TELEGEI

Home

Бақа ханшайым

Александр Афанасьев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бақа ханшайым

Бақа ханшайым

Áà¢à Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды

Ертеде шал мен кемпір болыпты. Олардың жалғыз қызы бар екен. Бір күні кемпір дүниеден қайтып, шал басқа әйел алады. Алған әйелі өте жаман адам еді. Әкесі жоқта қызды ұрып, күн көрсетпейтін. Тіпті, одан құтылудың жолын ойластырады. Бірде ол қызға: – Менің апайымның үйіне бар. Ине-жіп сұрап, жейдеңді тігіп кел, – деп жұмсап жібереді. Өгей шешесінің апайы нағыз мыстан кемпірдің өзі болатын. Қыз жолға шығады. Бірақ, алдымен өз туысының үйіне кіріп: – Өгей шешем апайының үйіне «жейдеңді тігіп кел» деп жұмсады, – дейді. Апайы қыз бара жатқан мыстан кемпірді білетін. Ол біраз ойланып: – Қызым, қайтар жолыңда кедергілер көп болады. Олардан құтылудың амалын тыңда. Алдымен аққайыңды көресің. Оған таспа* байла, болмаса бұтақта ры көзіңді сырып кетеді. Қақпалар сықырлап жолыңды бөгемес үшін, май құй. Иттер үрмесін десең, нан таста. Ал, мысыққа шұжық бер. Әйтпесе, бетіңді тыр нап алады, – деп ақылын айтады. *Таспа – жалпатау және зынша етіп арнайы жасалан бау.

Қыз апайымен қоштасып, жолға шығады. Ұзақ жүріп, бір ағаш үйге жетеді. Онда мыстан кемпір отыр екен. Қыз кемпірмен амандасып: – Мені өгей шешем «жейдеңді тігіп кел» деп сізге жұмсады, – дейді. – Жарайды, кел, отырып тіге ғой. Қыз ине-жіп алып, жейдесін тігуге кіріседі. Мыстан сыртқа шығып, қызметшісіне: – Бар да, жақсылап монша жақ, қызды жуындыр, кешкі асқа даярла. Бірақ абай бол, оны көзіңнен таса қалдырма, – дейді. Мұны естіген қыз үрейленіп, қызметшіге: – Әпкетай, отынды жәйлап салшы, суды елекпен әкелші, – деп өз орамалын береді. Ал кемпір сыртта тағатсызданып, ары-бері күтіп жүр. Біраздан кейін ол терезенің тұсына келіп: – Тігіп отырсың ба, айналайын? – деп сұрайды. – Иә, апа, тігіп отырмын, – деп жауап қайтарады қыз. Мыстан әрірек кеткен соң, қыз мысыққа шұжық береді де: – Маған жалмауыз кемпірден құтылуыма көмектесші, – деп жалынады. – Мына сүлгі мен тарақты ал да қаш. Мыстан сені қуады. Оның қай жерде келе жатқанын білу үшін құлағыңды жерге төсеп, тың тыңда. Тасырлаған дүбірді естісең, кемпірдің жақындап қалғаны. Осы кезде сүлгіні лақтыр. Ол ұзын өзенге айналады. Тағы жақындап қалса, тарақты лақтыр. Бұл ну орманға айналады. Мыстан одан өте алмас, – дейді мысық. Қыз мысықтың бергендерін алып, қашады. Алдынан иттер шығады. Қыз оларға нан тастайды. Иттер қызды жібереді. Енді ол қақпаға келіп, сықырламас үшін оған май құяды. Қақпадан өтіп, аққайыңға жетеді. Көзін сырып алмас үшін қыз ағашқа таспа байлайды да, алды-артына қарамай жүгіре жөнеледі. Осы уақытта Мыстан терезенің тұсына тағы келіп: – Тігіп отырсың ба, қызым? – дейді.

