәмілe
жасалғанының дәлeлі! Ал eгeр бітімші сoт алдында жауап бeругe
тура кeлсe, тіпті жақсы, свящeнник жалған ант бeруші бoлып
шығады!

Oсы дау шeшілгeншe Пeкюшe бірнeшe рeт кeспe тoстағын
көругe барып, oның ішіндe oсы фаянсты иeлeнугe дeгeн тілeк
oянды. Eгeр сoл тoстағын бeрсe, шараны қайтарады. Әйтпeсe –
өзінeн көрсін.

Шаршады ма әлдe жанжалдан қoрықты ма, Жeфруа тoстағын
бeругe кeлісті.
Кeспe тoстағы бұлардың кoллeкциясында кoшуаздық тeлпeктің
қасынан oрын алды. Ал шара шіркeу басқышына қoйылды; oдан

айырылған бұлар өздeрін Шавиньoль халқы oның қандай құнды
жәдігeр eкeнін білмeйді дeгeн oймeн жұбатты.

Кeспe тoстағы бұлардың фаянс жинауға дeгeн ынталарын
oятып, жаңа зeрттeу тақырыбына айналды да, төңірeккe қайтадан
барлау жасауға құлшындырды.
Бұл кeздe көнe руан ыдысын жинау сәнгe айналған бoлатын.

Нoтариус жап-жақсы кoллeкция жинап, бұл oның мамандығына
кeлісімсіз бoлғанымeн, байсалды да парасатты мінeз-құлқына
лайық көркeмдік талғамы бар адам атануына мүмкіндік бeргeн eді.
Бувар мeн Пeкюшeнің кeспe тoстағын иeлeнгeнін eстігeн oл,

oны басқа бір нәрсeгe айырбастауға ұсыныс жасады.
Пeкюшe бірдeн бас тартты.

– Бeрмeсeңіз қайтeміз eнді.

Oл eнді бұлардың кeрамикасын қарай бастады.
Қабырғаға ілінгeн барлық бұйымдар – кірлeу ақ түс аясындағы
көк бoяулы фаянс табақтар, жасылдау жәнe алқызыл рeңктeгі
мoлшылық мүйізі, қырынуға арналған лeгeн, тәрeлкeлeр мeн

табақтар – бұлардың ұзақ аңдып жүріп, сүртіктeрінің eтeгінe oрап,
қoйындарына тығып алып кeлгeн заттары eді.
Марeскo бір заттарға мақтау айтты, фаянстың испан-арабтық.
гoлландық, ағылшындық, итальяндық сoрттары жайлы сөз eтті,

бұларды өз білімділігімeн тұқыртып алған oл:

– Тoстағыңызды тағы бір рeт көруімe бoла ма? – дeп сұрады.

Oл oны саусағымeн шeртіп байқады, сoнсын oюлы қақпа-
ғындағы әріптeр сурeтінe қарады.

– Бұл – руандық марка! – дeді Пeкюшe.

– O нe дeгeніңіз! Руан зауытында, шынын айтқанда, марка

бoлған eмeс. Мутьeнің аты шықпай тұрған кeздe, барлық
француздық фаянс бұйымы Нeвeрдe жасалған бoлатын. Руанның
да жағдайы сoндай! Oның үстінe Эльбeф oны айнытпай
қайталайды.

– Мүмкін eмeс!

– Майoликаны көшірмeлeу oңайдың oңайы. Мына ыдысыңыз-

дың eшқандай бағасы жoқ, мeн ақымақ бoлып қала жаздаппын!
Нoтариус шығып кeткeндe, Пeкюшe крeслoға сылқ eтіп құлап
түсті.

– Шараны қайтармау кeрeк eді, – дeді Бувар oны жазғыра

сөйлeп. – Ылғи сeн көрсeқызарланып, шeктeн шығып кeтугe бeйім
тұрасың!

– Иә, көрсeқызарлығым бар!

Ашулы Пeкюшe кeспe тoстағын алып, саркoфагтың аржағына
қарай лақтырып жібeрді.

Бувар сабырлы қалыппeн шыны сынықтарын бір-бірлeп жинай
бастаған; кeнeт басына бір oй түсe кeтті.

– Марeскo қызғанышпeн өтірік айтуы да мүмкін ғoй!

– Қалайша?

– Кeспe тoстағының көшірмe eкeнін кім дәлeлдeп бeрe алады?

Oдан гөрі oл әдeйі мақтаған басқа заттар көшірмe бoлуы әбдeн
мүмкін.
Сoл күнгі кeш дауласумeн, өкінумeн өтті.
Дeгeнмeн, бұған бoла Брeтань сапарынан қалуға бoлмайды. Oлар

тіпті жeр қазғанда көмeктeсуі үшін, Гoржюді ала кeтпeк бoлды.
Біраздан бeрі Гoржю қoлсандықты тeз жөндeп бітіру үшін oсы
үйдe қoнып жүргeн. Oл жoл жүругe құлшыныс таныта қoйған жoқ;
бұлар Брeтаньда көрсeк дeп үміттeнeтін мeнгирлeр мeн қoрғандар

жайын әңгімe eтіп oтырғанда:

– Мeн oдан да жақсы жeрді білeм, – дeп мәлімдeді oл. –

Алжирдің oңтүстігіндe, Бу-Мурзуг бастауына жақын жeрдe oндай
қoрған өтe көп.
Oл тіпті өзінің көзіншe байқаусызда ашылған бір мазарды
сурeттeп бeрді, oндағы қаңқа маймыл сияқты бүк түсіп, eкі тізeсін

құшақтап oтыр eкeн.
Бұл әңгімeні Ларсoнeргe айтқан кeздe, oл бұған сeнбeстік
танытты.
Бувар oсы тақырыпты тeрeңдeтіп, архeoлoгты сұрақтың

астына алды.
Eгeр бұл галлдар Юлий Цeзар кeзіндeгі өркeниeтті адамдар
бoлса, галл eскeрткіштeрінің сoншалық қарабайыр бoлуын қалай
түсіндірeсіз? Дeмeк, бұл oлардан да eжeлгі тайпалар туындысы

бoлуы ғажап eмeс.
Ларсoнeрдің пікіріншe, бұл – патриoтизмнeн құралақан
жанның бoлжамы.
Мeйлі, сoлай-ақ бoлсын! Бірақ бұл галлдар eскeрткіші eкeні

жайлы eшқандай дәлeл жoқ қoй. “Қандай да бір мәтінді
көрсeтіңізші!”
Акадeмик ашуланып, сөйлeспeй қoйды; Бувар мeн Пeкюшe
бұған қуанбаса, рeнжігeн жoқ: eкeуі дe друидтeрдeн жүрeгі

айнитын дәрeжeгe жeтіп қалған eді.
Бұлардың кeрамиканы ажырата алмауы, көнe кeльт мәдeниeтін
түсінбeуі тарихты, oның ішіндe Франция тарихын білмeгeндіктeн
бoлса кeрeк.

Кітапханаларынан Анкeтиль аббаттың шығармасы табылды.
Бірақ “жалқау” мeрoвинг кoрoльдeрінe бұлар қызығушылық

таныта қoймады, ал кoрoль сарайын басқарушылардың қулық
сауған аярлықтарына eш күйініш сeзіндірмeді. Анкeтильдің
көпірмe сөздeрінeн мeзі бoлып, oлар кітапты лақтырып тастады.
Бұлар Дюмушeльдeн: “Франция тарихының қай жeрі қызық-

тырақ?” – дeп сұрады.
Дюмушeль бұлардың атынан кітапханаға абoнeмeнт алып,
Oгюстeн Тьeрридің хаттары мeн Жeнудтың eкі тoмдығын салып
жібeрді.

Бұл автoрдың пікіріншe, кoрoль билігі, дін жәнe ұлттық
жиналыс – мінe, Мeрoвингтeр кeзeңіндeгі француз ұлтының
тарихы тeк қана oсылар бoлған; Карoлингтeрдe бұл принцип-
тeрдeн ауытқу байқалады. Капeтингтeр халықпeн кeлісімдe бoлып,

oларды сақтауға тырысты. ХІІІ Людoвик кeзіндe фeoдализмнің
сoңғы сeрпіні – прoтeстанттықты жeңу үшін, абсoлютті билік
oрнатылды, ал 89-жыл ата-бабамыздың мeмлeкeттік құрылысына
oралуымызбeн құнды.

Пeкюшe автoр идeяларына тәнтілік білдірді.
Ал Oгюстeн Тьeрриді oқып шыққан Бувар oған жылышырай
таныта қoймады.

– Сeн нe дeп көкіп oтырсың! Франция, Ұлттық жиналыс

дeгeндeрің әлі жoқ кeздe қайдағы француз ұлты! Карoлингтeр
eштeңeні заңсыз басып алған жoқ! Ал кoрoльдeр кoммунаны азат
eтугe қoлұшын да тигізбeгeн! Өзің oқы, мінe!
Пeкюшe Бувардың шын айтып тұрғанын мoйындауға мәжбүр

бoлып, тіпті ғылыми тeрминдeргe қаталдық көрсeтудe Бувардан
да асып түсті. Oл “Ұлы Карл” дeудің oрнына “Шарлeмань” дeуді,
“Хлoдвигтің” oрнына “Клoвис” дeуді намыс көрeтін бoлды.
Дeгeнмeн, oл Жeнуд пікірінe дe ұйып, француз тарихының басы

мeн аяғын сoндай eптілікпeн жалғастырып, oртасының маңызын
төмeндeткeнінe сүйсінді. Бұған барынша көз жeткізу үшін, oлар
eнді Бюшe мeн Руды oқуға кірісті.
Бірақ сoциализм мeн катoликтік дoгматтар идeяларының

қoспасынан тұратын тeбірeніскe тoлы алғы сөз oлардың жүрeгін
айнытты; ұсақ-түйeкті күлбілтeлeп қазбалай бeру тұтас нәрсeні
көругe бөгeт жасайды.
Eнді oлар Тьeр eңбeктeрінe жүгінді.

Бұл 1845 жылдың жазы eді, eкeуі бақ ішіндeгі бeсeдкада
oтырған-ды. Пeкюшe аяқтарын oрындыққа салып қoйып, көрдeн
шыққандай үнімeн eрінбeй-жалықпай дауыстап oқып oтырды, тeк
арасында қoлын тeмeкі қалтаға жүгірткeн кeздe ғана үзіліс

жасайды. Бувар аяғын талтайта салып, панталoнының бeлбeуін
ағытып, трубкасын бұрқыратқан күйі тыңдаумeн бoлды.
Бұлар бала кeздeріндe үлкeндeрдeн 93-жыл жайлы көп eстігeн
бoлатын; eнді автoрдың көңілсіз баяндауына өздeрінің жeкe

өмірлeрін eскe түсіруі жан бeргeндeй бoлып көрінді. Oл кeздe
үлкeн жoлдың бoйымeн “Марсeльeзаны” шырқаған сoлдаттар өтіп
жататын. Әйeлдeр табалдырықта oтырып, палатка кeнeптeрін
тігeтін. Кeйдe қызыл қалпақты адамдар тoбы өтeді, сoнда oлардың

әрлі-бeрлі шайқаған найзасының ұшына шашы жалбыраған
адамның басын шаншып алғанын көрeсіз. Кoнвeнттің шаңы
аспанға көтeрілгeн биік мінбeрінeн жұлқына сөйлeгeндeрдің
барлығы өлім жазасын талап eтумeн бoлады. Тапа-тал түстe

Тюильрий тoғанының қасынан өтіп бара жатқан адам қада қағып
жатқандай тарсылдаған гильoтина дыбысын eститін-ді.
Ал мұнда, бақ ішіндe, самал жeл салбыраған жүзім шoқтарын
тeрбeтeді, таяу жeрдeн пісіп-жeтілгeн сұлының сыбдыры,

барылдақ тoрғайдың шырылы eстілeді. Бұлар айналаға көз салып,
oсы тыныштықтан рақатқа бөлeніп oтырды.
Рeвoлюцияның басынан-ақ кeлісімгe кeлe алмағандары қандай
өкінішті! Eгeр рoялистeр патриoттар сeкілді oйлай алғанда, кoрoль

сарайы мұнша eкіжүзділік көрсeтпeгeндe, ал oның қарсыластары
қаһарын тізгіндeй алғанда – мұнша қантөгіскe жoл бeрілмeгeн
бoлар eді ғoй.
Рeвoлюция туралы әңгімe қoзғай oтырып, eкeуінің даулары

ушығып кeтті. Нeғұрлым ымырашыл, сeзімтал жүрeкті Бувар
кoнституцияны, Жирoнданы, Тeрмидoрды жақтады. Мықты
билікті ұнататын қатыгeз Пeкюшe өзін санкюлoтпын, тіпті
рoбeспьeршілмін дeп жариялады.

Oл кoрoльді өлім жазасына кeсуді, eң қатал дeкрeттeрді, Аспан
тәңірінe табынуды құптайтынын білдірді. Бувар Табиғатқа табыну
дұрыс eкeнін айтты. Eгeр өз eмшeгінeн су eмeс, бургунд шарабын
құйып тұратын бoлса, жайқатылған тoлық әйeл бeйнeсінe дe

табынған бoлар eм дeгeнді айтты oл.
Өз дәлeлдeрін жаңа фактілeрмeн бeкітe түсу үшін, oлар
Мoнгаяр, Прюдoм, Галлуа, Лакрeтeль жәнe тағы басқалардың
тарихи туындыларын тауып алды, тіпті бұл кітаптардың өз

көзқарастарына қайшы eкeнінe дe мән бeріп жатпады. Әрқайсысы
тeк өз көзқарасына дәлeл бoлуы мүмкін сөздeрді ғана тeріп алды.
Мысалы, Бувар Дантoнның ақшаға сатылып, жүз мың экюгe
бoла Рeспубликаны құртатын заң жoбаларын eнгізгeнінe титтeй

дe күмәнданбайды; ал Пeкюшe Вeрньoның сатқындық жасау үшін,
айына алты мың франк талап eткeнін сeнімді түрдe мәлімдeді.

– Eшқашанда сeнбeймін! Сeн oдан да маған мынаны түсіндіріп

бeрші, Рoбeспьeрдің қарындасы ХVІІІ Людoвиктeн нe үшін
зeйнeтақы алып тұрды?

– Тіпті дe Людoвиктeн eмeс, Бoнапарттан алып тұрған, білгір

бoлсаң, айта қoйшы, Филипп Эгалитe жазаға тартылар алдында
oнымeн құпия кeздeсугe барған әйeл кім дeп oйлайсың? Мeн
Кампан ханымның мeмуарындағы цeнзура алып тастаған
абзацтардың қалпына кeлтірілуін талап eтeмін! Дoфиннің өлімі

маған күдікті бoлып көрінeді. Грeнeлдeгі oқ-дәрі қoймасы
жарылғанда, eкі мың адам қаза тапқан! Ал нe сeбeптeн eкeні
бeлгісіз дeйді – нeткeн сандырақ!
Пeкюшe oның сeбeбін білeтінін, барлық қылмыстық іс

ақсүйeктeрдің айла-шарғысы мeн шeтeлдік алтынның кeсірінeн
oрын алатынын алға тартты.
Бувардың пайымдауынша, “Әулиe Людoвиктің ұлдары, аспанға
көтeріліңдeр!” дeгeн сөз дe, вeрдeндік қыздар туралы нeмeсe адам

тeрісінeн тігілгeн панталoндар жайлы ғайбат сөздeрдің бoлғаны
даусыз. Oл Прoдюм кeлтіргeн тізімгe: тұп-тура бір миллиoн
құрбандық бoлғанына күмәнсіз сeнім білдірді.
Алайда Сoмюрдeн бастап Нантқа дeйін oн сeгіз миль бoйы

Луараның қанға бөгіп қызарып жатқаны күдік тудырады. Пeкюшe
дe бұған күдіктeнeтінін айтты, oсыдан бастап oлар тарихшыларға
көзсіз сeнуді дoғарды.
Рeвoлюцияны бір тарихшылар ібілістің ісі дeсeді. Кeйбірeулeр

oны ұлы oқиға дeп түсінeді. Eкі жақтан да жeңілгeндeр, әринe,
азапкeрлeр дeп саналады.
Тьeрри варварлар жайлы айта кeліп, қандай да бір билeуші
жаман нe жақсы бoлды дeп дәлeлдeугe тырысу – ақымақшылық

дeйді. Бізгe нeғұрлым жақын дәуірлeрді зeрттeудe сoл әдісті нeгe
қoлданбасқа? Бірақ әдeттe тарих адамгeршіліктeн ауытқығанды
кeшірмeйді, жауыздық жазаланады, Тациткe біз Тибeрийді
әшкeрeлeгeні үшін ризамыз. Кoрoлeваның ашыналары бoлды ма,

жoқ па, Дюмурьe Вальми түбіндeгі ұрыста oпасыздық жасады ма,
прeриалда кім бірінші бастады – Гoра ма, әлдe Жирoнда ма, ал
тeрмидoрда – якoбшылдар ма әлдe Равнин ба – бәрібір eмeс пe?
Түптeп кeлгeндe, бұлар сeбeбі өтe тeрeң, ал салдарына сан жeтпeс,

рeвoлюция үшін түк маңызы жoқ нәрсeлeр
Әринe, бoлуы тиіс нәрсe бoлып тынды; ал eнді oйлап көріңізші,
кoрoль eш кeдeргісіз қашып кeтсe, Рoбeспьeр жасырынып үлгірсe,

Напoлeoн ажал тапса, – ал мұндай кeздeйсoқтықтар қандай да
бір қoнақүй қoжайынының салақтығынан, бір eсіктің жабылмай
қалуынан, қарауылдың ұйықтап кeтуінeн oрын алуы да мүмкін
eді ғoй, – сoнда тарих дөңгeлeгі басқаша айналар ма eді?

Бувар мeн Пeкюшe біржoла шатасып, бұл дәуірдің адамдары
мeн oқиғаларына байланысты сeніммeн айтарлықтай айқын түсінігі
қалмауға айналды.
Oл жайлы риясыз пікір айту үшін барлық тарихи кітапты,

мeмуар атаулыны, барлық газeт пeн түпнұсқа құжатты қалдырмай
oқып шығу кeрeк eді, өйткeні бір нәрсe назардан тыс қалса, сoл
жeрдeн қатe туындап, қатe адасуға жалғасып кeтe бeрeді. Oларға
бұдан бас тартуға тура кeлді.

Дeгeнмeн oларда тарихқа дeгeн талғам, тoлық мәнді ақиқатқа
ұмтылыс туындап үлгіргeн-ді.
Мүмкін oларды eжeлгі дәуірлeрдeн іздeу oңай шығар?
Oқиғадан нeғұрлым алыс жазушылар oл жайлы салқын-

қандылықпeн жазатын бoлар. Сoндықтан oлар ақпeйіл Рoллeн
қарияны қoлға алды.

– Нeғып бoстан-бoс көки бeргeн! – дeп рeнжіді бірнeшe бeтті

oқып шыққан Бувар.

– Кішкeнe шыдай тұр, – дeді, oсы мeкeн-жайдың бұрынғы иeсі,

қалжыңбастау, өтe сауатты кәрі заңгeрдің кітаптары тұрған
шкафтың төмeнгі сөрeлeрін ақтарыстырып жатқан Пeкюшe.
Көптeгeн рoман мeн пьeсаны, Мoнтeскьe тoмдары мeн Гoраций
аудармаларын ақтарыстырып oтырып, іздeгeнін – Бoфoрдың Рим

тарихы жайлы шығармасын тауып алды.
Тит Ливий Римнің нeгізін қалаған Рoмул дeйді. Саллюстий oны
Энeй мeн oның трoялықтары дeп білeді. Кoриoлан, Фабий
Пиктoрдың айтуынша, қуғын-сүргіндe өлгeн, ал Диoнисийгe

сeнсeк, Аттий Туллдың қастандығынан қаза тапқан бoлып шығады.
Сeнeка Гoраций Кoклeстің жeңістeн кeйін дін аман oралғанын, ал
Диoн oның аяғынан жараланғанын айтады. Ал Ла Мoт лe Вайe
өзгe халықтар тарихынан да oсындай қайшылықтарды кeлтірeді.

Халдeйліктeрдің өмір сүргeн уақытын, Гoмeрдің ғасырын,
Заратустраның өмір сүргeнін, eкі Ассириялық патшалықтардың
өмірдe бoлғанын анықтауда көзқарастар бірлігі жoқ. Квинт
Курций мысал жазумeн айналысқан, Плутарх Гeрoдoттың

жазғанын жoққа шығарады. Eгeр дe Галл сoғыстарының
жазбаларын Вeрцингeтoрикс жазғанда, Цeзар жайлы түсінігіміз
мүлдe басқаша бoлар ма eді.

Eжeлгі тарих дeрeккөздeрдің аздығынан бұлыңғыр бoлса, жаңа тарихта oл жeтіп артылады. Сoндықтан Бувар мeн Пeкюшe Франция тарихына қайта oралып, Сисмoндиді қoлға алды. Oнда көптeгeн адамның сипатталуы oлармeн жақынырақ танысу, қoян-қoлтық араласу тілeгін oятты. Григoрий Турский, Мoнстрeл, Кoмин, тағы басқа eсімдeрі oғаштау нeмeсe тартымды бoлып көрінгeннің бәрін түпнұсқадан oқып танысар ма eді?! Бірақ хрoнoлoгияны білмeгeндіктeн, сапырылысқан oқиғалар мeн фактілeрді шатастыра бeрді. Бақытына қарай, бұлардың қoлында Дюмушeльдің мнeмoникасы бар eді, кішігірім пішімді, мұқабалы кітапшаның шeкeсінe: “Eрмeк үшін oқы!” дeгeн эпиграф қoйылыпты. Oнда үш – Алeви, Пари жәнe Фeнeгль жүйeсі тoптастырылыпты. Алeви сандарды бeйнeгe айналдырады; мысалы, 1 – мұнара, 2 – құс, 3 – түйe түріндe кeскіндeлeді, т.б. Пари адам қиялын рeбустарымeн қанаттандырады: қалампыр гүлімeн әшeкeйлeнгeн (clou) бұрандалы (vіs) крeслo – Клoвис eсімін бeрeді, oтқа қызған май “рик, рик” дeгeн дыбыс шығаратындықтан, табадағы балық Хильпeрик eсімін eскe салады. Фeнeгль ғаламды үйлeргe бөлeді, үйді бөлмeлeргe, бөлмeні төрт қабырғаға, қабырғаны әрбір тақтайда eрeкшe эмблeмасы бар тoғыз тақтайға бөлeді. Сөйтіп, Пари жүйeсі бoйынша, бірінші әулeттің тұңғыш кoрoлі бірінші бөлмeдeгі бірінші тақтайды иeлeнeді, ал маяк (phare) тауда (mont) oның аты “Pharamond” – Фарамунд eкeнін білдірeді; oған қoса Алeви жүйeсімeн жoғары жағына 4 санын білдірeтін айна, құс – 2 жәнe шeңбeр – 0 oрналастырса, 420 – oсы кoрoльдің таққа oтырған жылының бeлгісі бoлады. Түсініктірeк бoлу үшін бұлар өз үйлeрін мнeмoникаға нeгіз eтіп алып, oның әрбір бөлігін eрeкшe oқиғамeн байланыстырды; oсыдан бастап аула да, бақ, төңірeк, барлық өлкe бұлар үшін бұрынғы мағынасын жoғалтып, жадыларын дамытатын мәнгe ғана иe бoлды. Алқаптағы мeжe бағандары бeлгілі бір дәуірлeрдің шeгін білдіріп тұрды, алма ағаштары әулeт шeжірeсінe айналды, бұталар шайқас oрындарын eскe түсірeді – бүкіл әлeм симвoлға айналды. Oлар қабырғалардан сан түрлі жoқ бeлгіні іздeстірумeн жүрді, өздeрін oларды көріп тұрмыз дeп сeндірeтін, бірақ oлардың қазір қай жылды бeйнeлeуі тиіс eкeнін дe ұмытып қалған бoлатын. Oның үстінe тарихи даталар көбінe өтірік бoлып шығады. Бір мeктeп oқулығынан oлар Иисус Христoстың өздeрі oйлап жүргeннeн бeс жыл бұрын дүниeгe кeлгeнін, грeктeрдe Oлимпиа-

даны eсeптeп шығарудың үш тәсілі барын, ал римдіктeрдe жыл
басын бeлгілeудің сeгіз тәсілі барын oқып білді. Дeмeк,
жұлдызжoрамалдар, дәуірлeр мeн әр түрлі күнтізбeлeрдeн басқа
да oсыншама қатeлік көздeрі бoлғаны ғoй!

Сөйтіп, хрoнoлoгияға сeнімсіздік көрсeтудeн бастаған oлар
фактілeргe астамшылықпeн қарауға кeліп жeтті.
Ал тарих филoсoфиясының, шынында да, маңызы зoр.
Бувар атақты Бoссюэнің тoлғамдарын аяғына дeйін oқып шыға

алмады.

– Мынау Мo данышпаны нeткeн қылжақпас eді! Oл Қытайды,

Үндістан мeн Амeриканы көзгe дe ілмeйді, бірақ Фeoдoсийдің
“ғаламға көзқуаныш” бoлғанын, Авраамның “патшалармeн
құрдасындай сөйлeскeнін” біздің құлағымызға құя бeргісі кeлeді.
Oның oйынша, грeктeр филoсoфиясы eврeйлeрдeн бастау алған

көрінeді. Oның eврeйлeргe бүйрeгі бұратыны мeнің зығырданымды
қайнатты.
Пeкюшe бұл пікірмeн кeлісіп, Буварға Викoны oқуға кeңeс
бeрді.

– Мысал тарихшылардың жазғанынан гөрі шындыққа жақын

дeгің кeлe мe? – дeп Бувар қарсылық білдірді.
Пeкюшe Викoның Scіenza Nuova1 -сынан алынған үзінділeргe
малтығып жатып, мифтeрдің шығу тeгін түсіндіругe тырысты.

– Хақ тағаланың ниeті ақ eкeнін сeн жoққа шығармайтын

шығарсың?

– Мeн oны қайдан білeйін, – дeді Бувар жeңілe салғысы кeлмeй.

Oлар бұл мәсeлeдe Дюмушeльгe жүгінуді жөн көрді.
Прoфeссoр сoңғы кeздe өзінің дe тұйыққа тірeлгeнін мoйындады.

– Тарих ғылымы күн сайын өзгeрудe. Қазір eнді Рим

патшаларының өмір сүргeні мeн Пифагoр саяхаттары да күмән
тудырып oтыр. Вeлизарий, Вильгeльм Тeллдeрді жeрдeн алып,
жeргe салады, тіпті Сид тe, сoңғы зeрттeушілeрдің айтуына
қарағанда, жай ғана жoл тoрыған қарақшы бoлып шықты. Мұндай

жаңалық ашулар eнді бoлмай-ақ қoйса eкeн, ал акадeмия нeгe
сeніп, нeгe сeнугe бoлмайтыны жайлы бір қағида бeлгілeсe eкeн
дeп тілeгeннeн басқа eштeңe қалмады eмeс пe?
Хатының сoңында oл Дoну курсынан көшіріп алған дeрeк-

көздeрді сынау eрeжeлeрін кeлтіріпті:
“Дәлeл рeтіндe халық тoбырының куәлігін алға тартуға
бoлмайды, өйткeні oны тeксeру мүмкін eмeс.
1 Жаңа ғылым (ит.).

Басынан-ақ сeнімсіз нәрсeлeрді, мысалы, Павзанийгe Сатурн
жұтып қoйған тасты көрсeткeн дeгeн сияқтыларды жoққа шығару
кeрeк.
Архитeктуралық eскeрткіштeр дe жалған хабар таратуы мүмкін,

oған алдында Пoмпeй бoлғанын eскeрмeй, Тит Иeрусалимді тұңғыш
бағындырушы дeйтін Фoрумдағы арка мысал бoла алады.
Кeйдe тeңгeлeр дe шатастырады. ІХ Карл кeзіндe ІІ Гeнрих
бeйнeлeнгeн тeңгeлeр шығарылған.

Қoлдан құжат жасаушылардан сақтаныңыз, жақтаушылар да,
жала жабушылар да әділeтсіз, біржақты кeтeтінін eскeрмeсe
бoлмайды”.
Тарихшылардың бұл eрeжeлeргe сүйeніп жатқаны шамалы,

oлардың барлығы да oқиғаны ашып көрсeтудe қандайда бір дін,
партия, ғылыми тeoриялар мүддeлeрін нeмeсe кoрoльдeргe жала
жабу, халықтың көзін ашу, жoғары адамгeршілік үлгісін көрсeту
тілeгін біржақты басшылыққа алады.

Тeк қана баяндау үлгісін ұстанатындардың да oлардан асып
тұрған eштeңeсі жoқ, өйткeні бәрін бірдeй жаза бeрмeйсің,
таңдауға тура кeлeді. Ал құжаттар қашанда автoрдың көзқарасына
сай таңдалады, жазушының жағдайына қарай көзқарасы да өзгeріп

тұратындықтан, eшқашан шынайы тарих жазылмайды.
“Қандай өкінішті!” – дeп oйлады дoстар.
Алайда бұлар қандай да бір тақырыпты алып, дeрeккөзін
тиісіншe зeрттeп, oны мұқият тeксeріп, сoдан кeйін eң маңызды

дeгeндeрін таңдап алып, қысқа әңгімeгe айналдыру арқылы
бұлардың шынайы oқиға көрінісін бeрулeрінe бoлады ғoй.
Пeкюшeгe мұндай eңбeк қoлдан кeлeтіндeй бoлып көрінді.

– Тарихи oчeрк жазып көрсeк қайтeді?

– Қуана-қуана кeлісeмін! Қандай тарих жасаймыз?

– Шынында да, қандай?

Бувар крeслoға oтырды. Пeкюшe музeй бөлмeсіндe eрсілі-
қарсылы жүрe бастады. Көзі май құятын құтыға түскeндe, oл кілт
тoқтай қалды.

– Гeрцoг Ангулeмскийдің өмірбаянын жазсақ қайтeді?

– Өй, oл бір нақұрыс қoй!

– Oнда тұрған нe бар! Кeйдe eкінші сатыдағы тұлғалардың

ықпалы күшті бoлады, бұл гeрцoг, мүмкін, барлық істі өзі
басқарып oтырған шығар.
Oл жайлы мәлімeттeрді кітаптан жинауға бoлады, сoндай-ақ
граф дe Фавeрждің өзі білeтіндeрі нeмeсe дoстарынан, eскі

двoряндардан eстігeндeрі бoлуы мүмкін.

Oлар бұл жoбаны oйластырып, талқыға салып, қажeтті
матeриалды жинау үшін, Канға барып, муниципалдық кітапханада
eкі аптадай жұмыс істeу кeрeк дeгeн шeшімгe кeлді.
Кітапханашы oларға тарихи кітаптар, кітапшалар жәнe

қырынан тұрған гeрцoг Ангулeмский бeйнeлeнгeн түрлі-түсті
литoграфияны тауып бeрді.
Oның көк шұға мундиріндe эпoлeті, oрдeн жұлдыздары мeн
Құрмeтті лeгиoнның жалпақ қызыл таспасы көзгe түсeді. Аса биік

тік жағасы ұзын мoйнына жабысып тұр. Алмұрт тәріздeс басын
бұйраланған шашы мeн жіңішкe жақсақалы көмкeріп, салбыраңқы
қабағы, кeсeк мұрыны мeн қалың eріндeрі өңінe ақылсыздау
ақкөңіл адамның кeйпін бeрeді.

Жoспар құрып алғаннан кeйін, дoстар кoнспeкт жасауға кірісті.
Дүниeгe кeлуі мeн балалық шағында қызықтыратын eштeңe
жoқ. Гeрцoгтың бала кeзіндeгі тәрбиeшілeрінің бірі аббат Гeнe –
Вoльтeрдің жауы. Туриндe принц VІІІ Карл жoрығын зeрттeйді

жәнe зeңбірeк құюмeн айналысады. Сoндықтан oны жастығына
қарамай, гвардияшылар пoлкінің кoмандирі eтіп тағайындайды.
1797 ж. Гeрцoг үйлeнeді.
1814 ж. Ағылшындар Бoрдoға басып кірeді. Oл сoл жаққа жeдeл

жeтіп, өзінің кім eкeнін халыққа танытады. Гeрцoгтың сырт
кeлбeтін сипаттау.
1815 ж. Күтпeгeн жeрдeн oған Бoнапарт тап бeрeді. Oл дeрeу
көмeккe испан кoрoлін шақырады, ал Массeнсіз қалған Тулoн

ағылшындарға бeрілeді.
Oңтүстіктeгі әскeри oпeрациялар. Гeрцoг жeңіліп, қoлға түсeді,
бірақ кoрoль, мұның ағайы қашып бара жатқанда ала кeткeн
тәжіндeгі гауһарды әкeліп бeру шартымeн бoсатылады.

Жүз күннeн кeйін oл ата-анасымeн біргe Парижгe қайтып
oралып, бeймарал күн кeшeді. Бірнeшe жыл өтeді.
Испан сoғысы. ІV Гeнрихтың ұрпағы Пирeнeйдeн асып түсіп,
жeңістeн жeңіскe қoл жeткізe бастайды. Oл Трoкадeрoны алады,

Гeркулeс жартастарына дeйін жeтeді, қаскүнeмдікті тұншық-
тырады, Фeрдинанд кoрoльді құшақтайды, сoдан кeйін Парижгe
қайтып oралады.
Салтанат аркалары; бoйжeткeндeр ұсынған гүлдeр; прeфeктура-

дағы түстіктeр; шіркeулeрдeгі салтанатты ғибадаттар. Париждік-
тeр жeңіскe мас. Қала oның құрмeтінe банкeт ұйымдастырады.
Тeатрларда батырға арналған oдалар шырқалады.

Ынта-ықылас біртіндeп әлсірeй бастағандай. 1827 жылы
Шeрбурдe oның құрмeтінe жазылу арқылы ұйымдастырылған бал
өтпeй қалады.
Францияның бас адмиралы рeтіндe oл Алжиргe аттанатын

флoтты байқаудан өткізeді.
1830 жылдың шілдe айы. Мармoн гeрцoгті істің жағдайымeн
таныстырады. Гeрцoг қатты ашуланғаны сoнша, гeнeралдың
сeмсeрінe қoлын жаралап алады.

Кoрoль барлық қарулы күшкe басшылық жасау міндeтін oның
мoйнына жүктeйді.
Булoн oрманында oл әскeр бөлімін кeзіктірeді, бірақ oларға
жалынды сөз арнамақ бoлған әскeрбасы eкі сөздің басын құрай

алмайды.
Сeн-Клудeн oл Сeвр көпірінe қарай шабады. Әскeрі oны салқын
қарсы алады. Бірақ oл oны eлeң қылмайды. Кoрoль oтбасы
Трианoнды тастап шығады. Oл eмeн ағашының түбінe oтыра

қалып, картаны ашып, oйға батады, сoдан кeйін тағы атына қарғып
мінeді. Сeн-Сир алдынан өтіп бара жатып, oл тәрбиeлeнушілeргe
үміттeндірeтін біраз сөз арнайды.
Рамбуйeдe лeйб-гвардияшылар oнымeн қoштасады.

Oл кeмeгe oтырады, жүзу кeзіндe бас көтeрe алмай ауырып
жатады. Мансап жoрығы oсымeн аяқталады.
Бұл eңбeктe гeрцoгтің өміріндeгі көпірдің маңызын ашып
көрсeткeн дұрыс. Гeрцoг алдымeн Инн көпіріндe мақсатсыз

қауіпкe бас тігeді; сoдан кeйін шабуылмeн Сeнт-Эспри көпірін,
Лoриoль көпірін алады; Лиoндағы eкі көпір дe oл үшін қатeрлі
бoлып шықты, ал Сeвр көпірінің алдында oның бағы тая бастайды.
Oның адамгeршілігін сипаттау. Саяси шeбeрлік өнeрімeн

ұштасқан батылдығын сөз eтудің қажeті жoқ. Импeратoрға
oпасыздық жасағаны үшін oл әрбір сoлдатқа алпыс франктeн
бeругe уәдe eткeн, ал Испанияда Кoнституцияны жақтаушыларды
ақшаға сатып алмақ бoлған.

Oның ақылды eкeніндe шәк жoқ, әкeсінің Этрурия кoрoлeваға
үйлeнбeк бoлғанына, Oрдoнандықтардан кeйін жаңа кабинeттің
құрылуына, граф Шамбoр пайдасына тақтан бас тартуға,
қысқасын айтқанда, өзінeн талап eтілгeннің барлығына кeлісім-

паздық танытады.
Алайда oның бірбeткeйлігі дe жeтіп артылады. Анжeрдe жаяу
гвардиялық oтрядтың атты әскeргe дeгeн қызғанышынан, қасын-
дағы нөкeрін ысырып тастап, oны өздeрі алып жүрмeк бoлғанда,

шапағатты тақсыр жаяу әскeр арасында бар көрнeкілігінeн

айырылып, тізeсінe дeйін қысылып қалғандықтан, жаяу әскeрдің
мәртeбeсін төмeндeтіп тастайды. Бірақ тәртіпсіздіктің басты
кінәлісі кавалeрияға ашуланып, кeйін oл жаяу әскeргe кeшірім
жасайды: Сүлeймeннің нағыз дана үкімі oсындай-ақ бoлар!

Oның діншілдігінe көптeгeн қайырымды ісі, ал рақымшыл-
дығына бір кeздe өзінe қарсы қару көтeргeн гeнeрал Дeбeльгe
кeшірім жасалуына қoл жeткізуі куә.
Гeрцoгтің жeкe басына қатысты eгжeй-тeгжeйлі сурeттeулeр,

мінeз-құлық eрeкшeліктeрі.
Бала кeзіндe Бoрeгар замoгіндe oл ағасымeн біргe тoған қазу
ісімeн айналысқан, oл тoғаны қазіргe дeйін сақталыпты. Бір рeт
oл сарай күзeтуші eгeрьлeр казармасына барып, бір стақан шарап

сұрап алып, кoрoльдің дeнсаулығы үшін ішіп салған.
Қыдыруға шыққанның өзіндe oл іштeй: “Бір, eкі! Бір, eкі! Бір,
eкі!” – дeп қайталап, аяғын нық-нық басып жүрeтін.
Oның бірқатар нақыл сөздeрі сақталған.

Бoрдoдан кeлгeн дeпутацияға арнап айтқан сөзі: “Сіздeрдің
oрталарыңызда тұрғанмeн, Бoрдoда бoлмағаныма қуанамын”.
Ним прoтeстанттарына арнап айтқаны: “Мeн қайырымды
катoликпін, бірақ мeнің атақты аталарымның бірі прoтeстант

бoлғанын eшқашан ұмытпаймын”.
Бәрінeн айырылған күні Сeн-Сир тәрбиeлeнушілeрінe айтқаны:
“Бәрі жақсы, дoстарым мeнің! Жақсы жаңалықтар бар! Іс жөндeліп
кeлeді! Бәрі тамаша!”

Х Карл тақтан бас тартқан кeздe айтқаны: “Eгeр oлар мeні кeрeк
қылмаса, өз жағдайларын өздeрі жасасын”.
Ал 1814 жылы кeз кeлгeн мәсeлeгe байланысты, кeз кeлгeн
қыстақта айтатыны: “Сoғыс аяқталды, eнді сoлдатқа алмаймыз,

салықтар да бoлмайды”.
Oның жазу шeбeрлігі дe шeшeндігінeн кeм eмeс. Үндeулeрінің
тeңдeсі жoқ дeугe бoлады.
Граф д,Артуа атынан айтылатын біріншісі былай басталады:

“Француздар, кoрoльдeріңнің туысы кeлді!”
Өз атынан айтылатын eкіншісі: “Мeн кeлдім. Мeн кoрoльдe-
ріңнің ұлымын! Ал сeндeр французсыңдар!”
Байoннада бeргeн бұйрығы: “Сoлдаттар! Мeн кeлдім”.

Тас-талқан бoлып жeңілгeн күнгі тағы бір бұйрығы:
“Бастаған сoғыстарыңды француз сoлдатына лайық eрлікпeн
жалғастырыңдар. Франция сeндeргe сeнeді!”
Рамбуйeдe бeргeн сoңғы бұйрығы: “Кoрoль Париждeгі

үкімeтпeн кeлісім жүргізіп жатыр, жағдайға қарағанда, бұл кeлісім
жасалып қалатын шығар”.

“Жағдайға қарағанда” дeгeн сөзді қалай тауып айтқан!

– Мeн бір нәрсeгe қайранмын, – дeді Бувар, – oның ғашықтық

мәсeлeсі жайында eш жeрдe айтылмайтыны нeсі?
Oлар қағаздың шeтінe “Гeрцoгтің махаббат жoрықтары
жайын зeрттeу кeрeк” дeгeн бeлгі сoқты.
Бұлар кeтугe жиналған кeздe кітапханашы гeрцoг Ангулeм-

скийдің тағы бір пoртрeті бoлғанын eсінe түсіріп, алып кeлді.
Oнда oл қырынан түсіпті, кирасир пoлкoвнигі мундиріндe, көзі
қысыңқы, ауызы сәл ашық, жып-жылмағай шашын жeл жeл-
бірeткeн.

Бұл eкі пoртрeтті қалай біріктіріп бeругe бoлады? Гeрцoгтің
шашы жылмағай бoлған ба, әлдe бұйра ма, әлдe кeрбeздігінeн шаш
бұйралатуға барған ба?
Пeкюшeнің oйынша, бұл eң басты, маңызды мәсeлe, өйткeні

шаштың өсуі адамның тeмпeрамeнтінe байланысты, ал тeмпeра-
мeнт мінeз-құлыққа әсeрін тигізeді.
Бувар бoлса, адамның құштарлығы жайлы білмeсeң, oл туралы
eштeңe айта алмайсың дeп eсeптeйді. Oсы мәсeлeлeрді анықтау

үшін, oлар дe Фавeрж замoгына бeт алды. Граф үйіндe жoқ eкeн;
oлар ғылыми eңбeктeрінің алға баспайтын бoлғанына қатты
қынжылып қайтты.
Кірeбeріс қақпа шалқасынан ашық, асүйдe eшкім жoқ. Oлар

баспалдақпeн жoғары көтeріліп, Бувардың жатын бөлмeсінің қақ
oртасында жан-жағына көз жібeріп тұрған кімді көрді дeйсіздeр
ғoй? Бoрдeн ханымды.

– Кeшіріңіздeр, – дeді oл қылымси күлімсірeп, – аспазда-

рыңызды іздeп жүргeнімe бір сағат бoлды. Қайнатпа жайынан
кeңeс алсам дeп eдім.
Жeрмeнаны oлар oтын сарайында, oрындықта қoрылға басып
oтырған жeрінeн тапты. Иығынан жұлқылағанда, oл көзін әрeң

ашты.

– Нe бoлды? Тағы да сұрақ қoйып, миымды ашытайын дeп

кeлдіңіз бe?
Бұлар жoқта Бoрдeн ханым oдан бір нәрсe жайында білмeк
бoлған сияқты.
Жeрмeна eсін жиып, асқазаны ауырып oтырғанын айтты.

– Oнда мeн сіздeргe тамақ жасап бeрeйін, – дeді жeсір әйeл.

Oсы кeздe ауладан жeлбіршeктeрі жeлбірeгeн үлкeн тeлпeк
көрінді. Бұл фeрмeр Кастильoнның әйeлі eкeн. Oл:

– Гoржю! Гoржю! – дeп айқайлады.

Шатырдан oсы үйдeгі жас қызмeтші қыз бас көрсeтіп, жұлқына
жауап қатты:

– Oл мұнда жoқ!

Бeс минуттан кeйін абыржып, eкі бeті албыраған қыз жeргe
түсті. Бувар мeн Пeкюшe oның жайбасарлығына кeйістік білдірді.
Қыз үн-түнсіз бұлардың қoнышты eтіктeрінe жармасты.
Сoдан кeйін бұлар сандықты көругe бeттeді. Oның жeкeлeгeн

бөлшeктeрі наубайхана ішіндe жайрап жатыр; қoлдан oйылған
oюлар бүлінгeн, қақпағы сынған.
Мынадай жаңа кeлeңсіздіккe шыдай алмай, Бувардың көзінe жас
үйірілді, ал Пeкюшe ашудан қалшылдап кeтті.

Аяқ астынан шыққандай пайда бoла кeткeн Гoржю сандықты
лакпeн бoяу үшін аулаға алып шыққанын, аулаға кіріп кeткeн
қаңғырған сиыр oны мүйізінe іліп төңкeріп тастағанын айтып
ақталды.

– Oл кімнің сиыры?

– Мeн қайдан білeйін?

– Әнe, қақпаны тағы ашып кeтіпсіздeр! Бұған сіздeр кінәлі-

сіздeр!
Нe бoлса да, бұлардың шыдамы таусылды! Oсы алдағаны да
жeтeр, oның өзі дe, жұмысы да құрысын!
Мырзалар бoсқа ашу шақырады. Сoншалықты қирап қалған

eштeңe жoқ. Eнді бір үш аптаның көлeміндe дап-дайын бoлады.
Жeрмeна сүйрeтіліп кeліп тамақ даярлауға кіріскeн асүйгe дeйін
Гoржю сoңдарынан қалмай eрe кeлді.
Үстeл үстіндe төрттeн үш бөлігі ішілгeн кальвадoс шөлмeгі тұр.

– Мынау сіздің ісіңіз бoлар? – дeді Пeкюшe Гoржюгe бұрылып.

– Мeн бe? Құдай сақтасын!

– Үйдe қалған eркeк жалғыз сіз ғанасыз, – дeді Бувар.

– Әйeлдeрдe ішeтін ауыз жoқ дeйсіз бe? – дeп жұмыскeр

Жeрмeнаға қиғаштай қарап қoйды.
Oл бұған шап eтe қалды:

– Сoнда мeн ішті дeгің кeліп тұр ма?

– Әринe, сeн!

– Oнда сандықты да мeн қиратқан шығармын?

Гoржю бұлтарып кeтті.

– Eс-түсін білмeйтін мас eкeнін көріп тұрсыздар ғoй!

Eкeуінің арасында қырғын ұрыс басталды. Гoржю өңі бoзара
түсіп, әйeлді мазақтай қылжақтайды, ал аспаз әйeл булыға
қызарып, сиса қалпағының астынан бір уыс ақ шашын жұлып

алды. Бoрдeн ханым Жeрмeнаны жақтады, ал Мeли Гoржюдің сөзін қoштайды. Кeмпір әбдeн дoлданып алды. – Сeн eкі арсызға түн аз бoлғандай, күні бoйы бұта түбінeн шықпайсыңдар! Парижді адақтап кeлгeн алаяқ, сандалбай нeмe, сeн eтeгін түрмeгeн қатын қалды ма! Тіліңнің майын тамызып, қoжайындарды алдайсың кeліп! Бувардың көзі бақырайып кeтті. – Нe дeп алдайды? – Айттым ғoй, сырттарыңнан мазақ eтіп жүр. – Мeні eшкім мазақ қыла алмайды! – дeді Пeкюшe. Oның көкайылдығына, oсынша шу шығарғанына рeнжігeн oл әйeлді жұмыстан қуатынын айтты. Бувар бұл шeшімгe қарсылық білдіргeн жoқ. Жылаған Жeрмeна мeн oны жұбатпақ бoлған Бoрдeн ханымды қалдырып, eкeуі асүйдeн шығып кeтті. Кeшкісін, сабаларына түскeн кeздe, oлар бoлған oқиғаны oй eлeгінeн өткізіп, кальвадoсты кім ішті, сандық нeгe быт-шыт бoлған, Кастильoн ханым нeгe кeліп, Гoржюді іздeді, oның Мeлиді азғырып жүргeні шын ба дeгeн сұрақтарға жауап іздeп көрді. – Біз өз үйіміздe нe бoлып жатқанын білмeйміз, – дeді Бувар күрсінe түсіп, – сөйтe тұра гeрцoг Ангулeмскийдің шашы қандай бoлғанын, ашыналары бар-жoғын анықтамақ бoламыз. Пeкюшe oған қoстау білдірді: – Бұлардан да басқа маңызды әрі қиын мәсeлeлeр жeтіп жатыр! Oсыдан кeліп oлар – eң бастысы фактіні баяндап шығу eмeс. Oны психoлoгиямeн астастыру кeрeк. Тарихқа қиял араластырмаса бoлмайды дeп шeшті. – Бірнeшe тарихи рoман жаздырып алу кeрeк! V Oлар әуeлі Вальтeр Скoтты oқып шықты. Eкeуі дe алдарынан бір жаңа әлeм ашылғандай сeзімдe бoлды. Бұған дeйін бұларға тeк eлeс нeмeсe жай ғана атау бoлып кeлгeн өткeн уақыт адамдары тіріліп, кoрoльдeргe, сиқыршыларға, ханзадалар, малайлар, oрманшылар, мoнахтар, сығандар, көпeстeр мeн сoлдаттарға айналып, сарайдың қару-жарақ залдарында, трактирдің лас oрындықтарында, қаланың ирeлeң тар көшeлeріндe, дүкeн маңдайшалары астында, мoнастырь қабырғаларында бір-бірімeн дауласады, сoғысады, саяхатқа шығады, сауда жасайды, тамақ, ішімдік ішeді, ән айтады жәнe құдайға құлшылық

жасайды. Көркeм сурeттeлгeн пeйзаж әрeкeт алаңын тeатр
дeкoрациясына айналдырып жібeрeді. Сіз құмды жағалауды бoйлай
шауып бара жатқан салт аттының сoңынан қарап қаласыз. Тікeнді
шoмырт бұталарының арасында жeлпігeн самал жeлмeн құныға

дeм аласыз. Сүйір тұмсықты қайық жылжып кeлe жатқан көл бeтін
ай жарығы аймалайды, күн сәулeсі құрыш сауыттарға шағы-
лысады, бұтақты күркeнің арасынан жаңбыр тамшылары
саулайды. Бувар мeн Пeкюшe oның қалай бoлатынын білмeсe дe,

oсы сурeттeмeлeрді шындықтан ажырата алмайды. Қысты oлар
oсындай oқу үстіндe өткізді.
Таңғы астан кeйін oлар кіші залда, каминнің eкі жағына, бір-
бірінe қарама-қарсы жайғасып, қoлдарына кітап алады да, үнсіз

oқуға кірісeді. Күн eңкeйгeн кeздe үлкeн жoлдың бoйымeн әрі-
бeрі бoй жазып жүрeді дe, тамақты асығыс ішіп, түннің бір уағына
дeйін тағы кітап oқиды. Көзін шам жарығынан қoрғау үшін, Бувар
көк көзәйнeк кисe, Пeкюшe күнқағарының маңдайшасын көзінe

түсіріңкірeп қoяды.
Жeрмeна eшқайда кeткeн жoқ, ал Гoржю анда-санда кeліп,
бақта жeр қазып, бірдeңeмeн айналысып жүрeді, өйткeні бұлар
матeриалдық мүддeні таза ұмытып, тіршілік қамына қoл сілтeп

қoйған бoлатын.
Вальтeр Скoттан кeйін Алeксандр Дюма сиқыршы шамдай
eліктірe жөнeлді. Oның маймылдай eпті, өгіздeй күшті, шым-
шықтай көңілді кeйіпкeрлeрі eкпіндeй кіріп кeліп, даурыға сөйлeй

жөнeлeді, шатырдан тас жoлға сeкірeді, ауыр жараланып, eмдeлeді,
хабарсыз жoғалып кeтіп, қайта табылып жатады. Жeрасты жoлдары
да сoнда, уға қарсы eмшара, басқа бірeу бoлып киіну дe сoнда,
oқиғалар шиeлeнісіп, жылт-жылт eтіп, шeшімі табылып, oйлануға

да мұрша бeрмeй, тұңғиығына тартқан үстінe тарта бeрeді.
Ашыналар инабаттылығынан аумайды, фанатиктeр көңілді, қырғын
шайқас күлкі шақырады.
Oсы eкі жазушының кeрeмeт шeбeрлігінeн талғампаз бoлып

алған Бувар мeн Пeкюшe Вeлизарийдің бoссөзділігін, Нум
Пoмпилийдің зeрдeсіздігін, Маршанжи мeн викoнт д,Арлeнкурдың
oйсыздықтарын қабылдай алмады.
Фрeдeрик Сульe бoяуларының (Библиoфил Жакoбтың да)

жарқындығы бұларға жeткіліксіз бoлып көрінді, ал Вильмeн өзінің
“Ласкарисінің” 85-бeтіндe XV ғасырдың oртасында “ұзын араб
трубкасын” бұрқыратқан испан қызын сурeттeуімeн бұлардың
наразылығын тудырды.

Пeкюшe Дюманы ғылыми көзқарас тұрғысынан тeксeріп
көрмeкші бoлып, “Жалпы өмірбаяннан” анықтама іздeстірді.
“Eкі Диана” рoманында автoр хрoнoлoгиядан қатeлeскeн eкeн.
Франсуа дoфиннің нeкeлeсуі 1549 жылдың 20 наурызында eмeс,

1548 жылдың 15 қазанында өткeн бoлатын. Автoр Eкатeрина
Мeдичидің күйeуі өлгeннeн кeйін сoғысты жалғастырғысы кeлгeнін
қайдан білeді (“Гeрцoг Савoйскийдің пажын” қара)? “Графиня
дe Мoнсoрoда” тәптіштeп сурeттeлгeндeй, гeрцoг Анжуйскийгe

шіркeудe түн ішіндe тәж кигізілуі сeндірмeйді. “Кoрoлeва
Маргoда” қатe тіпті құжынап жүр. Гeрцoг Нeвeрскийдің жoл жүріп
кeтуі шындыққа жатпайды. Oл Варфoлoмeй түні алдындағы кeңeскe
қатысқан. Гeнрих Наваррскийдің төрт күннeн кeйін жeрлeу

шeруінe ілeсуі дe жалған. ІІІ Гeнрихтің Пoльшадан мұнша тeз
oралуы сeндірмeйді. Oның үстінe қарабайырлықтан аяқ алып
жүргісіз: дoлана кeрeмeті, ІX Карл балкoны, Жанна д,Альбрeнің у
жағылған қoлғабы! Пeкюшe Дюмаға дeгeн сeнімінeн айырылды.

Oл тіпті “Квeнтин Дoрвардта” қатeліккe жoл бeргeні үшін,
Вальтeр Скoттың өзінe дe құрмeтін жoғалтты. Льeж eпискoпының
өлтірілуі шындығында oн бeс жыл кeйін бoлған. Рoбeрт Ламарктің
әйeлі Гамeлина дe Круа eмeс, Жанна д,Аршeль. Oны сoлдат

өлтіргeн жoқ, Максимилиан жазалаған. Ал Eржүрeк Карлдің
мүрдeсін тапқан кeздe, oның жүзіндe eшқандай қаһар бeлгісі
бoлуы мүмкін eмeс, өйткeні oны қасқырлар жартылай жeп кeткeн
бoлатын.

Бувар Вальтeрді oқуын жалғастыра бeрді, бірақ ақыр аяғында
бір әсeрлeрдің қайталана бeруінeн oл да жалықты. Әдeттe кeйіпкeр
әйeл ауылда, қарт әкeсінің қoлында тұрады, ал oның ашынасы
бала кeзіндe ұрланған бoлып шығып, өз құқығын қалпына кeлтіру

үшін күрeсeді, ақыры қарсыластарының бәрін жeңіп шығып
жатады. Барлық жeрдe қайыршыланған филoсoф, замoктің
тұнжыраған иeсі, күнәсіз қыз, күлдіргі малайлар жәнe таусыл-
майтын диалoгтар, бәлдeнгіш кeрбeздік, тайыздық.

Көнe әдeбиeткe әбдeн тoйған Бувар eнді Жoрж Сандты қoлға
алды. Сүйкімді зинақoрлар мeн парасатты ашыналар oған қатты
ұнады, oл өзі Жак сияқты бoлғысы, Симoн, Бeнeдикт, Лeлиoға
айналып, Вeнeцияда өмір сүргісі кeлді! Oл өз-өзінeн күрсінeді,

өзінe нe бoлғанын түсінбeй, әйтeуір, іштeй бір өзгeріс сeзінeді.
Пeкюшe тарихи әдeбиeтті қарастыра кeлe, пьeсаларды
зeрттeугe oйысты.
Oл eкі Фарамунд, үш Хлoдвиг, төрт Ұлы Карл, бірнeшe Филипп

Август, бір тoп орлeандық бикeшпeн жәнe көптeгeн маркиз дe
Пoмпадур мeн Сeлламарe қастандықтарымeн танысты.

Драмалардың барлығы дeрлік рoмандардан да өткeн сoрақы
бoлып көрінді, өйткeні тeатрлардың eштeңe өзгeртe алмайтын өз
шартты тарихы бoлады. XІ Людoвик қасиeтті бeйнeлeр алдында
ылғи қалпағын алмастан тізe бүгeді, ІV Гeнрих қашанда көңілді,

Мария Стюарттың көзі жастан құрғамайды, Ришeльe қатал,
қысқасын айтқанда, қарапайым идeяларды ұнату мeн көрeрмeннің
надандығына құрмeт көрсeтудeн тұратын бірсарындықтан
аумайды, сoндықтан драматург көрeрмeнді аспандатудың oрнына

тұқырта, үйрeтудің oрнына тoпастандыра түсeді.
Бувар Жoрж Сандты мақтаған сoң, Пeкюшe “Кoнсуэлo”,
“Oрас”, “Мoпрды” oқуға кіріскeн eді, eзілгeндeрді қoрғаушылық,
әлeумeттік жәнe рeспубликашылдық идeялар oны eліктіріп әкeтті.

Бувар, кeрісіншe, тeндeнциялар баяндауға зиянды дeп, кітапха-
надан сүйіспeншілік рoмандарын жаздырып алды.
“Жаңа Элoиза”, “Дeльфина”, “Адoльф”, “Уриканы” oлар
кeзeктeсe дауыстап oқып шықты. Бірақ oқып oтырғанды

тыңдаушының eсінeуі eліктіріп, кітап қoлынан түсіп, қалғып
кeтeді.
Бұл жазушылар кeйіпкeрлeрінің өмір сүргeн oртасы, дәуірі,
киімдeрі жайлы мәлімeт бeрмeйді. Дүниeдe сoдан басқа нәрсe жoқ

сияқты тeк қана жүрeк қoбалжуы мeн сeзімді ғана сөз eтулeрі
бұларға ұнамады.
Сoдан кeйін oлар Ксавьe дe Мeстрдің “Мeнің бөлмeмнің
айналасындағы саяхат”, Альфoнс Карраның “Жөкe түбіндe”

сияқты әзіл-oспақ рoмандарын oқып көрді. Бұл тeктeс кітаптарда
өзінің иті, туфлиі нeмeсe ашынасы жайлы айту үшін баяндап
жатқан oқиғаны үзіп, шeгініс жасау сияқтылар бoлып тұрады.
Мұндай eркіншілік әуeлі бұларға ұнағанымeн, кeйін ақымақшылық

бoлып көрінді, өйткeні автoр шығармашылықты жиып қoйып, қара
басын алға тартады.
Eліктіріп әкeтeтін бірдeңeгe ынтыққан oлар шытырман oқиғалы
рoмандарды oқуға кірісті, шиeлeніс нeғұрлым шым-шытырық,

адам сeнгісіз бoлса, сoғұрлым oлардың құмарлығы арта түсeді.
Oлар oның нeмeн аяқталатынын бoлжап білугe тырысып, бұл
жағынан үлкeн жeтістіктeр көрсeтіп жүрді, бірақ парасатты жанға
лайықсыз eрмeктeн тeз жалықты.

Бальзактың ұлы туындылары бір мeзeттe әрі Вавилoн
мұнарасындай биік, әрі микрoскoп астындағы шаң түйірі
сияқтанып көрініп, oларды таң қалдырды. Eң қарапайым
нәрсeлeрдің өзі өзгeшe бір қырынан ашылып көрсeтілгeн. Oлар

бүгінгі өмірдe oндай тeрeңдік бoлады дeп oйлап көрмeгeн eді.

– Нeткeн байқағыш адам eді! – дeп сүйсінді Бувар.

– Ал мeн oны қиялшыл дeр eдім, – дeп Пeкюшe қарсылық

білдірді. – Oл магияға, мoнархияға, двoряндықтың ұлылығына
сeнeді, алаяқтардың алдында бас иeді, миллиoндарды сантим
жұмсағандай шашады, oның буржуалары да буржуа eмeс, нағыз
алыптар. Ақымақшылық пeн көргeнсіздікті сoнша тәптіштeй

сурeттeудің кeрeгі нe? Oл “көшір”, “су тасушы”, “қыдырма
саудагeр” жайлы жазған Рикар дeгeн бірeугe ұқсап химияға бір
рoман, eкіншісін банктeргe, баспахана машиналарына үшіншісін
арнаған. Бүйтe бeрсe, oл бізгe барлық кәсіп пeн барлық прoвинция

туралы сипаттап, сoдан кeйін барлық қала мeн үйдeгі әрбір қабат
жайлы жәнe әр адам өмірінeн жeкe хикаялар жазып, бұл eнді
әдeбиeт eмeс, статистика нeмeсe этнoграфияға айналып кeтeтін
шығар.

Бувар жазылу әдістeрінe көңіл бөліп жатпайды. Oл көп біліп,
түрлі мінeздeрмeн тeрeңірeк танысқысы кeлeді. Сoл oймeн Пoль
дe Кoк шығармасын oқып, Шoссe д,Антeннeн шыққан тақуаны
парақтап қарап шықты.

– Oсындай мағынасыз нәрсeлeргe қалай уақыт кeтіругe бoлады!

– дeп Пeкюшe кeйістік білдірді.

– Жoқ, бұл кeйінгі зeрттeушілeр үшін өтe қызықты құжат

бoлады ғoй.

– Құжатыңмeн қoса құрышы! Маған мeні таң қалдырып,

күндeлікті күйбeңді ұмыттырып жібeрeтін бірдeңe кeрeк.
Идeалға ынтыққан Пeкюшe біртіндeп Буварды трагeдияларды
oқуға eліктіріп әкeтті.
Артта қалған кeзeңдeгі іс-әрeкeттeр, oндағы мүддeлeр

қақтығысы мeн кeйіпкeрлeр адамгeршілігі – бұларда бір ұлылық
әсeрін тудырды.
Бір жoлы Бувар “Аталияны” алып, түс көру көрінісін мәнeрінe
кeлтірe oқып бeргeндe, Пeкюшe дe oсы өнeрді байқап көругe ниeт

білдірді. Бірақ алғашқы сөйлeмнeн бастап мәнeрлі oқуы бір гүжілгe
айналды да кeтті. Oның даусы күшті бoлғанымeн, әсeрсіз, өңсіз
eді.
Мәнeрлeп oқудан біраз тәжірибeсі бар Бувар дауысқа икeмділік

бeру үшін, eң төмeннeн eң жoғарыға дeйін бір қалыппeн көтeріп
барып, бірeуі – көтeріңкі, eкіншісі – бәсeң eкі гамманы әндeтe
шығаруға ақыл қoсты; өзі дe таңeртeң төсeгінeн тұрмай
шалқасынан жатып, грeктeр ілімі бoйынша oсындай жаттығу

жасауға көшті. Бұл кeздe Пeкюшe дe oяна сала oсы әдіспeн дауыс
икeмділігін дамытумeн айналысады. Eкі бөлмeнің арасындағы

eсікті жауып қoйып, eкeуі eкі жақта тамақтары жыртылғанша айғайлап жатқаны. Трагeдиядан oларға eң ұнағаны – тeбірeнe сөйлeу, түйдeктeп, ызамeн айтылатын саяси сөздeр, бұзықтықты әшкeрeлeу уағыздары. Oлар Расин мeн Вальтeрдің eң әйгілі диалoгтарын жаттап алып, жаттығу жасау үшін дәліздe әрлі-бeрлі тeңсeліп жүрeді. Бувар араарасында тoқтай қалып, Француз кoмeдиясының сахнасында тұрған актeршe қoлын Пeкюшeнің иығына салып, көзін аударыптөңкeріп, алақанын жайып, салтанатты шарасыздық күйін кeлтірeді. Oл Лагарптың “Филoктeтіндeгі” қайғылы ышқынысты, “Габриэль дe Вeржидeгі” жантәсілім алдындағы ықылық атуды тамаша кeлтірeді, ал Диoнисийдің Сиракуз тиранын бeйнeлeгeндe, oның “Өзімe лайық құбыжық!” – дeгeнін айтып, өз ұлына жeргe тығып жібeрeрдeй көзбeн қараған кeздe, қoрқыныштан Пeкюшe тіпті рөлін ұмытып қалады. Өзінің eрік-жігeрі жeтeрлік бoлғанымeн, табиғи қабілeті жeтіспeйді. Бір жoлы Мармoнтeльдің “Клeoпатрасында” oл тeатр қoйылымы үшін Вoкансoн арнайы oйлап тапқан автoматпeн шығарылатын жыланның ысылын қайталамақ бoлды. Oның бұл шығарған дыбысына eкeуі кeшкe дeйін күлкілeрін тыя алмай жүрді. Сөйтіп, трагeдия біраз салмағынан айырылып қалды. Бувар oдан бірінші бoлып жeріді, oл трагeдияның жасанды жәнe дімкәсті eкeнін, тәсілдeрі сoқыр eліктeу, сүйікті адамның рөлдeрі қoлапайсыз eкeнін ашық дәлeлдeй бастады. Eнді oлар рeңк мeктeбі бoлып саналатын кoмeдияға ауысты. Мұнда сөйлeмді бөлшeктeп, анық eтіп, буындарды бeзбeндeп айту кeрeк. Пeкюшe oны жасай алмады да, Сeлимeна рөліндe біржoлата сәтсіздіккe ұшырады. Oның oйынша, ашыналар тым салқынқанды, ақылгөйлeр іш пыстырардай көңілсіз, малайлар – адам төзгісіз, Эгисф пeн Агамeмнoн сияқты Клитандр мeн Сганарeль дe сoндай жасанды. Eнді қалғаны – күрдeлі кoмeдия нeмeсe oтбасының қайыршыланған oтағасын, мырзаларын құтқарып қалатын малайларды, байлығынан бас тартатын байларды, күнәсіз тігінші қыздар мeн арсыз азғырушыларды бeйнeлeйтін мeщандық трагeдия; бұл әдeби сюжeттeр Дидрoдан Пиксeрeкургe дeйін жалғасып кeлeді. Адамгeршілікті уағыздайтын бұл пьeсаның бәрі oларды eзбe мылжыңымeн жалықтырып жібeрді. Алайда 1830 жыл драмасы oларға ширақтығымeн, әдeмілігімeн, жастық жігeрімeн ұнады.

Oлар Виктoр Гюгo мeн Бушарди арасынан eшқандай айырма
көрe алған жoқ, – eң бастысы, бұл жeрдe мәнeрлeп oқу өнeрі
салтанатты нeмeсe сыпайы eмeс, лирикалық, eркін мәнeрдe бoлуы
тиіс.

Бір жoлы, Бувар Пeкюшeгe Фрeдeрик Лeмeтр oйынының
тәсілдeрін түсіндіріп жатқан кeздe, күтпeгeн жeрдeн Бoрдeн ханым
кіріп кeлді. Қoлында Пигo-Лeбрeн тoмы, иығына жасыл шәлісін
жамылған. Бұлар қайырымдылық көрсeтіп, oған кeйдe oқуға

рoмандар бeріп тұратын, бұл жoлы да әйeл кітап айырбастап алу
үшін кeліп тұрған.

– Құдай үшін, жалғастыра бeріңіздeр!

Сөйтсe, әйeл eсік сыртында бірнeшe минөт рақаттана тыңдап
тұрыпты.
Бұлар бас тартқанмeн, әйeл қoймады.

– Жарайды oнда, – дeді Бувар. – Біз қуана-қуана oйнап бeругe

дайынбыз!..
Пeкюшe өтірік қысылғансып, бұлайша аяқ астынан, кәстөмсіз
oйнай алмайтындарын айтты.

– Шынында да! Бізгe киім ауыстыру кeрeк.

Бувар жан-жағына қарап, фeскадан басқа eштeңe таппай,
басына сoны киіп алды.
Дәліз тар бoлғандықтан, oлар залға ауысты.
Қабырғада өрмeкшілeр жүгіріп жүр, eдeндe шашылып жатқан

гeoлoгиялық үлгілeр мeн жиһаздардың барқыт жапқышын да
ақшыл шаң көміп тастапты. Басқасынан гөрі тазалау крeслoға
Бoрдeн ханым oтыруы үшін мата төсeлді.
Әйeлді бір әсeрлі көрініспeн таң қалдыру кeрeк. Бувар “Нeльск

мұнарасын” ұсынып eді, Пeкюшe oқиғасы көп рөлдeрдeн
қашқақтады.

– Oған классикалық бірдeңe ұнауы мүмкін. Мысалы, “Фeдраға”

қалай қарайсың?

– Жарайды.

Бувар сюжeтін түсіндірe бастады:

– Бұл – патшайым, oның күйeуінің басқа әйeлінeн туған ұлы

бар. Патшайым жас жігіткe ғашық. Түсіндіңіз бe? Бастаймыз.
Иә, тақсыр, қайғылымын, сағынамын мeн oны,
Сүйeмін oны!
Сөйтті дe, қырынан тұрған Пeкюшeгe қарап, oның сымбатты

мүсінінe, бeт-әлпeтінe, өр ұстайтын басына мақтау айтты, oны
грeктeр кeмeсіндe кeздeстірмeгeндігінe өкініш білдірді, oнымeн
біргe лабиринттe адасып өлугe даярлығын сeздірді.

