TELEGEI

Home

Қобыланды. Н.Байғанин нұсқасы

Нұрпейіс Байғанин

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қобыланды. Н.Байғанин нұсқасы

Нұрпейіс Байғанин – халық ақыны, жырау және Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

«БАБАЛАР СӨЗІ» СЕРИЯСЫНАН

ЖҮЗ ТОМДЫҚ

ҚОБЫЛАНДЫ

(Н.Байғанин нұсқасы)

Қарақыпшақ деген елде Тоқтарбай деген бай болған, оның Аналық деген бәйбішесі болған. Аналық 49 жасқа келгенше бала таппаған. Содан кейін Тоқтарбай: “Жасым болса жетіп келеді, жас әйел алып көрейін, бала таппас па екен” деп жас әйел алады. Одан да бала болмайды. Содан кейін тағы екі әйел алады, олардан да бала болмайды. Перзенттерінің жоқтығынан Тоқтарбай талай жиында ханнан, ханның уәзірлерінен “қубас” деген сөздерді естиді. Оған ол мықтап налиды. Күндердің бір күнінде дәулетіне мас болған бір бай он екі ханның қол астына асқа сауын айтады. Тоқтарбай өзі бай болғанмен кішіпейілді, жарлыларға етер жақсылығы көп, ізгі адам болған. Өзін ханнан кем санамаған, ханға қарсы болған. Сондықтан хан Тоқтарбаймен өш болған. Сөйткен Тоқтарбай осы асқа барайын, салтанатымды өзім қатарлылардан арттырайын деп сексен нарға саба артады, сексен нарға алтын мен күміспен аптап тігілген асыл киімдер, жиһаздар артады. Тоқтарбайдың осындай сән-салтанатпен келе жатқанын хан естіп, өзінің бір уәзірін Тоқтарбайдың алдынан шығарады, уәзіріне айтқан сөзі мынау болады: – Сен Тоқтарбайды өткір сөздермен, өлеңмен келемеж қыл, баласының жоқтығын айтып бетіне соқ, – дейді, – сонда Тоқтарбай осы асқа келмей кейін қайтар.

Тоқтарбайдың алдынан шыққан уәзірдің айтқан сөздері мынау екен:

– Бұл жиынға хан келді,

Бай мен бектер паң келді.
Кілең байлар саба артып,
Бәйбішеменен сән келді.
Байтақ ұлан ел келді,

Бай сабасы келді енді.
Салтанатты байларым,
Киім киіп сәнденіп,
Ажары топтың өңделді.

10. Байларға мақтау жарасар,

Байдың сәнін көргенде
Жоқ, жұқа естен адасар.
Байға паңдық миясар,
Байым сәнді, сайманды,

Асым асқа ұласар.
Патшаның нағыз ұлындай,
Өсірген сипап тұлымдай.
Бай баласы мырзалар,

Бәрі сәнді, білімді-ай,
20 Тәрбие, сәні сайма-сай.
Ағып жатқан аппақ май,
Хан мен билер қонақжай.

Бай ішінде байлар бар,
Ақылға кем, санасыз,
Сүйеуі жоқ панасыз.
Көп дәулетке мас болып,

Хандарменен қас болып,
Тоқтарбай, қайда барасың?
Ақылың жоқ, миың жоқ,

30. Көңіліңде білім жоқ.

Көтересің кеудеңді,
Тоқтарбай, саған сыйлық жоқ.
Ұлсыздарға орын жоқ,
Қызсыздарға қызық жоқ.

Сен кірмейсің Тоқтарбай,
Бай есепке санауға.
Сексен нарға саба артып,
Тоқтарбай байсың қарауға.

Бір күні көзің жұмылса, 40. Мал мен дүниең кімдікі,

Бір күні кетеді талауға.
Осыны естіп Тоқтарбай,
Іші оттай күйеді,
Күйеді де жанады.

Сексен нардың сабасын
Қанжарменен жарады.
Төгілген қымыз сабадан,
Көл суындай ағады.

Тоқтарбай қылық бастады, 50. Әсем киім, әсем ат,

Түсе қалып тастады,
Ашу ерді қаптады.
Неге де болса батырды
Бір қылыққа бастады.

Тоқтарбай сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

– Уа, Аналық, Аналық,

Көп мал менен дүниені
Енді талақ салалық.

60. Сәуе болса пірлерден,

Жоқты іздеп қаралық.
Енді еліме бармаймын,
Айтқан серттен танбаймын,
Сапарымнан қалмаймын.

Жердің жүзін қыдырып,
Көзімнің жасы шұбырып,
Жоғымды іздеп зарлаймын.
Басыма жауды қара түн,

Қараңғылық басып мұң. 70. Аналық, айтқан мұңым шын,

Малым бар деп нетемін,
Мүлік, дәулет, көп малды
Бүгін талақ етемін.
Бір перзенттің зарпынан

Қаңғырумен өтемін.
Ей, Аналық, Аналық,
Қу таяқ қолға алалық.
Иесіз малдан пайда жоқ,

Иесін іздеп қаралық. 80. Жәрдем болса Алладан,

Бір перзентті табалық.
Аналық сонда сөйледі:

– Уа, Тоқтарбай, алғаным,

Бір баланың зарпынан
Қайғы отына жанғаның.
Төрт қатын еді алғаның,
Одан перзент болмады,

Білмеймісің, бейшара,
Жасыңның жетіп қалғанын.

90. Алпыстан асып мінекей,

Жетпіске келдің таянып.
Мен қырық тоғыз жасымда,
Қалай бала табамын.
Үлкейе келді Аналық,

Сабырлық ет, уа, қартым,
Қайтып елге баралық.

– Аналық, тіліңді алмаймын,

Ант еткен менің сертім бар,
Сол сертімнен танбаймын.

100. Талақ еттім мал-мүлкім,

Қанша айтсаң да бармаймын.
Аналық сонда сөйледі:

– Олай болса, батырым,

Мақсатың болсын іздеген,
Оңға пірлер бастасын.
Елуге келді жақындап,
Батыр, менің қарт жасым.

Жәрдем болса пірлерден,
Табар перзент жас қатын.

110. Батыр, менің тілімді ал,

Осы сапар үйге бар.
Ақзарбапты қасыңа ал,
Қаразымның шәрінде
Әулие, пірлер көп дейді,

Ақзарбаппен бірге бар,
Пірлерге бар да, тілек сал.
Тоқтарбай сонда сөйледі:

– Уа, Аналық, Аналық,

Әуелі ант еткен соң, 120. Қайтып елге бара алман,

Ақзарбапты қасыма
Жолдас етіп ала алман.
Осы жолы жолымнан
Қанша айтсаң да қала алман.

Жолдас бол да өзің жүр,
Жақсылық пен жамандық
Жаратқан Жаппар панамнан.

– Уа, алғаным, алғаным,

Тіліңді айтқан алмасам, 130. Қиындық екен маған да,

Ақыр түбі аңдасам.
Амалым бар ма ерейін,
Мұңыңды айтып зарласаң.
Мүсәпір болған Тоқтарбай,

Кедейге көңілі кеңейді.
Әуелден ақ қалыбы
Жарлыны жарлы демейді.
Қайырымды қарт еді,

Жарлыға да мерейлі. 140. Кедейді жиып алады,

Үстінде асыл киімді,
Шын кедейге жабады.
Асыл киімдерді де,
Қақпа шекпен, жаман тон,

Тоқтарбай содан алады.
Тимеген кіршік бетіне,
Жібектен бөтен кимеген
Аппақ қардай етіне.

Аналық беріп киімді, 150. Күң үстіне жабады.

Шекпен киген күң байғұс,
Жібекті киді етіне.
Еңіреп, жылап, езіле,
Қақпа шекпен жамылып,

Аналық жылап, тарығып,
Тоқтарбай мен екеуі
Еңіреп, өксіп, зарығып,
Екеуі де қамығып.

Енді тұрсын неғылып, 160. Көзінің жасы төгіліп.

Қатты қайғы зарпынан,
Көйлектің бауы сөгіліп.
Көп қайғыға шаталып,
Қасіретке маталып.

Елуге келген Аналық
Ықылас күңнен бата алып,
Кетуге шықты сыбанып.
Бел байлады жүруге

Жылағаннан жұбанып. 170. – Мүсәпір, пақыр, нашар, – деп,

Тоқтарбай айқай салады.
Айқайлаған дауыспен
Алба-жұлба киімді
Кілең сорлы барады.

Үстінде қымбат көп киім,
Ортасына жаяды.
Киімге жарлы таласып,
Төбелесіп жөніне

Пақырлар кетіп барады. 180. – Ей, кедейлер, болсын мерейің,

Бәріңді бірдей көрейін.
Үстімде асыл киімді
Ең сорлы пақыр, жарлыңа
Қолымнан бөліп берейін.

Жалаң аяқ, жалаңаш,
Бас киімсіз жалаң бас,
Үстіне киген құрымды,
Көрген күні байғұстың

Әуелден-ақ бұрынғы 190. Жасқаншақ болған бейшара

Алыста тұрып жылайды.
Тоқтарбай байдан пақырлар
Көйлек, ыстан сұрайды.
Әуелден де мейірімді,

Кісі екен сірә райлы.
Киімі жоқ жалаңаш,
Жарымаған алаң, аш.
Тоқтарбай өз көзімен қарады,

Пақырларын табады. 200. Жалаңаштың үстіне

Асыл киім жабады.
Талайлары кедейдің
Киімденіп қалады.
Батасын беріп шуласып,

Бәрі қолын жаяды,
Ақ батасын қағады.

Әлқисса, пақырлардан бата алып, Тоқтарбай мен Аналық жаяулап, жалпылап перзент іздеуге сапар шегіп жүріп кетеді. Кедейлер мейірімді қарттың балалы болуын тілеп қала береді.

Қу таяғы қолында,
Көп дәулеттен не көрді.
Бір баланың зарпынан

210. Көкірек қайғы, шеменді.

Тоқтарбайдың бай басы
Аналық пен екеуі
Құл мен күңге теңелді.
Ел, мүліктен безеді,

Дүние жүзін кезеді.
Көзінен аққан қара жас
Омырауына төгеді.
Күннің ыстық күнінде

Талай-талай шөл көрді. 220. Шөлдеуменен меңдеді,

Екеуі жылап еңіреді.
Маңғыстаудың бойында
Әулиелер көп екен,
Пірлерге пақыр келеді.

Шетінен түнеп пірлерді,
Қалта толы сары алтын
Шырақшыға береді.
Қанша пірге түнеді,

Еш болмады себебі. 230. Қолындағы таяқтың

Үш тұтамы қалады.
Аяққа киген етіктің
Тек тақасы қалады.
Тоқтарбай мен Аналық

Екі нашар, қос ғаріп,
Екеуі де арыпты,
Арып, жүдеп талыпты.
Тоғыз жүз тоқсан әулие,

Баршасына барыпты. 240. Бәрінен себеп болмады,

Қайғы отына жаныпты.
Жылауменен байғұстың
Көзінің нұры жойылды.
Етігінде ұлтан жоқ,

Табандары ойылды.
Маңғыстауда шаһарға,
Көрінуге де қорынды.
Қандай болған кісі еді,

Осындай халге түседі. 250. Табандары ойылып,

Аяқтары іседі.
Көрген жолы қиын-ды,
Көзден аққан қара жас
Қойынына құйылды,

Сонда да пірге сиынды.
Тоғыз ай күні өтеді,
Жылаумен өмір өшеді.
Қаразымнан кетеді,

Еш ишарат көрмеді, 260. Түсінде себеп бермеді.

Екі пақыр зарығып,
Арықтап әбден меңдеді.
Күн он бір ай болады,
Алба-жұлба болады,

Қайғы ішіне толады.
Қаран күні қараңғы,
Қызыл гүлдей ажары,
Қу томардай солады.

Он екі айдың жүзінде 270. Тап сол жылғы күзінде,

Бір жер мола кездесіп,
Жер молаға келіпті,
Келе сөйлей беріпті.
Сол молаға келгеннен

Шаршаған көңлі сергіпті.

– Ей, жер мола, жер мола,

Мен де сенімен тең мола.
Мені өзіңдей көр, мола,
Ықыласым құлады,

280. Мен де пақыр, сен пақыр,

Бір перзентті бер, мола.
Басына шырақ жағады,
Қос пақыр түней қалады.
Қатып келген қабағы

Көз ұйқыға барады.
Қатты ұйықтап қалады,
Төбеден жұлдыз ағады,
Таң смері жауады.

Таң мезгілі болғанда, 290. Таң шабыты толғанда,

Тоқтарбай байғұс арманда,
Арманда болған жазғанда,
Түсінде аян болады.
Көк есегі астында,

Ақ шалмасы басында,
Бір адам келіп сөйлейді:
o Уа, Тоқтарбай, Тоқтарбай,
Басыңды көтер сен, – дейді.

Келген пақыр сен бе едің, 300. Қайғылы болған шерлі едің.

Осы жасқа келгенше,
Бір перзентті көрмедің.
Бір баланың зарпынан
Жердің жүзін кезгенің.

Дүние мал, еліңнен,
Қоныс еткен жеріңнен,
Талақ етіп безгенің.
Қайырымсыз хандардан,

Тоқтарбай, тарлық көргенің. 310. Қаразымда әулие

Саған себеп бермеді.
Ықыласпенен түнедің,
Ықыласты пірің – мен, – деді.
Ей, мүсәпір, болсын мерейің,

Қолтығыңнан демейін.
Зарығып келген Тоқтарбай,
Екі бала берейін.
Енді еліңе барыңыз,

Зарығып келген Тоқтарбай 320. Қонды қайта басыңа.

Бақтан артық бағыңыз.
Сүйдеп қолын жаяды,
Бір батасын қағады.
Ұйқысынан оянып,

Бала іздеген Тоқтарбай
Төңірекке қарады.
Ешнәрсе жоқ қараса,
Аналықты тұр-тұрлап,

Оятып жылдам алады: 330. – Ей, Аналық, Аналық,

Ишарат түс мен көрдім,
Бақ-дәулетті кен көрдім.
Таң алдында түсімде
Екі перзент мен көрдім.

Осы көрген түсімде
Баланың бірін ер көрдім.
Ай менен күннен нұр көрдім,
Ер қолында ту көрдім.

Ақ бидайдың дәніндей 340. Алтын айдар тұлымды,

Нашар да болса білімді,
Қуаныш көрген күнімді,
Абырой, әжет, шын көрдім.
Тілектесі, сүйеуі –

Артынан науша қыз көрдім.
Аналық сонда сөйлейді:

– Мен де айтайын түсімді,

Түсімде көрген ісімді.
Ақбоз орда ішінде

350. Келбеті келген пішінді,

Жауырыны қақпақтай,
Қос шекесі тоқпақтай,
Алғыр бүркіт қабақты,
Арыстандай айбатты,

Қуанып көңлім жаратты.
Ұл перзентті мен көрдім.
Тар құрсағым кеңіпті,
Тас емшегім жібіпті.

Сәулетті, кеңдік заманды 360. Бұл бәйбішең көріп жүр.

Бір арыстан, ай нарша
Емшегімді еміп жүр.
Қуанышпен шаттанып,
Арықтаған екеуі

Елге қайтып жөнелді.
Ісігі қайтып аяқтың,
Көңілі өсіп шат болып,
Жас күніне теңелді.

Жасармай бұлар неғылсын, 370. Шын ишарат көріпті.

Көрген түске сеніпті,
Көңілі өсіп желікті.
Он екі айдың жүзінде
Қайтып елге келіпті.

Малын сойып, ел жиып,
Садақасын беріпті.
Қуаныш ойға толады,
Елуге келген жасында

Аналық жерік болады. 380. Енді бала көтеріп,

Баладан кеткен түңіліп,
Омыртқасы үзіліп,
Бес айдың жүзі болғанда,
Іші қалды білініп.

Жеті ай күні толғанда,
Салмағына шыдамай,
Еңкейіп жүрді бүгіліп.
Тоғыз ай, он күн толады,

Туар мезгіл болады. 390. Он алты күн толғатып,

Ұл перзентті табады.
Аңсап жүрген қос қарттың
Мерейін пірлер қандырды,
Қуаныш көңлін жандырды.

Кіндік кескен әйелдің
Осы туған жас бала
Ұйытып қолын талдырды.
Ат шаптырып, той етіп,

Халқына хабар салыпты. 400. Ретті тойы парықты,

Той қылғаны анық-ты.
Алтын қабақ аттырып,
Ат бәйгесін шаптырып,
Қуаныш көңілін шат қылып.

Сапырулы сары қымыз,
Келген жанды мас қылып.
Кілтін ақша ашады,
Алтын менен күмісті

Пақыр, міскін алсын деп, 410. Қуанышқа шашады.

Осындай жиын той қылды,
Келген халық баршасын
Аппақ майға тойдырды.
Алтыннан бесік соқтырып,

Күмістен шүмек құйдырды.
Мүсәпір, жарлы адамды,
Тоқтарбай жиып алыпты,
Есебі жоқ дәулетті

Тойға келген елдердің 420. Ортасына салыпты.

Аш, жалаңаш адамдар
Олжаға байып қалыпты.
Ат қоюға тағы арнап,
Ту бие мен қомды нар

Атаққа арнап сояды.
Құрметі үшін баланың
Көп дәулетті жояды.
Сағынып көрген баланың

Қобыланды атын қояды. 430. Бірге жасы жетеді,

Екіге жасы келеді,
Ата менен ананың
Сүйеніш бала тірегі.
Тағы буаз әйелі,

Пірлерден болған себебі,
Жаз ортасы болғанда,
Тамыздың күні толғанда,
Бір қыз бала тауыпты.

Тоқтарбай қарт жақсы адам, 440. Сабыры көп, білікті.

Ер тілегі қабылы,
Аналық пен Тоқтарбай
Жана бір қыз сүйіпті.
Ер мақсаты болған жер,

Мереке тағы той етіп,
Шашуына көп ақша,
Перзент үшін жойған жер.
Осы туған баланың

Қансұлу атын қойған жер. 450. Бірге жасы жетеді,

Ата менен ананың
Қуаныш көңлі өседі.
Екіге жасы келеді,
Сағынып көрген баласын

Ардақтап баға береді.
Үшке жасы келгенде,
Тілі шығып сайрады.
Қуаныш көңлі жайланып,

Төртке жасы келгенде, 460. Балалармен ойнады.

Ойынға Қобылан тоймады.
Беске жасы келгенде,
Парасат ақыл ойлады.
Алтыға жасы барады,

Ақыл, сана табады.
Жеті-сегіз жасында
Ата менен ананы
Құрмет етіп бағады.

Тоғыз бенен он жаста, 470. Көп қыпшаққа жағады.

Құрметті Қобылан балаға
Халық ақыл салады.
Қобыланды бала сөз айтса,
Халық қабыл алады.

Он бір жастан өтеді,
Келбеті келген сияқты
Жас теректей өседі.
Он екіге келгенде,

Ала тұлпар мінеді, 480. Үстіне сауыт киеді.

Алмас пенен садақты
Беліне орай іледі.
Арыстандай айбатты
Алып-ұшып жүреді.

Үш қырлы жебе көк найза
Ордасына сүйеді.
Қобылан атты батырдың
Ел тілегін тіледі.

Жаугершілік заман деп, 490. Елді қорғап, бағам деп,

Он екіге жас толды.
Сүйенді халқым маған деп,
Өзіне қатар баллардан
Қасына жолдас алады,

Қарауыл Қобылан қарады.
Қарауыл қарап жүргенде,
Шаң-шұң еткен көп дауыс
Құлағын келіп жарады.

Дауысты естіп қызады, 500. Астындағы ала аттың

Санына қамшы ұрады.
Сол дауысқа барам деп,
Ана тауға шығады,
Мына тауға шығады.

Сол дауысқа жете алмай
Аң-таң болып тұрады,
Қайтып үйге барады.

– Тоқтарбай әкем сен едің,

Жалғыз балаң мен едім. 510. Алыстан естіп көп дауыс,

Сол дауысқа жете алмай
Арманда болып келгенім.
Осы дауыс не дауыс,
Айтып бер, әке, себебін.

– Жақсы айтасың, шырағым,

Дауысты байқап сынадың.
Сені көрмей тұрғанда
Еңіреп, өксіп жыладым.
Сені көзім көрген соң,

520. Болып еді мұрадым.

Айтпасыма амал жоқ,
Қиылып, ұлым, сұрадың.
Осы дауыс себебі:
Руы қалмақ ел еді,

Есепсіз, сансыз көп еді.
Хабары талып келеді,
Дәумаманың Аққұртқа
Айдан сұлу деп еді.

Кемелге келіп сол Құртқа 530. Теңін тауып халықтан,

Сынап береді деп еді.
Теңін тауып берем деп,
Күйеуін сынап көрем деп,
Бек сауытын белсенген.

Батыр болса берем деп,
Лайығын табам деп.
Ардақтаған Аққұртқа
Кәдірлі жалғыз балам деп.

Уәзірлерін жиып ап, 540. Неше күн кеңес қылдырған.

Баршасының ақылы
Ер қайратын сынауға,
Шойыннан терек құйдырған.
Ару, сұлу Аққұртқа

Майысып тұрған балдырған,
Көздің жауын алдырған.
Көрген жанның көрікпен
Көргенде есін тандырған.

Шойыннан құйған терекке 550. Күмістен бұтақ салдырған.

Хабар салған Дәумама
Он екі ханның еліне,
Еліндегі еріне.
Беремін деп Құртқаны

Құйған шойын құлатқан
Қайраты асқан еріне.
Қобыланды сонда сөйлейді:

– Батаңды бер, ал, ата,

Мен сол Дәумаманың шәріне 560. Тәуекел етіп барайын.

Бұйыра қойса тұз, нәсіп,
Теңімді іздеп табайын.
Тегіннен тегін мал бермей,
Қыз Құртқаны алайын.

Құлаққа хабар тиген соң
Бармай неғып қалайын?
Ердің аты шыға ма,
Таңдап тұлпар ат мінбей,

Ат құйрығын шарт түймей. 570. Қолымдағы көк найза

Қара тастан өткізбей.
Өзінің тайпа халығын
Тереңдеп тегін қайратпен
Ару таңдап қыз сүймей.

Несі батыр батырдың –
Таңдап жүйрік мінбесе.
Шығыршықты көк сауыт
Берік сақтап кимесе,

Орай садақ, қырық кез оқ 580. Орай белге ілмесе.

Жасанып тұрған сансыз қол,
Жападан жалғыз тимесе.
Күні де бір, түн де бір,
Жау ішіне кірмесе.

Қыпша белді ақ қылаң
Тартып алып қайратпен
Теңін тауып сүймесе.
Ер мақсаты бола ма,

Қайтпай жауға кірмесе. 590. Жылқыдан тұлпар мінейін,

Шығыршықты көк сауыт
Кебінім деп киейін.
Тауға салса тас кескен,
Айбаттанса бас кескен.

Ханнан қайтпас ақ алмас
Орай белге ілейін.
Батаңды бер, ата-анам,
Тәуекел етіп жүрейін.

Мың болмастан сан болсын, 600. Сан жетпейтін қол болсын,

Барып жауға тиейін.
Қарт анам мен қарт атам,
Сізге тілек саламын.
Мақұл көрсең екі қарт,

Осы жауға барамын.
Алға басқан жас жанмын,
Қайтармаңыз талабым.
Айдан ару Құртқаны

Қалмақтан тартып аламын. 610. Құртқадан хабар келген соң

Бармай неғып қаламын?
Талапты туған жас ұлмын,
Қайырмаңыз талабым.
Сонда атасы сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді,
Қайғылынып қарт сасып,
Не болғанын білмейді.
Әлден уақыт болғанда,

Әкесі ақыл тоқтатып, 620. Азар бойын билейді:

– Ей, Қобыланды шырағым,

Сені көрмей тұрғанда
Қайғымен өксіп жыладым.
Қоныс еткен жерімде,
Ұлан байтақ елімде,

Болмады менің тұрағым.
Жетпіске жасым жақындап,
Болмаған соң мұрадым,
Қу таяғым қолға алып,

630. Пірлерден бала сұрадым.

Жалғызым, тыңда мұңымды,
Сені көрмей тұрғанда,
Білмеді халық бұлымды.
Жер жүзін кезіп, қыдырып,

Қарт әкең мен қарт шешең,
Баладан кеткен түңіліп.
Сен туған соң жалғызым,
Қызық көрген күнімді,

Қансұлу мен Қобыланжан, 640. Өсірдік сипап тұлымды.

Дәумаманың Аққұртқа
Кемелге жасы толған соң,
Анасы оның Дәумама
Беретін күні болған соң,

Он екі ханның еліне
Патша хабар салыпты.
Көзімен сынап көруге.
Лайықты батырдан

Теңін тауып беруге. 650. Не келер де, не кетпес,

Басы жұмыр пендеге.
Шойыннан терек құйдырған,
Қайраты асқан ерлердің
Күшін сынап көрмеге.

Құртқаны берем деген соң
Жиылмасын ел неге.
Құртқаға ғашық сыртынан
Келмесін тойға ер неге.

Дәумама үкім етті байтақ елге, 660. Дәмелі Аққұртқадан талапты ерге.

Мақсаты өзімсініп баршасы да,
Айдынды айдан сұлу Құртқа серге.
Талабы батырлардың Құртқаны алып,
Мақсаты, бар мұраты шықпақ төрге.

Батырлар кезек-кезек теректі атты,
Сақ етіп атқан оғы кейін қайтты.
Үсті-үстіне желігіп алмас шапты,
Шапқан қылыш өтпеді сол шойынға,

Ерлердің мықтымсынған беті қайтты. 670. Көрген жан қызығына батып жатыр,

Батырлар кезек-кезек атып жатыр.
Оқ тимей бірқатары асып жатыр,
Аңсызда бірқатарлар кетті қапыл,
Айқайласып қалмақтар шулап жатыр.

Қалыңда, қапылыста кейбір оқтан
Бірқатар жан оқ тиіп құлап жатыр.
Бір қыз үшін шулаған көп қалмақтың,
Талайы аңсыз өліп қирап жатыр.

Таланды туған ер Қобылан, 680. Қарауыл тағы қарады.

Ақсұр аты астында,
Тау басына барады.
Ер қаруы – бес қару,
Айқара бойға асынып,

Қарауыл тағы қарады.
Қарауыл қарап тұрғанда
Үш жолаушы тап болды.
Аққұртқаның тойының

Хабарына Қобылан қанады. 690. Қобыланды батыр желігіп,

Тоқтарбай мен Аналық
Екеуіне барады.

– Әкем, шешем сен едің,

Жалғыз балаң мен едім.
Аққұртқадай арудың
Хабарын естіп қуанып,
Шын желігіп келемін.

Жақсылық пен жамандық
Маңдайымнан көремін.

700. Анам менен қарт атам,

Батаңды берсең деп едім.
Ықыласпен бата бер,
Батаңды берсең барамын.
Егер бата бермесең

Қайырдың ердің талабын.
Ықыласпен қол жайсаң,
Мен Құртқаны аламын.
Ілгері басқан перзенттің

Қайырма, ата, талабын. 710. Хабарына ғашықпын,

Бармай неғып қаламын.
Сонда атасы сөйлейді:

– Балалықпен, балам, айтасың,

Айтып тұрған ол жерің
Адам барар жер емес,
Барам деуің жөн емес.
Сан жетпейтін халықтың

Ерлері сенен кем емес.
Балам, бекер бармаңыз,

720. Бармаған болар пайдаңыз.

Әкең менен шешеңнің
Сөзін тыңдап, аңдаңыз.
Беркіндегі қалың ел,
Есебі жоқ сансыз жау,

Оған болмас айлаңыз.
Сонда Қобылан сөйлейді:

– Жеделденген балаңмын,

Бармағаным мін болар,
Батырлыққа кір болар,

730. Менен артық кім алар.

Бармай қалсам егер де,
Ерлігіме сын болар.
Сонда анасы сөйлейді,
Сөйлейді де толғайды:

– Қайырылмайсың, шырағым,

Жасы жеткен бабаңа.
Бермеймісің шын тілек
Тоғыз ай, он күн көтерген
Тілеп алған анаңа.

740. Бөтен жерден теңің тап,

Байтақ елден қара да.

– Көңілім, анам, желікті,

Қанша айтсаң да тұра алман,
Өтінгенмен тіл алман.
Беренгі сауыт белсеніп,
Қайратыма сия алман.

Жақсылық пен жамандық –
Жазған шығар бір Аллам.
Айдан сұлу Құртқаны

750. Терімді төгіп алармын.

Он екі ханның ерлері
Берік тұрған құралдан.

– Әкеңнің тілін алмадың,

Анаңның айтқан сөзіне
Құлағыңды салмадың.
Қайсар туған ер Қобылан
Жеделіңнен танбадың.

Оңай болмас, шырағым,
Он екі ханның қол асты

760. Елін жеңіп түп-түгел,

Құртқаны тартып алмағың.
Сонда Қобылан сөйлейді:

– Ажалым жетсе өлгеймін,

Қабыл болса сапарым,
Құртқаны алып келгемін.
Қолда тізгін барында,
Ерліктің қонған бағында,

Қолымдағы көк қылыш
Қалмаққа қарсы сермермін.

770. Өтінбе, әкем, қарт шешем,

Өтінгенмен көнбеймін.
Берік асындым бес қару
Өзіме өзім сенгенмін.
Әкесі мен шешесі

Шарасыз қолын жаяды,
Екеуі бата қағады.
Ата менен анадан
Батыр туған ер Қобылан

Ықыласпен бата алады. 780. Ақ боз атпен жарқылдап,

Белінде қылыш сартылдап,
Қобыланды кетіп барады.
Күні бес күн болады,
Алтыншы күнге толады.

Қарашоқы басынан
Қарауыл Қобыланды қарады.
Шулаған халық дауысы,
Құлағын ердің жарады.

Тағы бір күн жорытты, 790. Астындағы ақ боз ат

Ор қояндай орытты.
Қобыланды мықты шонықты,
Алдынан тура батырдың
Бір қара оба жолықты.

Қара обаға барады,
Қарауыл Қобылан қарады
Есебі жоқ әскерді,
Жиылған сансыз халықты

Ердің көзі шалады. 800. Күш қайратым көрсін деп,

Батырлыққа сенсін деп,
Айбатыма шыдамай,
Күннен сұлу Құртқаны
Еркімен жаулар берсін деп,

Екпінінен садақтың
Жолдағысы өлсін деп,
Садақты толғап алады.
Алыстан көрген қалмаққа

Қобыланды тартып қарады. 810. Тоқтайтұғын оқ емес,

Зулап кетіп барады.
Жолындағы жаулардың
Қабатынан келгенді
Қабаттап өтіп барады.

Қыл жалаулы жаулардың
Талайларын қағады.
Оқ өткенде тулады,
Ағып қаны зулады.

Оқ екпінін көрген соң 820. Он екі ханның қол асты

Қойдай маңырап шулады.
Қырық қызы бар қасында,
Алтын телпек басында.
Кемалға келген жасында,

Гауһар моншақ шашында,
Қиялға келді Аққұртқа
Ақылға асқан асылға.
Мамекелеп Дәумаманың

Осындай тұрды қасында. 830. – Көңілімді айтайын,

Ал тыңдашы, мамам-ай.
Білгенің болса тура айт,
Ал, мамеке, маған-ай,
Өтінем, анам, саған-ай.

Қайдан шыққан бұл садақ,
Қабат келген ерлерден,
Қабаттап өтіп барады-ай.
Кейбір шеттеп кеткен оқ,

Шойын терек бұтағын 840. Қу ағаштай қағады-ай.

Мынау кімнің ұлы екен,
Батырлығы шын екен,
Көңіліме жағады-ай.
Тұрған жерден жақындап,

Қобыланды бермен келіпті.
Шойыннан құйған теректі
Көзбен байқап көріпті.
Садақ толы жебені

Сарыжаға керіпті. 850. Ырғап келіп алыпты,

Тартып келіп қалыпты.
Шойыннан құйған теректі
Ортасынан жарыпты.
Соны көріп сасады,

Он екі ханның қол асты:

– Екі атқаны мынадай,

Үшінші атса қырады-ай.
Екпінін көріп шыдамай,
Самсап тұрған көп қалмақ

860. Қашуға бет бұрады-ай,

Атына қамшы ұрады-ай.
Енді қалмақ қашады,
Атқа қамшы басады.
Ерсініп тұрған қалмақтар

Мұзбел деген таулардың
Ар жағына асады.
Қорқып қалмақ сығынды,
Сығынбай қалмақ неғылсын,

Көк сауытты Қобыланның 870. Мықтылығы білінді,

Дұшпандар жаннан түңілді,
Қалмақтар қашып тарады.
Ару, сұлу ақ Құртқа
Дәумаманың қарағы

Не қылса да бұл Қобылан
Қыз Құртқадай арудың
Сынағына жарады.
Қашып қорлық көргенше,

Қасына жақын келгенше, 880. Оттай іші жанады.

– Ал, мама, ақыл салайын,

Ақылдасып қарайын.
Мамеке, тіліңді алайын,
Сынадың ердің талайын.
Кімдер мықты, кім осал,

Қайсысына енді барайын?

– Жақсы айтасың, шырағым,

Мақсатпен болды мұрадың,
Ерлерді байқап сынадым.

890. Өмірі ұзақ, ұзын жас,

Жолдаспен болар тұрағың.
Дәумама анаң сынады-ай,
Көңілім тоқтап тынады-ай.
Алыстан тартқан садақ оқ

Ғайыптан зулап шығады-ай.
Құйған шойын бұтағы,
Тұс-тұсына құлады-ай.
Он екі ханның ерлері

Мықтылығын көрген соң,
Бәрі қашты шыдамай.

900. Сынауым шайтан болмаса,

Таланды туған жас дейді.
Қобыландыдай жас бала,
Хабарыңды естіп, Құртқажан,
Келген шығар шыдамай.

Әруақты ердің данасы,
Тоқтарбайдың баласы.
Ақылды ата-анасы,
Ғайыптан келген осы ер

Қобыланды шығар шамасы. 910. Қызым Құртқа, бағың бар,

Жолына кілем салыңдар.
Қырық қыз жолдас қасыңда,
Салтанат, сәнмен барыңдар.
Дидар жүзін көріңдер,

Табанын жерге тигізбей
Көтеріп алып келіңдер.
Айбатты туған Қобыланның
Дидарын, қыздар, көріңдер.

Сөзіне кемпір қандырды, 920. Қызметкері, қырық құлға,

Қобыланның жүрер жолына
Төсетіп кілем салдырды.
Кілең жібек кигені,
Салтанат сәнмен жүргені.

Табылды деп Құртқаның
Халықтан таңдап сүйгені.
Айдан сұлу Құртқаның
Халықтан іздеп жүргені.

Қырық қыз бар қасында, 930. Алтыннан тон жамылып,

Оттай беті қабынып,
Ғашық болып Қобыланға
Көргенінше сағынып.
Асық болған сұлу жар

Шыдап тұрсын неғылып.
Қырық қызбенен қылаңдап,
Ақ қайраңдай сылаңдап,
Нәзік белі бұраңдап,

Кербездікпен керіліп,
940 Басуға аяқ ерініп,
Ер Қобыланды көргенше,
Қуанып Құртқа желігіп,

Қос шашбауын тебініп,
Алдынан шығып барыпты,
Көрісіп қолын алыпты.
Қуанышты көңілі

Қобылан менен Құртқаның
Қосылған күні анық-ты.
Қырық қыз жолдас қасында,

950. Құшақтасып баршасы,

Құртқаның мекен-жайына
Қызықпенен барыпты.
Батыр Қобылан келген соң,
Дәумама ерді көреді.

Қуаныш етіп көңілі,
Ерлігін сынап сенеді.
Қуанышты қызық той
Мереке еткен жері еді.

Елі-жұртын Дәумама 960. Басын құрап жияды,

Халықтың басын құрады.
Отыз күн ойын, қырық күн той
Осындай қызық қылады.
Қобыландыны жақсы қарады,

Қару-жарақ асынып,
Қобыланның жатқан алтын үй,
Қырық жігіт беркін бағады.

– Ей, Қобыланды ер, Қобыланды ер,

Көңілімде айтарлық, 970. Батыр, сізге сөзім бар.

Қарақыпшақ елің бар,
Жетпіс күн болды келгелі,
Қайтатын елге жөнің бар.
Жан жолдасым сен едің,

Сұлу Құртқа мен едім.
Ғашық болып қосылған
Сүйіскен жолдас тең едің.
Көңілімдегі сөзімді,

Айтатын, батыр, жөнім бар. 980. Келгеніңе көп болды,

Қарақыпшақ елің бар,
Еліңде құрбы, теңің бар.
Біраз болды жатқалы,
Қайтатын елге жөнің бар.

Келгеніңе көп болды,
Қарақыпшақ елің бар,
Кеткеніңе көп болды,
Ағайыннан араңыз,

Ақылға салып қараңыз. 990. Жалғыз ұлын сағынып,

Тарыққан ата-анаңыз.
Ерде болады даналық,
Өзіңе ақыл салалық.
Мақұл көрсең ер Қобылан,

Енді еліңе баралық.
Сонда Қобылан сөйлейді:

– Алған жарым сен едің

Байтақ жұрттан қалаған.
Жан жолдасың мен едім

1000. Өзіңмен қатар балаған.

Ұлықсат болса кетелік
Дәумамадай анадан.
Дәумамадай анаға
Хат жазамын мен, – деді.

Жан жолдасы Аққұртқа:

– Айтқаның тура жөн деді.

Ер игісі доста бар,
Әуелден нақыл сөз еді.
Дәумамадай анадан

1010. Ұлықсат сұрап қарайын.

Ұлықсат болса анадан,
Қайтуға пұрсат алайын.
Қарақыпшақ халқымда
Білікті талай данам бар,

Сағынған ата-анам бар.
Асыл ердің белгісі,
Үлкеннің қақын тамамдар.
«Дәумама атты анайым,

Ұлықсат берсең қайтуға, 1020. Енді еліме барайын.

Жасы жеткен екі қарт
Сағынған ата, анайым.
Қобылан қашан келер деп,
Көзі талып телміріп,

Тұрған қыпшақ ағайын» –
Осылайша хат жазып,
Дәумамаға беріпті,
Хатын оқып көріпті.

Қобыландының сөзіне 1030. Шешесі әбден сеніпті.

Ақылдасып ойласқа
Өзі менен жолдасқа
Келің деп хабар беріпті.
Білімді би мен ер келді,

Азамат ерлер тең келді.
Келген сонша халыққа
Дәумамадай дана адам
Тура сөз айтып сөйледі:

– Мақұл көрсең елдерім,

1040. Ел ішінде ерлерім,

Білікті би мен бегілерім,
Аққұртқам менің ардақты,
Қобыланды батыр бергенім.
Келгеніне көп болды,

Қайтамын деп ер Қобылан
Сағынған Қыпшақ елдерін.
Мереке тойын қылалық,
Астана елді жиялық,

Халықтың басын құралық. 1050. Аққұртқаның қызығы

Тойға малды қыралық.
Мерекеге ел жиылып,
Есепсіз жылқы, қой қырды.
Келген халық баршасы

Арақ пенен шарапқа,
Келген жанды тойдырды.
Алтын қабақ аттырып,
Ат бәйгесін шаптырып,

Сапырулы сар қымыз, 1060. Келген халықты мас қылып.

Ортасына ту тігіп,
Қуантып елді шат қылып.
Сексен нардың үстіне
Есепсіз жасау арттырып,

Жібектен арқан тақтырып.
Тәрбиесін өзгеден
Анағұрым арттырып.
Өзге той мұндай болған жоқ,

Талай патша қыз берген, 1070. Мұндай дәулет жойған жоқ.

Қызмет қылды Дәумама,
Жалғыз қызға қорған боп.
Күміспенен күптеген,
Алтынменен аптаған.

Мереке талай той болды,
Мұнан еш той аспаған.
Қызға берер жүктерін
Кіл жібектен қаптаған.

Қазына сансыз пұл берді, 1080. Мерекелі бұл тойды

Дәумама дана үлгерді.
Қобыланға қызмет етуге
Жалшы берді, құл берді.
Құртқаға қызмет етуге

Салтанатқа күң берді.
Бір-біріне жарастық
Алтын шашақ ту берді.
Тәрбие мен қонағын

Патша әйел үлгерді. 1090. Сексен нарды арттырып,

Қобыланның еліне
Көшті тарттырып жүрді енді.

Әлқисса, Қобыланды батыр көшпен біраз жол жүріп келгеннен кейін, көшті өз елінің жолына салып: «Енді ел жақын, біздің елдің жайлауына келдік. Енді көштен озып елге хабар берейін, қалған жерге өздерің көшіп келерсіңдер, мен озып елге хабар айтайын», – деп жүріп кетеді. Құртқа көшке басшы болып қалады. Қобыландының, яғни Тоқтарбайдың көп жылқысы мекен етіп жайылып жатқан бетегелі, шалғынды жердің ортасыменен жүріп, ортасы шұқырайып жайылып жатқан көп жылқыны қақ бөліп ортасынан жүреді. Жылқы жайылып жатқан жердің бір жағы жазық, бір жағы көл еді, бір жағы дөң еді. Тоқтарбайдың бас жылқышысы Өтеміс деген ер еді. Бұл көштің алдынан шығып, ол Қобыландының тапсыруы бойынша, көшті тосып алады. Қобыландының тапсырып кеткен сөзі бар еді: «Ендігі қалған жерге көшті бастап елге алып барасың» деп еді. Өтеміс көшке келіп ару Құртқаны көреді, дидарласып сәлемдеседі. Көш үстінде келе жатқан сұлу Құртқа көп жылқыға көзін салып келе жатып, қысырақтың үйірінде желіні дертіп, қарыны жер сызып, туар мезгілі таянған керқұлықты көреді. Көштен түсіп, жаяулап барып керқұлықтың алды, артына шығып сынап қарайды. Керқұлық тұлпар табатын жануар екен, ішіндегі құлыны тұлпар екен деп сынайды.

Қулықты Құртқа сынады,
Әрбір мүше, тәндері
Аққұртқаға ұнады,
Көрген соң көңлі тынады.

Бір ауыз сөз сол жерде
Өтемістен сұрады:

– Биесі болса атамның

1100. Өтінем сізге мен деді.