– Мияу, тігіп отырмын, апа, – деген іштен мысықтың даусы естіледі. Мыстан қыздың жоқ екенін біліп, мысық пен иттерге, қақпа мен ақ қайыңға: – Неге бетін тырнамадың?! Неге таламадың?! Неге жібердің?! Неге көзін сырмадың?! Сен неге айтқанды орындамадың?! – деп қатты ашуланады. – Мен саған қаншама жыл қызмет етіп келемін. Сен маған қу сүйек те тастамадың. Ал ол шұжық берді! – деп жауап береді мысық. – Ал біз сенен, ең болмаса нанның қоқымын да көрмедік. Ол бізге бүтін нан берді, – дейді иттер. – Ол маған май құйды. Ал сен су да тамызбаған едің, – дейді қақпа. – Жіпті де қимаған едің, ол бұтақтарыма таспа байлады, – дейді қайың. – Мен саған көп жыл қызмет етіп келемін. Осы уақытта сенен, ең болмаса шүберек те көрмеппін. Ол маған орамалын тарту етті, – деп қызметші әйел наразылығын білдіреді. Мыстан кемпір қызметшісін, мысық пен иттерді қуып жібереді. Ал қақпа мен аққайыңды жұлып, лақтырып тастайды. Содан кейін дереу келісіне отырып, сыпыртқысымен итеріп, қыздың артынан қуа жөнеледі. Жүгіріп келе жатқан қыз біраз уақыт өткен соң құлағын жерге төсеп, тың тыңдайды. Тасырлаған дыбысты естіп, мыстанның жақындап қалғанын біледі де, сүлгіні лақтырып жібереді. Сүлгі жайылып, ұзын өзенге айналады. Кемпір судан өте алмай, үйіне оралады. Өгіздерін алып, кері қайтады. Өгіздер өзеннің суын тауысып, ішіп қояды. Мыстан қызды қайта қуады. Ол жақындап қалғанда, қыз тарақты лақтырып жібереді. Тарақ жерге түсіп, ну орманға айналады. Қыздың бағына қарай, мыстан орманнан өте алмай, артта қалады. Ал енді үйдегі жағдайға оралайық. Бірталай уақыт қызын көрмеген әкесі, оны іздестіре бастайды.

– Апайының үйіне қонаққа кетті, – деп әйелі оны алдап қояды. Осы кезде қыз жүгіріп келіп, жылап әкесін құшақтай алады. Оған болған жағдайды түгел баяндайды. Қатты ашуланған шал әйелін үйінен қуып жібереді. Сөйтіп, қыз қатыгез өгей шешесінен құтылып, әкесімен бірге ұзақ та бақытты өмір сүреді.

Баяғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті. Оның ер жеткен, сымбатты үш баласы болыпты. Үшіншісінің аты Иван екен. Бірде әкесі ұлдарын шақырып: – Балаларым, садақтарыңды алып, оны қалаған бағыттарыңа атыңдар. Жебелерің кімнің ауласына түссе, сол үйдің қызына үйленесіңдер, – деген өз шешімін естіртеді. Айтты, бітті. Үш жігіт құрал-саймандарын асынып, аулаға шығады. Алдымен садақты ең үлкен ағасы тартады. Оның жебесі бай үйінің терезесіне кеп қадалады. Екінші кезек ортаншысына тиеді. Бұның жебесі саудагердің шатырына барып тіреледі. Ал, кенже ұлы Иванның зымырай ұшқан жебесі саз балшықты мекен ететін бақаның жанынан бір-ақ шығады. Сөйтіп, патшаның балалары өздеріне бұйыртқан қалыңдықтарына құда түседі. Үлкені бай қызына, екіншісі саудагердің қызына, Иван бақаға үйленеді. Бір күні патша келіндерін сынамақ болып, ұлдарына: – Әйелдерің маған ертеңгілік асқа үлпілдеген нан пісірсін, – деп бұйырады. Басы салбырап Иван ханзада үйіне келеді. Оны көрген бақаға тіл бітіп: – Иван, неге мұңайып отырсың? – деп сұрайды.

– Мұңаймай қайтейін, әкем саған ертеңгілік асқа үлпілдеген нан пісірсін деді. – Қайғырма! Барып ұйықтай бер. Таңғы нәсіп – тәңірден, бір мәнісі болар. Иван төсегіне барып жатады. Ханзада ұйықтасымен, бақа терісін шешіп, сұ лу қызға айналады. Бұл Василиса ханшайым еді. Ару үйдің шатырына шығып: – Тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсірген аяулы анала рым, жиналып, қамданып, маған келіңдер, көмектесіңдер. Таң атқанша әкемнің үйіндегідей үлбіреген нан пісіріп беріңдер! – дейді бар даусымен. Ертеңіне ханзада оянса, бақаның наны дайын екен. Иван иісі аңқыған нан ды алып, сарайға келеді. Әйелдері пісірген нандарын көтеріп ағалары да жетіпті. Патша алдымен үлкен ұлының нанынан дәм татып, оны ұнатпайды. Екінші ұлынікі де ойынан шықпайды. Тек Иван әкелген нанға көңілі толып: – Нан деп осыны айт! Бұл тойларда жеуге лайық ас екен, – деп мақтайды. Содан соң патша ұлдарына келесі шартын қояды: – Енді, әйелдерің бар өнерлерін салып, бір түннің ішінде әдемі кілем тоқысын! Тағы да басы салбырап, Иван ханзада үйіне оралады. Мұны көрген бақа: – Не болды? Көңілсізсің ғой, – деп сұрайды. – Әкем саған «бір түннің ішінде керемет кілем тоқысын» деді. – Налыма, барып дем ал! Таңғы нәсіп – тәңірден, бір мәнісі болар, – дейді бақа. Ханзада ұйықтасымен, ханшайым тағы да үйдің шатырына шығып: – Тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсірген аяулы аналарым, жиналып, қамданып, маған келіңдер, көмектесіңдер. Ертеңге дейін жібектен кілем тоқып беріңдер! – дейді дауыстап.

Таң атады. Ұйқысынан оянған Иван жарқыраған кілемді көреді. Оны орап, сарайға келеді. Ағалары да кілемдерін құшақтап жеткен екен. Патша алдымен үлкен ұлының кілемін көріп, жақтырмайды. Екінші ұлының кілемі де ұнамай, екеуін атқораға жібертеді. Тек Иванның кілеміне таң қалып: – Міне, қалай тоқу керек! Бұл тек үлкен мерекелерде ға на төсеуге лайық кілем емес пе?! – деп риза болады. Патша енді балаларына: – Ертең үшеуің әйелдеріңді алып, алдыма келіңдер! – деген үшін ші шартын айтады. Мұны естіген Иван ханзаданың ұнжырғасы мүлдем түсіп, үйіне оралады. Оның көңілсіз түрін көрген бақа ханшайым: – Не болды, неге сонша мұңаясың? – деп сұрайды. – Қуанарлықтай хабар жоқ, әкем бізге «әйелдеріңді алдыма алып келің дер» деді. Сені оларға қалай көрсетемін? – Қайғырма! Бір мәнісі тағы болар. Ертең сарайға өзің жалғыз бара бер. Мен артыңнан келемін. Тасырлаған дыбыс естілген кезде: «Бұл күймемен келе жатқан менің келіншегім» дерсің, – дейді бақа. Таң бозарып атады. Патшаның алдына әйелдерін ертіп екі ағасы мен Иван ханзада келеді. Ағалары жалғыз тұрған інісін мазақтап күледі. Осы кезде тасырлаған қатты дыбыс шығып, жер сілкінгендей болады.

Сонда Иван ханзада:

– Қорықпаңдар, бұл күймемен келе жатқан менің

келіншегім, – дейді.
Иванның ағалары келіншектерін ертіп, сыртқа
шығады. Есік алдына алты атқа жегілген алтын
күйме келіп тоқтайды. Ішінен әсем киінген Васи-

лиса шығады. Өзі өте әдемі, сұлулығын сөзбен ай-
тып жеткізе алмайсың. Мұны көргендер аң-таң.
Василиса ханшайым күймеден түсіп, Иван хан-
задаға еріп ішке кіреді.

Патша балалары мен келіндерін дастарқан
басына шақырады. Олар дәмнен алып, әңгіме-
дүкен құрады. Василиса ет жеп болып, сүйек-
терін байқатпай оң жақ жеңіне салып жібе ре-

ді. Шарап ішіп, қалғанын сол жақ жеңіне құя
салады. Отырыстың қызған шағында ол Иван
ханзадамен ортаға шығады. Билеп жү ріп,
сол қолын сермеп қалады. Осы кезде көл пай-

да болады. Оң қолын сермегенде, көлде аққу лар
жүзіп жүреді. Мұндай кереметті көрген патша
балаша мәз болып, кіші келініне өз ризашылы ғын
білдіреді.

Василиса келгеннен бойларын қызғаныш сезім би-
леген патшаның үлкен екі келіні ханшайымның әрбір
қимылын бақылап отырған еді. Олар да қалыспай, сол
жеңдеріне шараптың қалғанын құйып, оң жеңдеріне сүйек-

саяқты салып, ортаға шығады. Билеп жүріп, сол қолдарын сілтеп жібереді. Шарап отырғандардың бетіне шашырайды. Оң қолдарын сілтегенде, сүйектер жан-жаққа ұшып, біреуі патшаның дәл көзіне тиеді. Патша ашуланып, оларды сарайдан қуып жібереді. Осы кезде Иван ешкімге білдірмей сыртқа шығады. Жүгіріп үйіне жетеді де, әйелінің бақа терісін отқа салып жібереді. Артынша Василиса ханшайым да оралады. Келіп өзінің «киімін» іздестіре бастайды. Терісі жоқ. Оны Иванның жағып жібергенін біліп, қатты қайғырады. – Аһ, Иван! Сен не істедің? Аз уақыт күткеніңде, мәңгіге жаныңда қалар едім. Енді қош бол! Мені іздесең көз көрмес, құлақ естімес жердегі Кащейдің* қолынан табасың, – деп, Василиса аққуға айналып, ұшып кетеді. Иван ханзада бұл ісіне қатты өкінеді. Қайтсе де Василисаны іздеп таппақшы болып, басы ауған жаққа бет алады. Ол тоқтамастан күн, түн жүріп, әйтеуір шаршап-шалдыққан бір мезетте жолаушылап келе жатқан қарияға жолығады. – Күйлі қуаттымысыз, ақсақал? – дейді амандасып. – Рақмет, балам, қайда бет бұрдың? – деп сұрайды одан қария. Иван оған болған жағдайды түгел баяндап береді. – Иә, Иван ханзада, – деп қария күрсінеді. – Василиса – патша қызы. Бала күнінен өте данышпан, зерек болды. Ақылы, тіпті, өз әкесінен асып түсті. Бірде ол әкесіне қарсы келіп, оны ашуландырып алған еді. Осы қылығы үшін патша қызын «үш жыл бақа болып бақылдап жүр» деп сиқырлап тастады. Жә, болар іс болды. Мына шүйде жіпті ал, бұл саған жол көрсетеді, – деп сөзін аяқтайды. *Кащей – орыс халық ертегілерінде кездесетін жағымсыз кейіпкер, қу сүйек, арық, жауыз шал, мәңгілік өмір иесі.

Иван қарияға алғысын білдіріп, шүйде жіптің соңынан ілесіп жүріп отырады. Бір кезде алдынан аю шығады. «Мына аюды өлтірсем қайтеді?» деп ойлайды Иван. Ханзаданың бұл ойын сезген аю: – Мені өлтірме, Иван ханзада! Саған бір пайдам болар, – деп сөйлеп кетеді. Иван аюға тимей, жөнімен кетеді. Кенет, төбесінен үйрек ұшып өтеді. Ханзада лезде жебесін алып, дәлдей бастайды. – Иван, ата көрме! Менің де бір пайдам тиіп қалар, – дейді үйрек. Ханзада құсты өлтірмей, жолын жалғастырады. Енді алдынан қоян жүгіріп шығады. Иван бұл жолы да жебесін алып, оны дәлдемек болады. Сонда қоян: – Өлтіре көрме, Иван ханзада! Мен саған әлі қажет боламын, – деп жалынады. Иван қоянды өз бетімен жібереді. Осылай тоқтамастан ұзақ жол жүрген ол, Көк теңізге келіп жетеді. Жағалауда әрең тыныс алып жатқан шортан ба лыққа тап болады. Шамасы, оны толқын әкеліп тастаған болуы керек. – Иван ханзада, маған бір мейіріміңді түсір. Суға зар болып жатырмын, мені теңізге қоя бер, – деп балық жалынып-жалбарынады. Иван шортанды суға жібереді. Осылай шүйде жіп домалап барып, жағалауда ғы ағаш үйге келіп тіреледі. Бұл түйе тауықтың аяғындай екі аяғы бар үйшік еді. Иван ханзада оған: – Құс аяқты үйшігім, Дем алсам ба деп едім? Есігің теріс қарап тұр, Енді оны маған бұр! – дейді. Осы кезде теңізге қарап тұрған құс аяқты үйшік бұрылып, Иванның алдынан есігі ашылады. Іште, пеш үстінде Мыстан кемпір жатыр екен. – Әй, жас жігіт, неге келдің? – дейді ол тісін қайрап.

– Ау, апа, алдымен құр жатқанша, мені тамақтандырсаң етті?

– дейді ханзада.

Мыстан Иванды тамақтандырады. Біраз тынығып, әлденіп
алған ханзада кемпірге болған жағдайды түгел баяндап бе ріп,
көмек сұрайды.

– Қызды босату өте қиын. Ол үшін өлмес Кащейді өлтіру

керек. Ал, оның жаны иненің ұшында, ине жұмыртқада,
жұмыртқа үйректе, үйрек қоянның ішінде, қоян сандықта,

сандық емен ағашының басында ілулі тұр. Сол еменді Кащей көзінің қарашығындай сақтайды, – дейді мыстан. Содан соң ол ханзадаға емен ағашының қайда өсіп тұрғанын айтып, жол сілтеп жібереді. Иван аз жүрді ме, көп жүрді ме, әйтеуір бір кезде Кащейдің мекеніне жетеді. Мыстан айтқан емен ағашын тауып, оның басындағы сандық ты көреді. Сандықты қалай аларын білмей тұрғанда, баяғы өзі кездестірген аю шыға келіп, ағашты түбірімен жұлып, лақтырып жібереді. Сонда сандық

жерге құлап, сынады. Ішінен қоян ытқып шығады. Оны сол баяғы өзі кездестірген қоян қуа жөнеледі. Ол қуып жетіп, бас салған мезетте, қоянның ішіндегі үйрек сытылып көкке көтеріледі. Бұл үйректі алғашқыда өмірін сақтап қалған үйрек ұшып барып, бас салады. Бірақ жұмыртқа домалай теңізге құлайды. Иван енді не істерін білмей тұрғанда, жұмыртқаны өзі көмектескен шортан жағалауға алып шығады. Ол жұмыртқаны жарып, ішіндегі инені ханзадаға береді. Иван иненің ұшын сындырады. Осылай Өлмес Кащейдің күні бітіп, бақи болады. Ал, Иван ханзада Василисаны ертіп, еліне оралады. Патша қуаныштан бү кіл халқын жиып үлкен той жасайды. Алдыңғы екі ұлын әйелдерімен қосып, осы қуанышқа шақыртады. Осылай мұратына жеткен Иван ханзада мен Василиса ханшайым өмірлерінің соңына дейін бақытты да баянды күн кешіпті.

Баяғы заманда бір патшаның мықты атты әскері болыпты. Жасақтағы жауынгерлерінің арасында оған жиырма бес жыл адал қызмет еткен ержүрек сарбазы бар екен. Патша оның еңбегін бағалап, басына бостандық беріп, ерекше қошеметпен үйіне қайтарады. Тіпті, мінген атын да бар әбзелдерімен қоса тарту етеді. Сарбаз патшаға алғысын білдіріп, қарулас жолдастарымен қоштасып, туған жеріне аттанады. Аз жүрді ме, көп жүрді ме белгісіз, бір күні оның азығы таусылады. Үйіне дейін әлі біраз жол бар. Бір амалын табу керек. Аты да аш. Сарбаз жан-жағын шолып өтеді. Алыстан бір зәулім сарайдың мұнарасы көрінеді. Сарбаз «уақытша қызмет етіп, жол азық табайын» деп, сарайға келеді. Сәйгүлігін ат қораға байлап, өзі ішке кіреді. Қонақ бөлмеде дастарқан жаюлы тұр екен. Сарбаз ішіп-жеп, қарнын тойдырады. Сол кезде бір аю келіп, сарбазға: – Қорықпа, мен аю емеспін. Сиқырланған ханшамын. Менің адам қалпыма келуіме көмектес. Осында қалып, үш түне, сонда сиқыр күші жойылады. Содан кейін, қаласаң, саған тұрмысқа шығайын, – дейді.

