Мазмұнға өту
Home

Біз осы не бітіріп жүрміз?

Төлепберген Болатбек Көрпебайұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Біз осы не бітіріп жүрміз?

Авторы: Төлепберген Болатбек Көрпебайұлы

“ДАРЫН” премиясының лауреаттары БОЛАТБЕК ТӨЛЕПБЕРГЕН БІЗ ОСЫ НЕ БІТІРІП ЖҮРМІЗ? Публицистикалық толғаулар мен мақалалар. Сөздік-Словарь Алматы, 2013

ҚР Президентінің журналистика саласындағы сыйлығының лауреты, ҚР Мәдениет қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепбергеннің «Біз осы не бітіріп жүрміз?» атты публицистикалық еңбегі ұлтымыздың кешегісі мен бүгінгісіне арналған. Атап айтқанда, Алаш қайраткерлерінің ел тарихындағы алатын орны мен тәуелсіздік толғауы - қазіргі әлеуметтік болмыс пен санадағы ұлттық идея арақатынасын зерделеген. Сонымен қатар, қазақтың ортақ құндылық бастауын жасау және жас ұрпақ бойына отансүйгіштікті сіңіру мәселелері аталған еңбекте жанжақты көрініс тапқан. Елді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаратын басымдықтар мен ұлттық идеяны іздестіру мәселесі, сонымен қатар, қазіргі уақытта ұзақ мерзімдік ұлттық идеологияны айқындаудың қажеттілігі аталған еңбекте лайықты тұрғыда талданған. Автордың тілі жатық, ойы түсінікті, қаламгерлік қарымы айшықты.

I – Б ө л і м АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНАН ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ДЕЙІН Мәңгі жас –Алаш!

Қазақ тарихында өзіндік орны ғана емес, сан ғасырларға кететін тағылымы зор, өткеніміз бен өткеліміздің темірғазығы іспеттес Алаш қозғалысы, Алаш автономиясы әлі де сан қырынан таразылайтын тың тақырып іспеттес. Бұған қазақтың тұңғыш ұлттық үкіметі Алашорданың тоқсан жылдығын бүгінгі атап өту барысында анық көз жетіп отыр. Ал біз өз тарапымыздан Алаштану мәселесіне және бір қырынан қарап көруді парыз санадық. Таразыланатын тақырып: Мәңгі жас – Алаш идеясы. Иә, біздің байқауымызша, қазақ бола ма, болмай ма деген сауал талқыға түскен жиырмасыншы ғасырдың басында дер уағында дүниеге келген Алаш идеясын уағыздаушы әрі жүзеге асырушы қайраткерлердің ұлт ісіне ерте есейген есті сана - жалындап тұрған жастық жігермен кіріскендіктері алдыңғы кезекте көрініс береді. Басында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатов сынды жол сілтер Алаш көсемдері тұрған алыптар шоғырының абыройлы ісіне тың серпін, жаңа тыныс берген жас шамасы жырма-жырма бестің, әрі кетсе отыздың о жақ, бұ жағындағы өрендер еді. Саралап көрелік. Алаш қозғалысының көшін бастаған Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовтар ол кездері жастары қырықтың қырқасынан енді ғана асып, ақыл тоқтатқан әрі өздерінен кейінгі толқын ізбасарларына Алаш идеясының өміршеңдігі ұрпақтар жалғастығында екенін ұғындырып кеткен. Ал мұны жақсы түсінген әрі Алаш идеясының баянды болуына бар ынты шынтысымен еңбек еткен, арқалы ақын-жазушылар Мағжан Жұмабаев пен Жүсіпбек Аймауытов Алаш қозғалысы құрылған тұста бірі жиырма төртте болса, бірі жиырма сегізге енді келген екен. 1917 жылы “Алаш” партиясын құрушылардың қатарындағы ең жас көсем, Алашорда үкiметiнiң мүшесi Әлімхан Ермеков жиырма бес жасында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Мұхаметжан Сералиндермен бірге Коммунистiк партия көсемі Ленинге көршілес елдерге өтіп кеткен шекарадағы қазақ жерлері қазақтікі екенін дәлелдеп, көзін жеткізіп, мәселені қазақтың пайдасына шешеді. “Алаш” партиясының белсенді мүшесі болған, кейіннен алашшыл азаматтарға қауіп төнгенде ағалардың ақылын тыңдап, мұраты бір жас алашшылармен бірге Коммунистiк партия қатарына өткен сұңғыла суреткер Мұхтар Әуезов және 1914–1917 жылдары “Бiрлiк” қоғамының мүшесi (Омбы қ.), 1917– 1918 жылдары Алашорда

жағында азамат соғысына қатысқан Дінмұхамед (Дінше) Әділев және жалынды алашшыл жастардың тұңғыш жетекшісі Смағұл Садуақасовтар сол уақытта бозбала шақты енді артқа тастаған небары он жеті жастың шамасында екен. Омбыда жас алашшылдар құрған “Жас азамат” ұйымының Қызылжар қаласында шығып тұрған үнi – “Жас азамат” газетiне (“Қазақ”, “Сарыарқа”, “Абай” сынды ұлтжанды басылымдардың iзбасары) редакторлық етіп, газет бетiнде алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған мақалалары нөмiр құрғатпай шыққан Қошке Кемеңгеров пен ұлтжанды алашшыл қайраткер Сұлтанбек Қожановтар сол кезде жиырмадан енді ғана асқан еді. Есiмi жиырма жастан асар-аспас кезiнде үлкен қызметтер атқара жүріп, ұлт қамын ойлап, жұрт аузына iлiнiп, халыққа танымал болған мемлекетшіл қайраткер, ірі тұлға Тұрар Рысқұлов Түркiстан АССР-i үкiмет басшысы ретiнде 1920 жылы тарих сахнасынан кеткен Алашорда қозғалысының жетекшiлерi мен белсендi мүшелерiне қолынан келген мүмкiндiгiнше қамқорлық жасады. Тұрар Республика үкiметiн басқарған тұста Ахмет Байтұрсыновтың, Халел Досмұхамедовтың, Жүсiпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Мұхамеджан Тынышбаевтың т. б. аса көрнектi қазақ зиялыларының Ташкент пен Қазақстанның оңтүстiк өңiрiн паналап, ғылыми, педагогикалық және шығармашылық жұмыспен айналысуға мүкiндiк алулары Тұрар қамқорлығының арқасында екендiгi күмән тудырмайды. 1918 жылы Ахмет Байтұрсынов Қостанайға келiп, алашорда отряды қатарына жастарды тартқанда қатардағы жауынгер болып тiзiмге жазылып, “Алашорда отрядының ерiктiсi атанып, алашордаға үмiт арта сенген, табиғатында халқына қай жақтан жақсылық болса, солай қарай аңсары ауып, икемделетiн Бейімбет Майлин және Омбы студенттерінiң “Бiрлiк” атты ұйымының жұмысына белсене қатысып, Ақмола жастарының революцияшыл тобы “Жас қазақ” атты ұйым құрып, “Тiршiлiк” атты газет шығарған, 1916 жылғы халықтың ұлтазаттық көтерiлiсшiлеріне тiлектестiк бiлдiрiп, өлеңдер жазған Сәкен Сейфуллин әрі осы үш бәйтеректің бірі, ұлт азаттық күреске үнемі қолдау білдірген суреткер Ілияс Жансүгіровтер сол кездері жиырма үш жасқа енді келіпті-ау. Патша өкiметiнiң боданындағы туған халқынын, тағдыр тауқыметiн өткiр тiлмен айтып, баспасөз беттерiнде жиi-жиi мақалалар жазып, саяси күреске өмірін арнаған Мұхаметжан Тынышпаев және бұрыннан-ақ қазақ жерiн отарлап, халқын орыстандыру секiлдi

патшалық Ресейдiң өктемдiк саясатын әшкерелеп, оған қарсы үгiт-насихат жүргiзген, сондай-ақ Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтай абзал азаматтармен пiкiрлес дос болып, бiр мақсатта күрескен Жақып Ақпаевтардың ақыл тоқтатқан шақтағы салмақты істері Алаш қозғалысына айбын бергені анық. “Алаш” партиясының көрнектi қайраткерлерiнен басқа қатардағы есімдері атала бермейтін мүшелерiнiң бүгінде мүмкіндігінше барлығының аты-жөнін ардақтау парыз. “Алаш” партиясын ұйымдастырушылар, халқымыздың бiртуар ұлдары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ә. Ермековтермен серiктес болып, халық қамы үшiн бiрге күрес жүргiзген алаш ұландарының бiрi Имам Әлiмбеков. Ол “Алаштың” Семей облыстық ұйымы тарағасының орынбасары, “Алаш” партиясының орталық үнi – 1918–1919 жылдары шығып тұрған “Сарыарқа” газетiнiң редакторы, “Алаштың” атты әскерлер полкын жасақтаушылардың бiрi болды. Ал А. Байтұрсынов, М. Дулатовтардың шәкiртi, iзбасары ретінде солармен үндес, пiкiрлес болған өрелi өрен Ғазымбек Бірімжанов қаламгер, дәрiгер, агроном және ағартушы-қоғам қайраткері санатына көтерілген жастардың қатарынан табылды. Сондай-ақ жалпы қазақ съезiнде Алашорда өкiметiне мүше болып сайланған Отыншы Әлжанов Жетiсуға келiп, съезд қаулыларын жүзеге асыру ниетiмен өлкенiң айтулы азаматтары М. Тынышпаев, С. Аманжолов, И. Жайнақов, Б. Мамытовтармен тiзе қоса отырып, игілікті істердің ұйытқысы болады. “Алашорда милициясының алдында тұрған міндеттерді саралайды. Міне, тізім осылай жалғаса береді. Бұдан біздің анық байқайтынымыз, мұқым Алашқа ұран болған Алаш идеясы -- ақыл тоқтатқан аға буынның бастауымен ерте есейген жас ұрпақтың жалғастыруымен тағылымы бүгінге сабақ боларлық салмақты да жасампаз идея. Ендеше бізге қалған мақсат-мұрат не? Мақсат айқын. Алаш идеясы дегеніміз не? Алаш арыстары кімдер? Осы сауалдар тұрғысында таразылар тақырыбымызды өзіндік қырынан ашуға тырысу. Алаш идеясы және алаш арыстарымен жақын танысып, сырласқысы келетін, сондай биікке ұмтылатын оқырман көкейіне үміт, жүрегіне сенім ұялату. Алаш идеясының әлеуметтік қуаты мен маңызын бүгінгі күн тұрғысынан таразылап, көрермен назарына ұсыну. Алаш арыстары тағылымының күн тәртібінен түспейтін өзектілігін, олардың биік тұлғалық тұрпаты мен ұлықталуға тиіс ұлттық болмыс-бітімін және жастарға берер тәлім-

тәрбиесін ашып көрсету. Ұлы тұлғалардың өнегелі өмірі мен өлмес мұрасын зерттеу арқылы оны бүгінгі жас буынға, жалпы қауымға үлгі ретінде ұсынып, ұрпақтар үндестігін жалғастыруға, рухани дамуға және ұлттық санаға жол ашу. Иә, бастау бұлағы сонау Алаш қозғалысынан терең тамыр тартатын, байырқалайтын тұсы 1986 жылғы жастардың желтоқсан көтерілісімен тұйықталатын тағлымы зор тарихи бірізділігімен ерекше Мәңгі жас - Алаш идеясының бүгінгі жаңа буын, жас ұрпаққа берер сабағы турасында ойлану қажеттiгі туындайды. Бұл ретте тарихи тұрғыдан тәрбиелеу мәселесi, атап айтқанда сол аға буынның қабырғасын қайыстырып, iргесiн сөгiп кетуге қауiп тудырған зауалдың ендiгi уақытта алдын алу, оның саяси, рухани, әлеуметтiк зардаптарынан арылу жайы алды орайды. Осы тұрғыда қолдарыңызға тиiп отырған кітаптың басты міндеті өткен ғасырдың басындағы бетке ұстар алаш азаматтары бастап, бүгінге дейін жеткен қазақтың асыл арман-аңсары мен ұлт-азаттық мақсат-мұратын қаншалықты басып жаншығанымен, нешеме рет саяси қуғын-сүргiнге ұшыратқанымен арда мінезін мұқалта алмағандығын мадақтау және тарихи жадыны жаңғырту болып табылады. Алаш қозғалысынан бастау алған жасампаз идея - ұлт-азаттық идеясы алпысыншы жылдары «Жас тұлпар» ұйымы болып бас көтеріп, жетпісінші жылдары «Жас қазақ» бірлестігі болып жанданып, одан жиырмадан аса жасырын жастар ұйымдарына ұласқан ағысқа қарсылық ақыры 1986 жылғы ызғарлы желтоқсан көтерілісіне алып келді. Біздіңше, жастық лептің дем беруімен тарихи бірізділік бойынша дамыған бұл асқақ тарихымызды бүгінгі ұрпақ білуге тиіс. Сабақ алуға міндетті. Тағзым етуі парыз. Сондай-ақ бұл кiтап Алаш қозғалысы мен Алаш автономиясына 90 жыл толуына арналып отыр. Енді аз-кем кітаптың құрылымы туралы. Қолыңыздағы кiтапта тарихи бірізділікті сақтауға тырысып, материалдарды үш бөлiмге топтастырдық. Бiрiншi бөлімге Алаш идеясының бастау бұлағы - Алаш қозғалысы мен Алаш қайраткерлері турасындағы зерттеу өзек болып, Мәңгі жас - Алаш идеясының кеңестік уақытта қалайша өлермендік пен өміршеңдікті қатар өткере жүріп, бүгінге жеткені сөз болады. Ал екінші бөлімде ғасыр басындағы қазақтың ұлт зиялыларына айналған алашордалық алыптар шоғыры мен оларға жаңа тыныс берген алашшыл жастардың және де халқының қамын ойлағаны үшiн жалған жала жабылып, жаза арқалаған азамттардың өмiрбаяны қамтылды.

Үшінші бөлімге Алаш қайраткерлері армандаған тәуелсіздікке қол жетіп, Мәңгі жас - Алаш идеясының егемен елімізде қалай жүзеге асып жатқандығы публицистикалық мақалалар арқылы арқау болды. Сондай-ақ кiтаптағы бірқатар деректер мен суреттердi жарыққа шығаруға көмектескен Л.Гумилев атындағы ұлттық университеттің Алаштану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлына алғысымызды бiлдiремiз. Иә, Алаштануда атқарылар ауқымды жұмыс алда. Оған осы кітапты жазу барысында көзіміз әбден жетті. Алаштану мәселесінде кәсіби тарихшылардың жазған еңбектерін қарап шығу мақсатымен кітапханалардағы аталған тақырыптағы кітаптарды іздестірдік. Өкінішке орай, Ұлттық кітапханадан қолданыс аясында ұзақ жылдардан бері жүріп, сарғайып, тозығы әбден жеткен алаштанушы, тарихшы-ғалым ағаларымыз, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, марқұм Кеңес Нүрпейісовтың 1995 жылы «Ататек» баспасынан шыққан «Алаш hәм Алашорда» кітабы және тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиевтің 1995 жылы «Санат» баспасынан шыққан «Алаш қозғалысы» кітаптарынан басқа аталған тақырыпта жазылған еңбектерді кездестіре алмадық(Тіпті бұл тың тақырыпқа жаңадан жазылып жатқан дүниелер болмаса, аталған екі кітапты көп данамен қайта бастырып шықса да игілікті іс болар еді ғой). Ал Алматы қаласының кітап дүкендерін сүзіп шыққанымызбен алаштану мәселесіне арналған жарытымды кітаптарды және таба алмай қиналдық. Ең өзекті өртер өкініштісі, бұл жайт Алаш қозғалысы мен қазақтың тұңғыш ұлттық үкіметі Алаш Орданың тоқсан жылдығын атап өткеннен кейінгі жағдай. Өсер ұлттың өрісіне сын, шын мәнінде ұят-ақ мәселе. Кім білсін, мұны жоғары билік байқады ма екен, алаштануда атқарылар ауқымды әрі кешенді шараларды Үкімет 2008 жылдың еншісіне қалдырыпты. Келелі істен үміттіміз. Біздің де бұл ізденісіміз сол олқылықтың орнын аз да болса толтыруға жараса, алаштануға мысқалдай болса да үлес қосуға тырыссақ, мақсатымыздың орындалғаны. Ерте есейген ұрпақ Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ зиялыларының ұлт қамын ойлап, жұдырықтай жұмылуына, һәм алаш идеясының жедеғабыл пісіп-жетіліп, жүзеге аса бастауына үлкен әсер еткен екі оқиғаны атап

өту абзал. Бірі - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, екіншісі - 1917 жылғы ақпан революциясы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің негізгі себебі, патшалық Ресейдің ұлттық және әлеуметтік езгісінің шектен шығуы еді. Қанаушылық пен тонуашылық, ең сорақысы, қазақ жерін жаппай иемдене бастаған басқыншылық қазақтарға шегінерге жер қалдырмады. Дәл сол кездегі тұтанғалы тұрған отқа май құйғанмен бірдей болған қазақтан қара жұмысқа еңбекке қабілетті еразаматтардың барлығын алу сыныққа сылтау болды. Алаш зиялылары бұл мәселеде салиқалы пікір ұстанды. Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз»-деп, өз ұлтының ешкімнен кем емес екенін айтып, патшалық Ресей саясатының солақай бағытты ұстанғандығын сынайды. Ал патша ағзам жарлығымен қара жұмысқа алынуы тиіс жарты миллионнан астам қазақ жастарына жолдаған үндеулерінде Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатов: «Бірі – барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі – «бармаймын» деп қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді» - деп, қан төгілуін қауіп қылып, бұл амалсыздық шарасы екенін алға тартты. Яғни бұл жағдай Алаш зиялыларының іштей буырқанып, толысып, қарсылықты қалайша білдіру қажеттігін іздене түсуге түрткі болды. Енді 1917 жылғы ақпан революциясының қазақ зиялыларына қаншалықты әсер еткеніне тоқталық. Алаш көсемдері бұл төңкерістен кейінгі кезді қазақ ұлтының болашағы үшін ұлы мүмкіндік деп есептеп, алдағы өмірден үлкен үміт етті. Әрі оны баянды ету жолында аянбай еңбектенді. 1905 жылы негізі қаланған Алаш қозғалысы ақпан революцасынан кейін күрт күш ала бастады. Алаш Орда үкіметі мүшелерінің негізгі іс-әрекет бағыттарынан Ресей патшасының отаршылық езгісіне қарсы күрес жолындағы қазақ бұхарасының заңдық тұрғыдан құқын қорғау мәселесі анық аңғарылды. Туған халқының саяси санасын сақайтып, құқықтық сауатын ашпай қатардан қалып қоятындықтарын жақсы түсінді. Бұған қоса қазақ халқының ұлттық санасын оятуда, білімі мен білігін жетілдіруде, мәдениеті мен руханиятын дамытуда олардың әрбірі жеке тұлға ретінде үлкен үлестерін қосты. Осы бағытта олар қазақ халқының бай тарихы мен озық мәдениетін толыққанды зерттей отырып, оны кең насихаттау жұмыстарын қажетті істердің бірі ғана емес, бірегейі

ретінде басымдық берді. Сондай-ақ өзге тілдердегі үздік ғылыми және публицистикалық дүниелерді қазақ тіліне аударып, рухани кеңістіктің аясы тар шеңберде қалып қоймауына жете көңіл бөлді. Және Алаш қайраткерлерінің қай-қайсысын алып қарасақ та тек бір мамандықты игеріп қана қоймай, халыққа қажетті бірнеше салада жемісті еңбек етіп, сан қырлы талант иелері екендіктерін көрсетті. Енді тархихи деректер бойынша, Алаш қозғалысының қалай басталғандығы мен оның басында нақты кімдердің қызмет еткендігіне шегініс жасалық. Алаш орда үкіметінің құрылуы 1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда өткен жалпы қазақтық сьездің шешімімен жүзеге асты. Сьезді ұйымдастырушылар – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Елдес Омаров, Сағындық Досжанов және Міржақып Дулатовтар еді. Сьезге қазақ елінің әр аймағынан бірнеше делегат келді. Нақтырақ айтқанда, бір ғана Алтай губерниясы мен Самарқан облысындағы қазақтар атынан 58 делегат келсе, түрліше бағыттағы қазақ ұйымдарының өкілі ретінде 8 делегат, сондай ақ арнайы шақырту алған 15 азамат сьез жұмысына қатысты. Яғни, желтоқсандағы аталған сьезге жер жерден ат сабылтып 81 делегат келді. Сьез сол кездегі қазақ ұлты үшін маңызды деген он мәселені талқыға салды. Соның ішіндегі ең бастылары – қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция hәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері еді. Бірінші баяндаманы Әлихан Бөкейханов жасайды. Бұл баяндама жөнінде қабылданған қаулыда қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция hәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелерін қарауға жеті кісілік комиссия құрылады. Осы құрылған комиссия атынан Халел Ғаббасов автономия жариялау, милиция мен Ұлт кеңесін (Үкімет) құру мәселелері бойынша баяндама жасайды. Аталған баяндама бойынша сьезд бірауыздан: «1) Бөкей елі, орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы, Амудария бөліміндегі, Закаспий облысындағы қазақ уездері және Алтай губерниясындағы іргелес жатқан қазақ болыстарының жері біріңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға; 2) қазақ-қырғыз автономиясы – «Алаш» деп аталсын... 6) Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша Ұлт кеңесі құрылып, мұның аты «Алаш орда» болсын.

Алаш ордасының ағзасы (мүшесі) 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы орыс және басқа халықтарға қалдырды. Алаш орданың уақытша орны – Семей қаласы. Алаш орда бүгіннен бастап қазаққырғыз халқының билігін өз қолына алады...» – деп қаулы қылады. Ал осы сьезде жалпы қазақтық Халық кеңесі – «Алаш ордаға» мүшелікке сайланған азаматтардың есімін есте сақтау бүгінгі ұрпақтың парызы болса керек. «Алаш орда» үкіметі мүшелерінің яғни министрлерінің тізімі төмендегіше: 1. Бөкей ордасынан Танашев Уалитхан (1887-1968 жыл), заңгер. 2. Орал облысынан Досмұхаммедов Халел (1883-1939 жыл), әскери дәрігер. 3. Ақмола облысынан Тұрлыбаев Айдархан (1877-1937жыл), заңгер. 4. Торғай облысынан Бірімжанов Ахмет (1871-1927 жыл), заңгер. 5. Семей облысынан Ғаббасов Халел (1888-1931 жыл), физикматематик. 6. Жетісу облысынан Аманжолов Садық (1889-1941 жыл), заңгер. 7. Сырдария облысынан Шоқаев Мұстафа (1890-1941 жыл), заңгер. Облыстардан тысқары: 8. Бөкейханов Әлихан (1866-1937 жыл), Арқадан, экономист, Алаш орда үкіметінің төрағасы. 9. Досмұхаммедов Жанша (1887-1938 жыл), Орал облысынан, заңгер. 10. Ермеков Әлімхан (1891-1970 жыл), Қарқаралыдан, математик. 11. Тынышпаев Мұхаметжан (1879-1937 жыл), Жетісудан, инженер. 12. Құлманов Бақтыкерей (1859-1919 жыл), Бөкей ордасынан, шығыстанушы. 13. Ақпаев Жақып (1876-1934 жыл), Арқадан, заңгер. 14. Мәметов Базарбай (1888-1946 жыл), Жетісу, Лепсіден, заңгер, 15. Әлжанов Отыншы (1873-1918 жыл), Шығыс Қазақстаннан, ағартушы-мұғалім. Мүшелікке кандидаттар: 1. Қашқынбаев Иса (1891-1934 жыл), Оралдан, дәрігер. 2. Жақыпбаев Нүсіпбек (1890-1932 жыл), Жетісудан, дәрігер. 3. Итбаев Ережеп (1873-1930 жыл), Шығыс Қазақстаннан, заңгер. 4. Сабатаев Сатылған (1874-1921 жыл), Жетісу, Қаскелеңнен, шығыстанушы, тұңғыш қазақ агрономы.

  1. Қасаболатов Есенғали (1889-1938 жыл), Оралдан, дәрігер. 6. Ниязов Батырқайыр (1872-1924 жыл), Бөкей ордасынан, заңгер. 7. Боштаев Мұқыш (1888-1921 жыл), Баянауылдан, заңгер. 8. Жанайдаров Сейілбек (1884-1929 жыл), Атбасардан, заңгер. 9. Нұралиханов Сәлімгерей (1878- ?), Бөкей ордасынан, заңгер. 10. Алмасов Омар (? – 1922 жыл), Торғайдан, халық мұғалімі. 11. Қадырбаев Сейдәзім (1885-1938 жыл) Торғайдан, заңгер. 12. Кенжин Аспандияр (1887-1938 жыл), Атыраудан, халық мұғалімі. 13. Бекімов Молданияз (1882-1930 жылдардан соң белгісіз), Оралдан, әскери қызметкер. 14. Тұрмағамбетов Есен (1883-?), Ақтөбеден. 15. Солтоноев Жанеке (Жақып) қырғыз, мал дәрігері. Алаш орданың оқу комиссиясының мүшелері: 1. Байтұрсынов Ахмет (1872-1937 жыл), Торғайдан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1895 жылы) 2. Жұмабаев Мағжан (1893-1938 жыл), Қызылжардан, Омбы оқытушылар семинариясын бітірген, (1917 жыл) 3. Омаров Елдес (1892-1937 жыл), Қостанайдан, Орынбор мұғалімдер мектебін бітірген (1911 жылы). 4. Сәрсенов Биахмет (1885-1921 жыл), Шығыс Қазақстаннан, Семей мұғалімдер семинариясын бітірген, (1939 жыл). 5. Шонанов Телжан (1894-1938 жыл), Ырғыздан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1916 жыл).

Бұл Бүкілқазақтық Алашорда кеңесінің мүшелерін сайлап, төраға етіп Әлихан Бөкейхановты бекіткен 1917 жылғы желтоқсандағы Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ сьезі Түркістан автономиясының жетекшісі Мұстафа Шоқайдың уәжіне құлақ асып, қазақ халқының автономиясы туралы мәселені де мақұлдағандығын айта кетуіміз керек. Осы ретте Алаш қозғалысының мақсат-мұраты түсінікті болу үшін, осы сьезд қарсаңында жарық көрген («Қазақ» газеті, 1917 жыл.) «Алаш» партиясы бағдарламасының төмендегі жобасымен танысып шығалық.

«Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы 21 қазан 1917 ж. I. Мемлекет қалпы Русия демократический федеративный республика болу. (Демократия мағынасы мемлекеттi жұрт билеу. Федерация мағынасы құрдас мемлекеттер бiрлесуi. Федерационный республикада әр мемлекеттiң iргесi бөлек, ынтымағы бiр болады. Әрқайсысы өз тiзгiнiн өзi алып жүредi). Үкiмет басында Учредительное Собрание мен Г.Думаға қалауынша кесiмдi жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г.Дума алдында жауаптар болу. Депутаттар тегiс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау құқында қан, дiн, еркек-әйел талғаусыз болу. Законды жалғыз ғана Г.Дума шығару һәм Г.Дума үкiмет үстiнен қарап, iсiн тексеру, запрос (сұрау) жасау құқы да Г.Думада болу. Мемлекет салығы Г.Думасыз салынбау. II. Жергiлiктi бостандық Қазақ жүрген облыстардың бәрi бiр байланып, өз тiзгiнi өзiнде болып Русия республикасының федерациялық бiр ағзасы болу. Ретi келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзiрге бiрлесе болу, ретi келмесе, бiрден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгi земствалықты қабыл алу. «Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететiн адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшiн қызмет етерге көңiлдi адамдар болуына жаһұд қылады. Земствалардың управаларында, милицияларында таза қызметшi боларлық адамдардың атын халық қалауына салады. «Алаш» партиясы ғадiлдiкке жақ, нашарларға жолдас, жебiрлерге жау болады. Күш-қуатын игiлiк жолына жұмсап, жұрт тарқы ету жағына бастайды.

III. Негiзгi құқық Русия республикасында дiнге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлерге, газет шығаруға, кiтап бастыруға еркiншiлiк. Үкiмет қызметшiлерi, иесiнен рұқсатсыз ешкiм табалдырығын аттамаушылық. Законсыз жолмен ешкiмдi үкiмет адамдары ұстамаушылық. Сот сұрамай, билiк етiлмей, тұтқын қылмаушылық. Қылмысты болған адам судия бар жерде 24 сағат iшiнде, судиясыз жерде бiр жетiден қалмай судияға тапсырып жауап алса, судия үкiмiмен жабылу. Кiсi хатын ашқанға айып, оқығанға жаза болу. IV. Дiн iсi Дiн iсi мемлекет iсiнен айырулы болу. Дiн бiткенге тең құқық. Дiн жаюға ерiк. Кiру-шығу жағына бостандық. Муфтилiк қазақта өз алдына болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты iстер моллада болу. Жесiр дауы сотта қаралу. V. Билiк һәм сот Әр жұрттың билiк пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һәм судия жергiлiктi жұрттың тiлiн бiлу. Аралас жерде соттың тергеутексеруi һәм үкiмi жергiлiктi жұрттың қай көбiнiң тiлiнде айтылу. Би һәм судия орнынан тергеусiз түспеу. Билiк һәм сот жүзiнде жұрт бiткен тең болу. Құдайдан соңғы күштi би һәм судия болып, кiмге болса, олардың үкiмiне мойынсұну. Айтылған үкiм тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралу. Казақ көп жерде сот тiлi қазақ тiлi болу. Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс iшiндегi билiкпен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылу. VI. Ел қорғау Ел қорғау үшiн әскер осы күнгi түрде ұсталмау. Әскерлiк жасына жеткен жастар жерiнде үйретiлiп, жерiнде қызмет ету. Әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай болу. Әскерлiк мiндетiн қазақ атты милиция түрiнде атқару.

VII. Салық Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға-байша, кедейге-кедейше ғадiл жолмен таратылу. VIII. Жұмысшылар Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерiнде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды). IX. Ғылым-бiлiм үйрету Оқу орындарының есiгi кiмге де болса ашық һәм ақшасыз болу. Жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерде ана тiлiнде оқу. Қазақ өз тiлiнде орта мектеп, университет ашу. Оқу жолы өз алды автономия түрiнде болу. Үкiмет оқу iсiне кiрiспеу. Мұғалiмдерпрофессорлар өз-ара сайлаумен қойылу. Ел iшiнде кiтапханалар ашылу. X. Жер мәселесi Учредительное собрание негiзгi закон жасағанда жер сыбағасын алдымен жергiлiктi жұртқа берiлсiн деу. Қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша қазақ жерiне оған мұжық келмеу. Бұрын алынған жерлердiң мұжық отырмағандары қазаққа қайту. Қазаққа тиетiн жер сыбағасын жергiлiктi комитеттер кесу. Сыбаға өлшеу норма – жердiң топырағы мен шаруашылық түрiне қарай жасалу. Сыбағадан артылған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға келiсiп берiлу. Түркiстанда жермен бiрге су сыбағасы да кесiлу. Жердi қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншiктеп алу. Өзара әдiлдiк жолмен пайдалану. Жер законында жер сату деген болмау, әркiм өзi пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай, земстваға алыну. Жердiң кенi, астығы, байлығы қазнаныкi болып, билiгi земства қолында болу. Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттiкi болып, аз ағаш һәм көл байлықтары земства мүлкiне саналу.

Жоба жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдолхамит Жүндiбаев, Ғазымбек Бiрiмжанов. Қазақ. – 1917. – №251. Өздеріңіз байқағандай он бөлімнен тұратын партияның бұл бас құжатында сол кездегі қазақ қоғамының өзекті мәселелері түгелге дерлік қамтылған деуге болады. Осы қазақ халқының басындығы тарихи жолайрық кезеңіндегі нақты жағдайларды саралаған «Алаш» партиясы қазақ ұлтының дамуының балама жолын ұсына білгендігі жоғарыдағы құжаттан көрініс тауып тұрғандығы анық. Өкінішке орай, тарих сахнасына толқып шыққан большевиктер Алашордамен тіл табыспай, өздеріне жау ретінде қарады. Айтқандайақ Алашорда большевиктерге мықты оппозиция бола білді. 1917 жылдың қарашасы мен 1918 жылдың қаңтары аралығында өткен сайлауда қазақтар көпшілік дауыспен «Алаш» партиясының бағдарламасын қолдап дауыс берді. Дегенменде большевиктер тізеге басты. Ә дегеннен-ақ кеңес үкіметі тарихи әділеттіліктен гөрі, әлімжеттікпен ұлт азаттық идеясын таратушы, қазақ халқының ұлттық санасын оятушы және де отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші қазақ ұлтының демократияшыл зиялыларының идеясын тұншықтыруға тырысты. 1918-1919 жылдары Жүніс Бабатайұлы, Асфандияр Шорманұлы, Бірмұхамед Айбасұлы, Смағұл Садуақасұлы және т.б. жас қырандар Алаш идеясын ту етіп көтерген ағаларының ізін басып, қолдау білдіріп, қазақ ұлтының қамы үшін жас алашшылардың «Жас азамат» ұйымы төңірегінде тізе қосады. Алашорданың шырқау шегіне жетіп, қызмет аясы тарылған тұста одан арғы таңдау бастапқы жолдан бас тарту еді. Ленинмен болған келіссөз нәтижесіз аяқталған соң, амалсыз саясаттан мүлдем қол үзіп кету ұлт мүддесі үшін күресте ұпай әпере қоймайтыны белгілі. 1919 жылдың 4 сәуірдегі өкіметтің «кешірімінен» соң Алаш арыстары ақыры саясаттың ыңғайына иліккенімен, ұлттың қамын «ұрандатпай» шешуге кірісті. 1920 жылы Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов және Мұхтар Әуезов коммунистік партия қатарына бекер өткен жоқ. Осы

уақыттың талмауыр талабын тап басқан Әлихан Бөкейхан қазақ халқын және танылып қалған алашордашыларды аман сақтау үшін «көзге түспеген» жастар тезірек міндетті түрде коммунистік партияға өтуі керек деген пікір айтады. Алаш жұртының қамы үшін айла мен тығырықтан шығар амал іздеген олар оттан да судан тайсалмады. Айталық Алаш идеясын толыққанды жүзеге асыруда большевиктерден жеңіліс тапқанымен таулары шағылып, тауандары қайта қойған жоқ. Қайта қайраттана, ширыға түсті. Өз елінің тарихын жақсы біліп қана қоймай, туған топырағының сүймендей жері көрші мемлекеттердің құзырына өтіп кетпесі үшін бар білігі мен батылдығын жұмсаған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Әлімхан Ермеков және Мұхаметжан Сералиндер қазақ ұлтының бірлігі мен қатар, жерінің де тұтастығын сақтап қалды. Кеңес үкіметінің көсемі Ленин бұл ретте бір жағынан әділдікке, бір жағынан саясатқа салып, қазақ зиялыларының ығына жығылды. Нәтижесінде бұрын Ресейдің құрамына өтіп кеткен көптеген жерлер Қазақстанға қайтарылып, тарихи әділеттілік орнады. Сөз жоқ, осы тұстағы жастардың дүниетанымы жедел қалыптасып, олардың ерте есеюіне ықпал еткен ең бірінші сол кездегі қазақ қоғамының талабы қозғаушы күш болды. Жастар асау уақыттың жалынынан ұстай білді. Замананың тынысын тап басты.

Жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ жастарының жетекшілерінің бірі де бірегейі Смағұл Садуақасұлы болды. Ол Алашорданың жұмысына белсене араласып, оның Ақмола облыстық комитетін құруға ат салысады. Алашорданың мақсат-мұратын жастарға жан-жақты түсіндіріп, әрі оларды үлгі ете отырып, Алашорданың жастар қанаты іспетті «Жас азамат» ұйымының ірге тасын қалады және оның үні – «Жас азамат» газетін жарыққа шығарды. Әрі өзі қарымды қаламгер ретінде де Алаш идеясын сол кездерде жарық көрген басылымдарда барынша насихаттаған Смағұл Садуақасұлы «Жастар сьезіне» («Еңбекшіл қазақ» газеті, 1922 жыл, 20 шілде) атты мақаласында: «Қазақтың саяси пікірінің тарихы – қазақ жастарының тарихы. Қазақ халқының ішінде шын саяси қозғалыс жастар оянып, жастар ұйымдасқаннан кейін ғана бар» - деген ой түйеді. Көреген әрі уақыт сынын саралай білген сарабдал ойдың иесі Смағұл Садуақасұлы бұл еңбегінде аға толқын арасында жүрегі ұлтым деп соққан азаматтар көп болмағандығы, олардың ортақ бір істің басына жұдырықтай жұмыла алмағандығы жастарға сабақ болуға тиіс екендігін айтады.

1918 жылы 5-13 сәуір аралығында Омбыда жалпы қазақ-қырғыз жастарының үлкен жиылысы қалыптасқан жағдайға орай, қазақ жастарының өміріне жаңа тыныс әкеледі. Бұл жерде бұған дейін қызмет еткен «Бірлік» және «Жас қазақ» ұйымдары қазақ жастарын біріктіргенімен, ұлт мәселесінде, Алаш идеясы төңірегінде топтасуда енжарлық танытқанын айта кетуіміз керек. Жастардың арасында басқа жолды таңдағандар бұл мәселеде шын мәнінде таңдау жасау қажеттігін көрсетіп берді. Оның үстіне дәл осы уақытта қазақ қоғамының алдында Алашорда партиясының, Алаш орда үкіметінің бастаған ісіне қолдау білдіріп, одан әрі жалғастыратын жас алашшылардың күшіне жүгіну міндеті тұрды. Сөйтіп, елдегі барлыққа дерлік, шамамен жиырма бір жастар ұйымдары бір орталыққа бірігіп, «Жас азамат» ұйымы құрылды. Бұлайша бұла күшті біріктіруге аға буынның ықпалы болғаны анық. Айталық 1917 жылы Әлихан Бөкейханұлы Омбыға Орынбордан арнайы ат терлетіп келіп, ондағы көзіқарақты қазақ жастарымен кездеседі. Ел қамы, ұлт мүддесі турасында ақыл қосады. Мұндай жүздесулер жиі болғаны анық. Иә, жиырмасыншы жылдар көзі ашық, сауатты да сарабдал қазақ жастары үшін толысу, іздену, өсу жылдары болды. Бұл жиған-терген білік пен тәжірибені олар ұлт мүддесі жолына жұмсау қажеттігін және жете түсіне білді. Осы жолда қиындықты да кешті, қызық пен шыжықты да көрді. Әділеттің ақ жолы жеңіл болмасына да куә болды. Үміт пен күдік итжығыс түскен талмауыр тұстың ақырында ақиқат жеңіп шығатынына имандай илана білді де. Енді осы алашшыл жастарға жетекшілік еткен өрендерге және негізгі қозғаушы күш - олар құрған ұйымдар мен жарыққа шығарған басылымдаға тоқталып өтсек. Алашшыл жастар ағалар ісін жалғады Қазақ жастарының тұңғыш ұйымы 1915 жылы құрылған «Бірлік» мәдени-ағарту ұйымы болып табылады. Бағыты қазақ ұлтын сақтап, халықтың ұлтжандылық сезімін оятып, мәдени-әдеби жағынан алғы елдердің қатарына қосылуды көздеген әрі аты айтып тұрғандай бүкіл жастарды бірлікке шақырған «Бірлік» ұйымы Омбының ойлы қазақ жастарының табандылығымен дүниеге келген болатын. Алайда 1918 жылы төңкерістен кейін замана ығына қарай ыңғайлана

қойған «Бірлік» ұйымының мақсат-мұраты құбылмалы мүшелері райларынан қайта бастағанда, ұстанымдарына берік мінез танытқан С. Садуақасұлы, Қ.Кемеңгерұлы және Г.Досымбекқыздары қазақ жастарының басын қосып, жоғарыда айтып кеткен «Жас азамат» ұйымын құрды. Осылайша «Бірліктің» бастапқы бағытын, оның жұмысын, дәстүрін одан әрі жалғастырған «Жас азамат» ұйымы дүниеге келеді. Басты мақсат -қазақ ұлтының тәуелсіздігі мен теңдігі. Бұл аталған ұйымдар сол кездегі қазақ жастарының ұлт мүддесі тұғысында біріге қимылдай алғандығы мен олардың қоғамдық белсенділігінің жоғары болғандығын көрсетсе керек. Ал билік қарамағында да жастарға қатысты құрылымдар баршылық еді. Соның негізгілері – Кеңестік Күншығыс ұлттары жастарының орталық бюросы және Қазақ Автономиялы республикасының Жастар одағы. Аталған құрылымдар қазақ жастарымен тікелей жұмыс жасайтын әрі 1920 жылдары қызметтері күш алған болатын. Осы жылы Сібір төңкерісшіл Жастар Одағы комитетінің (РКСМ) қырғыз (қазақ)-татар секциясы қанатын кеңге жайып, қазақ ауылдарында жастар ұйымдарын құра бастайды. Смағұл Садуақасұлы бастаған өрендер бұл ұйымдарды «Жас азаматтың» дәстүрін одан әрі жалғастыратындай етіп құруға күш салды. Омбы жастарының орыс тілінде шығатын «Юношеская правда» журналы ( № 3, 15 шілде, 1920 жыл): «Осы жылдың 3 мамырынан бастап іске кіріскен қазақтатар секциясы (құрамында 3 қазақ, 2 татар бар) жұмыс барысында әр ұлттың салт-санасы, тұрмысы әрқилылығына сәйкес жасайтын тірліктерінің мазмұнын да өзгертті. Қазақ қызметкерлері қазірдің өзінде Атбасарда, Қызылжарда, Көкшетауда (Омбы губерниясы), Павлодарда, Қарқаралыда (Семей губерниясы) жастар ұяларын құрып үлгерді. Қазақтың бұл елді-мекендеріндегі жастар ұялары сауық кештерін жасап, спектакльдер қойып жүрген көрінеді,» - деп қызыға да қызғана хабарлайды. Бұл Сібір РКСМ-ның қазақ-татар секциясы апта сайын «Еңбекшіл жастар» мен «Кызыл шарх яшляри» газеттерін шығарып тұрды. Осы кездердің өзінде Қазақстанның қалалары мен қатар шалғай ауылдарының өзінде жастар ұйымдары белсенді жұмыс жүргізді. 1917 жылы Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» құрылды. Сондай-ақ Ақмолада да сол секілді «Жас қазақ» ұйымы жұмыс істеді. 1920 жылы 12-18 қыркүйек аралығында Күншығыс ұлттары жастарының Бүкілресейлік бірінші конференциясы өтеді. Оған өкіл

болып барған Сұмағұл Садуақасұлы қазақ ұлтының жастары атынан мінберден сөз сөйлейді. Осы жиналыста ол Күншығыс жастарының тоғыз кісіден тұратын кіндік бюросына мүше болып сайланады. Қазақ жастарының жас та жалынды жеткешісін байқаған Қазақстан өкіметінің басшылары оны 1920 жылы қыркүйек айында Орынборға арнайы шақыртып, Аймақтық жастар комитетінің хатшысы етіп тағайындайды. Осы ретте Л.Гумилев атындағы университеті Алаштану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлының мына базынасын құлаққағыс қылғымыз келеді: «...Осы күнгі Жастар одағы басшылары С.Садуақасұлы хақында дым білмейді десе болғандай. Олардан Қазақстанда алғашқы Жастар Одағының ұйытқысы болған кімдер деп сұрасаңыз, қыршын ер Ғани Мұратбаевты ғана атаулары мүмкін. Алайда олар Ғани ағамыз түркі, мұсылман ұлттарына ортақ Отан болған Түркістан Автономиялы республикасы жастарына жетекшілік еткенін біле бермесе керек. Ал енді келешекте «Қазақ Автономиялы республикасы Жастар Одағының тұңғыш хатшысы кім болған» деген сұраққа қате жауап берілмесе екен дейміз.»(Смағұл Садуақасұлы, «Қазақстан» баспасы, 1995 жыл) Ал Қазақстанда кеңес үкіметі құрылғаннан кейін жастар қозғалыстары да өріс алды. 1921 жылғы шілдеде Орынбор қаласында Қазақстан комсомолының І сьезі болып өтті. Осы ретте айта кетерлігі кедей шаруа отбасынан шыққан Ғани Мұратбаев (1902-1924) Қазақстан мен Түркістанда комсомол ұйымдарын құруда ерекше белсенділік танытып, осы кезеңдегі қазақ жастарының жалынды жеткешісіне айналды. Бұған басты дәлел Түркістан комсомолы Орталық комитеті Қырғыз (Қазақ) бюросының тұңғыш төрағасы болып еңбек еткендігі еді. Ал қыршынынан қиылған дарынды жастар жетекшісі өмірінің соңғы сәттеріне дейін коммунистік жастар интернационалы Шығыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. Жиырмасыншы ғасыр басында мүлгіген қазақ қоғамын ұйқысынан оятқан, жан-жағына сын көзбен қарауға үлкен ықпал еткен сөз жоқ, екінші мыңжылдық басында шыға бастаған қазақ басылымдары болатын. Алдымен көзі қарақты қазақ жастары рухани серпілістің қасынан табылып, қатарлары да көбейе бастады. Бұл құбылыс әсіресе сол кездегі Омбыдағы қазақ жастарына үлкен әсер етті. Айта кету керек, 1907 жылы жарық көрген «Серке» газетіне дейін шыққан «Түркістан уалаятының газеті» (1870-1882) мен

«Дала уалаятының газетінің» мақсаттары патша өкіметінің жарлықбұйрықтарын қазақ даласына жеткізу болғандықтан, аталған басылымдар ұлттың үнжариясына айнала алмады. Ал қазақ ұлтына қызмет ету мәселесі «Серкеден» басталып, бұл дәстүрді одан әрі «Қазақстан» газеті (1911-1913), «Айқап» журналы (1911-1915) және «Қазақ» газеттері (1913-1918) жалғастырды. Осы басылымдарда жарияланған дүниелер ұлт болып ұйысуға, елдік пен бірлікке үндеді. Сондай-ақ қазақ өрендерінің ұйқыдан өре түрегеліп, оянуына ғасыр басында там-тұмдап болса да жарыққа шыға бастаған кітаптардың да едәуір ықпалы болғаны анық. Жаңалыққа жаны құмар жастар аға буынның үлгілі істерін іліп әкетті. Қазақтың ағартушылық әдебиеті қанатын кеңге жая түсті. Бұл ретте 1928 жылы Мәскеудің «Огонек» акционерлік баспа қоғамынан қазақтың талантты жас жазушыларын әлемге таныстыру мақсатында орыс тілінде жарық көрген «Жас Қазақстан» («Молодой Казахстан») жинағын айта кету керек. Смағұл Садуақасұлы құрастырған бұл жинаққа М.Әуезов, Ж.Аймауытов және Б.Майлин сынды майталман жас жазушылардың әңгімелері енген болатын. Ал қазақ жастары арасындағы тұңғыш қолжазба журнал Уфадағы «Медресе Ғалия» шәкірттерінің еңбегі – «Садақ» (1915-1918) болатын. Қазақ жастарының тұңғыш ұйымы 1916 жылдары құрылған «Бірлік» мәдени-ағарту ұйымының «Балапан» қолжазба журналы талай өрендердің қаламын ұштап әрі алашшыл жастардың шығармаларын басып тұрды. Осы ретте қолжазба журналдар нендей қажеттіліктен туындады деген заңды сауал алды орайды. Бұған басты себеп, Алаш туы астында біріккен аға буынның патша цензурасына қарамай қажымас қайрат көрсетіп, қайтпас мінез таныта жүріп шығарған басылымдары жастарға жол сілтеп қоймай, олардың бой көтеруіне қатты әсер етті. Содан жастар да қарап қалмай, ой-мақсат, арман-аңсарларын қағазға түсіріп, бұқара халыққа таратқысы келді. Міне, қолжазба журналдар осындай жолдармен келіп, жарыққа шығып жатты. Бұдан кейін дүниеге келген «Жас азамат» ұйымының үні «Жас азамат» газеті 1918 жылдары шыға бастайды. 1920 жылдары Омбы қаласында шығып тұрған «Еңбекшіл жастар» апталық газеті, 1922 жылғы жастардың «Өртең» атты газеті, сондай-ақ 1923 жылдары жарық көрген «Жас қазақ» журналы, «Лениншіл жас», «Жас қайрат» газеттері аттары басқа болғанымен, іс-әрекет, мақсаттары бір болып, сол кездегі қазақ жастарының мәселелерін жан-жақты

қозғады. Бұлардың ішіндегі «Жас азамат» жастар газеті болса да Алашорданың мақсат-мұратын ашық насихаттаған «Қазақ», «Абай» және «Сарыарқа» секілді басылымдармен қатар, иық тірестіре Алаш идеясын асқақ ұстады. Айталық әрбір санында: «Жасасын Алаш! Жасасын Алаштың көшбасшылары! Жасасын Алаштың жаужүрек ұлтшыл жастары!»-деп ұран тастап,-«Алаш Орда тігілді. Ақ ту көтерілді. Енді әркім шамасына қарай ұлтына қызмет қылуы тиіс» (№ 1, 30 шілде, 1918 жыл) деген жүрек жарды ойларын жеткізіп отырды. «Қазақ» газеті 1918 жылы алашшыл жастардың жігерін жанып, «Жас азамат» атты мақала басады. Онда аталған басылымның мақсат мұратын кеңінен таныстыра отырып, газетті тоқтаусыз шығарып тұруға ат салысуға шақырады. Және де ең бастысы, осы бағытта жастардың жұдырықтай жұмылуына, бірігуіне үндейді. Төмендегі бұл мақаланың мәні мен мазмұны танысып шыққан адамға бүгінде өте маңызды екенін аңғарар еді. «Жазғытұрым Омбыда қазақ-қырғыз жастары ұйымдарының съезi болған. Съезде байланған қарардың бiрi газет шығару едi. Сол қарар бойынша, Қызылжарда 30 июльден берi жетi сайын «Жас азамат» атты газет шығып тұр. Газеттiң мақсаты-бағыты туралы бiрiншi нөмерiнде айтылған, «Жас азаматтың» мақсаты, негiзгi жолы – ұлт бостандығы, ұлт тендiгi. Бұл тiлекке жету үшiн «Жас азамат» Алаштың алтын туын жайқалдыратын, дұшпанға күштi, досқа қуаныш салатын, iргелi ел қылатын бiрлiктi қолданады. Әлсiздi күшейтетiн, ауырды жеңiлдетiп табиғаттың қожасы шаруа мәдениетiн қолданады. Ар-иманның, таза адамшылықтың түпкi тамыры әдiлдiктi қолданады. Осы айтылған жолдарды қарсы күш, қалың жау тұрса да, таудан үлкен тұрмыстың кедергiлерi тұрса да «Жас азаматтың» бет алған сапарынан қайтпайтынына иманымыз берiк. «Жас азамат» қажыса, талса, қатерден қорықса, от екпiндi ұлтшыл жастардың рухы сөнгенi, ұлт үшiн ыстық қан, жас жан құрбан деген пiкiрден қайтқаны. Жоқ! Бұл мүмкiн емес. Жүрекке нық байланып, ыстық қанға сiңген зат бiр буыннан бiр буынға көшiп отырған қасиеттi мұра. Алты миллион Алаштың жарық ойлы жастары ортасындағы жалғыз «Жас азаматты» әлпештеп асырай алмаса, тұғырға қондырып баули алмаса, қаламға, пұлға мұқтаж қылса, жас атаулының сүйегiне таңба... «Жас азаматтың» ғұмыры ұзын, алды ашық, жүзi жарқын болсын. Жiгерлi жастар, кең ойлы қарттар «Жас азаматты» көркейтуiне бiз де сенемiз. «Жас азамат» қазiр серiктiк пұлымен шығады. Серiктiк жарнасы 50 сомнан кем емес. Артық болса, тым жақсы. «Жас азаматтың» жылдық

бағасы 20 сом, жарты жылдығы 11 сом, үш айлығы 6 сом. Адресi: г. Петропавловск. Акмолинс. обл. «Жас азамат».» Сондай-ақ «Жас азамат» (№ 1, 30 шілде, 1918 жыл) сол тұңғыш санында: «Жастар! Алда жүрген Алаш жолына аянбай қызмет қылған адал жүрек ағалардан үлгі, өрнек алыңдар» - деп, дұрыс жол сілтей білсе, ағалары атынан жастарға берілген ақ жолтай бата – «Жас азаматта» (18 тамыз, 1918 жыл) басылған ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңі еді. Онда ақын: Сөздерінде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін! – деп, жастарға сенім мен үміт артты. Ал, басқада қазақ зиялылары жастардың отаншыл рухы мен бірлігінің мұқалмауын қалады. Тіпті өткен ғасыр басындағы ұлтымыздың бетке ұстар біртуар ұлдарының бірі Мұстафа Шоқай (1890-1941) қазақ жастарының ғана емес, мұқым Түркістан жастарын бірлікке шақырды. Бұл түсінікті де еді. Өйткені Түркі тілдес халықтардың тұтастығы жолында күрескен Мұстафа Шоқай ең алдымен олардың жас өрендерінің өріс кеңейткенін қалады. 1917 жылы желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ сьезі Түркістан автономиясының жеткешісі Мұстафа Шоқайдың уәжіне құлақ асып, қазақ халқының автономиясы туралы мәселені мақұлдағанын жоғарыда айтып кеткен болатынбыз. Осылайша қазақ зиялыларының ыстық ықыласына бөленген Мұстафа Шоқай 1936 жылы Берлиннен «Түркістан жастарына» атты арнау хатын жолдайды. Төмендегі бұл хатты шолып шығу аздық ететін шығар. Жүрекке тоқып алу қажет болар. «Бүгін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Түрікменстан һәм Тәжікстан деп жат үкімет күшін алты жүмһириетке бөліп тұрған Түркістан – бөлінбес, айрылмас бір өлке. Халқының қаны бір, діні бір, мақсаты бір. Түркістанның мақсаты – өзінің құрылысы – миллет үкіметін құрып, дербес боп, өз алдына бір үкімет болып тұру. Халқы көптен бұл жұмысқа алысып шалысып, қан төгіп, соғысып келеді. Үмітіміз зор, мемлекетіміздің келешегіне иланамыз. Түркістан жастары айрықша бұл мақсатымызға жеткізуге таласып, тырбасып жатыр. Біздің мақсатымыз – жалғыз Түркістанның ғана емес, бүтін түрік өлкелерінің, бүтін түрік халқының дос болып,

өзара бірлік-пірадарлықпен жасап, сыртқы дұшпандарға қарсы өзінің толықтығын, үкіметінің толықтығын білдіріп қою. Ойымызға жетеміз, талабымызды орнына келтіреміз деген иманымыз зор, күшті. Халқымыз үстіндегі жат үкіметтің күшіне не қадар ауыр болса, біздің оған қарсы шығысымыз о қадар үзім, о қадар күшті болмақ. Алыста жүріп ел қайғысын ойлап, алыста жүріп ел қамын ойлап Ауропаның әр тарабында жүрген, бүгінгі Түркияда тұрған Түркістан жастары, бірлесіңдер! Сендердің бірліктерің, сендердің бір-біріңе күш қосуларың – еліміздің бақытына қызмет етпек. Мұны ұмытпаңдар! Бәріміздің құбыламыз – өзіміздің ата жұртымыз, өлкеміз Түркістан болмақ! Түркістан үшін өлу, Түркістан үшін жан беру – бәрімізге бір мақсат, бір мұхаббат, уәзифа болмақ. Мұны ұмытпау керек! Түркі халқы – батыр халық, Түрік халқы – арыстан ер халық. Кімнен таяқ жегендей Біздің Түріктің баласы. Алдырып жүрген дұшманға Ауызының аласы. Бұл нақыл сөзді ұмытпауымыз керек. Бәріміз бір болсақ, біздің жеңбейтұғын жауымыз болмайды, мақсатымызға жетеміз! Онсыз біздің күніміз жоқ, құрып кетеміз, босып кетеміз. Құрымасымыз үшін, боспасымыз үшін – күшімізді біріктіріп, иін тірестіріп, бір-бірімізге жәрдем беріп жүруіміз керек. Онсыз біздін күніміз қараң. Мұны ұмытпау керек! Түрік баласы, ұмытпаңдар, бастарыңдағы бөтен елдің үкіметін шығарып тастауға, аударып тастауға тырысыңдар!» Бұл «Түркі тілдес түгел бол!» идеясын сол халықтардың жастарына арнаған Мұстафа Шоқай олардың жігерін жанып, бірлікке шақырады. Бір қызығы, сол кездері Алаш қозғалысының аясы тұтас түркілік ауқымды қамтуға ұмтылғанын еске алуымыз керек. Айталық, 1917 жылы қырғыздың «Бұқара» атты саяси партиясы «Алаш Орда» кеңесімен бірікті. Бұған қоса Алаш қозғалысының нәтижесінде пайда болған I Жалпықазақ сьезін Мұстафа Шоқай «ұлы түркі халықтарының мызғымас бірлігін көрсететін сақынаға айналды» деп баға береді.

Алаш қозғалысы тарағанымен, Алаш идеясы тамыр алды Алашшыл жастардың аңысын баққан кеңестік билік алаштық элитаны өзіне қарсы тұрған ықпалды әрі қауіпті күш ретінде бағалап, ақыры есеп айырысу қажет, оппоненттерін түп тамырынан шауып тастау керек деп шешеді. 1926-1927 жылдардан бастап репрессиялық шараларды қолға алған олар 1930 жылғы 4 сәуірдегі ОГПУ (Біріккен Мемлекеттік саяси басқарма) алқасының шешімімен А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М. Дулатов бастаған қырыққа жуық Алаш зиялылары түрлі мерзімдерге түрмелерге және концлагерьлерге жабылып, жер аударылады және басқа да жазаларға кесіледі. 1932 жылғы 20 сәуірдегі ОГПУ үштігінің үкімімен жиырмадан астам Алаш зиялылары бес жылға Ресейдің Воронеж облысына жер аударылды. Ал Алашшыл жастардың бірқатары ағаларының ақылын тыңдап, Алаш идеологиясынан бас тартатындықтарын ресми түрде мәлім ете отырып, ұлт мүддесін коммунистік партия қатарында жүріп қорғауға тырысты. М.Жұмабаев, М.Әуезов және Ә.Ермековтер осы жолды таңдағанымен де ОГПУ–дің тепкісін көрді. Өкінішке орай, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Д.Әділов, Ә.Байділдин, А.Юсупов және басқа бірқатар Алаш зиялылары ату жазасына кесілді немесе абақтыда көз жұмды. Бүгінде Алаш қайраткерлерінен бастап сүргінге ұшыратқан 1937 жылдардың ызғарлы лебiнен ескен сұрапыл зұлматтың зардабы мен салдары қандайлық болғандығын сезiнбек тұрмақ, болжау қиын. Яғни тағылымы зор тарихи нәубеттiң қазiргi жаңа буын, жас ұрпаққа берер сабағы турасында ойлану қажеттiгі туындайды. Атап айтқанда сол аға буынның қабырғасын қайыстырып, iргесiн сөгiп кетуге қауiп тудырған зауалдың ендiгi уақытта алдын алу, оның әлеуметтiк зардаптарынан арылу жайы алды орайды. Осы тұрғыда өткен ғасырдың 37 жылдары бетке ұстар ұлт зиялыларын саяси қуғынсүргiнге ұшыратқан қоғамның қайшылықты қарекетiн таразылау, тарихи жадыны жаңғырту қажеттігі туындайды. Әрине, 37 жылдары кеңестiк тоталитарлық жүйе жүргiзген солақай саясаттың ауыр зардаптарын арқалаған азаматтар мен сол жылда құрбан болған Алаш зиялыларымен қатар, бiр ғана репрессия салдарынан қазаға ұшыраған Қазақстандықтардың жалпы саны 25 мың адамнан асып жығылады. Сонымен қатар, Сталиндiк қылмысты коллективтендiрудiң сұмдық салдарынан 1,5 миллионға жуық

қазақ көз жұмды. 1930-1932 жылдары 1,5 милион қазақ КСРО-дан шетелдерге мүлдем көшiп кеттi. 1930 жылы Республикада 5 милион 873 мың адам тұратын – бұл осында көшiрiлгендердiң жалпы санымен бiрдей делiк. 1933 жылға қарай халықтың саны 2 миллион 493 мың адам ғана болды. Ал 1937-38 жылдардағы қуғын-сүргiннен бастап Сталин дүниеден өткенге дейiнгi аралықта Қазақстанда 103 мың адам саяси айып тағылу арқылы сотталса, оның жоғарыда айтып кеткендей 4/1 “ОГПУ –НКВД үштiктерi” үкiмiмен, сот үкiмiмен атылған. Сондықтан бұл кiтабымыздағы алаштану тақырыбын үтiрнүктесiне дейiн толыққанды болмаса да, жалпылама мәлімет алу үшін де репрессия мәселесіне соқпай кете алмаймыз. Бұл ретте оқырман қауым мейлiнше тауқыметтi тағдыр арқалаған жекелеген Алаш азаматтарының азапты өмiр жолдары арқылы (үшінші бөлімдегі өмірбаяндық анықтамалықты қараңыз) жалпы репрессия турасында мол мағлұмат алады деген ойдамыз. Мұндағы әрбiр аты-жөндерi аталып, өмiрбаяндары берiлген азаматтар деректерiнде репрессияның салған iздерi айшықталып жатыр. Осы ретте азалы тарихымызға бас ие отырып, құрбан болған аяулы азаматтар рухына тағзым етiп, өткенiмiзге сауап, өткелiмiзге салауат айту парызымыз дегенiмен, дәл мұндай жағдайлардағы шетелдердiң озық тәжiрибесiнен үлгi алу қажеттiгi туындайды. Айталық сол кездегi кеңестiк жүйенiң ықпалында болған Моңғолия мемлекетi елiктегіштiкпен кеңестiк репрессияның артынша-ақ оны өз елдерiнде қайталаған болатын. Кейiннен Моңғолия басшылығы бұл солақай саясаты үшiн халқынан кешiрiм сұрап, құрбан болғандар мен азап шекендердiң ұрпақтарына өтемақы төледi. Бұл жайт турасында оның куәгерлерi бүгiнде сол жақтан ата-жұртқа қоныс аударған ағайынның айтары баршылық. Осы сынды азалы тарихымыздың қасиеттi беттерiн парақтағанда әлi алда атқарар iстердің көп екенiне көз жетедi. Енді осы отызыншы жылдардың жуан ортасындағы Алаш зиялылары итжеккенге айдалып, атылмас бұрын қандай қоғамдық– саяси және психологиялық қыспаққа ұшырағандығына нақты тарихи құжаттармен таныса отырып, көз жіберіп көрсек. Өйткені, дәл сол уақыттары қалыптасқан саяси ахуалдың зілмауыр салмағы тек Алаш элитасын ғана емес, тұтастай қазақ ұлтын жаныштап бара жатты. Бұған көз жеткізу үшін О. Исаевтың БК(б)П-ның I сеьзінде сөйлеген сөзінің төмендегі қысқартылған стенограммасын («Политические репресси в Казахстане в 1937-1938 гг.» Қазақстан, 1998 ж.) шолып шықсақ та жеткілікті.

«... Қазақстанда басты қызметте жүрген, Қазақстанның iшiнде түзелмей жүрген адамдар алашордашылармен бiрге iстегендiгi көрiнiп отыр. Сол жолдас, түзелмей қалған адамдарды айтып отырмыз. Нұрмақов секiлдi Мәскеу қаласында бiраз жылдың iшiнде үлкен қызметте отырған, Қазақстанда 1929 ж. дейiн Совнаркомның бастығы болып отыратын, бiр жағынан, совет үкiметiнiң саясаты дұрыс деген болып, екiншi жағынан, Троцкийдiң тыңшысы болып, солармен бiрге жапон, германдардың байларына сатылмақшы болып жүргендiгi көрiнiп, қазiргi уақытта ұсталып отыр. Бұл ненi көрсетедi, жолдастар? Оңшыл ұлтшылдардың, ұлтшыл болып жұрген адамдардың зиянкес, жат екендiгiн ашық, айқын оңшыл ұлтшыл екендiгiнiң әбден анықталғандығын көрсетедi. ...Кешегi жолдастар айтып кеттi, Асылбековтiң Қарқаралыда тұрған уақытта, алашордашыл ұлтшыл Сұлтанбековтердi, солармен бiрге табақтас болып, оларды қонаққа шақырып отырғандары, оңшыл ұлтшылдармен бiрге үйiрлес болғандығы туралы бiрқатар жолдастар айтып кеттi. Дұрыс айтты, ол сөйлеген жолдастар одан да көбiрек айта түсу керек едi. Бұл партия мүшесi, бұрын партияға мүше болып едi ғой, не болмаса бiрге жұмыс iстеп едiк қой деген қазақшылықты тастау керек. Бұл жөнiнде қазақшылықты қойып, партияның жолындағы саяси адам болу керек. Аты аталған екi жолдастың, Нұрсейiтов және Асылбеков жолдастар сияқты аңғармай қалып, дұшпанмен бiрге астасып отырғаны көрiнiп қалды. Бұдан қандай нәтиже туды? Бұдан анау кұнгi VII партия конференңиясында ұлы маңызды, жеке алынған ұлт мәселесi туралы қаулының орынды болғандығын көрсетедi. Үкiметтiң, партияның мақсатына қарсы iс жүргiзiп отырғаны, осылармен күресудi, әсiресе жоғарғы қатарға қоюдың керектiгiн көрсетiп отыр. Бұл жөнiнде VII конференцияның қаулысы бiздiң қолымыздағы айқын программа. Осыны айқын iске асырып отырып, ұлштылдар, тройцктстшiлдер, оңшылдардың бәрiн жойып бiтiру керек. ... Екiншi әңгiме жолдастар мынау. Соңғы уақытта партияның тарихын үйренiп, соны жұртқа түсiндiру туралы бiраз әңгiмелер бар, бұл әңгiменiң бiр жағы қазақтың контрреволюцияшыл ұлтшылдарымен күреске байланысты. Бұл туралы бiраз жолдстар айтып өттi. Олардың айтқаны, Алаш-Орда Октябрь революциясынан бұрын болса да, ол революцияшыл патшаға қарсы күрес жүргiздi деген әңгiме бар дедi. Бұл дұрыс теория емес, зиянды теория. Бiрқатар

жолдастар айтты, бұл туралы зиянды теориялардың бар екенi даусыз. Бұл жөнiнде менiң де қатем бар. 1927 ж. Өлкелiк партия комитетiнде Мартыновтың бiр тапсырмасы болды. “Алаш-Орда туралы барлық қағаздарды, документтердi жина, соны басып шығару керек” – дедi. Алаш-Орданың кiм екендiгiн, қандай iс жүргiздi деп, осы документтердi терiп, басып шығарудың өзi ол уақытта қате болған екен. Өлкелiк партия комитетiнiң саяси қатесi осы.» Әрине бүгін біз сол кездегі замананың ығымен кезінде Алашшыл азаматтарға қара күйе жаққан адамдарды айыптай алмаймыз. Оның әлі әділ бағасын беретін уақытты төрешілікке қалдырамыз. Дегенмен құжаттың аты құжат. Әсіресе қазақ тарихында өзіндік орны ғана емес, тағылымы зор саналатын Алаш қозғалысына, оның қайраткерлеріне қатысты мәселелердің күнгейі мен көлеңкесінің барлық қырын қамтитын құжаттарды рухани айналымға шығару міндетіміз. Бұл бір жағынан зерделер тақырыбымызды толыққанды айшықтай түсері анық. Жалпы кезінде биік мінбелерде сөйленген немесе мерзімді басылым беттерінде жарық көрген негізсіз сындарды авторлары өз еріктерімен айтты ма, әлде әлдебіреулердің нұсқауы немесе қысымы арқылы жүзеге асырды ма дегенге сол құжаттардың өздері жауап беріп тұрғандай. Бұл жағын, яғни мәселенің ақ қарасын таразылауды зерделі оқырманның өзіне қалдырдық. Ал коммунистердің қызыл қырғын мен азапты сүргінді қалайша қаныпезерлікпен жүргізуге деген шамадан тыс белсенділіктеріне аталған құжаттар айғақ болары анық. Сонымен жоғарыдағы алқалы жиында қатталған және бір құжатқа кезек берсек. Назарларыңызға ұсынып отырған Жүсіпбековтың өз баяндамасы бойынша сөйлеген қорытынды сөзі («Политические репресси в Казахстане в 1937-1938 гг.» Қазақстан, 1998 ж.) сол тұстағы қызыл коммунистердің ортақ прототипін көз алдыңызға әкелері анық. « Мен Лепесов, Шағыров қорытындыларына толық қосыламын. Бiздiң қатемiздiң түбi Орталық Комитеттiң февраль пленумының және Сталин жолдастың баяндамасына толық қорытынды жасай алмадық. Жазушылардың пленумiнде Сәбиттiң сынға қарсы болған қорытынды сөзiне соққы бермедiк. Бiздер сынды, өзара сынды бастадық, бiрақ оны кейбiр жолдастар бұрмалағысы келедi. Кейбiр жолдастар Орталық партия Комитетiнiң органдарының сыны дұрыс, бiрақ кей жерде асырып кетедi дейдi (Сәкен, Iлияс). Бұл дұрыс емес.

Менiңше “Қазақстан правдасы” мен “Социалистiк Қазақстан” сыны толығынан дұрыс. Вечерный газеттiң Сәкен туралы асырғандығы рас, оған мен де қосыламын. Бiз қатенi түзегiмiз келсе, Орталық Комитеттiң органдарының сынын толығымен ешбiр оговоркасыз дұрыс деу керек. “Сәкеннiң инерциясы тiптi дұрыс емес. Осындағы жолдастардың сөздерiн еске алып, қателiгiмiздi жете мойындап, оны жоюдың шарасын керсетiп, қаулы алу керек. Қаулымызда Сәбит туралы қатты айту керек. Оны тез шақырып, партиялық мәселесiн қарау керек. Майлин туралы жазушылар правлениесiнiң партгруппасы қаулысы дұрыс деумен бiрге, қатты ескерту беру керек. Сәкен, Жансүгiров жолдастарға ескерту беру керек. Бүгiннен байланысты iс жүзiнде орындамағандарды да, контрреволюцияшыл ұлтшылдықпен, оған ауа жайылған уклонмен iс жүзiнде күреспегендердi катты жазаға тарту керек. Зиянды шығармаларды таратуды тоқтатып, жою керек. Сынды, өзара сынды, ең алдымен, халық жауларының зиянкестерiн, қалдықтарын құртуға, оған ымырашылдық кылғандарға жұмсау керек. Ендi бiз конкретный iске кiрiсуiмiз керек. Газет-журналдарымыз саяси өткiр, өзара сынға басшы, жетекшi болу керек.» Алдымен қазақ зиялыларына осылайша қысым жасаған коммунистік билік жүйесі оларды ең бірінші сынап көруді мақсат тұтқан ба деп қаласың. Және де басты нысанаға қалам ұстаған қайраткерлердің ілігіп, өңменнен өтер өткір сын тезіне олар қашанғы шыдар екен деген арам пиғыл да көрініс беріп қалады. Амал не, мұндай қыспаққа ашық қарсы келсе, қырқып түсуден тайынбайтын қырағы биліктің саясатын түсінген әрі ұлт тағдыры ұстараның жүзінде лыпып тұрған уақытта әрбір қазақ зиялысының өмірі қымбат еді. Сондықтан да сол кездегі қазақ элитасы мұндай жағдайда да есесін жіберместен, ұлт ісін ұрандатпай ақ тындыруға кірісті. Дегенменде шектен шыққан орынсыз сын және жазықсыз жала мен налаға қапысын тауып, тігісін жатыстырып жауап берген қазақ зиялылары да бар. Айталық жоғарыда аталған мәртебелі жиналыста сөз алған Сәкен Сейфуллин сынның шын болғаны керек деген ойын білдіреді («Политические репресси в Казахстане в 1937-1938 гг.» Қазақстан, 1998 ж.). Оған төмендегі сұңғыла суреткердің саясаткер ретінде сөйлеген сөзі дәлел. «Газеттердiң көтерген сынының дұрыс екенiне мен де қосылам. Сынға өкпелемеу керек. Сын iлгерi бастырады. Бiздiң сыншыларымыз

әр нәрсенi уақытында айту керек. Бандитке Сәкен өлең арнады дейдi (Ол уақытта ол бандит емес едi, политбюро мүшесi едi. Ол бандит екенiн бiлсем мен жазам ба?). Сыншыларымыз осы жағын ескермейдi. III конференцияда (1922 ж.) “Азия” туралы Яросланский сынап, зиянды өлең екенiн айтты, сонымен қатар “Домбыра” туралы сөз болды. “Бенде” деген сөзiмдi Троцкийдi банды деп айтты деп те сөз болды. “Банды” деген кiнәнi жуу үшiн 1924 ж. барып “Домбыраны” Троцкийге арнап бастым. 1928 ж. қате екенiн айтып өзiм мақала жаздым. Журналға да жаздым. 1932 ж. ҚазПИ-де айтылды. 1932 ж. Жаманқұловтың баяндамасында да айтылды. Партия сайлауларында да биыл арыз бердiм. Қысты күнi Крайкомға да арыз бердiм. Сондықтан сыншылар датаны ескеруi керек едi. 1922 ж. “Азияны” 1928 ж. қайталады, 30 мың сомнан артық ақша алды деген сықылды өтiрiк сынға қосылуға, дұрыс деуге бола ма? 1922 ж. “Азия” сықылды өлең жазсам, одан кейiн ондай өлең жаздым ба? Жоқ, жазғам жоқ, қайталағам жоқ. Ендi сол үшiн ұра беру керек пе? Өзiм бiлетiн бойымдағы кемшiлiк – менде шабандық бар, айнала алмаушылық бар. Бiр отырсам отыра қалам да, бiр жүрсем жүрiп кетем. Сосын шаршап жаза алмаймын. Бiр нәрсеге кiрiсуiм қиын да, кiрiссем бiрден отырып қалам. Массамен байланыс жөнiнде айтарым: iстеп жатқан массамен байланыс жоқ екенi рас. Жұртпен сөйлесу менде жеткiлiктi (хат алу, әңгiмелесу, көрiсу, танысу – олар бар). Тәуiр жазу үшiн массамен, өмiр, өндiрiспен байланыста болу керек. Рас ол байланыс менде жоқ. Жаулармен байланыс деген ретте айтарым мынау: “Тар жол тайғақ кешуде” жаулар кiрiп кеткен себебi – бұл кiтап шыққан кезде Нұрмақов, Асылбеков, Сарымолдаев ол кезде жау екенi ашық болмаған едi. Асылбековпен 1932 ж. байланысым жоқ. Нұрмақовты Мәскеуде көрiп қоятындығым болмаса, сырлас болған байланысым жоқ. Байтұрсынов, Қоңыратбаев, Айсарин, Валиахметовтер туралы – оларды маңайға жуытпау керек дегем. Ол фактiнi осындағы жолдастардың бәрi де бiледi. 1920 ж. наркомснабтың журналына мақала жаздым. Сонда Байтұрсыновты коммунизм жағына шықты деп қана жаздым. Асыра мақтаған жерiм жоқ. Мағжанның бiздiң арамызға кiруiне тiптi қарсы болдым. Кемшiлiктерiм көп. Қырағылық еткенмен оны жерiне жеткiзбейтiн жерлерiм де болады.»

Сәкен ақын осылайша ағынан жарылады. Өзі коммунист болса да, қызыл коммунистерше ерсілі қарсылы ешкімді айыптамайды, ғайбаттамайды. Қайта мейлінше ұстамды пікір білдіруге тырысқанын аңғарар едік. Өзі туралы артық әрі өрескел бұрмаланып айтылған пікірлердің иелері қолай көрмесе де ақ екенін, адал екенін білдіруді алдына қаймықпай мақсат етіп қояды. Бұл ретте сол кездері қазақ зиялылары бір-бірімен жаға жыртысты, бір-бірін ғайбаттады деген тұрғыдағы әңгімелерді айналып және өте алмаймыз. Бірақ бұл мәселеге бүгін біз салиқалы ой, зерделі көзбен қарауымыз қажет. Себебі, өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы қазақ халқының басындағы сындарлы сәт ұлт зиялыларына да оңай соқпады. Әрі бұл уақыттағы қазақ элитасы білімі мен білігі жағынан да, мәдениеті мен интеллектісі жағынан да әбден толысқан, биік санатқа көтерілген ерекше дарынды толқын өкілдері еді. Мұндай жағдайда тартысты пікір қайшылығы мен сан түрлі балама ойлардың болмауы мүмкін емес еді. Яғни, олар әрбір мәселеге байыппен қарады, салмақты оймен саралады. Ортақ жайттарда келіспейтін жағдайлар да кездесті. Принцпті мәселелерде әркім өз пікірінде қалды. Тек бұра тартпады. Иә, ашық дауласқанымен жасырын жауласпады, астыртын аңдыспады. Сол кездегі қазақ зиялысы бірін бірі дұшпанның оғына байлап берді, сатты деген басы ашық деректі ешкім келтіре алмасы анық. Бастысы ұлт мәселесіне келгенде жұдырықтай жұмылып, біріге білді. Жеке бастың амбициясынан гөрі, ұлтының ар ұжданы биік тұрды. Сөз жоқ, бұл Алаш қайраткерлерінің қазіргі қазақ зиялысынан артықшылығы да, айырмашылығы да еді.

Алаш партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы 1905 жылы құрылған «Қазақ конститутциялық-демократиялық партиясы» мен 1906 жылы құрылған «Халық еркіндігі» (кадеттер) партиясын қоспағанда «Алаш» партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттықдемократиялық партиясы. Нақтырақ айтқанда, Қазақстандағы қазіргі саяси жүйе мен партиялық институттың бастауы. Дейтұрғанменде бүгінгі саяси партиялармен салыстырғанда ұлт мүддесі тұрғысында «Алаш» партиясы ұзақ жылдарға созылған ұлт-азаттық қозғалыс жолдарынан өтіп, саяси күресте пісіп жетілгендігімен ерекшеленеді.

«Қазақ» газеті 1917 жылы № 234 санында: «Осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары саяси прогаммасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса программасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына саяси партия жасалмайынша болмайды», - деп жазған болатын. Өкінішке орай, арада аттай тоқсан жыл өтсе де бұл жағдай маңызын жоймай отыр. Басы ашық мәселе – бүгінгі мүйізі қарағайдай партиялардың ешқайсы да «Алаш» партиясының мұрагері бола алмайды. Бұған жиырмасыншы ғасыр басында аз ғұмыр кешсе де аты алты алашты шарлап, қысқа уақыттың өзінде бай мұра мен үлкен тағылым қалдырып кеткен «Алаш» партиясы мен жиырма бірінші ғасыр басындағы бүгінгі партияларымызды салыстыру арқылы көз жетері анық. Жиырма бірінші ғасыр басындағы қара күздер жиырмасыншы ғасыр басындағыдай бұрқасынды емес, бiрде бұйығыңқы, бiрде жылы шырай. Әдеттегiше, ауыс-түйiстен ада болмайтын саясатыңыз да сапырылыстан аулақ. Тек саяси күштердiң ғана белсендiлiгi артып, бiртоға қан қысымын жоғарылатқысы келгендей кейiп байқатады. Не керек, үлкенi бар, кiшiсi бар саяси күштерiмiз сайланып, бiр-бiрiнен қалып қоймайын дегендей, бiлек сыбана кiрiсулерiне қарағанда құдды бiр саясатымыздың қара қазаны әне-мiне бұрқ-сарқ қайнайтындай әсер бередi де тұрады. Әйтеуiр, бұл бiз үшiн жаңа бiр кезеңнiң басталғанының белгiсiндей көрiнгенi рас. Олай деуiмiзге негiз – жаңа және ескi көзқарастан құтыла қоймаса да, ендi жаңа көзқарасқа үйренiсуге көндiгуде. Жақсысынан үйренiп, жаманынан жиренуге күш салуда. Көппартиялылықтың не беретiнiн көрiп-бiлiп, өткен уақытта адамды мемлекет асыраса, ендi мемлекеттi адам, адам болғанда оның ақылы, күшi мен жiгерi асырайтындығын мойындай бастады. Яғни, халықтың әлеуметтiк зердесi ғана емес, саяси санасы да сақаятын сыңай танытты. «Саяси күштер: сапта бар, санатта жоқ» деген сөз көп айтылады. Бұлай деуге елiмiз еркiндiгiн алған уақыттан бергi кездегi олардың стихиялы әрi науқаншылдыққа толы әрекеттерi дәлел. Осы мезгiлге дейiн халқымыз «Бәлен партия экономиканы iлгерiлететiн тетiкке қол жеткiзiптi немесе әлеуметтiк мәселенi шешудiң тиiмдi жолын ұсыныпты» дегендi ести алмай-ақ келедi. Мұның себеп-салдары сан тарау емес пе? Жаппай саясат соққыштық қасиетке әлеумет болып бой алдырған сонау тоқсаныншы жылдары өркениеттi елдерде

саясатпен халықтың он пайызға жуығы ғана айналысатындығымен (оның өзiнде қызметi соған тiкелей байланыстылары) санаса бермедiк бiлем. Нәтижесi белгiлi болды. Қаптаған партия мен түр-түсiн танып болмайтын қоғамдық бiрлестiктер аяқ аттатып жүргiзбей қойды. Шын саясаткер мен саяси партияның бет-бейнесiн бедерлеу бүгiнгi күннiң үлесiне қалыпты. Елдегi саяси партиялар қайта тiркеуден өттi. Бұрнағы өмiр сүрiп келген он тоғыз партиядан оншақтысы қалды. Бұл саяси күштерiмiздiң қаншалықты салмақты-салмақсыз екенiнiң таразысы iспеттес. Олай дейтiнiмiз, бесеу емес, он емес, жиырмаға тарта партия тiркеуде тұрғанмен, белсендiлiгi төмен, беделi де жоқ болуы – соншалықты көптiгiнен-ақ партиялық жүйесiздiктi туғызды. Көпсандылық сапалалыққа өтпедi. Себебiне үңiлiп көрейiк. Батыс саясаттанушыларының айтуынша, қандай да елдiң саяси жүйесiнде партиялар әлсiз болса, онда оларға ықпалды топтар бар көрiнедi. Осы көзге көрiнбейтiн топтар барлық саяси қойылымдарда, әсiресе, науқан кездерiнде басты ролдерде ойнайды. Мұндай жағдайда партия туралы заңды құнттап қоймай, оларға ықпалды күштердiң әуселесiн байқайтын тәртiп-ереженi бекiтiп қою қажеттiгi туындайды. Сонда жұмбақ кейiпкерлердiң, кiмнiң кiм екенi анықталып, елдегi партиялар ауа райын сол партиялардың өздерi жасап жүргендiгi, не ықпалды күштер басқарып отырғандығы белгiлi болар едi. Қалай дегенмен де, әлi балаң демократияны бастан кешiрiп жатқанымыздың көрiнiсiндей халықтың белгiлi бөлiгiн артына ертпек түгiлi, әлi жете танылып үлгере алмаушылық саяси күштерiмiзге ортақ сипат бередi. Бұл ретте кейбiр партияның науқан кезiндегi пәрмендiлiгiн айтып жатқанымыз ағаттық. Сондықтан анық саяси бәсекелестiктi таңдап алған екенсiз, аянбай тер төгуге тура келедi. Өйткенi, әр қозғалыс, партияның артында халық тұр. Басты мәселе – соны ерте бiлуде. Тобыр аңғалақтау болғанымен, халық ақылсыз емес. Тәуелсiздiк алғалы берi талай нәрсенiң дәмiн татып бiлдi. Ненiң не екенiн түсiнiп, айыра бастады. Қазiр «қандай саяси күш несiмен ерекше, маған не бередi» деп, мәселенiң мәнiне үңiле бастаған кез. Алаңға шығып айқай-сүрең салу, аштық жариялау немесе бас қосып алып бос сөздi боздата берудiң берерi шамалы екенiн халық аңғарды. Жеке басының тағдырын қандай да бiр саяси күшке телу үшiн он ойланып, жүз толғанатын жағдайға жеттi. Бiздiңше, мейлi билiкке болсын, мейлi басқа бәсекелестерiне болсын, шынайы оппозицияға шығу үшiн, басты сынақ – халықтың

сенiмiнен сүрiнбей өту – саяси күштерiмiз бағындыра алмай жүрген биiктiк. Мұны бiздегi партиялар мен қозғалыстарға ортақ сипат деп бағаласақ еш сөкеттiк жоқ. Айталық, бiр кездердегi «Азат», «Алаш», «Желтоқсан» секiлдi қайбiр партия, бiрлестiктердiң құрғақ аттандаулары ақыры iштей ауызбiрлiктiң жоқтығынан өзара ыдырауға апарып соқты. Бiр кездегi «Халық конгресi» сынды партиялар өздерiнiң конструктивтiк оппозицияға шыққанын жариялап жар салғанымен, науқандық деңгейден аса алмағанын аңғартты. Ал, сонау бiр жылдары қалталылар құрған «Жаңа буын» қозғалысы қаржыларын өз мүдделерiнен, әсiресе, өздерiн жарнамалаудан аямай-ақ жұмсағанымен, жалаңдыққа бой ұрды. Тiзiмге ерiк берсек, малтығып қаларымыз хақ. Бұдан кейiн де осы сүрлеу-соқпақ жалғаса берсе, саяси күштерiмiз жеңiске жетпек тұрмақ, сауыға алмасы анық. Сондықтан да, аталған жайттардың алдын-алуға «Саяси партиялар туралы» жаңа заң көптеген саяси партия атын жамылып жүргендердiң тағдырын шешiп беруге септесер деген сенiмдемiз. Әзiрше, саяси күштерiмiз сапта болғанмен санатта жоқ. Ұлттық партия не үшiн қажет? Жалпы партия сөзi гректiң Рагtiо атауынан шыққан, «топ» деген мағынаны бiлдiредi. Ресей саясаттанушылары «саяси партия дегенiмiз – барлық индивидумдарға ортақ мүдделер мен идеялардың негiзiнде бiрлесе саяси iс-әрекет жасау үшiн құқықтық мемлекеттiң iшiнде құрылатын еркiн қоғамдық топтар» деп анықтама бередi. Мұндағы «ортақ мүдделер мен идеялардың негiзiнде бiрлесу» ұғымы «Қай, қандай мүдде мен идея?» деген сауалды туғызады. Сонда, өткен он жылда партияларымыз қандай бағыт-бағдарды ұстанды, болашақта қалай болмақ? Партиялар мен саяси қозғалыстардың құжаттарына қарасаңызақ, олардың бет-бейнесi айқындалады. Әлбетте, көпшiлiгiнiң бағдарламаларында мемлекеттi және оның қоғамдық үрдiстердi басқарудағы рөлiн нығайту мiндетi қойылғанын айтқан жөн. Алайда, аталған мiндет қайсыбiрiнде бұлыңғыр, түсiнiксiз баяндалады, «құқықтық мемлекет туралы» ойлар жиi қолданылғанымен, оның мәнiн әркiм өзiнше таратады. Сонау 1989 жылдың басынан 1991 жылдың аяқ шенiне дейiн көпұлтты және бiр ұлтты партиялардың, қозғалыстар мен ұйымдардың құрылып, негiзi қаланғанымен, саясаттағы ұлттық концепцияларын бас құжаттарында баса көрсете алмады. Мақсат-мұраты анық айқындалмаған осындай стихиялы

бастаудың аяғы көбiсiнiң ауа жайылуына алып келдi. Содан да шығар, тоқсаныншы жылдары дүниеге келген «Желтоқсан» ұлттықдемократиялық партиясы мен «Алаш» ұлттық тәуелсiздiк партиясы бiрден-бiр ұлттық бағдар ұстанушылар тобын бастап шыққанымен, жүйелi жұмыс жүргiзе бiлмедi. Ақиқат салыстыру арқылы айқындалып жатады. Айталық, Ресей бұл жағынан бiзден әлдеқашан көш iлгерi алға озып кеттi. Оның үстiне орыс ұлты өз жерiнде басымдық танытып, «орыс мәселесi» сұрағы мазалап жатпаса да саясатында ресейлiк үстем ой бiр бәсеңдемегенi бүгiнде айдай әлемге аян ресейлiк партиялардың бағдарламалық құжаттарындағы алға қойған басты мақсаттарындағы үш негiзгi бағыттың бiрi – ұлттық (славяндық, орыстық) сана-сезiмдi түлету, күштi (әрқилы нұсқаудағы: демократиялық, монархиялық, пәрмендi президенттiк билiгi бар) мемлекеттi қайта құру – қай-қайсысының да жарғысынан жасқаншақтамай-ақ ойып орын алған. Кешегi кеңестiк империяның бас дирижерi ретiнде жетпiс жылдың iшiнде жүзге тарта ұлт пен ұлысты мидай араластырып, жер бетiнен мүлде жойып, орыстандырып жiберген Ресей бүгiнде ұлттық бағытты саясатында бағдаршам етiп алғанда, бiзге не жорық? Бұдан шығатыны, кеңестiк коммунистiк партияның басты мақсаты – орысшыл, ұлтшыл елге айналу екенi ешкiмге жасырын емес. Әлгiнде айтқандай аталған орыс мүддесi қазiр де үстем түспесе, кем соғып жатқан жоқ. Оған өз алдына мемлекеттiгiн жариялаған тоқсаныншы жылдардың басында-ақ берiк iргетас қаланған. Сол кездегi Ресей саясаттанушыларының анықтауынша шартты түрде төрт топқа бөлiнген анағұрлым ықпалды партиялар мен қозғалыстардың басында ұлт жанашырлары тұр. Осы топтың ұзын саны да орасан: Ресей Ұлттық-республикалық партиясы, бүкiлресейлiк «Отчизна» патриоттық қозғалысы, Ресей қайта өрлеу одағы, Халықаралық славян соборы, ресейлiк халық жиналысы мен ұлттық-патриоттық бағдар ұстанған партиялар мен қозғалыстар. Бүгiнде бұл тiзiм уақыт өткен сайын талапқа сай жаңғырған, жаңаланған, бастысы, iзденiс үстiнде жетiле түскен. Сөйтiп, орыс демократиясы осы жолмен бара жатыр. Өркениеттi Еуропа елдерiндегi партиялардың статусы мен қызметi әркелкi, бiрiнде – заңмен, келесiсiнде конституциялық нормалармен айқындалғанымен, олардың қай-қайсысын алып қарасаңыз да тұрғылықты ұлттың мүддесi бiрiншi орында. Жаһандастыруға жанын салып қарсылық бiлдiрiп жататыны содан. Тiптi Ұлыбританияда,

Швецияда және Канадада, тағы басқа елдерде партиялар туралы арнаулы заңдар болмағанымен, олардың ұстанымы жергiлiктi халыққа қарай орайластырылған. Әдепкi сұрағымызға қайта оралайық. Ұлттық партияның бiз сияқты жас мемлекетке не үшiн қажет екенiн Латвиядағы жағдайлар көрсетiп бердi. Сегiзiншi Сеймге (Парламентке) өткен алты партияның бесеуi оңшыл, ұлтшыл бағытта екен. Қараңыз, жалғыз солшыл күш – «Адам құқығы мен Латвия бiрлiгi үшiн» саяси блогы сайлауда екiншi орын алғанмен (100 мандаттың 24-iн иеленген) келесi жылы орыс мектептерiнiң жаппай латын тiлi оқуына көшiрiлетiндiгiне қарсы тұра алмады. Азшылық көпшiлiк дауысқа амалсыз бағынады. Ендiгi мұндай мектеп деңгейiндегi мәселелер ғана емес, әлгi оңшыл партиялардан сайланған депутаттар қолында Прибалтика республикасының үкiметiнен бастап барлық билiк тұтқалары тұр деген сөз. Өкiнiшке орай, бiздегi бiрде-бiр партия ұлттық бағытты батыл ұстанып отырған жоқ. Оған бағдарламаларына қарамай-ақ, бүгiнгi бетбейнесiнен-ақ бiле аласыз. Олардың әзiрше бағыты: космополиттiк, жалпы адамзаттық құндылықтар, демократия! Президент Нұрсұлтан Назарбаев қоғамымызды одан әрi демократияландыру, дамыту тұрғысында пiкiр тоғыстыратын Тұрақты кеңес туралы өкiмге қол қойған. Оның жұмысына депутаттар, үкiмет мүшелерi, президент әкiмшiлiгi мен басқа да мемлекеттiк ұйымдардың, сондай-ақ саяси партиялар мен әр түрлi қозғалыстардың да өкiлдерi тартылды. Ұлт мүддесiн қорғайтын қозғалыс керектiгi осындайда көрiнсе керек. Басқа партиялар ұлттың сөзiн сөйлемейдi деп айтпаймыз, бiрақ қазiргiлерiнiң жарытпайтыны анық. Сонымен жиырма бірінші ғасыр басындағы сандаған саяси партияларымызбен жиырмасыншы ғасыр басындағы бір ғана «Алаш» партиясын қалай салыстырсақ та атыңнан да, затыңнан да айналайын «Алаш» партиясының қорғасындай ауыр, қауырсындай жеңіл салмағы басып кете береді. Себебі, бар мәселе «Алаш» партиясы қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған шын мәніндегі ұлттық-демократиялық партия бола білгендігінде! Бұл бүгінгі саяси партияларымызға сабақ болса керек. Ұлтының шынайы қамын жеген партия ғана тарих төрінен орын ала алады. Оған «Алаш» партиясының тағылымды тарихы жарқын мысал бола алады.