Жасы жеткен атамның
Сенімді ері – сен деді.
Керқұлықты атамнан
Көрімдікке сұраймын,

Атайға хабар бер деді.
Өтінемін атамнан
Баласындай көрер деп,
Атакем маған сенер деп,

Дәме етемін атайдан 1110. Қысырықта кер қулық

Көрімдікке берер деп.
Көрімдікке бермесе,
Беруді мақұл көрмесе,
Келініне сенбесе,

Бермегенім жөн десе,
Қоңсы болып қонбаймын.
Көрімдікке алмасам,
Қайғылымын, оңбаймын.

Осы жерге қонамын, 1120. Керқулықты алғанша,

Мен Қыпшаққа бармаймын,
Айтқанымнан танбаймын.
Атам берсе қулықты,
Еншіме соны арнаймын.

Еншіме оны бермесе,
Қайғылы, мұңды келінмін,
Жылаймын да, зарлаймын.
Сүйдеді де Аққұртқа

Қонып қалды көліне. 1130. Жылқышының қос тіккен

Мекендеген жеріне.
Өтеміс кетті хабарға
Тоқтарбай қарттың еліне.
Ертең тал түс болғанда

Аттан түсіп Өтеміс
Сәлем берді иіліп,
Сексенге келген Тоқтарбай
Даңқы күшті еріне.

Азаматтар жиылып, 1140. Кеңес еткен күн еді,

Тоқтарбай қарттың төріне.

Әлқисса, Өтеміс Тоқтарбайдың үйіне кіріп, төрде отырғандардың барлығына сәлем береді. Амандасып болғаннан кейін отырған жұрт: – Алдынан қыз, келіншек кетіп еді, келіннің көші жақындады ма, неғып кешігіп жатыр? – деп сұрады. Сонда Өтеміс тұрып: – Аққұртқа көп жылқының ішінен қысырақтың үйірін көрді, оның ішінен керқулықты көрді. Алды, артына шығып сынап, осы керқулықты атам маған көрімдікке берсін, енші етемін, осы хабарды атамның құлағына сал, не дер екен, айтқан сөзін алып кел деді. Соған мені жіберіп еді, кәзір келіп отырған жұмысым осы, – деді. Егер керқулықты бермесе, онда атамның мені қайғыландырғаны деді. Сонда отырған халық ду ете қалды, келіннің сұраған керқұлығын беру керек, өз балаңнан аяйтын нең бар деді. Сонда Тоқтарбай қарт: – Ердің жеті дұшпанының бірі әйелі деп еді, керқулықтың ішінде тұлпар бар, мен оны көрімдікке бере алмаймын. Қобылан мен Құртқадан бөлек жинайтын малым да жоқ, бірақ сонда да керқулықты беруге сене алмаймын. Мал-мүлкім екеуінікі, қанша сұраса да, не сұраса да басқасын сұрай берсін, тек керқулықты сұрамасын. Мал-мүлкімнің қожасы Қобылан мен Құртқа. Өлерімнің шағында, сақалымның ағында керқулықты өзімнің еншіме алып қаламын. Сонда Өтеміс былай дейді: – Отырған халық тыңдаңыз, Құртқаға керқулықты бермесеңіз, көп қайғы-қасірет түсетін секілді. О халық, керқулықты берген мақұл ма, бермеген мақұл ма, өздерің ақылдасыңыз. Сонда Аналық: – Ей, Тоқтарбай, Қобыландыны көрмей тұрғанда қандай едік. Тілегеніміз болған соң Қобыланды кемелге келіп, он екі жасқа толған соң жат жұртқа барып өзінің теңін тауып алды. Қобыландының жан жолдасы Құртқаның тілегін бермей тауын қайырғаның қалай, керқулықты сен бермесең де мен беремін, алсын, – дейді. Отырған халық осы сөзге ырза болып, Тоқтарбайдың билігін алып, керқулықты көрімдікке бермек болды. Көп жолдаспен қыз Құртқаны көшіріп, отауды Тоқтарбайдың қасына әкеліп қондыруға Өтеміс жүріп кетеді. Құртқаның алдынан шыққан қыз-келіншек, бозбала жарастықты сауыт-сайманымен Құртқаның қостанып жатқан жеріне барып, көлден көшіріп елге жүре бастайды. Құртқа керқулықты өзінің еншісіне берілгендігін естігеннен кейін жылқыдан керқулықты ұстап, көшпен бірге алып жүреді. «Осы қулықты бөлек бағайын деп едім» деп, көшіп келгеннен кейін өзіне арнап отауын тіккізеді, сарай салғызады, сарайдың ішін терең етіп қаздырады. Аяғына қатты жер тимесін деп астына кілем жайылдырады, салқын тимесін деп жарға кілем ұстайды. Сөйтіп керқулықты осылай бағады. Тоқтарбай қарт баласының жат елге барып, аман-сау келгеніне жана сұлу Құртқа секілді келіннің құрметіне астана жұртын жинап үлкен той етеді.

Жер астында ардақтап,
Керқулықты бағады.
Асты, үстін құрғатып,
Жеті жігіт жақсы қарады.

Жібектей жал мен құйрығын
Жез тарақпен тарады.
Туар күні таянды,
Жұмсаққа құлын түссін деп,

1150. Астына кілем жаяды.

Қалың кілем үстіне
Мақпалдан төсек салады.
Тоғыз ай күні толыпты,
Туатын күні болыпты.

Маңынан бие кетпе деп,
Қыдырмаңыз шетке деп,
Мақпал төсек үстіне
Аяғын жерге тигізбей,

Көтеріп қолмен тудырың. 1160. Егер сендер үйтпесең,

Мойныңда болар өкпе деп.
Құлынның қалай туғанын
Білдірмеңіз шетке деп,
Болмасын дабыл көпке деп,

Жетеуі жақсы қарады.
Бие қашан туад деп,
Ұйықтамастан бағады.
Төбеден жұлдыз ауғанда,

Түрегеліп керқулық 1170. Торы құлын табады.

Қалғып кетіп бір жігіт,
Жаңа туған құлынның
Жерге тиді аяғы.
Ілініп кеткен жігіттің

Қалғыған ғана кезі еді.
Тәрбиемен тусын деп,
Жігіттерге Құртқаның
Осылай айтқан өзі еді.

Аяғы жерге тигеннен 1180. Тобығы меңді болғаны,

Жерге тиген себебі.
Жаюлы тұрған жібекке
Туған шақта жас құлын,
Тіке түссін деп еді.

Кемелге құлын келген соң,
Үстіне қатты тигізбей,
Мақпалдан жабу жаптырды.
Мойнынан қатты тигізбей,

Жібектен арқан тақтырды. 1190. Тәрбиемен өссін деп,

Сары балға тамдырып,
Торышаның көңілін
Шын өсіріп шат қылып,
Жетеуіне қаратты,

Шыны бағып қарапты.
Күн-түн сайын торының
Тарақпен түгін таратты.
Әлқисса, ендігі сөзді Қырымның қырық батырынан естіңіз.

Қырымдағы қырық батыр,
Оза шауып әр жаудан

1200. Қайрат, күшпен олжа алған.

Көрсе жауды долданған,
Талай батыр паңды алған,
Қарсыласып ханды алған.
Алшағыр қалмақ шаһарын

Шабуға ой мен жадыға алған.
Қырымдағы қырық ердің
Қартқожақ екен ағасы.
Қасындағы жолдастың

Ақылдасар, ойласар, 1210. Талайды көрген данасы.

Жау ізденіп батырлар
Ақылдасқан шамасы.

– Қартқожақ, басшы сен деді,

Қасыңдағы жолдастар,
Сізге ақыл саламыз.
Лайықты бір жауды
Өзің тауып бер деді.

– Жақсы айтасың, жолдастар,

Ер қаруы – бес қару, 1220. Тастан қайтпас алмас бар.

Қайратқа асқан ерлерім,
Өзіме қатар жалғастар.
Менің айтқан сөзімді
Ақылменен аңдап қал.

Тұлпар мініп ту алған,
Қырық жолдас ерімсің,
Жауды көрсең қуанған,
Әскерді көзің көргенде,

Түріп білек сыбанған. 1230. Талай кезген ерлерсің,

Айбатты қолға ту алған.
Қызғынды берен басшыңмын,
Білгенімді айтпай тұра алман.
Талай жерде жауды алдық,

Жасанған әскер құралдан.
О, қырық жолдас, қырық жолдас,
Еңбегіңіз еш болмас.
Қолда қару, батылмыз,

Бізге ешкім келе алмас. 1240. Жау ізделік, жолдастар,

Еңбегіміз еш болмас.
Есітемін алыстан,
Мықты дейді данышпан.
Алдырмайтын арыстан,

Талайлармен алысқан,
Талай жаумен қарысқан.
Оның елі төменде
Сырттан құмар ер едім,

Алшағыр мықты дегенге. 1250. Мақұл көрсең қырық жолдас,

Алшағыр ханға баралық,
Барып қимыл салалық,
Болмасын сөзде шалалық.
Арын арлап халықтың,

Кел, осы жауды шабалық.
Шынарға найза саптайық,
Тұлпарларды баптайық.
Тасты кесер алмасты,

Қынапқа ерлер қаптайық. 1260. Желденген соң ер көңлі,

Айтқан серттен қайтпайық.
Бейпіл жатқан халыққа
Ішкі сырды айтпайық.
Басшысының бұл сөзін

Жолдастар қабыл алады,
Тұлпарды баптап бағады.
Қырық күн баптап тұлпарды
Атқа ер тоқым салады.

Бес қаруын асынып, 1270. Алшағырдың еліне

Ерлер кетіп барады.
Үзеңгісі сартылдап,
Белінде қылыш жарқылдап,
Өмілдірік омырауда,

Ат мойнында алқылдап.
Жігіт кекті Нұрғожа
Қартқожақ пен екеуі
Батырлардың ағасы.

Шығыршықты сауыттың, 1280. Дулығалы жағасы.

Алшағыр хан мен Қырымның
Алыс еді арасы.
Неше күндей жол жүріп,
Алшағырдың еліне

Жақындап келді шамасы.
Қырымнан шыққан қырық батыр,
Келген сойды желігіп,
Алшағырдың жеріне

Көп қалмақтың шеніне, 1290. Келді де ерлер қос тікті.

Елсіздегі көліне.
Көк шалғынды ағашты
Қалың шыққан ну ағаш,
Бұлтпенен таласты.

Алыстан келген ерлерге
Қалың шалғын, тәтті су,
Көлдің көркі жарасты.
Жеті күн атын бағады,

Жалғыз атқа жал бітіп,
1300 Ат тыңайып қалады.
Ерлер де дамыл алады,
Қалмақтың ері ер Тәуке

Қарашоқы басынан
Қарауыл келіп қарады.
Көлде жатқан қырық атты
Тәукенің көзі шалады.

Алды-артына қарамай
Көлге қарап шабады.
Қанша дұшпан келсе де,

1310. Тәуке жалғыз баратын,

Жалғыз ұрыс салатын,
Ұрысқан жауды алатын.
Атақты, мықты ер еді,
Еріні қанды бөрі еді,

Қайтпайтұғын мықты сер еді.
Қанша жаулар кездессе,
Жалғыз шабам дер еді.
Астында торы тұлпармен

Көлге қарап жөнелді. 1320. Желігіп жетіп келеді,

Шалғындағы қырық атты
Сартылдатып сабалап,
Тәукекең айдап жөнелді.
Қырық батыр Тәукеге

«Тоқта» деп айқай салады.
Қайтпайтұғын ер Тәуке
Қырық жігітке барады.
Ұстаймын деп қырық батыр

Ер Тәукені қамады. 1330. Қырымнан келген қырық жігіт

Найзаменен сермеді.
Батыр туған ер Тәуке
Қу қурайдай көрмеді.
Қайраты Тәуке өрледі,

Қырық жігітті ер Тәуке
Қайрат күштен алуға
Тәуке батыр меңзеді.
Таяқ тиген батырлар

Талайы құлап көлбеді, 1340. Талайлары еңіреді.

Жалғыз келген Тәуке ер,
Батырсынған жігітті
Сілтеген найза қаруын
Қу қурайдай көрмеді.

Шақырып алып бір-бірлеп,
Ерлердің қолын байлады,
Батыр Тәуке айлалы.
Қырымнан келген қырық ердің

Зығырданы қайнады. 1350. Амалы жоқ, Тәукеге

Мөлдіреп көзі қарады.
Қолға алды найзаны,
Ерлердің қолы буулы,
Қалаға қарай айдады.

Қырымнан келген қырық ердің
Ер Тәуке көңлін басады.
Батырсынған немені
Жалғыз өзі шатады.

Тәукені көзі көрген соң 1360. Ерлердің құты қашады.

Байластырып шылбырмен,
Қырық тұлпар, қырық ерді
Қалаға қарап айдаған.
Тітіреп жылап қырық батыр

Тәукеден қорқып зарлаған.
Талай жауға шапқан ер
Тап осы жерде қалды пайдадан.
Қайтпайтұғын ер еді,

Халықтың қамын қамдаған. 1370. Көңілі өсіп ер Тәуке,

Қырық батыр мен қырық ерді
Қалаға айдап келіпті.
Тартуға болсын ханға деп,
Қырық атты беріпті.

Айдап келген қырық ерді
Алшағыр көзбен көріпті.
Қуанып көңілі өседі,
Дарбаза сарай қама деп,

Ханы әмір етеді. 1380. Қырық ердің соры қайнады,

Сарбаз алып қасына
Қырық ерді Тәуке айдады.
Бұрынғыдан беркітіп,
Қырқының қолын байлады.

Дарбаза биік қақпаға
Бұларды айдап барыпты.
Биік аула қақпасын
Берік етіп бекітіп,

Шынжыр мен құлып салыпты. 1390. Аяйтұғын адам жоқ,

Қолға түскен ғаріпты.
Дарбаза аула ішінде,
Шығар күн қашан болад деп,
Батырлар жылап зарықты.

Қысым беріп осындай
Қамап салды кәріпті.
Тап сол күні кеш болды,
Еңбектері ердің еш болды.

Жүдеу кірген батырлар 1400. Шыққалы елден көп болды.

Таршылықта жылайды,
Кең дәурені жоқ болды.
Қайғыланып батырлар
Көкірек жалын, от болды.

Өздері амал таппаса,
Бұларға теңдік жоқ болды.
Ақылдасып қарады,
Бір-біріне ақыл салады,

Ойласып амал табады. 1410. Тісімен шешіп қолдарын

Босанысып алады.
Үзік-үзік жөке арқан
Сол сарайдан табады.
Олардың тапқан амалы

Бірін-бірі көтеріп,
Сол сарайдың үстіне
Амалдап шықты біреуі.
Ендігі қалған ерлерді

Арқанмен тартып алады. 1420. Қамаудағы батырлар

Есебін тауып құтылып,
Қаладан қашып барады.
Қан матаудан арылып,
Қалың жыныс ағашқа

Түн ішінде барады.
Ақылдасып қарады,
Ойласып ақыл табады.
Қартқожақ батыр сөйлейді:

– Жолдастарым, сен, – деді,

1430. Ақылдасып қарайық,

Қасыма жақын кел, – деді.
Есітемін хабарын
Руы қыпшақ ел, – деді.
Қарақыпшақ елінде

Тоқтарбайдың Қобыланды
Арыстан туған ер, – деді.
Кел, Қобыланға баралық,
Осы көрген қорлықты

Құлағына салалық. 1440. Бұл не деген қиындық,

Батырға барып шағалық.
Мақұл көрсе Қобыланды,
Қалмақтан кекті алалық.
Айдаһардай айбатты,

Арыстандай қайратты,
Қанша дұшпан болса да
Қорқып жолдан таймас-ты.
Айбатты қолға ту алған,

Тап он жеті жасында, 1450. Болат қылыш суарған.

Дәумаманың Аққұртқа
Күшпенен тартып қыз алған.
Он екі ханның елінде,
Ару Құртқа сұлуды

Қобыланнан бөтен кім алған.
Қобыланға қарай жол шекті,
Екі қонып арада,
Үшінші күн болғанда

Қырық батыр тез жетті. 1460. Тоқтарбайдың үйіне

Көптен жүрген алаң, аш,
Тоналып келген жалаңаш.
Сүдіндері жүдеулі,
Оларға ешкім қарамас.

Ұлықсат сұрап қоныпты,
Жүдеп келген ерлер деп,
Қысырдың тайын сойыпты.
Жүдеп келген қырық жігіт

Аппақ майға тойыпты.
Сылдырлақты қасықпен

1470. Сапырып қымыз қойыпты.

Он төрт күн қонақ болады,
Күн он беске толады.
Ашыққан ерлер тойынып,
Қалыбына толады.

Жүдеген қырық ер еді,
Жаңа талап Қобыланды ер,
Қонағын қабыл көреді.
Жалаңаш келген қырық ерді

Ылайықты киіммен 1480. Бас-басына береді.

Қайғысы ердің жойылды,
Қырық батыр тойынды.
Киім киіп, түр бітіп,
Дегені ердің болулы.

Он жеті күн өткен соң:

– Қартқожақ ағаң мен, – деді,

Інім Қобылан сен, – деді.
Көңілімде бар бір мүддем,
Мүддемді тыңдап көр, – деді.

1490. Атыңа асық ағаңмын,

Алшағырда кегім бар,
Кегімді алып бер деді.
Қырымнан шыққан қырық батыр,
Қырқымыз да ер едік,

Қайтпас жүрек сер едік.
Еріні қанды бөрі едік,
Талайды басып жеп едік.
Алшағырдың қаласын

Біз шабамыз деп едік. 1500. Батырсынып еріктік,

Біз мықты деп желіктік.
Қару-жарақ асынып,
Қалмаққа жақын келіппіз.
Елсіз көлдің бойында,

Көк шалғынды ойында,
Тынықтырып ат бақтық,
Бір жетідей біз жаттық.
Кемалға ерлер келген соң,

Шабуға жауға ойластық. 1510. Үлкендік бізде көкірек,

Жауға еш нәрсе қоймастық.
Осы көлде жатқанда,
Атты күйлеп баққанда,
Жападан жалғыз ер келді,

Осы көлде кез келді,
Қосқа жақын тез келді.
Шалғында жатқан қырық атты
Жиып алып меңгерді.

Бізге қорлық жетті ғой,
1520 Зәбірі қатты өтті ғой,
Абыройды төкті ғой.
Жаяу айдап шәріне,

Қас масқара етті ғой.
Қобыланды, жәрдем бермесең,
Зәбіріміз кетті ғой.
Абырой бізден төгілді,

Нұрлы көлде кездесіп,
Бізге қорлық берді ғой.
Көреген қорлық шағында,
Ағаларың келді ғой.

1530. Сен болмасаң, шырағым,

Ерлерім жаннан түңілді.
Көзімізден аққан жас
Мойнымызға құйылды.
Көрген қорлық қиын-ды,

Қобыланды шырақ, өзің біл,
Қырымнан келген қырық ағаң,
Зәбірін айтып қиылды.
Тартып алды ат пенен,

Қару-жарақ, киімді. 1540. Қобыланды, бүйім сұрадым,

Мұңымды шақтым, шырағым.
Қалмақтан қорлық көрген соң,
Сіз болды келген тұрағым.
Әпере алсаң кегімді,

Бітеді сонда мұратым.
Сонда Қобыланды сөйледі:

– Зәбіріңді айттың, ағайын,

Жастары үлкен ағайым.
Зәбірің көрген тағайын,

1550. Тарлықтың көрген талайын.

Жасы үлкен ағаның
Айтқан тілін алайын.
Қырық ағам кез келдің,
Сөзіңді қабыл алайын.

Шағынған соң қорлықты,
Бармай неғып қалайын.
Сенің үшін, қырық батыр,
Жанды ортаға салайын.

Көшіп барып қыпшақпен, 1560. Мен елсіз көлге қонайын,

Ауыл үйлес болайын.
Жақыннан жаулап қалмақты,
Қан жылатып шабайын.
Елімді жиып алайын,

Қарттарға ақыл салайын.
Мақұл көрсе көп халқым,
Көше-мөше барайын.
Қыпшақтың үлкен-кәрісін,

Жөн білетін азамат 1570. Жиып алды бәрісін.

Қырық жігіттің жүрген жайы
Айтты түгел бәрісін.

– Ал, ақсақал, ақыл саламын,

Ілгері басқан жас жанмын,
Жоғары менің талабым.
Қайырма, халқым, тауымды,
Алшағырдың жеріне,

Елсіздегі көліне,
Қарақыпшақ елімен

1580. Түгел көшіп барамын.

Жақын жерде жайласып,
Найзаға шашақ байласып,
Қанға тоймас қылышты
Өткірлеп шарға қайрасып,

Жауға жақын барайын,
Жақындап жауға шабайын.
Қырымнан келген қырық ердің
Сөйтіп кегін алайын.

Қобыланды деп келдің еңкейіп, 1590. Бармай неғып қалайын.

Қобыландыны қайырмай,
Халық ұлықсат беріпті.
Қайтпайтұғын қайратты ер
Батыр Қобылан желікті:

– Замандасым, қатарым,

Жастар, бермен келіңдер.
Менің айтқан сөзімді,
Жолдастар, мақұл көріңдер.
Айтқанымның бәрі рас,

1600. Шын сөзіме сеніңдер.

Тіл алғаның шын болса,
Бұл қоныстан көшіңдер.
Ертең жүрем мен жауға,
Артымнан көшіп жетіңдер.

Артыңнан көшіп барам деп,
Уағда бер, кесім бер.
Қайтпас жаудан талабым,
Кәрі жирен үйірін

Өзім айдап барамын. 1610. Суы тұнық, жері от,

Сол қонысқа жаямын.
Қоныс ету сол көлді,
Болды менің талабым.
Барып жауды жоямын,

Қалмақтың көзін оямын.
Елсіздегі сол көлге
Жирен тайды соямын,
Жирен қопа қоямын.

Қырық жігіт қасында, 1620. Қобыланды жүрді қалмаққа,

Қалмаққа бүлгін салмаққа.
Қарсы шабар ер Қобылан
Тасты кескен алмасқа.
Уәде етті көп қыпшақ

Бәрі көшіп қалмасқа.
Он төрт күн етті уағда,
Артынан көшіп бармаққа.
Қырық жігіт бар қасында,

Жирен айғыр үйірін 1630. Қобыланды айдап жөнелді,

Рауан жолға кенелді.
Екі қонып арада,
Көлге келді сол енді.
Жирен тайды сояды,

Қасындағы қырық жігіт
Ет пен майға тояды.
Қыпшақ елім қонсын деп,
Құтты қоныс болсын деп,

Осы көлдің атағын 1640. “Жирен қопа” қояды.

Халық басқарған Қобыланды ер,
Бір жеті көлде тұрады.
Бір жетінің соңынан
Баяғы мықты ер Тәуке

Қарауылға шығады.
Жайылып жатқан жылқыны
Тәуке батыр көріпті.
Кенелдім деп олжаға,

Жылқыны көріп желікті. 1650. Астындағы торы атпен

Шабуыл салып келіпті.
Қанша жауды көрсе де,
Бермеген жауға ерікті.
Астындағы торыға

Орай қамшы салады.
Жайылып жатқан жылқыны
Дүркіретіп қасынан
Батыр қуып барады.

Арқандаулы боз атқа 1660. Жайдақ мініп Қобыланды,

Қолға қару алмастан
Тәукенің қуды артынан.
Әне-міне дегенше-ақ,
Қалмақтың ері ер Тәуке

Қарсыласа қалады.
Келе келге келгенше
Тәуке батыр қылышпен
Қобыландыны шабады.

Етіне қылыш тигізбей, 1670. Батыр туған ер Қобылан

Қолынан жұлып алады.
Ат үстінен алысты,
Бір-біріне жабысты.
Таудай болған торы аттан

Қалмақтың ері Тәукені
Аударып Қобылан алыпты.
Жұлып алып Қобыланды ер
Тақымына салыпты.

Мұрнынан қаны ағыпты, 1680. Сонда Тәуке талыпты.

Қобыланды қайрат бастады,
Сабырдың түбі сары алтын,
Тәукеден қорқып саспады.
Батыр Тәуке талған соң,

Сылқ еткізіп тақымнан
Көтеріп жерге тастады.
Мұрнынан қалмақтың
Бұрқылдап қаны атады,

Қан шүмектеп жатады. 1690. Ерсініп жүрген Тәукенің

Қобылан емес қатары.
Қобыландының қалмаққа
Осы келген сапары.
Әлден уақ болғанда,

Есін жинап ер Тәуке
Көзін азар ашады.

– Уа, ер Тәуке, ер Тәуке,

Қырық жігітті алғанда,
Батыр едің сен, Тәуке.

1700. Қан шүмектеп мұрныңнан,

Есіңді танған нең, Тәуке?
Қобыландының айбатын,
Қайтпайтұғын қайратын
Осы арада көр, Тәуке.

Алшағырдай ханыңа
Кешікпей хабар бер, Тәуке.
Қырық батырды алыстан
Көрген көзің осы деп,

Оң көзін ойып алыпты. 1710. Естір құлақ мынау деп,

Құлағын кесіп алыпты.
Тәуке міскін ғаріпті,
Қырық батырды қуалап,
Ұрған қолың осы деп,

Қолын кесіп алыпты.
Құлағын кесті шұнтитып,
Қарын кесті құнтитып,
Мұрнын кесті жымпитып.

Аяқтан басқа бұдыр жоқ, 1720. Қоя берді сымпитып.

– Алшағырға сәлем айт,

Тоқтарбайдың баласы
Батыр Қобылан ер едім,
Айтатын ханға дерегім,
Елсіздегі көліне,

Менің келген себебім,
Қырымнан келген қырық ерге,
Алшағыр, неге желіктің?
Өзіңе өзің сеніпсің,

1730. Қатты қорлық беріпсің.

Қырық батырдың кегі үшін,
Атқа міндім желденіп,
Желігіп келдім тербеніп.
Нулы көлдің бойында,

Тәуке батыр кез келіп.
Қарын кестім құнтитып,
Мұрнын кестім жымпитып,
Құлағын кестім шұнтитып.

Жеделімнен танбаймын, 1740. Қырық батырдың зәбірін,

Алшағыр, сенен арлаймын,
Қыр соңыңнан қалмаймын.
Қапы қалма, хабарла,
Қыл жалаулы еліңді.

Кешікпей жи, Алшағыр,
Еліңдегі еріңді.
Елшіңменен баян ет
Соғысатын жеріңді.

Дәмең болса ұрысқа, 1750. Қазып қой бұрын көріңді.

Сүйдеді де Қобыланды
Қаны аққан Тәукені
Зар жылатып қуады,
Тәукенің жанын сығады.

Есін танып бір жерге
Екпеттеп барып құлады.
Әлден уақ болғанда,
Орнынан азар тұрады.

Амалдап зорға құтылып, 1760. Осы көлден шығады.

Қарға менен құзғындар
Қанын көріп қуады.
Қайғы салды Қобылан ер
Ер Тәукенің басына.

Қатты батты жанына
Қобыланның өткір алмасы.
Қанды көріп қызығып,
Тыным бермей барады

Көлдің құзғын қарғасы. 1770. Тәлтіректеп баратыр,

Тура жүрер жолы жоқ,
Осы келген сапардың
Ер Тәукеге оңы жоқ.
Етін шұқып қарғалар

Тыным бермей барады.
Қағайын десе қолы жоқ,
Қобыландыға тап болған,
Бұл Тәукенің соры көп.

Шыбындай жаннан түңіліп, 1780. Әр бұтаға сүрініп,

Тұла бойдан аққан қан
Аяғынан шұбырып,
Кеудеде жаны қыдырып.
Күн бататын мезгілде

Алшағырдың үйіне
Еңіреп келді үңіліп.

– Ей, Алшағыр, Алшағыр,

Қайырлы ханым сен едің,
Қайтпас батыр мен едім.

1790. Қанша жауды көрсем де,

Қайтпайтұғын ер едім.
Патша, тыңда мұңымды,
Қайғылы болып келемін.
Сау жерім жоқ, ей, патшам,

Бүгіннен қалмай өлемін.
Көргенімді, Алшағыр,
Айтып өлсем деп едім.
Сен патша да, біз нөкер,

Сүйенішің мен едім. 1800. Әлім кетіп шаршадым,

Таңнан қалмай өлемін.
Нулы көлдің бойында,
Қарақыпшақ елінен
Тоқтарбайдың баласы

Қобыланды атты ер келді.
Жылқыны көзім көрген соң,
Қайтпаған тауым ер едім,
Жау келді деп желдендім.

Жау табылды маған деп, 1810. Қайтпай жауға шабам деп,

Қанша дұшпан болса да,
Жалғыз барып алам деп.
Көлде жатқан жылқыны
Мен олжаға алам деп.

Ойымда жоқ қорқыныш
Еркінсініп барғанмын,
Жылқыны қуып алғанмын.
Батыр аңқау, ер көдек,

Жеңілер көңіл ойда жоқ, 1820. Батырсынып барғанмын.

Өзімнің аңсыз ісімнен
Қайғы отына жанғанмын.
Көп айтуға әлім кем,
Ақылымнан танғанмын.

Көлде жатқан жылқыны
Дүркіретіп қуғанмын,
Өзімді-өзім ұрғанмын.
Қобыланды қуып артымнан,

Өз әліме қарамай, 1830. Ерге қарсы тұрғанмын.

Қарсыласып қарыстым,
Қылышпенен шабыстым.
Жұлып алды қылышты,
Ат үстінде алыстым.

Аударысып Қобыланмен
Бір азырақ қарыстым.
Ерлігі асып өрледі,
Маған ерік бермеді.

Аударып алып атымнан, 1840. Жеңуге Қобылан меңдеді.

Толықсып тұрған жасында,
Қырымнан келген қырық ер
Жолдасы екен қасында.
Қобылан екенін білмедім,

Мен ұрылдым қапылда.
Аударып алып торы аттан
Қатты басты тақымға.
Қобылан қатты соққанда,

Жаным көзге көрінді. 1850. Мұрнымнан аққан қара қан

Шүмектеп жерге төгілді.
Ғайыптан маған тап қылды,
Тоқтарбайдың баласы –
Қобыландыдай көрімді.

Қобыланды мені ұрды ғой,
Жел терістен тұрды ғой,
Қас масқара қылды ғой.
Мұрнымнан аққан қара қан

Етегімді жуды ғой. 1860. Қобыландының көк қылыш

Шыбын жанға өтті ғой,
Түп-түбіме жетті ғой.
Мен емес жалғыз, көп қалмақ
Кемеңіз құмға шөкті ғой,

Құлақ, мұрным кесті ғой.
Құлағымды кесті шұнтитып,
Мұрнымды кесті жымпитып,
Қарымды кесті құнтитып.

Қанша батыр десең де, 1870. Қобыландыдан кем болдым.

Шыны қорқақ мен болдым,
Еңіреп жылап сел болдым.
Қағайын десем қарым жоқ,
Қарға менен құзғынға

Орта жолда жем болдым.
Көргенім айтқан себебі,
Алшағырдай патшаға
Осылайша айт деп еді.

Көргенін айтып баяндап, 1880. Ғаріп болған ер Тәуке

Жұлдыз шыға өледі.
Келгенін Қобылан хан біліп,
Ер Тәукеге қайғырып,
Алшағыр қатты сасады.

Қайғырмай хан не қылсын,
Сүйеніші Тәукеден
Қалғаннан соң айрылып.
Таянады бүйірін,

Жасыған жездей майрылып. 1890. Қобыланды келген есер деп,

Халқымды әлек етер деп,
Елімнің оты өшер деп,
Басымнан бағым кетер деп,
Көзінің жасы төгіліп,

Омырауына нөсерлеп.
Жанынан үзіп күдерді,
Патшаның жүзі қарайды,
Қабағы ханның түнерді.

Бейпіл жатқан халыққа 1900. Жинал деп хабар жіберді.

Әмір жазды тағы да:
«Елінің ері келсін деп,
Бір қиындық іс болды,
Көзбенен келіп көрсін деп.

Қарақыпшақ жау келді,
Халқым көріп сенсін деп.
Сүйенішім ер Тәуке
Қайтпайтын жаудан сер Тәуке,

Талай жауға барғанда, 1910. Жауға соғыс салғанда,

Болған жоқ тіпті кем Тәуке.
Қарақыпшақ Қобыланды,
Сол секілді ерімді
Қас масқара етті ғой.

Елден озған ер Тәуке
Арманда болып өтті ғой,
Құлақ, мұрнын кесті ғой.
Қалмақ деген қалың жұрт,

Кемеміз құмға шөкті ғой. 1920. Жау көргенде қағатын

Төре менен бегілерім
Осы бүгін қағыңдар.
Халықтағы ерлердің
Баршасын жиып алыңдар.

Сансыз әскер қол болып,
Есебі жоқ мол болып,
Іргелес қатар қонған ел,
Қасымнан дұшпан болған ел

Жауға қарсы барыңдар. 1930. Шамаң келсе, батырлар,

Қарақыпшақ Қобыланнан
Тәукенің қанын алыңдар».
Азамат басын құрады,
Әскерін сансыз жияды,

Тұлпар мініп ту алған,
Жау дегенде қуанған,
Талай мықты батырлар
Қуанысып тұрады.

1940. Көп әскердің ішінен

Аталы сыншы қашаннан,
Екі адам шығады.

– Патшамызсың сен, – деді,

Екі сыншың біз, – деді,
Қобыландыны сынауға
Ұлықсат бізге бер, – деді.
Қаразым мен Сараман

Адамды сынап санаған.
Сынауға ешкім асқан жоқ,

1950. Бұл екеуі данадан.

Екеуі ханға келіпті,
Сынауға берді ерікті.
Сан жетпейтін топ әскер,
Қобыландыны алуға,

Қыпшақты барып шабуға,
Енді қалмақ желікті.
Тұс-тұсынан ту байлап,
Соғысқа шықты сансыз қол.

Қаруларын, ерлерін 1960. Алдына алып ыңғайлап.

Кілең батыр паң болып,
Жүрген жері шаң болып,
Көргендерге таң болып.
Бөріктері шыпырлап,

Арбалары шықырлап.
Аттылары аяулап,
Бірқатар әскер жаяулап.
Қызарып күн шыққанда,

Ерлер туын қолға алды. 1970. Қарақыпшақ еліне,

Баруға әскер жолданды.
Батыр Тәуке өлген соң,
Қалмақтың халқы арланды.
Шамырқанды, шамданды,

Беркінденіп қамданды.
Ер арланып бусанды,
Көкпеңбек қару құрсанды.
Есепсіз дәулет, малы сай,

Алшағыр ханның бағы сай, 1980. Көкпеңбек қару алғаны

Батырының бәрі сай.
Қапысыз болды құралы,
Лалаулап шапқан ұраны,
Ортасында Алшағыр

Үгітін айтып тұрады.
Ұлықсат алып көп әскер
Енді шәрден шығады.
Қобыланды да қамданып,

Ақбоз атқа мініпті. 1990. Шығыршықты көк сауыт,

Дулығасын киіпті.
Тасты кескен ақ алмас
Беліне құрсай іліпті.
Қалмақтан бар қауыпы

Қарауыл қарап жүріпті.
Ұлы сәске болады,
Күн сәскеге толады.
Көз жіберсе Қобыланды

Бұрқыраған тозаңнан 2000. Күн қараңғы болады.

Жауды болжап байқаса,
Айта берсе сөз жетпес,
Жау шетіне көз жетпес.
Жердің жүзін қаптаған,

Санағанда сан жетпес.
Аттан түсіп Қобыланды
Астындағы боз атты,
Шап айылын бос тартты,

Төс айылын қос тартты. 2010. Үзеңгісін ұзартты,

Шабуға жауға құмартты.
Құйысқанын қысқартты,
Қайтар Қобылан ер емес,
Әскерге қарап жөн тартты.

Боз қырқа жардың басында,
Қарсы келді көп әскер
Қобылан атты батырға,
Қайтпайтын жаудан батылға.

Қайтпас жүрек, берен ер, 2020. Жаңа талап жас ұлға.

Екі сыншы алдымен
Қобыланға жақын келеді.
Анадайдан көреді,
Аталы сыншы неме еді.

Көрген соң-ақ Қобыландыны
Еңіреп жылай береді.
Көздің жасын төгеді,
Қалмақтардың ерлері

Жылайсың деп сыншыға, 2030. Қатты сөгіс береді.

– Жылауың сенің нешік? – деп

Ту ұстаған Алшағыр, –
Себебін айт, – деп еді,
Екі сыншы сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

– Тоқтарбайдың ер Қобылан

Айтулы ердің өзі екен,
Керемет күші көп екен.
Қобыланды батыр дегені,

2040. Өтірік емес шын екен.

Он екі мүше, таза тән,
Бәрі бірдей тең екен.
Ақылға асқан кең екен,
Жаннан қайтпас ер екен,

Ерінбей шабар сер екен.
Біздер қой да, ол қасқыр,
Ойып, қырар бөрі екен.
Амал ойла падишам,

Осы сынау жөн екен. 2050. Желігіп тұрған батырлар

Айтқанына нанбады,
Жеделінен танбады.
Оңай емес бір кісі
Көп кісіні алмағы.

Мақұл көрді соғысты,
Сансыз әскер қалмақпен
Жалғыз өзі Қобыланды
Қолына берен ту алды.

Жауды көзі көрген соң 2060. Жүрегі қызып, қуанып,

Қыпшақтардың да адамы.
Қырық жігіті сайланып,
Артында тұр құралып.
Қобыланды жас жүрек

Қайтпас жаудан батыр-ды,
Зерек көңіл, ақылды,
Жекпе-жек деп ақырды.
Дәмең болса келіңдер,

Жалғыз тұрып шақырды. 2070. Айтулының өзі еді,

Ауызға толы сөз еді.
Қанша жауға барса да,
Шалдырмай қайтқан неме еді.
Алшағыр хан-патшаға

Немере жақын сол еді.
Қара обадай қарасы,
Келбеті келген неме еді.
Астында ала тұлпармен

Жекпе-жекке келеді. 2080. Екі жақтың адамы

Алыстан байқап көреді.
Жекпе-жекке шыққан ер
Қарабек саспай келеді.
Айнымай Қобылан тұрады,

Осындай жақын келгенде,
Қалмақ та болса үлкен деп,
Сәлем берді иба етіп,
Тоқтарбайдың шырағы.

Сәлемін құп деп алады, 2090. Қарабек сөйлеп қарады.

– Сен Қобыланды батыр саналы,

Халық мақтап жүрсе де,
Көріндің көзге шамалы.
Ақылды туған ер болсаң,
Құрмет етсең ағаны,

Қарекең кезекті алады.
Өзіңе-өзің сенесің,
Батырсынған немесің.
Менің атым Қарабек,

2100. Қалай маған төзесің?

Мықтымсынған ерлердің
Ойғанмын неше төбесін.
Сан жетпейтін көп жаудың
Ішкіздім қаннан кересін.

Сен кіші де, мен үлкен,
Кезегімді бересің.
Сонда Қобыланды сөйлейді:

– Рас, үлкен ағасың,

Келбетіңе қарасам, 2110. Білгендей ақыл данасың.

Жақсы айтасың, Қареке,
Менен үлкен ағасың,
Бұрын туған данасың.
Өзіңнен қораш сен көрдің

Қобыландының қарасын.
Еркіңменен сөйлейсің,
Осы жерде-ақ мені аласың.
Көлденеңнен көз салған,

Кім мықты да, кім осал, 2120. Көрер халық шамасын.

Иә, Қареке, Қареке,
Ерге жедел шын керек.
Ер қолына ту керек,
Әркімге де ел керек.

Жауды көзі көргенде,
Айнымай шабар ер керек,
Қайтпас қайсар сер керек.
Көтере бойдан пайда жоқ,

Аспанменен таласқан 2130. Толып жатыр бәйтерек.

Жасың үлкен ағасың,
Жасы кіші ініден
Кезегіңді аласың.
Кезек алып Қарекем,

Байқап алсын шамасын.
Кешікпей-ақ халық білер
Мықты мен осал арасын.
Атақты батыр даңыңыз,

Қаруыңды болаттан 2140. Қайрап тасқа жаныңыз.

Сен үлкен де, мен кіші,
Кезегіңді алыңыз.
Қобыланды кезек берген жер,
Қайтпайтұғын Қарекем,

Өзіне өзі сенген ер.
Талай жауды жаулаған,
Ежелден мықты кемеңгер.
Өзге жаннан өзгеше,

Бөтен ерде келбеттен, 2150. Мұндай біткен бойда жоқ.

Заманында адамнан
Жеңілем деген ойда жоқ.
Еңсесінде сексен шоқ,
Садақ толған саркез оқ.

Қобыландыны алам деп,
Қарабек ердің көңлі тоқ.
Алмасын қайрап безеді,
Өткірлеп оғын кезеді,

Өзіне-өзі сенеді. 2160. Қайтпас қайсар ер Қобылан

Жасы үлкен қалмақ деп,
Кезегін берген ер еді.
Үшке дейін кезекті
Беруге Қобылан серт етті,

Қарабек атты батырға.
Екі батыр кездесті,
Көктөбенің басында.
Темірден құйған шоқпарды,

Қарабек қолға алыпты. 2170. Ашуланып ақырды,

Мықтылығы анық-ты.
Дүрілдетіп шоқпармен
Тас төбеге салыпты.
Ойына Қобылан келмеді,

Тас кескен ақ алмаспен
Қарабек тағы сермеді.
Шапқан алмас өтпеді.
Шақпақ қылыш ер Қобылан

Жасық пышақтай көрмеді. 2180. Керулі тұр садағы

Үш кезектің ең соңы
Оқты толғап алады.
Тасқа тиген нәрседей
Кейін қайтып барады.

Ерге қару себепті,
Саржаға Қобыланды
Болат садақ кезепті.
Табан тіреп қалмаққа,

Тартып беріп қалады. 2190. Тоқтайтұғын оқ емес,

Батырдан зулап ағады.
Жолда тұрған қалмақ көп,
Талайларын қағады.
Қыл жалаулы көп қалмақ

Лаулап ерді қамады.
Кезекке ешкім келмеді,
Қарабегі өлген соң
Шулап қалмақ еңіреді.

Қамап келген көп жауға 2200. Қобыланды ерік бермеді.

