Мазмұнға өту
Home

Осман Амин. Мысырдағы ренессанс: Мухаммад Абдух және оның мектебі

Осман Амин

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Осман Амин. Мысырдағы ренессанс: Мухаммад Абдух және оның мектебі

Осман Амин — «Осман Амин. Мысырдағы ренессанс: Мухаммад Абдух және оның мектебі». /uploads/9fe6d0bc-b7ae-5112-8770-22f2123e9f1a/cover.png

/uploads/9fe6d0bc-b7ae-5112-8770-22f2123e9f1a/cover.png

ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА

МЫСЫРДАҒЫ РЕНЕССАНС: МУХАММАД АБДУХ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКТЕБІ

(Аударған Д. Шәуенов)

Бүгінгі Мысырда исламдық ой-пікірдің қайта жандануына Мухаммад Абдухтың сіңірген еңбегі орасан зор. Мысырдың ұлы ойшылы, социолог және реформатор ретінде Абдух бүгінгі ислам әлеміндегі дара тұлғалардың бірі болып табылады. Абдух 1323/1905 жылы дүниеден өткен кезде, артында баға жетпес еңбектермен қатар өзінің ізін басушы көптеген шәкірттері қалды. Оның «Әл-Устад әл-Имам» (ұстаз, жетекші) атағы бүгінгі күнге дейін өзінің мәнін жоймаған. Оған берілген бүл атақ өз заманында оның орны ерекше болғандығын айқындай түседі. Мысырлық жас жазушы - Камил әл-Шиннауи Абдухтың өмірін «ағартушылық, қаһармандық өмір жолы» деп дәріптеген. Алайда, жарты ғасырдан астам уақыт белең алған топтар мен ағымдарға бөліну процесіне байланысты Абдухтың шынайы бейнесі бүркемеленді, сонымен қатар оның ілімі жайлы хабары аз адамдар тарапынан ұстаздың өмірі мен жарыққа шығарған еңбектері бір-біріне қайшы түрде танытылды.

Мухаммад Абдухтың өміріне қатысты мәліметтер нақты құжаттарға сүйенген сенімді еңбектен алынды. Бұл еңбек - өз шәкірті Рашид Ризаға бағытталған сұрақтарға жауаптар түрінде өмірінің соңына қарай мысырлық ойшылдың қалдырған өмірбаяны. Сонымен қатар ұстаздың өз қолынан туындаған жанұясы мен жас кезінде алған білімі жайлы маңызды мәліметтерді қамтитын құжаттар да баршылық.

Мухаммад Абдух мысырлық диқаншының ұлы болатын. Ол Бахира аймағына қарасты шағын ауыл - Махаллату-н-Насрда дүниеге келген. Әкесі дәулеті артқан сайын жомарттығымен, әділет үшін ішкен асын жерге қоятын адам ретінде танылған. Ал анасына келер болсақ, мейлінше адал, халық арасында құрметті асыл жан болатын.

Мухаммад алғашқы сауатын Тантадағы Ахмади мешітінде ашты. Мұндағы ой еркіндігіне шектеу қоятын тәрбие Абдухтың Ұмтылысына тосқауыл жасады. Егер немере ағасы Шайх Даруиш оны көндірмегенде, ол әлгі оқуды тастап кетер еді. Шайх Даруиш інісінің білім мен ғылымға ұмтылысына қолдау көрсетті. Абдух: «Мені надандық шыңырауынан құтқарып, одан шығатын ілім шырағын жаққан Шайх Даруиштен басқа жолбасшым жоқ болатын», - деп жазады. «Айтқан сөзді қайталайтын тоты құс кебін киген заманда Шайх Даруиш оған жарқын жолды нұсқады, оның шынайы дінге қауышуына жол салып берді». Шайх Даруиш Абдух жүрегінде рухани жолбастар, рухының нәзік әуенінің қайнары ретінде мәңгілік орын тепті.

Жас Мухаммад Абдухтың өмірінде есте қалатын оқиға оның исламдық ілімдердің дәстүрлі орталығы - Азхар университетіне 1283/1866 жылы оқуға түсуі болды. Оқытылатын оқу құралдарының ескіргеніне байланысты жас Мухаммад Абдух ондағы екі жылдық дәрістерінен ешнәрсе меңгере алмады. Доктор Мухаммад Сабри «The Egyptian Empire Under ismail» (Исмаил заманындағы Мысыр империясы) атты кітабында «шәкірттердің ақыл-ойын, ойлау қабілеттерін дамытуға тосқауыл болатын, ретсіз грамматика мен теологияға қатысты болмашы мәліметтерді шәкірттерге үйретті, - деп жазады. Абдух Азхарда рухани тығырыққа тірелді. Мұнан соң Абдухтың аскеттік өмірге ден қойып, қоғамнан оңашаланғаны байқалады. Алайда, Шайх Даруиштің берген кеңестері Абдухтың осы тығырықтан шығуына себепкер болды.

Шайх Даруишпен қатар Абдухтың дұрыс шешім қабылдауына,шынайы жолды табуына тағы бір қайраткердің ықпалы зор болды. Ол - шығыс халықтарының діни, саяси тәуелсіздігі жолында үндеу тастаудан жалықпаған Жамаладдин Афғани болатын. Жамаладдин Афғани Мысырға аяқ басқан кезде, оның маңайына Мухаммад Абдухпен катар көптеген шәкірттер топтасты. Жамаладдиннің рухани жетекшілігі Абдухтың аскеттік, енжарлық өмірден бас тартуын, оның белсенділік қабілетін оятуын қамтамасыз етті. Дәстүршілдіктен бас тартқан Абдух Азхардың оқу бағдарламасынан сырт қалған философия, математика, мораль және саясат ғылымдарын меңгере бастаған. Оның классикалық араб еңбектеріне жаңа көзқараспен қарауына және араб тіліне аударылған Батыс әдебиеттерін игеругe Жамаладдин себепші болды. Афғани Абдухта ұлттық сезім, еркіндік және конституциялық жүйе танымдарының орын алуына жол ашты. Абдух Жамаладдиннен үйренген әсерлі сезімдерін «Рисалат әл-Уаридат» атты алғашқы еңбегінде жазып кеткен. Шығыс пен батыс арасындағы саяси қатынастарға баса көңіл аударған Абдух шығыстың саяси және әлеуметтік өмірі толықтай өзгертілу қажеттігін ортаға қойған. Жалпы мәдени тақырыптардағы әртүрлі баспалық орындарда 1293/1876 жылдан бастап жарық көре бастаған мақалаларында Абдух Азхарда техникалық және рухани еркіндіктің жетімсіздігін баян етті.

1294/1877 жылы Абдух «ғалым» (діни мәселелердің маманы) атағын және ислам ілімдерінің әртүрлі салаларында білім беру құқығын беретін «әл-Алимия» дипломын алды. Бастапқы кезде жекелеген дәрістерден бастап, кейіннен Азхарда дін, логика және мораль сияқты пәндерге кірді. Аталған пәндерде көптеген шәкірттердің Абдухты ерекше бағалауға себеп болған алуан түрлі әдістер қамтылған. Зерттеу қабілетіне де ие Абдух ұстаздық қызметімен қатар, өзін-өзі жетілдіре түсті. Ол өзін ислам университетінің оқу бағдарламасында қарастырылмаған «модернистік деп аталатын нақты ғылымдарға арнады. «Дару-л-Улум» (ғылымдар ордасы) деп аталатын жоғарғы оқу орнында тарих профессоры, тілдер орталығында әдебиет профессоры ретінде қызмет атқарды. Азхардағы дәрістерімен қатар, осындай жаңа қызметтер атқарды.

Абдух Жамаладциннің ұсынысымен журналистикалық қызметтерге де уақыт бөлген. Араб баспасының орталығы, оның алғаш пайда болған ордасы Мысыр болатын. Хидив Тауфиқ басқармасының алғашқы жылдарында Абдух «ресми газеттің» редакторы ретінде жұмыс атқарған. Көп уақыт өтпей-ақ бас редактор ретінде Абдух баспалық қызметін арттырды. Мухаммад Абдух еңбектерінің ерекшелігін қурайтын дін мен моральдағы оның реформалық әрекеті осы баспада айқын түрде жүзеге аса бастады.

1296/1879 жылы дүниеге келген және Нубар Паша үкіметімен қатар кейбір еуропалық министрлердің де күйреуіне себепкер болған «үкімет соққысы» енді даму жолына түскен ұлтшылдық қозғалыстың бастамасы болатын.

Сонымен қатар, бұл әрекет Араби басқармасындағы Мысыр армиясын түрік - черкес офицерлеріне бас көтеруге жол ашты. Осы бас көтерумен басталған көтеріліс Мысырдың ағылшын бірлескен күші тарапынан 1300/1882 жылы жаулап алуымен аяқталды.

Арабидің жеңіліс табуынан соң көтерілісшілердің қатарында болған Абдухқа үш жылға жер аударылу жазасы кесілді. Бастапқыда әскери ойларын іске асыруға тырысқан адам деп білетін Арабиді жақтамаған Абдух соғыстың насырға шабуына байланысты ол Арабиді шын жүрегімен қолдады. Тіпті, Мысыр халқының егемендігі жолында бар күш-қайратымен көтерілісшілер лидерлерінің біріне айналды. Жер аудару жазасына кесілген Абдух бастапқыда Сирияға орналасқан. Көп уақыт өтпестен Үндістаннан қайтқан рухани көсемі Афғани өзіне қосып алу мақсатында Абдухты Парижге шақырды. Абдух, осыған орай, келесі жылы Париждегі Жамаладдинге қосылды. Абдух пен Афғани Парижде қоғам құрып, «Әл-Уруату-л-Вусқа» атты журнал шығара бастады. «Уруату-л-Вусқа» шет елдік жэне зорлықшыл билеушілерге қарсы күрескен панисламистік апталық саяси журнал болатын. Уруа жақтаған пікірлерін шебер тілдегі барлық күш-қайратын сарп еткен алғашқы журнал ретінде Еуропаға танылды. 1302/1884 жылы Мухаммад Абдух журналдың өкілі ретінде Англияға сапар шекті, онда досы Вильфрид Блунт ағылшын баспасында Мысыр мәселесін бір жақты қылуды қамтамасыз ете отырып, Абдухтың қоғамдық пікірін таратуға көмектесті. Блунт Абдухтың Уинстон Черчиллдің әкесі Рандольф Черчилл және бірнеше ағылшын саясатшыларымен танысуына мұрындық болды. Бастаған ісін жалғастыру үшін Абдух Парижге қайта оралды. Алайда ағылшын интригасының нәтижесінде журналдың ислам әлеміне таралуына тыйым салынуы Абдухтың өрісін тарылтты және журналды шығару тоқтатылды. Журналдың өмірі қысқа болғанымен бұл журнал панисламизм мен ұлттық патриотизмді шығыс халықтары арасында берік орын тептірді. Сонымен қатар журналдың ықпалы біртіндеп реформалау мен оқу - ағартушылыққа аса мән берген мысырлық шайхтың күткеніндей шықпады.