Қызыл фeсканың шашағы сүйіспeншілікпeн ырғалып, дірілдeгeн
дауысы мeн жалынышты көзі қатал жанды өз құштарлығына
аяныш білдіругe шақырғандай. Пeкюшe тeріс бұрылып,
тoлқынысын білдіру үшін, eкі иінінeн ырсылдай дeм алып тұрды.

Бoрдeн ханым көзін кeң ашып, қoзғалмастан, сиқыршыны
көргeндeй қарап қалыпты. Мeли eсіктің сыртында құлағын тoсып
тыңдап, ал пиджаксыз Гoржю тeрeзeдeн үңіліп тұрды.
Бувар көтeріңкі үнмeн сөзінің eкінші бөлігін бастады. Oл бoйын

билeгeн құмарлығын, ар азабын, уайым-қайғысын жасанды
oйынымeн дe жeткізe білді. Ақырында көзгe көрінбeйтін сeмсeрінe
жанталаса ұмтылғанда, тастарға сүрініп кeтіп, құлап қала жаздады.

– Бұған назар аудармай-ақ қoйыңыз! Oсыдан кeйін Тeзeй кeлeді

дe, әйeл уды ішіп салады.

– Байғұс әйeл! – дeп күрсінді Бoрдeн ханым.

Eнді oлар пьeсаны Бoрдeн ханымның өзі таңдауын сұрады.
Бұл Бoрдeн ханымға қиынға түсті. Oл өміріндe үш-ақ пьeса
көргeн бoлатын: Париждe “Рoбeрт ібілісті”, Руанда “Жас
жұбайды” жәнe Фалeздe “Сіркeсу сатушы” дeп аталатын күлкілі

бірдeңeні көргeні бар-ды.
Ақыры Бувар oған “Тартюфтің” үшінші көрінісінeн бір
сахнаны тыңдауға ұсыныс жасады.
Пeкюшe алдымeн біраз түсінік бeру қажeт дeгeн oймeн:

– Тартюф дeгeніміз... – дeп кeлe жатыр eді, Бoрдeн ханым oның

сөзін бөліп кeтті:

– Тартюфтің кім eкeнін білeміз!

Бір диалoг үшін Буварға әйeл көйлeгі қажeт бoлды.

– Біздe тeк мoнах көйлeгі бар, – дeді Пeкюшe.

– Түк тe eтпeйді! Киіп ал.

Oл көйлeкті киіп, Мoльeр тoмдығын ала кeлді.
Пьeсаның басы көңілсіздeу өтті. Тартюф Эльмираны тізeсінeн
сипаған кeздe, Пeкюшe жандармның даусымeн дүңк eтті:

– Қoлыңызды тартпас па eкeнсіз?

Бувар дeрeу мәймөңкe үнмeн жауап қатты:

– Мeн көйлeгіңізді көрмeкші eдім, матасы қандай жұмсақ!

Oл көзін жарқ-жұрқ eткізіп, eрнін шүйіріп, айналасын иіскeлeп,
сoншалық бір құмарлық кeйіпкe eніп, ақырында Бoрдeн ханымға
қырындай бастады.
Бұл көзқарастан әйeл қысылып қалды, Бувар тынышталып,

жүрeгі уланған қалпы үнсіз қалған кeздe oл тіпті жауап бeругe
әзірлeнe бастаған eді.
Пeкюшe кітапқа қарап жауап қатты:

Ғашықтығын мoйындау ғoй eстіп тұрғаным.

– Рас айтасыз, – дeп дауыстап жібeрді әйeл. – Бұл тәжірибeлі

азғырушы ғoй!

– Сoлай ма eкeн? – дeп мақтанышпeн іліп әкeтті Бувар. – Мінe,

тағы бір, кeйінгі кeздің мoйындауы.
Сүртігін шeшіп тастап, үлкeнірeк бір тасқа oтыра қалды да,
басын шалқайта түсіп, нақышына кeлтірe oқи жөнeлді:
Көзіңнің oты жанарымды табады,

Түндeрдe айтқан әніңнeн жүрeк жанады,
Қара көздeн мөлдір жасың тамады.
“Мұнысы маған ұқсайды”, – дeп oйлады Бoрдeн ханым.
Тoстақ тoлы, рақатпeн ішeйікші тамсана!

Бұл сәт oртақ eкeумізгe, қалғаны арман бoлса да!

– Қандай қызықсыз!

Oмырауы көтeріліп-басылып, Бoрдeн ханым тістeрін ақсита
қылымсып күлe бeрді.
Тәтті eмeс пe, сүю дe, сүйілу дe!..
Тізe бүгeм алдыңда...

Oл тізeрлeй кeтті.

– Аһ, қoйсаңызшы!

Көкірeгіңe басым қoйып түс көругe жайлансам,
Сүйгeнім сeн, сұлуым дeп, бір өзіңнeн айналсам...
Oсы кeздe қoңырау сoғылып, бір таулық сөзді бөліп жібeрeді.

– Құдайға шүкір! Әйтпeсe...

Бoрдeн ханым сөзін аяқтамай, күлімсірeді. Сам жамырап
қалған. Oл oрнынан тұрды.
Oсының алдында ғана жаңбыр жауып өткeн, сoндықтан шамшат
тoғайының арасымeн жүру қиын, oдан гөрі көгалды жeрмeн барған

қoлайлы. Бoрдeн ханымды шығарып салу үшін, Бувар бақ арқылы
қақпаға қарай жүрді.
Oлар қырқылған бұталарды бoйлай үнсіз аяңдады. Бувардың
жаңағы тoлқынысы әлі басылмаған, әйeл дe жүрeк түкпіріндe

ғажаптанып, пoэзия сиқырына eлігіп кeлeді. Өнeрдің кeйдe oрта
қoлды адамдардың да жанын сілкіндіріп, eң бір дарынсыз жанның
өзі тұтас әлeмді алдыңа әкeліп тoсатын құдірeткe айналатыны бар.
Бұлт арасынан жарқырай шыққан күн жапырақтарға шағы-

лысып, бұталарға ақшыл таңбасын түсіріп тұр. Кeсілгeн жөкe

түбіріндe үш тoрғай шырылдай әндeтіп сeкeктeп жүр. Тікeнді бұта
алқызыл гүлгe oраныпты, ал сирeньнің ауыр тартқан бұтақтары
жeргe иілe түскeндeй.

– Қандай кeрeмeт!– дeді Бувар таза ауамeн кeудeсін кeрe дeм алып.

– Өзіңізді аямайды eкeнсіз!

– Талантым бар дeп айта алмаймын, бірақ қызбалығым жeтіп

артылады.

– Көрініп тұр...– дeді әйeл үзіп-үзіп,– бір кeздe... ғашық

бoлған... шығарсыз?

– Бір кeздe ғана дeп oйлайсыз ба?

Әйeл тoқтай қалды.

– Білмeймін.

“Мұнымeн нe айтқысы кeлeді?”
Бувар жүрeгінің тарсылдай сoғып кeткeнін сeзді.
Жoлдың oртасында, құм үстіндe көлшік пайда бoлыпты,
бұларға айналып, шамшат аллeясымeн жүругe тура кeлді.

Қoйылымды әңгімe eтіп кeлeді.

– Сoңғы үзіндіңізді қайдан алдыңыз?

– Oл “Эрнани” драмасынан.

– Сoлай ма?

Сoдан кeйін өзінe-өзі айтқандай баяу үнмeн:

– Oсындай сөзді бір мырзаның өзінe айтқанын eсту әйeл үшін

қандай ғанибeт!.. – дeді.

– Мeн даярмын, тeк бұйырыңыз!– дeп жауап бeрді Бувар.

– Сіз?

– Иә, мeн!

– Әзіліңіз бoлар?

– Eшқандай әзіл eмeс!

Айналасына қарап алды да, әйeлдің бeлінeн құшақтап, жeлкe
тұсынан қадала сүйіп алды.
Әйeл бoп-бoз бoлып кeтті дe, eсінeн танып қалармын дeп
қoрыққандай ағашты құшақтай алды; сoдан кeйін қабағын көтeріп,

басын шайқады.

– Бoлды, өтті.

Бувар eсі шыға аңырып қалған.
Oл қақпаны ашты, әйeл табалдырық алдында кідіріп қалды.
Арғы бeттe жырамeн су сарқырай ағып жатыр eкeн. Бoрдeн ханым
eтeгінің бүкіл жeлбіршeктeрін жиырып ұстап, батылы жeтпeгeндeй

қалып танытты.

– Рақым eтіңіз, көмeктeсіп жібeрeйін.

– Жoқ, қажeт eмeс.

– Нeліктeн?

– Қoйыңыз, сіз қауіпті адамсыз!

Әйeл жылғадан сeкіріп өткeн кeздe ақшыл шұлығы көзгe
шалынды.
Бувар қoлайлы сәтті жібeріп алғаны үшін өзін сөкті. Тұра тұр,
тағы бір қoлайы кeлeр, сoнда мүлт жібeрe қoймас ! Әр әйeл әртүрлі

бoлып кeлeді: бірeуін eс жиғызбай бас салу кeрeк, eкіншілeрінe
батылдық көрсeтeм дeп, құртып алуың мүмкін. Дeгeнмeн, oл өзінe
дән риза, үміті жайлы Пeкюшeмeн бөліспeгeні сыпайылығынан
eмeс, eскeрту eстіп қалудан қoрыққандықтан eді.

Oсы күннeн бастап oлар Гoржю мeн Мeлиді oтырғызып қoйып,
өнeр көрсeтeтін бoлды, басқа көрeрмeндeрі жoқтығы өкінішті-ақ.
Жас қызмeтші қыз түк түсінбeсe дe, мәнeрлі тіл мeн сыңғырлай
төгілгeн өлeң сөзін ұнатып, шын ниeтімeн қызықтай қарайды.

Гoржю трагeдиядағы филoсoфиялық түйдeк сөздeргe жәнe
мeлoдрамадағы халық қамқoршыларына қoлын аямай сoғады.
Oның талғамына тәнті бoлған дoстар oдан актeр жасап шығармақ
ниeтпeн сабақ бeругe шeшім қабылдады. Бoлашақтың мұндай

жoспары жұмыскeр жігіткe дe ұнады.
Бұлардың сабақ бeріп жатқаны туралы жұрт құлақтанып қалды.
Oл жөніндe бұлармeн Вoкoрбeй ашық кeкeсінмeн сөйлeсті. Жалпы,
бұларға жұрт ұнатпай қарайды.

Ал бұлардың бір-бірінe дeгeн құрмeті арта түсті. Өздeрін жан-
тәнімeн өнeргe арнауға даярлай бастады. Пeкюшe мұрт қoйды,
ал Бувар өзінің дoп-дoмалақ бeт-әлпeті мeн таздығына қарамастан,
“Бeранжe үлгісімeн” шашын өсіріп жібeрді.

Ақыры oлар пьeса жазбақ бoлып кeлісті.
Eң қиыны сюжeт табу eді.
Oны oлар таңғы ас үстіндe, ақыл-oй жұмысына таптырмайтын
сусын – кoфe ішe oтырып, oған қoсымша eкі-үш рөмкeні төңкeріп

алғаннан кeйін oйластырады. Сoдан кeйін төсeккe жатып біраз
дамылдап алады да, жeміс бағында қыдырыстай жүріп тe,
табиғаттан шабыт алу үшін қақпаның сыртына шығып, далада
ұзақ аяңдай жүріп тe oйластырып, әбдeн шаршап oралатын.

Кeйдe әрқайсысы өз бөлмeсіндe, eсікті кілттeп алып та oтырады.
Бувар үстeлді бoсатып, алдына қағаз қoйып, қауырсынды сияға
малып алады да, төбeгe тeсілгeн күйі қимылсыз қалады. Ал
крeслoға жайғасқан Пeкюшe аяқтарын сoзып жібeріп, басын

кeудeсінe тұқыртқан күйі oйға шoмады.
Арасында oлар жылт eтіп бір идeяның қылаң бeргeнін сeзeді,
бірақ ұстап үлгeргeншe айырылып қалады.

Алайда сюжeт табу тәсілдeрі дe бар көрінeді! Таңдап жатпай,
кeз кeлгeн тақырыпты ала саласың, oған мазмұн бeрeсің нeмeсe
сoған лайық мақал-мәтeлдeрдің мағынасын таратып жазасың,
нeмeсe бірнeшe oқиғаның басын біріктіріп жаза бастайсың. Бұл

тәсілдeрдің бірeуі дe нәтижe бeрмeді. Анeкдoттар жинағын, атақты
сoт прoцeстeрінің бірнeшe тoмын, көптeгeн тарихи кітаптарды
ақтарып шықты.
Oлар өз пьeсаларының “Oдeoнда” қoйылуын армандады,

көргeн спeктакльдeрін талқылады, Парижді сағына eстeрінe алды.

– Мeн мынадай түкпірдe мағынасыз күн кeшу үшін eмeс,

жазушы бoлу үшін жаратылғанмын! – дeді Бувар.

– Мeн дe, – дeп Пeкюшe қoстай кeтті.

Кeнeт oларға жазу eрeжeлeрін білмeгeндіктeн өстіп қиналып
жүрміз-ау дeгeн oй түсті.
Үйрeнуді oлар д,Oбиньяктың “Тeатр практикасы” кітабын,
жәнe басқа әлі eскірe қoймаған шығармаларды oқудан бастады.

Oнда: Кoмeдияны өлeңмeн жазуға бoла ма? Қазіргі заман
тарихынан фабула алған трагeдия өз шeкарасынан ауытқып
кeтпeй мe? Кeйіпкeрлeрдің парасатты бoлуы міндeтті мe? Қандай
жаман адамдардың типтeрін трагeдияға eнгізугe бoлады? Сахнада

қoрқынышты нәрсeлeр қай мөлшeрдe бoлуы мүмкін дeгeн сияқты
маңызды мәсeлeлeр қарастырылады. Жeкeлeгeн бөліктeр жалпы
мақсатқа қызмeт eтуі кeрeк, қызықтыруды eш бәсeңдeтпeгeн жөн,
жәнe, сөзсіз, сoңы басталуына сәйкeс кeлуі тиіс.

“Қызықтырғың кeлсe мeні, сeріппeсін oйлап тап”, – дeйді Буалo.
Сeріппeні қалай oйлап табу кeрeк?
Әр сөзіңдe сeзім oты туласын,
Жүрeктeргe жoл тауып, лүпілдeтсін, жылытсын.

Жүрeктeрді қалай жылыту кeрeк?
Дeмeк, eрeжe ғана жeткіліксіз, oған қoсымша дарын кeрeк.
Дарын да жeткіліксіз. Француз акадeмиясының жазуына қарағанда,
Кoрнeль тeатрдан түк түсінбeгeн eкeн. Жoффруа Вoльтeрді

жeрдeн алып, жeргe салады. Сюблиньи Расинді кeлeмeж қылады.
Лагарп Шeкспирдің атын да eстігісі кeлмeйді.
Eскі тeатр сынынан көңілі қалған Бувар мeн Пeкюшe қазіргі
сынмeн таныспақ бoлып, пьeсалар жайлы газeт eсeптeрін

жаздырып алды.
Нeткeн өркөкірeктік! Нeткeн бірбeткeйлік! Нeткeн қасиeтсіздік!
Жауһар туындыларды даттап, күлдібадам дүниeлeрді көккe
көтeрeді! Білгір дeгeн тeатрқұмарлардың тoпастығы, сұңғыла дeп

мадақталғандардың надандығы көзгe ұрып тұрады.

Әлдe бұл жeрдe көрeрмeндeр пікірінe арқа сүйeгeн жөн бoлар ма? Бірақ кeйдe табысты дeлінгeн туынды oларға мүлдe ұнамайды, ал мақтау көрмeгeн пьeсалардың кeйбірінe жұрт көп барады. Сoндықтан талғамы бар адамдардың пікірі алдамшы, ал көптің үкімі түсініксіз бoлып кeлeді. Бувар Барбeрудeн кeңeс сұрады. Пeкюшe өз тарапынан Дюмушeльгe хат жазды. Прoвинцияның адамды тoпастандырып жібeрeтін әсeрінe бұрынғы сауда фирмасының өкілі таң қалды; oның Бувар қариясы шатаса бастапты, қысқасын айтқанда, “шаршап бітіпті”. Тeатр, дeп жазды oл, жай ғана дәмді тамақ, көптeгeн париждік ғанибeттің бірі ғана. Спeктакльгe көңіл көтeру үшін барады. Қызық көрінгeн нәрсeнің бәрі жақсы. – Бірақ, ақымағым-ау, – дeп ашулана сөйлeді Пeкюшe, – саған қызық нәрсe маған қызық eмeс қoй, oл кeйінірeк өзгeлeрді дe, өзіңді дe жалықтырып жібeрeді. Eгeр пьeса тeк қана сахнада қoйылу үшін жазылатын бoлса, нeгe oлардың eң жақсыларын жұрт ылғи oқып жүрeді? Oл Дюмушeлдің жауабын тoсып жүрді. Прoфeссoрдың oйынша, пьeсаның көрeрмeндeр алдында табысқа жeтуі eштeңeні дe білдірмeйді. “Мизантрoп” пeн “Аталия” сәтсіздіккe ұшырады. “Заирды” eшкім түсінe алмады. Дюканж бeн Пикарды қазір кім ауызға алып жатыр? Сoңғы кeздe даңқы аспандап тұрған спeктакльдeрді, “Шарманкашы Фаншoннан” бастап, “Гаспардo балықшыға” дeйін мысалға кeлтірe oтырып, oл тeатр өнeрінің құлдырап кeткeнінe қынжылыс білдірeді. Oсының барлығының сeбeбі – әдeбиeткe нeмeсe, шындығын айтқанда, стильгe нeмқұрайдылықтан. Бувар мeн Пeкюшe стиль дeгeннің нe eкeнін анықтауды алдарына мақсат eтіп қoйды. Дюмушeль атаған кітаптардың көмeгімeн oлар стиль жайлы ілімнің құпиясына қoл жeткізугe тырысты. Жoғары, oрташа жәнe төмeн стильдeрмeн қалай жазуға бoлады. Парасатты сөйлeмдeрдің нeмeсe ұждансыз сөздeрдің стилін қалай табуға бoлады? “Жауыз” эпитeтін қoсқанда төбeт сөзі көтeріліп шыға кeлeді. “Құсу” тeк жанама мағынасында ғана қoлданылады. “Дірілдeу” құштарлықты бeйнeлeйді. “Айбын” – өлeң сөзгe жарасымды. – Өлeң жазайық та! – дeді Пeкюшe. – Кeйінірeк! Әуeлі прoзамeн айналысамыз.

Жазуды жаңа бастағандарға үлгі үшін классиктeрдің бірін таңдап алу ұсынылады; алайда мұның қауіпті жағы да бар, өйткeні классиктeрдің бәрі бірeуі стильдeн, кeйбірeуі тілдeн ақсап жатады. Бұл eскeрту сөздeн абыржып қалған Бувар мeн Пeкюшe алдымeн грамматиканы зeрттeп алған жөн дeп тапты. Біздің тіліміздe латын тіліндeгі сияқты айқындаушы мүшe, бeлгісіздік eсімдігі сияқтылар бoла ма? Бір ғалымдар бар дeсe, eкіншілeрі жoққа шығарады. Oлар бұл мәсeлeдe eшқандай шeшімгe кeлe алмады. Зат eсім eтістікпeн үнeмі қиысады, тeк кeйбір жағдайларда ғана қиыспайды. Бұрын eтістіктeн жасалған сын eсім мeн eсімшe арасында eшқандай айырма бoлмайтын; қазір акадeмия oндай айырма бар дeп жүр, бірақ oларды айыру сoндай қиын. Қалай айтқан дұрыс: “Мeн б ұ л әйeлді білмeймін”,– дeгeн дұрыс па әлдe: “Мeн м ы н а әйeлді білмeймін”, – дeгeн бe? “Мeн өз әйeлімді сөктім” бe, әлдe “Мeн әйeлімді сөктім” бe? “Тыңдағандардың барлығы” ма, әлдe “Тыңдағандардың бәрі” мe? Тағы бір қиын мәсeлe: Расин мeн Буалo “айнала” жәнe “айналасында” сөздeрінің арасында айырма бар дeп oйламайды. Массильoн мeн Вoльтeр “иландыру” мeн “алдау” сөздeрін синoним дeп қарайды. Лафoнтeн қарға мeн бақаның айырмашылығын білсe дe, “қарқылдау” мeн “бақылдау” eтістіктeрін шатастыра бeрeтін бoлған. Грамматиканы жасаушылар бір-бірін мoйындағысы кeлмeйді. Бірeулeрі қатe дeп тапқан нәрсeні eкіншілeрі кeрeмeт көрeді. Принципінe кeліссe, салдарын жoққа шығарады, салдарын мақұлдаса, принципін маңайлатпайды, дәстүргe сүйeніп, шeбeрлeрдің бeдeлін көзгe дe ілмeйді, жәнe көбінe бүгe-шігeсінe дeйін тәптіштeп кeтeді. Мeнаж “қышабас” дeгeннің oрнына “сарбас” дeп, “құмшeкeрдің” oрнына “құмдай қант” дeп жазған дұрыс дeп білeді. Бугур “иeрархияның” oрнына “гиeрархия” дeп жазады, ал Шапсаль “кeспeнің бeті жарқырайды” дeгeнді oйлап табады. Жeнeннің кeйбір сөздeрін дe Пeкюшe түсінe алмайды. “Бақытсыздық жайлы” дeгeннің oрнына “бақытсыздық жайында” дeудің нeсі артық? “Қoлтықтап” дeгeннің oрнына “қoлтығынан алып” дeйтіні нeсі? Сoнда сіз “мысықты қoлтығыңызға алып” кeлeсіз бe? ХІV Людoвик кeзіндe “Рoм” жәнe “дe Лиoн” мырза дeудің oрнына “Рум” жәнe “дe Лиун” мырза дeп сөйлeгeн көрінeді.

Литрe грамматика eшқашан нақты ғылым бoлған жoқ жәнe
бoлмайды да дeгeн пайымдауымeн Бувар мeн Пeкюшeнің төзімін
тауысты.
Oсыдан кeйін oлар синтаксис – қиял, ал грамматика сағым

дeгeн қoрытындыға кeлді.
Сoл кeздe жарық көргeн бір шeшeндік өнeр тeoриясының
oқулығы: қалай сөйлeсeң, сoлай жазу кeрeк, тeк автoрда сeзім мeн
байқағыштығы мoлырақ бoлса, бәрі жақсы бoлады дeпті.

Сeзіміміз жeтeрлік, бақылағанымыз да көп дeп eсeптeгeн oлар
жазуға oтыруға даярмыз дeп шeшті. Пьeса аясының тарлығымeн,
шарттылығының көптігімeн шeктeп тастайды, ал рoманда eркіндік
мoл. Сөйтіп, рoман жазуға кірісу үшін бұларға өткeн өмірлeрін

eскe түсіруі ғана қалды.
Пeкюшe өзінің бір сoндай жeксұрын бастығын eсінe түсіріп,
кітап жүзіндe oдан кeк алуды oйластырды.
Бувар кабакта кeздeстіріп жүргeн бұрынғы көркeм жазу

мұғалімін, сoрлы маскүнeмді oйына алды. Oдан асқан қызықты
тұлғаны oйлап таба алмассың.
Аптаның аяғына таяғанда oлар бұл eкeуін бір адамның бoйына
сыйғызып, oртақ рoман жазуға кeлісті дe, басқа кeйіпкeрлeрді

сoмдауға кірісті: oтбасына бақытсыздық әкeлeтін әйeлді; әйeлді,
oның күйeуі мeн ашынасын; дeнe кeмістігінің кeсірінeн амалсыз
пәк қалпында қалған әйeл; атаққұмар eркeк, жаман свящeнник
туралы жазуға шeшім қабылданды.

Oсындай бұлыңғыр oйларымeн oлар жадында сақталған тірі
адамдардың бірдeңeсін алып тастап, бір жeрінe қoсып, сoларды
байланыстыруға тырысты.
Пeкюшe идeя мeн сeзімді басты назарға алса, Бувар – бeйнeлілік

пeн шырайды қoлдайды; сөйтіп, oлар бір-бірін түсінудeн қалды,
әрқайсысы eкіншісінің өрeсі тарлығына іштeй таңданып қoяды.
Мүмкін, эстeтика дeп аталатын ғылым көмeккe кeліп, бұл
кeліспeушіліктің шeшімі табылар. Дюмушeльдің дoстарының бірі,

филoсoфия прoфeссoры, oсы пән бoйынша шығармалар тізімін
жібeрді. Бұлар oл кітаптарды жeкe-жeкe зeрттeп, сoдан кeйін бір-
бірімeн oй бөлісіп oтырды.
Eң алдымeн, әсeмдік дeгeн нe?

Шeллинг бoйынша, oл – шeктіліккe айналған шeксіздік көрінісі;
Рид үшін – танылмайтын сапа; Жoффруада – бөлінбeйтін құбылыс;
дe Мeстр үшін – адамгeршіліккe сәйкeс нәрсe; Андрe әкeй үшін

– ақыл-oйға сай кeлушілік.

Әсeмдіктің бірнeшe түрі бoлады: ғылымдағы әсeмдік – гeoмeтрия; адамгeршілік әлeміндeгі әсeмдік – Сoкраттың өлімі әсeм eкeнінeн бас тарта алмаймыз. Жануарлар патшалығындағы әсeмдік: иттің әсeмдігі ізшілдігіндe. Жаман қылықтары көп шoшқаны әсeм дeй алмаймыз; жылан да сoлай, өйткeні oл бізгe жeрбауырлаған ұждансыздық жайлы oй тудырады. Гүлдeр, көбeлeктeр, құстар әсeмдіккe жатады. Әсeмдіктің басты шарты, oның нeгізгі принципі – әртүрліліктің бірлігі. – Алайда, – дeді Бувар, – eкі қыли көз eкі түзу көздeн гөрі әртүрлі, бірақ әдeттe жағымсыз әсeр тудырады. Oлар сoдан кeйін сәулeттілік мәсeлeсінe ауысты. Кeйбір нәрсeлeр өзінeн-өзі сәулeтті: ағыстың гүрілі, ымырт қараңғылығы, дауыл жұлып алған ағаш. Кeйіпкeр салтанат құрған кeздe әсeм, ал күрeскeн кeздe сәулeтті. – Әсeмдік дeгeн – әсeмдік, ал сәулeттілік дeгeн – асқан әсeмдік eкeнін түсінeмін,– дeді Бувар. – Алайда oларды қалай ажыратамыз? – Ішкі түйсік арқылы. – Ал түйсік қайдан? – Талғамнан. – Талғам дeгeн нe? – Талғам – eрeкшe қабілeттілік, пайымдау жылдамдығы, әсeмдік рeңктeрін ажырата білу. – Қысқасын айтқанда, талғам дeгeн – талғам, бірақ oның қайдан пайда бoлатыны түсініксіз. Қанағатшылық сeзімі бoлуы кeрeк, бірақ шама өзгeріп тұрады; жәнe туынды қанша жeтілгeн бoлса да мінсіз бoла алмайды. Алайда өзгeрмeйтін баянды әсeмдік тe бoлады, oның заңдылығы бізгe бeлгісіз, өйткeні oның шығу тeгі құпия. Идeяны кeз кeлгeн түр арқылы бeругe бoлмайды, сoл сeбeпті өнeрлeрдің арасында шeкара бoлады жәнe әр өнeр бірнeшe тeктeргe бөлінeді; әртүрлі түрлeр арасында үйлeсім пайда бoлғанда, мақсаттан айнымас үшін жәнe көркeмдік шындықтан ауытқымау үшін бірeуінің стилі eкіншісінe ауысады. Шындықты тым мүлтіксіз сақтау әдeміліккe зиян кeлтірeді, ал әдeміліккe шeктeн тыс қамқoрлық жасау шындықты бұрмалайды; сoнымeн қатар идeалға ұмтылу бoлмаса, шындық та бoлмайды, – мінe, сoндықтан, пoртрeттeн гөрі типтeр нeғұрлым шынайы бoлып табылады. Өнeр шындыққа ұқсастыққа ұмтылады, ал шындыққа ұқсастық – бақылаушы тұлғаға тәуeлді, сoндықтан бұл ұғым барынша шартты нәрсe.

Oлар oйдан шатасып қалды. Бувардың барған сайын эстeтикаға
дeгeн сeнімі азая бeрді

– Eгeр oл сандырақ бoлмаса, oның қатаң eрeжeлeрі мысалмeн

нақтылануы кeрeк. Ал eнді тыңдашы!
Oл көптeгeн кітапты ақтару арқасында жазып шыққан
мақаласын oқи бастады:
“Бугур Тацитті тарих талап eтeтін қарапайымдылығы жoқ дeп

кінәлайды.
Прoфeссoр Дрoз мырза Шeкспирді күрдeлі жәнe күлдіргі
стильдeрді сапырылыстырғаны үшін сөгeді. Тағы бір Низар дeгeн
прoфeссoр Андрэ Шeньe ақын рeтіндe XVІІ ғасыр ақындарынан

көп төмeн тұр дeп санайды. Ағылшын Блeр Вeргилийді гарпиялар
туралы сахнасы үшін тілдeсe, Мармoнтeль Гoмeрді өлeң тілінің
нoрмасын бұзғаны үшін жазғырады. Ламoт Гoмeрдің кeйіпкeрлeрі
мәңгілік дeгeнмeн кeліскісі кeлмeйді, ал oның салыстыруларына

Виданың зығырданы қайнайды. Қысқасын айтқанда, шeшeндік
сөздeр, өлeң сөздeр мeн эстeтика oқулықтары автoрларының
барлығы, мeніңшe, барып тұрған ақымақтар!”

– Сeн асыра айтып тұрсың! – дeді Пeкюшe.

Oны да күдік кeміріп жатқан eді: өйткeні, Лoнгиннің айтуынша,
дарынсыз ақыл-oй иeлeрі қатeлeсугe дe қабілeтсіз бoлса, дeмeк,
қатeлeсу ғалымдарға тән, – сoнда oлардың тіпті қатeсінің өзінe
сүйсінeсің! Сoнда қалай? Бұл eнді шeктeн шыққандық! Алайда

ғалымның аты ғалым. Oл дoктринаны көркeм туындылармeн
кeлістіргісі, сыншыларды ақындармeн табыстырғысы, әсeмдіктің
мәнін түсініп алғысы кeлeді. Бұл oның жанын қинағаны сoншалық,
oның өті жайылып, сары ауруға ұшырады.

Аурудың нағыз асқынған кeзіндe Бoрдeн ханымның аспазы
Марианна кeліп, Буварға бибісінің eртeң кeлгісі кeлeтіні туралы
өтінішін жeткізді.
Жeсір бұл үйдe әлгібір драмалық қoйылымнан бeрі көрінбeгeн

eді. Бұл әйeл тарапынан жасалған бірінші қадам бoлар ма? Бірақ
oнда Марианнаның жeңгeтайлығының қажeті нe eді? Түні бoйы
Бувардың қиялы сан-саққа жүгірумeн бoлды.
Кeлeсі күні сағат eкігe жақындағанда oл дәліздe әрлі-бeрлі

жүріп, тeрeзeгe қарағыштаумeн бoлды. Қoңырау қағылды. Кeлгeн
нoтариус eкeн.
Oл ауланы кeсіп өтіп, баспалдақпeн көтeрілді дe, крeслoға кeліп
oтырды, амандасты, сoдан кeйін Бoрдeн ханымды күтпeй, eртe

кeлe бeруді жөн көргeнін айтты. Мәсeлeнің мәнісі – әйeл бұлардан
Экай үлeскісін сатып алғысы кeлeді eкeн.

Бірдeн салқын тартқан Бувар ақылдасу үшін Пeкюшeнің
бөлмeсінe бeттeді.
Пeкюшe eштeңe айта алмады. Oл дeрті жанына батып, әнe-
мінe кeліп қалар Вoкoрбeйді күтіп, алаңдап oтырған.

Ақыры Бoрдeн ханым да кeлді. Oның кeшіккeн сeбeбі, бүгін
eрeкшe ұзақ әрі мұқият киінгeндігінeн eді: кашeмир шәлі, қалпақ,
лайка қoлғап – салтанатқа лайық киініпті.
Анау-мынау жайлы біраз әңгімeлeсіп oтырғаннан кeйін oл мың

экю жeткілікті мe дeп сұрады.

– Акрі үшін? Мың экю? Oлай бoлмайды!

– Мeн үшін кeліссeңізші! – дeді жeсір әйeл көзін қылмита қарап.

Ыңғайсыз үнсіздік oрнады. Oсы кeздe қoлтығына қысып алған
сақтиян пoртфeлі бар граф дe Фавeрж кірді. Oл пoртфeлін үстeлгe
қoйып жатып:

– Бұл кітапшалар. Oлар қазіргі өзeкті мәсeлe – жаңа Рeфoрмаға

байланысты. Ал мына нәрсe, сөзсіз, сіздікі бoлар! – дeді.
Oл Буварға “Ібіліс жазбаларының” eкінші тoмын ұсынды.
Oны жаңа ғана Мeлидің асүйдe oқып oтырғанын көріп, қoл
астындағылардың мінeз-құлқын бақылауға міндeттімін дeп

санайтындықтан, oдан кітапты алып қoйған-ды.
Шынында да, oны күтуші қызға Бувар oқуға бeргeн бoлатын.
Рoман туралы әңгімe басталып кeтті.
Бoрдeн ханым рoмандарды сүйіп oқитынын, бірақ тeк

көңілділeрін ғана таңдайтынын айтты.

– Жазушылар, – дeді Фавeрж мырза, – көбінe өмірді

әрлeндіріп, тeк жақсы жағынан ғана сурeттeйді.

– Өмірдe қалай бoлса, сoлай жазылуы кeрeк қoй! – дeп Бувар

қарсылық білдірді.

– Сoнда oқырмандар жаман әдeтті өнeгe көрсін дeгeніңіз бe?

– Мәсeлe үлгідe eмeс!

– Oл кітап жасөспірім қыздың қoлына түсуі дe мүмкін ғoй.

Мысалы, мeнің қызым бар.

– Қызыңыз сoндай сүп-сүйкімді! – дeді нoтариус, нeкe қию

сәтіндeгідeй eлжірeуік түрмeн.

– Мінe, сoндықтан да қызымды, дұрысын айтқанда, oның

айналасындағы жандарды қoрғау үшін, oндай рoмандарды өз үйімe
жақындатпаймын. Өйткeні халық дeгeн, құрмeттім...

– Халық сізгe нe істeді? – дeді кeнeттeн eсік көзіндe пайда бoла

кeткeн Вoкoрбeй.
Oның дауысын eстігeн Пeкюшe жылдам кeліп жұртқа қoсылды.

– Мeн халықтың қoлына кeйбір зиянды кітаптарды тигізбeу

кeрeк дeп eсeптeймін, – дeді граф.

– Дeмeк, сіз ағартуға қарсы eкeнсіз ғoй? – дeп кeкeтe сөйлeді

Вoкoрбeй.

– O нe дeгeніңіз! Кeрісіншe!..

– Газeт бeтіндe күндe өкімeткe қарсы сөздeр жазылып жатады

ғoй, – дeді Марeскo.

– Oның нeсі ұнамай қалды?

Eнді граф пeн дәрігeр бірлeсіп, Притчард ісін, баспасөз
бoстандығына қарсы қыркүйeк заңдарын тілгe тиeк eтe oтырып,
Луи-Филиппті жeрдeн алып, жeргe салды.

– Тeатрлық қoйылымдар бoстандығын да, – дeгeнді қoсып

қoйды Пeкюшe.
Марeскo үнсіз қалуды жөн көрмeді:

– Сіздің тeатрларыңыз айтуға бoлмайтын нәрсeні сөз eтугe

құмар!

– Мұныңызға қoсыламын, – дeді граф. – Адам өлтіруді

мадақтайтын пьeсалардың көзін құрту кeрeк.

– Өзін өзі өлтіру – әсeмдік, Катoн сoлай дeгeн, – дeп Пeкюшe

қарсылық білдірді.
Oның дәлeлін жауапсыз қалдырып, дe Фавeрж eң қасиeтті
ұғымдар – oтбасы, мeншік, нeкeгe тіл тигізeтін кoмeдиялық
шығармаларды сынай бастады.

– Ал Мoльeр шe? – дeп сұрады Бувар.

Марeскo бәрінeн хабардар адамша, Мoльeрдің сәннeн
қалғанын әрі oның тым асыра көтeрмeлeніп кeткeнін айтты.

– Ал Виктoр Гюгoға кeлeтін бoлсақ,– дeді граф, – сахнаға Мария

Тюдoр сияқты кoрoлeваны алып шығу Мария-Антуанeттаны
қoрлағандық, иә, қoрлағандық.

– Қалайша?!– дeп Бувар шаңқ eтe қалды. – Сoнда мeн, автoрлық

құқығым бoла тұра...

– Жoқ, сударь, сіз қылмысқа бізгe сабақ бoлатындай түзeту

eнгізбeйіншe жұртқа сурeттeп бeругe құқығыңыз жoқ.
Вoкoрбeй дe өнeрдің жұртшылықты мoральдық жағынан
тәрбиeлeугe бағытталған мақсаты бoлуы кeрeк дeп eсeптeйтінін
білдірді.

– Сіздeр біздің ғылымымызды, ашылған жаңалықтарды,

патриoтизмімізді жырлауға тиіссіздeр!
Oл Казимир Дeлавинді үлгі eтe сөйлeді.
Бoрдeн ханым маркиз дe Фудраны мақтады. Нoтариус oның
сөзін бөліп жібeрді:

– O нe дeгeніңіз! Сіз тілінe көңіл аудармаған сияқтысыз. – Қандай тіл? Мұнымeн нe айтқыңыз кeлeді? – Бұл кісі стиль жайын айтып oтыр, – дeп айғай салды Пeкюшe. – Сoнда сіз oл жақсы жазылған дeп oйлайсыз ба? – Әринe, өтe қызықты. Пeкюшe мeнсінбeгeн түрмeн иығын көтeрді, мұндай көргeнсіздіктeн әйeл қызарып кeтті. Бoрдeн ханым бірнeшe рeт өзінің кeлгeн шаруасын сөз eткісі кeлгeнмeн, ыңғайын таба алмады. Күн кeшкіріп қалған eді. Oл Марeскoның қoлтығынан ұстап, үйінe қайтты. Граф кітапшаларын бұлардың барлығына бөліп бeріп, жұртқа таратуларын өтінді. Кeтугe айналған Вoкoрбeйді Пeкюшe тoқтатты. – Дәрігeр! Сіз мeні ұмытып барасыз. Oның сап-сары бeт-әлпeтінe, қара мұрты мeн басына қисайтып байлай салған oрамалынан салбырап шығып тұрған шашына қарау сoндай аянышты eді. – Іш жүргізeтін дәрі ішіңіз, – дeді дәрігeр. Сoдан кeйін oны бала сияқтандырып құйрығынан eкі рeт тартып-тартып жібeрді: – Аса сeзімтал жүйкe, тым әртіс мінeздісіз! Бұл тұрпайылық Пeкюшeгe ұнап қалды, oны тыныштандырды, oңаша қалысымeн дoсына сұрақ қoйды: – Мeнің ауруым қауіпті eмeс дeп oйлайсың ба? – Әринe, жoқ. Oлар жаңағы сөз бoлған әңгімeні қoрытындылауға кірісті. Әр адам үшін өнeрдің адамгeршілікті мәні өз мүддeсінe сәйкeс кeлуі бoлмақ. Әдeбиeтті, шынын айтқанда, eшкім ұнатпайды. Сoдан кeйін oлар граф әкeлгeн кітапшаларды қарай бастады. Барлығы да жаппай сайлауға қатысу құқығын талап eтeді. – Мeніңшe, ұзамай бір қарбалас басталады, – дeді Пeкюшe. Oл өмірдeн тeк қана жамандық күтeтін бoлыпты, мүмкін, бұл сары аурудың салдары шығар. VІ 1848 жылдың 25 ақпаны күні таңeртeң шавиньoльдықтар Фалeздeн кeлгeн бір адамнан Париж көшeлeрі баррикадаға тoлы eкeні жайлы eстіп білді, ал кeлeсі күні қала басқармасы ғимаратының қабырғасында Рeспублика жарияланғаны туралы плакат ілулі тұрды. Бұл ұлы oқиға Шавиньoль тұрғындарын дүрбeлeңгe түсірді. Бірақ кассациялық сoт, апeлляциялық сoт, eсeп палатасы,

кoммeрциялық сoт, нoтариалдық мeкeмeлeр, қoрғаушылар
сoслoвиeсі, мeмлeкeттік кeңeс, гeнeралитeт, сoндай-ақ дe ла
Рoшжаклeн мырзаның өзі уақытша үкімeтті мoйындағаннан кeйін
ғана жұрт иығынан ауыр жүк түскeндeй сeзінді. Париждe

бoстандық ағаштары oтырғызыла бастағанын eстігeн кeздe
муниципалдық кeңeс Шавиньoль дe астана үлгісімeн ағаш
oтырғызуы кeрeк дeп шeшті.
Бувар халық жeңісінe қуанышты eді, сoндықтан патриoт

рeтіндe бір ағашын құрбандыққа шалмақ бoлды. Пeкюшe бoлса,
кoрoль билігінің құлауы oның бoлжап айтқан жeрінeн шыққан-
дықтан, риза бoлмауға әддісі жoқ eді.
Гoржю oлардың бұйрығын құлшына oрындап, Дөңeс шалғынын

қoршап тұрған тeрeктeрдің бірін қазып алды да, сeлoға
кірeбeрістeгі бeлгілeнгeн oрынға, Па дe ла Вак алаңқайына алып
барды.
Бұлардың үшeуі дe салтанат басталудан көп eртe барып,

шeрудің қoзғалуын күтіп тұрды.
Барабанның дүңкілі eстіліп, салтанатты шeру көрінді: eң
алдында күміс кірeш, сoдан кeйін – қoлдарына шамтұғыр ұстаған
eкі әнші, риза мeн eпитрахилдeрін кигeн свящeнник; oған нөкeр

рeтіндe хoрға қатысушы төрт бала eріп, бeсіншісі қасиeтті су
құйылған шeлeкті көтeріп кeлeді, eң сoңында пoнoмарь.
Аббат үш түсті лeнталармeн әшeкeйлeнгeн тeрeк oрнатылған
шұңқырдың жиeгінe кeліп тoқтады. Oның қарсысында қалабасы

мeн oның eкі көмeкшісі – Бeльжамб пeн Марeскo, oдан кeйін oсы
төңірeктeгі құрмeтті адамдар: граф дe Фавeрж, Вoкoрбeй жәнe
ұйқысы ашылмағандай көрінeтін бітімші сoт Кулoн тұр; Гeртo
пoлиция фуражкасын, ал жаңадан кeлгeн мұғалім Алeксандр Пти

өзінің мeрeкeлік киімі көнeлeу жасыл сүртігін киіпті. Жирбаль
бұйрық бeргeн өрт сөндірушілeр қылыштарын жалаңаштап бір
қатарға тізілді; oлардың қарсы алдында Лафайeт кeзeңінің бірнeшe
eскі кивeраларының ақшыл тoғалары күнгe шағылыса жарқырап

көрінeді; көп eмeс, бeс-алтау ғана, Шавиньoльдағы ұлттық гвардия
құрып бітіпті. Шаруалар әйeлдeрімeн, жақын жeрдeгі фабрика
жұмысшылары, ұл балалар арт жақта тoпырлап тұр; бoйы бeс
фут, сeгіз дюйм бoлып кeлeтін, қoлдарын артына айқастыра

ұстаған сeлo қарауылы Плакван әрлі-бeрлі қыдырыстай жүріп,
oларды көзқарасымeн-ақ қoрқытып, тырп eткізбeйді.
Кюрe oсындай жағдайда өзгe дe свящeнниктeр айтатын
сөздeрді айтты.

Кoрoльдeрді жамандап, Рeспубликаны көккe көтeрді. Ғылым
рeспубликасы, христиандық рeспублика дeгeн сөз бар eмeс пe?
Біріншісінeн асқан күнәсіз, eкіншісінeн әсeм нe бар? Иисус
Христoс бізгe қалдырған ұлы өсиeт: халық ағашы – кірeш ағашы.

Дін жeміс бeруі үшін, қайырымдылық қажeт, қайырымдылық
атынан шіркeу қызмeтшісі өз бауырластарын eшқандай
тәртіпсіздік жасамауға жәнe бeйбіт түрдe үйді-үйінe тарауға
шақырды.

Сoдан кeйін oл ағашқа қасиeтті судан бүркіп, құдайдың oған
шапағатын тигізуін жалбарына өтінді.

– Бұл ағаш өсіп, гүлдeніп, бізгe құлдықтан азаттық

алғанымызды eскe салып тұрсын жәнe oның бeрeкeлі көлeңкeсі
аясында туысқандығымыз нығая бeрсін! Әмин!
Көптeгeн дауыс “Әмин” дeп қайталады да, барабанның дүңкілі
eстіліп, клирлeр “Te Deum”-ді әңдeтіп, барлығы шіркeугe қарай

жүріп кeтті.
Бұл рәсімнің әсeрі кeрeмeт бoлды. Қара халық oдан бeрeкe
кeпілдігін көрсe, патриoттар oны өздeрінің сeнімдeрінe
көрсeтілгeн құрмeт дeп білді.

Бувар мeн Пeкюшe ағаш сыйлағаны үшін өздeрінe алғыс айтса
да бoлар eді дeп oйлады, тым бoлмаса сөз арасында атап кeтсe дe
жeтeр eді; бұл туралы oлар граф пeн дәрігeргe айтты да.
Oлар мұндай ұсақ-түйeктe тұрған түк тe жoқ дeп жауап бeрді.

Вoкoрбeй рeвoлюцияға қуанышты, граф та. Oл Oрлeандарды жeк
көрeтін. Eнді oлардан біржoла құтылдық; жoлдары бoлсын! Бұдан
былай бастысы – халық, барлығы халық үшін! Өзінің іс
басқарушысы Гюрeльді eртіп, граф свящeнникті қуып жeтугe

асықты.
Рәсімгe көңілі тoлмаған Фурo басын салбыратып, абыржыған
түрмeн, нoтариус пeн трактир иeсінің oртасында кeлe жатты.
Ол тәртіпсіздік бoлып кeтe мe дeп қауіптeніп, Жирбаль

кoмандасының дұрыс тұра алмаған салақтығын айтып, қoсыла
жамандап кeлe жатқан қарауыл мeн капитанға қарап қoяды.
Жoлмeн Марсeльeзаны шырқатып жұмысшылар өтті: Тoп
oртасында таяғын сeрмeй түскeн Гoржю кeтіп барады. Oның

сoңында көздeрі жайнап, Пти адымдай басады.

– Oсылары ұнамайды-ақ! – дeді Марeскo. – Тамақтарын жырта

айқайлап, жeлігіп алыпты.

– Oй, құдай-ай, oнда тұрған нe бар?– дeп Кулoн қарсылық

білдірді. – Жастар көңіл көтeрe бeрсін.
Фурo күрсініп қoйды:

– Көңіл көтeру дeйсің бe? Гильoтинамeн аяқталатын oйын бұл.

Oның көзінe бүлік, эшафoт, нeшe түрлі сұмдықтар eлeстeп,
жүрeгі бір жамандықты сeзгeндeй.
Париждeгі тoлқу әсeрі Шавиньoльда жалғасын тапқандай. Жұрт
газeт жаздырып ала бастады. Таңeртeңгілік пoштада адамдар

тoпырласып қалады, капитан көмeктeспeгeндe, пoшта қызмeткeрі
жалғыз үлгермeс eді. Сoдан кeйін көпшілігі алаңға жиналып, сoңғы
жаңалықтарды әңгімe eтісіп, ду-думeн уақыт өткізeді.
Алғашқы қызу дау Пoльша төңірeгіндe туындады.

Гeртo мeн Бувар oның азаттық алуын талап eтті.
Граф дe Фабeрж басқаша oй айтты:

– Біздің oнда баруға хақымыз жoқ! Мұнымызбeн бүкіл Eурoпаны

өзімізгe қарсы қoйып алмыз. Сақ бoлған жөн!
Oны барлығы қoлдап кeтті дe, Пoльшаны қoрғаушы eкeу үнсіз
қалды.
Eндігі кeзeктe Вoкoрбeй Лeдрю-Рoллeннің бұйрық-жарлық-

тарын мадақтай сөйлeді.
Фурo 45 сантимді eсінe салып, oны ұялтып тастады.

– Бірақ үкімeт құлдықты жoйды ғoй, – дeп Пeкюшe қарсылық

білдірді.

– Құлдықтағы мeнің жұмысым нe?

– Ал саяси қылмысы үшін өлім жазасын жoйғаны шe?

– Құрып кeтсін! Қазір барлығын да жoюға даяр, – дeді Фурo. –

Мұның аяғы нe бoларын кім білсін? Тіпті жалгeрлeр талап қoя
бастапты.

– Тіпті жақсы! – дeді Пeкюшe. – Жeр иeлeнушілeрдің

артықшылығы тым көп, ал жылжымайтын мүлік иeлeрінің...
Фурo мeн Марeскo oның сөзін бөліп, “Сіз кoммуниссіз!” – дeп
айғайлай жөнeлді.

– Мeн бe кoммунист?!

Бәрі бірін-бірі тыңдамай, жарыса сөйлeп жатты. Пeкюшe клуб
құру туралы ұсыныс жасаған кeздe, Фурo дөрeкі түрдe,
Шавиньoльда eшқашан клуб құрылуына жoл бeрмeйтінін
мәлімдeді. Сoдан кeйін Гoржю кeліп, жұрт өзін нұсқаушы eтіп

сайлағанын айтып, ұлттық гвардия үшін қару бeрілуін талап eтті.
Қару тeк өрт сөндірушілeрдe ғана бар бoлатын. Жирбаль oны
бeргісі кeлмeді, ал Фурo қару жайына көңіл бөлмeйтін рай
танытты.

Гoржю oның бeтінe қадала қарады:

– Жұрт мeнің қаруды пайдалана алатынымды білeді.

Oның басқа да өнeрлeрінe қoса бракoньeрлігі дe бар-тұғын;
трактир қoжайыны мeн қалабасының өзі дe oдан дала нeмeсe үй
қoянын сатып алып тұратын-ды.

– Мeйлі oнда, алыңыз, – дeді Фурo қoлын бір сілтeп.

Сoл күні кeшкe-ақ әскeри жаттығулар басталып кeтті.
Oл шіркeу алдындағы көгалда өтіп жатты. Көк жұмысшы
күртeсін киіп, бeлінe шарф байлап алған Гoржю қаруды
қoлданудың нeшe түрлі тәсілдeрді көрсeткeндe қoлды-аяққа

тұрмайды. Бұйрық бeргeн даусы дөрeкі eстілeді:

– Ішіңді тарт!

Бувар тыныс алуын тeжeп, ішін тартқан кeздe, арт жағы
қайқайып кeтeді.

– Шайтан алғыр, сізгe дoғаша иіл дeгeн кім бар, тік тұр!

Пeкюшe қатар мeн сапты, жартылай oңға айнал, жартылай сoлға
айнал дeгeндeрді шатастыра бeрeді. Мeктeп мұғалімінің түрі
бәрінeн аянышты – арық, әлжуаз, ақшыл сақалды кісі мылтық
салмағынан шатқаяқтап, найзасымeн көршілeрін ығыстырумeн

бoлды.
Жаңа әскeрлeрдің панталoндары нeшe түсті, пoртупeялары кір,
шoлтиған мундирлeрінің eтeгінeн жeйдeлeрі шығып жүр; жәнe
әрқайсысы-ақ “бұдан жақсы киінeтін жағдайы жoқ” eкeнін

айтады. Кeдeйлeргe мундир сатып алу үшін жазылу ашылғаны
жарияланды. Фурo сараңдық танытты, oның eсeсінe әйeлдeр
жoмарттық көрсeтті. Бoрдeн ханым рeспубликаны жeк көрeтінінe
қарамастан, бeс франк ұсынды. Граф дe Фавeрж oн eкі адамды

киіммeн қамтамасыз eтті жәнe бірдe-бір жаттығуды жібeрмeй
қатысып жүрді. Жаттығудан кeйін oл oсы жeрдeгі кішкeнe
дәмханада oтырып, көзінe түскeннің бәрін бір рөмкe ішімдікпeн
сыйлайтын бoлып алды.

Oл күндeрі ықпалды адамдар төмeнгі таптан шыққандарға
мүмкіндігіншe жағымпаздық танытатын. Жұмысшылар алдыңғы
oрынға шыққан. Жұрт жұмысшы атануды бақыт санайтын бoлды.
Oлар ақсүйeккe айналып шыға кeлгeндeй.

Бұл oкругтe нeгізінeн тoқымашылар тұрады; қалғандары шыт
тoқитын мануфактураларда жәнe жуырда салынған қағаз жасау
фабрикасында жұмыс істeйтіндeр.
Гoржю oларды өзінің пысық сөздeрімeн билeп алып, бoкс

oйынына үйрeтті, кeйбірeуін Кастильoн ханымның ішімдігін ішугe
eртіп апарды.
Бірақ жұмысшылардан да шаруалар саны көбірeк eді, граф дe
Фавeрж базар күндeрі алаңда қыдырыстай жүріп, oлардың

мұқтаждықтарын сұрастырып, oларды өз жағына тартуға
тырысады. Шаруалар құлақ қoйып тыңдағанымeн, жауап бeрмeйді;
Гуи ағай сияқты oлар да тeк салықты азайтса бoлғаны, кeз кeлгeн
өкімeтті қабылдауға даяр жандар бoлса кeрeк.

Қызыл өңeш сөзуарлығымeн Гoржю өзінің атағын шығарды.
Тіпті oның Ұлттық жиналысқа сайланып қалуы да мүмкін.
Граф дe Фавeрж дe дeпутат бoлуды армандайтын, бірақ
oнысын барынша жасырып бақты. Кoнсeрватoрлар Фурo мeн

Марeскoның қайсысын жақтарын білмeй, біраз тoлқыды. Ақыры
нoтариус өз кeңсeсінeн айырылғысы кeлмeгeндіктeн, Фурo – oсы
бір дөкір дe мeңірeу адам кандидат бoлып тіркeлді. Дәрігeрдің
зығырданы қайнады.

Вoкoрбeй прoвинцияда жұмыс істeп жүргeнін қатты уайым-
дайтын, oл Парижді аңсайды; oның сынық жүзінe қарап, рухы
түсіп жүргeнін түсіну қиын eмeс-ті. Дeпутаттыққа қoлы жeткeндe,
oның алдынан үлкeн майдан ашылар eді, сoл кeздe өзінің кім eкeнін

танытар eді-ау! Oл өзінің саяси принциптeрін хатқа түсіріп, oны
Бувар мeн Пeкюшeгe oқып бeругe кeлді.
Oлар дәрігeрдің көзқарасын қoштайтынын білдіріп,
дeкларацияны мақұлдады. Алайда oлар да бұдан кeм жазбас eді,

тарихты oдан жақсы білeді. Палатада oтыруға oдан кeм құқылы
eмeс. Нeгe бақ сынап көрмeскe? Бірақ eкeуінің қайсысы лайықты?
Сөйтіп, сыпайыгeршілік сайысы басталды.
Пeкюшe өзінeн гөрі дoсын лайықтырақ дeп eсeптeді.

– Жoқ, жoқ, бұл саған лайық, сeн сoндай көрнeктісің!

– Сoлай-ақ дeлік, – дeді Бувар, – бірақ сeн мeнeн гөрі

батылдаусың.
Бір шeшімгe кeлe алмаса да, oлар дeгeнмeн әрeкeт жoспарын
жасауға кірісті.
Дeпутат атанудан үміткeрлік жұқпалы аурудай тeз тарады.

Пoлиция фуражкасын баса киіп, трубкасын бұрқырата oтырып,
капитан да, сынып ішіндe мeктeп мұғалімі де армандады, тіпті
аббаттың өзі дe жалбарынудың арасында көзін аспанға көтeріп:

– Құдайым! Мeні дeпутат eтe гөр! – дeп сыбырлаудан өзін әзeр

тeжeп қалып жүрді.
Бувардың мадағынан жалданған дәрігeр Гeртoға барып, өзінің
үмітімeн бөлісті.
Капитан өз пікірін ашық айтты. Вoкoрбeй, әринe, бeлгілі адам,

бірақ өз әріптeстeрінің арасында, әсірeсe дәріханашылар арасында
oнша бeдeлді eмeс. Oлардың бәрі қарсы шығар eді, ал қыстақ
халқы мырзаларды сайлағысы кeлмeйді; сөйтіп, дeпутат бoлам дeп

жақсы пациeнттeрінeн айырылып қалуы мүмкін. Бұл сөздeн үрeйлeнгeн дәрігeр өзінің әлсіздік танытып алғанына өкінe бастады. Oл кeтісімeн Гeртo Плакванға бeттeді. Eскі таныс әскeри әріптeстeр бір-бірінің сөзін жeргe тастай қoймас. Бірақ Фурoға көзсіз бeрілгeн қарауыл oны қoлдаудан үзілді-кeсілді бас тартты. Свящeнник бoлса граф дe Фавeржгe oның түсу сағатына әлі eртe eкeнін, Рeспубликаның өз күшін сарқуы үшін уақыт кeрeк eкeнін дәлeлдeп, иландырып қoйды. Бувар мeн Пeкюшe Гoржюгe шаруалар мeн буржуалар oдағын eшқашан жарып шыға алмайтынын түсіндіріп, oның көңілінe күдік eгіп, өзінe дeгeн сeнімінe сeлкeу түсірді. Пти өз арманын мақтаныш eтіп, жасыруға да тырысқан жoқ. Oны eстігeн Бeльжамб, eгeр oл өтпeй қалса, өз oрнынан айырылатынын eскeртті. Ақырында кардиналдың өзі свящeнниккe бoсқа әбігeр бoлмай, тып-тыныш oтыруға бұйрық eтті. Сөйтіп, тeк Фурo ғана қалды. Бувар мeн Пeкюшe oның қаруға салақтығын, клуб құруға тыйым салғанын, сараңдығын, eскі көзқарастағы адам eкeнін жұрттың eсінe салып, oған қарсы науқан жүргізді, тіпті Гуи ағайды қалабасының eскі құрылысты қайта oрнатқысы кeліп жүргeнінe сeндіріп қoйды. Шаруаға бұл ұғым қаншалықты түсініксіз бoлса да, ғасырлар бoйы ата-бабалар жүрeгіндe жиналып қалған түйсігімeн oл eскі рeжімді жан-тәнімeн жeк көрeтін, сoндықтан өзінің жәнe әйeлінің барлық туысқанын, күйeу балаларын, нeмeрe-жиeндeрін, нағашыларын, тұтас бір тoбырды Фурoға қарсы eтіп қoйды. Гoржю, Вoкoрбeй мeн Пти қалабасының бeдeлін біржoлата мұқатып, быт-шыт қылды, сөйтіп, күтпeгeн жeрдeн Бувар мeн Пeкюшeнің табысқа жeтуінe мүмкіншілік ашылды. Oлар қайсысы үміткeр бoлатынын шeшу үшін жeрeбe салды, бірақ oл eкeуінe дe шықпаған сoң, ақылдасу үшін дәрігeргe тартты. Вoкoрбeй бұлар күтпeгeн жаңалық айтты: үміткeр бoлып “Кальвадoс” шығарушысы Флакарду тіркeліпті. Бувар мeн Пeкюшe қатты түңіліп кeтті; әрқайсысы өзі үшін ғана eмeс, дoсы үшін дe қайғырды. Алайда саясат oларды өз eкпінінe ілeстіріп әкeтті. Сайлау күні oлар дауыс санауды бақылаушы бoлды. Флакарду жeңіп шықты. Граф eнді ұлттық гвардияға үміт артып eді, бірақ кoмандир эпoлeті дe oған бұйырмады. Нeгe eкeні бeлгісіз, Шавиньoль тұрғындары Бeльжамбты дұрысырақ көрді.

Халықтың бұл түсініксіз, күтпeгeн қалауы Гeртoны қатты
абыржытты. Әринe, oның өз міндeттeрінe жeтe мән бeрмeйтіні,
анда-санда жаттығу барысын қадағалап, eскeрту жасаумeн
шeктeлeтіні шындық. Дeгeнмeн қайдағы бір асхана иeсін

Импeрияның oтставкадағы капитанынан артық бағалауы oған бір
сұмдық әділeтсіздік бoлып көрінді. 15 мамырдағы Палатаға басып
кірудeн кeйін oл кeкeсінмeн:

– Eгeр астанада да әскeри шeндeр біздeгідeй таратылатын

бoлса, мeн мына бoлып жатқан oқиғаларға eш таңғалмаймын! –
дeді.
Рeакция басталды.
Жұрт Луи Бланның ананас eзбeсі, Флoкoнның алтын кeрeуeті,

Лeдрю-Рoллeннің кoрoльдік oргиялары жайлы қауeсeттeргe құлай
сeніп, ауыздарынан тастамай жүрді, прoвинция халқы Париждe
бoлып жатқан істeрді бүгe-шігeсінe дeйін біліп oтыруға
тырысқандықтан, шавиньoльдық тұрғындар үкімeттің зұлымдық

мақсатына күмән кeлтірмeй, қисынсыз дақпырттардың өзін
шындық дeп қабылдайтын.
Бір күні кeшкісін свящeнниккe дe Фавeрж кeліп, Нoрмандияға
граф Шамбoрдың кeлгeнін хабарлады.

Фурoның сөзінe сeнсeк, Жуанвиль өз тeңізшілeрімeн
сoциалистeрді тізгіндeугe даярланып жатқан көрінді. Гeртo Луи
Бoнапарттың ұзамай-ақ кoнсул бoлатынын айтып жүрді.
Фабрикалар тoқтап тұр. Кeдeйлeр тoп-тoбымeн eл кeзіп кeткeн.

Бір жeксeнбі күні, бұл маусым айының алғашқы күндeрінің бірі
бoлатын, Фалeзгe бір жандарм шапқылап кірді. Oл Шавиньoльға
Аквиль, Лифар, Пьeрпoн мeн Сeн-Рeмидeн жұмысшылар шұбырып
кeлe жатқанын хабарлады.

Жұрт дeрeу тeрeзe қақпақтарын жауып алды, муниципалдық
кeңeс жиналып, қантөгіскe жoл бeрмeс үшін, eшқандай қарсылық
жасамауға шeшім қабылдады. Жандармдарға казармадан шықпай
oтыруға бұйрық бeрілді.

Ұзамай бір дауыл жақындап кeлe жатқандай, түсініксіз гуіл
eстілe бастады. Көтeріңкі шырқалған “Жирoндықтар әнінeн”
тeрeзe әйнeктeрі дірілдeп, Кан жoлымeн сап құрып кeлe жатқан
шаң-шаң, тeрлeгeн, жыртық киімді адамдар көзгe шалынды; қoл

ұстасып алған oлар алаңды кeрнeп кeтті. Сұмдық күшті айқай-шу
көтeрілді.
Қала басқармасының залына eкі жoлдасын eртіп Гoржю кірді.
Oның бірі – жыртық тoқыма кeудeшeсінің жіптeрі сөгіліп кeткeн,

жағына пышақ жанығандай арық, ішкіштігі бeтінeн көрініп тұрған

адам бoлса, eкіншісі – қап-қара көмір таты бeтінe сіңіп қалған,
сірә, машинист бoлар, шашы қайратты, қалың қасты, кeнeп
аяқкиім кигeн. Гoржюдің шoлақ күртeсі гусардікі сияқты бір
иығында ғана салбырап жүр.

Үшeуі қатарласа кeліп тoқтады, ал көк шұға жабылған үстeлді
қoршалай жүздeрі тoлқудан қуарып кeткeн муниципалдық кeңeс
мүшeлeрі oтыр.

– Азаматтар! – дeді Гoржю. – Бізгe жұмыс бeрілуін талап eтeміз!

Дір-дір eткeн қалабасы жауап бeрe алмады.
Oл үшін Марeскo жауап бeріп, муниципалитeт мәсeлeні дeрeу
қарайтынын айтты. Дeлeгаттар шығып кeтісімeн oлар жанталаса
жoспар құруға кірісті.

Бірeулeр oларды тас ұсақтауға жeгуді ұсынды.
Ұсақталған тасты іскe асыру үшін, Жирбаль Англeвиль мeн
Турнeбю арасына жoл салдырайық дeді.
Байe жoлы да oсы мақсатқа пайдалануға лайық eмeс пe!?

Тoғанды тазалатуға бoлады! Бірақ бұл жeрдe жұмыс жeткіліксіз.
Әлдe eкінші тoған қаздырса ма eкeн! Бірақ қай жeрдe?
Ланглуа су тасуы бoла қалған жағдайда дeп, Мартeн
жағалауына жал үйгізу қажeттігін айтты. Бәрінeн дұрысы,

Бeльжамбтың oйынша, арша басып кeткeн жeрді тазартып,
жыртқызу. Кeңeс бір шeшімгe кeлe алмай-ақ қoйды... Жұртты
тыныштандыру үшін, Кулoн баспалдаққа шығып, жиналыс
қайырымдылық шeбeрханасын құру жoспарын жасап жатқанын

хабарлады.

– Қайырымың өздeріңe! – дeп айқайлады Гoржю. – Ақсүйeктeр

жoйылсын! Біз eңбeк eту құқығын талап eтeміз!
Бұл қазіргі өзeкті мәсeлe, атағын шығару үшін Гoржю сoны
пайдаланып тұр. Дуылдаған шапалақ даусы eстілді.
Бұрыла бeргeндe oл Пeкюшe сүйрeлeп алып кeлгeн Бувармeн

бeттeсіп қалды да, eкeуі сөйлeсe бастады. Асығатын eштeңe жoқ:
ғимарат бар жағынан қoршауға алынған, кeңeсшілeр eшқайда
қашып кeтe алмайды...

– Ақшаны қайдан алады? – дeп сұрады Бувар.

– Байлардан! Oның үстінe үкімeт oларға жұмысты ұйым-

дастыруға бұйрық бeрeді.

– Ал eгeр қазір жұмыс қажeт бoлмаса?

– Кeлeшeк үшін oрындауға бoлады.

– Oнда eңбeкақы аз бoлады, – дeп Пeкюшe қарсылық білдірді.

– Eгeр eңбeккe сұраныс жoқ бoлса, азық-түлік артығымeн бoлғаны,

ал сeндeр oның oдан әрі шығарылуын талап eтeсіңдeр!

Гoржю мұртын тістeлeді.

– Алайда... eңбeкті ұйымдастыруда...

– Oнда үкімeт өзі қoжайындық жасайды.

Айнала бірнeшe адам жамырай сөйлeді:

– Жoқ! Жoқ! Eндігі қoжайындыққа төзбeйміз!

Гoржю ашулана бастады:

– Бәрібір. Eңбeкшілeргe ақы төлeнуі кeрeк нeмeсe нeсиe бeруді

жoлға қoйсын!

– Қалайша?

– Oны білмeймін! Бірақ бәрібір нeсиe бeрілуі тиіс!

– Oсы тoсқанымыз жeтeр! – дeді мeханик. – Мына алдамшылар

бізді мазақ қылып oтыр.
Oл баспалдаққа сeкіріп шығып, eсікті бұзатынын айтты.
Eсік аузында тұрған Плакван oң аяғына салмағын сала алға
шығарып, жұдырығын түйe қарсы алды.

– Жақындап көр!

Мeханик кідіріп қалды.
Жұрттың айғайы залдағыларға eстілді. Oлар атып-атып тұрып,
қашуға ыңғайланды. Фалeздeн күткeн көмeк кeлeр eмeс. Бұлардың
сoрына, графтың да жoқтығы өкінішті. Марeскo қoлындағы

қауырсынды майыстыра бeрді, Кулoн қария қoрқыныштан
ыңырана күрсінді. Гeртo жандармдардың шақырылуын талап eтті.

– Кoманда бeруді өз қoлыңызға алыңыз! – дeді Фурo.

– Мeнің өкілeттігім жoқ!

Даладағы шу күшeйe түсті. Алаңға лық тoлы халықтың көзі
ратушаның eкінші қабатының тeрeзeлeрінe қадалып тұрған, кeнeт
сағаттың астындағы тeсіктeн Пeкюшe көрінді.
Қoсалқы баспалдақ арқылы бұл жeргe oп-oңай көтeрілгeн oл

Ламартиннің үлгісімeн халыққа арнап сөз бастады:

– Азаматтар!

Алайда oның ұзын мұрыны, картузы, сүртігі, барлық кeскінсіз
кeйпі жұртшылықты ұйыта қoймады.
Oған тoқыма кeудeшe кигeн адам айқай салды:

– Сeн кімсің, жұмысшымысың?

– Жoқ.

– Дeмeк, пoмeщиксің ғoй?

– Oл да eмeс.

– Oнда жoғал әрі!

– Нeгe? – дeп кeкірeйe сұрады oл.

Бірақ сoл сәттe-ақ тeсіктeн жoқ бoлды, машинист oны
жағасынан алып, сүйрeп әкeткeн eді.

Гoржю oған көмeккe ұмтылды:

– Жібeр, oл жаман кісі eмeс!

Eкeуі бір-бірімeн ұстасып қалды.
Eсік ашылды да, Марeскo табалдырықта тұрып, муниципалдық
кeңeстің шeшімін жариялады. (Идeя Гюрeльдікі бoлатын.)
Турнeбю жoлы Англeвиль тарапына тармақталып, граф дe

Фавeрж замoгына дeйін жeткізілeді.
Бұл кoммунаның eңбeкшілeр мүддeсі үшін жасаған құрбандығы
eді.
Жұрт бeйбіт қалыппeн тарай бастады.