Жауға Қобылан кірген соң,
Талайы құлап көлбеді.
Ел бастығы Алшағыр
Қобыланды байқап сынапты.

Қарабегі кеткен соң,
Қапыда ісі өткен соң,
Басынан заман кеткен соң,
Еңіреп өксіп жылап тұр,

Көзінің жасын бұлап тұр. 2210. Ақылгөйі жолдастан,

Сасып ақыл сұрап тұр.

– Ал, жолдастар, жолдастар,

Уәзір жолдас қол бастар.
Кел, ақылдасып қарайық,
Ойласып ақыл табайық.
Түрі жаман ер екен,

Сендерге ақыл салайық.
Мақұл көрсең, жолдастар,
Амал бар ма көнейін,

2220. Біз мықтымыз демейін.

Елшілікке ол көнсе,
Қобыланға билік берейін.
Ел билігін берген соң,
Айтқанына көнген соң,

Дос боласың Қобыланмен
Бөтен көрмес қалмақ деп,
Бір-біреуге сенген соң,
Амандықта, саулықта,

Бүтіндікте, барлықта. 2230. Осындай амал етпесек,

Түрі жаман ер екен,
Қалдырар бізді тарлыққа.
Не десе де көнелік
Қобыланды айтқан жарлыққа.

Әміріне көнейік,
Енді пәлен демейік.
Өзіне ерік берейік,
Көңілі өссін мерейің.

Айтқанын ердің қылайық, 2240. Осыным болар ылайық.

Амал бар ма, бегілерім,
Амалсыздан шыдайық.
Достасып тату болған соң,
Сырын берер Қобыланды ер.

Қайтпайтын жаудан батыр, шер,
Айла, ақылы көп екен,
Білікке асқан кемеңгер.
Ақылмен алдын орайын,

Қобыланмен досты болайын. 2250. Көргенмін жаудың талайын.

Артық көрдім ішіңнен,
Ақыл ойлар сарайын.
Қобыландыменен дос болып,
Жайғасқан соң байтақ ел,

Ақырын өзім қарайын.
Қорыққан хан Алшағыр,
Жанынан үзген күдерді.
Қараңғылық күн түсіп,

Қайғыға қалмақ түнеді. 2260. Дос болам деп Қобыланға,

Алшағыр елші жіберді.
Батыр аңқау, ер көдек,
Алшағырға сенеді,
Айтқанына көнеді.

Дос болуға ханменен
Қобылан уәде береді.
Құшақтасып ханменен
Дос болатын жер еді.

– Ей, Алшағыр, Алшағыр,

2270. Бір айтатын сөзім бар,

Сөз тыңдайтын жөнің бар.
Бейпіл өскен елің бар,
Досты болсаң тілімді ал.
Алатұғын жөнің бар.

Болмасын бізде алалық,
Қалмасын ойда қаралық.
Шын достықта болмасын
Алшағыр патша, шалалық.

Шіге тие көшейік, 2280. Ірге тие қонайық.

Бір тілекте, бір дінде,
Алшағыр хан, болайық.

– Не десең де көндім деп,

Қобыланды, саған сендім деп,
Бір діндемін, Қобыланды,
Билігімді бердім, – деп.
Көңілдесіп, сенісіп,

Құшақ жайып, көрісіп,
Дос болдық деп сенісіп,

2290. Бір-біріне сенген жер,

Уағдасын берген жер.
Уағдасын берген соң,
Бір-біріне сенген соң,
Келісімге келген соң,

Дос болысып тарады,
Қалмақтар елге барады.
Алшағыр патша елімен,
Еліндегі ерімен

Ақылдасып қарады, 2300. Маслихатқа салады.

Шарасыз қалмақ сенеді,
Қобыландының айтқанға,
Амалсыздан көнеді.
Қыпшақ деген ауылды

Достықпенен қонаққа
Шақырған осы жер еді.
Қалмақтардың кеңесі,
Осылай болды себебі.

Қуаныш көңіл қоштыққа, 2310. Алшағыр хан той қылды,

Қобыландымен болған достыққа.
Ел шақыр деді Алшағыр,
Әмір етті бастыққа.
Қыпшақты қонақ қылғанша,

Тимеді басы жастыққа.
Байтақ қалмақ ел келді,
Қалмай халық тең келді,
Сән, сайманмен тең келді.

Бозбала мен қыз бала,
Қалмастан бәрі тең келді.

2320. Қалмақ тыныш тапқан соң,

Ажарланып Алшағыр,
Хан көркейіп өңделді.
Елін жиып алған соң,
Қыпшаққа хабар берді енді.

Қыпшақ ауыл бәрісі,
Жасы менен кәрісі,
Қуанышты сол қыпшақ,
Шақырған соң ол тойға,

Баршасы атқа мінеді, 2330. Қонаққа қыпшақ жөнелді.

Ер қабылы деген сөз,
Шын тілегін тіледі.
Бозбала мен қыз бала,
Жастары жүрді сәнменен,

Ащы дауыс әнменен.
Домбыра, сырнай, салтанат,
Келді қыпшақ пәнменен.
Қалмаққа қонақ барады,

Түсіріп қонақты алады, 2340. Қонағын жақсы бағады.

Қызметі қалмақтың
Келгендерге жағады.
Қонаққа келген сыйлық деп,
Ат мінгізіп астына,

Қарттарға шапан жабады.
Көрмеген сыйлық қыпшаққа,
Батыр Қобылан көргізді,
Ерлігін халыққа сенгізді.

Еркек, әйел бәріне, 2350. Жасы менен кәріге

Сансыз сыйлық бергізді.

– Астана қалмақ елдері,

Бәріңіз бермен кел, – деді.
Достылығың шын болса,
Айтқаныма көн, – деді.
Бір тілекте болайық,

Мұсылманның дініне,
Ризалықпен көн, – деді.
Айтқанына Қобыланды көндірді,

2360. Бір дінге қалмақты ендірді.

Алдырман деген қалмақтың
Жеделін ішкі сөндірді.
Қыпшақтың елін қуантып,
Батыр Қобылан естірді,

Қалмаққа салып дестірді.
Көңіліндегі ер сөзін
Халқына сонда естірді.
Сексендегі шалдардың

Еркек кіндік бар жанын 2370. Біреуін қоймай кестірді.

Қобыланмен дос болған соң,
Қуанды қалмақ елі енді,
Тыныштық тапты ер енді.
Қобыланнан аман болған соң,

Қуанышқа кенелді.
Тарту алып олжамен,
Ырзалықпен қыпшақтар
Аулына қайтты сол енді.

Қалмақ пенен қыпшақтың
2380 Тілегін қосқан жер енді.

Әлқисса, Қобыланды мен Алшағыр хан дос болады. Қалмақ пен қыпшақ арасындағы жаулық бітеді. Екі ел бірімен бірі достасып қонақ болады, құрмет көрсетеді. Алшағыр ханның қол астына қараған ел мұсылман дініне кіреді. Қобыландының көшіп келген елі Жиреннің көлін мекен етіп жайлайды. Осы мезгілдің ішінде бейбітшілікпен екі жыл өтеді. Құртқа мен Хансұлу еріккен уақытта әлпеншек тебу үшін Жиреннің көліне терек ектіреді. Ол теректі жақсылап күтіп тез өсіреді. Екі жыл ішінде көлеңкесіне жел уездейтін шынардай биік терек болады. Алшағырдың достығы достық болады. Достасып осылай өмір өте береді. Алшағыр хан Қобыландыға сездірмей өзінің би мен бегін шақырып алып ақылдасады, біз осылай Қобыландының қарамағында отыра береміз бе, немесе Барса деген ханға мұңымызды шағып, Қобыландыдан кегімізді алсақ қайтеді деп кеңеседі. Ақыр осылай ұйғарады.

Ойласып амал табады,
Барса келмес патшаға
Астыртын қағаз жазады.
«Батыр патша сен едің,

Атақты Барса ер едің.
Елің алыс болса да,
Сүйенішім сен едің.
Қалмақтың қорған басшысы,

Паналы бақша терегім. 2390. Хат жазған сізге себебім,

Тарылды менің заманым,
Болмады, Барса, амалым.
Тоқтарбай ұлы Қобыланнан
Қатты көрген қорлық бар,

Бізге қылған зорлық бар,
Соны сізге шағамын.
Барса, жәрдем бермесең,
Құрыды менің амалым.

Қарақыпшақ қазақтан 2400. Қобыланды деген ер келді,

Ел шабуға келді енді.
Қалмақтың ері Тәукеге,
Келе өлім берді енді.
Екінші батыр Қарабек,

Қобыланнан бұ да өлді енді.
Батыр Қобылан келген соң,
Тарлықты қалмақ көрді енді.
Айламенен амалдап,

Срокпен тыныстап, 2410. Біз тұрамыз самалдап.

Өп-өтірік дос болдық,
Тапқан айла амалдап.
Сен болмасаң, ер Барса,
Жаққан отым өшті ғой,

Халқымнан кеңдік кетті ғой.
Қорлық елге жетті ғой,
Қыпшақтың көңлі өсті ғой.
Қалмақты дінге кіргізіп,

Қас масқара етті ғой. 2420. Сексендегі шалымды,

Жасым менен кәрімді,
Біреуін қоймай кесті ғой.
Амалдайын, алдайын,
Ер Қобыланды арбайын.

Жіберейін, ал Барса,
Қалай болар жағдайың?
Күтіне бер, Барса хан,
Ерлердің жина маңдайын.

Күтінсін, бекінсін еліңіз, 2430. Даярлансын еріңіз,

Ерлерге әмір беріңіз.
Жылап тұрған көзім бар,
Өксіп тұрған өзім бар.
Қыпшақтан көрген зәбір бар,

Беркінде жатқан елің бар.
Елде талай ерің бар,
Ішімде қайғы, шерім бар.
Өтінемін мен сізге,

Қарасатын жөнің бар». 2440. Алшағырдың бұл хаты

Хан Барсаға барады.
Пешатын хан бұзды да,
Көзін салып қарады.
Жазған хатқа түсініп,

Арызын қабыл алады.
Жіберемін Қобылан дегені,
Патшаға әбден жағады.
Хатқа әбден түсініп,

Ерлер менен бегілерді, 2450. Шақыртып Барса алады.

Ақылдасып, ойласып,
Жазған хатты қоштасып,
Қуанысып тұрады.
Сонда Барса сөйледі:

– Батыр батыр болар ма,

Халық үшін арланбай,
Көріп жауды шамданбай.
Мұқата ма дұшпанды
Халық үшін арланбай.

2460. Жіберемін мен жазып

Алшағырға хатымды.
Ұрудың ары жақын-ды,
Арға шабу мақұл-ды.
Қару, қапшық сайланып,

Күйлеп тұр ерлер атыңды.
Есітемін хабарын,
Жаннан қайтпас ер дейді,
Сескенбейтін сер дейді.

Хабар берді Алшағыр, 2470. Батыр туған ер Қобылан

Жақында атым ерлейді.
Достығына наныпты,
Алшағырдың айтқаны
Өтірік емес, анық-ты.

Жіберем деп Қобыланды,
Құпия қағаз жазыпты.
Бізге де қиын сын болар,
Кәріп болған Алшағыр,

Халқына жәрдем бермесек, 2480. Көзінің жасын көрмесек.

Айтқанының бәрі жөн,
Көңілмен аңдап серлесек.
Бізге де қиын сол болар,
Тарлықта тұрған халықтың

Кегін алып бермесек.
Ерлер атын баптайды,
Шынарға найза саптайды,
Алмас қылыш қаптайды,

Шын болаттан суарып, 2490. Жаңалап, қынап қаптайды.

Қобыландыға күтініп,
Жігерін ішке сақтайды.
Хан Барсаның елінен,
Қуаныш келді, шат келді,

Күтініп қалмақ жатты енді.
Қобыландыны алдап жібер деп,
Халықтың басы хан Барса
Алшағырға хат берді.

Ер Барсаның жазған хат 2500. Алшағырға келеді,

Хатын оқып көреді.
Қорыққан мен қуанған
Екеуі бірдей деген сөз,
Көзінен жас төгеді.

Қобыландыны жібер дегені,
Қуанған осы себебі.
Отыз төре, қырық бегі
Шақыртып хан алыпты.

Келген бегілер анық-ты, 2510. Ақылдаса қалыпты.

Құтқарам деп бейнеттен
Қалмақтың ханы ер Барса
Амалсыз тұрған халықты
Кеңшілікке шығаріп,

Көрсетем деп жарықты.
Сипаймын деп маңдайдан,
Лажсыз тұрған ғаріпті.
Амалдың таптым қандайын,

Айлаға айла жалғайын. 2520. Қобыландыны алдайын,

Алдайын да арбайын.
Қатты қолға алайын,
Ақыл, амал табайын.
Амалсыз қорқып дос болған,

Хан Барсаның еліне
Қобыландыны жұмсап қарайын.
Қолға қалам алады,
Айла, амал табады.

Ойлағаны жамандық, 2530. Алдайын деп Қобыланды

Жазып мұңын шағады.

– Шыны достым сен едің,

Алшағыр досың мен едім.
Басыңа қиын іс түссе,
Қайрылармын деп едің.
Достылығың шын болса,

Арызымды аласың.
Қиын жерге жұмсаймын,
Досым десең барасың.

2540. Берікте жатқан жауым бар,

Құлатасың қаласын.
Бар мақсатым бітеді,
Шулатсаң қатын, баласын.
Көп өтінер сөзім бар,

Шыны достым болған соң,
Өтінуге жөнім бар.
Барсакелмес патшада,
Алынбай жатқан кегім бар,

Қорлықпен көрген зәбір бар. 2550. Достым болсаң сенесің,

Айтқан сөзге көнесің.
Хан Барсаның қатты жау,
Ханнан ішкіз кересін.
Батыр батыр бола ма,

Жауының оймай төбесін.
Бар арманым тарқайды,
Хандардың басы Барсаны,
Көңілден қайғым кетуге,

Қуанып көңілім өсуге, 2560. Әкеліп басын бересің.

Қайғы ашуым басылмас,
Әкеліп басын бермесең,
Өлгенін Барса көрмесем.
Көрген тарлық көп еді,

Көңілге салып серлесем.
Екі жақсы дос болар,
Достықпен көңіл қош болар.
Шын достықтың белгісі,

Досының кегін еске алар. 2570. Екі жаман дос болар,

Достықтың арты бос болар.
Барсаның басын әкелсең,
Қуанып көңілім қош болар.
Жіберген хатын Қобылан алады,

Қағазды оқып қарады.
Жиды қыпшақ елдерін,
Қырық батыр ерлерін.
Халқына ақыл салады,

Ақылдасып қарады. 2580. – Өтінген Алшағыр маған деп,

Қырымнан келген қырық батыр,
Сендерге ақыл салам деп,
Досым маған өтінген,
Достың тілін алам деп.

Қарақыпшақ халқымсың,
Баршаңа ақыл салам деп.
Мақұл көрсең, жолдастар,
Осы жауға барам деп.

Өтінген соң Алшағыр, 2590. Бармай неғып қалам деп,

Хан Алшағыр доспенен,
Уәдем берік, тамам деп.
Қартқожақ сонда сөйлейді:

– Алдыңда ағаң мен едім,

Сүйенішім сен едің.
Сізге тізгін беремін,
Не десең де көнемін.
Алшағырдың қамаудан

Қырық жігіттің шыққаны 2600. Қобыланды, сенің себебің.

Алшағырға барыңыз,
Аузынан жауап алыңыз.
Ерік өзіңде, Қобыланды,
Сүйенгені жалғыз сен,

Бұл қыпшағың қалай дер,
Жасы менен кәріңіз.
Қобыланды Алшағырға бармақ болды,
Патшадан барып жауап алмақ болды.

Ерлерге уәде менен достық қымбат, 2610. Сөйлесіп жауабына қанбақ болды.

Сол күні Алшағырға Қобылан келді,
Келді де шын досына сәлем берді.
Төресі, бегілермен қасында отыр,
Амандық баршасының жүзін көрді.

Қолдасты амандасып баршалары,
Жиылған мәжілісте жас пен кәрі.
Құрметтеп Қобыландыны қарсы алады,
Сыйлады құрмет етіп халықтың бәрі.

Қобыландының келген жер, 2620. Ханға сәлем берген жер,

Құрмет еткен қалмақтың
Сый, құрметін көрген жер.
Ортасында отырды
Сыйлық көріп Қобыланды ер.

Қалмақтың басы Алшағыр,
Айла, ақылға кемеңгер.
Алшағырдың айтқан сөз,
Құлақ сал, халық, тыңдай бер.

– Көңілімдегі сөзімді,

2630. Айтамын, Қобылан, мен деді.

Құшақтасып дос болған,
Шыны досым сен деді.
Тілейтұғын тілек бар,
Тілегімді бер деді.

Дос болғалы сізбенен
Көңілім өсіп өрледі.
Қалмақтың басы Барсада,
Алынбай жатқан арым бар,

2640. Жұмсаймын, досым, мен деді,

Шыны досым сен болсаң,
Арымды алып бер деді.
Өтінетін сөзім бар,
Жалынып тұрған өзім бар.

Қалмақта мықты Барсада,
Алынбай жатқан кегім бар.
Көрген қорлық зәбір бар,
Әперетін кегімді,

Қобыланды батыр, жөнің бар.
Талай батыр, хан, бегі

2650. Ер Барсаға барыпты.

Барған адам қайтпаған,
Мықтылығы анық-ты.
Кейін қайтқан адам жоқ,
Соған барған батырлар

Сол шаһарда қалыпты.
Барса келмес атақты
Сол себепті алыпты.
Барсаға шабам деген ел,

Әр мақсаты болмаған, 2660. Барған адам оңбаған.

Барса келмес патшаға
Бақыт пен ерлік орнаған.
Атса мылтық өтпеген,
Шапса қылыш кеспеген.

Өресі адам жетпеген,
Ары жауға кетпеген.
Айтулының өзі еді,
Талайды басып жер еді.

Өзінің аты ер Барса, 2670. Келмес деген атағы

Барған адам шәріне
Қайтпады бірі деп еді.
Қорықпасаң, шын досым,
Сіз Барсаға барыңыз,

Досыңның тілін алыңыз.
Сізбенен досты болған соң
Жарқырап атқан таңымыз.
Көрген қорлық, кегім бар,

Кеткен талай арымыз. 2680. Ар әперсең Барсадан

Сая табад жанымыз.

– Достың түбі қиындай,

Алшағыр, салдың бүйімді-ай.
Достым маған қиылды-ай,
Тау қайыру қиындай.
Достың тілін алмасам,

Жұмсағанға бармасам,
Ерлігіме шын ұят.
Зейінмен аңдап ойласам,

2690. Жұмысыңа барайын,

Алшағыр, тіліңді алайын.
Досым үшін бір сапар
Мен Барсаға барайын.
Жоғары болса талайым,

Барсаның елін шабайын,
Қылышты қанға малайын.
Сенің үшін, жан досым,
Ажалым жетсе егер де,

Жау ішінде қалайын. 2700. Пәлен, түген демейін,

Жақсылық пен жамандық,
Маңдайымнан көрейін.
Көк найзамды безейін,
Сарыжамды кезейін.

Бір басымды санға теңейін.
Атаңа нәлет Барсаның
Қабырғасын сөгейін.
Көңіліңде арман бар болса,

Барса келмес батырдың 2710. Әкеліп басын берейін.

Уағдасын береді,
Барса келмес патшаға
Барамын деп Қобыланның
Серт байласқан жері еді.

Қағаздасып қанменен
Қыпшаққа қайтқан жер еді.
Уәде беркін қылады,
Қыпшақтың Қобылан шырағы

Қыпшақ елін жияды. 2720. Жауға сапар етуге

Садақа тойын қылады.
Жиылған ел, халқына
Құрмет етіп тұрады.
Құлағың сал, кел тыңда,

Қырымнан келген қырық батыр.
Жолдас болған ерлерім,
Жасы үлкен аға мен
Заманы бірге теңдерім.

Алшағыр хан досыма
2730 Менің барып келгенім.
Уәде еткен сөзім бар,
Барып қайтқан өзім бар.

Алшағыр хан досым бар,
Барсадан көрген зәбір бар.
Өзім Қобылан болған соң,
Кегін жоқтау жөнім бар.

Достың тілін аламын,
Уәде еттім ханменен,
Еліне Барса барамын.

2740. Жұмсаған соң жан достым,

Бармай неғып қаламын?
Қайырмаңыз, уа халқым,
Қобыланның сапар талабын.
Сөйледі Қобылан желігіп,

Көтеріліп серігіп,
Көптен жауға бармаған,
Қобыланды жүрген ерігіп.
Азамат басын құрады,

Барамын деп сол жауға 2750. Халқынан ұлықсат сұрады.

Қарақыпшақ көп халқы
Уайым етіп жылады.
Жыламай халқы не қылсын,
Тоқтарбайдың ер Қобыланы

Қыпшақтың қорған шырағы,
Қарт, кәрісі жылады,
Көздің жасын бұлады.
Елге қорған Қобыланның

Ханға уәде еткен соң, 2760. Қарақыпшақ халқында

Болмайтын болды тұрағы.
Қыпшақ елі жылап тұр,
Көздің жасын бұлап тұр.
Қайта-қайта Қобыланды,

Барамын Барса ханға деп,
Ұлықсат елінен сұрап тұр.
Сексенге келген Тоқтарбай,

– Қорқамын жолдан мен, – деді,

Желікпе балам сен, – деді. 2770. Батыр аңқау, ер көдек,

Ақылың сенің кем, – деді.
Қарақыпшақ жылап тұр,
Тілегін елдің бер, – деді.
Айласы көп Алшағыр,

Амалмен әдіс еткен-ді.
Барса келмес патшаға
Астыртын қағаз жеткен-ді.
Жан қайтпайтын ер Барса,

Алдырмайтын өктем-ді. 2780. Өтірік алдап, дос болып,

Көрген қорлық баршасын,
Барсаға баян еткен-ді.
Атаңа нәлет ит Барса
Талай жауды өткерді.

Қалмақ деген көп халқын,
Мақсатына жеткерді.
Айласы көп Алшағыр
Өтірік сізге дос болып,

Қобыланды, сені алдаған,
Залымдықпен арбаған.
Тілімді алсаң, Қобыланды

2790. Пайдамыз болар бармаған.

Айла, амал еткен-ді,
Барсаға хабар жеткен-ді.
Әр өтірік дос болған,
Көрген қорлық баршасын,

Барсаға баян еткен-ді.
Көңіліндегі мүддесін,
Күні бұрын жеткерді.
Сен кеткен соң, Қобыланды,

Қайғы берер Алшағыр 2800. Қарақыпшақ еліңе.

Қожа болар Алшағыр
Жирен қопа көліңе.
Халқыңды келтірер,
Өзінің деген жеріне.

Көрсетер елге зәбірді,
Тілін алсаң қалмақтың
Бересің қолдан кегіңді.
Тыңдамай кетсең сөзімді,

Досың ояр көзімді. 2810. Қарақыпшақ халқыңыз,

Қысыммен көрер зәбірді.
Айырсаң бізден шегіңді,
Қор етер қалмақ еліңді.
Сындырар бекем белімді.

Алдағанға кетсеңіз,
Көрерміз қысым, зәбірді.
Сонда Қобылан сөйлейді:

– Жылама, ата, жылама,

Көзіңнің жасын бұлама. 2820. Қауырсыны қатқан соң,

Жата ма бүркіт ұяда.
Белгілі берен ер жігіт,
Бек сауытқа сия ма.
Қас жастықтың белгісі

Жауға жанын қия ма.
Менің сапар жолымды,
Осы сапар сұрама.
Шын иланып мен жүрмін

Алшағырдың сөзіне. 2830. Қаһарлансам кім шыдайды,

Сарыжаның кезіне.
Дұшпандықпен жұмсаса,
Обалы болсын өзіне.
Ақырында, уа, халқым,

Жауыздық қылса егер де,
Алшағыр хан қалмақтың
Халқым шұқыр көзіне.
Дос болып жүріп қас болса,

Обалы болар өзіне. 2840. Сөйледі Аналық анасы

Қобыланды жалғыз баласы.
Айрылар болды халқынан
Қобыланның арасы.
Атасы әйел болса да,

Білікпен артық санасы.

– Қобыланды, сені көрмей тұрғанда,

Жиылған халық жиында,
Тау қайырып бетіме,
Қайырсыз бетке ұрғанда.

2850. Дүниені бүлдіріп,

Тоқсан саба тілідіріп,
Керегеге ілдіріп.
Баласыздық зарпынан
Малды талақ еткенмін.

Мал, мүліктің бәрінен
Талақ салып кеткенмін.
Көзден аққан ыстық жас
Қойыныма төккенмін.

Қу таяғым қолға алып, 2860. Тоқтарбаймен қыдырып,

Көзімнің жасы шұбырып,
Дамылдамай жүгіріп,
Перзенттен кеткен түңіліп.
Елді талақ еткенмін,

Талақ салып кеткенмін.
Маңғыстауды жағалап,
Әулие іздеп аралап,
Қаразымға жеткенмін.

Тоғыз жүз тоқсан әулие, 2870. Баршасын да аралап,

Әулие қоймай саралап,
Он екі айдың жүзінде,
Он үшінші айдың күзінде,
Құлыным Қобылан, сені көргенмін.

Көрген қызық баршасы,
Бір күнгідей болған жоқ,
Неге, Қобылан, желдендің.
Алшағырға алдандың.

Жалғызым, бүгін жерлендім, 2880. Өлдім, талдым дегенде,

Өштім, жандым дегенде,
Құлыным, сені көргенмін.
Тілімді алсаң, шырағым,
Жөнді болар бармаған.

Алшағыр хан дос болып,
Қобылан, сені алдаған.
Амалымен арбаған.
Айрылып сенен бұл елде

Қалайша енді тұрамын? 2890. Тілімді алсаң бармаңыз,

Айламенен алдаған
Бұл дұшпанға нанбаңыз,
Алданып қапы болмаңыз.
Айласы көп Алшағыр

Айламенен дос болды.
Шырағым амал еткен-ді,
Барса келмес батырға
Осы хабар жеткен-ді.

Көргенінің баршасын, 2900. Хан Барсаға өткерді.

Алдағанға алданып,
Алданып бекер сандалып.
Қарақыпшақ көп халқың
Қалмасын жылап зарланып.

Сен кеткен соң, Қобыланды,
Қарттарың қалар сандалып.
Қожа болар Алшағыр
Қоныс еткен жеріңе.

Қысым берер Алшағыр 2910. Қарақыпшақ еліңе.

Ерік бермес еркінсіп,
Жирен қопа көліңе.
Қалмақтар шығар еріксіз,
Еркінсіп қыпшақ төріне.

Осы жауға сен кетсең,
Дүние, малың тұл болар.
Сексеннен асқан Тоқтарбай
Ақырында құл болар.

Қарақыпшақ халқыңыз 2920. Кеңшілікке мұң болар.

Менің айтқан бұл сөзім,
Ақырында шын болар.
Жайнаған сәулет заманым,
Тұман басқан түн болар.

Тұлымынан сипаған,
Қаншадай қызым қалмаққа
Шарасыздан күң болар.
Ардақтаған ұлдарым

Бастарында ерік жоқ, 2930. Ықтиярсыз құл болар.

Сен кеткен соң халқыңды,
Қорғап бағар кім болар.
Қайрылмас бала болар ма,
Ата менен анаға.

Тілек бермек болар ма
Еңіреп көрген балаға.
Қайғыланып жылап тұр
Ағайын, халқың жана да.

Атаңа нәлет Алшағыр
2940 Айламенен алдап тұр,
Көңіліңе салып сен қара.
Сен кеткен соң, Қобыланым,

Тарылар деп қорқамын
Кеңдік көрген замана.
Сонда Қобылан толғайды,
Толғап тұрып ойлайды,

Ойламасқа болмайды.
Мұңын айтып шешесі
Қайта-қайта зарлайды.

2950. Уәде еткен сөзі бар,

Сонда Қобылан танбайды.
Сапар қылды ниеті
Елін баққан Қобыланды.

– Тоқтарбай қарт үй иесі,

Достың тілін алуға,
Жұмсағанға баруға,
Қобыланды балаң желденген,
Әруақ қызып тебренген.

Бармасыма шарам жоқ, 2960. Алшағыр хан досыма

Қатты уәде сөз бергем.
Уәдемнен тана алман,
Сапарымнан қала алман.
Жақсылық пен жамандық

Жаратушы панамнан.
Батаңды берсең ұлықсат деп,
Аламын ата-анамнан.
Тәуекелге мінген соң,

Сөзден қайтпас Қобылан ер, 2970. Жаудан таймас біздей сер.

Ниеті болсын жолдасы,
Алшағыр патша қас болса,
Ақырын байқап күтіп көр.
Тоқтарбай мен Аналық

Қолыңды жай да, бата бер.
Ата менен анасы
Екеуі қолын жаяды,
Қарттардан бата алады.

Қайырлы болсын сапар деп, 2980. Кемпір-шал бата қағады.

Қарындасы Қансұлу
Ер көкем деп жылады.
Көзден аққан қара жас
Омырауын жуады.

Алдындағы ағасы
Қорған сүйеу панасы.

– Сапарың қи, – деп сұрайды.

Алдымда панам сен едің,
Артында нашар мен едім.

2990. Ардақты менің болғаным,

Көкем, сенің себебің.
Атамның тілін алмадың,
Анаңның айтқан сөзіне,
Көкем, құлақ салмадың.

Алшағырдай залымға
Қатты уәде еткен соң,
Жеделіңнен танбадың.
Қобылан көкем, саналым,

Өзіңе ерік саламын. 3000. Тілекті бізге бермесең,

Нешік болар амалым?
Атаңа нәлет Алшағыр,
Айламенен дос болған,
Тарылтар деп қорқамын,

Қыпшағыңның заманын.
Тілімді алсаң бармағын,
Көңілі бөтен алдаған,
Алшағыр дұшпан қалмағың.

Сен кеткен соң түсірер, 3010. Халқыңа ауыр салмағын.

Сен кеткен соң батырар,
Аналық пен Тоқтарбай
Қартыңа да бармағын.
Қиындық көрмесем игі едім,

Қолаң шашым жүн болып,
Көрген күнім тұл болып.
Қайғы шекпесем игі едім,
Бірге туған көкемді

Бір көруге мұң болып. 3020. Тоқтарбайдың көп дәулеті

Иесіз қалмаса игі еді
Ақырында тұл қалып.
Алдымда панам қорғаным,
Сенің арқаң, ер көке,

Халыққа ханша болғаным.
Алыс сапар жол шексең,
Азғаным да тозғаным.
Көркі кетер ақ боз үй,

Еңкейе кірген орданың. 3030. Сенің арқаң, ер көкем,

Берекетті ел болдық,
Дәулет пен баққа кен болдық.
Артыңнан өскен Қансұлу
Ханшаменен тең болдық.

Уайым салып қайғымен
Енді жылап сел болдық.
Сенен бөтен ағам жоқ,
Тілек, жаным сен үшін,

Көңілімде алаң жоқ, 3040. Артыңнан туған нашармын,

Еруіме шарам жоқ,
Жүретұғын амал жоқ.

– Қансұлужан, жылама,

Көзіңнің жасын бұлама.
Атама тілек бермедім,
Анамның еткен тілегін
Алуды мақұл көрмедім.

Жылай берме, бауырым,
Бір уәде еткен соң,

3050. Сөзімнен қайтар ер ме едім.

Өзім Қобылан болған соң,
Сескенер жаудан сер ме едім?
Тұлпар мініп, ту алып,
Жауға аттанар күнімде,

Бірге туған бауырым
Өсірдім сипап тұлымды.
Тілегімді тілей бер,
Ұмытпа, қалқам Қансұлу,

Өсиет еткен мұңымды. 3060. Достығын айтып Алшағыр,

Ала берді тынымды.
Алыс емес жақында,
Белгіледім, шырағым,
Жауға аттанар күнімді.

Қарындасы Қансұлу
Мұңын айтып жылап тұр,
Көкелеп тілек салып тұр.
Сөзінен қайтпас Қобыланды ер

Жыласа да шыдап тұр. 3070. Енді Құртқа жырлады,

Жырламай көңілі тынбады.
Қарақыпшақ елдері
Баршасы жылап шулады.
Қобылан мықты есер деп,

Айтқанына жетер деп,
Ортамыздан кетер деп,
Бармай қалсақ нетер деп,
Қыпшақ жұрты келеді.

Арыздасып, қоштасып, 3080. Қобыланның кетер жері еді.

Сонда тұрып Аққұртқа
Қобыланға қарап толғайды:

– Әкеңнің тілін алмадың,

Анаңның айтқан сөзіне
Құлағыңды салмадың.
Алшағырдай залымға
Уәде еткен сөзіңнен,

Тіпті, Қобылан, танбадың.
Қиын болар, Қобыланды,

3090. Ер Барсаны алмағың.

Алшағырға нанасың,
Атаң менен анаңның
Құрттың, Қобылан, шарасын.
Пәлен айлық жер дейді,

Ер Барсаның хандығы,
Қай заманда барасың?
Осы сапар қиын жол,
Тозағында азасың.

Айласы көп Алшағыр, 3100. Білігі асқан көрім-ді,

Атаңа нәлет жауыздың
Алдағаны көрінді.
Ерлігі асқан Барсаға
Астыртын хабар берулі.

Арамдығы ішінде,
Көргенін жазып терулі.
Сен кеткен соң, Қобыланды ер,
Еріксіз алар жеріңді.

Шабар қыпшақ еліңді, 3110. Сындырар қалмақ беліңді.

Күні бұрын түс көрдім,
Болашақ іс көрінді.
Қарттарың мен жастардың
Көзінің жасы төгілді,

Қыпшақ жылап егілді.
Болашақ іс бар шығар,
Айырдың халықтан шегіңді.
Алдағанға алданып,

Кеттің, батыр, бейхабар. 3120. Сен кеткен соң намысын

Халықтың жоқтап кім алар?
Алшағыр хан “жан досың”
Еріксіз басып ел шабар,
Кекті жау бізді қолға алар.

Есіне түсіп өткен іс,
Ашу тұтып долданар.
Қарақыпшақ халқыңды
Досың шауып олжа алар.

Сексенге келген қарт атаң 3130. Қу таяғын қолға алып,

Санасыз сарық қой бағар.
Қысым болар көргені,
Тарлық болар атамның
Қалмақтан қорлық көргені.

Бүйтіп тірі жүргенше
Артық еді өлгені.
Қызығының үстінде
Әкеңе өлім келмеді.

Аналықтай анаңның 3140. Тезек теріп, жүн есіп,

Көрген қорлығы үдесіп,
Еріңіз берер қысымды.
Ата-анаңды жүдетіп,
Кемпір-шалың қаңғырып,

Қоймасын досың жүдетіп.
Көргенім зауал болмаса,
Қыпшақ деген халқыңды,
Қысымменен айдайды,

Халқымның соры қайнайды.
3150 Ардақтаған жайсаңды,
Еріксіз қорлыққа айдайды.
Сен кеткен соң қыпшаққа,

Досың бермес тынымды.
Тарылтар кеңіс күніңді,
Айтайын көрген шынымды.
Артыңнан өскен сүйеуің,

Ардақтаулы бикешжан.
Сөндірер деп қорқамын,
Отыз төре, қырық бегі,

3160. Билер тартқан шылымды.

Қалмақ құртпаса игі еді,
Қайғы беріп сыйымды.
Сен кеткен соң Барсаға,
Алшағыр шабар еліңді.

Тартып алар жеріңді,
Бердің қолдан кегіңді.
Өтірік емес, шын болар,
Бұл дұшпаннан зәбірді.

Ей, батыр Қобылан, алғаным, 3170. Қағып төсек салғаным.

Осы жүрер жолыңа
Көңілімде көп арманым.
Тілек бермей халқыңа,
Сапарыңнан танбадың.

Оңай болмас, Қобыланды,
Бір Барсаны алмағың.
Батыр Қобылан, барарсың,
Қанша мықты десе де,

Барсаны шауып аларсың. 3180. Дегеніңе келтіріп,

Көп қалмақты шабарсың.
Қайғылы болып еліңіз,
Алшағырхан залымға
Қоныс болып жеріңіз.

Өзің онда, ел мұнда,
Кетпесін жауда кегіңіз.
Асық болған Құртқаңа
Алшағыр көзін салмасын,

Алшағыр ойлар пайдасын. 3190. Лайықсың маған деп,

Құртқа, сені алам деп,
Басыма қайғы салмасын.
Азырақ рұқсат алармын,
Рұқсат алып Аққұртқаң

Қалмаққа салар айласын.
Өлшеулі күнде келмесең,
Халқыңды келіп көрмесең,
Кешікпей кел өлмесең.

Қиындық түсер Құртқаға 3200. Ақырында көрерсің,

Батыр Қобылан өлмесең.
Айла, амал табармын,
Ақылға салып қарармын.
Алшағыр хан патшадан

Он екі ай рұқсат алармын.
Он екі айда келмесең,
Дидар жүзді көрмесең,
Мен табар амал жоқ,

Амал ойлар заман жоқ, 3210. Досың Құртқа саған жоқ.

Арыстан туған ер досым,
Қобыланды батыр маған жоқ.
Хабарыңды білгенше,
Көңілімде бөтен алаң жоқ.

Ақыл ойлап қарайын,
Ақыл ойлап табайын.
Алдымды кеңге салайын,
Асық болған ер досым

Уәдем саған тағайын. 3220. Қобыланды, саған серт айтып,

Сақтаулы адал сарайым.
Батыр қайтып келгенше,
Қолы жетпес адамның
Ақ мұнара басынан

Ұзаққа рұқсат алайын.
Қол жетпейтін жер еді,
Амал тапқан адамзат
Мақсатқа жетет деп еді.

Ақыл ойлап қалмаққа, 3230. Елде қалған Аққұртқаң

Кеңінен уәде береді.
Болса тілек мерейім,
Жауға кетті демейін,
Келеді деп сенейін.

Амалым бар ма Қобыланды
Ырзалықпен көнейін.
Шамам келсе келгенше,
Өзімді бағып көрейін.

Айдан сұлу, сүттен ақ 3240. Ақылға асқан көңілі шат.

Қобыландыға айтқан жауабы,
Бәрі үлгі насихат.
Сонда Қобылан сөйлейді:

– Мен әкенің тілін алмадым,

Анам тілек салғанда,
Сертімнен мүлде танбадым.
Бірге туған Қансұлу
Ардақтаған бауырым,

Бауырым тілін алмадым. 3250. Сапарымды тіледі,

Жалынып айтқан сөзіне
Тіпті құлақ салмадым.
Атаға тілек бермедім,
Аналық шешем жылады,

Көзінің жасын көрмедім.
Қансұлу менің бауырым,
Ер көкелеп жылады,
Сапарымды сұрады,

Көзінің жасын көрмедім. 3260. Қанша жолдас болсаң да,

Қансұлуменен тең бе едің?
Әйелдің тілін алғаным,
Сапарымнан танғаным,
Барам деп бармай қалғаным,

Сынықтық болар өзіме.
Қатынның тілін алды деп,
Мат болармын халықтың
Күлістік еткен сөзіне.

Жедел етіп мен тұрмын, 3270. Ақ сапардың кезіне.

Мені жолдан тоқтатар –
Құртқа сұлу сен емес.
Тіліңді алып тоқтайтын –
Қобыланды батыр мен емес.

Жеті дұшпан біреуі
Қатын тілін алатын,
Біздей ерге жөн емес.
Бұл жолымнан қалмаймын,

Дос-дұшпаным бар шығар, 3280. Біреуге біреу ел емес.

Ару, сұлу Аққұртқам,
Тілегіңді қабыл алмаймын.

Әлқисса, сонда Қырымнан келген қырық батырдың ағасы Қартқожа тұрып, Қобыландының осы жауға аттанбауын сұрайды:

– Батыр туған Қобыланды ер,

Көңілімде айтар сөзім бар.
Көргенімді айтайын,
Осы жолдың қиынын
Баяндар сізге жөнім бар.

Рас сөзге сенім бар,
Кешегі Орақ, Мамайға

3290. Он төрт жасар күнімде

Қосшы болғам өзім дәл.
Орақ пенен Мамай хан
Талай жауға шапқан ер,
Халықты жақсы баққан ер.

Талай жауға барған ер,
Ұрысқан жауын алған ер.
Жауды көзі көргенде,
Айбаты асқан кемеңгер.

Барса мықты дегенге, 3300. Еліне Барса барам деп,

Барып қырғын салам деп,
Сол Барсаны алам деп,
Ат қойып елін шақырды.
Елінен жиып батырды,

Ердің ісі қапыл-ды.
Айбатты Орақ, хан Мамай
Білігі асқан ақылды,
Тентек емес мақұл-ды.

Солай деп айта келсек те, 3310. Елдің ісі қапыл-ды.

Шақырған соң ел келді,
Ел ішінде ер келді.
Қайтпайтын жаудан сер келді,
Көңілді жігіт тең келді.

Еліне Барса баруға,
Барсаның елін шабуға,
Қызғындап ерлер жөнелді.
Ат жаратып баптандық,

Баруға жауға шаттандық. 3320. Сол Барсаны шабам деп,

Ер менен бектер мақтандық.
Жиып алып халықты,
Әскер санап басқардық.
Алты мың әскер қол болып,

Біз Барсаға аттандық.
Қайтпайтын жаудан ер де бар,
Сескенбейтін сер де бар.
Жау сағынып желіккен,

Қорықпайтын сер де бар. 3330. Бұрын жауға бармаған,

Ат ізін шетке салмаған.
Үйде отырған шаруа,
Жол шекпеген кем де бар.
Ат жаратып баптандық,

Қуанысып шаттандық.
Алам деп жауды мақтандық,
Қолды санап басқардық.
Барсаға қарап қасқардық,

Тұс-тұсынан ту байлап, 3340. Жүріске шықтық ыңғайлап.

Қару-қапшық ат сайлап,
Күндіз-түні жол шектік.
Алты айшылық ауыр жол,
Болдыртып атты мендеттік.

Неше ай қонып ортада,
Егіз бұлақ бойына
Шалығып-шаршап біз жеттік.
Егіз бұлақ көлдерге

Атты бағып, тынығып, 3350. Тоғыз күндей біз жаттық,

Мінген атқа күй таптық.
Оныншы күн болғанда,
Барсаға қарап жөн тарттық.
Құм дөң деген дөң көрдік,

Айдынды шалқар көл көрдік.
Осы көлге кез келдік,
Ар жағынан сол көлдің
Боз дөң деген дөң көрдік.

