TELEGEI

Home

Ауғанстан достық құшағында

Өтеген Күмісбаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ауғанстан достық құшағында

Ауғанстан достық құшағында. Өтеген Күмісбаев

БІРІНШІ САПАР

АРМЫСЫҢ, АУҒАНСТАН!

«Ту-154» самолеті барған сайын биіктеп, бұлт арасына сүңги берді. Бағытымыз Ауғанстан астанасы Кабул. Самолетте бізден басқа Москва, Ленинград сапарынан келе жатқан бір топ ауған туристері бар. Олардың кейбіреулері біздің музыканттармен сөйлесіп, жөн сұрасып жатыр. Алдыңғы салонда отырған жетекшіміз - шет елдермен байланыс жасау жөніндегі қазақ бөлімшесінің меңгерушісі Амантай Көпішев орнынан тұрып, бәрімізді бір шолып өтті. Амантайға әр қараған сайын бір адам кем сияқты көрінеді. Жетінші қатарда отырған мені көргенде, «түгел екенбіз» деп қуанып кетті. Сол жағымда Қазақ ССР - інің еңбек сіңірген артистері - Зейнеп Қойшыбаева мен Нұрғали Нүсіпжанов жайғасқан. Нұрекең қалғып отыр. Зейнеп самолеттің иллюминаторына қарап, терең ойға шомған. Мүмкін, ол алыста, Алматы құшағында қалған семьясын не алдағы жоспарын немесе Кабулде болатын кездесулерде қандай әнмен көрінетінін ойлайтын шығар... Самолет өзінің ұшу биігіне жеткен кезде, стюардессаның сүйкімді үні саңқ етті. Ташкенттен Кабулге дейін бір сағат он бес минут ұшады екенбіз. Қанша дегенмен осы бір сағаттың өзі кейде бір ғасырдай созылатыны бар. Бұған достарымыздың жүздерін көріп, қуатты қолдарын қысу қандай ғанибет! Бірінші қатардағы кинооператор ініміз Сағат та аппаратын қайта-қайта сыртылдатып, бәйгеге жүйрік қосатындай қимылында дамыл жоқ. Жалт етіп жақсы көрініс бола қалса, Сағат сыртылдатып түсіре қояды. Ол да ойнақы деталь, отты әзіл, жан жарығын іздейді. Сағаттан беріректе отырған ұйғыр театрының артисі Әдіраззақ та, дойрасын әлсін-әлсін сипап, оқта-текте дыңғыр еткізеді. Ұзын да салалы саусақтары салтанат биін демеп, сатырлата жөнелуге әзір. Бұдан үш жыл бұрын Әбдіраззақ екеуміз Үндістанға бірге барғанбыз. Керала штатында, үндінің айтулы шаһарларында болып, достық дастандардың, әннің, күйдің, бидің үлкен құштарлықпен табысқанына куә болып едік. Джавахарлал Нерудің, Тагордың Отанынан өшпейтін өнегелі өнердің өрісін көріп келгенбіз. СССР -дің, Қазақстан халықтарының қанатты өнерін, сәлемін апарып, қыруар достармен қауышып, мәртебеміз өсіп қайтқан. «Ту-154» - тің іші салқындай түсті. Бағана Ташкентке тоқтағанымызда қайнап тұрған аптап еді, салқын сусын ішіп, шөл басқанбыз. Енді Ташкенттен де ыстық Кабулге ұшып келе жатырмыз. Самолеттегі жолаушылардың жолдағы ермегі әр түрлі: біреулер газет-журнал, кітап оқиды, екіншілер өзара әңгіме айтысып отыр, үшіншілер шахмат ойнайды... Соның бәрін анда-санда естілетін стюардессаның даусы бөліп жібереді, ол орыс, ағылшын тілдерінде сайрап тұр. Екі стюардесса стакандарға құйылған алма шырынын таратып келеді. Енді біреуі салқын сусын беріп, жұрттың алғысын алып жатыр. Ойым сан тарапқа кетеді. Өткен мен бүгінді салыстырамын. Апыр-ай деймін, баяғыда біздің ата-бабаларымыз айлап жүрген керуен жолын біз бір сағатта басып өтеді екенбіз. Неткен жылдамдық, неткен ұшқырлық! Әлгі ертегі жырларда айтылатын «айшылық, алыс жолдарды - қас қаққанша алдырды» деген осы емес пе?! Көрші дос ел Ауғанстанға күміс қанат самолетпен көзді ашып жұмғанша ұшып жетеді екенбіз. Баяғының аспанмен алып ұшатын ұшқыр кілемі қазіргі «ТУ-154» сияқты самолет қой. Осы «алып қанат құс» бізді дос елге алып келе жатыр. 1978 жылы 26 апрель күні Апрель революциясы болды. Соңғы екі ғасырда ауған халқы басынан не кешірмеді. Ағылшын колонизаторларымен екі рет айқасып, ақырында өз тәуелсіздігін қорғап қалды. 1918 жылы Аманулла хан Совет өкіметінен көмек сұрайды. Екі елдің достығының бастауында В. И. Ленин болған еді. Біздің ел дүние жүзінде бірінші боп Ауғанстанның тәуелсіздігін таныды. Кабулге ұшар алдында бізді Москвадағы «Достық үйіне» шақырған-ды. Сонда білгенім -біздің Отанымыздың мәдени жетістіктерін насихаттау міндеті РСФСР, Украинадан кейін Қазақстанның үлесіне тиіпті. Міне, енді менің байтақ республикамның әншілері, бишілері, күйшілері, ақын-жазушылары сол ұлағатты міндетті орындау үшін Ауғанстанға асығып келеді. Біздің бұл делегацияны Қазақ ССР Министрлер Советі Председателінің орынбасары басқарды. Делегацияның құрамында жас құрылысшы, СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайырлы Шопанаев, бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, ақын Мұхтар Шаханов, жазушы Ақселеу Сейдімбеков, СССР халық артисі, дирижер Шамғон Қажығалиев, экономика ғылымының докторы Сайлау Байзақов және т.б. бар еді. Сәлден соң стюардесса: - қадірлі жолдастар, бірнеше минуттерден кейін біз Кабул аэропортына келіп қонамыз, белбеуді байлаңыздар, - деп ескертті. Самолеттің иллюминаторынан төменге көз тастаймыз. Ақбас таулар созылып жатыр. Иә, азғантай уақыттан соң біз ауғандық достардың құшағына енеміз. Жүрек те әлденеге асығып, дүрсілдей соғады. Төменде таулар көлбейді. Сол таулардың жыра, сайларында жасырынып оқ атып жатқан дұшпандар балаларды, шалдарды, мұғалімдерді өлтіруден тайынбай, қарапайым халықтың мазасын алуда. «Муштахеддиндер» - ауған халқының дұшпандары бейбіт өмір күндеріне күйе жағып, ақшаға, дүниеге жалданып, бейкүнә адамдардың қанын шашуда. Дегенмен ол жолбикелер түбінде жеңіліс табатынын білмейді. Ауған жеріне кімдердің атының тұяғы тимеген десеңізші, Шыңғысхан, Ақсақ Темір, Бабыр... Әнеки тау жолдары, үйлер, оймақтай болып көгілдір көл жатыр. «ТУ-154» тауларды бір-екі айналып, төмендей берді, төмендеген сайын жанымыз тыныштала бастады. Жоғарыдан қарағанда Кабул Алматыны елестетеді... Самолет енді қаланы айналды. Біресе тау, біресе қала суреті алма-кезек ауысады. Самолет әлі қонар емес. Бұ қалай, әлгі айтқан бірнеше минуті өтіп кетті ғой. Салонға күн сәулесі түсті де, іші жап-жарық болып кетті. Тағы да таулар, тағы да ашық алаңдар көрінді. Қонатын жері сол шығар, алаң шетінде автобус, машиналар тізілген. Иықтан басқан ұйқы аруды кейін серпіп тастадым. Сол жақ тұстан қаланың бір жақ шеті көрінді. Аэропортқа әлі жақындай алмай жүрміз. Неге? Ауа ашық, тұман жоқ. Әлгі көгілдір шаршылар және қайталанды, самолеттің гүрілі бірте-бірте бәсеңдеп, жер дидары жақындады. Арт жағыма көз қиығымды тастап едім, дирижер Шамғон Қажығалиев жанындағы әнші Жәнібек Кәрменов екеуі қалғып кетіпті. Таңғы ұйқы тәтті ғой! Онға дейін санай бастадым. Бір, екі... бес... он. Бесінші қатардан бір бала «ура!» деп, айқайлап жіберді, салон қол шапалақтады. Арамызда солдаттар да бар екен.

Стюардессаға тіл бітті: ─ Құрметті жолаушылар, біздің самолет Кабул аэропортына келіп қонды. Самолет әбден тоқтағанша орындарыңызда отыруларыңызды сұраймын. Рейс аяқталды. Бәріңізге жақсылық тілейміз! Самолеттен төменге қарағанымда әскери самолеттерді, вертолеттерді, тізілген солдаттарды көрдім. Кабулда ауаның температурасы отыз екі градус дөйді. Көгалда жайғасып, демалған кісілердің әңгімесі тыныштық күйін тербететін секілді, біздің газиктер, автобустар жүйткіп барады. Самолеттен түспей жатып - ақ Кабулдің ыстық ауасын бірден сезінесің. Самолет өзінің аялдамасына кеп тоқтады. Трапты күтіп біраз бөгелдік. Амантай Көпішев «Правданы» оқып отыр. Тыныштық, демон, бәрі жақсы болады деген сөз. Траптан түсе бере ауған достарымыздың құшағына ендік. «Қазақстан, Қазақстан, келуіңмен!» - деп құшақтайды. Күн ысиын деді, таможнияшылардың талабы бойынша біз анкета толтырамыз дегенше, күн шекені қыздыра бастады. Бізді күтіп алушылардың арасында көрменің директоры Қайырғазы Әділов те жүр. Маған көптен бері сағынған бауырым қарсы алғандай әсер етті. Ауған ағайындардың риясыз күлкілері, аэровокзалдың ызың-шуы, әкесін не шешесін көріп қуанған балалардың шат үндері, фотоаппараттардың сыртылы, автомашиналардың үздіксіз гүрілі - бәрі де тоқтамас тіршілік тамырындай дүрсілдейді. Таяқ тастам жерде таулар тізбегі көзге түседі. Бір құшақ тау гүлдерін ұстаған орыс әйелі бізбен бірге келген күйеуін қарсы алды. Күні бұрын хабар алса керек. Қандай ыстың, жарасты кездесулер десеңізші! Кабул аэровокзалдан басталады. Кәрі де, жас та ұлттық киімін киген, европаша киінгендер де аз емес. Киім, мода жағынан қарасаңыз, Шығыс пен Батыстың үлгілерін жиі кездестіресіз. Салқын су сатып жүрген шал да, бала да баршылық. Бірден көзге түсетіні -мұнда үлкен де, кіші де велосипедпен жүреді екен. Бәрі де қызық, қай жаққа қарарыңды білмессің. Ауғанстан жаңа өмір құрып жатыр, күресіп жатыр. Бұл үздіксіз ырғақты Кабул аэропортына табаныңыз тиісімен-ақ аңғарасыз. Жұрттың бәрі асығулы, уақыт күтпейді, алда қаншама істер күтіп тұр десеңізші. «Авгантур» деген аты бар әдемі, жұмсақ автобусқа кіріп кеттік. Арамызда Москвадағы «Достық үйінің» қызметкері Сергей деген жігіт бар. Жол басшымыз Юсуф (біздіңше Жүсіп қой) атты жігіт бізбен жылы шыраймен танысты. Ағылшынша ағып тұр. Өзімізден бұл тілді білетін Амантай Құлайбайұлы Көпішев. «Ауғанстанда өтетін күндеріңіздің пайдалы һәм мағыналы өтуіне бар күшімізді саламыз», - деді Юсуф. Ол қонақ үйге жеткенше бізді Кабулмен таныстырды. Қонақ үйге келіп түскенімізде бізді. Кабулдегі «Достық үйінің» қызметкерлері Василий Михайлович Терехов пен Владимир Михайлович Полоскин күтіп тұр екен. Бәріміз «Ариана» деп аталатын мейманханаға орналастын. Жаңағы екі қызметкердің біреуі Володя бізді жеке бір бөлмеге жинап алып, қысқаша кеңес берді.

Ұйқыдан таңғы сағат бесте бір-ақ ояныппын. Тау жақтан самал есіп тұр. Сағат алтыға дейін жазу жаздым. Төменге түссем, теледидар «Уақыт» программасын көрсетіп жатыр. Таныс жүздер. Анна Шатилова мен Евгений Орбенин. Одақтағы, дүниедегі ең соңғы жаңалықтарды беріп жатыр. Таңғы тамағымызды ішіп алдық та, қонақ үйдің жанына Мұхтар Шаханов, Ақселеу Сейдімбеков үшеуміз қыдырыстауға шықтың. Әңгіме барысы Үндістанға, сол елдің тарихына, Тәж - Махал жайына ауысып кетті. Бізді алып кететін автобус есік аузына келіп тоқтады, жапатармағай отырдың та, тартып кеттік. Кабул халқы ығы-жығы, ерсілі-қарсылы толқыған өзен секілді тоқтаусыз қозғалыста. Кейде оңнан, кейде сол жақтан ауғанша, ағылшынша жазылған ұран, транспаранттарды көз шалып қалады. Көзге жиі түсетіні қаз-қатар тізілген дүкендер, бәрі де таң қылаң бере ашылып, сауда-саттыққа кірісіп кеткен. Әр көше мүйісінде қарулы солдаттар жүр. Уақыт солай, бейбіт елдің мазасын алып жатқанда, қарусыз болмайды. Кабулдегі транспорттың кең тараған түрі - велосипед. Делиге барғанда да осындай көрініске тап болған едік. Велосипедпен жүргендердің колоннасы сабырмен аққан өзендей, ширатылып барып үзіліп жатады. Шегірткенің көшіндей қапталдаса, қатарласа тартып бергенде, дүниенің рахаты велосипед пе деп қаласың. Кабулдегі Советтік ғылым мен мәдениет үйінің алдына тоқтап, сау етіп түсе қалдық. Дәл осы жерден қазір қазақ жігітін ұшыратамын деген үш ұйықтасам - ойымда жоқ. Ал - Ч маты ауыл шаруашылығы институтының доцент! Қуанышбек Қарабаевпен Достық үйінде таныстық. Қазақ ССР күндерінің ашылуына студенттерін ертіп келіпті. Делегация басшылары, біздің елшіліктің қызметкері Володя, қазақ көрмесінің жігіті Әли бізден бұрын жетіпті. Залға қойылған екі теледидардан Советтік Қазақстан туралы кино жүріп жатыр. СССР халық артисі Бибігүл Төлегенованың таныс әуені бойды баурап алып барады. Кішкене қол босап кеткенде, Москвадан шыңнан «Дала рапсодиясы» деген өлеңдер жинағымды жолбасымыз Юсуфке қолтаңба қойып, жазып бердім. Қазақ ССР - інің көрмесі ашылды. Көрме қызметкерлері Қ. Әділов республика жайында, қысқаша мағлұмат беріп өтті. СССР - дің Ауғанстандағы елбасы Фикрет Ахмедзянович Табеев, Ауғанстанның мемлекет қайраткері, доктор Днахпта Ратебзад та келіпті. Қазақ көрмесі барынша жақсы ұйымдастырылыпты. Онда Қазақстанның экономикасы, ғылымы, техникасы, мәдениеті жан-жақты бейнеленген. Достық үйінің президиумында совет - ауған достығы комитетінің председателі, доктор Анахита Ратебзад, елшіміз Ф. А. Табеев, Қазақстан делегациясының мүшелері және ауғандық достар отыр. Ауғанстан мен СССР гимндері ойлады, А. Ратебзадтың әріптесі Гюльдый құттықтау сөз сөйледі. Біздің делегацияның басшысы жылы қабылдауға рахметін айтты. Достық күндері В. И. Лениннің туғанына 114 жыл толуына және Апрель революциясының 6 жылдығына арналған еді. Бұл күндер ауған - совет достығының отан сайын нығая түскендігіне дәлел болды. Тарих доңғалағын ешқандай күш кері бұра алмайды. Туысқан ауған халқы дұшпандармен күресе жүріп, жаңа өмірдің кірпішін батыл қалай түсуде. Қазақ, ССР - інің көрмесі Кабулде екі апта бойы жұмыс істеді. Қазақстан экономикасының атқарылып жатқан ауқымды істерін, ғылым мен техникадағы, мәдени саладағы қарышты қадамдарын насихаттайды. Партия мен үкіметіміздің қаулы-қарарларын, партия съездері шешімдерін қалай жүзеге асырып жатқандығын паш етеді. Сонымен ауған - совет достығының күндері өрісті өрнектей түсетін ізгі қадам болмақ. Митинг басталмастан бұрын көрмені аралап көре бастағанымызда, жалп етіп жарық сөніп қалды. Бәріміз де қорқып қалдық. Достық дидарына күл шашқысы келетін әлдеқандай бір дұшпандардың харекеті емес не екен деген ой келді. Шырпы жақтық, абыржыған жүздерге көзім түсті, бір-бірімізге онан сайып жақындай түстік. Кенет шам қайта жарқ ете қалғанда, бәріміз баладай қуанып, қол соқтық. Дәл осындай жағдай ана бір жылы Үндістанға барғанымда болған-ды. Керала штатына барғанымызда ғой деймін, үлкен залда қазақ өнерпаздарының концерті жүріп жатты. Ән-күйге, ал күй биге ұласып, зал қол соғып отырған. Сахнаға Қазақ ССР - інің еңбек сіңірген артисі Ботакөз Байжұманова шығып билей бастағанда, жарық сөніп қалмасы бар ма. Қапелімде сасып қалдық, кім біледі, тентектер ме, террористер ме, әйтеуір жақсы емес. Бірақ Ботакөз биін тоқтатқан жоқ. «Айжан қыз» биі алпыс екі тамырыңды бұралтып, қиялыңды алысқа тартып жалтаса берді. «Тоқтамағаны тәуір болды, жарайсың, Ботакөз, жарқылдай бер», - деп біз отырмыз. Әр тұстан қол шамдары жылт-жылт ете қалды. Бәрі де жарықтарын сахнаға қарай бұрды. Көп түкірсе, көл болар деген сол. Бүкіл зал қол -шамның жарығын жұлдыздай самғаған қазақ қызына түсірді. Ботамыз онан сайын шабыттанып кетті. Би аяқтала бергенде, жұрт ду қол шапалақтап, орындарынан тұрды. «Верп гу дансе», - деді қасымдағы үнді келіншегі, - яғни «өте тамаша би» - деді ол ағылшын тілінде. «Өте тамаша зал» дедім мен де ағылшынша тілімнің жеткенінше. Ол менің қолымды қысты. Достық деген ұлы сезімнің ыстық қуаты әйелдің алақанынан менің жүрегіме ауысты. Ол да бір ұмытылмас күндер еді. Үндістанмен үнді өнерімен табысып, туысып оралғанбыз. Мына бір жағдай сол бір сәтті есіме түсіріп жіберді. Москвадан Кабулге ұшар алдында өзімнің аспирант кездегі жетекшім, ғылым докторы Газанфар Юсуфоглы Алиевке жолығып, сұхбат құрғанмын. Ол кісі маған жолымды аша түсетін ағалық кеңестерін берген-ді. Бұрын корольдің кезінде Ауғанстанда болыпты. Қанша дегенмен Жол көрген азамат қой. Жүріп-тұру, сақтық жайын да ескерткен-ді, «жаман айтпай - жақсы жоқ» деген бар емес пе. Сол кісінің бір тапсырмасын орындадым. Осы Кабулдегі Совет ғылымы мен мәдениеті үйінде Роза Анаева дейтін түрікмен қызы қызмет істейді екен, соны кездестіріп, жетекшімнің сәлемін тапсырдым. Өзімен бірнеше минут сөйлестім. Москвада Шығыстану институтында аспирантурада оңыпты. Алиевті сол уақыттан бері біледі екен. Роза мен арқылы Газанфар Юсуфоглына ауғанның жас жазушыларының кітаптарын беріп жіберемін деді. Митингіден кейін біздің өнерпаздар концерт көрсетті, үлкен табысқа ие болды. Оны тек ауғандар ғана емес, Кабулдегі басқа елдер елшіліктерінің де қызметкерлері семьяларымен бірге келіп тамашалады. Менің сол жағымдағы чехтар қатты риза еді. Біздің әншілер мен бишілер талай көрермендерге таңдай қақтырды. Ауған әні мен биі орындалғанда, зал қоса тербетілін кеткендей еді. Нұрғали Нүсіпжанов, Жәнібек Кәрменов, биші қарындастарымыз бар өнерін салды. Біз сыртқа шыққанда өткінші жаңбыр себелеп өтті. Артынан күннің көзі көрінді. Автомат ұстаған төрт жас солдат қонақтарды алып келген машиналарды күзетіп тұр. Бұған таңдануға болмайды, өйткені сақтықта - қорлық жоқ қой. Жүк салатын жерге дұшпандар «бірдеңе» тастай салса, бітіп жатыр. Адамы да, дөңгелегі де аспанға ұшады. Бұл жағдайды бізге Москвада ескерткен. Кабулда оқта-текте күтпеген жарылыстар болып тұратынын естігенбіз. Біз осында жүргенде, бір бес қабат тұрғын үйді қопарып кеткенін көзімізбен көрдік. Автобусқа жайғастық, бетіңіз «Ариана» қонақ үйі. Оң-солымызда шағын дүкендер тізіліп қалып жатыр, олардан апельсиннен бастап жапон магнитофонына дейін табылады. Автомашина, велосипед жөндейтін шеберханалар да қаншама десеңізші! Бір дүкенде тек қана магнитофондар, келесісінде қалы кілемдер, киіздер, одан әріде үйілген жеміс-жидектер көз тұндырады, қай жатыңа қарарыңды білмейсің, Кабулдің саудасы жүріп тұр. Әсіресе кішкентай ауған балаларын айтсаңызшы, қай жерге барсаң да, домаланып, күліп алдыңнан шыға келеді. Араларында жүзі жарқыны да, мұңдысы, қуы да, аңқауы да бар. Май, көкөніс сатып зыр қағады. Үлкендеріне қарағанда, кішілері әлдеқайда жылдамырақ. Осынау балалардың балбыраған жүздеріне мұң көлеңкесі түспесе, оқыса, өссе, елінің керегіне жарайтын азамат болып шықса дейсіз. Бүгін бізді қаланы таныстыруға автобуспен алып шықты. Жаңбыр сіркірей жауып тұр. Жол басшымыз Юсуф пен өзіміздің Амантай. Екеуі қатар сөйлесіп келеді, біріншісі -айтады, екіншісі - табанда тәржіма жасайды. Кабул теңіз деңгейінен 1800 метр биікте орналасқан, Ауғанстанда 18 ұлттың өкілі тұрады. халықтың 18 проценті ауыл шаруашылығында істейді. Мұнда әр адам бастауыш білім алуға міндетті, ал жоғары білім алуды әркім жағдайына қарай көрнді. 1019 жылға дейін ауған халқы азаттық жолында ағылшын отаршыларымен күресіп келді. Халықты бастаған Аманулла хан жеңіске жетті, соның басшылығымен бірнеше прогрестік реформалар қабылданды. Баласы Падр әке жолын қуған жоқ. 1929 жылы және революция болды... Автобустағы жолбасшы сөзі үзік-үзік, өйткені ол Кабул қаласы жайында да айтып келеді. ─ Мінеки, СССР - дің көмегімен салынған микроауданымыз мынау, - дейді Юсуф бәрімізді оң жаққа қаратып. Шынында, үйлерді сәнмен салып тастаған екен, өзіміздің Алматының микроауданынан аумайды. Ауғанстанға біздің дәуіріміздің 7 ғасырына дейін ислам діні өнбеген, буддизм, зороастризм болған. Жетінші ғасырдың аяғын ала бере арабтар келген. Кабулды айнала қоршаған бір кездегі кәрі қорған көп жайды аңғартады. Қазір тек сол айтулы қорғанның жұрнақтары ғана қалған. Араб жолаушыларынан кейін ислам үстем дінге айналған. Юсуф бізге Пакистанға қарай баратын жолды көрсетті. Жаңа қаланың орталығына келдік. Ұлттық парктің тұсынан өттік. Бағанағы сіркіреген жаңбыр басылған. Шалдар мен жастар жүзімдікте еңбек етіп жүр. Одан әріде Гиндикуш таулары көсіліп жатыр. Таулардың ар жағында Шыбырғанда, Құндызды өлкесі бар. Кабул университетінің, Аманулла ханның резиденциясының тұсынан өттік. Ескі қала мен жаңа қаланы араладық. Қонақ үйге оралдық, келсек бізді қазақтар күтіп отыр екен. Бес адам. Үшеуі жас жігіт, ортасында ақсақалы бар. Сауда-саттықпен айналысады. Ақсақалдың есімі - Қылыш. Апрель революциясы кезінде мыңға жуық қазақ семьясы Иранға өтіп кетіпті. Қылыш Тамды жақтан екен, жырау ақын Балқы Базарды біліп отыр, ол жаққа барып қайтыпты, «үш айдай бұрынғы жерлерді араладым» дейді. Қылыш - сауатты кісі екен. Алматыға алты рет барыпты. «Сондағы «Отан» қоғамымен байланыс жасап тұрмайсыз ба» деді оған Сапарғали. Сапарғали сол «Отан» қоғамының шет елдермен байланыс жасау бөлімінің қызметкері, бізбен бірге келген. Арамыздағы жазушы Ақселеу Сейдімбеков қазақтың ескі күйлері мен әндерін орындағанда, шал күрсініп, көзіне жас алды. Қасындағы бір жігітті балам деп таныстырды, аты Жұмақан екен. Жұмақан Пакистанмен болған бір шайқаста манадан жараланып, екі саусағын жұлып кетіпті, оң көзі көрмей қалыпты. Кешкісін қонақ үйдің екінші қабатында Әбілсейіт Айхановты кездестірдім, жанында Нұрғали Нүсіпжанов бар. Ауғанстанға келгеніне бір жыл болыпты. Ауғанның талантты жеті жігітін келесі Олимпиадаға күреске әзірлеп жүр екен. Оны Мұхтар Шаханов пен Ақселеу Сейдімбековке ертіп бардым. Олар да туған ағасын көргендей құшақтасып, мәре-сәре боп қалды. Әбілсейіттің ерткен екі жігіті - Қуанышбек пен Өміртай осында, Ауғанстанға жұмыс істеуге келіпті. Ылғи бір сайдың тасындай іріктелген жігіттер. Кабулдегі қазақ жігіттерінің ағасы Әбілсейіт екен. Сирек болса да, анда-санда, өздері бас қосып тұратын көрінеді. Бір кісінің баласындай бірін-бірі іздегендері жарасып тұр. Мейманханаға Мұхтар мен Ақселеуді алып кетуге жеңіл машина келді. Оларды Ауған жастар одағының секретары Фарид Маздақ шақырыпты. «Комсомольская правда» газетінің Ауғанстандағы тілшісі З. Юсупов олармен бірге ере кеткен-ді. Біз қалалық экскурсиядан қайтып оралсақ, олар әлі келмепті. Бізден жарты сағаттан кейін ғана оралды. Аман-есен келгеніне қуандық. Кабулдің о жер, бұ жерінде әр түрлі жағдайлар бон жатады дегенді естігенбіз. Дұшпандар тыным таппайды, күні-түні қастандық ойлайды. Біздің жігіттерді жастар ұйымының бірінші секретары Ахмад қабылдапты. 1951 жылы туылған оның көрмеген азабы жоқ десті. Дұшпандар оны сан рет азаптаған, ақырында Ахмад амалын тауып, пәренжі киіп қашып шыққан. Әңгімелері қызықты өтіпті. Мұхтар мен Ақселеуге ауған ақындарының жыр жинақтарын сыйлапты. Кабулде ауған жастарының баспасы бар екен. Ертеңіне Кабул нан комбинатына бардық. Кездесу басталар алдында менің жаныма бидай өңді, дөңгелек жүзді қарындас келіп, қазақша сәлемдесті. Таң қалғаным соншама, бетіне қарап қалыппын. «Жолың болсын қалқам, Кабулде қайдан жүрсің?» деппін. Зағипа Қызылорда қаласынан екен, Ыбырай Алтынсарин мектебін бітіріпті, Зағипамен сөйлесіп, рақаттанып қалдым. Кабул пан комбинатындағы достық митингісі басталып кетті. «Алмаата - строй» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайырлы Шопанаев сөз сөйледі. Осы нан комбинаты, автотранспорт шаруашылығы, минералды тыңайтқыштар өндіретін завод СССР көмегімен салыныпты. Станоктар, металл, электр - техникалық құрал-жабдықтар жіберіп тұрады екенбіз. Ауғанстан үшін сан-салада маман кадрлар дайындау барысында Қазақстан үлесі де баршылық көрінеді. Қ. Шопанаев Кабул нан комбинатына Қазақстан наны туралы кітап тапсырды. Концертіміз басталып кетті. Біздің биші қыздарымыз ауған биін билей жөнелгенде, комбинаттың екі жұмысшы жігіті оларға қосыла кетті. Кісінің көз жанарын қуантатын тамаша көрініс. Құрманғазы оркестрін бастап келген Шамғон Қажығалиев ағамыздың жанына бардым. Мені тезірек жіберуін өтіндім. Олай дейтінім, бізді Кабул университетінің ректоры, белгілі ауған жазушысы Асадулла Хабибпен кездесуге шақырып қойған еді. Күні, сағаты белгілі, ендігі мәселе соған кешікпей бару еді. Сөз реті маған тиді. Ауған тілінде қысқаша кіріспе сөз айтып, Ауғанстанға арнаған өлеңімді оқып бердім. Жүрегім қатты дүрсілдеп кетті. Кабулде ең алғаш рет жұрт алдына шығуым еді. Қанша дегенмен бұл да азаматқа бір сын ғой. Машина келіп тоқтады. Сағат он екіде университетте болуымыз керек, Мұхтар екеуміз жүріп кеттік. Рульде Кабулдегі Советтік ғылым мен мәдениет үйінің қызметкері Василий Михайлович Терехов отыр. Кабулде светофор аз, машина көп. Әрқайсысы жақсы, жайлы орын алғысы келеді. Біздің көзіміз қызыл, көк, жасыл түске үйренген, бізде жол жүру тәртібі де өзгешелеу ғой. Василий жас жігіт, рульді ұстағанына екінші жол екен. Біз оған асықпа десек, ол үлгермейміз деп, жылдамдықты үдете түседі. Бізге қорқынышты көрінеді, ал Вася миығынан күліп қояды. Уақытынан сәл ертерек жеттік. Бірнеше минут кідіре тұруға тура келді. Ректор өте бір шұғыл іспен айналысып жатыр десті. Секретарі ер кісі екен, бізді ректордың кабинетіне шақырды. Ректор жылы шыраймен қарсы алды. Асудулла Хабибті бұдан он жылдай бұрын Москвада, СССР Ғылым академиясының Шығыстану институтында көргенмін. Екеуміздің де жетекшіміз Газанфар Юсуфоглы Алиев болған еді. Асадулла Ауғанстанда ғұмыр кешкен Бедиль ақынның творчествосын зерттеумен айналысты, содан кандидаттық диссертация қорғады. Содан кейін туған еліне аттанып кеткен. Орталық газет-журналдардан әр жылдары А. Хабибтің өлең, әңгімелерін оқып жүрдім. Мінеки, енді он жылдан кейін Кабулде қауышып отырмыз. Асадулла коп өзгермепті, сәл толыса түскен. Сол баяғы жымиып тұратын жылы жүзі, мейрімді жанары. Алдымыздан шығып, жылы шыраймен сәлемдесті. Ректормен енді сұхбаттаса бастағанымызда үш кісі келді, университетте сабақ беретін ұстаздар болса керек, ол бізден кешірім өтінді. Олар ректормен өзара дари тілінде сөйлесті. Менің ұғып қалғаным қолайсыз жағдай, университеттің бір оқытушысы жүрек аурудан қайтыс болыпты. Туған жері Мазари Шарифтен, ал Кабулде туысқандары жоқ дейді, ендігі әңгіме марқұмды жерлеу мәселесі жайына ойысты. Жаңағы үшеуі шығып кеткеннен кейін кеңесімізді әрі қарай жалғастырдық. Кабул университеті жайында біраз ақпар алдық. Асадулладан творчествосы туралы айтуын сұрадым. ─ Соңғы кезде столға отыруға қол тимей кетті, - деді ол, - бүкіл уақытым университетпен кетеді. Шаруа қыруар, көбін қайтадан құру керек. Оқытушыларымыздың 80 проценті батыста оқыған. Сондықтан алдымен олардың өзімен өлшеусіз жұмыс істеу қажет, араларында саяси-мәдени деңгейлері әр түрлі адамдар бар, біздің идеологиямен келіспейтіндері де табылады. Сіз бірнеше өлең, проза кітаптарының авторсыз, шетел тілдеріне де аударылды. Кешегі күнге дейін Ауғанстан Жазушылар одағын басқарып келдіңіз. Сонда творчестводан қалай қол үзесіз?

Бұл сұрағымызға Асадулла жымиып қойды да: ─ Жоқ, қол үзгем жоқ. Түнде жиі отырам, күндіз уақыт жоқ. «Орақ пен қолдар» деп аталатын повесть жазып бітірдім. Негізгі кейіпкерлерім - студенттер. Солардың бір тобы Лагман провинциясына барып, контрреволюционерлермен күреседі, мектепте сабақ жүргізеді, спорттық ойындар ұйымдастырады, базарға барып, саяси әңгімелер өткізеді. Күн-түнмен санаспай жанқиярлық еңбек етеді. Тіпті олар кейде шаруаларша киініп, контрреволюционерлер арасына кіріп те, жұмыстар жүргізеді... Аман болсақ, басқа да ойлар бар... ..Қай жерге барсақ та он сегіз жасар Самад бізден қалмайды, қолында автоматы, кірпік қақпай күзетеді. Үйленбеген екі ағасын дұшпандар өлтіріп кетіпті, содан Самадтың кеудесіне кек қатып қалған. Революция ісіне берілілген бала бізге бауыр басып кетті, одан азын-аулақ сый-сияпатымызды аяғанымыз жоқ. «Біз сіздерді аэропортта автоматпен қарсы алғанымызды айыпқа бұйырмаңыздар, - дейді ол, - Ауғанстанда социализм орнайды, келесі келгендеріңізде мүмкін қару орнына құшақ-құшақ тау гүлдерін алып шығармыз - ау!» Ертеңіне біздің артистер совет әскерлерінің арасына барып, ойын-сауық қойып берді. Олармен Мұхтар Шаханов екеуміз де бардық. Жауынгерлердің офицерлердің ортасында болып, әңгімелерін тыңдадық. Жауынгерлер клубқа тез жиналды. Бәрі де совет елінің ән-күйін, биін сағынып қалыпты. Көздері жайнап, қол шапалақтарын аямайды. Концерт аяқталған соң біздің жанымызға бір топ қазақ жауынгері келді. Қайрат, Асқар, Жақсылық екен аттары. Біреуіне қалам сыйладым да, ауылға құрғатпай хат жазып тұр дедім. Біздің байтақ Отанымыздың тұс-тұсынан келген жастар интернационалдық борыштарын абыроймен атқарып жатыр екен. Біреулеріне әскерде болғанына бірінші, кейбіреулеріне екінші жылға аяқ басыпты. ─ Жігіттер, Ауғанстанға келгелі дұшпан көргенім жоқ, солар қайда болады өзі? - деді жанымызда тұрған ұйғыр артисі Абдраззақ. ─ Дұшпан анау таулардың арғы жағында жасырынып жатыр, - деді оған прапорщик Осипенко, - күндіз жатып, түнде жортуылға шығады. Таудың жыра - қиясы толған мина.