Алаш идеясының кеңестік кезеңдегі күресі Жиырмасыншы ғасыр басында Ресейде билік басына келген кеңестік жүйе Алаш қозғалысын тарих сахынасынан ысырғанымен, діңгегі мықты бәйтерек - Алаш идеясы тез арада тамыр алып үлгерген. Уақыт өте келе, буын алмаса бере, ол - көктеп, бүршік атып, жаңа бүлік – бой көтерулерге ұласып отырды. Қызыл империя – кеңестік билік жүйесі Алаш қозғалысын құлатып, қайраткерлерін репрессиялық қанқұйлы әрекетпен тұқыртып тынғанымен, Алаш идеясын ауыздықтай алмады. Алаш идеясының түп қазығы – қазақ ұлтының азаттығы, қазақ халқының өз алдына тәуелсіз ел болуы еді. Ал оған үнемі дем беріп, елдік пен бірліктің көрігін қыздырған Алаш қозғалысынан бастап, бүгінге дейінгі кезеңде жас буын – жаңа ұрпақтың рухы биік, маңдайы жарық. Енді осы Алаш қозғалысынан кейінгі жағдайда Мәңгі жас – Алаш идеясының кеңестік билік жүйесіне ымырасыз қарсылығы қалайша жүзеге асып, қай тұста байырқалағандығына көз жібереміз. Алдымен себеп пен салдарды сараласақ. Қазақ халқының демографиялық даму үрдісі Алаш қозғалысының түпкі себептерімен қаншалықты байланысты екен? Деректерге сүйенелік. Жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ халқының өсімі қарқынды әрі қалыпты екенін мына бір цифр ғана дәйектейді. Сол кездегі санақ бойынша, 1915 жылы қазақтардың саны 6 миллион адамға жетті. Өкінішке орай, өзімізге белгілі сан қилы, қан құйлы себептерге байланысты айналасы отыз жылға толмайтын уақыттың ішінде, нақтырақ айтқанда, 1945 жылы қазақ халқының саны 2,5 миллионға бірден кеміп кетті. Бұдан бөлек қазақ топырағында жергілікті халықтың ұлттық құрамы ең азшылық деңгейге дейін түсті. Айталық 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) АССР-і құрылған кезде, қазақтардың өз территорияларындағы құрамы 65 процент еді. Ал 1962 жылдары салыстырмалы түрде алғанда қазақтардың үлес салмағы 29 процентке дейін күрт түсті. Бұл апаттың туындауы мен жедел жүргізілуін өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы Қазақстанның қанқұйлы басшысы Голащекин іскерлікпен ұйымдастырған болатын. Оның жоспары негізіндегі адамның жаны түршігетін ой-мақсаты бойынша, көшпелі салтындағы қазақ қоғамында ұлы (улы) социалистік идеяларды орнықтыру мүлдем мүмкін емес еді.Социализм қазақты

отырықшылыққа, коллективтендіруге көшірген жағдайда ғана жеңіске жете алатын еді. Нәтижесінде не болды? Бар болғаны екі жылға жуық уақыт ішінде қазақтардың 52 проценті, яғни 2 миллион 200 мыңы аштық пен эпидемиядан қырылды. Мұндай сорақылық пен голощекиндік геноцидке көнбеген сол кездегі қазақ халқының 15 проценті республикадан алыс аймақтарға жер ауып кетті. Бұл кезең қазақ тарихының ең қасіретті де қаралы беттері болып қала берді. Содан соңғы жағдайлар «жұт жеті ағайындының» керін келтірді. Науқаншылдықпен «уралап» ұйымдастырылған индустрияландыру жылдарында еңбек майданына күштеп жұмылдыру, дүние мүлікмүкамалы тәркіленгендерді (конфискеленгендерді) көшіріп жіберу, тұтас халықтарды жер аудару, ал соңыра соғыстан кейін тыңның жыры жалғасты. Мұның жарқын мысалы іспетті, 1930-1962 жылдар аралығында Қазақстанға 4 миллионға жуық адам көшіп келді. Міне, осындай солақай саясаттың салдарынан қазақтар өз республикасында азшылықта қалып қойды. Сөйтіп, сан сапаға әсер етпей қоймады. Қазақ халқы өз тамырынан ажырай бастады. Салт-дәстүр, сана-болмысына қауіп төнген ұлттың болашағы бұлдыр тартты. Тіпті қазақ тілі қолданыс аясынан сырылып, барлық саладан жедел түрде ығыстырыла бастады. Кеңестік жүйе кезеңінде бір деректер бойынша, қазақ тілі пәні 700-ден астам мектептерде оқу құралы қатарынан шығарылып тасталды. Әрине, бұл ретте бір жайтты айта кету ләзім. Сол кездердегі Қазақстанға жер аударылған, күшпен әкелінген мың-сан халықтардың, соның ішіндегі көпшілік басымдыққа ие орыстардың, украиндықтардың, немістердің, шешендердің және де корейлердің кінәсі жоқ еді. Олардың бәрі де ең алдымен қызыл империяның қанды қылышына тап келіп, тұрлаусыз тағдырларының құрбанына айналды. Осы жағдайды қазақтар өте жақсы түсінді де. Бір үзім наны болса солармен ортақтасты, тіпті үй-жайына дейін паналатты. Алайда жалпы алғанда бұл жағдайлардың әсіресе, қазақтардың халық болып қалыптасуына кері әсерін тигізбей қоймады. Жығылғанға жұдырық іспетті қазақ даласының әлеуметтік және экологиялық ортасының тынысы тарылып бара жатты. Республика алып атом полигонына (ядролық Семей), экологиялық аурулар ошағына, әлемдік апат аймағының үлкен нүктесіне (Арал қасіреті) айналды. Талай жылдар бойы жинақталған экологиялық проблемалармен қатар ұлттық кемсіту жағдайларына да төзімділік танытылды.

Ондағы анық көзге ұрып тұрған кемшіліктердің өзі назардан тыс қала берді. Орталық әкімшілік жүйе нақты істің орнына КСРО-да ұлттық мәселе шешіліп қойғандығын жария етіп, құрғақ баяндамаларға арқау етті. Нақты деректерге сүйенсек, алғашқы кездегі одақ көлемінде екі жүзден астам ұлт пен ұлыс өмір сүрсе, соның жүзге тартасының, тіпті шағын халықтардың жойылып кетуіне дейін жол берілді. Бұл КСРОның әлем алдындағы ешқандай уәжбен ақтала алмайтын масқара жағдайдағы ең сорақы ісі демеске лаж жоқ. Сөйтіп, шын мәніндегі демократия көрініс таппады. Халық өзінөзі басқару тетіктеріне қатыстырылмақ тұрмақ, олардың ұсыныспікірі де ескерілмеді. Маңызды мәселелер мен бірге қарапайым халыққа қажетті шешімдерді ат төбеліндей шенеуніктер – жоғары саяси басшылық қабылдап, содан кейін ғана ол халыққа мәлім етілді. Республикалардың егемендігі ол кезде тек сөз жүзінде ғана жарияланды. Орталық бірнеше рет Қазақстанның шекарасын өлшеппішумен болды. 1960 жылы Тың өлкесі құрылғаннан кейін оны Ресей Федерациясының құрамына береді деген лақап шықты, бұл жағдай Республика жастары мен студенттерінің наразылығын туғызды. Ондай жағдай бұрынғы Шымкент облысының мақта өсіретін үш ауданын Өзбекстаннан қайтарып алғанша сақталып келді. Қазақстан табиғи байлығы ең мол өлке бола тұра дамыған өнеркәсіпті республикалардың шикізат отарына айналды. Жергілікті халықтың 70 проценттейі ауылды жерлерде тұрды, жұмыссыздық көбейіп, тұрмыс деңгейінің төмендеуі наразылық тудыра бастады. Инфляцияның шарықтауы ең алдымен көп балалы отбасылар мен жастарға ауыр тиді. Экономист–ғалымдардың сол кездегі есебі бойынша Қазақстандағы әрбір көп балалы отбасыларға шаққандағы табыс мөлшері 30-бен 80 сом аралығында болды. Бұл өмір сүруге қажетті деңгейден әлде қайда төмен еді. Жұмыссыздық және әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі салдарынан жастар ауылды тастап, қалаға қарай ағыла бастады. Онда оларды қымбатшылық пен тұрмыстың қолайсыз жағдайы күтіп тұрды, жолы болғандар бар-жоғы шағын отбасылық жатақханаларға орналасты. Мәселеге нақты дәле келтірсек, 1985 жылы республика бойынша ауылдан келген студенттердің төрттен үші ғана жатақханамен қамтамасыз етілді. Әсіресе, Алматыдағы жағдай мәз емес еді. Ондағы студенттердің 57,7 проценті ғана жатақханаға орналаса алды. Желтоқсан оқиғасы қарсаңында «еңбектен тыс табыс» дегенмен күрес

пайда болып, соның салдарынан тек қана Алматыдағы үш мыңдай студенттер баспанасыз қалды. Ең бастысы – бір ғана ұлттың басым көпшілігінің тұратын Бүкілодақтық билік органдарымен салыстырғанда Республика құрылғаннан бері Қазақстанның басшылығы көп ұлттан тұрды. Республика партия ұйымына орыс пен еврей, поляк пен грузин және армян жетекшілік етті. 1985 жылдың дерегі бойынша Қазақ КСРның Жоғарғы Кеңесінде қазақтар үлесі – 36 процент, орыстар – 40,8 процент, болды. Кеңес үкіметі жылдарында республиканың бірде-бір басшысын коммунистер мен халық сайлаған жоқ, оларды Орталық тағайындап, іс-қимылын өздері бақылап отырды. Өкінішке орай, билеуі мен илеуі күшті орталық іште қыз-қыз қайнап, Қазақстанда қордаланып келе жатқан проблемаларға бас ауыртып жатпады. Керісінше Мәскеу өкілдері әр кез Қазақстан үкіметін қатаң бақылауға алып, толық ауыстырып отыруды әдетке айналдырды. Ең бастысы-ресми түрде интернационализмді ұран етіп ұстай отырып, билік басындағылар кез келген ұлттық сана-сезім, ұлттық намыс, мәдениеттегі, тілдегі, тарихтағы ұлттық ерекшелік көріністерін ұлтшылдық белгісі деп бағалады. Бұл шын мәніндегі орыстандыру саясатының қарқынды жүргізіліп жатқандығын анық та ашық аңғартып отырды. Осылайша 70-жылдарда да бұрынғысынша Қазақстанды орыстандыру, ұлттық өзіндік ерекшеліктерді жоғалту, қазақ тілінің құдырауы, экологиялық проблемалардың шиеленісуі процестері тереңдей түсті. Нәтижесінде мұндай қазақ ұлтына деген салғырт көзқарас салдарынан әсіресе ауылдық тұрғындардың күрт кедейленуі қалыпты үрдіске ұласты. Ауылдың қаладан бір ерекшелігі, оның 80 процентін қазақтардың құрайтындығында еді. Мұндай жағдайда қазақ зиялылары қайда қарап отырды? Олардың қарап отыратынындай бар еді. Себебі, бұл буын отыз екінің аштығын бастан кешіре қоймаса да сезініп өскен, отыз жетінің қуғын-сүргінінің шет жағасын көрген, тіпті елуінші жылдарға дейін жалғасып, қайбіреулерді қудалаудың әдіс-айласын аңдаған ұрпақ өкілі еді. Қысқасы, құрығы ұзын кеңестік құқық қорғау органдарының қатал да қайырсыз қаракетінен жақсы хабардар олар үнсіз қалуды жөн көрді. Шығармашылықтары да сыни көзқарастардан мейлінше жұрдай болып келетіні осыдан кейін түсінікті шығар. Сексен алтыншы жылғы желтоқсан қозғалысында осы аға буын өкілдерінің ерекше бой көрсете алмауына әлгіндей себептерді алға тартсақ артық емес. Осылайша ендігі белсенділік еріксіз жас буынның үлесіне қалды. Өз кезегінде елдегі еркін ой білдіру функциясын студент

және жұмысшы жастардың орындап шығуы кездейсоқ емес-ті. Осы уақытқа дейін бізге жекелеген жастармен қатар, 1950-1980 жылдары Қазақстанда жастардың ресми емес қоғамдық және саяси ұйымдары, партиялар мен топтардың жұмыс істегені беймәлім болып келді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық архивінің мұрағаттарындағы деректер елімізде 1950-80-жылдары заңды түрде әділет мекемелерінен тіркеуден өтпеген жас буын өкілдерінің қоғамдық және саяси ұйымдары, партиялар мен топтары болғанын айғақтайды. Сол кездегі зиялы қауым мен саяси элита шоғырланған Алматы қаласында ғана емес, жер-жерлерде, айталық Қарағандыда жастардың ЕСЕП (“Елін сүйген ерлер партиясы”), Павлодарда тоғызыншы сынып оқушысы жетекшілік еткен “Жас ұлан” бірлестігі мақсатты түрде нәтижелі жұмыс жасай алмаса да пікірлес жастарды шоғырландырған. Сондай-ақ жетпісінші жылдары Алматыда құрылған “Сары-Арқа” тобы өздері басшылыққа алған құжат-тәуелсіздік бағдарламасын жасап шықты. Сонымен бірге Мәскеуде оқып жүрген қазақ студенттерінің «Жас тұлпар» ұйымы орталық тыңшыларының «ұйқысынан» оятып жіберді. Және де сол кездерден, нақтырақ айтқанда жетпісінші жылдардан саяси күрескерлік жолына түскен бозбала шағындағы Хасен Қожа-Ахмет басқарған “Жас қазақ” ұйымы дүниеге келді. Әрине, олар жұмыстарын астыртын жүргізді. Барлығының бағдарламаларында Қазақстанның тәуелсіздігі, мемлектеттік тіл мәртебесі және ұлттық мәдениетті өркендету мәселелері анық жазылды. Белсенді түрде әрекет еткен «Жас қазақ» партиясы әлеуметтік, экономикалық, ұлттық және саяси мақсаттардың ішінде КСРОдан бөліну міндетін алға қойды. Аталған ұйымдардың барлығының арасына өз тыңшыларын жіберіп, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әккі жандайшаптары оларды лезде, оп-оңай «тізе бүктірді». Осы уақыттарда мұңдай жастар ұйымдарының саны республикада жиырмадан асқан. Олар туралы және қазақтың қоғамдық ой-санасын қозғауға күш салған жастар турасында құрылған жылдарына қарай рет-ретімен қолға түскен деректер негізінде барлығын қамти алмасақ та, әрбіріне жеке-жеке тоқталып өтуді парыз санадық. «Жас тұлпар» орталық тыңшыларын ұйқысынан оятты

Қазақтың жас ұлт зиялылары бір ұйымның төңірегінде топтасып әрі жекелей жұмыстарын Қазақстанда ғана емес, қылышынан қан

тамған орталық – Мәскеудің өзінде жүргізгендігіне «Жас тұлпар» ұлттық-демократиялық бейресми ұйымы дәлел. 1960 жылдары Мәскеудің маңдай алды жоғарғы оқу орындарында оқып қана қоймай, ұлт мәселесінде саяси белсенділік танытқан бір шоғыр қазақ жастары «Жас тұлпар» ұйымын құрды. Жастардың бұл бірлестігін ұйымдастырушылар Мұрат Әуезов, Болатхан Тайжан және де Алтай Қадыржановтар болды. Олардың айтуынша, «Жас тұлпар» ұйымы бастапқыда мыңға жуық студенттерді біріктірсе, кейіннен ол географиялық жағынан да кеңейе келе Ленинград, Киев, Одесса, Рига қалаларында қанатын кеңге жайды. Ал Қазақстанның өзінде Алматы, Павлодар, Ақмола және Шымкент сынды аймақтарда да ұйымдастырылып, Қарағанды қаласында «Жас қазақ» және Семей қаласында «Тайшұбар» деген аттармен жұмыс істеді. «Жас тұлпар» ұйымының мақсат-мұраты не еді? Енді осы сұраққа жауап іздеп көрелік. Мәскеуде білім ала жүріп қазақ жастарының байқағаны өз елінің қатардан қалып бара жатқаны еді. Ол әрине ұлттық мәселе тұрғысынан дамуда, ана тілінің өркен жая алмауында, ата салт-дәстүрін дамыту мәселесінде кенжелеп қалып қойғандығы сынды жағдайлар алып көрші елдің ауасымен тыныстау барысында көзге анық ұрып тұрды. Сондықтан да осы олқылықтың орнын толтыру өздерінің азаматтық парызы деп санады. «Жас тұлпарлық» жастар алға қойған басты мақсаттары ретінде барша қауымның ұлттық санасын оятуға бағытталған жұмыстармен қатар, жоғарғы билікке қазақтың ұлттық мәселелерін шешуге қатысты нақты ұсыныстар қойды. Олар Ресейдің және де Қазақстанның қазақтар көбірек шоғырланған аймақтарында мәдени-көпшілік шаралармен қатар, концерттер берді, түрліше дәрістер оқыды және тарихи-танымдық экспедициялар ұйымдастырды. «Жас тұлпардың» осы бағыттағы жұмыстары Қазақстандағы қоғамдық саяси ойдың ұлттық тұрғыда дамуына және де қазақ жастарының ұлттық санасының жаңғырып қоймай өздерінше оны дамытуына едәуір ықпал етті. Әрине аз ұлттардың әсіресе жастарының ұлттық мәселені ту етіп, қоғамда үлкен дүмпу туғызып, арты айтарлықтай қозғалыстарға ұласуы орталыққа ұнамасы анық. Кеңестік биліктің қызыл коммунистері «Жас тұлпар» ұйымының соңына түсіп жүріп, оларды тарқатып тынғанымен, мыңдаған қазақ жастарының санасында маздап жанған ұлт-азаттық - Алаш идеясын өшіре алмады.

Осы жұрт Махметті біле ме екен? Жоғарыда айтып кеткендей жасырын саяси партиялармен қатар жекелеген жас азаматтар да астыртын іс-қимылға көшті. Сондай саяси лидерлердің бірі - Махмет Құлмағамбетов еді. Ол елдегі жүргізіліп жатқан мемлекеттің саясатына өзінің қарсылығын ашық білдірді. Махмет Құлмағамбетов 1962 жылы Қостанайдың Рудный қаласында тұтқындалып, 58-баппен 10 жылға сотталады. Махмет бостандыққа шыққаннан кейін Сібірдің газ тарту құрылысында еңбек етеді, кейін шет елге шығып кетуге мүмкіндік алып, Кеңестер одағының басты жауы Американың «Азаттық» радиосында қызмет етіп, кеңестік коммунистік қоғамды қатты сынға алған материалдар беріп отырды. Осы ретте айта кетерлігі, сексенінші жылдары кеңестік жүйеге деген наразылығы іште қыз-қыз қайнап жүрген қазақ интеллегенттері ашық күреске бармаса да, өз саласында халыққа қажетті деген істерді тындыруға тырысты. Айталық, жоғары билікте жүрсе де Өзбекәлі Жәнібековтің қазақтың рухани дүниесін түгелдеуде біршама жұмыстар атқарды. Өзінің сенімді әрі озық ойлы әріптестерімен бірге 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің шешімімен жазықсыз отыз жетінші жылдар репрессиясының құрбандары болған ұлтымыздың біртуар арыстары, Алаш қозғалысының көсемдері А. Байтұрсынов, М.Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытовтарды алдымен саяси жағынан, кейінірек азаматтық жағынан ақталуларына үлкен ықпал етті. Бұл қылышынан қан тамып тұрған жүйені мойындатып, ұлы тұлғаларды халқының рухани айналымына қайта қосу айтарлықтай жаңалық әрі жанқиярлық еңбектің нәтижесі еді. Дегенменде қазақ зиялыларының ішінен есімі Хельсинкидегi саяси тұтқындар тiзiмiне кірген екі қазақтың бірі Махмет Құлмағамбетов болса, екіншісі жиырма үш жасында саяси диссидент атанған Хасен Қожа Ахмет. «Жас қазақ» ұйымы ұлтының жігерін жаныды Жетпісінші жылдары Алматы қаласында жастардың жасырын «Жас қазақ» ұйымы жұмысын мақсатты түрде жүргізе бастады. 1972 жылдан бастап Қазақ елі өз алдына дербес әрі саяси тәуелсіз мемлекет болуы қажет екенін азаматтар санасына сіңіру бағытында мақалалар

жазып, үнпарақтар таратуды қолға алады. Тек сол кездегі одаққа қарайтын Қазақстан ғана емес, басқа да елдердің өз егемендігін алуы қажеттігін қалаған әрі алға қойған мақсаттарына толыққанды жетуі үшін олармен де байланыс орнатуға тырысады. Осы тұрғыда 1973 жылы коммунистік билік жүйесін халықпен санасатындай ету үшiн және де халықтың тұрмысын жақсарту үшiн әрбiр республикада қатарына демократияшыл азаматтар кіретін «бақылау комитеттерiн» құруға шақырады. «Жас қазақ» ұйымы аталған комитеттердің міндеттерін төмендегіше белгілейді: Азаматтардың праволарын конституция бойынша қорғау. Соғыс бюджетiн азайттыру. Ұлттық кемсiтушiлiкке, орыстандыруға тыйым салу. Оқу орындарын, мекемелердi мүмкiндiгiнше ұлттық тiлде жүргiздiру. Халықтың еңбегiн дұрыс бағалап, жалақысын дұрыс төлеттiру. Заттарға дұрыс баға қойылуын және қымбаттамауын қадағалау. Қазақстанда өндiрiлетiн заттарды өз халқымыздан артылған жағдайда ғана экспортқа шығару керек. Табиғатты қорғау: мөлшерден тыс жер жыртуды тоқтату, мал жайылымын көбейту. Химикаттармен, орыс қаруын сынаумен ауаны уландыруға тыйым салу. Байқағанымыздай ұлттық мәселелермен қатар, халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты жайттарды шешу жолдары талап етілген. Мұнымен қатар «Бақылау комитетiнiң» маңызын халыққа түсiндiру үшiн және комитеттi әдiлетсiз үкiметтiң таратып, жазалуынан қорғау үшiн барлық жерлерде демократияшыл азаматтардың ұйымдарын құру керектігін бастама етіп көтереді. Бұл ұйымдарға азаматтар ант арқылы қабылдану қажеттігін де ескертеді. «Жас қазақ» ұйымы демократиялық ұйымға қабылданатын азаматтарға төмендегіше мiндеттер жүктеуді де ұмытпайды: 1. Бақылау комитетiнiң мiндеттерi әрбiр ұйымдағы азаматтың да мiндетi болып табылады. 2. Жаңа заңдармен мiндеттердi дауысқа салып бекiту және өз пiкiрлерiн айту. 3. Ұйымға жаңа азаматтарды тарту. 4. Орыс үкiметiнiң шовинистiк, отаршылдық, соғысқұмарлық саясатын әшкерелеп, халыққа түсiндiру. 5. «Демократияшыл азаматтар ұйымының» қажетi үшiн барлық ұйым мүшелерi айлық жарна төлеуге мiндеттi.

  1. Әрбiр ұйым мүшесiнiң қажеттi әдебиеттерден, тарихи материалдардан және үкiметтiң әдiлетсiз iстерiн әшкерелейтiн лекциялардан құрылған кiтапханасы болуы керек. «Жас қазақ» ұйымы одақтас елдердегі демократиялық ұйым құруға мүдделі азаматтарға осындай үндеу тастай отырып, тоталитарлық режиммен бірлесіп күресуге шақырады. Әйтпесе түптің түбінде кеңестік қызыл империяда бір ғана ұлт қалып, қалғандары жер бетінен жойылып кету қаупі зор екенін ескертеді. Ал, елдегі қазақ ұлысына «Жас қазақ» ұйымы «Оян, қазақ! Оян, елім!» деп ұран тастап, бірлікке қана емес, ерлікке шақырды. Өзiн намысы бар азамат деп санайтын ұлтжанды ұландарға: «... Ойланатын уақытың жеттi, бауырлар. Туған жер тоналуда. Ана тiлiмiз, мәдениетiмiз ұмытылуда. Орыс шовинистерiнiң осы саясаты өзгермесе, қазақ ұлтының жер бетiнен жойылар уақыты да алыс емес. Тарихтың бұл тәлкегiнен тек күресу арқылы аман қалуға болады. Отанымыздың тәуелсiздiгiн, Қазақ елiн жойылудан сақтау үшiн бiз, қазақ елiнiң азаматтары, орыс отаршыларына мынадай талаптар қоямыз» - дей келе төмендегі мәселелерді төтесінен қояды: 1.Бiр ұлтқа табындыру, орыстандыру саясаты тоқтатылсын. 2.Орыстарды қазақ жерiне қаптатып қоныстандыру тоқтатылсын. 3. Қазақстандағы барлық оқу орындары, мекемелер ұлттық тiлiмiзде болсын. 4. Ядролық қарулар сынап, химикат «тыңайтқыштармен» улап, қазақ жерiн шөлге айналдыру тоқтатылсын. 5. Қазақ жастарына зорлықпен қой бақтыру тоқтатылсын. 6. Ұлт азаттығы үшiн күрескен саяси тұтқындар түрмелерден босатылсын. 7.СССР Конституциясының 125-бабында айтылған: сөз бостандығы, баспасөз бостандығы, жиналыс жасау бостандығы, т.б. праволар iске асырылсын. 8. Шет елдердегi қазақтарға және Түркiстандық басқа да ұлттарға Отанына қайтуға рұқсат берiлсiн. Олар қудаланбасын. 9. Қазақстаннан тоналып Россияға жөнелтiлетiн барлық заттарға шек қойылсын (мұнайға, етке, астыққа, т.б.). 10. Орыстар Конституциясындағы «Әрбiр Одақтас Республиканың СССР-ден еркiн бөлiну правосы сақталынады» делiнген 17-бабын естерiнде сақтасын. Ұлт бостандығы жасасын! Бiз жеңiске сенемiз!»

Осындай оптимистік рухта істерін жалғастырған қазақтың бостандық сүйгiш азаматтарының «Жас қазақ» ұйымы 1973 жылы аталған ұран-талаптарын бұхара халықтың арасында үнпарақ ретінде тарата бастайды. Ондағы мақсат жоғарыда айтып кеткендей ел азаматтарын, әсіресе жастарды ойланту мен ояту еді. Бұл жұмыстардың қылышынан қан тамып тұрған сол кездердегі кеңестік жүйе уақытында қаншалықты қатерлі екені айтпаса да түсінікті. Мұндай көзсіз ерлікке сол қызыл империя тұсында бару батылдық қана емес, жүрек жұтқандық еді. Осындай қауіп-қатер жағыдайында болса да, қатарларына қалың жастарды тарту «Жас қазақ» ұйымының басты мақсаты санатындағы негізгі ісі іспетті. Бұл ретте олар ұйымға мүшелікке өтетін өрендер үшін ант қабылдау міндетін жүктеп, төмендегіше мәтінін дайындайды.

Ант Мен, Қазақ елiнiң азаматы, өз еркiммен бауырларым құрған «Жас қазақ» ұйымына кiремiн. Халқымның болашағы, бостандығы үшiн күрескен Сырым батыр, Исатай, Махамбет, Кенесары басқа да қазақтың ардагер ұлдарының iсiн жалғастыруға, бостандық туын көтеруге халқыма, қазақ бауырларыма ант етемiн. Бостандық жолында, халқыма қызмет ету жолында қажет болса жанымды қиямын. Ата-бабаларымыздың отаршыларымен күрестегi төгiлген қанын еш уақытта естен шығармаймын. Орыс социал-шовинистерiнiң отаршылдық саясатын әшкерелеп, халыққа түсiндiруден жалықпаймын. Егер күрес жолынан тайып, бауырларыма опасыздық етсем, менi халқымның қарғысы атсын. Жасасын ұлт бостандығы! Міне, бұл Мәңгі жас—Алаш идеясының сол кездері қазақтың бостандық сүйгiш азаматтарының «Жас қазақ» ұйымы түзген қысқаша тезисі іспетті. Онда ата-баба арман аңсары тәуелсіз ел болу мұратын жастардың қайда жүрсе де жата-жастана жүріп, санада әр кез жаңғыртып қоймай, іске асыру міндетін жүктейді. Бағдар айқын. Бағдарлама да алдын-ала дайындалған. Тіпті тәуелсіздікке әні-міне қол жеткізетін елдің Ата заңын да «Жас қазақ» ұйымы жазып шығады. 1973 жылы қысқа да нұсқа әзірленген басты

құжаттың төмендегі мазмұны Қазақстан тәуелсіз ел болғанға дейін маңызын жоймағаны анық. Қазақтың демократияшыл азаматтарының ұйымы «Жас қазақ» Конституциясы 1. Қазақстан – Халықтық Демократиялық Республика. 2. Қазақстан азаматына сөз бостандығы, баспасөз бостандығы берiледi. 3. Қазақстандық әрбiр азамат, үкiметтiң бұйрығын демократияға қайшы деп тапса, ашық сынай алады. Бұл үшiн оған «саяси қылмысты» деген айып тағылмайды. Егер сын дұрыс болып, халық оны қолдаған жағдайда үкiмет сынды қабылдауға мiндеттi. 4. Шетелдермен байланыс тек мәдени-экономикалық жағдайында болады. Азық-түлiк және басқа да заттар өз халқымыздан артылған жағдайда ғана экспортқа шығарылады. 5. Қазақстан халқы дүние жүзiндегi бейбiт елдермен ынтымақта болады. Ешқандай «ұлы», отаршыл мемлекеттермен одақтаспайды. 6. Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың (орыс, украин, немiс, т.б.). Отандарына қайтуына немесе Автономиялық аудан, облыстар болып Қазақстанда қалуына хақысы бар. Автономия алған ұлттардың барлық қағаздары, оқуы, т.б. өздерiнiң ұлттық тiлiнде болады. 7. Қазақстан бейбiт ел болғандықтан және ешбiр елдi ықпалында ұстауға, жаулауға тырыспайтындықтан, жалпы әскери мiндет жойылады. Оның орнына ерiктi, жалақы алатын халық жасақшылары (милиция) болады. 8. Қазақстандық азамат қалада немесе селода тұрып еңбек етiп және қоғам жұмысынан қол үзбей жекеменшiк шаруамен шұғылдануға (бақша, мал өсiру) қақысы бар. Еркектер мамандығына қарай қалаған жұмысын iстей алады, әйелдер сауда, ағарту, денсаулық сақтау т.б. дене күшiн аз керек ететiн жұмыстарға қабылданады. 9. Қазақстан азаматы саяхаттап дүние жүзiндегi қалаған мемлекетке бара алады. Бүгінде тәубе етеріміз, Қазақстан өз алдына дербес ел болған соң қабылдаған Конститутциясы «Жас қазақ» ұйымы әзірлеген Ата заңбасты құжаттың мазмұнын толық қамтыды. Бір қызығы жоғарыда тоқталып өткен «Алаш» партиясының бағдарламасымен «Жас қазақ» ұйымы дайындаған Конститутцияның айырмашылығы шамалы. «Елу

жылда ел жаңа» дегенімен, арада жарты ғасыр уақыт өтсе де өлшем өзгермеген, талап пен талғам ғана өскен. «Жас қазақ» ұйымының жетекшісі, саяси күрескер ағамыз Хасен Қожа Ахмет өзінің саясатқа араласуына әскердегі көрген құқайы, нақтырақ айтқанда өзге ұлт өкілдерінің езгісі мен тепкісі түрткі болғанын жеткізген еді. Үлкен солдаттардың әлімжеттігіне араша сұрап, әділдік іздеп командирлерге шағынса, олардың бұзақылардың сөзін сөйлеп шыққанымен қоймай өзін қараңғы қапасқа қамап қойғаны жанына батады. Ақыры бұған көнбеген Хасекең әскерден қашып, әділдіктің жолын бостандықта іздейді. Кейіннен өмірін саяси күреске арнаған ағамыз жетпісінші жылдары «Жас қазақ» ұйымы атынан жазған мақалаларында шовинизмге деген қарсылығын үнемі білдіріп отырады.

Олжас, Олжас... Байқоңыр касмадромынан тұңғыш ғарышкер ұшырылуына орай «Адамға табын жер енді» деп жырлаған жалынды жас қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтың 1975 жылы «Аз и я» атты тарихилингвистикалық сараптамалық кітабы жарық көрді. Бұл туынды ежелгі орыс әдебиетінің төл ескерткіші санатындағы «Игорь жасағы туралы жырды» жан-жақты саралай келе аталған шығарма славяндық және түркілік этностарға ортақ екенін нақты деректермен дәлелдеп берді. Сол кездегі мамыражай ғылыми айналымға тосын әрі күтпеген жаңалықты әкеліп қосқан шығарма одақ көлемінде үлкен дүмпу туғызды. Ең алдымен шовинистік пиғылдағы орыс зиялылары бұл туындыны «зиянды» туынды деп қорытынды шығарып, кітапты таратуға тыйым салынды. Дегенмен рухани сусап отырған қазақ қоғамы бұл шығарманы құшақ жая қарсы алды. Әсіресе жастар жағы туындыны қолдан-қолға өткізіп, жата-жастана оқыды. Оқып қана қоймай аталған шығарманың алмағы мен салмағын саралады. 1976 жылы «Жас қазақ» ұйымы бұл туынды турасында «Олжас Сүлейменовтың «Азиясын» оқығанда» атты мақала арқылы өз ұстанымдарын білдірді. Онда жас ақынға тілектестіктерін жолдап, төмендегі мәтінде көзқарастарын жасырын түрде таратты. «Олжас Сүлейменовтың «АЗИЯ» атты еңбегi, «Игорь полкы туралы сөз» немесе «Түркi халқының тарихы туралы» зерттеулермен

салыстырғанда, ең бағалы, нағыз шындықты баяндайтын шығарма болуы керек. Өйткенi бұл шығарманы ұлтшылдықпен уланған, 1015 сөз бiлiп, «тюрколог» атанған орыс мамандары емес, көп жылғы iздену, зерттеулерi арқылы ақиқатқа жеткен азамат жазып отыр. Осы күндерi белгiлi болған, дәлелденген деректерге сүйенсек, тарихқа әдiл болсақ, онда түркiстандықтардың тарихын Ассирия, Вавилонмен қатар оқыр едiк. Бiрақ көптен қалыптасқан «академиялық» тарихқа өзгерiс енгiзу «Еуропалық асылдарды» шошытады және түркi халықтарының көпшiлiгi СССР құрамында. Ал орыстар үшiн отарындағы «бұратана» халықтардың даму тарихының орыстардан әлдеқайда ерте екенiн мойындау – өте ауыр нәрсе. Сондықтан да Түркiстан тарихын зерттеуге көңiл бөлiнбейдi. Табыл-ған тарихи маңызы бар заттарды жария етпей, жасырады. Дәлелденген шындықты орыстар көз жұмып, көрмеген болады. Түркiстанның адамзат тарихына қосқан баға жетпес үлесiн жоққа шығарғысы келедi. «АЗИЯ»-дағы айтылған пiкiрлердiң дұрыстығына шек келтiрген адам құр даурықпай, терiс жерлерiн дәлелмен көрсетсiн. Мұндай шығармаға тек таяз ойлы, елiнен, халқынан өз асқазанын, атақмансабын қымбат көретiн намыссыз оңбағандар ғана қарсы шығып, қырсығын тигiзедi. Сөйтiп отаршыларға жағынбақ болады. Ал бiздiң, қазақ елiнiң демократияшыл азаматтары «АЗИЯ» сияқты тарихымыз туралы сөз қозғайтын шығармаларды әрқашан қуанып қарсы алады және қорғайды.» Бұл Олжас Сүлейменовтың «АЗИЯ» атты еңбегi туралы «Жас қазақ» ұйымының ғана емес, сол кездегі саналы қазақ жастарының да пікірі осыған сайған еді. Дегенменде жастықтың оты маздап жанып тұрған кезінде ұлт батырына айналған Олжас Сүлейменов шау тартқан шағында «майда шабақ аулап кеткені» көңілге кірбің ұялатқаны рас. Сөз реті келгенде бұл мәселені де қамтып кетуді парыз санадық. Әсiлi бiзде бизнестен саясатқа немесе керiсiнше саясаттан бизнеске келу қалыптасқан үрдiс сынды қабылданатын. Кейде бұл қағида-ереженi бұза жарып, ақын-жазушыларымыз да саясаттағы соқпағын саралауға ұмтылатыны бар. Кейбiрi депутаттыққа түсiп, қайбiрi партия құрып, оңтайлы жолын iздейдi. Дегенмен қиындау. Көрмеген жердiң ой-шұңқыры көп. Жалпы алғанда асау айдынға ақ желкенiн керiп шықпақ түгiлi, малтығып тыну сипаты басым. Осы ретте шығармашылығымен қатар саясаттағы бағын батыл сынап жүрген үркердей топ көшбасшысының саяси бейнесiне шолу артық етпесi анық.

Қателеспесек, тоқсаныншы жылдары: «Менi қазiр кiтабымның емес, сол кiтабымның оқырмандарының тағдыры ойлантады. Сондықтан, ендi саясатпен айналыспақпын» деп, көзқарасын анық бiлдiрген ақын Олжас Сүлейменов зиялы қауым iшiнен суырылып шыққан. Ақыл-ой әлемiмiздегi ерекше есiмнiң бұл бұлқынысы мыңмиллион оқырманына үмiт сәулесiндей елес берген. Көптеген жүректерге жол тауып, әсiресе, жас буынның кумирiне айналған тұлға ә дегеннен-ақ қалың қауымды соңынан ерте алды. Бұған бұқараның көкейiндегi түйткiлдi тап басып көтере алғандығы басты себеп. «Невада-Семей» халықаралық қозғалысы арқылы халқының сенiмiне кiрдi. Үздiксiз күрес пен еңбектiң арқасында полигон жабылды. Бұл сөз жоқ, өткен тарихтың еншiсiнде алтын әрiптермен жазылып қалар iрi жеңiс едi. Әрi жiгерлендi де. Келесi кезекте «Халық конгресi» партиясын құрып, мүдделес жазушы, қайраткер, саясаткерлердi топтастырды. «Ұрыста – тұрыс жоқ». Партия өмiрi қыза түсiп, газетi де шыға бастады. Азаматтық ұстанымына өте берiк, қоғамдық пiкiрге аса ықпалды ақынның үлкен саясаттағы және бiр қадамы осылай қарқынды басталды. Үлкен кемеге үлкен мұхит қажет. Тегеурiнi мықты ақын басқарған партия ақыры оппозициядан бiрақ шықты. Себебi, түсiнiктi. Қандай да саяси күштiң басты мақсаты билiкке бару. Әрi анау-мынау емес, Олжас Омарұлы «Президентке конструктивтiк оппозицияға шығамыз» деп мәлiмдеп жiбердi. Сонда жұрт бұл қандай оппозиция дескен де қойған. Кейiн белгiлi болды. Сайлаулар жақындаған сайын ақынның партиясы да саяси ұпай жинау жолында аянып қалмады. Дәл сол кезде орыс тiлдi саясаткерлердiң қолында бiр «көзiр» бар едi. Ол – жалған «орыс мәселесi». Бұл таптырмайтын «көзiрдi» оңтайымен Олжекең де пайдаланып қалуға тырысты. Сәттi, сәтсiзiн уақыт көрсетiп бердi де. Сөйтiп, «Халық конгресi» партиясының серкесi Олжас Сүлейменов жапон газетiнiң тiлшiсiмен сұхбатында: «Президент – заң мен Конституция берiктiгiнiң кепiлi. Алайда, Президент аппараты дайындап, 1993 жылы қабылданған Конституция Республика халқының елу сегiз пайызын разы етпей отыр (Бұл Қазақстандағы қазақтан басқа халықтың саны). Мұның өзi қазақ ұлтының жайбарақат өсiп-өнуiне кесiрiн тигiзуi мүмкiн. «Бiрыңғай Қазақстан Республикасы – өзiн-өзi билейтiн қазақ ұлтының мемлекеттiк формасы». Негiзi заңның осы құжатымен Қазақстан халқының қалған жұрты келiсе ала ма? Бұл қырық екi пайызының ғана Конституциясы.

Ал, басқасының болашағы не болмақ? Көше ме, әлде сiңе ме?» деп, қатты алаңдаушылығын бiлдiрген. Өкiнiшке орай, дәл сол кешегi және бүгiнгi шынайы өмiрлiк дерекке жүгiнсек, басқа-басқа, Қазақстанда «орыс мәселесi» деп өзеуреп, даурығатындай жоғарыда айтқан шиыршық атып шиеленiскен жайт жоқ екен. Оған мына бiр ғана дерек дәлел: ақын мазасызданған кезеңде, нақтырақ айтқанда, тоқсаныншы жылдардың орта шенiнде елiмiзден кетушiлердiң үлесi мынадай: қазақтар – 37,3 және 32,6 пайыз, орыстар – 28,4 және 35,2 пайыз, немiстер – 5,2 және 5,5 пайыз, татарлар —1,8 және 1,9 пайыз. Яғни, орысыңыздан қалмай қазағыңыз да ол кезде үдере көшкен ғой. Мұны мамандар саяси да, басқадай да емес, экономикалық қиындықтарға орай орын алды деп бағалаған. Сондағы Олжекеңнiң қателесуi үмiт артқан халқының көкейiнде қыжыл қалдырды. Осыдан кейiн-ақ Олжас Омарұлының үлкен саясаттағы оппозициялық саяси қадамы аңғарыла қоймады. Өзiнiң сенiм артқан қайбiр серiктерi қаржы жайына орай iстi болды. Содан бастапқы қарқын бәсеңсiп, партияның үнпарағы да, жалауы да жығылып кеттi. Күндердiң күнiнде Олжас Сүлейменовтың Италияға елшiлiк қызметке аттанып бара жатқанын бiр-ақ естiдiк. Дипломатиялық жұмыста табыссыз болмағанының көрiнiсi шығар, Олжекең бүгiнде Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкiлi. Елшi бола жүрiп шығармашылық жұмысына қайта оралуы оқырманына анағұрлым пайда әкелген секiлдi. «Жазу тiлi» және тағы да басқа кiтаптары соның көрiнiсi. Ал, жаһандастыруға қатысты жазбаларындағы ақынның: «Әлемдiк қауымдастық», «Әлемдiк өркениет» деген ұғымдарды бiледi екенбiз, «Әлемдiк мәдениет» неге болмасқа!?» деген ойларының алдымен саяси-әлеуметтiк астары басым естiлетiнi қызық. Әрi жаһандастыруға бүйрегi бұрып қана қоймай: «Бүкiл әлем – бiр ел!» (Ежелгi Рим мәтелi) болса, деген тұжырымы бұрынғы пiкiрiн қоздатып, саяси билiктi аңсаудан туған жоқ па екен деп қаласың. Саясатпен шұғылданған адам перiште жанымен сайтандық iске араласқан кәсiпшiл тұлға. Саяси қайсарлық пен саяси надандықтың арасы тым алшақ. Ал, саяси мәдениеттiлiк пен саяси қажеттiлiктiң арасы шексiз. Бұл аксиоманы Олжас Сүлейменовке қаратып айтуымыздың жөнi бар: ақындық пен әкiмдiктiң арасы қаншалық? Оны әлi уақыт өз тезiнен өткiзе жатар. Қаламдастар қазiр өткен тарихи оқиғалардың рас-өтiрiгi үшiн ғана таласа алатындықтарын мойындады. Мұның астарына үңiлiп айтар болсақ, жазушы үшiн ең үлкен бақыт шын көркем шығарма жазу.

Iлгерiден қалыптасқан «Зиялы қауым iшiндегi жазушылар тұлға ретiнде бүкiл жан дүниесiмен оппозиционер» деген ұғым бар. Яғни, бұл шаршап-шалдығып саяси билiкке ұмтылмай-ақ, билiк басындағыларға да, басқаларына да жөн сөзiн айта алатын дара қасиетке ие қайраткер жазушы деген сөз. Қарапайым халқыңыз қиналған сәтте жазушысын ауызға алып, «олар неге айтпайды» деуi содан. Бiзде осылай жазушысын iздейтiн жұрт бар. Жазушы халқының жоқ-жiтiгiн iздей ме екен? Жиырма үш жасар диссидент - Хасен Қожа-Ахмет Жетпісінші жылдардағы Қазақстандағы диссиденттік бас көтерулердің көш басында жиырма үш жасар саяси күрескер Хасен ҚожаАхмет тұрды. Оның өзінің әріптестерінен айырмашылығы тайсалмағандығында, жүрекжұтқандығында және ашық күресті таңдағандығында еді. Алматы облысының Есік қаласында тұрып, еңбек еткен ол 1975 жылдың күзі мен 1977 жылдың көкек айларында жеке өзі өкіметке қарсы ұнпарақтар шығарумен айналысты. Кеңес Одағы мен КОКП-да орын алып отырған ұлттарды кемсітушілік саясатын әшкерлейтін 670 дана мақалалар мен ұнпарақ таратады. 1979 жылы көктекте дайын ұнпарақтарын тарату үшін Алматыға келіп, мал дәрігерлік институты студенттеріне оны таратып жатқан сәтте МҚК қызметкерлері тұтқынға алады. Ол «кеңестік мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа тіл тигізгені үшін» Алматы облыстық сотының шешімімен 1977 жылы 13 қарашасында Қазақ ССР Қылмыстық істер Кодексінің 170-171-бабы бойынша екі жылға бас бостандығынан айырылады. Ал 1986 жылы әйгілі Желтоқсан оқиғасына қатысты деген айыппен Қазақ ССР Қылмысты істер Кодексінің 60 және 65бабы бойынша тағы да 1987 жылы 22 көкекте төрт жылға сотталды. Ал алғаш рет сотталған 1977 жылы Хасен Қожа-Ахметтің есімі Хельсинкидегi саяси тұтқындар тiзiмiне кірді. Талай жылдар бойы жинақталған ұлттық кемсіту жағдайларына көзбайлаумен қаралды. Ештеңе болмағандай ол талданбады, тиісті бағасын алмады. Көптеген жылдар бойы әкімшілік жүйе нақты істің орнына КСРО-да ұлттық мәселе «түпкілікті» және «біржолата» шешілді деп сәуегейлікпен айналысты. Саяси институттар мәдениетінің дамуын даңғазалықпен жария етіп, күнделікті өмірде оның бір қалыптан шықпауына назар аударды, тіпті шағын

халықтардың жойылып кетуіне дейін жол берді. Аталған мәселе турасында Хасен Қожа-Ахмет былай дейді: Мен бұл жайлы 1973 жылы-ақ «Орыстардың дүниежүзілік жандарм болуға тырысуы» деген мақаламда айттым. Жалпы, мен «ұлтшыл деген айып тақты» деп намыстанудың түкке қажеті жоқ деп есептеймін. Рас, мен ұлтшылмын. Оны жасыруға бола ма? Әрбір азамат өз ұлтының намысына жығылмай ма? Қазақ халқын «ұлтшыл» деген айыптау алынсын деген талаптың да қажеті жоқ еді. Ол бір сөзбен не өзгереді. Ұсақ ұлттарды ұлтшыл деу бос сөз. Бұл сөзді мен сол 1973 жылы «Прогресс пе, әлде құлдырап күйреу ме?» деген мақаламда айтқан едім. «Ұсақ ұлт ешқашанда «ұлтшылдықпен» уланып, шовинист бола алмайды. Ол тек «Үлкен ұлттардың» отарлауынан қорғанушы ғана. Шовинизммен уланатын басқа ұлттарға үстемдік жүргізуге тырысатын ауру, негізі сол «ұлы» ұлттардың өз құқтарын қорғауын «ұлтшылдық» деп байбалам салу, «ұрының арты қуыс» дегендей, отаршылардың өз ұлтшылдығын жасыру үшін салған байбаламы ғана». Қазiр екiнiң бiрiнен кешегi мен бүгiнгi өмiрiмiз туралы түрлi сын пiкiрлердi естуге болады. Сол себептен де «қалың ұйқыда жатқан ұлттық сана-сезiмдi соңғы бiрер жыл оятты» деген кесіп-пiшкен пiкiр жиi айтылады. Ал шын мәнiне қарасақ, халық қайта құруға дейiн де шырылдап, өз үнiн айғақтауға ұмтылған екен. Соның жарқын бiр дәлелi – Хасен Қожа-Ахметтiң өмiрi. Жап-жас жiгiттiң атқарған iсәрекеттерiнiң бәрi ұлттық намыспен бiрге тұтасып жатқанына 1972 жылы жазған оның мына бір «Қайран далам!» атты өлең жолдары да дәлел бола алады: Қайран, далам! Кең далам, алтын далам, Өмiр кешкен өзiңде ата-бабам. Талай жырау, ақын, сал жырлап кеткен Қайда бүгiн сол көркiң мақтан еткен?! Қайран, далам, қайтейiн! Көзiңдi аш, қарашы айналаңа, Шаңы шыққан, күл болған шөл далаңа. Соқа тырнап, у шашып, қару сынап Қор қылса да жерiңдi жүрсiң шыдап Қайран, халқым, қазағым! Қайран, далам, ен далам тарылыпсың, Таңғажайып көркiңнен айрылыпсың.

Қорғай алмай өзiңдi Ата-мекен Жатқа берiп тоздырған кiнә менен. Қайран, далам, кеш менi. Иә, ақынжанды әрі сазгер азаматты саясаткер еткен халқының бодандықта болғаны еді. Нәтижесінде бейбiт заманда саяси көзқарасы үшiн екi рет сотталып, жастық өмiрiнiң ең қызықты сәттерiн түрмеде өткiзуге тура келді. Қылышынан қан тамған жетпісінші жылдары өзiнiң әлеуметтiк теңсiздiкке деген көзқарасын батыл айтып, билік жүйесін айыптап, айтқанынан қайтпағаны үшін түрмеге айдалып кете барған бар-жоғы 23 жасар жiгiттiң ар тазалығы мен өз ұлтына деген сүйiспеншiлiгiне қайран қаласың. Әйгiлi 1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында да Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің қара тiзiмi бойынша Хасен алаңға шыққаны үшiн бұрынғы айыбы алдына көлденең тартылып, тағы да 4 жылға сотталып кете барды. Ол өзi «iстi» боп кетсе де саяси көзiқарақтылығын алға ұстап, алаңға шыққан қаншама жасты қанды соққы мен түнек түрмеден құтқарды. Бiрақ, тоталитарлық режим жас демократ Хасенмен санаспай тұра алмады. Оның түрмеде отырып жазған (үкiмет өтiнiшiмен) Желтоқсан жайлы саяси көзқарасы өзiн де, өзi сияқты жазықсыз айыптыларды да бостандыққа шығарды. «Желтоқсан» ұлттық-демократиялық партиясының жетекшiсi ретiнде ол Желтоқсанның жүзiншi тұтқынын бостандыққа шығару үшiн күрес жүргізді. Он сегіз жасар Азамат Жәкібаев неліктен билікке қарсы шықты?

Тура желтоқсан көтерілісі бұрқ ете түсер уақыттың аз ғана алдында Алматы қаласында он сегіз жасар Азамат Жәкібаев алып империя-Кеңес үкіметіне қарсы үнпарақтарын тұрғын үйлердің газетжурнал салатын жәшіктеріне тастап, таратады. Үнпарақтарының дені «Жойылсын кеңес үкіметі!», «Азаттық, теңдік жасасын!» деген тұрғыда болып келеді. Аталған үнпарақтардың кеңес үкіметінің қырағы мемлекеттік қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің назарынан тыс қалуы мүмкін емес еді. Аз уақыттың ішінде осы «қылмысы» үшін бозбала Азамат Жәкібаев мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторына топ ете түседі.

Тар қапаста оған жан-жақтан тап-тап беріп, қорқытып-үркітіп, тергеушілер жасөспірімді титықтатып жібереді. Алайда мемлекет үшін аса маңызды ақпарат ала-алмай, қанша уақыт тергеп-тексерсе де түк шығара алмайтындарын білген олар жасөспірім Азамат Жәкібаевты мемлекетке қауіпті адам ретінде назарларынан бір сәт тыс қалдырмауды ұйғарады. Сөйтіп, психикалық ауытқушылығы бар деген желеумен сапсау баланы жыраққа әкетіп, Алматы облысы Талғар қаласының жындыханасына күштеп жатқызады. Ондағы ойлары көп ұзамай-ақ белгілі болды. Кеңес үкіметінің «кішкентай жауы» Азамат Жәкібаевтан алып империяға үлкен қауіп күткен қырағылар оны дәрі-дәрмекпен улап, ақыры өлтіріп тынады. Азамат Жәкібаев белгілі талантты театр және кино актеры Қасым Жәкібаев ағамыздың мәпелеп өсіріп отырған ұлы еді. Азаматтың арман-аңсары не еді? Өз қолымен әлгіндей азаттық аңсаған үнпарақтарды не үшін жазды? Артында осы сынды жауабы жоқ сауалдар қалды. Оған кеңес үкіметінің жандайшаптары жанашырлықпен емес, жаналғыштықпен «бас қатырды». Әншейінде «адам адамға бауыр» деген ұранды ұмыттырмауға тырысатын қоғамның шын мәніндегі, бет-пердесі ашылғандағы бейнесі мүлдем басқаша екен. Желтоқсанда алаңдағы ақ қар мен көк мұздың қызыл қанға шыланғаны соның куәсі. Ал Азамат Жәкібаевтың мысалы бойынша, кеңес үкіметінің үлкендері тұрмақ, кішкентай тұрғындарының өзі оппозициялық көзқарас былай тұрсын, өз елі туралы титімдейде бөгде ойда болмауы тиіс еді. Мұндай балама ой бой көтерсе болғаны, оның иесі - кәрі болсын, жас болсын, жасамыс болсын қатаң жазаға ұшырады немесе көзі жойылды. Кеңес үкіметі ішкі «жауларымен» осылайша аяусыз күрес жүргізді. Дейтұрғанымен қанша қорқытып-үркіткенімен өзіндік пікірі бар адамдарды мүлдем тыйып тастау мүмкін емес екен. Олардың сенімін ұрлап алғанымен, үмітін үзе алмады. Әлгіндей жосықсыз қарсылықтарға қарамастан, есік-терезені тұмшалап тастағанның өзінде қазақ қоғамын да ағысқа қарсы ойлар кезіп жүрді. Жалпы Азамат Жәкібаев жайында деректер мен мақалалар арагідік жазылғаны болмаса, ол туралы толыққанды дүние бертінгі уақытқа дейін жарияланбай келді. Тек қана бұл тақырыпты терең зерттеген, тарихи ақтаңдақ мәселелерді жиі көтеріп жүрген ағамыз Латифолла Қапашев 1997 жылы «Жалын» журналында қызмет етіп жүрген кезімізде Азамат туралы ақиқатты деректі айғақтармен алдымызға

жайып салған болатын. Енді сол Латифолла ағамыз ұсынған құжаттармен Азамат Жәкібаев туралы толыққанды мәлімет алу үшін ретімен танысып көрелік. Істі жүргізген Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Алматы облыстық басқармасының тексеру бөлімі. Беттің орта тұсына айыптының аты-жөні жазылған: Жәкібаев Азамат Қасымұлы – Қазақ КСР Қылмыс кодексінің 170-бабы бойынша айыпталады. Істің басталған уақыты: 26 қаңтар 1978 ж. аяқталғаны: 23 наурыз 1978 ж. Бұл істің бұрынғы тізімдік саны 22 екен, ал 1993 жылы 27 қазаннан архивтік №09009 берілген. Бір жүз тоқсан сегіз құжаттан тұратын іс. «Жәкібаев Азамат – 26 қаңтар – 9 ақпан 1978 ж. аралығында МҚК тексеру бөлімінде қамауда, ал 9 ақпан – 23 наурыз 1978 ж. аралығында Республиканың 2 клиникалық психиатриялық ауруханасында сынауда болды» деп хабарлайды аға тергеуші Горин 22 наурыз 1978 жылы (Іс N22-09009, іс беті – 1) Іс басында Алматы қалалық прокуратурасы қаулы шығарыпты.

Қылмысты істі ашу туралы қаулы: Алматы қаласы

«26» қаңтар 1978 ж. Алматы қаласының прокуроры, юстицияның 3 кл. Мемлекеттік кеңесшісі П. Е. Дьячков бүгін МҚК облыстық басқармасынан келіп түскен Алматы қаласында жалған мазмұнды саяси листовкалар таратылған фактілер туралы материалдарды қарап, шешім қабылдады: 20 қаңтар 1978 жылы Алматы қаласы Правда көшесіндегі бірінші үйдің кіре берісінде кеңес мемлекеті мен қоғамдық құрылысына жат, жалған саяси тақырыпқа жазылған екі листовка табылды. Осындай мазмұнды төрт листовка 25 қаңтарда төртінші мөлтек ауданның төртінші үйінен де табылған. Сондықтан Алматы қаласында кеңестік мемлекет пен қоғамдық құрылысқа нұқсан келтіретін, алдын-ала дайындалған жалған мағыналы листовкаларды тарату Қазақ КСР Қылмыс кодексінің 170-1 бабымен айыпталатынын ескеріп, Қазақ КСР Қылмыс процессуальды кодексінің 5,83 және 87 баптарына сәйкес қаулы етемін: Жалған мазмұнды листовкалар таратушыға қарсы қылмысты іс ашылсын.

Қылмысты ашу ісін жүргізуді МҚК Алматы облыстық басқармасының тексеру бөліміне жүктелсін. Алматы қаласының прокуроры: П. Е. Дьячков (қолы)

(Іс N22-09009, іс беті – 2) Бұдан соң прокурордың шығарған қаулысын төмендегі мекемеге жібереді. МҚК Алматы облыстық басқармасы тексеру бөлімінің бастығы подполковник А. Г. Бадамшинге Сізге қылмысты істі ашуға және жалған мазмұнды листовкалардың авторын іздеп тауып, оны Қазақ КСР Қылмыс кодексінің 170-1 бабымен айыптауға прокурор қаулысын жіберіп отырмыз. Бұған қоса 20-25 қаңтарда табылған листовкаларды және табыстаған азаматтар С. Хажмұратовтың, А. Рыжкованың, В. Брескийдің түсініктемелерін бірге жібердік. . Прокурор:

П. Е. Дьячков Бадамшин бұрыштама жазған: «Жолдас В. И. Горин! Құжатты қабылдап, қылмысты істі ашуды бастаңыз. Істі тіркеп, жоспар жасаңыз, Москваға, Қазақ КСР МҚК хабарлаңыз». Әлгі хаттағы аты-жөні жазылған куәгерлер листовкаларды қалай тауып, қайда табыстағандары туралы төмендегідей мәлімет берген. Куәгер Сұлтанғали Хажмұратов (Правда көшесіндегі бірінші үйдің тұрғыны). «Таңертеңгі астан кейін жолдасым бізге келетін газетжурналдарымызды әкелуге сыртқа шыққан. Арада біршама уақыт өткен соң, абыржып қайтып келді. Сөйтсе, газет жәшігінен листовка бірге шығыпты. Сол жерде көршіміз Рыжкова Александра кемпір де өз жәшігінен біреуін тауып, екеуі мазмұнын оқып түсіне алмаған соң, маған беріп жіберіпті. Мен листовкаларды оқып шықтым. Мазмұны шынында да, коммунистерге, біздің мемлекетімізге қарсы жазылған. Өзім партия мүшесі болған соң мына сұмдыққа сенер-сенбесімді білмей, тез киініп, үйімізге жақын орналасқан Әуезов аудандық

партия комитетіне жеттім. Хатшының қабылдауында болдым. Одан кейін хатшы өз машинасымен мені МҚК жіберді, листовкаларды осында табыстадым. Кім жазды білмейміз, газет жәшіктеріне кім және листовкаларды қашан салды көргеніміз жоқ. Бөтен біреу, келдікетті адам сезбедік». (Іс N22-09009, іс беті – 3) Ал Владимир Брескийдің түсініктемесіне қоса Әуезов аудандық комсомол комитеті де мына хатты жазған: «МҚК Алматы облыстық басқармасына Алматы қаласы Әуезов аудандық комсомол комитеті Сізге «Казхимэлектромонтаж» басқармасының электромонтажнигі, комсомол мүшесі В. Брескийдің әкеп тапсырған оқушы дәптерінің төрт парағын, қолмен жазылған саяси жалған мағыналы төрт листовканы жіберіп отырмыз. Әуезов аудандық комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің бастығы: К. Мұсабеков (қолы). Бреский таңертең жұмысқа бара жатып баспалдақтардан жаюлы листовкаларды көріп, жинап алған, бірақ ол да жазған адамды, әкеп тастаған ешбір күдікті жанды көрмеген. Әйтсе де көздері қырағы МҚК тергеушілері сол күні түстен кейін осы қылмысқа айыпты деп Азаматты үйінен ұстайды. Өзі түрмеде отырып жазғанындай. Ол — СТРАННЫЙ ЧЕЛОВЕК Он вышел из здания МВД с горечью в сердце. Его будто кто-то оглушил дубинкой. Все вокруг было безразлично, даже отвратительно становилось на душе в отдельные мгновения. Звали этого человека Азамат Джакибаев. Ему было всего лишь – 18 лет, но несмотря на молодость он уже ясно видел перед собой дальнейшую свою жизнь. Дело в том, что Азамат очень остро чувствовал дыхание окружающего мира. Он задумывался о предназначении человека, о путях к разумно построенному обществу. Вопросы, вопросы, еще раз вопросы терзали его голову и передавались в душу этого человека, где загорелся яркии огонь неверия и одержимости. Живя в СССР, где власть находилась в руках коммунистов, где люди жили подобно стаду баранов, которым надо делать то, на что укажет пастух, эти люди были ограниченны в своих взглядах и действиях, единственное отличие их было в том,

что они имели человечье обличье, они душой верят ли в победу коммунизма, горят ли их сердца идеалами честности и доброты, думают ли они о чужом горе, готовы ли они отдать жизнь за рядом стоящего человека. Сопоставляя разных людей в разных ситуациях, наблюдая за человеческими наклонностями, Азамат пришел к выводу о непобедимости таких пороков человека как себялюбия, мещанство, страсть к наживе, отсутсвие жалости и сострадания, он ненавидел человека в его отношениях с обществом где проявлялись все пороки изложенные выше. Азамат шел дальше в своих рассуждениях, он теперь сопоставлял капиталистическое обшество с социалистическими. Он понял, что человек везде одинаков (обыкновенный человек, который по выражению Достоевского появляется лишь для того, чтобы произвести на свет себе подобных), человеку нужно счастье, а каждый индивидиум имеет свое представление счастье (согласитесь это уже проявление эгоизма). Человек думает только о себе (в краинем случае о себе в первую очередь), он живет по закону эволюционного развития мира, то есть в борьбе побеждает сильнейший. В капиталистическом обществе, по выражению коммунистов царит величайшая несправедливость, то есть один живет лучше другого. Да, это так – продалжал рассуждать Азамат, но разве у нас в СССР живут одинаково. Нет! Нет и нет! Министры, члены партии, известные деятели искусства, ученые и просто деловые люди живут отлично, но есть же простые рабочие, они то живут значительно хуже, это факт жизненный. Хорошо говорят коммунисты, что равенство существует, но это зависит от того, что у нас еще недостаточно развита мат-тех-кая база, вследствии это-го... можеть жить по закону коммунизма. Все это чушь, коммунизм важен не только с материальной точки зрения, но он важен в духовном мире человека. Только тогда, когда каждый человек будет чистым как кристалл льда, возможен коммунизм. Но причем тут материальная сторона, ведь если человек сыт и отлично одег он не станет духовно чистым. Вот в чем дело, вот в чем смысл, а человек – это дитя природы и его чисто духовным не сделаешь. Поэтому я не верю в коммунизм, я его отвергаю – с жаром крикнул Азамат, чувствуя на себя удивленные глаза, взгляды прохожих. Хорошо, возьмем Америку и СССР. Там есть свобола выбора жизненных целей, там человек, если он сильный, сам себе король, там не закрываются изжевими фразами о борьбе за идеальное общество. А здесь, в СССР, коммунисты кричат о всеобшем счастье, о том, что надо помогать ближнему, а сами не подадут руку нижестояшему человеку, никогда не выдадут большие

начальники своих дочерей за сыновей рабочих. А я это видел в жизни, реальной без лживых прикрас – твердо проговорил Азамат. Так где же выход, подумал он, один я никогда не побеждаю это лживое общество, но надо значит отсюда уехать, почему я не принимаю это общество, да потому, что здесь врут и не дают коммунисты жить другим по велению сердца. Коммунисты превратили людей здесь в послушных рабов, исполнителей своих желаний. Не могут терпеть всего этого. Вот я решил эмигрировать в СІІІА, где я буду жить и буду чувствовать, что я живу. Но меня не пускают, вот те справедливое обшество. Надо умереть и добиться своего. С такими мыслями он шел, вокруг шли люди, они довольны своим убогим сушествованием, они существуют, а мне кажется, что они умные люди, а на тебя, Азамат, люди будут здесь смотреть с тупым непониманием, и в конце проговорят: дурак, что ему не хватает. Да странный человек наиболее вежлив. Я умру или добьюсь своего – проговорил твердо странный человек, имя которому – Азамат Джакибаев. Енді оқырманды Азамат жазған листовкалармен сол қалпында таныстырайық: 1. «Социализм жойылсын! Жасасын ерікті капитализм! Коммунистердің ешбір сөзіне сенбеңіз, олар мәңгіге жойылсын!» 2. «Социализм жойылсын! Ерікті капитализм жасасын! Мен өз өмір жолымды таңдап алдым, сіздерге де жол болсын! Коммунистердің ешбір сөзіне сенбеңіз! Олар оңбағандар және екіжүзділер! Мағыналы ерікті қоғам-капитализм үшін күресіңдер! Коммунизм қоғамын тұрғызамыз деген КСРО-да маскүнемдік, азғындық көбейді. Коммунистер жойылсын»! 3. «Сіздер ерікті капитализм туралы өтірікті оқымас үшін почта жәшіктері өртелді. Егер жұмысқа шықсаңыздар ертең есіктеріңіз өртеніп, өздеріңіз өлім-жітімді боласыз! КСРО жойылсын, жасасын америка!»

  • * 4. «Сіздер ерікті капитализм туралы коммунистер жазған өтірікті оқымас үшін почта жәшіктерін өртедім. Жұмысқа шықсаңыздар есіктеріңіз өртеніп, өздеріңіз өлесіздер! Кеңестер одағы жойылсын! Жасасын Америка және ерікті капитализм!» Өрімдей жастың ой-өрісі қоғамдық құбылыстың қалай құбылатындығына сол кездің өзінде көз жеткізуі қайран қалдырады. Бұндай бұла бұлқыныстың бой көрсетуін бүгінде екі тұрғыдан бағалауға тұрарлық. Бірі, өзі өмір сүріп отырған ортаның ау-жайын ғана аңдап қоймай, оның болашақтағы ауан-ахуалын ажырата алуы. Екіншісі, қылышынан қан тамған деген уақыттағы көзсіз батылдыққа бара-бар ұрын қимылы. Тергеу барысында Азаматтан төрт рет жауап алыныпты. Азаматтың түсініктемесі абайсыздағы іс-әрекетіне сын көзбен қарап, өзінің әлі жас адам екендігін ескерте айтып, болашақта өткеннен сабақ алып жаңсақ қаламынан арыла алатынына уәде бергендей әсер қалдырады. Әрине, осындай ішкі сырын жазып беріп отырған өндірді дұрыс түсініп, неге істі осымен қысқартпасқа? Сөйтіп, жас өренге неге мейірім, кешірім жасамасқа? Жоқ, тергеушінің ойынша олай істеуге әсте болмайды. Азаматты міндетті түрде айыпты ету керек, сөйтіп оны жазалау қажет. Міне, социалистік қоғамның, мемлекеттік құрылыстың адамды айыптауы. Бұл әкімшілдік-әміршілдік жүйенің әдісі демеске лаж жоқ. Азаматтың өзі айтқандай «Мен шынында өмірді көрмеген жан едім, тәжірибем де жоқ болды» дегеніне қарамастан әлі көзқарасы дұрыс қалыптасып үлгермеген жастан енді үлкен саяси айыпкер жасамақшы. Сондықтан ол Азаматты қайта-қайта тергеуге алып, сұрақ-жауапқа шақыра берген. Тергеуден кейін Азаматтың денсаулығын тексеруге Республикалық психиатриялық ауруханаға жібереді. Бұл жерде алдымен амбулаториялық (бір күнде) артынан айдан астам уақыт ауруханаға жатқызып (стационарда) сынақтан өткізеді. Осы екі арада тергеуші Жәкібаевты білеміз деген жиырма адамнан куәгерлік түсініктемелер алған. Оның бұрынғы оқыған, жұмыс істеген жерінен военкомат арқылы мінездеме жинаған. Мінездемелер дұрыс берілген. Жиырма куәгердің, ғажабы, бірі де листовка жазған, таратқан Азамат деп көрсетпеген, себебі білмеген.

Әйтсе де тексеру барысында онсыз да айыбын мойындаған Жәкібаевқа байланысты құжатты жасау оңайға түскен. Айыпкерді тырп еткізбейтін айғақты өз аузынан алып, кінәні мойнына қойып отырған. Сөйтіп тәжірибесі мол, әккі тергеушіге бұл істі «абыроймен» аяқтау қиынға түспеген. Ал ауруханада дені сау Азаматты сынақтан өткізген кезде ауырмаймын деп мойындамағанына қарамастан, эксперт-дәрігерлер ісін әрі итеріп, бері аударып оны «психиялық аурумен сырқаттанған» деп шешім қабылдаған. Аталмыш істі тергеуші осылай қорытындылай келе тездетіп сотқа тапсырған, ал сот сол арада Азамат Жәкібаевтың мәселесін шешіп-ақ жіберген. Бір ғажабы Жәкібаевтың адвокаты Б. Қошымбаев сот кезінде бір ауыз қарсылық айтпаған, ал Азаматтың өзіне соңғы сөз берілмеген, ата-анасын қатыстырмаған. Азаматқа тағылған Қылмыс кодексі 170-1 бабының сыпаттамасы мынау: «Кеңес мемлекеті мен қоғамдық құрылысы туралы жалған пікір, мәлімет ауызша немесе жазбаша түрінде таратқаны үшін берілетін жаза: а) Үш жылға дейін бас бостандығынан айыру; б) бір жыл еңбекпен түзететін жерде жұмыс істету; в) 100 сом айып ақы төлету; (Қазақ КСР Жоғары кеңестер Үкімі қаулысының редакциясы 19 қазан 1966 ж). Бірақ әкімшілдік-әміршілдік жүйе мұның бірде-бірін істемейді. Ой-санасы әлі жеткілікті түрде қалыптасып үлгермеген жас өреннен әжептеуір саяси айыпкер жасамаққа бекініп, шет елге кетуіне мүмкіндік туғызу былай тұрсын, тіпті қоғамнан қалайда аластату жолдарын қарастырады. Ақыры Азаматтың денсаулығына «қамқорлық» жасау қажет деген жалған желеумен республикалық жындылар ауруханасы арқылы оның мойынын еш жаққа бұрғызбайтын шешім қабылдайды. Алдымен баланы жүйелі түрде амбулаториялық, сонынан стационарлық тексеру орындарынан өткізеді де, оны «ауру» яғни «есі ауысқан сырқаттың созылмалы түрі» деген анықтама алады. Бұл құрсаудан құтылмастай матау деген сөз. Оған төмендегі сот шешімі куә. Алматы қалалық сотының үкімі: Сотты басқарушы: Алексеев Г. В.

Мүшелері: Морозова 3. Н., Пучков В. Н. Қатысқан прокурор: Россашанская 3. Ф. Қатысқан адвокат: Қошымбаев Б. Алматы қаласы. 13 сәуір 1978 жыл. Қазақ КСР Қылмыс кодексінің 170-1 бабымен айыпты Жәкібаев Азаматтың ісін жабық сотта қарап анықтағаны: 20 қаңтарда кеңес үкіметі туралы жалған ұғымда, «Социализм жойылсын!» деп басталатын он үш листовканы қолдан жазып, мөлтек аудандарда таратқан. Бұл ісін 25 қаңтарда қайталаған А. Жәкібаев айыптылығы куәгерлер Хажмұратовтың, Рыжованың, Дектярованың, Берскийдің, Малыгиннің көрсетулерімен дәлелденді... Жәкібаев Азаматтың пәтерінен алынған заттар, жазбалар, оған қоса криминалистік, химиялық-соттық, қолтаңбалық, экспертизалық қорытындылары листовкалардың айыпкер қолдарымен жазылғанын анықтады. Сонымен А. Жәкібаев Қазақ КСР Қылмыс кодексінің 170-1 бабымен айыпты екені істе дұрыс сыпатталады, бірақ психиатрикалықсоттық экспертизаның шешімі бойынша қылмысы үшін өзінің жауаптылықты сезіне алмайтынын дәлелдейді. Ол жындылық аурумен, созылмалы баяу өтетін шизофрения, оның гебоидті түрімен дамитын сырқатпен ауырады. Эксперт-дәрігерлердің қорытындысы Жәкібаев Азаматты қауіпті деп тауып, оны МВД-ның арнайы психикалық ауруханасында қамауда емдеуге мәжбүр ету керек деп шешті. Алматы қалалық соты Қазақ КСР Қылмыс процессуалдық кодекстің №309 бабын басшылыққа алып мынандай ҮКІМ шығарды: Жәкібаев Азаматты 170-1 баппен айыптайтын қылмысты ісі осымен доғарылсын. Жәкібаев енді МПД-нің арнайы психиатрия ауруханасына еркінен тыс, міндетті түрде емделуге жіберілсін... Сот бастығы: Г. Алексеев Мүшелері: 3. Морозова, В. Пучков (қолдары) (Іс №22-09009, іс беті 186-187) Сөйтіп, түрмені жындыханамен ауыстыруға тура келеді. Талғар ауданындағы жан-жағын тікенек темір сыммен қоршаған ауруханадан сыртқа тек өлік немесе тірі аруақтың сұлбасы ғана шығатын көрінеді. Осы жерде Азаматтың арпалысқан өмірі алтыншы жылы аяқталады. Өрімдей жастың өмірі осылай қиылып кетеді. Ата-анасына хабарланып олар сүйегін Алматыға әкеп Кеңсайға жерлейді. Арада жылдар өтті. Заман өзгерді. Ақиқатқа табан сәт жақындай түстік. Соның көрінісіндей 1993 жылы қазанның 25 жұлдызында

Республика Прокуратурасы Жәкібаев Азаматтың сол бір «қылмысты ісін» қайта қарау жөнінде Жоғарғы Сотқа ұсыныс жазады. Онда Жәкібаевты ақтай келіп: «Оған қалалық Сот үкім шығарған кезде Азаматтың бұрын сотталмағанын, оның жастығының (18-де), сырқатының түрін дұрыс ескермеген..., коммунистерге сын айтып, «социализм жойылсын» дегеннен басқа арандатушылық қылмыс істемеген..., сондықтан ІІМ-нің жындыханасына «емдеуге» жіберу дұрыс шешім емес, керісінше өте қатаң жаза боп саналады. Бұған қоса елдегі саяси-әлеуметтік түбегейлі өзгерістерге байланысты Алматы қалалық сотының Жәкібаев Азамат туралы 1978 жылы 13 сәуірдегі үкімін жоққа шығаруды өтінеміз» деген. (Іс. №22-09009, іс беті 192-193). Жоғарғы Сот 1993 жылы 1 қарашада осы істі қайта қарап: «Сот коллегиясы ҚПК №375 бабын басшылыққа алып ҮКІМ шығарды: Қалалық соттың 1978 ж. 13 сәуірде А. Жәкібасв жындыханаға зорлап емдеуге жіберілсін деген үкімі жоққа шығарылсын. Жәкібаевтың айыбы жоқтығынан қылмысты ісі тоқтатылсын. (Іс беті – 195). Кешегі кеңестік өмір шындығын және ол ағысқа қарсы жүзген баржоғы 18 жасар Азамат Жәкібаев ақиқатын бүгінгі жас ұрпақ білуге тиіс. Азаматтың аңсағаны не еді? Қыршын тағдыр иесі нені биік мұрат тұтты? Өкінішке орай, мұнымен бас қатырып, кеңестік жүйе жете таразылап жатпады. Тек көзін жойып қана мәселені шешпек болды. Енді бүгінге қалғаны оны жіті таразылау, сабақ алу. Азаматтың атаанасы біртуар тарлан, талантты артист Қасым Жәкібаев пен мейірбан анасы Нұртай Сартайқызын ардақ тұту. Ерейментау жастарының ерлігі

Мәскеудің Қазақстан басшылығын қырағы бақылауында ұстап, айтқанын істетіп, айдағанына жүргізіп отырғанына мысалдар жетерлік. Дегенмен қазақ халқының мүдделерін анық аяққа басатын орталық шешімнің ұлттың жас ұрпағының үзілді-кесілді қарсылығына тап болып, жүзеге аспай қалған кезі ақ бас тарихымыздың асқақ белестерінің бірі екені анық. КОКП Орталық Комитеті 1979 жылдың көктемінде Қазақстан аумағында неміс автономиялық облысын құру жөнінде шешім шығарды. Бұған дейін Еділ бойындағы автономиялық мәртебесінен

айырылған жүздеген неміс ұлтының өкілдері Қазақстанға көшірілген. Сол немістер көп шоғырланған Ақмола облысының Ерейментау қаласы болашақ автономияның әкімшілік орталығы болып белгіленді. Бұл автономияның құрамына Қарағандымен қатар Павлодар және Көкшетау облыстарының көршілес аудандары да кіргізілмек еді. Алайда 1979 жылғы маусымның он алтысы күні қазақ жастарының үлкен бір шоғыры сол кездегі Целиноград қаласының орталығындағы Ленин атындағы алаңға қарай ағыла бастады. Олар қолдарына күні бұрын жазып дайындап алған бірнеше «Қазақстан бөлінбейді!», «Неміс автономиясына жол жоқ!» деген жазулары бар транспаранттарды ұстап шықты. Алаңға лықа толған студенттер мен жастар орталықтың шешімін айыптап, оған жол бермейтіндіктерін жеткізді. Облыс басшылары жиналғандарды таратуға күш салғанымен олар шеп құрып қала көшелерімен шерулетіп өтті. Қарқыны қатты жастарды райынан қайтара алмасын білген билік келесі он тоғызыншы маусым күні болған шеруде Ақмола жерінде ешқандай автономия болмайтындығын ресми жария етті. Осылайша 1979 жылы астыртын ұйым не партия құрылмайақ Целиноград жастары жоғарғы биліктің Ерейментауды неміс автономиясына айналдыру турасындағы ұйғарымына үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Бұл ретте төмендегі құжатқа назар салайық. Қарсылық хат Целиноград облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы М.Е.Морозовқа. «Қазақстан территориясында неміс ұлттық автономиялы облысы құрылады» деген хабар бүкіл халықтың әсіресе жергілікті ұлт – қазақтардың ерекше наразылығын тудырды. Құрамында 100-ден аса ұлттың өкілдері бар көп ұлтты Қазақстан халқы Коммунистік партияның жетекшілігімен ұлы В.И.Лениннің идеяларын іс жүзіне асырып, жарты ғасырдай уақыт бойы ынтымақтастықта өмір сүруде және коммунистік қоғам орнатуда белсенді қызмет атқаруда. Қазақ халқы осы кезең ішінде қандай да бір ұлттың құқығына қол сұғып көрген жоқ. Сондықтан тарихи қалыптасқан Қазақстан территориясында ұлттық-территориялық автономия құруды экономикалық және саяси жағынан алғанда қолайсыз деп санаймыз.

Осыған орай Қазақстан территориясында неміс ұлттық-автономия обылысын құруға халық қарсылық білдіреді және Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесінен өздерінің өтініштерін қолдауды сұрайды». «Конституциялық Соттың желтоқсан оқиғасы туралы ісі», 7-том, 124 бет. (Қол қойған мыңнан аса адамдардың арасында қазақтардың да атыжөндері бар. Ал ескертуде «студенттерді жазаламау керек» делінген). Аталған құжаттан жоғарғы биліктің шешімі Қазақстанның орыстанып кетті деген аймағының өзінен ұлттық мәселеге келгенде табанды қарсылыққа тап болғанын байқауға болады. Алайда жоғарыға жолданған мұндай наразылық қарсылық хаттарға құлақ асылмай, ақыры орталықты дүрліктірген дүмпу күшпен басылды. Осы жайт турасында сол кездегі КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Р.Д. Бобковтың мына бір түсініктемесі талай жайтқа нақты анықтама береді.

«Әр жерде ара-тұра көрініс тауып жатқан шовинизм мен ұлтшылдықтың төңірегінде көлемі мен өткірлігі одан асып түсетін дабыл қағарлық оқиғалар да болып жатты. Мысалы, 1979 жылы Целиноградта болған жаппай тәртіпсіздік СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының Қазақстан территориясында неміс автономиясын құру жөніндегі шешімін сөзсіз іске асыртпай тастады. Бұл жағдайдың ұлтшылдық сипат алуына қарамастан республикада оны жай ғана автономияға қарсылық деп жауып тастады.. Одан ешқандай қорытынды шығарылмады, болашақта ондайды болдырмайтын «ұйымдық шаралар» қолданылмады. Интернационализм аймағы деген беделге еш нұқсан келген жоқ». Р.Д. Бобков. КСРО МХК төрағасының бірінші орынбасары, 18.XII.1986. «Конституциялық Соттың желтоқсан оқиғасы туралы ісі», 8 том, 61-бет. Бұл пікірден сол кездегі Целиноград облысы Ерейментау ауданын неміс автономиялық облысына айналдыру турасындағы орталықтың шешімі қаншалықты қарсылыққа тап болғанын аңғарар едік. Билік жастармен түсіністік жұмыстарын жүргізіп, болашақта осы іспетті наразылықтардың алдын-алудың орнына бас көтергендерді

қатаң жазалады. Орталық – Мәскеудің өзін ойландырып тастаған құбылысты салмақты саралап, сабақ алуға тырыспады. Бастысы – Қазақстан жерінде неміс автономиясын құру жайындағы саяси құйтырқы қаулы жүзеге аспай қалды. Бұл ретте билік райынан қайтып, шешімін өзгерте қойғанымен коммунистік партиялық номенклатура қуғындау мен күш жұмсау әдістерін шімірікпей қолданып, тәжірибе жинай бастады. Бұған 1959 жылғы Теміртау оқиғасы да мысал бола алады. Онда саяси мәселе қойылмағанымен, жастарды шегіне жетіп, титықтатып жіберген әлеуметтік мәселелерге қатысты наразылық қатты қарсылыққа тап болып, аяусыз басып жаншылды. Осы ретте қадап айта кетсек, Целиноград жастарының көтерілісі жоғары билікке жақпағаны соншалық, оған одақтық дәрежеде «үлкен баға» берген екен. Айталық КПСС Орталық Комитетінің «Қазақ республикалық партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулысы соның жарқын көрінісі. Бұл қаулыда Алматыдағы жастардың желтоқсан қозғалысы мен 1979 жылғы Целиноград жастарының Ерейментуады неміс автономиясы етуге қарсылығы «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» ретінде саяси тұрғыдан айыпталған. Мәскеу өкілдерінің бұлайша қаулы қабылдап, титықтарына тиіп кеткені - бостандық, ұлт намысы үшін күреске бел буғандардың жанкешті қадамы еді. Жастардың бұл дүмпулерін антикоммунистік бас көтерулер және анық құқық қорғау қозғалыстары деп баға беруге әбден болады. Мемлекеттің ұлттық теңсіздіктерге азаматтар тарапынан білдірілген осындай наразылықтар соншалықты ірі оқиғаларға ұласып кетпеуінің астары түсінікті. Кеңес үкіметі жастарды еркінсітіп қоймады, шағын дүрлігіудің өзін дереу тамырымен қопарып тастауға тырысты. Бұл үрдіс саяси талап қоймаған бас көтерулерге де қатысты еді. 1967 жылғы Шымкент қаласындағы милиционерлердің шектен шыққан озбырлығы мен басынушылығына халықтың жаппай наразылығы мен 1967 жылғы Алматыдағы Быков ісінің лезде тосқауылға тап болуы соның айғағы. Желтоқсанда тағы да жастар ұлт намысын ту етіп көтерді 1985 жылдың көктемінде ескен леп одақ көлемінде өзінің түрліше өзгерістерін ала келді. Қазақстан да осынау игі қадамдардан тыс қалмады. Жастар жағы «Қайта құру» саясаты шын мәнінде елге

үлкен бетбұрыс алып келеді деп үміттенді. Сөйтті де оңтайлы сәтінде биліктің солақай шешіміне бейбіт түрде шерулетіп өз көзқарастарын білдіріп қалуға тырысты. Алайда жастардың жақсы ойын күтпеген жерден жоғарыдағылардың қара ниетті қызыл қанға бөктірді. Бізге қалғаны қасіретті де асқақ тарихымызды таразылу. Осы бағытта желтоқсан көтерілісінің жиырма жылдығы қарсаңында пікірлес әріптестерімізбен аталған тақырыпты кеңірек қаузап, нәтижесінде бірнеше кітаптарды жарыққа шығару бақытына ие болған едік. Қатпар-қатпар сан құпиялы, әсіресе ақ бас тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ақтарып отырып, «неге бұлай болған?» деген сауал сананы шиырлайтыны бар. Желтоқсан тақырыбын таразылауға да сондай бір әнтек қызығушылықтан гөрі әйдік ынтызарлық сеп болғаны анық. Көз жеткені, көңілге тоқығанымыздан бұрын бұл құбылыстың бұқпантай-бізге беймәлім тұстары жетіп артылды. Содан да болар, қазақ тарихындағы ұлт-азаттық кезеңдерін шолғанда бір-бірімен тығыз байланысты әсіресе желтоқсан көтерілісіне соқпай өте алмаймыз. Және жалпылама емес, мейлінше барлық материалды саралау барысында ерекше есте қалып, айрықша таңданыс тудырған жалқы жайт турасында ойлы оқырманмен бөлісіп, көпшілік назарына ұсынуды парыз санадық. Демократия қарлығаштары. Желтоқсан: ақ пен қара. Бұл жөнінде сәл шегініс жасалық. Екі көзінен қан тамған қызыл империяның құйтырқы бұйрығына сауатты әрі ашық түрде наразылық білдіріп, шеруге шығу Қазақстан тарихында отызыншы жылдардың басынан бері болмаған жайт еді. Нақтырақ айтқанда, кеңестік билікке қарсы соңғы қарулы бас көтеру 1929-1931 жылдары, яғни, қазақ шаруалары отырықшылық шаруашылық жүйесіне көндікпей қарсылық білдірді. Содан бері «елу жылда ел жаңа» дегендей, жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Бірнеше ұрпақ алмасып кетті. Сондықтан да 1986 жылғы желтоқсанда алаңға шыққан жастар мүлдем жаңа буынның өкілі деуімізге әбден болады. Бұл ұрпақтың алдыңғы толқын ағалардан айырмашылығы неде еді? Алдымен олардың сталиндік репрессия сынды азап пен екінші дүниежүзілік аласапыран соғыстардың зардабын көрмегендігін айтамыз. Яғни, әлемдегі ең шыншыл, демократияшыл, адам құқығы мен сөз бостандығын жоғары бағалайтын, тіпті «барлығы адам үшін және оның игілігі үшін» деген ұранды биікке желбіреткен Кеңес үкіметіне шексіз иланған жаны таза, рухы асқақ, қазақ әдебиеті мен

өнерінің үздік дәстүрінде тәрбиеленген ұрпақ болатын. Алайда ақ пен қара ойда жоқта белдесе кеткенде осы үйлесімнің күлі көкке ұшып кетті. Екі жүзді билік сол ұрпақтың үкілеген үмітін бір сәтте үзіп, сенімін оп-оңай ұрлап алды. Жастардың қарекеті қандай болды? Алғашында көзді ашыпжұмғанша темір шынжырмен таптай жөнелген биліктен мұндай қанқұйлы қадамды күтпеген олар, ұрыста тұрыс жоқтығын ұғынған. Әсіресе, қазақтың қыздары халқының бұл бұла бұлқынысында бұқпантайламады, қайта жігіттермен қатар тұрып, қайсар мінез көрсетті. Мұны аталған тақырыпқа қатысты материалдардың барлығы дерлік айғақтайды. Құжаттарда болсын, естеліктерде болсын, мақалаларда болсын желтоқсан көтерілісінде де, одан кейінгі қуғынсүргінінде де қаракөз қыздарымыздың намысты қолдан бермегендігі, сын сәттен сүрінбегендігі жиі-жиі кездеседі, еріксіз назар аудартады. Әлгінде айтқан отызыншы, тіпті ғасыр басындағы аға ұрпақтан айырмашылықтың бірі де бірегейі сексенінші жылдары қазақтың ары мен ұяты қазақ қыздары ма деген ойға келесің. Айталық, 1986 жылы студенттері жастарды алаңға бастап шыққан Театр және көркем сурет институтында оқыған Гүлнар Байбосынова желтоқсан көтерілісіне қатысқан кезіндегі қазақ қыздарының қайсарлығы мен тартқан қасіреті турасында былайша сыр шертеді: «Сол күні кешке қазіргі Тәуелсіздік монументі тұрған жерде жасақшылар бір қызды шырқыратып ұрып жатыр екен. Әлгілерге қызды босатуын талап етіп ұрсып едім, қайдан келгенін білмеймін төрт-бес милиция Сәуле екеумізді қуа жөнелді. Мені қуып жеткен соң, ұрып-соғып автобусқа әкеліп қамады. Автобустың іші таяққа жығылған жастарға толы екен. Ондағы жастардың көбі ЖенПИ-де оқитын қыздар еді. Арамызда таяқтан бет-жүзі адам танымастай өзгеріп кеткен бір жігіт болды. Оның көзі шығып кеткен еді. Содан бізді жеті түнде Шамалған жақтағы жүгері егетін алқапқа апарып тастады. Күн суық. Бәріміз оңбай таяқ жегенбіз. Жолдың бойымен қалаға қарай жүгіріп отырдық. Ешқандай машина тоқтамайды. Зорыққандардың аузынан ақ көбік ағып кетіпті. Әйтеуір, таң ата жатақханаға жетіп жығылдым. Суық қатты өтіп кеткен екен. Бір ай ауруханада жаттым. Соның салдарынан қазір бала көтере алмай қалдым. Мұның бәрі суықтың кесірі екенін дәрігер айтты. Сақылдаған аязда айдалаға апарып тастаған қыздардың бәрі ана болу қабілетінен айрылғанын білемін. Бұл желтоқсанның үлкен қасіреті еді.»