Аттанған ерлер баптанып, 3360. Кілең батыр мақтанып,

Ат суарып түгендеп,
Адамды санап басқарып.
Жүре бердік біз жөнге
Алдымызға қасқарып.

Боз дөң таудың басынан
Құлатпен шықты төрт атты.
Найзағай ойнап аспаннан,
Көп әскерді өрт атты.

Алыстан қарап топ болды, 3370. Өрт жанып шоқ болды.

Бізге қарай лап қойды,
Лап қойған әскер жоқ болды.
Әскер қирап құлады,
Талайы тулап сұлады.

Кім екенін біле алмай,
Қалғаны жылап тұрады.
Тек аман кетті бес кісі,
Осы жауға шаталмай,

Көңілді қайғы дат алды-ай. 3380. Жолдан қайтқан хан Мамай

Осы таудан аса алмай,
Жүруге қорқып бата алмай,
Қалай жүрсің хан Мамай,
Әлеметке тап болып,

Қырғынға халқы шаталды-ай.
Орақ пенен Мамай сер
Қайтпайтын жаудан батыл, ер,
Көкірек толып қайғы шер.

Орақ пенен Мамайдың 3390. Қайғылы болып қайтқан жер.

Ахмет, Алау, Қартқожақ
Үшеуміз шықтық сауалға.
Орақ пенен хан Мамай,
Бесеуміз қайттық аманда.

Қасымызда көп әскер,
Душар болды ажалға.
Осы арадан кер кеттік,
Арытып атты меңдеттік.

Көп әскерден айрылып, 3400. Уайым етіп еңірестік.

Аттанған қолға сор болды,
Теріс сапар жол болды.
Орақ пенен Мамай хан
Қайғыменен қор болды.

Тілімді алсаң, ер Қобылан,
Бұл жауға бару жөн емес,
Барса деген қатты жау
Алдыратын ел емес.

Айбатты Орақ, хан Мамай, 3410. Қобыланды, сенен кем емес.

Талай жерге барған хан,
Талайға бүлігін салған хан,
Әскерден Мамай айрылып,
Осы жолда сандалған.

Мүдә болып еңіреп,
Көңілі кетпей арманнан.
Қайтпас Мамай ер еді,
Осылай еді себебі.

Көп әскерден айрылып, 3420. Қапа шеккен жері еді.

Бір тоғыспай қалмақпен
Арманда болған Мамайдың
Мен қапамын деп еді.
Кеңшілікте тұрғанда,

Кім де кім де ер болар,
Мен батырмын дер болар.
Ойлағаны әркімнің
Көкірегі кен болар.

Алдыратын жау емес, 3430. Хан барсаның еліне

Бармағаның жөн болар.
Сонда Қобылан сөйлейді:

– Қайғы айтпа, батыр, сен, – деді,

Қайғы айтқаның нең деді.
Тек хандығы болмаса,
Менімен Мамай тең бе еді.
Мен мұзбалақ бүркітпін,

Қарға, құзғын, жапалақ,
Соларға болман жем деді.
3440 Қырымнан ерген қырық жігіт
Қызығымды көр деді,

Қасыма менің ер деді.
Шеңгелім болат сұңқармын,
Баруға жауға іңкәрмін.
Тұлпар мініп, ту ұстап,

Жау ұясын құртармын.
Кешегі Орақ, Мамайдай
Қайтатын батыр мен емес,
Бұл айтқаның жөн емес.

3450. Орақ пенен Мамай хан

Менімен қатар тең емес.
Сапар шеккен батырға
Ер уайым айтар ма.
Қаса жасық болмаса,

Шын жеделге мінген соң,
Ер сапардан қайтар ма.
Қайтар Қобылан мен бе едім,
Жаудан қайтып қорыққандай,

Батыр емес кем бе едім. 3460. Қорқып қайтып бұл жолдан,

Мен ноғайлымен тең бе едім.

Әлқисса, Аққұртқа Қобыландыға келіп қосылғаннан кейін атасының көп жылқысын аралауға, ішінде Қобыланға жарайтын ат бар ма екен деп сынауға құмар болады. Күндердің бір күнінде Қобыландыға: – Жылқыны аралап қайтсақ қайтеді? – дейді. Қобыланды оның сөзін мақұл көріп, екеуі жылқыны аралайды. Жылқының ішінен жабағы жүні түспеген бурыл тайды көреді. Осы тұлпар болады деп сынайды Аққұртқа.

Құртқаның түскен жылында,
Қобыландымен екеуі
Әзіл ойнап отырып,
Сол күні екеуі ерікті.

Жылқы аралап келем деп,
Сан жетпейтін атамның
Көп жылқысын көрем деп,
Ақылы артық Аққұртқа

3470. Қобыландыға айтады.

Сен жылқыңды бастап жүр,
Батыр сізге ерем деп,
Қылайық тұлпар ат болса,
Құлын да болса тап болса,

Өзім бағып берем деп.
Сан жетпейтін көп жылқы
Сізбенен Қобылан барам деп.
Тай, құлын науша жастарға

Көзімнің қырын салам деп. 3480. Торыға таяу бір тұлпар

Көп жылқыдан табам деп.
Аралалық жылқыны,
Қобыланды, ердім саған деп.
Алтын шыбық алады,

Жібектен бау тағады.
Талма тал түс шамада,
Қобылан менен Аққұртқа
Көп жылқыға барады,

Жылқы аралап қарады. 3490. Жабағыдан тай шыққан,

Тарлан бие соңында
Бурылтай кетіп барады.
Алды-артынан Құртқа шығады,
Бурыл тайды сынады,

Қуанып көңлі тынады.
Қайшыланған құлағы
Не қылса да Бурылтай
Аққұртқаға ұнады.

Екі көзін сынаса, 3500. Шамдалдың жаққан шырағы,

Өзгеден артық сияғы.
От орнындай жануар
Шашадан төмен тұяғы.
Тайбурылы Құртқаның

Көңіліне ұнады.
Кем болмас деп торыдан
Келбет пенен сияғы.
Торыға серік болар деп,

Осылайша сынады. 3510. – Ей, Қобыланды, Қобыланды,

Сынап тұрмын бурылды,
Барталыңа жарар деп.
Қаншама алыс алыс жер болса,
Ә, дегенше барар деп,

Сенің үшін бағам деп,
Жұмсақтан жабу жабам деп,
Торыменен тең етіп,
Алтыннан қазық қағам деп,

Жібектен арқан тағам деп. 3520. Жануар бурыл сияқты,

Ей, Қобыланды ер, Қобыланды ер,
Көрген соң көңілім ұнатты,
Торыға серік болар деп.
Ықыласым құлап тұр,

Әр мүшесі бурылдың
Көңіліме ұнап тұр.
Жібек баулы құрықпен
Тайбурылды тез ұста.

Әр мүшесін сынасаң, 3530. Торымен қатар сияқты.

Алтын құрық Қобылан алады,
Сағағынан қағады.
Сол секілді Қобыланды
Тоқтатпай сүйреп барады.

Екпініне батырдың
Сырғанады аяғы.
Бір терекке төнеді,
Аяғын жерге тоқтатпай,

Бурыл сүйреп жөнеді. 3540. Сол терекке таянып,

Қобылан аяқ тіреді.
Құрықпен бұрап шығады,
Басына жүген сұғады.
Тастан қайтпас шын болат,

Жануардың тұяғы.
Құртқа өзіндік сарайға
Бурылды алып барады.
Торыша менен екеуін

Жігіттер жақсы қарады. 3550. Әр уақытта Аққұртқа

Екі бірдей тұлпардың
Майдалап түгін тарады.
Тобығы меңді торымен
Бірдей етіп бағады.

Екеуін бірдей тең көрді,
Бірдей етіп жем берді.
Жал-құйрығын таратып,
Тұлпарға ажар, өң берді.

Құртқа бағып баптады, 3560. Үкілі құйрық, майда жал

Аттың күйін тапқаны.
Жер тепкілеп желігіп,
Түнде тұлпар жатпады.
Жігіттер қарап күні-түн,

Тұлпарды күтіп сақтады.
Екі тұлпар ерігіп,
Өзі өзінен жарап тұр.
Әр уақытта Аққұртқа

Аттың күйін қарап тұр. 3570. Құйрық-жалын Аққұртқа

Мезгіл-мезгіл тарап тұр.
Атасы айуан болса да,
Ер жолдасы Тұлпар деп,
Қобыланды ерге балап тұр.

Ат болады қашан деп,
Өткен күнді санап тұр.

Әлқисса, Аққұртқа Қобыландыны Барса ханның еліне өз қолынан аттандыру үшін неше жылдан бері ел көзіне түспей бағуда тұрған қос тұлпарға алып келіп, тұлпарларды батырға көрсетеді. Қобыланды қос тұлпарды көргенде, көңілі толып, ырза болады. Құртқаның аттың сыншысы екенін, дана, ақылды екенін біледі. Құртқа өзінің ер досына, жан жарына: «Жорытқан сайын жолың болсын, мерейің үстем болсын, міне, саған шешемнің берген жай бұлтын аманат етіп тағы беремін. Бұл саған қысылған жерде жәрдем берер, шөлдеген жерде бұлт құрастырып жауын жаудырады» – деп, жай бұлтын береді. Сонда Құртқаның толғағаны мынау екен:

Жақсы болса әйелі,
Ерге жолдас, серік-ті.
Алған жары Аққұртқа

3580. Адамда сұлу, көрікті.

Кетерінде Қобыланға
Дәумама берген жай бұлтын
Қолынан Құртқа беріпті:

– Сен Барсаға барарсың,

Елі шалғай, жері алыс,
Арып, шөлдеп азарсың.
Мамамның берген жай бұлтын
Шөліркеген күніңде

Ашық күні жаярсың. 3590. Жаңбыр жауып, қақ тұрар,

Шөлдегенде қанарсың.
Қырық батыр жолдасың,
Ат суарып аларсың.
Шөлдеген атты суарып,

Батырлар кеңдік табарсың.
Мамам берген бұлтты
Көргенде Қобылан нанарсың, – деп жай бұлтын Қобыланның
қолына ұстап береді.

Мағлұм болған тұлпары
Алты жасар бурыл ат,

3600. – Қоштастым, Құртқа, жүрем, – деп,

Тайбурылға мінем, – деп,
Шығыршықты бек сауыт,
Бекініп үске кием, – деп.
Тасты кесер ақ алмас

Беліме орай ілем, – деп.
Ұлықсат бер, Аққұртқа,
Тез кешікпей жүрем, – деп.

– Жауға аттанған жігітке

Ерлік пенен бақ керек. 3610. Ренжіме, Қобыланды ер,

Қуаныш керек, шат керек,
Барталыңа, батырым,
Тағы да тұлпар ат керек.
Жолдас досым сен едің,

Әйел де болсам шын досың
Құртқа алғаның мен едім.
Таңдап алған Құртқаның
Тисін сізге себебім.

Ат жемшіктен шығаріп, 3620. Тобығы меңді торыны

Барталыңа беремін.
Дәумамадан ұзатып,
Батыр мені алғанда,
Шалғынды көлге барғанда,

Үйірінен қулықтың
Кер биені көрдім де,
Болып едім арманда,
Арманда болдым жалғанда,

Атама қағаз жазғанда, 3630. Көрімдікке атамнан

Кер биені алғанда.
Не қылса да кер қулық
Сынауыма жақты деп,
Мінуіне Қобыланның

Жануар тұлпар жағар деп.
Кер қулықты атамнан
Тілеп, сұрап алғанда.
Бағуға болдым арманда,

Арманда болдым жалғанда. 3640. Жүрем десең, Қобыланды,

Сайлана бер қамдан да.
Ер мақсаты тезденді,
Енді бекер алданба.
Тұлпар табам мен деді,

Қобыланды маған ер деді.
Алтын астау алдында,
Қос тұлпарыды көр деді.
Сауырлығы кең деді,

Он екі мүше тәндері, 3650. Бәрі бірдей тең деді.

Тайбурылға қос артып,
Торыны міну жөн деді.
Алты жасқа келтірмей,
Тобығы меңді торыны

Мінетін болдың, ер, деді.
Ат азуы толған жоқ,
Әлі алты жас болған жоқ,
Тұлпарлық бақыт қонған жоқ.

Алыста қалмақ ел деді, 3660. Жеткізбейтін жер деді.

Бір жасы аттың кем деді,
Сапарың болсын оң деді,
Қайырлы болсын жол деді.
Кемдігінен жасының

Бір жерлерге барғанда,
Тарықтырар сол деді.
Тарықтым деп шамданба,
Тұлпарыңа қас ойлап,

Арманда болып қам болма. 3670. Адал ниет жүрекпен,

Батыр, шықтың ақ жолға.
Ұшқырлы жебе көк найза,
Тәуекел ет те, ал қолға.
Мақсатқа торы жеткізер,

Тайғақ кешу тар жолда.
Қолымнан бердім жем деді,
Батыр, маған ер деді.
Жүрісі жорға торыны

Көзіңменен көр деді. 3680. Торышаны, Қобыланды ер,

Өзіңменен тең көрдім.
Ардақтап аптап жем бердім,
Керегін тауып ет бердім.
Арпа менен сүт беріп,

Ажар бердім, өң бердім.
Алтыннан қазық қақтырдым,
Жеті құлға бақтырдым.
Үстіне жұмсақ тисін деп,

Мақпалдан жабу жаптырдым. 3690. Батпасын деп мойнына

Жібектен арқан тақтырдым.
Сусынына бал беріп,
Түрліше тәтті дән беріп,
Торының күйін таптырдым.

Осы биыл жаздықта
Бестіге келген ат қылдым.
Сауырлығы салынған,
Мінген атың табылған,

Торышам шықты бағымнан. 3700. Торыны мін де, жау жаула,

Барған жауың табылған.
Неше түрлі қиындық,
Қайтарсың аман жазымнан.
Орайына көзің сал,

Иіріліп жатқан түбектей.
Танауыңа қарасаң,
Түбі түскен шелектей.
Жалын қара торының

Келептеген жібектей. 3710. Қабырғасы уықтай,

Төрт аяғын қарашы,
Алыс жер бұған жуықтай.
Қуантар торы, қуантар,
Көңіліңді батыр суытпай.

Бірақ ат азуы толған жоқ,
Әлі алты жас болған жоқ.
Осынымда жалған жоқ,
Торыға міндің, Қобыланды ер,

Аққұртқаңда арман жоқ.

Қобыланды Құртқаменен қоштасып, хан Барсаның еліне сапар шегуге бет алады. Сонда Қырымнан келген, қасына еретін қырық жолдасына айтқан сөзі: 3720. – Қырымнан келген қырық жолдас,

Қамданып атқа мініңіз.
Хан Барсаның еліне
Бүгіннен қалмай жүріңіз.
Аттанар бүгін күніміз,

Ер бастығы Қартқожақ,
Артыңнан жетеді ініңіз.
Тайбурылға қос артып,
Ер Барсаның еліне,

Жүріңдер ерлер жөн тартып. 3730. Тұлпар таңдап, ат мініп,

Ат құйрығын шарт түйіп,
Жетермін мен де қасқартып.
Жау іздеген есермін,
Қайратыма мас болған,

Қайтпайтұғын нөсермін.
Тайбурылға қос артып,
Қырық жігітім жүріңдер,
Артыңнан қуып жетермін.

Қырымнан келген қырық жігіт, 3740. Тайбурылға қос артты,

Жол шегіп, жауға жөн тартты.
Қару артып азықпен,
Хан Барсаның еліне
Қырық батыр жол тартты.

Сол күні Қобылан қонады,
Құртқаға қонақ болады.
Сәскеге күн толады,
Тұманды күн мұнарды,

Тобығы меңді торыны 3750. Көргенше Қобылан құмарды.

Жемшік сарай ішінен
Торышаны жетелеп,
Сұлу Құртқа шығарды.
Торышаны көрген соң

Батыр Қобылан қуанды.
Алды-артына қараған,
Кіндігінен жараған,
Қызықпай Қобылан неғылсын,

Ақылға асқан Аққұртқа 3760. Тобығы меңді торының

Жал-құйрығын тараған.
Батыр Қобылан сынаса,
Тұлпар екен озаған,
Жібекпен белін ораған.

Қобыланды батыр сынаса,
Көңілден шықты жобадан.
Қобыланды сонда сөйледі:

– Лайықты торыша,

Маған тұлпар сен деді, 3770. Сені мінем мен деді.

Торша сені мінген соң,
Уайым кетті өзімнен.
Тәуекел етіп мен шықтым,
Қарақыпшақ елімнен,

Жирен қопа көлімнен.
Сені мініп алған соң,
Шабуға жауға ерінбен.
Жібектей жалың төгілген,

Бағымымен Құртқаның 3780. Тәтті жемге семірген.

Үстіңе тоқым салайын,
Еріңді ерттеп алайын.
Қанша алыс болса да,
Хан Барсаның еліне

Жақын күнде барайын.
Астыма торы мінген соң,
Бек сауытым киген соң,
Дұшпанға қимыл салайын,

Тіпті жоқ менде уайым. 3790. Алдырмайтын Барсаның

Қаласын талқан қылайын.
Қолыңнан бердің торыны
Аққұртқа жолдас жұбайым.
Қырық жолдасым жол шекті,

Жүрмей неғып тұрайын.
Ат үстіне ер салды,
Жүруге Қобылан оңдалды,
Толғаулы найза қолға алды.

Айбаттанып шаттықпен 3800. Баруға жауға жолданды.

Амандасып, қоштасып,
Ризаласып, қолдасып,
Торыға мініп жөнелді.
Қырық батырдың артынан

Қобылан кетті сол енді.
Жабықпай көңілім өссін деп,
Айқайлап айтты өлеңді.
Кешегі кеткен ерлердің

Ән салғанда дауысы, 3810. Құлағын келіп жарады.

Бұл дауыс қайдан шықты деп,
Қырымнан шыққан қырық батыр
Аң-таң болып қалады.
Ұлы сәске болыпты,

Күн түстікке толыпты.
Қырық батырға шаң, тозаң,
Қараңғылық болыпты.
Қырымнан шыққан қырық ер

Бұл тозаңнан қорықты. 3820. Қобыландының торыша ат

Ақ киіктей орғытты,
Ақ бөкендей жорытты.
Артынан келіп алыстан
Қобыланды күшті ақырды.

Айбатымды көрсін деп,
Қасымдағы қырық жолдас
Келгеніме сенсін деп,
Жануар торы елірді.

Майда жалы елпілдеп, 3830. Қара тері мөлтілдеп,

Белестен-белес бел асты,
Бес қаруы жарасты.
Әруақты Қобыланның
Қатты ақырған айбаттан

Қырық жолдасы дал болып,
Ақылынан адасты.
Қырық батыр сасады,
Атына қамшы басады.

Артынан келген Қобыланның 3840. Әруағы басады.

Қобылан екенін біле алмай,
Қырық ер де қашады,
Қырқы қашып барады.
Бір жабынды астымен

Амалы көп Қобылан ер
Алдынан тосып қалады.
Қырымнан шыққан қырық батыр
Алдынан көріп сасады,

Кейін қарап қашады. 3850. Қобыланды шауып келіпті,

Жан жолдасы қырық жігіт
Батырға жолдас, серік-ті.

– Қырық жолдасым сен едің,

Қобылан атты ер мен едім.
Мені көріп, қырық жігіт,
Мұнша қашқан нелерің?
Жасық туған кіл жаман

Жолдасқа жоқ керегің.
Бастарыңды қағайын,

3860. Қырқыңа қырғын салайын,

Басыма бейнет қылғанша,
Ер Барсаның еліне
Беріктегі беліне,
Жалғыз өзім барайын.

Сонда тұрып Нұрғожа
Қобыланға қарап сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

– Белестен белес бел асқан,

Орай садақ, саркез оқ 3870. Белге бусаң жарасқан.

Әруақ қонған батырсың,
Екпініңді көргенде,
Ақылдан біздер адасқан.
Еңсеңе ерлік орнаған,

Әруақ, бақыт торлаған.
Келбетті туған ерімсің,
Жау шайқайтын серімсің.
Көзімізге озат көріндің,

Қабағыңнан қар жауып, 3880. Мұртыңа мұз тоңып,

Темір қару құрсанып,
Ат құйрығы салынған,
Қабағы қарыс жабылған.
Әруағын көрген соң,

Ақылдан ерлер жаңылған.
Бір-біріне жүр десіп,
Жүр дегенде гулесіп,
Тұлпардың бойын билетіп,

Басып кеткен тастарды, 3890. Саз балшықтай илетіп,

Өлең айтып, ән салып,
Батырлар жүрді гүрлетіп.
Әруақты ер Қобыланды
Сапар шектік ақ жолдан.

Әруағын көргенде,
Қырық ер сасып зар болған.
Кел, тұлпарменен желелік,
Ат жүйрігін сынауға,

Кел жарысып көрейік. 3900. Тайбурыл менен торыны

Өзгеге тайлас демейік.
Ат шабысып тыналық,
Тайбурыл мен торыны
Тұлпарларың сыналық.

Еріккен ерлер жарысып,
Азырақ қызық қылалық.
Бес жігіт қоста қалады,
Бесеуі атқа қос артып,

Жаяулап кетіп барады. 3910. Отыз бірі кейінде

Ат шабуға қалыпты.
Екі күн күйлеп тұлпарды
Енді ерлер жарысты.
Тайбурыл тұлпарға

Нұрғожа мініп алыпты.
Шу, жануар, шу дейді,
Тұлпар бойын билейді,
Жал құйрығы гулейді.

Торыша мен бурылдың 3920. Табаны жерге тимейді.

Басып кеткен тастарды
Балшықтай-ақ илейді.
Өзгеден озып қос тұлпар
Сүйегі қызып желікті.

Шапқан сайын тыңайып,
Бурыл, торы серікті,
Екеуі атқа сеніпті.
Қасындағы жолдастар

Шабысын аттың көріпті. 3930. Кезектесіп қос тұлпар

Бір-бірінен озады.
Ауыздықпен қарысып,
Үстіне мінген ерлердің
Алақаны тозады.

Шапқан сайын желігіп,
Ат шабысы қозады.
Ауыздығын басады,
Ақ көбігін шашады.

Биік-биік тауларды 3940. Алты-ақ аттап асады,

Тозаңын көкке шашады.
Құйысқаны сартылдап,
Үзеңгісі жарқылдап,
Өмілдірігі алқылдап,

Шаңды шаңға қосады.
Киік пенен құланның
Ә дегенше болмай-ақ
Алдын орап тосады.

Қаздарменен қағысты, 3950. Құба үйрекпен жарысты.

Қара терге боялып,
Сүйегі қызып оянып,
Көрсетті тұлпар шабысты.
Ердің қарын талдырып,

Ауыздықпен қарысты.
Екі тұлпар жануар
Жақын қылды алысты.
Ор қояндай орғытты,

Ақ бөкендей жорытты. 3960. Ұлы сәске болғанда,

Алдынан бір тау жолықты,
Шабысы аттың толықты.
Нұрқожа менен ер Қобылан,
Қайтпайтын жаудан шонықты.

Екеуі атын кідіртіп,
Қосын күтіп сол тауда,
Ат суытып, дем алып,
Су тауып, үш күн қоныпты.

Үш күн күтіп көріпті, 3970. Төртінші күн болғанда,

Артында қалған жолдастар
Қоспенен бірге келіпті.
Екі күндей дем алып,
Жүретін күні болады.

Тайбурылға қос артып,
Ерлер кетіп барады.
Шөлейт-шөлейт жер келіп,
Түсуіне ерлердің

Болмағанға ұсайды амалы. 3980. Таңдайы қатып, ер шөлдеп,

Аттары жүдеп барады.
Шөлдеген соң қырық жігіт,
Ақылға асқан ер Қобылан
Құртқаның берген жай бұлтын

Бұлтсыз күні жаяды.
Бұлт шығып аспаннан
Сарқырап жаңбыр жауады.
Тақыр жерге қақ тұрып,

Ат суарып алады, 3990. Ерлері суға қанады.

Екі айдың жүзі болғанда,
Жетуге жауға арманда,
Арманда болған жалғанда.
Бұл жүргені шөл жер-ді,

Белес-белес бел өтіп,
Жарқыраған көл көрді,
Құмдөң деген дөң көрді.
Мамайдың қайтқан жеріне

Қобыланды батыр келді енді. 4000. Ар жағынан Құмдөңнің

Бозбел деген бел көрді.
Қолаттан шықты төрт атты,
Төртеуі де бөрте атты.
Найзағай шашып, өрт атты,

Қобыланға өрт келмей,
Қасындағы қырық батыр
Қуанышпен сөйледі.
Қартқожақтың айтқан сөзі:

– Бұрын келгем осында,

Қобылан батыр, мен деді. 4010. Ноғайлының көп батыр

Қырғын тауып бұл жерде
Мамай менен Ораққа
Қайғымен толған шер деді.
Боз белестен тағы да,

Бір бөлек қара топ болды,
Жалын жанып, шоқ болды.
Бұларға қарап лап қойып,
Өз-өзінен жоқ болды.

Сиқырмен амал еткен-ді, 4020. Қырғын тауып жолдасы

Орақ пенен Мамайдың
Кейін қайтып кеткен жері еді.
Артықтығын Қобылан білдірді,
Кереметі асқан өктем ер,

Осы жолда білінді.
Бейнетсіз Қобылан өткерді,
Бұл Барсаның елінің
Айла, амалы көп екен,

Қияттан шыққан төрт атты, 4030. Қолдың басшы ері екен.

Шеттен жаулар келер деп,
Амал етіп айламен
Берік сақтаған жер екен.
Барсадан шыққан ауыр қол,

Сайланып атқа мініпті.
Алшағырдан астыртын
Барсаға хабар келген соң,
Тамам батыр сайланып,

Жолын тосып жүріпті. 4040. Қобыланның келер жолына,

Мамайға еткен айласын
Тағы да жау қылыпты.
От шашатын сұмдығын
Жолынан ердің құрыпты.

Есебі жоқ сансыз жау
Түтін болып тұрыпты.
Қобыландыны көргенде,
Қалмақтар састы, шәрменде.

Зәресі ұшып жау қашты, 4050. Қырық батыр Қобыланның

Көтерген туын көргенде,
Алыстан келген Қобыланды
Бұларды көріп қызбады,
Қашқан жауды қумады,

Қырық жолдасқа жырлайды:

– Қырық жолдасым сен едің,

Талап қылған қалмаққа
Қобыланды ерің мен едім.
Тіл кетер деп қалмаққа

4060. Қумаған жауды себебім.

Қалмаққа хабар барар деп,
Барса хабар алар деп,
Мықтылықты көрген соң,
Жау бекініп қалар деп.

Қалмақтың ханы ер Барса
Амал ойлап табар деп.
Алыс сапар жол жүріп,
Шабуылмен тез жеттік.

Жауға мінер тұлпарды 4070. Арықтатып меңдеттік.

Жауға шабар жол емес,
Қоңсыз, арық атпенен
Сыр білдіру болмайды.
Атасы дұшпан жатпенен,

Кекті дұшпан қаспенен.
Сыр айтысса қаспенен,
Халықта үлгі, нақыл бар,
Ақыры болар мат деген.

Кел қырық жігіт, қырық жігіт, 4080. Жолға жүріп қарайық.

Тыңаятын қос тігіп,
Шөлдеген адам, арық ат,
Енді қоныс табайық.
Шөлдеген татқа су тауып,

Жынысты көл, ну тауып,
Бір азырақ тыншығып,
Сонан соң жауға шабайық.
Гулесіп ерлер жүрісті,

Қобыланды асқан білікті, 4090. Боз белестен асқанда,

Қуаныш етіп Қобыланды
Езу тартып күліпті.
Қобыландының күліп жүрген себебі,
Қара адырдың бауырынан

Аққан бұлақ көл еді.
Мінген аты шөлдеді.
«Бермен жүр, – деп, – қырық жігіт»
Қобыланды бастап жөнелді.

Басы аққан тас бұлақ, 4100. Аяғы шалқар көл еді.

Жағалай шыққан қалың ну,
Ел қонбаған жері су,
Судың бетін шайқаған,
Ақ сарыбас қаз бен қу.

Көңілденіп батырлар
Көлге қонып алады.
Қосын тігіп бұл көлге
Аттарға жабу жабады.

Күн төрт күн болғанда, 4110. Ат тыншығып қалады.

Сонда Қобылан сөйлейді:

– О, қырық жігіт, қырық жігіт,

Сендер атты бағыңыз,
Атты бағып қалыңыз,
Айтқан тілімді алыңыз.
Елін Барса көргенше,

Қарауыл қарап келгенше,
Төзе алмай тұр жанымыз.
Батыр атақ болған соң,

4120. Тұлпар мініп, ту алып,

Жауға шабу сәніміз.
Мен келгенше қырық батыр,
Аттарыңды бағыңыз.
Шығыршықты көк сауыт,

Беркін сақтап киейін.
Тастан қайтпас ақ семсер
Беліме орап ілейін.
Ұлықсат бер, жолдастар,

Мен қарауылға жүрейін. 4130. Жақсылық пен жамандық

Маңдайымнан көрейін.
Ерге керек сабырлық,
Ақыр болар мерейім.
Құр жатудан пайда жоқ,

Көк Зеңгінің тауынан
Қарауыл қарап келейін.
Деп Қобыланды оңдалды,
Тобығы меңді торыға

Мінейін деп ер салды. 4140. Жеделденді жүрмекке,

Бармасына не қалды.
Ойлағаны Қобыланның
Жеделменен қаралды.
Қалған жері қырық жігіт

Шалқар көл бойы арал-ды.
Тап сол күні кеш болды,
Таң асырған торы ат та,
Кіндігінен жарайды.

Жал-құйрығын майдалап, 4150. Батыр Қобылан тарайды.

Күйіне түсіп жануар,
Шекесінен қарайды.
Мініп алып жөнелді,
Тұяқтан ұшқан тозаңы

Жауған қардай борайды.
Өзгеге алыс болса да,
Тобығы меңді торының
Көк Зеңгінің биік тауы,

Жетуіне оңай-ды. 4160. Жүрген сайын торы серікті,

Құлағынан тер шығып,
Танауынан жел шығып,
Жүрген сайын желікті.
Ертең сәске болғанда,

Көк Зеңгінің тауына
Төтесінен келіпті.
Асыратын тау емес,
Көзбенен байқап көріпті.

Тау көбелеп желеді, 4170. Өрлеп тауды келеді.

Жалғыз аяқ қиын жол
Қобыландының көзі көреді.
Торышаны шұлғытты,
Жалғыз аяқ жолменен

Атқан оқтай сырғытты.
Аса алмайтын жерінен
Ор киіктей ырғытты.
Жүрген сайын торы қызады,

Құртқаның баққан торы аты 4180. Ардақты тұлпар шығады.

Жылқыдан туды демесең,
Қобыландының пырағы.
Тайғақ тастан таймайды
Жануардың тұяғы.

Қайшыланып құлағы,
Көк Зеңгінің тауына
Тапа тал түсте шығады.
Қарауыл қарап тұрады,

Алыс емес болжады, 4190. Барсаның берік қаласын,

Байқады жердің шамасын.
Көк Зеңгінің тауымен
Жақын деп білді Қобылан ер
Барсаның берік қаласын.

Тоқтарбайдың шырағы
Қарауыл қарап тұрады.
Қарауыл қарап тұрғанда,
Бір топ адам шығады.

Алыстан байқап сынады, 4200. Болжап көңілі тынады.

Бұл беркін қалмақ елі еді,
Барсаның елі ежелден
Мекен қылған жері еді.
Батырдың басы Қаршыға

Қалмақтың қорған ері еді.
Қырық батыры бар қасында,
Қарауылға Қаршыға
Қобыланмен кездесіп,

Қарсы алдынан келеді. 4210. Елді шауып, олжа алып,

Еркінсінген неме еді,
Ерлігіне лайық,
Талайды шауып жеп еді.
Жауды көрсе қайтпайтын,

Қас мықтының өзі еді.
Алшағырдан күн бұрын
Жіберген Қобылан дегенмен,
Кездессем соған деп еді.

Көрген соң ерді желігіп, 4220. Қобыландыны көрген соң,

Көңілі өсіп, серігіп,
Неғылсам да алам деп,
Мықтысынып желігіп,
Қабағынан қар жауған,

Мұртына мұз тоңған,
Бес қаруын асынып,
Болат қару құрсанған.
Қобыландыны көрген соң,

Буырқанып бұрсанған. 4230. Көк сүңгісін қолға алды,

Қобыланды көріп долданды.
Душарласты маған деп,
Неғылса да Қобыланды
Осы арада алам деп.

Екі тұлпар, қаруы
Қасындағы қырық жігіт
Ортаңызға салам деп,
Өзіме өзім сенем деп,

Қайтпаған жаудан денем деп. 4240. Қару менен киімді

Өз қолымнан бөлем деп.
Сендерге бөліп берем деп,
Күні бұрын мақтанды,
Қуанып батыр шаттанды.

Ойында жоқ уайым,
Қобыланға қарап қасқарды.
Қырық батыр бар қасында,
Қаршыға жетіп келіпті.

Қобыланды батыр қалмақтың 4250. Дидар жүзін көріпті.

Қаршыға үлкен ер екен,
Қобыланды сәлем беріпті.

– Қаршыға батыр мен, – дейді,

Қобыландымысың сен, – дейді.
Жөн сұрауым жөн, – дейді,
Қай сапарға барасың,
Сапарың айтып бер, – дейді.

Біз есіттік хабарды,
Қатты бүлгін салыпсың

4260. Алшағырдың еліне.

Еріксіз басып қоныпсың
Жылқы жатқан көліне.
Қатты қайғы беріпсің
Алшағырдың өзіне.

Шын уайым беріпсің
Еліндегі еріне.
Қатты тәртіп салыпсың
Ханы менен бегіне.

Қарақыпшақ халыққа, 4270. Шұқытыпсың көзіне.

Оныменен қоймадың,
Шабуға бізге ойладың.
Қаза айдаған Қобыланды,
Обалың болар өзіңе.

Айбаттансам төзбессің,
Атқан оқтың кезіне.
Өзіңнің халың біле алмай,
Шабам деп, Қобылан, келдің бе,

Біздің елге ұялмай. 4280. Батырсынып ерсініп,

Бек сауытқа сия алмай.
Қарсылассақ жан төзбес
Біздің сайман-құралға-ай.
Талайға кеткен ұраным,

Қарумен сай құралым.
Қаза айдаған Қобыланым,
Бұл жер болмас тұрағың.
Қызыл қанға боярмын,

Алмастың өткір қияғын. 4290. Халықтың батыр дегені

Бекер айтқан сөз екен,
Көрген соң сізді сынадым.
Біздің шенге жау келмес,
Жау іздеген Қобыланды,

Бұл сапарың жөнделмес.
Елің алыс, жер шалыс,
Алыстан келдің көз көрмес.
Өзіңе өзің сендің бе,

Бұл Барсаның құралын 4300. Алшағырдай көрдің бе?!

Олжа болар маған деп,
Барсаның елін шабам деп,
Алым көріп келдің бе.
Өзіңе өзің сенесің,

Батырсынған немесің.
Қасымдағы қырық жігіт
Қолға алған өткір жебесін.
Қарсы келген ерлерден

Осы арада өлесің. 4310. Талай батыр ерлердің

Ішкізгенбіз кересін.
Өзің айтшы, Қобыланды,
Қалай жауап бересің?!
Қаршығаның бұл сөзін

Қобыланды естіп, тыңдады,
Ақылын ойға жинады.
Ыңғайына сөз айтып,
Еш қарсылық қылмады,

Ойлады амал, айланы. 4320. Өзін ойлар кім де кім

Әр не болса пайданы.
Қаршығаның жауабын
Ақылмен Қобылан аңдады.
Екі батыр сөйлесіп,

Бір-бірін байқап барлады:

– Қарақыпшақ тұқымы,

Асылым қазақ затым бар.
Алыс сапар жол шегіп,
Арықтай келген атым бар.

4330. Менің жолдас құралым,

Қасымда қырық батыр бар.
О, Қаршыға, Қаршыға,
Ақылдасып алалық,
Уағдада болмасын

Ешбір бөтен шалалық.
Татулықпен сізбенен
Біз сынасып қаралық.
Сенде де бар қырық жігіт,

Менде де бар қырық жігіт. 4340. Осы таудың басына

Ат жарысты салалық.
Ат жүйрігі кімде бар,
Тұлпарды сынап қаралық.
Уәдеге сенелік,

Бір-біреуге көнелік.
Уәдені берік сақтап,
Пәлен-түген демелік.
Атқа мықты кім болар,

Аударысып көрелік. 4350. Сенде де бар қырық жігіт,

Менде де бар қырық жігіт.
Сексен батыр тұлпармен
Кел жарысты салалық,
Тұлпарды сынап қаралық.

Екеуміздің айтқан сөз
Жолдасқа болсын төрелік,
Айтқан сертке көнелік.
Бір уағда еткен соң

Енді бөтен демелік. 4360. Сенде де бар қырық жігіт,

Менде де бар қырық жігіт.
Ең күштісі кімде бар,
Күрестіріп көрелік.
Сынайық ердің шамасын,

Білу керек атқыштың
Тағы байқап арасын.
Садақ атар батырдың
Сексен жігіттен кім атқыш

Байқау керек данасын, 4370. Садақ тартып көрелік.

– Бұл сөзіңе көнейін,

Елге келген қонақсың,
Бұл айтқанға жүгініп,
Тілегіңді берейін.
Қамдандырар қырық жігіт,

Ат шабатын жер болса,
Қобыланменен уәдем бар
Ер Қобыланға сенейін.
Шама өткен жерлерге

4380. Сексен жігіт барыңдар,

Сексенің жарыс салыңдар.
Ат жүйрігі кімде бар,
Жүйрікті сынап алыңдар.
Айтқан жерге сексені

Батырлардың барады.
Жүрерінде қырық ерге
Көңіліндегі жауабын
Қобыланды айтып қалады.

Қасымдағы қырық жігіт 4390. Айтқан тілімді алыңдар,

Сөзіме құлақ салыңдар.
Ептеп тартып тұлпарды
Қалмақтан кейін қалыңдар.
Аты озған соң мақтансын,

Ақылсыз, шіркін жарымдар.
Бүгін озып келсе де,
Ертең жауға тарым бар.
Уәде еткен жеріне

Сексен жігіт барады, 4400. Қатарласып баршасы,

Тізгін қосып шабады.
Қырымнан келген қырық батыр
Тізгінді тартып қалады.
Қаршығаның қырық ері

Ат бәйгісін алады.

– Қалай болды, Қобыланды, – деп,

Қаршыға батыр барады.

– Е, Қаршыға, Қаршыға,

Шығып едік алыстан. 4410. Қасымдағы қырық жігіт

Тұлпарменен жарысқан,
Ауыздықпен алысқан.
Қара тері шыққан соң
Жүрген сайын қарысқан.

Алыс сапар жол шегіп,
Арықтап тұлпар шалыққан.
Табанына жер соққан,
Маңдайына күн соққан,

Таңдайы қатып шөл соққан. 4420. Арықтық, аштық тұлпарды

Бәрі қатар тең соққан.
Осындай жауап беріпті,
Қалмақтың ері Қаршыға
Жауабына сеніпті.

Серт байласқан сөзіне
Екі батыр көніпті.

– Уа, қырық жолдас, қырық жолдас,

Шапқанысып қызыңдар,
Мереке қызық қылыңдар.

4430. Әдісіңді жиыңдар,

Аударысқа шығыңдар.
Қырық жігіт қызады,
Белге шынжыр буады.
Белдемесін белденіп,

Аударысқа шығады.
Тұлпарларын қыздырып,
Санға қамшы ұрады.
Қасындағы қырық жігіт

Қобыланды ерді шақырды. 4440. Шақырып алды қасына

Өзіне жолдас батырды.
Ерлерге айтты ақылды,
Айтуы ақыл мақұл-ды.

– О, қырық жолдас, қырық жолдас,

Аударысқа барыңдар,
Менің тілімді алыңдар.
Біразырақ тіресте
Аударылып қалыңдар.

Менің айтқан мұңымды 4450. Көңілге тоқып бағыңдар.

Қуанысып мақтансын,
Ақылсыз қалмақ, жарымдар.
Көңілдерін өсіріп,
Ақыр бір күн болғанда

Қиратар жауды әлім бар.
Уәде еткен күреске
Шеттен келіп қосылып,
Алысумен жұлқысып,

Шықты ерлер тіреске. 4460. Жанын сығып бір-бірі

Батырды қолын сүйекке.
Шандақ болды алысқан,
Бірін-бірі көтеріп,
Бүйірден сығып жанышқан,

Сексені де данышпан,
Кілең мықты арыстан.
Ер алысқан жерлерін
Жер ошақтай қазысқан.

Мықындары, белдері, 4470. Қанталасып қалысқан.

Алысып ерлер анталап,
Тұла бойы қанталап,
Бірін-бірі көтеріп,
Айқайласып арқалап,

Қобыландының айласы
Айтып еді қырық ерге.
Жанын сығып алыс деп,
Белін қысып жаныш деп.

Күш көрсетіп қырық ерге 4480. Ақырында қырқың да

Жығылысып қалыс деп.
Айқайлап қалмақ қызынды
Қырымнан келген қырық ердің
Қалмақтар белін сығулы.

Қалмақтардың батырдан
Қырық жігіт жығылды.
Байқадық деді шаманы,
Мақтанып тұрған Қаршыға

Қалай болды Қобыланды ер, 4490. Қобыланды ерге барады.

– Шыққалы елден көп болды,

Әлі ұйықтаған қабақ жоқ,
Рақат ішкен тамақ жоқ,
Біздер аш та, сендер тоқ,
Сол себепті ерлерде

Бұрынғы қалып, дәрмен жоқ.
Сарыжадан алған оқ,
Толғағанда кез болды,
Мықты уәде сөз болды.

4500. Сексен жігіт бірігіп,

Садақ атар жер болды.
Садақты ерлер алады,
Қаршығаның қырық жігіт
Қатты тартқан садағы

Жұлдыздай зулап ағады.
Сексеуіл мен тобылғы
Кездескеннен қағады.
Томарларды қопарып,

Кездессе де қара тас, 4510. Жолдағысын қағады.

