Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері. Төртінші кітап
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Мәшһүр Жүсіп Көпеев ел тарихын көп білетін шежіреші ретінде танымал. Шығармаларында әлеуметтік, адамгершілік мәселесін ашып көрсеткен. Адам бойындағы теріс қылықтарды сынаған, адамның мінез-құлқындағы жақсылық пен жамандықты салыстыра бейнелеген. Достық, ақыл-ой, ақыл туралы жазған ғибратты сөзде...
ӨЛЕҢДЕР. ХИКАЯЛАР
ШӨЖЕНІҢ ШОҢ БИГЕ АЙТҚАНЫ
О, Шоң биім, Шоң биім [1],
Тұғырға қонған сұңқарсың,
Суытып мінген тұлпарсың!
Судан шыққан сүйріксің,
Таптан озған жүйріксің.
Бибатпадай бақтысың,
Сүлеймендей тақтысың!
Дін-мұсылман қазаққа
Жұрттан озған даңқың бар.
Бәйтеректей бүрлі өткен,
Пайғамбардай нұрлы өткен.
Қожамберді — қырық жігіт Өскенбайдың аулына барымтаға барды, қолға түсіп өлең айтты: «Мен үйімнен шығып ем бойлай-бойлай» [2].
Өтірік өлең. Өтірік өлең айттым да, қызға жақтым [3].
Ақбала мен Боздақ айтысы [4].
Қаршығаны мақтағаны [5].
ҚАЗАҚТЫҢ ТҮБІ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
«Бір Алтынбел деген хан болған. Ханның жалғыз ұлы бар еді, аты — Қайшылыхан» [6]. Сонан басқа баласы жоқ еді. Бір күндерде ханның қатыны құрсақты болды. Бір уақытта бір қыз бала келтірді: «Ай дейін десе, аузы бар; күн дейін десе, көзі бар!» Ол қызды тапқан шешесі ол қызын көріп, көркінен талып қалды. Бұл қыздың аты — «Алмалы — көрікті».
– Сондай бір қыз келтірді, — деп, ханға айтады.
Хан айтты:
– Адамға көрсетпей, кісі көрмесін! — деп, бір жерге жасырып асыратты дейді.
Сонан соң ханның қатыны бір кемпірді шақырды. Кемпірге бір жүз ділда жылына берді. Кемпір бұ баланы алып, қараңғы темір үйге салып, бұ баланы асырады. Сол қыз бір күндерде ер жетіп өсті. Өскеннен соң бұ қыз бір күнде кемпірден сұрайды:
– Сен қайда барып жүрсің?
Кемпір айтады:
– Ай, балам, бір жарық дүние бар. О бұ жарық дүниеде әкең бар, шешең бар. Талай жандар бар. Анда [сонда] барамын.
Қыз айтты:
– Ай, ене-ке, ешкімге айтпайын, маған со жарық дүниені көрсетші!
Кемпір айтты:
– Жарайды, ешкімге айтпасаң, көрсетейін!
Кемпір бұ қызды тысқа шығарды.
Шығарғаннан соң, о қыз бұ жарық дүниені көріп, өне бойы балқып, есі ауып қалды. Сол тысқары шыққан күндерінде оған Алла тағаланың көзі түседі. Алланың әмірімен со қыз құрсақты болды. Бір күндерде іші өсіп, үлкен болды. О қыз буаз болғанын кемпір білді:
— Енді мені өлтіреді! — деп, қайғы жеді. — Енді мені өлтірсе де, қаным ақ, ханның қатынына айтамын! — деді.
Кемпір келіп, ханның қатынына айтты:
– Қызыңыз құрсақты болды. Еш адамға мен оны көрсеткенім жоқ. Өлтірсең, қаным-ақ. Тірі қалсам, жолым-ақ!
Ханның қатыны айтты:
– Сен онан басқа не қылдың?
Кемпір айтты:
– Қылғанымды жасырмаймын. Менің қылған жазығым — бір-ақ [рет] тысқары шығарған едім. Шыққан күннен құрсақты болды.
Ханның қатыны айтты:
– Сен жамандық қылмаған болсаң, ханға жауабын мен өзім берейін! Солай айтып ханға барды. Ханға келіп айтады:
– Қызыңыз құрсақты болды — Алланың әміріменен, оны еш адам көрген жоқ, — дейді.
Хан айтты:
– Олай болса, өлтір оны! — дейді.
Ол қатын айтты ханға:
— «Хан қызын өлтіріпті!» — деген атақ жаман болар.
Хан айтты:
— Енді не қылсаң-дағы көзімнен жоғалт! — дейді.
Қатын өлтіруге қызын қимайды. Бір алтынды әбдіреге салып, ішіне азық салып, аузын жауып, кілтін сыртына байлап, ағып жатқан дарияға салып қоя берді [7]. Сол бір жерде Домдағұл соқыр, Тоқтағұл мерген [8] бір жерде аң аулап жатушы еді. Сол дарияның ортасында ағып келе жатқан әбдірені көрді. Тоқтағұл мерген көргенде:
– Ай, жолдасым, — дейді, — судың ортасында жарқырап бір нәрсе ағып келеді. Құдай берсе, оны біз аламыз. Ала қалсақ, сен ішін аламысың, тысын аламысың? Со жерде үлеселік. Қолымызға келген соң, бір-біріміз таласып, араз болармыз.
Әуел (ол) Домдағұл соқыр:
– Мен тысын аламын, — дейді.
Тоқтағұл мерген айтты:
– Мен ішін аламын: не шықса да, шықпаса да, менің бағымнан болсын!
Сонан соң жібектен жіп есіп, оққа байлап, Тоқтағұл мерген атады. Ол оқ барып әбдіреге қадалады. Әбдірені тартып, судан шығарып алады. Әбдіренің аузын ашады. Ашса, ішінде «он төртінен туған айдай» боп, ішінде бір қыз жатады. Екісі [екеуі] көргеннен соң, көркінен есі ауып қалады.
– Не кісісің, не еткен жансың?! — дейді.
Қыз айтты:
– Мен Алтынбел ханның қызы едім, — дейді. — Мені бір қараңғы жерде асыраған екен. Мен Алланың әміріменен құрсақты болыппын [9]. Мені сонан соң әкем: «Өлтірсін!» — дейді. Шешем өлтіруге қимай: «Қайда кетсе де, тірі кетсін!» — деп, осы әбдіреге салып, қоя беріпті.
Тоқтағұл мерген айтты:
– Сені біз алармыз, бізге тиемісің?
Қыз айтты:
– Тиейін! Мен осы ішімдегі баламды келтіргеннен соң, тиейін саған! — дейді.
Тоқтағұл мерген:
– Олай болса, жарайды, — дейді.
Сонан соң уақыт жеткен соң, бір ер бала келтірді. Өзінен көркем болды, [Осы 115-беттің оң жағына қиғаштап жазылған қосымша: «Бір қолы жұмық туды: уысы тола қан екен»]. [Осы 115-беттің сол жағында көлденеңдеп орнаған қосымша: «Ханлардың ханы болған Шыңғыс хан 599-да Тоңыр елінде, моғол жұртында...»]. Сонан соң некесін қиып алды:
— Далада жүрмейік, — деп, еліне келді.
Еліне келген соң, со бала ер жетті, өсті. Өзі жақсы, әділ болды. Со баланың атын «Шыңғыз» (Шыңғыс) — қойды. Ол уақытта олардың тұрған шаһарының патшасы өлген екен, [артында] бала қалмаған екен. Елі патша қылуға жақсы кісіні таба алмайды. [Осы араға келтіруге лайық саналған 116-беттің оң жағына көлденеңдеп орын алған қосымша: «Балалармен ойнап жүргенде, Шыңғыс ойыны бір басқа, Бөденетай, Бүргентайлардың ойыны бір басқа болады. Сонда шешесінің айтқаны: «Бұланға ерген таза жерге ойнайды, доңызға ерген балшыққа ойнайды»].
— Со Шыңғыс деген баланы патша қоялық! — деседі. Баланы патша қылады: «Өл десең, өлерімізге!» — деп, ант береді.
Сол Шыңғыс патша болып, әділ болды, кісіге зұлым қылмады, зорлық қылмады. Жұрты тыныш болды, елде ұрлық, өтірік жоқ болды. Шыңғыс туғанда, Тоқтағұл мерген Алтынбел ханның қызын алған екен. Сол қатыннан үш ұл бала туды. Ол үш бала ер жетті. Ер жеткен соң, со Шыңғыс деген патшаға зорлық қылды [10]:
— Бұ атасы жоқ бала еді. Мұны патша қылмаймыз. Біздің атамыз бар. Біздің бірімізді патша қыл.
Сол патша сол үш баламен егес (инеш) болды. Сонан соң патша:
— Мен жалғыз едім, мені бұлар өлтірер, — деп, қашпақшы болды. Шешесінің қасына келді, айтты:
— Ай, шеше, мен кетемін қашып. Мына үш жаман балаң мені өлтіретұғын болды, — дейді.
Шешесі сұрады:
– Енді, балам, сен қайда барасың? Барған жеріңді маған айтып кет. Мен сенің өлі-тірі хабарыңды қайдан білемін? — дейді.
Шыңғыс хан айтты:
– Қайда барайын? Ұзын ағып келген судың басына барып, сол атамның тұсына барып, анда [сонда] жатармын. Атам судың ар жағында болса, судан өтсем, өтермін. Өте алмасам, судың бір (бер) жағында со жерде жатармын. Ай, шешекем, менің өлі-тірі хабарымды мен білдірермін. Саған осы ұзын ағып келген судан құстың жүнін салып тұрармын. Құстың жүні өтіп тұрар. Өтіп тұрса, менің тірі болғаным. Құстың жүні өтпесе ағып, онда менің өлгенім! — деп, уәде қылды да, — Аман бол, шеше! — деп, кетіп қалды.
Шыңғыс қашып барып, суды өрлеп кетті. Атасының тұсына келіп, судан өте алмай, бұ жақта жатып қалды. Жатып аң атарға шықты. Аң атып, кұс атып, аңның терісінен үй қылып алды. Құстың жүнін суға салып қойып, құстың жүні ағар суменен өтеді, шешесі тірлігін біліп тұрды. Енді Шыңғыс құстың жүнін таудай қылып үйіп қойды.
Сол Шыңғыс кеткеннен соң, ел патшасыз болды:
– Кімді патша қыламыз? — деп, састы.
Онан соң:
— Осы қатынның баласы жақсы болушы еді, — деп, бір Бүргелтай (Бүріңалтай) деген баласын хан қойды.
Бүргелтай жұртты бүтін тұтып, жақсы қылып, тұра алмады. Жұртында ұры көп болды, тентек көп болды, өтірік көп болды. Оның тілін адам алмады. Өзі әділ болмады, парақор болды. Сонан соң сол жұрты азып-тозды [11]. Жұрты бір жерге жиылып, кеңес құрды:
— Біздің патшамыз әділ болмады, жаман болды. Ол жұртты тұтып тұра алмады. Шыңғыс хан патшамыз тұрған уақытта жұртымызда ұрлық, өтірік, зорлық жоқ еді. Жұртымыз көп еді, аз болып қалды, бұ жұртымыз таусылатұғын болды. Бүргелтай патша бола алмас. Со Шыңғысты іздеп табайық, — [десті].
— Мұны қайдан табамыз? Қайда кеткенін Құдай біледі, өзге жан біліп болмас.
— Оны бір білсе, шешесі біледі, онан сұралық.
Жұрты жиылып, со шешесінікіне келді, айтты:
– Сол Шыңғыстың қайда кеткенін білемісің? — дейді. — Мына жаман балаң патша бола алмады, жұртты бүтін тұтып тұра алмады. Шыңғысты іздейік, — дейді. — Біз қайда кеткенін білмейміз. Сіз соны білсеңіз, сіз айтыңыз, білерсіз? Шешесі айтты:
— Мен айтайын. Барсаң-дағы, тауып алсаң-дағы, мұнда келмес. Келсе, түзу [жөн] айтайын. Осы суды өрлеп жүре беріңдер. Осы судың бойында Шыңғыс бар-ды, табарсыңдар. Барып, жалынсаңдар, Шыңғыс келер. Жаман сөз айтпаңдар, көптен кісі көрген жоқ, шошып кетпесін!
— Жарайды, — деп, жиырма бес кісі, бәрі жақсы кісі, іздеп кетті.
Бір күндерде Шыңғыстың жеріне келіп жетті. Шыңғыстың аң терісінен қылған үйін көрді, таудай қылып үйіп тастаған құстың жүнін көрді, орнатып қойған ат байлайтұғын діңгегін көрді.
— Шыңғыс осында екен, — дейді. Шыңғыстың өзі жоқ, аң аулағалы кеткенін білді. — Біз бұған көрінбейік, бізді көрсе, қашып кетер. Атымызды жасырып, өзіміз құстың жүніне еніп, жаталық, — [деп], жасырынып жатты.
Бір күндерде Шыңғыс келді. Діңгекке:
— Шыңғыс хан келді! — дейді, өзі:
— Ханның атын ұстаңыз, — дейді. Аттан түсті. Және өзі:
— Ханның атын байлаңыз! — дейді.
Хан үйге кірді, өзі:
— Ханға есік ашыңыз, — дейді. Үйге кіргенде:
— Ханның астына кигіз салыңыз! — дейді. Өзі отырды:
— Ханның алдына ас ап кеп қойыңыз, — деп, өзі асты [даярлап], өзі алып ішті. Асын ішкен соң, ұйқысы келді:
— Ханға төсек салыңыз, — деп, өзі салып жатты.
Жатып қалған жерінде жиырма төрт кісі бас салып ұстап алды. Жиырма төрт кісінің бірін былай, бірін былай лақтырды.
Кісілер айтты:
— А, тақсыр хан, — деп, — «Құлдық қыламыз!» — деп, жалынып келдік. Сіз кеткен соң, еліміз азып-тозып кетті. Қайтып жүріңіз, патша болып, орныңызға тұрыңыз!
Сонан соң қайтып алып жүрді, еліне алып келді:
— Бұрынғы орнына хан қыламыз! — дегенде, соңғы байдан туған үш інісі:
— Мұны патша қылмаймыз. Бұл кетсін, кетпесе, мұны өлтіреміз! — дейді.
Сонан соң жұрт жиылып, кеңес құрды:
— Мұны қайтеміз? Мұны патша қылсақ: «Өлтіреміз!» — дейді. Өздерін патша қылсақ, жұртты тұтып тұра алмайды. Мұның қайсысын патша қылса да, шешесі білсін! — дейді.
Шешесіне үшеуін жіберді:
— Төрт баласының қайсысын шешесі патша қылса, біз соған разымыз! — дейді.
Төрт баласы шешесіне келді. Бірісі: «Мен боламын патша!». Және бірісі: «Мен боламын!» — дейді. Төртеуі таласып келді. Төрт баласына шешесі айтады:
— Бәрің де менің баламсың, — дейді. — Сендер таласпаңдар! Мен төртеуіңді әділ шариғат (шырағат) қылайын. Мына сағымға садағыңды іл. Сағым садақтарыңды көтерсе, соның патша бол!
Төртеуі апарып, сағымға садақтарын ілді. Үшеуінің садақтары жерге түсіп кетті. Манағы Шыңғыстың садағын көтеріп тұрды сағым. Астынан тіреу жоқ, үстінен байлау жоқ. Со жерде сол қатын жұрттың бәрін жиып алып:
— Мынаны көріңдер! — дейді. — Бұл Алланың әміріменен бала болған. Мұның, сол Алланың әміріменен, сағым садағын көтеріп тұрады [12]. Мұны патша қылыңыз! Ана үшеуі зорлық қылса, оның үшеуін де өлтіріңдер! — дейді. — Жұрт, сендер көпсіңдер ғой, зорлық қылдыртпаңдар! — дейді.
Сол жерде Шыңғыс хан болып тұрып қалды. Тозған жұртын жиып алды. Өзі сондай әділ патша болды [13]. Өзі бір жақсы қатын алды. Қатыны үш ұл тапты, бір қыз тапты. Со [л] патша болып тұрған заманда әрбір патшадан артық болды. Ешбір жауға алдырмады, жұртына қайғы салдырмады.
Сонан соң: «Сондай жақсы патша бар!» — деп, Рұм шаһардың кісісі келіп:
— Бір баласын бізге бер! — деп, сұрап келді. — Оны біз патша қыламыз, — [деп].
Рұм шаһарына берді бір баласын. Қырым шаһарынан кісі келді: — Шыңғыс ханның бір баласын хан қылғалы аламыз! — деп сұрап келді. Ол бір баласын алды патшалыққа. Халифа жұрты келді:
— Бір баласын біз де патша қыламыз! — деп. Оған бір баласын берді. Онан соң:
— Сол Шыңғыстың бір баласын біз де аламыз! — деп, Орыстан келді. Оған ұл баласы қалмады. Ақбибі деген қызын берді. «Патша оны қыламыз!» — деп, орыс алып кетті.
Ол Шыңғыстың өзі өлгеннен соң, елде жақсы патша болмады [14]. Со Шыңғыстың үш баласы патша болып, үш шаһарда тұрды. Енді бізде қазақта қалмады. Әз Жәнібек, Бөденетай, Бүргелтай — шешесінің үш баласы — осы тұрған жаман төрелердің аталары. Әз Жәнібек ханның баласы — Досан хан Ұлы жүзде болған. Оның балалары көп боп кетті. Шыңғыстың әкесі — Алтынбел хан, оның баласы — Қайшылы хан, оның баласы — Темір хан, оның баласы Досым хан, оның баласы Есім хан, оның баласы үш болған: Еңсегей бойлы ер Есім. Есімнің баласы — Абылай хан болған. Бұхар ханы Абылайдан қыз сұратқан жоқ, «Май қатығын тауып берсін!» — деп, тарту-таралғы жіберген. Бұхар хан [ы] Абылайға айтты: «Маған қызын жіберсін!» [15]. Абылай хан қазақтың ханы болған. Бір Ботахан дегенді тірі көрге салған [16].
Абылай хан (тарихи дастан) [17].
Айтамын, айт дегеннен, ау, жарандар,
Кейін сал кеңесіңді, бозбалалар [18].
Қойкелді өлеңі.
Мен аттанып шықтым қалмаққа [19].
Бір батыр қырғызға барыпты: әкесінің, Мандық деген батырдың кегін алуға [20].
Ер Көкше.
Уақ ұлы Қамбар екен,
Қамбарұлы — ер Көкше [21].
Желкілдек.
Бұрынғы заманда Нұрманбет деген хан болған [22].
ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ
Надан жұрт надандығымен қыздарын тұтқынлықта қалдырып, ас ішіп-жемейтін арық қылып, қатпа қылып өсіреді [23]. Оның көп зырры (зәрі) бар. Зағип (зығипа) қатынларының нәсілдері бір-екі, яки үш ғасырдан соң мынқырыз болашқыдыр. Қатын нашар болған соң, кейінгі өсуі кем болып, екі-үш буынға жетпей құриды. 167-бетте Ботагөз сұлу мен сарт үйірлігін сөйлеген. Бұл сарттың аты: «Хожай саудагер». Бұрынғылардың: «Ер Қосайдың жолын берсін, // Хожай саудагердің саудасын берсін!» — дейтін батасында бар.
Бұл Хожай саудагер ер Қосайға мақтаныпты:
— Арғынның ақсары биінің үйінде жатамын. Ардақты қызы Ботагөз сұлу некелі қатынымдай, — деп.
— Сені қойнына алмайды, — десіп, екеуі ерегесіп бәстесіпті.
Егер де сарттың сөзі рас болса, екі қолын төбесіне қойып, бар маңдайындағысынан Қосай безіп, қожаға бермекші болыпты.Сарт сөзі жалған болса, бар маңдайындағысынан сарт безіп, Қосайға қолынан тапсырмақшы болыпты. Базардан бірге қайтып, бір әбдіренің ішінде Қосай бар, Арғынның — Ақсары биінің ауылына келіп, Хожай түсіпті. Қатын-қалаш, бала-шаға, — бәрі үймелеп келіп жатыр. Хожай да дүниені аямай шашып-төгіп жатыр. Келген қатын-қалаштың бірі — Ботагөз сұлу. Бәрі тарқаған кезде Ботагөз сұлуды жалғыз алып қалып, мейлінше жалынып:
— Баяғыдан бері алдадың, енді бүгін қойныңа ал! — деп, жабысыпты.
Қыз айтыпты:
— Ит ас ішетұғын итаяқ алып кел, мен соған жылы су төгейін. Соны іш. Мені шын жақсы көретұғыныңды сонан білейін. Оны қылсаң, сонан соң маған білгеніңді қыл, — депті.
Хожай сорлы қуанып кетіп, ұшып түрегеліп, қыздың не айтқанын орнына келтіріпті. Қыз:
— Тойдың ба, сусының қанды ма? — депті.
— Жаныңнан кетеді, басыңнан үркілей (өркүләй) дүниеде сусын іздеместей сусыным қанды, — депті.
— Ендеше осы тойғаның да жетер! Итаяқтан адам (ит) ішпес, // Ішкен сарттың астына ит те жатпас, — деп, қыз үйіне тұра жөнеліпті. Сөйтіп Хожай сарт бар өмірінде қаталдықпен жиған дүниесінен айрылып, «дат!» — деп, шоңқиып қалыпты.
Бала күнде естіген сөз еді. Біздің бала күнімізде ескі сөзді екінің бірі сөйлеп, айтып отырушы еді.
Сайын батыр.
Бұрынғы елдің барында,
Өткен елдің заңында [24].
АМАНҚҰЛ АБЫЗ
Үйсін-Аманқұл абыз Сыбанкөк деген атымен Құрмантоғалақтан таң намазын оқып аттанып, Ерейменнің Жұмалай асуында бір ағашта атын жиып (тарлап), бұлағынан дәрет алып, бесінді Сарыобаның басында оқыған [25]. Қатынының аты — Кежек, Тайкелтір-Мықтыбай, Шектібайлармен туысқан қыз еді. Ол Кежектен туған: Айдана, Дүрдана. Дүрданадан туған Іңкәрбай. Әділше азаншының әйелі еді. Іңкәрбайдан Батырша дейтұғын бала туып, онан екі бала бар: Мақаш, Мұқаш. Аманқұл абыздың қарашолақ кітабы бірден-бірге Қожакелді-Әлике молданың қолында көп жүрді. Онан қайда қалғаны белгісіз, ешкім білмейді.
ҚОСДӘУЛЕТ ӘҢГІМЕСІ
Едіге бидің кенже баласы — Қосдәулет Ертістің ар жағында жатқан жылқысынан шығып, Қарағайлы бұлақтағы үйінің сыртындағы қосына атын байлап, таң асырған. Жүген, шылбыр, тізгін-қайыстан, ат таң — асқанша, жер қазып тартып тұрмай, қайыс шылбырды үзе алмай, ауыз омыртқасы шығып кетіп, тұрған жерінде таң атқан соң, пышаққа ілінген. Дүйсен балуан, әкесі — Жаманқара. О да іштен шыққан күні келіп, Бабатай тасындағы үйіне таң асырған. Ботбай бай жолда Тұзқаладан бір тайға бір байлам ер бітер алып, соны біреу қалап алып, қазан қайнап тұрғанда, үйіне келіп, атын таң асырған. Кенесары, Наурызбай Қараөткелге өрт салғанда, бір орыс күнбе-күн Қызылжардағы...
АБЫЛАЙДЫҢ БҰҚАР ЖЫРАУДЫҢ КӨҢІЛІН СҰРАУЫ
Абылай хан, мал қорадан шығып жатқанда, Көкшетаудан шығып, кешке мал қораға кіріп жатқанда, Абылай Бұқар жыраудың көңілін сұрау үшін келген. Сонда Бұқар жыраудың хан үйге кіріп келгенде, басын көтеріп алып айтқаны:
Бас ауырса, жан қорқар
Іште пікір...
Хан иемді кө [р] ген [де],
Құдайға...
Ауыздыға сөз берген, — деген...
XXX
Қозған-Төйте тәуіп деген кісі Қызылтаудың Жосалысында — үйінен таң намазын оқып шығып, бесін намазын Ақкөл-Жайылманың басында оқып, бес намазды сол жерде өтеп, онан ертең таң намазын сол жерде оқып алып, бесінді үйіне келіп оқып, бес намазын бұл жерде оқиды екен. «Әулиелі Аккөл» — атанғандығы сонан дейді [26].
КҮН, АЙ ЖӘНЕ АДАМ ДЕНЕЛЕРІ
Күн — патша, Ай — оған уәзір. Ғытард, фишір, зіһре — ойыншы. Мырных, Шікір, Мышнай — қазы. Зыхыл — диқан. Адамның көзі — Ғазірейіл, құлақ — Микайіл, мұрын — Исрафил, тіл — Жебірейіл. Адамның құлағы — хамал, мойыны тор (шор), екі қолы — жоза. Екі иін — нысыртан, көкірегі, кеудесі — сыпдыш жағытта арысландай. Бауыр — сүмбіле (сінбіле). Өкпе — мизан. Ұят жері — ғықырып. Жауырыны — құс, бұт — жыды. Тізеден төменгі — хысұлу. Екі аяқ — дініп, басы — шот... Он екі [мүшесі] — он екі биіс...
Мұхаммед пен шәриарлар.
Пайғамбар шапағатшы таңда жарым,
Көрсетті имандыға өз дидарын [27].
Бозторғай.
«Қиын жол қияметтік тар-ды!» — дейді,
«Бір жағы — су, бір жағы — от, жар-ды!» — дейді [28].
Киік.
О заманда бар екен жалғыз киік,
Тамам кәпір аттанды тұзақ жиып [29].
Алтын бас пен Күмісаяқ.
Айтамын тыңдасаңыз, жақсы кепті,
Көп адам бізден бұрын өтіп кетті [30].
Заман ақыр.
Хабиб хақ сәруардайын,
Әбубәкір, Ғұмардайын [31].
БІР ШАЙЫРДЫҢ СӨЙЛЕГЕН НАСИХАТЫ
Стамбул, патша болсаң, Құдыс, Шамға,
Бұхар мен хәкім болсаң, һүндістанға.
Ағылшын, Қытай, Жапон (Иапон), Румды алып,
Дін түзеп, әмір етсең бұл жаһанға.
Тұтсаң да жеті ықылымның бәрі [н] тегіс,
Кіресің ақыр бір күн көрстанға.
Есепсіз бай болсаң да Қарынбайдай,
Сахи боп мал шашсаң да Атымтайдай,
Патшадай Әмір — Темір дін түзетіп,
Болсаң да әйдік батыр арыстандай,
Шешен бол Жиреншедей қызыл тілге,
Ақырда жатар орның — шап-шағын жай.
[Ескерту: Өлең соңында сол жақ төменгі бүйірде басқа сиямен жазылған, яғни кейінірек қағазға түсуі мүмкін анықтама: «Алтынбас — Қыпшақтан шыққан ақынның өлеңі»].
Қарқаралы төрелері.
Тимушын, Шыңғысхан, Жошыхан, Сайын хан [32].
Бәсентиін: төртінші қатынынан — Сырым [33].
ТҮРЛІ ӘҢГІМЕЛЕР
Баязид, Бытами заманында бір кәпірге біреу:
— Мұсылман болсайшы, — дегенде, ол кәпір айтыпты:
— Егер мұсылманшылық Баязид қылған іс болса, ол менің қолымнан келмейді. Жоқ, өзгенікі болса, ол мұсылманшылықтан өзімнің кәпірлігім көп артық, — депті [34].
Хақ айтқан, рас (расыт) айтқан. Бұл һәм Тезкирет әулие де айтқан. Зындық сол кісі Құдайдың барлығына, пайғамбардың хақлығына егер қылыпты: «Дүниенің әуел-ақыры жоқ. Мақұлықлардың жаратылуы дүниеден үлкен» — дейді. Қияметінің келешегіне нанбаған (инанбаған) кісі. Ғалым Ламардан болған, лытаф хамсаның сарайы ғалымлықтан болған. Лытаф хамсаға саулаған бойымен құйылып тұрады. Ғалым Ламардан болған ілтипаттың сылының (асылының) сылынан — нәпсінің сылының сылы (асылы). Қылыптың сылының сылынан — елінің сылының сылы. Румның сылиның сылынан — судың асылының асылы. Сырдың асылының асылынан — оттың асылының асылы. Хығидың асылының асылынан: топырақ, — асылының асылы — Хығидың сылының сылынан. Айтылар: «Төрт ныһар бейіште тәубе (түбі) ағашының түбінен ағады. Ұшандық төрт өзен кәріплердің (ғарыплардың) ділінде.
...Қылыпның бұлағынан набит суы ағады.
Көкірек бұлағынан — сүттің сүті [35].
Борса шаһарында жамых кібир бар: пышағында жазылған. Миршамсидин Мұхаммед Лыжыхары опаты 833-те, хазрет қожа Баһаудин нықшыбындының ширзадасы. Миркүләл бабаның перзенттер жымындылары сұлтан Баязид Илдірімнің рамады хикаясы мәшһүр. Нұх ғалайссалам заманындағы кемпірдің үйінің орыны сол жамғы ортасында бір кішкене хозы ішінде балықтар ойнап жүреді. Бұл Борсада Сұлтанмұрат Шеруанның жуарында Шегіртке зиараты бар. Бұл кемпір Нух пайғамбарға күнде бір аяқ қатық ап келіп:
— Топан суы қаптағанда, мені кемеңе ала гөр! — дейтұғын.
Су тасығанда, Нұх мұны (бины) ұмытып кетіп, су тартылғанда, тағы қатығын ап келіп түр дейді: Топан суы қаптағанда, мұның өзі де, үй-қорасы, сиыры да аман болған. Сол кемпірдің үйінің орыны Борса шаһарында, Жамихкібір соның орынын алған. ...Зындық сол кісі Құдайдың барлығына, пайғамбардың хақтығына іңкәр қылып та дүниенің ұшы (әуелі), ақыры жоқ мақұлықтарының жаратылуы. Дүниеден келген деу — қияметтің келешегіне айналмаған кісі — рух баян [36]... Бір үй (ди) бар — тау секілді — орнынан қозғалмайды. Бір үй (ди) бар ағаш сықылды — тамыры берік: кеткен жылмен (желмен) қозғалады. Толып жатқан үй (ди) бар — бұлт сықылды желбіреп, былай (бұлай), біресе олай айдап кетеді [37]. ...Бұл ғылым білімнен бастап, мұнан былайғысы бұрын қағаз жүзінде нұсқа болып жазылмаған. Үш жүздің ішінде кеудесі хат болған Қаракесекте — Бердәлі қожа, Қанжығалыда — Саққұлақ, (Әлике) Лике-Байдалыда Аққошқар — Сайдалының Аққошқары — сондай қазақ жақсыларынан естуменен Мәшһүр Иүсіф Көпеевтің қағаз жүзіне тахырия қылып, оһым өз зиһынан жасалған сөзлерді мыхымұх міркіб қылып кейінгі заманға жәдігер (иадкер) үшін жад әуелі басы Василий Васильевич Радловтың жинаған сөзі — қазақ әдебиетлерінен.
ҒЫЛЫМ-БІЛІМ
(БІРІНШІ ӘҢГІМЕ)
Ғылым-білім немен болады? Әуелі жаратушы Құдай тағаланы танумен болады. Әуел ғылым мағырфата (махырфата) Ал-Жаббар — ғылым-білімнің ең алды — Құдай тағаланы танымақ. Ол Құдайды қайтсе, таниды? Әркім өзін таныса, сонда Тәңірісін таниды. Қазақ қариялары да айтады жақтырмаған кісісін: «Бұл шіркін өзін танымайды!» — деп. «Мен кәріп ніпсе фықид кәріп (ғарыб) Раббы» — деген. Олай болғанда, ғылым-білімге талап қылғышлар алдымен өзін тануды мақсат (мықсұд) қылу керек. Бір Алла құдіреті зор, өзі жалғыз. Онан басқа жалғыз болып іске жараған нәрсе жоқ (иоқ). Дүниеде имансыз — жақсы (ихшы) болмайды, харамсыз халал болмайды. Құдай тағаланың жаратқан нәрсесінде — ғақылдан ғазиз ұшыриф нәрсе жоқ, дәнемеге қосыла алмай, жалғыз өзі неменеге жарайды? Жаннан аяулы, онан қадірлі не нәрсе бар? Дәнемеге қосылмай, жалғыз өзі тұрғанда, ол неменеге жарады? Бұл екеуі [бізше, ғақыл мен жан — Н.Ж]. қанмен қосылып еді. Үшеуі бір жерге бас қосқан соң, сонымен, мінеки, біз адам болып отырмыз. Адамның адам болып тұрғаны — осы үшеуінің бір жерге бірігуіменен. Бұлардың басын бір араға қосып, біріктіріп тұрған: от, су, топырақ, жел, — төртеуі бір жерге жиылумен дене болады. Адамның денесінде осы төрт нәрсе түгел бармақтың көлеміндей көздің ішінен бәрі табылады. Көздің ашылып, жабылып тұрғаны — жел барлығына дәлел. Жас ағады, суы барлығына дәлел. Бір нәрсе тисе, жарқ етеді, от барлығына дәлел. Бір арадан қозғала алмай тұрғаны — топырақ барлығына дәлел. Желден қорытылып, қан болды. Оттан қорытылып, зерде болды. Судан қорытылып, қақырық болды. Топырақтан қорытылып, қарақұрым (қорым) болды. Адамды Алла тағала қалай шеберлеп жасады? Қан — өкпе, бауыр, жүрек — үшеуінде жүреді [38]. Қақырық — өкпеде, зерде — өтте, қарақұрым — талақта. Құдайдың (хыданың) құдіретінің шеберлігін білемін десең, өз бойыңа жақсы қара. Қандай шеберлеп жаратқан: іші-тысы біріне-бірі халафе, басын қалай қосып біріктірген?! Әркімнің жаны бір қалыпта, бір түрде болмайды. Сол үшін айтылады:
Арық пенен семіздің басы бір ме,
Жақсы менен жаманның (иаманның) басы бір ме? — деп.
Дене — бір қараңғы үй, жан — ол үйді жарық қылып тұрған нұр. Біреудің жаны сығырайып зорға жанып тұрған шырағдан сықылды. Кейбіреудікі май шам сықылды, кейбіреудікі тас шам сықылды. Кейбіреудікі — керосин майының жарығы сықылды. Кейбіреудікі — онан да жарық: машинамен жағылатын электрі бар жарық сықылды. Онан да жарығы зор нұрлы жан болады. Есебі жан деген нәрседе ныһайыт жоқ. Адамның денесі — машина: будың күшімен жүріп тұрады. Денеде не нәрсенің үлгісі: әркім өз денесінен алып білуге мүмкін. Күллі денеге күш беріп тұратұғын — жүрек. Адамның он екі мүшесінде мұнан күш алмай, өз бетімен жұмыс қылатұғын дене жоқ [39]. Жүректің қызметкері — өкпе, бүйрек — қанды тазартып беріп тұратұғын машинаның ең күштісі. Дымахының қызметкері — бауыр, бауырдың қызметкері — мехда-құрсақ. Дымахы һәм бауыр — әр кісі тереңлігінің қуатын һәм (өһім) харарт ғарзаны бүйректен алып тұрады. Харарт ғарза Құдайдың адамның денесіне берген тіршілік қызуы. Дымахы барша хуасларының басталатұғын (башланатұғын) орны. Бауыр — барша ғарза алатұғұн машиналарының басталатұғын орыны.
Жүрек — барша тірлікке сылахыты бар машиналарының басталатұғын орыны. Араб (ғараб) тілінде: «дым былхым сыпыра судаф хылатарға шарғына сырарығпа» — орнында. Қан — су орнында, ылхым — жел орнында. Зерде — от орнында, қарақұрым — топырақ орнында.
1-нәпсі, 2-ауа (һуа), 3-шыһтот, 4-ашу, — бір анадан болған төрт туысқан. Періден — бір, жыннан — бір, шайтаннан — бір, жұлдыздан — бір, адамнан — бір, періште — алтауы бір сағатта дүниеге келеді. Бәрі бір адамның бойында түгел жүреді. Алтауы — самауы — қазақша ашманы. Төртеуі шарығына сыр әр бағадан. «Атадан — алтау, анадан төртеу» [40]. Өкпе мен бауыр-жүректің екі қызметкері: қанды тазартып, іске жаратып беріп тұратұғын [41]. Ауыздан ішілген асты құрсаққа қарай тартатұғын бір машина бар — «Жазба» — дейтұғын. Мұның тартып алып барғанын шап беріп ұстай алатұғын бір машина бар: «Мәшке» дейтұғын. Араластырып, сапырылыстырып, астын-үстіне шығаратұғын бір машина бар — «һазма» — дейтұғын. Көбігін бір жерге (ирге), қаймағын бір жерге, тортасын бір жерге бөлектеп, бөліп жатқан бір машина бар — «мүмайззе» дейтұғын. Көбігін жоғары серпіп, қақырық, түкірік қылып шығарып, тортасын төмен серпіп, төменгі жақтан шығаратұғын қылып, қаймағын сүзіп, жібермей алып қалып жатқан бір машина бар — «Дафса» — дейтін [42]. Бұл бес машинадан соң, жұмыс жазған бауырға келді. Тұрып қалған — таза қаймақты есептісін бауыр өзіне қарай тартып алып, қан туысына айналдырып (айландырып) бояу жасап, оның қаралтым дәнемеге жарамайтұғынларын талақ өзіне қарай тартып алып қарақұрым жасап, сарғылтым өт өзіне қарай тартып алып зерде жасап. Ақшылын өкпе өзіне қарай тартып алып, қақырық жасап, көріктің желіндей өкпе желімен үріп, кеңірдек жолымен сіңбірік, қақырық қылып қайтадан далаға шығарып жатады. Мұның бәрінен іркіліп, тазаланып қалған қан бауырда сумен аралас болғандықтан, топырағын талақ айырып алды, отын зерде айырып алды, желін өкпе айырып алды. Суды айырып алған ешкім жоқ болды [43]. Сумен аралас болып жүрген қан тағы дәнемеге жарамайтұғын болған соң, ол қанмен араласып жүрген суды бүйрек өзіне қарай тартып алып, сідік қылып жасап, қуыққа жіберіп тұратұғын болды. Енді бауырдың өзінде қалған таза қан тамыр-тамырға тарап, тамам ағзаға жайылуға бет беріп, әр мүшеге өсім жүргізіп, етке-ет, майға-май, сүйекке-сүйек қосады. Тамыр ішінде жүгірген қанлардың таза-тазасын сүзіп алып, екі домалақ еркекте бала болатұғын суды жасап, екі емшек ұрғашыда сүт жасап шығарады. Егер талаққа бір ғаллыт пайда болып, бауырдағы қаннан қарақұрымды айырып ала алмаса, онымен араласқан қан ағзаларға тараса, безгек, жындылық судайылық (шудайылық) — аурулар сонан болады. Егер өтке бір ғаллыт пайда болып, бауырдағы қаннан зәредей айырып ала алмаса, шөлдеуік сықылды әр түрлі сарылық аурулар сонан болады. Үшбу дүниеде айтылған машиналар бір жақпас тамақтан бұзылып, жүрмей қалса, адамның аурулы-сырқаулы болатұғыны — сол. Бұлай болғанда, әркім әуелі өз денесінің іші-тысын білуге тырмысу керек. Құдайдың құдіретінің шеберлігін тамаша қыламын. Осы [н] ың құдіретті қолымен жасаған шаһарды тамаша қылу үшін, соған бар жалған дүниенің жүзінде пенденің жасаған шаһарлары — соны да әлдеқандай тамаша көріп, пәлен-түген деп, сөйлеген болады. Құдірет қолымен жасалған шаһар: адам болып жүреді, құс болып ұшады. Он сегіз мың ғаламда болған нәрсе — бәрі бір өзінен табылады. Өзін жасағанда, ұзындығы екі қарыс, жуандығы бір жіліншектей екі діңгектің үстіне сыйғызды. Бір-біріне дұшпан, үйірлігі жоқ төрт нәрсенің басын біріктіріп, сонан жасады. Тоғыз жолдың торабы [44], сегіз қиыр шартарап, төрт бұрышы түгел он түрлі қазына орнатып, төрт жүз қырық төрт жердей бекіту салып, үш жүз алпыс (алтмыш) өзен ағызып, он екі жерден даруаза [45] жасап, мешіт те — өзінде, базар да — өзінде, көше орамлар да — өзінде, бау ағаш та — өзінде, — жерде не болса, бәрі өзінде; көкте не болса, бәрі өзінде; ексе, бітпейтін; қуса, жетпейтін; ауызбен айтып болмайтын қылып жасады. Оты да өзінде, желі де өзінде, суы да өзінде, топырағы да өзінде — ол шаһарда бір тахыт жасап, ол тахытта — бір патша: елі өзінің ішінен шығарып отырғызып қойды. Патша түзу болса, қара оқыр (ұқыр) бәрі түзу. Патша бұзылса, бәрі бұзылатұғын қылып қойды. Ол шаһарда бір күмбез жасап, аспан көктің күмбезінде бар болған нәрселердің бәрін бүл күмбезде бар қылып қойды. Ол күмбезден бір есік ашылып, ол есіктен дүр (дүрру) гауһарлар (күһірлер) шашылып тұратұғын қылып қойды. Екі қызыл лағылдан екі ашпалы: ашқанда, ашылып; ашпағанда, жабылып тұратұғын қылды. Бүтін бір шаһарының тіршілігіне жарайтұғын азық-түлік осы есіктен кіріп тұратұғын болды да, және шаһардың арам — аласы (алысы) өзіне керек еместің бәрін шығарып тұруға төменгі жағынан екі есік шығарды. Екі қызыл лағылдан — ашпалы, жаппалы қылып орнатқан есіктің қақ маңдайынан жел жіберіп, ауасын (һуасын) түзетіп тұратұғын екі бутартпа жасады. Бүтін шаһарының ауасын түзетіп, желмен жүретүғын машиналарының бәріне жел беріп, тахытта отырған патша қапа һәм шатлық жеткізіп, үш жүз алпыс өзеннің суын күшейтіп ағызып және қайта далаға ағып шығып тұратұғын машинаның тетігі осы жел диірменде болды. Ол патшаға бір уәзір [46] жасап, оның тұратұғын орыны күмбездің қап [қақ] ортасында болды. Ол уәзір патшаға найып болып, доверной есепті бір шаһарға қараған жұмысты осы басқаратұғын болды. Және бұған бес почтабайшы даяр болып тұратұғын болды. Бірі — есіткенін жеткізіп тұрады [47]. Бірі — ащының ащы екендігін, тұщының тұщы екендігін татып, біліп, залалын айтып тұрады. Бірі — пайдалы нәрсе мен залалды нәрсені иіскеп білумен пайда-залалын айырып беріп тұрады. Бірі — бір нәрсенің ұйытқы екендігін, иа бір нәрсенің суық екендігін, — ұстауменен біліп, мұның пайда-залалын айырып беріп тұрады. Бұл бесеуінің даладан алып келген хабарларын бір қалқайған бөлменің аузында отырып тосып алатұғын бір білгіш бар. Ол керегін алады да, керек емесін шығарып тастай береді. Керек деп алғанын өзінен басқа жазып тұратұғын хатшы бар, соған береді. Ол жазып алғанын үстінен қарап тұрған бір көруші бар, соған көрсетеді. Бұл үшеуі ұнатқан жұмысты тағы бір тексеруші бар. Ол қарайды да дыбырнайға [доверенныйға] жеткізеді. Және бүл төртінші білгіш дыбырнаймен кеп талас-тартыс қылып, бесінші [48] білгіштің алдына салып, дыбырнайдың ұнатқан жұмысын дәптерге тіркеп бекітіп, тахыт үстінде отырған патшаһыға көрсетеді. Бүл патша өзін жоқтан бар қылған ұлығы патшаһыға арыз (ғарыз) қылып, қол астындағы қара бұқараның (пықыраның) бәрін көңілге алғанына жеткізеді. Үйіне бұл шаһардың өзінде сегіз ұста бар. Күні-түн дамыл алмай шаһардың керек-жарағын жұмыстап жатқан. Кімде кім бұл шаһарды тамаша қылса, шаһарды жасаған ұстасын, оның шеберлігін әбден таниды. Ретімен былай айтылады:
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ «АДАМ МҮШЕЛЕРІ» ӨЛЕҢІ
Жақсы пай ми мен жүрек еді,
Мемлекеті көп дүние (дене) керек еді.
Аты — нәпсі, рағайыт, халқы — ағза,
Казнешейі мәске бөлек еді.
Екі көз — қарауылшы қылған тұрақ,
Елші еді сөз таситын екі құлақ.
Ақ таяғы — шабарман екі қолы,
Жансызы иіскеп білер бұрынырақ.
Дәрігері: «Биле — деген — дәмін татып» —
Бір ғақыл түзетеді бәрін жатып.
Ұстазы — ол құтта жазба дүр.
Баста — ми, тұр бәріне таңдай атып.
Емес пе диірменші отыз тісің,
Ac сіңірер машина нуай кісің.
Ac дәмін ауыз біліп болар дәрігер,
Білуге бәрін айырып жетсе күшің?!
Құтта мүсіре болып қасап,
Ол құтта мүмие зергер керек ұсап.
Сегіз шебер жан білмей, іште жатар,
Тыстағының баршасын түзеп жасап.
Кеңірдек, өңешің мен қарын, жүрек,
Өкпе, бауыр, талағың, — бәрі керек.
Қақырық пен түкірік — сыпырғышың,
Пайдасын білсең керек, болсаң, зерек.
Бәрінен айтылмаған бір жыр қалды,
Бересің үйіп-төгіп соған малды.
Күшті өгізің бар болса, егін айда,
Пайданың, көретұғын, сол — қақ алды.
«Ниса өкім, харышлігім, патуа шіркім» — делінген Калам-Қырымда. Адамның денесі екі нәрсенің күшімен саламат, ауыр үйсіз (ойсыз) тұрады. Бұл екі нәрсенің бірі — қызыл қан, бірі — бұзылған қара қан. Таза қызыл қан екі дем алыстың бірімен даладан ішке қарай кіре береді Жүрекке барып, жүректен арман күллі денені аралап қайтуында қара қан болып, тағы жүрекке келіп, дем алыс жолымен далаға шығып тұрады. Міне, Құдіреттің шеберлігі[н]: ішке қарай кірген дем алыс — қызыл қан, далаға шыққан дем алыс — қара қан. Сол үшін айтылады: «Бір дем әрі, бір дем бері». Осы екі дем алыстың бірі тоқтаса, адам дереу өледі де қалады. Бұл екі дем алысқа жақсы ауа (һуа) керек. Адам өзін таза ауада сақлауға керек. Екінші — бұл екі дем алысқа күш беруге жақсы тамақ керек. Қазақ мақалында айтылады: «Ауру — астан, дау — қарындастан», — деп. Үшінші — екі дем алысқа күш беруге әрекет (харекет) өскін (үскін): қазақша — жүру, тұру керек. Төртінші — бұл екі дем алысқа ұйқы мен ояулықты қалыбынан асырмай, кемітпей, орта әдетпенен (ғадетпенен) үйретуге керек. Бесінші — екі дем алысқа күш беруге шатлық керек. Адам өз көңілін өзі төмендетпей ұстау керек. Қазақта мақал бар: «Ит өз құйрығын өзі алып жүрмесе, оны кім алып жүреді?» — деген. Оның мәнісі — адам өз көңілін өзі көтеріп жүру керек деген сөз. Алтыншы — дем алысқа күш беруге: ашу, қорқу, өкініш сықылды нәрселерден өзін аулақ алыс жүргізуге керек. Бұл айтылғандардың бірде бірі адамда жоқ болса, адам ауруға шалынады. Не қалпынан асып көтеріліп кетсе, онда да жаман болады. Аса қорыққаннан, аса қуанғаннан, не зор ашу қысқаннан өліп кеткенлер де болған. Жан — бір асыранды құс, дене — бір қапас. Ол құсқа от, су бермесе, қапаста тұрып аштан өліп қалады, оған қорек беру керек. Хайуан тамақтан семіреді, адам құлақтан семіреді. Мұнан мағлұм болды: жақсы сөзге жан семіреді екен. Жанның қорегі — құлақ, сүйсінерлік сөз екен. Адам тіршілігінде, ден саулығында құлақ сүйсінер сөз естуге талап қылып тырысу керек. Түркістан шаһарында ақ күмбез бар. Қожа Ахмет Иассауи хазірет сұлтан лығарфин айтқан:
Сөзді айттым, әркім болса, дидар талап,
Жанды жанға пионд (пинд-винт) қылып кетті улап.
Яғни сөзді айттым Алла тағалаға ғашық үмбеті зор болып дидар талап қылушыларға (қылғушыларға). Егер ол тыңдаушы (тыңларғұшы) жан құлағы не айтушының (айтқушының) аузына тыққандай қылып, алма ағашының бұтағына қайыңның бұтағын үлестіріп орнатқандай қылып шын көңілімен тыңласа. Қазақ мақалында айтады:
Сөзді айтқыл ұққанға,
Жанды жанға сұққанға.
Айтып, айтпай немене,
Мақтамен құлағын тыққанға?!
Және бір мақал: «Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер, // Ұқпа құлаққа айтсаң, ұғып кетер». Жан құлағын салып тыңдаушының жоғынан далада тұрған молаға, иесіз қалған қораға айғайлай-айғайлай басым һуарды. Адамның жаны асыл жаратылған ғалам әр уақ [ыт] та. Құдай тағала жақындықты таба алмағаннан, бұл ғаламға Құдай тағалаға жақындасуды табу үшін, махаббат артылдыру үшін келді. Бұл ғаламға келмес бұрын өз алдына бір қосын ғаскер жұрт еді. Соның үшін хадис (хыдиш) Шариф былайша бұйырды: «Алар уах жұнұд муажындет уан тағарфа шылғауан тінакіра хатлыға».
Мығной (Мәснәуи) хадис Шариф.
Бұ дүр дүниеге келместен бұрын рух біткен. Ғалам Аруашта өз алдына бір қосын ғаскер еді. Сонда жүргенде, біріне-бірі танымал үйір-шүйір болған жанлар дүниеде бірімен-бірі тату-тәтті, үйір-шүйір болысып жүреді. Бірі Мағрыптың, бірі Машрықтың кісісі болса да, ғалам Аруашта жанға жан танымал, үйір-шүйір болмаса, бір туысқан бауыр болса да, ерлі-байлы болып қосақталып үйір болса да, бір-бірімен тату-тәтті болмайды. Сол үшін айтылады: біреуді біреу жек көрсе: «Рухым шошиды, жаным жек көреді» — деп. Біреуді біреу жақсы көрсе: «Жаным жақсы көреді» — десіп айтылады. Жан жоғары (иоқары) нұрдан келген, қандай жақсы орыннан шыққан? Дене төмен жерден шыққан. Алтынның кені бар жердей жаратылған (иаратылған) дене де бар шығар. Мыс, қалайы, қорғасын, — бұлардың кені бар жерден жаратылған дене де бар шығар. Ныжасыт көмілген жерден де жаратылған дене де бар шығар. Адам бәрі бір қалыпта, бір түрде болмайтұғын себебі мұндайдан келеді. «Көн құрыса, тегіне кетеді» — деп, әр нәрсе өзінің қалыбына қайтады. Жан [ы] жоқтар (иоқтар) тартады — Құдайға құлшылық қылып, өзінің әуелде шыққан орнына жетуге. Дене төмен қарай тартады: ішпек, тышпақ, құшпақ арзұсына түсіп, белесінен [белшесінен] батып, былжырай (былшырай) бергенді сүйеді. Бұл екеуінің ит (ет) тартысында жүрген адам — әуре бір жандағы: тартысқа түскен қыздай кім көрінгеннің қолында бір уқаланды болған. Дене — бір мейманхана, жан — онда аз күн қонақ. Шама келгенше әркім өз жанын ренжітпей күтіп, жақсы (иыхшы) ұстауға керек. Пенде жанын жалғанда сыйласа, ол жанды ешкім қинамайды. Пенде жанын жалғанда қинаса, ол жанды ешкім сыйламайды, әркім өз жанын тірілтуді керек қылса, ғылым-білімге ғұмырын сарп қылып, ғылым-білімге ғұмырын сарп қылған пенденің жаны тіріліп, сыйлы болады. Ғылым-білімге ғұмырын сарп қылмаған пенденің жаны өлік жан есепті. Өзі өліп жатқан өлікті кім керек қылады?! Ондай жан дүниеде, һәм ақыретте сый-құрмет көре алмайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа Ғалия алсұлт уассалам айтқан: «Дүние ізлесең(дер), (рет) сапар жол жүріп, саудагерлік қыл. Ақырет қызығын ізлесең, ат сахар түнде тұрып, Құдайға жылап ғибадат қыл!» — деген. «Екі дүниені бірдей ізлесең, бұл еркелігіңді әкең үйіне қыл!» — деген. Оның мағынасы: «Ғылым үйрен. Ғылым үйренсең, әкең көтере алмаған еркелігіңді ғылым көтереді» — деген. Мың сөзден бір сөз, қиссадан қисса, қанша сөйлеп келгенде, сөз аяғы ғылымға тоқтады. Олай болса, маңдайында көзі бар, басында құлағы бар, аузында тілі бар жан ғылымға тырысу керек. Алла тағала адамға ғақыл сықылды нұр берді, көңіл сықылды гауһар берді. Өткір зейінді, нәзік пікірлі қылды. Тілді көңілге переводчик (перуатшік) қылды. Көз сықылды шамшырақ берді. Мұрын сықылды екі дем алысқа жол берді. Құлақ сықылды тыңшы берді. Аяқты ат қылып, қолды қанат қылып, үміт (һүммат) қайрат (ғайрат) берді. Бауырға — мейір (мыһыр), шапағат (шапқат), талаққа — күлкі, бүйрекке — қулық-айла (хайла), өкпеге — желпуіш, құрсақты — қазына, бүйректі — күллі денеге тұтқа қылды. Өзгесі былай тұрсын, дұшпаныңды құлыңдай қызметкер қылатұғын бір дене берді. Күллі денең бәрі де — бір бас, жалғыз өзі де — бір бас соқыр. Соқырда мұнан құнды, мұнан пұлды болған соқыр жоқ. Ойға салып, ойлай берсең, адамның өн бойында Құдай жаратқан нәрсенің бәрі түгел табылады. Ғаламда (ғалымда) жаратылған нәрсе бәрі адамның денесінен табылуға мүмкін. Адамның қарақан басы — күллі ғалам есебінде. Екі ғалам бір адамның өзінен табылады. Мысалы, ғаламда жымадатлар бар. Мұның орнында адамда болған ағзалар. Ғаламда хайуанатлар бар, мұның орнында адамда неше түрлі мінез бар. Дүние тола хайуан болсын, адамдарда болған пиғыл бәріне де шәміл. Қазақша: «қаптал». Ғаламда төрт фәсіл бар. Адамның да жаз сықылды жадырап, қыс сықылды шытынап, біресе кеңейіп, біресе тарылып отыратұғын уақыты бар. Ғаламда неше түрлі өнер бар, адамның денесінде неше түрлі машина бар. Мұны білген жандар (жанлар) дүниеде неше түрлі өнер, неше түрлі білімнің үлгісін адамның денесінен үлгі өрнек алып, жасап жатыр. Екі ғаламның ортасында ғалам бір азехе бар. Мұның орнында адамда пікір охуатыр бар. Ғалам мілкөт бар, мұның орнында адамда дәл ожан [ұждан] бар. Бұларның тағсылы бұл жерге сыймайды, бұл жер түгіл бүтін ғаламның жүзіне сыймайды; мікір Құдайды (хұданы) танушы (танғушы) әулиелердің көңіліне сыяды. Біздің күннен зәрре, теңізден қатырадай ғана адамның ғалам (ғалым) кібір екендігі танылып, Мағырыпта нәпсіге (напысқа) дәлел (далил) болсын үшін. Ғаламға тұлға болған адам денесі — жер, көк есебінде бір Құдайдан басқа жеке өзі орынға тұрып, іске жарап тұрған дәнеме жоқ. Мақлұқ болған нәрсенің бірінсіз бірінің күні жоқ. Еркек деген аспан көктей емес пе?! Ұрғашы деген, шіркін, қара жердей емес пе?! Көктен жауса, жерден өнеді. Сол сықылды еркектен тамса, ұрғашыдан жасын керген — ұл туады, қасын керген — қыз туады. Жерден шыққан ағаш пен шөптің құны қандай, ерлі-байлының арасынан шыққан ұл (ұғыл) мен қыздың құны, пұлы қандай? Бұл ғалам жермен, көкпен ғалам болып тұрған жоқ, адаммен ғалам болып тұр. Ғаламда ай, үйлер болса, адамға — заман. Ғаламда шаһар болса, адамға — мекен. Жерде таулар болса, адамда — сүйектер бар. Жерде ағаш, шөптер болса, адамда шаш, сақал бар. Жерде жеті ықылым болса, адамда һәм жеті ағза бар. Жерде зіл-зала сағқа болса, адамда һәм күлмек, жыламақ (иғламақ), түшкірмек, жүгірмеклер бар. Жердің сай-сайында өзен ақса, адамның тамыр-тамырында ағатұғын қандар (қанлар) бар. Жердің бұлақтары бірі ащы, бірі тұщы болатұғын болса, адамда һәм құлақтан ағады — ащы, көзден ағады — тұзлы су, мұрыннан ағады нақұлай жаман иіс су, ауыздан ағады тәтті су. Мұнша бұлақтар жұдырықтай бастың айналасынан (айланасынан) шығып жатыр. Құлақтың құлығы ащы болғаны — ұйықтап жатқанда, хышаратлар құлаққа кірмекші болса, құлақтың ащылығынан жиреніп, қайта шығып кетеді. Көздің суы тұзлы болғанының керегі — көздің айналасы — май. Майдың қатығы — тұз. Егер ол тұзды сумен дамыл-дамыл жуып тұрмаса, көз лезге (илезге) жетпей, бұзылып кетсе керек. Мұрынның сіңбірігі нақұлай болғаны: өзі сасық болса, жақсы иістің ләззатын алады. Әр нәрсе затыменен танылады: «Иғырып — лашия, баздадыһа» — делінген. Өзі хош иіслі болып тұрса, жақсы иістің ләззатын ала алмайды. Ауыздың суының тәтті болғанлығы — әр нәрсе ауызға түссе, ләззатлы болсын үшін. Адамды аспандағы нәрселерге салыстырып қарасаң, ол аспанда бар болған нәрселердің (нәрселернің) ұқсас (ұхшаш), отыңдас (отыңдаш) адамның бойынан табыла береді. Аспанда уалысмазат (уасмазат) лыб рухының он екі-бір жыл есебінде адамның заһарынан батынына он екі жолы бар: екі құлақ, екі көз, екі танау, ауыз, екі емшек, кіндік, төменгі екі жол. Аспанда сыбға саярра (ссыяра) бар болса, адамның ішінде жұмыс жұмыстап түзетіп тұрушы жеті шебер бар: өкпе — қамырға, құрсақ — ғатардқа, бүйрек — зәһәрға, жүрек — шеміске, өт — мыриныхқа, бауыр — мыштыбырыға, талақ — зыхылға. Көктерде (көклерде) туабет, кішире бар болса, адамда оның есебіне қанша саны жоқ сіңірлер бар. Палакта Айдың жиырма (игырма) сегіз орны есебінде адамның іші-тысында жиырма сегіз хуас қуатлары бар. Палакта үш жүз алпыс (алтмыш) күннің орны есебінде адамда үш жүз алпыс қан тамырлары бар. Палакта айтылған нәрселер өз ғаламында олар қандай жұмыс қылса, адамның денесінде айтылған нәрселер — бұлар да өз жұмысында солардың қылғанын қылады. Палакта ғынасырарба бар болған болса, адамның бойында хылатарбыға бар. Сығыра от орнында: өзі құрғақ, өзі ыстық. Қан ел орнында: өзі иуыш, һәм ыстық. Қақырық су орнында: өзі иуыш, һәм сұйық. Қарақұрым топырақ орнында: өзі суық, һәм құрғақ. Бұғнасырдан молайдшилаша, яғни жамағат, набатат, хайуанат пайда болған шикелі (шекелі) хылатар бағадан. Сүйектер, түктер, ет, май — пайда болады. Күндегісі күнде жасаңғырып, өніп тұрады. Адам бес жылда бір түлейді. Бұрынғы дене балкүллие тозып, таусылып, орнына жаңадан дене табылып тұрады. Бесік баласы бес толады. Төрт жыл төрт айға кәміл толғанда, бес түлеген құс сықылды форымданып өседі. Бес жасқаша бес түлеген құс есепті болғаны. Енді мұнан былайғы ғұмырында бес жылда бір түлеп отырады. Сол қасиеттен (хысуситтен) адам әр жасында әр түрлі болатұғыны — адам неше бөлуге, неше таратуға көне береді. «Не үшін?» — десең, Құдай тағала адамды абзал қылып жаратқандығы. «Хиралкам мақал уадилл» — аз сөзден көп мағына. Құдайдың жаратқанлығына көп-көп шүкірліклер қылса керек. Бұлардың бәрін қозғамақтан мақсатымыз — Құдай тағаланың фазылын үкір мен зікір қылып, шама келгенше шүкіранасын орынға келтіру үшін.
ШҮКІРШІЛІК ТАҒЫЛЫМЫ
Алла тағала әр пенденің өз басын берген нығметті сөйлеспек шүкіршіліктен болып табылады. «Әлхамды (әлхаддат) бізге бұ нығметті Құдай тағала берді» — деп қандай орыннан қандай қылып жеткізгенлігін мақтаныш үшін емес, басқаларға ғибрат болсын үшін айтып жүруге керек. Екінші — ол нығметтің бірсыпырасын мұқтаж болғанларға сыр қылып беріп тұруға керек. Тілмен болған шүкіршілік, қолмен жұмсаған шүкіршілік көп абзал, бірнеше дәреже жоғары. Уалхыс сүресінің ақырында: «Фама бынғыма тірбік фыхдыш» — деп бұйырды. «Құдай тағаланың берген нығметлерін заһар қыл, жұрт көзіне түсір!» — дейді. Тілмен: «Әлхамддат шүкір, Құдай осындай берді» — деп, қолмен мұқтаждарға харап қылып жұмсамаса, күпірліктен болады. «Ағуз биламин — зік»: «Алла тағала Калам мешітінде (межидінде) лүи шүкіртінлердің бұйырды: «Ай, пенделерім, егер сізлер нығметтің шүкіранасын орнына келтіре берсеңдер, мен сізлерге берген нығметтерімді артылта беремін!» — деп, уағда қылды.
Мышной (Мәснәуи). «Шүкір нығмет: «Нығымет фізүнкінд кағар нығмет зікафате бір он кінд» — нығметтің шүкіранасы нығметті үсті-үстіне өсіре береді. Нығметке күпірлік жоқ жерде ойыңнан шығарып жібереді. Құдай тәбәрік отғылы екі періштені әдейі арнап екі жұмыстың басына қойған. Бір періштенің қиямет қайымғаша: «Тасфығы элхам ғыткіл мынғық хылқа» — деп, тұрады. «Ай, бар Құдая, кім де кімнің қолы ашық, береген болса, шыққанының есебін бер, кеткенін келтір, кемтігін толтыр!» — деп тұрады. Екінші періштенің қиямет қайымғаша: «Тауфығы (тыбихы) лаһым ғыт гүлмек танаға!» — деп тұрады. «Ай, Құдая, кімде-кім бермейтұғын сараң болса, соныкін жоқ жерге шығар, ұрыға алдыр, ұрыға жық!» — деп тұрады. Екінші — шүкірлік. Бұл дүниеде патша — хазіретлерінің барлығын өз басыңда болған нығметлерден артық нығмет — деп білуге керек. Не үшін десеңіз, патша хазіретлерінің қол астында болумен әркімнің басы-малы — аман-есенлікте тұрады. Бұл бір зор нығымет патша хазіретлері арқылы бізге болып — тұрған әркім өз үстінде қарап тұрған патшасына шын ниеті илан тілеулес болу — ол һәм шүкіршіліктен саналады. «Сұлтан зіл Алла сұлтан атына ілінген Алла тағаланың көлеңкесі» — деп айтылған. «Құдай тағалада көлеңке болады» — демейді. Қағыба-алланы «Бет Алла» — деп атаған есепті. «Бет Алла» — деуменен ол Құдайға үй болып, мекен мынһос болмайды. Шарапаты, құрметі басқа үйден артықлығын білдіру үшін, соның сықылды сұлтанлардың шарапаты, құрметі басқалардан артық болғаннан, «зіл Алла» — деп айтылады. Кім болса, ол болсын, сұлтан болсын, «сұлтан» деген сөздің мағынасы — не қыламын десе, ерікті, кісіден сұрап іс қылмайды, көңіліне нені хуаласа [ауаласа], соны қылуға шамасы келушіні айтады. Ол сұлтан болушының (болғушының) кім болғанымен жұмысыңыз болмасын! Алла тағала Калам хадимде: «Құл ал-лыһым, мәлік, ал-мүлік тұты әл-мүлік-пен ша» — бұйырады. Мәснәуи Шариф айтқыл: «Ай, Мұхаммед мүліклерінің мәлігі — хұсайыны, Алла тағала кімді қуатласа, өзінің мүлкіне қожайын қылады. Олай болса, Құдірет өзі қалап бірсыпыра мүлкіне қожайын қылып қойған соң, біз сол патша хазіретлерінің қазылған жолында, шашылған топырағында болып, кеше күндіз дәулетлерінің артылмағына ұғар болсақ керек. Кеше он сегізінші ғасырдың әуелгі жағында қазақ уалаятында «Қоқан заманы» — деген заман болды. Сонда қазақта мақал болып қалды: «Ақ жалау барда малым бар деме, // Ғазірейіл барда жаным бар деме» — деген сөз. Ол «Ақ жалау» деген Қоқан ханларының ел шабатұғын қосыны екен. Қоқан заманы қалып, заман император ағзам хұзіретлеріне бізді бағындырғаннан бері жесір қатын, жетім бала — малына ие болып, қазақ жұрты асын тынышлықпенен ішті. Үшінші шүкірлік — атаның қадірін, ананың құрметін орнына келтіруге шамамыз келгенше сағиуа жытһад қылсақ керек. Бала ата-ананың қызметін парыз ғин деп білу керек. Алла тағала «Айта-Керимеден» — шүкірлі ұлдың (ұлалдың) биұрдығы бұңа дәлел дүр. «Оқылрып рихмиһир макмар баяны сығыра ұшып» — үшін дүр. Ата-ана тірі болса, қызметінде болмақ. Өлген болса, дұға қылмақ уәжіп дүр. Оның (аның) үшін ылтихиаттың ақырында Әлхам ғызырлы ұлыалды дұғасы мыстыхып өлді. Ата-ана шүкіранасы мұныменен табылады. Төртінші шүкірлік — күндіз болса аспанда Күннің барлығына, түн болса Айдың жарықлығына төрт аяқтыдан — адамға — атты қанат орнына иесіне ерікті қылып бергенлігіне, қатынды ерге серік, басыбайлы жолдас қылып бергенлігіне, бұларға өз алдына ғали хида шүкірлік қылу керек. «Ай мен күндей, // һаммаға бірдей» — деп айтылған себебі — басқа нығметлерден бұлардың баршаға пайдалы екенлігі мағлұм. Аттың өзге хайуанаттан артықлығы —
Ер қанаты ат болар,
Жаяу адам мат болар.
Атың кетсе қолыңнан,
Ағайын-туған жат болар, — деген сөзден мәлім (мағлұм).
Қатынның жолдаслық пайдасы — адамның басына бас қалқа қатынды болған үшін тұрғызылады. Үй ішіне мүлік қазына қатынды болған үшін жиылады. Қатынсыз дүние ісінің ләззаты болмайды. «Алпыс басты ақ орда алпыс еркекпен іші толмайды, бір ақжаулықпен толады» — деген. Қазақстаннан шыққан Жиренше шешен айтыпты: «Қазақ төрт нәрсенің атын білмей қойыпты. Бірі — ат. Аттың аты «ат» емес, «ер қанаты» — деп қойылса, жарайды. Бірі — қатынның атын «қатын» — деп, білмей қойыпты. Қатынның аты «қатын» емес, «тындым» [49]. Бұл «тындым» деген сөзде екі мағына бар. Бірі — қатын жақсы болып жолықса, еркектің үй шаруасымен жұмысы болмайды, көңілі тынып, хатыр жимих отырады. Бір мағынасы — қатын жаман болып жолықса, өлтіре алмайды, сата алмайды, жөндеп жөнге сала алмайды. Ішінен тынады да отырады. Бірі — баланың атын білмей қойыпты. Баланың аты «бала» емес, «қайырған» қою жарайды. Бала ер жеткен соң, ата-ананы қайырып тастайтұғын болады. Бірі— келіннің атын білмей қойыпты. Келіннің атын «келін» демей, «айырған» қою жарайды. Келін келген соң-ақ ата-анадан баланы айыра бастайды. Бұрынғылар айтқан екен — еріксіз еңбекті «жалғыз» — деп. Оның мәнісі — ердің өзіне лайық қатын жолықса, егіз болады екен. Қатын жаман болса, туысқан серігіне жарамас. Бала жаман болса, «еңбекті» — деп, соны айтады екен. Еркек деген қатынсыз тұрған күнде бір жалаңаш кісі есепті. Қатын алды, киімді болды. Сол киім жақсы болса, жұртқа мұны жақсы көрсетпек. Сол киім жаман болса, жұртқа мұны жаман көрсетпек. Қатын жаман болған соң, бұ сорлы ағайынға да жаман, алашқа да жаман, туысқанға да жаман, балаға да жаман. Қатын жақсы болса, онда бұл көрінгеннің бәріне жақсы кісі болды. Жаман еркекті жақсы қатын түзейді, кісі қатарына қосады. Жаман қатынды жақсы еркек түзей алмайды. «Жақсымын» деген еркекті жаман қатын бұзады. Осы сөзді бастап (башлап) жазғаннан бері қарай есімнен адасқан жерім — дәл осы жер болды. Құдай оңғарайын деген пендесінің әуелі қатынын жақсы қылып, өзіне лайықты қылып жолықтырады. Онан соң оның жолдасы да жақсы болып жолығады. Мұндай жан қараның ханы болып, дәурен сүреді. Қатын жаман болып жолықса, «Жалғанның тозағы» — де де қой. Жақсы болып жолықса, қатыннан ілгері нығмет жоқ.
НАЗЫМ
Таһир дүниеде мейірбан (миһирбан)
Қатындай нығмет бар ма екен?
Өпсең қылар жанын құрбан,
Қатындай нығмет бар ма екен?!
Қатының болса местөре,
Сен боларсың меш төре.
Барып шариғаттан сұра,
Қатындай нығмет бар ма екен?!
Қатының болса тамаша (қымаши),
Көрсе, тояр қарны ашы.
Перзенттері — дүр тәжі,
Қатындай нығмет бар ма екен?!
Қатының болса бай қызы,
Маһи табан болса жүрісі,
Дертке дәрмен әр бір сөзі,
Қатындай нығмет бар ма екен?!
Қатын бірлан үйің абат,
Өпсең, жүзі қыз набат.
Және бірін айтсам ұят,
Қатындай нығмет бар ма екен?!
Қатынлы үй — мешіл шаһар,
Ғұмыр табар онан (анден) бірі.
Қатынсыздың ащы заһар,
Қатындай нығмет бар ма екен?!
Бұл сөзді бастап (башлап) сөйлегеннен мақсатымыз (мақсұтымыз) Құдай тағаланың құдіретін пенделеріне берген нығметін әбден танып, солардың шүкіранасын орынға келтіруге тырыссын үшін. Алла тәбәрік отғылы он сегіз мың ғалам жаратты (иаратты). Оның ішінде адам жаратты. Барша жаратылмыш мақұлықатты адамға қызметкерлік қылсын [қылуы] үшін жаратты. Адамның фазылын (фазылтын), өмірмітін Калам мәшілінде неше жерде зікір қылды. Сондай ғазиз ұшырып жаратқан адамның зирайты біздер (бізлер) өз қадірімізді өзіміз білмей, өзімізді өзіміз танымағанлықтан, аяқ астында қалып барамыз. Кел, қарындастар (қарындашлар), ғазиз ғұмырымызды биһуда орынға сарп қылмай, адам болуға тырысайық. Адамлық немен табылады, ғылым-біліммен табылады. Бұрынғы өткен жақсылар айтқан: «Адмайыт — ие бызтық, ие беріш, ие бижан. Тотым зытық бүзім рыбыш хырым жандары». Хадис Шариф: «Адамшылық сөз сөйлеуменен, сақал бар болғанменен, жан иесі болғанлықпен емес. Тоты құс та сөйлейді, текеде де сақал бар, есекте де жан бар. Адамдық: «Хиралнас пен ниғық алнаш». Өзінен басқаға пайда тигізуші болса, дін қарындасқа жуық, жатқа, ағайынға, алашқа, — бәріне бірдей пайдалы кісі болса, адам — сол. Дәнемеге пайдасы жоқ, бостан босқа аузын ашып, аңқиып жүргендер көп болады. «Жаман адам жанға ортақ, // Атаның жаман ұғлы малға ортақ» — деп сондайды айтады. Бұғыбай басшы айтқандай: «Мен жауыңды шауып беруші емес, жауға барар жолыңды тауып беруші», — дегендей, мен білдіруші емес, білемін деп талап қылушыға — білетұғын, үйренетұғын жол бар екенлігін айтып жатырмын. Ғылым-білімнің бір тарауы, енді екінші фәсілі бар.
ҒЫЛЫМ-БІЛІМ
(ЕКІНШІ ӘҢГІМЕ)
Мінез түзету хақында Ғылым-білімнің ең әуелгі пайдасы — хұсен, құлық тахсылы дүр. Адам өзін көркем мінезге үйрету керек. Алла тәбәрік отғылы: «Сүюгәу жібін уаңа кағылы құлық ғызым құллиа мидих айылмыш дүр». Бұрынғы өткен ғазизлер бұл сөздің (сөзнің) тәпсірін назым илан былайша сөйледі: «Мұсылман ұғлыға жақсы қылық қыл, тіліңді-хош, шырайыңды жылық (иылық) қыл. Ағуздан саш (шаш), ерінде дүрр миғыны. Егер ол болмаса: «Хамуш илайғыны». Қазақша переводы: «Сөз білмесең, үндеме // Шығанақта тұрарсың!». Адам өзін-өзі жақсы мінезге салу қолдан келетұғын жұмыс екеніне бұл Хадис Шариф дәлеліт қылады: «Хыснадар хыла кәкім үихылқу бахлақ» — Алла бұйыруы бұл дәлел нақылы. Дәлел-ғақылға салып қарасаңыз, тәжрибе жүзінен көзбен көріп тұрмыз. Аспанда ұшып жүрген құсты саятшылар ұстап алып, шақырса, қолға келіп қонатұғын қандай жұп-жуас, мүләйім қылып қояды. Ат үйретушілер қандай асау атты соңынан еріп жүретұғын қылып қояды. Мініскерінің үйретуімен ит қандай үйренеді? Тілсіз хайуан мұндай мінезін түзеп ұстағандықтан, құнды, пұлды болып қолқаға жүреді. Мінез түзетудің мүмкін ергенлігінен Алла иамыр балғаділ айтысы дәлел дүр. Алла тағала пенделеріне ғаділменен әмір қылған екен. Қалай қылсақ, ғаділ боламыз? Оны білуге керек. Әр адамда үш нәрсенің қуаты бар. Бүл үшеуінің қуат күшімен кісі кісі болып жүреді. Бұл үш қуатының бірі — қуат ғақылия, ғақылдың күші. Бірі — қуат ғазбая, ашудың күші. Бірі — қуат шіһүние: әр нәрсеге көңілді шаптырып тұратұғын күші. Осы айтылған үш қуатының ператы [переводы] болады, тағыриты болады. «Перат» — деп, қалыбынан асқанды айтады. «Тағырит» — деп, қалыбынан кем соққанды айтады. Осы айтылған үш қуатты қалыбынан асырмай, не кем соқтырмай, орта қып ұстауды — «ғаділ», — деп, соны айтады. Құдай жаратқан нәрседе қалыпсыз, мөлшерсіз жаратқан (иаратқан) нәрсе жоқ (иоқ). Әр нәрсенің қалыбы бар, мөлшері бар. Адамның бойындағы мінез біткеннің тұқымы: ғақылдан, ашудан, шаһуаттан, — осы үшеуінен шығады. Бұлардың әрқайсысының үш орыны бар. Бір таяқты жерге тастай берсең, соның екі басы бар да, қақ ортасы бар. Әрман [әрі] қарап жатқан басыны «перат» — деп айтылады. Өзінің жақтағы басыны «тағырит» — деп айтылады. Қақ ортасыны «ғыпдал» — деп айтылады. Сонда мінездердің де ператы, тағыриты болады. Перат илан тағырит бұлақтың көзіндей: жарамас (иарамас) мінезлердің шығатұғын көзі. Ғақылдың ператын(а) «шірбізе» — дейді, қазақша «омырау» — дейді. Мұндай адам білуге мүмкін болмаған нәрселерді: «Білемін!» — деп, далбаса болады. «Аят «Мытша быһат»-лардың мағынасын білемін», — деп, Құдай тәбәрік отғылының қизауықтарына зыһын сарп қылып: «Хақиқатына жетемін», — деп, «Не нәрсе болса да, білемін, бәрін біліп қойдым», — деп сөйлейді. Өз ойында білмейтұғыны болмайды. Ғақылдың тағыриты «Біладат» — дейді, қазақша — «кес, кеще», — делінеді. Білуге керекті нәрселерді білуге тырыспай, ойсыз, мисыз хайуанларша мыһмыл қалу ғақылдың ғытдалына «хикмет» — дейді, қазақша: «Аңдымалы». «Адам өзін-өзі аңдып, бойына қарауыл салып ұстайды» — деседі. Білуі мүһем бек керек болған нәрселерді пайда зарарына шын айырып білу — екі дүниеде бірдей қор болмаслықты ойлау. Енді ашудың ператыны «тыһуорр» — дейді, қазақша «батыр» — деп, осы мінезді кісіні айтады. «Батыр, батыр — дегенге мазаттанамын деп, батпаққа батып жатыр» — дейтұғынлар осы мұндай мінезділердің хақында. «Ырыссыздың батыры шошқаға шабады», — десіп, мақал айтысады. Ашудың тағыритыны «жұбын» дейді, қазақша «үрей» — дейді, «аса қорқақ» — деген сөз. Бір кісі үш дұшпанға жалғыз шабу — ашудың ператынан болады. Бір кісі екі дұшпаннан қашу үрейліктен, ашудың тағыритынан болады. Ашудың ғатуалына(а) «шыжағит» дейді, қазақшасы «жүректі ер» — деген сөз. «Ерден иман құтылмас» — деген мақал осындай жанның хақында айтылады. Мұндай ерлігі бар кісі жалғыз да болса, екі дұшпаннан қорықпайды, қашпайды. «Жасқанған қорған емес, жағаласқан — қорған» — деп, соғыса бастайды. Енді шаһуаттың ператын [а] ғараб тілінде «шира» — дейді, қазақша «өткен» — дейді. Нәпсінің не тілегенін, бір [д] е-біреуі халал, хараммен жұмысы болмайды. Қызыл ет көрінсе де, адамдығын онан қызғанбайды. Осындай кісінің хақында айтады: «Еркек деген би еді, етті көрсе, иеді» — деп. Шаһуаттың тағыритына араб тілінде «хымод» — дейді, қазақша «ез» — дейді. «Осы шіркіннің үйірлігі жоқ па?» — десіп сөйлейді. Бұл мінез нәпсіге шариғат қосқан сыбағасын бермей, мақрұм қылу шаһуаттың ғытдалына «ғапат» — дейді, қазақша: «әдепті, ибалы» — деген сөз. Мұндай адам нәпсінің шариғат қосқан сыбағасын беріп, халалдан жетіп, халалдан ішіп, халалдан нәпсісіне ләззат алдырып, харамға баспай, нәпсісін бабымен ұстайды... «Нәпсің — мінетұғын атың, ол нәпсіңді ренжітпей, сыйлап-сипап ұста» — деген. Бұрынғы өткен мажтаһадлар, минзыплар мінезден мінезді айыру үшін мінез тұқымын тоғызға бөліп, алтауын тастап, үшеуін ішінен таңдап алған. Тастаған алтауы: жербезе, біладіт, таһрор, жибын, шыра, ғұт... — омырау, кісі, батыр, ұры, өткен, із (ез). Бұл алтаудан хылақ кітапларын тінтіп қараушы алпыс түрлі мінез таратады. «Хылақ зимиме» — дейді. Таңдап алған үшеуі: хикмет, шажағат, ғапше. Бұл үшеуінен сексен түрлі көркем мінез таратылады: «Хылақ хамиде» — дейді. Мінезді көркем қылып ұстау — бек зор пайдалы жұмыс. Құдай тәбәрік отғылы калам мәжидінің жиырмасыншы параның қақ ортасында сүре Лезхарипта... бұйырды. Яғни адамзаттың бағзысынан бағзысын дәрежеде мәртебесін жоқтары қылдым... Адамдардың бағзысы бағзысына мысхыр болсын [болуы] үшін ол дәрежеде жоқтары болған. Өзінің қол астындағыларына айтқанын қылдырып: «Мал керек» — десе, малын аямай, «Күш, көмек керек!» — десе, күш-қуатын аямай, иәрдемші болсын үшін. Дүниенің ісі осындай. Біреу біреуге тілін алдырып, не айтқанын қылдырып тұрумен низамға келеді. Бұл дәреже де біреуден біреудің тағауат [тағат] тауып, артық болмағы мінездің артықлығынан болады. Әркімнің мінезі халқы артық бола берсе, қадір-құрметі һәм артыла береді. Қазақ мақалында һәм бар: «Тайдың жорғасы түйе болады, // Жігіттің жорғасы еліне ие болады» — деген. Жорғалық мінездің жақсылығынан табылады. «Адамның өмір жасының ұзын болуына бес нәрсе себеп болады» — деп айтылған. Соның ең алдыңғысы — сылархым. Бұл сылархым жақсы мінезді кісінің қолынан келеді. Емен мінезді кісіден сыла, рақым табылмайды. Мұның хақында Хадис Шариф: «Силта рақым зиядет пейіл ғұмыр» — деген. Екінші — бойын таза тұтпақ. Мұның хақында ан хазіретіміз: «Шибах лұзұ зиядет пейіл ғұмыр» — деген. «Пәктік (пәклік), тазалықты ғадет қылмақ ғұмырзияда болуына себеп» — деген. Үшінші — исламды кім көрінгенге асығып беруді ғадетленбек. Мұның хақында: «Пыши ал-сәлем зидат фи ал ғимыр» — деген. Төртінші — ашық қолды (қоллы) болып, садақаны ғадет қылмақ. Хадис Шариф: «Садақа тырда лыблаяу тызайд алғымыр» — деген. Бесінші — Алла тағаланың: «Ан алла иа мирба лағдыл» — әмірін орынға келтірмек. Осы айтылғандардың бәрі жақсы мінезді адамнан табылатұғын болды. Сол үшін қазақ мақалында айтады: «Алғыс түбі — ақ май, // Қарғыс түбі — қара қан». «Алғыс алған мың жасайды, қарғыс алған бір жасайды». «Мың жасайды» — дегеннен: мұрат алғыс алушының аты артында мың жылғаша аталып қалады. Алғыс алмағанның аты өшіп қалады. Шажағат ерлік болды. Ғапат — әдепті, ибалы болу болды. Хикмет не нәрсе? Алла тағала Айта Керимесінде «...»— бұйырды. Хикмет шын сөзді болса, аманатқа қиянат қылмаса, яғни бос сөзді сөйлемесе, — осы үшеуі бір адамнан табылса, хикмет иесі адам деп айтуға жарайды. Бұл үшеуі бір ағайынды болып табылғанда, Лұқпан Хәкімнен табылған. Бір данышпаннан ғазиз адам сұрады:
— Дүниеде Кимия деген не нәрсе? — деп.
— Кимия өзі қолға түспейтұғын, дүниеде табылмайтұғын нәрсе болса керек.
Онда ол данышпан [да] жауап берді:
— Қанағатлығы болса, қош (хош) құлық болса, туазыхлық, мүләйімлікпен болса, кимия сол — дейді. Мұнан мағлұм болды: хикмет һәм кимия — жақсы мінез иесінен табылатұғын болды.
Хадис шарифта бар: «Мен ғамал биғалма иғылым. Алла тағала мәлім иғылма». Әркім білген ғылымменен ғұмыр қылса, білмегенін Алла тағала өзі бір-бірлеп білдіре береді. Мәснәуи: «Надан болса да, көңілінде... болмаса, ғаллат» — деп дүние мешітімен (мәжітімен) мібтілә болған көңілді айтады. Сол көңілінде ғаллат жоқтығы — ол наданды еріксіз ғалым қылады. Егер ғалым болса да, көңілінде ғаллат болса, дүние махаббаты әбден көңіліне қырарланып алса, оның білген ғылымын тұрақтатпай, айдап шығарып жібереді. Бұл дүние махаббаты көңілінде орын алған қудан жақсы мінез, емге іздесең, табылмайды. Қанағат қылғанда, не нәрсеге қанағат қылу керек? Әуелі ғылым, білімге қанағат қылу керек. Хадис Шариф былай деп бұйырған: «Мен һыдат әл-салам ұғылыма ал құран шым шакилығақта кетіп, Алла ал-зықыр бен ғиниали иум лықат». Бір адамға Алла тағала тозық һидайт беріп, дінменен илан мәшріп қылса, оның үстіне Калам шарифты білдірсе, енді бұл адам: «Мен бай болмадым!» — деп, тамұқ иесі болып жүрсе, Алла тағала мұқтажлықты маңдайына жазып қояр екен. «Қиямет қайым ғарасат майданы құрылашық уақыт ғиша енгім, оның (аның) үшін Калам-кадимде, филғыр хуну-һу хирммах хыбхон» — дейді. Мәснәуи Шариф: «Би шад болуыңыз, қуануыңыз Калам Алла білгеніңізге, дүниеде барша жиған-терген нәрседен. Бұл Калам Алла қайырлырақ (хайырлүрак) дүр. Бағзы бір молда аталған қулар өз шамасынша үйреніп білген ғылымына қанағаты жоқ болып, байлардың қолындағы малына көз сүзгендіктен, есік-есікке тентіреп, кедейлікпен ғұмыры өтіп бара жатыпты. Кәне, ғылым-білім иесі? Кәне, мағрипат сәжігені? Хикметке һал болған даныш иелері оқып, білгенінен миллетке пайда тигізбесе, миллетке пайда тигізетұғын ер — дүниеде сылайуқ емес, нәдір. Әлнәдірге лымхыдұм хикімінде болып, «Жалғыз ағаш, жалбарынсаң, жанбас», — дегендей, онымен басын қосып, екінші бір тұтанушы жоғынан құр бықсып, түтін болғаннан басқа табары жоқ. Темір қаншама асыл құрыш болғанмен, шақпақ тассыз жеке өзінен от шығып, от тұтатуға жарай ма? Жаңбырдың жалғыз (иалғыз) тамшысы садапсыз дүр гауһар болуға жарай ма? Сол сықылды серігі жоқ болған соң, жалғыз кісі кісі болуға жарай ма? Ғылым абрахмет жаңбыры садап секілді (шекіллі) бір тамшысына қанағат қылып, аузын жабушыларың (иапқушыларының) ішінде дүр гауһар есебінде болып, қасиеті күнбе-күн зораяды. Қанағаты жоқ киете (кей ит) лағыллардың аузына тамса — жыланға тамғаны у болған сықылды. Оның оқыған оқуынан не өз басына пайда жоқ, не басқаға тиер шарапат жоқ. Жүрген-тұрған жеріне шарапат болып, «Сырдан сыңар аяқ өткен» қуларға ұқсап барады. Ғылым аспандағы күн сықылды жарығы зор дүр. Әркімнің терезесіне қарай сәулесі түседі. Ғылым — ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең дария. Әркімнің ыдысына қарай су құйылады. Аспандағы күннің сәулесі түндігі ашық, терезесі үлкен үйге түсетұғын болды. Түндігі жабық, терезесі жоқ үйге күллі дүниені алып тұрған күннен иненің жасуындай сәуле бұйырмады. Су да қара жердің көрікті, шырайлы жерінде ағып, түбі бүтін ыдысқа тоқтайтұғын болды. Тақыр, сортаң жаман жерден сыр етіп өте шығып, түбі тесік ыдыстан сау етіп жерге бір-ақ төгілетұғын болды. Ғылым да әдепті, ибалы, мүләйім жақсы мінезлі адамға орнығатұғын болды. Жынды көбелек сықылды көрінген отқа барып, жалп ете түсетұғын қулардан не алсын (аласың)? Ондай адам оқыған оқуының қайда кетіп қалғанымен жұмысы да жоқ. Оқымаған наданнан күні жаман болып, тойған жерден кете алмайтұғын болған соң, жүре береді. Қанша айтқанмен, мінездің жақсы болуы әдепті, ибалы болумен табылатұғын болды. Әдеп сол өз бойына өзі қарауыл қойып: «Не кемшілік болса да, менің өзімде ғой» — деуменен — Басқаның бәрі ілгері дәрежеде ғой!» деп ойлаумен болады. Хазірет сұлтан Алғарфин — Қожа Ахмет Иассауидің үшінші халғасы: «Сүлеймен ата айтқан: «Ердің бәрін хызыр біл, // Түннің бәрін қыдыр біл!», «Асты көрсең, қадір тұт, // Ерді көрсең, қыдыр тұт!», «Барша — бидай, біз — сабан; // Барша — жақсы, біз — жаман» — деген. Хадис Шариф айтқан: «Шырып алмыр, балғылым уала», — деп, — Лa балмал уалсынып»: Ердің шарапатлы болуы — ғылым-біліммен, әдепті болумен. «Малмен, тұқымым артық» — деумен, онымен дәнеме болмайды», — деген. Ал, әдеп, ынсап (нысих) алдин. Әдеп — діннің қақ жартысы. Әдепсіз болған соң, дін жарты болып қалады екен. Бүтін болмай, жарты болған нәрсе іске жарай ма? «Ғылым шымырт уала» — деп, шежіреден лімтігін, шежірет киф егін. Шімірет ғылым — бір миуа жеміс, әдеп — жеміс шығатұғын мәуелі ағаш. Мәуелі, жарастықты ағаш болмаса, жеміс неменеге шығады? Мұнан мағлұм болды: ғылым ұмғырпыт жеміс екен де, оның өсетұғын ағашы әдеп екен. Бұ заманадағыны талапларының (тәліплерінің) кесірі — жүректерін қан қылып, ғылым іздейді (ізлейді). Әдеп қарсы алдында тұрса да, оның қай зат екенімен жұмысы жоқ. Сол үшін ғылым-білімнен жалаңаш (жалаңғаш) жүріпті. Замана — һыли кішір, талап-қыдыр, бол-ай, — деп сыдыр мәжіліс — қан қылар (қылор) сыдыр. Өзі төрде болғанмен, сөзі төрде болмайды. Ол төрден оған не пайда? Өзін төрге өзі сүйреп шығарғанда, не құрмет табады? Онан да шама келсе, сөзін төрде қылуға жаһат қылу керек. Мінез түзетуді бірсыпыра сөйледік. Ауыз өзіміздікі екенін тарпа бас салып таққанымыз. Бұзылғанда, мінез немен бұзылады? Онан да біраз сөйлеп, «дей бергіштігімізді» қуанған немедей жалғыз алмай, көппен бірге бөлісейік. Мінез бұзылғанда, ашуланшақ болумен бұзылады. Адам әуел бастан, құлын жастан ашуды жұтып үйрену керек. Бұрынғылар: «Ашу — шайтан, ғақыл — дос, // Ақылыңа ақыл қос» — деген. Ашу — өзіңе дұшпан нәрсе, ақыл өзіңе достық (дослық) қылатұғын нәрсе. «Екеуі жағаласа тура келсе, дұшпаныңа болыспа, достыңа болыс», — деген. Мінезді екінші бұзатұғын нәрсе — күншілдік. Күншіл болудан күн бұрын аулақ қашып, алыс жүріп үйрен. Мінезді үшінші бұзатұғын нәрсе — қырыс (хирас) дүние. Дүниеге махаббаты кеткен адам, көзі — соқыр, құлағы — саңырау болады. Қазақта мақал бар: «Соқырдың қолына түспе, саңыраудың астына түспе», — деген. Соқырдың қолына түссең, сенің қандай екеніңді көріп, танитұғын көзі жоқтығынан қолында тұрған нәрсесімен басыңа бір-ақ салады да, жайыңды табады. Саңыраудың астына түссең, «Өлдім!» — дегеніңді естімейді, өлсең, үстіңнен тұрмайды. Соқыр менен саңыраудан жақсы мінез табылмайтұғынын — жақсы-жаман, үлкен-кіші, — тегіс білсе керек. Мінезді бұзатұғын бұзғыштың бірі — тәкаппарлық. «Тәкаппар қатеріңе (хатырыңа) келсе, пейіліңе (пих) ал, // Ғазәзіл қысса, сені жадыңа ал». Мінезді бұзатұғын бұзғыштың бірі — нәпсіһой арзосы адам үйіңе келсе, соған далбаса бола берсе, мұның хақында: «Олататбиғ лыһой фәзлігін сәбиалла»: яғни сен нәпсіһой арзосына жүре берсең, ол сені жолдан шығарып, адастырып жібереді. Мінезді бұзатұғын бұзғыштың бірі — өтегендік, өрлік. Мұндай кісінің мінезі адыр-бұдыр келеді. Мінезді бұзатұғын бұзғыштың бірі — кінә сақтап, кекшіл болу. Бұрынғылар айтқан: «Қас жақсының өкпесі // Торғын орамал кепкенше. // Қас жаманның өкпесі // Басы жерге жеткенше!» Біреу саған дұшпандық қылса, көңіліңде сен оны дұшпан тұтып, кінә сақтама! Қазақта бір өлең бар:
Жақсылар қорғасындай ауыр болар,
Көзі — соқыр, құлағы — сауыр (сәуір) болар.
Жарлының жаздай мінген шолағындай,
Аяғы — ақсақ, арқасы жауыр болар.
«Ғылым-білімнің бірінші пайдасы — мінез түзету», — деп бастаған (башлаған) едік. Аяғын бұл жерге келіп тоқтадық. Жақсылық, жамандық адамның өз бойынан табылады, даладан іздейтұғын дәнеме жоқ. Жұрт қорқа беретұғын — жеті есікті үйдің кілті ашқышы ешкімнің қолында емес, өзіңнің бойыңда. Өз денеңде жеті есік бар. Денеңдегі жеті есікті бекітсең, тозақтың жеті есігі тас болып бекітіледі (бикутеліді) де қалады. Тіпті сені еріксіз сүйреп апарып салушы жоқ. Апарып салғанмен, есік ашылмаған соң, немене қылады? Денеңдегі жеті есік: көз, құлақ, ауыз, қарын, ұят жері, қол, аяқ. Бұлардың бекітуі, ашуды жоқ қылу — нәпсіғой (нәпсіһой) шаһуат алдызосын (аудызосын) жоғалту. Тәкаппарлықты жоқ қылу, күншілдікті жоқ қылу, хырыс дүние болмаслық. Өткендік, өрлікті жоқ қылу, кекшілдік, кінә сақтауды жоқ қылу. Осы жетеуінен өзіңді аршып, таза ұстасаң, тозақтың жеті есігі сен дегенде тарс жабылып, бекіп қалды деп біл. «Харам» — деген нәрсе — Құдай тағаланың құдірет жарлығымен карантин қылған жері. Сол карантинге бармай-ақ бір жағында жүрумен қанша жақсы ғұмыр сүресің?! Құдайдың мүлкін: «Ғар», — деп білемісің?! Карантин қылмаған мүлкінің өзі де сен сиярлық мол. Құй ұқ, құй ұқпа, айтқаным сол.
ҒЫЛЫМ-БІЛІМ
(ҮШІНШІ ӘҢГІМЕ)
Ғақыл не нәрсе, сөзді нәрсе. Соны біраз сөйлеу [керек]. Адам деген — бір жалаңаш нәрсе, оны жұрт көзіне киім түсіреді. Сонда мінез, ғақыл сөз болар киім есепті. Осылар көркем болса, жұрт көзіне сүйкімді, көрікті көрінеді. Егер мінезі жаман болса, ақылы жоқ болса, сөз ретін білмей сөйлесе, киімі жаман кісі есепті болып, жұрт көзіне сүйкімсіз, жексұрын көрінеді. Олай болса әркім мінез түзетуді, ғақыл не нәрсе, оны тануды, сөз деген не нәрсе, — осыларды өз бойына орна [ла] стыруды: «Тіршіліктегі керек нәрсенің ең алды екен!» — деп біліп, соңына түсу керек. Ғақыл деген бір нұр — свет, жарықлық. Бұл өзі Құдайдың беруімен болады. Иа болмаса, ісі ілгері басқанларды көріп, оның ісі не себептен ілгері басып жүр? Көтінен кейін кер [і] кеткендер оны көріп, оның ісі не себептен ілгері баспай жүр? Ісі ілгері басқанлардың қылғанын қылуға тырысса, көтінен кейін кер кеткендердің қылғанын қылмасқа тырысса, — осындай тәжірибеменен де табылады. Сондай болғандығы үшін бұрынғы жақсылар айтқан: «Ақылды өзің білмесең, сатып ал!» — деп. Адамның қақ қасында һәм халық қасында Құдай оқыматты өзінің ақылының мөлшеріне қарай болады. Ғақылды, ғылымды Алла мығалы адамзатқа қиған, басқа мақұлыққа қимаған. Ғақылдың қаралдысының үлкені жалғыз тарыдай болады: бұл — бір тарыдай ең азы. Бір пұт тарыдай ақылы бар жан болады. Бір арба тарыдай да ғақылды жан бар шығар. Онан да көп болса, бола береді. Бір тарыдай ғақыл біреуде бола қалса, ол ғақыл иесін қорлыққа жібермей, таза сақтауға жарайды. Біреуге біреу ұрысқанда: «Осы, шіркіннің өзінің тарыдай ақылы жоқ!» — деп ұрсады. Малайлықта, қара жұмыста жүргендер тарыдай ақылының жоқтығынан өмір бойы қызметтен басы босанбайды. Тарыдай ақылы болса, есебін тауып, малайлықтан, қара жұмыстан құтылып, басқа бір таза кәсіпке кірісіп кетеді. Зейінге (зыһынға) салып, ойға жүгіртіп қарасаңыз, адамның басының ішіндегі мида бес қызметкер бар. Бұларды: «Хос, хамса, бати» — дейді. Бірі — қуат: хысміштірік; бірі — қуат: қиял; бірі қуат: мүтәпікіре (мітіңре). Бірі — қуат уаһма, бірі қуат: махафаза (махазита). Ең әуелгісі — хысміштірік. Мұның орны құлақтың тесігінің далаға қарап тұрған аузында болады. Мұның қызметі — жұмысының жартысы тыста, жартысы іште. Егер хысміштірік жоқ болса, екі көздің көруі екі басқа болар еді. Хысміштірікте болған машинаның бұзылғандығынан кей адамның көзі теріс қарайды. Оны қазақша: «Теріскөз» — дейді, араб тілінде: «ахеуи» — дейді. Ондай кісі бір нәрсенің өзін екі орында тұрған сықылды көреді. Бұл хысміштірік — көздің көрген нәрсесін адамның ішіне переводтап жеткізетұғын тәржіман. Екінші қуат — қиял. Мұның жұмысы — переводчиктің переводтап жеткізген нәрсесін жазып тұрушы хатшы есебінде. Мұның қуаты — бір көріп көз үйір болған кісінің түрі, түсі оның жоқ уақытында оймен ойлап, айтуға мүмкін. Көрген, тұрған жерлердің тағырибин тусыған (тасыған) — осы қуат — қиялдың күшімен екінші біреуге айтып түсіндіруге жарайды. Үшінші қуат — мүтәпкіре (мітіңре). Переводчиктің жеткізгенін хатшы дұрыс жаза ма, теріс жаза ма — үстінен қарап оқып тұрады. Төртінші қуат — уаһма. Мұның жұмысы — көрген, көрмеген нәрселерді, шын мен өтірікті, — бәрін бірдей астарлап соға береді. Мұның еркіне қоя берсе: «Ғаламда жүз мың күн бар» — деп ойлайды. Охалаңке бүтін ғаламда бір күннен басқа күннің жоқтығы баршаға мағлұм. «Дүниеде сынаптан мың дария бар» — деп ойлайды. Охалаңке біреудің өзі де жоқ. Хайуан ғырнатықтың білімі осы қуат уаһманың күшіменен. Ұшқан құс, жүгірген аң, төрт аяқты мал — осы уаһманың күшімен төрт нәрсені біледі. Бірі — жаратушы кім екенін кәміл біліп, өз шамасынша бәрі Құдайға жалынышта жүреді. Екіншісі — әрқайсысы өз қорегін (хорегін) кісіден сұрамай таниды. Оны жеткізуші — Құдірет екенін біледі. Үшіншісі — әрқайсысы өз көшәнедесін көргеннен таниды. Өзіне не дұшпан, не нәрсе қас, оларды қандай десең, сондай біледі. Сол үшін қазақ тілінде айтылады: «Тұрымтайлыға торғай жолықпайды, // Қаршығалыға үйрек ұшырамайды» — деп. Мылтықсыз кісіден аң да, кұс та қашпайды, отыра береді. Мылтықты кісіден күн ілгері маңайына келтірмей, қаша бастайды. Төртіншісі — әр мақұлық өз жынысының еркегі — ұрғашысын, ұрғашысы — еркегін — бұрын көрмеген болса да, көргеннен тани бастайды. Бұл уаһмаға еріп кеткен адам хайуан есебінде болып қалады. Соның үшін айтылады: «Ферғауын ғалия мастыхақтың білімі ғақылмен емес еді, өһіммен еді. Егер оның білімі ғақылмен болса, Құдай тағаланың құдайлығын таныр еді. Қатын тағасы һәм дүние шаруасына еркектен білімді болады. Оның білімі де уаһманың күштілігіменен. Болмаса еркектен ақылы асқандықтан емес. «Ұрғашының шашы ұзын, ақылы қысқа»-лығынан қандай жақсы болсын, бір жаман еркектің қол астында пенде болып жүреді. Болмашы нәрсеге қызығып, алданып қалғаннан, бұл қуат уаһма қиялын [ы] әбден билеп алса, оқуы мүмкін болмайтұғын нәрселерге ұрындырып, хақиқат мерген қалып болатұғын жұмыстарға бастап кетеді. «Аса білім бас жояды» — деген — осы. Бұл уаһма — не десең, өзінен шығып тұрған шайтан десе болады. Қазақша мұның атын: «уайым» — дейді. Жоқ нәрсені ойлатады. Асылы қашан да болса да ойға түспеңдер, ой ойлаушы болмаңдар, ой — шайтан жұмысы. Қазақ мақалында бар: «Жақсы — жаманның азығы, // Өлі — тірінің азығы, // Уайым — шайтанның азығы». Адамның денесінде болған барша қуатлар ғақылдың қол астында болады. Жалғыз-ақ уаһыма ғақылдың қол астында болмайды, ғақылдың өзімен ертеңді-кеш жауша жағаласып тұрады. Бесінші қуат — махафаза. Бұл қуат лұх орнында, хысміштірік-переводчик-қиял қатшы — Мітіңре — переводчик не айтады: хатшы, иа зауи — үстінен қарап тұрушы. Уаһма — «Ақты қара қыламын» — деген прокурор есепті. Ғақыл окружной сот-ешкімге зарар болсын деп ойламайды. Окружной сотпен тепсініп сөйлескен прокурордай-ақ уаһма ғақылмен жағаласады да, тұрады. Қуат махафаза, — бәрінің бас қосып, пәтуа қойған жұмысы — жазылатұғын тақтай. Бесеуі бір жерге бас қосумен не жұмыс та болса, тастай болады да, қалады. Ойлап тұрсақ, адамның көңілі бір дария болды. Ол дария болғанда, неменең болды? Даладан бес үлкен өзен келді. Бірі — көрген нәрсесі, бірі — естіген нәрсесі, бірі — ұстаумен білген нәрсесі, бірі — иіскеумен білген нәрсесі, бірі — дәмін татумен білген нәрсесі. Бұл бес өзен келіп, хысміштірікке құйылды. Даладан ағып келген судан не келмейді? Арам өлген әр түрлі мақұлықтың өлексесі де келіп жатыр. Дүниеде не жаман, не жақсы, — бәрін тазалап айдап кететұғын — ағын су. Соның бәрі дарияға келіп құйылып жатыр. Бұлай болғанда, қанша үлкен болғанмен, бұл дария ішуге де жарамаса керек. Иісінің сасықтығынан маңайынан кісі жүре алмаса керек. Жоқ, олай емес, хысміштірік судың адалын ішке жіберіп, арамын далаға қарай қайта ағызып, іске жарайтұғын [ын] хатшыларға жаздырып, жарамайтұғынын бір су ағар жолмен қайта далаға шығарып жатыр. Даладан келген бес өзеннің суы хысміштірікке құйылған соң, жайылып, үлкен болып, әр арнада бір өсуменен ішке қарай он өзен болып кетті. Сонымен барып адамның көңілі ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең дария болды. Енді бұл дариядан не табылмайды: балық та бар, бақа да бар. Қырда нешік түрлі хайуанат көрсеңіз, суда — дарияда соның бәрі де бар. Ол дарияда неше түрлі түбінде жатқан асыл таслар (тастар) да бар. Садап һәм бар. Оның ішінде дүр тасы һәм бар. Осындай көңілі дария болған адам шаршы топта ұялмай сөйлеуге жарайды. Сөздің асылы: үшбу айтылған он хуаш, бесеуі заһырда, бесеуі батында. Бәрінің басы бір жерге бірігуімен сөз болады.
XXX
Ынтықтама, мыққолғама, молдахама, зыбышхама «Фазыл Құдай сағат сөйлеген сөзі түгел болып отырса, кәрі-жасқа, үлкен-кішіге, — баршаға бірдей ұнап тұрса, машықсыз хатшы болып, хатқа ұста болса, өзіне келсе, киім қона кетсе, мұның бәрі бір адамның бойынан табылса, Алла тағаланың фазылына алған адамы болып табылды деп біл!». Сыдық ахуал, хасен хызал, рыфық хуал-ғаламат қыбалсит сөзлік болса, хысылытлары көркем болса, мүләйім жуас, жұмсақ болып келсе, ісі ілгері басуға лайықланғанлықтың ғаламатлары болды.
СӨЗ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ
Сөз — өзі не нәрсе? Сөз — адамның өнері (һөнері). «Өнер алды — қызыл тіл» — деген адамның ғазиз шариплік сөзбен болды. Хайуан сөз өнері болмағаннан, хайуан болды. Көңіл — бір жатқан кеннің дариясы. Сөз — сонан шыққан жауһар. Ауыз — бір сафап (садап), сөз — онан шыққан гауһар. Тіл — бір өткір қанжар, болат метін. Оның майдалап, уақтап, жасап шығарып жатқанының бәрі — ниһу: көп адамның бір жерге бас қосқаны. Бір бау-бақша жасалған сықылды да, соның ішінде сөз жеміс сықылды. Бұл палак бір жым болғанда, оған жан болуға сөз жарайды.
Бұ дүние — бір қараңғылықтай нәрсе. Оны жанды қылатұғын — абхаят сөз. Кәлам фасих: «Өліп қалған көңілді тір [і] көрір. Сөздің ләззатын адамның жаны рақат алұр, сөз жүгінің шамлы. Хазірет Жебірейіл ғалайссалам болды. Сөз осал жүк [пе] екен?! Tіc тізіліп орнында тұрғанда, қат [е] ден жерге шашылса, не құн табады? Назымменен келген сөз — орнында тұрған тіс сықылды, қара сөз соның шашылып жерде жатқаны сықылды. Назым — әртүрлі жеміс ағашы шығып тұрған бау ағашы. Қара сөз — тау ағашы — отын керек қылған оны алады. Қызыл гүлдің бау-бақшада үлпілдеп тұрғаны — назым. Жерге шашылды, қара сөз болды. Меруерт, маржан, інжу, ғақық әбдіреде жатты, кім көрді?! Тізілсе, жұрт көзіне түсетұғын болды. Қара сөз — солардың әбдіреде жатқаны, назым — тізіліп, жұрт көзіне түсуге жарағаны.
Бұрынғылар айтқан: «Тұз — май қатығы, // Өлең жыр — сөз қатығы» — деп. Бір сөз қанша жалған болса да, назым болса, адамдар құлақ салып, даналар оны пент қыла дүр. Осы айтылған тақырыпларға садық сөз сөйлегіші заманымызда бар. Бірақ аузын ашып, тасып алушы садап жоқлығынан қара таста қына болып, жабысып жатыр. Ай, жігітлер, садаптың аузына тамамын дер гауһар болғанда, абрахмет иа ғұмырының қатресі. Қара тасқа тамыр мен қына болған абрахмет жаңбырының қатресі.
Араға тамса, бал болған,
Жыланға тамса, у болған.
Тікенге тамса, қызыл гүл болған,
Тақыр жерге тамса, ащы сор болған,
Тұздың кеніне тамса, тұз болған,
Шөпке тамғаны — қызғалдақ,
Ағашқа тамғаны жапырақ болған, — бәрі абрахмет жаңбырының қатрелері.
Мәснәуи Шариф:
«Ан екі хыриапыт палак набуд иафыт палан керек хырра дірт пұт». Бір адам қолына бір есек түсіп еді. Оған аркасына салып мінетұғын палан болмады. «Палан» — деп, Ферғана заман уалаяты есекке тоқитұғын тоқымды айтады. Бір уақытта бұл бейшара палан тауып алып еді, есекті қасқыр жеп кетті. Бұл замана сондай заман болды. Айтайын десең, тыңлаушы жоқ. Тыңлайын десең, айтушы жоқ. Жалғыз уық емен ағашы болмай, миқан ағашы болсын, шаңырақ көтеріп тұрып, үйді үй санына қосуға жарай ма? Қарағай болсын, қамыс болсын, көп болған соң, шаңырақты көтеріп, үйді үй санына қосуға жарайды.
Мәшһүр Жүсіп өлеңі.
Сонымен бұл жалғаннан өттің кеттің [50].
Мәснәуи шарифтен:
Ай, бысамырғы періде дәне[ме] жо[қ] кебір [кеуір-кәпір] де халық, һәм халық. Көп құстар (құшлар) ұшып дәне талап қылады. Ең жоғарыда: «Сытхалық олған тағам ұшырапқа хырыс олға»: ылғи бейшараның өзін торға түсіріп, тамағынан қан алдырады.
«Ай, бысамырғы зымғыде өзмығыс. Бір кінәр бам мыхбос қығыс»: Көп құстар құрсағының аштығына дауа, талап қыламын деп, там үйдің шошмағында қапаста жысында тұрып қалады... Көп балықтар суда жүріп, қандай қолға түспейтұғын қулар тамағының тоюына хырыс болғандықтан. қармаққа қадалып, торға ілініп қалады. ...Көп болады. Өзін-өзі түнекке жасырып, шымылдықтан шықпай, күн көрмей, жел көрмей жүрген қулар екі тесікке тығын іздеймін деп, қанша мерсықлықта қалады... Хадис Шариф айтты: «Ол Мұхаммед Мұстафа салиалла ғылина өсім:
— Кімде-кім кепіл болса, есіктің асты мен екі аяғының арасында өзі ие болуына, оның жұмаққа (ұжмаққа) кіруіне мен кепіл боламын — дейді.
Өз бойындағы нәрсеге өзі ие болмағанға өкпе жүре ме? Өзі-өзінікіне өзі ие бола алмағанға өкпелеу жарамайды.
Қара сөз ұзарып, оқушыны жалқау қылып барады. Біраз шағыр жаздым.
Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап [51].
МӘШҺҮР ЖҮСІП УАҒЫЗЫ
Адам дүниенің опасыз екенін, ғұмыр жастың өтетұғынын, басында тұрған дәуреннің кететұғынын білген соң, бостандығы моланың басына орнатқан тас сықылды қақайғаннан қақайып қарап болған соң, ұстамалы бір ауыр ойсыз тіпті болмайды. Сол ауыр ойдың баршасына да дауа бар. Не үшін десеңіз, дерт жіберген Құдірет болмашы бір нәрседен дауасын да өзі жібереді. Бірақ дауа жоқ екі түрлі ауруға. Бірі: «Өзің білме, білгеннің тілін алма!» — деген қарғысқа ұшыраған ақымақтардың ақымақлығына дауа жоқ. Бірі — жалқаулардың жалқаулығына, еріншектің ездігіне дауа жоқ. Ақымақлықтан жалқаулық көп жаман. Бұл жалқаулық зор ғып дауасыз ауру. Не үшін десеңіз, Алла тағала: «Хазіретлері...» — дейді. Өз қолымен қылып алмаса, адамға дәнеме жоқ екен. Сонда бұл хасуста ан хазіретіміз салиалла ғалайссалам: «...Сағынамын... Талап қыламын: «Сақтай гөр!» — деймін... — Жалқаулықтан, жас болып кәрі кісі сықылды кеп, әрекеттен бос қылмақтан» — дейді екен. Бұрынғылар:
— Кедейлік үш ағайынды болады, — деген. — Үлкені — кежірлік, ортаншысы — еріншектік, кенжесі — ұйқы, — деген екен.
Осы айтылған үшеуі жалқау кісіде бір туысқан бауырдан жуық боп бас қосады. Кежірліктің тамыры желкеде болады. Кежір кісінің желкесінен тартып, қаңтарып қойған қырық қаңтаруы болады. Бірі жіберсе де бірі жібермей, ішетұғын астан, алатұғын олжадан құр қалдырады. Жалқаулықтың тамыры — жерге отырарлық дүнбенің (дүмбенің) алақан аясындай айналасында болады. Орнынан қозғалып тұрғысы келмейді, найқалып отыра береді. Ұйқының тамыры — шынтақта болады. Ұйқышы болатұғын қу шынтағын жерге тіреп, жата береді. Тіл алғыш, елгезек болып үйрен, кежірліктен құтыласың. Тіпті дәнеме қылмасаң да, жаяу аяңдап, олай-былай жүріп үйрен, жалқаулықтан құтыласың. Дүние ақыреттің бірі болмаса, бірінің уайымын ойлап: «Қалай қыламын, қайтіп есебін табамын?!» — деген ойға түс, ұйқышылықтан құтыласың. Бұл үшеуінен құтылсаң, қолың әр нәрсеге жетеді. Бұл үшеуі: бірі — желкеңнен тартып, біреуі дүнбе құйрығыңнан жерге қарай жабыстырып, бірі шынтағыңнан қисайта құлатып жібермей, табандап жатқан соң, қолың қайда жетсін?! Өзіңнен-өзің көтіңнен кейін қарай кетіп қор боласың. Адам әуел өзінің қалай жаралғанын біліп, онан соң Жаратушы халқы, ұсанғы кім екенін танып, онан соңғы зәруі керек нәрсе — мінез түзету екендігін білген соң, ғақыл не нәрсе, сөз не нәрсе, — мұның бәрін таныған соң, не болу керек? Мұсылманшылықта болу керек. Бұл мұсылманшылық деген немен болады: уағдаға опалы болуменен, пайда менен залал таласып келгенде, залалға өзі шыдап қалып, пайданы басқаға қиюменен [болады]. Асылы адамзат: Адам ата, Хауа анадан өрбіген жан бәрі бір кісінің тұқымы екендігін білісіп, бір-біріне жаны ашып, артығы болса, ауысып, қажеті (хажаты) болса, берісіп, кем-кетігін көрісіп, ысхаутылығы, омырауаттлығы болуменен болады. Бұлардың бір де бірі жоқ, құр намаз оқып, ораза тұтқанмен, домалақ-домалақ тасты жіпке тізіп алып санауменен мұсылманшылық табылмайды. Алла тағала Құранда тығауын тынасыр тығасындменен әмір қылды. Оның мағынасы: «Бір-біріңе жәрдемші бол; бір білек, бір бас, бір көңілде болыңдар! — дейді. Бір жерде болған жамағат басы қосылғанда, бәрі бір кісінің денесіндей болу керек. Ішінде бірін бас орнында сайлау керек. «Не айтады?» — деп, соның аузына қарау керек. Онан соңғылары: көз, құлақ, мұрын, ауыз, қол, аяқ, — орнында біріне-бірі қайырылысып, бар-жоғына, аш-тоғына кем-кетігін қарасып, бір денедегі тұтас мүшелердей бірін-бірі жүдетпей ұстауға хүммет, қайрат қылуға керек. Дүние малы дүниеде қалады, ешкімнің көріне бірге еріп бармайды. Оны ойлап Құдайдың әр не бергенін ортаға салып, өзі ішіп-жеп, өзінен артылса, жұртқа ішкізіп, жегізіп, жалғандағы жиған-терген дүниенің қызығын сөйтіп көруге керек. Бізге Құдай тағала пайғамбарлар жіберді, Құран кітап алдырды. Сол жіберген пайғамбардың ақыры — Мұхаммед Әл-Мұстафа салиалла ғалайссалам — сол кісінің мінез қылығын (хылқын), қылған ісін ғалымлардан естіп отырып, соны үлгі қылу керек. Ол Мұхаммед пайғамбар өзі Әбубәкір Сыдықтың қызын алды, оған күйеу болды. Ғұмар Лығароқтың қызын алды, оған күйеу болды. Бұл екі қайын атасын көзінен таса қылмады. Хазірет Ғұшманға [Оспанға] қызын берді, өзіне күйеу қылды. Хазірет Ғалыға қызын берді, өзіне күйеу қылды. Екі қайын атасы, екі күйеуі — төрт жар болды. Бұл төртеуінің бір жерге бас қосып бірігуіменен пайғамбардың пайғамбарлығы күшейді. Онан соңғы Мекке — мікірмеден көшіп келген мыһажырынларға Мединеде тұрған аңсарлар екі қатынды сый (ғып), бір қатынын босатып берді. Екі аты бар. Бір атын түсіп берді. Екі киімі бар, бір киімін шешіп берді. Сонымен Мыһажырын ансары күшті болып, біріне-бірі жәрдемші болып: «Отыз үш мың сахаба» — атанды. Сонан соң бұларды ешкім айырып, араз қылып ала алмады. Сондай Құдайдың абзал жаратқан Мұхаммед пайғамбар салиалла тағала ғалия өслам — төрт жардың, отыз үш мың сахабаның басы қосылумен жау жаулап, жұрт алды. Онан бұрын елу жасқа жеткенше түк кескен жоқ. «Басы — бұлбұл, аяғы — дүлдүл» болса да, жұрт қолына алып көтермей, адам дәнемеге жарамайды. Мұнан ғибрат алып, ойлауға керек. Атқа тоқуға жарамайтұғын жалба-жалба жаман шоқпытты ағаштың басына байлап: «Ат шабар, ат шабар!» — деп, айғай салса, сол шоқпыттың соңынан қанша жиылған жан еріп жөнелді. Бір жерге апарып шаншып қойса, соны айнала (айлана) отырады. Сонан келіп жұрт көзінше асып өткен атқа бәйге тігеді. Оған жете алмай қалғанға дәнеме жоқ қылады. Жұрт қолына алып, ағаштың басына байлап, көтерумен жұмысқа жарап, «қарақшы» — деп ат атанды. Қағаз ақша немене өзі? Ішсе, жесе, тамаққа жарамайды, бұзса, бұйымға жарамайды. Жұрт қолына алып, қадірлеп жұмсаумен қанша алтын, күміс — қанша дүниені қопарып ала бастауға жарап, жұрт оны жанындай сақтап, іннен-інге тығады. Олай болғанда талап қылып тырысып, жарыққа таласқан көбелектей жұрт көзіне түсіп халық аузында сөз болуға ұмтылу керек. Қазақта бір мақал бар: «Жігіт өсекке ілінбей, есепке ілінбейді» — деген. Және бір сөз бар: «Батып кінә қылуға жарамаған жаман — қорқып тәубе қылуға да жарамайды» — деген.
Бұрынғы қазақ жақсылары айтқан екен:
Боларыңда болып өт,
Боз жорғадай желіп өт.
Болмасыңды білген соң,
Болған ердің қосын жек.
Өзің адам болған соң,
Аудара тастап,
Қалай кетсең, олай кет!
Бай болсаң, торғын орамалмен бетің сүрт,
Жарлы болсаң, жаныңменен көтің сүрт.
Бай болып, бар болсаң,
Жан бір — алтын ханыша:
Сыйласаң, сыйлауыңа тұрады.
Жоқ болып, жарлы болсаң,
Жан — бір күдері:
Қанша қинасаң, қинауыңа шыдай береді, үзілмейді.
Және бір жақсы мақал бар:
Жігітлікте жаннан кеш те, іс қыл:
Өлсең, өлесің.
Өлмесең, кісі боласың.
Білген адамға — бәрі насихат,
Білмегенге не айтасың?!
Шайхы Сағди:
«Лышыразы Рахымалла лыбары». Бірік дір хытан сыбыздыр һытыр хошиар. Әр ұрқид пітірсат Мағырпата кердігер». Бапшыл ағашларының жапырағы есі бүтіндердің ноқта татырларында, яғни бысырит көзі илан көргіштерінің көңіл көзінің қарасында әр жапырағы — бір кітап орнында, Құдай тағаланың шеберлігін таныту турасында... Сол зат Шариф айтқандай, Құдай тағаланың жаратқан: жер, көк, тау, тас, ұшқан құс, жүгірген аң, ғылым-білім іздегенге (ізлегенге) — бәрі дәріс, бәрі сабақ. Аузының дәмі қашқан аурудың ас жақтырмағаны сықылды сөз мәнісін білгендер сөзді жақтырмаған есеп. Өзі түспеген [түсінбеген] соң: «Керегі жоқ әлде неменені жазған», — деп оқымай, тастай береді. Сөз мәнісін білетұғындар айнала тұра қалып, онан бір мағына таратып алғанша шыдамай асығып, ынтығы, көңілі соны білмектің, оқымақтың соңында болады. Біздің қазақ тілінде «мақал» — деген сөз бар. Соны: «Бұрынғылардың мақалында бар екен» — десіп айтысады. «Ол мақал деген қандай сөз?» — десеңіз, «Хақ жандырған шырақты ақымақ үріп сөндіре алмайды деген» — деп келеді. «Оны қайдан алып айтты?» — десеңіз, «бұрынғы тоқсан тоғыз мың машайықтан қалған сөз екен» — десіп келеді. Кімнен қалса, онан қалсын, далаға кетпейді, кітап сөзімен жарысып отырады. Сопы Аллажар кітапта айтады: «Шырақты неге Хақ жандырып қойды? Оны кім: «Шүбә» — дейді, сақалы күйді.
Мәснәуи Шариф:
Шырағы — раке — езу, бір парызы — кісі кеш пен кіндісбіліш сөзі: «Бір шырақты Құдірет өзі жандырса, оны: «Жоқ қыламын» — деп үрлеушінің сақалы күйеді.