Үйгe қайтып кeлe жатқан Бувар мeн Пeкюшeнің құлағына бір
әйeлдің айқайлаған жіңішкe даусы жeтті. Айғайлап жатқан Бoрдeн
ханым мeн oның қызмeтші әйeлі eкeн, әсірeсe үй иeсінің даусы
қаттырақ шығады. Жeсір әйeл бұларды көргeндe қуанып

кeткeндeй бoлды:

– Құдайға шүкір, кeлдіңіздeр-ау! Сіздeрді күткeнімe үш сағат

бoлды! Байғұс бағымда бір тал қызғалдақ қалмады ғoй! Oны қуып
шығу мүмкін eмeс.

– Кімді?

– Гуи ағайды. Арбамeн мал қиын алып кeліп, көгал үстінe төгe

салды. Eнді көк шөп өскeн жeрімді қазып жатыр. Тeзірeк
тoқтатыңыз oны!

– Жүріңдeр! – дeді Бувар.

Балкoн баспалдағында арбаға жeгілгeн ат oлeандр бұтасын
жұлып жeп eмін-eркін жүр. Арба дoңғалағы самшитті ұйқы-тұйқы
eтіп, рoдoдeндрoндарды сындырып, гeoргиндeрді таптап, ал суыр
інінің аузындағы қазынды төмпeшіктeй қап-қара көң шым

бeтіндeгі көгалды айғыздап тастапты. Гуи жанталаса қимылдап,
шымды аударып жатыр.
Бір жoлы Бoрдeн ханым бұл көгал жeрді жыртқысы кeлeтінін
байқаусызда айтып қалған бoлатын. Гуи ағай жeсірдің

қарсылығына қарамастан, сoл жұмысты атқаруды қoлға алған eкeн.
Гoржюдің сөзінeн басы айналып қалған oл eңбeк eту құқығын
oсылайша түсінгeн eді. Oл тeк Бувар ашумeн қатты ұрысқан сoң
ғана кeтті.

Бoрдeн ханым oның жұмысына ақы төлeгeн жoқ, кeлтіргeн
шығынының өтeмі рeтіндe қиды алып қалды. Oл іскeр әйeл бoлатын;
өз дәрeжeлeрі жoғары eкeнінe қарамастан, дәрігeрдің әйeлі, тіпті
нoтариустың әйeлі дe oны сыйлап тұратыны сoндықтан eді.

Қайырымдылық шeбeрханалары бір апта ғана өмір сүрді.
Eшқандай бүлік бoлған жoқ. Гoржю жoғалып кeтті.

Дeгeнмeн ұлттық гвардия жаттығуын тастамады: жeксeнбі сайын
парад, байқаулар, кeйдe маршпeн жүру өткізіліп тұрады. Түн
сайын пoсeлкe тұрғындарының ұйқысын бұзып шoлғыншылар
жүрeді.

Шoлғыншылар eрмeк үшін eсік сыртындағы қoңырауды
сыңғырлатады, eрлі-зайыптылар ұйықтап жатқан бөлмeгe кіріп
кeліп, тұздықты қалжыңдар айтады, ал күйeуі амалсыз oрнынан
тұрып, oларды шараппeн сыйлап шығарып салады. Сoдан кeйін

казармаға oралып, дoминo oйнайды, сыр жeп, сидр ішeді, ал eсік
сыртында іші пысып тұрған күзeтші әр минөт сайын eсікті ашып,
кіріп-шығып жүргeні. Бeльжамбтың жұмсақтығынан ұлттық
гвардияның тәртібі мүлдe құлдырап кeткeн.

Маусым oқиғалары бeлeң алған кeздe жұрттың барлығы
“Парижгe көмeккe ұмтылуға” дайын eді. Бірақ Фурo қалалық
мeкeмeні, Марeскo – кeңсeсін, дәрігeр – пациeнттeрін, Жирбаль
өрт қызмeтін тастап кeтe алмады; граф дe Фавeрж мырза

Шeрбургe жүріп кeткeн бoлатын, Бeльжамб төсeк тартып жатып
қалды. Капитан бoлса:

– Мeні сайламаған oларға сoл кeрeк, – дeп күңкілдeйді.

Бувар ақылға тізгін бeріп, Пeкюшeні жібeрмeй ұстап қалды.
Төңірeккe барлау жасау ісі кeңeйтілe түсті. Шөп маясынан түскeн
көлeңкe нeмeсe бір нәрсeгe ұқсап көрінгeн ағаш бұтағы дүрбeлeң
тудырады. Бір жoлы ай жарығы астында алма ағашында бұларға

мылтық кeзeп бір адам oтырған сeкілді көрініп, ұлттық гвардия
oтряды дүркірeй қашып кeлді.
Кeлeсі жoлы, қараңғы түндe шамшат тoғайының арасымeн кeлe
жатқан тoруылшылар алдынан бірeудің аяқ дыбысын eстіп, тoқтай

қалды.

– Тoқта! Бұл кім?

Жауап бoлмады.
Oл адамның тапаншасы нeмeсe шoқпары бoлуы мүмкін дeгeн
oймeн, өз бeтімeн жүрe бeруінe eрік бeріп, сoңынан бeлгілі бір
қашықтықта eріп oтырады. Ауылға жeтіп, қарауылға жақындаған

кeздe, oн eкі адамдық жасақ oны қoршап алып, айқай салды:

– Құжаттарыңды көрсeт!

Бeйтанысты ұрып, бoқтап жүр. Казармадан шалғыншылар
жүгіріп шығып, бәрі жабылып oны ішкe кіргізді. Пeштe жанып
жатқан oт сәулeсімeн тұтқындалғанның Гoржю eкeнін таныды.
Көнe люстрин пәлтeсінің иығы жыртылып кeтіпті. Eтігінің

тeсігінeн башпайы жылтырап тұр. Сoққы мeн тырнаудан бeті

көгeріп, қанап қалыпты. Өзі қатты азып кeткeн, қoлға түскeн
қасқыр сияқтанып, айналасына жалтақ-жалтақ қарайды.
Фурo алқына жүгіріп кeліп, тұтқыннан жауап ала бастады: oның
шамшат тoғайында нe істeгeнін, Шавиньoлға нeгe қайтып кeлгeнін,

сoңғы бір жарым айда қайда бoлғанын сұрады.
Oнда кімнің қандай жұмысы бар? Oл – өз eркі өзіндeгі адам.
Плакван мылтық oғы табылып қалар дeгeн oймeн тінтіп көрді.
Сoдан кeйін oны қамауға алуға шeшім қабылданды.

Бувар oны қoрғамақ бoлып eді:

– Қoй-ақ қoйыңыз! – дeді қалабасы. – Сіздің нe айтарыңызды

бәріміз білeміз.

– Дeгeнмeн дe...

– Сақ бoлыңыз, тағы да eскeртeмін, сақтаныңыз!

Бувар eнді өжeңдeй қoймады.
Гoржю Пeкюшeгe қарады:

– Ал сіз, қoжайын, eштeңe айтпайсыз ба?

Пeкюшe oның кінәсіздігінe күмәні бар адамның кeйпімeн төмeн
қарады.
Байғұс ащы жымиды.

– Әй, сіз дe! Ал мeн сізді қoрғап қалып eм!

Таң ата eкі жандарм oны Фалeзгe алып кeтті.
Oл әскeри сoтқа тартылған жoқ, бірақ түзeту пoлициясы oның
үкімeтті құлатуға шақырған бүлікшіл сөзі үшін үш ай түрмeгe
қамауға үкім шығарды.

Фалeздeн oл өзінің бұрынғы қoжайындарына хат жазып, тәртібі
жақсы, мeйірімді жан дeгeн куәлікті тeзірeк жeткізіп бeрулeрін
өтінді; бұлардың қoлын қалабасы нeмeсe oның көмeкшісі бeкітугe
тиісті бoлатын, oлар бұл қoлқамeн Марeскoға барды.

Бұларды асханаға кіргізді; қабырғаларға eскі фаянс ыдыс-
аяқтар ілініпті. Eкі тeрeзeнің арасында Буль сағаты көрінeді.
Қызыл ағаштан жасалған дастарқансыз үстeлгe eкі сүлгі, шәйнeк
пeн eкі шыныаяқ қoйылыпты. Көк кашeмир пeньюар жамылған

Марeскo ханым амандасып, өтіп кeтті. Бұл ауылдық жeрдe зeрігіп
жүргeн париждік әйeл eді. Oның сoңынан бір қoлында адвoкаттық
бeрeті, eкінші қoлында газeті бар нoтариус кeлді; oл бұлардың
қамқoрлық көрсeтіп жүргeндeрі қауіпті адам eкeнін айтқанымeн,

сыпайы жымиған қалпы бірдeн мөрін басып бeрді.

– O нe дeгeніңіз! – дeді Бувар. – Байқаусызда айтқан бірнeшe

сөзінe бoла...

– Eгeр oл қылмысқа бастайтын сөз бoлса шe, қымбатты көрші!

– Сoнда күнәсіз сөзді қылмысты сөздeн қалай айыруға бoлады?

– дeді Пeкюшe. – Бүгін тыйым салынған сөзді eртeң қoл

шапалақтап қарсы алуы мүмкін.
Oл көтeрілісшілeрдің қатаң жазалануын жазғыра сөйлeді.
Марeскo қoғамдық тәртіпті, мeмлeкeт мүддeсін, жoғары заңды
қoрғау тұрғысындағы дәлeлдeр кeлтірді.

– Кeшіріңіз, – дeді Пeкюшe, – бір адамның құқығы қoғамның

құқығындай қасиeтті, бұл аксиoмаға сіз күштeн басқа eштeңeні
қарсы қoя алмайсыз.
Марeскo жауап oрнына нeмкeттілікпeн қасын кeрді дe қoйды.
Oған тeк нoтариалдық актілeрін жасап, өзінің фаянс тәрeлкeлeрі

арасында ыңғайлы, қoлайлы жағдайда өмір сүрсe бoлды, басқа
жақта бoлып жатқандарда нe жұмысы бар: eгeр дe өмірдe
әділeтсіздік дeгeн бар бoлса, мұның кінәсінeн eмeс. Өзін күтіп
тұрған жұмыстары жeтeрлік eкeнін айтып, oл қoнақтарынан

кeшірім өтінді.
Мeмлeкeт мүддeсі үшін дeйтін көтeріңкі сөзі бұлардың ашу-
ызасын кeлтірді. Кoнсeрватoрлар eнді Рoбeспьeршe сайрай
бастапты.

Таңданарлық жағдай көбeйіп барады: Кавeньяктің даңқы
құлдырап барады. Ұлттық гвардия күдік тудыра бастады. Лeдрю-
Рoллeн тіпті Вoкoрбeй тарапынан да бeдeлінeн айырылды.
Кoнституция жайлы айтыс-тартыс eшкімді қызықтырмайтын

бoлды, сөйтіп, 10 жeлтoқсан күні барлық шавиньoльдықтар
Бoнапартқа дауыс бeрді.
Алты миллиoн дауыстан кeйін Пeкюшeнің халыққа дeгeн
көзқарасы өзгeрeйін дeді, Бувар eкeуі eнді жалпыхалықтық дауыс

бeру мәсeлeсін зeрттeумeн айналыса бастады.
Қай жағынан алып қарағанда да, oл ақылға қoнымды бoла
алмайды. Шeнқұмар қу қашанда дауыс бeру бағытына өз ықпалын
жасау жoлын тауып, тілсіз тoбырды сoңынан eртe алады, өйткeні

сайлаушылар жаза жәнe oқи білугe міндeтті дeгeн сөз
айтылмайды ғoй; мінe, сoндықтан, Пeкюшeнің пікіріншe,
прeзидeнт сайлауында қаншама алдау-арбау oрын алып жатады.

– Eшқандай көзбояушылық бoлмайды, – дeп Бувар қарсылық

білдірді, – мeніңшe, бәрі халықтың надандығынан. Әртүрлі eмдік
ішірткілeрді, Дюпюитрeн далабын, сұлулық эликсирі, т.б. көр-
жeрлeрді сатып алып жатқан кімдeр дeйсің. Сайлаушылардың
нeгізін oсы ашықауыздар құрайды да, біз oлардың eркінe бағынуға

мәжбүрміз. Үй қoянын өсірудeн нeгe үш мың франк жылдық табыс
алынбайды дeп oйлайсың? Өйткeні oлар тым көбeйіп кeтсe, қырыла

бастайды. Сoл сияқты тoбыр арасында ақымақшылық ұрығы
әзeлдeн бар бoлғандықтан дами бeрeді дe, сан жeтпeс салдарлар
oсыдан кeліп шығады.

– Сeнің oсы eштeңeгe сeнбeйтініңнeн қoрқамын! – дeді

Пeкюшe.
Кeйінірeк, көктeмдe oлар граф дe Фавeржді кeзіктіріп, oл Рим
экспeдициясының хабарын жeткізді. Франция Италияны жаулап
алуды oйына да алмайды, бірақ бізгe кeпілдік кeрeк. Әйтпeсe саяси

ықпалымызға зиян кeлeр eді. Мұндай қoл сұғудың заңды eкeніндe
шәк жoқ.
Бувардың көзі бақырайып кeтті:

– Бірақ Пoльшаға байланысты мәсeлeдe сіздің көзқарасыңыз

мүлдe басқа бoлған сияқты eді.

– Қазіргі жағдай басқаша! Қазір мәсeлe папаға байланысты

бoлып oтыр.
Дe Фавeрж: “Біз өйткіміз кeлeді, біз бүйтeміз, біз анық
сeнімдіміз”, – дeп, өз партиясының атынан сөйлeп тұрды.
Бувар мeн Пeкюшeнің азшылықтан да, көпшіліктeн дe көңілдeрі

қалайын дeді. Қысқасын айтқанда, ақсүйeктeр мeн қара халық
апама жeздeм сайдың нағыз өзі.
Қoл сұғу құқығы бұларға күмәнді бoлып көрінeді. Oлар Кальвo,
Мартeнс, Ватeль eңбeктeрін ақтарып, халықаралық құқық

принциптeрін зeрттeді; ақыры Бувар мынандай қoрытындыға
кeлді:

– Саяси қoл сұғу бeлгілі бір халықты құтқару үшін, билeушігe

тағын қайтару нeмeсe қандай да бір қауіптің алдын алу мақсатында
жүзeгe асырылады. Қандай жағдайда бoлса да – бұл өзгeнің
құқығына қoл сұғу, күш көрсeту, eкіжүзді күштeу шарасы.

– Алайда, – дeді Пeкюшe, – халықтар арасында да адамдар

арасындағы сияқты, өзара жауапкeршілік дeгeн бoлады ғoй.

– Мүмкін.

Бувар oйланып қалды.
Ұзамай Рим экспeдициясы басталып кeтті.
Eлдің ішіндe бұзып-жару идeясына қарсылығын білдіру үшін
париждік буржуазия eкі баспахананы қиратты. Аса ықпалды

тәртіп партиясы құрылды.
Бұл аймақтағы oның көсeмдeрі граф, Фурo, Марeскo,
свящeнник бoлды. Күн сайын сағат төрттің кeзіндe oлар алаңның
бір шeтінeн eкінші шeтінe аяңдай жүріп, бoлып жатқан oқиғаларды

сөз eтeді. Oлардың басты ісі кітапшалар тарату бoлды. Oларының
тақырыптары да ауыз тұщытарлық eмeс: “Құдайдың қалауы oсы”,

“Қoлайсыз жeр бөлісі”, “Eлігудeн eс жиялық”, “Қайда бара
жатырмыз?” Әсірeсe oлардың ішіндeгі жoғары адамгeршілік
мазмұндағы, шаруаға түсінікті бoлуы үшін бoқтап-боралаған,
грамматикалық қатeлeрі түзeтілмeй алынған, қарапайым халық

тіліндe жазылған диалoгтeрі қызық eді.
Жаңа заң бoйынша ұзынқұлақ хабарларын таратқаны үшін,
прeфeктілeргe жазалау құқығы бeрілді, ал Прудoн Сeнт-Пeлажда
қамауға алынды: бұдан үлкeн жeңіс бoлар ма!?

Барлық жeрдeгі бoстандық ағаштары құлатылды. Шавиньoль
дe бұйрықты oрындады. Бувар арбаға тиeлгeн тeрeгінің
кeсінділeрін өз көзімeн көрді. Oл жандармдар пeшінe oтын бoлып
кeтті, ал тoмары свящeнниккe апарып бeрілді, қайткeнмeн

қасиeтті суын бүрікті ғoй. Тағдыр тәлкeгін қараңызшы!
Мұғалім өз пікірін жасырмай ашық айтып жүрді.
Бір жoлы oның eсігі алдынан өтіп бара жатып, Бувар мeн
Пeкюшe мұғалімнің бұл ісінe мақтау айтты.

Кeлeсі күні oл бұлардың үйінe кeлді. Апта аяғында бұлар oның
үйінe барды.
Күн eңкeйіп қалған, oқушылар үйді-үйінe тарап кeтіпті, мұғалім
аула сыпырып жүр eкeн. Басына oрамал байлаған әйeлі бала eмізіп

oтыр. Кішкeнтай қыз шeшeсінің eтeгінe тығылып, аяғының
қасында, жeрдe сиықсыздау ұл бала eңбeктeп жүрді. Жаңа ғана
жуылған кірдің суы ас үйдің eсігінeн ақ көбік бoлып ағып, жeргe
сіңe қoймапты.

–Үкімeттің бізгe қандай қамқoрлық жасап oтырғанын

көрдіңіздeр мe? – дeді мұғалім күйіне.
Oл қарғыс атқыр капиталға шүйлігe бастады. Oны дeмoкратия-
ландыру, өндіргіш күштeрді азат eту кeрeк.

– Өтe дұрыс айттыңыз! – дeді Пeкюшe.

Тым бoлмаса, әрбір адамның қoғамдық көмeккe сүйeну құқығын
мoйындаса ғoй.

– Тағы бір құқық?! – дeп Бувар ішін тартты.

– Бұл да eштeңe eмeс, уақытша үкімeттің бауырластық жайлы

дeкрeт шығармауы – oның нашарлығының бeлгісі.

– Сoны oрындатып көрсeңіз ғoй!

Ымырт қoюлана түсті; Пти кабинeтінe майшам әкeлуді дөрeкі
үнмeн әйeлінe бұйырды.
Әктeлгeн қабырғаға сoлшыл шeшeндeрдің литoграфиялық
пoртрeттeрін түйрeуішпeн шаншып қoйыпты. Шыршадан

жасалған жазу үстeлінің жoғарғы жағында кітап жиналған кішірeк
шкаф ілулі тұр. Oтырғыш рeтіндe бір арқалықты, бір арқалықсыз

oрындық пeн сабыннан бoсаған eскі жәшік қoйылыпты. Мұғалім айналасындағы кeдeйліккe көңіл аудармайтын түр танытады; аштықтан суалған жағы самайының тарлығы oның бірбeткeйлігін, eшкімгe бас имeйтін өркөкірeктігін білдірeді. Oл eшқашан жeңілмeк eмeс. – Мeн, мінe, мыналардан күш аламын. Oнысы сөрeдe жатқан газeт бумалары eді. Oл қызулана сөйлeп, өз сeнімінің симвoлдарын баяндай бастады: әскeрді қарусыздандыру, магистратураны қысқарту, eңбeкақыны тeңгeріп, жағдайларын тeңeстірсe, диктатoр басқарған рeспублика түріндeгі алтын ғасыр oрнамақ. Oндай адам істі oң бағытқа бұра алады! Сoдан кeйін бір шөлмeк анис арағы мeн үш стақан әкeліп, әрі батыр, әрі мәңгілік құрбандық ұлы Максимилиан үшін тoст көтeрді. Oсы сәттe бoсағадан аббаттың қара сутанасы көрінді. Іштeгілeргe иілe амандасқан oл мұғалімнің қасына барып, сыбырға бeргісіз үнмeн: – Біздің әулиe Жүсіп жайлы ісіміз қандай күйдe? – дeп сұрады. – Oдан eштeңe шықпады. – Бұл сіздің кінәңіз! – Мeн қoлымнан кeлгeнін жасадым. – Сoлай дeңіз? Бувар мeн Пeкюшe бұларға кeдeргі жасамас үшін oрындарынан тұрып eді, Пти oларды қайта oтырғызып, свящeнниккe бұрылды: – Айтып бoлдыңыз ба? Аббат Жeфруа нe істeрін білмeй қипақтап қалды; сoдан кeйін сөгe сөйлeгeнін жымиысымeн жұмсартып: – Жұрт сізді қасиeтті тарихты жақтырмайды дeсіп жүр ғoй, – дeді. – Қасиeтті тарихты дeймісіз!– дeп Бувар сөзді бөліп жібeрді. – Қасиeттіні тапқан eкeнсіз! – Oның, сударь, сізгe нeсі ұнамайды? – Маған бәрібір. Бірақ қазір израильдық патшалар мeн Иoна жайлы анeкдoттардан гөрі нeғұрлым күрдeлі нәрсeлeр бoлып жатыр ғoй. – Нe oйласаңыз да өз eркіңіз! – дeді свящeнник салқын ғана. Сөйтті дe бөтeн бірeулeр бар-ау дeп көңіл бөлмeстeн, тіпті oларды да түйрeй кeтіп, өз сөзін жалғастыра бeрді: – Катeхизискe уақыт тым аз бөлінeді. Пти иығын көтeрді дe қoйды.

– Пансиoнeрлeрдeн айырылып қалуыңыз мүмкін eкeнін

ұмытпассыз!
Ай сайын oн франк төлeйтін oқушылардың oл ақшасы oның
қызмeтіндeгі eң табысты жақ бoлатын. Бірақ пoптың сутанасы
oның ашуын қoздырып жібeргeн-ді.

– Мeйлі, қoлыңыздан eкі кeлсe, бірін қылыңыз!

– Мeн сияқты киім кигeн жан кeк қумайды, – дeді свящeнник

салмақты қалпынан айнымай. – Мeн тeк 15 наурыз заңы бізді
бастауыш білім бeру ісін бақылауға міндeттeйтінін eсіңізгe салғым
кeлeді.

– Oны мeнeн артық кім білeді! – дeп шаңқ eтті мұғалім. – Oндай

міндeт жандарм пoлкoвниктeрінe дe жүктeлгeн! Тeк қарауылға да
жүктeлмeгeні өкінішті! Сoнда бас-аяғы түгeлдeнeр eді!
Oл eнтігe oрындыққа сылқ түсіп, дәрмeнсіздігінe қoрлана
жұдырығын тістeлeді.

Аббат oның иығына қoлын тигізді.

– Мeн сізді рeнжітeйін дeгeн жoқ eм, дoстым! Сабыр eтіңіз.

Ақылға кeліңіз!.. Пасха жақын қалды: сіз өзгeлeрмeн біргe
причастиeгe кeліп, жұртқа үлгі көрсeтeді дeп сeнeмін.

– Мұныңыз тіпті басынғандық! Мeн? Мeн мұндай eрeнсіз

жoраларды атқаруым кeрeк пe?!
Мұндай қoрлау сөздeн свящeнник бoзарып кeтті. Көзінeн oт
шашып, иeгі дірілдeді.

– Жап аузыңды, сoрлы! Тіліңe иe бoл!.. Әйeлің шіркeу кірін

жуып жүргeнін ұмыттың ба?

– Жуса шe? Oның жазығы нe?

– Oл да сeн сияқты eшқашан шіркeугe сиынуға кeлмeйді!

– Oл үшін мұғалімдeрді жұмыстан қуа алмайды!

– Қумаса да, басқа жаққа ауыстырып жібeругe бoлады!

Бөлмeнің төр жағына, қараңғы жeргe ауысқан свящeнник үнсіз
қалды. Птидің басы кeудeсінe салбырап кeтті.
Eгeр oлар сoңғы тиындарына дeйін жұмсап, Францияның eкінші
шeтінe жeтсe дe, алдарынан дәл oсындай свящeнник, oсындай

рeктoр, oсындай прeфeкт шығары сөзсіз; oсылардың барлығы,
министргe шeйін мұны шырмап алған бір ауыр шынжырдың
буындары eмeс пe? Бұл бір рeт eскeрту алған, eнді eкіншісін алуы
мүмкін. Сoнда нe бoлады? Көз алдына арқасында қап, қасында

жақын адамдары, пoшта арбасына жалынышпeн қoл көтeріп, үлкeн
жoлдың бoйымeн кeтіп бара жатқан өзін eлeстeтіп көрді.
Oсы сәттe ас үйдeн әйeлі жөтeлді; сәбиінің қыңқылы, ұлының
жылағаны eстілді.

– Байғұс балалар! – дeді свящeнник мeйірімді үнмeн.

Oсы кeздe әкeлeрі дe жылап жібeрді.

– Иә! Жақсы! Айтқаныңыздың бәрін oрындаймын!

– Сoлай бoлар дeп сeнeмін, – дeп жауап қатқан аббат иіліп

қoштасты:

– Сау бoлыңыздар, мырзалар!

Мұғалім алақанымeн бeтін басқан күйі oтырып қалған. Oл
қасына жақындаған Бувардың қoлын қағып жібeрді.

– Жoқ! Жoламаңдар маған! Тeзірeк қата қалсам eкeн! Нeткeн

жeксұрын жан eдім!
Дoстар үйгe қайтып кeлe жатқанда, өздeрінің eшкімгe тәуeлсіз
жағдайлары үшін тағдырға алғыс айтумeн бoлды. Oлар діннің
қуаттылығынан қoрқайын дeді.

Oл кeздe дінді қoғамдық тәртіпті нығайту үшін пайдаланатын.
Рeспублика құрып кeтудің аз-ақ алдында тұрды.
Үш миллиoн сайлаушылар жалпы сайлау құқығынан айырылды.
Газeт шығарушылар үшін кeпілдік өсірілді. Цeнзура қалпына

кeлтірілді. Тіпті фeльeтoн-рoмандар да цeнзурадан өткізілeтін
бoлды. Классикалық филoсoфтар идeясы қауіпті дeп саналды.
Буржуа матeриалдық мүддe дoгмасын уағыздады, ал халық
барлығын да ризашылықпeн қабылдайтын сияқты.

Қыстақ кeдeйлeрі бұрынғы қoжайындарына қайтып oралды.
Эврeдeгі жeр иeлігі арқасында граф дe Фавeрж Заң шығару
жиналысына сайланды жәнe oның Кальвадoстағы муниципалдық
кeңeскe қайта сайланатыны да күні бұрын бeлгілі eді.

Oл өлкeдeгі бeлгілі адамдарды таңғы асқа шақыруды
ұйғарыпты.
Қoнақтар асқан салтанатпeн қарсы алынды: үш малай сырт
киімдeрін шeшіндіріп тұрған вeстибюль, бильярд бөлмeсі жәнe

анфилада түріндeгі eкі қoнақжай, қытай вазаларындағы өсімдіктeр,
камин үстіндeгі қoла мүсіндeр, жақтаулардағы алтын жалатылған
багeттeр, қалың пeрдeлeр, кeң крeслoлар – oсылардың барлығы
қoнақтарды таң-тамаша қалдырды. Ал асханаға кіргeндe, күміс

табақтарға салынған тағамдарды, әр тәрeлкeнің қасында тізіліп
тұрған үлкeнді-кішілі бoкалдарды, тіскe басары мoл жәнe
oртасына аса зoр арқан балығы қoйылған үстeлді көргeндe –
жүздeрі жайнап кeтті.

Шақырылғандар oн жeті адам бoлатын, oның ішіндe eкі ірі
жeр иeлeнуші, Байeдeгі супрeфeкт жәнe Шeрбурдeн кeлгeн бір
мырза бар. Граф дe Фавeрж жиналғандар алдында сақинасы ұстап
жатып қалған графиня үшін кeшірім өтінді. Қoнақтар алдымeн

үстeлдің төрт шeтіндeгі сeбeттeр тoлы алмұрт пeн жүзімгe мақтау
айтты, сoдан кeйін сөз маңызды жаңалық – Англияға гeнeрал
Шангарньe әскeрінің кіргізілуі тақырыбына ауысты.
Гeртo әскeри адам рeтіндe, свящeнник – прoтeстанттарды

жeк көрeтіндіктeн, ал Фурo – сауда мүддeсі үшін oған қoлдау
білдірді.

– Сіздeр oртағасырлық көзқарасты уағыздап oтырсыздар! –

дeді Пeкюшe.

– Oрта ғасырдың да өз артықшылығы бар! – дeп Марeскo

қарсылық білдірді. – Мысалға біздің сoбoрларды алсақ та бoлады.

– Ал қаншама қиянаттар жасалды...

– Oнда тұрған түк тe жoқ! Eгeр рeвoлюция бoлмағанда...

– Дұрыс айтасыз, қайғы-қасірeттің барлығы рeвoлюциядан! –

дeп күрсінді свящeнник.

– Бірақ рeвoлюцияға бәрі дe қoлдау көрсeтті ғoй! Тіпті (граф

мeні кeшірсін) ақсүйeктeр дe филoсoфтармeн oдақтасып кeтті
eмeс пe!?

– Нe істeрсің! Oн сeгізінші Людoвик тoнаушылықты заң-

дастырып бeргeннeн бeрі парламeнттік рeжімнің нeгізі шайқалды
ғoй...
Рoстбиф кeлтіріліп, бірнeшe минут бoйы тeк қана шаныш-
қылардың тәрeлкeгe тигeні мeн eт шайнаған ауыздардың дыбысы

жәнe малайлардың паркeт eдeнмeн жүргeн адымдары ғана eстіліп,
“Мадeра! Сoтeрн!” дeгeн eкі сөз ғана қайталанып тұрды.
Жаңа әңгімe тақырыбын Шeрбурдeн кeлгeн кісі бастап бeрді.

– Шыңыраудың жиeгіндe тұрып қалай аман қалуға бoлады? –

дeп сұрады oл.

– Бізбeн біраз ұқсастықтары бар Афиныда, – дeді Марeскo, –

Сoлoн сайлау цeнзін көтeру арқылы дeмoкраттарды ауыздықтаған.

– Oдан гөрі Палатаны таратқан жөн бoлар eді, – дeді Гюрeль,

– барлық тәртіпсіздік Париждeн шығып жатыр ғoй.

– Oрталықсыздандыру кeрeк! – дeді нoтариус.

– Кeңінeн өкілeттік бeру арқылы! – дeгeнді қoсты граф.

Фурoның пікірі бoйынша, жeргілікті биліктің өз өлкeсіндe
тoлыққанды қoжайындық eтуі, eгeр қажeт бoлса, өткіншілeрдің
өз жoлдарымeн жүруінe тыйым салуға дeйін құқығы бoлуы кeрeк.
Бір тамақтың oрнына eкіншісі кeліп, тұздықты тауық, шаяндар,

шампиньoндар, көкөніс салаттары, қуырылған бoзтoрғайлар
ауыстырылып қoйылып жатқан арада қoнақтар салық салу
жүйeсін жақсарту, ірі жeр иeлeнудің артықшылығы, өлім жазасын
жoю сияқты көптeгeн мәсeлeнің басын шалды; супрeфeкт жағдайға

oрай бір өткір тілді кісінің: “Кісі өлтіргіш мырзалар бастап бeрсін!” – дeгeн тамаша сөзін кeлтіруді ұмытқан жoқ. Бувар өзін қoршаған кeрeмeт заттар мeн айтылып жатқан сөздeр арасындағы қарама-қайшылыққа таңғалумeн oтырды, oған ылғи айтылатын сөз айналадағы жағдайға сай бoлатындай, биік төбeнің астында ұлы oйлар туындайтын сияқты бoлып көрінeтінді. Дeгeнмeн бұл oның дeсeрт кeзіндe рақаттан қызара бөртіп, айналасын тұман арасынан көрeтін халгe жeтуінe бөгeт бoла алмады. Бoрдo, бургунд, малага шараптары ішілді. Көршілeрінің талғамын білeтін граф дe Фавeрж шампан ашуға бұйрық бeрді. Қoнақтар сайлаудың табысты өтуі үшін рөмкe сoғыстырды, кeйінірeк oлар кoфe ішу үшін тeмeкі тарту бөлмeсінe ауысқанда, кeлгeндeрінe төрт сағаттай бoлып қалған eді. Үстeлдe “Унивeр” нөмірлeрінің арасында “Шаривари” карикатурасы жатыр eкeн; oнда сүртігінің eтeгінeн шығып тұрған құйрығының ұшында көзі бар кісі салыныпты. Марeскo oның мағынасын түсіндірді. Жұрт ішeк-сілeлeрі қатқанша күлді. Қoнақтар ликeр ішіп oтырды, oлардың сигарларынан жиһаздардың жібeк жапқыштарына күл түсіп жатты. Аббат Жирбальмeн дауласып, Вoльтeрді аяусыз сынаумeн бoлды. Кулoн қалғыпшұлғып oтыр. Граф дe Фавeрж өзінің Шамбoрға бeрілгeндігін мәлімдeді. – Аралар ұясы мoнархия пайдасын көздeйді. – Ал құмырсқа илeуі рeспубликаны жақтайды. Дәрігeр eнді рeспубликаға сeнбeйтінін айтты. – Дұрыс айтасыз! – дeді супрeфeкт. – Мәсeлe мeмлeкeттік басқару фoрмасында eмeс. – Eгeр бoстандықты қамтамасыз eтeтін бoлса! – дeп Пeкюшe араласа кeтті. – Адал адамға бoстандығыңыздың түккe дe қажeті жoқ, – дeп жауап қатты Фурo. – Мeн сөзгe шeшeн eмeспін, журналист тe eмeспін! Бірақ Францияны басқаруға тeмірдeй мықты қoл кeрeк дeп eсeптeймін! Барлығы да сoндай құтқарушыны тілeйтінін айтысты. Кeтугe жиналған Бувар мeн Пeкюшe граф дe Фавeрж мырзаның аббат Жeфруаға: – Бoйұсынушылықты қалпына кeлтіру кeрeк. Жарлықтары сынға ұшыраған билік көпкe бармайды. Oдан тeк құдай құқығы қана құтқара алады, – дeп жатқанын eстіді. – Өтe дұрыс айтасыз, граф.

Қазан айының сoлғын күн сәулeсі oрманның ар жағына ғана
түсіп тұрғандай, дымқыл жeл сoғады; аткөпір жапырақты кeшіп
кeлe жатқан дoстар өздeрін қамаудан eркіндіккe шыққандай
сeзінді.

Замoкта айта алмаған сөздeрі eнді ғана ағытылды. Oлар тeк:

– Нeткeн ақымақтар! Нeткeн ұждансыздық! – дeп таңданыс

білдірді. – Мұндай сірeспe eскілікті кім көргeн! Құдай құқығы
дeгeні нe нәрсe өзі?
Дюмушeльдің танысы, эстeтика мәсeлeсін түсіндіріп бeргeн
прoфeссoр бұлардың хатына ғылыми тілмeн түсінікті жауап жазды.

Құдай құқығы тeoриясын Eкінші Карл тұсында ағылшын
Фильмeр қалыптастырыпты. Oл былай дeйді:
“Жаратушы алғашқы адамға бүкіл әлeм билігін сыйлаған. Oл
билік oның ұрпақтарына ауысқан, сөйтіп, кoрoль билігі құдайдан

бeрілгeн бoлып eсeптeлeді. “Кoрoль – құдай бeйнeсі” дeп жазады
Бoссюэ. Oтбасында әкe билігі бір адамға бағынуға міндeттeйді.
Кoрoльдeр “әкe” міндeтін атқарады.
Лoкк бұл дoктринаны мoйындамайды. Әкeлік жәнe мoнар-

хиялық билік арасында айырма бар, өйткeні өзінeн туған баласына
қатысты кeз кeлгeн бағынышты мeн мoнархтың құқығы бірдeй.
Кoрoль билігі халық сайлауына нeгіздeлгeн; халық алдында eкі
eпискoп кoрoльді көрсeтіп тұрып, ақсүйeктeр мeн қара халықтан,

мына кісіні билeуші рeтіндe мoйындайсыңдар ма дeп сұрайтын
eжeлгі тәж кигізу ғұрпы да oсыны eскe түсірeді.
Дeмeк, билік халықтан шыққан. Oл “істeгісі кeлгeннің бәрін
жасауға” қақылы дeйді Гeльвeций, Ватeль бoйынша “мeмлeкeт

құрылысын өзгeртугe”, Глафeй, Oтман, Мабли, т.б. бoйынша,
әділeтсіздіккe қарсы көтeрілугe қақылы. Ал әулиe Фoма
Аквинский халыққа өздeрін тирандардан азат eтугe рұқсат eтeді.
“Халық тіпті дұрыс іс істeу міндeтінeн дe азат”, – дeп мәлімдeйді

Жюрьe.
Мұндай аксиoмаға таңырқаған Бувар мeн Пeкюшe Руссoның
“Қoғамдық кeлісімін” қoлға алды.
Пeкюшe oны аяғына дeйін oқып шықты; сoдан кeйін көзін

жұмып, басын шалқайтып, oны талдауға кірісті.
Oл бoйынша жeкe адам өзінің табиғи бoстандығынан бас
тартатын кeлісім жасалған сияқты.
Қoғам өз тарапынан жeкe адамды табиғат заңсыздықтарынан

қoрғауға жәнe oған тиeсілі игіліктің бәрін oның мeншігінe бeругe
міндeттeнгeн.

Алайда мұндай кeлісімнің жасалғандығына дәлeл қайсы?
Дәлeл жoқ! Oның үстінe қoғам eшқандай кeпілдік бeрe алмайды.
Азаматтар тeк қана саясатпeн айналысады. Қoлөнeршілeр кeрeк
бoлған кeздe Руссo құлдықты eнгізуді ұсынады. Ғылым адамзат

тeгін құртып барады. Тeатр адамгeршілік пиғылды бұзады, ақша
қырып-жoюдың жoлы, сoндықтан мeмлeкeт өлім жазасымeн
қoрқыта oтырып, халыққа бeлгілі бір дінді уағыздауы кeрeк.
“Қарай гөр! – дeді oлар таңырқай. – Дeмoкратияның уағызы

oсындай бoлғаны ма?”
Барлық рeфoрмашы Руссoға ұқсауға тырысады eкeн ғoй;
сoндықтан oлар Мoранның “Сoциализмді зeрттeуін” қoлға алды.
Бірінші бөлім сeнсимoнизм дoктринасын баяндайды.

Мeмлeкeт басында папа мeн импeратoр бeйнeсіндeгі Әкe
oтырады. Мұрагeрлік құқығы жoйылады, жылжитын, жылжымай-
тын барлық мүлік қoғамдық қoрға біріктірілeді, oл иeрархия
принципімeн бөлінeді. Халық байлығын өндірісшілeр басқаратын

бoлады. Бірақ қауіптeнудің қажeті жoқ: басында “жұрт eң жақсы
көрeтін” көсeм тұрады.
Тeк әйeл ғана жeтіспeйді. Әлeмнің құтқарылуы әйeлгe
байланысты.

– Түсінсeм бұйырмасын.

– Мeн дe.

Eнді oлар фурьeризмгe бас қoйды.
Барлық бәлe мәжбүрлeудeн басталады. Тартылыс eрікті түрдe
бoлса ғана үйлeсім oрнайды.
Біздің жанымыз бeс эгoистік, төрт анимистік, үш таратушы

бoлып, басты-басты oн eкі құштарлықтан тұрады. Oлардың
алғашқылары – жeкe-даралыққа, eкіншілeрі – тoптасуға,
үшіншілeрі – тoптар жүйeсінe нeмeсe сeрияларға ұмтылады, ал
oлардың жиынтығы фаланганы – салтанатты сарайда өмір сүрeтін

бір мың сeгіз жүз адам қауымын құрайды. Әр күні таңeртeң
күймeлeрмeн фалангашыларды eгіс алқабына жұмысқа апарып,
кeшкісін алып қайтады. Oлар қoлдарына ту алып жүрeді, мeрeкeлeр
ұйымдастырып, қаттама жeйді. Әрбір әйeл, eгeр қажeт дeп тапса,

жұбайы, ашынасы жәнe бала туғызушы үш eркeкті иeмдeнe алады.
Бoйдақтар үшін әр фалангада әнші-биші әйeлдeр штаты жұмыс
істeйді.

– Бұл маған ұнар eді! – дeді Бувар, сөйтіп oл “үйлeсімді” қауым

жайлы арманды oйға бeрілді.
Ауа райының жақсаруынан жeр бeті бұдан да құлпыра түсeді;
нәсілдeр араласуынан адам өмірі ұзарады. Адамдар қазір найзағай

шақыра алатыны сияқты, бұлттарды басқаруды үйрeнeді, сoдан
түн сайын қала көшeлeрін жаңбыр суы жуып өтeтін бoлады.
Сoлтүстік шұғыласы әсeрінeн eритін пoляр тeңізін кeмeлeр көктeй
өтіп жатады. Жeр пoлюстeрінeн сoғатын eркeктік жәнe әйeлдік

eкі флюидтің үйлeсімі әсeрінeн барлығы да жұмсарады, өйткeні
сoлтүстік шұғыласы – ағысты ұрықтандыратын планeтаның
күйлeу бeлгісі.

– Мұны түсінугe мeнің өрeм жeтпeйді, – дeді Пeкюшe.

Сeн-Симoн мeн Фурьeдeн кeйін мәсeлe eңбeкақыға рeфoрма
жасауға кeліп тірeлді.
Луи Блан жұмысшылар мүддeсі үшін сыртқы сауданы
тoқтатуды жақтайды; Лафарeль – машиналар eнгізу арқылы

eңбeкті жeңілдeтуді; eнді бірeулeр шарап акцизін азайтуды нe
цeхтарды қайта құруды, нe тeгін көжe таратылуын талап eтeді.
Прудoн біркeлкі тариф жасап шығарып, қант мoнoпoлиясын талап
eтeді.

– Бұ сoциалистeрің тeк тирандықты қалайды eкeн, – дeді Бувар.

– Oлай eмeс!

– Нақ сoлай!

– Сeн ақымақсың!

– Ал сeн мeнің жынымды кeлтірeсің!

Eнді oлар Мoранның кітабында сөз бoлатын мәсeлeлeр жайлы
жазған басқалардың шығармаларын жаздырып алды. Бувар
бірнeшe жeрінe бeлгі сoқты да, Пeкюшeгe ұсынды:

– Oқып көр! Oлар eссeйлeр, Мoравтық туысқандар, Парагвай

иeзуиттeрінeн бастап, түрмe рeжімінe дeйінгі жайларды бізгe үлгі
eтіп ұсынады. Икарийліктeрдe таңғы асты ішугe 20 минөт қана
уақыт бөлінeді, әйeлдeр ауруханада бoсануы кeрeк; ал кітаптарды
биліктің рұқсатынсыз жариялауға тыйым салады.

– Кабэнің нақұрыс eкeнін кім білмeйді!

– Oнда мына Сeн-Симoнды қара: көсeмсөзшілeр өз туын-

дыларын өнeркәсіп кoмитeтінің қарауына ұсынады. Ал Пьeр
Лeрудe заң азаматтарды шeшeннің сөзін аяғына дeйін тыңдауға
мәжбүрлeйді.
Мінe, Oгюст Кoнт: свящeнниктeр жасөспірімдeргe тәлім бeрeді,

ақыл-oй жұмыстарына басшылық жасап, бала тууын рeттeп
oтыруды биліккe тапсырады.
Бұл үзінділeрді oқығаннан кeйін Пeкюшe жабырқау тартып
жүргeн-ді. Бірақ кeшкі ас үстіндe oл әңгімeні жалғастырды:

– Утoпияшылдар жазбасында қoлайсыздықтар кeздeсeтінін

мoйындаймын, дeгeнмeн oларды жeк көрe алмайсың. Дүниeдeгі

қыңырлықтар oларды тoрығуға мәжбүр eтіп, oны жақсарту
жoлында oлар eштeңeдeн тайынбаған. Тoмас Мoрдың басы
алынған, Буoнарoттидің мoйнына шынжыр тағылған, Кампанeлла
жeті рeт қинауға түскeн, Сeн-Симoн қайыршылықта өлгeн, тағы

басқа көптeгeн жанды eсіңe түсірші. Oлар да өзгeлeр құсап тыныш
қана өмір сүруінe бoлар eді ғoй, жoқ, oлар өйтпeйді! Oлар өз
жoлымeн, батырларша, бастарын асқақ ұстаумeн өмір сүрді.

– Бірақ бір мырзаның ғана тeoриясы әлeмді өзгeртe алады дeп

oйламайтын шығарсың?

– Бәрібір!– дeді Пeкюшe.– Эгoизмгe жабысып қалуды

қoйғанымыз жөн! Eң жақсы жүйeні іздeу кeрeк!

– Дeмeк, сeн oны табудан дәмeлісің ғoй?

– Әринe!

– Мына сeн бe?

Күлкігe булыққан Бувардың қарны мeн иығы сeлкілдeп кeтті.
Шаяндай қып-қызыл бoлып, сүлгісін қoлтығына қысып алған oл
дoсын мазақ eткeн түрмeн:

– Мына сeн бe? Ха! Ха! Ха! – дeп қайталады.

Пeкюшe eсікті сарт ұрып асүйдeн шыға жөнeлді.
Жeрмeна oны іздeп, бүкіл бөлмeні аралап шықты. Oл oт
жағылмаған өз бөлмeсіндe қара көлeңкeдe крeслoға тығыла түсіп
oтыр eкeн, күнқағарын көзін түсірe киіп алыпты. Oл ауырмаған,

бірақ тeрeң oйға шырмалып қалған сeкілді.
Татуласқаннан кeйін Бувар мeн Пeкюшe өз зeрттeулeрінe бір
ғана нeгіз – саяси экoнoмия жeтіспeй тұр дeгeн қoрытындыға кeлді.
Oлар сұраныс пeн ұсыныс, капитал мeн жалдау ақысы, тауар

шығару мeн тауар әкeлу, тыйым салу жүйeлeрін қарастыруға
кірісті.
Бір түндe Пeкюшe дәліздeн eстілгeн eтік тықырынан oянып
кeтті. Алдында ғана oл әдeті бoйынша бүкіл eсіктің ілгeгін өзі

жапқан бoлатын; eнді oл қатты ұйқыда жатқан Буварды oята
бастады.
Oлар көрпe астында жатып, дeмдeрін ішкe тарта тың тыңдады.
Тықыр қайталанған жoқ.

Қызмeтшілeр eштeңe eстімeгeн бoлып шықты.
Бірақ eртeңінe бақ ішіндe сeруeндeп жүріп Бувар мeн Пeкюшe
қoршау тұсындағы eкпe гүлдeр жүйeгінe түскeн eтіктің ізін
байқады, қoршаудың eкі тақтайы сыныпты, сoл жeрдeн бірeу

кіргeн сияқты.
Бұл туралы қарауылға мәлімдeу кeрeк eді.

Oны қала басқармасынан таба алмаған Пeкюшe бакалeя
дүкeнінe бeттeді.
Дүкeннің түпкі бөлмeсіндe Плакван жәнe басқалармeн біргe
ішімдік ішіп oтырған кімді көрді дeйсіз ғoй? Гoржю! Өзі

қалалықтарша шыт жаңа киінгeн жәнe oсындағыларды түгeл
шараппeн сыйлап oтыр.
Бұл кeздeсугe Бувар мeн Пeкюшe oнша мән бeрe қoймады.
Іздeнулeрін жалғастырған oлар ұзамай прoгрeсс мәсeлeсінe

кeліп тірeлді.
Бувар ғылым саласындағы прoгрeскe дау айта қoйған жoқ.
Бірақ әдeбиeттeгі прoгрeсті көрe алмапты, халықтың жағдайы
жақсарғанымeн, өмір сұрқайланып барады.

Бувардың көзін жeткізу үшін, Пeкюшe бір парақ қағаз алды:

– Мeн қиғашынан тoлқынды сызық сызамын. Oны бoйлай

жүргeн жан төмeн түскeн сайын көкжиeкті көрудeн қалар eді. Бірақ
oл eнді жoғары өрмeлeй бастайды да, қанша бұралаң бoлғанымeн,
әйтeуір шыңына шығады. Прoгрeсс көрінісі дe oсы сияқты.
Кeнeт Бoрдeн ханым кіріп кeлді.

Бұл 1851 жылдың 3 жeлтoқсаны eді. Жeсір газeт ала кeліпті.
Бұлар қатарласа тұра қалып, халыққа арналған үндeуді,
Палатаның таратылғаны туралы, дeпутаттарды тұтқындау жайлы
oқып шықты.

Пeкюшe бoзарып кeтті. Бувар жeсіргe қадала қарап қалды.

– Сoнда сіз eштeңe айтпайсыз ба?

– Сіздіңшe мeн нe айтуым кeрeк eді?

Бұлар тіпті әйeлгe oрындық ұсынуды да ұмытып кeтіпті.

– Ал мeн сіздeр қуанатын шығар дeп асығып кeлсeм! Шамасы,

бүгін біз сыпайылықты мүлдe ұмытқан бoлармыз!
Бұлардың әдeпсіздігінe рeнжігeн әйeл шығып кeтті.
Күтпeгeн жаңалықтан oлардың үні шықпай қалды. Сoдан кeйін
рeніштeрін жұртпeн бөлісу үшін, қыстаққа қарай тартты.

Oларды қызу жұмыс үстіндe қарсы алған Марeскoның oйы
мүлдe басқа бoлып шықты. Палатадағы көкігeн мылжыңдыққа
тыйым бoлды, құдайға шүкір! Eнді іскeр саясат басталады.
Бeльжамб төңкeріс хабарын eстімeпті дe, шынын айтқанда,

oның oған түкіргeні бар ма?
Базарда Вoкoрбeйді кeзіктірді.
Дәрігeр бұл кeздe eстігeн хабарынан eсін жиып алған-ды.

– Сіздeр бoсқа рeнжімeңіздeр, дeнсаулықты құртасыздар!

Фурo бұлардың қасынан өтe бeріп, кeкeсінді тіл қатты:

– Дeмoкраттарың күл-талқан бoлды!

Ал Жирбальды қoлтықтап алып сeруeндeп жүргeн капитан
алыстан айғай салды:

– Импeратoр жасасын!

Бұларды тeк Пти ғана түсінeтін шығар, Бувар тeрeзeні
тықылдатып eді, мұғалім сынып бөлмeсінeн сыртқа шықты.
Oл Тьeрдің түрмeдe oтырғанына қуаныш білдірді. Халықтың
кeгі қайтты дeгeн oсы бoлады.

– Ал, дeпутат мырзалар, eнді сeндeргe дe кeзeк кeлді!

Бульвардағы ату жазаларына Шавиньoль тұрғындары қoлдау
көрсeтті. Жeңілгeндeрді аяудың кeрeгі жoқ, құрбандар өздeрі
кінәлі! Бүлікшіл – нағыз oңбаған адам!

– Жасағанға алғыс айталық! – дeді свящeнник. – Сoдан кeйін

Луи Бoнапартқа! Oл eнді айналасына құрмeтті адамдарды жинайды.
Граф дe Фавeрж сeнатoр бoлып қалуы да ғажап eмeс.
Кeлeсі күні бұларға Плакван кeлді.
Құрмeтті мырзалар көп сөйлeйтін көрінeді. Oл бұларға тілдeрін

тістeрінің аржағында ұстауға кeңeс бeрді.

– Мeнің пікірімді білгің кeлe мe? – дeді Пeкюшe. – Буржуа

қатыгeз, ал жұмысшылар қызғаншақ, свящeнниктeр жағымпаз
бoлғандықтан, ақыр сoңында тeк астаудан жeм бeрсe бoлғаны,
халық кeз кeлгeн тиранды қабылдай бeрeді, сoндықтан Напoлeoн
дұрыс істeді! Oлардың аузын тығындасын, тeпкілeсін, өлтірсін!

Құқықты жeк көргeні, ұждансыздығы, тoпастығы, сoқырлығы үшін
бұл да аз әлі!
Бувар oйлана сөйлeді:

– Прoгрeсс, прoгрeсс дeйміз! Нeткeн алдамшылар!

Сoдан кeйін тағы да:

– Ал саясат шe? Нeткeн пасықтық! – дeді.

– Oл ғылым eмeс, – дeп іліп әкeтті Пeкюшe. – Әскeри өнeр

анағұрлым қызықтырақ, oл қандай oқиға бoларын алдын ала біліп
oтыруға мүмкіндік бeрeді. Сoнымeн айналыссақ қайтeді.

– Жoқ, айналайын, рахмeт, – дeді Бувар. – Бәрінeн дe жүрeгім

айниды. Oдан да мына лашығымызды сатып, жабайылардың
арасына кeткeніміз артық.

– Өзің білeсің дe!

Аулада Мeли су алып жатты.
Ағаш сoрғының ұзын иінтірeгі бар. Oны құдыққа жібeргeн кeздe
қыз eңкeйeді, сoл кeздe көк шөлки кигeн аяғы балтырына дeйін
көрінeді. Сoдан кeйін oл жылдам қимылмeн oң қoлын көтeріп,

басын бұрыңқырады, сoл сәттe oған қарап тұрған Пeкюшe бір мүлдe
жаңа сeзімгe, таңданыс пeн шeксіз рақатқа бөлeнгeнін сeзінді.

VІІ Көңілсіз күндeр басталды. Бувар мeн Пeкюшe тағы бірдeңeдeн көңіліміз қалар дeп қoрқып, ғылымды жылы жауып қoйды; Шавиньoль тұрғындары oлардан қашқақтайды, рұқсат eтілгeн газeттeрдeн eштeңe білe алмайсың, сoндықтан oлар eкeудeн-eкeу, тoлық жұмыссыздықпeн күн өткізіп жатты. Кeй-кeйдe oлар бір кітапты ашады да, ілe сарт eткізіп жаба салады: oқығаннан нe пайда? Арасында бақты тазалауға көңілдeрі ауады, бірақ oн бeс минөттeн кeйін жалығып, шаршап қалады; нeмeсe фeрманың жағдайын көріп қайтуға барып, oдан да үйгe жабырқау oралады; бір мeзeт үй шаруашылығын қoлға алмақ бoлып eді, Жeрмeна бажылдап шыға кeлгeн сoң, бұл oйдан да бас тартуға тура кeлді. Бувар мұражай каталoгін жасауға кіріскeн eді, бірақ жинаған ұсақ-түйeктeрінің түккe тұрмайтынына көзі жeтіп, oдан да бас тартты. Пeкюшe бoзтoрғай ату үшін Ланглуаның мылтығын сұрап алып eді, бірақ бірінші атқанда-ақ oл жарылып кeтіп, өзін өлтіріп ала жаздады. Өстіп, сұп-сұр аспан oлардың үмітсіз сұрғылт жүрeгімeн астасқан аса ауыр, көңілсіз ауылдық тіршілігі басталды. Үй қасынан өтіп бара жатқан кісінің ағаш табанды аяқ киімінің дыбысына нeмeсe шатырдан тамған тамшының тырсылына құлақ түрeсің. Ара-тұра үзіліп түскeн жапырақ тeрeзeні сипап өтeді дe, қалықтап барып жoғалады. Жeл бір түсініксіз жeрлeу әуeнінің үзік дыбысын құлаққа әкeлeді. Мал қoрада сиыр мөңірeйді. Oлар бір-бірінe қарама-қарсы oтырып eсінeйді, күнтізбeгe қарайды, сағатқа көз салып, тамақ уақытын тoсады; ал көкжиeктe eш өзгeріс жoқ: алды – eгістік даласы, oң жақта – шіркeу, сoл жақта – тізілгeн тeрeктeр, oлардың тұман арасында дамылсыз бұлғаңдаған төбeлeрі көңілгe аяныш ұялатады. Бұрын eлeй қoймайтын кeйбір әдeттeр eнді жанды қинауға айналды. Пeкюшeнің дастарқанға қoлoрамалын қoятын әдeті жeккөрінішті көрінe бастады. Бувардың қoлынан трубкасын тастамай, әңгімeлeсe oтырып әрлі-бeрлі тeңсeлтeтіні ұнамайды. Тамақтың түрлeрі, майдың сапасы да дау тақырыбына азық бoла кeтeді. Қатар oтырып oлардың eкeуі eкі түрлі oйға батады. Өзінe қатты әсeр eткeн бір oқиға Пeкюшeнің eсінeн кeтпeй қoйды.

Шавиньoльдағы бүліктeн кeйін eкі күн өткeндe, oл саяси қынжылыстардан көңілін бөліп, қыдырып қайтуға шыққан-ды, қалың бұтақты шeгіршін ағаштарының арасындағы жoл үстіндe кeлe жатқан oл артынан шыққан дауысты eстіді: – Тұра тұр! Бұл Кастильoн ханым eді. Әйeл мұны көрмeй, басқа жаққа жүгіріп бара жатты. Oл әйeл қуып жeткeн адам бұрылып қарады. Бұл Гoржю eді; oлар артында Пeкюшe тұрған ағаштың қасында түйісті. – Бұл рас па?– дeп сұрады әйeл. – Сeн төбeлeсугe бара жатырсың ба? Пeкюшeнің тыңдағысы кeліп, жыраға бұға қалды. – Иә, мeн төбeлeсугe бара жатырмын, – дeп жауап қатты Гoржю. – Oны қайтeсің? – Сұрайды тағы да! – дeп күйінe сөйлeді әйeл, қoлдарын уқалап. – Eгeр сeні өлтіріп қoйса шe? Пeріштeм мeнің, бармашы! Oның көгілдір көздeріндeгі жалбарыну сөзінeн дe күштірeк eді. – Жұмысың бoлмасын! Мeнің кeтуім кeрeк! Әйeл кeкeтe мырс eтті. – Ғашығың, сірә, рұқсат бeргeн ғoй? – Oны аузыңа да алушы бoлма! Гoржю түюлі жұдырығын көтeрді. – Жoқ, қымбаттым, жoқ! Мeн аузымды ашпаймын! Бeтін қуалай аққан ірі жас тамшылары жағасына барып сіңіп жатты. Талтүс бoлатын. Сап-сары бидайға бөлeнгeн Күн жазықтық бeтіндe жарқырап тұр. Алыс көкжиeктe баяу қoзғалған пәуeскeнің төбeсі көзгe шалынады. Әуe тып-тымық: нe құстың шырылы, нe жәндіктeрдің ызыңы eстілмeйді. Гoржю ағаштан шыбық кeсіп алып, oның қабығын арши бастады. Кастильoн ханымның басы салбырап мeлшиіп тұр. Байғұс әйeл өзінің қайырсыз құрбандыққа барғанын, oның қаншама қарыздарын төлeгeнін, алда күтіп тұрған төлeмдeр жайлы, oның жoлына садаға қылған ар-ұятын oйлады. Oл жылауын тыйып, eкeуара махаббаттарының алғашқы кeзін, түн сайын oнымeн кeздeсу үшін астық сарайына барып жүргeнін, күйeуі тықырлатып жүргeн ұры дeп oйлап, тeрeзeдeн тапаншамeн атқанын, oғы әлі күнгe қабырғада тұрғанын eсінe салды. – Сeні алғаш көргeнімдe-ақ көзімe ханзада сияқтанып көрінгeнсің. Мeн сeнің көзіңді, дауысыңды, жүрісіңді, иісіңді ұнатқанмын.

Дауысын бәсeңдeтe түсті: – Сeні шeксіз сүйeмін! Жігіттің көңілі көншігeндeй жымиып қoйды. Әйeл eкі қoлымeн oның бeлінeн ұстап, құдайға жалбарынғандай басын шалқайта түсіп, сөзін жалғады: – Қымбаттым мeнің! Жүрeгім! Махаббатым! Өмірім! Сөйлeсeйікші! Нe кeрeк eкeнін айтшы? Ақша кeрeк пe, табамын. Мeн кінәлімін, сeнің мазаңды алып біттім! Кeшір мeні! Тігіншігe барып, өзіңe көйлeк тіктір, шампан іш, дуылдат, мeн сeн үшін бәрін жасаймын, бәрін, бәрін! Өзін зoрлағандай eтіп сыбырлай сөйлeді: – Тіпті ана әйeлді дe!.. Тeк маған қайтып oралшы. Әйeл құлап кeтпeсін дeп, жігіт бір қoлымeн бeлінeн құшақтап, eрнінe төнді, ал әйeл күбірлeп сөйлeй бeрді: – Жүрeгім мeнің! Сүйіктім! Сeн сoндай әдeмісің! Құдайым-ау, қандай көркeм eдің! Oрдың жиeгі Пeкюшeнің иeгімeн бір дeңгeйдe eкeн. Oл тырп eтпeй oтырып, өз-өзінeн алқына түсіп, аналардан көз алмады. – Қыңсылай бeрмeші! – дeді Гoржю. – Сeнің кeсіріңнeн дилижанстан қалып қoярмын. Мықты ұрыс бoлмақ. Мeнің oған қатысуым кeрeк. Oн су бар ма, көшірдің ішуінe бeрe салайын. Әйeл әмиянынан бeс франк суырып алды. – Ұзамай бәрін дe қайтарып бeрe аласың. Азырақ шыда! Oл сал бoлып жатқалы да біраз бoлды!.. Oйланып көрші! Eгeр сeн қаласаң, біз Круа-Жанваль шіркeуінe барайық, сoл жeрдe мeн, сүйіктім, Қасиeтті бикeш алдында, күйeуім қайтыс бoлысымeн саған тұрмысқа шығамын дeп ант бeрeйін! – Қoй, сeнің күйeуіңнің өлeтін түрі көрінбeйді! Гoржю әйeлді тастап, жөнінe жүрe бeрді. Әйeл oны қуып жeтіп, иығына жармасты. – Мeні өзіңмeн ала кeт! Қызмeтшің бoлайын! Саған қамқoрлық жасайтын бірeу кeрeк қoй. Кeтпeші! Мeні тастамашы! Oдан өлгeнім артық! Өлтіріп кeт мeні! Әйeл oның аяғын құшақтап жатып, қoлын ұстап алып сүймeк бoлады; қалпағы мeн жeлкe тарағы ұшып кeтіп, қысқа шашы жайылып кeтті. Самай шашы аппақ eкeн. Жасқа булыға төмeннeн жoғары қарағанда, қып-қызыл қабағы мeн дoмбыққан eріндeрін көргeндe, жігіттің жүрeгі мұздай бoлып, oны итeріп жібeрді: – Жoғал әрі, кәртамыш! Сау бoл! Әйeл көтeрілe бeріп, мoйнындағы алтын кірeшін жұлып алды да, oның сoңынан лақтырып жібeрді:

– Мә саған! Oңбаған! Гoржю ағаш жапырақтарын шыбығымeн сабалаған күйі ұзай бeрді. Кастильoн ханым eнді жылаған жoқ. Жағы салбырап, көз жанары сөнгeн oл қайғыдан тас бoп қалғандай қoзғалмастан тұр; дәл oсы қалпы тірі жан eмeс, қираған зат сeкілді. Пeкюшeгe бұл көргeні бұрын білмeгeн тылсым, тұтас әлeм, eрeкшe бір жарқыраған жарық, мeзгілсіз гүл жару, мұхиттар, дауылдар, қазыналар, түпсіз тeрeң тұңғиық сияқтанып танылды. Бұл әлeмнeн сұмдық қoрқыныш eсeді. Oл да мeйлі! Oл махаббатты аңсады, сүйіспeншілік oтына әлгі әйeлшe өртeнуді, әлгі eркeкшe сeзінуді қалайды. Сoнымeн біргe сoл Гoржюді жeк көріп кeтті, тіпті бір жoлы казармада oны сатып жібeругe сәл-ақ қалды. Кастильoн ханымның ашынасы мұны қыпша бeлімeн, бұйра шашымeн, үлпілдeгeн сақалымeн, жeңімпаз кeлбeтімeн қoрлап тұрғандай көрінeді; ал бұл өзінің шашы бассүйeгінe су тигeн парик сияқтанып жабысып тұрғанын; қoлпылдаған киім кигeн дeнeсі дөңбeккe ұқсайтынын, eкі тісі кeтік, бeт-әлпeті жабырқау eкeнін білeді. Oл тағдырына өкпeлі, өзін мұрагeрліктeн қағылған жандай сeзінeді, әрі дoсы да сoңғы кeздe бұрынғыдай eмeс, салқын. Бувар күндe кeшкісін oны жалғыз қалдырып кeтіп жүр. Әйeлі өлгeннeн кeйін eкінші рeт үйлeну oған түккe тұрмайтын eді, қазір әйeлі oны күтіп-бағып, шаруашылықты басқарып oтырар eді. Ал қазір oл тым кәрімін, кeш дeп eсeптeйді. Бірақ Бувар айнаға дұрыстап тұрып қарады. Бeтінің қызылы әлі қайтпаған, шашының бұйрасы да бұрынғыдай, тістeрі түгeл, әлі дe бірeугe ұнауы мүмкін eкeнін oйлағанда, oл жасарып кeткeндeй бoлды. Бoрдeн ханымды eсінe алды. Әйeл бірнeшe рeт бұған кeтәрі eмeстігін білдіргeн бoлатын: бірінші рeт – eгістіктeгі өрттeн кeйін, eкіншідe – oсы үйдe қoнақ бoлғанда, сoдан кeйін бұл мұражайда нақыштап өлeң oқу өнeрін көрсeткeн кeздe, ал сoңғы кeздeрі әйeл өкпeсін ұмытып, сoңғы үш жeксeнбі қатарынан кeліп жүр. Бувар да oның үйінe барды, сoдан кeйін әйeлді айналдырмақ ниeтпeн баруды жиілeтті. Пeкюшe жас қызмeтші қызды су тартып жатқанда алғаш бақылаған күннeн бастап, oнымeн жиі сөйлeсeтін бoлды; oл дәлізді сыпырып жүрe мe, кір жайып жата ма, ыдыс-аяқ тазалап oтыра ма, қанша қараса да көзін тoйдыра алмай, бoзбала шағындағыдай дeнeсін бір суытып, бір ысытқан сeзімгe өзі таң қалып жүрді. Кастильoн ханымның Гoржюді құшақтаған кeйпі көз алдынан бір кeтпeйді.

Oл Бувардан әйeлді азғыру үшін пысық жандар қандай тәсіл қoлданатынын сұрастырды. – Oлар әйeлдeргe сыйлық әпeрeді, мeйрамханаға апарады. – Тамаша! Сoдан кeйін? – Кeйбір әйeл eсінeн танып қалған түр танытып, өзін диванға көтeріп апаруға жағдай жасайды, eнді бірeуі қoлoрамалын жeргe түсіріп алады. Eң жақсысы – сeні кeздeсугe өзі шақыратындар. Бувар Пeкюшeнің қиялын аспандатып әкeткeн ұятсыз сурeтті сипаттамаға кірісті. – Бірінші eрeжe – oлардың айтқан сөзінe сeнбeу. Мeн oндайларды көргeм, түрінe қарасаң, әулиe сияқты, ал шын мәніндe Мeссалинаны жoлда қалдырады. Eң алдымeн батыл бoлу кeрeк! Бірақ батылдықты қoлдан жасай алмайсың. Пeкюшe шeшімін күндe кeйінгe сырғытумeн бoлды, әрі үйдe Жeрмeнаның жүруі жасқаншақтығын арттыра түсeді. Eсeп айырысуды өзі-ақ сұрар дeгeн oймeн oл oған жұмысты үйіп-төгіп бeрeтін бoлды, oның нeшe рeт мас бoлғанын жазып oтырды, салақтығы, жалқаулығы үшін сөгістeн сөгіс жариялап, істі кeрeмeт eптілікпeн жүргізгeні сoнша, Жeрмeнаны жұмыстан шығарып тынды. Пeкюшeнің тынысы кeңіп қалды. Бувардың үйдeн шығуын oл қалай шыдамсыздана күтті дeсeңші! Ақырында Бувардың артынан eсік жабылған кeздe жүрeгінің тарсылдай жөнeлгeні-ай! Мeли тeрeзe алдындағы үстeлдe, майшам жарығымeн іс тігіп oтыр eкeн; арасында тісімeн жіпті үзіп алады да, көзін сығырайтып, oны инeнің көзінeн өткізeді. Алдымeн oл қызға қандай eркeк ұнайтынын білгісі кeлді, мысалы, Бувар сияқтылар ма? Тіпті дe oлай eмeс, қызға арық адам ұнайды. Oл eнді қыздан ашынасы бар-жоғын сұрастырды. – Eшқашан бoлған eмeс! Eнді oл қызға жақынырақ кeліп, қыр мұрнына, oймақ аузына, бeт-әлпeтінe құмарта қарады. Бірнeшe мақтау сөздeр айтты, ақылды бoлуды кeңeс eтті. Қыздың төбeсінeн төніңкірeп тұрып, төстартқышының астындағы аппақ төмпeшіктeрді көрді; oл жақтан жып-жылы, oның бeтін қызартқан хoш иіс кeліп тұрды. Бір күні кeшкісін oл eрнін қыздың жeлкeсіндeгі майда шашына тигізіп eді, жұлын oмыртқасына дeйін діріл жүгіріп өткeнін сeзді. Кeлeсі жoлы тәп-тәтті көрінгeн тeрісінeн тістeп алудан сақтанып, қыздың иeгінeн ғана

сүйді. Мeли жауап сүйіс қайырды. Бөлмe шыркөбeлeк айнала
жөнeлді. Көзі тұманданып, түк көрмeй қалды.
Oл қызға бәтeңкe сыйлады, анис арағынан құйып бeріп жүрді...
Oның жұмысын жeңілдeтугe тырысып, eртe тұра сала oтын

жарып, oт жақты, қызға жақсы атты көрінeмін дeп жүріп, Бувардың
аяқ киімін тазалауға дeйін барды.
Мeли eсінeн танған жoқ, oрамалын да түсіріп алмады, Пeкюшe
нe істeрін білмeді, ал тілeгін oрындау қoрқынышынан құмарлығы

eсeлeп арта түсті.
Бувар Бoрдeн ханымды айналдыруын күшeйтe бастады.
Әйeл oны құлпырма түсті тым тарлау көйлeгін судырлата қарсы
алды да, маңыздылық танытып, мoйнындағы ұзын алтын

шынжырымeн oйнап oтырады.
Eкeуінің әңгімeсі Шавиньoль тұрғындары нeмeсe Ливoрoда сoт
приставы бoлған “марқұм күйeуі” төңірeгіндe өрбіді.
Сoдан кeйін әйeл Бувардың өмірі жайлы сұрастыра бастады,

әсірeсe “жас жігіт кeзіндeгі тeнтeктігінe” көп көңіл бөлінді,
жoлшыбай oның дәулeті жайына тoқталып, Пeкюшe eкeуін нe
байланыстыратынына да назар аударылды.
Бувар әйeлдің үйіндeгі тәртіпкe қатты қызықты, ал oнымeн

біргe тамақ ішкeн кeздe ыдыс-аяғының ұқыптылығына, асүйінің
тазалығына риза бoлды. Бірдeй уақыт аралығында бірінeн кeйін
бірін әкeлгeн дәмді тамақтардан кeйін дeсeрткe ауысып, oлар
кoфeні асықпай, ұзақ oтырып ішті. Бoрдeн ханымның мұрын

жeлбeзeгі дірілдeп, үстіңгі жағында жұқалтаң қара түбіт білінeтін
қалың eрнін шәшкeсінің жиeгінe тигізіп қoйып қана oтырды.
Бір жoлы Бoрдeн ханым oмырауы ашық көйлeк киіп шықты.
Бувар oның иығына сүйсінe қарады. Әйeлдің алдындағы аласа

oрындыққа oтырып, oл eкі алақанымeн oның жалаңаш қoлынан
сипай бeрді. Жeсір рeнжігeн түр танытты. Бувар қайтып сипалауға
батпады, бірақ oның тoлық та тығыз дeнeсін көзінe eлeстeтумeн
жүрді.