Сөз жоқ, ерлер мен қатар халқының азаттығын аңсағандар, әргібергі тарихты таразыласақ, демократия қарлығаштары. Ең бастысы - Ақ пен қара күресіндегі сұлулық символы іспетті. Сондықтан да олардың қайсарлығы мен ерлігін айрықша атау мен марапаттау парызымыз тіпті міндетіміз. Себебі, олардың қайсарлығы бүгінгі ұрпаққа үлгі, болашаққа бағдар. Сонымен бұл тарауымызда:«Демократия қарлығаштарына дем берген не нәрсе еді? Желтоқсан қозғалысының бастау бұлағы мен байырқалайтын тұсы қайсы?»-деген сауалдардың жауабын іздеуге тырыстық. Әрі желтоқсандағы сұлулық символын сөз еткенде, оны мұқатпақ болып, дақ жақпақ болған қара күш-жендеттер жайына да тоқтала кеткенді жөн көрдік. Ондағы мақсат, халыққа қарсы қол көтергендер оның моральдық зардабын тартатындығын, бұндай саяси болсын, басқадай болсын қылмыстардың он жыл өткеннен кейін де, жүз жыл өткеннен кейін де әйтеуір түбі әшкере болатындығын алға тарту еді. Желтоқсан көтерілісінің мысалы бұған айқын дәлел. Желтоқсан көтерілісінің кенеттен бұрқ ете түсіп, алып империяның көсемдері күтпеген адуын мінездің себебі мен салдарын сарапшылар әр түрлі түсіндіргенімен ортақ белгісі бір екенін айтады. Сол кездегі қазақ қоғамында қалыптасып, пісіп-жетіліп, кенерінен енді асып кеткелі тұрған ауыр ахуалға қарсылық бұл дүмпудің жоқ жерден пайда бола қалмағандығын көрсетіп берді. Енді сол кездегі ауыр ахуалдың сананы жаншыған салмағы қаншалықты еді? Соған мейлінше нақты деректер арқылы жауап іздеуге тырысайық. Бұл бәлкім бүгінгі қайбір көңілі ояу, көзі ашық деген азаматтарымыздың өзінің «сексен алтыда алаңға жастар алаңғасарлықпен шықты» деген байламдарының түбірімен қате екенін дәлелдеп берер. Осы іспетті пікірлерді халықты алдау үшін арнайы қауесет ретінде таратқан орталыққа бұл мәселе бойынша, яғни «қазақ ұлтшылдығы» деген айыпты ресми түрде алып, қазақ халқынан кешірім сұрау қажеттігін қазіргі Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, сол кездегі Алматыдағы Халық шаруашылығы институтының студенті, желтоқсан көтерілісіне белсенді қатысушылардың бірі Нұртай Сабилянов табанды түрде көтергенімізбен, нақты нәтиже шықпағаны түсінікті еді дейді. Дегенменде қазақ мәселесіне қатысты Мәскеудегі жоғарғы билік өкілдеріне жиі хат жазып, жауап берулерін талап еткен жастардың бірі Нұртай Сабиляновтың кезекті төмендегі бір хаты оқырманды бей жай қалдырмаса керек.

Телеграмма №83/210 от 28. 03. 91. г. Москва, ул. Королева, 12, программа «Кто есть кто», т. Язову. Вопросы: Ваша причастность к имперской политике Колбина против казахского народа, ликвидации ракет именно в Сарыозеке. Когда вы подпишите акт передачи бывшего здания штаба Среднеазиатского военного округа по улице Джандосова-Правды в Алма-Ате, переселенцам из Семипалатинска и Арала, ведь Среднеазиатский военный округ ликвидирован. Судьба военного училища коренной национальности в г. Алма-Ате после декабря 1986 года. Нуртай Сабильянов, г. Алма-Ата, 28. 03. 91.

Жоғарыдағы сауалдарына Нұртай сол кездегі түкірігі жерге түспей тұрған одақтық дәрежедегі ең шенді шенеунік, КСРО қорғаныс министрі Д. Язовтан сырғытпа жауап алғанын маңызды санамайды. Маңыздысы, бұл ұлтжанды жастың елдік мәселені от басы, ошақ қасында ғана айтып қоймау қажеттігіне берген жауабы, әрі нақты іс жасау керектігіне үндеген әрекеті іспетті. Желтоқсан көтерілісінен бүгінгі уақытқа дейін халқының қамы үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан ұлтжанды азамат Нұртай Салихұлы бұл турасындағы ойын төмендегіше түйіндейді: «Қазақты оққа да байлаған, сотқа да айдаған, аштан да қырған XX ғасыр “Біз бақытты баламыз” деп ән салдырған бүгінгі ұрпағына дейін кесір–кесапатын алға тартып келді. Кеңестер Одағының одақтас республикалары мүлгіп отырған жылдарда да қазақтың қаћарман ұлдары тәуелсіздіктің туын тігу үшін жасырын жұмыс істеп келді. Сенбейін десек, ол туралы құжаттар да бар. Мен ойлаймын, бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі, егемендікке жету жолындағы ұлт–азаттық көтерілістердің түйіні – Желтоқсан көтерілісі деп айтуға құқымыз бар. “Іріген ауыздан шіріген сөз шығады” демекші, кейбіреулер айтқандай, алаңдағы жағдай “нашақорлар мен маскүнемдердің бей–берекеті” емес, бостандық, ұлт намысы үшін күреске бел буғандардың жанкешті қадамы еді.

Халық шаруашылығы институтының 3–курсында оқитын мені сол алаңға ешкім алдап немесе күштеп апарған жоқ. Өзге қыз–жігіттер де адал ниет, шын көңілмен бейбіт шеру арқылы Мәскеуден берілетін партия көсемдерінің бұйрықтарымен келіспейтінімізді мәлімдеуге шықтық. Ұлттық ар–намысты таптатқымыз келмеді. Шын мәнінде 5 миллионнан аса қазақ ұлтының арасынан ел басқаратын бір адамның табылмауы ақылға қонбайтын әңгіме. Осы сауалға жауап іздеп, еңсемізді тік ұстайтын ұлт екенімізді партияның бюрократтарына, орталықтың өктемдігін мойындатқымыз келді.» Иә, ұлттық кемсітушілікке ыза болған жастар Республика алаңына жиналып, өз пікірлерін айтуға келді. Демонстранттармен әу бастан келіссөзді дұрыс жүргізе алмағаннан кейін, жағдай шиеленісіп, мінбеге шыққан Республика басшыларына дөрекілік жасау әрекетіне ұласты. Ақыры тәртіп қорғаушылармен қақтығыс та басталды. Бұл бас көтеруге басты түрткі болып, өзі де тұтанғалы тұрған отқа май құйған оқиға Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1986 жылғы 16 желтоқсанда бар-жоғы он сегіз минутқа созылған пленумда Алматыға арнайы ұшып келген СОКП Ортылық Комитетінің ұйымдық бөлімінің меңгерушісі Г.Разумовский Саяси Бюроның атынан ұзақ жыл адал қызметі үшін Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевқа алғыс айтып, орнына халыққа аты-жөні беймәлім Г.В.Колбиннің сайлануын жария етуінде еді. Сол күні және кешке пленум туралы қысқаша информациялық хабардан басқа ешнәрсе айтылмады, болған жағдайдың себеп-салдары халыққа түсіндірілмеді. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақ облыстық, өлкелік комитеттерінде, одан соң Қазақстан Орталық Комиететінде бірінші хатшы болып жиырма шақты адам қызмет атқарыпты. Дегенмен, осы уақытқа дейін мұндай хатшылық қызмет атқарған орыс, украин, грузин, армян, еврей, поляк, ұйғыр сияқты әр ұлттың өкілдері арасында тек үш-ақ қазақ болған. Және бұған дейін Республика коммунистерінің басшылығында қазақтың болмауы бұрын-соңды реніш туғызып көрмепті. Сірә, орталықтағылар бұл жолы да солай болар деп пайымдаса керек. Бірақ жағдайды жете білмеушілік ақырында міне осыған әкеп соқты. Екіншіден, әлгінде айтқан жастармен тілге келіп, олармен диалог жасау әрекеті іске аспады. Алаңдағы мінбеге шыққандардың кейбіреуі қазақ тілінде сөйлей де алмай, жиналғандардың мазағына ұшырады. «Жігіттер, қыздар, үйлеріңе қайтыңдар!» дегеннен басқа сөз айта алмады. Дер кезінде халық сыйлайтын партия, соғыс ардагерлдерін, ақын, жазушыларды, сөз зергерлерін мінбеге шығару ешкімнің ойына келмепті.

Бірінші саты – желтоқсанның 16-сынан 17-сіне қараған түні Қазақ КСРО Мемлекттік қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша, қаланың алты оқу орындарының және С.М. Киров заводының 8 жатақханаларында, Театр және көркем–сурет институтының студенттері «арандатуға бағытталған ірікті салу жұмысын жүргізді». Олар «жастарды шеру жасауға үгіттеді, арандатуға бағытталған ұрандар мен плакаттар даярлап, көшеге алып шықты». Ол бір түнде болған қимыл-әрекет 1979 жылы маусымда Ақмолада неміс автономиясына қарсы өткен акцияны еріксіз еске салады. Желтоқсанның 16-сынан 17-сіне қараған түні толқу Ақмоладағы сияқты студент, жұмысшы жастардың жатақханаларында басталды. Ақмолада түнде жазылған транспоранттармен Алматыда сол түнгі жазылған транспоранттар үндес, тіпті кейбір сол күйінде қайталанды. Желтоқсанның 17 күні таңертең Алаңға толқын-толқынмен жиналу әдісі де Ақмола оқиғасымен үндесті. Қалай болғанда да сол бір түнгі үрдістің басталу, өрбу динамикасын қалпына келтіру Желтоқсан тарихының ең бір қиын тұсы екендігін мойындау керек. Желтоқсан көтерілісі кезінде әр ұлттың өкілдерінен тұратын 2401 адам ұсталды. Солардың ішінде Алматының соттары 326 адамды әкімшілік жазаға кесті, қылмыстық тәртіп бойынша – 99 адам сотталды, екі адам ату жазасына тартылды. Мұның сыртында 270 студент оқудан шығарылып, көптеген жұмысшылар мен қызметшілер жұмыстан босатылды. Қудалауға, қуғынға ұшырағандар саны шексіз. Тек қана Желтоқсан көтерілісіне байланысты Қарағанды университетінен 25 студент комсомолдан шығарылды, 11-і университеттен қуылды. Сондай-ақ бұл бір қалалық немесе аймақтық та құбылыс емес, жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Империялық озбырлыққа қарсы бас көтеру тек астаналық қала – Алматымен ғана шектеліп қалған жоқ, басқа да облыс орталықтарында, аймақтарда көрініс тапты. Желтоқсанның 17-25 күндері Жамбыл, Шымкент, Талдықорған, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Арқалық, Алға сияқты қалаларда, Шамалған, Сарыөзек сияқты елді мекендерде болып өткен толқулар наразылықтың жалпықазақстандық сипат алғанын айғақтайды. Алматыдағы 17 желтоқсан күнгі толқуларға 25-30 мың адам қатынасқан. Сол күннің кешінде және түнде шеруге шыққандарға қарсы қолданылған аяусыз басып жаншу мен қанды-қол қарақшылық, одан қалса зорлау, ұлтына қарай адам аулау шараларына қарамастан, ертеңіне Брежнев алаңына тағы да сонша жастар жиналды. Әскер күштері мен милиция алаңды қоршап алып, оған ешкімді жібермеді.

Ал Алматыдан тыс жерлерде болған шерулерге қатынасқандардың саны – 2500 адам. Бұл саналы түрде кемітіліп көрсетілген сан болуы да ықтимал. От ұшқынының жан-жағына түсуі табиғи диалектикалық заңдылық. Жанап өтпесе, қарағандылықтар: Раушан Әлиева (ҚарМУ-дің студенті), Әлия Еркімбаева (ҚарМИ-дің студенті), Раиса Сәрсембекова (АТП бухгалтері), ақтөбеліктер: Болат Арынразиев (спорт мектебінің жаттықтырушысы), Берік Қалбөкенов (СПТУ мұғалімі), шығысқазақстандықтар: Гүлжан Кәрімразина (кооператив техникумының студенті), Ербол Ақтанов (институт студенті), талдықорғандықтар: Анар Серкенова, Мәншүк Мусина (заң техникумының студенттері), целиноградтықтар: Амангелді Нүркенов, Асқар Сағынаев (ауыл шаруашылық институтының студенттері) сияқты т. б. жер-жердегі жастар мен студенттер «ұлтшылдық» көзқарастары үшін қылмыстық жауапқа тартылды. Ал еш кінәсіз қаза болған өрімдей өрендер: Қайрат Рысқұлбеков (Жамбыл), Ербол Сыпатаев (Талдықорған), Сәбира Мұхаметжанова (Өскемен), Ләззат Асанова (Талдықорған), Кенжегүл Молданазарова (Шымкент) сынды бар-жоғы 18-20 жастағы «ұлтшылдардан» атынан ат үркетін алып империя-кеңес үкіметі қандайлық қауіп көрді екен? Қазір кейбір ғалымдардың ортасында қалыптасып, өзге жұртқа әсер етіп жүрген «алаңға барғандардың ішінде кедздейсоқ қызық көру үшін жүргендер аз болған жоқ» деген теріс пікір белең алып жүр. Ондай болса билік орындары 19-20 мыңдық Алматы жасақшыларының қарулы күшін кімге қарсы жинаған? Тіпті КСРО-ның жеті бірдей қаласынан құрама әскер арнайы ұшақпен әкелінгенін қайда қоямыз? Олар төмендегідей: Фрунзедегі 5450-інші әскери бөлімнен 100 адам, Ташкенттегі 5452інші және 3408-інші әскери бөлімінен 300 адам, Челябинскідегі 5426ыншы әскери бөлімінен 203 адам, Новосибирскідегі 5427-інші әскери бөлімінен 203 адам, Уфадағы 5424-інші әскери бөлімінен 200 адам, Свердловскідегі 5425-інші әскери бөлімінен 225 адам, Тбилисиден 480 адам. Бұл басқа елдерден әкелінген әскердің жауыздығын өз көзімен көріп, жиреніп, алаңға Алматы облыстық ішкі істер басқармасындағы жедел топтың командирі ретінде барған Төлеген Әлжан кейіннен қызметінен өз еркімен кетіп, қайсар мінез көрсетеді. Әрі осы жауыздықты әшкере ету мақсатында ақын Мұхтар Шаханов құрған екі комиссияға да кіріп, жұмыс істегендегі куә болған жайттарын былайша әңгімелейді:

«Әрине, комиссия жұмыс жасаған кезде біз әлі де Ресейге тәуелді едік. Екінші комиссия жұмысын бастаған тұста Ресейден Гаев басқарған прокуратура, Ішкі істер министрлігінен сегіз адам келді. Ақыры біздер жинаған деректердің көпшілігін Мәскеуге ала кетті. Тіптен сол құжаттардың басым көпшілігін жарақат алғандар, есінен ауысып ауруханаға түскендер мен қайтыс болғандар жайында болды. Міне, күні бүгінге дейін осы деректер қолымызға түспей отыр. Жалпы бізді қолдаған азаматтар болды ғой. Ә.Мәмбетов, Т.Жаманқұлов, Б.Нұрғазиев сияқты азаматтарымыз таяқ жеп, қансырады. Ал, қала прокурорының орынбасары Зиманов Қадырберген Мәскеуден келген жендеттер Стрельников пен Сорокаға қарсы шыққандығы үшін заңсыз тұтқындалды. Одан өз прокуратура қызметкерлеріміз Мызников, Волтунов, Азаровтың қудалауына түсті, ақыры көз жұмды. Осы аттары аталған зиялы қауым өкілдері үстінен 85 нөмірлі «Қоңыр» атты қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде ескеретін бір мәселе, ресми дерек көздері бойынша, қазір қалада тіркеуде тұрған желтоқсандықтар – 56, ал еліміз бойынша сотталғандары – 107, әкімшілік жазаға 430-ы тартылған. Менің қолымдағы деректер сол кездің өзінде қатысқандар санының 12500 болғандығын дәйектейді. Ал, қауіпсіздік комитеті кезінде 2 мың деген мәліметті ғана көрсетті. Ал, енді мендегі құжаттардың маңыздылығына келер болсам, Л.Асанова, С.Мұхамеджанова, Ләззат Шораева, Кенжегүл Молданазарова сияқты қыздарымыздың қорланып, зәбір көргендігіне дейін дәлелденді. Айта алмай жүрдім, бірақ айттым. Былтыр Л.Асанованың қорланып өлтіргендігі жайында 11 сот процесіне қатысып, 7 ай жүріп бәрін дәлелдедім. Мұндай зәбір көрген бір ғана Ләззат емес қой. Сол желтоқсан көтерілісіне қатысқан қыздарымыздың 90 пайызы қорланды. Бұл фактімен дәлелденген жағдай.» Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы туралы ресми хабар ең әуелі «Қазақстан» телеарнасы арқылы ақпараттық бағдарламасынан, содан соң Орталық телевизиясының «Уақытынан» берілді. Ал 18 желтоқсан күні «Комсомольская правда» былай деп жазды:»Кеше кешкісін және бүгін күндіз Алматы қаласында ұлтшылдардың арандатуымен бір топ оқушы жастар көшеге шығып, жуырда болып өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті пленумының шешіміне наразылық білдірді. Болған жағдайды бұзақылар, арамтамақтар және басқа да қоғамға жат адамдар пайдаланып, тәртіп сақтаушыларға қарсылық көрсетті, содан соң

азық-түлік дүкенін, жеке иелердің автомашиналарын өртеп, қала тұрғындарын қорлап, жәбірледі». Осылайша табиғатында бауырмал, онысын осыған дейін Қазақстанға жер ауып келген мың-сан ұлтқа жанашырлығымен көрсеткен бүтіндей бір халыққа қара күйе жағу, ұлтшыл деп айыптау акциясы басталып кетті. Және ол қарқынды әрі кең ауқымда жүргізілді. Басшылық тізгінді ә дегеннен-ақ пәрмені күшті орталық алды. Желтоқсанның 18 күні кешке қарай Алматыға КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Партиялық бақылау комитетінің төрағасы М.С.Соломенцев ұшып келді. М.С. Соломенцев Алматыға СОКП ОК Саяси Бюросының кең өкілетті ресми өкілі ретінде келгендіктен, оның тұжырымдары мен бағалары саяси нұсқау мен бұйрық түрінде қабылданды. Ол оның 1986 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан КП ОК-нің Бюро мәжілісінде сөйлеген сөзінде былайша баяндалды: «Бір нәрсе анық, алаңда болып өткен оқиғалар кездейсоқ, стихиялық құбылыс емес. Бұл ұйымдастырылған іс. Ұйымдастырушының кім екендігі маған белгісіз, табамыз ба, жоқ па, оны да айту қиын. Қалай дегенде де мұның ұйымдастырылған іс екендігі туралы бағаны нақпанақ айтуға болады... Белгілі бір топ қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Менің ойымша, жаңа жылға дейін-ақ сот процесі болар, 2-3 процесс ашық өтетін сияқты. Осы жөніндегі хабарды баспасөз, радио телевизия арқылы тарату керек. Халыққа мұның бәрін жақсылап көрсету керек. Қазір комсомолецтер мен коммунистердің ұлтшыл, бұзақы іс-әрекеттерін талқылаған комсомол, партия жиналыстары өтіп жатыр. Не сескендіреді? Алғашқы шешімдер жұмсақтау болды, қазір оқиғаға қатысушыларды институттардан қуу керек, ертең оларды, бұзақы, ұлтшылдарды өндіріске, басшылық жасайтын жерге қалай жібереміз деген төңіректе әңгіме болып жатыр. Бірақ баға қатал да талап қойғыш, қорытынды өзгеге жақсы сабақ болуы керек. ...Саясатта, студенттер іріктеуде бұрмалау бар. Кадрларды осылайша іріктеу керек пе еді? Қазақ мектептерін ашу, қазақша оқыту жөнінде мұндай айтыс болғанын білемін... Алматыда мектепке дейінгі мекемелер де ұлттық белгі бойынша құралатын болған ба? Бұл қалай, жолдастар, Бюро мүшелері? Одан әрі не болады? Бүкіл оқыту мен тәрбие қазақша өткізіледі. Халық арасында, әсіресе жастар ішінде тәрбие жұмысы, интернационалдық тәрбие жұмысы қожыраған... Қаланың толуы жөнінде де басын ашып алатын жәйт көп. Мәселен, Алматыда, кезінде мен осында жұмыс істегенде қазақ тұрғындар 8% болғаны есімде. Дұрыс па айтып тұрғаным? Ал қазір 16%. Екі есе екен».

Кезінде Д.Қонаев ақсақалдың қарамағында қызмет істеп, өзінің моральдық жағынан жеңілтек адам ретінде көрсетіп, Қазақстаннан қызметтен қуылған М.Соломенцев осылайша сайрады. «Қазақ ұлтшылдығы» атағын қазақ халқына жақсылап таңудың, бояуын қалыңырақ етіп жағудың жолдарын іздеп, шарқ ұрды. Соломенцев айтқан процентамания мәселесі лезде Қазақстанның түкпір-түкпірін шарлап кетті. Өзі де қоғамның қай саласында болсын азшылыққа ие қазақтардың үлес салмағы жұмыс орындарында, жоғары оқу ордаларында, мемлекеттік маңызы бар мекемелерде орыс халқымен салыстырмалы түрде қарастырылды. Қазақстар орыстардан көбірек шоғырланған жерлерде олар теңестірілді немесе кемітілді. Тату-тәтті тұрып келе жатқан екі халықтың ортасына осылайша сына қағылды. Қазақ халқы өз жерінде өспесе, өнбесе басқа қай елде өркен жаймақ деген ойдың орнына қазақ ұлтының дамымауын ойластырған орталық өкілдері өздерін нағыз ұлтшыл, шовинист ретінде көрсетіп алды. Бұл тұрғыда желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін сотталып, сонау Ресейдің Чита облысына айдалған Расулхан Құдайбергенов сол кездегі елдегі саяси-рухани ахуалдың қазақ ұлты үшін соншалықты күрделеніп кеткенін айтады: «Сол жылдары қазақ мүддесіне қырын қарап келген орталықтың өктем билігіне көзі қарақты қаймана қазақ қағажу қарай бастаған еді. Іштей қарсылықтың белгілерін, әсіресе үлкен қалалардағы қалыпты өмір арнасына қабыса алмай, ұлттық рухы кемшін тартқан халықтың тіршілік-ауанынан байқау қиын емес-ті. Ана тіліміз тұсаулы аттың күйін кешіп, дін-тініміз тарылды. Қазақ жастарына табылса, жұмыстың ең ауыры бұйырды. Қалалық тіркеу қайдан, “Жетім бұрыш” жағалау ғана маңдайға жазды. Осы сынды мың-сан кедергі жайттардың күн өткен сайын қоюлана бастағанын арман қуып келген Алматыдан студент бола жүріп біз де жете сезіне бастадық. Бұлайша жалғаса беруі мүмкін болғанымен, оған деген қарсылық пен наразылықтың түбі бір бой көрсетері анық еді. Сол бір намыстың жанартаулары атқылаған желтоқсанның үш күнінде де алаңда жүрдік. Ерекше екпін бітіп, елдік мұратымыз қол созым жерде тұрғандай болды. Әне-міне, үкімет үйін алсақ, арманымызға жететіндей едік. Шыны сол, мен үшін бұл жастық максимализмнен гөрі, отаншылдық рухтың басым түскен кезі еді.» Дегенмен «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» жоқ болған соң, жоғары билік білгенін істеп, тізеге басты. Қара күйе жағудың кәнігі шеберлері одақтың барлық ақпарат құралдары арқылы арам ойларын

жүзеге асыруға тырысты. Баспасөзде өрескел бұрмалаулар орын алды. Мәскеуде шығатын орталық басылымдардың желтоқсан көтерілісін ұйымдастырған қазақ жастары туралы хабарына тоқталсақ, төмендегіше болып келді. АЛМАТЫДАН ХАБАР 19 желтоқсан, 1986 жыл. Кеше кешкісін және бүгін күндіз Алматыда ұлтшыл элементтер арандатып салған оқушы жастар тобы көшелерге шығып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жуырда болған пленумының шешіміне наразылық білдірді. Бұл жағдайды бұзақылар, арамтамақтар және қоғамға жау басқа да адамдар пайдаланып, құқық тәртібінің өкілдері жөнінде құқыққа қарсы әрекеттер жасады. Сондай-ақ азық-түлік магазинін, жекеменші автомобильдерді өртеді, қала азаматтарына қарсы намысты қорлайтын әрекеттер жасады... Совет Одағының Телеграф Акенттігі. ШЫНДЫҚ САБАҚТАРЫ ...Көп жастар жазасын алды: комсомолдан шығарылды, құқыққа қарсы әрекеттері үшін жоғары оқу орындарынан қуылды, біразының бұзақылығы жаппай тәртіпсіздік жасалғаны үшін істері сотта қаралатын болады. Әрине, тәртіпсіздіктердің басшыларын, ұйымдастырушыларды, арандатушыларды іздерстіруді табанды түрде жүргізу керек. «Литгазета». А. Самойленко. АЩЫ САБАҚ ...Біршама уақыт өтіп, ұлтшылдық пиғылдағы жастардың желтоқсандағы іс-әрекеттерінің себептері айқындала түскен шақта, бұған не деп жауап беруге болады? Бір нәрсені сеніммен айтар едік: болған жайдың себептері ең алдымен жастар арасындағы идеологиялық жұмыстағы елеулі кемшіліктерде патриоттық интернационалдық тәрбиенің әлсіреуінде жатыр... Жастардың бір бөлігінің ұлтшылдық көзқарастары кеше ғана қалыптасқан жоқ. Олар баршаның көз алдында уақытымен атамаса, қаулап өсетін арамшөп сияқты өскен болатын. Республикада жүзден астам ұлт пен ұлыстың адамдары тұратынына қарамастан, Қазақстан астанасында қаланың

жоғары оқу орындарымен техникумдарында оқитындарды басым көпшілігі жергілікті ұлт өкілдері екендігіне назар аударылмады. Жатақханаларда студенттердің ұлттық белгісіне қарап орналасуын ұсақ-түйек деп санады. «Комсомолка», 1987 жыл , 10-қаңтар. А. Лапин» «МЕНІҢ СЕМЬЯМ, МЕНІҢ БАЙЛЫҒЫМ» ...Мәселен, Алматыда сәулетті «Ертөстік» бала-бақшасы салынды. Ол тек қазақ балаларына ғана арналған! Жергілікті газетке бұл жөнінде жедел түрде «Ертөстікке қош келдіңіздер!» деген марапат мақала берілді. Бұл кімге «қош» деп, құрмет білдіру сонда. Орыс тілін жасанды түрде білдірмеуге ықпал жасалып жатқан балаларға ма? Мен барлық қазақ сияқты өзімнің ана тілімнің патриотымын. Бірақ мен өз қыздарымды «Ертөстікке» бермес едім... «Советская культура». 1987 жыл, 24 ақпан. М. Ахметова. Қазақ жастарының ұлтжандылық бейнесі сол кездері өкінішке орай осылайша бағаланып жатты. Орталықтың солақай ойы мен арам әрекеті іске аспады. Желтоқсан көтерілісі Балтық жағалауындағы және басқа республикада демократиялық процестің дамуына себепші болды. Осыдан кейін егемендікке жаппай жол ашылды. Бірінен соң бірі Одақтас республикалар егемендік жолына, тәуелсіз дамуға бет бұрды. Сонымен бірге Бакуде, Вильнюсте, Ферғанада, Тблисиде қанды оқиғалар тізбегі жалғасты. Оларда да тоталитарлық режим мен Ресей танкілерінің қанды іздері қалды. Осыдан-ақ бостандық пен тәуелсіздік оңайға түспегенін аңғаруға болады. Ақырында салтанатты сәт те туды. 1991 жылдың 16-желтоқсанында желтоқсан көтерілісіне қатысқан жастар ақталды. Бұл Мәңгі жас – Алаш идеясының ұлт-азаттық ұзақ шайқасының жеңіске жеткен күні еді.

I I - Б ө л і м ЖАСАМПАЗ ИДЕЯНЫҢ ЖАЛҒАСЫ Аяқталған аңыз

Есейiп келемiз. Әркiм өзiнше етек жабумен әуре. Алдағы күн алаңдатады бәрiмiздi. Артымызға қарайлауға шама жоқ. Кейде, кейде кейимiз де, өткен күнiмiзге өкiнемiз. Бұл күнiңнен қорынғанда, қораш сезiнесiң өзiңдi. Сонда бауырына тартып, басыңнан сипайды әлдене. Тәнiңде дiрiл, жаныңда үрей атой салады. Санаңды бейдауа сауал шарпиды. Қайдан келдiк, кайда кетiп барамыз? Сонда балалық бұлдыр шағың көз алдыңа келедi, көңiлде қалып қойған әлдебiр дүние көкiрегiңде дамыл табады. Қайбiр жылдың қыстың қаһарына мiнiп келе жатқан шағы. Кешкi асты алдымызға ала бергенде теледидар да, радио да күнделiктi жаңалықтардың бiрiнде тосындау хабарды жария еттi бiлем. Үйдегi үлкендердiң жүздерiне жылу жүгiрiп, мәре-сәре қауқылдасты да қалды. «Баяғыдан берi өстетiн иттер ғой!» – дедi, жамбастаған жастығын ысырып, тiктеле отырған көкем. Сөйткенше, әншейiнде таяғын тастамай сырбаз сүйенiп, асықпай жүретiн көршi шал Кемелбек те ширақ басып, кiрiп келдi. Көкеммен күндегiдей әңгiме-дүкен құру үшiн емес, әлдененiң желiгiмен келгендей әсер бар. Бiрдеңелердi даурығыса айтысып, құттықтасып жатты. Самаурын қайта қайнап, дастарқан мерекедегiдей жайылды. Осы сәтте ойынға тоймайтын кластас достар Сәмен мен Ерлан «сабаққа бiрге дайындалуға» келе қалды. Үлкендердiң әрi-берiден әңгiме сапырғаны жалықтыра бастады. Бiз бiр-екi пиала шайды iшерiшпестен қарбаластың сәтiмен тысқа сытылып шықтық. Сол кеште ауа-райы да ерекше едi. Жапалақ қар қылаулаған тұңғиық аспан тап-таза әрi тұнық. Айнала аппақ әлем. Сыбырлап сөйлесең де даусың сыңғырлай ауылдың о шетiмен бұ шетiне жететiндей. Мұндай түнде үйде отыруға болмайды. Жүр, шана тебемiз, – дедi Ерлан. Қой, түн ортасында қайдағы ойын! – дейдi Сәмен. Ойнағанда қандай! Мұндай айлы түнде шанаға сиқыр бiтедi, – деп, Ерлан ауладағы шананы ала жүгiрдi. Сәлден кейiн ауыл көшкендей ғып жұлдыздай аққан ол жердi солқылдата зулап төмен қарай гүрiлдеп келе жатты. Бiздiң үй iргесiндегi төмпешiктен таяқ тастам жерге бiрақ ырғыды да, табанынан от жарқ етiп өте шықты. – Ура! – деп айқай салып, қолын көтердi ол Шынында да шанаға сиқырлы қанат бiттi ме, әйтеуiр түн әлденебiр құпия сырын ашқандай көрiндi. Үлкендер де үйге сыймай, далаға шығып, дабырласа бастады. Бiр-бiрiн жаңа көргендей қол алысып,

құшақ түйiстiрiп қояды. Қарқылдап күлiп, әндетiп те жiберетiнiн қайтерсiң. Мiне, ғажап! Ендi ауылдың әр-әр жерiнен мөлдiр аспан төрiне тарс-түрс салют атқылай бастады. Бұл – 1991 жыл, 16 желтоқсан, кешкi сағат 7-лер шамасы. Дәл осы жыл, дәл осы күн, дәл осы уақыт бар саналы қазақ шаңырағына сәуле шашты. Ол сәуле – тәуелсiздiк ұғымы, мемлекеттiк телерадио толқындары арқылы мың-миллион шаршы алқап, сан тарапты нұрландырып, тарап жатты. Тосырқадық, толқыдық, тәуба дестiк. Көңiл шiркiннiң көк дөненiне мiнiстiк. Үлкендерiмiз көзiне жас алды. Кiшiлерiмiз асыр салып, ойнақтадық. Ақ түйенiң қарны жарылды! Сол күн, сол кеш әлем қазақ елiне назарын тiктедi. Арада санаулы минөттер өтпей-ақ Қазақ республикасының тәуелсiздiгiн ең жақын, ет жақынымыз Түркия бастап тани бастады. Еуропаға есiк ашылды, Америка қолын созды, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы да құшағын ашты. Әлi есiмiзде, бұл оқиға мектеп қабырғасында бiлiм алып жүрген бiздерге де ерекше әсер еткен. Ертесiне үлкен үзiлiстi күтпей-ақ, сабағымызды бастамас бұрын мүғалiмге де, алты жасар оқушыға да ортақ кезектен тыс жиналыс өттi. Оған сол кездегi мектеп директоры, жазушы Пернебай Дүйсенбиннiң өзi келiп, өзi бастады. Байқаймыз, жиылыстың мәнi тым өзгеше. Тәртiп бүзған шәкiрт ортаға шықпады. Үлгерiмi нашар оқушылар сөгiс алған жоқ. Тек директор әргi-бергi тарихты қозғап қоймай, оқушылар мен ұстаздар қауымын алғашқы тәуелсiздiктiң арайлы таңымен құттықтай келiп, ойын түйiндеген: Ұлыстың ұлы күнi деген осы! Көңiлiнде толғаныс, үнiнде тебiренiс бары байқалды. Содан ба, әлде сезiмге бай жазушы болған соң ба, жанарына жас кiлкiгенiн жасыра алмаған. Сонда ғана әлi тәуелсiздiк ұғымының түрiн түстеп, парқын бағамдай қоймаған бiз – балаң буын осы құбылыстың қазақ үшiн тым қымбат екенiн ұғына түскенбiз. Не құдiретiнiң барын қайдам, осы жиылыс мектептегi бар игi шаралардың iшiндегi әсерлiсi болып жадымызға жатталды. Көзiмiзге жас келмесе де, көңiлiмiздi бiр толқу шарпып өткен. Неден екенi белгiсiз, директордың баршамыздың әр қайсымызға ғана құпия нәзiк перделердi дөп басқан тапқыр да ұтқыр сөздерiнен бе, әлде... Әйтеуiр, бұдан кейiн мектебiмiзде күрт өзгерiс байқалды. Бiрбiрiмен кiрiгiп бiте қайнасып кеткен екi ауылға ортақ оқу ордасы жаңалықтың ортасына айналған. Көзге ұрғаны – оқу бағдарламасы қайта, жаңаша түзiле бастағаны.

Дәл сол мезетте осыншалық бiрiнен соң бiрiне жалғасқан жаңалықтың астарына тереңдеп бойлап бара алмаппыз... Кейiн есейе келе бажайласақ, әр кезде әрқалай естiп, оқып қалатындай – үш ғасыр емес, екi ғасыр емес, тiптi жүз елу жыл да емес, тура жүз қырық төрт жыл бұғаудан соң ғана еркiндiгiн алған ел мектеп партасынан мемлекет басқаруға дейiнгi барлық механизмдi қайта қарау, өзгеше құру қажет қана емес, мiндет екен. Құдайсыз тобырды қорқытып басқаруға болатындығын бiзден гөрi сезiнiп өскен аға буын жақсы бiледi. Халықтың сенiмiн ұрлап алып қойып, қойша қыра беруге болатындығын көзбен көрген ұрпаққа тәуелсiздiк аса бағалы. Он үш жыл болды... Оны қалай жоғалтып алмаймыз деп, қалай баянды ете түсемiз деп, бас қатқалы да он үш жыл. Әйтеуiр, бәрiмiзге ортақ тәуелсiздiктi оңынан шештiк. Ендi әркiм өз iшкi тәуелсiздiгiмен әуре боп кеткен. Жұдырықтай жұмылу, бiрiгу кемшiн түсе беретiнi несi? Ұрланған сенiмдi қалай қайтарамыз, қалай қайта оятамыз? Неге жүгiнемiз? Өткен ғасыр басында құдайға құлшылық күшейдi де бәсеңсiдi, ендi аяғында қайта қау бердi. Осыны медет тұтамыз ба? Дiннiң қазақ топырағында қанат жаюы қатпарлы тарих, қасиеттi таным, әрi тәлкектi тағдыр. Осыдан он жыл бұрын ғана мұсылмандық елiмiзде өтпелi дәстүр сынды едi. Мiне, заман өзгердi, ел дiнiне ден қойды.Тiптi сусап қалған ынтаның пәрмендi толқыны кешегi басқыншы жүйенi өкiнiшпен еске алады. Осылайша iшкi тәуелсiздiгiмiздi жеңе алсақ, ортақ тәуелсiздiгiмiздi орнықтыру қиын соқпас. Бүгiнгi ұрпаққа мол-мол сын айтылады. Бәрi орынды. Әр уақыттың өз салмағы, дертi бар. Мәселе соны асқындырмауда – емдеуде. 2004 жыл. Таңдау уақыты: «Көпте ақыл жоқ па?» Иә, Абай айтты: «көпте ақыл жоқ» деп. Қалғанымыз соны орындаушы емеспiз бе? Бiрақ, ол кез бен бұл кездi салыстыру қиын. Бұған дейiн «қалың елi, қазағы, қайран жұрты» талай қуанышты, қайғыны, аштықты, махаббатты, зорлықты бәрiн-бәрiн бастан өткердi. Көрдi де көңiл көзi оянды. «Шығысы – батыс, батысы – шығыс болып» оқыды-тоқыды сосын тағдыр тартуымен танылды да! Ендiгiсi – таңдау уақыты!

Бәрiн таңдап жатырмыз: не керек, не қажет, тiптi – кiм мықты? Сол тағдырымызға таңдау жасалғалы он үш жыл. Ұзақ уақыт, ұзақ жол. Бар тапқанымыз, табысымыз, тәубе етерiмiз де – тәуелсiздiк! Ендiгi күрес оның баянды болуы. Қалай, қайтiп? – сынды сауал әлi соңымыздан қалған жоқ. Шындығында жеткенiмiз шамалы, жетiскенiмiз жоқ. Оған ара-тұра теңгемiз тағы бiр «теңселiп» кеткенде көзiмiз жеттi, көңiлiмiз алабұртты. Бұл не? Халықтың билiк басындағыларды таңдауының бұрыс бола беретiндiгi ме, әлде, шынында «көпте ақыл жоқ» деп қисындайтынында емес пе!? Әйтпесе, тiзгiнiмiз қолға тигелi қанша үкiмет ауыстырдық немесе ендi қаншасы қалды? Созылмалы дертiмiздiң дауасы демократия механизмiнiң бұрыстығына қарай бұрыла беретiндiгiнде ме деп қаласың. Қарапайым түсiнiкте демократия – халық билiгi деп, қайырсақ, бар кiлтипан осы жерден шығады. Алғы елдердiң қалыптасқан дәстүрiнде билiк халықтың қырағы бақылауында. Айталық, Америка өзiнiң әкiмшiлiк-территориялық басқару жүйесiне дән риза. Оны бұзып 50 штаттың орнына (бiздегiдей) 10 супер штатты (облысты) ешқашан жасай алмайды. Өйткенi, әрбiр қарапайым американдық өз билiк иелерiн – президентiн ғана емес, губернаторларын да назардан тыс қалдырғысы жоқ. Мiне, демократия дегенiңiз. Бiздiң бұқара сенгiш, сосын айтқанға көнгiш пе деп қаласың. Бұлай болуға кешегi «айналайын өкiмет өзi өлтiрмейдi» деген түсiнiк те түрткi. Қайткенде одан арылатын уақыт келдi. Қалаңыз, қаламаңыз билiктi қатаң қадағалау халықтың өзi үшiн қажет. Ендi қанша саясат соққанмен, елдiгiмiздi ойлап өбектегенмен тәуелсiздiгiмiздiң баянды болуының бiрден-бiр емi – экономиканың сауығуы екенiне анық көз жеттi. Ол үшiн қоғамның ақиқатқа деген ауадай қат сұранысы қымбат. Журналиссiң бе, шындықты жаз, заңгерсiң бе, әдiл төрешiлiгiн айт, экономиссiң бе, реформа жасауға тырыс. Осының бәрi орнымен болса, озық елдердегiдей бiзде де демократия механизмi сарт-сұрт iстеп тұрмас па? Қысқасы, «ортақ үйiмiзде татулық пен бiрлiк қана емес», жеткiлiктi дәулет болуы үшiн де өзiн ғана емес, отанын ойлаған әрбiр азамат одан тысқары қалмауы тиiс.Тiптi бұған билiктегiлер ғана бас қатырып қоймай, дүрдараз оппозиция, он-сан зиялы, мың-миллион халық қатысуы батпан мiндет! 2004 жыл

Халық... Зиялы... Билiк... Үмiтсiз ымырашылдықтың үштағаны Демократияның қағидасында орналасу тәртiбi: Халық... Зиялы... Билiк... Қазақша қисындасақ, ошақтың үш бұты iспеттi. Бiр-бiрiнсiз ошақтың оты сөнедi, қазан қотарылып түседi. Бүгiнгi күйiмiздiң салдарын сол үшеуiнен iздесек, бiр қарағанда бәрi қалыпты. Халық қайранда, билiк қолынан келгенiн қармануда-ақ, әттең... Осы екеуiн үйлестiретiн зиялы үлесiнде – үнсiздiк! Содан ба, ғасыр басындағы алыптар шоғырына аңсарымыз әбден ауған. Сағыныштан емес, сары уайымға салынғаннан. «Қайран, Ахандар, қайдасыңдар?» деп, қазақ даласы өкiрiп-күркiреп ақыры көз жасы сая таппай, сайсаланы сағалап барып, зым-зия жоғалып жатқандай. «Тым құрыса солардың сарқытының да сарқылып тынғаны ма?» деген сұрқай сауал шиырлайды сананы. Қауiптi дағдарыс – сана... саналылар дағдарысы. Тоқ етерi – бар кiлтипан билiк пен халықтың ара жiгiн жалғастыратын алтын көпiрзиялылардың сайда саны, құмда iзi байқала бермеуiнде. Бiздiң билiк тәуекелшiл-ақ, тәуелсiздiк алғалы не бiр қадамдарға аяқ басты. Қарық болған халық жоқ, аң-таң. Зиялымызға келсек, көкейiнде сәулесi жоқ көрермен секiлдi, мiз бақпайды. Бұл жерде билiк пен халық қаржысып та қату-тату. Зиялымыз үшiн бәрiне бас шұлғу қанына сiңген әдет сынды. Ау, бұған дейiн қалай едi? Бұхар жырау әдiлiн айтып ханға жақпады. Абай халқына қарны ашып, есесiне басынан соққы алды. Кешегi Ахаңдар шоғыры сол халықты да, билiктi де тезге салып, түзеуге тырыспады ма? Бүгiн ше? Бұдан шығатыны: бiздегi экономика, экология және рухани дағдарыстардың ұшар басы, ушыққан нүктесi әрi қауiптiсi – сана... саналылар дағдарысы. Бұл дағдарыс – қай дағдарыс? Бастауы қайда? Байырқалайтын тұсы қайсы? Басы ашық ақиқат қазақтың қазiргi зиялысы өзiнiң осалдығын сонау 86 жылғы сын сәтте байқатты. Естуiмiзше, қанды оқиғадан кейiн алдымен халыққа да, билiкке де сөзi жететiн емес, айтқаны өтетiн зиялылармен тiл табысып алғысы келген әккi Колбин Жазушылар одағына келедi. Әрi қателеспептi де, зиялымыз «халықты құтқарушыға» алғысын жаудырып, арқасынан қағып, өбек күй кешiп, өлердегi сөзiн арнапты деседi. Не үшiн? Неге? Ол жағын өздерi де аңдамаса керек (сасып қалған ғой). Кезiнде Ахаңдарды айдатып, асып, аттырған сондай сатқындар едi. Шүкiр, сол кеште қазақ ұлтының үзiк-жұлық намысын қорғап

саусақпен санарлық ер төбе көрсете алыпты. Өкiнiштiсi сол, олар қазiр де iлуде-бiреу! Зиялымыздың анау айтқандай дүр сiлкiнiске әзiр еместiгiне рухының жаншылып, әбден жасып қалғандығы айғақ. Жетпiс жыл бойы кеңестiк репрессиялық жүйенiң жұдырығын көрiп, төмпешiне көнiп өскен зиялыдан басқаны күту де сөкет. Ендеше, арқа етi арша, борбай етi борша қарапайым халық үлесiнде. Қысқасы, шынайы демократиялық дәстүр қалыптаспайынша зиялының қоғам өмiрiнде елеулi рухани және саяси күшке айналуы өте қиын әрi тiптен мүмкiн емес көрiнедi. Сол демократиялық дәстүрдi бiзге кiм қалыптастырып бередi. Батыс па, басқа ма? Ұлтын сату қанша тұрады? Бiз осылай зиялыларымызды ұлт алдында ұсақталып кеттi, халық алдында қамсыз деп сөге жамандамасақ та, қара қазан өкпемiз өңешiмiзге тiрелiп жүргенде профессор Ерасыл Әбiлқасымов «Билiк басындағы ұлтшылдар» («НП». 11.06.99) деген мақаласымен айды аспанға бiр-ақ шығарды. Зиялыларымыз әсiресе, билiк басындағы азаматтарымыз аталған мақалада айтылғандай ұлтшылдық қайрат көрсетiп жатса бiз қуанар едiк-ау! Өкiнiштi. Кезiнде «Казахстан становится казахским» («Аргументы и факты». №45. 94 ж. К.Орезков) деген iспеттi сойқан мақалалар болған. Бұдан әрi де бола беретiн түрi бар. Бұл iштен тынып, үндемей қала беретiн билiк басындағылар мен қазақ зиялыларын басыну ма, әлде әлгiндей сипаттағы мақалалар қаламақысының қомақтылығы ма? Бiлмедiк. Бiлетiнiмiз, Қазақстанның тағдырына сырттай тон пiшiп, шешiп беретiн көсемдер шыққалы олардың ойын қолдаушылар өз iшiмiзден өре көтерiлдi. Бiр қарағанда бұл оқ-дәрiнiң үстiне отырып, от жағу. Бұған, он бес миллион адам тағдырына пысқырып та қарамай, жалған «орыс мәселесiн» желеу етушiлердiң ниетi көзге ұрады. Бiр кезде «Халық конгресi» партиясының серкесi болып тұрғанда Олжас Сүлейменов жапон газетiнiң тiлшiсiмен сұхбатында: «1993 жылы қабылданған Конституция республика халқының елу сегiз процентiн разы етпей отыр (Бұл Қазақстандағы қазақтан басқа халықтың саны). Мұның өзi қазақ ұлтының жайбарақат өсiп-өнуiне кесiрiн тигiзуi мүмкiн. «Бiрыңғай Қазақстан Республикасы – өзiнөзi билейтiн қазақ ұлтының мемлекеттiк формасы. Негiзгi заңның осы құжатымен Қазақстан халқының қалған жұрты келiсе ала ма? Бұл қырық екi проценттiң ғана Конституциясы» деп қателескенi бар. Кемшiлiк дер кезiнде жөнделсе бiр жөн. Бiзде бәрi осылай аңдамай айтылғандай жайбарақат қабылданып қала бередi. Нарық заманында

не нәрсенiң де бағасын анықтай аласыз. Ал, ұлтын сату қанша тұратындығын бiлуге бола ма екен? Рухани әке, қайдасың? Қазақ халқы өзiнiң жүрiп келе жатқан араби қылыш жүзiндей қауiптi әрi тайғақ тарихында дәл қазiргiдей тығырыққа тiрелiп көрмеген шығар. Бұған мана айтып кеткендей ұлтты ұлығылайтын тұлғалардың тосырқап, тоң-терiс қалуы басты себеп сынды. Салдары сан тарау. Жетiм ұлтқа кiм тiзесiн батырмайды, тезiне салмайды. Рухани әке, Прометей оты, қайдасың? Неге үнiң әлсiз, қарекетiң сылбыр? Бүгiнгi жетпiстiң хаты кешегi бесеудiң хатына неге татымайды? Ендеше, хат аз, айтып қана қоюмен шектелу аз. Белдi бекем бу. Баста алаңға, арман-алаңына! Бiз үшiн тас-құлып, емен есiктердi аш. Ақиқаттан тайсақтамай турасын айт, әдiл төрелiгiңдi бiлдiр. Естi сана, iстер қол табылатын шығар. Бастысы – кiм кiнәлi? Жазасын алсын! Бiздiң сорымыз да сол, зиялыларымыздың билiкке бәсекелесе алмауының сыры – бiр кезде Президентке конструктивтiк оппозицияға шығып, ақырында Италияға елшiлiкке аттанған Олжас Сүлейменовтен күнi кешегi айқын ұстанған бағытын бажайлай алмай тұра Президенттiкке үмiткерлiкке түскен Энгельс Ғаббасовқа дейiнгi зиялыларымыз үлкен саясаттың адамдары еместiгiн, әмсе рухани әкелiк қана емес, қарапайым қазақы кiсiлiк зиялылықтың нышанын байқата алмайтындықтарында емес пе екен? Жаратқан бiзге, бiр әке қарыз... 2000 жыл Саяси күштерге ұлттық сипат не үшiн қажет? Екi мыңыншы жылдардың қара күздерi тоқсаныншы жылдардағыдай бұрқасынды емес, бiрде бұйығыңқы, бiрде жылы шырай. Әдеттегiше, ауыс-түйiстен ада болмайтын саясатыңыз да сапырылыстан аулақ. Тек саяси күштердiң ғана белсендiлiгi артып, бiртоға қан қысымын жоғарылатқысы келгендей кейiп байқатады. Не керек, үлкенi бар, кiшiсi бар саяси күштерiмiз сайланып, бiр-бiрiнен қалып қоймайын дегендей, бiлек сыбана кiрiсулерiне қарағанда құдды бiр саясатымыздың қара қазаны мiне-мiне бұрқсарқ қайнайтындай әсер бередi. Әйтеуiр, бұл бiз үшiн жаңа бiр кезеңнiң басталғанының белгiсiндей көрiнгенi рас. Олай деуiмiзге негiз – жаңа және ескi көзқарастан құтыла қоймаса да, ендi жаңа

көзқарасқа үйренiсуге көндiгуде. Жақсысынан үйренiп, жаманынан жиренуге күш салуда. Көппартиялылықтың не беретiнiн көрiп-бiлiп, өткен уақытта адамды мемлекет асыраса, ендi мемлекеттi адам, адам болғанда оның ақылы, күшi мен жiгерi асырайтындығын мойындай бастады. Яғни, халықтың әлеуметтiк зердесi ғана емес, саяси санасы да сақаятын сыңай танытты. «Саяси күштер: сапта бар, санатта жоқ» деген сөз көп айтылады. Бұлай деуге елiмiз еркiндiгiн алған уақыттан бергi кездегi олардың стихиялы әрi науқаншылдыққа толы әрекеттерi дәлел. Осы мезгiлге дейiн халқымыз «Бәлен партия экономиканы iлгерiлететiн тетiкке қол жеткiзiптi немесе әлеуметтiк мәселенi шешудiң тиiмдi жолын ұсыныпты» дегендi ести алмай-ақ келедi. Мұның себеп-салдары сан тарау емес пе? Жаппай саясат соққыштық қасиетке әлеумет болып бой алдырған сонау тоқсаныншы жылдары өркениеттi елдерде саясатпен халықтың он пайызға жуығы ғана айналысатындығымен (оның өзiнде қызметi соған тiкелей байланыстылары) санаса бермедiк бiлем. Нәтижесi белгiлi болды. Қаптаған партия мен түр-түсiн танып болмайтын қоғамдық бiрлестiктер аяқ аттатып жүргiзбей қойды. Шын саясаткер мен саяси партияның бет-бейнесiн бедерлеу бүгiнгi күннiң үлесiне қалыпты. Елдегi саяси партиялар қайта тiркеуден өттi. Бұрнағы өмiр сүрiп келген он тоғыз партиядан оншақтысы қалды. Бұл саяси күштерiмiздiң қаншалықты салмақты-салмақсыз екенiнiң таразысы iспеттес. Олай дейтiнiмiз, бесеу емес, он емес, жиырмаға тарта партия тiркеуде тұрғанмен, белсендiлiгi төмен, беделi де жоқ болуы – соншалықты көптiгiнен-ақ партиялық жүйесiздiктi туғызды. Көпсандылық сапалалыққа өтпедi. Себебiне үңiлiп көрейiк. Батыс саясаттанушыларының айтуынша, қандай да елдiң саяси жүйесiнде партиялар әлсiз болса, онда оларға ықпалды топтар бар көрiнедi. Осы көзге көрiнбейтiн топтар барлық саяси қойылымдарда, әсiресе, науқан кездерiнде басты ролдерде ойнайды. Мұндай жағдайда партия туралы заңды құнттап қоймай, оларға ықпалды күштердiң әуселесiн байқайтын тәртiп-ереженi бекiтiп қою қажеттiгi туындайды. Сонда жұмбақ кейiпкерлердiң, кiмнiң кiм екенi анықталып, елдегi партиялар ауа райын сол партиялардың өздерi жасап жүргендiгi, не ықпалды күштер басқарып отырғандығы белгiлi болар едi. Қалай дегенмен де, әлi балаң демократияны бастан кешiрiп жатқанымыздың көрiнiсiндей халықтың белгiлi бөлiгiн артына ертпек түгiлi, әлi жете танылып үлгере алмаушылық саяси күштерiмiзге

ортақ сипат бередi. Бұл ретте кейбiр партияның науқан кезiндегi пәрмендiлiгiн айтып жатқанымыз ағаттық. Сондықтан анық саяси бәсекелестiктi таңдап алған екенсiз, аянбай тер төгуге тура келедi. Өйткенi, әр қозғалыс, партияның артында халық тұр. Басты мәселе – соны ерте бiлуде. Тобыр аңғалақтау болғанымен, халық ақылсыз емес. Тәуелсiздiк алғалы берi талай нәрсенiң дәмiн татып бiлдi. Ненiң не екенiн түсiнiп, айыра бастады. Қазiр «қандай саяси күш несiмен ерекше, маған не бередi» деп, мәселенiң мәнiне үңiле бастаған кез. Алаңға шығып айқай-сүрең салу, аштық жариялау немесе бас қосып алып бос сөздi боздата берудiң берерi шамалы екенiн халық аңғарды. Жеке басының тағдырын қандай да бiр саяси күшке телу үшiн он ойланып, жүз толғанатын жағдайға жеттi. Бiздiңше, мейлi билiкке болсын, мейлi басқа бәсекелестерiне болсын, шынайы оппозицияға шығу үшiн, басты сынақ – халықтың сенiмiнен сүрiнбей өту – саяси күштерiмiз бағындыра алмай жүрген биiктiк. Мұны бiздегi партиялар мен қозғалыстарға ортақ сипат деп бағаласақ еш сөкеттiк жоқ. Айталық, бiр кездердегi «Азат», «Алаш», «Желтоқсан» секiлдi қайбiр партия, бiрлестiктердiң құрғақ аттандаулары ақыры iштей ауызбiрлiктiң жоқтығынан өзара ыдырауға апарып соқты. Бiр кездегi «Халық конгресi» сынды партиялар өздерiнiң конструктивтiк оппозицияға шыққанын жариялап жар салғанымен, науқандық деңгейден аса алмағанын аңғартты. Ал, сонау бiр жылдары қалталылар құрған «Жаңа буын» қозғалысы қаржыларын өз мүдделерiнен, әсiресе, өздерiн жарнамалаудан аямай-ақ жұмсағанымен, жалаңдыққа бой ұрды. Тiзiмге ерiк берсек, малтығып қаларымыз хақ. Бұдан кейiн де осы сүрлеу-соқпақ жалғаса берсе, саяси күштерiмiз жеңiске жетпек тұрмақ, сауыға алмасы анық. Сондықтан да, аталған жайттардың алдын-алуға «Саяси партиялар туралы» жаңа заң көптеген саяси партия атын жамылып жүргендердiң тағдырын шешiп беруге септесер деген сенiмдемiз. Әзiрше, саяси күштерiмiз сапта болғанмен санатта жоқ. Ұлттық партия не үшiн қажет? Жалпы партия сөзi гректiң Рагtiо атауынан шыққан, «топ» деген мағынаны бiлдiредi. Ресей саясаттанушылары «саяси партия дегенiмiз – барлық индивидумдарға ортақ мүдделер мен идеялардың негiзiнде бiрлесе саяси iс-әрекет жасау үшiн құқықтық мемлекеттiң iшiнде құрылатын еркiн қоғамдық топтар» деп анықтама бередi. Мұндағы «ортақ мүдделер мен идеялардың негiзiнде бiрлесу» ұғымы «Қай, қандай мүдде мен идея?»

деген сауалды туғызады. Сонда, өткен он жылда партияларымыз қандай бағыт-бағдарды ұстанды, болашақта қалай болмақ? Партиялар мен саяси қозғалыстардың құжаттарына қарасаңызақ, олардың бет-бейнесi айқындалады. Әлбетте, көпшiлiгiнiң бағдарламаларында мемлекеттi және оның қоғамдық үрдiстердi басқарудағы рөлiн нығайту мiндетi қойылғанын айтқан жөн. Алайда, аталған мiндет қайсыбiрiнде бұлыңғыр, түсiнiксiз баяндалады, «құқықтық мемлекет туралы» ойлар жиi қолданылғанымен, оның мәнiн әркiм өзiнше таратады. Сонау 1989 жылдың басынан 1991 жылдың аяқ шенiне дейiн көпұлтты және бiр ұлтты партиялардың, қозғалыстар мен ұйымдардың құрылып, негiзi қаланғанымен, саясаттағы ұлттық концепцияларын бас құжаттарында баса көрсете алмады. Мақсат-мұраты анық айқындалмаған осындай стихиялы бастаудың аяғы көбiсiнiң ауа жайылуына алып келдi. Содан да шығар, тоқсаныншы жылдары дүниеге келген «Желтоқсан» ұлттық-демократиялық партиясы мен «Алаш» ұлттық тәуелсiздiк партиясы бiрден-бiр ұлттық бағдар ұстанушылар тобын бастап шыққанымен, жүйелi жұмыс жүргiзе бiлмедi. Ақиқат салыстыру арқылы айқындалып жатады. Айталық, Ресей бұл жағынан бiзден әлдеқашан көш iлгерi алға озып кеттi. Оның үстiне орыс ұлты өз жерiнде басымдық танытып, «орыс мәселесi» сұрағы мазалап жатпаса да саясатында ресейлiк үстем ой бiр бәсеңдемегенi бүгiнде айдай әлемге аян ресейлiк партиялардың бағдарламалық құжаттарындағы алға қойған басты мақсаттарындағы үш негiзгi бағыттың бiрi – ұлттық (славяндық, орыстық) сана-сезiмдi түлету, күштi (әрқилы нұсқаудағы: демократиялық, монархиялық, пәрмендi президенттiк билiгi бар) мемлекеттi қайта құру – қай-қайсысының да жарғысынан жасқаншақтамай-ақ ойып орын алған. Кешегi кеңестiк империяның бас дирижерi ретiнде жетпiс жылдың iшiнде жүзге тарта ұлт пен ұлысты мидай араластырып, жер бетiнен мүлде жойып, орыстандырып жiберген Ресей бүгiнде ұлттық бағытты саясатында бағдаршам етiп алғанда, бiзге не жорық? Бұдан шығатыны, кеңестiк коммунистiк партияның басты мақсаты – орысшыл, ұлтшыл елге айналу екенi ешкiмге жасырын емес. Әлгiнде айтқандай аталған орыс мүддесi қазiр де үстем түспесе, кем соғып жатқан жоқ. Оған өз алдына мемлекеттiгiн жариялаған тоқсаныншы жылдардың басында-ақ берiк iргетас қаланған. Сол кездегi Ресей саясаттанушыларының анықтауынша шартты түрде төрт топқа бөлiнген анағұрлым ықпалды партиялар мен қозғалыстардың басында ұлт жанашырлары тұр. Осы топтың ұзын саны да орасан: Ресей Ұлттық-

республикалық партиясы, бүкiлресейлiк «Отчизна» патриоттық қозғалысы, Ресей қайта өрлеу одағы, Халықаралық славян соборы, ресейлiк халық жиналысы мен ұлттық-патриоттық бағдар ұстанған партиялар мен қозғалыстар. Бүгiнде бұл тiзiм уақыт өткен сайын талапқа сай жаңғырған, жаңаланған, бастысы, iзденiс үстiнде жетiле түскен. Сөйтiп, орыс демократиясы осы жолмен бара жатыр. Өркениеттi Еуропа елдерiндегi партиялардың статусы мен қызметi әркелкi, бiрiнде – заңмен, келесiсiнде конституциялық нормалармен айқындалғанымен, олардың қай-қайсысын алып қарасаңыз да тұрғылықты ұлттың мүддесi бiрiншi орында. Жаһандастыруға жанын салып қарсылық бiлдiрiп жататыны содан. Тiптi Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада, тағы басқа елдерде партиялар туралы арнаулы заңдар болмағанымен, олардың ұстанымы жергiлiктi халыққа қарай орайластырылған. Әдепкi сұрағымызға қайта оралайық. Ұлттық партияның бiз сияқты жас мемлекетке не үшiн қажет екенiн Латвиядағы жағдайлар көрсетiп бердi. Сегiзiншi Сеймге (Парламентке) өткен алты партияның бесеуi оңшыл, ұлтшыл бағытта екен. Қараңыз, жалғыз солшыл күш – «Адам құқығы мен Латвия бiрлiгi үшiн» саяси блогы сайлауда екiншi орын алғанмен (100 мандаттың 24-iн иеленген) келесi жылы орыс мектептерiнiң жаппай латын тiлi оқуына көшiрiлетiндiгiне қарсы тұра алмады. Азшылық көпшiлiк дауысқа амалсыз бағынады. Ендiгi мұндай мектеп деңгейiндегi мәселелер ғана емес, әлгi оңшыл партиялардан сайланған депутаттар қолында Прибалтика республикасының үкiметiнен бастап барлық билiк тұтқалары тұр деген сөз. Өкiнiшке орай, бiздегi бiрде-бiр партия ұлттық бағытты батыл ұстанып отырған жоқ. Оған бағдарламаларына қарамай-ақ, бүгiнгi бетбейнесiнен-ақ бiле аласыз. Олардың әзiрше бағыты: космополиттiк, жалпы адамзаттық құндылықтар, демократия! Президент Нұрсұлтан Назарбаев қоғамымызды одан әрi демократияландыру, дамыту тұрғысында пiкiр тоғыстыратын Тұрақты кеңес туралы өкiмге қол қойған. Оның жұмысына депутаттар, үкiмет мүшелерi, президент әкiмшiлiгi мен басқа да мемлекеттiк ұйымдардың, сондай-ақ саяси партиялар мен әр түрлi қозғалыстардың да өкiлдерi тартылды. Ұлт мүддесiн қорғайтын қозғалыс керектiгi осындайда көрiнсе керек. Басқа партиялар ұлттың сөзiн сөйлемейдi деп айтпаймыз, бiрақ қазiргiлерiнiң жарытпайтыны анық. 2004 жыл.

Болашақ бұлдыр емес Қазақстан – бір ұлтты, көп дінді республика. Мұнымен мақтанып келгенiмiз рас. Бүгiн сақтанып жатқанымыз және жасырын емес. Соның көрiнiсiндей бiр кезде республикамызда Ұлт саясаты жөнiнде мемлекеттiк комитет құрылып, жұмыс та iстеген. Бiр қарағанда бәрi орнында. Ақсаған экономика ахуалын айтпағанда, саясат салмақты. Кейбiр iшкi-сыртқы кикiлжiңдердiң өзi от ала алмай, бықсып, тұншығып тынуда. Мұның бәрi бiр жағынан қалыпты жайтқа бой үйрете бастағаннан ба дейсiң. Айталық, бодандықтан босаған уақыттан берi есеңгiреген есiмiздi жиюмен жүргендiгiмiз байқалады. Алайда, ендiгi кезде жаңа бетбұрысқа ұмтылмасақ ұтыларымыз хақ. Бiз үшiн сондай бiр салмақты сала – Ұлт саясатының жаңа концепциясы Қазақ ұлты Қазақстан жұртшылығының жартысынан асқаннан кейiн мемлекетiмiздiң негiзгi саяси субъектiсiне айналады. Тек алыстырмалы көпшiлiкке емес, абсолюттiк көпшiлiкке жетедi. Құқықтық қоғамда мемлекет саясатының тағдырын электора шешедi. Яғни, сайлаушылар шешедi. Бүгiнде мемлекетiмiздiң заң шығарушы органында, атқарушы органдарында, сот билiгiнде қазақтардың басымдылығы айқын. Басқа ұлттар бiздi басып кетедi деген ой жаңсақ. Республикамыздың негiзгi ұлты – қазақ. Сондықтан, белгiлi дәрежеде ұлт саясатында жаңалықтар қажет. Ең алдымен Қазақстанда ұлттарды айқындаушы құжат болмау керек. Қазақстан тұрғындарының бәрi – қазақ, бәрi – қазақстандық. Мәселен, бiр ғана Иранда бәрi ирандық (аталмыш мемлекеттiң жергiлiктi ұлты – парсылардың үлес салмағы 45 пайыз ғана). Азаматтар тек дiнi және тiлi арқылы айрықшалануға тиiс. Бұл бөлiнiс ерекшелiгi жақын уақытта қазақ тiлдiлердiң үлесiн көтередi. Қазақ тiлдiлер санына өзбек, ұйғыр, татарлар сияқты тағы басқа ұлттар кiрiп кетедi. Екiншi бөлiнiс бойынша дiн жағынан мөлшерiмiздiң пайызы мұсылман болса, мемлекетiмiздiң әлеуметтiк, демографиялық базасы күшейедi. Сонымен, тiлдiк, және дiндiк бөлiнiсiмiз қазақ тiлдiлер мен мұсылмандар үлесiн 65 пайызға көтередi. Осылайша қоғамымызда тiлдiң және дiннiң рөлi арта түспек. Мұндай жағдайда аз ұлт өкiлдерi әлеуметтiк маңызы бар салаларға шоғырланса құба-құп. Қазақ тiлдiлер көбiне шығармашылық буындарға маңайлауы орынды. Мемлекетте ұлт,

ұлыс теңдiгi сақталып, мемлекеттiк тiл – қазақ тiлi тамырын тереңге жая түсуi тиiс және тiл критерийi және дiн критерийi болуы керек. Қазаққа ұлттық артықшылық емес, керегi – теңдiк. Ұлт саясаты тiл саясатына ауысқаны мақұл. Айталық, демократиялық мемлекеттерде ұлт болмайды. Бiзде де бара-бара барлығы Қазақстан азаматы деп аталуы жөн. Ұлт деген сөздi азамат, тiл деген ұғымдар алмастырса, алға қойған мақсаттарымыздың үдесiне жете түсер едiк. Қазақ дiншiл халық емес. Бұл бәрiмiзге белгiлi ортақ ахуал. Атағы жұмыр жердi жаулаған есiмдердiң өзi мұсылман дiнiн аттай қалап, иемденiп жатқанда қазақтiкi бар нәрсенiң қадiрiне жетпеу ме дейсiң. Әрине, Иран сияқты дiни мемлекеттiң көшiрмесi бола алмасымыз айдан анық. Ендеше, азуы алты қарыс Американың да, Англияның да, Жапонияның да жолымен жүру мүмкiн емес. Сонда өз үнiмiздi – дербес мемлекеттiгiмiздi қалыптастыратын тегершiктi таппай, ақыры ұлттық идеологияға тiрелгенiмiз еске түседi. Ұққанымыз ұлттың тiнi – тiл. Тiлдiң бiрден-бiр тiрегi дiн десек қателеспеспiз. Осы ретте туатын сауал:

Дiн мәдени күреске айнала ала ма? Иә. Өйткенi, жылдан жылға дiннiң рөлi күшейiп келедi. Осы уақытқа дейiн мыңдаған жаңа мешiттер салынған. Қазақстанда, шетелдерде дiни қызметкерлер тәрбиеленуде. Жас дiни қызметкерлер сан жағынан көп есе өсе түсуде. Бiраз уақыттан кейiн олар топтасып, қалыптасқан дiни басқаруды жаңаша жаңғыртып, алғашқы төңкерiстi жасайды. Келесi деңгейде жас дiндарлар қоғамға және мемлекеттiк саясатқа әсер етедi. Бұған Ауғанстан мен Пакистандағы және тағы басқа мемлекеттердегi талибан қозғалысы мықты мысал. Түрлi мұсылман ұлт өкiлдерi қазақтармен қосылып, саяси және дiни белсендiлiк көрсетудiң негiзiн қалау үстiнде. Және Қазақстанның жас дiни қызметкерлерi мәдениетке, әдебиетке, публицистикаға, музыкаға ықпал етедi. Яғни дiни үрдiс рухани өмiрге құбылыс ретiнде енедi. Бiзге келсек, мәдениетiмiз дiннен тыс тұрғаны анық. Сондықтан алдағы уақытта дiннiң өнердегi формасы күшейе түсетiнi мәлiм. Бiздiңше, қазақ мұсылманшылығында бұрын болмаған құбылыс буырқаныс туғызады. Оған мүмкiндiк туып тұр, негiз бар. Шартараптан шаңыраққа қарағанда Қазақстан дамушы елдер санатында. Естiр құлаққа түрпiдей тигенмен, амал қайсы. Сол естiр құлақтан гөрi iстер қол мен естi санаға қомақты жүк түсiп түр.

Одан қалай, қайтiп құтыламыз деп шарқ ұрғанмен алдымызды кескестейтiн кесел көп. Соның бiрi – трайболизм. Бұған дейiн болып келдi. Бiздi мазалайтыны бұдан кейiн де бола бермек пе? Сонымен бiз үшiн бiтпейтiн тағы бiр тақырып: Трайболистiк құрылым және нарық Өзiмiздегi орыс тiлдi және көршi Ресейдегi ақпарат құралдары оқтын-оқтын қазақ кландары туралы айтып қалып жүр. Бiздiңше, бұл әңгiменi: кландар Латын Америкасында, Азия, Африка мемлекеттерiнде бар, яғни дамушы ел – Қазақстанда да болуға тиiс деген қағидадан шығарады. Қазақшаға шорқақ және iшкi-сыртқы табиғатымызды танымайтын саясаттанушылар Латын Америкасын, Азияның, тiптi Африка елдерiнiң мысалдары мен қағидаларын қазаққа да тән құбылысқа балағысы келедi. Бүгiнде Қазақстанда қырық жыл тұрып, қырық сөз бiлмейтiн саясаттанушылар мен саясатқұмарлар, қазақ пен Қазақстанның егемендiгi ұзаққа жетпейтiнiн, оның тек Ресей шеңберiнен алыс кете алмай, тiзгiннен босап еш жаққа бармайтынын өздерiнше дәлелдеуде. Бұл ретте қазақ номенклатурасы мен зиялы қауымы пәрменсiздiк пен дәрменсiздiк танытып отыр. Ал, Ресейшiл идеологтар қарапайым қазақ халқының билеушiлерi ұлтшылдардың ықпалында қалып, көзi ашылмайды деп сәуегейси, сары уайымға салынуда. Әрине, саралап көрсек, зиялы қауым да, билеушiлер тобы да дiттеген жерден шыға алмауда. Бiрақ оларды дәрменсiз номенклатура ретiнде бағалау бұрыс түсiнiк. Қазақстанда – саяси тиянақтылық. Кейбiр кикiлжiң мен ұлтаралық дүрдараздықтар қоғамдық орындардағы, тұрмыстағы кiшiгiрiм шовинизм мен ұлтшылдықтан әрi аспады. Тiптi, кейбiр жағдайда арнайы арандатушылық пиғылдағы сөйленген сөздер мен жарияланған мақалалар ұлттардың ұйыған тыныштығын бұза алмады. Қазақ пен орыс номенклатурасы дуалистiк одаққа айналды. Бүгiнгi күнi номенклатураның орыс тiлдi тобы тек функционалдык маңызы бар қызметке ғана таласып қана қоймай, бiрқатар саяси талаптарды алға тартқаны белгiлi. Олар – қос азаматтық пен мемлекеттiк қос тiлдiлiк. Қазақстан тарихындағы номенклатура бiрте-бiрте қалыптасып, оқтын-оқтын жаңғырып отырды. Өткенiне терең бармай-ақ, тек бергi тарихына тоқталсақ, мына жайттарды айналып өте алмаймыз. Брежнев дүние салғаннан кейiн Қазақстан билеушiлер тобының

арасында өзара күрес, текетiрес, бақталастық күшейе бастады. Бұл күрестi екi лагерьге бөлiп қарастырған жөн. Ең алдымен орыс-қазақ номенклатурасы iшiндегi орыс номенклатурасы жеке-дара билiкке таласты. Орыс номенклатурасы iшiнде жергiлiктi тамырланып үлгiрген билеушiлер тұрғылықты қазақ шенеунiктерiмен ынтымақты едi. Бұл билiк бөлiнiсiнде билеудiң негiзгi тiзгiнi орыс жетегiнде-тiн... Клан, фамилия, клиентелла – дамушы елдердiң сорына қалыптасқан институттар. Оны тек құқықтық мемлекет пен нарықтық экономика күшi ғана жеңедi. Түп-төркiнiне айналған ауылдан қазiргi шақта да қазақты ажырата алмаспыз. Бұдан қала бәрiн қарық қылып, қатырады деген ұғым туа қоймауы тиiс. Алайда, урбанизация – мәдениеттiң даму деңгейiнiң көрсеткiшi. Осындай жағдайларда, талмауыр түс – этникалық бәсекеде есемiз кетiп келгенi түсiнiктi. Өмiрiмiздiң өзектi мәселесiне айналған және бiр басым бағыттың бiрi –

Урбанизация және этникалық бәсеке 1989 жылдарға дейiн қазақтардың алпыс пайыздан астамы ауылда тұрып келдi. Қырық пайызға жуығы ғана қала тұрғыны болып саналатын. Олардың өзi шағын қалалар, жүмысшылар поселкелерi не қалаға жақын уақытта көшiп келгендер есебiнде едi. Өркениеттi елдер өткен жолға үңiлсек, қала мәдениетi рухани өнiмдердiң тұтынушылығын тудырады. Және халықтың алпыс пайызы қалада тұрмай, рухани-мәдени өмiрде айтарлықтай құбылыстар бой көрсете қоюы неғайбыл. Тек қала мәдениетi ғана биiк деңгейдегi мәдениет үлгiлерiн тудырады. Қазақ жұртшылығы қалаға, қала түбiне шоғырланса құба-құп. Тек 1995 жылдан бастап қазақтар ауылдан қалаға көшудi жалғастырды. Бұл үрдiс 1992-94 жылдары тоқтаған болатын. Соның өзiнде ауыл ахуалы бүгiнде қатты алаңдатулы. АҚШ-та ауыл шаруашылығында халықтың үш пайызы ғана iстейдi. Басқа белсендi халық өндiрiстiк салада. Жалпы мүлде жұмыссыздар 7 пайызды құрайды. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей ауылдың өндiргiш интеллектуалдық жайы қанша дегенмен кенже. Бар өнерлi адам негiзiнен қалаға қоныстануы тиiс. Әр ұлттың өз тағдыр-талайы, өз жол-жосығы бар. Қай ұлттың да өркениеттен қалар ниетi жоқ. Өйткенi, ешқайсысына да арнайы артықшылық жасалмаған. Және ұлттың мәртебелi мiндетi сол – өзiн

әлем алдында таныту, мықтыларға мойындату. Бұл ретте менi көрдiң бе, деп көкiрек соғудың қажетi бола қоймаған. Осы орайда бүгiнiмiздi бағамдап, ертеңiмiзге елеңдеу орынды. Манадан берi де болжампiкiрмен өз ойымызды саралап жатқандағы мәселе сол –

Қазақ ұлтының болашағы Бүгiнде белгiлi болғанындай, қазақтың ертеңi екi нәрсеге байланысты. Бiрi – демографиялық тез өсуiне, екiншiсi — сапалық көрсеткiштердiң жоғарылауында. Айталық, бiлiм дәрежесi күрт көтерiлуiмен интеллектуалдық, шығармашылық бағыт алуына көп нәрсе байланысты. Және халыққа аса қажеттi өнiм өндiруге қызмет ету – уақыт талабы. Бiр көңiл қуантарлығы, қазақ санасына коммунистiк пиғылдың терең ұяламағандығы. Коммунистiк идеология уағызын соғатын қарияларымыздың өзi санаулы ғана. Кезiнде қазақтар қалай коммунист болса, қазiр дәл солай рухани құндылықтарға бұрылғаны байқалады. Қазiр де Ресейден басты айырмашылығымыздың бiрi – осы. Халықты елiткен Ресейдiң коммунистiк санасының сарқыншағы дүйiм елдi дүрлiктiруге ықпал етуде. Саяси бағдарымыздың ерекшелiгi сонда – коммунистерiмiз көршiмiздегiдей бой көрсетпей отыр. Қадап айтар нәрсе – қазiр бiзде ұлттық сананы қостаушы пиғыл басым. Қанша жалтақтық сана қалыптасты, саяси белсендiлiгiмiз аз дегенмен де қазақ жастарының санасы белгiлi бiр дәрежеде трансформацияланды. Халқымыздың алпыс пайызын құрайтын жастар нарыққа жедел бейiмделiп, нарыққа жеңiл кiргенiмiздi аңдамай қалдық. Болашақ бұлдыр емес. Кейде бордай үгiтiле беретiн өзiмiз. 2004 жыл Бiзге керекгi «Ұлы өркениет» емес, Ұлы рух! Қазақ ұлты өркениеттiң тар жол, тайғақ кешуiн сан мәрте басынан өткерiп келедi. Бiр кездерi бiздi Батыс та, Шығыс та ерiксiз мойындаған. Тiптен көре алмаушылықпен «медицина» бiздiң сөзiмiз, ол бiзден шыққан деген iспеттi пендешiлiкке де барған. Оның ғұлама Ибн-Синаның атымен байланысты «Синаның медетi» (парсы

тiлiнде «Мәтәд Сина») деген мағына беретiнiн кiм бiлмейдi. Мәселе ұлттың әлем алдындағы өз орнын табуында. Мiне, кезiндегi осындай өркениеттi елдiң ұрпағы бүгiн бiр өзгеше соқпаққа тап келiп, жауапты да ауыр жолайырықта тұр. Көшпелiлердiң өзiне ғана тән өркениетi өркен жайып, жиырмасыншы ғасырдың бас шебiне аяқ тiреген. Содан «ұлы өркениет» деген дүрбелеңге ерiп, бүгiн құр сүлдерi қалды. Олай болатыны – «ұлы өркениет» санаға сыйымсыз адамзат алдындағы асқақтыққа асығып, тұла тәнiнен сұлулық атаулыны сылып тастады. Ұлы жорықта ұлы құрбандықтың болары хақ. Алайда, бiр ғасыр емес, сан жүз жылдықтың қиыр-шиыр катаклизмдерi мен тағдыр тәлкегiне төтеп берiп келген үрдiстi – сұлулықты быт-шыт үзiп тастау жанарына қан толған қызылкөздi қатыгездiң ғана қолынан келер едi. Варваризм! Оның ақыры – ақтық демi жетпiс жыл ғана: «Бiз, Кеңестер Одағы – ұлы өркениетпiз!» – деуге жеткен. Тарих доңғалағы керi айналмаса да, қателiктi көзге шұқып көрсеттi. Қазақтың ұлттық менталитетi – жер, кеңiстiк және төрт түлiк мал қашанда маңызын жоймақ емес. Шама-шарқымызша солар арқылы халықтық қалпымызға келе алармыз да. Әзiрше, жылқы не түйе мiнiп тыраштанғанымызбен, экспресс пойызы бар өркениеттi қуып жету мүмкiн емес. Өркениеттiң заңы солай. Кiм бүгiнгiсiн жаңаша жаңғырта алса, жол соныкi. Ендеше, ұлттық рухани-мәдени, әлеуметтiк-экономикалық байлығымызды бағамдай отырып, әлемдiк өркениеттiң есiгiн қақсақ, естi iс сол. Қазiр мемлекеттiк деңгейден мектеп партасына дейiн бәрi-бәрi тығырыққа тiрелдi. Халықтың айтуынша, бұған нарық кiнәлi iспеттi. Түсiнiгiмiздi тұманнан тазарту үшiн кейбiр көлеңкеде қалып қойған жайттың басын ашып алған абзал. Соның бiрi – құлдық сана. Мұны айта да, жаза да жауыр қылдық. Сәл-пәл сiлкiнiс болғанымен, сол тоң боп қатқан құрсаудан санамыз сытылып шығып кеткен жоқ. Құлдық сананың құрығынан құтыла алмай жүрген шерменде халде әлемi бөлек базар парқы араласты. Күрмеуi қиын нарық жайын жетпiс жыл бойы бұғауда тұншыққан сана жақсы түйсiнiп, жете түсiне қоюы мүмкiн бе? Оның түбiнде экономика ғана емес, керек десе, саясат, иман, адамгершiлiк, тағы басқа мәселелер болып, жалғаса беретiнiн тереңiрек ұғынсақ. Бұрындары базбiреуге телiнiп, тәуелдi болып келсек, ендi өзiмiзге-езiмiз қожайын. Бесiктегi баладан таяғына сүйенген кейуанаға дейiнгi тiршiлiк тынысы – қалайда жан бағудың амалы. Қалтасын калыңдатудың амалын тауып жатқандар

бар. Сорына орай, сорпасынан қарадай қағылып жүргендер жетерлiк. Ендi қарап отырсақ, өмiр сүре бiлудiң өзi өзiнше бiр өнер. Өзiндiк идеологиясыз құлдық сана бұғауынан босанып, нарықты парықтап, өркениеттi елдер қатарына қосыла аламыз ба? Зады, кеш қимылдайтын халық едiк, бұл сәтте сан соғып қалмасақ игi. Бiзде қатқат заңдар қабылданып жатыр. Алайда, соның жүйелi идеологиясы жоқ қоғамда жүзеге асатыны күдiктi. Қазақстан қазақ ұлтының мекенi болғандықтан идеологиясы қазақы салт-санаға, ұлттық мүдденiң ерекшелiгiне негiзделуi тиiс. Әйтпегенде, көзiмiз көрiп отырғандай, келiмсектермiздiң өзi-ақ күнi ертең «отанымыз» деудiң орнына, «отарымыз» демесiне кiм кепiл? Рас, Қазақстан көп ұлтты халықтарды қоныстандырған. Бiрақ, Америкамен, ондағы азаматтық санамен салыстыруға, шатастыруға негiз жоқ. Қазақстанның сан мың ғасырлар қойнауынан сыр тартқан бай тарихы бар. Әлгi американдықтардың, қара, не ақ нәсiлi болсын, өз тулары көкке көтерiлгенде көздерiне жас келiп, көңiлдерiнде толқын ойнақшитыны белгiлi. Бұл ретте бiздiң көп ұлтты Қазақстан халқына да осындай өз Отанына деген шынайы сүйiспеншiлiкпен қарайтын көзқарас қажет-ақ. Қазақстан тыныш. Шүкiр. Бiзге азамат соғысы да, басқа кiшiгiрiм кикiлжiңнiң де керегi жоқ. Бабаларымыз – бейбiт тумысты, тыныш тұрмысты қалаған. Жағаға қол салып, жайлауға жол салған жауына ғана шапқан. «Жанға жан, қанға қан!» деп қарсы тұрған. Өлiспей берiспеген. Арын аяққа таптатпай, намысын биiктете байрақ қылып ұстаған. Осы уақытқа дейiн жiгерiнiң жасып, тыныстың тарылмағаны содан болар-ау! Тарихтан бiлетiнiмiз – әдiлетсiз соғысты қозғаушы, қоздырушылар ешқашан, ешқандай жеңiске жетпеген. Тек рухы әлсiз халықтың басына қара бұлттың үйiрiлгенiнен хабардармыз. Аққа құдай жақ болса, бiздiң халық о баста әдiлеттiң ақ жолына жүгiнген. Дегенмен, ауырмайтын дүние жоқ көрiнедi. Адам да, заман да, табиғат та, қоғам да – бәрi-бәрi әр кезде бiр дертке тап болып отырады екен. Сол сыз қазақтың санасына да көлеңкесiн түсiрiптi. Қазақстан дамушы елдер қатарында. Дәл бүгiн жоғарыдағы ащы жағдаят бiзге сабақ болуы тиiс. Өйткенi, өз Отанында, өз елiнде жүрiп, өзге ағайындардың еркелiгiн көтеру күпiрлiк. Шектен шыққан еркелiк кiмге керек? Момын, қонақжай халық екенiмiздi алға тартып шыға келемiз. Жоқ, тұла бойымызды жаулап алған қорқыныш, үрей тылсымымызды тұмшалаған.

Егемен ел атандық. Еңсемiз көтерiлгендей. Алайда, азаттықтың шынайы сезiмi бiздi билей алды ма? Кезiнде тәуелсiздiктiң туы желбiрегенде қуаныштан жарылып, көзге жас алғанымыз шамалы. Оған көп мерекенiң бiрi iспеттi қағажу қарайтындарымыз жетерлiк. Өз елiнде өмiр кешiп, еркiндiктiң иiсiмен терең тыныстаудың не екенiн түсiнудi түйсiкке тым ауыр қылған қоғамға не шара? Бұрнағы даласында түрмесi болмаған халыққа демократияның не екенiн «үйрететiн» халге жеттiк. Қалай дегенмен де, бұл аурудан айықпай, бас иелiгiмiздi берiп қоюымыз күмәнсiз. Бастысы – рух орталанса, кiмге, неге болса да тез отарлану ғажап емес. Жоғарыда сөз еткен ұлы жүктiң ара салмағын әлi айыра алмай жатырмыз. Қазақ халқының қылша тағдыры жас ұрпақтың мойнында, яғни, «тар жол, тайғақ кешумен» бүгiнге демiгiп жетiп, демiн басқан халық жер бетiнен жойылып кете қоймас. Жан қалар-ау. Үзiп-жұлынып, қиқаланумен iлдәлдалап келе жатқан рух өшiп, кеш керуенге iлесе алмаса – сын. Қоғам өмiрiндегi әлеуметтiк-экономикалық құлдырау кезеңi мәдени-рухани өрлеудiң (ренессанс) себепшiсi десек, ендi аздан соң бұл құбылыс заңдылыққа айналу тиiс. Және солай болып та жатыр. Яғни, бiзге дейiнгi еш ұрпақтың пешенесiне жазылмаған бақ пен ауыртпалық арқасында тарих толғағы арамыздан алып тумысты таланттар шоғырын шығарарына күмән тумас. Сол «Алыптар тобы» адамзат алдындағы қазақ халқының тұтас болмысын айқындап беруi керек. Еңсесiн түсiрiп, есi кеткен бар асылын қайтарып алуы қажет. Дейтұрсақ та, сорақысы – сыртқы сұлбаның сиқына деген сұраныс артты. Тiршiлiгiмiзде өткенiмiзден бетер аста төк алдамшы қызық, әбүйiр әпермейтiн әпербақандық, тәубаңа түсiрмейтiн тойымсыздық, оңай опынтатын ойсыздықтардың шетсiз-шексiз желiсi жалғасуда. Қапа болған Бальзактың «Бүгiнде оқыған адам бар ма? Барлығы сәндi киiм iлгiштер ғой» деген сөзi ойға оралады осындайда. Өркениеттiң үлгiсi мен Хандық билiктiң тарихи жалғасы Саясатта кiмде-кiм үстем түспесе, қалыс қалып, қағажу көрiнгiсi келмейдi. Дейтұрғанмен не артық, не кем белсендiлiк зиянға шығады.