Абдух 1303/1885 жылы Бейрутқа қайтты. Мұнда оқытушы ретінде танылған Сұлтания медресесінде берген сабақтары кейінгі кезеңде жазатын еңбекке («Таухид Рисаласы») негіз болды. Абдух профессор дәрежесіне дейін жемісті жұмыстар атқарғанымен бүкіл қажыр - қайратын тек ұстаздық жұмысқа ғана арнап қоймады. Кейбір қайраткерлердің қол ұшын беруі арқылы ол ислам, иудаизм және христиан діндерінің келісімге келуін мақсат ететін қоғам құрды. Бірақ, Султан Абдулхамид Осман халифатының саяси мүддесін қауіпке айналдырған Абдухтың әрекетіне қарсы шықты және Мысыр шайхының аз уақыттың ішінде Сириядан шығып кетуін қамтамасыз ету үшін ағылшын үкіметімен келісім жасады.

Мухаммад Абдух 1307/1888 жылы Мысырға қайта оралды. Бастапқы кезде азаматтық сотта судья, одан соң шағым сотында заң кеңесшісі қызметтерін атқарды. Ол судья ретінде әділдігімен танылды. Абдух халықтың білімді болуын, моральдық тәрбие мен дәстүрлі қоғам одағының заман талабына жауап беретін құрылымға жеткізу жолында Мысырдың қайта оянуына күш салды.Азхар университетінің басқармашылығына мүше ретінде тағайындалғаннан соң тозығы жеткен ислам университетінің материалдық, мәдени және моральдық деңгейін көтеру үшін қажырлы еңбек сіңірді. Оның ұсынған либералдық пікірлерінің эсері айқын байқалатын. Мухаммад Абдух сол күнге дейін университетте оқытылмаған тарих, география, табиғат тарихы, математика және философия сияқты дінмен байланыссыз пәндердің университеттің оқу бағдарламасына енгізілуін және оқытылуын қамтамасыз етті.

1307/1899 жылы Мысырдың бас мүфтиі дәрежесіне көтерілген Мухаммад Абдух сол күнге дейін қол жеткізбеген құрметке ие болды. Абдухтың жаңашылдық идеялары осы дәрежеге жеткеннен соң жалпы халыққа таныла бастады. Абдух Құран тәпсірі бойынша бүтіндей жаңа әдіске негізделген дәріс берді. Бас мүфти ретінде Мухаммад Абдухтың берген үш пәтуасы оның басқа діндермен толеранттық қатынасын айқын түрде көрсетеді. Оның біріншісі - мұсылмандарға өсім мен табыстан үлес алуға рұқсат, екіншісі -мұсылман емес елдерде мекендеген мұсылмандарға мұсылман емес адамдар тарапынан сойылған малдың еттерін жеуге рұқсат және мұсылмандарға дәстүрлі киімнен басқа киімді киюге рұқсат етілді. Бұл пәтуалар қызу тартысқа, бас мүфтиге қарсы діни сипатқа ме емес шудың көтерілуіне, тіпті, мұсылмандар арасында бұрынғы топтарға қайта бөлінуге жол ашты. Сол жылы Абдух ұлттық палата мен сенат мәжілісіне мүше ретінде қабылданды.

Мухаммад Абдух - кедейлерге материалдық - рухани көмек көрсету және олардың оқу-ағартушылық деңгейін көтеру мақсатында құрылған «Мұсылман қайырымдылық қоғамын» құрушылардың бірі. Сонымен қатар, ол классикалық авторлардың басты еңбектерін жарыққа шығаратын «Араб тілді еңбектерді жандандыру қоғамы» атты қауымдастықты да құрды. Келесі бір жағынан шариғаттық сотты реформалауға да күш салды. Осы тақырыпта қалам тартқан мәлімдеме әділетті құқықтық сотпен үкім шығару методикасын реформалауға негізделген. Бұл мәлімдеменің Мухаммад Абдух тарапынан дамытылған басты идея сайлау арқылы ең лайықты шарттарға негіздеу және материалдық жағдайды жақсарту жолында келешектегі билеушілердің моральдық және ғылыми деңгейін көтеру қажеттілігіне бағытталды. Шариғат ғалымдарының оқу орнын құру идеясы да Абдух тарапынан ұсынылған.

Мухаммад Абдух 1320/1902 жылы Францияның сыртқы істер министрі Gabriel Hanotauтың «Мұсылман мәселесімен бетпе-бет» атты мақаласының жарық көруінен соң онымен тартыса бастады. Бас мүфти ислам діні жайында Францияда кең таралған көзқарастың қате екендігін француз тарихшыларына дәлелдеп берді. Ибн Рушд философиясы төңірегінде өрбіген пікірсайыс, исламға телінген фатализм исламдық сенім негіздерін қате түсінуіне және ислам өркениетінің кері кетуіне жол ашқандығы қуатталған «Әл - Джамия» журналының христиан редакторы Ибн Рушд жайлы жазған мақал асы бастапқыда Манарда жарияланған, одан соң модернистік мұсылман жаршысының лидерлерінің бірі - «Әл - Ислам уа-н-Насрания» (Ислам және христиандық) атты еңбекте жинақталған.

Бас мүфти - адамдардың еркіндігі мен жағдайларға баға беру қабілетіне ие парасатты да ақ жүректі адам. Еуропалық ойшылдардың басты еңбектерін оқып танысқан Абдух Африка мен Еуропаға жасаған саяхаттарында білімін одан сайын толықтыра түсті. Шығыстық және батыстық достарымен араласып тұратын Абдух Герберт Спенсер, Густав Бон, У. С. Блунт және Толстой сияқты еуропалық ойшылдармен хат алысып турды.

Мухаммад Абдухтың Мысыр университетінің ашылуына қосқан улесі орасан зор екендігін ұмытпаған жөн.

Шыншылдық, өжеттілік, жомарттық, қайырымдылық және патриоттық Абдухтың бойында табылатын ерекшеліктерге жатады. Либерал көзқарастары мен Араби көтерілісін қолдағанына байланысты Абдух абақтыға да жабылды, оның абақтыда жазған хаты кейбір жолдастарының ағылшындардың қысымына байланысты бағынғандығын хабарлап, оны жалғыз қалдырғанына қарамастан, Абдух өзінің шынайы дос, кешірімді адам екендігін көрсете білді. Хидивтің қолдауымен бір имамға орынсыз Азхар белгісін ұсынғанда Абдух Хидивке қарсы шығып, өжеттілік көрсетті. Мит-Ғайр өртінен соң Абдух оның зардаптарына қатты қайғырды және Мысырдағы тоңмойындыққа бейім байларды апатқа душар болғандарға материалдық көмек көрсетуге шақыру міндетін өз мойнына алып, өзінің ақ көңілді адам екендігін дәлелдеген. Қалашықтар мен ауылдарды аралай отырып, он екі мың стерлинг (шамамен 85 000 000 түрік лирасы) қаржы жинап, Абдух өз қарамағындағы қор арқылы мұқтаж жанұяларға таратты.

Жас кезінде көрген тәрбиесі мен өз бойындағы мистикалық қасиеттер Абдухтың жеке тұлғасы мен мінезінде айқын байқалады. Рухани жағынан мистикалық сипатқа ие болумен қатар, Жамаладдиннен алған әсерімен осындай адамдық артықшылыққа қол жеткізді десек артық етпейді.

Мухаммад Абдух 1905 жылы шілденің 11 жұлдызында жоспарлаған реформасын толық түрде аяқтай алмай көз жұмды. Абдухтың жаназасы Мысыр халқы мен үкіметі тарапынан ұлттық деңгейде өткізілді. Каирде әл - Афифи мазарына жерленген Абдухтың моласының үстінде бір араб шайырының мына бәйіті жазылған:

Ұлылық үшін бір мазар қаздық,

Дін мен дүниені көмдік оған.

Мухаммад Абдух Азхардың схоластикалық ойлау формасынан аз уақыттың ішінде арыла білген, реформаны қалай жасау, қалай жетілдіру жолдарын ашып берген гуманистік, прагматикалық ой-пікірлерді дамытты. Абдух философиялық көзқарастың үнемі теориялық, идеялық деңгейде қалып кетпеуіне мән берген. Философиялық көзқарас аскеттік өмірмен бір шетте қалуды емес, біздің болмысымызды толық түрде тәжірибе мен сезім арқылы игеруіміз үшін белсенді түрде дүниедегі өз орнымызды алуға, жүктелген міндетті орындауға бағытталуы тиіс.