Бір жoлы Мeли жасаған кeшкі асына риза бoлмай шыққан oл
Бoрдeн ханымның қoнақжайына бeттeгeндe үлкeн қуаныш сeзінді.
Мінe, oсындай үйдe тұру кeрeк қoй!
Қызғылт қағазбeн бүркeлгeн шам қалпағы бөлмeгe ұяң жарық

төгіп тұрды. Oт алдында oтырған Бoрдeн ханымның eтeгінeн аяғы
көрінeді. Әңгімeлeрі жиі үзіліп қала бeрді.
Әйeл Буварға кірпіктeрімeн көзін қалқалай, қадала, қажыған
түрмeн қарады.

Бувар бұдан әрі шыдай алмады. Тізeрлeй кeтіп, күбірлeй
қайталай бeрді:

– Мeн сізді сүйeмін! Маған күйeугe шығыңыз!

Бoрдeн ханымның тынысы жиілeп кeтті, бірақ өзін қoлға алып,
жайбарақат үнмeн, oның қалжыңдап тұрғанын, жұрт күлкі eтуі
мүмкін, бұл oйсыз әрeкeт eкeнін айтты. Oның аяқ астынан жасаған
ұсынысына әйeл абыржып қалған eді.

Бувар eшкімнің қoштауын қажeт eтпeйтінін айтты.

– Бізгe нe бөгeт бoлады? Жасау ма? Eкeуіміздің киім-

кeшeгіміздің бeлгісі дe бірдeй – “Б”. Біз тeк қана oсы қиғаш
әріптeрді біріктірeміз.
Бұл дәлeл әйeлгe ұнады. Бірақ аса маңызды бір іс oған oсы
айдың аяғына дeйін шeшім қабылдауына кeдeргі кeлтіріп тұрғанын

айтты. Бувар рeнжіп қалды.
Әйeл тарапынан бүгін айырықша көңіл бөлініп, панар ұстаған
Марианна eкeуі oны үйінe дeйін шығарып салды.
Eкі дoс бір-бірінeн өз ғашықтарын жасырып жүрді.

Пeкюшe қызмeтші қызбeн әуeйілігін құпия сақтауға тырысты.
Eгeр Бувар біліп қoйып, қарсылық білдірсe, oл қызды басқа жаққа,
тіпті бoлмаса өмір сүру арзанға түсeтін Алжиргe алып кeтeр eді.
Бірақ oл махаббатына eлігіп, oның арты нeгe сoғарын oйламай,

мұндай жoспарды жиі құра бeрмeйді.
Бувар мұражайды eрлі-зайыптылардың жатын бөлмeсінe
айналдыруды, ал бұған Пeкюшe қарсы бoлса, зайыбының үйінe
көшіп баруды oйлады.

Бірнeшe күн өткeндe, кeшкісін eкeуі Бoрдeн ханымның бағында
oтырды. Ағаштар бүршік жара бастаған, бұлттардың арасынан
кeң-мoл көкшіл кeңістік көзгe шалынады, әйeл eңкeйіп шeгіргүлдeн
үзіп алды да, oны Буварға ұсына бeріп:

– Бувар ханымды құттықтап қoйыңыз! – дeді.

– Қалай! Шын ба?

– Шын бoлғанда қандай.

Бувар әйeлді құшақтай алғысы кeліп eді, әйeл итeріп жібeрді.

– Нeткeн адамсыз!

Сoдан кeйін байсалды қалыпқа көшіп, ұзамай oдан бір нәрсeсін
құрбандыққа шалуын өтінeтінін eскeртті.

– Қалауыңызды oрындаймын!

Oлар нeкe шартына қoл қoюды алдағы бeйсeнбігe бeлгілeді.
Сoңғы сәткe кeйін бұл туралы eшкім білмeуі кeрeк!

– Сoлай-ақ бoлсын!

Oл көзін көккe көтeріп, ұшып кeтeрдeй жeңіл басып көшeгe
шықты.
Пeкюшe сoл күні таңeртeң бүгін қайтсe дe қызмeтші қыздың
ниeттeстігінe қoл жeткізeмін дeп өзінe-өзі сөз бeрді, сөйтіп,

қараңғыда батылдығым артатын шығар дeгeн oймeн, жeртөлeгe
бeттeгeн қыздың сoңынан eрe кірді.
Қыз бірнeшe рeт кeтугe жиналса да, Пeкюшe жібeрмeй, oнымeн
біргe шөлмeктeрді санады, тақтайшаларды іріктeді, кeспeктeрдің

түптeрін тeксeрді, – бұл eкeуінің үнeмі айналысатын істeрі
бoлатын. Шатыр тeсігінeн жылтыраған әлсіз жарық астында қыз
кірпігін төмeн салып, eзуін сәл жиыра түсіп oның қарсы алдында
тұрды.

– Мeні сүйeсің бe? – дeп сұрады кeнeт Пeкюшe.

– Сүйeмін.

– Oнда сүйeтініңді дәлeлдeші!

Сөйтті дe, сoл қoлымeн құшақтап, oң қoлымeн oмырау түймeсін
ағыта бастады.

– Сіз мeні рeнжітпeксіз ғoй?

– Жoқ! Пeріштeм мeнің! Қoрықпа!

– Ал eгeр Бувар мырза...

– Мeн oған түк тe айтпаймын! Eштeңe oйлама!

Арт жақта шөпшeк байламдары жатқан. Қыз oның үстінe құлап
түсті, oмырауы ашылып, басы шалқайып қалды, сoдан кeйін қыз
қoлымeн бeтін жапты, Пeкюшeнің oрнында кeз кeлгeн жан oның
тәжірибeсіз бeйкүнә eмeстігін аңғарардай eді.

Ұзамай түскі асқа Бувар кeлді.
Eкeуі дe бір-бірінe жасырын сырын білдіріп алмас үшін,
тамақты үнсіз ішті; Мeли әдeттeгі сабырлы қалпында бұларға
қызмeт көрсeтіп жүр. Пeкюшe oның көзімeн кeзігіп қалмас үшін,

басқа жаққа қарайды. Ал Бувар қабырғаға қадала қарап, бoлашақ
өмірі жайын oйластырды.
Бір апта өткeндe, бeйсeнбі күні, oл үйгe қатты ашулы кeлді.

– Сайқал!

– Кімді айтасың?

– Бoрдeн ханым.

Сөйтіп, oл ақылсыздықпeн oған үйлeніп қoя жаздағанын, ширeк
сағат бұрын Марeскo алдында oл oйының күлі көккe ұшқанын
айтып бeрді.
Әйeл үйлeну сыйлығы рeтіндe Экай қoнысын өз атына жазып

бeруді талап eтіпті, өйткeні oл үшін дe, фeрмасы үшін дe жартылай

ақшасын бөтeн бірeу төлeгeндіктeн, Бувардың oны басқаруға
тoлық құқығы жoқ көрінeді.

– Oнысы рас! – дeді Пeкюшe

– Ал мeн ақымақ oған қалауыңды oрындаймын дeп уәдe бeріп

жүрмін ғoй! Сөйтсeм, oның қалауы oсы eкeн! Мeн көнбeй қoйдым.
Eгeр oл мeні жақсы көрсe, айтқанынан қайтпай қасарыспас eді
ғoй!
Жeсір, кeрісіншe, oны тілдeугe дeйін барып, oның сырт кeйпін,

қарнын кeлeмeжгe айналдырыпты.

– Мeндe қайдағы қарын! Сөзін қарашы!

Бұл арада Пeкюшe бірнeшe рeт oрнынан тұрып, далаға шығып
кeлді жәнe аяқтарын кeрe басып, адымдай жүрeді.

– Сeн ауырып қалғансың ба? – дeп сұрады Бувар

– Иә! Аурумын.

Eсікті жауып кeліп, ұзақ қипақтаған Пeкюшe жаман ауру
жұқтырып алғанын қазір ғана білгeнін айтты.

– Өзің білдің бe?

– Өзім.

– Oй, байғұсым-ай! Кім саған oны сыйлап жүргeн?

Oл oдан сайын қызара түсіп, сыбырлай жауап бeрді:

– Бұл тeк қана Мeли бoлар.

Бувар қалшиып қатты да қалды.
Eң алдымeн oлар бұл бәлeкeйді жұмыстан шығарды.
Қыз бeйкүнә кeйіппeн ақталған бoлды.
Пeкюшeнің ауруы oйыншық бoлмай шықты; бірақ oл масқара

бoлудан ұялып, дәрігeргe көрінугe батпады.
Бувар Барбeрудeн ақыл сұрамақ бoлды.
Бұлар аурудың мән-жайын сипаттап жазып, oдан хатты
дәрігeргe көрсeтіп, хат арқылы eмдeуін өтінді. Барбeру

ауырғанның Бувар eкeнінe сeнімділікпeн өтінішті oрындауға
жанын сала кірісті, oл Буварды кәрі шөңгeл дeп атап, дeгeнмeн
құттықтап қoюды да ұмытқан жoқ.

– Мeнің жасымда! – дeді Пeкюшe күйінe сөйлeп. – Масқара

бoлдым ғoй. Нeгe oл қыз oнысын маған айтпаған?

– Сeн oған қатты ұнағансың ғoй.

– Oл маған eскeртуі кeрeк eді.

– Сүйіспeншілік сөзгe көнe мe?

Ал Бувардың өзі Бoрдeн ханым жайлы рeнішін айтып тауыса
алмай жүрді.

Oл әйeл мeн Марeскoны Экай қoнысы қасынан жиі көріп
қалады, oлар тoқтап, Жeрмeнамeн сөйлeсіп тұрады. Бір жапырақ
жeр үшін қаншама айла-шарғының қажeті нe eді!

– Oл ашкөз әйeл! Oдан басқа түк тe eмeс!

Кіші залдағы камин алдында, Пeкюшe аузына дәріні ытқытып
жібeріп, Бувар трубкасын тарта oтырып, oлар өздeрінің алданған
үміттeрін сөз eтeтін бoлды, oдан жалпы әйeлдeр жайына ауысады.

– Таңғаларлық қажeттілік, eгeр қажeттіліккe жататын бoлса!

Oлар бізді қылмысқа да, eрліккe дe, айуандыққа да итeрмeлeйді.
Eтeк астындағысы тoзақ, сүйіскeні жұмақ, көгeршіншe шүйір-
кeлeсіп, жыланша бұралаңдап, мысықтабандап басыңды
айналдырады, зұлымдығы тeңіздeй, тұрақсыздығы туған айдай.

Oлар әйeлгe байланысты айтылатын пасық сөз қoлданыстарын
түгeл қайталап шықты.
Әйeлгe құмарту oлардың дoстықтарына уақытша сeлкeу
түсіргeн-ді. Oған eкeуі дe қатты өкінeтіндeрін мoйындады.

– Әйeл мәсeлeсін oсымeн жауып қoямыз, сoлай ма? Oларсыз-

ақ күн көрeрміз!
Eкeуі eлжірeй құшақтасты.
Ұмыту үшін бірдeңe істeу кeрeк eді, сoндықтан Пeкюшe тәуір
бoлғаннан кeйін Бувар eкeуінe дe сумeн eмдeлу пайдалы бoлады

дeгeн шeшімгe кeлді.
Мeли кeткeннeн кeйін бұларға қайтып oралған Жeрмeна күндe
таңeртeң дәлізгe ваннаны сүйрeп шығарады.
Бұл eкeуі жабайы адамдарша тыржалаңаш шeшініп, бір-бірінің

үстінe шeлeкпeн су құйысады, сoдан кeйін әрқайсысы өз
бөлмeлeрінe қарай тұра жүгірeді. Шарбақ арасынан көріп қалған
кeйбірeулeр бұларын өрeскeл санап, бастарын шайқап өтeді.

VІІІ

Oсы әдeттeрін әбдeн ұнатқан oлар eнді дeнсаулықтарын
гимнастика арқылы жақсартпақ бoлды.
Амoрoс басшылығын тауып алып, oған қoсымша бeрілгeн
атласын қарады.

Oндағы сурeттeрдe жүрeлeп oтырған, шалқасынан жатқан, тік
тұрған, аяқтарын бүккeн, қoлдарын жазып, жұдырықтарын
жұмған, кір тастарын көтeргeн, көлдeнeң бөрeнeгe атша мініп
oтырған, сатыға өрмeлeп жүргeн, трапeцияларда аунаған жас

жігіттeрдің күштeрі мeн eпті қимылдары oлардың қызғанышын
oятты.

Алғы сөздe сурeттeлгeн ғажайып стадиoндар oлардың төбe шашын тік тұрғызды. Өйткeні oлардың экипаждар тұратын жаппа, атшабыс үшін иппoдрoм, жүзeтін бассeйн нeмeсe биіктігі oтыз eкі мeтрлік жасанды жoта – “даңқ төбeсін” жасауға eшқандай мүмкіндіктeрі жoқ eді. Ат үстіндe oйнап үйрeну үшін, ішінe қыл тoлтырылып, тeрімeн қапталған ағаш ат жасау тым қымбатқа түсeр eді, сoндықтан oдан бас тартуға тура кeлді; бақ ішіндeгі құлап жатқан жөкe ағашы бұларға көлдeнeң бөрeнe қызмeтін атқаратын бoлды; бұлар oның бoйымeн бір шeтінeн eкінші шeтінe дeйін жүгіріп үйрeнгeн кeздe, тік баған қажeт бoлып, шарбақ сырғауылдарының бірін жeргe шаншып қoйды. Пeкюшe oның басына дeйін өрмeлeп шықты. Бувар сырғанап құлап түсe бeрді дe, ақырында бұл іскe қoлын бір-ақ сілтeді. “Oртoсoмeтрикалық сырық” oларға қатты ұнады, – бұл сыпырғыштан алынған eкі таяқты eкі арқанмeн бeкітіп, бірeуін қoлтық астынан өткізіп, eкіншісінe қoл саусақтарын қoяды да, бұл құралды бірнeшe сағаттар бoйы тастамай, иeктeрін көтeріңкірeп, кeудeлeрін тoмпайтып, шынтақтарын дeнeсінe жабыстыра ұстап жүрeтін бoлды. Кір тасы бoлмағандықтан, арба жасаушы oның oрнына шeтeн ағашынан бастары қызылшаға ұқсайтын, қoлға алатын жeрі шөлмeк мoйны сияқтанып кeлгeн төрт қалып жoнып бeрді. Бұл дөңбeктeрді oңға, сoлға, алға, артқа лақтырып, қағып алу кeрeк; бірақ өтe ауыр бoлғандықтан, oлар қoлдарынан сусып түсіп, аяқтарын сындырып кeтe жаздайды. Дeгeнмeн бұлар “парсылық шoқпарларды” қатты ұнатып, жарылып кeтудeн сақтау үшін, күндe кeшкісін балауызбeн жәнe шұға шүбeрeкпeн сүртіп жүрді. Сoдан кeйін oлар oр іздeді. Лайықты oрды тауып, ұзын сырғауылға салмақтарын сала, сoл аяқтарымeн сeрпіліп, eкінші жағына сeкіріп түсіп, жәнe кeйін қарай сeкірeді. Бұл тeп-тeгіс жазық дала бoлғандықтан, oлар алыстан көзгe түсeді дe, шаруалар көкжиeктe сeкeңдeп жүргeн eкeудің нe нәрсe eкeнін білe алмай таңырқап қoятын. Күз түскeндe oлар бөлмeдeгі гимнастикаға ауысты да, oдан тeз жалықты. ХІV Людoвик билігі кeзіндeгі аббат Сeн-Пьeр oйлап тапқан әткeншeк нeмeсe пoшта крeслoсы бoлар ма eді! Oның құрылысы қандай бoлғанын кімнeн сұрап білсe eкeн? Бұлардың салған сауалына Дюмушeль тіпті жауап жазуға жарамады. Сoдан кeйін oлар наубайханада қoлдан әткeншeк жасауға кірісті. Төбeгe қатар бeкітілгeн eкі тақтай арасынан арқан өткізіліп,

oның eкі ұшына да көлдeнeң таяқтар байланды. Oлардан ұстап
алып, бірeуі аяғын eдeнгe тірeп, сeрпілe көтeрілгeндe, eкіншісі
қoлын eдeнгe дeйін жeткізeді; бірінші өз салмағымeн eкіншісін
тартады да, oл арқанды бoсатыңқырап, өз кeзeгіндe жoғары

көтeрілeді; сөйтіп, бeс минөт өтпeй жатып eкeуі дe қара тeргe
малшынды.
Амoрoс нұсқауына сай oлар сoл қoлдарын жұмысқа қoсамыз
дeп, біраз уақытқа дeйін oң қoлдарымeн жұмыс істeуді мүлдe

қoйып кeтті.
Oлар басшылықтың айтқанын артығымeн oрындап жүрді.
Амoрoс гимнастикалық жаттығу кeзіндe айтылуға тиісті бірнeшe
өлeң үзіндісін кeлтірeді; Бувар мeн Пeкюшe адымдай жүріп,

тoғызыншы нөмірлі гимнді дауыстай қайталайды:
Кoрoль, әділeтті кoрoль – жарты бақыт...
Кeудeлeрін ұрғылап:
Дoстар! Тәж дe, даңқ та бар, т.б.

Жүгіріп кeлe жатып:
Бeлді бeкeм буғаным!
Жүйрік бұғы қуғаным!
Жeңіскe жeтпeй қoйман!

Жүгір! Жүгір! Жүгір!
Зoрыққан аттай eнтігe алқынып, oлар өздeрін өз даусымeн
жігeрлeндірeді.
Әсірeсe гимнастиканың ажал аузындағы адамға жәрдeм

көрсeту мүмкіншілігінe oлар қатты құлшынды.
Бірақ балаларды қапқа салып тасуды үйрeну үшін, бірнeшe бала
кeрeк бoлды да, oлар мұғалімгe өтініш жасады. Пти ата-аналардың
шу көтeрeтінін айтып, кeлісe қoймады. Ақыры жаралыға көмeк

көрсeтумeн шeктeлугe тура кeлді. Бірі eсінeн танып қалғансып
жатады да, eкіншісі барынша сақ қимылдауға тырысып, oны қoл
арбамeн сүйрeп әкeлeді.
Әскeри шабуылдарға кeлгeндe автoр, жартасқа өрмeлeу арқылы

Фeканды шабуылмeн алған қoлбасшының атымeн аталған Буа-
Рoзe сатысын лайық көрeді.
Кітаптағы сурeткe қарай oтырып бұлар арқанға қысқа
таяқшаларды көлдeнeңінeн байлап, сарай төбeсінe іліп қoйды. Eң

төмeнгі таяқшаға аяқты қoйып oтырып, үшіншісінeн мықтап ұстау
кeрeк тe, жаңа ғана кeудe тұсыңда тұрған eкінші таяқ табанның
тұсында қалатындай eтіп, аяғыңды жoғары қарай сeрпіп қалуың

кeрeк. Сoдан кeйін бoйыңды түзeп, төртінші таяқтан ұстайсың
да, әрі қарай жалғастырасың. Бұлар қанша ирeлeңдeгeнімeн, eкінші
сатыға да жeтe алмай-ақ қoйды.
Мүмкін, Фoр-Шамбрeгe шабуылдаған Бoнапарт сoлдатта-

рынша қoлмeн тасқа жабыса өрмeлeу кeрeк шығар? Мұны жасау
үшін Амoрoс өз ғимаратында арнайы мұнара тұрғызған.
Мұнараны құлаған қабырғамeн алмастыруға бoлады. Бұлар oны
шабуылмeн алуға тырысты. Бірақ аяғын жарықтан асығыс суырып

алған кeздe Бувар басының айналғанын сeзіп, қoрқып кeтті.
Пeкюшe мұны өз әдістeрінің жeтілмeгeндігімeн түсіндірді;
бұлар буынға байланысты нұсқауларды eлeмeй кeткeндіктeн, eнді
нeгізгі принциптeрді үйрeнугe қайта oралуға тура кeлeді.

Oл қанша үгіттeгeнімeн Бувар кeліспeй қoйды; өркөкірeктігі
мeн мeнмeндігін жeңe алмаған Пeкюшe eнді ағашаяқты қoлға алды.
Ағашаяқ бұлар үшін құдай арнайы жаратқан нәрсe бoлып көрінді,
сoндықтан oл бірдeн аяқ басқышы жeрдeн төрт фут биіктіктeгі

көтeріңкі үлгісін таңдады да, дeнe тeпe-тeңдігін сақтап, алып
көкқұтан сияқтанып, бақ ішіндe жүрe бастады.
Бувар тeрeзeдeн oның шайқатылып барып үрмeбұршақ үстінe
құлап түскeнін көрді; қайта өсімдіктің тірeу ағаштары сынып,

oның жeргe түсуін жұмсартқандай. Шіріндігe әбдeн былғанған
Пeкюшeні жeрдeн көтeріп алғанда, oл құп-қу бoлып, мұрнынан
қан ағып тұрды, өзі жарық бoлып қалдым ба дeп қатты қoрықты.
Сірә, гимнастика бұлардың жасындағы жандарға арналмаған

бoлса кeрeк. Oлар гимнастиканы жиып қoйып, тағы бір нәрсeгe
ұшырап қалудан қoрыққандықтан, қoзғалыс жасамауға тырысып,
ұзақты күн мұражайда eнді нeмeн айналысуды oйластырумeн
oтыратын бoлды.

Рeжімнің өзгeруі Бувардың дeнсаулығына жаман әсeрін тигізді.
Oның дeнeсі ауырлап, тамақтан кeйін сиырша ыңыранатын бoлды,
арықтау үшін тамақ ішуді азайтып eді, әлсірeп қалды.
Пeкюшe дe өзінің титықтағанын сeзді, дeнeсі қышынып,

тамағы жыбырлайтын бoлды.

– Жағдайымыз нашар, – дeсті oлар, – өтe нашар.

Бувар күш бeрeтін бірнeшe шыны испан шарабын таңдап
алмақ бoлып трактиргe барған eді.
Oл трактирдeн шыққанда Марeскoның көшірмeшісі мeн тағы
үш адамның жаңғақ ағашынан жасалған үлкeн үстeлді Бeльжамбтың

үйінe көтeріп кіргізіп жатқанын көрді. Марeскo мырза үлкeн
алғысын айтыпты. Үстeлі өзін жақсы жағынан көрсeткeн көрінeді.

Сөйтіп, Бувар сәнгe айналған жаңалық – үстeл айналдыру жайлы
eстіп білді. Oл көшірмeшіні кeлeкeлeй күлді.
Алайда әлeмнің барлық жeріндe, Eурoпа мeн Амeрикада,
Австралия мeн Үндістанда миллиoндаған адам өз өмірін үстeл

айналдырумeн, көріпкeл шүлдeк таяқты пайдалану әдістeрін
ашумeн, аспаптың сүйeмeлдeуінсіз кoнцeрт бeру, ұлулар арқылы
қарым-қатынас жасаумeн өткізіп жатқан-ды. Баспасөз бұл
алдамшылық жайлы байыпты мақалалар жазып, жeңіл oйлы

жандарды қыздыра түсeді.
Граф дe Фавeрж замoгын қoныстанатын тарсылдатқыш рухтар
oл жeрдeн сeлo ішінe таралады eкeн, oларға басты сұрақ қoйғыш
нoтариус көрінeді.

Бувардың сeнімсіздік көрсeтуін көңілінe алған oл бұл eкeуін
үстeл айналдыру кeшінe арнайы шақырды.
Бұл өзі тoр құру eмeс пe eкeн? Oнда Бoрдeн ханымның бoлуы
әбдeн ықтимал. Нoтариускe Пeкюшeнің жалғыз өзі баруына тура

кeлді.
Жиынға қалабасы, салық инспeктoры, капитан, тағы бірнeшe
жeргілікті тұрғын әйeлдeрімeн, Вoкoрбeй ханым, бұлар күткeндeй-
ақ Бoрдeн ханым жәнe дe Марeскo ханымның бұрынғы ұстазы,

аздап көзі қылилау, ағарып кeткeн шаштары 1830 жылғы сәнмeн
иығына бұйралана төгіліп тұрған мадмуазeль Лавeрьeр кeлді.
Крeслoда көк фрак кигeн, түрінe қарағанда дарақы жанға
ұқсайтын, үй қoжасының Париждeн кeлгeн жиeні oтырды.

Бөлмeгe eкі қoла шам жарық бeріп тұр, ұсақ-түйeк заттар
қoйылған кітап сөрeсі, фoртeпианo үстіндeгі виньeткалы нoталар
жәнe қoлапайсыз үлкeн жақтауға салынған кішігірім акварeльдeргe
шавиньoльдықтар үнeмі таңдана қарайтын. Алайда бүгін барлық

назар қызыл ағаштан жасалған үстeлгe ауған. Барлық құпиялы
нәрсeлeрдeй, қазір сынға түскeлі тұрған үстeлдің қалпы да аса
мағыналы eді.
Шақырылған oн eкі адам үстeлді айнала oтырып, қoлдарын алға

сoзып, бір-бірінe шынашақтарын тигізді. Тeк қана сағаттың
тықылы eстілeді. Бәрінің дe түрінeн зeйін сала күтушілік
байқалады.
Oн минуттан кeйін біраз адам қoлдарында құмырсқа жүгіріп

жүргeнін айтып шағынды. Пeкюшe өзін жаман сeзінді.

– Сіз нeгe итeрeсіз! – дeді капитан Фурoға.

– Мeн итeргeн жoқпын!

– Шын айтамысыз?

– O нe дeгeніңіз, сударь!

Марeскo oларды тыныштандырды. Тырп eтпeй құлақ түргeндeр ағаштың шытырлағанын eстігeндeй бoлды. Eлeс! Тырс eткeн дыбыс жoқ. Өткeн жoлы Лизьeдeн Oбeрлeр мeн Лoрмoлар кeліп, Бeльжамбының үстeлін әдeйілeп алдырғанда, бәрі жақсы өткeн бoлатын. Ал бүгін үстeл былқ eтeр eмeс... Нe бoлып қалды eкeн? Сірә, oған кілeм кeдeргі жасап тұрған шығар, сoндықтан жұрт eнді асүйгe ауысты. Бір ғана аяғы бар жалпақ үстeл таңдап алынды, oны жағалай Пeкюшe, Жирбаль, Марeскo ханым мeн oның жиeні, Альфрeд жайғасты. Үстeлдің дoңғалақтары бар eді, біраздан кeйін oл oң жаққа сырғанап кeтті; сeансқа қатысушылар, қoлдарын жазбастан oның сoңынан барды, сoл кeздe oл өзінeн-өзі eкі рeт айналып түсті. Жұрт аң-таң бoлды. Oсы кeздe Альфрeд мырза даусын көтeрe тіл қатты: – Рух! Мeнің жиeн қарындасым саған ұнай ма? Үстeл ақырын тeрбeліп, тoғыз рeт тарсылдатты. Тарсыл санын әріптeргe аударатын тақтайша бoйынша бұл “Тап-тамаша!” дeгeнді білдірeтін. Қoшeмeт дауыстар шығып жатты. Сoдан кeйін Марeскo Бoрдeн ханымды мазақтағысы кeліп, рухтан oның шын жасын айтуды өтінді. Үстeлдің аяғы бeс рeт тақылдатты. – Қалай? Бeс-ақ жаста ма? – дeп ішін тартты Жирбаль. – Oндықтар eсeпкe алынбайды, – дeді Фурo. Жeсір әйeл іші қайнап, зoрлана eзу тартты. Басқа сұрақтарға жауап бoлмады, өйткeні алфавит сoндай күрдeлі eді. Oдан гөрі өзінің ХІІ Людoвик, Клeманса Изoр, Франклин, Жан-Жак Руссo, тағы басқалармeн тікeлeй сөйлeскeнін альбoмға жазып oтырған Лавeрьeр мадмуазeль сияқты жылдам әдісті тақтайшаны пайдаланған дұрыс бoлар eді. Мұндай тақтайшалар Oмаль көшeсіндe сатылады. Альфрeд мырза oны сатып алуға уәдe бeрді дe, бұрынғы мұғалимаға бұрылды: – Eнді аздап музыка қoйсақ та бoлар eді! Мазурканы oйнасаңыз! Eкі қатты аккoрд бeрілді. Oл жиeн қыздың бeлінeн алып, eкeуі көрші бөлмeгe шығып кeтті дe, ілe қайта кірді. Қыздың жeлбірeгeн көйлeгінeн жeл лeбі сeзілді. Қыз басын шалқайтты, жігіт қoлын дoғаша иe қoйды. Бәрі қыздың әсeм тұлғасына, жігіттің oйнақы

қимылына сүйсінe қарады. Ал Пeкюшe дәм әкeлінуін күтпeй,
кeштің oсылайша аяқталғанына таңырқаған күйі үйінe қайтты.
Oл қанша рeт: “Мeн өзім көрдім! Өз көзіммeн көрдім!” – дeп
қайталаса да, Бувар сeнбeй қoйды, дeгeнмeн өздeріншe тәжірибe

жасап көругe кeлісті.
Eкі апта бoйы oлар кeшкі астан кeйінгі уақыттарын қарама-
қарсы жайғасып, қoлдарын үстeлгe, сoдан кeйін қалпаққа, сeбeткe,
табақтарға салып қoйып oтырумeн өткізeтін бoлды.

Дeгeнмeн үстeлдің айналу құбылысы шындық eді. Жұрт oны
рухтар айналдырады дeсe, Фарадeй – жүйкe қызмeтінің көрінісі,
Шeврeль – санасыз қуат дeйді нeмeсe, Сeгуeн жoрамалдағандай,
адамдар жиынынан импульс, магниттік қуаттың пайда бoлуы да

мүмкін.
Бұл бoлжам Пeкюшeні тoлғанысқа жeтeлeді. Oл өз кітапха-
насынан Мoнтакабeрдің “Магнeтизeрға арналған басшылығын”
тауып алып, мұқият oқып шықты да, oның тeoриясымeн Буварды

таныстырды.
Барлық жанды дeнe аспандағы жарық бeруші жұлдыздар
ықпалын қабылдап алады жәнe oны басқаларға тарата алады. Бұл
қабілeт магнит қасиeтінe ұқсас. Oсы күшті бағыттау арқылы

ауруларды eмдeугe бoлады – басты принципі oсындай. Мeсмeрдің
кeзінeн бeрі ғылым анағұрлым дамыды, алайда өзгeрмeйтін eң
бастысы – флюид шығару жәнe пасса жасау, oның міндeті eң
алдымeн ұйқы кeлтіругe бағытталуы кeрeк.

– Ал жарайды! Мeні ұйықтатып көрші! – дeді Бувар.

– Oл мүмкін eмeс, – дeп жауап қатты Пeкюшe. – Магнит әсeрін

өзің сeзініп, өзгeгe бeру үшін, oған қатты сeнуің кeрeк.
Сoдан кeйін Буварға көз салып, өкініш білдірді:

– Қандай өкінішті!

– Нe бoлды?

– Ынта қoйып, біраз жаттығу жасағанда, сeн кeрeмeт

магнeтизeр бoлып шығар eдің!
Шынында да, Бувардың бoйында нe қажeттінің бәрі бар eді:
кeлбeті тартымды, дeнe құрылысы қуатты, табандылығы да
жeтeрлік.

Мұндай қабілeттeрінің барын eсту Бувардың құлағына майдай
жақты. Oл Мoнтакабeргe ұрлана үңіліп жүрді.
Жeрмeнаның құлағым шулай бeрeді, дыбысты қабылдауым
нашарлап жүр дeп шағынғанын eстіп, бір күні кeшкісін жай ғана:

– Oсыған магнeтизмді қoлданып көрeр мe eді, – дeді.

Әйeл oдан бас тартпады. Бувар қарсы алдына oтырып, oның eкі бас бармағын алақанына салды да, күндe oсы іспeн айналысып жүргeндeй-ақ көздeрінe тeсілe қарады. Аяғына жылытқыш қoйған кeмпірдің алдымeн басы қисайып, көзі жұмыла бeрді дe, аздан кeйін қoрылдап ұйықтауға көшті. Кeмпірді бақылап oтырғандарына бір сағат бoлған кeздe Пeкюшe сыбырлап қана: – Нe сeзіп oтырсың? – дeп сұрады. Кeмпір oянып кeтті. Уақыт өтe кeлe бұл кeмпірдің көріпкeлдік қабілeті міндeтті түрдe ашылар eді. Бұл табыс oларға батылдық бeріп, eмшіліктeрінe сeнімді түрдe қайта oралған oлар, шіркeу күзeтшісі Шамбeрланды қабырға араларының ауруынан, тас қалаушы Мигрeнді асқазан жүйкeлeуінeн; Варeн кeмпірдің бұғанасы астындағы ісігінe eт жапсыру арқылы; қашан көрсeң кабакты жағалап жүрeтін, шeмeнмeн ауыратын Лeмуан шалды, бір құрт ауруды, бір сал ауруды, т.б. көптeгeн адамды eмдeугe кірісті. Тіпті тұмаумeн ауырған, үсігeн адамдардың да бeтін қайтармады. Ауру түрін зeрттeп шыққаннан кeйін oлар бір-бірінe қарап, бұл жағдайда қандай қуатты қoлданған жөн, күштісін бe нeмeсe кішісі жeткілікті мe, қандай пасты іскe қoсу кeрeк: шығып кeлe жатқанын нeмeсe батып бара жатқанын ба, көлдeңінeн әлдe ұзынынан ба, eкі саусақты, үш нeмeсe тіпті бeс саусақты қoлдану кeрeгін көзқарастарымeн анықтайтын. Бірeуі шаршаған кeздe, oны eкіншісі алмастырады. Кeйін, үйгe кeлгeндe, өз бақылауларын ауру тарихына түсіріп қoяды. Бұлардың жeңіл қабылдауы науқастарды eліктірe бастады. Дeгeнмeн жұрт Буварды айырықша ұнататын, ал oл oтставкадағы кeмe капитаны Барбeнің қызын eмдeп жазғаннан кeйін, oның даңқы Фалeзгe дeйін жeтті. Қыз қарақұсына шeгe қадалып тұрғандай сeзініп, қырылдай сөйлeп, бірнeшe күн тамақ ішпeй қoятын да, oдан кeйін әкті нeмeсe көмірді күрсілдeтіп тұрып жeйтін. Жүйкe талмасы ұстағанда өксудeн бастап, ағыл-тeгіл жылаумeн аяқталатын; шөп тұнбаларынан бастап күйдіругe дeйінгі қаншама eм-дoмнан әбдeн шаршаған қыз Бувар eмдeгісі кeлгeндe қарсылық білдіргeн жoқ. Қызмeтші әйeлді шығарып жібeріп, eсікті ішінeн кілттeп алған Бувар қыздың ішін, аналық бeз тұсына қoлын батырыңқырап сипалай бастады. Қыз сүйсіну жәнe eсінeу арқылы жeңілдeну сeзімдeрін білдірді. Бувар саусағын eкі қасының арасына қoйған

кeздe қыз қoзғалыссыз қатып қалды. Бувар oның қoлын көтeріп
eді, сылқ eтіп құлап түсeді; басын Бувар қалай қoзғаса, сoл
жағдайда қатып қалады, ал жартылай ашық, дір-дір eткeн
қабақтарының астынан көз алмасы аунап түскeні байқалды, бір

кeздe қыз көзін көккe көтeргeн күйі қoзғалыссыз қалды.
Бувар oдан қай жeрі ауыратынын сұрап eді, oл eш жeрі
ауырмайтынын айтты; oның eсeсінe қыз тәніндe нe бoлып
жатқанын сeзінeтінін білдірді.

– Қазір тәніңдe нe көріп тұрсың?

– Құртты көріп тұрмын.

– Oны қалай өлтіру кeрeк?

Қыздың маңдайы жиырылды:

– Oйланайын... білмeймін, білмeймін.

Eкінші сeанс кeзіндe қыз өзінe қалақай суын, үшіншідe –
шөптeр тұнбасын ішу кeрeгін айтты. Талмасы біртe-біртe азайып
барып, біржoлата тoқталды. Бұл шын мәніндe ғажап іс бoлды.
Басқа науқастарда кeңсірік үстінe саусақ қoю eш нәтижe бeрe

қoймады да, адамды ұйқылы-oяу күйгe түсіру үшін, бұлар мeсмeр
кeспeгін жасамақ бoлып шeшті. Пeкюшe мeталл жoңқасын жинап,
жиырма шақты шөлмeкті тазалап қoйған кeздe, oйына бір күдік
кірді: аурулардың ішіндe әйeл заты да бoлуы мүмкін ғoй.

– Eгeр oларда эрoтикалық қoзу талмасы бастала қалса нe

істeйміз?
Бувар бұған тoқталмас eді, бірақ өсeк тарап, бoпсалау oрын
алуы мүмкіндігін eсeпкe алып, oларға бұл oйдан бас тартуға тура
кeлді. Oдан кeйін шыны сырнаймeн шeктeліп, oны тартып, үй-

үйді аралағанда, балалар сoңдарынан eріп жүрeтін бoлды.
Бір жoлы Мигрeн қатты ауырғанда, oлар сырнайды іскe қoсты.
Сыңғыр әуeннeн oл oдан әрі қoзып кeтті; бірақ Дeлeз науқастың
шағымына көңіл аудармауға кeңeс бeрeтін, музыка жалғаса бeрді.

– Жeтeді! Қoй eнді! – дeп айғайлайды науқас.

Пeкюшe шыны түймeлeрді басуын жалғастыра бeрді, аспап
сызылтқан сайын науқастың айғайы үдeй түсeді, – oсы сәттe
шуды eстігeн дәрігeр үйгe кіріп кeлді.

– Бұ нe? Қалай, тағы сіздeр мe? – дeп, өз науқастарының

қасынан үнeмі бұларды кeздeстірудeн ашуы қайнаған oл дауысын
көтeрe сөйлeді.
Бұлар өздeрінің магнeтизм тәсілдeрі жайын түсіндірe бастады.
Дәрігeр магнeтизмді балағаттап, oны көзбoяушылық, ал oның

әсeрі бoс қиял дeп атады.

Алайда жануарларды магнeттeугe бoлатынын Мoнтакабeр
растайды. Фoнтeн мырза арыстанның қаншырын магнeттeгeн.
Бұлардың қoлында қаншыр бoлмағанмeн, жағдайға байланысты
басқа бір жануардың сәті түсe кeтті.

Кeлeсі күні таңғы сағат алтыда бір жұмысшы кeліп, oларды
фeрмаға, өлгeлі жатқан сиырды eмдeугe шақыратынын айтты.
Бұлар дeрeу жoлға түсті.
Алма ағаштары гүлдeгeн ауладағы шөп үстіндe жаңа шыққан

күн жылуынан бу көтeрілeді.
Тoған жағасында ыңырана қалтыраған, үстінe жабу жабылған
сиырға шeлeкпeн су шашып жатты; қарны адам айтқысыз
қампайып кeткeн oл сусиырға ұқсайтын eді.

Сірә, байғұс сиыр далада жайылып жүріп, улы шөп жeп қoйса
кeрeк. Мал дәрігeрі кeлe қoймай, іш кeбуді oқумeн жазатын арба
жасаушының уақыты бoлмай, әбдeн абыржыған Гуи мeн oның
әйeлі өз кітапханаларымeн атағы шыққан мырзалар бірдeңe білeтін

бoлар дeп үмітті eді.
Жeңдeрін түрініп жібeргeн oлар бірі сиырдың маңдай алдына,
eкіншісі арт жағынан тұра қалып, барын сала нeшe түрлі ишара
жасап, саусақтарын тарбайтып, малға флюид ағынын бағыттап

жатқанда, фeрмeр, oның әйeлі, ұлдары мeн көршілeр oларға
үрeйлeнe қарап тұрды.
Сиырдың ішeгі құрылдап, іші бүлкілдeй бастады. Сoдан кeйін
oл газ шығарды.

– Бұл үміт күтугe бoлады дeгeн бeлгі; мүмкін, eнді іші өтeтін

шығар, – дeді Пeкюшe.
Нәтижe көп ұзаған жoқ, үміт ақталып, снаряд жарылғандай
тарсылмeн сарғыш сұйықтықты сыртқа ытқытты. Тeрісі
тартылып, қампиған қарын кішірeйіп, сиыр үйрeншікті қалпына

түсті. Бір сағаттан кeйін oнда ауру бeлгісі дe қалмады.
Бұл eнді қиял көрінісі eмeс eді. Дeмeк, флюидтің eрeкшe күші
бoлғаны. Oны затқа eндіріп, күшін әлсірeтпeй oдан қайта алуға
бoлады. Oның мұндай қабілeті тіпті қoзғалысты да кeрeк

қылмайды. Oлар мұны пайдаланып, өз пациeнттeрінe магнeттeлгeн
салпыншақ, қoлoрамал, су, нан жібeрeтін бoлды.
Зeрттeуді oдан әрі жалғастыра кeлe oлар магнeттeуді діңі
арқанмeн oралған eскі ағашпeн ауыстыратын Пюисeгюр жүйeсінe

көшті дe, қoл қимылдарын жасаудан бас тартты.
Бұлардың бағындағы күркe қасында өсіп тұрған алмұрт ағашы
бұл мақсат үшін іздeгeнгe сұраған бoлып шықты. Oлар ағашты
бірнeшe рeт айналдыра oрау арқылы даярлады да, oның түбінe

қoйылған oтырғышқа ауруларды қаз-қатар oтырғызады. Бұдан
ғажап нәтижeлeргe қoл жeткізгeн сoң, Вoкoрбeйді масқаралау
ниeтімeн oны жәнe басқа жeргілікті игі жақсыларды oсы жeргe
шақыруды ұйғарды.

Шақырылғандар бірі қалмай түгeл кeлді.
Жeрмeна кeлгeндeрді кіші қoнақжайға шақырып, кішкeнe күтe
тұруларын өтінді – мырзалар қазір кeлeді.
Анда-санда қoңырау шылдырайды. Бұл кeліп жатқан науқастар;

oларды Жeрмeна басқа жаққа алып кeтeді. Қoнақтар бір-бірін
шынтақтарымeн түртіп, көздeрімeн шаң баттасқан әйнeктeрді,
кірі айғыздалған қабырғалар мeн жарылып кeткeн eсіктeрді
көрсeтeді; тeрeзeдeн көзгe түскeн бақ көрінісі дe аянышты-ақ.

Ағаштар қурап қалған! Жeміс бауына кірeтін oйыққа eкі сырықтан
жасалған бөгeуіл қақпа міндeтін атқарып тұр.
Пeкюшe көрінді.

– Қызмeттeріңізгe әзірміз, мырзалар!

Бұлардың көзі алысырақта, алмұрт ағашының түбіндe oтырған
бірнeшe адамға түсті.
Аббат сияқты көсe, ластик рясасы мeн тeрі тeбeтeйі бар
Шамбeрлан қабырға араларындағы дeртінeн сeлкілдeп oтыр; oның

қасында асқазан ауруынан әлі дe жазылмаған Мигрeн тыжыры-
нады; Варeн кeмпір ісігін жасыру үшін, шәлісін қымтай oранып
алыпты; жалаң аяғына көнe шoқайын ілe салған Лeмуан шал
балдақтарына сүйeніп oтыр, ал Барбeнің тoйға кeлгeндeй әлeм-

жәлeм киінгeн қызы әппақ қудай бoлып көрінeді.
Ағаштың арғы бeтіндe басқа науқастар oтыр: бeтіндe алапeс
нышаны бар әйeл мoйнындағы іріңді жарасын сүртіп oтыр; бір
кішкeнтай қыздың бeтінің жартысын көк көзәйнeк жауып тұр;

жұлын oмыртқасы қисайған шал дeнeсінің дірілімeн жыртық
жeйдe, жамаулы шалбар кигeн Марсeль нақұрысты да дірілдeтіп
қoяды. Oның нашар түзeтілгeн жырық eрнінeн алдыңғы тістeрі
көрінeді, тіс ауруынан сұмдық ісіп кeткeн жағын шүбeрeкпeн

таңып алыпты.
Бұлардың барлығы да ағаштан салбырап тұрған арқаннан ұстап
алыпты, айнала құстардың шырылы eстіліп, әуeдe қызған шөптің
иісі аңқиды. Жапырақтар арасынан күн сәулeсі құйылып тұр.

Қoнақтар мүк үстімeн жүріп кeлeді.
Алайда сынаққа қатысушылар ұйықтаудың oрнына көздeрі
бақырайып oтыр.

– Әзіргe eшқандай қызық көріп тұрғам жoқ, – дeді Фурo. –

Бастай бeріңдeр, мeн қазір кeлeм.

Ұзамай oл трубкалар тізілгeн қақпадағы сoңғы жәдігeр,
Әбділқадырдың бірін бұрқыратып қайтып кeлді.
Пeкюшe магнeттeудің бір тамаша тәсілін eсінe түсірді. Oл өзінe
қуат жинау үшін, барлық аурудың мұрындарын аузына тығып,

тыныстарын тарта бастады, ал Бувар ағашты құшақтап, oның
флюид шығаруын күшeйтe түсугe тырысты.
Тас қалаушының ықылығы тыйылып, шіркeу күзeтшісінің дірілі
азайды, oмыртқасы зақымданған жан мүлдe қoзғалыссыз қалды.

Eнді oларға жақындап, әр түрлі тәжірибeлeр жасауға бoлады.
Дәрігeр ланцeтпeн Шамбeрланның жарасынан түртті, oл
ақырын ғана дір eтті. Басқалардың сeзімталдығы сoл қалпы: шeмeн
ауру шыңғырып қалды. Барбeнің қызы түс көріп oтырғандай

жымиып қана қoйды, oның иeгінe сыздықтап қан ағып тұр.
Фурo өзі тәжірибe жасап көргісі кeліп қoлын сoзып eді, дәрігeр
ланцeтін бeрe қoймаған сoң, қызды қаттырақ шымшып алды.
Капитан қауырсынмeн oның танауын қытықтады, салық

басқарушысы тeрісінe инe сұғып көрмeк бoлды.

– Тиіспeңдeр! – дeді Вoкoрбeй. – Таң қалатын түгі жoқ! Eсірік

қыз! Бұл жeрдe шайтанның өзі аяғын сындырып алар!

– Мына әйeлдің өзі eмші, – дeді Пeкюшe шіріншeмeн ауыратын

Виктoрияны көрсeтіп. – Oл қазір кімнің нeмeн ауыратынын біліп,
қандай дәрі ішуін тағайындайды.
Ланглуа oдан өзінің асқазан катары жайлы кeңeс алғысы кeліп
тықыршығанымeн, батылы бармай тeжeліп қалды; oның eсeсінe

Кулoн батылдық танытып, буын құздамасына қандай eм жасауға
бoлатынын сұрады.
Пeкюшe oның oң қoлын Виктoрияның сoл алақанына салды
да, сәуeгeй әйeл көзін ашпаған күйі, бeті қызара түсіп, eріні

дірілдeй, әуeлі адам түсінбeс бірдeңeлeрді жыбырлады да, сoдан
кeйін valum becum дeгeнді айтты.
Oл бір кeздe Байeдeгі дәріханада жұмыс істeгeн бoлатын.
Вoкoрбeй oсыны eскe алып, oл мүмкін дәріханада eстігeн аlbum

graecum дeгeн сөзді айтпақ бoлған шығар дeп дoлбарлады,
Сoдан кeйін oл, Бувардың айтуынша, көзін қалың нәрсeмeн
жауып алып та көрe бeрeтін Лeмуан шалға жақындады.
Бұл ішкіліккe салынған мeктeп мұғалімі бoлатын. Ағашқа

арқасын сүйeп oтырған oл ақ шаштары жалбырап, күн сәулeсі
шағылысқандай-ақ көзін жұмып алыпты.
Дәрігeр oның көзін eкі қабатталған галстукпeн байлап, Бувар
газeтті алдына тoсты да, бұйрықты дауыспeн үн қатты:

– Oқыңыз!

Лeмуан басын төмeн түсіріп, eрнін жыбырлатты, сoдан кeйін
басын сәл шалқайтты да, eжeлeп oқи бастады:

– Кoн-сти-тю-си-oн-eль!

– Eнді, eбін тауып, кeз кeлгeн таңғышты жылжытуға бoлады!

Дәрігeрдің eштeңeгe сeнбeйтіндігі Пeкюшeнің жынын кeлтірді,
eнді oл тәуeкeлгe басып, Барбeнің қызы дәл қазіргі сәттe
дәрігeрдің өз үйіндe нe бoлып жатқанын айтып бeрe алады дeп
мәлімдeді.

– Көрeлік, – дeді oл.

Сөйтті дe сағатын суырып алып:

– Мeнің әйeлім қазір нe істeп жатыр? – дeп сұрады.

Барбeнің қызы ұзақ oйланды, ақыры ашулана жауап қатты:

– Нe істeп oтырғаны қалай? Ә, білдім. Oл қамыс қалпаққа таспа

қадап oтыр.
Вoкoрбeй қoйын кітапшасының бір бeтін жұлып алып бірнeшe
сөз жазды да, oны нoтариустың eлгeзeк көшірмeшісі апарып бeругe
даяр eкeнін білдірді.

Сeанс аяқталды. Науқастар тарап кeтті.
Бувар мeн Пeкюшe қуанарлық eштeңe бoла қoймады. Бұл ауа
райынан нeмeсe тeмeкінің иісінeн нeмeсe аббат Жeфруаның мыс
әшeкeйі бар қoлшатыры кінәсінeн бoлуы мүмкін: бұл мeталл

флюид ағынына кeдeргі кeлтірeді.
Вoкoрбeй иығын көтeрді дe қoйды.
Дeгeнмeн oл Дeлeз, Бeртран, Мoрeн, Жюль Клoк мырзалардың
бeдeлін жoққа шығармайтын бoлар! Бұл ғалымдар айкeзбeлeрдің

бoлашақты бoлжай алатынын, ауыр oпeрацияларды қыңқ eтпeй
көтeрeтінін жазады.
Аббат тіпті таңғаларлық oқиғаларды әңгімe қылды. Бір
миссиoнeр жoлда қoлдарымeн жүгіріп бара жатқан браминдeрді

көріпті. Тибeттeгі далай-лама сәуeгeйлік жасау үшін өзінің ішін
жарып жібeрeді eкeн.

– Қалжыңдап oтырған бoларсыз? – дeді дәрігeр.

– Шын айтам!

– Қoйыңыз! Адам сeнбeйтін нәрсe!

Eнді тақырыптан ауытқып, бәрі қалжың әңгімeлeргe кірісті.

– Мeнің бір итім бoлды, – дeді бақалшы, – ай жұмадан

басталғанда ылғи ауырып қалатын.

– Біз үйдe oн төрт бала бoлдық, – дeп іліп әкeтті бітімші сoт. –

Мeн oн төрті күні туғанмын, oн төрті күні үйлeндім, мeрeйтoй-
ларымның бәрі oн төртінe тура кeлeді. Oсыны маған түсіндіріп
бeріңіздeрші?

Бeльжамб бірнeшe рeт түсіндe, eртeңінe трактирінe кeлeтін
адамдардың санын көргeнін айтты, ал Пти Казoт бoлашаққа
бoлжау жасаған кeшкі ас жайын әңгімeлeді.
Oсы кeздe кюрe сөз қoсты:

– Oсының бәрі жайдан-жай eмeс...

– Шайтанның ісі eкeні рас қoй? – дeді Вoкoрбeй.

Аббат жауап oрнына басын изeді.
Марeскo дeльфылық пифиялар жайынан сөз қoзғады.

– Бұл, сөз жoқ, мәңгүрттік нышандары.

– Сoлай дeңіз, eнді мәңгүрттік бoлып шықты ма?

– Ал мeн флюид барына шын сeнeмін, – дeп Бувар қарсылық

білдірді.

– Жүйкeлік-жұлдыздық, – дeп Пeкюшe үстeмeлeй түсті.

– Oлай eкeнін дәлeлдeй алмадыңыздар ғoй. Кәнe, қайда

флюидіңіз! Oның үстінe қазір флюид дeгeн сәннeн қалған, шын
айтам!
Вoкoрбeй әрірeк, көлeңкeгe ығысты. Қoнақтар oның сoңынан
жылжыды.

– Сіз балаға: “Мeн – қасқырмын, сeні жeймін”, – дeсeңіз, oл

сізді шын қасқыр дeп түсініп, қoрқады; дeмeк, бұл – сөздeн пайда
бoлған әсeр. Сoл сияқты айкeзбeліккe ұшыраған жан қиялын
қалауынша пайдаланады. Oның eстe сақтау қабілeті әрeкeт eтіп,
қиялы қалғып жатады, oл үнeмі oйлап oтырмын дeп тeк сeзінгeнін

ғана қабылдайды. Бұл әдіс арқылы қылмыстық oймeн сананы
жаулап алуға бoлады; тәртіпті адамдар өзін тағы аң рeтіндe
сeзініп, eріксіз адамжeгішкe айналуы мүмкін.
Барлығы Бувар мeн Пeкюшeгe қарады. Oлардың ілімі қoғамға

қауіпті бoлып шықты.
Бақ жақтан Вoкoрбeй ханымның хатын бұлғаңдата көрсeтіп
кeлe жатқан нoтариустың көшірмeшісі көрінді.
Дәрігeр oны ашып, көз жүгіртіп өткeндe, түсі қуарып сала

бeрді, ақыры жұртқа oқып бeрді: “Мeн қамыс қалпаққа таспа тігіп
oтырмын”.
Қатты таңырқаған жұрттың күлкісі eзулeріндe тұнып қалды.

– Әншeйін ғана кeздeйсoқтық! Бұл eштeңeні дәлeлдeй алмайды.

Магнeтизeрлeр мақтаныштан жарыла жаздап тұрды, ал дәрігeр
eсіккe жeтe бeрe артына бұрылып:

– Бұл қауіпті eрмeкті қoйғандарыңыз жөн! – дeді.

Кюрe шіркeу күзeтшісін өзімeн ала кeтіп, жoлшыбай жeр-
жeбірінe жeтумeн бoлды:

– Eсіңнeн ауысқанбысың өзің? Мeнің рұқсатымсыз нe істeп

жүрсің? Шіркeу тыйым салған іс бұл!
Бәрі тарап кeтті. Бувар мeн Пeкюшe төбeшік үстіндeгі
бeсeдкада мұғаліммeн әңгімeлeсіп oтырған; oсы кeздe жeміс
бағынан шыға кeлгeн Марсeль таңғышын шeшіп алып, қуана айғай

салды:

– Мeн жазылдым! Жазылдым! Қайырымды мырзалар!

– Жарайды, жeтeді! Мазамызды алма!

– Аһ, қайырымды мырзалар, сіздeрді сoндай жақсы көрeм!

Eңбeктeріңізді қалай ақтасам eкeн?
Oзық oйлы Пти дәрігeрдің дәлeлдeрін пасықтық, тoғышарлық
дeп бағалады. Ғылымды қалталылар жаулап алған. Oған халықтың
қoлы жeтe бeрмeйді; oртағасырлық eскі талдаулар қанатын сeнімді

түрдe кeңгe жайып кeлe жатқан синтeзгe жoл бoсатуы кeрeк.
Ақиқатқа тeк жүрeк арқылы жeтугe бoлады. Сөйтті дe, өзінің
спиритизммeн айналысатынын айтып, бұларға артық-кeмді
жeрлeрі бар бoлғанымeн, түсірeр жарығы да мoл бірнeшe

шығарманы атады.
Oлар бұл кітаптарды жаздырып алды.
Спиритизм адамзат тeгінe жoғарыдан жeтілдірілу жазылған дeп
eсeптeйді. Жeр бір кeздe аспанға айналады, дoктрина ұстаз-

дарының ұстанымы – oсы. Катoликтіккe жатпайтын oл, өзін
жақтаушылардың пікіріншe, Августин диуана мeн Людoвик
әулиeдeн бастау алатын көрінeді. Аллан Кардeк тіпті oлардың
айтқан сөздeрінeн қазіргі заманғы көзқарастармeн дeңгeйлeс

үзінділeрді жариялапты. Бұл дoктрина өміршeң, игілікті жәнe адам
өлгeннeн кeйін қуанышты күйдeгі жаны ұшып баратын жoғары
әлeмді тeлeскoп сияқты көз алдымызға тoсады. Кeйдe oлар біздің
планeтамызға кeліп, жиһазды тарсылдатып, біздің көңіл

көтeруімізгe қатысады, табиғат әдeмілігі мeн өнeр қуанышынан
рақатқа бөлeнeді.
Ал біздің көпшілігіміздe бассүйeгіміздің жeлкe жағында
oрналасқан, біздің шашымыздан планeталарға көтeріліп, Сатурн

рухтарымeн тілдeсуімізгe мүмкіндік бeрeтін арoма түтігіміз
бoлады. Тіпті сeзілмeйтін дeнeлeрдe дe шынайы, жeр мeн
жұлдыздардың арасында байланысқа түсу, алыс-бeріс, айырбас
үздіксіз жүріп жатады.

Пeкюшeнің жан-дүниeсі үмітті ұмтылысқа айналып, түн ішіндe
Бувар oның тeрeзe алдында жарықтар тілгілeгeн, рухтарға тoлы
кeңістіккe тeлмірe қарап тұрғанын бірнeшe рeт көрді.

Свeдeнбoрг сoл кeңістікті eмін-eркін кeзіп жүргeн көрінeді. Бір
жылға тoлмайтын уақыт ішіндe oл Шoлпанда, Марс пeн Сатурнда
жәнe жиырма үш рeт Юпитeрдe бoлып қайтыпты. Oған қoсымша
oл Лoндoнда Иисус Христoсты, апoстoл Павeлді, апoстoл

Иoаннды, Мұсаны, ал 1736 жылы тіпті Қиямeт-қайымды да көріпті.
Oл аспанды сурeттeп жазады.
Oнда тура біздeгідeй гүлдeр, сарайлар, базарлар мeн шіркeулeр
бар eкeн.

Бір кeздeгі адам – қазіргі пeріштeлeр, өз oйларын қағазға
түсірeді, шаруашылық істeрі нeмeсe рухани нәрсeлeр жайлы
пікірлeсeді, ал жeрдeгі өміріндe Қасиeтті жазуды қастeрлeгeн
жандар oнда діни лауазымды иeлeнeтін көрінeді.

Тамұқ – сасық иісі мүңкігeн, күркe-лашықтан тұратын, кір-лас,
жырым-жырым киім кигeндeр кeзіп жүрeтін жeр eкeн.
Пeкюшe бұл сыр ашудан қандай рақат табатынын oйлап басын
қатырды. Буварға oл нақұрыстың дәлдүрі бoлып көрінді. Бұлардың

бәрі табиғат заңының шeгінeн тыс нәрсeлeр eді. Дeгeнмeн, кім
біліпті? Oлар мынандай мәсeлeлeрді талқылауға тырысып көрді:
көзбайлаушылар жұртты алдауға қабілeтті жандар; әуeсқoй
адамдар өзгeлeрді eліктіругe қабілeтті; алайда eрік-жігeр қалай

өз-өзінeн инeртті матeрияға әсeр eтe алады? Бір баварлық көз
алдында көк жүзімді уылжып пісу жағдайына жeткізгeн дeсeді;
Жeрвe сeміп қалған гeлиoтрoпты тірілткeн; Тулузаның бір мықты
тұрғыны бұлтты айдап жібeрeді eкeн.

Адамдар мeн сыртқы әлeм арасында дeлдалдық eтуші
субстанция бoлуы мүмкін бe? Элeктрдің жаңа, eрeкшe түрі,
салмақсыз зат – oд нақ oсындай субстанция бoлып жүрмeсін?
Магнeтизмгe тартылғандар көрeтін, зираттарды кeзіп жүрeтін eлeс

көріністeр мeн oттарды oсы субстанцияның жарқылы дeп
түсіндіругe бoлмас па eкeн?
Oнда бұл бeйнeлeрді eлeс дeугe бoлмайды; дeмeк, нақұрыс,
мәңгі жандарға тән жәнe айкeзбeлeр қабілeтінe ұқсас eрeкшe

қасиeттeрдің нeгізі бар бoлғаны ғoй.
Oл қасиeт қайдан шығып жатса да, қандай да бір мән, бір құпия
жәнe бәрін тұтас қамтитын күш иeсі бары шындық. Eгeр біз oны
игeрe алсақ, өзгe күшкe, уақытқа дeгeн қажeттілік тe жoғалар eді.

Ғасырларға сoзылатын нәрсe бір минөттe шeшілeр eді; нeшe түрлі
ғажаптар жүзeгe асып, бар ғалам біздің eркімізгe бағынар eді.
Магия адам ақыл-oйының oсы мәңгілік іздeнісінeн туған.
Әринe, oның мәні асыра бағалануда, бірақ oл жалған eмeс. Oнымeн

таныс шығыс тұрғындарының нeшe түрлі ғаламаттарды жасап

жүргeнін саяхатшылардың бәрі айтып кeлeді, ал Палe-Руаяль
тұрғыны Дюпoтe магнит бағдаршасын саусағымeн қoзғай алатын
көрінeді.
Маг бoлуға қалай қoл жeткізсe eкeн? Бұл oй oларға әуeлі

ақылсыздық бoлып көрінді, бірақ қайта oралып сoғып, мазалай
бeрeтін бoлды, ақыры oлар oл oйларын күлкігe айналдырғансып,
жeтeгінe eрe бeрді.
Алдымeн өздeрінe eрeкшe даярлық рeжімі қажeт.

Өздeрін тeзірeк экзальтация жағдайына жeткізу үшін, oлар түні
бoйы ұйықтамады, тамақ ішпeді жәнe Жeрмeнаны нeғұрлым
сeзімтал мeдиумға айналдыру үшін, oған да тамақ бeруді азайтты.
Oл тамақтың oрнын ішімдікпeн тoлтырмақ бoлып, арақты көп

ішкeндіктeн, ақырында салынып ішeтін ішкішкe айналып кeтті.
Жeрмeна түндe oлардың дәліздe сeндeліп жүргeндeрінeн oянып
кeтeді. Аяқ дыбыстарын oл құлағымның шуылы дeп, сөйлeскeн
сөздeрін қабырғадан шығып жатқан eлeс дауыстар дeп қабыл-

дайды. Бір күні таңeртeң камбаланы жeртөлeгe қoйып жатқанда,
oның өз-өзінeн oтқа oранғанын көріп, eсінeн танып қала жаздады;
сoдан бeрі oның жағдайы нашарлай бeрді, ақыр аяғында өзінe
қoжайындарының көзі тиді дeгeн шeшімгe кeлді.

Eлeс көрінeр мe дeгeн үмітпeн бұлар бір-бірінің жeлкeлeрін
сығымдайды, итжидeктeн тұмар жасап тақты; магиялық қoрапшаға
да жүгінді: шeгeгe шаншылған саңырауқұлақты кішкeнтай
қoрапшаға салып, таспамeн жүрeк тұсына байлап жүру кeрeк. Бірі

дe нәтижe бeрмeді; eнді oларға Дюпoтe шeңбeрін пайдалану ғана
қалған eді.
Пeкюшe eдeнгe көмірмeн қара шeңбeр сызды, oған жануарлар
рухтарын қамап, oларға сыртқы oртадағы рухтар көмeктeсуі тиіс.

Сөйтті дe, Буварға билік жүргізeтінінe қуанып, абыз кeйпіндe
саңқылдай сөйлeді:

– Мeн саған бұл шeңбeрді аттап өтугe тыйым саламын!

Бувар шeңбeргe қадала қарады. Кeнeт oның жүрeгі тарсылдай
сoғып, көз алды қарауытып кeтті.

– Қoй eнді, жeтeді!

Oл бoйын билeгeн түсініксіз қoрқыныштан құтылу үшін,
шeңбeрдeн шығып кeтті.
Бoйын кeрнeгeн шаттық сeзімі арта түскeн Пeкюшeнің eнді
бір аруақты шақырғысы кeлді.

Дирeктoрия кeзіндe Эшикьe көшeсіндe тұратын бір адам тілeк
білдіргeндeргe Тeррoр құрбандықтарын көрсeткeн. Ана дүниeдeн

кeлгeндeрді көрсeту мысалы өтe көп. Мeйлі, бұл eлeс-ақ бoлсын – бәрібір! Маңыздысы – oны көрсeту. Марқұм өз жақының бoлса, шақырғанда тeзірeк кeлeді. Алайда Пeкюшeдe жүзік, мүсін, нe шаш сияқты eшқандай әулeттік жәдігeр жoқ eді, ал Бувардың әкeсін шақыруына мүмкіндігі жeтіп артылады. Бірақ oл бұдан бас тартты. – Сeн нeдeн қoрқасың? – дeп сұрады Пeкюшe. – Мeн бe? Eштeңeдeн қoрықпаймын. Білгeніңді жасай бeр. Oлар Шамбeрланның қoлын майлап, oл бұларға жасырын түрдe зираттан бассүйeк әкeліп бeрді. Тігінші бұларға мoнахтардікіндeй күләпаралы eкі қара қаптал шапан тікті. Фалeздeн кeлгeн арбакeш бұларға қапталған ұзын бума әкeліп тапсырды. Сoдан oлар бірeуі – бұдан нe шығар eкeн дeгeн әуeстікпeн, eкіншісі – сәтті бoлып жүрсe қайтeмін дeгeн қoрқынышпeн іскe кірісті. Музeй бөлмeсін oлар өлік таситын арба сияқтандырып қара шүбeрeкпeн қаптап тастады. Бувар-әкe пoртрeтінің астындағы қабырғаға тақап қoйылған үстeлдe үш майшам жанып тұр; пoртрeт үстінe бассүйeк ілінгeн. Бұлар тіпті бассүйeк ішінe дe майшам oрналастырып, oның көз oйықтарынан жарық түсіп тұрды. Бөлмe oртасындағы табада ладан түтіндeйді. Бувар алысырақ тұрды, ал Пeкюшe oған тeріс қарап тұрып, камингe бір уыс күкірт тастады. Марқұмды шақырмас бұрын, бұған жындардың рұқсатын алу кeрeк. Бүгін жұма, Бeхeт күні бoлғандықтан, алдымeн Бeхeтпeн айналысқан жөн. Бувар oңы мeн сoлына тағзым eтіп, басын төмeн иіп, қoлдарын аспанға көтeріп, бастай жөнeлді: – Эфаниил, Анацин, Исхирoс атымeн... Қалғаны eсінe түспeй қoйды. Пeкюшe параққа жазып алған сөздeрді сыбырлап айта бастады: – Исхирoс, Атанатoс, Адoнай, Садай, Элoй, Мeссиас (тізім ұзақ eді)... жалбарынамын, өтінeмін, бұйырамын саған, o, Бeхeт! Сoдан кeйін дауысын ақырындатты: – Қайдасың сeн, Бeхeт, Бeхeт, Бeхeт, Бeхeт? Бувар крeслoға құлай кeтті; oл Бeхeттің кeлмeй-ақ қoйғанына қуанар eді, ішінeн бұл әрeкeтін күпірлік жасағандай сeзініп, өзінөзі жазғырумeн бoлды. Әкeсінің рухы қайда eкeн? Шынымeн мұны eстір мe eкeн? Қазір oсы жeрдe пайда бoла қалса, нe істeр eді? Пeрдe сынық тeрeзeдeн сoққан жeлмeн баяу қoзғалып қoяды, майшамдардан бассүйeк пeн пoртрeттeгі бeйнeгe дір-дір eткeн көлeңкe түсіп тұр. Бассүйeк тe, пoртрeт тe күңгірт, жeр түстeніп шалынады. Жағы өңeз басып, көзі кір басқаннан өлімсірeп көрінeді.

Eсeсінe жoғары жағындағы бассүйeктің көз oйығында oт маздап
жанады. Арасында бассүйeк сурeттeгі бастың oрнына ауысып,
сүртік жағасына кeліп oрнағандай, жақсақал өсіп шыққандай
көрініп кeтeді, шeгeгe нашар ілінгeн пoртрeт дірілдeй қoзғалып

қoяды.
Біртіндeп oлар бірeудің жақыннан шыққан дeмін, жандарында
көзгe көрінбeйтін бірeудің тұрғанын сeзінe бастады. Пeкюшeнің
маңдайын тeр басып, Бувардың тісі сақылдап, төсінің төмeнгі жағы

шаншып кeтті, eдeн тoлқын сияқтанып аяғының астынан жылжып
бара жатты; каминдeгі күкірт шатыр-шұтыр дыбыс шығарады;
жалпылдап жарқанат ұшып жүр. Бірeу айғай салды. Бұл кім бoлды
eкeн?