Күндіз бақылап алған объектісін дұшпан түнде нысанаға алады... Бұдан соң Кабул медициналық институтындағы кездесу қызықты өтті. Институт Әбу Әли ибн - Сина атында екен. Ректор қысқаша сөзбен кездесуді ашты. Бізден филолог Лениншіл Рүстемов сөйледі, мен Ауғанстанға арнаған өлеңімді оқыдым. Артынан «Чатри, чатри гүл асти дохтори Кабул» деген әзіл өлеңді айтып едім, жұрттың шек-сілесі қатты. Мұны маған біздің жолбасшымыз Юсуф үйреткен-ді. Студент қыздар, жігіттер қатты қол соқты. Түстен кейін Кабулдегі «Интер - Континенталь» деп аталатын европалық стильде салынған мейманханада баспасөз конференциясы өткізілді. Бұл конференцияға Қазақстан делегациясы түгел қатысты. Журналистер, мәдениет әдебиет майданының өкілдері келді. Делегация басшысына бір қатар сауалдар қойылды. Ауғанстан халықтық - демократиялық партиясы Орталық Комитетінің органы «Хакикате ингилабе саур» («Апрель революциясының шындығы») газетінің тілшісі: ─ Сіздер Ауғанстанға Апрель революциясының 6 жылдығына орай келдіңіздер, осы жайында не ойлайсыздар? - деген сұрағына біздің делегация басшысы толымды жауап қайтарып, бәріміздің айтар ойымызды қорытып бергендей болды. ...Баспасөз конференциясы жүріп жатыр, ал біз болсақ алаңдап отырмыз, өйткені кеше Кабулдегі «Ариапа» деп аталатын кинотеатрда тапа - талтүсте қопарылыс болыпты. Кино көріп отырған сексен адам өліпті. Дұшпандардың әрекеті бұл халық арасына үрей салып, Апрель революциясына кедергі болмақ. Ауған теледидары сол «Ариана» кинотеатрында болған жағдайды түгел көрсетіп, жауыздардың іс-әрекетін әшкереледі. Кешкісін қонақ үйде қонақасы берілді. Бұл бір риясыз, рауанды кездесу еді. Ауған - совет халықтарының достығы жайында жанға жайлы, жылы сөздер айтылды. Достық туралы дарқан сөз бұралған биге, әнге ұласты. Ауған биі, әні орыстың, қазақтың ән-күйімен ажырамастай араласып, жиналған жұртты жадыратып жіберді.. Біздің биші қыздар «Қамажайды» сызылтқанда, Ауғанстанның сол кездегі сыртқы істер министрінің қосыла билеп бергенін көрсеңіз, неткен жарасты көрініс еді деп, көпшілік қошеметпен қол соғып тұрды. Алпысты алқымдап қалған ақ басты министр біздің бишіміз Баснламен шыркөбелек айналғанда, жиырма бестегі жас жігіт екен деп қаласыз, «Құйынша қалай жеңіл қозғалады, қартың!» дестік. Біріккен ауған - совет автотранспорт мекемесіне келгенімізде, Алматының бір автопаркіне келгендей әсерге бөлендік. СССР - дің көмегімен салыныпты. АФСОТР - да совет және ауған автотранспортшылары бірге қызмет етеді. Әдемі сәулетті үйге барлық жабдықтар сыйып кеткен, керек-жарақтың бәрі бар. АФСОТР - дың қасынан тауға қарап жол шығады. Әрбір 300 метр сайын ауған жауынгері күзетте тұр. Бұл түсінікті жай, себебі автобустарды дұшпандардың шабуылынан қорғайды. Осында келген кезде де біз мінген автобустың жүргізушісінің қасында қолына автоматын қысып ұстап Самад отырды. Сақтықта - қорлық жоқ. Күн ыстық. Төбе құйқаны шыжғырып барады. Анау таулардың етегінде әйелдер ер кісілер, балалар жерді өңдеп дән себуде. Тіршілік тоқтамайды деген осы - ay. Әуеде әскери вертолет қалықтайды. Тұрғын халықтың бейбіт еңбегін қорғап жүр. Тау жыраларын, жолдарды күзетеді. Дұшпан оқ атса, қапы қалмауға тиіс. АФСОТР коллективі бізді көптен күткен қонағындай, жылышырай көрсетті. Әуелі митингі өтті, екі жақтан да шешендер сөйлеп, достық аспанын және бір биіктетіп жіберді. Митингі жүріп жатқан кезде шам сөніп қалды, 15-20 минуттей күте тұруға тура келді. Бізді қорғауға жауапты Самад пен Мұхаммадтың мазасы кетті. Кез келген сәтте автоматтарының шүріппесін басып жіберуге әзір еді. Кім біледі, достық шырайына қылау түсіргісі келген әлдеқандай арам ойлы біреулер жарықты сөндіріп, әрекетке кірісуі мүмкін. Бірақ халық сасқан жоқ, жарасты сөзіміз жалғаса берді. Кездесуде Мұхтар Шаханов екеуміз өлең оқыдық. Жарық қайта жанды. Жүрек орнына түсті. Қазақтың, тәжіктің, ауғанның ән-билері АФСОТР - ды үлкен бір ғажайып оркестрге айналдырып жібергендей еді. Нұрғали Нүсіпжанов, Жәнібек Кәрменов, Абдіраззақ Хамраев қай жерде, қай ортада болмасын, тыңдаушыларын дән риза етіп отырды. Кешегі қонақ үйдегі қонақасында Нұрғали ауғанның «Гуджарати» деген әнін салып, бір дүрілдетіп еді. АФСОТР жұмысшыларымен туысқандардай табысып кеттік. Кешкі сағат бес кезінде біздерді ауған қоғам қайраткері, ауған - совет достық қоғамының председателі Анахита Ратебзад ханум қабылдады. Екі ел достығының егіз пернелері шертілді. Қонақ үйге келгенімізде бізді бір топ ауған өнерінің қайраткерлері тосып тұр екен. Оларды Ауған өнер одағының председателі Абдулхалик бастап келіпті. Арасында суретшілер, композиторлар, қылқалам шеберлері бар. Дөңгелек столдың басында өткен сұхбат кино, көркем әдебиет, сурет, қарым-қатынас жайын қамтыды. «Қазақфильмнің» бас суретшісі. И. Қарсақбаев, профессор Шамғон Қажығалиев, жазушы A. Сейдімбеков және басқалар кино, өнер, әдебиеттер байланыстары хақында көптеген ойларын ортаға салды. Документті киномыз жөнінде кинооператор Сағатбек Махмудовтың да әңгімесі ортақ ойды байыта түсті. Ертең елге қайтамыз. Бір жеті бір сағаттай болмай зымырап өте шығыпты. Кабул B. И. Лениннің туғанына 114 жыл толуын және Апрель революциясының 6 жылдығына әзірленіп жатты. Біз сол үлкен әзірлікке кішкентай болса да үлес қосып үлгердік. Ауған тауларында атыс әлі толастаған жоқ, революция солдаттары әлі құсұйқылы, жан аямай елін, жерін қорғап жүр. ...Бізді аэропортқа шығарып салушы ауған достарымыздың арасында автоматын тастамаған Самад пен Мұхаммад та бар. «Келесі келгендеріңізде алдарыңыздан автомат емес, гүл шоғын алып шығамыз» дейді Самад берік сеніммен. Біз оған сенеміз. Біз болаттай достыққа, Ауғанстанның келешегіне, екі көрші елдің ынтымағына сенеміз. Біз ержүрек ауған халқының жеңіске жететіндігіне кәміл сенеміз.

Алматы - Москва - Ташкент.
1984 жыл.

ЕКІНШІ САПАР

КАБУЛ ҚҰШАҒЫНДА

Кабул күні тастөбеден жалын төгіп тұр. Самолеттен түскен бойда төбең мен табаныңды ыстық шарпып жүре береді, көлеңкеге жеткенше тынысың тарылып, терге малынып, бет орамалыңды бес сығып аласың. Бұдан үш жыл бұрын келгенімде де аэропорттан автомат ұстаған адамдарды көріп, аң-таң қарап қалғаным бар. Бұл жолы, тіпті көбейіп кетіпті. Бір қолымен автоматын ұстаса, екіншісімен қарсы алған қонағына гүлін ұсынып үлгіреді. Самолеттен сау етіп түсе қалған СССР Жазушылар одағының делегациясын ауғандық ақжарқын достар жылы құшаққа алды. Бұл жақта ер кісілер үш рет төс түйістіріп амандасады. Риясыз көңілдің, дос пейілдің белгісі. Ауғандық ағайындардың арасында өзіміздің осындағы елшіліктің өкілдері де жүр. Ким Николаевич Селихов (делегация жетекшісі), Вера Борисовна Феонова (СССР Жазушылар одағының Түркия, Ауғанстан, Иран әдебиеті бойынша кеңесшісі) екеуінің амандасуы ерекше көрінді. Бұл екеуі Кабулге ат ізін жиі салып тұрады, туысқандардай ынтымақтықтары сүйсіндіреді. Ауғанстан Жазушылары одағының негізі қаланың қалыптасуына Ким Селихов пен Вера Феонованың еңбегі ерекше дескен. Сол сөздің шындық екенін көзіміз көрді. Менің есіме Сейф Сарайдың «Шамаң келсе ізгілік істе, ізгілік пен әділдік өлмейді» деген сөзі түсті. Сен келместен бұрын жолыңды ашып, жоба көрсете келген жақсы жолдасты көріп, төбең көкке екі елі тимей тұрады. Аэропорттан бері шыға бере Ауғанстан Жазушылар одағының халықаралық байланыстар жөніндегі хатшысы Ғайрат өзбек әріптесім Сапар Барноев екеумізді сөзге тартып, ішімізді елжіретіп үлгірді. Москвада оқыпты. Сыпайы, мәдениетті сөйлейді. Білімі, дайындығы бар жігіт, Ауған мәдениетінің, әдебиетінің болашағы осы Ғайрат замандастарының қолдарына кеше бастағандығы сезіледі. Максим Горький жайында дастан жазып бітіргенін айтты. Жалпы ауған жазу өнерінің кешелі, бүгінгі буынына Маяковский, Горький, Есенин творчествосы айтарлықтай ықпал-әсер беріп келе жатқандығы байқалды. Москвадан бері жолға шығарда СССР Жазушылар одағынан «Жувандым» («Өмір») деп аталатын ауған журналын қарап шыққанмын. Дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерінен үзінділер жариялап отыруды үрдіске айналдырыпты. Арасында Шыңғыс Айтматовтың әңгімесі де жүр. Ауғанстан Министрлер Советінің қонақ жайына келіп тоқтадық. Сапар екеуміз бірге жайғастық. Москваның Добролюбов көшесіндегі жазушылар түсетін шағын мейманханада танысқанбыз. Балалар ақыны әрі прозашы. Өзбекстан Жазушылар одағының Ғафур Рулам атындағы сыйлығының лауреаты. Сыртқа шығып тұрғаны бірінші рет екен. Түскен үйінен бұрын бір адамның екі қабат жекеменшік үйі болса керек, революция кезінде Америкам тайып тұрыпты. Ғайрат бізді алдын ала жасалған программамен таныстырды. Көбіміздің көңілімізден шықты. ─ Бұл қатып-семіп қалған жоспар емес. Кейбір тұстарына жағдайдың ретіне қарай өзгеріс ене қалса, айыпқа бұйырмаңыздар, неғұрлым сіздерге тиімді болу жағын қарастырдық, -деді Ғайрат, - әлі де өздеріңізбен сөйлесе келе ұштай түсерміз, оның үстіне даладан шаршап келдіңіздер. Расында да Москвадан Ташкентке, одан Кабулге ұшып келе қалу оңайлыққа түспейді. Түс ауа бергенде бізбен әңгімелесуге Ауған Жазушылар одағының председателі, ақын Панджири келді. Сырттай атын көп естігенім болмаса көріп тұрғаным осы. Бізбен құшақтасып сәлемдесті. Жасы алпысты алқымдап қалған - ау.

─ Шырын қалай, денсаулығы жақсы ма? - деді Вера Борисовна.
Шырын зайыбы болса керек.

─ Панджири ағылшын тіліне судай, - деді Валерий Поволяев - Браззавильге барғанда апартеид режимін сынап сөйлеген сөзі әлі есімде. Біз сонда нағыз солдаттарша жұмыс жасадық қой. ─ Сол сайыстың өзі кәдімгі мылтықсыз майдан ғой, - деді Панджири. - Біз Михаил Сергеевич Горбачевтің инициативасын қолдадық. «Жазушылар апартейдті әшкерелейді» деген мақалам «Хакикате инкилабе саур» газетінде жарияланды. ─ Қалай көршілеріңіз мазаны кетірген жоқ па? - деді Ким Селихов, - жуырда Ауғанстан сыртқы істер министірінің мәлімдемесін оқыдық қой деймін. ─ Иә, ирандықтар ауған қашқындарын бері қарай өткізбей, қиындықтар туғызуда. Олар ауған шекарашыларын атқылайды. Иранда ауған тайпалары бар ғой. Бұдан бір ай бұрын Кандагарда күрделі әскери операция жүзеге асырылды. Бандылардан тазартылды. Қазір Кандагар тұрақты бақылауға алынды. Герат, Кандагар, Кабул қауіпсіздігі тиянақты. Қазір Кандагарда құрылыс басталды. Дұшпандар соны көре алмай ракета жібереді. Кейде біздің сақтығымыз сәл жетпей қалса, олар сол сәтті дереу пайдалана қояды. Әлгі «Стингер» деген пәлесін лазер ұстай алмайды, он бес килограмм салмағы бар, үш жарым шақырымға дейін барады әрі төмен ұшады. Біз де төмен әрі түнде ұшатын болдық, сонда ракета тимейді. ─ Бұдан кейін жақсы өлеңдер жазуға мұрша бола ма? - деді Вера Борисовна жымиып. ─ Шынында да, мен бір топ тәуір өлең жазып жарияладым, - деді ауған ақыны, - біздің ауған қаламгерлері ашық ток өткізгіш сым секілді, кезі келгенде қуат алып, жарылуға әзір. Сондықтан мұндай жағдайда сақтық керек. ─ Москва жазушыларының да бүгінде айтары, жазары жеткілікті, - деді Герольд Регитан, -қайта құру, жариялылық, шындық қуатына кіре бастады. ─ Түлеу, жаңғыру, жаңару жаңа кейіпкері бар кітаптар тудыруы мүмкін, - деді Панджири. ─ Бірақ, әлі бізде екіжүзді адамдар бар, - деді Регистан ағынан жарылып. - Біреу бар жиналыстарда қол соғып, қол көтереді, шыға бере уәдесін ұмытып кетеді. Сондай біреулер етектен тартады. Өзара жәрдем, көмек жайы әңгімеленді. Ауғандық достар СССР тарапынан көрсетіліп жатқан жан-жақты жақсы жәрдемге алғыстарын жаудырды. Ауғанстанның 30 қаласы Совет Одағының сонша қаласымен туыстасып кетіпті. Мектеп, аурухана, су торабын салу, азық-түлік, машина, металл, ауыл шаруашылық техникасын, электр - техникалық өнімдер жағынан қол үшін беруде Қазақ ССР - і, Өзбек ССР - і, Тәжік ССР - і үлкен достық арнасын салыпты. Қазақстанның 20 өнеркәсіп орыны Ауғанстанға өз өнімдерін жіберіп тұрады. Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент заводтары мен комбинаттарын Ауғанстан ілтипатпен атайды. Алматының жоғары оқу орындарында 187 ауған қызы мен жігіті оқиды. Ауғанның 400-дей жетім балалары бүгінде Түркістанның, Қаратаудың мектеп-интернаттарында совет балаларымен бауырласып кетті. Қазақстанға соңғы жылдары ауғанның партия, кәсіподақ, шаруа, жастар делегациясы келіп қайтты. 1986 жылы Ауғанстан халықтық -демократиялық партиясы Орталық Комитетінің үш делегациясы Талдықорған, Қарағанды, Жамбыл облыстарын аралады. Ауған ақындары мен жазушылары Абдулла Бахтанай, Абдул Хаким Зая, Абдул Рауф Венава, Абдул Қадырхан, Зия Кариязада, Садикулла Риштин, Хушкархан Каттак шығармалары, ауған ертегілері қазақ тіліне тәржімаланды. 1984 жылы апрель айында Апрель революциясының алты жылдығына арналған ауған - совет күндері үлкен табыспен өтті. Кабул қазақ өнерпаздарына қол соққан. Мен сол күндерге қатысып, көптеген достың кездесулердің куәсі болған едім. Бұл келуім екінші рет болатын. Осы жаққа жүрерімнің алдында ғана бірер күн бұрын Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде Ауғанстанның Заболь және Урузган аймағынан келген делегациямен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Г. В. Колбин жолдас кездескен болатын. Бұл делегация Шымкент, Қарағанды облыстарында болып, достық көмек жөніндегі келісімге қол қойысқан. Енді сол көп ұлтты, ынтымақты республикам -Қазақстанымның аты алдымнан шыққан сайын балаша қуанып, бауырлардың қолын қатты қыса түсемін. Совет қалаларының көрші елге көрсетіп жатқан жәрдемі 2 миллиард афганидан асқанын естідік. Саманган, Джурджан сияқты аймақтарға көмек керуені жетіп үлгеріпті. Әңгіме желісі елден - жерге, жерден - саясатқа, саясаттан тарих қойнауына ауысып кете барады. ─ Дүниедегі жағдай күн сайын жылдам өзгеріп жатады. Саяси қайраткерлерге қиын тиіп отырған жоқ па? - деді Ким Селихов.

Панджири іле тіл қатты: ─ Ф. Энгельс Ауғанстанды аңтарып зерттеген ғой. Бұдан бір жарым ғасырдай бұрын айтқан сөзі бүгін айтылғандай емес ие. Ал ағылшындар 220 жылдан астам уақыт ауғандардың тізесін бүгетін болды. Бірінші ауған - ағылшын соғысында - ақ 18 мың жау жер жауып қалды. Халық әрқашан да бостандық сүйгіш дәстүрін қорғауға талпынады, күреседі. Ақсақ Темір, Шыңғысхан, Александр Македонский әскері ауған жерінен жеңіліс тауып, тауы шағылын, тозып кеткен жоқ па. Кабулды айнала қоршаған бір кездегі кәрі қорғанның қалдықтары соны байқатады. Ағылшындар ауған халқының ілгері басқан көшін кері қайтармақ еді, онысынан түк те шықпады. Тарихтан тура әділетті ұстаз бар ма? Жуырда мен Добролюбовты қайта қарағанымда, Ауғанстан жайында жазған екі мақаласына тап болдық. Сыншының бір мақаласы: «...100 мың фунт-стерлинг желге шалынып, 30 мың жас адам шейіт болды. Бұндай соғыс кімге қажет?» деп аяқталыпты. Ол 19 ғасыр ғой. Бүгін айтылғандай.

Папджири тағы да тарихқа түсіп кетті. ─ 1879 жылы орыс елшілігі Кабулге келген. Ол жөнінде әскери дәрігер А. Яворивскийдің кітабы бар. Өкінішке қарай, бұл кітап жайында ешкім білмейді. Ауғанстанға алғаш келуші орыс адамының бірі сол еді. Қазақтардың азғантай отрядімен ол Кабулге екі ай дегенде зорға жетісін. Артынан орыс елшілігі келсе керек. А. Яворивский кітабында Король сарайындағы қастандық хақында қызық деректер келтірілген. Корольдің он алты жасар мұрагері өлтіріледі. Ширали оны Яворивский өлтірді деген өсек таратып жібереді.

─ Мынау бір романның сюжеті ғой, - деді Станислав Куняев қызыға түсіп. Панджири қазіргі совет әдебиетіндегі жаңалықтар жайын сұрастырды. Ким Николаевич КПСС Орталық Комитетінің Бас секретары М. С. Горбачевтің творчестволық интеллигенция өкілдерімен кездесуін түгел айтып берді. Ғайрат арқылы бұл ұшырасудың мән-жайы Панджириге тәуір жетті - ау деймін, басын изеп, ризалық сезімін білдірді. Даяшылар алдымызға көк шай, қара шай, мәйіз, жаңғақ әкеліп қойды. Аптап ыстықта тамақ жібітіп сөйлемесең, таңдайың теуіп, құрған кетеді. Әңгіме аралатып шайға қол созамыз. Валерий Поволяев «Ауған күнделігі» дейтін үш автормен бірігіп жазған кітабының төрт данасын Панджириге ұсынды. Ауғанстан батыры, ұшқын Ширзаминге ала келіпті. ─ Ертең Армия және тәуелсіздік күні, мүмкін сонда Ширзаминге жолығып қаларсыздар, -деді Панджири. ─ Біз, ақындар, жұмыс істеуге келдік, өлең оқимыз, өлең аударамыз, - деді Регистан.

─ Мен тамаша ақындарды, аудармашыларды ерте келдім, - деді Селихов. ─ Осы сөздерді өзіміздің одақта бізге жиі айтса ғой, теріс болмас еді, - деді Куняев жымың етіп.

─ Алыста айтылған сөз салмақты, күштірек естіледі, - деді Ким. ─ Осында ауғанның аудармашылары, ақындары бар. Мен де ақынмын, аударайын, - деді Панджири. Мен «Москва» журналының поэзия бөлімін басқарамын, жариялауға мүмкіндік бар, - деді Регистан. Төрт ақынның ішінде жалғыз прозаикпін, - деді К. Селихов, - бір кезде мен де өлеңмен бастаған едім. Әлі есімде, соғыстан кейін үш дәптер толы өлеңдерімді алдым да, Москваға Константин Симоновты іздеп бардым. Вокзал да ұйықтап жатқанымда нан алатын карточкамды ұрлатып алдым. Қайтайын деп жүргенімде Симоновқа жолығып қалдым. Паркте екеуміз екі жарым сағат сөйлестік. Маған уақытша да тоқтауға кеңес берді. Содан былай өлеңді қойып кеттім.

─ Ғалым бола алмаған да ақын, қолынан проза келмеген де ақын, - деді Вера. Ғайрат манадан Регистан жүзіне аңтарылып қарап қалып еді, неге қарағанын жасырмады.

─ Сіздің кескін-келбетіңіз Шығыс адамына келеді, - деді ол.
Регистан күлді.

─ Шешем - орыс, әкем - армян, әжем - парсы, сосын Шығыс адамына мен ұқсамағанда, кім ұқсайды?! ─ Оның әкесі Эль-Регистап СССР мемлекеттік Гимнінің авторы, кейінгі кезде ғана есімі айтылып жүр. Сергей Михалков екеуі бірігіп жазған.

Ғайрат әрі тыңдап, әрі сауал беріп, әрі пушту-дари тіліне тәржімалап отыр. ─ Гимнді бірінші рет 1943 жылдың август айында естідім. Әкем 1945 жылы 44 жасында қайтыс болды, - деді Герольд. ─ Біз шынын айтсақ, Регистан үшін, денсаулығы үшін қорықтық. Өйткені оның Солтүстік флоттан келген беті еді, оның алдында Россияны аралап қайтқан-ды. Ауғанстан туралы естігенде, шаршап-шалдыққанына қарамастан, «барамын» деді. Бұл да болса ақындық ерлік белгісі, - деді Валерий Поволяев шалдың арқасынан қағып. Пандягари оны қостады: ─ СССР Жазушылар одағына рахмет! Сіздер біздің творчестволық интеллигенциямызға рух бересіздер. Сіздермен болатын ұшырасулардың жөн-жобасын жасап қойдық. Шамаң болмас деп ойлаймыз.

Ким қуаттай сөйледі: ─ Дұрыс. Біздің де ой сол қызық адамдармен дидарлассақ, сұхбаттассақ деген. Кейін бәрі қағаз бетіне түседі.

Панджири кетерде бізге: ─ Талап-тілектеріңіз болса, ескереміз, программа қатып қалған догма емес, жол-жөнекей өзгерте қоямыз, - деді. Бөлме ыстық, дала қапырық. Жапон желдеткішінің астына жантая беруге суық тиіп қала ма деп қорқасың. Валерий, Ким, Сапар, Мора бесеуміз аулаға шығып, жүзім көлеңкесінің астына келіп иірілдік. Қасымызға Ауғанстан Жазушылар одағының жас қызметкері Ассеб жақындады. ─ Ассеб, Москваға, Әдебиет институтына оқуға қашан келесің? - деді Вера Борисовна. ─ Мінекиіңіз, керекті қағаздарымның дені дайын, - деді ол дипломатын ашып жатып, бізден үш адам баруға келісіп едік, біреуі мен едім, бірақ, өкінішке қарай, келіншегім босанғалы отыр. Тастап жүре беру ұят, оның үстіне әлі әскери міндетімді де өтеп болғаным жоқ. ─ Келіншегі жас болса, қайдан жіберсін, - деді Ким, - Москваға бара қалса, өзі тал шыбықтай бұралған сұлу жігіт, біздің қыздар қағып кетуі мүмкін!

─ Мына біз тоқтаған үйдің бұрынғы иесі кім? - деді Валерий. ─ Бір ірі саудагер болса керек. Саур1 революциясы кезінде Америкадан бір-ақ шыққан.

─ Сабаз - ай, алды - артына қарауға шамасы келмеген - ау!

Сапар екеуміз қонақ үйдің қызметшілерімен «гәплаштық». Сапар базар бағасын сұрады. Тамақ жағы қымбат, киім де арзанға түспейді. Сапар да ептеп парсыша тіп сындырады. Алайда, көптен бері сөйлемегендіктен, ұмытыңқырап қалыппын дейді. Онысы рас-ау, тіл үйрену жалаң кітап арқылы ұштаса бермесе керек. Күнбе-күн ауыз - екі сөйлесіп, білмей қалған жеріңді табанда түзетіп отырмасаң, ілгері баса алмайсың. Қонақ үйдің қақпасынан әрі ұзап шығуға болмайды. Валерий Поволяев біраз көше аралап келейік деген-ді, қостаушы табылмады. «Жаман айтпай - жақсы жоқ, пәле қайда - аяқ астында» демекші, қай жағыңнан кімнің сарт ете қалатынын білмейсің дейді. «Сақтықта -қорлың жоқ» деп, мейманхана маңын айналып жүріп алдық. Күн әлі күйіп тұр. Төбемізден тамылжып тұрған жас жүзімді Хусейн ангур, немесе Хұсайын жүзімі дейді екен, отыз-қырық күнсіз піспейді. Әрбір бұтағын қағазбен орап, қастерлеп, іліп тастаған. Ынта, ыждаһат бар жерде - жеміс бар деген осы. Есік алдына ішіміздегі үлкеніміз Герольд Регистан шықты. Қолында қойын дәптері. Жүзінде толқу бар.

─ Жігіттер, мен жаңа ғана Ауғанстанға жыр жаздым.
─ Кәніки, тыңдалық, оқып жіберіңіз.
Герольд шабытпен өлеңін оқып шықты.
─ Өлең сәтті шығыпты. Құттықтаймыз!

─ Шын айтасыңдар ма? - деп Регистан жүзі жайнап сала берді.
─ Рас. Енді тек жылдамдатып парсы тіліне аудару қажет.

─ Мен машинкаға басып берейін, - деді Вера Борисовна, - Ассеб, сен машинка тауып әкеле ғой. Баршамыз да жаңа нәресте дүниеге келгендей, қуанып қалдық. Иә, Ауғанстан ғалымның да, ақынның да, архитектордың да, композитордың да тақырыбы. Газет, журнал, теледидар Ауғанстан десе елең етеміз. Кешкісін бізді «Интер - континенталь Кабул» қонақ үйіне көшірді. Сонымен қаланың шет жағына кеп орналастық. Бұл Кабулдің ең тәуір, сәулетті халықаралық қонақ үйі десті. Өзі де биік жерде тұр. Кабул алақанға салғандай, алдында жатыр. Түнгі Кабул. Алматыдан аумайды. Тек бір айырмашылығы - қаланың ортасында тау бар. Таудың жан-жағы, етегі, тіпті басына дейін қаптаған үйлер. Түнде тау қасына от керуені өрмелеп бара жатады. Жыпырлаған жарық жұлдыздар алып тайқазанға түсіп, қайнап жатқандай. Кабул тірлігі кешкі салқын түсе жанданады. Күндізгі аптап ыстықты әлдеқайда асырып болғысы келгендей, аңқылдап самал есе жөнелді. Қала ыстық демін ішіне тартып, салқын душқа арқасын тосқандай болады. Бұл кезде күндізгі шаң-шұңға араласқан даңтаза шу тынып, сабырлы арнаға түседі. Мотоцикл, велосипед және басқа да бұйымдардың ұсақ-түйек жөндеу жұмыстарын жүргізетін шеберханалардың жұмыстары қыза түседі. Қандай жағдайда болсын, халықтың тіршілігі тоқтамайды, өйткені уақыт күтіп тұрмайды. Кабулде тыным жоқ: балғасын соғады, үйіп салады, жүзімін жаинайды, баласын мектебіне жөнелтеді, егінін жинайды, анау таулардың жықпылында жасырынып оқ атып жатқан дұшпандармен айқасады. Кабулде бүгіндері ұйқы аз, ой көп.

Әрбірімізге бір-бірден мекенжай берді, ішінде бәрі бар. ─ Апырмай, мынау абажадай зор бөлмеде қалай жалғыз жатамыз, қазақ бауырым, бұрынғы байдың үйі болса да, жаңағы жайымыз дұрыс еді, - деп күледі Сапар. - Мына жер тауға тым жақын, шекемізден тырс еткізіп жүрмесе... ─ Нартәуекел, Сапар достық, бәрі ойдағыдай болар. Қорыққанға - қос көрінетін әдеті. Тыныш ұйықтай бергін, - деді оны сабырға шақырып. Бізді сәлден кейін Валерий Поволяев бөлмесіне шақырды. Сақтық үшін алдын ала айтпақ, бір-екі ауыз сөзі бар болып шықты. Сөйтсе, бұдан біраз бұрын Кабулге қызмет бабымен келген біздің бір топ жігіттеріміз базарға барыпты, сөйтсе дұшпандардың ортасына түсіп қалыпты. Қырғын қақтығыс болыпты. Екі жақтан да көп шығып болыпты... ─ Бой жазып көшеге жалғыз шығып кетпеңіздер, жеке жүрмеңіздер, абай болыңыздар, -деді Валерий, - Есік-терезені қымтап жауып жатыңыздар. Жамап айтпай - жақсы жоқ, кім біледі? - Бұл сөзді естігеннен кейін бір-бірімізден ажырай алмай, үрпиісіп қалдық. ─ Сақ ұйықтайық, бір-бірімізге телефон соғып тұрайық, - деді Вера Борисовна, -шынымды айтсам, мені қорқыныштан бұрын ұйқы меңдеп барады, барамын да, есігімді тарс жауып алып жатамын.

─ Негізі Кабулде қарусыз жүруге болмайды, - деді Валерий.
Не қорқуды, не күлуді білмей, бөлмелерге тарастық.

Сонан түнімен теңселіп ұйықтай алсамшы. Біресе - есікке, біресе терезеге тақаламын. Әлгінде жолдастардың біреуінің телефонын сұрап алмағанымды қарашы. Басымды неше түрлі ой қамалайды. Иен даланың үзбей соғатын аңызақ желіндей, бөлменің желдеткішіне тіл мисс, сөйлесіп кеткім бар. Ұйқыны жеңейін деп, жазу жаздым. Екі сағаттан соң еңсені басып келгелі дұрыстап кірпік ілуге де мүмкіндігі болған жоқ. Біресе қалғимын, біресе көзімді ашып аламын. Желдеткіш жаңылатын емес, есіп тұр. Әйтеуір, ұйқыға ұқсас бірдеңе шықты. Ертеңіне Ескендір мен Ассеб келді. Ескендір тәжік жігіті. Москвада оқу бітірген. Жас философ. Орыс келіншегі мен екі баласы Москвада тұрады, өзі Душанбеден. Ол Ауғанстан халықтық - демократиялық партиясы Орталық Комитетінің Кабулдегі қоғамдық ғылымдар институтында сабақ береді, әрі аудармашы. Қызметке келгеніне екі жыл болыпты. Ептеп өлең жазатыны бар. Регистанның кешегі «Ауғанстан, келдім саған» өлеңінің жолма-жол парсыша тәржімасын жасап әкеліпті. Оқып берді. Тіл түсінбесе де Герольд разылық білдірді. Түнде Герольд мүлдем нашар ұйықтапты. Шытырман түстер көріпті. Түнімен темекі түтінін бұрқыратып шығыпты. Енді таңғы асқа тәбеті шаппай тұрғанын айтты. Жанымыз ашып кетті. Ініміздегі ең ересегіміз де осы Регистан ақын. Кірпігі кілгіріп, беті домбығып, онсыз да пышақтай жағы жұқарып қалыпты. Шынында да жасы келген адамға бір жыл ішінде үш рет жолға шығу оңай тимесе керек. Түске жақын қала іргесіндегі Апрель революциясы кезінде шейіт болған ауған офицерлерінің қабырына гүл қойдық. Ескерткішке тағзым еттік. ─ Осы төбенің басында он мыңға жуық адам жатыр, - деді Панджири, - туған-туысқандары күн құрғатпай келіп, күтім жасап кешегі боздақтарды еске алып тұрады. Біздің делегацияны ауғанның жас балалары қоршап алды. Қонақ үйден тәттілер алып шықпағаныма өкіндім. Біреуінің әкесі, біреуінің ағасы, біреуінің бауыры осы төбеде десті. Сол тұрғанның ішінде қайғысыз бала жоқ екен. Бастарынан сипап, арқаларынан қақтық.

КҮН ДИДАРЛЫ КЕЗДЕСУЛЕР

Ауғанстандағы совет әдебиетінің күндері Кабулдегі Совет ғылымы мен мәдениеті үйінде ашылды. Халық көп жиналды. Белгілі ақын Варег Шафиги, Ауғанстан Министрлер Советі председателінің орынбасары Абдулхамид Мухтод, пуштун ақыны Насрулло Хафиз, доктор Хабиб Мангал делегация мүшелерімен байырғы таныстардай, құшақтасып амандасты. Ауғанстан Жазушылар одағының председателі Панджири Ұлы Октябрь социалистік революциясының 70 жылдығына арналып отырған үшінші Совет әдебиеті күндерінің мән-маңызына, ауған - совет мәдени, әдеби байланысы, халықтар достығына, ауған қалам иелерінің Ленин туралы жазған жыр - толғауларына тоқталып өтті. Бізден Ким Селихов сөйлеп, көп ұлтты совет әдебиетіндегі қайта құру процесі, қоршаған орта, бейбітшілік, интернационалдық достық тақырыбының жазылуына, жаңа адам үшін күресте совет жазушыларының қосып жатқан үлесіне тоқталып, совет прозасы мен поэзиясында ауған тақырыбына ат салысып жүрген В. Поволяев, А. Проханов, Л. Шипахина, Ф. Чуев, Ф. Алиева, Ю. Верченко, Д. Павлычко есімдерін атады. Ауғанстанда қазір ұлттық ынтымақтасу кезеңі жүріп жатыр, мыңдаған адамдар өз Отанына көптеген қиыншылықтармен қайта оралуда. Совет өкіметі, совет халқы ұлттық татуластыру саясатын, сондай ізгі жолдағы Ауғанстан халықтық - демократиялық партиясының белсенді ісін қызу қолдап отыр. Совет және ауған аналары әскер қатарындағы ұлдарын аман-есен қарсы алып, құшақтарына қысқанша асығулы. Жыл аяғына қарай Москваның көркем әдебиет баспасынан ауған әңгімелері жарық көрмек. «Кабул - Москва» жинағын әзірлеу жұмысы басталыпты. Ауған жазушыларынан шығып сөйлеген прозашы Ахмадхан да екі ел арасындағы экономикалық, саяси, мәдени, достық тамырларының ертеден қанат жайғанына, ауған -совет достығының мәуелі бәйтеректей биіктеп өскеніме, байланыстар көкжиегінің күн сайын кеңесіп келе жатқанына қуаныш сезімін білдірді. Герольд Регистан осы кеште Ауғанстанға арнаған өлеңін ерекше шабытпен оқыды. Түс әлетінде мейманханамызға жеткенше асықтық. Күннің қызуы самаурынға салған сексеуілдің шоғындай, тұлабойымызды жандырып, күйдіріп, көлеңкеге қуып тығады. Қонақ үйдің іші қоңырсалқын әрі салқын жаңбырлы душын айтсаңшы, жаның жай табады - ау. Келе жан шақырып алған соң, төменге зыр ете қаламыз. Панджири меи Гайратқа қарама-қарсы отырып қалыппын. Бәріміз бір ұзын столдың бойындамыз. Кісінің былай бір кішкене кеңірек сөйлесіп, көңіл ашып алатын жері -дастарқан басы ғой. Кешеден бері мен Панджириді салауат сөз сөйлейтін мінбеден көріп жүр едім, бүгін жүзбе-жүз келіп, шай іштік. Азаматтық, ақындық қасиетті тепе-тең ұстайтын кісі. Кейде ойланып отырады, кейде сәл нәрсеге балаша мәз-мейрам болады. Реті келгенде сауал қойдым. ─ Сіз Жазушылар одағын басқарасыз, халық арасында жиі көрінесіз, басқа да қоғамдық міндеттеріңіз бар. Ал өлеңді қай уақытта жазып үлгіресіз?

