TELEGEI

Home

Ақ сиса

Ғалым Жайлыбай

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ақ сиса

Қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Ресей Жазушылар ұйымының Сергей Есенин атындағы алтын медалінің иегері Ғалым Жайлыбайдың «Бір тал үкі» деп аталатын бұл жинағына қаламгердің соңғы жылдары жазған өлең, поэмаларымен қоса таңдаулы туындылары енгізілген. Көркемдік көрігінен шыққандай төрт бөлімнен тұратын осы жинақ көпшілік көңілінен шығар деп сенеміз. Бұл кітапқа сондай-ақ орыс, қаз

Издательский дом “Библиотека Олжасa”
Алматы, 2013 г.

АК СИСА

БЕЛЫЙ СИТЕЦ

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙБАЙ

Ответственный редактор Сафар Абдулло Жайлыбай Галым …«Ак сиса» («Белый ситец»). Алматы, Издательский дом «Библиотека Олжаса», 2013.- 120 с. Қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Ресей Жазушылар ұйымының Сергей Есенин атындағы алтын медалінің иегері Ғалым Жайлыбайдың «Бір тал үкі» деп аталатын бұл жинағына қаламгердің соңғы жылдары жазған өлең, поэмаларымен қоса таңдаулы туындылары енгізілген. Көркемдік көрігінен шыққандай төрт бөлімнен тұратын осы жинақ көпшілік көңілінен шығар деп сенеміз. Бұл кітапқа сондай-ақ орыс, қазақ тілдерінде ақынның бірнеше өлеңдері еніп отыр. Поэма известного казахского поэта Галыма Жайлыбая «Ак сиса» («Белый ситец») является одним из ярчайших произведений современной казахской поэзии. Она посвящена жизни, творчеству, поэзии и музыке казахского композитора девятнадцатого века Жаяу Мусы, показывает нам яркие картины далекого прошлого, рассказывает о страданиях и болях казахского народа, об истории родной земли. В переводе известного российского поэта-переводчика Сергея Мцаканяна эта поэма на международном фестивале поэзии переводов с тюркских языков в столице Башкортастана г. Уфе заняла первое место. .

­ УДК 821.512.122-161.1 ББК 84 (5каз-рус) 7-5 Ж21

Ж-21

УДК 821.512.122-161.1

ББК 84 (5каз-рус) 7-5

Ж- 21

© Галым Жайлыбай, 2013
© Издательский дом
Библиотека Олжаса», 2013
© Ответ.ред.Сафар Абдулло, 2013.

ІSBN 978-601-7315-46-7

ІSBN 978-601-7315-46-7

. Предисловие Жаяу Муса – Пеший Муса, но он прошел дальше тех, кто отнял у него коня. Передвижение пешком продлевает жизнь. Мусеке доказал это, прожив 95 лет. Прожил непростую жизнь. В Первую мировую – в русской армии на передовой. Только не понял – на окопных работах или в окопах? Но явно не в кавалерии, в пехоте. Может, тогда Мусу прозвали казахи – Жаяу, т.е. Пеший. Самая выделяющая казаха кличка. Нация всадников от мала до велика и вдруг – один пеший. Лучшего, запоминающегося псевдонима тогда не было. Он и сейчас бы украсил молодого поэта, у которого ГАИ отняла «жигуленок». Талантливого поэта и музыканта не убила революция, сталинские репрессии миновали. В 1937 году он прислал людей в Алма-Ату с просьбой отдать ему на воспитание годовалого Олжаса, отца которого сталинский молох не обошел. Моя мама Фатима и ее отец, дед Насыржан, не позволили увезти меня в Баян-Аул. А то бы под рукой такого учителя стал бы неплохим акыном и написал бы о Жаяу Муса как о настоящем Аткам – пере нашей поэзии. Но рад, что пишут о нем и другие.

Благодарю акына Галыма Жайлыбая за его
работу – поэму «Ак сиса» («Белый ситец»),
которая посвящена народному певцу и компо-
зитору Жаяу Муса Байжанову, прожившему

долгую жизнь, полную трудностей и лишений.
В данной книге поэма «Ак сиса» («Белый си-
тец») публикуется на казахском и русском язы-
ках, на русском языке - в переводе московского

поэта Сергея Мнацаканяна.
Поэма будет интересна читателям, владею-
щим как казахским, так и русским языками,
интересующимся культурой и историей родной

земли, стремящимся больше узнать о выдаю-
щихся людях нашего народа, нашего прошлого
и настоящего.
Желаю успеха книге и автору.

Олжас Сулейменов
31 марта 2013 г.

Ақ сиса
(поэма)

Бисмилла рахмани рахим,
ал бастадым,
Жанымның жарқыратып алдыаспанын.
Бар еді, бауырым-ай,

алда асқарым,
Жалы еді арғымақтың жармасқаным.
тамыздың тамылжытып таңғы аспанын,
өрейін өршіл өлең,

Ар дастанын
Арналы өзен еді жалғасқаным,
Бисмилла рахмани рахим,
ал бастадым.

Жүйіткісін жүйрік жырым Құлагердей,
Көнерген көңілім бар құба белдей.
Кешеден бүгінгіге жеткен өлең
Қаз мойын қасиетті құрама ердей.

Шабыттың шалқып жанар шырағы өлмей,
Білгенге біздің ғұмыр бір әлемдей.
Несіне жыр қыласың деп ойлама
тұншыққан тұрғыласым тұма көрмей.

Сызылтып сыр айтайын мұрагердей,
Сөзімнің арасынан сына бермей.
Құла дүз құзғын қонар құзға айналса
Құлагер қайтеді енді құлап өлмей.

Ақынды аяла аспан,
аяла күн,
төр етіп төскейіңді саяладым.
Көлінде Жасыбайдың сайран салып

Ақбеттен асқақтаттым Баян әнін.
Жасыл бел,
жасыл әлем,
сая бағым,

айдында аққуымды аяладың.
Жыр етіп алдыңа әкеп жая аламын,
Қазақтың қай алқабын,
қай алабын.

Баянсыз баяны бар бақи күннің
Баянды ғұмыры бар Баянаның.
Баянтау!
Баурайың ән,

бағың дастан,
көркіңді жыр етеміз жаңылмастан.
көздері көлдерінің жәудіресе
айнымай қалады екен қарындастан.

көлдері аумай тұрса қарындастан,
Баянды бар ма әлемде сағынбас жан.
Асық боп өтері анық Ақбеттауға
ғашық боп осы өлкенің маңын басқан.

Күні алау көңіліңнің шаңын басқан,
Түні анау
бақыт тербеп,
бағыңды ашқан.

Айынан аспандағы арай саулап
Сайынан Сарыарқаның сағым қашқан.
Сәлдесін түн көтерсе,
сәл ойланып,

таңдары атады екен арайланып.
төсіне Ақбеттаудың тұмар қадап
көшіне бабалардың қарайладық.
тағдыры талайсыз да,

талайлы анық,
Күндердің керуенімен талай налып.
өткен көп,
өмір сеуіп өркеніне -

Біздің де көшімізге қарайла, жұрт!
Жасыбай!
Жағаңа кеп аялдадық,
тағдырдың тамырында қан айналып.

… „Баянаула басынан бұлт кетпеген“
Баянаула басына бақ айналып.
* * *
Баянаула басында бал қарағай,

Үмітімнің үзігі жалғана ма-ай?
Қайғы-мұңға салды да қайығымды
айдынында тербеді арман-арай.
Қызығы жоқ қысының қар борамай,

Ала қашар Алқоңыр
алға қарай.

абыржыған көңілге көктем сеуіп тамылжыған тамызы таңға қарай. Баянаула басында құр балалы, Балапанын қорғаштап мұңданады. Тұғырыңның құт көшер маңайынан ғұмырыңның бітпесе шырғалаңы. сұрғылт тірлік телісе мұң наланы, таусылған жұрт қайтеді күнде амалы, „Баянаула басында балалы құр“ Баурайында тал қайың ырғалады. Ойға батқан сыр тарттым орманынан, Әулиетас, Найзатас, қорғанынан: топ терегі толғанып томсырайып тобылғысы бастады толғанып ән. Ізін кессем бабамның өр, бағылан, соқпақтары салады жолға бұлаң. „Баянаула басында балалы құр“ қызғыш құстан аумайды көл қорыған. Тар жол, тайғақ кешулі қиындықтың, Бәрін жеңдің, Жазмыштың сыйын күттің. Тұлпарыңнан тұсамыс алынбаса

Ұрпағыңнан мызғымас ұйым күттің.
Тұрмағасын басыңда
дүйім құт күн,
күдері жал күндердің

күйін күттің.
тоғайтады көңіліңді
тоқсан толғау -
соны айтады баласы Сүйіндіктің.

„Өтеді екен дүние қас-қағымда,
ойнап-күлген жарасар жас шағыңда“…
Аяны бар Мәшһүрдің түсіне енген
Баяны бар таңбалы тастарында.

Қырандары шың-құздың бастарында,
Бұқар баба жырының астарында.
Сұлтанмахмұт,
Жүсіпбек,

Олжас болып -
Асуынан Ақбеттің аспадың ба?
Жиендері бұл елдің жұлдыз Шоқан,
Қаныш,

Әлкей,
Шәкені асқарында.
Баянаула басынан бұлт сейілсе
Жұлдыздары самсайды аспанында.

Дала расы жаралған
ақық,
Ардан,
Баламасы Баянның

Ақын, Арман. Өріміне өлеңнің өкінбейін - Қапияда мергендей қапы қалған. Тірлігіңнің аты өмір, Заты жалған, Керуен соққан күндердің Хаты қалған. „Ақ сиса“ ақын Мұса өткен Ақбеттауда - „Мұстапасы Шорманның атын алған“. ІІІ …Ай өтті Жаяу Мұса тас түрмеде, Таланып қандалаға, аш бүргеге. - Оязға арыз айдап несі бар-ей Шығарған өз үкімін, қашқын неме! Тар қапас, Темір тордан терезесі, „Пендеге пенде болған“ деген осы. Есіңнен тандырардай ер егесі Ережесіз ғұмырдың ережесі.

...Сонымен тас түрмеде Жаяу Мұса,
Көңілі көп тобырға қаяу Мұса.
«Көлденең көк атты» деп ойламаңдар
сезімі сергек,

жаны ояу Мұса.
Өрт болып өзегінде лаулап арман,
Тағдыр бұл;
тасқа барған,

тауға барған.
Ғұмыры қосылмайтын соқпақтары
Шорманның ұрпағымен дауға қалған.
Осында ұры-қары,

қашқын көші,
Тобылдың тор терезе,
тас түрмесі.
тамсанар талантыңа орын емес

қан сорар қандаласы,

аш бүргесі.
Көктеген көктем сайын көп өлеңнен,
Бүр жарып кетсең сен де көгерер ме ең?