Оның үстiне бұл кездегi билiктi тұлға бекiтетiндiгiн бiлместiк не санасқысы келмегендiк белгiсiндей әсер бередi. Тұлға деп отырғанымыз түсiнiктi болар, ол – Президент. Елдегi басты билiк жүйесi де – Президенттiк институт. Қалғандары – соның қадасын қағып, керегесiн кеңейтетiн құрылымдар. Осы заңдық тұрғыдан сараланған мiндеттер шеңберiнен кейде шығып кетiп жатады. Сәт сайын көтерiлiп қалатын «Конституцияға өзгертулер енгiзу керек», «Парламенттiк басқару жүйесiн күшейту қажет» деген орайдағы ойлар аяққа оратылатыны белгiлi. Бұны айтатындар, әрине, оппозиция өкiлдерi. Не себептi? Бiздiңше, басты себептердiң бiрi әлi күнге әлгi билiк тұтқалары Президенттiк институт жүйесiн жетiлдiре түсудiң орнына, оны жете түсiне алмай жүрген сыңай байқатады. Басқаға өкпе жүрмейдi. Халқыңыз жоғарыға қарайды, ал осының бәрiн оппозицияңыз оңтайлы пайдалануға тырысады. Он жылдан аса уақыттан берi өз ұстанымымызды әбден iлгерi түрде қалыптастырып тастамасақ та, саяси, ғылыми тұрғыда салмағын арттыра түспес пе едiк. Алайда, керiсiнше жағдай қалыптасты. Көз жеткiзiп көрелiк. Тоқсаныншы жылдардан берi бiрнеше рет Парламент сұрыпталып, қайта сайлану үстiнде болды. Үкiмет те соның кебiн құшып, қайтақайта орнын суытып, сараланып жатты. Әлсiн-әлсiн әкiмдер мен министрлердiң ауысуы халыққа әсер етпей де қалды. Қазiр жағдай ептеп түзелiп келе жатыр десе де, осыған дейiн көрген қиыншылықтар ұмытылмай тұр. Қиыншылық әлi де аз емес. Мұның бәрi қоғамдық саяси жүйелердiң жаңа талапқа сай, яғни, ескi әдет-ғүрыптан бiржола қол үзiп, өз соқпағын саралайтын жағдайға жете алмай жатқандығын көрсететiндей. Қазiрде сол санаттан iлгерi кете алмай жүрген жай бар. Мұның кесiрi бүкiл қоғам мүшелерiне тиiп отыр. Ақыры мынадай тенденция қалыптасты. Ол – халықтың жанайқайы Парламенттiң залдарынан батыл әрi ұдайы айтыла беретiндiгi. Оған себеп, халық орындаушы органға – үкiметке жүгiне-жүгiне үмiтiн үзген. Қашанғы үйреншiктi нәрсе – кабинеткабинеттi кезiп шаршайтын құрғақ уәде. Билiктiң үшiншiсi – сотқа барып бас ауыртып, уақытын бос өлтiргiсi жоқ. Сөзi өтiмдi бұқаралық ақпарат құралыңыз екiнiң бiрiне мырзалық таныта бермейдi. Өзiнiң қолдайтын, қорғайтындарына келгенде ғана бебеулеп, байыз таппайды. Содан «Жоғарыға дауысым жетер ме?» деген қара табан халқыңыздың жан дауысы, мұң-зарына құлақ асса, бiр ғана адам тыңдайды. Ол – депутат.

Сайлаушыларымен кездескен соң Парламентке келiп, «халық ашулы, үкiмет не қарап отыр?» деп, оның мүшелерiн шақыртады. Жарты сағат тыңдағаннан кейiн-ақ жалығып кетiп, өзара бiтiмге келгендей тарқасады. Бұдан шығатын қорытынды, Президенттiк институт ұғымына саясиланған сипат пен Елбасының саяси қызметi тұрғысында ғана қарап қою аздық етедi. Яғни, Қазақстан Президентi институтына құқықтық, саяси және әлеуметтiк тұрғыда түсiнiп, жетiлдiру қажеттiгi туындайды. Басты сауал – «Қазақстан Президентi» дегенiмiз кiм, «Қазақстан Республикасы Президентi институты» дегенiмiз не? Бұл сұраққа қарапайым әлеуметтi қайдам, мемлекеттiк шенеунiктерiңiздi ұйықтап жатқан жерiнен түртiп оятқанда жауап берiп қана қоймай, күнделiктi қызмет аясында қалай қиысып, қалайша жүзеге асатынын айта да, iске асыра да бiлуi қажет-ау! Осы ретте саясаттанушы, аталған мәселенi жете зерттеген ғалым, заң ғылымдарының докторы Бағлан Майлыбаевтың төмендегi мына бiр қызғылықты дерегiне ден қойсақ. «Президент институты қандай елде болсын сол мемлекеттiң өткен билiк жүйесiмен тамырлас. Айталық, Францияның Президенттiк билiк жүйесiнiң табиғатын тану үшiн монархиялық, бонапарттық дәстүрдi зерттеу шарт. Ал, Германиянiкiн бiлгiңiз келсе, немiстiң монархиялық дәстүрiн зерттеу қажет болады. Ендi өз тарихымызға оралайық. Кеңестер жүйесiнiң күнi батқан соң Қазақстан өзiнiң тарихи мемлекеттiк дәстүрiне қайта оралды. Ол – хандық билiк дәстүрi едi. Танданатын ештеңесi жоқ. Бұл жердегi әңгiме кешегi және бүгiнгi таңдап алған билiк жүйелерiнiң ұқсастығында. Оған көз жеткiзу үшiн Қазақ ордасындағы хандық билiк институты мен Қазақстан Республикасындағы Президенттiк институттардың ұқсастықтарын қысқа шолып көрелiк. Жалпы ұқсастық: а) сайланбалылығы; билiктен аластату мүмкiндiгi (хандық билiкте – хан талау, президенттiк басқару жүйесiнде – импичмент); б) басқару жауапкершiлiгi (хандық билiкте – хан сарқыты; президенттiк басқару жүйесiнде – Президенттiң заң алдындағы жауаптылығы); в) хан да, Президент те мемлекет басшысы, халық өкiлi. Ғалымның бұл зерттеуiндегi Қазақстан Президентiнiң институты хандық билiктiң тарихи жалғасы екендiгi секiлдi мәселенiң ғылыми тұрғыдағы дәйек-дәлелдерi әсiресе, шенеунiктерiмiз үшiн артықтық етпес едi. Және дәл қазiргi «Билiк жүйемiздiң салмағы мен болашағы

қандай?», «Бiзге өзi қандай билiк жүйесi лайық?» деген таңдау уақытының сауалдары мазалап жатқан тұста тiптен санамызды сақайта түсу үшiн қажет-ақ. Жалпы, Президенттiк билiк институтын өз тұрғысынан жетiлдiре, дамыта бiлген елдердiң iсi жемiстi. Ең бастысы – осы жүйенiң үздiк саналатыны арғы шыққан тегi демократияның эталоны есептелетiн АҚШ екендiгiнде. Солай болды екен деп, өз елiнде де нақ Америкадағыдай жүйенi қондыра салуға болмайды. Өз ерекшелiгiң мен менталитетiңдi ескергенде ғана аталған билiк жүйесi саған қызмет iстей бастайды. 1993 жылы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшелiгiне өткен 183 мемлекеттiң 130-дан астамы Президенттiк билiк жүйесiнде жұмыс iстейдi. Бұған қоса әлемдегi 84 мемлекетте де аталған билiк жүйесi сарт-сұрт қозғалыста. Жоғарыда айтқан себеп-салдары тұрғысынан қарасақ, Президенттiк билiк жүйесi бiзде толыққанды қалыптасып үлгерген жоқ. Ғылыми тұрғыда зерттеу жағы өз алдына, оның Қазақстан мемлекетiне лайық формасын әлi де жетiлдiре түсу қажеттiгiн шенеунiктерiмiз шын сезiнетiн кезi келдi. 2004 жыл.

Жұтып қоюға қарсылықтан өзара тәуелдiлiкке Ғалымдар сусап қалыпты. Теледидардан ара-тұра айтылып қалатын, газеттерде жаппай болмаса да жазылып жатқан жаһандастыру мәселесi ғылым қайраткерлерiнiң де iшiн қыз-қыз қайнатып жүрсе керек. Аталған тақырыпты әрқайсысы өз саласының тұрғысынан қызу таразылап жатты. Жаңалығы да сол – физик физикалық жағынан, биолог биологиялық тұрғыдан, саясаттанушы саяси қырынан т.б. саралауымен салмақты көзқарастар жүйеленген. Тiптi йогурттың жаһандастыруға қандайлық қатысы бар екенiн академик биологғалым, Мая Шығаева дәлелдеп бердi. Негiзгi зерттеу нысаны мемлекет қайраткерi мен дипломаттың арасында жазысқан хат, ондағы басты тақырып – жаһандастыру. Түсiнiктi болу үшiн, осы хаттарға, өзара алмасқан өзектi ойларға азкем тоқталуды жөн көрдiк. Бiзде қоғам қайраткерлерiнiң, зиялы қауымның белгiлi бiр мәселеге хат жазысулары сирек кездесетiн жайт. Бұл эпистолярлық жанрды Шерхан ағамыз бен марқұм Камал ағамыздың ғана жандандырып, елiмiздiң бас газетiне жазғандарын жариялады. Классиктердiң бiрi

хаттарды «адамгершiлiк құжаты» деп бекер айтпаса керек. Бұған екi жақты пiкiрлердiң түйiскен жерiнен ақиқат туарын қосыңыз. Жаһандастыру тақырыбы бiзде ендi қызу талқылана бастаса, ИманғалиТасмағамбетов вице-премьер, Олжас Сүлейменов Қазақстанның Италиядағы Төтенше және өкiлеттi Елшiсi болып жүрген жылы аталған жайтқа егжей-тегжейлi көзқарастарын бiлдiрген екен. Алғашқы хатты батыста жүрiп, жаһандастырудың жай-жапсарына әбден қаныққан ақын Олжас «Тәуелсiздiктен – өзара тәуелдiлiкке...» деген тақырыпта жазып жiберген көрiнедi. Оған қайтарған жауабында Иманғали: «Мен – бiр-бiрiмiздi байыту жағындамын, бiрақ жұтып қоюға қарсымын» деген түйiндi ойын тарқатады. Осы жолдардан-ақ олардың ұстанған басты бағыттары айқын екенi аңғарылады. Айталық, И.Тасмағамбетов пiкiрiн одан әрi былайша сабақтайды: «...Мен iс тап осылай болып тұр деп қорқамын. Бiз оны қалаймыз ба, қаламаймыз ба, әйтеуiр, мәдениеттер арасындағы шекараның өшiрiлiп бара жатқан процесiне тартылып кеттiк... Бұған қалай қарсы тұрамыз және қазiргi заманның осындай тегеурiндi тықсыруына ненi қарсы қоямыз? Глобалдандырудың жабысқақ жолбикесi – батыстың желбуаз мәдениетiнiң басыңқы ықпалынан өзiмiздi қалай ғана қорғап қаламыз?.. Әрине, гәп «макдоналситер» мен пепсилерге емес – өмiр салтының, ментальдiктiң, жақсылық пен жауыздықтың қыр-сыры тегiстелiп, жойыла бастады. Көп жылдар бойы маргинальды (дүбәра, шеткерi) жағдайынан түзеле алмай жатып, ұлттық мәдениет екiншi бiр шетке шығандап кеттi. Әлi түзiлiп шықпаған ұлттық мәдениеттер глобалды мәдениеттi жасауға тек құрылыс материалдары болу iсiн атқара алады...». Иә, келешекте дүниенiң тұтастануы мен ұлттық мәдениеттiң әлемдiк деңгейде жұтылып кетпеуi жаһандастыруды жете түсiнiп қабылдауға байланысты. Ұлттық мәдениеттiң толыққанды дамуында ғана ол жүзеге аспақ. Бұл Қазақстан сияқты жас мемлекет үшiн тiптен маңызды. Оны мемлекет қайраткерi қолдай отырып, одан әрi тарқатады. Ал, ақын жаһандануға қарсы да емеспiн, қолдамаймын да дей отырып, оған iш тартатыны байқалады. «...Бұ күндер, жұрт арасында кiм айтқаны белгiсiз, «глобализм» деген сөз әбден әйгiлi болып кеткен. Маған осынау сөз тарихи жағынан алғанда болашағы аса мол, ең бастысы – заңды құбылыстың мәнiсiн толық түсiндiре алатындай болып көрiнедi... Глобализм қазiр ұлы мемлекеттердiң де саясатына әсер ете бастады. Бiздiң бәрiмiздiң

жалпы болашағымыз да осы терминнiң қай мәнiнiң басып-асып түсуiне байланысты болатын шығар» дейдi ақын. И.Тасмағамбетов пен О.Сүлейменов хаттары. («Ана тiлi» газетi, №41, қазанның 11-i, 2001 жыл). Жалпы, ақын айтып отырған мәдениеттiң жаһандастыруы бүгiнгi әлемдiк деңгейдегi шындыққа айналып барады. Дейтұрғанмен, жаһандастырудың теориясы жоқ. Сондықтан да шығар, ақынның ол жайында нақты көзқарас ұстанбай-ақ, бүйрегiнiң бұратыны. Ал, мына пiкiрлерi таң-тамаша қалдыратыны рас: «Ру – ұлт – аймақ – құрлық мәдениеттерi... Адамзаттың алуан түрлi глобалды мәдениетiне апаратын сатылар мен басқыштар, мiне, осындай... Итальяндарда ежелгi Римнен мирас болып қалған: «Бүкiл әлем – бiр ел!» деген мәтел бар (мен оны қайталағанды ұнатам)». Мiне, осы жолдардан кейiн аталған хат авторларының мүлдем екi көзқарас ұстанатындығы анық аңғарылады. Әрине, бүгiнгi күнi ел үшiн маңызды мәселеге қоғамдық санаға ықпалды тұлғалардың өз ойларын бүкпесiз ортаға салуы ерекше маңызға ие. Оның үстiне аталып өткен екi қайраткердiң арасындағы хат жазысу – әлемдiк ортақ мәселенi шешудiң сан түрлi жолының бiр көрiнiсi iспеттi. Жаһандастыру – бiз үшiн жаңа мәселе, соны сауал – Не iстеу керек? Бұл сұраққа жауап та қайшылықты, екi жақты. Олжас Сүлейменов: «Антиглобализмнiң ақиқат кейпi – ыдырау. Халықтардың осынау жарылыс секiлдi ыдырау процесiн, мұнымен кездесуге бет алған интеграциялық процесс қана, «Тәуелсiздiктен – тәуелдiлiкке!» деген ұранмен тоқтата алады». Иманғали Тасмағамбетов: «Менiңше, адамзаттың тарихи дамуының ең терең-тұңғиық ғылыми жаңалықтарының өзi, ең жақын футурологиялық теориялардың өзi бiздi қателiктерден құтқарып қала алмайды. Бiздi тек қана халықтың тарихи тәжiрибесiне, оның «рұқсат етiлгендерi мен тыйым салынғандарының жүйесiне» сәйкес келетiнi ғана құтқара алады – ал, соның өзi өткен ғасырлар лебiзiмен бiлдiрiлiп, болашақтың мұқтаж қажетi үшiн қабылданған емес пе?» Үлкен ақын мен биiк лауазым иесi жаһандастыру мәселесiн осылай талдапты. Осыған қарап та жаһандастыруыңыз есiк қағып келiп тұрған жоқ па өзi деп қалады екенсiң. Әсiлi, қамданған қапы қалмас. Нарыққа өзбек пен қырғыздан бұрын кiргенiмiз сияқты, жаһандастыруға да сол екi көршiден бұрын сүңгiп кететiнiмiз қазiрдiң өзiнде белгiлi болып тұр. 2003 жыл.

Нарық бәйгесi – намысшыл!.. Сана екiге жарылды. Бiрiнде жаңа, екiншiсiнiң еншiсiнде ескi көзқарас. Тайталаста қайсысының жеңiп шығатыны өз алдына, ондағы ой: қалай өмiр сүремiз, қоғам қашан тұрақтанады? Нарықтың найсаптығы сол, жауабы да жеделғабыл: Өмiр өз қолыңда, ешқашанда қой үстiне бозторғай жұмыртқалаған қоғам тумақ емес! Асанқайғы қарт iздеген жерұйықты ендi ешкiм де алты қат аспанды шарласа да, жетi қабат жерге түссе де таппайды. Бұл үлкенiмiз бен кiшiмiзге, таланттымыз бен тарланбозымызға ортақ. Бүгiнгi күннiң басы ашық сауалы: «Ақылды болсаң неге кедейсiң?» дейдi. Салыстырмалы тұрғыда қарасақ, бұл сұрақтың мазалағаны бертiнгi кез. Кешегi кеңес уақытында ақылды мен ақымақ тең: тамағы тоқ, көйлегi бүтiн едi. Мәселе – аз не көп iс тындыру емес, тiптi санаңыздың зор, мүмкiншiлiгiңiздiң молдығында да емес. Барлығына бiрдей ақы, бәрi тең! Қысқасы, «дүние кең». Бұл бiр. Екiншiден, өнер өгей баланың күйiн кешпесе де, идеологияланды. Оған бiр есепте үкiмет мүдделiлiкпен қарады. Және музыкаға кiм сұраныс берсе, соның әуенiне елтуге тура келетiнiн ұмытпауымыз керек. Сталин заманында мәселенi кадр шешсе, ендi ақша шешетiн кезге келдiк. Өркениеттi елдiң өлшемiмен қарасақ, «ақшаны жасайтын ақылдылар!» Өкiнiштiсi, өркениетке бiзге әлi ертелеу. Әрине, Америкадағыдай кiм мықты, қайсымыз талантты, соның есiмiн көрнектi жерге қастерлеп жазып қоя қойған жоқпыз, содан да, демократия толық тұғырына қона қоймаған шақта әлеуметтiк теңсiздiктер, әдiлетсiздiктер шырмауы заңды деп қарастырмауға шара жоқ. Бiрақ, таланттың бағы тайып тұр деп жар салудың және ретi жоқ па дейсiң. Бiрден жаңа заманға көндiгiп, жаңа талапқа жауап беру қиындау шаруа екенiн бастан өткерiп жатырмыз. Қайсыбiрiмiз өткердiк. Әсiресе, жастар жағы. Аға ұрпаққа оңай соқпай отырғанын өздерi айтып жүр. Алайда, қайтесiз, нарық бәйгесi намысшыл: сiзден талант пен iскерлiктi ғана талап етедi. Бұл жерде атағыңызды саудалай алмайсыз. Тәртiп солай. Көнгiңiз келмей ме? Бәйгеден шығып қаласыз. Қалай болғанда да өнердiң төрешiсi – халық. Қанша қиын уақыт десек те, көзi қарақты қауымның барлығы да көңiл ауанында, жүрек таразысында. Қолынан келгенiнше таланттысына көмек берiп жатыр. Бiр ғана мысал. Кешегi өткен бiр айтыстағы Мэлс Қосымбаевтың өнерiне тәнтi болған азамат астындағы темiр тұлпарынан түсiп

бергенi «өнер өлiп барады» деген байбаламға берiлген әдiл жауап. Бұдан кейiн «таланты тас жармаса, бас жаратын» қара бала ауылдың шаңына қақалып қалып қояды деп кiм айтады? Соңғы сиырын сатса да ауыл болып, аймақ болып «тесiк моншақты жерде қалдырмайтын» қазақтың қарны ашса да, қадiрi қаша қойған жоқ. Әттеген-айы, бiздiң осы мәселелердi мемлекеттiк деңгейде реттеп отыратын мәдениет жүйесiнiң нарық мекемесi бар жүктi сол халыққа артып қойғандай әсер қалдырады. Бұл елiмiздiң мәдени жүйесiнiң нарық қоғамында қалай қалыптасуы қажеттiгiн бiр iзге қоя алмай келе жатқанымызды аңғартпай ма? Иә, бiзде талант мемлекеттен гөрi халыққа жақын. Бiрақ, талант – мемлекеттiң эмблемасы. Қайбiр жылы көздi ашып-жұмғанша өте шыққан дәстүрлi доп додасы Роналдоның талантты болмаса, Бразилияның қайбiр провинциясының көшесiн тоздырып жүре беретiндiгiне кепiлдiк бердi. Ал, немiс «машинасының» күл-талқанын шығарған хорваттықтар ойыны талантқа қамшы басатын өр намыс, биiк патриотизм екенiн ескерттi. 2002 жыл. Өтпелi уақыт – өкпелi халық Өзiмiз өтпелi уақыт деп көңiл демдегенмен демiккен жай бар. Халықтың өкпелi екенi рас. Содан ба, заманның зарын айтып, саясат соққыштық қасиетке әлеумет болып бой алдырдық. Президентiмiз Н.Назарбаевтың тоқсаныншы жылдардағы мына тұжырымына құлақ түрсек: «Саясат – қалың орман, қолыңда компасың болмаса адасасың». Бұған алып қосар жоқ. Тек осы ретте сәл шегiнiс жасалық. Саясат бiздiң ғұмырымызда таусылмайтын тақырып шығар, бәлкiм. Оған кәнiгi кәсiпқой тұлға мен тiршiлiктi тәрк еткен тұлдыр да бара алады. Айырмасы – өнерiнде. Бұл аксиоманың аныққанығына уақыт қана жете алды. Бүгiндегi кәсiпқой тұлғаларымыз саяси қажеттiлiктiң үдесiнен дөп түсе алмаса, қалғандарымыз саяси мәдениеттiлiкпен санасқымыз жоқ. Яки, екеуiнiң арасы алшақтап, шексiздiкпен шендескендей халде. Мұны қоғамымыздағы қалыптасқан саяси ахуал демеске лаж жоқ. Халық өкпелi. Мына қиямет-қайымы көп уақыт, шын мәнiнде, өтпелi ме? Ендiгi не нәрсенiң де шетi-шегi көрiнер едi. Өкiнiшке орай, олай болмай тұр. Сонда кiнә кiмде? Бұл өтпелi уақыт деп сендiрумен жүрген басшылықта ма, әлде олардың: «Сендер тыныш

отыра берiңдер, бiз бәрiн жасап беремiз» – дегенiне имандай иланған халықта ма? Кiнәратқа кiмнiң де ортақтасқаны орынды. Қателiктiң көбiне басшылық орыннан кететiнi түсiнiктi. Бiздiңше, осы ретте қоғамымыздың құлдилауын тездеткен екi фактор бар. Бiрiншiсi, мемлекеттiк жауапкершiлiктегi тұрақсыздық та, екiншiсi, нарық бәсекесiндегi билiк иелерiнiң оппозициялық топтармен санаса бермеуi. Мiне, осыны тарқатып көрелiк. Оппозицияның оңалғаны – iстiң оңға басқаны. Бұл – өркениеттi елдер өткен жол. Бiрақ, дәл қазiргi таңдағы ахуалымыз Президент­ ке ғана қарап тұрса, кәнеки. Қираған нәрсенi қалпына келтiру өте қиын. Ендi билiк басына қандай адам келсе де, үлкен ауыртпалыққа тап болады. Бiр қоғамнан екiншiсiне ауысар шақтың қайғы-қасiретi күштi және күшiне ене түсетiнiн көрдiк, сезiндiк, селт ете түстiк. Селт еткенiмiз сол, тым байбаламшылдыққа бой ұрып барамыз. Са­ яси мәдениеттiлiкпен санаспаушылық деген осы. Жалпы мұндай мемлекеттiк жауапкершiлiктегi тұрақсыздықтың белең алғаны нелiктен? Мемлекеттiк жауапкершiлiктегi тұрақсыздық сол – әркiм өз орны­ на лайық не лайық еместiгiмен санаса бермеуiнде. Жаңа уақыттың шекпенi иығына қолапайсыз тұрса да қомсынбауында. Ақыры, халыққа қадiрi кеткенде ғана орнынан оңбай омақа асу қалыпты жайтқа айналды. Қандай заман тумасын пенде пенде күйiнде «әлеуметтiк хайу­ ан» күйiнде: қатыгездiгiнде, мейiрiмдiлiгiнде, жасампаздығында, жойқынпаздығында қалады. Қазiрде сол соқпағымыздан танбадық. Жатталып жауыр, тапталып таптаурын болған қалпымызды құрбандыққа шала алмадық. Ең бастысы – саясаткерлер, жалпы әлеумет, бүгiнгi қауым бiрiншi кезекте қандай қоғам құруымыз керектiгiн осы уақытқа дейiн толық түйсiне алған жоқ. Құқықтык мемлекетке негiзделген нарықтық қарым-қатынастарға көшемiз деген ойлары – әлi күнге ой, жо­ спар, тәттi арман күйiнде. Оның iшкi астарын ашып, iске асыруға күнделiктi күйбең тiрлiк қай-қайсымызға қандай жолмен, қандай әдiсайламен бара алатындығымыз бұлдыр. Бұдан кейiн тұралаған атша тұқыртылып, әр нәрседен-ақ тауымыз шағылып, тауанымыз қайтқан күй кешудемiз. Басқа-басқа, бiз әлi күнге дейiн нарыққа құрылымдық басқару, бiлiктi мамандармен оны қамтамасыз ету тұрғысынан дайын емес көрiнемiз. Республикамыздағы тұрғындардың әр оныншысының бiреуi ғана нарық экономикасын таза түсiне алған. Ендiгi уақытта

нарық экономикасының iшкi, тiптi сыртқы саяси өмiрiмiзге ықпаләсерi зорая түспек. Өйткенi, тығырықтан шығаратын дамудың дабы­ райтып айтсақ даңғыл, жұқартып айтсақ жарқын жолы әл-әзiр бiреуақ. Ол осыдан бiрнеше жыл бұрын таңдап алған нарықтық экономика. Ендi бiз оны жақтырмай тастағымыз келгенмен, ол бiзден айрылмай­ ды, «Тас кенеше» тас түйiн жабысып алған. Осы мемлекеттiк жауапкершiлiктегi тұрақсыздықтың алдын алудың жолы бар ма? Неге болмасын, о баста қызметке тағайындағанда мемлекет алдындағы жауапкершiлiктiң (әсiресе қазiргi уақытта) жеңiл еместiгiн әбден сезiндiру керек секiлдi. Әйтпегенде, кешегi Премьер-министрiмiз Терещенко мырзаның «Мен саясаттан қол үзбеймiн» дегенi сияқты жайбарақаттық қалпын қайталаушылардың әлi көбейерi анық. Бәрiнен бұрын сол ескi үкiметтерiмiз өздерiнiң сиырқұймышақтанған iстерi үшiн қала бердi халық алдында жауап берулерi тиiс едi. Себебi, жаңа үкiметтерiмiз де «қолымыздан келмей қойды» деп солай етпесiне кiм кепiл. Ендi мана атап өткен нарық бәсекесiндегi билiк иелерiнiң оппозициялық топтармен санаса бермеуiне келейiк. Алдымен ойымызды дәйектеп, дәлелдеп алған жөн. Оған мына бiр қарапайым фактiнi алға тартсақ. Бiрде адам құқықтары жөнiндегi демократиялық комитеттiң ұйымдастыруымен митингi өттi. Iстiң ақыры бiр жақсылыққа жеткiзер деп үмiттенген комитет басшылары күтпеген жайтқа жолығады. Алматы қаласының Фрунзе аудандық халық соты «рұқсатсыз митингi» ұйымдастырғаны үшiн төраға Қуандық Абраевты Қазақстанның азаматтық әкiмшiлiк кодексiнiң 188-1 бабы бойынша жауапкершiлiкке тартпақ болған. Жеме-жемге келгенде аталмыш комитеттегiлердiң құқықтық сауаттылықтарының арқасында әдiлдiк орнап, сот процесi жүргiзiлмей қалады. Сонда деймiз-ау, Абраев сияқты азаматтар келедi, кетедi. Алайда, қарапайым халықтың құқығын кiмдер қорғамақ? Бiздегi құқықтық мемлекет құрмақ жолымыздағы демократияның сиқы осы дегенге сенгiң келмейдi. Бiр қызығы, билiк басындағылардың мұндай iстердi ұйымдастырып жүргендердi «қазiргi нарықтық жүйеге және халыққа қарсы» дегенiн естiп жүрмiз. Бұдан байқалатыны – жоғарғы билiктегiлердiң оппозициялық топ өкiлдерiмен санаса бермейтiнi. Лажы болса, тұқыртып, не жамандап ұпай жинауға тырысады. Шындығында, ол – әлсiздiк. Тектiлiгiн «жаға жыртысып» дәлелдемесе керек-тi. Қорыта қайырғанда, өтпелi шақтан әлдеқашан өтiп кеткенбiз. Қоғамымыздың қай жағынан болсын құлдилауына басты себепкер –

экономикамыз. Оны саясатпен астастырып, шатастырудың ретi жоқ. Уақытты төрешiлiкке тартсақ, халықты құрғақ уәдемен қажытудың, алдарқатудың әперер абыройы шамалы. Алматы шетелдiк машиналарының көптiгi жөнiнен ТМД елдерiнiң iшiндегi Мәскеу, Санкт-Петербургтен кейiнгi үшiншi орынды еншiлейдi. Бұл бай ел екенiмiздi әйгiлемей ме?! Бiрақ, халық өкпелi. Сонда бiз неден сүрiнiп, сүрлiгiп жығылудамыз? Қолымыздағыны құнттап, өзiмiздегiнi оңдырта алмай отырғанымыз жоқ па? Қызығы, нарықтық экономикамыз тек бағаны қымбаттатумен ғана шектелiп қалған сынды. Басқа жолдары жоқ па екен? Сананы сандалтқан сауал көп. Жауабы да сол iспеттi, жүйесiз, жойдасыз. Жоғарыда тығырыққа тiреген қарапайым да болса, қауiптiрек екi факторды айттық. Бiреу онымен келiсер, келiспес. Мәселе онда емес. Шын мәнiнде уақыт өтпелi болса, халық неге өкпелi? 1994 жыл. II. ҰЛТТЫҚ КИНО – ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК Қазақ киносы туралы шынайы әңгіме енді басталған сыңайлы. Шындығында, неге бұлай деп, қазақ киносының өткен-кеткеніне ой жүгіртсек, бір ақиқат алдан шығады. Ол – азаттығымызды алып, бостан өмірімізді кино тілінде сөйлете бастағаннан бергі ұлттық киномызға деген ең жақын, шын жанашыр, басты жауапкер киногерлеріміздің немқұрайдылығы. Нәтижесін көріп отырмыз. Егемен елдің еркін ойлы киносы өз жолын тауып кете алмады. Алға жылжудан адасу көп. Бұл шығармашылық та, материалдық та қожырауға апарды. Бір ғана көңілге демеуі – өз көрермені арқа-жарқа тамашалай алмаған там-тұм туынды шеттен шен-шекпенмен оралып жүрді. Дегенмен, ең бастысы – ұлт картинасының бояуы қанық шықпайтыны шындыққа жақын. Енді бүгін қарасақ, тастүйін ғаламдану барысындағы қауқар – төлтума болмыс пен өнердің үшқыры ұлттық кино – бәрінен бұрын ұлттық қауіпсіздік екен. Қош делік, ендеше қауіп қаншалықты? Мүның құйтырқылығы сонда – көзге ұрып, көкіректен итеріп емес, байқатпай ғана мысқалдап еніп жатқаны. Оны мүмкіндігінше тарқатып көрелік. Қазаққа кино керек емес пе? Сауал күлкілі көрінсе де, пышақ кесті жауап керек! Мәселе қандай кино екенінде? «Отау-Синема» мен «Астана сити» кинотеатрлар жүйесінің көрсетіп жүрген шетелдің кіл «шедевр» фильмдері ме? Батыстың басқыншыл пиғылдағы атыс-шабыс, ұрлық-зорлық,

бейәдеп киноларынан көрермен бетін бері бұратын «жедел жәрдем» ұлттық киноның ауадай қажеттігі осы тұста білінеді. Оның үстіне кеңес кезінде қазақтық қалпымыздан ажырап қала жаздаған бізге таза ұлттық киномыздың әлеуметтік қуатының тигізер әсерін айтпаса да түсінікті. Өкініштісі, тәуелсіздік алған жылдардан бергі уақытты қарасақ қазақ өз киносынсыз-ақ өмір сүре алатындай әсер қалдырады. Көрерменге кінә қоя алмайсыз. Арагідік кездесіп қалатыны болмаса, көзден бұл-бұл ұшқан киноны қайдан көреді. Сонда төл киносыз-ақ өзгенікін көріп өскен ұрпақтың бүйте берсе, аздан соң қазақ киносына деген қызығушылығы мүлдем жойылады. Сонда не болады? Теледидарымыз мүхиттың арғы жағындағы елдің қалдық өнеріне экранының төрінен ойып орын берілгені аз-кем ауыздықталғанмен екі елі ауызға төрт елі қақпак тоса алмаған-ды. Осының о жақ, бұ жағындағы кинотеатрларымыз шетелдің біршама фестивальдерінің жүлдесін алған деген отандық кино өніміңізге пысқырып та қарамауы өзгеше ойға жетелейді. Біз қай елде өмір сүріп отырмыз? Бұл жердегі абсурдыңыз да, ақиқатыңыз да сол – теле мен театр киноға келгенде мүлдем жүрісінен жаңылысқаны. Осыдан кейін оны көріп өскен үрпақ кім боларын долбарлай беріңіз. Мұндай рухани-мәдени жойдасыздықтың қайда апарарын дер уағында аңдаған алпысыншы жылдардағы Еуропа елдерінің американдық шоу басқыншылықты мемлекеттік деңгейде үзілді-кесілді жөнге салып, әзер дегенде тыйғанынан сабак алсақ игі. Сонымен бізге өзі қандай кино қажет? Бұл сауал басқа-басқа киногерлеріміздің басын қатырып жатпады. Әркім өз деңгейінде, өз кызығушылығын көздеп, қалаған картинасын (көбіне фестивальдік фильмдер) түсіріп жатты. С.Апырымовтың «Сергелдеңін», Д.Өмірбаевтың «Қайратын», Е.Шынарбаевтың «Сұрқай үштағандағы орнын» калың көрермен қабылдамады. Ал, А.Әмірқұловтың «Абайдың жастық шағын» көрген жерде-ақ жалпақ жұртыңыз «Бұл біздің Абайымыз емес!» деп салды. Со­ дан бері «міне, қазақ киносы» деп серпілтіп тастаған кез саусақпен санарлық, жоқтың қасы. Азаттығымызды алып, алақайлаған тоқсаныншы жылдар қазақ кинематографының алдына үлкен міндет артқан еді. Дәл осы сын сәт, талмауыр тұста киноның атқарар рөлінің орасан екенін Америка кинематографиясы көрсетіп берді. Өткен ғасырдың басындағы АҚШ-тағы дағдарысты жағдайда ұшқыр өнер – кинодан басқаның

бәрі қауқарсыз болып қалды. Мың сан ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, асқақ «америка арманына» бастады. Бүгінгі айдарынан жел ескен АҚШ-қа әлгі фактордың тигізген ықпалын ешкім жоққа шығармайды. Яғни, американдықтардың кино өнері халықтың рухын көтеріп, намысын жанып қоймай мемлекеттін айбынды идеологиялық құралына айналды. Қарыштап дамыған қазіргі әлемде алдына жан салмайтын кино өндірісі – соның айғағы. Қысқасы, қазақ кинематографиясы өзіне тиесілі жүкті арқалай алмады. Азаттықтан соң аң-таң жұртты абдыратпай алға бастайтын, жігерін шыңдап, кемел келешекке шақыратын көркемдік шешімі келісті талантты кинотуындылар керек еді бізге. Соның айғағындай соңғы кезде шет жұртқа «қазағым мынау» деп, ұялмай ұсынатын картина да қажеттігі білініп қалды. Осының бәрін айқын сезінген Елбасы қазақтар туралы тарихи киноэпопея түсіруге тапсырма берді. Алайда, осы игі бастаманы белгіленген шығармашылық топ сәтті шығарарына о бастан-ақ күдік ұлғайды. Бұған дейін көңілдегідей дүниесімен қуанта қоймаған киногерлерге сенімнен гөрі сезік басым түсері түсінікті. Зиялымыз бас болып, тарихшыларымыздың, этнографтарымыздың, т.б. алқалы кеңесімен жүзеге асса деген жанашырлық тілек тұс-тұстан қау берді. Әйтпегенде, қазақ киносының соңғы нүктесі осы «Көшпенділердің» қазіргі жағдайымен (кайталап жатпайық) қойылуы тіптен ғажан емес. Ұлып жұртқа қайтқан «Қазақфильм». Соңғы он жылда сапалық тұрғыдағы заты емес, аты он өзгеріп, мың құбылған мекемелердің бірі – «Қазақфильм». Киноконцерт, кинокомпания, продюсерлік орталық, кинофабрика т.б, ақыры әйтеуір, міне, киностудия. Нәтижесінде киногерлердің басын қоспақ түгіл пікір алмасатын орнына да айнала алмады. Үкімет там-тұм тиын-тебен тастаса ғана соны талғажау етуден аспады. Кино жүйенің бойындағы қан тоқтады. Кинопрокат құлады, кинотеатрлар іскерлердің қолына көшті. Телеарналар мен видеосетьтерге қазақ киносы «қызықты» емес. Себебін жоғарыда айтып кеттік. Қазылардың талғамын тап басып түсірілген фестивальдік іш пыстыратын фильмдер мен бірен-сараны болмаса, мол қаржыны қылғытып жұтып қойған тарихи картиналар да көрерменге тартымсыз шықты. «Кинотеатрлар сіздерге керек болмаса, біздер пайдаланамыз» деп, «Отау-Синемалықтар» әжептәуір қаржы салып, адам танымастай етіп жаңартып, енді әлгі ақшаларын асықпай-ақ қайтарып жатқан жайы бар. Оларға ешкімнің өкпесі жүрмеуі тиіс. Нарық жағдайындағы кинотеатрлардың тілін солайша таба білді.

Киноңыз түптеп келгенде қып-қызыл бизнес! Бұл ретте де киногерлеріміздің тым кеш қалғаны байқалады. Сөз жоқ, нарыққа бейімделе алмағандардың бірі – осы саладағылар. «Отау-Синема» кинотеатрлар тобы көрсететін әлемнің үздік деген кассалық фильмдерімен бәсекеге түспей-ақ қойсың, өз өнімдерін тауарға айналдыруға деген талпыныс жасап жатса, жаман болмас еді-ау! Бұл жерде мәселе киноға кеткен қаржының қайту-қайтпауы туралы да емес. Оның халықтың сүйіп көретін дүниесіне айналуында. Әйтпесе, сол халықтың қалтасынан салық ретінде алынып, киноға жұмсалған қаржы не рухани қажетті өтемей, не кері қайтарылмай тек сөрелерде шаң басатын киноленталарға айналса, одан не пайда? Осы ретте көрерменсіз кино мәселесіне келсек, дәл қазір бізде «өнер өнер үшін емес, халық үшін!» болу керек. Кәсіптік-техникалық жағынан мінсіз, бірақ көрерменге арналмаған фильмдерді жаппай түсіре беруге қазіргі жағдайымызда қажеттілік шамалы екенін қайбір режиссерлеріміздің түсінетін уақыты жетті. Кинотеатрлар қызығушылық танытпаса, теледидар, видеосеть сатып алмаса, оған сонша қаржы жұмсаудың қажеті қанша? Оданда көрермен де көретін, қайтарымы да болатын талантты туынды беріп, содан кейін барып соның абыройы мен ақшасына А.Тарковскийдің «Сталкері» мен «Зеркалосы» сияқты дүниелер жасап жатса, «құда да тыныш...» Тарихи фильмдерге деген талпыныста ниет жақсы-ау, қадам сәтсіз. «Абайдың жастық шағы», «Жамбылдың жастық шағы» – қазір қайда? Енді «Көшпенділерге» (бастапқы атауы «Абылай ханның жастық шағы») кірісіп кеттік. Ынта дұрыс қой. Алғашқы тарихи фильмдердің аяғын құшып жүрмесе дейсіз де. Осындайда тарихи фильмдерге жұмсалатын сонша қаржыға шығыны аз 15-20 фильм түсірсе қайтер еді деген ой келеді. Акира Куросаваның «Жеті самурайы» немесе біздің киногерлерге осы не жетпейді? Жетпейтіні көп. Қаржы, киноларын долби стереоға жазатын жаңа техника, уақыт талабына сай ізденіс... Бәрінен бұрын жетпейтіні бірлік пе дейміз. Оны көп жайттардан көруге болады. Бір ғана бәленбай жылда әзер өтетін Қазақстан Кинематографистер одағының құрылтайында талас-тартыс, ұрыскеріс, таққа құмарлық көрініс беріп, әйтеуір жанжалсыз аяқталған емес. Сосын бастықтарына, бір-біріне көңілдері толмай, ұлтшылдар, космополиттер т.б. болып жік-жікке бөлініп жүргені. Кім ұтты, кім ұтылды? Басқаны қайдам, нақ қазақ көрермендері ұтылғаны хақ. Яғни, киногерлеріміз қазақ көрермендері алдында қарыздар. Әрине,

алтаудың алалығында ол қарыз өтелмейді. Әлем кинематографиясы өзінің ғана емес, дүниежүзінің халқын қалай төл кином арқылы жаулай түсем, бір тиынымды қалайша екі тиын етіп үстемелеймін деп, бас қатырып жүргенде біздегі бұндай ауызбірліксіз қазақ киносы ұшпаққа шыға қоймайды. Бір нәрсе айқын. Ол – Рабиндранат Тагор айтқандай: «Әрбір ұлттың борышы – әлем алдында өзінің ұлттық болмысын таныта білу. Егер де халық әлем дамуына еш нәрсе қоспаса, онда бұл адамзат тарихында ешқашан да кешірілмес, өлімнен де зор ұлттық қылмыс ретінде қаралуы тиіс». Ендеше, қазақ киногерлері жеке амбицияларын тежей тұрып, ортақ іске жұмылуы қажет. Ең алдымен уақыт талабына сай ұлттық киномеханизмін жолға қоятын үш жылдан бері ел Парламентінің есігінен кіре алмай жүрген «Кино туралы» заңды қабылдатуға шұғыл бірігу керек-ті. Себебі, Дәрежан Өмірбаев, Серік Апрымовтар француздардың, Әмір Қарақүлов жапондардың қаржысына қанша кино түсіргенімен, бәрібір шетелдің ақшасына қазақ киносын жасай алмаймыз. Сөз соңында Акира Куросаваның «Жеті самурайы» еріксіз еске түседі. Аталған фильмдегі жаулары келіп, шауып кете беретін егіндерін енді ешкімге бермейміз деп бекінген кедейлердің жеті самураймен әупірімдеп тіл табысып, түбі мақсаттарына жету – көркемдік идеясы қай кез, қай қоғамда да маңызды ма дейсің, Басты айтар ойы да сол – бірліктің тірлік екені. Дәл қазір қазақ киносының егінін сыртқы да, ішкі де басқыншылардан қорғайтын «білікті самурай да, білекті кедейлер де» керек. Қалай екенін қайдам, әл әзір киногерлеріміздің солардың екеуіне де ұқсамайтыны таңдантады. 2003 жыл. КӨРЕРМЕНСІЗ – ӨНЕР ТҰЛ Бізді мазалайтыны – қазақ киносы өз көрерменімен қашан және қалай қауыша алады, фильмдерімізді көруге жұрт тайлы-таяғымен ағылатын күн қашан туады? Қазір бүкіл кино өнерінде негізгі үш бағыт қатар дамып келе жатқандығы белгілі. Бірінші – көрермендерді еліктіріп, баурап әкететін, халықтың көңілін көтеруге негізделген коммерциялық бағыт: бүған әр түрлі атыс-шабыс фильмдер, эротикалық картиналар, романтикалық мелодрамалар және тағысын тағылар жатады. Екіншісі

– өмірдің ащы шындығын ашық суреттеп, қоғам дамуына кедергі келтіретін кемшіліктерді батыл әшкерелейтін, адам болмысының, оның рухани өмірінің олқы тұсын дөп басыи көрсете алатын, алайда осылай бола тұра қызық сюжет, қарапайым кинобаяндау стилінен алыс кетпейтін реалистік бағыт. Ал, үшінші бағыт – өте күрделі. Оны ұстанушы киногерлер кассалық табысты да мақсат тұтпайды, өзі көтеріп отырған проблеманың өткірлігіне де аса маңыз бермейді. Олар үшін ең бастысы – кәсіби шеберлікті (профессионализмді) шыңдай түсу. Яғни, олар идеялық-көркемдік тұрғыдан алғанда түсінуге қиын, кәсіптік-техникалық жағынан келгенде мінсіз де ұқыпты фильм түсіруге құштар. Соңғы он-он үш жыл көлемінде экранға шыққан жаңа қазақ фильмдерінің (олардың барлығын бірдей көруге мүмкіндігіміз болған жоқ) бірқатарын тамашалай келіп түйгеніміз: олардың ішінде осы үшінші бағытқа жататын туындылар басым болып бара жатқан сияқты. Мысал ретінде «Әзәзіл қыз» (реж. Ә.Қарақұлов), «Сұрқай үштағандағы орын» (Е.Шынарбаев), «Киллер» (Д.Өмірбаев), «Желтоқсан ашыналары» (Х.Салықов), «Ағайынды үшеу» (С.Апрымов) фильмдерін атасақ та жеткілікті болар. Бұл фильмдерге таза киногерлік көзқараспен қарасаңыз, бәрі де кәсіби тұрғыдан алғанда шебер жасалынған, міні жоқ, ал киноның көптеген бейнелеу әдістері мен тілін түсіне бермейтін, фильмді тек «өмірден алынған оқиға» деп ұғып, эмоция тұрғысынан ғана қабылдайтын қарапайым көрермендер үшін оның әсері қандай дегенде болмақ. Мәселен, «Қайрат» фильмін алып қарайық. Қалаға ауылдан келген жас жігіт институтқа түсе алмайды. Қалаға да онша еті үйрене қоймайды, осыған байланысты біраз күйзелістерді көрермен сезіне ме? Кейіпкерге іштей болысып, ол қуанса қуанып, ол мұңайса мұның да көңілін кірбің шала ма? Жоқ. Неге? Өйткені, фильм оқиғалар шиеленісінен, көрерменді еріксіз өзіне тартатын әсерліліктен ада, кейіпкер образы да, оның іс-әрекеті де ұғынықты емес, Испандық экран шебері Луис Бунюэльге, француз режиссерлері Рене Клер, Франсуа Трюффоларға бас-көз жоқ еліктеушілік пен оларды көз жұмып қайталаушылық, сол Францияның Страсбург қаласында өткен кинофестивальде бас жүлдені иемдену үшін немесе ФИПРЕССИдің вице-президенті Клаус Эдерден: «Қайрат» фильмі – қазақ киносындағы жаңа толқынның ең таңдаулысы» деген мақтау сөз есту үшін әбден жеткілікті болуы мүмкін, бірақ қазақ көрерменінің көңілінен шығу үшін ол аздық етеді.

«Кино өнері – әсерлі өнер». Бүкіл әлем режиссерлері: «қайтсек көрерменге әсер етеміз, оны қалай жылатуға, күлдіруге, шошытуға немесе фильм қаһарманының сезіміне енгізуге болады?» – деп жарғақ құлақтары жастыққа тимей, тырбанып жатса, мұнда («Қайратта») – барып тұрған немқұрайдылық, бірде-бір сезім толқуы жоқ. Сұмдық іш пыстырарлық фильм», – дейді кинотанушы Гүлнар Ақтиінова («Кино әлемі», №1, 1993). Сондықтан да, қазіргі көрермендерге «неге қазақ киноларын кермейсіңдер?» деп дүрсе қоя берудің еш жөні жоқ. Қарапайым халықтан тым жоғары талғам талап ету де орынсыз. Олар мұндай ерекше экран тілімен көркемделген күрделі картиналарды қабылдауға әзір емес. Осыны ескере отырып, көбі орыс кино мектебінде тәлім алып, батыс кинематографының үздік туындылары арқылы тәрбиеленген біздің жас режиссерлеріміз енді тек маман-кинотанушылар ғана үғына алатын элитарлы фильмдерді азайтып, халықтың жүрегіне жол табатын, оқиғалы да ойлы, ойнақы картиналар түсіруге кіріссе абзал. Оныц үстіне, әлемдік кино тарихында мұндай қадамдар бұрып да болған. 60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың басында Үндістанда бүкіл ел экранын жаулап алған көңіл көтеру бағытындағы «ән-биі көп әләуләй» фильмдерге қарсы шығып, байсалды мәселелерге құрылған үндінің байыпты киносын жасаушы «жаңа толқын» өкілдері алғаш өз ізденістеріне аса елігіп кетіп, төл туындыларын кәсіби шеберлікке сүйеніп, тым күрделендіріп жіберген болатыи. Бірақ, қарапайым үнділер Мринал Сен, Басу Чаттерджи, Шьям Бенегал тәрізді жаңаша стильді режиссерлердің ешқандай ән-бисіз шынайы түсірілген бұл фильмдеріне қызыққан да жоқ. Өйткені, біріншіден, тек көңіл аулауға бейімделген романтикалық киноға, оны түсінуге оңай қарапайым сюжеттік құрылымына үйренген үнді көрермендері экранға аяқ астынан шыға келген еш боямасыз өмір шындығын бірден қабылдай алмады. Екіншіден, «жаңа үнді киносының» көптеген стильдік, көркемдік ерекшеліктері шеттен алынып, қолдан сіңдірілген жасанды болатын және ұлттық нәрден мүлде ада еді. Сондықтан да, үндінің байыпты фильмдері батыс елдеріндегі кинофестивальдерден ылғи жүлдемен оралып жүргенімен, бұқара халықтың көкейінен шығып, көз қуанышы бола алмады. Нақ осындай халді қазақ киносының «жаңа толқыны» деп аталып жүрген бір топ киногерлеріміз де бастан кешіруде десек артық емес. Біздің көрермендер де АҚШ-тың, Батыс Еуропа елдерінің,

Үндістанның қызықтырмай қоймайтын шытырман оқиғалы, атысшабыс немесе романтикалық фильмдерімен «қоректеніп» үйренген, сонан соң оларды Д.Өмірбаев немесе Е.Шынарбаевтың стильдік жағынан күрделі, түсініп, қабылдауға қиын картиналарын көр деп қалай көндіресің. Онымен қоймай үндінің жаңа киносы секілді біздің «жаңа толқынның» да ұлттық бояу-өрнегі аз, әсіресе оған шетелдік, негізінен еуропалық кино-мектептің салқыны молырақ тигені көрініп тұр. Мұндай тығырықтан шығар жол қайсы? 70-жылдардың орта шенінде Мринал Сен бастаған «жаңа үнді киносының» бір топ өкілдері «көрерменсіз кино – тұл» екендігін түсінді. Олар енді өз фильмдерін қалың көпшілік түсініп, қабылдай алатындай етіп жасауға кірісті. Өздерінің стильдік ізденістерінің ұлттық, психологиялық, әлеуметтік және мәдени негізінің жоқтығын, көбіне батыс кино өнеріне еліктеуден туып, қолданылып жүргенін ұққан олар енді айтар ой, түйер тұжырым, көтерер мәселелерінің маңызын сақтай отырып, қарапайым көрерменмен түсінісуге, олардың жүрегін жаулауға ұмтылды. Енді байыпты үнді фильмдерінде де дәстүрлі сюжеттік құрылым, тартысты оқиғалы кинобаяндау диалогтар орын ала бастады. Фильм кейіпкерлері де жұмбақ бетперделерін сыпырып тастап, мінез-құлқы тап өмірдегідей сомдалған кәдімгі асқақ қаһармандарға айналды. Басты рөлдерге бүкіл ел пір тұтатын атақты «киножұлдыздар» шақырылды. Сөйтіп, үнді киногерлері байыпты киноның өз тақырыбы мен мақсатын өзгертпей-ақ, қалың көпшілікке бет бұра алатындығын дәлелдеді. Қазір Үндістан кинематографиясын да байыпты кино мен нақты өмірден назарын аударып әкетіп, арманқиял әлеміне сапар шеккізетін романтикалық бағыт қатар дамуда. (Өкінішке орай, бізде тек екінші бағыттың фильмдері ғана көрсетіліп жүр). Бір таңқаларлығы, соңғы жылдары бұл екі бағыт бір-біріне әсер етіп, бірте-бірте өзара жақындасып келеді. Егер біздің «жаңа толқынның» өкілдері де батыс киносының арбауынан босап, өздерінің тек Канн, Локарно, Монреальдағы кинофестивальдің биік өрелі керерменіне ғана лайықталған әсіре күрделі картиналарын мүмкіндігінше қазақы қалыпқа, қарапайым халыққа бұрса, еш ұтылмас. Қазақ Мемлекеттік кино компаниясының төрағасы болған марқұм Ораз Рымжановтың: «ұлтқа қарай бұрылсаңдаршы, философия да, фантазия да, бәрі-бәрі керек. Киноны тек зиялы қауымға арнауға болмайды ғой. Оқиғалы, қазақи әуенді, актерлердің бар болмысы ашылатын кино қайда?» – деуі де өте

орынды пікір. Бірақ, бұл дауысты естіп, беті бері бұрылып жатқандар әзірге некен-саяқ. Кино сыншы Бауыржан Нөгербековтің сөзімен айтсақ: «бүкіл халық құмартып көретін кинорежиссерлер фильмді халықтың жанын сезіне отырып, түсіре білгенде ғана болатын іс». Ал, біз атап өткен фильмдерді кім көреді? Түсірер кезде – осыны ойлап, бас ауыртқан жан бар ма? Қайдам. «Өнер туындысында басты нәрсе мазмұн емес – стиль, фильм емес – кинематограф» деп есептейтін Д.Өмірбаев тәрізді режиссерлер бұл туралы ойлануды қажет деп таппайды-ау, деп қорқамыз. Бәрін айт та, бірін айт, «жаңа толқын» жуық арада қалың көпшілікке оң көзбен қарап, жылы шырай таныта қоймайтын сыңайлы. Ұлттық тақырыптарға деген ынта-ықыласы зор, оларды игеруге де икемі бар режиссерлердің талап-талпыныстарын қуана-қуана құптай отырып, оларға алдағы уақытта әлі де болса көрермен қауыммен көбірек етене тіл табысуға тырыссаңыздар деген тілек айтқымыз келеді. Бастысы – дәл қазіргі жағдайымызда біздің киногерлеріміз халықтың жоғалтқан дүниесін өзіне қайтаратын өнер жасау қажет. Орта жолда сынған орбитамызға жедел жәрдем беретін киноның өрісі кең. Енді өзіміздің нақты ұсынысымызды айтайық. Қазақ киносына өзгеше жанрлық сипаттағы жаңа бағыт қажет. Бұл бағытқа әлем киногерлерінің аузынан небір «лепірген» лебіздерді тыңдауды қажет етпейтін, Халықаралық кинофестивальдерде міндетті түрде жүлде алуды» мақсат тұтпайтын, яғни, биік өрелі, «фестивальдік көрерменге» ғана арналған күрделі стильден аулақ, тек қарапайым халық үшін еңбек ететін, олардың бәрін ес-түссіз еліктіріп, баурайтын, қанша көрсе де жалықтырмайтын, көрермен жүрегінде «міне, қазақ киносы осындай!» деген ризашылық, мақтаныш сезімін оятатын, оларды шытырман да, түсінуге оңай ойнақы оқиғаларымен қызықтыра отырып, адамгершілікке, имандылыққа, мәдениеттілікке, батырлыққа, адал достыққа, асыл махаббатқа жетелейтін, идеясы айқын, стилі, құрылымы қарапайым фильмдер түсіретін киногерлердің топтасқаны жөн. Неге? Өйткені, «... кино – өз елінің санасын жаулап алуы керек,.. күнде экран алдында отыратын миллиондаған қауымды шетелдік кино шабуылынан «арашалап» алып, ұлт бетін ұлттық мәдениетке бұруы керек. Біз ешбір тыйым салумен немесе жат жұрттық кинофильмдерді жамандаумен, байбаламмен өз елімізді өз киномызға бұра алмаймыз. Ұлттық кино өнері профессионалдық дәрежеде шетелдік нүсқамен

тең түскенде ғана, өз экранымызды өзіміз жаулап аламыз» (С.Елубай. «Егемен Қазақстан» 26.06.93 ж). Сонда «шетелдік нұсқа» деген қайсылар? Ол – «Желге ұшқандар» (АҚШ), ол – «Бум» (Франция), ол – «Сенен басқа ешкім емес» (Мексика), ол... Міне, осылардың бәрінен асып түспесе кем соқпайтын фильмдер жасап шығару керек. Әрине, бұлардың көркемдік деңгейі тым жоғары да бола қоймас, дегенмен бұлар – қалың көпшіліктің сүйікті кинолары. Халық жүрегін жаулау үшін осындай фильмдер керек. Халықтың жүрегіне жол тапқан фильм – нашар фильм емес. Қайта тек киногерлер ғана түсінетін, былайғы жұртқа қызықсыз дүниелерге күмәнмен қараған дүрыс. Осындай бағыттағы фильмдер көбейген кезде ғана қазақ көрермені өз дәстүріне қарай бет бұрады. Оларды шетелдің «киношабуылынан», «жаңа толқын» туындыларының Венециядан, Мюнхеннен, НьюИорктен әкелген жүлделерімен арашалай алмайсыз. Тіпті тарихи тақырыптағы фильмдерді көбейту де бұл іске көп әсерін тигізе алуы неғайбыл. Сондықтан, мұндай жаңа бағыт тап қазір аса қажет. Сонда ғана киномыздың көрермені көбейеді. Кино көрерменімен ғана кино бола алады. Қанша талантты болса да, көрерменсіз кино – тұл... 1994 жыл. ҚАЗАҚ ТРЮФФОСЫ ҚАЙДАСЫҢ? Біздің соңғы буын киногерлеріміздің шығармашылығы жөнінде қанша және қалай ой қозғап, ортаға салса да айып емес. Кинотеатрдан болса да көрермендердің соңғы «тамашалаған» фильмдерінің бірі – «Ақсуат» (реж. С.Апырымов). Осы картина жайындағы басылым беттеріне шыққан мақалалардан байқағанымыз, әлгі киносыншылардың көзімен қарағанда, туынды тәп-тәуір дүние. Ал, оны көрген көрермендердің пікіріне келсек, мүлде көңіл толмаушылықты байқайсыз. Яғни, екі көзқарас қалыптасқандығының куәсіміз, бірі, жоғары интеллектілер, екіншісі қарапайым көрермендер. Бұл тенденциядан туатыны: өнер өнер үшін бе? Мұндай ұғымның әлемдік көркемөнерде алар орны бар шығар. Бірақ, бізге дәл қазір ол қай жағынан алып қараса да мүлдем келмейді. Біріншіден, ең бастысы – киномыз ұлттық бояуымен өз елінің санасын жаулап алуы қажет және бүгінгідей шет елдің әрі-сәрі шабуылынан «арашалап», халық бетін ұлттық мәдениетке бұруы керек. Екіншіден, элитарлы

киноны жасай беретіндей әлеуметтік-экономикалық жағдайымыз жетісіп тұрған жоқ. Оның үстіне көрерменнің де «көңіл-күйі» оны көтермейді. Әңгіме әсіресе, киномыздағы өздеріне «жаңа буын» деп ат қойып, айдар тағып жүрген режиссерлер туындылары төңірегінде екені түсінікті. Дұрыс, бұл жігіттер Мәскеуден білім алып, еуропа мәдениетінен сусындағанын экраннан көрсеткілері де келетін шығар. Оған дауымыз жоқ. Алғашқыда таңырқағанмен, тосын бұлқынысқа қол соқтық. Шет елден алып келіп жатқан сыйлықтарына да қуандық. Алайда, сол картиналары біріншісінен екіншісі, екіншісінен үшіншісі айнымай, іш пыстыра бастағанын уақыт өте келе байқай бастадық. Сөйтіп, оның мұнда бір сыр барын растайтын шегіне жеткен сынды. Мұны сыншы Б.Нөгербековтің сөзімен безбендесек: «Қазір ең бір қызығы – бүгінгі өмірді көрсететін фильмдер жоқ. Менің ойымша, «жаңа толқын» стиль жағынан емес, идея жағынан өзін-өзі толық айтын болған сияқты. Яғни, идея тоқырауы болып отырған секілді. Әзірге ол режиссерлер жаңа, тың ештеңе айта алмай жатыр». Бұдан кейін көңілге күдік ұяламай қайтсін. Шын мәнінде олардікі элитарлы кино ма? Жарайды, – солай болған күнде дәл содан басқа картина түсіре алмай ма? Енді осы толғағы жеткен сауалдарға шамашарқымызша жауап беріп көрелік. Кезінде А.Камю: «Толстой сияқты жаза алмаған соң, түсініксіз жазуға ұмтылдық», – депті. Құлаққа қонымды пікір. Түсніксіз дүние жасау үшін көп білім, көп еңбек керегі жоқ. Интуиция жетіп жатыр. Келісер-келіспес «жаңа толқындықтар» осы аурудың аяғын құшып жүргендей. Айталық, шатырға шыққандағы кептерлердің дүркірей ұшуының әсері қатты ұнап кетіп, Д.Өмірбаев өз фильміне оны әжептәуір эпизод етіп енгізіпті. Алайда, мұның кинематографтық соншалықты әсерін байқамадық. Әрине, өмірлік тәжірибе керек. Бірақ, бұлайша «ішің білсін алуай» деп жұмбақтаудың қажеті шамалы шығар. «Өмір өнерден ғана үйрене алады» деген аксиоманы алға тартып, ақыл айтудан аулақпыз. Өнердің шынайылығы сонда, оның қарапайымдылығында, турасында, нанымдылығында емес пе? Өткен бір жылдары «Известия» газетіне шыққан кинотанушы Валерий Туровскийдің «Скидка на возраст не принимается» атты мақаласы қозғап отырған тақырыбымыздың жаңа бір қырын ашқандай әсерде қалғанымыз бар. Онда әсіресе, кинотанушы Андрей Шемякиннің пікірлері өткірлігімен тәнті еткен. А.Шемякин тек бізде ғана емес, бүкіл ТМД-дағы жас буын киногерлердің «түсініксіз кино»

түсірудің шебері болып алғанын айтады. Және оның сырына үңіліп, социологиялық зерттеулер жүргізгенін жасырмайды. Ақырында оларға ортақ ерекшелікті – психологиялық жақтан ауытқушылықтарының бар екенін алға тартады. «Алыстан араласып, аз-мұз сөйлескенде бәрі дұрыс көрінеді. Ал, іші-бауырына кіріп, сыр бөліскенде, адам басына кірмейтін түсініксіз бірдеңкелерді айта бастайды», – дейді ол. Мақаланың негізгі айтары: «Әлі жассың ғой, кемеліңе келген кезде түсінікті әрі күшті кино түсіресің деп, өнерде қазіргі жасыңа қарап «скидка» жасалмайды». Біздің киногерлеріміздің құлағына да алтын сырға. Әрине, «жаңа толқындықтардың» көңіліне келмесін, олардың психологиялық жақтан қаншалықты ауытқушылықтары барын білмедік. Бірақ, ортақ сауал туғызған тақырыптың қайбір сипатында да ортақ ұқсастықтар болуы мүмкін. Біз көбінесе киноларымыздың шет елдерден алып келіп жүрген сыйлықтарына қарап бағалайтын болып барамыз. Бұл да адастыратын жайлардың бірі іспетті. Білгіштердің айтуынша, не көп, өзінше фестиваль өткізетін қалалар көп. Төрт бес адамнан топтаса салған әділқазылар алқасы өздерінше бәйге беріп, бәстерін көтеруге тырысады. Көбісінің аты дардай да, заты оған сай емес, халықаралық статусы бұрнағыдан қалыптасқандарына дау жоқ. Байқап қарасаңыз, бәрі ондай атқа ие емес екен. Соңғы кездері кинофестивальдар өткізілетін қалалардың қатарында бұрын-соңды атын естіп көрмегендерінің көптігі – соның кепілі. Кезінде Трюффо мырза француз кинематографиясын әбден «жүндей түтіп» алғаннан кейін кино түсіруге кірісіпті. Жақсы білеміз, Трюффо өзінің ешкімнен кем кино түсірмегенін, тіпті, өзі жер-жебіріне жетіп сынағандардан әлдеқайда артық екенін дәлелдеп шыққан. Егер біздің тақырыбымызға арқау болғандай картиналар толастамаса, көп ұзамай қазақтан да бір Трюффо өсіп шығатындай көрінеді. 1997 жыл. ҰСТАТІІАЙ ЖҮРГЕН – ҰЛТ КАРТИНАСЫ... Қайбір жылы Алматыда халықаралық кино фестиваль жыл сайын өтіп тұрмақ болып шешілген. Алайда, тұңғыш әрі соңғы фестиваль соңы сиырқұймышақтаньш кетті. Сол көзді ашып-жұмғанша өте шыққан «Еуразия -98» кинофестивалінен не алдық, не бердік деген сауалды бүгінгі көзбен

саралап көрсек. Бергеніміздің мол екені анық. Оны қонақтардың өзі ашық айтып жатты. Азуын айға білеген Азияның, екі өкпесінен демалған Еуропаның өнерде де бір-бірінен оза шапқан елдерінен келген киногерлердің бас қосуына, барын ортаға салуына сеп болдық. Кешегі одақтас елдер өнерпаздарының шұрқырасуы өз алдына бір төбе. Бір қайырып қарағанда, бергеніміз осы. Ал, алғанымызға келсек, ауыз толтырып айтарлықтай жайттар баршылық. Бастысы – көрерменнің киноға деген көңілі сүлесоқ екенін апта бойы Алматы кинотеатрларында өр елдің тандаулы деген фильмдері тегін керсетілген фестиваль дағдысы бойынша пайда таппақ болған басымыз ақырында: «Әке, тегін әрі әйбат киноларды келіп көре қойшы» деген өтінішке құлақ асқан қауымды көрмедік. Бұдан екі нәрсені аңғаруға болатын сынды. Бірі, барша қауымның киноға деген ықыласы жоқ екендігі болса, екіншісі, сол ықыласты оятуға қазақ киногерлерінің әл-әзір батылы бара қоймағандығы, әрине, бұған қарсы уәж табылып жатса, біз оған қуаныштымыз. Бұл енді басқа әңгіменің арнасы. Фестивальден алған олжамыз сол, ол өз киноларымызды шет жұрттың тәуір деген туындыларымен салыстыра отырып, таным таразысына салдық. Жер мен көктей айырмашылықты аңдамасақ та, көзге ұрған, көңілге тоқыған жайт аз емес. Айталық, соның ішіндегі шет жақтан келген кинолардағы халықтық тақырып, ұлттық портрет турасындағы турашылдығы біздікімен салыстырғанда, біраз әңгімеге арқау болатын сынды. Әрине, мектебі қалыптасып, менталитетін өнерімен өрнектей алған Батысты былай қойғанда, күні кешегі кеңес жүйесінен еншісін алған елдердің бұл тұрғыда биік тұғырына қол жеткізбесе де, сол жолдағы талпыныстары қуантарлық. Яғни, саяси тәуелсіздік – қол-аяқтың ғана емес, ой-сананың да шідерінен босанып, кісенін быт-шыт үзгені —киноларының өзінде көрініс тапқаны, айтуға тұрарлық құбылыс. Бұнымен бәрі кереметтей келісіп, бірінен-бірі өтіп, оза шауып, алға ұмтылып тұр деуіміз ағаттық, әлбетте. Жаңалық сол, ұлт портретін, халықтық тақырыпты тереңінен бойлап таразылауға тырысқандары, көркемдік кескін-келбетін кино тіліне риясыз түсіруге ұмтылғандары бізді, қазақ көрерменін ойға жетелейді. Қызығы сол, мынау кімнің киносы десе, ол – грузиндікі, ол – армяндікі, т.б. екені фильмдерінен тайға таңба басқандай байқалып тұр. Ал, қазақтікі ше? Бұл сүраққа бас қатырып, біраз ойлана тұруға тура келеді. Фестивальдің керкем фильмдер сайысына түскен

қазақстандық «Ақсуат» және «Киллер» картиналарын көрген жұрт осы сауалдың астарын өзінше қаузап жүрген болар. Пайымдауымызша, қырғыз режиссері Ақтан Әбдіхалықовтың «Бес кемпір» фильмі көркемдік ерекшеліктері мен бейнелеу тәсілдері біздің аталған екі картина стиліне ұқсағанымен, ондағы ұлттық әдіс-тәсілдің шеберлігі арқасында сәтті шыққаны бас жүлдені алуға мүмкіндік бергендей. Фильмнің басталуы да қызық-ақ. Дүниеге келген ұлдың маңайында мыжырайған бес кемпір жүреді. Содан әлгі баланы тілкөзден, бәле-жаладан сақтасын деп атын Бескемпір қояды. Осылай қырғыздың таным-таразысы оқиға барысында одан әрі ойысып жүре береді. Бар болғаны осы. Картина қырғыздікі екеніне имандай иланасыз. Мұндай бағаны грузиндіктерге де («Өзен», «Мұнда таң атып келеді»), армяндықтарға да («Құдайым, рахы-мыңды түсіре гөр!»), түркіменстандықтарға да («Тоба»), тәжікстандықтарға да («Іссапар»), т.б. ойланбастан беруге болар еді. Ал, өзімізге... қимағандығымыз емес, қиналғандығымыз. Деректі фильмдер турасына келсек, жоғарыдағы ойларымызды одан әрі қоздатып, жалғастыруға тура келеді. Өйткені, байқауға қатысқан картиналардың дені сол ұлт тағдырын, халықтың адами мәселесін қозғайды. ТМД және Балтық елдері Кинематографистер одақтары конфедерациясының арнайы жүлдесін алған режиссер М.Каюмов ақсақалдың «Гөр Әмір» (Өзбекстан) фильмінен бастап, барлығы да сол тақырыпты қаузайды. Алайда, бәйгеге ұсынылған ешқандай картинаға көңілі толмаған қазылар алқасы бас жүлде тағайындаудан бас тартты. Оның себебін бұл тұрғыда әлі шаш етектен, қолтық сөгіле, қан сорпа шығарар ізденіс қажет деген ойдан шығарып алсақ жарар. Тәуелсіздігін алғанына жеті жыл болған кешегі бодан елдер бүгінде өзін толық тани қойдым дегеніне ешкім сене қоймайтын еді. Осы тұрғыдан келгенде қазылар алқасының арнайы жүлдесін жеңіп алған режиссерлер Сергей Әзімов пен Сергей Русаковтың «Жол жиегіндегі үй» (Қазақстан) картинасы біз үшін үлкен табыс болғанын айтуымыз керек. Манағы сауалымызға осы тұста жауап тапқандай әсерде қаламыз. Нағыз қазақ кім дейміз ғой біз. Ол біздің арамызда емес, алыста, сонау Мәскеуде жүр екен. Тек жүрмей әлемдегі ең қымбат, ең үлкен де үрейлі қаланың шеткерірек жеріндегі шағын үйінде өзінің бес баласымен бірге балалар үйінен алған ақ нәсілі бар, қара нәсілі бар тағы бір бес-алты баланы зайыбы екеуі тәрбилеп жатыр.

Иә, ол терлеп-тепшіп шай ішпей, жан-жағына жайдары жүзбен қарамай жүре алмайтын көрінеді. Міне, бауырмал, қиындықты өзі қалап алатын қазекем осы табиғатын бұзбай бізден тым тысқарыда тілі бөлек, діні басқа өзге ортада да өмір сүріп жүр. Картина осы жайында, қарапайым ғана кейіпкер арқылы «сен қазақ осындайсың» деп ойлантуға шақыратындай. Ұлттың әлгісіндей қадау ерекшелігін еске салып, елең еткізіп, өзімізді тағы бір қырынан тануға мұрындық болғанымен құнды. Картинаның көркемдік кілтін тап басып, түсірілу шеберлігіне де үлкен ізденіспен келген режиссерлер еңбегі еленгені соның айғағы демеске лаж жоқ. Анимациялық фильмдер бәйгесі қазақ мультипликациясына зор жаңалық әкелгенін айтуымыз керек. Бас жүлдені қанжығаға байлаған режиссерлер Ғ.Қыстауов пен Ж.Дәненовтің «Айдаһар аралы» (Қазақстан) атты жұмысы соның заңды көрінісі. Мультфильм Огутагаваның әңгімесінің желісі бойынша қойылса да, оқиға уақыты қай кезеңде екені белгісіз болса да, одан өзімізді көргендей әсер қалдырған. Әсіресе, мағына-идеясы қазіргі аласапыран, астаң-кестең өзгерген өміріміздегі адамдар санасынан мықтап орын теуіп жатқан «мен бірінші боламын, менен басқа ешкім емес» деген айдаһардың анайы аждаһалығы сана-тіршілігімізді тап басқан сынды. Сосын ұлттық бояуы да ұғынықтылығымен баурап ала қояды. Бір сыдырғы фестивальға қатысқан картиналар жайында осылай ой түйіп, шолу жасауға болады. Өйткені, ортақ қорытынды сол, әріптестеріміз бұрын-соңды батылы барып бажайлай бермеген халықтық тақырыпты қазымырланып қаузауға ден қойған екен. Ұстатпай жүрген кеңістік – ұлт картинасын сомдауға деген талпыныс ерекше. Тіпті, оған басым бағыт берілген бе деп қалдық. Әлемге әрқайсысы шартараптан емес, өз шаңырағынан қарауға тырысқаны байқалады. Ендеше, бұл бізге үлкен сабақ болуға тиіс шаруа, қайқайсысын алып қарамайық, бәрі де өзін тануға, өзегін танытуға тырысып жатқанда ол көштен қалып қою, әрине, қылмыс. Мүмкін дәл қазір бізге халықтық фильмдер керек шығар. Неге ойланбасқа? Жалпы осылардан кейін түйген ойымыз мынау: фестиваль өткізіп қазақтың аты шықпайды, аты бәйге де ала алмайды, ұстатпай жүрген кеңістік – ұлт өз картинасын сомдай білуінде, ұялмай ұсына алуында. 1998 жыл .

МӘҢГІЛІК КӨШ Қазақ қасіретін шерткен «Заман-ай» көркем суретті фильмінің қоюшы режиссері Болат Шәріп, сценарийінің авторы жазушы Сәкен Жүнісов («Заманай мен Аманай» повесінің желісі бойынша), Болат Шәріптің қатысуымен. Картинаның көркемдік кесімі туралы қысқа топшылау: режиссерлік шешім, актерлік ойын үндестік тауып, әдемі қабысып сәтті дүниеге айналған. Әттеген-айы, қолдың қысқалығынан қазақ жерінің ғажап табиғаты мен фильм арқауы – таусылмас тақырып лықсып келіп, тұншығып қалғандай жайы бар... Әңгімені осы тұстан бастасақ, ең алдымен фильмнің он жылда әзер түсіріліп біткені алды орайды. Кілтипаны – қаржының тапшылығы. Бұл картинаның көркемдік кесім-бітіміне көлеңкесін түсірмей қалмаған. Айталық, екі серияға жүк болатын материал әбден қысқара-қиқалана, кесіліп-жонылып келіп, бір серияға зордың күшімен сыйған. Содан да кей сәт түсініксіз, қайбір ойлар шолақ қайырылып қала берген. Мұны білдірмей жіберудегі монтаждау ісінің мүмкіндігі де шектеулілік пен шарасыздықты аңғартады. Дегенмен, шығармашылық топ мұны алдын-ала ескеруі қажет еді. Бұл бір. Екінші қайшылық: картинаның өзіндік идеялық ұстанымынан гөрі бстапқы повестік сипатының басымдылығы. Әрине, екеуі бір дүние, бітімі біте қайнасқан. Бірақ, ұшқыр өнердің керермен көңілін жаулайтын қуатты тілі басты қару саналатыны санаттан тыс қалғандай әсері байқалады... Осындай ара-тұра кездесетін кемшіліктерді сөз басында айта кеткенді жөн көрдік. Мәселе мұнда емес, картинаның көтерген жүгінің көздеген межесінен көрінгендігінде. Осы ретте алған тақырыбының ауқымы зор, аркалаған жауапкершілігі ерен – тарихи әрі сан қатпарлы қасіретті туынды «Заман-ай» картинасының біз үшін маңыздылығы оның әлеуметтік қуатына тоқталуды жөн санадық. Фильмнің фабуласы жете таныс. Сонау отызыншы жылдар ойранында оңайлықпен билеп-төетеуге көнбеген қазақтардың қайсарлықпен арғы бетке асып кетіп, алмағайып заманның ақырында «тойған жерінде емес, туған жерінде» қалуға тырысқан жанкештілігі көркемөнер тілінде көрініс тапқан. Бір қарағанда баржоғы осы. Тарихи детальды қалай ойнатқанына емес, қайтіп сол арқылы ойлантқанына, оның бүгінгі әлеуметтік қуатына келсек, әңгіме басқа.

Ғасыр басындағы аталмыш нәубет жүгін сол кездегі аға буын арқалағанмен, оның зілді сызы бүгінге де жеткен. Тұтас үш ұрпақты қамтыған – ата, бала, немере үштігі фильмнің лейтмотиві іспетті. Мұндағы түйін: нәубет тек бір буынға ғана залалын тигізіп, заһарын төккен жоқ, оның алды-артындағы ұрпақтарды да қоса жаралады. Бірақ, жайрата алмады. Тек бүтін бір буынды тұншықтырып, тумысын бөлектеуге тырысты. Сол кеткен есе мен есепті түгелдеу жаңа қоғамның құрыш білектілерінің – біздің қолымызда екеніне иланасың. Картинаның өне бойынан есетін «алтын күрек» леп – биік оптимизм. Қоғам мен адам емес, саясат қалап алған «өркениеттің» бойынан шыңғырып, сылынып шыққан сұлулық символы – Балзия ана бейнесі мен төңірегіндегі кейіпкерлер галереясы теріс аққанды оң ағызу үшін қарсы тұрған қоғамның рухани тазалануына, бойындағы бар арам қаннан арылу үшін буырқануына көмекке келуімен көркемдік кесім көрініс береді. Әңгімеміздің негізгі тиегі де сол – атом ғасырындағы «өркениетіміздің» алпауыт аранына рухани және адамгершілік болмысымыздың азық бола жаздап, қайта ауыздықталған бүгінгі бүкілдей тазару, түлеу дәуірінің тобықтай тұжырым-түйіні көркемдік дәлдікпен кестеленуі. Картинаның жайып салар жан сыры осы айтқандарымызға толық жауап бере алады. Қадап айтарлығы – қайран қалатының, отызыншы жылдар ойранын ойша долбарлағанмен, көңіл зиынына жете тоқи алмаған көрінеміз. Қасіретін тартпағандықтан емес, теңіз дәмі тамшыдай әсерін татпағандықтан. Оған ұшқыр өнер кино мұрындық болғандықтан, ішкі түйсікті тап басқандығымен тәнті еткен. Сонымен фильмнің ішкі тініне үңілсек, өзімізге қажетті желілер жүлгелене түседі. Соның бірі – тәуелсіздікке деген талпыныс болса, екіншісі, қазақтың өз таным «орбитасына» оралып жатқаны, үшіншісі, мәңгілік межесі – жорықтағы олжамыз – жол үстінде екеніміз, төртіншісі... Осылайша тізбектеліп кете береді. Біз енді осы үшеуіне тоқталып, жеке-жеке тарқатып көрелік. Тәуелсіздікке деген талпыныс рухани жәдігерлігімізде көрініс тауып отырғанын былай қойғанда, қиыр-шиыр тарихымыздың қай кезеңінде болсын, дүркін-дүркін бой көрсетуі қалыпты үрдіс. Ондай қадамдар бір кешегі 86 жылы ғана жасалмағаны анық. Ғасырдың бастапқы кезі – отызыншы жылдар ойраны оған үлкен мысал. Тоталитарлық жүйе кісен-шынжырын бырт-шырт үзіп, ақыры оңтайға

келмеген соң шекара асып, шетке жылыстап кеткендегі мақсат – жан сауғалау емес, ішкі қарсылық пен сыртқы күрестің соңғы әрі үлкен үлгісі – нар тәуекелге бару еді. Оған екінің бірінің батылы жете бермеген. Жүрегінің түгі барларының өзі оңай соқпасын, опа таппасын аңдағанмен азапты болса да, азат жолын таңдаған. Бөгдесініп өзектен теппесе де жат жұрттың жарылқай қоймасы аян етілгенмен бастапқы райынан қайтара алмаған. Ондағысы бір күндік болса да – бостандық! Осындай үзік-үзік ойлар желісін бір ізге түсіріп, жалғыз ғана тәу етер ұғым – тәуелсіздікті ұғындыруды ұстанғандығымен де ұтып тұрғандай. Фильмде сол кездегі анық та қанық шындық шежіресі – хроникалардың сәтті пайдаланылуы көзге ұрады. Әсіресе, «социализмнің алып-ағаш машинасының» гүрілдеп-дүрілдеп келе жатқаны көңіл ауанына көлеңкесін түсіре беретіні бар. Ұлы «өркениеттің» қазақ даласына ентелей кіріп келе жатқаны – сұстылау қара көлікпен кезіңізге елестейді. Оның шаңына көмілсе де қақалыпшашалып қалмай артынан ерген ел өзгеше ойға жетелейді. Құдды бір жұмаққа бастап бара жатқандай алып-ағаш машинаның жүрісі суыт, ал, соңынан қалып қоятындай шалт қимылды қарақұрым халықтың жүзі бейқам. Былай қарасаңыз, мақсат-мағынасыз жүріс, бағытбағдарсыз жосылыс. Алып-ағаш машина езін құдайдай иландырып, халықты қойша иіріп алған. Абайдың «көпте ақыл жоқ» дегенін әжетіне жаратқан, пайдасына асырған. Әрине, зымияндықпен. Әттеген-айы, сол көп: «Қайда бара жатырмыз. Не бастап барады?» демеген, әсілі, дегізбеген. Бірақ, Абайдың айтқандарын көптің құлағына қыстыртпаған бөліп алып билегіштер емес еді... Тіпті сол «социализмнің алып-ағаш машинасына» жаяужалпылап ілесіп отырумен еркениетке жету мүмкін еместігі ойға да келмегендей әсер береді. Табаннан таусылғанды былай қойсақ, аттыға ерем деп жаяудың таңы айырылмай ма? Бұл мәселенің бір жағы ғана. Енді екінші тақырып арқауына көшсек, керісінше. Алып-ағаш машинаның шаңын жұтып, шынжыр асып жүруді жөн көрмеген арда қазақ табаны тасқа тілініп, тау асып кеткен. Әрине, қарап жүрмеген, қайту жолын, қалған жұртын ойлаған. Алды азат болғанмен, артына алаң кейіпкерлерді кере отырып, кешегі Мұстафа Шоқайлар мен тұлпарлар тұяғы – Мұстафа Өзтүрікті ойға аласың. Қазақтың өз таным «орбитасына» оралып жатқаны картинаның тұтастай алғандағы тегершігі іспеттес екенін аңғару қиын емес. Бүгінде сиыр бүйрегіндей бөлек-бөлек қалған, тауыққа шашқан

тарыдай бытырап кеткен қазақ әлемінің әр түкпірінен туған отанына ғана оралып жатқан жоқ. Өзімізді ұлт ретінде тануға – қазақтануға оралуда десек келісті. Егерде мұндай түсінік түйсігімізде бүр жармаса, шеттегі қандас қазақ жылы орнын суытып, шала бүлінбес те еді. Яғни, дәл осы уақыттың тартуы – маңдайға біте бермейтін мәртебе. Анық көзге ұрып, көңілге ұялайтыны – үш ұрпақ: ата, бала, немеренің берік ұстыны бола алғандығымен Балзия ана бейнесі нағыз сұлулық символы іспетті. Аға ұрпақ (Балзияның әкесі) үдере көшуден басқа оңтайлы жол таппайды. Мұндағы орта буын өкілі – «Атымтай жомарт» емес, трагедиялы тұлға. Кешегі коммунистік жүйеге имандай иланған, құрандай сенген ол асыл жарын да, дүние есігін әлі ашпаған шарана ұлын да оңай қиып қала береді. Дәл осындай жайттардың ақиқат екенін айғақтаған әрі мұндай қызыл белсенділердің жиынтық образын Атымтайдың бойынан байқаймыз, Бір жағынан адам, азамат ретіндегі келбетіне қарап отырып, жамандыққа қимайсың. Сөйте тұра, алданған ұрпақтың алдына шығып кеткендегі кейпі бір түрлі жиіркеніш туғызады. Біз алып отырған Балзия ана бейнесі оған тіпті қарама-қарсы. Кеңес үкіметі қызыл-көздерінің – Атымтайлардың қолынан қаза тауып, көші басшысыз қалған әкесінің орнын басқан ол – құрсақтағы ұлын қиынсынбай, «қыздың жолы жіңішке» деп қымсынбай діні беріктігінен, ерткен елін діттегеніне жеткізген. Тазалықтың туасы-тектіліктен екенін дәлелдеген. Оған әкімшіл жүйенің әмірі жүрмейтіндігін дәйектеген. Махамбетшілеп: «Мені елден айырған хан Жәңгірдің тепкісі» деп, теперіш көргенше, тентірегенін жөн санаған. Сол хандық дәуреннің мәңгілік еместігін сәт сайын еске алып, арттағы елін, қайтар ертеңін дәтке қуат еткен. Өкініштісі, өз құрсағынан көрген баласын (Заманай) туған топырақ, туысқан еліне жеткізбесе де одан қалған немересін (Аманай) кіндік қаны тамған отанына оралтуға тырысқан. Бар өмірінде көрген қиыншылығы өз алдына, қартайғандағы тау асып, тас кешуін жанкештілік демеске лаж жоқ. Бұдан шығатыны, еркін дала демократиясында ерікті өскен аға ұрпақ жүйеге қарсы келсе, орта буын адасады (Аманайлар), бірақ, оны түзеткен (Балзиялар) ана толқын ұрпағы отанын тауып қоймай, осының бәрін таным таразысына салуға тиіс. Яғни, өзіне дейінгі кеткен кемшілікті түзеу, аталарының арда мінезінен тағылым алу, адасып жолын тапқан әке-шешесінің соқпағын саралау. Қазақтың өз таным «орбитасына» оралып жатқаны дегеніміз – осы. Мүндай шегіністердің түйіні фильмде басты кейіпкер Балзия ананың өзін

құрбан етуімен сәтті шыққандай көрінеді. Бастысы – немересін өз жолына, өмір таңдауына дұрыс бағыт сілтеді. Мәңгілік межесі – жорықтағы олжа – жол үстіндегі көшпенді халық ұрпағының болмысын картинадан сезініп отырмау мүмкін емес. Мұндай сәтті шешім әсерінің әлеуметтік қуаттылығы бүгінде күшті көрінеді. Қазақ қайбір кезден де, қадым заманнан қарға адым уақытқа дейін де жол үстінде. Шетке кетіп, қайтып келіп жатқандығы қозғалыс – жол. Сол жол – әрекет, тәуелсіздікке деген талпыныс, отанға ғана емес, таным орбитасына оралу. Фильмнің финалы да сәтті демеске лаж жоқ. Аманай – жол үстінде, соңғы кадр оның ойлы жүзімен аяқталады. Ол межелі жеріне жете ме, жетпей ме – мәселе онда емес. Мәңгілік межесі – жорықтағы олжасы – жол үстінде екені, тәуелсіздікке деген талпынысы, отанға ғана емес, таным «орбитасына» оралуы. Біздің үрпақ көріп отырып, оған көз жеткізбеуі мүмкін емес. Жол біздікі. Бірак, сол жолдың жүгі ауырлау екеніне картинадан кейін және көз жеткізесіз... 2004 жыл КӨШКЕН ЖҰРТТА ҚАЛЫП ҚОЙҒАН АСАН МЕН ҮСЕҢДЕЙ Шүкір, ұлттық гвардиямыз, ұлттық университеттеріміз, ұлттық кітапханаларымыз, т.б. өткен он жылдықтарда жасақталып, онымен бүгінгі ұрпақ мақтана алатындай жағдайға жетті. Алайда, сол халықтың өзінің емес, бөгденің киносымен азықтанып жатқаны қайшылықты-ақ дүние. Бүгінде адам санасын жаулаудағы киноның шапшаң әсер ықпалы мен зор әлеуметтік қуаты айтпаса да түсінікті. Басқа маңызды салалармен қатар, мемлекет үшін ұлттық киносының алар орнының қаншалықты екенін бүгін анық сезініп отырмыз. Қазіргі қазақ киносы көшкен жұртта қалып қойған Асан мен Үсеннің тағдырына ұқсас. Олар – қорғансыз, өмірлік тәжірибесі аз, бастысы – бағыт-бағдары жоқ. Және сонша үмітсіз де емес. Не істеу керек? Біздіңше, қазіргі қазақ киносына, кино мамандарымызға соны ой, тың идея ауадай қат. Оның алтын арқау темірқазығы – ұлттық концепция! Осы ретте кино тарихына көз жүгіртіп көрелік. Өткен ғасырдың басындағы қазан революциясынан кейін-ақ, әйгілі Эйзенштейн

бастаған бір топ кинематографтардың еңбегінің арқасында деуге келер, орыс киносы дүние есігін айқара ашты. Бұл кино мамандары жемісті де жеңісті еңбек етіп, ұтқаны – алдарына қойған нақты ұланғайыр мақсаты еді. Оларды кемел келешекке сүйреген саяси тұрғыдағы болсын, жалпы қоғамдық болсын бір идеятұғын. Кеңестік идеологияны кино тілінде шебер сөйлетіп, сан ұрпақтың санасына сіңдіріп жібергені соншалық, әлі күнге соның әсерінен айыға алмай жүрміз. Міне, кеңес киносының әлеуметтік қуаты. Ендеше, осы кешегі идеологияны ұмыттырып және батыстың басқыншыл киносынан арашалайтын төл туындыларымыз аяқ жолын тауып кетуі үшін ұлттық идеяны ту етіп ұстап, мемлекеттік деңгейде ұлттық кино саясатын түзу қажеттігі туындайды. Мәселенің дәл қазір осылайша өткір қойылуына біздіңше, кино мамандарымыздың отаншылдық рухының кемшіндігі мен кәсіби шеберлік деңгейінің төмендігі басты себепкер деп айтуға мәжбүрміз. Алдымен отаншылдыққа келейік, егер киногерлеріміз елін-жерін құлай сүйіп, өзі айналысқан өнеріне шын жаны ашыса, бүгінде бізді қазақ киносы ұлттық па, ұлттық емес пе деген сұрақ мазаламас еді. Кешегі кеңестік идеология кезінің өзінде артына өшпес із қалдырған Ш.Айманов, М.Бегалин, С.Қожықов, А.Қарсақбаев сынды режиссерлеріміздің туындыларын экраннан көргенде көрермен көкейінде «Картина ұлттық па?» деген сауалдың тумасы анық. Әйткенмен, сол кісен-шынжыр үзіліп, азаттығымыздың ақ таңы атқан он үш жылдан бері нағыз қазақ киносы туатын уақытта, ұлттық киноға жарымай отырмыз. Осыдан кейін азат еліміздің атағы дардай киногерлеріне қарныңыз ашпағанда қайтсін. Отандық мүддені көздемеген суреткердің кәсіби шеберлігіне сын айтылуы керек. Соңғы он шақты жыл көлемінде әлемдік деңгейдегі жарнамасымен алғашында жаңалық ретінде қабылданған «жаңа толқын» режиссерлер мазмұн мен форма, стиль мен декорация жағынан емес, күні бүгін идеялық тоқырауға ұшырады. Бұған бар шығармашылық мүмкіндіктерін сарқып, көкейіндегілерін айтып болғандықтары дәлел. Соңғы кезде: тыңнан сүрлеу-соқпақ салып, соны ештеңе бере алмай жатқандары содан ба дейсіз. «Жаңа толқын» кеңестік жүйеге деген жағымсыз көзқарасымен жұртшылықты елең еткізгенімен, жалпы алғандағы адамның бойындағы түсініп бітпейтін үйлесімсіздіктерді термелеп кететін картиналары көрерменнің ішін пыстырып қоймай, ездеріне кері жарнама жасап алды. Өкінішке орай, бұл жайтты шет ел кинофестивальдерінен алып келіп жатқан

жүлделері ақтай алмады. Тек қана қазақ киносына қосқан жаңалығы ретінде кәсіпқой актерларсыз түсірілген режиссерлік картиналар екендігін атау ләзім. Дейтұрғанмен, жаттанды әрі таптаурын тақырыптарынан шиырлапшықпай анық бір идеяның жүлгесінен ұстау қажеттігін ұсынады. Олар жалаң пессимистік сарыннан ада-күде арылуы үшін, бір сәт жаңа қоғам құрып жатқанымызды естеріне жиіжиі салып отыруымыз қажет секілді. Бізге керегі – бүгінгі шынайы өмірді, олардың каһармандарын көрсететін кино. Әрине, бірең-сараң түсіріліп жатқан кинолар бар болғанмен, «жалғыз ағаш орман емес». Оның үстіне басқа жобаларға табылатын қаржы дәл ұлттық киноға келгенде жоққа саятыны қызық. Біздіңше, осының бәрі, оның ішінде бүтінгі күн тынысық ертеңгі болашақтың жарқын панорамасын көркемдік тілде кескіндеу нағыз кәсіби шеберлікті талап етеді. Жыл келгендей жаңалықты бұрынғы сүрлеу соқпақтан арылғанда ғана сезіне алады екенбіз. Әлемдік кинематографияда жалпы отыз үш сюжет бар деген түсінік үстем. Оны өзіңіздің ұлттық бояуыңызбен қанық етіп, иін қандыра бедерлей алсаңыз ғана нағыз өнер туындысын тудыра алғаныңыз. Ол ұққанымыздай ұлттық рухы биік кәсіби шебер кино маманының қолынан келеді. Бұны әсіресе, тарихи картиналарды жасаушыларымызға қаратып айтуымыз әбден заңды. Қанша талпынғанымен қазақ киногерлерінің бұл тұрғыдағы қадамы сәтсіздіктерге ұрынды. Қыруар қаржының қайырымы тұрмақ, кинолентаның шаң басқан сөрелерден ғана орын алғанына ішіңіз ашиды. Оны қазақ киносына деген немқұрайдылық қана емес, салығын төлеп отырған халық пен сол қаржыны зор үмітпен бөліп жатқан мемлекет мүддесіне деген самарқаулық демеске лаж жоқ. Бұдан шығатыны, ұлттық киноңыздың тағдыры шынайы отаншыл әрі биік кәсіби шебер санаттағы киногерлердің жауапкершілігінде. Енді осы кемшіліктерді қалай түзейміз дегенге келейік. Біріншіден, маман даярлау ісіне жете мән берілуі тиіс. Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтына артылар жүк ауыр. Ең алдымен мамандықтан да бұрын адамдыққа – өз ісіне білгірлік пен бірге отандық кино өнеріне деген жанашырлыққа баулу жағын қарастырса, артық емес. Ұлттық кино – тек ұлттық режиссура емес, ұлттық продюсер, ұлттық драматург, ұлттық оператор, ұлттық актер, ұлттық суретші және ұлттық кинотану ілімі де. Кино түсіру мүмкіндігіміз шектеулі кезде сонша маман даярлай беру қажеттігі қаншалықты деген сауал тууы мүмкін. Көпсандылықтан сапалылық шығатынын ескерсек,

жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар туады. Оның үстіне бұрынғыдай емес, қазір Мәскеудің кино мамандарын дайындайтын беделді оқу орны – БМҚИ-де (Бүкілодақтық мемлекеттік кинематографистер институты) қазақ өрені үшін онда орын да, жағдай да жоқ. Екіншіден, Мәдениет министрлігі біз қамтыған және қамтылмай қалған қазақ киносына қатысты барша мәселелерді ескере отырып, ұлттық кино концепциясын қабылдайтын кезі келді. Оған бұрынғы күйретіп алған кино жүйені шама-шарқынша қалпына келтіріп, кинопрокатты жолға қою, батысша сайрап келген кинотеатрлардың ұлттық киноға бетін бұру, телеарналар мен видеосетьтерде «қызықсыз» болып қалған қазақ киносының кемшін тұстарын зерттеу, зерделеу мен тек қана ұлттық көркем, деректі, анимациялық фильмдерді түсіру үшін қаражат бөлу және оның жүзеге асу деңгейін саралап отыратын керкемдік кеңестер құру сияқты басқа да қадау-қадау мәселелер кірсе керек. Үшіншіден, көрерменіміз ендігі жағдайда демократия принциптері бойынша қалтасынан салық ретінде алынып, киноға жұмсалатын қаржыға, оның шын мәнінде өтеліп, шынайы отандық өнім – ұлттық киноға айналуына бақылау жасап, көңілден шықпаған жағдайда талап етіп отыруы уақыт тудырған қажеттілік. 2003 жыл ҚАЗАҚ КИНОСЫ ҚАЙДА БЕТТЕДІ? Білгірлердің айтуынша, қай қоғамда, қай заманда болсын әлеуметтік-экономикалық ірі тығырықтар мәдени-рухани ұлы сілкіністердің (ренессанс) бой көтеруіне себепкер. Мұның аныққанығын ақ бас тарих алға тартқан. Зерделей қарасақ, қазіргі өмір мен өнердегі хал-ахуалымыздан өзекті ойды тайға басқан таңбадай танимыз. Яки, ақиқаттың аксиомаға айналғанына шүбә жоқ. Әзірше әдебиет әлемімізде үнсіздік. Сірә, зор сілкіністен кейінгі қайталанбас қопарылысқа қомданып, қоңданып жатса керек. Өнердің ішіндегі ұшқыры киномыз күрт өзгеріп, бұла бұлқыныс танытты. Қазақ деген халықтың бар екенін ескертіп, әлемнің назарын өзіне аударуда десек, асық айтқандық бола қоймас. Соңғы жылдары «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген аз ғана картиналарымыз жер шарындағы «санаулы» фестивальдардан құр қол қайтып жүрген жоқ. Яғни, әлем мамандары бағалаған фильм ешқандай да осал емес. Ендеше, сол деңгейден табылатын бізде кино өнері бар. Алайда, бұл

құбылыс қазақ халқы үшін тән бе еді? Сонда қазақ киносы қайда беттеді? Осы сауалдардың басын ашып алуымызды уақыт талабы тудырып отыр. Әрине, әрбір жаңалық алдымен аз тосырқатып алып, артынан заңды құбылысқа айналады. Пайымдауымызша, қазақ киносындағы «жаңа толқын» және ондағы қайта өрлеу дәуірі зерделі көрермен үшін іздегенге сұраған. Киногерлеріміздің айтуынша, кезінде «Қыз Жібекке» де тосырқап қарау бастан өткен деседі. Бүгінде бір ғажабы – киномыздың интеллектуалдық потенциалы жоғарырақта жатыр. Әттеген-айы, оның оң жамбасқа атып ұрып ұғына кететін керермен қауымның қарасы қалың тұманнан айқындалмауда. Демек, ойсыз оқиғалы немесе шектен тыс сезіми үнді фильмдеріне, КТК-дан күнде көрсетіліп жүрген атыс-шабысымен жартылай жалаңаш көріністерге үйірсек көрермендерімізді арашалау міндеті тұр. Жоғарыдағыларды нақтылай түсу үшін «жаңа толқынның» бірденбір өкілі Серік Апырымовтың еңбектерін алға тарта отырып, сөзімізді дәйектеп көрелік. Алғашқы толықметражды «Қиян» фильмі сәтті шықты. Тіпті қазақ өнеріндегі боямасыз тіршілігіміздің экрандалуы кімді болсын елең еткізді. Құр елең еткізген жоқ. Кино әлемі аузымызға қарады. Біздегі шолақ белсенділер шошып кетті. Авторды атарға оғы болмағандар құр боқтаумен тағат тапты. Кезінде орыстар үлкен суреткерлері Андрей Рублевтің фильмдерін көріп: «Орыстар ондай емес!» деп айқай салған. Бұл жерден шығатыны, қанша қарғап, сілегенімен орыстар Рублевтен безіп кете алған жоқ. Өйткені, суреткер халқының көкейіндегісіне терең талғампаздықпен үңіліп, көркемдік шындыққа шығара білді. Бұл құбылыс халықтың өнері үшін де, өзі үшін де көктен сау ете түскен бөгде дүние емес. Бауыр еті – төл баласы. Тек тылсымы тосындау екені рас. Мүмкін, ұзақ сонар жол соғып тастаған шаршаудан кейінгі қайта шарықтау. Өз арамыздағы Апырымовтың тұңғыш туындысы мамыражай қалпымызға түрен салып, түрпідей тиюімен сол қатарға қосылады. Демек, «Қиян» қиялдан немесе кездейсоқ туындаған жоқ. Оны сол күйінде сүйсініп көре алмағанымыз шындық. Картинаны тамашалағанда аудиторияны не жылмысқы күлкі, не жиіркенішті күңкіл кернегенін сезіндік те. Белгілі киносыншының: «Көп кино мамандары жиналған фестивальде «Қиян» фильмін көріп отырып, олардың бірде-біреуінің не күлгенін, не қайғырғанын көрмей таң қалдым» – деуі бізді тіптен қызықтыра қоймас. Аталмыш жайттар айналып келгенде ойды анықтап алуға мұрындық.

Осы «Қиянды» аяқтап, көңілді бір демдеген соң, екінші фильм турасында режиссер ойланбас бұрын бір күйзелістің көкейін кернегені өзіне ғана аян шығар. Сол күйзелістен ішкі дүниесін күйретіп алмас үшін амалсыздан түсіруді мақсат түтпаса да «Сергелдең» картинасының дүниеге келуі былайғы жұртқа беймағлұм. Апырымовтың бұл екінші фильмі расында ішкі сезімнің сергелдеңінен туып, көркем өнердің өкшесін баса алмағаны байқалады. Дегенмен, түкке тұрмайтын картина деп баға беруден аулақпыз. Түсінігі терең адамға әдемі-ақ туынды. Әлгі «Қиянмен» рухани бір ізділік тауып, толықтырылған. Алайда, режиссердің өзі мойындағанындай былайша кино түсіруге болмас еді. Бірақ, түсірілді. Бастысы – ішкі сезімнен қалай да құтылу керек болған. Қарап отырсақ, бұл – қажеттілік. Әлгіндегі қайта өрлеудің біздіңше бір сыры осында. Өнер өседі, тоқырайды, қайта қарқын алады. Бірақ, өнердің өшуі мұндай құбылысты маңайлай қоймас. Ендігі фильмнің не туралы болмағынан ойлы оқырман құлағдар. Онда тебіреніс-толғаныс та, тән құмарлығы да жоқ. Жай ғана қазақтардың XX ғасырдағы болмысы, бітімі өрнек таппақ. Мұндағы режиссердің ұстанбағы – атом ғасырының аңғалақтау қазағын Абай уақытындағы, арда қазақтармен қауыштыру. Халықтың тілінің ұшындағысын өзіне қайтарып беру. Қаншалықты ақиқатқа айналарына алдағы күн куә. Тобықтай түйінді тарқатып айтқанда «Қиян», «Сергелдең» секілді картиналарын түсіріп, «Абайды» сомдамақ болды. Серік Апырымов пайымдауымызша, әлі өзінің соқпағына түсіп кете алған жоқ. Қайта көркемдік биігін іздеуде. Көп кешікпей кемеліне келіп, үнін үркердей топқа емес, үлкен аумаққа естіртетініне сенім бар. Оны қалай, қайтіп іске асыру өз еншісінде. Мұнымен біреудің ішкі дүниесіне қол салып, сұғанақтық жасағалы отырғанымыз жоқ. Бәрі қазақ киносындағы қайта өрлеу дәуірінің себінен келіп шығуда. Өз басым әзірше осы сілкініс дегенді С.Апырымовтың алымы мен қадымынан байқағандаймын. Бұл құбылыс бүкіл қазақ киносын түсіріп жүргендерден байқалады деу қате. Дегенмен, олардың қарасы аз деп те айта алмаймыз. Олардың бар басын қосып ортақ сипат табу да қиын. Қайта өрлеуді қалыптастыратын бұл жерде тек жалғыз Апырымов деген үғым тумаса керек. Осы үдеден шығар үркердей топқа кіретін біршама жігіттер бар. Олар: Б.Қалымбетов, С.Нарымбетов, Е.Шынарбаев, Т.Теменов, Д.Өмірбаев тағы басқалар болар.

Бір есепте бүл жігіттердің жасаған дүниелерінде сатып алып пайдалана салатын тауар іспетті арзанқол қасиет жоқ. Соған қуанасың. Бір кезде шыққан «Ине» құралыптас картиналардың қазірде ізі қалмаған. Өкінішке орай, сырт көзге бұл қайта өрлеудің қарқындауына қол ұшын ұсынғандай көрінеді. Осы ретте ашып айтайық. Шет елде қаншама сый-сияпатқа іліккен фильмдердің бәрі әлгі дәуірлеуге демеу деу – ағат сөз. Киногерлеріміз кешіре жатар, фестивльдерге арнап картина жасау әдеті біршама режиссерларымыздың бойында бар. Алдымен өнер ұлттық һәм халықтық болуы қажет емес пе? Дәл бүгінгідей қайда қарарын білмей, алдағы күнге алаңдаушылық танытқан қауымға тірек – өнер. Өнер – адаспауға тиіс. Адасса – бүтін халықты қасіретке апармақ. Осыны режиссерларымызға қадағалап айту парыз. Кино сыншыларымыз қазіргі қазақ режиссерларынан атап айтқанда: кәсіпқойлық шеберлігі шыңдалған, бірақ, ұлттық менталитеті жеткілікті болғанымен кәсіпқойлығы кемшін деп екі топқа бөледі. Қиыны – кәсіпқойлықты бірдеңе қылып қальштастырғанмен ұлттық айшықты игеру оңай еместігі жанға батады. Расында бұл жайтты қалыптасқан ахуалдан анық аңғарып жүрміз. Кезінде орталықтың оқуы орыс тілді режиссерларымызды дайындағаны ақиқат. Олардың бетін өзімізге бұру аса ауырлық туғызатыны түсінікті. Енді бұл толқын осы тұрқын қазақыландыруға тырыссын, тырыспасын өз арналарынан асып еш жаққа кете қоймас. Ойтамызық үшін қайсыбір қырларымен танылған режиссерларымыздың еңбектеріне тоқтала кетейік. Марқұм Қалықбек Салықов алғашқы «Балконьшен» социалистік қоғамның солақай жағын әдемі ашып берген. Оны түщынбай көру мүмкін емес. Тіпті сол қоғамның бойынан сығып алынған сұлулық символы «Жынды шалыстау шалдың» кейпімен келісті. Оны қайта-қайта не автомобильдің, не трамвайдың қағып кете жаздауы көкірекке қона кетеді. Алайда режиссердың екінші үрейге толы картинасы көрермен көңілінен шыға алмаған. «Желтоқсан ашыналары» фильмі соның дәлелі. Мұндай шалалық (желтоқсан тақырыбын қозғаудағы) Талғат Теменовке де тән. «Адамдар арасындағы бөлтірік» фильмі әдемі туынды. Екінші картина «Қызғыш құстың» идеясы түсінікті болғанымен негізгі иірімдері ашылмай қалған. Біздікі екі режиссер да аталмыш фильмдерін асықпай шиырлау қажет еді деген тілек. Әйтпесе, халықтың дәл өзін экраннан көркемдік дәлдікпен көрсете алатын шеберліктері бар режиссерларға бұл көп томпақ келмес.

Дәрежан Өмірбаев, Ермек Шынарбаев сияқты режиссерлардың картиналарын әзірше үғыну оңай көрінбейді. Әрине, халық түсінбесін деп «Қайрат», «Сұрқай ұштағандағы орын» секілді картиналар жасауды мұрат тұтпайтын шығар. Дегенмен, тек киногерлер үшін фильм жасаудың қажеті шамалы ма дейсің. Оның үстіне аталмыш кинолар шетелдік Кавка, Бюхнер, Бунюель сияқты суреткерлердің көшірмесі іспетті, не оларға өлердей еліктеуден туған дүбәра дүниеге бара-бар. Актер Болат Қалымбетов режиссерлықты кәсіп ете бастады. Алғашқы аяқ алысы да жаман емес. «Айналайын» мен «Соңғы ызғырығы», «Сардар» кино әлеміне де, көрерменіне де жол тапты. Енді болашақты болжамдамас бұрын, өткенге оралайық. Жыл сайын «Қазақфильм» киностудиясы төрт-ақ көркем картина жасап келді. Қашанғы қаржының жоқтығы – қол байлау. Мынаған қараңыз: американдықтар бір киноға ең аз дегенде шамамен 25 миллион доллар жұмсаса, бізде бір картинаға, жүз мыңға жетер-жетпес доллар сығымдалып жұмсалады. Қалай десек те, әркім әліне қарай қам қылады. Бір ғана сонау 1993 жылы: «Әбілқайыр хан» (В.Пұсырманов), «Жас аккордионистің өмірбаяны» (С.Нарымбетов), «Махаббат станциясы» (Т.Теменов) және Швейцарияның Лакарно қаласындағы дәстүрлі 45-фестивальдің «Алтын қабылан» бас жүлдесін (гран при) жеңіп алған Ермек Шынарбаевтың «Сұрқай үштағандағы орын» экрандалған екен. Аз ба, көп пе? Болашақта Мексика, АҚШ сияқты кинодержаваға айналу мұнымен мүмкін бе? Ол үшін туындының халықтың мәні мен сапасы жоғарылау керек-ті. Бірақ, киноны нан тауып жейтін тауарға айналдыру қазақ өнері үшін әзірге таныс әлем болмай тұр. Қалай десек те, қазақ киносына бір жаңалық келгені жасырын емес. Кезінде Шәкен Айманов, Сүлтан Қожықов, Абдолла Қарсақбаев, Мәжит Бегалиндердің уақытында осы іспетті жаңалық жылт еткен де жоғалып кеткен. Бірақ жоғалып кеткен. Оларда мектеп, артынан ерген шәкірт болмаған деседі. Содан әдемі басталған үрдіс көпке бармай үзіліп қалған. Бүгін соның тағы бір бой көтеруі байқалады. Бұл енді қайта өрлеу бола ма, басқа бола ма белгісіз. Оны алдағы он жылдың көлемі айқындап-ақ берер. Ендігі қазақ киносының мектебін ұлттық тұрғыдағы шәкірттермен қалыптастыру қажет. Ол мүмкін қайта өрлеу емес, қайта түлеу болар. 1994 жыл.

АЙНАЛАЙЫН, «ТАЗША!» Қапелімде сіріңкенің шырпысын қарызға сұрау қиындық әкелген осынау сүреңсіз заманда өнердің көсегесін көгерту оңай емес. Десе де кино өнерінің тасын өрге дөңгелетуге үлесін қосып жүрген азаматтар баршылық. Солардың бірі – Болат Қалымбетов. Тоқсаныншы жылдардағы топырағымыздағы тұңғыш «Бүгінгі қазақ киносы» атты кинофестивальдің түсаукесері ретінде Болат Қалымбетовтың «Айналайын» картинасының көрсетілуі де заңдылық. Ендеше, сол заңдылықты әспеттейтін әлемге қал-қадерімізше үңіліп көрсек. Алдымен Болаттың азды-көпті еңбектерін атап өткен жөн. Алғаш дипломдық жұмысында Марал Сқақбаевтың әңгімесі бойынша «Тамшы» деген фильм түсірді. Кішкене кезінен киноға түсе бастаған Болат бүған дейін қырық рөлде, оның ішінде он үш басты рөлде ойнаған екен. Мысалға: «Балалық шаққа саяхатта» Бектастың, «Қызылтас заставасы маңындада» Қабыштың, «Біздің Ғанида» Айдардың, «Адамды қабыл алыңдарда» Тұшқанның сан қилы образдарын сомдағаны көзі қарақты көрерменге таныс. 84-ші жылы Каунастағы бүкіл дүниежүзілік кинофестивальда «Алаң жиегінде» («У кромки поля») фильміндегі Ермектің рөлін ойнағаны үшін лауреат атағын алды. Күйреген империямыздың Кинематографистер одағына да мүше болған. «Айналайын» фильмі өз алдына бір төбе. Ол бір жылда (1992 жыл) үш бірдей халықаралық кинофестивальге қаты-сып, мамандардың жоғарғы бағасын иеленді. Монреаль (Канада), қатысқаны үшін диплом, Мюнхен (Германия), конкурстан тыс қатысты, Нант (Франция), үш қүрлықтың халықаралық кинофестивалінің жүлдесі және Иранда болып, табыспен оралды. Болат Ысқақовпен (Катарсис) бірге түсірген «Соңғы ызғар» («Последние холода») фильмі Италияның Турин қаласына әлемдік фестивальге шақырылған. Әзірше, осындай жетістіктер бар. Әлі бола жатар. Мәселе мәуелі ағаштың жеміс бере беруінде емес, оны жалпы әлеуметтің кәдесіне жаратуында. Рухани қажеттілікті өтеуінде. Бұл тұсқа келгенде көп дүниеміз аяғынан ақсап жататыны жасырын нәрсе дей алмаспыз. Болат Қалымбетов: «Өнер ұлттық болуы керек, басқасы өнерге қарап өресін түзер» – деушілердің жағында. Ұлт өзінде бар қасиетті жалпы адамзат игілігіне айналдыру қажет...» (Рабиндранат Тагор). Әдемі сөздің көкейге қона кететіні бар. Өкшіштісі, қазіргі киноларымыздан ұлттық үрдісті байқай қою қиын. Бірақ, әлемдік

деңгейде біразының мерейі үстем. Өйткені, ұлттық дүниетанымды қоя тұрып, адамзаттық бел-белестерден бек аспаса да сол тұрғыдан табылуға тырысады. Оған үлттық менталитет жетіспейтін батысшыл суреткерлер бөркін аспанға лақтыра баға бермегенде қайтсін. Кезінде орысшылдық ой-сананы билеген уақыттың жазылмас жарасы да ол. Оны емдеу оңай емес. Содан да болар, Болаттың ең бір қинала айтатын нәрсесі осы – ұлттық құнар. Дәл қазір бұрнағыдан дертіміз күшейді, деміктік. Біз соған мәз секілді сергек сілтейміз. Бұған қауіптене қарайтындар қатары қобырап барады. Суреткер мұны тап басып, тамырын тауып, өзінше ой толғап «әуре». Түйсіксіздеу санамызға үңілу үшін үлкен дүниені дөрекі түсіндірмей, сезім пердесін түріп, нәзік назды нәпақа қыл деп қиылады. Бұл жерде ешкімге кінә да артпайды. Өкпесі де жоқ. Сонда атом дәуірінің алпауыт аранын ауыздықтаған не күш?! Айналайын – деген сөз құдіреті. Суреткердің қызған шеберханасынан шыққан сезім шеберлігі. Мәңгілік тақырып – махаббат арқылы оқиғаны өрбітеді. Тұнып тұрған трагедия. Қазақтың қайғысы, шері, мұңы бәрі бар. Мұның соңы құрып біту, тыну емес. Мәні жоғарыдағы мерезі бола бастаған махаббат межесі турасында ой салу, сенімге сәл де болса қамшы басу. Ұлтжанды көрермен қауымының көкейіне дөп келетін «Айналайын» фильмі осындай кемел танымды, келер таңыңды алдыңа жайып салады. Картинаны көре отырып, шекеңе шым-шымдап жиылған тер түйіршіктерінің үзіліп түскенін байқамаған болар едіңіз. Әрине, көз алдыңыздағы дүниені сезіне, сіңіре алсаңыз. Бүгінде азып-тозбаған жер-су бар ма? «Есеңгіреткен экология, ебін тапса емге дауа» деп те тіл қатады фильмнің өне бойынан ескен леп. Бірақ, қайтіп? Қазақстанды бақандай 22 полигон сынақ алаңына айналдырып келді. Басқасы былай тұрсын 22-сі солқылдатып сорғанда жер-ананың не тамтығы қалады? Тарамысы тартылғаннан тынысы тарылып, екі аяқты пендеге бедірейе бәдәуилік танытпағанда қайтсін. О баста сол шеңберден шыққандардың әмірі еді ғой бұл. Суреткердің мұны кішкене картинаға сыйғызып, авторлық бастаманы сәтті бере білуі шын мәнінде шеберлік. «Жүдеуі жеткен, кенеуі кеткен сықпытсыз ауыл пошымы бұрнағы кедей жатақ, қаймана қазақтың жұртта қалған тіршілігін көз алдыңызға келтіреді. Қүм суырған иен даладағы ылғи жермен-жексен тәпелтек тоқал тамдар. Аңқаны қабатын ыстықта аңыраған түйелер тоз-тозы шығып ауылды аралап жүр. Нені іздеп жүр екен олар? Шөбі шүйгін, бойға қуат берер дарқан дала қайда?

Ит байласа тұрғысыз «өлі өлкеде» туған топырағын қимаған адамдар тірлік кешуде. Бар ермек ететіндері ащы суды ауызға алу ғана. Мектеп маңында балалар «противогаз» киіп доп қуалайды. Өздері мәз. Ашық аспанның астында емен-жарқын асыр салу қара баланың маңдайына жазбап па? Ауыл маңындағы аждаһаға кімнің болмасын көзі түсіп, көңілі құлазитын. Қартаң ақсақал (Қасым Жәкібаев) ақыры бір байламға келіп, оның көзін құртпаққа бекінеді. Не керек, іздегені алдынан тілемей-ақ табылып, жеме-жемге келгенде әлгі аждаһа өзінен-өзі отқа оранды. Ақсақалдың қуанышында шек жоқ. Бұл жай жарылыс емес, көптен күткен пәс көңілдің жемісі. Жас жігіт Әлішер (Фархат Сейфуллин) шойын жолдың үстінде боздаған ботасының мұрнынан мықтап ұстап, сүйрете кетіп барады. Ботасы әлсін-әлсін атырынып, ауылына қарай босанып кеткісі келеді. Екі көзінен парлаған жасын жасырғысы келген Әлішер оны қайдан жібере қойсын. «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, Туған жерден айрылған жаман екен, Екі көзге мөлтілдеп жас келеді» деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Осылайша, алпыс екі тамырыңыз амалсыздан шымырлап, бойыңыз босап кетеді. Айтыңызшы, мұндай ұлы қайғыға мойымай, туған жерін тастап кеткісі келмей жүрген абзал жүректі азаматтарға айналайын деген жылы сөзден басқа не айта аласың. Бұл – «Айналайын» фильмі Болаттың режиссер ретіндегі алғашқы аяқ алысы. Бұған дейін өз бағасын алды. «Бастапқы доңғалақ қайда барса, соңғысы сонда барады» дейді халық нақылы. Рухани бір ізділіктің ендігі кездегі жүре қалыптасатынына имандай илансақ та болады. Қазір жалпы әлеумет қандай тығырыққа тірелгенін біле алмай дал. Кейбіріміздің материяға санасын сатқан саудагерден айырмамыз шамалы. Заманына қарай адамы өсіп, өтпелі өкпек желге төсін тосты. «Біз кімбіз осы?» деген сауал суыртпақтасақ, ортадан суырылып шығып жөн айтар жан бар ма бұл жалғанда? Қайдам? Арамызда аты мен қаны ғана қазақ бауырларымыз беттің қызылын қоюырақ етіп тұрған жоқ па? Содан да болар, «Өнер ұлттық болу керек» деп ой тұжыруымыз. Осы орайда бір атаудың сәті түскен секілді. Ол кәдімгі – Тазша. Бүгінде бүл кейіпкерден айнымайтын адамдар қорғансыз қоғамда күн санап көбейіп келеді. Бүған дейін де біздің тағдырымыз Тазша

баланыкіндей көз алдымыздан сынапша сырғып өтіпті. Нанбасаңыз, сәл шегініс жасап, сөзімізді сабақталық. Бірде Тазша бала жөнінде кино түсірілетінінен хабардар болдық. Режиссері – Болат Қалымбетов. Сонымен Болат не дейді? – Алдымен қазақ өнері жөнінде аз ғана айта кетсем деймін. Мен он жасымнан бастап киноға түсе бастаған екенмін. Сондықтан, ортам жайында сөз қозғамау айып болар. Қазақ киносын түсіріп жүргендерді көріп, кейде ұяласың. Алған материалдарды түсінбей тұрып, сол турасында фильм жасауға асығамыз. Көп дүниені өстіп құрттық қой. Меніңше, М.Бегалин, Ә.Қарсақбаев, Ш.Айманов, Ш. Бейсембаев сияқты арыстарымызды ұмытпауымыз керек. Бір фильм түсіріп аспанды тіреп жүргендеріміз де жоқ емес. Бұл өз бағасы дұрыс берілмеуінде деп топшылаймын. Бәрінен бұрын ұлттық өнерді қалыптастыру ауадай қажет. Ол үшін қаржы керек. Президентіміз көмектесіп жатыр. Рахмет. Бірақ әлі де болса жыртығымызды бітесек, тесігіміз бар дегендей... Ал, енді алдағы түсірілмек фильм жөнінде айтсам, аты – «Тазша». Құдай қаласа, фильміміз сәтті шықса, халқымыз рахметін жаудырар деген ойдамыз. Бәрі ісіміздің оңға басып кетуіне байланысты. Болашақ фильмнің қоюшы суретшісі, сценарий авторларының бірі – Сәбит Құрманбеков те былай деп пікір қосты: «Біздің Тазшамыз ертегінің кейіпкері емес. Қазір екінің бірі – Тазша. Соны көрсеткіміз келеді. Картинаны отанын, елін, рухын білмейтін жастарымызға, шетте жүрген қандастарымызға арнаймыз. Тазша көп таяқ жейді. Сөйте жүріп туған елінде өз Отанын іздейді. Оған бір хан өз жерінде жүргенін айтып түсіндіреді. Осындай шымшытырық оқиғасы мол картинамызды өз орнын айқындай алмай жатқан халқымызға, ащы-тұщыны көп көрген қазақтарға, жастарға ұсынамыз». Келешек киномыз жөнінде көп ой толғамай-ақ қоялық. Алдымен шықсын. Фильмнің идеясынан аз да болса, мағлұмат алдық. Тәуірі көріп, біліп, өз санамызбен салмақтаған ғой. Дегенмен, тартқан тауқыметі қашаннан таусылмаған халқымыз бұл картинадан боямасыз өзін ғана көре алатынына алдағы уақытты төрешілікке қалдырайық. Тек соны тереңнен сезіне алатын рухани салауаттылық салтына жете алсақ, шіркін! Бұ да біздің тазшалық трагедиямыздың ойсырап, ойлантатын тұсы. Дұрыс, Тазша ертегіден есімізге елес беретін, бар жұмбағы өзіне белгілі бейне. Біздің бір күні бағзы әфсана әлеміне айналуымыз

нешік. Яки, Тазшамыз да, басқамыз да заңды құбылыстың құлымыз. «Әркімді заман сүйремек, заманды қай жан билемек? Заманға жаман күйлемек. Замана оны билемек» – дейді дана Абай. Расында заманды қай жан билей алады? Ең... ең болмаса «Айналайын Тазша!» деген аяулы, жылышырай сөзге зар қағып, қаншама бейбақ бұл фәниден өтіп жатыр. Өтіп жатырмыз... Әлгінде рухани бірізділік дегенді айттық. Шындығында, Болаттың «Айналайыны» мен «Тазшасы» Алла жазса дейік, бір-бірін толықтырып, жіңішке тартылған желімен байланысқалы тұр. Рухани бірізділік жақсы нәрсе. Сіңірер құлақ, сезінер сана болса... Солай емес пе, Айналайын Тазша?!. 1993 жыл. ТАНЫМ МЕН ТАҒЫЛЫМ «Отырардың ойраны». Мұндай күрмеуі көп, тағылымы зор, тарихи тақырыпқа барудың өзі батылдықпен бара-бар. Олай дейтініміз, біз тарихи тақырыптарды экрандауда кенже қалып жүрміз. Оның үстіне, терең білім мен таным таразысына салып, салмақтау да оңай шаруа көрінбейді. «Отырардың ойраны» фильмінің жетістіктері жайында бір ауыз сөз. Оның алғашқы қойылымы болғаннан-ақ киносүйер жұртшылық жылы қабылдаған. Түсіріліп біткен түста Ашхабадтан «Күміс жарты ай» бас жүлдесін алып оралды. Сондай-ақ, талай танымал сайыстарға қатысып үлгерді. Атап айтқанда, Монреальдағы аламан бәйгеде ФИПРЕССИ сыйлығын еншіледі. Фильм актерлері де атаусыз қалған жоқ. Басты рөлді аса шеберлікпен ойнағаны үшін Доқторбек Қыдырәлиев «Кинотавр» сыйлығын алды. Орта Азия, Қазақстан және Әзірбайжан киноактерлері бәсекесінде Қайыр хан бейнесін сомдаған Тұңғышбай Жаманқұлов ең үздік ерлер рөлінің сыйлығын иемденді. Бұл қазақ киносы, әрбір кино төңірегінде айтқанда, аз табыс емес. Дегенмен, бүгінгі көзқарас тұрғысында қанағаттана қоймауымыз әбден заңды. Жалпы біздің тарихи фильмдерде сауыт-сайман, садақ, қылыш, қалқан сияқты қарудан басқа соғыс құралдары кеңінен қамтылмай, жұтаң тартып тұратын әдеті. Мысалға, Отырардың алынуына басты себеп, тасатқыш құрал болатын. Көлемі үйдей тастармен атқанда қамал қабырғалары қақырап, алып тастар шашылып түскенде қыпшақтар елеулі шығынға ұшырап отырған. Осы іспеттес жойқын қаруларды

моңғолдар жаулап алған Қытай секілді ірі елдерден олжалаған еді. Ақыры Отырарды алуда тасатқыштар оларға негізгі тірек болған. Фильмде Шыңғысханның сонша жауыздығы көрсетіледі де, оның сұңғыла білгір басшы болғандығы адами тұрғыда қамтылмайды. Сонымен қатар, осы фильмнің сценарийін ленинградтық С.Кармалита мен А.Германның жазғандығы ойландырмай қоймайды. Шыньш айтқанда, жоғарыдағыдай жетіспеушілік жайлар тарихи білімсіздіктен деуге келеді. Байқап отырғаныңыздай, сценарийстерге жүктелетін міндет жеңіл емес. Бұл ойымызға режиссер Ардақ Әмірқұлов қиналмастан: «Маманданған киносценаристер бізде жоқтың қасы» деп жауап берген. Өзіміздің ұлттық бояуымызды, сан тарау тарихымызды көрсететін фильмді ендігі жерде өзге ұлт өкілдерінің түсіріп беруі қалай болар екен? Тарихымызды жіліктеп, өз орнына қойып беретін азаматтарымыз баршылык. Неге соларға өтініш жасамасқа? «Отырардың ойраны» фильмі туралы аз-кем айтарымыз осы. Неге екенін қайдам, мүмкін қанымызға сіңген үлттық қасиет пе екен, әйтеуір аталмыш сынды жаңа туындылар туралы тек марапаттауға құрылған дүниелер ғана жазылатыны әдет болып барады. Біз сол ескі құрсауды бұзуға талаптандық. Біз айтқандай, үлкенді-кішілі кемшіліктер болмаса, жұрт көңіліне ұялаған дүние. «Көрмейін десем, көзім бар» дегендей, көзбен көріп, көңілге түйгенді айтпай кетуді жөн көрмедік. 1992 жыл. КИНО БЕЗ ЗРИТЕЛЯ У казахстанского кино есть не только замечательное прошлое, но и будущее. Фильмы – и художественные, и документальные, – отснятые нашими кинематографис-тами, все чаще получают престижные награды на различных конкурсах, кинофорумах. Мы все гордимся этими достижениями, критики все чаще обсуждают проблсмы «нового казахского кино», так называемой «новой волны». Но есть и другой взгляд на это явление. Едва ли не диаметрально противоположный. В его пользу говорит тот факт, что конкурсные просмотры кинофестиваля «Звезды Шакена» проходили, увы, не при переполненных залах. Взгляд этот, безусловно, имеет право на существование, тем более что истина рождается в столкновении мнений.

Идея этой статьи родилась у меня во время просмотра фильма «Аксуат» режиссера С.Апрымова. Если смотреть картину глазами кинокритика, то она вполне удалась. Но зрительская аудитория при­ держивается противоположной позиции. Вот об этом и хотелось бы поговорить. Сама полярность мнений говорит о том, что у нас на-рождается новый кинематограф (какой идеологии и какого мастерства – это дру­ гой разговор), и о нем уже можно говорить. Упомянутый фильм не единичное явление. Появился ряд фильмов, где претензии на элитар­ ность и запутанный изобразительный язык полностью выхола-щива­ ют содержание и делают их непонятными, почти бессмысленными. Но если дистанцироваться от всех этих кинематографических наво­ ротов, то нетрудно заметить, что за всем этим маячит печально из­ вестная и старая, как мир, мифология искусства для искусства. Спору нет, упомянутая концепция искусства, как данность и как проблема, существует в мировой культуре. Но нам она не нужна. И вот почему: во-первых, национа-льный кинематограф должен стать национальным в истин-ном смысле этого слова и должен завоевать аудиторию. Он должен поставить надежный заслон на пути кине­ ма-тографического нашествия с Запада. Во-вторых, без-нравственно снимать элитарные фильмы на фоне нищеты и проблем. Сегодняшний разговор пойдет о фильмах режиссеров, гордо име­ нующих себя «новой волной». Многие из них получили блестящее кинематографическое образование в Москве, набрались культуры в Европе. Все это «показано» в их фильмах. Вначале мы аплодировали новым веяниям, радовались по­ бедам и призам, добытым на зарубежных кинофестивалях. Прошло время, и мы стали замечать, что фильмы эти ничем друг от друга, в сущности, не отли-чаются и тяготеют к сходству. Кинокритик Б. Но­ гербеков так охарактеризовал нынешнее состояние нашего кинемато­ графа: «Самое странное то, что сейчас нет фильмов, изображающих насущное, проблемы сегодняшнего дня. Помоему, «новая волна» вы­ работалась, исчерпала себя, но не стилистически, а идейно. То есть наблюдается идей-ный кризис. Пока наши режиссеры не могут вы­ говорить Нового Слова». В самую пору смутиться и спросить себя: элитарное ли на самом деле это кино? Или же наши режиссеры не способны снимать филь­ мы, кроме «элитарных»?

Когда-то А. Камю говорил: «Мы не могли писать, как Толстой, поэ­ тому мы стали писать непонятно». Лучше не скажешь. Чтобы создать непонятную вещь, болыпого таланта и знаний не надо, достаточно иметь интуицию. Согласятся со мной или нет, но мне кажется, что «новая волна» заболела именно этой болезнью. Например, беспоря­ дочный голубиный лет, напоминающий броуновское движение, на­ столько понравился режиссеру Д. Омирбаеву, что он вводит его в свой фильм как отдельный, «емкий» эпизод. Но, к сожалению, эпизод не несет назначенной кинематографической нагрузки. Чтобы «узнать» этот суммирующий знак, зритель должен обладать хотя бы соответ­ ствующим жизненным опытом. Иначе знак так и остается нерасшиф­ рованной загадкой. Реализм искусства – это простота и достоверность. Российский киновед Андрей Шемякин высказал очень точную мысль: «Не только российское, но и «новое поколение» режиссеров, выросшее на просторах СНГ, овладело в совершенстве искусством «непонятного кино». Суммируя социологические изыскания в этой области, он ставит диагноз: психологический вывих. «При посред­ ственном общении все кажется нормальным. Но в приватных разгово­ рах они начинают говорить непонятным языком непонятные вещи», – говорит он. Идея киноведа ясна. В искусстве не может быть скидок на возраст. Не знаем, какой степени вывих у нашего родного кинема­ тографа, но общий симптом порождает общую тему дискуссии. Мы привыкли судить о фильмах по их победам на зарубежных фестивалях. Это выдуманная шкала оценки. В наши дни появилось много неизвестных ранее самостийных фестивальных городов. Нет ничего проще, как сформировать худо-бедно призовой фонд и собрать жюри из нескольких знатоков. Эти фестивали не имеют между-на­ родного статуса. В современном мировом киноискусстве доминируют три направ­ ления. Первое – это коммерческие фильмы, захватывающие зрителя динамичным, игровым сюжетом. Второе – фильмы, в которых отобра­ жается духовная жизнь человека, его интимные тайны и которые на­ ряду с этим не отходят от канонов простого реалистичного повество­ вания. Третье направление – самое сложное. Для режиссеров этого направления самое главное – уровень профессионального мастерства. Они снимают фильмы безупречные с точки зрения чистого професси­ онализма и чистой техники, но... непонятные в художественном от­ ношении.

Анализ отечественной кинопродукции последнего деся-тилетия приводит к неутешительным выводам: большинство наших фильмов снято именно в традициях чистого кинематографа. Возьмем, к приме­ ру, фильмы «Разлучница» (реж. А. Каракулов), «Место на серой тре­ уголке» (реж. Е. Шынарбаев), «Кайрат» (реж. Д. Омирбаев), «Сон во сне» (реж. С. Апрымов). Опять же с точки зрения чистого кинемато­ графа фильмы являются образцами высокого профессионализма. Но давайте взглянем на эти фильмы глазами простого зрителя, который не знаком со специфическим (или, что скрывать, слишком развитым и слишком специальным) языком кинематографа, который восприни­ мает фильм эмоционально, как «взятым из жизни». В фильме «Кайрат» главный герой приезжает из аула в город. Пы­ тается поступить в институт, «проваливается» на экзаменах. Пере­ живает трудную и сложную драму адаптации к городской жизни... Но чувствует ли эту драму зритель? Сопереживает ли он главному герою? Нет. Почему? Потому, что фильм напрочь лишен понятных для зрителя коллизий, не обладает мерой впечатлений. Образ героя смазан, поступки его непонятны. Сказывается пустое увле-чение Лу­ исом Бунюэлем и Франсуа Трюффо. Уровень вполне достойный для того, чтобы вице-президент ФИП-РЕССИ Клаус Эрден похвалил его и сказал: «Фильм «Кайрат» – одно из лучших произведений «новой волны» в казахском кинематографе». Но для казахского зрителя этого уровня недостаточно. «Кино – один из самых влиятельных видов искусства, – пишет кинокритик Гульнар Актиинова. – Для любого нормального режис­ сера главная проблема – это заставить зрителя эмоционально ото­ зваться на переживания героя, заставить его сопереживать. В филь­ ме «Кайрат» ничего этого нет. Полное отсутствие чувств. Это один из скучнейших фильмов» («Кино әлемі», № 1, 1993 г.). После это­ го глупо требовать у зрителя высокого понимания кинематографа. Сложные картины, «написанные» давно уже оторванным от зрителя сложным кинематографическим языком, пока недоступны нашей родной аудитории. Было бы отрадно, если наши молодые режиссеры снима-ли по­ меньше этих элитарных фильмов, предназначенных для узкого круга киноведов и кинокритиков, и начали снимать побольше мудрых филь­ мов. Прецедент уже есть в истории мирового кинематографа. Напри­ мер, в конце 60-х и начале 70-х годов группа моло-дых индийских

режиссеров выступила против традицион-ной мелодрамы под пред­ логом того, что в этих фильмах много танцев и музыки. «Новая волна» в лице Мринала Сена, Васу Чаттерджи и Шьяма Веиетала создала слож-нейшие интеллектуальные фильмы. Но зрителя они не тронули. Эти произведения, лишенные национальной почвы и по­ строенные на чужеродной эстетике, 'сделанные» фильмы, заранее были обречены на неуспех. Несмотря на блистательный зарубежный триумф, у себя на родине эти фильмы так и не получили народного признания. Чсрез некоторое время «блудный» кинематограф вер­ нулся к родному дому. Можно с уверенностью сказать, что примерно в такой же ситуа­ ции находятся некоторые наши режиссеры. Наш зритель уже воспи­ тан на американских, западноевропейских, индийских авантюрных, романтических, живых фильмах. Его невозможно перевоспитать и заставить понимать стилистически сложные фильмы Д. Омирбаева и Е. Шынарбаева. Если представители нашей «новой волны» избавят­ ся от магии западного кинематографа и перестанут снимать фильмы, ориентированные на публику высокого вкуса, на элитных фестиваль­ ных зрителей Каннов, Локарно и Монреаля, и повернутся к простому зрителю – они нисколько не проиграют. Только проникнувшись на­ родным духом и глубоко постигая народную душу, ре-жиссер сможет снять фильм, который получит народное признание. А кто пойдет смотреть упомянутые фильмы? Кто-нибудь думал об этом до съемки? Режиссер, считаю-щий, что главное в произведении искусства не со­ держание – а форма, не правда – а стиль, не фильм – а кинематог-раф, вряд ли станет ломать голову над этой проблемой. Пока же «новая волна» не хочет снизойти до простой публики. Об этом свидетельствует их удручающая верность своим идеалам. И есть все признаки того, что «новая волна» оформляется в определенную традицию, формируя новое поколение кинематографистов. Таким об­ разом, речь идет не о временном, преходящем явлении, а о будущем национального кинематографа. Поэтому хотелось бы выс-казать кон­ кретное предложение. Казахскому кино требуется новое направление. На этом поприще должны сгруппироваться режиссеры, которые не нуждаются в мировом признании и не гоняются за призами, не ори­ ентируются на элитных, фестивальных зрителей и которые бы могли снимать фильмы своего народа. А народу всегда нужны не стилисти­ ческие изыски, а динамичные, живые фильмы, ясно декларирующие высокие моральные ценности.

Как бы то ни было, фильм, нашедший дорогу к сердцу зрителя, не может быть плохим. Нужно снимать побольше таких фильмов. Только тогда народ повернется лицом к национальному кинематографу. Невозможно остановить культурную экспансию призами, добытыми «новой волной» в Венеции, Мюнхене, Нью-Йорке. Кино должно иметь зрителя. Каким бы талантливым ни бьш фильм, но без зрителя он ничто. Когда-то мсье Трюффо, раскритиковав в пух и прах французский кинематограф, принялся сам снимать фильмы. Знаем. Трюффо снимал не хуже других, а во многих отношениях и получше некоторых профессиональных режиссеров. Если ситуация в нашем кинематографе, ставшая темой статьи, не изменится, то вскоре и у нас появится свой казахский Трюффо. 2003 жыл. ҮЗІЛГЕН ҰРПАҚ ҮНІ Театрға гүл апаруды ауырсынатын жағдайға жетіппіз... Шүкіршілік ететінің – құр қол болса да, өнер ошағына баратын жүрегінде оты бар көрерменнің кемімегені. Және сол сығырайған от пен сәулелі ошақтың шоғын көсейтін көркем дүниелеріміздің күн сайын көбейіп келе жатқаны. Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының репертуарына қосылған Әкім Таразидың «Індет» трагикомедиясы соның көрінісі. Біз енді «бәленше олай ойнады, бұлай ойнады» деген таптаурын және авторлық бастамаға татымсыздау жайтты алға тартудан аулақ болсақ жарар. Өнер адамының ішкі әлеміне қол сұғу көргенсіздік десек келісті. Саналы көрермен үшін, бастысы – артистің қалай ойнағаны емес, қалай ойлантқаны. Алдымен қойылымның трагикомедия аталуының себебін ашып алалық. Бұл өзі ғасыр басында қоғамымыз аттай қалап алған «өркениетінің» ұлы дауылпаздарының (Әзбергеннің) мәңгілік трагедиясы болса, оны түсініп-түңілуге түйсігі жетпеген сол бейшараның бос күлкіге кенелуі комедиялық кейпімен бүкіл болмысын бүкпесіз ашып береді. Яки, жеңіл мысқылмен адамзатты аздырған қиямпүріс қоғамның ащы шындығын аһ ұрып қабылдамау мүмкін емес. Өкініштісі, қойылым барысында залды репетсіз күлкі

кернеген. Алайда, саналы сараптауды қажет ететін салмақты дүние осындай екі қырлылығымен діттегеніне жеткен. Негізгі әңгімеміздің тиегі – атом ғасырындағы «өркениетіміздің» алпауыт аранына рухани және адамгершілік болмысымыздың азық бола жаздап, қайта ауыздықталған бүгінгі бүкілдей тазару, түлеу дәуірінің тобықтай тұжырымы көркемдік дәлдікпен кестеленуі. «Індет» трагикомедиясының жайып салар жан сыры жоғарыда айтқанымызға толық жауап бере алады. Оған Әзбергеннің (Д. Жолжақсынов) іс-әрекетімен өзге кейіпкерлердің оқиғаға қатысуы дәйекті дәлел. Өткен «өркениеттің» тамаша тартуларының куәсі болған аталарымыз бір әңгімесінде: «Сәбет өкіметі орныға бастаған шақта ауылдағы ауылнай бала бірде – бесін ауа үйіне келіпті. Аздап масаң болса керек. Содан намаз оқып отырған әкесін келіп теуіп: «Намаз оқуды тоқтат. Сәбет өкіметі келді. Енді жаңаша өмір сүру керек депті» – дескен. Дәл осындай жәйттардың ақиқат екенін айғақтағандай және мұндай шолақ белсенділердің жиынтық образын Әзбергеннің бойынан байқауға болар еді. Олардың ортақ ауруы да бір. Ол – індет. Індет жайлап, жайратып жіберген дегенде санамызға бағзы уақыттардағы дерт дендеп, шаңырағы ортасына түскен ауылдар оралар. Бұл індеттің беті басқа. Сорақылығы сонда – одан бүкіл қоғамның қасірет шегуіне тура келген. Онымен қоймай, ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан ұрпақ үні үзіліп, үздігіп келешек алдында күнәлі кейіпте қалды. Әзберген кешегі күні қолын қанға аямай-ақ былғап, бүгінде үлесі бардай қызметте жүрген қызылкөздің өзі. Өткен күнге оралсақ, оған қазір орын жоқ. Соны меңзеген өлі аруақтар маза бермейді. Әзберген әліне қарамай, оларға сенбей күлкіге айналдырып, тіпті партиялық жолмен тәртіпке шақырмақ болады. Өзі туған туыстан тұлдыр. Тікелей себепкері де – өзі. Әкесін ез қолымен халық жауы атандырып, итжеккенге жер айдатты. Әзберген соттың алдында: «Мен халық жауының баласы емеспін. Шешем үйде жүрген қүлмен ашына болып, мен содан туғанмын. Мен таза пролетариатпын» – дейді. Мұны естіген шешесі есінен адасып, зарлай-зарлай запыран құсып, құсалықтан көз жұмады. Бастығының көңілін табу үшін сүйген жұбайын пайдаланады. Бұған шыдамаған ол – о дүниелік болып кете барады. Мұнымен қоймай қомағай ажал болашақтың бейкүнә символына ауыз салады. Жо-жоқ, абзалы алдындағы азапты ауырсынудан емес,

сол сұмпайы ортада Сүлулығына нүқсан келтіргісі келмегендіктен бүл фәниден пәк күйінде кетуін қалаған. Әзбергеннің өмірге енді қанат қаққалы отырған қызының – қоғам бойынан байыз таппай, қонақтаған Сұлулық символының қылшасынан қиылған тағдыры, соның айғағы. Оның Сұлулық символы болатындығы сонда – өзін «керек кезінде» құрбандыққа шала білді. Рухани мешітінің тазалығына жан-тәнін салды. Бағзы біреулердің бүлдіруінен сақтанды. Басқа кейіпкерлер галереясы сияқты әбден жапа шегіп, бүтін болмысын жаралатқан жоқ. Сұлулықтың символына ғана тән морт сынып, мәрт мінез танытты. Әкесін де айдатып жіберген Әзберген баласына қайбір қайырымдылықпен қарасын. Бүкіл мектеп болып, әзер ұстаған, вокзалдарда түнеп жүретін бейшараны қызы қатты аяп, босатып жібереді. Ал, әкесі орталық жаққа қарай енді өсетін кезіндегі мына кесірге бұлқан-талқан ашуланып, қызына орталық жаққа: «Бүл істің, бәріне кінәлі өзім. Әкемнің ешқандай да кінәсі жоқ» деген хат жазғызады. Қызы хатты почта жәшігіне салғаннан соң, вокзалға барып поездың астына түседі. Содан осылай туған туысын жұтқан Әзберген қызметін істеп, бүгінге жетеді. Ескінің Әзберген секілді есерсоғын жаңа қоғам қабылдай қоя ма? Бүған шешім: әкесі мен шешесінің, әйелі мен қызының аруақтары түрса да, жатса да тыныш өмір сүруіне мүмкіндік бермеуі. «Күнің өтті. Енді еншінді ал да еліңе қайт. Саған жаңа заманда орын түгіл жер басып жүруіңе жол жоқ» дейді олар. Оны әбден әумесер болып алған Әзберген саналылықпен қабылдай қойсын ба? Олармен сөз таластырып, ақыры «жоғары жаққа қызметке шақырып еді, соны шамалы істеп кетейін» дейді. Ажалы «еле білу де өнер» деп ескертеді. Әрине, індеттің негізі – осы дүниеге келе білген бейбақтың енді кете алмай аласұрғаны. Қойылымнан түйер түйін мынау: індет тек бір буынға ғана пышақ ұрып қойған жоқ, оның алды-артындағы ұрпақтарды да қоса жаралады. Бірақ, жайрата алмады. Тек бүгін үрпақ үнін үзді. Оны жалғау жаңа қоғамның құрыш білекті құрылысшыларының қолында. «Індет» трагикомедиясында ең басты оптимизм бар. Қоғам қалап алған «өркениеттің» бойынан шыңғырып, сылынып шыққан сұлулық символы о дүниеден оралып, теріс аққанды оң ағызу үшін қарсы түрған қоғамның руха-ни тазалануына, бойындағы бар арам қаннан арылу үшін буырқануына көмекке келуімен көркемдік кесім көрініс табады.

Үзілген ұрпақ үнін тайға басқан таңбадай айғақтайтын Әзбергеннің қойылым финалында бармақ тістеп бара жатуы осы ойымызға қамшы. Не керек, бәрі кеш. Қорқынышты қоғаммен үніңді шығармайтын үрейдің құлы болмау керек пе еді. Қалай? Жалпы қойылым астарын ашуда, бояуын қанығырақ берудегі артистердің ойынына разы көңілде отырасың. Әзбергенді сан қырынан ашқан Досқан Жолжақсынов пен қызыл комиссарды дөп бере білген Балтабай Сейітмомытовтардың еңбегі анық шеберлікті көрсетеді.... Қорыта айтқанда, «Індет» трагикомедиясы уақыт тінін тап басқан туынды. Оны биік талғаммен таразылау қарақты көрермен қанжығасында. Қойылым соңында солып қалған бір тал гүлден актерларға таратып жүрген кісіні көз шалды. Әлгінде сахнадағы індет секіріп түсіп, жаныңа жайғасқандай. Көшенің салқын сызы бүгінге тиюі әбден заңды. Өмірдегі індеттен арылармыз-ау, өнердегіден ше? 1994 жыл. ТЕАТР ТОРЫСЫ Қазаққа өнердің көбіне нағашы жұрттан қонатыны бір заңдылық. Актриса Ғаникамал Байқошқарованың нағашы атасы өнерлі, ойлы адам болса, апасы сырнай тартып ән салған. Әжесі Тобықты руынан шығыпты. Абайдың балалары Ақылбай, Мағауия бұлардың үйімен араласып жүрген. Тіпті Мұхаңмен – Мұхтар Әуезовпен бірге жүрген нағашы атасы Мұсатай заңғар жазушының рухани досы, сырласы болған. Мұхаң Алматыға біржола кетерінде: «Мұсеке, екеуіміз сонда бірге барсақ қайтеді» деген қолқасына: «Алдымен өзің барып орналаса бер, сонан соң барармыз» деп Мұсатай ақсақал туған топырағын қимай қала беріпті. Ән-жырға жаны жақын болғаннан соң нағашы атасының үйінен өнерлі адамдар аяғы үзілмеген. Бір кездері Еуропаны аузына қаратқан Әміре әнші де талай қонақ боп, тамсандырып ән салған көрінеді. Ғаникамалдың атасы Мұқан деген кісі де өнерпаз болған. Қарап отырсаңыз, осындай тарландардың алдын көруінің өзі болашақ өнерпаз үшін үлкен өнеге, дәстүрлі мектеп болғанын аңғарамыз. Орыс мектебінде тәлім алған Ғаникамал Алматыдағы медициналық институтқа қабылданады. Бірақ, бала күнінен көкірегіне қонған өнердің ғажайып әлеміне деген құштарлық бір сәт тыным бермейді.

Ақыры жүрегін муза жеңген жас қыз дәрігерлік оқуды тастап, 1965 жылы театр факультетіндегі Қадиша Бөкееваның класына түседі. Содан балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек жолын бастайды. Ғаникамалды жас демей, театр ұжымы жылы қарсы алады. Үлкен, күрделі бейнелерді сеніп тапсырады. Үдеден шығып, үмітті ақтамай қалған жоқ. Осы театр қабырғасында жүріп Б.Майлиннің «Шұғасында» – Гүлзипа, Т.Ахтановтың «Махаббат мұңында» – Салиха, Қасеновтың «Ботагөзінде» – Лиза, тағы басқа бейнелерді шебер игерді. Бұл уақыт актрисаның шыңдалу мектебі, алғашқы баспалдақтары еді. Арада сәл үзілістен кейін қазақтың М.Әуезов атындағы драма театрына келді. Содан бертінге дейін алпыс қойылымда басты рөлдерде ойнаған. Аз ба, көп пе? Бағасын уақыт бере жатар. Осы орайда шәкірті жөнінде ұстаз айтқан пікірлер зердеде ұялап қалады. Ғаникамал туралы Қадиша апай былай дейді: – Ғ.Байқошқарова, Ә.Сығаев, Ә.Кенжеев, Р. Машурова – менің алғашқы қарлығаштарым. Бұларды бөле жарып айта алмаймын. Тұңғыштың жолы қашан да бөлек қой. Бағыма қарай, талантты балаларға кезігуім кездейсоқ емес. Олардың ішкі дүниесіне үңілу соншалықты қиын бола қойған жоқ. Өздері бір иман жүзді, ибалы балалар еді. Әсіресе, осы Ғаникамал мен Меруерт өте үяң, нәзік жаратылысты жандар. Қуанышқа қарай, олар бүгінгі көп қызкеліншектерге ұқсамайтын, қай жағынан болса да ерекше тәртіпті, тәлімді, тәрбиелі. Түсінісу үшін жіңішке желі жетпесе бәрі бекер дей беріңіз. Артистікті үйретпейміз ғой. Ана сүтімен даритын қасиеті мен ішкі жұмбақ сырына ене алсақ, біздің арман сол ғана. Ғаникамалды медицина институтының 3 курсында оқып жүргенде театр институтының 1-курсына алдық. Бүгінде тарлан тарта бастаған шәкірттерімнің сол бір балалық кескіндері көз алдымда. Көздері де, өздері де таза, өңкей сері жастар... Пендешілікпен шаруасы жоқ. Кейде рөлге талас болатындай жағдай туады. Мен сонда «Маңдайға жазылатыны болады да, оған бола бет жыртысып, ардан айырылуға бола ма? Шама келсе кісілік шеңберінен шықпаңдар» деуші едім. Осы сөздерді тыңдауының өзінде сыпайылық жататын Ғаникамал өте таза, биязы мінезді жан ғой. Оның рөлдерді ойнау, игеру үрдісін айту өз алдына бөлек әңгіме. Ол өнерге, рухани мұратқа қандай адал болса, жолдастарына да сондай адал. Осындай адам лайықты бағасын алмағаны мені, әрине, қинайды. Талантты барында бағаламаймызау! Әйелдің қырық шырағы болады демекші, соның бірі ертелікеш жарқ етіп жана қалатынына имандай иланам. Балама сол күнді

жазсын деймін. Ол әлі жас бала секілді маған. Осы орайда әңгімеге Ғаникамалдың әріптесі Тұңғышбай Жаманқұлов араласты: – Өнер жолы – азапты жол. Оның үстіне мына мезгілсіз, түссіз өмірдің тұсына тап келіп отырмыз. Қытайлықтарда мынадай ең ауыр қарғыс бар екен: «Құдай бар болса, екі қоғам ауысып жатқан кезде өмір сүр». Астарына қарасақ, біздің мандайымызға жазғаны да осы. Дегенмен, басқа салса баспақшыл, актердің өмірі мен өнері тығыз байланысты болу керек. Ғаникамал да сол үдеден шығып жүрген жан. Оның құралы – сезімі. Өнерге таза болып келуі, балажандылығы да сондықтан. Ол – өнерге өмірін арнады. Ғаникамал үшін сахна – өмір, сахна – қуаныш, сахна – шер. Білімді, саналылығы бәрі адамгершілік қасиетін биіктете түседі. Өнерді көбіміз есеппен сүйеміз. Абзалы есті сүю. Мұның бәрін Ғаникамал түсінеді, түйсінеді. Қыздың жолы өнерде қылдан да қылдырықтай. «Қызға қырық үйден тыйым» десек, сахнада оған қадала қарайтын қырық кез бар. Міне, осындай жүкті көтеріп жүрген әріптесіме ризамын. Талантты тану үшін де көп тер, мол еңбек керек. Оны талантты бір қырынан ғана ашу ойымыз әурешілік болуы да мүмкін. Бірақ, қүпия дүниенің кілті бізде емес. Бұл ретте біз Ғаникамалдың сахнадағы жасаған кейбір рөлдеріне тоқтала кеткеніміз жөн. Әсіресе, Н.Әбуталиевтің «Өттің дүние» қойылымындағы Фатима ханым рөлі кейінгі кездері жүртшылық көңілінен шығып жүр. Бұл ішкі ойға оранған образ. Д.Исабековтің «Кішкентай ауылындағы» Мәнсия ше? Ол бірде аңғалдығы мен арамдығын ашық мінезіне жендірсе, көңілшектігі де көл-көсір боп көзге ұрып тұрады. Жалпы актрисаның әрбір рөлді түсініп сомдауда жеткен жетістіктері аз емес. Осындай биікте көрінуде сахналас серігінің де ықпалы зор болмақ. Былайша айтқанда, серігіңізді жоғалтсаңыз жан жолдасыңызбен айрылғанмен бірдей. Осы орайда Ғаникамал М.Булгаковтың «Жендеттерінде» Нұрмахан Жантөринмен бірге ойнағанын әлі күнге ұмыта алмайды. Осы қойылымды сахналаған режиссер С.Мажурин Ғаникамалға көп кеңестер беріп, әр дайындық сайын өсе түскеніне, еңбекқорлығына тәнті болып отырған. Иә, актриса әр рөл сайын өсу үстінде. Кезінде Қадиша апайдың партнерлары – Ш.Айманов, Ы.Ноғайбаевтар болса, бүгінде Ғаникамалдың қанаттасы Т.Жаманқұлов секілді театр тарландары. Ғаникамал сомдаған М.Әуезовтің «Қарагөзіндегі» – Қарагөз, Ж.Аймауытовтың «Ақбілегіндегі» – Ұрқия, Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісіндегі» – Башурат, Б.Римованың «Абай – Әйгеріміндегі»

– Салтанат, С.Сматаевтің «Жұлдызым менің жоғарысындағы» – Гүлжан, тағы басқа да бейнелер бүгінде көрермен көңіліне ыстық ұялап қалған. Әр ортаның оза шауып, алтыннан алқа тақпаса да өз мінезінен, жорғасынан танбайтын торысы болады. Біздің әңгіме еткен әлеміміз сол соқпақты әспеттейді. Қиын да қызық өнер жолында жүріп елуді еңсерген Ғаникамал Байқошқарованың қоңыраулатқан әуені әлі егделікті елеп, шау тартар шамада емес. Соған қуандық. КӨМБЕГЕ ЗЕРЕК ҮҢІЛСЕК... Тарихты таразылағанда оның жасампаз сәттерін жарқырата түсетін жеке тұлғалар екеніне көз жетеді. Ол талассыз, дау туғызбайтын басы ашық аксиома екенін есті уақыт әлдеқашан дәлелдеген. Есімі күллі әлемге әйгілі адамдар, рухани-ғылыми мұралары ғасырлар тереңінен тамыр тартып, ұрпақтан-ұрпаққа алмасып келе жатқан ғұламалар қазақ даласында жетіп артылғанына күн өткен сайын көз қанығуда. Және баршасы шаң басқан көмбеден, шөл басқан көңілге толық орнықты десек, орашолақ пікір болып шығатынын байқаймыз. Осы тұста ортамызға етек жеңімізді жинап, есебімізді түгендеген шақта оралып жатқан ғибраты мол, тұлғасы зор бабамыздың бірі – Қарабура әулие турасындағы ақиқатты таным көкжиегімізді кеңейте түседі деген ниетпен алға тартып отырмыз. Осыдан он бір ғасырдай уақыт бұрын өмір кешкен Қарабура есімінің жыға таныс болмауының өзіндік себебі бар. Жалпы, бұл рухани тұлғаларымызға ортақ жайт. Ғасыр соңынан ғасыр өтіп, ескерткіш белгілер тозып кетті. Тасқа түскен дүниелердің мүжіліп-үгіліп, бастапқы ұсқынын жоғалтуы екібастан. Бүған заман түрі сұрқылтай тартқан кезеңдерін қосыңыз. Содан өз тамырымыз өзімізден алыстай берді. Бірақ, тарих төрінен орын алған тұлға төл тумысын қайткенде де паш ететін көрінеді. Арадағы он-жүз жылдықтар да кедергі бола алмағандықтан Қарабура бабамыздың тағылымды ғүмыры уақыт зиынынан сылынып қала алмапты. Әріден салсақ, сонау төртінші ғасырда бүкіл Еуропада билігін жүргізген Дешті Қыпшақтың үлы басшысы Еділ (Атилла) аруағы қонып, рухы жебеген апайтес батыр ғана емес, далалыққа тән даналығы бар дара түлға. Елінің қаһарман ұлдарындай халықтық ұранға айналған әкесі Ер Тама мен атасы Ер Көгіс екеуі де қырымның

қырық батырларының бірегейлері ретінде ұзақ дастандарға арқау болған. Әпсана-хикаяттарға кезек берсек, Қарабураның өмір жолы төмендегідей өріліп жүре береді. «Қарабура алпамсадай болып өседі. Күндердің күнінде дала баласының делебесі қозып, тай үйретіп мінеді. Алайда, мінген тайларының белі кетіп, көтере алмай қала береді. Асау ат мініп, аламан бәйгеге шапса, ол да шыдастық бере алмайды. Қайбір жолы Түркімендермен болған соғыста бір қара бота олжаға түседі. Шешесі Жамал сонда шешіліп сөйлеп: «Бурам, сенің қанатың да, серігің де осы қара бота», – дейді. Әлгі бота бұла болады, тез өседі. Маңына бала түгілі тірі жан жуытпайды. Ол өріске үзап кетсе Бура оны қобыз сарынымен қайырып алады. Бір-біріне серік болып өседі. Күндердің-күнінде Бура жігіт атанса, бота бүлғақтаған Қара Бураға айналады. Енді Қарабура атануының басты оқиғасын алға тарталық. Бура Бәтима есімді жар сүйіп, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасайды. Аламан бәйге ұйымдастырып, оған Қарабураны да қосады. Бірақ, бұған көңілі толмаған ол содан кейін-ақ Астрахан жақты бетке алып жүріп кетеді. Жолда бір елдің ұлан-асыр тойының бәйгесіне қатысады. Бәйгенің мәресіне сонадайдан жеке-дара жерді солқылдата қара дауыл көтеріп келе жатқан оны жиналған жұртшылық «Қарабура! Қарабура!» – деп қарсы алған екен. Сол күннен бастап Бура езіне өмір еншілеп берген Қарабура есімімен таныла беріпті. Тарихта Қарабураның аты дүркіреп шыққан тұсы – Қарақан мемлекетінің билік қүрған кезеңі. Сол Қарақан мемлекетіндегі ислам дінінің сопылық фәлсафа үрығын себушінің бірі Қарабураның діни қайраткерлігіне тарихшылар айқын айғақ ұсынып отыр. «Жарық дүниеге келгенің, одан өтер мезгілің бір Алланың еркінде. О дүниеде пейіш төрі бар. Жарық дүниеден түңілдім, барар жерім сол пейіш», – дейді ол. Иассауи секілді Қарабура да Ақиқат пен Алла екеуі бір ұғым деп ұққан. Қарабураның діттегені тақуалық дін емес, Алланың ақ жолы, адалдығы. Алланың шын ақиқатына жету арқылы адам өзін тани алатындығына көз жеткізеді. Сол бітім болмысымен рухы биіктеген. Не нәрсені де алдын-ала болжағыш, сезінгіш. Сондықтан да, Исфиджап пен Ясыдағы, Созақ пен Отырардағы Иассауи хикметін мансұқ еткісі келгендерді жазалаған Осындай ниеті қисықтардың тілін күрмеген, аяғын байлаған.

Қарабура турасындағы оқиғалардың ең шырқау шыңы, оның Қожа Ахмет Иассауимен қияметтік достығы. Иассауи о дүниеге аттанар шағында былайша халқына өсиет айтады: Жан болмасын тусі таныс, сыралғы, Дауласпаңдар, өзі оқиды құранды. Осы айтқаным орындалған сәтінде, Бабамыздың болды деңдер нур алды... Өйткені, оны Аллатағала жіберер, Жолына оның ай нұр сеуіп, кун өлер. Қаратаудың қойнауынан шықты, әне, Менің демім узілді деп біле бер... Осыны айтып көзін жұмды әулие, Ах! – дегенде қоршаған жұрт-әмбие. Қара бура мінген жан да кеп қалды, Шаң боратып, қас-қабағын сәл түйе. Жоғарыдағы өлең жолдарынан кейін келетін ақынның: «Мен өлгенде Аллатағала жерлеуге Қара бура мінген жанды жіберер...» деген ақтық сөзін негізге алуға тура келеді. Мұнда Қарабура дегеніміз тұтасымен кісінің аты. Ол Алланың әмірімен Иассауидің айтқанындайақ ғұламаны арулап жуып, ақтық сапарына шығарып салады. Иассауи – өз асыл мұрасына тасқа басып қалдырғанындай ап-айқын дәлелді дүние. Осыдан-ақ Қарабура бабамыздың тұлғасы зор, тұрқы биік кісі болғанын байқау қиын емес. Байқағанымыздай, ғұлама өз есиетінде Алланың аян беруімен ақыреттік досын алдын-ала жұртшылыққа жария етіп қоюында үлкен мән жатыр. Біріншіден, біздіңше, бүл өз түйсігімен жоғарыдан келген хабар арқылы бұл дүниедегі бар салмағын саралай біліп, о дүниелік сапарына сәттілік тілеп, ақ жауып арулай алатын рухани мүрағаттас адамды тап басып таба білуі. Екіншіден, ғүламаның о дүниелік сапарына соншалықты жауапкершілікпен қарауы көп жайтқа кезді аша түседі. Осы тұста тарихи сабақ-тастыққа айналған ақиқатқа шегініс жасауға тура келеді. Тағы да сол тозаң тұтпас түлғалардың тағылымды түрқына көз жібереміз. Айталық, Қорқыт бабамыз неге сонша өлімді жеңу жолдарын шарқ ұрып, іздестірді? Ақыры елімнің бетін өнермен, нақтырақ айтқанда, музыкамен қайтаруға болатындығын тәптіштеп дәлелдеді. Міне, бүл жайттардан жоғарыдағы ғүламаларды ортақтастыратын рухани бірізді жіптің үшығын көреміз. Ол – о дүниелік өмір проблемасын шешу. Иассауи бабамыз оны қарапайым шешуге тырысқан. Дәлірек айтсақ, ондағы

адам рөліне маңызды мән беріп, алдыңғы орынға шығарған. Мүнда сайын сахараның жазылмаған заңдылығының керіністері жатқан секілді. Яғни, ежелден қазақтың тағдыр-талайы тірек тапқан адам және оның иманы мәселесін Иассауи ғүламаның көрегендікпен жоғары бағалауы бәрінен де дүрыс бетбұрыстай көріне береді. Өйткені, кісілікті зор түтқан түлға қандай нәрседе де Адам проблемасын алға тартып отыруы түсінікті. Адам өзін-өзі танып болмай айнала әлемді, Ақиқатты – Алланы түсінуі мүмкін шаруа емес екен. Осы ретте езінің қияметтік досы етіп таңдаған адамның да тегін кісі еместігі даусыз. Әріден аңыз болып жеткен Қожа Ахмет Иассауи мен Қарабура әулиенің ақыреттік достығына олардың дін ислам турасындағы мүдделестігі жарқын сәулесін түсіреді. Қарабураның әулиелік ізгілігі Иассауидің өмірлік ұстанымымен пара-пар келіп, сонылықты жан жүрегімен қабылдайды. Қадап айтқанда, мәңгілікті сонымен межелеи, өмірлік өлшем етіп алады. Иассауидың сопылық фәлсафасы Қарабураны да қызықтырып, фәнилік басты ұстанымына айналады. «Қарақан мемлекетіндегі ислам діні» уағызының ұрығын сепкен Қарабураның діни қайраткерлігін тарихшылар айқын керсетіп қалдырғаа Бүкіл Талас өлкесі, Қаратаудың екі қапталы, Шу мен Талас, Арыс пен Сыр, одан әрі Арал жағалауы осы жалпақ өңірден – Иасы, Исфиджап, Тараз, Жанкент, Созақ, Отырар Иассауи уағызына сүттей ұйыған. Ол – ұлы түрік дүниесінің пірі. Оның сөзінде зәредей де зіл жоқ, ол ешкімге қамшы үйіріп, дүре соқпайды». Бабамыздың діни сопылық қыры жазбалардың бірінде осылай сыр шертеді. Әрине, оны егжей-тегжейлі ашу ұзақ сонар әңгіменің арқауы. Қарабура есімі әр жерде үздік-создық осылайша көрініс тауыи келіпті, Әйткенмен, бір жүйеге түсіп жүлгеленбеген. Ол туралы деректер мүрты бұзылмай жетпесе де, әйтеуір жеткілікті мағлүмат аларлықтай мөлшерде. Жоғарыда көз жеткеніндей, Қарабураның дәуірлеген кезі Карақан мемлекетінің кең қанат жая түскен шағына дәлме-дәл келеді. Ол – ең алдымен адам деген атауға лайық жан. Сосын өулие, батыр, керіпкел, Бір деректерде Қожа Ахмет әулие кез жүмарында ғүламаларды, шәкірттерін қылуетке шақырып алып: – Мен өлем, жаназа намазымды тахаратсыз жер баспаған, үйіне бала-шағасының бір күнге жететін нәпақасынан артық ешнәрсе апармаған, бес күндік дүниенің байлығына қызықпаған, бар өмірін мешітке арқалап отын тасумен өткерген Бура баба шығарады, – деп өсиет қалдырған екен.

Біздіңше, бұдан Қарабура бабамыздың адамдық бейнесі бәрінен бұрын менмұндалайды. Басқа қасиеттері соның ішіне сыйып кетіп отырғанын байқау қиын емес. Айталық, көбіне ол жүрген жер, шыққан тау, кейде, оның атымен аталып отырғандығы да бізге белгілі болып отыр. Бұл оның өз ортасына ең сыйлы, әрі маңайына ерекше салмағы болғандығын көрсетсе керек. Бұған дәлел ретінде Шоқан Уәлихановтың зерттеулерін алға тартсақ та жеткілікті... Шығыстың ұлы. Осы іспетті бүкіл орта ғасырлық бабаларымыз сияқты Қарабура әулие де шөлге біткен шынар ғана емес, әлгіндей зор бәйтерек бұтағы немесе құнарлы топырақтан қуат алған «құбылыс». Иә, Тектіден текті тууы неғайбыл болса да, тектіні текті тануы бүгінгі күннің үлесіндегі ғана тұжырым емес. Оның да әріден келе жатқан дәстүрлі жалғастығы бар. Ата-бабамыздың қалдырған асыл мұрасын жоғалтып алу аса қиын шаруа еместігіне қазірге дейін қанық болып келдік. Ұлттың ұлы болмағы бай мәдениетіне байланысты екенін ұғынған ұрпақ дереу қателікті түзеуге бел шеше, белсене кірісе бастады. Арамыздағы сондай азаматтардың бірі Шымкенттегі «Сарыарқа» акционерлік қоғамының президенті Құрал Ержанов Қарабура әулие турасында кітаптар шығаруға, фильмдер түсіруге және ең бастысы – кесене-мавзолейін салуға күшжігерін аянбай жүмсап жүрген жан. Бұл азаматтың мына аумалы-төкпелі уақыттағы атқарып жатқан істеріне ерекше ішің жылиды. Жалпы бұл – көмбеге зерек үңілгендіктің зор табысы. Күллі түркі халқы бас иетін Қожа Ахмет Иассауидей бабамыздың мазары бар Түркістан қаласының сол киелі топырағымен сабақтас тағдырлы Қарабура әулиенің де рухы биіктей түсері даусыз. 2002 жыл. ІЗГІЛІККЕ ІҢКӘРЛІК Алыстағы ауылдарды ауызға алғанда алдымен қашан-нан қағажу қалған қойшылар қауымы тілге тиек. Олар әйтеуір, бейшара жандардай көрінетін де түратыа Апыр-ау, шыжығы мол шырғалаң өмірдің асау ағысына қарсы жүзген жанкештілер солар емес пе? Иә, солар... Ендеше, шын еңбеккер де, шынайы суреткер де солардан... Бала кезден кең далаға бауыр басып өскен Пернебайдың сезімтал да зерек жетілуіне жусан иісі жебеген. Ол кішкене кезден-ақ сан түрлі туған жер бояуынан сыр ұқты. Қалам құдіреті сыншыл,

жыршыл жүрекке киелі ұғымдай көрінетін. Қоршаған ортаның құпия құбылыстарынан өзінше ой түйіп, оны қағазға түсіру қаншалықты қызық болса, соншалықты қиын екенін аңғарған. Алғаш өлең, әңгіме жазып, сурет салуды ермекке емес, еңбекке айналдыра бастағаны содан. Сонау одақтық «Пионерская правда» газеті сияқты басылымдарға ә дегеннен суреті шыққаннаң соң, газеттерді кәдімгідей «бомбылай» берген. Біршамасы жарық көріп те жататын. Ол күні шопан үйінде кішігірім той болушы еді. Бойға біткен білік пен талап ұшқыны келе-келе алға ұмтыла беруге жетеледі. Алыстағы ауылдан астанаға арман қуып келіп, көп студенттің бірі емес, бірегейі ретінде көрінді. Сол кездегі буыны беки бастаған қара шаңырақтың журналистика факультетіне оқуға ілігіп, қаламын ұштай түскен. «Лениншіл жас» газетіндегі (қазіргі «Жас алаш») эстетикалық «Аққу» клубында белсенді мүше ретінде өнер турасында үлкен салмақты мақалалар жарияланды. Әсіресе, алып қылқалам шеберлері жайында жазған дүниелері қарымы мен адымын анық айқындап берген. Итальяндық ұлы суретші Леонардо да Винчи туралы «Сұлулық сазы», Мартирос Сарьян қақындағы «Шуаққа іңкәрлік», орыстың ұлы суретшісі Исаак Левитан жөніндегі «Үміт шапағы», мүсінші Сергей Коненков турасындағы «Қалампыр гүлі» сияқты материалдарды 70 жылдардағы оқырманға зор тыныс әкелген. Осылайша, көзі қарақты жұрттың көңілінен шыққан студент бозбаланы сол кездегі «Лениншіл жас» газетінің бас редакторы Шерхан Мүртаза Ташкенттегі қазақ перзенті, әйгілі суретші Орал Таңсықбаевқа барып, эссе жазып қайтуды тапсырады. Кейіннен «Тау мен дала жыршысы» атты үлкен мақала жарияланады. Ол бір кездегі есімі жалпақ әлемге мәшһүр, майталман суреткерден әңгіме естіп, сырласып қана жүргендіктің айғағы емес. Бүгінгі тұрғыдан қарасақ тарихи адамның көкейіндегісіне үңілген Пернебайдың көз көрген қасиетке ие екенін көреміз. Жалпы, сурет сырын ұғынып жазудағы шынайы маман көзімен қарайтындығымен құнды. Кезінде қылқаламды жанынан тастамай сенімді серік еткенде, жақсы суретші шығарына үміт те мол еді. Әрине, бар нәрсенің басын біріктіріп ұстау оңай емес. Тек біреуін қалап, қам қылу нағыз қаламгерлік қарым шығар. Дәл осы өнер әлеміне дендей енген студент бертін келе әдебиетке біржола бет бұрды. Университетті ойдағыдай аяқтаған соң аулына оралып, өзі оқыған онжылдық мектепке мұғалім болып орналасу Пернебайдың бұрынырақтан бергі мұраты еді. Ана тілінен дәріс беруге құштарлық

ақыры туған жеріне алып келді. Бала жүрегін баурай білетіндігінен де оқушылар жаңа ұстазды жатырқамай қабылдаған. Оның сәл жымиып қойып, майдалай сөйлер мәйің сөзін шәкірт көңіл ерекше ынтызарлықпен тыңдайды. Ұстаздың еңбегі ескеріліп Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Мұғалімдік үздік іс-тәжірибесін үлгі еткен кітапшалар да шығарылған. Шәкірттің танымы мен қоса, тәртібі де мектептің ішкі жүйелі жұмысы да үнемі назарда жүретін. Олқылықты көре тұрып, оған оң көзбен қарамау қалай тыншу берсін. Амал жоқ, іргелі мектептің тізгінін ұстады. Қызметтің қара жұмысымен жүріп қаламының қарайып қалғанын да аңғарған. Сұңғыла суреткер Хемингуэйдің бірде қапалықтан банкир болып істеп, жазушылық жолда жүрген әріптесіне: «Сен не банкирлігіңе бар да, не жазушылығыңа жүгін» деген сөзі ойға оралған. Бұл шындықты мойындаған да. Бірақ, біздің қоғамдағы қаламгерлердің бойынан күрескерлік қасиет табылмаса, бүгінгіміз не күйде қалар еді деген сауал туады. Пернебай ауылдан ұзаған адам емес. Кейіпкерлері де, кішкентай достары да қарасирақ ауылдықтар. Жазушы оларды жақсы түсінеді. Талғам таразысына салып, талай толғантқан да. Кейде өзі жалғыздықтың күйін кешетіні бар. Маңындағы қалың қауымнан пікірлес пенде іздеп бәйек болу кімге оңай? Қазір жазушы жанына ойлы жанармен үңілер үндестіктің ғайыпқа сайғаны шындық. Әдеби шығармаларда кездесетін жалғыздық шырмауы міне – осы. Дегенмен, ортасын іздеп, елегізген каламгердің меселі бұдан қайтпаса керек. Қайта теріс аққанға қарсы тұрып, оң ағызу үшін талпынысы бәрінен де пәрменді. Әлбетте, бүгінгі жазушы жауапкершілігі жеңіл ұқсамайды. Уақыт осыған бағыт алған. Жоғарыдағыларды Пернебай түсінеді. Қолы қалт еткенде ересектер тақырыбына, заман тынысын тап басар туынды жазуға ниет білдіретіні содан. Әзірше, балалар әлеміне сан сапар шегіп, шымыр шығармалар әкелгені белгілі. Алғашқы «Жұмбақ жұлдыз», одан кейінгі «Кішкентай гене-ралдар» жинақтары соның айқын айғағы. Үшінші – «Елгезек ертегілер елінде» атты кітап баспада қағаз қиындығына байланысты кешеуілдеуде. Игіліктің ерте-кеші жоқ. Сыншыларымыз бірде «әдебиетімізде ұқсас тақырып, ұқсас кейінкер, ұқсас шешім көбейіп кетті» дескен болатын. Неге? Негесі сол, әдебиет майданындағы малайлық бар мән-жайға – мұрап. Кезінде идеология иіне бас иіп, бар игілігімізді бергенбіз. Оган қосылган да,

қосарланбаған да бар. Әйтеуір, уақыт өзі есті сөз сөлін екшеді. Аққараны ажыратты. Шүкірлігімізді айтар кез келді. Кейде осы ойларды орталағанда таза жанның, һәм рухы қуатты жазушының қандай да болсын суыт соққан суық желдің ығына жығыла кетпей, қайта қарсы қайрат көрсетіп, көңілдің көк дөненіне қамшы басқанына қайран қаласың. Пернебайдың кітаптарын оқу барысында осыны байқар едік. Азаматтық бейнесі өз алдына. Шығармашылығына көз жүгірте отырып, адам ретіндегі болмысын тануға қиналмаймыз. Ендеше, еңбектеріне үңіліп көрелік. «Жалынның» жабық бәйгесінің төрт дүркін жүлдегері атанған Пернебай балажан жазушы. Мектепте мұғалім болып, бала психологиясын зерттеудегі ізденісі тақырып аясын ашуға етене жақындастыра түсті. Тұңғыш қалам ұстағанда оңай соқпаған. Кішкентайлар турасында жазу кәдімгідей-ақ қиын шаруа. Игеріп кету үшін талай тер төгу керектігі тектен-тек емес. «Жұмбақ жұлдыз» кітабындағы «Жұлдыздар неге жылайды?» повесі сыншылардың тәуір бағасын иеленген. Тек балалар ұғымына ауырлау тиетіндігі алғашқы аяқ алысын аңғартқан. Көш жүре түзелді, әрине. Бір жағынан қарағанда бұл повесть трагедиялы тұжырымға негізделген. Сондықтан, кішкентайлар түсінігіне қиындау тиетіні занды. Он үш жастағы мылқау Тайжанның аянышты тағдырын, оның үстіне аяулы ағасынан айрылып, аһ ұрған үнін қалайша жеңіл қабылдауға болады? Тілсіз тіршілігінің тынысын тап басып суреттеудегі шеберлік қана соған көз жеткізіп, көңіл сендіреді. Тілдік стильдің қанық бояуымен көмкерілгені көкейге қонымдыақ. Кейіпкер психологиясы мен табиғат тылсымның бірге өріле отырып, өзіндік гармониясының туындайтыны оқырманын бей-жай қалдырмайды. Психологиялық сәттерге баса назар аударатындығымен де тартымды. Сонысымен сонылық танытып, еш кібіртіктеусіз жетелейді. Төрт повестен тұратын «Кішкентай генералдар» кітабын бүгінде білмейтін бала жоқ. «Кішкентай генералдар»... Бұл өзі тілі де жатық, құрылымы да қарапайым шығарма. Онда таза ауыл балаларының бүкпесіз өмірі өрнек тапқан. Негізгі ойлар шағын тақырыпшалар арқылы тарауларға топтастырылған. Алтыншы класс оқушылары Әділ, Өмір, Болат үшеуінің каникул кезінде кешкен хикаялары қызғылықты оқиғаларға өзек. Мұндағы шынайы диалогтар, психологиялық түйіндеулер және үнемі қозғалысқа құрылған кейіпкерлер бейнесі ширақтығымен келісті.