Айта — Кериме һәм ішінен(иишінен) «...» [53]. «Шырақ» — деген сөзден ғират (мырат) — дін ислам нұры екен. «Дін исламның нұрын сөндіремін!» — деген ақымақтан саналады. «Мұны да ешкім де сөндіре алмайды» — делінген сөз екен. Хазірет Сұлтан Алғарфин, Қожа Ахмет Иассауи, Шаһынша әулие бір күн «тоқсан тоғыз мың машайық» — атанған мүридлерін жамиғ қылып, баршасына бұйырды дейді. Ан хазіретіміз салиалла тағала ғалия өсләм миғраж асқанда, Құдай тағаланың құдіреті илан тоқсан тоғыз мың сөз сөйлескен екен. Отыз үш мың шариғат, отыз үш мың тариқат, отыз үш мың хақиқат, — соның бәрі бір кітапта асла (әсте) болмайды, бір жерден табылмайды.
— Сіздер баршаларыңыз бір жерде отырып, бас-басыңызға бір ауыздан сөз айтыңызлар, кейінгі заманға жәдігер болып қаларлық болсын! Сол Құдай тағаланың құдіреті илан Мұхаммед пайғамбардың сөйлескен сөзін пендеде білуші жоқ. Бірақ сізлердің сөздеріңіз — сол зордың көлеңкесі сықылданып, жұрт аузында қалсын! — дегенде,
— Қай қай ретті қылып сөйлейміз? — деп, Сұлтан хазіреттерінің өзінен сұрағанда, зат Шариф мүбәрәк тәліптері илан өзі айтты, — дейді. «Мақал» — деп айтылатұғын сөз болсын: «Шаруа көшсе, байиды, // Дәруіш кешсе, байиды» «Уақытсыз ерден — бақытсыз ұрғашы артық». «Осы мақалдар Сұлтан хазіретлерінің өз аузынан шыққан» — деп, Мақтымқұл сөзінің есебінде (сынды) бар ғазизлер айтқан. Тоқсан тоғыз мың машайық бір төбенің ту басына орнап, үшал жайға «Мәслихат төбе» — деп ат қойды, — дейді.
Сондағы орнаған жайлары — дария жағасы екен.
— Хазіреттің бұлай айтысында бір сыр бар ғой, — дескеннен, сонан сол дария «Сыр суы» атанды дейді.
Сонда бұлар бас қосып, не айтарын біле алмай, жөнделе алмай, біріне-бірі: «Сен айт, сен айт!» — десіп, жалғызы дәнеме айта алмаған соң, ең алдыңғысының айтқан сөзі екен:
— Хазірет баршамызға, бас-басыңа бір сөз айтып шығарды. Жалғызың дәнеме айтпайсың, «Өзің білме, білгеннің тілін алма» — деген осы екен — дейді.
Сонда солардың ең аяғы, соңында қалғаны айтқан екен:
— Шідердің қасында құйысқанға қыстырылған тезек сықылды болып жүріп, мен не айтамын? — деген екен.
Орта бойында біреуі дәнеме айта алмаған соң:
— Кел, мұны қол-аяғын байлап, тіпті ештеме айтпаслық [қа] суға тастап жіберелік! — деп, бас салғанда,
— Құдай-ай, ту... «Көп қорқытады, терең батырады» — деген осы екен-ау! — депті дейді.
«Сол ретпенен әрқайсысы бір сөз сөйлеп, қазақ ішінде «мақал» — деп айтылып жүрген сөз сол тоқсан тоғыз мың машайықтан қалған екен» — десіп келеді.
«БАСҚА ПӘЛЕ — ТІЛДЕН» — ДЕУДІҢ МӘНІСІ
Түркістандағы күмбездің ішінде үстіне жолбарыс терісі жабылған, басында мүйізді бастар тұрған жолбарыс атанған кісі — хан баласы шаһзада екен. «Баба Сәмбет әулие» атанған кісі екен. Бала жасынан сөйлемеслікті ғадет қылған екен. Ит жүгіртіп, құс салып жүреді екен. Сонда атасы қасындағы жігіт-желеңіне тапсырып қойған екен:
— Егер елсізде жүріп, осы баламның аузынан үн шықса, не сөйлеп тілі шықса, менен сүйінші сұраңдар! — деп.
Күнлерде бір күн бір қырғауыл қалың шөптің ішінен: «қақ-қақ!» — деп дыбыс шығарған соң, дабыл туып (түйіп) ұшырып, қосына алдырып шоқытып отырғанда:
— Басқа пәле қайдан? Басқа пәле — тілден, «қақ, қақ!» — деп, өзің дыбыстамасаң, саған пәле бар ма еді?! — деп сөйледі дейді. Соны артында аңдып жүрген төлеңгіт естіп алып, ханнан сүйінші сұрапты:
— Тілі бар екен, өзі сөйлемей жүр екен. Құсы қырғауыл алғанда, сөйледі, — деп.
Хан баласын алдына шақырып алып:
— Құсың қырғауыл алғанда, не дедің? — деп еді.
Балада үн жоқ, сазарды да қалды. Хан осыншама ділгір болып: «Сөйлер ме екен?» — деп, сұрап бақты, бала да сөйлемеске, тіл бермеске шыдап бақты. Ханның ашуы келді:
— Далада құсың қырғауыл алса, сөйлейсің. Мен: «Сөйле!» — десем, сөйлемейсің. Бар тіліңді жоқ қылып, менен жасырасың, бір дүлей, мылқау болып бар болғаныңнан жоғың жақсы. Ұр жаққа, жұл мұртын! — деп бұйырған соң, хан жарлығын екі қыла ма,төлеңгіттер ұра бастады. Сонда бала не дейді:
— Сөйлегеннен сөйлемеген жақсырақ. Сөйлеп едім, басыма тиді таяқ! — дейді. Басқа дәнеме айтпады. Хайыр атасы башлық қанша жамағат сол жерде баланың әулие екенін біліп, аяғына жығылып, ғызырлар тіледі. Бар ғұмырында сөйлеген сөзі — осы екі ауыз сөз. «Онан басқа ләм-мим дегенін пенде хұда естіген жоқ» — десіп айтысады.
Әне, сондай тіліне ие болған ғазизлар қандай зор дәреже тауып (табып), әлі ұйымлы қиамет аузынан бір ауыз сөзі дүние һәлінің көзіне сүрме (сүреме) болып қалды! Мына бізге қарасаң, қарғаларша қарқылдап, арбаларша шарқылдап — толмаған торсық екенімізді өз қолымызбен ғаламға шашып, жасырарлық ғып мейізіні (мизіні) ашып, бітімсіз һай мұратым аз... Адамдардың тиімсіз қылығы сөйлеген сөзінен білінеді. Не үшін десеңіз, ішінде дәні жоқ пістенің аузы ашылды-ақ дегенше, рәсуа болады. Осы айтылған қаулаға мұтабық өзімізді өзіміз рәсуа қылып, дей бергіштігімізді білдіріп жатқанымыз ғой. Ешкімге насихат айтар жайым жоқ. Қанша айтып, онша айтып жатырмын, өзіме айтып жатырмын. «Мәшеке, Мәшеке!» — дегенге мәз болмай, асылын (сыл) сылыма қара. Қайдан шықтың, қайдан келдің? Бергі шыққан жеріңе көз жіберсең айатолым нәжіс су киімге тиіп кетсе, жуып тастауға (таслауға) лайықты болған. Мойныңа салып тұрған сөзден танғанмен, құтыла аламысың? Арғы шыққан тегіңе қарасаң, кім көрінген ерік шіркін төгіп жатқан тұрап дәлел — қара топырақ. Әуел басынан ойлап қарасаң, напақ су едің. Бұл жолының (иолының) бірінен шығып, біріне кірдің. Бес ай жансыз, бес ай жанды: ғарабша — «рухұма», қазақша «жатыр» — деген үйде жатып, қыз қанынан қорек алдың. Онан соң және барған жолыңнан қайта жалған дүниенің жүзіне шықтың. Жатқан жерінің, кірген-шыққан жерінің жайлысы-ай?! Шыққанда не болдың? Аузыңа өкпе тығып, артыңа құрым кигіз тігіп, ағашқа таңылдың. Болғанда, не болдың? Ныжасыт хаммалы болдың. Құрсағың толған айтуға жарамайтұғын нәрсе. Қуығың толған — бәуле. Мұрныңда — сіңбірік, аузыңда — қақырық, құлақтарыңда — қулық, көзіңде — былшық, тамырларыңда ет пен терінін арасы — іркілдеген ірің. Қолтықтарыңда — қолаңса, аяқта — шуаш. Жүзіңнің ақлығы нұр деймісің, былағамнан келген нәрсе. Жүзіңнің қызылы қызыл гүл деп білемісің? Арам қызыл қан: бір тамшы жағына шықса, намазға жарамайды. «Сарғылтым — алтынның ажары» — деймісің? Өттен келген сары зерденің бояуы. Қаралығың — «мүшік қосылған қара сия» — деймісің? «Қастауыш» — дейтін қарақұрым араласқаннан күнде екі қабат ішек-қарын аршығаннан жаман арам-алыс нәрсеге қолың былғанады. Өн бойыңда кісі жиренбейтұғын бір жерің жоқ. Ақырында құрт-құмырсқаның азығы, бір сасық өлексесің. Осы айтылғанның бәрі өз қарақан басыңнан табылып тұрғанда, ұялмай, қызармай, қай жеріңнен тәкаппарланып, өзіңді-өзің әлдеқандай көріп отырасың. Уоу, жүзіқара Мәшһүр, жұрт: «Мәшһүр, Мәшһүр!» — деген кез [де] «Бұл не қылған Мәшһүр?!» — деп ойласам, «Ниһаяты барып тұрған ақымақлықта Мәшһүр екенсің ғой!». Не үшін десең, ғылымдық (ғылымлік) илан жаһіллік егісі бір-біріне зыдлар дүр... Екі зыдырсанның бір жерге бас қосып, біріне-бірі достық(достылық) қылмағы лайық (зылайық). Бұл Мәшһүр наданларың сені мадақ үшін айтқан сөзі болса, сенін надан екенің мұнан мағлұм болып, айтпай танылып, сұралмай білінді. Неге десең, танымаған кісі танымаған біреуді мақтай ма? Таныған кісі өзінің таныған адамын мақтайды. Өздеріңдей надан болған соң, надандығыңа әбден сүйсініп мақтап жүргені, «Сенің молда (молла) екеніңді біліп мақтады» — деуге өзі надан болған соң, кімнің молда екенін, кімнің молда емес екенін қайдан білсін?! Жаһал кісі мадақ (мадах) етпес. Мекер өзі ұқсас (ұхшаш) жаһалды (жаһылын) мадақ етер. Ғалымлар, оһаһылдар бір-біріне зыдлар дүр. Ғалымға хас болған істі (іиші) жаһал құп көрмесе керек. Жаһаллар істі ғалым һәм құп көрмесе керек. Жаһал ғалымға дұшпан дер. Шоңа өзі ғалым болған жоқ. Ғалымның мән-жайын білмес, танымас, сыйламас бар емес пе?! Егер зым үшін айтылған болса, бұл зым сенің һізөксің ғылым мығарып сыддында болғанлықтан, дүние жинамай, ғылым мығашта ғақыл өрістің (орыштың) жоқтығынан айтылған сөз болды. Онда ол ғылым омғарпың дүниеде сені құр алақан қалдырады. Әрі мал тауып беріп, бай кісі қылмайды, әрі жақсы атақ алып бермейді. Олай болса, Мәшһүрліктен безер бол, ақыретте құр алақан қалмасқа сағи қыл! Ан хазіретіміз салиалла тағала ғалиөссаламның бұл Хадис Шарифын жадыңда озбұт етіп, істелінбес ғазаба иом лықиата ғалым ләминғыға ғылыма қиямет көзі ғазаптың қатты, күштірек ғылымы — өз басына пайда бермей, қаңғып жүрген молдаларға болса керек... Пәлі, тапқан олжаң! Қой, қой, қой, ақ қағаздың аппақ бетін қаралауға тырыспа! Қара көңілді ақ қылып, мазмұн болған сағатлардан өзіңді пәк қылуға тырыс. Өзіңнің өзіңе жаның ашымаса, саған кімнің жаны ашысын!
Иосиф абыз не айта [ды] не істі:
Қолым қорада, құлағым далада, ойым — Алла қай жақ шыған. Фирөзеде көк тас, етек — мойыншақта — көк тас, көріністі адамның бәрі адам. Аспанда болған жұлдыздар һәм сондай. Бірақ жұлдыздардың ішінде қолға түспейтін саты да бар. Кісі қашып құтылғысыз нас та бар. Адамда да сондай: көзге сүрме қылуға тотия сықылды: ексе, бітпейтін, қуса, жетпейтіні де бар. Бас ауыртқаннан басқа түкке жарамайтұғыны да бар... екеуі бірдей. Бірақ бірі — бірге, бірі — мыңға жүреді. Садап дарияда да бар, құры шөлде де бар. Бірі — дүр тасына қап, бірі — шіріген сүйек. Жылтырап көрінуге шам да жылтырайды, мұз да жылтырайды. Қант та аппақ, тұз да аппақ. Бірақ екеуінің дәмі екі басқа. Осыларды айтпай танып, сұрамай білуге ердің ері, егеудің сынығы керек.
ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ ТУРАЛЫ
...Бұрынғы қариялар мұны: «Бұ иар есебі» — деуші еді. Осымен күн есептеп айтқаны айтқандай келіп отырушы еді. Наурыздан есеп қылғыл: жаз — тоқсан төрт күн, жаз — саратан тоқсан үш күн: 13 хамал, 13 шор, 13 жүзе, 13 саратан, 13 есід, 13 сүмбіле. Күз — сексен тоғыз күн. Қыс — тоқсан — сексен күн. 2 мизан, 3 ғықырып, 29 құс, 3 жыды, 3 ұлу, 19 хұт — айымды Наурыз күнін жақсы мығын қылсаң, жаздың 92 күнін тамам қылып, жайына кірер болсаң, он күн бұрын Үркер туар (туғар). Он күннен соң, отыз үш күнде Тараз отығар. Елу күннен соң Жарқырауық туар. Онан соң қырық үш күнде күзге ілігерсің. Онан соң 89 күннен соң қысқа кірерсің. Қыстан он күн бұрын Үркер ұяғыр. Қыстың тіле он күн боспа шопан тонар, жиырма күн қайтсе суық келер... Хамал отыз бір күн болар. Қарғаның он беске келер күн берілетін онда теңелер жаңа жыл онда есеп болды. Марттың бір жаңасы — орысша (росыхша) он сегізін: «Алексей Божын» — дейді. «Қар астынан от жанады» — делінеді. Он бірде — «көк табан», он екіде: «... табан» — деседі. Тур [а] отыз бір күн болар (болұр). Шүркірекеш (төркірекеш) һыдһыд шақырар, алты жаңасына кіріп ап, ағызы ашылар. Он беске Қызыр Ілияс қамшы сілтер күні болды. Жиырма жаңа сыйға үркер суға түсер. Үркер суға түссе, сиыр да суға түседі. Ақ сиыр бұрын түссе, қыс қарлы болады. Қара сиыр бұрын түссе, қара [қардан] кешу (кешуі). Апрельдің жеті жаңасында нұр (шор) бір және енеді. Жүзе (жоза) — отыз екі күн. Майдың сегізінде күн жүзе бір және енеді. «Аты жоқ» — деген құс сонда (анде) шақырар. Барша ағашларға жапырақ жел көрер. Бұлан сонда (анде) тоғыслар. Оның (аның) он беске жай тоқсанының басы болар. Саратан — отыз бір күн. Сарғалдақ деген шымшық сонда (анда) шақырар. Саратан кірекеш Үркер туар (туғар) июньнің тоғызында саратан кіреді. Июньнің он екісінде Тұрсынбай баласы Шоқыбай көрсетті:
— Әне, Үркер! Жұрт туатын жерін білмейді, сондықтан көре алмайды. Әйтпесе он екінші июньде, міне, көрінеді, — деп.
Онда біз жиырма алты жастамыз, сонан соң кім керек қылыпты оны. Саратанның он бірінде күн қайта бастайды. Шілде (шілле) түсер: күн қысқарып, түн ұзара бастайды. Сыд отыз бір күн болды. Июльдің он жаңасында сүдігер сыд болды. Жаз қаңтары, жаз ортасы сыдының жиырмасында жаз — шілде шығар. Орысша — июль, арабша — Сыд, румие есебінде тамыз дейді. Қазақтың: «Сарша тамыз» — деп жүргені — сол. Румие есебі: 1. Азар, 2. Нысан, 3. Аяр, 4. Хызыран, 5. Тамыз, 6. Аб, 7. Июль, 8. Шырын уани. 9. Шырынтаны. 10. Кәфін әуел, 11. Канын таны, 12. Шыбат. Ескендір Зұлқарнайыннан қалған — он күн бұрын жүргізеді. Сүмбіле отыз бір күн болар. Оның он бесі — күз тоқсанының басы болар. Қырғи келер, құс айрылар, төбе жел болар. Өрдегі баласы анасы... байтоқсаны сонда (анда) түгесіледі. Августің тоғызында күн сүмбіле бір және енеді. Августің он жетісінде астауға мұз қатса, жиырма екінші февральда күн жылынады. Мизан. Отыз күн бұрын мизан енді. Күн бірле, түн анда теңеу [і] — он беске қазан кіреді, Бұлан сонда (анда) шығады. Жүзә да балалайды. Мизан мен жүзә: әр ай — сегіз ай, Бұлан сегіз ай көтереді. Сентябрьдің он жаңасында күн мизан бір және енеді. Мизан Тараз үкенле (өгенле) нәрсе. Өлше — нұр палак уәжде. Сүмбіле — бір жиейле тақырып... Қазақ: «Қыркүйектің қызыл желі» — дейді. Бір жұма аумай, жел оңында түседі. Он екі айда желдің қисынын түзейді — деп,есеп айтқыштың бір тәжірибесі күні. Ғақырып — отыз күн боларының он беске қараша деген қаз қайтар. Сонда қария-ғар, мұз түнер. Апрель — қысы бес-он күнге бар дүр. Жоқ ерісе, мұз тоңар. Октябрьдің он бірінде күн ғақырып бір және енеді. Ғақырып ақырын келсе, қыстың қаһары қайтты. Октябрьдің он төртінде кескен ағаш шірімейді. 28-інде «Метрей» — деген күн болады. һәмма құслар қыс [қа] шыдай алмай кетеді. Үшінші октябрьде құмырсқа жер астына кетеді. Құс 29 күн болады. Ноябрьдің он жаңасында күн құс бір және енеді. Ноябрьдің жиырма бесі — қыс тоқсанының басы, Үркердің батқан күні болады. Қарақұйрық ұйығады: адал аңның алды. Жыды 29 күн декабрьдің тоғызы күні жыды бір және енеді. Декабрьдің жиырма бесі — Иса пайғамбар туған күн — қыс ортасы. Жиырма тоғызында жұмла суға түседі. Ойықтан қара су ішу жарамайды. Жыды — Кажабаласы Темірқазықтың арапша аты. Декабрьдің он тоғызы — қыс шілдесі басталып, ғинуардың жиырма сегізінде қыс шілдесі жоғалады. Ұлу отыз күн ұлу кірсе, қыс қаңтары ауады. Қаңтар дегеніміз — қыс ортасы. Ұлудың он бесіне аю ақырып айналады. Ол — ұйығу үшін бастаған ойыны. Ұлудың жиырмасына қыс хыламы шығады. Ұлудың қалған он күнінде: «Мане атман» — дегеннен қазақ «ақпан» кеткен. «Бой тоқтыда бұлғақ қалды, // Бойшаң қызда бұғақ қалды» — деп, «Қырлан, ақпан, қырлан — деп, қаңтар мырза өте шығады» — делінген сөз бар. Қазақтың қаңтары — қыс ортасы да, ақпаны осы дудың он күні. Ғинуардың 8-жаңасында қояш ұлу бір және кіреді. Хұт (құт) отыз күн болар (болұр). Февралдың жеті жаңасында Күн бір және хұт кірсе, балықлар су түбінен бетіне ойнап шығады. Хұтының он бесінде қыс тоқсан шығады. Баһар тоқсанының басы бастанады. Онан (анден) соң сегіз күн «Иамғы жүзу» — дейді. Қазақ: «Кемпір осырығы» — дейді. Онан кейін жеті күнді: «Аям рахмет» — деседі. Бір тілде «бірсым» — дейді. «Жел жібектей есіледі», — дегені — «Хұт тамам болды, ескі наурыз өмірін тауысты» — деседі. Екі наурыздың арасы үш жүз алпыс бес күн. «Жібек құртын жандандырамыз» — деп, ышқырына қос хына байлайды. Жанданған соң, тұт жапырағының ортасына тастайды. Сонан соң домалақ-домалақ оралып, жібек болып шығады [53].
РИЗЫҚ ТУРАЛЫ
...Сонда ризық екі түрлі. Бірі — заһарда адамның тіршілігіне күш-қуат беретұғын: асамақ, ішпек ұқсамақ. Бұларға зәрүрі болған керек-жарақ нәрселер. Бірі — бәтін де, көңілінің де өз алдына ризығы бар. Жанның да өз алдына ризығы бар. Ғақылының да өз алдына ризығы бар. Нәпсінің де өз алдына ризығы бар. Сырының да өз алдына ризығы бар. Көрініп тұрған ризықларының ризық екенлігін барша хайуанат түгел біледі. Өзінің тұрған заманында ризық неден болғанын, оны беріп тұрушы кім екенін айтпай біліп, сұрамай таниды. Адамның адамшылығы — көрінбей тұрған қалыпта, рухта, ғақылда, нәпсіде, сырда ризық барлығын біліп, сондайын ризықлар бірлан ризықланып, халық-жұртқа һәм сол ризықлардан үлес несібе үлестірсе, хазірет Ғиса ғалиассаламнан жәдігер қалған бір сөз бар: «Кім де кім болсын, екі тумай, іске жарамайды» — деген. Бір туғаны ананың құрсағынан шығып, шешенің жатырының тарлық, қараңғылық, қиындығынан жарық дүниенің жүзіне шығып, қанмен араласқан жаман сулардан құтылып, қалқиып, қарайып кісі болғанды айтады. Екінші туатыны — хайуанлық дәрежесінде қалдыратын мінездерден құтылып, адамдық дәрежесіне белге (білге) ішпейтін, жемейтін періште сипат болуға тырысып, өз қарақан басыңның ыстығың (ішітығың) не жұмыс үшін жаратылғандығын түгел танып, көзге көрініп тұрған ғылымлы сорда қалмай, ғылым мағына жұмысымен айналысуды айтады. Солай болғаны үшін әуелгі (ауалғы) шешеден туған туысты қанағат қылып: «Сонымен кісі болдық» — дегендер жаны жоқ өлік есебінде болып ел болудан, жұрт болудан қалып барады да. Ғылым-білім пахым, парасат күшімен өзін екінші тууға түсіргендер жаңадан бір рух жасап алғандай болып, тіріліп, көшіп, ілгері басып, таяғы жұрт үстінде болып барады. Әуелгі туғанмен қанағат қылып қалғандар тірі жүрсе де, өлік есебінде, өлсе және өледі де қалады. Екінші туу қолынан келгендер дүниеде жүргенде де, тірі: өлсе де, оған өлім жоқ. Жалғанда жүрер жолын, қылар ісін әбден біліп алғаннан тұпа-тура Құдайына барады. «Ғылым-білімге — әбден жетілгенді далада қалады» — деп ойламаңдар. Ғылым-білім оған Құдайды бір таптырады. Айта — Керимеде-Алла тәбәрік отғылы: «Ие ғалам лығып уалшаһадат», — деп тұр. Оның мағынасы: «Көрініп тұрған да ғалам бар екен». Көрініп тұрған ғаламды: «Ғалам лашаһадат, ғалам лызор, ғалам лыхақ» — дейді. Көрінбей тұрған ғаламды: «Ғалам лығиып, ғалам лимығына, ғалам ламир» — дейді. Олай болғанда, көрініп тұрғанды: төрт аяқты хайуан, ұшқан құс, жүгірген аң, — бәрі де біледі. «Көрінбей тұрған ғалам» мағынада — ғалам ламирде не бар, онан адамға келетұғын қандай пайдалар бар? Соны білуге тырысу керек. Бұрынғы ата-бабаларымыз мұның бәрін білді. Бірақ артына нұсқа қалдыруға хат жазу білмеген себеплі ауыздары айтып кетті. Исі қазақ деген жұрттың көрініп тұрғаннан басқамен жұмысы болмағаннан: «Қазақтың жаны — азапта, // Наданның жаны — тозақта!» — деп, зарлап кетті. «Көзі соқыр — соқыр емес, // Кеудесі соқыр — соқыр» — деп, қақсап кетті. Осы сөздерді бұрынғы ата-бабаларымыз айтып кеткен. Сонда біздің осы көрініп тұрғанменен ғана алданып: «Өзіміздің шешеден туумен кісі болдық қой!» — деп, шолақ ойда қалғандығымызды білгендіктен, бұл сөздерді айтқан. Құдая шүкір, біздің исі қазақ деген жұртта аса зор, тіпті мол бір байлық бар. Мүлтігі жоқ, міні жоқ, қатесіз бір өздеріне мәләкә болып байланған, ешкімге ортақсыз еншісіне тигендей бір нәрсе бар. Сонда бұл қазақ өзге жұрттан артық бай болғанда, неменеге бай десеңіз — «Наданлық байлығы». Надандықтың байлығына келгенде, қазаққа жетемін, теңелемін деп ешкім талас қылмайтұғындығына қол ап кел! Онан соң жұрт болғанда, өзінің қатесіз, дұрыс нәрсесі — надандығы. «Қазақтың надандығында мүлтік бар, мін бар, қате бар» дегеннің өзі де оңбас. Мұнан көтерме алып, пайда қыламын дегенің басқа жаққа қаңғыма, тек қазақтың ішіне келсең, шохи етегіңнен ілініп, тұра қаласың. Адамның тысқы денесінен біраз сөйлеп, «дей бергіштігімізді» білдірдік. [Адамның] ішкі тарапынан біраз сөйлеп, «Уалжаһыл мырзұқ» — деген сөзге қаптал екенімізді танытайық деп жатырмыз. Біз мырзұқ болғанда, неменеге мырзұқ болдық? Малауйғы бос сөзге мырзұқ болдық. Біз аузымызға ие болып, «екі елі ауызға төрт елі қақпақ» қойсақ, аузымыз садап болар еді де, ішімізде ғылым-білім дүр тасы болар еді. Аузымызға ие болмақтық. Аузымыз «ауызы ашық» дегендерінің қабығы болды да, бақалшылардың қоржынында сатайын десе, өтпей, тастайын десе, көзі қимай, буыншақ-түйіншек диуаналардың қалтасындағы: құрт, бауырсақ, кәкір-шүкір сықылды дорба қампитқаннан басқа дәнемеге жарамай қалғандығымызды жұрт білсін деп, бейпіл байлықты аямай шашып жатырмыз. Адам алмаған соң, ақшаға өтпеген соң, далаға шашпағанда, мұны не қыламыз? Ақыретке алып баратұғын көрік пен атаукереміз емес, мына бір шаһары... һыдһыд Сүлейменнің көріп келуімен хазірет Сүлеймен ғамға [ғалайссаламға] баян қылған Сыба (саба) шаһарынан кейін болса, Құдайға салыңдар. Адамның денесінде ішкен-жеген қоректің ғайытылтығынан, барып тұрған тазасынан жиылып бір араға топланып [топталып] [54] жүректе бір рух жасалады. Мұның атын: «Рух хайуаны» — дейді. Сондай болатұғынлығы үшін қазақ жұрты айтады бір тамақ ішерде: «Жүрек жалғайық, жан шақырайық» — дейді. Бұл сөзлерінің мәнісі — тамақ күшінен жиылып болатұғын нәрсе екен. Құдайдан келген жан басқа, бұл басқа. Құдайдан келген жан «Құллы рұхпен мірір биома отитыммен ал-ғылым ала қалла» — жанған шам сықылды үйді жарық қылғаннан басқа үй жылытуға, тамақ пісіруге күші болмайды. Өзіміздің қойдың қиынан болған отын үйді жылытады, тамақ пісіруге де жарайды, өз әлінше оның да жарықлығы бар. «Рух хайуаны» осы есепті. Қош онан соң қаннан туған есепті болып бауырда бір рух жасалады [55]. Оның атын: «Рух шаһуаны» — дейді. Он екі ағзаға азық-қорек жіберіп, денені түзетіп, ұстап күшейте беруге жаһыт қылып турады. Бұл екеуінің бірі нысан мішәбесінде адамға адамшылық жөнін ойлатады. Бірі жын мішәбесінде адамшылықтан шығарып, жын-шайтан қылатұғын жұмыстатуға тырысады. Құдайдан келген рух періште мішәбесінде, ғылым ұмғарып, мұның жарығымен көріліп танылады. Хош, бұл рух хайуаны илан рух шаһуаны — ерлі-байлы есепті болып, екеуінің аз дауа жыннан мытыз (үмітсіз) жыннан нәпсі мәрре туады. Үйіне бұл нәпсі мәрре еркек болып тумайды, әйел болып туады. Бір Құдайдан басқаның бәрі де жұп жаралған. Құдай тағаланың жаратқан нәрсесінде ерлі-байлы болып жаралмаған еш нәрсе жоқ. Ағузы билламин ал шайтан ал-ражим... Нәпсі мәрренің атасы — Нысан, анасы Жын болды. Нәпсі мәрренің жыннан болған нағашылары бұған неше түрлі тағатны зейнетлеп көрсетіп тахынт есебінде [56] жасап, патша көтерді. Адам ата, Хауа ана бір-біріне мытсызах қылды. Екеуінің хытлатыннан һой туды. Табиғат бесігінде тербетіліп, хылат Рыбғаның құтымен [қуатымен] тәрбие тауып өсті. «Лыжыныс емал ла лыжыс» — ұры-қарының серігі» — дегендей. Бұл һой мен Нәпсі (нығыс) Амарре екеуі бірігіп, дене шаһарына орнап алған соң, адамның денесінде Құдай жаратқан үш қуат бар еді. Бірі — ғақыл қуаты, бірі — ашу қуаты, бірі — шаһуат қуаты. Ғақыл қуатынан омыраулықты алды, ашу қуатынан батырлықты алды, шаһуат қуатынан өтегендікті алды. Бұл үш мінезді өздеріне ертіп, бесеу болып алған соң, Құдай пана берсін, қамысқа өрт қойғандай, дүрілдеп ала жөнелді. Бұл үш мінезді өздеріне ертіп, бесеу болып алған соң, денедегі іске жарардың бәрін жан-жаққа айдады. Әуел басы нәпсі өзі шаһуатқа жүзденді (иүзленді), көңілді ғаплытқа жүздендірді (иүзлендірді), денені харам шапһатқа жүздендірді, тілді малауғыны бос сөзге жүздендірді. Көзді дүние мытахларына, жалғанның жарастығына жүзлендірді. Қүлақты ғайбатқа жүздендірді, қолды жаннатқа, қиянатқа жүздендірді. Аяқты басшысыз, қосшысыз тозаққа салған бойымен апаратұғын жолға жүзлендірді. Ғақылды — ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең ойға салып жіберді. Рухты ғұбұп ұғрұр тәкаппарлікке жүзлендірді. Сырды сытыр ласырар болмай кәшіп ласырар болуға жүзлендірді. Бастан-аяққаша күллі денені түгел билеп алған соң, біреуді зер пірсіт қылды, біреуді — бұт пірсіт қылды. Тіпті дәнеме табылмаса, төсегінің үстіне ақ топырақты алып келіп үйіп қойып, соған табынатын қылды. Бала күнімізде ертегі қылып айтушы еді: «Бір қыз патша бар екен. Соған мұсылманнан шыққан бір жігіт ғашық болып келген екен. Сонда ол жігітке қыз патша айтқан екен: — Мына жақта маған ғашық жеті дию бар. Жетеуі жеті кентте ие болып тұрған. Сол жеті диюдің басын алып келсең, сонда мен саған тиемін. Ол жетеуі жеті кентте тірі тұрған күнінде мен ешкімге тие алмаймын. Жаным тәтті, қорқамын жанымнан! — деген екен. Ойлап қарасақ, сол жеті кент адамның өз денесінде екен. Мұны «Кәпірдің жеті кенті» — деп айтылады екен. Адамның денесінде болған жеті кент: көз, құлақ, ауыз, қарын, ұят жері, қол, аяқ. Бұл жеті кентте жатқан жеті дию: ашу, батыр, шіһөт, тәкаппарлық, күншілдік, хырыс дүние, өтегендік, кекшілдік. Енді бұл жеті кенттен не іздесең, табылады. Жалған жарастығының бәрі осыларда. Бұл жеті кентке қараған жұрттың ара-арасынан ағатұғын дариялар бар. Дүниеге шұғылданудың өзі бір дарияға түсіп кеткенмен бірдей. Дария қылзымнан кейін болса, Құдайға сал. Уайым-қайғының өзі — бір Дария. Дария ғыманнан кейін болса, Құдайға сал. Хырыс дүние болудың өзі — бір дария. Ғапілдік — өз алдына дария. Бұл екеуінің өзі — Ақ теңіз, Қара теңізден кейін болса, Құдайға сал! Таусылмайтын ұзын ойдың дариялығы дүние айналған мұхиттан кейін болса, Құдайға сал! Мен өзім көп шаһарды араладым. Мұндай өз дүниесі өзінде түгел шаһар көре алмадым. Дүниеде кісінің қанша есін алатұғын, ішсе, есінен тандыратұғын — біреу қымыздан жасады, біреу тарыдан жасады, біреу мейізден жасады. Арақлар бар ғой — қай түрлі мас қылатұғынды ішсе де, ішкен кісі есін бір жиып, өзіне келеді ғой. Бұл шаһарда бір түрлі күшті арақ бар. Ішкен кісі өмірінде есін жия алмай, өзіне ие бола алмай қалады. Ол ненің арағы десең, наданлығының арағы. Надандықпенен мас болғанға өмір бойынша есін жиып, өзіне келу жоқ. Ол арақты ішіп алған соң, өмір бойы есі өзіне келуден қалған соң, бұлардың ұстаған діні не? Бұлардың ұстаған діні — ананит. Бейшара марқұм Ақмолла айтты ғой: «Әркімді ананит адастырады, // Қисайды сол себеплі аяқ басу» — деп. Өздерінің ұлықтап, тәрбиелерлік, күтіп алған жеті құдайы бар: хып гүл, хып инох, хып жымах, хып нәпсі, хып мал, хып олт, хып жат.
[МӘШҺҮР ЖҮСІП ӨЛЕҢІ]
ЖАРАТЫЛЫС СЫРЫ
Бұл шаһарда бар екен Рам бағы,
Әркімлердің көңілінде қалған дағы.
Исі жарған мұрынды қызыл гүлдер,
Саһи сәру өзінде шамшат тағы.
Болады күн десең де, ай десең де,
«Кірпігі — оқ, қасы — тартқан жай!» — десең де.
Шашы — сүмбіл, исі бар мішік жұпар,
Болады қымыз десең, шай десең де.
Көруден, үзіп күдер, кім түңілді,
Жағалап қанша жүрсе, бұл Еділді?!
Бықсыған түтіні жоқ, жалыны жоқ,
Оты бар өртейтұғын жан көңілді.
Тіл қатып бір-екі ауыз шықса тілі,
Жау болып жан-жағынан бұрынғы елі.
Ғақылды сабырменен ұшыратұғын —
Және бар ол шаһардың күшті желі.
Жаралған қаншама асыл адамзаттан,
Бездірер есіңді алып, жуық жаттан.
Көзі-тілдің түбінен шықса бұлақ,
Көп артық тәттілігі бал мен қанттан.
Бара-бара бездірер төрт пен бестен,
Төрт, бес түгіл кешеді күндіз-кештен.
Бұл шаһарға кірген жан шыға алмайды,
Айрылуы, сүттен — ақ, ақыл-естен.
Аядай жерден ағып бір төрт бұлақ,
Су ішінде саулайды жанып шырақ.
Көрген соң судан жанып тұрған отты,
Қалады құр шықпаған жаның бірақ.
Біреуі — Телеграмма (Тіләңкірәм) сол бұлақтың,
Тұрады қақ қасында қос шырақтың.
Шаһардың патшасына жеткізеді
Хабарын жуық пенен ол жырақтың.
Бутартпа ол бұлақтың болған сыры,
Бәрінің де көз тартып ажар түрі.
Халқының бір шаһардың бәріне-жан:
Күшімен осы будың болып тірі.
Енді бірі бұлақтың ән салады,
Ғақыл-ойың жете алмай, ес танады.
Ішпей суын, ерніңе тиюменен
Өліп жатқан жансызға жан салады.
Шаһардың қоныс мекен қылған қасын,
Сүрумен қызық дәурен, жасап жасын.
Бұл шаһарға түсумен назар көзі,
Талай соқыр көтеріп алған басын.
Жаратқан қызықты ғып Құдайға бас,
Балқиды өне бойың, болғанда тас.
Балқымаса, немене деп ойлайсың,
Соқырлардың көзінен саулаған жас.
«Шын жыласа, соқыр көзден де жас шығады» — деген — осы. «Ұстасаң, уысың толмайтын, ауырлығы — қадақтың төрттен біріне толмайтын әне бір қыз емшек, екі төбе бар ғой! Соның басына шығып, қарауыл қарар ма еді?» — деумен құр аузыңнан сілекейің аққаннан басқа түсер дәнеме жоқ болып кететұғын күндер бар еді ғой! Күллі шаһардың бәрі де бір бас, осы екі төбенің сүйкімдігі де бір бас. Құдай тәбәрік отғылы бізді қызықтырып сөйлеген: «Шаһар деген — сегіз есікті үйін мақтағанда, онда хор лағынның барлығын: «Пажағала-һуын егер» — деп, түсіп қылып мақтаған. Құйрығы басында болған жануарлар араласпаған сөзде маза болмайды. Бұл шаһардың қызықтылығына қызығып, кірген жан дүниесі түгіл, басына ие болмайды. Адам атадан бұл заманғаша жан біткен құмар болып келе жатқан бір сұлу қыз бар. Неше мың байдан қалса да, «Қызбын!» — деп, қарайды да, тұрады. Қалың малы-жан, иман. Алла сақтасын, бұл қыздың уысына түскен адам адамдықтан шығып, дәнемеге жарамайтұғын болып қалады. Мыңнан біреу-ақ басын алып шығуға жарайды. Хош, енді бұлай болғанда, не болды? Шайтан Ғалия лағынға (алғынаға) шайтандық қалмады. Мұны көрген соң, ол өзі шайтан болып қалғандығына пұшайман болды. Неге десең, оның отығасы адамзатты азғырмақ еді. Мұндай болған жанды азғыру түгіл, өзі шәкірт болып, мұнан сабақ алуға лайықты болып қалған соң: «Баяғыда жысдына сәжде қылмаған адам баласынан қалай сабақ аламын?» — деп, арланды. Өзінің дәлелімен болмай, өз бетімен мұндай болып кеткенін көрген соң, шайтандығы далада қалғандығына зарланды. Біліп дүр заһыр дұшпанларын дост емес, қажетке кірмеклік иле пост, — дейді.
НӘПСІ, РУХ ТУРАЛЫ
«Алла адамды иманлыққа бұйырушы» — деп еді. Ол нәпсіні бұлар таққа отырғызып, хан көтерді... «һой оһус арзосына табиғ болма, ол сені Құдай жолынан адастырады» — деп еді. Бұл жеті кентке бағынған жұрт ол һой оһуске әбден еріп алды... Құдайдан басқа құдайға серік тапты-лар. Құдай орнына өзінің көңілі сүйген нәрселерін Құдай тұтынды-лар. «Әркім — сүйгенінің құлы» — деген сөз — Үшбу айтының [айтқанның] мағынасы: «Әнбие, әулие Құдайды қандай жақсы көрсе, олар да өздерінің көңілі қуатлаған нәрселерін сондай жақсы көреді» — делінген [57]. «Ағуз биламин ал-шайтан ражим фырайтымен тынхыз Алла һуат айа»: Көрмейсің бе, ай, Мұхаммед, аншылайын адасушылар (адасқушылар) өздерінің арыз қылған нәрселерін Құдай тұтындылар. Ол бейшаралар да ойлайтұғын шығар: «Біз де Құдайдың құлымыз» — деп. Жоқ, жоқ, олар Құдайдың құлы емес, өздерінің көңілі сүйгенлерінің құлы. Солай болған үшін ан хазіретіміз сали Алла тағала ғалайссалам бойла бұрды: «...» Құдай қашан да жақсы нәрселерге табынғушыларының бәрінен һойсына табынушылар — «атбығазе үжік сорын рақ». «Ағуз биламин ал-шайтан ал-ражим! Уажыраб лыһыр мышла сыхап лығритаз жаһа лымырсын»: баян қыланларға қария иелеріне жіберілген мүрсәллерінің қисса уажбарины ол қария һұлларына Құран өктеп сөзі келді. Оны айтып түсіндірерлік ғалым ғұламалар келді. «Ағуз биламин ал-шайтан ал ражим — азарсылына лиһым шын-пігіз бұһма фығиззына бышалыш фықалуана лікам мірсілүн» — ол қария һылларына [құлдарына] жіберген елшілеріміздің бірі — Құран кітап, бірі — ғақыл, ес еді. Бұл екеуін жалғанға тұттылар. Оның үстіне таупық (тупық) һыдайт жіберіп едік. Бұл ғылым, ғақыл, таупық, һыдайт бин сыйлы болып, құрмет тапты. Онан бұрын ғылым мен ғақылдың діңкесін өтірік ойдың өзі-ақ құртып еді. Бұл таупық, һыдайттан бұрын келген елшілердің бәрін зынданға салып, ас бермей, су бермей сақтап, құр шықпаған жандары ғана бар, өлмесе де, өлгеннің бергі қасы болып қалған екенлер. Бұл шаһарды бұрынғы иеленген батырлар нәпсінің басына ғаплаттың жүгенін ұрып (орап), быдғымыттың білерін (белбеуін) берік тағып, наданлық егерін беліне баса ерттеп, жалқаулық айылымен екі жерден берік тартып, қос (hoc) қамшысымен дүрсілдетіп ұрып: «Құлды бәрекелді өлтіреді» — дегендей: «Сенен оңды ешкім жоқ!» — деумен түбіне жеткен екен... Сонда бұл қария құлдары (һыллары) Алла тәбәрік отғылы тарапынан келген елшілер илан дауласып, талас-тартыс қылып:
— Бұрын осы шаһарда хүкім жүргізіп тұрған өзімізден артық дәнемең жоқ. Өзіміз қандай болсақ, сендер де сондайсың! — [дейді].
— Құдай тарапынан келдік! —деп [айтушыға]:
— Өтірік айтасыңдар, жалғаншы, алдаушысыңдар! — деп, болмады...
Ол Құдай тарапынан келген мүрсәлдер айттылар:
— Алла тәбәрік отғылы біздің Раббымыз біледі: біз анық Құдайдан келген елші екенімізді. Бізді не дейсің? Бізлер сізлерге анық әшкере өрісін (өрішін), Құдай сөзін естіргішлерміз! —дейді...
Онда бұл қария иелері айттылар:
— Біз сіздерді жаман ырым көріп тұрмыз. Мал болса, шығындай береді. Намаз оқымай, ораза тұтпай, Құдайдың құдай екенімен жұмысы жоқтар бай болып-ақ жүр ғой. Егер бұл қылықтарыңды қоймасаңдар, сіздерді кесекпен атамыз, қиын-қыстау, қатты ғазапқа саламыз. Жүрсең, өзіміз не қылсақ, соны қылып жүр. Болмаса, айтпады деме, көресіңді көресің! — дейді...
Онда ол мүрсәлдер айттылар:
— Ол айтқаның — өзіңе, екі қара көзіңе жаман ырым. Бізде емес, сізлерде — өзіңді жоқтан бар қылған Құдайдың айтқанына көніп, айдауына жүрмегендеріңнен, жаман пейілдеріңнен тауып тұрсыңдар. Құлшы[лы]қ үшін жаратқан тіршіліктеріңді жоқ орынға жұмсап, ысырап қылып жүргендеріңнен — не қылған істерің ілгері баспайтұғындығы — сол! — дейді.
Қайыр, бұлардың талас-тартысы таусылмайды. Құдайдан келген: ғылым, білім, таупық, һыдайт — нәпсінің көзінің ағы мен қарашығындай көңілді тірілтіп берді. Ғақылдың жалғыз баласындай, өзіне қанат-құйрық болып тұрған қуат-мітіпкірені тірілтіп берді. Сонан соң бұл қуат-мітіпкіре һидһид Сүлеймен есепті болып, Сыба уалаятын жансыз жүріп аралап көріп қайтқандай дене шаһарындағы жеті кентті аралап кайтып, Латипа раббана болған нәпсі иатқа (жатқа) аталған хақиқат есебіне, — деп, ат қойып, айдар тағылған. «Лабызкер Алла тытмын лықылып келме тибе еле» — мұсып болған қалып-ны қозғап, оның қозғалуымен рух қозғалып, рухтың қозғалуымен сыр (шер) қозғалып, онан — қайғы, онан қапа, ләтіп хамса, — біріне-бірі ұласып, ғалам ламирден болған рухтың желі. Ғалам — лашаһаттан болған желіне нашиз ұнабұд қылып, ғалам ламирден болған Сыр- дың суы. Ғалам- лашаһадаттан болған суды нашиз ұнабұд қылып, ғалам — ламирден болған Хақының оты ғалам — лашаһадаттан болған отты нашиз ұнабұд қылып, ғалам — ламирден болған Хақының топырағы ғалам лашаһадаттан болған топырақты нашиз ұнабұд қылып, ғынайт жаңбыры жауып, Нұхтың топанындай қаптап, баяғы айтылған неше дарияларының бәрі оның қасында шұқанақ болуға жарамай қалып, һыдайт нұры саулап, жалған оттың бәрі өшіп, қараң суалып қалып, маңайында дәнеме қалмай бара жатқанын көрген соң, баяғы нәпсі әмірліктен (әммерелықтан) айрылып, тақ Сүлейменнің қойнына келіп қорғалаған Былқыстай — Қалыптың келіп қойнына кіріп кетіп, фығал алмай ериді. Нәпсінің бұрын табиғат тахыты болып тұрған тахытын [тағын] — Хылақ зімиме шегелерін суырып тастап, хылақ хімиде шегелерін тапқан соң, шариғат тахыты болып, кәнне һүрә болды да тұрды. Өзіне келіп қорғалаған соң, өзі иесі болған соң, нәпсінің басына хыластың (ықыластың) жүгенін салып, шариғат жалауын міхкем [бекем] қылып тағып, ғибадат егерін (иегерін) беліне, басына ерттеп, һәмматтың [үміттің] айылымен бір тартып, ғираттың кертарымен қоса тартып, шоқ кежімімен кежімдеп, зоқты жем орнына жегізіп, хұп қорқыныш қамшысымен борбайға періп қалып, «Шу!» — деп, жөнеліп еді. Алла шінет (пінет) берсін: көрген көрді, көрмеген көрмей қалды. Қызылбас мылтығының оғындай атылды. Ал, енді жеті кентте жататұғын жеті дию қайда? Ғынайт жаңбырының селі қаптағанда, һыдайт нұрының оты саулағанда, кірерге көр таба алмай, қорғаларға жер таба алмай: «Баяғы өзім шыққан анамның бұтының арасы қайда екен?» — деп, таба алмаса да, алақтап жүр де... Егер сұлтан ұзындығы екі қарыс, жуандығы бір тұтам екі бағананың үстіне салған шаһарға сытыла қылса, қырып-жойып, қиратып жеңіп алумен кірсе, оның даяр (дияр) дарасында наниттен бір жұрт қалмайды. Уағиярдан бір дияр қамыт (үміт) қыла алмайды. Бұрынғы ол шаһарда сыйлы, құрметлі болып тұрғанның бәрі аяқ астында қалады. Көзі ашылмай, өнері шашылмай жүргеннің бәрі — көзі шырадай жанып, көрмейтіні, білмейтіні болмайды. Ғазиз кішіртің қалил болады да, ғазиз бішіртің мыху болады. Ғазиз үждік пына болады. Әр усип мизмумың бір құлық мыхмуда мыптыдил өліп, әр сұлтанның хүкімі һайт болады. Көңіл сұлтаны дене шаһарын билеп алған соң, жеті кентте: шыжағат, ғапат, хикмет, хылым, рыза (риза), қанағат, сабыр, — осылар хүкім жүргізеді. Бұл жетеуі көңіл патшасының жеті доверныйы —жеті көкте: шәміс (шымси), қымыр, зуһре, ғытард, мырхым, мыштыры, зәһілиі жұмыс қылса, бұл жетеуі һәм адамның денесінде солардың қылғанын қылады деп біл. Ағуз биламин ал-шайтан ал-ражим айталһым — олар зиаметте хиына һәбіздің құдайлық құдіретімізден бір далил қар астында қалған. Қара жердей болып қалған көңілді ғинайт жаңбырыменен тірілтіп, жазғытұрғы жердей жасартып, көгертіп: «Уахыржына мынһар хабба». Ол көңілден тағат егінлерін өстірдің. Ол тағат егінлері жан азығы болып ынта, кие шаһарының патшасының өлген қызы тірілгендей, өліп қалған себепті болып тұрған жан тірілді. Хамына иакілін. Ол енді денеде көрінбей тұрған хиссаттат шарипаларыңыз асап ішіп, қорекленіп қуат қырсиа пайда қылып, білмейтін қылмайтын дәнеме қалмайды. Ұжғана пиһа жаннатпен нақыл уағнап қылдық. Біз ол көңіл сұбтанларын да иат (жат) хұдазгер пікірлерін хырма емші машабесінде адамды тойдыруға, семіртуге келгенде, мұнан ілгері емші болмайды. Шоқ рухты өзім емші шабасында ләззатлығы болуда. Мұнан ләззатлығы емші болмайды. «Офжырна пиһамен лығуын»: «Біз ол көңіл бостанларында хикмет бола қаларын ағыздық. Мекашға ұмша һідидан баһралансын үшін ол мекашға машаһыдидан баһраланушылар әр не қылған қайратларынан нәтиже табады. Лиакаумин шімірет ұғымыта идыһ пылашкрон. Заһарда хырма уаузұм емшілерін. Батинде зіһір-пікір шоқ зоқ емшілерін жасын үшін жиып, онан баһра алу үшін шығарып беріп тұрмыз. Кәне, осыларды өздерің кәсіп (кесіп) қылдың да, біз құдіретімізбен халық қылдық. Енді мұның шүкірін (шікірін) ада қылсаңызлар, өзлеріңізге берілген нығметлер (тығметлер) үсті-үстіне артып, аса береді де. Егер шүкірлік қылмай, кіпран нығмет болсаңызлар, өз-өзінен кеміп, аяғынан жидіп, жоқ бола береді... Дүниеде бидай еккен бидай алады. Арпа еккен арпа алады, хұрма еккен хұрма алады. Жүзім еккен жүзім алады. Дәнеме екпеген енесінің ... алады. Ай, жігітлер, біреу білім, ғылымды кәсіп қылады. Ол кәсіп қылған соң, Алла тағала халық қылады. Біреу наданлықты кәсіп қылады. Ол оны кәсіп қылған соң, Алла тағала оған да өзінің кәсіп қылған нәрсесін халық қылады — сондай болатұғыны үшін. Омағызырлында ғақыл-жаһыл. «Ныжалақ ласағыл уалағалы» — дейді. Таңның атқанын, күннің батқанын, бес уақыт намазды, отыз күн ораза, — бәрін біліп, намазлардың уақыты мен оразаның уақыты мөлшерін тануға білімі жеткенді — «Ғақыл иесі» — деп, соны айтады. Мәжнүн болмаса, сәби болмаса, «Ғақыл балығы» — дейді. Өз ғақыл балығы бола тұрып, ғылым-білімді кәсіп қылмай, наданлықты кәсіп қылушыларға не айтасың, айтар сөз жоқ. «Омаға мылта ұйдаһимнің бір мағынасымен мен не берсем, өзлеріңнің он саусағың мен қылған ғақылларыңның жалақысы деген. Не нәрсені болса да, өзің кәсіп қылмасаң, қарап тұрғанға дәнеме жоқ. «Бекерден Тәңірі безер!» — деп, бұрынғылар сол үшін айтқан. Тәңірі безгеннен әркім безер. Тамам. Бізлердің ортасында отырғаннан атуадан басқаны шығады деп ойламайсызлар: Нәпсі, ниет пе үлкейе кетіп руханият ғалбит болған көңіл жат шаһарын түгел билеп алған соң. Һамма ғазар ғайт дүр, көңіл шат. «Кеше ғаділден аман болар ед [і]» — деген сөз жаңа орнын тауып. Нысанның қалыбы — жамиғ: бірінде мытсырып өліп, һәмма ағзалары бар лыжымла қалыбына мығұб ұмтағы өліп. Енді бұл көңіл өзі сұлтан болған соң, өзінен жоғары сұлтан барлығын жазып, сұлтанның қадірін сұлтан біледі. Қазақтың: «Бұл шіркін өзін танымайды, кімді таниды дейсің!» «Өзін таныған тәңірісін таниды» — деген сөзлері осы айтылғанларға дәлме-дәл келеді. Ал енді мұны білсең, өзің және осы білгенлігіңді өз орнымен жүргізуге сақи (сағи) ұғар тіл болсаң, Адамның қойдың сыңар құлағындай жүрегің ішінен періште де табылды, адам да табылды, жын да табылды. Мыхиз рух латипа (латиға) Раббана хақиқат есебіне нәпсі иатқа (татқа). Рух есен, қылып (қалып) есен. Зін хақила періштені қылса, бұл һәм соның бәрін қылуға әбден күші жетеді. Ғылым ұмғырпат қызметі мұныменен табылады. Хиссайат шариға (шарифа) қуат қыдыссия үшбу тақырып қылынған көңілдің жұмыстауымен болады. Ішкен-жеген қоректің ғайытлытып барып тұрған тазасынан байланып, жүректің қақ ортасында тахыты болған. Рух хайуан нысан шабасында адамгершілік ойлататұғын дене, тіршіліктің керек жарағын ойлататұғын көңіл осы. Адамның денесіндегі қаннан туып жасалған бауырда байланатұғын рух шаһуаны — бұл жын есебінде. Адамды бұза бастайтұғын — осы. Сол үшін қазақ халқы айтады адамгершілігі жоқ біреуді: «Қара бауыр шіркін кімнің қадірін біледі?» — деп. Ал енді бұл жоғарыда айтылғандарға садық болған адамның денесінде ғарыш та бар, кіріс де бар, лұх махғот да бар. Он сегіз мың болмай, ғалам отыз алты мың болсын, ғаламда болған нәрселердің баршасы да адамда бар. Даладан іздейтұғын дәнеме жоқ, не іздесе (ізлесе), бәрі адамның өз бойында. Мысалы, сен бір қағазда өзріне [өзіңнен] бұрын ешкім жазбаған бір сөзді жазғың келді. Онда соны жазуға ең әуелі рухың соғып, қалыбың мил қылды. Өзің қылып нәсіп болған қалыбыңды қозғады да, ол қалыбың... болған қалыбыңды қозғап, бұл рух соны әрекетке келтіріп, миға телеграмм соғып, телефон түсірді. «Мида қуат миқата» — деген тапкір, тізкірінің күшімен күш алып тұрған қуат қасиет шариға (шарипа) бар еді. Баяғы көңілге алынған нәрсе сол мыхафазада тас болып жазылып қалды. Егер әуел миға жазылмай, өз бетімен жазылатұғын болса, бір наданның қолына қалам, қағаз беріп жазуыңдағыны не деп мың жыл таяқта, енесінің... де жазар ма екен?! Хош, сонан соң мидан бір ақ тамыр — сол миға жазылған сөзді қолдың басындағы бармақтарға, саусақтарға телеграмм соғып, телефон түсіргендей түсіреді. Қол барып жыбырлап, қыбырлап, қаламды алып, сияға малып, баяғы басы көңілден шыққан сөзді ақ қағаздың жүзіне түсіреді. Адамда: қызыл тамыр, қара тамыр, ақ тамыр, — үш түрлі тамыр бар [58]. Қызыл тамыр — таза қызыл қанның жолы. Қара тамыр — бұзылған қара қанның жолы. Ақ тамыр — адамның денесінің телеграмм-телефонының шыбығы. Қазақ жұртында айтпаушы ма еді — бір ұрғашыға жарамай жүрген біреуді: «Ақ тамыр, шіркін, бұл неменеге жарайды?!» — деп. Құдай тәбәрік отғылының құдайлық радасы бір нәрсені: «Жоқтан бар қылайын!» — десе, сол радасының сыры (шыры) — әуелі ғарышта заһрөр (таһрөр) қылады. Онан соң — ғақыл. Әуелі ғақыл кілу-астасы илан кірісте заһрөр қылады. Сонан кірістен лух әлхыфотқа жазылады. Хош, ол лух әлхыфоттан ғызыр філкинаттің жарам ширрие болуыменен ғақыл ғашыр ұғқыл фағғал рух лыхос тібулектен ғынасырларға түсіріп, әрекет палакпен ұшғах куакіппен [көкпен] табиғатларының анасы болған харарт рытүбіт бірудіт ибостлардан өтіп, мұрат (мырад) болған нәрсе барлық ғалиын «Мұлидынлаша» — дейді. Жамадат, набадат, хайуанат, канат, жұсмәдін — тоғыз палактің әрқайсысы бір қызметін ада қылуменен неше зымнан (симпан) өткерілгендей, өтіп келіп, жалған дүниенің жүзіне жалтырап, барлыққа шығады. Қағаз (қағыз) махыл кітабит өліп, шыкал хырұпи махафаза қылғандай маһат тыбайх болған: жирарт, зитүбіт, бірудіт, ибусіт, шакал, ғибиаларды заһөр қылуға қабілеті болғанлықтан жоқ нәрсені барлық ғаламында махафазаға жарайды. Хақ тағала быдағырша мініп болған мағыналары тарих мізкөр иле ғалам (ғалым) сағали ғалам Күн фасадқа ендіріп, неше нәрседен міркіп кылу илан жысым айлап, кайнат жуайла, яғни кайнат жуайла, яғни аспандарының әшіриаты ила мәулет тілесе қылып, төрт ана, жеті атадан — үш бала туғызып қойды. Міне, Құдіреттің шеберлігі! Айналайын, Құдайым-ай, өзің қылған ісіңе мен не лаж қылайын-ай?! Хош, бұл көрсеткен мысалымыз да рух нысанының мұраты да иесінің көңілде хасылы. Хақ тағаланың арада ғалиясының сырының ғарышта заһрөрі мақамында дүр... ...Сондай болғанлығы үшін Калам мешітінде: «Лықыз халқына лайтсан фиахасен тақтым» — дейді. Егер Хақ тағала сені Бопден мемлекетінде патша етпес еді. Уамур салтанаты сыңа тиғойз етпес еді. Осыңа намына ғалым ұлық үшін бұл нысынхай нәжіс етпес еді. Сен ол сұлтаны неше ғараб ұлыр едің... Өзің ойлашы: «Ауырлығың қанша?» Базардағы кірге түс: киіміңмен бес пұт барсың. Ал енді осы ауырлығы бес пұт болған нәрсені не көтеріп тұр: «Ненің күші жүргізіп, тұрғызып, жалғанда ойыңа алғанның бәрін не қылғызып тұр?» — деп білесің. Өзіңді көтеріп жүрген де, бәрін қылғызып тұрған да жалғыз-ақ дем. Сол бір дем тоқтаса, тырқиып өлесің де қаласың. Оның үлкендігін, зорлығын мөлшерлеймін десең, көзге көрінетұғынның ең кішкенесі — биттің сіркесі. Ол онан да кішкенелігінен көзге көрінбеді. Ауырлығын мөлшерлейін десең, бит пен бүрге мұрныңа кіріп бара жатса, денең сезіп біледі. Бұл демнің мұрыннан кіргенін, шыққанын денең сезіп біле алмайды. Көптігін мөлшерлеймін десең, бір «уф!» — деуіңмен шығып кетеді де, өлесің де қаласың. Сен осынан неге ойламайсың Құдайдың шеберлігін, құдіретінің күштілігін?! Осыған ғақыл-ойы жеткені үшін, бұрынғы ата-бабаларымыз қақсап кетті ғой: «Дәм — ғанибет, дидар — ғанибет» — деп. Бүгінгі жүрген қазақ осы сөзді айтумен білсе де, шешуін білмейді. Егер шешуін білсе, мұндай болып жүрмес еді. «Дем» — деп, дем алысты айтады. «Дидар ғанибет» — дегені: «Сол дем алыстың барлығымен бірімізді-біріміз аман-есен көрісіп отырмыз. Жалған дүниенің жүзінде осы екеуінен артық дәнеме жоқ», — дегені. Дем — бұ дем дүр. Өзге демді дем деме. Дүниеден сен һәм өтерсің, қам жеме. Ендеше бір-ақ демде отырсың. Ендігі дем саған бар ма, жоқ па, белгісі жоқ. Сол бір демді босқа жібермей, жалған үшін жұмсасаң, жалғанда мәңгі бақи тұратұғын кісідей жұмыста. Ақырет үшін жұмсасаң, ертең өлетұғын кісідей қыбырла. Жалған дүниенің жүзінен жинастырып, құрастырып алып жаратылған, көзге көрініп тұрған он екі мүшеңнің бар күші жалған жұмысында болсын. Көзге көрінбей тұрған: көңіл, жан. Бұл екеуінің күшімен болатұғын қасиет шырға — қуат қадасия жұмысы. Ақырет жабдығы Құдайдың құлшылығымен болсын! Жалған жұмыс қарап тұрмай, он екі мүшенің қыбырлай беруімен бітеді. Ақырет жұмысы —Құдайға жақындық қылу — көңіл қызметімен табылады. Мұны ойламай, риасит үшін ғалым тахсил қылып, ныжасит үшін хала хылғыт қылғанлар. Жалған дүниенің керегі жоқ, тек Құдай ақыретті берсе болады. Зыкуат бір, ғышыр бір, пітір бір лысыдқа тырдалбыла отыз адал ғұмыр — деп, ықылас лығуам кез кіралхымар тағрипқа садық болған ғуамаларды (ғұламаларды) бет жуу, көт жуу, домалақ тасты жіпке тізіп алып, санаттыру жынымен жындандырып, ақымақ қылып адастырып жіберді. Кітап Құран келместен бұрын, жалған дүниенің жүзіне кітап Құранға ие болып, сөйлеуші пайғамбар келместен бұрын, Мекке, мішіркілерге өз ойларымен құдай жасап алып: «Лат манат» — деп ат қойып алғандары сықылды. Бір ишан деген, хазірет деген екі атты жоқ жерден шығарып алды да, жұрттың су түбіне кетуіне себеп болған сол екі ат болды. «Қабыл мышной (мәснәуи) мығной ғуасы жырқын». Мәулана Жалалдин, молда Руми хазіретлері айтқан: «Ним (енем) молда хазірет иман, ним табип хатре жан, ним фиғын шайтан» — деп. Бұрынғы қазақ қариялары да айтып кеткен: «Дүмше молда дін бұзар, // Қисық арба жол бұзар» — деп. Қазақты бұзып, харап қылғанда, дүмше молдалар бұзып, харап қылды. Алла тағала ғалам жаратты. Оның ішінде адам жаратты. Адамнан асыл жаратқан еш мақұлық жоқ, ғылым мен ғақыл адамның озығасы болды. Оның шындығына «Ағуз биламин ал ражим» — ұғлы адам «Ласма каһа» — аятпенен беріктелді. Жетпіс екі тіл бар. Сол жетпіс екі тілдің ішінде ғараб тілінен асыл тіл жоқ. Оның асылдығы: «Ағуз биламин ал шайтан ал ражим ана низылынан Құран ғарабина лығылкім тоқылын» — аят бірін дәлел келді. Онан соңғы тілде қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабасының тілі болған қазақ тілін осы күнгі жүрген қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе еді: дін де осында, ғылым, білім де осында, әулиешілік те осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті. Не үшін ақжүрек болып, ақкөңіл болғанлықтан бұған дәлел болуға Мығной, Мышнойдың бір сөзін тәбәрігіне сөйлейік.
«Жаһыл Раббы ғылты ғалым кінд ғылым рағылт зыдлыһа біркіз»:
Оқымаған «Әліфті» — таяқ деп білмеген наданды жүрегінің ғаллатсызлығы ғалым қылады. Қанша ғылым иесі болса да, жүректе ғаллат болса, ол ғылатт ғылымды жоқ қылып жібереді» — деген. «Жүректе болатұғын ғыллат не?» — десең: дүние махаббаты. Кімде кімнің көңілінде дүние махаббаты болса, онда ғылым-білім бар деп ойлама. «Кімде кімнің көңілінде дүние махаббаты бол [ма] са, ғылым-білім сол көңілде», — деп ойла. Жарқырап тұрған күннің көзі меңдей бұлт шықса, жоқ есебінде болмақшы емес пе?! Ғылым күннің көзі болса, дүние махаббаты бұлт есепті. Оның бетін алған соң, енесінің... кетті де қой. Бұрынғылар көңілінде дүние махаббаты жоқтығы айдан анық, күннен раушан. Адам баласында бір табиғат (табғит) бар: қадімгі заманнан өзге өзгерсе де, бұл табиғат өзгермейді. Бұл күнге шейін мәңгі бақи. «Ол не?» — десең, тура сөйлеушінің жазасы — нақақ өлтірілу. Күнәкерлер кесімді түрлі жазасы бар. Бір адам турашыл болса, хақ сөйлеуші болса, оның жанына сұқтанып қас қылушы даяр турады. Бұ табиғат әр милетте, әр жыныс адам баласында бүгінге шейін бар нәрсе. «Хақиқат дүр — осы, осы!» — деп, қоштаушы болмайды. Соның көзін қалай жоғалтудың жабдығына кірмек. Сол табиғат (табғит) хазірет пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа ғалиасалу уассаламның жанына ғариплардың сұқтанып өшіккені сондай: замананың фазылы болып жаралған пайғамбар да қашып, басын зорға құтқарды. Һыжырт себебі осы болды. Тура сөз иелері өз ұлтыңда тұрып, күн [к] ешіре алмайды. «Батырлық — жолдасқа пайда, жанға қас, // Мырзалық қонаққа пайда, малға қас». Басқа пәле қайдан? «Басқа пәле — тілден». Менің дегенім дәнемеге тұрмайды, Құдай өзі сақтауында қылсын! Иа, Алла, өзің сақта!
АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ ШЕБЕРЛІГІ
Бір жаман өзіне де, басқаға да залалды ағаш: денесі зор, бұтағы есепсіз көп, жапырақлары баныһайт. Әр жапырағы әр түрлі басқа-басқа: о көзге көрінбес, бек тамаша қызықты. Көрген кісі құр көрумен өзіне құмар. Исінің оңдылығы мұрын жарады, «Тәттілігі бал мен қанттан тәтті» — десең, өтірікші болмайсың. Бірақ қай-қайсысы болса да, ақыры у болып, жолап кеткеннің басын жоймай тынбайды. Және ол жаман ағаштың түбінен күрілдеп ағып жатқан өзен бар. Ағып жатқан өзен болғанына, бұтағы, жапырағы мол, өзі қызықты болғанына қызығып, бір ел келіп, сол ағаштың түбіне қонды. Ағашта у барлығын біліп, уы білінген бұтақтарын кесумен әуреленді. Бір жағынан бір бұтақты бұл кесіп жатса, ар жағынан тағы еніп, өршіп шыға береді [59]. «Залалды болды» — деп, бір бұтағын бүгін кесіп тастаса, ертең және бір бұтақ шыға келеді. Ол онан да зор залалды болып шығады. Ешкімнің ойына келмейді: «Әуелі суды құртайық. Сонан соң ағаштың түп тамыры құрып қалған соң, шығып, өсуге, өнуге жарамайды ғой», — деп. Бұл ел: «Сол ағаштың бұтағын кесіп, тауысамыз!» — деумен өздері таусылып бітті. Енді бір ел келді. Бұл ел бұрынғы елдей болмады, білді. Су құрыса, түп тамырынан ағаш құрып, жоқ болатұғын. Суды бір жаққа бұрып ағызып жіберді де, ағаштың айнала түбіндегі топырақты алып тастап, ағаштың түбін кемпірдің қаса сүйегіндей ақситты да тастады. Енді ағаш өзінен-өзі құрып, у жапырақ шықпақ түгіл, қу түбі [р] болып, дәнемеге жарамай қалды. Текке көп бұтақ кесіп бейнеттенуден бұл ел халас болды. Қиссадан қисса, мақсусаттан махқұлаты сезіп білуге керек. Бұл жаман ағаш не дейсіз? Бұл жаман ағаш — адамның іші, сырты. Көрінісі қаншама қызықты болғанымен, бір кісінің ішінде бір кебеже қазурат бар. Жаман емей немене: оған шыққан көп бұтақ — хылақ зымима. Оған шыққан жапырақтар, бәрі де у болып жатқаны — хылақ зымимадан пайда болған: тәкаппарлық, күпірлік, мұнафиқлық, риа, күншілдік, сараңлық, хырыслық, өтегендік, өрлік, кекшілдік. Ғажап оғырырәлі ғиралынһаба — ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең — жаман мінезлерінің неше атасының ұлы. Бұл ағашты: «Бұтағын кесіп, тауысамын!» — демек — «Ішіп-жеп, қарын тойғызып жүріп, халақ хымида иесі боламын!» — демек. Ол ағаштың түбінен күрілдеп ағып жатқан өзен — адамның денесіндегі қан. Ай, жігітлер, естеріңде болсын, «шайтан ғалия лағына» — дейді, «ханнас» — дейді. Ол бір кесек нәрсе емес, бит пен бүрге сықылды бір жеріңнен денеңе кіріп кететұғын — өзіңнің денеңдегі арам қанның жүрекке барып құйылып, жүрегіңді толқытып, өзіңді бұзатұғын шайтан да сол, ханнас та сол. Қан бұзылса, кісіні бұзады. Шайтан деген нәрсе — өзіңнің ойың. Ой иесі — шайтан жүрегіңе неше түрлі ой салады, бәрін өзіңнің бұзылған қаныңның күші салады. Олай болса, көп ішіп, көп жеумен екі арам көбейеді. Бірі — қарын кебежесінде бір қап қызурат, бірі — күллі денеңді аралайтұғын қан. Бұл екеуі бойыңда толық болып тұрғанда, басқан-тұрған жұмысыңның бәрі өз басыңа у болғаннан басқа пайдасы жоқ. Құнанбаев Ибрай [Абай] марқұм айтты ғой:
Өмір, дүние дегенің
Ағып жатқан су екен.
Жүрген, тұрған жұмысың
Ойлап тұрсам, у екен, — деп.
Және бір сөзі:
Адам — бір [боқ]... көтерген [боқтың] қабы,
Өлсең, сасық боласың [боқ] тан тағы.
«Менімен сен тең бе?» — деп, мақтанасың,
Білімсіздік белгісі — ол баяғы, — дейді.
Соңғы ел әулиелер адамды адам санына кіргізбей жүрген қарындағы бір қап қызурат екенін білді де, ішпек-жемекті аз қылды. Ол екеуі аз болған соң, ұйқы бөлінді, сергек болды. Сонан соң күлкі кем болды. Және де арам қан азайды. Арам қан азайған соң, жүректі барып ұйтқытып бұзатұғын дәнеме табылмайды. Сонан соң бұл адамнан хылақ зымима балкайе атымен жоқ болып, хылақ хымиде күш-қуат алып, періште сағит болды. Аз жемек, аз ұйықтамақ, аз сөзлемек [сөйлемек], — кімде кім жымығ қылды — әне-елтіл Мекке. Бұл сөзге дәлме дәл болды да тұрды. Наданлардың жүрегі — ет жүрек: Олардың ойлайтұғыны — жаман ой, нәпсілері патша есебінде, күллі денесін сол билейді. Бір адам нәпсі соңына ермесе, дайым хылапына жүрсе, сонан соң мұның жүрегі ет жүрек болмайды, көңіл болады. Көңіл болған соң, дене мемлекетіне патша есепті болады. Мұның ойлайтұғыны — Құданың [Құдайдың] зікір-пікірі болады. Не нәрсе асыл болса, көзге көрінбек емес мақсат болған нәрседен махқұлат болған нәрсе асыл. Жан, иман, ғақыл, ғылым — осылардың асыл екендігіне кімнің шек, күмәны бар. Бір де бірі көзге көріне ме? Бұлардың бәрі мағқұлақтан саналады. Дене — көзге көрінетұғын нәрсе. Ол махқұлаттан [мақсаттан] саналады. Көзге көрініп тұрған махсұсаттан не болатұғынлығын сөйледік. Енді махқұлаттан баян қылайық. Енді мүмин жан ділімен, шын тілімен — тіл мен жүрегін бір жерден шығарып, бір калима тиббе жан сүйсінерлік бір сөз сөйлесе, қуат ол сөз хамидшына болсын, қуат ол сөз хамидшына болсын, қуат ол сөз табих таһлил болсын, қуат ол сөз басқаға пайдасы тиетұғын жақсы сөз болсын, — бұл айтушы (айтқушы) пенденің аузынан шыққан соң, бір ағаш болып өседі. Бұтақлары аспан көкті аралап кетеді. Түп тамырлары неше қабат жерді аралап кетеді. Мұның зорлығында — жапырақ ұштарының (ұшларының) көптігінде (көплігінде) өлшеу, есеп сан болмайды. Екі дүниеде де таусылмайтын — өзі — баспана, өзі — сәуле, өзі —... киім, өзі — тамақ, — бір ағаш болады да тұрады. Мұның қазыналығы — Құдайдың барлық жаратқан екі ғаламында бар болған қазыналардан асыл болып шығады. Алдыңғы сөйлегеніміз — жаман ағаш еді, о да адамның қарақан бойынан табылып еді. Соңғы сөйлегеніміз — жақсы ағаш еді, бұ да адамның қарақан бойынан табылатұғын болды. Қалай Құдайдың шеберлігі: от, су, топырақ, желден міркіп қылып жасаған?! Адамды біресе анадай ағаш қылды, біресе мұндай ағаш қылды. Айналайын, Алланың шеберлігі-ай! Ай, жігітлер, жаман ағаш болып қалуды мақсат (мақсот) қылмаңдар, жақсы ағаш болып шығуға тырысыңдар. Хылақ зымимеде қалсаң, жаман ағаш болдың. Хылақ хымидамен мытсып болсаң, жақсы ағаш болып шықтың. Кім кімге болсын, жексұрын көрінбей, сүйкімді көріну шағы қыл. Біреу өз бойына ақылын төреші қылса, ақыл ойлап біледі. Өз бойына қалай қылса, пайда келеді; қалай қылса, залал келеді. Соның пайдалысын табиғаты ұнатады: қылса, пайда болатұғынын біледі. Бірақ нәпсі оны жақтырмайды. Неге адамның өзі өз қара басына пайдалы жұмыс нәпсіге машақат көрінеді. Сонан соң бұл өзі нәпсінің ыңғайына жүрген соң, қанша көп қарақан басына келетұғын пайдадан мақрұм қалады. Екінші, жаралуда әркімнің табиғаты басқа-басқа жаратылған. Табиғат деген әр адамда бір мінез: қиынға баспай, оңайға қашады. Қиынға басса, бақытты болуына көзі жете тұрып, жалқаулықтан, иа ұйқыны қимағандықтан, иа һаммбатсызлықтан [үмітсіздіктен] өз басында ерік, ықтияр жоқ кісідей жалқаулық пенен ұйқының тұтқынлығында қалады. Хош, біреу болады: жалқау да болмайды, ұйқышы да болмайды, жаһатлы, қайратлы болады. Бірақ істеген ісі оңға баспайды, орынға тұрмайды. Ол бұл талап қылып, қысад қылса да, Құдайдың халық қылмағандығынан болады. Сонда да жалықпай, қажымай, соңына түсе берсе, өлмей, тірі жүрсе, ақыры барып, бір ұшығынан шығып, ойға алғанына жетпей қоймайды. Сондай болатұғыны үшін бұрынғылар айтқан: «Ырыс қашса да, туыс қоймайды — деп, — Шын іздеген миқан ағашын табады!» — деп. «Жуын да, иа, пенде!» — деген.
XXX
Ағузи билламин шайтан ал ражим уан лис ла нысан ламасиғы. Адамға дәнеме жоқ, мікір (мекер) өз қолымен қылып алмаса, мұның турасында пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа ғалия әлсилует уәссалам — «Хадис Шариф» айтқан: Лығбыдид бер, уа Алла құдіретінде бір істі ойлап, қасиет (қысад) қылса, Алла тағала халық қылып, көзге түсіреді. Сонан соң: «Тағдырда осылай болған» — деп, мұның сынауы Алла тағалаға болады. Алла тәбәрік отғылының халық қылуынан пенденің қыситы [қасиеті] бұрын болмақ. Пенде ізгі ниет бірлан бір істі қысад қылса, Алла тағала халық қылмақ — солай болғаны үшін. Тағдыр-мағдырға табиғмықтырсыз тағдыр жоқ дейді. Яғни нысан ықтиярыны ғибадат[қ]а сарп етіп құлдық ұрылмақ естігіш Тәңірі тағала хазіретлері арада етіп халық қылады. Егер нысан ықтиярны жауызлыққа сарп етіп, құлдық қылмаслықты ықтияр еткіш Тәңірі тағала хазіретлері ол ықтиярын һәм халық қылады. Не нәрсе болсын, кәсіппен, себеппен табылмақ. Дүние болған соң, дүниенің ісі себепсіз болмайды. Ғылым, білім үйренуде әркімнің өзінің һәмматы, уа жытһаты себеп болады. Надан қалуға да әркімнің өзінің һәмматсызлығы, уа жытһатсызлығы себеп болады. Сондай болғаны үшін бұрынғы сылыплар: «Лыширып балһым лығалте лаба лымырым лабалита», — дейді. Адамның шариф, уа ғазиз болуы һәмматының білізлігі (білінділігі) илан болмаса, шіріген сүйекпен шариф, ғазиз болмайды. Көз алдыңда көрініп тұр ғой, һәмматын дүниеге жұмсаған ерік әліне қоймай, мал табуынан байып, жұрт алдына түсіп жатыр. Һәмматын ғылым, білімге жұмсаған. О дағы өнер тауып, туған-туысқанларынан жер мен көктің арасындай ұзақ болып бара жатыр. Кәне, баяғыда өліп қалған ата-бабаның шіріген сүйегі?! Құр: «Мен баяғыда соның тұқымы едім» — дегенің дәнемеге тұрмайды, іске жарамайды. Алла тәбәрік отғылы адам балаларын жаратуда тегіс қылып бірдей жаратқан. «Кәсіп қылып әркім өз күшімен тапқан нәрседе болмаса, басқа хақ [ы] ларда һәммаңыз бірдейсіз. Жаратылуда, жан болуда біріңізден біріңіздің иа артық, иа кемдігіңіз жоқ», — деп, Құран Кәрімде неше жерде айтқан. Бұ тегіслігімізге жаратылуымыз, жоқтан бар болуымыз — бірінші мысал дүр. Бір байұғлы, яки бір пақырұғлы дүниеге келген уақытта нендей ағзаларға ғақыл артуына қызмет ететұғын нендей қуатларға мәлік ие болса, әрбіріміз де ол ағзаларға, ол қуатларға мәлік иеміз ғой. Мал тауып, бай болып, жүргеннің ғылым, білім иесі болып, өнер тауып жүргеннің басы екеу, көзі төртеу, қолы алтау, аяғы сегіз емес қой! Осыдан неге ойламайсыңдар: кемдікте қалу әркімнің өзінен болатұғыны екенлігін. Қазақ мақалында да айтады: «Жорға жүрісінен пұл болады, // Жаман жүрісінен құл болады», — деп. «Талап қыл, пендем, // Жеткізбек менен (менден)» — деп, Құдай тағала өзі уәде (уағда) қылған. Кедейлік деген, наданлық деген — жағаласқан жау. Бұ жалғанның ісі жағаласып тұрған жау сықылды. Солай болғаны үшін: «Жасқанған қорған емес, // Жағаласқан — қорған» — деген бір шаһбаз айтқан екен.
Жүрмейін, жігіт болып, аштан өлсем,
Жоқшылық, Тәңірі алдында саған көнсем!
Кедейге мал бітеді, баянын (паянын) айт,
Аз ішіп, аз ғана жеп, сергек жүрсең.
«Тарта жесең, тайлығың қалады, // Қорқа жесең, қойлығың қалады» — деген сөз бар. Әмме ғақыл — бір мығной қуат. Кәсіп қылған хақларымыз түрліше болуы — тырбия (тәрбие) кәсіп қылған істер (ишлер) арқасында. Бұл ғақыл деген нәрсенің өзі де — пенденің өз кәсібіменен табылатұғын жұмыс. Оңған, ілгері басқан жандарды (жанларды) көріп, соның қылғанын қылуға жаһат қылса, әне, — ғақылды кісі қылғаны. Оны ойламаса, қылмаса, ғақылсыздықты сеп қылғаны. Бағзы біреу айтады:
— Бізде ерік, ықтияр жоқ. Біз не қылсақ, бәрін қылдырып тұрған — Құдай тағаланың өзі! — дейді. — Біз балта, кетпен, шот есебіндеміз. Құдірет қолына алып, қалай жұмсаса, солай жұмсалып тұрамыз, — дейді. Бағзы біреу айтады:
— Біздің жүргеніміз, тұрғанымыз, не нәрсеге болса да, қол ұрғанымыз пайдасыз, бостан босқа құр қиналу, тағдырда Құдірет өзі не жазып, не қылып қойған болса, сол болады, — дейді.
Мұның біреуі аса соққан, біреуі кем дегенде шолақ ойда қалған. Екеуінікі де — қате, адасқан ой. Аусыты, ортасы — кәсіп. Біз кәсіпке мұқтажбыз. Біздің қасиетіміз(қысидымыз), пиғылымыз, амалымыз (ғамалымыз) — себеп, Алла тағаланың халық қылуы, мұсаббап. Себепсіз мұсаббаптың жоқтығына ғытқады мыхкім қылып, пенде мүмин, мұхыд (мұшид) себепке тырысуы керек.
Хазірет сопы Аллажар (Аллайар) айтқан:
— Мінәсіп іс (іш) ирөр (жүрер) және мінәсіп. Оны (аны) қылмаққа пенде болды кәсіп... Құй ұнаған жұмыс болсын, құй ұнамаған жұмыс болсын, — бәрі пенденің өз кәсібіменен болмақ! — деген.
Бұрынғылар айтқан: «Байдың малы ардақты, // Кедейдің баласы ардақты» — деген. Бай болатұғын кісі өзін де аямайды, баласын да аямайды. Жарғақ құлағы жастыққа тимей, ұйқы көрмей, күлкі көрмей, күн қатып, түн қатып, жаны да жоқ ойында, ас-су да жоқ ойында, малдың қамын қылуға жытһады зор болады. Кедей малдың қамымен жұмысы жоқ, есі-дерті баласының суыққа тоңбағанын, қарны аш болмастығын, ұйқысы бұзылмағанын мақсат көреді. Жасынан жаман әдетке (ғадетке) табиғаты үйренген. Бала соны қалып алып, ақырында мұқтаждықта, қорлықта қалады. «Алла тәбәрік отғылының уанлысылла нысан әлемет (аламас)» — деген сөзінен білініп тұр — жалқауға атар таң, шығар күн жоқтығы. Еріншектің қолы ештеңеге жетпекші емес. «Жалған дүниенің жүзінде кімнің қолы қысқа?» — десең, еріншектің қолы қысқа. Ұйқышыға дәнеме жоқ [60]. Бұрынғы айтқан: «Ұйықтасаң, ұйқы аласың, // Ұйықтамасаң, жылқы аласың» — деген. Кежірлік деген бір пәле бар: Кедей болатұғын кісінің желкесінде болады; ішетұғын асынан, алатұғын олжасынан құр қалдырады. Бұрынғылар айтқан: «Кедейдің қырық қаңтаруы болады: бірі жіберсе де, бірі жібермейді. Әр нәрседен құр қала беретұғыны — сол» — деген. Біреудің ішінде бір қырсықты жан болса, соның қырсығы бәріне де сырайт қылады. «Жер ауызды — жемес ауыз байлайды» — деген сөз бар. Жастар, ұғып алыңдар: «Залым тысылха лекіремге тысылха лыһуан» — деген. «Сылап, сипап айтқанмен түзелмесең, күндердің күні болғанда, қоршылық еркіңе қоймай түзетеді» — деген. Жас күндеріңде ата-ана қызметін қылып, бата алмағандарың — қартайғанда өзіңнен төмен иттердің құлдығында (құллығында) қаласың. Жаратқан Құдайдың ризалығын (ырзалығын) мақсат қылсаң, есі-дертің Құдай ризалығында болса, Құдай үшін қылған ғамал (амал), тағат, ғибадатыңның пайдасын көресің. Ұстат [ұстаз емес — Н.Ж]. ризалығын мақсат қылсаң, есі-дертің ұстат ризалығында болса, қанша үйреніп білген ғылымыңның пайдасын көресің. Ата-ана ризалығын мақсат қылсаң, есі-дертің ата-ана ризалығында болса, жасаған жас, сүрген өмір, қылған кәр кәсіп, тіршілігіңнің пайдасын көресің. Бұл үшеуінің ризалығын іздемеген, ойламаған болсаң, бұ жалғанның жүзінде атар таң, шығар күн, жарық сәуле көремін деп ойлама. Иттен ілгері, кісіден кейін болып, жалған дүниенің жүзінде жүргеніңнен өлгенің артық. «Олажыбад фиғал хыти-арта» — яғни пендеге өз пиғылдар [ын] да қатер бар дүр. Егер тағат қылса, сауап таба дүр. Егер кінә қылса, азап (ғазап) таба дүр. Әмбе (әммә) уәжіп емес Алла тағаланың тағатқа сауап бермегі, ұмғыситқа азап қылмағы білге сауап берсе, Алла тағаланың фазылы-ғазап қылса, әділ (ғаділ) пенде кәсіп қыла дүр. Алла тағала халық қыла дүр. Яғни әр пейілге (фіһлеге) пенде рада қыдыртыны. «Жары қыла дүр кәсіп!» — деп атай дүрміз. Әр пиғыл екі қыдырт бірле тахқиқ таба дүр. Бірі — кәсібі, бірі — халқы, кәсіп — алтау, аспап бірле болыр. Халық алтау — аспапсыз. Алла тағаланың фазылы — қыбихқа жүру. Залымға несіп ет берілмей дүр. Біреу кедей болса: «Құдай кедей қылды». Біреу жаман болса: «Құдай жаман қылды». Біреу надан болса: «Қайтсін, Құдай надан қылды» — деу. Мұндай сөздер Құдайды жамандаған болады. Не тапса, әркім өз пиғылынан, өз кәсібінен таппақ [61]. Құдай ешкімді зорлықпен кедей қылмайды, ешкімді зорлықпен жаман қылмайды, ешкімді зорлықпен надан қылмайды. Құдай бермейтұғын сараң емес, сақтай алмайтын осал емес. Не кемшілік болса, пенденің өз пейілінен, өз осалдығынан. Алла тағаланың халық қылмағынан пенденің қасад қылмағы бұрын ұмқыдым деп білу керек. «Фазыл хитары мысбуқ бамур рыбға әуелі тысар жызи» — қыласың. Яғни хатырыңда кешіресің: «Пәлен жайға барсам-ау!» — деп, хасылайсың. Екінші: Тыстық бығайда мыхзуса маған ол барғанымда пәлен пайда табылар!» — деу [мен] көңіл біркілтесің. Үшінші: Сарып құдірет, яғни әрекет пиғылдарды бір жарытасың, атқа мінесің, үйренесің. Төртінші: — сағида житһадыңды сарп қылып, бар күшіңді аямай жүрумен ол ойыңа алған жеріңе барып түсесің.
Бұл төртеуі болмайынша пиғылға шимырұқ мімтиных.
Пиғыл істері «місбоқ памур рығпа ғыра» — қатары болып табылады. Тыстық пайда мыхсуса илан сарып құдірет арада болады. «Таржих хыдмыста ойын тыхсис» болады. Сағиуа жаһадат тағдырға татбақ келеді. Осының бәріне ғылым-білім жеткенлігі үшін Лермонтов айтқан: «Антұрғандық қылығын Алла ісі деп нандырар қандай сопы, қандай молда?!» — дейді. «Жаман құдайшыл келеді, // Әлі жоқ ақыретшіл келеді» «Ісі жоқ кісі — намазшыл, // Асы жоқ кісі — оразашыл». Мұның бәрі — қаңғығанлық, адасып, далада қалғанлық. Кісі сол — кәсіп, әрекет (харекет) қылсын, өзінен басқаға пайдасы тисін. Өзінен басқаға пайда келтірмейтұғынды кісі деме, жаман ұрғашының күсі [62]. О да аңқиып тұрады, мұның да аузы аңқиып тұрады. «Жаман адам жанға ортақ, // Жаман бала малға ортақ». Жаман туған бала — ата-ананың, һәм бірге туысқан бауырларының соры. Нағыз баламен шірізлік. Ай, Құдай-ай, сақтай көр, не қылайын күні бұрын жалбары [нып]?!
ЕКІ ТІЛЕНШІ ӘҢГІМЕСІ
Бір көзі соқыр, бір аяғы шолақ, бір қолы жоқ бір кедей тіленшілік қылып, біреуге кіріп келді. Кірген үйдің ішінде отырғандардың зәресі ұшып: «Бұған не береміз?» — деп, дағдарып отырғанда, омырауы есіктей, балтыры бесіктей, екі иініне екі кісі мінгендей, еңгезердей, күбідей жуан бір күжбан мойнында салған бақалшыларының қоржынындай қабы бар, тағы бір тіленшілік қылған кедей кіріп келді. Сонда бұрын келген кедей соңғының келгендігін жақтырмағанлығын ішіне сақтай алмай:
— Алып шықпас кең деп келеді, — [деді]. Онда соңғы айтты:
— Алсам, алып шығармын. Алмасам, қалжырап шаршап, налып шығармын! Сен де бір нәрсе үміт (мид) қылып: «Аламын!» — деп келмесең, ненің бітіміне келіп отырсың? — дейді. Онда бастапқы келген айтты:
— Мен тіленшілік қылсам, айып (ғайып) емес, көзім болса соқыр, қолым болса, шолақ. Аяғым болса, ақсақ. Екі көзің шырадай жайнап тұр, екі аяғың құлаш төс шара болып ойнап тұр, екі қолың баяғының алыптарының қолындай, жалғанның жартысындай қаралдың бар. Мына түріңмен, осы аптыңмен ұялмай, қалайша тіленшілік қылып жүрген арсызсың! Қызмет қылуға ерініп, жалшылыққа жүруге арланып, сондағы тапқан табысың тіленшілік болса, бүйтіп жүргенше, өліп-ақ қалғыр, өлсең, болмай ма?! — дейді. Онда соңғы кедей айтты:
— Біреу байлыққа бақкүндес, біреу малайлыққа бақкүндес, біреу өнерпазлыққа бақкүндес, бейшаралыққа да күндестік болады екен-ау. Екеуміз бейшарашылықты салыстырайық. Сенен кәріп болмасам, Құдайға сал! Мына менде болған байлықты сен-ақ ал! Жоқ, өзіңнің бейшарашылығың менікіне қоңсы қона алмаса, осы үйден екі қолыңды төбеңе қойып кетуге бармысың?! — дейді.
— Жарайды, болса, болсын! — дейді. — Менің бойымдағы кемдіктің бәрі ешкімге айтқызбай, танытып, сұратпай білдіріп тұр ғой! Кәне, сенікі не кемшілік, не бейшарашылығың бар? Сал ортаға, айт мына әлеуметке! — дегенде, соңғы кедей суға түсетін кісіше шешініп, жалаңаштана бастады. Енеден (анадан) жаңа туғандай, сыр жалаңаш шешініп еді, Құданың құдіретінің шеберлігі — жалғыз-ақ жерге басар екі аяқтан — бір кісі деп ойлаған екен. Өзге жоғарғы дене түп-түгел боп бөлек, бір бойынан екі кісінің денесі табылды. Бірі жанды, бірі жансыз — екі аяғы бір, өзге денесі бөлек егіз екен. Есебі қаралдысы өзіндей бір денені өмір бойы арқалап жүрген екен де қойған екен. Ана арқасындағы жансыз дене өзі ісік, өзі былқылдаған сеп-семіз — жанды денеден әр мүшесі зор жанды денедей екі есе бар десе болатұғын.
— Міне, көр, қалай екен? Құдайдың менің арқама таңып қойған тамашасы. Жүрсем, арқамда, отырсам, арқамда, жатсам, арқамда. Өңге қиындығы да бір бас, алда (әлде) аунап жатайын десем, біреу қолымнан тартпаса, аударылып жата алмаймын. Және де ұйқыға көзім барғанда, бір түрлі ауырланып өн бойымды алып түсіп кетеді. Маған жалғанда арқамда осы пәле тұрғанда, ас ішіп, не бойыма тарасын, ұйқы ұйықтап, мейірім не қансын?! Ал, өздерің көрдіңдер, миға салып, ойлап қараңдаршы, бейшарашылық мұнан өте ме?! — дегенде, отырған жұрт шулап қоя берді:
— Рас, рас!
— Құдай мұндайлықты өзің түгіл дұшпаныңа да бермесін! — деп.
Ай, жігітлер, қиссадан-қисса деген. Бір татар Жим жерінде құрбан шалуға бір қой сатып алыпты. Жетектесе, жүрмепті тырысып. Өзі кәрі қой, өзі арық қой екен. Сонан соң кейіп боқтапты:
— Ай, анаңды ит с...кір! — деп. Естіп тұрған бір мұсылман:
— Енді бұл құрбандыққа жарамайды, нығыметті боқтадың. Өз аузыңнан ит баласы қылдың, — депті.
Сонан соң оны қоя беріп, басқа бір қой сатып алыпты. Ол тағы да ыңғайына жүрмей, ыза қылды дейді. Сонда боқтайын десе, боқтай алмай, боқтамайын десе, шыдай алмай:
— Ай, шешең [е] ұқсайсың-ау, айтарға жарамайсың-ау! — дейді.
Сол айтқандай, өмірінде арқасына жансыз дене арқалап жүрген — мына біз! Бірақ жалаңаштап көрсетуге шариғат қоспайды. «Уалқыдыр хире үшіремін» — Алла тағала адамға:
— Жақсылық, иманлық, — бәрі Құдайдан деп білу — иманның бір шарты болған үшін, Құдай ісін пендеге шаққанда, пендешіліктен шыққаннан басқа табар дәнемең болмаған соң: «Күресерге дәрмен жоқ, күш қазандай қайнайды».
Алла тәбәрік отғылының шеберлігі — қарғылаған иттен қадірсіз болатұғын орында бақтырды. «Ел итінің құйрығы қайқы». Құйрығы қайқы иттің қол астында көлеңке берді. Күшті иттің боғын жеген ит құтырады. Құтырған иттің талауының ортасында қылды. Және осының бәрін білмейтұғын ғапілдерден қылып жаратқан жоқ. Жыланның қыбырлағанын, құмырсқаның жыбырлағанын көзін көргеннен — жақсы-жаманның ойында не тұрғанын біліп, сезетұғын қылып: «Су ішпе, уахыш; ас жеме, тас же. Заһар кап без — әр қап. Жалған дүниенің жүзінде көңілің жадырамасын, қабағың ашылмасын, аузың айтуға бармасын да, өле-өлгенше есіңнен дахы қасірет қалмасын!» — деп, шеберлікпен асырап сақтады [63]. Құдая, шүкір, әлхамділла, шүкір! Не болса, ол болсын, жалғыз мені солай баққан жоқ екен. Өзі мағсұм [мағлұм] қылған, өзі мазлұм қылған. Сүйгенлерін солай бағатұғын — әуелден ғадет ісі екен. Ризамын, Құдай, ризалығыма мүмин мұсылманларым куә болсын үшін тахрир Алла тәбәрік отғылы пендесін бірде шермен сынамақ, бірде қайырмен сынамақ, біресе лытғына алмақ, біресе қаһарына алмақ. «Бір тойда екі жар жоқ. // Бір дауда екі жан жоқ». Өзінің жаратқан қазынасында не нәрсе асыл болса, ол асылды аямай, мейірманшылық (мыһырбаншылық) фазылы өкірми, лытпименен берді. Бергеніне шүкіршілік қанағат керек. Енді дүниеде не ірік, не шірік, не махқыр, не кемтар болса — біздің сыбаға. Егер шалтығы (шаттығы) көп дүр, қаһары һәм бар. Басың һәм көкке жетсе, құлсың, ай, жар! Ғалым ара қаһар алһи болып; халық ила хақ, екі куәһи болып жақсыға онан ғам азар ерүр. Бағы аракіл һәм нәпсі хара ерүр. Мұны білсең, тәубе де, Құдай шүкір, тәубе де. Алла бергеніңе шүкір, бергеніңді бекітіп бер, көндім, Құдай, көндім! Мен өзімді өзіңе тастадым (ташладым). «Қатын алдың, кемеге міндің, // Балалы болдың, кәріп болдың».
«Қатын алдың, кемеге міндің, // Балалы болдың, кәріп (ғарыб) болдың». Он сегіз мың ғаламның патшасы — Құдай. Құдайдың Құдайлығы. Оның жаратқан барша мүлкі есебі, ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ бір терең бір дарияда кім болсын, өзін сол дарияның толқуында отау тіккен бір-бір көбікпін — деп білу керек — «Уф!» — десе, бұзылып кететұғын. Неге десең, өзіңнің бір: «Уф!» — деуіңмен жоқ боласың да қаласың. Оны білсең, ендігі әурелігің немене? Бұл дүние ғылымы (ғаламы), — кім-кімге болсын, бір қаптаған топан. Ол топанда кеме тауып мінуші қайда? Кім көрінген сал байлаумен әуре болып жүр. Өзің ойлашы — бір көңілдегісі болмай, шаршап қалғанды: «Қарашы, өзінің салы суға кетіп, жаман жүдеп тұрғанын!» — дейді. Не үшін айтады: байлаған салы босап, шешіліп, тарқап кетіп, суға кеткен кісідей салбырап жүдеп тұрғандықтан айтады. Бұ дүние — бір жырғымық түпсіз терең дария. Ол жырғымықта нәпсі оһуа еріксіз әркімдерді міһлік оғырық. Дүниеге шұғыллану (шыпыллану) ол өзі — бір ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең дария. Уайым-қайғы — өз алдына ол өзі бір түпсіз дария. Дүниеге хырыслық — ол өзі шалқып жатқан өз алдына бір дария. Ғапылдық (ғапыллық) деген — о да өз алдына ниһаятсыз терең дария. Адамның көңілі жан-жаққа тарап, «ақылы алты тарап, ойы жеті тарап» болудың өзі — бір өз алдына дария. «Салт басты, сабау қамшылы» болып жүрген, «басы бос, байы құдай» — болып дәнемемен жұмысы жоқ, «Тапқаны — тамағына, жұтқаны жұмырынына» үйрек сықылды сүңгиді, мейлі, жүзеді мейлі. Бір жаққа ұшып кетейін десе, артында қалар дәнемесі жоқ құс есепті болады. Хош, нәпсі һуанның арзушы ерік әліңе қоймай, қатын алғызды. Қатын алу — көт керек, күнде батпан ет керек. Оның екі тығынын толтырамын дей-дей, тоймасқа бергендей, толмасқа құйғандай, «еңбегің еш, тұзың сор» болып, құмға сіңгенмен бірдей боласың да, отырасың. «Көз көруден тоймайды, өмір жасаудан тоймайды. Бай малға тоймайды, ғалым ғылымға тоймайды. Жер суға тоймайды, от отынға тоймайды. Өлік дуаға тоймайды, қатын ерге тоймайды» — деген атақты тоймайтындардың бірі емес пе?! Ал, мұны тойғыз... Мұны тойғыза алмасаң, оны тойғызушыны тойғызу үшін, мал табудың бейнеті сенде болмақ. Ішіп-жеу рақаты — басқанікі болмақ. «Өзіңдікі өзіңе бұйырмасын!» — деген қарғысқа, кісі қарғамай, сен ұшырамақшысың. Бір жаныңды отқа да саласың, суға да саласың. «Кісі болып көрініп, жұрт көзіне түсейінші!» — деп, бұ дүниенің жүзі — бір көз жеткісіз дария, сен сал байлап, әуре боласың: «Қатын-баламды дариядан ғарық қылмай, аман өткізсем екен!» — деп. Бір үйдің іші жан сақтаймыз деп отырған салдың Құдайдың құтты күні бір байлау жібін қатын біреуге берумен отыр. Бұл салмен қалай судан саламат шығады? «Салы суға кеткен!» — деп, осындай жанды айтады. Мұнымен жүріп, ақыры суға ғарық болғаннан басқа табарың жоқ. «Қатын алдың, кемеге міндің, // Балалы болдың, ғарық болдың» — деген сөздің мәнісі осы болады. Береке қашқанда, әуелі астан қашады. Сонда сол астан береке қашырушы — сол асты ұстап жүрген қол. Мұндай «ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең» дариядан саламат құтылуға Нұх пайғамбардың кемесі..., Нұх ғалайссаламның өзіндей кісі тауып алмаса, капитансыз құр кемемен су жайын білмеген топастар қалай саламат шығады?! Олай болса, тырық мыстықымды шабыт болған табаны жалпақ тарлан боз, бір ұлы Құданы [Құдайды] тауып (табып), етегінен ұстасаң, бынайсіләм бес бөренесінен кеме жасап, өзі капитан болып, сені дүние топанынан құрғақлық сахына (сажына) саламат шығаруында шек шыһыр жоқ. Ол капитанның кемелерінің атын айтайын. Түгел кемесіне мінгізеді, дүниеге шығылланудар жасынан саламат өткізеді. Құдайдың не қылғанына риза болу кемесіне мінгізеді, уайым-қайғы дариясынан саламат өткізеді. Қанағат кемесіне мінгізеді, хырыслық дариясынан саламат өткізеді, зыһырутқой кемесіне мінгізеді. Ғапылдық (ғапыллық) дариясынан саламат өткізеді. Таухид кемесіне мінгізеді: «Алла сыбын бақи һос» — дегізеді, ұзын ой дариясынан саламат өткізеді. Мұндай болған адам: «Құдайдың жазғаны болады, жазбағаны болмайды!» — деп біледі. «Құдайдың бұйырғаны кетпейді, // Бұйырмағанға, кісі асыққанымен, жетпейді!» — деп біледі. «Құдай сақтаса, пәле жоқ, қарғаса, дауа жоқ. Құдайсыз дәнеме болмайды!» — дейді де отырады. «Мына аяқты, Құдай басқызса, басамын, Басқызбаса, қайдан басамын?». «Осы алып отырған демді, Құдай алғызса, аламын, // Алғызбаса, қайдан аламын?!» «Не қылса, ерік-ықтияр Аллада, // Мен — пенде: пендеде не ерік бар, не ықтияр бар?!! — деп, дәнемені мақсат қылмай: «Иа, Алла, өзің оң жолыңа баста! Өз ризалығың табылатұғын жұмысқа мені таста! Бір дем бастым жолыңа, түстім өзіңнің қолыңа! Не қылсаң, ризамын! Мен бейшара зағип, ұмажыз құлыңа» — деуден басқа пікір-зікір болмайды. Алла һәм әмин, иа Раб-ал-ғатин! (1911-інші миллады, 21-інші мартта, дүйсенбі күні)
ҮШ АСЫЛ ТУРАЛЫ
Адамның қара бойында үш асыл бар: асылдықта бірінен бірі өтеді. Сол үш асыл болған нәрсесіне болған жанға екі дүниеде еш пәле жоқ. Бірі — көз, бірі — тіл, бірі — көңіл. Көз — көңілдің, қол — ауыз [дың] басшысы. Көз қалай бастаса, көңіл солай кетеді. Тіл — көңілдің тілмашы; көңіл не бұйрық түсірсе, тілмен түсіреді. Кәне, бұл үшеуіне ие болайын десе, көздің де жамылғышы (жамылхышы) бар. Екі қабақ — көздің жамылғышы. Екі қабақтың басын қосса, көз жұмылады. Тілдің де жамылғышы бар — отыз тіс пен екі жақ ауызды тарс бекітсе, о да жабылады. Көңілде жамылғыш жоқ, қорғансыз қорасыз жадағай. Ауызды бекіткенмен, көзді жұмғанмен, көңіл жабылмайды. Көңіл жамылмаған соң, көзіңді жұм мейлің, жұмба мейлің; ауызды бекіт мейлің, бекітпе мейлің; көңіл — бір медресе дәріс. Онда иа әлһам, иа усуса. Ол медреседе екі мідіріс дуам отырады. Алла тәбәрік отғылы бір өзінен басқа тақ жаратқан нәрсесі жоқ. Не нәрсе жаратса, жұп жаратқан. Не болса, не келсе, егіз болып келмек. Ол мідірістің бірі — періште. Көңілдің екі құлағы бар. Бұл періште оң құлағында отырады: аты — Мүлеһім. Оның көңілге салған хабары — Әлхәм. Ол мідірістің екіншісі — шайтан ғылиа — лағына, аты — хынас [ханнас]. Бұл хынас көңілдің сол құлағында отырады. Мұның көңілге салған хабары — усуас. «Біреу ақ көңілмен айтса, біреу қара көңілмен тыңдайды» — деген сөздің мағынасы: ұстат дәріс айтып, сабақ беріп отырғанда, хынас лағын усусасымен сөз мағынасын теріс ұқтырып отырады. Сондай болатұғыны үшін бір ғазиз рысаласында сөйледі: «Иа иһа әлқұм алзи фи-ал-медресте кілмә хысыл туа усуса-ай», — медреседе ғылым тахсил қылғышлар, барша тахсил жасаңыз, усусадан басқа дәнеме емес!» — дейді [64]. Сарп, наху, мантық — деген оқулар усусадан басқа білдірер дәнемесі жоқ. Жердің жеті түбіне барады, усусаны жетік оқып, үйреніп келеді де, халықты бұзады. Бұл хынас — лағын көңілге усуса салғанда: «Ғылым ізде» — дейді. Иа «қажы бар» — дейді, иа «пірге қол бер» — дейді. Соның бәрін жаны ашып: «Жақсылыққа қолы жетсін!» — деп салмайды. Семіртіп сою үшін, өмірінше басынан арылмастай төменде қалдыру үшін: «Ағуз билламин шірөр нығсына». Адамның көңіліне неше түрлі хуатыр [қуаттар] түседі. Соның көбін Ғылиа-лағына салады. Бұл көңілге ие болу қиын жұмыс. «Қиын» — деп, қоюға жарамайды. «Жасқанған қорған емес, // Жағаласқан — қорған». Адам өзі қайрат (ғайрат) қылып, һәммет қылса, бәрін жеңеді. Алла тәбәрік тағала адам баласының заһыр сортына заһыр ғамалына, пенде көретұғын жеріне қарамайды, қалыбына, ниетіне қарайды. Олай болатұғын болса, халықтың көзі түсетұғын үсті-басын, үйді таза ұстауға мәз болма, Алланың назары түсетұғын көңілді таза ұстауға тырыс. Көңіліңе бір бұзық қиял қатер қылса, тіл мен көңіліңді бір жерден шығарып: «Ағуза билламин ал-шайтан ражим!» — айтады. Алдында аңдып тұрған Лағыннан, арқаңда даяр тұрған Құдіретке қорғалаған есепті болып, жүрегіңнің басында Алла тұрсын». Шамаң келгенше тырысып, Алланы жүрегіңнің басына орнатып бақ. Сілүк жолының керегі — осыған, сілүк жолына кірмей, орната алмайды. Ол жолға кірген соң да, «Ердің ері, егеудің сынығы» — дегендей жан орнатады. Жалқаулық қылмаған сағи ұғырт қылған, жыһаты һәміті зор болған әркімнің қамматы өзінің һамматына қарай болады. Һәммат — көңіл жұмысы. Көңілде махаббат ұшқиқат әлһам раббани бағзы ғадауат усуса шайтаны. «Зиреке махаббат ұшғиқат рахман сағаты дүр. Бағзы ғадаут шайтан ғалиа-лағына сағаты дүр» — Кім де кім болсын, көңілінің һәмматын махаббат ұшғықытқа сарп қылу керек [65]. Бағзы ғадауат жолынан тыйып ұстауға керек. «Кел-ай сәлік көзің ғибрат билан аш» — махаббатсыз кісіден қош болып.
Хадис Шариф: «Ла-ла иман, ла-лімін ла мыхжила» — дейді. Көңілді пак, таза сақлаудың жолдары. Әуелі бұл Ай[т]е Керимені иад (жат) біліп, мағынасын молда қаза қыл. Құлақлы иғылым мапи қылу бікім, не ғылым бизат, алыс дүр. Олай болса, қалыпты, әдепті қылып, ұстауға сағи ғырт қыл. Көңіліңнен не қатер (хитор) кешсе, Алла тағала самих убысыр ғылым екендігі зейініңде даяр тұрсын. Екінші қалып Алла тағаланың нәзірге һи хадис Шариф бар. «Ан ла-ла нәзір әлі соркім уабдаңім біл нәзір әлі қалу бігім ониа тігім».
Үшінші — бұл Хадис Шарифты жадыңда тұт...
Төртінші — көңілі есеннің бір жауһар нәпсінің һырмығы. Шыриғының мынхырбыны дүр. Ол хуаһыр нысанияның әуел басы — ғақыл һыда дүр. Ғақылдың қуаты — ғылым офһым дүр. Уағылас мағырпат хұда дүрге ғылым уфһымның күшімен әркім өзін танымақ. Өзін танығанның соңында өзін жаратқан халық сахи кім екенін танымақ. Бұлар сағадаттарын оқыртқын дүр. Мұнан соң сығда деп камал мығады дүр. Мұнан соң ниет салха хасен шығады дүр [66]... Бесінші — бұл көңілдің бес халы бар. Ол халлар басқа ағзаларда жоқ дүр. Бұларды танып білу керек. Көңілдің бір халы — аңдушы дұшпаны бар. Ол дұшпан ханас-лағын иусус фиис дүр алнас — мұныменен қарсыласуға жарайтұғын. Егер Алла тағаладан бытырық лығиз әлһам болса, екеуі жағаласып, бірін-бірі босатпай, аңдысып тұрар. Әлһам болмаса, хал мүшкіл, жеңіл басыбайлы құл қылып алады да қояды. Бұл екеуінің жеңу жыдалы көңілге бір зор соғыс. Бұл екеуінің соғысына орын болған көңіл дамылсыз тысадымда қалғаны. Көңілдің екінші халы — һойның дұшпанлығы: «Улаттыбых лыһой фызлік ғин себіл Алла! — демеді ме — Мұнымен қарсыласуға жарайтұғын». Егер Алла тағаладан ғынайт болып, ғақыл болса, ғақыл жоқ болса, көңіл һой ерікті: не айтқанын қылдырмақшы. Ғақыл бар болса, ғақыл мен һойның жың ұждалы. Көңілге бұ да бір зор соғыс. Ой, Алла-ай, өзің сақтай гөр! Ғақыл деген өзі бір асыл жауһар — бітінге тығақы бар. Есебі Құдайдан келген бір жарық сәуле. Ғылым деген сол ғақылда бір істің сортының хасыл болмағы. Ол хасыл болған сәуленің жарқылығымен қылынған бір жұмыс: уақыхға мытабық болады. Ол ғақылды бұзатұғын нәрсе тауһым. Тауһым деген уһымның күшіменен ғақылдың хүкім жүргізбегі. Ол жүргізген хүкім садық болмай, кәзіп болып шығады. Кімнің болсын оның өз ойымен қылған бір ісі оң болып шықса, ғақылдың жұмысы теріс болып шықса, «Ғақылмен қылдым ғой!» — деп ойлағанмен, ғақылдың жұмысы болмайды, уһымның жұмысы болады. «Аса закон бас жояды» — деген сөз ғақылмен қылынған емес, уһыммен қылынғандықтан болады. Уһым — қазақша — ұзын ой, не ісіңді болса, шариғат тезіне сал. Шариғат тезіне түзу шықса, ғақылмен болғаны [67]. Шариғат тезіне түзу келмесе, уһыммен болғаны. Әлһам деген көңілде бір мағынаның шешіліп білінбегі. Физы рыбаны болу бірлан усуса тариқымен болмаса, жұрттың көбі сөз мағынасын әлһамменен жүргізбейді, усуса қуатымен жүргізеді. Солай болғаны үшін бұл заманғы қожа-молданың қанша оқып білген білімінде қасиет болмай, ақ қағаздай жүрегі ағара алмай, қара сиядай қап-қара болып кететұғындығы — сол. Көңілдің үшінші халы — көңілге хуатырның дұшпанлығы. Көңілге қатер қылатұғын нәрселер — оған қарсы тұратұғын хақлық, туралық. Хуатыр деген жаңбырдай жауып тұрған оқ. Көңіл оған тігілген бір нысана. Мұның дуасы — риязит шақа нәпсіні басы босанбастай, қолы тиместей риязытқа салуы — ас ішіп жеуге шамасы зорға келетұғын болсын. Болмаса биттей тынық терсең, бұл хуатыр ұйтқып соққан борандай қылады [68]. Көңілдің төртінші (дүртінші) [69] халы қалыбының нықылаплығы. Мұның ғаламаты қуат көңілінің қаралығы тастан қатты болмақлығы масуа иемел махаббат. Мұнан нағыз балла: Алла тағала өзі сақтамаса (сақламаса), пенде өз ықтиярымен құтылуға мүмкін лайық бір жұмыс. Ныһайты кәпір (күпір) залалыт. Мұның дауысы «Ағуз билламин ал шайтан ал ражим Раббана латуа хызнан нысна уахата нарста ғазес» — бірлан құтылмасаң, онан басқа мұнан құтылуға жол жоқ. Бесінші халы — өзге нәрсенің апаты (апыты) көзге көрініп көрініп келеді. Көңіл апаты — көрінбейтұғын нәрсе. Бұл апаттың (апытның) ер (ир) өскендігін (үшкенлігін) ғақылмен, фаһиммен білу қиын. Алла тағала өзі фазылына алып сақтамаса, пенде өз көңілін өзі бұл апаттан сақтауға (сақлауға) ие бола алмайды. Ан хазіретіміз Мұхаммед Мұстафа ғалия ал-сылып өссалам! Сұбыхан Алла: «Иам қалып (қылып), ал-қалып (ал-қылып)» — деген. Бар шамасының келгені — сол болған. Барша Құдайға жылаушылар (иғлаушылар) осы көңілінің нықлабынан дәрменділікте (дүрменделікте) қалғаннан жоқтаған (иоқлаған). Біз де көңіл нықылаплығын қостай бермесек, жылау (иғлау) қайда: «Ағуз билламин шырор нәпсіге (нәпсісіне) умин сияат ғымалнамин иһді. Алла піла мізле умин иғылла һілаһадила». Қанша сөйлеп, пысықсып келсем де, осы жерге келгенде, дағдардым. Иа, Алла тағала, қиямет күнінде дағдарта көрме! «Иллаһим әрһал хақ хақ [қ] а ораз қына абаға дарна лыбатіл батлауар зықана жытнаба». Құдай тағаланың құдіретінің шеберлігін тамаша қыл! Адамның сыртқы қабығы — топырақ ғаламы. Оның іші — қан: бір қабат терінің ар жағы шып-шып шығып тұрған қан ғой. Бір жеріңді пышақ кесіп кетсе, қан бұрқ етеді ғой. Ол — су ғаламы. Ол қанның ар жағынан жанның буы. Ол — жел ғаламы, оның ар жағы — рух хайуаны, жүрек қызуы. Хырарт ғыризия. Ол — от ғаламы. Ол — жүректің жеті түрлі қалыбы бар. Жеті түрі — жеті көк ғаламы есебінде — көңілдің қалыплары [70]. Әуелгі қалыбы — көңілді жаман ойдан құтқарып, ет (ит) жүрекліктен шығарса, енді мұның аты жүрек болмайды, көңіл болады. Енді ол көңілдің жұмысы — жаман ой болмайды, пікір-зікір болады. Мұндай болған көңілді «қалып» — дейді. Қалып болса, ғақылға ие болуға жарап, хақ илан батылдың (батылның) парқын айырып, мүмин муахыз болады. Бұл қалып дүние (дене) көгі орнында. Мұның сәулесі — Ай сәулесі орнында. Екінші қалыбы — сыдыр. Бұл сыдыр қалыбының сыптай (сыйдай) болып, мітпікіре қуатын жүргізуге жарап, шырах сыдыр хасыл болады. Үшінші — қалыбы — жыта алқап ғим ұшата бұған бірдей. Білнөр бірдің фырағатта әлімде (алымда) көңіл дәрежесі үшінші зыпқаға барған ерлер дүрден табылады. Радат (арадат) ғибиа илата, — ер өліп, ол һуа ила манзыл (мынзыл) алуға жарайды [71]. Төртіншісі — «Мытһыжа ал қалып лыһағыржай рахманы уалһам жалалы ныпсианы (нықсианы) болып фірастіле фырқыңы» — білесің. Бұл мыһтыжа ал-қалып. Төртіншісі — аспан орнында мұның сәулесі күн сәулесіндей ар жақ, бер жағына түгел. Бесіншісі — шапақ (шығып). Бұл шапақ есігі ашылса, сені жазбаққа ние алып қып дүниеден балкайе кешіп: «Бір Құдай (Хұда)!» — деп қаласың. Хазірет сұлтан Алғарфиннің: «Тиғы бәтін бірле нәпсіні шаптым, міне» — дегендегі «тиғы бәтін» — осы жердегі қаһарманның қылышы. Алтыншысы — құлат, дарадат рахмания хасыл өліп, лыһамат нәпсі енеден халас болып, мызһыр жымал үлесін шейх сығанларның тыблалығы көңілдің осы мақамына барғанда болды. Жетіншісі — сойда тахсил садап етіп, сыдық үлесін ұса оқылбегі (оқылмағы) мырат жамал үнзіргет зулжалал боласың (бөлесін). Өнүр ұхзор өсірөр иле төлесін. Озман өмгеннен хырұж идесін өмтәмек улан сымайа ғырұждан ғызмілің(ғындлілің) мықтыра ғындында нібие иле мықғыд сыдқа кетесің, уабдалабад. Онда хызүр озық етесің. Бұлар түгел болды. Дәл тамам болды. «Ала ан бізкір Алла [а] тымен лықылып...
Аза туапқа болып, мұндай дәл айына хұда болды.
Ондай болса, мұндай дәлінің діру үнінде рух есен болды. Рух есен болған соң, ол дәлінің заһары — кіріс, бәтіні ғарыш Рахман пұлды қылып, әл-мүмин ғарыш лырхыман деген Хадис Шариф мисталыққа дәл келді. Зирек қылып һәл ғырбан бет хазірет Рахман дүр. Нәте кім хақ тағала маусығыны рыхи уаласмани усиғыны қылып, ғабді ал-мүмин, ал-һин, ал-лин, лұрхы биор міш дүр... Хылақ хамида бірлан мытсып болған кәріптерінің (ғарыпларының) қалыбы. «Кішжірт тибіте сылһашабырт офыр ғыһапы симан» — болған соң, бұл шежіре дәлінің сылынан төрт өзен ағатұғын болды. Қалыптың бұлағынан Набат суы, Сыдыр шешмасынан сығұт суы: су емес, бұл — сүт. Сырның хамханасынан — махаббат шарабы — мас қылуда қамырдан күшті. Оның мастығы (маслығы) айныды. Бұл махаббат шарабының маслығы — айнымайтұғын мастық (маслық).
Рухтың су ағарынан — мүддат балы.
ЖАН ҒАЛАМЫ
Жан ғаламы — өз алдына бір ғалам. Мұның күмбезі — омахы (дымахы). Ғақыл — онда фирузында шырақ, шаштар (шашлар) — хикмет шырағының түтіні. Бас-Құдай тағаланың шеберлігімен жаратқан сарайының фиштақ отыңкізсі. Көзлер — нұр шығорының(шоғырының) мынзирасы. Кірпіктер — нұр құсының қанат қанат-құйрықлары. Көз айналасы — жеті қорған — дүние айналған жеті көк. Көздің қарашығы — оның міргізі, нонның ноқаты. Мұрын — әліф, екі қас — оның үстінде мід... Ғылым хикмет мағрипатқа ие болған. Алла тәбәрік отғылының фазыл керімі бірлан осынша ғылым фаһымда ыстиғдад қабілеті болған. Адамның бас жүзі шідірт лымынт тыһи. Қуат махафызасы — лух мыхфоз. Қуат, қиял мытғыңырасы — қалам. Миы-кіріс, ғақылы — ғарыш-ағзам. Қайыры Құдай тәбәрік отғылының он сегіз мың ғаламда жаратқан нәрсесінің бәр-бір мұның қарақан басынан табылады. Зәрре болып, Күн орнына жарап тұрса; қатре болып, дария орнына жарап тұрса, сен қалай тамаша қылып қарай алмай шыдап тұрасың?! Айналайын, шебер қыдыр талихы Құдайым-ай, зәрреге күнді сыйғызып, қатреге дарияны сыйғызып, он сегіз мың ғаламды һәм зор құдіретлігі (құдіретлығы) — өзін бір жапырақ еттің ішіне сыйғызып, бізге тамаша шеберлігін көрсетіп тұрғаны-ай! Сыдырт ал-минтыһы бұл болды. Түп (Тәубе) — ағаш қайда? Құдай не жаратқанының бәрін жалғанда бізге көрсетпек. Пейіште түп-ағашы: жапырақтары, бұтақтары, жемістері жоғарыдан төмен қарап салбырап тұрады. Бұл жалғанда не деп ойласаң, «Назһин» — деп айтуға жарарлық қызлар — түп ағашы сол. Шашы — жапырақлары, екі қолы — бұтақлары. Екі емшегі — алма деймісің. Анарды місін (мүсін) емшілері қалайша оған қарамай тұра аласың?! Ол түп ағашының түбінен төрт бұлақ ақса, шаштың айналасынан да төрт бұлақ ағады. Бір бұлағының суынан көзің су ішіп, мейірің қанады. Бір бұлағының суынан мұрның су ішіп, мейірің қанады. Бір бұлағының суынан құлағың су ішіп, мейірің қанады. Бір бұлағының суынан аузын су ішіп, мейірің қанады. Көзінен көзің су ішеді, мұрнынан мұрның су ішеді. Ән салса, хош аузынан құлағың су ішеді. Тілінен бір сүйсең, аузынан аузың су ішеді. Бәрі — Құдай жаратқан нәрсе. Құдайдың жаратқан нәрсесінде жаман бар ма?!
Бірақ ғақылсыз надан өз жүрісінен өзі жаман болады.
Бұл сөзімізді бастағанда, көңіл жайын таныту үшін, Құдай тағаланың қалай шеберлеп жаратқандығын сөйлеу үшін бастап едік. Тағы мұның турасынан бір сөз. Алла тағала Калам межідінде (мешітінде) Мираж лыжирын: «Илқиян бинаһма бірзих лайыпғиан инхырыж мынаһма аллу-лу дилмыржан» — дейді.