- Ақынды абақтыға айдатқан кім

Түрмеге Жаяу Мұса неге келген?
Сайраған бұлбұлы еді жыршы бақтың,
Көңілдің көк толқыны тыншып ақтың.
Байжанның баласының өлеңінен

Жауабын бірге іздейік бұл сұрақтың;

«...Сәлем айт,
көп Қаржастың баласына,
Қалдым мен Мұстапаның жаласына.
Әкеңді өлтірген кім мен білмеймін

Сонда да құнын менен аласың ба?
...Тобылға он екі жыл мен айдалдым,
Артымда елім, жұртым бәрің қалдың.
Адамға еш жазығым жоқ болса да

Нақақтан жазаландым,
көп сандалдым»
Зауалды басқа берме,
құдай тағы,

Шырайын шындығыңның жыр айтады,
Жыр айтса жанымызды мұңайтады,

- Елім - деп еңіреген елік көңілі

Өлеңді Жаяу айтпай кім айтады?..
Көкке ұшқан көңілінің қазы міне,
Алаштың баласының азығы де.
Құса күн қаяу қонған қабағына

Мұсаның Жаяу болған жазығы не?
Тазалап зарлы жүрек,
Мұң көңілді,
Ақбеттің ар жағынан күн көрінді.

Баянтау!
Барыңды жай алдымызға

Жасыбай,
Жасырмай айт білгеніңді.
Өткеннің түгендейік қай наласын,
Жұртым-ай,

Бір шеңберді айналасың.
Азапқа азаматты байлағасын
Ақынды абақтыға айдағасын.
Еместі елі бөтен,

Жері бөтен.
Жезқанат жез маралдай желіп өтем.
Мұсаға Жаяу атын қосып беріп
«Жаяудың шаңы шықпас»

деді ме екен?!.
Зулашы!
Керуен-күн тоқтамашы,
Ақынның әлімсақтан жоқ бағасы.

Шорманы орманына қорған болған
Қаржастың қаршығадай көп баласы.
Көңілде қайырлаған қайран күйсің,
Қайрылсам қайырмаңа пайдам тисін!

Екі бас бір қазанға сыймағандай
Бір елге екі Мұса қайдан сыйсын!
Келе алмай кей жақсымен келісімге,
Келтелеу ой болған соң

Кегі ішінде,
Әке - Шорман,
ағасы - Мұса мырза
Бір тентек жүрген шығар ел ішінде.

Қорлыққа көнбес еді,
Күші аса емес,
Жаяудың көрген күні
қысас,

егес.
Сол маңның содыр мінез
Сойылшысы -
Шорманның Мұстапасы,

Мұсасы емес.
Жаяудың көрген күні
түрме,
дырау,

арты қайыр боларын білмедің-ау.
Ақ самал аңқылдайды ақын мінез
Ел мынау,
Сөгілмеген ірге мынау.

Алдыңда сенің жарық күнің көрер,
Құлаққа құбыладан үнің келер.
Тас шайнап тарланбозым
түрмеде отыр

Түндігі көңілінің түрілген ер.

Өлең боп өріс тауып өмірі алдан, Көгерткен көңілінің көгін арман. Ары боп Ақбеттаудың ақын өткен Аттыдан жаяу жүріп кегін алған. Санаңды сарғайтатын сан алаңы, Шабытпен шалқарларым шағалалы. бұл дүниә әлімсақтан қазақ үшін Атты менен Жаяудың аламаны. Жаяу толқын, Жаяу күн, Жаяу арна, Жапырағымды жайқалтып жаям алда. Дара туған алыптан айналайын Жаратылған жарықтан, Баянаула! ІV ...Баян Баян болғалы, Көкалалы көп үйрек Көліне кеп қонғалы. Сан жыршылар жырлады Сан ақындар толғады. Торсық шеке ұландай Толып туған толғағы. Шың басында қырандай Айналаны шолғаны.

Биікке алып шығардай
Соқпағы мен жолдары.
Құла дүзде құландай
Құйындатса - сол бағы.

Қасиетіңді ұға алмай
Сорламасақ болғаны.
Ұлтымызға ұрандай
Ұлы дала қорғаны-

Сен аман тұр, Баянтау!
Жапан дала,
құла дүз,
тұна қалған жыр-аңыз.

Бұл өлкенің өткенін
Мына бізден сұраңыз.
Баян,
Баян,

Баяным,
Сарыбелде саялым,
Атырабыңды аялап
Жапырағымды жаямын.

«Елім-айлап» ел көрдім,
сергелдең боп
сенделдім,
...Ай артынан ерген Ай

Күн артынан ерген Күн.
Баянауыл - ән басы,
Қазақ үшін қашаннан.
Тағдырымның таңбасы

тастарыңда қашалған.
Сен аман тұр, Баянтау!
* * *
Биікте көк тәңірі,

Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған...
«Күлтегін» ескерткішіндегі жазу
Сау тұрғанда қара жер,

Көгім,
Күнім,
Өріп берем өлеңмен өмір гүлін...
Баян жайлы аңыз көп осы өңірде

Баян еткім келіп тұр соның бірін.
Арай сүйіп аймақты
Ар тұнғандай,
Шұғылаға шуағы шарпылғандай.

Адам Ата - Хауа Ана кезікпей-ақ
Қасиетті қара жер бар тұрғандай.
Өткені өлең Баянның,
сыры - ертегі,

Онсыз қазақ қалайша күнелтеді.
Адамзат аз,
Құрлығы саз заманда -
Екі қауым ел жайлап бұл өлкені.

Жаз кеп қалып соңынан
Күз кеп қалып,

- сен - деп қалып бір-бірін

- сіз - деп қалып.

Екі қауым ел жайлап бұл өлкені
Ғұмырының баянын іздепті анық.
Тірлік шіркін көкпар ма,
аламан ба?

Адам кейде ұқсайды жаралы аңға.
Шұрайлы да шырайлы жерді көріп
Екі қауым басыпты:

- Мен аламға.

Таласыпты көркіне таңдай қағып,
Таңдай қағу аяғы
дауға айналып.
Алақандай атырап дауға айналса;

Егіз жатқан екі жұрт жауға айналып.
...Қасиетіне бас иген қатынасқан,
Бөлекшелеу жаралған заты бастан.
Осы өлкеде көріктің көрігіндей

Әппақ Ана болыпты ақылы асқан.
Ақиқатын айтайын сөз бергенде ел,
Таразылап өздерің
безбендеңдер!

Әппақ нұрдан жаралған Ақ Ананы

- Бай АНА - деп атапты көз көргендер.

Аян болып бұл талас аумағына,
Батырына сұрапты сауғаны да,
Игі-жақсы жиылып Бай Анадан
Кесім сұрай келіпті дауға мына.

Бізге жеткен осылай толғақ аңыз,
Санамызда сарғайтпай толғанамыз.
Ақ самалға сүйгізіп ақ жаулығын
Арналы сөз бастапты сонда Анамыз:

- Ай, ағайын, абайла!

Мәмілеге дау көнбесе
айналады дамайға.
Бірлігіңе ендеше
Бітім керек қалайда.

Палуандарың белдессін,
Жамбы ату да - қиын сын.
Ел сонымен елдессін
Жер жеңгенге бұйырсын!»

Айтып өмір өлеңін,
Жұрт тарапты мамырлап.
Ақ Ананың дегенін
Ақ батадай қабылдап.

Байламды ойдың байыбы нұр естіріп,
Көңіліне көгершін ілестіріп.
Екі қауым жүйрігін жарыстырып
Екі қауым палуанын күрестіріп.

Жазирасы жаһанның жалғап қызық,
Кеш батқызып,
Содан соң таңды атқызып.

- Жеңгендерің жерге ие боласың - деп

Мергендерін сынапты жамбы атқызып.
Ай сығалап Алаштың түндігінен,
Екі қауым байланған кіндігімен.
Күн артынан керуен күн жылжысын

Асып кете алмапты бір-бірінен.
Тірелген соң тұйыққа тұйғын ері,
Бірін-бірі ала алмай шүйлігеді.
Шетен даудың шетіне шығар емес

Жақсылары екі елдің,

игілері.
Қайырламай тірліктің кемесінде,
Қарсы жүзіп толқынға келесің бе?
Шешімімен,

Кесектеу кесімімен
Қалды мәңгі сол аңыз ел есінде.

- Ертеңі бар елміз ғой,

өсер егіз,
Толып тұрған жазуға пешенеміз.

- БАЙ-Ананың ауылы болсын мәңгі

Көгермейді дауменен көсегеміз.
Кең өлкенің ырысы жатар асып,
Емес бізге дау-дамай Ата кәсіп.

- Бай-Анаға баянды болсын - айтты Батар кеште екі жақ баталасып. ...Төбел күнде төсінен күй ұққасын, Бабаларым бауырыңда ұйықтасын! Бай-Ананың Баянды ұрпақтары Баянтауға өтеді иіп басын. Іздегенде мұхиттан мұрамызды, Құба жонды қиялап, Құла дүзді, Баянаула, БАЙ-АНА, Баянауыл Тарқатайын осылай бір аңызды. V ...Басыңнан өтті білем тасыр заман, Көгінен қара нөсер басылмаған. «Ақ сиса» - ән биігі қазақтағы Зұлмат пен зорлығыңа бас ұрмаған. Баянтау - жер асылы, Жыр тәңірі, Шындыққа шырай беріп шырқар ұлы. «Ақ сиса» -толқын-толқын керуеннің Басынан көкке ұмтылған сұңқар үні.

Жалғассам жалғаныңа жалған дер ме,
«Ақ сиса» - аққу әуен арман көлде.
«Ақ сиса» - жаяулықтың жармасқаны
Аттының шаужайына жан дәрменде.

Жаралған бір білерім
дала нұрдан,
самалы айналады саналы ұлдан.
«Ақ сиса» - ақ дүниеге іңкәр болып

Өнердің өр толқыны жағаны ұрған.
Самсаған сарыбелдің санатында,
«Ақ сиса» - ән ішінде дара тұлға.
«Ақ сиса» - қарашада қайтқан қаздың

Арман боп сусылдаған қанатында.
Аттылар қай кезде де асқан заман,
Жаяудың жанарынан жас парлаған.
«Ақ сиса» - Байжанұлы бабамыздың

Рухы Ақбеттаудай аспандаған:
«... Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса,
Жарасар камзол сұлу белін қиса.
Шорманның Мұстапасы атымды алып

Атандым сол себептен Жаяу Мұса.
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса

Жиылып орыс, қазақ қашқын дейді
Көрермін ақыр бір күн күнім туса.
Жаныма батқандықтан ашынамын,
Мен неге жаяумын деп басыламын?!

Малым жоқ Шорман айдап алатұғын
Қорлығын Мұстапаның паш қыламын...»
Жаяудың көрген күні құса, нала,
Қанатсыз биікке құс ұша алам ма?

«Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса»
Соны ерте сезініпсің,
Мұса баба.
Қасиет табылады қай арнадан,

айдынға қайық салса аяулы арман.
Шорманның Мұстапасы атын алса
Мұсадай «Ақ сиса» - ақын жаяу қалған.
Ай нұрын аялаған асыл күйдің

Рухынан от оранып,
Жасын кидім.
Аттыны ат үстінен домалатқан
«Ақ сиса» аруағыңа басымды идім.

* * *
1840 жылдардың екінші жартысынан бастап
Баянаула түгелдей Орыс казачествосының
запас жеріне айналды. Қыс қыстау, жаз жай-

лауы тарылған Шорман тұқымының Айдаболдың
Малқозысымен, Жаяу Мұса елімен егесінің
басталған кезі осы тұс.
Өткеннің өксігінен жаным жүдер,

Өлеңім, өзекті өрте,
бағымды бер!
Сен неге жар салмайсың, Жасыбай көл,
Сен неге толқымайсың Сабынды көл?!