Қобыландының қырық жігіт
Артта қалып садағы
Қалмақтың басы Қаршыға
Қалай болды Қобылан деп,

Қобыландыға барады.

– О, Қаршыға, Қаршыға,

Сіз бәйгі алған жер болсын,
Қатты уәде сөз болсын.
Сіз мықты да, біз осал,

4520. Осалсынсаң, Қаршыға,

Тап үш күннің соңынан
Сенде де бар қырық жігіт,
Менде де бар қырық жігіт.
Көк Зеңгінің басынан

Сексен жігіт кез болсын.
Қобыланның айтқан бұл сөзін
Қаршыға мақұл көріпті,
Бір-біріне сеніпті.

Үшінші күн келуге 4530. Көк Зеңгі таудың басынан

Сексен жігіт жолдаспен
Серт уәде берісті.
Ойлағаны Қобыланның
Алыстан ойлап өрісті.

Ақыл, айла, қайраты
Бәрі бірдей келісті.
Уәдеге дәм татып,
Бір табақтан жесісті

Сексен жігіт жемісті. 4540. Уәдесін берісті,

Осылай десіп келісті.
Қаршыға кетті еліне,
Қобылан кетті өзінің
Жатқан қоныс жеріне,

Тынығып жатқан көліне.
Сексен батыр тарасты,
Үш күннен соң келмекке,
Уәде етіп жөніне.

Қуанышты Қаршыға 4550. Тақта отырған Барсаға

Келіп сәлем беріпті,
Мықты Барса серіне.
Қуанып келген Қаршыға
Сөз сөйлейді желіге,

Көңілі өсіп семіре:

– Барса патша сен едің,

Қаршыға ерің мен едім.
Қуаныш етіп келемін,
Қуаныш еткен себебім:

4560. Өзіме-өзім сенемін.

Қарақыпшақ Қобыланға
Көк Зеңгінің тауында,
Кездессем душар деп едім.
Қырық жігіт қасымда,

Қарауылға барғанмын.
Уәде етіп Қобыланмен
Ат жүйрігін сынауға
Онда да бар қырық тұлпар,

Бізде де бар қырық тұлпар. 4570. Ат жарысты салғанбыз,

Озып бәйгі алғанбыз.
Уәде етіп Қобыланмен
Аударысты салғанбыз,
Аударып аттан алғанбыз.

Бір-біреуге сенісіп,
Уәдеге нанғанбыз.
Ықпалы жүрген ерлерміз,
Алдан алға барғанбыз,

Белге шынжыр буғанбыз. 4580. Сынасуға Қобыланмен

Берік уәде қылғанбыз.
Күресіскен шағында
Қырқын бұлғап ұрғанбыз.
Уәдеге барғанбыз,

Бір-біреуге нанғанбыз,
Аударыа аттан алғанбыз.
Қобыланды батыр дегені
Бекер жұрттың сөзі екен.

Онша мықты ер емес, 4590. Ерлігі бізден кем екен.

Құр атаққа мәз болып,
Алданып жүрген неме екен.
Алдағанға алданып,
Ақылсыз Қобылан сандалып,

Шабам деп бізді қамданып,
Алшағыр хан амалмен
Алдағанға келіпті.
Бізді көрген шағында,

Мықтымсынып желікті. 4600. Кім мықты да, кім осал,

Біздің күшті көріпті.
Оған тиген ерлік жоқ,
Бәйгіні бізге беріпті.
Барса патша сен едің,

Қарауыл салып жау күткен
Қаршыға батыр мен едім.
Қару-қапшық, тұлпарын
Олжаға сізге беремін.

Екі күннің соңынан 4610. Қару түрлі, мінген ат,

Тартуға сізге беремін.
Сонда Барса сөйлейді:

– Ақылың жоқ, Қаршыға,

Мақтанба маған сен деді.
Мақтанғаның нең деді.
Сынап қалдым Қобыланды,
Амалы көп ер деді.

Алдағанға алданған
Ақылың сенің кем деді.

4620. Қазақтан шыққан Қобыланның

Айла, амалы көп екен,
Ақылға асқан ер екен.
Қобылан келсе бұл жерде
Бұзылар, қалмақ, мерекең.

Біліктің асқан көзі екен,
Айлакердің өзі екен.
Айлакер Қобылан амалы
Алдағанға алданған

Ақылың сенің шамалы. 4630. Әдіс ойлап баққан-ды,

Ақыл мен айла тапқан-ды.
Күшімді көрсе қалмақтар
Амал, әдіс табар деп,
Бекінісіп қалар деп,

Ат жарысты салған-ды.
Басын тартып сендерден,
Қыпшақтар кейін қалған-ды.
Айламенен, амалмен

Шын әдіске салған-ды. 4640. Басын тартып тұлпардың

Көңілі өссін қалмақ деп,
Амалменен қалған-ды.
Білікке артық өктем-ді,
Амал, айла еткен-ді.

Сендерді алдап жығылған,
Жықтым деп, қалмақ, мақтанба.
Тоқтарбайдың Қобыланды ер
Есітуім осылай.

Қиыншылық жауларды 4650. Қолдан талай өткерді.

Қарақыпшақ көп халқын
Мұратына жеткерді.
Әдіс, айла салған-ды,
Құртқан екен айлаңды.

Мақтансын деп Қаршыға
Аударылып қалған-ды.
Бәрі де әдіс, амал кер,
Жеңілгені жалған-ды.

Көрсеткен екен амалын, 4660. Қобылан келсе еліме

Тарылды менің заманым.
Сасатұғын жер келді,
Айланы қайдан табамын.
Көңілі өссін қалмақ деп,

Жай тартқан екен садағын.
Қобыланды келді дегенше
Бәле келді десейші.
Көп қалмақтың еліне

Талау келді десейші. 4670. Қатты қырғын халқыңа

Сала келді десейші.
Қызыл қанға қылышын
Мала келді десейші.
Ойсыратып қалмақты

Шаба келді десейші.
Қобылан келді дегенше,
Көрім келді десейші.
Көп қалмақтың еліне

Зәбір келді десейші. 4680. Қалмақ қара қаныңды

Төгу келді десейші.
Қабыртқаңды қаусатып,
Сөгу келді десейші.
Жарқыраған жарық шам,

Сөну келді десейші.
Қатты тарлық халқыңа
Төну келді десейші.
Қиыншылық заманды

Көру келді десейші. 4690. Ер азамат адамды

Көму келді десейші.
Қобыланға ерлік миясар,
Мұнан артық кім асар.
Қалмаққа қырғын ұласар.

Ардақтаған еріңді
Ұзынынан сұлатар,
Қан төремді құлатар.
Қатын менен баланы

Қала ішінде шулатар. 4700. Қаланың ішін шаңдатар,

Халқымды түгел зарлатар.
Қапыл елді шулатар,
Әр оғының ұшымен
Ерлерімді тулатар.

Қатын менен баланы
Қыруға қыру ұласар.
Халқымнан кеңдік күн асар,
Жарық сәуле бізге жоқ,

Қараңғылық түн басар. 4710. Шаһардың іші шаң болар,

Тас көшелер қан болар,
Кең дүнием тар болар.
Қобылан келсе қалама
Кеңдікке елім зар болар.

Тарлық пенен еліме
Қысым келер жеріме,
Кім түспес дейсің Қобыланның
Бізге қазған көріне.

Болмаңыз халқым бейхабар, 4720. Ақылды Қобылан ой табар.

Көп кешікпей көшеден,
Сарқырап қызыл қан ағар.
Елімдегі ерімді
Сынап қолдан шамалар.

Жаңа сөзім жана бар.
Енді қайтып күнелтер
Қатын менен балалар.
Кеңдік бізден жоғалды,

Не қылса да Қобыланның 4730. Істеген ісі оңалар.

Қор қылмаса игі еді,
Адамнан тауым қайтпаған
Күшті менің денемді.
Қобылан оймаса игі еді,

Осы менің төбемді.
Қиратар деп қорқамын,
Болат қайтпас жебемді.
Ішкізер деп қорқамын,

Қара қаннан керемді. 4740. Қор етер деп қорқамын

Жеті мүше денемді.
Қайраты көп Қобыланның
Мықтылығы берен-ді.
Қобылан келді деген соң,

Көкірек қайғы, шемен-ді.
Сендер түгіл менің де
Ояды Қобылан төбемді.
Екі көзім жылауда,

Көңілде қайғым көп енді. 4750. О, Қаршыға, Қаршыға,

Еш нәрсені білмейсің,
Көңілмен сына сен дейді,
Сенде зейін кем дейді.
Атаңа нәлет Қобыланды,

Қайраты көп ер дейді.
Алдағанға алданып,
Сол секілді Қобыландыны
Жеңдім деуің нең деді.

Көп кешікпей жақын-ақ, 4760. Сыналар ерлер жер болар.

Алыстан сынап байқасам,
Айлаға артық ер болар.
Ол ақ сұңқар, біз қарға,
Сұңқарға қарға жем болар.

Қобыланды бүркіт, біз қарға,
Түсірер бізді күн тарға.
Арыстан туған Қобыланға
Етуге бізде лаж бар ма?

Қайғымен көңілім күл болды, 4770. Жарық күнім түн болды,

Бұл не деген түр болды?
Қаршыға сонда сөйлейді:

– Жоқ нәрсеге, хан Барса,

Қайғы шеккен нең дейді.
Көріп келдім көзіммен
Сол Қобыландыны мен дейді.
Сонша мақтап айтсаң да,

Ұлықсат маған бер дейді.
Қырық жолдас қасқа алып,

4780. Екі күнде барамын,

Қызықты сонда көр дейді.
Ер серікпей болмайды,
Босқа қорқу жөн емес,
Қорыққан адам оңбайды.

Батыл жүрек ер керек,
Жасыққа болат қонбайды.
Қорыққан жаудан оңа ма,
Қыпшақтан келген қу бастан

Мұнша қорқу болар ма? 4790. Құралың сай, елің сай,

Еліңдегі ерің сай,
Батырдың басы Қаршығаң
Сынауым келер жобаға.
Ол қырық та, біздер көп,

Аз кісі көпті оба ма.
Елім мықты, ерім сай,
Өзі келіп ұрынған
Қобыланды шіркін оңа ма?

Өзіме-өзім сенемін, 4800. Қайғы берме, хан Барса,

Маңдайымнан көремін.
Кесілмесем қарымнан,
Айрылмасам барымнан,
Арыңды алып беремін.

Ұлықсат бер, барамын,
Қалай да болсын Қобыланды
Бұл барғанда аламын.
Қалмақ деген халқымсың,

Ортаңа олжа саламын. 4810. Жаудан қайтпас ер жігіт,

Тоқтатпайды талабын.
Қырық жолдасым еріңіз,
Уәде еттік Қобыланмен
Іркілмей жүру жөніміз.

Қалмақ, сасып қорықпа,
Екі күннің артынан
Сыналатын жеріміз.
Маңдайынан қайтпаса,

Тәуекел еткен ер болар. 4820. Ұлықсат бер, ер Барса,

Уәдеге Қобыланға
Тоқталмай бару жөн болар.
Жауабын Барса естіп көрген екен,
Сөзіне Қаршығаның сенген екен.

Әр уақыт барған жауын алып қайтқан,
Қаршыға қашаннан-ақ ер неме екен.
Қашаннан жолды атанған батыр еді,
Қайраты қанша жаудан басым еді.

Жылатқан барған жауын әр жерде де, 4830. Аяққа жауын таптап басып еді.

Немере бұл Барсаның тума інісі,
Қаршыға ер Барсаға жақын еді.
Қаршыға Қобыландыға шықты жайнап,
Жолдасы қырық батыр құрал сайлап.

Тас кескен ақ алмастан қылыш белде,
Жігері батылдардың іште қайнап.
Мінген ат қырық батырдың бәрі тұлпар,
Құралды батырлдардың бәрі де сай,

Жөнелді жарыстырып тұлпарды айдап. 4840. Қуанып қырық батыр желікті енді,

Тауына Көк Зеңгінің келіпті енді.
Өлтіріп ер Қобыландыны қайтамыз деп,
Батырлар ажарланып, көріктенді.
Қобыландыны өздерінен төмен көріп,

Өзіне-өзі ерлер сеніпті енді.
Қылтылдап қырық ердің найзалары,
Жеріне уәде еткен төніпті енді.
Қобылан айла, амалын бастады енді,

Көліне қырық жігітті тастады енді. 4850. Өзіне өзі сенген арыстан ер,

Жаулардан жалғызбын деп саспады енді.
Торыға тобығы меңді қамшы басты,
Түйдектеп төрт аяғын тастады енді.
Тұяғы қара тасты күл-күл қылып,

Аспанға топырақ, тозаң шашқан енді.
Қалмақтар қырық батыр бәрі мықты,
Қобыланды қырық ерден саспады енді.
Жападан қырық кісіге жалғыз келді,

Қобыландыны қырық батыр көреді енді. 4860. Қасына айбаттанып жақын төнді,

Сайланған қырық батырға жалғыз келді.
Әдісқой қырық батырды бұл да көрді,
Әдісқой қырық батыр кемеңгерді.
Келген жерден батырды қамай берді,

Қылышпен келген жерден жауды шапты,
Бастарын домалатып шөптей қақты.
Қобыланның ерлігіне кім шыдасын,
Қырылдап талайлары тулап жатты.

Сонда Қобылан ойлады, 4870. Тіл барсын деп еліне,

Барса мықты серіне.
Дәмесі болса көп қалмақ
Меніменен кездессін
Соғысатын жерінде.

Қаршығаның атынан
Аударып Қобылан алады.
Бастырып атқа өкшесін,
Қанталатып бөксесін,

Қобыланды ерің шабады. 4880. Қамшы ұрған шағында,

Етінен қаны ағады.
Қобыландының бешесі,
Әуелден қалып көшесі,
Тасқа салса қайтпаған

Алмастың өткір жетесі.
Құлағың шұнақ болсын деп,
Қайғыға халқың толсын деп,
Қаран күнің солсын деп,

Құлағын кесіп алады. 4890. Қаршыға едің досым деп,

Бетің тегіс болсын деп,
Мұрнын кесіп алады.
Бет аузынан, басынан
Қара қан сулап ағады.

Қаршыға батыр досым деп,
Қолыңда тегіс болсын деп,
Маған көп еткен күнәң деп,
Сымпитып тегіс қылам деп,

Дегенімді істесең, 4900. Ашуымнан тынам деп.

Ант сертімнен шығам деп,
Құлағын кесті шұнтитып,
Мұрнын кесті жымпитып,
Қарын кесті құнтитып,

Қоя берді сымпитып.
Тұла бойы қызыл қан,
Тәлтіректеп Қаршыға
Шарасыз кетіп барады.

Әр мүшеден қызыл қан 4910. Судай сулап ағады.

Жасқауына қары жоқ,
Құлақ, мұрны тағы жоқ,
Қара құс, қарға талады.
Қаны аққан жерінен

Етін жұлып алады.
Қаршыға атты батырың
Тарылғанға ұқсайды
Кешегі кеңдік заманы.

Қырық жолдастан айрылып, 4920. Тұла бойдың сауы жоқ,

Ер Барсаға барады.
Қаршыға батыр мыңқылдап,
Көргенін айтып шағады:

– Жел терістен тұрды ғой,

Мені Құдай ұрды ғой.
Қазақтан келген Қобыланды ер,
Қас масқара қылды ғой.
Қасымдағы қырық жігіт

Біреуін қоймай қырды ғой. 4930. Айналайын хан ием,

Айтқаның келді, әулием.
Батырсынған, ерсінген,
Басыма жетті сөз кием.
Батырсындым, баптандым,

Қобыландыны жеңем деп
Сізге келіп мақтандым.
Қобыландыны аттан аударып,
Бек қуанып шаттандым.

Айтқаның қылмай хан Барса 4940. Қобыландыға барам деп,

Тарту берем саған деп,
Әлімді білмей аттандым,
Қаршығаның жоқ болды
Қобыландыға амалы.

Айласы көп ер екен,
Жеңігені біздерден
Арам иттің амалы.
Айтқаныңның бәрі рас,

Патшам едің саналы. 4950. Көріп келдім көзіммен

Халқыңның Қобылан ажалы.
Ертең келер қалмаққа
Маған салған зауалы.
Болмайды деп қорқамын,

Халқымның тыныш сауалы.
Білігің асқан, ей патшам,
Ақылды, сыншы сен едің.
Батыр аңқау, ер көдек,

Қаршыға ерің мен едім. 4960. Батыр атақ алғаным,

Патша, сенің себебің.
Бұрынғыдай сәнім жоқ,
Кесілді екі қарым жоқ,
Көп сөйлейтін әлім жоқ.

Қатты жүдеп отырмын,
Бүгіннен қалар жаным жоқ.
Қаршығаңнан әл кетті,
Ажар, көрік, сән кетті,

Тұла бойдан қан кетті. 4970. Қорықпайтын жүректен

Қайтпас батыл, әл кетті.
Залым Қобылан меңдетті.
Ықпалым жүрген ер едім,
Бұл сапар ісім кер кетті.

Қанатымнан қайырып,
Әр мүшемнен айырып,
Қобылан мені жүдетті.
Қаршыға ерің азған күн,

Көзімнің жасы төгіліп, 4980. Қойныма тамған күн,

Қайғыға ішім жанған күн.
Қарақыпшақ Қобыланды ер
Мойныма бұғау салған күн.
Қайратым бастан кеткен күн,

Масқара мені еткен күн.
Екі қарым кескен күн,
Шұбыртып қаным төккен күн,
Түп-түбіне жеткен күн.

Қайырлы ханым сен едің, 4990. Қаршыға ерің мен едім.

Алдымдағы асқар тау –
Сүйенішім, тірегім.
Осы көрген қорлықты
Айтып өлсем деп едім.

Арыстан алғыр қабақты
Орай белге байлаған,
Алмас қылыш садақты.
Көңілі өскен ер екен,

Таудан үлкен талапты. 5000. Астындағы торша ат

Бауырынан жарапты.
Сере маңдай, жазық бет,
Қобыландыда айбат көп.
Әуелінде мас болып,

Айтқан екем алам деп.
Қарақыпшақ мінген ат,
Тартуға берем саған деп.
Алдағанға алданып,

Айтыппын бекер алам деп. 5010. Келбетті туған берен ер

Айлаға асқан терең ер.
Мұндай болдым Қобыланнан
Ендігі ерлер не көрер.
Ханшаларың күң болар,

Белгілерің құлға теңелер.
Барса, өзің болмасаң,
Өңгеге ерік бермейді.
Сан жетпейтін қол болсын,

Бір кісідей көрмейді. 5020. Күші күшке ұласып,

Қуаты асып өрлейді.
Айтулының өзі екен,
Көрсе жауды шаттанар.
Жау жақындап келгенде,

Айбаттанып баптанар.
Барса, өзің бармасаң,
Қобыландының маңына
Бара алмас өзге қасқалар.

Көрсетті Қобылан күшті ғой, 5030. Тұла бойда бар тәнім,

Тұлып болып істі ғой.
Сынауым шайтан болмаса,
Халқымды жерге тықты ғой.
Қатты қайтқан қажырым,

Түспен кеткен ажарым.
Суытар деп қорқамын,
Халқыңның қызық базарын.
Сөйлеуге әлім келмейді,

Әлсіреп, талып барамын. 5040. Сонда Барса сөйлейді:

– Айтып едім мен, – дейді,

Қобыландыны жеңдім деп,
Мақтанып келдің сен дейді,
Ақылың сенің кем дейді.
Аламын деп қоймадың,

Амалы көп Қобыланды
Өлтірем деп ойладың.
Ақырында мінекей,
Өзіңді-өзің жойғаның.

5050. Алшағыр залым жұмсаған

Қарақыпшақ Қобыланды,
Өзі де көрер Барсаның
Қобыланды ханды сойғанын.
Қайғылы тұрмын заманда,

Зауал болар күн жетті,
Қалмақтағы адамға.
Шықпай қалмас Қобыланды
Құрулы тұрған аранға.

Саған келген бұл зауал 5060. Ертең келер маған да.

Төрелерім, бегілерім,
Салайық айла амалға.
Мен қорқамын Қобыланнан,
Түбімізге жетер деп,

Қас масқара етер деп.
Біз көпсініп, еркіндеп,
Жалғыз Қобылан нетер деп.
Мақтанбайық бегілерім,

Күтінелік ерлерім. 5070. Халыққа келген бұл зауал

Қиындық болар көргенің.
Атаңа нәлет Қаршыға,
Мықтымсынған неме едің,
Ақылға, сірә, кем едің.

Қобыландының тұлпарын
Тартуға берем деп едің.
Саған келген қиындық
Ертең келеді өзіме.

Ақылың жоқ, Қаршыға, 5080. Обалың болсын өзіңе.

Үйіріп шоқпарды алады,
Тас төбеге салады.
Талқандалып ми, басы,
Сүйегі ұшып тарады.

Қаршыға сынды батырдың
Табанда жетті ажалы.
Жау көргендегі ұраны
Барабанын қағады,

Халық жиналып қалады. 5090. Қалмақтың басы Барса хан

Ер азамат елімен
Ақылдасып қалады.
Шақыртқан соң ер Барса
Сансыз қалмақ ел келді.

Ел ішінде ер келді,
Қайтпайтын жаудан сер келді.
Желігіп халқы желденді,
Жау тілеген тілегі,

Қайтпайтын жаудан жүрегі. 5100. Ер менен би қамалды,

Ойлап жатыр амалды.
Кіл темірші ұстаға
Түрлі қару соқтырып,
Айналаға шаһарының

Жебеден құрды арнаны.
Ұсталарын жиғызды,
Берік етіп қаласын
Қорған шойын құйғызды.

Зеңбірек жайып алдына, 5110. Түрлі амал қылғызды.

Әрбір түрлі амалмен
Бекітті шаһардың ордасын.
Шойынменен қоршатты
Тастан салған қаласын.

Ашық шаһар бар еді,
Бекітті қосып арасын.
Даярланып болған соң,
Жау көргенде желігіп,

Барабанын қағатын 5120. Жиылар қалмақ жер болды.

Сан жетпейтін батырлар
Даярланып тез болды,
Неше түрлі сөз болды.
Ақылдасып тұрады,

Барсадан ақыл сұрады.
Сонда Барса жылады,
Жылауы қалай болды деп,
Келген халық тынады.

Қара ормандай хан Барса 5130. Ортасында тұрады:

– Халық, амал табыңдар,

Барсаңа ақыл салыңдар.
Аңғырттанба жас, кәрің,
Менің тілімді алыңдар.
Ер олжасы – жан сақтау,

Бас-басыңды бағыңдар.
Көбің шық Қобылан алдынан,
Артыңды шаһарға салыңдар.
Жаратпаймын жау түрін,

5140. Бәріңе де жазым бар.

Шығып кетсең қаладан,
Сескенем талқан қылар деп.
Шығып алып ел жаққа,
Бет ашыққа шығаріп,

Үріккен қойдай қуар деп.
Ол бөрі де, сендер қой,
Қайғым күшті қырар деп.
Астымдағы тұлпармен

Тосып алып жолымды 5150. Қас масқара қылар деп.

Артықша деп ойлаймын,
Сол Қобыланның амалын.
Аудартпас деп жылаймын,
Барған ердің табанын.

Тарылтар деп ойлаймын
Көп қалмақтың заманын.
Сендер түгіл, менің де
Жете ме деп қорқамын

Көп кешікпей ажалым. 5160. Көрсетер деп сескенем,

Қобыланды бізге қаһарын.
Есіткелі қайғым көп,
Қобыландының хабарын.
Аңсыз болма, аңдаңыз,

Аңдаған болар пайдаңыз.
Қалмасын амал, айлаңыз.
Тасты кесер көк алмас,
Өткірлеп шарға қайраңыз.

Қайтпайтұғын көк сүңгі 5170. Өткір болсын найзаңыз.

Қаладан ұзап кетпеңдер,
Сонда болар пайдаңыз.
Мен көппін деп мерейіп,
Еркінсіп барма мақтанып.

Жүзге бірің бас болып,
Реттеңіз басқарып.
Қобылан жалғыз кісі деп,
Барып қалма қасқарып.

Қаруды сайла түрменен, 5180. Еркек кіндік адамнан

Жан қалмасын жүрмеген.
Шашақтаған ту алып,
Сәнденіп шық гүлменен.
Қару-сайман даярлап,

Әзірленіп түнменен.
Таң мезгілі болғанда,
Жасақ салып барыңыз.
Аңсыз болып кетпесін

Қобыландыға арыңыз. 5190. Ұзап кетпей қаладан,

Артыңды кейін салыңыз.
Төгілмесе игі еді,
Қалың жатқан байтақ ел,
Сарқырап судай қаныңыз.

Кетпесе игі еді қалмағым,
Бұл қыпшаққа арыңыз.
Кесілер деп қаупым бар,
Қалмақ халық қарымыз.

Таң шабыты толғанда, 5200. Сансыз әскер барыңыз.

Батырлар әбден баптанды,
Қаруын сайлап саптанды,
Таң шабыты толғанда,
Таң атар мезгіл болғанда,

Сан жетпейтін сансыз қол
Қобыланға қарсы аттанды.
Батырлардың мінген ат,
Тебініп жерді паң басты,

Жердің жүзін шаң басты. 5210. Қылыштарын қайрасты,

Қынапқа салды алмасты.
Көк найзасын өңгеріп,
Бірінен-бірі қалмас-ты.
Қатты уәде байласты,

Ер сөзінен танбас-ты.
Тобыңды жазба халық деп,
Барсаның айтқан өсиет
Өтірік емес, анық деп,

Шашау шықса егер де, 5220. Көрсетпесе Қобылан жарық деп,

Арамызға жік түссе,
Бізді қылар кәріп деп.
Сан жетпейтін ауыр қол,
Ат құйрығын сүзеді.

Тұс-тұсынан батырлар
Ала туын тігеді.
Тоқтарбайдың Қобыланға
Әзірленіп қалмақтар

Соғысуға жүреді. 5230. Шықты жаулар ту алып,

Жауды көзі көрген соң,
Тоқтарбайдың Қобыланы
Атын алды суарып.
Жау көрінген шағында,

Қобыланды тұрды қуанып.
Белге буған ақ семсер
Сары ала туды қолға алды,
Көк найзасы жалтылдап,

Әскерді көріп долданды. 5240. Бес қарудың бәрі сай,

Әуелі алмас қолға алды.
Қалмақтан шығып Шоңғара,
Жекпе-жек деп ақырды,
Ер Қобыландыны шақырды.

Қалмақтағы белгілі,
Қайтпаған жаудан батыл-ды.
Әр жерден жауға барғанда,
Талайды шауып жапырды.

Шүрегі Қобылан қайтсын деп, 5250. Шоңғара батыр ақырды.

Жау көргенде қуанып,
Батыр Қобылан күледі.
Алып-ұшып жүрегі,
Ежелден-ақ Қобыланның

Соғысу жаумен тілегі.
Қобыландыны ашу қаптады,
Сан жетпейтін қалың жау
Көңілі жасып саспады.

Мен көңілмен аңдасам, 5260. Жекпе-жекке бармасам,

Алмасты қанға малмасам.
Бір қимылдап қарайын,
Күш-қайраттан танбасам,
Жекпе-жекке барайын.

Барып басын қағайын.
Бірі түгіл құртайын,
Осы жаудың талайын.
Кесілмесем қарымнан,

Айрылмасам барымнан, 5270. Жауым келді сағынған.

Өзім Қобылан болған соң,
Сірә жауға бағынбан,
Қорқып жаудан табынбан.
Ердің бағы ашылмас,

Серт қып атқа мінбесе.
Шығыршықты көк сауыт
Күні бұрын кимесе.
Несі батыр батырдың

Санамай жауға кірмесе. 5280. Сансыз жауға бір өзі

Уайым етпей тимесе.
Көрсетейін қайратты,
Шығарайын айбатты.
Атаңа нәлет көп қалмақ

Білдірейін білмесе.
Ерге қуат, әл керек,
Тәуекел етер дұшпанға,
Біздей қайтпас паң керек.

Шашақты туды қолға алған, 5290. Ерлерге де сән керек.

Қалай болар заманым,
Кім де кімге жау керек,
Жанды ортаға салайын,
Қорықпай жауға шабайын.

Айрылмасам әлімнен,
Жауларды басын қағайын.
Уәде еткен Алшағыр
Белгімді алып барайын.

Келекелеп Қобыланға 5300. Шоңғара шықты ақырып,

Айбатын судай сапырып.
Ердің күні қапылыс,
Сасар Қобылан ер емес,
Қобылан мен қалмақ тең емес.

Шақырған соң Шоңқара
Бармағаны жөн емес.
Есебі жоқ дұшпаннан
Жүрегі қайтар ер емес.

Ат құйрығын үзеді, 5310. Жекпе-жекке Қобыланды

Енді қарсы жүреді.
Шоңқараның келбеті,
Қобыландыдан ірі еді.
Шоңқара батыр алар деп,

Қару-қапшық мінген ат,
Олжамызға қалар деп,
Қалмақтар шулап күледі.
Жекпе-жекке келісті,

Келе кел деп келісті. 5320. Көңіліндегі жауабын

Бір-біріне берісті.
Қалмақтың ері сөйлейді:

– Қобылан құрбым, замандас,

Хан Барсаның құралын
Ешкім бұзып ала алмас.
Бізге келген батырлар
Еліне қайтып бара алмас.

Сен Қобылансың адасқан,
Біздерменен таласқан.

5330. Алыс сапар жол жүріп,

Бізді алам деп мол жүріп,
Сіз ақылдан адасқан.
Батырсынған немесің,
Алыс жерден келесің.

Қор еткенмін талайдың
Он екі мүше денесін.
Батырсынып, ерсініп,
Өзіңе-өзің сенесің.

Күнің жақын таянып, 5340. Қаһарлансам өлесің.

Жасың кіші жас жігіт,
Кезекті маған бересің.

– Үлкенсің, сізге батыр сендім дейді,

Айтқан жолды сөзіңе көндім дейді.
Болған соң жасы үлкен жолды жерге,
Ей, батыр, кезегіңді бердім дейді.
Қобыланды айтқан сөзге сеніп қалды,

Батырдың айтқанына көніп қалды.
Жүрегі ер Қобыланның сескенсін бе,

5350. Кезекті Шоңғараға беріп қалды.

Бұл қалмақ салтанатты, батыр сәнді,
Қолына екі батпан шоқпар алды.
Шамданып, айбаттанып жетіп барды.

– Берік бол, батыр Қобыланжаным, деді,

Ашумен қатты келді арым деді.
Шоқпармен қаһарланып бір ұрғанда,
Тәніңнен көтерілер жаның деді.
Қайтпайтын сонда Қобылан барып қалды,

Көтеріп төбесіне қалқан алды. 5360. Шоңғара қақ басына салып қалды,

Шоқпарды қолымен тез қағып алды.
Мінекей ер сыналар жерге келді,
Кезекті қалмақ Қобылан ерге берді.
Қалмақтан алған шоқпар қолда тұрды,

Қарады олай-бұлай мойнын бұрды.
Толғанып қарсы алдында тұрған ерді
Ер Қобылан қаһарланып төбеге ұрды.
Қалмаққа ұрған қару тиді қатты,

Құлатты Шоңғарамен бірге атты. 5370. Айбатты көрсететін ер Шоңғара,

Жан кетіп ұзынынан сұлап жатты.
Сансыз жау Қобыландыға қойды атты,
Шуласып бірі қалмай, бәрі шапты.
Қоршалап Қобыландының айналасын

Қалмақтар еркінсініп қамап апты.
Ақ семсер беліндегі суырып ап,
Таймады, қарсыласып жауға шапты.
Қобыланды келген жерден кескілесіп,

Бастарын талайының шөптей қақты. 5380. Бес қаруын белсеніп,

Батыр жолын ашады.
Араласқан шағында,
Береке жаудан қашады.
Қиядан келген қалмақты

Қиырдан болжап атады.
Тоқтайтұғын садақ жоқ,
Қабатынан батады.
Әр оғының ұшымен

Әр жауларды шатады, 5390. Қанын судай шашады.

Қабат-қабат келгенін
Қабатынан атады.
Енді жаулар сасады,
Шаһарғр қарап қашады.

Көзді ашып-жұмғанша,
Тобығы меңді торымен
Қала жағын тосады.
Ақырғанда дауысы

Жүрегін жаудың жарыпты, 5400. Жер өмірге барыпты.

Тобығы меңді торымен
Қала жағын алыпты,
Жолын тосып қалыпты.
Қалмақтар сасып, зар жылап,

Қайғыға жаны жаныпты.
Бет ашыққа шығарып,
Қобыланды қимыл салыпты.
Алмаспенен талайын

Жақын келсе қағыпты. 5410. Шашау шыққан жауларды

Найзаменен шанышты.
Қаласынан шығаріп,
Кеңге бетін салыпты.
Күн көретін жері жоқ

Шулап қалмақ зарықты.
Жылға-жылға сайлардан
Қан сарқырап ағыпты.
Қалаға қашар күні жоқ,

Қарсы келер Қобыланға 5420. Осы жаудың бірі жоқ.

Тура келген қалмақтың
Қарсыласар бірі жоқ.
Қашқан жауға қатын ер
Қаруының міні жоқ.

Суырып алды алмасты
Күшке күші жалғасты.
Жанын сақтап қашып жүр,
Білеуі қарсы бармас-ты.

Кездескен жаулары 5430. Сірә, тірі қалмас-ты.

Қалмақтар шулап жылайды,
Салыжадан шыққан оқ
Ұшқан құстай парлайды.
Қалмақтардың ерлері

Оқ ұшында тулайды.
Күні-түні бәрібір
Қырудан жауды тынбайды.
Қашып жүрген қалмаққа,

Садақ тартып қарады. 5440. Алыстағы жауларды,

Қабаттап атып барады.
Талайдың жетті ажалы,
Тапты жаулар қазаны.
Олар қой да, бұл бөрі,

Беріктіріп барады.
Қобыланды күшін жияды.
Тоқтарбайдың шырағы
Пірлерден медет сұрады,

Жау қыру мақсат мұрады. 5450. Қия келген қалмақты

Алмаспен шауып қияды.
Ұрысқан сайын көркейіп,
Ажары артты, сияғы.
Қызыл қанға боялды,

Алмастың өткір қияғы.
Қара қанға шылқылдап,
Боялды тұлпар тұяғы.
Қабағынан қар жауды,

Мұртына мұз тоңды, 5460. Мұздай темір құрсанды.

Қаһарланып долданды,
Қылыш, болат қолға алды.
Өткізбейтін сайлардан
Адамнан бөгет жол салды,

Суырып садақ қолға алды,
Сапары ердің оңдалды.
Қиратып жауды еңсерді.
Сансыз жауды төңкерді,

Ерлігіне ел сенді, 5470. Ашуланып тербенді,

Тербенсе жаулар жерге енді.
Қобыландыда өнер көп,
Көздеп атқан мерген-ді.
Батыр болсаң сондай бол,

Жауға қайғы, шер берді.
Толғап оғын ырғайды,
Кездессе де қара тас
Оғы тоқтап тұрмайды.

Бесті асаудай шыңғырып, 5480. Талайлары тулайды.

Тірілері еңіреп,
Әскер жылап, шулайды.
Тебінгіден тесе атты,
Үзеңгіден кесе атты.

Бір атқанда бес атты,
Үсті-үстіне жеті атты.
Қабаттасып келгенін,
Қабатынан матапты.

Әр оғының ұшымен 5490. Батырларын шатапты.

Ұршықтайын үйіріп,
Қынаптан алмас суырып,
Жүрегі қайтпас айбатты ер,
Пірлеріне сиынып.

Сайлардан аққан қандардан
Сай тасады құйылып.
Қарауыл қарап ер Барса
Қайратын болжап сынап тұр,

Көзінің жасын бұлап тұр. 5500. Мына Қобылан есер деп,

Халқымды әлек етер деп,
Еңіреп, өксіп жылап тұр,
Құртарын Қобылан біліп тұр.
Барса білмей не қылсын,

Ықпалы ердің жүріп тұр.
Қайғыменен қан жұтып,
Батыр Барса күйіп тұр.
Ақылы көп антұрған

Қобыландының құртарын 5510. Көңілмен аңдап түйіп тұр.

Торыға қамшы ұрады-ай,
Салды жауға ылаң-ай.
Талайлары құлады-ай,
Талайы жүр жылап-ай.

Айбатына Қобыланның
Қалғаны қашты шыдамай.
Тобығы меңді торымен
Ә дегенше Қобыланды ер

Алдын орап шығады-ай, 5520. Жаудың жанын сығады-ай.

Қашуға жоқ амалы
Ар жағы аспас биік тау,
Бір түкпірге тығады-ай.
Апта толық күн болды,

Соғысқанның арасы
Жеті күн болды шамасы.
Тоқтарбайдың баласы,
Ерлердің күшті данасы,

Құрыды жаудың шарасы. 5530. Алыс кеткен халқынан

Көп қалмақтың арасы.
Ықыласпен тыңдаңдар
Жырдың рас тазасы.
Ер қайраты асқан жер,

Торыға қамшы басқан жер.
Жаулардың қырғын тапқан жер,
Дұшпанды қайғы басқан жер,
Қандарын судай шашқан жер.

Қобыландыға кездесіп, 5540. Қалмақты қайғы басқан жер.

Қырын келген жауларды,
Қайдан көздеп шанышқан жер.
Батыр Қобылан білікті,
Мінезі кең, сүйікті.

Жауға салған бүлікті,
Қайғыға дұшпан күйіпті.
Тап сегіз күн дегенде,
Төңірекке көз салып,

Қобыланды байқап тұрыпты. 5550. Жан-жағына қараса,

Қырғын тапқан жан көрді.
Келте-келте сайлардан
Ағып жатқан қан көрді.
Өз қырғанын Қобыланды ер

Ойлап тұрып таң көрді.
Құлағын салса шаһарға
Еңіреген зар болды.
Құлағына шулаған

Мұңын айтқан ән көрді. 5560. Қобыланды ер көресінді салтанатты,

Ер жүрек бір басына қонған бақты.
Қараса шөптің түрі қызыл ала,
Жердегі жатқан нәрсе қанға батты.
Көз түспес жердің жүзі өлімтіктен,

Қалмақтар қиындасып құлап жатты.
Қобыланды алам деген қалың жау бар,
Қырғынның тап осындай дәмін татты.
Айрылып құралынан, әскерінен,

Ер Барса қасыретпен қайғы тартты. 5570. Зауал күн өз халқыма төнді ғой деп,

Көзінен зар еңіреп жастар ақты.
Шыққанына тоғыз күн,
Батыр тамақ татпаған,
Ұйықтамай кірпік қақпаған,

Айбатын ішке сақтаған.
Батыр болсаң сондай бол,
Дұшпанды жерге таптаған.
Шығыршықты көк найза,

Қарағайға саптаған. 5580. Сансыз қолды жоқ қылды,

Тоғыз күнде қаптаған.
Кішіпейіл ер еді,
Мықтымын деп саспаған.
Тәуекелі тағы артық,

Жалғыз жүріп саспаған.
Алшағырдың намысын
Сол досының ары үшін,
Ежелден кекті жау үшін,

Әперем деп намысын, 5590. Қобыланды мықты арланған,

Қаһарланып шамданған.
Қаптаған сансыз қалың жау,
Қырғын тауып зарлаған.
Қаладан шыққан көп жауды

Қаласына жібермей,
Қамап қырып жандаған.
Қаласына тығылып,
Қалғаны жаудың сау қалған.

Көптен бері тыным жоқ, 5600. Ұйқыдан қатқан қабағы,

Он күн болды шамасы.
Он күнде ердің жегені
Бес жалпақ нан тамағы.
Қатқаннан соң қабағы

Көлде қалған жолдасқа,
Қобыланды қайтып барады.
Аты да арып терлеген,
Батыр еді еңіреген,

Көптен ұйқы көрмеген, 5610. Ұйқыдан шаршап меңдеген,

Таңдайы қатып шөлдеген.
Күндіз-түні соғыспен
Батыр тыным көрмеген.

– О қырық жолдас, қырық жолдас,

Қатып келді қабағым,
Қарным ашып жүдедім,
Даярлаңдар тамағым.
Қарсы шыққан қалың жау,

Тарылтып шыққан қалың жау, 5620. Тарылтып қайттым заманын.

Осы күндіз түнімен
Ертең тыным аламын.
Екі күннің соңынан
Тағы да жауға барамын.

Қолда тізгін бар болса,
Кеудеде жаным сау болса,
Тағы жауға шабамын.
Уәде еткен досыма

Басын кесіп Барсаның 5630. Тартуға алып барамын.

Ердің бағы ашылмас,
Тәуекел етіп жол жүрмей.
Ердің жолы болмайды,
Шын тілекпен оң жүрмей.

Ер мақсаты бола ма
Дұшпанның отын сөндірмей.
Болмайды ердің мақсаты
Қарсыласқан дұшпанның

Жарық күнін өшірмей. 5640. Сендерге жолдас мен болдым,

Қырық жолдасым сен едің.
Алшағыр досқа Барсаның
Әкелем басын деп едім.
Апарып басын бермесем,

Ер басыма қиын-ды.
Алшағыр маған қиылды,
Досым салды бүйімді,
Қобыланды, бар деп бұйырды,

Тайбурыл мен торша ат, 5650. Досым үшін мінгенмін.

Бадана көзді бек сауыт
Алшағыр үшін кигенмін.
Уәде еткен досымның
Жұмсауымен сансыз жау

Соның үшін тигенмін.
Атқа мініп шыққаннан
Алдарымды білгенмін.
Айбат шаштым ақырып,

Жауға шаптым жапырып, 5660. Қанын судай сапырып.

Көп өтінді Алшағыр
Барсаға кеткен ар үшін,
Аяғыма бас ұрып.
Бапқа түскен мен Қобылан,

Мұнан да күшпен асармын,
Барсаның көңілін басармын.
Садақ толы сар жебе
Ертең жауға атармын.

Өктемсінген Барсаның 5670. Екпінді көңілін басармын.