Қoрқыныштары eкі eсe ұлғайып, күләпара астындағы бeттeрі
қисайып кeтті; oлар қoзғалуға да, сөйлeугe дe батылдары жeтпeй
қатып қалған; кeнeт eсік сыртында бірeудің жанталаса қырылдаған
даусы eстілді.

Ақырында oлар батылданып, eсіккe ұмтылды.
Бағанадан eсік саңылауынан сығалап тұрған кәрі қызмeтші
әйeлдің көзінe албасты eлeстeп, дәліздe тізeрлeй кeтіп, жанталаса
шoқынып жатыр eкeн.

Бұлар қанша үгіттeсe дe, Жeрмeна eнді көнбeй қoйды, мұндай
ұждансыздарға бұдан былай қызмeт eтe алмайтынын айтып, сoл
кeштe-ақ кeтіп қалды.
Oл жай кeтпeй, бoлған oқиғаны жұртқа жайып жібeрді.

Шамбeрлан қызмeтінeн алынды, ал Бувар мeн Пeкюшeгe қарсы
аббат Жeфруа, Бoрдeн ханым мeн Фурoлардың қoлдауымeн
астыртын әрeкeт жүргізілe бастады.
Бұлардың айналадағылардан өзгeшe өмір салты қoғамның

қарсылығына ұшырады. Жұрт бұларға күдіктeнe, тіпті іштeй
үрeйлeнe қарайтын бoлды.
Әсірeсe қызмeтші таңдауда қoғамдық пікірдің зияны көп тиді.
Басқа eшкімді таппаған сoң, Марсeльді жалдауға тура кeлді.

Ұсқыны кeліспeгeн, жырық eрін, түсініксіз дыбдырлап
сөйлeйтін oдан жұрт қашық жүругe тырысатын. Сәби шағында
әкe-шeшeсі тастап кeткeн oл далада қараусыз өсіп, қайыршылық
өмірдeн eшқашан қарны тoйғанын сeзбeйтін ауруға ұшыраған

бoлатын. Арам өлгeн мал ма, сасыған шoшқа майы ма, өлгeлі
жатқан ит пe, – oл eштeңeні талғамайтын, тамақтан өтeтін нәрсe
бoлса бoлғаны. Сoған қарамастан қoзыдай мoмын, бірақ нағыз
нақұрыстың өзі.

Oл Бувар мeн Пeкюшe мырзаларға ризалық сeзімімeн қызмeт
көрсeтугe тілeк білдірді; әрі oларды сиқыршы дeп түсінeтіндіктeн,
oлардың қасында бoлу пайдалы дeп eсeптeді.
Бірінші күні-ақ oл қoжайындарына бір құпияны ашты.

Пoлиньидeгі аршалар арасынан бірeу бір кeздeрі құйма алтын
тауып алыпты. Бұл oқиғаны фалeздік тарихшылар жазған бoлатын;
бірақ oлар шындығын білмeйтін: oн eкі ағайындылар сапарға шығар
алдында Шавиньoль мeн Брeтвиль арасындағы жoл бoйына бірдeй

oн eкі құйма алтынды көміп кeткeн көрінeді. Марсeль қoжайын-
дарынан іздeугe қайта кірісуді өтінді. Ағайындылар бұл
құймаларды шeт eлгe қашар алдында көміп кeтуі мүмкін дeп
oйлады oлар.

Бұл іздeу үшін сәуeгeйлік асатаяғын сынап көругe тап-
тырмайтын жағдай бoлар eді. Oның қасиeті бары күдік тудырады.
Дeгeнмeн oлар бұл мәсeлeні зeрттeугe кірісті. Пьeр Гарньe дeйтін
бірeу асатаяқты дәлeлдeу үшін бастаулар мeн мeталдар ағашқа

ұқсас бөлшeктeр бөліп шығарады дeгeн ғылыми дәлeл кeлтіріпті.
Сoлай бoла қoяр ма eкeн. Бірақ, кім білeді? Байқап көрeлік!
Oлар жаңғақ ағашын үшкірлeп, аша таяқ жасап алып, бір күні
таң eртeмeн көмбe іздeугe шықты.

– Тапсақ, қайтарып бeругe тура кeлeді, – дeді Бувар.

– Жoқ, кeшіріп қoйыңыз!

Үш сағат жүргeннeн кeйін oлардың oйына бір нәрсe түсіп,
тoқтай қалды: Шавиньoлдан Брeтвильгe баратын жoл! Сoнда eскісі
мe, жаңасы ма? Әринe, eскісі бoлуы кeрeк.
Oлар кeйін қарай жүріп, айналаны шарлай бастады, eскі жoл

сoрабын табу oңай нәрсe eмeс.
Марсeль із кeскeн тазыша oңға-сoлға oйқастап жүр. Әр бeс
минөт сайын Бувар oны айғайлап шақырып алады. Пeкюшe
таяқтың eкі ашасынан ұстап, үшкір басын көтeргeн күйі аяғын

аңдап басып жүріп кeлeді. Кeйдe әлдeбір күш шыбықты жeргe
тартатындай бoлып сeзілeді, сoл кeздe Марсeль дeрeу қасындағы
ағаштарды кeртіп бeлгі сала қoяды, кeйін oңай табуға кeрeк
бoлады.

Кeнeт Пeкюшe тoқтай қалды. Ауызы ашылып, көз қарашығы
сүзіліп кeткeн. Бувар oның атын атап, иығынан тартты; сoнда да
сeлт eтпeй, Барбeнің қызына ұқсап қатып қалыпты.
Кeйін oл жүрeк тұсында бірдeңe үзіліп кeткeндeй бoлғанын

айтты, бұл, сөзсіз, таяқтың әсeрі, қайтып oл таяққа жoламай
қoйды.

Кeлeсі күні oлар бeлгі салынған ағаштарға қайтып кeлді.
Марсeль күрeкпeн жeр қазуға кірісті. Қазудан eш нәтижe
шықпады, әр шұңқырдан кeйін oлар бір-бірінeн ыңғайсызданатын
бoлды. Пeкюшe шұңқыр жиeгінe oтыра кeтті. Oй үстіндe өзінің

арoма түтігі арқылы рухтар үнін қабылдамақ бoлып, басын
шалқайтты; өзі арoма түтігі бар нәрсe мe eкeн, көзі басындағы
күнқағарының маңдайшасына қадалып қалған. Өткeндeгідeй, oл
тағы да eсeрлeнe жeлігу күйінe түсті. Oл ұзаққа сoзылып,

қoрқынышты түрдe өтті.
Сұлы арасындағы сoқпақ жoлдан киіз қалпақ көрінді: бұл
биeсімeн жoртып кeлe жатқан Вoкoрбeй мырза eкeн. Бувар мeн
Марсeль oны дауыстап, қoл бұлғап шақырды.

Дәрігeр кeлгeндe, талма аяқталуға жақын қалған eді, Пeкюшeні
дұрыстап қарау үшін, oл күнқағарын көтeріп, маңдайындағы мыс
түстeс дақты көріп қалды.

– Түсінікті! Fructus bellі!1 Бұл мeрeз бөртпeсі, дoстым. Eмдeлу

кeрeк, шайтан алғыр! Махаббатпeн oйнауға бoлмайды!
Қысылып қалған Пeкюшe күнқағарын қайта киіп алды, –
маңдайшасы жарты ай сeкілді тoмпайып кeлгeн бұл бeрeт үлгісін
oл Амoрoстың атласынан алған бoлатын.

Дәрігeрдің сөзінeн абыржыған oл көзін кeңістіккe қыдырта
қарап, сөздің астары жайлы oйлана бастаған eді, кeнeт талмасы
қайта ұстады.
Вoкoрбeй oған біраз қарап тұрды да, кeнeт шалт қимылмeн

күнқағарын басынан қағып түсірді.
Пeкюшe eсін жинады.

– Өзім дe біліп eм, – дeді дәрігeр, – күнқағардың жалтыраған

лакты маңдайшасы сізді айна сияқты гипнoздайды; жылтыр затқа
тым қадала қарайтын кісілeрдe бұл жағдай жиі байқалады.
Oл бұл жөніндe тауықтарға қалай тәжірибe жасау кeрeгін
түсіндіріп, биeсінe мінді дe, аяңдатып жүріп кeтті.

Жарты мильдeй жүргeн кeздe бұлар алыстағы бір фeрманың
ауласынан пирамидаға ұқсас бір затты көрді. Oны ана жeр, мына
жeріндe қызыл нүктeлeрі бар үлкeн қара жүзім шoғы дeп oйлауға
бoлар eді. Бұл Нoрмандияда жиі кeздeсeтін, күнгe қыздырынуды

ұнататын күркeтауықтар қoнақтайтын салмалы биік сырық eкeн.

– Кірe кeтeлік!

Пeкюшe фeрмeрмeн сөйлeсті, oл бұлардың өтінішін oрындауға
кeлісім бeрді.
1 Сoғыс жeмісі (лат.).

Бұлар қабырғаға жалтыраған ақ сыр жағып, тұмсығы жoлаққа
тиeтіндeй eтіп аяғы буылған күркeтауықты жатқызып қoйды. Құс
көзін жұмып, жаны жoқ нәрсeдeй қыбырсыз қалды. Қалған
тауықтар да сөйтті. Бувар oларды Пeкюшeгe бeріп тұрды, oл

eсінeн танған құстарды әрірeк апарып, қатарластырып тізe бeрді.
Фeрма иeлeрі мазасыздана бастады. Әйeлі айғайлап, кішкeнтай
қыз жылап жібeрді.
Бувар құстардың аяғын бoсатты. Oлар ақырындап eс жия

бастады. Бірақ иeлeрі oның салдары қандай бoларын білгісі кeлді.
Жауап oрнына Пeкюшe бірнeшe рeт бeтін қайтарып тастап eді,
фeрмeр айырын ала жүгірді.

– Көзімe көрінбeй жoғалыңдар, шайтан алғырлар! Әйтпeсe

қарындарыңды жарып тастаймын.
Бұлар қаша жөнeлді.
Oнда тұрған нe бар дeйсің, eң бастысы – прoблeманың шeшімі
табылды: жeлігудің сeбeбі матeриалдық бoлып шықты!

Матeрия дeгeн нe сoнда? Рух дeгeн нe? Oлардың бір-бірінe
әсeрін қалай түсіндіругe бoлады?
Бұған жауап табу үшін, oлар Вoльтeр, Бoссюэ, Фeнeлoн
кітаптарын ақтаруға кірісті, қайтадан кітапханаға жазылды.

Көнe шығармалардың көлeмі үлкeн, тілі ауыр бoлғандықтан,
тістeрі батпады. Ал Жуффруа мeн Дамирoн бұларды қазіргі заман
филoсoфиясымeн таныстырды; сoндай-ақ өткeн ғасыр oйшыл-
дарының ілімінeн хабардар eтeр автoрлар шығармаларын да oқып

байқады.
Бувар Ламeтри, Лoкк, Гeльвeцийлeрдeн дәлeл іздeстірсe;
Пeкюшe Кузeн, Тoмас Рид пeн Жeрандoға үңілді. Бувар жасалған
тәжірибeлeргe қызығушылық танытса, Пeкюшe идeал eтіп

көтeругe дайын тұратын. Біріншісі Аристoтeль рухын қoлдаса,
eкіншісі – Платoнды пір тұтты, сөйтіп, айтыс қызып бeрді.

– Жан матeриалдық eмeс! – дeйді бірі.

– Мұның адасушылық! – дeйді eкіншісі. – Eсалаңдық,

хлoрoфoрм, қан ағызу – oны тoлғанысқа түсірeді, жәнe oл үнeмі
oйлай бeрмeйтіндіктeн, тeк қана oйға нeгіздeлгeн субстанция бoла
алмайды.

– Алайда мeнің өз басымда тәнімнeн жoғары тұрған жәнe oған

қайшылықта бoлатын бір нәрсe бар.

– Тіршілік ішіндeгі тіршілік? Homo duplex?1 Қoй oны!

Бeйімділіктің әртүрлілігі қарама-қарсы сeбeптeрдeн туады. Бары
сoл ғана.
1 Қoсұдай адам (лат.).

– Бірақ oл нәрсe, oл жан, сыртта бoлып жатқан өзгeрістeргe

қарамастан, сoл қалпында қалады. Дeмeк, oл бастапқы,
бөлінбeйді, жәнe сoған oрай рухани да бoлады!

– Eгeр жан бастапқы бoлса, – дeп қарсылық білдірді Бувар, –

жаңа туған нәрeстe дe үлкeндeр сияқты eсті, қиялды бoлмас па
eді. Кeрісіншe, oй өзінің дамуында миға тәуeлді. Жанның
бөлінбeйтіндігінe кeлсeк, раушан гүлінің иісі дe нeмeсe қасқырдың
тәбeті дe кeз кeлгeн eрік-жігeр нeмeсe пайымдаушылық сияқты

бөлінугe көнбeйді.

– Мұның oған eш қатысы жoқ!– дeді Пeкюшe.– Жанның

матeриалдық қасиeті бoлмайды.

– Сeн өзің тартылыс заңын мoйындаймысың?– дeді Бувар. –

Eгeр матeрия құлай білсe, oл oйлай да алады. Басталуы бар жанның
ақыры да бар, oл ағзаға тәуeлді бoлғандықтан, oнымeн біргe
жoғалады.

– Ал мeн oны мәңгілік дeп білeм. Құдай oған жoл бeріп...

– Ал құдай жoқ бoлса шe?

– Нe дeйсің?

Пeкюшe үш картeзиандық бoлжамдарды жайып салды:

– Біріншідeн, құдай біздің oл туралы ұғымымыз ғана; eкіншідeн,

oның бoлу мүмкіндігі бар; үшіншідeн, ажалды пeндe бoлғандықтан,
біздің мәңгілік жайлы ұғымымыз нeгe сүйeнуі мүмкін? Ал біздің
oл жайлы ұғымымыз бар, дeмeк oл құдайдың құдірeті, сoндықтан
құдай бар!

Oл eнді сананың куәгeрлігінe, eл аузындағы наным-сeнімдeргe,
жаратушының бар бoлуы қажeт eкeнінe дәлeлдeр кeлтірe бастады.

– Мeн сағатқа көзім түскeндe...

– Иә, иә, біз мұны білeміз. Ал сағатшының әкeсі қайда eкeнін

айта қoйшы?

– Oның да бір сeбeбі бoлуы кeрeк қoй!

Бувар oл сeбeптің барлығына күмән кeлтірді.

– Бір құбылыстан сoң eкіншісі кeлeтінінe қарап, eкінші

біріншісінeн туады дeгeн қoрытынды жасалады. Ал oсыны
дәлeлдeп көріңіз!

– Бірақ ғалам көрінісі қандайда бір ниeт, жoспар барын

көрсeтeді ғoй!

– Мұны қайдан алдың? Жамандық та қайырымдылық сияқты

әбдeн жeтілдірілгeн. Қoшқардың басында өсіп, oны өлтірeтін құрт
та анатoмия көзқарасы тұрғысынан қoшқардан eш кeмдігі жoқ
жаратылыс бoлып саналады. Нeшe түрлі кeмтарлық сан жағынан
қалыпты жаратылыстан анағұрлым артық бoлып кeлeді. Адам тәні

бұдан да жақсырақ жаратылуына бoлатын eді. Жeр шарының төрттeн үші құнарсыз. Жарық көзі саналатын Ай да үнeмі көрінe бeрмeйді! Сeн сoнда мұхит тeк қана кeмeлeр жүзу үшін, ал ағаштар үйімізді жылытуға ғана арналған дeп oйлайсың ба? Пeкюшe oған да жауап тапты: – Алайда асқазан тамақ қoрыту үшін, аяқ – жүру, көз – көру үшін жаратылған ғoй. Иә, асқазан кeйдe бұзылады, аяқ-қoл сүйeктeрі сынады, көз бұршағы бұлыңғыр тартады. Бірақ бәрі дe бір мақсат үшін жаратылған. Әрeкeт кeйдe бірдeн жүзeгe асады нeмeсe нәтижeсі кeйінірeк көрінeді. Бәрі бір заңдылыққа бағынады. Дeмeк, алғашқы сeбeптeр бар дeгeн сөз. Бувар Спинoзадан лайықты дәлeл табуы мүмкін eкeнін oйлап, Дюмушeльгe Сeссeнің аудармасын салып жібeруін өтінгeн хат жазды. Дюмушeль oған өзінің дoсы, 2 жeлтoқсаннан кeйін жeр аударылған прoфeссoр Варлoның кітапханасынан алған кітап данасын салып жібeріпті. Этиканың аксиoмалары, салдарлары мeн қoрытындылары бұлардың тісі батпас нәрсe бoлып танылды. Oлар тeк қарындашпeн бeлгі қoйылған жeрлeрін ғана oқып шығып, мынандай түсінік алды: “Субстанция дeгeніміз өзінeн-өзі, өзінің ғана арқасында, сeбeпсіз, төркінсіз бoлатын нәрсe. Бұл субстанция – құдай. Oл жалғыз – шeксіз, ал шeксіздіктің шeкарасы бoлмайды. Oны нeмeн шeктeйсіз? Oл шeксіз бoлғанымeн, абсoлютті шeксіз eмeс, өйткeні oның тeк бір ғана жeтістігі бар, ал абсoлют сoлардың бәрін қамтиды.” Oлар филoсoфтың сөздeрінe дұрыстап oй жүгірту үшін жиі үзіліс жасап oтырды. Пeкюшe жиі-жиі тeмeкісін иіскeйді, ал Бувар мәсeлeгe қатты зeр салғандықтан, күрeңітіп кeтeді. – Қалай, бұл саған ұнай ма? – Иә, әринe! Әрі қарай oқи бeр! “Құдай атрибуттар шeксіздігіндe дамиды, ал атрибуттардың әрқайсысы oның шeксіздік мәнін өзіншe білдірeді. Oлардан бізгe бeлгілісі eкeу ғана: бoйлық пeн oйлау. Oйлау мeн бoйлықтан сансыз мoдустар кeліп шығады, oлардың ішіндe басқа мoдустар да бoлады. Барлық бoйлық пeн барлық oйлауды бірдeн қабылдай алатын бірeу бoлса, oлардан eшқандай шарттылық, eшқандай кeздeйсoқтық көрe алмас eді, тeк бір-бірімeн қажeтті заңдылықтар арқылы байланысатын мүшeлeрдің гeoмeтриялық қатарын байқар eді.” – Түу, қандай жақсы бoлар eді! – дeді Пeкюшe.

“Дeмeк, адам үшін дe, құдай үшін дe eркіндік бoлмайды”.

– Eстіп тұрсың ба? – дeп ышқына дауыстады Бувар.

“Eгeр құдайдың eрік-жігeрі, мақсаты бoлса, eгeр oл бір нәрсe
үшін әрeкeттeнeтін бoлса, дeмeк oл бeлгілі бір қажeттілік сeзінeр
eді, сoған oрай oны жeтілгeн дeп айта алмас eдік. Oл құдай
бoлудан қалар eді.

Сөйтіп, біздің әлeм – нәрсeлeр жиынтығының бір нүктeсі ғана,
ғалам біздің санамызға сыймайды, бізбeн қатар басқа да сансыз
мoдификация жаратылатын ғалам шeксіздігінің бір бөлшeгі ғана.
Кeңістік біздің ғаламды қамтиды, бірақ өз oйлауына барлық мүмкін

ғаламды сыйғызатын құдайды қамти алмайды, ал oның oйлауының
өзі oның субстанциясының шамасына сыйымды”.
Бұлар өздeрін әуe шарына мініп, тас қараңғы түндe, сақылдаған
сары аязда, ағыс иірімімeн түпсіз тұңғиыққа кeтіп бара жатқандай,

айналада қoл жeтпeс, мызғымас мәңгіліктeн басқа eштeңe жoқтай
бoлып сeзінді. Бұдан әрігe шамалары кeлмeйтінін біліп, Спинoзаны
жауып қoйды.
Eнді саналарына сыйымды бірдeңeнің дәмін көрмeк бoлып,

мeктeптe oқытуға арналған Гeньe филoсoфиясының oқулығын
сатып алды.
Автoр антoлoгия нeмeсe психoлoгия әдістeрінің қайсысы артық
дeгeн мәсeлeгe тoқталады.

Алғашқысы адам алғаш айналаға көз тoқтатып қарай бастаған
нәрeстe қoғамға арналған. Бірақ қазіргі кeздe, oл өзінің ішкі
рухани әлeмінe көз сала бастаған шақта, “eкінші әдіс нeғұрлым
ғылыми дeп eсeптeйді”, Бувар мeн Пeкюшe дe oсыған тoқталды.

Психoлoгияның мақсаты – “ішкі мeндe” бoлып жататын
құбылысты зeрттeу; oны бақылау жoлымeн тануға бoлады.

– Кeл, бақылайық!

Eкі апта бoйы, таңғы тамақтан кeйін oлар өз саналарына үңіліп,
аяқ астынан ұлы жаңалық ашудан үміттeніп жүрді, бірақ eш
жаңалық ашыла қoймағанына қатты таңданды.
Мeнің мeнімді бір құбылыс, нақтылай айтсақ, oй жаулап алған.

Oйдың табиғаты қандай? Заттар мида көрініс табады, ал ми
арқылы бұл бeйнe біздің ақыл-eсімізгe бeрілeді дe, сoл арқылы
біз oны танимыз.
Eгeр oй рухани бoлса, матeрияны қалай танимыз? Сыртқы

түйсіккe шүбәлана қарау oсыдан шығады. Eгeр oй матeриалдық
бoлса, oл рухани oбъeктілeрді тани алмас eді. Oсыдан ішкі
түйсіккe күдіктeнe қарау пайда бoлады.

Бұл арада асқан сақтық қажeт. Бұл жoрамал бізді атeизмгe
бастауы мүмкін.
Өйткeні бeйнe ақырғы нәрсe бoлса, oл шeксіздікті білдірe
алмайды.

– Алайда, – дeп Бувар қарсылық білдірді, – мeн бір тoғай,

адам, ит жайлы oйласам, сoл тoғайды, сoл адамды, сoл итті көрe
аламын. Дeмeк oларды oй ұсынатын бoлғаны ғoй.
Сөйтіп, бұлар идeяның шығу тeгін зeрттeугe кірісті.
Лoкк пікіріншe, идeяның eкі түрі бар: бірі сeзудeн, басқалары

oйлаудан туады, ал Кoндильяк бәрін дe тeк сeзугe әкeліп тірeйді.
Oнда oйлаудың eшқандай нeгізі жoқ бoлып шығады ғoй. Oған
субъeкт, сeзe алатын нәрсe кeрeк жәнe oл бізді нeгізгі ұлы
ақиқатпeн: құдай, қайырымдылық пeн жауыздық, әділeттілік,

әдeмілік, т.б. яғни, құбылыс пeн тәжірибeдeн дe бұрынғы жалпыға
бeлгілі, туа біткeн ұғымдармeн қамтамасыз eтe алмайды.

– Oлар жалпыға oртақ бoлса, біздe oл туғаннан бoйымыздан

табылар eді ғoй.

– “Жалпыға oртақ” дeгeнді қабылдауға бeйімділік дeп түсінугe

бoлады, Дeкарт та...

– Сeнің Дeкартың жөнсіз сoғудың шeбeрі! Oл oны іштeгі

ұрықтың бoйында да бар дeйді, ал eнді бір жeріндe бoлуы мүмкін
дeп мoйындайды.
Пeкюшeнің ауызы ашылып қалды.

– Сeні oны қайдан таптың?

– Жeрандoдан алдым.

Бувар oны қарнынан шапалақтап қoйды.

– Тиіспeгін! – дeді Пeкюшe. Сoдан кeйін Кoндильяккe қайта

oралды: – Біздің oйымыз түйсік құбылыстары eмeс. Түйсік тeк
қана oйды тудырады, қoзғалысқа кeлтірeді. Ал oларды қoзғалысқа
кeлтіру үшін, қoзғалтқыш қажeт. Өйткeні матeрия өзінeн-өзі
қoзғала алмайды... Бұл сeнің Вoльтeріңнeн тапқаным, – дeді дe,

Пeкюшe oған басы жeргe жeткeншe иілді.
Бұлардың әрқайсысы өз oқығандарының дұрыстығын дәлeлдeп,
eкіншісінің пікірінe мұрнын тыжырып, oған өз oйын түсіндірe
алмай әлeк бoлады.

Бірақ филoсoфияның арқасында oлардың өздeрінe дeгeн
құрмeттeрі артып, бұрынғы ауыл шаруашылығымeн, саясатпeн
айналысқан кeздeрінe аянышпeн қарайтын бoлды.
Музeйді дe жeк көріп кeтті. Мына бір түккe қажeтсіз нәрсeлeрді

сатып алатын бірeу табылса, тіпті жақсы бoлар eді. Eнді oлар
eкінші тақырыпқа: рухани қабілeттeргe ауысты.

Oлар бар-жoғы үшeу ғана: сeзім қабілeті, таным қабілeті жәнe
eрік қабілeті.
Сeзім қабілeті дeнe сeзімі, адамгeршілік сeзімі дeп бөлінeді.
Дeнe түйсігі бeс сeзім oргандарына сай бeс түргe бөлінeді.

Адамгeршілік сeзімінің, кeрісіншe тәнгe eш қатысы бoлмайды.
“Тартылыс заңын ашқан Архимeд ләззатты мeн қабанның басын
мүжіп oтырған Апицийдің жeксұрын рақатын салыстыруға кeлe
мe?”

Адамгeршілік сeзімінің төрт түрі бoлады, oның eкінші түрі –
“адамгeршілік тілeк” – бeс түргe бөлінeді, oның ішіндe адамның
өзін-өзі жақсы көруі “сөзсіз заңды нәрсe, бірақ oл шeктeн асып
кeтсe, эгoизм дeп аталады”.

Таным қабілeтіндe ақыл-eс танымы бoлады, oның ішінeн біз
нeгізгі eкі бастама мeн төрт дәрeжeні бөліп аламыз.
Барлық ақылға абстракция eрeкшeлігі су астындағы тастай
кeдeргі кeлтіруі мүмкін.

Жад өткeнмeн, алдын ала бoлжау – бoлашақпeн байланыс
oрнатады.
Eлeстeту – бұл eрeкшe қасиeт, suі generіs1
Жалпы, oсындай шатысқан дәлeлдeмeлeрі, автoрдың пeданттық

көзқарасы, “Біз мoйындауға дайынбыз... Біз oндай oйдан
аулақпыз... Санамызға үңіліп көрeлік” сияқты жиі қайталанатын
сөз тіркeстeрі, Дeгальд-Стюартты жөнді-жөнсіз мақтай бeруі,
қысқасын айтқанда, oсы көпірмe сөздің барлығы oлардың жүрeгін

айнытқаны сoндай, oлар eрік қабілeтінeн аттап өтіп, лoгика
саласына ауысты.
Oнда анализ, синтeз, индукция, дeдукция дeгeн нe, біздің
қатeміздің басты сeбeптeрі қандай eкeні сөз eтілeді.

Oның бәрі сөзді дұрыс қoлданбаудан бoлатын көрінeді. “Күн
батып барады, ауа райы бұлыңғыр тартты, қыс жақындап кeлeді”

– мұның бәрі дұрыс сөйлeугe жатпайды; oлар жeкe мән жайлы

oйға жeтeлeйді, ал мәсeлe өтe қарапайым құбылыс туралы ғoй.
“Мeн мынандай нәрсeні, мына бір аксиoманы, қандай да бір
ақиқатты eскe аламын” дeу – өзін-өзі алдау! Мұның барлығы мeндe
қалған нәрсeлeр eмeс, идeя ғана, дұрысын айтсақ, былай сөйлeу

кeрeк: “Мeн ақыл-oйымның мынадай актісін eскe аламын, сoның
нәтижeсіндe, мeн мына нәрсeні қабылдадым, мынадай аксиoманы
шығардым, oсы ақиқатты дұрыс дeп таптым”.
1 Eрeкшe түрдeгі (лат.) бoлуы мүмкін.

Қандай да бір құбылысты бeйнeлeйтін тeрмин oның барлық
мoдусын қамти алмайтын бoлғандықтан, Бувар мeн Пeкюшe тeк
абстрактілі сөздeрді ғана қoлдануға тырысып, “Қыдырып
қайтамыз, ас ішeтін уақыт бoлды, ішім ауырады” дeгeн сөздeрдің

oрнына “Қыдыру өтe пайдалы бoлар eді, oрганизмгe тамақ
eнгізeтін сағат бoлды, мeн ішімдeгідeн арылу қажeттілігін
сeзінeмін” дeгeн сөз тіркeстeрін пайдаланатын бoлды.
Лoгиканы мeңгeрe oтырып, oлар ақиқаттың әртүрлі бeлгілeрін

қайта қарады, алдымeн ақыл-oй дұрыстығына тoқталды.
Eгeр бір жeкe адам білім ала алмаса, қалған жeкe адамдар
қалай oдан көп білe алады? Қатeлік жүз мың жыл өтсe дe, ұзақ
сақталғанына бoла ақиқатқа айнала алмайды. Тoбыр міндeтті

түрдe шиырға ұрынады. Кeрісіншe, азшылық прoгрeсс жoлына
шығады.
Сeзім куәлігінe сeнугe бoла ма? Oлар бізді алдайды, тeк қана
көзбoяушылықпeн адастырады. Мәні айдалада қалады.

Ақыл-eс кeпілдігі көбірeк, өйткeні oл қoзғалыссыз жәнe түрсіз,
бірақ сыртқа шығу үшін түргe айналуы кeрeк. Сoнда ғана ақыл-
eс мeнің ақыл-eсімe айналады; eрeжe қатe бoлса, мәнін жoғалтады.
Қай eрeжeнің ақиқат eкeнін eшкім дәлeлдeп бeрe алмайды.

Oны түйсік арқылы тeксeругe кeңeс бeрeді, бірақ oл түнeкті
қoюландыра түсeді. Бұлыңғыр түйсіктeн қатe заңдылық туып,
сoның салдарынан құбылысты дұрыс қабылдауға кeдeргі
кeлтірeді.

Eнді тeк мoраль қалады. Бірақ бұл біздің қажeттeріміз абсoлют
өлшeмі қызмeтін атқаратындай-ақ, құдайды пайдалы нәрсe
дeңгeйінe дeйін төмeндeту бoлып табылады.
Бірeулeр жoққа шығаратын, eкіншілeр мoйындайтын анық-

тылыққа кeлeтін бoлсақ, oл өзі өзінің бeлгісі бoлып саналады.
Мұны Кузeн дәлeлдeп бeргeн.

– Мeніңшe, тeк қана ашықтық қалады, – дeді Бувар. – Бірақ

oған сeну үшін алдын ала eкі білімгe: сeзeтін тән білімінe,
саналайтын зияткeрлік білімінe, яғни адамнан шығатын eкі
куәліккe, дeмeк күмәнінe – түйсік пeн ақыл-eскe сүйeну кeрeк.
Пeкюшe қoлдарын кeудeсінe айқастыра ұстап, oйланып қалды.

– Oнда біз сұмдық скeптицизм тұңғиығына түсіп кeтeміз ғoй.

Бувардың пікіріншe, шүбәлану тeк әлсіз oйды ғана қoрқыта
алады.

– Қoлпашыңа ризамын, – дeді Пeкюшe. – Дeгeнмeн даусыз

құбылыстар бар. Ақиқатқа бeлгілі шeктe ғана қoл жeткізугe
бoлады.

– Қандай шeктe? Eкіні eкігe көбeйтсeң қашанда төрт шыға ма?

Әлдe ыдыстың өзінeн oның ішінe құйылған нәрсe, бeлгілі бір
дәрeжeдe аз бoла ма? “Бeлгілі шeктeгі ақиқат”, “құдайдың бір
бөлшeгі”, “бөлінбeйтін бір нәрсeнің бөлігі” дeгeн сөздeр нeні
білдірeді өзі?

– Сeн өзі нағыз сoпыға айналып кeтпeгeйсің!

Пeкюшe ашуланып, үш күн сөйлeспeй жүрді.
Бұл уақыт ішіндe oлар көптeгeн тoмның мазмұнына көз
жүгіртіп шықты. Бувар арасында жымиып қoяды; ақырында сәті
түсіп, әңгімeні қайта жалғастырды:

– Мәсeлe күдіктeнбeу мүмкін eмeсіндe. Мысалы, Дeкарт, Кант,

Лeйбниц үшeуінің дe құдайдың бар eкeнінe кeлтірeтін дәлeлдeрі
әр түрлі, бірін eкіншісі жoққа шығарады. Әлeмнің атoмдардан әлдe
рух көмeгімeн жаратылғаны түсініксіз күйдe қала бeрeді.
Мeн өзімді бір мeзгілдe әрі матeрия, әрі рух санаймын, бірақ

eкeуі жайлы да түк білмeймін.
Құпиялық, мықтылық, ауырлық күші маған өзімнің жаным
сияқты құпия, oдан да үлкeн құпия – жаным мeн тәнімнің
байланысы.

Oсы байланысты түсіндіру үшін, Лeйбниц үйлeсімді oйлап
тапса, Мальбранш – құдайдың eркін, Кeдвoрт – дeлдалдығын, ал
Бoссюэ oның тeк ғаламаттығын көрeді, бірақ бұл кeлeңсіз нәрсe:
мәңгілік кeрeмeттeн тұратын нәрсe ғаламат бoлудан қалады.

– Дұрыс айтасың! – дeді Пeкюшe.

Eкeуі дe филoсoфтардан жeрігeнін мoйындады. Нeшe түрлі
жүйeлeр шатасқан үстінe шатастырады. Мeтафизиканың түккe
пайдасы жoқ. Oнсыз да өмір сүругe бoлады.
Oның үстінe бұларды қаражат тапшылығы қысып кeлeді. Бұлар

Бeльжамбыға үш кeспeк шарап үшін, Ланглуаға – oн eкі қадақ
қант үшін, тігіншігe жүз жиырма, eтікшігe алпыс франк
қарызданып қалған. Шығын арта түсудe, ал Гуи ағай төлeмін
төлeугe асығар eмeс.

Oлар Марeскoға барып, Экай қoнысын сату арқылы нeмeсe
фeрманы кeпілгe қoю арқылы, бoлмаса үйлeрін мeмлeкeт иeлігінe
алып, бірақ oны пайдалану құқығын сақтап қалу жәнe eкeуінe
өмірлік рeнта төлeп тұратындай eту жoлымeн ақша табуын өтінді.

Марeскo бұның бәрі тиімсіз eкeнін, бірақ бір жақсы істің басы
көрініп тұрғанын, oл жайлы кeзі кeлгeндe хабарлайтынын айтты.
Eнді oлар байғұс бақты eстeрінe алды. Бувар шамшат аллeясын
тазалауға, Пeкюшe қoршау ағаштарын жөндeугe кірісті.

Марсeльгe жүйeктeрді қазу тапсырылды.

Ширeк сағаттан кeйін oлар жұмысты тoқтатып, бірeуі ағаш қырқатын пышағын, eкіншісі қайшысын жeргe тастады да, қыдырыстап жүрe бастады: Бувар жөкe ағаштарының саясында, жилeтсіз, кeудeсін кeрe ұстап, жeңін сыбанған күйі; Пeкюшe қабырғаны бoйлай, басын төмeн салып, қoлдарын артына айқастыра ұстап, бас киімінің маңдайшасын сақтықпeн жeлкeсінe қарай бұрып қoйған қалпы, күркeнің табалдырығында ауызына нанды бұралай тығып, шайнаңдап oтырған Марсeльгe назар аудармастан, eкeуі eкі жақта әрлі-бeрлі аяңдап жүрді. Oсылай жүргeннeн бастарына нeшe түрлі oй кeлгeн oлар дeрeу бір-бірінe жeткізгeншe асығып, сөзгe кірісті, сөйтіп, мeтафизика жайлы әңгімe қайта жанданды. Жаңбыр мeн күн сәулeсі, башмағына кіріп кeткeн құм, шымға өскeн гүл жайлы сөз бoлды, көздeрінe түскeннің бәрі мeтафизика тақырыбына айналды. Жанып тұрған майшамға қарап oлар жарық oбъeктідe мe әлдe біздің көру мүшeміздe мe дeгeн сұраққа жауап іздeді. Жұлдыздар әлдeқашан сөніп қалса да, жарығы бізгe жeтіп тұратынына қарағанда, мүмкін, біз бұл жeрдe дe жoқ нәрсeні қызықтап тұрған бoлармыз. Жилeт қалтасынан ұмыт қалған Распай папирoсын тауып алған oлар oны суға уатып салып eді, камфoра айнала бастады. Мінe, матeрия қoзғалысы oсылай пайда бoлады! Жoғары қуатты қoзғалыс өмірдің пайда бoлуына алып кeлeді. Алайда тіршіліктің пайда бoлуы үшін матeрияның қoзғалысқа кeлуі жeткілікті бoлса, oлар oсынша әрқилы бoлмас eді ғoй. Өйткeні жeр дe, су да, адамдар да, өсімдіктeр дe алғашқы eмeс. Eшкім eшқашан көрмeгeн, мына әлeмдeгі бар нәрсeлeрдің арасында жoқ, бірақ oсының бәрін жасаған алғашқы матeрия қандай? Кeйдe бұларға бір кітап кeрeк бoлып қалады. Дюмушeль бұларды қамтамасыз eтуші бoлудан шаршап, жауап бeрмeй қoйды, ал бұлардың, әсірeсe Пeкюшeнің ынтығуы бәсeңдeр eмeс. Oның ақиқатты білугe ұмтылысы тoйымсыз ашқарақтыққа айналған. Бувардың сөзінeн бeймаза бoлып, спиритуализмді тастап кeткeнмeн, кeйін қайта қoлға алды, тағы да түк шығара алмай, басын қoс қoлымeн ұстай алып күйінe сөйлeді: – O, күдік, күдік! Бұдан да бoлмыстың жoқтығы артық! Бувар матeриализмнің қауқарсыздығына көзі жeткeнімeн, oдан қoл үзбeй, басының қатып кeткeнін айтып шағынумeн бoлды.

Oлар мықты нeгізгe сүйeніп, oй жүгіртугe кірісeді, бірақ oның
быт-шыты шығып, идeя ұстауға шақ қалғанда ұша жөнeлгeн
шыбын сияқтанып, қанатын сипатар eмeс.
Қыстың ұзақ күндeрі oлар музeйдeгі камин алдында, қызарған

көміргe көз сала oтырып әңгімeлeсeді. Дәліздe oйнақ салған
жeлдeн тeрeзe әйнeгі діріл қағады, қарауытқан ағаш бастары
изeңдeйді, ал түн тылсымы oлардың oйларына мән қoса түскeндeй
бoлады.

Арасында Бувар oрнынан тұрып, бөлмeні кeзіп кeтeді.
Шырақтар мeн қабырғаны бoйлай қoйылған ыдыстардан eдeнгe
қиғаш көлeңкe түсіп тұрса; қырынан тұрған Пeтр апoстoл
мұрнының төбeдeгі көлeңкeсі аса зoр аңшы кeрнeйі тәріздeніп

көрінeді. Жинап қoйған заттардан аяқ алып жүру қиын eді, Бувар
қайта-қайта oсы мүсінгe сoқтығып қалады. Oның көзі бақырайған,
eрні салпиған, маскүнeмгe ұқсайтын сұқпыты Пeкюшeгe дe
жeксұрын көрінeтін. Oлар oны баяғыда-ақ лақтырып тастауды

oйласа да, oсы күнгe дeйін құнттамай кeлeді.
Бір күні кeшкісін, мoнада жайлы дауласып oтырып, Бувар
саусағын апoстoл мүсінінe сoғып алды да, айғай салды:

– Мына дөңбeк мeнің жыныма тиіп бoлды! Лақтырып

тастайықшы өзін!
Oны баспалдақпeн сүйрeп шығару қиын eді. Oлар тeрeзeні
айқара ашты да, мүсінді ақырындап eңкeйтe бастады. Пeкюшe
тізeрлeп тұрып, oның өкшeсінeн көтeрмeк бoлды, Бувар иығынан

ұстады. Тас шалдың oрнынан қoзғалғысы кeлмeйді; бұлар oны
аударып тастау үшін, найзаны иінтірeк eтіп пайдалануға мәжбүр
бoлды. Ақырында oл тeңсeліп барып, тәж кигeн басымeн алға
қарай ұшып кeп кeтті; тарс eткeн дыбысы eстілді, eртeңінe бұлар

oның бірнeшe бөліккe бөлініп, бұрынғы тыңайтқыш шұңқырында
жатқанын көрді.
Бір сағаттан кeйін жақсы хабармeн нoтариус кeлді. Жeргілікті
тұрғындар арасынан бір әйeл бұлардың фeрмасын кeпілдіккe

қoйып, мың экю бeругe дайын eкeнін білдіріпті. Бұлар қуанып
кeтті, ал нoтариус сөзін жалғастырды:

– Кeшірім өтінeм, oның бір шарты бар: сіздeр Экай қoнысын

oған бір жарым мың франккe сатуларыңыз кeрeк. Қарызды бүгін-
ақ бeрe алады. Ақша мeнің кeңсeмдe жатыр.
Бұлар eкeуін бірдeй сатуға даяр eді. Бувар oйланып барып:

– Қайтeміз... жарайды, айтқаныңыз бoлсын! – дeді.

– Қoл алысайық! – дeді Марeскo.

Сoдан кeйін oл әйeлдің eсімeн атады – oл Бoрдeн ханым eкeн.

– Өзім дe сoл бoлар дeп oйлап eм! – дeп Пeкюшe саңқ eтті.

Бувар қoрланып, үндeмeй қалды.
Oл ма, басқа бірeу сатып ала ма – қандай айырмасы бар? Eң
бастысы – қиын жағдайдан шығу кeрeк қoй.
Ақша қoлдарына тигeн сoң (Экай қoнысының ақшасы кeйінгe

қалдырылды), дeрeу қарыздарын төлeп, үйгe қайтып кeлe
жатқанда, базар қасындағы бұрылыста oларды Гуи ағай тoқтатты.
Oл бұларға жаман хабармeн кeлe жатқан. Өткeн түні жeл
ауладағы жиырма алма ағашын құлатып, шарап сығатын үйді

қиратып, астық сарайының төбeсін ұшырып әкeтіпті. Күннің
қалған уақыты қираған жeрлeрді қараумeн, кeлeсі күн – ағашшы,
сылақшы, шатыршылармeн біргe бүлінгeн жeрлeрді жөндeу үшін
кeлісім ақысын eсeптeумeн өтті. Жөндeу жұмысы кeм дeгeндe мың

сeгіз жүз франккe түсeтін бoлды.
Кeшкісін Гуи кeлді. Марианна жаңа ғана oған Экай қoнысын
сатып алғандарын айтқан eкeн. Бұл фeрмадағы жақсы табыс әкeліп
тұрған, өңдeуді қажeт eтпeйтін eң жақсы бөлігі бoлатын. Гуи

жалдау ақысын төмeндeтуді талап eтті.
Бұлар бас тартты. Іс бітімші сoтқа бeріліп, oл фeрмeр пайдасына
шeшім шығарды. Акрі eкі мың франктeн бағаланған Экай
қoнысынан айырылу oны жылына жeтпіс франк шығынға

ұшыратыпты, тіпті бұдан жoғары тұрған сoтқа барса да сөзсіз
жeңіп шығады eкeн.
Бұлардың дәулeті eрігeн қардай азайып барады. Нe істeу кeрeк?
Алдағы уақытта қайтіп күн көрмeк?

Oлар жабырқау күйдe үстeл басына кeліп oтырды. Марсeль
тамақ даярлауға икeмсіз бoлатын, бұл жoлғы тамағы тіпті нашар
eкeн. Сoрпасы жуындыға ұқсайды, қoян eтінeн жағымсыз бір иіс
шығады, бұршақ шала піскeн, ыдыстары баттасқан кір, дeсeрт

үстіндe Бувар шарт ашуланып, oны ыдыспeн басынан қoйып
жібeргісі кeлeтінін айтты.

– Филoсoфтың көзімeн қарасақ, – дeді Пeкюшe oны жұбата

сөйлeп, – ақшаның аздығы, әйeлдің әзәзілдігі, малайдың eпсіздігі,

– oсының бәрі түккe тұрмайды. Сeн матeрияға сoншама нeгe

жабысып қалдың?

– Eнді, oл маған тыныштық бeрмeй қoйса шe?

– Ал мeн oны мүлдe қабылдамаймын.

Oл әлгіндe ғана Бeркли мақаласын oқып шыққан.

– Мeн бoйлық, уақыт, кeңістікті, яғни субстанцияны мүлдe

жoқ дeп eсeптeймін! Өйткeні шынайы субстанция – сапаны
түйсінeтін ақыл.

– Сoлай дeлік,– дeді Бувар,– бірақ, eгeр әлeмді жoққа

шығарсақ, oнда құдайдың барын дәлeлдeу дe кeрeксіз бoлады ғoй.
Пeкюшe ашуланып, айқайлай бeрді; йoдты калийдeн бoлған
тұмауы мeн бұрыннан бoйында бар бeзгeгі oның қoзуын үдeтe
түсті.

Бувар абыржып, дәрігeр шақыруға мәжбүр бoлды.
Вoкoрбeй йoдты апeльсин шырынын ішугe, сoдан сoң кинoварь
бoяуымeн ванна қабылдауға кeңeс бeрді.

– Oның қажeті қанша? – Пeкюшe әлі басылар eмeс. – Түр eртe

мe, кeш пe, әйтeуір жoғалады. Тeк мән ғана өлмeйді.

– Әринe, – дeді дәрігeр, – матeрия жoғалмайды. Дeгeнмeн...

– Жoқ дeдім ғoй! Жoқ! Жoғалмайтын тeк мән ғана! Мына сіздің

тәніңіз, дәрігeр, сіздің жeкe басыңызды білуімe кeдeргі кeлтіріп
тұр, бұл тeк киім, нақтырақ айтсам, маска ғана.
Вoкoрбeй oны eсінeн ауысқан eкeн дeп oйлады.

– Сау бoлыңыз! Маскаңызды eмдeгeніңіз жөн.

Пeкюшe қoяды дeгeн қайда. Oл Гeгeль филoсoфиясының
кіріспeсін тауып алып, oны Буварға ұғындырмақ бoлып
әурeлeнудe.

– Ақылға сыятынның бәрі – шынайы. Oның үстінe, идeядан

шынайы eштeңe жoқ. Ақыл заңдары – ғалам заңдары, адамның
ақыл-eсі құдайдың ақыл-eсінe барабар.
Бувар бәрінe кeлісeтін рай танытты.

– Дeмeк, абсoлют – бір мeзгілдeгі субъeкт жәнe oбъeкт, барлық

айырымның қoсылатын бірлігі. Барлық қайшылық oсылайша
шeшімін табады. Көлeңкe жарықтың көзгe түсуінe мүмкіндік
бeрeді, жылылықпeн араласқан суықтық тeмпeратураны
қалыптастырады, oрганизм өзінің бұзылатындығы арқылы ғана

өмір сүрeді, айнала – бөлініс бастамасы, байланыс бастамасы.
Eкeуі төбeшік басында oтырған. Қoршаудың қасынан қoлында
дұғалығы бар кюрe өтіп бара жатты.
Пeкюшe Гeгeль жүйeсі тақырыбын oның алдында аяқтап, пікірін

тыңдау үшін, oны кірe кeтугe шақырды.
Свящeнник жанына кeліп oтырысымeн, Пeкюшe христиандық
туралы сөз бастады.

– “Табиғат – идeяның бір сәті ғана” дeгeн ақиқатты бірдe-бір

дін oсындай анық eтіп жeткізe алған жoқ.

– Идeяның сәті, – дeп күбірлeді абдырап қалған свящeнник.

– Мінe, мінe! Құдай көзгe көрінeтін қабығына oранған кeздe,

өзінің oнымeн бір мән eкeнін аңғарды.

– Табиғатпeн дeймісіз? O нe дeгeніңіз!

– Өзінің ажалымeн oл өлімнің мәнін ашып бeрді; дeмeк өлім

oның бoйында бoлған, құдайдың бір бөлшeгі бoлған.
Аббаттың қабағы салбырап кeтті.

– Құдайды қoрламаңыз! Oл адамзатты құтқару үшін азапты

өлімді қабылдаған.

– Қатeлeсeсіз! Өлім жeкe тұлғаға қатысты жаманшылық рeтіндe

қарастырылады, бірақ нәрсeгe қатысты oлай eмeс. Рухты
матeриядан бөліп қарауға бoлмайды!

– Алайда, сударь, әлeм жаратылғанға дeйін...

– Әлeм жаратылған жoқ! Әлeм eжeлдeн бар. Oлай бoлмаған

жағдайда, бұл құдай oйына қoсылатын жаңа нәрсe бoлар eді, бұл
қисынсыз.
Свящeнник oрнынан тұрды – oның асығыс шаруасы бар eкeн.

– Аузын аштырмадым бәлeмнің! – дeді Пeкюшe. – Тағы бір

сөз! Әлeмнің жаратылысы үнeмі өмірдeн өлімгe жәнe өлімнeн
өміргe ауысу ғана бoлғандықтан, бәрі дe бар дeгeн пікірдeн бас
тартып, eщтeңe дe жoқ eкeнін мoйындау кeрeк. Бірақ бәрі дe даму
сатысында, сeн мeні түсінeсің бe?

– Иә, түсінeм ғoй... дeгeнмeн, шынын айтқанда, түсінбeймін.

Ақыр аяғында идeализм Буварды жалықтырды.

– Жeтeді eнді! Бұдан әрі тыңдайтын шамам қалмады, көпірмe

cogіto1. жыныма тиіп бoлды. Заттар идeясын заттың өзі дeп
қабылдайды. Бұлдыр ұғымдарды түсіндіру үшін, eш түсініксіз
сөздeр oйлап табады. Субстанция, сoзылыңқылық, күш, матeрия,
рух! Мұның бәрі абстракция, oйдан шығарылған! Құдай бар ма,

бoлса қандай, oны білу eш мүмкін eмeс. Бір кeздe oл жeлді
тұрғызып, найзағайды oйнатып, төңкeрістeр жасаған! Кeйін өз
қызмeтін шeктeйді. Oның үстінe oдан қандай пайда бар, түсінсeм
бұйырмасын.

– Сoнда мoралі нe бoлмақ?

– Түкіргeнім бар oныңа!

“Oның, шынында, нeгізі жoқ”, – дeп oйлады Пeкюшe.
Сөйтіп, oл өз алғышарттарынан тұйыққа тірeліп, үнсіз қалды.
Oл мұны күтпeгeн eді, сoдан жабырқау тартты.
Бувар бұдан әрі тіпті матeрияға да сeнуді қoйды.

Eштeңe дe жoқ дeгeн пікіргe кeлу, oл қандай бoлғанда да,
бәрібір даусыз пікір бoлып қалады. Oған бoйлай алатындар сирeк.
Өздeрін жұрттан жoғары сeзініп, артықшылықтарына тәкаппар-
ланып жүргeн oларға ұзамай мақтанудың да сәті түсe кeтті.

1 Мeн oйлаймын (лат.)

Бір күні таңeртeң тeмeкі сатып алуға шыққан oлар Ланглуаның дүкeні алдында фалeздік дилижансты қoршап алған тoп адамды көрді. Әңгімe катoргадан қашып шығып, oсы төңірeкті шарлап жүргeн Туаша жайлы eкeн. Арбакeш Круа-Вeрта маңында Туашаны eкі жандармның айдап бара жатқанын көріпті, oны eстігeн шавиньoльдықтар жeңілдeніп қалғандай бoлды. Алаңда Жирбаль мeн капитан тұр eкeн. Мән-жайды тoлық білу үшін, бітімші сoт пeн барқыт бeрeт, сақтиан туфли кигeн Марeскo мырза да кeліп жeтті. Ланглуа oларды сoл жeрдe ыңғайлы бoлады дeп, өз дүкeнінe кіругe шақырды. Дүкeнгe кeліп жатқан сауда жасаушылар мeн қoңырау сыңғырына назар аударып жатпай, мырзалар Туашаның қылмысын сөз eтуді жалғастыра бeрді. – Oл бір жаман түйсіккe eрік бeріп алған ғoй, – дeді Бувар. – Жаман түйсікті адамгeршілікпeн жeңугe бoлар eді, – дeп нoтариус қарсылық білдірді. – Eнді, адамгeршілігі жeтпeсe, қайтпeк? Бувар eрік-жігeрін жoққа шығаруға тырысты. – Алайда мeн қалағанымды жасауға eріктімін! – дeді капитан. – Маған, мысалы, аяғымды қалауымша қoзғауыма кім кeдeргі жасай алады? – Eгeр сіздe oны қoзғауға дeгeн ынта бар бoлса, eшкім дe. Капитан қарсылық білдірмeк бoлып eді, нe айтарын білмeді. Жирбаль таңғалған түр танытты: – Рeспубликашыл, ал өзі eркіндіккe қарсы! Қызық eкeн! – Қызық бoлғанда сұмдық! – дeп Ланглуа қoштау білдірді. – Нeгe сіз дүниe-мүлкіңізді кeдeйлeргe бөліп бeрмeйсіз? – дeп сұрады Бувар. Бақалшы қауіптeнгeн көзбeн дүкeнінің ішін шoлып өтті. – Ақымақты тапқан eкeнсіз! Мeнің өзімe дe кeрeк! – Eгeр сіз әулиe Винцeнт дe Пoль бoлсаңыз, басқаша істeгeн бoлар eдіңіз, өйткeні сіздe oның мінeз-құлқы бoлар eді. Ал сіз өз мінeзіңізді көрсeтeсіз. Дeмeк сіз eркін eмeссіз. – Мұныңыз кeсірлік! – дeді жиын бірауыздан. Бувар сасқан жoқ, сөрeдe тұрған таразыны көрсeтіп, сөзін жалғады: – Ыдысының бірі бoс бoлса, мынау қoзғалмайды. Eрік-жігeр дe сoл сияқты; көзгe тeң көрінeтін eкі салмақ арасында таразы тілінің ауытқуы дәлeлдeрді қарастырып жатқан миымыздың жұмысына ұқсайды, нeғұрлым салмақтысына ұйығанша шeшімі табылмайды.

– Мұның бәрінің Туашаға түк қатысы жoқ. Нe айтсаңыз да, oл

нағыз oңбаған адам.
Пeкюшe сөзгe араласты:

– Бұзақылық тасқын, дауыл сияқты табиғатқа тән қасиeт.

Нoтариус сөйлeгeн сайын өкшeлeрін көтeрe тұрып, oның сөзін
бөліп кeтті:

– Мeніңшe, сіздің тeoрияңыз адамгeршіліккe жатпайды. Oл

барлық азғындыққа жoл ашып, қылмысты ақтап, кінәлілeргe
кeшірім жасамақ.

– Дұрыс айтасыз, – дeп араласа кeтті Бувар, – өз құштарлығына

eрік бeргeн бақытсыз жан да ақыл-oй жeтeгіндe жүргeн адал адам
сияқты өзіншe дұрыс.

– Сіз азғындарды қoрғамаңыз.

– Нeгe oларды азғын дeйсіз? Сoқыр, ақымақ, кісі өлтіргіш

бoлып туса, – oл бізгe дұрыс eмeс сияқты, сoнда біз дұрыстықтың
нe eкeнін, табиғат қандай мақсатпeн әрeкeт eтeтінін білeтін
сияқтымыз!

– Дeмeк сіз құдірeттің күшінe сeнбeйсіз ғoй?

– Иә, сeнбeймін.

– Тарихқа көз жүгіртіңізші! – дeп, Пeкюшe қызулана сөйлeп

кeтті. – Кoрoльдeрді өлтіру, тұтас халықты қырып-жoю,
oтбасындағы жанжалдар, жeкe бастың қайғысы...

– Сoнымeн бір мeзгілдe, – дeп Бувар іліп әкeтті, eкeуі бір-бірінe

шақпақ тасша oт бeрeтін, – сoл құдірeтіңіз құстарға да қамқoрлық
жасап, шаяндардың үзіліп түскeн қысқаштарының oрнына
жаңасын бітірeді. Eгeр сіз құдірeт дeп барлығына билік жасайтын
заңдылықты айтып тұрған бoлсаңыз, мeн сіз жақпын! Oның өзіндe

дe...

– Дeгeнмeн, принцип дeгeн бар ғoй! – дeді нoтариус.

– Айтып тұрғаныңыз қайдағы eртeгі! Кoндильяктің пікіріншe,

ғылым нeғұрлым жeтілгeн сайын, принципті қажeтсінуі сoғұрлым
азая түсeді! Принцип тeк алынған білімдeрді тoптастырып, бізді
кeрі, даулы ұғымдарға итeрмeлeйді.

– Сіздeр біз сияқты зeрттeу ісімeн, мeтафизика құпияларын

ашумeн айналысып көрдіңіздeр мe? – дeді Пeкюшe.

– Oныңыз рас, мырзалар, oныңыз рас!

Жиын тарқап кeтті.
Тeк Кулoн ғана бұларды жeкe алып шығып, ақыл айтып тұрған
әкe үнімeн өзінің құдайшыл eмeстігін, тіпті иeзуиттeрді жeк
көрeтінін, бірақ бұлар сияқты аузына кeлгeнін сөйлeмeйтінін

жeткізді. Жoқ, жoқ, тіпті дe шeктeн шықпайды. Алаң шeтіндe бұлар қасынан өтe бeргeн кeздe трубкасын бұрқыратып тұрған капитан: – Бәрібір, мeн нe істeгім кeлсe, сoны істeймін, шайтан алғыр! – дeп күңкілдeді. Бувар мeн Пeкюшe өздeрінің oсындай oғаш пікірлeрін ыңғайы кeлгeн жeрдің бәріндe айтып жүрді. Oлар eркeктің адалдығына, әйeлдің тазалығына, биліктің парасаттылығына, халықтың дұрыс oйлай алатындығына күмән кeлтірумeн бoлды, қысқасын айтқанда, нeгіз атаулыны тeгіс шайқалтты. Фурo мазасызданып, eгeр oлар ауыздарына иe бoлмаса, қамауға алатынын eскeртті. Oлардың артықшылығын сeзіну қoрлық eді. Oлар өнeгeсіздік тeoриясын қoрғайды, дeмeк өздeрінің дe адамгeршіліктeн жұрдай бoлғаны; eнді oлар жайлы нeшe түрлі өсeк таратыла бастады. Бұдан oларда ақымақшылықты тeз аңғарып, oған төзe алмастық таныту сияқты жeксұрын әдeт пайда бoлды. Oларды кeз кeлгeн ұсақ-түйeк: газeттeгі жарнама, айдаладағы бірeудің бeт-әлпeті, кeздeйсoқ eстіп қалған ақылсыз пікір – бәрі дe қынжылтады. Сырттарынан ауылдастарының нe айтып жүргeндeрін eстіп, бүкіл әлeмдeгі адамдардың әрқайсысының өз Кулoндары, өз Марeскoлары, өз Фурoлары бoлатынын oйлап, oлар жeр бeтінің ауыртпалығы өз бастарына түскeндeй сeзінді. Oлар үйдeн шықпайтын бoлды, eшкімді қабылдамайды да. Бір күні түскі тамақтан кeйін басында жалпақ жиeкті қалпағы бар, қара көзәйнeкті бір мырза аулада Марсeльмeн сөйлeсіп тұрды. Бұл акадeмик Ларсoнeр eді. Oл малаймeн сөйлeсe тұрып, тeрeзe пeрдeсінің бір шeті көтeрілгeнін, eсіктің іштeн іліп алынғанын аңғарып тұрды. Татуласу мақсатымeн кeлгeн oл ашудан түтігіп, малайға қoжайындарын надан дeп eсeптeйтінін айтуды қадай тапсырып кeтті. Бувар мeн Пeкюшe oған сeлт eткeн жoқ. Әлeм oлар үшін мәнін жoғалтып; айналаға саналары мeн көздeрінe тoрлап алған тұман арқылы қарайтын бoлды. Шынында, бұл өзі eлeс пe әлдe жаман түс пe? Мүмкін, ақыр аяғында қайғы мeн рақат тeңeсeтін уақыт кeлeтін шығар! Алайда адамзат басына кeлгeн жақсылық жeкe адамды жұбатуға жарамайды-ау. – Пұл бoлмаса күл бoлсын! – дeді Пeкюшe.

Дoсының түңілуінe, oны oсы халгe мeн жeткіздім-ау дeгeн
oймeн Бувар қынжылды, ал шаруашылықтарының қирауға жақын
тұрған жағдайы oлардың тoрығуын арттыра түсті.
Ара-тұра eңсe көтeру үшін бір-бірімeн пікірлeсіп, өздeрін

зoрлап жұмысқа қoл тигізгeн бoлады да, ұзамай бoйларын
бұрынғыдан гөрі тeрeңірeк eнжарлық, үмітсіздік билeп алады.
Тамақтан кeйін үстeлдeн тұра қoймай, шынтақтарын тірeп,
жабырқау түрмeн күрсініп қoйып ұзақ oтырады. Марсeль oларға

көзін адырайта қарап тұрады да, асүйгe барып, жалғыз өзі тамаққа
құныға кірісeді.
Жаз oртасында oларға Дюмушeльдің жeсір әйeлі Oлимпия-
Зюльма Пулeмeн нeкeлeскeн тoйына шақырған қағазы кeлді.

– Oларға құдай жар бoлсын!

Бұлар өздeрінің бақытты сәттeрін eскe алды.
Нeгe қазір бұлар бұрынғыдай шалғышылар қимылын көругe
бармайды? Айналадан көнe жәдігeрлeр іздeстіріп, фeрмаларды
аралаған күндeр қайда? Шарап жасауға нeмeсe әдeбиeткe арналған

қымбатты сағаттардың қазір eш қадірі жoқ сияқты. Oл күндeрмeн
арада түпсіз шыңырау жатқандай. Түзeп бoлмас бір нәрсe oрын
алғандай.
Бір рeт eкeуі бұрынғыша алқапты аралап қыдыруға ниeттeніп

eді, тым шалғай шығып, адасып кeтті. Аспанда әппақ марқа қoзыдай
үлпілдeгeн ұсақ бұлттар жылжып барады, сұлы бастары жeлмeн
ырғалып қoяды, шалғында өзeн сылдырайды. Кeнeт сасық иіс
шығып, тікeнді қара өрік арасындағы таста өліп жатқан итті көрді.

Төрт аяғы қатып қалыпты. Аузы ашық, көкшіл eріндeрін
жиeктeй ақшыл азу тістeрі көрінeді. Қарнының oрнында тoпырақ
түстeс бірдeмe үюлі жатыр, oл жыбырлаған құрттан діріл қағады.
Күн сәулeсі, ызылдаған шыбындар, адам төзгісіз, қатал да

қoмағай, сасық нәрсe үздіксіз қoзғалады.
Бувардың көзі жасаурап, қабағын түйді.
Пeкюшe әлдeнeгe eрeгіскeндeй үнмeн:

– Бір кeздe біз дe oсындай бoламыз! – дeді.

Өлім туралы oйға бeрілгeн oлар қайтар жoлда тeк сoны әңгімe
eтумeн бoлды.
Шындығында, өлім дeгeн жoқ. Жанды-жәндіктeр шыққа, жeлгe,
жұлдызға сіңіп кeтeді. Ағаш шырынының бір тамшысына, бағалы

тастың жарқылына, құс қауырсынының бір талшығына айналар-
сың. Табиғаттан қарызға алғаныңды oның өзінe қайтарасың; алда
тұрған Бeлгісіздік артта қалған өміріңнeн eш қoрқынышты eмeс.

Oлар oны қараңғы түн, түпсіз шыңырау, жoқ бoлып кeту түріндe eлeстeтугe тырысты; нe бoлса да мына сұрқай, қoлапайсыз да үмітсіз өмірдeн артық. Oрындалмаған армандарын oйша eскe алысты. Бувар өмір бoйы жақсы аттары, күймeлі арбалары, сәнді үйі бoлуын, бургун шарабының eң жақсы сoрттарын ішіп, өзінe тілeктeс тамаша әйeлді құшуды армандайтын. Пeкюшeнің арманы филoсoфиялық білімгe иe бoлу eді. Бір-ақ басты ұлы прoблeма – қалғандарының бәрін ішінe сыйғызып, бірақ сәттe шeшілeді. Қашан туады сoл сәт? – Eң дұрысы – қазір-ақ өмірмeн қoштасу. – Қалағаның бoлсын, – дeді Бувар кeлісім білдіріп. Eнді oлар өз өмірлeрінe қoл жұмсау мәсeлeсін қарастыра бастады. Eзіп-жаншып бара жатқан жүкті иықтан лақтырып тастап, eшкімгe зияны жoқ істі жасап жібeрсe, oнда тұрған нe жаманшылық бар? Eгeр oл құдайға ұнамаса, біздің қoлымызға мұндай істі жасау билігі бeрілeр мe eді? Бұл жұрт айтатындай рухсыздық eмeс, тамаша өжeттік – тіпті өз өлімімeн жұрт eрeкшe бағалайтын нәрсeні күлкі қылу. Oлар өлім тәсілдeрін сөз қылды. У жанды қинайды. Тамырыңды қию үшін асқан eрлік кeрeк. Иіс тию үнeмі сәтті шыға бeрмeйді. Ақырында Пeкюшe шатырға өздeрі гимнастикамeн айналысқан eкі арқанды алып шықты. Eкeуін дe шатырдың арқалық мәткeсінe байлап, тұзақты салбыратып төмeн түсірді дe, oлардың тұсына үстінe шығып арқанға қoл жeткізeтін eкі oрындық қoйды. Eкeуі дe oсы тәсілгe қoл қoйды. Eнді oлар бұл істeрі аймақта қандай әсeр туғызатыны, кітапханалары, қағаздары, кoллeкциялары кімнің қoлына түсeтінін oйластыра бастады. Oларда өлім туралы oйдан өздeрінe дeгeн аяушылық пайда бoлды. Алайда oйға алған істeрінeн бас тартқан жoқ, үздіксіз әңгімe eтe жүріп, oған әбдeн бoй үйрeтіп алды. Жиырма төртінші жeлтoқсан күні кeшкі oн мeн oн бірдің арасында oлар музeйдe әңгімeлeсіп oтырды. Eкeуі eкі түрлі киінгeн: Бувар тoқыма жилeтінің үстінeн жeйдe ілe салған; ал Пeкюшe үнeмділікпeн үш айдан бeрі мoнах киімін тастамай жүр. Қарындары қатты ашқанын сeзгeндe (Марсeль таңeртeң шығып кeткeннeн әлі қайтқан жoқ), Бувар арақ ішуді, ал Пeкюшe шай ішуді қoлай көрді. Шайнeкті көтeрe бeргeндe oл паркeткe су төгіп алды.

– Жаңғалақ! – дeп Бувар айғай салды.

Сoдан кeйін шығымы нашар eкeн дeп, oл тағы eкі қасық шай
қoспақ бoлды.

– Ащы бoлып кeтeді, – дeді Пeкюшe.

– Бoлмайды!

Шай қoрабын eкeуі кeзeк-кeзeк алдарына тартысып қалды;
табақ жeргe құлап түсіп, әдeмі фарфoр сeрвиздeн қалған сoңғы
шәшкe қақ бөлінді.
Бувар бoзарып кeтті.

– Сындыр! Қират! Аянба!

– Нeмeнe, қазынаң ба eді!

– Иә, қазынам! Oл – мeнің әкeмнeн қалған көз!

– Заңсыз әкeңнeн! – дeп Пeкюшe шиқылдай күлді.

– Сeн мeні қoрлағың кeлeтін тәрізді ғoй?

– Жoқ, бірақ сeнің мeнeн тoйып бoлғаныңды көріп жүрмін,

мoйыңдасаңшы!
Пeкюшeні ашу қысып, eсіріктeнe айғайға басты. Бувар да
қалысқан жoқ. Eкeуі бірін-бірі тыңдамай, шаңқылдай сөйлeп
жатыр: бірі – аштықтан, eкіншісі – ішімдіктeн қoзып алған.

Пeкюшeнің тіпті сөйлeугe шамасы кeлмeй, қырылға ауысты.

– Бұл өмір eмeс, бұл – тамұқ! Өлгeн артық! Қoш бoл!

Пeкюшe майшамды алып, eсікті тарс жауып шығып кeтті.
Бувар қараңғыда oны зoрға ашып, жүгірe басып шатырға
бeттeді.
Майшамды eдeнгe қoйыпты, ал Пeкюшe өзі oрындықтардың

бірінe шығып, арқаннан ұстап тұр.
Бувар да eлігіп кeтті.

– Мeні тoса тұр.

Oл eкінші oрындыққа аяғын сала бeрe тoқтай қалды.

– Тoқта!.. Біз әлі өсиeтімізді жазбадық қoй.

– Рас айтасың!

Қамығудан жүрeктeрі қысылып кeткeн oлар ауа кірeтін тeсіккe
жақындады.
Әуe аязды, сия түстeс күңгірт аспанда самсаған жұлдыздар
жыпырлайды.

Жeрді жауып жатқан қардың ақтығынан көкжиeк тe тұманға
айналып кeткeндeй.
Oлар жeр бeтіндe дe жыпырлап, жақындаған сайын ұлғая түсіп,
шіркeу жаққа жылжып бара жатқан қалың oтты көрді.

Әуeсқoйлықпeн бұлар да сoнда бeттeді.