Бұл айтқаны — мақсаты: «Мұнан мағқұлатны сезіп біл!» — дейді. Әуел мақсатын (махсусатын) сөйлеп түсіндірейік. Ащы дария мен тұщы дарияның астасқан жері болады. Екеуі қосылысып, бір арнаменен қатар жарысып ағады. Арна — бір, су ағар жол — бір. Міне, Құдайдың шеберлігі сонда — бірінен біріне бір тамшы қатынаспайды. Қайықпен барып, екеуінің де түсі белгілі: бірі — ақ, бірі — көк мөп-мөлдір. Ақ жерінен алып ұрттасаң, ащы; көк мөлдір жерінен алып ұрттасаң, — тұщы. Қанша қосылып бірігіп аққанмен, біріне-бірі иненің жасуындай әсер (ашыр) қалған жоқ. Сол ағыспен біраз жер бірге қосылып ағып отырып, және бірінен бірі көктей өтіп, екі айрылып кетеді. Сонда сол айрылып ағып жатқан жерінен су алып татып қарасаң, баяғы тұщы — тұщы; баяғы ащы — ащы. Ай, айналайын, шебер Құдай-ай! Қалай Құдайдың шеберлігіне жұрт таң-тамаша қалмас?! Лұлу, маржан асыл тастар сол ащы дария мен тұщы дарияның астасқан жерінен табылады. Болмаса дүниенің жүзінде не мөлдір тұщы сулар бар, не түрлі адам аузына алмастай ащы да су бар. Біреуінің түбінен бір тас тауып алған жанды көздерің көріп, құлақтарың естіді ме?! Құдай жерде қанша дариялар бар болса, көкте болған дариялар онан да көп. Көк туырлықтай болса, жер таздың тақиясы құрлы жоқ. Бұл жерде болған, көкте болған дарияның арасында һәм бинһама бір зих лайыпғиян бар. Ол бұлт — жерде болған сулар бу боп көтеріліп бұлтқа барып тоқтайды, әрі өте алмайды. Көкте болған сулар бұлтқа келіп құйылып тоқтайды. Бері өте алмайды. Тамшы болып өлшеуменен ғана жер жүзіне қатынасады. Жерден бұлтқа барған су ар жағындағы көктегі суға жел болып көтеріліп, қатынасады. Бұ да Құдайдың зор шеберлігі емес пе?! Судан бу шығарып, будан жел шығарып, жел [мен] су шығарып қойған, міне, көз алдыңда отарба, от пароходтар судан шыққан будың, будан шыққан желдің күшіменен будың, будан шыққан желдің күшіменен зырқырап жүріп жатыр. Топырақтан отын шығарды — қуат. Ойлашы өзің: асылы топырақтан болмаған отын бар ма? Отыннан от шығарды Құдірет, оттан жел шығарды. Құдірет, желден су шығарды құдірет! Ол суды қайта ап келіп, жерге төгіп, тағы топырақ қылды құдірет! Аспаннан жауған жаңбыр, яки қар, — бәрі топырақ болады. Топырақтан басқа дәнеме болмайды. Бүгін қар болса, ертең — топырақ, бүрсігүні — шөп, онан соң — отын, онан соң — от болып — түтін; онан соң — жел, онан соң — тағы су, — осылай құдіреттің шеберлігі. Енді бір айналып (айланып) өзіңе қара... Өз бойыңнан тап: Қаралдың кіп-кішкене жаратылған мақұлықаттың ең ұсақ уағы болсаң да, бәрі өз бойыңнан табылып тұр. Сенің денеңде қойдың сыңар құлағындай бір жапырақ ет бар, оның аты — жүрек. Ет жүректің ойға салуымен дүниеге шұғыланудың өзі бір дария емес пе? Дүниеге шұғылданған адам дарияға түсіп кеткенмен бірдей. Дария қылзымнан кейін болса, Құдайға сал! Ет жүректің ойға салуымен уайым-қайғы өз алдына шалқып жатқан бір дария емес пе?! Дария ғыманнан кейін болса, Құдайға сал! Ет жүректің ойға салып, құмарландыруымен дүниеге хырыс болу өзі — бір дария [емес пе]?! Мұның үстіне ет жүректің былқылдақтығынан дәнемені сезбей, ғапыл қ [а] лудың өзі бір дария. Бұл екеуінің дариялылығы — Ақ теңіз, Қара теңізден кейін болса, Құдайға сал! Таусылмайтын ұзын ойдың дариялығы теңіз — мұхиттан кейін болса, Құдайға сал! Осы айтылған дариялардың бәрі ащы ауыз [ға] ұрттап алмайтұғын. Бұлардан ащы - [у] лы жалғанда не болады деп ойлайсың. Енді бұлармен қатарласып, тұщы болып, бұлардың ащылығынан жеңілмейтұғын дарияларды сөйлейік. Мұнша дариялар күшейіп, зорайып жатқандығы — жүректің аты «Ет жүрек» болып, оның ойлағаны жаман ой болып, ол жаман ойға шайтан ғалия ал-лағынасия болып, табиғаттай тахыт жасап, нәпсі әмірі (әммере) патшалық қылып тұрғандықтан еді. Алла тәбәрік отғылыдан таупық һидайт фазыл ғынайт болып, ет жүректі — ет жүрек — жүрекліктен шығарып, көңіл деуге (диюге) жаратты. Жаман ойдан құтқарып, пікір-зікірге түсірді. Қуат мітпікіре, қуат мыхафаза күш алды. Табиғат тақиты қалып, шариғат тақиты орнады. Нәпсі әмірі (әммере) патшалықтан түсіп қалып, көңіл патша болды. Сонан соң мұндай болған көңілге ғылым дариясы қайнады, ғақыл дариясы қайнады... Неше түрлі толқынмен қайнап, тасып ағып жатқан ащы дарияны көрумен хұп зытре болып, сұлу қыздай бұраңдап, иіріліп аққан тұщы мөлдір тұнық дарияны көріп, рыжаде болып, бұл хұп рыжаның өзі Ащы теңіз, Тұщы теңіздей жарысып ағып, екеуінің астасқан жерінен зыһид өзі... келіп, Алла тәбәрік отғылының қаһарынан қ... ор сып лытығы болған уақыттар таул... Бұл қыз бенен біттің, Ащы теңіз, Тұщы теңіздей жарысып, бұл екеуінің астасқан жерінен фиқыр... гауһарлар табылып, бірде сүннет Құдайға мұсылығы сызылып, бірде һайбат қорқынышта қалып, бұл сүннет һайбаттың өзі Тұщы теңіз, Ащы теңіздей жарысып ағып, бұл екеуінің астасқан жерінен фіта гауһарлары табылып, бықа мынзылына рәсуа (ер исуа) үміт бірлан мысыт қайранлықта қалады. Хазірет сопы Аллажар Рахметулла ғалияның нәдір құлдық оның мыштақы болмақ. Өзінен пани хаққа бақи болмақ, танымақ, Тәңіріні танымақ, һуадан кейін тұрмақ, нығал наруадан бойын сұнбақ, егілмек құл деместе қазаға разы болмақ. Барша істе үміт (мида) етпек. Үшал құдіретлі шаһиттен жанардан (ианардан) хұп етіп жанбақ кезінен мағынасына жаңа садық келді. Өзін жоқ есебінде қылып, Құдайды бар деп білмек. Өз ризалығын, өз мақсатын керек қылмай, Құдай ризалығын талап қылмақ. Жаратылысты сөйлеушілер айтты делінген... Әуел жаратылғанда, дүние жүзі топан суы қаптағандай топ-толы суда еді. Сол судың ең әуел оты ұшқындап бөлектеніп, Ай, Күн, Жұлдыздар болды. Бұрқыраған булары — аспан көк болды. Жел болса, жоғарылап, мекендерімен бірге еріп кетті де, су мен топырақ қалды. Су бу болып, аспан көкке көтеріле-көтеріле таусылуға айналды. Қалған топырақтан таулар туды. Ең әуелі Ұлытау басы көрінді. Жалған дүние жүзіне бұрын көрінгендіктен: «Ұлытау! — атанды. Сонан кейін Шыңғыс, Тарбағатайлар көрінді. Сонан кейін он екі қазылық таулары көрінді. Ең соңғы кенжесі — Баянаула болды. Солай болғаны үшін, мұның бір өзінде жеті қол және әр тасының басында іркіліп қалған сулар бар. Және су тесіп кеткен тастар көп. ...Бұл көк: Ай, Күн, Жұлдыз. Мұнан бұрын жаратылған деуге ғақылға сыймайды. Аспан, көк деген бер жағындағысы ар жағын жасыра алмайды. Ар жағындағысы бер жағын жасыра алмайды — Шыны айна сықылды. Қаттылығы, беріктігі алмас сықылды, есік жоқ, тесік жоқ тұтасқан бу сықылды. Осыны басып, көріп келген ешкім жоқ, ойлап-ойлап, ойға жүгіртіп айтылған сөздер... [72]. Бір қарға бес балапанына лашын алып жеп кеткен үйректің қалған тамтырын алып келіп тастай беріпті [73].
XXX
Бір парыздың ішінде бес парыз бар: Білмегі — парыз, қылмағы — парыз, мөлшері — парыз, иланбағы (инанбағы) — парыз, ықыласы — парыз. Бір уәжіп болған нәрседе төрт уәжіп, бір парыз бар: білуі — уәжіп, қылуы — уәжіп, илануы — уәжіп, ықыласы илан болмағы — парыз. Рия қылмаслық — уәжіп. Рия — харам: қай орында болса да, харам болған нәрсені қылмаслық — уәжіп. Алла тағала пенделерін тұғыры жолға көндіру үшін өзінің сүйікті досы — пайғамбарларына жіберген бұйрық сөзінің ішінде: «Уанна кәкімуа фи алла нығам кеғбірет» — дейді. Яғни: «Дұрыстықта сізлернің пайдаларыңыз үшін болған төрт аяқты (аяқлы) хайуанда көп ғибратлар бар!» — дейді. Егер бұлардан ғибрат алсаңыз, надандық дариясынан ғылым-білім құрғақлығына сәламат шығасыз?! — дейді. Ол ғибрат не?» — десеңіз, көзімізге көрсетіп қойды. Төрт аяқты хайуан от оттайды, су ішеді. Ол екі ұл — екі нәрсе хайуанның құрсағында бас қосумен — қан мен жын болады. Бұл қан мен жыннан қорытылып, аппақ сүт шығады. Ол малдың желінінен шыққан сүтте қанның түсі жоқ, жынның иісі жоқ. Бұл екеуінен қалыс таза сап болғанлықтан, ішкен жанның сусынын қандырып, жанын рақатландырады. Мұнан ғибрат алып, пенде мумин Құдай тағалаға қылған құлдығын (құллығын) қан мен жынның арасынан қорытылуы жетіп шыққан сүттей аппақ қылып, шығаруға керек. Сонда Құдай тағаланың дәргаһына сүйкімді болады. Һой — өз пайдасы үшін қылынған жұмыс. Пенде мумин Құдайға қылған ғамалы рия менен һойының басы қосылуыменен болады. Не ғамал, не пиғыл болса, риясыз, һойсыз болмайды. Олай болғанда, әркім қылған ғамалына рия менен һойды араластырмай қылуға тырысу керек. Рия — жұрт аузына іліну үшін, жұрт көзіне түсу үшін пенделерге сүйкімді көріну үшін қылынған жұмыс. Һой — өз пайдасы үшін қылынған жұмыс. Пенде муминнің Құдайға қылған қызметі — риядан да аулақ, һойдан да аулақ болуға тиісті (тиүшлі). Бұл екеуінен аулақ болған ғамал қан мен жыннан қорытылған сап сүттей болады. Әр адам сөйлеген сөзін — арамын алып тастап, адалын сөйлеуге тырысу керек. Сөйлеген сөздің де қаны, жыны аралас болса, тыңдаушының (тыңлағушының) мейірі қанбайды. Егер де қаннан, жыннан айырып, сап сүттей қылып сөйлесе, ол сөзге құлақтың құрышы қанады. Сондай болатұғынлығы үшін Мышной Шарифтің сажы Маулана Руми айтқан: «Медеті ан Мышной тахиршыд, мыһаты байсыт тахон ширшід» Яғни, бір-екі жыл Мышной Шариф айтылмай тоқталып қалды. «Не үшін десең, қанның сүтке айналуына махаббат керек!» — деген. Олай болса, сөйлеген сөзге де сабыр, болжал, уақыт керек екен. Мышной: «Атшы аптат дір ғыһыд ғұмыр һімшу шөп хішік минхор даухыжыр». Хазірет Ғұмар лығарұқ ризалла тағлығының халифа болып тұрған заманында бір өрт шықты. Тастар қу шөп орнында отқа жанды. Мышной: «Халық үміт (амит) жанып, Ғұмар істеп (іштеп), кәтші мами нәмірд бап». Халық жұрт сасқанынан хазірет Ғұмар Ризаллағына жылап (иғлап) келді:
— Қанша су құйғанмен, отты сөндіре алмадық. Сөндіру үшін құйған суымыздың өзі майдай даулап жанады! — деп.
Мышной: «Кагыт ан атшы, аз аят Құдай шығла азатыш нақыл шимаст».
Хазірет Ғұмар Ризалла тағлығына жауап па сауал қайырды:
Ол — от — Алла тағаланың қадір құдайлығынан бір ғаламат. Халыққа құдіретінің шеберлігін көрсету үшін, ол от ненің оты дейсіз? Ол — өздеріңнің сараңдықтарыңнан ұшқынып от алып тұтанған от.
Мышной: «Ап бекзаридтан қисмет кенд бінхал бікзарид кірал жінид». Ол отқа су шашпаңдар, нан шашыңдар! Сараңдықты тастап (ташлап), сахилыққа айналыңдар! Пақыр, міскінге садақа үлестіріңдер! Сонан соң ол от өзінен-өзі сөніп қалады! — дейді. Мышной: «Халық кінғитыз шиге дір бекітуде ем. Мәснихи һәл фитот бір дейім!».
Халық бірден шулап қоя берді:
— Біздің есігіміз ашық еді, дастарханымыз жаюлы, қазанымыз асулы, кісі бетін қайырмай, бір кісідей қонағасы беруші едік! — дейді.
Мышной: «Кагатнан дүрсім ғадетте де еді. Зыбырай (Азбірай) хақ дірінің — дейді. Хазірет Ғұмар Ризалла тағлығына айтты:
— Сіздер не берсеңіз, бұрынғы ата-бабамыздың ғұрып-мірфімімен бересіз: «Сыйға — сый, сыраға — бал» — деп, бір нәрсе дәметіп бересіз. Сізлердің мырзалығыңыз — қазақ деген халықтың партия болысқандағы мырзалығы шикілігі... «Құдай үшін!» — деп, есіктеріңіз ашық емес!».
Мышной:
— Мақтаныш үшін киімі тәуір, ат-тоны жақсыға берсеңіздер, өздеріңізге жақтас болғандарға берсеңіздер!
Науаи рахметке ғалияның бұған дәлел үшін бір сөзін тәбәрігіне сөйлейік.
Науаи:
«Бір малы мирғы ирөр ғыдаллік емес. Мұққы дабзыл мал ианарыңа сыпыра кім ол аш емес. Бірөр аңа түнге жалаңаш емес. Атаңа тартарға жүз жылқысы бар самаңа берерге — жүз жылқысы бар сізлердің берсеңіз, бұл тариқа болған соң, аспанның ағыны сізлердің бағыстан қысқы қоныс, жазғы малыңыздың өрісіне жаумай өтіп, тағы өте шыға жауып: «Көктен жаудырсын, жерден өндірсін!» — деген тілеуден мақұрым қалып тұрасызлар. Құдайдан қорқып: «Құдай ризалығы үшін!» — деп — «Біздің де Құдайға ісіміз түсер-ау!» — деп, ол үшін бермейсізлер. Олай болмағанда, Құдай үшін бірді берсең, есесіне онды бермек». Мышной: «...Мал деген — бидайдың дәні. Оны ащы жерге сеппеңдер! Мал деген — бір қылыш. Оны жол тосушылардың (тосқушылардың) қолына берме! Құдагөй, Құдажой, Құдай жолына жұмсайтұғындарды тауып, өзің үшін емес, халсасадд Құдай үшін бер! Қалмақ тасқа табынады. Ол тастан қалмаққа не пайда?! Қазақ та сондай: дүниесін өзіне пайдалы орынға жұмсамайды, пайдасыз орынға жұмсайды. Жердің жеті түбінен қаңғырған-тентіреген келсе болғаны, сол — ол апарып ол дүниені қандай орынға жұмсайды, кім біліп қойыпты? Мышной: «...Дін һылы кім, дүние һылы кім — парқын айырып біл. Дін һылына бер, дүние һылына берме! Құданы талап қылушыларды (қылғушыларны) тап, солармен һәм сыхбат бол! Ықылас қандай болады, үйрен! Өзің білмесең, білгендерден [сұра] ! Мышной: «...Ғалимен бейталаптан үйрен! Ықылас бірлан болған ғамал не? Ол Ғалимен бейталап сыдалла лығалып пәк үмітһір еді, әр ғамалында рия қатшудан». Мышной: «...Хазірет Ғали кәрімалла ужһа бір соғыста бір кәпірдің шаһлуанымен қарсыласып, қол ұстың тапты. Күші әбден асып жықты. Кәпірдің шаһлуанын шалқасынан салып, өзі үстінде, ол астында: «Армансыз өлтірейін!» — деп:
— Құдайды — бір біл, пайғамбарды хақ біл! — дейді».
Мышной: «...Ол кәпір бід жахил, хазірет Ғали керімалла ұжһаның жүзлеріне түкірді. Ол хазірет Ғали керімалла ұжһа баниларының уәлилерінің жүз суын ап, руын арттыруға мыхжизат керемет орында келген жан еді». Мышной: «...Ол жаһыл түкірді сондай жүзге. Ол жүз қандай жүз еді? Аспандағы күллі ғаламға сәуле беріп тұрған айдың жүзі. Ол Ғали керім ұжһа Алланың жүзінен ұялғаннан, дәргет мыстығал бәрінің хызырына сәждеге бас қойып, ерді-лер. Оның үшін кім ай нұры қояштан еді? Қояш нұры ғарыш ағзамынан еді. Ғарыш ағзам нұры ан хазіретіміз Мұхаммед Мұстафа салиалла тағала ғалияөссалам нұрынан еді. Бұл — Ғали керімалланың ұжһанының жүзінің нұрлары. Сәруәрге сүннеттің нұрынан мыстағад болғанлығы үшін, ай онан (анден) қарсыласуга хия қылды». Мышной: «...Хазірет Ғали керімалла уажһа залилқарны лақтырып жіберді. Кәпірге қол созбастан, маңдайына шертпестен, қалай болса, солай тастап, үстінен тұрып жүре берді. Мышной: «Ол шаһлуан қайран қалды. Хазірет Ғали керімалла ұжһаның бұл қылығынан, орынсыз жерде ғапу қылып, рақымы келіп қалып, босатып жіберегенлігінен, сұрады және:
— Бұ қалай, батыр, ерік әліме қоймастан, аяқ-қолымды бір уыс қылып, бұрып алып, не пейім болды? Мені өлтірмей, жадағай тастап, кешу қылып, жол бердің? Онда хазірет Ғали керімалла ужһа айтты:
— Сіз [ді] мен ғазат қылмағымды ниетім қалса, Құдай үшін еді. Мен сені: «Дінге кір, мұсылман бол!» — дегенімде бетіме түкіріп жібердің. Енді сені өлтірсем, өлтіруім Құдай үшін болмай, бетіме түкіргендігің үшін өлтірген есебінде болатұғын болды. Сонан соң қылған жұмысым Құдай үшін болмай, өзім үшін болып кетерлік болған соң, өлтірмей, үстіңнен тұрып жүре бергенім сол! — дейді. Онда кәпірдің шаһлуаны айтты:
— Мен беруге бар едім, дін беруге жоқ едім. «Өлемін!» — деп, жаннан қорқып, мұсылман болғанлығымнан, мұсылман болмай, өліп кеткенім маған көп артық зор абырой (абұйыр) еді. Қорықсам, астыңда жатып, дереу шабайын деп тұрғанда, нар қылышың бар сенің бетіңе түкірер ме едім?! Сен мені босатқанда, менен қорқып босатқан жоқсың. Өзіңді күшті қылып жаратқан Құдайыңнан ұялумен босаттың. «Қылған жұмысым Ол үшін болмай, өз көңілімнің тілегені болып кетпесін!» — деп, сен ұялғаннан Құдайдан ұялу әркімге керек. Мына мен жан діліммен, шын ықыласыммен сол Құдайды «бір!» — деп білдім. Оның жіберген пайғамбарын: «хақ!» — білдім. Міне, қазір мені мұсылман қылған — сенің қылышыңның түсі суықлығы емес, жүзіңнің жылылығымен ер ашуланарлық іске ашуыңның келмегендігі! — деп, Ла-ила-илла-Алла, Мұхаммед — расул Алла! — деп, хазірет Ғали керімалла ұжһаның қолын ұстап, дос болды.
Мышной: «...Жазғытұрым жаңбыр (иамғұр) суымен тас арасына қандай жасыл ұланлар өсіп-өніп шығады. Сол жап-жасыл көкпеңбек (көпкөңбек) болуы — таудың зорлығы, тастың қаттылығынан емес, топырақтың майдалығынан болып жатқан жұмыс. Сондай сен өзіңді топырақтай майда ұстасаң, неше түрлі өзіңнен гүлдер (гүллер) өсіп-өнеді. Өзіңді таудай зор қылып ұстасаң, тастай қатты қылып ұстасаң, тамұқ отыны болғаннан басқа табарың жоқ. Топырақтан майда бола берсең, сенен өсіп-өнетұғын нәрселердің қадірлі, қымбатлы болуында ныһайт жоқ. Қиссадан қисса, сараң болма, сахи бол, Құдай үшін бол! Не қылсаң, о қыл, Құдай үшін қыл! Бассаң, тұрсаң, өз басыңның пайдасын іздеме (ізлеме), Құдайдың ризалығын ізде! Не қылсаң, Құдай риза болады? Жұмысың сол болсын, ықылас... Ағузи билламин, ал-шайтан ал-ражим!.. Қазақтың: «Дүние бір күн бетін көрсетеді, бір күн көтін көрсетеді» — дегені осыған келеді. Бұрса шаһарында жамығсыбы фыштақында жазылған: «Әмір Шамсалдин Мұхаммед опаты 823-те хазірет қожа Баһауалдин ширазадасы Митал бабаның хамитлоры сұлтан Баязиттің демеуі... Нұх ғалайссалам заманындағы топан суынан орнында отырып, сақтаған тамағының үйінің орны сол жамиғ... сында... балықлар...
XXX
Табиғат лағызының үш мағынасы уардір. Бірі — кафе, жәмік пен хыбыш, мыжмұх ісі дүр. Дігірі әрбір жемек. Бітәдін жіриан иден хуалыбы дүр. О дігір мағынасы — Алла тағала хазіретлерінің жырам уажсамда жақсы елдігі нытзамек тағырығы дүр. Қазақшасы: Құдай жаратқан нәрсе — табиғат дүниесі. Адам жасаған нәрсе — өнер дүниесі. Тіршілік үшін болған өнер — тірнек. Сәулет, сән-салтанат үшін болған өнер — көрнек.
XXX
...Баянаулада сытқамыт қылып тұрған Қамардин хазіреттен естіген сөз. Құдай тәбәрік отғылының жаратуы. Көктің астында, жердің үстінде баз бір адам болады. Оның шарапаты өз басына жеке тисе, аспанға ұшып кетер еді. Баз бір адам болады. Оның кесапаты ірі: жеке өз басына тисе, жер жұтып жіберер еді. Алдыңғы жанның шарапаты — мұны жерге жұтқызбайды. Мұның кесапаты, кесірі ананы көкке жібермейді. Міне, Құдайдың шеберлігі — бұ дүниенің ісін, біріне-бірін байластырып жаратқан. Солай болғаны үшін жалған дүниенің жүзінде осы екі түрлі пенденің екеуі де бар...
АТАСЫНЫҢ АТЫ БІЛІНБЕЙ, ӨЗ АТЫ ШЫҚҚАН ЕРЛЕР
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Әуелі Адам атаның атасының атын білуші жоқ [74]. Қайдан білсін: первый (пируай) человек болып, топырақтан жаратылды (иаратылды). Екінші — хазірет Ғайса пайғамбар. Оның атасының атын білуші жоқ (иоқ). Қайдан білсін: Құдірет шеберлігін көрсету үшін, он үш жасар қыздан атасыз туғызды. Үшінші — хазірет Хызыр пайғамбардың атасының атын білуші жоқ. Атасы бар, бірақ атын анық біліп, сарт еткізіп айтушы жоқ. Төртінші — Ескендір Зұлқарнайынның атасын білуші жоқ. Өзге пайғамбарлардың атасын қай кітап болса да, сөйлейді. Бәрі бір жерден шығады. Бұл екеуінікін бір кітап олай дейді, бір кітап былай дейді [75]. Бесінші — Шыңғыс [Шыңкіс] ханның атасының атын білуші жоқ, бағзы бір: «Ата білемін» — дегендер: «Писугей баһадүрдің баласы» — дейді. Оған көңіл тұрақтамайды [76]: «Писугей — қалмақ. Бір қалмақтың баласын осынша жұрт қалай төбесіне көтереді?! Стамбулдағы (Сіләмбұлдағы) ғұшмания нәсілінен басқа бұл Азиядағы хандардың көбі — Шыңғыс нәсілінен. Россияда — граф, ноғайда — князь, қазақта — төре, бәрі — Шыңғыс нәсілінен. Писугей баһадүрден қыз туып, ол қыз он бес жасқа жеткенде, отырған үйінің ішіне бір сағым түсіп, сол сағымнан буаз болып, бір ұл тауып [ты] [77]. Ол бала он үш жаста жетімлікпен жиһан кезіп, жиырма жеті жаста Алла тағала бақталайын өзгеден артылтып, шүршітке хан болып, жүріс қылып, дүние жүзін алып, «Шыңғыс!» — деп, ат атанды. Мағынасы: «Ханлардың ханы» —деген сөз. Сондай атасыз, Құдайдың құдіретінің шеберлігімен сағымнан пайда болғанлығына заманындағы халықтың көзі жетіп, соның үшін тұқым-тұқымын жұрт басына көтеріп кетті. Кеше Әмір Темір Көреген қанша жұртты алғанда, бұл Шыңғыс нәсілінен болған ханларды өлтіргенде және орнына сол Шыңғыс нәсілінен екінші біреуін хан сайлап жүрді. Бұл Шыңғыстан бері қарай бір кітапта мәшһүр мағрұр болған хандар — баршасы Шыңғыс ханның нәсілі. Дүниені алған һылаку — мұның немересі. Заты қарадан болғандықтан, Әмір Темір қанша жұртты алса да, хан аталған жоқ. Жақсы көргендер: «Әмір Темір Көреген» — дейді. Жек көргендер: «Темірлің» — дейді. Кім болса, ол болсын, жаман кісі болған жоқ. Жұрт аузында аты қалды, дүниеде қанша қылған жақсылықтары қалды.
Алтыншы — Алаша ханның атасының атын білуші жоқ.
Жетінші — Асан қайғының атасының атын білуші жоқ.
Сегізінші — Жиренше шешеннің атасының атын білуші жоқ.
Тоғызыншы — Абылай ханның атасының атын білуші жоқ. Өзі басына қойдырған тасында: «Абылай ибн Сүйеніш хан» — деп жазыпты [78]. Ол Сүйеніш қай жерге хан болғанын, қайда жүріп хандық қылғанын ешкім білмейді. Осындай атасының атын адам білмей, өз аты жұртқа шығып кеткен жанлар көп болады. Бағзы біреуден сұрасаң, «білмеймін» — деуді өлім есепті көреді де, бәріне де ата табады. Қыпшақ-Қорлыбай бидің баласы Досболдан, «ата білуге жүйрік» — дегенмен күншығыс жұртының біреуі ата сұрапты. Сонда өзінен Адам атаға шейін сырғытып айта беріпті. Адам атаға барғанда:
— Адам атасы кім? — дегенде,
— Адам атасы — Арсалаң, — депті. Естіп тұрған ғауымлар:
— Жарықтықтың атаға жүйрігі-ай! Адам атаның атасының атын да біледі екен! Мұндай атаға жүйрік жан тумас! — деп, дүркірей-ақ жөнеліпті. Ол кісінің айтуы:
— Қазақ, Қалмақ, Қарақалпақ, Естек, Орыс, — бәрі бір ағайынды екен. Ең кенжесі — Орыс екен. Баланың кішісі болған соң, еркелетіп: «Басы ауырады» — деп, шашын алдырмаған екен. «Шөметейі ауырады» — деп, кестірмеген екен. Орыс жұртының шашын алдырмай, кестірусіз кеткен себебі — сол! — депті.
Білімі жетпегендікпен: «Тауып айтты!» — деп бірсыпыра жұрт ұғып алғандықтан, жұрт аузында бұ да сөз болып қалды. «Пәленнің атасы — пәлен», оның атасы — түген!» — деп, — Сонымен Адам атаға шейін апарамын!» — деушілер «Адам атасы — Арсалаң» — деушімен бір мектептен оқып шыққандар болады [79]. «Айтушылардың бәрі де өтірік айтады. Мына мен шын расын айтамын!» — деп жатқаным жоқ. Қазақта бір мақал бар: «Күнәң жоқ болса, күн есепте. // Жазығың жоқ болса, жер өрте» — дегендей, «Тіпті кінәсы жоққа Құдайдың рақметі де жоқ!» — деген сөзден қорқып қалып: «Қараған көз, сөйлеген сөз — бәрі күнә, // Қожаға өлең айту — сізлерге еп пе?!» — деп, Ұмсын қыздың «Заман қожаға айтқанындай, басы жұмыр, түсі жалпақ» — пенде болып жаралған соң, күнәдан құтыла алмай жатқаным ғой! Бақсыдай бал ашып, түлкідей түс көріп, не болмаса жаурын жағып, соған қарап айтып жатқаным жоқ. «Естіген құлақтың жазығы жоқ» — демеп пе еді?! Сөз білетұғын, жол-жоба білетұғын кәрі құлақтылардан естігенімді айтып жатырмын. Анық шын сөз керек болса, Құдай сөзі Құранды оқыңлар. Пайғамбар сөзі Хадис — Шарифті оқыңлар. Шын сөзден жалыққан, ұйқысы қашқан, іші пысқан, еріккендер өткен-кеткенді әңгіме қылып, барды-жоқты сөйлеп, аузына келгенді іркіп қалмай, айта бергендердің әңгімесіне құлақ салсаңдар, оқудан жалығып, ұйқының келуіне іздесе табылмайтұғын ем дәрідей болады. Қазақ жұртында бір сөз бар: «Ерден назар тимей, есек базарына делдал болуға жарамайды» — десіп келеді. Оның мәнісі — кім-кім болса, әулиелердің қолдауыменен кісі болады» — дегенге келтіреді және мұнысына орын табады.
ӘМІР ТЕМІР КӨРЕГЕН
(БІРІНШІ ӘҢГІМЕ)
Бұрынғы заманда Бұхарай-Шәріпте бір қасиетлі керемет иесі әулие болған екен. Сол әулиенің ер жетіп, азамат болған жалғыз баласы болыпты. Күнлерде бір күн Бұхара ханының ақтаяқтары әулиенің баласын бір жаман іс қылған орыннан ұстап алып, ханға алып бармақшы болғанда,
— Әуелі тақсырдың өзіне алып барып алдынан өтейік. Сонан соң ханға алып барайық, турадан-тура (тұрсадан-тұрса) бұл жерден алып кетсек, баласының мінезін білмей, бізді қарғар! — деп баланы атасына алып барыпты.
— Қылғаның рас па? — дегенде, бала танбай, мойнына алыпты.
Сонан соң әулие:
— Мұны бүгін маған беріп кетіңдер. Ертең қолдарыңа берейін! — депті, ақтаяқтылардан алып қалыпты. Ақтаяқтылар кеткен соң, әулие Құтып заман екен, басын төмен салып, мұрақпа қылып, қырық шілтен ғайып ерендерін (ирандарын) түгелімен жинап алыпты:
— Бұхараның осы тұрған ханы өлген соң, орнына хан сайлауға қолтықтап, қолдап жүрген кісілеріңді маған қазір алып келіңдер, көремін, — депті.
Сөйтсе, қырық шілтенінің он бесі сол тұрған ханның бір баласын қолтықтап, қолдап: «Хан болуға осы лайықты!» — десіп жүреді екен. Он төрті бір қазының баласын қолтықтап, қолдап: «Хан болуға осы лайықты!» — десіп жүреді екен. Енді қалған он бірі Әмір Темірді қолтықтап, қолдап: «Хан болуға осы лайықты!» — десіп жүреді екен. Ол Әмір Темір өзі Самарқанлық-Қыпшақ, Әміртағай (Әмірхымғай) деген батырдың баласы екен, Бұхарада оқу оқып жүрген күні екен.
Әуелі он бесі ханның баласын оңаша алып, Құтыпқа әкеліп тапсырды, Құтып:
— Мынау отырған менің жалғыз балам бір жаман іс қылып, өзі мойнына алды. Осыған не бұйырасың? — дейді.
Ханның баласы:
— Өзіңіз білесіз де, — дейді.
— Өзім білген нәрсені сенен сұраймын ба? Кет, көзіме көрінбей! Жоғал, шығың, шығың! —деп, қуалап шығарды.
Онан соң он төрті қазының баласын алып келді. Оны да оңаша алып, хан баласына айтқанын айтып еді, ол:
— Тақсыр, шариғат біледі де, — дейді.
— Шариғат жұмысын сенен сұраушы ма едім?! Шариғат иесі сен бе едің?! Отырма, жоғал! — деп, оны да қуып шығарды.
Сонан соң он бірі Әмір Темірді алып келді. Әлгі екеуіне айтқан сөзін бастан аяқ бұған айтып еді.
— Сіздей жақсының баласы мұндай істі қылған болса, өзі мойнына алса: «Атадан ұл туса игі, // Ата жолын қуса игі! // Ата жолын қумаса, // Барынан да жоғы игі!» Мұның төресі — мынау! — деп, ұшып түрегеліп, Құтыптың ілулі тұрған қылышын алып, баланы көк желкесінен бірақ шауып (шабып), басын жерге түсірді.
Құтып:
— Афырин қолыңа! Рақмет сені тапқан қатынға! — деп, қырық шілтенді шақырып алып:
— Жай қолдарыңды, бер бұған баталарыңды! Балам, аяғың жеткенше жүр, қолың жеткенше қарышта! Бетіңе жан келмесін! — деп, бата берді дейді.
Қырық шілтеннің он бесі мен он төртіне айтты:
— Сендердің: «Адам болады, іске жарайды!» — дегендерің қуыс қурай екен. Біреуі: «Өзің білесің» — дейді. Ол — адамның жаманы. Ар жағында айтарлық дәнемесі жоқ болған соң: «Өзің білесің» — дей салады. Біреу адам деп ақылдасқан (ғақылдасқан) соң, тисе, тимесе де, бір төте сөзді айтып қалу керек: тисе, алады; тимесе, сол жерде қалады. Екіншісі: «Шариғат біледі» — дейді. Шариғат білетұғынын кім білмейді?! Оның да бөтегесінде дәнеме жоқтығы. Өзі біреуге сүйенейін деп тұрған жасық жұрт ұстауға жарай ма? Биқайратқа пейіш (биһіш) жоқ» — деген. Міне, қайратты (ғайратты) ердің жұмысы: «Халыққа әшкере қылмай, жұртқа масқара қылмай: «Көпке өлтірткенше, өзің өлтір!» — деп, өлтірді де, салды.
«Әмір-Темірдің «Әмір Темір» болып жүргені — әулиелердің назары (нәзірі) түскен екен. Қырық шілтен ғайып ерендер қолтықтаған екен!» — десіп келеді. Әмір Темір Көрегеннің туған анасы — «Мұхтасар әлуқая» кітабының мұғаууысы (мұғғыты) Сыдыр Шариғаның қызы. Ұстазы ғұлама Тіптазаны шығ [арды]. Бұхарай-Шәріпте Миркүләл қожа Баһаудин мен екеуі һәм пірі бір пірден шыққан. Сегіз жасар күнінде намаз жамағатқа ең әуел хафатын (хұтпа) намазына барған екен. Үйге қайтып келген соң шешесіне айтыпты:
— Жұрттың не жыны бар екенін білмеймін. Мешітке кірсімен, Қағба — Алланы көріп, құлақтарын қаға бастайды. Мен имам әлхамды оқып болып, сүре қосар кезде әрең көріп, сонда құлағымды қағып, намазға кірістім, — депті. Өз ойында ойлаған екен: «Намаз оқығандардың баршасы мешітке кірсімен, Қағба — Алланы көреді ғой! Соны көріп, құлақ қағады ғой! — деп. «Қағба — Алланы көрмей, құлақ қақпаймын!» — деп, қалшиып, [құлақ] қақпастан тұрып қалады екен. Сонан соң Қағба — Алланы көріп алып, құлақ қағады екен.
Шешесі баласының бәтін көзі ашық екенін біле қойды да:
— Балам, мешітке баратұғынлардың бәрі де түні бойы ұйықтамай, таң атқанша Құдайға жылап шығады. Сол үшін кірсімен, кешікпей көріседі. Сен түні бойы ұйықтап жатасың. Сол себепті кірсімен көре алмайтұғының — сол! — дейді.
«Қайтып бала өмірінде түнде басын төсекке салмайтұғын болды, — дейді. — Әмір Темір Көреген атанғанның себебі — бұл», — дейді. Мағынасы: «Көргіш», «көрімпаз» — деген сөз екен. Және өзі Хызыр пайғамбарды дүниенің қай шетінде жүрсе де, үйде отырып көріп отырады екен. Хызырдың бет алған жағына аттанады екен. «Татар деген жұртты қырып, шаһар Бұлғарыны жермен-жексен қылып, Ескендір Зұлқарнайыннан қалған бір зеңбірек бар екен. Соны Бұхарай Шәріпке алып қайтқан» — деседі. Сол бет алған жүрісінде Орыс жұртының Владимир деген қаласына барғанда, хазіреті Хызырдың шылауынан кетіп қалғанын көріп, Орыс жұртымен елдесіп, ұрыспай қайтқан екен. Татар қадимнен күшті жұрт болып, шаһар Бұлғар зор шаһар болып, қай жұртқа болса да, иығы асқандығын қылып тұрған күнінде Татар мен Бұлғарының дүниеде атын ғана қалдырып, өзін жоқ мінізлесінде қылып жібергендігі «Ай мен күндей, // һәммаға бірдей» — әшкере анық сөз. Сол үшін Татардан шыққан сөз білемін дегендер Әмір Темірді неше саққа жүгіртіп жамандайды. Әмір Темір Көрегеннің ақыретте қандай боларын білетұғын — ол ауылға барып келген ешкім жоқ. Дүниеде қылған ісі, салдырған мешіті, медресе, Шаһынша әулие хазірет сұлтан Әлғарфин қожа Ахмет Иассауидің үстіне күмбез салдырған. Ташкентте «Зеңгі ата» — деген әулиенің үстіне күмбез салдырған. Сонда ол екі күмбездің кірпішін Сауран деген жерден құйдырған. Әр екісіне жаяу кісі қаз-қатар тура қалып, бір қолдан бір қолға беріп, кірпішін солай жеткізген. Бұхарай Шәріптің ғидкәт намаз оқылатұғын зор мешітін Әмір Темір салдырған. Және Бұхарай Шәріптің осы күнгі қорғанын Әмір Темір салдырған. Һылаку заманында Қазыхан хазіретлері фолант қылып кетуі бойынша Бұхарай Шәріпте һыдая нонларға да дәйеге (кике) деген уазифа тығын қылған. Бұл кісінің заманында Мірсейіт ІІІәриф хазіретлері илан ғұлама Тіптазаны һәм сахабат болып мінәзірелер қылысып, кейінгілерге қанша үлгі қалдырған. «Қадалса, бір тиген; иа түссе, бір пейіл. Радасыз емес, хақтан екенбіз (иқанбыз)» — деп, қожа сопы Аллажар айтқан сөз хақ: «Рашит: «Не нәрсе болса, Құдайдан ридасыз болмайды». «Әмір Темір Көреген хырож қылып, қанша жұртты харап қылды. Мұсылман болса, мұндай неге қылады?» — дейді. Шаһар Наркірам сахаба ғызамларның мұсылмандығында не шек күмән бар?! Хазірет Ғали Кәрім Алла ұжһамен хазірет Мағауияның арасында қанша ғуға қырылыс болды. Хазірет Ғұшман ризалығына ие бейкүнә шаһит қылды. Соның бәрі шүршіт пен қалмақ емес. Сахабаларының табғынларының өзді-өзі хазірет Хұсайын (Хасен) ризаллығына мініззетпен Мағауия арасында болған оқиғалар қандай болды? Біздің Сыр ғаскерлері мешітхарамды атхана қылып, Медине мүнерені қандай аяқасты қылды? Жесірлік Шаһарбану илан хазірет Хұсайынның қарындасы Зейнептің жесірлігінен өтпес те. Жетімлік имам Зиналғардиннің жетімлігінен өтпес... Және сопы Аллажар хазіретлері: «Қате қылған билан жазды демеспіз, жамағат һілиден азды демеспіз» — деп. Олардың хақында иман сөйлемектен кейінгілердің аузын тыйды. Заһар дүниеде қылып кеткен ісіне қарағанда, Әмір Темірді: «Ішпек, битек, бейбақ» — деп айтушы адасып, лағып, құла түзге шығып кеткеннің құтты өзі болса керек. Өзінен бұрынғы татар мен башқұрдан шығып, ғалым болып, кітап айтушыларының (айтқушыларының) бәрін: «жалғаншы» — деп, өзін ғана «шыншы» біліп, айтатұғын кісіге қойыпты. «Құдай сөзі — Құраннан, пайғамбар сөзі — хадистен дәлелі жоқ сөзді: «Өзге сөзден менің сөзім шын анық!» — дей бергені — тал қорапшасына салып, қалаш сата шыққан матушкалардың: «Менің қалашым жақсы!» — деп мақтағаны сықылды сөз ғой!» — деп ойладық.
ТҮРКІСТАН ШАҺАРЫ ТУРАЛЫ
Түркістан һәм қадимнен келе жатқан зор шаһар еді. Бір шеті — Алатауда, бір шеті — Қаратауда. Осы күнде Сайрам суының күнбатысында, «Ат бұлағы» — деген жер — ат базары еді. Түркістанның күнбатысында «Теке суы» — деген жер — қой базары еді. «Қырық қақпалы Қарашық» — атанып еді. Сол Түркістанды хаpaп қылып, быт-шыт қылып жіберген — һулаку. Мұның зардабынан «Құндыгер», «Құбаң» — деген ел: «Дін исламның шегесі, мұсылманның паналайтын жері» — деп, Халифа жұртына ауып кетті. Сонда төрт жүз шатырменен көшкен. Осы заманда халифа Ғаббасияның сарқыншағы серке жияр сықылды сұлтан Ғалаудин (Ғалауалдин) халифа заманы еді. Ер Тұғырыл барып, қолбасы болып, жауын жаулап, жұрт алып беріп, ер Тұғырылдан соң, мұның баласы Ғұшманғазы қолбасы болып, ақырында сұлтан Ғалаудин өлген соң, Ғұшманғазы халифа болды. Сонан осы күнге шейін халифалық Ғұшманғазы әулетінде қалды: «Ғұшмания» — деп айтылатұғын себебі — бұл. Бұл кісінің асыл нәсілі Түркі жұртынан екендігіне — «Ғұшмания түркісі» — деген сөз — қарина мұқлия. Бұл Ғұшманғазы халифа болмай, жаңа талап ат арқасына мініп: «Жау қайда-лап» жүрген күнінде бір мейман болды дейді. Сөйтсе, сол үйде бір Құран қабы бар, қабының бауы бар, жоғары асулы тұр екен.
— Бұл не нәрсе? — деп сұрайды дейді.
Үй иесі:
— Бұл — Құдай сөзі Құран, — дейді.
— Олай болса, бұл Құдай сөзі Құран тұрған жерде шіреніп, ширатылып отыруға жарамайды, тек түрегеліп тұрсақ керек екен! — деп, таң атқанша қақиғаннан қақиып тұрды дейді: екі қолын қусырып, Құранды көрген соң, Құдайдың өзін көргендей иіліп.
Ертең таң атып, ол ауылдан былай шыққан соң, алдынан ақ сақалды Бабай ұшырады:
— Балам, сен бүгін түнде Құдай сөзі Құранды ұлығлап, тікеңнен тік тұрып шықтың-ау! Ол еңбегіңді Құдай жеп кетпейді. Берді. Өзің ту көтер де: «Ғұшман, Ғұшман!» — деп, жауға шап, қиямет қайымғаша Ғұшман атың дүниеде қалды. Енді мұнан былай заманның ақырына шейін сенің тұқымың жұрт ұстайды! — деп батасын беріп жөнеле берді.
Сөйтсе, хазірет Хызыр екен. Пайғамбар заманынан бас хазірет Ғұмар — ғаділ патша. Онан соң Бәни Мисседен болған халифалар, онан соң Ғаббасиядан болған халифалар да, — бәрі де: «Талап қылып, Стамбулды фатих қылып, Айя-Софияда намаз оқимыз!» — дескен екен. Өйткенмен ешқайсысына алуға несіп болмаған екен. Ақырында ер Ғұшман қазы әулетінен сұлтан Фатих сұлтан атлығы халифа Фатих қылып, Стамбулды алып, Айя-Софияда бес уақыт намаз оқытқан сол ер екен. Онан бұрын халифалық та әр шаһарға, әр тұқымға көшіп жүріпті: Шамда, Бағдатта, Мысырда, ең аяғы Бұрсада. Ер Ғұшманнан соң халифалық басқа тұқымға көшуін ұмытты. Сұлтан Фатихтан соң халифалық Стамбулдан басқа жерге қоныс аударуын ұмытты. «Ғұшмания» — деген сөз заманның ақырынаша қалды [81].
ҚАЗАҚ ТЕГІ ТУРАЛЫ БІР ӘҢГІМЕ
Қазақ халқының қариялары:
— Біз үш ханның баласымыз — десіп сөйлейді. — Сейілхан, Жайылхан, Елхан. Сейілханнан — сегіз арыс Түрікпен, Жайылханнан — Майқы. Майқыдан туған: Өзбек илан Сыбан. Өзбектің үш баласы бар: үлкені — Мың, ортаншысы — Жүз, кенжесінің аты — Қырық дейді. Сыбаннан: Қазақ пенен Созақ. Созақ баласы — Қарақалпақ. Қазақ балалары: Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Үш жүздің баласы: «қазақтың атасы — осы үшеу екен» — деп айтысады. Елханның балалары — Құндыгер (Қондыгер) жұрты [82]. «Ол қайда?» десең, халифа қоластында «Құндыгердің ауыр қолы — деп айтылатұғын бұрынғының сөзінде бар емес пе?!» — дейді.
Түрікпен дегеннің мәнісі — Құндыгер жұртының ауып кеткенінде, мұнда қалғанлығы үшін маңайындағы сарт-сауан: «Түркі мұнда, — деп — түркілерден қалғанлар» — деп, сонан «Түрікпен» — атанып кеткен» — деседі. «Мал — арыстанның аузында, Түрікпеннің түбінде» — деп айтылатұғынлығы: Түрікпеннің жігітлері аса ер, мықты болып, басқа жұртқа мал сіңіртпесе керек. Сол себептен: «Түрікпеннің түбінде» — деп сөйленетұғыны — сол» — дейді. Біздің қазақ жұртының қариялары Түрікпен жұртынан шыққан: «Көрұғлы», «Хамдыбек», «Жүсіпбек» — дастанларын өзге хикаялардан жылы көріп, жан тартып: «Өзіміздің туысқанымыз ғой!» — десіп отырады [83]. Түркі жұртынан бір әңгіме айтсаң: «Ол жарықтықтар да ақсүйегіміз ғой! Біз солардың адасып қалған азғынымыз ғой! Біздің жақын бауырларымыз солар ғой!» — деп отырады. Сол үшін Халифа жұртының мүсәпірлерін аса сыйлап, қадірлеп күтеді. Онан соң қазақ сөзінде жауласқан, атысқан, шабысқан әңгіме болса, қырғызбенен, қалмақпенен бола береді. Сонан ойлаймын: «Қырғыз, казак аты ұйқас болса да, заты басқалығы бар-ау!» — деп. Еш әңгімеде айтылмайды: «Түрікпен мен казак жау болды!» — деп; Не: «Ноғай мен қазақ сондай өштес болды!» — деп. Және қазақ жұрты ескіден бір сөз сөйленсе: «Бұрынғы ноғай, қазақ заманында десіп келеді. «Бұл ноғай, қазақ демектің мәнісі немене?» — деп, қариялардан сұрасақ: «Ноғай, қазақ әуелінде бір тұқымдас болған» — дейді. Сол қазақпен тұқымы бірге болған ноғайлар: «Қызлар ноғайы», «Құндырау ноғайы», «Аштархан ноғайы», «Қара ноғай», «Қырым ноғайы», «Ормамбет ханның жұрты» [84] — қадимнан келе жатқан ноғайлар — осылар!» — дейді. Онан соң: «Мынау Еділ, Жайық қасында: «Шуаш, Шерміш, Армұқса» [85], «Көшер ауылы», «Мешер ауылы» — дегендер — бұлар — Татар. «Татар, қолына дәнеме түспесе, бір нәрсені сатар!» — деген сөзден қашып: «Біз де ноғаймыз!» — десіп келеді. Олардың: «Ноғаймыз!» — демегі: «Зікіралшы лұқуғафи сахыпта ғира бытырық әл-мішекле» — дейді. Жеті атаның ұлы ноғай бар [86]. Олар қазақпен түбі бірге тұқымдас, — бәрі бір атадан таралған. Қыпшақ та тоқсан екі баулы ел болған. Ноғайлы да тоқсан екі баулы ел болған. «Жұрт жұрт болғанда, Қыпшақтан көп, мұнан дәулетті (дәулетлі), зор болған жұрт жоқ!» — десіп келеді. Бұл Еділ, Жайық — Қыпшақтың қонысы. «Еділ деген бай екен, Жайық деген мерген екен. Екеуі ағалы-інілі бір туысқан кісі екен». Бұл күнде сол Қыпшақтың көп жұрты Қоқан жақта. Бір аз ғанасы әр жерде кірме болып жүр. Жайықтың көшпелі дүниеден кез болып, алған қызынан «Құлан жалғыз» туып, бұрынғылардың: «Құлан жалғыз, Құдай жалғыз» — деп сөйленген сөзінен білініп тұр.
ЖЕТІ ҚҰРАН ӘҢГІМЕСІ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Ан хазіретіміз салиалла ғалайссалам өзі тірлігінде жеті Құран жаздырған екен: «Жеті ықы[лы]мға үлестіремін!» — деп. Сонда ең әуел бірін ғарабқа беріпті. Ол қолына алып, көзіне сүртіпті. Бірін ғажамға берген екен, ол қолына алсымен, төбесіне қойыпты. Бірін өзбекке берген екен, ол қолына алсымен, қойнына тығып жіберіпті. Қасында отырған сахабалар ан хазіретімізден сұрасыпты:
— Ғараб алды, көзіне сүртті. Ғажам алды, төбесіне көтерді. Түркі-өзбек алды, қойнына тықты. Бұлар не себептен бұлайша қылды-лар? — деп.
Ан хазіретіміз салиалла ғалайссалам айтыпты-лар:
— Ғараб — өзімнің көзім, — депті. — Менен соң дін өзгеріп, нұсқа ғалатқа айналса, ғараб түзетеді, — депті. Көзіне сүрткені — сол, — депті. — Ғажам Құранды төбесіне көтерді, бұлардан ғалым көп шығады. Ғылымды басына көтеруші бұлар болады, — депті. — Ғалымның ең перуайы (первыйы) — хазірет имам Ағзам [87] ғажамнан шықты. Өзбек алып қойнына тықты. Бұлар Құранның харакатын оқи білмесе де, қасиеті жүрегінде қалады. Бұл жұрттан әулие көп шығады, — депті [88]. «Сол үшін дін өзбекте қалды!» — деп, мәшһүр мысал болыпты [89]. Біздің қазақта мақал бар: «Өзбек болса, өз ағам, // Сарт болса, садағам» — десіп келеді.
ОРМАНБЕТ ХАН ӘҢГІМЕСІ
«Он сан ноғай бүлгенде, Орманбет (Өрмәмбет) хан өлгенде» — деп айтылатұғын Орманбет Есіл, Нұра бойында «Тоғанастың тоқсан екі көлінде» жайлап, қыстап жүрген күнінде Орманбет ханның үйіне үш жаяу келіп қоныпты.
— Кім боласыз? — деп сұраса:
— Дін исламның қорғаны, шариғаттың шегесі, қазығы халифа жұртының кісісіміз, — депті.
— Жол болсын, не ғып жүрсіздер? — дегенде,
— Халифа патшасы жіберіп еді:«Үш қашқын қашты.Сол үш қашқынның барған жері бүлінеді, құриды. Соны мұсылманның қай жұртына барып, паналаса, сол орамында болған мұсылман патшалары ұстап берсін!» — деп, бізді солардың соңынан қудырып жіберді, — десіпті.
Орманбет хан:
— Біздің бұл орамға ондай жын саяқ (жыңсаяқ) келген жоқ, — депті.
Онда ол үшеуі айтыпты:
— Сіздің қол астыңыздағы жұрттан таптық, бар екен! — депті.
— Ол қайда жүр екен, — депті.
— Оның қайда жүргенін айтайық: ұстап, байлап, бізге аяқ-қолын құлткелеп, кісендеп беретұғын болсаңыз, — депті.
— Жарайды, айтқандарыңша қылып, бекітіп берейін! — депті.
— Бекітіп берсеңіз, ол үш қашқынның дөкейі, аса бұзылған атшамынысы зорлық еді, онан соңғысы ұрлық еді. Онан соңғысы өтірік еді. Сол үш залым сіздің қоластыңызға келіп, қорғалап тығылған екен. Соны ұстап берсеңіз, жұртыңыз жұрт болып отырады да, оны ұстап бермесеңіз, ел-жұртыңызға бүліншілік кір [е] ді! — депті.
Сонан соң Орманбет ойға түсті дейді:
— Менің бұл жұртыма мұндай жаман пиғылдар араласқан екен. Әуел ақырдан бері қарай ұрлықтың, зорлықтың, өтіріктің араласқан жері оңбаушы еді. Қой, мен көптің аузын тыя алмаспын. Онан да басымды алып қашайын! — деп, бір түнде ғайып болып жоғалып шыққан екен.
Сонда кетіп бара жатып, көп қойшыға душар болып, бесін намазының уақытысы екен.
— Балалар, мен намаз оқып алғанша, атымды ұстай тұр! — деп айтса, Ормамбет хан екенін танымайды, тілін алып, атын ұстап тұрмапты. Ішінде бір кішкенелеу жасырақ бала:
— Қырық жыл баққанмен, қой мұратқа жеткізбес. Құдайдан қорқынышлы әз ағаның атын ұстап, батасын алсам, бір мұратқа жеткізер! — деп, айнала тұра қалып, қашан намаз оқып болғанша, бүлк етпей, атын ұстап тұрып, қолтығынан алып аттандырып, батасын алып қалыпты.
Сонда Орманбет хан балаға айтып кеткен екен:
— Менің атым — Орманбет. Мен деген жұрт осы төбенің басына тастан там салып, маған оқитұғын Құранын, қылатұғын батасын қыла берсін! Мен енді бұл ел-жұртқа жоқпын. Менен соң он сан Ноғайлыға сен үлгі айтарсың! Сенен соң Ноғайлы деген жұрттан төбе басына шығып, төре берер ұл тумас!
Біздің бұл жұрт жайлады
Нұра менен Есілді.
Арқаның тарлау шөбінің
Арқасымен есірді.
Бір қараның орнына
Сый-сипатқа берісті.
Баласын зарлап, қақсатып,
Малша жұмсап жесірді,
Таласып байлар қонысқа,
Жетім-жесір, нашарды
Қонысынан көшірді.
Абиұр бағын дау алар,
Қимаған малын жау алар!
Жер-су адыра, тұл қалар,
Кейінгі үрім-бұтаққа
Қылып бір кетті кесірді.
Бұ жерден ауар қонысы,
Ауқаты болар — қол ісі.
Бір-бір ұшар көзінен
Өн бойы Есіл, Нұраның
Малдың бір жатқан өрісі!
Өзінен-өзі бүлінді
Ноғайлы мырза баласы.
Күн-түн боп Орыс кірісі,
Үлкені кетер көре алмай,
Бейнетті жүрер өле алмай.
Кедейліктен тентірер
Алумен тауып бере алмай!
Алдына салып желкелер
Мәскеудің казак-орысы, —
Осындай бірнеше кейінгіде болашақ оқиғаларды айтып:
— Ал, балам, енді қалғаны болса, жұртқа өзің айтып баян қыла берерсің! — деп, аузына түкіріп, көз алдында құбылаға қарап, жөнеле берді дейді. Сонан соң қайтып Орманбетті: «Көрдім, білдім!» — деген жан жоқ. Сол бала Мөңке би атаныпты. Сол айтуы бойынша ноғайлар баланың: «Осы жерде амандасып қалдым!» — деген жеріне там салып, соны осы күнде: «Орманбет тамы» — деп айтысады.
Абылай хан (үшінші нұсқа).
Он екі жасар бала күнінде қасында Оразаулық деген сарт бар, екеуі Түркістан шаһарына келіп, Әбумәмбет патшаға қызметшілік қылды [90].
Абылайдың тұтқын болуы (төртінші нұсқа).
Құба қалмақтың ханы Қалдан Шеріннің Сәру деген інісін бір жорықта кез болып, Абылай өлтірген екен [91].
Абылайдың Қалдан шерінге елші жіберуі (екінші нұсқа).
Абылай хан Қалдан Шерінге жауласпай тұрған күнінде көп елші жіберген екен... [92].
Абылайдың бір жорығы (төртінші нұсқа).
Абылай хан қарақалмақ Қатысыбанға қол жиып, шеру тартып барғанда, қалмақтың ханы Абылайға кісі салды дейді [93].
Балтакерей-Тұрсынбай батыр (үшінші нұсқа).
Абылай хан және бір жорыққа аттанғанда, құс ұшпас, құлан жортпас Бетпақтың сары даласында бір қарала атты кез болды дейді [94].
Абылай заманындағы батырлар (үшінші нұсқа).
«Абылай ханның заманындағы қазақ жұртынан шыққан батырлар...» [95].
БҰРЫНҒЫ ЗАМАНДАҒЫ ҚҰН ТӨЛЕУ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Абылай ханның хан болып дәуірі жүріп тұрғанында, құнға кесім қылдырған, тамам талас сөздің үстінен қаратып, бітім айтқызып, билік қылдыратұғын биі — Күлік — Шобалайбаласы Жаңабатыр би екен [97]. Абылай ханның заманындағы Төртуыл — Қаржас-Қалқаман батырдың баласы Бұқар жырау деген қария болған екен [98]. Құдай рахмет қылсын Бұқарекеңе [99]! Сөйлеген уақытысында сөзі мұндай неше хисса шығар. Бізге келіп жеткені — осыншасы. Біреуден біреу ауыз ұғып, жат айтумен бұ заманға келіп тұр [100].
АБЫЛАЙДЫҢ ҚЫРҒЫЗ-ӨЗБЕККЕ ЖОРЫҒЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Абылай хан заманында қырғыз Садырбала деген шығып, ақ қалпақты қырғызды түгел [билеп] тұрған күнінде мақтанып сөйлеген екен [100]. Баяғы атам замандағы Бұқарекеңнің: «Қала салады, орыс алады», — деген жерлеріне Абылай ханның немересі Кенесары заманында салынып, Кенесары, Наурызбай барымташыдай шеттеп, жырмалап жүріп, екі мыңға анық толмайтұғын жігіт — желеңмен оған бір тиіп, бұған бір тиіп, басы-көті сегіз жыл бір ауылға болса да хан атанды.
Ереймен, Есіл басы тау болыпты,
Кәпір көп, мұсылман аз қау болыпты.
Ер Саржан — Қоңырқұлжа құда болып,
Орыспен Кенесары жау болыпты.
Төскейде мал жатады қау болғанда,
Жігітке кедейлік жоқ сау болғанда.
Ұшқан құс, жүгірген аң өте алмады,
Орыс пен Кенесары жау болғанда, — деп, бұрынғы заманның ақындары өлеңге шығарған. Абылай ханның Қарауыл қызы — алғашқы алған бәйбішесінен ұл жоқ, жалғыз қыз болды [101].
Қамбар-Жанақ ақын айтқан:
Абайділда, Аббастың елін жайлап [102].
Көтеш ақын, о да — «жетімді» көп алған кісі.
Тінәлі, Тышқанбайдан алдым «жетім» [103].
АБЫЛАЙ ҰРПАҚТАРЫ
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
Уәли ханның тоқалы Айғанымнан Көкшетаудағы Шыңғыс тұқымының бір Шоқан дейтін баласы қыршын күнінде өліп кетті. Бұл күнгеше тірі жүргенде, зор атақ шығаратұғын ердің бірі еді. «Бұл Абылайдың үрім-бұтағын таратып, бәрін тегістеймін» — деушіге бір қап жан керек: Нұхтың ғұмыры, Аюбтың сабыры, Харонның байлығы керек. Әділден — Нұралы, онан — Тезек төре. Жамадан — Уатай, онан — Аймақ төре. Шыңғыс балалары: Сартай, Әбілпейіз, Самай, Мамай халық аузында әңгіме болған сөзді сөйлеу керек. Жұрт білмейтұғынды айта бергенмен, дәнеме өнбейді.
АБЫЛАЙДАН КЕЙІНГІ ХАНДАР
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Абылай хан өлген соң, Сарқазақ, Сейтен, Итқара сұлтан — бір таптың осылардай басты кісілері жүріп, Уәлиханды хан көтерді [104].
«КЕНЕСАРЫ-НАУРЫЗБАЙ» ДАСТАНЫ
(БІРІНШІ НҰСҚА)
Кешегі өткен хан Кене
— Дүр гауһардың данасы [105].
НАУРЫЗБАЙ МЕН ЖАНҚАБЫЛ ҚАҚТЫҒЫСЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Кіші жүз: Алшын, Жаппас: бес Жаппас, төрт Шөмекей: «Кенесары ханға қараймыз, бізге зекетші жіберсін!» — дегенімен жүз жігітке бас қылып, Наурызбайды жіберген [106].
ТАРИХИ БІР ДЕРЕК
Тарих һыжырытден тоғыз жүз отыз бесіне [935-не] мықтима [ғы] шыр берген елі — мемлекет Иран. «...»— переводы (переуаты): Румиды-Иоһаны да «аю адам» — демек дүр. «Дарап Фиалқос қызын тізуж Елемес екіқабат буаз күнінде төркініне апарып таста!» — дегенмен бір бұз [ық] ойрана үйіне (үйіріне) өлтіріп тастап кеткен үстіне аң аулап жүрген Фиалқос оқтай ұ [шырап] тауып алып, қатын өлі, шырқырап жаңа туып жатқан бала тірі, аса бір қылып алынған Дара Дарапбаласы Ескендр баласы болып... бірі бәйбіше тоқалды. Бұл Ескендр [Александр] — Платон шәкірті болған, меші [т] ұстауға... болып, рысту жолдас болғандықтан, көп жер алды. Бани Сирия Жұж Ома Жұж ұлан бұ дегел-дір. Ол иманды Хымир қыбыласынан [107]. Бір сапарда отыз кісі жорықтас болыпты. Он бесі — мұсылман, он бесі — Мұхтырса бір дарияға кез болыпты. Бір қайық: он бес кісі... жайлы отыз бірі мінсе, су түбіне кететұғын түр [і] ба [р]. Мұсылманның біреуі оқымысты ғалым екен:
— Менің бір Інжіл кітабынан жаттап алған өлеңім бар еді. Сол өлеңді айтып оқып жүріп, соның бұйрығымен сендерді алқақотан отырғызайын «аралатпа» қылып. Сонан соң: «Бір, екі» — деп, отызға жеткенше санайын. Отыз деген сан кімге тоқтаса, соны дарияға тастай берейік.
Бұрынғылар: «Осындай жеребе (зиребе) қылып, жеребеге шыққанды тастамақшы болысқанда, Жүніс (Иүніс) пайғамбар жеребеге шығып, дарияға тастап, қалғандары аман құтылған екен», — деген соң, Тауратта, Інжілде, Забурде — бәрінде бар сөз.
Естігендері:
— Рас, рас! — деп, қостап, ғалымның сөзіне «қылша мойным мұнша!» — деп, бәрі де қатысты, «Тастай қатып, сүттей ұйып», ғалым бәрін аралатпа қылып, реттеп, орна істеп орналастырыпты...
Кеше Мұса, Секербай заманында торышолақ атпен Тұяқ деген жолдаспен қырық бір жасында Арқаға — Ошақты-Қоңырбай халфе келген. Халфе Хұсайынұғлы... қасиеткерде болып, бес жыл қызметлерінде тікесінен тік тұрып, дұғай фатқасын алған екен. Момын ахон, Сағындық ахон ғылым алған екен. Өзі пір болып, мүрид бастап тұрған күнінде астананың қызына жүз қошқар апарып салған. Халифе Хұсайынға қасына жүз қошқар, алпыс кесек ақ... алып барған. «Ел қамын айтқан жақсыны // Сөйлетпей ұрар ұртына» [108]. Олардың бұл Россияға табиғ болған уақыттағы хандары — хан тұқымынан емес, қарасүйектен [109].
ӨЗБЕК ХАНДАРЫ ТУРАЛЫ
Шайбани ханларынан Ғабдолла — ласымила Самарқанд Бұхараны Мырза Бабыр ибн Ғүмар шайхының Уаққасы өліп, мәзбүр Бабыр хан қашып, қала Қоқанд шаһары бина болмыш мұзхидан кешіп, буатһада бір һұшияр адам Өзбек ұрығынан тұрғауия мініп, қыбыласынан Бабыр есімлі бидің тағылымы тетбірі бірлан. Мұның нәбирелерінен бір тағылыны кемел тахмал отызын елелбас зәріне дүріп хырир бастық уәзіріне жатқызып, орап алтын бесік ішіне қойып: «Бірнеше күнлер сахараларда бақтырып, киік емізіп, жүр екен. Құс жем беріп жүр екен» — дегізіп, кезегінде Бабыр ханның әулеті «Алтынбесік» — ат қойып, хан көтерген. Қоқан ханларының әуел басы қулықпен жасап, хан сайлаған. Ақырын және сөйлеу керек. Әндіжан (Андижан) мерғытынан атырабында түбі-тегі қырғыз Сахрауи Ысқақ қазының Болат (Полат) есімлі баласы Мерғынанда тахсыл қылып, атасы Бұхарай Шәріпке ғылым тахсылына жіберген сапарында Самарқанда Болат ибн Мұрат — ханына жолығып, оған (аныңа-оныңа) бір хыжырада тұрмыс аз медет ішінде Болат ибн Мұратхан қыста өліп, опат жетпісте. Болат марқұмның Лепес (Әліпби) кітап өсер ашия. «Күллі мұның әлінде қалмас кітабының ішінде Мұстафа (Мытыфи) Болаттың алтынмен жазған шежіре қағаздар емес, бұ зат еліне қайттығы заман бүліне (бойлына) береміз бе?» — деп, уақта (уақытта) Мұстафа өліп, өз інісі Мұратханның ұғлы Болат деу тыстық етер-місте бірден-бір хандық ретпесіне сағади етіп, ақырда бұ былая душар етпестер. «Бұ хабар Сейхым иса Ферғана ханлығы бітта (тіпте) Бабыр ханның ұлы» — десіп, хайла ила бір хан түзілмес екен. Ақырына ойла бір дұзма хан елінде (әлінде) нықыраз ұлдығы таупық ғыраба дін дүр. Бір істің біттесіне ила фыттах Өлпірсе (Өлірбісе) ақыры оған (аныңа) тама ма? Ер шор құлының мастық самғайына көрілді. Ол да ағаш басына асылып, хан көтеріліп еді. Ең ақырғы хан атына құмарланғандары ағаш басында тұрып өлді. Нақақ нәрестелері қытылының жазасы болды.
МӘШҺҮР ЖҮСІП «ҒИБРАТНАМА» ӨЛЕҢ
(БІРІНШІ НҰСҚА)
Япырмай, кессем бе екен мен тілімді,
Үйрендім қайдан өнер көп білімді?! [110]
Өткіздім қасірет пенен қапалықта (хапалықта)
Қызықты ойнап-күлер мезгілімді.
Жатпадым су түбінде садап [111] болып,
Күнінде шықпас па едім дүрге толып.
Байғыздай тас жастанып, тауда жатпай,
Сықылды болдым қарға: ұшып, қонып.
Болдым ғой өнерімді тауысқандай,
Мерт болдым — Айға шауып арысландай (арыстандай).
Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай,
Шықылықтап көзге түстім сауысқандай.
Сөйлеуден тыйылмаған қызыл тілім,
Өттің бе зарланумен қайран (хайран) күнім?!
«Түлкінің қызылдығы өзіне сор», —
Болғандай болдың маған өнер-білім.
Ішім — от, сыртым — жалын: қайнағаным,
Бұйырған, жұтқан күмән, шайнағаным.
Жаныма тыныштығы жоқ, өзіме — қас:
Бұлбұлдай жағып жұртқа сайрағаным!
Сайрауға дәрменім жоқ, тұрмын қажып,
Ұзын түн ұйқы көрмей, жүдеп азып.
«Лышһырт апте» — деп айтқан хадис,
Мен жүрмін құтыла алмай, тілден жазып.
Айналдым (айландым) болып бұлт [112] биік тауға,
Іліндім болып шортан — жібек ауға.
Тілі жоқ көп мылқаулар тыныш [113] жатыр ғой,
Қызыл тіл, сен басымды салдың дауға.
Ақылды аузын жауып, ділін ашқан,
Бұл күнде ғақыл, білім бізден қашқан.
Ішіне ақымақлықтан сыйғыза алмай,
Алтынды пұлын білмей, жерге шашқан.
Жатқанмен алтын жерде кір болмайды,
Жай тас пен дүрдің кұны бір болмайды.
Жаңбыры абрахмет [114] жауғанменен,
Садапқа төгілмесе, дүр болмайды.
Жаңбыры абрахмет нұр болады,
Жауғанмен басқа жайға қор (хор) болады.
Жыланға — у, араға — бал, тасқа қына,
Тамғаны қара жерге сор болады.
Тікенге тамып кетсе [115], гүл болады,
Көзсізге — көз, тілсізге тіл болады.
Жауғанмен тауға-тасқа пайдасы жоқ,
Сай-сайдан ағып дария сел болады.
Ғаламға абрахмет нұрын шашар,
«Үстім су болады» — деп, надан қашар.
«Бір тамшы сонан маған бола ма?!» — деп,
Дарияда жатып садап аузын ашар.
Бұлттай жауатұғын менің өзім,
Көкірегім — қан, жаспенен толған көзім.
Жаңбырдың абрахмет тамшысындай,
Ғаламға дастан қылып айтқан сөзім.
Бораған қардай болып бұрқырадым,
Жалғаннан суып көңілім, тоқырадым.
Бойыма алтынымды сақтай алмай,
Болмаған мұныменен еш мұрадым (мұратым).
Бұл күнде алтын азып, жез болыпты,
Дүниеде жақсы-жаман сөз болыпты.
Гүл іздеп, Гүлстанда жүрген бұлбұл
Бір күні қаршығаға кез болыпты.
Сұрапты қаршығадан сонда бұлбұл:
— Жалғанда ынтызарым — бір қызыл гүл!
Қаршыға, сен де құссың, мен де құспын,
Ақылың сенің менен емес қой мол!
Бектердің оң қолында тұрағыңыз,
Ерттеулі күнде жүйрік[пы]рағыңыз.
Кекіліктің миы менен жүрегін жеп,
Табылған әрбір құстан мұрадыңыз.
Татисың қымбат баға, қадір пұлға,
Жүресің патшалармен шығып жолға.
Жазым боп, жазатайым түссең қолға,
Түсірмей ап кетеді қолдан-қолға.
Өткіздім мен әр түнді сайрауменен,
Басымды тікенекке байлауменен.
«Көрем, — деп, — қызыл гүлдің ашылғанын!»
Ұзын түн зығырланым [116] қайнауменен.
Қызыл гүл мен ұйықтамай, ашылмайды,
Көзімше аузы ашылып, шашылмайды.
Оянсам, ұйықтап кетіп, ашылады,
Қасіретім, бір көре алмай, басылмайды.
Зарлаймын ұзын түні: «Көрермін!» — деп,
Көре алмай ашылғанын, қасіретім көп.
Ғұмырымда бір ашылған уақытын көрмей,
Барамын бұ жалғаннан уайым жеп.
Гүл үшін, тікен болды, жатқан жерім,
Барады бір ашылмай ішкі кірім.
Зарығып бұ қайғыдан [117] қанлар жұтып,
Тарқамай бұ жалғаннан кеткен шерім.
Қаршыға келді сонда жақындасып,
Бұлбұлмен сөйлескелі жауаптасып:
— Құссың да сен бір ақымақ, ақылың жоқ,
Бір гүлге пайдасы жоқ болған ғашық.
Сайрайсың түні бойы ауыз жаппай,
Қонасың сабырсыздан әрбір шаққа-ай!
Жетпестен бір мұратқа, мың сөйлейсің,
Сол үшін қалып тұрсың мұрат таппай!
Аузыңды, ақылың болса, жабар едің,
Үндемей сабыр қылып бағар едің.
Тілі жоқ мен сықылды мылқау болсаң,
Бір күнде мың мұратты табар едің.
Боласың сен ақылды менен қайтіп,
Зарықтың бір гүл үшін жапа тартып?!
Бір күнде мың мұратым болар хасыл,
Адамға үндемеймін бірін айтып.
— Қаршыға, мұны айтқан — сен бір ерсің,
Мұратын [118] әр пенденің Тәңірім берсін.
Табарым мылқау болып, мұрат болса,
Болмаған хасыл мұрат кете берсін.
Мұрныңды шошайтасың мақтағанға,
Жүруші ең келемеж боп көп тағанға.
Қолында көрінгеннің болып тұтқын,
Мәз болып жүріпсің де сақтағанға.
Бермейді саған етті қаныменен,
Бір құстың тояттатар саныменен [119].
Өзіңді ертеден-кеш ашықтырар,
«Алсын, — деп, құс көрінсе, жаныменен!»
Бір ұрттам қан ішесің, бір құс алсаң,
Сен — ақымақ: тамақ үшін болған сарсаң.
Арбакеш сарттарға құл болғанша,
Онан да жақсы емес пе өліп қалсаң?!
Жаратқан бір Құдайға жетер затым,
Зарланған ұзын түнде мінажатым.
Бітпесе бір мұратым, кетсін, барсын,
Ғаламға дастан болған «бұлбұл» атым.
Мұратым бітпесе де, көңіліме — тоқ,
Қарға мен сендей қаңғып жемеймін боқ.
«Шіркіннің қаршығадай сайрауын-ай!» —
Деп айтқан бір қазақты естігем жоқ.
ХХХ
Құс болсаң, бозбалалар, бұлбұлдай бол!
Табылар іздегенге бір қызыл гүл!
Ет үшін бір-екі елі торға түскен,
Тіл алсаң, бола көрме қаршыға сол!
Ташкент шаһарында Нияздың бұлағында Бұлтың — Қыпшақтың — Наурызбай қызы Әшіргүлді (Ғашіркүлді) «қаршыға» — деп, Мәшһүр өзін «бұлбұл» — [деп], жазған өлеңі еді. Бірі 37-де, бірі 17-де еді.
ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕР
Бұрса шаһарында Жамғыкібір қыстағында жазылған. Миршәмісдин Мұхаммедалжыхары опаты 833-те хазірет қожа Баһаудиннің (Баһауалдиннің) пірзадасы Міркамал бабаның перзенттер рыжымыныдлар сұлтан Баязид илдірімнің дамай хикаясы — Мәшһүр: Нұх ғалайссалам заманындағы кемпірдің үйінің орыны сол жамғы кібірінің ортасында, бір кішкене қуыс ішінде балықлар ойнап жүреді. Топан суынан саламат аман қалған. Хазірет Нұх ғалайссаламға күнде бір аяқ қатық беріп тұрғандықтан, кемпірдің үйінің орыны сол қуыс айналасымен айналасына тас төсеп тастаған [120].
ТӨРЕЛЕР ШЕЖІРЕСІ
Барақтың бір қатынынан: Ханбаба төре, Маман, Таһир, Бөкей — төрт ұғлы болған. Ханбаба ұғлы Досан, Досан үғлы Қылыш төре, мұнан — Ибраһим төре. Мұнан — Жүніс (Иүніс) төре. Бұ әулет Бура елінде Өскемен (Өсткәмен) атырабында дүр. Үш ұғылға: Маман, Таһир, Бөкей төрелер әулеттері (ауладлары) Қарқаралы елінде жүрірлер. Қарқаралы мәдесінде: Жазылан (Иазилан), Сақып, Мансұр. Бөкей хан болып, мұның ұғлы — Шыңғыс төре, мұнан — Жамантай хан дүр.
ҒЫЛЫМ-БІЛІМ
(ТӨРТІНШІ ӘҢГІМЕ)
Ағузу билламин ал-шайтан ал-ражим бисмилла ал-рахман рахим!
Қыталын халық ғыбрада палак жаратты [122]. Қытрадан гауһар пак сақтамақ опа кіләмік барша мақұлықатты (мақұлықатын) жаратушы — халық оразық Алла тәбәрік отғылының құдіретіне сыяды. Бай десең, Құдай — бай; мырза десең, Құдай мырза; күшті десең, Құдай күшті: шебер десең, Құдай шебер өзі. Өзіне шын жабысып, қажет (хажыт) тілеушінің (тілеугішінің) қажетін шығарады. Дәргаһына тіленші болғанның тілегін береді. Дәрменде (дірманда) болып қалғандарды дәрменділіктен құтқарады, мұңлылардың мұңын тарқатады, ауруларға шипа береді. Тәубе талаптардың (тәліптердің) тәубесін қабыл (қыбол) қылады. Мығпырт (мығғырт) талаптардың күнаһын жарылқайды (иарылқайды). Кәне, осынша жұмыслар бір Құдайдан басқа кімнің қолынан келеді?! Ендеше Құдайдан басқаны мақтау дұрыс (дұрсыт) емес. Паклегенде, қалай пактейсің (паклейсің)?! Аузына тас, топырақ толғыр кәпірлердің, ұғлы бар, қызы бар деген сөзінен пак деп білеміз. Яһудилер (Иаһудлар) ғазиз ғалайссаламды: «Ибн-алла» — дейді. Ұзырылар (ұнсарылар) Ғайса ғалияссаламды «Ибн-алла» — дейді. Бағзы кәпірлер-жүзқаралар періштелерді: «Құдайдың қызы» — дейді. Алла тәбәрік отғылы бұлардың айтқанының бәрінен пак. Құдайда ұл да жоқ, қыз да жоқ. Өзі ешкімнен тумады және ешкімді тудырмады. Тумақ, тудырмақ Құдайда жоқ сипат, ғайып (ғиып) үшірік нықсаннан пак үмбізе деп білеміз. Ол Алла тағаланы хош мақтауымызға бір себеп керек. Мақтаймыз бір Құдай тағаланы. Астымызда болған жерлерді, үстімізде болған көктерді (көклерді) жаратты. Ол жерде (ирде), ол көкте қанша мақұлықтарды жаратты?! Және шеберлігі бұл емес пе: көктен жауған жаңбырдың бір тамшысынан дүрдің тасын жаратты. Дүниеде Құдай жаратқан жансызда дүр гауһар деген тастан асыл нәрсе жаратқан жоқ. Сол дүр гауһар жердің тасы, иа таудың тасы емес, жаңбырдың бір тамшысы. «Құдіретімнің шеберлігімен осыдан (осынан) білсін!» — деп, қалай Құдайдың жаратуы?! Март числосының тоғызында Күн хамал бір және енеді. Сол күн Наурыз болады: «бірінші хамал» — деп, саналады. Сол хамалдың он бірі өтіп, қалған он тоғыз күнінің ішінде жауған жаңбыр, яки қар «Абнисан» — деп аталады. «Рахмет жаңбыры (иамғұры)» — делінген сөз. «Қазақтан не сұрайсың? Осыны: «аблайсаң» — дейді. Алланың абрахметін «аблайсаң» — деп, сөйлеп жүрген жұрттың ішінде жарылып өлмей жүргендігің — осы да өзіңнің аман тұқым табиғатлығыңа заһрүр үшін бір дәлел (далил). Бұл «абрахмет» аталғаны — көк пен жер жұп: бірі — байы, бірі қатыны есепті. Бұл абрахмет — бала болатұғын суы. Онан соңғы қар болсын, жаңбыр болсын, шық суы болсын, — бала болмайтұғын су, бала-шағасына киім, тамақ есепті жіберген нәрселері. Бұл абрахмет ағашқа — жапырақ, тікенге — гүл, сахараға — лала қызғалдақ, араға — бал, жыланға — у, тұздың кеніне тамса — тұз, тақыр жерге — ащы сор, қара тасқа — қына. Күллі дүниенің жүзінде өсіп-өнетұғынның бәріне өсім, тұқым осыдан болады. Сонда мұнша мақұлықат мұның абрахмет екенін біліп, құмарланып, керек қылып тұрған жоқ. Құдіреті күшті Құдай өзінің құдайлық мейірі тасып, жаудырып тұр. Жанды-жансызда мұны керек қылғанда, ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең дарияда жатқан «садап» — деген бір кішкене нәрсе: «Абрахметтен аузыма бір тамса су!» — деп, дарияның бетіне қалқып шығып, ынтасы құрумен, іңкәрланумен аузын тосады. Сонда бейпіл жауып тұрған жаңбырдың бір тамшысы оның аңқитып ашқан аузына тамбасқа шарасы бола ма, тамады. Бір тамшы тамған соң: «Болдым, тойдым, маған енді басқа дүние бір тиын құрлы керегі жоқ!» — деп, бір тамшыны қанағат қылып, дарияның түбіне барып, қорек те іздемейді, дәнемені де керек қылмайды, тырп етпей жатып алады. Сол іңкәрланып, құмар болып, ынталы жүрек, шын көңілмен аузын тосып, бір тамшыға қанағат қылғандығының қасиетімен әлгі тамған бір тамшы садаптың қарнында дүр гауһар тас болады. «Дүр гауһар» — деп, дүниеге аты жайылып, өзін көруші аз болатұғын асыл сол қашан да болса, асылдың аты жұрт аузында болып, өзін көруші аз болмақ. Аз түгіл көруші жоқ та болмақ. Танымаған иттің көргені не, көрмегені не? Итке дүр гауһар тастан да ауыздан ішіп, арттан түсіп қалатұғын нәрсе қадірлі. Уай, айналайын, құдіреті күшті Құдайым-ай, шеберлігіңнен ғана айналайын-ай! Ол садап та жалғыз-ақ біреу ғана боп жаралған мақұлық емес. Балық, бақа сықылды сулы жерде болатұғын о да өз алдына бір түрлі жаратылған көп мақұлық осы Сарыарқада да болады, адам айтар емес, көп болады. Суалған көлдің орнында, құрып тартылған өзендердің орнында жатады. Бірақ бұл сахараның мақұлығы қазақ қандай надан болса, о да сондай надан болады. Солай болатұғыны үшін дәлел соз мынау: «Ол бейшара да өзінің дариясында болмай, қазақтың сахарасында болғандығына әз тұтып, күндіз-түн күйіп өртенумен іші қап-қара болып кетеді!» - дейді. «Дарияда болсам, өзімнің ғылымды-білімді һәм жынысларымның ортасында жүрсем, мен де сондай абрахмет жаңбырына аузымды тосып, қарнымдағыны дүр тасы қылып шығармайтұғын ба едім?! Бұл жерде жатып, тостым не, тоспадым не?! Бір ит садап екендігімді танымай, езіп, жаншып, жоқ қылып кетеді ғой! Қазақ итке қой қорасына қалатұғын қолақпандай қара тас керек. «Көзге ілінбейтұғын, тырнақтың көлеміндей тасты жолында жатпақ түгіл, қойнында жатса, не қылсын?!» — деп, сол үшін садапты қайда көрсең, сырты ақ болады да, іші қап-қара болады. Шал тіліне маһыр болған Уәлиалла-лардан бірі сахарада келе жатып, бір Лала деген шөпті көріп, қып-қызыл болғанына қызығып, әдейі қасына келіп, айналдырып (айландырып), тамаша қылып қараса, өзегі көмірдей қап-қара екен дейді.
Сонда ол Уәлиалла сұрапты:
— Ай, Лала, атың жер жарушы еді! Қай әулиенің кітабын оқысам, екі сөзінің бірінде: «Лала!» — деп, қақсай түрегелуші еді. Бұ қалай, атың да қызықты, сырт көрінісің де қызықты, жүрегің қап-қара. Егер сенің жүрегіңнің қаралығы надан қазақтың жүрегінің қаралығындай болса, онда сен — аузы Алла тағаланың өзінің құдірет аузы болған әулиелерінің аузында әңгіме болып жүрмес едің. Бұл жүрегіңнің қара болғандық сырын айт! — дегенде, Лала жылап қоя берді дейді:
— Уәлилынаның сауалы — Лаланың жауабы. «...» Сонда Лала айтты дейді:
— Не қылайын, тағдыр әлһиға қылар шарам бар ма?! Бау-бақшада райханмен қатар тұрсам, мені көрген заман есіңнен айрылып, итше ұлыр едің! Кім-кім болсын, сахарада болды, халі осы-дағы. Осы Лала екендігімді таныған кісіні көрсеткеніне шүкір, Құдайдың осы бергені де болады. Енді разымын — жасаған жасыма, сүрген дәуреніме! Бұл садаптың (садапның) бір тамшыға қанағат қылатұғын — бәрі емес, мыңнан бірі. Көбі аузын аңқитып: «Тамған үстіне тама берсе екен!» — деп, аша береді. Сонан соң ол тамшылардан меруерт болады. Меруерттің бір-бір данасы абрахмет жаңбырының (иамғұрының) бір-бір тамшысы. Міне, Құданың (Құдайдың) шеберлігі! «Әр не жерінде» — деген осы ма? Біздің сайын далаға қанша жауғанмен, бір меруерт бола ма? Атаның зылбынан (сылбындан) ананың рыхымына барған бір тамшы судан қанша жан дүниеге келіп жатыр, кетіп жатыр,-есебін бір құдірет өзі біледі, онан басқа кім біледі?! Ан хазіретіміз Мұхаммед әл-Мұстафа ғалия-ал-сылут уассалам (уалсалам) һәм бір тамшы судан гауһар пак болып шықпады ма?!
Ғылым һәм — абрахмет жаңбыры: қанша жан оқып жатыр, қанша жан құлағын тосып тыңдап (тыңлап) отыр?! Соның ішінде ағаш сықылдыға жапырақ (иапырақ) болады, тікен сықылдыға гүл болады, сахара сықылдыға лала — қызғалдақ болады. Ара сықылдыға бал болады, жылан сықылдыға у болады, тақыр жер сықылдыға ащы сор болады, тас сықылдыға қына болады. Садап сықылды оған аузын тосушы қайда? Аузын тосқанмен, бір тамшысына қанағат қылушы қайда?! Жылан сықылдыға у болғандығы мынау. Мен Бұхар, Ташкентті кездім, үш жүздің баласы қазақты араладым. Қой жылы жалған дүниенің жүзіне (иүзіне) келдім. Бес «қойды» қолдан санап [қазақ жыл санауында 12 жылдан соң қайта айналу бар екенін ескерсек, «бес қой» — дегені бес жердегі он екіні қоса есептегенде, 60 жыл болады. Демек осы сөзді жазғанда, жасы алпыста, 1918, не 1919 жыл екенін айтып отыр — Н.Ж]., өткіздім. Бай баласы барып, мешітте, медреседе сарғайып жатып, молда (молла) болып шыққанын көргенім жоқ, естігенім де жоқ. Ғылым іздеп (ізләп) қашқанда, ноғайда солдаттықтан қашқан, қаш [қын] екен. Қазақ болсын, ноғай болсын, сарт болсын — өзінің туған шешесі өліп, өгей ананың қолында қалған жетім бала қашады екен. Ата безер, ана безер, ұйқышы, жалқау, кежірлер әкесінің: «Тұр, малға бар, пәлен қыл, түген қыл!» — дегенінен тынышы кеткендер қашады екен. Сонан соң ол қайда барса, онда барсын: «Ғылым-білім үйренейін, Құдайды таниын, дін таниын!» — деген ниетінде тіпті жоқ. «Қай ишанның көжесі мол, қай ишанның наны мол, тегін тамақ қайдан табылады, қай қалада шәкірт халқына ақша пұл көп түседі?» — мақсат, мұраты осы болумен күнін өткізеді екен. Өз басына қайсы ғылым пайдалы, нені білсе, көзі ашылатұғынымен жұмысы жоқ. Надан неге құмар? Надан — өзіне залалдыға құмар. Сонда оның және хырыс болып тығылатұғын оқуы — «Нұсырып мантық» болады екен. Әкесі — қазақ, шешесі қазақ: қазақ тілін өзі және білмейді, өзінің білмейтұғындығын тағы білмейді. Жаһыл міріккап болып жүріп: «Сарт тілін, араб тілін, араб тілін білемін!» — деп, әуре болады екен де: «Ит жаманы аңда да жоқ, даңда да жоқ», екі ортада бос қалады екен». Ал, енді мұның бар білгені — өз басына пайда бермеген соң, бұл жылан болды.
XXX
Оқыған оқуы у болды. Бұл ойлады: «Бұл оқу оқымақтан мақсат: мұнымен дүние тауып, бай болмақ, қатын алмақ, ағаш үй салмақ, мал малданып, жан жанданбақ» — деп, есі-дерті уыз жас күнінде тамағы тою, сый көру, төрде отыру болған соң, бар ғұмырын соның жолында өткізбек болды да: «Ғылымнан мұрат — Құдайды танымақ екен — деп, — бұл ғылымды білген соң, жалған дүниенің жүзінде та[пқан] нәрсенің иненің жасуындай керегі жоқ екен!» — деп, ғылым іздеген (ізлеген) бір жанды көре алмадым. Бәрі де оқып жүр: қыс өзі оқыса, жаз бала оқытпақ-алыпсатарлық. Ғылым-білімді бір дүние тауып аларлық құрал-сайман біліп, оқып жүр. Ғылым. Он сегіз мың ғаламды жоқтан бар қылған Құдайдың өзінің бір сағаты болса, бұл ғылым орнаған адамға жалған дүниеде енді ненің керегі болады?! Қағаз таусылып қалды, иншалла, ақырына со... Құлақ — телеграмма, ауыз — телефон, көз айна есебінде... аяқ — отарба, от — параход, қол — машина, мұрын — воздух [ауа]. Ұят жер — дұшпаныңды дос қылып беретұғын күшті қару. Көз — Шам-шарип. Ауыз — Мысыр, екі құлақ — Мекке, Мігірме, Медине, мин фара, қол — Хорасан, бұт — Бұхара. Онда тамам әулие болса, мұнан да тамам әулие шыққан. Мұрын — Шынмашын, аяқ — Америка.
«Жоқ, бекер!» — десең, осының бірін соларға айырбаста. ...Өз үйіңде тұрған жеті көкке таң-тамаша бол. Өкпең — бірінші аспан. «Неге?» — десең, бірінші көкте Ай не қызмет қылса, өз денеңде өкпең соның қылғанын қылады. Құрсақ — екінші аспан. «Неге?» — десең, екінші көкте ғытард не кызмет қылса, құрсағың өз денеңде соның қылғанын қылады. Бүйрек — үшінші аспан, «Неге?» — десең, үшінші көкте зыһре не кызмет қылса, өз денеңде бүйрегің соның қылғанын қылады. Жүрек — төртінші аспан. «Неге?» — десең, төртінші көкте күн не кызмет қылса, өз денеңде жүрегің соның қылғанын қылады. Өт — бесінші аспан. «Неге?» — десең, бесінші көкте мірих не қызмет қылса, өз денеңде өтің соның қылғанын қылады. Бауыр — алтыншы аспан. «Неге?» — десең, алтыншы көкте міштірі не қызмет қылса, өз денеңде бауырың соның қылғанын қылады. Талақ — жетінші аспан. «Неге?» — десең, жетінші көкте захал не қызмет қылса, өз денеңде талағың соның қылғанын қылады. Миың — кіріс, ғақылың — ғарыш ағзам, қуат — махафазаң, лух лахфух. Қуат — тәңірің, ғылым (қылым). Басыңның — жүзінің сідірті әлментіһи. Шарғына сырарыпғаң — денеңдегі: зерде — қан, қақырық, қарақұрым, молдышылашың.
ҚАН, ЖАН, ҒАҚЫЛ
Бірінші айылымда... бастағы шашың. Екінші айылымда — Мекке, Мікірме, Медине, Мінурә. Екі кез, екі құлақ, екі танау. Үшінші айылымда — Мысыр, Қыдыс, Шариф, Дымшық, Бағдад... Ауыз — жұтқан тамақтың жүрер жолдары. Төртінші айылымда — Хылып, Азербайжан, Диаргер, Мұсыл, Тебриз. Екі емшек, кесер кеуде, жүрек тұрған жер. Бесінші айылымда — екі қол: натазлы сүйіс, рызырых, Хорезм. Алтыншы айылым — ұят жер тұрған жер: Бұхар, Самарқанд, Былхыбыд хышан. Жетінші айылым — аяқ: Қарақалпак, Өзбек, Шағатай, Қашқар, Үлынгай, Портқал, Еңлиз мемлекет, Қыпшақ, Сықалба, Болгар — осы.
Шыналин халық ғибрад палак жаратты. Қатреден гауһар пак.
Хазірет сопы Аллажар Рахметолла ғалия рахметуасқа мұны айтпақтан. Мұраты — көзге көрініп тұрған мақсат не білдіруі емес. Көзге көрініп тұрғанның жаратушысы кім екендігін ұшқан құс, жүгірген аң — бәрі біледі. Көзге көрінбеген мақұлықатты Құдай тәбәрік отғылының қалай шеберлікпен жаратқанлығын біліп: «Адам атына муафиқ боламын!» — дегендер өз бойында не барлығын танып білуі үшін сөйледі:
— Егер Құдай тәбәрік отғылының шеберлігін білемін десең, өз бойыңа жақсы қара, ғибрауа палак баршасы өз бойыңда түгел. Жерде таулар болса, денеңде — сүйектер. Жерде — ағаш, шөптер болса, денеңде — шаш, түктер. Жерде — жеті қылым болса, денеңде көз — бір, құлақ — екі, мұрын — үш, ауыз — төрт, қол — бес, аяқ — алты, ұят — жер — жеті. Өз денеңде болған жеті қылым — осылар. Жерде зілзала болсын, денеңде түшкірмек, селк етіп шошып қалу бар. Жерде өзендер болса, денеңде үш жүз алпыс қан тамырлары бар. Жерде ащы, тұщы бұлақтар болған болса, денеңде: құлақта — құлық ащы, көзде — жас тұзлы; мұрында сіңбірік иақұл-ды. Ауызда — тілдің түбінен шығатұғын су тәтті. Құлақта құлық ащы болғаны, ұйықтап жатқанда, бір қасірет кірмекші болса, ащылығынан жиреніп, қайтып шығар... Көздің суы тұзды болғаны — көздің айналасы — май, тұз майы де [лінеді] [122]. Мұрын суы нақұлай болғаны лашия иғырыф бастады. Жақсы істен баһра алуы (алсын) үшін, ауыз суы тәтлі болғанда, жеген тамаққа ләззат қосып, қызықты, сүйкімді көрсету үшін, жерден өсіп-өнген нәрселерден адамның денесінен өсіп-өнген нәрселерді [ң] асыл болатындығын сонан біл. Өзге жоғарғы жақтағы бибаһа асылдарды былай қояйын. Адамның денесінде бір жаман соқыр бар. Қасын керген қыздарды, жасын керген ұлдарды дүниенің жүзіне шығарып тұратұғын қуың — сол.
Хош енді палак өз бойыңнан табылатұғынын қара. Ағузи биламин... ал-ражим уасүназат. Әл бұрыж. Аспан көкте он екі бұрыж бол [са], денеңнен екі құлақ, екі көз, екі танау, екі емшек, ауыз, кіндік, төменгі екі жол. Палакта сыбға (сыбаға) се [к] сен жеті жұлдыз бар болса, денеңде: өкпе, қымыр, құрсақ... бүйрек, зыһре, жүрек, шәміс. Өт — мырынхиш, бауыр — міштірі, талақ — захыл. Палакта көп жұлдыз болса, денеңде көп тамырлар, сіңірлер. Палак та — жиырма сегіз мінезлі, денең де жиырма сегіз хуос (қуат). Палакта — үш жүз алпыс (алтмұш) дүржат, денеңде — үш жүз алпыс қан тамырлары. Палакта ғынасыррыбға болса, денеңде зерде — от орнында, қан — жел орнында, қақырық су орнында, қарақұрым — топырақ орнында. Ол төрт ғынасырдан мәуліт шылаша болсын, ж... төрт хылтар жерін һәм мәуліт шылаша орнында туатұхылд [ан] бар. Күндіз — адамның шаттығы (шатлығы) [124], түн — қапалығы. Көкті құрсаған бұлт — адамның лез [де] өзінен қуырылып шытынбағы. Оның айыққаны — адамның жадырап отырмағы. Күн күркіреген [і] — адамның дауысы. Жалт еткен нажағай — күлкісі, жаңбыры — жылағаны. Жалғанның жүзіне хошлық беріп тұрған жел — дем алыс. Көк жолында құстың жолы — қасы, жаңа туған ай — құлағы, толған ай — жүзі. Түн қараңғылығы — шашы, атқан таң жарық [т] артқан — маңдайы. Қайсыбірін айтайын: аспанда болғанның бәрінен де адамның денесінде болған — асыл. Маған десең, біреуге көңілің кетсін, шала құмар қар...нда далбаса етсін, есі-дерті біреуге кетпеген ит бұ сөзімнің қадіріне пайда үшін... Алла тәбәрік отғылы абрахметінің бір қатресін садаптың қарынында дүр гауһарды жаратқан секілді (шекіллі) ан хазіретіміз Мухаммед Мұстафа ғалия сылат сіләмдіні һәм бір тамшы судан пак гауһар қылып шығарды. Сен өзің һәм әуел өзіңді танисың. Сонан соң өзіңді қандай шеберлеп жаратқан Құдайдың құдайлығын танисың. Онан соң хылақ зымимадан балаклие шығып хылақ хамиде бірлан матсып (мытсып) болсаң, нәпсі, ниет миғылып болып, руханат ғалыб болсын, ферғауынлықты қойып, Мұса кәлималла болуға Әбужаһил пакті қойып, хазірет хабип Құдай Мұхаммед Мұстафа ғалия салауат уассалам болуға сағи қайрат [қ] ылды. Өзіңнен пани охық... болып қалсаң, өзің де сол бір тамшы гауһар пак боласың да қоясың. Самуат ойыны тұтты, мақұлық (мығлұқ) жиһане әкімді көрсетті қарасын. Құдай тәбәрік отғылының шеберлігін: адамның сыртқы қабығы — топырақ, оның ішкі қабаты — қан су орнында. Оның ішкі қабаты — жанның буы жел орнында. Оның ішкі қабаты — рух хайуаны — жүрек: қызуы охар орнында. Оның ішінде көңілдің жеті түрлі қалыбы бар, ол — жеті көк орнында. Көңілдің қалыптары (қалыплары): әуелгісі — ет жүрекліктен шығып, қылып деп айтуға садық болса, ғақыл иесі болу [үшін] хақ илан батылының парқын айырып, мумин мұхит болады. Екіншісі — сыдырлық мытғың бір болып нышырах сыдыр боласың. Үшіншісі — хыбтет алып, ғам онша... ол ауа (һуа) иламынзы а...асын. Төртіншісі — маһжата алқап әлһам жамалы рахманы уалһам жалалы нәпсі не болып фератыла фірқакі билесін. Бесіншісі — шықпасыны жазба хақына алып хып дүниеден балкайа кешіп, өзгесін. Алтыншысы — фуат, уардат рахмания хасыл өліп, әл-хамат ныхсаниядан халас болып, мынтаһыр жамал өлесің. Жетіншісі — суыда тахсил сыдық етіп, сыдық өлесің. Оқылбек мұрат жамал үнзірге зуал жабал боласың. Ұнырух зор росруд ила төлесің. Өз үмкеннен хырож етесің. Мықамік улан самай ғамая ғұрыж етесің. Ғындмілік мүхтасар ғындызе нібия ила мыққыз садақа келесің. Уабдала бад онда хызыр оғүс етесің. Удірін дәл де рух нысан. Мұның заһыры кіріс опатны ғарыш рахман дүр зерге қылып һылғыр пан (хан) бет хазірет Рахман дүр неге кім Хақ тағала маусыға зиулесмынаны осыны қылып... қалай сығырдойы қасірет есебін тауып, Ғаршы-күрсі Лух қалам — барша ғаламды бір жапырақ еттің ішіне. Міне, Құдіреттің шеберлігіне шек кел [тіру] болмасын. Құдай тәбәрік отғылы құдайлығын жақсы-жаманға, кәпір-мұсылманға, жанды-жансызға — тегіс көрсетіп қойды. Күн мен Айдың сәулесін алтын кешке де түсірді, адам жиренетұғын, иттен басқа жемейтін нәжіске де түсірді. Өзіне жақын болған, айтқанын қылып, айдауына то [қ] таған тақ Сүлеймен, Ескендр Зұлқарнайынға да билетті дүниенің жүзін. Өзі: «Құдаймын!» — деп, Құдайдың құдайлығымен қарсыласқан Намұрт ұстат ферғауын қиянатқа да жетті. Кәне, осы істі Құдайдан басқа кім қыла [д] ы?! ...Міне, құдіреттің шеберлігі — жеті қат жердің тұрағын — бір шабақ балықтың мойнына көтеріп қойды. Оның мысалы өз бойыңда тұ [р]. Жеті қат жерде болған нәрсе түгел табылған денеңді кішкенелігінен һәм асылдығынан бір дем алысқа көтертіп қойды. Денеңдегі үш жүз алпыс тамырдағы қан — бір дария, дем алысың соған кіріп-шығып тұрған бір шабақ балық. Күллі денені жұмысқа жаратып тұрған — жалғыз-ақ дем. Ол демнің өзінің үлкендігі сіркедей де жоқ. Сірке деп биттің ең кішкенесін айтады. Ауырлығы һәм сіркенің ауырлығына жетпейді. Көптігі бір-ақ жым. Сол өзі біресе кіріп, біресе шығып, суда шөлге, буға жетіп жүр [мей], шығып батып, шығып батып турады. Барша жан-жануардың тіршілігі жерден үлестірілгендей, күллі дүниенің тіршілігі осы бір демнің әрқайсысын бөліп тұрады...Дүниеде көктің асты, жердің үстінде бір жыл: он екі ай — өзін төрт фәсіл (пысыл) қылып, жаратқан болса, өз денеңде де туғаннан өлгенше жасаған жасың — бір жыл: он екі ай — он екі даруаза есебінде болған ағзаларың, жеті күн кінәсадыр болатұғын жеті мүшең. Үш жүз алпыс күн — үш жүз алпыс тамырың. Сәби күнің — жазғытұрым, жаз шілде... мосқал қырқылжың ш [ағ] ың — шаш-сақалыңның [ағарғаны] — қар жауып, зымстанға айналғаның [124].
ҒЫЛЫМ-БІЛІМ
(БЕСІНШІ ӘҢГІМЕ)
Құдай тағала... Алла тәбәрік отғылы өз құдіретіменен хазірет Мұса ғалайссаламды Құдірет өзінің сөйлестірмегі илан періштелер де сөйлемектің барлығына дәлел ныхойынлар... — деген хазірет Біләл ризиаллағынаның шын әрпін (хырпын) сын қылып айтады екен [125]. Азан айтқанда: «Саһымдан ла — ила — Алла!» — дейді екен. Сонда естіген жұрт:
— Шынға тілі келмейді, мұның айтқан азаны дұрыс бола ма?!» — дескенде, періштелер айтқан екен:
— Біләлдің «сыны» Құдайдың қасында «шын» болып жазылады, — деген екен.
Біздің қазақ тілінің ішінде періштелердің бір сөйлеген сөзі жүр: «Кеткенің келсін, кемтігің толсын», — деген. «Оны қай орында айтты?» — десең, Құдай тәбәрік отғылы екі періштені әдейі арнап, екі жұмыстың басына қойған. Бір періштенің қиямет қайымғаша тәсбихы...
...Құдай: «Кімде кімнің қолы ашық, береген болса, соның есесін бер, орнын толтыр!» — деп тұрады. Қазақшасы: «Кеткенің келсін, кемтігің толсын!» — деп, тілеулес болады. Бұл Хадис Шариф бірлан айтылған сөз. Кәлам қадимда былай бұйырады: «...сізлер бір нәрсені айғақ (тығақ) қылсаңызлар, яғни... «Құдай ризалығы үшін!» — деп, берсеңізлер, Алла тағала ол берген нәрсеңіздің қайым мықабын даярлап тұрады.
XXX
Алла тағаланың Калами хырыпсыз, әуезсіз. Бұлай болғанда, Кәлам-Аллада жазылды: «Әріп (харып) болды, пенденің аузы оқыды. Ауыз табылды, нұсқасын көз көргенмен, ауыз оқығанмен, Құдай тағаланың қаламы болмады. Енді ол қылғанды... сөзі болады. Алла тағаланың ғылым сағаты [бар] пенденің көңіліне нұр төгілсе, мағынасын мылахызы қылып, ауыз оқып отырғанда, көңілмен сенбей жалығып отырса, көңіл жұмысымен жұмыстаса, сонда Құдай тағаланың қаламы болады. Адамда ауыз тілі бар: «Қал тілі» — дейді. Көңіл тілі бар: «Хал тілі» — дейді. Оның ар жағындща рух тілі бар: «Жан тілі» — дейді. Оның ар жағында сыр тілі бар: «Сапар тілі» — дейді. Тіл тауқымет екендігін аңлап... мылахаза қылып отырса, көңіл махаббатта екенлігін аңлап, хибһім хибунаны мылахаза қылып отырса, жан құрметте (құрбетте) екенлігін аңлап... мылахаза қылып отырса, шырмыша һәдінде екенлігін аңлап... Осы айтылғанның бәрі бір денеден даяр болып, табылып отырса, сонда Құдай сөзі болады. Көңіл қызметі араласпай, құр ауыз оқығанмен, Құдай сөзі болмайды. Үйренумен тоты құс та оқиды. Граммафон да оқиды. Бұл күнгінің көбі не тоты құс, не граммафон: Құдай сөзін Құдай сөзі қылып оқығыш не десе, Алла тағала өзінің... Мухаммед Мұстафа салиалла ғалайссаламға әуел мағынасын білдірді. Сонан соң хазірет Жебірейіл ғалайссаламнан қарасын жіберетін, бір-бірлеп жіберді. Ан хазіретіміз хазірет Жебірейіл ғалайссаламнан үйренген жоқ. Құдіреттің өзінен ғылым сағатынан келіп жалғасып, бастан-аяқ бәрін сонан біліп қойды. Солай болғаны үшін Хадис қыдысы былай сөйледі: «...Бір пендеме дос тұтсам, оның құлағы — менің құлағым, оның көзі — менің көзім. Оның тілі — менің тілім!». Бұл мақамды: «Мақам түсті!» — дейді. Ша...нсор осы мақамды көтере алмағаннан, бойына сіңіре алмағаннан, иаке ғашық кәпір болуды мақсат қылып: «Аналыхық» — дейді. Хазірет сұлтан... дегені осы. Енді мұндай болғанда, бұл тұр... оқушының аузы. Құдайдың... сөзі болдық, қазақтың: «Ауыз кімдікі болса, сөз — сонікі» — дегені осыған дәл келеді. Алла тағала адамды он нәрседен міркіб қылып, адам қылды. Мұның бесеуі — ғылым мышһаттан... бесеуі — ғалымлар... болған бесеудің жұмысын тіл жұмыстайды. Ол қал тілінің зікірі: «Ла-ила-ила-Алла!». Хош, ғалымлардан болған қалыпта зікір барлығына дәлел... мұның жұмысын хал тілі жұмыстайды. ...Хал тілі — қал тілінен шешен. ...Мұның тілін — «жан тілі» — дейді: мұның зікірі. Мұның зікірі: «Иаһу!» — сабырда һәм зікір барлығы үшін Алла тағала қалам қадимында: «Уаллазин жахид уа фина лыһыд иһым сыбилна! — дейді. Солай болғаны үшін: «Лымжа һуат торш емес һыда» — дейді. Міне, бұл іске һыда сабыр жұмысыменен болады. Бұл жұмыста... қылу керек. Ғылым екі түрлі. Ғылым лысор (алсор) бар, ғылым мағха бар. Ғылым лысор жабсыр жасалған ғылым. Ғылым мағха — жан ғылымы. Жансыз жабсыр неменеге жарайды, не орынға тұрады? Лынғыз ғибрат. Ғылым лысор — мағына. Ғылым мағына — қал тілінде болғанның бәрі соры мағын [асы] болу керек. «Қал, қал» — деп қала жаздадым. Шеміш тіпірбізі болса, осымен өле жаздадым», — деп, мышной мағной айтылған. Мәулана Жалалдин Руми... «Ғылым халың болмаса, ғылым қалыңнан не сот. Зікір тілің болмаса, зікірпаныңнан не сот?» — деп, шаймырыш айтқан.
Әр нәрсенің бір сұлтаны [б] ар. Денеңнің сұлтаны — көңіл. Сондай-ақ... Бұл қорғанға қорғалап кірген жерің жоқ, далада қаңғып жүрсің. Неге десең, тілің айтады: «Ла-ила-ила-Алла!» — дейді. Діліңде оның мағынасы не екенлігімен жұмысың жоқ. «Ла» — дедің, «несіп» — дедің, «Алла» — дедің, «Еш мақсат» — дедің. «Ила Алла!» — дедің, «Біз зат пак» — дедің. Кәнеки, оның мағынасыменен жұмысың болғаны?! «Мал-жан, бала-шаға, қатын-қалаш» — деп өліп барасың. Біреуге — «әтке (теке)», біреуге «лытжа(алтжа)», біреуден — «құп (қоп)», біреуден — «рыжат» — дейсің. Заһырда қылып тұрған жұмысыңнан білініп тұр — мағынасымен жұмысың жоқлығы. Бұл тұрмыста жаның ол қорғанға кіре алмады да, «Ла-ила- ила-Алла» — сұлтан болып сені билей алмады. Бұл қорғанға жаны қорғалағандар бұл султанға ұжыдының (жудының) шаһарын түгел билеткендері: «Алла — бес бақи hoc» — дейді де, қояды, өзге түгіл өзін де керек қылмайды... Бұл аяттың мығһу мұнда болған сұлтаннан мұрат-сұлтан: «Ла-ила-ила-Алла!». Ол уәлідерге оның хәкімі уаллин ақырының хымласын шәміл... қалып... Не үшін десең, Құдай тәбәрік отғылы барша жаралушы халқы табиғат зұлматында ғадлия халық етіп анлады. Кінді нұрынан фазылия пір тоса алмас дүр. Ол нұрды баһра мындаулан дүние ақыретінің сағадатына дәрежең кәмелетіне жетпес дүр. Әр не болса, сонда болған дүр. Кім-кімге болсын, ол нұрдан сәуле түскен болса, ғылым фазылдан болмас дүр. Ол нұрдан сәуле көрмеген ғалым (ғылым) әділ (ғаділ) де қалмас дүр. «Мөрімді көр, сор уашиаха шәміл емес...
Мәшһүр Жүсіп өлеңі.
Айтушы мен болайын, құлақ қой сен [126].
Оттай боп қызыл гүлдің көрінісі [127].
Күндіз бен түннің айырмасы.
Жалғанның тозақ пенен пейіші бар [128].
Абай өлеңдері [129].
«Ем таба алмай», «Кейде есер құрғырың» [130].
ТӘУБЕ (ТҮП) АҒАШЫ
Пейіште тәубе (тоби) ағаш (иғаш): жапырақлары, бұтақлары, жемістері (иемішлері) жоғарыдан төмен қарап салбырап тұрады. Бұл жалғанды не деп ойласаң: «Қыздар (қызлар) наз [ы] нан» — деп айтуға жарарлық болса, Тәубе-ағаш, сол шашы — жапырақтары, екі қолы — бұтақтары (бұтақлары), екі емшегі — алма деймісің, анар деймісің — жемістері (иемішлері) — қалайша оған қарамай тұра аласың?! Ол — Тәубе ағаштың түбінен төрт бұлақ ақса, шаштың айналасынан да төрт бұлақ ағады. Бір бұлағының суынан көзің су ішіп, мейірі қанады. Бір бұлағының суынан мұрның су ішіп, мейірің қанады. Бір бұлағының суынан аузың су ішіп, мейірің қанады. Көзінен көзің су ішеді, мұрнынан мұрның су ішеді. Ән салса, хош әуезінен құлағың су ішеді, тілінен бір сүйсең, аузынан аузың су ішкені — сол [131]. ...Ғақылы — ғарыш, қайыры — Құдай тәбәрік отғылының он сегіз мың ғаламда жаратқан нәрсесінің бәрі мұның қарақан басынан табылып, зәрре болып, күн орнына барып тұрса, қатре болып, дария орнына жарап тұрса, сен қалай тамаша қалып қарай алмай шыдап тұра аласың?! Айналайын, шебер құдіретлігі Құдайым-ай, зәрреге күнді сыйғызып, қатреге дарияны сыйғызып, он сегіз мың ғаламды һәм зор құдіретлігі — өзін бір жапырақ еттің ішіне сыйғызып, бізге тамаша шеберлікпен көрсетіп тұрған [ы]-ай! Сажип құран — ол кемісе, дүрге мысбиға сыярренің егісі бір-бір жін бір дәреже егін мітулдәуле ол игі көпке хәкім екеу ерилөр. Ғытард лез һыра өлүрсе, биһіз кетіп өлер. Күншіле міштірі өлер. Себи нәзір һал ғылымы өлер. Оқыс ғали һаза. Заһилла миринх жымығ өлірсе, зияда шахбих убһа дүр өлер... Күнжара — зығырдың диірменге тартылғанда қалған сабанын айтады. Ферғана заминда есек пен өгізге тамақ үшін базарда сатылады.
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ «МЫҚДИМА» ӨЛЕҢІ
Бір ноқат жоқ, жан біткен қалып болды,
Хыпсадд қалыптан салып болды.
Дүниеден дәл менен уау, сан табылмай,
Қарайғанның бәрі де әліф болды.
Әліф болған бойымен тұра алмады,
Тамасалықтан ол мойын бұра алмады.
Жалғыз жарсыз жалғанда болғандықтан,
Аз өмірде бір дәурен сүре алмады.
Лайық хірге абда боп...
Ерге егізлік ешқайда болмады жұп.
Кімді көрсең, теректей құр қақиған,
Тамағы тас болуға ұнасып жұп.
Қарасаң, не нәрсе бар күннен жарық,
Көріп тұр мұны көзбен барша халық.
Күннің ашық-жабығын сұрап қара,
Жарық деп жарқана [т] ың айтпас анық.
Мәшһүрдің жұртқа таныс жазған хаты,
Алашқа ақындықпен шыққан аты.
Болса да жарық күндей, жақтырмайды,
Адамның сұмырай туған жарқанаты.
Зағпыран — көрінісі көзге нашар,
Мұрынды, исі жарып, кеудеңді ашар.
«Күнжара, сабан емес, немене?» — деп,
Осқырып, одағайлап есек қашар.
Бар ма, айтшы, көбелекке оттан пайда?
Даяр болар саулап от жанған жайда.
Құр жалбақтап барғанмен, көріп отты,
Бас-басына пәруана болу қайда?!
Көзіңе шырай берер гүлдің түсі,
Ашады адам көңілін көрінісі.
Қарақоңыз қатады у жегендей,
Мұрнына тиген жерден гүлдің исі.
Бұлбұлға — өлім қыстай гүлдің жоғы,
Гүл көрінсе, не керек ашы-тоғы?!
Гүл майын қарақоңыз жақтырмайды,
Оның меншік жұпары — аттың боғы.
ДІН ТАҒЫЛЫМЫ
(БІРІНШІ ӘҢГІМЕ)
...Хылақ хамиды бірлан мытсыф болған кәріптерінің кішжірт типте сылһашабет хырғыһа фиалсманға жарық болған ділінің шежіресінің асылынан төрт өзен ағады. Қалыбының бұлағынан — нәбіт суы. Сыдыр шешмасынан сығмут сүті. Сірнің хәмханасынан махаббат шарабы хамыр сықылды мас қылуда. Рухының суағарынан — мұррат балы [132].
Мышной Шариф:
Бір дарияда садап болса, оның ішінде інжу дүр гауһар болмақ. Егер дария қанша зор болғанымен, садапсыз болса, ешкімге пайдасы [з] бір ащы су. Егер садап болып, ішінде інжу болмаса, тысы — ақ, іші — қара, ешкімге керексіз бір қу. Жеміссіз ағаш-терек қанша көрікті болып, сымдай болғанмен, ақыры — бір отын. Аспанда бұлт қанша қалың болғанмен, жаңбыры бол — [маса], бір қалың түтін де, жарқ еткен нажағай — бір жарқ етті. Артында дәнемеге пайдасыз бір нәрсе болды. От өшкенімен, артында шоғы қалса, кейінгіле [р] тағы тұтатып алып жандырады. Артында шоғы жоқ отыннан — барынан жоғы жақсы. Бұлар һәм бір ғибрат сөзлер — қылуға ке [ре] к.
Мәшһүр Жүсіптің «Кәф пен нон» өлеңі.
Дүниенің қарамадым көп-азына [133].
Мәшһүр Жүсіптің «Жалғыздық» өлеңі.
Ер едім талай бұзған қамалыңды [134].
Мәшһүр Жүсіптің «Бір үйге» өлеңі.
Бір үйге көп қараймын тамаша етіп [135].
Арғын-Сүйіндік — Айдабол тарауы [136].
Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай [137].
ӘМЕН КӨПЕЙҰЛЫ ӨЛЕҢДЕРІ
Жалқаулық жастан үйір бойды басып [138],
Күшті ақыл, өткір зейін, ойды басып.
Қайраттың қызу отын лапылдаған
Надандық суын сыйып (с...п) қойды басып.
Туралық — іс өлшеуі, ой мөлшері,
Сезімсіз ез бастарға болмас нәсіп.
Жан — лекер (лікір), дене — мекер (мікір), жатпа бекер,
Су ап кел, әрекет (харекет) қыл, отын тасып.
Айта алмай істің жөнін, сөздің шынын,
Қалыңнан темір талқы шықтым жасып.
Асаудай аса соғып тентек жүрек,
Отырып ошақ басы, жұрттан асып.
Мен арсыз: жүрек сезбей, жұрт та сенбей,
Алдым — жар, артым — тұман, қалдым сасып.
Дос-тамыр арттан қуып, алдан буып,
Кел құтыл: ордан қарғып, тордан қашып.
Ерік жоқ: біреу іреп, біреу сойып,
Қол созып, аузын салып, тайталасып.
Тасты (қышты) алғыл не һәм үфіңді
Озуа лыжһала уфи қырым хысып.
XXX
Жалғанның ғақылдыға ісі қырын,
Бар қылмас бір болса, тағы бірін.
Кім ақымақ — надан болса етек алған,
Бұл ретте білмес ешкім Тәңірім сырын.
Қайғыда білген жандар өмір бойы,
Көңіл-шат, наданның көп жылқы, қойы.
Көп болған артық ойлап, жолдан тайып,
Жетпеген не зеректің бұған ойы.
* * *
Дүниеге саналылар көңіл бөлмес,
Молдығын бұл жалғанның байлық білмес.
Мас болып: қарны тойса, төсін керіп,
Болып жүр көп надандар көрге кірмес.
Бейнеттің, жанның көбі, жүгін артып,
Жігіттің білімі артық — қолы тартық.
Бейнетқорша [ша] бағаншы шыттай надан,
Жүрсе де, білер дәулет, қорлық тартып.
Жазған соз жаным ашып Алашыма,
Алаштың ұраны «Үш жүз» — баласына.
Қаннан — қан, еттен — етім, бауыр жырттым,
Қараған қаз [ақ] таптың қаласына.
Іші — лас, сырты таза залымдардың
Алданба құр сыртының тазасына.
Мәз болып, байғазы алған балаларша
Сатылып жылтыраған танасына.
Һәбілдің зиаратын аттап өтіп,
Қабылдың бата қылма моласына.
«Қорыққанға қос көрініп» — қойдай үркіп,
Тығылып дажалдың бұтханасына.
Ес кетіп, сабыр қылмай сасқалақтап,
Қорыққаннан көзің сыймай шарасына.
Ұмытып Құдайды да, құранды да
Бас ұрма латесанат ағашына.
* * *
Бұрынғы ата-бабамыз,
Асылдан шыққан тек еді.
Мақұл затты надамыз
Оғыз ханнан кеп еді.
Сол айтылған Уыз хан,
Туған жоқ бізден ондай хан.
Жақсы үлгіден жол салған,
Дүниені алған бек еді.
Тоқсан екі ру [лы] ел,
Нағыз терек, мұны біл.
«Пайғамбарға он бір жыл
Қызметші несіп» — деп еді.
Содан қалған тұқымбыз,
Ұраны — Алаш, бұл «Үш жүз».
Үлгілі жұмыс, ескі сөз,
Билерден қалған кеп еді.
Қазақта хан Абылай,
Батырдан озған Олжабай.
Нақ солардың кезінде
Дүние бостан кең еді.
Сақау, Көтеш, Орынбай,
Күліктен асқан Шобалай.
Мергенші — «Пәлі, Төлебай!» —
Дұшпанға қорған шеп еді.
Жаңабатыр, Мырзағұл
Бәрі жомарт ақ еді.
Осы бір өткен елу жыл
Қасер мен шердің шегі (шелі) еді.
Жанақтың қандай көздері,
Туған соң асыл өздері.
Бір-ақ ауыз сөздері
Мың ауруға ем еді.
Өтеміс — қазақ абызы
Құлболдының нағызы.
Аузына [н] шыққан лебізі
Магниттің демі еді.
* * *
Қалды бидай сабаны,
Жақсысы кетіп, жаманы.
Шоң мен Шорман заманы
Не нәрседен кем еді?!
Бармай-ақ қой әріге,
Қарашы бергі кәріге!
Пейілге бай бәрі де
Дастарханға кең еді.
Партия қуған заманың
Қу, сұм болған наданың
Бұл сөзім қай адамның
Көкірегіне енеді?!