Паджири екі иығын селкілдете күліп алды. ─ Жиналыс, симпозиум кезінде, жолда жүргенде жазамын, бапқа қарамаймын, қолыма не түссе, соған жаза саламын. Өлең келіп қалса, арнайы күтімді керек етпеймін, әйтпесе ұмытып қаламын, - деді ақын. - Қайсы күні бір жиналыста өлеңімді салфеткаға түсіріп алдым, оны мына Ғайрат көрді. Ауғанстан Министрлер Советі председателінің орынбасары Абдулхамид Мухдот өте бір биязы, сыпайы, сұлу үнді, өңді жігіт екен. Соның қабылдауында болдық. Г. Регистап жазған өлең қатты тебірентіпті. Өрелі өлеңнен кейін әңгімеміз өріс алды. Біздер Ауғанстанға үлкен өзгерістер қарсаңында келіппіз. Ұлттық татуласу саясатына ерекше үміт артулы екен. Себебі соғыс қай елді де шаршатады, көңілін алаңдатады, басқа шаруадан бұрын әкетеді, халық жағдайын күйзеліске салады. Сегіз жылға созылған соғыстан Ауғанстан шаршапты. Егін салуға, бала оқытуға, үй салуға, жол жөндеуге жұмсайтын уақытты автомат ұстауға жібереді. Апрель революциясы басталғалы ел басы жастыққа жайлы тиіп, тыныш ұйқы болмапты. Бір шыныаяқ шайын ішер-ішпестен дұшпандар ракетасының дүрсіліне жата береді. ─ Совет Үкіметінің, Совет Одағы Коммунистік партиясының Совет халқының, социалистік елдердің қыруар көмегі болмаса, өте қиын болған болар еді, - дейді Мухдот. -Кабулге Совет әдебиетінің күндерін алып келгендеріңізге қуаныштымыз. Біздің революциялық қозғалыстың барысын, нәтижесін көзбен көресіздер. А. Мухдот көп жылдар бойы Жапонияда Ауғанстанның елшісі болып қызмет атқарыпты. Сөз арасына әзіл-қалжыңын қыстыра кетеді. Лауазымым жоғары деп, креслода қатып-семіп қалатын кейбір жігіттерге ұқсамайды. Мухдот Министрлер Советінде мәдени жұмыстар жағын басқарады. Әңгіме оңу, білім, мектеп тақырыбына ойысты. Соғыс ең алдымен мектептердің соры дейді. Революцияға дейін мектеп болса, сосын 1700-ін контрреволюция қиратыпты. Көптеген аудандар бос қалған, халық босап кеткен. Енді әрбір класта 60-65 баладан оқиды, әрбір мектеп үш сменаға көшкен. Таңертеңгі сағат жетіден басталған дәріс кешкі жеті - сегіздерде бір-ақ бітеді. СССР - дің достық көмегі арқасында 60 мектеп қалпына келтіріліпті. Қалған аудандарда мектеп салу қолға алынған. Жуырда осы мәселеге арналған Министрлер Советінің кезектеп тыс мәжілісі өткен. Өткен жылы оқуға 750 бала артық алыныпты. 1990 жылға дейін жалпыға бірдей білім беру жоспарын орындау қажет. Егер соғыс созыла беретін жағдайда бұл шараның жүзеге асуы екіталай екен. Балалар тыныш оқи алмайды. Совет Одағы Ауғанстанға кәсіптік білім беру министрлігін құру саласында да жәрдемін аяған жоқ. Жаңа, жас жұмысшы табын қалыптастыру қажет, ол халық шаруашылығының барлық саласына араласуы керек. Әзірше мұнда мұғалімдердің жағдайы мәз емес. Офицерлер мен сарандойларға (халық милициясы) Қарағанда олардың жалақысы төмен. Сондықтан олардың кейбірі мұғалімдікті тастап, жалақысы жоғарылау басқа жұмыстарға ауысу алдында жүр. Ауған үкіметі мен партиясының бір бүйірінде шешімін сұранып тұрған мазасыз мәселенің бірі мұғалім жайы. Герольд Регистап Мухдоттап театрлардың жағдайын сұрап еді. Сөйтсе, жуырда ғана Министрлер Советінің бір мәжілісінде театр жағдайы талқыланыпты. Арнайы комиссия құрылып, іске кірісіп кетіпті. Ауғанстан театрының өз тарихы бар. Соғысқа дейін Мольер, Брехт қойылыпты. Соғыс жылдары театр тірлігі тоқтап қалған. Артистердің бірқатары соғыста өлген немесе шет елдерге қашып кеткен. Театрдың орнын арзанқол фильмдер басқан. Әрине, жеңіл-желпі киносымақтар қазіргі ауған жастарын алдарқата алмайды. Күрделі өнерге шақыратын, күретамыр тақырыпты сахнаға шығартып, шын жүрек таланттарды тәрбиелеу қажет, бәрі де адамның өзінен басталады деген ойды Мухдот баса айтты. Артистерді, режиссерлерді, авторларды бір орталыққа ұйымдастырып, театр, кино өмірін жандандыруды қолға ала бастағандары байқалады. Ауғанның кейбір аты мәлім өнер иелері, артистері, әншілері, қылқалам шеберлері шет елдерге кетіпті. Соларды Отанына шақырып, орталарына ой тастап, иықтарына жүк артып, халық алдына шығаруды ауған үкіметінің басшылары арнайы мәселе етіп қойыпты. Біз қолымыз қалт еткенде, телевизорларға назар салып жүрдік. Сонда және бір байқағанымыз, басқа елдерде жүрген бұрынғы ауған әншілерінің концертін қайталап бере бастады. Мұның өзі ұлттық татуласу саясатының өнер өлкесіне де игі ықпалын тигізе бастағанын көрсетеді. Кабул кинотеатрларының алды қаптаған кілең өрімдей жас толқын. Әсіресе күндізгі сеанстарға халық көп келеді. Мектептерден қайтып келе жатқан ауғанның оқушы ұл-қыздарына қарап көзім тояды. Ешқандай зұлымдық атаулыдан хабары жоқ, тойған қозыдай сүйкімді, жанарлары шоқтай жанған жас өркенді көріп тұрып, Ауғанстанның ертеңгі күндері көз алдыма елестейді. Иә, бұлардың бүгінгі әкелері мен ағалары автомат ұстап, ел, жер, халық намысын қорғап жүрсе, ертең өздері алыс елдерден келген замандастарын құшақ-құшақ тау қызғалдақтарымен қарсы алатындарына сенемін. Қазірде Кабулде драма театры біреу-ақ. «Рүстем-Сұхраб» спектаклін сахнаға жуықта шығармақ. Бұл парсы - тәжіктің атышулы ақыны Фирдоуси «Шахнамасының» бір бөлімі ғана. Мұның өзі Кабул үшін прогресс, алға басқандық. Ал басқа кинозалдары мен театрлары жөндеуден өту үстінде. Үлкендер ғана емес, балалар театрын ашу да ойластырылуда. Әрбір мектеп сайын драма үйірмесі ұйымдастырылмақ. Бәрі мектеп қабырғасынан бастау алады ғой. Біздің әріптесіміз жас секретарь, жазушы Ғайрат мектеп спектакльдерінде ойнапты. Ертеде Герат базар алаңдарына жиналған жұрт небір ойындарды тамашалаған еді ғой. Әбу Әли ибн - Сина, Науаи, Бабыр сынды алыптар ғұмыр кешкен өлкені дүние жүзі біледі. Ауғанстанға бір арнаулы әдебиет газеті керек екен, оны сөз арасында Ким Николаевич Селихов Мухдотқа айтып еді, ол: ─ Бұл пікіріңізге толық қосыламыз, ойымызда жүрген қажеттіліктің бірі, - деді. Әдебиет газеті - ел мәдениетінің айнасы. Ауғанстан әдебиетінің елеулі жетістіктерін шет жерлерге жеткізіп, таныстырып тұрса, нұр үстіне - нұр. Мухдот Токиода тоғыз жыл елшілік қызмет істепті. Ағылшын тіліндегі көркем әдебиетті оқитынын байқатты. Антони Ариольд дегеннің Ауғанстан туралы кітабын оқыпты. Кітабының біреуі «Ауғанстан темір тағаның астында» деп аталады. Сондай кітаптарға қарсы қайратты күрес ашатын кітап керектігін, өкінішке қарай, ондай отты шығарманың әзір жоқтығына, жазылмағанына қынжылыс білдірді. Кеше ауған журналистерімен сөйлесіп, Ауғанстан шындығын бұрмалаған кітаптардың Батыста жиі шығатындығын, соларға қарсы әшкерелеуші еңбектер жазу қасиеттігін ескертіпті. Ұлттық татуласу - қаламгер үшін қарпып жазатын тақырып санатына жатады. «Хакикате инкилабе Саур» газетінде осы тақырыпқа арналған басмақала шығыпты. Кейінгі материалдар сол басмақалада айтылған ойды қайталай беретін болыпты. Бұны сөз арасында біздің тәржімашымыз Ғайрат еске салды. Ауған өкіметі дінге қысым жасамайды. Ұлттық татуласу саясатын ауған басшыларының өздері қалай, қандай дәрежеде түсінеді дегенге келсек, бұл саясатты - жариялылық, мәмлеге келе алмай жүрген басқа елдерге үлгі, қуатты құбылыс деп қабылдапты. Бір жағадан - бас, бір жеңнен - қол шығаруға, шашырап кет деуге, ұлттық тұтас өмір сүруіне апарады дейді. Татуласу түбі ізгілікке апарады. Ізгілік қартаймайды. «Ізгілік іс кетер талай заманға, сүйрегеннің пайдасы жоқ жаманға» - депті Жүсіп Баласағұн. «Төртеу түгел болса - төбедегі келеді, алтау алауыз болса - ауыздағы кетеді» деген де бар ғой. Кездесулердің арасында өзімізге берген бір күнді пайдаланып, тобымызбен дүкен араладық. Бастаушымыз - Ким Селихов, Ауғанстанға сегізінші рет келуі. Ауғанстанның адамын да, табиғатын да біліп қалған кезі. Әрі ауған тақырыбына жиі қалам тартып, көпке табылып қалған жайы бар. Дүкен дегеніңіз моншақтай тізіледі, бірінен кейін біріне кіріп, бәрін адақтап шыға алмайсыз. Дүние деген тіреліп тұр, не іздесеңіз соны табасыз. Сол біз барған маңайда совет мамандары тұратын микроаудан бар екен. Осы Ахорде жерлестерімізді жолықтырдық. Орыс тілі естіліп қалған жаққа жалт қарасаңыз, қарасаңыз да бір түрлі ішіміз жылып жүре береді, ұлан-байтақ Отаныңның бір бөлшегі жайында қозғалып жүргендей әсер етеді. Жапон магнитофондарының түр-түрі: «Шарп», «Сони», «Хитаг», «Нейшен» тізілген, «Монтана» фирмасының киімдері, Тайванның көзәйнектері, қытайдың қол шамы, ауғанның тондары, Шығыстың айтулы асыл тастары, күмістен жасаған бұйымдар, әшекейлі тұрмыс заттары, сансыз елдің сағыздары, қытайдың, үндінің құтылы шәйі, шайырлары, қойшы, әйтеуір бәрі бар. Бізге таныс ішімдіктің бағасы 600-650 афгани. ─ Бұдан бұрып келгенімде 380-350 афгани еді, аспанға шығып кеткенін қарашы, - дейді Ким Николаевич. Бір дүкенде кейде бүкіл бір семья істейді, әкесі не шешесі басқарады, балалары сатумен айналысады. Сұрар затыңды аузыңнан шығар-шықпастан қағып алып, тез арада тауын әкеледі, алмасыңа қоймайды. Әкесі де, баласы да ұстараның жүзіндей лыпып тұр. Келушінің тілін білсе де, білмесе де сол тілде бір-екі ауыз сөз айтып қалуға талпынады. Ағылшын тілінен гөрі орыс тілі құлаққа жиірек шалынды. Босағасынан аттауың мұң екен, дүкенші алыстан келген ағайынын сағынып қалғандай, жылы амандасып, төріне шақырады. Өздері онша тұлабойды жарқыратып киінбейді. «Әдемі сөйлегеннің ісі әйбат» деп бір данышпан айтпақшы, тәтті тілімен қарсы алып, таңдағаныңды қолыңа ұстатып жібереді. Ассеб, Сапар үшеуміз бір машинаға отырдық. Ассеб Краснодар пединститутын бітірген. Совет Одағында өткен студенттік жылдарын ерекше ілтипат сезіммен есіне түсіреді. Төсек орынды Москвадан сатып алыпты. «Бұл жақтан алсам, шашым жетпейтін еді» дейді. Москваға М. Горький атындағы Әдебиет институтына оқуға келгісі бар. Кешкісін қонақ үйге Ауғанстан халықтық - демократиялық партиясы Орталық Комитетінің Бас секретары Наджибулла жолдастың көмекшісі Виктор Петрович Поляничка келді. Бәріміз алдынан шығып сәлем бердік. Екі иығына екі кісі мінгендей, еңгезердей жігіт. Келбеті де келісті, кісі көзі тойғандай. Москвада, одан соң самолетте оның есімі құлағыңызға жиі шалынып еді. Делегация мүшелері Виктор Петровичті бұрыннан білетін-ді. Комсомолда, партия қызметінде істепті. Түсі сәл суықтау, қаталдау көрінгенмен, сөйлесе келе бауырына тартып әкетті. Виктор Петрович: бізді «Интер - континенталь Кабулдың» бесінші қабатына ертіп барды. Онда корольдің аса қадірлі қонақтарын қабылдайтын жеке бөлмелер бар екен. Бесінші қабаттан бүкіл Кабул алақанына салғандай көрінеді. Таныстырып тұрған Поляничка. Қай жерде қандай елшілік, өндіріс, оқу орны, микроаудан бар, қай көше қалай қарай шығады, бес саусағындай біледі. Анау нарқоспақ түйелердей шөгіп жатқан таулардың қай шыңында, жықпылында не бар, қолымен қойғандай көрсетеді. Тау жақтан бір от жарқ ете қалды. Ракета жіберген дұшпандар екен. Кабулге көз тігіп, іштері күйіп барады. Виктор Петрович миығынан күліп қойды: «Біздікі де жауапсыз қалдырмайды» деді. Кабулге келгеніне екі жыл, әйтсе де осында көп жыл болғандай, Ауғанстанның арғы-бергі тарихын, бүгінгі саяси, экономикалық, мәдени жағдайын жақсы білетіндігін аңғартады. Өзбекстанды, Қазақстанды Сапар екеумізден сұрап алды. Ташкентте, Алматыда қызмет бабымен болған екен. Сол күні түнде Ауғанстанның тәуелсіздік күніне байланысты Наджибулла теледидардан сөйледі. Поляничка бірқатар жеріп бізге түсіндіріп айтып отырды. Дауысы жұмсақ, жылы. Байыппен, асықпай нық сөйлейді. Шығыс поэзиясынан көптеген мысалдар келтірді. Сөз соңында: ─ Халық жүрегіне тез жол тапқан, көптің көкейіндегіні біліп айтатын білімді, беделді мемлекет қайраткері Наджибулла жолдасқа хаттар жиі келіп жатады, - деді Виктор Петрович, - реті келсе, уақыт тапса сіздермен де кездесіп қалар. Әрбір минуты, сағаты есептеулі ғой.

Наджибулланың теледидар арқылы халыққа арналған сөзі өткір, әсерлі шықты.
...Сағат алтыда ояндым. Бүгін күн сәрсенбі.

Екі вертолет екі таудың арасында ерсілі-қарсылы ұшып жүр. Вертолеттер самолеттің жолын тазарту үшін таудың сай - жырасын, жықпылдарын оқпен сыпырып тастайды. Түнгі сағат екілер шамасында тау жақтан атылған ракетаның күшті даусы шықты. Содан төртке дейін кірпігім ілінбеді. Күн тау жолына жаңа ғана иегін тартып, баяу көтеріліп келеді. Қаланың үстін ұлпадай жұқа тұман басқан. Микрофон арқылы таңғы намазға шақырған молданың даусы үздігіп шығып, моторлардың гүріліне, музыкаға көміліп, үзіліп кетті. Қонақ үйдің қала беті жағында автомат ұстаған үш сарондой жүр. Одан әріректе қаладан келе жатқан асфальт жолдың қонақ үй тұрған биікке көтерілер тұсында пулемет орнатылған, оның қасында бір сарондой «Шарф» магнитофонын қосып қойып, ән тыңдап отыр. Европалық стильмен салынған мейманханада отыз - ақ кісі тұрамыз. Жетеуі - совет ал қалғандары пуштун тайпасының көсемдері, Кабулге келіссөзге келіпті. Бастарында дағарадай сәлде ораған қауға сақалды, қырық пен елулер арасындағы кісілер. Түстері тұнжыраңқы, өздері оқшауланып жүреді, олармен бір залдың ішінде тамақтанамыз. Ауқатты көбінесе қолдарымен жейді, орындықтың үстінде малдас құрып отырады. Жан-жақтарына қарамай, күңкілдесіп сөйлесіп қояды. Үстеріне кигендері ұлттық киімдер, тек жастау біреуі ғана европаша киінген. Бізге назар аударғаннан кейін амандасып жүрдік. Көздерінде әлдеқандай абыржу, сенімсіздік бар. Тентіреп мен атайын, сен тұр дейтіндер. Жалт етіп қарағандарының өзі қылыштың жүзіндей суық. Ресторан залында телвизор бар. Әлгілер пуштун, дари тілдерінде берілетін хабарларды жібермей көреді. Бүгін - 19 август. Бұл күн - Ауғанстан тәуелсіздігінің күні, Ауған Армиясының туған күні. Кабул бұл күнге ерекше әзірленді. Қала орталығындағы Қызыл алаңға келдік. Халық солай деп атап кеткен. Әскери ойындар көрсетеді. Үш машинамен сау етіп түсе қалдық. Қасымызда Ғайрат бар. Алаң әскерге, жастарға толы. Радиосы сөзін айтып, әнін аңыратып тұр. Теледидарға түсіретін аппараттар да ат жарысқа қатысатын жүйріктердей түсіре жөнелуге әзір, алақандай көгілдір әйнектері Қызыл алаңды кезіп, шат-шадыман мерекеге келген мол тоқты шолып берді. Бізді Фахри деген полковник жылышыраймен қарсы алды. Жазушылардың бірқатарын бұрыннан білетін болып шықты. Ким Селихов, Валерий Поволяев, Вера Феоновамен жағдай сұраса есендесті, Фахри алдыңғы қатардан бәрімізге орын алып қойыпты, сонда жайғастық. Валерийдің қолынан фотоаппараты түспейді және онысы біреу емес, екеу. Шыртылдатып түсіріп алды. Алаңда қызыл, жасыл, күлгін, роза түстес тулар, парсы тілінде жазылған қызыл маталы транспоранттар бір-бірімен үндесіп, үйлесіп, ұнамды ажар берген. Алаңды айнала танктер, вертолеттер, әскери машиналар бұйрық күтіп тұрғандай тізіліп қалыпты. Ортаға орналасқан әскери музыканттарда тыным жоқ, барабандарын даңғыратып, музыкалық аспаптарын ыңылдатып қояды. Әрбір орындықтың басында «Хакикате сарваз» («Жауынгер шындығы») газеті, «Урду» («Армия») журналы ілулі. Бір - біреуден алдық. Газет бірінші бетіне Аманулла ханның әскери киіммен түскен суретін беріпті. Бұл прогресті көзқарастағы кісі болған. Аманулла ханның Ленинге жазған хаты тарихта белгілі документ. 1929 жылы 27 мартта Советтік Россия дүние жүзі елдерінің ішінде бірінші болып Ауғанстан тәуелсіздігін танығаны белгілі. Қызыл алаң бір кезде дүр ете түсті. Жұрттың бәрі жапырыла бұрылып, оң жаққа қарады. Қолдарында автоматы, қысқа дембелше мылтық ұстаған төрт-бес жас жігіт жеңіл машинадан түсті де, әр тұсқа барып қаздиып тура қалысты. Мемлекет басшылары, генералдар келді. Топ басында Ауғанстан халықтың - демократиялық партиясы Орталық Комитетінің Бас секретарі Паджибулланың өзі. Жақын жердей көргенім осы еді, бұрын бейнесін газет-журналдардан, теледидардан көріп жүргенмін. Палуан денелі, келбетті келген, жүзі жолы жас басшы бізге ілтипат сезімін білдіріп бас иді. Сақшы жігіттерінің біреуі ту сыртында халыққа бетін беріп тұр. Кірпік қақпай қарайды. Мереке басталды. Микрофонға Кабул телевидениесінің дикторы жақындады. Пушту тілінде Отан туралы өлең оқыды, оны екінші диктор келіншек саңқылдаған сазды дауыспен урду тілінде жалғастырып әкетті. Бүгінгі сөз Отан, Армия, ел бірлігі жайындағы, көтеріңкі сөзді әуезді ән көмкеріп, құлпыртып жіберді. Әскери ансамблге қосылып, бір топ ауған қыздары «Сәлем» әнін айтты. Бұл қыздардың жауынгерлерге жолдаған сәлемі екен. Пушту, дари қыздары күн астында сайрайды. Енді ән аяқтала бергенде, алаңда қызыл берет киген команда тобы пайда бола кетіп, әскери ойын көрсетті. Бұл десантшылар жапонның карате қимылына салғанда көз ілеспейді. Сахнаға совет солдаттары көтерілді. Соловьев-Седойдың «Москва түбіндегі кештерін» айтты, Отанның әні қандай ыстық, қандай салтанатты естіледі! Москва түбіндегі толықсыған қайынды кештер - ай. Үндістан бардым үзілтіп тұрып сені айтты, Польша бардым және алдымнан шықтың. Кабулге келдім, тағы тебіренттің мені асыл ән! Ел мен елді, жүрек пен жүректерді жалғастырып жіберген жайсаң, жарқын ән! Ауғандар да бізбен бірге ән ырғағына еріп, әдемі теңселіп, алаңды ажарландырып жіберді. Алатауға ұқсас ауған тауларына көзімді тігемін. Алаңғасар дұшпан алыстан оқ атып, әсем әндей мерекенің шырқын бұзбаса дейсіз. Бір сәтте Блантердің «Катюшасы» әуеге қалықтады. Төбемізден қызыл жұлдызды вертолет ұшып өтті. Алаңды бірнеше айналды. Біресе - төмендеп, біресе - биіктеп ұшады. Мерекенің мерейін дұшпан бұзбасын деп, аспанды, тауды күзетіп жүрсе керек. Екінші вертолет тура алаңның орта тұсына ілінді. Кенет отырған жұрт алаңның оң жақ бұрышына жүгіре жөнелді. Әсіресе балаларда ес жоқ, оларға бәрі қызық. Алаңның ортасына үш парашютші бірінен соң бірі домалап түсе бастады. Сол үшеудің біреуі жасаңыз. Бұл 250-ші секірісі екен. Наджибулла бастаған Ауғанстан үкіметінің басшылары парашютшілерді арнайы барып құттықтады.

─ Бүгінгі ерлігің үшін не қалайсың? - деді Наджибулла қыздың қолын алып.
─ Маған үй беріңіз, - деді қыз жанары жайнай түсіп.
─ Тілегің болсын, - деді Наджибулла.

Халық қол соқты. Әскери мейрамнан кейін артиллеристермен бірге суретке түстік. Түстен кейін Валерийді екі әскери кісі келіп ертіп кетті. Ким Николаевич Селиховтен кешкі жетіге дейін рұқсат сұрады. Оған Москваның көптеген газет-журналдары қолқа салып, Ауғанстан сапарынан очерк, әңгімелер жазуын өтініпті. Келгелі онда тыным жоқ, долы бір сәт қалт етсе, заставалардың біреуіне тартып кетеді. Барған жерінің хикаясын айтуға келгенде - сараңдау, онысы дұрыс та шығар. Кейбір жазушылар алдымен айтып алады да, содан кейін ғана қағазға түсіреді, кейбіреулері ауызша көпке тарата бермей, қағазға төгіп салып қарап отырады. Не десеңіз де, Валерий маған ұнайды. Қыз мінезді, кішіпейіл жан. Бірнеше күн тұз -дәмдес болғанымызда аузынан мен белгілі жазушымын, РСФСР Жазушылар одағының секретарымын деген бір ауыз сөз шыққан емес. Ұлық болсаң - кішік бол. Жемісі бар ағаштың тым шалқаймай, еңкейіп тұратынында мәнісі бар-ау. Қай салада болмасын, қазірде ірімін деп айқайламай, ақырын жүріп, үлкен іс бітіретін замандастарымыз көбейіп келеді. Біз соған қуанамыз. Мысалы, жасы менен кіші, ал жазушылығы, лауазымы менен үлкен бола тұрып, Валерий Поволяевтің кісі сыйлай білетіндегі көңіл семіртеді.

Біреу бөлмемнің есігін қақты. Ашсам - Ассеб екен.

Келісім бойынша күннің екінші жартысында Ассеб бізді Бабур бағына апарды. Бабур -кәдімгі атышулы «Бабурнаменің» авторы - Әлішер Науаидың замандасы. Бірнеше жыл қатарынан Үндістанда билік құрған. Әрі қолбасшы, әрі ақын, қарасөз жазған. Абай атамыздың сүйіп оқыған авторларының бірі. Осы уақытқа дейін «Бабурнаме» ана тілімізге толық тәржіма жасалған жоқ, біздің туған әдебиетіміздің тарихына тікелей қатысы бар жәдігер. Абай өзінің қарасөздерінде Бабур жазбаларын атай өтеді. Бабурға барар жолда Ассеб Санар екеумізге баяғы бағзы заманда Қушап империясы кезінде салынған мүжілген ескі дуалды көрсетті. Әрине, жұрнағы ғана қалған. Қаншама заманда ғасырлар керуені өтті, қаншама қоғамдар ауысты. Бұл дуалға Александр Македонский, Шыңғысхан, Ақсақ Темір әскерінің тұяғы тіреліп, кейін серпілді.. Бабур бағы халықтан бос емес екен, ығы-жығы адам. Әрі бүгінгідей ұлы мереке күні қайдан бос болсын. Машинамыз дағарадай дарбазаға кеп тұмсық тіреді. Алдымыздан автомат асынған екі сарондой бой көрсетті. Ассеб: «Бұлар Совет Одағынан келген меймандар» деп еді, қақпа сырт етіп ашала берді. ─ Мынау оң жақтағы мекен-жай гарем болған яғни әйелдер хұжырасы, кейінгі кезде құлыптап тасталған, - деді Ассеб таныстыруды бастап.

Салқын саялы бақ, аяулы бақ.

Сыбырлаған жапырақтан, сылдырап аққан бұлақтан, көлеңкені көмкеріп жатқан жалғыз аяқ жолдардан Бабурдың ғажайып ғазелдерін, аңын іздерін көргендей боламын. Жүздеген жылдар бойы тарихшылардың, этнографтардың, филологтардың, географтардың стол кітабына айналған «Бабурнамені» ойша парақтаймын. Кітаптың қаншама тілдерге тәржімаланып, талай елдің қазынасына айналып кеткенін ойлаймын. Өлең құрылысына, музыкаға, әскери соғыс өнеріне Бабур қосқан үлестің өміршеңдігін салмақтаймын. Бақтың ішіне бойлап ене бастайтын жерде екі зәулім емен тұр, бойы аспанмен таласады. Біреуінің жасын сұрап қалып едік - 250 жыл деді, екіншісіне, тіпті 300 жыл болыпты. Сонда, сонау заңғар бәйтеректің алысқа жайылған қою көлеңкесінде бір кезде қалың кілем үстінде - малдасын құрып Бабур отырған шығар - ау ғаламат ғазалдарын әндете оқып. Қырық жеті жылдай қысқа ғұмырында атқа мінсе, қылыш ұстап жауын қуып, жерге табаны тисе, мөлдір бұлақтан еңкейіп су ұрттап, қолына қалам ұстаса, жыр тудырған таланттың талайы тағдыры есіңе түсіп, толғанасың. Өмір бойы алыс қиянда жүріп, туған топырағының бір уысын, өзенінің бір жұтым суын, сахарасының самалын аңсап сағыныштан өзегі өртеніп өткен ер аңын Захириддин Мұхаммад Бабур бағы тайғанақ еді, таласулы еді. Бабур рубайларында, мәснәуилерінде, лирикалық жолдарында сондай бір арзанға берілмейтін азап мұңы бар. Шет жерде жылдарын жоғалтып, шерменде болған жүректің тілім-тілім зәрлі уы бар. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дейтін қазақ мақалын Бабур бәйіттері есіме түсіреді. Бір бәйтеректің түбінде жиыны екі семья мүшелері - көк шай ішіп, кемел күйге малынған. Ағылған халық теңізге бас қойған өзендей Бабур бағып сұлулар күлкісіне, жігіттердің әзіл-қалжыңына, балалардың шуылына толтырып жіберіпті. ─ Бұрын тыныштық кезінде деймін-ау халық тау-тас, көгал - қырды аралап, қыдырып кетуші еді, енді Бабур бағын паналайды, - деді Ассеб маңайын шола қарап тұрып, - жұрт алысқа ұзап бой жаза алмайды, дүңкілдеген дұшпанның оғынан сескенеді. Бабурдың жатқан жеріне бардық. Қабірінің басына өзінің өлеңінен үзінді жазып қойыпты. Жанында немересі Жахангир жатыр. Бір заманда бүкіл империяны билеген Бабур ақын, Бабур әмір, Бабур батыр тоқал төмпешікке ғана сиыпты. Мүрденің аң мәрмәр тасы мүжіліп, кейбір мүйіс - қиыстары қолды боп кеткенге ұқсайды, қол тиген орын үдірейіп қалған. Тәрізі күтімі шамалы - ау. Бабур бағына келгендер бүйтіп «қолтаңба» қалдыра беретін болса, мүрде - мүсінге қауіп төнуі кәдік. ─ Бабур жатқан төртқұлақты шыны әйнекпен қоршап қойса, қабіріне қол тие бермес еді, мына түрінде тастары түгел дүние кезіп кетуі мүмкін, - деп ойымды айттым. Бабур қабіріне тәуаб еттік те, бақты аралап кеттік. Бұрын Кабул маңайы осындай бақтарға толы болыпты. Алмалы бағы Алматының алмасынан кем түспепті. Әр бақта әр түрлі гүлдің атасы өсіпті. Күтуші бағбандары әр ағашты, жапырақты балаша мәпелепті. Сол ықтиятты кісілер қазір қайда екен? Бабур бағы да күтусіз емес, алайда, әлі де ыждағаттылық керек сияқты көрінді маған. Бабур қабірінен таяқ тастам тұста ескі үй бар, баяғыда шайхана болған - ау, енді ресторанға айналыпты. Әлгі екі зәулім еменнің біреуінің қасына бару үшін цемент табалдырыққа көтерілдік. Еменнің айналасын асфальттап, биіктетіп, әдемілемек болған. Былайша отыруға жайлы да, бірақ табиғи қалпын бұзыңқырап тұр. Емен түбінде бала-шағасымен сусындап отырған кісілер бізді дастарқанға шақырды. Рахметімізді айттық. ─ Мынаны бекер жасаған, - деді бейтаныс кісі еменді құрсаулап тастаған асфальт сақинаны көрсетіп, - маңайына тиіспеу керек еді, көрікті көлеңкесіне қол сұқпай, еркіне жібергені абзал еді. Ал екінші үш ғасыр жасаған еменнің көлеңкесі кең, саялы - ақ. Оның айналасына кілем жайып тастапты. Емен түбіндегі жастар еркін көсіліп, музыка тыңдап отыр. Үш адамның жалғасқан құшағына симас дәу емен нелер ықылым заман, ғасырларды басынан өткізіп, XX ғасыр ұрпағына сая болып тұр. Бәлки Бабур патша туған елге, жерге деген сағыныш сыздатқан өлең хаттарын дәл осы арада отырып жазған шығар, кім білсін. Бабур батының әсерін жазып бола бергенімде, біреу есік қақты. Валерий екен. «Кимге кіріп кетіңізші» деді. Барсам, Ким Селиховтың қолында пистолет, шырт-шырт еткізеді. Валерий екеуінің жүзінде әлденеге қобалжу белгісі бар.

─ Ата білесің бе? - деді Ким Николаевич ешбір кіріспесіз.
─ Жоқ, өмірімде қолыма оқталған мылтық ұстап көрмеп едім.
Бұл сөзіме екеуі қосыла күлді.

─ Ендеше, ұстауға тура келеді, - деді Валерии, - міне, мынау пистолет, оқты былай саласың, мынау - предохранителі, көрдің бе, осылай тұрғанда атылмайды, ал атарда оны былай төмен түсіресің, мінеки. Ол пистолеттің шүріппесін бірнеше мәрте сырт-сырт еткізіп басып жіберді.

─ Мүмкін ертең реті келсе атын жаттығармыз, - деді Ким Николаевич.
─ Мына пистолетті мен номерге алып кетемін бе?

─ Әрине, алып кетесің, - деді Поволяев, - түнде сақ болғайсың, оқшантайын жеке алып қойшы, қауіпсіздік үшін жақсы. Сол түні бойы көзім ілінсеші. Пистолетті қайда қоярымды білмеймін, олай теңселіп, былай теңселіп, бөлмені кезіп жүрдім де қойдым. Барлық тесік қуыс дегендерді қарап шықтым. Киім ілетін шкафты, перденің арт жағын, тіпті төсектің астына да үңілдім. Әлдеқандай бір дұшпан күндіз аңдаусыз кіріп кетіп, жасырынып жатып қалғандай. Жоқ, әлде, бүгін түнде қонақ үйге шабуыл болар ма екен, соны Ким Николаевич пен Валерий маған айтпады ма қорқады деп, немесе бесінші қабаттағы пуштун тайпасының көсемдері бір әрекет ойластыруы мүмкін бе? Қойшы әйтеуір, жұмыр басыма жамырап жабыспаған ой болсашы. Жазу жазбақ боп дәптерімді ашып, қолыма қаламымды алып едім, жүрмей қойды. Әрі-бері толғанып, бүйтіп азапқа түскенше Сапардың қысыла барып жатайын дедім. Пистолетімді белбеуіме қыстырып, көрпе-жастығымды көтеріп алдым да, Сапардың есігін жаймен қақсам, ол ашпайды, ұйқысы қатты ма, оянбай қойды. Елегзи отырып шамның барлығын жағып, радионы сампылдатып сөйлетіп қойдым. Таң қылаң бергенде ғана шамдарды сөндірдім. Түнімен әлденені күзетіп шыққан кісідей, кірпіктерім кіртиіп, көзімнің алдына ойық жатып алыпты...

АЗАМАТ АҚСАҚАЛ

Ұлттық ынтымақтасудың төтенше комиссиясының председателі А. Р. Хатеф біздің делегацияны кабинетінің алдынан қарсы алды. Кеңсесі бұрынғы король сарайында екен. Жас шамасы жетпіске жақындап қалған - ау, бірақ бойы тіп-тік, ірі денелі, шырайлы адам екен. А. Р. Хатеф - қоғам қайраткері ғана емес, жазушы да. Батыс, Шығыстың бірнеше тілін біледі. Жоғары әдеби білімі бар, ұстаздық еткен Ячылдары өз алдына, деспотизм мен монархияға қарсы күрескен. Ауғанстанның қоғамдық өміріне белсене қатысып келеді. Пандяшри соның шәкірті екен. Монархия тұсында парламенті Кандагар аймағынан депутат болыпты. Ал Ауғанстан Жазушылар одағының ассоциациясы ұлттық татуласу комитетінің коллективтік мүшесі. ─ Шаршаған жоқсыңдар ма, достар, сіздер біздің халықтың достарының ұлдары боп келесіздер, біз, ауғандықтар, өз әкелеріміздің дәстүрін сақтауға тырысамыз, нанмен, тұзбен күтіп аламыз. Шай ішіп, тамақ жібітіп алыңыздар, - деді Хатеф, - ұлттық татуласудың негізгі мақсаты - қанды соғыстың бетін қайтару, тоқтату. Бізді бұл жөнінен Совет Одағы қоштайды. Бейбітшілік пен социализм егіз ұғым ғой. Алайда, табиғаттағы секілді, қоғамда да әр текті, әр түрлі көзқарастар, құбылыстар бар. Табиғаттың күні мен түні секілді, әлеуметтік өмірдің де күні мен түні бар. Империализм мен социализмнің күресі тоқтаған жоқ. Жаңа системаны қорғау оңай емес. А. Р. Хатеф үнінде сабырлы ағыс бар, әңгімені асықпай, абыржымай, байыппен өрбітеді. Кешелі-бүгінгі ел тарихын, Батыс пен Шығыс арасындағы сап түрлі қарым-қатынас жайын жақсы жеткізеді. Ғайрат әріптесіміз де, Хатеф сөзінен шашау шығармай тәржімалап отыр. ─ Ауғанстан бұдан 68 жыл бұрын саяси тәуелсіздік алды, империализм оның тәуелсіздігін мойындады. Бірақ осындай артта қалған елдер алға ұмтылайын десе, империализм шалғайына жабысады. 95 проценті сауатсыз елге ілгері жылжымай жақсылыққа кенелу қайда! Оның үстіне өнеркәсібі, транспорты балаң, содан ел ішіндегі этникалық топтардың өзара қатынасы нашар. Ал революцияны жасаған кісілер осынау артта қалушылықты жедел жоюға асықты. Олар халықты соңдарынан бірден ертіп кете алмады, өйткені өздері халықтан алыстау тұрды. Ішкі реакция, империалистік топтар халық пен өкімет арасындағы әлгіндей қолайлы жағдайды пайдаланып қалудан қашпайды. Біздің программалық сөздеріміздің бәрі халыққа таныс, алайда, біз сол идеяларды іс жүзіне асыра алмай отырмыз, - дейді А. Р. Хатеф жолдас, - жиырма екі жыл өтіпті, мен парламентте депутат едім, әрбір депутаттың қалтасында селода салу жөнінде халық өтініші болатын.

Хатеф сөйлей берді, біз тыңдай бердік. ─ Шаруалар жағы қай уақытқа, қандай жағдайда болмасын, қарамағындағы егістіктен мол өнім алуға тырысады, өкімет оларға бүгінде көп жеңілдіктер жасады. Дегенмен шаруалардың өз ісімен айналысуына кедергілер болып тұрады. Қоғамда әлі қайшылық бар, басқа елдің пайдалы кеңесіне құлақ аса бермейді. Дұшпандар тобы үшін соғыс тиімді. Сондықтан да олар: «Ауғанстанда ислам қауіпті жағдайда» деген жалған ұран тастады. Бұл жалған қауесетті жоққа шығару үшін мемлекет ірі қаржы жұмсауға мәжбүр. Отанына оқ атқандар екінші ұранды тықпалады. Олар: «Ауғанстан өз тәуелсіздігін жоғалтты, елді совет әскерлері басып алды» деп байбалам салды. Бұлар үгіт-насихатымыздың осал жағынан кеп тиісті, - дейді Хатеф, - өйткені Совет Одағының ондай ниеттен аулақ екені айдан анық, бөтен жерді жаулап алу олардың ойында жоқ. Сөйтіп, сіздердің қуатты үндеріңіз біздің баяулау үнімізге қосылып, әлгі екі ұрансымаққа қарсы соққы болып тиді. Совет Одағы барлық халықаралық форумдарда ойдан шығарылған жалған ұранды жоққа шығарды. Бүгінгі таңдағы бізге қарсы ниеттердің ұраны: «Біз жаңа өкіметпен жұмыс істегіміз келмейді» деді, ал алдауға түскендер үшін үкімет басына кімнің келгені бәрібір. Жаңа міндет - елдік құрылыстың жаңа жоспарын жасау, жаңаша өмір сүру, халықты өз еңбегімен бақытқа жеткізу. Ал, оппозиция халықтық өкіметпен үйлесіп іс жасағысы жоқ.

Мынадай шындықтан туған әңгіме де бар:

Ауғаннан қашып кеткен бір шаруа Пакистанға барып бізге қарсы соғысқан яғни, дұшпандарға қосылып кеткен. Ол кейін сұрастыра келе не соғыс екенін біледі. Молдаға барып: «егер мен осы соғыста өле кетсем, ерлерше шейіт болды» демеңіз дейді. Молда «неге?» - деп сұрайды. Сонда шаруа өзіңіз құдай жолында қаза тапқан кісіні шейіт болды дейсіз ғой депті. Біз болсақ 800 сотың жер үшін соғысып жүрміз. Олай болса, мен өлсем сол үлесіме тиісті жер үшін өлемін. Мен Отаныма ораламын дейді ол. «Неменеге барасың» дейді оған. Өлгендердің бәрі құдайға барады деген дұғаңда сөз бар. Қашқын байғұс Құраннан бейхабар - тын. Мұнда өлсем, құлағыма «құдайға қайта оралдың» деп, сыбырлай салыңдар дейді. Ал егерде Ауғанстанда өлсем, әйелім пенсия алады, балаларым мектепке барады. Ақырында ол Ауғанстанға қашып келіп, қолына қару алып, қаланы контрреволюциядан қорғауға қатысады. Түбінде кімнің жақын, кімнің алыс екенін халық түсінеді. Отан, халық, прогресс жайын кім ойлайтынын халық біледі, халық сатылмайды. Ұлттық татуласу саясаты жария болғаннан кейін Отанына оралушылар мемлекеттен көмек ала бастады. Жаулар мұның есесіне дұшпандарға қосымша қаржыны үйіп-төкті. Пакистан жағында ұйысқан қарулы отрядтар ауғандарды бері жібермей, өлім-жітімге ұшыратып, қорқытып - үркітіп қалдыруға, түрмеге ұстауға тырысады, кейде сый - таралғымен де тоқтатуға әрекет жасайды. Жасай берсін, Отанына, өз отының басына асыққан ауғандарды ешқандай күш тоқтата алмайды. Империализм насихаты жанын салып, ұлттық татуласу саясатын жоққа шығаруға құлшынады. Халықаралық пікір ұлттық татуласу саясатын қолдауда. 1987 жылғы 22 июньде Делиде Үндістандағы саяси партиялардың конференциясы өткізіліп, күн тәртібіне Ауғанстандағы ұлттық татуласу мәселесі қойылды. Бұл конференцияға Үндістанның солшыл және оңшыл партиялары қатысты. Оңшыл партиясы А. Р. Хатефты шақыртады. Жаңағы мәселе жөнінде сөйлетеді. Үнді мәжілісі шешімін бекітіп, Ауғанстан болашағына байланысты халықаралық конференция өткізуге келісімін береді. Ендігі бір жай - ауған контрреволюционерлерінде «Блоупаип» қайдан пайда болады, соны анықтау қажет. Бұл туралы ағылшын парламенті үнсіз, ал лейбористер осы мәселені ирангейттей етіп парламенттің алдына қоймақ ойлары бар. ─ Революция бүгінгі нәтижеге жету үшін ғана болған жоқ, реакция идеялардың жүзеге асуына мүмкіндік бермеді, империализм тұсау - кедергілерін қойып үлгірді, - дейді Хатеф сөзін одан әрі сабақтай түсіп, - біз халықты білмегендіктен соңымыздан ерте алмадық, бүгінгі империализммен белсенді түрде күрес аша алмадық. Революцияны қауіптен сақтауға болады, бізге бейбітшілік керек, сондықтан бірнеше адым кейін шегіндік, бірақ бетімізді артқа қарай бұрғанымыз жоқ. Халық пен біздің арамыздағы алшақ жайды қысқарту абзал. Революцияның жетістіктерін көпіртіп сөйлеуге үйреніп қалдық. Бұл құр тақылдақ сөздер ғана, ал бірқатар табыстарымызды да жоққа шығаруға болмас. Десек те, ұрандарымызды қайтадан қарағанымыз жөн сияқты. Басқарушы партия алғыр, оралымды ғана емес, қайырымды да болуы тиіс. Кейде кішкентай нәрседен жаңсақ басып қалатынымыз бар. Жақында бір партия мүшесі телевидениеден жаңа конституцияның жобасы қақында сөз сөйледі. Дұрыс - ақ. Сондағы жобадағы «Отбо» (дәрігер) деген сөзді ол жолдас «атебо» деп оқыды. «Отбо» сөзін докторлар «атебо» деп өзгертейік деп ұсыныс жасады. Ең алдымен мәдениетті сөйлей алмау өз алдына, біз сөзді теріс оқып, былай етсек қалай болады деген ұсыныс жасаймыз. Халық құлағы тігулі ғой, қалайша аңдамай сөйлейміз?.. Иә, Хатеф ақсақалдың сөзінен шындық, жариялылық лебі еседі. Еліне, жеріне нағыз жаны ашитын азамат адамның сөзі. Не нәрсеге де адамдықтың, адалдықтың көзімен қарайды. Хатеф темекісін тұтатты. Қолымдағы қаламнан болмашы тұқыл ғана қалып еді, бәрін тегіс қамтып жазып үлгере алмаймын ба деп отырғанда, шай құйып жүрген жас жігіт алдыма ұшы біздей екі қалам қойып кетті. Сөйтсек бәріміз де үзік-үзік болса да, Хатеф сөзін қағазға түсіріппіз.