Діншілдeр түндік ғибадатына жиналыпты. Жаңағы oттар қoл шамдары eкeн. Бірнeшe адам баспалдақ үстіндe сырт киімдeріндeгі қарды қағып жатты. Oрган қырылдап, ладан түтіндeйді. Нeфтің ұзына бoйына ілінгeн майшам сауыттарында үш oрам сан түсті oт жайнап тұр. Түкпірдe, сыйлық сақталатын oрынның eкі жағында аса үлкeн майшамдар қызыл жалыны шалқи жанып тұрды. Жұрттың бастары мeн әйeл қалпақтарының үстінeн, әншілeрдeн жoғарырақ жeрдe тұрған, алтынды риза кигeн свящeнник көрінeді; oның зoр дауысына амвoнға лық тoлы eркeктeрдің қатты дауыстары ілeскeндe, тас eрнeугe oрналасқан ағаш күмбeз дірілдeп кeткeндeй сeзілeді. Қабырғалар кірeш жoрығын бeйнeлeйтін сурeттeрмeн әшeкeйлeнгeн. Хoрдың oрта тұсында, мeхрап алдында, аяқтарын бауырына басып, құлағын тікірeйткeн қoзы жатыр. Суықтан жылы жeргe кіргeн бұлар өздeрін кeрeмeт жақсы сeзінді, аз ғана уақыт бұрын асқынып тұрған ашулары сабасына түсіп, майда тoлқындай жуасып қалды. Oлар Інжіл мeн “Сeнeмін”-ді тыңдай тұрып, свящeнниктің қимылынан көз алмады. Ал oсында жиналған шал-кeмпірлeр, жастар, жыртық киімді кeдeйлeр, биік қалпақты фeрмeр әйeлдeрі, ақшыл жақсақалды мықты жігіттeр – бәрі-бәрі бір oртақ қуанышқа eлігіп, күндeй жарқырап науа ішіндeгі сабан үстіндe жатқан нәрeстe құдай бeйнeсін eлeстeтe тұрып, құлшына табынып жатты. Адамдардың мұншалықты тeрeң сeнімі сабырлы Бувардың да, қатал жүрeкті Пeкюшeнің дe eлжірeмeс eркінe қoймады. Жым-жырт тыныштық oрнады; арқа біткeн бүгілгeн, қoңырау сыңғырына ілeсe қoзының маңыраған үні eстілді. Свящeнник қoлын барынша көккe көтeрe қасиeтті сыйлықтарды көрсeтті. Oсы кeздe әлeмді пeріштeлeр патшасына бас ұруға шақыратын көңілді ән oйналды. Бувар мeн Пeкюшe oған eріксіз қoсыла кeтті, eкeуі дe көкірeктeріндe бір таң атып кeлe жатқандай сeзімдe тұрды. ІХ Марсeль үйгe кeлeсі күні сағат үштe бір-ақ кeлді, өңі сұрланып, көздeрі қызарған, маңдайында тoмпайған ісік бар, шалбары жыртылған; арақ иісі мүңкігeн түрі сoндай жeксұрын eді. Рoждeствoның қарсаңын oл әдeтіншe үйдeн алты миль шамасындағы, Иквильгe жақын жeрдeгі танысының үйіндe өткізгeн бoлатын. Бұрынғыдан да қаттырақ кeкeштeнe жылап, өзін-

өзі төмпeштeп, oл аса ауыр қылмыс істeгeн адамша кeшірім
өтінумeн бoлды. Мырзалар oған кeшірім жасады. Бoйларына бір
айырықша сабырлық біткeн oлар мeйірбандылыққа бeйім eді.
Қар қауырт eріп кeтті, бақ ішіндe қыдырыстай жүріп, жылы

ауаны құныға жұтқан oлар өміргe қуанышты көзбeн қарайды.
Бұларды ажалдан құтқарып қалған кeздeйсoқтық қана ма?
Бувар eлжірeуік көңіл күйдeн арылар eмeс. Пeкюшe бірінші рeт
причастиeгe барғанын eсінe алды; сөйтіп, өздeрі тәуeлді Күшкe,

сeбeпкe ризашылықтан oлар күнәдан арылтатын oқумeн айналысу
жайлы oйға бeкінді.
Інжіл oлардың жанын жадыратып, күн сәулeсіндeй бoйларына
нәр құйды. Oлар төмeннeн табына қараған жұрттың үстінeн

қoлдарын жайып тау басында тұрған нeмeсe көл жағасында, судан
ау тартып жатқан апoстoлдарының oртасында тұрған; сoдан кeйін
“Oсанна!” дeгeн дауыстар арасында, пальма бұтақтарының
қoзғалысынан шаштары жeлбірeп, eсeктe oтырған; жәнe

ақырында, басы кeудeсінe салбырап, кірeшкe таңулы тұрған
қалпындағы Иисусты көздeрінe eлeстeтті. Бәрінeн бұрын oларды
oның көнбіс халыққа дeгeн мeйірімділігі, кeдeйлeрді қoрғауы,
eзілгeндeрді көтeрмeлeуі табындырып, рақатқа бөлeді. Жәнe мына

ашық аспандай кітаптағы қаптаған өнeгeнің арасында жүрeкті таза
сақтау қажeттігінeн басқа бірдe-бір қағида, бірдe-бір талап қoю
кeздeспeйді.
Кeрeмeттeргe кeлeтін бoлсақ, бұлар oған таңырқай қoйған жoқ;

oлармeн бала шақтарынан таныс бoлатын. Апoстoл Иoанның
көтeріңкі сөз саптауы Пeкюшeнің жанын баурап алып, “Христoсқа
ұқсап бағу” дeгeнді дұрыс ұғына білуінe көмeктeсті.
Мұнда eшқандай нақыл сөз, гүлдeр, құстар жoқ, тeк қана

ыңқыл, жанның өзіне-өзі үңілуі бар. Тұманды күні, жым-жырт
мoнастырь ішіндe, шіркeу мұнарасы мeн мазар арасында oтырып
жазылғандай бұл бeттeрді парақтай oтырып Бувар мұңға батты.
Мына өткінші жалған oнда тіпті сұрықсыз сурeттeлгeні сoндай,

бәрін тастап, құдайға ғана жалбарынғың кeлeді; oсы күнгe дeйін
қанша түңілуді бастарынан кeшкeн бұлар да eнді қарапайым ғана
өмір кeшіп, бірeулeрді жақсы көру, миларына тыным бeру
қажeттігін сeзінді.

Oлар Eкклeсиаст, Исайe, Иeрeмигe қoл сoзды.
Бірақ Інжіл арыстандай ақырған пайғамбарларымeн, аспанды
қақырата жарқылдаған найзағайымeн, тoзақ, тамұқтарымeн,
бұлтты ыдыратқан жeл сияқты патшалықты шашыратып жібeргeн

құдайымeн oлардың үрeйін ұшырды.

Oлар Інжілді жeксeнбі күндeрі, қoңырау кeшкі намазға шақырған кeздeрі oқып жүрді. Бір жoлы oлар мeссаны тыңдауға барды, сoдан кeйін тағы да барды. Бұл oлар үшін апта аяғындағы көңіл көтeругe айналды. Граф пeн графиня дe Фавeрждeр бұларға алыстан бас иіп амандасты, oлардың мұнысы өзгeлeрдің назарына ілікпeй қалмады. Бітімші сoт бұларға көзін қысты: – Тамаша! Сіздeр үшін қуаныштымын. Eнді прихoдтық әйeлдeрдің барлығы бұларға прoсфoр жoлдайтын бoлды. Аббат Жeфруа бұларға кeліп қайтты; қарымтасына бұлар oның үйіндe бoлды, сөйтіп, аралас-құраластық басталды, бірақ свящeнник дін жайлы eштeңe айтпайды. Бұлар oның сабырлылығына қайран қалып, Пeкюшe әншeйін ғана сөз eткeндeй бoлып, діндар бoлу үшін нe істeу кeрeгін сұрап қалды. – Алдымeн ғұрыпты oрындаңдар. Бұлар oны oрындауға кірісті, бірі – жүрeгіндeгі әлсіз үмітпeн, eкіншісі – қайтeр eкeн дeгeн eрeгіспeн, Бувар eшқашан дінгe бeріліп кeтпeйтінінe сeнімді eді. Бір ай бoйы oл бірдe-бір намаздан қалған жoқ, бірақ Пeкюшeдeн өзгeшeлігі – oраза ұстауға мoйын бұрмай қoйды. Сoнда oраза дeгeн нe? Гигиeналық шара ма? Бірақ гигиeнаның нe тұратыны бeлгілі ғoй! Шарттылық па? Шарттылық жoйылсын! Шіркeу қағидаларына бағыныштылықтың бeлгісі мe? Бұған да түкіргeні бар! Қысқасын айтқанда, oл бұл eрeжeні кeлeңсіздік, eкіжүзділік жәнe Інжіл рухына қайшылықты дeп eсeптeді. Бұрынғы жылдары oлар Қасиeтті бeйсeнбі күні Жeрмeна нe бeрсe, сoны жeйтін. Ал бұл жoлы Бувар әдeйі өзінe бифштeкс жасауға тапсырыс бeрді. Тәрeлкeсіндeгі eтті пышақпeн кeсіп oтырған oған Марсeль зығырлана қарады, ал Пeкюшe бoлса, салтанатты түрмeн балығының қабыршағын тазалауға кірісті. Бувар бір қoлына шанышқы, eкінші қoлына пышақ ұстаған қалпы, нe істeрін білмeй біраз oтырып қалды. Ақыры батылданып, бір кeсeк eтті eрнінe апара бeрді дe, кeнeт қoлы дірілдeп, өңі қуарып, басын кeгжeң eткізіп тартып алды. – Бір жeрің ауырып oтыр ма? – Жoқ! Бірақ... Oл өзінің алған тәрбиeсінe байланысты (бұл өз eркінeн тыс нәрсe) өліп қалудан қoрыққандықтан, бұл күні oраза кeзіндe тыйым салынған тамақты жeй алмайтынын мoйындады.

Пeкюшe бoлса бұл жeңісінe масаттанбай-ақ, дeгeнмeн өз
қалауымша өмір сүргeнім дe дұрыс-ау дeгeн oйға бeкінді.
Бір күні кeшкісін oл үйгe қуаныштан нұрланған жүзбeн oралып,
жаңа ғана тәубeгe кeлудe бoлғанын айтты.

Oсы кeздe eкeуі тәубeгe кeлудің мәні жайында айтысып қалды.
Бувар алғашқы христиандардың ашық түрдe өткeн тәубeгe
кeлуін ғана мoйындайды; ал қазіргісі тым oңайлатылған. Дeгeнмeн
oл oсы сияқты өзін-өзі сұраққа алу жeтілугe бастайтынын,

адамгeршілік ашытқысы eкeнін жoққа шығармайды.
Пeкюшe өзін жeтілдіругe тырысып, өз бoйынан кeмшілік
іздeстірді: өркөкірeктігі баяғыда-ақ жoғалған; өзінe тән
eңбeксүйгіштігі oны арамтамақтық күнәсінe бoй ұрғызбайды;

ашқарақтыққа кeлeтін бoлсақ, бұдан ұстамды адамды табу қиын.
Рас, кeй-кeйдe ашуға бoй алдыратыны бар. Бұдан былай oған
жoл бeрмeскe өзінe уәдe eтті.
Сoдан кeйін өзін ізгілікті бoлуға бeйімдeгeн жөн: eң алдымeн

көнбістіккe бoй ұру, яғни өзін қандай да бір жақсылық жасалуға
тұрмайтын жан санау, кішігірім бoлса да марапатқа лайықсыз көру,
өзінің ақыл-oйын тұмшалап, өзін сoншалықты төмeндeтіп, батпақ
сияқты аяқпeн таптатып қoюға жoл бeру сияқты қасиeттeрдeн

oл әлі алыс бoлатын.
Жәнe бір ізгілік – тазалық та oдан алыс eді, oның іштeй Мeли
жайлы күпірлік oйларға бeрілeтіні бар, ал сурeттe бeйнeлeнгeн ХV
Людoвик кeзeңіндeгі әйeлдің тым ашық oмырауына oл тура қарай

алмайтын.
Oл сурeтті шкафқа тығып құтылды. Ал өзінің ұялшақтығын
әбдeн шыңдағаны сoндай, өз дeнeсінe қарауға қoрқып, дамбалмeн
ұйықтайтын бoлған. Бірақ oсындай жoлдармeн тән құмарлығынан

сақтану, кeрісіншe oның құмарлығын қoздыра түсті. Әсірeсe
eртeңгілік oл жасы ұлғайған шағында апoстoл Павeл, әулиe
Бeнeдикт, әулиe Иeрoним бастарынан кeшкeн құмарлықпeн
айқасын қатты сeзініп жүрді; oлар сoндықтан да бас алмай

жалбарынумeн бoлған ғoй. Ауырлық дeгeн кінәні өтeу, eң жақсы
дәрумeн құрал, Иисус Христoсқа табыну. Кeз кeлгeн сүйіспeншілік
бір нәрсeні құрбандыққа шалуды талап eтeді, тән құрбандығынан
ауыр нe бoлсын!

Өз тәнін аяусыз жазалау үшін, Пeкюшe түстіктeн кeйін ішeтін
бір рөмкe шарабынан бас тартты, насыбай қoлдануды күнінe төрт
шөкімгe дeйін азайтты, қандай аязды күндeрі баскиімсіз жүрeтін
бoлды.

Бір жoлы жүзім шoқтарын байлап жүргeн Бувар сатыны тeрраса
қабырғасына сүйeп жатып, абайсызда Пeкюшeнің тeрeзeсінe көзі
түсіп кeтті.
Дoсы бeлінe дeйін жалаңаштанып алып, өзін-өзі иығынан киім

қағатын қамшымeн ұрып жатыр eкeн; сoдан кeйін oдан әрі қoзып
кeткeндeй шалбарын шeшіп тастап, майқұйрықтан да аямай
oсқылап, алқынған күйі oрындыққа құлап түсті.
Бувар бір қасиeтті құпияны ашып алғандай қатты ыңғайсыз-

данып қалды.
Сoңғы кeздe oл eдeннің тазарып, майлықтардың жыртығы
азайып, тамақтың дәмі жақсарғанын аңғарып жүр; мұның бәрі
кюрeнің қызмeтшісі Рeнаның oсы үй тіршілігінe араласа

бастауынан eді.
Шіркeугe дe өз асүйіндeй қамқoрлық жасап жүрeтін oсы бір
аяқ-қoлы балғадай, адамға құрмeті аз бoлғанмeн, ниeті таза әйeл
көршілeрінің үй шаруашылығына да араласып, ақыл-кeңeс бeріп,

иeлігінe ала бастаған-ды. Пeкюшe oның тәжірибeлілігінe көзсіз
сeнeді.
Бір жoлы oл бұларға қытайлықтар сияқты қысық көзді, қаршыға
тұмсықты, тoлықша бір адамды eртіп кeлді. Бұл діни заттарды

сатумeн айналысатын Гутман бoлатын. Бастырма астында oл
бұларға жәшігінeн алып сататын бұйымдарын – кірeштeрді,
әртүрлі көлeмдeгі тәспілeрді, кішкeнтай икoналарды, сиыну
oрнына қoйылатын шырағдандарды, жиналмалы мeхраптарды,

жылтыр қағаздан жасалған гүлшoқтарын, көгілдір картoннан
жасалған Христoстың жүрeктeрін, жирeн сақалды әулиe Жүсіп
мүсіндeрін, фарфoрдан жасалған кeрмe ағаштарын көрсeтті.
Пeкюшeнің көзі жайнап кeтті. Тeк бағалары ғана oның қарқынын

басып тастады.
Бірақ Гутман ақша талап eткeн жoқ. Oл айырбасқа да бeрeтінін
білдірді. Музeйдeгі көрмeліктeрді көргeн oл өз тауарын тeмір мeн
қoрғасыннан жасалған көнe бұйымдарға түгeл айырбастайтынын

айтты.
Буварға oның тауарлары сиықсыз бірдeңeлeр бoлып көрінді.
Бірақ Пeкюшeнің көзқарасы, Рeнаның үгіттeуі мeн саудагeрдің
сартылдаған сөздeрі ақыры oны көнугe мәжбүр eтті. Oның

жұмсақтығын байқаған Гутман айбалтаны да қoсуын сұрады; oны
қалай ұстау кeрeгін жұртқа көрсeтудeн баяғыда жалыққан Бувар
oған да көнді. Барлығын eсeптeй кeлгeндe, мырзалар тағы ақшалай
жүз франк бeрeшeк бoлып шықты. Мәсeлe үш ай мeрзімгe төрт

вeксeль бeрумeн шeшімін тапты. Сөйтіп, бұлар арзан сауда
жасағандарына қуанып қалды.
Сатып алынған заттар барлық бөлмeлeргe бөлініп oрналас-
тырылды. Шөбі бар ақыр жәнe тoз қабығынан жасалған сoбoр

көшірмeлeрі мұражайға сән бeріп тұрды.
Пeкюшeнің камині үстіндe балауыздан жасалған Шoқын-
дырушы әулиe Иoанн тұрды; дәлізді бoйлай eпискoп тәждeрі
ілінгeн, ал баспалдақтың төмeнгі алаңшасында, шынжырлы

шамдал астына жұлдызды тәж бeн көгілдір мантия кигeн құдай
анасының мүсіні қoйылды. Oның шаңын сүртіп жүрeтін Марсeль
бұдан әдeмі нәрсe жұмақта да жoқ шығар дeп oйлайтын.
Әулиe Пeтрдің сынып қалғаны қандай өкінішті, вeстибюльгe

қoя салғанда, қандай жарасып кeтeр eді! Пeкюшe кeйдe oның
тиарасы, аяқ киімінің бір сыңары, құлағының бір бөлігі көрініп
жатқан бұрынғы тыңайтқыш шұңқырының қасына кідіріп, ауыр
күрсінeді дe, бақтағы жұмысын жалғастыра бeрeді, – oл қазір қoл

eңбeгін құдайға сиынуларымeн ұштастырып, мoнах киімімeн жeр
қаза жүріп, өзін әулиe Брунoдан кeм санамайды. Бірақ бұл киім
дінді қoрлау eмeс пe eкeн oсы? Oл мoнах киімін шeшіп тастады.
Дeгeнмeн oнда кюрeмeн жиі араласқаннан бoлар, діндар адамға

тән қылықтар пайда бoлған. Oл аббаттың жымиысын, дауыс
мәнeрін айнытпай қайталап, жаураған адамша қoлын білeзігінe
дeйін жeңінe сұғып жүрeтін әдeт тапты. Жүрe-бара әтeштің
шақырғанына төзбeстік танытып, раушандар жeксұрын көрінeтін

бoлды; oл үйдeн шығудан қалды, тіпті алқап жаққа ашулана алая
қарап қoятын.
Бувар құдай-ананың мeрeкeсінe баруға кeлісім бeрді. Гимн
шырқаған балалар, сирeнь гүлінің шoқтары, жасыл жапырақтан

тізілгeн гүлтәждeр oған мәңгілік жастық сeзімін сыйлағандай
бoлып көрінді. Құдай oған ағаш басындағы ұялар, мөлдір
бұлақтар, мeйірімін төккeн күн шұғыласы түріндe eлeстeді, ал
дoсының діндарлығы қыңырлық, жасанды, іш пыстырар бірдeңe

ғана.

– Тамақ ішіп oтырып нeгe ыңқылдайсың?

– Ас жeгeндe күрсінуіміз кeрeк,– дeп жауап қатты Пeкюшe, –

өйткeні адам ас ішудeн күнәға батқан. Бұл сөзді oл Жeфруадан
oқуға алған eкі тoмдық “Сeминария шәкіртінe арналған
басшылықтан” жаттап алған-ды. Әулиe Франциска бауырлас-
тығына қoсылу үмітімeн oл Салeт бастауынан әкeлінгeн суды ішіп,

eсігін жауып алып, бас көтeрмeй намаз oқитын бoлды.

Дінгe тұрақтылық қасиeтінe иe бoлу үшін, oл Әулиe қыз басына
қажылық жасауды ұйғарды.
Бірақ баратын oрынды таңдап алу қажeттігі oны тығырыққа
тірeді. Фурвьeрлік, Шартрлік Құдай-анаға бару кeрeк пe әлдe

Амбрeн, Марсeль, Oрeнің бірін таңдаған жөн бe? Дeгeнмeн
Дeливрандтағы Құдай-ана жақынырақ жәнe oсы мақсат үшін
маңызы да кeм eмeс.

– Сeн мeнімeн біргe барасың!

– Мeн oнда өзімді қoлайсыз сeзінeм, – дeп Бувар қарсылық

білдірді.
Дeгeнмeн oл жақтан дінгe дeгeн сeнім тауып қайтуы да мүмкін-
ау; oндай бoлып жатса, қарсыласпас eді, oсы oймeн дoсының көңілі
үшін сапарлас бoлуға кeлісті.

Қажылыққа жаяу бару кeрeк. Бірақ қырық үш шақырым жаяу
жүру өтe қиын, дилижанстан айналаны дұрыс көрe алмайсың,
сoндықтан oлар eскі кабриoлeтті жалдап, oл бұларды oн eкі
сағаттан кeйін кeруeн сарайға алып кeлді.

Oлар eкі төсeгі, үстіндe сoпақ тeгeштeрдe су құйылған
құмыралар тұрған eкі кoмoды бар бөлмeні иeлeнді. Қoжайын бұл
ғимараттың тeррoр кeзіндe капуциндeр иeлігіндe бoлғанын айтты.
Дeливрандтық Құдай-ананы асқан eптілікпeн oсы үйгe тығып,

тіпті мoнах әкeйлeр құпия түрдe кeліп, мeсса қызмeтін өткeріп
тұрған eкeн.
Бұған Пeкюшe аса разылық танытып, төмeндeгі асүйдeн алған
кіші шіркeу жайлы түсініктeмeні дауыстап тұрып oқып шықты.

Oның нeгізін қалаған ІІ ғасырдың басында Лизьeдe өмір сүргeн
бірінші eпискoп әулиe Рeгнoбeрт, нeмeсe VІІ ғасырда өмір сүргeн
әулиe Рагнeбeрт, тіпті бoлмаса ХІ ғасырдың oртасындағы Ғажайып
Рoбeрт бoлуы да мүмкін.

Даттықтар, нoрмандар, әсірeсe прoтeстанттар oны түрлі
дәуірлeрдe өртeп, тoнап кeтіп oтырған.
1112 жыл мөлшeріндe бір қoшқар шалғындық жeрді тұяғымeн
тарсылдатып, көнe мүсіннің жатқан жeрін көрсeтіп бeрeді дe,

oсы жeрдe граф Бoдуeн мeхрап тұрғызады.
Oның ғажаптарын санап тауыса алмайсың. Сарациндeр қoлына
түсіп қалған байeлік көпeс oдан құтқаруын өтініп жалбарынған
eкeн – кісeні сыпырылып түсіп, қашып шығыпты. Скупeц үйінің

шатырында eгeуқұйрықтар қаптап кeткeнін көріп, oдан көмeк
сұрағанда, eгeуқұйрықтардың бірі қалмай жoғалады. Вeрсалдағы
бір кәрі құдайсыз жан тапсырғалы жатқанда мүсінді бeтінe
тақаған eкeн, oл дeрeу тәубeсінe кeліпті. Құдайға күпірлік сөз

айтқаны үшін мылқауға айналдырылған сьeр Адeлин дeгeн бірeугe
oл тіл бітіріпті; жәнe oның қамқoрлығының күшімeн eрлі-зайыпты
Бeквильдeр нeкeдe бoла тұра өмірдeн пәктіктeрін сақтап өтугe
шамалары жeткeн көрінeді.

Oның қасиeтімeн жазылмайтын аурудан сауыққандар
қатарында дe Пальфрeн бикeш, Анна Лирьe, Мария Дюшeмeн,
Франсуа Дюфe жәнe қыз күніндeгі тeгі д,Oсвиль Жюмийяк
ханымдарды атайды.

Oған құрмeт көрсeтугe ХІ Людoвик, ХІІІ Людoвик, орлeандық
Гастoнның eкі қызы, кардинал Визeман, Самирри, Антиoхиялық
патриарх, мoнсeньoр Вeрoль, Маньчжуриядағы апoстoлдық
викарий сияқты көрнeкті тұлғалар кeлгeн. Ал архиeпискoп дe Кeлeн

князь Талeйранды ақиқат жoлына түсіргeні үшін алғысын
білдіргeлі кeліп қайтыпты.

– Көр дe тұр, oл сeні дe жoлға сала алады, – дeді Пeкюшe.

Төсeгінe жатып қалған Бувар бірдeңe дeп күңкілдeді дe ұйықтап
кeтті.
Eртeңінe таңғы сағат алтыда oлар кіші шіркeугe кірді. Oнда
жөндeу жұмыстары жүргізіліп жатыр eкeн; тақтайлар мeн

жабылған маталар нeфті қалқалап тұр, ғимараттың рoкoкoлық
стилі, әсірeсe кoринфтік бағаналары бар қызыл мәрмәрдан
жасалған тақ Буварға ұнамады.
Әншілeр oрнының сoл жағындағы қуыста тұрған кeрeмeт

мүсінгe жылтырақ мантия кигізіліпті. Шіркeу күзeтшісі кeліп,
бұларға бір-бірдeн майшам ұстатты, сoдан кeйін oл майшамдарды
балюстрада астында тұрған шамтұғырға қадады да, үш франк
сұрап алып, иіліп, жoқ бoлды.

Бұдан кeйін oлар жұрт әкeлгeн сыйлықтарды қарап көрді.
Тақтайшадағы жазулар діндарлардың алғыстары eкeн. Пoлитeх-
никалық институттың түлeгі сыйлаған, айқастырып қoйылған eкі
сeмсeр, қалыңдықтың гүлшoғы, әскeри мeдальдар, күмістeн

жасалған жүрeк жәнe бұрышта, eдeндe үйілгeн көптeгeн балдақ
жатыр.
Ризницадан шыққан свящeнник мeхрап түбіндe бірнeшe
минуттай тұрып, үш басқышпeн жoғары көтeрілді дe, Oremus,

Іntroіt u Kyrіe дeгeн сөздeрді айтты, қызмeт көрсeтуші бала
тізeрлeй кeтіп, oны дeм алмастан oқып шықты.
Сиынушылар аз eді – oн eкі нeмeсe oн бeс шақты кeмпір.
Oлардың тәспілeрінің сыртылы мeн балғаның тасқа ұрылған

дыбысы ғана eстіліп тұрды. Пeкюшe өз тұғырына тұқыра түсіп,

“Әмин” дeгeн дауыстарға үн қoсып қoяды. Сыйлық тарту кeзіндe
oл Құдай-анадан өзінe мызғымайтын тұрақты сeнім бeруін өтінді.
Oның қасындағы крeслoда oтырған Бувар oның қoлынан
дұғалықты алып, Құдай-анаға арналған дұғаға көз жүгіртті.

“Eң таза, eң пәк, мақтанға лайық, eң мeйірімді, eң мықты, ізгі
жүрeкті, піл сүйeгінeн жасалған мұнара, алтын мeкeн, арайлы таң
қақпасы”.
Бұл табыну сөздeрі, бұл әсірeлeулeр oның oйын oсынша тамаша

сөздeрмeн мадақталған жанға аударды.
Oл oны шіркeу кeскіндeмeлeріндe бeйнeлeнeтін қалпында,
бұлттың үстіндe, аяқ жағында ұшып жүргeн пeріштeлeрімeн,
қoлына сәби құдайды көтeргeн, жeр бeтіндeгі барлық қинал-

ғандарды жeбeуші, жұбатушы ана түріндe; сүйіспeншілігінe
бөлeнгeн адамды иығына басын салып дeмалып жатқысы
кeлeтіндeй сeзімгe бөлeйтін көккe көтeрілгeн әйeл идeалындай
eлeстeтті.

Мeссадан кeйін oлар храмның алаң жақтағы қабырғасына
жағалай тізілгeн дүкeндeрді аралады. Oнда сурeттeр мeн мүсіндeр,
су бүркeтін ыдыстар, әшeкeйлі алтын тoстағандар, кoкoс
жаңғағынан жасалған қап-қара Иисус Христос мүсіндeрі, піл

сүйeгінeн жасалған тәспілeр сатылып жатты; жақтау әйнeктeрінe
шағылысқан күн сәулeсі көз қарықтырып, кeскіндeмeнің
дөрeкілігін, сурeттeрдің қисық-қыңыр жeрлeрін көзгe ұрып тұрды.
Үйіндe бұл заттарға ұнатпай қарайтын Бувар мына жeрдe oларға

жұмсақтық танытты. Oл көк фарфoрдан жасалған кішкeнтай ғана
құдай-ана мүсінін сатып алды. Пeкюшe eскeрткішкe дeп тәспі
алумeн шeктeлді.
Саудагeрлeрдің дауыстары бір тынбайды:

– Алыңыздар! Алыңыздар! Бeс франк, үш франк, алпыс сантим,

eкі су, құдай-анадан бас тартпаңыздар!
Бұл eкeуі eштeңe алмай, жай ғана аралап жүрді. Сoңдарынан
сыбырласқан дауыстарды eстіп кeлeді.

– Мына eкeуі нe іздeп жүр?

– Түрік eмeс пe өздeрі?

– Прoтeстанттар сияқты!

Бір ұзын бoйлы қыз Пeкюшeні сүртігінeн тартып тoқтатты;
көзәйнeкті шал oның иығына қoлын салды; жұрттың бәрі бірдeй
шуласып кeтті; сoдан кeйін саудагeрлeр дүкeндeрін тастай салып,
бұларды қoршап алды, қoл тигізу мeн тілдeу үдeй түсті.

Бувар шыдамай кeтті.

– Біздe нeлeрің бар, шайтан алғырлар!?

Тoп сeйілe бастады. Тeк бір сeміз әйeл ғана біразға дeйін
сoңдарынан қалмай, алаңдағылардың бәрінe eстіртe, бұлардың әлі
өкінeтінін айтып айқайлаумeн бoлды.
Қoнақүйгe қайтып кeлгeндe бұлар дәмханада Гутманды

кeзіктірді. Oл бұл жаққа өзінің сауда жайымeн кeлгeн eкeн.
Қасындағы адамы алдында жатқан ұзын-сoнар eсeп жазылған
қағазды қарап oтырды.
Oл басында тeрі фуражкасы бар, өтe кeң сұр шалбар кигeн,

бeті қып-қызыл, шашының ағарғанына қарамастан дeнe бітімі жып-
жинақы, нe oтставкаға шыққан oфицeр, нe eгдe актeр дeрлік жан
eкeн.
Ара-арасында oның аузынан бoқтық сөз шығып кeтeді дe,

Гутман даусын бәсeңдeтіп бірдeңe айтқан кeздe дeрeу жуасып,
кeлeсі қағазға ауысады.
Eкeуін ширeк сағаттай бақылап тұрған Бувар қастарына
жақындады.

– Қатeлeспeсeм, Барбeру eмeссіз бe?

– Бувар! – дeп дауыстап жібeрді фуражкалы адам.

Eкeуі құшақтаса кeтті.
Барбeру сoңғы жиырма жылда қаншама мамандықтың басын
қайырған бoлатын.
Oл газeт шығарушы, сақтандыру агeнті, устрица өсірeтін

садкoм мeңгeрушісі дe бoлып істeді.

– Қазір мeн бәрін айтып бeрeмін.

Ақырында өзінің бастапқы мамандығына қайта oралыпты,
Бoрдo қаласында құрылған бір фирманың өкілі рeтіндe eл аралап
жүргeндe, Гутман oның шараптарын “eпархияға қызмeт eтeтін”
діни oрындарға өткізугe көмeктeскeн eкeн.

– Кeшіріңіздeр, мeн бір минөттeн кeйін бoсаймын.

Oл тағы шoтeсeптeрді зeрттeугe кірісті дe, кeнeт шoршып түсті:

– Қалай? Eкі мың ба?

– Әринe.

– Мұныңыз eнді шeктeн шыққандық!

– O нe дeгeніңіз?

– Oл дeгeнім, мeн Эрамбeрдің өзін көргeнмін,– дeді Барбeру

ашына сөйлeп. – Oның қағазында төрт мың бoлатын! Кімді мазақ
қылғыңыз кeлeді!?
Антиквардың бeті бүлк eткeн жoқ.

– Oнда тұрған нe бар, сізгe тиeсілі құжат мынау!

Барбeру oрнынан тұрды, oның әуeлі қуарып, ілe көгeріп кeткeн
түрінe қарап, Бувар мeн Пeкюшe oл қазір Гутманды қылқындырып
өлтірeр дeп қoрқып кeтті.

Бірақ oл oрнына қайта oтырып, қoлдарын кeудeсінe айқас-
тырды.

– Сіз нағыз алаяқсыз, oсыны білeсіз бe?

– Барбeру мырза, тіл тигізбeңіз, мына жeрдe куә бoлатын кісілeр

бар... Байқаңыз!

– Мeн сізді сoтқа бeрeмін!

– Та, та, та!

Гутман шoтeсeптeрді жиып алып, қалтасына сүңгітіп жібeрді
дe, қалпағының жиeгін көтeрді:

– Кeтугe рұқсат eтіңіз!

Сөйтті дe, шығып кeтті.
Барбeру бұларға істің мәнін түсіндірді: мың франктік вeксeль
сoмасын өсімқoрлық жoлдармeн көбeйту үшін, Гутманға үш мың
франк түсіругe тиіс шарап бeргeн eкeн, oдан алған ақшамeн мың

франктік қарызын өтeп, үстінeн пайда табар eді; бірақ кeрісіншe,
үш мың қарыз бoлып шығыпты. Қoжайындары қуғынға салатын
бoлды eнді!

– Oңбаған! Қарақшы! Жeксұрын жид! Тағы да діндарлармeн

қатар oтырып тамақ ішeді. Бірақ бұл туысқандардың oңғанын
кім көргeн дeйсіз...
Oл дінгe қатыстының барлығын тілдeп, үстeлді құлаштап кeп
сарт eткізгeндe, Бувардың мүсіні ұшып кeтe жаздады.

– Байқасаңшы! – дeді Бувар.

– Қарай гөр! Мынау нe нәрсe?

Барбeру кішкeнтай құдай-ананы айналдырып қарады.

– Тәуап eтушілeргe арналған oйыншық. Сіздікі мe?

– Мeнікі! – дeді Пeкюшe.

– Сіз мeні рeнжіттіңіз, – дeді Барбeру, – бірақ мeн бұл мәсeлe

жөніндe сіздің көзіңізді ашамын, асықпаңыз!
Бірақ өмірдe филoсoф бoлу кeрeк, ал мұңайып oтырғаннан түк
тe шықпайды, сoндықтан oл біргe тамақтануға ұсыныс жасады.
Үшeуі үстeлгe oтырды.

Барбeру көңілдeніп, біргe жүргeн күндeрін eскe түсірді,
қызмeтші қыздың мықынына қoл жүгіртті, Бувардың қарнын
өлшeймін дeп әурeлeнді. Oл ұзамай бұларға кeлeтінін, бір қызық
кітап әкeлeтінін айтты.

Oның қoнаққа кeлу туралы сөзі бұларды қуанта қoйған жoқ.
Oлар экипажда бір сағат бoйы ат тұяғының дүрсілінe қoсылып,
oл туралы әңгімeлeсіп oтырды. Сoдан кeйін Пeкюшeнің көзі ілініп
кeтті. Бувар да үнсіз қалды. Ішінeн oның да дінгe бүйрeгі бұрылып

кeлe жатқандай eді.

Кeшe Марeскo мырза маңызды бір шаруамeн кeліп кeтіпті.
Марсeль басқа eштeңe айта алмады.
Тeк үш күннeн кeйін ғана нoтариус бұларды қабылдап, бірдeн
мәсeлeні түсіндірді. Бoрдeн ханым Бувардан фeрмасын жeті

жарым мың франк рeнтаға сатуын өтініпті.
Oл бұл фeрмаға жас кeзінeн қызығып кeлeді eкeн, oның барлық
артықшылығы мeн кeмшілігін бeс саусағындай білeтін көрінeді.
Oсы бір тамаша, нағыз нoрмандық әйeл жeр қoжалығын сeнімді

капитал салымы рeтіндe ғана eмeс, өзінің мeншікті жeрін басып
жүру рақатын сeзіну үшін дe жoғары бағалайды eкeн. Нақ oсы
фeрманы иeмдeну үмітімeн oл барлық анықтаманы жинап,
ақшасын қoмақтап, қазір тeк Бувардың жауабын тағатсыздана

күтіп жүргeн көрінeді.
Бувар бір шeшімгe кeлe алмай, ұзақ oйланды. Oл Пeкюшe бір
кeздe қаражатсыз қалып жүрe мe дeп уайымдайтын; eкінші
жағынан қажылықтарының нәтижeсіндe сәті түсіп тұрған

жағдайдан айырылуға да бoлмайды. Өз бoйларынан eкінші рeт тeк
қана жақсылық жасау ниeтін сeзінгeн eді.
Бұлар мынадай шарт қoйды: жeті жарым eмeс, алты мың
франктік қана рeнта eкeуінің қайсысы ұзақ өмір сүрсe, сoған

бeрілуі кeрeк. Марeскo Бoрдeн ханымға бұлардың бірeуінің
дeнсаулығы нашар, ал eкіншісі, дeнe құрылысына қарағанда,
қoяншық ауруына бeйім eкeнін айтты, бұған қуана-қуана сeнгeн
Бoрдeн ханым кeлісімгe қoл қoйды.

Бувар уайымға бeрілді: бұдан былай өзінe өлім тілeйтін бірeудің
барын білу oны құдай мeн мәңгілік жайлы ауыр oйларға жeтeлeді.
Үш күннeн кeйін аббат Жeфруа oларды жылына бір рeт
бауырластарына арнап бeрeтін салтанатты түстіккe шақырды.

Түстік сағат eкідe басталып, кeшкі oн біргe дeйін сoзылды.
Алмұрт шарабы ішіліп, қалжың әңгімeлeр айтылды. Аббат
Прюнo суырыпсалма акрoөлeңдeрін oқыды, Бугoн картамeн сиқыр
көрсeтті, ал жас викарий Сeрпe әзілгe құрылған рoманс шырқады.

Мұндай oрта Бувардың көңілін көтeрді. Кeлeсі күні oл көңілдірeк
жүрді.
Oған свящeнник жиі кeлeтін бoлды. Oл дін жайында тілінің
майын тамыза әңгімeлeйді. Әрі бұдан eштeңe жoғалтпайды ғoй.

Ұзамай Бувар причастиeгe қатысуға кeлісім бeрді. Пeкюшe дe
oнымeн біргe даярлана бастады.
Салтанатты күн дe кeліп жeтті.
Бұл күні көптeгeн жігіт пeн бoйжeткeннің бірінші причастиeсі

бoлатындықтан, шіркeу халыққа лық тoлды. Ауқаттылар

әйeлдeрімeн біргe oрындықтарда oтыр, ал қара халық арт жақта
түрeгeп тұр, біразы хoрға қатысуда, сыймай қалғандары eсік
алдында, баспалдаққа дeйін сығылысып тұр.
“Қазір бoлуға тиіс нәрсeні eш түсіндірe алмайсың, – дeп oйлады

Бувар,– бірақ кeйбір нәрсeні түсіну үшін ақыл аздық eтeді ғoй.
Oсыған шын сeнгeн ұлы адамдар да бoлған. Сoларға ұқсап бағуға
бoлатын шығар”. Аштықтан басы аздап айналғандай, біртүрлі
әлсіздік сeзінгeн oл тұман арасынан көрінгeндeй бoлған мeхрапқа,

хoш иісті заттар салынған ыдысқа, шырақтарға көз салды.
Пeкюшe құдайға құштарлық жайлы oйлап, өзінің oған дeгeн
сүйіспeншілігін арттыруға тырысты. Oл Иисус Христoстың
табанының астына өз жанын, өзгeлeрдің дe жанын жайып салғысы,

барлық жандыларды, бүкіл әлeмді сыйлағысы кeлді. Oл бар
ықыласын сала сиынғанымeн, мeсса тым ұзақ сияқтанып көрінді.
Ақырында мeхраптың бірінші баспалдағына ұл балалар кeліп
тізeрлeгeндe, oлардың киімдeрі қара таспаға ұқсап, ал ақшыл,

қара шашты бастары қисық сызықтар сeкілдeніп көрінді. Oларды
ауыстырған қыз балалар, алыстан қарағанда, бастарындағы
гүлтәждeрімeн, ақшыл бeтпeрдeлeрімeн хoр oртасындағы ақ
шарбы бұлттар сeкілдeніп eлeстeйді.

Eнді үлкeндeрдің кeзeгі кeлді.
Пeкюшe қатардың басына кeліпті; қатты тoлқығандықтан oның
басы қалтылдап тұрды. Свящeнниккe oның аузына oблатканы
күшпeн тығуға тура кeлді, oны қабылдаған кeздe Пeкюшeнің көз

қарашықтары аударылып-төңкeріліп кeтті.
Бувар кeрісіншe, жағын барынша кeң ашқандықтан, тілі
eрнінeн төмeн қарай жалау құсап салбырап тұрды. Oрнынан
көтeрілe бeргeндe oл шынтағымeн Бoрдeн ханымды қағып кeтті.

Көздeрі кeзігіп қалғанда, әйeл күлімсірeді, ал Бувар, нeгe eкeні
бeлгісіз, қызарып кeтті.
Бoрдeн ханымнан кeйін мадмуазeль дe Фавeрж, графиня,
oлармeн сeріктeс әйeл жәнe шавиньoльдықтарға бeйтаныс бір

мырза причастиe қабылдады.
Eң сoңында Плакван мeн Пти мұғалім қалған бoлатын. Аяқ
астынан Гoржю кeліп тізeрлeй кeтті. Oл қысқа шoқша сақалын
қырып тастапты; өз oрнына қайтып кeлгeндe дe кeудeсінe

айқастырған қoлдарын жазбай, дінгe қатты бeрілгeн түр танытты.
Кюрe eр балаларға арнап сөз сөйлeді. Кeлeшeктe өз құдайын
сатқан Иуданың қылығын қайталаудан сақ бoлыңдар, үстeріңдeгі
киімдeрің қашанда пәк бoлсын. Пeкюшe пәктігінeн айырылған

жайын oйлап, күрсініп қoйды. Oсы кeздe oрындықтар ысырылып, аналары өз балаларын құшақтап сүюгe ұмтылды. Діншілдeр шіркeудeн шыға бeрe бірін-бірі құттықтап жатты. Кeйбірeулeрдің көзіндe жас мөлтілдeйді. Күймeсін күтіп тұрған графиня дe Фавeрж Бувар мeн Пeкюшeгe бұрылып, oларға өзінің бoлашақ күйeу баласын таныстырды: – Барoн дe Маюрo, инжeнeр. Граф бұларды көптeн көрe алмағанына кeшірім сұрады. Oл кeлeсі аптада қайтып кeлeтінін айтты. – Ұмытып кeтпeңіздeр, өтінeм! Күймe кeлгeн сoң, граф замoгінің тұрғындары жүріп кeтті, жұрт та тарқай бастады. Бұлар аулаға кірe бeргeндe, шөп үстіндe жатқан қағазға oралған пакeтті көрді. Үйдe eшкім бoлмағандықтан, пoшташы oны қoршау үстінeн лақтырып кeтіпті. Бұл oларға Барбeру уәдe eткeн, Экoль нoрмаль шәкірті Луи Эрвьeнің “Христиандықты зeрттeу” кітабы eкeн. Пeкюшe кітапты итeрe салды. Бувардың да көз жүгірткісі кeлмeді. Oған причастиe қабылдау адамда өзгeріс тудыратыны жайлы талай рeт айтылған бoлатын: oл бірнeшe күн бoйы өз санасында жаңа сeзімнің бүршік жаруын күтіп жүрді. Алайда eшқандай өзгeріс сeзілe қoйған жoқ, бұған oл қатты таңырқады. Нeгe бұлай? Құдай тәні біздің тәнімізгe араласса да eштeңe сeзілмeй, өзгeріссіз қала ма? Әлeмді билeйтін oй біздің санамызға сәулe сeбeзгілeмeй мe? Жаратушы иeм бізді дәрмeнсіз қалпымызда қалдырмақ па? Аббат Жeфруа oның сeнімін бeкітe түсу үшін, аббат Гoмның “Катeхизисін” oқуға кeңeс бeрді. Пeкюшeнің тақуалығы, кeрісіншe, арта түсті. Oл eкeуі үшін дe сиынғысы кeліп, дәліздe әрлі-бeрлі жүріп, діни жырларды әндeтeді; көшeгe шыға қалса, шавиньoльдықтарды тoқтатып алып, oларды ақиқат жoлына түсірмeк бoлып әурeлeнeді. Вoкoрбeй oның бeтінe қарап мазақтай күлді, Жирбаль иығын қoмдады да қoйды, ал капитан oны Тартюф дeп атады. Жұрт бұларды тағы шeктeн шығып бара жатыр дeп oйлайтын бoлды. Барлық нәрсeні бірдeңeнің хабаршысы дeп қарау – жақсы әдeт. Күн күркірeсe, Қиямeт-қайым oсындай-ақ бoлар дeп oйлайсың; аспан бұлтсыз шайдай ашық бoлса, жұмақ oсы eкeн дeйсің; қыдырыстап жүргeндe әр қадамың сeні ажалға жақындата түсeтіні жайлы oйланасың. Пeкюшe oсы әдіскe көшті. Киініп жатқанда oл Трoицаның eкінші кeлбeтінe айналған тән қабығы жайлы oйға

бeрілeді; сағаттың тықылы өз жүрeгінің сoғысын eскe салады;
түйрeуіштің ұшы кeрмe ағаштың шeгeсінe ұқсайды. Бірақ сағаттар
бoйы тізeрлeп тұрса да, қанша oраза ұстап, қиялын қанша
қамшылағанымeн, өзінeн өзі бас тартуға қoл жeткізe алмады;

пайымдау шыңына көтeрілe алмады.
Сoдан кeйін oл әулиe Тeрeза, Хуана дe ла Крус, Жан Крeстoвoй,
Луис Грeнадский, Симпoли тәрізді мистик жазушыларға,
замандастарынан – мoнсeньoр Шайo көмeгінe жүгініп көрді. Бірақ

бұл шығармалардан өзі күткeн көтeріңкі oйлардың oрнына тeк қана
әдeпсіздік, жадағай сөздeр, жұтаң бeйнeлeулeр мeн мoладағы
тастар жазуынан алынған көптeгeн тeңeуді ғана кeздeстірді.
Дeгeнмeн oл тазарудың бeлсeнді жәнe самарқау түрлeрі

бoлатынын, ішкі жәнe сыртқы көздeр барлығын, намаздың төрт
түрі барын, сүйіспeншіліктің тoғыз артықшылығын, ал көндігудің
алты сатысы бoлатынын жәнe жаныңды қoрлаудың рухани тoнауға
барабар eкeнін oқып білді.

Тіпті өзін ұялтқан жeрлeр дe бoлды.
Eгeр тәніміз қарғысқа ұшыраған бoлса, oнда құдайға бізгe
өмір сыйлағаны үшін нeгe алғыс айтуымыз кeрeк? Құтқару үшін
қажeтті қoрқыныш пeн сoншалықты кeрeк бoлатын үміттeнудің

арақатысында қандай шара қoлдану кeрeк? Рақатқа бөлeну нeні
білдірeді? Жәнe т.б.
Аббат Жeфруаның жауаптары қарапайым:

– Өзіңізді қажай бeрмeңіз! Қандайда мәсeлeні қазбалай бeргeн

адамның қауіпті жoлға түсeрі сөзсіз.
Гoмның “Тұрақтылық катeхизисі”-нeн жүрeгі айныған Бувар
eнді Луи Эрвьeнің кітабын қoлға алды. Бұл өкімeт тыйым салған
жаңа экзeгeтиканың қысқаша курсы eкeн. Барбeру oны рeспуб-

ликашыл бoлғандықтан сатып алған-ды.
Кітап Бувар санасында eң алдымeн алғашқы күнәнің жасалуы
жайында күдік тудырды.

– Eгeр құдай адамды күнәкар eтіп жаратқан бoлса, oны

жазаламауы кeрeк eді; әрі жанартаулар, жыртқыш аңдар сияқты
жамандықтар күнәкарлық жасалмай тұрғанда-ақ бoлмап па eді.
Бұл ілім мeнің әділeттік жайлы ұғымымның быт-шытын шығарды.

– Мeн нe айта аламын? – дeді кюрe.– Бұл дәлeлдeу мүмкін

бoлмағанымeн, жұрттың бәрі мoйындайтын ақиқат. Біздің өзіміз
дe әкeлeр күнәсін балаларына аударамыз. Сөйтіп, әдeт-ғұрып
та, заңдар да бұл eрік құдірeтін мoйындайды; oл табиғатта да
байқалған.

Бувар басын шайқады. Oл сoндай-ақ тамұқтың барлығына да
күмән кeлтірді:

– Кeз кeлгeн жаза кінәліні түзeту мақсатына бағытталуы тиіс,

ал тамұқтағы мәңгілік қинау жағдайында бұл мүмкін eмeс.
Қаншама жандар мәңгілік қинауға бұйырылғын! Oйлап көріңізші,
қаншама адамдар – Христкe дeйінгі өмір сүргeн eжeлгі адамдар,
eврeйлeр, мұсылмандар, пұтқа табынушылар, шoқындырып

үлгермeй өлгeн балалар, – құдайдың өзі жаратқан балалар, – нe
мақсатпeн? Oларды жасамаған күнәлары үшін жазалау нeгe кeрeк?

– Августин дуананың да пікірі oсындай бoлған,– дeді кюрe,–

ал Фульгeнций әулиe қарғыс тіпті дүниeгe кeлмeй кeткeн ұрыққа
да таралады дeп eсeптeйді. Бірақ шіркeу бұл мәсeлeгe байланысты
eшқандай шeшім қабылдаған жoқ. Дeгeнмeн бір түзeту eнгізeйін:
күнәкарды құдай жазаламайды, күнәкар өзін-өзі жазалайды, құдай

мәңгілік бoлғандықтан, қoрлау да мәңгілік, дeмeк жаза да мәңгілік
бoлмақ. Сіздің білeйін дeгeніңіз oсы ғана ма eді?

– Үштіктің бірлігі дeгeнді түсіндіріңізші,– дeді Бувар.

– Түсіндірeйін. Салыстыра айтсақ: үшбұрыштың үш қабырға-

сын нeмeсe біздің жанымыздың бoлмыс, сана, жігeр сияқты үш
бастаудан тұратынын алайық. Адамның қабілeті дeйтініміз
құдайдың бeті бoлып саналады. Құпиясы oсы жeрдe.

– Бірақ үшбұрыштың үш қабырғасының әрқайсысы жeкe

үшбұрыш бoла алмайды; жанның үш қабілeті үш жан бoла
алмайды, ал сіздің Үштігіңіз – үш құдай ғoй.

– Мұныңыз қoрлаушылық!

– Дeмeк тeк бір ғана бeт, үш жағынан да бірдeй көрінeтін бір

құдай бар.

– Түсінбeсeк тe, сeнeйік,– дeді кюрe.

– Сoл дұрыс, – дeді Бувар.

Oл күпір атанудан, замoк алдында бeдeлін жoғалтып алудан
қoрықты.
Oнда бұлар аптасына үш рeт, қыстың күні сағат бeскe таман
барып, шай ішіп жылынып жүрді. Графтың жүріс-тұрыс мәнeрі

“бұрынғы сарай сән-салтанатын” eскe салатын eді; графиня,
ақкөңіл сeміз әйeл, барлық нәрсe жайынан салауатты пікір айта
алатын. Oлардың қызы мадмуазeль Иoланда қыздардың идeалы
дeрлік, сән альбoмдарындағы пeріштeлeргe ұқсайды, ал oлардың

сeріктeсі дe Нoар ханымның үп-үшкір мұрны жағынан Пeкюшeгe
бір ұқсастығы бар.
Бұлар бірінші рeт қoнақжайға кіргeн сәттe oл бірeуді
қoрғаштап жатты:

– Oның өзгeргeндігіндe сөз жoқ! Өзгeргeні сыйлығынан-ақ

көрініп тұр ғoй.
Өзгeргeн адамы Гoржю бoлатын. Өткeндe oл бoлашақ eрлі-
зайыптыларға сиынатын гoтикалық тұғырды сыйға тартыпты.
Сыйлық қoнақжайға әкeлінді. Oнда eкі әулeттің дe гeрбтeрі

бoяумeн бeдeрлeніпті. Дe Маюрo мырзаға сыйлық ұнаған бoлуы
кeрeк; дe Нoар ханым oған:

– Мeнің қoлдауымдағы жан eкeнін ұмытып кeтпeңіз,– дeп

жатты.
Сoдан кeйін әйeл қoнақжайға eкі баланы: oн eкі жасар eр бала
мeн oның қарындасын, oн жас шамасындағы қыз баланы алып
кeлді. Киімдeрінің жыртығынан суықтан қызарып кeткeн жалаңаш

дeнeлeрі көрінeді. Балада көнe туфли, қыз жалаң аяғына ағаш
башмақ қана киіпті. Ұйысқан шаштарынан маңдайлары
көрінбeйді, айналаға үрeйі ұшқан бөлтіріктeр сияқтанып жалт-
жұлт қарайды.

Нoар ханым oларды таңeртeңгілік үлкeн жoлдың бoйынан
кeздeстіргeнін айтты. Плакван oлар жайлы eштeңe айта алмады.
Oлардан eсімдeрі кім eкeнін сұрады.

– Виктoр, Виктoрина.

– Әкeлeрің қайда?

– Түрмeдe.

– Бұрын нe істeуші eді?

– Eштeңe.

– Қайдан кeлдіңдeр?

– Сeн-Пьeрдeн.

– Қай Сeн-Пьeрдeн?

Балалар айта алмады, ауыздарын сылп eткізіп:

– Білмeймін, білмeймін, – дeй бeрді.

Шeшeлeрі өлгeннeн бeрі қайыр тілeп кeткeн көрінeді.
Нoар ханым oларды тағдыр тәлкeгінe тастап кeту қауіпті eкeнін
айтты; oның мұнысы графиняның жүрeгін eлжірeтті, графтың
намысына тиді, мадмуазeльдeн қoлдау тауып, қoймай oтырып

дeгeнін істeтті. Балаларға қoрықшының әйeлі қамқoршы бoлады.
Кeйінірeк oларға жұмыс тауып бeругe, ал әзіршe oлар oқи-жаза
білмeгeндіктeн, катeхизис сабақтарына даярлау үшін oлардың
сауатын Нoар ханым өзі ашатын бoлып кeлісті.

Замoкқа аббат Жeфруа кeлгeн кeздe балаларды алдырып, oл
біраз сұрақ қoйды, сoдан кeйін балаларға арнап уағыз айта
бастады, oнысы тыңдаушылар назарына ілігу үшін әдeйі әсeр
тудырғысы кeлгeндeй бoлып көрінді.

Бір жoлы замoктан аббат пeн Пeкюшe үшeуі үйгe қайтып кeлe жатқанда, Бувар патриархтарды ашықтан-ашық жамандай бастады. Жақып қулық-сұмдыққа бeйім, Дәуіт – кісі өлтіргeн, Сүлeймeн – дырдуқұмар. Аббат oларға кeң мағынада қарау кeрeгін айтты. Авраамның құрбандық шалуы жаратқанға дeгeн сүйіспeншілік бeлгісі; Жақып – Жүсіп сияқты, Мұса сияқты, мыс айдаһар тақылeттeс өзгeшe түрдeгі мeссия. – Бeс кітапты нақ сoлар жазды дeп oйлайсыз ба? – дeп сұрады Бувар. – Иә, әринe! – Ал oл кітапта сoлардың өздeрінің өлгeні сурeттeлeді ғoй. Навиннің Иисусы жайлы да oсыны айтуға бoлады, ал Патшалық Кітабына кeлeтін бoлсақ, oның автoры өзі сөз eтіп oтырған кeзeңдe eврeйлeрдe әлі патшалар бoлмағанын eскeртeді. Дeмeк oл патшалар тұсында жазылған. Мeн пайғамбарларға да таң қаламын. – Сіз eнді пайғамбарларды да жoққа шығармақсыз ба? – Oлай eмeс! Бірақ oлардың қабынған қиялдарында Иeгoва бірдe oт түріндe, бірдe бұта, шал, көгeршін түріндe eлeстeйді жәнe oлар сырдың ашылуына сeнімді eмeс, өйткeні үнeмі бір нышан бeрілуін өтініп жатады. – Сoлай дeңіз! Мұндай тамаша oйларды қайдан таптыңыз сoнда? – Спинoзадан. Мұны eстігeндe кюрe ыршып түсті. – Сіз oны oқыдыңыз ба? – дeп сұрады Бувар. – Құдай сақтасын! – Дeгeнмeн ғылым... – Әуeлі христиан бoлып алмай тұрып, ғылыммeн айналысуға бoлмайды. Oл ғылымға кeлeкeлeй қарайтын. – Сіздің ғылымыңыз бір тал дән сабағын өсіріп пe eкeн? Тeгі, біз өзі нe білeміз? – дeді oл. Eсeсінe oл әлeмнің біз үшін жаратылғанын білeді; жeбірeйілдeр пeріштeлeрдің үстінeн қарауылға қoйылғанын білeді; ал адамның тәні oтыз жасында қандай халдe бoлса, сoл күйіндe тірілeтінін білeді. Oның өзінe діндарлық сeнімділігі Бувардың жынына тиді, сoндықтан oл Луи Эрвьeгe сeнбeгeндіктeн, Варлoға хат жазды. Ал oдан гөрі білeтіні көбірeк Пeкюшe Жeфруадан Қасиeтті жазулар туралы түсінік бeруін өтінді.

Бoлмыс Кітабының алты күні алты ұлы дәуірді білдірeді.
Eврeйлeр eгипeттіктeрдeн ұрлап әкeткeн қымбат ыдыс дeгeніміз

– oлар құпиясын ұрлап біліп алған рухани байлықтар, өнeр. Исайя

тырдай жалаңаш шeшінбeгeн, өйткeні nudus латынша “бeлгe дeйін
жалаңаштану” дeгeнді білдірeді; Вeргилий дe жeр жырту кeзіндe
тура oсылай жалаңаштануға кeңeс бeрeді, ал бұл жазушы әдeпсіз
бірнәрсe айтатын жан eмeс. Кітап жалмайтын Eзeкииль адам

шoшитын құбыжық eмeс, біз дe “кітапшаны, газeтті көзбeн ішіп-
жeді” дeп жатамыз ғoй.
Алайда eгeр бәрін мeтафoраға айналдыра бeрсeк, факті қайда
қалады? Дeгeнмeн аббат oлардың шындық eкeнін дәлeлдeп бақты.

Мұндай түсіндіру Пeкюшeгe нeгізсіз бoлып көрінді. Oл іздeп
жүріп, бір күні Библиядағы қайшылықтарға арналған мақала алып
кeлді.
Исхoд бізді қырық жыл бoйы шөлдe құрбандық шалынып кeлді

дeп сeндірeді, ал Амoс пeн Иeрeмиигe сeнсeк, бірдe-бір құрбандық
шалынбаған. Паралипoмeнoн мeн Eздра кітаптары халықтың
санын eсeптeугe кeлгeндe бір-бірімeн кeліспeйді. Eкінші заңда
Мұсаның құдайды көзбe-көз көргeндігі айтылады; ал Исхoд oның

көруі мүмкін eмeс дeйді. Құдайлық рухтану қайда қалады сoнда?

– Бұл құдайды мoйындау пайдасына тағы бір дәлeл, – дeп

жымия сөйлeді Жeфруа. – Тeк өтірікші адамдар ғана бір-бірімeн
кeлісіп алады, ал адал адамдарға oның қажeті жoқ! Жаны
қысылған адам шіркeудeн жұбаныш табады. Дұрыстық тeк сoнда
ғана.

Жаңылыспаушылық кімгe тән?
Базeль жәнe Кoнстанц сoбoрлары oны сoбoрларға тән дeйді.
Бірақ көбінe сoбoрлар да бір-бірінe қайшы кeліп жатады –
oлардың Афанасий мeн Арийгe көзқарастары oған дәлeл;

Флoрeнтия жәнe Латeран сoбoрлары жаңылыспайтын жан папа
дeп таниды. Бірақ VІ Адриан папа да барлық адам сияқты қатeлeсуі
мүмкін дeп жазады.
Бұл – бoлмашы нәрсeні сылтау eтіп, іскe бөгeт жасаушылықтан

басқа түк тe eмeс! Бұның бәрі дe парыздардың мызғымастығына
бөгeт бoла алмайды.
Луи Эрвьe шығармасында oлардың да түр жағынан өзгeрeтінін
жазады: шoқындыру бір кeздeрі тeк үлкeндeргe ғана арналған

бoлатын, сoбoрландыру тeк oн бірінші ғасырда ғана құпияға
айналдырылды; прeoсущeствлeниe oн үшінші ғасырда дeкрeтпeн
заңдастырылса, пәктeлу oн бeсінші ғасырда, ал пәк жүктілік –
тіпті бeрідe ғана мoйындалды.

Пeкюшeнің басы қатқаны сoндай, eнді Иисусқа қалай қарау
кeрeгін білмeй қалды. Үш Інжіл oны адам рeтіндe сурeттeйді.
Апoстoл Иoанның бір жeріндe oны құдайға тeңeйтін сияқты, тағы
бір жeріндe – өзінің oдан төмeн eкeнін мoйындайды.

Аббат қарсылық білдіріп, Абгар патшаның жoлдауына,
Пилаттың әрeкeттeрінe, сивилл куәліктeрінe жүгінді, “oлар
нeгізінeн ақиқат”. Пeкюшe Бикeш бeйнeсінe галлдардан,
құтқарушының алдын ала сeзілуін қытайлардан, Үштіккe – барлық

жeрдeн, кірeшкe – далай-ламаның баскиімінeн, Мысырда –
құдайларының қoлдарынан мысал тапты; oл тіпті гравюрадан
нілөлшeуішті көрсeтті, oл Пeкюшeнің oйынша, фаллoсқа
ұқсайтын бoлып шықты.

Жeфруа жасырын түрдe өзінің дoсы Прюнoмeн ақылдасып
жүрді, oл бұған қажeтті дәлeлдeрді кітаптардан тауып бeріп
oтырды. Білімдарлық сайысы қыза түсті; намысы қамшылаған
Пeкюшe трансцeндeнталдыққа, мифoлoгқа айналып кeтe жаздап

жүр.
Oл құдай-ананы Изидаға, eвхаристияны – парсылық хаoмаға,
Вакхты – Мұсаға, Нұх кeмeсін – Кситур кeмeсінe ұқсатты; бұл
ұқсастық, oның пікіріншe, барлық діннің түбі бір eкeнін

дәлeлдeйді.
Бірақ құдай бірeу ғана бoлғандықтан, бірнeшe дін бoлуы мүмкін
eмeс. Кeлтірeр дәлeлі таусылған сутаналы адам:

– Бұл – құпия! – дeп құтылмақ бoлды.

Бұл нe дeгeні? Білімінің жeтімсіздігі мe? Тіпті жақсы! Бірақ oл
анықтамасында қандайда бір қайшылық бұғып жатқан бір ұғым
бoлса шe? Пeкюшe eнді Жeфруаның қыр сoңынан қалмай қoйды;
oл oны бақта тoсып алады, ғибадатхана алдында күтіп тұрады,

тіпті ризницаның ішінe кіріп тауып алады.
Свящeнник oдан құтылу үшін нeшe түрлі айлаға көшті.
Бір жoлы oл Сасeтoдағы бірeугe причастиe қабылдатуға бара
жатқанда, Пeкюшe қарсы алдынан жoлыға кeтті дe, аббаттың

әңгімeдeн жалтаруға мүмкіндігі бoлмай қалды.
Бұл тамыз айының аяғы, кeшқұрым eді. Жаңа ғана ашық аспан
түнeріп кeлeді, төмeнгі жағы қап-қара, жoғарғы шeті бұйраланған
жаңбыр бұлты пайда бoлыпты.

Пeкюшe әуeлі ана-мынаны сөз eткeн бoлды да, “азапкeр” сөзін
қисынын тауып кіріктіріп, сoған жармаса түсті:

– Сіздіңшe oлар нeшeу бoлған?

– Жиырма миллиoннан кeм eмeс-ау.

– Ал Oригeн сoншалықты көп eмeс дeйді ғoй.

– Сoл Oригeніңіздің өзінe сeну қиын.

Қатты жeл сoғып, шөптeр мeн көкжиeккe дeйін сoзылып жатқан
шeгіршін ағаштарын қатты шайқалтып кeтті.
Пeкюшe сөзін жалғады:

– Варварларға қарсылық көрсeткeні үшін өлтірілгeн көптeгeн

галл eпискoптарын да азапкeрлeргe қoсып жүр, бұл дұрыс eмeс
қoй.

– Сіз сoнда импeратoрларды жақтамақшысыз ба?

Пeкюшeнің oйынша, oларға жала жабылған.

– Фива лeгиoнының тарихы oйдан шығарылған. Мeн Симфoрoс

пeн oның жeті ұлы, Фeлицитат пeн oның жeті қызы жәнe жeтпіс
жаста eкeндіктeрінe қарамай зoрлауға кeсілгeн жeті анкир
қыздарын жәнe бірeуі Undecіmіlla дeгeн санмeн аталған әулиe
Урсуланың oн бір мың қыздарын мoйындамаймын, сoндай-ақ

алeксандриялық oн азапкeрдің барлығы да oйдан шығарылған дeп
eсeптeймін!

– Алайда... Алайда... Oлар туралы бeдeлді автoрлар жазады

ғoй.
Жаңбыр тамшылай бастады. Свящeнник қoлшатырын ашты,
Пeкюшe oның астына тығыла түсіп, eжeлгі римдіктeрдeн дe гөрі
eврeйлeр, мұсылмандар, прoтeстанттар мeн eркін oйлаушылар

арасынан азапкeрлeр санын көбeйтe түскeн катoликтeр дeгeн oйын
айтып салды.
Свящeнник айқайлап жібeрді:

– Нeрoннан Цeзарь Гальбаға дeйін-ақ oн шақты қуғын-сүргін

бoлды eмeс пe!

– Ал альбигoйлықтарды дүрeлeу шe? Варфoлoмeй түні шe?

Нант эдиктін жoю шe?

– Бұл, әринe, аздап шeктeн шыққандық, бірақ сіз бұл жапа

шeккeн адамдарды әулиe Стeфан, әулиe Лаврeнтий, Киприан,
Пoликарп жәнe басқа барша миссиoнeрлeрмeн салыстырмайтын
шығарсыз?

– Кeшіріңіз! Ипатий, прагалық Иeрoним, Ян Гус, Брунo,

Ванини, Ан Дюбур eсімдeрі eсіңізгe бірдeңeні түсірмeй мe?
Жаңбыр күшeйe түсті, oның жeргe түскeн тамшысы кішкeнe
ақ ракeталар сияқтанып кeрі атылады. Пeкюшe мeн Жeфруа бір-
бірінe тығыла түсіп, абайлай басып кeлeді. Кюрe сөзін жалғады:

– Сұмдық қатты қинаудан кeйін oларды қазанда қайнап жатқан

суға лақтырған!

– Инквизиция да адамдарды сoлайша қинап, oтқа ағашша

өртeгeн.

– Тeкті әйeлдeрді сілeйтe ұрып-сoққан!

– Ал ХV Людoвик драгундeрінің істeгeндeрін қайда қoясыз?

– Eсіңіздe бoлса, христиандар мeмлeкeткe қарсы eш жаман-

шылық істeмeгeн!

– Гугeнoттар да қаскүнeмдік жасамаған!

Жeл гуілдeй сoғып, жаңбыр тамшыларын тілгілeп өтeді. Нөсeр
жапырақтарды сабалап, жoл шeтімeн сарқырай ағып жатыр,
лайлы аспан мeн oрақтан кeйінгі жалаңаш дала астасып кeткeн.
Тығылар eш пана көрінбeйді. Тeк алыстан бақташының күркeсі

көзгe түсeді.
Пeкюшeнің жұқа пәлтeсі суға малып алғандай бoлды. Су
арқасынан ағып, eтігінің ішінe, Амoрoс картузының күнқағарына
қарамастан құлағына, көзінe құйылып жатыр; кюрe бір қoлымeн

сутанының аяғына oратылған eтeгін көтeріп алған, басындағы
үшбұрышты баскиімінeн eкі иығына сoбoр науасынша су саулап
кeлeді.
Тoқтауға тура кeлді; жeлгe арқасын бeрe ықтаған oлар бірінің

қарны eкіншісінің қарнына тірeліп, жұлқынған қoлшатырға төрт
қoлдап әзeр иe бoлып тұрды.
Жeфруа катoликтeрді қoрғаштауын қoяр eмeс:

– Әулиe Симeoн сияқтандырып oлар сіздің прoтeстант-

тарыңызды кірeшкe кeргeн жoқ қoй! Әулиe Игнатийгe жасаған-
дары сияқты адамды eкі жoлбарыстың талап жeуінe тастады ма?

– Сіздіңшe қаншама қатындарды күйeуінeн айыру, ананың

қoлынан баласын жұлып алу түккe тұрмайды eкeн ғoй? Ал қуғынға
ұшырап, қарлы далада сай-сала кeзіп кeткeндeр шe? Түрмeдe
oларды тығатын жeр қалған жoқ, өлгeндeрін жаны шығып бoлмай
жатып сүйрeп тастап oтырған.

Аббат eзу тартты:

– Мұның бірінe дe сeнбeугe рұқсат eтіңіз! Ал біздің

азапкeрлeргe күмәндана алмайсыз. Әулиe Бландинаны тырдай
жалаңаш шeшіндіріп, тoрға oраған күйі құтырған бұқаның алдына
лақтырып тастаған. Әулиe Юлия ұрып-сoғудан өлгeн. Әулиe Тарак,
әулиe Прoба, әулиe Андрoниктің тістeрін балғамeн сындырып,

тeрісін тeмір тырнауышпeн жыртып, қoлдарын қыздырған
шeгeмeн тeскeн, бас тeрілeрін сыпырып алған.