Абдухтың логика ілімі жайлы пікірлері де тура көзқарас пен жақсы амал арасында динамикалық байланыс құруға жетелейді. Оның пікірі бойынша логика мен ой-пікірдің жалпы танымдық табиғаты жоғарғы моральдық сипат пен рөлге негізделген. Жас Абдух 1283/1866 жылы көнерген теологиялық оқу орны - Азхарға оқуға түскен кезде, ислам философиясы артта қалған, онда үнемі философияны терістеумен шәкірттерге дәріс берілетін. Университетте оқытылатын логика және калам пәндерінің оқу құралдары VI/XIII, VII/XIV ғасырларда жазылған еңбектер болатын. Маңайындагы жастардың назарын классикалық еңбектерді зерттеуге аудару және нәтижесіз түсініктеме жасаумен шектелмей, оларды еңбектің түп нұсқасын тікелей зерттеуге ынталандыру мақсатында мұсылмандық шығыста исламдық ой-пікірдің қайта жандануына алғаш еңбек сіңірген адам - Афғани болатын. Афғани ғасырлық дамудың артқа кетуіне қарамастан рухтандыру өзегі - Ибн Синаны зерттеген. Абдухтың пікірі бойынша, сунниттер және Азхар оқымыстылары Афғанидің көзқарасын адасушылық деп бағалаған. Жас Абдух 1292/1875 жылдан бастап, сол кезеңде көбінесе қолжазба түрінде кездесетін классикалық логика еңбектерін зерттей бастады. Екі жылдан соң Азхарда студент кезінде жазған бір мақалада мойындарына жүктелген басты қателіктерді, халықтың, тіпті, Азхар оқымыстыларының олар жайлы күдіктерін ескере отырып, логика мен каламды қорғауға бел байлаған. Абдухтың ақылдық дәлелдердің иманды әлсіретпейтініне, керісінше қуаттандыратынына және ой қисыны өнері - логиканың мәнін игерудің мұсылман каламы үшін қажет екендігіне тоқталған. Бейрутта сүргінде жүрген кезінде танысқан «Әл-Башаир ан -Насирия» атты ас-Сауи тарапынан жазылған логика жайлы ғылыми еңбекке ол кейіннен ғылыми сілтемелер жасай отырып және түсіндірмелер қоса отырып жарыққа шығарған. Азхарда логика пәнінен берген дәрістері оның білікті маман екендігін көрсетті. Мухаммад Абдух логикалық методикасына Аристотельден, Ибн Рушдтан, Ибн Синадан және белгілі дәрежеде батыстық авторлардан, әсіресе француз авторларынан коп пайдаланған. Абдух логиканы теориялық ізденіс ретінде емес, турашыл, шығармашыл адамның рухани өмірі үшін қажетті дүние деп білген. Сонымен қатар Шайх Абдух адам ойын пұттардан, қате түсініктерден арылту, ғылыми ізденіс деңгейінде болу, қысқаша қайырар болсақ, ізгілік пен туралықтың айқындалуы үшін ақылдық құдіреттің жеткілікті екендігін баса айтқан. Ізгілік пен туралықты бейнелеуге ақылдың қажеттілігімен қатар ақиқат, туралық және өжеттілік сияқты моральдық құндылықтар да ауадай қажет.

Осындай көзқараспен жарақталған Абдух еркін ойды, еркін зерттеу құқығын жақтаған, сонымен бірге, адамның жеке, өз алдына зерттеу жолын емес, діни артықшылық тұрғысынан өзіне ұсынылған догмаларды дәлелсіз, көз жұмған күйде қабылдауға негізделген еліктеушілікпен күресуден жалықпаған. Кейбір ғұламалардың алға тартқаны сияқты, еркін ойлау кезеңінің аяқталмағандығын, керісінше, өзгеріс үстіндегі өмір шарттарының ұсынған талаптарына қанағаттанарлық деңгейде жауап беру үшін оның соңына дейін жалғасатынын ескертті. Коп уақыттан бері қолданыстан шығып қалған авторитеттердің немесе ескі еңбектердің емес, маслахаттың не екенін ұғынып, жаңашылдықтың қол жеткізген жетістігін қолданған жөн. Абдух исламның рационалистік дін екендігін қуаттаған. «Ислам, - деп жазады ол, - адамды дін басыларының артықшылық құқықтарынан құтқарып, Алламен бетпе-бет келуін және оған ешбір араша қоймауды үйретеді».

Абдухтың діндер тарихы философиясы исламның рационалистілігін діни эволюцияның соңғы жетістігі деп мойындаған. Абдухтың көзқарасы адамзатты ең дамыған дін - исламға жеткізген даму сатыларын ортаға қойған.

Алғашқы діндер қатаң құралдар ұсынған, адамдардың сезім мүшелеріне үндеу тастаған,пайғамбарлардың муғжизалары олардың назарын аударған. Адамзаттың алғашқы қауымдық осы кезеңінен өткен кезде, адамның рухына үндеу тастайтын, рух құпиясын, сезімін баяндайтын дін (христиандық) келеді. Аталған дін рухани тәрбиеленуді, дүниеден бас тартуды жолын қуушыларына ұсынғанмен, көп уақыт өтпей - ақ адамдар әлгі діннің ілімін жойып, оны өз қалаулары мен мүдделеріне сай етіп өзгерткен. Мұның артынан ақылдық жетістікке негізделген адамзатқа арналған ислам діні келді. Ислам діні адамның сезімдік күші мен ақылына үндеу тастап, ақылды табиғатпен үйлестірген және құпиялар мен арашашыларды жоққа шығарып, дін ғалымдарының өсиетінен ақылды құтқарып, адамды негізгі қабілеті арқылы Құдайға жақындатты.

Мысырлық философ қалау еркіндігі мәселесін де прагматикалық тұрғыдан қарастырды. Абдух дерексіз спекуляцияға Уильям Джеймс пен Е.Г. Шиллер тәрізді қарсы шықты. Барлық нәрсенің алдын ала белгіленгендігі гипотезасы «адамды иманға негіз еткен ақылдың куәлігін терістеуге, барлық жауапкершілікті жоққа санауға, шариғаттың пәктігін теріске шығаруға алып барады». Абдух дүниетанымының екінші сатысында қалау еркіндігіне сенгендер (қадария) мен барлық әрекеттің алдын ала белгіленіп қойғанына сенгендерді (джабрия) бетпе - бет пікірталас жасауға себепкер - ирада джузия жайлы мәселені бір шетке жинап тастап, дерексіз метафизикадан қарағанда моральға мән берген. Ашарилердің жүйесі мәжбүрлік көзқарасқа байланысты қалыптасқан. Егер адам олардың метафизикасының соңынан осы мәжбүрліктің соңына түсуге мәжбүр болса, алға қарай дамуды әңгіме қылудың қажеті жоқ. Канттың айтқаны сияқты еркіндіксіз мораль гүлденбейді. Онтология (болмыс ілімі) мен мораль арасындағы қайшылықпен бетпе-бет келген Абдух прагматикалық жақтан моральді таңдады. Абдух Құдайдың барлық нәрсені әуелден білетіні жайлы былай дейді: «Алланың барлық нәрсені білуі құлдың өз еркімен не істейтінін, орындағаны үшін марапатталатын амалын пәлен уақытта жүзеге асыратынын білуді қамтиды». Абдухтың пікірі бойынша, алдын ала білу адамның еркіндігі белгілі бір өлшемге қарай деп түсінбеген жөн: «Алланың барлық нәрсені білуі адамның қалаған нәрсесін таңдауға және шешіміне қарай әрекет етуіне тосқауыл бола алмайды». Алланың болған және келешекте бола¬тын нәрсенің барлығын білуі адамды бір нәрсені жүзеге асыруға мәжбүрлейді немесе оған кедергі болады деп түсінбеген жөн. Абдух адамның еркін екендігін дәлелдеу және түсіндіру мақсатында әр сапарында Декарт тәрізді ар -ождан үкіміне жүгінеді. Сонымен қатар күнделікті өмірде адамның амалдарына ықпалын тигізетін дұрыс ойлау да бұған дәлел ретінде ұсынылады. Ал ирада джузияны жоққа шығарсақ, Құдайлық әмірлердің мәні жоғалады: «Діни әмірлердің барлығы адамның жүзеге асырған амалдарына жауапты болған негізге сүйенген. Адамның амалдары өзіне тән болмаса, жауапкершілік ұғымы өз мәнін жоғалтады, ал өз қалауынсыз жүзеге асқан бір оқиғаға адамды жауапты қылу күші жетпейтін бір нәрсені істеу мәселесін дүниеге әкеледі, мұны ақыл қабылдамайды». Алайда бұл - адам кулли ирада иесі деген мағынада қолданылмайды: Алланың қалауы - шектеусіз, ал адамның қалауы - шектеулі. «Адамдық тәжірибеңізге көңіл бөліңіз, - деп жазады Абдух, - бір нәрсені істеуге ниеттену және істемеу, тіпті, дүниені басқаратын улы болмыстың бар екендігін айыра білу - барлығы тәжірибеде жасаған нәрсесі».

Исламдық термин - Джабрияның барлық нәрсені Алла тарапынан алдын ала белгіленген деп түсіндірген қазаны Абдух табиғатта орын алған және қалауға еркіндік бер¬ген себептілік принципі деп тәпсір жасаған. Басқаша айтар болса, «мәжбүрлілік» табиғат ғылымдарымен, тіпті, әлеуметтік ғылымдармен де сәйкестенумен қатар ақылдың жетекшілігіндегі адам қалауына белсенділік танытатын орын қалдырады. Ислам жиі қайталанып жатқан сияқты фаталистік дін емес. «Ислам діні фатализмді теріске шығарады», - деп жазады Абдух, - ирада джузияның бар екендігін Құранның қырық алты аятында ашық түрде және бұлтартпастан қуаттаған. Мәжбүрлікті баяндайтын кейбір аяттар кездессе де, олар әлемнің жалпы Құдайлық заңдарын түсіндіреді». Абдух пайғамбар мен сахабалардың әрекет иесі болғандығын, адамның еркін қалауға ие екендігіне байланысты тұрақты сенімге сенгендігін өмір - салттарымен көрсеткеніне мән берген. Фатализм ислам дініне кейіннен енген, мұсылман халықтарын қанауды мақсат тұтқан билеушілердің көздегеніне жетуге пайдасы мол көзқарас. Аталған мәңгүрттікке бастайтын сенімнің Абдухтың өмір сүрген дәуірінде ашық түрде байқалған ықпалдары шынайы діннің еркіндігі мен руханилығына оралуға бар қажыр-қайратын сарп еткен Абдухтың ақиқат жолына дәлел бола алады.

