TELEGEI

Home

Аладдин

Әдебиет порталы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Аладдин

Аладдин

Ертеде бір шөлдалада орналасқан алыс патшалықта сұлтанның кеңесшісі зұлым Жапар Ғазім деген көше қаңғыбасын өзіне шақырып алып: - Сен мен айтқанды таптың ба? – деп бұйыра сұрады. Ұры қалтасына қолын жүгіртіп, алтын ханқызы қоңызының жартысын алып шықты. Бұл қазынаға барар жолды көрсетер картаның жарты бөлігі еді.

Жапар екі жарты бөлікті бір-біріне жалғап еді, алтын
қоңыз ыз етіп ұшып кетті. Уәзір мен Ғазім соңынан
қуа жөнелді. Қоңыз тастан жасалған жолбарыстың
басына алып келді. Бұл бастың төменгі жағында

орналасқан үңгірде жалт-жұлт еткен қымбат тастар
толып жатыр еді.
Өзі кіруге жүрегі дауаламаған Жапар Ғазімге сонда
барып, мыс шамды алып келуді бұйырды.

Ғазім үңгірге кірер кірместен, әлгі жолбарыстың күркіреген дауысы естілді: – Саған бұл жерден орын жоқ! Мұнда тек бір ғана адам кіре алады – ол адамның жүрегі таза, көңілі ақ болуы керек! – Жолбарыс құлақты тұндыра ырылдап, жағын қарыстырды. Осы сәтте Ғазім құм қалыңына батып жоқ боп кетті.

Дәл осы кезде сол елдің астанасы Аграб қаласында,
Аладдин атты кедей жігіт өмір сүріп жатады. Ол ата-
анасынан ерте айырылып, жетімдіктің тақсіретін
кешіп жүр еді, жалғыз демеуі – Әбу атты ақылды

маймылы ғана екен. Аштан өлмес үшін жігіт амал­
сыз ұрлық жасайтын көрінеді. Бірде дүкеннен нан
ұрлағанда, оны қарауылшылар ұстап ала жаздап,
Аладдин әзер қашып құтылыпты.

Бір күні ол аштан бұралып жүрген екі кішкентай
баланы көріп, нанды соларға бере салады.

- Әлі көр де тұр, бір күні бәрі де өзгерер, – деп уәде

берді Әбуге, - сен екеуміз байып, сарайда тұратын
боламыз!

Осы кезде сұлтан өз сарайында, қызы ханшай­
ым Жасминнің тұрмысқа шығу керектігін ойланып
жүрген еді. Заң бойынша, ол он алтыға тола салы­
сымен, ханзадаға тұрмысқа шығуы талап етілетін.

Ханшайымның туған күніне дейін үш күн қалды.
Бірақ бір де бір ханзада Жасминге ұнамады.

- Мен тек сүйгеніме тұрмысқа шығамын! – деп

жариялады ол.

Жаппар Сиқырлы Үңгірге кіре алатын адамды қайдан
іздеп табатынын білмей дал болады. Сұлтанды арбап,
күшті дуа тұмары саналатын көгілдір гауһар жүзігін
онан алдап алу керек болады. Ол сұлтанға бұл тас

Жасмин ханшайымға сай болатын күйеу тауып беруге
себі тиеді деп түсіндірді.

Жасминді
ханзадалардың
күйгелек
болып

жүгіргендері мезі етіп, сарайдан қашып кетуге бел
буады. Ол өзі еркелететін Раджа деген жолбары­
сымен қоштасып, қара жадағай жамылып, дуалдан
асып түсіп, қала көшесіне шығып кетеді.

Көп ұзамай Жасмин базардан бір-ақ шығады. Өмірді
тіптен білмейтін бойжеткен аш-жалаңаш екі бала­
ны көріп, аяп кетіп сөреде тұрған алманы ұсынды.
Төлейтіндей қалтасында ештеңесі жоқ еді.

- Қанеки, төле, әйтпесе қарауылшыларды шақырам,

олар ұрлығың үшін қолыңды шауып тастайды! – деп
бақырды алма сатушы.

Егер Аладдин бойжеткенге болыспаса, осының бәрі
немен аяқталарын кім білген. Жігіт сөренің жанына
жүгіріп келіп, саудагерге басын иді.