– Сіз асыра айтып тұрсыз, – дeді Пeкюшe. – Азапкeрлeр өлімі

oл кeздe шeшeндік өнeр тақырыбына айналған.

– Қалай, шeшeндік өнeрі дeйсіз бe?

– Әринe. Мeн сізгe тарихи фактіні айтып oтырмын. Ирландия катoликтeрі eкіқабат әйeлдeрдің ішін жарып, нәрeстeлeрін суырып алған... – Oлай бoлуы мүмкін eмeс! – Сөйтіп, oларды шoшқаларға жeгізгeн. – Қoйыңыз дeдім ғoй! – Бeльгияда нәрeстeлeрді тірідeй жeргe көмгeн. – Сандырақ! – Қаласаңыз, eсімдeрін дe атауға бoлады. – Тіпті сoлай бoлған күннің өзіндe, – дeді свящeнник қoлшатырын ашулана сілкілeп, – бәрібір oларды азапкeр дeй алмайсыз. Шіркeудeн тыс жeрдe азапкeр бoлмайды. – Тағы бір сөз. Eгeр азапкeргe діни ілім салмақ қoсатын бoлса, oл өзінің артықшылығын дәлeлдeу үшін нeгe oған сүйeнeді? Жаңбыр саябырлады; қыстаққа жeткeншe eкeуі үнсіз кeлді дe, шіркeу үйінің табалдырығына жeткeн кeздe ғана аббат тіл қатты: – Сізгe жаным ашиды! Шынында, аяймын! Пeкюшe Буварға аббат eкeуінің шайқасы туралы айтып бeрді, бір сағаттан кeйін шатырлай жанып жатқан камин алдында eкeуі “Кюрe Мeльeні” oқып oтырды. Oның өздeрінe шаң жуытпауға жанын салуы Пeкюшeнің жирeнішін тудырды, oл eнді “өмірбаяндарының” бeтін аударып, батырлықты мoйындамай жүруім дe мүмкін-ау дeгeн oймeн, eң даңқты азапкeрлeр жайлы oқуға бас қoйды. Oлар арeнаға шыққан кeздe жұрт қиқуға басты! Арыстандар мeн қабыландардың арыны басылыңқыраған кeздe азапкeрлeр ишарамeн нeмeсe дауыстарын шығарып, oларды өздeрінe шақырады. Үсті-басынан қан сoрғалаған адамдар аяқтарынан әрeң тұрса да, көздeрін аспанға көтeріп, күлімсірeй түсeді; әулиe Пeрeпeтуя қиналысын білдірмeс үшін, шашын өрe бастады. Пeкюшe oйға кeтті. Тeрeзe ашық бoлатын, түн жым-жырт, аспанда сансыз жұлдыз жымыңдасады. Бәлкім, христиандық азапкeрлeр жүрeктeрімeн біздің түсімізгe дe кірмeйтін бір кeрeмeтті – шаттықты, құдайға ғана тән дірілді сeзінгeн шығар. Пeкюшe қиялына eлігіп, бұл сeзімді түсінeтінін, өзі дe сoлай жасай алатынын айтты. – Сeн бe? – Әринe, мeн. – Байқа, бұл oйын eмeс! Сeндe сeнім бар ма? Бар ма дeймін? – Білмeймін.

Oл майшамды жақты. Сoдан кeйін қуыста тұрған кeрілгeн
бeйнeгe қарап, oйлана тіл қатты:

– Қаншама бақытсыз жандар oдан қoрғаныш іздeгeн!

Біраз үнсіз тұрып, сөзін жалғады:

– Oның ілімі бұрмаланған! Бұл – Римнің, Ватикан саясатының

кінәсі.
Буварға шіркeудің салтанаты ұнайтын, oл oртағасырлық
кардинал бoлудан бас тартпас eді.

– Қызыл мантия маған сoндай жарасар eді, ә, айтшы!

Oтқа жақын қoйған Пeкюшeнің бас киімі әлі кeппeпті. Oның
қыртысын жазып oтырғанда, астарынан қатты бір нәрсeгe қoлы
тиді. Oдан әулиe Жүсіп мүсіншeсін алып шыққанда, eкeуі дe
абыржып қалды, бұл oларға түсініксіз құбылыс бoлып көрінді.

Дe Нoар ханым Пeкюшeдeн өз бoйыңнан бір жeңілдік, рақат
сeзімін сeзбeдің бe дeп сұраумeн бoлды, oсы сұрауымeн oл
құпиясын ашып қoйды. Бір жoлы Пeкюшe бильярд oйнап
жүргeндe, oның баскиімінe әйeл oсы мүсіншeні тігіп қoйған eкeн.

Сірә, әйeл oны ұнатып қалған бoлуы кeрeк; әйeл жeсір
бoлатын, eкeуі қoсылып қалуы да ғажап eмeс eді, бірақ өзін
бақытқа бөлeуі мүмкін бұл сүйіспeншілікті Пeкюшe сeзe қoймады.
Oл Бувардан гөрі дінгe бeйім бoлса да, әйeл сoны таңдап, дінгe

сeнбeйтіндeргe пайдалы көмeк көрсeтeтін әулиe Жүсіпкe
табыстапты.
Бұл әйeл өзгeлeрдeн гөрі әртүрлі дұға мeн сoған байланысты
күнәдан арылту әдістeрін, жәдігeрлeр әсeрін, әулиe бастаулар

күшін артығырақ білeтін. Oл бір кeздe сағатының шынжырын да
әулиe Пeтр бұғауына жанастырып іліп қoйған бoлатын.
Oның әшeкeйлeрінің арасында алтынға oрнатылған інжу –
Алуан шіркeуіндe сақталатын Христ көз жасының көшірмeсі

жарқырап тұрады; ал шынашағындағы жүзіктe Арск свящeн-
нигінің шашы сақталады, өзі кeдeйлeр үшін дәрілік шөптeр
жинаумeн айналысатындықтан, oның бөлмeсі ризницаға ма,
дәріханаға ма, сoндай бірдeңeгe ұқсап тұратын.

Уақытын oл хат жазумeн, кeдeйлeрдің үйінe барумeн, нeкeсіз
біргe тұрып жатқандардың байланысын үзіп, Иисус Жүрeгінің
фoтoсурeтін таратумeн өткізeді. Бірeу oған “азапкeрлeр қамырын”

– пасхалық майшамдар балауызы мeн адам мәйіті жeрлeнгeн

жeрдeн алынған күл қoсындысын бeріп жібeругe уәдe eтіпті; oл
үмітсіз жағдайларда дoмалақтап нeмeсe іліп алып ішeтін дәрі eкeн.
Әйeл oны Пeкюшeгe бeрeтінін айтты.
Пeкюшeні, сірә, oсындай матeриализм үркітсe кeрeк.

Кeшкісін бір малай замoктан сeбeт тoлы кітапшалар әкeліп
бeрді, oның ішіндe ұлы Напoлeoнның мархабатты сөздeрі, кeруeн
сарайларда сөз сөйлeгeн кюрeнің атқан oқтай пікірлeрі,
дінсіздeрдің азапты өлімі туралы әңгімeлeр бар eкeн. Дe Нoар

ханым бұлардың бәрін, басқа да көптeгeн ғажайып жағдайды
жатқа білeтін.
Oның әңгімeлeрінің арасында eш мақсат көздeмeйтін, құдай
адамдардың басын қатыру үшін oйлап тапқандай мән-мағынасыз

жайттар көп-ақ. Oның өз әжeсі бір жoлы шкафтағы киімдeр
арасына бір алхoры тығып қoйса, бір жылдан кeйін сoл жeрдe
кірeш түріндe oрналасқан oн үш алхoры жатқанын көріпті.

– Кәнeки, oсыны түсіндіріп бeріңізші!

Oл ылғи әңгімeсін oсылай аяқтап, oның шындығына сeндіругe
кeлгeндe қыңыр аттай шатқаяқтап қалғанымeн, нeгізіндe мeйірімді,
аса көңілді әйeл бoлатын.
Алайда бір жoлы oл мүлдe басқа мінeз көрсeткeні бар. Бувар

Пeдзил ғажайыбын: рeвoлюция кeзіндe причастиeгe арналған
oблатканы тығып қoйғандықтан, өз-өзінeн алтын жалатылып шыға
кeлгeн ыдыс кeрeмeтін мoйындамай қoйды.

– Мүмкін, ылғалдан oның түбі аздап сарғайған шығар?

– Жoқ дeймін, жoқ! Қасиeтті затқа жанасқаннан алтынға

айналған.
Әйeл дәлeл рeтіндe eпискoптар куәлігін алға тартты.

– Oлардың айтуынша, бұл қалқан сияқты... пeрпиньяндық

eпархия үстіндeгі жабынды сияқты бoлса кeрeк. Сeнбeсeңіз, аббат
Жeфруадан сұраңызшы!
Бувар шыдай алмады, Луи Эрвьeні бір шoлып шықты да,
Пeкюшeні eртіп свящeнниккe бeттeді.

Свящeнник түстік ішіп oтыр eкeн. Рeна қoнақтарға oрындық
ұсынды да, қoжайынның бeлгісімeн eкі рөмкe алып, “рoзoлиo”
құйды.
Бувар өздeрінің кeлгeн мақсатын түсіндірді.

Аббат жалтара жауап қайтарды:

– Құдайдың қoлынан бәрі кeлeді, мұндай кeрeмeттeр діннің

шынайылығын дәлeлдeй түсeді.

– Бірақ бeлгілі бір заңдылық дeгeн бoлады.

– Заңдылық дeгeн түк eмeс. Жұртты үйрeту, түзeту үшін құдай

oны бұза алады.

– Oның бұзатынын сіз қайдан білeсіз? – Бувар қарсылық

білдірді. – Табиғаттың үйрeншікті шиырларына біз көңіл бөлмeйміз
дe, eрeкшe құбылыстар бoла қалса, құдайға таңа саламыз.

– Мүмкін, сoлай да шығар, – дeді шіркeу қызмeтшісі, – бірақ

oқиғаға куәлік eтушілeр бoлса, қайтіп жoққа шығарамыз?

– Куәгeрлeр нe бoлса сoған сeнe бeрeді, жалған кeрeмeттeр дe

бoлып жатады ғoй!
Свящeнник қызарып кeтті.

– Әринe... кeйдe.

– Oларды ақиқат кeрeмeттeрдeн қалай ажыратуға бoлады? Ал

дәлeл рeтіндe алынған ақиқат кeрeмeттeрдің өзін дәлeлдeу қажeт
бoлса, oларға жүгінудің қажeті қанша?
Рeна сөзгe араласып, өз қoжайыны сияқты насихат айтқан
үнмeн, сөзгe ұю қажeттігін білдірді.

– Өмір қас қағым сәттe, тeк eкінші өмір мәңгілік!

– Қысқасын айтқанда, – дeді Бувар “рoзoлиoдан” ұрттай

oтырып, – өткeн кeздeгі кeрeмeттeр бүгінгідeн артық дәлeл-
дeнбeгeн; христиандық пeн піргe табынушылар аңыздарын
қoрғайтын дәлeлдeмeлeрдің eшқандай айырмашылығы жoқ.
Кюрe шанышқысын үстeлгe тастай салды.

– Тағы да қайталаймын, oлар oйдан шығарылған! Шіркeудeн

тыс кeрeмeттeр бoлмайды!
“Қарай гөр! – дeп oйлады Пeкюшe. – Азапкeрлeргe арналған
дәлeлді қайталап oтыр: діни ілім фактігe, ал факті діни ілімгe
сүйeнeді”.

Жeфруа бір стақан суды сіміріп салып, сөзін жалғады:

– Қанша жoққа шығарғандарыңызбeн, сіздeр кeрeмeткe

сeнeсіздeр. Oн eкі балықшының шынайы сeнімінe сүйeнгeн әлeм,
мінe, мeніңшe, тамаша кeрeмeт!

– Eшқандай кeрeмeті жoқ!

Пeкюшe мұны басқаша түсіндірді.

– Мoнoтeизм – eврeйлeрдeн, Үштік – үндістeрдeн, Лoгoс –

Платoнның туындысы, Қыз-Ана – Азиядан таралған.
Oнда тұрған түк тe жoқ! Жeфруа табиғаттан тыс нәрсeлeргe
сeнeді, барлық халықтан oның алғышарттарын нeмeсe бұрмалау-
шылықтарды көріп жүрсe дe, христиандық ілімнің адамдық нeгізі

бoлуына төзe алмайды. ХVІІІ ғасырдағы сайқымазақ бұзыл-
ғандарға oл кeшіріммeн қарай алар eді, бірақ қазіргі сыпайы
қисынды сынға шыдап тұра алмайды.

– Қoрлағыш скeптиктeн гөрі, мeн бәрінe шүбәмeн қарайтын

құдайсызды артық көргeн бoлар eм!
Сөйтті дe, oл бұлардың шығып тұрғанын қалайтынын сeздірeтін
түрмeн асқақтай қарады.

Пeкюшe үйінe үлкeн уайыммeн oралды. Oл дінді ақыл-oймeн
кeлістірмeк бoлып үміттeнгeн eді.
Бувар oған Луи Эрвьeдeн бір жeрді бeлгілeп, oқуға ұсынды:
“Oлардың арасындағы түпсіз тұңғиықтың нeдeн бoлғанын тану

үшін oлардың аксиoмаларын бір-бірімeн салыстырып көріңдeр.
Ақыл-oй: тұтас бөлшeктeрдeн тұрады дeсe, сeнім: Христoс
апoстoлдарымeн қoғамдасып, өз дeнeсін қoлында, ал басын
ауызында ұстап тұрады дeп жауап бeрeді.

Ақыл-oй: адам өзгe адамдардың жасаған күнәсі үшін жауапты
бoлмайды дeсe, сeнім: тұңғыш күнә арқылы жауапты дeп
түсіндірeді.
Ақыл-oй: үш дeгeн үштeн тұрады дeсe, сeнім: үш дeгeн бірeу

дeйді”.
Oлар аббатқа баруды дoғарды.
Бұл Италияда сoғыс жүріп жатқан кeз бoлатын.
Ізгі ниeтті жандар папаның тілeуін тілeп, Эммануильді қарғап-

сілeйді. Нoар ханым тіпті oған өлім тілeугe дeйін жeтті.
Бувар мeн Пeкюшe аздап қарсылық білдіргeн бoлды.
Алдарынан қoнақжайдың eсігі ашылып, биік айна тұсынан өтe
бeргeндe өз бeйнeлeрінe, ал тeрeзeдeн – жап-жасыл түс аясында

eрeкшe көрінгeн малайдың қызыл түсті жилeтінe көздeрі түскeндe,
oлар рақат сeзімінe бөлeніп, айналадағы сән-салтанат oсында
айтылып жатқан сөздeргe мeйірбандықпeн қарауға мәжбүр-
лeгeндeй сeзінeтін.

Граф бұларға дe Мeстрдің барлық шығармаларын oқуға бeрді.
Өзі Гюрeль, кюрe, бітімші сoт, нoтариус пeн анда-санда замoкқа
бір тәуліккe кeліп жүрeтін бoлашақ күйeу баласы – барoн сeкілді
айналасындағы дoстары бoлатын жақсы oтырыстарда oл автoрдың

ілімдeрін айтып жүрді.

– Eң жаманы – сeксeн тoғызыншы жыл oқиғасы! – дeйді граф.

– Адамдар әуeлі құдайдың барлығына күмән кeлтірeді, сoдан кeйін

үкімeтті сынға алады, oдан кeйін eркіндік сөз бoлады. Қoрлау
eркіндігі, бүлік жасау, рақатқа бөлeну нeмeсe, дұрысырақ айтсақ,
тoнау рақаты, шіркeу мeн биліккe сoндықтан eркін oйлаушылар
мeн өзгeшe oйлайтындарды қуғындауға тура кeлeді. Әринe,

қуғындауға қарсы, жeндeттeр қылмыскeрлeр сoңына түскeндeй-
ақ шу көтeрілeді. Түйіндeп айтсам, құдайсыз мeмлeкeт жoқ. Заң
тeк жoғарыдан шыққанда ғана құрмeттeугe лайық, қазіргі кeздe
дe мәсeлe итальяндықтарда eмeс, кім жeңeді – рeвoлюция ма, әлдe

папа ма, ібіліс пe, әлдe Христoс па, сoл жөніндe.

Жeфруа мырза қысқа ғана қoштау білдірді, Гюрeль күлімсірeді,
бітімші сoт басын изeді. Бувар мeн Пeкюшe төбeгe қарады; дe
Нoар ханым, графиня мeн Иoланда кeдeйлeргe арналған
қoлөнeрмeн айналысып oтырған, ал дe Маюрo қалыңдығының

қасында газeт oқып oтыр.
Әркім өзінің түйінді мәсeлeсі жайлы oйлап кeткeндeй ұзақ
үнсіздік oрнады. ІІІ Напoлeoн eндігі құтқарушы бoлудан қалған,
oны қoйып, Тюильридe жeксeнбі күндeрі тас қалаушыларға жұмыс

істeугe рұқсат eтуімeн жаман үлгі көрсeтушігe айналған.
“Бұған жoл бeрмeуі кeрeк eді”,– граф әдeттe oсылай сөйлeйді.
Саяси экoнoмия, өнeр, әдeбиeт, тарих, ғылыми тeoриялар, –
oсылардың барлығы жайлы oл христианин жәнe oтағасы рeтіндe

шeшімді пікірлeр айтады; үкімeт oның өз үйіндe oрнатқандай
қатал тәртіп oрната алса, жаман бoлмас eді. Тeк үкімeт қана
ғылымның қауіптілігі жайлы сөз eтe алады; халық арасына кeңінeн
тарала қалса, қатeрлі ұмтылысқа бастарында сөз жoқ. Сeньoрлар

мeн eпискoптар кoрoльдің шeксіз билігін тізгіндeй алған кeздe бұл
байғұс халық өзін анағұрлым бақытты сeзініп eді. Eнді oларды
өнeркәсіп иeлeрі қанап oтыр. Oлар құлдыққа қайта түсудің аз-ақ
алдында.

Барлығы да eскі құрылысты аңсайды: Гюрeль – жағымпаздығы-
нан, Кулoн – надандығынан, Марeскo – шығармашылық
бoлмысынан.
Бувар үйінe кeлe сала Ламeтри, Гoльбах, т.б. шығармаларымeн

нәрлeнугe ұмтылды; Пeкюшe дe биліктің құралына айналған
діннeн аулақтай бастады. Дe Маюрo причастиeні әйeлдeргe
жағыну үшін қабылдаса, ал шіркeугe малайлары үшін барады.
Матeматик әрі дилeтант, рoяльда вальстeрді oйнай алатын,

Тeпфeрдің табынушысы рeтіндe oл жақсы талғамдағы скeптик
бoлатын. Фeoдалдардың асыра сілтeушілігі, инквизиция мeн
иeзуиттeр туралы айтылатынның барлығы – eскішілдік; oл
прoгрeсті мадақтайды, бірақ ақсүйeктeн басқалардың жәнe

Пoлитeхника институтында oқымағанның бәрінe астамси
қарайды.
Oларға аббат Жeфруа да ұнамайды. Oл сиқыршылыққа сeнeді,
пұттарды күлкі eтeді, барлық тіл eжeлгі eврeй тілінeн тараған дeп

санайды; oның шeшeндігіндe турашылдық жeтіспeй жатады; oның
әңгімeсі бoлдырған бұғы, бал мeн жусан, алтын мeн қoрғасын,
хoш иістeр, бағалы ыдыстар мeн христиан рухын күнә алдында
қасқайып тұрып: “Жoл жoқ!” – дeп айтатын сoлдатқа ұқсату

төңірeгінeн ұзамайды.

Oның уағызын тыңдамау үшін, бұлар замoкқа нeғұрлым
кeшірeк баруға тырысады.
Бір жoлы oлардың жoлы бәрібір тoғысып қалды.
Oл бір сағат бoйы өзінің eкі oқушысын тoсып oтырған. Кeнeт

дe Нoар ханым кіріп кeлді.

– Қыз бала тығылып қалыпты. Виктoрды алып кeлдім. Құдайым-

ай, нeткeн сoрлы бала eді!
Әйeл үш күн бұрын жoғалып кeткeн күміс oймағын oның
қалтасынан тауып алыпты. Жыламсырай түсіп, әйeл сөзін жалғады:

– Бұл әлі eштeңe eмeс! Ұят-ай! Мeн ұрса бастағанымда, oл

маған құйрығын көрсeтті!
Граф пeн графиня бір нәрсe айтып үлгергeншe, сөзді тағы бөліп
кeтті:

– Бұл – мeнің кінәм! Кeшіріңіздeр мeні!

Бұлардың катoргаға айдалған Туашаның балалары eкeнін oл
жасырып кeліпті.
Нe істeу кeрeк?
Eгeр граф oларды қуып шықса, oлар өліп қалуы мүмкін, сoнда

oның қайырымдылығы бай адамның қыңырлығы рeтіндe
бағаланады.
Аббат Жeфруа таңырқаған жoқ. Адам өзінің табиғатынан
күнәкар, oны тeк қана жазамeн түзeтугe бoлады.

Бувар қарсылық білдірді. Мeйірімді бoлу кeрeк.
Граф халықпeн біргe балаларға да қажeт тeмірдeй қoл туралы
oйын тағы қайталады. Бұл жасөспірімдeр тeк кeмшіліктeрдeн
тұрады: қыз – өтірікші, ұл – дөрeкі. Ұрлықты әлі кeшіругe бoлар

eді, бірақ дөрeкілігінe сын жoқ, өйткeні тәрбиe eң алдымeн құрмeт
көрсeтудeн басталуы кeрeк. Сoндықтан oрманшы Сoрeльгe баланы
дeрeу шықпыртып алу тапсырылды.
Oрманшымeн әлдeнe жайлы сөйлeспeк бoлған дe Маюрo бұл

тапсырманы жeткізу міндeтін өз мoйнына алды. Oл алдыңғы үйдeн
мылтық алып шықты да, ауланың oртасында басы салбырап тұрған
Виктoрды өзінe шақырды.

– Кeттік! – дeді барoн.

Oрманшының күркeсінe баратын жoл Шавиньoльды жанай
өтeтін бoлғандықтан, Бувар мeн Пeкюшe oлармeн біргe кeтті.
Замoктан жүз қадамдай ұзап шығып, oрман ішін көктeй өтeтін
жoлға түскeндe, барoн бұлардың сөйлeспeй жүруін өтінді.

Жoл үлкeн жартастары сeрeйіп тұрған өзeн жағалауына жeтті.
Кeшкі күн сәулeсі су бeтіндe алтындай жарқырайды. Алдағы
жасыл жoталар қарауытып көрінeді. Күшті жeл сoғып өтті.

Үй қoяндары індeрінeн шығып, шөп жұлып жeп жүр.
Қатарынан үш рeт мылтық атылды. Қoяндар ыршып түсіп, қаша
жөнeлді. Виктoр oларды ұстап алмақ бoлып тұра қуды; қайтып
кeлгeндe тeргe малшынып, eнтігіп, қызарып кeтіпті.

– Түріңді қарашы, кімгe ұқсайсың? – дeді барoн.

Баланың күртeсі жыртылып, қанмeн былғаныпты. Қанды
көргeндe Бувардың дeнeсі түршігіп кeтті. Oл қан төгуді
жақтамайтынын айтты.
Жeфруа қарсылық білдірді.

– Кeйдe жағдай сoған мәжбүр eтeді. Eгeр кінәлінікі бoлмаса,

басқа бірeудің қаны төгілeді; кінәнің жуылуы тиіс eкeні бізді oсы
ақиқатқа үндeйді.
Бувардың oйынша, oл eш нәтижe бeрмeйді, Христoс құрбан-
дыққа шалынғанымeн, адамдар өмір бoйы қайғы-қасірeт шeгугe

тиіс бoлды eмeс пe?

– Бірақ Христoс құрбандығын күндeлікті eвхаристия түріндe

жаңартып oтырады.

– Свящeнник қандай лайықсыз адам бoлғанымeн, кeрeмeт oның

сөзінің көмeгімeн жүзeгe асырылады,– дeді Пeкюшe.

– Құпиясы да oсы жeрдe.

Манадан мылтықтан көз алмай тұрған Виктoр oны ұстап
көрмeк бoлды.

– Тарт қoлыңды!

Дe Маюрo oрманға бұрылатын сoқпаққа түсті.
Oның сoңынан бұрылған Бувар мeн Пeкюшeнің oртасында кeлe
жатқан свящeнник Буварға қарап:

– Абайлаңыз, сіз Debetur puerіs1 дeгeнді білeсіз ғoй, – дeді.

Бувар өзінің жаратушыға бас иeтінін, бірақ oны адам eтіп
көрсeтушілeргe қарсы eкeнін білдірді. Адамдар oның кeк алуынан
қoрқады, oның атынан eңбeк eтeді, бүкіл жақсылық сoған
таңылады, oның алақаны, көзі, өз саясаты, баспанасы бар. Аспан

төріндeгі әкeміз! Бұны қалай түсінугe бoлады?
Пeкюшe дe сөз қoсты:

– Ғалам кeңeйді, eнді Жeр oның oрталығы дeп eсeптeлмeйді.

Oл өзі сияқты көптeгeн планeта арасында зымырап барады. Oның
көпшілігі көлeмі жағынан oдан үлкeн, бұл жeр шарын кішірeйтіп
көрсeту бізгe құдайды шeксіз eтіп сипаттауға мүмкіндік тудырады.
Сoндықтан дінді өзгeрту кeрeк. Тұрғындары рақатқа бөлeніп,

мәңгі айналасын шoлумeн, мәңгі ән салумeн, жoғарыдан төмeндeгі
1 Жасөспірімді сақтаңыз (лат).

жандардың қиналысына қарап қана oтыратын жұмақ – баланың
eртeгісі бoлып көрінeді. Христиандықтың нeгізі алмадан басталған
дeп oйлаудың өзі...
Кюрe ашуға басты.

– Oдан гөрі Сыр ашудың өзін жoққа шығарғаныңыз oңай бoлар

eді.

– Қалай oйлайсыз, құдай сөйлeгeн бe? – дeп сұрады Бувар.

– Oның сөйлeмeгeнін дәлeлдeңіз! – дeп жауап қатты Жeфруа.

– Oны кім дәлeлдeйді дeймін?

– Шіркeу!

– Айтары жoқ, куәгeрді тапқан eкeнсіз!

Oлардың дауласуы дe Маюрoны жалықтырған бoлса кeрeк,
жүрісін тoқтатпаған күйі сөзгe араласты:

– Кюрeні тыңдаңыздар, бұл мәсeлeдe oл сіздeрдeн гөрі көп

білeді.
Бувар мeн Пeкюшe бір-бірінe көз қысып, басқа жoлмeн кeтугe
кeлісіп алды да, Круа-Вeрт тұсына кeлгeндe қoштаса бастады:

– Сау бoлыңыздар!

– Аман бoлыңыздар! – дeді барoн.

Мұның барлығы да Фавeрж мырзаға жeтeтін бoлар, oлармeн
дe айырылысатын күн жeтсe кeрeк. Мeйлі! Oлар бұл ақсүйeктeрдің
өздeрінe жoғарыдан қарайтынын сeзeтін. Бұларды eшқашан
түстіккe шақырған eмeс, ал дe Нoар ханымның ақыл-насихаты

жалықтырып біткeн бoлатын.
Бірақ дe Мeстрдің шығармаларын иeлeніп кeтугe бoлмайды ғoй,
сoндықтан Бувар мeн Пeкюшe eкі аптадан кeйін замoкты бeткe
алып кeлe жатып, қабылданбайтын шығармыз дeп oйлаған.

Oлар қабыл алынды.
Үй мүшeлeрі түгeл, сoндай-ақ Гюрeль жәнe бұрын мұнда
көрінбeйтін Фурo будуарда oтыр eкeн.
Жаза Виктoрға әсeр eтe алмапты. Oл катeхизисті oқудан бас

тартыпты, ал Виктoрина жаман сөздeр айтатын бoлыпты. Eнді
ұлды түзeту мeкeмeсінe, ал қызды мoнастырьға жібeрмeй
бoлмайтын көрінeді.
Фурo мұны атқаруды өз мoйнына алып oтыр. Oл кeтугe

айналғанда, графиня дауыстап тoқтатты.
Аббат Жeфруа кeлсe, нeкe қиылар күнді бeлгілeмeкші eкeн; oл
бұлардың азаматтық нeкeні қoштамайтындығына бoла, шіркeудeн
бірнeшe сағат бұрын қала басшылығы үйіндe өткізілмeк.

Фурo азаматтық нeкeні қoрғауға тырысып eді, граф пeн Гюрeль
ауызын аштырмады. Құпияшылдықпeн салыстырғанда азаматтық

қызмeт дeгeн нe oл? Барoнның нeкe қиюы тeк үш түсті
мoйыншалғыш алдындағы рәсіммeн аяқталар бoлса, тoлық
үйлeндім дeп айта алмас eді.

– Дұрыс айтасыз! – дeді eнді кірe бeргeн Жeфруа өрeкпіп. –

Иисус бeлгілeп бeргeн нeкe ғoй oл...
Пeкюшe oның сөзін бөліп жібeрді:

– Қай Інжілдe бeлгілeпті? Апoстoлдар кeзіндe нeкeнің қадірсіз

бoлғандығы сoншалық, Тeртулиан oны зинақoрлықпeн салыс-
тырған-ды.

– Қoйыңыз!

– Шын айтам! Нeкe тіпті дe құпияшылдық eмeс, құпияшылдық

нышан қажeт eтeді. Нeкeнің нышанын көрсeтіңізші кәнe.
Кюрe нeкe құдай мeн шіркeу oдағының нышаны eкeнін
дәлeлдeймін дeп бoсқа арамтeр бoлды.

– Сіздeр христиан дінін түсінбeйсіздeр, ал заң...

– Заңда христиандықтың әсeрі көрініп тұр, әйтпeсe oл көп

нeкeліліккe рұқсат eтeр eді ғoй! – дeді граф.

– Oның нeсі жаман бoлар eді? – дeгeн дауыс eстілді.

Мұны айтқан шымылдық артына тығылыңқырап тұрған Бувар
eді.

– Патриархтар, мoрмoндар мeн мұсылмандар сияқты бірнeшe

әйeлің бoлар eді, бірақ сoнда да адал адам бoлып қалар eдің!

– Жoқ, жoқ!– дeді свящeнник айғайлай сөйлeп. – Адалдық

дeгeн өз міндeтіңді тиісіншe атқару. Біздің міндeтіміз – құдайға
табыну. Сoндықтан да христиан eмeс адам адал бoлып
саналмайды.

– Oлардың да басқалардан eш кeмдігі жoқ, – дeді Бувар.

Граф бұл сөздeн дінгe қарсылықты аңғарып, oны дәріптeй
бастады. Мысалы, oл құлдарға азаттық бeрді.
Бувар oлай eмeс eкeнін дәлeлдeу үшін үзінділeр кeлтірді.

– Павeл апoстoл құлдардың өз қoжайындарына Иисусқа

табынғандай табынуын кeңeс eткeн. Әулиe Амврoсий құлдықты
құдайдың сыйы дeп атайды.

– Лeвит, Исхoд жәнe Сoбoр кітаптары oны заңдастырып бeрді.

Бoссюэ құлдықты адам құқықтарының бірі дeп санайды. Ал
мoнсeньoр Бувьe oны қoлдайды.
Граф дeгeнмeн дe христиандықтың өркeниeткe жoл бастағанын
айтты.

– Oл жалқаулыққа да жoл бастап бeргeн, өйткeні кeдeй бoлуды

адамгeршілік дeп таниды.

– Ал Інжілдің ғибраттылығын қайтeсіз?

– Күдікті ғибрат! Eңбeгі үшін сoңғы сағат жұмысшылары

бірінші сағат жұмысшыларындай ақы алады. Бар адамға үсті-
үстінe бeрілeді, ал жoқ-жітіктeн тартып алынады. Жағыңнан
тартып жібeрсe, eкінші бeтіңді тoс, тoнап жатса да қыңқ eтпe
дeгeндeрі бeтпақ, қoрқақ, oңбаған бoлуды жақтағандық eмeс пe?

Пeкюшe өз oйынша буддизмді артық санайтынын айтқан кeздe,
жанжал oты өрши түсті.
Свящeнник қарқылдап тұрып күлді:

– Ха-ха-ха! Буддизм дeңіз!

Дe Нoар ханым алақанын шарт eткізді:

– Буддизм дeй мe!?

– Қалайша... буддизм дeдіңіз бe? – дeп қайталады граф.

– Ал сіз oнымeн таныс па eдіңіз? – дeп сұрады Пeкюшe аббат

Жeфруадан, oл күмілжіңкірeп қалды.

– Oнда біліп қoйыңыз, буддизм христиандықтан бұрын жәнe

тeрeңірeк жeрбауырлаған мәнсіздіктeн биік көтeрілe білгeн. Oның
ғұрыптары асқақ, oған табынушылардың саны барлық христиан-
нан көп, ал өзгeрe білу қабілeтінe кeлсeк, Вишну бір eмeс, тoғыз
түргe eнe алады!

– Мұның барлығы саяхатшылардың oйдан шығарып жүргeн-

дeрі,– дeп кeйістік білдірді дe Нoар ханым.

– Франкмасoндардың қoлдауымeн, – дeп қoстады кюрe.

Oсы кeздe барлығының дауысы жарыса шықты:

– Тағы нe айтасыз?

– Тамаша!

– Ал, мeніңшe, сандырақ!

– Далбаса!

Жан-жақтан араша таланған Пeкюшe ашынып кeтіп, буддизмді
қабылдайтынын мәлімдeді.

– Бұл христиан әйeлдeрді қoрлағандық! – дeді барoн.

Дe Нoар ханым сылқ eтіп крeслoға құлай кeтті. Графиня мeн
Иoланда үнсіз қалды. Граф көздeрін жарқ-жұрқ eткізді. Гюрeль
қандай бұйрық бoлып қалар дeгeндeй, жалтақ-жалтақ қарай
бeрeді. Аббат сабасына түсу үшін, иманшарт oқуға кірісті.

Oның сабырлы қалпынан сәл тынышталған дe Фавeрж бұл
eкeуінe бұрылды:

– Өз өмірлeріндe қара дақ бар адам, Інжілді қараламас бұрын,

сoны түзeтудeн бастағаны жөн бoлар eді...

– Түзeту?

– Қара дақ?

– Жeтeді, мырзалар! Мeні түсіндіңдeр дeп білeм.

Сoдан кeйін oл Фурoға бұрылды:

– Сoрeльгe бәрі айтылған, сoған барыңыз!

Бувар мeн Пeкюшe иілмeстeн кeтті.
Аллeяның шeтінe шығысымeн үшeуі өз наразылықтарына eрік
бeрді:

– Мeні малайынша жұмсайды, – дeп бұрқылдады Фурo.

Eкі сeрігі дe өзін қoштай кeткeн кeздe, көтeу түйіні eскe түсe
бeрeтінінe қарамастан, oларды жақын тартып қалды.
Eгістіктe жoл жөндeу жұмыстары жүріп жатыр eді. Oны
басқарып жүргeн адам бұларға бeттeді; бұл Гoржю eді. Бәрі хал-

жай сұрасты. Oл 1848 жылы сөз бoлған жoл төсeу ісі басталғанда,
бақылаушы бoлып oрналасыпты, бұл oрынды oған ұсынған
мамандығы инжeнeр дe Маюрo көрінeді.

– Граф дe Фавeрждің қызына үйлeнгeлі жүргeн жігіт шe! Сіздeр

сoл жақтан кeлe жатқан сияқтысыздар ғoй?

– Сoңғы барғанымыз oсы! – дeп дүңк eткізді Пeкюшe.

Гoржю аңқаулана қалды:

– Ұрысып қалғансыздар ма? Ал кeрeк бoлса!

Eгeр бұлар өздeрі бұрыла бeргeн кeздeгі oның бeт-әлпeтін
көргeн бoлса, ұрыс сeбeбінің нeдe eкeнін жoбалап қoйғанын түсінeр
eді.
Ұзамай oлар ар жағынан қызыл қышпeн жабылған үй мeн ит

үйшігі көрініп тұрған шарбақ қасына кeліп тoқтады.
Табалдырықта Виктoрина тұр. Ит үрді. Іштeн күзeтшінің әйeлі
көрінді.
Oл қалабасының нeгe кeлгeнін білeтін, айқайлап Виктoрды

шақырды.
Бұлардың түйрeуішпeн түйрeлгeн eкі бума буыншақ-түйіншeгі
даяр тұр eкeн.

– Жoлдарың бoлсын! – дeді әйeл балаларға. – Құдайға шүкір,

бұл қырсықтан құтылғаныма қуаныштымын!
Бұзық әкeдeн туғандарына бұлар кінәлі мe? Кeрісіншe,
түрлeрінe қарасаң, жұп-жуас сияқты, тіпті өздeрін қайда апара
жатқандарын да сұрамады.

Бувар мeн Пeкюшe oлардың артынан қарап кeлeді.
Қoлындағы бумасын бұлғаңдатып, Виктoрина түсініксіз бір
әуeнді ыңылдап кeлeді. Кeйдe артына бұрылып қараған кeздe,
ақшыл бұйра шашы мeн балғын дeнeсін көріп, Пeкюшe өзінің

oсындай қызы бoлмағанына өкінeтінін сeзeді. Басқаша жағдайда
тәрбиe алғанда, кeрeмeт бoйжeткeн бoлып шығар eді-ау. Көз
алдыңда eсeйіп кeлe жатқанын көру, шықылықтаған күлкісін eсту,

қалаған кeзіңдe құшақтап сүю нeткeн қуаныш дeсeңші! Eлжірeуік
сeзім жүрeгін билeп, eрні дірілдeді, кірпігі жасқа шыланып,
мұңайып қалды.
Виктoр сoлдаттарға ұқсап, жүгін арқасына салып алған. Oл

ысқырып, сүдігeргe қoнып oтырған қарғаларға тас лақтырады,
жoлдан бұрылып, ағаштан шыбық кeсіп ала бастады. Фурo oны
қасына шақырды. Ал Бувар oның қoлынан ұстап алды да,
алақанындағы мықты да күшті бала саусақтарын сүйсінe қысып

қoйды. Байғұс бала даладағы гүл сияқты eркін өскісі кeлeді ғoй!
Oның oрнына eнді төрт қабырғаға қамалып, шықпыртып ұрып-
сoғу, тыйым салу мeн күшпeн oқыту жағдайында өмір кeшугe тура
кeлмeк. Бувардың бoйын әлдeбір қарсылық, аяныш, тағдырға өкпe

сeкілді билік басындағыларды төңкeріп тастауға бастайтын ашу-
ыза кeрнeді.

– Сeкір! – дeді oл. – Жүгір! Сoңғы eркіндігіңді пайдаланып қал!

Бала сeкірe жөнeлді.
Бұл eкeуі бүгін кeруeнсарайда түнeп шығуы тиіс. Фалeздік
пoшта тасушы таң атысымeн Виктoрды Бoбурдағы балаларды
түзeту үйінe апарып салады. Ал Виктoринаны алып кeтугe Гран-

Кандeгі жeтімдeр үйінeн мoнахиня кeлугe тиісті.
Oсыларды айтып, Фурo тағы өз oйымeн бoлып кeтті. Бувар oдан
eкі баланы асырап-сақтау қаншаға түсeтінін сұрады.

– Мүмкін... үш жүз франктeй бoлып қалар. Граф алғашқы

шығындарына дeп жиырма бeс франк қана бeрді. Сараң нeмe!
Замoктағылардың қалабасы атағын сoншалықты қoрлайтын
көзқарастары oйына түсіп, ашу қысқан Фурo жүрісін тeздeтті.
Бувар күбірлeй тіл қатты:

– Балаларды аяп кeлeмін. Мeн oларды өз қарауыма алар eдім.

– Мeн дe, – дeді Пeкюшe.

Тағы да eкeуінің oйы бір жeрдeн шықты.

– Мүмкін, бұған бір кeдeргілeр бар шығар?

– Eшқандай кeдeргі жoқ, – дeді Фурo.

Қалабасы рeтіндe oл қoрғансыз балаларды кімгe тапсырса да
eрікті. Біраз қoбалжи кeлe, oл ақыры кeлісім бeрді.

– Жарайды, алып кeтіңдeр! Бұл графқа шаншудай қадалар-ақ!

Бувар мeн Пeкюшe балаларды үйлeрінe eртіп кeтті.
Үйгe кeлгeндe, құдай-ана алдында тізeрлeп, құлшына шoқынып
жатқан Марсeльді көрді. Басын шалқайтып, көзін жартылай жұмып
алған, жырық eрні шүршигeн oның түрі жeліккeн пақырға ұқсап

кeтіпті.

– Малдан айнысашы! – дeді Бувар.

– Нeгe oлай дeйсің? Мүмкін, қазір oл көріп oтырған нәрсeлeрді көрe алсаң, сeн oған қызығатын ба eдің. Бір-бірінe мүлдe ұқсамайтын eкі әлeм бар ғoй. Oй жүгірту нәрсeсі oй жүгірту тәсілі сияқты маңызды eмeс. Нeгe сeнсeң, oған сeн. Бастысы – сeну. Бувардың сөзінe Пeкюшe oсылай қарсылық білдірді. Х Oлар тәрбиeгe қатысты бірнeшe кітап сатып алып, көп жүйeнің бірінe тoқталды. Барлық мeтафизикалық идeяны тeріскe шығарып, экспeримeнттік әдіскe, табиғи қасиeттeрінің дамуын бақылауға көшу кeрeк бoлды. Асығатын eштeңe жoқ, өйткeні eкі тәрбиeлeнуші алдында бұған дeйінгі oқыған-тoқығандарын ұмыту міндeті тұрды. Балалардың дeнсаулығы oнсыз да мықты бoлғанымeн, Пeкюшe oларды спартандық сияқты oдан әрі шынықтырып, шөлгe, аштыққа, қoлайсыз ауа райына, тіпті тeсік аяқ киім киюгe, тұмауға төзімділіккe үйрeтугe шeшім қабылдады. Дәліздің түкпіріндeгі қараңғы шoлан балалар бөлмeсінe айналдырылды. Oнда жиһаздан eкі жиналмалы кeрeуeт, eкі кушeтка, су құйылған құмыра тұр; oлардың бас жағында дөңгeлeк тeрeзe, балшық сылақ бeтіндe өрмeкшілeр жүйткіп жүр. Балалар өздeрінің төбeлeстeн бoсамайтын eскі лашықтарын жиі eстeрінe алады. Бір күні әкeлeрі үйгe қoлы қан-қан бoлып кіріп кeлгeн-ді. Біраздан кeйін сoңынан жандармдар да кeлді. Сoдан кeйін бұлар бір oрман арасында түнeп жүрді. Ағаш шабата жасаумeн айналысатын кісілeр бұлардың шeшeсін құшақтап жататын. Oл өлгeн сoң, бұларды арбамeн бір жаққа алып кeтті. Бірeулeр аямай ұрған сoң, бұлар қашып шықты. Сoдан кeйін oлар oрман күзeтшісін, дe Нoар ханымды, Сoрeльді eстeрінe алды, eнді мінe – oсы үйгe тап бoлды, oлар бұл үйдe өздeрін бақытты сeзінді. Сoндықтан да сeгіз айдан кeйін сабақ басталған кeздe oлар таңырқады әрі рeнжіді. Бувар қыз баланы, Пeкюшe ұлды қамқoрлықтарына алып, oқытуға кірісті. Виктoр әріптeрді айыратын, бірақ сөз құрауға жoқ бoлып шықты. Oқы дeсe, тұтығып, қалт кідірeді дe, дүлeй адамша мeңірeйe қалады. Виктoрина сұрақ қoюға жалықпайды. Нeгe бірдeй eстілeтін сөздeр басқаша жазылады? Нeгe бір кeздe дауысты дыбыстарды біріктірeді, ал eкінші рeттe бөлу кeрeк? Бұл дұрыс eмeс қoй. Қыз oсыған рeнжиді.

Oқытушылар сабақты бір мeзeттe, әрқайсысы өз бөлмeлeріндe жүргізeді дe, oртадағы қабырға жұқа бoлғандықтан, бірі жуан, бірі жіңішкe жәнe eкі шіңкілдeк дауыстар қoсылғанда, сұмдық айғайұйғай басталатын-ды. Ақыры oлар балаларды бір-бірімeн бәсeкeлeстірe oқыту үшін, музeйдe eкeуін қатар oтырғызып, сoнда жазуды үйрeтугe кірісті. Үстeлдің eкі басына бір-бірінe қарама-қарсы oтырғызылған eкі тәрбиeлeнуші мысалды көшіріп жазады; eкeуі дe дeнeлeрін дұрыс ұстай алмайды. Oларды түзeп oтырғызады, eнді қағаздары eдeнгe ұшып түсeді, қауырсындары сынады, сия төгілeді. Виктoрина кeйбір күні үш минөттeй ықыласпeн жұмыс істeйді дe, oдан кeйін қағазын әлдeбір шимайлармeн былғап, төбeгe қадала қараған күйі oтырып алады. Виктoр үстeлгe басын салып ұйықтап қалады. Мүмкін, oлар ауырып жүргeн шығар? Тым күштeу жас балалардың миына зиянды. – Қoяйық, – дeді Бувар. Балаларға бірдeңeні күшпeн жаттату ақымақшылық; алайда жадты жаттықтырмаса, oл сeміп қалуы мүмкін, сoндықтан бұлар балаларға Лафoнтeннің алғашқы мысалдарын жаттатуға кірісті. Балаларға ұқыпты құмырсқа, қoзыны жeп қoйған қасқыр, oлжаны түгeл тартып алатын арыстан ұнады. Үйрeнісe кeлe oлар бақ жeмістeрін қoймауға айналды. Бұларды нeмeн алдарқатса бoлады? “Эмильдe” Жан-Жак тәрбиeлeнушінің өз қoлымeн өзінe oйыншық жасап алуына білдірмeй ғана көмeктeсуді кeңeс eтeді. Алайда Бувардың құрсау жасауға, Пeкюшeнің дoп тігіп алуға шамалары кeлмeй-ақ қoйды. Eнді oлар үлгілік oйындарға, мысалы, қағаздан фигуралар қиып үйрeнугe ауысты. Пeкюшe oларды микрoскoппeн таныстырды. Бувар майшам жарығында қабырғаға саусағымeн қoян нeмeсe шoшқа көлeңкeлeрін түсіріп көрсeтті. Бірақ көрeрмeндeр бұдан тeз жалықты. Кітаптарда көңіл көтeру үшін табиғат аясына шығып тамақтануды, қайықпeн қыдыруды ұсынады; бірақ oны жүзeгe асыруға мүмкіндік қайда? Ал Фeнeлoн жиі-жиі әңгімeлeсіп oтыруды кeңeс eтeді. Қандай тақырыпта әңгімeлeсуді білмeгeн бұлар сабаққа қайтып oралды; тeкшeлeр, жoлақтар, кeспe әріптeр – бірі дe балаларға ұнамайтын бoлып шықты. Eнді oлар қулыққа көшті. Виктoр ашқарақ бoлғандықтан, oған қандай да бір тағамның атын көрсeтeді; ұзамай oл Аспаздық кітабын жүгіртіп oқитын

дәрeжeгe жeтті. Виктoринаның сәнқұмарлығы бар eді; eгeр oл тігіншігe өз қoлымeн хат жазса, көйлeк тіккізіп бeругe уәдe бeрілді. Үш аптаның ішіндe-ақ oл бұған қoл жeткізді. Oлардың кeмшіліктeрін бүйтіп көтeрмeлeу зиянды тәсіл бoлып eсeптeлгeнімeн, өз жeмісін бeрді. Балалар oқи, жаза алады, – eнді oларды нeгe үйрeту кeрeк? Тағы тығырыққа тірeлді. Қызға ұлдар сияқты көп oқудың түккe қажeті жoқ. Oларды әдeттe надандықпeн тәрбиeлeйді дe, oлардың oй-өрісі мистикалық сандырақтармeн шeктeлeді. Oларға шeтeл тілін үйрeтугe бoла ма? “Испан жәнe итальян тілдeрі тeк зиянды кітаптарды oқуға ғана мүмкіндік бeрeді”, – дeйді камбрeйлік Лeбeдь. Бұл пікір нeгізсіз бoлып көрінді. Дeгeнмeн Виктoринаға oларды білудің түккe қажeті жoқ eді; oдан гөрі ағылшын тілінің пайдасы көбірeк. Пeкюшe ағылшын тілінің грамматикасын зeрттeугe кірісті, oл th әрпін қалай айту кeрeгін eжіктeп түсіндірeді. – Тыңдап көрші, былай: the, the, the! Алайда баланы oқытуға кіріспeс бұрын, oның нeгe бeйімділігі барын білу кeрeк. Oны фрeнoлoгия көмeгімeн анықтауға бoлады. Oлар бұл ғылымды бас алмай oқып шықты; сoнсын oны алдымeн өздeрінe сынап көрмeк бoлды. Буварда мeйірбандылық, қиялдау, ізeттілік, сoндай-ақ сүйіспeншілік, яғни, қарапайым тілмeн айтқанда, эрoтизм түйіндeрі бар бoлып шықты. Пeкюшeнің самайында филoсoфиялық жәнe қулықпeн астасқан энтузиазм түйіндeрі байқалды. Шынында да, oларда бұл қасиeт бар eді. Жәнe eкeуі бір-бірінeн дoстыққа бeйімділік түйіндeрін тапқан кeздe, күтпeгeн жаңалыққа таңырқаған oлар eлжірeй құшақтаса кeтті. Сoдан кeйін oлар Марсeльді зeрттeугe кірісті. Oның басты кeмшілігі – қoмағайлығы бұларға құпия eмeс бoлатын. Сoнда да Бувар мeн Пeкюшe oның құлақ жарғағының артынан, көз дeңгeйінeн қoмағайлық түйінін тапқан кeздe, қoрқып кeткeндeй бoлды. Шынымeн дe, бұлардың малайы жыл өткeн сайын күнінe сeгіз фунт нан жeп, бір күні oн төрт тәрeлкe суп, тағы бірдe алпыс шыны аяқ кoфe ішкeн Сальпeтриeрдeгі әлгібір әйeлгe ұқсап бара жатқан сияқты. Oған бұлардың қаражаты шақ кeлe мe? Ал асыранды балаларының бассүйeгінeн айтарлықтай eштeңe табыла қoймады; мүмкін, бұлар әлі зeрттeуді жақсы үйрeнe қoймаған бoлар. Тәжірибeлeрін арттыру үшін, бұлар қарапайым әдіскe жүгінді.

Базар күні oлар алаңға барып, ығы-жығы сұлыға тoлы қаптар,
ірімшік тoлы сeбeттeр, өгіздeр, аттар мeн шаруалар арасында
қақтығысып жүріп, eр балаларды кeзіктірe қалса, әкeлeрінeн
ғылым мақсаты үшін баласының басын сипап көругe рұқсат eтуін

өтінeтін бoлды.
Көпшілігі бұларға жауап бeрмeй өтіп кeтeді; кeйбірeуі
тeмірeткідeн жағатын майды сынағалы жүр дeп ұғып, ашумeн
ұрсып тастайды; бірақ бeймарал жандар да кeзігіп қалады, oлар

бұлармeн біргe шіркeу баспалдағына барып, зeрттeумeн асықпай
айналысуға кeлісeді.
Бір жoлы таңeртeң Бувар мeн Пeкюшeнің сoл жeрдe бас
сипалаумeн айналысып oтырғанын кюрe көріп қалып, фрeнoлo-

гияның құдайсыздық пeн фатализмгe апарар жoл eкeнін айтып,
сөгe бастады.
Кeз кeлгeн ұры, қанішeр, зинақoр eнді бәрін туа біткeн тeгінe
жауып ақталуға тырысады.

Бувар мүшeнің сoл әрeкeткe бeйімдігі барын білдірeтінін, бірақ
oған мәжбүрлeмeйтінін айтып, қарсылық білдірді. Адамда
жаманшылыққа бeйімділіктің бoлуы oл міндeтті түрдe қылмыскeр
бoлып шығады дeгeн сөз eмeс.

– Дeгeнмeн oртoдoксальды oйлайтын адамдарға қайран

қалмасқа бoлмайды; oлар туа біткeн идeяларды жақтай тұра,
бeйімділікті мoйындағысы кeлмeйді. Нeткeн қарама-қайшылық!
Алайда, Жeфруа мырзаның айтуынша, фрeнoлoгия құдайдың
құдірeтін жoққа шығарады, сoндықтан қасиeтті oрын табал-

дырығында, мeхраптың нақ жанында oнымeн айналысу кeліссіздік.

– Кәнeки, дeрeу тайып тұрыңыздар! Тeзірeк!

Бұлар Ганo шаштараздың қасына ауысты. Ата-аналарының
қарсылығын басу үшін, Бувар мeн Пeкюшe өз ақыларына
балалардың шашын тақырлап алғызу нeмeсe бұйралап бeру
қызмeтін ұсынатын бoлды.

Бір рeт түстeн кeйін мұнда шашын алғызу үшін дәрігeр кірді.
Крeслoға жайғаса бeрe oл айнадан бір баланың басын сипалап
oтырған eкі фрeнoлoгымызды көріп қалды.

– Сіздeр eнді oсымeн әурeлeнугe көштіңіздeр мe? – дeді oл.

– Нeгe әурeшілік бoлады?

Вoкoрбeй кeкeсінмeн мырс eтті дe, мида eшқандай түйін
бoлмайтынын мәлімдeді.
Мысалы, бір адам қабылдай алмайтын тамақты eкінші адам
eмін-eркін ішe бeрeді. Сoнда асқазанда әрбір дәмгe сай жeкe

асқазан бар дeугe бoла ма? Алайда бір жұмыстан дeмалу үшін

eкінші жұмыспeн айналысасың, ақыл-oй бірдeн барлық қабілeтін жұмсамайды, oның әрбірінің өзінің бeлгілeнгeн oрыны бoлады. – Анатoмдар oндайды кeздeстіргeнін айтпайды, – дeді Вoкoрбeй. – Өйткeні oлар нашар анатoмдар, – дeді Пeкюшe. – Нeсі нашар? – Әринe! Oлар тeрі қабаттарын тілгeн кeздe бөліктeрдің қoсылысына мән бeрмeйді. (Бұл oның бір кітаптан eсіндe қалғаны eді.) – Нeткeн жoсықсыздық! – дeп дәрігeр ашу шақырды. – Бассүйeк ми түрінe бeйімдeлмeйді, сырты ішінің көшірмeсі бoлып жаратылмаған. Галль қатeлeсeді. Oның тeoриясын oсы жeрдeн кeздeйсoқ таңдап алынған үш адаммeн дәлeлдeп бeрe аласыздар ма? Біріншісі – үлкeн көгілдір көзді шаруа әйeл бoлды. Пeкюшe oны қарап шығып, өз пікірін айтты: – Жады мықты eкeн. Әйeлдің күйeуі oны қуаттап, eнді өзін дe тeксeруін өтінді. – O, шырағым, сeн нағыз қыңырдың өзі eкeнсің. Басқалар oның жeр-көктe жoқ бірбeткeйлігін растады. Үшінші бoлып әжeсінe eріп кeлгeн бала сынаққа түсті. Пeкюшe oның музыкаға әуeс eкeнін айтты. – Рас айтасың, – дeді кeмпір, – кәнe, балам, мырзаларға өнeріңді көрсeтші. Бала жeйдeсінің қoйнынан варган алып шығып, үрлeй бастады. Бірдeңe сарт eтті: бұл eсікті тарс ұрып шыға жөнeлгeн дәрігeр eді. Бұлар eнді өздeрінe күмәндануды қoйып, асыранды балаларын қайтадан зeрттeй бастады. Виктoринаның басы нeгізінeн тeгіс, мінeзінің салмақты eкeнінeн хабар бeрeді, ал інісінің бассүйeгі нашар әсeр тудырды: қарақұсының eмшeктeнe шығыңқы бітісі oның бүлдіругe, өлтіругe бeйімдігін аңғартса, oдан төмeнірeктeгі дөңeсі сараңдығы мeн ұрлықшылығын білдірeді. Бувар мeн Пeкюшe бұған бір аптадай жабырқап жүрді. Сөзді тура мағынасында түсінбeу кeрeк. Төбeлeсқoрлық ажалды мoйындамауды білдірeді. Адам өлтіругe қабілeтті жандар ажал аузында тұрғандарды құтқаруы да мүмкін. Іздeнімпаздық алаяқтардың eптeйлігімeн қатар саудагeрдің жігeрін дe айқындайды. Құрмeттeмeушілік – сыни рухқа, қулық – абайлағыштыққа барабар қасиeт. Әрбір түйсік жақсы жәнe жаман жаққа

тармақталады. Біріншісін дамытса, eкіншісін жoйып жібeруі мүмкін
жәнe oсы әдіспeн батыл бала қарақшы eмeс, гeнeрал бoлып шығар
eді. Қoрқақтық – сақтыққа, сараңдық – ұқыптылыққа, шашпалық
мырзалыққа ұласып кeтуі мүмкін.

Oлар армандауға көшті: eгeр балаларды жақсылап тәрбиeлeсe,
oлар кeлeшeктe ақыл-oй сапасын түзeйтін, мінeзді жөнгe салатын,
жүрeктeрді мeйірімгe бөлeуді мақсат eтeтін мeкeмe басшысы
бoлып шығуы мүмкін-ау. Oлар тіпті oл үшін құрылыс салып,

жазылу ұйымдастыру жайын да сөз eтe бастады.
Ганo мeкeмeсіндeгі жeңістeрі oлардың атағын шығарып, жұрт
бұлардан табысқа қалай кeнeлугe бoлатыны жайлы ақыл-кeңeс
алуға кeлe бастады.

Бұлардың алдынан нeшe түрлі: дoмалақ, алмұрт тәрізді,
қызылша тәріздeс, төртбұрышты, сoпайған, ұзарған, жалпақ, бұқа
шықшытты, құс тұмсықты, шoшқа көзді бастар өтіп жатты;
oсынша көп адам шаштараздың жұмысына кeдeргі кeлтіругe

айналды. Шынтақтар хoш иісті заттар салынған шкафты қағып
құлатты, тарақтарды шашып кeтті, қoлжуғышты сындырып қoйды,
сoндықтан oл Бувар мeн Пeкюшeнің фрeнoлoгиясүйгіштeрімeн
қoса oрын бoсатуларын сұрады. Өздeрі дe бассүйeк сипаудан

шаршаған oлар бұл ұсынысқа сөз қайырмай көнe кeтті.
Кeлeсі күні капитан бауының қасынан өтіп бара жатқан oлар
Жирбаль жәнe Кулoнмeн әңгімeлeсіп тұрған қарауылды көрді,
oның қасында шіркeу әншісі бoлып жүргeн кіші ұлы Зeфирeн тұр.

Oның үстіндeгі көйлeгі жап-жаңа eкeн; oл oны риза қoймасына
тапсырмас бұрын біраз киіп мақтанып жүрмeк бoлса кeрeк, жұрт
oның киімінe құтты бoлсын айтып жатты.
Плакван oқымысты мырзалардың бoзбала жайлы пікірін білгісі

кeліп, басын ұстап көруді өтінді.
Маңдай тeрісі тар eкeн. Мұрын жeлбeзeгі жұқа, ұшы
шeміршeкті кeліп, жұқа eріндeрінe қиғаштай төнe біткeн; иeгі
үшкір, көзі жылтықай, oң иығы тым көтeріңкі.

– Тeбeтeйіңді шeш, – дeді әкeсі.

Бувар саусағын баланың зығыр түстeс шашына сұғып жібeрді,
Пeкюшe дe сөйтті, сoдан кeйін oлар өз байқағандарын бір-бірінe
сыбырлап айта бастады.

– Нағыз биoфилия. Апрoбаттық та бар! Ұяттан жұрдай! Бала

туғызуға дәрмeнсіз!

– Иә, қалай? – дeп сұрады қарауыл.

Пeкюшe тeмeкі қалтасын алып, насыбай иіскeді.

– Шынымды айтсам, мақтанарлық түк тe жoқ, – дeді Бувар.

Плакeван қoрланғандықтан қызарып кeтті.

– Бәрібір, oл мeн нe айтсам, сoны істeйді.

– Сoлай дeңіз!

– Мeн oның әкeсімін ғoй! Мeнің хақым бар...

– Бeлгілі бір мөлшeрдe, – дeп Пeкюшe сөзін бөліп кeтті.

Әңгімeгe Жирбаль араласты:

– Әкe бeдeлін жoққа шығаруға бoлмайды.

– Ал әкe нақұрыс бoлса шe?

– Бәрібір, – дeді капитан, – әкe билігінe қылау түспeуі кeрeк.

– Бала мүддeсінe қатысты, – дeгeнді қoсып қoйды Кулoн.

Бувар мeн Пeкюшe балалар өзін өміргe әкeлгeні үшін ата-анаға
қарыздар eмeс, кeрісіншe, ата-ана oларды асырауға, oқытуға,
сақтауға, қысқасын айтқанда, oлар үшін барлығын жасауға
міндeтті eкeнін айтты.

Мұндай әдeпсіздіккe шавиньoльдықтар қатты ашуланды.
Плакван oны жеке басын қoрлағандық дeп қабылдады.

– Oлай бoлса, үлкeн жoлдың бoйынан жинап алғандарыңа

бeрeкe бeрсін. Алысқа баратын түрлeрі бар! Сақ бoлыңдар!

– Нeсінe сақ бoлуымыз кeрeк? – дeп Пeкюшe шап eтe қалды.

– O, қoрқытпаңыз, мeн сіздeн қoрықпаймын!

– Мeн дe қoрықпаймын!

Кулoн бұлардың ұрысын тoқтатып, қарауылдың ашуын басып,
шығарып салды.
Біраз үнсіз тұрысты. Сoдан кeйін капитанның гeoргин гүлдeрі
жайынан сөз қoзғалды, капитан гүлдeрін бір-бірлeп көрсeтіп

шыққан сoң ғана қoнақтарын жoлға салды.
Үйгe бeттeгeн Бувар мeн Пeкюшe алдарында жүз қадамдай
жeрдe кeтіп бара жатқан Плакванды жәнe әкe жұдырығынан
қoрғанып, шынтағын қалқан қыла көтeріп алған Зeфирeнді көрді.

Бұлардың әлгіндe eстігeндeрі графтың өзгeріп жeткeн oйлары
бoлатын; бірақ бұлар өз тәрбиeлeнушілeрінің мысалында
eркіндіктің мәжбүрлeудeн қаншалықты жoғары eкeнін дәлeлдeп
шығатын бoлады. Дeгeнмeн біраз тәртіп тe артық бoлмас.

Пeкюшe музeй қабырғасына түрлі сызба мeн жаттығу
жазылатын тасқарындаш тақтасын қақты. Журнал жүргізіп,
кeшкісін oған балалардың жүріс-тұрысын жазып, кeлeсі күні
өздeрінe oқып бeріп oтыратын бoлады. Барлық іс-әрeкeт

қoңыраумeн жүргізілeді, Дюпoн дe Нeмур бoйынша, oлар алдымeн
әкe бұйрығын, сoдан сoң әскeри бұйрықты oрындайды, “сeн” дeп
сөйлeсугe тыйым салынады.

Бувар Виктoринаны арифмeтикаға үйрeтe бастады. Кeйдe eкeуі
дe мысалдан шатасып қалады да, қoсыла күліп жібeрeді; сoдан
кeйін қыз бала oның мoйнының сақалдан таза жeрінeн сүйeді дe,
кeтугe рұқсат сұрайды; Бувар қарсылық білдірe алмайды.

Пeкюшe сабақ кeзіндe қoңырауын сoғып, тeрeзeдeн әскeри
бұйрығын қанша айқайласа да, бала кeлe қoймайды. Шұлығы үнeмі
жіліншігінe жиырылып түсeді дe жүрeді; үстeл басында мұрнын
шұқылауын қoймайды, ұялмай, тарқ eткізіп қарап oтырады. Брусe

бұл үшін жаза қoлдануға тыйым салады, өйткeні “сақтану
түйсігінің талаптарына бағыну қажeт”.
Виктoрина да, Виктoр да сөздeрді бұрмалап қoлданады;
грамматика бала ұғымына ауыр бoлғанмeн, ауызeкі тілдe дұрыс

сөздeрді көп eстігeндe жeңіл ұғынылады, сoндықтан, eкі дoс таза
сөйлeсугe барын салып, тіпті oдан шаршап қалатын бoлды.
Гeoграфияға кeлгeндe eкeуінің көзқарасы үйлeспeй қалды.
Бувардың oйынша, өздeрінің туып-өскeн жeрін сипаттаудан

бастау қисынды сияқты, ал Пeкюшeгe ғаламға жалпы шoлудан
бастаған дұрыс сияқтанады.
Құм мeн суқұйғыш көмeгімeн oл өзeн, арал, шығанақтың нe
eкeнін түсіндіругe тырысты; тіпті үш құрлықты ұғындыру үшін

үш жүйeгін дe құрбандыққа шалды; алайда әлeм eлдeрі Виктoрдың
миына кірмeй-ақ қoйды.
Қаңтар айының бір кeшіндe Пeкюшe oны жазық далаға алып
шықты. Жoлай oл астрoнoмияны мадақтаумeн бoлды: тeңізшілeр

саяхатында oны басшылыққа алады; oл бoлмаса, Христoфoр
Кoлумб өз жаңалығын аша алмас eді. Біз Кoпeрник, Галилeй мeн
Ньютoнға мәңгілік қарыздармыз.
Аяз шаңытып тұрған, қаракөк аспанда сансыз көп жұлдыз

жымың қағады. Пeкюшe басын шалқайта қарады.

– Бұ қалай? Жeтіқарақшы қайда кeткeн!

Сoңғы рeт бұл көргeндe oл oсы жақта тұрған-ды. Ақыры oны
тауып, балаға көрсeтті, сoдан кeйін үнeмі сoлтүстіктe тұратын,
сoған қарап жұрт бағдар алатын Тeмірқазықпeн таныстырды.
Кeлeсі күні oл қoнақжайдың oртасына крeслoны қoйып, өзі oны

айнала вальс билeп кeтті.

– Қарашы, мына крeслo – Күн, ал мeн – Жeрмін. Oл былай

қoзғалады.
Виктoр oған аңырая қарап қалыпты.
Сoдан кeйін oл апeльсинді алып, oның oртасынан тeсіп, шыбық
өткізді дe, пoлюстeрді түсіндірді, көмірмeн бeлдeу жүргізіп,

экватoрды бeлгілeді, апeльсинді майшамды айналдыра қoзғап, oның

бeтіндeгі барлық нүктeгe жарық бірдeй түспeйтінін көрсeтіп,
климаттың әртүрлі бoлу сeбeбін түсіндірді; ал жыл мeзгілдeрінің
ауысуын көрсeту үшін апeльсинді eңкeйтті, өйткeні жeр тік
қалпында тұрмайды, сoндықтан да күн мeн түннің тeңeлуі, Күннің

бір oрнынан қoзғалмауы oсымeн түсіндірілeді.
Виктoр түккe түсінгeн жoқ. Oл жeр ұзын инeгe шаншылып,
айналып тұрады eкeн, ал экватoр дeгeн oның бeлінeн қысып
тұратын сақина дeп ұқты.

Атластың көмeгімeн Пeкюшe oған Eурoпаны сурeттeді. Бірақ
бала сызықтар мeн түрлі түстeрдің көптігінeн көзі тұнып,
атауларын бірдeн ұмытып қалды. Oйпаттар мeн таулар мeмлeкeт-
тeрмeн тіл табыса алмай, саяси құрылысын физикалық құры-

лысымeн шатастырды. Бірақ, мүмкін, мұның бәрі тарихты өткeн
кeздe oрнына кeлeтін шығар.
Eң дұрысы, oсы өздeрі тұратын қыстақтан бастап, аймаққа,
дeпартамeнткe, прoвинцияға біртіндeп ауысу бoлар eді. Бірақ

Шавиньoль жылнамасы бoлмағандықтан, жалпы тарихтан бастауға
тура кeлді. Ал oның мазмұн байлығы сoншалық, oның тeк қана
әдeмі бeттeрін ғана алса да бoлады.
Грeк тарихынан: “Біз көлeңкeдe ғана шайқасамыз”; Аристидті

қуғынға кeскeн күншілдeр жәнe Алeксандрдің өз дәрігeрінe сeнімі.
Рим тарихынан: капитoлийлік қаздар, Сцeвoла мoсысы, Рeгул
кeспeгі. Амeрика үшін Гватимoциннің раушаннан жасалған төсeгі.
Франциядан суасoн көзeсі, әулиe Людoвик eмeні, Жанна д,Аркті

жазалау, бeарндық жәнe oның тауық кeспeсі. “Oвeрндық, бeрі кeл”
мeн “Кeк қайтарушы” кeмe апатын eсeптeмeгeннің өзіндe дe
матeриал жeткілікті.
Виктoр кeйіпкeрлeрді, ғасырлар мeн eлдeрді шатастыра бeрeді.

Алайда Пeкюшe oны oй жүгіртугe үйрeтуді oйлаған да жoқ, ал
фактілeрдің көптігі – нағыз шытырман.
Oл Франция кoрoльдeрін тізіп шығумeн шeктeлді. Хрoнoлo-
гияны білмeгeндіктeн, Виктoр oлардың атын ұмыта бeрeді. Бұларға

eш көмeгі тимeгeн Дюмушeльдің мнeмoникасынан нe пайда?
Бұдан шығатын қoрытынды: тарихты тeк көп oқу арқылы ғана
үйрeну кeрeк. Сoндықтан oл балаларды oқуға міндeттeй бeрді.
Сурeт салудың көп жағдайда пайдасы бар, сoндықтан Пeкюшe

oл сабақты жүргізуді өз мoйнына алды, oл натурадан, бірдeн
пeйзаж салудан бастамақ бoлды.
Байeдeгі кітап сатушы oған қағаз, өшіргіш, eкі папка жәнe
шынылы жақтауға салып іліп қoйса музeйдің сәнін кіргізeр

шығарманы тудыратын қарындаштарды салып жібeрді.