Мухаммад Абдухтың жақсылық пен жамандық түсінігі және ирада джузия жайлы ойлары бір-бірімен байланысты. «Таухид Рисаласы» атты еңбегінде жақсы мен жаман мәселесіне ерекше тоқталып өткен, оның ақылмен және уахимен (аян) байланысын зерттеген. Араб тіліндегі «жақсы» мен «көркемдік» мағынасын білдіретін хусн және «ұсқынсыздық», «жаман» мағыналарына сәйкес келетін қубх терминдерінің ортаға қойған формадан этика мен эстетика арасында параллельдікті құруға тырысты. Алдымен сенімдер (махсус), одан соң тануға болатын (мақул) әлемде қарастырылған әсемдік түсінікті кейіптегі әртүрлі өнер салалары, білім мен мораль тұрғысынан танылған формасында салыстырылады. Мутазила тарапынан негізі қаланған Абдухтың құрған аталған параллельдік Андре Лаланд ілімінде, Ф.С.С.Шиллердің және көптеген бүгінгі философтардың еңбектерінде орын алғандығы байқалады. «Көркемдік пен ұсқынсыздықты, - дейді Абдух, - ар-ожданымыздың қойған құралдары арқылы бір - бірінен ажырата аламыз». Индивидтердің талғамдары арасында айырмашылық болғанына қарамастан адамзат ортақ критерийге, табиғи сұлулық пен үйлесім сезіміне ие. Мухаммад Абдух үшіншісі ретінде болмыстар (әл-аку- ан) және адам амалдары (әл-афал) арасында параллельдік құрған: «Рухымызға амалдардың қалдырған әсері мен болмыстардың қалдырған әсері бірдей». Абдух «хусн» (жақсы) терминін каламшылар (мутакаллимин) қолданған үш негізгі мағынада қолданған болып көрінумен қатар, олардікінен де күрделі анализ жасаған және оған терең магына берген. Біріншісі -моральдық, ақылдық тұрғыдан жақсы — кемел, ал жаман - кемшілік. Екіншісі - жақсы екі пункт бойынша қарастырылатын үйлесімділік (мулаама) байланысына тең дәрежеде белгі салады: жанға жақындығына байланысты жаратылысымызға сай болуы ақыл-есі жоғары жануарлардың жақсы мен жаман арасына салған айырымынан айырмашылығы өте аз айырма және пайдалылық мағынасына сай келетін үйлесімділік байланысы жеке адам мен қоғам мүддесіне қарай бағытталады. Үшіншісі - жақсы дәріптеуге, жаман жиренуге лайық деп сипатталады. Ашарилер мен мутазилиттер алғашқы екі мағынадағы жақсының ақыл арқылы меңгерілетініне келіскен. Ал үшіншісі бойынша бір көзқарасты ұстана алмаған. Ашари каламшыларының пікірі бойынша хусн мен қубх жаратылыстардың табиғатында бар қасиет, жақсы немесе жаман, көркем немесе ұсқынсыз бейнеленуді қамтамасыз ететін қасиеттер емес. Ал оған қайшы түрде амалдарды көркем немесе ұсқынсыз екендігін сипаттайтын - шариғат, яғни Құдайлық әмір. Осылайшы заң шығарушының өзі шығарған үкімдердің критерийлері мен тәртіптерін қалаған уақытында өзгертуі бір тыйымның (хурма) үкімін жойып (насх), оған дейінгі тыйым салынған үкімді күшіне енгізуі (вуджуб) сияқты жақсыны жаман, жаманды жақсы етіп, жаңадан тәртіпке келтіріп, құндылықтардың оңын теріске айналдыруы түсінікті сипатқа айналады. Осы себепті ашари сенімінде мойындалған Құдайлық әмір ар-ожданға, тағдырмен бір-біріне оңай салыстыратындай өз алдына бір нәрсе ретінде көрініс тапқан. Мухаммад Абдух осы мәселеде жақсы жайлы оз пікірін қорғай отырып, Ибн Рушд, Фараби және мутазила көзқарастарын қолданған. Олар үш түрлі жақсы мен жаман арасындағы айырмашылықтың табиғи екендігін және оның дұрыс ойлау арқылы меңгерілетінін қуаттаған. Буған қосымша Абдух адамның осы түрлі-түрлі ар-ожданы арқылы игерілетінін жақтаған. Адам ақыл - есі мен табиғи ақылы бір әсердің шешімі немесе уахидің жетекшілігінсіз - ақ жақсы мен жаман арасындағы айырманы жүзеге асыратын қабілетке ие. Алғашқы қауымдық қоғамдардың тарихы мен жас балалардың шариғат мәнін игере алуы буған дәлел бола алады.

Абдухтың пікірі бойынша, ақыл қасиетті мәтіндердің өмірде көп марапатталатынын немесе жазаланатынын қуаттаған. Абдух сипаттаған осы принциптерден қорытынды жасай білген. «Адам, - дейді Абдух, - ақылы арқылы Алланың болмысына және сипаттарына сеніп, ақылын қолдана отырып, қол жеткізген осы мәліметімен рухтың өлмейтінін және онан басқа қорытындыны ақылдың көмегімен жасап, табиғи моральді анықтауға қасиетті жазбалармен қатар, ойшылдың қалыптастыруымен дүниеге келген құралдарға ешнәрсе кедергі бола алмайды. Абдух осы жолмен ілгерілеу арқылы ақылдың мүмкіндігін алға тартқан. «Әрине, мораль тек теориямен ғана шектелмейді, - дейді ол, -кейбір таңдаулы адамдар тарапынан жүзеге асады». Бірақ адамдардың барлығы дана бола бермейді. Десек те, адам баласы ақылдың жұмыс істеуіне жол бере бермейді. Адам әрекеттерінде қателіктерге, жамандықтарға бағыттайтын басқа қабілеттер мен факторлар да баршылық. Кейбір ерекшеліктерден басқа ақыл адамды бақытқа жеткізуге жеткілікті емес. Адамдардың көпшілігі әлгі бақытқа жету үшін сенімді жетекшіге, бір пайғамбарға мұқтаж. Адамзат тарихынан аян нәрсе: діннің, моральдық құралдардың адамдарға ұсынылуы олардың көпшілігі буған мұқтаж болуына байланысты. Осыған орай, уахи мен мораль бір-бірімен тығыз байланысты. Діни мораль, Құдайлық негізге не болуына орай, қол жеткізген нақтылықтан оны дерексіздендіргенімізде, табиғи моральдан ерекшелене бермейді. «Шариғат жақсыны да, жаманды да дүниеге әкелмеген, ол бізге ненің бар екендігін көрсету үшін келген, - дейді Мухаммад Абдух «Таухид Рисаласы» атты еңбегінде, - Шариғат белгілі негіздерге иман келтіруімізді қалаумен қатар, көркемдікті ақыл арқылы меңгеруге жол ашады». Мухаммад Абдух мұсылман ойшылдары арасында біршама тартыстың дүниеге келуіне себепкер болған таңдаулылар (хасса) мен қатардағы адамдар (каффа) мәселесін, қатардағы мүмін мен ойшылдардың қол жеткізген білімнің екі басқа екендігін қуаттап, Ибн Рушд жолымен жүрген. Абдухтың пікірі бойынша пайғамбарлық таңдаулы адамдарға қарапайым сатыдан жоғарғы деңгейге қалай жету жолын көрсетумен қатар барлығына жауапты қылғаннан артық ешкімнің мойнына ешнәрсе жүктемейді. Сонымен қатар, мысырлық ойшыл адамның көркемдік пен ұсқынсыздықты ажырата алатын табиғи қабілетке, Құдайдың берген қасиетіне ие екендігіне сенеді. Көркемдік тақырыбында барлық адамдар келісетін басты принциптері бар. Алайда, бұл қандай да бір көркемдік.

Алланың бұйырғанына байланысты сұлу емес. Керісінше, сұлу болғандықтан, Алла әмір еткен. Канттың терминологиясын қолданар болсақ, жақсы мен көркемдік, - деп қорытынды жасаған - императивтік ақыл.

«Жақсы» ұғымын ортаға қойған кезде Абдухтың ақыл белсенділігінің маңызына тоқталуы оның моральдық және әлеуметтік тұрғыдан үлкен мәнге ие практикалық нәтижелер шығаратынына сенгеніне байланысты. Мысырлық реформатордың мутазила рационализмінің қайта жандануы жағында болған осы ұстанымы мен еркін ойлау принципінің және кез келген тақырыпты зерттеу еркіндігі ислам әлемінде қайта бой көтеруіне қолғабыс жасауға талпынғаны айқын. Абдух осы салада, мәселен, мұсылман құқықшыларының шариғатты тәуелсіз және батыл түрде қолға алатын, бұйрықтар мен тыйымдарды ортаға қою үшін шариғатқа қайшы мен шариғатқа сайды заңдастырған кезде, сол күнге дейін жалғасып келген дәстүр - сөздік мағыналарына қатып қалмайтын, ақылға сай түрде заңдарды меңгеретін, қияс (салыстырма) жолы арқылы шығарылған қорытынды принципімен шектелмей, жаңа қасиеттерді еркін түрде зерттейтін және бүгінгі кезеңнің рухы мен талаптарына сай келетін шешімдерді исламдық заңнамамен үйлестіруді ойлаған. Қысқаша айтар болсақ, Абдух исламның соңғы бірнеше ғасырда идеялық тоқырау, еліктеушілік және монотондық саналарды рационализммен құтқаруға ұмтылды.