- Мейріміңіз мол адам екенсіз, менің қарындасымды

тауып алғаныңызға рахмет, - деді Аладдин. – Байғұс
туғанынан ақылы кемістеу, ештеңені түсінбейді және
менің маймылымды сұлтан деп ойлайды!
Ол ханшайымды қолынан ұстады да, базар алаңынан

шеткері әкетті. Саудагер есін жимастан аузын ашып
қарап қалған еді.

Сол кезде Жаппар көгілдір гауһарды құм сағатқа
қойып, дуалай бастады.

- Уақыт құмы, Сиқырлы Үңгірге кіруге лайықты

жанды көрсет! Құм жалт-жұлт етті де, Аладдинді
көрсетті.

- Өте жақсы! – деді Жаппардың көзі зұлымдықтан

жылтырап. – Қарауылшыларға: «Тап қазір мына қу
кедейді сарайға әкелулеріңе әмір етем!»,– деп
бұйрық берді.

Аладдин мен Әбу екеуі ханшайымды өздері тұратын
панасына алып келді. Қыз таңданып, адам көргісіз
тесік жаппаны көріп:

- Шынымен де осында тұрасыздар ма?– деп сұрады.

- Иә, бұл Әбу екеуміздің үйіміз, - деп жауап қатты

Аладдин. Аладдин мен Жасмин бір-біріне бірден ұнап
қалды. Олар бұған дейін мұндай сезім кешпеген еді.
Ғашық жүректер сырласқан сәт тым аз болар ма,
осы кезде қарауылшыларда

келіп қалған еді!

Қарауылшылар ханшайымды танып, сарайына
шығарып салды, ал Аладдиннің жағдайы қиын еді,
өйткені, оған Жасминді ұрлап әкетті деген айып

тағылып, зынданға тастау бұйырылды. Ханшайым оны қорғамақ болып, өз еркімен қашып кеткенін қанша түсіндіргісі келгенімен, оны тыңдаған ешкім болмады. Қарауылшылардың бастығы Аладдинді тұтқынға алу – уәзірдің өзі берген бұйрық деп жариялады.

Зұлым Жаппар қаусаған қарт тұтқынға айналып,
зынданға түсті. Ол Аладдинге сиқырлы шамды тауып
алуға көмектессе, жер астынан алып шығамын деп
уәде берді. Жігіт келісімін берді.

Жаппар Аладдинді Сиқырлы Үңгірге алып келді. Оны
күзетіп отырған азулы жолбарыс жігіт пен маймылға
шамнан басқа ештеңе алмайсыңдар деген талаппен
үңгір ішіне кіргізеді. Олар шамға жеткізетін ұшақ

кілемді тауып алды.

Жігіт енді ғана алданғанын білді. Шамның бүйірлері
жапырылған, сырты кір, күйеге баттасып жатыр.
Мұндай тозығы жеткен затты Аграбтың базарында
қайыршы да сатып алмас еді!

- Соншама жол жүргенде, осы үшін келдік пе? – деп

қамықты Аладдин.

Аладдин шамды алып, үңгірден шығуға бет алды,
бірақ осы кезде Әбу қолында үлкен лағыл ұстаған дәу
алтын мүсінді көріп қалды. Маймыл шыдай алмай,
лағылды қағып алды. Тап сол кезде қабырғалар

солқылдап, тас жолбарыстың дауысы күркіреді: -
Сендер менің асыл тастарыма қолдарыңды тигізуге
қалай батылдарың барды? Сол үшін сендерді жан
түршіктірер жаза күтіп тұр! Енді сендер ешқашан да

күннің жарығын көре алмайсыңдар!

Үңгірдің күмбезі опырылып, құлай бастады да,
Аладдин қайнап жатқан сұйық балқымаға толы түпсіз
тереңге құлап бара жатты. Ойламаған жерден оны
бірдеңе қағып алып, жоғары көтерді. Бұл ұшақ кілем

болып шықты! Бұршақтай жауған жұмыр тастардан
ойқастап, кілем Аладдин мен Әбуді балқыған алтын
өзендердің үстімен алып ұшып келе жатты.

Тұтқиылдан кілемнің үстіне тас құлап, түпсізге тарт­
ты. Аладдин жоғарыға апаратын сатының басқышынан
ұстап қалды, бірақ ол да тозаңға айнала бастады.