XXX
Жастықта біреу түссе тура жолға,
Ғазиз бас шығып кетер қымбат пұлға.
Таусылмас хатқа жазып сыбаға бар,
Ондай боп бір өзіне қашқан құлға.
Жастықтың, уыз іште, оты — жалын,
Ұшқын бар лапылдаған тіпті қалың.
Болмаса Хақтан жәрдем таупық суы,
Қандай жан сөндіргендей оның бәрін?!
Сонда да жаза кесіп, ықтияр қыл,
Әр істе түзулікті ал — аққа дәлел (дабыл).
«Бұл дәурен кетпес менен!» — деп тұрмысың,
Билігі сенде ме еді ай менен жыл?!
Өнер біл, екпінді бол, дініңді сал,
Өткір тіл, ұғымды бол, ұмтылып қал.
Тауып жол, жылдам жөнел, болмасаң ұл,
Келсе ақыл, демейді екен: «Жас, кәрі шал!»
Жақсы іске жігіттіктің жұмса күшін,
Қызмет қыл жан ойнатып дінің үшін!
Бәрі — жел: кем болса шал қылған нәміл,
Көп уайым заман қандай күнің үшін.
* * *
Жігітлік — асыл қымбат бір қызыл гүл,
Оны ашқан сахарларда құйылған жел.
Бұл заман үстіңде жаз тұрар демей,
Бақыт, бақ өтпей тұрып, қадірін біл!
Ұстарсың дүние, ақырет бірдей ісін,
Білім тап, ғылым іздеп Құдай үшін!
Жан болмай: тастан — қатты, мұздан — суық,
Көп жұртқа жігітліктің жұмса күшін.
XXX
Абылай ханның опаты 1200-ден.
Әбілфейіз ханның опаты 1200-ден.
Әз Мұхыр ұлдығы қырына хабар үшін сал...
Милләттің 1781-де деп жолдаспай (иолдашпай), қарсы сөйлеп, уалла ғылым жысқақа (бысқақа) ажал. Не ғым иманлы құл өлгенде, т [ә] ні де болмаса, осы кезінде тәнде (тінде) «Тоқылмыш сынбых өлінміш ұлан уауыр мішік ағы: «Өзін (орын) кеше туғандай қылып тоқыған хабар тайттың үлбіреген шүберегі болған-болмағаны не қажет?» — деген.
СӨЗ ТАПҚЫШ — АФОРИЗМ
Борков биеге теріс мініп, құйрығын көтеріп, шошайтып қойған. Биені: «Кеме сияқты қыламын» — деген. Бір студент, қасында бір қыз бар гүбейітте [гуляйтта] жүр екен. Борковтан қулық асыру үшін:
— Кемеңізде мінерге орын бар ма? — дегенде, Борков биенің құйрығын көтеріп:
— Капитанның каютасынан сұраңыз! — деген (Спросите ее каюта капитан?)
Студент не айтарын білмей, ұялып қалған.
Мәшһүр Жүсіптің «Миркамалдин ишанға» өлеңі.
Пірлерден зат едіңіз тиген назар [139].
НАҚЫЛ СӨЗ
Аспан толған жұлдыздан —
Жарқырап туған Ай артық.
Жабы туған тұғырдан —
Қазанат туған тай артық.
Әділетсіз ұлықтан
Қайыры бар бай артық.
Түйе сойған жиыннан
Тоқты сойған той артық.
Тіл алмаған ұлыңнан —
«Сіз, біз!» — деген іні артық.
Кедектеп басқан келіннен
Кескектеген ит артық.
Ауыл кезген қызыңнан
Есіктен кезбес ит артық.
Көріп алған көріктіден
Көрмей алған текті артық.
Аттың несін мақтайын,
Алқалы топты жармаған ?!
Түйенің несін мақтайын,
Алыс жолға бармаған?!
Адамның несін мақтайын,
Адамдық атын харлаған (қаралаған)?!
Дүниенің несін мақтайын,
Табандап тұрып қалмаған?!
Хакімнің несін мақтайын,
Жауыздардың арын арлаған?!
Қатынның несін мақтайын,
Қағып төсек салмаған?!
Баланың несін мақтайын,
Атаның тілін алмаған?!
Қыздың несін мақтайын,
Айтса бір сөзден қалмаған?!
Молданың иесін мақтайын,
Өлі менен тірінің
Бәрін бірдей жалмаған.
Бұқараны сөгіп қайтейін:
Жаман-жақсы болса да,
Бір уақыт-тағы Алладан!
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ «ИМАН ЖОЛДАС» ӨЛЕҢІ
Өлімнің болжалы жоқ келетұғын,
Әр пенде Хақ жазғанын көретұғын.
Иманын жолдас етсін әр пенденің
Уақыты жетіп, күн болса өлетұғын.
Құдайға түгел қиып жүре беру,
Еш пайда жоқ қайғыдан өлетұғын.
Көп артық себепсіз-ақ кез болады,
Уақыты жетсе Құдайдың беретұғын.
Азаптанып жиған мал, қатын-бала,
Өлсең, саған бірі жоқ еретұғын.
Екі-үш қабат ақ бөзге орап қана,
Терең қазып, тепкілеп көметұғын.
Есі бүтін ер жеткен балаң болса,
Быт-шыт қылып малыңды бөлетұғын.
Бұ сөзге пыһым етіп, назар салсаң,
Күн қайда өлмес бұрын өлетұғын?!
Ғибрат бар әрбір түрлі бұл сөзімде,
Ерлерге сөз асылын білетұғын.
Отырып әрбір түрлі ойға салсам,
Орын жоқ бұ дүниеде күлетұғын.
Сізлерден өтінемін, дін-қарындас,
Не хайла бар нәпсіні жеңетұғын?!
МАҚАЛДАР
Кеңесті азбайды,
Кең тозбайды.
Ұйқыдан басы кетпегеннің
Көзінен жасы кетпейді.
Оқушы өз пікірін оқиды, жазғанды оқымайды...
Өнерде ілгері болған адамның тірлігі пір, ишанлықпен өтеді.
Білмеген айып емес,
Білуді ізденбеген айып.
МӘШҺҮР ЖҮСІП ӨМІРІ
Қазақ — Арғын: Айдабол-Күліктің Күлігінен шыққан Мәшһүр Жүсіп Көпейбаласы қой жылы Ережеп, Әлміржіп айында Қызылтауда жалған жарық дүниенің жүзіне келген. Бес жасында мектепке беріліп, алты жасында Шар кітап оқып, сегіз жасында Зырыфой бастап, Баянаулада Қамардин ахонның алдына отырып, тоғыз жасында ғылым фиқа мұхтасар куқаяға шырох қылып, он бес жасында шағырлық илан шаһырт татып, жиырма тоғыз жасында Бұхарай Шарифке барып, медресе Шоқырда ысытқамыт... мырза Ұлықбекте мүдәррес Хамза қожадан пай алып, мүдәррес болып тұрған күнінде ноғай Нысырахдин [нен] дәріс оқып, Миракенде Миянмәлік Сахипзада немересінің тәрбиесінде болып,... лардан қайыр фатқа алып, отыз жеті жасында Ташкент шаһарында Бесағаш махалласында Әбу-әл Қасымхан ишан патхасында тұрып, бізлер Әкірамхан... нан мағлұмат алып, жүру-тұруы көп болып, оқу-білуі аз болып, сахрай мірік апаты илан ғиыр мұх — сықлықта қалған... әркімдердің аузынан алған сөзін нұсқа қылып, қағаз жүзінде қалдыру үшін бір мың тоғыз жүз он екінші [1912-] жылында Қаракесек өтіп, қап тесер ат арқасына мінген күнде он бірінші мартта үшінші хамалда жексенбі күні... болғанын жазып қолдан шығарды. Өзі елу торт жастан дәмелі отырған күнінде заманы пүтретте [запретте] болып, бұрынғы жақсы заман тозып, таусылып, соңғы жақсы болатұғын заманның әлі күні тумай тұрған күнде, ол заманның түрін осы «Мес» кітабында торт жүз тоқсан сегіз [498] бетінде жазған. Сонда бұзылған заманның кезеңінде ит пен шошқаның талауының ортасында жүріп тұрып, солардың қорғалатуымен аяғын көсіле алмай, қолын соза алмай, үнін шығара алмай, боқтағы құрттай быжынаған тыңшы, қораға байлаған төбеттей арпалысқан, сенісер... қойып, ноқта кесті, көнбіс, жетекшіл қылып алған жұрттың ортасында жүріп, «Сарыарқаны» — сөйлеген Мәшһүр Жүсіп Көпеев — осы! Баспаға бастырған жерінен Хұсайынов баспаханасынан он төрт қалам иесін сотқа алып, атылу, айдалу... [екі] аяқтыдан бақташысы бағып, сақтаған Мәшһүр — осы. Түннен қараңғы қайғы, удан ащы қасірет, қорғасыннан ауыр түңілу ортасында жүріп, теңізден терең ойға шомылғаны.
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ «ТАРЫНЫҢ ҚАУЫЗЫНДАЙ» ӨЛЕҢІ
Бұл қарын бір күн тоймақ, бір күн ашпақ,
Күнде тойып отырса, тым-ақ жақсы-ақ!
[Б] ұрыннан келе жатқан жаман әдет:
«Қарын ашқан қаралы үйге қарай қашпақ».
Не болар жеген тамақ арын сатып,
Тұрған жоқ еріп іші, сені ұнатып.
«Бір тойған — шала байлық» — деген қазақ,
Қызығып, тойғандықтан, қалар жатып.
[Б] ұрынғылар: «Балалы үй — базар» — деген,
Жарасар сондай үйден ішкен-жеген.
«Ары жоқ, думан қылып отыратын
Өзің ит, бұл бір қу мазар» — деген.
[О] сы күнде дағдарып бұл жұрт сасқан,
Кез болып бір пейілге асқан-тасқан.
[Та] рының қауызындай болмай қалды,
Астың — жер, болғанменен үстің — аспан.
БІР ҮЗІК ШЕЖІРЕ
...Нарымбай, Түгелбай. Нарымбайдың көшіп, Қаржасқа келген жылында туған баласының аты — Қаржасбай. Онан туған баланың аты — Омар. Бұл Омардан — Имаммалил... «Түбі-тегіміз Үйсін» — дейді. Нарымбай, Түгелбайдың нағашысы — Қаржас Ж [ас] құс екен де, шешесімен еріп нағашысы [на] келіп, тұрып қалған. «Өздерінен басқа да ағайындары бар» — деседі. Жасқұстың төрт баласы болған: Құдайберді, [Тәң] ірберді, Тілеке, Тілеміс; қызынан туған жиен [дері]: [Б] асымбай, Түгелбай. Егін... орып салатұғын жерде бес пұт... шығатұғын жерге тоғыз жүз пұт жоңыршық шығады деге [н]...
ҚЫЗ ЖҰМБАҒЫНЫҢ ШЕШУІ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
1905-жылында Ақмола облысына қараған Атбасар уезінде Терісаққан өзені бойында Мейрам Жанайдаров ауылында [140] — Құмқоңыр елінің қазағы сөйледі: «Осы табында (тобанда) айтылмыш жұмбақты Сыр мазипатында Ақмешіт атырабында бір қыз айтыпты: — Шешкен кісіге қалың малсыз тиемін! — депті. — Сол жұмбағы — мынау! — депті.
[Қыз жұмбағы]: «Ертеңмен тұрдым, үш бала көрдім: екеуі — жалаңаш, біреуінің киімі жоқ. Киімі жоқтың етегі тола ақша түйілген: төгіледі деген ойында, қиялында дәнеме [141] жоқ. Және сонда үш көл көрдім: екеуі — құры [құрғақ], біреуі — суы жоқ. Суы жоқ көлден үш балық алдым: екеуі — өлі, біреуінің жаны жоқ. Және сонда үш үй көрдім: екеуі — жалаңаш, біреуінің шиі жоқ. Және сонда үш қазан көрдім: екеуі — жарық, біреуінің түбі жоқ. Және сонда үш пышақ тауып алдым: екеуі — сынық, біреуінің сабы жоқ. Суы жоқ көлден жаны жоқ балықты алып, шиі жоқ үйдің ішінде отырып, түбі жоқ қазанға асып, сабы жоқ пышақпен кесіп жедім [142]. Қарыным — қабақтай, бұтым таяқтай болды. Сөйтіп отырып, отырған үйімнің жапсарынан шығып кеттім. Есігі ойда да жоқ».
[Мәшһүр Жүсіп түсіндірмесі]: «Бұл жұмбақ иесі: «Атым — Батпа, Байбейсеннің қызымын» — депті. Мен ендеше талай «Батпанікін» батырып, жоқ есебінде қылып жіберетұғынның өзімін. Бар болса, жарыққа шықсын! Шын болса, аныққа шықсын! Қүй бар болсын, құй жоқ болсын, сөйленген сөзі әшкере болып, халыққа шықсын! Баянаулада тұрағы — Мәшһүр Жүсіп (Иосып) Көпеев [143]. 1905-інші жылында, 15 ноябрьде Мәшһүр Жүсіптің шешуі: «Ертеңмен тұрып, үш бала көрдім» — дегені: бірі — тұламыл, бірі — қырыс дүние, бірі — дүниеқор адам. Бұған дәлел болуға «Хадис (хыдыш) Шәріп» бар: «Айшип ибн адам уйшаб фиа хызылтан хырыс отул ламил». Адам осы екеуімен үш ағайынды есепті. Ана екеуі — асылы жалаңаш нәрсе. Дүниеге келген адам жалаңаш келіп, жалаңаш кеткендіктен, киімі жоқ есепті. Киімі болса, киініп кетпес пе еді?! Дүниеде: «Қанша нәрсе менікі!» — деп, бауырлап жүргені — жалаңаш кісінің: «Етегім тола ақша бар!» — деп жүргені сықылды, оны: «Төгіледі!» — деген ойында болмағаны. Жалған дүниеде жүргенде: «Бұл дүние менен қалады» — деген қай пенденің ойында бар?! «Үш көл көрдім» — дегені — бірі — дүниеге келмей тұрғандағы ананың қарнынан шыққанда, суы терең көлден кемесі сынып, бір тақтаймен жан сақтап шыққан — жердің құрғағына шыққан есепті емес пе?! Бірі — өлген соңғы адамның күні не болары белгісіз түбі жоқ тереңге түсіп кеткен сықылды емес пе?! Ол екеуінің заһар көрініп тұрған суы жоқ. Бірі — дүние: «Суы жоқ көл» — деп, дүниені айтқаны. Дүние — бір сағым есепті нәрсе емес пе?! Суы жоқ көлден алған үш балығы: бірі — тірлік, бірі — денсаулық, бірі — байлық. Өлім даяр тұрғандықтан, тірліктің өзі өлі балық сықылды. Ауырып-сырқамақ даяр тұрғандықтан, денсаулықтың өзі өлі балық сықылды. Ішіп-жеген қорек, дүниелік жаны жоқ балық сықылды. «Үш үй көрдім» — дегені: бірі — заман мазы, адамның басынан өткен заманы. Бірі — заман мыстақпыл, адамның алдында қарсы келешек заманы. Бұл екеуі — тұттай жалаңаш. Енді біреуі — заман хал, қазір адам үстінде тұрған заман. «Оның да шиі жоқ» — дегені: шиі болса, желге төтеп берер еді. Адамның басынан дәуренін ұшыратұғын (өшіретұғын) жел — өлім. Қазір тұрған заманың өлімнен алып қалуға шамасы болмаған соң, желге шиі жоқ үй есебінде болғанлығын айтқаны. «Үш қазан тауып алдым» — дегені: Адам қолына түскен дүниені туысқан бауырына сақтатуға көзі қимайды. Оны жарық қазан сықылды көреді. Баласына сақтатуға да [144] көзі қимайды. Баланы да жарық қазан сықылды көреді. Жарық қазанға сеніп, кісі тамақ қылып, іше ала ма? Бауырына, баласына сенбегенде, сеніп, дүние сақтатқан кісісі қатыны болады. Ол — түбі жоқ қазан. Ана екеуі өзі ішіп-жесе де, дұшпаныңа бермейді ғой! Мұнын түбі жоқ қазан есептісі — душар болса, көңіл тапқанға [145] байының дүниесінің бетіне қарамай, беріп тауысатын қулар да әрқашан болатұғын оқиға (уақиға). Олай болғанда, түбі жоқ ыдыс сықылды болды. «Үш пышақ» — адамда болған үш қуат: бірі — қуат ғазбие — ашу қуаты; бірі — қуат шаһуание — әр нәрсеге көңіл шабу қуаты; бірі — қуат ғақлия, ғақыл қуаты. Қуат ғазбие мен қуат шаһуание — ғақылсыз сынық пышақ сықылды дәнемеге жарамайды. Ғақылдың өзі де ғылымсыз болған күнде [146] сабы жоқ пышақ сықылды. «Түбі жоқ қазанға асып жедім» — дегені: «Қанша қолыма түскен дүниені қатынмен бас қосып, ортақ ішіп-жедім» — дегені. «Қарным қабақтай болды» — дегені: «Дүние — кәміт мығрұр болып, нәпсімнің семіруі қатден тежеуіз (тежеусіз) болды, үш қанат үйіме сыймай, дүрілдеп отырған күнім көп болды» — дегені. «Бұтым таяқтай болды» — дегені: «Нәпсі дүние мешел (мысалы) сықылды еді де, оны көтеріп, ұшырып жүрген жан аяқ есебінде еді. Жан тарапым, ақырет пайдасы жағым арықтап, өзі өлуге тақалды» — дегені. «Шиі жоқ үйдің жапсарынан шығып кеттім, есігі ойда да жоқ» — дегені: өлім жолын айтқаны. Өлген адам отырған үйінің жабығынан еріксіз шығып кеткен есепті. Есіктен шықпағандығы белгілі [147]: оң жақта жатыр ғой. Жатқанмен, жаны жоқ болғаны — жапсардан шығып кеткен сықылды болғаны — сол. «Осы үйдің есігінен шығармын-ау!» [148] — деп, өлім жабдығын ойлаушы мыңнан біреу-ақ болып табылады. Құдай жолына басын құрбандық қылып, өлімді ойлап, жақсылық жолға шығып, сол жолда жүріп өлгендер — әнеки, үйдің есігінен шыққан — солар! Үйде жатып өлгендер — есік ойында жоқ, жапсардан шығып кеткен есепті.
ҒЫЛЫМ-БІЛІМ
(АЛТЫНШЫ ӘҢГІМЕ)
Уалха мілін ғылиһа: хылда Құран сөзі мақсат рухы еді де, кітап сөзі оған фатрит рәсім еді [149]... Бұрынғы заманның адамдары (адамлары) өз мәніне лайықтап, хүкім жүргізді. Олардың заманынан бізім [біздің] заманымыз басқа болды. Пайғамбар Мұхаммед әл-мұстафа ғалия ал-салут өссалам зекетші (зікуәтші) сайлады да, ол зекетшілерді ғамал ал-садақаға алды да, олардың еңбегін, расходын зекеттен шығарды. Бізім заманымызда бұл орын бос қалды. Бос қалған орынға ғамал ал-садақа (лысидқа) деуімізге (диюмізге) тәліп (талап) ғылымнан басқа ешкім лайық болмады. Хош, екінші уалму ланиғыта қылуһым кәпірден жаңа мұсылман болған бар. Яки (яке) мұсылман болуға ыңғайланған бар. «Мұсылманшылыққа үйір-шүйір қылу үшін лұғаттас болсын!» — деп, зекеттен оларға сыбаға шығарды. Ислам зыһор қылып, мұсылманлық ғылиба қылған соң, сахабалардың хымбағы бірлан сақыт болды. Бұл орын да бұл күнде бос қалды. Бос қалған орынды тәліп (талап) ғалымға қимаймыз ба?! Үшінші уфиалрықап. Бұрынғы мәзіплердің оқуында құл сату, құл алу, азатлық, құлдық (құллық) бар еді. Бұл заманда бұл жұмыстар басы бүтін жоқ болды. Қарап тұрсақ, кедейдің баласы — өз әкесіне құл. Неге десең: «Оқу оқиын!» — десе, «Былшылдама, кісіге жүріп, мал тауып бер!» — дейді. Сонан соң әкесінен кетіп, оқиын десе, қаражаты жоқ, әкесі оқуына болыспайды. Нашар — не ғылаж, кісіге жалданады. Біреуден ақы алып, жалшы малай болғаны басыбайлы құлдықта қалғаны емей немене?! Уфи алырқаптың тәуілін бұған алып, жарлы-жақыбайдың «Ғылым іздеген (ізлеген) баласына жәрдемші болу үшін зекеттің бір мығырыпы — міне, осы!» — деуімізге мүмкін. Аят Кериме: «Бір мағынаға мынхысир емес, бір аятқа— мың мағына — онан да көпке кетеді. Жігітлік — бір арақ: оны[ң] мас қылып жығар (жықхар) кәрілік. Жігітлік — бір денсаулық: оның ауруы — кәрілік: шаш-сақалдың ағарғаны. Ал, енді өлгеннен басқаның: «Жоқ!» — дегені — белді бүкірейткені: «Басың шұлғып, өміріңмен амандық айтыс!» — дегені. Жастықтағы һуаһос — жазғытұрғы жасарып шыққан ағаш. Кәрілік — соның бәрінің қуарып қалғанлығы. Жастық, жігітлік — күн сайын бір түлеп отырған құс. Кәрілік — түк кеспейтұғын қарақұс — адамды ойлағанына жібермейтұғын. Байын жоқтаған қатындай жаслығына аза тұтып отырғанлығы — бір бет ала қазан тозуы, бойдың қисайып, қыңырайғаны: «Басыңды жермен қос!» — дегені. Молада жатқан өлік кімді қолынан жанына жатқызуға шамасы бар?! Кәрілік те сол есепті: көңілге алғанын қолынан тартып, жанына жатқыза алмаған. Соның өзі — бір өлім. Тірілік, енді менен кеткенің бе?!» — деп, аза тұтқаннан, көзден жас ықтиярсыз ағатұғын болады. Буын-буында әл-қуаттың қалмағандығынан, қол қалтырайтұғын болады. Дүниенің бәрі сайрап, қызыл шоқ [тай] жайнап тұратұғын жүрекке ұмытшақ (омутышақ) деген бір ел орнығып, деген [ін] қылып алады, денеден денсаулықтан бүртүк қалмайды. Көңілде ғақыл-естен сәуле түгіл, қызыл шоқ та қалмайды. Жігітлер көріп, басын шайқайды, балалар келемеждеп ермек қылады. Мұнан ауырмаған жері бола ма: «Аяғым!» — дейді, «Тізем!» — дейді, «Белім!» — дейді, «О жерім, бұ жерім, осы бір кеудем!» — дейді. Құдай жаратқан жас күнінде талай жұмысқа жараған денесінің о жерін, бұ жерін жамандай бастайды. «Кәріліктен шығар!» — деген ойында дәнеме болмайды. Мұнан үмітлі болған дәнеме таба алмаған соң, зарығады: қатын-бала көттен тарығады, тату жанкүйерлері қасында бір сағат отырудан жалығады. Кемшіліктің неше атасының тұқымы мұның үстіне орнап, сыйлас етуге түк қалдырмай, көңіл шатлығын ұрлап, басы аман, малы түгел отырып: «Ах!» — деуге (ахуаға) зорлап, бұрынғы тілін алып, ұшып тұратұғын қатын-қалаш, бала-шаға [ны] айтқан сөз [ін] ит үрген құрлы көрмей, жарық дүние жалғыз өзіме қараңғы есебінде [болды].
XXX
Бір ұлығ патша бір кең уасых сарай салдырды да, онда бір зал үй жасатып, сол үйге өз-өзіне бір уәли қойды. Ол залдың айналасында он екі хыжыра жасатып, ол уәлидің қоластында қылып, он екі хәкім қойды. Ол он екі хәкімнің қоластында жеті атты (атлы) жасауыл қойды. Ол жеті жасауылдың қоластында төрт жаяу жалаңдаған атарман-шабарман қойды. Мәселе — жарлық, бұйрық: ұлық патшадан уәлиге бұйрық түседі. Уәли он хәкімге бұйрық түсіреді. Он екі хәкім бірден қол қойып, жеті жасауылға бұйрық түсіреді. Жеті жасауыл төрт жаяуға бұйрық түсіреді. Төрт жаяудың құрықтары ұзын, арқан жібі мықты, ешкімді құтқармайды, босатпайды. «Байлап алып кел!» — дегенді қол-аяғын еріксіз байлап, тырп етпестей қылып алып келеді. «Біздің алдымызға келтірме, жолатпа!» — дегендерін қырдан-қырға, сайдан-сайға қуалап, жоламастай қылып жібереді. Ұлық патша — Раб алғамин, мәлік Иұмалдин. Кең уасих сарай — ғарыш ағзам, Уәли онда сәкін болғышы. Ғақыл әуел — кең зал, үй — күрес. Ол ғақыл әуел көріністе сәкін қарар қылады. Ол залдың айналасында он екі хыжыра палак шамында болған. Он екі бұрышта (быршыда) он екі періште — мүшіл (мүкіл) хәкімлер болар. Жеті жасауыл: сыбға, сиарра, қымыр, ғытард, зыһре, шәміс, мырынжы, мыштыры, захыл. Төрт жаяу — ғынасыр арбаға: хырарт, бірудит, рытбут, носит; атшы — обад, аб ухак. Бір кемсенің халі — мытғир өлсе, ғам онда сытылас ламытсахр қалса, дүниеден қарыз (ғыраз) егіп ал. Шекмек заманы келсе, оның хақында тәбиптерге бүңа суда мырзы ғалып өлмес дүр. Малынхулиа ғаллтин болмас дүр. Бүңа шәріп фітимун ила мығалжа лазым дүр. Табиғ дыхидерге мұның мырза табиғатына ибост ғалыб ол дығынрын дүрге демегі (дымағы) өзре мысал өлмес дүр. Инбост тыбғына себеп һуайшта дүр. Таһрар өліп рытобыт һуасы ғалыб олмыдқыша «Өмнәжін һәм» — дерге бұңа суда ғарыз өлмес дүр. Осы дария (тәрбия) ғытардла мырынхи — араларында мішеке к... мізмүме хасулынан таһрөр еді. Тағтард мықарына сағадин ила тіслесе (тішлисе), ершімід кешенің халі сылаха келміз. Хал бүкім бұнләрік жимласы бұ сөзлерінде садақа (садқа) дүр. Зиреке әрбірінің ғақылы — ердікі қадір сөйлемес дүр. Нилсүнлерге ғақыл жезді асылына ермеслер дүр. Әма хақиқатта ең асылы — бұ дүрге қашан бір кемісе, иа сағадат ықпал етіп, Хақ тағала аңа [оған] һидайт етпек мұрат айла. Ол кеме екі қуатты не ғып (қып) хуала етерге ғитард мыринхы дүр. Аналардағы ғынасырла пиада ұлан заптылара мирадерге ибосыт кеменікі (кімдікі) — ол кемсенің бойына тағып ибосты басына отты мағына хуала етер. Оны (уаны) дүние ләззатларынан байыттырып, қазан ұғым тазнына сүлесоқ етіп замам арадтіле қырып хазірет хыға идірер. Бұ хақиқаты бұ тыбһа дерегіне ғылым тәбип иле өте хикмет тыбғыла оне хыкам иахум иле хасил өлүр. Білім, ғылым набутла заһыр әр өлүрге хымла иа мыхдит ұлан патша ибн зауал лайзалы білмес ұла зерек. Хақ тағала кінді махаббат илд екі ғибадатты кәт мехнат обылайла окат шырыз осада иле жинап ғызатына дағуст етерге. Ай, бәнім, құлдарым, сіз білер мехнат сандығыңыз шыбыным нызағым үмжетім кімнід иүрге ғындымда мыхтырым ұлан ғыбадми аныңа (оған) кінді, ризау жынтыма, ұхзұр ғызтыма дағуат ұжзиб идірім інтекім хібірде... Үшбу сөзді опадар елі жазып, Қаракесек елінің әуел быһарына мойынға алып: «Қылша мойным мұнша» — деп, жалғызлықты ықтияр қылған еді. Алланың мейірбан (меһірбан) жылғы елсіз қыстауда жалғыз жатқанда, ақ үрпік балапанды душарластырып, ел-жұртқа араластыруға себеп қылды да, ақыры алданышы — ит пен құсқа қалды. Онан басқа жалғанның бар-жоғына босқа қалды. Хикмет әлхи пенде болған соң, пендешілік мыбталықта болмаққа Құдая шүкір, хамид шәкір һымырына қалғаныңа, әр не бергеніңе шын көңілмен, жан діліммен ризамын. Өзіңе көндім, өзіңе тоқтадым, бәрін өзіңнен деп білдім [150]. Қазақ: «Неке суы — Мекке суы» — дейді [151]. Көтеш ақынның «Қу мешін» жылында айтқан өлеңі [152]. Ханбабаны «Ханбаба» — деген төреден... Малқар баласы Қарпық алып қалған [153]. Шанышқылы Бердіқожа батырды бір дұшпаны өлтірейін деп жатқанда, айтты дейді... [154].
ҚАЗАҚ МАҚАЛДАРЫ ТУРАЛЫ
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
«Бұзылған шаһардың сыны (сәні) жоқ» — дегені [155]. Бір адамның жақсы қатыны болады. Сол қатын өліп қалса, бұзылған шаһар есепті болады, еш нәрсесі орынға қайтып бір келмейді. Бұл турада бұрынғылар бір мақал айтыпты:Қарадан хан қойса, қасиеті болмайды. 1. Үлгісізден би қойса, өсиеті болмайды.
Кәлимасыз пір болса, кереметі болмайды.
Алалы түйе, арам мал
Берекеті болмайды.
Атадан қалған халал мал
Әрекеті болмайды.
Тоқтышақтың терісі
Тон қылып кисең, тоңбайды.
Қарғыс алған атадан
Егізекі оңбайды.
Үш ай тоқсан түспесе,
Үлкен теңіз тоңбайды.
Қатын шайпау болмаса,
Ер жалғыз үй қонбайды
Мыңды беріп, бірді алсаң,
Бір байырғыдай болмайды.
2. Және қазақта бір мақал бар:
«Ер — егіз, еңбекті жалғыз».
Ердің өзіне лайық қатын жолықса, сонда «егіз» болады. Қатын жаман болса, ағайын да жаман болса, бала да жаман болса, «еңбекті» (еңбекте) деп, соны айтады. Ерлі-байлы екеуі аман тұрған күнде «егіз» есепті. Бірінен-бірі айрылып қалса, қай қалғаны «еңбекті» сол болады. Істеген ісі оңға басқан адам «егіз» есебінде: өзі біреу болса да, ісі орынға тұрғандықтан, онымен — «егіз». Істеген ісі оңға баспаған адам «жалғыз» есебінде «еңбекті» — деп соны айтады. Басы аман, малы аман бүтін тұрған адам — «егіз» есебінде қазапларға (кәсіптерге) ұшыраған адам: «еңбекті» — деп соны айтады. Қазақ мақалында бар: «Еңбектінің үйінен етік басындай өлім шықсын!» — деген. Және айтады: «Еңбектіге қара жер ойылады» — деген: «Құрғақ жердің өзі оған саз балшықтай — басқан аяғын суырып ала алмай, әуре болады» — деген соз.
Сөзді тарата берсе, әр түрлі мағынаға алына береді. 3. Жандыда — жайын үлкен,
Жансызда — қамыс үлкен. 4. Жандыда — бала нанға тоймайды,
Жансызда — тері иге тоймайды.
НАҚЫЛ СӨЗДЕР, МАҚАЛДАР
Көз — қараудан тоймайды,
Өмір — жасаудан тоймайды,
Бай — малға тоймайды,
Ғалым — ғылымға тоймайды,
Жер — суға тоймайды,
Қатын — байдан тоймайды,
Өлі — дуаға тоймайды,
От — отынға тоймайды,
Қара жер — кісіні жұтудан тоймайды. [Ескерту: Жалпы рет санын ескеріп, тік жақшаға алынғаны — біздің есептеуімізді; жай жақшадағысы — сол мәтінде орын алған сан ретін танытады — Н.Ж].
[5] (1) Тіріліктің қадірін
Өліп көрде жатқан біледі.
Денсаулықтың қадірін
Ауырып, төсек тартқан біледі.
Жан тыныштықтың қадірін
Толғатып бала тапқан біледі.
Ащы менен тұщыны
Татқан біледі.
Алыс пен жуықты
Жортқан біледі.
Сары атанның қадірін
Ел қыдырған сарт біледі.
Сеңсең тонның қадірін
Сексенге келген қарт біледі.
Төс айылдың батқанын
Иесі білмейді, ат біледі.
Ер жігіттің қадірін
Ағайын білмейді, жат біледі.
Кімнің жақсы-жаманын
Жаратушы Хақ біледі.
Іші өткеннің — арты біледі.
[6] (2) Аты — тоны сай кісі
Жиын-тойға барысар.
Ұлы-қызы сай кісі
Құдалыққа барысар.
[7] (3) Бір баласы бардың
Шығар-шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың
Өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың
Бұхарада бұты бар,
Қорасанда қолы бар.
[8] (4) Бай байға құда болса,
Араларында жорға жүреді.
Кедей кедейге құда болса,
Араларында дорба жүреді.
Бір бай — бір кедей құда болса,
«Қайдан болдым?!» — деп, зорға жүреді.
[9] (5) Жүйріктің тері кеппес,
Сұлудың көті кеппес.
[10] (6) Атың жемқор болса, берді Құдай;
Қатының жемқор болса, ұрды Құдай.
[11] (7) Айылың құйысқандай болсын,
Алашың туысқандай болсын.
[12] (8) Енелестің енесін ұр,
Аталастың атасын ұр,
Жақыныңнан табарсың.
[13] (9) Жаман да болса, ағамыз,
Жақсыны қайдан табамыз?
Ауру емес, жын емес,
Мінезді қалай бағамыз?!
Ғиззат құрмет көп кісіні аздырар.
Бұ екіге азбағандар (азмағандар) аздырар.
Кедейлік — кенжі сыбта біркет не зард.
[14] (1) Бақсыны көрсе, аурудың дерті қозады;
Ұстаны көрсе, айылбас тозады.
Елді көрсе, ат озады.
Айғаласып келгенде, тау озады,
«Алла-лап» зікір салған қожа озады.
[15] (2) Суы жоқ жердің шөбі арам,
Перзентсіз ердің малы арам,
Еңбексіз ердің дәмі арам.
[16] (3) Есек тұсаусыз болмайды,
Ер дұшпансыз болмайды.
[17] (4) Арзан би ғылат болмайды,
Қымбат би хикмет болмайды.
[18] (5) Ортадағы ауыл кең болмай,
Іштегі ауыл ел болмайды.
[19] (6) Әулие ат үстінде,
Машайых мал ішінде.
[20] (7) Жаяудың шаңы шықпас,
Жалғыздың үні шықпас.
[21] (8) Жігітлікте жаннан кеш те, іс қыл;
Өлсең, өлесің; өлмесең, кісі боласың.
[22] (9) Өнерлі өрге жүзеді.
[23] (10) Өнерді үйрен де, жирен.
[24] (11) Олақтың жыны бар:
Өз ісін өзі бүлдіреді.
[25] Олақтан салақ жаман.
[26] Шешеннің тілі ортақ, Шебердің қолы ортақ.
[27] (12) Шешен жігіт, қыран құс, жүйрік ат, —
көпке олжа салады.
[28] (13) Ат арыса, тулақ;
Ер арыса, аруақ.
[29] (14) Асқа барсаң, атыңнан түңілесің;
Тойға барсаң, тоныңнан түңілесің.
[30] Ат — аттынікі; той — тондынікі.
[31] (15) Ұлың тойшыл болса, аттың соры,
Қызың тойшыл болса, к...ң соры.
[32] (16) Тақыр жерге су тұрар,
Қайратты ерге мал турар.
[33] Малдының жүзі — жарық,
Малсыздың жүзі — көншарық.
[34] (17) Ғақыл — малда, көрік — көмейде.
[35] Бір күн қарны ашқаннан
Қырық күн ақыл сұрама.
[36] Аш атасын танымас.
[37] Ауру кісі — тырысқақ,
Аш кісі — ұрысқақ.
[38] (18) Жарлы болма,'
Жарлы болсаң, арлы болма.
[39] Кедейдің керімінен сақта.
[40] (1) Кедей болатұғын кісінің қырық қаңтаруы болады:
бірі жіберсе де, бірі жібермей, ішетұғын асынан,
алатұғын олжасынан құр [ы] қалдырады.
[41] (2) Мал — басқа бітер,
Қына — тасқа бітер.
Ішіп-жемейтін жаманға
Қасақана қасқа бітер.
[42] (3) Бір мал пайда келтіреді,
Бір мал задал келтіреді.
Задал келтірген мал — иесін өлтіреді.
[43] (4) Ғақылсыз бас-аяқтың әлегі.
[44] (5) Үйде өскен бұзау өгіз болмайды.
[45] (6) Бітісі жаман қамысты
Су ішінде өрт алар.
Жетесі жаман жігітті
Ажалдан бұрын дерт алар.
[46] (7) Ауру — елегенге түстенеді,
Қорғаштағанға — қонады.
[47] (8) Аударыспақ ойнаса,
Аздың көті қылпылдайды.
Тақия алыспақ ойнаса,
Таздың көті қылпылдайды.
Жұрт ду көтеріле шаба жөнелгенде,
Туасы жалғыздың үйде отырған
Әке-шешесінің к...і қылпылдайды.
«Күйеу ұрын келеді» — дегенде,
Қыздың к...і қылпылдайды.
[48] (9) Таз — әулекі, соқыр — әңгі.
[49] Бұ дүниеде үш кемседен қатер аз:
Бірі — ақсақ, бірі — соқыр, бірі таз.
[50] Дүниеде бір көзі бар, бір көзі жоқтан сақтан,
Бір қолы бар, бір қолы жоқтан сақтан,
Бір аяғы бар, бір аяғы жоқтан сақтан.
Егер бұлар бүтін тұрғанда, дүниені бүлдірер еді. Құдай тәбәрік отғылы пендесінің сырын әбден біліп жаратқан. Оларды бүтін қылмай, жаратқаны — басқа пенделеріне жаны ашығандығы, аяғандығы және олар бүтін жаратылғанға сыбағасын жегізбейді.
[51] (10) Есерсоқ болмай, ер болмайды.
Есептен болмай, бай болмайды.
[52] (11) Мал: «Боқтан сасыққа бітемін!» — депті,
«Тастан қаттыға бітемін!» — депті.
[53] (12) Малда ақыл жоқ: итке бітеді;
Жүнде ақыл жоқ: к...ке бітеді.
[54] (1) Арлы — арына қараса,
Ақымақ: «Жеңдім!» — дейді.
[55] Ақылды ойланғанша, ақымақ ісін бітіре [р].
[56] (2) Ағайынның азары болса да, безері болмайды.
[57] (3) Тауда болар тарғыл тас,
Тарықса, көзден шығар жас.
Татыр [тар] қолтықтан оқ тисе,
Суырып тастар қарындас.
Өзінің басын зор тұтқан,
Ағайынды қор (хор) тұтқан,
Жапанда қалар жалғыз бас.
[58] (4) Кісі болар кісінің
Кісесінен танимын.
Кісі болмас кісінің
Мүшесінен танимын.
[59] Болар ұлан — боғынан.
[60] (5) Ораздының баласы
Он бесінде: «Баспын!» — дейді.
Шиырлының баласы
Жиырма бесінде: «Жаспын!» — дейді.
[61] (6) Жолаушы жиылып, елден көп болмайды.
Шұқанақ жиылып көлден көп болмайды.
[62] Бай байға құяды,
Шұқанақ сайға құяды.
Өзен өзенге құяды.
[63] (7) Бардың әлі: «бар» — менен,
Жоқтың әлі — дәрменменен.
[64] Бар мақтанса, табылады;
Жоқ мақтанса, шабылады.
[65] Бар — шабылмас, жоқ — табылмас.
[66] (8) Екі елдің тілегін тілегенге
Бір елдің бейнетін береді.
[67] (9) Мұсылманның қайыры тиер басына,
Енді соқыр көрінсе, жоламайын қасына.
[68] (10) Жаман малды асырасаң,
Аузы-мұрның май етер.
Жаман адамды асырасаң,
Аузы-мұрныңды қан етер.
[69] (И) Жаманменен құда болсаң,
Дауыменен сый қылады.
Итпенен үйір болсаң,
Боғыменен той қылады.
[70] Иттің [боқ] жемесе, басы ауырады.
[71] (12) Ауру қалса да, әдет қалмайды.
[72] «Өлгенді тірілді» — дегенге нан,
«Әдет қалды» — дегенге нанба.
[73] «Тау қозғалды» — десе, нан;
«Жаман жақсы болды» — дегенге нанба.
[74] (13) Жердің тауы айналмайды, тас [ы] айналады;
Ауған елдің басы айналады.
[75] (14) Еркекте ақыл қалмайды,
Өз қонысынан ауған соң.
Ұрғашыда ақыл қалмайды,
Біреуден сауын сауған соң.
[76] (15) «Жал құйрығы қаба» — деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз.
Жаугершілік күн туса,
Ұстап мінер ат тумас.
«Атасы бай екен!» — деп,
Асылсыз қызды алмаңыз.
Екі кісі бас қосса,
Сүйреңдеп сөйлер ұл тумас.
[77] Ат — биеден, алып — анадан туады,
Қас бұзақы қардан туады.
[78] (1) Жаманды: «Жаман!» — десе,
Бөркі қазандай болады.
[79] Арамсыз адал болмайды,
Жамансыз жақсы болмайды.
[80] (2) Үш ай тоқсан түспесе,
Мұз қатпайды теңізге.
«Жақсыдан жаман туды» — деп, түңілме.
Күндердің күні болғанда,
Тартпай қоймас негізге.
[81] (3) Бір тары ботқа болмас,
Ботқа болғанмен, жұртқа болмас.
[82] (4) Қаз тойғанына семірмейді, орғанына семіреді.
[83] Хайуан тамақтан семіреді,
Адам құлақтан семіреді.
Жақсы сөзге жан семіреді.
[84] (5) Өлі — тірінің азығы,
Жақсы — жаманның азығы.
Жақсы сөз — жанның азығы.
[85] (6) Біреу өлмей, біреу күн көрмейді.
[86] (7) Ақ қоянның қалшасын
Адам жесе тоймайды.
Қыз күніндегі мінезін
Кей майталман — бір елге
Қатын болып түссе — дағы қоймайды.
[87] (8) Шыбыштан туып, серке болмайды,
Тоқалдан туып, ерке болмайды.
[88] (9) Кіші қатын — кісі қатыны.
[89] (10) Бай — бастас, би — құлақтас.
[90] (11) Жақсылардың көзі — жүз, құлағы мың болады.
[91] (12) Аталастың аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.
[92] (13) Қорыққанға қос көрінеді.
[93] Ұрының көті қуыс.
[94J (14) Ат — ерінді, ер мұрынды келсін.
[95] (15) Анасын көр де, қызын ал,
Аяғын көр де, асын іш.
[96] (16) Көн құрысса, қалыбына кетеді.
Жаманға қанша қақса, өзінің салтына кетеді.
[97] (17) Ауру — астан, дау — қарындастан.
[98] (18) Матаңның жаманынан — ағаш жақсы;
Ағайынның жаманынан — алаш жақсы.
[99] Арпаны асқа санама, // [Боғ] ыңды көбейтеді,
Жаманды іске санама, // Тобыңды көбейтеді.
[100] (19) Қазақ болмай, азап (ғазап) болмас;
Тамақ болмай, тамұқ болмас.
Ит балалап, сауын болмас,
Екі даугер ауыл болмас.
Қас төреде бауыр болмас.
[101] (20) Әділ биде ата жоқ,
Тура биде туған жоқ.
Туғанына бұрған биде иман жоқ.
[102] (21) Атаң да болса, бір жолдас;
Қатының да болса, бір ойнас.
[103] Құдаң құрдасыңдай болсын,
Құдағиың ойнасыңдай болсын!
[104] (1) Ойнасқа сенген — ерсіз қалған.
[105] (2) Дәметпеген — астан құр қалады,
Ұялған — көттен құр қалады.
[106] (3) Өлер өгіз балтадан таймайды.
[107] (4) Балта көтерілгенше, дөңбек жал табады.
[108] (5) Ұры өлгенше: «Ақпын!» — дейді.
Тоқал өлгенше: «Нақпын!» — дейді.
[109] (6) Бақпаса, мал кетеді;
Қарамаса, қатын кетеді.
Баланы — жастан; қатынды — бас [тан].
[110] (7) Атыңды тұрып тышуға үйретпе,
Қатыныңды екі с... үйретпе.
[111] (8) Құлдың екі көзі жоқ,
Ұлдың бір көзі жоқ.
[112] (9) Ашаршылықта туған баланың
Екі көзі — аста.
Жұтшылықта туған құлынның
Екі көзі таста.
[113] (10) Қырық қатынның ақылы — тауықша жоқ;
Ақылы болса, ол қатын жер ме еді боқ?!
[114] (11) Байлық — мұрат емес,
Жоқтық — ұят емес.
[115] (12) Берген биге жараған,
Бермеген кімге жараған?!
[116] Берген перне бұзады.
[117] (13) Ұршықты — парасы бұзады,
Қызды шешесі бұзады.
[118] Аға мақтағанды алма,
Жеңге мақтағанды салма.
[119] (14) Шаруаның мұңы бір,
Бұзылғандардың жыны бір.
[120] (15) Құл жиылса, шақпақ шағады,
Би жиылса, тақпақ табады.
[121] (16) Құл құтырса, құдыққа қармақ салады,
Күң құтырса, к...не бармақ с [алады].
[122] (17) Өз — өлтірмес,
Жат — жарылқамас.
[123] Өз көзі — өлтіргенді тірілт [еді],
Жығылғанды — тұрғызады.
[124] Өзімдікі дегенде, өгіз қара күшім бар.
[125] (18) Істің ағы білмейді,
Ердің бағы біледі.
[126] (19) Суда жүрген сүңгуір
Көл қадірін не білсін?!
Түзде жүрген дуадақ
Шөл қадірін не білсін?!
Жарлыдан жаңа байыған,
Жалғыздан өсіп көбейген
Ел қадірін не білсін?!
Өзі көкайыл, өзі дию пері, өзі долы қатын,
Ер қадірін не білсін?!
[127] (20) Отының су болса,
Қыстың құрғақшылығынан не пайда?!
Етігің тар болса,
Дүниенің кеңшілігінен не пайда?!
Қатының долы болса,
Елдің бейбітшілігінен не пайда?
Қыс фарағат бірле өтер,
Құрығы болса отыны.
Қатының долы болса,
Сүйегіңнің қалмас бүтіні.
[128] Сүтсіз сиыр — мөңіреуік,
Долы қатын — жылауық.
Балалаған қой — жамырауық.
[129] (1) Ит өз құйрығын өзі көтеріп жүрмесе,
Оның құйрығын кім алып жүре [ді]?!
[130] (2) Иттің Иесі болса,
Бөрінің Тәңірісі бар.
[131] (3) Кедей елдің көшбасшысы көп болады,
Kepі кеткен елдің кеңесі көп болады.
[132] (4) Төлеңгіті билеген төре оңбайды,
Қатыны билеген ер оңбайды.
Бұралқысы билеген ел оңбайды.
[133] (5) Тау белгісі тас болар,
Бай белгісі ас болар.
[134] Төренің жаманы — төлеңгітімен қас болар,
Баланың жаманы — әкесін өлтіргенмен дос болар.
Құдайдың ең жаман жаратқан адамы —
Қатынының ойнас байымен дос болар.
[135] Бұзылар елдің белгісі — бұратарасы бас болар.
[136] (6) Асығып басқан — шайтанның ойнағын басады,
Аңдап басқан — Хызырдың ізін басады.
[137] (7) Шеттегі ауыл көшсе, ортадағы ауыл шет болады.
[138] Шеттегі ауылға арқасы жауыр болмаған —
Ортаға қонып, ауыл болуға жарамайды.
[139] (8) Бір бала бар — әкеден өте туады,
Бір бала бар — әкеге жете туады.
Бір бала бар көтінен кете туады.
[140] (9) Ауыр кісі [ні] — көлігі сүймейді,
Ит жүйрігін түлкі сүймейді.
[141] Желін [і] cay қой қосаққа имейді,
Көсеуің ұзын болса, қолың күймейді.
Ағайының көп болса, адам тимейді.
[142] (10) Бүркіт алсаң, зорын ал;
Талпынғанда, керегеңнің көгі суырылсын!
Қатын алсаң, сұлуды ал,
Өлгенде, артыңда ағайының талассын!
[143] Бүркіт алсаң,
көрінген қызылға талпынып бармайтұғынды
ал; // Қатын алсаң, көшкенде, жұртыңда қалмайтұғынды ал.
[144] (11) Желдетпей, тұман ашылмас,
Желпінбей, жүйрік басылмас.
[145] (12) Мырзалық — қонаққа пайда, малға қас;
Батырлық — жолдасқа пайда, жанға қас.
Өтірік сөз — дауға пайда, иманға қас.
Өткір пышақ — қолға пайда, қынға қас.
[146] (13) Бидің үйі — құр даурық,
Ұстаның үйі — құр «шық-шық!».
[147] Ұры байымас, сұқ семірмес.
Ұры байдың ауылын көрдің бе еш?
[148] (14) Алғыс түбі — ақ май,
Қарғыс түбі — қара қан.
[149] (10) Боларыңда болып өт,
Боз жорғадай желіп өт.
Болмасыңды білген соң,
Болған ердің қосын жек.
Өзің адам болған соң,
Аудара тастап, қалай кетсең, олай кет!
[150] Бай болсаң, торғын орамалмен бетің сүрт,
Жарлы болсаң, жаныңменен көтіңді сүрт.
[151] Бай болсаң, жан — бір алтын:
Қанша сыйласаң, сыйлауыңа тұрады.
Жарлы болсаң, жан — бір күдері,
Қанша қинасаң, қинауыңа жарайды, үзілмейді.
[152] (11) Атасы тегін малдан жаныңды аяма.
[153] (12) Әркімдікі өзіне,
Ай көрінер көзіне.
[154] (13) Жарлыға жарты қарсақ пайда,
Бүтін қарсақ қайда?
[155] (14) Қара таудағы елдің қатын-баласына шын қылғаны —
пайда // Бұл шіркіннің байығаны қайда?!
[156] (15) Пайданы басыңа қыл,
Басыңнан асса, досыңа қыл!
[157] Панасыз болса, сайдан без,
Пайдасыз болса, байдан без.
[158] (16) Жат кісі ауыл үй болмай,
Ақ кісі мал төлемейді.
[159] (17) Бала ойнамай, күн көрмейді,
Сиыр жаланбай, күн көрмейді.
[160] Ойнамаса, бала бола ма,
Жаланбаса, сиыр бола ма?!
[161] (18) Есек ойыны — қырық жылда,
Есебі табылар — бір жылда.
[162] (19) Біреуге — пышақ,
Екеуге — таяқ.
[163] (20) Қимылдаған қыр асар.
[164] (21) Көп сөйлеген жігіттің
Бір ажалы көптен.
Көп кетеген түйенің
Бір ажалы — шөптен.
[165] Бай — бір жұттық,
Батыр — бір оқтық.
[166] (22) Аз ғана елге — жасауыл болма,
Аз ғана асқа — бөгеуіл болма.
[167] (23) Сабасына қарай — піспегі,
Сақалына қарай — іскегі,
Есегіне қарай — тұсауы.
[168] Қобызына қарай күйлеу керек,
Көрпесіне қарап, көсілу керек.
[169] (24) Жорға мінген жолдасынан айрылады,
Сұлу алған құрдасынан айрылады.
Құдай ұрған құдасынан айрылады.
[170] (25) Күшті елдің боғын жеген ит құтырады.
[171] (26) Қатын алдың — кемеге міндің,
Балалы болдың — ғарық болдың.
[172] (27) Досыңның үйінде шашыңды алдыр,
Дұшпаныңның үйінде тырнағыңды алдыр!
[173] (28) Дәм — ғанибет,
Дидар — ғанибет.
[174] Бай төсегі — темір кіс (ыс)
Кедей төсегі — қара кіс.
Байдың мамық құс төсегі жамбасына (жанбасына) темір ыс (іс) сықылды батып, ұйықтатпайды. Не үшін? Есі-дерті малдың қамында болып, алагеуімнен алас ұрып тұра келеді. Кедейдің жаман құрым киізі — бала кістің жүнінен жұмсақ болғандықтан, шаршы түс болмай төсегінен тұрмайды. «Бала кіс» — деген, «Ақкіс», «Қаракіс» — деген тышқанның бір атасының өлі суының ішінде қаракістің жүні жұмсақ болады. Бұрынғы замандарда патшалар, байлар жаңа туған жас баласын балакістің терісіне бөлейді екен: «Қатты болмасын!» — деп.
XXX
«Ителгіден қорқып қашқан дуадақ былғаймын деп саңғиды. // Дәнемені сезбейтұғын наданлар оңай ғана жұмбақтың шешуін білмей қаңғиды».
Жоқтан тигені — диірменнен өнгені.
Аузымыздан сауып, бармағымыз тістеп қалдық.
Өлімшінің ажалы жетпесе, өлтірушінің қолы жетпейді.
Екі жақсы ерікпес,
Екі жаман бірікпес.
Білген — білгенін істер,
Білмеген — бармағын тістер.
Дарияға түкірме, // Сусының құриды.
Дәруішке түкірме, // Тұқымың құриды.
Жанды жексен (хиксен) осы мақалды өзі айтып, Нәжімиден хазіретті...ге апарудан қалдырған.
XXX
1920-ыншы жылда марттың 28-і, сенбі, 306-ыншы номер Нәзір жазған сөзге «Қыр баласы» жауап қайырған: «Бұл Нәзір бұрыннан адасу, қай жақта болса, сол жақта жүретұғын бала еді. Осындай сөздің басылуына жол бермеген басқармаға алғыс айтамыз. Көпейұлы 1925-інші жыл, 29 март жексенбі, 560 номер. «Қазақ тілі» — молдалардың таласы туралы жазған жасқа алғыс айтамыз. Көпейұлы.
«Пірден емес, мірден» — деген — деген сөз осы кітапта алты қағаздан соң. Күлік ішінде — Тілеуімбет — Наурыздың Тілеуімбетінен шыққан Бесімұлы Ақжігіт абыз Көкшетау маңайында өліп, топырағы сол жақта қалған екен. Ендігі жыл ел жайлауға барғанда, басына бата қыла барса, моласына үйрек жұмыртқалаған екен.
Заманындағы жұрт:
— Мынау тегін жан емес, әулие екен! — дескен екен.
ЕНДІ БІР ДЕРЕКТЕР
«Ақан серінің шын аты — Ақжігіт еді» — деген соң: «Сірә Ақжігіт моласы Құскөл, Сарыкөл маңайында болады-ау!» — деп жүр едім. Айтушылардың айтуы: «Жарқын тоғыз қызын — жалғыз баласының қатыны — келінін молаға апарып, мал сойып, бала сұраған екен. Сол моланы «Ақжігіт моласы» — деседі екен. Сонан келе буаз болып, ұл тауып, атын «Ақжігіт» қойған екен: «Ақан сері» атаныпты. Қазақ айтады: «Пірден емес, мүридтен (мұрттан)» — дейді. Ол сөзінің мәнісі: «Не нәрсе болсын, орынға тұруы пірдің күштілігіне [н] болмайды, мүридтің ықыласының күштілігінен болады. Әулие атанатұғын, абырой табатұғын жанға ықыласы күшті һәмметі (үміті) зор мүрид кез болады. Пірдің кереметі таудай болса, мүридтің ықыласы тарыдай болса, таудай керемет тарыдай ықыласқа дәнеме қыла алмайды. Егер де пірдің кереметі тарыдай болса, мүридтің ықыласы таудай болса, тарыдай керемет таудай ықыласты аспанға ұшырады. Шайхы Зыған деген әулие болды. Мекке, Мүкірәммеде тоқсан жасынаша төрт атақ шығарды. Төрт жүз мүрид болды, әрқайсысы жынид бығидты бай...п ғамидас болды. Ақыр ғұмырында бір ұғыма барып, бір тырысаның қызына ғашық болып, ғақыл-естен айрылып қалып, кәлам Алланы отқа өртеп, затар байланып, арақ ішіп, дін-иманнан балкуәние безіп, бұт-пірсіт болып, күндіз доңыз бағып, түнде шіркеуге от жағып, қыз не бұйырса, соны қылып қалды. «Махаббат жамына һасыламан мізит» — деп жүрген ықыласы күшті хүкіметі (хикметі) зор бір мүриді естіп, іздеп барып, Құдайға жылап, Мұхаммед пайғамбарға шын сыйынып, Құдайдан қуат, Мұхаммедтен шапағат болып, құтқарып алып, бұрынғы таз қалпына түсірді. Баяғы шайхы Зыған болып, Мекке, Мікірәммедегі орынға келіп, ажал жетіп өлді. Хикметте айтушы еді: «Пір кәмілді көрмей, шайхы Зыған» — деген еді. Мұның хикаясын Мерғали Шернизамдин хамса Науайы да сөйлепті. Мағынасына түсініп, оқыған кісі тоймастай қылып, күнде-күнде оқыса, жалықпайтұғын қылып, «Сүлік жолының уардат» — деген бір өткелі болса керек. Мұнан басқаның басына түспеген уақиға болса керек. «Қойы қазсаң, терең қазба, // Өзіңе, жығылсаң, жаман болар». [Бұл] сөзі құранда айтады... қай орында қай жерде болса, қазақ мақалының мағынасы аят мағынасымен бір жерден шығып отырады... ғибадаты басқа болғанмен, түп мағынасы бір.
Мақал:
«Көп бір уыстан берсе, толтырады; // Бір мұштан қойса, өлтіреді».
Бұл заманда бір уыстан беріп, толтыру жоқ.
Бір мұштан қойып, өлтіру заманы.
«Ұрлық қыл да, мал тап, // Ойнас қыл да, ұл тап». «Көңілсіз жұмыстан көтсіз бала туады» — Осы екі мақалдан құны асар мақал жоқ шешуін білгенге. Ақсуыр — Сәрсен ақсақал айтқан тақпақ. Күлік — Тайшық болысқа ат үстінде тұрып айтқан. Содан кейін Тайшық жасай алмай өлген.
Бір тай бие болмайды,
Екі тай түйе болмайды.
Жетім-жесірді жылатқан
Өз елін өзі қан қақсатқан
Азды-көпті жиған-тергеніне ие болмайды.
Мәшһүрдің жас баласы өлген жастарға айтатұғыны осы еді:
Балам өлді — деп, жылама,
Береді Құдай есесін.
Тағы бала табады
С... берсең шешесін!
[1] Өлушінің ажалы жетпей, // Өлтірушінің қолы жетпейді.
[2] Ит жоқта шошқа үреді қораға,
Би жоқта құл жүреді арада.
[3] Ер толқыса, ел сүйеу болады,
Су толқыса, жар сүйеу болады.
Кіші жүзден шыққан Өтетілеу би заманында төрт Шөмекей, бес Жаппасқа қараның ханы болған [156].
Төртуыл: Қаржас-Үкібай би сөз бастағанда, былай бастайды екен [157].
Үйсін: Төле бидің дауам айтатыны [158].
Бұ да бұрынғы үлгілі билерден қалған сөз [159].
ӘМІР ТЕМІР КӨРЕГЕН
(ЕКІНШІ ӘҢГІМЕ)
Ғалымдар бас қосқанда, сөйлескен сөздер.
Сағдан (Сағдалдин) Мығуд пен Ғұмар Хорасанда Тіптазаны қариясында туғмыш дүр. 892-де Самарқанда опат етпес (етміш) дүр. Өзі қазы әскер (ғаскер) Әмір Темір көрегеннің ұстазы (стазы) болған һұдая — Шәриф кітабының мыснифиы (мызғы): «Ізетке ғанибет айту дұрыс емес» — деп. Рум ғалымларын мілзім қылған дәлелі — бұрынғы сахабалар айтты, табғынлар айтты: «Олар өзімен замандас еді. Іззет табғыннан бұл мытаһырынларының айтуы дұрыс емес!» — деп. Екінші Болгар ғалымларының «Хайла шарығы» — деп шығарған сөзін мансұққа шығарған: «Бұлардың көзі жоғалмай, жұрт түзелмейді» — деп. Осы айтылған екі жұртқа соғыс ашқызған — Әмір Темір көреген. Илдірім Баязиттің тұсында Рум уалаятын жаман харап қылған. Болгар (бұлғар) жұртын да жермен-жексен қылған. Сондықтан Түркі жұртының кітап айтқандары Әмір Темірді мақтамайды, жамандайды. Татар мен Ноғайдан кітап айтқандар да мақтамайды, жамандайды. Олар не десе, о десін. Әмір Темір көреген қожа Баһаудин (Баһауалднн) мен екеуі бір пірге қол берген. Пірлері: Миркамал, Истази, ғұлама Тіптазаны. Бұл ғұлама Тіптазаның шәкіртін (шыһыртын) естіп, Мекке, Мүкірмә, Мәдина, Мүннәрадан Мірсейіт Шәріп әдейі іздеп (ізлеп) келген екен — жолығып бір сөйлесуге құмар болып. Әмір Темір — Құдайдың құтты күні: «Базар шап (шып)» — деп, түн базарын құрдырып, ойды, даланы жап-жарық күндізгідей қылдырып, ғұлама мәжілісін жасатып, заманындағы жүйріктерді сөйлеттіріп, сөйтіп отырады екен. Ғаламнан озған алаяқтар бас қосып отырған мәжіліске Мірсейіт Шәріп өзін танытпай, жұпыны киіммен келіп, түге [л] игі жақсының кебісі тұратын жерге келіп, отыра кетті дейді. Басқа кісі сезбеді, танымады. Тіптазаны парасат нұрымен — тегін кісі емес екенін сезді. Төрде отырғандарды тұрғызып:
— Былай жоғары шығыңыз, олай отырмаңыз. Сіздің орныңыз ол жер емес, мына төрдің қақ төбесі! — дегендей қылып еді.
Мірсейіт Шәріп не дерін білмей, сасып қалды. Аузына сөз түспей, сасқалақтап:
— Быхырысит мәжіліс шат һу дүр быхырма жырым лұлу біз ер охістік бір зібір — дейді.
НОҒАЙЛЫДАН ШЫҚҚАН МӨҢКЕ БИДІҢ СӨЗІ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Азарсың, жұртым, азарсың [160],
Азғаныңның белгісі:
«Тайпақ-тайпақ көлдерден
Балық шығар» — деп еді.
«О балықты аулайтын
Үш ашалы шанышқылы
Қайық шығар» — деп еді.
«Қылмысы [161] жаққан пенделер
Алып шығар!» — деп еді.
«Қылмысы жақпас қырсықты
Екі етегі су болып,
Бір Жаратқан Тәңірге
Налып шығар!» — деп еді.
«Ауылдарын шу қылған,
Жаулықтарын ту қылған [162]
Зайып шығар!» — деп еді.
«Оқшантай жоқ, кісе жоқ,
Белбеу шығар» — деп еді.
«Жүгініс жоқ, малдас жоқ,
Көлбеу шығар» — деп еді.
«Заманақыр адамы
Менмен шығар!» — деп еді.
«Үй басына тоқ еткен
Келі шығар» — деп еді.
«Келісімен керісіп,
Келін шығар» — деп еді.
«Келін — айғыр, кемпірі
Саяқ шығар!» — деп еді.
«Бір уысқа толмайтын
аяқ шығар» — деп еді.
«Қай жақ болса қонысың,
Сол жақ шығар» — деп еді.
«Бұзау, тайынша, танаға
Жүк артылар!» — деп еді.
«Қарап тұрған [163] жігітке
Қыз артылар!» — деп еді.
«Ағып жатқан дария
Су тартылар» — деп еді.
«Көкек айы болғанда,
Кемпір күйлер!» — деп еді.
«Ендігінің қатыны
Байын билер!» — деп еді.
«Тоға [н] басы — мұраб [164] — деп, —
Арық шығар» — деп еді.
«Сол арықтың ішінде
Ыңғайы жоқ жаманның
Пышағы мен шақпағы
Қалып шығар» — деп еді.
«Бес қойға алған өгізді
Тегін дерсің!» — деп еді.
«Егін егіп, тарының
Сөгін жерсің!» — деп еді.
«Жалаң аяқ сарттарды
Бегім дерсің!» — деп еді.
«Ысқа деген қамыстан
Үйі шығар» — деп еді.
«Сол үйінің ішінен
Қозы жауырын, қой бұтты
Биі шығар!» — деп еді.
«Заман ақыр болғанда,
Ат қояндай болады,
Адам құмандай болады [165]
Көдеге садағын ілер!» — деп еді.
«Өлеңтіні жағалай
Тал шығады» — деп еді,
«Тал шыбықтай бұралып,
Сал шығады» — деп еді.
«Соққан бейіт сықылды
Үй шығады!» — деп еді.
«Қырыққан серке бұттанған
Би шығады!» — деп еді.
Және бір қарияның үлгілі сөзі:
— Байғыз деген құс болар! [166].
Дадан-Тобықтыдан шыққан Қараменде бидің сөзі [167].
Бұл қазақ қай уақытта «Үш жүз» атанған [168].
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама».
Жұттан, жаудан жаяу басын алып қашқан ел —
шұбырған шұбырындысы аппақ сүрлеу болып қалады екен... [169].
Бір сөзді жазып отырғанда, бір сөз еске түсіп кетеді.
«Сөз сөзден туады» — дегенге дәл келеді. Шоң, Торайғыр билер...»
[170].
«АБЫЛАЙ АСПАҒАН САРЫ БЕЛ» — АТАЛҒАН МӘНІСІ» ДЕРЕГІ Бұл Кишек: Бекболат алпыс бесте, Едіге жиырма бесте: «Абылай ханды шабамыз!» — деп барғанда [171], жарасып, бітіп, тынып қайтқанда, барған жолына Бекболатқа бір қыз, Едігеге бір қыз сыйлаған. Бекболатқа берген қыздың аты — Кишек, Едігеге берген қыздың аты — Ұмсын. Біздің бұл қазақта — құлақ естіген жерде Уақ: Нұрекен байдан бұрын қажыға барған кісі жоқ [172]. Замандардан заман өткенде, бұрынғылар өліп, таусылып, қалғандарға нәубет жеткенде: «Араб жұртынан бір Мұхаммед деген пайғамбар шығыпты!» — деп [173].
«АЛЛАНЫҢ ШАЙТАНЫНАН АДАМНЫҢ ШАЙТАНЫ КҮШТІ» — ДЕГЕН СӨЗ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Бір ақсақ пен бір соқыр өмір бойы жолдас болған [174]. Екеуі де қайыршы. Ақсақ нашар, әлсіздігінен тапқанын-таянғанын өзі көтеріп арқалап жүруге кемдігі болған. Соқыр біреу жетелемесе, өз бетімен жүре алмайтұғын [ы] болған. Шайтан (сайтан) осы екеуін азғырып, айыра алмай, көп әуре болған екен.
Күндерде бір күн Алдар көсеге [175] ұшырасыпты:
— Не ғып жүдеп, салбырап келесің, байғұсым? — депті.
— Мына бір соқыр мен ақсақтың татулығына сұқтанып, осынша азғырып айырайын десем де, айыра алмай, шаршап келе жатырмын ғой [176]! — депті.
— Мен екеуін өзіңнің көз алдыңда қайтып қосылмастай қылып айырайын. Маған өзің қол тапсырып: «Бір!» — деп, білегімді; «Екі!» — деп, етегімді ұстап... тағыма [177] бас ұрамысың?! — депті.
— Жарайды, осы екеуін айырып жіберсең [178], айтқаныңды қылайын! — депті.
— Ал, енді тамашама қарап тұр! — деп, ақсақты шақырыпты.
— Жылдам кел, тез кел! — деп. — Ана соқырың солай тұрсын. Оның сыбағасын да беремін! Беремін [179] ! — деп, ақсақ шойталаңдап басып, шолақ аяғын қолын бұлғап, біреуді шақырып келе жатқан немедей [180] жетіп келгенде, [ақсақтың] екі қолын мықтап ұстап алып, аямай-ашымай оның жағына шапалақпен сарт еткізіп бер періпті:
— Мұны соқырыңа апарып бер, — деп, және құлаштап тұрып сол жағына періп, — Бұл өзіңнің сыбағаң! — деп, екі жағын дуылдатып, қоя беріпті. — «Көзі жоқ» — деп, ана сорлынікін алып қойма! — деп айғайлайды дейді [181].
Соқыр асығып, қолын жайып тұр дейді. Жаққа сабағанын көрген жоқ, «Мынау соқырдың сыбағасы, мынаны өзің ал!» — дегенін [естіген соң]:
— Дәнеме берген жоқ, өзімді о жағыма бір ұрды, бұ жағыма бір ұрды! — дегеніне [соқыр] өлсе, нана ма?
Нанбаған соң:
— Оның: «Соқырдың сыбағасы» — деп, бергені мынау еді, — деп, нандыра алмағанына ыза болып, — оның бергені мынау, — деп, соқырдың екі қолын мықтап ұстап алып, бар күшімен бұ да ұрды дейді.
— Қайран, көзі құрғырдың жоқтығы-ай! Оның бергенін бермегеніңмен тұрмай, өзімді келемеж қылғаның өтіп кетті-ау! Өлсем де, қаңғып далада өлейін! — деп айрылып кетіпті... [182].
[Көтеш ақын өлеңдері].
Көтеш ақын бір жазғытұрым ауырып, кеше алмай, жалғыз ауыл қалған [183].
[Тобықты шежіресі].
«Шәкәрім шежіресінен [Мәшһүр Жүсіптің] Тобықтыны жазып алуы [184].
Мақалдар:
Өзі тоймағанның сарқытын ішпе [184].
«Еңсегей бойлы ер Есімхан» [185].
Манатхан баласы Баһир төре Арқаға келгенде [186]...
Айдабол-Сары-Қоңыратбай баласы Досжан молда [188].
Көрсары, Ақсары, — төрт сарының екі сарысының нәсіл жұрағаты
[189].
Талас:Қобдан, Имаңке, Туатай, Жаманқара, — «Төрт Қара» атанған — осылар» [190].
«Ғышмания» аталған түркілердің баба уаждаттары... [191] Ұлы жүз — Үйсін — Ошақты — Жалайырдың Жалайырынан Бөлтірік би деген би шығыпты [192].
Ақмайдан, Тоқмайданның Тоқмайданынан — Қатыс [192].
МӘШҺҮР ЖҮСІП ӨЛЕҢІ
Келіп қалса, бұқтың не, бұқпадың не?
Алушы жоқ.
Ұқтың не, ұқпадың не?
Есектің басы құрлы қарамы жоқ,
Аз ғана елден шықтың не, шықпадың не?!
XXX
Күн шықты, жұлдыз біткен өртке күйді,
Күймесе, қайда кетті, не жау тиді?!
Бел қатайды, еңсе бір көтерілді,
Ғайыптан (қайыптан) бір қыз келіп беттен сүйді.
БІР ҰҒЫП АЛЫП АЙТЫП ЖҮРЕТҰҒЫН СӨЗ
Мүдде болды кедейлік
Сал сөз де елегіш (илегіш).
Шалқайтар (шалқаяр) — тату,
Қымс етсе — ерегіс.
Алалықтан күш болу
Бұл қанша керек іс?!
Шемен бар — уда дерлік,
Сасық бар — буда дерлік.
Замана түрленді
Жақсылар кірленді,
Ызасынан у жерлік!
ОН ЕКІ ЖЫЛ АТТАРЫ
Ғарапша... парсыша... қазақша:
Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, опадар, қаракиік.
Қатындардың қойған аты:
Жорғалауық, әуке, діңке мен жырық, шолп етер ұзын шешей, тағдыр, жәндік (жандық), ойнарқы, құс баласы, ноқай, жер түртер.
Ақылға салғанда, қатындар қойған ат дұрыс. Ана тілінің асылдығы — осы. «Ұлан жасындағысын ұмытпайды» — деген бар ғой. Мұса,Секербай заманында [194].
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР
Алматының сыртында Іле тауы, оның сыртында — Күнгей Алатау. Шудың бір басы осы екі таудың арасынан басталады. Тоқпақ, Піспек — Шу бойында. Ақсу, Шоқала өзен [і] Ескенде тауынан ағып, Шуға құяды. Мерке де — өзен, бұ да Шуға құяды. Талас — тау аты, Ескенде тауы мен Талас тауының арасынан Талас өзені ағады, Әулиеатаны басады. Шу ауданы Қырғыстанмен шектес [195].
[Ақылбай Абайұлының «Дағыстан» дастаны].
«Дағыстан» әңгімесі.
Қазақтың «Қап» дегені — Кавказ серек [196].
МӘШҺҮР ЖҮСІП ӨЛЕҢІ
Мылжың шал
Жұрт көрсін жетпіс үште жазған хатын,
Күн болды арылта алмас темір татын.
Кеңеске бір книга толтырдым да,
Атадым: «Мылжың шал» — деп кітап атын.
Қазақта бар сөз:
Кеден кеден болды,
Кеден неден болды?
Ұйғыр халқынан бөлініп, қара Қытайға қарап кеткендікт [ен], «Кеден» атанған бір жұрт болған, сондықтан «кеден» аталған.
Дадан — Тобықты — Қараменде би ұрпағынан шыққан Нармамбет өлеңі:
Кең дала, кеткенің бе, кер бетеге [197]?!
Байқошқар қажының өлеңі.
Қыстау Адыр түбінде Ташен сал бар [198].
Қалмақта Құбақалмақтың ханы «Қалдан Шерін» — деген хан болған [199]. 1828-інші жылда 10 сентябрьде туып, 1910-жылда 20-ыншы ноябрьде өлген — Лев Николаевич Толстой: 1801 — 1851-інші жыл туған жаннан 30 жас үлкендігі бар 82 жаста қаза тапқан. Кенесары ханның «Жапар төре» — деген бір баласы Кенесарының өзіне еріп соғысқа кіріп жүргенде [200]...
Мәшһүр Жүсіп өміріне қатысты деректер (бірінші нұсқа).
«Айдабол-Күліктің Күлігі» [201].
Шора батыр (бірінші нұсқа).
Қазақ ертегісі — Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы сөйлеуші.
Бұрынғы заманда Қазан деген қалада Тама деген ел тұрақ қылған екен [202].
Мәшһүр Жүсіп өлеңі.
Жылым — қой, биыл жасым жетпіс үште [203].
Мұса мырзаға Ташкентлік бір Қадірия деген ишен келді [204].
Мәшһүр Жүсіптің «Мына заман» өлеңі.
Шалқарбайдың Жүнісін ажал алды [205].
Ер Едіге (екінші нұсқа).
Ер Едігеден естігенімді сөйлейін [206].
Жалаңаяқ Әудер әулие.
Күні кеше Қуандықтан шыққан Арық Қоңырбай Айқожа ишаннан халфе болып... [207].
Әкесі басқа адамдар туралы (бірінші нұсқа).
Әкесінің атын жан білмейді [208].
Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867).
Қазақтың ауыз айтқан өлеңі, жоқтауы [209].
Бұрынғылардың батасы.
Құрттай бала күнімізде батагөй шалдардың батасы. Кейінгіге нұсқа қылып қалдыру үшін Көпейбаласы Мәшһүр Жүсіп жазған.
Әуелі Құдай жарылқасын [210].
НҰРМАН СӨЗІ
(БІРІНШІ НҰСҚА)
Кеше Қоңыраттан шыққан «Көктің ұлы» атанған Сапақ датқа мен замандас — Қоңыраттың бір табынан «Қара Нұрман» — шешен шыққан [211]. Осы екеуі біріне-бірі кездеспей, бақкүндестік қылып жүреді екен. Сапақ — өскен, өнген рудан шыққан, туған-туысқанды, балалы-шағалы. Нұрман туған-туысқаннан да таза, бала-шағадан да таза: жалғыз да екен, жарлы да екен. Бір қалың ну жиында екеуі кездесіп қалып: «Мына жақта Сапекең отыр ғой!» — демей, Нұрман желдей гулеп есе беріпті. Сонда Сапақ шыдап отыра алмай:
— Нұрманым, Нұрман-ақ екенсің! Құлағың жоқ, шұнақ екенсің де, құйрығың жоқ шолақ екенсің де! Жалтақтап сөйлейсің — жалғыздық көргеніңді білдіріп; көтеріліп сөйлейсің, көмексіздігіңді білдіріп, — дегенде Нұрман айтыпты:
Жалғызды мінесең, Құдайды міне!
Жарлыны мінесең, пайғамбарды міне!
Құлағым шұнақ болса, сұңқар шығармын,
Құйрығым шолақ болса, тұлпар шығармын!
Құйрығы ұзын — болды ит,
Құлағы ұзын — болды есек,
Ешкі егіз табады,
Ит сегіз табады,
Шошқа тоғыз табады.
Бабаң егіз еді,
Атаң сегіз еді,
Өзің тоғыз едің!
Сенің көп балаңды алайын десе,
Құдайдың пәлесі жоқ па?!
Маған бала берейін десе,
Құдайдың баласы жоқ па?!
Байдалы және Айғаным (бірінші нұсқа соңы).
Өлі аруақты тіргіздің [212].
ТҮРЛІ ДЕРЕКТЕР
1928-інші жылда 22-інші мартта бейсенбі күн — Қоян құлады, ұлу таққа мінді. Жыл басы бір-екілі күнге келді. Егін, шөп ебедейсіз көп болады, бидай, тары арзаншылық болады, балаларға ауырырақ етеді. Айдай әлемді демейін — итше ұлытқан жерлері болмақ. Шортанбай қожа айтқан екен:
Байды Құдай атқаны,
Жабағы жүнін сатқаны.
Кедей қалай күн көрер
Жаздай жатақ жатқаны.
Жалғыз сиыры бар болса,
Соғымына сояды.
Қағаздатып бұзауын
Ноғайына қояды.
Ғисабек ишан дауам айтып отыратын мәтелі: «Байлық — мұрат емес, // Жоқтық — ұят емес». Бұл сөздердің шындығы жұрт көзіне биыл көрінді. Арғы затымыз түрікпен екен де, бабаларымыз Баймұрат керуенбасының қайыны Қызылжарда тұрақ қылған Найман — Иіс керуенбасы екен дейді. Ғұбайдолла Жақия баласы — Әбдірахман керуенбасының шөбересі. 1927-іншінің жаңаша августің 25-бейсенбі күні бір керегі болғаны үшін жазып қойдым. Не қылғанымды өзім білемін, кімге қақсай берейін. Бұл — Қыпшақ, өзі Моғол-Татардың Моғолынан — Ғараб, Ғажам, Татар, Таңғұт, Тәжіктен басқа Ауған, Афған, Дүңгене, Тарыншы, Ойрат, Бұйрат — бәрі осы Қыпшақтан тарайды. Бұ да көп ертектен — бір ертек. Айтушы — қазақ. «Естіген құлақтың жазығы жоқ» — деп сөйлеуші — Көпейбаласы Мәшһүр Жүсіп.
Шайхы Бұрқы диуана және Мәшһүр Жүсіптің бір өлеңі.
Мұса пайғамбар заманында Шайхы Бұрқы деген диуана болыпты [213].
Сарыарқа тарихы (екінші нұсқа).
Сарыарқада Нұра деген өзен бар [214].
Сарыарқаның кімдікі екендігі.
Қазақ жұртының басынан кешкен күнлер. «Октябрь он жетінші» Манифесі шықты, — дегенде айтылған әңгіме:
Сөз шықты біздің қазақ баласына [215].
«Сөйлей берсе, сөз таусылмайды, // Сарт құрымай, бөз таусылмайды».
Абылай ханның қалмақты Сарыарқадан бостырып, аудырғандығын — заманасында болған шайыр Көшекұлы Күдері қожа сөйлеген. Бұрынғы заманда Жоңғария қалмақ күшті дөкей тірлік қылған қырық сан қара қалмақта Қоңтажы деген тайшысы болған. Қалмақ «хан» — деген сөзін «Тайшы» — дейді екен [216].
Қалмақ ауғанда, тамақ сұрап жылаған балаларына айтқан сөзі.
Сорқара, Сортың бар ма [217]?!
Қалмақтың Сарыарқаны жоқтап жылағандағы зары.
Қайран да, қайран, қайран тау [218].
Бір шежіре үзігі.
Бұқабай баласы — Жүсіпбай: Мажыра қатыннан туған. Мұнан бала бар: «Сатылған-Әбдірахман баласымын» — деп жүр. Көтеш ақынның тұңғышы — Қыстаубай, Отаубайдан — Игілік, мұнан: Құнанбай, Жұманбай, — үш ағайынды. Омбыдан әрі патша құдығында, Омбыға тоқсан шақырым жер. Байдың бәйбішесінен — алтау, тоқалынан алтау.
«Ойтүндік пен Белеңде» — дегендегі «Белең» қай жұрт [221]?
ӘМЕН КӨПЕЙҰЛЫ (1888-1921) ӨЛЕҢІ
Күймей қайтіп тұрарсың
Түрін көріп заманның?!
Айтқандай қып жүрісін
Келтіріп түр жаманның.
Өзі — қымбат, сөзі — пұл,
Аты келіп тұрған соң.
Жұрттың көбі оған құл,
Жалған мойнын бұрған соң!
«Бұл қалай?» — деп, ойланып,
Көп шаршайды сұм жүрек.
Аз қызыққа байланып,
Жүру бекер не керек?!
Жас күніміз тозып тұр,
Айнымас ішіп арақтан.
Тарыдай бақ озып тұр
Таудай болған талаптан.
«Жазуда — деп, — бар-жоғы»
Түпсіз сөзге бармаңыз.
«Тисін — десең, — бақ оғы»
Дұрыстық істі қармаңыз.
Сынап қара, нанбасаң,
Шын талаптан қалмаңыз.
Жалықпасаң, қалмасаң,
Бірер-бір күн алдаңыз.
1915 жыл.
Бұқар жырау өлеңдері.
Орта жүз: Арғын — Төртуыл — Қаржас — Алтынторы — Қалқаман батырдың баласы — «Бұқар жырау» атанған қария тоқсан үш жасында Абылай ханның алдында бір толғаған толғауы [222]. Түркістан, Ташкент орысқа алғаш қараған кезде Сыр бойынан Мәделі қожа ақын атанып... [223].
Хандар шежіресі.
Жошыхан ұғлы — Тоқайтемір, мұның ұғлы — Тоққұлқожа [224].
Ұлбике мен Күдері айтысы.
Бұрынғылар домбыра ұстап, өлең айтатұғыннан: «Қайым білесің бе?» — деуші еді [225].
ҰЛБИКЕ МЕН ЖАНГЕЛ АЙТЫСЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Жангел (Жаңкел) — қарақалпақ, қара қасқа кедей, жалғыз үй қала алмайды [226]. Ел көшкенде, әкесі де, өзі де жаяу-жалпы жүреді екен. Ұлбике — байдың қызы [227]. Көкөзектен ауылы көшіп, түйеге жүк қомдап жатыр екен. Жангел жаяу, көшінен бұрылып: «Ұлбикемен айтысып кетейін!» — деп, жүк артып жатқанда, өлеңді қоя берді. Көш ел де, көшіп жатқан ел де екеуінің қасына иіріліп тұра қалды.
Сонда Жангел айтты:
Сайқамыс, сай-сайқамыс сайда болар,
Көп жылқы көк алалы байда болар.
Жүк артқан, ауыл көшіп, қыз бен қатын,
Кешуі Көкөзектің қайда болар?
Ұлбике былай дейді:
Жангел кедей келеді қардай борап,
Жаяу келер әкесі алдын орап.
Жылқың өтпей бара ма, жазған кедей,
Кешуін Көкөзектің менен сұрап.
Жангел сөзі:
Пышаққа қын табылса, сап табылар,
Әкем көшке мінгендей ат табылар.
Шыпжалақтай бермеші, құрғыр Ұлжан,
Сендей байтал айғырға көп шабылар.
Ұлбике сөзі.
А, Жангел, күйгеніңнен «Байтал» — дедің,
Жақсы болсаң, «Байтал» — деп айтар ма едің?
Әкең көшке мінгендей ат табылса,
Жайлауға жаяу барып қайтар ма едің?
Жангел сөзі:
Ay, Ұлжан, күйгеніңнен «Кедей!» — дейсің,
«Кедей» — деген жақсы ма, не өйдейсің?
«Кедей, кедей!» — дейсің де, еш қоймайсың,
«Тар жол, тайғақ кешуде» — көбеймейсің!
Ұлбике айтады:
Кедейді «кедей» — демей, «бай» — дей ме екен?
Үйінен бай кедейдің май жей ме екен?
Кедейлікке шамданып, шамырқанып,
Бәрі де кедейлердің сендей ме екен?
Жангел сөзі:
А, Ұлжан, кедейлігім жасырдым ба,
Мен саған: «кедеймін» — деп, бас ұрдым ба?
Кісіге қарап тұрған соқтығасың,
Үстіңе бұқа болып асылдым ба?
Ұлбике сөзі:
Кедейлігің, неге айтпайсың, жасырмасаң,
Алдыма неге келдің, бас ұрмасаң?
Қыз түгіл, сен шіркінге қатын қайда,
Сиырға бұқа болып асылмасаң?!
Қыз жеңіп кетті де, Жангел жеңіліп қалып, жүре берді. Тағы бір ел көшіп келе жатқанда, Ұлбике жеңгесіне:
— Көшті кішкене анау келе жатқан Жангелге жанастыра жүр. Екі бұзаулы сиырына арба салып, жаяу айдап келе жатыр. «Биыл жұттан нең өлді, нең қалды?» — дейін. Дәу де болса, арба салған сиыр да өзінікі емес қой!
Сонда Ұлбике айтады:
Қорқыт пен су аяғы теңіз қалды,
Байлардың арығы өлді, семіз қалды.
Биыл қыс талай жанды ұлытты ғой,
Жангелжан, неңіз өлді, неңіз қалды?
Онда Жангел айтты:
Өлді де Байтөбетім, Басар [228] қалды,
Байлар көшіп құтылды, нашар қалды.
Бар еді төрт сиырым, түгел өлді,
Жалғыз-ақ қызыл ала қашар қалды.
XXX
Ұлбикенің өзін «жүн жеп, жабағы тышқан» бір байдың баласы қатындыққа алған екен. Қатын болып, қолына барып түскен соң [229]:
— Тойға барушы болма, өлең айтушы болма! Енді тойға барсаң, өлең айтсаң, көзіңді жоғалтамын, қарашығыңды батырамын! — деп қойыпты.
«Жаман шірік иті» үйде жоқ болған қарсаңда бір той болып, ауыл-аймағы, қайыны-қайнағалары:
— Сені біз сабатпаймыз! — деп, тойға алып барып, тойдан қайтып келсе, «ит» келіп қалып [230]: «Сені ме?!» — деп, кіжініп отырған үстіне оқтай ұшырап, қойдың бір қатқан санымен қақ бастан періп қалғанда, мұрттай ұшып, тіл тартпай кете беріпті [231].
Жұрт жиылып қалыпты. Төркіні де аралас-құралас екен: құн сұрады. Сонда төркініне таңдау берді:
— Бидің билігіне бересің бе, пайғамбар шариғатына көнесің бе? — деп [232].
— Пайғамбар шариғатына салдық! — деді.
Сонда шариғат айтатұғын Күдері қожа екен, айтқан шариғаты [233]:
— Өлер Ұлбике өлді: аяр да ас жоқ, тояр да ас жоқ. Мұны сойыңдар, өкпесін алып көріңдер. Өкпесінде жазу жоқ болса, тойға бару, өлең айту әйел жынысына дұрыс емес [234]. Өзіне сот, бұған құн бұйырмайды. Егерім өкпесінде жазу болса, онда айтпаса, ішін жарып кетеді. Үш кісінің құнын берсін: сүйек құны, өнер құны, қара құн.
Ұлбикені сойып, өкпесін алып көрсе, өкпесі жыбырлап тұрған жазу екен. Көрген жұрт ботадай боздап, қойдай маңырап, сиырша өкірісіп жыласты дейді. Көзінен көрген жұрт күйгендіктен, Ұлбикені өлтірген байы Бойтан серіні бас «жетім» үшін құнына беріпті. Сүйек құны үшін — елу жылқы, алты «жақсы» беріпті. Өнер құны үшін және елу жылқы, алты «жақсы» беріпті. Қара құн үшін «Тоқал құн» — деп, тоғыз «жақсы» беріпті.
Күдері қожа айтыпты:
— Бұл әулие еді. Екеуміз бір айтысқанда, мен:
«Бір айда етеккірің үш келетұғын әйелсің ғой!» — дегенде, «Бетпақтың шөлінде жаныңды алып қалған мен едім. Сонда да танымағаның!» — деп еді. Бетпақ шөлінде адасып жүріп, тілім аузыма сыймай, өлер шаққа жеткенде, Ұлбике болып, бір аяқ сусын бергенде, көзім шырадай жанып, өмірімде шөлдеместей болып едім! — депті. Құдай рахмат қылсын Ұлбикеге, Күдеріге, Жангелге! Бәрің де әулиесің, қолдай гөр!
ҰМСЫН МЕН ЗАМАН ҚОЖА АЙТЫСЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Ұлы жүз: Үйсіннен шыққан ақын Ұмсын қыз бен Заман қожаның айтысқаны [235].
Заман.
...Жомарт ер ақыретте иман табар,
Сираттың көпірінен бәріңді айдар.
Күнәдан бұ дүниеде пәк болсаңыз,
Сегіз ұшпақ ішінде [236] орын сайлар.
...Дін күтсе, иман берер жомарт ерге,
«Қол берген — сауап, — дейді, — жеті пірге!»
Ақыретке барғанда, сұрау жоқ-ты,
Сегіз пейіш ішіне [237] кіргендерге.
...Қыз шыдап отыра алмады, өлеңді қоя берді:
Ассалаумағалейкум, бердік, сәлем,
Біз сөйлейік, рұқсат берсе қожам.
«Білмегенді сұра!» — деп айтқан Құдай [238] тағалам,
— Қай сауаптан пейішті көреді адам?
...Заман.
...Қожа — құдай пендесі, о да не дүр,
Мұхаммедтен басқада жоқ-ты өнер.
Қиямет қайым болғанша қосылмақ жоқ [239],
Жамиғы жан сол шақта түгелденер.
...Заман.
Ұмсын-ау, сөз күнәсы — өтіріктен,
Нәпсінің бір күнәсы — мәкүріптен.
Залалы жоқ адамға [240] ғайбат қылма,
Аллаға тіл тигізбе, үміт етсең.
...Заман.
Ұмсын-ау, айтқан сөзге нанбаймысың,
Сен данышпан ақылды өз жынысыңнан.
«Тәңірі алдында бар, — дейді — талай қасаң» [241],
Әркім тартар өзінің қылмысынан.
...Ұмсын.
Шариғат құпия ма, жария ма,
Қожеке, біз — шұқанақ, сіз — дария.
Сұралмаған бір сөзім қалған екен:
«Өлмес жан, өтпес дүние жаралған ба [242]?
ТАҒЫ БІР ДЕРЕКТЕР
Ағиіс (Ақиіс), Қу, Абыралы, Марамик, Боқтыкент — бұрын Қуандық қонысы болған екен. Ағиісте — Ақиіс, Қалқаман, Қуда — Нұрбай, Алшынбай батыр; Боқтыкентте — Байдалы, Байтоқа. Әлісай, Есенкелді батыр мен Сармантай, Алшағыр батыр Қарсұн — Кернейдің үш жүз кісісін өткелсіз Шиліде (Шейліде) қойдай иіріп, қырып, Кернейдің батырбасы Ескенбайды өлтіріп, қашуға жарағаны тірі құтылған. «Өткелсіз Шиліде» «Ескенбай» — жер аты болып қалды. Қойкелді бай — Қаракесек — Байбөріден шыққан. Саяқ, Алтай — Тоқадан; Азнабай — Төртуылдан — «Азнабай — Сапақ» — атанған.
«Арқадағы алты бай: Ақкісі мен Сеңкібай» атанған — Шаншардан шыққан байлар.
Мантен, Таутан, Малкелді — Айдаболдан шыққан байлар.
САҚАУ МЕН ТОҒЖАН АЙТЫСЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
...Сақау.
Ақырған қараңғыда қара қабан,
Сақауға сөйлейтұғын келді заман.
Еліміз қорасаннан [243] көп қырылды,
Құдайға шүкір, әлі жүрмін аман.
...Тоғжан.
Қызылтау, Баянаула бел-ақ еді,
Орманшы өз алдына ел-ақ еді.
Нағашың Шаншар болып, шырақ, тудың,
Кеспелік, Түрмелік [244] тым (дем) шұнақ еді.
...Сақау.
Жан бергенге жөн берген Құдай тағала,
Құлына жаратылған өзі пана.
Бәңгіден [245] бітсе, оған той қылар ем,
Бір біткен Ордабайдан арам бала.
...Тоғжан.
Жұлдыз жиі болмайды жыбырламай,
Жігіт мейірі қанбайды сыбырламай.
Бір кісіге бір кісі жан бере ме,
Өз пайдама жатамын қыбырламай [246].
...Тоғжан.
Болғаны қиямет қайым қашан еді [247],
Кенже ұлы Келдібектің Асан еді.
Жақсыны бұрынғы өткен ауызға алсақ,
Алаштан асып туған Бошан еді.
...Сақау.
Қаракесек қап-қара күңнен туған,
Қазыбегі би болып, бетін жуған.
Төртуылдан төрт кісі атқа мінсе,
Сонда сенің басыңа зор күн туған [248].
...Тоғжан.
Торайғыр біздің елде бойдақсиды,
Асқанша Қушоқыдан [249] қунақшиды.
Асқан соң Қушоқыдан көзі алақтап,
Тоқтыдай баспақ болған бұлғақсиды.
...Тоғжан.
Торайғыр біздің елден жөнелді енді,
Есіл би азықсыздан енді өлді енді.
Тамам би қоштасуға (қостасуға) тақалғанда,
Қара су Шортандының [250] кез келді енді.
Ұлбике мен Күдері айтысы [251].
Шөже мен Қалдыбай айтысы.
Қаракесек — Шаншар ортасында Қойсүймес баласы Баймұрын мырзаға Қуандық ақыны болып жүрген соқыр Шөже өлең айтқанда, Қаракесек ақыны Қалдыбай қожа Баймұрынды айырып аламын деп айтысқаны.
Қалдыбай.
Ау, Шөже, шындаймысың, ойнаймысың [252]?
Жанақ пен Түбек айтысы.
Арғыннан шыққан — Қамбар: Жанақ ақын мен Найманнан шыққан — Сабырбай: Түбек — екі ақынның айтысқаны Найманның ортасында бір төренің асында Қамбар — Жанақ — өзі кәрі шал, өзі жалғыз атты жолаушы.
Жанақ.
Мен үйімнен шығып ем Ертіс өрлеп [253].
Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдері.
Тұрмыс, маған от шашып [254].
Мөңке мен Опан айтысы [255].
Бұхарай Шәріпте «Жақсы Ғабдолла хан» — атанған хан болған [256].
Шортанбай мен Орынбайдың айтысы [257].
Түбек пен Жамшыбай айтысы [258].
Шөже мен Балта айтысы [259].
Көтеш пен Күнекей қағытпасы [260].
ШӨЖЕ МЕН ШОРТАНБАЙ ҚАҒЫТПАСЫ
Соқыр Шөже айтады:
Алғаным — Бигеліден қара манат,
Бергені Жаналының — күрең жорға ат.
Бөкейдің көптігіне таласпасаң,
Байлыққа таластырма мұрдар жаллат.
Онда Шортанбай айтады:
Жамантай жарты патша князь болған,
Құсбегім Арыстан мен анау тұрған.
Бойында бектігі жоқ Қоңырыңның:
Шақша мен тарақ сатып, дүние жиған [261].
Торайғыр шөбересі Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңі.
Әйтеуір адам көрсе бармай қоймас [262].
Байқошқар, Ажар, Жұпардың өлеңдері [263].
Әкесі басқа адамдар туралы (екінші нұсқа).
Қазақ сөзі: «Ат — биеден, алып анадан туады», «Көңілсіз жұмыстан көтсіз бала туады...» [264].
ЖАЯУ МҰСА ТУРАЛЫ
Әжібай — Қанжығалы: Досқана — Төлегеннің Досқанасынан Сасық би деген би шыққан. Қанжығалының: Бапан, Сасық дейтұғын екі биі болған. Сасықтың қыстауы Баянаула бауырында, Қыңыртас (Қоңыртас) сыртында болған. Малқозы — Төбет бай байлықпенен Сасықтың Нағжан деген қызын баласы Байжанға атастырған. Қызды сүйікті, қылықты болғандықтан: «Нақыш, Нақыш!» — дейді екен. Қыз күнінде Боштай Нақышпен ойнас болып, Боштайдан буаз болып оң жақта көтеріп барып, Байжан босағасына барсымен тапқан. Жаяу Мұса — сол. Боштайдың өз қатыны Даржаннан сондай бала туған жоқ [265].
Жақсы Ғабдолла хан тарихы [266].
Байдалы және Айғаным (бірінші нұсқа).
Бұрынғылардың тақпақтап сөйлеген қара сөздері. Қуандықтан шыққан Байдалы би [267]...
Кешкенбай.
Тұлпар деген елден бір жұпыны; айдынды, атақты емес, елеусіз, қораштау Кешкенбай деген би шығыпты [268].
Тақпақ.
Кім айтқаны белгісіз. Арай, арай, арай бар [269].
МӨҢКЕ БИ СӨЗІ
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
Азарсың, жұртым, азарсың,
Азғаныңның белгісі:
«Тайпақ-тайпақ көлдерден
Балық шығар» — деп еді.
«О балықты аулайтын
Үш ашалы шанышқылы
Қайық шығар» — деп еді.
«Қылмысы жаққан қылықты [270]
Алып шығар!» — деп еді.
«Қылмысы жақпас қырсықты
Екі етегі су болып,
Бір Жаратқан Тәңірге
Налып шығар!» — деп еді.
«Ауылдарын шу қылған,
Жаулықтарын ту қылған [271]
Зайып шығар!» — деп еді.
«Оқшантай жоқ, кісе жоқ,
Белбеу шығар» — деп еді.
«Жүгініс жоқ, малдас жоқ,
Көлбеу шығар» — деп еді.
«Заманақыр адамы
Менмен шығар!» — деп еді.
«Үй басына тоқылдақ [272]
Келі шығар» — деп еді.
«Келісімен керісіп [273],
Келін шығар» — деп еді.
«Келін — айғыр, кемпірі
Саяқ шығар!» — деп еді.
«Бір уысқа толмайтын
аяқ шығар» — деп еді.
«Қай жақ болса қонысың,
Сол жақ шығар» — деп еді.
«Бұзау, тайынша, танаға
Жүк артылар!» — деп еді.
«Қарап тұрған [274] жігітке
Қыз артылар!» — деп еді.
«Ағып жатқан дария
Су тартылар» — деп еді [275].
«Көкек айы болғанда,
Кемпір күйлер!» — деп еді.
«Егіншінің [276] қатыны
Байын билер!» — деп еді.
«Тоғам басы — мұраб — деп, —
Арық [277] шығар» — деп еді.
«Сол арықтың ішінен
Ыңғайы жоқ жаманның
Пышағы мен шақпағы
Қалып шығар» — деп еді.
«Бес қойға алған өгізің
Тегін дерсің!» — деп еді.
«Егін егіп, тарының
Сөгін жерсің!» — деп еді.
«Жалаң аяқ сарттарды [278]
Бегім дерсің!» — деп еді.
«Ысқа [279] деген қамыстан
Үйі шығар» — деп еді.
«Сол үйінің ішінен
Қозы жауырын, қой бұтты
Биі шығар [280] !» — деп еді.
«Заман ақыр болғанда,
Ат қояндай болады,
Адам құмандай болады [281]
Көдеге садағын ілер!» — деп еді.
«Өлеңтіні жағалай
Тал шығады» — деп еді,
«Тал шыбықтай бұралып,
Сал шығады» — деп еді.
«Соққан бейіт сықылды
Үй шығады!» — деп еді.
«Қырыққан серке бұттанған
Би шығады!» — деп еді.
ТАҚПАҚ
Бөдененің жатқан жері хас болар,
Кәрі өлсе, жігітлерге ас болар.
Жігіт өлсе, білінттағылар пәс болар.
«Дат!» — десем, ырғиды шөлден кәріп (ғарыб),
Ат бірнеше ерді жұрт қылар мыламат.
Кәрі өлсе, ол Құдайдан рахмат,
Жігіт өлген күні болар қиямет.
Байғыз деген құс болар,
Ең кәріпліктен — жатқан жері тас болар.
Ораздының баласы
Он бесінде бас болар,
Бастығының белгісі
Қолабалы қол келсе,
Келте қара ту келсе,
Ел шетіне жау келсе,
Қолға алғаны — тас болар,
Қайда қартпен дос болар!
Кембағал байғұс баласы
Жиырма бесте жас болар.
Жастығының белгісі —
Ертеменен тура алмас,
Беті-қолды жуа алмас.
Тепкілесең, оянбас!
Белін қатты буа алмас,
Буса, белі бос болар.
Сол жаманның көңілінде
Есі-дерті ас болар.
«Асыңды іш те, шырағым,
Жылы жайда жат!» — десең,
Өлгірдің уақыты хош болар!
Сондай бала бергенше,
Қолыңда тобылғы сапты қамшың іс болар.
Айта берсем,
Мынау шебім еп болар.
Кең шаһардың арығы
Жазып қойған шеп болар.
Мешкейменен ас жесең,
Қол жуғанша жеп болар.
Ақыр заман болғанда,
Әр мешітте, жақсылар,
Талтайған сопы көп болар!
Шоң бидің Қуандық еліндегі асқа баруы (бірінші нұсқа).
Шоң — Торайғырдың Шоңы қартайғанда, Қуандықта бір асқа барған әңгімесі [282].
«Абылай аспаған сары бел» — аталған мәнісі (төртінші нұсқа).
Ғаламда он сегіз мың жан болыпты [283].
Бұхар, Қоқан хандары туралы (үшінші нұсқа).
Мен өзім жиырма тоғыз жасымда Бұхарай Шәрифке барып, салт атты, сабау қамшылы болып жүріп, тоғыз ай тұрып қайттым [284].
[XVІІІ-XІX ғ. Қоқан хандары].
Қоқан хандары: «Алтын бесік ұрпағымыз» — дейді] [285].
[Кіші жүздің ұрандары].
Кердерінікі — «Қожахмет», Таманікі — «Қарабура»... [286].
[Бәсентиін шежіресі соны].
...Тілеуқабыл батырдың тұңғышы — Ақша [287].
ӨМІРБАЯНДЫҚ БІР ҮЗІК ДЕРЕК
...Жаңаша августің он үші, бейсенбі күні Семейден шығып, Бөкеншіге қондық: «Семейге қырық шақырым» — дейді. Бөкеншіден шыққан күн Шаған өзенінде ат шалдырып, Бесқарағайда бір «итке» кез болып, қона алмай, Айғыржал, Кіндіктіден өтіп, Мұхамеджан болыстың ауылынан өтіп, түнде далаға түнеп, таң атқан соң сөйлескен жандар: «Бүгін сексен шақырым жүріпсіз. Семей осы жерге жүз жиырма шақырым» — дейді. Мұнан шығып, Қиғытан, Босбос [т] ұсында ат шалдырып, Соқырқалаға тұстас Қаратеректе [б] ір-екі үй Қаракесек көптен сіңісті болған иттер бар екен, маңайында жатып, аттанып, Кеңтүбекте Андас-Алдаңғор ауылына ат шалдыру үшін түсіп, елу шақырым жерге бес теңге беріп, пар ат жалдап, Тұзқала тұсындағы Иманға жеттік. Семейден шығып, Кеңтүбекке жеткенше иманымызды үйіріп, бозқасқа, [к] өкқасқадан түк қалдырмай айтып, Аңдасқа жетіп, «Уф!» — деп, [д] емді бір-ақ алдық. Ат та, өзіміз де қалжырадық. Бес теңгеге пар ат жалдап, Иманға жеттік. Иманға жеткен соң ат- [к] өлігіміз аман болуына иманымыз күшті болды. Тұрсынхан, Хамитолда — екеуінікінде алты күн жатып, өзіміз жайланып, ат-көлігіміз [ді] олардың шын пейілмен күткендігі сондай болды. Манамбай... қотанынан аралап өтіп, түспей кеттік. Жармақтан [Ермактан] — ...ктастан бір шай ішіп, Есентүгелде отырған...
Нұх, Наурыз тарихы.
Мәшһүр Жүсіп Көпейбаласының Наурыз жайын сөйлеу үшін сөйлеген сөзі. Естіген құлақтың жазығы жоқ. Құрттай бала күнімізде жарапазан айтатұғын шалдар айтып жүруші еді [288].
Бердіқожа.
Абылай хан заманында Шанышқылы — Бердіқожа батырды жерге таласып... [289].
Құнанбай туралы (бірінші нұсқа).
Бұл Көкшетау, Диуанатау аталған жерлер Қарқаралыға қарайтұғын: Қаракесек — Қамбар қыстаулары [290].
Едігенің алғашқы билігі (бірінші нұсқа). «Ердің құны — есебін тапқан сабазға екі-ақ ауыз сөз» — деп, қай заманда айтылған? Ұлы жүз — Үйсін — Ошақты деген ел Орта жүзден: Малай, Жәдігер деген таптан бір Құлназар дегенді өлтірген екен [291].
ЕДІГЕНІҢ ТОҒАСПЕН ҚҰДА БОЛУЫ
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
Едіге би Жақсыдалбада Қарағайлы бұлақта отырған күнінде үйінің сыртына он жолаушы келіп түсе қалыпты [292]. Ол заманда кигіз үймен қыстап шығатұғын күн, үй сыртынан күрке тіктіріп беріпті. Оның артынан іле он кісі түсе қалыпты, оған да күрке тіктіріп беріпті. Қонағасыларын беріп, ертең таң атқан соң, бәрін үйге шақырып, құрт жылыттырып беріп отырып, жүрген-тұрған жөн-жобасын сұрасыпты.
Сөйтсе, олар:
— Ұлы жүз: Үйсін — Тоғас бидің елінің кісісіміз, — десіпті. — Өз ұлтымыздан, ағайын арасынан бір ұрыс-төбелес болып, бір қатын бала тастады. Өз ортамыздағы биіміз — Тоғас би: «Ағайын — бірің оң көзімсің, бірің — сол көзімсің! Мен қанша: «Түзу айттым!» — дегенмен, жығылған жағың өкпелі боларсың! Көз таңбалы Арғында Манас би деген би бар, соған барыңдар!» — деп, солай айдады. Ол Манас би: «Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболатқа барыңдар!» — деп, оған айдады. Ол Бекболат: «Үш жүзге үлгі айтқан Үйсін: Төле би: «Жалғыз ауыз сөзіне риза болып, барған жолына он «тоғыз» байлаған Едігеге барыңдар!» — деп, сізге айдады. Келіп отырған мән-жайымыз — сол! — деді.
— Ол қатыннан түскен түсік қайда? — деді.
— Құрым кигізге тігіп алып, қанжығамызға байланып жүрміз, — десті.
— Кәне алып келіңдер, көрейін! — деді.
Тігіп тастаған құрым кигізді алып келіп, сөктіріп көріпті. Көрсе, екі бөлек сүйек екен, егіз бала екен, бас, қол, аяқ — он екі мүшеден бір мүше жоқ, сурет бола алмаған екен.
Едіге би сөйлепті:
— Мұнда бастайтын бас жоқ, көретұғын көз жоқ, ұстайтын — қол, жүретұғын аяқ жоқ. Кісі есебіне, адам санына қосылған жоқ екен, бұған құн бұйырмайды. Бұрынғы ата-бабадан [293] қалған сөз бар еді: «Даушы құр қалмайды, жаншы құр қалмайды» — делінген. Бұл төбелеске екі «тоғыз» айып салу керек. Қатынды ұрған жағың түйе бастатқан «тоғыз» төлеуің керек. Қатынға болысып төбелескен жағың ат бастатқан «тоғыз» айып төлеуің керек. Түйе бастатқан «тоғызды» Тоғас бидің босағасына байлаңдар, ат бастатқан «тоғызды» Манас бидің босағасына байлаңдар! Бекболат пен екеумізге бітіріп қайырған абыройдың өзі олжа болуға толық! — депті.
Бекболатқа барып айтқан, о да: «Пәлі!» — депті, Манасқа барып айтқан екен, о да: «Пәлі!» — депті. Тоғасқа барып айтқан екен, о да: «Пәлі!» — депті. Оның ырза (риза) болғандығы сондай — ақпан мен қаңтар — қыс ішінде он жігіт жіберіпті: «Едігенің қызы болса, айттырып келіңдер. Қызы жоқ болып, ұлы болса, қыз беретұғын болып келіңдер. Өзін қонаққа шақырып келіңдер, «Елдің жайлауы, биенің байлауы болсын!» — деп, тоқтамасын, жарқырап жаз шығысынан, күркіреп көк шығысынан қалмай келсін!». Он жігіт келсе, Едіге қыздарын әр орынға атастырып беріп қойған екен. Алты қыздан соң туған Шоңға да қалың беріп қойған. Шоңға тетесі Қиғара, оған қалың берген жоқ болса керек. Сол Қиғараға Тоғас бидің Нақ деген қызын атастырып қайтты дейді. Едіге би бұл келген он жігітке он қара ат, он қара құлын жарғақ кигізіп қайтарыпты. Жарқырап жаз, күркіреп көк шығысымен: «Ат қара тел (тіл) болды» — десіп, Едіге би аттанып, бірсыпыра кісімен Тоғас бидің еліне барды. Тоғас бидің елі Күркілдек өзенінің бойында отыр екен. Қым-қуыт, шым-шуыт, азан-қазан, у-шу болып жатқан жұрт. Тоғас биге барып түсіп, көріскен соң, елдің ың-жың болып жатқан мән-жайын сұрады.
— Мұның мән-жайы мынау, — деді, — елімізде: «Кәрі қатты Жәңгір хан» атанған ханымыз бар еді. Сол ханымыздың жалғыз баласы жардан құлап, жайрап қалғанына бүгін сегіз күн болды. «Мен қандай зарлап қалған болсам, жан-жануар, мал да, жан да мендей зарласын!» — деп, жаңа туып жатқан жас төлдің енесін өзеннің бір жағына, баласын өзеннің бір жағына қаматып, иіртіп, сегіз күн, сегіз түн болды — мал баласы жамырамағанына! Хан өзі теріс қарап жатып алды. Баласы өлгеннен бері нәр су татқан жоқ, ешбір жанға тіл қатқан жоқ. Елдің осындай күйзеліп тұрғандығы! — деді.
— Ханның өзі Құдайдың құлы, Мұхаммедтің үмбеті ме?! — деді.
— Құдайға құл болмаған, Мұхаммедке үмбет болмаған жан бола ма? — деді.
— Ертең о немеңнің басын, түсінен қорқып оянған жандай, бір көтертейін, мені алып бар! — деді.
— Жарайды, бүгін қонағасыларыңды жеп, жайланып жатыңыз, не болса, ертең көрейік! — десті.
Ертеңгі күннің таңы атып, күні шықты. Астарын ішіп, түннен қалған сарқыттарын жесіп, өздеріне өзі келіп, жайланып, сақадай сайланып, кәрі қатты Жәңгір ханның үйіне барысты. Бұлар саңғырлап сәлем беріп, кіріп еді: «Күндегі көп сәлемнің бірі ғой!» — деп, хан тебіренбей, тырп етпей жата берді.
Сонда Едіге шарт жүгініп отырып сөйледі:
Ақ сұңқар ұшты ұядан,
Қол жетпейтін қиядан.
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,
Қияғы бүтін сұңқар жоқ,
Тұлпардың тұяғы
Тасқа байласа, кетіледі,
Суға байласа, жетіледі.
Теректен — бұтақ,
Теңізден — көбік.
Ақ сұңқар әуелеп аспанға ұшты,
Алтын қоңырау үзіліп жерге түсті.
Хан, саған Құдайдың бір жабдығы түсті,
Мойның жуан, көтересің күшті!
Көтермегенмен, қайтесің?!
Оны алған Құдай
Одан да күшті, бұдан да күшті! —
дегенде, хан басын көтеріп, көзін ежірейтіп, Едігеге қадалып қарай қалды:
– «Көз таңбалы Арғында Едіге деген бір жас бала бар» — деп естуші едім. Солмысың, басқа біреумісің, өзіңді танытшы! — деді.
— Болсақ, болармыз! — деді.
— Айтқан аузыңнан айналайын, сені көтеріп тапқан қатынның а...нан айналайын! Балам өлгелі бүгін сегіз күн болып еді. Осындай қылып бір жан сөйлеген емес. Сондықтан мен өліп жатыр едім, енді мені тірілттің, тірілттің! Бұрынғылар: «Өшкенің өнсін, өлгенің тірілсін!» — дейді екен. Өшкен өнбек емес, өлген тірілмек емес. «Өшкен өнді, өлген тірілді» — деп, осындай орынға тұрған, көңілге қонған сөзді айтады екен. Көтере алмай жатқан басымды көтерттің, өзімді біржолата тұрғызып кетсейші! — депті.
Сонда Едіге:
Сенің бұл қайғың:
Жиылған көптің тобында қалады,
Түзу мылтықтың оғында қалады.
Жүйрік аттың тұяғында қалады,
Қыран құстың қияғында қалады.
Жыландай иіріліп,
Құйындай үйіріліп,
Аққан судың бойында қалады.
Ақ маралдай керіліп,
Аяғын бір басуға ерініп,
Ырғала басқан сұлудың қойнында қалады!
Өлім деген, шіркін, өрт емес пе?!
Осы айтылғандар —
Оны сөндіретін су емес пе?!
Ит өз құйрығын өзі көтеріп жүрмесе,
Оның құйрығын кім алып жүрмек?! — дегені —
Адам өз көңілін
Өзі көтеруге керек» — дегені емес пе?! — дегенде хан ұшып тұра келіп, сілкініп:
—Менің өшкенім өнді, өлгенім тірілді. Алып кел малды, қыр да, сой. Мен жұртыма беремін зор тамаша той! — деп, «Тоғастың киітінен ханның Едігеге берген сыйыты артық болды!» — дейді.
Сол Тоғас би Нақты кемеліне келтіріп, ырғап-жырғап, қыс ішінде ұзатқан екен.
— Құдағиымды көріп қайтамын, — деп, — Тоғастың бәйбішесі бірге жүрген екен.
Бір күн [і] құдағиы күйеу мен қызының күркесіне кіріп келсе, күйеу пақыр қалыңдығының аяғын қойнына салып жылытып отыр екен.
— Ұрғашыдан құны кем неме екен ғой, мынаған еріп еліне барғанмен де, көп жаманның бірі болып кетермін! — деп, өкпелеп, сол жерден еліне қайтып кетіпті.
Едігенің көрген түсі (үшінші нұсқа).
Бұрынғылардың қандай жан екендігін қасында жүрмесең де, мен сөйлесем, танисың. Ол заманда қожа-молда жоқ [294].
Едігенің соңғы билігі.
Күлік: Шобалай баласы Жаңабатыр бидің бес көк ала бас атаны жоғалыпты [295].
Өміртай тапқырлығы.
Осы Өміртай жас бала жігіт күнінде... [296].
Олжабай батыр (төртінші нұсқа).
«Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай!» — деседі [297].
Тұрлыбек пен Сақау ақын.
Кеше қазақ орысқа қарағанда, Керей, Уақ, Атығай, Қарауыл бұрын қарап, «бодан» атанған [298].
Тұрлыбек пен Қабыл әңгімесі. «Сөзден сөз туады, // Сөйлемесе, қайдан туады? Тұрлыбек сол келгенінде біздің Сүйіндік жұтамай жүре ме, жұтқа шалдығып, жүдеп-жадап шыққан екен [299].
Олжабай батыр (үшінші нұсқа).
Бұл тарих шежіре: ауыздан-ауызға алынған сөздерден жиналған [300].
Малайсары және Олжабай.
Он сан Орта жүзге уран болған Олжабай батырдың бағының ашылған, аруағының шашылған жорығы [301].
Олжабай және Жасыбай.
Біздің бүл қазақ Сыр бойынан ауып келгенде, Ұлытау, Кішітауды қыстап, Сорқара, Сортыны жайлап, сол маңа [йы] на орын теуіп жүріпті [302].
Кенесарының қырғызға барған себебі.
Ең алғаш қазақ орысқа қарап, дуан аузы ашылғанда, Шоң би аға сұлтан, дуанбасы болған [303].
Абылай хан (бірінші нұсқа).
Абылай ханның ең алғашқы көзге түсіп, ауызға ілінген жері. Маған көктен Жебірейіл келіп айтып тұрған жоқ. Қазақта жазулы шежіре жоқ [не] ні сөйлесе, кигіз кітаптан сөйлейді [304].
Абылайдың тұтқын болуы (бесінші нұсқа).
Қалмақтың ханы кәрі Аюке жалғыз қызын қырық қыз қосып, Қалдан Шерінге жіберген екен: «Кімге берсе, билігі Қалданда» — деп [305].
Балтакерей — Тұрсынбай батыр (төртінші нұсқа). [Абылай]... тауды бет алып аттанып, бара жатқан бетінде «құс ұшпас, құлан жортпас» Бетпақтың сары даласында бір қара ала атты оқтай ұшырады [306].
Арғын-Сүйіндік — Айдабол тарауы.
...Олжабайдың тұңғышы Есенаманнан: Көлен, Үйсінбай, Қожабай [307].
Абылайдың бір жорығы (үшінші нұсқа).
Қарақалмақ — қатысыбанның ханы Абылайға елші жіберген екен [308].
«БОДАНСЫЗ КЕРЕЙ» — АТАЛУ МӘНІСІ
«Керейден бір Жәнібек деген батыр шығыпты [309]. Шақшақ-Жәнібектің жиені екен», — деп естіген едім. Бұл «Қыз Жәнібек» — атаныпты. Мұның қылған ісі: «Керейді орысқа қаратпаймын!» — деп, «Алатау мен Алтай тауының аралығында Алакөл деген көл бар. Бір өзіне жеті өзен құяды. Тайы құлындап, тайлағы боталайтұғын жер, бұл Сарыарқадан да артық, Жиделібайсыннан да артық!» — деп, солай қарай аудырыпты. Өзіне ерген ел барыпты. «Қалғанын тағы алып келемін! — деп, — бұл жаққа келіп қайтып бара жатқанда, ажал шап етіп аяғынан алып, жолда өліп, қайда өлсе де, бұл күнге шейін аты жоғалған жоқ!» — дейді. «Төрт атаның ұлы Керейдің екі атасының ұлы сол жақта есепсіз бай: «Бодансыз (бодамсыз) Керей атанған» — деседі.
Абылай заманындағы батырлар (төртінші нұсқа).
Абылай хан заманында қазақтан шыққан батырлар: «Қаракерей-Қабанбай [310].
Абылай хан түсі және өлімі (үшінші нұсқа).
Бұрынғы замандарда қалмақ қазаққа таң атырып, күн шығармаған [311].
Абылай ұрпақтары (төртінші нұсқа).
Абылай ханның алғашқы алған Қарауыл қызы бәйбішесінен ұл жоқ, жалғыз қыз болды [312].
Әбілғазының шежіреге кірісу тарихы.
Үргеніш дейді, Хорезм дейді, Хиуа дейді. Заман қадимнен шаһар атанып, талай хандар тұрақ қылған жай. Шыңғыс жұрағатынан Араб хан деген хан билеп тұрған [313].
Қазақ түбі (бірінші нұсқа).
Адам ата, Хауа ана — күллі адамзат осы екеуінен өрбіп-өнген» [314].
Қазақ хандары.
Қазақ сөзі: «Арғы атаң сенің — Шыңғыс хан, // Пайда болған сағымнан» [315].
Бұл қазақ қай уақытта «Үш жүз» атанған? (екінші нұсқа).
Қырық сан Қырым, отыз сан Рум, он сан Оймауыт... Ноғайлының елі бір алаша тайдан бүлініпті [316].
Сахабалар тарихы, қазақ қажылары (екінші нұсқа).
Замандардан заман өткенде... Араб жұртынан бір Мұхаммед деген батыр шығыпты!» — деп... тоқсан екі батыр атқа мінді дейді [317].
Орта жүз шежіресі жалғасы.
Жанарыс екі қатыны болыпты [318]...
Жидебай батыр (екінші нұсқа).
Болатқожаның бел баласы — Ақша, Төйте [319].
Найман шежіресі.
Жанарыстың бәйбішесінен туған төрт қожаның бірі — Қарақожа [320].
Қыпшақ шежіресі.
Бұрынғы қариялар Орта жүзді «Жеті арыс» — деп сөйлейтұғын [321].
Арғын-Сүйіндік — Ақбура тарауы.
Ақбура: Аққошқар, Жиібай (Жетібай), Кенже, Көкен [322].
Тобықты шежіресі.
«172 [3]-інші жылда Ақтабан шұбырынды болды, — деп, — «Қалқаман-Мамырда» айтқан [323].
Қанжығалы шежіресі.
Қанжығалы: Ішпек, Піспек [324].
Бөгенбай батыр ұрпақтары.
Қанжығалыдан Бөгенбай батыр шықты [325].
Бәсентиін шежіресі.
Мен өзім Павлодарда тұрдым [326].
Арғын-Сүйіндік — Орманшы тарауы.
Сүйіндіктен: Оразкелді, Суғыншы [327].
Керей шежіресі.
Көрсары (Құрсары), Ақсары [328].
Бәсентиін: Бұқа, Күбір тарауы.
«Бәсентиін ішінде Бұқа, Күбірміз» — дейді [329].
Арғын-Сүйіндік — Қаржас тарауы.
Мұса, Секербай заманындағы қариялар [330].
Жүсіпбек Аймауытұлының Мәшһүр Жүсіпке бірінші хаты.
20 май 1927 жыл. М.аға хатыңызды алдым [331].
Мәшһүр Жүсіптің «Жүсіпбек Аймауытұлына» (бірінші хат) өлеңі.
Мен «Мимнан» бір сәлем хат «Жым» ініме [332].
Мәшһүр Жүсіптің «Жүсіпбек Аймауытұлына» (екінші хат) өлеңі.
Кісі едім әлдеқашан өліп қалған [333].
Жүсіпбек Аймауытұлынын Мәшһүр Жүсіпке екінші хаты.
15 ноябрь 1927 жыл. Құрметті, Мәшһүр аға, сізге үлкен ұятты болдым [334].
Сүгірәлі абыз (бірінші нұсқа).
Алты атаның ұлы Әжібайдан шыққан абыз — Шумақтың абызы Сүгірәлі абыз [335].
Шопанның Зілғарасының өлеңі.
Атығайдан мен шыққан Зілғара едім [336].
Үшкілбай Сасықұлы өлеңі.
Бойында Шөптікөлдің Үлкенащы [337].
Мәшһүр Жүсіптің «Мұса Шорманұлының асы» өлеңі.