Хатеф кесесін қойды да, әңгімесін сабақтады. ─ Біз, ауғандықтар, терминологияны жиі қолданамыз, бұл арада қызмет атқарғаныма екі жыл. Біз өз тілімізді қалыптастырғымыз келеді. Көптеген фраза, сөз тіркестерін өзгертсе дейміз. Әйтпесе жаттанды сөз қуып кеттік. Сегіз жылдан асты, соғысқа да етіміз үйреніп барады, қанымызда жауынгерлік, өжеттік секілді бірдеңе болса керек. Партия мен мемлекет тарапынан ұлттық татуласу саясатын жан-жақты терең түсініп болғанымыз жоқ. Татуласу саясатын түсінетін топ басшы орындарда отыр, түсіне отырып, кейде кейбіреулері қарсыласады. Бұл тұрғыдан алғанда, бірыңғай программа келісім жасалмаған. Іс барысындағы кейбір болмашы қайшылықтарды империалистер бізге қарсы қару етіп, дүние жүзіне жайып, дабыра етуге әзір. Елдегі сенімсіздік хал-ахуалының өзі қауіпті, оны бірден жойып жіберу мүмкін емес. 1987 жылғы 21 июньде Дели конференциясына барғанымда мені самолеттің басқышынан қарсы алған ауған елшілігінің адамдары мынаны айтты: «Біз қашқындарды елге қайтару жолындамыз, бір-ақ сіздер берген сертте тұрмайды екенсіздер, оларға берген уәдені неге толық орындамайсыздар. Біз жастар тобын елге қайтуға әзірлеген едік, сөйтсек, олар алдын ала біреуді жіберіпті, оны жауынгерлер ұстап алып дереу әскери бөлімге тапсырыпты. Келісім бойынша олар әскерден алты айға кейінге қалдырылуға тиіс. Әлгі әскерге алынған жігіт Үндістандағы ауған жастарына: «Олар алдайды, үйлеріңе қайтпаңдар» деп хабар жіберіпті. Ұлттық татуласуды жүзеге асыру жолында жасалған документтер баршылық. Бір жерден бұзылып, үзіліп кетсе түзету қиын. Онда татуласу тірлігінің ажарына ақау түседі.. Бұл саясатқа кедергі жасаушылар оның мән-маңызына бойлап бармайды. Немесе іске асырғысы келмейді. Немесе әрекет - шараларымыз асығыстыққа ұрынып жатады. Мәселен, қазір біз ұлттық татуласу саясатын жүргізу мақсатында әр түрлі таптарға көптеген жеңілдіктер жасадық. Конституция жобасын қалың көпшілік алдына жаю қажет, сосын барып бірге талқылаған игі. Біз әлі ұлттық татуласудың тоқтар шебін анықтаған жоқпыз. Жалпы, осы процестің даму сатысы қалай болмақ, оны анық біле алмаймыз. Бейбітшілік және татуласу. Екі ұғым бір-біріне батысуы, тұтасуы қажет. Соғыстан халық шаршады, бірақ жауына тізе бүкпейді. Оппозиция бізге беріліңдер дейді. Біз берілуге тиісті емеспіз. Біздің саясатымыз оппозицияның саясатын тудырып отыр. Біреулер бір қолымен берсе, екінші қолымен алады. Бірқатар нәтижелерге қол жеткенмен, адамдардың көпшілігі бізге сенбейді. Сенімсіздік татуласу саясатын созыңқырап жібереді. Революция, үкімет, достар үшін қызмет көрсетудің орнына кейде дұшпандарымыздың диірменіне су құямыз. Қайғы да, қуаныш та біздермен бірге, достарымыз, сіздерден бұл жасыратын сыр емес. Ауғанстан енді революциядан бұрынғы жағдайға оралмайды. Революцияға дейінгі институттар, таптар, топтар тарих сахнасынан кетті. Әрі қарай енді қандай бағытта даму керек. Мұндай ұлан-ғайыр шаруа жеке адамның, әр түрлі партиялардың, Ауғанстан халықтық - демократиялық партиясы Орталық Комитетінің қолынан келе ме. Жұдырықпен жұмыс істету заманы қалған, енді ашық, арлы әрекет күтудеміз. Ұлттық татуласудың жеті айы өтті. 30 мың адам мемлекетпен қарым-қатынас жасауға келісті. Бұл ұлттық татуласу комиссиясының еңбегінің нәтижесі. Комиссия 600 қарулы топпен байланыс жасады, әрбір топпен арнайы жұмыс жүргізді.

Батыс үгіті бұны бұрмалай көрсетуге құштар - ақ.

Төтенше қозғаушы күштердің әсер еткендігі анық. Адамдар қолдарына қару алып, қол жеткен табысты қорғауға көшті. Осындай жағдайда әрбір адаммен, топпен жұмыс істеуге тура келеді. 217 қарулы топ келісімге қол қойды. 227 қарулы топпен келіссөз жүргізілуде. 90 мың адам Отанына оралды. Пакистан, Иран жағының қатты қарсылығына қарамастан 14 мың 300 семья еліне келді. 31 аймақта (провинция) 365 комиссия ұлттық татуласу саясатымен айналысады. Қарты бар, жасы бар 90 мың адам комиссияларда, жырғаларда жұмыс істеп, бізге көмектесіп жүр. 4 губернатор, 14 аудан бастығы, 5 министр (партияда жоқ) қайтадан тағайындалды. 1335 қыстақ соғыссыз босатылды. 1500 қыстақта сайлау өтті. Сайлау системасын да жаңадан қарастырған ұтымды. Комиссия жұмыстарына бұрынғы қарулы дұшпандардан 6 мың кісі қатысып жүр, Ұлттық татуласу комиссиясы ішкі және сыртқы топтармен тұрақты байланыс жасайды. Жаңа конституция жобасы ұлттық татуласу саясатына дейін жария етілген-ді. Ол қайтадан қаралды. Әдетте, конституция бірдеңеге жету үшін жазылады ғой. Екінші Жер реформасы туралы декретте Ауғанстандағы халық тілегі, жағдайы ескерілді. Осы уақыттың ішінде Еңбек туралы заң талқыланып, жарияланды. Бұл да революция жеңістерінің санатына жатады. Қаржыландыру жайындағы заң да халыққа белгілі. Бұл заң жаңа фабрика-заводтар салуға мүмкіндік береді. Әскери міндетке орай жаңа заң қабылданды. Эмигранттарды салықтан босаттық, әскери борышын өтеуге мүмкіндік бердік. 7 мыңнан астам кісі түрмеден босатылды. Жариялылық бізде де құлаш жайып келеді. А. Р. Хатеф Сөзін аяқтады да, ұзартып жібергеніне бізден кешірім өтінді. Делегация атынан Ким Николаевич Селихов сөйледі: ─ Біз сізге кең ауқымды ашық әңгімеңіз үшін рахмет айтамыз. Мен Ауғанстанда жиі болып тұрамын. Бүгін бізге сіз жүрек тебірентетін шындықты айттыңыз. Жазушы үшін бұл өте керек диалог болды. Біз революция жеңістерін ғана емес, оның қиыншылықтарын да оқырманнан жасырмауға тиіспіз. Сіздер жүргізіп отырған татуласу саясаты дүние жүзіне үлгі ретінде қарастырылады. Сондықтан да сіздің тәжірибеңізде жеңіс те, жеңілістің де болуы заңды нәрсе. Жеңіс өзінен өзі келмейді. Мен «Жарияланбаған соғыс» дейтін кітабым шыққаннан кейін көптеген хаттар алдым. Сол хаттардың біреуінде былай депті: «Ауғанстан туралы тағы жазатын болсаңыз, онда проблема көп. Татуласу жолы - жеңіс жолы. Ондағы жауларды да жақсы зерттей білсеңіз, жеңесіз, ал егер жалаң ұранға ұрынсаңыз жеңілесіз». Мен солай еттім. Біраз нәрселерді тың көзбен қарап шықтым. Расында, біз жауларымызды бағалай білмейміз, біз оларды ақымаққа санаймыз. Олардың арасында да ақылды кісілер бар. Мәселені қайта құру мен жариялылық тұрғысынан қарастырған жөн. ─ Сізге хат жазған қасыңыз ба, досыңыз ба білмеймін, - деді Хатеф Кимге қарап, - ислам берік, бірегей идеология емес. Ислам әрбір аймақта, әлде өз өңін өзгерткіш келеді, ол ортаға да байланысты. Егер сіз исламды зерттеп қарасаңыз, Сахарадан бастап Индонезияға дейін әр халықтың исламдық қабылдауында өзіндік ерекшелігі кездеседі. Кабулде қазір 600 мешіт бар, бұл цифр батыс журналиске әсер еткенімен, мұсылмандар үшін аздау көрінеді, әрине. Негізгі мәселе - мешіттің жұмысын кім жүргізеді, қалай жүргізеді, не айтады, міне, сонда. Өкінішке қарай бүгінгі мемлекеттік имамның сөзі партия мүшесінің сөзінен аумайды, имам өз сөзімен сөйлемеген соң халық оған сенімсіздік туғызады. Мұсылмандар жерге отырып-ақ намаз оқи береді. Мәселе молданың тасбиығында емес, сақал, сәлдесінде немесе шапанында емес, мәселе арында, мейірбандылығында, сенімге ие болуында. Біз әлі мешітті әшекейлеумен жүрміз, діни адамдардың, сопылықтың сапасын ойламаймыз.

А. Р. Хатеф тағы да бірнеше сұрақтарға жауап берді.
Вера Феонова:

─ Ауғанстан халқы қашқындарға көрсетіліп жатқан көмекке реніш білдірген жоқ па?

А. Р. Хатеф: ─ Жоқ, ренжімейді. Халық бейбітшілікке ынтығулы. Бандылар лагерінде болғандардың бәрі дұшпан емес, қашқындар ғана. Біз көмек көрсетуден бас тартпаймыз. Біз мұнымен негізгі мақсатқа жақындаймыз. ─ Ұлттық татуласу саясатына әйелдердің қатысуы жөнінде айтпас па екенсіз? - деп сұрадым мен.

А. Р. Хатеф: ─ Әйел - ана, қарындас, жар. Соғыс ең алдымен әйел жүрегіне тиеді. Олардың әрбірі өз ошақтарының отын сөндірмес үшін әрекет жасай бермек. Ерлердің бір-біріне қарсы қылыш көтергенін әйелдер ұнатпайды. Біздің елде әйелдердің жалпы ұлттық советі бар. Қолдарына қару алып топ бастап жүрген әйелдер есімі елге белгілі. Үш әйел Ұлттың татуласу перзидиумының мүшесі. Бәріміздің атымыздан Ким Николаевич Хатефке әңгімесі үшін тағы да ризалық сезімін білдірді. Хатеф халқының келешегіне қамқорлық көзімен қарайды. Бұл нағыз азаматтық қасиет. Екінің бірінде ұшыраса бермес. Өмірде алдынан ондаған - жүздеген шәкірт өтіпті. Сол шәкірттерінің бірі ақын Паиджири ұстазы жайында: «Ол талайды бақытқа жолықтырған адам» деді.

* * * Кешкісін қонақ үйге Кабулде шығатын «Хакикате инкилабе саур» («Апрель революциясының шындығы») газетінің фототілшісі келіп, бізді суретке түсіріп алды. Ертеңгі номерге бермек екен. Жеке-жеке түсірді, интервью алмақ. Ертеңгі сағат сегізде К. Селихов және В. Поволяевпен сұхбатқа келісті. Лифтімен жоғары көтерілдік. Валерий Сапар Барноев екеумізді бөлмесіне шақырды. ─ Дұшпандармен соғысып жатқан жерден жүзім әкелдім, сәл ащылау, көріңіздер, - деді ол. Бір-бір шаңтан алдық, дәмін татып едік, қышқылдау екен.

─ Біздің жігіттердің жағдайы, көңіл-күйлері қандай? ─ Жаман емес, - деді Валерий сәл ойға кетіп. Біз Селихов екеуміз броньды транспортер ішінде алыстан бақыладық. Жарты сағаттай кәдімгі соғысты көзбен көрдік. Орыс, украин, тәжік, өзбек, қазақ жігіттерін кездестірдік. Қойын дәптерге көп фактілер түсті, кейін газет-журнал беттерінен оқырсыздар, - деп сөзін доғарды.

Түрлі хикаялардан кейін ұйқтау мүмкін бе. Сапарға телефон соқтым.
─ Келің, қазақ бауырым, гәплашайық, - деді.
Барсам темекісін бұрқыратып, блокнотына бірдеңелерді түсіріп жатыр.
─ Бағана түсте Ассебпен гәплаштым, - деді Сапар, - көзі мұңға толы ғой.

─ Иә, қандай себебі бар? ─ Кабулден он бес шақырым жерде Ассебтің туған қыстағы тұр. Қазір қыстақта ызыңдаған желден басқа жан жоқ, - дейді. Халқы босып, көшіп кеткен. Ағаларын дұшпандар өлтіріп кетіпті. Содан бері ой - теңізге батып жүреді... Шет жерлерде қанша халықтың қашып жүргенін білесің бе?

─ Біраз бар-ау.
─ Біраз емес, миллионнан көп ауған Пакистанда, Иранда.
─ Олар қалай күн көреді?

─ Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қызыл Крест қоғамы көмектеседі. Мұны да Ассеб айтты маған. Түн ортасы ауған кез. Сапар балконның есігін ашты. Самал соқты. Қандай жайлы жел. Маржандардан алқа таққан түнгі Кабул ұйқыда. Алыстан қарауытып көрінген тау шыңдары сап түзейді. Әлдеқандай ракета аспан төсін тіліп өтті. Таулардың ар жағында болып жатқан атыстың дүрсілі ауық-ауық естіліп қалады. Сонау шыңдардың басында от жылтылдайды. Балконға шығып бой жазып, таза ауа сімірсем дейсің, амал не, бұл Алматы ие Ташкенттегі үйлердің балконы емес. Қаңғыған оқ қағып тастауы кәдік. Вера. Борисовнаның кеше бір демалыс арасында айтқан әңгімесі есіме оралды. Алдыңғы жылы ма, біздің бір топ офицер Кабулдегі мейманханалардың бірінде туған күнге жиналыпты. Орталарындағы жалғыз әйелді төрге, терезе жаққа шығарады. Перде жабық, бірақ әйел тұсынан бір болмашы саңлау қалғанын ешкім аңғармайды. Әңгіме дүкені қызады. Сағат жарымнан соң байғұс әйел шыңғырып құлай береді. Снайпердің оғы тура арқасынан тиеді.

─ Сақтансаң сақтаймын дегендей, балконды жауып қоялық, - деді Сапар.
─ Тынықсақ тынығайық. Ертең бізді де істер күтіп тұр.

Жатқанмен жуық маңда кірпігім ілінбей қойды. Сапар басы жастыққа тиісімен-ақ ұйқы патшалығына тарта жөнелді. Күзетшісі жанында, неден қорықсын. Мені ой қамалап, біресе ана қақпаға, біресе мына қақпаға тығады. Бұл соғыс, адамды адам өлтіру қашан бітеді, бүкіл дүние халықтары бейбітшілік дастарқанының басына қашан бірге отырады. Аналар қашан көз жасын тыяды. Қара жер қайғыны ауырлап қақ жарылып кетпей ме? Ақылға қашан келесіңдер, адамдар! Тоқтаңдар, тоғысыңдар, табысыңдар! - деп жар салғым келеді. Біз келерден бір ай бұрын Кабул микроауданының базарында жарылыс болып, үш адам өліп, он төрт адам жарақаттаныпты. Қысқа мерзімде төрт жүз бейкүнә жан дұшпандар қолынан жазықсыз қаза тауыпты. Контрреволюционерлер ұлттық татуласу саясатына кесе-көлденең тұрып, шартты он бір мың рет бұзыпты. Кабулдан қашық, Кандагарда қызмет істеп жүрген қазақ қызы, аяулы қарындасым Гүлнар Мақашеваны ойлаймын. Жігіттерді жігерлендіріп жүрген қаракөз жайлы естігенмін. Әттең, Кандагарға бару қиын, онда бір күрделі соғыс операциясы жүріп жатса керек. Қанатым болса, құс болсам, ұшып барып ауған ағайындарға интернационалдың көмегін аямай жүрген қазақ қызының маңдайынан сүйіп келер едім деймін. Көкшеден ұшқан көгершініме көп өлең оқып беріп, бір уақ Көкше көлдеріне, құрбыларына, ата-анасына, ұстаздарына деген сағынышын, сөзін есітіп қайтам деп едім. Оқ пен оттың арасынан совет жауынгерлерін алып шығып, жараларын таңып, жанына сая бола білген Гүлнарға Көкшенің бүкіл гүлдерін теріп апарып сыйласа да аздық етер еді. Әрі аунап, бері аунап қазақ қызының тағдырын ойлаймын. Гүлнар әскери-патриоттық тәрбие клубының дайын президенті емес пе?! Аман бол, айналайын, Кандагардағы қазақ қызы! Есіміңді елден шыққанда есіткенмін, сүйсінгенмін, көрсем дегенмін. Туған елден келген ағай сәлем бермей кетті деп айыпқа бұйырма, қалқам! Ауылға аман-есен ораларсың, сонда Ауғанстан жайында жырларымды оқып беремін, сол жыр бағының ішінде өзің де жүрерсің. Сені ойласам жуырда «Комсомольская правда» газетіндегі материалдағы «Күтем деп еді...» деген жауынгер сөзі ойға оралады. Түгел келтірейінші: «Саламатсыз ба, құрметті редакция! Саған хат жазып отырған Зубов Андрей. Ауғанстанда интернационалдық борышымды өтеп жүріп ауыр жараландым, нәтижесінде мүгедек боп қалдым. Қазір Бурденко атындағы госпитальда жатырмын. Армияға аттанғанымда мені бір қыз шығарып салып еді, күтем деп еді, енді, міне, мен соған керек емеспін. Жаныма ауыр мұң түсті. Не істеймін?...» Бәлки, Гүлнар Мақашева Андрейді от астынан аман алып шыққан шығар. Тау мен тау түйіспес, ал адам мен адам табысар деген рас сөз ғой. Гүлнар Андрейдің бұл хатын оқыса, жас жігітті жігерге шақыратын шабытты сөзбен жауап жазып жіберер деймін. Күтпей кеткен, жауынгерді ең қиын уақытында жалғыз тастап кеткен қыз да, қылығынан қысылып қайта оралар, кім білсін. Өмірде не болмайды. Ауғанстанға жүрер алдында Қызыл Жұлдыз ордені және «Ерлігі үшін» медалінің иегеpі Айтжан Айдашевпен сөйлескенмін, екеуміз бір институтта істейміз. Айтжан - әдебиетші, отыздан жаңа асқан жігіт. Батырлар жырының томдарын жарыққа шығарысып жүр. Болашағынан үміт күттіретін жас ғалым. Ауғанстанға барып, интернационалдық борышын абыроймен өтеп оралды. Гүлнардың рухани ағасы, интернационалист ағасы. Айтжанның айтқан хикаясы да көкірегімде сайрап тұр, оны да түгел өз сөзімен келтірейін. «Мен 1982 жылы февраль айында Ауғанстан Республикасына әскери қызметке бардым. Самолеттен қарағанда таулы аймағы көбірек көрінеді, - деп бастаған еді сөзін Айтжан інім, - менің лейтенант атағын алғаныма жеті ай болған. Ауғанстанның Құндыз провинциясындағы совет әскерінің бөлімшесіне келген соң мен істің жағдайымен таныса бастадым. Бір аптадан кейін Саяси бөлім бастығының орынбасары подполковник А. Русаков мені отрядқа алып келді. Арнайы отрядтың командирі болатынымды алдын ала білетінмін және қандай міндеттерді орындау керек екенін де біліп жүргенмін. Отрядпен танысқан соң жаттығуға кірістік. Өйткені он күннен кейін операцияға шығуға тура келеді. Сонымен біз Панджир деген үлкен баудың аңғарындағы дұшпандарды жою операциясына қатысуға жүріп кеттік. Бізбен бірге ауған революциялық армиясының жауынгерлері де аттанды. Барлау мәліметтеріне қарағанда Ахмед шах басқарған тау аңғарындағы дұшпандардың саны бес жүзден асады. Қарулары жеткілікті, бекіністері мықты. Едәуір қиындықтардан кейін Панджир аңғарына отыз километрдей кірген біздің отряд Карашичак деген жерге бекінді. Сол жағымыз тау, биік құз. Оң жағымыз өзен, өзеннің арғы жағында адамдары қашып кеткен қышлақ. Үш-төрт күннен кейін бір түнде күзетті тексеріп келіп, броньды транспортер ішіне кіріп жата бергенімде, тасыр-тұсыр атылған мылтық пен гранаталардың жарылған дыбыстары естілді. Сыртқа шықсам қарсы беттегі бос тұрған қышлақтан атып жатыр екен. Зеңбіректің, автоматтың, гранатаметтің дыбыстары шығып тұр. Бізді қатты састырғаны техникалардың бір-біріне өте жақын тұрғаны болды. Олардың ішінде жасармай құйылғандары да бар еді. Жауынгерлерді топ-топқа бөліп, қорғаныс ұйымдастырып, таң атқанша шайқастық. Таң ата бере атыс тоқтады. Таңертеңгі тамақты іше сала жедел көмекпен бірге бізді атқан қышлаққа қарай қозғалдық. Қарсылық көрсеткен ешкім жоқ. Қышлақ бос тұр. Күні бойы жүріп, тауға көтерілдік, үңгірлерді қарап шықтық. Еш нәрсе таппадық. Бұл менің дұшпандармен алғашқы атысуым еді. Ауғанстанда қызмет еткеніме бір жылдан асқан. Аға лейтенанттық атақ алғам. Бір күні Бағлан тауларындағы дұшпандарды қоршап алып, көп адамды қолға түсіріп, жауап ала бастадық. Райымқұл деген бандыда болған еңгезердей ауған таудың арасында үңгірде жаудың қоймасы бар деген мәлімет берді. Осы мәліметті анықтау үшін күн бата аттанып кеттік. Әлгі Райымқұлды жолбасшы етіп алдық. Түні бойы тауға көтеріліп, таудың басына шыққан соң жауынгерлерді тынықтыруға тоқтаттық. Сол кезде Райымқұлдан «Енді қалай қарай жүреміз?» деп сұрап едім, ол қай саламен түсуді ұмытқанын айтты. Бағытты анықтау үшін барлауға шығатын болдық. Барлаушылар ротасының командирі Афонский пулеметшілерді, мен әлгі Райымқұлды ертіп жүріп кеттік. Келе жатырмыз, жолбасшымыз әлі дұрыстап бағдарлай алмай келеді. Бір кезде Афонский маған: «Мынау бізді алдап қолға түсіртер» деген күдігін айтты. Мен: «Жоқ, ол шын анықтай алмай келеді» дедім. Сөйтіп, екеуміз дауласып, ақырында Афонский кейін қайтып кетті. Мен әлгі жолбасшымен алға жүре бердім. Таң атып, айнала ағара бастады. Таудың саласымен төмен түсіп келе жатсақ, алдымыздан отызшақты дұшпандар мылтықтарын мойнына асынып шығып келе жатыр екен. Олар ақырындап үшке бөлініп, бір бөлігі сол жақтан, екіншісі қарсыдан, ал үшінші топ оң жақтан шыға бастады. Біз жалғыз аяқ жолмен келе жатқанбыз. Сөздері анық естіліп тұрды. Біздің жауынгерлер мен Афонскийдің барлаушылары төбенің ар жағында қалған. Келе жатқан жолымызға жата қалдық. Әлгі қолға түскен жолбасшы Райымқұлға қозғалмай жат, алдымен сені атамын дедім. Ол маған қарап: «Енді құрыдың» дейді. Әлгі дұшпандар бізді байқап қалса керек, ата бастады. Әсіресе сол жақтағылар таяп қалды. Оқтарымды есептедім де, атысқа кірісіп кеттім. Біраз атысқаннан кейін ойлап қоям, сірә, тірідей берілмеспін деп. Енді оң жақтағылар да таяп келіп қалды. Тастан тасқа жүгіргендерін көріп жатырмын. Енді оқтарды үнемдеп ата бастадым. Гранаталарды дайындап қойдым... Бір мезгілде әлгі дұшпандар өз-өзінен ата бастады. Не болды бұларға деп жан-жағыма қарасам, арт жағымыздан біздің жауынгерлер келе жатыр екен, алдында Афонский. Содан күні бойы соңына түсіп, бірнеше жауды жойып, он бес адамды қолға түсіріп, қару-жарақ қоймаларын таптық. 1987 жылғы январь айының бас кезі. Менің үйге кетуіме бес күн қалған. Құндыз -Хайратон трассасымен келе жатқан болатынбыз. Жолда ауған жүк таситын машиналар колоннасы тоқтап тұр екен. Сұрасақ, дұшпандар атқылап, содан тоқтап тұрмыз деді. Мен броньды транспорттан түспекші едім «оқ тиеді, атып тұр» деп ескертті. Ауған жолдастардан жаулар тұрған жерді сұрап алдық. Содан кейін оларды қорғап өткізіп жіберіп, сол үш броньды транспортермен атып жатқан жерге қарай беттедік. Бізді көрген соң дұшпандар жыраны сығалай бастады, артынан қуа жөнелдік. Жақындағанда мен ауғанша айқайлап, қаруларын таста дедім. Төрт-бес адам жапырлап қаруларын тастап, кейбіреулері жата - жата қалысты, кейбіреулері әрең көтерді. Біз жақын келгенде, олардың оқшау тұрған біреуі, автоматын қарсы кезеп ата бастады да, бізбен біраз атысқаннан кейін оның автоматының үні естілді, өзі де құлады. Біз келіп қол көтергендерді, жатқандарды тұтқынға алдық. Бес адам екен. Жастары он жетіден жиырма үшке дейінгілер. Бәрі жылап, бізді қорқытып алып келді деп, түсіндіре бастады. Бізді зорлап оқ атқызып жүрген анау, сіздерге автоматтан оқ атқан адам деді. Барып қарасақ, мылтығы жерге түскен, өзінің бірнеше жеріне оқ тиген, отыз бес жырақтардағы адам өліп жатыр екен. Документін қарасақ, ислам партиясының мүшесі. Апрель революциясына дейін атақты бай болған адам. Пкистан шекарасынан өтті деген кепілдеме қағазы бар. Әлгі тұтқындарды, документтерді Ауған армиясының барлау бөліміне тапсырдық». Таңертең қонақ үйге Искандер келді. Искандер Идиев Душанбеден, тәжік жігіті, Москвадан оқу бітіріп келген жас маман Ауғанстан халықтық - демократиялық партиясы Орталық Комитетінің Кабулдегі қоғамдық ғылымдар институтінде дәріс береді. Қолында Хафиздыд өлең кітабы, ол бізге тәржімалап, қол ұшын беріп жүрген-ді. Хафиз томын ашып қалды да: ─ Кітаптың кез келген бетін, кез келген жолын, мысалы, 80-бет 8-ші жол деуіңізге болады, Хафиз сізге не сыр айтады, бал ашып көрейік, - деді Искандер, - кәніки кім бірінші? Хафиз дайын. Мен: 90 бет, төменнен санағанда 7-ші жолды оқыңыз дедім. Искандер тауып алып оқыды: «Хафиз не порицай других, если они пьют, курят, а ты останься аскетом» депті. ─ Дәл айтқанын қарашы саған, - деді Сапар, - тіпті Хафиз сен жайлы сөздерді біліп айтқандай естіледі. Сапар екеуміз Станислав Куняевтың бөлмесіне кіріп шықтық. Бассейнге шомыламын деп белін суық қармап қалса керек. Белім көтертпейді деп, төсегінде жатыр, дәрігер шақыртылған. ─ Пистолетті маған өткіз, енді сен менің телехронителім бола алмайсың, жатысың мынау айтқан тілді алмай, - дейді әзілдеп Герольд Регистан, - күнде ертемен суға түсемін деп белді бердің.

* * * Кабул университеті. Кіреберіс қақпада бізді ректор күтіп тұр. Ректор Асадулла Хабиб жылы жүзбен амандасты. Вера Борисовна сәлемнен кейін «Восточный альманах» жинағының 13-кітабын Хабибтың қолына ұстатты. Ол проза, өлең жазады. Бірнеше кітаптың авторы. 1970 жылдары Асадулла Москва университетінде, мен СССР Ғылым академиясының Шығыстану институтында аспирантурада оқығанбыз. Жетекшіміз Газапфар Юсуфоглы Алиев екеумізді институтта таныстырып еді. Асадулла парсы тілді белгілі ақын Бедилдің творчествосынан диссертация қорғаған Хабибтың 1963 жылы жарық көрген «Үш батырақ» жинағын совет оқырмандары жақсы қарсы алған-ды. Максим Горький шығармаларын оқығаннан кейін Асадулла жазушы болуды армандапты. Қазірде ауғанның жас қалам иелері Хабибты ұстазындай сыйлап оқиды, одан үйренеді. Алғашқы кітабы жиырма жасында оқушы қолына тиіпті. Еңбекшілер өмірі, революционерлер тағдыры, ана - бала жайы жазушы жүрегін қатты толғандырады. Бүгіндері газет-журнал беттерінде Хабиб қаламынан туған әңгіме, өлең, повестер жиі басылады. Екінші қыры ғылымнан көрінді. Кабул университеті Ауғанстандағы ірі ғылыми орталықтың бірі. Білімді айтсам бекзат ойлар ойды өрістетеді. «Білімді кісі қымбат бағалы динар. Білім кімде болса соны ізде, сүйекке - май, адамға - білім, малы жоққа - білім түгесілмейтін мал, қаржысы жоққа - білім таусылмайтын қаржы, білімді адамның өзі өлгенмен аты өлмейді» депті көне түркі халықтарының XІІ-XІІІ ғасырда ғұмыр кешкен шайыры Ахмед Иүгінеки деген данышпан «Ақиқат сыйы» деп аталатын атақты дастанында. Сол айтқандай, әрі ғалым, әрі жазушы Асадулла Хабиб халқының қадірлі азаматы. А. Хабиб Ауғанстан Жазушылар одағы ассоциациясын ұйымдастырушылардың бірі, соның тұңғыш председателі Туған халқының тіліне Горький, Чехов қазыналарын жақсы жеткізуші қалам иесінің санатында. Істің жөнін білетін жігерлі жігіт. Докторлық диссертациясын әзірлеу үстінде. Асадулла университет жайын бес саусағындай біледі. Кабул университеті қырық бір жаста. Ұстаздар құрамы интернационалдық топтан құралған. Мұнда CСCP - ден 50, ГДР - ден 12, Индиядан 4, ФРГ - ден 1, Бельгиядан 1, Кубадан 3 мұғалім бар. Барлығы да Біріккен Ұлттар Ұйымы арқылы келген. Университеттің бірнеше факультеті бар, гуманитарлық факультеттерден басқа экономистерді, ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайды. Келешекте соңғысы жеке институтқа айналмақ. Математика, химия, жаратылыстану ғылымдарын таратып оқыту өз алдына. Оқуды тікелей өндіріске жақындату жағы ойластырылып, жеңіл өнеркәсіп министрлігімен келісім шарт жасалыпты. Университет ғалымдарының ішінде Ауған Демократиялық Республикасы Ғылым академиясының мүше-корреспонденттері, академиктері бар. Студенттер демалыста болып шықты. Егер сабақ уақыты болғанда ректор бізді аудиторияларға, лабораторияларға шақырмақ ойы да бар екен. Университеттегі творчестволық ахуал жақсы десті. Ұлттық ынтымақтасу комиссиясының құрамында университеттің отыз бес оқушысы бар. Революциядан кейін университеттегі білімділердің бір тобы шет елге кетіп қалыпты. Ендігі мәселе соларды елге қайтару тәрізді. Америкаға, ФРГ - ға, Канадаға, Үндістанға шақыру қағаздары кетіпті. Кейбір алды-артына қарамай қаша жөнелген студенттер де туған жеріне қайта оралуға тілек білдіріпті. Пакистан, Иран жағынан елу студент қайтып келіпті. Жарияланбаған соғыс Кабул университетіне көп зиянын тигізген. Солар енді бірте-бірте қалпына келтірілуде. Жаңа төрт факультет ашылған. Өзбек тілі мен әдебиетінің кафедрасы, саяси экономия кафедрасы құрылып, оқулықтар жазылған. Ұлттық ынтымақтасу саясатын университет ұстаздары қуанышпен қарсы алыпты. Кабул университетінің өз газеті бар. Газет беттерінде оқытушылардың еңбек адамдарымен кездесулері туралы материалдар жарияланады. Университеттің үш мұғалімі ұлттық ынтымақтасу комиссиясының мүшесі, төртеуі осы мәселе жөніндегі аудандық комиссия құрамында. Жада Конституцияның жобасын талқылауға университеттен 34 мұғалім белсене қатысыпты. Олар провинцияларда болып, халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізген. Кабул университеті студенттерінің арасында Конституцияны талқылау маңызды тақырыптың бірі. Мыңнан астам студент елдің сан қилы объектілерінде істейді. Үлгілі ұстаздардың бір тобы Кабул қалалық партия конференциясына делегат болып сайланған. 7600 студентті 580 оқытушы оқытады. Студенттердің 55 проценті қыздар. Асадулланың докторлық диссертациясының мән-жайын сұрадық. Мырза Абдукадир Бедиль және оның «Төрт элемент» деп аталатын шығармасын кеңірек қарастырыпты. Үнді прозасы әлі де жан-жақты зерттелмеген. Бедильдің ауған әдебиетіне әсері де қамтылуға тиіс. Тәжік ССР Ғылым академиясымен байланыс жасау керек дейді ол. Қазіргі ауған әдебиетінің жай-күйі туралы зерттеу кітабын жазып шығыпты. Прозаға уақыты тапшылау. 18 ғасыр мен 19 ғасыр арасын Бедиль ғасырына беріпті. Өйткені осы ғасырда жазған ақындардың дені Бедильге еліктеген. Жоғарыда аталған еңбегі баспада екен. Ауған әдебиетін дәуірге, кезеңге бөлінгенде Асадулла Й. С. Брагинский еңбегіне сүйенгенін айтады. Сапар ректордан өзбек, қазақ студенттері бар ма деп сұрады. Сөйтсе, олардың көпшілігі солтүстік аудандардан келіпті. Дәл санын айта алмады. Өзбек әдебиетінің кафедрасы Ташкент университетінен көмек күтулі екенін ескерте кетті. Университет мұғалімдерінің 60 проценті орыс тілін оқып-үйренеді. Москвадан тіл үйренуге байланысты қажетті материалдар алдырып тұрады екен. Университет коллективімен, студенттермен кездесу өткізілді. Ким Селихов, Валерий Поволяев қазіргі қайта құру заманындағы совет жазушыларының ұлан-ғайыр міндеттеріне, социалистік реализм әдісіне, ұнамды герой проблемасы, халықтар достығы, бейбітшілік, көркем творчество өрістеріне тоқталды. М. Шолоховтың «Көтерілген тың», М. Алексеевтің «Драчуны», Ш. Айтматовтың «Жан пида» романдары тілге тиек етілді. Василий Белов, В. Астафьев қаламынан шыққан әңгіме, повестердің маңыздылығы, өміршеңдігі қамтылды. Жазушылар ашынып жазған қоғамның келеңсіз көріністері де қалған жоқ. «Правда», «Советская культура», «Огонек сияқты газет-журналдарда жарияланған проблемалық материалдар да тілге тиек болды. Кемшіліктеріміз, жетістіктеріміз, міндеттеріміз сараланды. Кездесуден кейін бәріміз Шығыстың белгілі ағартушысы, отаршылдыққа қарсы күрескен Сайджумали Афганидың ескерткішінің басына барып гүл қойдық. Ол бүкіл өмірін отаршылдық саясатқа қарсы күреске арнаған, Шығыс халықтарын езгіге қарсы күресуге шақыртып, мәдениеттілікті меңгеруге ұмтылдырған, әділетті қоғам мен әділетті мемлекетті жақтаған, конституциялық қозғалысты қуаттаған азаматтардың бірі. Үндістанда, Египетте болып, ағылшын отаршылдарына қарсы күрес ұйымдастырған. Түркияда, Иранда үйірмелер ұйымдастырып, конституция үшін күрескен. Оны Иранның Насреддин шахы Ираннан қуған. Сайджумали Афганидың қай елде де қолдаушылары баршылық еді. Ауғанстан халды оны ұлы ағартушы деп біледі. Туған халқының бостандығы мен болашағы жолында жанын аямаған Афгани арманын оның ізбасары жүзеге асыруда. Ағартушының ескерткішінің Кабул университетінің маңында тұрғанын студенттер де, ұстаздары да орынды мақтаныш тұтады. Әуелі оның сүйегі Стамбулде қойылыпты, кейін ауған интеллигенциясының инициативасы бойынша Ауғанстанға әкелінген. Ескерткіш 1976 жылы қойылыпты. Алпыс тоғыз жыл өмір сүрген Сайджумали Афгани халықтың көкірегінде мәңгі сақталын қалыпты. Ауғанстан демократиялық жастар одағының бірінші секретарі Фарид Маздақпен 1984 жылы Кабулде Қазақ СCP - інің күндерін өткізу кезінде танысқанмын. Дембелше келген, шашын тықырлатып алдырған, жанары жігерге толы, ақ көңілді, шешен, шымыр жігітті ұмытқаным жоқ. Алдымен Фарид Маздақ кабинетіне алып барып, бізге өрік-мейізін қойып, шай берді. Қасында Жастар одағының үш секретарі отырды. Ким Николаевич Фаридты бұрыннан біледі, Кабулге келіп жүргенде талай кездесіп, сөйлескен. Екеуі ежелгі таныстардай, ағалы-інілі адамдардай ашық-жарқын әңгімелесті. Жастар одағының активистері бізді келеді деп қу тіп, жиналып отыр десті. Ауғанстан демократиялық Жастар одағы нық конференц-залы жастарға лық толы. Әдебиеттер байланысып, халықтар достығын айта келіп, Ғайрат бізді жеке-жеке таныстырды. Өңшең өңірдей жастар көздері жайнап, төрге көз тігеді. Ким Селихов совет жастарының ат қарып жатқан үлкен істеріне, партия саясатын қызу қолдап, еңбек майданының алдыңғы санында келе жатқандығына тоқталды. Жас жазушылар жайы да аға ұрпақтың жадында, жанында жүретінін шешен шешіліп айтты. СССР Жазушылар одағы да соңғы жылдарда жас қаламгерлермен жұмысты жақсартып, бірсыпыра игі шараларды іске асырыпты, Жастарға арналған журналдар, рок музыка, ансамбльдер жай-күйі, көкейде жүрген басқа да ойларын ортаға жайып салды. ─ Москвадағы Арбат көшесі қазір жастар көшесіне айналды, - деді Ким. - Әр түрлі мамандықтағы жас жігіттер мен қыздар осында жиналып, өлең оқиды, гитара тартады, сурет салады, брейк биінің жаңа қимылдарын көрсетеді, өмірлік маңызы бар мәселелерді ортаға салып, сұхбаттасады. Арбат көшесінде екі рет болғаным бар, мұнда жаңадан, соны ырғақ, жадыраған жағаға ұмтылған жастықтың cеpпілісі сезіледі. Барлық көше жас толқынының еншісіне тиген. Кафелері, кітап дүкендері, магазиндері үздіксіз жұмыс істеп, жастарға қызмет көрсетеді. Тәртіп бұзып, дауыс көтеріп, шуласып жүрген ешкім жоқ. Қаласаңыз бес-он минутта қыл қалам иелері суретіңізді айнытпай салып береді. Орынсыз күліп жыртақтау, бір-бірін арандату, қызғаныш, кедергі жасамайды. Бір рет барғанымда жиналып, әлгіні құштарлана тыңдап тұрған топқа түсті. Жақындап бардым. Арбаты бар, басқасы бар, жазушылар одағына жас ақындардың бастарын қосып, екі жылға дейін көмек беріп тұратын болыпты. Қорытынды содан кейін ғана шығарылады. Бұндай тәжірибе бұрын кездеспеген, жастарға деген аталық қамқорлықтың бір ізгі көрінісі болмақ. Герольд Регистан, Сапар Барноев үшеуміз өлең оқыдық. Соңынан Фарид Маздак жастар атынан совет жазушыларына ризашылық сенімін білдірді. Фарид сөзінен Ауғанстан жүрегінің дүрсілі естілгендей. Өйткені ол жас ұрпақтың атынан сөйледі. Ұлттық ынтымақтасу саясатына ауған жастарының қосып келе жатқан үлесі қомақты партия мен халық оларға сенеді. Әрбір комитет жауынгерлік әзірліктің санында екен. Фарид М. С. Горбачев пен Наджибулла кездесулеріне терең мән берді. Армия қатарында жүрген жастар, олардың оқу, сызуы да ойланылды. Қандағар провинциясына жастар қол ұшын беріпті, дұшпандар кейін шегініпті, Қазақстаның Қандағарды тікелей қамқорлыққа алғанын естігенімде, мәртебем өсіп қалды. Фарид жарияланбаған соғыстың көптеген игі істерге кедергі болып, етектен ілген шеңгелдей сүйретіліп, қалмай келе жатқанын қынжыла айтты. Баспа мәселесіне де соқты. Жастар баспасы біреу-ақ екен. Егер ертең коалициялық үкіметі құрыла қалса, олар да өз алдына жеке баспа, баспасөз сұрайтыны анық. ─ Коалициялық үкімет құрылған күнде жастар ұйымы өз қалпында қала ма? - деді Ким Николаевич. ─ Біз соған әзірленудеміз. Жастар қыстақтарда жұмыс істеуге де дайын. Осал жағымыздың орнын толтыруға тырысамыз. Ағарту мәселесі, мешіт салу жағы да күтулі. Тоғызыншы жылға созылып бара жатқан үнсіздік, тоғыз жылғы соғыс жастардың қыруар уақытын алды. Өзіміздің джаз топтарын құрмақпыз. Бұл жағынан Батыстан озсақ дейміз. Бізді әлі жете түсінбейтін, кінәлауға әзір кісілер де табылады. Ауғанстан халықтық -демократиялық партиясының қатары біздер арқылы толығады. Ал ағарту жайын ауызға алғанда, мұғалімдер жағдайы қабырғамызға батады. Бұл - Маздактың сөзі. ─ Біз мектепте оқығанымызда ең басты тұлға - ұстаз еді. Мұғалімдердің көпшілігі соғыста жүр, кейбірі өлді, сарондойлық қызметке ауысты, қашып кетті, - деді Ғайрат. ─ Сегіз жылымды Ауғанстанға арнадым. Кейіпкерлерімнің деп ауғандар, - деді Ким сөзін жалғастыра түсіп, - кейбір жіберген қателеріміз мені ойға қалдырады, енді соларды қайталамасақ игі. Сіздерге лениндік комсомолдық барлық істерін көшіре беру шарт емес шығар, ұлттық формалардың ұтымды жақтарын қарастырған жөн. Ауғанстан халықтық -демократиялық партиясы мүшелерінің дін қызметшілерінің арасында жұмыс жүргізіп жүргенінен хабарым бар. Біздегі дінге қарсы жүргізілген шаралар сіздер үшін тиімді бола бермеуі мүмкін. Қайта сіздер діннің жариялылығын пайдаланып, ең маңызды шаруаларды алуларыңызға болар. Селоңыздағы басты кеңесшілеріңіз - қарттарыңыз ғой, үлкенді сыйлайтын дәстүрді жоғалтпаған абзал. Біз, өкінішке қарай, осы дәстүрді біршама жоғалтып алдық...