- Шамды маған бер, сонда сені шығарып алам! –

деді шал кейпіндегі Жаппар жігітке.
Аладдин оған шамды ұстатты, ал залым уәзір оны
қойнына тықты да, қашып кетті. Сатыға жабысқан
Аладдиннің саусақтары жазылып кетті де, ол түпсізге

құлады.

Аладдин есін жиып, үңгірдің түбінде жатқанын көрді.
От жалындауын қойып, сұйық балқыма қата бастап­
ты. Басын көтеріп, жанындағы кілем мен Әбуді көрді.
Ал, төбедегі шығар жолды үңгірдің күмбезі жауып тұр

екен.

- Біз тұзақтамыз! – деп күйінді Аладдин. – Ана

оңбаған алдамшы шамды ұрлап, бізді өлімге жазды.
Осы кезде Әбу қалтасынан тап сол шамды алып
шығармасы бар ма? Міне керемет! Ақылды маймыл
соңғы сәтте Жаппардан алып қалыпты.

Аладдин шамға зер сала қарады. Күстенген кірден
онда не жазылғанын көре алмады. Жігіт шамды
киімінің етегімен сүйкеп жібергенде, тұмсығынан
түрлі-түсті түтін бұрқырады.

Есі кеткен Аладдиннің көз алдында түтін сүйір
сақалды алып дәудің сұлбасына айналды.

- Мен жынмын! – деп ақырды дәу. – Мені Джинни

деп атауыңа болады. Мені босатқаның үшін сенің үш
тілегіңді орындауға әзірмін.

- Үш тілек? Кез келгенін бе? Сен тек мақтанып

отырған боларсың, ал, іс жүзінде бізді мына үңгірден
де шығара алмассың? – деп қуланды Аладдин.

- Шығара алмайтыны қалай? – деп ренжіген жын

әп-сәтте Аладдинді, Әбу мен ұшақ кілемді сыртқа
алып шықты. Осылайша, бірде-бір тілегін айтып
үлгермей, Аладдин тұзақтан босап шықты.

Аладдин жынмен әңгімелесіп отырып, оның
шамның құлы болудан әбден жалыққанын, бәрінен
де еркіндікті армандайтынын түсінді. Аладдин өзінің
үшінші тілегін орындағаннан кейін, жынға босатам

деп уәде берді. Ал, әзірге Жасмин ханшайымға құда
түсу үшін, ханзада болуы керек.

Хан егер ханшайым өзінің он алтыға толған күніне
дейін күйеу таңдап алмаса, сұлтан оны уәзірге
тұрмысқа шығуы керек деп жария жасады.
Жасмин қатты қапаланды, бірақ осы кезде көшеден

сазды әуен, қолпаштаған дауыстар мен пілдің дүбірі
естілді. Сұлтан мен уәзір не болып жатқанын көру
үшін терезеге бас сұқты.

Қала ішінде сәнді де салтанатты шеру жылжып келеді. - Абабвадан келген Әли ханзадаға жол беріңдер! – деп шеруді басқарушы айқайлап келеді, ал оның соңынан үлкен піл (бұл жын сиқырлап тастаған Әбу болатын) маңғазданып адымдап басады. Пілдің арқасында қамқа шатыр асқақтап, ішінде үлде мен бүлдеге оранып Аладдин отырды. Жігіт рақымдылықпен күлімсіреп, көруге келген адамдарға уыстап алтын ақша шашты.

Сұлтан мен Жаппар ауыздарын ашып, көз ала алмай
тұрғанда, Аладдин естерін жиғызбастан, Әбудің
арқасынан сырғып түсіп, әуеде қалқып тұрған кілемге
қарғып мінді.

- Ұлы мәртебелім! – деп жігіт сұлтанның алдында

басын иді. – Мен Әли ханзадамын, әрі сонау алыстан
сіздің қызыңызға құда түскелі келдім. Мені онымен
тек көрістірсеңіз болды! Оның көңілін қалай табудың
бабын білемін.

Ханшайым оның лепірген сөзін естіп, тіптен жарат­
пай қалды.