«Ақ сиса» - арман дүние,
жыр аңыз де,
шындықтың шырайына шырақ ізде!
Бабалар өшкен, өлген,

Өскен-өнген -
Талатын құс қанаты құла дүзде.
Бұл өлке ақынынан жыр күткендей,
Көңілдің көп құстары дүрліккендей.

...Шорманның қыс қыстауы - «Қызыл ағаш»
Ішіне мәңгілікке сыр бүккендей.
Жүгінген құдыретке құран ұстап,
Бабалар тастап кеткен мұраны ұқсақ...

Қызарып батқан күнді «Қызыл ағаш»
Тұр әлі қимастықпен шығарып сап.

Ақынның айналғандай мұңдасына,
Қыраны ұя салған шың басына.
Сен әлі мөлдірейсің, Шорман бұлақ -
Сыр айтып ақ қайнардың тұнбасына.

...Тарихтың аршылатын көмбесінде,
Тұлпардың тұғырында,
кермесінде.
Ел ауған, қайың сауған сонау жылдар -

Күй тұнған домбыраның пернесінде.
Сонау жыл - жарық күннің жамалында,
Көк аспан,
Қара жердің жанарында.

тоғыз түн толғатсаң да таусылмайтын
қобыздың қасиетті шанағында.
Жарық күн жандарына жара салған,
Кезің жоқ мәрт бабам-ай,

Аласарған.
Қалың қол ат ойнатып қазак келіп -
Баянның баурайына қала салған.
Сайлап ап бес қаруын,

Жарақталған,
Қалың қол ауылды алған,
алапты алған.
Атойлап ат ойнатқан атаманға -

тосылып қыр қазағы қарап қалған.

Уақыт жемтік болса Заман - қарға, Бағдар жоқ оң мен солды бағамдарға. Қаржастың қалың елі, бағым еді - Жайлауы тарылған соң амал бар ма? «Арқада бір құтым бар Мұса, Шорман, Ежелден келе жатқан ескі қырдан». Сал Біржан әнге қосып әуелетсе, Кең алқап керілетін кешкі нұрдан. Айнымай ай санаған ықыластан, Күні жоқ ағайынмен шытынасқан. Арқаның Мұса, Шорман құты болса - Қалайша қас-қағымда құты қашқан? Көңілің көп құстарын көлбеткенде, Қалады мейірімге шөлдеп пенде. ...Баянға орыс-қазак жиылып кеп - Қала сап, қада қақты сол көктемде. * * * Ай, Баянымды алғаны, Сая күнді алғаны. Саялымды алғаны - Аяғымды шалғаны.

Баянтауды алғаны, Жасыбайды алғаны. Жасыбайды алғанда Басыбайлы алғаны. Кім сұрайды сауғаны, Қалың мұңың - шер ме еді?.. Ақбеттаудың таулары - Сабындының көлдері... Қыран көрдім ұшырып, Құзға барып құлады. «Қызыл ағаш» қысылып - «Шорман бұлақ» жылады. VІ Аздың да ісі бітер ме, Көптің де ісі жетер ме, Көп ішінде бір жалғыз Сөйлеп те сөзі өтер ме?.. Бұқар жырау Қанатсыз құс биікке ұша ма екен, Аяғын кім жүйріктің тұсады екен. Айдап алар малы жоқ өрісінде, Көп ішінде бір жалғыз...

Мұса ма екен?...

Өткеніңді тастамай күресінге,
Күй күмбірлет!
Күндердің күнесінде.
Бай-Ананың кезінен Баянтауда -

Бақыт құсы ұшып жүр, білесің бе?
Бұлағай күн бұзса да көңіл хошын,
Өрге тіккен өрені өмір қосын.
Мұса, Шорман өрісі тарылғаны -

Өрт шалғаны дариға-ай,

ел іргесін.
Кер күндер-ай, керілген кермедейсің,
Тереңімді тербетіп,
тербегейсің.

Сен не дейсің,
Ақбеттің асулары -
Ащысудың өзені,
Сен не дейсің?!.

Түгел сөзің түбі бір...
түс,
аңыз ба,
Қанат байлап білмеймін,

ұшамыз ба?

- Ақкелінге қалашық тұрғызам - деп

Жоғарыға хат жазған Мұса мырза.
Мына хаттың мәнісін жұрт аңдады ,
Көңілінің жер тарпып тұлпарлары.

Атамекен - Ақкелін,
Ақшоқысы -
Айдаболдың Малқозы бір тармағы.
Алағайың туса да

бұлағайың,
мынау мекен атадан мұрадайын.
Ақшоқыда ашынды бір қауым ел -

- Қалай ғана басынды, бұл ағайын?..

Ұшып жүрген басының бағы айнала,
Айдаболға Ақкелін - арай дала.
Арқадағы асылдың сынығы еді
Мұса, Шорман басынды, қалай ғана?

Елге егесті туғызған
жанға дауыл,
Бұл сынақтың білгенім салмағы ауыр.
Жараса ма қайтадан ағайынмен

Қарашада күзеуде қалған ауыл?..
Қапаланса қалың ел -
қарындасың,
шыдам қалай шытынап

жарылмасын.

- Қайда болдың - дейтін де сауал туар -

Айдаболдың айдыны тарылғасын.
Айдау жолға шиқылдақ арба шықты,
Ай, заман-ай,

Жауыр тай жорға шықты.

- Мен де үй салам ол жерге Мұса салса

Мұстапасы Шорманның ол да шықты.
Есеңгіреп ел іші...
қалды бәрі,
жапандағы жартастар жаңғырады.

- Айдаболдың айбалта ұстайтұғын

Айналайын ағайын, бар ма ұланы?!
Сынаққа алар тұл тағдыр талай ұлды,
Аямай төк!
Ақбеттау арайыңды.

Орыс-казак олжаға батты білем
Қырқыстырып қырдағы ағайынды.
Солдан соқса сол дауыл - сор айнала,
Өкпек желі өткеннің...

солай, бала.
Олжабайдай батырдың ұрпақтары -
Олжа бола қоймайды оңай ғана.
Мұң шақпайсың сен неге, мұнар далам,

Шыңдарыңда шалқиды шырағдан-ән.
... «Ақ сисалап» араңнан ақын өтті
Ұлтарақтай жері үшін ұрандаған.
Ақбеттаудай,

Жасыбай,
Баянындай,

Қайдан тапсын тірлікте сая мұндай.
«Ақ сисалап»,
арындап,
аршындады

Жаяу Мұса жарқылдап жай оғындай.
Үмітінен үзбеді бар күдерін,
«Ақ сисада» ашығы әңгіменің.
Ән шалқытып Алаштың аспанында -

Жаяу жүріп аттыдан алды кегін.
Не қалады шайқалса тұнығыңнан,
Ақшоқының апшысы қуырылған.
Кіндік кескен жер үшін

Сонда ақынның
Қынаптағы қылышы суырылған.
Кесір күндер кеткен жоқ кекке айналып,
Өшкен ғайып дүние-ай,

өткен ғайып.
Сәлем айтып Қаржастың баласына -
Тобыл жаққа сол ақын кетті айдалып.
Қасиетім қалың ел - тұтас орман,

Өткеніңді өрт шалған
Құса,
Сордан.
Сен аман бол,

«Ақ сиса» - Жаяу ақын -
Арқадағы бір құтым Мұса, Шорман.

Ақбеттаудан абайсыз нар құлады,
Жартас біткен соны айтып жаңғырады.
«Кімдер жаяу қалмайды зорлық қылса»...
Жаяу Мұса

«Ақ сиса» - Ардың әні...
* * *
Тоқсан төртте жасым бар
Енді жүрек басылар.

Мені жүргелі жатырмын,
Қоштасайық халқым-ай!
Еңбегім сіңген Ақшоқым,
Содан орын қазыңдар...

Жаяу Мұса
Алас,
алас,
алас күн!

Гәкку саздар - толы әні.
Айдынына Алаштың -
Аққу-қаздар қонады.
Талапайға түстің бе,

Талайыңнан қаштың ба?..
Қара жердің үстінде
Көк аспанның астында.
Шырағыңа білтемін,

Шақпақ жақсаң лаулаған.

Қазақ деген жұрт едім
Аққу-қаздан аумаған.
Тағдырыңа алаң кім,
Туған жердің тұнығы.

Жаяу Мұса бабамның
Тоқсан төрт жыл ғұмыры.
Көктем көктеп...
күз келген,

Баянаның таулары.
Ақшоқының біз көрген
Алақандай аумағы.
Қазақ үшін білгенім,

Баянаула - бақ отау.
Ашық болсын күндерің,
Қаратау мен Алатау.
Тарқамайтын тойым ең,

Ұлы дала қорғаны.
Үш Қиянның бойы мен
Қызылжардың орманы.
Өзегіндей өмірдің,

Өлеңімді өргенмін.
Киесі бар жерімнің -
Иесі бар...
Сол - менмін!

Шайқалмаған ырысы,
Сөнбейтұғын жақса оты.
Бұл қазақтың дұрысы -
Әр шоқысы - Ақшоқы.

Желпілдемей түндігі,
Тірлік кешкен жасымай.
Бұл қазақтың шындығы
Әр өзені - Жасыбай.

Жаудың шықса жат үні,
Қорғап ата мұраны.
Жаяу-жалпы ақыны
Алдыаспан боп шығады.

Тұнық көлдей тұнамын,
Жерұйығым...
талас көп.
Күнге қарап тұрамын:

- Алас,

- Алас

- Алас! - деп.

Жаза алмаймын жарқын жыр,
Тамылжымай таң нұры.
«Ақ сиса» боп қалқып жүр
Бар қазақтың тағдыры...

Соңғы сөз
немесе Жаяу Мұса ауылы
Баянауыл бауыры,
Ақбеттаудың етегі.

Жаяу Мұса ауылы,
Тектілердің мекені.
Қапияда қапылдым,
Сырын тыңдап сол маңның.

Атын алған ақынның,
Мұстапасы-ай, Шорманның.
Көкірегі жыр-көрік,
Кұшақ жайған бауыр көп.

Жаяу Мұса жыр болып,
Жаяу Мұса ауыл боп.
«Ақ сиса» ақын,
арың ба,

айтты бізге сол әнің.
Жаяу Мұса барында
Мұстапалар боларын.
Сансыраған санам мұң,

Саңырау боп сорлайды.
Бұқары жоқ заманның
Абылайы болмайды.

Өтер,
өтпес бекер күн,
Жапырағымды жаям да.
Мен келермін,

кетермін -
Баян іздеп Баянға.
Көкірегі күй далам,
Айналайын, Ар мекен!

Ақындарын қинаған
Қазақтай жұрт бар ма екен?!
Тартып туғам тегіме,
Оман жұрттан ой аулап.

Жаяу Мұса еліне,
Келем талай жаяулап...
Сал-серіге ылайық,
Сарыарқаның сауыры.

Қалды артымда мұңайып
Жаяу Мұса ауылы...