ТОҒЫСҚАН ЖОЛДАР ТОРАБЫ

Герольд Габриэльевич екеуміз бір машинаға отырдық. ─ Герик (біздің делегация оны солай атап кеткен), неге көңілсізсіз? - дедім. ─ Сақтық қажет. Кеше Валерий Поволяев пен Ким Селихов барған 24-заставада екі жауынгерді өлтіріп кетіпті, - деді ол. Станислав Куняев екеуі бірге жүретін еді. Ол бүгін совет елшілігінің емханасына түсті. Таңертең Сапар екеуміз Куняевке барып хал-жағдайын сұрап шыққанбыз. Осы жолдарды қағазға түсіре бастағанымда көңіліме алаң кіріп, терезеден тау жаңқа жалтақ-жалтақ қарап қоямын. Бағана маған ертемен Валерий келіп: ─ Балконға жүр, мен саған соғыс болып жатқан тұсты көрсетейін, - деді. - Анау түйенің қомы секілді шыңды көремісің?

─ Ия, көріп тұрмын.
─ Оның ар жағындағы тауды ше?
─ Оны да.

─ Біз Ким екеуміз кеше сол екі өркешке ұқсаған екі таудың арасында болып қайттық. Сол арада біздің 24-ші және 25-застава бар. Дұшпандар мен заставаның арасы екі шақырым. Біз барған кезде көшпенділер түйелерін тізіп, сол жерден қоныс аудара бастады. Бұл соғыс болатындығының белгісі. Көш қозғалды дегенше, атыс басталады. Ал олардың ештеңемен жұмыстары жоқ. Қатар екі шатыр тігіп тастайды, біреуінде өзі бала-шағасымен болса, екінші шатырға малын паналатады. Олар үшін қай заман, қай ғасыр, досың қайсы, қасың қайсы, кіммен кім соғысып жатыр, бәрібір. Алдына салып айдаған малын біледі. Революция деген сөз түстеріне де кіріп шықпайды.

─ Сонда, сіздер нағыз соғысты көзбен көрдіңіздер ме? ─ Иә, зеңбірек, миномет қосылып кеткенде тау дірілдейді, көкке шаң бұрқ-бұрқ көтеріледі. Бір кезде екі жақ кенет тына қалысады да әлден соң тағы атыса жөнеледі. Біздің жігіттер мықты соғысуда. Әрине, соғыс өлім-жітімсіз болмайды... ЬІмырт үйіріле бергенде К. Селихов Сапар екеумізді бөлмесіне шақырды. Ким, Герольд, Вера Кабулдегі бір үйге қонаққа бармақ. ─ Валерий үшеуің қонақ үйде қаласыңдар, абай болыңдар, - деп ескертті Ким бізге, - сағат онға таман оралармыз, оған дейін Валерий де келіп қалар.

─ Жарайды, аман барып, аман қайтыңыздар.

Ассеб, Сапар үшеуміз ғана қалдың. Үшеуміз де үрпиісіп отырмыз. Кешкі асты алдымызға ала бергенде Валерий де жетті. Енді төртеуміз, төртеу түгел болса, төбедегі келеді деген осы. «Хакикате энгилабе саур» газетінің тілшісі Сапар екеумізден интервью алды. Біз кеткенше жарияламақ. Тілші Валерий Поволяевпен сөйлесті. Валерий оған үш автор бірігіп жазған «Ауған күнделігі» деген кітабын сыйлады. Ішінде ауған ақындары Панджири мен Варегтің суреті басылыпты.

─ Бүгін десантшылардың арасында болып келдім, - деді Валерий. Валерий барып келген жағының әңгімесін таратып айта бермейді, көбіне ішіне жинайды, симай бара жатқанын ұшықтап ақырын шығарып алады. Бір рет сұрағанымда, қысқа ғана жауап алғанмын. Ол келгелі бізбен болуы сирек. Заставаларға жиі барғыштайды, көз байлана бергенде, офицерлер оны броньды машинамен Кабулге қайтарады. ─ Бір таудың басында біздің солдаттар итке ескерткіш орнатыпты, - деді Валерий «Хакикате энгилабе саур» газетінің тілшісі Фаругке қолтаңбасын беріп жатып. - Ондай ит туралы поэма жазса, артық болмас еді.

─ Ол иттің сіңірген еңбегі болды ғой? - деді Сапар. ─ Ит біздің жауынгерлердің алдында жүріп отырады, мина іздейді, ит иісшіл ғой, тіпті биік жартасты бекіністің астында отырғанда су да әкеліп береді.

─ Қалайша? ─ Жауынгерлер ит мойнына бақырша байлап жібереді, ит төменге зулап барып, ағып жатқан судан толтырып су әкеле қояды. Мұндай иттен айналып кетпеймісің. Ит - адамның досы деген осы емес пе? Совет жазушыларының делегациясы қай жерге барса, сол жерде қызу әңгіме жүріп жатты. Ауған - совет достығы клубында болған кездесу де есте қалды. Бұл Ауғанстанның ішкі істер министрлігінің клубы екен. Шахмадин деген генерал құттықтау сөз сөйлеп, бізді төрге шақырды. Бізбен бірге Ауғанстан Жазушылар одағы ассоциациясының қызметкері фольклоршы, балалар ақыны Фаруг және Ғайрат екеуі Ауғанстанда өтіп жатқан совет әдебиетінің күндерінің мән-маңызын, өрісін түсіндіріп, әрқайсымызды жеке таныстырды. Бұлай таныстыру кісіге қомақты міндет артады. Ішімізде ауған тақырыбында өндіртіп жазып жүрген Ким Селиховтың жақында романы жарыққа шықпақшы. Оның «Жарияланбаған соғыс» атты кітабын ауған оқушылары жақсы біледі. Кітап пушту, дари тіліне тәржімаланыпты. Кітап дүкендерінен көрдік. Ауғанстан аудиториясы алдында Ким Селихов сөздері көздегеніне жетіп, кісі көңілін өсіріп, сергек сезімге бөлеп отырады. Ауғанстанға шын жүрегімен ауырады, келешек жарық көргелі жатқан романының іші-сыртын, салмағын, ойын оқушылардан бүкпей жеткізеді. Ауғанстандағы оқиғалардың ортасында жүрген совет жастары тәлім-тәрбиелік мәні айтарлықтай істер жүргізіп жатқаны анық. Қазіргі интернационалист жастарға тек рок музыканың, брейктің көзімен қарауға болмайды. Жас толқынның екі түрі, екі жағы барлығын Ким кеңейтіп айтты. Аға ұрпақ эстафетаны жас та болса, берік қолдарға табыс етті. Ауғанстанда әскери міндетін өтеп жүрген совет жауынгерлері сондай сенімнен шықты. 42 жігітіміз Совет Одағының батыры атағын алыпты. Бұның бәрі текке кетпейді, кейінгілерге сабақ. Достықтан берік қамал жоқ, оны жау ала алмайды, империализм босқа әуре болады. Ауғанстан Армиясы - халық армиясы, ерліктің мектебі екен, біздің соған көзіміз жетті. Сарондойлар, офицерлер - ержүрек адамдар, совет жауынгерлерімен қол ұстасқанда олардан мықты, олардан айбарлы кім бар?! ─ Өкінішке қарай, осынау достықты тереңдеп суреттейтін көркем дүниелер туған жоқ, бұл біздің жазушылардың кемшілігі, - деді Валерий Поволяев, - мен сарондойлар мен совет милициясының достығы жайлы повесть жазбақ, жоспарым бар, бір жағынан соған материалдар жинап жүрмін. Шынында да, Ауғанстан халқына қуаты мол көркем кітаптар керек-ақ. Екі жақтың оқушылары соншалықты кең тынысты шығарманы сусап күтуде. Шыңғыс Айтматов, Валентин Распутин сынды суреткерлер жазса, Ауғанстан тақырыбын дүниеге дүбірлетіп танытып жіберер еді. Ауғанстан аумақты, адуынды процестерді бастан кешулі. Сауда, экономика, жекеменшік секторы, транспорт, ауыл шаруашылық мәселелері саласында шешілуге тиісті шаралар қыруар. Елде кеңесші экономикалық совет құрылған. Құрамына жекеменшік кәсіпкерлер, мемлекеттік экономиканың өкілдері енген. Жекеменшік кәсіптілік пен мемлекет арасындағы қарым-қатынас та өз алдына зерттейтін, бақылайтын құбылыс. Министрлер Советінің жанында Ауғанстандағы бағаны бағдарлап отыратын комиссия құрылған. Ауғанстан экономикасы көп сатылы. Жекеменшік те, мемлекеттік кәсіпорындар да бар, кей жерлерде екі жағы бірігіп, бір кәсіпорын жасайды, кейде бұған шет елдікі де қосылып кетеді. Жалпы өнімнің 80 процентін жекеменшік өндіреді. Ауыл шаруашылық өнімінің 99 процентін жекеменшік береді, өнеркәсіп өнімінің 52 проценті де солардікі. Ауғанстанның сыртқы саудасының 42 проценті, ішкі сауданың 78 проценті де жекеменшікке барып тіреледі. Революцияға дейін сауданың 100 процентін автомобиль транспортының 60 проценті жекеменшік болды. Ауғанстанда мемлекеттік секторды дамытуға күш салынып жатыр екен. Бірақ, қай істе де асығыс шешім - ағаттыққа апарып соқтырады, жекеменшікті бірден жойып жіберуге тырысу тапқырлыққа жатпайды. Шалағайлық ауған экономикасына зиян әкелді. Ал мұндай осал тұсты буржуазиялық баспасөз байқап қалса, шу көтереді. Революцияның жаңа кезеңінен кейін бәрін бірден жөндеп жіберуге ұмтылу табыс әкелмеді. Бесжылдықтың аяғында жекеменшік сектордың қатысуы нәтижесінде өндіріс 21,3 процентке, ауыл шаруашылығы 15 процентке, құрылыс 36,3 процентке, сауда 39 процентке, транспорт 42 процентке өсуге тиіс. Әрбір министрліктің жанында жекеменшік секторлардың жұмысын жөнге салып, белсенділігін арттырып отыратын бөлім ашылды. Жекеменшік сектордың ақша қаражатын жұмсау жөнінде жаңа заң күшіне енді. Оларға берілген жеңілдіктер бар. Әрбір өндіріс орны, дүкен объектіге саналады. Жекеменшік секторына жеңілдік ретінде учаске, су, жол, электр энергиясы, объектіге қажет құрал-жабдықтар беріліп, алты айға дейін салықтан босатылады. Ауғанстанда екі нарық белгіленген. Біреуі өнеркәсіп нарқы, екіншісі сауда нарқы. Бұл баға - нарықтар товарларға байланысты. Және баж салығынан басталады. Кабулден неғұрлым қашық болған сайын қарыз алу жүйесінде де жеңілдік бар. Ақша қаражатының 70 проценті кредитке беріледі. Бұл шаралардың бәрі дерлік жекеменшік сектордың дамуына ықпал етеді. Қазірде ауыл шаруашылығының, мал шаруашылығының дамуына шек қойылмайды. Әрбір адам жекеменшікке праволы, егер ол тың жерді меңгеремін десе, мемлекет көмектеседі. 1987 жылғы март айында Ауғанстанда бірінші рет жекеменшік кәсіпкерлердің жалпы ұлттық конференциясы өткізіліп, маңызды шешімдер қабылданды. Конференцияға совет делегациясы да қатысты. Совет Одағы Ауған демократиялық Республикасына тұрақты экономикалық жәрдем көрсетеді, Кабул және оның маңайына 170 объекті салып береді, 38 объекті салынуда, нан және велосипед заводы іске қосылған. Ауғанстанда екі нәрсені бірігіп істеу практикасы бар. Мысалы, АФСОТР – ауған - совет достығының көрінісін бейнелейтін автотранспорт мекемесі. Польша, Румыниямен сондай бірлескен мемлекеттік мекеме ұйымдастыру жөнінде келісім бар. Мемлекеттік секторларды өркендету үшін ірі шаралар қабылдануда. Революциядан кейінгі жеті жылда жұмсалған қаржы көлемі 104 миллиард афгани болды. Ауған халқы ең алдымен Совет Одағына, социалистік елдерге көмектері үшін дән риза. Соғыс жүріп қатпағанда мұнан да зор жетістіктерге жетуші еді. Ұлттық татуласу саясаты қолдау тапса, ізгілік істер көбейе түсер еді. Латын Америкасы елдері қарызға тұншығулы, оларға империалистік елдер көмек бермейді. Ауғанстанға капиталистік елдер көмек беруден бас тартқанда, СССР қуатты қолын ұсынды. Әзірше өндіріс товарларының бағасы жоғары. Мұның екі себебі бар. Біріншісі, ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы қымбат. Екіншісі, негізінен капиталистік елдер өндіріс өнімдерінің бағасын өсіріп сатады. Соғыс кезінде экономиканы да өрістету оңайға түспейді. Ауғанстанға тыныштық, бейбітшілік аса керек, халық соғыстан шаршаған. Ауғанстан десе жүрегім дір етеді, сол жақтан келген хабарға құлағым әманда түрік, дос елдің қайғы, қуанышы бізге де ортақ. Әнеки, мен осы жолдарды жазып отырғанда газет, бетінен және бір хабарды оқып, жаным түршікті, Талма талтүсте Құндыз аймағының үстінде Кабулден Құндызға қатынайтын «АН-26» транспорт, самолеті атып түсірілген. Жерге қонуға 1000-1200 метр далғанда, самолетті жалын құшып, жерге құлап түскен. Экипаждың алты адамы, тоғыз жолаушы өмірмен қоштасқан. Американ ракетасы «Сцингермен», ағылшынның «Блоупайпымен» қаруланған дұшпандардың ісі бұл. Әшейінде адам правосы үшін күресеміз деп мұхиттың арғы бетінен зар қағатын американ саясатшылары мұндайда үнсіз қалады. Аң үй дұшпандардың сұрағанын беріп, «Стингердің» санын бірнеше еселеп жіберді. Пакистан, Иран жағынан келген бандиттердің топтары барған сайын есіріп, үлестірген қаруға бас салып, жазықсыз жандардың қанын төгуде. Бұған бір зауал барын, тоқтау салынарын олар білгісі де келмейді. Кабул телевидениесінің жанынан советі танкісін, жауынгерлерін көрдік. Дұшпандардың көздері теледидарға тігулі, олар Кабулден шыққан шындықты қаламайды, кеуделеріне инедей қадалады. Солай болғандықтан да, халық телевидениесін көре алмайды, көзін жойғысы келеді. Пушту және дари тілдерінде алма кезек берілетін хабарларды жергілікті халық жібермей тыңдайды. Бізді Кабул телевидениесінің коллективі есік алдынан күтіп алды, ежелгі таныстардай шүйіркелесіп, амандастық. Хабарды Ғайрат жүргізді, телекөрермендерге арнайы таныстырды. Ким Николаевич Селихов ауған - совет әдеби байланыстарына барлау жасады, Валерий Поволяев өз творчестволық жоспары жайлы айтты. Герольд Регистан, Сапар Барноев және мен орыс, өзбек, қазақ тілдерінде өлең оқыдық. Кабул теледидары бірнеше тілдерде сөйледі, миллиондаған адамдар қайталап көрді. Күн аралатып Ауғаннан музейіне жолымыз түсті. Негізін Ленинге алғаш хат жазған Аманулла хан қалапты. Еңсесі биік ғимарат бұрын қалалық муниципалитет үшін салыныпты. Революциядан кейін музейге берілген Шығыстағы ең бір бай музейлердің бірі, соның өзінде жүз мыңнан асатын заттар ғана орналасқан, әлі де бөлмелер жетіспейді. 1951 жылы елдің солтүстігінде жол салынғанда француз археологтары қираған храм тауып, оны қазған, гректің, будданың храмынан айырмашылығы болған. Төрт колонналы зал табылған, оған іргелес залда отқа табынушылардың храмы болған. Құдайлар мен оттардың культі байқалады. Храмның дабырғаларына фрескалар (сурет) салып тастапты. Біздің дәуірімізге дейін 1 - 2 ғасырда өткен Күшан дәуірінін көрінісі дейді. Дүние жүзі бойынша осы жалғыз түпнұсқа грек әріптерімен тохар тілінде жазылыпты. Музейде ислам дәуіріне дейінгі шығармалар да бар. Ал кушандықтар грек алфавиті пайдаланыпты. Музейдегі заттардың кереметі сондай, көз тұнады. Экскурсовод бәрін айтып үлгіре алмайды, әрбір ескерткіштің өз «өмірбаяны» шежіресі бар. 1969 жылы совет және ауған археологтары бірігіп жұмыс жасап, біраз дүниелердің бетін ашқан. Соның нәтижесінде Тілләтөпеден табылған алтын заттардың саны 20 мыңнан асады. Бұл олжадан үнді, будда, Орта Азия өнерінің қалай тоғысып өркендегенін аңғарасыз. Жаңа дәуірдің ІІІ - ғасырында Кабулдің солтүстігінен табылған фрескалар, кушан бекзадаларының бас мүсіндері, киелі сиырдың суреті, тон киген әйел бейнесі, кіреуке сауыттар, Гератта жасалған қарулар, шаруаның, будданың басы, асыл тастан ойылған гүлдің қызметкерлерінің мүсіндері, - бәрі, баршасы ғасырлар, заманалар жалғасындай сыр шертеді. Өкінішке қарай, осынау баға жетпес дүниелердің көпшілігін ағылшын, француз археологтары тасып алып кетіпті. Мысалы, бір ағылшын археологы Баграмнан 30 мың алтын теңгені иеленіп кеткен. Грек, будда, Орта Азия көркемөнерінің іздері музей экспонаттарынан айқын көрінеді. Бұл өлкеге Александр Македонский әскерінің дүмпуі жеткен, парсылар көтеріліс жасап, басқыншылар шегінуге мәжбүр болған. Шыңғысхан, Ақсақ Темір шабуылдары біраз нәрселерді бүлдіріп кеткен. Бамиан аймағынан табылған материалдарды аралап көргенде, соны байқадық. Бамиан - Ауғанстанның орталық облыстарының біріне жатады. Облыс атақты жібек жолында жатыр. Бір залдан кейін екіншісіне, одан үшіншісіне ауысып, қызыға қарап кете бересіз. Бірінші, екіншісі қызық. Ойға шомған буддаға ма, жоқ, әлде санскрит тіліндегі тамаша жазуға ма, жыландар құдайына піл сүйегінен жасалған әлде піл сүйекте орындықтың арқалығына қарайсыз ба, білмейсіз, көзіңіз әр тұғырға бір жүгіреді. Мына бір залда грек қаласының жоспары (біздің дәуірімізге дейінгі 3-4ғ.), күн сағаты, керамикадан жасалған грек фрескалары, т. с. с. қойылыпты. Ислам дәуіріне (XІ ғ.) арналған зал да ерекше көз тартады. Ауғанстанда Әскери музей де бар, оған да барып тамашаладық. Музейдің алдындағы революция жолында қаза тапқандардың ескерткішіне тағзым еттік. Мұнда да бірнеше зал бар, әрқайсысы белгілі бір тақырып бойынша бөлінген. Ауған армиясының құрылған жылынан бастап бүгінгі күнге дейін жүріп өткен жолдары бейнеленіпті. «Армия күші-партия басшылығында» деп аталатын залдан мемлекет қайраткерлерінің суреттерін, қалауларын, 29 ауданының топырағын көрдік! Армия күні, сарондой күні дейтін мереке жайында материалдар, ауған - ағылшын соғыстарын баяндайтын құрал - қарулар, революцияға дейінгі әскер өмірі, байланыс картасы, ірі соғыстардың көрінісі, революцияның алғашқы күндерінде шейіт болған жауынгерлердің, офицерлердің суреттері көрушіні алуан ойларға жетелейді. Санзила деген әйел портретінің жанында кідіріңкіреп қалдық. Дұшпандармен қақтығыс кезінде қызы қайтыс болып, жауынгер әйелдер отрядын өзі басқарған. Ол туралы Дағыстанның белгілі ақыны Фазу Алиеваның жазған поэмасы бар. Ержүрек ана Санзила автоматын қолына қыса түсіп, қаһарлы жанарын тау шатқалы жаққа қадап тұр. М. Горькийдің өзіміздің Ғабит Мүсіреповтің ана туралы әңгіме - новеллалары есіме түсті. Ауған аналары жөнінде әлемге кім айтып береді? Мұндай қасиетті тақырып қажырлы қалам иесін асыға күтеді. Ауғанстан әуе күштерінің негізі бұдан 60 жыл бұрын қаланыпты. Оған іргелес шекарашылардың залы бар. Бір шыны әйнектің астында көлемі үлкен «Құран» жатыр, парақтарының арасынан пистолет көрінеді, бұл да дұшпандар қулығының бір көрінісі болса керек. Олардың жауыздығын әшкерелейтін документтер музейде баршылық. Соғыста ерлікпен қаза тапқан совет интер - националист жауынгерлері: Александр Мироненко, Виктор Климук, Федор Пугачев, Александр Корявин суреттеріне басымызды идік. Әскер музейіне бір жыл ішінде 148 мың кісі келіпті. Әскер музейі демекші... Ауғанстанда қаза тапқан совет интернационалист жауынгерлерінің азаматтық ерлігін уағыздайтын, жас ұрпаққа өнеге етіп тарайтындай, ерлік материалдардың мүйіс, музейін әр жерде ұйымдастырса қайтер еді. Сол қыршын кеткен жас жігіттердің артында ата-анасы, құрбы - замандастары, оқытқан мектебі, институты, еңбек еткен коллективі, Отаны тұр ғой. Ендеше, оларды ұмытуға болмайды, естен шығаруға хұқымыз жоқ. Олар Отан үшін өмірін қиды. Елге есен-аман оралып, еңбекке араласып, оқуын жалғастырып, жанымызда жарқылдап жүрген жас жігіттердің бастарын біріктіріп, интернационалист-жауынгерлердің клубын ашуға әбден болар еді. Осы іспеттес клуб Қарағандыда ашылғанын естігенде, қатты қуандым. Қызыл Жұлдыз орденінің кавалері лейтенант Вячеслав Шевляков басқарған бұл клуб қаланың орталығындағы BЛКCM 30 жылдығы атындағы паркте Ауғанстаннан оралмаған қарағандылықтар үшін ескерткіш орнату жолында іске кірісті. Олар комсомол - жастар сенбілігін ұйымдастырып, түскен қаржыны осы игі шаруаға жұмсамақ. Клуб жанынан ашылатын музейге РА жайында, Совет армиясының жауынгерлерінің Ауғанстандағы ерліктерін баяндайтын экспонаттар қойылмақшы. Клуб мүшелері соғыс, еңбек, комсомол ардагерлерімен, алғашқы бес жылдың ерлерімен, интернационалист-жауынгерлермен қызғылықты, мазмұнды кездесулер өткізуде. Ауғанстан күнделігін жазып жүргенімде «Собеседник» газетіндегі бір шумақ өлеңге назарым ауды. Жауынгер әні. Жауынгер жүрегін жарып шыққан сөз. Солдат сағынышы сайрап тұр. Өлеңді оқып, жүрегім шымырлап қоя берді. Мен Ауғанстанда жүрген жауынгердің сағынышы қандай екенін түсінемін, олардың арасында болдым, әскери госпитальды араладым, жүзбе-жүз жолығып әңгімелестім. Жаралылардың жанына отырдым. Заставаларды араладым. Ауғанстанда туған жауынгер әндерін тыңдадым. Мынау ән солардың бірі. Қайтпай қалған жауынгер өтініші, өсиеті, өзек жарды сағынышв. Әлі есімде пионер кезімде сабақтан шыққаннан кейін адамдары Ұлы Отан соғысынан оралмаған семьялардың есігін қағып, суып әкеліп, отынын жарып беретінбіз. Соның бәрін жарысып, таласып істейтінбіз, бізді ешкім зорламаушы еді. ЬІқылас, ыждаһаттап орындаушы едік. Алғыстан басқа ешнәрсе алмайтынбыз. Жас тимуршылар деген атымыз бар еді. Ал Ауғанстанда балалары шейіт, болған семьялардың тізімін, кімдер екенін, қайда тұратынын, не істейтінін білеміз бе? Білмейміз ғой. Олардың есігін қақпаймыз, жағдайларын сұрамаймыз, қайғысына ортақтаспаймыз. Ортаға салып, ойланатын жайлар бар, ағайын. Күшігін жоғалтқан біреулер зыр қағып, рекламаға хабарландырулар береді, ал біз адамымызды іздемейміз, көршінің есігін қағуға ерінеміз. Ауғанстанға барып азаматтық борышын өтеп келген жастар арамызда жүр. Олар жанып тұрған оттың ортасынан келді. Праволары Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен бірдей, біреуінде күй жоқ, біреуінде үй жоқ, жағдайларын сұрап, жанашырлық жасап жүрген ағалары сирек. Қай кезде де оларға қол ұшын берген абзал. Көпшілігі кішіпейіл, инабатты. «Мен Ауғанстанға барып келдім» деп кеудесін ұрып, көп жерге бара бермейді. Жалғандыққа, екіжүзділікке жаны шыдамайды, өмірге басқаша қарайды, ересек, есті көзбен қарайды. Біз олардың сенімін алдамауға тиіспіз, біз оларды түсінуге көмектесуге тиіспіз. Роза Сейфуддинова деген көршіміз бар. Мамандығы мұғалім. Бір ұлы, бір қызы бар еді. Екеуін де кішкентай күндерінен білетінбіз. Ұлы Рафик тентектеу болып өсті. Әкесі араққа салынып, семьясын тастап кеткен кісі - тін. Рафик мектеп бітірді, жұмыс істеді, одан әскерге алынды. Ауғанстанға барды. Байғұс анасының жаны тырнағының ұшында жүрді. Ұлынан хат келмей қалса, жылап-еңіреп бізге келетін. Біз жұбату сөздер айтатынбыз. Кейде бірнеше ай бойы Рафиктен хабар-ошар болмай қоятын. Роза апай үшін ол бір қиын күндер еді. Түн ұйқысын төрт бөліп, хат тасушыны күтетін. Хат келе қалса, баладай қуанып, жаңалығын көршілерге түгел айтып шығатын. Ана дегенді қойсайшы! «Роза апай, абыржымаңыз Рафиктің де келетін күні жақын, тойға әзірленіңіз» десек соған да мәз болып қалатын. «Жақсы сөз - жарым ырыс» деген рас-ау. Күтудің азабын аналардан артық сезінетін жер үстінде кім бар? Анаға баға жетпейді! Ақ түйенің қарны жарылып, әскер қатарынан Рафик оралды. Апайда ес-түс жоқ. Бүкіл көршілер болып құттықтадық. Рафик баяғы мен білетін шалдуар бала емес, бойы сұңғақтанып, иығы тіктеніп, жүзі дөңгеленіп, жанары ойлана қарап қалыпты, бұрынғы шолжаң қимыл, шолақ сөздің бірі де жоқ. Тойдан тойға ұласып Рафик үйленді. Заводқа орналасты, сырттай институтқа түсті. Ұлды болды. Қазір микроауданда шешесінен бөлек шықты. Семьясымен келіп тұрады. «Осы баланы Ауғанстан түзеді, әйтпесе, тентектеу еді ғой» дейді көршілер Рафиктің Ауғанстаннан кейін мүлдем жақсыға қарай күрт өзгеру себебіне ой көзін жіберіп, сезбекке керек. Рафик дана емес, жалпы Ауғанстанда болып әскери борышын өтеп қайтқан бозбалалардың бәрі дерлік нағыз интернационалист, көпшіл, қайырымды, қарапайым келеді. Иіні кеп қалғасын, айта кетуді орынды санадық. Бұл тақырыптың ішіне кіріп тұрған сөз болғасын, іркіп алып қалмадық. Ал енді Кабулге қайта соқсақ, әлі де әжептәуір әңгіменің моншағын тізе түсуіміз керек. Кабул маңында Қарға атты жер бар, жергілікті халық демалыс күндерінде солай қарай бала-шағасымен ағылып, демалып қайтады екен. Біз де бардық. Қасында айнадай жарқырап әдемі көл дөңгелене қалыпты. Көл болғанда қандай! Мәнерлеп қолмен құйын тастағандай, ботаның көзіндей мөп-мөлдір. Көкшенің көгілдір көлдерінің бірін әкеп қондыра салған секілді. Мына тостағандай көркем көлдің көркіне қарап тұрып, дүниеде дұшпандар барын, адамды адам өлтіретінін, гүлмен жағаласып тікендер өсетінін, жау снайперінің сені қарауылға алатынын да ұмытасың. Қарғадағы халық теңіздің толқынындай сапырылысады. Қаланың қаталаған ыстығымен салыстырғанда Қарға жұмақтың бағы сияқты. Халық қаншалықты мол болғанмен, біздің жазушы топ көзге түсті. Ең алдымен толық денелі, алтын шашты, көзі көк, жүзі ашулы орыс әйелі Вера Борисовнаға, сосын арғы әжесі жағынан парсылармен туыстығы бар өзі де соларға түрі ұқсас Герольд Регистанға, одан әрі қалғанымызға қарайды. Бас изесіп, жұмcaқ амандасады. Әр ағаштың астында бір-бір семья кілемін жайып тастап, демалып отыр. Ортасында жапон магнитофоны «Шарф», не «Сони», не «Натиональ» не «Хитач» түрлі әуезге салып, бұлбұлша сайрайды. Тобымызды алып келе жатқан Ғайрат бір кезде: «Бері қараңыздар, сіздерге әрі таныс, әрі ыстық болса керек», - деді. Бір топ ағаш арасында биші қыздай бұралып бір ақ қайын тұрды. Көзге оттай басылады. «Қымбаттым - ау, қайдан жүрсің», деп ақ қайынды алақанымызбен аялай сипап жатырмыз. Алдымыздан аппақ боп шыққан ақ қайыннан айналайын, қандай сүйкімді көрінесің көзімізге, ұзатқан қыздай бұралуын қарашы. «Қарғаға барғанда» деген өлеңім сол сапарда туып еді:

Көздің жауын алатын
Керім екен жер ұйық.
Жан құмары қанатын,
Келген кісі тұр ұйып.

Табиғаттың аялы
Тостағаны секілді.
Көлеңкесі саялы
Сүйіп алған бетіңді.

Ұмытпасын бір сәтке
Дүниеде оқ барын.
Сұлулықтың әп-сәтте,
Жайпатады шоқтарын.

Топ ағаштың ішінен
Көріп қалдым ақ қайын.
Пәктігіңді түсінем
Мен есіме сақтайын.

Кімдер, қашан, қай жылы,
Қарға жаққа алдырды.
Ақ қайын - ау әйгілі
Мені ойға қалдырдың.

Аппақ төсің жарқырап,
Алдымыздан шықтың сен.
Ағайынның жадырап,
Қуанғанын ұқтың сен.

Жапырағын әлдилеп
Үлбіреген қыжымдай.
Алыс жаққа әлпештеп,
Ұзатқан бір қызымдай.

Мен өстім деп ғарышта
Оза берді ақ қайын.
Ақ саусағын алысқа
Соза берді ақ қайын.

ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ШЫҒАДЫ

Ауғанстандағы кездесу бір-біріне ұқсамай, келесісіне жақсы жалғасып жатады. Әрбір жолыққан адамың есінде қалады, бұл неліктен екен деп, ойлануға да уақытың жоқ, күндер зымырап барады, ал білгіміз келетін нәрселер көп-ақ. Неге олай, неге былай деген ойлар мазалайды. Біздің делегацияны Хабиб Мангал қонаққа шақырды. Хабиб бірнеше жыл Ауғанстанның СССР - дегі елшісі болған. Қазір ауған - совет мәдени байланыстар қоғамын басқарады. Қызметі өзгергенмен Совет Одағына, ондағы достарына деген ниеті өзгермеген. Сіресіп, орындықта отырып сөз сөйлегеніміз жоқ. Көгалды аулаға жарық орнатып, орындықтар қойыпты. Бәріміз соған барып жайғастық. Екеу-екеу, үшеу - үшеу сөйлесіп кеттік. Ортақ тақырып, ортақ тіл. ─ Біздің өлеңдеріміз орыс тіліне әлі аз аударылып жүр, сіздерде оқушы көп қой, - дейді ауғанның жас жазушысы Абибулло Ноиби көгалға жайғаса отырып жатып. ─ Осы жолы өлеңдеріңізді мен алып кетейін, - деді Вера Борисовна оған, - Москваға барғасын көрейік, Герольд бар, Станислав бар, басқасы бар, журналдарға таратып берейік.

─ Бір тобын өзбекше гәпіртейін, - деді Сапар Барноев.
─ Түпнұсқадан қазақшаға аударайын, - дедім мен.
─ Сіздер жол жүргенше әзірлеп қояйын, - деді Абибулло.
Бәріміз соған келістік.

Хабиб Мангал әр топтың жанына екі-үш минуттен аялдап, бірер жылы сөзін айтып өтеді. Көп жылдар дипломат ретінде төселіп қалған, бір адамды назардан тыс қалдырып жүрген жоқ, тіліңді түсінбесе де, тіл таба білетіндер санатынан. Ауғанстан Жазушылар одағы ассоциациясының председателі Панджири өз жұмысында Абибулло мен Ғайратқа, Ассебке сенім артып сүйенеді, оны біз де байқадық. Дарқан дастарқан басында шын жақын көңілдердің ашылуы, ашық әңгімесі мерейді өсірді. «Жамандық етсең, салдарынан сақтан, өйткені тікен ексең жүзім шықпайды. Кімнің досы жақсы болса, өзі де жақсы болады, кісіге досының жақсылығы арқасында көп қайыр келеді» деген екен ертеде бір данышпан. Сол айтқандай, біздің арамызда ауған жазушыларына қайырымы, көмегі көп болған бір кісі Ким Николаевич Селихов еді. Ауған - совет достық қоғамын басқарушы Хабиб Мангал бір игі хабардың ұшын шығарып, бәрімізді жадыратып жіберді. Жақсы хабар жерде жатпас деген сол. Ауған - совет достық қоғамы осы қоғамның бірінші сыйлығының лауреаты атағын алған тақырыбына еңбегі сіңген, ел таныған кітаптары бар, Ауғанстан Жазушылар одағын құруға белсене атсалысқан, азамат жазушы Ким Селиховке беруге ұйғарыпты. Бұл ұйғарым бәрімізді дүр сілкіндірді. Қонақтан қайтып келісімен бәрімізді бір кісідей етіп, Ким 135-бөлмеге шақырды. Шақырмаса да, барамыз деген өзара келісім бар-тын. Барсақ, телевизордан француз фильмі жүріп жатыр екен. Пуштун тілінде тәржімасы қатар естіледі. Бәріміз бірінші лауреатты құттықтап құшаққа алдық. ─ Әлі ертерек қой, сыйлық тапсырған жоқ, жай айтыла салуы да мүмкін, - дейді Селихов сәл жымиып. - Ол үшін әлі көп еңбек сіңіру қажет. ─ Сол сыйлық түбінде берілетіні рас болса, бірден бір тапсырылатын кісі өзіңіз боларсыз, - дедік. Бөлменің жазу, журнал столын біріктіріп дастарқан жасап жібердік. Барымен - базар дегендей, әркім қолында бар дәмін әкеліп, ыстық көңіл білдіріпті. Валерий ортамызға бір тәрелке жүзім әкеліп қойды. Таудан, біздің армияның 25-заставасынан алыпты. Әдеттегідей қышқылдау... ─ Қызық - ау өзі, - деді Валерий Поволяев, тауда соғыс, ал шаруалар болса, бау-бақшасын күтіп, малына қарайды, жүзімін өсіреді. Егер дұшпандар шаруашылығына тиіссе, қолына автомат алып, Апрель революциясының жауларына қарсы күреседі. ─ Иә, енді біздің Кимуляның (Валерий оны еркелетіп осылай деп атайды) бағасы қымбаттай түспек. Кимнің басына қазір дұшпандар бір миллион афгани беріп отыр, - деді Поволяев, - кеше мен барған заставада бір офицер ауыр жараланыпты. Орталық госпитальға жеткізе алмай отыр, дұшпандар аспанды аңдыса керек. Самолет көрінсе жыны бар, түге. ─ Олар қайткенде де халықты қорқыта алмайды. Көпке топырақ шаша алмайды, әділетті істің алдына тізе бүгетіндері сөзсіз, - деді Герольд Регистан, - совет поэзиясы, прозасы, публицистикасы бұл мәселеге өлі борыштар. ─ Сыйға - сый, сыраға - бал дегендейін, Ким Николаевичтің ауған тақырыбына арнаған жаңа романы лайықты жауап, - деді Станислав Куняев.

Бәрекелде, тауып айтылған сөз дестік.

Мен осы бетті жазып бола бергенімде, таңғы газеттердің арасынан бір игі хабар жарқ ете түсті. Кабулде Совет ғылымы мен мәдениеті үйінде даярлық факультетінің деканы, доктор Мир Абдул Вахидке салтанатты түрде А. С. Пушкин атындағы медаль табыс етіліпті. Мұның өзі Ауғанстанда ұлы орыс тілінің, Ленин тілінің үлкен абыройға ие екендігін, ғылым мен мәдениет, достық, бейбітшілік тілі екенін паш етеді. Сол күндерде Кабул телевидениесінің экранынан Совет Одағынан ауғандықтарға көмекке келген студенттердің құрылыс отрядін көргенімізде, төбеміз көкке тигендей қуанып қалдық Москва, Ленинград, Челябинск, Свердловск, Днепропетровск, Новосибирск оқу орындарының өкілдерінен құрылған жас құрылысшы жігіттер үй комбинатын қайта құруды бастап кетті. Бұлар ВЛКСМ XX съезіне хат жазып, Ауғанстанға жіберуге өтінген жастардың өнегелі тобы, көпшілігі Ауғанстанда әскер қатарынан өткен жас интернационалисттер еді. Оларға Отанымыз үлкен сенім артып жіберді. Олар ол сенімді ақтайтын жігіттер. Ауғанстанның қоғамдық ғылымдар институты. Мұнда бізбен бірінші жүздескен кісі Ауғанстан Ғылым академиясының мүше-корреспонденті Гарифи болды. Конференц-залға ендік. Ғайрат, қысқаша сөйлеп, бізді жиналған жұртқа таныстырды. Панджири де сөйлеп сөз аяғын халықтар достығын жырлайтын өлеңмен бітірді. Тыңдаушылар дүркірете қол соқты. Г. Регистан «Өмір сүргім келеді» деп аталатын жырын орысша оқып еді, оны Искандер тігісін жатқыза тәржімалады. Балаларға бағыштаған жырын Сапар Барноев өзбекше оқып берді. Мен «Адамдар» деп аталатын өлеңімді аудиторияға орыс тілінде оқып бердім. Орыс тілінің маманы Вахида есімді келіншек «Бахор» («Көктем») деген өлеңімен таныстырды. Бізге бірнеше күн бойы еріп жүрген, аудармашылық қызмет жасаған жас жігітіміз Искандердің өзі де өлең жазады екен, екі өлеңін халық жылы пейілмен қарсы алды. Ғайрат та қызып кетті білем. Роберт Рождественскийдің парсы тіліне өзі тәржіме еткен бір өлеңін оқыды. Және бір Нұрстан деген жас жігіт қаза болған революционерлерге арнаған толғауын оқып, замандастарын тамсандырды. Тыңдаушылардан сұрақ түсті. Сұрақтың иесі Башир деген кісі еді. Поэзияның саясатпен байланысып, ақын позициясын білгісі бар. «Ақын партия мен сол партия жүргізіп отырған саясатқа сенсе, сенім тірегі мықтырақ келмек, ал кейде керісінше, партияның саясатына ақын қанағаттанбайды, онда әлсіз шығармалар туады. Ақын мәңгі шығарма жасау үшін партиялық, позициядан тыс тұрғаны пайдалы ма зиян ба?» Бір-бірімізге қарастық. Герольд Регистан: «Мен жayaп берейінші» деп орнынан көтерілді. ─ Мен партияда жоқпын, бірақ партияның саясатын жақтаймын, - деді Регистан, -Махаббат. Поэзия. Халық. Ақын үшін ең бастысы халық, Отан, сондықтан ол партияның саясатын қолдайды. Кез-келген партия кезінде қателік жіберуі мүмкін. Жаңадан жол салу оңай емес. Социализм жеңісі оңайлықпен келмейді. Кімдікі дұрыс екенін тарихтың өзі дәлелдейді. Егер жолдас Башир өз партиясының қатесін көре білсе, айтқаны абзал. Халықтан бұдан басқа сұрақ түскен жоқ. Бәріміз сыртқа шығып, суретке түстік. Жолай «Хакикате энгилабе саур» газетінің редакциясына соқтық. Өкінішке қарай, газеттің бас редакторы, ақын Варэги Шафиги Москваға жол жүріп кетіпті, кетерде Ғайрат арқылы бізден кешірім өтініпті. Газет коллективі бізді бір күн бұрын келеді деп күтіпті. Біз ол уақытта Кабул телевидениесінде едік, теледидардан кейін ауған - совет достығы қоғамының председателі Хабиб Мангалмен кездесуге барғанбыз. Герольд Регистан екеуміз бір көліктеміз. Шал шаршаңқырап қалыпты. Әсіресе кешегі түнгі кездесу діңкелетіп тастапты. Ким, Вера үшеуі Ғайраттың үйіне барған. Оның үйі микроауданда. Оппозиция мүшелері сол үйге жиналыпты. Алдымен екеуі, сосын қалғандары кіріп, үнсіз қарасып қалыпты. Олардың тобынан көбінесе екі адам сөйлепті. Психологиялық текетірес жағынан бұл жеңіл әңгіме болмаса керек. Оппозиция өкілдері негізінен Совет, Одағының позициясын қолдапты. Ауғанстан халықтық - демократиялық партиясына деген іштегі өкпелерін сыртқа шығарады. Олардың айтуынша, - халықтан қол үзіп кетті, өз бастарын ғана ойлайды, тәуір орынды жақын-жуықтарына береді, түрмеден өз жақындарын босатып алады, билік жағын өзара бөлісіп алады да, қарапайым халықты ұмытып кетеді. Олар осы айтқан сөздеріне өздерінше дәлелдер келтіріпті. Регистанды солардың келтірген кейбір мысалдарының туралығы таңдантыпты. Сөздерінде шындық бар дейді. Ақын болғасын, сезімге берілді ме, жоқ, шын ақын өтірік айта алмай ма? Герольд жерінде бары байқалды. Қай жаққа, қай тұсқа барсаң да, Ауғанстан деген сөз аузынан түспейді. Сапар екеумізді Кабулде аудармашы боп жүрген Эльбек деген өзбек жігіт қонаққа шақырды. Ким Николаевичтен рұқсат сұрадық. Мекен-жайы - микроауданда. Келіншегі, екі баласы бар. Қолдарына тәтті ұстатып, беттерінен сүйдік. Эльбек Ташкент университетінің шығыс тілдері факультетінің түлегі, мұндағы кәсібіне екі жылдан асыпты. Өзбекше, орысша, парсыша жүйрік біледі. Жас болғасын әрі қалада өскесін Ана тілін қалай меңгерді екен деп, тамырын басып байқар едім, мүдірген жоқ. Бәрекелде деп қоя қойдым. Бізден бұрын үйінде Александра Давыдовна деген москвалық келіншек отыр екен. Эльбек осы москвалық әйелдің күйеуінің тәржімашысы көрінеді. Ерте кетеді, кеш келеді, түн жүреді, күн жүреді. Екеуінде мөлшерлі уақыт жоқ дейді. Бүгін Қандағарда, ертең Құндыз аймағынан шығады. Балалары бала бақшада, әйелдері де екі семьяны қатар шақырыпты. Бір ауыл келіп қарап отырмайды. Эльбек және өзі қатарлас қонғандай қауқылдасып қалдық. Қазақстан, Өзбекстан туралы әңгіменің тиегі ағытылды. Біздің бұл әңгімеміз Кабул теледидарының біз жайындағы хабарына ұласып, мәз-мейрам болып қалдық. Шығыстың қай еліне сапар шексеңіз де, әйтеуір бір жерден өз ағамыз -өзбек құшағын жайып, қазағым деп алдыңнан шығады. Шығыс елдерінде дипломаттың қызметтерде қазақ жігіттері неге сирек кездеседі деген бір сауал көкейімнен кетпей қойды. Ғабеңнің (Ғабит Мүсіреповті айтамын) дүниеден көшерінен екі жылдай бұрын айтқан сөзі құлағымда қалып қойыпты. Алматы. Төлебаев көшесі. Төмен түсіп келемін. Күн сайын қызметтен қайтатын жолым. Ғабең тұратын үйдің тұсынан өте бергенмін. Биік шыңның қасынан өткендеймін. Ол шыңға қай қазақ болсын, иіліп сәлем беріп, тағзым етеді. «Шыңның аты - Ғабит Мүсірепов. Мәскеуден докторантурадан жаңа оралған кезім еді. Мәскеуде жүргенімде В. И. Ленин атындағы орталық кітапхананың жаңалықтар бөлімінен Ғабеңнің «Жат қолындасың» алып оқып, ләззат, алғаным бар. Оның үстіне Ғабеңді көргім кеп, сағынып жеттім. Қолыма далам алып, дара сөз жазуға талаптансам, Ғабеңнің кітаптарын ақтаратын. Ғабеңнің қамшысы қатты, арқаңа бір тисе ышқынтып жібереді. Бірақ енесі тепкен құлынның еті ауырмас дегендей, жақсы жазуға машықтандыратын қамшы қайратыңды үстемесе кемітпейді. Тәуекелге бел байладым да, сол күні кешқұрым Мүсіреповке бардым. Қала ғұрпы бойынша ең алдымен телефон соғып, рұқсат сұрауың, күніне, сататына келісуің керек. Бұ жолы мен ауыл әдетімен кеттім. Есіктің қоңырауы үнді шықты. Есікті мұрты жаңа тебіндей бастаған жас жігіт ашты. Сәлемнен соң, атасын сұрадым. «Жоғары төрлетіңіз, бар, - деді орысша. Сөйтті де өзі ілгері озып. - К тебе пришли», - деп шалға хабарлап үлгірді. Қысылып далдым. Жылдам шешініп, кабинетіне өттім. Ғабең төрде, терезеге таяу тұрған столында отыр екен. Алдында «Жұлдыздың» жаңа саны, «Білім және еңбек» журналы, жазу блокноттары. Гоголь кітабы ашулы жатыр.

─ Ассалаумағалейкум, Ғабит аға!

Шал бетін сәл терезе жаққа бұрған күйі қозғалмады. Столының сол жақ тартпасынан әлденені іздеді. Сәлеміме әлі жауап жоқ. Маңдайымды суық тер жапты, «Апыр-ай, мені мұнда қандай құдай айдап келген». Сол жақтан іздегені осынау тартпадан табылды. Бармақтың басындай ғана іле салатын есіту аппараты. Құлағына ілгеннен кейін ғана маған бұрылып, қолын созды. Қос - қолдап сәлем бердім.

─ Неге звондамай келесің? - деді. ─ Ғабит аға, ғафу етіңіз, шынымды айтсам, сізбен бір сұхбаттасқым келді. Мәскеуден оқудан жақында ғана келіп едім. «Жат қолында» романыңызды оқып, бір жасап қалдым. Шал үнсіз қалды. Сәттен соң бозғылт тартқан бетіне жылу жүгірді. Көзәйнегін киді. Қандай сәнмен киеді десеңізші, иығын сәл тіктеңкіреп алып, бетіме бағдарлай көз тікті.

─ Кәсібің, қызметің қайда еді? ─ Академияның Әдебиет институтынанмын. Ғабит аға, үйіңіздің жанынан күнде өтемін. Қазақ пен араб - парсы әдебиетінің байланысын зерттеумен айналысамын. ─ Жалпы мен бұл мәселеге скептикпін. Бізде бұған мән беріп отырған кісі жоқ. Әсерді діни уағыздардан емес, Фирдауси, Хафиз, Низами, Науаи маңайынан іздестірмек керек. Әлгі «қырды», «жойды» дейтін қиссалардың іліп алары аз, Шығыс классиктерінің ықпалын қарастыр. Сонда, бірдеме тауып қаларсың, - Ғабең әр сөзінің арасына ауқымды тыныс салып сөйлейді. Асықпай ойланады.

─ Ал араб тілінен қалай ең? ─ Аздап білемін, араб, парсы тілдерін зерттеп, жазып жүрген тақырыбыма орай біраз дуалап оқығаным, үйренгенім бар. ─ Мен Шығыстың көп елдерін аралаған адаммын. Жетілеп, айлап жатқан күндерім де болды. Жазушыларымен араластым, маданияты, адабияты бай елдер ғой. Амал не, әлі ішіне кіре алмай жүрміз. Тілін білмейміз. Қазақтан ол жақта саусақпен санағандай ғана жігіттер жүр. Ол не болады. Бұ жағынан мынау отырған өзбектен қалып қойдық. Сауда, мәдени алыс-беріс, құрылыс, дипломатия жағында олардың тіл білетін мамандары көп. ─ Осы біздің КазГУ - дегі араб бөлімін бітірген балалар да, жұмыс таба алмай бос жүр деп есітем. ─ Бізде мамандар жағы кемшіндеу ғой. Ғабит аға, алғашқы қадамдарымыз енді басталды. Көш жүре түзелет те. Көптен әңгімеленіп келе жатқан Шығыстану институты ашылса, игі еді, - дедім.

Ғабең қолын сілтеді. ─ Отан иегің қышымасын, біраз уақыт бар. Ашу оңай, орындау қиын. Шет елге қазақ жастарын молырақ жіберу керек. Үйреніп келсін, біліп келсін, көріп келсін. Шығыс елінің көпшілігі ағылшын не француз тілінде сөйлейді. Кішкентай баласынан шалына дейін шет ел тілін біледі. Мен бір барғанымда Кипрге, білікті бір жазушысына, кім еді, есімі есімнен шығып кетіпті. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» мақтауын жеткізіп тапсырдым. Араб тіліне аударыңыз дедім. Бір жеті өткен соң кітапты өзіме қайтарып әкелді. Аудара алмайтындығын айтты. Қиып, қалың қағаз жоқ дегенді айтты. Бізге көлемі үш-төрт, баспа табақ болса жарайды дейді. Кітап басу жағы да о жадта мардымсыз. Ал осы «жазира» деген сөз, не сөз, соны білесің бе? ─ «Жазира» арабтың «альжазира» деген сөзінен шыққан, аудармасы - арал. Біз осы сөзді проза мен поэзияда сүйреткен терідей тоздырып, біраз жерге апарып тастадық, орнымен қолданып жүргеніміз жоқ. Сөздің сыртқы сұлулығына қызығып, кез келген жерге тықпалай береміз. «Ықылым» сөзі де соның кебін киді. ─ Жуырда мен «уасаса» дейтін қытай сөзін қолданғанымда, сегіз адам телефон соқты. «Уасаса» деген не дейді. Осы уақытқа дейін соны білмей жүрсіңдер ме дедім, тағы қандай тіл білесің? ─ Парсы тілін үйреніп жүрмін. Шығыс классиктерін, оның ішінде ақындарын түпнұсқасында оқуға тырысамын. Қолға оңай түспейтін қиын шаруа екен, Ғабит аға. ─ Шығысты аралағанда көзім жетті. Қайсыбір жазушысымен қабыса сөйлесіп кеткім бар, он-он бес кісіге бір тәржімашы, оның өзі басшылардың маңайында, саған жетпейді. Бөрене құсап тұрасың. Тілін білмеген мақау адам сияқтысың, ішіңдегіні сыртқа шығара алмай, қорланасың. Тілін біліңкіремегенсіп, саған сенімі де аз, сәлемі, сөзі түзу - ақ, сөйтіп тұрып өзін сақ ұстайды. Қазіргі Шығыс елдерімен арамыз ала - құлалау ма қалай? Сенімен жақсы қатынаста жүріп-ақ, өз пайдасына келгенде сырт айналып жүре береді. Иран мен Ирак анау, бірінің бетіне бірі былшылдатып ұрып жатқаны. Мұнайы рәсуа, далаға ағып жатыр. Неғылған фанатик елдер еді, соғыстың қып-қызыл зиян екенін білмейді. Ал, бала, тіл білсең біздің әдебиетті Шығыс жұртына таныстырмаққа керек. Проза қолдан келмес, ал біздің кейінгі жастарды: Қадыр Мырзалиевты, Мұхтарды, Фаризаны таныстырса теріс болмас еді. Поэзияның кіші антологиясын жасауға болады ғой. ─ Қалауын тапса қар жанар дегендей, Ғабе, әлбетте игі істің ұмтылса алынбайтыны аз. Қазақ прозасы, шүкір біраз шет ел тілдеріне тәржімаланды. Қазақ поэзиясын Шығыс, Батыс тілдеріне молынан аударса тамаша ғой. ─ Әніки, сол үшін, - деді Ғабең көзілдірігін қолына алып, - араб, ағылшын тілдерінде еркін сөйлесу қажет. Тіл - ұлт жүрегін ашатын кілт. Ағылшын тілін үйрен! Сонда, бүкіл Шығысқа сенімдісің. Әлгі Оңтүстік Йеменде Болат Тайжанов деген қазақ елшісі барын білесің ғой, соның төрт-бес қазақтың жігітін алып кетіп, оқытуына, үйретуіне мүмкіндігі бар емес пе? Иә, бар. О жағынан бізден өзбектер озып кетіпті. Байқаймын, дария шаршайын деді: бір ауық үнсіз ойланды. Жан-жағына көз тіктім. Жазу бөлмесінің үш қабырғасы түгел кітап, терезе тұс қана ашық, бос. Ғабең ағаштан түйін түйеді дегенді бұрын естуші едім, газеттен охо ойын отырған суретін де көргенмін. Ағаштан ойын жасаған аттың ер-тұрманы, қыран мүсіндері мені таң қалдырды. Сабаз қалай ерінбей ойып өрнектей берген. Сөресінің жоғары жағына қойыпты. Дап-дайын көрме дерсің. Кезекті сауалым көмейіме келіп барып қайтты. Иісі қазаққа ортақ Ғабит ағаны діңкелетпейін деп ойладым. Жазу дәптеріне көзін салды, онысы уақытым бітті дегені шығар. Құлағындағы аппаратты алып, қолын берді. ─ Ал, жігітім, жарайды жолың болсын, - деді. Әлгі бозбала есікке дейін шығарып салды. -Атың кім, шырағым?

─ Бекет, - деді ол.
─ Сау бол, қалқам, рақмет! - дедім.
─ Қош, - деді ол.

Түнгі Кабул оттары шамын жағып жадырасып, тауға өрмелеп барады. Кешегі Кабулдің түні бүгінгі түніне ұқсамайды. Кабулге қараған сайын көңіліме тыныштық орнайды. Бейбіт еңбек үшін жаратылған дала. Ешқашан ешқандай соғыс болмаған сияқты. Алатауымның алып алақанында жатқан Алматымды елестетеді. Бірақ Кабулды дұшпан ракетасының дүмпуі, не молланың таңғы намазға шақыруы шырт ұйқысынан оятады. Кабул күннен бұрын аяққа мінеді. Тоқсан тоғыз тарамға кететін тірліктің тамырлары керней соғып жөнеледі. Үлкенді-кішілі тірлігі бар дала халды әлгінде ғана жел түртіп оятқан теңіз толқындарындай, дыбыр -қыбыр етіп, тоқтаусыз қозғалысқа түседі. Шәкірттер мектебіне, дүкеншілер дүкеніне, жұмысшылар өндіріс орнына, сарондойлар өз учаскелеріне асығыс бара жатады. Халық лық толы автобустар, троллейбустар даланың жолдарын айқыш-ұйқыш кескілейді. Әніки, біртіндеп үлкенді-кішілі дүкендер ашылды. Есік алдына балалар су сеуіп жатыр. Тау төсіне өрмелеп барып тоқтаған үйлердегі адамдар оянып, төмен түсе бастады... Таңғы ауаны дақ жарып, жапырақ түстес белінде қызыл жұлдызы бар екі вертолет тау жаққа қарай ұшып өтті. Үнемі екі-екіден ұшады, неге олай десем, бірін-бірі оқтан қорғасады. Олар да Кабул тыныштығы үшін күресіп жүр. Әніки, күндегі әдеті бойынша төбесіне жаңа піскен нан салған табақ көтеріп, қонақ үйге жас бала жақындап келеді. Ол күнде таңертең нан тасиды. Оның жолын кесіп өтпей, қашан қасымнан өтіп кеткенше қарап тұрамын. Ол да маған қарайды. Таңсәріде нанның иісі неткен керемет,! Нан үшін күрес - өмір үшін күрес!

ӨЗІМІЗДІҢ ЕЛШІЛІКТЕ

Совет елшілігі. Біздің Ауғанстандағы елшіміз Виктор Петрович Монсаев алпысты адымдап қалған кісі. Көптен көріспеген жандардай, шұрқырасып қалдық. Қал-жағдай сұрастық.

─ Біз 1800 метр биіктеміз, оттегі жетпейтіні сол, - деді ол. ─ Біздің Сапар Барноевты тісі мазалайды. Жұлу керек шығар, - деді Вера Борисовна. ─ Ауырған тісің біреу ғана ма? - деді әскери атташе Владимир Таривердиев Сапарға қарап.

─ Әзірше біреу, - деп ол үшін Станислав іле-шала жауап берді. Елші ел ішінің жағдайына кіре сөйледі. Ауғанстан жағдайын бес саусағындай біледі екен. Ұлттық ымыраласу саясатының барысы, жетістік, кемшіл жағы, жаулар жағының жанталасып кедергі жасауы, Отанына оралғысы келгендердің кешкен қиыншылықтары, дұшпандардың зұлымдық әрекеттері және қайталанып көз алдымыздан тізбектеліп өтті. Ұлттық татуласу саясатының екінші кезеңі басталып, жаңа Конституцияның жобасы талқылануда. Халық пен партияның бірлесіп жұмыс істеуі арқасында бірсыпыра нәтижелерге қол жетіпті. КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының көмегі ынтымақтасу саясатын алға жылжытуға игі ықпалын тигізіп келеді. КПСС Орталық Комитетінің Бас секретарі М. С. Горбачевтың НДПА Орталық Комитетінің Бас секретарі Наджибулламен екі рет кездесуі, С. Кештмандтың СССР Министрлер Советінің Председателі Н. А. Рыжковпен келіссөз жүргізуі Совет Одағының Ауғанстан мәселесіне ерекше мән беріп отырғандығын дәлелдейді. Ауғанстанмен жұмыс жасау комиссиясын Э. А. Шеверднадзе жолдас басқарады. Мұнда көптеген совет, министрлері болып қайтыпты. Сондай-ақ Орта Азия республикалары мен Қазақстан да Ауғанстанның кейбір аймақ, аудандарын қамқорлыққа алды. Өзбекстан, Тәжікстан бұл салада біршама белсенділік көрсетіпті, енді Қазақстан, Түркмения өз үлестерін қоса бастапты. Атап айтқанда, Қазақстан Ауғанстанның Кандагар, Урузган, Заболь провинцияларына көмек - жәрдем жолын ашты. Көп ұлтты Советтік Қазақстан достық көмегін ауған халқынан әрқашан да аямайды. Достық қиындықта сыннан өтеді. СССР халықтарының мұндай сыннан сүрінбей өтіп келе жатқандығы тарихқа мәлім. Ауыл шаруашылығы техникасы, өндіріс жабдықтары, азық-түлік және оқу құралдары тиелген теміржол құрамалары Қарағандыдан Ауғанстанның Урузган аймағына барып жеткені баспасөзде жазылды. Кандагар провинциясы мен Алматы облысы арасындағы тікелей байланыс орнауы нәтижесінде Қазақстаннан самолетпен жіберілген өндіріс товарлары Ауғанстан өкілдерінің қолына тиді. Ауғанстанның ауыл шаруашылығы қайта құру дәуірін басынан өткізуде, көп шаруашылықтар әлі қалпына келген жоқ, қожайындары революция кезінде шет елге қашып кеткен, қалғандары қол ұшын бергісі жоқ. Наджибулла бастаған Ауғанстан халықтық - демократиялық партиясы осы жағына да күш салып, жекеменшік секторды қозғалыс - қимылға келтіру үшін ұсақ буржуазиямен де жұмыс жүргізуде. 173 жаңа өндіріс орны салынбақ, қазір оның 50-інің құрылысы жүріп жатыр. В. П. Можаев кәсіпкерлердің І конференциясына қатысыпты. Бұл мүлдем жаңа әдіс дейді. Жекеменшікшілер қатысуға бірауыздан белсенділік көрсетіпті. Ауғанстанда қазір 80 кәсіпорын тоқтап тұр. Ауыл шаруашылығы саласында да қиыншылықтар жоқ емес. Соған қарамастан егіннің шығымдылығы жақсы. Елші Можаев октябрь айында өткізілетін бүкіл ауғандық партия конференциясының талқылайтын мәселелеріне тоқталды. Партия мүшелерінің арасында солшыл оппозиция бар екен. Соған байланысты істелетін шаралар баршылық. Алдағы жылда партия съезі өткізілмек. Елші сөзін аяқтағаннан кейін Ким Николаевич сөз алды. Ішіміздегі Ауғанстанның ішкі, сыртқы жағдайын қолдап жүретін, ел, жетістік, кемшілік жағы, жаулар жағының жанталасып кедергі жасауы, Отанына оралғысы келгендердің кешкен қиыншылықтары, дұшпандардың зұлымдық әрекеттері және қайталанып көз алдымыздан тізбектеліп өтті. Ұлттық татуласу саясатының екінші кезеңі басталып, жаңа Конституцияның жобасы талқылануда. Халық пен партияның бірлесіп жұмыс істеуі арқасында бірсыпыра нәтижелерге қол жетіпті. КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының көмегі ынтымақтасу саясатын алға жылжытуға игі ықпалын тигізіп келеді. КПСС Орталық Комитетінің Бас секретары М. С. Горбачевтыц НДПА Орталық Комитетінің Бас секретары Наджибулламен екі рет кездесуі, С. Кештмандтың СССР Министрлер Советінің Председателі Н. А. Рыяжовпен келіссөз жүргізуі Совет Одағының Ауғанстан мәселесіне ерекше мән беріп отырғандығын дәлелдейді. Ауғанстанмен жұмыс жасау комиссиясын Э. А. Шеверднадзе жолдас басқарады. Мұнда көптеген совет, министрлері болып қайтыпты. Сондай-ақ Орта Азия республикалары мен Қазақстан да Ауғанстанның кейбір аймақ, аудандарын қамқорлыққа алды. Өзбекстан, Тәжікстан бұл салада біршама белсенділік көрсетіпті, енді Қазақстан, Түркмения өз үлестерін қоса бастапты. Атап айтқанда, Қазақстан Ауғанстанның Кандагар, Урузган, Заболь провинцияларына көмек - жәрдем жасап, жолын ашты. Көп ұлтты Советтік Қазақстан достық көмегін ауған халқынан әрқашан да аямайды. Достық қиындықта сыннан өтеді. СССР халықтарының мұндай сыннан сүрінбей өтіп келе жатқандығы тарихқа мәлім. Ауыл шаруашылығы техникасы, өндіріс жабдықтары, азық-түлік және оқу құралдары тиелген теміржол құрамалары Қарағандыдан Ауғанстанның Урузган аймағына барып жеткені баспасөзде жазылды. Кандагар провинциясы мен Алматы облысы арасындағы тікелей байланыс орнауы нәтижесінде Қазақстаннан самолетпен жіберілген өндіріс товарлары Ауғанстан өкілдерінің қолына тиді. Ауғанстанның ауыл шаруашылығы қайта құру дәуірін басынан өткізуде, көп шаруашылықтар әлі қалпына келген жоқ, қожайындары революция кезінде шет елге қашып кеткен, қалғандары қол ұшын бергісі жоқ. Наджибулла бастаған Ауғанстан халықтық - демократиялық партиясы осы жағына да күш салып, жекеменшік секторды қозғалыс - қимылға келтіру үшін ұсақ буржуазиямен де жұмыс жүргізуде. 173 жаңа өндіріс орны салынбақ, қазір оның 50-інің құрылысы жүріп жатыр. ─ Жолдас Наджибулла негізінен дұрыс саясат жүргізіп отыр, - деді ол, - алайда бұрынғы басшылықтың ықпалында қалған адамдар жалпы қозғалысқа кедергі жасауда, оппозицияның кейбір пікірлерімен санаспаққа керек. Жер реформасы мәселесінде ағаттық жіберілді, жер туралы заң. Әрбір қышлақта жырға өткізіп, сонда жерді кімге беру керектігін шешу керек деседі. Оппозиция кооперативтік қозғалысты басқарғысы келеді, саяси жағынан жазаланғандардың біразы әлі түрмеде, кешірім арқылы босанғандар жұмыспен қамтамасыз етілген жоқ. Оппозиция өз партиясын маркстік партия деп санайды, бізді министер, хошиминдер деп атамасын дейді. Совет одағына сәлем айтыңыз, біз коммунистермен келісіп жұмыс істеуге дайынбыз дейді. Ауғанстан халықтық -демократиялық партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросымен келісімге келгісі жоқ. Өйткені Саяси Бюроның бірқатар мүшелері, мысалы, Hұp өз адамдарын қолайлы орынға орналастыратын көрінеді. Оппозиция Ауғанстанның құрылыс министрлігіндегі сорақылықты айтты, жазаның жеңіл екендігін ескертті, олар шекара жағында да бірігіп қызмет атқаруға әзірліктерін білдірді. Олар айтады: партия құрамы бірыңғай пуштундардан болмау керек дейді. Партия лидерлерінің жалақысы жоғары. Оларда сарайдай мекен-жайлар бар, мерседеспен жүреді. Керенау ой әсерден әлі арыла қойған жоқ деп олар Надяшбуллаға да өкпе білдіреді, - деді Г. Регистан, - қалтасы қалыңдар швед банкілеріне капитал өткізуге әзір дегенді естідік. ─ Наджибулла бәрін де тәртіпке түсіріп келеді. Дегенмен, біздің көрсетіп жатқан көмегіміз кейде бас пайдасын ойлайтын басқа біреулердің қолына түсіп қалып жүр. Үкімет бұған бақылауды күшейтті, тиісті шаралар қолданды. Біз де ақыл-кеңесімізді аяп жатқанымыз жоқ, - деді Виктор Петрович, - Ауғанстан үшін кадр мәселесі бірінші орында. Революция ісіне берілгендерді тартқан абзал. Ал Батыста Ауғанстанға қарсы жүргізіліп жатқан әрекеттер тоқталатын емес. Соларға қарама-қарсы бағытта атқарылатын шаруалар шаш етектен. Қысқа мерзімде біраз шаруа орындалуда. Идеология саласында формализм әлі де аяққа шалғы. Іс баяу болса да, түзеліп келеді...

Ким Николаевич: ─ Жастар ұйымының басшысы Фарид Маздакпен кездескенімізде, Совет Одағында Ауғанстанға жіберілетін жастармен жұмыс істеу қажеттігін есімізге салды.

Павел Викторович:
─ Біз Саяси Бюродан осы мәселені қарауды сұраймыз.
Ким Николаевич:
─ Ауғанстандықтар үшін кәсіптік - техникалық училище өте тиімді.

Павел Викторович: ─ Ия, бұл тарапта да жүзеге асуға тиісті тұжырымдар баршылық. Адамдар бастарын енді көтеріп келеді, пікірлерін аштық, батыл білдіреді. Бұрын бұлай сөйлей алмайтын. Бүгінгі жағдай басқаша. Бастауыш партия ұйымдарында аракідік кереғар пікірлер ұшырасады. Қалалық партия конференциясы қарсаңында төменнен жоғары қарай қолдау - қуаттаудың мәнісі зор. Конституция жобасы талқыланды, Наджибулла сенімге ие болды. Бүкіл партия ұйымдарында партия жиналыстары өтті. Саяси Бюро мүшелері жиналыстарға қатысты. Наджибулла апрель айында университетте сөз сөйледі, оқытушылардың арасында Совет Одағынан, Батыстан келген мамандар бар. Барлық партия мүшелері аудандық, аймақтық жиналыстарға қатысты. Ұлттық татуласу саясаты жарияланғаннан бері Кабулге 500 қарулы қарақшы келді. Олар қаланы аралап көрді, Наджибулламен кездесті, солардың көпшілігі осында далып қойды, Наджибулла дін басыларымен де жұмыс жүргізеді. Жадында Гератда ұшып бардық. Бүкіл Герат дұшпандардың қолында деп Батыс айқайлаған еді. 600 адам жиналған мешітте Наджибулла сөйледі, көптеген кісілердің көзінен жас көрдім. Ол мұндағы партия лидерлерімен де әңгімелесті. Содан соң Наджибулла шалдарды намазға шақырды, бұл шақырысқа шалдардың мерейі өсті. Сондай-ақ ол дивизия жауынгерлері алдында да сөз сөйледі.

Ким:
─ Барьялай бұлтаққа салып жүр дей ме?
Можаев:

─ Ол қазір халықаралық іспен айналысатын басқа учаскеде. Халықаралық байланыста министр Вакиль кесек әрекет атқаруда. Ауған делегациясы Шығыс, Латын Америкасы елдеріне барып, Ауғанстан проблемасымен таныстырып қайтты. Ауған елшіліктері көбеюде, Дост Латын Америкасынан оралды. Вакиль де бірқатар елдерді аралады. Біздің бірқатар достарымыз Ауғанстан жайында аз білетін болып шықты. Екі ел арасына от салып қойып жүрген елшілер де табылады. Басшылар өзгерсе, елшілер де өзгереді.

Ким: ─ Чехтар мен ГДР неміс әріптестері ауған жазушыларымен келісімге қол қойды. Келесі жылы Африка - Азия жазушыларының конференциясын Кувейтте өткізсек дейміз.

Можаев:
─ Бұл өте керек.
Ким:

─ Ең алдымен біз секретариат ашсақ, сол үшін январь айында Кабулге Азия мен Африканың таңдаулы жиырма қаламгерін шақырсақ деген ойымыз бар.