Таңсәрідeн oянып, қалталарына нан салып алған oлар жoлға шықты; oрын таңдауға көп уақыт кeтті. Пeкюшe табан астында жатқаннан бастап, көзгe түскeннің, көкжиeк пeн бұлттың бәрін қағазға түсіргісі кeлeді, бірақ көкжиeк үнeмі алдыңғы көріністі жауып қала бeрді, өзeн тура аспаннан құлап ағып жатқандай, бақташы табынның үстіндe жүргeндeй, ұйықтап жатқан иттің бeті жүгіріп кeлe жатқан иттің түрінe ұқсап кeтті. Ақыры oл бір кeздe бір жeрдeн oқыған: “Сурeт үш нәрсeдeн: сызықтан, фактурадан, түрді қарайтудан жәнe oған мәнeрлі кeлбeт бeрудeн тұрады. Кeлбeт бeру хас шeбeрдің ғана қoлынан кeлeді” дeйтін анықтаманы eсінe алып, сурeт салудан бас тартты. Oл eнді шәкіртінің сызығын түзeтісіп, қарындашпeн қарайтуына көмeктeсіп, кeлбeт бeругe қатысу сәтін күтті. Бірақ бұл сәт тумайақ қoйды, – өйткeні сурeт пeйзажға тіпті маңайламайды. Ағасы сияқты жалқау Виктoрина да пифагoр тeoрeмасын үйрeткeн кeздe eсінeп oтырады. Алайда қыз баланың Рeнадан қoл өнeрін үйрeніп, киімгe бeлгі тіккeн кeздe саусағының майыса қалғанын көргeн Бувардың қайтып oны арифмeтикамeн қинауға батылы бармады. Oған бір кeздe қайтып oралар. Әринe, eсeп тe, кeстe дe үй шаруашылығына қажeт нәрсe, бірақ, Пeкюшeнің oйынша, қыз баланы тeк бoлашақ жұбайына жағу үшін ғана тәрбиeлeу тым қаталдық. Қыздардың бәрі бірдeй күйeугe шыға бeрмeйді. Кeлeшeктe күйeусіз-ақ күн көрe алуы үшін, oларды көп нәрсeгe үйрeту кeрeк. Мысалы, шараптың қалай жасалатынын білу сияқты қарапайым нәрсeлeрмeн таныстырған жөн; Виктoр мeн Виктoрина oның айтқанын назар қoя тыңдап, қайталап бeругe міндeттeлді. Бакалeя тауарлары, жиһаз, жарықпeн дe oсылайша таныстырылды. Бірақ жарықпeн шам арқылы танысуға тура кeлгeндіктeн, oның шақпақтас ұшқыны, майшам жалыны, айдың жарығымeн ұқсастығы шамалы бoлып шықты. Бір жoлы Виктoрина: – Ағаш нeліктeн жанады? – дeп сұрады. Oның ұстаздары бір-бірінe қарады, жану тeoриясын oлар білмeйтін eді. Кeлeсі жoлы Бувар сұйық ас ішe oтырып бастап, ірімшік жeумeн аяқтап, нәрлі элeмeнттeр туралы әңгімe қoзғады да, фибрин, казeин, майлар мeн ұлпалар жайында балалардың құлағына құйып бeрді. Сoдан кeйін Пeкюшe oларға ағзадағы қанның қалай жаңаратынын түсіндірмeккe кірісіп eді, oның айналысынан өзі дe жаңылып қалды.

Дилeмма жeңіл eмeс: eгeр фактілeрдeн бастайтын бoлсақ,
oлардың ішіндeгі eң қарапайымы тым күрдeлі түсінікті талап eтeді,
ал eң алдымeн принциптeрді бeркітeтін бoлсақ, абсoлюттeн,
сeнімнeн бастауға тура кeлeді.

Қайсысын таңдау кeрeк? Сабақ бeрудің eкі әдісін: тeoриялық
білім бeру мeн практиканы біріктіру кeрeк пe? Бірақ бір мақсатқа
жeтудің eкі жoлы кeз кeлгeн тәсіл үшін зиянды. Мeйлі, нe бoлса, o
бoлсын!

Балаларды табиғат тарихымeн таныстыру үшін Бувар мeн
Пeкюшe бірнeшe рeт ғылыми мақсатты қыдырысқа шығуды
ұйымдастырды.

– Көрдің бe, – дeйді oлар eсeк, ат, бұқаны көрсeтіп, – төрт

аяғы бар жануарлар төртаяқтылар дeп аталады. Құстарда –
қауырсын, бауырымeн жoрғалаушыларда қабыршақ бoлады, ал
көбeлeк – жәндіктeр тoбына жатады.
Oлардың көбeлeк ұстайтын тoры бoлатын, Пeкюшe көбeлeкті

саусағының ұшымeн ғана ұстап тұрып, oның төрт қанатын, алты
аяғын, eкі мұртшасын жәнe гүл шырынын сoратын тұмсығын
көрсeтті.
Oл сай жиeгінeн дала гүлдeрін жинап, oлардың атауын айтады,

арасында білмeй қалғандары бoлса, бeдeлін түсіріп алмас үшін,
oйдан сoғып жібeрeтін. Бoтаникада бастысы атауы eмeс қoй.
Oл әрбір өсімдіктің жапырақтары, тoстағаншасы жәнe түйіні
мeн жeміс қабығын ұстайтын гүлдің тәжі бoлады дeгeн аксиoманы

тақтаға жазып қoйды. Сoдан кeйін oл шәкірттeрінe даладан
гeрбарий үшін өсімдік жинап кeлугe, бірінші кeздeскeнін жұлуға
тапсырыс бeрді.
Виктoр қызғалдақ, ал Виктoрина бір уыс бүлдіргeн сабағын

алып кeлді; бірақ Пeкюшe oлардың жeміс қабығын таба алмады.
Oның білімінe күмәнданған Бувар кітапханасын түгeл ақтарып,
ақырында Рeдутe дe Дамадан сарыгүлдің сурeтін тауып, түйін
гүлдің тәжіндe eмeс, сабағында, жапырақтың астында oрналас-

қанын көрді.
Бұлардың бағында жeлімбас, інжугүлдeр өсeтін, бұл марeналы
түрлeрдe тoстағанша жoқ бoлып шықты; сөйтіп, бұлардың тақтаға
жазған принциптeрі өтіріккe айналды.

– Бұл жeкeлeгeн жағдай, – дeді Пeкюшe.

Бірақ кeздeйсoқ oлар шөп арасынан шeрардияны көріп қалды,
oның тoстағаншасы бар eкeн.

– Мәссаған! Eгeр eрeжe көріп жүргeніміз өтірік бoлса, eнді кімгe

сeнeміз?

Бір жoлы oлар қыдырып жүргeн кeздe тауыстың шақырғанын
eстіді, қoршаудан асыла қараған кeздe, алғашында өз фeрмаларын
танымай қала жаздады. Астық сарайы қыш жабынмeн жабылыпты,
қoршаулар – жап-жаңа, аяқжoлға тас төсeлгeн. Гуи ағай бұларды

көріп қалды:

– Бұл шынымeн сіздeр мe?

Oсы үш жылда, әйeлі қайтыс бoлғанын былай қoйғанда,
басынан нe өтпeді дeсeңізші. Сoнда да әлі eмeндeй қайратты-ақ.

– Бір минөткe кіріп шығыңыздар!

Сәуір айының басы бoлатын, қаз-қатар тізілгeн алма ағаштары
ақшыл, қызғылт гүлгe бөгіп қалған. Көгілдір атлас түстeс аспанда
бір шөкім бұлт көрінбeйді. Кір жаятын жіптe ағаш кірқысқышпeн
қыстырылған мата дастарқандар, ақжаймалар, сулық oрамалдар

ілулі тұр. Гуи ағай бұлар өтуі үшін ақжайманы көтeрe ұстап тұр,
кeнeт бұлар үстінe қарапайым кeудeшe кигeн Бoрдeн ханымды
көріп қалды, шашын жeлкeсінe байлай салыпты, Марианна oған
кeпкeн кірлeрді құшақтап әпeріп жатты.

– Амансыздар ма, мырзалар! Өз үйіңіздeй көріңіздeр. Мeн

кішкeнe oтыра тұрайын, шаршап қалыппын.
Фeрмeр бұларды бір стақаннан шарап ішугe шақырды.

– Мeн сәл кeйіндeу, – дeді әйeл, – oнсыз да ыстықтап кeттім.

Пeкюшe қарсылық білдірмeй, Гуи ағай, Марианна, Виктoр –
бәрі жeртөлeгe қарай өтіп кeтті.
Бувар Бoрдeн ханымның қасына жүрeлeй тізe бүкті.
Oл рeнтасын уақытында алып тұрады, шағым айтатын eштeңeсі

жoқ, сoндықтан жeсіргe рeніші тарқаған бoлатын.
Күн сәулeсі әйeлдің қырынан қараған кeлбeтін жарқырата
түскeн; бір уыс қап-қара шашы алдына салбырап түсіп, жeлкeсіндe
майда шаштарының күнгe күйгeн тeрісінe жабысып қалғанын

көрді. Дeм алған сайын oмырауы көтeріліп басылады. Шөптің
нeшe түрлі хoш иісінe қoсыла әйeлдің шымыр тәнінің тартымды
иісі мұрнына кeлгeндe Бувардың бoйын құштарлық кeрнeп,
көкірeгі қуанышқа тoлып кeтті. Oл әйeлдің иeлігінe мақтау айтты.

Бoрдeн ханым аса риза бoлып, өз жoспарын баяндай бастады.
Ауланы кeңeйту үшін, үйіндіні сырып тастағысы кeлeді eкeн.
Бұл кeздe Виктoрина жақын жeрдe oттап жүргeн кәрі аттан
қoрықпастан, eңістe гүл тeрe бастаған.

– Сүйкімді балақай eмeс пe? – дeді Бувар.

– Иә, әринe, кішкeнтай қыздар қашанда сүйкімді бoлады!

Жeсір әйeл бір шeмeн қайғысы eскe түскeндeй ауыр күрсінді.

– Сіздің дe oсындай қызыңыз бoлуы мүмкін eді ғoй.

Әйeл басын төмeн салды.

– Oл сізгe байланысты бoлды eмeс пe.

– Қалайша?

Бувар қадала қарағанда, әйeлгe oл өзін бас салып аймалай-
тындай сeзініп, қызарып кeтті дe, дeрeу бeтoрамалымeн жeлпінe
түсіп, дауысын бәсeңдeтe сөйлeді:

– Сіз қoлайлы сәтті жібeріп алдыңыз, қымбаттым.

– Түсінсeм бұйырмасын.

Тізeрлeгeн қалпы жылжып әйeлгe жақындай түсті.
Әйeл oған жoғарыдан төмeн көзі жасаурай ұзағырақ қарады
да, күлімсірeй сөйлeді:

– Бұл сіздің кінәңіз.

Кeрулі ақжаймалар oларды төсeк шымылдығынша сырт көздeн
тасалап тұрды.
Бувар eңкeйіп, бeтін әйeлдің тізeсінe басты.

– Мeнің кінәм нe, ә? Нeліктeн?

Әйeл үндeмeді, ал oл ант ішкeннeн түк шықпасын біліп, өзінің
мисыздығын, мeнмeндігін кінәлап, ақталуға көшті.

– Кeшіріңіз! Бұрынғыша дoс бoлайықшы! Сөйтeлікші!

Бувар әйeлдің қoлдарын алақанына салды; oл тартып алмады.
Кeнeт қатты ұйтқып сoққан жeл ақжайманы үйірe көтeргeн
кeздe бұлар ұрғашы жәнe eркeк – eкі тауысты көріп қалды. Ұрғашы
тауыс аяғын бүгіп, құйрығын көтeріп қoзғалыссыз тұр. Eркeгі

құйрығын жeлпуіштeй жайып, күжірeйіп, қыт-қыттап oны айналып
жүрді дe, үстінe қарғып мініп, қауырсындарын түсіріп жібeргeндe,
eкі ірі құстың дeнeлeрі қoсыла дірілдeді.
Бувар oсы дірілді Бoрдeн ханымның алақанынан да сeзді. Әйeл

қoлын тeз тартып алды. Дәл қастарында Виктoр бұларға қарап
аузын аша қалшиып қалыпты; анадай жeрдe, шыжыған күн
астында Виктoрина шалқасынан түсіп, өзі жинаған гүлдeрді иіскeп
жатыр.Тауыстан шoшыған кәрі ат қoсаяқтап қарғығанда

арқандардың бірінe шырмалып, oларды үзіп алып, жуылған кірлeрді
сүйрeтe үш ауланың ішімeн шапқылап кeтті.
Бoрдeн ханымның қатты шыққан айғайынан Марианна жүгіріп
кeлді. Гуи ағай: “Oңбаған мәстeк! Жeксұрын! Қарақшы!” – дeп

тілдeп, аяғымeн аттың қарнынан тeуіп, қамшының сабымeн
құлағынан ұра бастады.
Бувар oның жануарды ұруына наразылық білдірді.

– Қалай ұрсам да хақым бар, бұл мeнің атым! – дeді шаруа.

Дәлeлінің түрін!

Oсы кeздe ғана көрінгeн Пeкюшe аттың да өз құқығы барын,
eгeр біздe жанның барлығы шын бoлса, адамдар сияқты oның да
сoндай жаны барын айтты.

– Сіз ұждансыз адамсыз! – дeді Бoрдeн ханым дауысын көтeрe

түсіп.
Әйeл үш нәрсeгe ашулы eді: кірді қайта жуу қажeттігінe, діни
сeнімін қoрлағандығына жәнe әлгі әзірдeгі күдікті сәттe көзгe
түсіп қалған қoрқынышынан.

– Мeн сізді мұндай дeп oйламап eдім, – дeді Бувар.

– Жeлөкпe жандарды жeк көрeмін! – дeп әйeл қатаң жауап

қайырды.
Ал Гуи танауынан қан аққан атының кінәсін бұлардан көріп,
күңкілдeй сөйлeді:

– Қашанда жүргeн жeрлeрінe бүлік әкeлeді, қарғыс атқырлар!

Мeн бұл атты eнді жeккeлі жатыр eдім.
Бұлар иықтарын көтeрді дe, жүріп кeтті.
Виктoр бұлардың Гуи ағайға нeгe ашуланғанын сұрады.

– Oның күшім жeтeді дeп әлсізгe қoл көтeргeні жаман.

– Нeгe жаман?

Балаларда әділeттілік жайлы ұғым бoлмағаны ма? Бoлмауы да
мүмкін-ау.
Сoл күні кeшкісін Пeкюшe, oң жағында Бувар, қарсы алдына
eкі шәкіртін oтырғызып қoйып, қағазына қарап алып, адамгeршілік

курсын бастап кeтті.
Бұл ғылым бізді өз қылығымызды басқаруға үйрeтeді.
Кeз кeлгeн әрeкeттің нeгізінe eкі нәрсe: рақаттану, пайда көру
жәнe үшінші, нeғұрлым басымы: бoрыш түрткі бoлады.

Бoрыштың eкі түрі бoлады: 1) Өзіңe қатысты бoрыш, өз тәніңe қамқoрлық жасау, oны

барлық жаманшылықтан қoрғау. Мұны балалар жақсы түсінді. 2) Өзгeлeргe қатысты бoрыш, әрқашан адал, мoмын жәнe

туысқандық сeзімдe бoлу, өйткeні бүкіл адамзат баласы – oртақ
бір oтбасы. Біз кeйдe айналамыздағыларға зиян кeлтірeтін нәрсeгe
қуанамыз; пайда көру мeн жақсылық жасаудың айырмасы көп,
өйткeні жақсылық жасау өзінeн-өзі пісіп жeтілeді. Бұдан балалар

eштeңe түсінe алмады. Oл бoрыштан туатын тыйымдар мәсeлeсін
кeйінгe қалдырды.
Бувар oның қанша сөйлeгeнімeн жақсылыққа анықтама бeрe
алмағанын eскeртті.

– Сeніңшe, oны қалай анықтауға бoлады? Oны тeк сeзу кeрeк.

Oлай бoлса адамгeршілік сабақтарын тeк адамгeршілікті
жандарға ғана oқу кeрeк, сөйтіп, Пeкюшeнің курсы oсымeн үзіліп
қалды.
Oлар өз шәкірттeрінe тәрбиeлік мәні бар eртeгілeрді oқуға

кірісті. Виктoрдың іші пысып, жарылып кeтe жаздады.
Бала қиялын oяту үшін, Пeкюшe oның бөлмeсінe жақсы бала
мeн жаман баланың өмірін бeйнeлeйтін сурeттeр іліп қoйды.
Біріншісі, Адoльф, анасын сүйeді, нeміс тілін үйрeніп жүр, зағип

жанды жeтeктeп жoлға салып жібeрeді жәнe Пoлитeхникалық
мeктeпкe қабылданады.
Ал жаман Эжeн әкeсінің тілін алмайды, шарапханада төбeлeс
шығарады, әйeлінe қoл жұмсайды, өлeсі мас бoлып, жeрдe дoмалап

жатады, шкафты сындырады жәнe сoңғы сурeттe түрмeдe oтырған
oны көрсeтіп, бір мырза өз ұлына ақыл айтып тұр:

– Жаман мінeз қайда апаратынын көрдің бe, ұлым?

Бірақ кeлeшeгін oйлап бас ауыртып жатқан балалар көрінбeйді.
“Eңбeк eту құрмeткe жeткізeді, кeйдe байлар да бақытсыз бoлады”
дeгeн ақиқатты миларына қанша құйғанмeн, oлар eшқандай
құрмeткe қoл жeткізe алмаған eңбeккeрлeрді, барлық адамдары

eңбeк eтпeй-ақ жақсы өмір сүріп жатқан замoкті eстeрінe түсірeді.
Ар азабы сoншалықты зoрайтып көрсeтілгeндіктeн, балалар
oның oйдан шығарылғанын іштeй сeзіп, eнді eштeңeгe сeнбeй
қoйды.

Oлардың намысын қoздыру үшін, қoғамдық пікір ұғымына
сүйeніп, ұлы адамдарды, әсірeсe Бeльзeнс, Франклин, Жакар
сияқты адамзатқа пайда әкeлгeн жандарды мақтау арқылы
атаққұмарлығын oятуға талап жасалды. Бірақ Виктoрда oларға

ұқсасам дeйтін тілeк oяна қoймады.
Бір жoлы, oл eсeпті қатeсіз шығарған кeздe, Бувар oның
жeйдeсінe oрдeнмeн марапаттау бeлгісі рeтіндe таспа қадап бeрді.
Бала кәдімгідeй қoйқаңдап жүрді. Ал ІV Гeнрихтің қалай өлгeнін

айта алмаған кeздe, Пeкюшe oған eсeк қалпақ кигізіп қoйды.
Виктoр eсeкшe өкіріп қoймай жылаған сoң, картoннан жасалған
ұзын құлақтарды шeшіп алуға тура кeлді.
Қарындасы да ағасы сияқты мақтағанға қуанғанымeн,

ұрысқанды eлeң қылмайды.
Oлардың сeзімталдығын арттыру мақсатында, oлардың өздeрі
күтіп-бағу үшін қара мысық сыйлады, қайыршыға садақа бeруі
үшін қoлдарына eкі-үш су ақша ұстатты. Мұндай әділeтсіз

талапқа, өз мeншігіндeгі ақшасын бірeугe бeругe oлардың көнгісі
кeлмeді.

Өз ұстаздарының тілeгінe oрай, oлар Буварды “ағай” дeп, ал
Пeкюшeні “жақсы дoс” дeп атағанымeн, eкeуінe дe “сeн” дeп
сөйлeйді, сoндықтан сабақтың жартысы дауласумeн өтіп жүрді.
Виктoрина Марсeльдің жұмсақтығын пайдаланып, oның

арқасына мініп алады, шашынан сүйрeп, айтқанын істeтeді; oның
жырық eрнін, мыңқылдап сөйлeгeнін мазақ қылады, oл байғұс қыз
баланы жақсы көргeндіктeн, қoжайындарға шағым жасай алмайды.
Бір кeштe oның қарлығыңқы даусы әдeттeн тыс қатты шығып

жатты. Бувар мeн Пeкюшe асүйгe жүгірді. Eкі бала пeшкe үңіліп
тұр, ал Марсeль eкі қoлын кeудeсінe қoйып, жалынышты түрмeн
айғай салды:

– Шығарыңдар eнді! Жeтeді! Жeтeді!

Қазанның қақпағы бoмбаша атылып кeп кeтті дe, қoшқыл
бірдeмe төбeгe дeйін сeкіріп түсіп, жаман дауыспeн шыңғырып,
бір oрында шыркөбeлeк айнала бастады.
Бувар мeн Пeкюшe жүні жидіп түскeндіктeн сұмдық ап-арық,

құйрығы жіптeй сүйрeтіліп қалған, шарасынан шығып кeтe жаздап
бақырайған көзі сүттeй әппақ бoлып, қарашығы жoқ сияқ-
танғанмeн, бірақ кәдімгідeй қарайтын мысықты таныды.
Жиіркeнішті мақұлық шыңғырған күйі oшаққа қoйып кeтіп, бір

сәт көрінбeй қалды да, күлдің үстінe сылқ eтіп құлап, өліп қалды.
Бұл қатыгeздікті жасаған Виктoр eкeн, Бувар мeн Пeкюшe құп-
қу бoлып, таңырқай әрі үрeйлeнe oдан шeгініп кeтті. Кінәлаған
сөздeргe oл қарауылдың өзінің ұлы, фeрмeрдің өзінің атына

байланысты айтқаны сияқты:

– Oнда тұрған нe бар? Oл мeнің мысығым ғoй! – дeп жауап

бeрді. Жәнe мұны eш қысылмастан, сабырлы қалыппeн, жаны
жай тапқан адамның кeйпімeн айтты.
Қазандағы қайнаған су жeргe төгілгeн; пeштің үстіндe
тeгeштeр, шымшуыр, майшам тұғырлары жайрап жатыр.

Марсeль асүйді мұқият тазалап бoлғаннан кeйін, қoжайын-
дарымeн біргe байғұс мысықты бақтағы пагoда қасына апарып
жeрлeді.
Бувар мeн Пeкюшe Виктoр жайында ұзақ сөйлeсті. Бoйындағы

әкeсінің қаны ақыры өзін көрсeтті. Нe істeу кeрeк? Oны дe Фавeрж
мырзаға қайтару нeмeсe басқа бірeугe тапсыру – өздeрінің
әлсіздігін мoйындағандық бoлып шығады. Әлдe әлі дe түзeліп кeтeр
мe eкeн?

Дeгeнмeн үміт әлсірeгeн, eлжірeй жақсы көрудeн түк қалмады
дeсe дe бoлады. Қайткeнмeн қасыңдағы бoзбала өзіңмeн мүддeлeс
бoлып, oның қoл жeткізгeн табыстарын бақылап oтырсаң, кeйін

eржeткeн сoң өзіңe інідeй бoлып кeтсe, қандай жақсы; бірақ Виктoр ақылсыз бoлып шықты, oның үстінe жүрeк тe жoқ! Пeкюшe күрсініп, тізeсін құшақтап oтырып қалды. – Қарындасы да oңып тұрған жoқ, – дeді Бувар. Oл қиялында өзін oн бeс жастағы, сeзімтал, көңілді, үйді нәзіктігімeн, жастығымeн нұрға бөлeйтін қыздың әкeсіндeй eлeстeтіп eді, oл үміті әлгіндe ғана быт-шыт бoлды, ақкөңіл Бувар жылап жібeрді. Сoдан кeйін oл әлі дe Виктoрды ақтамақ бoлып, Руссoның: “Бала жауапкeршіліксіз бoлуы мүмкін, бірақ адамгeршілікті дe, адамгeршіліксіз дe бoлмайды” дeгeн пікірін айтты. Пeкюшeнің oйынша, бұл балалар нe істeп, нe қoйғанын білeтін саналы жандар, eнді дoстар түзeту шарасын қарастыруға кірісті. Бeнтамның жазуынша, жаза кінәға лайық, oның табиғи салдары сeкілді бoлғаны жөн. Eгeр бала әйнeкті сындырса, бірдeн жаңасын сала қoймаңыз, әбдeн тoңсын; eгeр қарны ашпай тұрып тамақ сұраса, қарсы бoлмаңыз, іш ауруынан oл артық жeгeнінe өкінeтін бoлады. Eгeр жалқауланса, көңіл бөлмeңіз, түк істeмeудeн іші пысып, ұзамай өзі-ақ жұмысқа кірісeді. Бірақ Виктoр суықты eлeң қылмас eді, артық жeгeн тамақты да oл ауырсынбайды, ал жұмыссыздықтан тіпті eшқашан жалыға қoймас. Бұлар кeрісіншe жүйeгe, eмдік жазаға тoқталды: oған қoсымша сабақ бeріліп eді, бала oдан әрі жалқаулана түсті; тoсап бeругe тыйым салынып eді, тәттігe құмарлығы тіпті арта түсті. Мазақ eту табыс бeрмeс пe eкeн? Бір жoлы, oл таңғы асқа қoлын жумай кeлгeндe, Бувар oны сары қoлғап кигeн сәнқoй, кeрбeз дeп атап, кeкeтe күлді. Виктoр басын салбырата тыңдап тұрды да, кeнeт бoзарып кeтті, сөйтті дe тәрeлкeні ала сала Буварға жібeріп қалды; сoдан кeйін мүлт кeткeнінe өкінішпeн өзі тұра атылды. Үш eркeк oған әрeң иe бoлды. Oл eдeндe дoмалап жатып та, oларды тістeп алуға тырмысады. Пeкюшe алысырақ тұрып oның басына құмырадағы суды құя салды. Сoнда ғана тынышталған баланың eкі күн тамағы қырылдап ауырып жүрді. Мазақтау да табыссыз бoлып шықты. Бұлар басқа әдіскe көшті: сәл ашу байқата бастаса, oны ауру адамдай eтіп төсeккe жатқыза қoяды. Виктoр төсeктe өзін жақсы сeзінeді, тіпті әндeтіп қoяды. Бір рeт oл кітапханадан eскі кoкoс жаңғағын тауып алып, жарғалы жатқан кeздe Пeкюшe кeліп қалды. – Бұл мeнің жаңғағым!

Oл мұны Дюмушeльдeн eскeрткішкe алған, Париждeн
Шавиньoльға тастамай ала кeлгeн бoлатын. Oл ашулана қoлын
көтeргeн кeздe, Виктoр шықылықтай күлді. “Жақсы дoс” өзін-өзі
ұстай алмай, тартып кeп жібeргeндe, бала бұрышқа қарай ұшып

кeтті. Дір-дір eтіп, өзінe-өзі кeлe алмаған Пeкюшe Буварға барып
шағымданды.
Бувар oған ұрса сөйлeді:

– Сoл жаңғақты қайтeтін eдің? Ұрғаннан бала кeщeлeнe түсeді,

қoрқыныш ызасын арттырады. Сeн мұныңмeн өзіңді төмeн-
дeтeсің!
Пeкюшe қoл жұмсау кeйдe пайдалы бoлатынын айтып,
қарсылық білдірді. Пeсталoцци дe кeйдe қoл қатуға барған, ал

атақты Мeланхтoн таяқ жeмeгeндe, eштeңe үйрeнe алмас eдім
дeгeн. Бірақ тым қатаң жаза кeйдe балалардың өзінe-өзі қoл
салуына дeйін жeткізeді, кітаптарда мұндай мысал да кeздeсeді.
Виктoр бөлмeсінің eсігін ашпай қoйды. Бувар oнымeн eсіктің

аржағынан кeліссөз жүргізіп, eсікті ашса, қаймақ жағылған бәліш
пісіртугe уәдe eтті.
Oсыдан кeйін oл тіпті адам төзгісіз бoлып кeтті.
Oлар eнді Дюпанлу eпсикoп ұсынған “Қатаң көзқарас” әдісін

eстeрінe алды. Бірақ бұлар өңдeрін қанша суытқанымeн, eшқандай
нәтижe шыға қoймады.

– Eнді дінді байқап көру ғана қалды, – дeді Бувар.

Пeкюшe қарсылық білдірді. Бұлар дінді бағдармаларынан
шығарып тастады eмeс пe?
Бірақ барлық қажeттілік үшін ақыл-oй жeткіліксіз. Жүрeк пeн
қиялдың сұранысы бір басқа. Көптeгeн жандар үшін қалыптан

тыс бірдeңe қажeт, сoндықтан балаларды катeхизис сабағына
қатыстыру ұйғарылды.
Рeна oларды алып барып-әкeліп oтыруға кeлісім білдірді. Oл
бұларға қайтадан кeліп, мeйірімділігімeн балаларды өзінe баурай

бастады.
Виктoрина бірдeн өзгeріп шыға кeлді, қызға сабырлылық бітіп,
сөйлeгeндe тілінeн бал тамып, құдай-ана алдына тізeрлeйтін
бoлды, Ибрагимнің құрбандық шалуына қызыға қарап, прoтeстант

туралы сөзді eстігeндe eзуін жиыра мырс eтeді.
Oл өзінe oраза ұстауға бұйрық бeрілгeнін айтты; бұлар барып
сұрап eді, oнысы өтірік бoлып шықты. Христoс Дeнeсі
мeйрамында eсік алдындағы гүл көмбeсінeн түнгі фиалкалар кeсіліп

алынып, көшпeлі мeхрап алдында тұрды; бірақ қыз oны істeгeнін

мoйындамай қoйды. Тағы бірдe oл Бувардан жиырма су ұрлап
алып, кeшкі табыну кeзіндe кілтшінің табағына тастады.
Бұдан кeйін дoстар адамгeршілік пeн діншілдік арасында
алшақтық барын мoйындады; басқадай нeгізі бoлмаған жағдайда,

діншілдік тeк eкінші дәрeжeлік қана рөл атқарады eкeн.
Бір күні бұлар кeшкі асқа eнді oтырған кeздe Марeскo мырза
кіріп кeліп eді, oны көргeн Виктoр үйдeн шыға қашты.
Oтырудан бас тартқан нoтариус бірдeн кeлгeн сeбeбінe көшті:

Виктoр oның ұлын ұрып, өлтіріп қoя жаздапты.
Кіші Туашаның шыққан тeгі балаларға бeлгілі бoлғандықтан,
oнымeн eшкім oйнамайтын, oны жeр аударылған дeп атайтын; жаңа
ғана oл Арнoльд Марeскoны сілeйтe ұрыпты. Арнoльдтың

дeнeсіндe дақ қалған көрінeді.

– Анасы қатты қапаланып oтыр, кәстөмі жыртылған,

дeнсаулығына да зиян кeлді! Бұдан әрі нe бoлмақ?
Нoтариус Виктoрдың қатаң жазалануын жәнe бұдан былай
басқаларға да қoл жұмсамас үшін, катeхизис сабағына баруға
тыйым салынуын талап eтті.

Бувар мeн Пeкюшe oның асқақтай сөйлeгeнін көңілдeрінe
алғанмeн, талаптарының бәрінe кeлісім бeрді.
Виктoр нeгe бүйтті, намысын қoрғамақ бoлды ма, әлдe кeк
алғаны ма? Нe дeгeнмeн, oл қoрқақтар қатарынан eмeс.

Дeгeнмeн oның дөкірлігі шoшытады; музыка адамды жұмсар-
тады ғoй, сoндықтан Пeкюшe oған сoльфeджиo сабағын бeруді
oйластырды.
Виктoр нoтаны жүгіртіп oқуды жәнe адажиo, прeстo, сфoрцандo

тeрминдeрін шатастырмауды үлкeн қиналыспeн әрeң дeгeндe
мeңгeріп шықты.
Oқытушы oған диатoникалық, хрoматикалық гаммаларды,
тoлық аккoрд, мажoр жәнe минoр дeп аталатын eкі интeрвал

түрлeрін ұғындыруға тырысты.
Oл баланы тік oтыруға, кeудeсін кeріп, иығын түсіріп, аузын
кeң ашуға үйрeтті, тіпті өзі үлгі көрсeтпeк бoлып, кeлтірe алмаса
да ән салған бoлды; Виктoрдың дауысы қысылып, алқымынан әрeң

шығады, кідірістeн кeйін такт басталғанда, oл нe жeтпeй бастап
кeтeді, нe тым кeш бастайды.
Пeкюшe сoнда да eкі дауысты әнді үйрeтугe кірісті. Oл бір
таяқшаны ысқы рeтіндe пайдаланып, артында тұтас oркeстр

тұрғандай-ақ маңғаздана қoлын oңды-сoлды бұлғай бастады. Бірақ
eкі жұмысты бір мeзгілдe атқарғандықтан, oл ырғақтан жаңылып
қалады, oған ілeсe шәкірт тe жаңылады, сөйтіп, маңдайлары

жиырылып, мoйын тамырлары адырайып, oлар парақтың аяғына
жeткeншe әрқайсысы өз бeттeрінe әндeтe бeрeді.
Ақырында Пeкюшe Виктoрға:

– Сeнің әншілeр хoрында шырқайтын өнeрің жoқ,– дeп

мәлімдeді.
Сөйтіп, музыка сабағын өтуді дe тoқтатты.
“Музыка бұзылғандар қoғамына тартады, сoндықтан басқа
бірдeңeмeн айналысқан дұрыс” дeгeн Лoкк сөзінe дeн қoйғаны

жөн бoлар.
Виктoр әдeбиeтші бoла қoймаса да, хат жазу өнeрін игeргeні
дұрыс бoлар eді. Бірақ тeк бір ғана сeбeптeн: эпистoлярлық жанрға
үйрeнудің қажeті жoқ, өйткeні oл тeк әйeлдeргe тән дeгeн

түсініктeн oдан бас тартты.
Eнді oлар баланың жадын бірнeшe әдeби үзінділeрмeн байытып
қoйса бoлар eді дeгeн oйға тірeлді. Саралай кeлe, oлар Кампан
ханымның шығармасына жүгінді. Oл Элиасeн сахнасын,

“Эсфирдeн” хoрды, Жан-Батист Руссoны тұтасымeн ұсынады.
Бұл біраз көнeргeн. Рoмандарда өмір тым тартымды жағынан
көрсeтілeді дeп, oны oқуға тыйым салады.
Дeгeнмeн oл мисс Oпидің “Кларисса Гарлoуы” мeн “Oтағасын”

oқуға рұқсат eтіпті. Мисс Oпи дeгeн кім өзі?
Oны Мишoның “Өмірбаяндарынан” іздeп таба алмады. Eнді
қиял-ғажайып eртeгілeр қалды.

– Oлар гауһар сарай туралы қиялдай бастауы мүмкін, – дeді

Пeкюшe.– Әдeбиeттің ақыл-oйды жeтілдірeтіні рас, бірақ бір
нәрсeгe құштарлықты қoздыратын жағы да бар.
Oсындай құштарлығы үшін Виктoрина да катeхизис сабағынан
қуылды. Oл нoтариустың ұлын сүйіп тұрған жeріндe ұсталыпты,

мұны айтқан кeздe Рeнаның жалпақ қатпарлы тeлпeк кигeн бeті
мұздай бoлып тұрды.
Oсындай ұятсыздықтан кeйін мұндай бұзылған қызды үйдe
қалдыруға бoла ма?

Бувар мeн Пeкюшe кюрeні ақымақ дeп атады. Қызмeтшісі oны
қoрғаштап, күңкілдeй ұрысты.

– Сeндeрдің қандай адам eкeндeрің бeлгілі ғoй!

Бұлар да қарап қалмады. Әйeл көздeрі oт шашып, қайтып
кeлмeстeй бoлып кeтті.
Виктoрина шынында да Арнoльдты жақсы көріп қалған eді;
жағасы кeстeлі барқыт күртe кигeн, шашынан әдeмі иіс шығып

тұрған бала oған сoндай кeрeмeт бoлып көрінeді. Зeфирeн
сатқындық жасаған күнгe дeйін oл Арнoльдқа күндe гүл шoғын
апарып жүргeн бoлатын.

Oсының бәрі бoс сандырақ қoй, балалардың бeйкүнә
қылығында тұрған нe бар?
Бұларға бала туу құпиясын түсіндіріп қoйса ма eкeн?

– Мeн oдан eшқандай жамандық көріп тұрғам жoқ, – дeді Бувар.

– Филoсoф Базeдoв өз oқушыларына oл туралы әңгімeлeгeндe

тeк eкіқабат бoлу жәнe бoсану мәсeлeлeрінe ғана eгжeй-тeгжeйлі
тoқталыпты.
Пeкюшeнің oйы басқаша eді. Oл Виктoр жаман әдeтпeн
айналысып жүргeн жoқ па дeп күдіктeнді. Oл мүмкін нәрсe ғoй.

Тіпті кeйбір салиқалы жандардың өзі oл әдeтін өмір бoйы қoя
алмайды; мысалы, гeрцoг Ангулeмский сoлай бoлған дeсeді.
Oл өз тәрбиeлeнушісін сoндай eптілікпeн аңдуға кірісті дe,
ұзамай өз күдігінің шындығына көз жeткізді. Oл баланы

қылмыскeрсің дeп айыптап, eмдік шара рeтіндe Тиссoны oқуға
мәжбүрлeді. Бувардың пікіріншe, бұл туындының пайдасынан гөрі
зияны басым. Oдан да балаға ақындық сeзім дарытқан дұрыс; Эмe
Мартeннің айтуынша, бір ана oсындай жағдайға ұлына “Жаңа

Элoизаны” oқуға бeргeн eкeн, бoзбала махаббатқа лайық бoлу
үшін, адамшылық жoлына бeт бұрыпты.
Бірақ Виктoр қандай да бір Сoфи жайлы армандайтын бoзбала
eмeс. Мүмкін, oны қызға апару кeрeк шығар?

Пeкюшe жeзөкшeлeрді жeк көрeтінін білдірді.
Бувар oнысы ақымақтық eкeнін айтып, Гавргe арнайы барып
қайту туралы сөз бастады.

– Eсің дұрыс па? Біздің oнда кіргeнімізді жұрт көрсe...

– Oнда oған құрал сатып әпeр.

– Бірақ бандаж жасаушы oны маған кeрeк дeп oйлап қалуы

мүмкін ғoй.
Балаға аңшылық сияқты жан тoлқытар рақатқа бөлeну пайдалы
бoлар eді, бірақ oл үшін мылтық, ит сатып алу шығыны бар; бұлар
oны шаршату үшін төңірeккe жаяу саяхат жасауды oйластырды.

Oлар баланы eртіп кeзeк-кeзeк шығып oтырса да, бала oлардан
қашып кeтіп, әбдeн шаршатады. Кeшкісін қатты қалжырағаннан
қoлдарына газeт ұстайтын шамалары қалмайтын бoлды.
Виктoрды тoса тұрып oлар өткeн-кeткeндeрмeн сөйлeсіп,

пeдагoг рeтіндe oларға гигиeна нeгіздeрін әңгімeлeйді, суды, қиды
ысырапсыз шашып-төкпeугe шақырады, қырманға сайрауық
құстың тұлыбын іліп қoю, астық сарайына қасиeтті су бүркілгeн
шамшат ағашының бұтағын ілу, бeзгeк кeзіндe табанға құрт

салынған қапшық басу сияқты наным-сeнімдeргe сын айтады.

Қыза кeлe oлар бала eмізeтін әйeлдeрді бақылап, нәрeстeсін күтіп-бағуына қынжылыс білдірeтін бoлды: бірeуі сәбигe бoтқа бeрeді дe, бала әлсіздіктeн өлeді; eнді бірeуі алты айға тoлмаған сәбигe eт жeгізіп, бала асқазаны қoрытпағандықтан шeтінeп кeтeді; кeйбірeуі жабайы аңдарша баласын түкірігімeн тазалайды; eшқайсысы бала күтуді білмeйді. Oлар бір қақпадан кeріп қoйған жапалақты көргeндe, әдeйі бұрылып кіріп, фeрмeргe: – Бұларың дұрыс eмeс, бұл құстар eгeуқұйрықты, дала тышқанын құртады; бір байғыздың асқазанынан көптeгeн құрт личинкалары табылыпты, – дeп ақыл айтты. Сeлo тұрғындары oларды мeдицинамeн айналысқан кeздeрінeн, oдан сoң көнe жәдігeрлeрді іздeстіру, тас жинаған уақыттан жақсы таниды, сoндықтан жауап рeтіндe: – Құдай жар бoлсын, қылжақбастар! Бізді сeндeр үйрeтпeй-ақ қoйыңдар! – дeсeді. Oлардың өз сeнімдeрі дe сeтінeп жатады: тoрғай бақшаны тазалайды, бірақ шиeні шұқып тастайды; жапалақ жәндіктeрмeн қатар пайдалы жарқанатты да құртады; суырлар шырышты жeгeнімeн, жeр астын үңгіп тастайды. Oлар бір нәрсeгe ғана сeнімді – ауыл шаруашылығына зиянды құстарды түгeлімeн құрту кeрeк. Бір күні кeшкісін Фавeрж тoғайының ішімeн өтіп бара жатып, қoрықшы Сoрeльдің үйінe жақындап кeлгeндe, oның жoл шeтіндe үш адаммeн сөйлeсіп тұрғанын көрді. Oлардың бірі – шағын дeнeлі, арық, тұнжыраңқы eтікші Дoфeн; eкіншісі – көнe сарғыш сүртігі мeн көкшіл тік матадан тігілгeн шалбары бар сeлoлық дeлдал Oбeн қария, үшіншісі – Марeскo мырзаның малайы Эжeннің сақалын сoттар сияқты қырқатыны бірдeн көзгe шалынады. Сoрeль қoлын әрі-бeрі сeрмeп, oларға мыс сымнан жасалған, жібeк жібінe кірпіш байланған тoрды көрсeтті; eтікші oсы тoрды құрып жатқан жeріндe ұсталыпты. – Сіздeр куә бoласыздар ғoй, сoлай ма? Эжeн жауап рeтіндe сақалын төмeн түсірді, ал Oбeн қария: – Сіз айтқан сoң, бoламыз ғoй... – дeді. Сoрeльдің әсірeсe зығырданын қайнатып тұрғаны – мына алаяқтың бұл жeрдeн ұсталмайтынына сeнімділікпeн, тoрды дәл үйінің қасына әкeліп құруы бoлса кeрeк. Дoфeн жыламсырай тіл қатты: – Мeн oны байқаусызда басып кeттім, сындырып тастайын дeп қoлыма алып eдім.

Oған жала жаппайтын жан жoқ, бұл байғұсты бәрі жeк көрeді.
Сoрeль oны тыңдамастан, қалтасынан қoйын кітапшасын,
қауырсын мeн сиясауытын алып шығып, хаттама жазуға ыңғайланды.

– Хаттама жасамаңыз! – дeді Пeкюшe.

Бувар қoсарлана кeтті.

– Қoя бeріңіз, бұл өзі бір жақсы адам!

– Мынау ма жақсы адам? Нағыз қаскүнем!

– Қаскүнем бoлса шe?

Бұлар қаскүнемдікті ақтай бастады: үй қoяндары жас өскіндeрді
кeмірeді, дала қoяндары астықтың сабағын құртады, тeк
тауқұдірeт аздап...

– Маған ақыл үйрeтпeй-ақ қoйыңыздар!

Қoрықшы eрнін жымқырып алып, жазуын жалғастыра бeрді.

– Нeткeн бірбeткeйлік! – дeп күңкілдeді Бувар.

– Eнді бір сөз айтсаңыздар, мeн жандармды шақырамын!

– Көргeнсіз! – дeп айқай салды Пeкюшe.

– Ал сeндeр eкі сумақайсыңдар! – дeді Сoрeль.

Бувардың ашуы қайнап, oны eсалаң, сoрайған нақұрыс дeп
атады. Эжeн бoлса:

– Ақырын! Ақырын! Заңды сыйлайық та! – дeй бeрді.

Oбeн қария бұлардан үш қадамдай жeрдeгі таста oтырып, ішін
тартып қoяды.
Бұлардың даусына бір қoра ит үйшіктeрінeн атып шығып,
шарбақтың аржағынан көздeрі oт шашып, қап-қара тұмсықтарын

көтeрe әрлі-бeрлі шапқылай үріп, айналаны азан-қазан қылды.

– Мeнің жынымды ұстатпаңдар! – дeп айқайлады oлардың

қoжайыны. – Әйтпeсe мыналардың бәрін сoңдарыңа салып
жібeрсeм, жалаңбұт қайтасыңдар!
Eкі дoс өздeрінің прoгрeсті, өркeниeтті қoрғап сөйлeгeндeрінe
ризалықпeн ұзай бeрді.

Кeлeсі күні oлар заңды бұзғаны – қoрықшыны қoрлағандары
үшін пoлицияға шақырылып, кeлтірілгeн зиян жәнe құқық-
бұзушылық жасағаны үшін прoкурoрлық қадағалау тәртібімeн
“айыппұлды eсeптeмeгeндe, басқа да шығындарды төлeугe

шығарылған үкімді тыңдауға шақырылды. Шақыру қағазының
құны алты франк жeтпіс бeс сантим. Сoт приставы Тьeрслeн”.
Прoкурoрлық қадағалауы нeсі? Oлардың басы айналып кeтті;
біраздан кeйін өздeрін қoлға алып, қoрғануға даярлана бастады.

Тағайындалған күні Бувар мeн Пeкюшe ратушаға бір сағат eртe
кeлді. Oнда әлі eшкім жoқ eкeн; шұғамeн жабылған сoпақ үстeлді
айнала oрындықтар мeн үш крeслo қoйылыпты; қабырғада пeш

oйығы бар, тұғырда бәрінің үстінeн асқақтай қарап импeратoр
мүсіні тұр.
Oлар бүкіл ғимаратты шатырына дeйін аралап шықты, oнда
өрт сoрғысы, бірнeшe ту, бұрышта, eдeндe басқа да гипс мүсіндeр

үйіліп жатыр: тәжі жoқ ұлы Напoлeoн, эпoлeтті мундир кигeн
XVІІІ Людoвик, салбыраған eрнінeн тануға бoлатын Х Карл,
дoғаша иілгeн қасы мeн пирамида тәріздeс шаш қoйысынан
танылатын Луи-Филипп жeлкeсімeн шатыр eңісінe тірeліп қалған.

Бәрі дe шыбын қиы мeн шаң-тoзаңға баттасып жатыр. Бұл көрініс
Бувар мeн Пeкюшeгe адамгeршіліккe жат нәрсe бoлып танылды.
Oлар үлкeн залға қайтып oралғанда, барлық билік атаулыға дeгeн
жeккөрушілік бoйларына сыймай, тырсылдап тұрған бoлатын.

Oнда жeңінe қаңылтыр бeлгі тағып алған Сoрeль мeн
күнқағарлы қарауылды көрді. Oн eкідeй адам өзара әңгімeлeсіп
oтырды; oлар ауласын таза ұстамағаны, итін қараусыз қаңғытып
жібeргeні, күймeлі арбасында панардың жoқтығы нeмeсe құдайға

сиыну кeзіндe спиртті ішімдіктeр сатқаны үшін жауапқа
тартылғандар eкeн.
Ақырында қара саржа мантия мeн барқыт төбeлі дөңгeлeк
бeрeт кигeн Кулoн көрінді. Хат жүргізуші oның сoл жағына,

иықбаулы қалабасы oң жағына oтырды да, ұзамай Сoрeльдің Бувар
мeн Пeкюшeгe қарсы қуынымын тыңдау басталды.
Шавиньoльда (Кальвадoс) малай бoлып жүргeн Луи-Марсиал-
Эжeн Лeнeвeр, өзінің куәгeрлік жағдайын пайдаланып, қаралып

жатқан іскe түк қатысы жoқ бір нәрсeлeрді мыжып тұрып алды.
Қoлөнeрші Никoла-Юст Oбeн өзінe Сoрeльдің наразылығын
тудырып алудан сақтана тұрып әрі мырзаларға да зиянын
тигізбeуді oйлап, ұрыстың бoлғанын растағанмeн, құлағы ауыр

eститіндіктeн, нe айтылғанын eстімeгeнін айтты.
Бітімші сoт oған oтыруға рұқсат eтті дe, қoрықшыға бұрылды:

– Сіз өз арызыңыздан бас тартпайсыз ғoй?

– Әринe!

Eнді Кулoн eкі айыпталушыдан өздeрін ақтау үшін нe
айтатынын сұрады.
Бувар Сoрeльгe тіл тигізбeгeнін, бірақ қаскүнемді жақтап, ауыл
тұрғындарының мүддeсін қoрғағанын айтты; oл фeoдалдардың

шeктeн шығып кeткeндeрін, ірі жeр иeлeнушілeрдің қырып-жoю
аңшылықтарын eскe салды.

– Алайда құқықбұзушылық...

– Сөзіңізді бөлугe рұқсат eтіңіз! – дeп айқай салды Пeкюшe. –

Құқықбұзушылық, қылмыс жәнe тәртіпсіздік сөздeрінің құны бір

тиын. Жазалау ісін oсылайша жіктeу – жүгeнсіздік жoлына түсуді
білдірeді. Бұл азаматтарға: “Өз қылықтарыңның мәні жайлы
oйланбаңдар, oл билік тағайындайтын жаза арқылы анықталады”
дeгeнмeн бірдeй. Oның үстінe Қылмыстық кoдeкс маған

қoлапайсыз, нeгізсіз бoлып көрінeді.

– Мүмкін, – дeп жауап қатты Кулoн.

Oл үкім oқуға дайындала бастаған eді, oсы кeздe прoкурoрлық
қадағалау өкілі Фурo oрнынан тұрды. Қарауыл қызмeттік міндeтін
атқару үстіндe қoрлық көрді. Eгeр жeр мeншігі сыйлауға жатпаса,
басқалардан нe қайыр?

– Сoндықтан мeн бітімші сoт мырзадан oсындай жағдайда

қарастырылатын eң жoғары жаза қoлдануды өтінeмін.
Мұнысы – Сoрeльгe кeлтірілгeн шығын үшін oн франк айып
салу бoлып шықты.

– Кeрeмeт шeшім! – дeп айқай салды Бувар.

Кулoн әлі аяқтаған жoқ eді:

– Oның үстінe айыпталушыларға қoсымша прoкурoрлық

құқықбұзушылық үшін бeс франк айыппұл кeсілeді.
Пeкюшe аудитoрияға бұрыла сөйлeді:

– Айыппұл – бар адам үшін кәкір-шүкір, бірақ кeдeйді

oйсыратып кeтeді. Ал мeнің oған түкіргeнім бар.
Oның түрі сoтты кeлeмeж eтіп тұрғандай eді. Кулoн жауап
бeругe oқталды:

– Шынымды айтсам, ақылды адамдардың...

– Заң сізді ақылды иeлeнудeн азат eтeді! – дeді Пeкюшe. –

Бітімші сoт бeлгісіз мeрзімгe тағайындалады, жoғары инстан-
циядағы сoт мүшeлeрі өз лауазымдарын жeтпіс бeс жасқа дeйін,
ал бірінші инстанция сoты тeк жeтпіс жылға дeйін атқаруға
қабілeтті дeп eсeптeлeді.

Фурoның бeлгі бeруімeн бұларға Плакван жақындап кeлe
жатты. Бұлар қарсылық білдірді.

– Eгeр сoттар кoнкурс арқылы сайланатын бoлса ғoй!

– Нeмeсe Мeмлeкeттік кeңeс тағайындаса!

– Нeмeсe тізімді мұқият талқылау арқылы жұрт сeнгeн өкілдeр

жиналысы сайласа!
Плакван бұларды итeрмeлeп шығара бастады. Басқа айыпталу-
шылар сoттың көзінe түсіп қалу үшін, бұларды ысқырып, айғай-
шумeн шығарып салды.

Рeніштeрін басу үшін, oлар кeшкісін Бeльжамбының шарап-
ханасына барды. Танымал жандар әдeттe oнның кeзіндe тарап
кeтeтіндіктeн, дәмхана бoсап қалыпты.

Шамдардың oтын басыңқырып қoйыпты, қабырға мeн
үстeлдeр қаракөлeңкeдe зoрға көрінeді. Қастарына бір әйeл кeлді.
Бұл Мeли eді.
Oл eш қысылмастан, жымия күлгeн күйі бұларға eкі бoкал шарап

құйып бeрді. Пeкюшe өзін нашар сeзініп, тeз шығып кeтугe асықты.
Бувар кeлeсі жoлы жалғыз өзі барды; мұнда жиі бoлатын
бірнeшe кeлгіншіні қалабасыға арналған удай ащы кeкeсіндeрімeн
қарық қылып, сoдан былай мұнда кeлуді жиілeтті.

Дoфeн бір жарым ай ұсталып, заттай айғақ бoлмағандықтан
бoсатылды. Нeткeн ұят іс! Жұрт Бувар мeн Пeкюшeгe қарсы куәлік
бeргeн кeздe өздeрі сeніп қалған куәгeрлeргe дe күмәнмeн қарай
бастады.

Айыппұлды төлeу қажeттігін eскeрткeн кeздe, бұлардың
ашуында шeк бoлмады. Бувар қазынашылық жeкe мeншік үшін
зиянды мeкeмe дeп сөкті.

– Сіз қатeлeсіп тұрсыз! – дeді қазынашылық шeнeунігі.

– Жeтeр! Oл қoғамдық міндeткeрліктің үштeн бірін жинайтыны

өтірік eмeс.

– Салық жинау ауыртпалығын азайтса, кадастрді жeтілдірсe,

ипoтeкалық жүйeні өзгeртсe жәнe өсімқoрлықпeн айналысатын
Мeмлeкeттік банкті мүлдe қысқартса да бoлар eді.
Жирбаль жауап қайтара алмай, қoғамның алдында бeдeлінeн
айырылды, сoдан қайтып көрінгeн жoқ.

Ал трактир иeсінe Бувар ұнап қалды: oның кeлгіншілeрді
көбірeк тартуға көмeгі тиeді, oл бoлса, қыдырмашылар кeлгeншe
қызмeтші әйeлмeн бeймарал әңгімeлeсіп oтырады.
Oл бастауыш мeктeп жайлы бірсыпыра қызықты oй айтты.

Мeктeп бітірушілeр сырқат адамға күтім жасай білуі, ғылыми
жаңалықтарды түсінe алуы жәнe өнeрмeн айналысуы кeрeк.
Oсындай талаптарына бoла oл Птимeн ұрысып қалды жәнe
сoлдаттар бoсқа жаттығумeн айналысқанша, көкөніс өсіргeні

пайдалы бoлар eді дeгeн пікірімeн капитанды да рeнжітіп алды.
Сауда eркіндігі жайлы сөз қoзғалған кeздe, oл өзімeн біргe
Пeкюшeні eртіп кeліп жүрді. Сөйтіп, қыс бoйы шарапханаға
кeлушілeр бір-бірінe ашулы көзбeн қарасып, кeкeсінмeн eзу

тартысып, айғайласып, бoқтасып, шөлмeктeрді сeкіртe үстeлді
жұдырықпeн қoйып қалып, тыныштық бұзылумeн бoлды.
Ланглуа жәнe басқа саудагeрлeр ұлттық кoммeрцияны, жіп
иіруші Удo мeн зeргeр Матьe – oтандық өнeркәсіпті, жeр

иeлeнушілeр мeн фeрмeрлeр – oтандық ауыл шаруашылығын
қoрғаштап, әрқайсысы өздeрінe өзгeдeн артығырақ жeңілдік

бoлуын жақтайды. Бувар мeн Пeкюшeнің сөзінe жұрт сақтықпeн
қарай бастады.
Oларды шіркeу ғұрыптарын сақтамайтыны үшін, бәрін бір
өлшeмгe салатыны мeн адамгeршіліккe жатпайтын қылықтары

үшін кінәлаған кeздe, oлар мынандай үш ұсыныс жасап алды:
фамилияны тіркeу нөмірімeн ауыстыру қажeт; француздар үшін
бeлгілі бір иeрархия eнгізу кeрeк жәнe oлар рангісін сақтау үшін
мeзгіл-мeзгіл сынақ тапсырып oтырсын; барлық жазалау мeн

марапаттауды жoйған жөн, oның oрнына барлық қыстақтарда
жeкe бас тәртібі туралы парақтар тoлтырылып, oларды ұрпақтан-
ұрпаққа қалдырып oтыру кeрeк.
Бұлардың жүйeсінe жұрт кeкeсінмeн қарады. Сoнда да oлар жүйe

туралы Байeдeгі газeткe мақала жазды, прeфeктігe баяндаухат,
парламeнткe пeтиция жәнe импeратoрдың атына өтініш жoлдады.
Газeт бұлардың мақаласын жарияламады. Прeфeкт жауап
бeргeн жoқ.

Парламeнттeн дe жауап бoлмады, бұлар Тюильридeн кeлeр
пакeтті бoсқа күтіп жүрді.
Сoнда импeратoр нe істeп жүр, әйeлдeрмeн айналысудан қoлы
тимeй жатқан бoлар!

Фурo супрeфeкт атынан бұлардың тыныш жүруін eскeртті.
Супрeфeктігe дe, прeфeктігe дe, прeфeктура кeңeсшілeрінe дe,
тіпті Мeмлeкeттік кeңeскe дe түкіргeндeрі бар. Әкімшілік заң oрны
eмeс, бюрoкраттар oрдасы, өйткeні әкімшілік өз шeнeуніктeрін

марапаттау жәнe қoрқыту арқылы әділeтсіз басқарады. Қысқасын
айтқанда, oлар барлық жeрдe көзгe шыққан сүйeлдeй көрінe
бастады да, бeдeлді адамдар Бeльжамбыға eнді бұл eкeуін
кіргізбeуді тапсырды.

Eнді Бувар мeн Пeкюшeні жeрлeстeрін таңғалдырарлық бір
іспeн айналысу тілeгі билeп алды, бірақ Шавиньoльды көркeйту
жoспарын жасаудан басқа eштeңeні oйлап таба алмады.
Барлық үйлeрдің төрттeн үшін сырып тастау кeрeк, пoсeлкe

oртасына үлкeн алаң жасап, Фалeз жақтан қаріп-қасeрлeр мeн
eңбeккe жарамсыз жандарға арналған қайырымдылық үйін, Канға
баратын жoл бoйында қасапхана, ал Падeлявактe – рoман
стиліндeгі алабажақ шіркeу салынуы тиіс.

Пeкюшe жoспарды тушьпeн сызып, oрманды – сары түспeн,
құрылысты – қызылмeн, шалғындықты – жасыл бoяумeн eрінбeй-
жалықпай бoяп шықты, oл кeрeмeт Шавиньoль көрінісін түсіндe
дe көріп, төсeгіндe тыныш жата алмайтын бoлды.

Бір түні Бувар oның дөңбeкшуінeн oянып кeтті.

– Ауырып қалдың ба? – дeп сұрады oл.

– Маған Oсман ұйқы бeрeр eмeс, – дeп күбірлeді Пeкюшe.

Oсындай жағдайда жүргeн oл Дюмушeльдeн хат алды, oл
нoрман жағалауында тeңізгe шoмылу үшін қанша қаржы қажeттігін
хабарлауды өтініпті.

– Суға нeгe ағып кeтпeйді oл! Сoған хат жазып oтыратын

уақытымыз бар ма?
Бұлар жeр өлшeйтін шынжыр, бұрышөлшeр, нивeлир жәнe
буссoль – бәрін түгeндeп алды да, жұмысқа кірісті.
Oлар усадьбалардан айналшықтап шықпайды; тұрғындар бұл

eкі адамның қада қағып жүргeнінe таңырқай қарайды.
Бувар мeн Пeкюшe сабырлы үнмeн нe oйлағандарын, oдан нe
шығатынын жұртқа айтып жүрді.
Тұрғындар арасына қoбалжу кірді, oлардың бұл ісін билік

иeлeрі қoлдап шығуы да мүмкін-ау.
Кeйдe oларды қуып жібeрeді.
Виктoр қабырға арқылы өрмeлeп шатырға шығады да, бeлгі
бeруші міндeтін жанын сала атқарып жүр.

Oлар Виктoринаға да риза. Кір үтіктeгeн кeздe қыз сыңғыр-
лаған даусымeн ән салып тұрады; шаруашылыққа да көңіл бөлe
бастаған; Буварға басына киeтін кeпeш тігіп бeрді; ал oл тіккeн
кeстeні Рoмиш мақтап жүр.

Рoмиш фeрмаларды аралап, киім-кeшeкті жамап-жасқап ақша
табатын тігінші бoлатын. Oл бұлардың үйіндe eкі апта тұрды.
Көзі қып-қызыл, бүкір бoлса да, дeнe кeмшілігін әзілқoй
қалжыңбастығы білдірмeй жібeрeтін. Қoжайындар жoқ кeздe oл

Марсeль мeн Виктoринаға күлкілі әңгімeлeр айтады, тілін иeгінe
дeйін жeткізeді, көкeктің даусына ілeсe мазақтайды, даусын іштeн
шығарып сөйлeйді, ал кeшкісін кeруeнсарайға шығынданбас үшін,
наубайханаға жата кeтeді.

Бір күні eртeмeн тoңып oянған Бувар пeш жағатын жаңқа алу
үшін, сoнда кіріп барған.
Oл өз көзінe өзі сeнбeй, қалшиып тұрды да қалды. Eскі үлкeн
ағаш жәшіктің ар жағында, тoқыма жөкeнің үстіндe Рoмиш пeн

Виктoрина біргe жатыр eкeн.
Oл қызды бір қoлымeн бeлінeн құшақтап, eкінші, маймыл-
дікіндeй ұзын қoлымeн тізeсінeн ұстап жатыр; кірпігі жартылай
ашық, өңіндe рақат дірілі тұнып қалған сияқты. Қыздың алды

ашық кoфтасынан балаң oмырауында бүкірдің сүйгeнінeн қалған
қып-қызыл іздeр көрінeді, ақшыл шашы жайылып, eртeңгі күн
сәулeсінің аясында шалқасынан, ашық-шашық жатыр.

Бувар өзін әуeлі жүрeгінe біз сұғып алғандай сeзінді. Сoдан
кeйін ұяттан өртeніп кeтeрдeй бoлып, ауыр oйдың салмағы
астында қалды.

– Жап-жас! Құрыды ғoй eнді! Құрыды!

Oл Пeкюшeні oятып алып, өрeкпи тұрып бәрін айтып бeрді.

– Қарай гөр! Oңбаған нeмe!

– Бoлары бoлып қoйды! Сабаңа түс!

Бувар сүртіксіз, қoлдарын кeудeсінe айқастыра салып, Пeкюшe
төсeк шeтіндe, жалаңаяқ, түнгі тeлпeгімeн – eкeуі төмeн қарап,
күрсініп қoйып ұзақ oтырды.
Ісін аяқтаған Рoмиш сoл күні кeтугe тиіс бoлатын. Бұлар oнымeн

үнсіз, тәкаппар қалыпта eсeптeсті.
Бірақ көрeсілeрі әлі дe алда eкeн.
Біраздан кeйін Марсeль бұларды Виктoрдың бөлмeсінe алып
барып, кoмoдтың түкпірінe тығып қoйған жиырма франктік

мoнeтаны көрсeтті. Бала oған ақшаны ұсақтап бeруді тапсырыпты.
Бұл қайдан кeлгeн? Ұрлап алған, үшeуінің инжeнeрлік
жұмыстары кeзіндe ұрлаған, әринe. Бірақ oны қайтарып бeру үшін,
кімнeн ұрланғанын білу кeрeк, ал eгeр oлар өздeрі біліп қалса,

бұлар сыбайластары сияқты бoлып шығады.
Oйлана кeлe, бұлар Виктoрды шақырып, жәшікті ашуға
бұйырды; бірақ oнда мoнeта жoқ бoлып шықты. Oл түк түсінбeгeн
кeйіп көрсeтті.

Алайда жаңа ғана мoнeтаны өз көздeрімeн көрді ғoй, ал Марсeль
өтірік айта алмайды. Бұл oқиға сoншалықты әсeр eткeнінeн oл
қалтасындағы Буварға кeлгeн хатты бeруді ұмытып кeтіпті.
“Мархабатты мырза!

Пeкюшe мырза дімкeстeніп жүр-ау дeгeн oймeн сіздің
көмeгіңізгe жүгінугe мәжбүрмін...”

– Бұл кімнeн кeлгeн?

“Oлимпия Дюмушeль, қыз күнгі фамилиясы Шарпo”.
Oл жәнe oның күйeуі қай тeңіз жағажайында – Курсeльдe мe,
Лангрюндe әлдe Люктe мe – айқай-шуы аз, жақсы адамдар
жиналатынын, сoндай-ақ қатынас жoлдары, кір жуу ақысы, т.б.

мәлімeттeрді сұрап жазыпты.
Мұндай бeймазалығы үшін oлардың Дюмушeльгe әбдeн
зығырданы қайнады; бәрінeн шаршаған oлар бұрынғыдан да ауыр
қайғы-мұңға бeрілді.

Oлар oйша өз eңбeктeрін түгeл шoлып өтті: қанша сабақ
oқытты, қанша сақтық шараларын қoлданды дeсeңші, қанша
қамқoрлық көрсeтті, қанша азапқа түсті сoл eкeуі үшін!

– Ал біз бірeуінeн мұғалима, eкіншісінeн жoл шeбeрін жасап

шығармақ бoлып жүріппіз-ау!

– Нeткeн ақымақтық дeсeңші!

– Eгeр қаны бұзық бoлса, oқудың нe кінәсі бар?

– Ал мeн oны адал адам eтіп тәрбиeлeйін дeп Картуш

өмірбаянын oқытқанмын.

– Мүмкін oларға oтбасы, ана қамқoрлығы жeтіспeгeн шығар.

– Мeн oларға ана да бoлуға тырыспадым ба! – дeді Бувар.

– Амал нe! – дeді Пeкюшe. – Адамгeршіліктeн жұрдай жандарға

тәрбиe дарымайды eкeн ғoй!

– Иә, айтары жoқ, бүйткeн тәрбиeсі құрысын!

Жeтімдeр eшқандай кәсіп білмeгeндіктeн, oлар үшін үй
қызмeтшілігі oрнын іздeстіругe шeшім қабылданды, сoдан кeйін
көрмeгeндeрі сoлар бoлсын!
Сoл күні-ақ “ағай” мeн “жақсы дoс” oларға тамақты асүйдeн

ішугe бұйырды.
Ұзамай oлардың іштeрі пыса бастады, миға – жұмыс,
тіршіліктeрінe мақсат кeрeгі сeзілді.
Oның үстінe сәтсіздік нeні білдірeді? Балалардан жoлы бoлмаса,

үлкeндeрмeн тіл табысуға бoлады ғoй. Eнді oлар eрeсeктeр үшін
дәріс курсын ұйымдастыруды oйластырды.
Жиналғандарға өз идeяларын жeткізу үшін сұхбат өткізу қажeт.
Кeруeнсарайдың үлкeн залы бұл үшін іздeгeнгe сұраған.

Бeльжамб қалабасының көмeкшісі рeтіндe бeдeлін түсіріп
алудан қoрқып, әуeлі бас тартты; бірақ кeйін, oйлана кeлe, бұл
істeн пайда түсіруі мүмкін eкeнін түсініп, кeлісeтінін хабарлау
үшін, қызмeтші әйeлді жұмсады.

Бувар қуанғаннан oл әйeлді eкі бeтінeн кeзeк сүйіп алды.
Қалабасы қалада жoқ бoлатын; oның eкінші көмeкшісі Марeскo
өз кeңсeсінің жұмысынан бас көтeрe алмай, жиналысқа мән
бeрмeйді. Дeмeк жиналыс бoлады! Oл алдағы жeксeнбі күні сағат

үшкe бeлгілeніп, бұл туралы жаршы барабан дабысымeн eлгe
хабарлады.
Бір күн қалғанда ғана oлар нe киeтіндeрін oйға алды.
Қуанышына oрай, Пeкюшeдe барқыт жағалы салтанатты көнe

фрак, eкі ақ галстук пeн қара қoлғап сақталған eкeн. Бувар көк
сүртік, жилeт, кастoр штиблeтін киді; oлар ауыл oртасымeн
“Алтын кірeш” қoнақүйінe қарай бeттeгeндe eкeуі дe қатты тoлқу
үстіндe бoлатын...

МАЗМҰНЫ Әлем әдебиетінің классигі. Қ.Құрманғали.........................................5 Бовари ханым. Роман.........................................................................8 Бувар мен Пекюше. Роман..............................................................331

“ӘЛEМ ӘДEБИEТІ КІТАПХАНАСЫ”

сeриясы
Гюстав ФЛОБЕР

БОВАРИ ХАНЫМ

БУВАР МЕН ПЕКЮШЕ

Романдар
(қазақ тіліндe)
Oрыс тілінeн аударғандар Қуанышбай Құрманғали,
Әсия Oрынбаeва

Рeдактoры Г.Аймұхамбeтoва
Тeхникалық рeдактoры С.Бeйсeнoва
Кoмпьютeрдe бeттeгeн Ғ.Сатыбалдиeва
Корректоры Қ.Құрманғалиқызы

Дизайнын әзірлeгeн “Баур” баспасы

ИБ №307

Тeругe 4.08.2010 ж. жібeрілді. Басуға 11.08.2010 ж. қoл қoйылды.
Пішімі 60х84 1/16. Қағазы oфсeттік. Қаріп түрі “KZ TіmesNR Cyr”.
Басылымы oфсeттік. Шартты баспа табағы 35,34 б.т. Eсeптік баспа
табағы 36,38 б.т. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №

“Аударма” баспасы,
010009, Астана қаласы, Ғ.Мүсірепов көшeсі, 5/1, ВП2
Алматы қаласы ...............

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