«Сары сөмке және достары туралы ертегі» атты повесть қазақ прозасындағы аталмыш жанрға үлкен жаңалық ретінде енді. Бұрнағыдан келе жатқан ертегілерімізден туындының айырмашылығы – ойы алғыр, қиялы ұшқыр өзіндік ерекшелігімен есте қаларлық дүние екендігінде. Кейіпкерлері де көнеден келе жатқан Тазша бала, хан не уәзір, сондай-ақ қорқақ қоян, алдампаз түлкілер емес, күнде ұстап жүрген кәдімгі сары сөмке, бояу қарындаштар, сурет салатын қағаз және басқалар. Оқиға солардың арасында қызғылықты өрбіп, оқырманын желпінте жетектейді. Ертегі үйреншікті болмағандықтан тосын көрінуі әбден мүмкін. Тез баурап алар бір сиқыры тартымдылығымен тәнті етеді. Баспадан шыққалы жатқан және бір жүлделі шығармалар ішіндегі «Қайсар қара қарындаш туралы хикая» жөнінде жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауинның білдірген пікірі мынадай: «Бұл қара қарындаш пен ақ альбомның» бастан кешкендері әдемі ертегі. Ара-тұра ұшырасатын кібіртіктер өңдей келе жөнделіп кетсе, бұл хикая қазақ балалары үшін ең қызғылықты кітаптардың біріне айналар еді.» Бұған алып-қосарымыз жоқ. Тек мұны қаламгердің қазақ прозасының шағын жанрына тосын бетбұрысы деп білеміз. Жазушы, ұстаз Пернебай Дүйсенбиннің шығармашылық өмірі жайлы қысқаша қайырғанда осындай үзік ойларға кенелеріміз кәміл. Бұл қаламгердің орта жолға дейінгі ғана жеңісті, жемісті жүріп өткен соқпағы. Әлі алда сан тарау асу бар. Оны байыпты түрде бағындыру азамат, қаламгер ретінде де сын. Пернебай өнер өлкесінен әдебиет әлеміне ауысқан сан қырлы қаламгер, Мүмкін, содан болар, тіршіліктің бірде тыныш, бірде тынымсыз тылсымының тақуа тумысын таразылауды шығармалары табиғатынан табатынымыз. Кішкене жүректерге жол таба отырып, кемел ойға шомғызатыны бекер емес. Әйтеуір, бір ізгі дүниеге – пәк сезімге іңкәрлікпен қаламын суытпай және сілтей береріне сенімдіміз. 2004 жыл. ЕСЕЙГЕНДІКТІҢ ЕСІГІН ҚАҚҚАН «Әдеби орта – әділ, білікті, әдеби атмосфера таза, тұрлаулы болса, әлеумет бағының жанғаны» деп жүрміз. Ендеше, мұны жіті таразылайтын талантты жазушыларымыз талғам, толғам жасап, тұщымды туындыларымен жол нұсқап жатса, арман не. Бұл сонау қадым заманнан беріректегі қарға адым уақыттың жүгі – жазушы

жауапкершілігі деп білеміз. Қайтсе де, бір байламы болғанша, қарымды қаламгерлеріміздің шабытына сын болып және қала бермек. Қазір әдебиет әлемімізде әзірше үнсіздік орнап тұрған жайы бар. Бұрнағы жасалған жәдігерлер жайында да аз сөз айтылып жүр. Үн-түнсіз жазылып жатқан дүниелеріміз жоқ емес шығар. Біздің топшылауымызша, үзіліс алдағы кемел келешекке бастар баспалдақ іспеттес. Осы орайдағы жоғарыда айтқанымыздың үдесінен үркердей топтың төбе көрсететініне ойлы оқырманның өзі кепіл. Оны бірінші кезекте тілге тиек еткеніміз де содан. Солардың ішінде өзіндік қолтаңбасы бар Тұрысбек Сәукетаев сынды қаламгерлердің қарымы мен әр басқан адымы өзгеше өрнек. Елудің қырқасындағы бұл толқынның әсіресе, қазіргі қазақ прозасының шағын жанрындағы сіңірген еткен еңбектерімен еңселі десек қателеспеспіз. Тұрысбек Сәукетаевтың «асықпай жүріп, анық басатын» алымдылығы жазғандарынан да айқын аңғарылатыны жайдан-жай емес-ті. Алғашқы «Сүткенже» атты жинағынан «Айлы түн еді», «Қайыңдар, аппақ қайыңдар» деген кітаптарының арасының өзінде, табиғи мүмкіншілігін ізденуде ілкімділіктің ірге көтергенін көрер едік. Және бүгінге дейін әрбір әңгіме, повестерінде рухани бірізділіктің біте қайнасып жатқанына амалсыз қарайлай қайран қаласың. Уақыт шындығын бейнелеуде боямасыз өмір өлшемі, тезге түскен тағдыр талайы, шытырманы мол оқиға өрісі өткірлігімен, шынайылығымен көкейге қона кетеді. Бәрінен бұрын тілдік өрнектің жатық та қарапайымдылығы оқырманын сүйменсіз сүйреп отыратын – жетек. Оның үстіне шығарма композициясы сананы сандалтатын күрделілігімен емес, жүректі жылдам баурап ала қояр түсінік кеңдігімен келісті. Мұндай мұрты бұзылмайтын мұнтаздай қасиет тек шеберлікке сын. Творчество адамның өзіне ғана тән сан қатпарлы құпия сырын тек шығармаларынан тауып, танып білу әлі жеткеннің ғана айласына айналатыны белгілі. Тұрысбекті «жұмбақ жазушы», тани алмай тауым шағылды деу артығырақ болар еді. Тұнық та тынық шығарма тұмбасының өзінің қай жерінде жүрсеңіз де тұншықпай, көз алдыңыз тұманданбай, тылсымыңыз еркін тыныстап, танымыңыздың таңы арайлана атып келе жатқандай. Өндіре оқи отырып, кейде өзіңше ойға шомдыратын тәлімінің дәмін тамсана тататының содан. «Қарауылтебе» повесінің мына бір жаңа жолына көз жүгіртейікші: «Миына біреу ине сұғып алғандай қалтырап ұшып тұрды да, бөтелкені

жұлып алып жіберіп қалды. Анау бұғып үлгерді, бөтелке қабырғаға сарт тиіп, быт-шыт сынды. Сөйтіп, сынған бөтелкемен бірге «бөтелке достықтың» күлпаршасы шыққан. Арақ пен ақ көз желіктің тұманын қуып, көкірегінен бір жел ескендей еді». Бір есепте бұл повестің шарықтау шегі (кульминациясы). Бәрі «тайға таңба басқандай» ап-айқын. Бұған дейін де, кейін де оқиға өрісі қалай өрілерінен өзіңше ой түйе бересің. Қойыртпақталған ештеңке де жоқ. Көкірекке қонымды-ақ. Манадан айтқандарымызға аядай ғана мысал осы. Тұрысбек Сәукетаев шығармашылығындағы барша жақсы нышан­ дар мұнымен түгесілмесе керек. Ол күрделі тіршілік құбылыстарының ой-шұңқырын түгелдеуде, өмірдің сан қалтарысының өзін мейлінше шынайы да шымыр жеткізуде шыншыл бағытты ұстанады. Яки, кәдімгі кәсібилік шыңына ұмсыныс-ұмтылысы құптарлық-ақ. «Жазу­ шы – адам жанының инженері» деген нақыл нарқы мен парқын пай­ ымдауда Тұрысбектің обьективті көзқарас контексінде келуі кеңілдегі көп түйткілдің кілтін қолыңызға ұстата қояды. Сол адамдар, яғни, кейіпкерлер бейнесін сомдаудағы сонылық сонда – нағыз нанымды, турасын айтқанда, тірі пендені тірлігімен көз алдыңа көлбеңдетіп келтіретіндігінде. Олардың жақсылығы мен жамандығы, қуанышы мен қайғысы қатар жүрер өзіміз өткеріп келе жатқан күйбең өмірдің таусылмас тауқыметі, табылмас таңғажайыптары бәрі-бәрі оқиға желісінде орнын табады. Кейде кейіпкер кейпіне еніп, еріксіз тағдырыңмен сабақтастықтан тағлым алатының содан. Жазушы шығармашылығынан және бір байқайтынымыз, басым көпшілік туындыларда жасөспірімдер бейнесі, олардың жан дүниесі жарасымдылық тауып жатады. Бар тіршілік тынысы да солардың араласуымен айшықты. Кіршіксіз пәк көңілге түсер кірбің де, қызуы қайтпастай болып қона қалатын қуаныш та, қызғаныш та біздің түйсікке тым сирек сезім сыйлайды. Дүниеге балалық көзбен үңіле отырып, балаша емес, басқаша ой түюге тура келеді. Орайы келгенде, «Алыста қалған жағалау» повесіндегі Дәуреннің кейпін тілге тиек етелік. Алдымен айтарымыз – сонау жылдардағы соғыс мехнатын тартқан талдырмаш тағдырдың бүгінгі бір басының күйін келтіре алмай жүрген ұрпаққа салмақты сабақ екенінің өзі не тұрады? Дәурен ана сүтін еміп қоймай, қаншалықты қымбат екенін сезініп өсті. Әке мейріміне мерейлене бастаған жас жүрек есейе келе жасықтық танытпады. Сол аяулы алақандарға деген берік сағыныш

көп құрдастары секілді сандалып кетпеуіне темірқазық болып қағылды. Қанат бітіріп, қалықтай ұшуына қайрат берді. Дәуренді қай жағынан алып қарағанда да үздіксіз динамикалық қозғалысқа құрылған бейне деп білеміз. Ол өз ортасының алдына шықты. Түбі адамзат алыптарының жеңіп, ақ желкенін керіп айдынға шығарына имандай иланды. Сенім алдамады. Арман қанша асқақ болса да, аласарды оның алдында. Шын мәнінде бұл біз үшін қазіргі қым-қуыт шақта алыста қалған жағалау іспетті көрінер бәлкім. Кейде осындай ой түюге келгенде кедейдің күйін кешетініміз бар ғой. Балалық түйсікпен бауыр басқанымызды аңдайтын жазушы алдыңа әлгіндей жасөспірімдер тұрғысынан келуді көздейтіндей. Бәрінен бұрын сол балалар психологиясының ой-шұңқырын жетік меңгерген жазушы салар оюын оқырманын ерте жүріп, бірге пішіптігуге тырысатын-ды. «Құзғын тойған қыс» («Жұлдыз», 1990 жыл, №10) повесі қаламгерді жаңа қырынан танытатын дүние. Аты айтып тұрғандай, заман шындығы – ашаршылық. Тақырыптың бұрынғыдан көп және кең жазылғаны әмбеге аян. Дейтұрғанмен, мұны Тұрысбектің қалай жазғаны ынтықтырады да қызықтырады. Өзіндік үнін ілгеріректен өзгеше ерекшелей түседі. Ондағы аштықтан әбден бұратылған бейшараның жан тәсілім етер шағына дейінгі адам төзгісіз кешкен күйі жан күйзелтіп қоймай, «мұндай да тірлік болады екен-ау», деген сұрқай тітіркеніс санаға суық сәуле шашады. Шамырқанасыз. Өтіңді от шарпиды. Эмоцияның жетегіне ермей, ес жия алсаңыз, оның «артында құлыншағым қалса екен» деген ақтық үнін құлақ шалады. Сонысымен нанымдырақ та. Осы шығармасымен тың бетбұрыстың сүрлеуіне ден қойғандай әсер қалдырады. Осындай сан қырлы ерекшеліктермен есіңде қалатын қасиетке ие Т.Сәукетаевтың өзіндік өрнегі оқушыны бейтарап қалдырмайды. Жазушының әр шығармасын талдап, таразылаудың қажеті жоқ болар. «Әне жерде былай деп жазған, мына тұсын былай жазыпты» деудің кейде әдепсіздікке апарарымен санасқан жөн. Талғамда талас болмауға тиіс. Ішкі құпияға қол салғанымызбен дөп түспей, орағытып өтіп, түп қазығын таба алмай шиырлай беретін де шығармыз. Және жалпы жұрттың көкейіндегі көлеңкеге күнгей болып, шуақ шашу шарт та емес. Бұл ретте жазушы шығармашылығы кемшіліктен де кенде, кенже қалып жатқан жоқ деген тұжырым тумаса керек-ті. Тұрысбектің шығармашылығында бүгінгі қазақ прозасының шағын жанрындағы аяққа оралғы болып келе жатқан ақаулар да бар. Оны

жазушының оң жамбасына аларына күмән тумас. Өз биігін, рухани – табиғи мүмкіншілігін іздеген қаламгердің, асықпай анық басар азаматтың талай қан сорпасы шығып, додаға түсер асуы алда дейміз ойлы оқырмандары атынан. 1993 жыл. Қайшылықты тұлға, қайшыласқан тағдыр Журналист боламын деп, әсіресе 70-80 жылдары КазҰУ-дың журфагына түскен талай тарланбоздарға дәріс берген Темірбек Қожакеев те өмірден өтті. Былтыр біздің газетке орыс тілінде берген сұхбатында: «Ұлтшыл да, парақор да болған емеспін» деген еді. Иә, бұл жат әдеттерден ада болғанымен, бір басына жетерлік пендешілігі де болғанына куә жетерлік. «Мынауыңыз анық қиянат, қиянат!» деп шыбын жаны шырқырағандар да бар. Дей тұрсақ та, осындай қайшылықты тұлғаның қазақ журналистикасында өз орнының білініп тұрарына уақыт төреші. Осы ретте біз Темкеңнің жетпіске келген шағында журфакты тәмамдаған шәкірттерінің ол кісі турасындагы мына лебізін назарларыңызға ұсынуды жөн санадық. Біз мектепте окып жүргеннен-ақ ол кісінің атына қанық едік. Қолымызға түскен кітаптары арқылы да, баспасөз бетінде жиі жарық көріп жататын ма-қалалары аркылы да Темірбек Қожакеев есімін тани түстік.Одан қалса ҚазМУ-дын филология жөне журналистика факультеттерінің кабырғасында жүрген таныс-білістеріміз қызғылықты қылып әңгімелеп беретін. Иә, кейбірі ол кісіні қатал әрі өте талапшыл деп те жататын. Содан ба, ойымыздағы орындалып, көңіл қойған оқуымызға түсіп кеткеннен кейін ауылдың қара домалағына ағаймен қоян-қолтық араласу қиын шығар деп жүретінбіз. Жоқ, көп ұзамай-ақ университет табалдырығын жасқаншақтай аттаған сарыауыз шәкірттерін өзіне жақын тарта бастаған, Әсіресе «журналист болам деп жұлқынып, ақын боламын деп қылқынып» жазғыш-сынып жүргендерімізге: «Әй, бала, сенің кеше бәлен газетке шыққан дүниеңді оқыдым. Дұрыс, жарайсың» - деп, ақыл-кеңесін айтып жататын. Сондайда ағайдын пікірін естігеніміз аспанға айды шығарьш тастагандай мақтаньп қалатынбыз. Кейбірімізге сол бір ауыз сөз қайта қуат беріп, тағы бір өзімізше «тәуір» нәрсе жазып тастайтынбыз. Осындай жылышырай, ұстаз бен шәкірт арасындағы жақын достық бізді тек журналистиканың қыр-сырына баурап қана қоймай, үлкен зиялылыққа деген сана көкжиегімізді кеңейте түскен.

Әлі есімізде, мамандық бойынша кафедраларға жазылу кезінде ағай басқарып отырған «мерзімді баспасөз кафедрасына қанша аңсарымыз ауып жүргенімен басқа кафедраға бөлінген екенбіз. Ақыры үш-төрт жігіт өз өтінішімізді арқалап ағайдың алдына барғанбыз. Екі сөзге келмей қол койып жібергені күні кешегідей көз алдымызда. Бір қызығы, кезінде кейбіреулер мұнымызды майданның ең отты шебіне сұранып барған жау-жүрек жауынгердің ерлігіне барабар екен деп бағалаған. Себеп-сыры белгілі. Мана айтып кеткендей, ағайдың талапшылдығы мен қаталдығын алға тартады. Алайда тәртіп қай жерде болмақ дейді бір ойымыз. Талабы мен талғамы күшті жерде шығар. Ендеше тәртіп болса, тәлім болады екен. Ал тәрбиелілік пен білімділік екібастан. Бес жыл біз соның куәсі болдык. Ағайдың алдынан жақынырақ барып дәріс тыңдап, тәрбие көргенімізге қуанбасақ, еш өкінбейміз. Қайта бағымызға карай осындай ұстаздың алдын көргенімізді мақтаныш тұтамыз. Темірбек ағаның сан қырынан танылған талант иесі екенін тек шәкірттері ғана емес, бүкіл казақтың қауымы біледі. Бір бойына тоғыскан әдебиетшілігі, сьншылығы, журналистігі, фельетонистігі, сатириктігі, ғалым-ұстаздығы бәрі-бәрі тек колтығы сөгіле, қансорпасы шыға төккен терімен жасағаы енбегінің бүгінде өтеуі іспеггес. Бөрінен бүрын бізге ағайдың ғалым-ұстаздық қыры жақын әрі жыға таныс па дейміз. Бұл басқа жағын білмейміз дегендік емес. Ең алдымен Темірбек аға біз үшін ұстаз. Соңғы қырық жылдың бедерінде университет бітірген, бүгінде қазақ жур-налистикасының қара казанын кайнатып жүрген журналистердің барлығына ұстаз. Және алты мыңдай бұқаралык ақпарат құралдарына мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосқан. Байқап қарасақ, аз уақыт, аз цифр емес. Бүгінгі бір ұрпақтың өмірі. Қазақтың «елу жылда ел жаңа, жүз жылда - қазан» деген мақалын еске алсақ, сонша мерзім шәкірт тәрбиелеу де мықтылықтың бір мысқал көрінісі. Темірбек ағаның талғамының биіктігі мен талабының күштілігін сезініп өскен шәкірт күні ертең де сол деңгейден қарауға дағдыланатын шығар, Өйткені өзі де тек еңбекке еті үйренген ұстаздың жалқаулыққа жаны қастығына, сары жамбасты жақтырмайтынына еш шәкірт шек келтірмейді. Алайда қақсоқтығымен, қыңыр тартып тәртіпке көнбегенді де ағайдың тезге салып, түзеп жібергенін көргенбіз. Жөн сөз айтып, жөндем болған қарабайырлықпен емес, қарапайымдылықпен шақыратындығы талай шатақ шәкірттің шаңын да кағып, шалқайғанын еңкейткен. Бұл мінезі мінсіз дегеніміздің өзі

ол кісінің алдына барғанда ақауымызды аңғара қоямыз. Ұстаз - қашан да ұстаз. Биыл университет бітіретіндігімізге сенсек те, ұстазымыздың жетпіске келіп қалғанына сене алмайтын сындымыз. Профессор есікті ашып, кіріп келіп, лекция оқи жөнелетіндей көрінеді де тұрады. АЛАҚАН ЖАЙҒАН АДАМДАР немесе қайыршыларға қайырым бар ма?

Қоғам дамыған сайын не түрлі өзгерістер өмірдің өзегіне айнала түсті. Бәрі сол қажеттіліктен, тәуелділіктен туындайтыны түсінікті. Оның қанша-лықты тиімді не тиімсіздігіне уақытты төрешілікке калдырдық. Дегенмен, сананы болмыс билейтіндіктен де жанжағымызға барлай байыппен карауға мойынсұнғандаймыз. Бұдан аттай алты жылдан аса мерзім бұрын, сәуірдің баяу соққан самалы тасқын судай сапырылысқан дүниеге әкелді. Қазіргі халіміз соның негізгі мәуелі жемісі. Дәл мына заманды күрмеуі көп күрделі кезек десек қателеспейміз. Тәуелсіздіктен түтініміз түзу ұша бастаса, күнгейдегі көп көлеңкелі түйткілдер де жетіп жатыр. Дүниенің ұшпаққа ұшып, ғайыпқа сайғаны қарапайым халыққа шаншудай қадалды. Қымбат-тағалы бері барымызды жоғалта бастағандаймыз. Басқасын жиып былай қойғанда, адам бойындағы асыл қасиеттер таразы тасымен өлшенетін тауар сияқты маңызын жойғаны несі? Ол жайында күнделікті көріп, біліп, естіп жүргеніміз аз емес. Тіпті төбе құйқанды шымырлататын шындық, ешқайда теріс айналуға тырп еткізбейді. Ежелден мұсылман баласы адамгершілік, имандылық қасиетіне қаяу түсірмегені аян. Бүгін келіп «біздің заманымыз басқаша болып кетті» дегендей сылтаумен ар-ожданымызды санадан сылып тастағандаймыз. Кейде орашолақ болса да, ол ойдың астарында жанды сыр жатқандай көрінеді. «Жел болмаса, шөптіц басы қимылдамайды» демекші нарық, кыспаса халық бүйтер ме еді? Экономиканы тірелген тығырықтан шығаратын нарықты қатынасты қолданғанымыз орынды. Бірақ халықты оған дайындау, алдын-ала әзірлік жұмысын жасау керек еді ғой. Онсыз жүзе білмейтін адамды ашық теңізге лақтырғанмен бірдей. Бағаға қарап бармақ... шайнауға тура келеді. Әрине, тек сен емес, өзгелер де қысылып қиналуда. Әсіресе, бұрыннан шаруасы шамалы

жандардын халі қандай десең, көз алдыңа қалтырап қайыр сұраған сұлбасы солғын адамдар келе қалады. Алматының базарлары маңында, адам аяғы үзілмейтін көшелерінде қайыршыларды кездестірмей жүру мүмкін емес. Алқымбаттағалы бері, олардың саны күрт көтеріле түскені заңды. Өйткені, нарықпен бірге жүмыстан қысқарту және жармасты. Содан жалпы қоғам қайыршылықтың ащы кермек дәмін татып, талмаусырағаны рас. Қоғам қалай кайыршы болды? Осы сұраққа сәл шегініс жасалық. Бірде шет ел оқымыстысы сәуегейлікпен былай деген болатын: «Терезесі тен өмір сүрген адамдар ортасында бір-бірінен биік тұрғысы келетін тоғышарлык психология пайда болады. Және оны жүзеге асыруға тырысушылыктың нәтижесінде шаңырақтың ортасына түсетіні күмәнсіз. «Иә, айнымай бізге арналып айтылғандай. Қызығы әлгі сауалдың түп төркіні осында жатқан жоқ па. Кезінде тоқыраудың тұсында қарнымыз тоқ, көйлегіміз көктіктен мемлекет мүлкіне көз сүзе карағанымыз айқын. Бұқара мүддесін қоя тұрып, қарақан басымыздың, қамын жегеніміз жеңіл көрінді. Тоналған тіршілікке, қоғам өміріне жанымыз ашымады. Бұдан барып жатыпішер жалқаулық, мерезі масылдық келіп жабысты. Сөйтіп, біржақты караудан мендеген дертіне қоғам да, адам да тұсалып тынды. Осылайша опасыз қайыршылыққа калай келгенімізді білмей қалдык. Жеке қайыршының өзі кім? Әр күнін ілдәлап еткізетін пенде болар? Әлде баюды көздеген көрсеқызар ма? Қазірде олай қайдан болсын? Қоғам қайыршы болған соң, құрбандыкқа ең алдымен ілінетін әлсіз, осал жандар жанталасып амал қылады. Сондағы тапқан шарасы маңындағылардан қайырым күту, қайыр тілеу. Мүмкін, осыларды қайыршы деп атау лайық шығар. Тек оларды кінәлай көрмейік. Ең қауқарсыз ақсакал қарияларымыз бен ақжаулыкты әжелеріміздің көбі манағыдай күйзелуде. Бұған кім кінәлі? Қоғам деп, бар жүкті аудара салу әбестік. Қоғамға жетекші – Адам. Жұртшылыкқа жол бастайтын мұрындық – басшылық. Балық басынан шірісе – не шара? Енді анық қалпымызды қанық етіп көрсетуге бірер мысалды алға тартқан жөн. Астана тұрғындары күндегі тынымсыз тіршілігіне бой ұрғанда, телміріп, тұратын тіленшілер де өз жүмыстарына кіріседі. Жұпыны киінген, жәудіреген жанарлар әдетінше сезімі нәзік жандардан рақым күтеді. «Мен бейбақтың, қалған ғұмыры қолдарында» дегендей төмен түскен аянышты жүздері еріксіз жаутаңдайды.

Ауырлау болса да олардың екі-үшеуімен іш-тарта сөйлесуге тура келді. Орталық базар. Ығы-жығы адам. Жүргіншілерден гөрі бүктетіле отырған «қа-ра шал» көзге бірден іліне кетті. Иә, «қара шал»! Зарлана басталатын А. Қоразбаевтың әніндегі кейіпкерден айырмасы шамалыақ. Айырмасы сол - жаманды-жақсылы өз үйінде тұратындығы. Ескі бөркін қисайта, көнетоз мақталы күпейкесін қымтана жайғасыпты. Көңілсіз көріністен манағы әндегі ыңырана басталатын: «Қаукайған қасіретті қара шалмын, бұл күнде қара шалмен санасар кім..» деген өлең жолдары ойға орала кетпесі бар ма? Қо-балжыған жүректің қозғала қоюы қиын. Алғаш жанына жақындауға ыңғайсызданғаным рас. Сөйтіп, аз-кем кідірістенгенімде оның қолына 7 сом түскенін байқадым. Осы сәтті пайдаланьш, шама-шарқымша қарияға ақша ұстата бере, әңгімеге тарттым. Өмірзақ Тойбаев ақсақадың айтқандары мынандай болды: «Мен туралы сұрасаң, балам, міне 87 жастан асқан шағым. Өзім Алматы манындағы «Созақтай» совхозында тұрамын. Екі көзі көр-мейтін кемпірім бар. Бір баламыз болғанымен, үйленген соң, кетіп қалды. Одан хабар жоқ. Жағдайдың жөні бір айдан бері өзін көргендей, күнделікті ас-суға қаражат жинап, ауылға қайтам. Зейнетақы дейтіннік мәнісі шамалы. Ол оңып тұрса, бүйтер ме едім?» Екеуара сұхбатымыз қысқаша осылай өр-біді. Атайдың кеберсіген еріндері кемсеңдеп, үзіп-созып сөйлегеніне де шүкіршілік еттім. Кейбіреулерге қайыршылықтың кәсіпке айналып кеткені әрине, амалсыздықтан. Дені сау адам жәйдан-жәй ондай іске бара қоймас. Енді алақан жаюды күнделікті жұмысқа айналдырғандардың бірімен таныеып көрелік. Қос аяғынан айырылған азамат ағаш арбада отыр. Жанынан өткен жүргіншілерге марғау, мәнсіз қырындап қарайтындай. Әдетке айналғаннан ба, сұлбасы катып қалған ескерткіш тақта іспеттес. Өңінен не абыржудын, не жылылықтың нышанын байкау қиын. Мүсіркеп оны аяған жандардың «алдамшы» ілтипатына еріксіз ерін жыбырлатады. Сонда да сөзге икемдеп, сыр бөлісуін өтіндік. Саран сөйлесе де, біраз нәрсенің шет - жағасын шығарды. Орта жастан асқан Д. Вадимов ойын қысқаша былай баяндады: «Сұрапыл соғыста аяқтан айырылып, қайғы жұттым. Бұл өмірімнін, айықпас касіретіне айналды, Әйелім ба-лаларымды ертіп ертеректе-ақ кетіп калған. Содан кейінгі күй міне осы. Қу басымның қамын жеп «қайыршылықты» ермек етемін. Байқайтыным – казіргі адамдарда қайырымдылық азайып барады. Күнде 30—50 сом әзер түседі. Нарықтан мен де тарықтым. Ұдайы бұлайша отырмаушы едім. Көңіл шіркін, сол кездерде қандай

еді? Бір уақыттарда менен бай адам болмаған шығар». Ол сөзінің сонында осылайша ащы шындыққа әзіл араластырып, сәл езу тартты. Келесі кездестіргенім – жүзінде титімдей де жылылықтың лебі жоқ, ақ жаулықты ана. Тағдыр тауқыметін көп көргеннен бе, бет-әлпеті әжімінен ажырағысыз. Өзі 54 жаста бола тұра, соншама қартайтып кеткені несі дейсің. Бәріміздің де анамыз ойланады, мұқданады ғой. Бірақ, тіптен мұндай суалып, солмас. Абзал ана баласы үшін құрбан. Ол үшін шарасыздықтан да шығуға тыры-сады. Мүмкін, ол соңғы парызын орындауға бел буған болар деген ниетпен суыртпақтап сөз сабақтауға тырыстым. Өзін Қ. деп таныстырған апайдың жауабы: «Талғар ауданындағы «Мичурин» совхозында тұрамын. Бес балам бар. Үйден ақша соңғы кезде тамағымызға жетпейтін болды. Өзім жұмысқа жарамаймын. Содан күнкөріс үшін осында келуге мәжбүр болдым. 3—4 күннен бері бір-екі сағат уақытқа болса да, қол жаю әдетке айналып барады. Одан артыққа бел шыдамайды. Кеше бір сағатта 17 сом, бүгін 13 сом алақанға түсті. Шырағым, тұрмыстың несін сұрайсың, киындықтың құ-рығынан құтылу бұрынғыдан бетер қиындап барады. Оны несіне жазасын, түзеліп жатқан ешнәрсе жоқ» деуге сайды да, өзі жылап жіберді. Ол жерде ананың жан жарасының аузын» тырнап алғандай әсерде қалдым. Бар жақсы сөздермен жұбатқандай болып, жөніме кеттім. Әрине, кайыршысы мол қоғам да қайыршы. Ондай ортаның жуықта оңа қоятыны шамалы. Әйтсе де әр іске жауапкершілікпен қарау мақұл еді. Кұлқынның құлы болғандар халықтың обалына калды. Өткен тарихымыздағы ата-бабамыз кедей-кепшікке пітір жинап көмектесті. Қайыршы дегеннің болмауын қалады. Бұл жөнінде дінімізде қатаң айтылды да. Дей тұрсақ та «дін – апиын» деп одан бездік. Безіп жүріп, терең орға омақасқайда ғана санамыз сілкінгендей болды. Содан дінмен кайта кайғыра қауыштық. Ал енді келіп, көненін, көзі қарттарымыздың кәріне ұшырасақ, не болдық? Әлгіндей аналарымыз қашанғы зар илейді? Ана көз жасының, киесі ұрып, тоқыраған тірлігіміз одан бетер тоз-тозы шықпай ма? Жалпы, бұл тақырыпқа үңілгенде, осындай ойлар түйдектеле түйінделіп мазалайды. Болашақтың болжамы да бұлдырай түсетіндей. Қысқасы, өзгенін орнына өзімізді қойып, қайырыммен қарай білу қасиетін бойға сіңіру кезені жеткен сияқты.

ЖАЛАҢ СӨЗГЕ ЖАНЫ ҚАС Ең алдымен, Намазалы Омашұлы туралы сөз болғанда, оның өсіп-өнуіне өзі шыққан ортасының үлкен ықпал еткенін айтпай кете алмайсыз. Ауыл-аймаққа сыйлы отбасында – қазақтың қарапайым зиялы шаңырағында дүниеге келуі соның айғағы. Марқұм Омаш ақсақал. Бар назарын бала тәрбиесіне аударған, олардың адал да еңбекқор, салауатты әрі саналы өсуіне өмірін арнаған екен. Әрқашанда орнымен ақыл-кеңесін айтып, өрендерінің зерек те ерек жетілуін ақыл-әкелік парыз санапты. Бұның бәрі болашақ қаламгердің зиялы ғұмыр кешуіне бірден-бір сеп болғаны мәлім. Жас та болса бас болатынын алғашқы аяқ алысынан-ақ аңғартты. Жасынан алғыр өскен ол алдымен білмекке ұмтылған. Сосын, кейін келе онысын іске асыруға талпынғанын байқар едік. Әрине, студент кездің өзінде кіл бір «сен тұр, мен атайын» қызжігіттер тобын бастап, кейін қатардағы оқытушыдан қара шаңырақ – университеттің проректорлығына дейінгі жолдан өту кім-кімге де оңай жүк артпасы анық. Осы меже биігінен қай орта, қай орында болсын абыроймен көріне білген Н.Омашұлы қашанда біліктілігін іскерлікпен ұштастыра алатын. Сондықтан да шығар, әр кез сенім күшейген, міндет ұлғайған. Содан өзіне көрсетіліп жататын осындай бар сенім мен жауапкершілікті ынты-шынтысымен атқаруға бел буатын. Ондағысы – қолынан келгенінше ортақ істен аянбау. Ел үмітін үкілеу, шет жұртпен қатардан қалмай, терезесі тең, ауқымы кең байланыстар орнату. Әр істі бастағанда, қалай бітетіні әрі оңай шағылатын жаңғақ еместігі ә дегеннен-ақ аңғарылады. Дегенмен, діттегеніне жетпей қоймайтын қағылездігінен де жұмысты ұтқырлықпен ұйымдастыра білген. Уақыт үдесіне сай іскерлік пен ілкімділік арқасында алдағы қандай да күрделі міндетті орындап шығатын. Осы ретте, дара ұстаз, академик, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Зейнолла Қабдоловтың айтқан мына пікірі ол жайындағы ойды толықтыра түседі. «...Ұстаз деген ардақты атты кіршіксіз таза күйінде алып жүргендердің бірі, бірегейі десе де болады, ол – мына отырған менің Намазалы шәкіртім. Біреулер кресломен көркеюге барады, біреулер креслоны көркейтуге келеді. Шырағым, біз таныған қалпыңда тұр! Әрбір менің ұстаздық тәрбиемді алып, түлеп ұшқан шәкірт – қолымнан шыққан төлтума кітабым іспетті. Мен жазған кітаптардың ішіндегі классикасы – Намазалы Омашұлы!» Бұған алып-қосар жоқ. Ендігісі, мұны дамыту ғана секілді.

Тарихтың омыртқасы хроника болса, жүрісінен жаңылмайтын – тек факті. Н.Омашұлының өмірбаянына үңілсеңіз, тым асығып, албыртыққа салынбайтын, тым баяу қатардан да қалмайтын қоңыраулы қоңыр қаламды серік еткен жорға жүрісті байқайсыз. Туа бітті болмысындағы осы бір сабыр мен саф ауадай тазалық өмір жолындағы іздерінде сайрап жатқаны анық. Зады, шығармашылық адамының ғұмырын байытып, өткенін баянды ете түсетін – өнербаян. Енді соны тарқатып көрелік. Алдымен әңгімеге сегіз қырлы бір сырлы жігіт ағасының қаламгерлік қыры сұранып тұрғаны анық. Өзіндік қолтаңбасы бар Намазалы Омашұлының қарымы мен әр басқан адымы өзінше өрнек. Себебі, «асықпай жүріп, анық басатын» табандылығы, алымдылығы жазғандарынан да айқын аңғарылатыны жайдан жай емес-ті. Тынымсыз ізденістен туған «Толқындағы «тотияйын» атты іргелі монографиясынан, «Қазақ радиожурналистикасы: тарихы, тәжірибесі, теориясы», «Белестер», «Жол үстінде – журналист» атты кітаптарымен әрбір ғылыми еңбек, мақала, ой толғаныстарында рухани бірізділіктің біте қайнасып жатқанын аңғару қиын емес. «Азамат парызы» очеркінің мына бір жолдарына көз жүгіртейікші: «Бұрқап тұрған қар ұшқыны басылып, түлкі орнынан тұрып, дүр сілкінді. Одан сайын нарттай құлпырып, күміске көмілген қызыл нүкте алауланып біраз тұрды да, қиырдан асып, ғайып болды. Бір сәттік қана сұлулықтың үзіліп кеткеніне іштей налып тұрғандай...» Немесе: «... Ғасырды куә еткен сары сіңір сексеуілі мен өздігінен шіріп, құлап түскен дүзгені де ұзақ мезгілдің айғағындай. Бұл өңірдің мінезі де өзге жердің табиғатына ұқсамайды. Кейде дүние көшіп жатса да сабырлы қалпынан бір аумайтын салиқалы мінезі ауыр жанның табиғатына келеді. Өршіп соғатын дауылы бір көтерілмесін, көтерілсе дүние қара түнекке оранып, қиыршық тас пен құм жауады да тұрады. Екіленіп көтерілген жел аптаға жуық басылмай, қойнаудың бей-берекетін алады. Ақыры адуыны қайтқан жандай біртіндеп барып басылар еді. Осыдан кейін дүние шайдай ашылып, өңірдің жүзі өзгеріп сала береді. Жайма-шуақ мәзіре жай қалпы қайта оранып, қойшы-қолаң, жан-жануар жадырап шыға келетін. Құм мінезі осындай...» Бір есепте, бәрі тайға таңба басқандай ап-айқын. Көкірекке қонымды-ақ. Қысқасы, манадан айтқандарымызға мысқалдай ғана мысал – осы.

Жетпісінші жылдардың екінші жартысында Н.Омашұлы очеркистік қалам-қарымымен танылғанын айтпай кете алмаймыз. Сезім образы мен нәзік лиризм шығармаларының әр кез шырайын келтіргенін көрер едіңіз. Мұнымен қоса фельетон жанрында да өнімді еңбек еткені бөлек әңгіменің жүгі. Оған кеңес қоғамының келеңсіз жайттары мен кемшін тұстарын сынап-міней отырып, тұтас юморлық эпизод, күлкілі диалогтармен езу тартқызған сатириктік қыры айғақ. Н.Омашұлының және бір қыры – журналистиканың теориясы­ на қосқан қомақты үлесі, өз саласының білгір маманы екендігі. Бұл ретте, Н.Омашұлының 200-ден астам ғылыми-публицистикалық мақалалар, оннан аса кітап жазғандығын айтсақ та жеткілікті. Ғалым зерттеуінің негізгі бағыты – радиотележурналистикасы және журналистика ғылымының мәселелері. Сөз ретінде ғалымның іргелі екі еңбегі аз-кем тоқталуды қажет етеді. «Толқындағы «тоти­ яйын» монографиясы – алғашқы ғылыми ізденістің бірі. Негізінен қазақ радиосындағы фельетон жанрының қалыптасуы мен даму­ ын жете зерттейді. Жалпы Қазақ радиосында сатиралық хабар­ лар елуінші жылдардың екінші жартысына қарай пайда болғанын ғылыми дәйектейді. Ал, «Қазақ радиожурналистикасы: тари­ хы, тәжірибесі, теориясы» атты оқу құралы – 1917-1941 жылдар аралығындағы қазақ радио-журналистикасының нақтылы тарихын, жинақтаған тәжірибесін, қалыптасқан теориясын сөз ететін көлемді зерттеу. Бұл еңбек ғалымның әлі белгісіз архив құжаттарын, арнаулы әдебиеттер мен әр жылдарда шыққан мерзімді басылымдар жария­ ланымдарын, үнтаспадағы хабарлар түпнұсқаларын негізге ала оты­ рып, Қазақ радиожурналистикасының даму тарихын, алғашқы ширек ғасырлық тәжірибесін, қазақ радиохабарларының жанрлық, пішіндік өзгешеліктерін толыққанды ашып көрсеткендігімен құнды. Бұл ғылыми және оқулық кітаптар жас журналистердің, ғалымдардың және журналистика тақырыбы қызықтыратын барша қауымның пайдаланатын негізгі әдебиеттеріне айналды. Жоғарыда аталған еңбектер – қазақ әдебиеттану және журналистика, публици­ стика ғылымдарына қосылған үлкен үлес. Профессор Н.Омашұлының ғылыми-зерттеу еңбектері жиырма­ дан астам халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық конфе­ ренцияларда сыннан өтті. Мәселен, Астанада, Алматыда, Таразда, Мәскеуде, Лас-Вегаста (АҚШ), Монреалда (Канада), Парижде (Фран­ ция) өткен конференцияларда жасаған баяндамалары лайықты жоғары бағасын алды. Ол – «10.01.10 – журналистика» мамандығы бойынша

Қазақстандағы жалғыз ғылым докторы. Енді Н.Омашұлы өзі жеті жыл басқарған ҚазҰУ-дің журналистика факультетіне қандай жаңалық әкелді дегенде, ауыз толтырып айтарлық істердің бір парасына ғана тоқталсақ жеткілікті. Іргетасы сонау 1934 жылы Коммунистік журна­ листика институты болып қаланған факультеттің қазіргі келбеті жаңа уақыт межесінде жасақталып, соны ізденістер үстінде. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларын қамтитын жеті кафедра жұмыс істейді. Арнайы жабдықталған оқу залы, компьютерлік класс, пароболистік антенна, жаңа фотостудия бар. «Журналист» атты оқутәжірибе газеті шығарылады. «Сана» теле және радио студиялары студенттердің шеберлігін шыңдайды. «10.01.10 - журналистика» мамандығы бойынша диссертация қорғалатын Кеңес ашылды. Онда отыздан аса жас ғалымдар ғылыми аренаға жолдама алды. 1996 жылы ЮНЕСКО Халықаралық ұйымының бұқаралық құралдар және жур­ налисика жөніндегі кафедрасы ашылды. Бұл кафедра – Орталық Азия мен Қазақстандағы қазіргі журналистика проблемаларын зерттейтін бірден-бір орталық, әрі дүние жүзінің 22 елінде ғана бар. Журнали­ стика факультетінің ынтымақтастық, қарым-қатынас аясы кеңейді. Қазір АҚШ, Франция, Германия, Корея, Филиппин, Польша, Канада сияқты мемлекеттердің журналистік білім беру жүйелерімен байла­ ныс орнатылған Н.Омашұлы Қазақстан журналистикасының өсіп-өркендеуі мен дамуына ұйтқы болған тұлғаның бірі екенін қадап айту ләзім. Өйткені, ол 1995 жылдан әмбебап журналистер әзірлейтін республикадағы бірден-бір оқу орны – журналистика факультетінің деканы ретінде көп еңбек етті. Бұл күнде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті – республикадағы журналистік білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік орталығы. За­ ман талабына сай жаңашылдықтың жарқын іздері байқалса, бұл істе, сөз жоқ, ұжым басшының еңбегі зор. Декандық қызметте Н.Омашұлы өзін іскер басшы, білікті ұйымдастырушы және жаңалык жаршы­ сы ретінде көрсете білді. Ол жетекшілік еткен кезде журналистика факультетінде бұқаралық ақпарат құралдарына қандай журналистер қажет екендігі ескеріле отырып, оқу бағдарламалары түгелдей дерлік жаңартылды. Бір анығы, жоғары оқу орнын ашатын да, жабатын да – СТУДЕНТ! Бұл қағидаттың растығы қазіргі таза бәсекеге құрылған жоғары оқу орындарына абитуриент тарту науқанында айқын байқалып жүр. Соңғы жылдары факультетте «Баспа ісі», «Бұқарамен бай­

ланыс» сияқты заман сұранысы тудырған жаңа мамандықтар мен «Халықаралық журналистика», ЮНЕСКО, «БАҚ және жарнама менеджменті» секілді кафедралар ашылды. Сондай-ақ, факультеттің материалдық-техникалық базасы соңғы технологиямен жасақталды. Халықаралық байланыс жөнінен журналистика факультеті универ­ ситетте алдымен аталады. Оған жоғарыда атап кеткен шетелдердің ірі журналистік білім беру жүйелерімен халықаралық байланыс орнатылғаны дәлел. Н.Омашұлының өзі екі мәрте АҚШ-тың Оклахо­ ма мемлекеттік университетіне, сондай-ақ, Парижде (Франция) және Монреалда (Канада) өткен ЮНЕСКО-ның Халықаралық конферен­ цияларына барып, ғылыми баяндамалар жасап қайтты. 1996 жылдан құрылған халықаралық ЮНЕСКО ұйымының Орталық Азия мен Қазақстандағы журналистика және коммуникация жөніндегі кафедра­ да оқытушылар мен студенттер әлемдік деңгейдегі телеарналар ха­ барларын, ИНТЕРНЕТ байланысын пайдалана отырып, журналистік зерттеулер мен талдаулар жүргізумен айналысады. Сөз орайы келгенде айта кетейік, Н.Омашұлының талантты жастарға деген қамқорлығы ерекше тоқталуды қажет етеді. Қолынан жазу келетін талай ойлы өренді ғылымға баулып, жодама берді. Ісіне мығым, білікті шәкіртін жасына қарамай басшылық орынға да қойды. Жалпы, адамның ісіне, талантына қарап бағалауы осы қадамдарынан аңғарылар еді. Жаңа уақыттың техника-технологиясы мен ілімбілімін тел емген жас ғылымға да, оқу орнына да қажет екенін жақсы түсінетін ұстаз кездескен кедергі-қиындыққа қарамай оларға жол ашты. «Ақыл жастан...» деп үлкен сенім білдірді. Осылайша, «жанам деген жігітке от беретін, шабам деген жігітке ат беретін» орта – журналистика факультетінің барлық жағынан толы­ сып жетіліп, ең бастысы – жаңа уақыттың бар жақсы нышанына қарап бой түзеуіне берік іргетас қаланды. Ендеше, мұны Н.Омашұлының қайраткерлік қыры деп қабылдауға толық негіз бар. Жалпы, Н.Омашұлы сан қырынан танылған талант иесі екенін тек алдын көрген шәкірттері ғана емес, бүгінде қазақтың қара сөзін қадір тұтқан көпшілік қауым жақсы біледі. Бір бойына тоғысқан қаламгерлігі, ғалымдығы, ұстаздығы – бәрі-бәрі тек төккен тер мен сіңірген еңбегінің бүгінде өтеуі іспеттес. Бәрінен бұрын шәкірттеріне осы ғалым-ұстаздық қыры жақын, әрі жыға таныс. Соңғы ширек ғасырдың бедерінде университет бітірген, бүгінде қазақ журналистикасының қара қазанын қайнатып жүрген журналистердің барлығына ұстаз, ақылшы. Талай талантты

шәкірттердің тұсауын кесіп, ғылымға деген жігерін жаныды. Және бұқаралық ақпарат құралдарына мыңдаған мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосқан. Байқап қарасақ, аз уақыт, аз көрсеткіш емес. Бүгінгі бүтін бір ұрпақтың өмірі. Қазақтың «Елу жылда – ел жаңа, жүз жыл­ да – қазан» деген нақылы тұрғысынан келсек, сонша мерзім шәкірт тәрбиелеу де мықтылықтың бір мысқал көрінісі. Н.Омашұлының талғамының биіктігі мен талабының күштілігін сезініп өскен шәкірт күні ертең сол деңгейден көрінуге дағдыланатыны бар. Өйткені, еңбекке ерте үйренген ұстаздың жалқаулыққа жаны қастығына еш шәкірті шәк келтірмейді. Жөн сөз айтып, жөндем болуға шақыруда қарабайырлықпен емес, қарапайымдылығымен ерек. 2001 жылы Кембридждегі (Англия) Халықаралық биографиялық орталық журналистикадағы, білім берудегі және ғылымдағы ересен зор жетістіктері үшін Н.Омашұлына «Жылдың Халықаралық адамы» атағы мен медалін табыстады. Елдегі бұқаралық ақпарат құралдары мұны қазақ журналистикасы мен ғылымына әлемдік деңгейде берілген жоғары баға деп мәлімдеді. Шындығында солай, ерінің ғана емес, елінің де жеңісі еді. Сөз соңында Н.Омашұлының қазіргі кездегі қызметіне қатысты бір ауыз пікір. Еліміздің мандай алды оқу орны – ҚазҰУ-дің тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры ретінде зор жауапкершілік жүгін арқалағанын университеттің соңғы кездегі тынысынан аңғарар едік. Білім ордасында жалпы идеологиялық жұмыстар қолға аланып, студенттерді мамандықпен қатар адамдыққа тәрбиелеу жағына жете көңіл бөлінді. Қадап айтқанда, ұлттық өнер – рухани өрісімізді жас өскін, жаңа ұрпақ бойына егу арқылы студенттерді отаншылдыққа ба­ улу мәселесі жолға қойылды. Қаламгер, ғалым, ұстаз Намазалы Омашұлының еңбек жолы жай­ лы сыр шерткенде осындай үзік ойларға кенелеріміз кәміл. Оған ба­ сты себеп оның көзі қарақты қауымды бейтарап қалдырмайтын өзіне ғана тән жоғарыдағыдай ерекшеліктерімен есте қалатын қасиетке ие өзгеше өмір өрнегі. 2003 жыл. «ҚЫЗЫЛ ҚАРДАН – АЯЗ БИГЕ» ДЕЙІН Әдебиетте жағымды және жағымсыз ғана кейіпкер болатындығына үйренген қауымға «Біздің заманның Аяз биі» атты туынды тіптен тосын. Ондағы кейіпкерлер галереясы да қызық. Түстеп қарасаңыз,

көзіңізге тек ақ пен қара түс қана келе қалмайды. Біресе көк, біресе сары т.б. Одан қалса, көзіңізге бұрын түсе қоймаған қайсыбір бояудың түсін түстеу мүмкін де емес. Қалай? Әңгіме бас кейіпкер турасында. Күні кеше тура осындай «жұмбақ жан» болғанына таңданасыз. Не жағымды, не жағымсыз, не тағы басқадай екенін ажырата алмай дал боласыз. «Мәселе сонда – әдебиеттің сан түрлі жазылмаған заңдылығында» дейді сыншы Тұрсынжан Шапай. Біздіңше, бұл туынды осынысымен құнды, әрі ертеңге алып барар жаңалығы әлгіндей. Жазушы Жұмабай Шаштайұлының алғашқы кітаптарының бірі – «Қызыл қар» кезінде Республика деңгейінде ғана емес, одақтық көлемде үлкен әңгімеге арқау болған. Байқауымызша, осынша даурықтырып жіберген бір ғана деталь сынды. Ол кітаптың «Қызыл қар» аталғандығында емес, қардың қызыл екендігіне қатысты ұғымның туындағандығында. Мәселе сол қардың қызылдығында. Содан қар неге қызыл болады деген сауалдың ұшығына жетуге ұмтыласыз. Әрі таба­ сыз да. Тапқаныңыз – алдыңыздағы туынды сан түрлі (сан бояулы!) пікір қайшылығынан ақиқатты екшегендігімен ерекшеленетіндігі. Содан ба, көркемдік тәсілмен кестеленген Ақиқатқа қайбір адамдар қарай алмаған. Мұны туындының әлеуметтік қуатының әлеуеттілігі десек әбден келісті. Алақандай кітапты кешегі кісендеулі жүйе кезінде де ыждағаттылықпен оқысаңыз, бүгін де оқырманын сол тараптан та­ бады. Ертең мұндай кітаптың шаң баспай жататындығы екібастан. Міне, кітаптың өлшемге сыймас ғүмыры! Бала кезде бәрі арман. Барлығын былай қойғанда, шетсіз-шексіз әлемді алақанға салып алған да айып емес. Әттеген-айы, ойдағы орындала бермейді. Себеп көп. Салдар сан тарау. Өмір қиыр-шиыр. Дегенмен, «талмас талап, ыстық жүрек, қайтпас қайратты» серік еткен, сеніміне кірген зеректік о бастағы сана зиынында сақталып қалғанын өз орнына қоюға асық. Бүгінде жігіт ағасы жасындағы жа­ зушы Жұмабай Шаштайұлының болмысынан осыны аңғарар едік. Әрі бізді бәрінен бұрын жазушыны бүгін не толғандыратындығы қызықтырады. «Қандай да бір ұлттың рухани құндылықтарының айталық, мәдениетінің, әдебиетінің, өнерінің және спорты сынды мың сан дүниелерінің кеш басында жастар журуге тиіс. Олар тез қабылдағыш және өздеріне тән шапшаңдықпен алда журуі заңдылық. Дей тұрсақ та, біздің жағдайымызда рухани дүмпулер жасауды былай қойғанда,

қарапайым жайлардың өзінде жастарымыздың қайда жүргенін білмей қаласыз. Кезінде Достоевский әдебиетке есіктен емес, терезеден кірген» деген әңгіме бар. Мұндай құбылыс тек жастыққа тән жігерді, құрбандықты еске салады. Жастар дегенде, менің ойыма ең алдымен сол буынның бүгінгі таңдағы әлеуметтік белсенділігінің тым төмендігі оралады. Кей­ де осы келер ұрпақ өте ұсақ-түйек тірліктің төңірегінде шыйырлап қалып бара жатқандай көрінеді. Өздерінше батыл бастамашылық пен мәселені жеке шешуге деген талпынысты байқай бермейсіз. Дәл қазіргі қазақ үлтының бар болмысы мен болашағын айқындайтын ба­ рометр – жастар. Себебі, аға буынға енді салмақ арта алмайсыз. Уақыт өзгерді. Заман ауысты. Ұрпақ алмасатын кезіңіз келді! Ол ұрпағыңыз – қазақтың бүгінгі жастары жайында кереметтей пікір айту қиын. Кезінде той мәселесіне қазақ үлкен мән беріп, тәрбиелік маңызы бар шара ретінде қараған. Қыз қуу, теңге ілу, күреске түсу сынды ұлттық ойындар арқылы азаматын таныған. Тойға ішіп-жем үшін емес, үлкен жауапкершілікпен барған. Дайындығы болмаса, тайсақтаған. Осы жерден келіп намыс деген мәселе қылаң береді. Бүгін жастар тойға ішіп-жейтін, әрі кетсе көңіл кетеретін орын ретінде ғана қарайды. Алайда, ол ешкімді ойлантып отырған жоқ. Мүмкін, міндетті де емес шығар. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген тұрғыдан келген­ де қазақтың жас-кәрісінің ойланатын жайттарының бірі екені анық. Өмірінің көбі кетіп, азы қалған адамдар кінәмшіл келетіндіктен де біздің жастарға өкпеміз орынды болуы мүмкін. Керісінше, сол жастарымыздың өзі көп ретте кінәмшілдікке салынатыны несі?» Жазушының дәл бүгінгі ой толғамы осы. Шағын дүниемізде жазушы Жұмабай Шаштайұлының бар пікір-ойын, әсіресе, бүкіл шығармашылығын толыққанды таразылауды мақсат тұтпадық. Ол уақыттың еншісінде. Уақыт демекші, Жұмабай Шаштайұлы елудің белесіне шығыпты. Өмірдің өзге көре бермейтін сан бояуын тап баса білетін үлкенмен ізеттес, кішімен пікірлес жазушы езінің үлкен кітабын жазуға енді отырғанына сенгің келеді. 2004 жыл. ҰРПАҚ ҮНІН ҮКІЛЕГЕН ҮШКӨЛТАЙ АПАЙДЫҢ ҮМІТІ:: 60-жылдары қылышынан қан тамған кездің өзінде қазақтың төл тарихын арцау еткекбасы­

лымдарды арашалау, ақ бас тарихтыц ақтаңдақтармт ақтап, аққараны ажырату болатын. Үміт үкіленіп, \енім аңталды. Қиямпүрыс қогаида щндай ауыр жук арцсишу қапша ңиындық тугызса да, күресіп бацты. Ана, гал\ш ретіндегі тулгасын асцац^стады. Бастысы – ага­ лар, әкелер алдындагы ары таз Қолтығы сөгіле\ кан сорпасы шығып еңбшс еткендер еленбей қалады кейде. Түбі рухани ерлік екш^ліп, еңсесін тіктей түсетініне имандай илаііғаннан бол^р, олар: үнсіз ғана сүйікті ісін серің, етеді. Сондай саі^іақтың бірі – қарапайым ана, әдебиедгану ғылымыныь? жүгін арқалаған, бүгінде бір ғылыми-зевттеу инстихутының жүмысын жанқиярлықпен атқарып іселген ғалым, филология ғылы-мының кандидаты Үшкөлтай Сүбханбердина екенін есті уақыт елегінен әлдеқашан өткізгеңгТек арамыздағы асылды ардақтай бермейтініміз баЪ. >Сол кемшіліктің орнын ойсыратпай, шамамызша толтьіруға тырыссақ сауапты. Тағдыр деген де қызық. Даадырмаштай қызды он жа-сында өкесіз калады деп юм ойл.аған. Одан кейін оңтайға келетін тіршілікті но­ башгап болцады. Әкесі Сүбханберді 1937 жылдың жеке басқа табыну^вүлматының қүтрығына ілінуі туған-тумыстың тынысын тгюылтты. Қайда барса «халық жауының қьвы» деп көзге түртті. Көкейіне түскен күйік шемен больш шөккен сосын. \ Жас қыз бүдан бірқыдыру ой түшеи. Бірақ, жасымады. Жанарындағы Лкасты сылып, жалынын^жаныды. Әйтеуір, әбжыландай^лапатқа қарсы ішінен бір^буырқаныс сезім бой көтерд/. Алғаш оңдысы – оқу деп т\йсінгені содан. Орта ме^гептен кейін ин­ ститут тәмамдадьі. Аз аялдап, ақыры ^аным-түйсігін жанышкан жаққа тура\колмен тарт-ты. С,йл кездегі Қазақ КСР Ғылым академи­ ясынЬщ Орталық Ғыріши кітапханасында библиограф, бас библио­ граф одан Өиін қазақ кітаптары мен сирек кездесетін кітаигар және қолжазба бөламінің бастығы болып қызметтер атқаруы жайдан-жай емес. Мұндағы мақсат: кешегі көргенсіздікпек көкпарға түске^н ер намысына, ел намысына ара түріу, ақиқатқа арашал\іқ ету. Ақыры алған б\ғытынан айнымай, адым жасадыалға. Алғашқы қадымы ақзанға емес, тым қымбатқа түсті/ Ауыз ашуға түрмақ, ол жа­ мында ойлауға тыйым салынғэіі түста ақ бас тарихтың ақтаңдақтарын ақтару көз і^уанышы болғанмен, көңіл қорқкшышы-тыа Мүны жеңіА жеңілей-генімен дерек жинауда\бір, оны бастыруда ^кі қиналды. Қияметтің күнінде қол Аалғап, қолтықтан д/меген әз аға – ғүлама ғалым, академик Әлкей Марғүі(ан дем берді. Жалғанда жауыңмен

жал^ыз алысқаннар сақтасын деп іштей шүкірлік еткен сонда\ / Не керек, төккен тердің й^өкіміндей /өтеуі іспетті 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым ^кадемиДсында тіл білімі институты мен М. О. Әусзов йтындағіі әдебиет және енер институтының филоло­ гия ғыпьімдарртъщ біріккен Ғылыми кеңесінде Қазақ КСР Ғылым акаде^шясының – академигі Ә. X. Марғүлан мен Қазақ КСҢ^Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Е. С. Ыс^і&иловтың жетекшілігімен «Қазақтың революциядан бүрьщғы\мерзімді баспасөзі және көркем әдебиеті» (ХІХғ. аяғь/ХХғ.\басы) деген тақырыпта кан­ дидаттык диссертация^ын қорғаған. Бүдан кейін де қарап қалған жоқ. М. О/Әуезов ат^шдағы өдебиет және өнер институтының тексто­ логия жөне қолжазба бөлімінің аға ғылыми қызметкері, фоно-фото бөдімінің бастығы, қол-жазба орталығынын/қызметкері жүмыстары және жетістік-терге жеткізді. Ғьільіми зерттеулер мен мақалаларды ауызға алмағанда, «Айқші» бетіндегі мақалалар Уен хат-хабарлар» (1961), «Қазёқтың төңкерістен бүрьшғы мерзімді баспасөзінд^гі мате­ риалдар» (1963), «Қазақ кітаптары» (1986), «Даяа уәлаятының газеті»: әдеби нүдқалар» (1 том-1989, 2 уіэм-1991, 3 том-1992), «Ғашықнаме^ сынды биб-лиографиялық көрсеткіштері биік мүрағатымьг? бо­ лып қал-мақ. Бүл асыл мүра түркология ғылымы аясынд^ казақ ғы-льшйына мәртебе әперген. Аталған көрсеткіштер бүркемелеген ахиқатты айтып, жүгенсіз жүйенің өзінде басылға)йын ескерсек, Үшкөлтай апайдың ғалымдық қана емер^аза-маттық ттоғасының қаншалықты асқақ екенін анрарамыз. Ол аз десе\ бар еңбегі қаламақы төлемейтін «Ғьоым» бас-пасынан жақық көріпті. / ҒалымныіХ»Бүркеншік аттар көрсеткіші» үзақ жыл-дардағы ізденіоінің, зерделі зерттеуінің нетижесі. Сол кез-дегі атын жазудш қойып, атауға тыйым/салынған қазақтың біртуар үлдары: Ахмет Байтүрсынов/Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Ж^сіпбек Аймау­ ытов, Әлімхан Ермеков, Әлихан Бөкейханов^ Мүстафа Шоқайүлы, Ғүмар Қараш-үлы, Халел Досмүхамедүлы, Жаоанше Сейдалыүлы сияқты сегіз қырлы қайраткеқлердін/қалам үстағандағы жазғансызғандары жайында хабардар еткен де жоғарыдағы еңбек-тер. Үшкөлтай апайдын/ызығынан қиындығы аса мол ауыртпалыққа арқасын/тосуы аналық, перзенттік асыл мейірімінің арқалылығыи танытуға тиіс. Әйтпесе, жер жаһанды жалғыз шар/ап, Азіндегі абы­ ройы да азырақ де-рек іздеумен сан ашсивтің гааңын жүту есебін білгеннің ермегі емес. Тіпт/сонау Қазан, Мәскеу, есіресе Ленинградтағы М.Е.Салтыков-Щедрин атындағы Мемлекеттік кітапхана

қорлмын қопарып қайтуды әлденешеден әдетке айналдыруы т/ктентек емес. \ Әлгіндегіумейірім дегеннен шьіғады. Үшкөлтай апай бірде былаіу деген тебіреніспен: \ – ... «Авқап» журналы көзіме о\тай басылғаны, 1937 жылы «хадық жауы» деген нақақ жаламен айдалып кеткен әкем ос/і журналды әр уақыт оқып іэтыратыны есімде қалыпт/і. Міне, сол журналмен 20 жылдан кейін Ленинград кітап/анасында қайта табысқанда әк\мді көргендей қуан/ш, әрі көзім жасаурап, көңілім босағаны... Вүл сірә да босаңдық емес. Махаббат пеһ ғадауаттың қа/гар шар­ пысуынан туған қүрбандықтың\мейірдің, пухтың көзсіз жеңісі емес пе? Бүл – ана бақытц, перзент убақыты. Бала тәрбиелеп, немере сүйген ер ананыңчрухани / аласармас биігі. О&ы ретте жасырынып жатқан сырдың бір үшъъғы шығадьЦОл апайдың баска емес, иеге тағдыр талайы/гым бұралаң адқтаңдақтар мен алғашқы қазақ басы­ лымдарын тақырыбыда тың тиек етіп алуынан туындайтын іСауал. Уақыт ығын\ жығылса, жырлайтын дүние жетерлікс Қоғам құламай қозғайуы мүмкін емес тақырыпқа сол кездаң өзінде ден қоюы демш ішінен алган ақиқатты аңғартады. «Жел түрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген. Жоғарыда Үшкөетай апайдың әкесі Сүбхаьшерді саяси дағдарысқа үшьгоаған қым-қуыт шақтръщ қүрбаны болғанын айттық. Бар кінәсі – мектеп директорлығы мен математика пәнінің мүғалімі болғандьғы,/үйінде ескі, көне кітаптардың сақтальш түрғандығы. Соп үшін «Түрар Рысқүлов, Сәкен Сейфущрш сияқтьшапда.щ қүйыршық-тары, халық жаулары бүл ауылда неге жоқ?Г' деген шабар-мандар дедектетіп апарып абақтыға жауып/ит жеккенге айдатқан әкесін. Артынша «ескіліктҚкөкс/йтін кісінің» кітаптары кішкене қызының кәз алдын да /тқа оранған. Сөйтіп, аман қалғандарын есейе келе андағаУды. Шүкір-шілік айтқанын сезген шешелерінің, үнсіз егіліп, еңірегендерін көрген көзімен. Көңіліне тақуа тітіркеніЛтоқылып қалған содан. Бодан шақ пен бостаңдық алғащуақытгы рухани жағьшан тоқайластырьш, үзілген үппақтар үнін. жалғап, түтас халықтъщ жарасымдьшығын сақта/жолында бүтін бір ғылыми-зерттеу институтының жүмыоъін жалғыз жанкиярлықпен атқарып жүрген ғалым-ана, ш атаққа да лайық^екен-ау. ҮШКӨЛТАЙ АПАЙДЫҢ ҮМІТІ: 2000\жылдары келешек үрпаққа шаң аютындағы асқақ рухты, Ёгсыл мүраны тас түйін жарқі/н

дүниеге айналдыру, қайсар халықтың тарихын өзіне қайтарып, келе­ шек алдындағы аға буын парызы \ген қарызын өтеу болатын. \ ҮміУүкіленіп, сенім артқан жастар шыға бастады. Енді егделікті елеп, шау тартқан шағын шамалағашцмен ана, ғалвім ретіндегі түлғасы төмендемек емес. БастысьКүрпақ алдындағы аманатты ақтау. \ 2003 жыл Бiздiң ұрпақ адаспайды Оралхан Бөкейдiң «Алданған ұрпақ» романына әдебиетшiлiк емес, әлеуметтiк көзбен үңiлудi жөн көрдiк. Себебi, шығарманың әлеуметтiк қуаты хақында бiздiң буынның пiкiр бiлдiруi әбден занды сынды. Өмiрбаяндық романның бастамасын оқығанда-ақ соған иландық. «Алданған ұрпақ» атауы анықтауыш етiп бекер алынбаған көрiнедi. Шығарма «...Ұлы көсемiмiз Сталин мәңгiлiк көз жұмды деген сөздi естiген күнi ат төбелiндей Шыңғыстай ауылының жыламаған адамы қалмады» деп басталады. Яғни, автордың алып отырған обьектiсi айдан анық. «...Бұл не қылған ұрпақ?» деп бас қатырмайсыз да. Тек өкiнiштiсi – соңғы нүктесi қойылмағаны. Егер, басы бүтiн дүниеге айналғанда өткенiмiз бен өткелiмiздi бағамдайтын, болмысымызбен бетпе-бет қоятын қуатты дүниеге айналар ма едi? Бiздiңше, тым түгесiлудiң ретi жоқ. Алғашқы жолдарынан адаспай, айтпағын аңдай алдық бiлем. «Алданған ұрпақ» ұғымы жазушы шығармашылығының бүкiл бiр лейтмотивiне айналғанға ұқсайды. Бұған дейiнгiлерi осыған дайындық iспеттес. Оны қаламгер еңбегiне дендей келе сезiнемiз де. «Алданған ұрпақ» – жазушының өзiмен құралыптас буын. Оралхан олардың қатарынан қара үзiп шықты. Қасқая қарап, ойдағы елге ойлы жанарын жазбай қадады. Бүкiл шығармашылығының да бiтiмi осылай бөлектенген. Турасын айтқанда, адами мәселелердi көтере келiп, «бұл не қылған ұрпақ» деп ұнжырғасын тiктедi. Ұрпақты алдап, жақсысын алған не? Идеология. Социализм. Одан қалды, ел билеген идеалдар – Ленин, Сталиндер ме? Болса болар, бiрақ, бәрi жаратқан әмiрiмен, ұрпақ рухымен де санасады емес пе? Бiз аңдаған, жайып салар жан сыры осы. «Күнсiздерге күн болған, жер жүзiне нұр болған әкелерiң Ста­ линнен айрылдық...» – деп жазғандай, алданған ұрпақтың соры – имандай иланғыштығында, көзсiз сенгiштiгiнде. Ақыры не болды? Талғамсыздықпен табынған идеяның да, идеялдың да күлi көкке ұшты.

Көсемдердiң де, көксегендердiң де күнi күрт өзгерiп, күрмеле бердi. Ал-даудың не екенiн, алданудың не екенiн түйсiнгенiмiз томсардық, мойындадық. Басында миы жоқтарымыз шоңғыта шаңдатып шауып жүрмiз. Қаламгер соған назаланады. Налиды. Бұл пайымға бiр табан жақындастырған – жазушы парасаттылығы. Ол шығарманы идеологиялық көзбен кестелемей, керiсiнше кiсiкиiк мiнез танытты. Түсiнiгiмiздi тұманнан тазартуымыз содан. Ұрпақтың ұсқынын, толқынның тұрқын, аяқтың аңдысын осылайша аңғардық. Мана бiрде «Алданған ұрпаққа» дейiн де осы турасында толғап келдi дедiк. Соның бәрi, мiне, бiртұтастыққа тоқайласты. Олар «Құлыным менiң», «Өз отыңды өшiрме», «Атау кере», «Мен сiзден қорқамын», «Қар қызы», «Сайтан көпiр», т.б. «Құлыным менiң» деп кiмге ынтығып едi? Не себептi «өз отыңды өшiрме» дедi? Ақтық демiңдi есiңе салып, атау керенi неге ауызға алды? Ол кiмнен қорықты? Не қылған қар қызы? Қайдағы сайтан көпiр?.. Мұның бәрiн санаға сыйғызып, саралай алдық па? Өкiнiштi. Өйткенi, талдау жасауға таным таршылық еттi. Соқыр сенiмдi серiк етiп, сол иықтағы шайтанды семiрттiк. Сорақысы – «қап!» деп қапалана, санды сарт соғатын сезiмнен адыра қалдық. Айырылдық. Қызық. Жазушы неге жалғыздықты жалау еттi? Ненi сарғайып сағынды? Өмiрдегi жалғыздық пен жоғарыдағы жалғыздықтың арасы жер мен көктей. Түбi екеуi де жақсы нәрсе емес. Дегенмен, жоғарғысынан қарау ғана көңiлге демеу. Қаламгер қарымын осыдан байқаймыз. Бәлкiм, бұл әркiмнiң басына қона бермейтiн бақ пен сор шығар! Мiне, мәңгiлiк мәселе, таусылмайтын тақырып. Бұл ауылға екiнiң бiрi ат басын тiрей бермейтiн көрiнедi. Оған ұрынып не тәйiрi. Дұрысы, тәуiр жолмен жүрiп-тұрған. «Алданған ұрпақтағы» мәңгiлiк стихия – қоғамға қарсы тұру. Мұны шығарманың өне бойынан есетiн алғашқы лептен бiлуге бола­ ды. Әрине, салмақты ой легi алда айтылмай қалған да шығар, басты­ сы – мәңгiлiкпен межеленер нәрсенi бағамдадық. Мәңгiлiк не? Мәңгiлiк ұрпақ! Ұсқынды ұрпақ! Ұрпақ деген не? Шы­ найы күйiнде рух, жетi атасынан, тым әрiден келе жатқан рухи дүние! Тарихтан бiлетiнiмiз – рухы төмен халықтың басына ғана қара бұлт үйiрiлген. Мұның сызы алданған ұрпақты да шарпыды. Олардың жүрегiн аштық деген алпауыт шайлықтырды. Қайбiрi бiр келi еттен рухты кем көрдi. Әлi де солай. Мiне, тексiздiк, ұлтсыздық, тамырсыздықтардың тұрқы.

Шырмауға түсiрiп, шарқ ұрғызған бейбақ уақыт туғызған: «Қазақтың жауы аштық емес – надандық» деген айнымас аксиоманың күндердiң күнiнде алдан шыға келерiне күмән туғызды ма екен. Жазушының және қадағалап, қадап айтары – тiршiлiк үшiн ұрпақтан өзге өзектi нәрсе жоқ! Соның iшiндегi адам үшiн рухтан киелi ұлы күшке ие дүние бар ма екен, сiрә? Басқасы, бiр сөзбен айтқанда, мәңгiлiк емес, мәнсiз, сәттiк қана сәулесi бар алдампаз ауан. «Ауданда Оралхан Бөкеевтiң қоры ашылғанда, ауылдастарының, аталастарының бiрi: «Оралхан Бөкеев деген кiм едi?! Ол бiзге не жақсылық жасапты!» – деп айқайлапты деседi. «Естiген құлақта жазық жоқ» деген жолдарды бiр басылымнан оқып, басымызды шайқадық. Әне, алданған ұрпақ! Алданған ұрпақтың айтары. Алданған ұрпақтың (атауымыз айып болмас) артында ерген ел бар. Өмiрге ендi етене араласып жатқан жас буын – бiздер бар. Ағаларымыздан айырмашылығымыз неде деймiз ғой сонда. Бiздiң ұрпақ бақытты! Бұрын-соңды қазақтың маңдайына бiте бер­ меген шынайы бақыт. Ол шындық. Үш ғасыр бойы зарыға аңсаған арман-ой бостандығы, ел-жер еркiндiгi, ең бастысы, тәуелсiздiктiң көк туы төбемiзде. Бағымызға қарай, бiздiң тұсымызда тарих бұла бұлқыныс танытты. Сонымен бiрге, үлкен жүк, һәм ұлы жүк артты арқамызға. Және жай уақытта емес, сүйенер сүйегi жiңiшке, тарихи жолайрықта! Ендеше, бiздiң ұрпақ адаспауға тиiс. Әлбетте, заман ағымы өз ағынына иiрiп барады. Тек оған тiрек болатын буын жол сiлтеп, игi әсерiн тигiзсе. Алданған ұрпақ соқпағына ендi аяқ баспаймыз. Және таңдап алар жарқын жолды да айқындай алмаудамыз. Оның үстiне экономикалық ауыртпалық келiп килiктi. Бұдан кейiн адаспаймыз деу күдiктi. Тiптi, кейбiрiмiздiң қытығымызға тиiп: «Құдай-ау, қайдағы бақыт, бұл соры қалың ұрпақ қой» деп кейiстiкпен кекете кергуi кәмiл. Алайда, социализм кезiнде қара бала он тиынға күлше алып жейтiн де, өзге тарихты оқитын. Қазiр он теңгеге күлше ала алмаса да, есесiне, оқығаны — өз тарихы. Дәл бүгiн бұдан артық бақыт бар ма? Ғасырлар бойы қол жетпе­ ген дүниемiздi түгендегенде басқасы не тәйiрi!? Сүйiншiсiнiң қолына су құюға да жарамас. Әркiм өз ойындағыдай өмiр сүруiне мүмкiндiк бар. Тек тегеурiндi, саналы ғұмыр кеше алса. 2004 жыл.

«Әдебиет тарихынан» сабақ алсақ XX ғасырдың бас кезiнде Мұхтар Әуезов жазған «Әдебиет та­ рихы» кiтабы қолымызға тоқсаныншы жылдары ғана тидi. Ұзақсонар шындық шырғалаңынан кейiн оқырманына кешiгiп жетсе де, өз маңызын жойған жоқ. Қайта қайсар ұрпақ өкiлдерiнiң өмiр өрнегi, әдебиетi мен мәдениетi, шерлi шежiресi сабақ болар сараб­ дал салмақтылығымен сезiмi сергек, рухы ояу азаматқа құны арта түстi. Оқи отырып ондағы бүгiн мен кешенiң күнгейi мен көлеңкесiн жалғастырып жатқан дәнекердiң кермек дәмiн жұтынғандай боласың. Әсiресе, «Зар заман» ақындары туралы мағлұмат әрi-сәрi ойға жетелейдi. Зар заманды жырлаушылар әйгiлi Абылай ханнан бастап Абайдың уақытына дейiнгi аралықты қамтыған. «Зар заман» дегеннiң өзi – XIX ғасырда өмiр сүрген Шортанбай ақынның әлеумет ахуа­ лын айтқан өлеңiнiң аты екен. Бұл өрелi өлең сол кездiң алды-артын жырлағандардың жиынтық түйiнi iспеттес болғандықтан, барлығына «зар заман» ақындары деген ат қойған. Оның себебi де тарихтың қатталған қара беттерiне байланысты. Өткен ғұмырдың күнтiзбесiн парақтасақ, әлгiге көз жеткiзу әсте қиын емес. Ендi қазақтың тарихын таразылап, салыстырсақ, кешегi зарлы сарынның солған үнi осы қазiр талып естiлетiндей. Тiптi бүгiн мен болашақ та соның заңды жалғасындай көрiнедi. Мұны анық мой­ ындата алатын Шынболат ақынның «Шындық туралы толғауы» дәлелдедi. Бiр кезде Шортанбайдай ақындар шырылдаса, Шынболат сынды шынайы жыршылар «мұрасын» жалғастырды. Тек ащы айқай тас бiтелген құлағымыздың пердесiн жарып өтсе де, меңiреуше тiрлiк кешудемiз. Бұл ненiң белгiсi? Санасы соқыр ғана мылқаудың күйiн кешiп, наданның кебiн кимекшi. Бұрнағыдан гөрi қазiр халықтың жағдайы ертоқымы мойнына түскен атша тұралап тұр. Байқайсыз ба, күрделi өмiрдiң өзi «қалтасы қалың қарбыта асай­ ды», дегендi көлденеңiнен алдымызға тартқан. Оны тез түйсiне қойған санамыз басқаға көздi жұмып, дүниенiң соңына жөңкiле жөнелген-дi. Екеуара әңгiменiң түрi – iшер ас, киер киiмнiң қамы. Бiлiм алу, әдеби кiтап оқу дегенiңiз түкке тұрмай қалды деген жаңсақ психология да қалыптаса бастады. Театрға жұрттың жинала қоюы қиын. Қысқасы, өнерiмiзге, әдебиетiмiзге, жалпы рухани дүниемiзге қауiптiң қара бұлты төндi деу асыра айтқандық болмас. Ендiгi сөздi сәл шегiнiс жасап сабақтасақ. Еңсемiздi егемендiк алып көтерiп жатқандағы халдiң ауыр екенi әмбеге аян. Тiрелген

тығырығымыздың шешiлмек түйiнi болса, ол – Қазақстанымыздың экономикасы, экологиясы және рухани байлығымыздың жұтаңдығына саяды. Ең қымбаты – елдi ел қылып, халықтың қасиетiн сақтайтын рухани келбет. Құрғақ сөзден – дәйектiлiк құндырақ. Бақсақ, себебiн тереңiрек қарастырғанымыз мақұл. Орайы келгенде мына аңызды қысқаша баяндап өтсек. Өте ертеде дәулетi тасыған үлкен мемлекеттi кiшкене ғана ел жа­ улап алады. Жеңген патша жеңiлген патшаға үш сұрақ қойып, жауа­ бы дұрыс болғанда елiне азаттық беретiндiгiн ескертедi... Сонымен, үшiншi сауал не себептi жеңiлiске ұшырағаны жайында қойылады. Оған жүнi жығылған патшаның орнына он сегiз жасар жалынды ақын сөйлейдi. Орақ тiлдi ол: «Патша төңiрегiнен ойшылдарды, өнерлiлердi қууынан ел рухани жүдеушiлiкке ұшырады. Рухани жүдеу елдiң ешқашан, ешқандай жеңiске, тiптi табысқа жете алмайтыны айқын. Мiне, бiздiң ұлы патшалық бола тұра шағын патшалықтан жеңiлiп қалу себебiмiз. Бұл бiзге емес, сiзге де, келер ұрпақ, кемел тарихқа да сабақ...» – дептi. Бұдан кейiн жеңген патша жадырап отырып, жеңiлген елге азаттық берген көрiнедi. Аңыз осылай сыр шертедi. Аңыздың астарында ақиқаттың қылаң беретiнi белгiлi. Мұның растығын тарихи фактiлер айқындай түседi. Жер бетiнде небiр халықтар, мемлекеттер болған. Уақыт керуенiнiң көшiнен тағдыр тәлкегiне түсiп, олар да өштi. Тек сол рухани күйзелiстен десек, шындықты бұрмаламай табиғи күйiнде көкейге тоқимыз. Бiз қандай ұрпақпыз? Сауал бiтпейтiн шаруа. Десек те, әр уақыттың замана ауанына қарай қалыптасатын һәм қоғам қажеттiлiгiнен туындайтын тақуа тумысты сұрауы болады. Бiздiң, яки, бүгiнгi ұрпақтың ұтқыр да ұғынықты жауап берер сауалы санаға самарқаулықты жүктеп отырған жоқ. Түп тамыры сонау көне түрiк пәлсапасы дүниеге әкелген «Бiз кiмбiз осы? Қайдан шықтық? Қайда келдiк? Ендi қайда барамыз?» деген сұрақтардан сыр тартып жатқаны аңызға емес, ақиқаттың нақ өзiне айналды. Олай дейтiнiмiз, дүркiн-дүркiн баспасөз беттерiнде, мәжiлiс мiнберiнде бұл мәселе жиiрек айтыла бастады. Заңды құбылыс. Сауал салмағы саралаусыз қалса, бiрiншi – қоғамның соры да.

Әдеби, мәдени өмiрiмiзде аталмыш жайтқа деген алаңдаушылық бар. Соған қуанасың. Жазушы Д.Қосылбековтың «Бабалар мен ұрпақтар» («Жас алаш», 20-тамыз, 1992 ж.) атты әңгiмесiнiң әлеуметтiк қуаты қақында қозғар сөзiмiз соның үдесiнен шығар үн. Әңгiмеде екi желi бар. Бiрiншiсi – бабалар, екiншiсi – ұрпақтар. Яғни, ата мен бала. Ендi бұлардың арасындағы ғасырлар бойы жа­ сап келе жатқан берiк байланысты әңгiмеден iздеп әуре боласыз. Көркемдiк кiлтiнiң құнын көтерiп тұрған да осы тұздық деп топшы­ лаймыз. Әр заманның өз өлердей сүйенер сенiмi, имандай иланар идеялы болғанын Сталин мен коммунистердi пiр тұтқан бабаларымыз анық та қанық айғақтайды. Олардың бүкiлдей болмысын көрсететiн бүтiн бей­ не әңгiмедегi атаның кейпiмен келiстiрек. Бабаларымыз Пайғамбардай көрген коммунистiк партиясының тiптен құрбаны болып кетуге әзiр. Өмiр бойы тiлеуiн тiлеп, жанға «жаннат жылуын» берген идеяның күйрегенiне күйiнбегенде қайтедi. Және олардың сол «алдамшы ар­ маннан» арыла алмай, дүниеден озып, тозатыны түсiнiктi нәрсе. Ал, бiз ше? Жауаптың жүгiн әңгiмеге арқау жерiнен iздесек. «...Кейде таңертең ерте оянып, алғашқы хабарларды тыңдау үшiн радионың жанына барып, жайғасатын: бiр түнi мен ұйықтамай дөңбекшiп шықтым. Атамның iш-киiмiмен жаңалықтарды есту­ ге шыққанын пайымдадым. Ол ақырын төсектен түсiп, аяғына шұлғауын орай, сол күнi тәлтiректей қозғалып, дәлiздегi радиоға беттедi. Соңынан мысық табандап жеткенiмде атамның бiрдеңенi тыңдап алып, артынан ұрсып жiберетiнiн көрдiм. Тiптi, ол соңғы уақыт өте аз күлiп жүрдi. Оның сол күнгi бейнесi әлi көз алдымда. Орындық арқалығына асылып, жоғары iлiнген радионы құлағына тосқан сықпыты көкiрегiмде бiр жиiркенiш сезiмiн тудырды. Мен қалай ғана атамды жек көре аламын деп ойладым...» Атамыздың санасын билеген «сайқал саясатқа» жиiркене қараймыз. Сол үшiн де атамызды аяймыз. Бабалар салған сүрлеумен жүргiмiз жоқ. Оның жеткiзген жерi осы. Бұдан әрi жеткерерiне сенiм шамалы. Аталарымыз болса, бұл қағидадан қағажу қорытындыда. Қайта бiздiң ендiгi жолымыздың жарқын болатынына күмәндары керемет. Керiсiнше, бүгiнгi ұрпақтың оған деген осқырынысы мен мұрын шүйiру мәнi маңыздырақ. Сонда шалқая төс ұратындай бiз кiмбiз? Бағыт-бағдар, жол-жосығымыз қандай? Осындай сауалдарды алға тарта отырып, әңгiме әлемiнде күтпеген құбылыс шиыршық атады. Шешiмiн iздейдi. Тек өне бойынан өбетiн

өкпек жел сызы өз шеңберiнен шығып, шекемiзден өте сығымдайды. Санамызда лажсыз лаң салады. Бұл мынау күнiмдiк тiрлiктiң күйбеңiмен күйгелек ғұмыр кешкен ұрпаққа «күтпеген құбылыс» екенiн мойындамай қу мимырт медиендi мейрамдап жүргендер үшiн түк емес. Өмiрдiң сергелдең екенiн санадан сызып тастай алмаймыз. Тiршiлiгiмiзде өткенiмiзден бетер аста-төк алдамшы қызық, әбүйiр әпермейтiнiн әпербақандық, тәубаңа түсiрмейтiн тойымсыздық, оңай опынтатын ойсыздықтардың шетсiз, шексiз желiсi жалғаса бердi. Осының арқасында тым шаршағыш, самарқау, енжар, бей­ жай, қимылды сөкет санамайтын ұрпақ ожданы бабалар алдында ұнжырғасын төмен ұстауды ұят санады. Мұндай әлеуметтi ахуалынан айықтырар қалам құдiретi десек, амал қайсы, алдымен әдебиет пен өнерге иек артамыз. Сол емеурiнiмiздi елей қояр күштiң сықпытын көрiп, кейде кейисiң де. Осы орайда аз ұсыныс айту айыпқа бұйырыла қоймас. Өнерiмiздiң қазiрде ең маңыздырағы – киномыз тың соқпағын iздеуде. Әсiресе, «жаңа толқынның» жемiсiн алға тартсақ та жетiп жа­ тыр. Олар: «Бiз, бәрiмiз Соловьевтiң қоластынан толқын болып тулап, жағаны су болып бiр шайып өтiп қайттық», – дейдi. Әдебиетiмiзге дәл осындай болмаса да жаңа қуат, оқырманға мөлдiр суат қажеттiгi айдан анық. Әйтпесе, әдебиетiмiз киномыздың көлеңкесiнде қалып қойып, «ғайып» болып кетуi де ғажап емес. Әдебиетiмiзге тосын бетбұрысты әкелетiн және жастар екенiн екiленбей сөз етелiк. Ол үшiн қазақ ки­ носына «жаңа толқын» әкелген Соловьев сияқты саңлақ (әрине, өз ұлтымыздан шыққан) суреткерлер ұлттық әдебиетiмiздiң байыпты болашағын ойлап, талданып отырған әңгiме авторы секiлдi, жастарға дәрiс оқып, бағыт берсе деймiз. Бiзде мәдени бiрлiк деген жоқ. Орыстар симфониялық музыкаларының өзiн талдап отырады. Оларға жаңа шыққан әр шығарманың берер пайдасы мен құны арта түседi. Неге бұлай ет­ песке? Жансарайына қаншама жыл өткеннен кейiн үңiлiп жатқан әңгiмемiз сияқты шығармаларымыз жоқ емес. Шүкiр бар. Оны өмiрiмiзде, саясатымызда тiптен экономикамызда болар iрi құбылыс ретiнде қарастыруымыз қажет-ақ. Жалпақ жұртқа зор жаңалық ретiнде жария қылу парызымызға айналуы тиiс шаруа. Сонда өркениетке өңмендей енемiз. Өнерiмiз де өлмейдi, өзiмiз де өшпеймiз. Бар нәрсе адасып қалған ұрпақ, аңырап алақ-жұлақ етiп, уақытының көш керуенiнен көз жазып қалған бiздер жайлы болып отырғандықтан

да әңгiме соңы басты кейiпкердiң көз жасын көл етуiмен аяқталады. Мұны тәуелсiз ойлайтын жiгiттiң тәуекелшiл, турашыл бұлқынысы деп бiлуiмiз керек. Ол бекерден-бекер жылап отырған жоқ. Бүгiнгi бейбақ ұрпақ пен жалпы адамзат атаулының қоғам һәм жаратушы құдiрет алдындағы дәрменсiздiгiне налиды, назданады. Ешкiмге сенбейтiндiгiне таңданыс пен тәкаппарлана iштей ызаланып, ерiксiз екi көздiң жасына ерiк бередi. Оны шарап iшiп, шалқығанда нелер есiне түсiп, түнере күңiренетiн байғүс деп бағалауымыз мүмкiн. Шын мәнiнде олай емес. Одан жиiркенiш сезiмiн бойына жиырып ұғынатын ұрпақ (жанындағы достары) өзiнiң алдағы жолын аңғара алмай адасып, аңырап айдалада қалғанын андамайтыны – ақиқат. Айтыңызшы, өтiрiк пе? Мына бәдуәи дүниеден де береке тауып, ме­ реке жасап жүргеңдерiмiз жетерлiк. Салмақты ойға шақыратын әңгiме пайымдауымызша, осылай сыр шертедi. Оны басқасын былай қойғанда, әдеби ортаның өзi соны жаңалық ретiнде салмақтай алмаған-ды. Өстiп, еш байқаусыз бiр күнi өнер де, өзiмiз де өшер ме екенбiз деген өксiк көмейге кептеледi. Сон­ да қапа болған Бальзактың: «Бүгiнде оқыған адам бар ма? Барлығы сәндi киiм iлген киiм iлгiштер ғой» – деген сөзi ойға ерiксiз оралады. 1994 жыл. Ұлыдан ұлағат – ұрпаққа мұрағат Абай – әмбеге аян, сонау заманы содырлау, адамы соқырлау уақыттан, қазiргi қарға адым мезет аралығын рухани тоқайластырған бiтiмi бөлек тұлға. Бүтiн халықтың сана болмысындағы терiсаққанға қарсы тұрған – оң ағызу үшiн, ақылын мал мен мансапқа алғызған көпке қарсы шыққан – жанарындағы шелдi сылу үшiн. Сонда деймiзау, Абайдың ұлылығы неде?.. Ұлылығы сонда – ешкiмнiң алдында қарызданып, қауғаланбайақ қазақ мәдениетiн әлемдiк деңгейге көтергенiнде. Бастысы – «са­ налы тiршiлiк иесi үшiн мәңгiлiкке айнымас өлшем-үлгi болып қалатын ұлы тұлғалар жоқ!» – деген қалыптың өзiне сыймаған алып ойшылдығында. Қысқасы, мәңгiлiк екендiгiнде. Сол Абайдың тұла бойында тұтасқан халықтық қайнар мәдениеттi әлi тани алғамыз жоқ. Қамшының сабындай қысқа ғұмырымызда танып үлгере де алма­ спыз. Мәселе мұнда емес. Нешеме өркениет бойын тiктемесiн, бәрiн берiк дәнекерлейтiн осы Абайдың ұлылығы десек, артық айтпаспыз.

Абай турасындағы жан-жақты толғанысқа толы зерттеу дүниелердiң шегi жоқ. Әттеген-айы, ұлы тұлғаның ұрпағы жайындағы жарияланымдар көзге iлiкпей жатқаны. Кезiнде Абайды ұрпақ қамы аз толғандырмаған. Тiптi, бар сүйенiшi мен үмiтiне айналған Мағауиясы қыршынынан қиылғанда көп ұзамай өзi де құсалықтан о дүниелiк болып кете бар­ ды. Бұдан бiр ғасырдан астам уақыт бұрынғы өлмес ойлардың күн өткен сайын өмiршең өлшемге иек артқанына күллi ұрпақ бағасын берген. Әлi де бере жатар. Алда сан мәрте саралайтын өркениеттер өмiрге келер, өкiлдерi өздерiнше толайым толғаныс тиегiн ағытар. Алып ақынның өз кiндiгiнен тараған ұрпақтары бұл ретте бөлек әңгiме. Олардың тегiне тартып, өнер қуғаны қаншама. Шетiнен ақын, әншi, өнерпаздық қасиетке ие болуларының да үйлесiмдi заңдылығы бар. Әдебиет пен өнердi төңiректеген ақын ұрпақтарының саны жиырма шамалас. Бұлардың бәрi дүйiм қазақ халқы тамсанған Абай мектебiнен сусындаған. Басқалардан бiр айырмашылығы – олар ұлы ақынның заңды мұрагерлерi, өнерiнiң үрдiсiн үзбейтiн жалғастырушылары. Және мол мұраның зерделi зерттеушiлерi, тың дүниелерiнiң насихаттаушылары. Абай ұрпағы – алыптың артында қалған көзi. «Көпте – ақыл жоқ» деп, Абай айтқандай, сол көптiң көлеңкесiнде қалып кетпесе де, «көппен көрген ұлы тойда» ақын ұрпағы аз тағдыр тауқыметiн тартқан жоқ. Нешеме мың құбылған қиямет-қайымында кейбiрi құрбан да болып кеттi. Бiз Абай ұрпағының бүгiнде көзi тiрiлерiне ғана тоқталғанды жөн көрдiк. Абайдың 16 жасында ерте үйленгенi – Алшынбай бидiң немере қызы Дiлдә. Абай Дiлдәдан төрт ұл, екi қыз сүйген. Ұлдары – Ақылбай (1862-1904), Әкiмбай (1866-1874), Әбдiрахман (1869-1895), Мағауия (1870-1904), қыздары – Райхан ертерек дүние салған, Күлбадан (18631932). Бүгiнде Ақылбайұлы Ысрайылдың қыздары Нәзипа (1921 ж.) мен Күлзипа (1925 ж.) Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында тұрады. Нәзипа Семейдегi педагогикалық училищенi бiтiрiп, 19491966 жылдар аралығында мұғалiмдiк қызмет атқарған. Қазiр зей­ неткер. Күлзипа Семейдегi педагогикалық институтты бiтiрген. Ақындығы бар. Ара-тұра өлеңдерi республикалық, облыстық, аудандық басылымдарда жарық көрiп келедi. Әдебиет сүйер

қауымның да ықыласына бөленгенiн айта кету керек. Қазiрде 11 не­ мере, 2 шөбере сүйген құрметтi демалыстағы ана. Абай атамыздың бүгiнде өз кiндiгiнен тараған ұрпақтың iшiнде жалғыз ер бала бар. Ол – Ақылбай шөбересi Бағфур-ұлы Ақылбаев Айдар (1949 жылы туған). Алматы политехникалық институтын бiтiрген. Астанада үй-жайы бола тұра, азаматқа Маңғыстау түбегi нағыз ерлiк алаңындай көрiнген. Мамандығы – гидрогеолог болса да, мұнай iздеушiлер тобына қосылады. Бiр қызығы Ленинградтағы бүкiлодақтық мұнай зерттеу институтының мамандары Маңғыстаудағы Бозащы мұнайын келешексiз деп тауып жауып тастаса, Айдар iспеттi жастар бұрғылауды тоқтатпайды. Алғашқы К-12 скважинасы қазылып, оған жас геолог Айдар Ақылбаев кезекшiлiк етедi. «Бiтер iстiң басына, жақсы келер қасына» дегендей-ақ, күдiктен үмiт үстем түсiп, Айдар бұрғылаған алаңнан қара маржан атқыласын. Содан көптеген жаңа мұнай көздерi ашыла бастаған. Қаражанбас мұнай алаңының табылғаны әлемге осылайша әйгiлi болған. Сол мұнайды iздеудегi ерен еңбектiң үлгiсiн көрсеткен саңлақтардың саяқ қатарында Абайдың ұрпағы – Айдардың да жүргенiн ол кезде әркiм бiле бермеген. Ұлыдан ұлағат – ұрпаққа мұрағат деген осы шығар. Айдар Абай атамыздың шөбересi болса, оның жалғыз ұлы Дани­ яр (1971 жылы туған) ұлы ақынның бесiншi ұрпағы. Данияр СанктПетербургтегi институтты бiтiрген. Мамандығы – океанолог. Бiр қызығы, мұндай мамандық Қазақстанда әзiрше жоқ. Сол олқылықтың орнын толтырайын дедi ме екен, әйтеуiр, жер шалғайына қарамай та­ лап қылыпты. Алғашқы жылы жолы болмағанына қарамай, екiншi рет жiгерiн жанып жүрiп сүйiктi оқуына түскен. Әрi өзi бес тiлде еркiн сөйлейдi. Абайдың үшiншi ұлы Әбдiрахманнан (әйелi Мағрипадан) туған Рахила 1924 жылы дүние салған. Оның қызы – Марфуға (Ай) (1922 жылы туған) 1945 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық ин­ ститутын бiтiредi. Сөйтiп, 1945-1979 жылдар аралығында ұстаздық қызмет атқарды. Қазiр құрметтi зейнеткер. Алматы қаласында тұрады. Екi ұл, екi қызы бар. Бiр ұл, бiр қызы ғылым кандидаты. Ұлы ақынның Әбiштен кейiнгi баласы Мағауия да көп үмiт ет­ кен ұлдарының бiрi. Мағауия немересi – Жағыпар қыздары: Ишағы (1923 жылы туған), Ғазел ( 1927 жылы туған) қазiр Алматыда тұрады. Ишағы он жылдық оқудан кейiн 1942-1945 ж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Өзiнiң жауынгерлiк жолын Қиыр Шығыста тәмамдайды.

Жеңiспен елiне оралғаннан соң ұзақ жылдар бойы Меллиорация және су шаруашылығы министрлiгiнде жауапты қызметтер атқарады. Со­ нымен қатар Абай атындағы Алматы педагогикалык институтының түлегi. Қазiр республикалық дәрежедегi зейнеткер. Ғазел болса Ал­ маты киноактер училищесiн бiтiрген және сол кездегi С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiн аяқтаған. Университет­ те «Абайтану» курсы бойынша Мұхтар Әуезовтен дәрiс тыңдаған, тәлiм алған. Бұдан кейiн «Қазақ-фильм» киностудиясында бiрқатар қызметтер iстеген. Аталмыш киностудияның жанынан құрылған Шәкен Айманов атындағы музейдiң директоры болған. Дербес зей­ неткер. Абайдың екiншi әйелi – Әйгерiм. Әйгерiм үш ұл, бiр қыз туады. Ұлдары – Тұрағүл (1875-1934ж.), Мекайл (1895-1931 ж.), Зiкайл (1896-1989 ж.), қызы Кенжеш (1898-1932). Бұлардың бүгiн iзiн басқан жалғыз Тұрағүл қызы Мәкен (1912 жылы туған) Алматыда тұрады. Абай мұрасына ұқыптылықпен қарап, жазып қалдыруға ең көп еңбек сiңiрген адамдардың бiрi – осы Мәкен апамыз. Әсiресе, ұлы ақынның өнерпаз, әншi ұрпақтарының мұрасын шаң қаптырмай, қайта жаңғыртудағы атқарған iсi орасан. Мәкен апамыз Абайдың көптеген әнiн, Зiкәйiлдiң «Дүниедегi арманым – надан болып қалғаным», Майбасардың Мұхаметжанының «Әкәлiм», «Ей, ахау, үри-ай», «Қоштасу әнi», «Атыңнан айналайын, Қуандығым» әндерiн, Мағауияның Әбдiрахманға арнаған жоқтауларын Қазақ КСР Ғылым академиясының әдебиет және өнер институтына жаздырып табыс ет­ кен. Тiршiлiгiнде Мұхтар Әуезов Мәкендi жақын тартып, Абайдың әндерiн таратуға үлкен ықпал жасаған. Мiне, көзi тiрi Абай ұрпағына тоқталғанда айтарымыз осы. Ұлы ақынның өз кiндiгiнен тараған балаларының саны он. Олардың жетеуi – ұл, үшеуi қыз. Немере-шөберелерiнiң өзi бiршама. Жоғарыда баян еткенiмiздей ақынның ұрпақтары бүгiнгi таңда саусақпен санарлық-ақ. Оның басым көпшiлiгi шау тартып, егделiктi елеген шақта. Және Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнде тұрақтап қалған. Осы ретте ойға мына бiр жай оралады. Ол – Абайдың артындағы ұрпағына деген көзқарас. Бiздiңше, ұлы ақынның соңында қалған әр iзiне ұқыптылық танытуға тиiспiз. Өйткенi, Абайтану дегенiмiз – халықтану деңгейiне көтерiлдi. Өзiнiң қазақ елiнiң даму жолында даңғыл соны соқпағын әлдеқашан саралаған. Ендеше, бiзге қалатыны сол аласармас биiктi берiк ұстау. Бұл тұрғыда Абай ұрпақтары тура­ лы деректер мен олардың бүгiнгi жайы Абайтануға тiкелей қатысты.

Нақтылай тұжырсақ, оның ажырамас заңды бөлiгi, рухани жалғасы екенiн әдiптеп айтып жату сiрә да артық. Абай мұрасын негiзiнен шаң қаптырмай жинап, насихаттаушы, тасқа бастырушы – ұрпақтары екендiгi, ақын өнерiнiң бүтiн болмысына қылау түсiрмей, кешегi мен келешектi рухани бiрлiкке, бiрiздiлiкке түсiргендер солар екендiгi санасында сәулесi бар азаматқа аян. Олай болса, Абай туралы, оның ұлылығын – бойына тұтасқан халықтың қайнар мәдениетiн бiлуге құштар жанды ұлы ақын ұрпақтарының тарихы, танымы және тiршiлiгi бей-жай қалдыра қоймас. Абайдың кейiнгi қатталар ұрпағының тарихы, тағдыр талайы – абайтану һәм халықтану саласының салмақты бiр бөлiмi. Бұдан келiп шығатыны, ақынның ұрпақтарына қамқорлық қажет. Бұл жерде олар аялы алақанға зәру деген ұғым тумауға тиiс. Оңтайлы орайы келгенде, көңiлге сызат түсiретiн әттеген-айды алға тарталық. Әлгiнде Абай мұрасына абай болайық дегендi қадап, қадағалап айттық бiлем. Ол бекерден емес. Қазiр «Мен Абайдың шөбересiмiн» деген сияқты бәзбiреулер қауесет сөз таратып та жүр. Олар қатардағы аңғал мақтаншақ қазақ болса мейлi ғой. Өкiнiштiсi, елге талантымен танылып қалған мүйiзi қарағайдай өнер адамда­ ры әлгi ұят тiрлiктi төңiректептi. Ишағы апамыздың (Жағыпарқызы Мағауия немересi) «Егемен Қазақстан» газетiндегi (19 шiлде, 1994 жыл) «Шежiре шындығы» атты мақаласы бұған дәлел. Сонда деймiзау, қазiр саналы әрбiр қазақ (өнер адамы болса да) жетi атасын сауатты талдап бере алады. Ендеше, «Абайдың кiндiгiнен тараған ұрпағымын» деп қарадан қарап шатасатын еш ретi жоқ. Бұл өткен ғасырда Абайдың бойына сыя алған халықтық мәдениеттiң қайнарына шөлiркегеннен шығар. Оған әркiмдi кiнәлау күпiрлiк те болар. Мұның бәрi айналып келгенде ұлы ақыннан үйренерiмiздiң көптiгiн көрсетедi. Қорыта қайырғанда, шығатын түйiн мынау: «Ұлы болу оңай емес, ал ұлының ұрпағы болып қалыптасу одан да қиын». 1994 жыл. Жыраулық дәстүрдiң жалғасы Осыдан тура он үш жыл бұрын, нақтылай айтқанда, сонау 1991 жылдың қарашасында Нұрсұлтан Назарбаевты елiмiз болып алғаш Президенттiкке сайлар алдындағы тұңғыш сапарын шалғайдағы Аты­ раудан бастағаны бүгiнде ақ бас тарихтың еншiсiнде. Сол жолғы бiр iссапар кезiндегi Қызылқоға ауданының орталығы Миялыдағы аудан

жұртшылығымен болған кездесуде Тұманбай Сәтмағанбетұлы қария болашақ Елбасына бата бередi. Бала күнiнде ақ берен Сүгiр жыраудың қасына ерiп, қолына су құйған, көптi көрген көшелi кiсiнiң сол бата­ сы Елбасына ерекше әсер еткен көрiнедi. Әттеген-айы, орталықтан алыстағы мұндай толғанысты сәттiң республика жұртшылығына толыққанды жете алмағаны. Арада қаншама уақыт өтсе де Тұманбай қарт Елбасының есiнде сақталып, жадында жатталып қалыпты. Соның көрiнiсiндей, сонау Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз бекетi Аққұдық ауылының тұрғыны, сексендi еңсерiп қалған Тұманбай ақсақалға Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз қолымен хат жазған, шiлде айындағы туған күнiмен құттықтап, ыстық лебiзiн де бiлдiрiптi. Және бiрде он екi құрметтi қарияның қатарына қосып, Астанаға шақырту да жiберген. Тұманбай Сәтмағанбетұлы ақсақал Алматыда тұратын кенже ұлына қонақтап келiп түрады. Бiз сәлемдесе барып, ол кiсiмен жыға танысудың сәтi түстi. Аманат Құрметтi Тұманбай ақсақал! Менiң мерейтойыма және халқым үшiн атқарып жүрген қызметiме байланысты жолдаған жылы лебiзiңiз үшiн шын жүректен алғысымды айтамын. Адал ниетке толы ақ батаңыз үшiн де мың мәрте рахмет! Өзiңiздi де 75 жасқа толған торқалы тойыңызбен құттықтай отырып, зор денсаулық, ғибратты ғұмыр, баянды бақыт тiлеймiн. Балаларыңыз бен немерелерiңiздiң қызығын көрiңiз. Той тойға ұлассын! Мiне, Елбасының өз қолымен жолдаған жылы лебiзге толы хатына қарап отырып, Тұмекең сол бiр тағылымды сәттi еске алады. «1991 жылдың қарашасында аудан әкiмi Есенгелдi Нұршаев келiп, Елбасы елге ат басын бұратынын және ол кiсiге жүректен шыққан бата беру керектiгiн жеткiздi. Күтпеген әрi күрделi, жауапты ұсыныс. Тосырқап та қалғаным рас. Дегенмен, тәуекел еттiм, бiршама ұзақтау батамды: «Желге қарсы мал жайған, бейнетқор ағаң мен едiм, Ел­ ден шыққан сұлтанды, көрiп қалсам деп едiм; Оң жағынан оралып, бетiнен сүйсем деп едiм. Әумин!» – деп түйiндегенде, Нұрсұлтан қарағым жүзi жарқырап, қол алып, құшақ түйiстiрдi. Толқып кеткенiм де рас – «Аманат!» деппiн».

Аманат жүгiн арқалаған Елбасының еңбегiне Тұманбай қарт дән риза. Ел аман, жүрт тыныш. Ақсақал шопан таяғын балаларына бердi. Ұл-қыз, немерелерi өз еңбектерiмен бұйыртқан несiбесiн терiп жүр. Жүзiктiң көзiндей бес келiнi де алдынан кесе-көлденең өтпейдi. Айтқан сөзi ауыл, аудан көлемiнде болсын жерде қалған емес. Тұмекеңдi тоғайтатыны осы – өз отбасы, отанындағы тыныштық пен тым ыстық тiршiлiк. Тәуелсiздiктiң бағасын басқа-басқа, Тұманбай ақсақал жақсы бiледi. Өзiнiң ұзақ өмiрiнiң бiр күнiнде туған өлкесiн тастап кетуге де тура келген. Ол кезде қазақтың басына қым-қуыт дүрбелең шақ туған. Отаннан жырақ жүргендегi отыз жыл оған оңай соқпаған. Себеп? Қазақта басқалардағыдай емес, туған жерiне, өскен ортасына, отанына деген ерекше сезiм бар. Әкелер мен балалар «Жомарт тағдыр шiркiннiң әкеме келгенде соншалықты бедеу бола қалғанына таңым бар. Екi айлығында анасынан айрылған ол бес жасында әкесiне iлесе Үстiрт асып, түрiкмен жерiне барып бас сауғалаған екен. Жалғызын майданға жiбермей, жат өлкеде жанын шүберекке түйе отыз жылдай бой тасалап жүрген иманды болғыр Сәтмағамбет көкемнiң сол кездегi нартәуекелi ерлiкке пара-пар екен-ау. Әкем кей уақыттарда ғұмыр бойы бала-шағаның қамы үшiн тырбанған бейнетқордан гөрi, оқи алмай арманда қалған оқымыстыға немесе дала философына көбiрек ұқсар едi. Шешiле сөйлеп кет­ се, аттыға аял, ауыздыға сөз бермейтiн от тiлдi, орақ ауызды шешен екенi, шалқайғанға шалқайып, еңкейгенге еңкейетiн бiрбеткейлiгi, қаншалықты қатал болса, соншалықты мейiрiмдi, кең даладай дарқандығы мен үшiн үлгi, әрi мақтаныш. Елеусiздеу жерде елеулi ғұмыр кешiп жатқан тек қана аруана тектес менiң әкем ғана сияқты» – деп, ағынан жарылады Тұмекеңнiң он екi ұл-қызының кенжесi Кен­ жебек. «Сексен жасап, сегiз сөз қалдырмаған әлдекiмнiң тағдыры бұйырмасын» дейтiн Мұқағалидың қисыны тұрғысынан келсек, Кенжебектiң мұнысы құп. Әңгiме тектiлiк турасында. Ендеше, қондырмасы рухани қуат, болмыс-бiтiм, күнделiктi тыныс-тiршiлiктi айналып өте алмайсыз. Бұл ретте тақырып арқауы – рухи тандем – тектiлiк пен тазалық ең алдымен алды орайды. Бiр аксиома айқын, ол – тектiден тектi туаты­ ны. Осы ретте Тұманбай ақсақал есiмiн ерекшелiгiне қарап айтқанда

– кешегi төрт түлiктiң бiлгiрi сақа шопан ғана емес, бүгiнгi үлкен бiр әулеттiң тiрегi, әлеуеттi қазақ шалдарының бiрi. Өзгеден өзгешелiгi де сол – қарапайымдылығы. Бiр қарағанда байқарыңыз осы. Арғы тегiнен тартсақ, Сүгiр жыраудан бата алған, әкесi сөз ұстаған ше­ шен, батыр да батыл көргендi кiсi деседi. Өз кiндiгiнен тараған ұрпақ та ұсқынсыз емес, алды өз таяғын мұра етiп алса, қалғаны үлкен шаңырақтың берiк бекiген уықтары. Бұдан ендi тек қана тектiлiктiң табиғатын танырыңыз анық. Қазақстан аман болсын! Бiздiңше, Тұманбай ақсақалдың кереметi, жалпы кiсiлiк келбетi сол, 1991 жылдын қарашасындағы Президентпен жүздесуде-ақ көрiнген. Елбасы ерекше ықыласымен Тұмекеңдi арқадан қағып тұрып: «Ақсақал, не бұйымтайыңыз бар?« – дегенде, қария iркiлместен: «Бiздегi тiлек те, бұйымтай да сол – Қазақстан аман болсын!», – дептi. Дәл сонау қиын-қыстау уақытта бұдан артық ақсақалдықтың үлгiсiн көрсету мүмкiн бе? Қазiргi етек жеңдi жинаған замандағы қайбiр жеке шаруасынан аса алмай, май­ даланып кеткен трай-ақсақалдыққа қарныңыз бұдан кейiн ашпай қайтсiн. Қайран тектiлiк! Ол маңдай терiн төгiп еңбек еттi. Үй тұрғызып, отбасын өсiрдi, малын өргiздi. Осылай орден-медальсiз, мақтау мадақсыз қарапайым ғана өмiр сүрiп келедi. Бақса, отырғызылған талдан, тұрғызылған үйден, балаларынан, немерелерiнен, шөберелерiнен басқа бұл жалғанда награданың үлкенi жоқ екен. Қандай ғажап және ұзақ ғұмыр! Ол бәрiн көрдi: соғысты да, аштықты да, махаббатты да, тұңғыш перзент пен бiрiншi үйдiң қуанышын да және әлемде ешкiмге, еш жерде белгiсiз туған жерiн жоғалту қайғысын да. Ақсақалға шау тартқан шағында Елбасымен жүздесу де жазды. Содан берi он үш жыл өтiп кетiптi. Тарих үшiн мыңнан бiр мезет қана. Қарияның көзiмен қарасаңыз, әжептәуiр уақыт. Сондықтан шығар, қарияның бiр ғана тiлегi бар. Ол Елбасымен тағы бiр қауышып, құшақ түйiстiру. Нендей әңгiме айтасыз? – дедiк бiз. Оны қарағым, алдымен өзiне айтамын, – дедi ақсақал. 2001 жылы.

БІЗ ОСЫ НЕ БІТІРІП ЖҮРМІЗ? «Казахская правда» газетінің құрылтайшы-редакторы Алдан Әйімбетовпен жолығысқан соң осындай сұрақ мазалаған БІЗ ОСЫ НЕ БІТІРІП ЖҮРМІЗ? Бізге қарсы қарт адам жүріп келе жатты. Қарапайым киіне салғаны бүкіл адам баласының тауқыметін өзіне алған пайғамбарларды санамызға салған. Бәрінен бұрын қатты таң қалдырғаны – оның келбеті. Бұл адамның келбеті ешқашан күліп көрмеген тәрізді. Бет мағынасында сана бойлап жете алмайтын тұңғиық бар. Жадымызға адамзаттың арғы тарихындағы пайғамбарлар оралды. Өз жұртының қамын жеген Асан-қайғы, Қорқыт келді. Біз бұл кісіні соларға жақын қойғымыз келеді. Ол кісінің тірлігі тосындылығымен біраз жұртты тосырқатқан. Басқасын қайдам, бір ақиқат анық. Ол – жаншылған қазақ рухының қайта буырқана бой көтергені. Мұны дәйекті дәлелдеген де – біздің сұхбаттаспақ кейіпкеріміз. Әңгімеміз де кенеттен басталып, тосындау сипат алғаны содан. – Қазір уақытым тығыз болып жатыр. Газеттің келесі санын шығару үстіндемін, әрі бір-екі шаруа аяқтан шалып жүргені. Сот процесі де оңай соқпай тұр, – деген алдымен. – Осы газетіңізді шығаруға не түрткі болды? – Бүйірімді тесе түрткілеген түртпек көп. Орыс тілінде болғаны – ойымыз өзге ұлтқа да жетсін дегенім. Қазақ өзі ғана оқитын болса, ішінен бір сыбап алып, қойын қайырып тастап жүре берер еді. Қазір елімізде қатерлі жағдай қалыптасты. Өкімет басында отырғандар мен ақша жасап жүргендер орыс тіліндегі басылымдарды ғана оқиды. Екі ұлтты шағыстырып жүрген алаяқтар орысша ғана жазады. Оларға орыс халқы да келісетіндей орыс тіліндегі жауап қажет. – Бірер басылым бір кезде сізді фашист деуге дейін барғаны есімізде. Сіз өз тағдырыңызды ілгері уақытта «фашист» болған Шәкәрім мен Мағжан ғұмырына ұқсатпайсыз ба? – Бұл екі ұлы адам коммунистік идеяның құрбаны болғаны белгілі. Олар өз халқының бақыты үшін өмірден қорықпай қоштасып кете берді. Мәселе, ұлыларға ұқсауда емес. Адамдық сыннан аттап өтпеуде. Азаматтығыңды халқыңның да, арыңның да алдында асқақ ұстау. – Қазіргі қазақ зиялылары мұндай ерлікке бейім деп айта ала­ сыз ба?

– Айта алмаймын. – Неге? – Қазақ зиялыларының басым көпшілігі – сатқын. Олар өз басының қамын халық мүддесінен тым жоғары қояды. Жалпы ешқандай халық тап қазақтар сықылды мол сатқындардың ордасы болған емес. ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ ШЕГІНІС: Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданындағы Шерт ауылында, шала сауатты ел кісісі Шокайұлы Әйімбеттің үйінде осыдан аттай алпыс үш жыл бұрын Алдан Әйімбетов келген дүниеге. Содан бергі саналы ғұмыры ғылым-білімнің маңайында келеді. Сол саланы салмақтап жүре бе­ рер ме еді бәлкім. Баз біреулер өзінің ғана емес, халқының намысы­ на тимегенде. Осы күні елге кеңінен таралған саяси қоғамдық орыс тілінде шығатын тәуелсіз «Казахская правда» газетінің редакторы және құрылтайшы-шығарушысы. Мамандардың пікірінше, бұл га­ зет – публицистикадағы үлкен табыс, журналистика теориясын дамытарлықтай жаңа бағыт. Жападан жалғыз әрі автор, әрі редактор, әрі корректор, әрі суретші-фотограф, әрі машинка басушы хатшы, ку­ рьер, бұл аз болса шофер-механиктің де қызметін атқару адам қабілеті мен төзімділігінің теңдесі жоқ рекорды. Бұл рекордты танытқан осы – Алдан ағамыз. Осындайда еске оралады. Шындығында еске амалсыз алдырған адамға қайран қалғанда санаға улы суреткер Хемингуэйдің: «Адамды құртып жіберуге болады, бірақ жеңу мүмкін емес» – деген ойы оралады емес пе? – Қазақтың ортасында отырып, өзіне кең орын ойып алған Караван» тақылеттес газеттердің пайда болуы неліктен деп ой­ лайсыз? – Біздің сайлап алған бастықтарымыздың бос белбеулігі ғой бұл. Бірде бір мемлекет мұндай құбылысқа төзе алмайды. «Караван» – тәуелсіз газет, онымен арпалысу оңайға соқпайды. Қазір «Караван» мемлекет ішіндегі мемлекет іспетті. Ол газеттің көздеген мақсаты үш нәрседен тұрады: бірінші – орыс тілін мемлекеттік тіл қылып Ата заңға енгізу (яғни ұлттық егеменді мемлекетті жою), екінші – осы саясат ықпалымен мол ақша табу («Караван» – ең көп пайда әкелетін бірден-бір басылым), үшінші – жерді жеке меншікке иемдену құқын заңмен бекіту. (Өйткені, жер – өте қымбат тұрады, оны сатып алу мүмкіндігі тек қазақ халқынан басқаларда ғана бар). Қазақ негізінен ауылда қалып, казір жүріп

жатқан халық меншігін иемденіп қалу процесінен тыс қалған. Ал шектен шыққан «Казахстанская правда» газеті тобықтан емес, енді тізеден қырқып, шала бастағанда ғана тәртіпке шақыруға үкіметтің батылы жетті. Мәселенің түпкі себебі – орыстілділердің көңілін қалдырып қоймаймыз ба деген жалтақтық. – Сіздің газетіңізге ұқсас басылымдар болашақта бой көрсете алады деп айта аласыз ба? – Мен мана айттым ғой, өкімет пен үкімет жалтақтығын қойса, мәселе өз орнына келер еді. «Казахская правда» газеті – қазақ ұлты мен оған бейбіт көрші болар оқырмандардың ой-отауы. Бұл тақырыпты талқылауда мен әр нәрсені өз атымен атаймын. Орыс тілінде басқа қай газет қазақ тақырыбымен күрделі айналысып отыр? – Сіздің мұндай батылдығыңыз бен халқыңызға деген зор махаббатыңыз сізді осы қасіреті мол елдің қайғысын арқалауға келген пайғамбар ретінде қабылдауға итермелей береді. Сіз тура­ сында келсек, пайғамбар жасын жасаған адам атақ-даңқтан да, ақшадан да, қызмет қызығынан да аулақ кеткен жан. Сондықтан біз сіздің осындай азабына адам төзбес жұмыста жүргеніңізді тек шынайылықпен ғана түсінеміз... – Мен өз халқымды аяймын... ТАРИХИ ШЕГІНІС. Дәл қазақ секілді азабы мен соры зор тағдыр тауқыметін тартып келе жатқан халықтың бар екендігіне күмәнданасың кейде. Айналасы отыз жылдың өзінде үш дүркін қайталанган (191622, 1929-34, 1941-45) апат ақиқатын енді ғана ауызға алып жатырмыз. Басқасын былай қойғанда, отызыншы жылдардағы ашаршылық сал­ дарынан зұлматқа ұшиырағандардың саны 2,5 миллионға жуық екен. Ендеше өткен күнде белгі неге болмасын. Мұндай рухани-әлеуметтік геноцидке дүркін-дүркін ұшырау халықты қай жағынан болсын, бөліпбөлшектеп майдалап жіберді. Біз өткенімізден ащы сабақ ала отырып, ертеңімізге елгезектікпен елеңдеуге тиіспіз. Бұл ұрпак парызы. – Тіл мәселесінің толғағы жетті. Ендігі шешім не? – Бұл мәселені ешқандай заңмен шеше алмайсың. Меніңше оны түпкілікті шешудің бір-ақ жолы бар. Ол – ұлтымыздың санын көбейту. Шетелдік қаззақтарды, әсіресе Қытай қазақтарын көшіруге барлық күшті салған жөн. Мыңдаған үй-күйсіз жүрген бойдақтарымызға жағдай туғызу, қазақтың жетім балаларына көз қырын салу, жалпы қазақтың ұлттық сана сезімін тәрбиелеу (қаншама қазақтың қалалық жастары өз жұртынан алыс қонып жатыр) аса қажет шаруа.

– «Казахская правда» газетінің қазақ диаспорасы арасында та­ ралымы қандай? – Әзірше газет таралымы – 10 мың дана ғана. Бірақ кейбір жағдайлар туылса, оның көбейіп кету мүмкіндігі бар. Ташкент қаласында 400 мыңдай қазақ тұрады, олардың өзіне 100 мың дананы жіберуге болар еді; Мәскеуде 8 мың қазақ бар, Қазақстанның Ресейдегі елшілігі арқылы мың дананы таратуға тек қана олардың өз еліне деген сүйіспеншілігі керек; он тоғыз облысымыз бар, әр облысқа 10 аудан­ нан келеді, соның барлығын қоса берсек қыруар қазақтардың басын құрайтын едік. «Қазбаспасөз» қызметкерлерінің арасында «Казах­ ская правда» газетіне жасап жүрген кедергілер кездесіп қалып жүр. Олар не газетті жасырып қояды, не апарар нүктеге жібермейді екен. Кейде газет Алматының өзінен шықпай қалатын көрінеді. Соңғы рет Жамбылға барғанымда мені іздеп бір ауданнан жас жігіт келді. Ол бұл газеттің бар екенін естігенмен, оны ешқашан көрмеген екен. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ШЕГІНІС. Бөлінген сиыр бүйрегіндегі бөлекбөлек әлемнің әр түкпірінде шашыраған қазақ бауырлар тагдыриы көзге жас кілкітеді. Қазақтың әлемдегі барлық саны – 11 миллион 500 мың. Қазір Қазақстанда 7.777.777-ге ( жеті миллион, жеті жүз жетпіс жеті мың, жеті жүз жетпіс жеті) жетті: жеті киелі сан. Әруақ жебеген шығар. Өсім жаман емес! Керісінше өзге ұлт өсімінің тұрақсыздығы байқалады. Айталық орыс ұлты 5 млн 880 мыңға түскен. Проценттік қатынасы: қазақтар 45%, орыстар 34%. Дегенмен шет жақтағы бау­ ырлар ойландырады ғой. Бір Қытайдың өзінде 1 млн. 300 мың қазақ тұрады екен. Мамандардың айтуынша, әзірше демографиялық өсім қалыпты, қуантарлық. Алайда санмен бірге сапа аса ауадай қажет. – Сіздің кәсіпқой парламентке өте алмай қалуыңыз көбіміздің көңілімізге өкініш әкелді. Бұл – қазақ халқының ғана салғырттығы ма? – Сайлаудың ешқандай құны болған жоқ. Бұл тұста мен демократияның негізгі қағидаларының орындалмағанын айтып отырмын (жалпы мен өтпелі кезеңде үлкен демократияны қолдаудан аулақпын). «Ойшылдар» жасап берген сайлау туралы кодекстің маңыздылығы аудан көлемінен аспайды; мұндай кодекс қалтасы таяз, үкіметте өз адамы жоқ кандидаттарды о бастан жеңіліске ұшырататынын бадырайтып жазып берді. «Үш мың сайлаушының қолын» жинау науқаны елінің қамын жеген тұлғаның намысын қорлау құралына ай­

налды. Байлықтан құралақан емес, немесе үлкен қызметтегі канди­ даттар бөтен пәтердің қоңырауын қағып, алғашқы үш мың сайлаушы қолын жинау тәлкегіне түскен жоқ. Көптеген ел қолдарын қоюдан бас тартты, тіпті табалдырықтан аттатпай қойды. Бірақ олар дұрыс істеді. Кім бейтаныс біреуге өз ризашылығын білдіреді. Бұған ешкім міндетті емес. Ал басшылар мен бай адамдардың мәселесі бөлек тұрды. Олар үшін қол астындағы шабармандары мен әдейі жалдап алған кісілері жүгіріп жүрген болатын. Мұндай орашолақ істің ақыры өкімет басы­ на мемлекет жүйесін басқаруға бос-белбеулігі басым кандидаттардың өтіп кетуіне апарып соқты. ЭТНИКАЛЫҚ ШЕГІНІС. Өздерін аты белгілі қозғалыстың жігіттеріміз деп таныстырған баз біреулер Әйімбетовті алдап кет­ кен. Өзімізді-өзіміз сан соқтырып тақырға отырғызып кетеміз де, өзгенің өрмелеуіне жол ашамыз. Алдан ағаны «сыйлайтындықтарын» білдіріп редакцияға телефон соққан олар көмектеспек болған. Сөйтіп сайлау науқанана арнап шығарған «Казахская правда» газеті мен насихат қагаздарын алып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Олар бұл мате­ риалдарды жұмысшы жастар мен мал шаруашылық институтының студенттері арасына таратуды уәде еткен. Кейін артынан іздеп барғанда студенттер ешқандай үгіттеушілерді көрмегенін айтқан. Осылайша мәселенің төркіні кешігіп барып айқындалган. Бұны жаңағы қозғалыстың өкілдері басқа кандидаттың сайлануына жағдай тудыру үшін күрескен деп түсінеміз бе?Ал Алдан ағаның бүкіл еңбегі беймәлім жерде қоқысқа айналып жатқан. Әрине сауатты мәдениетсіз болған соң не шара?! – Елбасымыз ұстаған бағыт турасында не айтасыз? – Президенттің бағыты парламентте сөйлеген соңғы сөзінен көрінді. Президенттің басқа халықтарды қазақ тентектерінен қорғауы өте құптарлық. Мұндай қадамсыз ұлтаралық мәмілеге келу, оны орнықтыру мүмкін емес. Десек те, қазақтың түбегейлі мүддесі жөнінде анда-санда болса да ескеріп қойғаны жақсылық нышанына айналар еді деп ойлаймын. – Қазақ халқы өз топырағында қашан ешқандай талассыз жер иесі, негізгі қожайын бола алады деп ойлайсыз? – Қазақстан – біздің ғана отанымыз емес, шетелде сағыныш өртінде жүрген басқа бауырластарымыз аңсайтын ата-баба жері.

Атырау мен Алтай арасы – Абылай хан, Тәуке хан басқан аймақ, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлар біз үшін қорғап қалған ме­ кен, Абай мұңайған жер, Құрманғазы күй еткен әлем. Қазіргі сәуегей басылымдарды осыншама ғұмырнамасы бар шежіре елдің тағдырын шешетін қайдан түскен данышпан дейсің кейде. Өздері төрде отыр­ са да ашуланшақ. Алайда босағадан кірген жолаушының шаңыраққа таласқанына шыдауға бола ма? Париж ешқашан Пекин болмайды, Пекинді ешкім француздарға бермек емес. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ШЕГІНІС. Бізді бір ой түртпектей бергені. Па­ рижге өнер қуып келген басқа ұлт өкілі, сәулетті қаланы өз халқының астанасы етуге тырыспайды. Мұндай ниет тек ақымақтықтың ғана белгісі болар еді. Әлде қазақ елінің мүддесіне қол салып жүргендер бүтін халықты американдық үндістер тәрізді қабылдай ма. Он мил­ лионнан асып жығылатын халықты өз жерінен аластау әділетсіздік қана емес, соны жанжалдарға итермелеу емес пе. Қайбір (атын атама­ са да болар) орыс тілді газеттер қазақ жеріне орналасқан жаңа импе­ рия сияқты. Бұл – дархан Даланы он тоғызыншы ғасырдағы әдістен өзге, мүлдем басқаша жаулау секілді. Соны империя сананы басып алу соғысына белді мығым байлай кірісіпті. Неге қазақтар эмоция деңгейінде емес, интеллектуалды ойлау деңгейінде мұндай шабуылға жақсы тойтарыс бере алмайды? Неге техника мамандары арасында қазақтар сирек, неге шешесі ғана орыс қазақтар өз ұлтынан безінеді, зауыттардың басшылары неліктен өзге халық қана, неге қазақ басы­ лымдары ешқандай күшке ие бола алмайды... – Алдан аға, әңгімеміз күрсініс пен өкінішті төңіректеп кетті. Қазір біз үшін қуанатын уақыт емес. Дегенмен сөз соңында бір жақсы тілек тыңдағымыз келеді. – Қазақтарға не дей аламын? Оларға айтқаным өзіме де арналады. Тек әрбіреуіміздің жүрегімізде басқа тысқары күштер жаулап ала ал­ майтын қасиетті ұлттық сезім қалса екен. – Алдағы жоспарларыңыз қандай, аға? – Мүмкін өзімді таяу арада өткізілетін президент сайлауына ұсынып қалармын. Менің көздеген мақсатым біреу ғана: қазақ ұлтын өзге халықтар деңгейінде ұстап, даму барысында ешқашан тоқтап қалмауға қылаудай болса да ықпал ету. БІЗ ОСЫ НЕ БІТІРІП ЖҮРМІЗ? Қария бізбен қоштасып, жеңіл басып жүріп кетті. Қазақ халқының тағдыры жер ортасынан асқанда

қайтадан жан дүниесін шайқап жүрген секілді. Пайғамбар жасына жеткен адам бәрін тастап, өлімнің өзін кейін шегіндіріп қойып, аптал азаматтар айналысатын істі өз қолына алыпты. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...» 1994 жыл Бәрiмiз де үлкен балалар секiлдiмiз Баяғыда шет ел өмiрiнен көрiп жататын хабарлардан бiр жай жадыға қатты тоқылып қалғанына әлi таңбыз. Бәлен елде жастар өз партия­ сын құруға ұмтылыпты, бiрақ оған өмiрдiң өткiншiлiгiн уәж ғып то­ сып, ертең олардың да қартаятынын дәлелдесе керек. Ұсыныс тынды ма, ары қарай не болғанын кiм бiлiптi. Кеңес Одағы кезiнде жастарға көңiл бөлiнiп жататындай көрiнетiн. Комсомол құрылымы сол жастардың мүддесiн қорғап, жақсы iстердiң ұйытқысы боп, өмiршең шараларды үздiксiз ұйымдастыратындай әсер беретiн. Ал, қазiр кейбiр көзi қарақты кiсiлер бiр шенеунiк туралы айтқанда: «Комсомолдың қызметкерiн еске салады» деп, жиренiш бiлдiретiнiн қайтерсiң. Бүгiнгi жастар сол комсомолдың не екенiн бiле ме екен? Жалпы бүгiнгi жастар кiм өзi? Отызға келiп те жастық сезiмнен әлi арылмаған жеке адамдар турасында әңгiме өзiнше бөлек. «Мен жастарға сенемiн» деп, кезiнде жар салған қазақ ақынының үнi өмiр толқынында жоғалып барып, қайта жарқ етiп көрiндi. Бiрақ, оған селт ететiн жа­ стар байқалмайды. Өткен ғасырдың 70-шi жылдарында жастар өнерге, поэзияға құмар болатын. Жатақханаларда Қадыр мен Тұманбайдың өлең кiтаптары жататын. Қазiр оның бiрi де жоқ. Адам болмысында тоқырау белгiсi көп. Не iстесек екен? «Мен жастарға сенемiн» деп, жұлқынып тұратындай қазақ өнер иесi бұл көкжиектен көрiнетiн түрi жоқ. Ауызды қу шөппен сүртудiң ескi әдетiне ұйғарсаңыз – мейлiңiз. Қараңғы тұйыққа қамалып қап, шьғатын жол таппай алақтаған жағдай тумаса да бүгiнгi жастар кешегiдей емес. Олардың басын бiрiктiрiп, жақсы iске ұйытқы болатын күш табылмай отыр. Осы жөнiнде бiр уақ ой бөлiскен терiс емес. Бiзде «егделер мәселесi» емес, «жастар мәселесi» бар. Әсiресе, тәуелсiздiк алғаннан берi жағымыз бiр талмай «жастар бұзылды, жа­ стар үйттi-бүйттi» дегендi жиi айтамыз. Себебi, түсiнiктi, салдарына үңiлiп көрейiкшi. «Кеңес» атты казармадан босаған аға ұрпақ өзiндiк дәстүр мен қоғамдық нормаларды жас буынға табыстарда қатты қателескен сын­

ды. Мүмкiн бұлайша жаза басуға сол қайшылықты жүйенiң де үлесi үлкен әсер еткен шығар. Батыстың «әнi мен сәнiнен» қанша қақпайлап ұстағанмен тордағы тоты құсыңыз темiр құрсаудан құтылған сәттеақ, басқаша сайрап шыға келдi. Нашақорыңыз да, жезөкшеңiз де, жұмыссызыңыз да т.б. жастар. Көбiсi «бұғаудан босағанмен» не iстерiн, қайда барарын бiлмей, аңырып тұрып қалды. Көздi жұмып, тұспалдап тартты сосын. Қайда барса да қиын, өте қиын едi. Қалаға барса оқу оңай емес, жұмыс табу одан да қиын дегендей... Заманның жастарға деген сыңайын байқадық. Қатқыл. Содан ба, әлемдiк қоғамдық-саяси үрдiстер былай тұрсын, елдегi жүрiп жатқан саяси-экономикалық реформаларға жас буынның, әсiресе, қазақ тiлдi жастардың кiрiгуi енжар. Бұл бәрiнен бұрын шын талап пен үлкен еңбектiң кемшiндiгiнен бе дейсiң. Өзiм куә болған бiр ғана мысал. «Сорос-Қазақстан» қоры шығармашылықпен айналысып жүрген жастарға арнап, жазғы мектеп жұмысына қатысуға бәйге жариялап тұрады. Он күнге созылатын жазғы мектеп жұмысының әсерi ерекше. Әр сала бойынша елiмiздiң және шет елдерден арнайы шақыртумен келген лекторлар дәрiс оқиды. Ең соңында үздiк танылған талантты жастар әлемнiң мықты деген оқу орындарына бiлiмiн тереңдетуге гранттар алса, қайбiрi көрмелерге, фестивальдарға, т.б. қатысу жол­ дамасын еншiлейдi. Өкiнiштiсi сол, осындай мүмкiндiгi мол шара­ лардан қазақ тiлдi жастардың тым қалыс қалатыны. Көзi ашық жасқа күнделiктi жаңалықтарды шолып шығу мен компьютердi игерiп, интернеттi қарап отыру сонша қиын шаруа емес. (Шындап iздесеңiз, шетелде оқу, тәжiрибе алмасу мүмкiндiктерiн басқа да сандаған қорлар арқылы табасыз). Сұлтанмахмұттың «Ана қырда татар тұр, басқалармен қатар тұр...» деген өкiнiшi әлi сол күйiнде қалып қойған сыңайлы. Бұдан қазақтың кешегi жасынан көзi ашық бүгiнгi жасы айтарлықтай алға кеттi деп айту қиын. Осы салғырттықтың, осы енжарлықтың салдарынан есемiз кетiп, есебiмiздi түгелдей алмай жүргендей жай бар. Оны ше­ бер пайдалана бiлетiн билiк те, аға ұрпақ та жастарды қай кезден-ақ қолбала, саясаттың ұр тоқпағына айналдырып келдi. Бiр ғана жүйемiз «жаңылысып», жастар қайрат көрсеткен кез 1986 жылдың желтоқсан кезiндегi оқиға едi. Жастардың он ойланып, күрт оянған және тiзе қосып, бiрiккен тұсындағы бұла бұлқыныс. Осы оқиғаны өз көзiмен көрiп тұрып, бiр жазушы ағамыз: «Бiздiң ұлт, әсiресе, жастарымыз сапалық тұрғыдан бұрын-соңды болмаған құбылыстарды ендi бастан өткере бастайды» деп дәмеленгенiн жасы­

ра алмаған. Алайда, сол серпiлiстердi көре алмадық. Қайта содан жа­ сып, жасқаншақ болып қалғаннан ба, қазiргi жасыңызда ортақ мүдде үшiн бiрiгу, «Қазақстанның болашағы үшiн!» алға ұмтылу жағынан көз жазып қалды. Ешкiмге өкпе арта алмайсыз. Мүмкiн, қателiк билiкпен де, аға ұрпақпен де шынайы диалог құра алмай жүрген жас буынның өзiнде шығар. Билiк анда-санда съезд, конгресс, ... т.б. өткiзiп, жұбатқандай болады. Аға ұрпағыңыз «бәрi жақсы болады» деп алдарқатқандай сыңайда. Ал, жастар өздерiмен де, өздерiнен жоғарыдағылармен де «тiл табыса» алмай жүр. Бәрiмiз де үлкен балалар секiлдiмiз. 2002 жыл. Жас зиялы бүлiкшi емес... Ғалымдардың айтуынша, саясаттану iлiмiнде бос кеңiстiк – «ваку­ ум» болмайтын көрiнедi. Бұның теоремадан тұлдыр, анық аксиомаға айналған нәрсе екенiне бертiнгi кезде көз жете түстi. Ол халық үшiн де, жеке адам үшiн де жаңалық емес. Әрине, жаңалық iздеген адам рухани құндылықтар төңiрегiн маңайласа керек. Ғасыр басындағы алыптарымыз неге анда да, мында да басын соғып, балтыры сыздады? Отыра қалып математика пәнiнен оқулық жазды, сыры ашылмай шаң басқан тарихты түздi, одан қалса өлеңiн шығарып, әдебиетке үлесiн қосуға тырысты. Осының бәрi бекер ерiккендiк дейсiз бе? Әлгi үзiлiпжұлынып тұрған бос кеңiстiктi әл-қадерiнше толтыруға тырысқандық едi. Сөйткен ұлт зиялыларының бұл iсiн көп көрген жүйе түгелдей атып-асып арманына жеткен. Ұлт жетiм қалды. Ұрандайтын ешкiм жоқ. Зады, ел мен «элита» бiр-бiрiмен тонның iшкi бауындай қабысып бiрiкпей, ұлт болып ұю мүмкiн емес екен. Сол «элиталық» шоғыр шашырап кеткендiктен бе, бүгiнгi туалдардың иық тiрестiретiн жерi. Жуан бiлектiлердiң жөн бiлiсiп, артындағы елiне бағыт беретiн осы – орта. Бүгiнде сиырмен көкпар тартып, қампиған қалтасын қайда қоярын бiлмей, ұрынарға басқа қара таппағандай рухани дүниенi ермек етiп жүргендер жетерлiк. Керiсiнше, бұл зиялы қауымның қай-қайсысын болсын қинап жүрген ар мен ақша мәселесiн алға көлденеңiнен тар­ тады. Қазiр осы екi нәрсенiң де жас зиялының жауы болып алғаны рас. Арып-ашыған ары бiр қысса, нанын тауып жеуi және жанына

батады. Ардың арықтап, нанды өлшеммен ғана өлместiкпен талғажу қылғызған өзеусiреген өмiрдiң, әсiресе, қалам ұстаған қауымды қомағайлана қармағалы қашан. Мұндайда қол ұшын берiп, қолтықтан демейтiн қайырымдылықты бетi қатқылдау, бедерi бөлек мына қоғамымыздан байқай қою неғайбыл. Оған күннен-күнге күрделенiп, керi кеткен тiршiлiк кепiл. Әйтеуiр, «жуанның жiңiшкерiп, жiңiшкенiң үзiлген» шағына жете қойған жоқпыз. Соған шүкiршiлiк етесiң. Санаға жанкештiлiкпен сары жамбастап жайғасқан «лайым содан сақтасын» деген ой ұялап жатыр. Қалай десек те, қазiргi экономика әлемi мен рухани даму бiрбiрiмен қабыспайтын және бiр-бiрiн қайталамайтын нәрселер. Жоғарыдағы жайсыз жағдаяттардың тiнiн тесiп шыққан дерт соның әзiрше сыпайы көрiнiсi. Жас зиялымыз жаңа тұрпаттағы «элита» шоғырын түзуде көп кедергiге кезiге қоймас. Нақты кедергi – iсте. Елдi артынан ерте бiлуде. Өйткенi, ғасыр басындағыдай қазiр өнерде, ғылымда, әдебиетте құрық-шұрық бос кеңiстiк жоқтың қасы деуге болады. Осындай мүмкiндiктi дер уағында ұстана бiлiп, ұпай жинауға тырысу керек. Бiзге ешқандайда бүлiк (бунт) керек емес. Бәрiн уақыт өзi реттейдi. Мiндет сол, ғасыр басындағы алыптарымыздың iсiн жалғап, ұлттық құндылықтарды жандандыру. Әйтпесе, бәрi бүгiнгi күндегiдей жалғасып келген бос кеңiстiк те, басқасы да әлдiнiң ермегi, таланттың жөргегi болып қала бермек. 1997 жыл. Ұлт мәртебесi ұрпаққа сын Қазақстан жас мемлекет деген ұғым санамызға сiңiсiп, салта­ нат құрғалы қашан. Халықтың сан жағы да, оған телiнген мәдениэкономикалық жағы да соның айғағы. Алайда, сол жасымыз қалай өзi деген сауал саралауды қажетсiнетiнi және заңды. Ендiгi әңгiме тиегi осы. Қазақ жасы: ол – кiм? Тау құлатып, тас қопарғандар ма? Әлде, коммерциялық романтиканың шалығы тиiп, шақшадай басы шарадай болып жүргендер ме? Әрiрек бармасақ та, әнебiр кездегi Ғани Мұратбаевтың тұлғасы мұнартады. Мен мұндалайды. Бүтiн шығыс жастарының шоқтығы биiк шоқ жұлдызына айналып ағып өттi лезде. Көз жаздырып қоймай, көңiл ортайтты. Бастысы – жас Мұратбаевтың мұраты һәм қазақтың

мақсаты әлi сол мақсат-мұрат күйiнде. Мұны, бос вакууымды көре бiлген Саттар, Баубектер сияқты көреген жас жанын жалдап жұмыс iстемедi ме? Iстегенде қандай? Өлiмнiң өзi шошып кетiп, шалқалай құлай шынтағымен жердi сүздi емес пе? Ашуына мiнген сосын, аранын ашып, «алда құдай-ай», – деп, аңырады қазақ сонда. Жастықтың ұлы үлгiсi жаңғырып қалды санада. Мұны мәңгiлiк маңайына сәулесiн сеуiп, нұрландырып жiберетiн прометей оты дерсiң. Мiне, қазақ жасы кiм дегенде, осы тiркестi-ақ алға тартсақ жетiп жатыр. Бұл бiздiң зерделi көзбен кешеге үңiлгенiмiз. Қазiр хал нешiк?! Өткенде телевизордан ауыл мектебiнiң егде тартқан бiр мұғалiмi сөйлеп жатыр. Айтқандары белгiлi нәрсе: – «Жағдай нашар. Қыстан қалай шығарымыз белгiсiз. Мал басы азайып кеттi. Жанға бататыны мектепке балалар қыс түссе, тiптен барудан қалатын түрi бар. Киiм жоқ. Оны алатын ақша қайдан бол­ сын. Әкiмдердiң бос сөздерiне әбден тойдық. Бiзге құрғақ уәде емес, нақты көзге көрiнетiн iс керек, – дей келiп күтпеген мына бiр жайт­ ты көлденеңiнен тартты. – Бiз баяғыда жастарға ренжушi едiк. Арақ iшесiңдер, ұрлық-қарлық жасайсыңдар деп. Бекер екен. Ендi оны­ мыз орынсыз сияқты. Айтыңызшы, басқа олар не iстеуi тиiс? Оңды жұмыс, айналысар iс жоқ. Бiздi қойшы. Оларға обал-ақ». Бұған дау шығарып көрiңiз. Аталмыш ащы ақиқаттан бүгiнгi ескексiз қайығымыздың бет алысын, аға буынмен жас ұрпақтың арасындағы бейдауа байланысты байқаймыз. Бәрiнен бұрын өмiрлiк мақсат-мұраты, бағдарламасы жоқ жосықсыздықты аңғарамыз. Бұл не қылған ұрпақ? О заманда, бұ заман еш нәрсенiң аяғы аспаннан салбырап түсе қалған жоқ. Тарих әр нәрсенi өз орны­ на қойып отырған. «Кеңес» атты казармада өскен жетiм ұрпақтың (кешегi күнгi «ұлы өркениеттiң» өкiлдерiн айтамыз) өздерi мойын­ дап, мойығанындай, әйгiлi Эрнест Хемингуэй ақсақалдың сөзiне сүйенсек, олар: «Жоғалған ұрпақ» («Потерянное поколение»). Шындығында, ащы да болса, айнытпай айтылған. Әйтпегенде, бiзде ұрпақ пен ұрпақ арасындағы жарасымды жалғастық, өзара түсiнiстiк сақталар едi-ау! Бастан кешiп, көрiп көңiл шайлыққан мына қиямет-қайым шақты да тiлеп алмас едiк. Автобус не аялдамада үлкен кiсiлерге кiшiлiк кейпiн сақтап орын берiп жатады ғой жастар. Алайда, кейбiр ата-әжелерiмiз рақмет айтудың орнына отыра кетiп, заманның зарын, жастардың бұзылғанын жыр қылады келiп. Осы нәрсенiң бәрi бiр мiндет секiлдi. Сондай суық қалыпты, сұғанақ тiлдiлiкке үйреткен

қоғамды аңсайтындарын қайтерсiз. Көбiнесе өстiп, көпiрме тiлiмiзбен орақ орамыз. Оу, оданда заманның түзелуiне, жастардың жөнделуiне титiмдей тiзе қоссашы. Ендi бұған бәленше-түгенше кiнәлi демей-ақ қоялық. Не десек те адам адамға бауыр деген қоғамды қораштанған екенбiз, онда адам адамға «қасқыр» деген заманға ыңғайланайық. Нұрлан Әмiрқұлов деген мырза қазақтың қазiргi зиялыларын үш топқа бөлген. Бiрiншiсi, қазақшамен орысшаны жақсы бiлетiн ауыл­ дан шыққандар. Психологиясы, ойлауы бәрi қазақша. Әттеген-айы, болашағы бұлдыр, келешегi көмескi. Екiншiсi, қазақша мен орысшаға қатар жүйрiк болғанмен – тұрақсыз. Өзгенiң икемiне көндiккiш. Үшiншiсi, бүгiнгi қала жастары. Яки, жаңа бағыттағы, еуропалық көзқарастағы адамдар дейдi. Бұл жiктеуде бiр шындық қылаңытады. Әлi жаңа заманның заңын игерiп, Еуропа мәдениетiн меңгергендерiмiздiң әрекетi, әсер-ықпалы күшейiп келедi. Алайда, халық артынан еруге аңтарылыс танытты. Бұған белгiлi дәрежеде дайындық керек шығар. Оны уақыт көрсетер. Ендi XXI ғасырдың бекзаттықтың үлгiсiн кiмдер арқылы елестетемiз! Жыласаң тағы ұрамның керi мiне – Қазақстанда бiр жа­ рым миллион қазақ жасы өз ана тiлiне келгенде өгей! Қазiр бойымыздан «мынау менiң отаным, елiм, жерiм» деген ада­ ми сезiм, отаншылдық пен тектiлiктi байқарсыз ба? Мына нарықтың ырқына көнiп, аяғының астында тапталдық. Өз iшiмiздегi iндетiмiз өзiмiзбен шектеле қойса жақсы едi. Өкiнiштiсi, алыс-жақын шет елдердiң алдында таяз санамыз таразыға түсе бастады. Өткен ғасырда Ресейдiң өктемдiгiне жиырма бес жыл бойы қарсы тұрып, қайрат қылып, жан алысып, жан берiсiп бүгiнге жеткен шешендердiң көсемi Жохар Дудаев: «Егер, Ресей қысым көрсетсе, Мәскеуге үш жүз сексен мың шешендi автоматпен қоямын!» – деп, мәлiмдеген. Мiне, халқына сенгендiк, ұлтына деген сүйiспеншiлiк! Тығырықтан шығар жол қайсы? Мана айтқандай, ендi аға буын мен орта буынымыз өткен уақыттағы инерциясымен өтерi хақ. Ал­ дымызда тұрған мiндет сол – сiз боп, бiз боп жас ұрпақты құтқару. Қазақтың ендiгi өрiсiн кеңейтпек, не керi кетiрмек жас ұрпақтың қолында. Кешегi социализмнiң содыр идеологиясының орнында қалған бос кеңiстiктi немен толтырамыз деп бас қатуда. Әрине, басқа елдердiң бай тәжiрибесiне сүйенген мақұл. Алайда, бiз тым евроцентризмге бой ұрдық. Ғаламдастыру құшағын айқара ашып, өңмеңдеп келедi.

Жұмырына жұқ болмай-ақ жұтылып кете бармаймыз ба? Ғасыр басында Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақтарды жа­ пондармен салыстыра келiп: «Қазақтар барлық жағынан, әсiресе сыртқы бет пiшiнi жағынан жапондарға өте ұқсас. Мұны жапондар да мойындайды. Бiз неге сондай болмаймыз? Бiздiң олардан немiз кем?» – деп, армандаған екен ғой. Ол арман әлi мұрты бұзылмаған арман күйiнде түр. Содан берi бiр ғасырға жуық уақыт өтiптi. XIX ғасырдың екiншi жартысында (1868 жылы Мэйдзи революциясынан кейiн) жарты ғасырға жетпейтiн мезгiлде-ақ феодалдықтың темiр кiсенiн быт-шыт үзiп, дереу даму жолына ұмтылып, жедел өркендей бастаған жапондарды үлгi етудiң де қазаққа бiр ұқсастығы бар. Сон­ да деймiз-ау, оларды алып бара жатқан не артықшылық? Шикiзаты шектеулi болса да, шiренетiндей не iстептi дейсiз ғой. Оларда әлгi феодалдық заманнан жапондардың бойтұмары iспеттi сiңiп қалған отан дегенде құрбандыққа дайын, жан бар, рух бар екен. Соның арқасында еңбекқорлық пен темiрдей самурайлық тәртiпке сүйенген де бiзге сүйкiмдi көрiнiп отыр. Бүгiнде ұлттық табыстың үштен бiрiн рухани қажеттiлiкке ойланбай жұмсап жатыр. Мұнымен жастарын тәрбиелеуде алдына жан салмасы анық. Бар деген осы деп, үлдеменбүлдеге орап есiртiп қоймайды. Байлықты белшеден кешiп жүрген өрiмiн қайыр сұратып, «қаңғыртып» жiберетiн көрiнедi. Сонда әлгi тиынның не, адамның кiм екенiн сезiнiп, өмiр сүруге ыңғайланып шығады да, ертеңгi Жапонияның қайыршысынан бастап, ханына дейiнгiнiң жайын ойлап, қамын жей алады. Жұмыр жердi жаулап алған Жапония өз жастарының өстiп жалынын жаниды екен де, үмiтiн үкiлеп қояды екен. 1995 жыл. Жетi күнге кешiгiп, жерге қарап қалыпты Он ойланып, жүз толғанып түзiлген «Жастар туралы» заң әупiрiммен депутаттар талқысына түстi. Осынша уақыт құқықтық негiздерсiз-ақ таңы атып, тауығы шақырған жастарға ендiгi заңның қажетi бола қояр ма екен деген сауал туды. Қажет! Бiрiншiден, жастардың ешкiмнiң көлеңкесiнде қалып қоймай, дербес әрi тұлғалық жағынан толық қалыптасуын қамтамасыз етедi. Екiншiден, күнде аяққа оралғы бо­ лып, кездесiп жататын тұрмыстық деңгейдегi мәселелер мен емен есiктердi именбей ашып, өз мүддесiн төтесiнен қоюға құқық бередi.

Дегенмен, аталған заңымызды мәртебелi Парламентiмiз кейiн ысы­ рып қоятын сыңайы бар. Оған заңның жүзеге асу механизмiн қалыпқа келтiретiн қаржылық жағдайы қарастырылмағаны басты себеп. Осы­ лай деп, бiрнеше депутат әлденеше рет ұсыныс тастаған. Ендi бұл көп кешiкпей сараң үкiметiмiздiң табалдырығын тоздырады деген сөз. Сонда екi ұдай ойға қаласыз. «Не себептi заңның ауы мен бауы салынып, қаржысы қоса бекiтiлмеген?» Басқаның жыртығын жамап, тесiгiн бүтiндеуге тапқан тиын-тебендi елдiң ертеңiнен аяп қалғаны қалай? Өстiп жүрiп түбi он жылдан асып кеткенде ғана әзер дегенде зарықтырып-тарықтырып қол жеткен заң жөргегiнде тұншықпаса жа­ рар. Қауiп еткеннен де осылай айтпасқа лаж жоқ. «Жастар туралы» заң Үкiметтiң кабинеттерiн кезiп жүрiп, күндердiң күнiнде қаржылық жағдайы шешiлiп, оны депутаттар асықпай қарап және бiр қайнауы iшiндегi заңның иiн қандырып, қайта-қайта керi қайырып, пысықтап болғанша да қанша уақыт кетер екен? Бiр жыл? Әлде тағы да он жыл? Бұдан Парламент те, Үкiмет те еш ұтылмауы мүмкiн. Қолдың қысқалығын, бар мүмкiндiктi пайдаланғандығын ай­ тып ақталар. Ал, мемлекет жоғарыдағыдай кешiгулерден үлкен зиян шегерi анық. Бiздегi қордаланып қалған жастар саясатына соны серпiн, кең тыныс беретiн «Жастар туралы» заң жоғары деңгейде баяу қаралып жатқанда, нақ осы мәселе Ресейде мемлекеттiк тұрғыда кезек күттiрмес күйiп тұрған шара ретiнде президент Путиннiң өзi халқының алдында сөз алып, арнайы түзiлген бағдарламаға қол қоятындығын мәлiмдедi. Сөйтсе, Ресей жастарының елу пайызы есiрткiнiң дәмiн татып, үйiрсектеп алыпты. Оның жиырма сегiз пайызы есiрткiнi тұрақты тұтынушыға айналған. Осылайша, нашақорлық дертiнiң бұқаралық сипаты қатты қарқын алғаны соншалық жас талғамайтын жағдайға жеткен. Яғни, есiрткiнi пайдаланатындардың жас мөлшерi жыл сай­ ын жасарып келедi. Бұрынырақта нашақорлардың ең төменгi жас мөлшерi он жетi, он тоғыз болса, қазiр он екiде бiр гүлi ашылмаған он бiр, он үш жастағы өрiмдей жастардың өзi ауызданып алған. Ресейдiң статистикалық орталықтары жариялаған осы мәлiметтердi көрген жоғарғы билiгi шошып кетсе керек, бұған қарсы жедеғабыл күрес жариялап жiбердi. Сонда наркомания мәселесi жастар мәселесi ғана емес, Ресейдiң ұлттық қауiпсiздiгiне қатер төндiрген мемлекет мәселесiне айналып кеткен. Әншейiнде елемей келген жастар саясаты Ресей шенеунiктерiн осылайша ышқындырды. Жан қысылғанда аталған салаға жау­

ап беретiн министрлер: «Бұл бiзде мемлекеттiк жастар саясатының жоқтығынан, жұмыс iстемей келгендiгiнен» деп мойындады. Ендi мынадан кейiн Ресей билiгi жастар мәселесiн жiтi бақылауға алып, жастар iсi жөнiндегi министрлiк құрып жатса, таңқалмаңыз. Нашақорлық дертi Ресейдегiдей бiзде жастар мәселесi шеңберiнен шығып, мемлекет мәселесiне айнала қоймаса да қауiп жоқ емес. Ел­ басы қауiпсiздiк кеңесiнiң отырысын дүркiн-дүркiн нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестi күшейтуге арнауы соның бiр көрiнiсi. Бүгiнде елiмiзде қырық жетi мыңға жуық адам есiрткi зат­ тарын пайдаланса, соның жетпiс пайызға жуығы есiрткiнiң ауыр түрiне бейiмделген. Мұндағы жастардың үлесiне келейiк. Жастар денсаулығының нашарлауына есiрткi заттарын, спирттiк iшiмдiктер мен темекi өнiмдерiн қолдану орасан зиянын тигiзiп отырғаны мәлiм. Оған нақты дәлел жоғары оқу орындары мен мектептегiлердiң сексен пайызы шылым шегетiндiгi! Темекi өнiмдерiн жастардың мұншалықты пайдалануы анық қауiп барын байқатады. Себебi, темекi шегу нашақорлық дертiне шалдығудың алғы шарты. Оған мы­ сал да жоқ емес. Жаңа ғасырымыздың басындағы ресми деректер­ ге қарасақ, кейiнгi бес жылдықтарда жастар арасында нашақорлық саны бес есеге өскен. Тiркелгенi – 33041! Бұл республикамыз бой­ ынша нашақорлар санының жетпiс үш пайызға жуығы жастар деген сөз. Яғни, бұл жағынан Ресеймен иық тiрестiрмесек, қалып тұрған жоқпыз. Ертелi-кеш алып көршiмiздiң жоғары билiгi сияқты бiз де бiр күнi тәттi ұйқымыздан шошып оянып, жастар саясатын ауызға алар күн алыс емес. Ендiгi мәселе соған жеткiзбей-ақ, жеделдетiп аурудың алдын алуға тырыссақ... Жастар саясаты, оның өзегiне айналған әлгi нашақорлық дертi сияқты мәселелер бұрынғы одақтас елдердiң бәрiне ортақ. Салыстыр­ малы тұрғыда осының әлеуметтiк астарына үңiлiп көрелiк. Тоқсаныншы жылдардағы дағдарыста одақтас елдердiң қайқайсысы да жаңа ұрпақ, жас буын тәрбиесiнде үлкен қателiктер жiбергенiн ендi байқатып жатыр. Ол кезде «байтал түгiл бас қайғы» едi. Халық ескi қағидалармен өмiр сүре алмады. Жаңасы түзiлiп бiтпедi. Дайын болған күнде бұқараның қабылдай қоюы қиынға соқты. Әрi-сәрi күйде жастар тәрбиесi ұмыт қалды, олар өз бетiмен кеттi. Дәл осы уақыттың жас өренiн кеше тәрбиеледi. Бұдан он жыл бұрын түрмеге түскен басқа-басқа қыз балалардың басым көпшiлiгi адам естiп-көрмеген қылмыстың түрiмен – құрбыларын, яғни, қыз зорлағаны үшiн отырыпты. Ал, сол уақыттан он жыл өткен соңғы

бүгiнгi күнгi нәзiк жыныстылар адам өлтiргенi үшiн темiр тордың арғы жағына аттанған. Ендiгi он жылдан кейiн бозбаланы былай қойғанда, әлгi бойжеткендер арасындағы қылмыс түрi тiптен бұдан бетер күрделенiп, жан түршiктiрерлiк сипат ала түсетiндей сыңайы бар. Әлеуметтiк зерттеудiң қылмыскер ұлдардың емес, қыздардың арасында жүргiзiлуiнiң сыры түсiнiктi. Қызыңыз мынадай қылығымен таңдандырғанда, ұлыңызға не жорық? «Түйенi жел шайқаса, ешкiнi аспаннан iздейсiз!» Ұлдардың да жайы мәлiм. Футболдан әлем бiрiншiлiгiнде Ре­ сей құрамасы кәрiстерден жеңiлiс тапқанда тақырбас «фанаттар» Мәскеудi төңкерiп тастай жаздады. Сонда жұрт «бұл не қылған ұрпақ?» деп қоя салған. Сөйтсе, оңай ұрпақ көрiнбейдi. Не кешегi кеңестiк казарманың, не бүгiнгi тәуелсiз елдiң тәрбиесiн ала алмай жолайрықта қалып қойған жетiм ұрпақ iспеттi. Мiне, көшенiң «өнегесi», еркiн Ресейдiң ертеңi! Олар сол бiр ғана толқуымен бiрнеше әлеуметтiк астары бар мәселелердiң ұшығын шығарды. Жолдарындағы барлық ғимараттарды қиратуы, жеңiл көлiктердi аударуы, ұлты азиат адамдарды соққыға жығуы әншейiнде бiлiнбейтiн алып мұхиттың түбiнде тұнып жатқан барша ауруды бiр сәтте бетiне қалқытып шығарды. Адамның жастай бойына бiтiп, жұмыртқалап үлгерген қатыгездiк пен зорлықшылық, рухани аштық пен моральдық азғындық, ең қорқыныштысы әрi мемлекетке қауiптiсi жалған отаншылдық жалау көтерiп келе жатқаны ендi-ендi ғана жанға батқан сыңайлы. Бұл қауiп әлеуметтанушылардың зерттеуiнше, Ресейдiң бизнесiнде, саясатында, iрiлi-ұсақты билiк тұтқаларында да көрiнiс тауып келедi. Мемлекеттiк деңгейде алаңдайтындай-ақ қауiптi құбылыс. Кешегi тағдыры бiр, табиғаты ұқсас елдегi жоғарыдағыдай жай­ лардан бiз де сабақ алсақ. Ортақ дәстүрден iрге ажыратып кете қойғанымыз жоқ. Өз соқпағымызды саралау жағы да әлсiз. Себебi, әлгiнде мәлiм болғандай жас ұрпақ тәрбиесi – бүгiнде ұлт мәселесi. Бұл ретте аңызға айналған мына бiр оқиға назар аудартады. Ег­ делеу тартқан шағында сәбилi болған бiр азамат ауылының көргендi ақсақалының батасын алып, баласын тәрбиесiне бермек ниетпен алдына барады. Ақсақал баланың дүниеге келгенiне қанша уақыт болғанын сұрайды. Сонда әкесi жетi күннен асып бара жатқанын баяндайды. Қария бұған қарны ашып: «Онда, балам, кешiктiң, жетi күнге кешiгiп қалдың» дептi. Аңыз да болса, астарында ақиқат барын

аңдасақ, дәл қазiр бұның бiз үшiн салмағы зор. Нашақорын емдермiз, намыссызын ше? 2003 жыл «Өзiң комсомолсың, өзiң талқан жейсiң...» ...Кеңес үкiметi орнап, шалғайдағы ауылға алғаш комсомол белсендiсi барып, қара суға талқан шылап жеп отырғанда айтқан бiр қарияның бұл сөзi аға ұрпақтың әлi жадында. Комсомолды кереметтей қасиет тұтып, оның мүшесi тiптi талқан жеуге болмас деп қабылдаған сол шыңылтыр тазалықка қайран қаласың. Бүгiнгi өмiр шындығымен салыстыра таңданасың. Комсомолдың тәттi талқаны бiреулердiң таңдайынан кетпей жүрсе, ендi қайсыбiреудiң аңсайтыны да рас. Аңсар ауатындай қап түбiнде сол тәттi талқан қалып па? Бүгiнгi өмiр шындығына қарағанда, тамтұм қалғанға ұқсайды. Бұрын Қазақстан Жастар одағында бiрiншi хатшы болып iстеп, кейiннен белгiлi бiр себептермен кетiп қалған Бақыт Адамсопиевтiң айтуынша, Жастар одағының құрылтайшылығымен бiрнеше еншiлес кәсiпорын жұмыс iстейдi. Барлығының айлық айналымы – 3-4 милли­ он тенге! Бәрiнен бұрын осы еншiлес коммерциялық құрылымдардан түсетiн қайбiр пайданың Жастар одағының кассасынан табылмай­ тынына наразы. Қазақстан ЛКЖО-сының бұрынғы одақтық мем­ лекеттермен қатар Мәскеуде қонақ үйi және басқа да жайлары болған. «Солар кiмнiң қолында?» дейдi Б. Адамсопиев. Бұған қоса Жастар одағының қайбiр құжаттарының заңға қайшы тұстары бар. Сөйтiп, Б.Адамсопиев бастаған «комсомолдың мұрагерлерi» Жастар одағының басшылығы отставкаға кетуi тиiс деп есептейдi. Ендi екiншi жақтың жауабын тыңдап көрелiк. «Қазақстан Жастар одағы» заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң» (толық атауы) төрағасы Есен­ жол Алияров өздерiне тағылып отырған айыптарды мүлдем жоққа шығара келiп, былай дейдi: – Бiздiң ұйымның атынан құрылтай шақырып, өздерiнше шешiм шығарып жүрген жiгiттердiкiн заңды дей алмаймын. Әрi олардың өз тарапымызға айтқан кiнәлары жала дер едiм. Заңның аясынан шығып, ешқандай әрекет етiп жүргенiмiз жоқ. Салық органдары да, өзiмiздiң мүшелерiмiз де оны жақсы бiледi. Өз күнiңдi өзiң көр деген уақытта Жастар одағының жанынан коммерциялық құрылымдардың жұмыс iстеуi тiптен әбестiк емес. Түрлi шаралар ұйымдастыру үшiн,

қызметкерлер жалақысын айыру үшiн, жылу мен жарығымызды төлеу үшiн қаржы қажеттiгi түсiнiктi. Ал, айлық айналымымызды бәленбай миллион деп даурығулары күлкiлi. Сол сияқты Жастар одағының Мәскеудегi меншiгi жайлы да ақпар негiзсiз. Ретi келгенде сол Б.Адамсопиев Жастар одағының 6 млн. теңгесiн заңсыз пайда­ ланып кеткенiн айтуым керек. Бұл үшiн ол әлi жауап беруi тиiс деп ойлаймын. Мiне, осыдан кейiн мәселенiң мән-жайын анықтап көрiңiз: екi жақтың да бiр-бiрiне қойып отырған айыбы алты атанға жүк боларлық. Әкелер мен балалар: кiм мықты, кiм осал? Жастар одағының «жаңа басшысы» Тимур Бекбергенов жиырма бiр жаста. Бұған дейiн Жамбыл облыстық Жастар одағының төрағасы қызметiн атқарған. «Қажет болса, жалақысыз-ақ жұмыс iстей беремiн» дейдi ол. Нағыз комсомол мұрагерiнiң сөзi. Талабы да осал емес. «Орынды босатып, орындықты тапсырсаңыз» дейдi, әкесiмен шамалас 46 жастағы Қазақстан Жастар одағының заңды басшысы Есенжол Алияровқа. «Жасым қырық алтыны алқымдағанымен көңiлiм жас. Бүкiл сана­ лы ғұмырым жастардың айналасында, солармен бiте қайнасып өтiп жатыр. Республика деңгейiнде бiршама iстердi жолға қойдық. Шамашарқымызша жастарға көмектесiп те жүрген жайымыз бар. Бұл үшiн үкiметтен соқыр тиын алған емеспiз. Жалпы батыс елдерiндегi жа­ стар мәселесiнiң айналасында жүргендер – жылдар бойы тәжiрибе жинақтаған, iстiң тетiгiн бiлетiн егде адамдар. Түптеп келгенде, бұл жерде мәселе менiң жасымда емес. Басқада...» – дейдi Е.Алияров. Сонда неде? Әкелер мен балалар арасындағы келiспеушiлiкте ме? Мұның әлеуметтiк астарына «әкелер мен балалар» проблемасының өтпелi кезеңде өмiр сүрiп отырған елдер үшiн өзiндiк ерекшелiгi болатындығы бiр бiзде ғана емес, Орталық және Шығыс Еуропаның 27 мемлекетiнде және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығындағы елдер­ де де байқалып отыратын көрiнедi. Бұл не ерекшелiк дегеннен бұрын, осыншама елдердiң тағдырын ортақтастырған бұл не ұқсастық деген сауалдың жауабы оңайырақ. Ол – аталған елдердегi «темiр қорған» құлағаннан кейiнгi нарықтық және демократиялық реформаларды әр ұрпақтың стихиялы қабылдауы. Ерекшелiк дегенге келсек, өтпелi уақыттағы дәстүр мен қоғамдық нормалар бiр ұрпақтан екiншiсiне

ауысарда бұзылып, тiптi жойылып, содан қайта қалпына келiп, қысқасы, итжығыс күйдi кешiп жататын көрiнедi. Мұны нақ бастан өткерiп отырғандардың бiрi – бiз. Аға ұрпақ пен жас буынның арасын жалғайтын дәнекер жiптiң неге сонша бос болатыны несi? Комсомолға мұрагер керек пе? Оны ендi заң орындары анықтай жатар. Екi жiкке бөлiнген «комсо­ мол мұрагерлерiнiң» қай-қайсысының да құжаттары қаттаулы, iстерi де мығым. Осы дау Қазақстан кәсiподақтары федерациясындағы жағдайға өте ұқсас. Мұнда да бiтiспес жанжалдың аяғы сиырқұйымшақтанып кетiп едi. Сонда бұл бiздегi қаржы мен дүние мүлiк бар жердегi әдепкi айқас пен «тiршiлiк үшiн күреске» көбiрек ұқсайды. Әйтпесе... Б. Адамсопиев жастар мәселесiне қатты жаны ашитын азамат ретiнде Қазақстан Жастар одағының бiрiншi хатшысы болып жүрген кезiнде-ақ, «орын алған заңсыздықтарды» бетке басып, кiнәлiлердi сотқа сүйремедi ме екен деген ой келедi. Әлде, алдымен қызметтен кетiп, сосын «оппозицияға» бару арқылы күресу бiзде үйреншiктi әдiс пе? Жалпы, қандай да бiр саяси бәсекелес топтың басты мақсаты билiкке қол жеткiзу екенiн еске ұстасақ, бұл тақ үшiн таластың тамаша үлгiсi. Әрине, егер жастар саясатымен шын айналысамын деген адам өз алдына ұйым құрып, ың-шыңсыз, дау-шарсыз-ақ iсiн жалғастыра берерi сөзсiз. Және оған кедергi қойып, «қойыңыз» деп жатқан жан жоқ. Тiптi мемлекеттiк қызметте жүрiп, қоғамдық ұйымдар iсiне ара­ ласып жатқан Б.Адамсопиев пен Т. Бекбергеновтердiң алдын ешкiм орамайды. Бiзде жастардың жайы, олардың мәселесi он жылдықтардың көлемiнде бiр болып тұратын құрылтай, конгрестерде талқыланып жатушы едi. Ендi мiне, сол он жылдан асып кеткеннен кейiн «комсомолдың мұрасына» қатысты әңгiме бой көтердi. Бұған дейiн қалың бұқараңызға ол неге беймағлұм болып келген? Шындығына келсек, комсомолдың тiкелей әрi шын мұрагерi – елдегi мың-сан жастар. Олардың осы «ойындардан», кеңес үкiметiнiң мұра етiп қалдырған соңғы мүмкiндiктерiнен тысқары қалатыны өкiнiштi. Комсомолға мұрагер керек болмаса да, тәуелсiз елге жастықтың қуатын танытар ұрангер керек шығар дегенбiз бiр кезде. Шындап кел­

генде, мәселе мұрагерде де, ұрангерде де емес. Жастардың өз пробле­ масын өздерiне қалдырғанымызда болып отыр. Және қандай уақытта десеңiзшi, Ресей «тақырбастармен» бетпе-бет келiп, не iстерiн бiлмей қысылып жатқанда... 2003 жыл. Жастарға арналмаған жарнама Алтын күздiң шуақты райымен Ақтау қаласында өткен ел жастарының Конгресiнiң эстафетасын Астананың ызғарлы қара күзi қабыл алды. Ауа райының ел жастарының II Конгресiн қатыңқы қабағымен қарсы алуының да мәнiсi бар. Екi конгресс аралығында қол жеткiзген жетiстiк шамалы. Шешiмiн тапқан мәселеден гөрi қордаланып қалғаны қаншама. «Жастар туралы» заңның қашан қабылданары белгiсiз. Шикi тұстары талқыға түсiп, қаржылық жайы қарастырылуда. Тiптi керi қайтаруға тiлек бiлдiрген депутаттарымыз елдiң болашағы үшiн маңызды құжатқа ақ баталарын беруге асығар емес. Бұл бiр. Екiншiден, өткен конгресте көтерiлген мәселелердiң көпшiлiгi сол қалпында. Әлдеқашан атқарылуға тиiс қайсыбiр маңызды шаруалардың өзi iлдәлда, өгiз аяңмен жүрiп, екiншi конгресс үлесiне қалып қойды. Соның бастыларының бiрi – бiрiншi конгресс мiнберiнде тұрып айтқан Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан жастарының конгресi» ұйымын құру идеясы. Бұл барша қазақстандық жастардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң, қозғалыстарының басын бiрiктiру бағытындағы бастама өкiнiшке қарай, өзектi шараның бiрi ретiнде мәжiлiстiң күн тәртiбiне қойылды. Табиғатында қызуқанды әрi бастаған iсiн жедеғабыл тындыруға тырысатын жастарыңыз өз проблемаларына келгенде «өгiз қара күшке» салмауы түсiнiксiз. Ескi тақырып, жаңа мәселе болатын себебi, сонау 1991 жылы қабылданған «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» заңның қазiргi уақыт талабына ешқандай жауап бере алмайтындығы мен сол кез­ ден бергi егемен елдiң ерiктi жастарының бастарын бiрiктiру идеясы жаңалықтың жаршысындай көрiнгенiмен iске аспай-ақ келедi. Неге? Бұған ендi шегiнiс жасай отырып, өткенге үңiлiп көрелiк. Алдымен көзге ұратыны – тәуелсiздiк алған он жылдың iшiнде жастарға қатысты нақты жөндем құжаттың қабылданбағаны. Қабылданғанының өзi iске асып жарытпаған сыңайлы. Қараңыз, жастардың белсендiлiгiн барынша арттыру, жастар бастамаларын

қолдау, тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау мақсатында «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жастар саясатының тұжырымдамасы» (1999 жылы қабылданған), «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жастар саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыру жөнiндегi 2000 жылға арналған iс-шаралар жоспары» атты үкiметтiң қаулы жобасы мен «Қазақстан жастары» республикалық бағдарламасы сол жастардың тарапынан қолдау таппады. Себебi, жүзеге асу механизмдерi қарастырылмаған. Ал, оған 2000 жылдың тамыз айында үкiметтiң жанынан құрылған жастар iсi жөнiндегi Кеңес бас қатырып жатпаған ба дейсiз. Ұзын саны екi жүзге тарта жастар ұйымдары ұжымдасудың орнына бас-басына ұрандап, ұтылып келгенi анық. Алайда, Елбасы жастарды назарынан тыс қалдырған емес. 2000 жылдың қарашасында жастар қозғалыстарының бiр топ жетекшiлерiн қабылдады. Кәрi Ка­ спий жағасындағы жиынға арнайы ат басын бұрып барды. Дегенмен, әр кездесу сайын ел Президентi белгiлеген нақты тапсырмаларды жастар орындай алмай-ақ келедi. Бұған бiреу кедергi ме, әлде кiнә жас буынның өзiнен бе? Елбасымен жүздесуден соңғы нәтижелерi алдыңғыларының аяғын құшып жүрмей ме? Егер, бүгiнгi Қазақстан жастарына қатысты әдеби шығарма жазы­ ла қалса, сөз жоқ олардың аса зор үмiтпен қарайтын Президентпен кездесулерi әдеби дүниемiздiң шарықтау шегiне (кульминациясына) айналар едi. Одан кейiнгi оқиға шарықтау шегiнен қайта төмен түсе бастайтыны түсiнiктi. Яғни, жастардың көкiрегiнде жылы ұялаған Елбасымен болған жүздесулер соңы сиырқұйымшақтанып кететiнi байқалады. Қорытындысында, әлгi шығармамыз сұрқайлау әрi пес­ симизмге құрылған еңбекке айналып жататын. Бiрақ, қалай дегенмен де, Президенттiң жастар мәселесiне айрықша маңыз берiп отырғаны байқалады. Осы жағдайда Елбасымен соңғы кездесуден соң жағдай өзгеруi мүмкiн бе? Мүмкiн. Президент жастар мәселесiн тiкелей назарына алды. Елбасы маңыз берiп отырған «болашақтың құжаты» болашақта емес, көп кешiкпей қабылданып қалады. Ал, Президенттiң айтқан «Қазақстан жастарының конгресi» атты бүкiл қазақстандық жастар ұйымын құру туралы бастамасы iске асып жатса, ештен кеш жақсы деймiз. Себебi, кеше не бүгiн емес, соңғы он жылда көз жеткен, көңiл сенген мәселе. Жастардың күшi – бiрлiкте. Алдымен қалай бiрiктiру, қайтiп iстi ұйымдастыру жаңадан құрылған «Қазақстан жастары конгресiнiң» ғана шаруасы емес. Республикамыздағы төрт миллионға жуық жа­

стар өз мүдделерiнiң оңды шешiлуiне шын ықылас бiлдiргенде ғана бiрлiк түбi тiрлiк болмақ. Әрине, жастар жаңа ұйымдарының қайбiр «Қазақстанның болашағы үшiн» секiлдi науқаншыл қозғалыстардың аяғын құшып кетпеуiн қадағалауы қажет. Әрi республикадағы жастар саясатына монополистiк көзбен қарап, шенеунiктiк шiренiс таныт­ пауын назарға алса. Бұл құрылым жастар үшiн, жастардың мүддесi үшiн қызмет iстеуi тиiс. Сондай елдегi туындап отырған жастар проблемаларының аса маңызы бар басым бағыттары: жұмыспен қамту, бiлiм алу, денсаулық сақтау, кылмыстың өсуi және демография сынды мәселелердi шешу жолдарына аталған ұйым алдымен кiрiсуi қажет-тi. Әлгi жайттардың маңыздылығына көз жеткiзу үшiн бiр ғана жастар арасындағы жұмыссыздыққа аз-кем тоқталалық. Жастар негiзiнен жұмыссыздар армиясында. Әсiресе, ауылдағы және қалаға үдере көшкен қазақ жастары арасындағы жұмыссыздықтың жаппай бел алғаны белгiлi. Неге басқа әлеуметтiк-этникалық топтарға қарағанда бұл топтың үлес салмағы басым? Әлде, олардың кәсiби шеберлiгi төмен бе, әлде, олардың құқы қорғалмаған ба? Әлде, о ба­ ста өздерiн артта қалдырған тарихи қалыптасқан мүшкiл жағдайы ескерiлмеген бе? – мiне, конгрестiң зерттейтiн-зерделейтiн сұрақтары. Әйтеуiр, елдiң еңбекке қабiлеттi тұрғындарының жартысына жуығын құрайтын жастардың, соның iшiндегi қазақ тiлдiлерiнiң өз жерiнде екi қолға бiр күрек таппауы қынжылтады-ақ. 2000 жылдың басында Қазақстандағы жұмыссыздардың жалпы саны (жасырын жұмыссыздықты қоса есептегенде) 1,5 млн. адамды құраған. Олардың негiзгi бөлiгiнiң тiркелмейтiндiгi салдарынан көбiсi жәрдемақы да ал­ майды. Ал, осы жұмыссыздардың елу пайызға жуығы 26 мен 29 жас аралығындағылар. Яғни, жастар. Бұл республикамызда жұмыссыздар партиясы құрыла қалса, соның жартысына жуық мүшелерi жастар бо­ лады деген сөз. Оның үстiне жұмыссыздардың 40 пайызы ауылдық жерде. Дәл осы жұмыссыздардың тағдыры тiптен ауыр. Деген­ менде, бұл тығырықтан шығар жол жоқ емес. Бар мәселе қаржыға тiрелiп тұрған кезде жастар саясатын өз деңгейiнде жүргiзу үшiн ел бюджетiнен жеткiлiктi қаражат та бөлiнiп отыр. Салыстырмалы тұрғыда қарағанда жастар саясатына бөлiнбек қаржы жаңа серпiн берерлiк тегершiк iспеттi. Тек соның өз орнымен жұмсалып, шын мәнiнде жастардың қажетiн өтеу үшiн сол жас буын белсендiлiгi қажет. Айналып келгенде, ең маңызды сұрақ жастардың өзiне келiп тiреледi. Осы уақытқа дейiнгi самарқаулыққа кiнәлiнi iздеп қажет

емес. Шындығында, аталған мәселенiң тезiрек шешiлуi жастардың өзiне керек. Олай болса, күнi өтiп, уақытын оздырып алған адамдар­ ша өкпелегiштiк пен марғаулықтан айығу ләзiм. Әрi жастардың күшi бiрлiкте екенiн түсiнетiн мезгiл келдi. Кiм мүдделi? Жастар өздерiне, елдiң болашағына жауаптымыз десе, бұл – тiзе қосатын уақыт. Қалғаны қалың қолдың шаруасы. Р.S. Жастарға қарай «Астана-эйр» әуе компаниясы да бет бұрған. 15 пен 26 жас аралығындағы өрендердi жеңiлдiкпен тасымалдаймыз дейдi олар. Сол жастар билеттi қанша жеңiлдеткенмен де «Астанаэйр» ұшақтарын пайдалануға мүмкiндiктерi көтере ме екен? Бұл жастарға арналмаған жарнама. 2004 жыл. Төрт миллион тағдыр «Ғалымдардың есептеуiнше, әзiрбайжан тұрғындарының орта жасы 29,5 жас екен. Бұл не деген сөз? Әзiрбайжан халқының болашағы өте зор деген сөз». Ендi өзiмiзге келейiк. Осыдан бiршама бұрын жарық көрген Елбасының «Тарих толқынында» атты кiтабында қазақстандықтардың орта жасы 25 жас деп көрсеткен. Дәл бүгiнгi күнi орта жас 29-ға келiп қалыпты. Яғни, бiз де жас ұлт, өсетiн халықтардың қатарындамыз. Алайда, осы құбылысты жете зерттеп жатқан орталықтар жоқ. Сондықтан да, жастарға қатысты соңғы мәлiметтердi қолыңызға шам алып iздесеңiз де таба алмайсыз. Дегенмен, төмендегi деректер аталған мәселенiң маңыздылығынан хабар берер деген ойдамыз. Қазақстан тұрғындарының 26 пайызға жуығын (16-29 жас аралығындағы жас азаматтар саны 4 миллионға шамалас) жастар құрайды. Бұл республика жұртшылығының төрттен бiр үлесiн ие­ ленген жас буынның болашаққа бастар үлкен қол екенiнiң көрiнiсi iспеттi. Сол кемел келешектен үмiткер қалың қолыңыздың халы нешiк дегенге келейiк. Еңбекке қабiлеттi ел тұрғындарының 40 пайызы жастар екенiн ескерсек, республикадағы жұмыссыздардың 48 пайызын сол жас буынның құрауы ойлантарлық-ақ. Әрбiр он жұмыссыз адамның бесеуi – жастар. Олардың негiзгi бөлiгiнiң тiркелмейтiндiгi салда­ рынан көбiсi жәрдемақы да алмайды. Жұмыссыздардың 40 пайызы ауылдық жерде. Тiптен, осы ауыр тағдырдан қашып қалаға барса да

шекесi қыза қоюы неғайбыл. Екi қолға бiр жұмыс iздеп шаршайды. Тапқан күнде ауыр еңбектiң ақысы аз, кейде соның өзiн ала-алмай тауы шағылады. Одан қалса, қызыл жағалылардың да айналдыраты­ ны ауыл жастары. Содан не оңсын, құқы тапталған, қолы тым қысқа олар басқа да әлеуметтiк мұқтаждықтардың мүйiздеуiне бiрiншi iлiге кетедi. Мысал керек пе? Медициналық тексеруден өтiп жататын миллионға жуық жастардың шамамен 46 пайызының денсаулығы жоқ. Бұл оның жар­ тысы дерттi деген сөз. Әскер жасындағы бозбалалардың бүгiнде 12 пайызы денсаулығына орай әскери мiндетiн өтеуге жарамсыз деп табылған. Жыл сайын жалпы бiлiм беру мектептерiн бiтiретiн 200 мың баланың 70-90 мыңының кәсiби бiлiм алу мүмкiндiгi жоқ. Сол жыл сайынғы мектеп түлектерiнiң 40 мыңы ғана оқуға түссе, қалған 160 мыңы сенделiп қалады екен. Бос жүрген бозбала мен бойжет­ кен қылмыс пен жеңiл жүрiске тез ұрынары сөзсiз. Еңбек рыногы­ на әр жылда келiп қосылатын жастардың 20 пайызына жуығының мамандығы мен бiлiктiлiгi жоқ. Және бiр арқаға аяздай батар мәселе – демография. Жыл сайын жастардың саны өсудiң орнына 22 мың адамға азаюда. Соңғы бес жылда еңбекке жарамды жастардың саны 200 мыңға азайып кеткен. Ел ертеңiнiң бүгiнгi жайын көктей шолып өткендегi нобайы осы. Бұдан бiр ұққанымыз, жас ұлт, өсетiн халқымыздың қазiргi күйi қайшылықты екенi. Түсiнiктi, кешегi әрiсi ұрандатып БАМды тұрғызып, берiсi жас шопандар отрядын құрып үйренген билiк жастарға науқаншыл көзқараспен қарап келдi. Осылай бiрнеше ұрпақ өсiп, өркен жайды. Нәтижесiн бүгiн көрiп отырмыз. Соның бiр ғана көрiнiсi – басқа кезде қажетi шамалы жастар науқан уақытында, айталық, сайлаулар кезiнде тартылатын республикалық деңгейдегi акциялар, съездер, конгрестер... Науқаншыл көзқарастың сарқыншағы жастарды әлi де уақыттың илеуiне салғысы бар. Ендi бүгiн қарасақ, кешегi «Алға, комсомол!» идеологиясының артықшылығы бар. Әйтеуiр, жас буынды ортақ мақсатқа үндеп, бiр мүддеге жұмылдырды. Бүгiн ше? Комсомол секiлдi 200-ге тарта қоғамдық ұйымдар саяси ұпай жинау үшiн әр кезде бiр бой көрсетiп қана қояды. Республикалық деңгейдегi «Қазақстанның болашағы үшiн» және жаңадан пайда болған «Жастар таңдауы» ұйымдары науқан кездерiнде ғана дүркiреп шығып, көп ұзамай сап тыйылады. Кейде қатты кетiп, жоғары билiкке керi жарнама жасап алатыны бар. Ал, комсомолдың тiкелей мұрагерi – «Қазақстан Жастар

одағы» iшiнен «жiк шығып, жiк шыққанда екi құлағы тiк шығып», жастар iсiмен емес, сотпен әуре болып жүр. «Бас-басына би болған...» жерде береке, бiрлiк тұрақтамасы анық. Бұл жерден тарқайтын түйiк жалпы жастардың (мейлi ұйымы, бiрлестiгi, өкiлi, лидерлерi болсын) ықпалды күшке айнала алмай келе жатқаны. Сондықтан, олармен ешкiмнiң де санаса қоймасы белгiлi. Бәлкiм жоғары билiкке керегi де осы болар. «ҚР Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» заң мың-миллион жастың ендiгi бiрден-бiр үмiтi iспеттi. Өйткенi, тәуелсiздiк алған уақыттан берi ел жастарының құқын қамтамасыз ететiн жөндем заң қабылдана қоймаған. Бұл заңда өз iсiн бастаймын деген жастарға несие беру, жастарға салық жағынан жеңiлдiк жасау және жұмыс берушiлерiнiң бiрiншi кезекте жастарды тартуына мүдделiлiк туғызу сияқты нақты заңдық күшi бар әрi жастар аса зәру мәселелердiң көрiнiс табуы қажеттiлiк. Құқықтық мемлекетте өмiр сүру үшiн үздiк заң шығарып қана қою жеткiлiксiз екенiн көрiп те, сезiнiп те жүрмiз. Бұл ретте «Жастар саясаты туралы» заңға бағынатын адамдар мен оның әрбiр бабын бақылап оты­ ратын мықты механизм – мемлекет жүйесi керектiгiн тәуелсiздiгiмiздi алғаннан бергi уақыт бедерi керсетiп бердi. Алдағы уақытта заңымыз депутаттардың қолдап, қабылдауынан кейiн оның жiтi жүзеге асуы­ на құзырлы орган ретiнде жастар саясаты департаментi мойнына алуы құба-құп. Қазақстанның жас мемлекет екендiгi жайында бiрнеше дүркiн үлкен мiнберлердiң өзiнен айтылып жүрдi. Сондағы ой жосығы: «Бiз өзге мемлекеттер секiлдi шау тартып, шаршаған жаста емеспiз. Елiмiз жас, сондықтан, әлi қарыштап өсуге тиiспiз» деген сыңайда. Оптимист болған жақсы-ау. Алайда, сөзден iске көшпесек, «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» дегендей, қартаю сатысына өтiп кетiп жүрмейiк. Әзiрге, жаңа науқан басталғанша, бәрi тым-тырыс. Жастар өз қотырын өзi қасып, сабылып жүр. 2002 жыл. ЖАСТАР ҚАШАННАН САЯСАТТЫҢ ҚҰРБАНЫ Қазақстан жас мемлекет екендігі жайында бұған дейін бірнеше дүркін үлкен мінбелердің өзінен айтылып жүрді. Сондағы ой жосығы: «Біз өзге мемлекеттер секілді шау тартып, шаршаған жаста емеспіз.

Еліміз жас, сондықтан әлі қарыштап өсуге тиіспіз» деген сыңайда. Бірақ, қалай? Қайтіп? Бұл пікір сол елдегі жас буынның жағдайы ескеріліп, жан-жақты сарапталып айтылды ма? Оптимист болған жақсы. Алайда Республика жастарының дәл қазіргі жайы басқаша ойға жетелейді. Жүйе өзгеріп, мемлекеттік билік машинасы ауысып, бұрнағы ауру-сырқаудан ада-күде айыққанмен әдет (мүмкін, жаман әдет!) бәрібір қалып қояды екен. Әрісі ұрандатып БАМ-ды тұрғызып, берісі жас шопандар отрядын құрып үйренген билік жастарға науқаншыл көзқараспен қарап келді. Осылай бір-бірнеше ұрпақ өсіп, өркен жай­ ды. Және тамыры тереңге бойлап та кетті. Нәтижесін бүгін көріп отырмыз. Соның бір ғана көрінісі – басқа кезде қажеті жоқ жастар дәл сайлаулар кезінде тартылатын республикалық деңгейдегі (!) «Мы знаем – кого выбираем!» секілді акциялар. Қысқасы, сол науқаншыл көзқарас әлі күшінде қалып қойды. Қайта салыстырып қарағанда, кешегі «Алға, комсомол!» идеологи­ ясы артық па дейсің. Әйтеуір жастарды ортақ мақсатқа үндеп, бір мүддеге жұмылдыра білді. Бүгін не? Олардың мәселелерімен шындап айналысатын мемлекеттік мекеме де, қоғамдық ұйымдар да жоқтың қасы. Әлгі комсомолымыз —бақандай республикалық жастар ісімен айналысатын мекемелер қысқара, ықшамдала келе қазір жұқанасы да қалмады. Атауы – Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне қарасты жастар ісі бөлімі. Бөлімде үш-ақ адам. Ал Қазақстандағы халық санағының алғашқы мәліметтері бойынша, Ре­ спубликада тұратын 16 мен 29 жас аралығындағы жас азаматтар саны 4 млн-ға жуық. Яғни, тұрғындардың жалпы санының 4/1-ін құрайды. Сонда үш адам 4 млн. жастың мәселесімен айналысып жүрген болып шығады. Бұл не қылған парадокс? Көтере алмайтын шоқпарды бел­ ге байлай беретін біздің билік басындағыларға таңданбасқа лаж жоқ. Аталған бөлім жастар мәселесін шешуде өзінше тырбанып жатқан шығар. Алайда саусақпен санарлық қана адамның әрекеті 4 млн. тағдырға шыбын шаққан құрлы әсер етпесі анық. Әзірге билік басындағылар жаңа науқан бастамағанша, жастардың қажеті шамалы. Биліктегілер тым-тырыс. Жастар өз қотырын өзі қасып сабылып жүр. Бір қарағанда бәрі орнында. Тіршілік үшін күрес әркімнің өзіне тиесілі болған заманда тіпті, «жаны ашымастың қасында бас ауырып жатқан жоқ». Ал, жастарға қатысты әлеуметтік мәселелер күн сайын күрделеніп барады.

«Алға, комсомол!» Артымыз қандай, алдымыз қалай? Бұдан бірнеше жыл бұрын статистикалық зерттеу орталықтарында жастардың жағдайын бақылауға мүмкіндік туғызатын бағдарламалар түзілетін. Қазір көзден бұл-бұл ұшқан. Бұл сөз жоқ, біздің үкіметтің жастарға назар аударып, мемлекеттік деңгейде шаралар өткізбек тұрмақ, ешқандайда осы тұрғыда қимыл-қозғалыс жоқ дегенге саяды. Әнебір кезде шыққан Президентіміздің «Тарих толқынында» атты кітабында қазақстандықтардың орта жасы 25 жас деп көрсеткен. Дәл бүгінгі күні орта жас 30-ға келіп қалыпты. Бұл нені көрсетеді? Тоқ етерін айтсақ, аталған жағдай мемлекетіміздегі жүріп жатқан реформаларға қатысатын адам ресурсын азайтуға әкеліп, күрделі бір мәселені туындатқалы отыр. Сайып келгенде бұл бөлек әңгіменің ар­ насы. Еліміздегі статистика мәселесімен айналысатын мекемелердің мәліметтеріне көз жүгіртсек, Республика тұрғындарының 26 пайы­ зын құрайтын жастардың 1 950,9 мыңы (55,9 пайызы) қалада, 1 539,7 мыңы (44,1 пайызы) ауылдық жерде тұрып жатыр. Олардың 51 пайы­ зы жігіттер, 49 пайызы қыз-келіншектер. Бұған бөлекше қосарымыз, елдің еңбекке қабілетті тұрғындарының 40 пайызын жастардың құрайтындығы. Міне, жоғарыдағы цифрларға көз жүгіртіп өткеннен кейін-ақ мәселенің мәнісі айқындалып қалғандай. Шын мәнінде жастардың мәселесі алаңдаушылық туғызады. Оған жастардың жалпы аса маңызы бар: жұмыспен қамту, білім алу, денсаулық сақтау, қылмыстың өсуі жөне демография сынды мәселелері бүгінде бұлтартпас дәлел. Жастар жұмыссыздар армиясында Әсіресе ауылдағы және қалаға қоныс аударған қазақ жастары арасында жұмыссыздықтың жаппай бел алып келе жатқаны белгілі. Осы тұста заңды бір сауалдар туындайды. Неге, басқа әлеуметтікэтникалық топтарға қарағанда, бұл топтың үлес салмағы басым? Әлде олардың кәсіби шеберлігі төмен бе, әлде олардың құқы қорғалмаған ба? Әлде о баста өздерін артта қалдырған тарихи қалыптасқан мүшкіл жағдайы ескерілмеген бе? Әйтеуір елдің еңбекке жарамды тұрғындарының жартысына жуығын құрайтын жастардың, соның ішіндегі қазақ тілділерінің өз

жерінде екі қолға бір күрек таппауы қынжылтады. Оған төмендегі мына мәліметтерге назар салсақ жеткілікті. Өткен жылдың аяғында Қазақстандағы жұмыссыздардың жалпы саны (жасырын жұмыссыздықты қоса есептегенде) 1,5 млн. адамды құраған. Олардың негізгі бөлігінің тіркелмейтіндігі салдарынан көбісі жәрдемақы алмайды. Осы жұмыссыздардың 41 пайызы 26 мен 29 жас аралығындағылар. Яғни, жастар. Республикамызда жұмыссыздар партиясы құрыла қалса, соның жартысына жуық мүшелері жа­ стар болады деген сөз. Әлгінде қадап айтқандай жұмыссыздардың 40 пайызы ауылдық жерде. Дәл осы жұмыссыздардың тағдыры тіптен ауыр. Өйткені ауылшаруашылығының қантамыры жақын арада бүлкілдей қоймайтынына ел куә. Сонда елдегі жастардың тең жарты­ сы жақын болашақта жағдайы жақсара қоймасы анық. Бұл тауқымет тағы да қазақ тілді жастардың үлесіне тиесілі. Оған жұмыссыздықтың қатты белең алған аймақтарына Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Атырау сынды ірі облыстардың жатуы дәлел. Көксау жас – бұлдыр келешек Соңғы жылдары Республика жастары мен жасөспірімдері арасын­ да түрлі ауру-сырқау түрлері көбейе бастады. Бұған тіпті ел ішінде ұмытыла бастаған сырқат пен дерттің қайта бас көтеруі жығылғанға жұдырық іспетті. Халық есімінің кемуі мен өлімінің жоғары деңгейі жағдайында ел тұрғындарының, соның ішінде жас буынның денсаулығы да айтарлықтай төмендеген. Медициналық тексеруден өткен млнға жуық жасөспірімнің 46 пайызы аурулы болып шыққан. Бұл 10 баланың 5-і дертті деген сөз. Және бір туындайтын сауал ел жасөспірімдері мен жастары жоғары оқу орындары мен мектептерде не үшін жүр? Білім алу үшін жүр ме, әлде, бұзылу үшін бе? Сауалды дәл осылай төтесінен қоюға негіз де бар. Жалпы жастар денсаулығының нашарлауына есірткі зат­ тарын, спиртті ішімдіктер мен темекі өнімдерін қолдану орасан зи­ янын тигізіп отырғаны мәлім. Оған нақты дәлел жоғары оқу орын­ дары мен мектептегілердің 80 пайызы шылым шегетіндігі! Бұдан жасөспірімдердің білімге ден қойғандығын емес, басқа алдампаз ауанның жетегіне ергендігін көре аламыз. Нәтижесінде не болып жатыр? Кейінгі 5 жылда жастар арасында нашақорлар саны 5 есеге өскен. Тіркелгені – 33041.

Мектеп партасынан күні кеше қол үзген әскер жасындағы бозбалалардың 12 пайызы денсаулығына орай әскери міндетін өтеуге жарамсыз деп табылған. Тіпті әскерге қайбір облыстардан бара­ тын балалардың салмағы 41-43 келінің ар жақ бер жағында. Бұдан шығатыны – дініне берік, дені сау ұрпақ қана діттегеніне жете алады десек, әлгі мәліметтер керісінше ойға жетелейді. ...Қылмысқа қарсы және бірге! «Жынды» нарықтың атойына төтеп бере алмағандықтан да шығар, қылмыс жастар ішінде кең етек алып кетті. Ауылда отар-отар қой, табын-табын сиыр, үйір-үйір жылқы ұрлануы таңсық емес. Қалада рэкет, апиын сату, жезөкшелік сынды терминдер өмірімізге дендеп енді де, ұсақ-түйек қылмыс түрлері кең қанат жайды. Еңбек пен оқудан тыс қалған, кәмелетке толмаған жастардың қылмысқа араласуы күн өткен сайын өсуде. Яғни, мемлекет өз аза­ маттарын лайықты жұмыспен қамтамасыз ете алмауы арқылы «жаңа қылмыскерлер армиясын» сапқа тұрғызуда. Мұның қомақты қатары әсіресе, Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қостанай, Павлодар сынды облыстарда байқалуда. Заманына қарай адамы демекші, қазіргі уақыттың еншісіне бұйырған ерекшелік – топпен жасалатын ауыр қылмыстар мөшлерінің артып отырғаны. Бір ғана факт: 2000 жылдың 9 айында 5604 рет жа­ стар қылмысқа барып, көрсеткіш 6 пайызға өскен... Сауатсыз ұрпақ сапта бар, санатта жоқ Бүгінгінің ең ащы шындығы ауылда жұпыны тұратын отбасы ба­ лалары мектепке бара алмауда. Әрі сол мектепті бітіргендерінің өзі жоғары оқу орындарына түсе алмауда. Себеп көп. Салдар сан тарау. Және заңды сауал: кедей отбасынан шыққан қазақ жастарының қолы жететін білім беру жүйесін қалай жасауға болады, немесе бар жүйені қалай жетілдіреміз? Жыл сайын негізгі жалпы білім беру мектептерін бітіретіндердің 70-90 мьңының кәсіби білім алу мүмкіндігі болмайды. Сонда олар не істейді десеңіз, әлгілердің жартысынан астамы жұмыссыз атанып, қылмысты топтарды толықтырады. Ал, еңбек рыногіне әр жылда келіп қосылатын жастардың 20 пайызға жуығының мамандығы мен біліктілігі жоқ.

Осы қалыптасқан жағдайға қарсы күресудің орнына, мемлекеттік бюджеттен білім беру саласын қаржыландыру жылдан-жылға күрт кеміп келеді. Егер 1993 жылы қаржыландыру 8,1 пайызын құраса, 1998 жылы – 6,3, ал 1999 жылы 4 пайызға бір-ақ төмен түскен. Өткен 2000 жылы білім беру саласына бөлінген қаржы 3,77 пайызды ғана құраған! Білімге қатысты әңгіме қозғалғанда ақылы оқыту меселесін де айтпай кете алмайсыз. Мемлекеттік жоғары оқу орындарының жал­ пы саны соңғы үш жылда 5-ке азайған, ал мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының саны 35-ке көбейген. Ресми емес, ақпарат көзіне сенсек, еңдігі 2-3 жыл ішінде мемлекеттік оқу орны мәртебесін ре­ спублика бойынша ұлттық статусы бар 4 ірі жоғары оқу орындары ғана сақтап қалмақ. Солай-ақ болсын. Алайда мазалайтыны – осы тұрғыдағы біріншіден, білімнің сапасы, екіншіден, жастардың бұған дайындығы. Өкінішке орай жас ұрпақ сәтсіз эксперимент нысанасына айналғанын күнделікті дау-дамай, тексерулер көрсетіп берді. Жас өспесе, көкіректі теспесе... Демография – бала туу, халықтың өсуі мәселесі қазір жастар үшін ғана емес, мемлекет үшін аса маңызы бар дүние. Қазақта тарихи қалыптасқан көп бала туу дәстүрі бұзылды. Себебі қазақ елдегі ең нашар тұратын ұлт санатында ері туған балаға берілетін жәрдем ақы мөлшері өте аз. Қорытындысында көп балалы болуға тиісті қазақ отбасылардың барлығы бала тәрбиесіне жіті көңіл бөлуден қалды. Тағы бір алаңдататын нәрсе – жыл сайын жастардың саны өсудің орнына 22 мың адамға азайып келеді. Жас отбасылардың басым көпшілігі 1-2 сәбиден артық баланы дүниеге әкеле алмауда. Сондайақ бала табуға қабілетті 20-29 аралығындағы жас келіншектер саналы түрде отбасыларында бала санын шектеді. Жалпы халықтың саны өсу үшін әр отбасында 3-4 баладан кем болмауы керек екенін демограф ғалымдар түгілі, қарапайым адам біледі. Бәрінен бұрын демография мәселесіне қатысты қалыптасып жатқан жағдай экономикалық тұрғыдан келгенде түптің-түбінде тәуелсіздігімізге үлкен қауіп төндіреді. Соның заңды бір көрінісіндей соңғы бес жылда еңбекке жарамды жастардың саны 200 мыңға азай­ ып кеткен.

Хал мүшкіл. Харекет қандай? Жоғарыда Республикадағы жастардың ғана емес, бүгінгі, тіпті ертеңгі мемлекетіміздің толғақты мәселесінің бет-бейнесін көре алдық. Ендігі әңгіме не істелініп жатқандығы жайында. Алдымен мемлекеттік мекемелеріміз не тындырып отыр дегенге келсек, өткен жылғы тамыз айында үкіметтің жанынан құрылған жа­ стар ісі жөніндегі Кеңестің осы жұмысқа әзірге мұрындық болар түрі байқалмайды. Қағаз жүзіне қарап отырсаңыз, істелініп жатқан шаруа­ лар шаш-етектен. Іс жүзіне келсек, айтарлықтай дәнеме жоқ. Дұрыс, жастардың белсендігін барынша арттыру, жастар баста­ маларын қолдау, тұлғалық қалыптасуына жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы қабылданды. Бұл аз десеңіз, оған қоса «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі 2000 жылға арналған іс шаралар жоспары» атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы дайындалған. Ал нәтижесі қандай? Оны осы жоспарларды дайындаған азамат­ тар ғана білсе, білетін болар. Алайда, жастар аталған құжаттардың нәтижесін көрмек тұрмақ, олардың қабылданғанынан да хабарсыз. Мұндай дүниелерді қағазға түсіріп, қаттаудан жалықпаған билік жақында «Қазақстан жастары» республикалық бағдарламасын қабылдады. Білуімізше, жастар мәселесіне жыл сайын қаражат бөлінеді. Бірақ, ол қайда, қандай мақсатқа жұмсалғандығынан сол жастар бейхабар. Соның көрінісіндей әлгі заңда көрсетілген баптар бойынша қоғамдық ұйымдардан ұсыныс-жоба, өтініш т.б. түсіп жатса, жауап «қаржы жоққа» саяды да тұрады. Сонда сауал туады: «Жастар мәселесіне бөлінген там-тұм тиын-тебен сол жастардың аса қажетті жобаларына жұмсалмағанда қайда кетіп жатыр?» Қысқа қайырғанда, жастар ісіне қатысты мемлекеттік мекемелердің тыныс-тіршілігі осы сыпатта. Ал, қоғамдық ұйымдарға келсек, ре­ спублика бойынша жастарға қатысты мемлекеттік ұйымдар саны 200. Санына қарап қарныңыз тойып қалады. Сапасына келсек, сөз басқа. Республикадағы жастар ұйымдарының көш басында тұрған «Қазақстанның болашағы үшін» Республикалық жастар қозғалысы дәл қазір өгей баланың күйін кешуде. Кезінде билік керек уақытында

құрып, қаржыдан тарықтырмай, қамқорлыққа алды. Енді науқан аяқталып, сайлаулар біткен соң, бастан сипауды қойған. Міне, жастарға деген биліктің көзқарасы. Алайда бұл қозғалыстың қазіргі басшылығы өзінше әрекет қылып, өлместің қамын жасап, жүрген сыңайлы. Жастардың басын қосуды, олардың құқықтарын қорғауды басты ұстаным етіп алғандықтан ілгеріректе өз күштерімен Президенттің қабылдауына елдегі жастар қозғалыстары жетекшілерін бастап барған. Президент не деді? Жастар мейлінше ашық әңгімені қалаған. Президент те Республи­ када қордаланып қалған жастар мәселелеріне қатысты өз ойларын, ұсыныстарын ортаға салды. Жүздесу барысында мемлекеттік жа­ стар саясаты, жергілікті деңгейдегі жастар ісі жөніндегі мемлекеттік құрылымның жоқтығы, жұмыспен қамту, жастар кәсіпкерлігі мен олар үшін шағын несие саясатын жүргізу, әлеуметтік қорғау және ел жастарының өз БАҚ-тарының болуы сынды т.б. мың-сан мәселелер талқыланып, айтылған осы дүниелер тиісті адамдарға тапсырылған. Содан бері нәтиже жоқ. Сонда дейміз-ау, Президент айтқан, тапсырма берген мәселе сиырқұйымшақтанып барып іске аспаса, басқаша қалай шешіледі? Егер, бүгінгі Қазақстан жастарына қатысты әдеби шығарма жазыла қалса, сөз жоқ жастар жетекшілерінің Президентпен кездесуі әдеби дүниеміздің шарықтау шегіне (кульминациясына) айналар еді. Одан кейін оқиға шарықтау шегінен қайта төмен түсе бастайтыны түсінікті. Яғни, жастардың ең соңғы зор үміт артқан Елбасымен кездесуі де нәтижесіз қалған болып шығады. Қорытындысында шығармамыз өте сұрқай әрі пессимизмге құрылған дүниеге айналады. Айтып-айтпай не керек, Республика жастарының мәселесі Елбасының алдынан шешілмей қайтты. Әрине, оны Президент білмейді. Білсе, басқаша болар ма еді? Қысқасы, Қазақстан жастарының, оның ішіндегі қазақ жастарының болашағы жоқ деп тұжыруға осыдан кейін құқымыз бар ма, әлде... Тағы бір басы қылтиятын шындық: ел тұрғындарының төрттен бірінен көбін құрайтын жастардың мәселесі тек сол өздерінің ғана емес, мемлекеттің де ертеңіне қауіп төндіретін мәселеге айналма­

сына ешкімнің кепілдік бере алмайтындығы. Ендеше, шенеуніктер мәселеге тіпті болмағанда осы тұрғыдан қарау қажеттігі өздігінен-ақ туындайды. Не істеу керек? Айналып келгенде ең маңызды сұрақ жастардың өзіне келіп тіреледі. Енді кінәліні сырттан іздегенмен таппасыңыз анық. Шындығында осы мәселенің шешілуі жастардың өзіне керек болма­ са, дәл қазір өзгеге керек бола қоюы неғайбыл. Қысқасы, күні өтіп, уақытын оздырып алған адамдарша өкпелегіштік пен марғаулықтан айығу ләзім. Әрі жастардың күші бірлікте екенін түсінетін мезгіл, келді. Яғни, кім мүдделі? Жастар өз мәселесінің шешілуіне мүдделі болса, бұл – тізе қосатын уақыт. Қалғаны қалың қолдың шаруасы. Бірігетін кез келді! 2001 жыл «Жаңа буын» жақсылық әкелмедi «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» дегендi халық қалп айтпап­ ты. Заман өзгердi, заңы соған сәйкестенiп бағуда. Өмiрдiң өзгермек түгiл бiр пәсте өңi он құбылатынын құптамаса да сол халық қайран. Мұны тiптен тәкаппар мiнездi уақыт елер емес... Бұрынғы бiр ғана партияның шебiндегi қалың нөпiр ендi қалай, қайсысына қарарын бiлмей бас қатырады деп кiм ойлапты. Ендi ком­ партия емес, бiрнеше партия, қозғалыс, бiрлестiк, одақтар өздерiне тартып, күн өткен сайын қатары да қомақтана түсуде. «Бiздiң жол – әдiл, ерсең есең кетпейдi» дейтiндерi «басқанiкi – балаң, бас ау­ ыртып қайтесiңдi» меңзеп қояды. Бастысы бұл емес. Бәсекеде. Кiм жеңедi? Қалай жеңедi? Сауалды суыртпақтай берсе көп. Ең алдымен ол қандай, қауқары қаншалықты дегендi дiттелiк. Тоқсаныншы жылдардың үлесiнде қалған мына құбылысты бүгiнге сабақ болар деген оймен саралап көрсек. Сол кезде ә дегеннен көп әрiптесiнен көш iлгерi кетпесе де басқасынан бедерi бөлектенгенi – «Жаңа буын» қоғамдық-саяси қозғалысы. Бiрiншiден, қозғалысты құрған – қалталы кәсiпкерлер. Екiншiден, олар кiл еуропалық көзқарастағы, қалалық жастар. «Жаңа буын» қоғамдық-саяси қозғалысы бағдарламасының кiрiспесiнде-ақ бағыт-бағдарын айқындап алған.

Бiздiң мемлекетiмiздiң қазiргi саяси-экономикалық жағдайы терең дағдарысқа тап болды. Дағдарыс халық шаруашылығының барлық салаларын қамтыды. Әлеуметтiк аландау бәсеңдер емес. Өкiметтiң жоғарғы сатылары қазiр республикадағы жағдайға толық ие бола ал­ майды. Жағдайдың асқына түсуi байқалып отыр. Мемлекет әлi де өз мүддесiнiң басым салаларын анықтамауы қалыптасқан жағдайдың себепкерi. Ол баяғы тәжiрибесiне сенiп, барын да, бәрiн де реттемекшi. Өкiмет құрылымдары бұл бағытта неғұрлым күш-жiгер жұмсаған сайын өкiметтiк құрылымның басқару қабiлетiнiң қожырауы соғұрлым тезiрек жүредi. Өз кезегiнде халық бұқарасы мемлекет мүддесiнен алыстатыл­ ды. Олар өздерiнiң керексiздiгi мен амалсыздығын сезiнiп, одан әрi қайыршылана түстi. Осынау бiздiң ортақ Отанымыз – Қазақстан Ре­ спубликасы үшiн күрделi уақытта «Жаңа буын» қозғалысы мыналар­ ды ұғынады«, – дей келiп, мемлекеттiк – саяси саладағы, ұлтаралық қатынастар саласындағы, экономикалық саладағы, аграрлық саладағы, әлеуметтiк саладағы, экологиялық саладағы бағдарламаларын алға тартады. Мұндағы артық-кем кейбiр ой жосығын көктей етiп, аса маңызды дегендерiне назар аударсақ. Бағдарламаға өмiрiмiздiң өткiр тақырыптары өзек болғанымен олардың бiржақты сипат алғандығы байқалады. Айталық, соның iшiндегi жердi жекеменшiкке беру мен мемлекеттiк мүддеге орай­ ластыру керектiгi айқындалады. Олай болатыны алдағы уақытта мұны сөзбұйдаға салып, сағызша созғылаудың еш қажетi жоқтығы көрсетiлiп, бедерi белгiленiп берiлдi. «Ортақ өгiзден оңаша бұзау артық» дегенмен, кiшiсi үлкенiне қарап бой түзейтiн тұстары жетерлiк. Бағдарламада басқа бәлендей жаңалық жоқ. Жаңалық сол – мемлекетiмiздiң жарқын болашағы үшiн бiрiгiп жұмыс iстеу. Ендi жоғарыда сөз еткен қозғалысты құрушылардың екi ерекшелiгiне тоқталық. Бiрiншiсi, кәсiпкерлердiң саясатпен айналысқаны құптарлық па деген сұраққа бiрден «саясатта не бар, ақшаңды жасап жүре бермейсiң бе» деу – дөрекiлiк. Алайда, саясат пен кәсiпкерлiк – басы бiрiкпейтiн екi басқа дүние. Алысқа бармайақ оны көршi Ресейдегi жағдай көрсетiп бердi. Күнi кеше Констан­ тин Боровой үлкен каптиталы бола тұра Думаға өте алмады. Мил­ лионер Сергей Мавроди мен бүгiнгi миллиардер Михайл Ходорков­ скийге түрменiң қара нанынан дәм татуға тура келдi. Кәсiпкерлер басқа-басқа, ақшамен бағаланбайтын дүниенi де «керек кезiнде» саудаға салып жiберетiн көрiнедi. Бизнесте бұндай нәрселер «бола

беретiн» шығар. Бiрақ, саясат әлемi әлгiндей солқылдақтықты көтере қоймайды. Жарайды, екi сөйлеп қатесiн дер кезiнде түзеп жатса, ол – жұбаныш. Айланы асырып кетем деп екiжүздiлiкке ұрыну саясат­ кер үшiн кешiрiлмес күнә. Бәлкiм кемшiлiктiгiн кеш түсiнген шығар. Әлде мұндай кемшiлiк саяси тәжiрибенi ендi жинап жүрген адам үшiн ештеңе ете қоймас па екен. Байқалып қалғаны – «Жаңа буын» қозғалысының өз достарының арасынан да және дала қазақтарының ортасынан да ойып орын ала алмағаны. Яғни, жарнамаға қаржыны аямай-ақ жұмсап, жарияға жар салса да, қалың қауым мен қарапайым еңбекшi жұртшылықтан қолдау таппағаны анық. Оған себеп пе? Жетiп артылады демесек те, жiлiк майын шағып айтуға болады. Қазақ ортасының қозғалысты қолдай қоймайтынына жоғарыдағы оқиғалар бiрден-бiр себеп. Ал, өз одақтастарының iшiндегi ең көзге көрнектiсi «Караван» газетi Қарметкомбинат төңiрегiндегi дау-шар тұсында өзiн «жан дос» екенiн дәлелдей алмады. Алғашқыда байқамай қалып қорғаштаған едi, соңынан сөзiнен жаңылысты. Үкiметтi кiнәлағандай сыңай та­ нытып, Бутя жағының мәселесiне мән бермей қойды. Ақыры, жеңiс кiмнiң пайдасына шешiлiп, кiмнiң қалай сайрап қоя бергенiн уақыт бағалады. Айқындалған ақиқат: қолтықтан демеп, дем берер одақтас жайы да басқа iс түскенде мәлiм болды. Жоғарыдағы жайлардан келiп шығатыны: iрi қалталыны халық, мемлекет мүддесiнен гөрi өз мүддесiнiң мысы басып тұратындығын көзге көрсетiп, қолға ұстатқандай еттi. Мәселе тек Қарметкомбинатта емес. Басқада – өзiмшiлдiк идеясының қоғамымызда саяси және экономикалық аксиомаға айналғанында. Бiздiңше бұл – мол капиталға деген көзсiз сенiмдiлiк. Қозғалыстың соңында қалың халық тұратынын ойласақ, саясат – ақша емес. Екiншi ерекшелiкке – қозғалыстың басында кiл еуропалық көзқарастағы қалалық жастар екендiгiне келсек, жиi сөз бола бастаған жаңа бағыттағы, еуропалық көзқарастағы адамдар туралы шегiнiс жасаған абзал. Күнi кеше бiз үшiн ең қауiптiсi – өз қандастарымыздың өзектi өртер өкiнiшпен опынтқаны емес пе деп, сауалды дәл осылай төтелей қойып, жауабын да төбеден түскендей төпей қайырып тұқыртуға тырыстық. Халықтан ешкiм үлкен емес. Бауыр-етi – баласын, өз қандасын қателiгi үшiн қалай сөксе де ерiк өзiнде. Бiрақ мұнымен мәселе бiттi ме? Өкiнiшке орай, қайта өрши түскенiн көз көргенмен көңiл күйгелектiк төңiректен ұзамады.

Ұлтынан алыстап, ұясынан адасқан кешегi жүз елу кәсiпкер ғана емес. Ертең бұл көрсеткiш өспесе, кемiмейдi. Кiндiгiнен тараған ұрпағы өзiне тартпағанда сайын даланы еркiн жайлаған ата-баба­ сына ұқсай қоярына ешкiм де кепiлдiк бере алмайды. Мұнымен бiз халықтың бұл бөлiгiн бөлiп тастап, iске алғысыз қылсақ – қылмыспен тең қаралар шаруа осы. Белгiлi бiр тобы қыңыр сөйлеп, аяғын қияс басса, бәрiн бiлетiн – бiлiмпаз, түсiнушi – ұғымпаз, ойлаушы – ой­ шыл интеллигенциямыз жөнiн айтып, жолына салып жiберсе, кiмнiң ұтарын уақыт көрсетер. Алдымен, осы ұрпақ қайдан келдi, қалай болды деген сауалды саралағанымыз салмақты ойды айқындар. Қысқа қайырсақ, бұл – кешегi коммунизмге имандай иландырған соқыр сенiмдiлiктiң жана­ рынан сылынып шыққан көз жасы емес пе екен. Қазiрге дейiн бәрi қарапайым пайымдалды: халық (бұқара) – бұл – дене, идеолог (инте­ лигенция) – оның басы, жады. Осындағы интеллигенция көп дүниенi өз деңгейiнде iздеген жоқ. Керiсiнше, заманға бейiмделiп бақты. Өмiрлiк ақиқатқа сыни тұрғыдан баға берiлмегендiктен «жалаң» танымдық бағыт өрiс алды. Мiне, салауатты ойлаудың кемшiндiгiнен жаппай ауа жайылушылыққа (абсурд) апарып соқты. Соның салдары көптеген сорақы iстерге жетеледi. Iшiндегi ең iрiсi әрi қылмыспен бара-бары – интернационалдық мәдениет едi. Ол екi жүз қаралы ұлт пен ұлысты мидай араластырып жiберiп, нәтижесiнде жүзге тарта ұлт пен ұлысты жер бетiнен жойып жiбердi. Ақыры интернационалдық мәдениеттiң бойынан нәр алған интернационалдық өркениет ұзақ өмiр сүре алмады. Бұл да жаратқан тәңiрдiң қазақ халқына қарасқаны шығар. Ендiгi шешiм – ертелi күндi кеш қылмай қара қазан, сары бала қамы үшiн ұлттық игiлiктi игеру. Өйткенi, тұрлаулы мәдениеттiң таза болмысы тек қана ұлттық болып келетiнiн кешегi күн көрсеттi. Осы ретте айқын мәлiметке жүгiнсек, халқымыздың жиырма проценттейi ана тiлiн нашар бiледi не түсiнбейдi. Жығылғанға жұдырық iспеттi осы уақытқа дейiн төрт жүз мыңдай мектеп оқушылары өзге тiлде оқып жүрсе, жоғары оқу орындары студенттерiнiң отыз-ақ процентi қазақша дәрiс алды. Енде­ ше, ертеңiмiзге елеңдеуiмiздiң де жөнi бар. Алайда, қазақша бiлмейтiн қазақтың бәрi ұлтсызданған деуiмiз ұшқарырақ. Бойында ұлттық құнар барлары арамызда аз емес. Олардың iшiнде қазақ мемлекеттiгiнiң нығая түсуiне өзiнше үлес қосып жүргендерi жетерлiк.

Бiздiң бүгiнгi қалыптасқан ахуалымыздан алдымен мына жайттар­ ды ой безбенiнен өткiзiп алғанымыз абзал. Ол – ұлттық сана және оған өзiмiз қарсы қойып алған азаматтық сана. Халқымыз бұл тұрғыда екiге бөлiнген сыңайлы. Бiрiншiсi – дүниетанымы мен болмысы қазақы топ ұлттық сана төңiрегiнде оқшауланса, екiншiсi – жаңаша бағыттағы, еуропалық көзқарастағы топ азаматтық сана жайынан сөз саптап, өз ойларын дәлелдемек ниетте. Бұған бiз еуроцентризм ауруының асқынған тұсы деп баға бере бастадық. Түрiктiң үлкен идеологы, көрнектi жазушысы Хусейн Нихал Атсыздың жазуынша ұлтты айқындайтын негiзгi төрт белгi бар. Олар: ұлттың тiлi, территориясы, әскерi және ұлттық санасы. Жазу­ шы жоғарыдағы төрт тағанның iшiнде ұлттық сананы баса көрсеткен. «Ұлттың iшкi-сыртқы себептерiнен оның өз территориясы бол­ мауы мүмкiн. Тiптi тiлiнен де айырылып қалуы ғажап емес. Алайда, ұлттық санасын сақтаған халық өз тiлiн, мемлекетiн жаңғырта алады. Ал, ұлттық санасын жоғалтқан ұлт – өлген ұлт», – деп, жазады ол өзiнiң «Түрiкшiлдiк мұраты» еңбегiнде. Шүкiр, әзiрше ұлттық санадан ажырап қалғанымыз жоқ. Тек сол ұлттық санаға қалған үш тағанның қапысыз қарсы келе беретiнi алды­ мызды кес-кестеуде. Бұл қай халықтың болсын басына түсiп тұратын сын сәт сынды. Бұдан шығатыны мынау: қазақ ұлт ретiнде өзiн-өзi әлi танып бiле алмай жатқан шақта азаматтық сана тұрғысын көздеуiмiз барар жерiн бiлмей тұрып, жолға жиналғанмен бiрдей шаруа. Ұлттық са­ намыз толысып, одан әрi асып, азаматтық санаға аттаныс жасасақ, онда сөз басқа. Бiз бiрден азаматтық санаға аяқ басу мен тез ара­ да байып кетушiлiк дәмесiнiң мысы басқанымен өзiндiк ұлттық интеллектуалдық негiзсiз әлемдiк айдынға иек арту – бос қиялға ұқсайды. 1994 жыл. ЖАСТАРҒА ҚАРАП ҚАРТАймаңыз Қандайда да бір ұлттың рухани құндылықтарының айталық, мәдениетінің, әдебиетінің, өнерінің және спорты сынды дүниелерінің көш басында жастар жүруге тиіс. Жастар тез қабылдағыш және өздеріне тән шапшандықпен алда жүруі заңдылық. Дей тұрсақ та, біздің жағдайымызда рухани дүмпулер жасауды былай қойғанда,

қарапайым жайлардың өзінде жастарымыздың қайда жүргенін білмей қаласыз. Кезінде Толстой әдебиетке есіктен емес, терезеден кірген деген әңгіме бар. Яғни мұндай құбылыс тек жастыққа тән құрбандыққа бара алатындай намыс пен рухты, жігерді еске салады. Жастар дегенде, ойға ең алдымен сол жас буынның бүгінгі таңдағы әлеуметтік белсенділігінің тым төмендігі оралады. Кей­ де осы келер ұрпақ өте ұсақ-түйек тірліктің төңірегінде шиырлап қалып бара жатқандай көрінеді. Мәселені жеке шешуге деген ба­ стамашыл батыл талпынысты байқай бермейсіз. Алайда, дәл қазіргі қазақ ұлтының бар болмысы мен болашағын айқындайтын барометр – жастар. Себебі, аға буынға салмақ арта алмайсыз. Уақыт өзгерді. Заман ауысты, заң да қайта түзілуде. Яғни, ұрпақ алмасатын кезіңіз келді! Ал ол ұрпағыңыз, қазақтың бүгінгі жастары жайында кере­ меттей пікір айту қиындау. Осы ретте дәлел үшін бір ғана жайтты алға тартайық. Кезінде той мәселесіне қазақ үлкен мән беріп, тәрбиелік маңызы бар шара ретінде қарастырған ба деп ойлайсың. Қыз қуу, теңге ілу, күреске түсу сынды ұлттық ойындар арқылы азаматын таныған. Тойға жастар ішіп-жем үшін ғана емес, үлкен жауапкершілікпен барған. Дайындығы болмаса, тайсақтаған. Осы жерден келіп намыс деген мәселеңіз қылаң береді. Ал бүгінгі жастар тойға ішіп-жейтін, көңіл көтеретін орын ретінде ғана қарайтыны белгілі. Алайда, бұл ешкімді ойлантып отырған жоқ. Мүмкін, міндетті де емес шығар, бірақ «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген тұрғыдан келгенде қазақтың жас-кәрісінің ойланатын жәйттарының» бірі екені анық. Қысқасы өмірінің көбі кетіп, азы қалған адамдар кінәмшіл келетіндіктен үлкендердің жастарға өкпесі орынды. Дегенмен өкініштісі сол, керісінше жастарымыз көп ретте кінәмшілдікке салы­ натыны бар. Жастарға қарап қартаймаңыз. 2001 жыл АСТАНА ЖАСТАРДЫҢ КӨЗ ЖАСЫНА СЕНЕ МЕ?

Еліміздің бас қаласы – Астананың күн сайын көркейіп келе жатқаны бәрімізге белгілі. Қаланың қазіргі тіршілігіне қарап, көз то­ яды, көңілің өсіп қалады. Содан да шығар, жас қалаға арман қуып

жастар көптеп келіп жатыр. Біреуі қала құрылысына құлшына кірісіп кетсе, жоғары оқу орындарын бітіріп жеткендері мемлекеттік мекемелерді т.б. жағалап жүр. Және біреулері басқа жақтан емес, нақ осы Астанадан өздерінің ісін ашуға талап қылып келіпті. Олардың қай-қайсысымен де кездесе кетсең, сөйлесе қалсаң, бәрінің ойында бір арман: ол – өздерінің енді бастағалы отырған өмір жолдарын жас қала – Астанадан бастау. Жақсы ырым. Оған ішің жылып, іштей сәт сапар тілейсің. Кезінде Елбасымыз бар жаңалықтың басы болсын деп, жаңа астананың іргесін қалағанда нақ осы жастарға сеніп қадам басқаны анық. Басқа-басқа жастардың бұл бастаманы қызу қолдағанына жоғарыдағы мысал жеткілікті. Иә, қай жағынан алып қарағанда да Астана нағыз жастарға лайық қала. Ауа-райының өзі жастарға тән «темпераментті». Буырқанып тұрған жас буын ғана біте қайнасып, қаланың демографиялық жағынан дамуына да үлкен үлес қоса алады деуге негіз бар. Бір әттеген-айы, жалпы алғанда жастардың Астанадағы жолы оңынан туып тұрмағанына куә болатыныңыз. Нақтылай айтқанда, қызу жүріп жатқан қала құрылысына қатысушылары тиын-тебенін ала-алмай, әр есікті бір тоздырып жүр. Басқасын былай қойғанда Алматының озық оқу орындарын үздік бітіріп, Астанаға тартып отырған маман­ дар екі қолға бір күрек таппай келген іздерімен кері қайтып кетіп жатқандары қаншама. Өз ісімді ашамын деп талаптанушыларының да тауаны қайтып жүргенін көзіңіз шалады. Бұл да бүгінгі Астананың бір шындығы. Әрине, дәл қазір қай жерге болсын жұмысқа тұрып, орнығып кету оңай емес. Алайда «өз аяқтарымен» Астанаға келіп жатқан арманшыл жастарды алақанға салып аяламасақ та, қолтығынан демеп жіберсек, «жас қаланың көшесіне отырғызылған балғын көшет» сынды күні ертең жайқалып өсіп, ерекше көрік беріп тұрмас па? Қысқасы, «Астана жастардың көз жасына сене ме?» – деген са­ уал артығырақ, мүмкін тым қатқылырақ көрінуі ғажап емес. Мұны сонау кенеуі кеткен ауылдардан үміт арқалап келген сыныптасауылдастарымның табан-ақы, маңдай-тері жалақысын ала-алмай сенделіп жүргенін және, әсіресе, мемлекеттік мекемелерге «өз күштерімен» жұмысқа тұра алмай, ақыры Алматыға қайтып жатқан әріптес-таныстарымды көріп, көзіміз жетіп барып айтуға мәжбүрсің. Бір кездегі «Москва – слезам не верит» фильмі кешегі ғана емес, қазіргі әбден қатқылданып қанатын кеңге жайған Мәскеудің жайынан

да хабар беретіндей. Ал, бар болашағы алдағы Астана жастардың көз жасына қалмайтынына сенгің келеді. 2001 жыл Съезд, конгресс... бәрі «Қазақстанның болашағы үшін!» Алдағы қыркүйек айының басында Ақтау қаласында республи­ ка жастарының конгресі өтпек. Басты мақсаты қазір «жасымыз бен кәріміз» қосамжарлана талқылап жатқан жастар туралы заңның нүктесін қою сынды. «Жастар туралы заң» дегеннен «мәселенің үлкен кішісі жоқ» дейтін қайбіріміздің бір елі аузымызға екі елі қақпақ бо­ лып, жаттанды «жастар мәселесі» термині қылаң береді. Мәселе?! Қазақстан тұрғындарының 26 пайызын (16-29 жас аралығындағы жас азаматтар саны 4 миллионға жуық) жастар құрайды. Ал, еңбекке қабілетті ел тұрғындарының 40 пайызы жастардың үлесінде. Яғни, елдегі туындап отырған жастардың проблемаларының аса маңызы бар; жұмыспен қамту, білім алу, денсаулық сақтау, қылмыстың өсуі және демография сынды мәселелер бүгінде өзекті. Еліміздегі 1,5 миллион жұмыссыздардың 46 пайызы (26-29 жас аралығындағы) жастар. Медициналық тексеруден өткен миллионға жуық жастардың 46 пайызы аурулы. Бұл онның бесеуі дертті деген сөз. Әскер жасындағы бозбалалардың 12 пайызы денсаулы ғ ы н а орай әскери міндетін өтеуге жарамсыз деп табылған. Жыл сайын жал­ пы білім беру мектептерін бітіретіндердің 70-90 мыңының кәсіби білім алу мүмкіндігі жоқ. Еңбек рыногына әр жылда келіп қосылатын жастардың 20 пайызына жуығының мамандығы мен біліктілігі жоқ. Жыл сайын жастардың саны өсудің орнына 22 мың адамға азаюда. Соңғы бес жылда еңбекке жарамды жастардың саны 200 мыңға азай­ ып кеткен. Міне, жастарымызға қатысты бүгінгі таңдағы көктей шолып өткендегі картинамыз осындай. Өткенде «Қазақ әдебиеті» газеті (№ 32, 2001 ж.): «Ғалымдардың есептеуінше, әзірбайжан тұрғындарының орта жасы 29,5 жас екен. Бұл не деген сөз? Әзірбайжан халқының болашағы өте зор деген сөз» деп жазды. Енді, өзімізге келейік. Осыдан біршама бұрын жарық көрген Президентіміздің «Тарих толқынында» атты кітабында қазақстандықтардың орта жасы 25 жас деп көрсеткен. Дәл бүгінгі күні орта жас 29-ға келіп қалыпты. Яғни, біз де жас ұлт, өсетін халықтардың қатарындамыз.

Жастардың әлгіндей жағдайынан кейін бір-біріне кереғар келген қайшылықты аңдайсыз. Қазақстандағы жас ұлт, өсетін халықтардың жайы осындай қайшылықты күйінде қала бере ме? Не істелінді, не істелініп жатыр? Тәуелсіздік алған он жылдың ішінде жастарға қатысты нақты жөндем заң қабылдана қоймапты. Қабылданғанының өзі іске асып та жарытпаған сыңайлы. Қараңыз, «Қазақстан Респу­ бликасы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы» (1999 жылы қабылданған), «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі 2000 жылға арналған іс-шаралар жоспары» атты үкіметтің қаулы жобасы және «Қазақстан жастары» республикалық бағдарламасы біраз іске жүк болатындай-ақ құжаттар. Енді бұлардың жүзеге аспауының бір ғана себебіне тоқталайық. Аталған құжаттарда атап, әрі анық көрсетілген баптардағы жүзеге асуы аса қажет деген басым бағыттар бойынша қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерден ұсыныс-жоба, өтініш, т.б. түсіп жатса, жауап «мүмкіндік шамалы, қаржы жоққа» саяды да тұрады екен. Бұл сол қаулы-қарарды қабылдаған құзырлы органның сөзі. Сонда заманыңыз да, заңыңыз да жастарға бетін бұрмағаны ғой. Пайым-күдік жаңа қабылданбақ «Жастар туралы заңға» да қатысты. Хош, арғы-бергі заңымыздың жайы белгілі болды. Алдыңғыларының қайыры шамалылығынан ба, жаңасынан үміт күту де қиын. Себеп. Себептің бір ұшы жастар ісімен айналысатын мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерге деген сенімсіздіктен. Бастысы – өткен жылы та­ мыз айында үкіметтің жанынан құрылған жастар ісі жөніндегі кеңес келелі іске мұрындық бола алмауда. Ал, жастардың сөзін сөйлейдіау деген республикамыздағы 200-ге тарта (!) қоғамдық ұйымдар жоғарыға қарап жаутаңдайды десек, қателеспеспіз. Нақты іске кел­ генде тайғанақ. Науқаншылдыққа әуес. Ақыр аяғы «көшбасшы» де­ ген «Қазақстанның болашағы үшін» қозғалысы жастардың жалғыз газетін шығаруға «жарамады». Осы жерден тарқайтын түйін жалпы жастардың (мейлі ұйымы, бірлестігі, өкілі, лидерлері бол­ сын) ықпалды күшке айнала алмай келе жатқандығы. Оған он жылыңыз аздық етіп тұрғандай ма, қалай? Әйтеуір, әзірге қол баланың рөлін ойнай тұруға тура келетіндей. Оның бірден-бір көрінісін билік пен жастардың арасында «зыр жүгіріп» жүрген «Қазақстанның болашағы үшін» қозғалысына қарап бағамдайсыз. Олай дейтініміз, аталған қозғалыс құрылған 1998 жылдың ақпанында ел жастары съезд ашып, бір алқалы кеңес құрып еді. Енді, міне, «жастар мәселесі» тағы бір еске түсіп, жас буынның белсенділері Каспий жағасындағы кон­

гресске жиналмақ. Күлтөбенің басындағы күнде жиыннан жастарға да жылы леп жетсе жақсы. Қайдам, әзірге съезд, конгресс... бәрі «Қазақстанның болашағы үшін!» Әкелер мен балалар: кім-кімге өкпелі? «Әкелер мен балалар» проблемасының өтпелі кезеңде өмір сүріп отырған елдер үшін өзіндік ерекшелігі болатындығы бір бізде ғана емес. Орталық және Шығыс Еуропаның 27 мемлекетінде және тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы елдерде де байқалып отыра­ тын көрінеді. Бұл не ерекшелік дегеннен бұрын, осыншама елдердің тағдырын ортақтастырған бұл не ұқсастық деген сауалдың жауабы оңайырақ. Ол аталған елдердегі «темір қорған» құлағаннан кейінгі нарықтық және демократиялық реформаларды әр ұрпақтың стихиялы қабылдауы. Ерекшелік дегенге келсек, өтпелі уақыттағы дәстүр мен қоғамдық нормалар бір ұрпақтан екіншісіне ауысарда бұзылып, тіпті жойылып, содан қайта қалпына келіп, қысқасы ит-жығыс күйді кешіп жататын көрінеді. Мұны нақ бастан өткеріп отырғандардың бірі біз. Кім кінәлі? Аға ұрпақ пен жас буынның арасын жалғайтын дәнекер жіп неге сонша бос? Иә, бізде «егделер мәселесі» емес, «жастар мәселесі» бар. Әсіресе, тәуелсіздік алғаннан бері жағымыз бір талмай «жастар бұзылды, жа­ стар үйтті-бүйтті» дегенді жиі айтамыз. Себебі түсінікті, салдарына үңіліп көрейікші. «Кеңес» атты казармадан босаған аға ұрпақ жоғарыда айтқандай өзіндік дәстүр мен қоғамдық нормаларды жас буынға табыстар­ да қатты қателескен сынды. Мүмкін бұлайша жаза басуға сол қайшылықты жүйенің де үлесі үлкен әсер еткен шығар. Батыстың «әні мен сәнінен» қанша қақпайлап ұстағанмен тордағы тоты құсыңыз темір құрсаудан құтылған сәтте-ақ басқаша сайрап шыға келді. Нашақорыңыз да, жезөкшеңіз де, жұмыссызыңыз да т.б. жа­ стар. Көбісі «бұғаудан босағанмен» не істерін, қайда барарын білмей, аңырып тұрып қалды. Көзді жұмып, тұспалдап тартты сосын. Қайда барса да қиын, өте қиын еді. Қалаға барса оқу оңай емес, жұмыс табу одан да қиын дегендей... Ендеше —

Өзіңе сенетін уақыт Заманның жастарға деген сыңайын байқадық. Қатқыл. Содан ба, әлемдік қоғамдық-саяси үрдістер мен елімізде жүріп жатқан саяси-экономикалық реформаларға жас буынның, әсіресе қазақтілді жастардың кірігуі енжар. Бұл бәрінен бұрын шын талап пен үлкен еңбектің кемшіндігінен бе дейсің. Өзім куә болған бір ғана мысал. Осы жазда «Сорос-Қазақстан» қоры шығармалышықпен ай­ налысып жүрген жастарға арнап, жазғы мектеп жұмысына қатысуға бәйге жариялады. Оған қатысуға мен де ниет білдірдім. Он күнге созылған жазғы мектеп жұмысының әсері ерек­ ше еді. Әр сала бойынша еліміздің және шет елдерден арнайы шақыртумен келген лекторлар дәріс оқыды. Ал ең соңында үздік танылған талантты жастар әлемнің мықты деген оқу орындарына білімін тереңдетуге гранттар алса, қайбірі көрмелерге, фестивальдарға, т.б. қатысу жолдамасын еншіледі. Өкініштісі сол, осындай мүмкіндігі мол шаралардан қазақ тілді жастардың тым қалыс қалатыны. Сонда біз қайда қарап жүретініміз түсініксіз. Көзі ашық жасқа күнделікті жаңалықтарды шолып шығу мен компьютерді игеріп, Интернетті қарап отыру сонша қиын шаруа емес қой. (Шындап іздесеңіз, шетелде оқу, тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін басқа да сандаған қорлар арқылы табасыз). Иә, Сұлтанмахмұттың «Ана қырда татар тұр, басқалармен қатар тұр...» деген өкініші әлі сол күйінде қалып қойған сыңайлы. Бұдан қазақтың кешегі жасынан көзі ашық бүгінгі жасы айтарлықтай алға кетті деп айту қиын. Осы салғырттықтың, осы енжарлықтың салдарынан есеміз кетіп, есебімізді түгелдей алмай жүргендей жай бар. Оны шебер пайдалана білетін билік те, аға ұрпақ та жастарды қай кезден-ақ қолбала, саясаттың ұртоқпағына айналдырып келді. Бір ғана жүйеміз «жаңылысып», жастар қайрат көрсеткен кез 1986 жылдың желтоқсан кезіндегі оқиға еді. Міне, жастардың он ойланып, күрт оянған және тізе қосып біріккен тұсындағы бұла бұлқыныс. Осы оқиғаны өз көзімен көріп тұрып, бір жазушы ағамыз: «Біздің ұлт, әсіресе, жастарымыз сапалық тұрғыдан бұрын соңды болмаған құбылыстарды енді бастан өткере бастайды» деп дәмеленгенін жа­ сыра алмаған. Алайда, сол серпілістерді көре алмадық. Қайта содан жасып, жасқаншақ болып қалғаннан ба, қазіргі жасыңызда ортақ мүдде үшін бірігу, «Қазақстанның болашағы үшін!» алға ұмтылу жағынан көз жазып қалды. Ешкімге өкпе арта алмайсыз. Мүмкін, қателік билікпен де, аға ұрпақпен де шынайы диалог құра алмай

жүрген жас буынның өзінде шығар. Билік анда-санда съезд, конгресс т.б. өткізіп жұбатқандай болады. Аға үрпағыңыз «бәрі жақсы бола­ ды» деп алдарқатқандай сыңайда. Ал, жастар өздерімен де, өздерінен жоғарыдағылармен де «тіл табыса» алмай жүр. Қысқасы, бәріміз де үлкен балалар секілдіміз. 2001 жыл Жарқыл мен жұтаңдық жастар өмiрiнен байқалып жүр Қазақстан – жас мемлекет. Бұл ұғым бүгiнде санамызға сiңiп, сөздiк қорымызға енiп алды. Өмiрдiң өз теңгермешiлiгi осыны көрсеттi. Республика жұртшылығының 54%-i 30-ға дейiнгi жа­ стар. Ендеше Қазақстанымызға қай жағынан болсын дәл қазiр қарыштап өсу тән. Халықтың сан жағынан да, оған телiнген мәдениэкономикалық жағынан да күрт жоғарылау (ренессанс) тән. Елiмiздiң қалыптасып келе жатқан геосаяси және демографиялық ауаны мұны қолмен қойғандай әйгiлеуде. Оның үстiне демограф-ғалым Мақаш Тәтiмовтың айтуынша 2000 жылдары халық саны көп өсуге тиiс. Бұл халық тарихындағы өсу эволюциясының әр кезде ғана бiр бұла бұлқыныс танытатын табиғи құбылысы екендiгiнде дау жоқ. Бiрақ та бүгiнде белгiлi болғандай өсу айтуға оңай, iс жүзiнде ауыр. Қалай, қайтып өсерсiң, өркендерсiң деген сауал – асауға тұсау. Фактiге жүгiнелiк. Бүгiнгi күнде республика тұрғындарының 90%- i өте ауыр жағдайда өмiр сүрiп отыр. Адам өлiмi 24%-ке өсе түссе, балалардың тууы 28%-ке кемiп кеткен. Ал Қазақстан жастарынын 53%-i әлеуметтiк-материалдық жағынан мешеу халде. Жастардың тек 5%-i ғана ауқаттылар санатында. Бұл жас мемлекетiмiзде қалыптасып келе жаткан ахуал демеске амал жоқ. Сонда өсу, өркендеу турасында сөз қозғау бекершiлiк пе? Бiздiң ойымызша: Тығырықтан шығаратын дамудын дабырайтып айтсақ даңғыл, жұқартып айтсақ жарқын жолы әл-әзiр бiреу-ақ. Ол бiрнеше жыл бұрын аттай қалап алған нарықты экономика. Мемлекеттiк статистикалық комитеттiң анықтауы бойынша, республикадағы жас адамдардын 58%-i ғана нарықтық экономика­ ны қолдайтын көрiнедi. Бұған да шүкiршiлiк. Бұл жерден шығатыны осы уақытқа дейiн стихиялы сипат алып келген нарықтық экономи­ касына жастардың батыл араласуын қажет етедi. Яки ендiгi жағдайда

мемлекеттiн өзi тек жастарға сенедi деген сөз. Әрине мемлекеттiк жастар саясаты мен нарықтық экономика бағыты қабысып жатса құба-құп. Алайда олай болмай тұрғанын мойындауға тиiспiз. Бұл ретте 1991 жылы қабылданған «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңды» уақыт талабына орай қайта қарау қажет. Сосын оның орында­ луын, әрине, қадағалау керек. Сөз ретiнде жастар мәселесiмен тiкелей айналысып отырған орындарды тiлге тиек етудi жөн көрдiк. Солардың бiрi – Қазақстан Жастар Одағы. Осы жолдарды жазу барысында аталмыш одақтың бiрiншi хатшысы Есенжол Алияровқа жолыққанбыз. Аңғарғанымыз одақ бұрнағы комсомол секiлдi сыңаржақ позициядан аулақ. Кiм бiрге жұмыс iстегiсi келедi, қатарына тартады. Ешкiмдi қыштау жоқ. Ба­ стысы – еркiндiк. Жамбыл облысынан басқа барлық облыстарда өз ұйымдары бар. Жұмыс ауаны да сан-алуан. Ешкiмге елеусiз қалған жас таланттарды рухани және материалдық жағынан демеп, дем беру­ де. Бүгiнде «Қазақстанның болашағы үшiн!» қозғалысының белсендi ұйтқысы. Тiзбелей берсек тiзiмге түсiп кетемiз. Әрине мұндай көңiл қуантатын iстермен бiрге әттеген-айлар да бар. Ендi республикамыздағы жастар iсiне мемлекетгiк тұрғыдан тiкелей араласып отырған Қазақстан жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiнiң қам-қаракетiне аз аял жасалық. Мұндағы iс-әрекеттiң басым бағыты мәдени-көпшiлiк жұмыстарға арналғанын бағамдадық. Ал жастарга нақты көрсетiлер әлеуметтiк көмек нешiк. Олармен жүргiзiлер жұмыс қалай? Бұл ретте алға тартылғаны: нәрестесi бар жас жанұяларға берiлетiн несие болса, екiншiсi кiл жастардан құралған кәсiпкер топтардың салықтың 50%-нен босатылатындығы. Басқа iс шаралардың шамасы ай сайынғы мәдени-көпшiлiк жұмыстармен шектелiп жатыр. Бiздiң ойымызша: Жастар iсi мәдени шаралармен тұйықталатын жәй ғана iс емес. Ендiгi уақытта жастар iсiмен айналысу айына бiрекi мәрте шабылып қоятын шаруаға айналдыру жарамас. Естiр құлақ, iстер қол болса «алтын сырға». Осы тұста Жастар Одағына қояр кiнәрат қораштау шығар. Өйткенi, бiршама мүшесi бар қоғамдық ұйымның көрпесiне карай көсiлуi бүгiнгi көзбен қарасақ өз деңгейiнде. Ал бiлдей Қазақстан жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiнiң қазiргi қалыптасқан жастар ахуа­ лына орай жасаған кешендi бағдарламасы жоқтығы көзге ұрып тұр. Орайы келгенде көңiлге оғаштығымен көзге ұрған жайтты алға тартсақ артық соқпас. Қазақстан жастар iсi, туризм жөне спорт

министрлiгiне бас сұққанымызда қазақ тiлiнде мандытып жауап бере алатын жанды жолықтырмадық. Ұзын құлақтан естуiмiзше, жуырдағы қысқартуда кiл қазақтың қыз-жiгiттерi қысқарып кеткен көрiнедi. Жастар тақырыбын қозғағанда кадр мәселесi алдан шығады. Бүгiнде ұятты нәрсенiң бiрi сол – ұлттық кадр. Ұятты болмағанда не, республикамыздағы кәсiпорындардың 75-80%-де өзге ұлттар iстейдi екен. Сонымен не iстемек керек? Бiздiң ойымызша: Бiрiншiден, кәсiпорын басшысы ұлттық кадр мәселесiне оң ықылас бiлдiруi тиiс. Шындығында басшы қазақ ұлтынан болса құба-құп. Ол жұмысшылардың әлеуметтiк жағдайына да қарап, ыңғайластырар. Маңайына ұлттық кадрларды тарта бастар. Екiншiден, әрине кадр мәселесi орын-орынға апарып қоя салғанмен шешiлмейдi. Басты­ сы бiлiм керек. Бұл ретте Жапония мен Оңтүстiк Кореяның өлiара шақтан қалай тез шыққанын еске алу естiлiк. Олар шет елде жаста­ рын оқытуға күш салыпты. Қазiрде бiзден мамандық жетiлдiруге барғаны бар, оқуға барғаны бар бас-аяғы 4 мың жас шет елде оқып жүр екен. Бүгiнгi талаптан қарасақ, аз әлбетте. Өйткенi, өз арамыз­ дан шыққан iс тетiгiн бiлетiн сауатты кадрлар ауадай қажет. Қазiр республикадағы кәсiпорындар жаппай жабылуға айналды. Айталық, бiр Жамбыл облысындағы 55 зауыт-фабриканың 49-ы тоқтап тұр. Ал оған жоғарыда айтқан кәсiпорындарымыздың 75-80%-iн құраған өзге ұлт өкiлдерiнiң басы ауырып, балтыры сыздай ма? Өтетiн жер табы­ лады оларға. Қорыта қайырсақ, жастық лебi ескен оның жарқылы мен жұтаңдығы тайға басқан таңбадай. Және итшығыс түсiп жатыр. Жарқылы – жас екендiгiмiз, өсер ел екендiгiмiз. Жұтаңдығы – дәл осы уақытта аяққа оралғы кедергiлердiң көптiгi. Бiр аштықтың бiр тоқтығы болса, көбейер, көркейер күн туар. 1995 жыл Қалтаң қалың ба, студент? Бұрын студент стипендиясының мөлшерiн сұраушылар жетерлiктiн. Ол қызық үшiн едi ғой. Ал қазiр студенттiң хал-ахуалы өзiнен басқа ешкiмдi елеңдетпесiне де ет үйренiп алды. Өлместiң күнiн талшық етiп, әупiрiмнiң күшiмен (жеткiзе алғанға ғана) жететiн «жанбағыс» стипендияның жайы әркiмге аян. 100 теңге! Студент те адам. Оны ойлаған кәсiпқой парламент стипендияны көтерген көрiнедi. Әрине оған уақыт төрешi. Ал бiз

ағаларымызға қамшы болғай деп, бұрынғы 100 теңгенi талдап, жiлiктеп көрелiк. Бүгiнде студенттiң бiр күндiк ас-суын ең төменгi бағамен 30 теңгеге сығымдап сыйғызуымыз көзсiз ерлiк. Мәселе, мұнымен бiтсе жақсы. Студент болған соң кiтапханаға, киноға, театрға бар­ май тұра алмайсың. Қазiр бiр сериялы фильмнiң құны 20-25 теңге. Ендi кiтаптың жайына келейiк. Дәл бүгiнгi таңда iзденiске ұмтылған оқырман үшiн бұрынғы баспа бетiн көрмеген көне, құнды кiтаптар шыға бастады. Ал мұның студент үшiн мәнi аса зор екендiгi айтпа­ са да түсiнiктi. Аудиторияда алты сағат отырып ала алмаған бiлiмiн әлгi кiтаптың алты жолынан табатыны ақиқат. Алайда, бағасы да соғұрлым асқақтап тұрғанын қалай жасырасыз? Айталық, Гумилевтiң таңдамалы шығармалар жинағының бiр томының өзi 50 теңге шама­ сында. Атақты түркi танушының еңбегiн оқымай тағы болмайды. Бiлiм биiгiне, танымдық көкжиегiне ұмтылған студент үшiн мұндай мүмкiндiк туа да бермейдi. Мiне, байқап отырғандай, 100 теңгеңiз бiр күнде емес, бiр сағатта жұмырға жұқ болмай шыға келдi. Оның үстiне студенттiк ортаның ойын-тойсыз, думансыз болмайтыны тағы бар. Сонымен 100 теңгеңiздi тек тамақтың өзiне ғана талғажау қылсаңыз үш-төрт күнге зордың күшiмен жетiп жығылады екен. Сон­ да айдың 25 күнiнде студент ашқұрсақ, арып-ашып жүре ме? Десек те, бұласа таңырқайтын нәрсе емес. Күнделiктi көз үйренiп, ет өлiп кеткен жағдай ғой. Бiздiңше мұндай ауыртпалықты тартып отырған тұрғылықты қалалық студенттер емес екенi белгiлi. Бар тауқымет жатақханаларда немесе пәтерлерде тұрып жатқан, алыс ауылдардан ат арытқандарға түсiп отыр. Ал ауыл жағдайының жайсыздығы тiптен белгiлi. Ендеше бiрiншi кезекте студенттердiң iшiндегi ауылдықтарға, оның iшiндегi малшы балаларына көмектi өзгелерден гөрi күшейтсе, нұр үстiне нұр. Бұл алалау емес. Жағдайға қарай жанашырлық таны­ ту. Ұлттық игi қасиеттермен қаруланған, аса дарынды балалардың ел iшiнен шығатынын ескерсек, осындай қамқорлыққа қол жеткiзген жөн. Бiр ақиқат анық. Ол студент қауымның әлеуметтiк ахуалы қашаннан сын көтермейтiндiгi. Социализм тұсында сауат ашқан анаанамыз: «Бiз студент кезiмiзде қатқан нанды суға жiбiтiп жеп жүрiп, оқып едiк. Сендердi өсiрiп, жеткiзуге мүмкiндiк ашқан социализмге рахмет. Ендi қалай оқимын десең де, үкiмет жағдайларыңды жасап отыр. Одан артық не керек» дейтiн. Бүгiнгi нарық та социализмнiң сол дарқан көңiлiн көпсiнгендей. Осы тұста сансыз проблема менi

жаз, менi айт деп андыздап шығады. Нарық – талай бiлiмпаз өскiннiң өрiсiн жалғастыруы да неғайбiл. Сонда не iстемек керек? Қалай дегенде де студенттердiң өзiндiк өмiр өрнегi қалыптаспай жатып, бiлiм-таным көкжиегiнiң тарылуы күн өткен сайын өршiп келе жатқаны белгiлi. Қазiргiнiң студентi бұрынғыдан бетер «жа­ байы бизнеске» ауызданып алғаны рас. Күнкөрiс мәжбүр етiп отыр. Бүгiнде қылмысты iстерден студент қауымы да қалыс қалған жоқ. Ал тиiстi орындар сол қылмыстың себебiне үңiлудiң орнына жоспар­ ды орындағанына мәз. Қысқасы бiреу тойып, бiреу тоңып секiрiп жүр. Дипломды көк тиын құрлы көрмей, сатып алатын «сауатты» студенттердiң шыға бастағаны да шындық. Мұны жүйелiлiктiң жоқтығынан, бiлiмнiң таяздығынан, тәртiптiң назардан тыс қалғанынан десек орынды болар. Бұл ретте қазақтың ендiгi жауы ашаршылық емес, надандық дер едiк. Осы орайда бiрер ұсынысты айта кету жөн. Нарық тұсындағы бiлiм көкжиегiн кеңейтетiн ұрымтал тәсiлдiң бiрi де бiрегейi – жақсы жағдайдағы бәсеке. Мек­ теп пен мектеп, университет пен университет, кафедра мен кафедра, тағы басқалардың араларында бiлiм, тәрбие, имандылық бәсеке жүруi аса қажет. Осы арқылы бiлiмдiлер бiр-бiрiмен бәсекеге түсiп, ешкiмге бағынбайтын өз қаржысы бар қуатты бiлiм шаңырағына уығын қадап, керегесiн керуi тиiс. Әрине, оның ауылы бiзден әлi алшақ. Өйткенi күрделiлiгiнен күрмеуi қиын нарық жайлы 70 жыл бойы бұғауда болған сана жете түсiнiп, жете түйсiне қоюы мүмкiн бе? Өркениеттiлiктiң кепiлi – сауатты кадр даярлау. Ол үшiн әрине студент жайын ертеңге соза бермей, бүгiн ойлауға тиiспiз. Бұл рет­ те ең алдымен тiл ұшына оралатыны студенттiң стипендиясы. Оның бар өмiрiнiң мәнi мен мағынасын да айқындайтын стипендия. Бұл мәселенi соңғы сессияда депутаттар қараған болды. Кәсiпқой парламентiмiз ел ертеңiне елеңдеген кiсiлiк келбет танытқан. Рах­ мет! Стипендияны үш есе көтеру жөнiнде шешiм қабылданғанымен, жүзеге асуына қаржының көзi табылмай отырғаны және шындық. Мемлекеттiң бiлiм мен ғылымға бөлiп отырған қаржысы әлгiнде баян етiлгендей. Онымен алысқа бармасымыз да анық. Сондықтан студенттердi әлеуметтiк жағынан қорғайтын республикалық қор құру кажет секiлдi. Оған кәсiпкерлер мен бизнесмендер белгiлi мөлшерде шама-шарқынша қаржы берiп отырса, оңды iс осы болар едi. Студент қашанда iзденгiш халық. Аяғынан тiк тұрып кетсе, әрi қарай көзiн тауып тiрлiк жасауға болар едi.

Жас тәуелсiз елiмiздiң ертеңi – студент жастардың жағдайын бүгiннен ойламаған ел азаматтарының, үкiметтiң опық жер кезi әлi алда деп бiлемiз. 1994 жыл Мамандыққа сұраныс – науқаншылдық Қай тұрғыдан қарасақ та, таңдау уақыты туғанын шын мәнiнде сезiне бастаған сындымыз. Өмiрге бұрнағы қазақы самарқаулықпен қарау мүмкiн емес. Тасада қала беретiн қарапайым мысалдарды былай қойғанда, мемлекеттiк деңгейдегi шенеунiктердiң тұрақтай бермеуi уақыт тудырған талапқа төтеп бере алмаушылықтай аңғарылады. Ендi сөзiмiздi салмақтай түсу үшiн, мына жайтқа назар салайық. Қайткенде де пенденiң ең бiрiншi ойы – бақытты өмiр сүру. Мейлiнше молырақ табыс тауып, жақсы тiршiлiк кешу. Өркениеттi елдердiң өрендерi оған қол жеткiзу үшiн мықты мектепке, бiлiмдi күштi беретiн жоғары оқу орнына түсуге тырысады. Ең соңында жалақысы өте жоғары жұмыс орны кәсiби жағынан керемет шыңдалғанын ғана күтiп тұрады. Бұл деген бәсеке. Нарықтың жазылмаған заңы. Мықты маман қай қоғамға да ауадай қажет. Кеше де солай болса, бүгiн тiптен оның жөнi бөлек. Бiрақ, ат төбелiндей айырмашылықты айтпау айып. Социализм кезiнде мейлi шебер маман бол, мейлi өнiмдi он есе өндiрiп iсте бәрiне берiлетiнi бiр жалақы едi. Дәл бүгiн бәрi басқаша. «Әр патшаның тұсында бiр сұрқылтай» демекшi, еңбегiңе қарай өнбегi. Сосын кейiнгi мәселе – мамандықты таңдауыңда. Бұдан шығатын алға тартылған сауал: Мамандықтың бәрi бiрдей ме? Ақиқат салыстыру арқылы туа­ ды. Күнi кеше мамандықтың жақсы, жаманы болған жоқ. Керiсiнше, қай салада да нашар мамандар бар едi. Бұл социализм жарықтықтың алғышарты iспеттi. Сөйтсе де, сол кездерi қазақтың әлеуметтiк сұранысы бар мамандықтар саны санаулы-ақ екенiн көрiп өспедiк пе? Ең бiрiншi заңгер атанып, сот болуға деген ықылас күштi едi. Одан қалса мал дәрiгерi, мұғалiм, агроном мамандықтары бiзге ыстық көрiнетiн. Көбiне-көп осы төңiректi шиырлап жүргенiмiз белгiлi. Бұл басқа салаларды қазақтар қаужай алмады деген сөз емес. Қазiрге дейiн қарапайым шопаннан ғарышкерге дейiнгi мамандықтарды игерген қандастарымыз өзге жұрттан қалысып та тұрған жоқ. Айталық, тек математикалық модельдеу саласында

бұрынғы одақта он ғылым докторы болса, соның төртеуi қазақ екен. Ендi мына қызықты қараңыз. Ұлы Абайдың өз кiндiгiнен тараған бесiншi ұрпағы Даниярдың (1971 жылы туған) мамандығы океано­ лог көрiнедi. Яғни, қазақтан тұңғыш аталмыш мамандыққа түрен салушы. Мұндай мысалдарды келтiре берсе жеткiлiктi. Әрине, жоғарыдағыдай мұқтаж емес мамандықтарда қазақтардың бiренсаран кездесетiнi түсiнiктi. Бұл бiзде неше түрлi фанаттардың уақыттың сонша қиындығына қарамай өз мүдделерiн мүмкiндiгiнше пайдалануға тырысатындығының көрiнiсi болу керек. Әйтпесе, әлгi ғалымдар о баста таңдап алған ғылымында әлi күнге дейiн жүрер ме едi, ал Абайдың неменесi Данияр бiрiншi рет жолы болмаса да екiншi рет қайта барып, сонау Санкт-Петербургтен «сандалып» оқу iздемес едi ғой. Көңiлге тоқ санайтының, бiзде мұқтаж емес мамандықтарға да заманның ауыртпалығын мiсе тұтпастан тiлек бiлдiрушiлер легi жеткiлiктi көрiнедi. Сонымен, заман басқа, заң басқа. Бұрнағы талғамға талас туғаны рас. Әр мамандыққа деген сұраныс та бөлек. Мамандықтың бәрi бiрдей болғанымен оларға деген көзқарас өзгеше. Мәлiметтерге қарасақ, заңгер, медик, экономист және халықаралық қатынастар мамандықтарына талап бiлдiрушiлер алдыңғы кезекте. Яғни, бiзде уақыт ығына қарай қалыптасу белгiсi байқалады. Бұл ретте экономи­ ка мен бизнес, сондай-ақ, халықаралық қатынастардың тiлiн бiлген жерде қалмайтынын жаппай құнттаушылықтың әсерi күштi екенiн айтуымыз керек. Бұл мамандықтарға бiр орынға 4-5 адамнан көп келетiнiн Бiлiм министрлiгiнiң мәлiметi әйгiлейдi. Осы фактiлерге қарап-ақ, қандай мамандықтардың бағасы артып тұрғанын байқауға болар. Бiр ақиқат анық. Ол баяғы «сот болуға» деген сұраныстың бүгiнде өз биiгiнде қалып қойғандығы. Қалғаны уақыт талабынан туындап жатқандай. Қай кезде де бiздiң қазақта «сот болуға» деген сұраныс неге жоғары? Осыған сәл шегiнiс жасап көрелiкшi. «Бiздiңше, мемлекеттiк билiктiң болашағы сот билiгiн өз дәрежесiнде ұстауда. Дәстүрлi қазақы қоғамда сот билiгi хан билiгiнен жоғары тұрған. Ең әмбебап, ең биiк сот билiгi болған. Сот билiгi қазақы рухтың көрiнiсi едi. Бұдан туындайтыны заң билiгiнiң өзi сот билiгiнiң туындысы. Әрi қарыштап өсуi, жапырақ жаюы, қазақы азат рухани өмiрдiң көрiнiсi, белгiсi, iске асар туындысы – сот билiгi ғана өмiршең едi және солай болып қалды да», – дейдi заңгерлер. Бiздiң ойымызша, әлгi сұрақтың бiр ұшығы, осы жолдарға келiп саятын­

дай ма, қалай? Екiншi ұшығы «сот болсаң, сорлы болмайсың» деген пендешiлiк пайымға құрылғандай сыңайлы. Бұрнағы болсын-болмасын баласын «әйтеуiр бiр жөнiн қарастырармыз, әйтпесе, келесi жылы сәтi түсер, тым келiспесе бағын сынап көрсiн» деп келетiн ата-ананы қазiр байқау қиын. Өйткенi, шын мәнiндегi таңдау сол — Нарық: қалғысаң қамық, қаласаң қарық! Аталмыш аксиома­ ны айналып өте алмайтындығын анық аңғарған қауым қалайда он ойланып, бiр шешiмге келуге тырысқан-ды. Жоғары оқу орындарына тапсырушылардың саны күрт төмен түскен. Бұл деген бiр орынға ша­ мамен 1,5 адамнан келдi деген сөз. Салыстармалы түрде қарағанда, өте төмен көрсеткiш. Бұдан кейiн оқуға деген ынта-ықылас жөнiнде сөз қозғап көрiңiз. Нарықтың заңы сол – бәсеке, деп жатырмыз. Бiздiң бiлiм жолындағы бәсекемiздiң түрi жоғарыдағыдай болғанда, оның болашағы бұлдыр. Қалай десек те, бұдан нарық салған таңбаның iзiн байқау қиын емес. Ендi Алматы мектептерiнiң түлектерi арасында мамандық таңдауға байланысты жүргiзiлген социологиялық зерттеулердiң нәтижелерiне көз жiберелiк. «Болашақтағы жоспарыңызды анықтап, нақты бiр мамандықты таңдадыңыз ба?» деген сауалға 85 процентi «иә» деп жауап берiптi. Бұған да шүкiршiлiк. Өйткенi, келешек бағыт-бағдарсыз ауа жаюшылыққа (абсурдқа) ең бiрiншi ұрынатын осы мектеп бiтiрушiлер. Сұранысы жоғары мамандықтар жоғарыда айтып кеткенiмiздей: заңгерлер, экономистер екен. Бұл жайт түсiнiктi. Ал, «Мамандық таңдауыңызға қандай фактiлер әсер еттi?» де­ ген сауалдың жауаптары қайран қалдырады. Жартысына жуық өрендердiң таңдауына ата-аналары ықпал жасапты. 23 процентi болашақ мамандығының атағы мен ақшасы қызықтырғанын алға тартады. Бұдан мектеп бiтiрушiлердiң көпшiлiгiнiң өз таңдауы жоқ, өздерiне сенiмсiз екенiн байқауға болады. Бұл қалалық «қарулы» деген жас өскiн пiкiрi. Далалық қарадомалақтардың бәсi одан төмендеу тұрғанын ескерсек, келе­ шекке деген келеңсiздеу түйткiл көкейге кептеледi. Мұндай пiкiрге «Таңдаған мамандығыңыз өзiңiзге ұнай ма? Оны қалай елестетесiз?» деген сұрақ та жетелейдi. Оған жауап берген 47 процентi орташа жоба­ ласа, 33 процентi тек нөлдiң төңiрегiнде. Аталмыш көрсеткiштерден түлектердiң 80 процентi болашағына бүгiннен сенiмсiздеу қарайтыны көзге ұрып тұр. Әрине, көңiлге күдiк ұялататын-ақ үлкен цифр.

Жауаптардың iшiндегi қарын аштыратыны да, қапы қалдыратыны да осы. «Мамандығыңызға орай қандай оқу орнына баруды жөн деп шештiңiз?» деген сауалға 35 процентi қай оқу орнына баратынын әлi шешпесе, 14 процентi бiрден жұмысқа араласуды жөн деп тауыпты. Яғни, сұралғандардың тең жартысы айтарлықтай қуантарлық қадамға бара алмағаны анық. Әрине, бәрiнiң бiлiмiн жетiлдiруi үшiн оқуға түсуi мiндеттi де емес. Бiрақ, «Бiлектi бiрдi, бiлiмдi мыңды жығады» деген мақалды, әсiресе, мына нарық заманында ескерген жөн секiлдi. «Қай мамандықтарға сұраныс күштi деп ойлайсың?» деген жалпы сұрауға әдеттегiдей заңгерлiк пен экономистiк мамандықты алға тар­ тыпты. Соңғы жылдардағы мамандық таңдаудағы қалыптаса бастаған негiзгi ақпар-ауан осындай. Бүгiнгi мамандыққа қатысты әңгiме қозғаған соң, бiздiң шет елдердегi, әсiресе, «Болашақ» бағдарламасы сияқты нарықтық менталитеттегi кешендi оқу жүйесi жөнiнде бiр ауыз сөз айтпай кету мүмкiн емес. Өйткенi, ертеңгi бар үмiт соларда екенiн көрiп отыр­ мыз. Сөйте тұрып, «Болашақ» бағдарламасына қатысты дау-шар әлi де көптiң көкейiнде сайрап тұр. Осы ретте мына бiр мысалды алға тарталық. Қандай да тығырықта қалып қойған ел одан шығу үшiн ең алдымен мықты деген шет ел бiлiм ордаларына өрендерiн оқытып, көшiн түзеп алып, дамыған мемлекетке айналғаны белгiлi. Соның бiрi – Жапония. Кезiнде жүз өрiмi оқуға аттанып, оның екеуi оқи алмай жапон жұртын жерге қарататындай жағдайға келгенде намыстан өздерiне қол жұмсап, өлiп кеткен көрiнедi. Қалған 98-i қайтып келiп, Жапонияның ғарыштап дамуына бiрден-бiр сеп болған. Мұндай ұлтжанды жауапкершiлiктi бiзден байқай қою қиынның қиынындай әсер қалдырады. Бiр ғана фактiге назар салыңыз. «Болашақ» бағдарламасымен барған алғашқы стипендияттардың 21-i оқуын ысырып қойып, сол шет елдерде қалып қойған. Яғни, бұл iстегi мемлекеттiк деңгейдегi былық-шылықтың беташары iспеттес. Басқасын былай қойғанда, iлгерiректегi бала­ лары ұятқа қалдырған шенеунiктер мен халық зиялылары (газет­ ке тiзiмдерi шықса да) әлгi жапондарша намыстанбай-ақ, халықтан кешiрiм де сұрамай-ақ, жер басып жүргенi «көрмегенiң көп әлiнi» еске түсiретiндей. Бұл үшiн ешкiм қылмысты еместей әсер қалдырды. Бар кiнә – оқи алмаған балаларда. Ол балалардың қылы қисаймай, қайсiбiрi сол шет елiнде қалып қойса, қайсiбiрi «кезектi командиров­ кадан» оралған-ды.

Тандау уақыты келешек алдында тiзерлемеудi талап етедi. Қайбiр фактiлерге қарасақ, қазiрше бiздегi мамандыққа деген сұраныс заман ағымымен артуда, яғни – науқаншылдық. 1995 жыл. «ҚҰТТЫҚТАЙМЫН, БІРАҚ ШЫН ЖҮРЕКТЕН ЕМЕС!» Көңіл шіркін мына өмірде бір тоймайды. Кейде тойымсыз қуыс ке­ уде жан жаратқан тәңіріне разы. Пендеміз ғой деп, бір кінәні көкірек кере, жуып-шаю санаға еніп, семіп қалған секілді. Қазіргі заман са­ рынымен адамдар да сан құбылып қу қарынның құлы болып бара ма, қалай? «Қатардан қалмай күн көрсем болды» деген ойдың жетегіне жармасып жүре беру қарақан басымыздың өзімшіл қалпымыздағы қанымызға сіңіп барады-ау, сірә. Әсіресе бүгінгі мына төрткүл дүниенің ұшпаққа ұшып, кең дүниенің көзден бұлбұл болып ғайыпқа сайған сиқында тіршіліктің тіптен шым-шытырыққа айналғаны аян. Айналаға қырағы көз салсаңыз, бәріне анық-қанық боласыз. Алысқа ат арытпайақ өзіміздің бір миллионнан аса халқы бар астанамыздағы аумағы ат шаптырым көшелерінен ол жайттарға көз жеткізу қиын емес. Бірде жол түсіп барған «Жібек жолының» бойындағы Мәскеудің Арбаты секілді көшеден түйген ойлар тым жабырқау жайға қалдырды. Қазанның салқын самал желі ескен жайдары күні болған бұл көріністер адамды екіұдай пікірге шақыратындай. Көшедегі киіз үйлер тігілген, маңайы тобыр митингісіне тоқталамыз. Киіз үй маңдайшасындағы «Оян, қазақ!» деп басталған басқа да жазулар бей­ ресми партиялардың мүдделерін білдіреді екен. Ал митингінің мәнісі армиядан қорлық көріп қашқан қазақ жастарын қолдап егеменді республикамыздың ұлттық жасағын тездетіп құру жайында бола­ тын. Бір уақтарда жасыл жалауды биікке көтере бұлғақтатқан адам соңынан қалың тобыр талаптарын басшыларға білдіруге ұмтылды. Бұрындары бұндай ортада болмағаннан ба, шым-шымдап кірген есер уыты тұла бойымызды шымырлатқан сезіммен жаулап алғаны жасырын емес. Сонымен одан әрі жер асты жолымен жылжығанда манағы сезім су сепкендей басылды. Тағы да әлгіндей үймелескен нөпірдің бірнешеуін кездестірдік. Енді не деген бітпейтін жиылы­ стар екеніне қайран қалып, жақындай берсеңіз болды, үш картаны олай да, бұлай да ойқастатып, сапырылыстырып жатқан ширақ қазақ

жігіттерін көресіз. Ерні еріндеріне жұқпай орысша сөйлегендері де адамды есінен жаңылыстырғандай. Ал, жиналған жұрттың көзі сынапша сусылдаған үш картада. Та­ лайы таба алмай сан соғып, далаға кеткен ақшасына іші удай ашыса, біразы олжалы болғанына қатты риза күйде. Өзекті өртер өкінішті көріністен гөрі мына бір эпизод есте жатталып, сақталып қалатындай. Кезекті ойында орасан олжаға ие болған еңгезердей орыс жігітіне ұтылған қазекем: «Поздравляю, но не от души!» деді-ау қинала. Иә, ұялатының сол, ылғи картаны ойнап отырған қазақ жігіттеріне қарның ашады. Киген киімдері де кілең шетелдік. Әрине, ол осындай жеңіл табыстың арқасында келген дүние екеніне күмән жоқ. Алдыңғыдай халықтығымызды қорғап, ел болып етек жапқалы жатқанда шын жүректен жүре алмайтын ұл-қыздарымыз аяққа тұсау болып келеді. Қордаланып, қожырап жатқан қоғамымызға да қолбайлау болып жүрген осындай жігерсіз жастарымыз екені белгілі. Дүниенің даңғыл жолына түсіп, даңғазалықпен күн өткізу көпшіліктің кеудесіне соқырлықтың ұрығын егуде. Оны осы ортамыздың ащы шындығы айқара ашып, дәлелдеп те отыр. Дей тұрсақ та адам тек күнімдік қызығы мен азығы үшін өмір сүрсе, оның айуаннан айырмашылығы қанша. Тоғышарлық психологияның торына қамалған сана қоғамнан тыс өмір сүруге мәжбүр. Бұл рухани қазына құлазыған ортаның бүкілдей бір трагедия­ сы. Әрине, ондай адамда ұлттық ұждан, халықтық қасиет болмайтыны мәлім. Дегенмен шын жүректен өмір сүрмеуден сақтасын. Сенсең де, сенбесең де осы Досым жұмыс жасайтын мекеменiң алдынан шомбалдай темiр бөлiгiн көрiп, «бұл әлгi протонның бiр бөлшегi емес пе?» деген сумаң ой сап ете қалғаны. Құрғырдың өзi де көк кемесiнiң қайбiр құрылғысынан аумайды екен де! Тәйiрi, Байқоңыр қайда, бiз қайда! Көңiлге жұбанышы – осы. Дегенмен, «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несi бар». Сол жолы теледидардан ауласына протон бөлшегi құлаған шырпыр келiншек пен салмақты әскери сарапшының пiкiр таласын көрiп қалдық. «Бiр емес, екi емес... Мынау масқара ғой. Үнсiз қыру деген осы емес пе?» дейдi келiншек. Көк көз сарапшы: «Бұл түк те емес...» деп басу айтады. Ақыры көнбеген соң «Ну ладно, что вы хотите» деп

салды әлгi. Сонымен сюжет шорт үзiлдi. Ал көңiлде бiр алаң қалып қойды. Расында осы: «Что мы хотим?». Ендi қайтемiз, ұшыра берсiн. Жалға төлемдi жағдай келгенде көре жатар. Бәрiбiр оны әкiм-қарамыз даулай алмайды. Тек төбеден темiртерсек жауғызумен әуестенбесе жарар. «Больше ничего не хотим!» Тағы да сол жолы елiмiз аэроғарыш агенттiгiнiң бастығы: «О бастағы келiсiм-шартта ракетаның сынып құлауы, қоршаған ортаға залалы және оның шығыны турасында бiр ауыз сөз болмаған. Ендi даярладық. Қол қою ғана қалды» – дейдi. Қол қою? Бұдан кейiн әкiм-қараңызға қалай сенесiз. Басқа-басқа мемлекет тағдырына қатысты iстегi жауапсыздыкқа да жанымыз үйренiп бара ма, қалай? Р.S. Әйтеуiр, абырой болғанда улы зат ауамызды ластамай аспанда жанып кетiптi. Бұған ендi нансақ та, нанбасақ та әкiмқарамыз сендiрiп бағып, солай деп шештi. 1999 жыл. Көшкен күннің бояуы «Тұрыңыз граф, сiздi ұлы iстер күтiп тұр» (Сен-Симон). Француздың бұл утопист философы қалай әдемi айта бiлген? Кезiнде ол өзiнiң қызметшiлерiне осылай оятуын өтiнiптi. Бiз қанша оян, ойлан десек те, марғаулықтың мұрты бұзылар емес, мүмкiн әрқайсымыздың жанымызда: «Тұрыңыз, тұрыңыз, «басеке», сiздi ұлы iстер күтiп тұр» деп, қылқылдап тұратын бiр «беймаза» ке­ рек шығар. «Күн көкжиекке батып барады. Мен әлi жүрiп келем, алға кетiп барам. Мен жау тас-талқан болып жеңiлгенше iлгерi қарай аяңдай бе­ руге тиiстiмiн» – дедi, шығыс ұлы Баубек Бұлқышев. Егер, бiз осы ойды санаға салып сараптасақ, қалай болар екен? Әзiрше, жiгердi жоғалта қойған жоқпыз. Құдайға шүкiр, тәубамызға түсiрiп отырған сол жiгер жiбiнiң үзiлмегенiнде, жiбектiгiн сақтағандығында болар. Бiрде марқұм Сәбетқазы Ақатаев ағамыз тау­ сыла былай дедi:

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