Можаев: ─ Осында бейтарап мемлекеттердің конференциясы өтті. Сіздің бастамаңыздың үлкен пайда әкелетіні сөзсіз. Біз қолдаймыз, қуаттаймыз. Панджири өте бір адал пейілді адам, бар көмегін береді.

Ким: ─ Панджириді армия да жақсы көреді, сарондойлар оны қатты сыйлайды. Ол білікті саяси қызметкер. Біз Валерий Поволяев екеуміз 24-иіі, 25-заставаларды араладық. Біздің жігіттермен кездестік. Гератқа да барсақ деп едік...

Можаев: ─ Гератқа жақын шамада бару қауіпті. Дұшпандар күні-түні самолет аңдиды. «Стрингердің» жылдамдығы бір секундына 700 метр. Олар самолетті де, вертолетті де көздейді.

В. Поволяев:
─ Біздер заставада болып қайттық. Атыс тынымсыз. Кеше ғана Падмонда болдық.
В. П. Можаев:
─ Біз зонаға вертолетпен ұшып бардық.

Қауіп өте күшті. Олардың барлаушылары күні бұрын біледі, сосын самолетті вертолетті аңдиды.

Г. Регистан:
─ Мен Ауғанстан шайында өлең жаздым, оны Кабул телевидениесінен оқыдым.
Можаев:
─ Сол өлеңімізді маған сыйлап кетерсіз.

Герольд елшіге жаңағы өлеңін оқып берді.

Әр оқыған сайын өлеңнің өрісті қыр-сыры құлпыра түседі, өзін де, тыңдаушысын да тебірентеді.

Можаев: ─ Иә, күрделі процесс жүруде. Өкінішке қарай, біздің елде де, шет елдерде де Ауғанстандағы жағдайларға терең, бойлап бара алмаушылық бар. Мысалы, Надяшбулла мешітке барады, дұға оқиды. Мемлекет басшысына бұл керек не. партиялық жұмысқа көмектесе ме деген сауалдар туады. Біздің газеттер Ауғанстан туралы татымды материалдарды аз береді, талдауға бейім теориялық мақалалар мардымсыз. «Правданың» бетінде бірсыпыра тәуір материалдар жарияланды. Осы мәселелердің төңірегіне журналист,ерді әлі де тартыңқырай түссе, нұр үстіне - нұр. Халық та түсініп келе жатыр.

Станислав Куняев: ─ «Литературная газетада» жарияланған И. Беляевтің ислам хақында мақаласы көптеген керағар пікірлер тудырды.

Ким: ─ Біз Наджибулламен арнайы сұхбат өткізіп, оны «Литгазетаның» бетіне шығарсақ деймін. Біздің халықтың Ауғанстанға деген ынтасы зор. Интернационалдық достық клубын ашса ше?...

Можаев: ─ Ол өте дұрыс, енді қашқындар жөнінде бірер сөз. Бұл тақырыптың байыбына барып, жан-жақты зерттесе, берері мол. Әрбір қашқынның өз тағдыры бар, оған адамша қараған жөн. Оларды еңбекке бейімдей бағыттаған игі. Совет интернационалист жастарының да еңбегі жырға қосуға лайық.

Ким: ─ Ауғанстан арқылы көптеген совет, жастары әскери қызметтен өтіпті. Солар туралы терең толғаулар тым тапшылау, жазсақ үстірттеу, үстін қарпып қана «қырды, жойды, қолға түсірді» деп өте шығамыз. «Уақыт» программасының Каублдегі тілшісі М. Лещинскийге де өкпе бар, кейде бір сарын, бір қалыппен сыдыртып өте шығады. Құбылыстың астарлы мәнін аша кеткені жөн. Свердловск даласында болған «ауғандықтар» Ауғанстанда қаза тапқан совет жауынгерлеріне ескерткіш қоюға келісті.

Г. Регистан: ─ А. Прохановтың «Кабулдың ортасындағы ағаш» романын біздің көптеген журналдарымыз баспай қойды ғой.

Можаев: ─ Біз Ауғанстан арқылы өз елімізді қорғаймыз, оны ұмытуға болмайды. Бұл мәселенің Шығыс үшін маңызы ерекше. Тек қана шындықты шырқаңыздар. Құрғақ бояу жеміс бермейді. Біздің балалар бұл жақта жақсы мектептен өтуде. Әрбіреуін құшағыңа алып қысқың келеді. Жадында Заболде болғанымда, жерлестерімді кездестірдім. Қытаймен, Үндістанмен шекаралас тұста да біздің жігіттер тұр.

Ким: ─ Бір айта кетер ащы шындық мынау: Ауғанстанда еңбекші, жұмысшының баласы әскерде жүр де, интеллигенцияның ұлдары аз.

В. Поволяев: ─ Кеше мен бір полктің командирімен сөйлестім. Соның полкінде Белоруссия Компартиясы Орталық Комитетінің екінші секретарының баласы бар екен. Бірақ мұндай мысал саусақпен санарлықтай ғана.

Можаев: ─ Ауғанстанға келіп, мол кездесулер өткізіп, бізге көмектескендеріңіз үшін сіздерге рахмет. Творчестволық табыс тілеймін. Көріскенше!

ДОСТЫҚ ДЕГЕН ТАМАША!

Кабулде Достық мектебі бар. 460 бала оқиды, келесі жылы бала саны мыңға жетпек. Шәкірттер екі кезекте күндіз екі сағат дари тілін, екі сағат орыс тілін оқиды. Мұнтаздай таза мектеп, балалары шетінен мөлдіреп отыр, Жайдары жас жүздеріне қарап, Ауғанстанның келбетті келешегін елестетем. Екі тілді еркін меңгеріп, күн ертең атқа отыратын ақжарқын айналайындар достықтың ынтымақтың бейбітшіліктің белсенді елшілері боларына кәміл сенемін. Мектеп директоры сөз арасында мектепке әлі де болса құрал - жабдықтардың жетпейтіндігін шағына айтты. Вера Борисовна СССР Жазушылар одағының атынан мектепке шағын кітапхана жіберетіндігін білдірді. Мектеп - он бір жылдық. Кітап, портфель жетпейді. Мұнда негізінен жұмысшылардың балалары оқиды. Бірінші класқа кірдік. Алдына әліппе жайған баланың жанына барып, есімін сұрадым. «Наджиб» деді, қасындағы парталасының аты Нигар екен. Дари тілінің сабағы жүріп жатты. Пионерлер бөлмесіне барғанымызда, балалар биін тамашаладық. Мектеп директоры Малике Омар - жас ұстаз. Киев пединститутының орыс тілі мен әдебиеті бөлімін бітіріпті. ─ Бұл жай ғана - жарнама, - деді Г. Регистан мектептен шыққасын маған, - Москвада осындай екі-үш мектеп бар, бассейні бар. Шет елдіктерге көрсетеді. Ал енді дүкенде көрген тушонка, сүт банкілерін, консервілерді дүкеншілер СССР - ден әкелген деп ойлайсыз ба?

─ Бұл жағын білмейді екем. ─ Жоқ, құрметтім, бұл заттарды оларға біздің армияның интенданттары (әскер бөліміндегі жабдықтау ісін басқаратын адам) сатқан. Денең түршігеді. Қайта құру, жариялылық кезінде - бұл осал жағымызды да жасырып қалмағанымыз дұрыс. Сөйтіп, әлгі әдемі мектептен алған әсерім қапелімде екіге бөлінді. Балдай балаларға деген ниетім сол мызғымас күйінде қалды да, ал кейде үлкендердің балалар арқылы өзін пысық, биік көрсеткісі келетіні қарынымды ашырды. Солардың өмірінің өзін сыртын жылтыратып ішін түземей, көрнекі құралға айналдырып жіберген жоқпыз ба. Достық мектебі деп аталған соң ауған баласын совет баласынан бөліп қарамаймыз. Барлық сәби бір тілде жылап, бір тілде күледі, қуанады. Сонда оларды неге алдауымыз керек. Партадан бастап оларды көзбояушылыққа үйретсек, ертең өздері де үлкеннің мінезін айнытпай қайталап береді ғой. Бала - айна. Айна адалдықты, шындықты сүйеді, сәбилерді алданышқа түсірмейік, ағайындар! Мектеп реформасы тек мектеп табалдырығынан ғапа емес, ата-ананың, үлкендер ниетінен басталады. Ауғанстанның босқындар жөніндегі мемлекеттік комитетінің председателі Мұхаммад Хасан Шарк - көрнекті қоғам қайраткерлерінің бірі. Кабул университетінің медицина факультетін бітірген. Бір кезде Даудпеп бірге қызмет жасаған. Ауғанстанның Жапониядағы елшісі болған. Жасы жетпістен асқан кісі. Қазір өзі басқарып отырған бөлімнен мәлімет берді. ─ Босқындардың қайта оралуы күрделі процесс, - дейді доктор Шарк, - оның үстіне Ауғанстан артта қалған кедей ел. Ұлттық татуласу саясаты халық санасына игі әсерін тигізді. Дегенмен, татуласу тарапына да тыңғылықты әзірліктер жасалмаса, игі іске нұқсан келеді. Ирандағы, Пакистандағы жаушыл топтардың басшылары босқындарға күн көрсетпейді. 3757 адам оралды. Бұл цифр өсіп келеді. Қайтып келгендерді үй - орманы, бала-шағасына жеткізу үшін транспорт береміз. Гератта, Кандагарда, Кабулде босқындарды қабылдау пункттері, қонақ үйлері бар. 600 адамды қонақ үйлерге орналастырдық. Жұмысшыларына, қызметкерлеріне қызметке орналасуға көмектесеміз, әскери кісілер болса, бұрынғы өз әскери атақтарын сақтап қалады, дүниелері қайтып қолдарына тиеді. Мынау біздің төбеміздегі үй де қашып кеткен біреудікі еді, келсе өзіне береміз. Сырттан да, іштен де бізден жасалып жатқан кедергі жетеді.

Г. Регистан:
─ Иранда, Пакистанда қанша босқын бар?
Хасан Шарк:

─ Дәл мәлімет қазір қолымызда жоқ. 3-4 миллиондай көшпелі халық бар. Олар эмигрантқа жата ма, жатпай ма, анықтау қиын.

Ким: ─ 1957 жылғы есеп бойынша Иранда бір миллион, Пакистанда екі жарым миллион ауған болатын. Мүмкін, олар сол жақта қоныстап қалған шығар. X. Шарк: ─ Әйтеуір, шет елдерде тұратын ауған саны көбеймесе, азайған жоқ-ау. Көшпелі халықты біз тізімге алмаған едік. Олар азаматтықты қабылдамады, сондықтан да паспорттары жоқ. Ауғанстанда тұрса оларға ешкім залал тигізбейді. Пакистанда жағдайлары қалай екенін білмейміз.

Ким:
─ Қайтып келіп жатқан қайраткерлер бар ма?

─ Жоспарлау бөлімінің бастығы Лахути келді. Үндістанда жергілікті оппозиция газетінің бас редакторы міндетін атқарған. Көпшілігі әлі оралған жоқ. Америка және Батыстағы топтар орталарына түскен қалталы эмигранттарды кейін қайтаруға құштар емес. Көрнекті ақын, жазушы, композитор болса, бірден дабылдап, өздерінде қалдыруға тырысады. Оларға көп дәлелдейді. Егер олар Отанын шын жүрегімен сүйген патриоттар болса, қайтып оралары күмәнсіз.

С. Куняев:
─ Ескі орыс эмиграциясы қиыншылық күндерінде Отанына оралды.
Ким:

─ Жуырда Парижден 92 жастағы княгиня, ақын әйел оралды. Менімен сөйлескенде кемпірдің егіліп жылағаны есімнен кетпейді.

Г. Регистан:
─ Босқындардың құрамы қандай?

X. Шарк: ─ Ауған халықтарының құрамы әрқалай, керекті мәлімет жоқ. Олардың арасында тәжіктер, пуштундар бар.

Г. Регистан: ─ Пешавардағы дұшпандарға Батыс жәрдемі күшейе түсіпті. Ауған эмигранттарына берілген стипендия Иранда да көбейтіліпті. Ауғанстан жаулары қолдарынан келген бар зұлымдықты жасауда.

Ким: ─ Ақша негізінен АҚШ-тың қалтасынан шығады. Бірақ ол да өз қаражаты емес. Сауд Арабиясына сатылған қарудан түсіріп алады.

Г. Регистан:
─ Босқындар санитарлық «өңдеуден» өте ме?

X. Шарк:

─ Біздің бөлім жас, ескерілмеген жақтары жеткілікті.
Вера Борисовна:
─ Босқындарға араласып басқа арам пиғылды біреулер өтіп кетпей ме?

X. Шарк:

─ Әзір байқамадық.
Ким:
─ Оларға берілетін көмектің мөлшері қанша?

X. Шарк: ─ Адам басына жұмсалатын қаражат 15-20 мың афгани. 2 мың афганиды қолына береміз. Гераттан Кабулге самолет қатынайды. Оларды киім, тамақпен қамтамасыз етеміз.

Ким: ─ Қытайдан бізге 68 мың ұйғыр келгенде, жұмыс тауып беру проблема болып еді. Қышлақтарда адамдар арасында қақтығыс жоқ па? X. Шарк:

─ Әзір жоқ. Тек қолын қанға малғандар қайтуға халықтан қорқады.
Вера Борисовна:
─ Мен март айында келгенде сіздер мазасыз күйде едіңіздер.

X. Шарк:

─ Қазір саспаймыз, өйткені қалтада қаражат бар.
Вера Борисовна:
─ Соғыс қашан бітеді?

X. Шарк: ─ Ең алдымен бейбітшілік әйелдерге керек. Өкінішке қарай, соғыс аяқталып қалады-ау деп, қорқатындар да табылады. Біз әрқашанда көршілерімізбен әрі отыр, бері отыр деп көрмеген едік. Пакистан мен Иран кісі қайғысымен ойнайды. Доңыздың ісі бір басқа, диқанның ісі бір басқа деп бір данышпан айтқандай, доңыз көбейсе, диқан егінін еркін еге алмайды. Солай болғандықтан да, бұл соғыстың қашан бітері беймәлім.

С. Куняев:
─ Дінбасылар оралды ма?

X. Шарк:

─ Ауғанстан қожа, сопылардан кенде емес, жетеді.
Г. Регистан:
─ Хомейни де соғысты тыятын түрі жоқ-ау, сірә.

X. Шарк: ─ Хомейни жұрттың бәрімен соғысқысы келеді. Ол бейбітшілікті қаламайды. Иранда ауғандардың «Наср» деп аталатын партиясы бар, шейттердің арасындағы бір атым іспеттес Дінбасыларының революцияға дейін де беделі шамалы еді, революциядан кейін, тіпті құлдырап кетті. Үндістанда қарыз беріп, өсімімен алатын өсімдер ауғандар тұрады, саны 100 мыңдай. Доктор Хасан Шарк сөзінің соңын суытпай, «енді босқындардың өздерімен сөйлесулеріңізге болады» деді. Қонақ үйге бардық. Халық лық толы, кәрі-жасы аралас, көздері мұңға толы, үндемейді. Небәрі 135 адам. Бізді қоршап алысты, қайсысымен сөйлесеріңді білмейсің, бір-бір батпан тағдырды арқалап жүрген байғұстар көздерімен ішіп жеп барады.

─ Жасың нешеде? - деді Станислав Куняев жақын тұрған бір балаға.
─ Білмеймін. Пакистаннан келдім. Семьяда сегіз адамбыз.
─ Қайда тұрғың келеді?
─ Кабулде.

Мен біреуіне сауал қойдым.
─ Отаныңызға оралғандағы сезім - күйіңіз қалай?

─ Ұлттың татуласу саясаты жарияланған соң, жан-жағыма қарамай елге тартып кеттім.

─ Семьяңыз қайда?
─ Әйелім Гератта. Атым - Сабролла, машина жүргізушімін.

Орта жастан асыңқыраған сақалды біреуіне Ким сұрақ қойды. Есімі Абдулмажит еке.

Абдулмажйт:
─ Сопымын. Шет жердегі өмірі құрсын.

Правда бес жыл тұрдым. Құдық қаздым. Иранда шейіттер басым, ал мен сүннитпін. Туған жерім - Фарьябта.

─ Саған мемлекет не берді? - деді Ким.

Жауап орнына ол күбірлеп Құранның бір аятын айтты. Онда адам жерден жаралған, түбінде сол жердің өзіне қайта барады деген сөз бар еді.

─ Барлық семья мүшелеріңмен қайттың ба? - деді Куняев.
─ Жоқ, ит рәсуа ғып бөліп-бөліп жіберді. Ұлым - үрімде, қызым - қырымда.

─ Түнімен жаяу жүрдік. Тау шатқалдарынан өттік, бері өткеніміз үшін бандыларға салық төледік, - деді бір жас жігіт бізге жақындап. Босқындардың арасынан бір жас келіншектің жүзі мұңды көрінді. Манадан үнсіз тыңдаған. Сөзге тарттық. Индия есімі солай Үндістаннан келіпті. Жалғыз өзі, семьясының басқа мүшелері АҚШ-та, Пакистанда, күйеуі Үндістанда қалып қойыпты. Кешкі мектепте оқып, күндіз еңбек етпек. «Кабулдегі өзгеріс қандай әкеп деген сауалға ол: «Адамдар бұрынғыға қарағанда қайырымды бола түскен сияқты» деді. СССР - ге оқуға барғысы бар. Заң оқуын қалайды, бірақ оны базбіреулер орыстар өлтіріп тастайды деп қорқытатын көрінеді. ─ Дәл қазір сіз екі орыстың Селихов пен Регистанның ортасында отырсыз, қорықпайсыз ба? - деді Станислав келіншекке. Индия жымиды. Ең әуелі мұнан кеткенде, Бомбейде семьясымен (өзі, жұбайы, ұлымен) тұрса керек. Тегін емделіпті, үш мың рупий жөмек алыпты. Күйеуі Дели университетінде инженерлік факультетте оқиды. Әкесі революцияға дейін сот болып істеген, енді Калифорния да қызметте.

─ Әкеңізбен, жолдасыңызбен хат жазысып тұрасыз ба? ─ Пленкаға жазылған дыбыс хат жазып жібергенмін. Күйеуім қайтқысы жоқ, жауап жібермеді. Амал жоқ, осылай өмір сүреміз де. ─ Пакистанда, Иранда сіздерге жекеменшік үй салуға рұқсат етті ме? - деді Куняев. ─ Жоқ, рұқсат етпеді, онда машина да сатып ала алмайсыз, бізге уақытша тұрғындар ретінде қарады, - дейді босқындар бірауыздан. ─ Бұлардың арасында жергілікті өкіметтен зәбір-жапа шегіп, азап кешіп жеткендер баршылық, - деді қонақ үй меңгерушісі. ─ Үлкен ағайымыз біздің семьяны Пакистанға алып кетті, - дейді Индия, - Біздің ата-анамыздың үйінде «Хакикате сарваз» газеті орналасыпты. Сіңлім Пакистан радиосында диктор. Туғандарым Кабулге қайтқысы келеді, олар менің оралғанымды естіп, қуанып қалыпты. Кабулде тігін компаниясын басқаратын ағатайым бар. ─ Мен Мазари - Шарифтенмін, - деді бір босқын шал сөз кезегін күтпей-ақ, - мен шаруамын, жерім жоқ еді, Иранда жер береді деген соң барып едім... Сөйтсем, бәрі бекер екен. Әркімнің Отаны өзіне Қашмир демекші, келгеніме ризамын.

Босқын шал Бабырдың мына бір рубайын есіме түсірді:

Шет өлкеде жабырқаңқы жүреді екен бұл адам. Көңілдегі күйзелісті біледі екен бұл адам. Туған елі еске түссе, ұйқы - күлкі ұмыт боп, Жанды жеген сағынышпен жүреді екен бұл адам.

─ Иранда жалақыңыз жақсы болды ма? - деді Вера Борисовна әлгі шалға.
─ Бар тапқан тергенімді Иран шекарасында тартып алып қалды, - деді шал.

─ Менің дүкенім бар еді, - деді оның қасындағы елулерге келіп қалған мосқалдау, еркек кісі - жұрт қашқасын, мен де қаштым. Кездеме сатушы едім, әкем 115 жаста еді, бес балам бар. Гератқа жеткенше асығулымын. ─ Бес жылдан кейін біз келгенде, тәуір кездеме сақтап қойыңыз, - деді Вера. Ол күлді.

─ Сіздерді қалай қабылдады? - деді Ким. ─ Жиырма күн өтті келгеніме, әлі осы қонақ үйдемін. Гераттағы семьяма жете алмай отырмын, - деді дүкенші. ─ Гератта әлдеқандай күтпеген жағдай болып қалса және қашып кетесіз бе? - дедім мен сөз реті келгенде.

─ Енді олай болмасына сенемін. Көп өзгерістер болғанына көзім жетті.
Босқын шал терең күрсініп қойды.

─ Иә, шырақ, азаттық адам жанын жайнатар, түйін жолмен шешілсе, тіске салу ерсі ғой, адам тастан берік, гүлден нәзік дейтін біздің ауған халқында мәтел бар. Туған топырағыма жетіп өлгім келді. ─ Сіздер менен неге ештеңе сұрамайсыздар? - деді он алты - он жеті жастар шамасындағы бір бала, - төрт жыл Иранда тұрдым. Әкем мені о баста Пакистанға жібермек еді, тыңдамай Иранға қашып кеттім. Барсақ, Ауғанстан өкіметі сені өлтіреді деп қорқытты. Келдім, міне, ешкім өлтірген жоқ. Алты-ақ кластық білімім бар, оқығым, құрылысшы болғым келеді. Баланың есімі Нұғыман екен. Сайрап тұр, түбінде бір жерден шығатын өжеттігі бар. Балаға да, шалға да, басқасына да сәт сапар тілестік. ─ Туған жерден, елден табанды көтермеңдер, тамырлар тереңнің түбінде жатады, - деді кетерде оларға ақын Станислав Куняев. Захир Шахтың чилисатун (қырық бағана) дейтін сарайын аралап қайтты. Қазір бос тұр. Бір ай бұрын ауласына снаряд түсіпті. Кешкісін Ауғанстан Министрлер Советінің банкет залында ауғандық достармен және жүздестік. Бір топ қонақтың ішінен Ширзаминді бірден таныдым. Суретін Валерий Поволяевтің қолында жүрген «Ауған күнделігі» атты кітаптан көргенмін, әрі Валерий ұшқыш Ширзамин ерлігін бізге аңыздай айтып беріп, құлағымызға сіңіріп тастаған. Орта бойлыдан сәл төмен, қалың қасты, көз жанары кең, денесі шымыр жігіт екен. Ширзамин дұшпандармен соғыста асқан ерлік көрсеткен, сол ерлігі үшін батыр атанған тұңғыш ұшқыш. Кездескен бойда Валерий екеуі қызу әңгімеге кірісіп кетті. Ұзын столдың арғы бетінде Панджири мен Хасан Шарк қатар отыр, бейне бір ағайынды адамдарға ұқсайды. Бірін-бірі ерекше ілтипатпен тыңдайды. Байқауымша, бұл екеуінің арасында жай таныстық немесе сыйластық емес, одан да тереңірек бірдеңе жатыр-ау! Адам тірі тұрғанда ақиқат өлмек емес. ─ Мені түрмеден босатқан, сөйтіп өз машинасымен туған қыстағыма апарған Хасан Шарк, - деді Панджири маған қарап, - мен сол жақсылығын ұмыта алмаймын. ─ Бұдан отыз жыл бұрын Ташкентке бардым, - деді Хасан Шарк, - кітапханасында болдым, Бедиль творчествосымен айналысып отырған біреуді көрдім. Бедиль де капиталға қарсы күрескен ғой. Панджириден әріректе темекінің түтінін шұбалтып Васеб Бахтар отыр. Вера Борисовна қазіргі ауған ақындарының ішіндегі таланттарының бірі деп таныстырған-ды. Әр жиында, кездесулерде алдымыздан шығып жүр. Білімі терең, сөзі нық адам. Кейде аздап қызыңқырап сөйлеп кететіні бар. Түрмеде біраз жылдар отырып, азап шексе керек. Өлеңді керемет оқиды. Бабырдан бастап Бахтанайға дейін жатқа соғады. Пушкин, Есенин өлеңдерін сүйіп оқиды екен. Реті келгенде парсыша тіл қатысып қалдым. Поэзия жайында сөз қозғалғанда Хасан Шарктің құлағы елең етті. Жас кезінде жырмен әуестеніпті. Ғұлама екені ғибратты сөздерінен көрініп тұр. Сабырлы, баппен сөйлейді. Ал арзан өлеңге жаны қас, онысын ашық байқатты. ─ Заказбен жазылған өлең жақсы тумайды, - деді ол, - тарихты бірнеше рет жазып, қайта тастағаным бар. Ақын, жазушы болуды армандаған едім. Поэзия, проза, документті шығарма шындықты сүйеді. Мысалы, маршал Жуковтың басты мақсаты шындықты айту еді, ол айта алды. Шындықты жасырған жоқ, содан да халық жүрегінде қалып қойды. Түн ұйқым төрт бұзылды. Көзімді іле алмадым. Түнімен бес-алты рет өзімнен өзім секіріп тұрамын. Біресе есікке, біресе терезеге барамын. Пистолетті орап чемодан түбіне тастағанмын. Тұрсам да, жатсам да ойламаған жағымнан дұшпан келіп қалатындай, жалт қараймын. Біразға дейін көзім ілінбейді.

Абажадай киім ілгішті тексеріп шығамын.

Кім біледі, біз кездесулерде жүргенде арам пиғылды біреу ішіне жасырынып қалды ма. Қорыққанға - қос көрінеді деп, тас төбемде ызыңдаған желдеткіштен де сескенемін. Әлдекім секіріп мойныма мініп алатындай. Кеше Сапар «Кабулде кісі аулайтын бандылар шығыпты, дүкеншілерде қару бар» деді. Ұшқыштың бағасы 1 миллион афгани, офицерге -750 мың, жауынгерге - 75 мың, сарондойға - 50 мың төлейді дейді. «Сен де арзан емессің» деп күліп қойған. Әзіл болса да «бағаң» өсіп тұрғаннан кейін қорқа түсесің. Әрі менің бөлмем қонақ үйдің шет жағында. Есіктің кілтін сыртынан ашуға да мүмкіндік бар. Егер қонақ үйдің төмендегі кезекшісін қинап жіберсе, запас кілтті ұстата қоймасына, кім кепіл. Ұйқтап жатқан жерімізде бір-бірлеп бауыздап кетсе де білмейміз. Пистолетті чемоданнан алып, оқ салдым да, жастығымның астына тықтым. Енді бірде оқты қайта алып тастадым... Маған қол басындай қара пистолетті жасыру қиынға түсті. Өмірі беліме қару қыстырып көрмеген қайран басым, қатып кетті. Оқсыз бір-екі рет шыртылдатып шүріппесін басып едім, атылып кеткелі жұтынып тұр. «Байқа, өзіңді атып алып жүрме» деген Валерий сөзі есіме түссе, отын алып жасыра саламын. «Дұшпан кіріп келіп, сен пистолетті оқтаймын дегенше жоқ боласың - ау, қазағым» деп Сапар сақ-сақ күлгендей болғанда, пистолетке қайта қол созамын. Терезенің пердесін сәл ысырып, көз қиығы сиятын жердей сығалаймын. Кабул ұйқы құшағында. Аспанды әлденендей бір белгісіз самолеттің гүрілі сызып өтті, көзге көрінбейді, самолеттер түнемелік жарығын өшіріп ұшады. Әйтпесе, не «Белоупаип», не «Стрингер» қатып тастауы кәдік. «Велоупаип» радио системасы арқылы жердей басқарылатын ракета. Көбіне елшілікте болғанда, біздің елшіміз П. В. Можаев Гератқа барамыз дегенімізді қолдай қоймап еді. Герат жағы әлі қауіпті, дұшпандар күндіз-түні самолет аңдиды деген-ді. Сонымен Герат; біздің жоспардан күні бұрын түсіп қалған. Әсіресе сол жаққа баруға Валерий Поволяев құштар еді. Ауғанстанның алғашқы ұшқыш батыры Ширзамин жайлы бұрын очерк жазып, жарияланды. Ендігі ойы соны повеске айналдыру. Кешегі кездесуде Ширзамин екеуі ұзақ сөйлескен. Валерий Поволяевтің делегациясымен бірге жүруінен сыртқа кетуі жиірек. Үнемі тау жаққа тартады, заставалар сонда ғой. Тәрізі бір-екі соғыс операциясына да қатысып үлгірді - ау, ондайда өзіне-өзі келе алмай, біресе абдырап, біресе ойға шомып кетеді. Таңертеңгі сағат бестен сегізге дейін жазады. Ауғанстанда жүрген интернационалист совет жауынгерлерінің өмірінен жаңа кітап әзірлеп жүр. Иыққа асатын қоржындай былғары сөмкесіне қағаз, қаламын, темекісін, пистолетін салып алады да, «ал мен кеттім» деп жүре береді. «Гарик, Гарик» - деп Валерий шалдың ішіне кіріп кете жаздайды. Мен негізінен іштей Валерийді қоштаймын. Бір минутті босқа жібермейді, үнемі жұмыс үстінде, аз сөйлеп, көп тыңдайды. Нағыз аралайтын, жазатын уақыты. Ол асықпағанда, кім асығады. Таңертең мейманханаға «Кабул нью таймс» газетінен тілші қыз келді. Ким Селиховтен интервью алды. Аудармашыға Ассебті шақыртты. Қазақтың инабатты қызындай, керім сызылады. Тәрбиелі, мәдениетті, келбетті қыз. Кісімен бір сәлемдескенінің өзі бір қазына - ау. Қалғандарыңызбен кейін келіп арнайы сөйлесермін, айыпқа бұйырмаңыздар деді.

* * * Ауғанстанда тағзым етіп, бас иетін ескерткіштер бар. Солардың бірі - Кабулдегі АФСОТР мекемесінің ауласында тұр. АФСОТР ауған - совет транспорты деген сөз. Бұл ескерткіш дұшпандардың қолынан революция кезінде қаза тапқан 200 жүргізушінің құрметіне қойылған. Бәріміз барып басымызды идік. АФСОТР - да 350 адам 8 бригадада жұмыс істейді. Оларда 8 КамАЗ, 11 КрАЗ бар екен. Жұмысы жоспарлы, жүргізушілерді жолға күні бұрын дайындайды. 32 адам шоферлық, слесарьлық курстарда оқиды. Орталық қоймасы бар. Жоспарды 100 процент орындапты. Әрбір колоннаның өз бастығы бар. Жол жағдайын, ауа райын, қауіпсіздікті жан-жақты зерттейді. АФСОТР СССР - ден тұрақты көмек алады. Айына төрт рейс жасаған жүргізушіге сыйлық беріледі, алдыңғы қатарлы шоферлерге телевизор сыйлайды. Кабул - Кайротон арасы 900 километр, соны төртке көбейтіңіз, ай сайын жүретін жолдың ұзындығы шығады. Әрине, ай сайын ойға алған төрт рейс шыға бермейді, үшеуге, екеуге түсіп қалатын кездері де бар. Өйткені жол бойын аңдыған дұшпандар колоннаға оқ атып, тоқтатып тастауға тырысады. АФСОТР жұмысшысы орта есеппен айына 7-8 мың афгани жалақы алады, тапсырмасын асырып орындаса артығымен беріледі. Директордың айлығы - 12 мың афгани. Оларға азық-түлік арзандау бағамен сатылады. Жұмысшыларды арнайы транспортпен жұмысқа әкеледі, үйлеріне таратады. АФСОТР балалар бақшасының да заказдарын орындайды. Ағаш, металл сатып алып, іске жаратады. Жұмысшыларына жұмыс киімдерін өздеріндегі тігін цехы тігіп береді. АФСОТР - дың қасына жаңа мешіт салынып бітіп қалыпты. Маңдайшасына, қабырғаларына Құраннан үзінділер жазыпты. Жұмысшылар үшін жасалған десті. АФСОТР - дың негізі бұдан он бір жыл бұрын қаланыпты. Сыртқа грек жаңғағын, кілемдер, жеміс-жидек апарады. Елдің кез келген нүктесіне керекті жүктерді жеткізеді. АФСОТР Қызыл Жұлдыз, Халықтар достығы орденімен наградталған. Оның 40 адамы ордендер мен медальдарды кеудесіне тағып үлгірген. АФСОТР - халықтар достығының белгісі, өздері мұны мақтаныш етеді. Жұмысшылар үшін 108 үй салу жоспарланыпты. АФСОТР - дың қосалқы шаруашылығы, құс фермасы бар. Кадрларды өздері дайындап шығарады. 400 кісіге арналған Достық бөлмесі бар, совет кино картиналары көрсетіледі, 8 март мерекесін Совет мамандарымен бірігіп өткізеді. АФСОТР - ға мен 1984 жылы келгенмін. 1984 жылдың апрель айында Кабулде Қазақ, ССР - інің Мәдениет күндері өткен еді. Сол күндердің программасында АФСОТР - да болған еді. Сол кездегі шағын мекеме бұл күндері өсіп кеткен. Со жолы мен біздің жол басшымыз болған жас ақын Юсиф Хамразм деген жігіттен «Чатри, цатри, гүл асти дохтари Кабул» атты әзіл әнді үйреніп кеткенмін. Анда-санда есіме түскенде сол әнді айтып жүрдім. АФСОТР залында әлгі әнді салып, көпті риза еттім. «Тіл - халық жүрегіне апаратын кілт. Халықтың тілін, әнін білсең, құшағы ашылады. Ат тұяғы - алтын, алысқа алып баратын. Адам тілі - алтын, алысты сұрап табатын. Жақсымен сөйлессең жаның рахаттанады, жаманмен сөйлессең қойыңа қасқыр шабады» деп атам қазақ айтты емес пе! Сондай сүйкімді тілді Валерий Поволяевты бірер сағат көрмесек, іздеп қаламыз. Герольд: «Әлгі Валерий таудан түскен жоқ па екен, неғып кешігіп жатыр» деп мазасызданады. Ол мазасыздық бізге беріледі. Валерийді баласындай ұрсып еркелетеді. Валерий де «Гарик, Гарик» деп ақынға еркелей біледі. Валерийдің өзі де кісіге жылы қарайды, сыртынан ғайбат сөз айтпайды. «Кимуля, Кимуля» деп кейде Кимнід де қабағын жадыратып, жазып жібереді. Әдетте, ертеңгі ауқатта әрбіреуімізге бір-бір стаканнан апельсин сөгін береді. Герольд ішіме жақпайды деп, татып алмайды. «Гарик, Гарик» деп Валерий қағып салады. Екеуінің қарым-қатынасына адамның көзі қызығады. Білмегендер әкелі-балалы деп ойлайды. Арамыздағы жалғыз әйел Вера Борисовнаны апамыздай көреміз. Шынында да, бізге байқатпай сыртымыздан қамқорлық көзін сала жүреді. Әзіл сөздің тиегін ағытқанда, күлкіден бас алмайсыз. Станислав Куняетвің бассейнге түсемін деп, белінің ауруы ұстады, елшілікке барғанда, Сапар бір тісін жұлдырды. «Ал енді келесі кім?» деп Вера жымиып Регистанға қараған. Герольд басымыз қосылған жерде түнімен ұйықтай алмағанын, әлдеқандай бір қолайсыз түс көргенін, қолайсыз бірдеңе ішіп қойғанын айтып, ауыра салуға әзір жүретін. Герольд содан кейін «мұңын» сиретті.