Қанға қолым тиген соң,
Жау ішіне енген соң,
Бармай неғып жатармын.
Көңілімде айтар мүддемді

Қартқожақ пен Нұрғожа
Құлағына саламын.
Ертең жауға барамын,
Тағы бару талабым.

Жақсылық пен жамандық 5680. Әркімге ортақ деп еді,

Ескіден нақыл сөз еді.
Қалмақтың басы хан Барса
Адамда мықты деп еді.
Айтулы ердің өзі еді,

Мақтауға толық сөз еді.
Ерден ердің қаупі бар,
Маңдайында екі көз,
Бақыраштай деп еді.

Ажал жетсе қалармын, 5690. Жоғары болса бақытым,

Мен Барсаны алармын.
Тәуекел еткен батырмын,
Ажалды күнім таянды,
Қайда да қаза табармын.

Қартқожақ сонда сөйлейді:

– Жалғыз кеттің, Қобыланды,

Көмекке бізді алмадың.
Қасындағы қырық ердің
Қайтесің деп Қобыланды,

5700. Құлағына салмадың.

Сізбенен бірге бармадым,
Бітірмейсің, Қобыланды ер,
Қырық батырдың арманын.

– Қасымдағы қырық ерім,

Арманда болма сен деді,
Өкпе айтқаның нең деді.
Тар жол, тайғақ кешуде
Жүректерің кем деді.

Жазым болса біреуің 5710. Көңілі өсіп қуанар,

Арсыз қалмақ елі деді.
Сендерге нұсқап айтқаным,
Жалғыз кеткен бұл жауға
Қобыландының жобасын

Осы қалмақ қиын жау
Барсаңдар азып, тозасың.
Қасыңдағы Қобыланға
Жолыма бейнет боласың.

Өкпелеме, қырық жігіт, 5720. Сендер мұнда қаласың.

Тобығы меңді торыны
Бұл сапар мінбей тастаймын,
Батырлар, күйлеп бағасың.
Жауға ететін зәрім бар,

Дұшпанға жетер әлім бар,
Мен келгенше торыны
Жақсылап күйлеп бағыңдар.
Тоғыз күнде келмесем,

Қанша мықты десең де, 5730. Қобыландыға жазым бар.

Жәрдем берсе панамыз,
Қорғаншы болса бабамыз,
Тоғыз күннің ішінде-ақ,
Барса ханды аламыз.

Тоғыз күнде келмесем,
Он төрт күн бағып қараңыз.
Ұмытып қалып сөзімді,
Жолдастар болма бейхабар,

Он төрт күннің ішінде 5740. Ер Қобыланың жауды алар,

Барса келмес ханды алар.
Балдағы алтын ақ қылыш,
Жақсылық болса сапарым,
Балдағынан бал тамар.

Қиыншылық жер болса,
Қылышымнан қан тамар.
Балдағынан бал тамса,
Қобыландыны келді біл.

Қылышымнан қан тамса, 5750. Қобыландыны өлді біл.

Көк қылышты бағыңдар,
Қан тамса менде жазым бар.
Балдағымнан бал тамса,
Ер Қобыланың сау болар,

Мені күтіп алыңдар.
Тайбурыл атпен тайпалтып,
Жүрейін күннің оңына,
Беліме алмас буынып,

Алайын қару қолыма. 5760. Талай жауды қираттым,

Қабыл болса сапарым,
Мен Барсаның сорына.
Болжауым қайып болмаса,
Қалмақтың түспес қолына.

Уәдем сізге осылай,
Қырық жолдас досым-ай.
Торы атты күйлеп бағыңдар,
Мен келгенше аман бол,

Күтіп ал мені, тосып ал, 5770. Қасымдағы қырық батыр,

Қобыланды жалғыз кетті деп,
Бізді тастап нетті деп,
Аталы жау бұл қалмақ
Қазақпенен кекті деп.

Қасымдағы жолдастар,
Ойлаймыз ба болмасақ
Қызғаныш бізден өтті деп.
Сансыз қалмақ нөсерлеп,

Қасымдағы қырық жолдас 5780. Ойлады ма болмаса,

Аяушылық еткені.
Қаптаған жаудың ішінде,
Арманда болып кетер деп,
Нұрқожа батыр жырлайды.

Қасындағы жолдастар
Айтқан сөзін тыңдайды.
Қартқожақпен екеуі
Ақылдас, сырлас ыңғайлы.

– Қобыландының мұнысы,

5790. Ақылдың тура дұрысы.

Қасындағы қырық жігіт
Шыны жолдас білісі.
Бізді жолдас етпеген
Осы ақылдың дұрысы.

Қалың соғыс ішінде
Қырық жігіт нетті деп,
Алаң болып Қобыланды
Кетер еді тынышы.

Қобыланмен күш қосып, 5800. О қырық жігіт, қырық жігіт,

Ұрысуға шараң жоқ,
Қобыланмен қатар адам жоқ.
Аяушылық еткені –
Көңілінде алаң жоқ.

Арықтаған торыға
Мақпалдан жабу жабайық,
Торыны жақсы қарайық,
Жал-құйрығын тарайық.

Бір тілекте тілесіп, 5810. Қобыландыны күтіп алайық.

Сүйтті де қырық батыр ақылдасты,
Бұл сөзін Нұрқожа ердің мақұлдасты.
Қобыландыны келгенше күтпек болып,
Уәде байлап өңшең ер шапылдасты.

Батырдың торшасы күйленсін деп,
Қобыланды ердің торыша атын бақты.
Тайбурылы мінгені,
Үстіне сауыт кигені,

Беліне семсер ілгені. 5820. Тайбурыл атты күйледі,

Жануар бойын биледі.
Ойлау жерден ырғытып,
Қырлау жерден сырғытып,
Құйындайын құйғытып,

Қайшылатып құлағын,
Тайбурылды шұлғытып,
Бір құлағын тігілтіп,
Бір құлағын жығылтып,

Аққан жұлдыз секілді 5830. Қобыланды жүрді сырғытып,

Көріп қойған Көк Зеңгі
Тау қабақтап желіпті,
Қарауыл қарап жеріне,
Батыр қобылан келіпті.

Әйел, еркек жиылған,
Көп халықты көріпті.
Тау басына барыпты,
Қарауыл қарап Қобыланды ер

Алысқа көзін салыпты. 5840. Кеше көрген бір оба,

Екеу болып қалыпты.
Ар жағында обаның
Әйел, еркек көп әскер
Бекініп олар тұр екен.

Қалғанын жиып халықтың
Барсаның шыққан күні екен.
Әлі де жаулар көп екен,
Жиыл деген халқына,

Барсаның әмір сөзі екен. 5850. Екі обаның біреуі

Нән Барсаның өзі екен.
Батыр Қобылан көреді,
Қарақобаның бауырынан
Жылтырайды қос нәрсе,

Ол Барсаның көзі екен.
Будақтап түтін шығады,
Мұрнының тыныс лебі екен.
Қобыланды елін шапқан соң,

Барсаның кеткен тынымы. 5860. Ақылынан айрылған,

Ойында жоқ білімі.
Сырғауылдан кем емес,
Батырдың тартқан шылымы.
Қобыланды болжап тұрады,

Қыпшақтың батыр шырағы.
Шылым тартса ер Барса
Моржадан шыққан секілді
Будақтап түтін шығады.

Қобыланды жақын барыпты, 5870. Жақындап келіп қалыпты.

Айбатына батырдың
Қобылан көзін салыпты.
Әжептәуір ажары,
Қобылан аң-таң қалыпты.

Қотыр-қотыр ажары,
Көз салып Қобылан қарады.
Көрген шақта Барсаны
Қобыланның қайтты қажары.

Батыр Барса қарады, 5880. Қобыландыны көрді де,

Қатты айғайға салады.
Ақырғанда дауыспен
Қара тасты жарады.
Екпінінен дауыстың

Тастар ұшып барады.
Қобыланды деп ақырды-ай,
Қорқар Қобылан ер емес,
Қасына келді жақындай.

Бет ажарын қараса, 5890. Таудың қотыр тасындай.

Кеудесіне көз салса,
Келбетті туған нән екен,
Мұрны Құсмұрын таудың басындай.
Өктем туған өзі бар,

Мақтауына сиятын.
Келбетті келген жөні бар,
Бақыраштың аузындай,
Маңдайында екі көзі бар.

Айбатты Барса келбетті, 5900. Сескенбейтін сербетті,

Ажары жаман көр бетті.
Қобыландыны көргенде,
Бермен жақын кел депті.
Жаныңды алар ер Барсаң

Осы тұрған ер депті,
Отырған жерім отаудай,
Тұрайын, бәлем, көр депті.
Келбеті күшке жарасқан,

Барса тұрған шағында, 5910. Қанша мықты десек те,

Ақылдан Қобылан адасқан.
Бұл Барсаның бойы бар,
Биікпенен таласқан.
Адамның мықты алыбы,

Шыны дәудің өзі екен,
Ауызға толы сөз екен.
Сияғын Барса көргенде,
Қобыландының сасқан жері екен.

Қобыландыны көріп ақырды, 5920. Бермен кел деп шақырды.

Ақырғаннан Қобыланды ер
Қайтемін деп сасулы.
Ақырғанда лебінен
Ұсақ тастар шашылды.

Қалай да болса бір жұмыс,
Кездесті ғой маған деп,
Тәуекел керек батырға.
Қалай да болса барам деп,

Болжаулы іс өтпес пендеден, 5930. Мына дүние заман деп.

Кемшілік болар басыма,
Барсадан қорқып сасқаным.
Ерлігіме мін болар,
Жанымды қорғап қашқаным.

Өлім келсе өтермін,
Қайырлы болса сапарым,
Мақсатыма жетермін.
Қара обадай Барсаның

Оңдаса басын кесермін. 5940. Қазам жетер күн болса,

Мен ажалға не етермін.
Ажалға бар ма амалым,
Жекпе-жекке Барсаға
Қалай да болса барамын.

Кесілмесем қарымнан
Айрылмасам барымнан,
Қара обадай Барсаның
Кәзір-ақ басын қағамын.

Айбатын шашып ақырды, 5950. Барсаға Қобылан келеді,

Екеуінің кездесіп,
Ұрыс салған жері еді.
Жасы үлкен Барса хан
Кезегімді бер деген,

Қобыланды кезек береді.
Сонда Барса сөйлейді:

– Белге арқан салалық,

Екеумізге тең ортақ
Аударысып қаралық.

5960. Берік болса уағда,

Болмасын бізде шалалық.
Ат үстінен алысты,
Құшақтасып екеуі
Аударысты салысты.

Белге арқан шалыпты,
Тартысысып қалысты.
Үзеңгісін шіреді,
Табанын ерлер тіреді.

Шашасынан жоғары 5970. Астындағы аттардың

Тұяғы жерге кіреді.
Алыстары үдеді,
Тартысқанда белбеуін
Екеуі де үзеді.

Көргендерге таң болды,
Алысқан жері ерлердің
Бұрқыраған шаң болды.
Бірін-бірі ала алмай,

Екеуіне де ар болды. 5980. Не қыларға біле алмай,

Екі батыр дал болды.
Белге буды шідерді.
Бірін бірі сынасып,
Жаннан үзді күдерді.

Екі батыр ақырып,
Жауатұғын бұлттай
Қабақтары түнерді.
Аттан түсе қалысты,

Бір-біріне жабысты. 5990. Бермейміз деп намысты,

Екеуі күрес салысты.
Бірін-бірі ала алмай
Шаршап ерлер шалықты,
Шаршағаны анық-ты.

Барса сонда сөйледі:

– Қобыланды батыр сен едің,

Өзімнен төмен деп едім.
Мен сынадым Қобыланды,
Артық күшке беренім.

6000. Мақұлдасаң Қобыланды,

Қаруменен жұмсанып,
Кезектесіп көремін.
Жасың кіші болса да,
Халқыма келген қонақсың,

Саған кезек беремін.

– Жолсыз жерге бармаймын,

Жолсыз кезек алмймын,
Жасың үлкен, ер Барса,
Кезекті сізге арнаймын.

6010. Жасың үлкен сен едің,

Жасы кіші мен едім.
Бұрын туған ер едің,
Кезекті сізге беремін.
Аман қалса бір жаның,

Артын күтіп көремін.

– Сөз айтайын, Қобыланым,

Шоңғара мен Қаршыға,
Халқымның ері қорғаным.
Ерімді қойдай сойғаның.

6020. Сан жетпейтін халқымның

Талайын қырып жойғаның.
Қара ниет қыпшақсың,
Қан ішуге тоймадың.
Қалмақтың ханы Барсаны

Аламын деп ойладың.
Дендеген Қобылан есерсің,
Ақылың жоқ бекерсің.
Қара таудай Барсаға

Нешік қайрат етерсің? 6030. Жанған оттай жас жансың,

Кешікпей бәлем өшерсің.
Әлек еттің елімді,
Еліме бердің зәбірді.
Елге қорған өлтірдің,

Қаршыға мен Шоңғара
Екі бірдей ерімді,
Еріні қанды бөрімді.
Азаматымды өлтіріп,

Жылаттың қыз бен келінді. 6040. Өзіңе де зауалды,

Өлерің жақын абайла,
Кешікпей-ақ алармын,
Сенен түгел кегімді.
Талай жайсаң, жақсымнан,

Қатын, бала арылды.
Мейірімсіз Қобылансың
Мың да болса құртармын,
Кеудедегі жаныңды.

Дүниемнің бәрі болды әлек, 6050. Кетірдің Қобылан сәнімді.

Азаматым арылған,
Жетім бала, жесір көп,
Халқымның күні тарылған.
Кек алмайды деп пе едің

Қара ниет залымнан.
Неше күндей ұрысып,
Мелшемізден батысқан,
Екеумізге көп болды,

Аттан түспей алысқан. 6060. Мен Барса едім қашаннан,

Талайды таптап жанышқан.
Екеумізге жол болар,
Қылышпен кезек шабысқан,
Кел қызыққа батайық,

Кезектеп садақ атайық.
Ай балтаны алайық,
Кезектесіп қарайық.
Болаттан соққан ақ балта,

Кезек-кезек шабайық. 6070. Қызық көрдік алысып,

Жеңдірмеске қарысып.
Аударысып күрестік,
Жеңіспедік қарысып.
Кел қызыққа баталық,

Найзаменен шанышып,
Айтқанына Барсаның
Ер Қобыланды көнеді.
Кезегіңді ал деп еді,

Барсаға кезек береді. 6080. Қылышын қайрап безеді,

Кезегіңді ал деп қарысып,
Қарсы алдына келеді.
Тасты кескен алматы,
Мойнынан шауып сермеді.

Жасық пышақтай көрмеді,
Ер Арыстан Қобыланға
Барсаның кезек бергені.
Бұ да алмасын алады,

Қара обадай батырды 6090. Иықтан тартып қарады,

Айбатын шапшып санады.
Тасқа тиген немедей
Жылжып қайтып көк алмас
Сағақтан сынып қалады.

Айдаһардың тіліндей
Шабыса кеткен білінбей,
Ақ найзаны сермеді,
Қу қурайдай көрмеді.

Екі батыр соғысып, 6100. Қуаты асып өрледі.

Найзаменен салады,
Жасыған жездей майрылып,
Ортасынан қайрылып,
Қармақ болып қалады.

Бірін-бірі кезектеп,
Балтаменен шабады.
Қатты сермеп ұрады,
Ұңғыдан балта сынады.

Қарудан қару қалмады, 6110. Шегінісіп тұрады.

Садағын ерлер кезеді,
Сарыжаға безеді.
Сарыжаның көбесін
Толғағанда сөгеді.

Шіренісіп тартысты,
Тасқа тиген немедей,
Шақ етіп кейін қайтысты.
Ер қызыққа батысты.

Қой боғындай қорғасын 6120. Жалғыз оқты мылтықпен

Екі батыр атысты.
Өздерін-өзі өктеді,
Қарудан қару қалған жоқ,
Біріне-бірі қос жайсаң

Біріне залал етпеді.
Аянып жүрген күші жоқ,
Бір-біріне әлі жетпеді.
Екеуі де батырдың

Бір-бірін аңдап бағады. 6130. Қолдарындағы алмастың

Тұтамдай сабы қалады.
Біреуінің біреуі
Қаруын жұлып алады.
Тағы екеуі алысты,

Тағы күрес салысты.
Алысумен шалысты,
Шаршағаны анық-ты.
Хан Барса ердің данасы,

Алысқанға екеуі 6140. Жеті күн болды шамасы.

Кім мықты да, кім осал
Айрылған жоқ арасы.

– Бір сөз айтам мен, Қобылан,

Сөзімді тыңда сен, Қобылан,
Айтқаныма көн, Қобылан.
Тоғыз күн болды соғысқа
Барсаға ұлықсат бер, Қобылан.

Тоғыз күннен бері қарай
Әлі ұйықтаған қабақ жоқ,

6150. Әлі ішкен тамақ жоқ.

Баруға пұрсат заман жоқ.
Екеуіміз де таралық,
Тамаққа Қобылан баралық,
Тамақтанып алалық.

Суық көлден су ішіп,
Екеуіміз де қаналық.
Жеңемін деп қуанып,
Тұрмысың, Қобылан, мерейіп.

Тамақ ішіп, Қобыланды ер, 6160. Қуаттанып келейік.

Екеуміздің пайдамыз
Бір-біреуге көнейік.
Ұлықсат берсең, Қобыланды,
Бүгін соғыс қоямын,

Ашуды бүгін жоямын.
Қарным ашқан Барсамын,
Екі өгіз соямын.
Мешкей еді тамағым,

Мен тамаққа барамын. 6170. Екі батпан наным жеп,

Екі көлдің суынан
Шөлдеп ішсем қанамын.
Көптен бері ұйқы жоқ,
Қатып тұр, Қобылан, қабағым.

Жау да болсаң жолдассың,
Тілегімді бер, қарағым.

– Сенде де, Барса, тамақ жоқ,

Менде де ішкен тамақ жоқ.
Кел ұрысқа кетейік,

6180. Тексеріп тұрған адам жоқ,

Есеп алған санақ жоқ.
Кел ұрысқа кетейік,
Біраздан бері алыстық,
Қайсысымыз жеңсек те,

Бір мақсатқа жетейік.
Ақылдың Қобылан данасы,
Тоқтарбай қарттың баласы.
Барсаның айтқан сөзінен

Білінді ердің шамасы. 6190. Кім мықты да, кім осал,

Мағлұм болды арасы.
Тамақ ішіп келем деп,
Барса батыр жалынған,
Өтінішін қарашы.

Тамақтанып келуге
Қобыланды рұқсат берген жоқ,
Айтқанына көнген жоқ.
Жіберуім бекер деп,

Барса қашып кетер деп, 6200. Ер Барсаға сенген жоқ.

Барсаға рұқсат бермейді,
Айтқанына көнбейді.
Қашып кетер батыр деп,
Хан Барсаға сенбейді.

Мықты Барса сен болсаң,
Меніменен тең болсаң,
Алысайық кел дейді.
Екі батыр алысты,

Жібермен деп намысты. 6210. Қара тастар күл болып,

Талқан болып қалысты.
Он екі күн болыпты,
Күн тал түске толыпты.
Бірін-бірі ала алмай,

Екеуі де торықты.
Бірінен-бірі қауіп етіп,
Ерлердің көзі қорықты.
Күндіз-түні тыным жоқ,

Алысумен зорықты. 6220. Есіне түсіп Тайбурыл,

Қобыланды атқа қарады,
Атына көзін салады.
Тұла бойы қызыл қан,
Тұяғынан ағады.

Басына көзін салыпты,
Басында аттың тері жоқ,
Хан Барсаның аласы,
Терісін жұлып алыпты,

Ерін тері қалыпты. 6230. Аяғына көз салса,

Сирағында тері жоқ,
Төрт тұяғы қалыпты.
Ер Барсаның аласы,
Сауырға ауыз салыпты.

Арқа тері бәрісін
Ала ат жұлып алыпты.
Тұла бойдың сауы жоқ,
Жал-құйрығы қалыпты.

Атын көріп Қобыланды 6240. Мынау қалай болды деп,

Батырдың көңілі тарықты.
Хан Барсаның ала аты
Талағаны анық-ты.
Алаға көзін салады,

Көзін салып қарады.
Шүмектеп қаны ағады,
Басына көзін салады,
Ақсиып тісі қалады.

Ерін тері, бас тері 6250. Қобыландының Тайбурыл

Баршасын жұлып алады,
Ақсиып тісі қалады.
Мойнына тағы көз салса,
Бас мойнында тері жоқ,

Тері қалған жері жоқ.
Тайбурылы тұлпардың
Ат сияғы жөні жоқ.
Қираған ала жағы жоқ,

Сан терісін сыпырған, 6260. Төрт тұяғы тағы жоқ.

Талағаны Тайбурыл
Бұл аланы анық-ты.
Жалы менен құйрық жоқ,
Тек сүйегі қалыпты.

Қалмақтың ханы ер Барса,
Алаға көзін салыпты.
Ала атты көзі көрген соң,
Іші өрттей жаныпты.

Тұлпарын ала көріпті, 6270. Ала тұлпар өледі деп,

Әбден сынап, зар жылап,
Көзінен жасын төгіпті.
Таудай ала ат сен деді,
Батыр Барса мен деді.

Бурылдан болдың кем деді,
Таланған мұнша нең деді.
Таланыпсың жаман деп,
Саған келген қара түн

Ертең келер маған деп, 6280. Жақын шығар тамам деп,

Алыс емес ажал деп,
Атаңа нәлет Қобыланды
Тарттырмаса игі еді жазам деп,
Жетпесе игі еді қазам деп,

Еңіреп Барса жылап тұр,
Көзінің жасын бұлап тұр.
Өзі өлерін хан Барса,
Көңілмен байқап сынап тұр.

Есін танып Тайбурыл 6290. Жақындап келді Қобыланның

Оқыранып қасына.
Жануарым бурыл деп,
Сипап қойды басына.
Сипаған соң Тайбурыл

Ортаға келіп желулі.
Ер Барсаның ала атын
Қос аяқтап тебулі.
Сандалып жүрген жануар

Тепкі тиіп өлулі. 6300. Жығылғанын ала аттың

Барсаның көзі көреді.
Қолдаған тұлпар алам деп,
Ажал жетті саған деп,
Саған жеткен бұл қаза

Ертең келер маған деп,
Алыс емес жақында,
Таянды маған ажал деп,
Өкірді де, жылады,

Маңдайға өзін ұрады. 6310. Көзден аққан ыстық жас,

Көкірегін жуады.
Ала тұлпар өлген соң
Барсаның бағы сынады.
Әуре болдым бекер деп,

Ойлап едім әуелде-ақ,
Масқара Қобылан етер деп,
Халқым түгіл өзімнің
Қобыланды басым кесер деп.

Өмірім қаран өшер деп. 6320. Әуелден қаупім көп еді,

Мақсатына жетер деп.
Қайғыменен көзінен
Жас төгілді нөсерлеп.
Он үш күндей алысқан,

Қырық беске келгенде
Маған пәле жабысқан.
Өзіне-өзі сенбесе
Келе ме іздеп алыстан.

Сескеніп едім әуелде-ақ, 6330. Қобыланды деген дабыстан.

Қайғылы көңілім қуанып,
Маған кеңдік болар ма,
Қисайған ісім оңар ма.
Бұл секілді Қобыланды ер

Мені еркіме қояр ма?
Қолындағы көк найза
Жан шығармай болар ма.
Ала ма деп қорқамын,

Қобылан менің жанымды. 6340. Қор қылар деп қорқамын

Кешікпей қызыл қанымды.
Алыстан келген Қобыланды
Кетірді менің сәнімді.
О, дариға заман-ай,

Дәуренім бастан арылды.
Амалым жоқ көнбеске,
Ұсындым басым өлмекке.
Шапшаң бермен кел, Қобылан,

Ер Барсаны еңіретпе. 6350. Он үш күн болды арасы,

Осы бүгін тапа тал түс,
Мықты менен осалдың
Айрылар күн арасы.
Жүгіріп келіп Барсамен

Ер Қобыланың алысты,
Бір-біріне жабысты.
Қаһарланған ер Барса,
Көтеріп Қобыланды алыпты.

Үйіріп алып батырды 6360. Қара тасқа салыпты.

Жығылатын Қобылан ба,
Тіке түсіп қалыпты.
Екпінімен аяқтың
Қазандайын қара тасты

Ортасынан жарыпты.
Күндіз-түні екеуі
Жағаласты салады,
Қатты жүдеп азады.

Қанша мықты дегенмен 6370. Қобыланды ер де талады.

Қуат қашып ер Қобылан
Қатты жүдеп барады.
Жүдегенін Барса біледі,
Қуаныш етіп Қобыланды

Көкіректен тіреді.
Қалмақтың күші үдеді,
Сонда Қобылан жылайды,
Көздің жасын бұлайды,

Пірлерден тілек сұрайды: 6380. – Әуелі жәрдем тілейін

Жан жаратқан панадан.
Екінші жәрдем тілейін
Жәрдемші ата-бабадан.
Сендер жәрдем қылмасаң,

Таршылық болды заманам.
Перзентіңнен хал кетті,
Күш-қуат пен әл кетті.
Ақша беттен қан кетті,

Ажар мен көрік, сән кетті. 6390. Қобыландыңнан әл кетті,

Пірлерім жәрдем болмасаң,
Мына Барса меңдетті.
Әл-қуатым кері кетті,
Таршылық жерде ер бабам,

Балаңа жәрдем бер депті.
Қиядан шықты төрт бүркіт
Оң жағынан шығады.
Ақ шалғылы көк бүркіт

Еңсесінен төнеді. 6400. Бүйірлеп бүркіт келеді,

Қарысып жүрген Барсаны
Жауырына тебеді.
Бүркіттің болған себебі,
Сиынған жердің бабасы

Тар жерде тиді себебі.
Ер тарыққан күнінде
Қуат берген жер еді.
Қуатқа келіп күйленді,

Ажарға келіп түрленді. 6410. Ашаң жүзі көркейіп,

Қуатын байқап білді енді.
Көңілі өсіп ер Қобылан
Миығын тартып күлді енді.
Мықты Барса келің деп,

Енді өлетін жерің деп,
Теңім бе едің менің деп,
Жүгірісіп алысты.
Алдырман деп хан Барса

Қарсыласып қарысты, 6420. Жібермен деп намысты.

Қатуланған Қобыланды
Көтеріп Барса қарады,
Жылжымады табаны.
Мәлім болып Қобыланның

Қайрат пенен қажыры,
Барсаның кетті ажары.
Қобыланның жүзі нұрланып,
Алмадай беті қызарды.

Найзаның сабы шынар-ды, 6430. Бұрынғыдан өзгеше

Қайратты Қобылан шығарды.
Қуат бердің маған деп,
Жетті, Барса, қазаң деп,
Кекті дұшпан сен едің,

Қалмақ сенің сазаң деп.
Тәніңде мың жан болса да,
Жетеді бүгін қазаң деп.
Шалқаңнан Барса салайын,

Жеңуім болды тағайын. 6440. Көтеріп ырғап алады,

Әп дегенде Барсаның
Жоғары шықты аяғы.
Қаңбақ құрлы көрмеді,
Үйіріп кетіп барады.

Барсаны жеңбей не қылсын,
Қорушы сүйеу бес бүркіт
Жәрдемшісі еді манағы.
Айналдырып басынан

Шалқасынан салады. 6450. Былғап жерге ұрғанда,

Жер солқылдап барады.
Сонда Барса жылады,
Аз ғана мұрсат сұрады.
Сөйлегенше Барсаға

Мұрсат беріп тұрады:

– Қиындық беріп өлтірме

Өтініш етем өзіңе.
Ұлықсат ет, Қобыланжан,
Барсаның айтқан сөзіне.

6460. Қаһарлансаң кім шыдар

Ашуланған кезіңе.
Үстімдегі бек сауыт
Шешпесең қару өтпеген.
Батыр едім мен Барса

Ешкімнің әлі жетпеген.
Қалмақтағы арлы едім,
Елімнің арын кектеген.
Алшағырдай залымның

Әперем деп намысын. 6470. Енді өттім өктемен.

Құрмет етіп Барсаға
Досым Қобылан сыйла да,
Қорлықпен жаным қинама,
Кекті дұшпан қалмақ деп,

Ендігі жерде қорлама.
Үстімдегі бек сауыт,
Қобыланды, шешіп тастайын.
Сын айтатын жерім жоқ,

Неге сұмдық сақтайын. 6480. Қаруым қалды далада,

Сауытты шештім жана да.
Ерік бердім, Қобыланды,
Білікті батыр данаға.
Жалаңаштап алмаспен

Мені өлімнен аяма.
Аянар жерім қалған жоқ,
Бұл сөзімде жалған жоқ.
Тезірек өлсем арман жоқ.

Қобыланды сөзін естіп көрген жері, 6490. Тілегін нән Барсаның берген жері.

Екеуі серт байласып, жауаптасып,
Байласып уағдаға сенген жері.
Өлімнен Барса қорқып саспады енді,
Ажалдан тұра төнген қашпады енді.

Кигені үстіндегі кілең сауыт,
Сыпырып батыр патша тастады енді.

– Қобыланды сізге қонды бақ,– деп айтты,

Мен болдым бұл дүниеден жат, – деп айтты.
Жыланға анам жеріп тапқан екен,

6500. Тәнімде мықты жерім бас, – деп айтты.

Биліктің еркіменен бәрі өзіңде,
Жеріңнен сіз қалаған шап, – деп айтты.
Ашуланып долданды,
Семсер қылыш қолға алды.

Шабайын деп оңдалды,
Біразырақ толғанды.
Батырға да жан керек,
Барса да жылап зарланды.

Тұла бойы дірілдеп, 6510. Олай-бұлай сандалды.

Алмасты жанып алады,
Мойынынан шабады.
Тасты кескен ақ алмас
Бұл Барсаның тәніне

Төрт-ақ елі барады.
Айдаһардың тіліндей
Шанышса кеткен білінбей.
Қара тасты шанышса,

Өтуші еді кідірмей. 6520. Салған жерден таяды,

Қармақ болып қалады,
Балтаменен ұрады.
Сағақтықтан шарт етіп,
Балтаның сабы сынады.

Мықты Барса әлсіреп,
Дір-дір етіп тұрады.
Барсаның шойын шоқпармен
Көтеріп алып Қобыланды

Тас төбеге ұрады. 6530. Бас айналып құлады,

Мініп алып кеудеге
Аузына құм құяды.
Он алты күн дегенде,
Тынысынан тынады.

Жұлдыз шыға батырдың
Азар жаны шығады.
Барса менен Қобыланды
Он төрт күн соғыс салғанда,

Қобыланды шаршап әлсіреп, 6540. Ақылынан танғанда,

Қайғымен болып арманда,
Қылышынан қан тамады.
Көлдегі жолдас қырық жігіт
Қатты сасып сандалды.

Қобыланды өліп кетті-ау деп,
Қырқы жылап зарланды.
Қобыланның айтқан сөзі бар,
Жылауы бөтен емес-ті.

Бұл іс қалай болды деп, 6550. Қырық батыр кеңесті.

Қартқожақ ер сөйлейді:

– Төрт-бес күн күтіп қаралық,

Қылышты тағы бағалық.
Қалайынша іс болар,
Кеңесіп ойды табалық.
Қылышты бес күн бағады,

Алтыншы күн болғанда,
Балдақтан бал тамады.
Қайғылы болған қырық жігіт

6560. Қуанысып қалады.

Өлтірген соң Барсаны
Қобыланның көңілі өсіпті.
Қара обадай Барсаның
Кеудесінен кесіпті.

Ат көтіне сүйретіп,
Қалаға келіп жетіпті.
Тірі қалған қалмақтар
Алдынан шулап шығады.

Қол қусырып шуласып, 6570. Жан сауғалап тұрады.

Не айтқанын қылады,
Айтқанына көнеді.
Не десең де көндік деп,
Уағдасын береді.

Қобыландыны бағады,
Құрмет етіп қарады.
Қызметі қалмақтың
Қобыландыға жағады.

Ынтымақты ел болды, 6580. Жақсы менен жаманның

Әйел, еркек адамның
Тілегің бірге тең бол деп,
Ынтымақты болың деп,
Жамандықтан, қалмақтар,

Басыңды бағып, қорың деп,
Барсада тұрған тұрмыстан
Ендігі жерде озың деп.
Мен еліме барармын,

Барып қағаз жазармын, 6590. Хат пенен хабар алармын.

Тентек болсаң, қалмақтар,
Ақырында қарармын.
Айтқан тілімді алыңдар,
Жадыңа алып қалыңдар.

Ел бастаған азамат,
Жетім-жесір, нашарға
Назар көңіл салыңдар.
Халықты дұрыс бақпасаң,

Нашарларға жақпасаң, 6600. Тағы айналып келермін,

Халықты келіп көрермін.
Жауыздықты ел болсаң,
Қандарыңды төгермін.
Сазаңды сөйтіп берермін.

Бек сауытты белсенген
Ұрысса жауды еңсерген,
Қобыланды ерің мен дейді,
Жақсы бол, қалмақ ел, – дейді.

Менің айтқан мұныма 6610. Ризалықпен көн дейді.

Азаматы қалмақтың
Қобыландының сөзіне
Ықыласпен көніпті.
Бәрі уәде беріпті,

Біріне-бірі сеніпті.
Осылайша келісті,
Ұлықсат беріп халқына
Өрісін елдің кеңейтті.

Достыларым, сен дейді, 6620. Шын көңілменен көн дейді.

Қасымда жолдас қырық жігіт,
Жіберемін тез барып.
Қызмет етіп көр дейді.
Керегі болса бер дейді.

Басшылары қалмақтың
Жасы менен кәріміз
Құрмет етеміз бәріміз.
Біздің осы шаһардан,

Керегің болса алыңыз. 6630. Қасымдағы қырық жолдасты,

Ертеңгі күн көрерсіз,
Айтқанына көнерсіз.
Не десе де сенерсіз,
Білімді болса бересіз.

Өсиет бұл халыққа айтып кетті,
Осылайша еліне тәртіп етті.
Кеудесін ер Барсаның жоғары іліп,
Жолдас жатқан көліне қайтып кетті.

Жолдасқа көлде жатқан Қобылан келді, 6640. Қауышып жолдастарын аман көрді.

Қартқожақ, Нұрғожа мен жасы үлкендер
Еңкейіп батырларға сәлем берді.
Қалмақтан аты арып аман барды,
Есендесіп жолдастың қолын алды.

Қобыланды аман-есен келгеннен соң,
Көрініп, қуанысып, айқай салды.
Қобыланды кеш болған соң келіп қонды,
Өзінің қостасына қонақ болды.

Таң атып, сәске мезгіл болған шақта, 6650. Сөйледі жолын айтып көрген жолды:

– Қасымдағы жолдастар,

Тілегі бірге құрдастар,
Киюіңе бек сауыт,
Белдерінде алмас бар.
Біріңнен-бірің қалмастан,

Қырқыңда жалғас бар.
Патша Барса өлген соң,
Бағынды бізге қалмақтар.
Үш күн мұнда қалайын,

6660. Тамақтанып, күйленіп,

Мен тыңайып алайын.
Сендер бар да қонақ бол,
Тап бес күн дегенде,
Мен де артыңнан барайын.

Қырық ерім, бағың бар,
Қонақ болып қалмаққа
Құрмет көріп қалыңдар.
Алтын, күміс олжадан

Керегінше алыңдар. 6670. Қырық батыр қуанып,

Күлісіп атқа мінеді.
Ер қаруы бес қару,
Қаруларын іледі.
Көк Зеңгінің тауына

Жүруге жолды түзеді.
Ертең сәске болғанда,
Тау басына барады,
Батырлар шаһарға қарады.

Дарбазаның аузында 6680. Қалқан киген батыр тұр.

Жүрмей тұрып қалады.
Қартқожақ сонда сөйлейді:

– Байқаңдар жолдас сен дейді,

Уайым еттім мен дейді.
Дарбазаның аузында
Қалқан киген батырды
Көзбен байқап көр дейді.

Кеудесіне қарасам,
Келбетті туған ер дейді.

6690. Алданбайық, жолдастар,

Ақылдасып көр дейді.
Сынауым бөтен болмаса,
Өлмеген Барса тірі екен,
Есігінде қақпаның

Қарауыл қарап тұр екен.
Өлтірдім деп келгені
Қобыландының кім екен?
Сонда айтты жолдастар:

– Қобыланға қайтып баралық,

6700. Қарауыл қарап тұрғанын

Құлағына салалық.
Біз баратын жер емес,
Мақұл көрсе Қобыланды
Жолдас қылып алалық.

Қобыландыға бармасақ,
Жолдас қылып алмасқ,
Бізге қиын осы жау
Тірі тұрған Барсаны

Алыстан болжап аңдасақ, 6710. Кел, Қобыланға жетелік.

Тірі екенін Барсаның
Батырға баян етелік.
Құр тұрудан пайда жоқ,
Бұл ардан кетейік.

Осы көрген мәністі
Батырға баян етелік.
Қобыландыға егер бармасақ,
Қиындық болар, жолдастар.

Көтеріп тұр бір қолын 6720. Атаңа нәлет ер Барса,

Көзбенен байқап аңдап қал,
Оң қолында алмас бар.
Қарауыл салған күні екен,
Өлмегені шын екен,

Көтеріп қылыш тұр екен.
Батырсынып жүрсек те,
Бізге қиын сын екен.
Оған бару қиындық,

Сірә, бізге мін екен. 6730. Кел амандықта кетелік,

Қобыландыға жетелік,
Ішке кіршік сақтамай
Көргенді мәлім етелік.
Тірілігін Барсаның

Батырға айтып көрелік.
Басшы қылып Қобыланды
Қайта айналып келейік.
Қобыланды онда, біз мұнда,

Қобыланды қалып кейінде, 6740. Біз батырмыз демейік.

Алда қандай заман бар,
Бақыттан ерлер көрелік.
Мақұлдасып баршасы
Қобыландыға қайтып жөнелді.

Кеңшілікте жүргенде,
Бәрі батыр ер еді.
Шаһарға келген қырық ердің
Кейін қайтқан жері енді.

Алмастары белінде, 6750. Кигені сауыт беренгі.

Жатқан жері Қобыланның
Елсіздегі көл енді.
Қырық ерлер кем емес,
Айлалы батыр өнерлі.

Құр кеудеден қорқып,
Қайтқан жері сол еді.
Бедеу атпен желісті,
Көлге қайтып келісті.

Қартқожақ пен Нұрғожа 6760. Қоста қалған Қобыланға

Көргенін айтып берісті.
Қайтпас батыр ер Қобылан
Қырғаны жауды шын екен.
Жердің жүзі қызыл қан,

Судай қалқып тұр екен.
Дарбазаның аузында,
Атаңа нәлет ер Барса,
Көтеріп қылыш тұр екен.

Барса тұр аман елінде, 6770. Өлтіргенің кім екен?

Барса тірі тұрған соң,
Бізге бару сын екен,
Қырық еріңе мін екен.
Шын көзбенен көргенбіз,

Жақындап келіп төнгенбіз.
Қарауыл қарап тірі тұр,
Болжап көріп сенгенбіз.
Бізге бару жөн емес,

Қасыңдағы қырық жолдас 6780. Сенімен біздер тең емес.

Өзің бастап жүрмесең,
Баруымыз жөн емес.

– О, қырық жігіт, досым-ай,

Бітірген ісің осы ма-ай?
Жақсының ісі жария,
Жаманның ісі жасық-ай.
Құр кеудеден қорқып,

Келіпсің сендер қашып-ай,
Батыр емес, жасық-ай.

6790. Тірі тұр деп Барсаны

Келіпсің қорқып басынай.
Қорыққаннан аңдамай,
Келіпсің қате қапыл-ай.
Сендердей жаман жолдастан

Артық шығар, сірә да,
Елдегі қалған қатын-ай.
Дірілдеп қашып келіпсің,
Дарбазаның аузында

Барсаның кеуде, басынан. 6800. Атты күйлеп мінелік,

Сендерге олжа, мал керек,
Тезірек жауға жүрелік.
Не бар, не жоқ шаһарда,
Аралап байқап білелік.

Өзім-ақ бастап барайын,
Сендерменен бір жүріп,
Шаһарды ралап қарайын.
Алшағырдай досыма

Уәде еткен сөзім бар. 6810. Қалмақтың ері Барсаның

Басын алып барайын.
Басын алып бармасам,
Сын тағылар сөзіме,
Мін болады өзіме.

Уәдем, Қобылан, қайда деп,
Айтар досым көзіме.
Лайықпен барайын,
Шын досымның еліне, –

Деді де Қобылан шаттанды, 6820. Қырық жігіт жолдасы

Ер Барсаның еліне,
Тағы да ерлер аттанды.
Қобыланды бастап жөнелді,
Енді шаһарға келеді.

Ілулі тұрған Барсаның
Қасындағы қырық жігіт
Кеудесін өлген көреді.
Қасындағы қырық ердің

Осы ұялған жері еді. 6830. Азаматын шаһардың

Батыр Қобылан жияды.
Ортасында халықтың
Үгіт айтып тұрады.
Қол қусырып Қобыланға

Көп қалмақтың халқы
Қызмет етіп тұрады.
Үгіттейді халықты
Рұқсат елден алыпты.

Бұрынғы жатқан көліне, 6840. Батырлар қайта барыпты.

Алтын менен күмістен
Қасындағы қырық жолдас
Көтергенше алыпты.
Амалы бар ма қалмақтар

Ырзалықпен көніпті.
Қырық батырдың керегін
Сұрағанда беріпті.
Алтын, күміс олжамен

Мекен еткен көліне
6850 Батырлар аман келіпті.

Әлқисса, Қобыланды батыр қырық жолдасын қасына шақырып алып: «Елге қайтатын уақыт болды, енді тезірек жетудің жабдығын істелік» – дейді.

Алшағырға Қобыланның
Уәде еткен сөзі еді.
Аман болсам алты айда,
Мен келермін деп еді.

Алшағырдай досыма
Уәде еткен серт еді.
Мен алты айда келмесем,
Заманым қайып деп еді.