Бисмилла — бұ сөзімнің басы болды [338].
Мәшһүр Жүсіптің «Ізбас қажы» өлеңі.
Мен өзім үйден шығып Далба бардым [339].
Мәшһүр Жүсіптің «Мұса Шорманұлының асы» өлеңіне қатысты дерек. «Мұса мырзаның асы(ның)» өлеңін бастағанда, Әкімбек Шідертіні өрлей көшіп [340]...
Ауған жұрты.
Бұл Ауған жұрты әр рудан құралып, жұрт болған ел [341].
Қиянат.
Жақсы қыз бозбалаға пар болғандай [342].
Әуелі керек нәрсе иман деген [343].
АРҒЫН-СҮЙІНДІК — АЙДАБОЛ ШЕЖІРЕСІ ЖАЛҒАСЫ
[Жанарыс — Қарақожа — Арғын — Құтан — Мейрам — Сүйіндік — Суғыншы — Шуманақ — Құлболды — Айдабол — Малқозы — Н.Ж]. Малқозыдан: Толыбай, Сары батыр. Толыбайдан: Олжабай, Құлжабай, Рысқұл (Ырысқұл), Орман. Сары батырдан: Омар, Байкелді, Дәулен, (Дәурен), Майкөт. Олжабайдан: Бектен, Дәулет, Өтебай, Жалаңтөс. Омардан: Талтақбай, Құтаяқ. Дәуленнен: Кәден, Есімбек, Көнек. Байкелдіден: Алдаңғор, Қошай, Қаймақ, Маймақ. Майкөттен — Аңдамас, Аңдамастан — Дәу, Дәуден — Есберген [344]. [Айдабол — Жанқозы — Төлебай — Еламан — Н.Ж]. Еламанның тоқалынан: Жауқашар, Нұралы, Ботан, Бақпай. Жауқашардан: Түйеші, Бозбай, Шаумен, Тасай (Қасай), Тауасар. Түйешіден: Салықшы, Қаткей, Күржік, Бұршай, Бисақай (Ишақай), Жұмақай, Базарбай. Бозбайдан: Қожахан, Жұқай, Алдақай, Шотай, Дүйсенбай, Шаққа. Шауменнен: Темеш. Тасайдан: Жаңбыршы, Тасыбек, Бәжік. Тауасардан: Мәліт, Жалтын, Құлшай. Салықшыдан: Адам, Тайбасар. Қаткейден: Қалмұхаммед, Құлмұхаммед. Күржік [тен], Бошай [дан] тұқым жоқ. Бисақайдан (Пышақайдан): Бошан, Сыздық, Ахмет. Жұмақайдан: Омар, Оспан. Базарбайдан: Жамақай, Ибрай. [Айдабол — Жанқозы — Төлебай — Еламан — Жауқашар — Бозбай — Қожахан — Н.Ж]. Қожаханнан: Түсіпбек, Жолкен, Шаумен, Сыздық. Жұқайдан: Ибрай, Тоқап, Қасым... Шотайдан: Білде, Адам. Дүйсенбайдан: Ақай, Сыздық. Шападан — Омар, Омардан — Түсжан. Темештен: Елтоқ, Адам, Аманжол, Омар, Өпкір, Пұшық. [Айдабол — Жанқозы — Төлебай — Еламан — Нұралы — Н.Ж]. Нұралыдан: Қалабай, Жанабай, Алтайбай, Сексенбай. [Нұралының] бәйбішесінің аты — Ақанай, екінші қатыны — Қалам. Қаламнан туған: Қожыр, Қаракесек, Қантай, Базаршы, Күзембай, Қамбар, Ертай, Қарымсақ. Нұралының бір қатынынан: Жантай, Бақпай, Байжан, Бышай. Жантайдан — Мылтықбай. Мылтықбайдан — Бекше. Алтыбайдан — Әбіш, Әбіштен — Мағжан, Бөрікөш. Сексенбайдан — Дүрмұхаммед. Бақпайдан — Айыт, Бозша. Айыттан: Адам, Мұса. Бозшадан — Саңқай, Баймағамбет. Алтыбай шешесінің аты — Кішкентай.
НӘПСІНІҢ ТАРИХЫ
Адам ғалайссалам Хауа анамыз екеуі жұмақ (қылығында) қылушынып қашқан уақытында Шайтан ғалия лағынменен деңе (дүние) екеуі қашқан екен. Шайтан ғалия лағын еркегі — дене мұныш болып, бұл екеуінен һауа туған екен. Жүрек пенен бауыр екеуі арасынан нәпсі туған екен. Жан мен дене арасынан көңіл туған екен. Жан — атасы, дене — анасы. Алла тәбәрік отғылы жұпсыз нәрсе жаратқан жоқ. Қан, жүрек болып тұрған күнінде нәпсі табиғатыны тақ қылып, патша болады екен. Адамға неше түрлі жаман уасуаса, жаман пұлға жұмсайды екен. Енді ет жүректілігіні тастап, пікір-зікірге кіргізсе, онда көңіл патша болып, шариғатты тақ қылып, адамды жақсы орынға жұмсайды. Ол қайтсе, ет жүректіліктен шығады, жаман ойға түседі? Көңіліне пікір-зікір келтіріп, Құдайдың шеберлігін біліп, осындай қылып, адамды осынша түсірден сақтануға тырысу керек. Қудай бар ма, бар, оны қайдан білесің? Өзімізден білеміз. Өзімізден білгеніміз мағынасын. Өзіміз [ді] Құдай жаратпаса, қайдан мұндай адам болар ек?! Бір өлексе, иа бір хайуан қылып қойса, қайтер едік?! Осындай Құдай тәбәрік отғылының шеберлігін ойына келтіре берсе, пікір-зікірге ауырлады. Ет жүрек қаннан тарқайды. Көңіл бөліп, тағал биегіл кірлит алыңыз.
ПАЙҒАМБАР МЕН КӘПІРЛЕР СОҒЫСЫ
Қадір соғысы. Пайғамбар мен кәпірлердің соғысы. Ең алғашқы Қызылқырыштың керуені Шам-Шәріфтен ырғап-жырғап, екі иығынан дем алып, ыңыранып қайтты. Әбусыған тағында басты-басты кісілері бар хазіретіл Ғалия-ал-салам уахи келтірді. Кісі аз да, мал көп, соны олжа қылып: «Мүмин мұсылман ат-тонға бір жарысын!» — деп, ан хазіретіміз сахабаларға хабар беріп, үш жүз он үш (313) кісі болып, Мәдинә Мүнуәреден шығып, керуен таларға бет қойды. Керуенде қырық-ақ атты (атлы) кісі бар, — дейді. Өзгесі жаяу-жалпы, малшы, қойшы, — жамандар. Бұл жақтан бұлар шыққанда, керуенге де ха [б] ар барып қалды. Мұхаммед Мұстафа ғалия-ал-салауат- уассалам қосын тігіп шыққанлығынан сол күні Меккедегі құрайышларға да хабар барып қалды. Онан Әбжаһил лағын бас болып, тоғыз жүз елу (950) кісі жасанып шықты. Керуенлер жүріп келе жатқан жолын тастап, басқа жолмен кетті де: «Керуенге тоғысам ғой» — деген дәмелі болған жерден Мекке мішіріклерінің жасанып шыққан жауға ұшырап қалды. Міне, Құдай тағаланың құдіретінің шеберлігін тамаша қыл! Керуен талап, олжа қыл?» — деп, Медине, Мінуәреде тыныш жатқандарды айдады. «Ал керуенді талап алды» — дегендей, Мекке Мікірмедегі бұлардың дұшпанын қиыс кетіріп, қозғап, екеуін түйістіріп, Медине, Мінуәреден қопарыла аттанғандар: «Аз кісіні көп қырамыз!» — деген оймен пайғамбар Құда [й] дың тілімен, пайғамбар Құдай хазірет Жебірейіл ғалиа-ал-саламның сабырмен шығып еді. Тым-ақ жақсы көрген жоқ. Ойламаған жерден жасанған жауға жолығып қалғандығын «Амал жоқ, қашқанмен жанды қала алмаспыз. Не болса да, қарсы тұрып қаруласайық!» — деп, қарсы тұрды. Кәпір көп, мұсылман аз. Мұсылмандарда жетпіс түйе, екі ат, алты сауыт, сегіз қылыш бар. Өзгесі жаяу, — құр қол. Кәпірлер ат-тонды, қару-жарағы тегіс. Пайғамбар Расул оқып дұға қылды:
— Ай, бар, Құдая, үркердей кісі еді. Көрден, жерден бас құралып, бір жиылған мұсылманлар қырылып қалса, енді бір жан сені айтарға табылмайды: «Құдай бар екен!» — деп.
Екі жақ соғысарға келгенде, Құдіреттің шеберлігі — кәпірлер өз тобына өзі көп, мұсылман аз көрінді. Араласып қалғанда, мұсылманлардың көптігі кәпірден он есе асып кетті. Мың періште көрінбей болысты. Алла шеберсің! Және мұсылмандардың түскен жері — тізесінен құмға батады. Кәпірлер күн бұрын келіп, жердің шақат шарының болмайтын шымына түсіпті. Және суды айна тосыпты (түсіпті). «Мұсылмандарды шөлге қамап, қыр [д] ық!» — деп, және сол шөлге түнеген түн көп сахаба... фытлах болып қалып: «Ғұсыл суы жоқ құйынай [ық] десе, шайтан ғалия лағын [ға] адам суретінде келіп мұсылмандарды усуса қыла бастады:
— Сіздер намаз оқимыз! — десеңіздер, таһаратсызларың, һәм жыныпларың бар, су болса жоқ, тізелеріңнен құмға батып, шырматылып жатырсызлар. Кәпірлер жердің оңдысында, судың ішінде, судың басында. Сізлер айтасызлар: «Біз Құдайдың жарлығымен келдік! Ішімізде Құдайдан тіл алып тұратын пайғамбарымыз бар!» — дейсізлер. Кәне, Құдайдың сендерді оңдырғаны? «Керуен жатыр сол жерде» — деп, жаудың үстінен түсірді. Жердің жайлысын, судың тұнығын кәпірлерге бұйырды. Сіздерді шөлге қамап қырғызуға ыңғайланды. Пәлі, Құдайың Құдай-ақ! — деп, сықақ қыла бастады. Мұсылмандар дәнеме айта алмады, төмен қарап, еріндері түйенің ерніндей салбырап, жүдеп тұрды. Онда айналайын Алланың мейірбаншылығы: Жаңбыр құйды-ай! Сондай жауды, сай-сайдан өзен акты. Құмның ара-арасы сумен толып, құмды жер тақтайдай тарсылдады. Шымды жер езіліп, саз болып, кәпірлер тізесінен сазға батты. Мұсылмандар иығы көтеріліп, рақат, шатлыққа айналды. Кәпірлер жүдеу, бас тартып, иығы төмен түсе бастады. Құдайдан келген періштелер мұсылмандардың көзіне көрініп, көптігін көрсетіп, олардың жүрегін күшейтті. Кәпірлердің көзіне көрінбей, оларды соғысып, төбелеске қызықтырды. Періштелер соғысқа кіруін кірсе де, қалай төбелесудің мағынасын білмей босқа жүрді. Сонда Алла тағаладан оларға жарлық келді: «...»— деп. Әбужаһил лағын сол жолы өліпті.
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
(ТОҒЫЗЫНШЫ НҰСҚА)
Үш жүздің баласы — Қазақ: үш Келімбеттің баласы: Қаракелімбет, Сарыкелімбет, Ақсақкелімбет [345]. Қаракелімбеттің баласы — Орта жүз (Средняя арда (орда)), Сарыкелімбеттің баласы — Кіші жүз (Мл [ад] шая арда), Ақсақкелімбеттің баласы — Ұлы жүз (Большая арда). «Түгел сөздің түбі бір, // Түп атасы — Майқы би» — дейтұғын би — Ұлы жүзден шыққан. ...Үйсін атасы, Құтанбай — Орта жүздің атасы. Мұның баласы — Ақжол, мұның екі баласы бар: Аққожа, Қарақожа. Аққожадан: Найман, Қоңырат. Қарақожадан: Арғын, Қыпшақ; қумаларынан: Керей, Уақ. Қыздан туған: Бойтан — Тарақты. Орта [жүз] — «Жеті арыс» — осылар болады: 1. Найман, 2. Қоңырат, 3. Арғын, 4.Қыпшақ, 5. Керей, 6. Уақ, 7. Тарақты. Бұл Керей, Уақ «Жеті арысқа» да қосылады, «Желкілдеген жеті Момынға» да қосылады. Арғынның бәйбішесінің аты — Аркүл (Әргүл). Мұныменен туған жалғыз Мейрам сопы. [Арғынның] екінші қатынының аты — Момын. Мұнан туғаны: Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Арықсопы, Нәдірсопы. [Арғынның] енді ең соңғы алған тоқалынан — Тәнбіс сопы. Ақсопының баласы — «Толыбай» ұранды Қанжығалы. Қарасопының баласы — «Барлыбай» ұранды Бәсентиін. Арықсопының баласы — Қарауыл, Нәдірсопының баласы — Тобықты. Тәнбіс сопы баласы — Аманжол, онан туған «Шар жетім» Шақшақ». Бір тарауынан — Төлек, онан тарайды — Қырықмылтық. Енді Арғынның төрт ұлы бар: Ақташы, Бұғышы, Кенлеші. Тағышы. Мейрам сопының баласы — Құтан (Құдан), Бұтан. Құтаннын бес ұлы бар: Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек [346]. Бұл Құтан, Бұтанды әркім біле бермейді олардың аты [н]. Сүйіндіктен — Оразкелді, Суғыншы. Суғыншыдан — Шуманақ, Мәжік. Шуманақтан: Жанболды, Құлболды, Орманшы. Мәжіктен: Малай, Жәдігер. Құлболдыдан: Күлік, Айдабол, Ақбура, Майлытон, Шегір. Майлыдан: Жазыбек, Тінібек, Қатке. Дәулетболдыдан тарайды: Қойлыбай, Шағырай, Жәдігер, Шақа, Сары, Үйкір, Құсан. Айдаболдан: Жанқозы, Малқозы, Аққозы, Қарақозы, Бозқозы, Тайкелтір, Қошетер, Жы [л] келді. Жанқозыдан: Қосқұлақ, Төлебай, Опақ, Сары, Шаян. Малқозыдан: Жаманай (Жұманай), Байымбет, Сары. Аққозыдан: Сағындық, Жекен, Қарабатыр, Қалит. Қарақозыдан — Құлнияз. Бозқозыдан — Құл, онан туған — Жұқа, онан туған — Тана. Төлебайдан: Жоламан, Еламан, Едіге, Елкелді, Малкелді. Еламаннан: Тұрсынбай, Шонты, Текебай, Көрпебай, Жәуке. Тұрсынбайдан: Бәзіл (Фазыл), Боштай, Құдияр, Қылжырбай, Тәшпек, Шоқыбай, Байтен, Ташит (Ташти).
ҒЫЛЫМҒА БЕРІЛГЕНДІК ҮЛГІЛЕРІ
Бір Адам сексенге келген бір құлын азат қылыпты. Сонан соң құл ойлапты: «Құдая, сексенге келгенше пенденің пендесі болдым. Енді ғылым іздейін!» — деп медресеге барыпты. Барса, бір-екі жас жігітлер отыр екен. Бұларға айтыпты:
— Қарағым, менің енді оқуға тілім келе ме? — депті. Онда олар айтыпты:
— Мына екі аяғыңды жоғары қаратып, басыңды төмен қаратып асып қойсақ, тілің келмек түгіл келеді, — депті.
— Ойбай, қарағым, өйткенде, тілім келер болса, мені асып қойыңдар! — депті.
Сонан соң ерігіп отырған шәкіртлер асыпты да, қойыпты. Сол бетімен шығып кетіпті. Ертең келсе, кешегі байғұс әлі солай тұр екен: сонда айтып түр дейді мына сөзді: «Кінту ғыбда хиыр әулие!» — деп. «Ақырет кебірі деген кітапты осы кісі айтқан екен. Бұл айта берген де, әркім жаза берген.
Алла тағала бір күнде сондай қылған. Алла жаратқан...
Бұхарада бір шәкірт барып, бір ұстаға:
— Міфтах, — депті.
Онда ол ұста:
— Құп, тақсыр, — депті.
Бір-екі күннен соң келіп:
— Бітіріп қойдың ба? — дегенде, айтыпты:
— Сіздің не дегеніңізді білмедім. Әйтеуір: «Құп!» — деп едім, — депті.
Сонда ол шәкірт айтыпты:
— Надан бейшара осы күнгеше бір «міфтах» мағынасын білмейсің бе? — дегенде,
— Енді не білесің, не керек айта бер! — [деп], сөгіпті.
Сонан соң ол ұста: «Өлмегенге қара жер» — дегендей, терлеп-тепшіп, істеп беріпті. Сонан соң бұл ұста дүкенін, неше түрлі сайманын тастап, тәрік қылып: «Ғылым оқиын!» — деп, медресеге барып, оқыған екен. Еш нәрсеге тілі келмепті: «[Іздегенге] жер көп-ті дүние-ай!» — деп медреседен қаңғып шығып кетіпті. Келе жатып, бір ағаштың түбіне отырса, қылжыңдап бір құмырсқа бір аяғы жоқ бір биданы [бидайды] тістеп, бір ағашқа өрмелеп, алып шығамын деп, шыға алмай, жығылып қалады. Бидай бір жаққа, өзі бір жаққа кетіпті дейді. Сөйтіп жүріп не керек, ақырында алып шығыпты. Ол байғұс мына құмырсқадан сабақ алып: «Бір аяғы жоқ құмырсқа житһады мынадай?!» — деп, қайта келіп, медресеге кіріп, ғалым болып, «міфтах» — деген кітапты түсініп алады екен.
ШАЙТАННАН АДАМНЫҢ ЖЕҢІЛУІ МӘНІСІ
Бір заманда шайтан ғалия-ал-Лағына бір ағаш ішіне кіріп:
— Мен Жебірейілмін! — деп, сөйлеген. Сөйтіп көп адамды аздырған екен.
Сонан соң бір адам қолына балта алып келіпті:
— Ағашты кесемін! — деп. Алдынан шайтан ал-Лағына шығып:
— Мына менің алтынымды алып, пақыр, міскінге берсең, мың сауапқа ба [та] сың! Ағашты кескенмен, бір-ақ сауап табасың. Мың көп пе, бір кеп пе?! — деген соң, ол бейшара алтынды алыпты да, қайтып кетіпті. Шайтан ғалия ал-Лағынның бергені жай нәрсе болыпты, бояма нәрсе болса керек. Көрсе қолына алып, дәнеме жоқ болған соң, бұл адам ашуланып қайта келіп еді, алдынан және ғалия ал-Лағына шығып айтыпты:
— Қайда барасың? — деп.
Әлгі кісі айтыпты:
— Ағашты кесемін! — депті.
— Сені жібермеймін! — депті.
Бұл:
— Барам! — депті. Екеуі таласып ерегісті. Сонан соң ғалия ал-Лағына күшейіп, аузынан оттар шашып бара жатқан соң, бұл кісі айтыпты:
— Кешегіден күшейіп бара жатқаның қалай? — дейді.
Ғалия ал-Лағына айтыпты:
— Кеше сен шыққанда: «Ғылым Құдай үшін!» — деп, онда екі жағыңда періштеден — әскерің бар еді. Бүгін алтынға риза болып шықтың. Бүгін періштеден әскерің жоқ. Сол үшін күшейіп тұрмын! — депті.
Сонан сол [ол кісі] қайтып кетіпті әлі келмей.
Мәшһүр Жүсіп өлеңі: «Құдайым жексенбі күн жер жаратты».
Құдайым жексенбі күн жер жаратты [347].
АДАМ ДЕНЕСІН АЙ, ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРУ
Адам денесі ай, жылға салыстырғанда, бір жылда төрт фәсіл бар болса, адам денесінде: ахылат, арныбыға, былхым. Жазғытұрым секілді (шіклі): өзі жуыс (иуыш), өзі салқын сахара. Жаз шілде секілді (шіклі): өзі ыстық, өзі құрғақ. Дем — күз фәсілі секілді: өзі ыстық, өзі жуыш (иуыш). Сәуеде қыс фәсілі секілді: өзі құрғақ, өзі суық. Жазғытұрым — сәби балалар. Жаз, шілде — жігітлер. Күз фәсілі — егде мосқал: қырық-елуге аяқ басқанлар. Қыс фәсілі — кемпір-шал. Бір жылда он екі ай болса, денедегі он екі даруаза. Бір аптада жеті күн болса, денеде жеті қылым орнына тұрған ағзалар.
Бір жылда үш алпыс күн болса, денеде үш жүз алпыс тамыр шид. Бала ананың рақымында, атаның солыбынан барып жатқан уақытта кім тәрбие қылады? Соны білуге керек. Әуелі бір нытыға (ынтық) болып тұрғанда, захыл тәрбие қылады. Екінші айда мыштыры тәрбие қылады. Үшінші айда мырых тәрбие қылады. Төртінші [де] шымыш тәрбие қылады. Бесінші [де] заһар тәрбие қылады. Алтыншы [да] ғитард тәрбие қылады. Жетінші [де] қамар тәрбие қылады. Сегізінші [де] қайназихыл тәрбие [қылады]. Онда туған бала адамға қосылмайды. Тоғызыншы [да] маштыра тәрбие қылады. Сол уақытта туады. Онда туған бала жақсы болады. Шыбғы сахараның ішіндегі ең нашары — захыл, ең оңдысы, хош уақыты — мыштыра. Ашулысы — мырых, хатшысы — ғитард. Заһар — күлкіші, ойыншы. Ғалым мыштыры менен шымыш — екі арасынан болады тәрбиесі. ...Көктегі он екі даруаза осы болады. «Наурыз» — деген сөздің мағынасы: «Ну жаңарушы күн» — деген. — «Үйге жүгірді, ескі жыл шықты» — дегені.
САРАҢДЫҚТЫҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ
«Құдайдан — бер де, тіле!» — деген. Намаз зекетпен қабыл. Ораза пітірмен қабыл, тілек садақамен қабыл... Құдай сараң емес, // Сақтай алмайтын жаман емес». Не болса, пенденің өз пейілінен болады. Құдай өзі айтып қойды: «Мен [ен] тілесең, беріп тіле!» — деп. «Өзің жақсы көрген нәрсеңді мен үшін бермей, менен жақсылық көрмейсің!» — дейді. «Өзің сараң болсаң, Құдайдан жақсылық көремін деп ойлама!» «Өзің сахи болсаң, Құдайдан жамандық көремін деп ойлама»... қолын қысқа ұстағанлар — өзін-өзі һалаклікке салғанлар. «Берсең, аласың; // Ексең, орасың!». Есі-дертің дүниеде болмаса, дүниені керек қылмай, жаннан кешіп, малдан кешіп, сұрансаң, Құдай сонда береді сұрағаныңды. Есі-дертің дүние болып, қолыңдағы дәнемеге тұрмайтұғын жаман дүниені Құдай үшін беруге сен қимай тұрған соң, Құдай жақсылығын саған қалай қисын?! «Бермейтұғын нәрсе болмайды, сұрауы жетпейді!» — дегеннің мәнісі... Он сегіз мың ғаламның патшасы Құдай барша мүлкінің иесі өзі біреуге тегін, біреуге сатып береді. «Анаған тегін беріп тұрсың ғой! Маған неге сатып тұрсың?!» — деуге кісінің сөзі өте ме?! Құдайдың сатуға берген нәрсесінің өзі тегін бергенінен артық көріп қуану керек! Қуанудың белгісі — ғақыл-естен айрылып, қуанғаннан жүрегі шарасына сыймай, қолда барын шаша бастауға керек. «Мен қолда барымнан айрылмайын, Құдай маған пұлсыз бергеніңді құнсыз алма!» — деген ғақылға сыя ма?! Бізге Құдай өзі жол салып, үлгі көрсетіп қойды. Сол жолмен жүріп, сол үлгіге салып іс пішуге керек. Хазірет Ибраһим халал Аллаға баласын бауыздамақ бин пәрмен бұйырып, көк қошқар жіберіп, арашалап алады. Сол күнге пенделерге үлгі болып қалды. Сол үшін құдірет патшалық мейірі тасып, жүз жылқы, алты «жақсыны» оп-оңай түсірген уақытта «Жан үшін жан!» — деп, Құдай жолыңа құрбан!» — деп, жан үшін жанға татырлық малды шалып жіберуге керек. «Жан үшін жан!» — деп, айтуға қандай мал жарайды? Өзі семіз, өзі жасамыс қошқар жарайды. Бас — бір кісіге сыбаға, қарыны — бір кісіге сыбаға. Өзге денесі елу сегіз кісі ортасына алып жесе, тоярлық болсын! Қысылған, сасқан уақытында осындай қошқар тауып шалып жіберсең, оның жаны бұған қалып, мұның жаны оған ұйысып кетуіне еш шек шүбә жоқ. Құдай сөзі — Құран, пайғамбар сөзі — хадис, молдалардың сөзі — осы екеуінің бұйрығы. Бұл сөзлерде жалған жоқ. Жалғанлық болса да, не кемшілік болса да, «Қан төсеп, қағанақ жамылған» — басы жұмыр, төсі жалпақ пенде өзіңнің пейіліңде. Не берсе, Құдай әркімнің өз пейіліне қарай береді.... Жаман пейілің — сараңдығың. Сараңдық деген — от. От нені бар қылады: тиіп кеткеннің, жолап кеткеннің бәрін жоқ қылады. Бұл пейілден айрылмай тұрғанда, дүние — ақыретте Құдайдан саған дәнеме жоқ. Оң құлағыңмен есті, құй сол құлағыңмен есті. Мен кітаптан көрген үшін Құдай өзіме білдірген үшін айтамын. Қазақ мұны білмей: «Құдай бермеген соң, қайтсін?!» — дейді. «Құдай жазбаған соң, қайтсін?!» — дейді. Құдай неге бермейді, Құдай неге жазбайды? Не нәрсе болса, жаратуда Құдай жанның бәрін бірдей жаратқан жан-жануар. Және Құдайдың құдайлығы, жаратуы, жан беруі, мал беруі, бас беруі бірдей. Бірақ «Жорға жүрісінен пұл болады, // Жаман жүрісінен құл болады» — дегендей, біреу артықтыққа, біреу кемдікке айналып кетеді. «Екі қылыш бір қынға сыймайды, // Екі тілек бір көңілге сыймайды». Біреудің тілеуі жалған болады, жалғанмен кетеді. Біреудің тілеуі ақырет болады, ол ақырет жұмысыменен алданады. Біреудің тілеуі мал болады, ол малмен кетеді. Біреудің тілеуі бас болады, малды керек қылмайды, о да онымен кетеді, уыз жас күнінде есі-дерті неде болса, пенденің өмірі сонымен кетеді. Біреудің тілеуі біреуге ауып кетеді. Біреудің несібесі біреуге ауып кетеді. Біреудің ниеті біреуге ауып кетеді. Ақырында осылардың бәрі [н] өзінен білмейді, Құдайдан көреді. «Тілеуім болмады, несібем кем болды, бейнетім жанбады!» — деп, өзінің бүлдіріп алғаны ойында жоқ. Баланың тіпті тумағандығы — ұрғашының маңдайсызлығы. Өмірінде пұшпағы қанамаған жаннан сараң тіпті болмайды. Сол үшін бұрынғылар айтқан: «Адам ішінен адам шықпай, адам кеңімейді. Бала таппаған қатынның шіп-шикі құрт бүйрегі болады» — деп. Туған баланың тұрмағаны еркектің маңдайсызлығы. Маңдайсыз қатын алған еркек қалай оңады, қалай жұрт болады?! Маңдайсыз ерге барған әйел ол қалай оңады, қалай жұрт болады?! Мың сөзден бір сөз: «Әйелдің барып тұрған сараңы о да маңдайсыз болады, еркектің барып тұрған сараңы — о да маңдайсыз болады». Құй әйел болсын, құй еркек болсын, сахи болса, маңдайлы да болады, таңдайлы да болады. «Көре-көре көсем болады, // Сөйлей-сөйлей шешен болады // Баулысында батыр болады» — деген. Ұл болсын, қыз болсын, сәби балаларды кішкене уақытынан «береген» қылып, сыйлық қылуға баулып, үйретуге керек. Бергенді мақтап, бермегенді жамандап: «Берген биге барған, // Бермеген кімге барған», «Жасынан бергіш болып, сахи болып қолы ашықтықты мінез алған баланы өскенде, жұрт қалап би қояды» — деген соз. «Бермейтұғын сараңды кім көтереді? Ит құрлы қадірі жоқ, аяқ астында қалады». Бұл сөзді бастағаннан мақсатым әр бала туғанда, «Ғақыққа құрбан» — дейтұғын құрбаны болады. Соны переводтап (перуаттап) түсіру үшін бастап едім. «Ғақық құрбан» — дегеннің мағынасы — бала туғанда, соның шүкіранасы үшін; ұл болса, екі қой, қыз болса, бір қой маңдайдағы барлық малының жақсысынан сойып, Құдайы қылып таратуға керек. Ан хазіретіміз сали ғалия өссаламнан — Хадис Шәріп... мұнан мағлұм болды Алла тағаланың әр берген нығыметінің бір міндеті — бар міндетінің барлығы — сорту алғыншыда. Мағынасын білу үшін ерте күннен раушан болып тұр. «Құдай тағала уа жаныма тірікні хош!» — дейді. Құдай тағаланың нығмет бергенлігін халыққа заһар қылып, Құдайдың бергендігіне сүйсінгендіктей, жұрт көзіне түсір! — дейді. Бұл ғақық құрбан қылмақтың мағынасы: «Иа, Құдай, бергеніңді бекітіп бер!» — деген тілек болса керек. «Көк қошқар жіберіп, Ибраһим халал Алланың ұғлы Смағұл ғалия-ал-саламды арашалағаның сықылды біздің де қолымызға өзің түсірген олжамызды пәле-қазадан арашалай гөр!» — деп, сыйыну болса керек. Туған баланы апаттан сақтауға бір себебі болатұғындығы үшін мұны қыл деп айтып жатыр. Болмаса ойға тұрмайтұғын бекер жұмысты Құдай да жаратпайды. Пайғамбарлар да айтпады ма? Қазақ жұрты өз білімін «қалжа» — деп, бір қой сояды. «Бесікке салар» — деп бір қой сояды — білімі жетпегеннен осы екі қой далаға кетіп жатыр. Егер білімі жетсе, енді осы екі сойылған қойды: «Ғақық құрбан» — деп, атап, кітап айтқан шарт-шариатларын орынға келтірсе, қылған еңбек далаға кетпей, сол баланың аман-сәлемет болуына себеп болады. Пенде не қылған ісін шын ықыласпен орнына келтіріп қылса, тіпті далаға кетпейді.
ҚЫЗ ЖҰМБАҒЫНЫҢ ШЕШУІ
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
...Бар болса, жарыққа шықсын. Шын болса, аныққа шықсын! Құй бар болсын, құй жоқ болсын, сөйленген сөз әшкере боп, халыққа шықсын [348]. «Ертеңмен тұрып, үш бала көрдім», — дегені: бірі тұл әміл, бірі — қырыс (хирыс) дүние, бірі — дүниеқор адам. Бұған дәлел болуға «Хадис Шәриф» бар: «Ишап ибн адам үйшіп ғына хы силтан хырыс оту ламіл» адам осы екеуімен үш ағайынды есепті. Ана екеуі — асылы жалаңаш нәрсе. Дүниеге келген адам жалаңаш келіп, жалаңаш кеткендіктен, киімі жоқ есепті. Киімі болса, киіп кетпес пе еді?! «Дүниеде қанша нәрсе менікі!» — деп, бауырлап жүргені — жалаңаш кісінің: «Етегім тола ақша бар!» — деп, жүргені сықылды. «Оны төгіледі» — деген ойында болмағаны жалған дүниеде жүргенде: «Бұл дүние менен қалады!» — деген қай пенденің ойында бар?! «Үш көл көрдім» — дегені: бірі — дүниеге келмей тұрғандағы атаның қарны, ананың қабы [р] ғасынан [349] шыққанда, суы терең көлден кемесі сынып, бір тақтаймен жан сақтап шыққан — жердің құрғағына шыққан есепті емес пе? Бірі — өлген соңғы адамның күні не болары белгісіз, түбі жоқ тереңге түсіп кеткен сықылды емес пе?! Ол екеуінің заһары — көрініп тұрған суы жоқ. Бірі — дүние: «Суы жоқ көл» — деп [дүниені] айтқаны — дүние бір сағым есепті нәрсе емес пе?! Суы жоқ көлден алған үш балығы: бірі — тірлік, бірі — денсаулық, бірі — байлық. Өлім даяр тұрғандықтан, тірліктің өзі — өлі балық сықылды. Ауырып, сырқамақ даяр тұр [ған] дықтан, денсаулықтың өзі өлі балық сықылды. Ішіп-жеген қорек (хорак), дүниелік — жаны жоқ балық сықылды. «Үш үй көрдім» — дегені: «бірі — «Заман мазы», адамның басынан өткен заманы. Бірі — «Заман мастақпыл»: адамның алдында, қарсы келешек заман. Бұл екеуі — тұттай жалаңаш. Енді біреуі — «Заман хал»: қазір адамның үстінде тұрған заман. «Оның да шиі жоқ» — дегені: шиі болса, желге төтеп берер еді. Адам басынан дәуренін өшіретұғын жел — өлім. Қазір тұрған заманың өлімнен алып қалуға шамасы болмаған соң, желге — шиі жоқ, үй жоқ [350] есебінде болғанлығын айтқаны. «Үш қазан тауып алдым» — дегені: Адам қолына түскен дүниені туысқан бауырына сақтатуға көзі қимайды, оны жарық қазан сықылды көреді. Баласына да сақтатуға көзі қимайды, баланы да жарық қазан сықылды көреді. Жарық қазанға сеніп, кісі тамақ қылып іше ала ма? Бауырына, баласына сенбегенде, сеніп, дүние ұстатқан [351] кісісі қатыны болады. Ол — түбі жоқ қазан. Ана екеуі өзі ішіп-жесе де, дұшпаныңа бермейді ғой. Мұның түбі жоқ қазан есептісі: душар болса, көңілін тапқанға байының дүниесінің бетіне қарамай, беріп тауысатын қулар да әрқашан болатұғын уақиға. Олай болғанда, түбі жоқ ыдыс сықылды болды. «Үш пышақ» — адамда болған үш қуат. Бірі: қуат ғазбие — ашу қуаты. Бірі: қуат шаһуания — әр нәрсеге көңілі шабу қуаты. Бірі: қуат ғақлия — ғақыл қуаты. Қуат ғазбие мен қуат шаһуания — ғақылсыз сынық пышақ сықылды дәнемеге жарамайды. Ғақылдың өзі де ғылымсыз болған күнде [352] сабы жоқ пышақ сықылды. «Түбі жоқ қазанға асып жедім» — дегені: «Қанша қолыма түскен дүние [ні] қатынмен бас қосып, ортақ ішіп-жедім» — дегені. «Қарным қабақтай болды» — дегені: «Дүниеге мысыт, мағрор болып, нәпсімнің семіруі қатден тежеусіз (тажаусыз) болды. Үш қанат үйіме сыймай, дүрілдеп отырған күнім көп болды» — дегені. «Бұтым таяқтай болды» — дегені: «Нәпсі — дүние мешел (мисалы) [353] сықылды еді де, оны көтеріп, ұшырып жүрген жан аяқ есебінде еді. Жан тарапым (тарфым) ақырет пайдасы жағым арықтап, үзілуге тақалды» [354] — дегені. «Шиі жоқ үйдің жапсарынан шығып кеттім, есігі ойда да жоқ» - дегені: өлім жолын айтқаны. Өлген адам отырған үйінің жабыгы, жап-сарынан [еріксіз] [357] шығып кеткен есепті. Есіктен шықпағанлығы белгілі... [Жапсардан] шығып кеткен сықылды болғаны -сол. «Осы үйдің есігінен шығармын-ау!» — деп, өлім жабдығын ойлаушы мыңнан біреу-ақ боп табылады. Құдай жолына басын құрбандық қылып, өлімді ойлап, жақсылық жолға шығып, сол жолда жүріп өлгендер — әнеки, үйдің есігінен шыққан — солар. Үйде жатып өлгендер — есік ойында жоқ, жапсардан шығып кеткен есепті.
Мәшһүр Жүсіптің «Дауасыз дерт» өлеңі.
Ағайын барды күндеп көре алмайды [356].
Мәшһүр Жүсіптің «Бұлақ көзі» өлеңі.
Шығады: «Асыл — тастан, өнер — жастан» [357].
Мәшһүр Жүсіптің «Өнерпаз» өлеңі.
Өнерпаз қара жерге салар қайық [358].
НИЕТ ТУРАЛЫ
Ұлы жыраққа отырғанда, жуынсаң, азы үш (3) кебі болады. Бірінші жуғандағы ниеті. Әуел жуғанда, Құдай тәбәрік отғылыны «бір!» — деп білмек. Екіншісінде Құдай тағаланы «екі» — деп айтудан сақтанамыз (сақланамыз). Үш жуғанда, «үш» — деуден сақтанамыз. Төртінші жуғанда, ниет қыламыз: «Төрт жаһар жарды шапағатшы қыл!» — деп қыламыз. Бесінші жуғанда: «Бес уақыт намаз қабылд [ығы] на ниет қыламыз. Алтыншы жуғанда: «Алты тарапымнан рахмет бер!» — деп, ниет қыламыз. Жетінші жуғанда: «Жеті тозақтан сақта!» — деп ниет қыламыз. Сегізінші: «Жұмаққа кіруге несіп қыл!» — деп, ниет қыламыз. Тоғызыншы жуғанда: Анама пайғамбар құданың тоғыз қатынын шапағатшы қыл!» — [деп]... Оныншы жуғанда: «Атама он пейішті несіп қыл!» — [деп]. Он біріншіде айтады: «Жақып ғалайссаламның ұлы... несіп қыл!» — деп, ниет қылады. Он екіншіде айтады: «Он екі... болған күнәдан жарлық. Он үшіншіде айтады: «Дүниеде имансыз кетуден сақта!» — дейді. Он төртіншіде айтады: «Өлер халде иман [мен] кетпекті несіп қыл!» — дейді. Он бесіншіде айтады: «Жеті тозақтан сақтап, сегіз жұмаққа кіргіз!» — деуші еді...
Мәшһүр Жүсіптің «Адам екі түрлі» өлеңі.
Бисмилла — сөздің басы, Хақтың аты [359].
БІРЕР СӨЗДЕР МӘНІСІ
«Ғұмар парық» — атанған себебі мынау екен. Пайғамбар хыдқа (Қүдайға) бір кәпір илан бір мұнафиқ екеуі (екісі) дауласып келді. Кәпір ісі хақ екен, мұнафиқ ісі қара екен. Пайғамбарымыз айтты:
— Екеуің хазірет Әбубәкір Сыдыққа бар, - дейді. Екеуі келді. Әбубәкір Сыдық айтты:
— Пайғамбар Құда [й] ға болмаған маған боласың ба? Хазірет Ғұмар парыққа бар, — дейді. Бұл екеуі Ғұмар парыққа келді. Сонан соң Ғұмар парық ризалығына айтты:
— Біраз мұнда тұра тұр, — деп, жоғарғы үйге кіріп кетті. Үйден келіп қылышын алып келіп, мұнафиқтың басын алып тастады:
— Пайғамбардың айтқанына көнбегеннің шариғаты мынау! — деп, өлтірген екен.
Кейінге бір міксім мирас болып қалды. Хазірет Ғұмар парық мағынасы: «Ақ пен қара арасын айырғышы» — деп, Пайғамбарымыз айтқан екен. «Ақ пен қара арасын айырушы» — деген сөз.
ХХХ
«Әбубәкір Сыдық» — атанғаны пайғамбарымызды кәпірлер: «Өлтірем!» — дегенде, арқасына қапқа салып арқалап жүрген екен. Сол уақытта бір кәпір келіп сұрағанда, шынын айтқан екен: — Мұхаммед осы — деп.
Пайғамбар: «Әбубәкір Сыдық» — деп айтқаны шыншыл, өтірік айтпайды екен. «Ғұшман Зауылнұрын» атанғаны — Пайғамбарымыздың екі қызын алған екен. Сол себеплі: «Екі нұр иесі» — деп айтылғаны: «Екі қыздың күйеуі» — дегені. Ғали «Кәрімалла ужһа» — атанған себебі: шешесінің ішінде жатқанда, харам шибха мекеруа нәрсені ішкізбейді екен. Сол себеплі: «Ғали кәрім Алла ужһа» — атанған.
Мәшһүр Жүсіптің «Жарты нан» өлеңі.
Айтатын құран сөзін молда қайда [360]?
[Осы папкадағы Мәшһүр Жүсіп жазбасына оның жиені Жолмұрат Жүсіпұлы (1894-1977) түсіндірмесі [361].
Мәшһүр Жүсіптің «Жетпіс бап» туындысы.
«Бисмилла, Ағузы «бар сөз басында [362].
Мәшһүр Жүсіптің «Шайхы Ысқақ» өлеңі.
Ғибрат ал, ей, ағалар, мына сөзден [363].
Мәшһүр Жүсіптің «Жер мен көк» дастаны.
Серік жоқ, кемшілік жоқ, және де айып [364].
Мәшһүр Жүсіптің «Миғраж» дастаны.
Әуелі бисмилладан сөзім басы [365].
Мәшһүр Жүсіптің «Пайғамбардың дүниеден өтуі» дастаны.
Алма ақы ешкімдерден қылып борыш [366].
Мәшһүр Жүсіптің «Он тоғызыншы бап. Басқа да патшалар, жомарттар, әулиелер» туындысы.
Ал енді патшада ғаділдік жоқ [367].
«Мәшһүр Жүсіптің қарғамен айтысы».
Түн ұзап, күн қысқарып, болды қазан [368].
Мәшһүр Жүсіп өлеңі.
Шаршадым осы жерде ауырып басым, Көзімнен қан аралас ақты жасым [369].
ДІН ТАҒЫЛЫМЫ
(ЕКІНШІ ӘҢГІМЕ)
Жан денеде еді ғой. Ол күнде есіңде біз түгіл жаратушы (иаратқушы) Құдай да болмай кеткен күн болды. Бұл күннің аты — қиямет-қайым: қолдан — күш, аяқтан әл кеткен уақыт. Бұл уақыт [та] әркім өз жанымен қайғы. «Бар ойың болсын, жолыңнан қалма. Уақыты жоқ. «Уақ, уақа ал-қалқаңшы қойып» — дегенде, бұлардан бұлай дағдарған соң, күн бұрын түңілген. Олардан бір жарылқасын болар, «Дат!» — дегеннен өзінің үміті жоқ, нашар. «Сол тарапына бағып, Ислам ғылик урсимтасын» — дер екен. Ағайын-туысқан, жар, дос, қатын-баладан дәметкен есепті». Бұлардан не болады? «Иұмирғыр әлмірі мен хиа уама уание уса жите унбиа»: Бұрыннан хабары құлаққа сіңіп қалған соң, ақырет күнінде солай болатұғыны үшін сол тарапына сәлем бергенде: «Дауысы шығар-шықпас сендерден сұрадым не, сұрамадым не?» — дегендей оң жағына сәлем бергендікт [ен], екпіндей алмайтұғынның мәнісі сол екен. Екі жағынан бірдей түңілген соң, Жаратқан патшаның өзіне жабысып, дұғаға қол көтереді екен. Баяғы намаздың басында жабысқан «Әлхамдыға» тағы шаб қылады деген намазыңды жұмыртқа басып жатқан құстай: «Осыны бала қылып, ұшырып шығарармын-ау!» — деген пікір-зікірмен оқып, жұмыртқа басып жатқан кұс біреу үстінен басып кетпесе, ұшпайды. Болмаса, екі шоқып, бір қарап, бидай, тары терген құстарша шоқақтатып оқу ма? Пенде муминнің Құданың құдіретіне ең жақын уақыты — сәждеде жатқан уақыты. Сәждеге бас қойғанда: «Енді басымды көтерсем, Құдіреттен алыс кетемін-ау!» — деген пікірде болып жатуың керек. Және: «Екінші сәжде қылғанша, бармын ба, жоқпын ба? Шықса жаным осы сәжденің үстінде шықса екен!» — деген арзуда болуың керек...
Мәшһүр Жүсіптің «Ғибрат өлең» туындысы (бірінші сөз).
Дүние малын тамам қылып,
Қарын көзі тойған жоқ-ты [370].
Мәшһүр Жүсіп. «Ғибрат өлең» (екінші сөз).
Әуел бастан туғызған Адам,
Тумай адам, өліп болмас [371] !
Мәшһүр Жүсіп. «Ғибрат өлең» (үшінші сөз).
Адам ұғлы, бес ісіңді
Бір жайт біл [372].
Мәшһүр Жүсіп. «Ғибрат өлең» (төртінші сөз).
Қырғыз келіп, елің «көш-көш» болса,
Түйең басың ете-ете кетерсің [373] !
Мәшһүр Жүсіптің «Мұсылманның сипаты» өлеңі.
Өтінейін, достарым,
Хош тыңдаңыз: Бисмилла [374] !
ДІН ТАҒЫЛЫМЫ
(ҮШІНШІ ӘҢГІМЕ)
Һәм анық білдің: қиямет күнінің хақлығына нанбағанларды қиямет қайым болып, Құдай алдына баруына қарар от-сыдық болмағандарды, шын дінде болмай, жалған дінді ұстап жүргендерді «Ол кім?» — десең: «Жетімге қаһар қылғандар, жетімді аяп мүсіркемегендер. «Және екінші кім?» — десең: Мұсылмандарға тағам беруге өзі һәм сараң болып, басқаларға да: «Бер!» — деп, қыздырушы болмағанлар. Жетімлерді, мүскінлерді мақрұм қалдырып оларға жаны ашымпаз, аямпаз, мүсіркемпаз болмай, қатал болып жүріп, құр намаз оқығышларының хақында айтылған. Фабыс (қас) жаза және олардың жазасы мынау дегендей, пұл (құл) және мүмин мұсылман болып, бір-біріне жәрдемін тигізіп болыспайды. Мұндай жандар (жанлар) дінсіз, дианатсыз. Құр намаз бұларды дінді қыла алмайды. Дін мағынасы — насихат. Насихат мағынасы — жаны ашымақ. Қанша жаның ашып айтқан сөз құлағына кірмейді. «Үлкен латхыбун лына зыхын» — делінген. «Екінші рас сөз жағымды болмайды» — делінген. Сапарға жүрерде өзіне сөйлеген насихат: «Лығырар мімлайтақ мен сенің сидалмырсылын». Бұл заманда өз бетімен кеткен бұл жұртты түзетіп, жолға сала алмайсың. Көптің ыңғайы, ынтымағы қалай аунаса, ішінде тұрып, сен онан аман қала алмайсың. Тыңлайын десең, айтушы жоқ. Айтайын десең, тыңдаушы жоқ. Тірі тұрып, жұрт ішінде жалғыз қалғанша (қалғұнша): «Ғылу лаһамта мен ла-иман Хадис Шариф һәмит» — бір қапа (қиға) мініп, пақырлық майданына жолан қиафыл. Жұмсақ көңіл бірле қатығы, бірде жатқаның (иатқаның) — сенің жұмсақ көрпе үстінде жатқаныңнан [ж] ақсы дүр. Бейшарашылық, мүсәпірлік, беклік — опа патшалықтан жақсы дүр. Жүз (иүз) иамағы бар шапаның таллалық тоннан жақсы дүр. Қанағаттан жақсы нәпсі жоқ дүр. Дертменлер қажетін іздеп тапқыл! Пасықлар қажеттен қашпақ уәжіп дүр. Әр немеге Құдайдың (Құданың) ризалығы болса, онда болғыл! Әр кісі ғашық махаббат дерттен бейхабар болса, егер атың һәм болса, жаттығына білгіл. Есі бүтін ғақылға ие болған адам дұшпаннан қашуға керек. Сенің аса жақын үгітші дұшпаның нәпсің дүр. Нәпсіңнің халапына жүр. Нәпсіңнің семіруін іздеме, арық болуын ізде. Халап нәпсі істе[ме]к амал тағат болар ма мұнан артық қарық ғадет?! Онан соңғы дұшпаның — қойныңда жатқан қатының дүр. Егер ол кетпесе, сен кет алып. Бас көтеріп жүрмегіл тақтан ағар тас. Бұл екеуінен соңғы зор дұшпаның — ұл-қызың дүр.
Мал перзент бұ дүниенің көркі ерер,
«Аз уа хакім ғидуа» — деп, хабар берер.
Әкесіз адам ұғлы көрге кірер:
Мүлік алмас есебіне бермек үшін...
Баланың аты — Дұшпан шырын.
Қожа Хафиз... Үшбу қожа Хафиз сөзінің тәпсіріне бір қазақ жақсысы құп шешіп сөйлеген. Сонда екеуі бір жерде отырып айтқан емес. Екеуі екі заманда бірінікін бірі естімей сөйлеген:
Барлы, барлы, барлы тау,
Басы есеннің малы сау.
Ұйықтамаса, қабақ жау,
Ішпей жүрсе, тамақ жау.
Жыртық үйге тамшы жау,
Арық атқа қамшы жау.
Тебеген болса, биең жау,
Кетеген болса, түйең жау.
Қашқақ болса, атың жау,
Тіл алмаса, қатын жау.
Ұрысқақ болса, ұлың жау,
Керіскек болса, келін жау.
Ұл он беске жеткенше,
Қолға ұстаған қобызың.
Ұл он бестен асқан соң,
Тіл алмаса, доңызың.
Көкпектен өліп қалмаса,
Жасында күйеу алмаса,
Бәрінен өткен қызың жау.
Хам болма, писік бол
Жасық болма, пысық бол.
Жабы болма, қайратлы, өткір бол!
Пайғамбар Құдай [й] (хұда) Мұхаммед мұстафа ғалия ал-салауат өссалам: «Қайыр мен үміт хадуһа» — дейді. Яғни: «Менің үмбетімнің қайырлысы — өткіррегі». Қанша пайғамбарлар өтіпті, әрқайсысы бір кеппен не ре [н] жіпті. Ол жақсылар екі Құдайды тауып (табып) дүр. Әр кез кісіден тамұх (тышмақ) қалмап дүр. ...Бұрынғы бір жақсы сөз бар: «Боқ жесең, палау жегеннің боғын жеме // Өзі [боқ] жегеннің [боғын] жеме!». Дүние — бір жақсы-жаман өлексе: әркім бір кеміріп кеткен сүйек. Бір ғазиз айтқан:
Бұ дүние фи емес,бір сытхуаны,
Кеміріп неше иттер кеткен, әне?
Өзі дүниеқор болған адамнан: «Дүние аламын!» — деп, пенденің пендесі болма, жаратқан бір Құдайдың пендесі бол! «Пайданы басыңа қыл, // Басыңнан асса, досыңа қыл!». Өз басына пайда келтіре алмай жүрген жаманнан «Пайда тиеді» — деп, «Қошқардың енегі үзіліп түседі» — деп, үміткер болған ақымақ ит-құстай [б] олма! Дұғасы қабыл болатұғын адамдардың дұғасынан мақрұм қалма! Ең әуелі дұғасы қабыл болушылар — сасқан, босқан, қысылған, қиналғандардың хақында Айта Кәриме бар... Екінші, дұғасы қабыл — ата-ана. Ата-ананың дұғасы бала үшін қабылдығына шек, күмән жоқ. Жастар, балалар ата-ана дұғасынан мақрұм қалмаңдар. Шын ықыласпен ата-анасының қас-қабағына қарап, тік тұрып, іші елжіреумен берген батасын алып қалған бала екі дүниеде қор болмайды. Ата-ананың дұғасын шын алған бала өзі мыстыжап лыдғұт болады. Ақырет үшін қылған құлшылығыңнан бір кәтте болмағаныңды ойласаң, Құдай ризалығын ізде. Қанша оқыған ғылымыңнан бір кәт табуды ойласаң, ұстаздың ризалығын ізде. Жасаған жас, сүрген ғұмыр, қылған әр кәсібіңнен бір кәт табуды ойласаң, ата-ананың ризалығын... [ал]. Үшінші дұғасы қабыл — әділ патшаның халқына қылған дұғасы қабылдығында шәк, шіб һате (қате) жоқ. Төртінші дұғасы қабыл — ізгі тақуа пір һізгер Құдайдан қорқыныш [ы] бар, уәлиаллаларының дұғасы қабылдығында шәк, шүбһә жоқ. Бесінші дұғасы қабыл — ата-ананы шын ықыласпен күтіп сыйлап, ризалығын алған баланың мыстыжап лыдғұт болып, оның дұғасы қабыллығында шәк шүбһә жоқ. Алтыншы дұғасы қабыл — халал жолда жүрген мүсәпір жолаушылар, ораза тұтқышларының дұғасы қабыл. Ауыз ашарында қажыларының дұғасы қабыл: үйіне келгеннен қырық күнгеше намазларының дұғасы қабыл — сапарынан қайтып үйіне түскенше. 1908 жылында 4 июнь, 1326-һижиртның 17-нұмында қазақша пішін елінде жұмға күнінде хазірет сұлтан Алғарфин — Қожа Ахмет Иассауи Шаһыншат әулиеге мықжа болып, хыжират ұлынды.
Мәшһүр Жүсіптің «Ғашық жігіт сөзі» өлеңі.
Өтіпті Хасен бірлан, ол Хұсайын [375].
АДАМДАР ТІЛІН БАЙЛАУҒА БОЛМАЙТЫНЫ
Хазірет Мұса ғалайссалам айтыпты:
— Иа, Раббы, менің хақымда жаман сөйлеушілерінің тілін байла! — дейді.
Құдай тәбәрік отғылы айтты:
— Өз хақымда қалай сөйлесе, ерікті қылдым. Өзіме қарағанда, ауыздығын алып қоя бердім. Сен менен қалай шын ұлықтығың артықтығың? — дейді. Пайғамбар да болса, хазірет Мұса ұялып қалды.
Құдай тәбәрік отғылы уахи ендірді. Қызыр (Ғызыр) пайғамбарға:
— Егер сен хош көрмесең, мен сені шайнаушылардың (шайнағушылардың) ауызында сағыз қылғанымды жазбайтын, өз қасымда сені мантуа сығынлардан, — дейді.
Хадис нәбуида: «Зікір олла жеті иқолуа мәжнүн», — дейді. «Лайтим иман әлмір хаты иқалла не мәжнүн»:
— Құдая, шүкір, әлхамдилла, шүкір, заманымдағы жұртқа сағыз қылып жайнатқаныңа?
Мәшһүр Жүсіптің Мұса Шормановты оның келіні атынан жоқтауы.
Бисмилла — сөздің басында,
Көрдім бір қасірет жасымда [376].
Мәшһүр Жүсіптің 21 жасында жазғаны.
Ағуз, бисмилла бар сөз басында [377].
Мәшһүр Жүсіптің «Қамардин хазірет» өлеңі.
Бисмилла, ал рахман рахим дейін,
Құдайға хамыд айтам мұнан кейін [378].
Мәшһүр Жүсіптің «Жарты нан» өлеңінің жалғасы.
Жамандық қайдан туар, тілден туар [379].
Мәшһүр Жүсіптің «Сәйгелді, сона, бөгелек» өлеңі.
Сәйгелді, сона менен бөгелек-ті [380].
Абай өлеңдері.
Жүректе қайрат болмаса [381].
МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР ТУРАЛЫ
Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа салиалла тағала ғалияөссалам 570 жылында 27 апрельде 12-інші абиғлауында дүйсенбі таң ата дүниеге келміш дүр. Бұл жылды: «Ғылпіл» — деп атайды. Кітаптарда пілі һибырттан 51 жыл бұрын. 15 жасында Мұхаммед Хадиша анамызды некелеген (некахланған), 40 жасында пайғамбарлық келді. Сол уақытта Мекке халқын 12 жылдай иманға шақырып, 40 кісіден артық жар, дос таба алмай, 53-інші жыл ақырында Медине, Мүнәрре көшіп бұл һижрет миладінің 613-жылдарына келеді.
17-інші госдууақих (агусду уақых) болған дүр.
Медине халқына он жылдан дерт (дірт) түсіп...інші жыл бытдысында дүниеден хылыт айлады. Пайғамбарымыз Мединеге келген соң, қуат-шаһуат тапты. 18-інші жылында һыжыратының 12 мың мұсылман бірлан Мекке халқын шауып, талап алды. Мүшіріклер қайтып бет қарай алмады. 10 жылдың тағы ауылында 90 мың мұсылман бірлан барып, 4 тауап алды. Сол күннен бері мұсылмандарға қажы парыз болып қалды. Һыжыратының он бірінші жыл [ы] кіргенде, пайғамбарымыз дүниеден ақыр аяр тыхар айлады. 63 жасында тарих миладының 634 (534) жылында 12-інші рабиғалаулда дүйсенбі күн бесін уақытысында болған.
Хазірет Әбубәкір ризаллығына Пайғамбардың орнына 2 жыл 3 ай халифалық етті. Хазірет Ғұмар уалғар қараз Аллаға үшінші жылында отырды. 10 жыл жарым жылға қиқа етті. Хазірет Ғұшман ризаллағына 12 жыл халифалық етті. Хазірет Ғалы керімалла 4 жыл 6 ай халифалық етті. Хасен ризиалла 6 ай халифалық етті. Мұнан бұрын да Мағауия ризаллына, хазіретлеріне бір болды. Бұл кісіні «Иманлардың басы» — деп айтады. «Халифа» — деп айтуға көтермеді. Сопы Аллажардың... 20 халифа. Бұл кісі кіре алмай қалады. Сол айтты: «Күрсім дүниеден жүз халифат болған, 30 халифаша көз бісе-бісе, сыз-сыз». Арафат (Хирпытпат) бақшаларында бір өзен бар-ды. Әркім оның бақшаларында. Өзеннен ішер сыла сусамас. Яғни бір адам ғылым-білім мағрипат иесі — кәусардың оның бойынан табылады да қояды. Ешкімге, ешнәрсеге мұқтаж болмайды. Бітті, бітті, жоқ, жоқ...
Ноғай, қазақ шежіресі (екінші нұсқа).
Ноғай, қазақ шежіресінен жазылған бір сөз [382].
АЙЫРБАСТЫҢ ҚАЛАЙ ҚҰНСЫЗДАНҒАНЫ ТУРАЛЫ
Айырбассыз нәрсе жоқ [383]. Атластан киім табылмаса, оның орнына қой жүн шекпен айырбасқа турады. Бал мен қант ішіп-жеп, жоқ болса да, айран менен көже аштан өлтірмеске оның орнына тұрады. Су алып ішуге ыдыс жоқ болса, уысыңмен алып ішсең, өлмейсің. Ыдыс орнына уысың тұрады. Мінуге ат табылмаса да, екі аяғың сау болса, аттың барған жеріне сен де барасың. Оның орнына денсаулық пен екі аяғың барлығы тұрады. Сенің алды-артыңда маңайыңа жан жолатпайтын... жасарың болмаса да, дәнемең жоқ болып, кедей болғанның ол өзінде маңайына жан жолатпайтын оның орнына о да туар. Алтын, күмістен салдырған сарайың болмаса да, бір баспана іші қос отырарлық жасап алған избушкаң оның орнына о да тұрады. Атлас, торғыннан төсек-орның болмаса да, жамбасың (жанбасың) астына не төсесең, оның орнына о да тұрады. Сақалтарағың жоқ болса, қолыңменен сақалыңды араластырсаң, тарақ орнына қолың тұрады. Дүниеде болған нәрсенің бәріне де айырбас бар, көріп тұрған жоқсың ба? Бұрын қазақ халқы ишанларды, қожа-молданы төбесіне көтеріп, қадірлеуші еді. Пайғамбар шариғатымен ата-бабасының ғұрып жәрдеміменен (мірдәміменен) жас [аған] бұл ғазиз ғұмырменен, жасаған жасың [а] айырбас жоқ. Кәне, «Осының қадір-құнын танып ғазиз ғұмырды, жасаған жасты босқа өткізбейік!» — деуші қайда? Һай, һай, ессіз (иесіз) ғұмыр-ай; һай, һай, есіл жас-ай! Неменен өттің, не жұмыс бітірдің?! Ойласам, маңдайыма бармағым тіредім де, жансыз сынтастай сілейіп отырып [қалдым]... [384]. Ерік ықтияр өзінде болған күнде бұрынғы ата-баба заманында бұл қазақ ишанлар мен қожа-молданы күтіп, сыйлады. Оның орнына начальник, урядник, стражниклерді күтіп сыйлайтын болды. Бұл қазақ әкесіне ас беруді ұмытты. Мұның орнына начальник келсе, мал сойғыз... болды. Қожа орнына урядниклерді күтті. Қожаларға беретұғын нәзір, ниязын бұларға берді. Молда орнына стражниктерді күтті. Молдаларға беретұғын тебенін бұларға беретұғын болды. Бұрынғы ата-бабасына беретұғын асын ұмытты. Ел аралаған начальниктер үш жылда бір қазақтың ата-бабасына асын бергізетұғын болды. Хазіретіміз [Меккедегі] қағбаға әуел барғанында, ең әуелі хазірет Ғұмар (Омар) барып, қағбаның есігінің құлпын сындырған, барша бұтларды [бұт тастарын] сындырған. Сонда бір тасқа ешкімнің қолы жетпеген биікте болған. Сол уақытта пайғамбарымыз салиалла тағала ғалия өслам — хазірет Ғалы кәрімалла үжһаге хатеп қылған:
— Менің иығыма шығып ал! — деген.
— Ай, тақсыр, сіздің иығыңызға шығу әдепсізлік, обал емес пе?! — дейді.
Ан хазіретіміз жауап берді:
— Өзім жерде қалсам да, сөзім жерде қалмасын! — депті.
Сінгірі (зігірі) ан хазіретінің мүбарак иықларына шығып алып, хазірет Ғалы ол бұтты сындырыпты.
МӘШҺҮР ЖҮСІП ӨЛЕҢДЕРІ
Көріппіз: иманға — дос, жанға — қасты,
Теріппіз: жалған істі, қойып расты.
Ертең түгіл, бүгінгі пайдасы жоқ,
Көрмессің ес жимайтын біздей масты!
Білместер орынсызға малын шашты,
Наданнан құрт-құмырсқа тозақ қашты.
Мақұлықат ғапіллікте мұнан бетер
Тауып бақ — жердің үсті, көктің асты.
XXX
Қызық па, жүрдік орынсыз,
Қадірлес бар ма сені аяр?!
Істеген жұмыс болымсыз,
Кәне, тұрма, боп даяр.
«Бар ма, — деп, — тұрлау?» — сұрама,
Арғыдан ойлар ақыл жоқ,
Көрген, білген құрама,
Сүйесің күйіп, жалын жоқ.
ХХХ
Білмеген қазақ та, бар, ноғай да бар,
Ең әуел иман ғылымын оңайлап ал!
Кітапты, пайғамбарды, періштені, —
Құр атын білуменен не пайда бар ?!
«Ен әуел керек нәрсе — иман!» — деген,
«Ақырет істеріне илан (нан)!» — деген.
«Қудай кешер!» — дегенмен іс бітпейді,
Иман шартын білмесе, айуан (айнан)!» — деген.
БҰҚАР ЖЫРАУ
«Жал құйрығы қаба» — деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз.
«Атасы бай екен!» [385] — деп,
Жаман қатын алмаңыз.
«Жал құйрығы қаба» — деп [386],
Жабыдан айғыр салсаңыз.
Жаугершілік күн туса,
Ұстап мінер [387] ат тумас.
«Атасы бай екен!» — деп [388],
Жаман қатын алсаңыз.
Екі кісі бас қосса,
Сүйреңдеп сөйлер [389] ұл тумас.
ҚАЗАҚ МАҚАЛДАРЫ
1. Бұзылғандардың жыны бір,
Шаруаның мұңы бір. 2. Төлеңгіті билеген ел оңбайды,
Қатын билеген үй оңбайды. 3. Бұзылған елді бұра-тарасы билейді. 4. Кедей елдің көшбасшысы көп болады.
Kepі кеткен елдің кеңесі көп болады. 5. Тау белгісі тас болар,
Бай белгісі ас болар. 6. Төренің жаманы төлеңгітімен қас болар,
Баланың жаманы — әкесін өлтіргенмен дос болар.
Құдайдың ең жаман жаратқан адамы —
Қатынының ойнасымен дос болар.
7. Мырзалық — қонаққа пайда, малға қас,
Батырлық — жолдасқа пайда, жанға қас,
Өтірік сөз — дауға пайда, иманға қас.
Өткір пышақ — қолға пайда, қынға қас.
8. Қарадан хан қойса, қасиеті болмайды,
Үлгісізден би қойса, өсиеті болмайды. 9. Калимасыз пір болса,
Кереметі болмайды.
Алалы тұяқ, арам мал
Берекеті болмайды.
Атадан қалған адал мал
Әрекеті болмайды.
Үш ай тоқсан болмаса,
Үлкен теңіз тоңбайды.
Қатын шайпау болмаса,
Ер жалғыз үй қонбайды.
Бірді беріп, мыңды алсаң,
Бір байырғыдай болмайды.
10. Ораздының баласы
Он бесінде: «Баспын!» — дер,
Қас сорлының баласы
Жиырма бесінде: «Жаспын!» — дер.
11. Балаң жаман болса, дәрменің кетер,
Қатының жаман болса, арманың кетер,
Қайғы-қасіретпенен заманың кетер.
12. Бұралқының пұлы жоқ,
Бұзылған шаһардың сыны жоқ. 13. Аз-аздан үйреніп, дана болады,
Тамшыдан жиылып, су дария болады. 14. Асығып басқан шайтанның ізін басады,
Аңдап басқан — Қызырдың ізін басады. 15. Бір бала әкеден өте туады,
Бір бала әкеге жете туады,
Бір бала көтінен кейін кете туады.
16. Ораздының баласы —
Өз үйінде — өзі құл [би].
Шерлінің баласы —
Өз үйінде өзі сый [пұл].
17. Жоқтық ұят емес,
Байлық мұрат емес. 18. Бар — барын бермейді,
Жоқ — қарап тұрмайды. 19. Бір баласы бардың
Шығар-шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың
Өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың
Бұхарада бұты бар,
Қорасанда қолы бар.
20. Бай-байға құда болса,
Арасында жорға жүреді.
Екі кедей құда болса,
Арасында дорба жүреді.
Бір бай бір кедей құда болса,
«Қайдан болдым?» — деп, зорға жүреді. 21. Ит жүйрігін түлкі сүймейді,
Ауру кісі күлкі сүймейді.
Желіні сау қой қосаққа имейді.
22. Көсеуің ұзын болса, қолың күймейді,
Ағайының көп болса, адам тимейді. 23. Құлынында жетім қалған —
«Қурайт!» — даса, үйірін білмейді. 24. Қозысында жетім қалған —
Түртіншегін қоймайды. 25. Иттен туған — құрмалдыққа жарамайды. 26. Жұтшылықта туған құлынның
Екі көзі таста.
Ашаршылықта туған баланың
Екі көзі аста.
27. Қазақ болмай, азап болмас,
Тамақ болмай, таму болмас. 28. Ит балалап, сауын болмас,
Екі даугер ауыл болмас.
Қас төреде бауыр болмас.
29. Қазақтың жаны — азапта,
Наданның жаны — тозақта.
«ШЫҒАСЫ ШЫҚПАЙ, КІРЕСІ КІРМЕЙДІ» МАҚАЛЫНЫҢ ШЫҒУ ТӨРКІНІ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Қазақта бір мақал бар: «Шығасы шықпай, кіресі кірмейді» — дейді [390]. Бұл сөзге дәлел керек — қайдан алынған сөз екендігі. Хазірет Сүлеймен ғалайссаламның он үш жасында аузынан шыққан сөз. Ол сөздің шығу себебі: хазірет Дәуіт ғалайссаламның халифалық құрған күнінде хазірет Сүлеймен ғалайссалам есік алдында ойнап жүрсе, бір қатын жаман наза болып, жылап келеді. Бала сұрады:
— Ай, қатын, неге мұнша күйінді-жылаударсың? — деп.
Қатын айтты:
— Екі жетім бала-шағам бар. Өзіміз қара қасқа кедейдің барып тұрғанымыз. Жалғыз-ақ пұт бидайымыз бар еді, онан басқа дәмкіміз жоқ еді. Соны диірменшіге апарып, ақысын беріп, тарттырып алып, қапқа салып, арқалап келе жатқанымда, бір қатты дауыл [391] соғып, өзімді домалатып жығып, ішіндегі ұн-мұнымен қабымды ұшырып алып кетіп, артынан қуып, өкпем өшіп, жете алмай, бара жатқанымда, дарияға түсіріп, Құдай пана берсін, көзіме бір де көрсетпей, [дарияның] қақ ортасына алып кетті. Дарияға түсісімен батқан болса, өмір бойы сүңгісем де, соңынан қалмас едім. Көз жетпестей жерге, ортасына алып кетіп, титығымды құртты. Ұнды не қылайын, әркімнен сұрап алсам да, бір жөні болар еді-ау! Қабымды ғана қайтейін?! Өзімнің бар өмірімде еңбек қылып тоқып алған қабым еді. «Шешеміз ұн тартып [алып] келеді» — деп, қуанып отырған балаларыма: «Жүзіқара боп, не бетіммен көрінемін?!» — деп, соған ішім ашып, күйіп барамын» — дейді.
— Ой, бейшара [392], Құдай саған үлкен болыстық қылған екен. Дереу барып тақта отырған патшаға арыз қыл: «Бір қап ұнымды жел тартып алды. Маған «әлімжеттік» қылып [393]. Желден көлденең алып бер!» — дей ғой! — дейді.
Қатын жылап, патшаға кіріп еді, екі пұт бидай берді. Қатын қуанып:
— Бір жасы мың болғыр-ай, балаларыма құр бармасқа тәуір болды ғой! — деп, алып шықты.
Хазірет Сүлеймен сұрады:
— Патша не дейді? — дейді.
— Айналайын, әділ патшамыз екі пұт бидай беріп, көсегемді көгертті, — дейді.
— Ой, бейшара, сен ұн тілей келген тіленші ме едің?! Дауыл соғып, ұныңнан айрылып қалып, келген емес пе едің?! Ұнды олжа көріп, қуанба. «Дауылдан ақымды [394] алып бер, әділ патша болсаң!» — деп, бар қайтадан. «Желдің үстінен арызға келіп едім той! [де]» — деп, қайта жіберді.
Қатын қайта кіріп еді, Дәуіт патша үш пұт бергізді. Қатын қуанып, алып шығып еді, Сүлеймен ғалайссалам:
— Тағы қайыра бар, — дейді. «Мен ұн сұрай келгенім жоқ сізге! Ұнымды алып кеткен желден көлденеңімді алып бер! — деп келдім [395]. — Әділ патша болсаң, арманыма жеткіз. Ақымды алған жел мен мені алдыңа алып, терге. Ұнымды не үшін алғандығын айырып бер! Қазақтың қарабайы сықылды болып [396] қайыр бергеніне мәз болмай: «Патшалық хүкіміңді тура қыл!» — деші. Не айтар екен? — дейді.
Қатын қайта кіріп айтып [397] еді, хазірет Дәуіт ғалайссалам:
— О заман мен бұ заман желмен кісі дауласқанын көргенім (көргемін) жоқ. Бар, бейшара, бес пұт бидай ала ғой! — дейді.
Қатын қуанып, бес пұт бидай алып шығып еді, хазірет Сүлеймен ғалайссалам:
— Әлі арызыңа жете алған жоқсың. «Маған бидайдың керегі жоқ, дауымды шариғатқа салып бер. Қанша берсең, қайырыңа ризалығым жоқ, — әділшілігіңді көрсет!» — деп, жабыс! — дейді.
Қатын тағы қайта кірді:
— Мен сізден бидай сұрамаймын, даугермін. Дауымды тыңда! — деп еді [398].
Дәуіт ғалайссалам:
— Уай, қатын, сен қалай жансың: менің алдымнан қуанып: «Құлдық бас!» — деп, бидайды алып шығасың. Тек далаға шықсаң болғаны, қайтадан келіп мылжыңдай бересің. Осы саған далада біреу бір нәрсе үйретіп тұр ма, шыныңды айт! — дейді.
— Өзіңіздің кішкене кенжетайыңыз мені еркіме қоймай: «Қайта баршы!» — деп, болмай жіберіп тұрған сол! — дейді.
Хазірет Дәуіт ғалайссалам тысқа шығып:
— Ай, балам, не үшін бұл қатынды әуре қылып, қайта-қайта кіргізе бересің? — [дейді].
Хазірет Сүлеймен ғалайссалам айтты:
— Ата бұл қатын сізді: «Қара қылды қақ жарып, төре беретұғын әділ патша ғой!» — деп, арызға келіп түр. Есебі [399] ұнын алып кеткен желдің үстінен даугер болып: «Ұнымды не себеплі алып кеткенін біліп бер!» — деп. Сіз мұның арызын тыңдамай, дауына қолын жеткізбей: «Дау іс білмеген ойбайға зорлайды» — дегендей, қайыр-садақа беруге зорлай бересіз. Патшалық ісі осылай бола ма екен? — дейді.
Хазірет Дәуіт ғалайссалам айтты:
— Балам, желмен дауласып, дау алған бар ма екен? Желмен мұны көлденеңдестіруге менің әлім келе ме? — дейді.
Бала айтты:
— «Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар» — деген қайда? Желдің де билеушісі бар шығар, о да өз бетімен алған жоқ шығар. «Желге менің әлім келе ме?» — деген жұрттың қолынан сайлап қойған жұмысы ғой. Сіз Құдай сайлаған халифа: сізде және пайғамбарлық күші бар ғой! Құдай жаратқан мақұлықта байлаусыз, пәтуасыз, бір қалыпта тұра алмайтұғын нәрсе жел ғой. Бір уағдасында тұра алмайтұғын адамды жұрт айтады ғой: «Күнінде желше жүз құбылады» — деп. Бет алдына лағып (ұлағып) есетұғын желден күші аса алмайтұғын болса, ол халифалықтан сізге не пайда?! Ол пайғамбарлықтан сізге не қасиет?! Алла тәбәрік отғылы сізді пайғамбар қылғанда: «Менің құдайлығымды пенделеріне таныт»! — дейді. Құдайдың құдайлығын, құдіретінің шеберлігін таныта алмасың бар: «Патшамын, пайғамбармын!» — деп, несіне мәз боласың? Жел де — Құдайдың қызметкері, сіз де — Құдайдың қызметкері. «Менің қол астымдағы бір жесір қатынның бір пұт ұнын қабыменен бір жел алып кетіпті. Өзің жұмсап па едің, өз бетімен қылған ісі ме?» — деп сұра Құдайыңнан. Бұл бейшара қатынның көз жасын Құдайдан сұрап беруге намыстанғаның ба, жоқ, ерінгенің бе? — дейді.
Хазірет Дәуіт ғалайссалам айран-асыр, дал болып тұра қалды. Ғибадатханасына барып, Құдай тәбәрік отғылыға мінажат қылды. Сәждеге басын қойып, көтеріп алып еді.
— Ассалам ғалейкум! — деп, адам суретінде бір періште жетіп келді:
— Иа, бани Алла, ол қатынның арызы турасында, міне, мен келдім. Менен желге мүкіл періштемін. Ол қатынның қабы менен ұнын мен өз бетіммен желге алдырғаным жоқ. Дарияның жүзінде іші саудагер: дүние талап қуларымен толы бір кеме келе жатыр еді. Кемесі толған товар [400] еді, адамзатқа не керек-жарақ түгел еді. Дарияның ішіндегі тасқа соқтығып, кемелерінің бір жері жарылды. Сол жарықты бітеуге шамалары келмей, суға ғарық боларлық дәрежеге жеткен соң, қойдай маңырап, қозыдай шулап, Құдайға жыласты:
— Иа, Құдай, осы дарияға ғарық қылмай, балыққа жем қылмай, бізді саламат құтқарсаң, сенің күш-құдіретіңнің, құдайлық жолына кемедегі малдың қақ жартысы жетім мен жесірдікі болсын! Жетім мен жесірдің көзінің жасының құрметі үшін бізді бұ пәлеңнен құтқара гөр! — десіп, ботадай боздасты. Сол уақытта олардың шын жабығып жылаған наласы Құдайға жетіп, Алла тәбәрік отғылы маған бұйырды:
— Пәлен жерде бір жесір қатын қаппен ұн арқалап келе жатыр. Соның ұнын қап-мабымен алып келіп, кеменің жарығына тық! — дейді. — Бұлардың жаны өлімнен аман қалсын да: «Жетім-жесір үшін!» — деп, арнап айтқан құдайы садақа нәзірі сол қатын мен екі баласына берілсін! — дейді.
Сол кеме дарияның құрғағына жақындады, алдынан кісі шаптырыңыз [401]. Кеменің жарылған жерінде қатынның ұны қабымен тығын болып, су кіргізбеске бөгет болып тұр. Ол керуеннің бір де бірі оны көрген де жоқ [402]. Сіз Құдай тәбәрік отғылының бүл шеберлігін халыққа, жұртқа шашып, есіттіріңіз де, кеменің жарығына тығылған қабын танып, қатын алсын! Және Құдайға айтқан нәзірін сепсітпей, шып-шырғасын шығармай-ақ, қа [лы] бынша керуен бұл қатынға берсін! Міне, Құдайдың құдайлығы осы: ешкімге залал салмайды. Пендесіне не тағдыр қылса, ақыры сол пендеге жаны ашып, болысқандығы болады, — дейді. Сонан соң хазірет Дәуіт ғалайссалам қатынды жібермей, тоқтатып қойып, дарияның жағасына жасауыл, қарауылшы қойып, көп кідірмей, керуенлер де құрғаққа шығып, қысылған, сасқандығына қайыл болысып, жандары аман қалғанына... [403].
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ «ШАЙТАННЫҢ САУДАСЫ» ӨЛЕҢІ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Сөз қылып жаза бердім жоқтан, бардан
Далаға от жандырдым, қалап қардан.
Бір нақыл жұртқа жәдігер, таңсық бір [404] сөз —
Хазіреті Ғайса рухолла пайғамбардан.
Бос сөзді ауызға алып, айтпаймыз біз,
Ынсаплы шын құлақпен тыңласаңыз [405].
Базарға жұрт жиылған келе жатқан [406],
Лағынға жол үстінде ұшырапты кез.
— Сен шықтың тура жолдан асып, — дейді,
— Біздерге жол қисығы несіп (нәсіп), — дейді.
— Жалпақ жұрт барып тұрған ду [407] базарға
Барамын мен де қыла кәсіп! — дейді.
— Қашырды есек пенен танып тұрмын,
Өтірікті шындай қылдың [408], нанып тұрмын.
Біле алмай артқан жүгің не екенін
Тамаша, хайран-асыр қалып тұрмын.
— Артқаным бір есекке ылғи жалған,
Жалғанда өтірік жоқ мұнан қалған.
Нанбасаң, еріп бірге көр [409] көзіңмен
Базарға қызығымды қалай салған.
Жүгім бар бір есекте мікір-хайла,
Мұнымен келтіремін үлкен пайда.
Бір тиынға он тиын пайда аламын,
Көптің басы қосылған жиын-жайда [410].
Күншілдік бір есекке тиеп артқан
Жібек, кендір арқанмен буып [411] тартқан.
Базарға мұнан бұрын көп барғанмын,
Жерім жоқ бұл саудадан залал тартқан.
Артқаным бір есекке өңшең [412] зорлық,
Есепсіз мал табамын, қылмай ұрлық.
Мен алмай оның малын кім алады,
Иттер бар көріп жүрген малдан қорлық.
Білмейді ешкім менің улығымды [413],
Майлық пен көріп бірдей сулығымды.
Қатынның ең жаманы, ит ап кетер [414]
Талау мен мекер-хайла қулығымды.
Закон жоқ жерде [415] мұны қалдыруға,
Оларға өзім ерікті алдыруға.
Білмейтін дәнемені жаман ұстар
Мекермен алдап байын нандыруға.
Базарға алып барса, не қылады,
Қараумен әр нәрсеге көз салады.
Білетін [416] күншіл [д] іктің қадір пұлын,
Оқыған көп оқуды молда алады.
Шаршарсың базар барсаң, басың қатып,
Сөйлеп тұр өз білгенін әркім шатып.
Жұрт билейтін ұлықтар таласумен,
Зорлығымды [417] алады пұлға сатып.
Томпитып қалтасына жүрген [418] сыймай,
Беруге ешбір жанға көзі қимай.
Алумен тәкаппарлық сатып менен,
Дүрдиер өз үйіне өзі сыймай [419].
Сиырдай қатып жүрер дәл болған құрт,
Көмей де жоқ, бос сөзбен толумен ұрт.
Ентігер желбіреумен екі танау:
«Семіз, — деп құр көрумен, — айтсын, — деп жұрт [420].
Ғайса айтты:
— Тоқта, малғұн, болды, — дейді,
— Айтқан сөзің бәрі орынға қонды, — дейді.
— Апарып оны қайда өткізесің
Он қашыр тиеп артқан пұлды? — дейді [421].
...Алдынан алушылар даяр жетті,
Қолдан-қолға түсірмей талап кетті.
Қайтқанда тағы ұшырап рухоллаға,
Мән-жайын саудасының кеңес етті [422].
— Бес есек өзді-өзінің орнына өтті,
Жүк еді он қашырда бір ретті.
Артқаным бәріне тамиғ еді ғой [423],
Біреуін тіленшілер талап кетті.
Иініне әуел [424] қоржын салған алды,
Қайыр сұрап, жұрт тынышын алған алды.
Пірге қол берген сопы, бірадарлар,
Жұрттан пұл жинап, қажыға барған алды.
Бір қашыр жүк бәріне түгел жетті,
Тоғызы өтпей біраз тентіретті.
Қожа, молда, ишандар елден жеген,
Дағдарып тұрған шақта сол сап етті [425].
Бұл пұлмен бірі мешіт салмақ болды,
Бірі мүлгіп, ишан боп қалмақ болды.
Біреуде шай, біреуде ет қайнатып [426].
Жұрттан пайда шығарып алмақ болды.
Олардың және айтайын қылар ісін,
Кейбіреуі бұлдайды сатып түсін [427].
Бас-басына бір мүсуәк омырауында
Егеп өткір қылуға тамиғ тісін.
...Тәспіні жыбыр-жыбыр серпіп тастап,
Наданды [428] қисық, қыңыр жолға бастап.
Онысы — жерге шашқан бидай-тары,
Торғайды келу үшін торғай бастап.
Бұлардың қылған ісін қылмайды ұры,
Құйылған кеудесіне шайтан қоры [429].
Мол қылып, жайнамазды жайып салып,
Алғауам, кәл һауамға жайған торы.
Мал табу бәрінікі болып қасты,
Мал сойғыш мырза болып, қазан асты.
Жұрттың басын шынжырлап айналдыру
Мақсаты сол: мойнына кітап асты [430].
...Бір шай мен бір табақ ет [431] — беріп пара,
Үміті сонда қылған бір-бір қара.
Жүзқараның айтам деп арсыздығын,
Қылмайын ақ қағаздың жүзін қара.
Шайтаннан қылды сауда көтерме алып,
Орнына бұлар жүрді, шайтан қалып.
Хадтен асып кеткеннің кебін сөйлеп [432],
Сияға былғамайын қалам малып.
...Байқамай жазып өттім бес-алты жол,
Еркіме қоймаған соң қызығып [433] қол.
Ақ қағаз, қара сия қосып басын,
Түсірдім жұрт көзіне риза бол!
Дін қайда, осы күнде ғылым қайда?!
Тұрған жан [434] [жоқ] анық көңілі бір
Құдайда! «Лақ, тоқты алам!» — деп жүрген жаннан
Ойлайсың: «Тиеді, — деп, — кімге пайда?!»
Дүниеден қалғаны [435] жоқ аяп күшін,
Қайраумен шықыр-шықыр отыз тісін.
Айт, тауып жастанайын босағасын,
Молданы бала оқытқан құдай үшін.
Дүние үшін жанның бәрі қайғы жеген,
Ешкімді күйдірмеймін текке неген.
Кісі тап та, айт маған, жаным құрбан,
Анық көңіл, шын тілмен: «Құдай!» — деген [436].
Айтсаң [437], тілді алмайды қатын-бала,
Енді мұны айтамын кімге ғана?!
Өзіңді «жынды» — дейді, «шайтан» — дейді,
Не қылсаң, қылдың өзің Хақ тағала!
Бет алдына [мен] лақтым ауыз бақпай,
Бетімді жіберген соң ешкім қақпай.
«Хақлық [пен] туралықта тұрамын!» — деп,
Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай [438] !
...Деймісің: «Тесілген тас жерде қалар!»
Шамшырақ Хақ жандырған саулап жанар.
Асыл, жасық екенін білмесе де,
Шелекке тағу үшін [439] біреу алар.
Бес жаста қалам ұстап, жаздым хатты,
Дүниеде көрдім бәрін — бар не қатты?
Ат беріп, ақша беріп, шашқаным жоқ,
Жүзінде жалған дүние: «Мәшһүр!» — атты [440].
Мәшһүр Жүсіптің «Сүлеймен мен Ібіліс» өлеңі.
Құдайдың құлшылығы бізге парыз [441].
Мәшһүр Жүсіп өлеңі.
Біреу — өлі, бірі тірі «Ал» мен «Бердің» [442].
Мәшһүр Жүсіп өлеңі.
Ай — қараңғы, күн — бұлт: түн демеңіз [443].
ҚАЗАҚ МАҚАЛДАРЫ
1. Тіріліктің қадірін —
Өліп көрде жатқан біледі.
Денсаулықтың қадірін —
Ауырып төсек тартқан біледі.
Жантыныштықтың қадірін —
Толғатып бала тапқан біледі. 2. Ащы менен тұщыны — татқан біледі,
Алыс пенен жақынды — жортқан біледі. 3. Сеңсең тонның қадірін —
Сексендегі қарт біледі.
Сары атанның қадірін —
Ел қыдырған сарт біледі.
4. Ер жігіттің қадірін —
Ағайын білмей, жат біледі.
Кімнің жақсы-жаманын
Жаратушы Хақ біледі.
АҚЫЛ МӘНІСІ
Ақыл підияның машрухулдығы — бір адам. Ғынбыр сәбілі ораза тұтпаса, соңыра қаза қыларға да уақыт болмайынша опат идірісіне бұ кешке шарх зажыра підия тігіліп етпес дүр. Бұ да захар дүйенуі демес дүр. Уала ғұмырында еш ораза жоқ, намаз жоқ. Білге (бізге) ораза, намазды, тасаттықтығы етпей сүр (жүр). Бұ кебі адамға еш нәрсе жоқ дүр. Ішкі пікмибіне ойын Алла [дан] тілесе, Ғифуайдар жарлық тілесе, ғазап етер сауап берсе, фазылы ғазап қылса, әділ поптардың қылып тұрған жұмысы. Орыстың поптары жасап шығарған жұмыс. Егер дүрмыға мынласыны дұрыс па деп білсең, «Підия садақасы» — деген сөзге еш қажет жоқ дүр. Ила (және) підия сақыт болды, кетті... Бұрынғы заманда надан қара халықты нандырып, малын алдап алу үшін, қаратаулық, өгізтаулықтардың: «Азбырай сом услата усайыр уажбат (ражбат) һиба кірдім, кештім!» — деп, қулықпен жасаған құлақ қағазын қашанғаша қолданып, қолдап, әуре болып адасқандық та жетер. Ол жұмыстар — тақлитпен қылынған жұмыс. Тақлитты қойыңдар, тахиққа тырысыңыздар. Хазірет сұлтан Алғарфин шаһиншат әулие айтқан: Тақлидашым тақиқ сыры айланбады. Көнгіш басым нәпсіліктен құтылмады. Иман үш түрлі болмақ: иман тақлиты, иман сытталы, иман тахқиқы. Иман тақлиты болған иман зығип деген тақлит болған нәрсенің бәрі сондай. Алла тәбәрік отғылы өз мейірманшылығы бірлан бізге отуасыд балхық бұйырды. Біз халқымызды хақлыққа тұхиа қыламыз. Бізде таһлил отлауыт Құран уа мысалы: «Зігерила усит қытғия жәбізідгіл дүр. Фиғһамыз (бағамыз) мыных етпес дүр. Имамларымыз өсиетнамада жазылады. Халық ғызым бала жетпек он тиын, жиырма тиын хатресі үшін оқылар боһшы шырых дәлелдер фолиа ила өсиет һәм шариғатымызда жоқ дүр. Бұ підия мығамыла шімит сөзін дүр. Еш ораза, намаз қылмаған зынила он екі жасынан есептеп ақыр ғұмырына қыдыр мығамыла қыла алар хал бөгер сол Алла дер. Зікіруәмісін хұтакім кіғуағын мібаулайым кірбілге намаз қылды да, Алла қабыл етпеді десеңіз, нығуаз балла бұ Алла сөзін рахымлырағымен ұлан затының рахметіне мақабылне жисарт бөкжи сөзін айырамыз. Мүбәрәк расул Алла опат етті. Сахабалар туһлил оқып ақша алдылар. Пайғамбарының төрт көшесіне отырып, кімселер ақша алдылар ма, соны оқыттылар ма... қырқыны оқыттылар ма, еш, еш, ешбір дұғаның тә [п] сірін інкәр етсем, фақит дұғаның қабылнамасы үшін... Құдай сөзі — қиямет жұмысы саудаға көнбейді. Не болса, сатусыз болсын. Құдай сөзі — Құран, пайғамбар сөзі Хадис Шәріф не айтты? Сонымен ғамал қылыңдар. «Пәлен кітап сөйлейді, түген кітап бүй дейді» — деген сөзді қойыңдар, жамиғлар, мұз сықылды кітапты шығарушыларға лағнет айту дұрыс болмаса, рахмет айтуым дұрыс емес. Не үшін десең: «Дүние рәміз, дүние шығарылмасын!» — деп, кейінгінің басын қатырғаннан басқа пайдасы жоқ. Олар — түнде отын жинағандар: қараңғыда қолына не түссе, талғамай, жия береді. «Құл» — дегені «қал» — деген сөзді тастаңдар деген сөз ғой!» — Мәшһүр пәтуасы.
Мәшһүр Жүсіптің «Ханымбике» өлеңі.
Дүниеде қарап тұрсаң, мақұл бар ма [444]?
Абайдың «Жазғытұры» өлеңі.
Жазғытұрым қалмады қыстың сызы [445].
Мәшһүр Жүсіптің «Ібіліс шайтан хикаясы» дастаны.
Бір күні отыр едім кітап оқып [446].
Мәшһүр Жүсіптің «Қиямет ахуалы» қиссасы.
Қалмай ма әлі-ақ бір күн Мәшһүр өліп [447].
Мәшһүр Жүсіптің «Шонтыбай қажы» дастаны.
Жақсылық, талап ойлап жолға түстің [448].
ӨЗІН ЖЕРЛЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ АЙТҚАН ЕСКЕРТПЕСІ
«Олжа қыламын!» — деуші болмаңдар. Топырақ қайдан бұйырса, адам сол жерде жүре бермек. Бір жерден бір жерге сүйретпеңдер. Қазақша: «Мал байлаймыз схад [расход], пәлен-түген!» — деп былшылдамаңдар. Мен өзімді тірі күнімде Құдайға шын бергенмін. Өлген соң, менімен жұмыстарың болмасын. «Үйдегі парызды базардағы нарық бұзады» — дегендей, замананың толқыны еріксіз билеп кетіп: «Өлгенде, керек болады» — деген ой тіріде өзіңе жарату жабдығыңа ықтияр түсірді: «Пенденің дегені болмайды, // Алланың дегені болады»... Бір жайнамаз, екі шапан, сәлде — сары сумкада. Және Алла оған жетпесе, көр садақаға арнаған күміс, күміс сақиналар бар. Ауызға су тамызатұғын мақта һәм камфора майы сәлденің қасында бірге. Жайнамаз, Сіләмболы (Стамбул) алаша, өлгенде, бір шапан, оның сыртынан жайнамазға орап барып, екеуі қабір басында берілсін...
ҚАЗАҚ МАҚАЛДАРЫ, НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ
1. Кетеген болса, түйең жау,
Тебеген болса, биең жау.
Тіл алмаса, қатын жау.
2. Ұл он беске жеткенше,
Қолға ұстаған қобызың.
Ұл он бестен асқан соң,
Тіл алмаса, доңызың.
Көкпектен өліп қалмаса,
Жасында күйеу алмаса,
Бәрінен өткен қызың жау.
3. Жалақ болмай, бай болмайды.
Салақ болмай, батыр болмайды. 4. Әзірейіл барда: «Жаным бар» — деме,
«Ақ жалау» барда малым бар деме. 5. Едігеден бастасаң,
Ертегіге кетерміз.
Пайғамбардан бастасаң,
Мәселеден кетерміз.
Келтесінен бастасаң,
Сөз түбіне жетерміз.
Бір мың тоғыз жүз жиырма екінші [1922] жылында, опадар жылы Мұхаммедшарафиденге «Далил Шариф» — оқуға рұқсат бердім — ұстазымнан алған. Бір хаттаманы жазып бердім. Рұқсат алғандығына осындай дәлелді қағаз болады: болмаса бекер құр қиналу.
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ «ҚИЯМЕТ АХУАЛЫ» ДАСТАНЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Қалмай ма әлі-ақ бір күн Мәшһүр өліп,
Жалп етіп, қаза жетсе, шамдай сөніп,
Азырақ тарқатайын іштің шерін,
Қызыл тіл тұрған шақта тілге келіп [449].
Жүзінде жалған дүние көп сөйледім,
Ақылға үйлестіріп, еп сөйледім.
«Дүниеден ғапіл болып [450] біз де өтерміз,
Ат қалсын кейінгіге!» — деп сөйледім.
Бекерге жібермейік келген шақты,
Пенде алмас Құдіретім берген бақты.
Денсаулық тіріліктің арқасында
Безейін бір азырақ тіл мен жақты [451].
Күн батса, қас қарайып, шығады түн [452],
Пенденің толып жатыр мойнында мін.
Бәрі өліп жан біткеннің, тірілген соң,
Болады сұрақ-сауал қиямет күн.
Бір күні қияметтің — елу мың жыл,
Құрылар сират көпір — сол жалғыз қыл.
Күн тұрар найза бойы тас төбеңде,
Қиынын қияметтің осыдан (осынан) біл.
Аспан көк түгесілер еріп ағып,
Қызарар жер темірдей, от боп жанып.
Көмірдей ғазаптағы қап-қара боп,
Шыдайды сондай күнге пенде не ғып?!
Қоярға жер таба алмас пенде жанын,
Жан үшін берер еді барлық малын.
Ұғыл-қыз, ата-ана, қатын-бала
Бірінің сұрай алмас бірі халін.
Ес қалмас сол күндерде (күнлерде) кәрі-жастан,
Шаш қалмас ағармаған ешбір бастан.
Деген күн: «Әр пайғамбар әліменен»
Сандалар жан біткеннің бәрі мастан [453].
Құдайдың әр не қылса, келер күші,
Пенденің толып жатыр қыл [мыс] [ісі].
Бас қосып он сегіз мың ғалам халқы,
Бір жерге жиылады үлкен-кіші (өлген кісі).
Қартаяр, шашы ағарып жас балалар,
Жақсылар жамандардан басқаланар.
Қамаған адамзатты қойдай айдап,
Періште айналасын қоршап алар.
Таба алмас алақандай қашарға жер,
Шын ерлер осыны ойлап, жабдығын жер.
Кәпірлер түк таба алмай, сасқанынан:
«Болсақшы иа лайтаны күн тұту рабан!» — дер [454].
Құдайым Жебірейілге жарлық етер:
— Алып кел бар тозақты, тұрма бекер!
Жаһаннам жандыратын уақыты болды,
Кешіксең, әр нәрсенің мезгілі өтер [455] !
Жебірейіл бұл жарлықты (иарлықты) алар тұтып,
Тоқтамай [456] жаһаннамға барар жетіп:
— Шақырды сені Тәңірім! — дегенінде,
Жаһаннам шошып кетер дір-дір етіп.
— Шақырды мені Тәңірім неге қыстап,
Осынша керек қылып асығыстап.
Жүрегі қорыққаннан [457] дір-дір етер:
«Ғазапқа салар ма, — деп, — өзімді ұстап?!»
— Жоқ сені шақырады — алдырмаққа,
Тамаша көрген жанды қалдырмаққа.
Күнәкар, ғасы болған пенделер көп,
Соларды [458] саған салып жандырмаққа.
Өткізген кәпірлікпен ерте-кешін,
«Құдайдан асырам, — деп, — сол өз күшін!»
Тұтпаған жарлық сөзін ғасылар көп,
Шақыртты сізді Тәңірім солар үшін.
Ішіне жаһаннамның отты жағып,
Қорықпас көрген жанлар онан не ғып?!
Су сиыры сықылдатып қайқақтатып,
Жетпіс мың жетелейді бұйда тағып.
[Әр бұйда шығыршық] та жетпіс мыңнан,
Періште қосылады өңшең тыңнан.
Шығыршық бас-басына толып жатыр,
Періште жетелейді миллион саннан [460].
Жабысар ұстап ылғи забанилар,
Жаратқан себепсіз көп қадір Жаббар.
Періштенің әрқайсысының мықтылығы —
Тауларды бір ұрғанда, қылар дал-дал [461].
Жандырып жаһаннамға тозақ отын,
Үш тармақ будақ-будақ шығар түтін.
Ұшқындар таңдай бо [лы] п жарқ-жұрқ етіп,
Аузына кәпірлердің [462] құяр отын.
Мың жылдық жетер лебі жолдан қызып,
Сол келер [463] баса көктеп топты бұзып.
Жаһаннам қызып алып тулағанда,
Шынжырын сол жетпіс мың кетер үзіп.
«Қызуы жаһаннамның өтер», — дейді,
«Мың жылдық жолдан лебі жетер!» — дейді.
«Бәріне де періштенің айрылып қап,
Домалап бет-бетімен кетер», — дейді.
Жадыңа ал, ай, пенделер, бір Құдайды,
Жаратқан жарық үшін Күн мен Айды.
Құдайдың жарлығымен қызғаннан соң,
Күшіне жаһаннамның [464] кім шыдайды?!
Жер қайда паналауға қоңыр салқын?!
Ол күннің айтып болмас тілмен қалпын.
Лапылдап жалын, түтін қабат қаптап,
Састырар көп жиылған Махшар халқын.
Әнбия, Мүрсал, Нәби [Х] аққа жылар,
Тұра алмас тағат тұтып, шыдап олар.
Ибраһим, Мұса, Ғайса, Шиш, Ыдырыс, Нұх —
Қорғайды өз бастарын (башларын) қорғап олар.
Көрген жан мұндай күннен есін танар,
Айрылар ақылынан [465] әнбиялар.
«Жанымыз билан қылса, қала ма?!» — деп,
Шап беріп сол Ғаршыдан ұстап алар.
Қорыққаннан шығара алмас ешкім үнін,
Тәңірім басқа салған соң мұндай күнін.
Һароннан өз інісі [466] Мұса безіп,
Ибраһим сонда ұмытар Смағұлын.
Қарамас сонда ешкім жолдасына,
Ұмтылар әркім рәсуа бол [ма] сына.
Анасы Мәриямнан Ғайса безіп,
Күн туар әр пайғамбар өз басына.
Жылайды қорқып [Х] аққа жасын төгіп,
«Рәсуа ғып тастай ма, — деп, — бекер [467] сөгіп?!»
Бәрі де жерге бетін баса қалып,
Жығылып етпетінен жатар шөгіп:
— Ағарды бұ мехнаттан шашымыз! — деп,
— Көл көзден аққан жасымыз, — деп.
Бәрі де пайғамбардың мұңдасады:
— Құтылса өзіміздің басымыз! — деп.
Жаныңа бір шыбындай иман пайда,
Бәрінен жан біткеннің таусылды айла.
Ғаламға он сегіз мың пана [468] болған, —
Мұхаммед, айналайын тақсыр қайда?
Қолында жасыл ту бар, көзге түсіп,
— Үмбетім, үмбетім! — деп, өкпесі ұшып.
— Тұра тұр, тоқта, тозақ, тулама! — деп,
Алдынан келер тақсыр құстай ұшып.
— Иа, Алла, тілемеймін мен өзімді,
Сарғайттым үмбет [үшін] гүл жүзімді!
Сақтай гөр үмбетім бәрін оттан,
Қабыл қыл дәрхағыңда бұл сөзімді.
Алданып үмбетлерден кейін қалдық,
Міндетті бір жұмысты мойынға алдық.
Күйдірсең, тозағыңа мені күйдір,
Жолына үмбетімнің мен құрбандық!
Бір басын үмбет үшін отқа тастап,
Көтеріп жасыл туды жүрді бастап.
«Құр-құрлап» асау атты тоқтатқандай,
Тозақтың шынжырынан тұрар ұстап.
Келеді пайғамбар мен тозақ сөзге:
— Кісім көп күйдіретін сізден өзге [469] !
Қоя бер, жарлығымен мен келемін,
Күйдіру харам болған сізді бізге.
Қойыпты ғазап үйге мені Құдай,
Қылмаса хақ жарлығын емес оңай.
Күнәлы пенделерді жандырамын,
Алдымнан сіз тұрыңыз енді былай!
— Мен кіммін, көз салсаңшы келбетіме,
Келмеген сенен басқа көп бетіме.
Қайта ғой осы арадан тілімді алып,
Жібермен мұнан былай [470] үмбетіме!
Тозақпен тұрар тақсыр көп дауласып,
Басынан жалын менен түтін асып.
Лапылдап жалын, түтін қоймаған соң,
Жіберді Аятолым суды шашып.
Тоқтатар Мұхаммедім қарсы келіп,
Құрметін, тоқтамайды, тозақ біліп.
Су шашып Аятолым жіберген соң,
Лап етіп тозақ оты қалды сөніп.
Тозаққа бір Алладан хабар жетті:
— Ай, тозақ, тулағанмен, күшің бітті.
Жарамай өзің іске, сөніп қалдың,
Сыйла да қайт [471] онан да Мұхаммедті!
Қалған соң, қайтсін тозақ, өзі сөніп,
Ғаршының сол жағына тұрар келіп.
Қуанар Махшар халқы сол арада,
Асқанын Мұхаммедтің сонан біліп [472].
Айтыңыз сол тақсырға салауат көп,
Қанша мақтап айтсақ та, бізлерге еп.
Бұл сөздің мазмұнына келген аят Құранда:
«Рахмат әл ғаламин!» — деп [473].
...Бұл жерде пайғамбардан бір сөз келді,
Имамлар рауаятын сонан терді.
«Мұны естіген адамдар бой бақсын!» — деп,
Білгенін Мәшһүр Жүсіп жаза берді.
«Фата туна афуажа» — келген аят,
Аятпен шертейін бір хикаят.
Сахаба Мағаз бен Жабал (деген) тақсыр,
Қалыпты пайғамбардан бұл рауаят [474].
Пайғамбар айтты:
— Махшар күні болса,
Тіріліп үмбетлерім көрден тұрса!
Он екі түрлі болып тұрар жерден,
Құдайым қазы болып, сауал сұрса (сұраса)!
Келеді бір түрлісі маймұн болып,
Сасыған, қанды іріңге іші толып.
Темірдей тырнақтары етін жыртып,
Өз бетін алып салып, өзі жұлып [475].
«Майданы ғарасаттың толар» — дейді,
«Тамам жұрт қорқып сонан тұрар!» — дейді.
Халайық жиылғаннан сұрар сонда [476]:
— Не қылған жазалылар бұлар?! — дейді.
— Дүниеде бой бақпаған, тілін тартып,
Тәубесіз дүниеден кеткен қайтып.
Бұлар сол екі адамды шағыстырып,
Жүгірген үйден-үйге өсек айтып.
— Мұнан соң келер, — дейді, — ылғи доңыз,
Жонынан жарылғандай, болып семіз.
Бұлар да бір тайпа боп жиыл [ыс] ар,
Сан жетпес көптігіне ұшан-теңіз.
Бордаққа байлағандай өзін жемдеп,
Дүниеде білмегендер: «Өзін кем» — деп,
Таңданып Махшар халқы жаман шошыр,
Сұрасар бір-бірінен: «Бұлар кім?» — деп.
— Жан емес бойын бағып: «Құдай!» — деген,
Намаз бен оразасын һәм күтпеген.
Бейшара кәріптерді (ғарыбларды) қан жылатып,
Парық қылмай кісі ақысын, арам жеген.
Сонан соң бір топ келер ізіменен,
Адамға қарай алмай көзіменен.
Салбырап басы темен, жерге қарап,
Еңбектеп, жерді басып жүзіменен [477].
Жұрт шошыр:
— Жүрген жан, — деп, — бұлар қайда?
— Дүниеде сол әртүрлі қылған хайла.
Өсімге өз қолынан ақша беріп,
Үстінен ақшасының жеген пайда.
Көздері әр бір түрлі енді алақтап,
Сол келер желкесінен тіл салақтап,
Дәнеме екі көзден орын жоқ боп,
Барарын білмей қайда сандалақтап [478].
Байларға бұлар орын тұрып берген,
Күштіге нашар [дікін] (нашардан) жырып берген.
Дүниеде бетіменен билік қылып,
Төресін он тиынға бұрып берген [479]
Дүниенің опасына алданғандар,
Тәрк етіп Хақ бұйрығын қылған жандар.
«Құлағы жоқ, дал болып келер, — дейді,
— Зорсынып өзін-өзі малданғандар» [480].
Бір түрліні келеді періште айдап,
Аузынан ірің ағып, соры қайнап.
Періште:
— Булар, — дейді, — айдап келер,
Қамайды сол арада қатты айғайлап [481].
Бұлар сол — оқу оқып, ұқпай қалған,
Шыны жоқ, айтқаныңа, бәрі жалған.
Жұртына өсек айтып өз аузымен
Құр қалған біле тұрып көп ғылымнан [482].
Өтеді әр қылмысы шұбалаңдап,
Аяғын сол арада басар аңдап.
Келеді әр бір түрлі жазалылар [483]
Кесілген қол-аяғы домалаңдап.
Бірі боп он екінің бұ да барған,
Айтқаным — кітап сөзі, емес жалған.
Қызығып ол — пұлына көзі түсіп,
Түрткілеп қоңсысының тынышын алған.
Жұтқаны оттан болған сол асылып,
Аузынан будақ-будақ от шашылып.
Ұлыққа ағайынды шағыстырып,
Көрінбеген боп жүріп, сөз жапсырып [484].
Жалынға түтін менен [485] іші толып,
Сол исі боқтан жаман сасық болып.
Қой басып, сиыр сүзіп, жылқы теуіп,
Әр жерге жатып тұрып, бір жығылып.
Періште сол еркіне қоймай айдар,
Бұрқылдап төбесінен миы қайнар!
«Мінекей, осы айтқанға келер» — дейді,
Бермеген сол зекетін сараң байлар.
Кигені біртүрлінің ылғи темір,
Қап-қара өне бойы болып көмір.
Мақтанып неше түрлі киім киіп
Мінез ғып тәкаппарлық сүрген өмір (ғұмыр).
Қанды ірің, алды-артынан бірдей ағып,
Мойнына шынжыр менен бұйда тағып [486],
Қосақтап шайтанменен бірдей айдар,
Бетіне қап-қара ғып күйе жағып.
Аралас еркек пенен ұрғашысы,
Қаптады Махшар халқын жаман исі.
Тәубесіз бұ жалғаннан өтіп кеткен,
Жалғанда зина болып қылған ісі.
Жүзлері қара болар, көздері — көк,
Халқына Ғарасаттың көрінер жек.
Салбырап төменгі ерні жерге түсіп,
Отпенен қарын толған, өз етін жеп.
Жылатып жетімдердің малын жеген,
Сауда ғып: «Өтірік пе алса?» — деген.
Арақты ішуменен өмірі өтіп,
Бас қосып бұл үшеуі бірге келген [487].
Қол-аяғы кесіліп бір топ тұрған,
Біреуге өтірікке куә болған.
Тіпті тіл жоқ, біртүрлі мылқау болып,
Куәлік біле тұрып айтпай қойған.
Келеді ең соңынан он екінші,
Айдай боп сол жүзлері он төртінші.
Көздері нажағайдай жарқ-жұрқ етіп,
Сол асып бір күнгіден бір күнгісі [488].
Алтын тәж басқа киген құндыздай боп,
Жарқ етіп өте шыққан хор қыздай боп.
Дүниеде Хақ құлдығын қылған адам
О дағы өтіп кетер жұлдыздай боп.
Уа, дариға, жыр ескен ғапіл мастық [489],
Дүниеде бір жайыңды қылған қастық.
«Қиылып түк таба алмай тұрғаныңда
Бір ғазап келер, — дейді, — жаман ыстық [490].
Ағашта заһыр, зақұм — періштелер
Алдыңа аяқ-табақ алып келер.
Ішіне аяқ-табақ зайғыр (заққа)
Жиылған халайыққа: «Іш!» — деп берер.
Түбіне жаһаннамның зақұм жетер,
Әртүрлі күйге салып ғазап етер.
Тамақ болып тойдыру былай тұрсын,
Тиген жерден о [н] ың ішін жыртып кетер.
«Тездет!» — деп, періштелер желкелейді,
Ішпеске кімге сорлы еркелейді?!
Әрі өтпей тамағынан тұрып алып,
Қаталап өлер болып сөз сөйлейді.
Қанды ірің, сары су болар, іші сасық,
Ас емес бұрын ішіп қылған мастық.
— Бұлар кім? — деп сұрайды жиылған жұрт
Аққан-тамған көр-жер келер бірге араласып.
— Өзі ыстық өртер, — дейді, — қайнаған су
Ішуге аузы батпас, ап-ащы у.
Күйдіріп іші-бауырын оттан жаман,
Өне бойын елжіретіп, өртейді ду.
Сусынын қандырмай да, қанар қатты,
Осындай әр не қылса құдірет-ті!
Нанбасаң, осы сөзді Құраннан көр,
Хақында (жақында) себеп болған бұл аятты.
Жоғарғы ерніменен көк тіреген,
Күндей боп жауатұғын күркіреген.
Төменгі ерніменен жерді тіреп,
Аузынан от жаңбырдай сіркіреген.
Кәпірді отқа атады бір қолын мың,
Қалмайды біреуінен біреу сол [шын].
Екі қол, екі аяғы қырық мыңдатып,
Лақтырар шаршамастан сол болып тың.
Қозғалмас жаһаннамда тау мен тас бар,
Жаралған бар осындай адамзаттар.
Үй де бар, сарай да бар, шатыр да бар,
«Бекер сөз» — деп ұқпаңдар мұны, жастар!
Демеңіз: «Жоқ нәрсе қорға айтады,
Дүниесін (денесін) сол тамұқтың зорайтады.
«Өтірік!» — деген кісі күпір болар,
Кітап сөзін өтірік деп кім айтады?
Тозақтың төбесі ашық, болмас түндік,
Кітаптан бәрін оқып, әбден білдік.
Кәпірдің бойларының ұзындығы —
Сол болар сол бір жұма жеті күндік.
Құдайдың әр не қылса, құдіреті мол,
Жазасын табандасаң, табады сол.
Кәпірдің терісінің қалыңдығы —
Болады жортар атқа үш күндік жол.
Бойлары әрбір таудай биік болар,
Қап-қара өне бойы күйік болар.
Бір сағатта жүз жанып, жүз тіріліп.
Дамылдап мың сан күнде күйіп болар.
Қанша күйсе, өлмейді, болып тірі,
Қазір күйсе, қайтадан болар тірі.
Мойнында әрбірінің бір-бір тас бар,
Ғазаптың бір осындай қиын жері.
Сескенер жаһаннамның түсін көрген,
Өте алмас әбден анық оған кірген.
Бір Алла түстісінен білдіргелі
Құранда сипатынан хабар берген.
Онда жоқ сүйінетін сол қыс пен жаз,
Қылғанмен, көтерер жоқ, кәпірлер наз.
Қалайша жаһаннамның ғазаптарын
Айтайын білгенімше сонан біраз.
Төр жағы жаһаннамның — бәрі қорған,
Кеңдігі қырық жылдық ұзақ болған.
Ыстығы дүние отынан қырық есе,
Бос жер жоқ: іші-тысы оттан қорған.
Жаһаннам жеті есігі — ғазап үйі,
Жаратқан құдіретімен терең бойы.
Қырық мың жылдық жолдан алыс — тереңдігі,
Жетеді баршасына кімнің ойы?!
Нанбасаң, осы сөзді Құраннан көр,
Жастанып отыратын онда жоқ төр.
Бір ұшқын жаһаннамнан келіп түссе,
Қырылып өлер еді жан-жануар.
Жегені заһар, зақұм — ап-ащы у,
Құрылар сират көпір үш жерден ту.
Бір тамшы сол зақұмнан жерге тамса,
Дүниеден тата алмайсың бір қасық су.
Он тоғыз арай басшы зыбанилар,
Қолына түскен жанды қатты қинар.
Біреуі дүниеге бір көрінсе,
Қырылып өлер еді жан-жануар.
Бұлардың қол астында көп періште,
Жұмыскер әрбірісі әрбір істе.
Көздері нажағайдай жарқ-жұрқ етіп,
«Мұндай күн бар ғой!» — деген жоқ қой есте.
Өгіздің мүйізіндей азу тісі,
Біреуі біреуінен асып күші.
Демде бір зәредей ес қалмайды.
Бұлар [дың] айбатларын көрген кісі.
Сақтай гөр сол азаптан, бір Құдайым!
Білмейді тіршілікте мұндай жайын.
Мен жазып мұның бәрін бітіре алман,
Мінеки, осы арада тоқталайын!
Сұрауы періштенің бізде мол бар,
Алдыңда тергеу болар қиын жол бар.
Бозбала, таусылмастай азық қамда,
Алдыңда жете алмайтын ұзақ жол бар.
Дүние — іші қуыс, бір кең сарай,
Қойды ғой қызықтырып бізді Құдай.
«Ішіне кірген жандар шыға алмайды,
Өмір, өмір өтер, — дейді, — қарай-қарай!»
Малы бар, көп жасаулы, байдан алма,
«Арзан» — деп, кедей қызына құмарланба.
Ақылы, әдебі бар, ұяты бар,
Тектінің тұқымынан ғапіл қалма.
Талап етер аз ғана амалыңды,
Өлшейді жақсы менен жаманыңды.
Үстінен жалғыз қылдың айдағанда,
Құдая, тайдырмағыл табанымды!
Аяғы бұл сөзімнің болды тамам,
Сөйледім білгенімше хикаядан.
Патшасы он сегіз мың ғаламның жалғыз
Жеткізгіл тілегіме Алла тағалам!
Ы. Алтынсариннің «Жаздың сөзі» өлеңі.
Сәуірде көтерілер рахмат туы [490].
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ «СҮЛЕЙМЕН МЕН ІБІЛІС» ӨЛЕҢІ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Құдайдың құлшылығы бізге парыз [491],
Жалғанда құтылмасақ бізге парыз.
Пайғамбар тақ Сүлеймен бір күндерде
Аллаға бір сөз айтып, қылды арыз.
Жын-пері адамзатқа қылдың еркін,
Билеттің қылып арзан [492] дүние мүлкін.
Ұшқан құс, жүгірген аң, жел мен судың —
Жараттың бір жүзікте қылып кілтін.
Жер алыс үйден шығып жүрмегенге,
Бар нәрсе жоқ сықылды көрмегенге.
«Берді, — деп, — патшалықты!» — ойламаймын,
Билігін бір шайтан Лағын бермегенге.
— Ежелден жүрген шайтан қисық жолға,
Жақсылық қылған емес ешбір құлға.
— Ол итті билегенмен не қыласың,
Ойлайсың: «Болады, — деп, — неге тұлға?»
— Сен мені қойдың халифа, патша сайлап,
Алдыма салып жүрмін бәрін айдап.
Билігін Ібіліс Лағын маған берсең,
Тас қылып қойсам, — дейді, — мықтап байлап!
— Муафиқ тағдырыма емес сөзің,
Жетпей тұр бұл араға сенің көзің.
Шайтанды босатпастан байлап қойсаң,
Жүргейсің өле жаздап аштан өзің.
— Жараттың оны (уоны) неге әуел бастан,
Атамыз адамзатқа қылып қастан?!
Сенен бір сұрағаным — билігін бер,
Қояйын байлап соны, өлсем де аштан!
— Ұшырып алып келсін, бұйыр желге,
Қоймасын: тығылса да, көрден-көрге.
Қалжырап өзің аштан дағдарарсың:
Таба алмай астан қорек ішіп-жерге.
Бұйырды сонда желге: «Алып кел!» — деп,
Ұйтқыған самал тұрды, жел уілдеп.
Ұшырып ап келген соң, байлап қойды [493]:
— Ал, малғұн, тырп етпей жата бер! — деп.
Шайтанды байлап қойды бентке салып:
— «Ғазаппенен қинайын!» — деп, өшін алып.
Ерік берген пендесіне әрбір түрлі,
Құдайдың құдіретіне қайран қалып.
Ақыл — малда, көрік — шырай көмейде екен,
Бұл сөзді ешкім бекер демейді екен.
«Еңбегінен болмаса, адал емес», — [деп],
Тағамды патшалықтан жемейді екен.
Базарға тоқып зәнбіл сатады екен,
Ас қылып соны қорек татады екен.
Өзінен онан басқа жемей тағам,
Аш та болса, сонымен [494] жатады екен.
Бір себет талдан тоқып, қолына алды,
Сатып тағам алуға базар барды.
Базарда қыбырлаған жалғыз жан жоқ,
«Бұл қалай жоқ болды?» — деп, қайран қалды.
Бос қалған шаһар іші [495], көше, сарай,
Келеді жан-жағына қарай-қарай.
Жандыдан жалғыз жүрген қарға да жоқ,
Құдайдың құдіретін көр, болды қалай?
Тамаша көз жіберді әрбір жаққа,
Қылып тұр Тәңірім оны сынамаққа [496].
Жан біткен үй ішінде мешітте отыр,
Құбылаға қарап, жылап жалғыз Хаққа!
Ешкімнің ойында жоқ дүние жалған,
Безіпті үлкен-кіші — бәрі малдан.
Біреуге біреу үндеп, тіл қатпайды,
Бұл іске тақ Сүлеймен қайран қалған [497].
Жылаулы бір Құдайға жанның бәрі,
Отырған шарт жүгініп жас пен кәрі.
«Бұ не сыр, жұртқа түскен, не күн болды,
Жұмыстан қалды бүгін жұрттың бәрі!» [498].
Құдая білдірсейші, қалдым ғой таң [499]...
— Нандың ба, көріп маған көзіңменен?
Сен жұртты көрме бірдей өзіңменен.
Өзіңмен еркін айтқан сөзіңменен [500].
— Мәнісін мұның саған айтам енді,
Бұларды өз қалпына қайтар енді.
Әркімге әрбір түрлі іс қылғанда,
Түрткілеп: «Бол, бол!» — дейтін шайтан еді.
Біреуге ол, біреуге бір жұмыс салып,
Түрткілеп ерікке қоймай тыйышты алып,
Шайтанды өзің байлап қойғаннан соң,
Байланды бүгін істен бәрі қалып.
Шайтанның адамзатқа достығы — қас,
Мұрнына дәрі иіскетіп, қылады мас.
Болмаса шайтан еріклі пенделерге [501],
Алданып бұл дүниеге жүрмейді бас.
Отырған бір орыннан бұлар тұрмас,
Бас қосып бір-бірімен кеңес құрмас.
Себепсіз [502] ешбір нәрсе жаратпадым,
Шайтансыз үшбу дүние дүние [болмас] !
— Құдіреттің шеберлігін білдім енді,
Менікі ойлап тұрсам, бекер! — дейді [503].
Шайтанды қылып халас қоя берді:
— Малғұнды босатайын енді! — дейді.
— Адамзат топ-топ болып жүр [ді], — дейді,
Малғұнды қылып халас қоя берді.
Ұмтылды өзді-өзінің шаруасына,
Ду болып қыза берді базар енді.
Қылады біреу шаруа, біреу сауда,
Аң атар мергендікпен біреу тауда.
Дүниеде көп жұмысқа жарайды екен,
Бостан-бос қалмайды екен шайтан жау да.
Әзәзіл болып малғұн қалған екен,
Билігін дүние ісінің алған екен.
Дүниеде адамзатты аздырмаққа
Әркімге әрбір қиял салған екен.
Бәтшағар соның үшін жүрген өлмей,
Шара не басқа түссе, пенде көнбей?!
Жалғанда қылып жүрген әрбір істі —
Адасар: оң-терісін пенде білмей...
Белгілі: көрініп тұр көзімізге,
Бек анық болып аян өзімізге.
Бозбала: «Бекер ғой!» — деп, болма қоңыр
Кітаптан көріп айтқан сөзімізге.
Ғибрат ал — болып жүрген болыс-биден,
Жалғанда әрбір басқа түскен күйден.
Мал шашып, ұлықтыққа партия боп,
Табылар екі жүз сом елу үйден.
Бір талап ой ойласаң егер дінге,
«Жүрем, — деп, — Құдай сүйген тура жөнге!» [504].
Беруге дін жолына қылса һәммат,
Табылмас елу үйден екі теңге.
Осылай болып біздің заманымыз,
Құрып тұр бұған айла-амалымыз.
Жалғанда арманда боп біз барамыз,
Бір жерге тұрақтамай табанымыз.
Бұл Мәшһүр Бұхар барған, Қоқан барған,
Ойы бар: «Кетсем деген — онан арман!»
Дегенге ер жете ме, мал жеткізбей,
Барады іште кетіп әрбір арман [505].
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ «ШАЙТАННЫҢ САУДАСЫ» ӨЛЕҢІ
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
...Бос сөзді ауызға алып айтпаймыз біз,
Нысаплы (не себеплі) [506] шын құлақпен тыңдасаңыз.
Базарға жұрт жиылған келе жатса,
Лағынға жол үстінде ұшырапты кез.
...Жүгім бар бір есекте мекер [507], хайла,
Мұнымен келтіремін үлкен пайда.
Бір тиынға он тиын пайда аламын,
Көптің басы қосылған жиын-тойда.
...Көтерме өтірікті (өтірікпен) менен алған,
Бар күшінше олар да сөйлер жалған.
Кім де болса, жалғанда сол ап кетер [508],
Қор болып қашан өтірік жерде қалған?!
Білмейді ешкім менің ұлығымды,
Майлық пен көріп бірдей сулығымды.
Қатынның ең жаманы, ит [509] әкетер,
Талаумен мекер-айла қулығымды.
Базарға алып барса, не қалады,
Қараумен әр нәрсеге көз салады.
Білмейтін күншіл [д] іктің қадір құнын
Оқыған көп оқуды молда алады.
Неге (текке) болыс болады малын шашып,
Қашан болып шыққанша жанталасып.
Текке тиын біреуге кім береді,
Зорлығымен алмаса үкім асып?!
Томпитып қалтасына ақша салып [510],
Беруге ешбір жанға көзі қимай.
Алған соң тәкаппарлық менен сатып,
Дүрдиіп өз үйіне өзі сыймай.