Сарбаз келіседі. Сарайдың іші қара түнек. Сөйлесетін жан жоқ. Сарбаз екі түнеп, үшінші күні қашпақ болады, бірақ орайы келмейді. Өзін қоярға жер таппай, соңғы түнді дөңбекшіп, әрең өткізеді. Таң атады. Сарбаз көзін ашса, алдында бір сұлу қыз тұр екен. Ару сарбазға алғысын білдіреді. Кешегі аю, бүгінгі ханша екенін айтады. Қызға ғашық болған сарбаз: – «Қаласаң, саған тұрмысқа шығамын» деген едің ғой. Мен сені қаладым, әйелім бол, – деген ұсынысын айтады. Ханша келісімін береді. Екеуі үйленіп, уайымсыз, қайғысыз өмір сүреді. Осылай күн артынан күн өтіп жатады. Бірде жігіттің ойына туған жері түседі. Бойын сағыныш сезімі баураған ол әйеліне: – Еліме барып, туған-туысқандарымды бір көріп қайтайын, – дейді. Жібергісі келмеген ханша: «Бармай-ақ қойсаң қайтеді?» деп қалдыруға тырысады. Бірақ сарбаз көнбейді. Сонда ханшайым оған бір қап күнбағыс дәнін беріп: – Мына дәндерді жүрген жолыңның екі жағына сеуіп отыр. Дән түскен жерде биік ғажайып жеміс ағашы пайда болады. Осы ағаштар маған сен тура лы ха бар беріп тұрады. Ал жемістері – сенің азығың, – деп қоштасып, шығарып салады. Сарбаз атына мініп, еліне қарай бет алады. Жүрген жерінде әйелінен алған дәндерді сеуіп отырады. Жерге тиген дәндер лезде жемісі мол биік ағаштарға

айналады. Осылай сарбаз өткен жол жайқа-
лып шыға келеді.
Бір күн өтеді, екі күн өтеді, үшінші күні
жігіт жазық далаға жетеді. Осында ол тоқтап

тұрған керуенді көреді. Керуендегі саудагер-
лер көктің үстіне жайғасып, құмар ойнап отыр
екен. Жандарында ошақ тұр. Ошақта от жоқ,
бірақ қазан сақырлап қайнап тұр.

– Мынаны қарай гөр, отынсыз-ақ қазан са-

қырлап қайнап жатыр. Жақын барып көрсем
қайтеді? – деп сарбаз атының басын бұрып,
саудагерлерге жақындайды. Содан соң:

– Амансыңдар ма, мырзалар! – деп аман-

дасады.
Ешқайсысы үн қатпайды. Бұлар жай сауда-
герлер емес, нағыз жын-перілердің өзі еді.

– Бұл қазанның отсыз сақырлап қайнай ты-

ны жақсы екен, бірақ нағыз керемет мынау,

– деп сарбаз қабынан күнбағыстың бір дәнін

алып, жерге тастайды. Сол сәтте әлгі дән ғажа-
йып жемістері бар биік ағашқа айналады.
Жын-перілер сарбазға естіртпей:

– Е, ханшаның сиқырын жойып, аю

кейпінен құтқарған осы болар. Оны тамаққа
тойдырып, сиқырлы тұнба беріп, ұйықтатып
кетейік. Жарты жыл бойы оянбасын, – дейді
бір-бірлеріне сыбырлап.