Бірде Вера сөз арасында: ─ Сапардың екінші «күрек тісі» босап жүр. Екінші тісті Ауғанстанға тастап кетпей тұрғанда, бірінші тістің орнын жауып тастайық, - деді. Герольд Регистан, Ассеб үшеуімізде бір машина. Жүргізуші Сайдалижамал бір инабатты жан. Жай-күйіңді сұрағанда, жылы сөзімен риза етеді. Шын ниетімен сұрайды. Бес баласы бар. Ким Селихов пен Вера Феонова бұдан бұрын келгендерінде Сайдалижамалды бір бәле - жаладан арашалап, түрмеге жеткізбей алып қалса керек. Содан бері иіліп сәлем беріп, мың алтысын жаудырады. Өзі де зиялы жігіт, қашан көрсең, қыздай сызылып сәлем береді. Сайдалижамал бойдақ кезінде екі досын ертіп, Совет, Одағын аралап қайғыны. Сондағы әңгімесін айтып, тауыса алмайды. Кабулдегі әскери училищенің ашылғанына 100 жыл толыпты. Жеті факультеті, бар: жаяу әскер, байланысшылар, саперлер, т. б. факультеттері әскери кадрлар дайындайды. Апрель революциясынан кейін саяси және экономикалық факультет қосылыпты. 24 кафедрасы бар. Үш күн бұрын 801 адам бітіріп кетіпті, бұлар 53-ші оқу бітірушілер екен. Көбінесе взвод командирлері даярланып шығады. Әскери училище Ауғанстанның 29 аймағына өз өкілдерін жіберіпті. Негізінен жұмысшы, шаруа балалары оқиды, кейінгі кезде офицерлердің балалары да көбейіпті. Офицерлер үшін жоғары мектеп бар. Суворовшылар училищесі секілді курстар Ауғанстанда да бар. Әскери училищені аяқтағандар Кабул университетіне жолдама алады. Бұлармен жүздесу есте қалатындай қызғылықты болып өтті. Генерал бізге рахметін айтты. Басымыз қосылса, көрген - білгенімізді, естігенімізді айтамыз. Валерий Поволяев бір естігенін жеткізді. Біздің әскердің бір броньды транспортері баратын жолынан жаңылып, Кабул таксисінен жөн сұрапты. Сонда әлгі таксист тұрып: «Былай қарай барсаңдар іздеген қыстақтың үстінен шығасыңдар» деп, теріс жаққа қарай сілтеп жіберіпті. Таксистің сөзіне біздің жауынгерлер сеніп далып, машинасын тау шатқалына қарай бұрады. Тау арасына кіргеннен кейін бұларды дұшпандар қоршап алады. Атыс басталады. Олардың саны бірнеше есе көп болып шығады. Жауынгерлерді оққа жығып, денелерін кескілеп тастайды. Артынан біздің әскерлер броньды транспортерді іздеу салып қуғанда, дұшпандар бір терең құдыққа түсіп жоқ боп кетеді... Бүгін Кабул маңайындағы қышлаққа барамыз, жергілікті халықпен ұшырасамыз. Пистолетке оқ салып алдым, тапсырма сондай, жаман айтпай - жақсы жоқ. Ертеңгі шайда сөзден сөз шығып кетіп, Ким Селихов 1963 жылы Ауғанстанға Олжас Сүлейменовпен келгенін айтты. Кабулден үш машина болып жолға шықтық. Бағытымыз - Баграм провинциясы. Жолай мылтық асынған шаруаларды көрдік. Калле Ахмедхан дейтін қышлаққа келдік. Пионерлер қарсы алды. «Хош амадан » - «Қош келдіңіз!» деп жазып қойыпты. Ким Николаевичті пионерге дабылдады. ─ Жуырда Конституцияның жобасын талқылатып, мақсатты жолы сезіледі, - деді бір шаруа, - бүгін біз жырғаны сайлаймыз. Баграм провинциясының жоғарғы өкіметі солар. Бір елулер шамасындағы сәлделі шаруа клуб сахнасына көтеріліп, Құран сүрелерін мақамына келтіріп мәнерлеп, әндетіп оқыды. Жырғаның президенті де - шаруа. Қышлақта 4500 адам бар, 50 проценті егіншілер, 10 проценті интеллигенттер. Апрель революциясынан кейін өкімет халық қолына көшкен. Мемлекеттік өкіметтің қырыққа жуық органы бірқалыпты жұмыс істейді. Қоғамдық ұйымдарға халық көмектеседі, халық партияның саясатын қолдайды, сол үшін жұмысты ойдағыдай атқаруға тырысады. Жастар ұйымының істей бастағанына екі жыл болыпты. Әйелдер ұйымы, емхана, мектеп халыққа қызмет етеді. Қышлақтағы комиссия қоғамдық ұйымдармен байланыс жасайды. Ұлттық татуласу саясаты жарияланған соң олар Иран мен Пакистанға жиырма жеті хат жазып жіберіпті, босқындарға «елге, бейбіт өмірге оралыңдар» депті. Қышлақ клубында «жырта» сайлауы басталды. Алдымен «жырғаға» сайланатын кандидаттардың тізімі оқылды. Бәрі 30 адам. Депутатыққа кандидаттар бір-бірлеп сахнаға шығады, қысқаша өмірі баяндалады, сосын көпшілік дауыс береді. Қышлақта 4500 адам болса, содан 30 депутат Баграм аймағына депутат болып сайланыпты, одан далаға, даладан жалпы «жырғаға» сайланады. Жалпы «жырға» жиынында президент, мемлекет мүшелері сайланады. Қышлақты жаяу араладық, балалар бақшасын, сауатсыздықты жою курсын, тігін шеберханасын, кілем цехын көрдік. Қышлақта революциялық комитеттің бір мүшесі бар. Уездік партия комитетінің секретары Асқар - 28 адамнан тұратын семьяның мүшесі екен. Қышлақ халқы өздерінің күшімен 40 миллион афгани шығарып, канал салдырып, сумен қамтамасыз етіпті. Шаруа басына 2 гектардан жер тиіпті. Гектарынан 500-600 килограмм бидай алады. Жәлеледдин деген қышлақ шаруасы бізді өз үйіне дастарқан дәмін татуға шақырды. Шақырған жерге бар, шақырмаған жерде нең бар дегендей бәріміз жапырыла бардық. Жәлеледдинде ес-түс жоқ, абдырап қалды. Бір топ совет жазушылары үйіне сау етіп түсе қалғасын, ақ түйенің қарны жарылғандай қуанып жүр. Жаңа піскен таба нан, қатық, жемістер алдымыздағы дастарқанды жайнатып жіберді. Кәдімгідей малдас құрып отырмыз. Жапон желдеткіші де екі иығынан демін зорға алып, бөлмені салқындатып, жан шақырып тұр. Құдықтың тастай, мөп-мөлдір суы таңдай жарады. Қышлақта революция жеңістерін қорғайтын отряд бар. Бүкіл Баграм бойынша олардың саны алты жүзден асады екен. Алты жүздің бастығы қышлаққа қайта оралған Бедолла босқын десті. Жуырда Ираннан, Пакистаннан 26 семья қайтып көшіп келіпті.

─ Қышлақтағы ұлттың құрамы қандай, - деді Ким.
─ Бәрі тәжіктер.
─ Тәжіктер атамзаманнан жерді сүйген, жер оларды сүйген халық қой.
─ Қышлақтың ең кәрісі кім?

─ Табакан қарт. Жасы 110-да.
─ Революция кезінде өлгендер бар ма?
─ Жауынгері, офицері, шаруасы бар 36 адам.

Қабырғаға Мекке - Мединенің ойып салынған суреті бар кілем ілінген. Қышлақта бес мешіт, бес молла, орталық мешіт бар. Оларға жұма сайын халық жиналады. ─ Қамқорлық ең алдымен шаруаларға көрсетілді. Оларға трактор, шөп береміз. СССР-ден астық, ұн, сабын, май, қант, басқадай кездемелер аламыз, - деді партия ұйымының секретары Асқар. ─ Егер жол бойы тыныш болса, бұл көмек бұдан да бірнеше есе арта түсер еді, - деді Ким. ─ Әлбетте. Бұл көмектеріңізге мың да бір рахмет. Революция адамы қаза тапқан семьяларды да назардан тыс қалдырмаймыз. ─ Біздің жәрдеміміз осы өздеріңіздей шаруалардың қолдарына дәл тиіп жатса, құба-құп, -деді Ким Селихов.

─ Әскерімізді қашан алып кетейік? - деді Ким. ─ Біздің территорияға қазір әскердің қажеті жоқ, толық тыныштық орнады, - деді Асқар. ─ Иә, біздің аналар да балаларын қатты сағынып жүр, тезірек көргісі келеді, - деді Ким Николаевич. ─ Біз де мұны сеземіз. Барша аналар мен балалардың, әкелердің тілегі бір - бейбітшілік қой, - деді Асқар. Бейбітшілік үшін деп дастарқаннан дәм таттық, бейбіт өмір үшін деп шаруалармен қоштастық. Жолда «Ариана» мейманханасы көзіме оттай басылды. 1984 жылы осында бір жеті тұрғанбыз. Құс ұйқылы Кабулдың иығынан автомат түспейтін, бүгіндері де солай. Революция жеңісі өздігінен келмейді. Бүгін «Арианаға» баспасөз конференциясын өткізуге бас қостық.

Журналистер, көркемөнер қайраткерлері келіпті.

Пресс-конференцияны белгілі ауған ақыны Васет, Бахтар жүргізіп отырды. Делегация мүшелері көптеген сұрақтарға жауап берді. М. Шолохов, Ш. Айтматов, Б. Пастернак, Андрей Тарковский, Любимов жайлы сауалдарды Ким Селихов, Станислав Куняев, Герольд Регистан таратыңқырап айтты. Сапар Барноев екеуміз де екі-үш сұрақтың төңірегінде сөз сөйледік. Қорытынды сөзді Ким Николаевич айтты. ─ Совет әдебиетінің күндері Ауғанстан жерінде үшінші рет өтіп отыр. Үшінші келуіміз Ұлы Октябрь революциясының 70 жылдық мерекесіне арналды, - деді делегация басшысы, - біз мектеп оқушыларымен, мемлекет қайраткерлерімен, студенттермен, жазушылармен, әдебиетші ғалымдармен, қылқалам шеберлерімен жүздестік. Бұл кездесулердің барлығы да сіздердің совет әдебиетке деген құштарлығыңызды көрсетті. Біз ауған жерінен Ұлы Октябрь революциясының шуағын көрдік. Біз елге оралғаннан кейін өлеңдерімізде, әңгімелерімізде, көлемді туындыларымызда бостандық үшін ерлікпен күресіп жатқан ауған халқын, ауған - совет достығын одан әрі жырлай береміз. Ауғанстан жеріне келген соң қан мен тер төгіп, ауған халқына қол ұшын беріп жүрген біздің интернационалист жігіттерге соқпай кетуге болмайды. Шынымызды айтсақ, оларды көргенше асықтық. Айналып кетейін алтын інілерім, балаларым, ата-аналардан алысқа дос халықтың күнін, күлкісін, қуанышын, келешегін кеудесімен қорғап жүр ғой. Қаншасы туған елге қайтпай қалды. Кабул даласындағы парашют - десант полкіне келгенде, сондай әсерде едік. 25-заставаның командирі, подполковник Евгений Васильевич Лобачевтің кабинетіндеміз. Полкте орыстар, украиндар, белорустар, башқұрттар, Орта Азия балалары бар дейді. Подполковниктің алдында хаттар жатыр. Хат - хаттар, талай көзге нұр беріп, талай көздің ыстық жасын сықтырдың. Е. В. Лобачев бұрынғы жауынгер Эдуард Алексеевич Соколовтың хатын оқып, оның полктен партияға өтуге мінездеме сұрайтындығын айтты. Надежда Егоровна мен Алексей Петрович Хромовтар Коломнадан әуе десантын мерекемен құттықтап: «Біздің ұлымыз Алексей туралы сүйінішті хабарыңызға үлкен рақмет» деп жазыпты. Рязань даласынан келген хатта Т. Юматов: «Балама екі бөлмелі үй берді, қонаққа келіңіздер» депті. Таичев Сергей деген жігіт, Ауғанстанға десантшылар полкіне жіберуін өтінеді. Десантшылардың клубына келіп, кездесу өткіздік, Валерий Поволяев ауған тақырыбына орай жазғандарын, енді жазбақ жоспарын жайып салды. Станислав Куняев, Сапар Барноев және мен достық, ерлік туралы өлеңдер оқыдық. Полктің тең жарымынан астамы жолда, провинцияға баратын автоколоннаны күзетіп, шығарып салып жүр дейді. Дұшпандар жүк тиеген транспортта таскенедей жабысатын көрінеді. Олардың бетін қайтарып, тойтарыс беретін өжет десантшылар тобынан жаман қорқады. Подполковниктің кабинетіне келдік. Ол бізге қолға түскен, өлген баскесерлердің бір топ қағаздарын көрсетті. Арасында кітаптар, кітапшалар, куәліктер... Әрбір бандының өз аты бар, мысалы, бір ұйымы «Адаби Ислами» деп аталады. Бір журналда өлгендерінің суреті өмірбаянымен басылған. Дұшпанның әйелі күйеуі соғысқа қатысқаны үшін 50 мың афгани алады және семьясының басқа мүшелеріне жеке төленеді, әрі бандының өзіне берілетін ақша да бөлек. Ол офицерді, жауынгерді өлтірсе, алатын бағасы бар. Кейбір бандылар тұрақты айлық алады дейді. Қаражат көбінесе Батыстың қалтасынан түседі. Дұшпандар тек қана ақша үшін соғысады. ─ Шағында бізге екеуі қашып келді, - деді подполковник, - семьялары Кабулде, соғыспаймыз дейді. Ақша үшін баталы мәліметтер жеткізетіндер де бар. Қышлақтағы бандылар тобы шағын болса, хабар жібереді, коп болса қорқады. Дұшпанның біреуі заставаға бір шелек жүзім әкеліп берді. Подполковник Иванов Сергей Евгеньевич деген жігітпен таныстық. Сібірден, полк бастығының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары екен, - туған жерім, семьям түсіме кіреді, - дейді ол. - Ауғанстанға келгеніме төрт ай. Әне анау түйенің өркешіндей шыңды көріп тұрсыз ба? Сол тұстан ракетамен атқылайды. Бамьянда 1500 банды жатыр. Атады да, жылдам орындарын ауыстыра қояды. Біздің жауынгерлер торуылдан әлгінде ғана оралды. Кейбір бөлімдер таңғы сағат бесте кеткен-ді. Олар автоколоннаны алып барады. Колонна қолдан қолға өтіп отырады. Заставаның қасында қышлақ бар. Кім білсін, сол қышлақтың тесік, қуыстарынан дұшпандар бақылап тұр ма. Кейде қышлақтан заставаны көздеп атады. Қышлақтың далаға жалғасатын жерінде «Абайлаңыз мына!» деген жазбаларды оқыдық. Жанымыздан әскери машиналар өтті. Үстінде совет жауынгерлері. Бет-ауыздарын шаң басқан. Кезекті операциядан келе жатса керек. ─ Мен бұл полкте алдыңғы күні болып қайтқанмын, - деді Валерий Поволяев, - кешкісін ымырт үйірілгенде мені далаға дейін броньды транспортермен әкеп салды. Өйтпесе қауіпті дейді... Кабулдегі Орталық әскери госпитальға жолымыз бүгін түсті. Аулада, палаталарда жаралылар мен ақ халатты абзал жандарды жолықтырдық. Балдаққа сүйенгені, басын таңған, іліп қойған гипсті аяқты жауынгерлерді көргенде, жүрек шымырлайды. Кеше ғана станок қасында тұрған аудиторияда дәріс тыңдаған комбайнмен егін жинасқан жастар Ауғанстанда әскери борышын абыроймен атқару кезінде дұшпандармен бетпе-бет соғыста жараланған. Жап-жас балалар жүзіне ақтарылып қарайды. Әрқайсысын құшағына алып қысып, бетінен сүйіп шықсам дейсің. Госпитальда 600 бала бар екен. Палаталар тығыз, бір кереуеттің үстінде екіншісі тұр. Ақ халатты абзал жандарда тыным жоқ: зыр қағып жүгіріп жүр. Ауыр жарақат алғандарын Москваға, Ленинградқа жібереді. Тихонов деген тамаша хирургпен таныстық. Ол да осы майданның жауынгері. Сағатпен есептеспей, сансыз операцияға бел буып кірісіп кетеді, нағыз азаматтың өзі. Біз оның өзіне таң қалсақ, ол медсестралар жайында жылы сөйлеп тұр. ─ Сестраларға медаль тапсырса артық болмас еді, бұларсыз мен операция жасауға үлгірмес едім, нөсердей жауған оқ астынан жаралыларды алып шығып, операция столына жеткізеді, - дейді хирург Тихонов. ─ Сіздердің сөздеріңізді Кабул теледидарынан тыңдадым, - деді бір хирург жанымызға келіп, - елді сағынып қалыппын. Бізді госпитальмен таныстырып жүрген жас жігіт аға прапорщик Игорь Юрьевич Богатишев соғыста жараланып, жатып шығыпты, бәрімізді суретке түсіріп алды. Игорь әскер семьясынан, әке-шешесі Тиросполь қаласында тұрады. ─ Менің мұндағы мерзімім бітті, ауыстыратын кісіні күтіп жүрмін, әзірше өз өтінішім бойынша қалдым, - дейді Игорь, - госпитальда қазақтар да бар, егер ертерек ескерткендеріңізде олармен кездесуге де мүмкіндік туатын еді... СССР Жазушылар одағының делегациясы екіге бөлініп, госпитальдың екі палатасында кездесу өткіздік. Ким Селихов, Вера Феонова, Герольд Регистан төртеуміз бір палатаға бардық. Ким Ауғанстанда өтіп жатқан совет әдебиеті күндерінің мән-жайына, ауған тақырыбының проза, поэзиядағы көрінісіне, халықтар достығы, бейбітшілік тақырыбына тоқталды. Сөз соңында ол «Россия» поэмасынан үзінді оқыды. Мен екі тілде жыр оқыдым. Кабулде қағазға түскен жырымды саясы кеппеген күйінде госпитальға апарғанмын. Сол өлеңімді келтіре кетуді жөн санадым: «Кабулде, Орталық әскери госпитальда оқылған өлең» деп ат қойдым.

Шегінбе, жерлес, шегінбе,
Қорықса дұшпан қорықсын.
Кетпесін жауда кегің де,
Торықса, дұшпан торықсын.

Аталар сені армандап,
Ағалар әнмен өсірген.
Жығылмай жүзі жарқылдап,
Қайратын саған көшірген.

Мен жүрмін мұнда жыр оқып,
Сен болсаң оқтың астында.
Көңіліңе, інім, ал тоқып,
Қарсы тұр дауыл, тасқынға.

Қараймын ұзақ тау жаққа,
Кабулден бұрын оянам.
«Стингеріңді» самғатпа
Соғысты тоқтат, ей, Адам!

Басылар дұшпан желігің,
Жалмауыз болып қан төкпе.
Су ішсін таудың елігі,
Жадырап атсын таң көкте.

Еліне қайтсын солдаттар
Тойласын думан күндерін.
Сағынып жүр ғой аналар,
Бауырына бассын гүлдерін.

Шегінбе, солдат, шегінбе
Дұшпанның таныт әкесін.
Советтік салтың тегін бе
Мақсатың алда жетесің.

Жүк түсті, солдат, иыққа,
Жүгіріп жүріп көтер сен.
Тірелсін жауың тұйыққа,
Бөгеттен талай өтерсің.

Кешегі бала сен едің
Алданып жүрген ойынға.
Құттықтап сені келермін
Өлеңді оқып тойыңда.

Шегінбе, солдат, шегінбе,
Москва, Кабул артыңда.
Күтеді жырым менің де,
Күтеді туған халқың да.

Біреу бөлменің есігін қақты. Ашсам - Сапар Барноев. ─ Жүр, кеттік, Советтік ғылым мен мәдениет үйінен машина күтіп тұр. Геннадий Петрович Авдеев жіберіпті. Зейнептің концертіне барамыз дейді. Жылдам киініп, төменге түстім Г. П. Авдеев - Достық үйінің жаңа тағайындалған бастығы екен. Ассеб үшеуміз тартып кеттік. Зейнеп Ханларова - СССР халық артисі, Азербайжан ССР - і Жоғарғы Советінің депутаты. Ауғанстанға үшінші рет келуі, фольклорлық ансамблімен дүние жүзінің 40 елін аралапты. Концерт белгіленген уақытынан жарты сағат кеш басталды. Журналистер Зейнептен интервью алып, сахнаға шығуын кешіктіріпті. Бір кезде Зейнеп жарқ ете қалды ақ шағаладай, ансамблі қасында, азербайжан халқының ең ажарлы, қияң мұрт жігіттері жалғыз әйелді алақандарына салып, сахнаға әкеліп қоя салды. Ән шырқалды. Зейнеп азербайжан, армян, өзбек, ауған әндерін әуелетті. Әсіресе ауғанның «Ләйлімжанын» сызылтқаны, сахнаға бір топ азербайжан, ауған жауынгерлері шығып, билей жөнелді. Бір керемет көрініс болды. Зейнеп көп қызғалдақтардың арасын жарып шыққан аппақ гүлдей бұратыла жайқалып, бұлбұлша сайрайды. Ән мен биде шекара бар ма! Жұрт ду қол шапалақтады, сахна гүлге толып кетті. Қап, әттеген-ай, біздің концерттен ертерек кетуімізге тура келді. Зейнеп Ханларованы тыңдай берсек деп едік. Алда СССР - дің Кабулдегі елшілігімен кездесу кеші тұр еді, кешігуге болмайды. Үшеуміз сыртқа шықтық. Келетін машина жоқ, сасайын дедік. Ассеб әр машинаға бір жүгіреді. Елшілік бұл жерден таяқ тастам жерде деп, бізді жұбатып қояды. Көшемен зулап бара жатқан үш машинаның соңғысы кілт тоқтады. Біздің адамдар екен, қуанып кеттік. Елшілік үлкен баққа орналасқан. Маңайы көкорай шалғын, шетін көлеңкелі жасыл жапырағы мол ағаштар қоршаған. Аллея, тротуарларының өзі бір сән. Елшіліктің қызметкерлері осы бақ территориясындағы бес қабатты үйде тұрады екен. Кіреберісте бізді қарсы алып елшіліктің әскери атташесі Володя Таривердиев тұр екен. Ол бізді елшінің бірінші кеңесшісі Всеволод Семенович Ожеговтың кабинетіне алып барды. Ол бізбен Ауғанстан жайында сөйлесіп, біраз мәселелерді анықтай түсті. Елшілікте қызмет атқарғанына отыз жалтақтап қалыпты. Ауғанстанның саяси, экономикалық жағдайын, ұлттық татуласудың жақсы біледі. ─ Бұл саясатын жүзеге асуы үшін әлі бес жыл керек, шүкір, ауғандарды бір кісідей білетін дәрежеге жеттім, - дейді Всеволод Семенович, - американдықтар бұл соғыста ешнәрсе жоғалтпайды, қайта соғыстың созыла түскенін іштері ұнатады, жоғалтатын біздер, өмірі үзіліп жатқандар аз емес. Аналар ұлдарын қарсы алудың орнына табыт алып жатса, бізге батпай, кімге батты?! Әрине, солай. Шын мәнісінде ауған ауғанмен соғысуда. Дұшпандарды Пакистан Пешаварда қарумен, ақшамен қамтамасыз етеді. Сауд Аравиясы дұшпандар қаражатын тегіс өз мойнына алды. Американдықтар біздің Ауғанстаннан масқара боп кеткенімізді қалайды. Олар осы соғыспен біздің қайта құруды кейінге шегіндіргісі келеді. Сондықтан олар: «Советтер соғыса тұрсын, ар жағын көре жатармыз» дейді.

─ Кабулде чадра көбейіп кеткен бе? ─ Көбейгені рас, король Дауд кезіндегіден де көп - ау. Олары бізге кедергі жасамайды, -деді Всеволод Семенович. - Апрель революциясынан кейін чадраны әйелдердің өздері алып тастаған. Бір сарондойдың әйелдің бетінен чадраны жұлып алғанын көзім көрді, ол король Даудтыд кезі еді. Содан молдалар демонстрацияға шықты. Бес-алты молда атылды. Ал ұлттық татуласу саясатын 1980 жылдан, ең болмаса 1983 жылдан бастау керек еді, ауғандарда Отан деген сезім әлі біздердікіндей берік қалыптаспаған. Бұларды біріктіретін ислам діні. Біз бұл жерде Совет Одағының мүддесін қорғаймыз, соны естен шығармауымыз керек, соны жазуымыз керек, - деп В. С. Ожегов сөзін аяқтады. Одан әрі елшілік коллективімен кездесіп, творчестволық ой - жоспарымызбен бөлістік. Қонақ үйге қайтып келген соң Ауғанстанда СССР әдебиеті күндерінің ойдағыдай аяқталуын атап өттік. Арамызда жада кісі бар еді, есімі - Валерий, фамилиясын сұрамаппын. Бұрын десантшылар тобында болыпты. Ауған сюжетіне жазған өзінің әндерін гитараға қосып орындап берді, өзі біздің Поволяевтің досы болып шықты. Әнін қайдам, оның сөздерінде шындық басым жатты. Қазір елшілікте қызмет, етеді екен. Осы арайлы кештің мен үшін және бір жаңалығы Вера Борисовнаның гитарамен салған сазды романстары еді, келістіріп әдемі айтады. Адам жолда танылады деген рас. Бір-біріне ашылады, жақындай түседі. Станислав Куняев те қолына гитара алды. Николай Рубцовтың, Анатолий Передреевтің және өзінің әндерін қоңыр үнмен шырқап берді. Әр жылдары гитара тартумен айналысқан кездерім бар еді. Жұбайым Москваға оқуға бара жатқанымда домбыра мен гитара арқалатып жіберген-ді. «Үйреніп қайт, зияны жоқ, тойларда тымырайып отырғанша» деген еді. Сол сөзі тағы алдымнан шықты. «Өнерді үйрен де жирен» - деген сол-ау. Ғылым, білім деп жүріп, гитараны қуып жете алмай қалып ем! Енді анда-санда ақсары ауып, бір-екі әуенді ыңылдатып қоямын. Ұмытып барады екенмін, жанымызда және бір кісі - Ауғанстандағы біздің әскери кеңесшіміз Вячеслав болды. Ол - экономика ғылымының докторы, профессор. Кабулдегі шииттер мен сунниттер жөнінде біраз әңгіме шертті. ─ Ауғанстанда әйел 15 лак, яғни 1,5 миллион афгани, - деді Вячеслав, - Кабулдегі 250 мың молданың 12 мыңы өкіметке қызмет етеді. Елге жүрерден бір күн бұрын бізге Ауғанстан халықтық - демократиялық партиясы Орталық Комитетінің Бас секретары, АР Революциялық Советінің председателі Наджибулла қабылдайды екен деген хабар жетті. Талай күндерден бері ойда жүрген кездесудің бірі еді. Әр нәрсенің сәті бар деген сол. Ол кісіге іріктеліп барамыз ба, кейбіреуіміз қалып қоймаймыз ба деген қобалжу да болмай қалған жоқ. Наджибулла жолдаспен кездесетін бөлмеге барып отырдық. Бес-алты минуттан соң Наджибулла кіріп келді. Газеттердегі суретін, теледидар экранынан көргенімді салыстырып қарасам, Наджибулла қарапайым, жүзі жылы, даусы жұмсақ, шымыр денелі, жанары нұрлы жігіт екен. Бізбен қалай сөйлесер екен деп едік, кіре сала қолын беріп, аман-саулығымызды сұрап, көңілімізді жадыратып кетті. ─ Шай алыңыз, шай ішпесеңіз күш қайдан келеді. Кабулге келген қадамдарыңызға нұр жаусын. Сіздердің мұнда өткізген бірқатар кездесулеріңізден хабарым бар, біраз әсер алдыңыздар - ау деп ойлаймын. Құлағым сіздерде, - деді ол үнмен.

Ким Селихов: ─ Біз жазушылық күшімізді ұлттық татуласу саясатын насихаттауға арнадық. Сен қозғалды. Қиындықтарыңыз қыруар, дегенмен ынтымақтасу саясаты сіздің елге ерекше леп әкелуге тиіс. Никарагуа, Ангола, Латын Америкасының басқа да елдері үшін бұл татуласу саясаты үлгі.

Наджибулла: ─ Біздің халық ұлттық татуласу саясатын - адамгершілік саясаты деп таниды. Бұл игі істің қозғаушы күші де халық. Ынтымақтасу дегеніміз - ерінің қасында әйелінің болуы, әкенің қасында баласының болуы, перзенттің жетім қалмауы күлкісінің риясыз болуы, аналардың қара орамал жамылмауы, жердің жетім қалмауы, фабрика-заводтардың жүрегінің үнемі соғып тұруы деген сөз. Ұлттық татуласу саясаты алға аттаған сайын Батыс пен Шығыстың реакцияшыл топтарын ашындыра түсуде. Олар ұлттық бірлікке, бейбітшілікке қарсы күресуде. Біздің бұл адам сүйгіш саясатымыз бүкіл дүниежүзілік аренаға шықты. Тұңғыш қадамды біз жасадық. Кейбіреулер бұл саясатқа жете түсінбейді. Ал достарымыз осы саясаттың мән-жайын тереңірек түсіндіруді сұрайды. Бізде дайын рецепт жоқ, бізді өмір ғана одырады. Саясат та, Ленин айтқандай, зерттелмеген шың сияқты, табанынан бастап, жоғарғы құзар шыңына дейін жүріп өту керек. Біз де, бәлкім орта жолға немесе айналма жолмен жүріп төбесіне жетерміз. Бұл Невеский проспектісімен қыдыру емес. Қиралаңы, шырғалаңы бар жолмен жүру тура жолға қарағанда, орасан қиын екені анық. Ұлы Ленин көрсеткендей, тарихтың кейбір кілт бұрылыстарында көптеген тәжірибелі деген ұстаздардың өздері тарихтың тура жолынан тайып кетуі мүмкін. Амал не, осындай ұстаздар бізде әлі де бар. Олар енді өздеріне -өздері көмектеспесе, біз көмектесе алмаймыз. Жаңа ұлттың татуласу саясатын жүзеге асыру жолында солқылдақтың білдіретін мінез партияның өз ішінде, мемлекеттік аппараттан да табылады. Бірқатар басшы қызметкерлер мен партия мүшелері жаңа әрекетке көшу кезінде сенімсіздік байқатып қалды. Олар оппозициямен келісімге барғысы жоқ, өз жылы орындарын жоғалтудан қорқады. Мұндайлардың саны аз болса да, олардың өзімшіл ойларын жаулар жағы өз пайдасына пайдаланып қалуға тырысады. Оппозицияның 25 мыңнан астам қарулы күші бізге қосылды. Енді 90 мың қарулы бандылармен келіссөз жүргізілуде. Алайда Пакистан, Иран ұлттық татуласу саясатына барынша қарсылық жасауда. 83 мың босқындар елге оралды. 1350 қышлақ бейбіт жолмен босатылды. 4 губернияны оппозиция басқарып отыр. 14 уезде каолициялық (біріккен) үкімет бар. Ұлттық татуласу саясатының программасында солшыл демократиялық блокты қалыптастыру, әр түрлі партиялармен жұмыс істеу жолдарын жетілдіру, каолициялық үкімет құру, жер-жерде каолициялық басқаруды негіздеу міндеттері бар. Жаңа саясатымыз бойынша 3,5 мың комиссия 100 мың активисіміз бар. мың адамды түрмеден босаттық. Бізге қарсы күресуші жақтың қазір тұрақты позициясы жоқ. Ұлттық татуласу саясаты ел ішінде, шет жерлерде біздің қарсыластарымызды екіге бөліп, екі ұдай пікір тудырып отыр. Ислам әлемінде, халықаралық аренада біздің саясатымыз ынта тудыруда. Бірқатар елдермен, мысалы, Зимбабве, Кипрмен достық қарым-қатынас орнады. Азия және Африканың 76 еліне ізгі ниетті делегациялар жібермекпіз. Делегацияларымыздың біршамасы бірнеше елдерге барып жемісті сапармен қайтты, Біздің басқа да жоспарларымыз бар. Ұлттық татуласу саясатын жылдамдату қажет. Ол үшін бұл саясат бүкіл Ауғанстан территориясына таралуы тиіс. Экономикалық өсуді әлеуметтік мәселелерді шешу. Товар өндіру ролін жоғарылатуды тездеткен абзал. Біздің бүгінгі жемістеріміздің өзі Рейган әкімшілігінің, Пакистанның, Иранның қытығына тиіп, ашу ызасын келтірді. Әсіресе өз қауіпсіздігін есінен шығарған Пакистан жұлқынып шықты. Иран да қырғиқабақ дұшпандық позиция ұстайды. Ұлттық татуласу саясатының кері кетуін тілейді. Шекаралық аудандарда кедергі жасау, орынсыз араласу әрекеті күшейді. Ал кейбір провинцияларда тыныштық орнады. Ревсоветтің шешімі бойынша 1988 жылдың аяғына дейін атысты тоқтатуға үндеп отырмыз. Үш жағдайда ғана оқ шығарамыз. Бірінші, қару-жарақ артқан керуенге, екінші, қару-жарақ жасырылған қоймаларды қалдырмаймыз, үшінші, егер экстремистік топтар шабуыл жасаса, сазайын тартады. Ауған халқының ниеті дұрыс, тек партия ішінде біздің ұстаған бағытымызды қоштай қоймайтындар барын айтып өттім. Олар солшылдық бағытта ауысып береді. Жағдай жаман болса, оларға жақсы көрініп тұрады. Тап жауларымен келісімге келіп жатыр деп, байбалам салады. Біз неғұрлым аз шығынға ұшырауымыз қажет. Марксизм-ленинизм «киімін» киіп, өздерінің әлсіздігін, әркетсіздігін бүркемелейтін адамдар да бар. Ондайлар революцияны қорғау керек деп, жар салады да, іс жүзінде бұлтаққа басады. Революциялық партияның құрамында ондайлар болмауға тиіс. Ленин ескерткендей, мұндайларда ұсақ буржуазиялық тенденция басымырақ, жалау ұранды тасалап қалып, оң нәрсені керісінше көреді. Үміт ұшқыны, әрекет, ягод жерде сенім тумайды. Бізге партияның ішкі тәртібі, бірлігі, бір мақсаттылығы керек. Наджибуллаға НДПА - ның жалпы партиялық конференциясы хақында сауал қойылды. Бұл сұраққа ол кеңінен түсінік берді. Кабулде 18 октябрь күні болған НДПА конференциясына «Ұлттық татуласу саясаты процесін жеделдету барысында партия міндеттері және партия программасындағы кейбір өзгерістер» деген тақырыпта Ауғанстан халықтық - демократиялық партиясы Орталық Комитетінің Бас секретары Наджибулла баяндама жасаған еді. Ол баяндама «Правда» газетінің 1987 жылғы 19 октябрьдегі санында жарияланды.

─ Оппозициялық партиялардың жағдайы қалай?
Наджибулла:

─ Оппозиция бар. Сол қанат және оң қанат бар. Сол қанат солшыл тұтас блокті жасауымыз керек. РОТА - мен (Отандық майдан) келіссөз жүргізілуде. Олар қарулы жасақтарын сақтап қалғысы келеді. Ауғанстанның қарулы күштеріне бағынғысы келмейді. Ал бір елде екі қарулы күш болмауы керек. Ленин айтқандай, ұлттық мәселе экономикамен, саясатпен, мәдениетпен тығыз байланысты. Бізде интеллигенттік кесел - ұлттық мәселені әкімгершілік әдіспен шешуге үйреніп қалғанбыз. Негізгі база болмай жатып, бұл мәселені шешу мүмкін емес. Партия қатарын жұмысшы жастар арқылы толықтыруды көздейміз. Олардың төрт тобы партия қатарына өтті. Әрі қарай да жас жұмысшылар ұйымымен келіссөз жүргізе береміз. ─ Біз де ислам мәселесін зерттеудеміз. Сіздердің жауларыңыз: «Ауғанстанда ислам қыспаққа түсті» дейді. Бұл шындыққа жанаса ма? Кабул университетінде исламға арналған жеке факультет бар. Нәтижесі қалай?

Наджибулла: ─ Дұшпандар осал жақты табуға құштар, Олар бізге исламды қарсы қояды. Ал исламның дін ретінде Ауғанстанға қоныс тепкеніне 1400 жыл. Базис, қондырма, көзқарастар, пікірлер, ұйымдар институты, солардың ішінде дін тамырлары базиске қарағанда тереңдеп кетеді. Базис өзгерсе, өкімет те өзгереді. Дін тамырлары тереңірек жайылып кеткен, жойып жіберу мүмкін бе? Дін мәселесіне байқау жөн. Біз исламға қарсымыз деген ұран көтердік. Исламда біздің алға басар жолымызға көмектесетін сәттер бар, Соны орнымен пайдаланғанға ықыластымыз. Біз мешіттер саламыз, дұшпандар - қиратады, біздер дін басыларын сыйлаймыз, олар -өлтіреді. Біз исламды зерттейтін орталық құрдық, ал олар ештеңе де жоқ дейді. Өкінішке орай, біздің кейбір партия қызметкерлері биссимилла рахман рахим деуге ұялады. Біздің қарсыластарымыздың Ауғанстанда ислам қысылшаң жағдайда деуінің жөні жоқ.

─ Ауған жазушылары сіздерге көмектесе ме?
Наджибулла:

─ Олар белгілі бір шаралар жасап жүр. Әйтсе де сіздерге ашығын айтуға тиістімін. Олар біз ойлағандай биікке әлі көтеріле алған жоқ. Ұлттық татуласу саясатын жеделдетуде әскери - патриоттық, интернационалдық тәрбие саласында, халықтың ақыл-ойын жетілдіріп, рухтандыруда қалам иелерінен күтетініміз көп. Мемлекет әдебиет, өнер қайраткерлеріне үнемі көңіл бөледі. 36 мәдениет қайраткерлеріне түрлі атақтар берілді, олардың ішінде 10 академик, 25 корреспондент-мүше бар. Диқандар өмірінен бір де кітап бермегені үшін Панджири бастаған Жазушылар одағын сынап та алдық. ─ Ауған жазушылары өздерінің «Литгазетасы» жайлы армандайды, сондай бір газет шығын тұрса және оның редакторы партия мүшесі болмаса дейді. Өйткені партиялық газет арқылы айтуға болмайтын кейбір мәселелерді ««Литгазетамыз» арқылы айтар едік дейді. Ал біздің «Литгазетаның» редакторы КПСС Орталық Комитетінің мүшесі ғой. Наджибулла: - Бұл газетке жол табуға, жазушылар өтінішін қанағаттандыруға болар-ау. Бірақ біздің халықтық оқырмандық дәрежесі төмен. Аласа есіктен еңкейіп өту керек. Олар өздерін көрсетіп, шалқайып өтсек дейді. Олардың тілі - халық тілінеи бөлектеу, интеллигенция халыққа жақындаса - ұтпақ. ─ Біз ауған далам иелерімен кездесіп, әңгімелер өткіздік, халықтан қашықтау тенденциясы байқалады, өз тілі, өз философиясы бар дегендей. Дөңгелек столда сөйлестік. Олардың бізге қойған бірінші сұрағы ұлттық татуласу саясатымен байланысты болған жоқ, Шолохов, эмигранттар, Айтматов туралы сұраған еді.

Наджибулла:
─ Біз қазір оларға адамдарға, қоғам проблемасына жақын жүріңіздер дейміз.
─ Диқандар жайында көркем әңгімелер туа бастады ғой?
Наджибулла:

─ Құдайға шүкір, мұндай бұлақтар лайым өзендерге айнала берсін. ─ Жазушылар түсінеді. Сегіз жылда адамдар өзгерген. Оларға ұрсудың орнына көмек қажет.

Наджибулла: ─ Жаңа ғана айтқанымдай, өзендер теңізге құйсын. Теңіздегі кемелерді басқаруға шамамыз жетеді. Қазір елде соғыс жүріп жатыр, халықтың сана-сезімінің дәрежесін көтеру қажет. Біз өзімізді - өзіміз тәрбиелеуіміз керек. 23 жылда көретінімізді 23 күнде көрудеміз. Сценарий дайын, тек содан ұлы шығарма жасап шығару керек. ─ Біздің делегацияның мүшелері осы күндер! Ауғанстан тақырыбына өлеңдер жазды. Әріптестерімізден де соны күтеміз.

Наджибулла:
─ Сіздер әдебиетке ұлы таланттарды сыйладыңыздар!..
Валерий Поволяев:
─ Ауған тақырыбына қарыздар болып қалмаймыз, әлі де кітаптар жазамыз.

Наджибулла:
─ Рахмет! Сенемін!

─ Ашық әңгімеңіз үшін рахмет. Біз қолдан келген көмекті аямаспыз. Сіздің Хафиз, Хаям, Маяковский, Горький туындыларын сүйіп оқитыныңызды жақсы білеміз. Сіздің көркем әдебиетке деген махаббатыңыз зор.

Наджибулла:
─ Сіздер азаматқа рухани азық бересіздер.
Наджибулла бізді есік алдына дейін шығарып салды...

Кабул аэропортында самолет трапына көтерілгенде де, жүрегіміз ауған жерінде қалған достарымызбен бірге дүрсілдеді. Төменде Кабул, төменде ауған таулары, төменде дұшпандар тау жыраларынан сығалайды. «ТУ-134 - тің бауырына екі әскери вертолет жабыса ұшып келе жатыр. «Жаман айтпай - жақсы жоқ» демекші, «Стрингердің» тікендей қадалмасына кім кепіл. Самолеттің иллюминаторынан сыртқа қадалып отырмыз. Алдымызда - туған ел, артымызда Ауғанстан қалып барады...

Алматы - Москва - Кабул - Алматы.
1987 жыл.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