Жақсы мен жаман қоғамдық мәнге ие болғандықтан Мухаммад Абдух әуел бастан-ақ социологияға бейім болатын. Бүгінгі Мысыр тарихшыларының бірі - Мухаммад Сабри Мухаммад Абдухты «Мысырдың улы социологи және реформаторы», «кемелдік шыңын бағындырған тұлға» деп дәріптеген. 1295/1878 жылы Дару-л-Улум жогаргы оқу орнында Ибн Халдунның «Муқаддимасы» бойынша берген дәрістерінде ой-өрісінің кендігімен, әдістерінің сонылығымен көпшіліктің назарын аударды. Рашид Ризаның пікірінше, сол жылы Абдухтың жазған «Қоғам және тарих философиясы» атты кітабы әлгі лекциялардан құралған. Абдухтың аталған соңғы еңбегінің қолжазбалары 1296/1879 жылғы оқиға кезінде, өкінішке орай, жоғалғанына байланысты, оның социологиялық тұжырымдамасы жайлы пікірлермен танысу үшін, басқа еңбектеріндегі азды-көпті мағлұматтарға ден қою қажет. Абдух Огуст Конттың жаршысы және ұлы социолог - Ибн Халдунның пікірлерін жалғастырушы ретінде байқалады. Ибн Халдун сияқты Абдух тарихты шынайы білім мен философиялық ізденістер үшін қажетті жүйе деп білген. Оның алға қарай дамуды жақтағандығы «Таухид Рисаласы» атты кітабы мен Құранның мына аятына түсініктеме жасағанда айқын байқалады: «Адамзат тек бір ұлттан құралған». Абдухтың тарихи идеясына қарағанда Алла адамдарға сатылап жоғарылаған дүниетанымдарды ұсынған. Абдух тарихтың мемлекет қызметкерлері тарапынан зерттелуі және бұқара халық тарапынан құрмет көрсетілуі тиіс моральдық қырының бар екендігіне сенетін ойшылдардан құралған жолдың бір шеті деп білген. Абдух ужымдық турғыда өмір сүруге сай тарихи бір тенденция және мұқтаж болған адам баласының физикалық, идеялық және моральдық қажеттілігіне байланысты өзара сүйіспеншіліксіз және өзара көмексіз олардың бұл дүниеде қиындыққа тап болатынын алға тартқан. Өзара көмектесу идеясын ұсынған Абдух жазған Құран тәпсірінде қандай да бір әлеуметтік топтың мүшелері арасында бір-біріне деген қатынасқа мән бермегендерді сынға алған. Сонымен қатар Мухаммад Абдух бойынша өзара әлеуметтік көмек толығымен теориялық емес. Өмір бойы қоғамның қамын жеп өткен мысырлық социолог әлеуметтік тұрғыда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға басшылық жасаған. «Біздің қоғам сияқты қоғамдарда ниеттестік сезімі дамытылмаған», - деп қуаттайды ол. Абдух жаңа моральдық тәрбиені жүзеге асыру мақсатында адамдардың бірлік пен ынтымақтастық сезімінің мемлекет заңдарынан да ықпалы басымдылығына мән берді. Оның бір мақаласының бас жағында мынандай сөз орын алған: «Білім - ізгілік ағашының жемісі». Бірлік пен сүйіспеншілік жоқ жерде береке жоқ екені белгілі. Сондықтан, жаңа тәрбие міндетті түрде альтруистік сипатта болуы тиіс. Бұл тәрбиенің іргесі жанұяда жатыр. «Ерлермен тең дәрежеде жауапкершілікті мойнына алатын қыздарды тәрбиелеу ерлерді тәрбиелегені сияқты өте маңызды, - дейді, Абдух, -әйелдерді кейінгі орынға қалдыру, оларды сауатсыз, білімсіз ету - үлкен қылмыс». Мухаммад Абдух зерттеуінен шығатын нәтиже бойынша соттасудың 75 пайызы туыстар арасында болғаны байқалған. Аталған соттасудың басты себебі - жанұя мүшелерінің бір-біріне деген кек пен жек көрушілік. Абдухтың пікірінше, булар әлеуметтік мәселелерде қоғамдық тәрбиенің жоқтығына байланысты. Жанұя үшін маңызды болған мәселе - қоғам үшін де маңызды. Алла индивидтің ақылына міндеттеген функцияны адам баласының барлығына міндеттеген хабаршыларды (русул) адамдарға рақымшылығы үшін жіберген.

Абдухтың пікірінше, адамзаттың дамуы үш кезеңнен турады. Алғашқы кезең -адамдардың сенімдері анимизм болған, олардың қатынастары физикалық қам - қарекеттен кейде асып та отырған. Екінші кезең алғашқы кезеңнің тәжірибесін меңгерген адамның табиғат заңдары мен қоғамның құрылымын игеретін деңгейге жеткен пайғамбарлық дәуірі. Бұл дәуірде параллельдік тұрғыда қоғамдық тәрбиеге алғашқы қадам қоғам біртіндеп игере бастаған тәжірибе арқылы, екінші қадам күнделікті шарттарға сәйкес миссиялар мен қоғамға жетекшілік жасау міндетін алған пайғамбарлар уағызы арқылы жасалған. Мысалы, Иса пайғамбар зұлымдық пен қатігездікті басынан кешіргендердің рақымшылық пен сүйіспеншілік үшін кешірім сұрайтын кезең - өз дәуірінде бір миссияны орындауға міндеттелген. Ал Мухаммед пайғамбар шынайы рухани жауапкершілікті адасушылықпен сезінбейтін және мәңгүрттіктің үстемдік құрған кезеңінде белсенділіктің, біріктірушіліктің жаршысы болды. Ал біздің өмір сүріп жатқан үшінші кезең - қателік дәуірі. Пайғамбардан алыстаған сайын жүрегіміз тастай қатып, нәпсілеріміз басымдық таныту үстінде, қоғам парасаттылық пен моральдық қағидалардан алыстай түсті. Теологтар Құдайлық ілімді теріс бұрып, қасиетті жазбаларды адамға әсері жоқ қауқарсыз халге түсірді. Пәтуасыздық пен берекесіздік кемеріне келіп, адамдарды бір-бірімен шайқасуға, қателіктерге жетеледі. Абдух пессимист емес. Оның алға қойған басты мақсаты - әлемдік деңгейде ар-ожданды оятып, адамдардың бой ұсынуы тиіс дұрыс жол табу. Оған жету үшін ақыл мен парасаттылық ауадай қажет.

Мухаммад Абдухтың оптимизмі антикалық дәуірге тән стоицизмге, Сократқа және бүгінгі авторлардың ішінде Rousseau - гe жақын. Оның пікірі бойынша, адам жаман болып туылмаған. Ал жақсыға бейімділік оның жаратылысында бар қасиет және ол бейбітшілікке деген құштарлыққа ие. Абдух Алла адамдарды жануарлардан жоғары қасиет беріп жаратқан және бұл дүниенің иесі болуын қамтамасыз етумен қатар, ғарыштың құпиясын ашуға қабілетті ақылды да оған сыйлаған, одан басқа адамға не керек? - деп жазды. Алла рухымызға жаманнан қарағанда жақсыны жақын қылған. Демек, жақсы адамның табиғатында бар қасиет, сондықтан бір уағыз - насихат немесе еске түсіретін бір құрал адамның жақсыны игеруіне жеткілікті. Осыған орай, пайғамбарлар арқылы адамдарға жіберілген нұр адамның жүрегінен, рухынан орын алғанда қиындыққа тап болмайды. Бұл нұр - жаратылысында Алла тарапынан ненің орналасқанын білмейтін адамдар үшін бір ескертуші. Абдух адамның жақсыға бейім қасиетін сипаттау үшін араларындағы нәсіл, дін және өлке айырмашылығына қарамастан адамдарды бір қоғам деп білетін стоицизмнің әлемдік гуманизмін жақтауға дейін барған. «Өйткені, - дейді Абдух, - адамдар шыққан тегі мен ақылы жағынан бір-бірімен тең». Бұл - адамдардың ынтымақтастық ішінде өмір сүруіне басты себеп. Егер осы көзқараспен қарасақ, адамның барлығы бір әдет, бір мораль және бір байланыс арқылы бір-біріне байланған бір шаңырақ астында өмір кешкен жанұя болып табылады. «Бұл ойшылдарға қатты эсер етті, олар дінге, нәсілге, доктринаға фанаттық тұрғыда байланудан бас тартып, адамзатқа қызмет жасауға бет алды. Егер адам баласы өзінің жаратылысында бар жақсыны ортаға қойып, жер бетіндегі өзінің үстемдігін мойындаса, адамдарды бейбітшілікке, сүйіспеншілікке және келісімге жол бастайтын жаратылысында бар өнегелікті қуаттандыру арқылы парасатты қоғамды дүниеге әкеле алады. Мухаммад Абдух 1302/1884 жылы Уруада парасаттылық адамзатқа ортақ екендігін, бұлар адамзатты қорғап келгендігін, олардың күйреуіне жол бермегендігін қуаттаған.

Мухаммад Абдухтың өмірбаянын жазғандар оның өмір бойы ислам қоғамында діни реформалар жасауға тырысқандығына тоқталмай кетпеген. Бұл - белгілі бір дәрежеде ғана дұрыс. Егер Абдухтың атқарған жұмыстарын зерделеп көрсек, ілімін толық меңгерсек, мысырлық реформатордың моральдық реформаға да орасан зор үлес қосқандығы анық байқалады. Абдухтың пікірі бойынша, діни немесе философиялық проблемалардың көпшілігі моральмен байланысты. Сондықтан, Абдух барлық күш-жігерін моральдық реформаға арнаған. Абдухтың кейбір кең таралған діни сеніммен, әдеттермен, әрекеттермен күресуі, әділетсіздіктерді, әлеуметтік және саяси зұлымдықтарды кінәлауы, Азхардың оқыту әдістерін өзгертуге ұмтылыс жасауы ислам қоғамының моралінде реформаны жүзеге асыруына ұмтылыс болатын. Ислам әлемінде Абдухтың атымен бірге аталатын діндегі реформалау әрекетінің Абдух тарапынан моральда реформалық мақсатты жүзеге асыруға жарайтын құрал ретінде байқалғанын толық сеніммен атай аламыз. Осы жайлы ол былай дейді: «діндегі реформаның мақсаты - адамдардың сенімдерін және өздерін моральға жақын болуын қамтамасыз ететін және әлеуметтік жағдайын жақсартатын халге жеткізу. Мұсылман реформаторының алға қойған басты мақсаты ретінде діни сенімдерді айқындап алу, ондағы қателіктерді жою, осы қателіктердің нәтижесінде дүниеге келген діни жазбаларды қате түсінудің алдын алу, әсіресе, сенімдерді дұрыстау жолында адамдарды өнегелік қасиеттермен қамтамасыз ету болатын.

Байқалып тұрғаны сияқты, Абдух моральға реформа жасау үшін оған басты негізді діннен іздеген. Адам ақылы заман талабына сай дамымағандықтан реформаны діни ұғымдардан бастаған жөн. «Егер, - дейді Абдух, - реформатор діни характерлердің орнына ілім мен парасаттылыққа ден қойса, күші жетпейтін қорғанға тап болады. Егер дін моральді деңгейді көтеруге күші жетіп, адамзатты ең лайықты құралдармен бақытқа жетуге шақырып, дін ғалымдары діннің бұйрықтарына мүлтіксіз бой ұсынса, адамдарды дінге қайта бой ұсындыру олардың түсінуі қиынға соғатын жаңа бір жаңалық ашудан оңай болса, неге дінге емес, ықпалы төмен құралдарға бой ұсынбақпыз?»

Абдух реформасының мақсаты - мұсылман еместерге «жихадтың» ықпалын біртіндеп кеміту, мұсылман елдерінің саяси бірлігін жүзеге асыру. Абдух кейбір еуропалықтар ғана емес, басқа да қиялшылдардың фантазиясында орын алған, жалған деп саналған панисламистік идеялардан алыс болатын. «Әл-Уруату-л-Вусқа» журналын шығару тоқтатылғаннан соң, Абдухтың оқу-ағартушылық пен реформаға мән бергені байқалады. Абдухтың пікірінше, теория мен практика бір-бірімен тығыз байланысты және адамдардың амалдары мен ниеттерін бір-бірінен ажырату тұрғысынан ерікті. Негізінде Алла бастапқыдан - ақ моралист болатын. Азды-көпті үйлесімді діни жүйені құрудың орнына, тікелей адамдардың ар-ожданына эсер етуді ойлаған. Платон сияқты Абдух та жеткізу арқылы адамдарды әрекетке көшіретініне сенетін. Абдух ілімі мен жұмыстарының ықпалы зор болатын. Оның көзқарасы бойынша, каламдық және философиялық проблемалардың көбісі ирада джузия, пайғамбарлық және Алланың сипаттарына қатысты проблемалардағы сияқты моральдық шарттардан бастау алады. Абдух исламның моральдық принциптерін қайта жасақтау үшін қажет деп санаған тәрбиеге реформа жасауға тырысқан. Осы жолмен қол жеткізілген нәтижелер төңкеріспен қол жеткізілетін нәтижелер сияқты шапшаң түрде жүзеге аспаса да, одан да терең және берік болатынына сенімді еді. Өйткені, сатылап, әдіске негізделген реформалар күткен нәтижені беретіні анық. Оқу - ағартушылыққа жасалған реформалары және моральдық ерекшеліктері Мухаммад Абдухтың ислам әлеміндегі, әсіресе, Мысырдағы қол жеткізген берік те тұрақты ықпалын айшықтайды.

Абдухтың моральдық қасиетке мән беруі оның Құранға жасаған тәпсірінде айқын байқалады. Абдухтың пікірінше, Құран - бұл дүние мен о дүние бақытына жету үшін адамдардың моральдық жолбасшысы (әл-хидая) ретінде жіберілген қасиетті кітап. Қандай нәсілде, мәдениетте болса да, құранды түсіну әрбір мұсылманға парыз. Мухаммад Абдухтың пікірінше, ең басты мәселе Құранның тілдік мағынасына байланып қалмай, негізі мен жалпы мәнін ашу болғандықтан, Құранды бүтіндей филологиялық және грамматикалық тұрғыдан қарастырған Құран тәпсірлерінің еш нәрсеге жарамсыз екендігін бастапқыда - ақ ортаға қоюға тырысқан. Таң қаларлық халге түсіретін ескі араб өлеңдерін тіл білімі үшін негіз деп алған және құран мәтінінде грамматикалық тұрғыдан қиындықтың бар екендігін айтқан араб авторларын да ол сынға алды. Абдухтың пікірінше, тіл білімі құралдары үшін құран критерийін алу қажет. Сонымен қатар, кейбір авторлардың өзгелеріне таң қалған мына сүре, мына аят, мына сөз деп тоқталған деп айырмай барлығын бірден ақтара салатын мәлімет берушілікті де ол ұнатпаған. «Алла, -дейді Абдух, - есеп күнінде кітабы жайлы өзгелердің не дегенін және одан не түсінгенін емес, жіберген кітабын түсінгенімізді және сол бойынша амал еткенімізді сұрайды». Сондықтан, араларына ешбір айырма жасамастан бүкіл әдебиеттерді біріктіру нәтижесінде ортаға шыққан түсіндірмелер мүміндердің қателесуіне жол ашады және адамдардың амалдарына Құранның жолбасшылық жасайтын басты функциясының көзден ғайып болуына себеп болады. Абдухтың ұсынған танымы - Құран жайлы терең ойлаудың және аса мұқияттылық пен сезімталдық нәтижесінде қол жеткізілген ұғым. Мухаммад Абдух тәпсіршілер арасында пікірталасқа себепкер болған тақырыптарға кіріспеуге тырысты. Сонымен қатар, Құранды бөлек-бөлек күйде емес, біртұтас қарастыру қажеттігін, сырттай алуан түрлі болып көрінгенмен, оның түбіндегі уахидің тұтастығын тек осы жолмен түсіну мүмкін екендігін ескерткен. Абдух кейде Құранға картезиандық сипаттау әдісін де қолданды. Тек айқын мухкам аяттарға (мағынасы түсінікті аяттар) түсінуді, муташабих аяттарды (мағынасы құпия, астарлы аяттар) бір шетке ысырып қоюды, яғни, топтарға көзқарастарға бөлінуге себепкер болатын аяттардан аулақ болуды Абдух өсиет еткен. Абдух қасиетті жазбаларды ақылға ешқандай негіздемей, оның сыртқы мәніне тоқталумен шектелетін мушаббиха мен захири мектептерінің тәпсірлеріне үнемі қарсы тұрған. Мысалы, кейбір тәсіршілер Каусар сүресіне тәпсір жасаған кезде, Алланың пайғамбарға сыйлаған жұмақ бұлақтарының бірі - Каусар екендігін қуаттаған. Ал Абдухтың пікірінше, мұндай түсініктеме дұрыс емес, керісінше, Каусар адамдарға пайғамбарлар арқылы Алланың жіберген сыйы. Діни түсініктің ақиқаттығын жүзеге асыратын шартта жаратылған болмыстардан Алланың үстем екендігін, яғни оның теңдессіздігіне нұқсан келтіретін нәрсенің болмауын қадағалаған. Егер аяттың сыртқы мағынасы антропоморфтық (ташбих) сипатта орын алған мәтінмен бетпе-бет келсек, оның сөздік мағынасын бір шетке ысырып қойып, мәтінді түсіндіруге тырысуымыз қажет. Мухаммад Абдухтың тәпсірі аңыз - әпсаналарға толы діннің ақылға, рационализмге негізделген дінге айналуына себепкер болды. Құранда аңыздар мен негізсіз сенімдерге орын жоқ. Ислам діні - ақылға негізделген дін. Сондықтан, адам жеке көзқарастары мен субъективтік әсерлерге емес, нақты дәлелдерге немесе көпшілік мойындаған мәліметтерге (мутауатир) негізделген берік те тура тәпсір жасауы тиіс. Абдух кейбір тәпсіршілер ұсынған ұзын-сонар әңгімелер мен аңыздардың көпшілігін жоққа шығарған. Құранда аты аталған жерлер мен адамдар ерекшеліктерінің бүге - шүгесіне дейін мән берген тәпсіршілерге қайшы түрде олардың мәтінді түсіндіруге ешбір әсері жоқтығын алға тартып, Мухаммад Абдух қасиетті мәтіннің мазмұнынан сырт қалған мәселелерге кіруден аулақ болған. Мысалы, «Мына қалаға кіріңдер ...» деп басталатын Бақара сүресінің 58 аятында қандай қала жайлы баяндалғаннан аулақ болған. Будан соң келетін аятта да: «Залымдарға көктен азап түсірдік», - дейді. Абдух өз әдісін ұстана отырып, мұның қандай азап екенін түсіндіруден бас тартқан. Өйткені практикалық тұрғыдан мұның ешбір мәні жоқ. Мухаммад Абдухтың тәпсірі эволюция мен даму ұғымдарымен үйлесімді түрде Құранның әлемдік дәрежедегі жолдамасына екпін беруге тырысқан. Ескі тәпсіршілер көбінесе Құран аяттарына жеке мағына беруге немесе пайғамбардың өмір сүрген дәуіріне яки оған дейін дүниеге келген аймақтық оқиғалармен байланыстыруға тырысты. Мысалы, кейбір тәпсіршілер Такасур сүресінде сандарының көптігімен мақтанған және бірі тірі туыстарының өзгесінен аз екенін байқап, өздерінің көп екендігін дәлелдеу үшін өлген туыстарының мазарын зиярат (санаққа қосуға) жасауға дейін барған Ансардың екі тайпасын баяндаған. Абдухтың пікірінше, басқа да сүрелер сияқты бұл сүреге де аса ден қойып, оны таратып, түсіндірудің қажеті шамалы. Өйткені Құран бір адамға немесе бір топқа емес, бүкіл адам баласына үндеу тастайды. Мухаммад Абдух мектебі исламды бүкіл мәдениеттерге, бүкіл кезеңдерге және бүкіл халықтарға сай әлемдік дін деген принципке негіздеп жұмыс атқарады.

Прагматизм мен жеңілдетілген спиритуализм - Абдухтың тәпсір тақырыбындағы жұмысының ең басты ерекшеліктерінің бірі. Мухаммад Абдухтың тәпсірі бұқара халық арасында да, зиялы қауым арасында да материализм мен антропоморфизмнің және аңыздардың қателіктерін әшкерелеу арқылы діни сенімді айқындауға көп әсерін тигізді. Рашид Ризаның айтқаны сияқты Абдухтың тәпсірі Құранның рухани мәнін ақылға сай түрде ашуға тырысады.

Мухаммад Абдух бұқара халық пен зиялы қауым арасында кең таралған діни немесе әлеуметтік тақырыптармен байланысты кең таралған дүниетанымдық, дәстүрлік және моральдық түсініктерді сынға алған. Мұсылмандарға өз діндерінің ілімдерін күйреткендігіне байланысты кінә таққан. Ислам өкілдеріне, оның ішінде ғұламаларға ораза, дәрет сияқты қарым-қатынаспен шектелетін тақырыптарда болмашы ерекшелікке бола алаңдағандықтан, діни ілімдерді болмашы нәрсеге айналдырғандықтан айып таққан. Мұндай адамдар үшін дін күн көріс кәсібіне айналғандығын ол ашына жазды. Абдух дінмен ешбір байланысы жоқ кең таралған ұғымдардың, фаталистік сенімдердің өркен жаюына мұрындық болғандығын алға тартады. Ол мұсылмандардың діни өміріне кейіннен енген қате жаңалықтарды, яғни бидғаттарды да қатты сынға алған. Сонымен қатар ол ғұламалардың қате түсінген ескі мәтіндерді одан да адасқан күйде тәпсір жасаудан, түсініктеме беруден басқа ешнәрсе атқармағандығын, елдің қамын ойламағандығын, өздері өмір сүрген дәуірдің талап - тілектерінен хабарсыз екендігін және қайда болса да қоғамнан бөлектеніп өмір сүргендігін ашына жазған. Реформаның өздігінен жүзеге асуын күтпестен, өздерінің қоғамға де¬ген міндеттерін орындауға үндеу тастап, батыстық пікірлер мен әдеттерге еліктеуден бас тартып, өз мәдениеттерін дамытуға жерлестерін шақырды. Абдух сырттай емес іштей реформаның жүзеге асуын жан-тәнімен қалады.

Мухаммад Абдухтың қайтыс болғанына 30 жыл толуына орай, 1938 жылдың маусымында «әл-Устад әл-Имам» деген атпен оны еске алу мақсатында Каирде «Мұсылман жастар қоғамы» кеш ұйымдастырды. Кейін ұстаздық дәрежеге көтерілген оның шәкірттері мен үзеңгілес жолдастары Абдух пікірлерінің қаншалықты маңызы зор екендігі жайлы баяндамалар оқыды.

XX ғасырдың басында Абдух Мысырдағы білімнің, діннің, ұлттық патриотизмнің дамуына орасан зор үлес қосқан. Мысырлық оқымыстылар қауымы өздерінің рухани бастауын осы Абдухтан алған болатын. 1318/1900 жылы тығырыққа тірелген жас буын Абдухтың еңбектері арқылы жарқын жол тапты.

Мухаммад Абдухтың ерекше артықшылықтарының бірі оның халық арасында терең із қалдыруы М. Bougle - дың философ Фредерик Хаух жайында айтқандарын (Les Maitres de La Philosophie Universitaire en France, 1938) Мухаммад Абдухқа айтуға болады: "Рузани көсем ... реформатор, халық арасында ықпалы зор, адамдардың ақылына парасатты жол салған, жастарға шамшырақ сәулесін шашқан адам». Ұзын сонар әңгімеге ұласатын оның бер¬ген дәрістерінде екі жүзділікке, жалқаулыққа және фанатизмге қарсы ұстамдылық принципін ұстанған адам ретінде байқалған.

Оқу-ағартушылық, реформалық жұмыстар атқарумен қатар ол бізге пікірлерінің даму деңгейін көрсетті және әдеби тілді кітаптарын қалдырды. Алайда Абдухтың еңбектерін оқу мен оның замандастарына қалдырған әсерін тілмен жеткізу мүмкін емес.

Абдухтың Азхар төңірегінен тысқары жерлерде де шәкірттері бар болатын. Мухаммад Абдухтьщ шынайы шәкірттері заңгерлер, әсіресе Еуропада білім алған адамдар болуы назар аударарлық. Абдухтың қалдырған муралары мен адамгершілігі Мұстафа Абдуразиқ, Рашид Риза және Қасым Әмин сияқты философия, дін және қоғам реформаторларына үлкен тірек болды. Хусейн Хайкал Паша шәкірттері мойындай алмаған принциптерді халыққа ұстазының ықпалымен мойындатқанын айтқан. Абдух Батыстан алған жаңа методикамен дәстүрлі исламдық әдістерді үйлестіруге тырысқан. Барлығы да белгілі бір формада Мухаммад Абдухтың шәкірттері - заманымыздың ең басты авторлары тарапынан бір-біріне қарама-қайшы екі мектеп - модернистер мен дәстүршілдер арасында орта жол тапқан үшінші мектеп құрылды. Мухаммад Абдухқа дейін мысырлық ойшылдарға үлгі боларлық белгілі идеал жоқ болатын. Абдухтың Мысыр өміріне тұтастық пен айқындық әкелгенін айтуға жеткілікті себептер баршылық.

Генри Бергсон былай дейді: «Оның философиялық доктринасы маңызымен, дамытқан идеяларының ауқымдылығымен және негізін қалаған принципінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді». Осындай қарапайым принципке негізделгеніне қарамастан, философия, дін және қоғам сияқты үш түрлі салада тым болмағанда Мысырда реформаны жүзеге асыра білген Мухаммад Абдухтың іліміне деген мұндай көзқарас өте дұрыс.

1. Қоғамдық мектеп. Қасым Әмин. Мухаммад Абдух үшін ең басты тақырыптардың бірі -мұсылман әйелдерінің білім алуы мәселесі. Абдух ислам әлеміндегі әйелдердің өмір салтына әсер ететін әдеттер мен шарттарға реформа жасау қажеттігіне тоқталды. Бас мүфти шынайы исламның ерлерге берілген құқықты әйелдерге де бергендігін алға тартты. Әйелдердің әлеуметтік және рухани тұрғыдан артта қалуына байланысты себеп шариғаттың түпкі мәнін байқамай туындаған қателік болып табылады.

Мысалы, көп әйел алуға Құранда руқсат етілгенмен, бүл басты мәселеге жатпайтын кейбір тарихи қажеттілікке байланысты берілген руқсат екені даусыз. Шариғаттағы көп әйел алуды орындау қиынға түскендіктен, бұл руқсат тыйыммен, жоққа шығарумен тең дәрежеде. Көп ойланып, шариғаттың шынайы мақсатын түсінуге тырысқан адамдарға бұл исламның бір әйел алуды жақтағанын және бір әйелмен ғана тұруды идеал тұтқанын білдіреді. Мура жайлы үкім де осы типтес. Сондықтан, исламның шариғат заңдарына сай өзгерістер жасай отырып, білім алу мен тәрбиені жақсарту үшін қолда бар мүмкіншіліктерді қолдана отырып, әйелдердің қоғамда басты рол ойнауын уақыт өтпестен қамтамасыз ету қажет. Абдухтың пікірінше, балаларға білім беру қаншалықты маңызды болса, қоғамдық өмірдің ең ауыр міндетін арқалаған мұсылман әйелдерін білімсіз етіп, артта қалдыру кешірілмейтін қылмыс.

Осы жұмыстың жүзеге асуын тілеген Абдухқа оның нәтижесін көру нәсіп болмады, алайда қоғамдық реформаның жүзеге асуына куә болу Абдухтың үзеңгілес жолдастарының бірі - Мысырдағы әйел құқығын жалықпай, талмай қорғаған Қасым Әминге нәсіп болды.

Мухаммад Абдух сияқты Қасым Әмин де кертартпа ескілікке қарсы турды. Қасым Әмин дәстүрлі сенімге қайшы түрде ислам дінінің әйелді бағалағанын және әйелдің кейінгі қатарға қалуына ислам дінінің емес, кейінгі дәуірдегі мұсылмандардың себепкер болғандығын айтқан. Мысыр қоғамының проблемаларын шешуге атсалысқан Қасым Әмин әйелдердің сауатсыз, артта қалуына байланысты елдің жартысы әлеуметтік тоқырауға тап болғанын байқаған.

Қасым Әминнің мұсылман әйелдерінің мәселесін шешуге бағытталған реформаларын екі қырмен түсіндіруге болады. Бастапқысы - әйелдерге деген қарым-қатынас пен оларға білім беру мәселесі. Келесісі - мұсылмандық теологтар мен құқықшылардың діни авторитеттігімен танылған адамның насихаттарын мүлтіксіз орындаудан бас тартып, заман талабы мен қажеттілігіне лайықты жол табу: қазіргі насихат шариғаттың негізі мен принциптерінен алынумен қатар, ұлттың пайдасы мен бүгінгі күннің шарттарымен оларды үлестіру.

Тірі кезіндегі Қасым Әминнің болмашы үні өзі қайтыс болған соң үлкен аймақты қамтитын жаңғырыққа айналды. Көп уақыт өтпей-ақ мысырлық әйелдер журналистикалық қызметке ұмтылды. Барлық шынайы ояну әйелдердің әлеуметтік өмірінің реформасын шарт деп білген ерлер де ортаға шықты. Осылардың кейбірі фенимизмді жақтай отырып, әйелдердің ерлермен тең екендігін алға тартып, әйелдердің еркіндігін және білім алудың қажеттілігін уран еткен «Ас - Суфур» атты журнал шығарды.

1337/1918 жылы ұлттық құқықты қорғау мақсатында мысырлық әйелдер ерлердің алдына шыққандығын байқаймыз. Мысырлық лидердің жары - Сафия Зағлул халықтың сүйіспеншілігіне ие болып, «мысырлықтардың анасына» айналған.

1. Діни мектеп: Рашид Риза. Рашид Риза Мухаммад Абдух діни ілімінің түсіндірмешісі ретінде танылған. Мухаммад Абдухтың шәкірттері арасында пікірлері мен өмірі жайлы қалам тартқан ұстазының естеліктерін танытқан ізбасары Рашид болатын.

Рашид Риза Сирияньщ Каламун ауылында дүниеге келген. Еліндегі оқу орындарында исламдық тәрбиені аяқтағаннан соң, діни, әдеби жұмыстарға кіріскен. Ол бастапқыда суфизмге ден қойған. Алайда, Абдух пен Афғанидің шығарған «Әл-Уруату-л-Вусқа» журналы оны қатты әсерге қалдырды және оның басқа бағытты таңдауына итермеледі. Рашид Риза 1315/1897 жылы Мысырға көшіп келді. Халқы мен дініне қызмет жасауды мақсат тұтқан Рашид Риза Сириядағы шарттар өз ойын жүзеге асыруға мүмкіндік бермегендіктен, оны Мысырда жүзеге асыруды ойлады. «Философиялық және жеке басыммен қажыр - қайратымды дінге қызмет жасауға жұмсау мақсатында Жамаладдинге қосылуға ниеттендім. Афғани өлген кезде, оны өлтірген Абдулхамид саясаты екендігі анықталғанда Осман империясында өмір сүру қиынға соғатынын сездім және ой еркіндігіне мүмкіндік береді деп ойлап, Мысырға кетуге бел байладым. Онда қол жеткізуге болады деп жоспарлаған нәрсем Мухаммад Абдухтың бұл елде жүзеге асырып жатқан реформаларының мәнінен, тәжірибесінен және қызметінен пайдалану болатын». Рашид Риза «Тарих» атты еңбегінде осы лай деп жазған.

Рашид Риза Каирге келмей-ақ Мухаммад Абдухпен байланыс жасады. Өзінің айтқаны бойынша ұстазының көлеңкесі сияқты оның артынан қалмаған. 1898 жылдың наурызында олар исламның рухына шеттен келген әдеттер мен тәжірибелерді сынға алу, діни сенімдерге кейіннен енген жаңалықтардың қателіктерін анықтау және білім беру әдістері мен дәріс кітаптарын қайта жасақтауды жаңарту, білімге деген құлшынысты ояту мақсатында «Әл-Манар» журналын шығара бастады.

Ұстазының ізін басқан Рашид Риза ықпалды реформаны жасауға ниеттенген адамның барлық дәуір мен адамдардың қажеттілігімен үйлескен Құран мен Сүннеттің құрылымына бой ұсына отырып, жүзеге асыруды ұсынған. Рашид Риза «Әл-Манарды» шығарған күннен бастап, мұсылмандардың сезімдік тақырыптарда да, ғибадатқа байланысты мәселелерде де белгілі бір имамның жолымен жүрмегенін қайталаумен болды.

Мухаммад Абдухтың салған жолымен жүре отырып, Рашид Риза мысырлық ұстаздың либералдық модернизмін жалғастырды. Сонымен қатар Laoust-тың пікірінше даму үстіндегі Еуропа ықпалына қарсы уақыт өте келе консервативтенді.

Рашид Ризаның ұстазы салған жолдан ауытқыған тұстары да баршылық. Лорд Кромерден алынғаны сияқты (Мысыр, 1906) Мухаммад Абдух «шынайы Мысыр патриоты болатын», яғни Мысырдағы ұлттық рухтың оянуына ұстаздың басты ролді ойнағаны айқын. Ал Рашид Риза болса, панисламизмнің жаршысы болатын. Ұлтшылдықты исламға бутіндей жат элемент деп білген ол Мысыр әдебиетіндегі секулярлық тенденцияның белең алуына қарсы турды. Таза Хусейннің исламға дейінгі әдебиет және Али Абдурразиқтың халифалық мәселесінде алға тартылған, кең таралған сенімдерге қайшы келетін тезистерін сынға алған кезде, ұстазының салған сара жолынан ауытқығаны анық. Сонымен қатар, Рашид Ризаның консервативтік модернизмі бүгінгі күні Мухаммад Абдухтың ойларымен үйлесім тапқан Батыстан бастау алатын секулярлық модернизмге өз орнын босатып берді.

1. Философиялық мектеп. Мұстафа Абдурразыц. Мустафа Абдурразиқ Азхарды 1326/1908 жылы 23 жасында бітіріп, одан соң оқуын Францияда жалғастырған. Қосымша Эмиль Дюргкеймнің социологиялық лекцияларына қатысқан Сорбоннада біршама уақыт білім алғаннан соң, араб әдебиеті мен ислам құқығы дәрістерін жалғастыру мақсатында Лион университетін бітірді.

Мысырға қайта оралған кезде, Азхар университетінің бас секретары қызметіне кіріскен Абдурразиқ бұл университеттің Мухаммад Абдух жолымен дамуында белсенділік танытты. Шариғат соттары инспекторлығын атқарған кезде, мысырлық және шет елдік адамдардың көмегімен талапқа жауап беретін жоғары дәрежелі университеттің ашылуы жолында еңбек етті және мәдени тақырыптарға I Дүниежүзілік соғыс кезінде конференцияларға қатысты. Шайх Абдурразиқ Мухаммад Абдух атымен конференция ұйымдастырды.

Мысыр университеті ресми түрде ашылған кезде университетке оқытушы ретінде шақырылған Абдурразиқ университеттің алғашқы ислам профессоры атанды. Әдебиет факультетінде лекция оқыған шақта ол «Prolegomena to the Study of Islamic Philosophy» (Ислам философиясын зерттеуге кіріспе) атты жарық көрген лекциялар жинағында басты мұсылман дүниетаным мектептерін зерттеген. Негізгі мәселелердің алуан түрлі қойнауларына мән берген кезде, ислам философиясының түпнұсқа емес екендігін паш еткен ориенталистік шабуылдарды байыппен, ұстамдылықпен қарсы алды. Төрт элемент ұғымын грек философиясынан алғанымен мұсылмандық мәдениет пен әдістер өздеріне тиесілі. Шынайы ислам философиясын Фараби мен Ибн Синаның философиясының орнына мұсылман құқық жүйесінің құралдары мен каламдық тұжырымдамалардан іздеген жөн.

Мұстафа Абдурразиқ Каир, Азхар университетінде жұмыс атқарумен катар Мысыр институтында және Мысыр академиясында араб тілі бойынша қызмет атқарды. Ұзақ уақыт вакуфтар министрі ретінде жұмыс атқарған Мұстафа Абдурразиқ ұлттық кеңесте Діни қоғамдар мен вакуф комиссиясын басқарды. Абдурразиқ 1369/1945 жылы Мысыр Философия Қоғамының құрметті жетекшілігіне сайланды. Шайх әл-Марағидің артынан Азхар университетінің ректоры ретінде еңбек жолында биік шыңға жоғарылады. Бұл ислам әлемінің шайхы дәрежесіндегі үлкен ретбе болатын. Ол Азхарға шет тілін енгізді, студенттердің шет елде білім алуына жағдай жасады. Университетте тіл пәндерін оқыту үшін ректор Азхар университетінің ізденушілерін Франция мен Англияға жіберді. Угандаға ол мұсылман миссионерлерін жөнелтті. Сонымен қатар исламның қасиетті жерлерінде зерттеу жүргізу мақсатында зерттеушілерден құралған отрядты Хиджазға жөнелтті.

Шайх Абдурразиқ ислам философиясы бойынша бірнеше еңбектерді дүниеге әкелген. Оның философиясы жомарттық, толеранттық және адам сүйіспеншілігі мен альтуристік, парасаттылық философиясы болатын. Адам дүниетанымының дүниеге келуінен бастап, тарихи оқиғалардың құбылуын қамтамасыз ететін құрал философия екендігін қуаттаған: бұл тек өзі үшін емес, өзгелер үшін де өмір сүру философиясы, әлемнің негізгі сипаттамасы - жомарттық пен сүйіспеншілікті жүректеріне ұялатқандардың философиясы, қаһармандық философиясы болатын. Алғаш рет шығыстық пайғамбарлар тарапынан практикаға енгізілген бұл философия кейіннен Сократтан бастап, Платонға, Плотинадан Фарабиге, Декартқа, Декарттан Кант пен Гандиге дейін жалғасқан философтар тарапынан насихатталған. Аталған философтар бірі көбінесе, діннің негізіне онша мән бермесе, бірі терең ой арқылы діннен тірек тауып, сүйіспеншілікті парасаттылықтың шыңы деп біліп, жомарттық философиясын жақтаған және оны практикада жүзеге асырған.

Мұстафа Абдурразиқ сүйіспеншілікті жаратылысымызда бар қасиет деп білген, онымен бәсекелес болуға тырысқан менмендікті жоя білсек, сүйіспеншіліктің өркен жаятыны белгілі деп білген. «Бүкіл философтарды қосқанда барлығымыз бір тұтастықтың бөлшегіміз, - дейді Абдурразиқ, - ал бөлшектің алдындағы басты міндет - тұтастықтың пайдасына қарай жұмыс атқару. Әлгі бөлшектер - бүкіл адамзат баласы. Ол осы тұтастық потенциалын сезіне білуімізді және осы үлкен жанұяның бір мүшесі екендігін сезінуді қамтамасыз ететін либералдық ағартушылықтың қажеттігін қалады. Сонымен қатар Мұстафа қоғамдық жамандықты жоятын күш ретінде жан дүниеміздегі сүйіспеншілікті күшейтетін мораль реформамен жүзеге асатынын алға қойған. Демек, қоғамдық келісім мен өзара көмек қолын созу осылай жүзеге асады.

Бұл философия адамның парасатты адамдарға тән қабілетті қажет ететін жүрекпен тікелей байланысты философия болатын, ал қажырлы еңбектің арқасында тұрақтылықты қамтамасыз ететін парасаттылықты байқаған Абдурразиқ оны күнделікті өмірге енгізуге тырысты. Мухаммад Абдухтың ұясынан ұшып шыққан қырандардың бірі - Абдурразиқ ұстазының үмітін ақтай білді. Мұстафа Абдурразиқ Абдух жайлы еңбектер жазып, оның «Таухид Рисаласы» атты кітабын француз тіліне аударумен қатар шәкірттеріне Мухаммад Абдухтың ілімін үйрету жолында талмай еңбек етті. Реформатор Абдух тарапынан жағылған шамшырақ сәулесінің келер буынның ақиқат жолын табуына көп пайдасы тиді.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