Ақыры олар дегеніне жетіп, сиқырлы тұнбаны ішкен сарбаз ұйықтап кете ді. Керуен ғайып болады. Енді ханшаға оралайық. Сарбаздың жолын тоса-тоса шаршаған ол серуенге шығады. Бақты аралап жүріп, солып бара жатқан ағаштардың басына көзі түседі. «Бұл жақсылықтың белгісі емес, күйеуіме бірдеңе болған ғой» деп жиналып, сарбаз кеткен жолмен жүріп отырады. Күн жүреді, түн жүреді, бір кезде биік ағаштар бітіп, алдынан жазық дала пайда болады. Шеткері жерде жайқалып өсіп тұрған жалғыз ағашты көреді. Жанында сарбаз ұйықтап жатыр. Ханша оны оятпақ болып ары-бері жұлқылайды. Тіпті, түйрегішімен шаншып көреді, бірақ күйеуі оянбайды. Ханша ашумен байқамастан: – Сендей маубасты құйын неге ел білмейтін жерге апарып тастамайды? – дегені сол еді, боран соғып, құйын сарбазды жатқан жерінен көтеріп әкетеді. Ханша ойланбай сөйлегені үшін қатты өкінеді. Жылап-сықтап үйіне қайтады. Сарбазды құйын көтерген қалпы адам аяғы баспаған жерге, теңіздің ортасындағы тік жартастың ұшар басына әкеп тастайды. Осы жерде сарбаз тура жарты жыл ұйықтайды. Оянып, еш нәрсені түсінбей, жан-жағына қарайды. Таудың етегінде төбелесіп жатқан үш шайтанды көреді. Сарбаз қастарына келіп: – Қойыңдар, Құдайдан безгендер! Бұл не жанжал? – деп сұрайды. – Әкеміз мұраға үш ғажайып зат: ұшатын кілем, жүрдек етік*, сиқыр бөрік* қалдырған еді. Соларды бөлісе алмай жатырмыз, – деп жауап береді олар. – Түкке тұрғысыз нәрсеге бола төбелесудің қажеті не? Әкелерің қалдырған бұл заттарды ешқайсыңды ренжітпей үшке бөліп берейін. – Сөйтші, пендем, – деп шайтандар қуанып кетеді. *Жрдек етік – фольк. жылдам жретін, шыр етік. *Сиыр бөрік – фольк. басын кигенде кісіні көрсетпейтін бөрік.

– Олай болса, барып, қарағайлы орманнан жүз пұт* шайыр* алып келіңдер! Үш шайтан сарбаздың айтқанын лезде бұлжытпай орындайды. – Енді, дүниедегі ең үлкен қазанды табыңдар! Шайтандар қырық бөшке сыйып кетерлік алып қазанды сүйрей жетеді. Сарбаз қазанның ішіне жүз пұт шайырды салдырып, астына от жақтырады. Таудың басында алып тас бар еді. Ол шайыр ерісімен қазанды сол араға шығартып, ішіндегісін жоғарыдан төмен қарай құйдырады. Содан соң, алып тасты домалатып жібертеді де: – Осы тасты қуып жетіңдер. Озғаның ғажайып заттардың ішінде гі ұнатқаныңды аласың. Екінші жеткенің қалған екеуінің бірін таңдай сың. Соңғы зат артта қалғанға тиесілі болады, – деген кеңес береді. Шайтандар аласұрып, тастың соңына түседі. Алдымен жеткен біреуі оны құшақтай алады. Бірақ, тас шайтанды өзімен бірге домалата әкетіп, шайырға жабыстырып тастайды. Екіншісі мен үшіншісінің де тағдыры сондай бола ды. Сөйтіп, олар шайырға бірінен соң бірі жабысып, әр жерде қалады. Ал сарбаз жүрдек етік пен сиқыр бөрікті қолтығына қыстырып, ұшатын кілемге отырып, жолын жалғастырады. Ол аз ұшты ма, көп ұшты ма, әйтеуір бір үйшікке келіп жетеді. Ішке кірсе, тістері ақсиған, көздері оқырайған, сүйектері сақырлаған мыстан кемпір отыр екен. *Пт – салма ы 16 келіге те ауырлы өлшемі. *Шайыр – ара ай са ызы, желім секілді жабыса зат.

– Амансың ба, әжей? Әйелімді іздеп жүр едім, жол сілтеп жібермейсің бе? – дейді. – Көрген де, естіген де емеспін. Бәлен жерді басып өтіп, бәлен тауды асып өтіп, бәлен теңіздің ар жағында тұратын менің ортаншы апайыма барып көр. Бір білсе, сол білер. Сарбаз кілемге отырып, әрі қарай ұшады. Жазық жерді, тауды, теңізді асып өтіп, келесі үйшікке жетеді. Үйдің жанында түрі алдыңғысынан да жаман мыстан кемпір отыр екен. – Амансың ба, әжей? Жол сілтеші, менің сұлу ханшам қайда екен? – Жоқ, айта алмаймын. Жердің шетінде тұратын үлкен апайымның үйіне бар. Не де бол са, сол білетін болар. Сонымен, сарбаз бірнеше теңіз, бірнеше елді мекендерді басып өтіп, жердің шетіне де жетеді. Төңірек қара түнек, ештеңе көрінбейді. Ол жүрдек етікті киіп: – Мені мыстанның үйіне алып жүр! – деп бұйырады. Етік жігітті көзді ашып-жұмғанша іздеген кәрі мыстанға жеткізеді. – Амансың ба, апа? Сұлу ханшамды табуға көмектес. Бармаған жерім, баспаған тауым жоқ, маған жол сілтеп жібер.