— Ол бір жүк шиыр емес, соны, — дейді,
— Бұлардан он есе артық құны, — дейді.
— Бұл жерде алушы жоқ, шаршамайын,
Өткізіп қайтқанда айтам оны, — дейді.
Мұнымен шайтан Лағын базар барды,
Бес көлік жүкпенен топты жарды.
Лезде апа-сапа қылды бәрін,
Ұйқы-тұйқы, көбейтіп дауды-шарды.
Алдынан алушылар даяр жетті,
Қолдан-қолға түсірмей талап кетті.
Қайтқанда тағы ұшырап [511] Рухоллаға
Мән-жайын саудасының кеңес етті.
— Бес есек өзді-өзінің орнына өтті,
Жүк еді он қашырда бір ретті.
Артқаным бәріне де тамиғ еді,
Біреуін тіленшілер талап кетті.
Бір қашыр жүк бәріне түгел жетті,
Тоғызы өтпей біраз тентіретті.
Қожа, молда, ишандар елді жеген
Дағдарып тұрған шақта сол сап етті [512].
Армансыз кім кетпейді бұл жалғаннан,
Бұл, шіркін, опасы жоқ дүние жалған!
Атамыз Адамды топырақтан иарыл жаратып,
Қоймай дүниеден оны да [513] алған.
Дін қайда, осы күнде ғылым қайда,
Тұрған жан [514] анық көңілі бір Құдайда?!
«Лақ, тоқты алам!» — деп жүрген жаннан
Ойлайсың: «Тиеді, — деп, — кімге пайда?».
Дүниеде жан қалған жоқ аяп күшін,
Қайраумен шықыр-шықыр отыз тісін.
Айт: тауып, жастанайын босағасын
Молданы бала оқытқан Құдай үшін.
Айтсаң, тілді алмайды қатын-бала,
Енді мұны айтамын кімге ғана?!
Өзіңді «жынды» — дейді, «шайтан» — дейді,
Не қылсаң, қылдың өзің Хақ тағала!
Бет алдыма лақтым, аузым жаппай,
Бетімді, жіберген соң, ешкім қақпай.
«Ақлық пен туралықта тұрамын!» — деп,
Жалғанда жалғыз қалдым, жанға жақпай.
Тас едім жергілікті Құдай тескен,
Жалғанда жан емеспін көңілі өскен!
Белгісіз не екенім болып (болды) бір жан,
Кісі боп, бір жерім жоқ көзге түскен!
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ «МИҒРАЖ» ДАСТАНЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Бисмилла — Хақтың аты, сөздің басы,
Кәріптің, естісе ағар, көздің жасы.
Миғражын ан хазіретінің өлең қылып,
Сөйлеген Мәшһүр Жүсіп хикаясы [515].
Құдайым жарылқай ма, көптен, аздан?!
Ойым бар, келсе күшім, қағба қажыдан.
Қанша сөз, бәрін жазып, тауыса алман [516],
Азырақ сөз сөйлейін Миғраждан...
Расулат, набуат — қырық та келді.
Өтіпті бұл ортада бір жыл енді.
Айтарға сырын бір күн жан таба алмай,
Күндерде бір күн тұрып бүгілді енді.
Басына, кейін қалған, қайта бардым,
Келгенде осы жерге демімді алдым.
Қаламды қолыма алып: «Жазайын!» — деп [517],
Кеңестің екпінімен кетіп қалдым.
Өш болып, Әбужаһил оқпен атты,
Кәпірлер ренжітеді Мұхаммедті.
«Сырымды кімге айтамын іштегі?» — деп,
Қасына Қатым (хадим) диуар келіп жатты.
«Айтамын мен мұңымды кімге енді?
Таппадым халал кісі, халал дінді!».
Таянып уақыты Құптан болған шақта,
Періште ол Жебірейіл жетіп келді:
— Иа, Мұхаммед, Құдайың айтты сәлем,
Жіберді пырақ пенен шола саған [518].
Өзіменен: «Мұңдасып, сырлассын»! — деп,
— Сол достым: «Болсын, — дейді, — қонақ маған!».
— Кеудем жарып, жүрегім суырып алды,
Бір алтын легенге соны салды.
Легеннің іші толған ғылым, хикмет,
Тазалап, өз орнына қайта салды.
Алдыма менің келіп пырақ түсті,
— Мінем! — дедім, шегініп, бойын қысты.
Жебірейіл
— Жай түр! — дейді, тұрдым, міндім,
Жөнелді мені құстай алып ұшты.
Сол жерге көзі түскен басқан аяқ,
Оңымнан шықты дауыс жақын таяп.
Солымнан бір шыңғырған дауыс шықты,
Қайрылмай, жүре бердім [519] қарамай-ақ.
Алдымнан жетіп келді бір келіншек:
— Жібермес едік, — дейді, — сені білсек.
— Шаршайсың, ол жолменен жүрме, — дейді.
Болмадым, тілін алып, мен еріншек.
Тыңдамай оның сөзін жүре бердім,
Алдымда Жебірейіл бар, соған ердім.
Міндім: «Бисмилла!» — деп [520], кеш, ерте ме,
Алдына мешіт Ақса жетіп келдім.
Пырақты байлай тастап, үйге кірдім,
Ішіне Құдыс Шариф сәлем бердім.
— Әлгі келе жатқанда дауыстаған,
Оңымнан, һәм солымнан ол кім? — дедім.
— Дауысқа оңнан келген қайрылмадың,
Үмбеттен, бәрекелді, айрылмадың!
Қарасаң, үмбетің жөһит болар еді,
Қайрылып, оның көңілін жай қылмадың!
Солдан келген дауысты қылайын кеп,
Қолдады осы жолы Құдайың көп.
Егер сен мойын бұрсаң ол дауысқа,
Үмбетің қалар еді насырани боп.
— Әкелді екі кесе маған шарап,
Шараптың біреуі — сүт, біреуі — арақ (ғарақ).
Сүтті іштім сол уақытта, арақты ішпей,
Түсіне екеуінің қарап-қарап.
— Сүтті іштің, бәрекелді, тәуір танып,
Тозаққа күймес енді үмбет жанып.
A [pa] қты ішсең, үмбетің ғасы болып,
Махшарда жүрер еді жазаланып.
Құдысқа тамам аруақ [521] бәрі келді,
Әнбие, Мүрсәл, Нәби және келді.
«Бұл не түн қадір түн бе, барат па»,
Сәруай екі ғалам ханы келді.
Алдынан сәлем айлап келді [522] бәрі,
Бұрынғы өтіп кеткен Мүрсал нәби.
Сол жерде екі ракот намаз оқып,
Бәрінің тақсыр Расул болды имамы.
Бәрінен бұрын келген [523]: ислам мен дін,
Жеті көк, жұмақ, тамұқ ғыфите замин
Харамнан ол Ақсаға барған жерін
Нанбасаң, көрсетейін аятпен мен.
Осындай мазмұнына аят түсті,
Табамын тағы дәлел мұнан күшті.
Періште төрт Мұқараб төрт [524] жағында
Бұл ретпен пайғамбарды алып ұшты.
Һәм Ақсадан жоғары алып кетті,
Соған шейін ол пырақ құрмет етті.
«Миғраж» — деген жарық нұр пайда болып,
Сонымен Мұхаммедті аспанға елітті.
Жебірейіл айғайлайды:
— Есік аш! — деп,
— Сенімен кім келеді серіктесіп?
— Мұхаммед келді, — дейді, — бізбен бірге.
Сол жерде сәлем беріп, ашылды есік.
— Мархабат, иа Мыжтафа, хақ Мұхаммед,
Болайық Құдай жазса, біздер де үмбет.
Ашылды әуелгі аспан есіклері,
Тұр екен Адам ата күтіп құрмет.
Ол жерде мен Адамға сәлем бердім,
Кісі екен ұзын бойлы, жүзін көрдім.
— Қош келдің, бақытың ашылсын, балам! — дейді,
Бөгелмей онан өтіп жүре бердім [525].
Мен міндім Мекайілдің енді үстіне,
Мінген соң, Мекайілнікі жүрмесін бе?!
Екінші көкке жеттік, есік ашып,
Періште онда тұрған бір кішкене.
Басын көрдім, аяғын көре алмадым,
Мен, Мекайіл қалды сонда, жүре алмадым.
Үшінші Исрафилге мінгенімде,
Қанеки, онда тоқтап тұра алмадым.
Екінші [526] көкте Жақия, Ғайса тұрған,
Мен сәлем берген шақта мойнын бұрған.
— Қош келдің, жомартым-ай, асқан, — дейді,
Жүруге енді Исрафил мойын қойған.
Үшінші жетіп қалдық бізлер көкке,
Тұр екен Жүсіп нәби сонда текке.
Ол жерде Жебірейілге мініп алып,
Бет қойдық тағы да жөнелмекке.
Төртінші бізлер көкке келіп қалдық,
Тұр екен Ыдырыс сонда, хабарландық.
Бесінші көкте жолықтық біз һаронға,
Алтыншы көкте Мұсаға жаңа бардық.
Жылады бізді көріп Мұса нәби:
— Көрмей ме көзі сендей туса нәби?!
Соң қылып бәрімізден шығарса да,
Оң қылып, абзал қылған Құдай сені!
Мұхаммед үмбетің көп, уайымың жоқ,
Мен айттым:
— Деме, тақсыр, бұлайша! — деп,
Үстіне Жебірейілдің мінгенімде,
Ашылды айқын болып, жетінші көк.
Аспанға жетінші көк барып [527] кірдім,
Нәби бар — ол Ибраһим, сәлем бердім.
— Қош келдің, жолың болсын, балам! — дейді,
Сиратул мұтаһаға жетіп келдім.
Жемісі, жапырағы — бәрі де зор,
Төрт өзен саулап аққан, бәрі де [528] нұр.
Екеуі сарқырайды онан ағып,
Екеуі қалай аққан, білінбей тұр.
Сарқырап екі бұлақ ағады нұр,
Болғанда бірі — Фират, біреуі, — Ніл.
Екеуі ол жұмаққа (ұжмаққа) барып құяр,
Болғанда бірі — Жайхун, біреуі, — Сыр.
Палак дария [529] болғанда, періште — құл,
Бәрі де қызметінде қусырған қол.
Сол араға барғанда, келді төсек,
Өзі алтын, түсі қызыл, — сипаты бұл.
Көтерген ол төсекті және кейін,
Бас та жоқ, аяқ та жоқ, жалғыз иін.
Болғанда түсі жасыл — сипаты бұл,
Нәсілін Алла білер [530], мен не дейін?!
Жебірейіл осы жерде қала берді,
Өзінің жүре алмасын сонда білді.
«Шын жаяу қалдым ба?!» — деп, сасқанында,
Сонда иін тосып, иініне ала берді.
Иінге қуанғаннан келіп мінді,
Қалғанын Жебірейілдің жаңа білді.
Алты жүз қанаты бар, һәммасы зор,
Форымына асыл сурет кірген енді [531]
Жебірейіл:
— Бізден бөлек қалма! — дейді,
— Уай, тақсыр, мені ауызға алма! — дейді.
— Қанатым күйер, мұнан артық ұшсам,
Бар, тақсыр, талабыңнан қалма! — дейді.
— Мен Мұхаммед, хақ пайғамбар! — деген екен,
Құдайым сол ниетін білген екен.
Сол хақ Расул пайғамбарым бұл түні
Үстіне бес нәрсенің мінген екен.
Біреуі — пырақ, біреуі, — Миғраж нұры,
Біреуі — төрт періште — дүние гүлі.
Бірі — төсек, біреуі — жасыл иін.
Қонаққа осылайша барған жері.
Тамаша көп көргені жолда қалды,
Жүре алмай ол Жебірейіл сонда қалды.
Лауһиден: Ғаршы, Күрсі арман өтіп,
Құдіреттің дәрғаһына жақын барды.
Әр жерде бас та қалды, аяқ қалды,
Бір жерде кебіс қалды, таяқ қалды.
Пердеден жетпіс қабат арман [532] өтіп,
Құданың құдіретіне таяп барды.
Ғаламның он сегіз мың бәрін басты,
Неше мың мақамлардан жоғары асты.
Мысалы жайдың екі тұтқасындай
Иаки (яки) жақынырақ жақындасты.
Аят бар: «Шама дана фатад Алла, —
Факана қаб Хусайын ауадна».
«Неміз бар біздің онан әрі барар?!», —
Кітаптың ұқтыр жырын айтып қана [533].
Сол жолда бір жолбарыс көрген екен,
Қорыққаннан сақинасын берген екен.
Жерлерге нахият жоқ қадам [534] басып,
Құдайдың қонақ үйіне келген екен.
Ішінде қонақ үйдің шымылдық бар,
Жаюлы түрлі-түрлі дастарқандар.
«Алтат һиат да ила уал салауат уал тибат» — деп,
Хаққа сәлем берген ай, жаранлар.
Сәлемін алды Құдай сонда не деп:
— Ассалам ғалайік иа иассһата әл нәби — деп,
Тағы да Рахматулла о берекет,
Бәрі де болсын саған есепсіз көп!
— Алланың бұл сәлемі қиын! — депті,
— Алмаймын мұны жалғыз өзім! — депті.
— Ассалам ғалиына иа, Раббым хақ,
Құлдарға ізгі болған болсын! — депті.
— Жалғыздық — жалғыз Алла, саған жарар,
Ізгі құл пайғамбарға қосақталар [535].
«Ат қосақсыз жүгірмес» — деген мақал,
Шаһазат берген соған періштелер.
— Же тағам саған қойған қахир (қаһар) арнап [536],
Отырған қолын созбай біраз барлап,
Ішінен шымылдықтың бір қол шығып,
Тағамды:
«Бисмилла!» — деп, қойды жайлап.
Майсыз шам жарық болып жағулы тұр,
Табақта күміс қасық малулы тұр.
Манағы жолбарысқа берген жүзік [537], —
Қараса, әлгі қолда салулы тұр.
Пайғамбар мұны көріп, ғажапланған,
Әлгі қол тағам жеген дастарқаннан.
— Әмірімді пенделерің алды ма құп,
Деді ме, иа болмаса: «Сөзің жалған?!».
Сонда не деп пайғамбар жауап айтты:
— Келтірді пенделерің шаһадатты:
— Самиғна уа тағына — деді бәрі,
— Жарылқа күнәларын сен! — деп айтты.
Раббана уа ла тахмил ғалайна асран (ахран),
Бұрынғы үмбетлерден қылмағыл сен (сан)!
Нәрсеге шама келмес сен күштеме,
Бір қажет дәрғаһыңнан сұрайын мен!
Ғапу қыл, жарылқағыр күнәһымды,
Қабыл қыл дәрғаһыңда бұл сөзімді.
Тозақтың отын сөндір үмбетіме,
Сақтадың оттан нешік Ибраһимді.
Топанда Нұх нәбиге бердің нажат,
Қыл қабыл, қылса үмбетім көп мінажат.
Үстінен қыл көпірдің кеме бергіл,
Өтегіл егер бізден болса қажет.
Көк қошқар Смағұлға құрбан бердің,
Жүністі үш зұлматтан [қалас қылдың].
Жүсіпке құдық түбін бостан қылып,
Ғайсаға «Інжіл» атты (атлы) кітап бердің.
Мұсаға «Таурат» бердің, маған қайда,
Билеттің жел мен суды Сүлейменге.
Дәуітке «Забур» бердің — үлкен кітап,
Аюпқа саламатлық қылдың пайда.
Адамға ғылым, жаннат, аят бердің,
Қызырға өлмес абыхаят бердің.
Не бердің маған сондай, [иа] иллаһим,
Қарным аш, дәрғаһыңа тоймай келдім!
— Адамға жәннат берсем, шығардым тез,
Бір ауыз үмбетіңе демеймін сөз.
Үмбетің күнә қылса кең дүниеде,
Кешіріп біз ұжмаққа (жұмаққа) енгізерміз.
Жоқ қылсам Ибраһимге намард отын,
Үмбетіңе сөндіремін тозақ отын.
Смағүл өкшесінен шықса зәмзәм,
Үмбетке кәусар берген — құдіретім.
Көк қошқар Смағұлға берген болсам,
Бір қошқармен ажалдан мен құтқарсам [538],
Үмбетіңнің жолына пида қылып,
Жаһут (жөйт) пен насараны құрбан қылсам.
Жүністі мен сақтасам үш зұлматтан,
Балықта, иа қараңғы түнде жатқан.
Үш жерде үмбетіңді сақтайын да:
Қабірде, қияметте һәм сираттан.
Мұсаға мен сөйлессем Тұр тауында,
Сенімен мен сөйлестім Нұр тауында.
Таурат үшін Аятыл, Күрсі бердім,
Оқыса пайда болар көп қауымға.
Нұхқа кеме берсем топан суда [539],
Жиылар үмбетлерің жасыл туда.
Табаны тиген жерден көпір қылам,
Үстінде тар сираттың жас пен қуға.
Қызырға берген болсам мәңгі суын,
Көтерер үмбеті [ң] нің ол һәм туын.
Мұхаммед, үмбетіңе махшар күнде
Салсабил, ішкіземін ұжмақ суын.
Ғайсаға «Інжіл» берсем, — сенде жоқ па,
Інжілден сүре «Ықылас» кем болып па?!
Дәуітке «Забур» берсем, саған — «Ясин»,
Ясинге басқа кітап тең болып па?!
Бәрінен артық көріп бердім, әні!
Һәм артық ол қасымда көрдім, әні!
Кім оқыса, тамұқтан азат қылдым,
Атаса ол сүре — Фатиханы.
Не Інжілде, Забур мен Тауратта жоқ,
Жан бәрі Сүлейменге қараса көп.
Періште қызметіңде тұрмады ма?!
Солардан қалған-ақ па осал болып?!
— Иа, Раббы, ризамын, бердің бәрін,
Атың бар: Ғафу, Рақым және Кәрім.
Болмаса бір өзіңнен жарылқасын,
Болғандай күнәсы ауыр үмбетлерім [540].
Арамыз алыстамас, жақындасар,
Кем қалмас құдіретіме кәріп-қасер.
Тамаша қыл — жаратқан ғаламымды,
«Болсын, — деп, — бір аз ғана көңіл ашар!».
Сол жерде құдіретпен шын сөйлескен,
Құдайға онан басқа кім сөйлескен?!
Қайсыбірін айтайын мен бейшара,
Тоғыз жүз тоқсан тоғыз сөз сөйлескен [541].
Ал тамаша қылады жаратқаның,
Оның екі қыла ма, сірә, айтқанын?!
Қайсыбірі қағазға сыя берер
Баян тағы қылайын бір айтқанын.
— Ғарышта аяқ басып жүргенімде,
Алладан пырақ келіп мінгенімде,
Келбетті сол жайларда бір ү [й] көрдім [542],
Балқыды өне бойым көргенімде.
Сол үйдің іші де асыл, сырты да асыл,
Құбылып көрінеді қызыл-жасыл.
Құдіреттің әр мүлкінде кілт жоқ еді,
Бұл үйде болар ма еді мақсат хасыл?!
— Кілт болса, ішін ашып көрейін, — деп,
— Бұл үйде не бар-жоқ, білейін, — деп.
— «Ла-ила-Алла, хақ Мұхаммед!», —
— Ашылар бұл, калиманы айтсаңыз көп.
Есітіп бұ калламды ауызға алдым,
Ашылды есік, есіктен көзім салдым [543].
Қарасам, үйдің іші жойқын дария,
— Иа, раббы, бұл қалай? — деп ғажаптандым.
Дүниеден үлкендігі — жетпіс есе (хиса),
Қанарсың ішсең сонан жалғыз кесе.
Құдайдың құдіретіне ғасы болып,
Күнәкар болып қалар пәлен десе.
Ішінде сол дарияның жалғыз ағаш,
Бұтағы, миуасы жоқ, жап-жалаңаш.
Басында сол ағаштың бір құс отыр,
Не торғай, не жарқанат, не қарлығаш.
Ол құстың аузында бар зәрре тозаң,
Шөп шықпас тақыр жерге ащы бозаң.
Дария үлкен бе, иа ағаш, иа құс зор ма,
Тозаң ба? — үлкендігін хатқа сызам [544].
— Мұхаммед, не тамаша көрдің мұнан?
Рахматым дария емес пе мынау тұрған?!
Дүние дүр: алды-арты жоқ жалғыз ағаш,
Барлығы үмбетіңнің бір құс болған.
Енді барлық күнәсы тозаңдай-ды [545],
Әр нәрсе бұйырғаннан оза алмайды,
Қайсысы көп: рахмет пе, иа күнә ма, —
Енді ақылшы бұл жерге сөз аңдайды.
— Дария рахмет болғанда, дүние — ағаш,
Үмбет бір құс мысалы — тұрған жанас,
Бір зәрредей болса күнә,
Көрген соң көп рахметті қарыным аш.
— Аңдағыл, иа, Мұхаммед, мұны, — депті,
— Жаралған бар мүлкімнен рахмет көп-ті.
«Ла, илаһа, ила ила Алла!» — деген жанды
Махшарда жанған отқа салман» — депті.
— Бес намаз, ораза бар зекет пен қаж(ы),
Оқырсың өзің үшін нәпіл намаз.
Кәләм бар, неше түрлі аят ахпар,
Үмбетке мирас болсын, қағазға жаз!
Аралап сегіз ұжмақ бәрін көрген,
Біріне көзін салмай, жүре берген [546].
Хор қызы ғылман ұлан зейнетленіп,
Әрбірі әрбір түрлі түрге кірген.
Біріне тақсыр Расул көз салмайды,
Менсініп, сірә, тіпті ойға алмайды.
— Бір арыз (ғарыз), тақсыр, сізге айталық біз,
Бар Құдай бақытымызды оңғармайды!, —
Солай деп шуласады тамам хорлар,
Пайғамбар тоқтап тұрып, сөзін тыңлар:
— Не арыз менде болған, немене — деп,
— Қанеки, хор қызлары, айтыңыздар!
— Кеттіңіз бірімізге назар салмай,
Жақсы деген үмбетлерің әлдеқандай?!
Бізлерді біреуіне бағышлаңыз,
Біздер де қуанайық наумит қалмай.
Пайғамбар бір сағатта Миғраж асқан,
Пырақ бар алты жылдық жолды басқан.
Сиратіл Мунтахада жүрген кезде
Бір дауыс қатты естілді тау мен тастан.
Көк күркіреп, жеті қаттың салды көп,
Аспаннан періштелер шулаған көп.
Бек қорықты пайғамбарым сол уақытта:
«Япырм-ау, заманақыр болды ма?! — деп.
«Көңілдің Алла деген қошы (һошы)» — деген,
Жебірейіл жетіп келіп хабар берген:
— Құптанға азан айта Біләл келді,
Тықыры кебісінің осы! — деген.
Қадамды тақсыр Біләл басқан екен,
Басқадан шарапаты асқан екен.
Ізінің Мунтахаға дыбысы барып,
Жын-шайтан тықырынан қашқан екен.
Өзгеден ол Біләлді сүйіп алған,
Бұл сөзім кітапта бар, деме: «Жалған!»
— Сіздерді бағыштадым Біләлға! — деп,
Ал сонда пайғамбарым айта салған.
Сонда хорлар не дейді бұ қорлыққа:
— Атар таң, шығар күн жоқ біз мұңдыққа!
Қазанның күйесіндей Біләліңіз,
Қой, тақсыр, онан басқа үмбет жоқ па?!
Пайғамбар бөгелмеді қыз сөзінен,
Әркімнің, жаман болса, кінә өзінен.
— Сыртынан оны билеп айта салдым,
Сұрайын мен Біләлдің, — депті, — өзінен.
Ашылды сегіз пейіш — жұмақ (ұжмақ) төрі,
Түсіпті пайғамбардың жерге нұры:
— Бір жұмыс саған орын таптым! — дейді.
— Иа, Біләл, басың көтер, қара бері!
Алдайтын адамзатты қу тіл екен,
Болжалсыз көрмеген соң [547], су түбі екен.
Құптанның жаңа азанын айтып болып,
Ол Біләл бата қылып отыр екен.
Қарады жоғарыға көзін ашып:
— Ай, Біләл, хор қызлар [ы] саған ғашық.
Бұларды аласыз ба, алмайсыз ба?
Мен тұрмын сыртыңыздан саудаласып.
— Піскен жоқ, тақсыр, саудаң еркін, — депті,
— Ол қыздар кімге керек, шіркін! — депті.
— Сахарада: «Бір Алла!» — дегеніме [548]
Алмаймын сегіз жұмақ мүлкін! — депті.
— Жаранлар, жақсы бар ма бүл қалыпты?!
Есітіп хор қызлары ұялыпты.
Қиямет қайымғаша ғашық болып,
Таласып хор қызлары сол қалыпты.
Адам жоқ тақуа болған Біләлға тең,
Құданың рахматы мол, құдіреті кең,
Тақсырдың бетіндегі сол қарасын
Бетіне хор қызлары қылады мең [549].
Балықшы, құс жаманы шағала-ды,
Бір тырна айдын көлді жағалады.
Қарасын хор қызлары алғаннан соң,
Сол кезде тақсыр Біләл ағарады.
Ғаламның он сегіз мың бәрін көрді,
Артық бақ Мұхаммедке Тәңірім берді.
«Қапалы кәріптердің (ғаріблердің) көңілі өссін!» — деп,
Аз ғана Мәшһүр Жүсіп інжу терді.
Қанша орын, неше мақам жүріп барды,
Аз дәурен, екі ортада, сүріп барды.
Иіні екен Ғаушыл ағзам хазіретінің,
Әлгі иін сол мақамда тұрып қалды.
Баяғы Мұнта [ha] ға келді қайтып,
Нәрсенің көрген-білген бәрін айтып.
Құрулы жетпіс перде ар жағында,
Мақамы өзгелерден тіпті артық.
— Мұхаммед, бұл өзі [ң] нің үмбетіңнен,
Аты — Ғұсыл (Ғаушыл): айрылмас (ер өлмес) сүннетіңнен.
Шығады біраздан соң жұрттан асып,
Осының келіп қалдың қызметінен.
— Олай болса, Құдайым сені сүйсін,
Сені дос-ты тұтпаған жанып күйсін!
Иінің айтты:
— Аяғым Ғұсыл ағзам,
Басқаның аяғына иіні тисін!
Солай деп бата берген пайғамбарым,
Ондай ғып жаратпайды жанның бәрін.
Үйіне қайтып келіп, ол түн жатып,
Шақырды ертең ерте асхапларын.
— Аллаға періштелер жалшы, — дейді,
— Тіл алып, жұмсағанға баршы! — дейді.
— Тісіме қыстырылып күріш қалды,
Иа, Ғалы, тісіңменен алшы! — дейді.
Сонда Ғалы тісімен күрішті алған.
Күрішті алып, аузына қағып салған.
Сол күріштің қуатынан себеп болып,
Хасен мен Хұсайын пайда болған.
Пайғамбар адам білмес орында жүр,
Әрқашан Әбубәкір оңында жүр.
Түндегі жолбарысқа берген жүзік [550].
Қараса, ер Ғалының қолында жүр.
— Балам, сен мұны қайдан алдың? — депті,
— Бүгін түнде қай жерге бардың? — депті.
— Емес қой өзіңдікі мынау жүзік,
Қолыңа кімнен алып, салдың?! — депті [551].
— Ата мен намаз оқыдым сізге ұйып,
Солыңнан шайтан тұрды дыбыс беріп.
— Бабама үндеме! — деп, қуатланып,
Жібердім желге ұшырып, бір-ақ түйіп.
— Данаға, жас болсам да, тең едім ғой,
Сіз дарқан болғанда, мен кен едім ғой!
Ішінен шымылдықтың қол ұзатқан,
Иа, баба, сол көрінген мен едім ғой!
Қуанды мұны естіп сахабалар,
Бәрі де бұл Миғражға инандылар (иландылар)
— Шахариар мен асхаптың бәрінен де
Екінші Ғалы! — деген хақ пайғамбар [552].
Неше артты бұрынғыдан Расул түрі,
Көркейді күннен-күнге ислам нұры.
Шаһариар, сахабалар, — бәрі нанып,
Кәпірлер шек қылса да, қалмай бірі.
Әуелі жолығыпты Әбужаһил,
Көп жанға залал етіп, қылған батыл.
Ақыры пайғамбарым сөзі шын боп,
Қылышпен бұзылғанды, қылды қатыл.
Иад (жат) қылдым әуел Хақты сөз басында,
Берілмей себеп медет біз ғасыға.
Рухын ол зат пәк тербеткен соң,
Кетейін айтып мұны бір қасида.
Миғражын Хақ пайғамбар хатқа салдым [553]
Қолыма «Бисмилла!» — деп, қалам алдым.
Рухын пайғамбардың тербеткен соң,
Аз сөйлеп білгенімше, тамамладым.
Тамата тамам болған бұл хикаят,
Каламым жігітлерге көп хиапат.
Рухы бірадардың шадыман болсын,
Оқыңыз бір дұғаны, көп жамағат!
Мәшһүр Жүсіптің «Жігіт назы» өлеңі.
Жастықтың заманы өтті жалдайтұғын [554].
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ «ІБІЛІС ШАЙТАН ХИКАЯСЫ» ДАСТАНЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
— Білемін ақыр бір күн өлмегімді [555],
Шарасыз тағдырына көнбегімді.
Ғаламның он сегіз мың патшасы — сен,
Жейсің менің Құдай еңбегімді.
— Әзелден біліп едім жалғаныңды,
Шет болып білдің бүгін қалғаныңды.
Бейнесіп ақыреттен мақрұм қалдың,
Жалғаннан сұра ойыңа алғаныңды.
— Киейін [556] қолдан тігіп, киім қайда,
Бұрынғы салтанатлы күйім қайда?!
Баспана — адамларға бердің үйді,
Сұраймын әуел сенен: «Үйім қайда?»
— Қам қылдың: «Көрем!» — деген жетпей ойың,
Осылай болды сенің жай [ы] күйің.
«Қалдым, — деп — баспанасыз!» — болма арманда,
Дүниеде монша болсын сенің үйің.
— Құлшылық қылып едім әрбір жайда,
Болмады бір тиындай жанға пайда.
Оқитын, адамдарға бердің Құран,
Құраным оқитұғын менің қайда?
— Әуелден пиғылың бұзық, ісің жаман,
Кетпедің сол себепті болып аман.
Айтылған домбырамен жиын-тойда, —
Уай, малғұн, болсын құран өлең (уалаң) саған.
— Жаралған (иаралған) әурелікке менің басым,
Не керек мұнша дәурен (дауран) сүрген жасым?!
Ас-қорек, адамдарға бердің тағам,
Қанеки, ішіп-жейтін менің асым?!
— Еңбегін еш адамның жемейміз біз,
Өз пейілің болып тұр өзіңе кез.
Қорегің ішіп-жейтін болсын сенің [557], —
Ас ішсе, егер біреу «бисмилласыз».
— Мен бұрын қызметіңе жүрдім жарап,
Бұ күнде құр алақан қалдым қарап.
Сүт қайнатып адамдарға бердің тағам [558],
Қанеки, ішетұғын маған шарап?!
— Адамды қылар батыр қару-жарақ,
Түзейді қыздың көркін айна-тарақ.
Бір жұтса, мас қылады ішкен жанды,
Шарабың сенің, малғұн, болсын арақ.
— Басымнан арылмаған қалың сорым,
Жалғанда маған керек әрбір форым.
Адамға аң ұстайтын қақпан бердің,
Дүниеде менің қайда қақпан-торым?!
— Сен жолдан (иолдан) шығарарсың ғапілдарды,
Өзіңе жуық жүрген жақындарды.
Адамды тұзағыңа түсіруге
Еркіңе бердім, — дейді, — қатындарды.
XXX
Ібілістің, қылған шайтан, асыл затын,
Алладан алып тұрды тілеп [х] ақын.
Мұнымен кетсе сөзім, қысқа болар,
Айтайын анық қылып бір рауаятын.
Хадисте үшбу сөз қылынған жат (иад) [559],
Біледі кітап көрген барша адамзат.
«Жұмысым мұнымен [ен] бітпеді ғой!» —
Дегендей Ібіліс малғұн болмады шат.
Көңіліне ұнамаған болды жері,
Ішінен кетпей еркін онша кірі.
Ойында бір дүдәмал қапы бардай,
Жарқылдап келіспейді ажар түрі.
Жарайды, мен мұныңа дедім: «Пәлі!»
Көңіліме ұнамады [560] мұның бәрі.
«Алдым!» — деп, қалағаның мәз болмаймын,
Болмады — ойымдағы еркін әлі!
— Билігін бұл жалғанның бердім тегіс,
Болмайды бұл дүниеде мұнсыз келіс.
Еркің билеп өзің жұмса, — деді,
— Дүниеде қанша болсын алтын-күміс.
— Келмеді шығарғысы қолдан, — дейді,
— Айрылмас бұған жолдас болған, — дейді.
— Дүниемен алтын-күміс алдандырып,
Талайды шығарарсың жолдан! — дейді.
— Қызығы бұ дүниенің жиған малдай,
Көреді дүниеқорлар малын жандай.
Кететін мойын бұрмай адамлар көп,
Ілтипат мал мен пұлға назар салмай.
— Жараттым ішіп-жейтін жақсы (ихшы) тағам,
Бірін — халал, біреуін қылып арам.
[Жі] бектен атлас, торғын қылдым киім,
Бұларсыз күн көре алмас жүрген адам.
— Жармаспа қайта - [қайта] маған! — дейді,
— Жақсы киім, ләззатлы тағам, — дейді.
— Дүниеде не қызықлы нәрсе болса,
Билігін түгел бердім саған! — дейді.
— Киерге киім, ішерге тағам, — дейді,
— Бәрі оңай: бере берсең маған! — дейді.
— Осал жіп мұның өзі үзілетін,
Арқан бер үзілмейтін маған! — дейді.
— Алданып бұларыңа надан тоқтар,
Қалады әуре болып ақылы жоқтар.
Тоя ішкен ала істе мастарың бар
Қайтпайтын, маңдайына, тисе шоқпар.
«Дүние! — деп, — алтын-күміс» — малданбайды,
Қызығып бүл жалғанға таңданбайды.
Бұ жалғанның баянсызын білген ерлер,
Бұлардың (бұларның) ешбіріне алданбайды.
Жараттың шайтан қылып мені сорға,
Мен жүрмін: «Түсірем, — деп, — адамды орға!»
Кететін жемге алданбай сұңқарлар көп,
Түспесе үзілмейтін жібек торға.
— Арызыңды сенің қабыл көрдім, — дейді,
— Шын біліп бұл сөзіңе көндім, — дейді.
— Арақ пен сырнай, керней — қызығыны
Тамаша сауық үшін бердім! — дейді.
XXX
Бір Алла бұл малғұнға бәрін берді,
Сол (шол) үшін болып еріклі шайтан жүрді.
Алданып біраз көңілі мұныменен,
Мырс етіп, бүтін күлмей, жарты күлді.
Дәнікті қалағанын берген сайын,
Жалғанда бергендігі болды дайын.
«Болмады әлі түгел!» — дегендей боп,
Және айтты шайтан лағын мәні-жайын:
— Жараттың жақсы-жаман екі айыр жол,
Адамның бір жағы — оң, бір жағы — сол.
Адаспай жақсы жолдан жүрер түзу
Кім де кім: «Болам десе — өзіңе құл!»
Бұл жолға басшы қылдың пайғамбарлар,
Олардың соңына ерген қанша жандар?!
Көрсетіп көп мұғизат тамаша істі,
Ие боп жақсылықпен өткен анлар (олар).
Қылып [ең] мені басшы жаман жолға,
Дүниеде себеп болып азған құлға.
Бермесең, бұл ісіңе, өзің жәрдем,
Мен оны түсіремін қалай торға?
Болғанда мен — бір аушы, адамзат — аң,
Өнер бар — көрген адам қалғандай таң.
Ол Мұса калам Алла мұғжизамен
Түбінен Ніл дарияның шығарды шаң [561].
«Алам, — деп, әркім ойлар, — қуған аңын»,
Қызығар — ит түлкінің жыртса таңын.
Фітнаның бұзықшылық дариясынан
Түбінен шығарайын сондай шаңын.
Бұзайын, дал-дал қылып, тас-талқан,
Ерікті (қыл) қолымды ашып, қылып дарқан.
Адамды тұзағыма түсіруге
Маған бер үзілмейтін мықты арқан.
XXX
Әзәзіл, қылып қойған, малғұнды еркін,
Сол үшін қылып қызықты дүние, шіркін!
Дегендей: «Саған енді бұл жарай ма?» —
Көрсетті қатындардың шырай-көркін.
Қараса, қиылып тұр қара қасы,
Толғанып оқ жыландай өрген шашы.
Ақықтай екі еріні қызыл болып,
Түймедей домаланып гауһар тасы.
Еті аппақ — қара жерге жауған қардай,
Жүзі бар қара жерге тамған қызыл қандай.
Бұлттан жарып шыққан ай секілді:
Қиғаш қас, сүмбіл (сүнбіл) шашты, жазық маңдай.
Бойлары райхан гүл [дің] сабағындай,
Алманың, екі беті, сағағындай.
Әкетер көрген жанның ақыл-есін,
Орыстың мас қылатын арағындай.
Күмістен тартқан сымдай — екі қолы,
Қояндай домаланған келіп жоны.
Ғұшырманның лимонындай екі емшегі,
«Алам, — деп, — қайтіп үзіп, қолыма оны?»
Сынаптай толықсыған екі саны,
Тістері — меруерт, маржан, дүрдің кені (кәні).
Мамықтай үлпілдеген тамақтары,
Жатқан [ның] арманы [не] иіскеп, әні?!
Аузынан, шырын, шекер шыққан сөзі,
Көзіңе тотия боп басқан ізі.
Жаныңды еркіңе қоймай, алар суырып,
Көзіңе күліп қарап, түсер көзі.
Әкетер ақылыңды, бойдан тартып,
Көргенде толықсытар майдай балқып.
Сабырыңды қалдырмайтын бір жері (жыры) бар,
Бәрінен бұл айтқанның, айтсам артық.
Әзәзіл лағын шайтан мұны көрді,
Көрген соң, көңілі кетіп, шырай берді.
«Болды, — деп, — ойымдағы енді түгел» —
Шапақтап алақанын, қарқ-қарқ күлді.
Көңілінде енді титтей қалмады кір,
Болғанмен, қыла ма сабыр, қаншама ер?!
— «Жұмысым, ойға алған бітті!» — дейді,
— Құдая, берсең маған, зинаны (ринаны) бер!
Болады кімге залал, кімге пайда?
Әр істің ықтияры бір Құдайда.
Адамды тура жолдан шығаруға
Құдайдан сұрап [еді] күшті хайла.
Хақ берді қатынларға ажар-көрік,
Мінез берді түрлі шайда (жайда) оған серік.
Еркекте ақыл, сабыр ес қалмайды,
Болғанмен дін ісіне қанша берік.
Әркімнің әрне қылса, өзінде еркі,
Оңаша шет жүргенде, дінге беркі (берігі).
Ердің ақыл, сабырынан асып шықты.
Түрленген ұрғашының ажар көркі [562].
Жаратқан қылып зиба әуел бастан,
Не жан жоқ бұ жалғанда мұнан асқан!
Құл болған қатындарға әрқашаннан
Патшалар ақылменен жұрттан асқан.
Қатынсыз, ойлап тұрсаң, дүние болмас,
Болады ерге серік, қылған [ы] қас.
Қанша еркек бір қатынсыз бас қосқанмен,
Ақ орда алпыс басты іші толмас.
Адамды мас қылатын екі көз-ді [563],
Көрсе көңіл ертетін, айдай жүзді.
Органның әрбір түрлі дауысындай,
Ләззатлы, махбубларда шырын сөзді.
Ах ұрса (отырса) қасын керіп, кеш қара қас,
Қылады көрінгенді көзімен мас.
Ғанша (ғұнша) ерін, пісте мұрын, лұлу иек,
Дүниеде бар неше түрлі асыл тас.
Су ішіп көздерінен, мейірің қанар,
Болғанмен қанша ақылды, қайран қалар.
Жүзінен шығып тұрған оттарына
Өртеніп, шыдай алмай, көңілің жанар.
Басыңнан кетіп қалар ақыл-есің,
Басуға өзіңді-өзің жетпес күшің.
Жетпесе бұ дүние ойға алғаның,
Толады қайғы-қасірет дер [т] пен ішің.
Ашылған болып гүлдей жазғытұры,
Көрініп-ей, жасырынып ішкі сыры.
Сөзінен махбублардың болып заһар,
Адамның кетіргендей қайғы шері [564].
Алтын шаш, қиғаш қаслы, мәнұн қабақ,
Нәркес көз, үжсе ала без, ғақық тамақ.
«Өтем, — деп, — мажазайдан хақиқатқа!»
Дәріс оқып, диуаналар алар сабақ.
Суретке қалады екен сурет қарап,
Мысқа жез, күміске алтын іске жарап.
«Мағынасын әлиф, әбжад білемін!» — деп,
Кетеді диуаналар болып харап.
Асыл бар әрбір түрлі адамзатқа,
Жазылған үшбу сөз, — бәрі хатқа.
Шатпен ісі болмас мас болған соң,
Жұмысы фиал хақиқат болып затта.
Келсек те қырық екіге, біз баламыз,
Түкірініп көрінгенге көз саламыз.
Суреттің иесіменен болмас жұмыс,
Алданып құр суретпен біз қаламыз.
Таммата тамам болды.
[1910 ж].
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ ОН ЕКІ МҮШЕСІНЕ АМАНДАСҚАНЫ
Бисмилла ал рахман ал рахим дейін,
Құдайға хамит айтам мұнан кейін.
[А] йырған тіл мен жақты заман болар,
Сөйлеп қал, қызыл тілім, оған дейін [565].
Құйылар бір күн топырақ екі көзге,
Кім жетер бұ [л] жалғанда жасап жүзге?!
Қызыл тіл осындайда ізденіп қал,
Бір күні зар боларсың сөйлер сөзге!
Нұр жауар [X] ақтан рахмет иманды ерге,
Таласар күн-күн сайын өнерлі өрге.
Жүзінде кең дүниенің кеңес бастап,
Жатарсың әлі-ақ бір күн қазған көрде.
Баста ми, ақыл-естен айрыларсың,
Қайран көз жан шығарда жаудырарсың!
Қаламға аттай шапқан он саусағым —
Дал-дал боп өлгеннен соң саудырарсың!
Су емес ішіп қанар — дүние сағым,
Жігітлік қайран күнім, өтті шағым.
Астына қара жердің кіргеннен соң,
Қаларсың бөлектеніп тіл мен жағым!
Қайрат жоқ қолдан келер, қайнайды ішім,
Келе алмас қыбырлауға сонда күшім.
Саудырап бет-бетімен қалар түсіп,
Маржандай ауыздағы отыз тісім.
Жерлерде әлдеқандай болады орным,
Жалғанда жақсы-жаман кеңес құрдым.
Сасыған өз денеңді өзің иіскеп,
Жатарсың шыдап сонда қайран мұрным!
Мөлтілдеп домаланған көзден бұлақ,
Сөнерсің майсыз жанған екі шырақ.
Тықырын құрт-құмырсқа естіп шыдап,
Жатарсың, амал бар ма, екі құлақ!
Дәрмен жоқ қозғалуға қол мен аяқ,
Жақпаса сол қылмысың, жерсің таяқ.
Дауасын үшбу дерттің таппаған соң,
Жасымнан жиһан кезіп, болдым саяқ.
Ұл-қызым, ара тұрмас, әке-шешем,
Албыта өлім шарабын бір күн ішсем,
Қызыл тіл ыңғайыма жүрген күнде,
Алайын арыздасып сегіз мүшем.
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ «ҚАТЫН ХАҚЫНДА» ӨЛЕҢІ
Танырлық молда болсаң, құран қайтын [566],
«Раббана атина» — көр аятын.
«Фиалд дүние жасанат» — деп айтқаны,
Жалғанда болса несіп жақсы қатын.
Біз қалдық — қатын алмай, алдық қайын,
Бұл сөзде бір жалған жоқ жұртқа дайын.
«Уафи ала қарт жасанат» — деген сөздің
Мағынасы — жұмақтағы жүрләғайың.
Тамырдың тайын алдым, алмай атын,
Алаштың қылып үйір жуық-жатын.
[Бей] уақыт азаптанар бөтені жоқ,
Кез болса маңдайына жаман қатын.
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ «ИТ ДҮНИЕ» ӨЛЕҢІ
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
Жақсыға жақсы болсаң, қонбас па едің [567],
Қош әмір соларменен болмас па едің?!
Ғылымын пайғамбардың біле алмадың,
Мен сені сонан соң-ақ: «Оңбас!» — дедім.
Ит дүние, неге сонша шолақ болдың,
Қонуға жақсыларға олақ болдың.
Көзіңе көрінгенді жалаңаштап,
Бәрін де жан біткеннің тонап болдың.
Ит дүние, не жақсының көзін ойдың,
Мен сенен сонан соң-ақ әбден тойдым.
Ғали Елубайұлының «Имам Зүфір» дастаны.
Қолыма бейсенбі күн қалам алдым [568].
МАҚАЛ, ЖҰМБАҚ ЖӘНЕ НАҚЫЛ СӨЗ
«Құндыгердің ауыр қолы» — деп айтады екен. Бұрынғының сөзі бар:
Батырлық — жолдасқа пайда, жанға қас [569],
Разылық — қонаққа пайда, малға қас,
Өткір пышақ — қолға пайда, қанға қас.
Өтірік сөз — дауға пайда, жанға қас.
ХХХ
«Бір жапырақ еті жоқ, бір ұрттам қаны жоқ, белгілі жаны жоқ» — [деп] сөйленген не нәрсе? Жансыз дем алып тұрған не нәрсе? «Бас-көзден, ауыз, тілден — дәнеме жоқ» — айтқан сөзі. Артында қалған екеу не нәрсе?
Жын емес, адам емес, періште емес — адам баласына тағылым берген не нәрсе? Не жын емес, адам емес, періште емес болған нәрсе — өзі өлді, өлгендігі себебімен екінші біреуді тірінің — жарар не нәрсе?
XXX
Арай, арай, арай бар
Арай толған сарай бар.
Бурылша атқа бұғау бар,
Бұғауды кесер егеу бар,
Сом темірге балға бар,
Сұмсынғанға Алла бар.
«Жарлымын!» — деп жабықпа,
«Жалғызбын!» — деп зарықпа...
Мұңайма, жігіт, мұңайма,
Мұң тарқатар Құдай бар.
Ақ сұңқар: «Ұшқырмын!» — деп мақтанба,
Алдыңда жаюлы тұрған торлар бар.
Тұлпар, сен: «Жүйрікпін!» — деп мақтанба,
Алдыңда қазулы тұрған орлар бар.
«Басым көп» — деп, топтанба,
«Малым көп!» — деп, сұқтанба!
Дұшпан үш түрлі: біреуі — өз дұшпаның, біреуі — досыңның дұшпаны, біреуі — саған дұшпан болғанмен дос болғандар. Дос үш түрлі: біреуі — өз досың, біреуі — досыңның досы. Біреуі — саған дұшпан болғанға дұшпан болған, — депті.
Еңсегей бойлы ер Есім хан (екінші нұсқа).
Қазақ жұртының бұрынғы үлгілі билері сөз бастағанда: «Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы» — деп сөйлейді екен [570].
«Атасының аты білінбей, өз аты шыққан ерлер» (үшінші нұсқа). [Жиырма] жеті жаста Алла тағала: «Шыңғыз!» — деп ат атанды, мағынасы: «Хандардың ханы» — деген сөз [571].
АБЫЛАЙДАН КЕЙІНГІ ХАНДАР
(ҮШІНШІ НҰСҚА)
Абайділда ханды Баянаула деген таудан орыс ұстап алып кетіпті. Көкшетауға Уәлиханның тоқалы Айғаным ханым қала салдырыпты [572]. Баянаулаға Шоң би қала салдырыпты. Торайғырды Абайділда ханмен бірге Омбыға алып кеткен соң, ақ патшаға қарап бағынып, қарап қойған соң, Қасымхан баласы Саржан төре бала жігіт, жас-мас күнінде саудамен келген орыстарға:
— Мұртыңды бастыр, шашыңды алдыр. Болмаса, сені садаққа тартып өлтіремін! — де [п], жақ пен оғын қолына алып, көздеп тұрған соң, орыс онымен қорқып, сонан соң кешікпей: «Қасым ұрығын орыс ұстайды!» — деген әуезе болды.
Қасым хан естіп, бала-шағасы мен өзіне ерген жігіт-желеңмен Шу, Қаратауға қарай ауып көшіп кетті. Степан Семе [ов] ич деген бір полковой шығып, Саржан төремен ұрыс қылып, екеуі жекпе-жек жеңісе алмай жүрген күнде, кәпірді суық көріп, мұсылманға жан тартып, жуық [көріп], Түркістан, Ташкент жұртына қарай жақын көріп, жан [тартып], Ташкенге барған кезінде [Ташкент] құсбегі шақыртып алып, Есенкелді деген інісі мен Әлжан деген [баласы мен] — бәрі қырық-елу шақты, бәрін шаһит қылды. Ол уақытта Кенесары, Наурызбай Түркістан шаһарында медреседе оқып жатқан бала күні еді. Бопай ханым деген апалары барып, медреседе жатқан екі інісін алып қайтып, кайта Сарыарқаға келіп, Қуандық, Сүйіндік деген елдің шетінен жырмалап, азын-аулақ ел қолына түсіріп алып, Кіші жүздің: Беркі, Шейте, Жаппас, төрт Шөмекемен жау болып, Обаған, Тобылдан барып, алты атаның баласы Балқожа, Жанқожаның елін шауып, талап алды. Есіл, Нұра бойында Қоңырқұлжа төремен жау болып, Қаратаудың түбіндегі Созақты шауып, Отыншы, Сушы деген түбі қырғыз — екі бегін өлтір [іп], ойда орыспен, қырда қазақпен өш болып жүріп, сегіз жыл үргін-сүргін жүріспен ханлық қылып, ақырында Алатаудағы қырғыз Әйтеке Жырықтың ұрпағы Жанқараш, Жантай қолында [шаһ]идлік [д]әрежесін тапты. [Кене] хан жылы қ[оян] [еді]. [Қырық] жасында, жылқы жылда [демі таусылды]...
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ «ИСАБЕК ИШАН» ӨЛЕҢІ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Дүниеден жақсы да өтті, жаман да өтті,
Бір бізден ақыр тиыш [лық] [кетті].
Әулиелі Ақкөлді мекен (отан) еткен —
Сөйлейін (Айтайын) бір асыл зат гау [һар] [текті] [574].
Өзі ишан, жұрт бастаған, заты қожа,
Нәсілі Сейітзада сондай таза.
Әртүрлі қасиетің ойға түссе,
Болмас [сың] бүл күйікке қайтіп [наза]?!
Жолынан шариғаттың адаспаған,
Дін тұтпаған наданға жанаспаған.
Қырмызы қызыл жібек сықылданған,
Бар еді қай мінезі жараспаған?!
«Қызыл тіл — өнер алды» — шешенім-ай,
Жылысқан жорғадайын көшелім-ай!
«Абылай аспас — сары бел» Сүйіндікке
Пір болып үлгі шаш [қан] [көсемім]-ай!
Шәрбатың Баязит бастам [и] дай,
Хикаяң Рүстем [дастанындай].
Мысалы махаббатың [575] бек ләззатлы,
Гүл райхан фағхор шын [бастанындай].
Шыншылың хазіреті Сыздықтай бар,
Көрдің бе бұ жалғанда, ай, жа [рандар]?!
«Алтынның қолда барда қадірі жоқ»,
Артыңнан, жұрт таба алмай, [болдық қой зар!].
Айбатың бар-ды ғаділ (әділ) Ғұмардайын,
Түзеттің шариғаттың әрбір [жайын].
Сүннетлі парызларды ада қылып [576],
Дін [ісін] махкам тұттың солардайын.
Жомартлығың сахаба Садуақастай,
Бибаһа [бибаға], ол кәбірит [мәрмәр] тастай.
Сүннетін пайғамбардың махкам тұтқан —
Кәнеки, кім бар еді сонан басқа-ай?!
...[Тарих] ат, мағрипаттап үлгі шашып,
Құдайға жарастықты қылып [қызмет].
Атасы Мұратқожа әулие өткен,
Бұтақтап бірден-бірге келіп жеткен.
Арғы атасын сұрасаң, Назар ишан,
Тазарып шыққан гауһар асыл тектен.
Салила ол имам раббани [577]
Олар дүр мұжжаду уалғитани.
Алған да, алмаған да арманда боп,
Дариға, көрмей қалдық біздер, әне!
[Туғаннан] шариғат жолын қуған,
Жолына дін исламның белін буған.
[Табылмас дүр] найаб (набаб) гауһарым-ай,
Сағадат қандай жақсы күнде туған?!
[Пір болып] кереметлі шықты жастан,
Данышпан, ақылды еді жұрттан асқан.
[Қанша білмес] наданды жөнге салып,
Бұлақтың тұнып жатқан көзін ашқан.
[Жасынан] артық болған алапаты,
Жеткендей мың сан жанға шарапаты.
[Өзіне] өле-өлгенше жоламаған,
Бад-бақыты, сұм дүниенің, әр апаты.
Басынан бақ-дәулеті көшпей кеткен,
Шырағы жанып тұрған өшпей кеткен.
Қанша жан қастықпенен жабылса да,
Кәпірдің қағазына түспей кеткен.
[Тар жерде] жанға пайда керектім-ай,
Ақыл мол, күш-қуаты білектім-ай!
[Өзіне] қанша дұшпан қаптаса да,
Саспайтын, асықпайтын жүректім-ай!
Жоқтайды Қарабұжыр қалпыменен
Әжеке, Дәнен, Тентек халқыменен.
Дүниеден өтіп кеттің, қайран ерім,
Бұрынғы ғазизлардың салтыменен.
Бір аз күн бұл Арқада болдың қонақ,
Дүние, опасы жоқ, не еткен шолақ?! [578]
Әжібайдың алты ұғлы (ұлы) ықылас берген,
Оларда (Аларда) жоқтайды екен абыз Шумақ.
Жолаба-Қыпшақ деген бір қыдыру ел,
Және Керей, Күрлеуіт, — о да түгел.
Теп-тегіс мүрид болған не кемеңгер, —
Қалдық қой тегіс шулап Жайылма, Ақкөл.
Ақтілес,Сырым, Күшік-Бәсентиін,
Олардан бола ма екен Найман кейін?!
Дүниеден өтіп кетті-ау қайран ерім,
Түзеткен өз әлінше (хәлінше) діннің үйін.
Ас берген шыныменен Апай, Бөрі,
Жоғарғы Қанжығалы онан гөрі.
Айдабол мен Қаржастан ықылас берген,
Қасқа жайсаң, — не маңғаз кемеңгері [579].
Төрт арыс: Қама, Жапар, Есен, Бозым [580],
Арқада ту ұстаған жалғыз өзің.
[Т] ақсырға бала болған көп халайық,
Жылайды: «Сағындық, — деп, — айтқан сөзін!»
Бәрекелді, баспа немен ойлайды екен,
Боранбай әркез айтып қоймайды екен.
«Ағузи иланың ашта» Сырым, Керей, —
Бәрі де Ишекеме тоймайды екен.
Бір халық сипанитте құла тайым,
Көңіліне саналы ердің түсті уайым.
Қазақтың жалғыз туы құлаған соң,
Қатындай қ [а] лдым өлген байым.
Біраз күн дәурен сүрдік мурид бастап,
Жылайды халқың жоқтап, көзін жастап.
Жұлдыздай Өмірзая туып батқан,
Биопа бүл дүниені кеттің тастап.
Басыңнан қозғалмаған бақ талайың,
Қоршаған алды-артыңнан Күн мен Айың.
Пірлерің: Шайых, Баһадур, қолдап тұтып,
Ағылайы Ғалиында болсын жайың.
Білмедік: аз күн тірі жүрмесіңді,
Бұл шақта дүние-жүзін көрмесіңді.
Дуадан басқа бізде ешнәрсе жоқ,
Білген соң қайта айналып келмесіңді.
Көруші ең ғалымдарды шыбын жандай [581],
Сұқбатың бек ләззатлы халуа балдай.
Артыңда қалды жалғыз қырық бес бала,
Болады заманында әлдеқандай?!
Адасып азған елдің пірі болмас,
Ғамалдың пірсіз қылған түрі болмас.
О дағы тегін ағаш бұтағы емес,
Әйтеуір тірі болса, құры болмас.
Көрсеткен әрбір түрлі нышананы,
Білдірткен кереметпен ишараны.
«Әулие өлік емес, тірік», — деген,
Қолдай гөр кәріп біздей бейшараны!
Шам сөніп, болды дүние — қараңғы үйдей,
Кеттің ғой бір сүртуге көзге тимей.
Паналап барар жан жоқ жан-жағымда,
Тұрайын бұл күйікке қайтіп күймей?!
Арқаға Қоңырбайдай халфе келген,
Қанша жұрт оған құлап ықылас берген.
Бұйырып Баянтаудан топырағы,
Күнінде қаза жетіп о дағы өлген.
Онан соң Жүсіп ишан шыққан заттан,
Шұбар төс, шынжыр балақ зобыраттан.
Біраз жыл Әмір, Мағрұб үлгі шашып,
Басында бір төбенің о да жатқан.
Әулие Құлболды ишан шықты бұрын,
Не затлар бұл Арқада қылған орын.
Файзолла ишан һуайда қабат шығып,
Білген соң кетіп қалды халықтың сырын [582].
Бір халфе Төртуылдан жұрт бастады,
Қылған ісін хылап деп жұрт тастады.
Қанша ишан, қанша мүрид шықса-дағы,
Бәрі де Ишекемнен бір аспады!
Дұғагөй кемиді ғой әрбір жайда,
Кешегі Сейітқожадай қожа қайда?!
Ишан бар: өзі қажы Бесмұхаммед,
Демесең қара қазақ ел Алтайда.
Бола ма заты қара таза тектей,
Бәрінен озып шыққан баса көктей.
Табылмас енді Арқадан сондай ғазиз,
Хазіреті ишан дұғагөй Исабектей!
Көрдің бе менің қапа болғанымды,
Айып көрме дым айта алмай тұрғанымды.
Атыңды күйгенімнен атап салдым,
Кеше гөр әдепсізлік қылғанымды!
Жайылма, Ақкөл, Қонай [583] иесіз қалған,
Дуа қыл Ишекемді есіңе алған.
Ақкөлдің әулиелі өз басында,
Тақсырдың ғимаратын сонан салған.
Медресе, там қасына, мешіт салған,
Бұйырып топырағы сонда қалған.
Жетеді ойына алған мұратына
Әдейі зиаратқа іздеп барған.
Күмбез бар орнатулы бастарында,
Біз білмейтін ғазиз бар қастарында.
Әркімді әр түрменен жұбантады
Сұм дүние алдап бір күн [584] тастарында.
Ишекем өтіп кетті бұл жалғаннан,
Келу жоқ қайта айналып сол [барғаннан].
Бір ғазиз енді сондай шыға қалса,
Дариға, шығар едік біз де арманнан!
Дариға, бұл жалғаннан өттің, кеттің,
Біздей ғапіл сорлыны арманда еттің.
Серкесіз қой секілді суға түскен,
Әр жаққа сергелдең қып тентіреттің [585].
Періште төрт мұқарраб хақиқаттан,
Төрт пайғамбар жол ашқан мағрипаттан.
Әбубәкір, Ғүмар мен Ғұсман, Ғали —
Олар да үлгі шашқан тарихаттан.
Шариғаттың төрт имам тұрған жері,
Түгендеуге керекті ердің ері.
Кәміл мүрид етегін тұтпағанның
«Болады, — деп айтады, — шайтан пірі».
Жол жүріп, шекпе сапар, жоқ-ты пайда,
Үйде жатқан адамға келу қайда?
Басшы жоқ, бастаушы жоқ жүре қалсаң,
Ұры бар жолың тосқан әрбір жайда.
Сол жолмен жүрсең, көп қауіп-катер,
Басшысыз қадам қойсаң, басың қатар.
Жетпек түгіл желкеңнен қиыларсың,
Аяғың бір басқанда-ақ миға батар!
Жарандар, олай болса, керек басшы,
Насихат наданға айтқан удан ащы.
Бетімен болғаннан соң бара алмайтын [586],
Кәнеки, адастырмас басшы тапшы!
[Иа, Раб] бым, Ишекеме рақмет етсін!
Бақ, аруақ руына қайта бітсін!
«Көп сөз — күміс болғанда, аз сөз — алтын»
Осымен сөзін Мәшһүр тамам етсін [587] !
[Қ] ой, қолым, айтпа тілім, тоқта қалам [588],
Сен айтқанмен, өлмейді түгел тамам.
Рухына Исакемнің бір дұға қыл
Бұл сөзді оқып, естіп білген адам.
Тамматы тамам болған бүл хикаят,
Сәлемім жігітлерге көп сияпат.
...еренлерің шадыман болсын,
Оқыңыз бір дұғаны, көп жамағат.
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ «БАҚ ҚҰСЫ» ӨЛЕҢІ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
...Қазақ еткенде, сарп еткен Атымтай да
Апарып екі ортаға делдал қойдың [589].
Бірі — тірі, бірі — өлі: «Ал» мен «Бердің»,
Мал қашты уысынан һамматлы ердің.
«Шық бермес Шығайбайға» тұрақтады,
О дағы біліп алды берген жердің.
Бақ деген бұрын бір құс болушы еді,
Қиядан-қияға ұшып қонушы еді.
Асыл зат, текті жерді таңдап қонып,
Жарасып тұғырында тұрушы еді.
Бақ кұсы осы күнде шыбын болды,
Қайда сасық, іріңді тауып қонды.
Таздың басы, пұшықтың мұрнын тауып,
Бүгінде ақсақ-соқыр — бәрі де оңды.
Біздерге әртүрлі өлең Тәңірім берді,
Қыдырдық денсаулықпен талай жерді.
Астында жаппа күрке көшершілік,
Ақсақал Жапке бірлан Ғайса келді.
Көре алмай, сағынғаннан көптен бері,
Жақсы екен аз өмірде болған тірі.
Бас қосып қадірлескен жақсылармен
Тарқады біраз құмар, көңіл кірі.
Ежелден көшпелі еді мінез біздің,
Жақсысын көріп едік бұл үш жүздің.
Алмаңыз көңіліңізге, ай, ағалар,
Бабыңыз болмай кетті екі егіздің.
КӘРІЛІК ТУРАЛЫ
Көшекең сөзі.
Елу деген — ер жігіттің [жасы] екен [590],
Алпыс деген — бір сұмдықтың басы екен.
Асулы тұрған ет те жоқ,
Ашулы тұрған көт те жоқ,
Қарсы шабар қамал жоқ,
Оған қыла [р] амал жоқ.
[А] йқай-[ұ] йқай кәрілік қайтсін,
Қайтып келер заман жоқ.
ШОРТЕКЕҢ СӨЗІ
Жайнап тұрған көзді алдың,
Сайрап тұрған сөзді алдың.
Алып атандай күшті алдың,
Ақ меруерттей тісті алдың.
Үлбіреген бетті алдың,
Уылжыған етті алдың.
— Ай, кәрілік, неңді алдым?
Кеспей, пішпей, ат қылдың,
Алғанменен жат қылдың.
Ай, кәрілік, неңді алдым?
ӨЛІМ ХИКАЯСЫ [КЕТІП БАЯНЫ]
Қалғанда тар лақатта жалғыз өзім,
[Әрқа] шан жұмылғанда екі көзім.
Айрылған жан мен тәндей қаларсың сен,
Жалындай жүрек жарған мұңлы сөзім.
Қайғылы қысқа өмір, күнім өтіп,
Жан мен тән айрылса да күні жетіп.
Жасырман қандай күймен айтқанымды,
Кім білер қандай... ...ім кетіп.
БЕЛГІСІЗ БІР МӘТІН АЯҒЫ
«Көк аланы бір-ақ балалы малға сатыпты — деген сөз сонан қалды» деседі. «Басы айырдан көті айыр — деген сонан қалды» — дейді.
ҚАЗАҚ МАҚАЛДАРЫ
1. Барлы, барлы тау,
Басы есеннің малы сау. 2. Ұйықтама [ca], қабақ жаман,
Ішпесе, тамақ жаман. 3. Жыртық үйге тамшы жау,
Арық атқа қамшы жау. 4. Кетеген болса — түйең жау,
Тебеген болса, биең — жау,
Ең жауыңның үлкені —
Тіл алмаған қатын — жау!
5. Қашқақ болса, атың жау,
Ұрысқақ болса, [қатын жау].
Керіскек болса, келін жау.
Ұлың он беске жеткен соң,
Тіл алмаса, о да жау.
Көкпектен өліп қалмаса,
Жасында күйеу алмаса,
Бәрінен өткен қызың жау.
Мөңке бидің сөзі:
Азарсың, жұртым, азарсың [591] !
Сүлеймен мен құмырсқа патшасы
Ағузы билламин, ал шайтан, ал ражим! Бисмилла ал Рахман ал ражим уахышыра Сүлеймен... күндерде бір күн хазірет Сүлеймен ғалайссалам... екі сегіз жүз шақырым [592]...
ЕДІГЕНІҢ ТОҒАСПЕН ҚҰДА БОЛУЫ
(ТӨРТІНШІ НҰСҚА)
Едігенің бала жігіт, жаңа [үйленген] кезінде үйінің сыртынан он кісі келіп түсе қалды [593]. Шатыр тігіп берді. Және он кісі келіп, о да түсе қалды. Оған да бөлек баспана тігіп берді [594]. Түн болды, қонағасын беріп жатты. Таң атқан соң, ұйқы қанып, тамағын ішкен соң, би келіп;
— Жол болсын! — деп жөн сұрады:
— Ұлы жүз: Үйсін-Тоғас бидің елінің адамларымыз. Өзді-өзіміз даулымыз. Дау себебі: ұрыс-төбелес болып, бір қатын бала тастап, соны құрым кигізге тігіп алып, өз еліміздің [биі] Тоғас биге алып бардық, — деді.
— Көз таңбалы Арғында Манас би деген бар еді. Соған барыңдар! — деп, бізді бұйрық қып, соған, Манас биге айдады. Оған келіп едік:
— Қаз дауысты Қазыбектің баласы — Бекболат биге барыңдар, — деп, бұлай айдады. Бұған келіп едік:
— Кеше үш жүз басы қосылғанда, Үйсін-Төле менен ердің құнына екі-ақ ауыз сөзбен біткен Едігеге барыңдар! — деді, сізге айдады. Жүрген жайымыз — сол! — дейді.
Екі даугерлерді алдына алдырып:
— Құрым кигізге тіккізген баланы алдыр! — дейді [596]. Кигізін сөктіріп көрсе, түсік екен. Анық бала болған жоқ екен де, бас, қол, аяқ — мүшелерден белгі жоқ екен. Ортан қол, сұқ қол сықылды егіз бала екен.
Сөзі мынау дейді. Едіге би бұған бұлайша төре берді дейді:
— Мұнда бас дейтін бас жоқ екен, көз дейтін көз жоқ [597], ұстайтұғын қол жоқ екен, жүретұғын аяқ жоқ екен. Он екі мүше түгелденген жоқ екен. Бұл адам есебіне қосылмайды. Бұған құн бұйырылмайды. Бірақ ата-бабамыздан сөз бар еді: «Даушы құр қалмай да, жаншы құр қалмайды» — деген. Бұған айып керек. Ұрыс-төбелес болғанлығы үшін, таяқ жеген қатынға жақтас болғандарың ат бастатқан «тоғыз» қып айып тартыңдар. Қатынды ұрғанда, жақтасқандарың түйе бастатқан «тоғыз» тартыңдар. Бір «тоғызды» Тоғас бидің босағасына байлаңдар. Бір «тоғызды» Манас бидің босағасына байлаңдар! Бекболат пен екеуімізге бітіріп қайтарған [598] абырой да болады! — дейді.
Екі жағы да риза болып, бұл сөзді Бекболатқа барып айтты.
О да: «Пәлі де!» — дейді. Манас биге барып айтты. О да: «Пәлі де!» — дейді. Тоғас биге барып айтты. О да: «Пәлі де!» — дейді. Тоғас би Едігенің сөзіне риза болғандықтан, қыс ішінде он жігіт жіберді:
— Едігеде қыз болса, құда түсіп келіңдер! Егер қызы жоқ болса, еркек баласына бізден қыз айттырсын! Құда болалық, шақырып келіңдер! — деп.
Қыс ішінде он жігіт келді. Едіге биде қыз жоқ екен. Қиғара деген ұлы бар екен. Соған Тоғас бидің Нақ деген қызын айттырып, жарасқан соң: «Елдің жайлауында, биенің байлауында қарсы келіп, құда түстіріңіз!» — деп, шақырып қайтты. «Бұлардың жолы құр қайтпасын!» — деп, он кісіге он ат, он қара құлын жолын қылып, жарғақ кигізіп қайтарды. Жарқырап жаз шыққан соң, күркіреп көк шыққан соң, Едіге би бірнеше адамлармен Тоғас бидің еліне барса, Тоғас бидің елі бір аққан өзен судың бойында екі жағы жарқабақ өткелсіз су екен. У-шу, азан-қазан, ине шаншар бос жер жоқ болып, тізіліп жағалай [599] ел қонған екен. Қым-қуыт, шым-шуыт болып шулап жатқан бір ел. Таң-тамаша қалып, Тоғас бидің үйінің сыртына келіп түсті. Тоғас биге келіп, көрісіп, амандық айтысып болған соң:
— Бұл у-шу, аласапыран, не нәрсе? — деді. — Жаңғырыққан немене? — дейді.
Тоғас би айтты:
— Мұның мәнісі бар, — деді: — Кәрі қатты Жәңгір хан деген ханымыз бар еді. Соның жалғыз баласы бар еді. Сол жалғыз баланың өлгеніне бүгін сегіз күн болды. Жалғыз баласы өлген соң, хан елге жарлық қылды:
— Төрт түлік малдың енесін судың бір жағына қойсын, баласын бір жағына қойып, шулатсын, мендей зарлансын! Қозыны қойға жамыратпаңдар, бұзауды — сиырға, құлынды — биеге, ботаны — түйеге! Мен қандай аңырасам, жан-жануар мендей аңырап, зарлансын!» — деп.
Сол жарлық бойынша бүгін сегіз күн болды төрт түлік малдың баласы енесіне жамырамағалы! Мал шулап, азан-қазан болып тұрған соң, халықта не тыныштық, не құзыр болсын?! Хан өзі сонан бері дым сызбай жатыр. Төсектен басын көтермейді, теріс қарап жатқан бойымен жатыр. Ешбір жанның сөзі құлағына да кірмейді, дес те бермейді. Еліміздің қым-қуыт, шым-шуыт, у-шу болып тұрған мәнісі — сол! — дейді.
— Ханның өзі Құдайға құл, Мұхаммедке үмбет пе? — дейді.
— Құдайға құл, Мұхаммедке үмбет — дейді.
— Ендеше ертең [оның] басын төсектен шошығандай қып көтертейін! — деді.
— «Оңалар істің басына, // Жақсы келер қасына», — деді. — Бүгін қонағасыңызды жеп, тынығып жайланыңыз. Ертең сізді ханның ордасына алып барайын, — дейді.
Бұл түн жатып, таң атқан соң, Тоғас би Едігені ертіп, ханның ордасына барды. Қазақ дәстүрінше құран оқып, дұға қылды. Одан кейін ашық қып:
— Алдияр! — деп, сәлем берді. Өз білгендерінше:
— Хал [ық] орынша! — деді.
Хан басын көтеріп бұларға қарамады да, дес те бермеді. «Күнде келіп жатқан көптің бірі ғой!» — деп [отыра] берді [600]. Сонда Едіге шарт жүгініп отырып сөз бастады:
Ақ сұңқар ұшты ұядан,
Қол жетпейтін қиядан.
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,
Қияғы бүтін сұңқар жоқ.
Тұлпардың тұяғы,
Тасқа байласа, кетіледі,
Суға байласа, жетіледі.
Алтын қоңырау үзіліп жерге түсті.
Құс маңдайлы, жез таңдайлы
Бір тұйғын балақ бауын үзіп, тұғырынан ұшты.
Құдайдың саған бір жабдығы түсті.
Мойының жуан, көтерерсің!
Көтермегенмен, амалың бар ма?!
Оны алған Құдайдың әмірі күшті!
Көтер, хан басыңды!
Босатпа беліңді,
Мұңайтпа еліңді!
«Тозбасты ұста соқпайды,
Өлместі құдай жаратпайды» — деген! — дейді.
Сонан соң хан басын төсектен жұлып алғандай көтерді. Едігеге қарап ежірейіп, қадала қалды. Біраздан соң айтты:
— «Көз таңбалы Арғында Едіге деген бір жас бала бар», — деп естуші едім. Солмысың, жоқ басқа біреумісің? Айнам, жөніңді айт?! — [дейді].
— Болсақ, болармыз, — дейді.
— Айтқан аузыңнан да айналайын, сені көтеріп тапқан қатыннан да айналайын! Балам өлгелі сегіз күн болып еді, осындай бір ауыз сөз айтып, көңіліме тигізген жан жоқ еді. Балам тірілгендей, көңілім тірілді, — деді. — Менің осы қайғым қайтсем қалады, не қылсам, құтыламын? Менің қайғымды кетіріп, орнымнан тұрғызып кет! — деді.
— Сенің бұл қайғың жиылған көптің тобында қалады,
Атылған мылтықтың оғында қалады.
Қыран құстың қияғында қалады,
Жүйрік аттың тұяғында қалады.
Аққан судың бойында қалады.
Сұлу қатынның қойнында қалады.
Өлім деген, шіркін, өрт емес пе?
Ойын-күлкі, сауық, көңіл көтеретін сол емес пе?!
«Ит өз құйрығын өзі алып жүрмесе, оның құйрығын кім көтеріп жүреді?!» — деген сөз бар емес пе? — дегенде, хан төсегінен ұшып түрегеліп:
— Өшкенім өніп, сөнгенім жанды ғой! — деп, малды жамыраттырып, дүние жүзін шаңдаттырып, қыран құс, жүйрік ат, түзу мылтық жинаттырып, той-тамашалар қылдырып, Тоғас бидің киітінен ханның сыйыты асып кетті дейді. «Өнер алды — қызыл тіл» — деген осы.
Тоғас бидің қызы Нақты қыс ішінде ұзатыпты, — дейді. Тоғас бидің [қатыны] қызын:
— Едіге бидің үйіне ертіп алып барып, құтты жеріне қондырып қайтамын! — деп, бірге ере жүрген екен. Жүріп келе жатып, қонып түскен жерде қызы мен күйеуі отырған күркесіне кіріп келсе, күйеу қыздың екі аяғын қойнына тығып отырғанын көріп:
— Мына, шіркін, жұрт болмайды екен, барып болмас! — деді, сол жерден Едігеге ішкі сырды, «күйеуінің» жайын айтпай, амандасып, өкпелеп қайтып кетіпті [601].
— Нақтан туған Шаржау жалғыз. Шаржаудың бәйбішесінен Добан жалғыз. Тоқалынан: Үмбет, Мәмбет. Мұнан — Садуақас.
«Добанның қатынына қызығып, Шоң бидің тоқалының баласы Қорабай деген Ерейменнің бауырында, Қарасеңгір деген жерде Шопай жартасының қарасуына мойнына шылбыр салып, терең қарасуға тастап, өлтіріп, қатынын алған. Өзін Ерейменнің ішінде көлдің басына қойған. «Үш мырзаның көлі» — атанған:Төкей, Такей, Добан — үшеуі бір жерде!» — депті. Шамен, Қарақыз, Сайділда: бұл үшеуі — Добаннан. Үйсін: Ошақты — Жалайырдың Ошақтысы — Малай, Жәдігерінен тапқан Құлназар дегенді өлтіріп, құн бермей кеткен.
Сол турасында Бөрібай ақын айтқан екен. Өлеңмен Бөрібай ақын құн сұрағаны:
Ошақты, Құлназарға құн бермексің,
Алты «жақсы», жүз жылқы пұл бермексің!
[А] лты «жақсы», жүз жылқы құн бермесең,
Тұлымды қыз, алтын айдар ұл бермексің!
Құлназар келіп өлді ауылыңа,
Ішім оттай күйеді бауырыма!
[Алты] «жақсы», жүз жылқы құн бермесең,
Есенбай таңба басар сауырыңа!
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ «СҮЛЕЙМЕН МЕН БАЙҒЫЗ» ӨЛЕҢІ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
Ескі сөз бұрынғыдан қалған екен [602],
Жаңа сөз қанша айтқанмен, жалған екен.
Пайғамбар тақ Сүлеймен болған жерде
Бір сұлу таңдап жұрттан алған екен [592].
Әрқашан адамзатқа нәпсі ғалыб (қалып),
Талай жан қатын алып, болған кәріп (ғарыб).
Сол қатын не айтқанын қылдырыпты,
Патшаны тақ Сүлеймен билеп алып.
Жолына қылып пида жанды дейді
Бір қатын билеп-төстеп алды дейді.
Аспанда кұстай ұшып жүрген тақсыр
Пенде боп бір қатынға қалды дейді.
Дүниенің біле алсаңыз [603] шын-жалғанын,
Құлыңа жалған дүние қол салғаның.
Патшаға тақ Сүлеймен қылдырыпты,
Сол қатын дүниеде ойға алғанын.
— Қолың жетіп тұрғанда, қарма, — дейді,
— Атың жүріп тұрғанда, шарла, — дейді.
— Жананым, жаннан артық жақсы көрген,
Жалғанда ойға алғаның бар ма? — дейді.
— Өлшеусіз мұнан артық бақ болса екен,
Сары ала саф алтын тақ болса екен!
Болғанша қиямет қайым тот баспайтын
Шаңқандай үй сүйегі ақ болса екен!
— Жанымнан өтті менің айтқан сөзің,
Отырсам, бәрі түгел, көріп жүзің.
Не нәрсе [бұ] дүниеде тот баспайтын,
Ақылды данышпаным, айтсайшы өзің!
— Домбыраның күйін тартар тиегінен,
[Сөз] саулар ақынның жақ иегінен.
Болғанша қиямет қайым тот баспайтын,
Үй салдыр тамам құстың сүйегінен!
Сүлеймен зайыбының тілін алған,
Жиғалы тамам құсқа айдау салған.
Тамам құс бірі қалмай жиылғанда,
Бір құс бар: «Байғыз» — деген келмей қалған.
— Бара гөр байғызыма құлдық қылып,
Болғанша қызыл шақа жүнін жұлып.
Мұрнының тесігінен жүн өткізіп,
Алып кел, келмесе де, зорлық қылып!
Қаршыға байғыз құсқа барып келді,
Ай жүріп, ара қонып, арып келді.
Мұрнының тесігінен қыл өткізіп,
Сорлыны дедектетіп алып келді.
— Байғыз-ау, кейін қалдың ақыл тауып,
Қаршығам арып қалды, саған барып.
Толғаның толы боқ іске (шеке) шыдап (сыздап)
Боласың неге тұлға келмей қалып?!
— Патша әділ болмаған соң күн (көре алмай),
Өлерміз қоршылықпен жем жей алмай.
Өлік пен тірікті салыстырып,
Екеуін жатыр [едім теңгере алмай].
— Алдымнан кете алмайсың енді қашып,
Одан да жалынып бак, шыныңды айтып.
Тіріні өлік пенен салыстырсаң,
Білдің бе екеуінің қайсысы артық?!
— Табылса әділ патша, ғарызым айтып,
Кетер ем мекеніме бірақ қайтып.
Өлі менен тіріні теңгеріп ем,
Тіріден болды өліктің біреуі артық.
— Көз жұмбай, дария кештім пенделіктен,
Көрмедім пайда жиған дүниеліктен.
Тумақ, өлмек — артық-кем жоқты-ау іс-ті,
Тіріден өлі артылды не себептен?
— Жалғанда аз күн теріп несіп жерміз,
Білмейміз — бұ жалғанда не үшін жүрміз?
Кей адам ерте жатып, кеш тұрады,
Оны біз: «Тірі демей — өлі!» — дейміз.
— Кеш тұрып, ерте жатып, кесір жасқа,
Жаздырып қою керек мұны тасқа.
Беріліп күні бойы күлмей жаттың [604],
Бар ма еді алданышың мұнан басқа?!
— Шамалап өз ойымды, меңгере алмай,
Барамын болып қисық, жөндей алмай!
Еркекті қатын менен салыстырып,
Оны мен жатыр едім теңгере алмай.
— Байғұс-ау, құтылмасаң шыныңды айтып,
Өлерсің қоршылықпен бейнет тартып.
Еркекті қатын менен салыстырсаң,
Білдің бе екеуінің қайсысы артық?
— Еркекті ессіз қылып, қара басып,
Қор болды ұрғашыға араласып,
Еркек пенен қатынды теңгере алмай,
Бір қатын артық шықты саннан асып.
Көз жұмбай дария кештім пенделіктен,
Көрмедім ешбір пайда түзуліктен.
Құдайым артық- [кемсіз] [жұп] жаратқан,
Болғаны қатын артық ол неліктен?!
— Жалғанда аз күн жүріп, несіп жерміз,
Білмейміз бұ жалғанда не үшін жүрміз?!
Кей адам қатын тілін алатұғын,
Біз оны еркек демей, қатын дерміз.
— Қаралдың жұдырықтай, ақылың зор,
Қатын тілін алғанды қылдың ғой қор!
Айырдың қан төгетін көп кінәдан,
Байғызым, қашан дүние тұрғанша тұр.
Қылыпты тамам құстың бәрін азат,
Байғыздың бұл сөзіне көп болып шат.
Қатынның басын сонда алдырыпты:
— Сен мені жұртқа рәсуа қылдың — деп, — [мат] !
Талайды қатын жолдан аздырыпты,
Ақымақтың көбіне көр қаздырыпты.
«Ғибрат боп кейін [гі] ге қалсын, — деп, — жат!» [605]
Кітапқа мұны-дағы жаздырыпты.
Мәшһүр Жүсіптің «Өлім алдындағы хал» өлеңі.
Қаламды жазайын деп алдым қолға [606].
«Абылай аспаған сары бел» — аталған мәнісі (екінші нұсқа).
Ғаламда он сегіз мың жан болыпты [607].
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ «ЖЕТПІС БАП» — ДАСТАНДАР ШОҒЫРЫ
(ЕКІНШІ НҰСҚА)
ОН ЕКІНШІ БАП
...ұғлы дүние салды,
Бірін — Ғалы, екеуін Ғұшман алды [608].
Біреуі бір орынды жерге барып,
Жалғыз-ақ Фатимадан мирас қалды.
Жеткенде қырық жасына Құран еніп,
Хақ пайғамбар екенін ғалам білді.
Жебірейіл пайғамбарлық алып келіп,
«Ақыра бисмилла» — аяты ендірілді.
Әуелі Хадиша анам ақырар қылды,
Онан соң хазіреті Ғалы дінге кірген.
Онан соң Әбубәкір ислам тауып,
Осы дін соларменен көтерілген.
Онан соң Зайда мен Хырыш дінге кірді,
Сонан соң мәрте-мәрте келе берді.
Пайғамбарлық келгеннен билан қарай
Тағы да Әбужаһил күндеп жүрді.
Халықты пайғамбарға иландырмай,
Айнытып Жаһил лағнет бұза берді.
Тағы да Жаһил лағнет дұшпан болып,
Бірсыпыра жығмет ере берді.
Әбубәкір, Ғұмар мен Ғалы жолдас,
Соңынан ертіп алып қауым елді.
Мұсылман күннен-күнге көтеріліп,
Шарапатын расулдің көзі көрді.
Сол уақытта жолдасы үш жүз кісі,
Баршасы: «Пайғамбар»! — деп, сыйына берді.
Бір күні Жебірейіл келді жетіп,
Пайғамбар Әмһанының үйінде ерді (еді).
Келіпті уахыралиа жалғыз Хақтан:
«Қонаққа өз қасыма келсін»! — депті.
«Достым бұған мінсін! — деп жіберіпті,
Бір пырақ алып келді ол ұжмақтан.
Екеуі сол мезгілде жөнеліпті,
Қасыма Тәңір оның берген бақтан.
Көз ашып жүргенінше Құдыс барып,
Мұхаммед нәпіл намаз оқып шыққан.
Ғайсаның көкке шыққан ізіменен,
Ғарышқа қарсы қарай пырақ асқан.
Жеті қат көктен өтіп Ғаршы барып,
Сарайын сегіз ұжмақ аралатқан.
Сегіз ұжмақ ішінде жүр хор қызлары,
Хақ расул тамашаға көп қараған.
Барыпты онан өтіп қабақ ұсайын мықайына,
«Апақ» — деген орында Хақты тапқан.
Тоғыз мың тоқсан ауыз сөз сөйлесіп,
Ішінде бір сағаттың барып кайтқан.
Қайтып келсе, жылуы басылған жоқ,
Жылуы төсегінің түнде жатқан.
Құманның тамшысы басылмайды,
Шүмектен құйғандағы тамып аққан.
Есіктің күршегі [н] сылдырлатып,
Манағы сапарында ашып жапқан.
— Бір сағат — деп, айтсам да, келмейді өзі,
Айтсам да: «Беремін»! — деп, кінә таппан.
Таң намазын оқырда жылу жеті,
Халыққа миғраждың жайын айтқан.
Сол жиылған халықтың ортасында,
Тұр екен Әбужаһил Тәңірі атқан.
Кейі нанып, кейбірі күмән көріп,
Ешбірі сөйлемеді жамағаттан.
Үндемей көп жамағат отырғанда,
Сөйлейді Әбужаһил ана жақтан:
— Иа, Мұхаммед, сөйлейсің нені? — депті,
— «Нанар» — деп отырмысың мені? — депті.
— «Жеті көктен әрі өттім» — дерсің,
Келе ме бұл сөзімнің жөні? — депті.
Тағы да басқа жерде сөз ғып сөйлеп,
Екінші айтамысың мұны? — депті.
— Бұ сөзбен бірталай жұрт бұзылады,
Жамағат, қойыңыз мұны, — депті.
Ұялмай: «Бір сағатта ұшып барып,
Көрдім, — деп отырмысың, — аспан көкті?!»
— Ол өзі бір жәдігөй сиқыршы, — деп,
— Онан да өтірігі асып кетті.
Жаһилге қарсы қарап Хақ пайғамбар:
— Уа, Алла, бұ сөзім рас! — депті.
— Қоймаймын, — деп айт [қ] ан, — қараңлар, — деп,
Ақырып Әбужаһил айғайлапты:
— Бұ қалайша пайғамбар болады? — деп,
Ішінен жұрттың барып күмән айтты.
Бірсыпыра мұсылман: «Шын!» — деп біліп,
Бірсыпыра мұнафықтан дін кетті.
— Иа, Алла, өзің нандыр осыған! — деп,
Ішінен пайғамбарым қайғы жепті.
Пайғамбар үйге таман келе жатса,
Алдынан Әбубәкір қарсы кепті.
Жаһил да жақын (иақын) екен сол арада
Пайғамбар миғраждан сөз сөйлепті.
Хақ расул миғражды айтқан сайын:
— Хақ [қ] а жар (иар), расул Алла тақсыр, — депті.
— Достына [Жаһилға] мұның бәрі қажет емес,
Нанбаған осы сөзге кәпір! — депті.
Инанған (иланған) халайықтың көңілін басып,
Сол жерде Әбубәкір тамаша етті.
Әбубәкір Құдайдың сөзін естіп,
Қайғырып Әбужаһил есі кетті.
Сөйледі Әбубәкір дәлел (далил) бірлан:
— Білмеңіз «Өтірік!» — деп, мұны, — деген.
Сол жерде көп халайық жиылысып,
Манағы жұрттың бәрі кайта келген.
«Тамаша! — деп, мысал сөзді кітап айтар,
Халыққа Әбубәкір жауап берген:
— Жебірейіл бір күнлерде сапар қылып,
Көктен жерге жетпіс мың періште келген.
(Періштемен келіп қайтар).
Жебірейіл Пайғамбардың досы болса,
Қажет пе бір апармақ оны? — деген.
Және де қараңызлар туған Айға,
Не қылса қажет емес бір Құдайға!
Жерден көк жүз алпыс ұлық дүр,
Кетеді көз ашқанша әлдеқайда.
Көз ашып, жұмғанша мың жылшылық,
Жүреді сапар қылып алыс жолға.
Пайғамбар шариғаттың нұры болса,
Ғажап па бұ жүрмегі әнбияға?!
«Сұбхан алзи асра биғыбада лайлан» — деген аят,
Құранның қараңызлар аятына.
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ
«ПАЙҒАМБАРҒА СЕНБЕУШІЛЕР ХИКАЯСЫ» ТУЫНДЫСЫ
Тәнімен көкке шықты Ыдырыс, Ғайса [609],
Ғажап қо [й] бір бармаққа ғам расулға.
Олардан дәрежесі артығырақ,
Жарық қып нұрын шашқан бұ ғаламға.
Ібіліс дүние кезер көз ашқанша,
Жер мен көк екі арасы әлде қанша?
Ойлаңыз: «Расул онан қалай [өтер]»,
Қажет пе Жебірейіл алып барса?!
Жын-пері көкке шығып, дүние кезген,
Бұл дәлел осылайша миға салса!
Адам өлсе, тәнінен жаны шығар,
Ғарышқа бір минутта барып тұрар.
Жүрмейтұғын жаратқан бұ ғаламда
Ғажап па барып қайтса ол сәруар?!
Көзінің ішіндегі қарашығы
Жырақтағы жер менен көкті көрер (көрар).
Пайғамбар бұ жаһанның нұры болса,
Бұған кім: «Не көрдің?» — деп, күмән қылар.
Шайхы ер екен Самдағы бір әулие
Бір сағатта мың жылдық жолға жүрер.
Таң намазын — пентін үйінде оқып,
Парызын Қағбада тамам қылар.
Күн шыққанша жүз жиырма жылдық жолға жүріп,
Орнына, күн шыққанда, қайтып барар.
Олардан да бұл расул артығырақ,
Жуумен қол тәмсіл қылып [барар].
Осылай Әбубәкір тәмсіл қылды,
Айналмай (айланбай) Әбужаһил жүре берді.
Көңілі айтқанына қайта орнығып,
Бірталай мұнафықлар дінге кірді.
Әр жерде мұғжизасын көргізсе де,
Қастықпен Жаһил лағнет аңдып жүр [ді].
Сөйлейін пайғамбардың хикаятын,
Далилдан білгенімше айтып затын.
Пайғамбар болмағына дәлел қылған,
Айтайын сол тақсырдың шарапатын.
Неше түрлі керемет көрсе-дағы,
Қоймаған Әбужаһил инабатын.
Нұсқадан тәржімалап, қисса қылдым,
Һошымгұл [мен] Ақпар рауаятын.
Дәрәнде деген жерде кәпірлерге,
Бір күні көрсетіпті мұғқызатын.
Бір мың бес жүзге — пір жылдылар
Дәрәнде деген жерде отыр — дәлел,
Отырды бір һүсілмет кеп құрысып,
Әңгіме пайғамбарды сөз қылды-лар.
— Мұны ол соған айтып қарайық, — деп,
Сол жерге Әбутәліпті алдырды-лар.
Жаһил айтты:
— Бір сөз бар, Әбутәліп,
Мұхаммед бұзып отыр, есті барып.
Бұрынғы атамыздың дінін бұзды,
Егер ол мәжнүн болса, қар [а] талық!
Иа, болмаса, дініне егер қайтса,
Тоқтасын бір қалаған қызын алып.
Оны егер ел бұзғызбай, [сен] жүргізсең,
Өзіңнің айтқаныңша пұл берелік.
Егер бұған көнбесе, рұқсат бер,
Жиылып өзін бір күн өлтірелік.
Шақырып, Әбутәліп, келгеннен соң,
Осылай сөзін айтты барша халық:
— Ол саған осы күні бала боп тұр,
Бұл сөзді тағайынлап айтшы барып!
Тәліп айтты:
— Дұрыс па мына сөзің,
Айтпаймын: «Оны қой!» — деп менің өзім.
Не десең де, жауабын өзі берер,
Шақыртып ал, лайығын білсең өзің.
Бізлердей көңілдегі сөзіңді айтып,
Естіп кел өз аузынан айтқан сөзін.
Шақырды Мұхаммедті хабар салып,
Шақырып жиын жерге келді алып.
Пайғамбар бөгелместен келді жетіп,
Бұлар да айтар сөзін тұр ойланып.
Барды да баса жаншып жоғары өрлеп,
Отырды ең жоғары төрге барып.
Ешбірін көзге іліп қарамады,
Қорықпасын ешбірінен білді аңғарып.
— Бұл неге сәлем беріп, сөз қайтпайд? — деп,
Сөйлейді Әбужаһил тұра қалып.
Жиылған осы араға бір мың кісі,
Екенің оңай мінеп ұлық ісі.
Қарттарға сәлем беріп қарамайды,
Бәрі де тәкаппарлық қылған ісі.
Менмендік пайғамбарға бола ма екен,
Ұқсар ма пайғамбарға бұл жұмысың?!
Хақ расул ортасына келгеннен соң,
Сөйлейді бағанағы әңгімесін.
Пайғамбар айтты:
— Қызмет мал алмаймын,
Сендердің айтқаныңды қыла алмаймын.
«Мәнусиге, — хақ, — сәлем берме!» — деген,
Бір Тәңірден ұлықты біле алмаймын.
Бұйрығын бір Тәңірінің жеткізбекке,
Сол үшін «Қой!» — дегенге тіл алмаймын.
Бұл Құран — жаратушы Хақтың сөзі,
Жасырып оны ешкімнен қоя алмаймын.
Қайтпаймын өлсем-дағы бұл жолымнан,
Танбаймын өлгенімше мен мұнымнан.
Сендердің танығаның — Құдай емес,
Пұт — бұрқан жасайсыңдар қолдарыңнан.
Өлгенде мүшіріктің орны тозақ,
Қорқыңдар жаратушы Құдайыңнан.
Құдай — бір, Құран — шын, Пайғамбар — хақ,
Алланың мен — елшісі, ойла бірақ.
Әшінде от пен жылан, шаяндар бар,
Орыны жөһудлердің — жеті тозақ.
«Жолына дін-исламның көнген жанға
Бар, — дейді, — ізгі бағы, сегіз ұжмақ.
Құдай — бір, Құранды шын — білмесеңіз,
Тамұққа отқа салып, қылар ғазап.
Махшарда барша жанды тірілтеді,
Апарар Ғарасатқа бәрін жинап.
Сол жерде Тәңірім өзі қазы болып,
Тексерер барша жаннан сауал сұрап.
Өз денең өзіңе куә болып,
Тіл мен көз баршасына болды айғақ.
Жаратқан барша жанды Жаббар Құдай
Махшарда күллі жанға қазы болмақ.
Сендердің табынғаның — тас пен ағаш,
Жасатып аласыңдар қолменен-ақ,
Миза менен таразы құрылады,
Күнә, сауап, — баршасын өлшеуге алмақ.
Егер де күнә жағы ағыр (ауыр) келсе,
Апарып жаһаннамға оны салмақ.
Үстінде жаһаннамның қыл көпір бар,
Жіңішке қылдан нәзік, мұздан тайғақ.
Періште күрзіменен ұрып-соғып,
Жүргізер ықтиярсыз онан да айдап.
Жығылып Мүшірік, жөһут (жөйіт) кетер сонда,
Астында тозақ оты тұрған қайнап.
Түбінің тереңдігі — мың жылдық жол,
Сонда жанып жатады соры қайнап.
Он сегіз мың ғаламды кім жаратты,
Қарашы миға салып, оны да ойлап.
Ойлашы: «Сені, мені кім жаратты?»
Жарық жұлдыз, аспан, күн жаратты.
Бұ ғаламды жаратқан жалғыз Алла,
Бір өзінен басқаны жұп жаратты.
— Мен — Пайғамбар, Құран — шын, Құдай — жалғыз,
Жолына дін-исламның көн! — деп айтты.
— Өз жаныңа өзлерің қылма қастық,
Әмірім (аһырым) менің айтқан жөн! — деп айтты.
Сол жерде Жаһил лағнет тұра келді,
Бұл сөзге қарсы қарап, жауап берді:
— Пайғамбар болсаң, бізге белгі көрсет,
Бастасаң тұғыр жолға тамам елді.
— Бұрын да пайғамбар болып еді,
Оларға төрт Інжіл келіп еді.
Ол Мұса пайғамбарың кереметін
Бани Исрайл (Израйл) қауымында көріп еді.
Ферғауын Мұсаменен қарсыласып,
Дарияға ғарық (қарық) болып өліп еді.
Осындай кереметін көргеннен соң,
Көп қауым айтқанына көніп еді.
Ол тисе де көрсеткен мұғжизасын,
Сонымен пайғамбар деп сеніп еді.
Пайғамбар айтты сонда:
— Не сұрайсың?
Тағы да айтқан сөзден бұзыларсың.
Жаратқан жалғыз Алла берер өзі,
Құдіретін бір Алла аңғарарсың.
Бар еді Дәрәнде тауда бір үлкен тас,
Сол тастан тамбуы (тамбыды) боп, шыққан ағаш.
Бұтағы, жапырақлы болсын өзі,
Басына жеміс шықсын оған жанас.
Сол ағаш айтқанымдай өсіп шықсын,
Қылмалық сонан кейін саған талас.
Ол ағаш пышақ өтпес қатты болсын,
Жемісі бал шекерден тәтлі болсын!
Аурулар асаса, шипа болып,
Көзсізлер — көзлі, тілсіздер тілді болсын.
Осындай кереметті анық көрсет,
Халықтың саған рас көңілі сенсін!
Бұл Мұхаммед Хақ пайғамбар болса өзі,
Жамағат кереметін анық көрсін!
Не айтсақ, сонымызды істеп тұр ғой,
Мұның да айтқанына жұрты көнсін!
Егер мұны қылмаса, бәрі жалған,
Халықты бекер бұзбай жайға жүрсін.!
— Жарайды! — деп, осыған қылды уағда,
— Тілесе, Жаббар ием берер! — дейді.
Алладан төмен қарап ныжат тілеп,
Тілек тілеп, пайғамбар аз отырды.
Бір сағат зікір (пікір) қылып отырғанда,
Жебірейіл сол арада жетіп келді:
— Иа, Мұхаммед, қайғырма мұның үшін,
Бір Алла тілегіңді берді! — дейді.
— Алладан уахи [алып] келдім, — дейді.
— Жітник, бәрі даяр болды, — дейді.
— Адамды жаратпастан екі мың [жыл] бұрын,
Ішіне осы тастың ендім, — дейді.
— Осы айтылған ағашың даяр тұрып,
Мен ізлеп сол уақытты тұрдым! — дейді.
— Мақпуздағы періштелер жазған екен,
Осындай сұрамағын біліп елдің! — дейді.
— Не қылсаң да ықтияр бір өзіңде,
Жеті қат көк, жеті қат жердің! — дейді.
Ол расул қолын жайып дұға қылды,
— Бисмилла! — деп, ол тасты шайқап еді.
Алланың әмірімен тас жарылып,
Ішінен ағаш өсіп, шыға келді.
Жапырағы көкпеңбек, жеміс шығып,
Сол жерде айтқанындай бәрі көрді.
Жемісі [н] жеген ауру шипа тауып,
Көзсізлер — көзді, тілсіздер тілді болды.
— Иа, Мухаммед, Құдайың тіліңді алса,
Ішіне осы тастың қайта енгіз! — дейді.
Ішінен хақ пайғамбар тілей берді,
Тастан шыққан ағашты қайта ендірді.
— Көк болмаса, жердегі бәрі соқыр,
Біздерге көктен мұғжиза көрсет! — дейді.
Қазіргі күні батып, түні болып,
Орнынан Ай айналып, қайта толсын!
Ай туып, қараңғы, жұлдыз шығып,
Тағы да әрбірден соң, күндіз болсын.
«Көкке сиқыр жүрмейді» — деген сөз бар,
Осындай мұғжизаңды халық көрсін.
Хақ расул көкке қарап дұға қылды,
Күн батып, жұлдыз шығып, түні болды.
Ай батып, қараңғы болып тұрып,
Батқан күн күншығыстан қайта туды.
Бір емес, баршасының пір болып,
Күллі жұрт көкке қарап бағып тұрды.
Жаһил айтты:
— Бір іске көңіл сенсін,
Бұл Айды қолменен екі бөлсін!
Бірісі көк жүзінде жүріп қалып,
Бірісі көктен келіп қойнына енсін!
Қайтадан он төртінен жарық болып,
Дәл көктің ортасына барып тұрсын!
Билігін көк пен жердің Тәңірім берді,
Сонда Ай отызынан бітіп еді.
Он төртінен туғызды айтқанындай,
Айдың отыз күні біткені жұртқа мағлұм болды.
Толған Ай ортасынан қақ жарылып,
Хақ расул қолын көкке сілтеп еді.
Жартысы көк жүзінде тұрып қалып,
Жартысы көктен келіп, қойнына енді.
Қойнына еніп, қайта шықты-дағы
Көтеріліп көкке қарап жүре берді.
Қосылды сонда барып жартысына,
Күллі жұрт тамашалап бәрі көрді.
— Ла-ила, ила Алла, Мұхаммед расул Алла, — деп,
Аспанның жан-жағынан әуез келді.
— Сиқыры Мұхаммедтің көкке ұшты! — деп,
Айқайлап Жаһил лағнет жүре берді.
Бір патша Маликиабып деген
Сол жерде иман айтып, дінге кірді.
Жолдасы қасындағы бір жүзікші:
— «Мұхаммед — хақ, пайғамбар, шын!» — деп білді.
Төрт ат шаптырып Жаһил лағнет,
Білдірмей құр ұялды тамам елден.
Бұл мұғжиза жер жүзіне болған екен,
Көп жөһит калиме айтып, дінге кірген.
Хақ пайғамбар жер жүзіне білінген соң,
Ислам діні осынша көтерілген.
Әзелде иман несіп болмаған соң,
Айтқанын жаһил лағнет күндеп жүрген.
Мұсылман көтерілді бұрынғыдай,
Дінге кірген кәпірлер ұнамаған.
Хақ пайғамбар екенін білсе-дағы,
Жаһил лағнет айтқанына бір болмаған.
Жар дос-ты Пайғамбардың көнбеген (күтпеген) соң,
Ит Жаһил өлтіруге ой ойлаған.
Орынсыз пайғамбарды ренжітіп,
Бұрын да талай жерде қастық қылған.
Он үш жыл нәбуат [т] ан бұрынырақ,
Меккеден көшпегіне әмір қылған.
Жебірейіл пайғамбарға келді жетіп:
— Тез көшіп, Мединеге жөнел! — деген.
Әбубәкір Сыдықты қасына алып,
Бір түнде сапар қылып, жолға жүрген.
Екеуі таң атқанша тынбай жүріп,
Жасырынып таңға жақын Ғарға кірген.
Аузына бір көгершін ұя салып,
Өрмекші пердесіні тоқи салған.
Ішінде бұ Ғарының үштен жатқан,
Бекер-ау Ғалы, Ғабдолла келіп жүрген.
Хабарын халайыққа есіттіріп,
Алып кеп екеуіне тамақ берген.
Үш күннен соң шығып [сол] Ғардан.
Тоқталмай, Мединеге тез жөнелген.
Кез болып жол үстінде пайғамбарға,
Ғамари деген сахаба жолдас болған.
Меккеден екі күндік жер еді ол,
«Асыған» — деген орынға келіп қонған.
Бөгелмей, онан кейін, суыт жүріп,
«Қаба» — деген ауылға жетіп келген.
Ғуапұғлы Ғамарға болды қонақ,
Дүйсенбі күні келіп, үш күн қонған.
Жұма күні ол арадан сапар қылып,
Панисайым орында намаз қылған.
Медине жамағаты сол уақытта
Хақ пайғамбар келуінен хабар білген.
Көп халайық құрметлеп қарсы шығып,
Алдынан желмаялар алып келген.
Үстіне желмаяның тақты құрып,
Құрметлеп пайғамбарды алып жүрген.
«Пайғамбарды мен қонақ қыламын! — деп,
Бәрі де сахабаның үмітленген.
— Еркіне желмаяны қоя бер! — деп,
Жебірейіл сол арада жетіп келген.
— Бұ түйе қайда шөксе, сонда тоқта,
Ешкімді ренжітпе бүгін! — деген.
Сонда жамағатқа хақ пайғамбар:
— Түйе шөккен жеріне түсем! — деген.
Келіпті Мойна қақпасына,
Таз [а] лап көшлерін құрмет етті ер басына
«Қызығып түйе бұған шөге ме?» — деп,
Әркімлер жем қойыпты жол басына.
Қақпаның ешбіріне тоқтамастан,
Мешіт Харам (Шырам) орнына барып түсті.
Бір шөгіп бүл арада демін алып,
Айырзай (Ерзай) Мүбәрекке барып жатты.
Бір шөгіп, орнынан және тұрып,
Аюп ансар үйіне жетіп кепті.
— Алланың досты үйіме келді ғой! — деп,
Аюп ансар мын қатле құллық етті.
Аюптың екі көзі жоқ атасы бар,
Сол бейшара қол қусырып зарлық етті.
Жасынан екі көзі майып болған,
— Бір шипа болар ма екен бұған? — депті.
— Мүбарак ақ жүзіңізді бір көрдім, — деп,
Ол ұстап пайғамбардың қолын өпті.
Пайғамбар:
— Бисмилла! — деп сипап еді,
Ол пақырға дүние жарық бопты.
Оны көріп, көп халық дінге кірді,
Жазылып екі көзі, нұрға толды.
— Иншалла, арман жоқ, мен көрдім! — деп,
Аллаға шына айтып, шүкір қылды.
Мекен [деп] Мединеге расул тұрды,
Есітіп күллі ғалам атын білді.
Алладан уахи алып пайғамбарға,
Бір күні Жебірейіл жетіп келді:
— Құдайың сәлем айтты хисапсыз көп,
Соғысуға иа расул бар енді! — дейді.
— Бадарның қазасына барыңыз, — деп,
Алладан алып келіп, хабар берді.
— Енді соғыс ашпаққа болды рұқсат,
Иншалла, көтерерсің дінді, — [де] пті.
— Ақыры шатлық насырат болар сізге,
Аузыңа қаратарсың елді! — депті.
Алла бұйрық қылған соң, тұрсын не ғып,
Бір минутте сахабалар жиылып енді.
«Бадарның соғысына» — бармақ болып,
Отыз үш мың сахаба атқа мінді.
Ол жақтан Әбужаһил шеру тартып,
Екі мыңдай ғаскермен жетіп келді.
Сол жерде екі жақ та көп жиналды,
Даяр боп соғыспаққа хабар салды.
«Бадар» — деген бір жалғыз құдық еді,
Жөһутлер келіп соны қамап алды.
— Біз енді суды қайдан ішеміз? — деп,
Сол күні сахабалар қайғыланды.
Наз [а] ға Хақ пайғамбар тұрған шақта,
Су тілеп достысынан қол көтерді.
Ғажайып сонда көктен бұлт шығып,
Үстіне коп ғаскердің құйып берді.
Баршасы намаз оқып, дәрет (таһырат) алып
Су ішіп, сахабалар мейірі қанды.
Сап түзеп екі ғаскер майдан құрып,
Дарұшпай бір-біріне қарап турды.
Ғұтпа, Шибаулит бастығы екен:
— Шығар, — деп, — жекпе-жекке! — қарап тұрды
Бұл жақта Ғали, Ғұмар, Ғұбайда бар,
Олар да ілгерірек жақын жүрді.
Ол жақтан ер Ғұбайда қарсы шықты,
Әсет кәпір балуан еді аса мықты.
Ол жақтан ат ойнатып шыққан соң,
Бұл жақтан батыр Хамза қалқан тұтты.
Ғұтпа найза көтеріп жетіп келді,
Әуелі ер Хамзаға найза сұқты.
Найзасын көкіректен салған шақта,
Бір қағып батыр Хамза сындырыпты.
Қайта айналып шоқпармен ұрған жерде
Батыр Хамза [Ғұтпаны] ұрып жықты.
Жіп тағып мойнына итше сүйреп,
Алдына пайғамбардың алып кепті.
Меккеде жүрген шақта бір күнлерде
Жүзіне пайғамбардың түкіріпті.
Еш кәрі расулымның қалмайды екен,
Құдайға мың мәртебе шүкір қыпты.
— Иа, Алла, бергеніңе сабыр құлға,
Нәзіріме опа қылар уақытым жетті.
Айтыпты сонда қарап Хақ пайғамбар:
— Иа, Ғали, бұл малғұнды өлтір! — депті.
Ғұтпа тұрып сонда пайғамбарға:
Жалынып, жаннан қорқып, зар еңірепті:
— Бар еді арт жағымда жас балалар,
Мен өлсем, солар жетім қалар! — депті.
— Жетімлік өз басыңнан кешіп еді,
[Бір] рақым қылмайсың ба оған?! — депті.
— Иа, Ғұтпа, жаһаннамның көсеуі сен,
Ол отты жандыруға уақытың жетті.
Ол сенің ұғлы, қыз, қатыныңа
Жаһаннам оты азық болар! — депті.
Ол Ғали дүлділінен түсе қалып,
Сол жерде басын кесіп өлтіріпті.
Пәре-пәре бөздей ғып, қанын ертіп,
Бұйрығын пайғамбардың орнына келтіріпті.
Ол залым Алланың шын дұшпаны,
Жаны тура жаһаннамға барып кірді.
Ашумен Әбужаһил қарсы шапқан,
Ғұмар деген барыпты біздің жақтан.
«Мағаз бен Ғұмар» — деп айтады екен,
Батыр еді талайды доптай атқан.
Балуандығы ғаламға мәшһүр еді,
Күрескенде, талайды домалатқан.
Жаһилге батыр Ғұмар барды жетіп,
Екі жақ қарап тұрды тамаша етіп.
Астында такауары көкке қарап,
Ит Жаһил жетіп келді жер күңірентіп.
Жүгіртіп келген қарсы бетіменен.
Ғұмарды ұрып кетті ... өтіп.
Басында — болат қалқан, белде — шоқпар,
Ғұмар да қатты ұмтылды екпіндетіп.
Шоқпармен батыр Ғұмар бұ да салды,
Тигізбей Әбужаһил қағып алды.
Қимылын ер Ғұмардың көрген жанлар:
«Көрмедік, — деп айтады, — мұндай жанды?!»
Бірін-бірі ұрады кезекпенен,
Сонда да бірі күштеп жыға алмады.
Сәскеден түске дейін салысады,
Қайсарып батыр Ғүмар бір болмады.
Не бір қылыш, шоқпарға болмаған соң,
Жаһилдің жағасынан ұстай алды.
Екеуі айдаһардай алысыпты,
Сол жерде көрген жанлар қайран қалды.
Қап-қара болыпты үсті-басы
Қарап тұрған адамдар естен танды.
[Е] кеуі жағаласып тұрған кезде
Мағаз бен Ғұмар деген жетіп барды.
Шоқпармен екі қолдап ұрып еді,
Есі ауып, Жаһил аттан құлап қалды.
Ғұмардың інісі еді бірге туған,
Шыдамай ағасына шоқпар ұрған.
Ғұбайда батыр Хамза хазірет ұғлы
Жібермей көп ләшкерді қайта қуған.
Мағаз бенен ер Fұмар [сонда]
Екеулеп ит Жаһилды байлап алған.
Жіп тағып мойынына итше сүйреп,
Алдына пайғамбардың алып келген.
Екеуі иттей сүйреп алып кепті,
Пайғамбар:
— Басын кесіп, өлтір! — депті.
Сол жерде хазірет Ғали келді жетіп:
— Тіліңді калимаға келтір! — депті.
— Тіліңді калимаға келтірмесең,
Басыңнан бұ дәуренің өтер! — депті.
Жаһил айтты:
— Мен қорқып, тіл алмаймын,
Латхынақтан басқаны біле алмаймын!
— Өлтірсең, өлтіре бер, мейлің білсін,
Сендермен ел болып мен жүре алмаймын.
Сонда да Ғалименен ерегісті,
Кәпірлер жаннан қорқып, қайғы жесті.
[Еш] кімнен өлме деп арман қылып,
Дінге кірмей, өлуге жаннан кешті.
Жарлық қып Хақ пайғамбар бұйырған соң,
Сол жерде ибн Масғұт басын кесті.
Төрт батыр Хамза менен аттан түсіп,
Бөлектеп мүшелерін кескілепті.
Сол жерде екі ғаскер қарсы шапты,
Бұл жақтан мұсылмандар қойды атты.
Ғұбайда, Ғали, Хамза, Ғаббас, Ғұмар, —
Бес жүзді бір сағатта қырып сапты.
Үш жүз он (310) сахаба келіп еді,
Шаһит боп он сахаба қаза тапты.
Өтірік қосқаным жоқ мұны мақтап,
Шығыпты мұсылманды Құдай сақтап.
Ғұбайда, хазірет Ғали, Ғұмар, Хамза, Ғаббас
Қырыпты кәпірлерді екі жақтап.
Сол жерде бесеуі жүрді шауып,
Түк қыла алмай кәпірлер қырғын тауып,
Бес жүз он бес (515) кісі өлді,
Қалғаны дінге кірді есін танып.
Сонан кейін Мекке халқы бағыт берді,
Көндірді хүкіміне тамам елді.
Алладан анық хабар болғаннан соң,
Хақ Расул патша боп, таққа мінді.
Көп жұртты мұсылманға көндірмекке,
Жиырма жеті мәртебе ұрыс қыпты.
Тағы да ұрысқалы Ғали барды,
Бет қойып барған жердің бәрін алды.
Көп жұртты күшпен [ен] қырып еді,
Тамам жұрт лайықтыны дінге салды.
Иман несіп болмағаны — дін дұшпаны
Мұсылман болмай Жаһил өліп қалды.
Осындай рауаят бар пайғамбардан,
Құтқарар мұсылманды тамұқлардан.
Өз бетіммен бұ сөзді жазғаным жоқ,
Көріп жаздым «һахмол атбырдан».
Исламға жиырма үш жыл жауы болып,
Алпыс үш жасында дүние салған.
Онан соң төрт шариар патша болды,
Кейінгі үмбетіне мирас болды.
Онда үш жыл Мекке халқын дінге салып,
Онан соң Мединеде он жыл тұрған.
«Алума акмалту» — деген аят
Бақиға бұ паниден сапар қылған.
Биопа расул қандай еді,
Сәулесі жарық болған шамдай еді.
Исламға нұр секілді нұрын шашқан,
Бір атқан мұсылманға таңдай еді.
Бірінен бірі тәтлі айтқан сөзі,
Ләззаты шекер шәрбат балдай еді.
Ол расул дүниедегі нұрлы жүзлі
Сөйлесе, өзі әдеплі, шырын сөзлі,
Өзі шалқақ, сымбатлы, ұзын бойлы,
Ат жақлы, қиылған қас, қой көзлі.
Расулдің көлеңкесі болмас еді,
Үстіне бүрге, шыбын қонбас еді.
Нұр еді — іші-тысы бәрі жарық,
Пақыр мен міскінлерге жолдас еді.
Ол расул шырын сөзлі, нұр сипатлы
Сөйлесе бек мүләйім балдай тәтлі.
Бір Алладан басқадан қорықпаған,
Өзі жомарт, ғаділлі, мархабатлы.
«Аманатқа қиянат» — қылмағаннан
Қойыпты жөһитлер де аманаты.
Сабырлы, тәуекелшіл, мейірбанлы,
Әр жерде қысылғанға шапағатлы.
Неше мың кәпірлерден қашпаушы еді,
Не қиын іс болса да, саспаушы еді.
Жаудан қорқып, еш бетін қайырмаған,
Бір қадам кейін аяқ баспаушы еді.
Ғұмырында бір аш қалам (шат лам) болған емес,
Үстіне қылшық, тозаң тұрған емес.
Ішінде бұт-бұрқанның өссе-дағы,
Кезін салып, бір мойнын бұрған емес.
Ұйықтаса, оң жағымен жатар еді,
Ұжмақтың тағамынан татар еді.
Білінбес жұмсақ жерге басқан ізі,
Табаны тасқа тисе, батар еді.
Байтілмен (Байтолламен) не ғайыпларды білер еді,
Ғұмырында таһаратпен (дәретпен) жүрер еді.
Ғұмырында ешбір қатты бір күлмеген,
Жымиып тәпсі бірле күлер еді.
Ояу шақта батилмен қандай білсе,
Ұйықтағанда, һәм сондай білер еді.
Анық көзбен қараса, бір қарауда
Мағыр мен Машырықты көрер еді.
Басына бір ақ бұлт сая болып,
Қайда [барса] өзімен бірге жүрер еді.
Ғұмырында көз ұшымен қарамаған,
Анықлап мойнын бұрып қарар еді.
Қажет десе ауруларға мойын бұрып,
Қайда ауру болса, көңілін сұрап келер еді.
Бір кәріп қараңғыда түсіп қалса,
Жүзінің сәулесімен көрер еді.
Мәжіліс, уағыз айтып, құрушы еді,
Намазға таң сахардан тұрушы еді.
Бір жерде мәжіліс қып, көп отырса,
Ұртында жұпар иісі қалушы еді.
Ғұмырында еш нәрсені қорламады,
Адамға жауыз дұға еш қылмады.
Арада тамашалар толып жатыр
Қаһарланса, ешбір жанды тыңдамады.
Жауырында пайғамбарлық мөр бар еді,
Ішінде аят жазған сөз бар еді.
Ішінде қалың топтың отырғанда,
Бір қарыс бойы биік болар еді.
Түкірген түкірігі жерге түссе,
Қастыға берсе шипа болар еді.
Егер де соғым жайыт бола қалса,
Бармақтан бірем-бірем су ағар еді.
Ғұмырында ешбір жалған сөйлемеген,
Адамды бір-бірінен кем көрмеген.
«Таужыш бар, мәшһүр онда тағын нашан,
Бар, — дейді, — бір әулие «Мынсор» деген».
Аз ғана шып-шып терлеуші еді,
Қаннан тердің, жұпардың исі қалған.
Пақырлық дәрежесін қалар еді,
Шат болып, мақтануды еш білмеген.
Іс болса, бір Алладан білер еді,
Башмагын аяғына жалап киер еді.
Сөйлесе, әдебімен сөйлеп,
Ғұмырында ешбір қатты сөйлемеді.
Жүгініп отырады тізін (тізесін) бүгіп,
Адамды ғайбат қылмас ешбір сөгіп.
Егер де бір нәрсеге көп қуанса,
Жымиып күлер еді көзін жұмып.
Соз айтса, шала сөйлеп қойған емес,
Баяндап бітіреді тамам қылып.
Аз ғана пайғамбарды ауызға алдық,
Тағбірлеп [түкпірлеп] қадари хал хатқа салдық.
«Мұжамиғны ақбырһын шиқалиядан» —
Тәржіме оқып көріп, хабарландық.
Тағы да пайғамбардың хикаятын
Кеткен соң еске түсіп жаза салдық.
ТҮСІНІКТЕР
Біз бұған дейін Мәшһүр Жүсіп жазбаларын жанрына, тақырыбына қарап топтап беріп келдік. Атап айтқанда, 1-4 томдарда Мәшһүр Жүсіптің өзі жазған өлең, дастандары берілсе, 5-7 томдарда Мәшһүр Жүсіп қағазға түсірген фольклор, қазақ ауыз әдебиеті үлгілері топтастырылды. 8-9 томдарда Мәшһүр Жүсіптің тарихқа қатысты деректері, тұжырымдары қамтылса, 10-том шежіреге арналды. Мәшһүр Жүсіптің белгілі бір тақырыпта жазып келе жатып, ара-тұра басқа сипаттағы мәтінді келтіріп отыратыны оның шығармаларының сегізінші және оныншы томдарында ескерілгені белгілі. Біз осы 11-томда да 8, 10-томдардағы үрдісті әрі жалғастырдық. Демек мұнда да ара-тұра бұған дейін жарық көрген мәтіндердің қай томның қай беттерінде орын алуын ескертумен бірге, түрлі себеппен ол томдарға енбей қалған мәтіндерді бұ жолы қалдырмай тұтас енгізуді жөн көрдік. Мұнда да, 8, 10-томдағыдай ғылыми талаптарды ескеріп, мәтіндердің Мәшһүр Жүсіп жазбасында орналасу тәртібін сақтап беріп отыруды жүзеге асырылды. Демек осы 11 томдағы алғашқы үлгіде халық ауыз әдебиеті, ізінше Мәшһүр Жүсіп ойлары т.с.с. алма-кезек түсіп отырса, бәрі қолжазбадағы мәтіндердің орналасу тәртібін сақтау талабынан туып отырғанын ескерген жөн. Осы орайда болашақта бұл томдардың бәрін кеңейтіп, әр мәтін соңында Мәшһүр Жүсіптің араб (хадим) үлгісімен жазылған оз жазбасының бейнекөшірмесін қоса ұсыну алдағы жоспарда бар екенін еске салғымыз келеді. Мәтін тұтастығын сақтау үшін 10-томда Алматыдағы Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапхана қорында [бұған дейінгі тәрізді осы жолы және кейін де бұл аталымды қысқартып, «ОҒКҚҚ» деп көрсетіп отырамыз. Н.Ж]. сақталған Мәшһүр Жүсіптің 1178 және 1176 папкалары мәтіндерін тұтас ұсыну жүзеге асты. Бұ жолы 1170 папка мәтіндерін алдымен ұсынып отырмыз. 1. Шөженің Шоң биге айтқаны. — Бүл мәтін В.В. Радловтың 1870 жылғы «Наречия тюркских племен...» кітабында (Қараңыз: Ел қазынасы — ескі сөз. Алматы, 1994, 288 б.) және бұған дейін жарық көрген Мәшһүр Жүсіп таңдамалысында (2-том, Алматы, Ғылым, 1992, 51-52 б. Құраст. С. Дәуіт) орын алған. Бұ жолы осы 11-томға енгізіліп отыр. Осы орайда 1170 папканың бас жағында орын алған үлгілердің Мәшһүр Жүсіп шығармаларының бұған дейін жарық көрген томдарында берілгенін ескерткіміз келеді: 1.1. Қара өлең. ОҒКҚҚ, 1170-папка, 1-4 беттерінен алынып, 5 -томда (Мәшһүр Жүсіп. Шығармалары, 5-том, Павлодар, ЭКО, 2005 ж., 19-21 б.) жарық көрді. 1.2. Бата үлгілері. Аталған папкадағы 5-7 б. бойынша сол 5-томда (109-110 б.) орын алды. 1.3. Жар-жар (1-нұсқасы) сол папкаға (8-15 б.) сүйеніп, 5-томда (3-8 б.) жарияланды.
1.4. Беташар. 1170-папка, 15-18 б. бойынша енгізілді (5-том, 14-16 б.).
1.5. Жұбату. 1170-папка, 18-25 б. негізінде басылды (5-том, 8-13 б.).