Әлқисса, Алшағыр өзінің досы Қобыландыға берген уәдесі бойынша Қарақыпшақ елін алты айға дейін бағады. Дәулетіне қызықпайды. Батырдың тапсыруы бойынша елді қорғап отырады. Жеті ай өтеді, сегіз айдың жүзіне ауады. Қобыландыдан да, Барсадан да хабар болмайды. Енді Алшағыр ойлайды: «Қобыланды өлген екен, – дейді, – Барсаға барған адам келмеген соң оның атын Барса келмес деп қойып еді. Бұл сапардан Қобыланды аман қайтпайды. Осыншама кешігуіне қарағанда Қобыланды өлген шығар, Барсаның қолынан қаза тапқан болар», – деп ойлайды. Осы оймен Алшағыр Қарақыпшақ елін шабады. Тоқтарбайды құл, Аналықты күң етеді. Қобыланның қарындасы отыз төре, қырық бегінің тартқан шылымын өшіретін етіп қояды. Сұлу Аққұртқаны өзі алмақ болады.

Ақылдасып ойласып, 6860. Отыз төре, қырық бегі

Бірге сырлас жолдасын,
Тілегі бірге қолдасын,
Хан шақыртып жияды,
Жолдастары келген соң,

Әңгімесін құрады.
«Не жөнменен шақырттың?»–
Деп төрелер сұрады.

– Әркімге де жолдастар

Ақылдас, сырлас тең керек. 6870. Азамат басы құралып,

Ақыл табар ер кезек.
Уәдені байласып,
Бағдар менен жөн керек.
Қарақыпшақ елінен

Шыққан Қобылан ер еді,
Қайтпайтын қайсар сер еді,
Көрсеткен зәбірі көп еді.
Бүлік салған халқыма

Сол Қобыланның өзі еді. 6880. Біздің халық қалмақтың

Зәбірі көрген көп еді.
Дұшпан ерге бір кесел,
Душарласар деп еді,
Айламенен арбадым,

Қобыландыны алдадым.
Баршаңыз да білесіз,
Ер Барсаның еліне
Алдауменен барғанын.

Айтпаймын сөздің жалғанын. 6890. Ақылменен байқаймын,

Елінде Барса қалғанын.
Өздерің де білесің,
Алты айда қайтып келем деп,
Қысқа срок алғанын.

Алты ай деп кесті срокті,
Алты ай түгіл жыл өтті.
Жібергенге Барсаға
Тілеп едік тілекті.

Қорлығы естен қала ма, 6900. Халқымызды жүдетті,

Кеткеніне Қобыланның
Сегіз ай бүгін шын өтті.
Батырсынып желігіп,
Ерлігіне сенген-ді.

Дос деп маған алданып,
Айтқаныма көнген-ді.
Қобыланның күні өткен-ді,
Қалмақтың басы ер Барса

Мақсатына жеткен-ді. 6910. Барған адам қайтпаған

Барса батыр өктем-ді.
Қанша батыр болса да,
Барсакелмес берен ер
Қасықтап қанын төккен-ді.

Мақұл көрсең би мен бек
Отырмайық қарап тек.
Қобыланнан көрген қорлық көп,
Елін шауып Қобыланның

Енді алалық жаудан кек. 6920. Кел қыпшақты шабалық,

Шауып кекті алалық.
Сексеннен асқан әкесін
Қой соңына салалық.
Қобыланды келер деймісің,

Алпыстан асқан шешесі
Бұған да қорлық берелік.
Атаңа нәлет қыпшақтың
Құлатайық қаласын.

Жылатайық баласын, 6930. Тарттырайық сазасын.

Кеткеніне көп болды,
Жеткізген шығар хан Барса
Қобыландының қазасын.
Алшағырдың сөзіне

Аламан жұрты көніпті,
Ханға беріп ерікті,
Азаматы желікті.
Алшағырдың айтқан әмірін

Халқы жақсы тыңдады, 6940. Әмірін екі қылмады.

Құралды әскер шәрінде,
Сарбаздарын жинады.
Шабамыз деп қыпшақты
Қол көтеріп шулады.

Батырлары, ерлері,
Түрлі қару қолға алып,
Құралды әскер қыпшаққа
Шабуға шықты долданып.

Ашу тұтып шамданып, 6950. Әскерлер шықты арланып.

Ту көтеріп шабуға
Шыққан екен қамданып.
Күн шыққанда көп әскер
Түгел атқа міністі.

Қауып ететін адам жоқ,
Қуанысып жүрісті,
Бес қарудан ілісті.
Жарқылдатып қылышты

Жирен Қопа көліне 6960. Тоқтарбай қарттың еліне

Жаушылықпен жүрісті.
Ұлы сәске болмай-ақ,
Жүрген жерін шаңдатты.
Аталы дұшпан қалмақтар

Қыпшақты шауып алмақ-ты.
Келе елді қиратты,
Қатын менен баланы
Еңіретіп, зарлатты.

Қарсы тұрар адам жоқ, 6970. Қобыланның елін шабады.

Әне-міне дегенше,
Айпап, жайпап алады.
Қыпшақтың бар ма амалы
Қалмақтан келген батырлар

«Көшің» деп үкім салады.
Қарақыпшақ ауылын
Көшіріп кетіп барады.
Аққұртқа мен Хансұлу

Жасырып қағаз жазады. 6980. Көрген қорлық баршасын

Ақ қағазға сызады.
Иесіз қалды көлің деп,
Бүлікке түсті елің деп,
Көрген қорлық баршасын

Жазған хатқа салады.
Жасырынып Аққұртқа
Терегіне барады,
Бұтағына таңады.

Амал бар ма қыпшақтар 6990. Қорыққаннан көніпті.

Алшағырдың әскерлер
Қыпшақты айдап келіпті.
Отыз төре, бегіне
Алшағыр ханның өзіне,

Шабылған елді беріпті.
Әскерлері сүлік-ті,
Алшағыр хан білікті.
Аналық пен Тоқтарбай

Жылағанын көргенде 7000. Алшағыр залым күліпті.

Тәртібін патша тағы етті,
Хансұлуға тағы да
Үкім салып көрсетті.
Баршасына қыпшақтың

Әмір салып, зар етті.
Кең дүниесін халықтың
Алшағыр хан тар етті.
Кетірді қыпшақ тынымын,

Қыпшаққа салып бүлігін. 7010. Тәртіп етті тағы да,

Хансұлу нашар балаға.
Отыз төре, қырық бегі
Сөндірсін деп шылымын,
Кетірді қыздан тынымды.

Қыпшақ жаннан түңілді,
Амалы бар ма халқының.
Кәріп болып дүниесі
Қыпшақтың елі бүлінді.

Хансұлу нашар жас бала, 7020. Ұйқы да жоқ, күлу жоқ,

Сөндіріп жүр шылымды.
Кеш болғанда Хансұлу
Сүрініп, шаршап құлады.
Қарындасы Қобыланның

Ардақтап баққан шырағы.
Сөнбей қалса бір шылым
Штраф деп сол қызға
Он шыбықтап ұрады.

Заманның қиын қараны 7030. Көзінің жасы егіліп,

Омырауға ағады.
Сөнбей қалса шылымы,
Он шабақ айып салады.
Жас шыбықпен ұрғанда,

Бишара естен танады.
Қатты жүдеп қамығып,
Мезгіл-мезгіл талады.
Сұлу Құртқа жарар деп,

Сені сұлу бағам деп, 7040. Сенің көңлің табам деп,

Менен болма алаң деп,
Лайықсың маған деп,
Алшағыр хан мен едім,
Ару Құртақ сен едің,

Сірә маған тең едің,
Саған теңдік беремін.
Қосылуды сізбенен
Мен лайық көремін.

Шыдамайды жүрегім 7050. Сұлу Құртқа сен десе.

Көңілімді ақта, Аққұртқа,
Алшағыр маған тең десең.
Қатты қалар көңілім,
Айтқан сөзге көнбесең.

Қиын болар ханға да,
Ықылас көңілің бермесең.
Қуанышты замана
Көңілімдегі мүддемді

Сізге айтып қарадым. 7060. Қабыл көрсең мұнымды,

Құртқа, сені аламын.
Бұл сөзімді қош десең,
Төрелер мен бегіме
Келсін деп хабар саламын.

Қабыл көрсең мұнымды,
Айтқанмын шыным сырымды.
Білсең Құртқа мұңымды,
Ел шақыртып той етіп,

Қызық етер күнімді. 7070. Айтып болдым, Құртқажан,

Ғашықтық көңіл сырымды.
Қосылғанша мен қашан
Күйіп ішім қызынды.
Сәулетті, нұрлы сен едің,

Халықтың ханы мен едім.
Менімен Құртқа тең едің,
Ғашық болған патшамын,
Тез қосылсам деп едім.

Халықты жақсы бағуға, 7080. Төресі әділ хан керек.

Елге қорған болуға
Қайтпас батыр паң керек.
Біздей сұлтан патшаға
Сіздей ару жар керек.

Шыны жедел еткен соң,
Кім-кімге де ар керек.
Көңілдегі мүдде сөз,
Сырменен айттым барымды,

Кімдер әуес көрмейді, 7090. Сіздей сұлу ханымды.

Сені алғаным, Аққұртқа,
Көрік пенен сәнімді.
Ықыласым құлады
Төкпейсіз бе арымды.

Ару Құртқа сұлу жар
Айтқан сөзді жадыңа ал.
Ғашық болып мен сізге
Басымнан кетті ықтияр.

Мені ұятқа қалдырма, 7100. Отыңа ғашық жандырма.

Қауышайық тезірек,
Ақылымнан тандырма.
Қатты ғашық зарпынан,
Қайғы отына жандырма.

– Бөтен емес, Алшағыр,

Айтқаныңның бәрі жөн.
Қабыл етем сөзіңді,
Заманы қатар, құрбы тең.
Патшасын өзің алдың кең.

7110. Көңілімдегі сөзімді

Макұл көрсең айтам мен.
Осы айтқан сөзімді,
Қабыл етсең айтам мен.
Бөтен емес Алшағыр

Болар мақсат, тілегің,
Патшам сені сүйемін.
Егер Қобылан келмесе
Халық бастаған басшымсың,

Қатар көріп жүр едім. 7120. Алты ай болды кеткелі,

Ұзақ болмас срогім.
Алты ай күтіп тағы да,
Он екі айдың жүзінде,
Қобылан батыр келмесе,

Патшам саған тиемін.
Көңіліммен сүйемін,
Тілеген сізден тілегім.
Егер Қобылан келмесе,

Өзімсініп жүр едім. 7130. Білікті дана төресің,

Айтқаныма көнесің,
Шын жауапқа сенесің.
Тілейтұғын шын тілек
Төрт ай срок бересің.

Төрт айдың соңынан
Өзіндік көр, Алшағыр,
Аққұртқаның денесін.
Төрт ай срок салғанын

Уәдемен айтпаймын, 7140. Сізге өтірік жалғанын.

Төрт ай берсең ұлықсат
Бітеді менің арманым.
Ойымдағы сөзімді
Құлағыңа салғаным.

Ері өлген әйелдің
Он екі айдың соңынан
Байға тиер срогі.
Байы өлген соң әйелдің

Қайғыда болар жүрегі. 7150. Сол себепті сұраған

Құртқаның сізден тілегі.
Алшағыр, сені сүйемін,
Патшам, саған тиемін.
Бұл тілекті бермесең,

Жанамын да, күйемін.
Мәулетті күнім біткен соң,
Не десең де Алшағыр,
Айтқаныңмен жүремін.

Мен де қалмақ қызымын, 7160. Тума бірге сүйегім.

Кем көрмеймін Қобыланнан
Қабыл етсең сөзімді.
Лайық деп ойлаймын,
Алшағыр менің теңімді.

Тек төрт-ақ ай мәулетім,
Төрт айым түгел біткен соң
Бағыштаймын, Алшағыр,
Тап өзіңе өзімді.

Алшағыр, білсең бұлымды, 7170. Тек төрт ай срогың

Көңілімде айтқан күнімді,
Енді төрт ай өткенше,
Сізге айтатын өтініш
Бөлек сал менің үйімді.

Срокты күнім біткенше
Ешбір еркек көрмеймін,
Ешкімге жауап бермеймін.
Сенен бөтен адамды

Қатар көріп сенбеймін. 7180. Қосылғанша сізбенен

Ешкімге көңілім бермеймін.
Бөлек салсаң сарайым,
Сүйгенім сізді тағайын.
Қыпшақтардың қызынан

Қасыма жолдас алайын.
Жауап бермей ешкімге,
Өзімді-өзім бағайын.
Қыздар болсын жолдасым,

Көңілі өсіп Аққұртқаң 7190. Қыздарменен ойнасын.

Осы айтқаным бәрі рас,
Уәдем екі болмасын.
Срокты күнім біткен соң
Мені алатын тойыңды,

Қыпшақ пен қалмақ тойласын.
Алшағыр, білдім бұлыңды,
Айттым сізге сырымды.
Тәрбиелеп бөлек бер,

Менің жатар үйімді. 7200. Уағдамды сізбенен

Берік байлап жалғадым.
Көңілімдегі сөзімді
Жадыңызға салғаным.
Айтқан сөзге тұрсаңыз,

Тіпті жоқ менің арманым.
Мені алуға ойладың,
Лайық мені көрер деп,
Мен де ақылмен болжадым.

Көкіректе арманды 7210. Айтып сізге болғанмын.

Әрі жолдас, әрі дос,
Сіз панам едің қорғаным.
Тілекті берсең егер де,
Менің болып толғаным.

Төрт ай күнім өткен соң,
Срогыма жеткен соң,
Айтқаныңа көнемін,
Ықыласым беремін.

Арызымды қош көрсең, 7220. Ақылға асқан беренім.

Срокты күнім біткен соң,
Саған бағыш мен болып,
Қызығым көрсең деп едім.
Айтқаныма тұрайын,

Уәде еткен мен дағы,
Айтқан сөзді әбден күт,
Патша ерім сен дағы.
Болжаулы күн біткен соң,

Әуселемді көр тағы. 7230. Сөздін артын бағыңыз,

Айтқаныма наныңыз.
Сіз едің сүйген ханымыз.
Айтқан срок біткен соң,
Сонсын мені алыңыз.

Төрт ай болды срогың,
Сұраған менің срогым.
Төрт айдың күзінде,
Көңілімді қосып сені сүйемін,

Сізге, патша, тиемін. 7240. Бер жағында асығып,

Шошытпа менің жүрегім.
Берген уәдем сенікі,
Осылай болар келісі,
Тиюіме шарт еттім,

Жоқ уәденің кемісі.
Төрт айдың жүзінде,
Аққұртқа сұлу сенікі.

– Ей, Аққұртқа, Аққұртқа,

Шын уәде ететін, 7250. Байқадым, сұлу, түрің бар,

Ақыл мен сенде білім бар,
Айдан сұлу нұрың бар.
Алтынменен қаптаған
Жібектей шаш пен тұлым бар.

Өтініш еткен ханыңа,
Төрт ай срок күнің бар.
Қатты уәде байладым,
Мен сәндікке салдырған

Алтын орда үйім бар. 7260. Құрмет, сәндік халқыма

Асыл тастан салдырған
Алтын сырмен сырлатып,
Көздің жауын алдырған,
Манар шамын жандырған,

Исі қошты дәрі жақтырып,
Исй мейір қандырған.
Аяйтұғын нәрсем жоқ,
Сіз бір майысып тұрған балдырған.

Ғашық болған Құртқасың, 7270. Ішімді оттай жандырған.

Қосылғанша, Құртқажан,
Сіз ақылымнан тандырған.
Аямаймын барымды,
Үйіме қосып дүниеден

Барымды сізге бұлдаман.
Нақыштаған үйім бар,
Алтын сырмен сырлаған.
Бір уағда еткен соң,

Асығыс етіп қинаман. 7280. Хан басыма сын болар,

Уағдамда тұрмаған.
Үш қатар салған асыл үй,
Сізге Құртқа беремін.
Уағдаға сенемін,

Айтқаныңа көнемін.
Қасыңда жолдас қызбенен
Ойнап күл де, жата бер.
Не десең де керегің,

Әзірлеп бәрін беремін. 7290. Ақыл, ойға сіз терең,

Керегің даяр сұрасаң,
Сұрағаның беремін.
Қызмет етіп тұруға
Құлдар менен күң берем.

Әуелінде сұрадың,
Қарақыпшақ елінен
Нешеу керек, қыз берем.
Мұнара салған биік үй,

Құртқа сұлу, сенікі. 7300. Ақырында шын досым,

Уәдең сенің менікі.
Бағудың болмас кемісі,
Алтын үйдің ішінде
Әзірлеулі алдыңнан

Неше түрлі жемісі.
Құртқа сұлу, сенікі,
Дүниемнің кеңісі.
Құрбы құрбы бола ма,

Айтқан сырын сақтамай. 7310. Адамда шаттық бола ма,

Жақсы бағып баптамай.
Құртқа, сені сыйладым,
Арызың жерге тастамай.
Түрлі рахат түр бердім,

Керегіңді шын бердім.
Асыл тастан салдырған,
Тәрбие сәнді үй бердім.
Уәде етіп маған да,

Ажар беріп, түр бердің. 7320. Құртқа маған риза бол,

Төрт ай мәулет күн бердім.
Сонда Құртқа сөйлейді:

– Құрмет еттің маған деп,

Қатты ризамын саған деп.
Енді жоқ менде алаң деп,
Құрмет етсең, Алшағыр,
Енді үйіңе барам деп.

Ойнап-күліп жатуға
Ермек болар маған деп.

7330. Қыпшақтардың қызынан

Таңдаулы қызды алам деп.
Уәде еттім сізбенен
Алшағыр досым жаран деп.
Уәде сізбен өткен соң,

Болды сөзім тамам деп.

– Барам десең, Аққұртқа,

Билерге хабар салайын,
Бектерді жиып алайын.
Құрмет етіп мен сізге,

7340. Көңіліңді табайын.

Тәрбиеңменен, сәнменен,
Сізді жақсы бағайын.
Сәнді үйдің ішіне
Жібектен кілем салдырып,

Баршадан көрпе жайдырып,
Иіс майлап орданы,
Мейіріңді қандырып,
Алтын шашақ шамдалды.

Ішіне үйдің жандырып, 7350. Әрбір тәтті дәм беріп,

Сары балға қандырып,
Рахат болсын көргенің.
Сенің үшін тәрк етіп,
Қазыналық мүліктен

Керегіңді бергенім.
Сенің үшін, Аққұртқа,
Айтқаныңды әзірлеп,
Сый-құрметке көмгенім.

Уәде етіп қоштасып, 7360. Қол алысып, достасып,

Сүйісіп беттен құшақтасып,
Сөзге сөзі ұштасып.
Уәзір менен билерге
Алшағыр хан барады.

Уәде еткен бұл сөзін
Баяндап, сөйлеп қарады.
Жолдастары қоштанып,
Бәрі қабыл алады.

Әдемі үйдің ішіне 7370. Жібек кілем жайдырды,

Мақпалдан көрпе салдырды.
Мәулімнен жастық салдырып,
Неше түрлі асылды
Үйге жайып салдырды.

Көрген жанды тәрбие
Таң-тамаша қалдырды.
Бейне жұмақ секілді,
Нақыштаған үйі бар.

Үйдің ішін қарасаң, 7380. Жарқыраған сары алтын,

Алтын заңдас түрі бар.
Тәрбиемен жайнатқан,
Неше түрлі гүлі бар.
Керектің бәрі жайнап тұр,

Алшағыр бәрін сайлап тұр.
Бақша ішінде бұлбұл құс
Неше түрлі сайрап тұр.
Құрмет үшін келтірген,

Қалмақтың сұлу қыздары 7390. Неше түрлі ойнап тұр.

Әнші, өлеңші, жыршысы
Ішінде гүлдің толғап тұр.
Сәнді, сұлу қыз келді,
Ойынның сәнін келтірген

Көрікті, сұлу ұл келді.
Есігін қорғап, бағуға
Жиырма төрт құл келді.
Құртқаға тәрбие етуге

Тап он екі күң берді. 7400. Керегінің баршасын

Даярлап патша пұл берді.
Айтқанынша Құртқаның
Керегін даяр үлгерді.
Құртқаның жатар үйіне

Көрік берді, түр берді,
Құртқаға хабар жіберді:

– Уәдеге келсін деп,

Тәрбиелі үйін көрсін деп,
Қыпшақтардың қызынан,

7410. Өзіне керек сәндісі

Артында кейін қалмасын.
Аққұртқам мұнымды андасын,
Сұлу қыздар қалмасын.
Тоқтарбайдың жалғыз қыз –

Қансұлуды алмасын.
Ертсін қыздың өңгесін,
Құрметті, сұлу Құртқажан
Тастамасын теңдесін.

Қыпшақтардың қыздары 7420. Басы қылсын Құртқадай

Қадірлес қатар жеңгесін.
Тоқтарбайдың Хансұлу
Қасына еріп келмесін.
Құртқа досым жаран деп,

Сәлем айттым саған деп,
Не десең де сөзіңді,
Аққұртқа, қабыл алам деп.
Өтінбеңіз, Құртқа, сен

Қайын сіңлің Хансұлу 7430. Жолдастыққа алам деп.

Амалсыз Құртқа тұрады,
Тұрады да жылады.
Хансұлудай шырақты
Ерітпесін біледі.

Сырласы да, жолдасы,
Ақылдасы, шырағы
Көңілі суып тынады.
Сыр білдірмей қалмаққа,

Үй ішіне қоштасып, 7440. Өп-өтірік күлімдеп,

Ажарланып шығады.
Қызмет қылған Хансұлу
Қайғылы еді бұрын да.
Сұрайын десе амал жоқ,

Сөндіріп жүр дамылсыз
Күні-түні шылымды.
Ақылды Құртқа айлалы,
Ажарланып, жайнады,

Жүрегі қорқып таймады, 7450. Саспай ақыл ойлады.

Қыздан алып жолдасты
Барарын біліп болжады.
Асыл киім киінді,
Дестелеп шашын түюлі,

Кететінін білулі.
Төрт ай рұқсат алған соң
Қуанышпенен күлулі.
Қыпшақтың қызы қасында,

Алшағырдың үйіне 7460. Сұлу Құртқа жүрулі.

Ырғала басып, теңселіп,
Үйі ішіне кірулі.
Үй алдында көп қалмақ
Қыз Құртқаны көруге,

Таң қалысып тұрулы.
Алтынменен қаптаған,
Жібектей шаш бұрымды.
Үй ішіне көз салса,

Тәрбиесі жайнап тұр. 7470. Бір жағында бақшасы,

Бұлбұл, тоты сайрап тұр.
Қалмақтың сұлу қыздары
Тап алдында ойнап тұр.
Әншісі мен сәншісі,

Жыршылары толғап тұр.
Есік алдын құл бағып,
Бөтен жанды кіргізбей,
Қатты бағып қорғап тұр.

Жолдас қызы қасында, 7480. Айдан ару Құртқаға

Осындай құрмет қылады.
Тәрбиенің ішінде
Бағында Құртқа тұрады.
Ойын, күлкі кемі жоқ,

Қызметі Алшағыр
Көңілінен шығады.
Алшағырдың баққаны
Аққұртқаға жағады,

Құртқаның ойын табады. 7490. Күнде қызық, мереке

Сұдудың көрген заманы.
Төрт ай еді алғаны,
Алыс емес жақында
Сол төрт айдың аяғы.

Мерекенің ішінде,
Тек осы тапқан амалы.
Ойында Құртқа қалады,
Ақылға асқан кең еді,

Төрт айдың ішінде, 7500. Шын тілегім мақсатқа

Бір жетермін деп еді.
Кеңінен ойлап Құртқаның
Пұрсат алған себебі.
Ойын-күлкі ішінде,

Құртқаның қалған жері еді.

Әлқисса, Алшағыр хан Қарақыпшақ елін шауып, Тоқтарбайды қой соңына, Аналықты тезекке, жүн түтуге, Хансұлуды отыз төре, қырық бегінің тартқан шылымын сөндіруге қояды. Құртқаны енді төрт айдан кейін алмақ болып, оны басқа бір жайда бөлек тәрбиелейді, қыпшаққа қатты қысым көрсетеді. Сұлу Құртқа өзімен бірге қыпшақтың тәуір қыздарын Қобланды келгенше қорғап бағайын деген мақсатпен қасына жолдас етіп алады. Күн осылай өте береді. Санаулы күн бітпейді, күн сайын Алшағырдың қара қыпшақ еліне көрсеткен зәбірі ұлғая түседі. Ендігі сөзді Қобыланды батырдан есітіңіз. Қобыланды батыр хан Барсаның елін өзіне қаратып, еліне қайтуға бет алады. Барсаның еліне бастық сайлап кетеді. Халыққа кетерінде жақсы, тату тұрыңдар деп үгіт айтады. Қобыланды ертең елге жүремін деген түні түс көреді:

Ұйықтап жатып түс көрді,
Сол күні көрген түсінде
Құлазып жатқан жер көрді.
Ылайланған көл көрді,

7510. Шаңы шыққан бел көрді.

Қайғылы болған шер көрді.
Жаман түсті көрді енді,
Иесіз қалған секілді
Қоныс еткен жерлері.

Еңіреулі көрінді,
Қарақыпшақ елдері.
Құлазып жатыр елінің
Биік, жалас белдері.

Сол түн көрген түсінде 7520. Еңсесі биік боз орда

Еңсеріліп құлап тұр.
Халықты көріп жылаған,
Жылқысын көрді түсінде
Әркім мініп бұлаған.

Еңсесі биік боз орда
Еңсеріліп құлап тұр.
Халықты көрді жылаған,
Жылқысын көрді түсінде

Әркім мініп байлаған. 7530. Еңсесі биік боз орда

Еңкейе барып құлаған.
Лайытып жатыр көлдері,
Шаңы ұшып жатыр жерлері.
Құлазып жатыр Қобыланның

Байтақ жер, жалас белдері.
Осы көрген түсінде,
Қиындық болды көргені.
Еңіреген зар көрді,

Халқының күнін тар көрді. 7540. Қарақыпшақ елінде,

Жирен Қопа көлінде,
Қалың жауған қар көрді.
Шауып алған қыпшақты
Сансыз әскер жау көрді.

Сол күні көрген түсінде
Қыпшақтың соры қайнап жүр.
Тоқтарбайдай әкесі,
Қу таяғы қолында,

Мың сарықты айдап жүр. 7550. Қайғыға іші қайнап жүр,

Мұңын айтып толғап жүр.
Былтыр кеткен Қобыланды
Келер ме деп ойлап жүр.
Ажары кетіп жүдеген,

Қасірет шалға орнап жүр.
Ақ таяқты қолға алып,
Мың сарығын бағып жүр.
Жиынға басы қалып жүр,

Қайғы отына жанып жүр. 7560. Тор етінен айрылып,

Тек сүйегі қалып жүр.
Қиындық шалдың басында,
Өлмей тірі неғып жүр?
Алпысқа келген Аналық,

Қорлығын айтып қаралық.
Тоқтарбай тұрсын сонымен,
Аналыққа баралық.
Алшағырдың көңілінде

Аяйын деп ойламас, 7570. Көкірегі қаралық.

Екі қабы иінде,
Дамылсыз тезек тереді.
Термесіне амал жоқ,
Бақташы жүр соңында.

Қартайған байғұс отырса,
Аяқпенен тебеді,
Осындай қорлық көреді.
Атаңа нәлет Алшағыр

Мейірімсіз неме еді. 7580. Кешке келсе үйіне

Арқан есіп, жүн тұт деп,
Қолына жұмыс береді.
Күндіз тезек тергізіп,
Қатты қорлық беріп жүр.

Термеске тезек амал жоқ,
Соқпалары қолында,
Екі шал азап беріп жүр.
Арқан есіп, жүн түтіп,

Өлуіне таянып, 7590. Ажал жақын төніп жүр.

Түсінде көрді білімді,
Таң мезгілі уақытта
Қобыландыға білінді.
Ардақтаған Хансұлу

Қалың жаудың ішінде
Сөндіріп жүр шылымды.
Түстен қорқып түңілді,
Қайтам деген Қобыланға

Бұл ишарат білінді. 7600. Аққұртқадай алғаны,

Жайлап төсек салғаны,
Бұл жырдың жоқ жалғаны.
Қобыланды қашан келер деп,
Көңілде мүдде, арманы.

Сол түні көрген түсінде,
Аққұртқа сұлу зарлады.
Зарлағанда дауысы
Ұйықтап жатқан Қобыланның

Құлағына барғаны. 7610. Ұйқыдан шошып оянып:

– Қартқожақ! – деп ақырды,

– Нұрғожа! – деп шақырды.

Шақырды қырық батырды.
Сескеніп түстен сасулы,
Қобыланның көңілі жасулы,
Батырдың өңі қашулы.

– Нұрғожа мен Қартқожақ,

Бүгінгі көрген түсімде,
Түсінде Қобылан қысылды,

7620. Қатты көрдім қысымды.

Алтын Қобылан мен едім,
Шығармаса игі еді,
Елімді шауып мысымды.
Көргенім шайтан болмаса,

Қобыланды жаудан өлді деп,
Берді-ау елге қысымды.
Құртқа тіккен боз ордам,
Құлауыңқы көрінді.

Хансұлудай қарағым 7630. Жылауыңқы көрінді.

Жылқыдағы жүйрігім,
Бұлауыңқы көрінді.
Жирен Қопа көлдерін
Балшығы шығып, сор басып,

Лайыңқы көрінді.
Бұл не болар, қырық жігіт,
Құлауыңқы қаламыз,
Еңіреулі ата-анамыз.

Қыпшақ деген елімде, 7640. Жылайды шулап баламыз.

Ойға салып қараңыз,
Осы көрген қиын түс
Қалайша деп табамыз.
Халқыма зәбір беріп жүр,

Түсім шайтан болмаса,
Қыпшақ қорлық көріп жүр.
Көп сарықтың соңында,
Әкем сорлы еріп жүр.

Алпыстан асқан Аналық, 7650. Екі қабы иығында,

Сорлы тезек теріп жүр.
Бейшара болған кемпір-шал
Балам қашан келер деп,
Ыстық жасын төгіп жүр.

Бұл не болар, қырық жігіт,
Хансұлудай қарағым
Жау қоршалап қамап жүр,
Зар еңіретіп сабап жүр.

Қаншадай менің халқымды 7660. Кілең иттер талап жүр.

Жамандықтан қорыңдар,
Жақсылыққа жорыңдар.
Жамандық болса егер де,
Маңдайда қалың сорым бар.

Бұл не болар, қырық жігіт,
Мен түс көрдім қиядан.
Аққұртқа менің алғаным
Ақ мұнара басында,

Ер Қобылан деп жылаған. 7670. Мен түстің түрін байқасам,

Қалмаққа елім шабылып,
Ақылы көп Аққұртқа
Қалмақтан пұрсат сұраған.
Елімді шауып ұрғанды,

Қас масқара қылғанды.
Мәулет алып Аққұртқа
Басын бағып тұрған-ды.
Қартқожа батыр айтады:

– Нұрғожа қосшым – сен, – дейді,

7680. Қартқожақ басшың – мен, – дейді.

Қобыланның көрген бұл түсін,
Нұрқожам, жорып бер, – дейді.
Жақсылыққа жорыңыз,
Жамандықтан қорыңыз.

Түс түлкінің боғы еді,
Жақсылық айту жол, – дейді.
Елін Барса шапқан соң,
Сапарымыз оң, – дейді.

Нұрқожа сонда жырлайды, 7690. Қарт екеңнің айтқанын

Көңілін салып тыңдайды.
Тілегі бір бәрінің,
Тату досы ыңғайлы.

– Түсіңді айттың сен, – дейді,

Жоримын түсті мен дейді.
Түске жасыр болар ма,
Сіз секілді ер дейді.
Жақсылыққа жоримын,

Қобыланды, тыңдап көр дейді. 7700. Бүгін көрген түсіңде,

Еңсесі биік боз ордаң
Құлауыңқы көрінсе,
Сен кеткелі көп болды,
Бұрынғыдай келетін

Қатар, құрбы адам жоқ.
Қарақыпшақ елінде
Бұрынғы дәуір заман жоқ.
Еңсеріліп тұрғанда,

Құрметтейтін ешкім жоқ, 7710. Үйге келген мейманды.

Батыр Қобылан ерімсің
Бұл түсің соған көрінсін.
Қайғылы болса елдерің,
Қарақыпшақ халқымның

Қысым болса көргенің
Таршылықпен зарығып,
Сағынған шығар елдерің.
Қобыланды атты ерімсің,

Бұл түсің соған көрінсін. 7720. Еңсесі биік боз ордаң

Құлауыңқы көрінсе,
Жылқыдағы жүйрігің
Бұлауыңқы көрінсе,
Кеткеніңе көп болды,

Көптен сізден шет болды.
Кемпір, шалдың көңілі
Сағынғаннан өрт болды,
Сағыныш қайғы дерт болды.

Қорғайтұғын сен кетіп, 7730. Қайғыңмен халқың мерт болды.

Қобыланды атты ерімсің,
Бұл түсің соған көрінсін.
Жылқы жатқан Жирен көл
Лайыңқы көрінсе,

Жылқыдағы жүйрігің
Бұлауыңқы көрінсе,
Жасы жеткен кемпір, шал
Жылауыңқы көрінсе.

Жылқышы жылқы баққан-ды, 7740. Күннің ыстық күнінде,

Көлге айдап жапқан-ды.
Шөлдеп жылқы су ішіп,
Қайсысы аунап жылқының
Көлге түсіп жатқан-ды.

Қобыланды атты ерімсің
Бұл түсім соған көрінсін.
Атаңа нәлет Алшағыр,
Тура жорып берейін,

Халыққа бүлік салған-ды, 7750. Біз кеткелі көп болды,

Алты ай срок біткен соң,
Алдап жүрген Алшағыр
Қыпшақты шауып алған-ды.
Еркіндегі халықтың

Қайғыға басын салған-ды.
Еңсесі биік боз орда
Құлауыңқы көрінсе,
Боз орданы құлатып,

Білгенін елге қылған-ды. 7760. Қыпшақ деген халықты

Шауып алып ұрған-ды.
Ойлаған кекті Алшағыр
Қас масқара қылған-ды.
Жаратпадым бұл түсті,

Қобыланды, көрдің бұл істі.
Біз кеткен соң Алшағыр,
Салған екен бүлікті.
Жаратпадым түсіңді,

Қайғылы халқың күйікті, 7770. Құлазып жатса жеріңіз

Лайланса көліңіз,
Шабылған қыпшақ еліңіз.
Шапқан соң иесіз қалған-ды,
Жылқы жайған беліңіз.

Қайғыланба, Қобыланды,
Қалмаққа кетер деймісің.
Көрген зәбір, кегіңіз.
Сабыр ет, батыр, өзіңіз,

Сексеннен асқан Тоқтарбай 7780. Жасы жеткен бабаңыз,

Ақ таяғын қолға алса,
Қой соңында сорлы шал
Жалғызым деп зарланса,
Елін қалмақ шапқаны.

Қу таяқты қолға алып,
Әкең сарық баққаны.
Өзіміз аман қайтқан соң,
Уайым етіп саспалы.

Бұл арадан аман-сау 7790. Жатырмыз елге қайтқалы.

Өз еркінде болған соң,
Қаны қара Алшағыр
Мақсатына жеткені.
Кемпір менен шалыңа

Қатты қысым еткені,
Қорлығы жаудың өткені.
Қатты қысым тәртіппен,
Тезек теріп, жүн түтіп,

Бейнет шығар шеккені. 7800. Бұл қорлыққа шыдамай

Көзінің жасын төккені.
Бір жыл болды, Қобыланды,
Біз халықтан кеткелі.
Шулап қыпшақ жыласа,

Қайрылмай кеткен халқыңа,
Қыпшағың сізге өкпелі.
Қол жеткенге әл жеткен,
Халқыңа жаудың өктемі.

Қобыланды атты ерімсің, 7810. Бұл түсің соған көрінсін.

Хансұлудай баланы
Жетпіс қалмақ қамаса,
Он шыбық ұрып сабаса,
Қалмақ биік, көп халық,

Қыпшақ жаудан аласа.
Өзің сына, шырағым,
Қобыланды батыр мұнымды.
Хансұлудай баланың

Өсірдің сипап тұлымын. 7820. Көрген түсің шын болса,

Қарақыпшақ бүлінді.
Қобыланды жаудан өлді деп,
Ата менен анаңыз
Құртқа менен Хансұлу

Отыз төре, қырық бегі
Сөндірген болар шылымын.
Сөнбей қалса бір шылым,
Шыбық соғып айыпқа,

Алған шығар тынымын. 7830. Осы түстен сынаймын,

Жаудың салған бүлігін.
Отыз төре, қырық бегі
Хансұлуды қамаған.
Алтын тарақ қолында,

Жібектей шашын тараған.
Салтанатты Хансұлу,
Алған болар бұл қалмақ
Зәбірін көрген баладан.

Түсіңнің түрі тым жаман, 7840. Дәлеліменен нашарға

Айыптап шыбық сабаған.
Қобыланды атты ерімсің,
Түс жорыған жерімсің.
Ауызға толы сөзімсің,

Кегің кетер деймісің,
Кек алатын өзіңсің.
Қисық жауды түзетер,
Жауға құрған тезімсің.

Қобыланды атты ерімсің, 7850. Бұл түсің соған көрінсін.

Қыз жолдасы қасында,
Қобыланды арнап түс көрсең
Аққұртқадай асылға.
Алғаным деп жыласа,

Алтын сырлы орданы,
Ақ мұнара басынан,
Ойлап амал тапқан-ды.
Ұлықсат алып патшадан,

Өзін таза баққан-ды. 7860. Қыпшақтың қызы жолдасы

Досым аман келер деп,
Сауықпенен жатқан-ды.
Келеріңді білген-ді,
Ишарат көріп түйген-ді.

Кеткеніңе көп болды,
Сағынып Құртқа жүрген-ді.
Ару Құртқа айлалы,
Амал, тәсіл сайлады.

Көрген түстен меңзеймін, 7870. Төрт айға деп қалмақтан

Алдап рұқсат алған-ды.
Жорудың жоқ жалғаны,
Ақылы артық Аққұртқаң
Алшағырды арбады,

Амалға ақыл жалғады.
Сен келгенше Құртқаның
Көңілінде көп арманы.
Ақылды Құртқа ойлады,

Көрген түстен сынасам, 7880. Өзі түгіл Құртқажан

Қыпшақтың қызын қорғады.
Өзің аман қайтқан соң,
Қосылар күнің болғаны.
Халқыңның болмас арманы,

Жорудың жоқ жалғаны.
Қысым беріп халқыңа,
Ханның тәртіп салғаны.
Қобыланды, өзің ойлап көр,

Жорудың бар ма жалғаны. 7890. Жорып бердім түсіңді,

Енді жолдан қалмалы.
Сонда Қобылан сөйлейді:

– Жоруыңның бәрі жөн,

Мінейін атқа енді мен.
Қасымдағы қырық жолдас,
Шыны достым, құрбы тең.
Бір тәуекел етейін,

Артым тар да, алдым кең.
Аттарыңды күйлеп бақ,

7900. Жаратып аттың күйін тап,

Осы көлде бес күн жат.
Күйлендіріп тұлпарың,
Жолдастар болсын көңілі шат.
Тайбурыл күйінде

Арықтады-ай торы ат.
Қолтығында қос қанат,
Орта жолда болдырып,
Торыға келер жаман ат.

Тәуекел етіп жүрейін, 7910. Екі атпен өзім саламат.

Ал, жолдастар, жүрейін,
Бек сауытым киейін.
Тас кесетін алмасты
Балдағынан ілейін.

Аман жүріп, сау барсам,
Жаушылық қылса хан досым,
Осы бойда-ақ тілейін.
Бек сауыт киіп белсенген,

Жау көргенде еңсеген. 7920. Ақылың болса айтыңдар,

Қобыланың сасып теңселген.
Сүйдеді де Қобыланды:

– Достарым, аман бол, – деді,

Болсын сапар оң дейді.
Қайырлы болсын жол деді.
Болмасын жауға қор деді.
Дұшпандық қылса Алшағыр,

Өзіне құрған тор деді.
Тайбурылға бөктеріп,

7930. Азығын артып алады.

Қырық жігіт те сол жерде
Қош айтысып қалады.
Ат сыншысы ер Қармыс
Қырық аттың жақсылап,

Кешікпей күйін табады,
Күндіз-түні шабады.
Тайбурыл атты жетектеп,
Батыр туған ер Қобылан

Тобығы меңді торымен 7940. Жалғыз кетіп барады.

Ұйықтайтұғын ер емес,
Ұйықтауы ердің жөн емес.
Қос тұлпардың екпіні
Ұшқан құстан кем емес.

Қос тұлпармен сырлатып,
Қобыланды шауып жөнелді,
Шабысты тұлпар перенді,
Жалықпайтын ер енді.

Ұйқы келіп қалғыса, 7950. Айғайлап айтты өлеңді,

Батыр еді өнерлі.
Тұлпарменен күні-түн
Шаршамастан жорытты,
Күні бес күн болыпты.

Намаздыгер шамаға
Күн шамасы толыпты.
Шабуымен тыным жоқ,
Арқытаған торы аттың

Болдырар күні болыпты. 7960. Борбайында қоңы жоқ,

Мойынында жалы жоқ.
Енді шабар әлі жоқ,
Жүруге аттың халі жоқ.
Қалта қарап тұрады,

Ашуланып Қобыланды
Қамшыменен ұрады.
Бауырдан аққан қара қан
Төрт тұяғын жуады.

Ұрғаны қатты Қобыланның 7970. Жануар торы ат құлады.

Тұлпар деп сені нетейін,
Торы ат басың кесейін.
Енді қалған жеріме,
Қарақыпшақ еліме

Тайбурылмен жетейін.

Осы жерде Аққұртқаның: «Торының бір жасы кем, сол бір жерлерге келгенде сені ашуландырар, бірақ осымен басын кесіп тастап жүрме» деген сөзі есіне түсіп, ұсынған қылышын қынабына қайта салады.

Ағытып айыл қарады,
Бауырының терісі
Айылмен кетіп барады.
Ағытқанда тарпасын

7980. Төс терісі торының

Айылмен кетіп барады.
Құйысқанын ағытты,
Сауырының терісі
Құйысқанмен барады.

Өмілдірік ағытса,
Омыраудың терісі
Өмілдірікпен барады.
Сағалдырық алады,

Сағағының терісі 7990. Бірге кетіп барады.