– Кішкене күте тұр, мен жан-жақта жүрген желдерімді

шақырайын. Олардың бармайтын жері жоқ. Бір білсе, со-
лар білер, – деп мыстан сыртқа шығады да, бар күшімен
ысқырады.
Артынша жан-жақта жүрген желдер құйындата жетеді.

Мыстан олардан:

– Сендер шарламаған әлемнің түкпірі жоқ. Сұлу ханша-

ны көрмедіңдер ме? – деп сұрайды.

– Жоқ, көрген жоқпыз. Оң-

түстіктің желі жоқ, мүм кін
сол білер, – дейді жинал-
ғандар.
Біраздан кейін оңтүстік-

тің желі де келіп жетеді.

– Неге кешіктің? Қайда

жүрсің? – дейді мыстан.

– Әжетай, ренжімеңіз, күйеуін

құ йын көтеріп кеткен ханшаның
пат шалығында болған едім, – деп
кеші рім сұрайды.

– Ханша қалай екен? Онда не болып

жатыр? – дейді қуанып кеткен сарбаз.

– Ханшаның сұлулығын, жалғыз

екенін естіген хандар мен мырзалар
жан-жақтан айттырып келіп жатыр.

– Ол менің әйелім ғой. Патшалық-

қа тез жетуім керек. Жол қаншалық-
т ы алыс?

– Жаяу адамға отыз жылдық жол,

ал мен үшін үш са ғат жеткілікті.

Сарбаз: – Өтінем, мені өзіңмен бірге ала кетші, – деп жалынып, жалбарынады. – Қызмет қыл, әйеліне апар, – дейді мыстан. Жел келісіп, құйындатып сарбазды көтере жөнеледі. Талай теңіздер мен жерлерді, әртүрлі елдерді, патшалықтарды басып өтіп, сарбазды ханша сарайының маңына алып келеді. Осы кезде қурап тұрған ағаштар қайта жайқалып шыға келеді. – Міне, мен айтқанымды орындадым, сен іздегеніңе жеттің, – деп жел хош айтысып, жөніне кетеді. Сарбаз басына сиқыр бөрікті киіп, сарайға кіреді. Сарбазды ешкім байқа майды. Құда түсіп келгендер дастарқан басында отыр екен. Күйеу жігіттердің бірі шарап құйылған ыдысты аузына апара бергенде, сарбаз оны қағып жібереді. Осылай ол шарап ішпекші болған әрбірінің қо лындағы ыдысты қағып сындырады. Патшалар мен ханзадалар аң-таң. Ал ханша аулаға шығып, жайқалып тұрған ағаштарды көреді. Күйеуінің келгенін білген ол, қайта кіріп, қонақтарға: – Мырзалар, бір жұмбақ жасырамын. Шешімін дұрыс тапқаныңа күйеуге шығамын, – деген шешімін айтады. Құда түсіп келген патшалар мен ханзадалар келіседі. – Менің алтын қобдишам бар еді. Соның алтын кілтін жоғалтып алғанмын, бүгін ол өзінен-өзі табылды. Жұмбағым осы, шешімін кім айтады? Отырғандардың бастары әбден қатады. Ешкім дұрыс жауап бере алмайды. Сонда ханша: – Көрінші, менің жан жарым! – дейді.

Сарбаз сиқыр бөркін
шешеді. Ханша қасына
келіп:

– Жұмбағымның жауа-

бы – алдарыңда тұр. Қобдиша
дегенім мен, алтын кілт – мына
менің күйеуім, – дейді қуанып.
Жиналған күйеу жігіттер олар-

ды құттықтап, бірге той тойлап, өз
патшалықтарына оралады.
Осымен ертегім де соңына же-
тіп ті. Ал, сұлу ханша мен сарбаз

ұзақ жылдар бойы бақытты ғұмыр
кешіпті.

Ìàçì±íû

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