1.6. Жоқтау өлеңдері. 1170-папка, 26-46 б. алынып, 5-томға (27-36 б.) кіргізілді. 1.7. Жанақ пен Түбек айтысы. 1170-папка, 46-56 б. бойынша 6-томда (224-230 б.) жарияланды. 1.8. Ұлбике мен Күдері айтысы. 1170-папка, 56-66 б. алынып, 6-томға (242-248 б.) енгізілді. Сонымен бірге бұл нұсқа аталған қордағы 1177-папка (69-79 б.), 1178-папка (250-261 б.) және әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат Жүсіпұлы көшірмесінде (1-папка, 174-177 б.) де орын алғанын еске саламыз. 1.9. Мөңке мен Опан айтысы. 1170-папка, 66-77 б. бойынша 6-томға (275-280 б.) кіргізілді. 1.10. Мөңкенің тағы бір қызбен сөз қағысуы. 1170-папка, 77-78 б. бойынша 6-томда (280-281 б.) берілді. 1.11. Шортанбай мен Орынбайдың айтысы. 1170-папка, 75-85 б. алынып, 6-томда (221-224 б.) берілді. 1.12. Бақсының сөзі. 1170-папка, 87-92 б. бойынша 5-томда (104-108 б.) орын алды. 1.13. Қалмақтың Сарыарқаны жоқтап жылаған зары. 1170-папка, 92-93 б. алынып, 5-томда (37-38 б.) жарық көрді. Сонымен бірге бұл мәтін аталған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы, 1177-папкада (41-43 б.) және әулеттіктегі Жолмұрат көшірмесінде (3-папка, 400 б.) де орын алған. 2. «Мен үйімнен шығып ем бойлай-бойлай» — деп басталатын Қожамберді өлеңі 1170-папка, 95-101 б. алынып, 7-томда(225-228 б.) жарық көрді. 3. «Өтірік өлең айттым да, қызға жақтым» — деп басталатын өлең 1170-папка, 101-103 б. негізінде 5-томға (24-26 б.) енді. Сонымен бірге бұл мәтін алдында сөз болған В.В.Радлов кітабында (65-66 б.) және Мәшһүр Жүсіп таңдамалысында (Алматы, Ғылым, 1992, 42-43 б.) басылды. Екі нұсқада 20 айырмашылық бар екені сол 5-том түсінігінде (342-344 б.) нақты көрсетілген. 4. Ақбала мен Боздақ айтысы. 1170-папка, 103-109 б. алынып, 6-томға (216-221 б.) кіргізілді. Сонымен бірге бұл нұсқаның алдында В.В.Радлов кітабында (573-577 б.), Мәшһүр Жүсіп таңдамалысында (2-том, 127-131 б.) жарық көргені, В.В.Радлов пен Мәшһүр Жүсіп жазбасы арасында 15 өзгешелік бар екені 6-томның түсінік бөлімінде (373-375 б.) нақты дәлелденді. 5. «Айтамын Құдайдан соң Мұхаммедті» — деп басталатын «Қаршығаны мақтағаны» деп аталатын халық ауыз әдебиетіне қатысты өлең 1170-папка, 109-111 б. бойынша 5-томға (115-116 б.) кіргізілді. Сонымен бірге әулеттік мұрағатта бұл мәтіннің көшірме нұсқасы (Жолмұрат, 3-папка, 393 б.) бар екенін еске саламыз. 6. «Бір Алтынбел деген хан болған. Ханның жалғыз ұлы бар еді, аты — Қайшылхан» — деп басталатын мәтіннің бірінші үлгісі «1.2. Қазақ түбі (1-үлгі)» — деген аталыммен аталған қордағы 1177-папка, 279-286 беттерінен алынып, бұған дейінгі 8-томда (16-24 б.) жарияланып, оған берілген түсінікте (400-405 б.) 1177-папка мәтіні мен В.В. Радлов кітабы мәтіні айырмашылықтары, үндестіктері көрсетілген. Біз бұ жолғыны, яғни 1170 папкадан (111-124 б.) алынғанын, сол мәтіннің екінші нұсқасы ретінде келтіріп отырмыз. 1177-папкадағыға қарағанда, 1170-папка мәтінінде сәл қысқалық болғанымен, сөз қолданыстарында өзгешелік көп. Соның басты-бастыларын ғана көрсетіп өтеміз: 7. Мәселен, қайық ішіне орнатылған әбдіреге қыз салып, оның аузын жауып, өзенге қоя берер алдында келтірілген: «Ішіне азық салып» — сөздері 1177-де мүлде жоқта, тек 1170-те (114 б.) орын алған. 8. 1177-де мергеннің аты Домбауыл болса, оның екінші серігі «Шабасоқыр деген түрікпен» — деп берілген. Ал, 1170-те «Домдағұл соқыр, Тоқтағұл мерген» — деп келтірілген. 9. Біз ұсынып отырған 1170-папкадан алынған екінші нұсқада: «Мені бір қараңғы жерде асыраған екен. Мен Алланың әміріменен құрсақты болыппын» (1170-папка, 115 б.) деп берілсе, бірінші нұсқада өзгешеліктер бар. Мәселен, онда: «Қараңғы жерде асыраған екен... Алланың әмірімен...» — сөздері мүлде жоқ. 10. «Шыңғыс туғанда, Тоқтағұл мерген Алтынбел ханның қызын алған екен. Со қатыннан үш ұл бала туды. Ол үш бала ер жетті. Ер жеткеннен соң, со Шыңғыс деген патшаға зорлық қылды» — деген мәтін бастапқыда мүлде жоқ та, кейінгіде ғана орын алған. 11. Бүргелтай жұртты бүтін тұтып, жақсы қылып, тұра алмады. Жұртында ұры көп болды, тентек көп болды, өтірік көп болды. Оның тілін адам алмады. Өзі әділ болмады, парақор болды. Сонан соң сол жұрты азып-тозды» — деген мәтін де бұ жолғыда бар да, алдыңғыда жоқ. 12. Осы мәтін жазылған беттің [1170-папка, 122-беттің] оң жақ қапталында көлденеңдеп мына сөздер жазылған: «Алмалы — көріктінің аузынан шыққан лебіз: «Доңызға ерген балшыққа аунайды, // Бұланға ерген таза жерге аунайды». Алмалы — көрікті Шыңғысты тапқан әйелдің аты». 13. «Тозған жұртын жиып алды. Өзі сондай әділ патша болды» — мәтіні де бұрынғыда жоқ, кейінгіде ғана орын алғанын ескертеміз. 14. «Ол Шыңғыстың өзі өлгеннен соң, елде жақсы патша болмады» — деп басталып, осы әңгімені аяқтайтын мәтін алдыңғыда жоқ та, тек осында орын алған. 15. «Бұхар хан [ы] Абылайға айтты: «Маған қызын жіберсін!» — деп басталатын мәтін осы 1170-папкадан (124-125 б.) алынып, бұдан бұрын «56 мәтін [Жақсы Жанайдар] (екінші нұсқа) — деген аталыммен 8-томда (204 б.) жарық көрді. 16. «Абылай хан қазақтың ханы болған, бір Ботақан дегенді тірі көрге салған» — деп басталатын мәтін «Абылай аспаған сары бел» — аталған мәнісі» (үшінші нұсқа) — деген аталыммен бұған дейінгі 9-томда (54 б.) басылды. 17. «Ай, жарандар, жарандар, // Маған да таман қараңдар» — деп басталатын «Абылай хан» дастаны 1170-папкадан (127-129 б.) алынып 5-томда (299-300 б.) жарияланды. 18. «Айтайын, айт дегеннен, ау жарандар, // Кейін сал кеңесіңді бозбалалар» — деп басталатын «Кенесары» тарихи дастаны осы жазба (1170-папка, 129-136 б.) бойынша 5-томға (300-306 б.) енді. 19. «Мен аттанып шықтым қалмаққа» — деп басталатын Қойкелді өлеңі осы жазба (1170-папка, 137-143 б.) негізінде 7-томға (228-231 б.) енгізілді. Сол томдағы түсінік бөлімінде (387-388 б.) аталған мәтінді алдында жарық көрген В.В. Радлов кітабындағы мәтінмен салыстыру жүргізілген. 20. «Бір батыр қырғызға барыпты: әкесінің, Мандық деген батырдың, кегін алуға» — деп басталатын мәтін осыдан (1170-папка, 143-148 б.) алынып, «59 мәтін. [Қырғызға барған батыр]» — деген аталыммен 8-томда (208-212 б.) орын алды. 21. «Уақ ұлы Қамбар екен, // Қамбарұлы — ер Көкше» — деп басталатын «Ер Көкше» жыры 1170-папка, мәтіні (148-173 б.) бойынша 5-томда (264-277 б.) жарияланды. Түсініктеме бөлімінде бұл жырды В.В. Радлов кітабындағы нұсқамен салыстыру (400-403 б.) жүргізілген. 22. «Бұрынғы заманда Нұрманбет деген хан болған» — деп басталатын «Желкілдек» ертегісі осыдан (173-218 б.) алынып, 6-томда «Желкілдек» деген атпен (26-47 б.) басылды. 23. «Қыз тәрбиесі туралы» — тақырыбындағы мәтін сөз болып отырған Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1170-папка, 218-221 б.) бойынша берілді. 24. «Бұрынғы елдің барында, // Өткен елдің заңында» — деп басталатын «Сайын батыр» жыры осыдан (1170-папка, 225-284 б.) алынып, 5-томда (215-264 б.) жарық көрді. Түсінік бөлімінде бұл жырдың тағы бір нұсқасы В.В. Радлов кітабында орын алғаны ескертіліп, екі нұсқа арасындағы 102 мәтіндік айырмашылық нақты көрсетілген (392-400 б.). 25. «Аманқұл Абыз», «Қосдәулет әңгімесі», «Абылайдың Бұқар жыраудың көңілін сұрауы» әңгімелері 1170 папка (285-287 б.) мәтіні бойынша берілді. 26. Төйте тәуіпке арналған әңгіменің бірінші нұсқасы әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (3-папка, 95 б.) негізінде 6-томда (191 б.) басылды. Бұ жолғы екінші қысқалау нұсқасы осы жазба (1170-папка, 287 б.) бойынша ұсынылды. 27. «Пайғамбар шапағатшы таңда жарым» — деп басталатын «Мұхаммед пен шариарлар» дастаны осы жазба (1170-папка, 289-295 б.) бойынша 5-томда (144-150 б.) жарияланды. Түсінік бөлімінде В.В. Радлов кітабындағы «Шариар» дастанымен салыстырылып, 21 өзгешелік келтірілді (383-387 б.). 28. «Қиын жол қияметтік тар-ды дейді» — деп басталатын «Бозторғай» туындысы осыдан (1170-папка, 296-312 6.) алынып, 5-томда (116-129 б.) басылды. Түсінік бөлімінде бұл үлгіні басқамен (1870 жылғы кітаптағы В.В. Радлов нұсқасымен) салыстыру жүргізіліп, 50 өзгешелікке сараптама жасалды (366-370 б.). 29. «О заманда бар екен жалғыз киік» — деп аталатын «Киік» туындысы 1170-папка (312-321 б.) негізінде 5-томға (129-132 б.) енгізілді. Түсінік бөлімінде В.В. Радлов нұсқасымен салыстыру жүргізіліп, 21 өзгешелікке көңіл бөлінді. 30. «Айтамын, тыңдасаңыз жақсы кепті» — деген тармақты маңдайша еткен «Алтынбас пен Күмісаяқ» дастаны 1170-папка (321-338 6.) мәтіні бойынша 5-томда (136-144 б.) басылды. Түсінік бөлімінде В.В. Радлов нұсқасымен салыстыру жүргізіліп, 48 негізгі айырмашылық сарапталды (375-383 б.). 31. «Хабиб хақ сәруардайын» — деген жолды ту еткен «Заман ақыр» дастаны 1170-папка (341-358 б.) мәтінінен алынып, 5-томға (156-162 б.) кіргізілді.Түсінік бөлімінде В.В. Радлов нұсқасымен салыстыру беріліп, 58 басты-басты ерекшелік (387-391 б.) сөз болды. 32. «Тимушын, Шыңғыс хан, Жошы хан, Сайын хан...» — сөздерінен бастау алған мәтін 1170-папка, 361-364 б. бойынша «45 мәтін. [Қарқаралы төрелері]» — деген атпен 8-томда (166-168 б.) басылды. 33. «Бәсентиін: төртінші қатынынан — Сырым» — деп басталатын шежірелік мәтіндердің бәрі осыдан (1170-папка, 364-379 б.) алынып, 10-томға (298-305 б.) енгізілді. 34. «Түрлі әңгімелер» мәтіні де 1170 папка (361-388 б.) бойынша әзірленді. 35. 383-беттің бұдан кейінгі мәтіні енгізілмеді. 36. 386-беттегі бұған дейінгі 2 жол және бұдан кейінгі 7 жол оқылуы, ажыратылуы қиын болғандықтан, кейінге қалдырылды. 37. Бұдан кейінгі 387-бетті де ажырату мүмкін болмады. 38. Осы ойлар өрнектелген 1170-папка, 391-бетінің сол жақ ашық тұсында көлденеңдеп басқа қаламмен мына қосымша ескертпе кіргізілген: «Адамға шаттық [шадлық] қанның көптігінен (көплігінен) келеді. Күйіп-жану зерденің көплігінен келеді. Қорқу-жасқану қарақұрымның көплігінен келеді. Қайғы-қасырет қақырықтың көплігінен келеді». 39. «Жүректің қызметкері — өкпе» — деп басталып, «Топырақ орнында» — деп бітетін бет пен «1-нәпсі, 2-ауа» — деп басталып, «Атадан — алтау, анадан — төртеу» — деп аяқталатын беттер жазба ішінде басқа қаламмен жазылып, 393-беттің «ә», «б» сыңары ретінде келтірілген. Біз бұл мәтінді осы тұсқа енгізіп отырмыз. 40. Бұл күнге дейін Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінің ең соңғы шумағы басындағы «Атадан алтау, // Анадан төртеу, // Жалғыздық көрер жерім жоқ» — дегендегі бастапқы екі тармақ мәні не түсіндірілмей, не Абайдың жеке өміріне, туыстары т.с.с. санына байланысты қабылданып келгені мәлім. Біздіңше, бұл Абайдың жеке туыстары санына байланысты емес, Алла жаратуындағы адам мүшелерінің арасалмағы туралы айтылған болар деп шамалаймыз. Мәшһүр Жүсіп ойларының: «Атадан — алтау, анадан — төртеу» — деп бітуі осы ойға жетелейді. 41. Біздіңше, тап осы арада тұруға лайық мәтін сол беттің (393 б.) сол жақ қапталына басқа қаламмен кейіннен сыналап қосылғаны байқалатын ескертпеде орын алған: «Бүйректің қызметкері — өкпе: бүйрекке қанды тазартып беріп тұратұғын машинаның ең күштісі. Дымахының қызметкері — бауыр. Бауырдың қызметкері — мехза — құрсақ. Дымахы һәм бауыр әр кісі тіріклігінің қуатын һәм хырарт ғыризаны жүректен алып тұрады. Хырарт ғыриза — Құдайдың адамның денесіне берген тіршілік қызуы. 42. Біздіңше, осы тұста тұруға лайық мәтін сол 394-беттің оң жақ қапталында басқа қаламмен кейінірек сыналап жазылған тәрізді: «Дымахы барша хуасларының башланатұғын орыны. Бауыр бар шағында алатұғын машина — оның башланатұғын орыны. Жүрек — барша тірлікке сылахаты бар машиналарының башланатұғын орыны». 43. Осы мәтін жазылған 395-беттің сол жақ қапталына басқа сия, қаламмен мына бір түсініктер енгізілген: «Араб тілінде: «Сәуедар, сапыре, балеғам, дәм» — дейді... «Қарақұрым — топырақ, зерде — от, былхим — жел, қан, су». 44. Осы ұғымға және бұдан кейінгі айтылғанға катысты біраз ойлар осы 398-беттің оң жақ қапталына көлденеңдеп басқа қалам, сиямен кейінірек жазылған тәрізді: «Тоғыз жолдың торабы» — дегеніміз: 1 — ет, 2 — қан, 3 — сүйек, 4 — жілік, 5 — сіңір, 6 — тамыр, 7 — тері, 8 — май, 9 — түктер (түклер). «Сегіз қиыр шартарап» — дегеніміз: 1. жазба, 2. мәске, 3. һазыма, 4. дафға, 5. ғадие, 6. мысурра, 7. намие, 8. мүллда. Он түрлі қазына: 1. бауыр, 2. ми, 3. жүрек, 4. талақ, 5. от, 6. құрсақ, 7. өкпе, 8. шектер (шеклер), 9. бүйрек, 10. ең асыл қазына — екі домалақ». [Ескерту: одан әрі бет реті қойылмаған қағаздағы сол қалыпты сия, әріп таңбаларымен берілген мәтінді де осы түсініктің жалғасы ретінде береміз — Н.Ж].. «Тоғыз жолдың торабы» дегеніміз — ет, қан, сүйек, жілік, сіңір, тамыр,тері, май, түктер (түклер). «Сегіз қырлы шартарап» — дегеніміз: жазба, мәске, һазыма, дафға, ғадие, мысурра, мынмие, муәлде. 10 түрлі қазына: бауыр, ми, жүрек, талақ, от, құрсақ, өкпе, шектер (шеклер), бүйрек, ең асыл қазына — екі домалақ. Он екі даруаза: екі құлақ, екі көз, екі танау, ауыз, екі емшек, кіндік, төменгі екі жол. От: көздің оты. Қыздардың жайнап тұрған көзінің оты адамның ішін күйдірмеуші ме еді?! Жылы ауыздан бір лебіз, жылы сөз шықса, адамның ғақылы мен сабырын жүндей қылып, ұшырмаушы ма еді?!
Суы — тілінен сүйсең, онан ләззат жалғанда не су бар еді, айтшы?! [Ескерту: Келесі бір беттегі ұқсас қалыпта жазылған мына толықтыруды да осы мәтін жалғасы ретінде келтіреміз — Н.Ж.]. Топырағы — бір сүйгеніңнің ойсыз түссең, қара басқандай басып бүлк етуге шамаң келмей қалмаушы ма едің?! Мышной Шариф: «...»— Біз құранның дәнін алып, қабығын хиыслардың (хиссалардың) алдына тастадық» — деген... 45. Осы мәтін орын алған 1170-папка, 399-бетінің үстіңгі шекесінде және сол жақ қапталы мен төменгі етегінде басқа қалам, сиямен кейінірек қосылған анықтама берілген: «Екі құлақ, екі көз, екі танау, ауыз, екі емшек, кіндік, төменгі екі жол — 12 даруа [за] — осылар. Оты — көздің оты, қыздардың жайнап тұрған көзінің оты адамның ішін күйдірмеуші ме еді?! Жылы аузынан бір лебіз, жылы сөз шықса, адамның ғақылы мен сабырын жүндей қылып ұшырмаушы ма еді?! Суы — тілінен сүйген болсаң, оған ләззатлы жалғанда не су бар еді? Айтшы, айтпай қалмаушы ма едің?! Басып, бүгіп, қара басқандай, ұйығына түссең, топырағы — бір сүйгенің». 46. Ол уәзірдің ақыл екендігі т.с.с. түсініктер 1170-папка, 401-бетінің сол жақ қапталында сол тәрізді сиямен ізінше көрсетілген деп есептедік: «Бұл патша Латифа, рыбаниа, махыз рух құл лыром мен ғарабы мұның хақында. Уәзір дымахыда — ғақыл». 47. Естігенін жеткізушінің қалай аталатыны сол 402-беттің оң жақ қапталында ескертілген: «Бұл құлақтың кішкене шүртекейі. Сонымен бірге 402-бет пен 403-беттің аралығында түсіндірме ретінде реті көрсетілмеген кішірек екі бет қосақталған. Оның бастапқы бетінде былай деп жазылған: «Ғақылда болатұғын мәжнүнлік кей нәрселері бүтіншілік неше буынларға қыдырсытып... Ғақылсыз мәжнүн бір басқа жетеді, ғақылы бар болатұғын мәжнүнлік бір басқа [жетеді]. Он алты баласын жауға қамап қырдырған жаннан [Арғын ішіндегі Сүйіндік тарауына кіретін Күлік ұлы Тілеуімбет, яғни Мәшһүр Жүсіптің өз атасы туралы айтылып отыр — Н.Ж.]. қай жақсы бала туады дейсің?! Деушінің сөзі [нің] ғылым, білім иелерінің сөзімен бір шықты. Жыннан сау ешкім болмайды. Бірақ әуелі жын мақам, сонан соң шын мақам — шынға айналғушылардан болғай-ақ!».
Екінші кішірек бетте соның жалғасы берілген... 48. Осы мәтін жазылған беттің (403-бет) сол жақ қапталында осы бес білгішті таратып айту жүзеге асқан: «1. Хыс мүшетірек. 2. Қиял (хиял). 3. Құт мітфікре. 4. Уаһыма. 5. Ғақыл-қабет». 49. Қатын туралы жазылған мәтін орналасқан 1170-папка, 430-беттің оң жақ қапталында көлденеңдеп жазылған мына бір дерек бар: «Бір шайырдың айтқаны:
Қаруы ер жігіттің қылыш екен,
Қылыштың үлкен пышақ інісі екен.
Құрбының алған жары жақсы болса,
Төрт елі маңдайының ырысы екен».
50. «Сонымен бұ жалғаннан өттің, кеттің» — жолын маңдай еткен Мәшһүр Жүсіп өлеңі осы жазбадағы 479-496 беттерден алынып, Мәшһүр Жүсіп шығармалары 2-томында (Павлодар, ЭКО, 2003, 91-96 б.) «Өлең және қара сөз ғибраты» — деген аталыммен жарияланды. 51. «Мәшһүрден келе жатыр өнер қайтып» жолын ту еткен өлең осы жазбадағы (498-519 беттер бойынша) Мәшһүр Жүсіп шығармалары 4-томында (Павлодар, ЭКО, 2004, 124-139 б.) «Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлегені» аталымымен жарық көрді. Бұл туындының бірнеше нұсқасы бар екендігі түсінік бөлімінде (445-448 б.) сараланған. Атап айтқанда, әулеттік мұрағаттағы: Мәшһүр Жүсіп жазбасы, 1-папка, 3-11 б. және оның жиені Жолмұрат Жүсіпұлы көшірмесі (1-папка, 110-121 б.) бар екені, салыстыру нәтижелері қамтылған. Осы орайда кезінде кітапхана қызметкерлерінің бет ретін қате есептеуінен бе, әлде қағаздың бос тұсына ақынның өзі соңынан қосуы болған ба — әйтеуір осы өлеңнің аяққы 4 шумағы соңғы 519-бетте емес, 513-бетте яғни басқа орында орналасқанын ескертеміз. 52. Бұл орындағы арабша жазылған мәтінді аудару кейінге ысырылды. 53. Бұдан кейінгі 1170-папканың 548-550 беттері оқылуы қиындығы т.с.с. ескеріліп, кейінге қалдырылды. 54. Осы мәтін жазылған 1170-папка, 557-бетінің сол жақ қапталында былай деп жазылған: «Қара тамыр, бауыр тамыры, қызыл тамыр, жүрек тамыры, ақ тамыры, жұлын... тамыры». 55. Осы мәтін орналасқан 558-беттің оң жақ қапталында сыналап мына сөздер жазылған: «Мұның аты «Рух нысан», «Рух хайуаны», «Рух шаһуаны. 56. Осы мәтін орналасқан 559-беттің сол жағындағы ескертулер көмескі т.с.с. көрінгендіктен, оны саралау кейінге шегерілді. 57. Осы мәтін орын алған 569-беттің сол жақ қапталындағы сөздерді аудару — ол сөздерді көру, оқу қиын болғандықтан, кейінге ауыстырылды. 58. Осы мәтін жазылған 1170-папка, 585-бетінің сол жақ қапталында көлденеңдеп мына ескерту орналасқан: «Бұл үшеуінен бөлек «Сезім тамыры» — деген бір тамыр бар. Бұл сезім тамырының денесінде бар-жоғын жанның көбі білмейді. Сол үшін сезімсіз болады». 59. Осы мәтін орын алған 1170-папка, 597-беттің сол жақ қапталында қиғаштап түсініктер жазылған: «...Сымом қатле мысал», «Ашар сағат демей ме?» — дерге бізден жүдеген өнім азар өлмес дүр». 60. Осы мәтін берілген беттің (1170-папка, 611 б.) сол жақ қапталында көлденеңдеп кірістірілген мақал: «Ұйқыдан басы кетпегеннің — көзінен жасы кетпейді». 61. Бұл мәтін келтірілген беттің (1170-папка, 613 б.) сол жақ қапталында көлденеңдеп мына қосымша өрілген: «Оны Хадис Ша [риф] айтқан: «Ан шайтан уаных фіртома ғали қылып... қан зікір Алла тағала... уан иесі әлхам қылба пан қылыт байшы...». 62. Осы мәтін орналасқан бетте (1170-папка, 615 б.) қосымша түсініктер үстелген: «Сарт тілінде әйелдің пірежи [ін] «күсе» — дейді, арабша «құбыле» — алдыңғы ұят жер [ін] «дүбірре» — дейді. Артқы ұят жерд [і] сарт [тілінде] «күсе» — дейді. 63. Бұл мәтін берілген беттің (1170-папка, 621 б.) сол жақ қапталында былай деп жазылған: «Түннен қараңғы қайғы, қорғасыннан ауыр түңілу, удан ащы қасірет, теңізден терең ойға түсіреді». Ескерту: Жалпы басқа папкалардағыдай мұнда Мәшһүр Жүсіп үнемі ескі араб әрпі үлгісінде жазса, бұл жазбаның бір жақ шекесінде кейінгі орыс әрпімен кіргізілген басқа біреу ескертуі де орын алған: «1923-жылғы сөзі». 64. Бұл мәтін орын алған беттің (1170-папка, 630-беттің) оң жақ қапталында көлденеңдеп мына ескерту қосылған: «Оқушы өз пікірін оқиды, жазғанды оқымайды». 65. Бүл мәтін келтірілген беттің (1170-папка, 632-беттің) оң жақ қапталында сыналап мына ескерту кіргізілген: «Осы сөзді жазған өзіміз өмір бойы ұстамай кеттік. Алдыңғы сағатта [сапта] болуға тырыспай, соңғы сағатта қалдық десек, өтірікші болмаймыз. Иа, Алла мұнан айыратұғын, өзіңе қайыратұғын күнің ба [р] ма?!». 66. Бұл мәтін орын алған беттің (1170-папка, 634 б.) оң жақ қапталында берілген анықтама: «Ғамал салих Құдай үшін болған ғамал, басқа үшін емес. Дәулеттіге дидар көру үшін жолғыны айтады». 67. Осы мәтін келтірілген беттің (1170-папка, 636 б.) оң жақ қапталында мына ескерту кіргізілген: «Туһімлік болыр фиғал хобының сығада холы. Күбіріх малы көптің туһімнен жырақ (ирақ) зығылтылы — пенде. Кетер ғисса билан ғым уфілегенде, ан хазіретіміз Мұхаммед Мұстафа ғалиа лысилует ассалам Аллаһым оны...». 68. Бұл мәтін орын алған беттің (1170-папка, 637 б.) сол жақ қапталында жазылған анықтамалар: «Зерек адамда боран — зереклік шайтан ғылиа-ал-лағынның берген сабағы (сибағасы). Риазит — миуасид дүр...». 69. Осы тұста беттің (1170-папка, 638 б.) он жақ қапталында оқшау орын тепкен: «Төртінші соғыс» ескертпесі бар екенін еске саламыз. 70. Бұл беттің (1170-папка, 639 б.) сол жақ қапталында оқшау орналасқан ескерту бар: «Бесінші соғыс». 71. Осы мәтін орналасқан беттің (1170-папка, 640 б.) оң жақ қапталында мына түсініктер берілген: 1. «Құла тағала мінгенле қылып уалхы ал-лымғы уһушыһи». 2. «Лімір нышырихлік сідіркі». 3. «Ан лысмиғ уал саруа лығуам қыдышғыпһа хабба». 72. Осы орайда 1170-папкадағы 662-666 беттердің көшірме қағазға анық түспей, тым көмескі болғандықтан, әзірше аударылмағанын, ал 667-бет алдындағы реті көрсетілмеген бетте мына ескерту орын алғанына көңіл бөлеміз: «Мұның ұмытылмайтындығы — сол күннің ертеңінде Қараөткелге сегіз шақырым қалғанда, бір қоржын кітаптан айрылдық. Анық аруаққа ұшырап қалғандық — осы. Ол күнде отыз тоғыз жаста едік [Біздіңше, не 1897, не 1898 жыл — Н.Ж]. Адасқандығым отыз үш жылда ойыма түскені. Құдай жазса, жазғаныма тәубе, азсам, [азғаныма] тәубе, адассам, адасқаныма тәубе, жаңылсам, жаңылғаныма тәубе...». Әрі қарай 667-бетте мына бір дерек келтірілген: «Бұл — Мәшһүрдің бір адасқаны. «Адаспаймын!» деген жігітті қараңғы тұман үш адастырады» — деген. Бұл дүние өзі — бір тұман. Хазірет сопы Аллажар айтты ғой: «Бүтінде — тұт бүтін иманымызды, сабақ отар отыннан жанымызды. Дүниені: «Бастан-аяғы бір-ақ түн!» — деп санағаны. Ду түн — екі түн. Бірі — қабір қараңғылығы, бірі — сират көпірі қараңғылығы. Осы үш түннен адаспай өткенге жарық таң ата [ды]. Ташкеннен қара атпен қайтқан сапарда Қыпшақ-Ибрай марқұмның балалары Жаррақымжан аулының үстінен өткенде, әншейінде анадай тұрған моланы құр қалдырмайтұғын Мәшһүр қақ жолында тұрған: Ибрай-Жайықбайұғлының моласына аят бағышламай өткені. Жай үндемей де өткен жоқ, қасындағы жолдасына өлең айтқызып, ән салдырып өтті. Сол ақымақтығы жетпіс үш жасқа аяқ басуына бір-ақ ай қалғанда есіне түсіп, тәубе қылды. Тәубе, тәубе, тәубе!». 73. «Бір қарға бес балапанына лашын алып жеп кеткен үйректің қалған тамтырын алып келіп тастай беріпті» — деп басталатын, яғни осы 1170-папканың 668-671 беттерінде орын алған мәтін бұрын 5-томда «Лашын мен қарға» деген аталыммен (мәтіні — 132-136 б., түсінігі — 373-375 б.) жарық көргені мәлім. Онда бұл мәтіннің неғұрлым жетілдірілген нұсқасы 1176-папка, 4-дәптер, 285 (31)-282 (34) беттерінде сақталғаны ескертіліп, екі мәтіндегі 25 өзгешелік көрсетілген. 74. «Әуелі Адам атаның атасының атын білуші жоқ» — деп басталатын мәтіндер шоғыры әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы, 2-папкадан (108-124 б.) алынып, 8-томда (мәтіні — 87-92 б., түсінігі — 419-421 б.) жарық көрді. Бұл басылған мәтінді аталған үлгінің бірінші нұсқасы деп санап, осы жолғыны (1170-папка, 693-716 б.) екінші нұсқа ретінде ұсынып отырмыз. 75. Бұл мәтіннің бастапқы екі нұсқасын салыстырсақ, жеке бір сөздердің қысқаруын т.с.с. есепке алмаған күннің өзінде біріншіде жоқ, екіншіде ғана орын алған тұтас сөйлемдер шоғырын ескерген жөн. Мәселен, осындағы: «Өзге пайғамбарлардың...» — деп басталып, «... бір кітап былай дейді» — деп бітетін мәтін алғашқыда мүлде жоқ, тек екіншіде орын алған. 76. Бұрынғыдағы: «Ол бекер» орнын кейінгіде: «Оған көңіл тұрақтамайды» — сөздері иеленген. 77. Осы мәтін орналасқан беттің (1170-папка, 694-бет) сол жақ қапталында мына қосымша ескерту отау тіккен: «Қазақ шежіресінде қыз аты — Алмалы-Көрікті, әкесінің аты — Алтынбел хан». 78. Осыған орай сол беттің (1170-папка, 695 б.) сол жақ қапталында мына ескерту қосақталған: «Басындағы тас [та] жазылғаны: «Абылай ибн Сүйеніш қожа... ибн Әлфейіз хан». 79. Бұдан кейінгі: «Айтушының бәрі де өтірік айтады» — деп басталып, «... және мұнысына орын табады» — деген мәтін алғашқы нұсқада жоқ, тек кейінгіде жалғастырылып үстелген. 80. Мәшһүр Жүсіптің Әмір Темір еңбегін кемсітуге қарсы екенін сол мәтін орналасқан беттің (1170-папка, 706 б.) оң қапталындағы ескерту де аша түседі: «Татарстаннан шыққан Шаһафдин Мұстафа дайырман, — деп тарих жасап бастырған. Сонда Әмір Темір Көрегенді жамандаған, қаһар тілеп сөйлеген. Соның сөзіне қарсы Мәшһүрдің сөйлегені». 81. Осы мәтін орналасқан беттің (1170-папка,710б.) оң жақ қапталында мына қосымша кіргізілген: «Ғұшманлы түріклерінің баба уаждатлары Оғыз тұрманларының қабы осында Бәдәуи көшпелі түркінің етпекте ұлан бір қыбыла еді...». 82. Осы мәтін орын алған беттің (1170-папка, 711 б.) сол жақ қапталында сыналап мына сөздер енгізілген: «Біздің бала күнімізде: «Мұхтар па [т] шаның соғысында қолға түскен едік» — деп, «әпенді» — деген көп болушы еді. Сонда: «Сіз қай жұрттың кісісіз?» — деушіге: «Құндыгер жұртынікіміз», — деуші еді». 83. «Біздің қазақ жұртының қариялары Түрікпен жұртынан шыққан: «Көрұғлы», «Хамдабек» («Хамзабек»), «Жүсіпбек» — дастандарын өзге хикаялардан жылы көріп, жан тартып: «Өзіміздің туысқанымыз ғой!» — десіп отырады» — деп басталып, «... не «ноғай мен қазақ сондай өштес болды!» — деп» — деп тамамдалатын мәтін бұрынғыда, яғни әулеттіктегі Мәшһүр Жүсіп жазбасында (2-папка, 120 б.) орын алмағандықтан, 8-томға (94 б.) енбей қалса, бұл мәтін тек осы екінші нұсқада орын алуымен ерекшеленеді. 84. Осындағы: «Ормамбет ханның жұрты» орнында бұрынғыда: «Орал тауындағы Естек» сөздері тұрғанын ескертеміз. 85. «Мынау Еділ, Жайық қасында: Шуаш, Шерміш, Армұқса» — сөздерінің де алдыңғыда жоқ екеніне көңіл бөлгіміз келеді. 86. «Жеті атаның ұлы ноғай бар» — деп басталып, «Құлан жалғыз, Құдай жалғыз» — деп сөйленген сөзінен білініп тұр» — деп бітетін мәтін де бастапқыда ұшыраспай, тек екінші нұсқада орын алуымен ерекшеленеді. 87. Осы мәтін орын алған беттің (1170-папка, 715 (112) б.) сол жақ қапталында басқа қауырсын қаламмен көлденеңдеп кейіннен мына бір ескерту қосылған: «Мұнда татарлардың: «Құран сиырдың ішінде қалды. Хазірет жоқты сөйлеп отыр [еке] н» — дегендері жазылмай қалған, баспахана ноғайларда болғандықтан». Міне, бұдан бұл екінші нұсқаның баспаға әзірленген үлгі екенін байқаймыз. Сондай-ақ құранның сиыр ішінде қалуы әңгімесі алғашқы нұсқада толық келтірілгенін еске саламыз. 88. Құранның сиыр ішінде қалғаны туралы дау бұл нұсқадағы, яғни 1170-папкадағы, 716-беттің оң жақ қапталында онша анық емес күйде жазылған: «Бірін татарға берді... қайтып [келіп іздесе], жоқ. — Жаңа терезеде тұрған [құранды сиыр] ашап [жеді], — деп, дауласып, оны сойып,... қарамақшы...». 89. Құранның сиыр ішінде қалғаны туралы даудың жалғасы келесі 717 (114) беттің сол жақ қапталында жалғастырыла берілген: «Татар соны башлағаш: сиясы өшіп [ке] тіпті. — Әне, әне, қағазлары қалпында қарап тұр! — деп дауласқан. Сонан бері қарай татар халқы: «Құран сиыр [ішінде] қалған» — деп ұғысқан». 90. «Он екі жасар бала күнінде қасында Оразаулық деген сарт бар, екеуі Түркістан шаһарына келіп...» — деп басталып, «... деп, өлеңге шыққан Абылай — осы» — деп бітетін мәтін осы жазбадан (Мәшһүр Жүсіп, 1170-папка, 721-727 б.) алынып, «Абылайдың алғаш көзге түсуі» (үшінші нұсқа) деген аталыммен 9-томда (Мәшһүр Жүсіп, Шығармалары, 9-том, Павлодар, ЭКО, 2006 ж., 12-14 б.) жарық көрді. Онда бет қапталындағы Мәшһүр Жүсіп ескертпелерінің қамтылмағанын осы жолы ескеріп, түсініктеме бөлімінде беріп отыруды жөн көрдік. Мәселен, 723-беттің сол жақ қапталында кейінірек басқа қаламмен сыналап кіргізілген мына ескертуді келтіреміз: «Абылай қалмақ [ты] осы шапқан. Біреу: «Сәру [ді] елтірді» — дейді. Біреу: «Ше...ді өлтірді» — дейді. Жекпе-жекте бір қалмақты өлтір [гені] анық. Аты кім еке [ніне] жұрт танық». 91. «Құба қалмақтың ханы Қалдан Шеріннің Сәру деген інісін бір жорықта кез болып, Абылай өлтірген екен» — деп басталып, «... Сарыарқаның сауырысы, шөбі шүйгін жерлері болса керек» — деп тамамдалатын мәтін де осы жазба (1170-папка, 728-735 б.) бойынша алдында сөз болған 9-томда (31-35 б.) «Абылайдың тұтқын болуы» (төртінші нұсқа) — деген аталыммен берілді. Мұнда да бет қапталындағы ескертулер қамтылмай қалғаны осы жолы ескерілді. Мәселен, 728-беттің он қапталындағы қосымша: «Абылайдың осы қолға түсетұғын жолында қарауылшысы бір Тілеуімбет деген жаман екен. Қарауылшы ұйықтап қалғаннан, алдырған екен». 730-беттің оң жақ қапталындағы: «Абылай: «Үш арманым бар — деген» — деп басталатын қосымша жалпы мәтіндегі оқиға ретіне қарап, 733-беттегі мәтіннің жалғасы ретінде берілді де, 731-735 беттер қосымшалары да сол қосымша тізбегі ретінде келтірілгенін (9-том, 33-34 бет) ескертеміз. 92. «Абылай хан Қалдан Шерінге жауласпай тұрған күнінде көп елші жіберген екен» — деп басталып, «Келін мұрдарды кісі бұрын танып қоятұғын екен-ау! — депті» — деп бітетін мәтін де осыдан (1170-папка, 735, 738 б.) алынып «Абылайдың Қалдан Шерінге елші жіберуі» (екінші нұсқа) — атпен 9-томға (21-22 б.) енгізілгенін еске саламыз. 737-беттің сол жақ қапталында Абылайдың бір батыры Балтакерей-Тұрсынбай туралы: «Құлағы жоқ, шұнақ» — дегені «Туысқаны жаман екен» — дегені. «Шолақ» — дегені «Баласы жоқ екен» — дегені. «Жауы желкесінде екен» — дегені «Сыр жалаңаш кедей екен. Қонақтан қорқып, төмен бұғады екен. Онан басқа қорқары жоқ екен!» — дейді. 93. «Абылай хан қарақалмақ Қатысыбанға қол жиып, шеру тартып барғанда, қалмақтың ханы Абылайға кісі салды дейді» — деп басталып, «... хан болса, осындай болсын» — деп аяқталатын мәтін де осы жазба (1170-папка, 739-745 б.) бойынша «Абылайдың бір жорығы» (төртінші нұсқа) — аталымымен 9-томда (мәтін — 44-46 б., түсінігі — 340 б.) басылды. 94. «Абылай хан және бір жорыққа аттанғанда, құс ұшпас, құлан жортпас Бетпақтың сары даласында бір қарала атты кез болды дейді» — деп басталып, «Әне, заманның жұмысы» — деп сарқылатын мәтін де осы жазба (1170-папка, 745-750 б.) негізінде әзірленіп, «Балтакерей-Тұрсынбай батыр» (үшінші нұсқа) — айдарымен 9-томға (135-136 б.) енгізілген. 95. «Абылай ханның заманындағы қазақ жұртынан шыққан батырлар» — дегенді маңдайша етіп, «Бұл екеуі де Абылай заманында қарт басып, тұғырдан түскен кісілер» — дегенмен тұйықталатын мәтін де осы жазбаға (1170-папка, 751-752 б.) сүйеніп даярланып, 9-томда (113-114 б.) «Абылай заманындағы батырлар» (үшінші нұсқа) — деген айдармен орын алды. 96. «Абылай ханның хан болып, дәуірі жүріп тұрғанында құнға кесім қылдырған, тамам талас сөздің үстінен қаратып, бітім айтқызып, билік қылдыратұғын биі — Күлік Шобайбаласы Жаңабатыр екен» — деп басталады. 97. «Абылай ханның хан болып, билігі жүріп тұрғанда, құнға кесім қылдырған» — деп басталатын мәтін осы папка бойынша (752-758 б.) 9-томда «Бұрынғы замандағы құн төлеу, адам емдеу салты» (екінші нұсқа) деген аталыммен (мәтін — 293-295 б.), түсінігі — 362 б.) басылды. 98. «Абылай ханның заманындағы Төртуыл-Қаржас Қалқаман батырдың баласы Бұқар жырау деген қария болған екен» — деп басталатын мәтін де Мәшһүр Жүсіп жазбасы, 1170-папка, 759-786 беттер бойынша әзірленіп, Мәшһүр Жүсіп, Шығармалары, 7-томында (Павлодар, ЭКО, 2006 ж. Мәтін — 3-25., түсінігі — 289-308 б.) жарияланды. 99. «Құдай рақмет қылсын Бұхарекеңе» — деп басталатын түсініктің басы 1170-папка 785-бетте орын алса, оның 1177-папкадан (60 б.) алынған екінші кеңейтілген нұсқасы сол 7-том түсінігінде (302-303 б.) келтірілген. Ал, «Садыр, қайда барасың?» — өлеңінің туу тарихы және мәтіні осыдан (1170-папка, 785-786 б.) алынып, сол томның түсінік бөлімінде (303-304 б.) орын алған. 100. «Абылай хан заманында қырғыз Садырбала деген шығып, ақ қалпақты қырғызды түгел билеп тұрған күнінде мақтанып сөйлеген екен» — деп басталатын мәтін осы жазба бойынша (1170-папка, 787 б.) әзірленіп, «Абылайдың қырғыз, өзбекке жорығы» (екінші нұсқа) — деген атпен 9-томға (мәтіні — 75-78 б., түсінік — 344-345 б.) енгізілді. 101. «Абылай ханның Қарауыл қызы — алғашқы алған бәйбішесінен ұл жоқ, жалғыз қыз болды» — деп басталып, «9. Сыздық төре» — деп тамамдалатын мәтін де осы жазбаға (1170-папка, 795-796 б.) сүйеніп, 9-томда (110 б.) «Абылай ұрпақтары» (үшінші нұсқа) — деген аталыммен берілді. 102. «Абайділда, Аббастың елін жайлап» — деп басталатын Жанақ ақын өлеңі осыдан (1170-папка, 797 б.) алынып, 7-томда (32 б.) орын алған. 103. «Тінәлі, Тышқанбайдан алдым «жетім» — деп басталатын Көтеш ақын өлеңі де бұл жазба (1170-папка, 797 б.) негізінде 7-томға (28 б.) енгізілген. 104. «Абылай хан өлген соң, Сарқазақ, Сейтен, Итқара сұлтан — бір таптың осылардай басты кісілері жүріп, Уәлиханды хан көтерді» — деп басталып, «Болмаса, Наурызбай қолға түскенде, бірге түсіп, олар өлген соң, қайтып келіп, айтып отырып» — деп сарқылатын мәтін де осы жазбаға (1170-папка, 798-808 б.) сүйеніп, 9-томда (мәтіні — 164-167 б., түсінігі — 352-353 б.) «Абылайдан кейінгі хандар» (екінші нұсқа) — аталымымен орын алды. 105. «Кешегі өткен хан Кене — // Дүр гауһардың данасы» — деп басталып, «Ат жемі болдық тағы біз» — деп бітетін «Кенесары-Наурызбай» дастанының бірінші нұсқасы осы жазба (1170-папка, 808-845 б.) бойынша 5-томда (мәтіні — 306-335 б., түсінігі — 405-408 б.) жарық көрді. Сонымен бірге бұл мәтіннің 2-нұсқасы әулеттіктегі жазба — 2-папка, 87-104 6. бойынша 9-томда (мәтіні — 184-214 б., түсінігі — 354-358 б.) жарық көргенін еске саламыз. Сонымен бірге бұрынғы басылымдарда ескерілмеген мына бір дерек дастанның жазылған уақытын анықтап береді: «Қой жылынан бір жыл бұрын жылқы жылы еді. Жиырма төрт жаста, соған биыл алпыс бір жыл үшбу 1918-жылқы жылында. Жылқы жылының алдында дегенге дәл келеді. Мәшһүрдің 60 жасында [яғни 1918 жылы — Н.Ж]., келер жылғы қой — 61-мүшелі». 106. «Кіші жүз:Алшын, Жаппас: бес Жаппас, төрт Шөмекей: «Кенесары ханға қараймыз, бізге зекетші жіберсін!» — дегенімен жүз жігітке бас қылып Наурызбайды жіберген» — дегенді маңдай етіп, «... деп, Кәрібоздың айтқан себебі — сол» — сөздерімен тұйықталған мәтін де осы жазба (1170-папка, 846-849 б.) бойынша «Наурызбай мен Жанқабыл қақтығысы» (екінші нұсқа) — тақырыбымен 9-томға (мәтіні — 167-168 6., түсінігі — 353 б.) кіргені мәлім. 107. Әрі қарай анық көрінбегендіктен, оқылуы қиын болғандықтан, 1170-папканың 852-854, 856-857 беттері кейінге қалдырылды. 108. «Ел қамын айтқан жақсыны // Сөйлетпей ұрар ұртынан» өлең жолдары — Бұқар жыраудың «Ханға жауап айтпасам» өлеңінің аяғы. Бұл 7-том, 25-бетте жарияланған. Бұған ілесе берілген басқа да өлеңдері сол 7-томның 24, 25, (түсінігі — 307) беттерінде орын алған. 109. «Олардың бұл Россияға табиғ болған уақыттағы хандары — хан тұқымынан емес, қарасүйектен» — басталатын мәтін осы жазба (1170-папка, 862-883 б.) бойынша «65 мәтін [Бұхар, Қоқан хандары туралы — бірінші нұсқа] — деген айдармен 8-томда (мәтіні — 221-231 б., түсінігі — 446-447 б.) жарық көрді. 110. «Япырмай, кессем бе екен мен тілімді, // Үйрендім қайдан өнер көп білімді» — деп басталатын мәтін Мәшһүр Жүсіптің 1907-жылғы «Хал-ахуал» (Қазан, 1907 ж., 15-17 б.) кітабында жарық көргені белгілі. Біз ол кітаптағыны соңғы екінші нұсқа деп санап, бұ жолғыны қолжазбаның алғашқы нұсқасы ретінде ұсынып, кітап пен қолжазба арасында салыстыру жүргізуді жөн көрдік. 111. Садап (сәдеп) — араб сөзі, бұл арада «асыл тас» ұғымын беруге қолданылып тұр. 112. Екіншіде, яғни оған негіз болған «Хал-ахуал» кітабында (Мәшһүр Жүсіп, Хал-ахуал, Қазан, 1907, 15 б.) «бұлт болып» делінсе, мұнда (біздіңше, қолжазба бірінші нұсқада «болып бұлт» — делініп, аталған екі сөздің орын алмасуы жүзеге асқан. Келесі тармақта да етістік сөз «болып» — қимыл иесі «шортан» («болып шортан») сөзі алдында тұрғанын ескерсек, ең дұрысы — кітаптағы емес, қолжазбадағы деуге негіз толық. 113. Мұндағы «тыныш» сөзі 1907-жылғы кітапта (15 бет) «тыйыш» — деп басылғанын еске саламыз. 114. Осындағы «абрахмет» — жай су емес, «нұрға бөленген қасиетті су», «бақыт суы» — мағынасында қолданылған деп санаймыз. 115. Мұндағы «тамып кетсе» — алдыңғыда «кетсе тамып» — деп орын тепкен. 116. 1907-жылғы кітапта: «Ұзын түн зығырланам қайнауменен» (16-б.) — деп жазылып, сол үлгі бұдан бұрынғы Мәшһүр Жүсіп шығармалары 4-томында (Павлодар, ЭКО, 2004, 54 б.) қайталанса, бұ жолғыда (1170 папка, 887 б.) «зығырланам» орынын «зығырланым» иеленген. 117. Алдыңғыда: «Зарығып бұ қападан қанлар жұтып» — делініп, 1907-жылғы кітаптан сәл ауытқу орын алса (онда «қападан» орнына «қиғадан» деп жазылған), бұл жолы 1170, 887 б. бойынша «қападан» (қиғадан) орнына «қайғыдан» енгізілді. 118. 1907-жылғыда: «Мұратын әр пенденің тәңірім берсін» — деп жазылса, кейінгі кітапта (4-том, 55 б.) «мұратын» орнына «тілегін» басылған екен, әрі 1907-жылғыны, әрі осы нұсқадағыны (1170 папка, 889 б.) ескеріп, «мұратын» сөзі берілді. 119. 1907-жылғыда және осы нұсқада: «Бермейді саған етті қаныменен, // Бір құстың тояттатар саныменен» — деп келтірілсе, кейінгі кітапта (4-том, 55 бет) «Бермейді» орнына «жегізбес», «тояттатар» орнына «тояттатпас» алынған екен. Бұл тұста көшірмелер әсері тиюі де мүмкін. Осы жолы түпнұсқа мен 1907-жылғы бойынша «бермейді», «тояттатар» қалпына келтірілді. 120. Бұл мәтін жазылған беттің (1170 папка, 888 б.) сол жақ қапталында кесе көлденеңдеп мына ескерту жазылған: «Сұлтанмұрат Перуанның хауазында Шегіртке әулиенің зиараты бар». 121. Жоғарыда аталған қолжазба қорындағы Мәшһүр Жүсіп қолжазбасының 891-902 беттері реті қате көрсетілген. Сол беттердегі ең алдымен 1-12 беттер деген екінші белгінің дұрыс екендігін мәтіндегі сөздердің жалғасу тәртібі бойынша анықтап, ол беттерді мына ретпен қағазға түсірдік. Атап айтқанда: 902-беттегісі осы мәтіннің бірінші беті болуға лайық болса, екіншісі — 901, үшіншісі — 900, төртіншісі — 899, бесіншісі — 898, алтыншысы — 897, жетіншісі — 896, сегізіншісі — 895, тоғызыншысы — 894, оныншысы — 893, он біріншісі — 892, он екіншісі — 891 бет боп, керісінше қате белгіленгенін, ол сол қордағы жазба ретін тәртіпке келтіру ниетімен, араб әріптеріндегі мәтін сырына қанық емес кітапхана, немесе қолжазба қоры қызметкерлерінің кейінгі қате таңбалауы нәтижесі екені анықталып отыр. Алдағы уақытта, бұл мәтінге сілтеме жасалғанда, алдымен жалпы тәртіпті бұзбай, үлкен сандарды — 891, 892 т.с.с. берсек те, іле соның қасына тік жақша ішінде бастапқы ретін де келтіріп отырамыз — Н.Ж.]. 122. Осы мәтін орналасқан беттің (1170 папка, 908 б.) оң жақ қапталында көлденеңдеп мына түсінік берілген: «Аспандағы [жарық] шашып тұрған күнді әлдеқандай көресің, өз көзіңді көрмейсің. Өзіңнің заһар денеңде күн тұрғандығымен жұмысың жоқ. Кәне, айырбас қылар сыб...». 123. Бұл мәтін орын алған беттің (1170 папка, 910 б.) оң жақ қапталында мына ескерту жазылған: «Өз денеңдегі мәуліт шылаша: қан, жан, ғақыл. Жамадат, ныбатат, хайуанат, шарғынасыр — мәуліт шылашасы». 124. Бұдан кейінгі бет (1170 папка, 918 б.) көрінуі бұлдыр болған соң, кейінгіге шегерілді. 125. «Ғылым-білім (үшінші әңгіме)» тақырыбындағы мәтін (1170-папка, 919-930 бет аралығы) көрінуі, оқылуы т.с.с. қиын болғандықтан, толық аударылмағанын, кейін оның анық нұсқасын, не көшірмесін тауып, қайта оралу керектігін ескертеміз. 126. «Айтушы мен болайын, құлақ қой сен» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіп өлеңі «Мәшһүрдің сөзді киіндіріп, жұрт көзіне түсіргені» — деген атпен оның шығармаларының 4-томында (мәтіні — 139-142 б., түсінігі — 448-449 б.) жарық көрді. Онда бұл мәтіннің осы жазба (1170-папка, 931-933 б.) және әулеттіктегі жазба (Мәшһүр Жүсіп, 1-папка, 11-13 б.) салыстырылуы негізінде әзірленгені ескертілген. 127. «Оттай боп қызыл гүлдің көрінісі» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіп өлеңі осы жазба (1170-папка, 933-937 б. және әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1-папка, 15-20 б.) бойынша салыстырыла әзірленіп, «Дойбының ойыны» — деген аталыммен 4-томда (мәтіні — 144-149 б., түсінігі — 450-452 б.) басылды. 128. «Жалғанның тозақ пенен пейіші бар» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіп өлеңі осы жазба (1170-папка, 938-946 б.) бойынша әзірленіп, 2-томда («Күндіз бен түннің айырмасы» — деген атпен (мәтіні — 21-31 б., түсінігі — 349 б.) жарық көрді. Онда бұл шығарманың кезінде 1940-жылғы мектеп оқулығына еніп, кейіннен әміршілдік жүйе қысымымен шығып қалғаны және одан кейінгі жариялану тарихы т.с.с. сөз болған. Сонымен қатар әулеттік мұрағатта бұл мәтіннің сәл қысқа нұсқасы (1-папка, 20-21 б.) және Жолмұрат көшірмесі (1-папка, 129-130 б.) бар екенін еске саламыз. 129. Абай өлеңдері алдындағы 947-954 беттер аталған қолжазба қорында сақталмағандықтан, не ксерокске түсіру кезінде ескерілмегендіктен, біздің қолымызға әзірше тимегенін еске саламыз. 130. «Ем таба алмай», «Кейде есер құрғырың» — деп басталатын Абай өлеңдері осы жазбадан (1170-папка, 955-956 б.) алынып, 7-томға (137 б. және 141 б.) енгізілгенін ескертеміз. 131. Бұдан кейінгі 958-973 беттер жоқ. Мұның себебі не аталған қорда сақталмай, «қолды» болуынан, немесе көшірме жасау кезінде ескерілмей қалудан болар деп санаймыз. 132. Бұл жазбаның, 1170-папканың 980-981 беттері жазуы көмескі т.с.с. болғандықтан, кейінге қалдырылды. 133. «Дүниенің қарамадым көп-азына» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіптің «Кәф пен нон» өлеңі осы жазба (1170-папка, 983-989 беттері) бойынша Мәшһүр Жүсіп шығармалары 1-томында (Павлодар, ЭКО, 2003, мәтіні — 14-20 б., түсінігі — 383 б.) жарияланды. 134. «Ер едім талай бұзған қамалыңды» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіптің «Жалғыздық» өлеңі осы жазба (1170-папка, 989-992 б.) негізінде Мәшһүр Жүсіп шығармалары 1-томына (мәтіні — 102-105 б., түсінігі — 388-389 б.) енгізілген. 135. «Бір үйге көп қараймын тамаша етіп» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіптің «Бір үйге» өлеңі осы жазбаға (1170-папка, 995-1001 б.) иек артып, 1-томда (мәтіні — 3-8 б., түсінігі — 379-382 б.) басылды. Бұл туындыға байланысты түсінік сөздер бұрынғыда (1-том, 379-бетте) Мәшһүр Жүсіптің жиені Жолмұрат Жүсіпұлы көшірмесі бойынша берілсе, бұ жолы түпнұсқаның өзіндегісін келтіргенді жөн көрдік: «1910-ыншы жылында Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің Назынларының қарап отырып, жүзінен алған сабақ оқуы. 1911-жылының 31-мартта қаламмен қағаз жүзіне нұсқа болып орнатылды. 53 жаста сөйлеген сөзі. Бұл кітаптан көрген сөз емес, не біреуден естіген сөз емес. Он бес-он алты жаста болған балалардың бетіне қарап отырып жазған сөзі. Құдай тәбәрік отғылының шеберлігін тамаша қылу үшін осындай сөзді жазуға сеп болған балаларды танитұғын көз қайда?! Бірақ не қылайын, наданда көз де жоқ, құлақ та жоқ. Соқыр мен саңырауға айттым не, айтпадым не?!... Осы екі бала. А, дүние не қылайын, болмаған соң?! (1170-папка, 1001-1002 беттер)». 136. «Арғын-Сүйіндік — Айдабол тарауы» — деген тақырыппен басталған қазақ шежіресінің бесінші нұсқасының жалғасы осы жазба (1170-папка, 1003-1016 б.) бойынша бұған дейінгі 10-томда (305-309 б.) жарияланғанын еске саламыз. 137. «Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай» — деп басталатын мәтін осы жазбадан (1170-папка, 1017-1028 б.) алынып 9-томға (116-118 б.) «Олжабай батыр» (екінші нұсқа) — деген аталыммен кіргізілгенін еске саламыз. 138. «Жалқаулық жастан үйір болды басып» — деп басталатын Әмен Жүсіпұлы Көпеев (1888-1921) — Мәшһүр Жүсіптің ортаншы ұлы өлеңдері осы жазбадан (1170-папка, 1030-1045 б.) сақталған. Мұны да қолжазба тұтастығын сақтау дәстүрі бойынша осы томға жазылу ретімен ұсынып отырмыз. 139. «Пірлерден зат едіңіз тиген назар» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіп өлеңі де осы жазбадан (1170-папка, 1038-1039 б.) алынып, 2-томға (34-36 б.) кіргізілгенін еске саламыз. 140. «1905-жылында Ақмола облысына қараған Атбасар уезінде Терісаққан өзені бойында Мейрам Жанайдаров ауылында» — деп басталатын мәтін әулеттік мұрағатта сақталған Мәшһүр Жүсіп жазбасы (7-папка, 116-130 б.) негізінде Мәшһүр Жүсіп шығармалары 1-томында «Қыз жұмбағының шешуі» — деген атпен (Павлодар, ЭКО, 2003,319-321 б.; түсінігі — 431 б.) жарық көрді. Ол мәтінді шығарманың бірінші нұсқасы деп санап, осы жолғыны екінші нұсқа ретінде ұсынып отырмыз. Сондай-ақ жоғарыда сөз болған қорда бүл мәтіннің көшірме түрі, яғни үшінші нұсқасы бар екенін еске саламыз. (Қараңыз: Мәшһүр Жүсіп, 1171-папка, 60-63 б.). 141. Мұндағы сөйлем: «Киімі жоқтың етегі тола ақша түйілген: төгіледі деген ойында, қиялында дәнеме жоқ» — деп берілсе, алдыңғысы «төгіледі» орнына «төгілер» орын алумен бірге «дәнеме» сөзінің мүлде енбеуімен ерекшеленеді. 142. Бұрынғыда бір сөйлемнің аяғы: «Түбі жоқ қазанға асып жедім, сабы жоқ пышақпен кесіп жедім» — делініп, «жедім» сөзі екі рет қайталанса, кейінгісі алдыңғы «жедім» сөзінің түсіп қалуымен оқшауланады. 143. Алғашқыда әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (7-папка, 119 б.) бойынша: «Баянауладағы тұрғын қазақ Мәшһүр Жүсіп Көпеев» — делініп, 1-томда (түсінік бөлімі 431-бетте) берілсе, кейінгіде сәл өзгеріс бар: «Баянаулада тұрағы — Мәшһүр Жүсіп Көпеев». 144. Соңғыда: «Баласына сақтатуға да көзі қимайды» — делінсе, әдепкіде «да» шылауы мүлде жоқ. 145. Бірінші нұсқада әулеттік мұрағат (7-папка, 126 б.) бойынша: «Көңілін дауалатқанға» — деп орын алса, екіншіде «дауалатқанға» орнына «тапқанға» сөзі ірге тепкен. 146. Кейінгідегі: «Ғақылдың өзі де ғылымсыз болған күнде сабы жоқ пышақ сықылды» — дегендегі «болған күнде» сөздері бастапқыда орын алмағанын еске саламыз. 147. Бұрынғыда: «Есіктен шықпағаны белгілі» — делінсе, екіншіде «шықпағаны» сөзі сәл өзгеріп, «шықпағандығы» түрінде қоныс тепкен. 148. Алғашқыдағы: «Осы үйдің есігінен шығайыншы!» — дегендегі соңғы сөз кейінгіде «шығармын-ау!» — қалпында орын тепкен. 149. Мәшһүр Жүсіп шығармалары 11-томының түсінік бөлімінің ең басында ескертілгендей, белгілі бір мәтінді не тақырыбына, не жанрына т.с.с. қарай жіктемей, ондағы мәтіндердің жазылу, сақталу ретін сақтау үшін, сол орналасқан ретпен беруді сақтап, бұған дейінгі мәтіндерді Алматыдағы ОҒКҚҚ-да сақтаулы Мәшһүр Жүсіп жазбалары 1170-папкасы бойынша ұсынып келсек, тап осы мәтіннен бастап сол қордағы 1645-папкадан келтіре бастаймыз. Осы орайда бұл мәтін алдындағы 1645-папканың алғашқы 1-32 беттері, яғни: «Исламиттің түп негізі болған: калам, қадим, хадис Шәріфтен хабарлары жоқ...» — деп басталатын мәтіннің «Ғылым және дін» (бірінші әңгіме) — деген аталыммен бұған дейінгі 9-томда (320-337 б.) жарық көргенін еске саламыз. 150. Бұдан әрі орын алған 39-45 беттердегі мәтіндер оқуға қиын болғандықтан, кейінге қалдырылды. 151. «Қазақ: «Неке суы — Мекке суы» — дейді» — деп басталатын мәтін осы жазбаның 45-55 беттерінен алынып, «Қазақ мақалдары туралы» деген тақырыппен 9-томға (312-317 б.) енгізілгенін еске сала отырып, бұл осы мәтіннің екінші нұсқасы болса, оның алғашқы нұсқасының көп үлгілерден теріліп алынып, алфавит тәртібі бойынша 5-томға (40-94 б.) енгізілгенін, сонымен бірге осы мәтіннен кейін жалғаса орын тепкен: «Мәшһүр Жүсіптің қазақ мақал-мәтелдерінің шығу тарихы туралы жазғаны» — тақырыбындағы мәтінді сол алғашқының жалғасы ретінде санауға болатынын, тек бұл нұсқалардың қайсысы бірінші, қайсысы екінші екені осы біз келтіріп отырған түсіндірмеде тұңғыш аталып отырғанын ескертеміз. 152. «Көтеш ақынның «Қу мешін» жылында айтқан өлеңі» — осы жазба (1645-папка, 46 б.) негізінде 7-томда (30 б.) жарық көрді. 153. «Ханбабаны «Ханбаба» деген төреден Малқар баласы Қарпық алып қалған» — дегенді маңдай еткен мәтін де осы жазба (46 б.) бойынша 8-томға (168 б.) енгізілді. 154. «Шанышкылы-Бердіқожа батырды бір дұшпаны өлтірейін деп жатқанда айтты дейді» — деп басталатын мәтін осы жазбаға (1645-папка, 56 б.) сүйеніп, «Бердіқожа» —деген аталыммен 8-томға (212-213 б.) кіргізілді. 155. «Бұзылған шаһардың сыны жоқ — дегені» — деп басталатын мәтін осы жазба (1645-папка, 56 б.) бойынша алынып, осының алдында соз болған «Қазақ мақалдары туралы» — деген тақырыптың үшінші нұсқасы ретінде беріліп отыр. Ескерту: мақалдардың санын, ретін танытатын сандық көрсеткіштерді қойғанда, біздің есептеуімізді білдіруге тік жақшаны, ал Мәшһүр Жүсіп белгілеген ретті айқындауға жай жақшаны пайдалану жүзеге асты. 156. «Кіші жүзден шыққан Өтетілеу би төрт Шөмекей, бес Жаппасқа қараның ханы болған» — деп басталатын мәтін 1645-папкадан алынып, «Өтетілеу — деген аталыммен 6-томда (153-154 б.) жарық көрді. 157. «Төртуыл: Қаржас Үкібай би сөз бастағанда, былай бастайды екен» — деп басталатын мәтін осы жазбаға (1645-папка, 71 б.) сүйеніп, «Үкібай» — деген тақырыппен 6-томға (154 б.) енгізілді. 158. «Үйсін: Төле бидің дауам айтатыны» — сөздерін маңдай еткен мәтін де 1645-папка (71-72 б.) бойынша 6-томда (155 б.) «Басқа да бұрынғы шешендік үлгілері» — деген аталыммен орын алды. 159. «Бұл да бұрынғы үлгілі билерден қалған сөз» — дегеннен бастау алған мәтін де осы жазбадан (1645-папка, 72 б.) алынып, 6-томда (155-156 б.) басылды. 160. «Азарсың, жұртым, азарсың» — деп басталатын Мөңке би сөздерінің бірінші нұсқасы Мәшһүр Жүсіптің ертерек қағазға түсірген жазбасы (11-папка, 89-90 б.) бойынша 6-томда (139-140 б.) жарияланды. Сонымен бірге бұл мәтіннің үшінші нұсқасы (Мәшһүр Жүсіп, әулеттік мұрағат, 3-папка, 137 б.) және төртінші нұсқасы (ОҒКҚҚ, 1177-папка, 150-151 б.) бар екенін ескерсек, бұл жолғыны мәтіннің екінші нұсқасы деп санап, азын-аулақ өзгешеліктерді нақты көрсеткен жөн деп санадық. 161. «Қылмысы жаққан пенделер» — дегендегі «қылмысы» сөзі бастапқы нұсқада ертерек жазылуы, көрінуі нашарлығы, т.с.с. себептермен қате оқылып, «қамысы» боп қате басылғаны осы жолы байқалды. 162. Кейінгідегі: «Ауылдарын шу қылған, // Жаулықтарын ту қылған» — тармақтарының бұрынғыда орны ауысып берілген. Дұрысы — осы жолғысы деп санаймыз. Себебі «Ауылдарын шу қылған» — дегеннен соң, соған жалғасуға екінші тармақтың сұранып тұрғаны анық. 163. Бұрынғыда: «Өзі болған жігітке // Қыз артылар деп еді» — түрінде келсе, кейінгіде «Өзі болған» сөздерінің орнын «қарап тұрған» иеленген. 164. Бастапқыда көне мәтіннің дұрыс сақталмауынан: «Туған байым болар!» — деп, // Аруақ шығар деп еді» — деп мүлде қате берілсе, бұ жолы ол: «Тоға [н] басы — мұраб, деп, // Арық шығар» деп еді» — түрінде түзетілді. 165. Бұл мәтіннің алғашқы нұсқасы: «Адам құмандай болады» — жолымен аяқталып, шығарма соңы бізге жетпесе, бұ жолы соңғы 9-тармақ қосылғанын еске саламыз. 166. «Және бір қарияның үлгілі сөзі: «Байғыз деген құс болар» — деп басталатын мәтін де осы жазба (1645-папка, 75 б.) негізінде әзірленіп, 6-томда (156-157 б.) орын алды. 167. «Дадан-Тобықтыдан шыққан Қараменде бидің сөзі» — дегенді маңдайша еткен мәтін 1645-папка, 75-беті бойынша 6-томға (158 б.) енгізілді. 168. «Бұл қазақ қай уақытта «Үш жүз» атанған» мәтінінің бірінші нұсқасы әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (2-папка, 1-9 б.) бойынша 8-томға (145-149 б.) енгізілсе, оның екінші нұсқасы Алматыдағы ОҒКҚҚ, 1177-папкасы (293-298 б.) негізінде сол 8-томда (148-157 б.) жалғастырыла берілген. Сонымен бірге бұл мәтіннің үшінші нұсқасы әулеттіктегі Жолмұрат жазбасы (3-папка, 218-220 б.) бойынша осы 8-томда (157-159 б.) берілген. Сонымен бірге тақырыбы бұлай аталмай, «Қазақ хандары» (бірінші үлгі) — аталымымен сол 8-томның 114-124 беттерінде орын алған мәтін тап осы жазба бойынша 1645-папка, 76-86 б. орын алса, бұл тақырыптың екінші, үшінші үлгілері де сол томда (124-133 б.) берілгенін де еске саламыз. 169. «Жұттан, жаудан жаяу басын алып қашқан ел — шұбырған шұбырындысы аппақ сүрлеу болып қалады екен де» — дегенді алға ұстаған мәтін осы жазба (1645-папка, 86-87 б.) бойынша 8-томда «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» — тақырыпшасынан кейін (123-124 б.) орын алған. 170. «Сөз — сөзден туады» — дегенге дәл келеді. Шоң, Торайғыр билер»... деп басталатын шағын мәтін де 1645-папка (87 б.) бойынша 8-томда (136 б.) «31.4. мәтін Әз Тәуке заманы, Ақтабан шұбырынды» тақырыбы соңы ретінде қосақталып берілген. 171. «Бұл Кишек-Бекболат алпыс бесте, Едіге жиырма бесте: «Абылай ханды шабамыз!» — деп барғанда...» — деп басталатын шағын мәтін «Абылай аспаған сары бел» — аталған мәтіндерінің соңы болуға лайық. Бүл мәтіндердің алты нұсқасының біріншісі әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы 2-папкасы (275-283 б.) бойынша 8-томда (196-201 б.) орын алса, қалған үлгілері Мәшһүр Жүсіп жазбалары бойынша (11-папка, 113-122 б.) — екінші нұсқа; 1170-папка (125-127 б.) — үшінші нұсқа; 1177-папка, (163-171 б.) — төртінші нұсқа; 1176-папка (134-139 б.) — бесінші нұсқа; 1178-папка, 213-219 б. — алтыншы нұсқа ретінде 9-томда (50-71 б.) жарық көргенін еске саламыз. 172. «Біздің бұл қазақта — құлақ естіген жерде Уақ: Нұрекен байдан бұрын қажыға барған кісі жоқ» — деп басталатын мәтін де осы жазба (1645-папка, 88-90 б.) бойынша 8-томда (60-62 6.) жарияланды. 173. «Замандардан заман өткенде, бұрынғылар өліп, таусылып, қалғандарға нәубет жеткенде: «Араб жұртынан бір Мұхаммед деген пайғамбар шығыпты» — деп басталатын мәтін осы жазба (1645-папка, 90-93 б.) негізінде 8-томға (62-65 б.) кіргізілді. 174. «Алланың шайтанынан адамның шайтаны күшті» — деген сөздің бірінші нұсқасы ОҒКҚҚ-дағы Мәшһүр Жүсіптің 1176-папкасы (219-220 б.) бойынша бұдан бұрынғы (10-томда (250-251 б.) берілсе, бұл жазбадағысы (1645-папка, 94 б.) сол мәтіннің екінші нұсқасы ретінде ұсынылып отыр. 175. Бастапқыда: «Күндерде бір күн Алланың шайтаны мен адамның шайтаны ұшырасыпты» — делінсе, соңғыда: «Алланың шайтаны мен адамның шайтаны» — сөздері орнын «Алдар көсеге» — сөздері иеленген. 176. Екіншіде: «Не ғып жүдеп, салбырап келесің, байғұсым?» — делінсе, алдыңғыда «байғұсым» сөзі мүлде жоқ болумен бірге, оған берілген жауап соңы: «Шаршап келемін» — деп тамамдалған. Ал, аяққыда ол: «Шаршап келе жатырмын ғой!» — деп келтірілген. 177. Алдыңғыда: «Маған өзің қол тапсырып, пір қылып, аяғыма бас ұрамысың?» — түрінде қысқа алынса, екіншіде бұл біраз кеңейтіліп, өрістетілген: «Маған өзің қол тапсырып: «Бір!» — деп, білегімді; «Екі!» — деп, етегімді ұстап, тағыма бас ұрамысың?». 178. Әдепкіде: «Жарайды, ондай қылсаң, не айтқаныңды қылайын!» — делінсе, кейінгіде бұл біраз үдетілген: «Жарайды, осы екеуін айырып жіберсең, айтқаныңды қылайын!». 179. «Ана соқырың солай тұрсын!» — дегеннен кейінгі: «Оның сыбағасын да беремін! Беремін!» — сөздері соңғыда ғана орын алып, бұрынғыда ұшыраспауымен ерекшеленеді. 180. Алғашқыда: «Ақсақ шойнаңдап басып, шолақ аяғын арбаның дөңгелегіндей дөңгелеттіріп, жетіп келгенде» — түрінде өрістесе, кейінгідегі өзгешелік те назар аударарлық: «Ақсақ шойталаңдап басып, шолақ аяғын — қолын бұлғап, біреуді шақырып келе жатқан немедей жетіп келгенде». 181. Ара тұра орын алған жеке сөз ерекшеліктерін санай бермегеннің өзінде мына бір өзгешелік те көңіл бөлерлік. Әдепкіде: «Мынаны соқырға бер, соқырыңның сыбағасы, — деп, сол жағына келістіріп құлаштап тұрып періпті. — Мұны өзің ал, бұл өзіңнің сыбағаң! — деп, қолын қоя беріп, жүре беріпті». Соңғыда бүл басқаша өрістеген: «Мұны соқырыңа апарып бер, — деп, және құлаштап тұрып сол жағыма періп, — Бұл — өзіңнің сыбағаң!» — деп, екі жағын дуылдатып, қоя беріпті. — Көзі жоқ! — деп, ана сорлынікін алып қойма! — деп айғайлайды дейді. 182. Бұдан кейінгі әңгіме жалғасы тап осы мәтінде сақталмағандықтан, бізге жетпесе, шығарма соңы бірінші нұсқада (10-том, 251 б.) сақталған. 183. 1645-папка, 95-96 б. орын алған Көтеш ақын өлеңдері мен өміріне қатысты деректер 7-томда (мәтіні — 28 және 27 б., түсінігі — 308, 311 б.) орын алған. 184. «Шәкәрім шежіресінен Тобықтыны жазып алуы» — деп басталатын мәтін Мәшһүр Жүсіп жазбасы, 1645-папка, 97-107 беттері бойынша 10-томға (185-192 б.) кіргізілді. 185. «Өзі тоймағанның сарқытын ішпе» — деп басталатын мақалдардың (1645-папка, 106-107 б.) біразы 5-томда (40 б. т.с.с.) алфавит тәртібімен орын алғанын ескерту үстінде бұл мақалдардың сонымен бірге жазылу, сақталу реті бойынша 10-томда да (191 б.) басылғанын еске саламыз. 186. «Еңсегей бойлы ер Есім» хан (бірінші нұсқа) Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1645-папка, 108-111 б.) бойынша 8-томға (136-139 б.) кіргізілді. 187. «Манатхан баласы Баһир төре Арқаға келгенде...» — деп басталатын мәтін де 1645-папка, 112 (111)-беттен алынып, 8-томға (169 б.) енгізілген. 188. «Айдабол — Сары-Қоңыратбай баласы Досжан молда...» — деп басталатын мәтін осы жазбадан (1645-папка, 112-113 б.) алынып, 10-томда (192 б.) берілген. 189. «Көрсары, Ақсары — төрт сарының екі сарысының нәсіл жұрағаты...» — деп басталатын мәтін (1645-папка, 113 б.) «Керей шежіресі жалғасы» — тақырыбымен 10-томда (192 б.) орын тепті. 190. «Талас: Қобдан, Имаңке, Туатай, Жаманқара, — «Төрт Қара» атанған — осылар» — дегенді алға ұстаған мәтін (1645-папка, 114 б.) де 10-томда «Арғын — Қаржас — Талас тарауы» — тақырыбымен (193 б.) орын алды. 191. «Ғышмания» аталған түркілерінің баба уаждатлары» — деп басталатын мәтін де 1645-папка (115-116 б.) бойынша 10-томда «Түрлі деректер» деген атпен (193 б.) қоныс тепті. 192. «Ұлы жүз — Үйсін — Ошақты — Жалайырдың Жалайырынан Бөлтірік би деген би шығыпты» — деп басталатын (1645-папка, 117-118 6.) мәтін «Бөлтірік би» — деген тақырыппен 6-томда (141-142 б.) басылды. 193. «Ақмайдан, Тоқмайданның Тоқмайданынан — Қатыс» — дегенді маңдай еткен мәтін 1645-папка (119-120 б.) бойынша «Бәсентиін шежіресі жалғасы» тақырыбымен 10-томда (194-195 б.) жарық көрді. 194. «Ұлан жасындағысын ұмытпайды» — деген бар ғой. Мұса-Секербай заманында» — деп басталатын мәтін осы жазбадан (1645-папка, 123-125 6.) алынып, «Арғын шежіресі басы» — деген аталыммен 10-томда (195-196 б.) жарияланды. 195. «Шу ауданы Қырғызстанмен шектес» — дегенмен басталатын мәтін де осы жазба (1645-папка, 126-128 б.) бойынша «65 мәтін «Князь арығы» атауы мәнісі» — деген тақырыппен 8-томда (219-220 б.) басылды. 196. «Қазақтың «Қап» дегені — Кавказ серек» — деп басталатын Ақылбай Абайұлының (1861-1904) «Дағыстан» дастаны осы жазба негізінде (1645-папка, 129-140 б.) 7-томда (мәтіні — 159-174 б., түсінігі — 355-363 б.) жарық көрді. 197. «Кең дала, кеткенің бе, кер бетеге?!» — деп басталатын Нармамбет ақын өлеңі 7-томда (мәтіні — 158-159 б., түсінігі — 354-355 б.) орын алды. 198. «Қыстау Адыр түбінде Ташен сал бар» — дегенді маңдай еткен Байқошқар қажы өлеңі де осы жазбадан (1645-папка, 141 б.) алынып, 7-томда (216 б.) берілді. 199. «Қалмақта құбақалмақтың ханы «Қалдан Шерін» — деген хан болған» — деп басталатын мәтін осы жазба (1645-папка, 142-151 б.) негізінде әзірленіп, «Абылайдың тұтқын болуы» (үшінші нұсқа) аталымымен 9-томда (мәтіні — 25-31 б., түсінігі — 339-340 б.) жарық көрді. 200. «Кенесары ханның «Жапар төре» — деген бір баласы Кенесарының өзіне еріп, соғысқа кіріп жүргенде...» — деп басталатын мәтін (1645-папка, 152 б.) де 9-томда (217 б.) басылған. 201. «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ата тарапынан нысыбы. Айдабол-Күліктің Күлігі» — деп басталатын мәтін де 1645-папка (153-164 б.) бойынша 9-томда (274-280 б.) берілді. 202. «Бұрынғы заманда Қазан деген қалада Тама деген ел тұрақ қылған екен» — деп басталатын мәтін де осы жазбадан (1645-папка, 165-206 б.) алынып, 5-томда (мәтіні — 277-299 б., түсінігі — 403 б.) жарияланды. 203. «Жылым — қой, биыл жасым жетпіс үште» — деген Мәшһүр Жүсіп өлеңі осы жазбадан (1645-папка, 209-212 б.) алынып, 2-томға (78-82 б.) енгізілді. 204. «Мұса мырзаға Ташкентлік бір Қадірия деген ишан келді» — деп басталатын мәтін (1645-папка, 214 б.) «Қадірия ишан» — деген атпен 9-томга (256 б.) кіргізілді. 205. «Шалқарбайдың Жүнісін ажал алды» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіп өлеңі (1645-папка, 215-218 б.) 1-томда (180-184 б.) жарық көрді. Ескерту: Бастапқы — 29 шумағы, яғни 116 жолы мұнда сақталмағандықтан, Мәшһүр Жүсіптің әулеттіктегі (8-папка, 1-8 б.) мәтіні негіз болды. 206. «Ер Едігеден естігенімді сөйлейін» — деп басталатын мәтін де осы жазба (1177-папка, 4-10 б.) бойынша: «28 мәтін. Ер Едіге (екінші нұсқа)» тақырыбымен 8-томда (106-112 б.) жарияланды. Ескерту: Бұған дейін 11-томда ОҒКҚҚ-дағы 1170, 1645 папка жазбалары тұтас беріліп келсе, осы мәтіннен бастап 1177-папка үлгілері келтіріліп отырады. 207. «Күні кеше Қуандықтан шыққан Арық Қоңырбай Айқожа ишаннан халфе болып...» — деп басталатын мәтін осы жазбаға (1177-папка, 10-11 б.) сүйеніп, «28.2 мәтін. Жалаңаяқ Әудер әулие» — деген аталыммен 8-томға (112-114 б.) кіргізілді. 208. «Әкесінің атын жан білмейді» — деп басталатын мәтін де осы жазба (1177-папка, 13-14 б.) бойынша, «Әкесі басқа адамдар туралы» (бірінші нұсқа) — деген тақырыппен 9-томға (257-258 б.) кіргізілді. 209. «Қазақтың ауыз айтқан өлеңі, жоқтауы...» — деп басталатын мәтін де осы жазбадан (1177-папка, 15-21 б.) алынып, «Шернияз Жарылғасұлы» — деген аталыммен 7-томда (мәтіні — 35-43 б., түсінігі — 319-324 б.) берілді. 210. «Әуелі Құдай жарылқасын!» — деп басталатын мәтін осы жазба (1177-папка, 22-23 б.) негізінде «Бұрынғылардың батасы» — деген тақырыппен 5-томда (111-113 б.) басылды. 211. «Кеше Қоңыраттан шыққан «Көктің ұлы» атанған Сапақ датқамен замандас — Қоңыраттың бір табынан «Қара Нұрман» шешен шыққан» — деп басталатын «Нұрман сөзі» мәтінінің екінші нұсқасы Мәшһүр Жүсіп жиені Жолмұрат Жүсіпұлы (1894-1977) көшірмесі бойынша 6-томда (207-208 б.) алдымен жарық көрсе, бұ жолы түпнұсқа саналуға лайық үлгі бірінші нұсқа ретінде тұңғыш баспаға ұсынылып отыр. 212. «Өлі аруақты тіргіздің» — деп басталатын мәтін «Байдалы және Айғаным» — тақырыбындағы әңгіменің бірінші нұсқасының соңы, яғни үзігі. Әңгіменің толық нұсқасы осы жазбадан (1177-папка, 147 б.) алынып, 6-томда (мәтіні — 123-124 б., түсінігі — 361-362 6.) басылғанын, ал осы үзінді бар екені сол түсінікте (361-362 б.) арнайы ескертілгенін еске саламыз. 213. «Мұса пайғамбардың заманында Шайхы Бұрқы деген диуана болыпты» — деп басталатын мәтін осы жазба (1177-папка, 25-26 б.) бойынша «Шайхы Бұрқы диуана және Мәшһүр Жүсіптің бір өлеңі» — деген тақырыппен 9-томда (286-287 б.) басылды. 214. «Сарыарқада Нұра деген өзен бар» — деп басталатын мәтін осы жазбадан (1177-папка, 26-34 б.) алынып, «74 мәтін. Сарыарқа тарихы (екінші нұсқа)» — тақырыбымен 8-томда (276-284 б.) басылды. 215. «Сөз шықты біздің қазақ баласына» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіптің туындысының үзіндісі осы жазба бойынша (1177-папка, 34-36 б.) «Сарыарқаның кімдікі екендігі» — деген аталыммен 4-томға (58-62 б.) енгізілді. 218. «Сөйлей берсе, сөз таусылмайды» — деп басталып, «Қалмақ «хан» — деген сөзін «Тайшы» — дейді екен» — деп түсінік берілгеннен кейінгі Күдері қожа Көшекұлының (1820-1858) «Лә-ила-Алла, Алламен // Әуелі Құдайды айтайын» — деп басталатын өлеңі осы жазба (1177-папка, 34-41 б.) негізінде 7-томда (мәтіні — 108-113 б., түсінігі — 337-338 б.) жарық көрді. 219. «Сорқара, Сортың бар ма?» — дегенді маңдайша еткен қалмақ өлеңі осы жазба (1177-папка, 41 б.) негізінде, «Қалмақ Сарыарқадан ауғанда, тамақ сұрап жылаған балаларына айтқаны» — деген тақырыппен 7-томда (37 б.) берілді. 220. «Қайран да, қайран, қайран тау» — деп басталатын өлең осы жазбадан (1177-папка, 41-43 б.) алынып, «Қалмақтың Сарыарқаны жоқтап жылаған зары» — деген аталыммен 7-томда (мәтіні — 37-40 б., түсінігі — 354-356 б.) орын алды. 221. «Ойтүндік пен Белеңде» — дегендегі «Белең» қай жұрт?» — дегенді алға салған мәтін осы жазба (1177-папка, 45 б.) негізінде 8-томға (58-59 б.) енгізілді. 222. Белгілі ақын Бұқар жырау толғаулары мен оған берілген түсініктер шоғыры бұл жазбадан (1177-папка, 51-63 б.) алынып, басқа да нұсқалармен салыстырылып 7-томда (мәтіні — 3-25 б., түсінігі — 289-308 б.) басылды. Сонымен бірге бұрынғы түсініктеме соңынан қалып қойған (7-том, 308 б.) мына бір сөзді, Мәшһүр Жүсіп сүйсінуін осы жолы ұсынып отырмыз: «Ай, аруағыңнан айналайын, жатқан жайың торқа болсын!» (1177-папка, 63(32)-бет). 223. Мәделі қожа өлеңдері және оған берілген түсініктер шоғыры осы жазба (1177-папка, 64-67 б.) бойынша 7-томда (мәтіні — 68-70 б., түсінігі — 328-329 б.) берілді. 224. «Жошыхан ұғлы — Тоқайтемір, мұның ұғлы — Тоққұлқожа» — деп басталатын мәтін (1178-папка, 68 б.) «Хандар шежіресі» — деген атпен 10 — томға (6 бет) кіргізілді. 225. «Ұлбике мен Күдері айтысы» және оның 1177-папка, 69-79 б. алынғаны, айтыстың көп нұсқалы екенін ескеріп, салыстыру жүргізулер нәтижесі — бәрі 6-томда (мәтіні — 242-255 б., түсінігі — 381-387 б.) қамтылған. 226. «Ұлбике мен Жангел айтысы» 1178-папкадан (262-264 б.) алынып, 6-томға (мәтіні — 255-258 б., түсінігі — 387 б.) енгізілді. Оны біз айтыстың бірінші нұсқасы деп санап, бұл жолғыны (1177-папка, 79-81 б.) екінші нұсқа ретінде жеке ұсынып отырмыз. Екі нұсқа арасында аз да болса өзгешелік барын да нақты көрсетуді жөн көрдік. Мәселен, осы бастапқы сөйлемнің аяғындағы «Жалғыз үй қала алмайды» — сөздері бұрынғыда, яғни 1178-папкада мүлде жоқ екенін ескертеміз. 227. Айтыс алдындағы түсінік ішінде алдыңғыдан басқа тағы да 1178-де жоқ екі қосымша бар: 1. «Ұлбике — байдың қызы. 2. Сонда Жангел айтты». 228. Жангел иттеріне берілген түсінік 1178-де: «Жангелдің екі төбеті бар екен: бірінің аты — Басар, бірінің аты — Байтөбет екен» — деп берілсе, 1177-де ол түсінік сол мәтін жазылған 80(45) беттің оң жақ қапталында қиғаштап орын тепкені: «Байтөбет — бір итінің аты екен де, Басар бір итінің аты екен. Өлеңге екі иттің атын қосып айтқаны». 229. Ара-тұра орын алған жеке сөз, не сөз ауысуларын тіркемей-ақ, тағы да негізгі дегендерге көңіл бөлсек: «Қатын болып қолына барып, түскен соң» сөздері 1178-папкадағыда мүлде жоқ екенін ескертеміз. 230. Сондай-ақ «Келсе, «ит» те келіп қалып» — сөздері де бұрынғыда орын алмауымен ерекшеленеді. 231. «Тіл тартпай-ақ кете беріпті» — баяндауы да бастапқыда ұшыраспайды. 232. Әдепкіде бұл сөз: «Пайғамбар шариғатына түсесің бе, бидің билігіне жүгінесің бе?» — делінсе, бұ жолғыда: «Бидің билігіне бересің бе, пайғамбар шариғатына көнесің бе?» түрінде сәл өзгеріп берілген. 233. Әдепкіде: «Күдері қожаның шариғатына беріпті. Күдері қожаның берген төресі» — делінсе, екіншіде сәл кеңейтілу бар: «Сонда шариғат айтатұғын Күдері қожа екен, айтқан шариғаты». 234. Бұрынғыда: «Өкпесінде жазу жоқ болса, әйел адамның тойға барып өлең айтуы дұрыс емес» — қалпында келсе, соңғыда біраз өзгеше: «Өкпесінде жазу жоқ болса, тойға бару, өлең айту әйел жынысына дұрыс емес». 235. «Ұмсын мен Заман қожа айтысы» (екінші нұсқа). Бұл мәтіннің бірінші нұсқасы жоғарыда сөз болған Алматыдағы ОҒКҚҚ-да сақталған Мәшһүр Жүсіп жазбалары 1178-папкасы (243-248 б.) бойынша 6-томда (мәтіні — 288-296 б., түсінігі — 391 б.) жарық көрді. Онда екі нұсқа мәтіндеріндегі өзгешеліктер ескерілмей, тек түсініктер қамтылса, бұ жолы 1177-папкадағы айтыстың айырмашылықтар орын алған шумақтары беріледі де, ондағы ерекшелік атауы осы түсінік бөлімінде көрсетіліп отырады. 236. Мұндағы: «Сегіз ұшпақ ішінде» сөздері орнына бұрынғыда, яғни 1178-ден алынған бірінші нұсқада: «Ішімен сегіз пейіш» орналасқан. Сонымен бірге осыдан кейінгі: «Жомарт ер ақыретте иман табар» — тармағын маңдай еткен бұл шумақ 1177-де мүлде жоқ. 237. Осындағы «Сегіз пейіш» пен» «ішіне» сөздерінің орын ауысуы, яғни алдымен «ішіне», соңынан «Сегіз пейіш» орналасуы бірінші нұсқада осы арада бір шаң берсе, арада бір шумақ өтсімен, тағы да шумақ аяғында осы сөздердің орын алмасуы қайталанған. 238. Бастапқыда: «депті Алла тағалам» — деп берілсе, мұнда: «деп айтқан Құдай тағалам» — деп өзгертілген. 239. Бұрынғыда: «Қиямет қайым болғанша қосылмақ жоқ» — деген үшінші тармақтан кейін: «Заманақыр болғанда, сөз күн сұрар» — қосылып, тап осы шумақтың бес тармақты болуын негіздесе, 1177-папкадан алынған бұл екінші нұсқада бұл тармақ мүлде жоқ болуымен ерекшеленеді. 240. Екінші нұсқадағы «адамға» сөзі әуелгіде «адамды» — деп келтірілген. 241. Осындағы соңғы сөз «қысаң» бұрынғыда «қыспақ» — деп басылған. 242. Осы шумақтағы «құпия» сөзі әуелгіде — «қапия»; «сұралмаған» сөзі — «сұрамаған» — деп басылған. 243. Алматыдағы ОҒКҚҚ-да сақталған Мәшһүр Жүсіп жазбасы, 1178-папка, 89-100 беттерінен алынып, «Сақау мен Тоғжан айтысы» тақырыбымен 6-томда (мәтіні — 231-242 б., түсінігі — 380-381 б.) жарық көрген бірінші нұсқа мәтіні мен осы жазбада (1177-папка, 89-100 б.) орын алған екінші нұсқа мәтіні өзгешелігі болмағандықтан, алғашқыда жоқ, кейін берілген түсініктерге қатысты мәтіндерді және соңғыдағы түсініктерді келтірумен шектелеміз. Мәселен, осы шумақтағы «қорасан» сөзіне байланысты 1177-папка, 90-бетінің оң жақ қапталында Мәшһүр Жүсіптің өз қолымен көлденеңдеп мына түсінік берілген: «Қызылтау, Баянаула жұтқа ұшырап, шалдығып, басына — қорасан, малына — арасан тиіп, жүдеп шыққан екен де, Қаракесек — «иті май жемей» семіз күйлі, құтырып шыққан екен». 244. 91-беттің ең аяғындағы: «Кеспелік, Түрмелік» сөздеріне алғашқы нұсқада мынадай түсінік берілген: «Кеспелік, Түрмелік, Елік — Мәукенің үш баласы, оңбаған азғын туған нашар тұқым болғандар» (6-том, 380 б.). Ал, жазбаның (1177-папка) 91-бетінің сол жақ қапталында қиғаштап мына түсінік енгізілген: «Кеспелік, Түрмелік, Елік — Мәукенің үш баласы, оңбаған, азғын туған, нашар тұқым болғандар». Сонымен бірге соның алдында орын алған «Шаншар» сөзіне қатысты түсінік қосылған: «Сақау «Шаншар» — деген елдің жиені екен, шешесі оң жақтан көтеріп келіп тапқан, — дейді». 245. 93-беттің сол қапталында көлденеңдеп «Бәңгі» есіміне қатысты мына дерек келтірілген: «Бұл Тоғжанның өзін Орманшы деген елге беріп, ұзатайын деп жатыр, күйеуінің аты — Бәңгі». 246. Тоғжанның осы сөзінен кейін, ақындық суырып салу, шешендік өнеріне сүйсіну ретінде Мәшһүр Жүсіптің мына бір баға беруі орын алған: «Өлең болса, айтыс болса, осы екеуінікіндей болсын!» (1177-папка, 93-бет). 247. Тоғжанның: «Болғаны қиямет қайым қашан еді» — деп басталатын өлеңі алдында мына түсіндірме орын алған: «Тоғжан сасқан соң, аруаққа жабысады». 248. Сақаудың осы сөзінен кейін кіргізілген анықтама: «Төртуыл билері Торайғыр, Қойшыбай Қаракесекке бітімге барып, Қаракесек бітім бермей, бұлар «салы суға кетіп салбырап қайтып, аштан өле жаздаған жері болған екен» (1177-папка, 96-бет). Тап осы түсінік дәл осы мәтінге ұштастырылмаса да, бұрынғыда да бар (6-том, 380 б.). 249. Тоғжан өлеңіндегі «Қушоқы» сөзіне байланысты мына түсінік келтірілген: «Қушоқы — Ақмола, Қарқаралы, Баянаула — үшеуінің кираниты [границасы] астасқан жер, орысқа қарамаған күнде елсіз болған жерлер». 250. Алғашқы нұсқада ескертілгендей, мұнда да «Шортанды» сөзіне қатысты дерек берілген: «Шортандының Қарасуы Қоңырадыр деген жерде Есілдің басы болады» (1177-папка, 96 б.). 251. Ұлбике мен Күдері айтысының Мәшһүр Жүсіп қолымен жазылған үш нұсқасы (1170-папка, 56-66 б.; 1178-папка (250-261 б., 1177-папка (69-79 б.) сақталғаны ескертіліп, сол үшеуін салыстырып ұсынылған нұсқа 6-томда (мәтіні — 242-255 б.; түсінігі — 381-385 б.) жарық көргенін еске саламыз. 252. «Шөже мен Қалдыбай айтысы» — осы жазба (1177-папка, 101-102 б.) негізінде 6-томға (мәтіні — 273-275 б., түсінігі — 387 б.) енгізілді. 253. Жанақ пен Түбек айтысы осы жазба (1177-папка, 103-109 б.) бойынша және сол қордағы, яғни ОҒКҚҚ-дағы 1170-папка (46-56 б.) негізінде баспадан шыққан В.В. Радлов кітабымен («Ел қазынасы — ескі сөз», Алматы, Ғылым, 1994, 564-566 б.) салыстыру жүргізіп, 6-томда (мәтіні — 224-230 б., түсінігі — 377-380 б.) жарық көрді. 254. С.Торайғыровтың «Тұрмысқа», «Ләнет бұлты шатырлап» өлеңдері осы жазбадағы 1177-папка, 105-106 қосымша беттерден алынып 7-томға (мәтіні — 209-210 б., түсінігі — 376-377 б.) кіргізілді. 255. Мөңке мен Опан айтысы осы жазба (1177-папка, 109-117 б.) және сол қордағы, яғни ОҒКҚҚ-дағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы, 1170-папка (66-70 б.) мәтіні қатар алынып, оны 1870 жылғы В.В. Радлов кітабындағы нұсқамен салыстыру жүргізіліп, 6-томда (мәтіні — 275-281 б.; түсінігі — 387-390 б.) басылды. 256. «Бұхарай Шәріпте «Жақсы Ғабдолла хан» атанған хан болған» — деп басталатын мәтін осы жазба (1177-папка, 111-114 б.) бойынша 69-мәтін «Көкалташ атауы туралы» (екінші нұсқа) — аталымымен 8-томға (мәтіні — 250-251 б., түсінігі — 448 б.) енгізілді. 257. Шортанбай мен Орынбай айтысының осы жазбадағыдан (1177-папка, 117-120 б.) көлемі шағындау екінші нұсқасымен (1170-папка, 78-85 б.) және жоғарыда сөз болған В.В. Радлов (1870 ж.) нұсқасымен салыстыру жүргізе отырып жариялау 6-томда (мәтіні — 221-223 б.; түсінігі — 375-380 б.) жүзеге асты. 258. Түбек пен Жамшыбай айтысының да осы жазбадағыдан (1177-папка, 120-124 б.) басқа екінші нұсқасы (1178-папка, 239-242 б.) бар екені ескеріліп, екі мәтін салыстырыла отырып, 6-томда (мәтіні — 281-287 б.; түсінігі — 391 б.) жарияланды. 259. Бұл айтыстың да бір нұсқасы осы жазба (1177-папка, 125-129 б.) болса, екіншісі де сақталған (1178-папка, 267-271 б.). Екі мәтінді салыстыра отырып жариялау тағы да 6-томда (мәтіні — 258-265 б.; түсінігі — 387 б.) іске асты. Сонымен бірге бұл мәтіннің алғаш рет Мәшһүр Жүсіп таңдамалысының 2-томында (Алматы, Ғылым, 1992, 131-136 б. Құраст. С.Дәуітов ) және «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында (11-12, 1998 ж., 2, 1999, 17-19 б.) жарық көргенін еске саламыз. Сондай-ақ әулеттік мұрағатта тағы 3 көшірменің (Жолмұрат Жүсіпұлы, 3-папка, 240-241 б. және 332-334 б.; 335-339 б.; Мұхаммедфазыл Жүсіпұлы, 2-папка, 229-230 б.; Иманғали Мәненов, 3-папка, 167-169 б.) сақтаулы тұрғаны сол 6-том түсіндірмесінде көрсетілгені белгілі. 260. «Көтеш пен Күнекей қағытпасы» — осы жазба (1177-папка, 130 б.) бойынша 6-томда (мәтіні — 212 б., түсінігі — 370 б.) басылды. Осы орайда сол басылымда ақынның екінші бір жазбасы (1178-папка, 222 (130) б.) бар екені ескерілмеген. Бұл жерде 1178-тегі өзгешеліктерді қамтығанды жөн көрдік. Мәселен, 1177-ден алынған 6-томда «Көтеш айтыпты» — дей салынса, 1178-де: «Сонда Көтеш ат бетін былай қайырды» — делінген. 1177-де: «Шашың мен шашбауыңа» делінсе, 1178-де «Шаш пен шашпауыңа» — деп сәл өзгертілген. Сондай-ақ қағыспа соңындағы мына бір деректер 1177-де мүлде жоқ болғандықтан, 6-томға енбей қалса, бұл 1178-де ғана орын алуымен ерекшеленеді: «Күнікейдің танауы тарс бітіп, тығындалып, дыбысы шықпай қалса керек. Бұл Күнікей — өзі Қаракесек; Бошан — Қаракемпір-Наманай деген елге қатын болып түскен. «Қаракемпір-Наманай, // Ниетіңнің жаманы-ай!» — деген мақал сонан қалған» (1177-папка, 222 (130)-бет). 261. Шөже мен Шортанбай қағытпасы 1177-папка, 130 бет бойынша тұңғыш жарияланып отыр. 262. С. Торайғыровтың «Кедей» дастанынан үзінді және «Қымыз» өлеңі 1177-папка, 131-134 б. алынып, 7-томға (мәтіні — 211-213, 202-208 б., түсінігі — 375-376 б.) енгізілді. 263. Байқошқар, Ажар, Жапардың өлеңдері 1177-папка, 134 б. негізінде 7-томда (216-224 б.) жарық көрді. 264. «Әкесі басқа адамдар туралы» (екінші нұсқа) да 1177-папка, 135-138 б. негізінде 9-томда (259-261 б.) берілді. 265. Жаяу Мұсаның әкесі басқа екендігі кезінде белгілі жазушы З. Ақышевтің «Жаяу Мұса» романында сөз болып, оған: «Көркем шығармада ойдан шығару, дәлелденбеген деректі қосу бола береді» — дегендей сыңай таныту орын алғаны белгілі. Бұ жолы сол Жаяу Мұса ауылына іргелес өскен Мәшһүр Жүсіп дерегіне де шүбәмен қараушылар шығуы мүмкін екенін ескерсек те, жазылған шындықты оқырманға сол қалпында жеткізгенді жөн деп таптық. Бұл мәтін Мәшһүр Жүсіптің өз жазбасы, 1177-папкадағы қосымша қысқа беттерден (137-138 б.) алынды. Сонымен бірге бұл деректі Мәшһүр Жүсіп мұның алдында 1177-папка, 13-14 б. бойынша сол 9-томға: «Әкесі басқа адамдар туралы» (бірінші нұсқа) еңбегінде кеңейтіп: «Жас күнінде Жаяудың өзі айтады екен: «Баласы сол Боштайдың» — деп айтады, // Білмесе, қазақ оны неге айтады?!» — дерегінің сол бірінші нұсқамен қатар, екіншіде де орын алуы (9-том, 258-260 б.) да белгілі бір дерекке, пікірге дәлелсіз күдік ала жүгірушілерге жеткілікті жауап бере алады деп санаймыз. 266. «Жақсы Ғабдолла хан (екінші нұсқа)» осы жазба (1177-папка, 141-146 б.) негізінде 8-томға (258-263 б.) кіргізілді. 267. Байдалы және Айғаным (бірінші нұсқа) — мәтіні де 1177-папка, 147 б. алынып, 6-томда (123-124 б.) басылды. 268. «Кешкенбай биге қатысты мәтін 1177-папка, 148 б. бойынша 6-томға (158 б.) енгізілді. 269. «Арай, арай, арай бар» — деп басталатын «Тақпақ» — деген тақырыппен осы жазба бойынша (1177-папка, 149-150 б.) 5-томда (22-24 б.) жарияланды. 270. Мөңке би сөзінің бірінші нұсқасы әулеттік мұрағатта сақталған Мәшһүр Жүсіптің жас кезінде ертеде қағазға түсіп, сақталуында кемдік көрген (қыста от жағылмағандықтан, суық қорада ылғал т.с.с. әсерінен жазу өшуі т.с.с.) жазбасынан (ІІ папка, 89-90 б.) алынғандықтан, әрі әріптер таңбасын анықтаудан кеткен ақаулар салдарынан, әрі Мәшһүр Жүсіптің өзінің түрліше жазу мүмкіндігінен туған өзгешеліктер баршылық екені анықталды. Мәселен, ІІ папка бойынша берілген 6-томда (139 б.) «Қамыс жаққан пенделер» — деп берілсе, екінші бір жазбада (1645-папка, 74 б.) «Қылмысы жаққан пенделер» — делінген. Ал, 1177-папкадағы үлгіде: «Қылмысы жаққан қылықты» түрінде отау тіккен. Біздіңше, соңғыны неғұрлым дұрыс нұсқа деуге болады. 271. Алғашқы үлгіде: «Жаулықтарын ту қылған, // Ауылдарын шу қылған» — қалпында берілсе, екіншіде (1645-папка, 74 б.): «Ауылдарын шу қылған, // Жаулықтарын ту қылған» — түрінде тармақтардың орын алмасуы іске асқан. Бұл алмасудың соңғыда (1177-папка, 150 б.) да ұшырасуы — кейінгі екі үлгідегінің дұрыстығын дәлелдейді. 272. Әуелгіде: «Үй басына тақ еткен // Келі шығар деп еді» — түрінде өрістеп, екіншіде «тақ еткен» сөзін «тоқ еткен» ауыстырса, аяққыда (1177-папка) сол сөзді «тоқылдақ» алмастырған. 273. Бұрынғыда: «Келісімен кірпиіп (кіршиіп), // Келін шығар деп еді» — делінсе, екіншіде «кірпиіп» сөзін «келісіп» ауыстырған да тап осындай өзгеріс үшінші үлгіде де (1177-папка, 150 б.) орын тепкен. 274. Әдепкіде: «Өзі болған жігітке // Қыз артылар деп еді» — түрінде шаңырақ көтерілсе, екіншіде (1645-папка, 74 б.): «Қарап тұрған жігітке // Қыз артылар» — деп еді» — өзгерісі туып, сол ерекшелік осы жолғыда да қайталанған. 275. «Біріншіде: «Ағып жатқан дария су // [Бір] тартылар деп еді» — түрінде келіп, алғашқы тармақ соңына кейінгінің бастапқысын («су» сөзін) кіргізіп, жаңылысу орын алса, екіншіде ол түзетілді: «Ағып жатқан дария // Су тартылар деп еді». Үшінші нұсқада сол өзгеріс бекітілді. 276. Бастапқыда: «Ендігінің қатыны // Байын билер деп еді» — делініп, сол қалып екіншіде де (1645-папка, 74 б.) қайталанса, үшіншіде «ендігінің» сөзі «егіншінің» болып түзетілді. 277. Алғашқыда: «Туған байым болар, — деп // Аруақ шығар деп еді» — делінсе, екіншіде ол түзетілген: «Тоған басы мұраб, — деп // Арық шығар» — деп еді». Үшіншіде кейінгі өзгеріс қайталанумен бірге «тоған» сөзі «тоғам» деп берілген. 278. Әуелгіде: «Жалаң аяқ шар иттерін // Бегім дерсің деп еді» — қалпында отау тігілсе, екіншіде: Жалаң аяқ сарттарды // «Бегім, — дерсің» — деп еді» түрінде өзгертілген. Бұл өзгеріс үшіншіде де орын алуы тағы да кейінгілер дұрыстығын аша түседі. 279. Бұрынғыда: «Алысқа деген қамыстан // Үй шығады деп еді» (6-том, 140 б.) — делінсе, екіншіде (1645-папка, 74 б.): «Ысқа деген қамыстан // Үйі шығар» — деп еді» түрінде өзгеріп, сол ауысу соңғыда да қайталанған (1177-папка, 151 б.). 280. Бастапқыда: «Құрыс жауырын, қой бұтты // Би шығады деп еді» — түрінде өрістесе, екіншіде «құрыс» орнына «қозы», «би шығады» орнына «биі шығар» орын тепкен. Бұл өзгеріс үшіншіге де тән. 281. Біріншіде: «Адам құмандай болады» — дегеннен кейінгі соңғы 9 тармақ қолжазбада сақталмағандықтан да, 6-томға (140 б.) енбей қалса, бұл екінші, үшіншіде кіргізілді. 282. «Шоң бидің Қуандық еліндегі асқа баруы» (бірінші нұсқа) — әңгімесі осы жазбадан (1177-папка, 153-162 б.) алынып, екінші бір жазбамен (1176-папка, 141-154 б.) салыстыру жүргізіле отырып, 6-томда (мәтіні — 171-178 б., түсінігі — 366 б.) жарық көрді. 283. «Абылай аспаған сары бел» — аталған мәнісі (төртінші нұсқа) мәтіні де осы жазба (1177-папка, 163-171 б.) бойынша 9-томға (мәтіні — 55-61 б.; түсінігі — 340-344 б.) енгізілді. Осы орайда бүл мәтін аяғында орын алған Төлеген қожаның өлеңі оның алдындағы 7-томда (281-282 б.) бұрынырақ бір жарық көргенін еске саламыз. 284. «Бұхар, Қоқан хандары туралы» (үшінші нұсқа) мәтіні осы жазба (1177-папка, 173-181 б.) негізінде 8-томда (мәтіні — 234-242 б.; түсінігі — 447-448 б.) басылды. 285. «XVІІІ-ХІХ ғ. Қоқан хандары» — мәтіні де 1177-папкадан (182-189 б.) алынып, 8-томға (мәтіні — 242-249 б.; түсінігі — 447-448 б.) кіргізілді. 286. «Кіші жүздің ұрандары» мәтіні де 1177-папка, 190-191 б.) бойынша 8-томға (164 б.) енгізілді. 287. «Тілеуқабыл батырдың тұңғышы — «Ақша» — деп басталатын мәтін кезінде қолжазбаны реттеу, оған бет ретін қоюда кеткен қателіктен «193-бет» — деп қате таңбаланған, әйтпесе бұл осы жазбадағы 356-бет соңына тұруға лайық. Соны ескергендіктен де бұл мәтін «Бәсентиін шежіресі» соңы ретінде 10-томда (44 б.) жарық көрді. 288. «Нұх, Наурыз тарихы» әңгімесі 1177-папка, 195-200 беттерден алынып, 8-томға (мәтіні — 49-56 б.; түсінігі — 415 б.) енгізілді. 289. «Бердіқожа (2-үлгі)» — мәтіні де осы жазба (1177-папка, 201-202 б.) негізінде 8-томда (213-214 б.) басылды. 290. «Құнанбай туралы (бірінші нұсқа)» мәтіні 1177-папка, 202-203 б. бойынша 9-томға (241 б.) кіргізілді. 291. «Едігенің алғашқы билігі» мәтіні Мәшһүр Жүсіптің осы жазбасынан (1177-папка, 204-206 б.) алынып, 6-томда (126-127 б.) басылды. 292. «Едігенің Тоғаспен құда болуы» — мәтінінің алғашқы екі нұсқасы әулеттік мұрағатта сақталған Мәшһүр Жүсіптің өз жазбасы: 11, 2-папкалары бойынша әзірленіп, 6-томда (біріншінің мәтіні — 127-131 б., екіншінің мәтіні — 131-135 б., түсінігі — 362 б. жарық көрді. Біз бұ жолғыны осы жазба (1177-папка, 206-210 б.) бойынша үшінші нұсқа ретінде жеке ұсынып отырмыз. 293. Назар аударарлық жәйт: әр кезде әр қағазда жазылса да, Мәшһүр Жүсіптің 2-папкасы мен 1177-папкасы мәтіндерінде айырмашылық болмауы, тек бір тұста: «Бұрынғы ата-бабамыздан қалған сөз бар еді (6-том, 132 б.)» — дегендегі «ата-бабамыздан» — орнына кейінгі үшінші нұсқада «ата-бабадан» түрінде ғана сәл өзгеруі — бәрі Мәшһүр Жүсіптің естіген сөздерін әр кезде есте ұстау қабілетінің жоғары болғандығын дәлелдейді деп санаймыз. 294. «Едігенің көрген түсі (үшінші нұсқа)» — мәтіні де осы жазбадан (1177-папка, 210-211 б.) алынып, 6-томда (мәтіні — 136-137 б.; түсінігі — 363 б.) берілді. 295. «Күлік: Шобалай баласы Жаңабатыр бидің бес көк ала бас атаны жоғалыпты» — деп басталатын мәтін де осыдан (1177-папка, 212-214 б.) алынып, 6-томға (137-139 б.) кіргізілді. 296. «Осы Өміртай жас бала жігіт күнінде...» — деп басталатын мәтін 1177-папка (214 б.) бойынша 9-томға (247 б.) енгізілді. 297. «Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай» — деседі» — деп басталатын мәтін де бұл жазба (1177-папка 215-219 б.) негізінде әзірленіп, «Олжабай батыр (төртінші нұсқа)» — деген тақырыпта 9-томда (мәтіні — 121-124,түсінігі — 351 б.) басылды. Сонымен бірге осы томдағы түсінік бөлімінде «Олжабай батыр» әңгімесінің 3, 4-нұсқалары бұрын да жарық көргені («Абылай хан» — деген жинақ ішінде, құраст. С. Дәуіт. Алматы, 1993, 1-том, 327-335 б.) ескертілген. 298. «Кеше қазақ орысқа қарағанда, Керей, Уақ, Атығай, Қарауыл бұрын қарап бодан атанған» — деп басталатын мәтін де осы Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (1177-папка, 219-221 б.) алынып, «Тұрлыбек пен Сақау ақын» — деген аталыммен 9-томда (250-251 б.) орын алды. 299. «Сөз — сөзден туады, // Сөйлемесе, қайдан туады? Тұрлыбек сол келгенінде біздің Сүйіндік жұтамай жүре ме, жұтқа шалдығып, жүдеп-жадап шыққан екен» — дегенді маңдай еткен мәтін осы жазба (1177-папка, 221 б.) бойынша 9-томда (251-252 б.) бар екенін ескертеміз. 300. «Бұл — тарих шежіре: ауыздан-ауызға алынған сөздерден жиналған» — дегенді алға тартқан мәтін 1177-папкадан (222-226 б.) алынып, «Олжабай батыр (үшінші нұсқа)» — деген тақырыпта 9-томда (мәтіні — 118-121 б., түсінігі — 351 б.) жарияланды. 301. «Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай батырдың бағының ашылған, аруағының шашылған жорығы» — деп басталатын мәтін осы жазбаға (1177-папка, 226-230 б.) сүйеніп, «Малайсары және Олжабай» — деген тақырыппен 9-томда (мәтіні — 124-127 б., түсінігі — 351 б.) жарық көрді. 302. «Біздің бұл қазақ Сыр бойынан ауып келгенде, Ұлытау, Кішітауды қыстап, Сорқара, Сортыны жайлап, сол маңа [йы] на орын теуіп жүріпті» — деген мәтін осы жазба (1177-папка, 230-236 б.) бойынша «Олжабай және Жасыбай» — деген аталыммен 9-томға (127-131 б.) енгізілді. 303. «Ең алғаш қазақ орысқа қарап, дуан аузы ашылғанда, Шоң би аға сұлтан, дуанбасы болған» — деп басталатын мәтін осы жазба (1177-папка, 238-241 б.) бойынша «Кенесарының қырғызға барған себебі» — деген аталыммен 9-томға (мәтіні — 169-172 б.; түсінігі — 353 б.) кіргізілді. 304. «Абылай хан» (бірінші нұсқа) дастаны да 1177-папка, 241-248 б. мәтіні бойынша 9-томда (мәтіні — 84-96 б.; түсінігі — 345-350 б.) орын алды. 305. «Қалмақтың ханы кәрі Аюке жалғыз қызын қырық қыз қосып, Қалдан Шерінге жіберген екен: «Кімге берсе, билігі Қалданда», — деп басталатын мәтін осы жазбадан (1177-папка, 248-251 б.) алынып, «Абылайдың тұтқын болуы» (бесінші нұсқа) — деген аталыммен 9-томда (мәтіні — 35-40 б.; түсінігі — 340 б.) берілді. 306. «[Абылай]... тауды бет алып аттанып, бара жатқан бетінде, «Құс ұшпас, құлан жортпас» Бетпақтың сары даласында бір қара ала атты оқтай ұшырады» — деп басталатын мәтін осы жазба (1177-папка, 302-303 б.) бойынша «Балтакерей-Тұрсынбай батыр» (төртінші нұсқа) — деген тақырыппен 9-томда (мәтіні — 137-139 б.; түсінігі — 352 б.) жарияланды. Осы орайда бұл төртінші нұсқаның бұған дейін «Абылай хан» жинағы ішінде (Алматы, Жазушы, 1993, 313-315 б. құраст. С. Дәуіт) басылғанын еске саламыз. Сондай-ақ мұндағы 202-203-беттердің орны ауысып кеткенін Мәшһүр Жүсіптің өзі 252-беттің (ал біз оны 253-бет деп түзеттік) аяғында былай деп ескерткен екен: «Кәрілік, енеңді с...н, қылдың да тындың: екі бетті теріс жаздырған — кәрілік!» (1177-папка, 252 б.). 307 «...Олжабайдың тұңғышы — Есенаманнан: Көлен, Үйсінбай, Қожабай» — дегенді ту еткен мәтін 1177-папка (254 б.) негізінде «Арғын — Сүйіндік — Айдабол тарауы» — деген тақырыппен 10-томға (7 б.) енгізілді. 308. «Қарақалмақ — қатысыбанның ханы Абылайға елші жіберген екен» — дегенді маңдай еткен мәтін 1177-папка, 255-257 б. негізінде «Абылайдың бір жорығы» (үшінші нұсқа) — деген тақырыпта 9-томда (мәтіні — 42-44 б.; түсінігі — 340 б.) жарияланды. 309. «Керейден бір Жәнібек деген батыр шығыпты» — деп басталатын мәтін 1177-папка, 257 (210) б. бойынша «Бодансыз Керей аталу мәнісі» — деген аталыммен осы 11-томда тұңғыш беріліп отыр. 310. «Абылай хан заманында қазақтан шыққан батырлар: Қаракерей-Қабанбай...» — дегенді алға ұстаған мәтін осы жазба (1177-папка, 257-258 б.) негізінде «Абылай заманындағы батырлар» (төртінші нұсқа) — аталымымен 9-томға (мәтіні — 114-115 б.; түсінігі — 350-351 б.) кіргізілді. 311. «Бұрынғы замандарда қалмақ қазаққа таң атырып, күн шығармаған» — деп басталатын мәтін осы жазбадан (1177-папка, 258-261 б.) алынып, «Абылай хан түсі және өлімі» (үшінші нұсқа) — тақырыбымен 9-томда (мәтіні — 81-84 б.; түсінігі — 345 б.) басылды. 312. «Абылай ханның алғашқы алған Қарауыл қызы бәйбішесінен ұл жоқ, жалғыз қыз болды» — дегенді маңдай еткен мәтін 1177-папка (261-263 б.) мәтіні негізінде «Абылай ұрпақтары» (төртінші нұсқа) — деген аталыммен 9-томда (мәтіні — 111-112 б.; түсінігі — 350 б.) жарық көрді. 313. «Үргеніш дейді, Хорезм дейді, Хиуа дейді» — деп басталатын мәтін осы жазбадан (1177-папка, 214 бет) алынып, «Қазақ түбі» (бірінші нұсқа) тақырыбындағы мәтіннің алдында берілуге лайық кіріспе ретінде 8-томның кіріспе бөлімінде (396-397 б.) толық берілген. 314. «Адам ата, Хауа ана — күллі адамзат осы екеуінен өрбіп-өнген» — деп басталатын мәтін де осы жазба (1177-папка, 265-286 б.) негізінде «Қазақ түбі» (бірінші нұсқа) — деген аталыммен 8-томда (мәтіні — 3-24 б., түсінігі — 395-406 б.) жарияланды. 315. «Қазақ сөзі: «Арғы атаң сенің — Шыңғысхан, // Пайда болған сағымнан» — дегенді алға ұстаған мәтін осы жазбадан (1177-папка, 287-292 б.) алынып, «1.3 мәтін. Қазақ хандары» — деген тақырыппен 8-томға (мәтіні — 24-27 б.; түсінігі — 400-406 б.) кіргізілді. 316. «Қырық сан Қырым, отыз сан Рум, Он сан Оймауыт... Ноғайлының елі бір алаша тайдан бүлініпті» — дегенді маңдай еткен мәтін осы жазба (1177-папка, 293-298 б.) бойынша «Бұл қазақ қай уақытта «Үш жүз» атанған?» — деген аталыммен 8-томға (мәтіні — 149-157 б.; түсінігі — 424 б.) енгізілді. 317. «Замандардан заман өткенде... «Араб жұртынан бір Мұхаммед деген батыр шығыпты!» — деп... тоқсан екі батыр атқа мінді дейді» — дегеннен бастау алған мәтін 1177-папкадан (299-304 б.) алынып: «Сахабалар тарихы, қазақ қажылары» (екінші нұсқа) тақырыбымен 8-томға (мәтіні — 65-73 б.; түсінігі — 417 - 418 б.) ұсынылды. Осы орайда бұл мәтіннің қазақ қажыларына қатысты бөлімі бұған дейін «Қазақ шежіресі» кітабында (Алматы, 1993, 9-13 б. құраст. С. Дәуіт) орын алғанын еске саламыз. 318. «Жанарыс екі қатыны болыпты...» — деп басталатын мәтін осы жазбадан (1177-папка, 305-330 б.) бойынша «Орта жүз шежіресі жалғасы» — тақырыбымен 10-томда (мәтіні — 7-29 б.; түсінігі — 397 б.) басылды. 319. «Болатқожаның бел баласы — Ақша, Төйте» — деп басталатын мәтін 1177-папка, 330-333 б. негізінде «Жидебай батыр» (екінші нұсқа) — деген аталыммен 9-томға (мәтіні — 142-145 б.; түсінігі — 352 б.) кіргізілді. 320. «Жанарыстың бәйбішесінен туған төрт қожаның бірі — Қарақожа» — деп басталатын мәтін осы жазбадан (1177-папка, 334-337 б.) алынып, «Найман шежіресі» — деген тақырыппен 10-томға (мәтіні — 30-32 б.; түсінігі — 397 б.) енгізілді. 321. «Бұрынғы қариялар Орта жүзді: «Жеті арыс» — деп сөйлейтұғын» сөйлемін бетке ұстаған мәтін де осы жазба (1177-папка, 338-339 б.) негізінде «Қыпшақ шежіресі» тақырыбымен 10-томда (мәтіні — 33-34; түсінігі — 397 б.) берілді. 322. «Ақбура: Аққошқар, Жиібай (Жетібай), Кенже, Көкен» — дегенді маңдай еткен мәтін 1177-папка, 340-341 б. бойынша «Арғын — Сүйіндік — Ақбура» — тақырыбымен 10-томға (34-35 б.) кіргізілді. 323. «172 [3]-інші жылда Ақтабан шұбырынды болды, — деп, «Қалқаман-Мамырда» айтқан» — деп басталатын мәтін 1177-папка, 342 б. бойынша «Тобықты шежіресі» — деген аталыммен 10-томда (36-37 б.) қоныс тепті. 324. «Қанжығалы: Ішпек, Піспек» — деп басталатын мәтін осы жазба (1177-папка, 343-345 б.) бойынша «Қанжығалы шежіресі» — деген атпен 10-томға (37-39 б.) енгізілді. 325. «Қанжығалыдан Бөгенбай батыр шықты» — дегенді алға ұстаған мәтін осы жазба (1177-папка, 346-348 б.) негізінде «Бөгенбай батыр ұрпақтары» — деген аталыммен 9-томда (159-161 б.) жарық көрді. 326. «Мен өзім Павлодарда тұрдым» — деп басталатын мәтін осы жазбадан (1177-папка, 349-356 б. және 193 б.) алынып, «Бәсентиін шежіресі» — деген тақырыппен 10-томда (39-45 б.) орын алды. 327. «Сүйіндіктен: Оразкелді, Суғыншы» — деп басталатын мәтін 1177-папка 357 б. бойынша: «Арғын — Сүйіндік — Орманшы тарауы» — деген аталыммен 10-томда (44-45 б.) жарияланды. 328. «Көрсары (Құрсары), Ақсары» — деп басталатын мәтін де 1177-папка, 358 б. негізінде «Керей шежіресі» — деген тақырыппен 10-томға (45 б.) кіргізілді. 329. «Бәсентиін ішінде Бұқа, Күбірміз» — дейді» — деп басталатын мәтін 1177-папка, 359-362 б. негізінде «Бәсентиін: Бұқа, Күбір тарауы» — деген атпен 10-томға (46-49 б.) енгізілді. 330. «Мұса, Секербай заманындағы қариялар» — дегенді маңдай еткен мәтін осы жазбадан (1177-папка, 363-366 б.) алынып, «Арғын, Сүйіндік, Қаржас тарауы» — деген тақырыппен 10-томда (49-52 б.) жарық көрді. 331. «20 май 1927 жыл. М. аға, хатыңызды алдым» (1177-папка, 372 (325) б.) — деп басталатын Жүсіпбек Аймауытовтың хаты Мәшһүр Жүсіп шығармалары 1-томының (Павлодар, ЭКО, 2003 ж.) түсінік бөлімінде (416-418 б.) келтірілді. Осы орайда Алматыдағы ОҒКҚҚ-да сақталған Мәшһүр Жүсіп қолымен жазылған жазбалар топтастырылған 1177-папканың Жүсіпбек қолымен жазылған хаттар орын алған тұсында бет ретін қою, белгілеуде қате кеткенін, бізде келтірілген хат басталымы онда кейінірек орналасып (1177-папка, 372 (325)-373 (326) б.), ал хаттың екінші бөлімінің орыны ауысып алға шығып кеткенін (1177-папка, 368 (329)-371 (332) ескертеміз. Бұл мәтінді дұрыс қалыпта беру үшін кезінде ертерек қағазға түскен Жолмұрат пен Мұхаммедфазыл көшірмелерімен салыстыру жүргізілгенін қайталап еске саламыз. 332. «Мен «Мимнан» бір сәлем хат «Жым ініме» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіптің «Жүсіпбек Аймауытұлына» (бірінші өлең) — деп аталатын туындысы 1177-папка, 376-377 б. бойынша алдында сөз болған 1-томда (мәтіні — 270-272 б.; түсінігі — 415-418 б.) басылды. 333. «Кісі едім әлдеқашан өліп қалған» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіптің «Жүсіпбек Аймауытұлына» (екінші өлең) — туындысы осы жазбадан (1177-папка, 378-379 б.) алынып 1-томда (273-276 б.) жарияланды. Осы орайда тағы да бет ретін белгілеуде кеткен қате салдарынан «Әменді көрген болсаң, кінә қойма» — деп бітетін 379-беттен кейін тұруы керек, яғни «Бұл өмірді өткіздік осы ретпен» — деп басталатын 380-бет болуға лайық бет, 380 емес, 384 болып қате белгіленген де, бұл аралықта Жүсіпбектің екінші хаты орын алғанын (1177-папка, 380-383 б.) ескерген жөн. 334. Жүсіпбек Аймауытұлының Мәшһүр Жүсіпке жазған екінші хаты 1177-папка, (380-383 б.) бойынша 1-том түсінігі ішінде (418-419 б.) жарық көрді. 335. «Алты атаның улы Әжібайдан шыққан абыз — Шумақтың абызы Сүгірәлі абыз...» — деп басталатын мәтін осы жазбадан (1177-папка, 384 б.) алынып, «Сүгірәлі абыз» (бірінші нұсқа) — деген аталыммен 9-томға (242 б.) енгізілген. 336. «Атығайдан мен шыққан Зілқара едім» — деп басталатын Шопанның Зілқарасының өлеңі 1177-папка, 385-386 б. бойынша 7-томда (мәтіні — 224-225 б.; түсінігі — 383-384 б.) басылды. 337. «Бойында Шөптікөлдің Үлкенащы» — деп басталатын Үшкелбай Сасықұлының өлеңі 1177-папка, 386-388 б. негізінде 7-томда (мәтіні — 283-286 б.; түсінігі — 391 б.) жарияланды. 338. «Бисмилла — бұ сөзімнің басы болды» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіп өлеңі осы жазбадан (1177-папка, 389-392 б. және 403-404 б.) алынып, 1-томға (мәтіні — 297-302 б.; түсінігі — 425-427 б.) кіргізілді. 339. «Мен өзім үйден шығып Далба бардым» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіптің «Ізбас қажы» өлеңі 1177-папка, 392-402 б. негізінде 1-томға (мәтіні — 202-211 б.; түсінігі — 400-403 б.) енгізілді. 340. «Мұса мырзаның асы(ның)» — өлеңін бастағанда Әкімбек Шідертіні өрлей көшіп...» — деп басталатын мәтін осы жазба (1177-папка, 403-404 б.) негізінде Мәшһүр Жүсіп шығармалары бірінші томының (Павлодар, ЭКО, 2003) түсінік бөлімінде (426-427 б.) жарияланды. 341. «Бұл Ауған жұрты әр рудан құралып, жұрт болған ел» — деп басталатын мәтін 1177-папка (179-180 б.) бойынша «Ауған жұрты» — деген тақырыппен 8-томда (мәтіні — 263-264.; түсінігі — 448 б.) басылды. 342. 11-томда бұған дейін Алматыдағы ОҒКҚҚ-да сақталған Мәшһүр Жүсіп қолжазбасының 1170, 1177-папкалары мәтініне сүйеніп келсек, «Жақсы қыз бозбалаға пар болғандай» — дегенді маңдай еткен Мәшһүр Жүсіптің «Қиянат» өлеңінен бастап жоғарыда айтылған қордағы 1171-папка, мәтіндеріне иек артуға кірісеміз. Мәселен бұл өлең сол 1171-папканың 9-10 беттері бойынша Мәшһүр Жүсіп шығармалары 2-томында (Павлодар, ЭКО, 2003 ж., 83-84 б.) жарық көрді. Осы орайда 1171-папканың көп беттері Мәшһүр Жүсіптің өз жазбасы емес, белгісіз біреу көшірмесі екенін еске саламыз. 343. «Әуелі керек нәрсе — иман деген» — деп басталып, оған «Бес қымбат» — деген тақырып беріліп, 2-томда (183 б.) басылған бұл өлеңнің Ақмолла ақын туындысы екені кейін анықталды. Демек оны Мәшһүр Жүсіп шығармасы емес, жинаған үлгісі ретінде қарау керек. 344. 1171-папканың көп беттері белгісіз біреу көшірмесі болғандықтан да, бұл мәтіннің Мәшһүр Жүсіптің өз жазбасымен (1178-папка, 93 б.) — 10 том, 119 б. үндес екенін ескерткіміз келеді. Содан көшірілген деп саналмау себебі кейінгіде аталар ретін беруде орын ауысуы т.с.с. байқалады. 345. «Үш жүздің баласы — қазақ: Үш Келімбеттің баласы: Қаракелімбет, Сарыкелімбет, Ақсақкелімбет» — деп басталатын бұл мәтін 1171-папкадан (73(38)-81(41) б.) алынып, осы 11-томға енгізілді. Бұл мәтінді «Қазақ шежіресі» (тоғызыншы нұсқа) деу себебіміз, бұдан бұрынғы 10-томда қазақ шежіресінің сегіз нұсқасы берілгенін ескердік. Сонымен бірге үндестік жағын ойлағанда, оны 8-томдағы «Сахаба ұрпағы» тақырыбындағы 11,12-мәтіндерімен (74-75 б.) салыстыра қарауды ұсынамыз. 346. Бұдан бұрынғы шежірелердің бәрінде алдымен әкесін, ізінше баласын келтіру тәртібімен бергенде, былай боп өрілетін: Жанарыс — Қарақожа — Арғын — Құтан — Мейрам. Бұл дәстүрлі бөлінім бойынша Қуандық, Сүйіндіктер тікелей Мейрам ұлдары болса, мұнда Құтан Мейрамның әкесі емес, ұлы болып алынған. Біздіңше, бұрынғылары дұрыс та, ал бұл жолғысы ел арасына тараған бөлекше нұсқа тәрізді. 347. Мәшһүр Жүсіптің «Құдайым жексенбі күн жер жаратты» — өлеңі осы жазба (1171-папка, 82-100 б.) бойынша 1-томда (мәтіні — 23-32, түсінігі — 383-384 б.) жарық көрді. 348. Бұл мәтіннің алғашқы нұсқасының әулеттік мұрағатта жақсы сақталған Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (7-папка, 116-130 б.) алынып, Мәшһүр Жүсіп шығармалары 1-томында (Павлодар, ЭКО, 2003 ж.; мәтіні — 319-321 б.; түсінігі — 431 б.) жарияланғаны белгілі. Бұл екінші нұсқа толық сақталмағандықтан да, оның бастапқы бөлімі, жұмбақ авторы кім екені, оны шешуге Мәшһүр Жүсіптің қандай жағдайда кіріскені жоқ. Екі мәтінде көп ретте ұқсастық болғанымен, ара-тұра жекелеген өзгешеліктері бар екені ескеріліп, бұл жолы оны екінші нұсқа ретінде жеке ұсынуды жөн көрдік. Әр тұстағы өзгешеліктерді салыстырып саралау да қоса жүргізілді. 349. Бірінші нұсқада, яғни әулеттіктегі Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (7-папка, 122 б.) алынып, 1-томда орын алған үлгіде: «ананың қарнынан шыққанда» деп берілсе, екіншіде бұл кеңейтілген: «атаның қарны, ананың қабы [р] ғасынан шыққанда» (1171-папка, 120-бет). 350. Бұрынғыда: «Желге шиі жоқ үй есебінде болғанлығын айтқаны» (1-том, 320 б.) — делінсе, кейінгіде «үй» сөзінен кейін де «жоқ» сөзі орын алған. Біздіңше, бастапқысы дұрыс та, кейінгіде көшіруден кеткен селкеулік болуы мүмкін. 351. Әуелгіде: «Дүние сақтатқан кісісі қатыны болады» — деп берілсе, соңғыда «сақтатқан» орынын «ұстатқан» иеленген. 352. Алғашқыда: «Ғақылдың өзі де ғылымсыз сабы жоқ пышақ сықылды» — делінсе, аяққыда: «ғылымсыз» — сөзінен кейін «болған күнде» сөздері қосылған. 353. Біріншіде: «Нәпсі — дүние мысалы сықылды еді де, оны көтеріп, ұшырып жүрген жан аяқ есебінде еді» — деп жарияланса, енді екі қолжазбаны салыстырып, «мысалы» сөзін «мешел» — деп өзгерттік. Зерделесек, кейінгі үлгіде «мешел», яғни жүре алмайтын нәпсіні көтергендіктен де жанның «аяқ» ретінде атқарар қызметі мәні айқындала, жоталана түсетіні анық. 354. Бұрынғыда: «Жан тарфым, ақырет пайдасы жағым арықтап, өзі өлуге тақалды» — деп берілсе, тағы да екі жазбаны салыстырып, «өзі өлуге» орнына «үзілуге» сөзі кіргізілді. 355. Алғашқыда: «Өлген адам отырған үйінің жабығынан еріксіз шығып кеткен есепті» — делінсе, кейінгіде: «жабығынан» орнына «жабығы-жапсарынан» — делініп, ұғым кеңейіп, оның есесіне «еріксіз» сөзі түсіп қалған. 356. «Ағайын барды күндеп көре алмайды» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіптің «Дауасыз дерт» өлеңі осы жазба (1171-папка, 127-131 б.) негізінде 2-томда (85-86 б.) жарық көрді. 357. «Шығады: «Асыл — тастан, өнер — жастан» — дегенді алға ұстаған өлең де 1171-папкадан (131(66)-133(67) б.) алынып, «Бұлақ көзі» — деген атпен 2-томға (87 б.) енгізілді. 358. «Өнерпаз қара жерге салар қайық» — деп басталатын өлең де осы жазба (1171-папка, 134-136 б.) бойынша «Өнерпаз» — деген аталыммен 2-томда (88 6.) жарық көрді. Осы орайда «Тамаша болдың жігіт таңғажайып» — дегеннен кейінгі, яғни 1171-папка, 135-беттің жоғары жағындағы 8 жолдық мәтін көмескі тартып, кітапқа енбей қалғанын ескертеміз. 359. «Бисмилла — сөздің басы, Хақтың аты» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіптің «Адам екі түрлі» өлеңі осы жазба негізінде (1171-папка, 139-147 б.) 1-томға (мәтіні — 148-151 б.; түсінігі — 394-395 б.) кіргізілді. 360. «Айтатын құран сөзін молда қайда?» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіп өлеңі осы 1171-папкадағы 152 (77)-158 беттер және 423 (343)-426(344) беттер бойынша 4-томда (мәтіні — 80-85 б.; түсінігі — 434-435 б.) басылды. Ондағы түсінік бөлімінде аталған өлеңнің алғашқы нұсқасымен (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Таңд. 1-том, Алматы, Ғылым, 1990, 164-168 б.) салыстыру жүргізіліп, әулеттік мұрағатта: Жолмұрат, Мұхаммедфазыл, Иманғали көшірмелері бар екені ескертілген. 361. Сөз болып отырған 1171-папка мәтіндерінің осы тұсында Мәшһүр Жүсіптің Мәдина деген қарындасынан туған жиені Жолмұрат Жүсіпұлының (1894-1977) түсіндірмесі орын алған. Жолмұраттың 1946-жылдары Алматыдағы Ғылым академиясында сақталған Мәшһүр Жүсіп жазбаларын реттеу т.с.с. жұмыстарын жүргізгені осы жазбада да дұрыс көрсетілген. Біздің ескертеріміз: 1946-2001 ж. аралығында, яғни сол жазбалар көшірмелерін біз бейнекөшірмеге түсіріп алғанға дейін (2001 ж.) көп мәтіндердің «қолды» болғанын бұл мәтіндерге түрліше бет ретін қою нәтижелерінен де аңғаруға болады. Осы орайда кеңестік жүйе қыспағына бейімделіп Жолмұраттың да Мәшһүр Жүсіп жазбаларын көшіру кезінде жеке сөздерді алып тастау, не өзгерту жүргізулерін де ол мәтіндерді кейін табылған Мәшһүр Жүсіп жазбаларымен, немесе әулеттік мұрағаттағы Жолмұраттың өз көшірмелерімен және Фазыл, Иманғали т.с.с. жазбаларымен салыстыру арқылы айқындауға болады. Біз бұған дейін осы салыстыру жүргізілген жағдайда орын алған айырмашылықтарды ескертіп келдік, алда да бұл істі жалғастыра береміз. Енді Жолмұраттың түсініктерін тікелей келтіреміз: «Барлығы — Мәшһүр Жүсіп сөзі — небәрі тоғыз түрлі. 1. [Бір] жастан 20 жасына дейін өлеңмен сөйлеген. (Ескерту. Бұл өлең ақынның «Бірінші бап. Мәшһүр Жүсіптің 21 жасында жазғаны» — деген аталыммен Мәшһүр Жүсіп шығармалары 2-томына (мәтіні — 96-104 б.; түсінігі — 353-357 б.) жарық көрді. Түсінік бөлімінде осы туындының 1171-папкадағыдан басқа әулеттік мұрағатта тағы 6 көшірме нұсқасы (Жолмұрат, Фазыл, Иманғали, Төлепберген т.с.с.) бар екені айтылып, қолжазбалар салыстырылуы т.с.с. жүргізілген). 2. «Шайқы Ысқақ сөзі» — түгел. [Бұдан әрі әр мәтіннің қайда басылғаны т.с.с. сол мәтін жарық көрген томдардан іздеу керектігін еске саламыз — Н.Ж.]. 3. Жер мен көк (жұмақ, тамұқ, Адам туралы). 4. Пайғамбардың дүниеден қайтуы туралы. 5. Пайғамбардың миғражға баруы туралы. 6. Қарғамен айтысқаны. 7. Едіге бидің бір түйенің дауына берген төресі. 8. Шоң бидің бір баланың дауына берген төресі. 9. Пайғамбар заманынан бергі батырлар, байлар, билер, хандар, төрелер, қазақтан шыққан аты бар адамдарды айтып сөйлегені. Түрлі жұмбақтары да бар — ең аяғында. Бұл сөздердің бас-аяғын айырып, түсіндіріп жазбаған, түсініксіз. [Біздіңше, бұған дейінгі және бұдан кейінгі Мәшһүр Жүсіп шығармасын 1171-папкадан қағазға түсірген белгісіз көшіруші туралы айтып отыр. Көшірушінің кім екенін Жолмұраттың айтпау себебі: ол адамның сол кезде тыйым салынған «халық жауы» — дегендердің бірі болуы мүмкін деген де жорамалымыз бар. Мұның бәрі Мәшһүр Жүсіпке катысты мәтіндерді толық жинақтағанда анықталады деп сенеміз. Осы орайда Мәшһүр Жүсіп мұрасын толық жинау жұмысының әлі де кемі 30 жылға созылуы мүмкін екенін ескерткіміз келеді. Ескі араб әрпін аудара білетіндердің тым аздығы, біраз адамдардың өзі оқи білмесе де, «кейін кірісем» — деп, көп мәтінді үйлерінде т.с.с. тығып сақтаумен айналысуы, шет ел архивтеріне баруға т.с.с. түрлі кедергілер бар екені — бәрі бүл іргелі істі қиындатып отырғанын осы тұста тағы ескертеміз — Н.Ж].