Сыпырып жүген алады,
Тұла бойы қызыл қан
Жануардан ағады.
Қызыл жолақ ат болды,

Шыбын қуып барады,
Қалың сона талады.
Бір балшық көл табады,
Аунап жатып қалады.

Сонадан қалың жануар, 8000. Торы ат тыным табады.

Үсті-басы көк балшық,
Кеш салқыны түскен соң,
Оттауға кетіп барады.
Қабағы қатқан Қобыланды ер,

Үш күн ұйықтап қалыпты.
Күні-түні алты күн,
Ат тыңайып қалыпты.
Мойынына жал бітіп,

Борбайына қоң бітіп, 8010. Оңалғаны анық-ты.

Жауыр жерге ақ жарғақ
Тері бітіп қалыпты.
Тайбурылдың қасына
Тобығы меңді торыша

Оқыранып барыпты.
Күйіне түскен қос тұлпар
Қобыланды ерді айналып,
Екі ат ойын салыпты.

Құлындай ойнап жануар 8020. Екі тұлпар қағысты.

Дүбірінің күшімен
Ұйықтап жатқан Қобыланды
Көтеріп басын алыпты.
Ұйқысынан оянып,

Қос тұлпарға барады,
Үстіне тоқым салады.
Ерді ерттеп, тұлпардың
Үстіне мініп алады.

Торышаның үстіне 8030. Қоржын жүгін таңады.

Торы тұлпар жетекте,
Тайбурыл мен Қобыланды
Енді жүріп барады.
Күйіне үскен жануар

Құлаштап бауырын жазады.
Тимеді жерге аяғы,
Қазандай жатқан қара тас
Екпінімен тұяқтың

Басып кетсе жарады. 8040. Шапқан сайын ашылды,

Үстінен аққан қара тер
Тау суындай шашылды.
Екі көзі жарқылдап,
Ауыздығын басулы.

Ырғып, жұлқып жөнелді,
Тайбурыл мен торша ат
Шын шабуға ашынды.
Қобыландының қонысы

Тайбурыл мен торыға 8050. Алыс та болса жақын-ды.

Созылғанда жануар
Құйындай шаңы шашылды.
Қос тұлпармен жолданған,
Өткір найза қолға алған,

Торы тұлпар тыңайып,
Ер сапарын оңғарған.
Елін аман бір көрсе,
Тарқар еді арманнан.

Қалың қыпшақ тұтқында 8060. Ағайынды зарлаған.

Күндіз-түні шабуыл,
Дамыл алмай жүреді.
Тұман басқан бір күні
Қараңғы түнек түн еді.

Ел шамасы жетерге
Жақындаған күн еді.
Бір жерлерге келгенде,
Екі тұлпар тұрады.

Ашуланып Қобыланды 8070. Қамшыменен ұрады.

Дыбыстанып адамдай,
Екі ат бірдей жылады.
Шу деп еді жүрмеді,
Не болғанын білмеді.

Түсе қалып атынан,
Қос тұлпарды сүйреді.
Тұяғын жерге ұрады,
Өз-өзінен жығылды,

Екеуі де құлады. 8080. Адамдай-ақ дыбыстап,

Екеуі бірдей жылады.
Сипалап жерді қарады,
Қолмен білді Қобыланды
Құлап жатқан қаланы.

Тағы қайта сипаса,
Алтын қазық табады.
Алтын қазық табылды,
Жібектен арқан тағулы.

Мынау нешік болды деп, 8090. Қобыланды таң қалады.

Таң ата тұман ашылып,
Жан-жаққа көзін салулы.
Жирен қопа көлдерін,
Елсіз қалған жерлерін,

Қобыланды байқап танулы.
Өзіне қоныс келгенде,
Екі тұлпар таныған,
Аққұртқадай сұлудың

Елік сүтін берген жер. 8100. Сусынына бал беріп,

Әрбір түрлі дәм беріп,
Баласындай көрген жер.
Ардақтап тұлпар баққан жер,
Үстіне жұмсақ тисін деп,

Мақпалдан жабу жапқан жер.
Мойнына қатты тиер деп,
Жібектен арқан таққан жер.
Қобылан мен атты тең көрген,

Рахатты кең көрген, 8110. Баққан тұлпар жер екен,

Жирен қопа көлі екен.
Бұзылған тоғай, иесіз көл,
Шабылған қыпшақ елі екен.
Иесіз қалған көл көрді,

Құлазып қалған жер көрді.
Қыр басында қара жоқ,
Қу дала, иесіз бел көрді.
Шабылғанын елдің білген соң,

Хансұлу, Құртқа арудың 8120. Терегін іздеп тез келді.

Бұтаққа таңған қағазды
Қобыланды батыр көрді енді.
Қағазды жұлып алыпты,
Хатқа көзін салыпты.

Көрген тарлық баршасын
Сұлу Құртқа жазыпты.
Хатындағы сөзіне
Қобыланды оқып қаныпты.

Хатын оқып біледі, 8130. Шыдамады жүрегі.

Осы жауға шабуға
Қызғындады сүйегі.
Халқы көрген қорлыққа
Ашуланып күйеді.

Құртқаның берген жай бұлтын
Қоржынынан алады.
Жай бұлтын енді жаяды,
Бұлыт қаптап барады.

Бірге туған Хансұлу, 8140. Қорлықта жүрген қарағы

Бұлтқа көзін салады.
Бұлыты деп көкемнің,
Езу тартып Хансұлу,
Қуаныш етіп қалады.

Не себепті күлдің деп,
Отыз төре, қырық бегі
Ортасына қамады,
Қыздан жауап алады.

«Не нәрсені білдің» деп, 8150. «Хансұлу, неге күлдің» деп,

«Нені байқап түйдің» деп,
Қарсылық деп күлгенің
Шыбық ұрып сабады.
Жылаған қыздың дауысы

Аналық пен Сарбаптың
Құлағына барады.
Кемпірлер де жылайды,
Көзінің жасын бұлайды.

Жылаған соң Хансұлу, 8160. Анасы қайтып шыдайды.

Екі кемпір жыласа,
Қыпшақтар жылап шулапты.
Тап сол күні батты күн,
Алшағырдың Ақсары

Ұйықтап жатып түс көрді,
Түсінде көрді төрт бөрі:
Қабағы қалың қас бөрі,
Шолақ құйрық ақ бөрі,

Азуы шыққан жас бөрі, 8170. Салаң құйрық көк бөрі.

Ел шетіне келді ғой,
Есебі жоқ көп қойға
Келе қырғын берді ғой.
Ойда жатқан отыз қой,

Ойды шауып жойды ғой.
Қырда тұрған қырық қой,
Қына қырғын берді ғой.
Қой ішінде бес қошқар,

Бес қошқардың ішінде 8180. Шығыршық мүйіз көк қошқар,

Таңнан тартып жойды ғой,
Шикі майға тойды ғой.
Алты бірдей ақ қозы,
Алтауы да жас қозы,

Жас сырбазды жеді ғой,
Тісіне жұмсақ тиді ғой.
Қой ішінде көп саулық,
Көп саулықтың ішінде

Ең көсемі көк саулық 8190. Қарынынан жарды ғой.

– Ақсары атты бәйбішең

Осы түсті көрген соң
Ақылынан танды ғой.
Патшам, есім ауды ғой,
Осы түстің бәрі рас,

Төбеден жасыл жауды ғой.
Сонда Алшағыр сөйлейді:

– Қобыланды келер деймісің,

Уайым айтқан нең, – дейді. 8200. Атаң әйел, нашарсың,

Ақылың сенің кем, – дейді.
Өлгеніне Қобыланның
Осы биыл жыл толды,
Өлгені Қобылан шын болды.

Хан Барсаның елінде
Сүйегі Қобылан күл болды.
Лайықты Аққұртқа
Алатын күнім таянды.

Күндестікпен айтқасын 8210. Ниетің сенің арам-ды.

Ақсары сонда сөйлейді:

– Ей, бейшара Алшағыр,

Сөзіме құлақ сал, Шағыр.
Айтқаныма нан, Шағыр.
Көрген түстің бәрі рас,
Ертең тарлық бар, Шағыр.

Қобыланды сізге келмесін,
Шаһарыңды сырттан көрмесін.
Ер Қобыланның білгенмін

8220. Хан Барсадан өлмесін.

Бұзған шығар Барсаның
Берік салған ордасын.
Қуаныш шығар көңілі,
Ер Барсаны жойған соң.

Көргенім бекер болмаса,
Жау кеңсеңе төніп тұр.
Ақсары атты бәйбішең
Түспен көріп, біліп тұр.

Жолда жатқан сансыз қой 8230. Көп қалмағың болмасын.

Ойда тұрған отыз қой
Отыз төрең болмасын.
Қырда тұрған қырық қой
Қырық бегің болмасын.

Бәрін қырып, жоймасын,
Бегілеріңді соймасын,
Ерлердің көзін оймасын.
Қобылан келмей тұрғанда,

Неге өлмедім сор басым. 8240. Қой ішінде бес қошқар

Бес тумаңыз болмасын.
Шығыршық мүйіз көк қошқар
Тап өзіңіз болмасын.
Қой ішінде көп саулық

Қой бастаған көк саулық,
Біз пақырың болмасын.
Алтауын қырып-жоймасын,
Жас сырбазға тоймасын.

Түстің түрі тым жаман, 8250. Бұл айтқаным болмасын.

Қорқынышпен айтамын,
Бұл жоруым болмасын.
Ұйқы қанып, тынығып,
Тыңайып әбден алады.

Құртқа сұлу көрсін деп,
Жай бұлтын тағы жаяды.
Қобыланды жайған жай бұлыт
Жайлап қаптап барады.

Құртқа бұлтын көрген соң, 8260. Келген екен ерім деп,

Ақыл ойлап қарады.
Сұлу Құртқа ақылды,
Ойлауы ақыл мақұл-ды.
Күзетшінің тәуірін

Бері кел деп шақырды.
Келгенін Қобылан білген соң
Құртқажан қайта ашылды.
Қолына қалам алады,

Алшағырға қағаз жазады. 8270. «Алшағыр досым сен едің,

Сұлу Құртқа мен едім,
Қадірлес қатар тең едің.
Әр уақытта тілеген
Тілек берсең, Алшағыр,

Саяға шығып қыдырып,
Көтеріп көңіл келемін.
Тілекті қабыл көріңіз,
Бір тілегім беріңіз.

Көптен бері сәнді үйден 8280. Саяға шығып жүрмедім.

Тәрбиемен жатырмын,
Қасымда жолдас қыздарым,
Самалға шығып күлмедім.
Не бар, не жоқ кеңдікте,

Еш нәрсені білмедім.
Арызымды тыңдасаң,
Кең дүниені көрейін.
Ермек қылып жолдаспен

Даладан тезек терейін. 8290. Көп айналмай, кешікпей,

Тезірек қайтып келейін».
Хан айтты: «Ару Құртқа, сендім, – деді,
Сөзіңе не десең де көндім, – деді.
Қасыңа күң мен құлдан жолдас ертіп,

Ұлықсат саған, Құртқа, бердім», – деді.
Алшағыр ғашық көңілі сеніп қалды,
Ұлықсат Аққұртқаға беріп салды.
Құртқаны өзімсінген Алшағыр хан

Көңілі жан Құртқаға еріп қалды. 8300. Өзімсінген Құртқаға

Көңілі ханның шыдамай,
Көңіліндегі мақсатын
Аққұртқаның қылады-ай.
Ойлаған Құртқа көңілінен

Алшағыр хан шығады-ай.
Қапияда ой тапқан
Ақылды Құртқа шырақ-ай.
Алшағыр хан батырға

Арызын айтқан жер еді. 8310. Құртқаның айтқан сөзіне

Көңілім сенді деп еді.
Өзімсініп Құртқаны,
Не десе де көнеді.
Жеті қыз қосшы береді,

Алты күң мен алты құл
Бақташыға ереді.
Қапқа салып тезекті,
Ермек қылып тереді.

Ұлы сәске болмай-ақ, 8320. Құртқа тозаң көреді.

Алыстан шыққан бұл тозаң,
Қобыландының өзі еді.
Тозаңды болжап сынап тұр,
Сұлу Құртқа жылап тұр,

Көзінің жасын бұлап тұр.
Қобыланнан шыққан тозаңдар,
Келгенінше қасына
Амалсыздан шыдап тұр.

Алыстан шыққан тозаңың, 8330. Тозаңға көзім саламын.

Ашылар деп ойлаймын
Жабылыңқы қабағым.
Түзелер деп ойлаймын
Қайғылы болған заманым.

Жай бұлытын көрген соң,
Ойлап едім келер деп,
Қобыланды досым, қарағым.
Қарағым менің келгенше,

Сағынғаннан жарадым. 8340. Қобыланды, сені сағындым,

Сағынғанмен не қылдым.
Сен кеткен соң еліңнен
Қайғы отына жағылдым.
Амалым бар ма қайтейін,

Амалсыз жауға бағындым.
Бұрынғы кеңдік күнімнен
Бұл заманда тарылдым.
Қысымда тұрған күнімде,

Жан досым Қобылан табылдың. 8350. Сөзін айтып болғанша,

Қос тұлпармен желіпті,
Желігіп Қобылан келіпті,
Дидарларын көріпті.
Қайғыда жүрген Аққұртқа

Көзінің жасын еңіреп,
Өксіп, жылап төгіпті.

– Сен кеткен соң, жан досым,

Заманның көрдім қаранын.
Алшағырдай досыңның

8360. Айтып едім арамын.

Тарылтқан жоқ па халқыңның
Көрген теңдік заманын.
Тілін алмай сен кеттің,
Ата менен ананың.

Хабартып кеттің көңілін
Бірге туған Еркежан,
Шырағың нашар баланың.
Дүниең терең тар болды,

Сексеннен асқан қарт атаң 8370. Қойды бағып құл болды.

Алпысқа келген анаңыз
Тезек теріп, жүн түтіп,
Арқан есіп күң болды.
Қыпшақ деген халқыңа

Қиыншылық түр болды.
Қайғысыз елде адам жоқ,
Еліңе қатты кір болды.
Ағайының көп қыпшақ

Кең заманға мұң болды. 8380. Қасымдағы қыз баллар,

Қыпшақтың қызы жолдасы,
Ақылдың сырлас ойласы,
Заманы қатар бойласы,
Қобыланды көзі көрген соң

Қыз пақырлар жылайды.
Қуанып тұр көңілі,
Ажарланған шырайлы.
Азаматын халқының

Бар ма деп Қобылан сұрайды. 8390. Атаңа нәлет Алшағыр

Қайтарған ердің назарын,
Қайрған халықтың қажарын.
Құртқа айтты Қобыланға
Естіп көрген хабарын.

Кемітті деп халқыңның
Бұрынғы қызық базарын.
Құлдар менен күңдерді
Бермен кел деп Қобыланды

Шақырып қасқа алады, 8400. Қасына жақын барады.

Бейшаралар зар жылап,
Көзден жасы ағады.
Біреуің шашау шықпа деп,
Қалың ағаш ішіне

Құл мен күңді қамады.
Тайбурыл тұлпарға
Қобыланды мініп алады.
Қыздар менен Аққұртқа

Сол арада қалады. 8410. Күңдер менен құлдарды,

Торы атты Құртқа бағады.
Оқыранып торша ат,
Құртқаны танып жануар
Екі бетін жалады.

Қойда жүрген атасын,
Тезектегі анасын
Ер Қобылан іздеп барады.
Тезек терген Аналық

Қуанышты түс көрген, 8420. Түсінде сұңқар құс көрген,

Қуанышты іс көрген,
Шаһарға жақын құс төнген.
Қырқадан қырқа қараған,
Қырық шалғысын тараған.

Аналықтың түсінде
Сан жетпейтін көп әскер
Қалмақтың шаһарын ораған.
Білікті кемпір озаған,

Кетпейтін түсі жобадан. 8430. Тезек терген бейшара,

Кетпейтін көзі даладан.
Тозаң көрді, шаң көрді,
Қобыланым болар бұл шаң деп,
Шаңға қарап жүгірді.

Сасқалақтап, қуанып,
Етегіне сүрінді.
Маңдайдан аққан қара тер
Қойынынан құйылды.

Қобыланды көрді анасын, 8440. Анасы көрді баласын.

Аттан түсіп жүргізіп,
Құрмет етті анасын.
Қуанғаннан шығарды
Кемпір кепкен мамасын.

Тұла бойы шымырлап,
Емшегі иіп ағады.

– Жалғызым, келдің сен деді,

Қайғы көрген Аналық,
Сенің анаң мен деді.

8450. Сен кеткен соң шырағым,

Көрген күнім кем деді.
Тұла бойым еріді,
Тас емшегім иіді,
Шырағым Қобылан, ем, деді.

– Аналықтай анам-ай,

Өтінем, анам, саған-ай.
Ауыр болар ақ сүтің,
Ем деме, анам, маған-ай.
Көрген зәбір баршасын,

8460. Шешесі айтып тұрады.

Жай, мәністі Қобыланды
Анасынан сұрады.
Көрген қорлық баршасын
Айтып баян қылады.

Халқының қиыр шетінен
Қабақтың күнгей бетінен,
Мың сарық сақтап шығады.
Мың сарықты көреді,

Көрген соң айтқан сөзі еді, 8470. – Сексеннен асқан қарт атам,

Ақсақал қайда? – деп еді.

– Атаң киген шарық деп,

Қорлығы көрген анық деп,
Беткейден шыққан осы қой,
Атаң баққан сарық деп.
Сен кеткелі бейшара

Еш көрген жоқ жарық деп.
Қойды баққан қарт атаң
Тоқтарбай атты кәріп деп.

8480. – Қорлықтың көрген талайын,

Қарт атама барайын.
Дидарласып көрісіп,
Әкемнің қолын алайын.
Сәлем беріп бабамның

Енді көңілін табайын.
Ақылы қашқан ақымақты
Сонан соң барып шабайын.
Деп қойға қарап жолданды,

Ашу тұтып долданды. 8490. Дидарын қарттың көруге

Батыр Қобылан ойланды.
Тоқтарбай да баласын
Анадайдан көрді енді.
Жалғызынан айрылған

Қайғыменен шерленді.
Тайбурылы астында,
Жақындап Қобылан келді енді.
Анадайдан аталап,

Қартқа сәлем берді енді. 8500. Қу таяғы қолында,

Беті-аузын шаң басқан,
Көзден аққан жасынан
Қарттың бетін қан басқан.
Өзі кәрі, қайғылы,

Ақылымнан алжасқан.
Сексеннен жасы асқанда,
Қой бақтырып зарлатқан.
Көрген қорлық есепсіз

Кекті дұшпан қалмақтан. 8510. Бурылдан түсе қалады,

Аталап қолын алады,
Қобыландыға қарады.
Танымады бейшара,
Қобыланды қайтып танысын,

Алшағыр берген қорлықтан
Ақылынан ауады.

– Тоқтарбай әкем сен деді,

Жалғызыңмын мен деді.
Танымаған нең дейді,

8520. Тоқтарбай жылап еңіреді.

Кеткелі Қобылан көп болды,
Келуден Қобылан шет болды.
Қобылан деп атын атасам,
Ішім толы дерт болды,

Көкірегім өрт болды.
Барса қалмақ жауынан,
Шырағым Қобылан мерт болды,
Қобылан деген бұл сөзің,

Өкпемнен өткен оқ болды. 8530. Қайдан болсын Қобыланды,

Барса келмес жауында,
Шырағым менің жоқ болды.
Жеткен екен Аналық
Бүкең-бүкең жүгіріп,

Буыны кетіп бұтаға
Сүрінгенде жығылып.
Қуанғаннан жөнінен
Кемпірдің жаны қыдырып,

Қобыландыны көрген соң, 8540. Тұрмаған байғұс кідіріп.

Көтеріліп, тыңайып,
Келген екен сыдырып.

– О, Тоқтарбай, Тоқтарбай,

Қамауда қыпшақ халық тұр.
Аққұртқадай шырақты
Алшағыр хан бағып тұр.
Хансұлудай қалқамның

Зауалға басы қалып тұр.
Қобылан келді, Тоқтарбай,

8550. Жаның шықпай неғып тұр?

– Қой, Аналық, Аналық,

Құлыным Қобылан келген жоқ,
Қобыланды көзім көрген жоқ.
Қобылан келсе егер де
Қайта жасар Тоқтарбай

Бұл қартыңа өлмек жоқ.
Танымаған бұл қарттың
Анығын кемпір сынады.
Сасып тұрған Қобыланнан

8560. Белгіңді бер деп сұрады.

Ортасында жауырынның
Алақандай меңі бар.
Арқасын Қобылан ашқан соң
Қарт қуанып тынады.

Баласын енді таныды,
Қуанғаннан бейшара
Естен ауып құлады.
Суық бұлақ суымен

Қобыланды мен Аналық 8570. Шалдың үстін жуады.

Ет салқындап, ес кіріп,
Жатқан жерден тұрады.
Қобыландыны көрген соң
Аналық пен Тоқтарбай

Біткен жері мұрады.
Кемпір менен шалынан
Ұлықсат деп сұрады.
Ұлықсат берді Қобыланға

Атасы мен анасы. 8580. Тайбурылдай тұлпарға

Мінгенге ұқсайды шамасы.
Алыс емес қасында,
Алшағырдың аласы.
Қалаға жақын төнеді,

Ер жақындап келеді.
Қарындасы Хансұлу
Сөндіріп жүр шылымды.
Сөнбей қалып бір шылым

Отыз төре, қырық бегі 8590. Шыбық соққан жер еді.

Шырылдап, жылап қыз бақыр
Өксіп жасын төгеді.
Шырылдаған дауысы
Жақындаған Қобыланның

Құлағына келеді.
Бурылға қамшы басады,
Даусын танып шырақтың,
Отыз төре, қырық бектің

Ордасына шабады. 8600. Қылышты қанға малады,

Келе ойран салады.
Әне-міне дегенше-ақ,
Бәрінің басын қағады.
Әбігер болып қалмақтар

Алшағырға барады.
Қобыланды келді дегенде,
Қалмақтың ханы Алшағыр
Өзін-өзі жарады.

Көше аралап барады, 8610. Кездескенін қалмақтың

Қылышпенен шабады.
Алшағырмен бір туған
Бес інісін табады.
Қарсыласар адам жоқ,

Бұлардың басын қағады.
Ақсарыдай сұлуды
Қанжарменен жарады.
Бұлар тапты қазаны,

Алты бірдей ақ қозы, 8620. Алтауы да жас қозы,

Алты ұлы еді патшаның,
Оған да берді қазаны.
Қалмақтардың талайы
Жеткен күні ажалы.

Әйелдер менен жас бала
Тек солар аман қалады.
Қапаста жүрген қыпшақтар
Кеңдік көрген жер еді.

Қорлықтағы халқының 8630. Теңдік көрген жері еді.

Қыпшақтың көрген тарлығы
Қараңғы түнек түн еді.
Қалмақтардың қыпшаққа
Берген қорлық шын еді.

Күңдік пенен құлдықта
Күн өткізіп жүр еді.
Мойнынан бұғау түсірмей,
Жоқ еді кескен срогі.

Қабыл болған бейшара, 8640. Бұл қыпшақтың тілегі.

Қобыланды батыр келмесе,
Жаудан қорғап алатын
Бұл қыпшақты кім еді.
Қатты көрген қорлықтан

Зар еңіреп жүр еді.
Қабыл болып көз жасы,
Қараңғылық түн кетті,
Қыпшақтан қайғы шын кетті.

Жарқырап жарық таң атып, 8650. Халқына тегіс нұр жетті.

Қобыланды есен келген соң
Мұратқа елі шын жетті.
Халқыңа түгел мал бітіп,
Ажарсыз бетке қан бітіп,

Тәрбиеменен сән бітіп,
Естен ауған халқына
Ақыл мен ой һәм бітіп,
Ел қалыпқа келеді.

Қайғылы болған қыпшақтар, 8660. Мақсатқа жеттік деп еді.

Халық үшін ар-арлап,
Барса келмес, Алшағыр,
Жауын шапты деп еді.
Мақсатқа елін жеткізіп,

Ерегескен дұшпанын
Тамам қылған жері еді.

Әлқисса, Қобыланды батыр егескен жауын алады. Айнала торлаған көп қалмақты, жаулықпен қазақ елінің жерін басып алған жауларды өзінің жеріне көшірмек болады. Қобыланды осы ойға алғанын істейді. Сөйтіп, әрбір жерге өзінше ат қояды. Қобыландының ат қоюы.

Алған жауы көп еді,
Алмаған дауы жоқ еді.
Жолдастары қасында,

8670. Талай жерді кезеді.

Алалайды анда алып,
Бұлалайды мұнда алып.
Хан, бектерді өлтіріп,
Бостырды жауды деп еді.

Алшағыр ханды өлтіріп,
Қашырып жауды жойған деп,
Талайын бітеу сойған деп,
Көздерін жаудың ойған деп.

Қыпшақ келіп қонған деп, 8680. Ойып қоныс алған жер,

«Ойыл» аты болсын деп,
Мұны қойған Қобыланды ер.
Тұлпарменен желген жер,
Жерді кезген Қобыланды ер,

Ұйқысы келіп түн қатып,
Тұлпарға жем берген жер.
Ұйқысынан оянып,
Маңын байқап көрген жер.

Теңізге құйған ұлы су, 8690. «Жем» болсын деп су аты,

Мұны да Қобылан қойған жер.
Орғып атқа мінген жер,
Қару-қапшық ілген жер.
Аң қаққандай Қобыланды,

Қалмақты іздеп жүрген жер.
Аттың басын бұрған жер,
Ат тізгінін жиған жер.
Қарашоқы басынан

Қарауыл қарап тұрған жер. 8700. Қара адырдан жау көріп,

Атқа қамшы ұрған жер.
«Қарауыл келді» болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Көз алысқа жеткен жер,

Қайтпайтын терең өктемдер.
Алыс жерден сағыздай
Созылып жауға жеткен жер.
Жауды әлек еткен жер,

Мұны да Қобылан қойған жер. 8710. Жау іңірде қашқан жер,

Ымырт татып асқан жер.
Қырылғаны қырылып,
Тірісі жаудың сасқан жер.
Елең-алаң таңертең

Ербең елес еткен жер.
Қашып кеткен көп жауды
Тура қуып жеткен жер.
«Ебейті» аты болсын деп,

Мұны да Қобылан қойған жер. 8720. Қасындағы қырық ноғай,

Шаттанып демін алған жер.
Тыным алып Қобыланды,
Аты көде шалған жер.
«Ноғайлы» аты болсын деп,

Мұны да қойған Қобыланды ер.
Қалмақтардың тірісі,
Жаны қорқып қашқан жер.
Тітіреп жаудың сасқан жер,

Жауды қайғы басқан жер. 8730. Құтылдым деп Қобыланнан

Аяғында Ойылдың,
Тыным алып жатқанда,
Қан жылатып шапқан жер.
Тамағына тай сойып,

Қобыланды ер асқан жер.
Бір жолаушы тап болып,
Сансыз жатқан көп жаудың
Хабарын келіп айтқан жер.

Ет пісуге шыдамай, 8740. Бауыр менен бүйрек жеп,

Қолына найза алады,
Беліне қылыш салады.
Ат үстінде Қобыланды
Айналып тұра қалады.

Жолдастарым, барайын,
Барып жауға шабайын.
Шабыттанып тұрғанда,
Қылышпен басын қағайын.

Бүгіннен қалмай келемін, 8750. Алуым жауды тағайын.

Қобыланды бара шабады,
Есепсіз жауды алады.
Бірқатары құтылып,
Жаулар босып барады.

Аман келіп жолдасқа
Сөйлейді сонда Қобыланды ер,
Жаудан қайтпас батыр, сер.
Қасындағы ерлерге,

Жердің атын қоям дер. 8760. Мұның аты «Тайсойған»,

Қазаннан жедім бүйректі.
Қобылан атты жан досың,
Қобыланды досың зерек-ті.
Қашып кеткен қалмақты,

Найзамен досың түйрепті.
Талайларын қылышпен
Қабырғасын күйретті.
Қалған етке тояды,

Қобыланды жауды жояды. 8770. «Тайсойған» мен «Бүйректі»

Мұның аты болсын деп,
Қобыланды батыр қояды.
Орта жолды аралап,
Бар ма деп жауды шамалап,

Тірі кеткен жаулардың
Басын бағып паналап,
Өздері тыным алуға,
Атты азырақ бағуға,

Батырлар қайтты ауылға, 8780. Елге келді дамылға.

Тыныққанша тұлпарлар
Елде тыным алуға.
Ойыл судың бойында
Ауылына келеді.

Күні-түні он төрт күн,
Тыным алды деп еді,
Тоқтарбайдың Қобыланы
Атын баққан жер еді.

Он төрт күні өткен соң, 8790. Тағы да атқа мінеді,

Сауыттарын киеді,
Садақтарын іледі.
Ала көбен жаулар көп,
Жауларды іздеп жүреді.

Жау сағынып желікті,
Он төрт күн жатып зерікті.
Түнде жүріп келеді,
Тамақ асқан сансыз қол

Көп қалмақты көріпті. 8800. Қасындағы жолдастар,

Түнде-ақ жауға баралық,
Осы түнде шабалық.
Таң атуға қарамай,
Бірқатарын алалық.

Суға жүзген үйректей
Қылаңдаған немені
Кәзір басын қағалық.
Жалсыз атқа жал бітіп,

Қоңсыз атқа қоң бітіп, 8810. Беттеріне қан бітіп,

Жедел ойлап, ар күтіп,
Жайған аты семірді,
Аттары ойнап елірді.
Батырлар да желденіп,

Атқа мініп көрінді.
Қасымдағы қырық жігіт,
Көп болды шықтық ауылдан.
Уақыт өтті бірталай,

Талай жаулар шабылған. 8820. Әлі естіген хабар жоқ,

Қарақыпшақ ауылдан.
Біле алмадық еш хабар
Кемпір менен шалымнан.
Хансұлудай тумамды,

Көрдім қатты сағынған.
Енді елге жөнейік,
Амандықты білейік.
Ала көбең аласа ат,

Кешікпей жауға жүрелік, 8830. Үлкенге сәлем берейік.

Біз кеткелі көп болды,
Сағынған елді көрелік.
Көп жатамыз демелік,
Менің айтқан бұл сөзім

Қырық жолдасым жол шығар.
Жауға аттансақ, батырлар,
Сапарымыз оң шығар.
Сайланып атқа мінген соң,

Қалмақ деген қалың жау, 8840. Алдымыздан қол шығар.

Лайықты әркімнің
Басына қонған бағы бар.
Бүліншілік заманда,
Іздесе жау табылар.

Жата бермей, жолдастар,
Енді жүрсек не қылар.
Күйімен аттың жүрелік,
Кел жабдықтап атқа мінелік.

Қамданып сауыт киелік, 8850. Бес қаруды ілелік.

Аттануға ат қойып,
Кел, жігіттер, жүрелік.
Табылар бізге талай жау,
Айналамыз солай жау.

Тор сауыт киген талай жау,
Бізге алуға оңай жау.
Мінерге баптап тұлпарға
Өкпе, бауыр, жал керек.

Алысқа шабар әл керек, 8860. Ықпалды ерге ар керек.

Қайтпайтын жаудан шын батыл,
Жүрекке біткен зәр керек.
Батыр батыр болар ма,
Тыныққан соң серікпей.

Тұлпары тұлпар болар ма,
Топ көргенде желікпей.
Елде жату не керек,
Жау сағынып серікпей.

Елдің жолы ашылмас, 8870. Тұлпар мініп желіспей.

Талай жауға аттандық,
Қайттық аман беріспей.
Жердің жүзін кезелік,
Алыстан іздеп өрістей.

Қаруды сайлап жөнделдік,
Алмасты қайрап өңделдік.
Ер қаруы – бес қару,
Баршасын баптап өңделік.

Тағы жүру бастайық, 8880. Тас кесетін алмасты,

Суырып әбден таптайық,
Жаңартып қылыш саптайық.
Жау іздейтін әдетті,
Батырлар, енді бастайық.

Сүйдеді де Қобыланды ер
Шақыртып алды ерлерін.
Жасы кіші іні мен
Құрбы, қатар теңдерін.

Шақыртып алды тағы да 8890. Елдің кедей-кемдерін.

Жақындатып алды тағы да
Ақсақалды шалдарын,
Жиды Қобылан бар жанын.
Көңіліндегі мүдә сөз

Айтайын деп арманын.
Жиылып халқы келген соң
Бәрін көзі көрген соң,
Қобыланнан естіп сөз көрсін.

Көңіліндегі мүддесін 8900. Айтпай неге өзгерсін.

– О, қыпшақтар, қыпшақтар,

Ерлерің алар найзасын,
Буады белге алмасын.
Көңілді жігіт бар болса,
Бұл сапар бізден қалмасын.

Қарақыпшақ халқымның
Кетемін айтып пайдасын.
Жүрем деген жігіттер
Мінер атын сайласын.

8910. Жасы жеткен кәріңіз,

Осы тұрған бәріңіз,
Тілектес болып қалыңыз.
Елде кедей, пақырды
Халың барың бағыңыз.

Ел ішінде кем болса,
Назарыңды салыңыз.
Қамданыңыз жігіттер,
Мезгілсіз шықпас жаныңыз.

Қарақыпшақ елінен 8920. Сексен жігіт аттанды,

Жүреміз деп шаттанды,
Мінер аты бапталды.
Жолдас алып қыпшақтан
Қобылан ерді басқарды.

Жігіттікті Нұрғожа,
Қартқожа батыр бастаулы.
Ерлер атқа мініскен,
Қару, сайман іліскен.

Қырық жігіттің үстіне 8930. Сексен жолдас біріккен.

Тұңғыш жауға аттанған,
Қуанып жастар күліскен.
Күрлеп ерлер жүріскен.
Ойылдан бермен жағалап,

Жау іздеп Қобылан аралап,
Қарауыл қарап паналап,
Биік-биік жерлермен,
Қарауыл қарап шамалап,

Жүйрік атын зулатты, 8940. Бір жерлерде күн батты,

Қараңғылық түн басты.
Тұра қалып Қобыланды
Дыбысты байқап тыңдапты.
Бекініп жатқан жау екен,

Сақылдасып күлісіп,
Ойнасып қалмақ шулапты.
Құлаққа дауыс келеді,
Қасындағы жолдасқа

Батырдың айтқан сөзі еді: 8950. – Дауысты естіп желдендім,

Түнде жауға кез келдім.
Осы түнде-ақ шабуға
Шабайын деп тербендім.
Сендерге ақыл салайын,

Ертеңге несін қарайын.
Жау сағынған Қобыланым,
Осы түнде-ақ шабайын.
Сүйдеді де қамданды,

Суырып алмас қолға алды, 8960. Шабуға Қобылан оңдалды.

– Сендер мұнда қалыңдар,

Өзіңді-өзің бағыңдар.
Осы түнде-ақ шабамын,
Жалықпай шабар шағым бар.
Қалай тоқтап тұрамын,

Батыр деген даңым бар.
Атыңменен өзіңді
Жолдастарым, бағыңдар.
Түнде жауға кіреді,

8970. Аңсыз тұрған қалмақты

Үріккен қойдай сүреді.
Қараңғылық ішінде
Найзаменен іледі.
Талайдың бітті срогі,

Қобыланға қарсы келетін,
Қалмақтан тайлас кім еді.
Түн ішінде-ақ қырады,
Жауды әлек қылады.

Ағытқан қойдай шулатып, 8980. Бөріктіріп қуады.

Түнде-ақ әлек етеді,
Қараңғыға талайы
Амалдап қашып кетеді.
Жасырынып тірісі

Түнделетіп кешеді.
Қайратты туған Қобыланды ер
Түнде шауып қалмаққа,
Талайларын жойған жер.

«Қара қобда» болсын деп, 8990. Мұны да Қобылан қойған жер.

Сан жетпейтін қалмақтың
Тірісі қашып кеткен жер,
Амалдап қашып көшкен жер.
Сан жетпейтін қалмаққа,

Сарғайып таң атқанда,
Артынан қуып жеткен жер.
«Сары Қобда» болсын деп,
Мұны да қойған Қобылан ер.

Қойдай жауды қуған жер, 9000. Бүлгін салып қырған жер.

Бөлек таудың басында,
Қарауыл қарап тұрған жер.
Кеудесі тақыр қыр екен,
«Тасқаралы» болсын деп,

Мұны да қойған Қобылан ер.
Сапарым жүрген оңсын деп,
Дұшпанның көңілі солсын деп.
Қайырлы жүріс болсын деп,

Ағып жатқан ұлы өзен, 9010. «Ұлы Қобда» болсын деп,

Жүрегі қайтпас Қобылан ер
Осылай деп атын қойған жер.
Сонан төмен асқан жер,
Көп қалмақтың сасқан жер.

Қашқан жауды есітіп,
Айбатты туған ер Қобылан
Атқа қамшы басқан жер.
Күздің қатқақ күнінде

Берік тоң боп қатқан жер. 9020. Арбалары дүңгірлеп,

Шулап қалмақ асқан жер.
Қуып жетіп артынан,
Садақпенен атқан жер,
Жаудың қирап жатқан жер.

«Дүңгірлекті» болсын деп,
Мұны да қойған Қобылан ер.
Жауды қағып барған жер,
Талма-тал түс болғанда,

Балалар ойын салған жер. 9030. «Бала Қобда» болсын деп,

Мұны да Қобылан қойған жер.
Бейпіл жатқан көп жауға
Тағы Қобылан барған жер,
Барып бүлгін салған жер,

Ұрысқан жауын алған жер.
Жердің жүзін қызыл қан,
Кілкітіп қаптап алған жер.
«Қарағанды» болсын деп,

Мұны да Қобылан қойған жер. 9040. Беркіндегі көп жаудың

Қобыландыны естіп көшкен жер.
Шыңғырлатып арбасын,
Сансыз қалмақ жеккен жер.
Тоқтарбайдың Қобыланы

Артынан қуып жеткен жер.
Қайтпайтұғын өктемді ер,
Қырып жауды өткерді ер.
«Шыңғырлау» аты болсын деп,

Мұны да Қобылан қойған жер. 9050. Ойнап жүріп балалар,

Мың ешкіні жиған жер.
Суға қарап қуған жер,
Кесекпен қамап ұрған жер.
Қара суға тоғытып,

Шығар жері тар болып,
Айналасы жар болып,
Көп ешкіні қырған жер.
«Ешкі қырған» болсын деп,

Мұны да қойған Қобыланды ер. 9060. Көп қалмақтың көшкен жер,

Тұмандатып өткен жер,
Жауды әлек еткен жер.
«Тұманшы» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.

Қару-қапшық заты сай,
Күйлеген тұлпар аты сай,
Асығыссыз жүрдік-ай,
Қалмақтың бұ да қонысы

Жайғастырып жауларды, 9070. Қобыланды батыр етті жай.

Жайластырып жойған жер,
Қалмақты қойдай сойған жер.
Ойлағаны болған жер,
«Жақсыбай» аты болсын деп,

Мұны да Қобылан қойған жер.
Еңкілдеп жаудың кеткен жер,
Атының жалы желпілдеп,
Қобыланды қуып жеткен жер.

Жек, дуадақ қонысы 9080. Шиен шыққан көктем жер.

«Жекенді» аты болсын деп,
Қобылан қойып өткен жер.
Қаршығадай шүйлігіп,
Қара обаға барған жер,

Жауды көзі шалған жер.
Барған жауын алған жер.
«Қаратөбе» болсын деп,
Мұны да қойған Қобылан ер.

Қалмақтың босып көшкен жер, 9090. Жау іздеген Қобыланды ер,

Артынан қуып жеткен жер.
Тауысып, шауып өткерді ер.
Жауды қырып қоштанып,
Өлең айтып өткен жер.

«Өлеңді» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Атқа шідер салған жер,
Қобыланды дамыл алған жер.

Қонып сол күн кеш болып, 9100. Ұйқысы ердің қанған жер.

«Шідерті» аты болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Таң сарғайып атқан жер,
Қалмақтың тулап қашқан жер,

Бұлдырап белден асқан жер.
Артынан жетіп Қобыланды
Бұлдыратып шанышқан жер.
«Бұлдырты» аты болсын деп,

Мұны да Қобылан қойған жер. 9110. Қараңғыда келген жер,

Айдын көлді көрген жер,
Атына жем берген жер.
«Қаракөл» аты болсын деп,
Қобылан атақ берген жер.

Күннің ыссы күнінде,
Көлдің суын ішкен жер.
Жауды көріп қуанып,
Соңына жаудың түскен жер.

Қалмақтар баудай түскен жер. 9120. «Қарабау» аты болсын деп,

Мұны да Қобылан қойған жер.
Ат құйрығы бұлаңдап,
Алыс жерде жүрген жер,
Қару-қапшық ілген жер.

Ойда жатқан қалмаққа
Ойсыратып тиген жер,
Сансыз жаудың бүлген жер.
Қасындағы жолдасы

Қызығына күлген жер. 9130. Бұлаулай салып, жау шауып,

«Бұлау» деп атын қойған жер.
Мұны да қойған Қобылан ер.
Жер жүзін Қобылан кезген жер,
Өзіне-өзі сенген жер.

Жауды көрсе шүйіліп,
Бүркіт құсша төнген жер.
Тобығы меңді торы атты
Ит пен құстан қызғанып,

Шоқы тауға көмген жер. 9140. Тобығы меңді торының

Жамандатып өлген жер.
«Торы ат басы» болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Ерлердің артық данасы,

Артықша Қобылан ағасы.
Халықтың қорған панасы,
«Ешкі қырған» сағасы,
«Ұлы Қобда» жағасы.

Адамнан жоқ жаласы, 9150. Тоқсанға жасы келгенде,

Судан болды жаласы,
Қартайып жетті қазасы.
Діңкиіп тұрған Қара оба
Тоқтарбай қарттың баласы –

Ер Қобыланның моласы.
Сол күнде ел бүлінген заман болды,
Заманда әрбір түрлі адам болды.
Бүлінген халық ішінде қырғын соғыс,

Қиындық елдің күні қараң болды.
Хан, төре ел бүлдіріп, туралық жоқ,
Залымдар қара жүрек арам болды.
Жауларға кілең жауыз қан жаудырған

9163. Қобыланды осыменен тамам болды.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