Аладдин Жасминді күні бойы бақта күтті, алай­
да ханшайым оған келмеді. Ол оны түкке тұрғысыз
мақтаншақ деп санады. Ұзақ күткен Аладдин ұшақ
кілеміне қарғып мінді де, ханшайымның терезесіне

көтерілді.
Раджа жолбарыс жолын бөгегенде, Аладдин
теңселіп, тіпті сәлдесін түсіріп ала жаздаған еді. Бір
қызығы бұл ханзада ханшайымға базардағы сүйкімді

кедей жігітті есіне түсірді, сол себепті де ол онымен
ұшақ кілемде серуендеп қайтуға келісімін берді.

Кілем сарай күмбездерінің үстінен шарқ ұра ұшты. Көп кешікпей Аграб көзден таса болды, ал биікте жұлдыздар жарқырады. - Қандай әдемі! – деп сыбырлады ханшайым. – Әбудің осының бәрін көре алмайтыны өкінішті-ақ! - Түк етпейді! Ол ұшқанды жек көреді... –деп айтып қалған ханзада абайсызда өзінің Аладдин екенін білдіріп қойды. - Бұл сен бе едің? – деп дүрсе қоя берді Жасмин. – Сен маған неге өтірік айтып келдің? Аладдин ханшайымға шындығын айтуға жүрегі дауаламады. Шынында ол ханзада, бірақ андасанда қарапайым адамша киініп, қала ішін а р а л а ғ а н д ы ж а қ с ы к ө р е т і н і н айтты.

Көп ұзамай Жасмин Али ханзадаға ғашық болып
қалғанын түсінді, сұлтан болатын той туралы жари­
ялады. Дегенмен, Жаппардың жоспары басқаша
болатын. Ол сұлтанды тағынан тайдырып, таққа өзі

отыру үшін, Жасминге үйленейін деген еді ғой. Оның
бұйрығымен қарауылшылар Аладдинді ұстап алып,
байлап, теңізге тастап жіберді. Бірақ, Джинни жігітті
құтқарып қалды, осылайша Аладдиннің екінші тілегі

орындалды.

Жаппар өзін сұлтанды Жасминге үйлендіруге
рұқсатын бергізу үшін қайтадан арбады. Аладдин дер
кезінде келіп, уәзірге бөгет жасады, бірақ Жаппар
белдемшесіне тығылған шамды көріп, Аладдинді

танып қойды. Жаппардың қандай зұлым, айлакер
адам екені әшкереленді.
Сұлтан қарауылшыларға сатқын уәзірді ұстап алуға
әмір берді, алайда ол өзінің Яго атты тотықұсымен

бірге будақтаған түтін ішінде ғайып болды.

Аладдин мен Жасмин бақта серуендеп жүрген
кезде, Яго ханзаданың бөлмесіне жасырынып кіріп,
сиқырлы шамды ұрлап әкетеді. Енді шам мен ішінде
тұратын жынның қожайыны Жаппар болды.

Сол арада Жаппар Джинниді шақырып, өзінің бірінші
тілегін айтты:

- Сұлтан болғым келеді! Бұрынғы сұлтан мен қызы

екеуі менің малайым болғанын қалаймын! Иә, тағы
да, сұлтан сарайын Аграбтың ең биік тауының басына
апарып қондыр!

Жын сарайды әуеге көтеріп, тауға апара жатқанда:

- Джинни, тоқта! – деп, айғай салды Аладдин. - Сен

не істеп жатырсың?
Жынның көзі мұңға толып:

- Кешір, балам, - деді ол. – Енді менің жаңа

қожайыным не айтса, соны орындауға тиіспін!
Ал, Жаппардың байлыққа, билікке көзі тоймады. Ол
екінші тілегін айтты:

- Дүниедегі аса көрнекті сиқыршы болғым келеді!

Жаппар сиқырлы аса таяғын сермеп қалғанда,
Аладдин баяғы шоқпыт киген бишара күйіне түсті.

- Ханшайым, күйеуіңнің шынайы кейпіне қарап көр!

–деп қарқылдап күлді Жаппар.

- Жасмин... Мені кешіре гөр, - деп сыбырлады

Аладдин.
Жаппар аса таяғын тағы бір сермеп, Аладдинді
дүниенің шетіне, мұзды мекенге жіберді.

Бақытына орай, Аладдиннің қолында ұшақ кілемі
бар еді, ол көзді ашып-жұмғанша жігітті Аграбқа
қайтып әкелді.
Сарайға келе сала, Аладдин шамға жетуге тырысты.

Сол уақытта Жасмин Жаппардың назарын жағымпаз
мақтау сөзбен алаңдатпақ болды.

Алайда Жаппар Аладдинді көріп қойған еді. Жаппар
Жасминге ызаланып, оны алып құм сағат ішіне тығып
қойды, құм оның басына жаймен құйылып, тірідей
көміп тастауға жетерлік болатын. Ал, Аладдинге өткір

қылышымен атылды.

Аладдин да еденнен қылышты суырып алып,
Жаппарға бас салды. Олар сарайды айнала қылыш
сермей айқаса берді, жігіт сиқыршыны күшпен жеңе
алмайтынын, бұл жерде айланың керектігін түсінді.

Ол Джинниге қарады да, басына керемет ой келді.

- Сен өзіңді ең күштімін деп санайсың ба? – деп

айқайлады Аладдин Жаппарға. – Десең де Джинни
сенен де күшті! Өйткені, сенің тілектеріңді орындап
жатқан сол емес пе?
Жаппар қаһарына мінді. Оның ең соңғы тілегі қалған

еді, тап сол жерде ең құдіретті жын болуды тіледі.
Бірақ, Жаппар бір ғана нәрсені ұмытып кетті: жын
болғаннан соң, ол өзін-өзі шамның ішіне он мың
жылға қамап тастайтынын білмеді. Джинни Жаппар

зұлым жын болып қамалған шамды сиқырлы үңгірге
лақтырып жіберді. Сұлтан өз тағына отырып, Жасмин
ханшайым болды.

Аладдиннің қызға айтқан өтірігі шығып қалса да,
Жасмин ойынан айныған жоқ. Осылайша сұлтан
заңды өзгертуге бел буды: ханшайым өзіне күйеу
таңдаса, ханзада болуы міндетті емес, сондықтан

Жасмин Аладдинді таңдады.

- Сенің тағы бір тілегің қалды, - деп есіне салды

Джинни.

- Мен сенің ерікті болғаныңды қалаймын! – деп

тіледі ақылды Аладдин.
Бұл хикая осылайша бәрінің бақытты болуымен
аяқталды.

Аладдин. Золотая классика Dіsney [Текст] / Пер. с англ. Ю. Чаровой. — М.: Эгмонт Россия Лтд., 2012. — 80 с., цв. ил. — ІSBN 978-5-9539-7449-3 © 2012 Dіsney Enterprіses, Іnc. All rіghts reserved. Название на языке оригинала: Best Classіcs – Aladdіn Издание книжное Перевод с английского: Юлия Чарова Редактор: Татьяна Пименова Подписано в печать 20.02.2012 Формат 72х90/16.Объем 5 п. л. Бумага офсетная. Печать офсетная. Тираж 3000 экз. Заказ № Издательский номер ІSBN 978-5-9539-7449-3 Арт.: Издательство ЗАО «Эгмонт Россия Лтд.» Адрес: 127006 Москва, ул. Долгоруковская, д. 27, стр. 1 Для писем и обращений: 119021 Москва, Олсуфьевский пер., д. 8,стр. 6 www.egmont.ru Отпечатано в полном соответствии с качеством предоставленного электронного оригинал-макета в ОАО «Ярославский полиграфкомбинат» 150049 Ярославль, ул. Свободы, д. 97. Кітап бастауыш және орта мектеп оқушыларына арналған АЛАДДИН Алтын классика Dіsney Редакторы: Мақпал Мыса Қазақ тіліне аударған: Әсем Қойшиева Корректоры: Құралай Мысаева Беттеген: Арман Мақсұтов Басуға ______ қол қойылды. Пішімі 72х90/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. Гарнитура «Прагматика». Шартты баспа табағы 5. Таралымы: 3000 дана. Тапсырыс № __ . Баспа нөмірі_____ ІSBN 978-5-353-06043-7 УДК 087.5 ББК 28.1 «Седьмой лепесток» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 1 Тел.: +7 (727) 273-59-06, 273-59-07 (сату бөлімі) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