[Жолмұрат түсінігі жалғасы]:
Кейбір сөзінде екі түрлі сөздің арасын айырмағандықтан: «бір-ақ сөз» — деп ұғынатын жері бар. Сөздердің арасында «Мәшһүр Жүсіп» — деген сөзді қалдырып, өзгертіп: «Иүсіп» — деп қана жазып, оның өзінде үстінен сызып, өшіріп қойған. [Бұл арада не «Мәшһүр Жүсіп» — деп атаудан заман қысымы салдарынан бастапқы көшірушінің қорқып, әсіресе халық ауыз әдебиеті үлгілерін жойып жіберу ниеті барлардан сақтану ниетінен де өшіруі т.с.с. орын алуы ықтимал деп шамалаймыз. Мәшһүр Жүсіптің 1940-1946 ж. аралығында мектеп оқулығына енгенін ескерсек, Жолмұраттың 1946-жылы жазғанда оған ақын уақытша емес, толық ақталғандай көрінуінен деп есептеген жөн. Сонымен бірге кеңес үкіметі саясатын ескеру Жолмұрат «тәртіптеуіне» де әсер етуі мүмкін деп шамалаймыз — Н.Ж].
[Жолмұрат түсінігі жалғасы]:
Ескі әріптерінде (харіптерінде) түсінбейтін жері көп. Барлық өшкен жерлерін түгел қайта жазып қостым. Түрге бөлгенде, 9-10 түрлі деуге болады. Осы қағаздағы сөз — барлығы — Мәшһүр Жүсіптікі. Басқадан бір бөтен сөз жоқ. Ескерту: «Жер мен көк қиссасы» — деген сөздің басынан біраз сөзі жоқ. Кейін оны жазып қостым. Ескерту: «Қатесін» дегенім — өшкен жерлері, қатесін түзетуші — Жолмұрат Жүсіпұлы Мәшһүр Жүсіптің шәкірті, жиені, тірі күнінде бірге жасасып, өлгенінде қолынан қойған кісі. 1946-жылы Алматы қаласында 10 мартта». 362. «Бисмилла, ағузи бар сөз басында» — деп басталатын мәтін осы 1171-папка, 163-167 б. және басқа жазбалар бойынша «Жетпіс бап» — деген аталым басы ретінде Мәшһүр Жүсіп шығармаларының 2-томында (мәтіні — 96-109 б., түсінігі — 356-357 б.) жарық көрді. Түсінік бөлімінде бұл туындының көп нұсқасы, көшірмелер т.с.с. бар екені, түрлі мәтіндік салыстыру жүргізілгені ескертілген. 363. «Ғибрат ал, ей, ағалар, мына сөзден» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіптің «Шайқы Ысқақ» өлеңі осы жазбадан (1171-папка, 165 (52)-168 (50) б.) алынып, 1-томда (мәтіні — 92-94 б., түсінігі — 385 б.) басылды. Түсіндірмеде туындының басқа да көшірме үлгілерінің (Жолмұрат, Мұхаммедәмен, Төлепберген) әулеттік мұрағатта сақталғаны ескертілген. 364. «Серік жоқ, кемшілік жоқ және де айып» — дегенді алға ұстаған мәтін Мәшһүр Жүсіптің «Жер мен көк» дастанының бесінші шумағының басы екенін және ол Жолмұрат жазбасымен кейін енгізілгенін ескертеміз. Бұл туынды алдымен республикалық «Абай» журналында (№ 4, 1997, 40-56 б. Түсінік жазып, әзірлеген — Гүлназ Жүсіпова) жарық көрсе, кейін: «Екінші — он төртінші баптар: «Жер мен көктің қиссасы» — деген аталыммен Мәшһүр Жүсіп шығармалары 2-томына (Павлодар, ЭКО, 2003 ж. мәтіні — 104-146 б., түсінігі — 357-359 б.) енгізілді. Ондағы түсінік бөлімінде «Жетпіс бап» тақырыбы Мәшһүр Жүсіптің кезінде атқосшысы болған, ақын туындыларын Жолмұраттан кейін ең көп жинап көшіруші Иманғали Маненов (1903-1993 ж.) көшірмесі (2-папка, 104-146 б.) бойынша келтіріліп, ара-тұра Жолмұрат, т.с.с. бойынша толықтырулар енгізілгені — бәрі нақты көрсетілген. Сонымен бірге жоғарыда аталған қордағы кітапхана қызметкерлерінің араб әрпімен жазылған мәтінді түсінбегендіктен, қолжазба бетінің ретін қате, керісінше таңбалау орын алғанын ескертеміз. Мәселен, дастан басы болуға лайық бет «57 бет» деп кішірек таңбамен белгіленсе, кейінірек ірірек таңбамен, басқа сиямен «174» деп көрсету орын алған. [Біз осы орайда алдымен кішірек таңбамен берілгенін неғұрлым дұрыс нұсқа деп алып, ізінше қателігі мол ірілеу жазылғанын жай жақша ішіне, ал өз есептеуіміздегі рет санын тік жақша ішінде келтіріп отырамыз. Н.Ж]. Сонда «Жер мен көк» дастанының бет реті былай болып шығады: 57 (174) [167], 56 (180) [168], 55 (169 [169], 54(170) [170], 53(171) [171], 52(172) [172], 51(173) [173], 50 (174) [174], 49(175) [175], 48(176) [176], 47(177) [177], 46(178) [178], 45(181) [179], 44(182) [180], 43(183) [181], 42(184) [182], 41((185) [183], 40(186) [184], 39(187) [185], 38 [186], 37 [187], 36 [188], 35 [189], 34 [190], 33 [191], 32 [192]. 365. Мәшһүр Жүсіптің «Миғраж» дастаны мәтіндері біраз бар, соның бірі осы жазба (1171-папка) мәтіні мен әулеттік мұрағатта сақталған: Жолмұрат жазбасы (3-папка, 104-112 б.), Иманғали (2-папка, 46-61 б.), Мұхаммедфазыл (2-папка, 96-102 б.), Мұхаммедәмен жазбасы және «Орталық Қазақстан» газетінде басылған (1991-жыл, 25-шілде) Махмет Назарұлы нұсқасы. Бұл шығарма ең алғаш ҚР ҰҒА хабарлары, Тіл-әдебиет сериясы, 1994, 3, 56-66 б. (Әзірлеген — Г.Қ. Жүсіпова) жарық көрсе, кейіннен жоғарыда айтылған нұсқалар ішінде Жолмұрат нұсқасы негізінде әзірленгені Мәшһүр Жүсіп шығармалары екінші томына Иманғали Маненов белгілеген «Жетпіс бап» топтамасы ішінде жарық көрді (мәтіні — 146-163 б.; түсінігі — 359-361 б.). Осы орайда кейіннен Мәшһүр Жүсіптің өз қолымен жазылған нұсқа табылғанын (11-папка, 23-36 б.) ескеріп, бұлардың бәрін екінші нұсқа деп санап, бастапқысын осы 11-томның 11-папка мәтініне арналған кейінгі бөліміне енгізбек ойымыз бар. Мұнда да бет санын белгілеуде алдыңғы қателік қайталанғанын, сол ретпен келтіргенде, 32 [192]-20 [202] беттерін ескеру керектігін еске саламыз. 366. «Алма ақы ешкімдерден қылып борыш» — деген тармақты маңдайша еткен мәтін «Пайғамбардың дүниеден өтуі» тақырыбымен алдымен республикалық «Жұлдыз» журналында (1996, екінші саны, 113-128 б., әзірлеген — Гүлназ Жүсіпова, кейін 3-томда (мәтіні — 175-192 б., түсінігі — 357-360 б.) жарық көрді. Осы орайда журналда да, 3-томда да алдымен әулеттік мұрағатта сақталған Жолмұрат Жүсіпұлы жазбасы (3-папка, 113-119 б.) ескерілгенін, ал кейінгі кітапта осы жазбамен (1171-папка: 20 [202]-9 [213] б.) салыстыру жүргізілгенін еске саламыз. 367. «Ал енді патшада ғаділдік жоқ» — деп басталатын 1171-папка 9 [213]-5 [217] мәтіні басқа да жазбалармен (Жолмұрат, Иманғали) салыстыру нәтижесінде «Он тоғызыншы бап. Басқа да патшалар, жомарттар, әулиелер» тақырыбымен 2-томға (мәтіні — 167-174 б., түсінігі — 362-363 б.) кіргізілді. 368. «Түн ұзап, күн қысқарып, болды қазан» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіп өлеңі әулеттік мұрағаттағы ақынның жазбасы 3-папка(27-30 б.) бойынша әзірленіп, осы жазба (1171-папка, 217 (5)-226 (2) және Жолмұрат, Фазыл жазбаларымен салыстыру жүргізіле отырып, 4-томға (мәтіні — 283-288 б.; түсінігі — 481-482 б.) енгізілгенін еске саламыз. 369. Бұдан әрі әріп көмескілігінен екі бетті оқу қиын болғандықтан, кейінге қалдырылды. 370. «Дүние малын тамам қылып, // Қарын көзі тойған жоқ-ты» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіптің өлеңі, осы жазбадан, оның ішінде Мәшһүр Жүсіптің өз қолымен жазылған үлгіден (1171-папка, 117-бет) алынып, «Ғибрат өлең» (бірінші сөз) — деген аталыммен 4-томға (347-348 б.) кіргізілді. 371. «Әуел бастан туғызған Адам» — деп басталатын туынды да осы жазба (1171-папка, 118 б.) негізінде «Ғибрат өлең» ішіндегі «Екінші сөз» — деген аталыммен 4-томда (348-350 б.) басылды. 372. «Адам ұғлы, бес ісіңді» — деп басталатын туынды да осы жазба (1171-папка, 119-120 б.) бойынша «Ғибрат өлең» топтамасы ішіндегі «Үшінші сөз» тақырыбымен 4-томда (350-352 б.) жарық көрді. 373. «Қырғыз келіп, «көш-көш» болса» — дегенді бетке ұстаған туынды да 1171-папкадан (120-122 б.) алынып, «Ғибрат өлең» топтамасы ішіндегі «Төртінші сөз» атауымен 4-томда (352-354 б.) жарияланды. 374. «Өтінейін, достарым, // Хош тыңдаңыз, бисмилла!» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіп өлеңі 1171-папка (123 б.) бойынша 4-томға (351-355 б.) кіргізілді. 375. «Өтіпті Хасен бірлан, ол Хұсайын» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіптің «Ғашық жігіт сөзі» өлеңі осы жазба (1171-папка [409], 221 (188)-[417]-225 (196) б.) негізінде 2-томда (74-78 б.) жарияланды. 376. «Бисмилла — сөздің басында, // Көрдім бір қасірет жасымда» — деп басталатын «Мәшһүр Жүсіптің Мұса Шормановты оның келіні атынан жоқтауы» өлеңі осы жазбадан (1171-папка, [579] 308 (357)-[613] 326 (390) б.) алынып, 2-томда (36-61 б.) басылды. 377. «Ағуз, бисмилла бар сөз басында» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіп өлеңінің алғашқы 15 шумағы, яғни 60 тармағы осы жазба бойынша (1171-папка, [614] 326 (391)-[615] 397 (397 б.) 2-томға «Жетпіс бап» топтамасы басы ретінде (96-98 б.) енгізілді. Туындының қалған бөлімі Жолмұрат (2-папка, 246-247 б.) жазбасы бойынша толықтырылды. 378. «Бисмилла, ал рахман рахим дейін» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіптің «Қамардин хазірет» өлеңі осы жазба (1171-папка, 327-342 б.) негізінде 1-томға (мәтіні — 251-264 б.; түсінігі — 414 б.) кіргізілді. Түсінік бөлімінде әулеттік мұрағатта бұл мәтіннің: Жолмұрат, Фазыл жазбалары бар екені ескертілсе, біз бұ жолы кейіннен табылған Мәшһүр Жүсіптің ертерек жазған (11-папка, 45-46 б.) үлгісінің толық емес нұсқасы бар екенін ескертеміз. 379. «Жамандық қайдан туар, тілден туар» — дегенді маңдай еткен мәтін, яғни Мәшһүр Жүсіптің «Жарты нан» өлеңінің екінші бөлімі, қолжазба қорындағы бет ретін көрсетудегі қателік салдарынан осы папкадағы өлең басының: 152(77)-158 (80 б.) — жалғасы ретінде берілмей, тап осы арада қате орын алғанын ескертеміз. 380. Мәшһүр Жүсіптің «Сәйгелді, сона, бөгелек» өлеңі осы жазбадан (1171-папка, 344-346 б.) алынып, әулеттік мұрағаттағы басқа да үлгілермен (Мәшһүр, 7-папка, 149-156 б. және Жолмұрат, 1-папка, 247-249 б.) салыстырылып, 4-томда (мәтіні — 272-275 б.; түсінігі — 477-479 б.) жарық көрді. 381. «Жүректе қайрат болмаса» — деп басталатын Абай өлеңдері осы жазба негізінде (1171-папка, [654] 346 (165)-[658] 348(169 б.) 7-томда (146-151 б.) басылды. 382. «Ноғай, қазақ шежіресінен жазылған бір сөз» — дегенді алға ұстаған мәтін де осы жазбадан (1171-папка [666], 352 (177)-[673] 356 (184) 6.) алынып, «Ноғай, қазақ шежіресі» (екінші нұсқа) аталымымен 10-томда (мәтіні — 311-313 б.; түсінігі — 432 б.) жарияланды. Бұл орайда кезінде 10-томды әзірлеушілерге байқалмай қалған, елеусіз жазылған сол мәтіннің жалғасын осы жолы келтіреміз: «11 кітту иұм лахида 6-ыншы майда 17-інші жерде араб тілінде ақиманы өсімге берген бұл... мұхтасары уалқаяның қай тіл екенімен жұмысы жоқ. Өзі білгені жашжа болған соң: «Ибі харам» — дегенді «Балық харам» — деп отыр» (1171-папка [673] 356, 184 б.). 383. «Айырбассыз нәрсе жоқ» — деп басталатын бұл мәтін де осы жазба (1171-папка [674] 356(185)-[679] 359(188) б.) негізінде әзірленді. 384. Айырбас туралы жазылған бұл мәтін беттерінің төменгі жақтарының үш рет жыртылуы орын алғандықтан, осы тұста және кейін айналасы үш рет көп нүкте қойып белгіленді. Сол беттердің жыртылған тұстарына дейінгі сақталып қалған сөздер мәнісі де бет жыртылуы тегін еместігіне жарық түсіре алады. Біздіңше, сол алынып тасталған бет аяқтарында Мәшһүр Жүсіптің неғұрлым өткір сындары орын алуы мүмкін. Мәшһүр Жүсіптің де, оның мұрасын сақтап бізге жеткізушілердің де қағазға ұқыпты адамдар болғанын ескерсек те, тыңшылық, жағымпаздық етек алған бұрынғы патшалық Ресей заманында да (1917-жылға дейін), кейін кедейлерге бостандық әкелуші болып көрінгісі келген коммунист отаршылдардың қыспағы тұсында да (1917-1991 ж. аралығында) қазақ халқының неғұрлым құнды мұрасын жоюдың алуан амалы қолданылғанын ескерсек, осы бір үш қысқа беттің төменгі бөлігі жыртылуы да (мұндай жыртылу басқа тұстарда да кездеседі) қазақ халқының соңғы екі ғасырлық тауқыметінің бір көрінісі деп түюге хақымыз бар деп санаймыз. 385. Мәшһүр Жүсіптің қағазға түсіруімен жеткен, әр кезде қағазға түскен Бұқар жырау өлеңдерінің төрт нұсқасы жинақталып, оған дейінгі жарық көрген толық емес үлгілермен салыстыру жүргізіліп, 7-томда (мәтіні — 3-25 б.; түсінігі — 289-308 б.) жарық көргені белгілі. Назар аударарлық жәйт: бұ жолы ұсынылып отырған «Жал құйрығы қаба деп» — деп басталатын Бұқар жырау өлеңі ол төрт нұсқада жоқ болғандықтан, 7-томға кірмеді. Осы орайда бұл туындының Бұқар жырау өлеңдері қамтылған түрлі жинақтарда (Мәселен, Бес ғасыр жырлайды, 1-том, Алматы, Жазушы, 1984, 102 б.; Бұқар жырау Қалқаманұлы. Шығармалары, Алматы, Мұраттас, 1992, 26 б. Құраст. М. Жармұхамедұлы) жарық көргенін атай отырып, Мәшһүр Жүсіп жазбасында сақталған алғашқы он тармақтың өзінде елеулі бес өзгешелік бар екенін ескеріп, соның біріншісін, ең соңғы жетілдірілген М. Жармұхамедұлы нұсқасымен ғана салыстыру жүргізсек, онда: «Қалың малы арзан деп» — берілгені, мұнда: «Атасы бай екен деп» — қалпында орын алған. 386. Мұнда да ең соңғы дұрыс деген М.Жармұхамедұлы жинағымен салыстырсақ, бастапқыда бұл жол мүлде жоқ екенін еске саламыз. 387. Бастапқы үрдісті жалғастырсақ, бұрынғыда: «Жабыдан айғыр салсаңыз, // Жауға мінер ат тумас» — деп, екі тармақ көлемінде келтірілсе, бұ жолғыда жол саны өсуімен бірге соңғы тармақтағы сөздерде өзгеріс бар: «Жабыдан айғыр салсаңыз, // Жаугершілік күн туса, // Ұстап мінер ат тумас». 388. Мұндағы: «Атасы бай екен деп» — тармағы бұрынғыларда ұшыраспауымен ерекшеленеді. 389. Бұрынғыдағы: «Топқа кірмес ұл тумас» орнына кейінгіде: «Екі кісі бас қосса, // Сүйреңдеп сөйлер ұл тумас» — қалпында беріліп, әрі жол саны өсуі, жеке сөздер алмасуы жүзеге асқан. Осы орайда өлеңнің кейінгі 12 тармағының тап осы беттерде жоқ екенін де ескертеміз. 390. «Шығасы шықпай, кіресі кірмейді» — мақалының шығу төркіні» — деген Мәшһүр Жүсіп еңбегінің алғашқы нұсқасы әулеттік мұрағаттан (5-папка,7-12 б.) алынып, 5-томда (мәтіні — 94-97 б.; түсінігі — 359 б.) басылғаны мәлім. Бұ жолы Алматыдағы ОҒКҚҚ-да сақталған Мәшһүр Жүсіп жазбалары топтастырылған 1171-папка ішіндегі белгісіз біреу жазбасы [695] 367 (203)-[707] 373 (215) б. бойынша сол туындының екінші нұсқасын ұсынып отырмыз. Екі туынды арасындағы жеке әріп ауысуларын, өзгешеліктерін тізбей-ақ, елеулі деген айырмашылықтарды көрсетіп отырамыз. 391. Бастапқыда: «Бір қатты дауыл-құйын соғып» — деп берілсе, кейінгіде: «құйын» сөзі түсіп қалған. 392. Бұрынғыда: «Ай, бейшара, мұңдық, мүсәпір» — делінсе, соңғыға; «мұңлық, мүсәпір» — сөздері енбей қалған. 393. Біріншіде: «Маған әлімжеттік қылып» — сөздерінен кейін «бір қап ұнымды жел тартып алды» — делінсе, екіншіде бұл сөздер топтамасының орны ауысып: «Бір қап ұнымды жел тартып алды...» — алдымен берілген. 394. Әуелгіде: «Дауылдан ұнымды алып бер» — түрінде келсе, аяққыда «ұнымды» орнына «ақымды» қоныс тепкен. 395. Алғашқыда: «Мен ұн сұрай келгенім жоқ, ұнымды алып кеткен желден көлденеңімді алып бер, — деп жабыс» — қалпында келтірілсе, бұл жолғыда «келгенім жоқ» сөзінен кейін «сізге» қосылуымен қатар «жабыс» орнын «келдім» иеленген. 396. Әдепкіде: «Қазақтың қарабайы сықылды қайыр бергеніңе» — орын алса, екіншіде «сықылды» сөзінен кейін «болып» қосылған. 397. Бастапқыда: «Қатын қайта кіріп еді» қалпында өрістесе, кейінгіде «кіріп» сөзінен соң «айтып» үстелген. 398. Біріншіде: «Дауымды орнына келтірсеңіз екен! — дейді» — түрінде отау тігілсе, бұ жолғыда: «Дауымды тыңда! — деп еді» — болып өзгерген. 399. Әуелгіде: «Ұнын алып кеткен желдің» — деп басталса, екіншіде «ұнын» алдына «есебі» қосылған. 400. Бұрынғыда: «Кемесі толған пұл еді» — делінсе, соңғыда «пұл» сөзін «товар» ығыстырған. 401. Алғашқыдағы: «тостырыңыз» — дегенді «шаптырыңыз» деп өзгерту жүзеге асқан. 402. Бастапқыда: «Қатынның ұны қабымен тығын болып, су кіргізбей бөгет болып тұр. Ол керуеннің бір де бірі оны көрген жоқ, тек: «Құдай сақтады» — деумен келеді» — түрінде берілсе, кейінгіде өзгерістер баршылық: «Қатынның ұны» алдында «жарылған жерінде» сөздері қосылумен бірге «су кіргізбей» — дегені «су кіргізбеске» — деп сәл өзгеріске ұшыраған. Оның есесіне «Құдай сақтады» — деумен келеді» — сөздері соңғыда мүлде жоқ болуымен ерекшеленеді. 403. Әуелгіде: «Мұнан соң хазірет Дәуіт ғалайссалам қатынды жібермей, [тоқт] атып қойып, дарияның жағасына қарауылшы қойып, қатынды ертіп, кідірмей керуендер де құрғаққа шығып, қысылған сасқандығына пейіл болысып:...» — қалпында берілген. Бет шетінің іріп түсуіне байланысты: «атып» алдына тік жақша ішінде «тоқт» әріптері енгізіліп, түсіп қалған сөз «тоқтатып» — толық қалпына келтірілді. Сонымен бірге «қарауылшы» алдына «жасауыл» енгізілді. Сондай-ақ бет шетіндегі жеке әріптер орын алған тұсы түсіп қалғандықтан да, қате жазылған «пейіл» сөзі «қайыл» — деп алмастырылды. Сонымен бірге кейінгі мәтіннің: «Жандары аман қалғанына» — сөздерінен кейінгі 13 сөздің сақталмағанын да еске саламыз. Мұның бәрі Мәшһүр Жүсіптің әр кезде жазылған сақталу деңгейі қилы қалыптағы жазбаларының бар нұсқасын қамтып, нұсқа санын шектемеу керектігіне жарық түсіреді. 404. Мәшһүр Жүсіптің «Шайтанның саудасы» өлеңінің алдымен 1940-1946 жылдар аралығында мектеп оқулығында орын алғаны, кейінгі басылу тарихы, ең соңғы жетілген бірінші нұсқасының бұдан бұрынғы 4-томда (мәтіні — 167-175 б.; түсінігі — 456-461 б.) жарық көргені белгілі. 4-томда Мәшһүр Жүсіптің ертеректе жазылған әулеттік мұрағаттағы (ІІ папка, 19-22 б. және 17-18 б.) мәтін негіз болып, Жолмұрат, Мұхаммедфазыл, З. Ақышев жазбаларымен салыстыру жүргізілгені айтылса, бұ жолы 1171-папкадағы жазбаның ерекшеліктері бар екені ескеріліп, оны екінші нұсқа ретінде жеке ұсынғанды жөн көрдік. Мәселен, осы бірінші шумақтың үшінші жолы кітапта: «Бір нақыл жұртқа таңсық, жәдігер сөз» — делінсе, бұ жолғыда яғни 1171-папкадан ([708] 373 (216) 6.) алынған екінші нұсқада сөздердің орны ауысуы, толығуы орын алған: «Бір нақыл, жұртқа жәдігер, таңсық бір сөз». Бұдан әрі мәтінді тұтас келтірмей, тек өзгерісі бар шумақтарын келтірумен шектелеміз. 405. Екінші шумақтың екінші жолы кітапта: «Ынсапты шын құлақтан тыңдаңыз сіз» — қалпында орын тепсе, бұ жолғыда біраз басқаша: «Ынсаплы шын құлақпен тыңдасаңыз». 406. Екінші шумақтың үшінші тармағы бұрынғыда, яғни кітапта: «Базарға жұрт жиылған келе жатса» — түрінде беріліп, түсініктемеде бұрынғылардың бәрінде де «жаққан» — делінсе де, Мәшһүр Жүсіптің өз жазбасында «жатса» тұрғаны басшылыққа алынғаны ескертілген (459-бет). Бұ жолы тағы мұқият үңіліп, ІІ папкада «жатса» емес, «жатсам» — түрінде екенін, әрі 1171-де «жатқан» тұрғаны ескеріліп, сол «жатқан» сөзінің неғұрлым дұрыс екеніне көз жеткіздік. 407. Кітап түсіндірмесінде бұрынғы үлгінің бәрінде, бесінші шумақтың үшінші жолы: «Жалпақ жұрт барып тұрған ду базарға» болса, «ду» сөзі Мәшһүр Жүсіп жазбасы бойынша «ол» — деп түзетілгені айтылған. Бұ жолы әрі Мәшһүр Жүсіп үлгісінің де ертерек жазылғаны, әрі 1171-папкада [708] 374 (217)6. «ду» тұрғаны ескеріліп, ол сөз қалпына келтірілді. 408. Сегізінші шумақтың екінші жолы бастапқыда: «Өтірікті шындай қылып, нанып тұрмын» — делінсе, соңғыда: «қылып» орнын «қылдың» — сөзі иемденген. 409. Тоғызыншы шумақтың үшінші жолы әуелгіде: «Нанбасаң, еріп бірге көр көзіңмен» — қалпында берілсе, кейінгіде «көр» орнына «жүр» кіргізілген. Осы орайда «жүр» сөзі біріншіге негіз болған үлгіде де (ІІ папка, 19 б.) бар екенін, тек тармақ үстінде орын алғандықтан, байқалмағанын енді ғана аңғардық. Сонда бәрін қамтығанда: «Нанбасаң, еріп бірге жүр, көр көзіңмен» — қалпында болса, дағдылы 11 буындық тармақтың 12 буынды болып ұзаруына тап боламыз. Біздіңше, ырғақ, ұйқас, ұғым қалыптылығы, дәлдігі тұрғысынан қарағанда, кітапқа (4-том, 168 б.) енгізілген алғашқы қалыптысы неғұрлым қолайлы екені анық. 410. Оныншы шумақтың соңғы жолы әдепкіде: «Көптің басы қосылған жиын-тойда» — делініп, «тойда» орнында бұрынғы нұсқалардың бәрінде де «жайда» сөзі тұрғанымен, Мәшһүр Жүсіптің өз жазбасында «тойда» сөзі болғандықтан да, соны басшылыққа алу жүзеге асқаны түсінік бөлімінде (459 б.) ескертілген. Біз бұ жолы «тойда» сөзінен, мағынасы неғұрлым кең бастапқы қолданым, яғни «жайда» өрнегі, орындылығына осы 1171-папка мәтіні ([709] 374 (218) б.) көмегімен көз жеткіздік. Бұ тұста да Мәшһүр Жүсіп мәтінінің ертерек жазылғаны, кейін жетілдірілуі мүмкіндігі есепке алынды. 411. Тағы да ІІ папкадағыға ғана сүйеніп, бұрынғылардың бәрін шеттеткен өзгеріс, яғни он бірінші шумақтың екінші жолындағы «буып» дегенді алмастырған «бұрап» сөзінің орнына енді 1171-папка ([709] 374 (218) б.) бойынша сол ығыстырылған «буып» сөзін қайта қалпына түсіруге болады дегенге ойыстық. 412. Он екінші шумақтың бірінші жолы біріншіде: «Артқаным бір есекке — өңкей зорлық» делінсе, екіншіде «өңкей» сөзін «өңшең» сөзімен алмастыру жүзеге асырылды. 413. Он жетінші шумақтың бірінші жолы алғашқыда: «Білмейді ешкім менің қулығымды» — түрінде келсе, аяққыда 1171-папка [710] 373 (219) б. бойынша «қулығымды» сөзі — «улығымды» деп өзгертілді. 414. Он жетінші шумақтың үшінші тармағы кітапта: «Қатынның ең жаманы от әкетер» — деп келтірілсе, бұ жолы 1171-папкаға ([710] 375 (219) б.) сүйеніп: «Қатынның ең жаманы, ит ап кетер» — деп түзетілді. 415. Он сегізінші шумақтың басталымы: «Закон жоқ мұны босқа қалдыруға» — делінсе, тағы да 1171-папка ([711], 375 (220) б.) негізінде «жоқ» сөзінен кейін «жерде» кірді де, «босқа» сөзі ығыстырылды. 416. Он тоғызыншы шумақтың үшінші тармағы бұрынғыда: «Білмейтін күншілдіктің қадір-құнын» — қалпында болса, тағы да 1171-папка ([711], 375 (220) б.) бойынша «білмейтін» орнына «білетін» кіргізілді. 417. Тағы да кейінгідегі өзгеріс негізінде жиырмасыншы шумақтың төртінші жолындағы: «зорлықты» сөзі «зорлығымды» — дегенмен алмастырылды. 418. Бұрынғылардың бәрінде 24-шумақ басталымы: «Томпитып қалтасына жүрген сыймай» түрінде келсе де, ІІ папка (21 б.) бойынша «жүрген» орнын «ақша» (4-томда) иеленгені мәлім. Енді осы жазбаға (1171 папка, [712] 376 (221) б.) сүйеніп, «жүрген» сөзі кері қайтарылды. 419. Кітапта (4-том, 170 б.) 24-шумақтың соңғы тармақтары: «Алған соң тәкаппарлық менен сатып, // Дүрдиіп өз үйіне өзі сыймай» — қалпында орын тепкені белгілі. Бұ жолы да 1171-папка мәтіні ([712] 376 (221 б.) бойынша түзету енгізілді: «Алумен тәкаппарлық сатып менен, // Дүрдиер өз үйіне өзі сыймай». 420. Жиырма алтыншы шумақ ІІ папкада орын алмағандықтан да, тек бұрынғы көшірмелерге иек артып:
Сиырдай жүреді де [дәл] болған құрт,
Көмейде жоқ бос сөзбен толтырып ұрт.
Желбірер ентігумен екі танау,
Семіз деп құр көрумен айтсын деп жұрт — деп (кітап, 170 б.) берілгені мәлім. Бұ жолы 1171-папка ([712] 376 (221 ) б.) мәтіні бойынша жетілдірілді:
— Сиырдай қатып жүрер дәл болған құрт,
Көмей де жоқ, бос сөзбен толумен ұрт.
Ентігер желбіреумен екі танау:
«Семіз, — деп құр көрумен, — айтсын, деп жұрт».
421. 28-шумақтың ұйқас құрайтын 1, 2 және 4-жолдарының соңы кітапта (170 б.) «деді» сөздерімен бітіп отырса, енді 1171 папка ([713] 326 (222) б.) бойынша «дейді» сөздерімен алмастырылды. 422. Отыз екінші шумақтың бастапқы жолының соңы кітапта (171 б.) «даяр етті» — деп басылғанда, сол томды әзірлеушілер көне хадимше араб әрпі ерекшелігін: «итті» деп жазылса, оны «етті» — деп те, «жетті» — деп те оқуға болатынын ескермеген. Бұ жолғыда (1171-папка, [714] 377 (223) б.) «жетті» сөзінің анық жазылғаны ескерілді. Сонымен бірге бұрынғы ІІ папкадағы «ұшырап» сөзін байқамай, көшірмелер жетегінде кетумен «ұшырады» — деп берілсе, тағы да кейінгідегі неғұрлым анық жазылған «ұшырап» сөзін тиянақ ету жүзеге асты. 423. Алғашқыда 33-шумақтың үшінші жолы: «Артқаным бәріне де тамиғ еді» — қалпында сап түзесе, ақырғыда «де» шылауы түсіп, оның орнына соңынан «ғой» шылауы үстелген. 424. Әуелгіде 34-шумақ басы: «Иініне әуел келіп қоржын салған алды» — түрінде келсе, аяққыда (1171-папка, [714] 377 (223) б.) «келіп» сөзі ығыстырылып, он бір буындық өлең өлшемі қалпы сақталды. 425. Отыз бесінші шумақтың соңғы тармағы біріншіде: «Дағдарып тұрған шақта солар жетті» — делінсе, соңғы екі сөзі 1171-папка [715] 377 (224) б.) бойынша өзгеріске ұшырады: «сол сап етті». 426. 38-47 шумақтар ІІ папкада сақталмағандықтан да, тек көшірмелерге сүйену нәтижесінде 38-шумақтың үшінші тармағы аяғы: «қайнаттырып» сөзімен бітіп, тармақ ішіндегі буын саны асып кетуін тудырса, бұл жолы ол сөз 1171-папка бойынша [716] 377 (224) б. — «қайнатып» болып түзетілді. 427. 39-шумақтың бастапқы екі жолы алғашқыда: «Олардың және айтайын қылған ісін, // Кейбіреуі бұлдайды сатып терісін» — деп өрістесе, тағы да соңғы жазба (1171-папка, [715] 377 (224) б.) негізінде «қылған» сөзі — «қылар», «терісін» сөзі — «түсін» деп өзгертілді. 428. 41-шумақтың екінші тармағы бұрынғыда: «Надандық, қисық, қыңыр жолға бастап» — түрінде өрбісе, екіншіде «надандық» орнын «наданды» иемденіп, ұғым нақтылана түсті. Атап айтқанда, әйтеуір «надандық, қисық, қыңыр» жолға емес, наданды сол «қисық, қыңыр» жолға бастау орынсыздығын бөліп көрсету жүзеге асты. 429. 42-шумақтың ұйқас құрайтын соңғы сөздері: «қалмай өзі», «шайтан сөзі» — түрінде келіп, аяққыдағы «жайған торы» сөздерімен мүлде ұйқаспай тұрса, тағы да кейінгі жазба (1171-папка, [716] 378 (225) б.) көмегімен алғашқы тармақтар соңына: «қылмайды ұры», «шайтан қоры» — сөздері енгізіліп, ұйқас сапасы қалпына келді. 430. 43-шумақтың бірінші жолы әуелгіде: «Мал табу бәрінің де болып қасты» — делінсе, екіншіде (1171-папка, [716] 378 (225) б.) «бәрінің де» орнын «бәрінікі» иеленген. Сонымен бірге осы шумақтың екінші тармағы: «Мал сойып, мырза атанып» — деп басталса, тағы да кейінгіде «атанып» сөзін «болып» алмастырған. Сонымен бірге шумақ аяғындағы «Құран асты» — сөздері «кітап асты» — деп өзгертілген. 431. 46-шумақтың басы: «Бір табақ ет пенен шай беріп пара» түрінде орын алса, соңғыда ол осы жазба (1171-папка, [716] 378 (225) б.) көмегімен: «Бір шай мен бір табақ ет беріп пара» — делініп, сөздердің орын алмасуы туындаған. 432. 47-шумақтың үшінші тармағы бұрынғыда: «Жүзқараның айтам деп арсыздығын» — делініп, өзінің алдындағы 46-шумақтың үшінші жолын сөзбе-сөз қайталап тұрса, бұ жолы соңғы жазба (1171-папка [716] 378 (225) б.) бойынша ол тармақ мүлде өзгертілді: «Хадтен асып кеткеннің кебін сөйлеп». 433. «Армансыз кім кетпейді бұл жалғаннан» — деп басталатын 48, 49, 50-шумақтардың 1171-папка мәтінінде болмауы «Сияға былғамайын қалам малып» — делінген 47-шумақтың аяққы жолынан кейін: «Байқамай жазып өттім бес-алты жол» — тармағын маңдай еткен 51-шумақ басталуы — бұл мәтіннің де ең кейінгі нағыз толық нұсқа еместігіне жарық түсіре алады. Сонымен бірге осы 51-шумақтың екінші жолындағы «сырғанап» орнына соңғыда (1171-папка [717] 378 (226) б.) «қызығып» орын алғанын ескеру үстінде бұ жолғыдан алдыңғы сөз «сырғанап» неғұрлым ұтымды екенін де байқау қиын емес. Мұның бәрі 1171-папкадағының да ең соңғы кемелденген үлгі емес, орта тұстағы қайта жазу, жетілдірулердің бір сәті деп бағалауға болатынын да аңғартады. 434. 52-шумақтың екінші жолы әдепкіде: «Тұрған жоқ анық көңіл бір құдайда» — делінсе, бұл жазбада ([718] 379 (227) б.) «жоқ» сөзі түсіп қалып, оның алдында тұруға лайық «жан» сөзі кіргізілген. 435. 53-шумақтың басындағы: «Дүниеден қалған жан жоқ» — дегендегі «қалған» сөзі соңына «ы» жалғауы қосылумен бірге «жан» сөзі түсіп қалған. 436. 54-шумақтың екінші жолындағы «тіпті» сөзі осы жазбаға ([718] 379 (227) б.) сүйеніп, «текке» сөзімен алмастырылса, соңғы тармақтағы «тіл» және «көңіл» сөздерінің орын ауысуы іске асқаны да әр нұсқа ерекшелігіне жіті көңіл болу керектігін дәлелдейді. 437. 55-шумақтың бірінші сөзі: «айтсақ» болса, тағы да осы жазбаға ([718] 379 (227) б.) иек артып, «айтсақ» сөзін «айтсаң» деп өзгерту жүзеге асты. 438. 56-шумақтың алғашқы тармағы бастапқыда: «Бет алдыма мен лақтым аузым жаппай» — деп берілсе, бұ жолғыда ([718] 379 (227) б.) «алдыма» орнына «алдына» — деп сәл өзгерумен бірге соңғы сөздер мүлде жаңарған: «ауыз бақпай». Сонымен бірге бірінші жолдағы «мен» жалғауы және үшіншідегі «пен» жалғауының алғашқыда болып, соңында түсіп қалуы көңіл бөлерлік. 439. 60-шумақтың соңғы тармағы әдепкіде: «Шелекке тағуға» — деп басталса, бұ жолғыда (1171-папка, [719] 379 (228) б.) «Шелекке тағу үшін» — деп буын саны ұзарып, тармақ үйлесімдігі қалпына келген. 440. 61-шумақтың бастапқы сөзі бұрын «он» болса, бұ жолғыда ([720] 380 (229) б.) «бес» — делініп өзгертілген. Сонымен бірге біріншіде екінші тармақ соңы: «қатты-тәтті» сөздерімен тұйықталса, енді «бар не қатты» — деп алмастырылған. Сондай-ақ шумақ соңындағы: «Жүзінде бүл жалғанның» сөздері аяққыда: «Жүзінде жалған дүние» — деп өзгертілген. 441. «Құдайдың құлшылығы бізге парыз» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіптің «Сүлеймен мен Ібіліс» өлеңі осы жазба (1171 папка [721] 380 (230)-[728] 384 (236) б.) бойынша алынып, әулеттік мұрағаттағы басқа да жазбалармен: Мұхаммедәмен, Мұхаммедфазыл, Иманғали көшірмелерімен салыстыра сараптау жүргізіліп, 2-томда (мәтіні — 3-6 б.; түсінігі — 346-348 б.) жарияланған. 442. «Біреу — шумақ өлі, бірі — шумақ тірі: «Ал» мен «Бердің» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіп өлеңі осы жазба (1171-папка [728] 384 (236) б.) негізінде 2-томда (91 б.) басылды. Сонымен бірге бұл мәтіннің басқа да нұсқалары баршылық екені, атап айтқанда, 1170-папка, 384 б.; 1178-папка, 316 б., Жолмұрат, 1-папка, 345 б. бар екені 2-томда көрсетілмей, кейінірек анықталғанын ескертеміз. 443. «Ай, қараңғы, күн-бұлт: түн демеңіз» — шумақ дегенді ту еткен Мәшһүр Жүсіп өлеңі де 1171-папка [729] 384 (237) б.) бойынша 2-томға (91 б.) енгізілді. 444. «Дүниеде қарап тұрсаң, мақұл бар ма?» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіптің «Ханымбике» өлеңі осы жазбадан (1171-папка, [740] 389 (247)-[759] 399 (266) б.) алынып, 1-томда (мәтіні — 186-195 б., түсінігі — 398-400 б.) жарияланды. 445. «Жазғытұры қалмады қыстың сызы» — жолымен өріс алатын Абайдың «Жазғытұры» өлеңі осы жазба (1171-папка, 399(267)-401 (270) б.) негізінде 7-томға (мәтіні — 141-143 б.; түсінігі — 351-352 б.) кіргізілді. 446. «Бір күні отыр едім кітап оқып» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіптің «Ібіліс шайтан хикаясы» дастаны әулеттік мұрағатта сақталған Мәшһүр Жүсіптің ортаншы ұлы Мұхаммедәмен Көпеев (1888-1921) жазбасы бойынша 3-томда (мәтіні — 3-15 б.;түсінігі — 340-341 б.) жарық көрді. Түсінік бөлімінде бұл дастанның ең дұрыс делінгені — Мұхаммедәмен жазбасы болса, екіншісі — Мәшһүр Жүсіп жиені Жолмұрат Жүсіпұлы (1894-1977) көшірмесі екені, ал үшіншісі — осы жазба (1171-папка [763] 401 (271)-[783] 411 (291) б. екені көрсетілген. Біздің бұ жолы қоса айтарымыз: Мәшһүр Жүсіптің ертеректе жазылған өз жазбасы (ІІ папка, 39-44 б.) кейін табылғандықтан да, бұл туындының екінші нұсқасы ретінде берілуі мүмкін екендігі. Сонымен бірге дастанның 1910-жылы жазылғаны Жолмұрат ескертуімен берілсе, 1171-дегі белгісіз бір адам көшірмесі соңында — жазбаның 1914 жылы қағазға түскені ескертілген. 447. «Қалмай ма әлі-ақ бір күн Мәшһүр өліп» — деп басталатын бұл мәтін Мәшһүр Жүсіптің «Қиямет ахуалы» қиссасының 13-жолы екенін ескерген жөн. Бұл мәтін 2-томда Мәшһүр Жүсіптің «Жетпіс бап» — деп аталатын өлең-дастандары ішінде «53-54 баптар. «Қиямет ахуалы» қиссасы» — деген тақырыппен (мәтіні — 280-315 б.; түсінігі — 359-361 б.) жарық көрді. Түсінік бөлімінде кітапқа негіз болған ең көлемді нұсқа — Мәкішев Рақымжан көшірмесі (көлемі — 219 шумақ, яғни 876 тармақ екені, бұл жазбаның көлем жағынан төртінші орын алатыны 1171-папка ([784] 412 (292)-[809] 425 «а» (318) б. екені ескертілген. Сонымен бірге Мәшһүр Жүсіптің ертерек қағазға түскен өз жазбасы (ІІ папка, 1-11 б.) ол кезде бізге жетпегенін, нұсқаларды мәтіндік салыстыру толық жүрмегенін ескерсек, туындының екінші нұсқасын ұсыну қажеттігі туары да анық. 448. «Жақсылық талап ойлап жолға түстің» — тармағы Мәшһүр Жүсіптің «Шонтыбай қажы» дастанының 37-шумағының басы бұл жазбаның (1171-папка [811] 425-[881] 461 б.) маңдайы ретінде орын алған. Бұл шығарма 3-томда (мәтіні — 243-267 6.; түсінігі — 163-370 б.) басылды. Түсінік бөлімінде бұл шығарманың үш нұсқасы сақталғаны, кітапқа әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіптің өз жазбасы 7-папка, 1-63 б. негіз болғаны, біз сөз етіп отырған үлгідегі мәтін беттерінде орын ауысуы бар екені т.с.с. ескертілген. 449. «Қиямет ахуалы» дастанының екінші нұсқасын қолымызға кейінірек тиген, ертеректе қағазға түсірілген Мәшһүр Жүсіптің өз жазбасы (ІІ папка, 1-11 б.) бойынша ұсынып отырмыз. Осы орайда бұл жазбаның қалай табылғаны 4-том түсініктемесінде (439 б.) бұрын Мәшһүр Жүсіптің атқосшысы болған Иманғали Маненовтен алынып сақталған Садық Сапабекұлы мұрағатынан Садықұлы Кенжебек қолынан 2004-жылдың 27-сәуірінде алынғаны көрсетілгенін еске саламыз. «Қиямет ахуалының» бірінші нұсқасы 2003-жылы шыққанын ескерсек, бұл нұсқа түңғыш жарияланып отыр. Сонымен бірге 2-томға кірген мәтіннің (280-385 б.) сол том түсінігінде көрсетілгендей (363-366 б.) тек: Мәкішев Рақымжан, Жұматай Әкбарұлы, Жолмұрат Жүсіпұлы және осы нұсқадан алынуы ықтимал Иманғали Маненов көшірмелерін салыстыра отырып әзірленгенін ескерсек, қанша ерте жазылғанмен, түпнұсқаның аты түпнұсқа екенін де атап айтқан жөн. Екі нұсқада айырмашылықтар аз емес. Соның біріншісі — осы екінші нұсқаның алғашқысы, ал 2-томдағының 5-шумағы болып саналатын шумақтың: «Жалп етер жетсе қаза» орнына: «Жалп етіп, қаза жетсе» — түрінде, «Тұрған күнде тілге келіп» орнына «Тұрған шақта тілге келіп» қалпында өзгергенін ескертеміз. Түпнұсқа болғанымен, Мәшһүр Жүсіптің алғаш қағазға түсірген нұсқасын кейін жетілдіріп отырғанын бағымдасақ, осындағы: «тілге келіп» — дегеннен де алдында берілген көшірмелерден алынғаны дұрыстығы байқалады. Демек алдағы уақытта Мәшһүр Жүсіптің кейінірек қағазға түскен нұсқасы табылған жағдайда, сол көшірмедегілердің қаншалық дұрыстығы айқындалуы мүмкіндігін де ескерген жөн. Мұның бәрі Мәшһүр Жүсіптің белгілі бір шығармасының көп нұсқасын бергенде, анасы «дұрыс», мынасы «бұрыс» деуге келе бермейтініне, екі нұсқаны да қатар ескеріп отыру керектігіне жарық түсіре алатынын дәлелдей түседі деп санаймыз. 450. Бұрынғыда, яғни 2-томда: «Дүниеден ғапіл жүріп біз де өтерміз» (281 б.) — делінсе, бұ жолғыда (ІІ папка, 1-бет) «жүріп» орнын «болып» иеленген. Осы орайда екі нұсқа арасындағы елеулі өзгешеліктер ғана қамтылып, бәрінің арнайы талдана бермейтінін ескертеміз. 451. Бастапқыдағы жетінші шумақтың (мұндағы үшінші шумақ болуға лайық): «Мінеді иманды құл алтын тақты» тармағы мұнда мүлде жоқ. Оның есесіне ондағы «Бекерге жібермейік келген шақты» — тармағы кейінгіде шумақ басына алдыңғы болып көтеріліп, «Пенде алмас құдіретім берген бақты» — жолы тыңнан кіргізілген. Көшірушілердің бәрі де бұл туындыны кешегі коммунистік әміршілдік жүйе қыспағында қағазға түсіргенін ескерсек, Алла құдіретін ту еткен бүл жолды алып тастауды біреу бастап, екіншісі соны көшірумен де өзгеріс енуі мүмкін деп санаймыз. Сонымен бірге Мәшһүр Жүсіптің де әр кезде түрлі өзгеріс енгізуі мүмкіндігін, кеңес дәуірінде ол кісінің кейінгі тыңшылар бақылауынан сақтану үшін де, ара-тұра шегінуі ықтималдығын да бір бүйірде ұстаған жөн. 452. Бұл шумақ Мәшһүр Жүсіпте 4-шумақ ретінде орын алса, кітапта ол 19-шумақ ретінде келтірілген. Сонда «Болу хақ және нанбақ қиямет күн» — деп басталатын кітаптағы 8-шумақ және 9-18 шумақтар Мәшһүр Жүсіптің бастапқы жазбасында тап осы арада орын алмауымен ерекшеленеді. Сонымен бірге бұл шумақтың бірінші жолының аяғы бұрынғыда «болады түн» түрінде келсе, соңғыда «болады» орнын «шығады» иеленген. Сондай-ақ екінші тармақ соңындағы: «бойында мін» сөздерін бұл жолғыда «мойнында мін» ауыстырған. 453. Бұрынғының 23-шумағының, кейінгінің 8-шумағының соңғы ұйқас негіздейтін сөздері: «кәрі-жаста-ай», «ешбір баста-ай», «бәрі мастай» — қалпында орын алса, аяққыда (бұ жолғыда) ол: «кәрі жастан», «ешбір бастан», «бәрі мастан» — түрінде өзгерген. Сонымен қатар үшінші жол соңы әдепкіде: «өз халімен» болса, екіншіде: «әліменен». 454. Бұрынғының жиырма алтыншы, кейінгінің он бірінші жолының басы бастапқыда: «Бастарын боққа былғап, жылай берер» қалпында келсе, екіншіде: «Болсақ-шы иа лайтаны күн тұту рабан!» — дер» — деп өзгертілген. 455. Алғашқыда: «Құдайым жебірейілге пәрмен етер» (27 (12)-шумақ) деп берілсе, аяққыда «пәрмен» сөзін «жарлық» ығыстырған. Сондай-ақ шумақтың төртінші жолы басы «кешіксе» дегені екіншіде: «кешіксең» — деп сәл өзгерген. 456. Әуелгі тармақ соңы бұрынғыда: «алар күтіп» (28(13)-шумақ) түрінде болса, бұл жолдағысы: «алар тұтып». Сонымен бірге соған ілескен екінші жолдың басындағы: «құп етіп» сөздері «тоқтамай» — дегенмен алмастырылды. 457. 29 (14)-шумақтың үшінші жолы бұрынғыда: «Жүрегі дүрс-дүрс етіп» — деп берілсе, екіншіде «дүрс-дүрс етіп» — дегенді «қорыққаннан» ығыстырған. 458. Келесі шумақтың үшінші тармағы бұрынғыда «пенделерін» — деп бітсе, кейінгіде «пенделер көп» — түрінде сәл өзгерумен қатар, төртінші жол басындағы: «соны бүгін» орнына «соларды» келіп орын тепкен. 459. Келесі 31 (16) шумақтың бастапқы жолының екінші сөзі әуелгіде: «ғапілдікпен» — делінсе, кейінгіде «кәпірлікпен» — түрінде қоныс тепкен. Сонымен бірге үшінші тармақ ортасындағы: «хақ өмірін» сөздерін бұ жолы «жарлық сөзін» — деп алмастыру жүзеге асқан. Сондай-ақ төртінші жол ортасындағы: «бүгін сені» сөздері де «сізді тәңірім» болып өзгертілді. 460. 35 (17) шумақтың үшінші-төртінші жолдары әуелгіде: «Әр шығыршық басына бір жетпіс мың, // Періште өткерілген неше сымнан» — деп өрістесе, кейінгіде басқаша: «Шығыршық бас-басына толып жатыр, // Періште жетелейді миллион саннан». 461. Жоғарыда ескертілгендей, бәрін қамтымай-ақ 34 (18) шумақтың соңғы тармағы әдепкіде: «Тауларды бір қойғанда, быт-шыт қылар» — делінсе, бұ жолғыда ол: «Тауларды бір ұрғанда, қылар дал-дал» түрінде өзгерген. 462. Келесі шумақ аяғындағы «жазалының» сөзі екіншіде «кәпірлердің» — деп алмастырылған. 463. Келесі шумақ басталымы бастапқыда: «Қызуы жаһаннамның өтер қызып, // Дүрілдеп баса көктеп топты бұзып» — деп келтірілсе, соңғыда мүлде өзгеше: «Мың жылдық жетер лебі жолдан қызып, // Сол келер баса көктеп топты бұзып». 464. Бастапқыда 38 (22) шумақтың бірінші жолының ортасындағы сөз: «ғапіл жүрмей» — делінсе, кейін оны: «ай, пенделер» ауыстырған. Екінші тармақ ортасындағы «фазылымен» сөзі «жарық үшін» — деп өзгертілген. «Алланың әмірімен күшейген соң» — деген үшінші тармақты «Құдайдың жарлығымен қызғаннан соң» — ығыстырған. Төртінші жол басындағы: «Бетіне қарсы тұрып» — сөздерінің орнын «күшіне жаһаннамның» — иеленген. 465. 42(25)-шумақтың екінші жолы басы әуелгіде: «Өзге қайтсін, сасқан соң» — делінсе, кейін оның орнын «айрылар ақылынан» иемденген. 466. 42(26) шумақ ортасындағы «ағасы» орнына соңғыда «інісі» сөзі шаңырақ көтерген. 467. 44(28) шумақтың екінші жолы бұрынғыда: «Рәсуа қыла ма, — деп, бізді сөгіп» — қалпында ірге тепсе, бұ жолғыда: «Рәсуа ғып тастай ма, — деп, — бекер сөгіп» — деп өзгерген. 468. 46(30) шумақтың үшінші тармағындағы «сәруар» сөзі кейінгіде «пана» сөзімен алмастырылды. 469. 51(35) шумақтың екінші жолы мен төртіншісі соңғыда орындары ауысқан. 470. 53(37) шумақтың аяққы тармағы әдепкіде: «Мен сені жібермеймін үмбетіме» — делінсе, бұ жолғыда: «Жібермен мұнан былай үмбетіме» — деп дамытыла түскен. 471. 56(40) шумақтың соңғы жолы бастапқыда: «Сыйлап қал онан-дағы Мұхаммедті» — деген қалыпта өрбісе, кейінгіде: «Сыйла да қайт онан да Мұхаммедті» — деп, біраз өзгертілген. 472. 57(41) шумақтың екі нұсқада мүлде өзгеше болуы, сөз мәнісіне, орнына қарағанда, тағы да екіншінің неғұрлым ұтықты екені көңіл бөлерлік: 1. Ғаршының оң (сол) жағына барар жүріп,
Қуанар жан-жануар мұны көріп.
Тозақтың барлық оты сөнгеннен соң
Асқанын Мұхаммедтің сонда біліп (2-том, 286 б.)
2. Қалған соң, қайтсін тозақ, өзі сөніп,
Ғаршының сол жағына тұрар келіп.
Қуанар Махшар халқы сол арада
Асқанын Мұхаммедтің сонан біліп (ІІ папка, 5 б.)
Мұндай айырмашылықтың болу себебі ара-тұра Мәшһүр Жүсіптің бізге әлі жете қоймаған жазбасынан көшіру орын алуымен бірге, көбінесе ел арасында ауызша айтылып жүрген үлгіден алынғанын байқау қиын емес. Ауызша айтылып тарағанда, оның біраз жерін жаттап алушының ұмытып қалып, бірте-бірте өзгерту мүмкіндігі халық ауыз әдебиетін зерттеушілер үшін әлдеқашан дәлелденген жәйіт. Осы арада 1917-жылғы төңкеріске дейін патшалық Ресей отаршыларының қазақ халқын шоқындырып үлгермеуінің басты себебі келіп шығады. Ол Мәшһүр Жүсіп тәрізді басқа да қазақ ақындарының ислам тарихын, дін мәнін дәріптеген діни өлең-дастандарының жұрт алдында әндетіп айтылып, яғни поэзиялық үлгіні неғұрлым әсерлі жеткізуді әдетке айналдыруының шешуші ықпалы болғанын байқатады. Мұның бәрі қазақ халқының алдымен дінін, сонымен байланысты тілін сақтап, қалуында осы тәрізді діни туындыларды ауызша айтылып таратудың үлкен мәні болғанын көрсетеді. Осыдан келіп Мәшһүр Жүсіптің дін тақырыбына баса көңіл бөлуінің себебі келіп шығады. Ол отаршылардың алдымен дінді, сонымен байланысты тілді тұншықтырмақ болуына сол кезде мүмкін болған басты амалды, яғни көркем шығарма көмегімен халықты ояту амалын, Мәшһүр Жүсіптің ұтымды пайдалануы деп санаймыз. Сол кездегі адамдар санасын жетілдіріп, дінсіздіктен, мәнгүрттіктен сақтандыру үшін, Мәшһүр Жүсіптің діни шығармаларды жазғаны ақынның одан кейінгі мына бір өлең жолдарында да анық көрініп түр: «Мұны естіген адамдар бой бақсын!» — деп, // Білгенін Мәшһүр Жүсіп жаза берді» (ІІ папка, 5-бет, 80 (43) шумақ). 473. «Құранда: «Рахмат әл ғаламин!» — деген жолдан, яғни 52 (42) шумақтан кейіні 20,5 шумақ, яғни 82 тармақ Мәшһүр Жүсіпте тап осы арада жоқ. 474. 81(44) - шумақта да өзгерістер бар. Бұрынғыда екінші жолы: «Аят пенен хадистен бар хикаят» — делінсе, соңғыда: «Аятпен шертейін бір хикаят» — деп өзгертілген. Сондай-ақ төртінші тармақ басындағы «қылады» сөзі «қалыпты» — деп алмастырылған. 475. Бастапқыда 83 (45) шумақтың аяққы тармақтары «Темірден тырнақтары, бетін тырнап, // Өз бетін алып тастап, өзі жұлып» — қалпында шаң берсе, кейінгіде «бет» сөзін қайталау ысырылып, алғашқы «бет» орнын «етін» иемденген: «Темірдей тырнақтары етін жыртып, // Өз бетін алып салып, өзі жұлып». 476. 84 (46) - шумақтың екінші, үшінші жолдары әуелгіде: «Періште күрзі бірлан ұрар дейді // Тамам жұрт қорыққаннан дүр-дүр етіп» — қалпында орын алса, бұ жолғыда: «Тамам жұрт қорқып сонан тұрар, — дейді. // Халайық жиылғаннан сұрар сонда» — деп өзгертілген. 477. 90(51) шумақтың соңғы жолдары әуелгіде: «Сүйреліп басы жерге, жүзқара боп, // Етпеттеп жерді басып жүзіменен» түрінде орын тепсе, кейінгіде: «Салбырап басы төмен, жерге қарап, // Еңбектеп, жерді басып жүзіменен» — деп келтірілген. 478. 92(53) - шумақтың соңғы сөзі әдепкіде: «арсалақтап» — делінсе, бұ жолы оны «сандалақтап» — ығыстырған. 479. «Төресін он тиынға жырып берген» — деп тамамдалатын 94(54) шумақтың соңғы жолынан кейін: «Ол күнде жан құтылмас қылып сылтау» — деп басталатын шумақ кітапта 17 шумақтан кейін 112-шумақ ретінде берілсе, бұ жолы ол 94(54) шумақ жалғасы ретінде келтірілді. 480. Бұрынғы бойынша 112-шумақ былай өрілген.
Дүниеде ғапілдікпен алданғандар,
— «Қылдық, — деп, — Хаққа құлдық!» — малданғандар.
Кес, кеще, мылқау болып түсер көзге
Зорсынып, өзін-өзі таңданғандар.
Кейінгісі мүлде өзгеше:
Дүниенің опасына алданғандар,
Тәрк етіп Хақ бұйрығын қылған жандар.
«Құлағы жоқ, дал болып келер», — дейді, —
Зорсынып өзін-өзі малданғандар.
481. 96(56) - шумақтың аяққы жолдары алғашқыда. «Салбырап тілі жетіп кеудесіне // Тілдерін азуымен қыршып шайнап» — деп өрілсе, соңғыда мүлде басқаша: «Періште бұлар, — дейді, — айдап келер, // Қамайды сол арада қатты айғайлап». 482. Тағы да жеке сөз ерекшеліктерін тізе бермей-ақ елеулі дегендерге үңілсек, 97(57) шумақтың аяққы жолдары әдепкіде: «Жұртқа айтып насихатты, өзі тұтпай, // Дүниенің тұзағында тұтқын қылған» — түрінде өрістесе, бұ жолғыда басқаша: «Жұртына өсек айтып өз аузымен // Құр қалған біле тұрып көп ғылымнан». 483. 99(58) шумақтың бастапқы сөздері алғашқыда: «Келеді бір түрлісі» — делінсе, соңғыда: «Өтеді әр қылмысы» — қалпында берілген. Осы шумақтың үшінші жолы біріншіде: «Сықылды кірпікшешен бір топ болып» түрінде орын тепсе, екіншіде тағы өзгерген: «Келеді әрбір түрлі жазалылар». 484. Отарлау саясатының нәтижесінде қазақ даласында тыңшылық, сөз тасудың етек алғаны, Мәшһүр Жүсіптің өзінің ашық та жасырын бақылау тауқыметін шеккені мәлім. Сондықтан да ағайынды ұлыққа шағыстырудың үлкен күнә екенін шегелеуі ақынның адамдар тәрбиесін ту етіп ұстағанының бір көрінісі деп есептеген жөн. Бұрынғысы (102, 60 - шумақ):
Буынып кеңірдектен дарға асылып,
Аузынан жан-жағына от шашылып.
Ұлыққа ағайынын шағыстырып,
Білдірмеген боп жүріп, бой жасырып.
Кейінгіде (ІІ папка, 7 б.):
Жұтқаны оттан болған сол асылып,
Аузынан будақ-будақ от шашылып.
Ұлыққа ағайынды шағыстырып,
Көрінбеген боп жүріп, сөз жасырып. 485. Алғашқыда 103(61) - шумақтың бірінші тармағы: «Жыланға шаян менен іші толып», — делінсе, бұ жолғыда бастапқы сөздер: «Жалынға түтін менен» — деп өзгерген. 486. 106(64) - шумақтың екінші жолы әуелгіде: «Мойнына оттан болған жіп тағылып» — делінсе, соңғыда: «Мойнына шынжырменен бұйда тағып» — деп, нақтылана түскен. 487.110 (67) шумақ соңы бұрынғыда: «Ішкені арақ, қылғаны зина болып, // Бас қосып сол төртеуі бірге келген» — қалпында орын алса, бұ жолғыда: «Арақты ішуменен өмірі өтіп, // Бас қосып бұл үшеуі бірге келген» — түрінде өзгеріске түскен. 488. Бұдан бұрын ескерткеніміздей, түпнұсқа мен көшірмелер арасында алшақтықтар болуы көбінесе ел аузына ауызша тараған мәтінді қайта қағазға түсіру нәтижесінде болуы ықтимал десек, соның бір дәлелі — 113 (69) шумақтың түрліше жазылғаны сондай, ұйқасы да әртүрлі болып көзге түсуі. Мәселен, бұрынғыда:
Келеді он екінші болып айдай,
Жарқырап аппақ қасқа болып маңдай!
Жүзі — жарқын, мерейі үстем болып,
Ойнақтап, асыр салып, құлын-тайдай.
Бұ жолғыда:
Келеді ең соңынан — он екінші,
Айдай боп сол жүзлері он төртінші.
Көздері нажағайдай жарқ-жұрқ етіп,
Сол асып бір күнгіден бір күнгісі. 489. «Уа, дариға, жыр екен ғапіл мастық» — деген тармақтан кейінгі, яғни кейінгіше 71-шумақтан басталған 30 шумақ, яғни 120 тармақтық мәтін бұрынғы 2-томға енгізілмеген, осы жолы тұңғыш ұсынылып отыр. 490. «Сәуірде көтерілер рахмат туы» — деп басталатын Ы. Алтынсарин өлеңі Мәшһүр Жүсіп жазбасынан (ІІ папка, 12-13 б.) алынып, Мәшһүр Жүсіп өлеңі ретінде, (4-том, 99-100 б.) қате көрсетілуі себебі 10-том түсінігінде (402 б.) дәйектелгенін қайталап ескертеміз. 491. «Құдайдың құлшылығы бізге парыз» — деп басталатын Мәшһүр Жүсіптің «Сүлеймен мен Ібіліс» өлеңінің бірінші нұсқасы 2-томда (мәтіні — 3-6 б.; түсінігі — 346-348 б.) жарық көргені белгілі. 2-том баспаға әзірленген кезде бұл жазба қолымызға тимегендіктен (оның себебі мұның алдындағы «Қиямет ахуалы» дастаны түсінігінде (449-түсінік) жете сөз болғанын еске саламыз), шығарманың түпнұсқасын осы жолы 2-нұсқа ретінде ұсынып, кітаптағы мәтінмен текстологиялық салыстыру жүргіземіз. 492. Екі нұсқа арасындағы айырмашылықтарды діттегенде, бірнеше жерде сөз орны ауысып келетініне көңіл бөлген жөн. Мәселен, екінші шумақтың екінші жолының ортасы бастапқыда, яғни 2-томда, «арзан қылып» делініп келсе, кейінгіде: «қылып арзан» — түрінде сөздер ауысуы іске асқан. Мұндай соз орын ауысулары бесінші шумақтың үшінші тармағы соңындағы: «маған берсең», сондай-ақ алтыншының үшіншісі аяғындағы: «байлап қойсаң», жетіншідегі төртінші ортасындағы: «байлап соны» т.с.с. туралы да айтуға болады. 493. Тоғызыншы шумақтың үшінші тармағы соңы әуелгіде «байлап салды» болса, бұ жолы «байлап қойды» — қалпында қоныс тепкен. 494. Он екіншінің төртіншісі біріншіде: «Сабыр қып, аш та болса, жатады екен» — делінсе, соңғыда: «Аш та болса, сонымен жатады екен» — делініп, сәл өзгерген. 495. Он үшінші ортасындағы «шаршы базар» сөздері кейінгіде «шаһар іші» — дегенмен алмастырылған. 496. Он бесіншінің екінші жолы 1171-папка жазбасы бойынша: «Қылып тұр тәңірім оны сынамаққа» — делініп, кітапта екінші нұсқа ретінде жақша ішінде ғана келтірілсе, бұ жолы ол түпнұсқа бойынша бірден-бір нұсқа ретінде енгізілді. 497. Он алтыншы аяғы әдепкіде: «Дүниенің жұмысының бәрі қалған» — түрінде орын алса, бұ жолы ол: «Бұл іске тақ Сүлеймен қайран қалған» — деп ауыстырылды. 498. Он жетіншінің соңғы тармақтары бұрынғыда: «Ешкімнің еш нәрсемен жұмысы жоқ, // Көзінен тақ Сүлеймен көрген, әні!» — делінсе, бұ жолғыда мүлде өзгерген: «Бұл не сыр, жұртқа түскен, не күн болды, // Жұмыстан қалды бүгін жұрттың бәрі !». 499. Он сегізінші шумақтың бұл жолғыда тек соңғы тармағының: «Құдая, білдірсейші, қалдым ғой таң» — сақталуы Мәшһүр Жүсіп жазбасының бастапқы үлгісі екенінің бір дәлелі болумен бірге, кейінгі нұсқаларын іздестіру мәнділігіне де жарық түсіреді. 500. Бастапқыдағы он тоғызыншының үшінші тармағы бұ жолғыда он жетіншінің төртіншісі болып келуімен катар, үшінші жол орны бос қалып, төртінші ғана: «Өзіңнің еркін айтқан сөзіңменен» сақталуы да Мәшһүр Жүсіп жазбасының әлі жетілдірілмеген әуелгі нұсқа екенін дәлелдесе керек. 501. Жиырма екіншінің үшіншісі әуелгіде: «Ерікті шайтан құлға бола алмаса», — делінсе, бұ жолғыда: «Болмаса шайтан еріклі пенделерге» — болып өзгерген. 502. Бірінші нұсқада, 2-томда, жиырма үшінші тармақ басындағы сөз: «бейхикмет болса, екіншіде — «себепсіз». 503. Бастапқыда жиырма төртіншінің алғашқы жолдары: «Таң қалып тақ Сүлеймен күлді дейді, // Құдайдың шеберлігін білді дейді» — түрінде өрбісе, соңғыда: «Құдіреттің шеберлігін білдім енді, // Менікі ойлап тұрсам, бекер! — дейді» — деп өзгертілген. 504. Бұрынғының 32-шумағының бастапқы тармақтары: «Бір ниет ой ойласаң егер дінге, // Тартам деп Хақ жаратқан түзу жөнге» — қалпында өрістесе, кейінгіде біраз басқаша: «Бір талап ой ойласаң егер дінге, // «Жүрем, — деп, — Құдай сүйген тура жөнге!». 505. Бұл туынды аяғы алғашқы нұсқада: «Түлеген аққу құстың қанатындай, // Жерінде жүрген-тұрған сөзі қалған», — делінсе, кейінгіде мүлде өзгеше: «Дегенге ер жете ме мал жеткізбей, // Барады іште кетіп әрбір арман». 506. Мәшһүр Жүсіптің «Шайтанның саудасы» өлеңі осы жазбадан (ІІ папка, 19-22 б. және 17-18 б.) алынып, 4-томда (мәтіні — 167-175 б.; түсінігі — 456-461 б.) жарық көргені мәлім. Бұ жолы содан бергі ескі араб (хадим) жазуын бүгінгі әріпке аударудағы тәжірибені және Мәшһүр Жүсіптің алғашқы жазбаларындағы әріптерді жазу ерекшеліктерін ескеріп, аударуда дүдамалдық, қателік кетті деген шумақтарды іріктеп келтіріп, ерекшеліктерге екінші рет үңілуді жөн деп таптық. Мәселен, екінші шумақтың екінші жолы басындағы «нысаплы» («ынсапты») — деп әуелгіде (4-томда, 167 б.) аударылған сөзді «не себеплі» — деп те жазуға болатынына осы жолы көз жеткізілді. Сонымен бірге осы тармақтағы: «Шын құлақтан» сөздері — «Шын құлақпен» деп өзгертілді. 507. Оныншы шумақ басы кітапта (4-том, 168 б.): «Жүгім бар бір есекте мікір-хайла» — делінгенде, «мікір-хайла» мағынасының 1940-жылғы мектеп хрестоматиясындағы түсініктен алынғаны ескертілген. Біз қазір де ол пікірге қосылу үстінде «мікір» сөзін қазір «мекер» деп жазу қалыптасқанын ескеріп, соңғы жазылу қалпына көшкенді жөн деп таптық. 508. Он алтыншы шумақтың үшінші жолы бұрынғыда: «Кім де болса жалғанда сол әкетер» — делінген екен, біз жоғарыда аталған қордағы 1171-папка [710] 375 (219 б.) мәтінде соңғы сөздің «ап кетер» түрінде келгенін, үңіле зерделегенде, бұ жолғыда да (ІІ папка, 20 б.) солай екенін ескеріп, өзгерту енгіздік. 509. Он жетінші шумақтың бірінші тармағы соңы бастапқыда: «қулығымды» — деп берілсе, 1171-папкада және мұнда «улығымды» — делінгені ескерілді. Сонымен бірге «Қатының ен жаманы от әкетер // Талау мен мекер-хайла қулығымды» — деген аяққы жолдардағы «от» сөзі осы үлгіде анық жазылғанымен, 1171-папкада «ит» сөзі тұрғаны, аяққы тармақтағы «талау» ұғымына қатын емес, ит лайықты екені — қабағат ескеріліп, «ит» — деп алу дұрыстығы анықталды. 510. Жиырма төртінші шумақтың бірінші жолы соңы әуелгіде: «ақша сыймай» — түрінде берілсе, бұ жолы «сыймай» орнына «салып» сөзі тұрғаны ескерілді. Біздіңше, ең дұрысы бүл емес, 1171-папкадағы (376 (221) «сыймай» сөзі. Мәшһүр Жүсіптің ІІ папкадағысы оның ең алғаш қағазға түсірген бастапқы нұсқасы екенін ескерсек, 1171-папкадағы кейінгі жетілдірілген үлгі екені осы тұста да анық байқалып тұр. 511. Отыз екіншінің үшіншісіндегі «ұшырады» сөзі ІІ папка (22 б.) бойынша өзгертілді: 1171-папкадағы (377 (223 б.) мәтінінің осы қалыпта келуі де кейінгі өзгеріс дұрыстығын дәлелдейді. 512. Отыз бесіншінің ең соңғы сөздері әуелгіде: «солар жетті» — делінсе, бұ жолы «сол сап етті» енгізілді. 1171-папкада (377 (224) - да тап осылай болуы кейінгі өзгеріс дұрыстығын аша түседі. 513. Ескі араб (хадим) жазуы ерекшелігі ескеріліп, қырық сегізінші шумақ соңындағы түсініксіз «диттан» сөзі «оны да» — дегенмен ауыстырылды. 514. Елу екіншінің екінші тармағы басы бұрынғыда «тұрған жоқ» — деп берілсе, бұл жолы әрі 1171-папкадағы (379 (227), әрі ІІ папкадағы (17 б.) қалып ескеріліп, «жоқ» сөзі «жан» — деп алмастырылды. 515. Мәшһүр Жүсіптің «Миғраж» дастанының бірінші нұсқасы әулеттік мұрағаттағы: Жолмұрат, Иманғали, Мұхаммедфазыл, Мұхаммедәмен көшірмелері және жоғарыда сөз болған қордағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы 1171-папкасындағы белгісіз адам көшірмесі, оған қоса «Орталық Қазақстан» газетінде басылған Махмет Назарұлы көшірмесі негізінде әзірленіп, Мәшһүр Жүсіп шығармалары 2-томындағы «Жетпіс бап» айдарымен берілген шығармалар топтамасы ішінде жарияланғаны белгілі (мәтіні — 146-162 б.; түсінігі — 359-361 б.) Біз бұ жолы кейінірек қолға тиген Мәшһүр Жүсіптің ертеректе жазылған өз жазбасы негізінде (әулеттік мұрағат, ІІ папка, 23-36 б.) осы туындыны екінші нұсқа ретінде ұсынып, жеке сөздер, сөз қосымшаларындағы өзгерістерге тоқталмай-ақ, негізгілеріне арнайы салыстыру жүргізуді жөн көрдік. Мәселен, алғашқы шумақ бастапқыда:
Әуелі бисмиллада сөзім басы,
Тыйылмас булықса да көздің жасы.
Миғражын ан хазіретінің тамаша қып,
Сөйлеген ақын Мәшһүр хикаясы.
Кейінгіде:
Бисмилла — хақтың аты, сөздің басы,
Кәріптің естісе ағар, көздің жасы.
Миғражын ан хазіретінің өлең қылып,
Сөйлеген Мәшһүр Жүсіп хикаясы.
Біздіңше, бұл екі үлгінің алғашқысы теріс, кейінгісі ғана дұрыс деп ақтық түйін жасауға асықпаған дұрыс. Себебі біздің бұ жолы ұсынып отырғанымыз туындының ең алғашқы нұсқасы болса, кейіннен Мәшһүр Жүсіптің әр жылдары қайта оралып, бұл туындыны жетілдіріп отырғаны анық. Сондықтан да біріншідегі өзгерістер не сол жетілдірілгеннен көшірілгендіктен, неғұрлым дұрысы болуы да, немесе ауызша тараған үлгіден қайта қағазға түсірілгендіктен де, түпнұсқадан ауытқыған қате нұсқа болуы да ықтимал. Сондықтан да екі үлгінің біреуіне артықшылық беруге асықпай, сөз мәнісіне қарап зерделеп анықтай түсуді кейінгі зерттеушілер үлесіне қалдырамыз. 516. Бастапқыда екінші шумақтың үшінші жолы. «Жарандар, құлақ салып тыңдасаңыз» — деп берілсе, кейінгіде өзгерген: «Қанша сөз, бәрін жазып, тауыса алман». 517. Бұрынғыда: «Жасына кейін қалған қайта бардым» — тармағы үшінші шумақ маңдайы ретінде берілсе, бұ жолғыда үшінші мен төртінші шумақтар орны ауысқан. Сондай-ақ шумақ басындағы «Жасына» сөзі «басына» деп жаңғырумен бірге үшінші жолы: «Қылма айып: үзіп созып сөйледі — деп» қалпынан мүлде өзгеріп: «Қаламды қолыма алып: «Жазайын! — деп» қалпында орын тепкен. 518. Жетінші шумақтың екіншісі әуелгіде: «Жіберді хило мен тәж, пырақ саған» — делінсе, бұ жолғыда басқаша: «Жіберді пырақ пенен шола саған». 519. Оныншы шумақтың соңғы жолы ортасындағы: «өтіп кеттім» сөздерін екіншіде «жүре бердім» алмастырған. 520. Он екінші шумақтың үшіншісі алғашқыда: «Бисмилланың мимінде кеш пе, ерте ме?!» — делінсе, соңғыда: «Міндім: «Бисмилла!» — деп, кеш, ерте ме» — түрінде өзгерген. 521. Он тоғызыншы шумақ бұрынғыда: «Құдыста жан-жануар бәрі келді» жолымен басталса, бұ жолғыда: «Құдыста» орнын «Құдысқа» иеленумен бірге «жан-жануар» сөзін «тамам аруақ» ығыстырған. 522. Жиырмасыншыны маңдай еткен: «Алдынан пайғамбардың шықты бәрі» — тармағы да өзгеріп: «Алдынан сәлем айлап келді бәрі» — түрінде бой көтерген. 523. Жиырмасыншының бастапқы сөздері әуелгіде: «Алдынан сәлем берген» — болса, кейінгіде басқаша: «Бәрінен бұрын келген». 524. Жиырма үшіншінің үшіншісі әдепкіде: «Періште туамит мұқараб жағында» — делініп, бір түрлі ұғынықсыздық тудырса, бұ жолғыда бәрі айқын: «Періште төрт мұқараб төрт жағында». 525. Жиырма жетіншінің екінші-төртінші жолдары бастапқыда: «Кісі екен ұзын бойлы, сонда көрдім, //— Қош келдің бәрекелді-ай, балам! — дейді, // Тоқталмай өтіп онан жүре бердім» — деп өрбісе, бұ жолғыда «сонда» сөзін «жүзін» алмастырумен бірге «бәрекелді-ай» сөзін — «бақытың ашылсын»; «тоқталмай» дегенді — «бөгелмей» ауыстырған. 526. Отызыншы шумақ басындағы «үшінші» және отыз бірінші маңдайындағы: «төртінші», отыз екінші кіріспесіндегі «бесінші» сөздері өзгертіліп, алдымен «екінші», кейін «үшінші» соңынан «төртінші» сөздерімен алмастыру бұ жолы жүзеге асса, бұл өзгеріс отыз екінші шумақта жалғастырылған «бесіншіде» және «алтыншыда» сөздеріне дұрыс ұласуымен де кейінгі өзгертулер дұрыстығын ғана дәлелдейді. 527. Отыз бесінші шумақ беташары біріншіде: «Есік ашты, мен барып тура кірдім» — деп берілсе, кейінгіде нақтылана түскен: «Аспанға жетінші көк барып кірдім». 528. Отыз алтыншының екіншісі ортасы алғашқыда: «Сонан аққан» делінсе, соңғыда тағы да нақтылай түсу басым: «саулап аққан». Сонымен бірге осы тармақ аяғындағы: «бір сағым нұр» сөздерін «бәрі де нұр» алмастырған. 529. Отыз екінші маңдайындағы: «Палак дая болғанда» сөздері әуелгіде түсініксіздік тудырса, «дая» сөзін «дария» ығыстыруы ұғымды нақтылай түскен. 530. Отыз тоғызыншының төртінші жолы басы әуелгіде: «Асылын хақ біледі» — түрінде өрбісе, бұ жолғыда «Нәсілін Алла біледі» — сөздері орын тепкен. 531. Қырық біріншінің соңғы тармағы біріншіде. «Өзінің сипатын жаңа көрдім» — түрінде орын тепсе, кейінгіде басқаша: «Формына асыл сурет кірген енді». 532. Қырық алтыншының үшінші тармағы аяғы алғашқыда «тегіс өтіп» — делінсе, кейінгіде «арман етіп» түрінде беріліп, сапардың ұзара түсуіне ықпал еткен. 533. Қырық сегізінші шумақтың төртінші жолы бұрынғыда: «Кітаптың айтқан сөзін тыңда, сыла» — деп өрілсе, кейінгіде сәл басқаша: «Кітаптың ұқтыр жырын айтып қана». 534. Келер шумақтың үшінші тармағы әуелгіде: «Жерлерге би нехаят аяқ басып» болса, соңғыда өзгеріс бар: «Жерлерге нақият жоқ кадам басып». 535. Елу үшіншінің екіншісі алғашқыда: «Пайғамбар ізгі құлды қосаққа алар», — делінсе, бұ жолғыда: «Ізгі құл пайғамбарға қосақталар» — деп қоныс тепкен. 536. Елу бесіншінің басы әуелгіде: «Жер тағам, әзір қойған бұған арнап», — делінсе, екіншіде өзгеріс бар: «Же тағам саған қойған қахир арнап». 537. Елу алтыншының екінші, үшінші жолдары біріншіде: «Сауытқа күміс қасық малулы тұр. // Баяғы жолда қалған сақинасы» — деп берілген. Ал, соңғыда «сауытқа» орнына «табақта» орын алумен бірге үшінші тармақ: «Манағы жолбарысқа берген жүзік» — деп өзгертілген. 538. Алпыс сегізіншінің екіншісі бастапқыда (2-том, 154 б.): «Мен оны құрбан беріп қойған болсам» — қалпында өрбісе, соңғыда басқаша: «Бір қошқармен ажалдан мен құтқарсам». 539. «Нұхқа кеме берсем топан суда» — деген жолмен басталатын шумақ кітапта алпыс алтыншы шумақ ретінде келтірілсе, бұ жолғыда ол 4 шумақ кейін шегініп, жетпіс бірінші шумақ ретінде орын тепкен. 540. Жетпісінші шумақ соңы біріншіде: «Әйтеуір күнәсы көп пенделерің» — делінсе, кейінгіде сәл басқаша: «Болғандай күнәсы ауыр пенделерің». 541. Жетпіс жетіншінің аяғы алғашқыда: «Тоғыз жүз және тоқсан мың сөйлескен» — делінсе, бұ жолғыда: «мың» орнын «тоғыз сөз» сөздері иеленген. 542. Жетпіс тоғызыншының үшіншісі әуелгіде: «Кілттеулі бір үй көрдім сондай үлкен» — түрінде сап түзесе, соңғыда: «Келбетті сол жайларда бір ү [й] көрді» — деген қалыпқа көшкен. 543. Сексен екіншінің екіншісі бұрынғыда: «Ашылды, әлгі есікке қайран қалдым» — түрінде өрістесе, бұ жолғыда: «Ашылды есік, есіктен көзім салдым» — деп өрілген. 544. Сексен бесіншінің екіншісінің соңы біріншіде «созаң» — делініп, бір түрлі ұғынықсыздық тудырса, бұ жолы «бозаң» — деп түзетілді. Сонымен бірге ондағы үшінші тармақ: «Жапырақ зор ма, иа ағаш, иа құс зор ма?» — қалпында орын тепсе, екіншісі басқашалау: «Дария үлкен бе, иа ағаш, иа құс зор ма?». 545. Сексен жетіншінің алғашқы жолы аяғы бұрын араб әрпінен аудару тәжірибесі кемдігінен «тозаң дейді» — делініп, өзінен кейінгі тармақ соңы сөзімен: «оза алмайды» — онша ұйқаспай тұрса, бұл жолы «тозаңдай-ды» — деп аударылды. 546. Тоқсан біріншінің екіншісі бастапқыда: «Бәріне назар салмай өте берген» — қалпында шаңырақ көтерсе, бұ жолғыда өзгеріс баршылық: «Бәріне көзін салмай, жүре берген». 547. Жүз үшіншінің екіншісі басы бұрынғыда: «Белгісіз көрінбейтін» — делінсе, соңғыда басқаша: «Болжалсыз көрмеген соң». 548. Жүз бесіншінің басы әуелгіде: «Біткен жоқ» — сөздерін алға ұстаса, кейінгіде оны «піскен жоқ» ығыстырған. Сонымен қатар осы шумақтың үшіншісі онда біртүрлі ұғынықсыз болса, екіншіде нақтылана түскен: «Сахарада «Бір алла!» — дегеніме». 549. Жүз жетіншінің аяққы жолдары да соңғыда дамытылып, неғұрлым дәлдікке ұмсынуымен ерекшеленеді: «Тақсырдың бетіндегі сол қарасын // Бетіне хор қыздары қылады мең». 550. Жүз он сегізіншінің үшіншісі алғашқыда: «Баяғы жолда қалған сақинасы» — делінсе, бұ жолы тағы өзгерген: «Түндегі жолбарысқа берген жүзік». 551. Жүз он тоғызыншының аяққы тармақтары да әрі «сақина» орнына «жүзік» келтірілуімен, әрі сөздер орны ауысып, нақтылана түсуімен көзге түседі: 1. «Емес қой бұл сақина өзіңдікі, // Баян қыл, білсең, балам, маған кепті!» (2-том, 154 б.). 2. «Емес қой өзіңдікі мынау жүзік, // Қолыңа, кімнен алып, салдың?» — депті» (ІІ папка, 35-бет). 552. Жүз жиырма екіншінің соңғы жолдары да екі нұсқада түрліше: «Шаһарымын ғаламның, ей, жарандар, // Есігі Ғалы деген хақ пайғамбар» (2-том, 160 б.). «Шаһариар мен асхаптың бәрінен де // Екінші Ғалы — деген хақ пайғамбар» (ІІ папка, 36 бет). 553. Біз ұсынып отырған мәтіннің жүз жиырма бесінші шумағынан кейін: «Миғражын хақ пайғамбар хаққа салдым» — жолын маңдай еткен соңғы сегіз тармақтық мәтін бұрынғыда жоқ, тек осы жолғыда тұңғыш орын алуымен көңіл бөлгізеді. 554. Мәшһүр Жүсіптің «Жігіт назы» өлеңі осы жазбадан (ІІ папка, 37-38 б.) алынып, бұдан бұрынғы 4-томда (101-102 б.) жарық көрді. Өлең маңдайшасы ретінде берілген: «Мәшһүр сөзі» — дегеннен де шығарма авторы талассыз анық көрініп тұрғанына осы жолы назар аудартқымыз келеді. 555. «Білемін ақыр бір күн өлмегімді» — деп басталатын мәтін Мәшһүр Жүсіптің «Ібіліс шайтан хикаясы» — дастанның қырық бесінші шумағының басы. Бұл мәтіннің осы 45-шумақпен, ең соңғы 102-шумақ аралығын қамтитынын ескерсек, мұнда айналасы 58 шумақ берілген. Біз бұ жолы осы үлгіні екінші нұсқа ретінде келтіріп, оның ішінде жеке әріп, сөз ғана емес, шығарма сюжеті, бейнелері үшін біршама мәні барларын салыстыра саралауды жөн көрдік. 556. Қырық жетіншінің бірінші сөзі алғашқы нұсқада (3-том, 8 б.) «Кимесе» сөзін маңдай етсе, бұ жол ол «киейін» — деп алмастырылды. 557. Елу екіншінің үшіншісі әуелгіде: «Тағамың сенің малғұн осы болсын» — делінсе, кейінгіде басқаша: «Қорегің ішіп-жейтін болсын сенің». 558. Елу үшіншінің үшіншісі бұрынғыда: «Сүт-қатық адамдарға сусын бердің» — деп өрілсе, бұ жолы «қатық» — «қайнатып» болып өзгерумен қатар «сусын» дегенді «тағам» алмастырған. 559. «Хадисте үшбу сөздер қылынған иад» жолы әуелгіде елу жетінші шумақ ретінде келтірілсе, бұ жолы өзінен кейінгімен орын ауыстырып, бір шумақ кейін жылжып, елу сегізіншінің орнын иеленген. 560. Алпысыншының екінші жолы ортасындағы «орнықпады» сөзі соңғыда «ұнамады» сөзімен ауыстырылған. 561. Жетпіс алтыншының екінші тармағы басы біріншіде (3-том, 12 б.) «қару бер» — деп беріліп, екінші «өнер бар» жақша ішінде келтірілсе, аяққыда жақшасыз бірден-бір үлгі ретінде енгізілді. Сонымен бірге осы шумақтың үшіншісі ортасындағы «кәйі» сөзі «калам» сөзімен ауыстырылды. 562. Тоқсан біріншінің үшіншісі біріншіде: «асып түсті» — деп келсе, енді «асып шықты» — деп өзгертілді. Сондай-ақ осы шумақтың төртіншісі аяғы: «Қатындардың шырай көркі» — делініп, жақша ішінде «ұрғашының ажар көркі» — орын алса, бұ жолы сол жақша ішіндегі алға шықты. 563. Тоқсан төртінші шумақ алғашқыда екі шумақ кейін жылжып тоқсан жетінші ретінде берілген. Сонымен бірге шумақ соңындағы ұйқас құрайтын сөздер бастапқыда: «көздер», «жүздер», «сөздер» — қалпында сап түзесе, бұ жолы: «көзді», «жүзді», «сөзді» сөздерімен алмастырылған. 564. Тоқсан сегізіншінің аяғы бірінші нұсқада (3-том, 14 б.): «Хақиқы беріп сәуле хақтың нұры» — деген қалыпта қанат жайса, бұ жолы мүлде басқаша: «Адамның кетіргендей қайғы-шері». 565. Айналасы он шумақтан туратын «Мәшһүр Жүсіптің он екі мүшесімен амандасқаны» өлеңі бұдан бұрын Мәшһүр Жүсіп шығармалары 1-томында (251-252 б.) «Қамардин хазірет» өлеңі басталымы ретінде келтірілгені, оған Алматыдағы ОҒКҚҚ-да сақталған Мәшһүр Жүсіп жазбасы 1171-папка ішіндегі белгісіз біреу жазбасы негіз болғаны белгілі. Ол туындының түсінік бөлімінде (414 б.) 1171-папка жазбасын әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат, Мұхаммедфазыл көшірмелерімен салыстыру жүргізілгені айтылған. Кітаптағы нұсқада 9 шумақ болса, мұнда 10 шумақ болуымен бірге түрлі айырмашылық баршылық екенін де ескерген жөн. Сонымен бірге ІІ папкадағы туынды маңдайында ақынның өз қолымен: «Мәшһүрдің шығарған өлім баяны — он екі мүшесіне амандасқаны» — деп жазғанына сүйеніп, шығарма атын: «Мәшһүр Жүсіптің он екі мүшесіне амандасқаны» — деген аталымға ат басын тіредік. 566. «Танырлық молда болсаң құран қайтын» — деп басталатын өлең маңдайшасында ақынның өз қолымен: «Қатын хақында» — деп жазғанына сүйеніп осы аталыммен жеке туынды ретінде тұңғыш ұсынылып отыр. 567. Мәшһүр Жүсіптің «Ит дүние» өлеңінің бірінші нұсқасы әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (3-папка, 32-33 б.) негізінде 1-томда (153-154 б.) жарық көргені белгілі. Бұл туындының жалғасы саналарлық екінші нұсқасы «Ит дүние» аталымымен әулеттік мұрағаттағы Омар Иманбаев көшірмелері бойынша (2-папка, 118-119; 3-папка, 58 б.) 2-томға (226 б.) енгізілгені де мәлім. Біз бұ жолғының әрі екіншідегіге орайлас, әрі түпнұсқа екенін ескеріп, үшінші үзік нұсқа ретінде жеке келтіруді жөн санадық. 568. Мәшһүр Жүсіптің қағазға түсіруімен бізге жеткен Ғали Елубайұлының «Имам Зүфір» дастаны осы жазба (ІІ папка, 47-69 б.) бойынша бұдан бұрын 7-томда (257-278 б.) жарық көрді. 569. «Мақал, жұмбақ және нақыл сөз» — мәтіні де 11-папкадан (70,71 б.) алынып, ұсынылып отыр. 570. «Еңсегей бойлы ер Есімхан» — әңгімесінің үшінші нұсқасы да осы жазба (ІІ папка, 71-77 б.) негізінде 9-томда (9-11 б.) орын алды. 571. «Атасының аты білінбей, оз аты шыққан ерлер» әңгімесінің бірінші нұсқасы әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (2-папка, 108-111 б.) бойынша 8-томда (87-89 б.) жарияланды. Бұл мәтіннің екінші нұсқасы әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіптің ертерек жазылған үлгісінен (басы 156-беттен, жалғасы 78-80 беттерден) 9-томда (3-4 б.) келтірілді. 572. «Абылайдан кейінгі хандар» әңгімесінің бірінші нұсқасы әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы (2-папка, 82-86 б.) бойынша, ал соның екінші нұсқасы жоғарыда аталған Алматыдағы ОҒКҚҚ-да сақталған Мәшһүр Жүсіп жазбасы (1170-папка, 798-808 б.) негізінде 9-томда (161-164, 164-167 б.) жарық көргені мәлім. Бұ жолы Мәшһүр Жүсіптің ертеректе жазылса да, кейінірек қолға тиген ІІ папкада (81-82 б.) орын алған жазбасын мәтіннің үшінші нұсқасы ретінде ұсынып отырмыз. 573. Мәшһүр Жүсіптің «Исабек ишан» өлеңінің бірінші нұсқасы әулеттік мұрағаттағы: Жолмұрат, Мұхаммедфазыл көшірмелері бойынша 1-томға (мәтіні — 229-238; түсінігі — 410-413 б.) енгізілгені белгілі. Енді біз кейін қолға тиген Мәшһүр Жүсіптің өз жазбасын мәтіннің екінші нұсқасы ретінде ұсынып отырмыз. Мәтіннің ең басы ІІ папка 105-106 беттерде сақталса, жалғасы 83-84 және 157-158 беттерде орналасқан. Осы орайда ертеректе жазылып, бізге дейін онша жақсы сақталмағандықтан да, бет шетінің жыртылып, іріп түсіп қалуы, тұтас бет болмауы т.с.с. ескеріп, бар сөздерді ғана көрсетіп, елеулі айырмашылықтарға арнайы тоқталып отырамыз. 574. Мәшһүр Жүсіп шығармаларының бірінші томында (Павлодар, ЭКО, 2003, 229 б.) алғашқы шумақ әулеттік мұрағаттағы Жолмұрат көшірмесі (3-папка, 171 б.) бойынша былай берілген:
Бісмілла, сөз бастайын асыл тектен,
Түскендей асыл еді-ау аспан көктен!
Керуендей бұ дүниеге аз күн қонып,
Пәниден жақсы, жаман — бәрі де өткен.
Мұхаммедфазылда мүлде басқаша:
Дүниеден жақсы да өтті, жаман да өтті,
Ақкөлде әулиелік мекен етті.
Хазірет ишан Ғайсабек назымларын
Айтайын бір зат Шәріп гауһар текті.
Мәшһүр Жүсіптің біз келтіріп отырған өз жазбасының Жолмұраттан гөрі Мұхаммедфазылмен көбірек үндесетіні байқалады. Мұнда алғашқы және соңғы жол тап Мұхаммедфазылдай болса да, екінші, үшінші тармақтары мүлде өзгеше болуы Мәшһүр Жүсіптің бұл өлеңді бір рет жазумен тынбай, екінші рет жетілдіре түсуін аңдатса керек. 575. Кітаптағы (1-том, 230 б.) «Шораның Баязит бастасындай» — деп басталатын сегізінші шумақ мұнда үш шумақ қысқаруымен бесінші болып тұрумен қатар бастапқы «Шораның» сөзі орнын «Шәрбатың» иеленуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге үшінші тармақта бір түрлі ұғымсыздық арқалаған «су хайбатының» сөздері «махаббаттың» — деп өзгертілді. 576. Тағы да жеке әріп, сөз өзгешеліктерін тізе бермей-ақ, негізгілеріне үңілсек, кітаптағы: «Айбатың бар-ды — Әділ Омардайын» — тармағын маңдай еткен шумақтың үшінші жолы бұрынғыда: «Күндіз күлкі, түн болса, ұйқы көрмей» — қалпында өрбісе,енді мүлде басқаша келтірілді: «Сүннетлі парыздарды ада қылып». 577. «Салила ол имам раббани» — деп басталып, он төртінші болуға тиісті шумақтың осы жолы ғана кіргізілгенін еске саламыз. 578. Бастапқыда: «Бір аз күн Арқаға болдың қонақ, // Дүние бар болғаның болды-ау сол-ақ!» — делінсе, соңғыда: «Бір аз күн бұл Арқада болдың қонақ, // Дүние, опасы жоқ не еткен шолақ?!» — деп біраз өзгертілген. 579. Алғашқыда: «Ішінара бас берген Апай, Бөрі» — деп басталатын шумақтың бірінші тармағы: «Ас берген шыныменен Апай, Бөрі» — делінумен қатар екінші жол басындағы «жұқарақ» сөзі «жоғары» — дегенмен алмастырылған. Сонымен бірге осы шумақ соңындағы «не түрлі кемеңгері» — дегендегі «түрлі» сөзін «маңғаз» ауыстырған. 580. «Төрт арыс: Қама, Жапар, Есен, Бозым» — деп басталатын 3 шумақтық, яғни 12 тармақтық мәтін бұрынғы кітапта жоқ, тек осы жазба (ІІ папка, 81 б.) бойынша енгізілді. 581. Әуелгіде шумақ басы: «Жар досың көруші еді сізді жандай» — түрінде келсе, екіншіде мүлде басқаша: «Көруші ең ғалымдарды шыбын жандай». 582. «Әулие Құлболды ишан өткен бұрын» — деп басталатын шумақтың алғашқы жолындағы «өткен» сөзінің «шықты» — дегенмен ауысумен қатар үшіншідегі: «ходайда» — «һуайда» болып, ал, төртінші басындағы: «алған» дегені — «білген» сөздерімен алмастырылды. 583. «Жайылма, Ақкөл менен иесіз қалған» — дегенді маңдайша еткен шумақтағы «менен» орнын «Қонай» (жер аты болуы керек) сөзі иеленген. 584. «Шырақшы орнатылды бастарында» — дегенді алға ұстаған шумақтың бірінші «шырақшы» сөзін «Күмбез бар» — ауыстырумен бірге төртінші тармақтағы «алдандырып» орнын «алдап бір күн» иемденді. 585. Тағы да жеке сөз, әріп өзгерістеріне тоқталмай-ақ, басты-бастысына үңілсек: «Дариға, бұ шамада өттің, кеттің» — жолын ту еткен шумақтың соңғы тармағы әдепкіде: «Уа, дүние, әрбір жаққа тентіреттің!» — деп берілсе, енді аяққы сөзден басқасы: «Әр жаққа сергелдең ғып» — деп өзгертілді. 586. «Жарандар, олай болса, керек басшы» — деп басталатын шумақтың үшінші жолы бұрынғыда: «Айрылдың көш басшыңнан, ей, халайық» — түрінде отау тіксе, бұ жолы (ІІ папка, 158-бетте) мүлде басқаша: «Бетімен болғаннан соң бара алмайтын». 587. «Бар құдай Ишекеме рақмет етсін» — жолымен басталатын соңғы тармақтар әуелгіде: «Аз сөз алтын болғанда, көп сөз күміс, // Ақыры осымен тамам етсін» — қалпында өрілсе, кейінгіде елеулі өзгеріске ұшыраған: «Көп сөз күміс болғанда, аз сөз — алтын» // Осымен сөзін Мәшһүр тамам етсін!». 588. «[Қ] ой қолым, айтпа тілім, тоқта қалам» — дегенді маңдай еткен соңғы 2 шумақтық, яғни 8 тармақтық мәтін алғашқыда жоқ, тек осы жолы, ІІ папка, 158-бет жазбасы бойынша толықтырылды. 589. Мәшһүр Жүсіптің «Бақ құсы» өлеңінің бірінші нұсқасы 4-томда (336-337 б.) жарияланса, соңғы бөлімі ақынның өз қолымен ертеректе қағазға түскен нұсқасы, (11-папка, 87 б.) бойынша әзірленді. 590. Кәрілік туралы «Көшекең сөзі», «Шортекең сөзі» — деп жазылған бұл мәтін де 11-папкадан (87-88 б.) алынып ұсынылды. 591. «Азарсың, жұртым, азарсың» — деп басталатын Мөңке бидің сөзі осы жазба (11-папка, 89-90 б.) негізінде 6-томда (139-140 б.) жарық көрді. 592. Мәшһүр Жүсіптің «Сүлеймен мен құмырсқа патшасы әңгімесі» (екінші нұсқа) мәтіні де осы жазбаға (11-папка, 91-98 б.) бойынша берілді. 593. «Едігенің Тоғаспен құда болуы» — әңгімесінің бірінші нұсқасы әулеттік мұрағаттағы Мәшһүр Жүсіп жазбасы: 2-папка, 291 -302 б. негіз етіліп және 11-папка, 122-124 б., 108-112 беттері ескеріліп, бір нұсқа ретінде 6-томда (мәтіні — 127-131 б.; түсінігі — 362 б.) басылғаны мәлім. Бұ жолы 11-папкадағыны одан бөліп үшінші нұсқа ретінде жеке ұсына отырып, екінші және осы он бірінші папка мәтіндеріндегі өзгерістердің негізгілерін нақты атап өтуді жөн көрдік. Мәселен, осы алғашқы сөйлемнің өзіндегі «үйленген» сөзі тек 2-папкада (29 б.) орын алса, «келіп» сөзі он біріншіде (122 б.) ұшырасуымен ерекшеленеді. 594. Кітапта 11-папка бойынша: «тігіп берді» — деп басылса (6-том, 127 б.), осы жолы 2-папкада оның орнын «қылып берді» — иемденіп тұрғанын еске саламыз. 595. Бұрынғыда 2-папка, 291 б. бойынша. «Түнде қонағасын беріп» — түрінде келсе, кейінгіде 11-папка, 122 б. негізінде сәл кеңейген: «Түн болды, қонағасын беріп жатты». 596. Әуелгіде: «Екі даугерді алдына алдырып, құрым кигізге тігілген баланы, кигізін сөктіріп көрсе, түсік екен» — қалпында орын алса, бұл жолғыда ол біраз өзгеріп, кеңейген: «Екі даугерлерді алдына алдырып:
— Құрым кигізге тіккізген баланы алдыр! — дейді. Кигізін сөктіріп көрсе, түсік екен».
597. Алғашқыда: «Мұнда бастайтын бас жоқ екен, көретұғын көз жоқ екен» — қалпында өрістесе, соңғыда «бастайтын» сөзін «бас дейтін»; «көретұғын» дегенді «көз дейтін» — сөздері алмастырған. 598. «Бекболатпен екеумізге бітіріп қайтарған» — дегеннен кейінгі мәтін жалғасы 11-папкада осының алдында 107-111 беттер аралығында орын алған. 599. Әуелгідегі: «Өзенге сыңыса» орнын бұ жолы «тізіліп жағалай» алмастырған. 600. «Күнде келіп жатқан көптің бірі ғой!» — деп, [отыра] берді» — сөздері біріншіде жоқ, тек осы жолы енгізілді. 601. «Едігеге ішкі сырды, күйеуінің жайын айтпай, амандасып, өкпелеп қайтып кетіпті» — сөздері және одан кейінгі мәтін соңына дейін созылған үзік те мүлде өзгеше болуымен назар аудартады. 602. «Ескі сөз бұрынғыдан қалған екен» — дегенді маңдай еткен Мәшһүр Жүсіптің «Сүлеймен мен Байғыз» — өлеңінің бірінші нұсқасы әулеттік мұрағаттағы Мұхаммедфазыл көшірмесінен алынып, 1-томда (мәтіні — 276-279 б.; түсінігі — 419-420 б.) жарық көргені белгілі. Сонымен бірге әулеттік мұрағатта Мәшһүр Жүсіптің екі жазбасы: 2-папка, 222-224 беттері; 11-папка, 98-100 және 159 б. бар екенін ескеріп, 11-папкадағыны осы туындының екінші нұсқасы ретінде жеке ұсынып отырмыз. 603. Бастапқыдағы: «Дүниенің біліңіздер шын-жалғанын» — деген он үшінші тармақта орын алған «біліңіздер» сөзі 11-папка, 98-беті бойынша «біле алсаңыз» — деп өзгертілді. 604. Он сегізінші шумақтың үшінші жолы алғашқыда: «Бөгеліп күні бойы келмей жаттың» делінсе, бұ жолы: «Беріліп күні бойы күлмей жаттың» — түрінде өріс алды. 605. Тағы да жеке сөз, әріп өзгешеліктерін тізбей-ақ негізгісіне үңілсек, ең соңғы жиырма алтыншы шумақтың үшінші тармағы әуелгіде: «Хазірет сөзі кейінге қалсын, — деп-жад!» — делінсе, бұ жолы: «Ғибрат боп кейін [гі] ге қалсын, — деп-жат!» — деп түзетілді. 606. Мәшһүр Жүсіптің «Өлім алдындағы хал» өлеңі әулеттік мұрағаттағы 11-папка (102-104 б.) бойынша 4-томға (338-341 б.) енгізілгенін, аяғы әзір табылмағанын еске саламыз. 607. «Абылай аспаған сары бел» — аталған мәнісі (екінші нұсқа) мәтіні 11-папка (113-122 б.) бойынша 9-томда (50-53 б.) жарияланды. 608. Мәшһүр Жүсіптің «Жетпіс бап» дастандар шоғырының толық нұсқасы әулеттік мұрағаттағы бір кездегі Мәшһүр Жүсіптің атқосшысы Иманғали Маненов (1903-1993 ж.) және ақынның кенже ұлы Мұхаммедфазыл Жүсіпұлы (1890-1969), ақынның Мәдина деген қарындасынан туған жиені Жолмұрат Жүсіпұлы (1894-1977) көшірмелері бойынша Мәшһүр Жүсіп шығармалары екінші томында (мәтіні — 96-345 б.; түсінігі — 353-378 б.) жарық көргені мәлім. Бұ жолы біздің қолымызға Павлодар облысы, Баян селосы тұрғыны Садықұлы Кенжебек сақтауынан (27.04.2004 ж.) алынған Мәшһүр Жүсіптің ертеректе (1879-1880 ж.) жазылған өз жазбасы толық болмағандықтан да, оны екінші қысқа нұсқа ретінде осы жолы жеке ұсынғанды жөн көрдік. 609. Ислам дініне орынсыз мін тағушылардың қазір де аз еместігін ескеріп, дін тарихын жетік білетін Мәшһүр Жүсіптің осы туындысын (11-папка, 127-141 б.): «Пайғамбарға сенбеушілер хикаясы» — деп шартты түрде өзіміз белгілеген аталыммен жеке ұсынып отырмыз.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру