TELEGEI

Home

Біз үн қатпадық

Бауыржан Момышұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Біз үн қатпадық

Бауыржан Момышұлының шығармалары батырлыққа, өрлікке баулиды. Жазушы шығармашылығының ерекшелігі – ойдан шығарылған оқиға мен жасанды кейіпкерлерден аулақ. Көзбен көрген оқиғаларын бойына сіңірген туындылардың әлеуметтік, қоғамдық сипаты басым. Салт-дәстүрін ұлықтап, соның негізінде түйген ойлары...

(І нұсқасы)
Георгий Федорович Курганов...

Курганов бірінші жаһан соғысында батыр батарея командирі болған. Азамат соғыстарында — артиллерия дивизионының командирі болған адам. Ұлы Отан соғысында бірінші генерал Панфиловтың ақылгөйі болған полковник. Мен ол кісі туралы пікірімді «За нами Москва» деген кітабымда әлімнің келгенінше айттым да, жаздым да. Ол кісі — менің ұстаздарымның бірі. Курганов биыл алпыс беске толыпты. Алпыс бес жауынгер үшін оңай жас емес. Шынын айту керек, Алматыдағы панфиловшылар үйіне шақырып, адал асымды алдарына қойып отырып Кургановты еске алдық... Ақша жинадық... Шалға сыйлық алдық.. Жұбайым мен балаларымды ертіп Ташкентке бардық. Адастық. Кургановтың адресі «Национальная 9». Мен оны шатастырып «Интернациональная 9» деп айттым таксидің шоферына. Адастық.

— Такой улицы нет в Ташкенте, товарищ полковник! — деді маған шофер.

— Есіңде болмайтын нәрселерді неге жазып алып жүрмейсің?! — деп ұрысты маған жұбайым Ғайникамал.

— Ата! Вы часто забываете... — деді маған кенже қызым Мақпал. Машина жүріп келе жатыр. Мен қатты сасып отырмын. Қатын-балама мазақ болып отырмын.

— Я думаю, что эта улица в районе Луначарского, поезжайте туда, а там мы спросим у милиционера, — дедім мен шоферға.

— Простите, где тут улица Национальная?

— Вы по ней и едете.

— Где тут дом номер 9?

— Вам полковника Курганова?

— Да, Георгия Федоровича.

— Повернете вправо, проедете два квартала, зеленый забор с левой стороны — это его дом.

Қораның есігін қақтық.

— Ты кто? — деп біраз дағдарып тұрып: — А-а-а! Ты Бауыржан? — деді.

— Так точно Георгий Федорович! — дедім мен.

— Я тебя хотел видеть генерал-полковником, а ты все еще полковничаешь! Безобразие! — деп айқайлап карт мені кұшақтап, аймалап сүйді.

— Мы солдаты, Георгий Федорович. Это — самое высшее войнское звание.

— Мы служим Советскому Союзу!

— Молодец, старик! Верно сказал. Мы полковники запаса, но мы не граждане в запасе..

— Верно сказано! Узнаю тебя... — деп шал көзіне жас алды.

— А я вас не узнаю! Курганов не должен плакать! — деп шалға айғайладым.

— Да, ты прав, но нервишки черт побери стали сдавать...

— Надо себя держать в форме и в норме...

— Ну, ладно, прости старика... Ведь мы с тобой 17-18 лет не виделись... Я никогда не думал видеть тебя таким — ты тоже постарел...

— За то у меня жена молодая, — деп Гайникамалды таныстырдым. — А эти мои коржуны, притом тяжелые кор- жуны, — деп Шапулька мен Макбусенькамды таныстыр-дым...

— Дедушка! Здравствуйте! — деді Мақпал.

— Айналайын, бөпем! — деп мейірімденіп, шал сәбиді қолына алып көтере құшақтап сүйіп аймалады...

Осы Ташкентте 50-60 панфиловшылар бар. Солардың барлығын шақырып, сенің келгеніңе той істеймін, — деп шал ай-шайға қарамастан телефонға жабысты.

Ертеңіне 20 адам келді. Жаюлы кең дастарханда кездесу болды.

— Адам баласы үш нәрседен жақындасады, — деп бастады үй иесі сөзін. — Бірге қан төгіп соғыста бірге айдалып қамауда, бірге ауырып жатып кесел ханада. Сендердің майдандас командирлерің, менің інім бала-шағасымен, жұбайымен мені іздеп әдейі келіпті. Слава богу, что мы живы. Я очень рад... За ваше здоровье мои боевые сестры и братья... — деп сөзін зордан аяқтады шал.

Біз, отырғандар, жүрек лебін жұтып, орнымыздан тұрып рюмкаларымызды соғыстырдық. Кургановтың үлкен бау-бақша қорасы бар екен. Таза ауа жұттық. Қабаттасып жүрген бір-екі панфиловшылардан мені оңаша шығарып алып:

— Інім, қатты айыпқа бұйырма, ағаңның көңілін қалдырма, — деді қарт.

— Что вы, что вы, Георгий Федорович, — дедім мен сөз тамырына түсінбей.

Курганов омырау қалтасынан паспортын шығарып алды да:

— Мақпал сенің кенжең көрінеді.. Я тебя очень прошу, Бауыржан, ей от моего имени купить в Москве какую-нибудь вещичку и сказать ей, что эту вещицу подарил тебе дедушка Курганов.

«Э, мына шалдың кемпірінен жасырып жүрген 25 сомы Макбусенькаға бұйырған екен ғой» деп ішімнен ойлап ақшасын алдым.

— Ал, енді шайға жүргін, — деп қолтықтады мені шал.

Шай үстінде Курганов марқұм генерал Иван Васильевич Панфилов туралы бірнеше естеліктерін айтты. Олардың көбін мен «Биографические записи» деген еңбегімде пайдаландым. Сол себепті қайталамаймын. «Ағасы бардың — жағасы бар» деген рас екен. Курганов арақ ішпейді, көзілдірік кимейді, әлі де өз тізгіні өзіндегі шал. Ол өзі машина айдайды. Шалды шофер етіп, Ташкентті араладық. Балаларым рахаттанды. Курганов кемпірі екеуі бізді аэродромға шығарып салуға келді. Біздің самолет бір сағаттан аса кешігіп ұшатын болды. Он шақты Ташкенттегі қазақ жігіттері де бізді шығарып салуға келген екен. Уақытты қысқарту үшін ресторанға бардық. Ақсақал төрде отыр. Бір сездің кезегінде:

— Ты читал вчерашний номер газеты «Известия»? — деп маған сұрақ қойды Георгий Федорович.

— Жоқ! Оқығаным жоқ.

— Иә, — деп шал ыңырсыды.

— Өзіңіз айтыңыз, Георгий Федорович. Менің оқығаным рас.

— Там напечатана статья «И аксакалы бывают неправы». Автора я не запомнил, но какой-то должно быть казахский отщепенец. Я и моя жена были глубоко возмущены хулиганскою клеветою на казахский народ. Автор этой статьи — человек без национального самолюбия...

— Простите полковник, что я перебиваю Вас, — деп сөзін бөлді бір қазақ жігіті, — я читал эту статью, но на этого человека не стоит обижаться, полковник. Кургановтың қапаланып сөйлеп отырғанын байқаған Мақпал маған:

— Ата, дедушка сказал, что это дядя дурак, да? — деп сұрады менен.

— Что ты, доченька. Дедушка так не сказал, — дедім мен сасқалақтап.

— Недаром говорят, что устами младенца глаголить истина. Елін жамандап атағы шыққан мен бір кісіні білмеймін, — деді орыстың қарт полковнигі.

Біз үн қатпадық.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