БЕЛЫЙ СИТЕЦ

(«Ак сиса»1)
Поэма

1 «Ак Сиса» (в переводе с казахского на русский - «Бе-
лый ситец») - так называется песня известного народного
певца и композитора Жаяу Мусы, прадеда Олжаса Сулей-
менова.

Во имя Всевышнего1 - начинаю,
сверкает заточенная душа,
страна от края лежит до края
Баян-Аула и Иртыша…

Мой брат, у нас впереди вершины!
Несётся август, как аргамак,
Я стих сплетаю - так жизнь решила! -
из полноводных ручьев в горах!

Как конь ретивый, несется песня,
вдохни старинных поверий дым…
Я начинаю дастан чудесный -
О, бисмилла рахмани рахим2!..

А вдохновение, словно пленник,
в душе, постигшей мир и века…
Что делать, если мой современник
не знает чистого родника?

Я сохраняю любовь и веру,
не вбить промежду словами клин!
Что делать бедному Кулагеру,
куда скакать среди мёртвых глин?

1 Первая строка молитвы – рус.
2 Первая строка молитвы – каз.

Пусть степь не станет аэродромом
для приземленья тупых ворон…
Поэт обласкан родимым домом,
в родное небо навек влюблён.

Лелей и пестуй, Солнце, поэта!
Поэт, душою не остывай! -
я из Акбета пропел куплеты
на вольном озере Жасыбай!

Зелёный мир - это сад блаженный,
где лебедь белая на волне,
здесь жизнь, не ведая поражений,
смысл вечности открывает мне…

Для Бай Аны этот мир воскресный,
и расцветающий на глазах!
Любой простор превращает в песню
влюблённый в мирную степь казах.

На склонах вечного Баян-Тау
мы воспеваем прекрасный взор,
когда озёра, весною тая,
похожи так на глаза сестёр…

Озёра - вечные наши сёстры.
Глаза Баян, как в степях костры…
Пусть камни на Акбеттау остры,
по ним ступала нога сестры!..

И в смерти не разлюблю Акбеттау…
Кто не печалится по Баян?!
В родном краю я иду по краю -
как пыль, стирая с души туман.

А ночь тебя наполняет счастьем,
даря удачу и свет луны,
борясь в камнях Сарыарки с ненастьем,
как миражи, разгоняет сны…

Вот ночь уходит, а с нею думы,
что наполняют ночную тьму,
и утро медленно и угрюмо
приподнимает свою чалму…

Кочевья предков! В степях туманы!
И на груди Акбеттау свет
напоминает про караваны
народных горестей и побед.

Не забывай про своё кочевье,
не забывай про свой Путь, Народ,
всё остальное - просто никчемно,
и только память ведёт вперёд!

О, Жасыбай! Ты опять уснуло,
кровь по сосудам бежит, легка,
а на вершинах Баян-Аула
судьбой стреножены облака…

ІІ К ним сосны тянутся колкой хвоей, О, если б можно связать узлом моей надежды обрывки, кои качают лодку печальным сном… Зима тосклива без снегопада - буран замёл земляной тандыр, но рвётся в будущее - так надо! - играя гривой, конь Алконыр! А на весенних моих вершинах уже токуют тетерева, от переплеска крыл журавлиных хмельная кружится голова… Ужель не станем с тобой счастливы? Грусть и уныние до конца? Не зря по склонам склонились ивы, берёзам радуются сердца!.. Лес мне доверит любые мысли - от Найзатаса и Коргана, над тополями миры повисли, и песня таволги чуть слышна. Я обернусь на дороги предка - как величава его стезя! От птичьих песен качнулась ветка - чу!- это чудо спугнуть нельзя.

Ты победил, одолев потёмки,
путы распутав, нащупав путь,
веруя в то, что твои потомки
в каждом мгновеньи отыщут суть…

Пусть не всегда ты ловил удачу,
но вдохновения ждал всегда,
«Жизнь пролетает, смеясь и плача:
юные надо ценить года!» -

Так говорил нам сын Суюндика,
так озарения ждал Машхур,
так над вершинами сокол дикий
вьётся на крыльях великих сур.

Ты миновал перевал Акбета,
воистину будущим становясь,
словно предсказаны в песнях деда
Султанмахмут, Жусипбек, Олжас…

Каныш, Алькей и Шакен - утёсы
народной истины на века,
над степью ходят ветра, как косы,
и расступаются облака…

Дети страны, над которой светит -
не угасая! - Звезда-Чокан3,
3 Здесь имеется в виду великий сын казахского наро-
да Чокан Валиханов.

тучи расходятся - небо метит благословенный звёздный чекан. Славная степь создана из камня - он драгоценен, степной Агат, не потому ли навек близка мне совесть певца и его талант! Бренная жизнь, как путь каравана. Долго хранится ли память дня, что у акына Мусы - сын Шормана взял и похитил его коня?.. ІІІ Фортуна перевернёт страницу, табун пополнился Мустапы, а Пеший Муса заточён в темницу, и здесь его тело сосут клопы… За то, что пожаловался на бая, сквозь зарешёченное окно смотри на мир - и судьба слепая с толпой и судьями заодно. Здесь нету правил - сырой колодец, в душе акына горит огонь, и мнится пламенный иноходец - в мечтах прославленный Синий конь.

Не унывает акын и в горе -
он верит в праведную судьбу,
он вспоминает родные горы
и им протоптанную тропу…

В тюремной камере - зло и жёстко,
вокруг ворюги и нищета,
пусть заточён он в острог Тобольска,
и окружает его вражда.

Пусть в собеседники рвутся блохи,
объемлет сердце его пожар,
он сын жестокой своей эпохи, -
что современности - божий дар?

Так держат в тесном вольере птицу,
и ей никак не взмахнуть крылом…
Да, заточили певца в темницу,
а был он истинным соловьём.

Муса - ограбленный, Безлошадный,
в темнице мается, как святой,
сражён не пулею беспощадной,
а беспределом и клеветой…

К нему Каржаса детей проклятья
за кровь потерянного отца.
Он не при чём здесь… но разобраться
к нему никто не пришлёт писца.

По нечестивому наговору
ему впаяли двенадцать лет,
как уголовнику или вору, -
за грех чужой он несёт ответ.

«За мной, - он знает, - родные степи,
страна родная, родной народ,
и что мне в жизни любые цепи,
когда душа соловьём поёт?!»

Она поёт о прекрасной вере,
о правде, рвущейся в небеса
она оплакивает потери, -
вот как творит Жаяу Муса…

Наш Пеший гений, степное солнце,
взмахнувший крыльями гусь души,
а свет ворвётся в твоё оконце,
так песни Пешего хороши!

Свет над каменьями Баян-Тау,
над вещим озером Жасыбай…
Акын откроет народу тайну,
про горечь жизни и отчий край.

О, мой народ, ты ходил по кругу,
по кругу горечи и беды,
твои поэты - родня друг другу,
горят в истории их следы.

Я пронесусь по каменьям ланью
во имя песенного Мусы,
и даже пыль не взметнётся ранью
над степью, влажною от росы.

Вперёд! Лети, караван полудня!
Бесценны в мире слова певца,
и пусть поэтам бывает трудно,
творить обязаны до конца…

О, даже выразить не смогу я,
что ложь, как ястребы, душу рвёт
но пусть оборваны струны кюя,
душа акына для всех поёт.

Ему не могут простить порыва
отец Шорман и подлец-мурза,
им неизвестно, как плачет ива,
врастая ветками в небеса.

Они простить бунтаря не в силах,
они боятся в своей злобе,
что в мире радостных и красивых
им будет очень не по себе.

Муса характером простодушным
справлялся с ужасами тюрьмы,
не унывал в каземате душном
и не боялся казённой тьмы.

О, Синий конь Золотого века ещё прискачет в свою страну, а где-то тайно глаголет Мекка - и сердце чует её струну. В застенке корки тверды, как камни, мой друг, попробуй-ка, разгрызи, но со стихами судьба легка мне и не позволит пропасть в грязи… Акын стал совестью Акбет-Тау, он, Пеший, всаднику отомстил, и, над озёрами пролетая, трепещут тысячи звонких крыл… Степь словно создана для казаха, и он с провидческим посошком без опасения и без страха быстрее конных идёт пешком! Пронизан светом Баян-аула, он выпрямляется в полный рост, он быстроног, и его фигура как бы протягивается до звёзд. ІV Что там всякие шуточки: сели - радость для взора! -

сине-пёстрые уточки
на степные озёра…
Воспитали родители -
и наметили цели…

Воспевали сказители
тонкорунные степи…
Как небесные соколы
на вершинах эпохи,

с восхищением цокали
про румяные щёки…
Протянулась дороженька
ввысь - к победам и ранам,

песнь несётся - не трожь её! -
быстроногим куланом!
Не удача ли Пешего
сквозь столетья промчаться,

чтоб от Родины бережно
отводить все несчастья?!
Бресть походкою ладною,
обгоняя светила:

чтоб над тьмой безлошадною
быстро солнце всходило…

Ох, вы, степи безлюдные -
с быстроногими ланями,
наши замыслы трудные
прорастают тюльпанами.

Ах, Баян - словно шёлковые,
твои камни ласкались,
ах, холмы эти жёлтые -
неизбывная радость!

Дни вставали за лунами,
солнце прочило ночи,
и тамга, словно рунами,
вся покрыта пророчествами.

Шли, гремели веригами,
но всегда и поныне
наши степи великие
будут неуязвимы…

…Суть тенгрианства жива от века:
черная почва - и неба синь,
а между ними - Сын человека
был создан, как явствует «Кюльтегин».

Покуда степи неуязвимы
и не порушены небеса,
стихами царствует между ними
великолепный акын Муса.

В степях метельных ветров излишек,
но не сдаётся упругий стих:
здесь о Баяне легенды дышат,
хочу поведать одну из них…

Заря целует планету в темя -
Замри на солнечной стороне!
Адам и Ева ещё в Эдеме,
земля священная вся в огне…

Былое - в заповедях Баяна,
без них не смог бы прожить казах.
В степях у вас украдут барана,
вы не поймёте, когда и как…

Здесь две соперничали общины
за плодородный кусок земли,
эх, наши женщины и мужчины,
подчас неправедно жизнь вели…

Из-за участка в ладонь размером
друзья собачились, как враги, -
да разве можно таким примером
возвысить душу под вой пурги?

Как не склониться печальной ивой
пред грубой жизнью в те времена…
Но в нашем крае самой красивой
была от века Аппак Ана.

Ей просто не было равных в мире -
светла, как Матерь, и так умна,
что люди разные говорили,
как справедлива Аппак Ана!

А двух общин разгорались споры,
и вот, платок белоснежный сняв,
она решила пресечь раздоры
и проявила свой твёрдый нрав:

- Ах, осторожней, братцы,

ненадобно ругаться,
в совместном состязанье
проявите дерзанье,
пусть борются батыры,

пускай поют акыны,
пускай ликуют зрители,
получат победители
кусок земли с ладонь -

и разожгут огонь!
Две разные общины,
нам нужен общий мир,
вы станете едины -

зовите всех на пир!
Так взмахом белого жаулыка
она примирила крутые лбы,
в степи наездники мчались лихо

и метко целились по жамбы.

Веселье длилось сплошные сутки,
соревновались борцы страны,
заря сияла, а в промежутке
неслись могучие скакуны!

Батырам времени было мало
себя проявить, как велит душа…
И снова, вкрадчивая, вставала
луна Алаша4, так хороша!

Общины связаны пуповиной,
её никак разорвать нельзя,
вдруг осознали враги повинно:
на самом деле они друзья…

Зачем, как ястребы, друг на друга
они летят, не жалея сил?
И замирает окрест округа,
родные степи и неба синь…

Погибнет истина в этом споре,
общины, в сущности, близнецы,
зачем в огромном житейском море
против теченья гребут гребцы?

Да будет благословенна дружба,
да будет благословенен мир -
4 Алаш – казах, земля казахов.

он то единственное, что нужно, и был объявлен весёлый пир! …пусть мирно спят дорогие предки, они не зря нам даруют суть, на склонах ветер колышет ветки, день-караван пролагает путь. В былом мы ищем своё наследство, как океан, разметалась степь, я знаю эти легенды с детства, а кто не знает - тот сердцем слеп. V Ты пропустил этот мир сквозь сердце бессмертным праведником, Муса, и «Белый ситец» - твоё наследство! - поют казахи как «Ак сиса»! Вершина песенного искусства, как сокол, рвущийся к небесам, бог песни, кюй вдохновенный чувства дарует милость своим сынам. Как лебединая песня - высясь, как бренный мир - до наива мним, над степью слышится «Белый ситец», чтобы помочь землякам своим.

Ах, «Ак сиса» - это гимн свободе
и марш украденных лошадей,
когда хватаешься за поводья
в своём бессилье среди людей…

Степь сплетена из травы и солнца,
сквозняк тревожит её сынов,
дорожной юрты откинь оконце -
и «Белый ситец» взметнётся вновь!

Когда над степью косяк гусиный -
белеет крыльями в темноте,
то «Белый ситец» с нездешней силой
напоминает нам о мечте…

Хороший всадник всегда в почёте,
а Безлошадный всегда в слезах,
вы «Белый ситец» опять споёте -
Байжанулы оживёт в степях.

Наш гордый предок - великий слухом,
он создал песню - степной канон,
Муса воистину крепок духом,
как Акбет-тау скалистый склон!

«Ак сиса, кызыл сиса, ситец белый,
вот и поясом затянется красавица,
я остался без коня, но без веры
никогда степной казах не останется…

Ак сиса, кызыл сиса, белый ситец,
произвол тебя оставил без лошади,
вот и стал ты беглецом – пеший витязь
бедных родичей на рыночной площади.

Я горюю, Мустапою унижен,
безлошадный – в нищете да опасности, -
только где мой конь – гнедой или рыжий?
Предаю унижение гласности…»

Без крыльев птица взлететь не может,
вот и осталась Мусе печаль,
и это душу акына гложет,
печальной песней несётся вдаль.

Да, ты почувствовал это рано,
мой гордый предок, певец Муса,
коня пропажа – такая рана,
её врачует лишь «Ак сиса»…

Как лунный отсвет среди потёмок,
как отблеск молнии грозовой -
твой дух воспримет дальний потомок,
склоняя голову пред тобой.

*** В сороковые годы девятнадцатого века казачество взяло под контроль земли Баянаула. Сократилось пространство зимовок и пастбищ, и усилилась вражда потомков Шормана Малкозы, сына Айдабола и общины Пешего Мусы. Нам дарит прошлое только горечь - поэт, стихами нутро сжигай! Сабындыколь, ты мне сердце колешь, рыдает озеро-Жасыбай… Легенда-песня про «Белый ситец», горит, правдивая, как свеча, чтоб поколенья, бедой насытясь, взывали к правнукам сгоряча… Как занесённая тьмой картина, в нагорьях прячется путник наш… Ждёт откровения от акына край неприступный Кызылагаш, Степь шелестит, как листы Корана: заветы предков в душе храним, - а солнце красное, словно рана, ещё горит сквозь туман и дым.

Шорман-Булак всё ещё прозрачен,
на скалах соколы гнёзда вьют,
пусть ты унижен и раскулачен,
но мил акыну степной уют…

Твоя история здесь творится,
рыдай, доверчивая домбра,
степь вся распахнута, как страница,
взывая к заповедям добра!

Незабываем тот год далёкий -
вся глубь небесная смотрит вниз
на землю чёрную синим оком,
а там рыдает святой кобыз.

Воспоминанья об этом живы,
мой предок словно бы в камень врос,
когда казачьи пришли дружины,
в подножье гор возвести форпост.

Во всеоружии, конной лавой
пришельцы всю захватили даль,
на атамана с шашкой кровавой
смотрел казах, не тая печаль.

Эпоха чёрная, словно ворон,
как различить, кто неправ, кто прав?

Каржас когда-то был людом полон, сейчас стадам не хватает трав. Муса, Шорман - вы душа народа, она припала к степям не зря, вот Сал Биржан свой напев заводит, всю степь затягивает заря. Как можно с близкими быть в раздоре - неделя, месяц, за годом год, Размолвка с братьями - это горе, его не вынесет наш народ. Душа взлетает, как будто птицы! Бос человек без любви и гол… …Зачем казачество к нам стремится забить строительства первый кол. *** Зачем Баян забрали мой, мой горный склон, мою дорожку, как будто путь прикрыли тьмой - и мне подставили подножку? Зачем отторгли Жасыбай, и Баян-Тау отобрали,

как будто беспощадный бай подверг казахов злой опале… В тоске озёра Сабанды, в печали горы Акбеттау, померкли очи от беды, и не аукаются стаи… Отпущенный на волю мной, упал в ущелье гордый сокол Шорманбулак окутан тьмой Кызылагаш от ветра охал… VІ Меньшинство ли заберёт сердца или большинство сразится с ними? Слово одинокого певца будет ли услышано другими?.. Бухар Жырау Взлетит ли птица, теряя крылья? Как жить стреноженным скакуном? Нет стад - и рухнули все усилья, Муса - один, но душа при нём…

Он знает, что при любом ненастье
не надо прошлого проклинать,
что в степь из прошлого птицы счастья
со склонов начали прилетать!

Хоть душу смутное портит время,
потомки выстроят судьбы шатёр,
жаль, что на сердце ложится бремя,
и сократился родной простор.

Дни лихолетья, тугая привязь,
кто будет слушать теперь Мусу?
Шумят ветра Акбеттау, близясь,
и спорят с водами Ашысу…

Всех слов начало вовек едино,
так прорастают крылья легенд…
«Построим город на Аккелине», -
Муса посланье вложил в конверт.

Народ отметил его посланье,
и взвился сказочный конь души:
в краю родимом весенней ранью
все ветви родичей хороши.

Трава прекрасного Аккелина,
тропинки горного Акшокы,

огромна солнечная долина,
доверчив праздничный шум реки!
К чему стенания и проклятья?
Наследство предков пора ценить.

- Ужель забыли общину братья?

Ужель родства перегнила нить?
Нет! Кружит головы нам удача,
долина - чудо для Айдобол,
так как же Шорман, обо всём судача,

приносит людям беду и боль?
Ожесточились от святотатства
близкие, в сущности, земляки,
можно ли заново побрататься

встретясь на пастбищах у реки?
Как же терпенью не расколоться,
если горюет целый народ?
«Где же ты был?» - вопрошает солнце,

и Айдабол вас в полон берёт.
На весь простор заскрипит телега,
и жеребёнок станет конём…

- Там, где Муса, ищёт место ночлега,

там и Шорман поставит свой дом.

Снова в растерянности казахи,
эхо по тихим степям дрожит:

- Кто бы секиру поднял во мраке,

чтоб не боялись по юртам жить?
Снова судьба поглядит - набычась.
Снова свой свет Акбеттау льёт.
Скачет казак с удалой добычей.

Снова родня друг на друга прёт.
Опять натравлены друг на друга
наши прекрасные степняки,
а слева метёт из былого вьюга,

а справа доносятся сквозняки.
Мой друг, хозяин степного мира,
законы общества таковы,
но не сдаются сыны батыра,

хоть не сносить и им головы!
Потомки могучего Олжабая
так просто себя не дадут согнуть,
и в этом кроется мысль простая,

и в этом скрывается наша суть.
О, Степь родимая, почему же
мы не горюем все, как один,

ты потеряла степного мужа -
ушёл в неведомое акын…
Он вызвал многих на поединок,
он бросил клич за клочок земли,

и песня вспыхнула, как светильник,
и погасить его не смогли…
Он, напевая свой «Белый ситец»,
был сердцем с близкими до конца,

и потому, над степями высясь,
остался праведником Муса.
Он проявил свой бойцовский норов,
он словно молния проблистал,

без лишних споров и разговоров,
он, Безлошадный, крылатым стал!
Ах, «Белый ситец» - вознёсся вестью,
что Пеший, даже и без гроша,

быстрее всадников вечной песнью
несётся в сумерках, чуть дыша!
Что же останется от сегодня,
зачем расстроился Акшокы?

За землю, где мы живём свободно,
из ножен вытащены клинки…

Не надо мести, не надо мщенья, неведом миру ушедший свет, поэт в Тобольске из заточенья семье Каржаса прислал привет. О, мой народ, ты как склон лесистый, шумишь над степью в беде, тоске, ты наша гордость, ты «Белый ситец», ты наша песня на сквозняке… Ты песня Совести и Согласья, ты всех быстрей Жаяу Муса, быстрей коня твой мотив прекрасный: летит над склонами «Ак Сиса». *** «Девяносто четыре года я прожил на своей земле, с песней для моего народа приготовьте могилу мне… Я служил землякам на совесть, это ведает Акшокы! Сердцем вскорости успокоюсь - упокоюсь возле реки.

В мире тесно от звонких песен,
песням рада душа твоя,
мирно плещутся в поднебесье
гуси-лебеди бытия…

Убегаешь ли ты от счастья
или маешься на цепи,
в небе синем столетья мчатся
над землёю всея Степи…

Я фитиль твоих свеч вечерних,
возжигаемых от кремня,
лебединый народ кочевий -
и Казахом зовут меня!

…Сокровенное, словно роды,
снова солнце глядит в глаза:
девяносто четыре года
предок жил - Жаяу Муса.

Вот и лето уходит в осень
на предгориях Бай Ана,
Акшокы: - посмотри из окон! -
не в ладонь ли величина?

Домом стал, навсегда - отау
для казаха Баянаул!

Каратау и Алатау -
здесь ненастен осенний гул?
Нескончаемы Уш Кияна
земли и Кызылжара лес,

степь великая несказанна
под простором родных небес.
Стержнем жизни стихи сплетая
и печального не тая,

у тебя, моя степь святая,
есть хозяин - и это я!
Не расплещется жар по скалам,
не погаснут те огоньки:

для казаха, по правде скажем,
сопка каждая - Акшокы.
Дудка славная кочевая,
ты на склонах не унывай!..

У казаха в душе - святая
сладость озера Жасыбай!..
Если голос врага окрепнет,
пеший, конный ли, - не смолчи!

Защищая наследье предков,
песни вылетят, как мечи.

Я со временем вечно в споре
и найду я свой Жеруюк,
заклинаю: исчезни, горе,
сгинь, несчастье и тьма вокруг…

Не боясь непонятных знаков,
знаю, жизни смотря в глаза,
что судьбою для всех казахов
ввысь возносится «Ак Сиса».

ПРОЩАЛЬНОЕ СЛОВО,

или АУЛ ПЕШЕГО МУСЫ
Открылись древние места -
низовья Акбеттау,
здесь родовитых неспроста

семейства обитали…
Настигло прошлое меня -
ударом тайным в спину:
здесь Мустапа отнял коня

у Пешего Акына.
И тихо смотрят небеса,
наполненные гулом:
великой песней стал Муса

и праздничным аулом.
Акын навеки наша честь -
жива его идея!
Покуда праведники есть,

останутся злодеи…
Впустую не проходят дни,
нет на планете рая:
там, где Бухар стоит в тени,

не будет и Аблая…

Мой день закутался в туман,
и в поисках покоя
опять приду к тебе, Баян,
коснусь листвы рукою.

В груди звучит мотив отцов -
степного кюя знаки,
что мучают своих певцов
не только лишь казахи…

Ты посмотри во все концы
земли - со всем народом
и я иду в стране Мусы
как надо: Пешим ходом!

Над степью, словно бы привет,
достоинством возвысясь,
летит превыше зим и лет
прекрасный «Белый ситец».

Перевёл с казахского
Сергей Мнацаканян

Бір-ақ өлең...

Қаз мойынды ер салып,
Күлігіме күміс жүген таққаным.
Берен күнге бер, шабыт –
Ақын туған ақпаным!

Үзеңгіде үзілмейтін сапарым,
Таралғысы қайыстан.
Түсінемін түнек күннің батырын
Түннің аты – Айстан.

Арғымаққа алтын таға кигіздім,
Көкалалы көп жылқының ішінен.
Жарық күнге жал-құйрығын түйгіздім
Түн дегенің тылсым әлем, түсінем...

Жануардың жарқ-жұрқ етіп жанары,
Ана белден мына белге әрі асып.
Ауыздығын қарш-қарш шайнап барады
Ақ дүниемен таласып.

Жанамыздың жазиралы тұрағы,
Тіршіліктің түні тылсым,
таңы бақ.
Мәңгіліктің әнін айтып тұрады

Көк жүзінде жұлдыз біткен жамырап.

Жылдар жатыр,
Айлар жатыр тоналып,
Ақ сәулелер қарықтырып көзімді.
Ақпан айы,

ақ түтекке оранып –
Ақ әлемнен іздеп келдім өзімді.

Бір тал Үкі
Басында Қамажайдың бір тал үкі...
Халық әнінен.
Гүл жайнап әнге басса гүл-гүл өрен,

Кешеден қалып кеткен бұл бір өлең.
Басында сол қалқаның бір тал үкі
Үп етіп жел сыйпаса үлбіреген.
Шемені байланғандай шерге бейне,

Бұл қазақ сезімсізді пенде дей ме?
«Басында Қамажайдың бір тал үкі»
Көкеме қосыламын мен де кейде.
Аумасын бір күнінен бір күн мейлі,

Ән салса қайран көкем іркілмейді.
«Басында Қамажайдың бір тал үкі»
Үрия үміті боп үлпілдейді.
Белдерден ән ұшырған бетегелі,

Бал еді сол бір күндер
шекер еді.
Басқанда «Қамажайға» ара-тұра –
Көкем де көріктей боп кетер еді.

Елігі ен даланың дүздерде өрген,
Жүгірген Сіздер салған іздерменен.

Ойлаушы ем,

- бір тал үкі қандай үкі –

- Қамажай кім болды екен біз көрмеген?

Маңайын шомылдырған нұрлы арайға,
Көкемдей көрік кеуде мырза қайда?
Бөркіне бойжеткеннің Үкі қадап –
Үмітін үкілеген үр жаңа Айда.

Жіберер жанымызды мұңға малып,
Ән еді,
Әуені де бір қаралық.
Көкемсіз көктем келді талай-талай

Үкідей үркіп қашқан жылдар ағып.
Адамның уысында тұрмайды Арман,
Әуелеп өткен солай жырдай жалған.
«Басында Қамажайдың бір тал Үкі»...

Аман-сау алып қайтқан сұм майданнан.
Шырқаса тербелгендей шынар бағы,
Аққудың сұңқылдайды сыңарлары.
Қарғам-ай,

бір тал үкі...
Жарықтықтың –
Жарыққа жағып кеткен шырағданы.

Не деген жақұт жыл ең,
лағыл күн ең,
Базары балалықтың бағым білем.
Ақ көкем,

Қамажай қыз,
Бір тал үкі...
Ар жағы сағыныш пен сағым кілең...
...«Басында Қамажайдың бір тал үкі»

Көктебеден барады көшіп
көктем...
Қанатынан нұр саулап төккен өлең,
Көктем көшіп барады

Көктөбеден.
Талайында тағдырдың жазуы бар
Ағайынға не айтам өкпелеген.
Көңіліңнің қадап ап төсіне гүл,

Көктем көшкен кезеңді көшіре біл!
Қайран ақпан қайырылмай кетті білем
Сайдан аққан жылғадай осы ма өмір?..
Тамып түскен шығынан таңға жасы,

Сол бір көштің мен бәлки арналасы.
Жар жағасы...
жастығым арман қуған –
Ардан туған Алаштың бар баласы.

Тұмаларым тұнғанда тұнжыр көктен,
Көктөбеде көгеріп гүлгүлді өбкем.
Шырақ болып жанатын
жүрегімде –

Бұлақ болып бұлқынған бұл бір көктем.
...Өткен жылдың білмедім сұрқы қандай,
Қадыр көкем...
соңынан жыр Тұманбай.

Өрен бе еді,
өртенген өлең бе еді –
Біз де ілесер сапар ғой бір күні Алла-ай...
Жалқын сәуле ашпаса бір күні есік,

Мұнар таулар тербейді мұңлы бесік.
Аққу –қаздың қанаты сусылдаса
Өтіп кетер өмір ғой бірге ілесіп.
Бақытыңнан бауырым,

кешікпеп пе ең,
Қайығыңды қай тексіз тесіп кеткен?..
Ескегіңді ағалар есіп кеткен.
Өмір деген біз шырқап өткен өлең –

Көктөбеден барады көшіп көктем...

Сары қыз, сарша тамыз,
сары орамал...
Иығынан күн аймалап кәрі құздың,
Тамызда тамылжыды әні күздің.

Соңынан сағым қуды
Сағынышым
Сарытауға сапар шеккен сары қыздың.
Туғалы талайына тағдыры ерген,

Ұл едім,
Жоқты көрген
барды көрген.
Сарытауға оқу іздеп сары қыз кетті

Мен қалғам Сарыарқада сал күреңмен.
Бір үміт өзегімді тепкілейді,
Көңілім көктем туса көк тірейді.
Сары қыз Сарытау жақтан оралмады

Біреулер: – оқу өтіп кетті, – дейді
Жаныңа медет сұра – жасытпа! - деп,
Сарғаю сағыныштан ғашыққа әдет.
Сағымға сарнап тұрып сыр ашқанмын:

«Сарытау Сарыарқадан қашық па?» - деп.
Жылдар да желге ілесіп желіп кеткен,
Әппақ қар жауған талай,
еріп кеткен.

Сарғайды жан қалтамда сары орамал
Сары қыз сонау жылы беріп кеткен.
Ақынның сол ма деп ем қонар бағы,
Кім білсін ол алдады,

Жол алдады.
Мен жүрмін салкүреңді сары желдіріп
Сары қыз Сарытау жақтан оралмады.
Сырыңды кім бар жатқан күнде ескеріп,

Жанымды жырға орадым
Гүлдесте ғып.
Сарытау Сарыарқаның арасында
Өткеннен өшпей қалған бұл да естелік.

Жаныма жарық сеуіп самалалар,
Аялап айдынымды ән оралар.
Мені де сары түске іңкәр етті
Сары қыз,

Сарша тамыз
Сары орамал.
...Тербе күй,
қалықта жыр,

аңсат аңыз!
аңсамай өзімізді шаршатамыз.
жаныма жарықтарын жағып кетті
Сары қыз,

сары орамал,
Сарша тамыз...

Байғазы – жыр...
Серік Сәпиев Олимпиада
чемпионы атанғанда
Мәпелер кезі туды құсты ұяның,

Сүйінші!
Самға арманым,
Ұш, қиялым!
Сүйінші!

Ұлытау мен Өр Алтайым,
Алатау,
Қаратау мен Үш қияным...
Бауырым!

Байтағына байрақ ерім,
Додада намысыңды қайрап едің.

- Серігім – Сертім - деді қараорманың –

Сенімін саған байлап қайран елің...
Аһ ұрсаң аламанда алаң,
қайғың,
Жанымның жапырағын саған жайдым.

Рухын сен арқалап шықтың інім –
Махамбет,
Райымбек,
Қабанбайдың...

Жасынсың,
Жарқылыңды жасырмаған,
Дүние дүбіріңнен тасырлаған.
Алты алтын...

Жөні бөлек Жетінші алтын –
Жетінші құрылықтайын ашылмаған.
Ұлықтау ұлы арманды ұлтыма әдет,
Жанымда мөлдіреді жыр тұма кеп.

Төле би,
Әйтеке би бата берді –
Қаз дауыс Қазыбектің жұртына кеп.
Бұтағы бәйтеректей Нар ағаштың,

Нарлармен намыс болып жағаластың.
Лондонда,
Олимптің аспанына –
Арманын алып ұштың бар Алаштың.

Тұрғанда бағың шауып,
күнің күліп,

- Батырым - дейді қазақ сырыңды ұғып.

Тік ұста, айналайын,
туыңды нық –
Жұртыңды жұдырығыңдай жұмылдырып.

Сен барсың,
Қайда дода,
Қайда дүбір,
Қазаққа сыйла шаттық,

Сайла ғұмыр!
Сүйініп сүйіншілеп жатқан елге –
Әзірше осы болсын байғазы – жыр!..

Бөрі сырғақ
Ақырды ақпан тағы,
бөрі сырғақ,
Өлеңім, өзегімнің өрісін тап!

Ақ таңда ақбоз мініп арқырасам –
Бөрі сырғақ әуені тегіс ырғақ.
Ердім де елесіне осы ақпанның,
Арғымақ ойларыммен қосақталдым.

Ақ боран демін ішке тартқанында
Ақ әлем, сені көріп босап қалдым.
Керуен түзегенде күнге көшін,
өлкемнің өле сүйгем қыр, белесін.

Өмірі өлеңімнің өртке оранып
Көңілі көкөрімнің кірлемесін.
Ұққаным әр кеуде – бір қараша,
Бақ түнеп баршасына нұр қараса...

Ақ боран тозаңымды қағар ма екен
Ақпанда бөрі сырғақ сырғанаса.
Сарғайған сарыбелдің сағымында,
Көзімнің қарасы мен ағы мұнда.

Боз жусан,
боз бетеге,
боз көденің –
боздаған үнім қалған тамырында.

Жүдеу күн...

ақ дүниенің тақта арайы,
Біреудің осында жүр бақ талайы.
Демі де тегіс ырғақ –
бөрі сырғақ

Азаннан аңырап тұр ақпан айы...

Бесқарағай басынан...
Бесқарағай басынан бесін ауған,
Сені көріп сол кеште есім ауған.
Тағдырыңның дариға-ай, иесі – жалған,

Елес болып қалады есіл арман.
...Бесқарағай басынан бесін ауған.
Жаным, мейлі, жалғанды жалған десін,
Ақ дүниенің аялап арман кешін.

Еркелетіп Ертістің толқындарын –
Бесқарағай басынан ауған бесін.
Ай ауысқан қалқам-ай,
Күн алмасқан,

Мұңайтады жаныңды мұнарлы аспан.
Бұла дүзде бұлдырап бұлан қашқан
Сен де мені қалдың-ау, ұға алмастан...
Бесқарағай!

Көктеген көп өлеңім,
Көнеремін сені ойлап
Көгеремін,

- Сормойылды көлінің соры қалың

Батып кетсек қайтеміз – деген едің.
Толған-Ай қыз!
толқындай толып аққан,
атсын саған арайын төгіп ақ таң.

– Сормойылды көліне неге әкелдің

Әлімсақтан ақын ем соры-батпан.
Ақын едім сор емес бақ іздеген ,
Жағып кеттім жаныңа жаны ізгі өлең.
Жүріп өткен бабалар...

бар ізбенен –
Сәуір келем мен саған
тамыз келем.
Бесқарағай, беу шіркін,

Бесқарағай!
бес-ақ күндік жалғанда кешкем арай.
Ертісіңнің толқынын торықтырмай –
Толып ақсақ қайтеді кешке қарай.

Бесқарағай,..

* * *
Бастағы балғын шақтың баяны ұшып,
Барады күндер зулап,
Ай ауысып.

Сайыңнан сайран таппай
саяқ кеткем
Қайыңнан қайран таппай
сая құшып...

Күрсінтіп,

– Күреңітіп күз көшеді,

Көңілім көшкен күзден із кеседі.
Елсізде еңіс қуып
ескен желдей
Елуге еру қондық біз де есебі.

Көргенім белес пе еді,
елес пе еді,
Жанымда жанған сол от неге өшпеді?..
Менсіз де өлең – дүние –

деп ойладым
Елсізде еңіс қуып жел ескелі.
Уақыт!
Сенің құштық саяңда арай.

Керуен көшін түзеді аялдамай.
аялдамай...
бағытын баяндамай –
Түнгі аспанда барады аяңдап Ай...

Шағылдың шалғайында
шағын ауыл...
Қабағын дүниенің тұрған бағып,
Көп болды, қараша ауыл,

бір бармадық,
Көлбеңдеп көз алдымда жылдар да ағып.
Жаутаңкөз жазылмаған жырлар қалып
Ту тігіп туған мекен, бір бармадық.

Бір қонып кетсе-дей ме

қосыма кеп,
Жолымды бала досым тосып әлек.
Шағылдар қол бұлғайды – шошыма –, деп
Елсізде ескі бейіт есінейді;

- Тірлігің ақын балам, осы ма? – деп.

Жастықтың жыры қалған,
Сыры қалған,
Тұмаңда тұнып еді тұнық арман,
Жанымды табылар ма ұғынар жан.

Бұйратта бұйығады біздің ауыл
Есігін үй секілді іліп алған.
Ел бізді қалдырмайтын қуаныштан,
Аман-сау шықса жарар мына қыстан.

Тілеуін тілеп жүрміз тым алыстан.

Құс жастық,
құрақ көрпе төрге жайып
Қайда екен сол келіншек құрақ ұшқан?
Ойласам,

жүрегімнен жыр атқылап,
Жанымда мөлдірейді бір ақ бұлақ,
Көмбеге жетер кезде пырақ құлап.
Көгі де көңілімнің көмескілеу –

Баяғы сол көрпедей құрақ-құрақ.
...Келемін, хабар айтпа!

алдан бөтен,
Келмеген кезім болса арманда өтем.
Жолымды ұрпақтарым жалғар ма екен?
Шағыл құм шалғайында шағын ауыл –

Мәңгілік сағынышым қалған мекен.

Аспантау аққулары...
Көктемнің көз жасындай іркілмеген,
Кеудемде лықсып жатты бір түрлі өлең.
Аспантау аспанынан аққу көрдім

Мамығы ақша бұлттай үлпілдеген.
Көгерсе көк теңіздей көгілдір маң,
Көгеріп қайтар бәлки, көңіл қырдан.
Аспантау асқарынан арай көрдім

Арыңды айдынына шомылдырған.
Ақ шуақ апай төсін аймалапты,
Күнін де сағым сүйіп сайға батты.
Аспантау алқабынан ару көрдім

Аршын төс,
алма мойын,
ай қабақты.
Ашылған ай нұрымен ерте гүлі,

Өлке бұл!
өренінің өр көңілі.
Тәңірі жарылқағыр Тәңіртаудың
Есейген етегінде ерке елігі.

Ақынмын арнасының ағысы өлең,
Туғалы сезімі шер, жаны-шемен.
Арман-ай,

Аққу көрдім аспаныңнан –
Аққудай ару көрдім тағы сенен.
Аймалап Аспантаудың Ай таңдары,
Құстардың әні болдың қайтардағы.

- Мен сені сүйем,-дер-ем

ондай сөзді
Тілі бар пенделердің айтар бәрі.
Ту тіккен тұғырлы елің тұнған ырыс,
Шайқап іш шәрбатыңды,

мұңданып іш!
Аспантау!
Аққуым мен аруыма
Ғашық боп жүр дегейсің бір дәруіш.

...Тәжінен Тәңіртауды танып анық,
Жұлдыздай көк төсінде жамырадық.
Аққудың қауырсынын қалам еттім
Жанымның жарығына малып алып.

* * *
Анашымның ар емізген арманы ем,
Таңғы шықтан тамшы болып тамған ем.
Жаздым білем,

жарқ-жұрқ еткен тірлікте –
Аққу құстың қанатына арда өлең...
Мен өзіңді жылжыған жыл,
Көшкен күн!

Бес күн сәуле көру үшін кешкенмін.
Серуені селт еткізбей тұр енді
Керуені кердең қаққан кештердің.
Тарайтындай шанағымнан мұң ғана,

Қарайтындай сұрқай далам ұрлана.
Жорамалы жол үстінен жоғалмай
Көкалалы жылқы айдаған бұл бала.
Өмір,

Сенің көздеріңнен нұр көргем,
Нұр көргем де
Жолға шығып үлгергем.
жусанының жұпарына жуынып

бауы да жоқ,
тауы да жоқ бір белден.

Қобыз шалып...
Күңіренсе күй үні,
түседі екен көңіліңнің иіні.
...Түн баласы түске кірді кісінеп

иесі жоқ,
Қара айғырдың үйірі.

Үрімжі. Желтоқсанның
16-шы жұлдызы
Өбектеген өлеңді өмірім деп,
Толқығаны сол кеште көңілім көп.

Үркердей боп отырмыз бір топ қазақ
Үрімжіде үміттің шоғын үрлеп.
Сағынышын санаға жамыратқан,
Талқы таудың талықсып таңы да атқан.

Даму Долда «Ағажай Алтайға» сап
Ағайынның арманын аңыратқан.
Ән көгіне шыққандай
жыр көгіне,

Ұқсағасын жанамыз білтеліге
Қыз жігіті ханзудың үнсіз қалды
Топ қазақтан үркердей үркеді ме?
Аққуының ар сүйген ақ қанатын,

Қара өлеңді аялап
қап-қара түн...
Жырдан шырақ ортада шалқытады –
Алмагүл мен Жеңісхан,

Мақпал ақын.
Біздер үшін бұл өмір күнде қонақ,
Өміріңді кетейін жырмен орап.

Даму басса «Алтайдай жер қайдаға»
Көзімізден қос тамшы тұр домалап.
«Бергі жағы Ертістің
арғы жағы,

Жағасында жайқалған жапырағы...»
Қайың сауған,
ел ауған шақтан бері
Қара жолда қайран жұрт қапылады.

Мұнар таудан асқанның мұңы қалың,
Көңіліңді көктем боп жылытамын.
Үрімжіде үкілеп үнімізді
Үзілдіріп отырмыз үміт әнін.

Ертең ерте аттанам
елге есебі,
Сел көшеді жанымнан
жел де еседі.

Даму інім!
ағаңды сағынарсың –
Сағынамын бауырым, мен де сені.
Көшпей қалған күзеуден күзгі белде,

Үзілмеген үміттер үздігер ме?
...Он алтысы тап бүгін желтоқсанның
Тәуелсіздік күні еді біздің елде.

Ақерке
Игілік Омаровқа
Ақерке!
ән есімдей,

күй есімдей,
Көңілде самал қалды жиі есілмей,
Ақерке – Ән ішінде аққу шығар –
Игілік Омаровтың киесіндей.

Боздаған қобызының қыл ішегі,
Үні де алтын еді,
күміс еді.
...Мен көрген ағалардың асылы еді –

Мен көрген әншілердің ірісі еді.
Қаққанда ән қанатын,
Жыр қанатын,
Тулаған толқынымыз бірге ағатын.

Базары тарқамайтын Түгіскеннің
Ажары «Ақеркемен» нұрланатын.
Ән тербеп аспанда ай мен
көкте күнін,

Көгерткен көсегесін көктемінің.
Талантты бір шәкірті өзім едім –
Игілік Омаровтың мектебінің.

Өрге озсаң өркен жайған өрісі елі,
Ел іші – өнерінің кеніші еді.
Жаз-ғұмыр жазиралы Жаңаарқаның –
Байрағын желбіреткен «Жеңіс» елі.

Қарасақ оңымызға
Солымызға,
Созылған соқпақ қалды соңымызда.
Икеңнің «Ақеркесі» ақ самала –

Жарығын шашатұғын жолымызға.
Қонса да басымызға бақ ертелеп,
Келеміз сол ауылға әлі еркелеп.
Ағаның әруағын аялап бір –

Ат қойдым немереме «Ақерке» деп.
Тұма боп тұнығыма тұнған үнің,
Таланттың таниды елі шын қадірін.
Үзілтіп,

үзілдіріп,
үздіктіріп –
Көшірдім «Ақеркені» жырға бүгін.

Айнам-ай...
(Элегия)
Айнам-ай,
Айнакөлде айнам қалды,

Онсыз да кешіп жүр ем қайраңдарды.
Тағдырдың қырқып түсер әдеті бар
Жапырағын жаңа ғана жайғандарды.
Айнам-ай,

Айнакөлде арман қалды,
Сенімім үмітіме алданған-ды.
Тағдырдың заңдылығы қандай қиын
Үзетін жаңа ғана жалғанғанды.

Айнам-ай,
Айнакөлде бағым қалды,
Көлбеңдеп көз ұшында сағым қалды.
Бұл тірлік қызық екен,

айналайын
Сарғайтып қоятұғын сағынғанды...
Айнам-ай,
Айнакөлде айым қалды,

Жапырағы жанымыздың
жайылған-ды.
Басында Бурабайдың бура бұлты
Көгеріп Көкшетауда қайың қалды...

Бір-ақ өлең...
Аласа да емеспін,
биік емен,
Көңілімнің сырластым күйіменен.

Белден асып барады бебеу қағып
Көз ұшында жүгірген киік-өлең.
Киік-өлең қағынан безінгесін,
Бебеу қағып,

бел асып,
безілдесін.
Ел көшкен соң елсізде елеңдеген –
Елік – жырдың, дүние, көзіндесің.

Жамылыпты жалған-ай, Көктөбе гүл,
Көктем туа кетеді көктеп өңір.
Қараңғы мен жарықтың арасында –
Зу-зу еткен бұл өзі неткен өмір?...

Ілияс-жыр киесі – Құлагер ең,
Мұқаңдардың мұңына мұрагер ем.
...Ақ құсымды қондырар айдыныма
Сан сауалдың жауабы – бір-ақ өлең...

Қара Ертіс, қайран Ертіс...
Алтайдың Тарбағатай тұғырындай,
Бұлақтың мамырдағы тұнығындай.
Қара Ертіс,

Қайран Ертіс сылаңдайды
Сұлудың толқынданған бұрымындай.
Сайраны сарыбелдің сағымындай,
Алтайдың алтын құсақ тамырындай.

Шыңғыстау шырағданын жақты мәңгі
Қазақтың жанындағы жарығындай
Бірсалар анашымның киізіндей,
Келеді көңілімнің күйі үзілмей.

Шығыста қасиетті бәрі-бәрі –
Марқакөл маралының мүйізіндей.
Жүгіртіп жүректегі киігімді,
Жырыма іздеп келдім иірімді.

Ақынға төге алмасаң мейіріңді –
... «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді»...
Шалғыны шашыраған шалғайында
Сырымды ақтарайын тал-қайыңға!

Шөлімді Сұңқарбұлақ қандырар ма
Сауыр мен Сайқан таудың баурайында.

Өскелең Өскеменнің мәрт өңірі,
Ұлының тауда туған тау көңілі.
Үшеуміз бір ақ өлең жазатынбыз –
Ұлықбек,

марқұм Нұрлан Мәукенұлы.
Сол жырдың адалдық ед тақырыбы,
Жылдардың шаршатты ма шақырымы.
Алтайдың алшы түсер асықтары –

Арқаның ардакүрең ақын ұлы.
Мен келдім жанымда жас,
жанарда мұң,
Көрдің бе көңілімнің қабарғанын.

Толғатқан толқыныңмен тербе мені
Қара Ертіс,
Қайран Ертіс,
Қара орманым...

Жеделхат...
Бірге аса алмай қалып кеткен қырлардан,
Айналайын үркек үміт, мұңлы арман!
Жүрегіме жеделхаттар кеп жатты

Мың тоғыз жүз жетпісінші жылдардан.
Жылжып жатқан күндерім мен айларым,
Бақытымның тік көтерген байрағын.
Бал жалаушы ек бала құрбым

екеуміз –
қара түннің қалқып ішіп қаймағын.
Қайран өлең,
уыз болып ұйығыр,

тағдырымның тарту еткен сыйы бұл.
Қой күзетіп жатқан кезде достары
Ой күзетіп отыратын бұйығы ұл.
Дала,

дала!
әулетімнің нұр, бағы,
бала ақынның сонда туған жырлары.
Түндігінен ай қалықтап жүзетін

Малшы үйіне қонып па едің, қырдағы?..
Бұл тірліктің соқпақтары қиралааң,
Сүрлеуінен шығып қалар сыймаған...
Ай толғанда толғатқан да анашым

ақ дүниеге ақын ұлды сыйлаған.

Жусанды қыр,
өшпейді әлі санадан...
топ тобылғы,
қараңдаған қараған

Бұрымыңның бұла өрімі
бұлдырап –
Құлынымның кекілін жел тараған.
Толқынбысың,

торықтырар тормысың,
соқпақпысың,
сүрлеумісің,
Жолмысың?..

тұла бойы ендіктер мен кеңдіктер
Сол даланың көшірейін болмысын.
Қайран уақыт,
көнбейді ыңғайға,

тұлпар күндер бір орында тұрмайды, ә!
Жүрегіме жеделхатын жолдаған
мың тоғыз жүз жетпісінші жыл қайда?..
...Шүкір – айтпай тұра алмайсын мұндай да.

* * *
Ұлытауымның дара шыңында,
Ұлтыма біткен бар әлем.
Қараша айының қарашығында

«Қарғам – айлаған» қара өлең.
Сарыарқа жақта сағым биледі,
Желпініп кейде жел ессе.
Жанымның жалқы жалын күйлері

Дүбірің сенің емес пе?
Арғымағым-ай!
ар қанаттым-ай,
аламан көрген ақ таңда.

Жарығы жанда жатталатындай
Баяны мәңгі бақ бар ма?
Тізгінін тарттым қаракерімнің,
Бір күнім аумай бір күннен.

«Қарғам – айлаған» қара өлеңімнің –
Кекілін сылап тұрмын мен...

МОИ БЕЛЫЕ ПТИЦЫ

Этот белый свет,
Этот светлый мир,
И моя душа -
Перед глазами, сверкая, проносятся,

Окуная белые крылья в белые облака.
Улетают, уже не видно их
Издалека.
Я видел, как родники

Сверкают на ярком солнце,
Я видел, как реки гремят
И о валуны спотыкаются.
Когда же цветы раскрываются,

Словно весной оконца,
В душе моей полмира ликует
И эхо судьбы откликается.
…В белые облака окуная крыла,

Мои белые птицы летят, мои белые птицы.

ДОМ НА ОСЕННЕЙ СТОЯНКЕ

Гривы стричь у годов-коней,
Бритвой времени рок заменен.
Вот в один из осенних дней
В доме том поселился он.

Дом осенний, один в степи,
В ноябре - гложет душу тоска.

- Все пройдет, - говорит, - отцепись

Ты от жизни, зима близка.

Звук домбры звенит в небеса,
Его слышат в округе всей.
Лето – в прошлом, звеня, как оса,
Улетело на крыльях гусей.

На кого ты обиду-камень
Одиночеством в сердце зажег?
Сенокоса зеленый пламень,
Как и девичий смех, далек.

Одиночество пахнет золой,
Жизнь полна и зла, и обмана.
Над вечерней осенней землей
Ночь коснулась губами тумана.

Дом осенний ждет снежную пыль,
Сердце ль чувствует холод смертный?
Коротка ли жизнь, как фитиль,
Что еще горит в лампе медной?

Божество живет в доме каждом,
Держит стены его без гвоздя.
Это ты пойми, хоть однажды,
Черный холод, в тот дом войдя.

Из груди тяжкий кашель, голод
Кружит рядом в одной из вьюг.
Неужели январский холод
Разрешит судьбу дома вдруг?

Песню вечности слышит дом,
Мерзнет серп луны средь дорог,
У того, кто один в доме том,
Бог – Любовь и Надежда – Бог.

ПОЛОМАННАЯ АРБА

Поломанная арба,
Печальная эта телега,
Что за тайна в ней, что за песня прячется в ней?
Наши дни, словно грубая плетка, начало века,

Что там век, тысячелетье состоит из дней,
Поломанная арба,
Старая очень телега…
Может, в древних днях остались наши мечты,

Мир состарился, сморщилось все, как зимой.
И колеса скрипят,
несмазанные вращающиеся щиты…
В этом скрипе слышится песня жизни самой.

Поломанная арба,
Словно древности глаза или линзы-очки…
Видя эту телегу, словно встретился
с давним прошлым,

В тех логах косили сено старики,
век прожив почти,
Где они лежат, там все занесло порошей.
И о прошлом напомнит вон тот крутой перевал,

Не погибли стихи...
И музыка к ним – вечна!

Это каждый очаг жизни огонь свой дал,
Обернулось детство разочарованием
человечьим.
В ветреный день, поставив дом на холмах,

Теплую чувствуя волну, точнее, судьбу,
Наши отцы, о добрых думая днях,
Коней запрягали в такую же вот арбу.
Поломанная арба, сухое дерево, такое Время,

Дни ушли, в ладонях пепел достался тебе,
Ты уже тогда ставил ногу в высокое стремя,
А я был мальчиком, погонщиком на арбе.
Поломанная арба, ты ли моя гордая честь,

Время-лиса мелькает, манит впереди…
Прошлого нет, что хорошего в прошлом есть?
И как понять новой эпохи пути?
Вокруг тишина…

И все же жизни борьба
За чьи-то мечты, невидимая, зреет.
Месяц поломанный холодом вечности веет,
Рядом с ним поломанная арба,

Поломанная судьба…

ДЕВУШКА ЛЕЙЛА

Поэт – как ребенок, а иногда – пророк,
Жизнь его, как сказка, легенда,

но чаще – рок.
О том на берегу священного Ак-Едиля1
Мне Лейла – поэтесса башкирская – говорила.
А в глазах ее радость,

но есть и немного печали,
Песня звенела, плыла, как речная волна,
И в ее исполненьи башкирские песни звучали,
И спина, и шея дрожали, словно струна…

Много песен…
Я тоже песню свою запел.
И сверкал огнями город ее - Уфа.
Ак-Едиль бил волнами в берег, пыхтел,

И рождались стихи,

строка, строка и строфа.
День промчался, как птица, быстро, нежданно,
Почему я, как птица, не взлетел, не растаял?
Я читал наизусть ей стихи из Магжана2,

А она наизусть читала мне из Мустая3.
1 Ак-Едиль – или просто Едиль – река Волга.
2 Магжан Жумабаев – казахский поэт.
3 Мустай Карим, Сайфи Кудаш, Мажит Гафури – баш-

кирские поэты.

О красавица Лейла,
Кого же влюбляла ты?
Вдохновенье в поэта вселяют земные гурии,
Так, наверное, сбываются добрые мечты

Сайфи Кудаша3 и Мажита Гафури3.
У рассвета просил я счастья народу Алаша4,
Ак-Едиль скроет тайны, мечты мои синей
волной.

- Быть башкиром, - сказала Лейла, -

это счастье наше,
Быть казахом, конечно, предпочтительнее
всего.
Мы идем, а за нами, смотрю, олененок идет,

Олененок степной растворился…
Остались стихи.
У нас корни одни,
Мы, по сути, один народ,

Мне хотелось сказать:
«И сердцами мы очень близки!..»
4 Народ Алаша – казахский народ.

* * *
В самой глубине моих глаз,
В самом сердца потаенном зале,
В глубине озер моих как раз,

На зеленом сердца перевале
Там ты есть…
Нежная мечта и суть судьбы,
Как простор родной Жанаарки,

Словно сенокосный сок травы,
Что упал слезой на лепестки,
Твоя песнь!

ПЕСНЯ БЕГИМАЙ

Жумабаю Шаштайулы
…На правой руке сидит голубь,
На левой руке сидит голубь.
Эй, казах, не спеши,

Ответишь своей песней!
(Из песни поэтессы Бегимай)
При рожденьи моем справа сидела любовь,
И тоска по ней оживает вновь и вновь,

Оборвалось все, разбила мне сердце
кыргызка,
О судьба,
как мечты и желанья волнуют кровь!

Я ведь слышал, пела она, так что жизни жаль,
Погрузила меня та песня в тоску и печаль,
Майской ночью в Бишкеке слышалась
эта песня:

«Голубь в правой руке,

в левой - голубь…»
Скрижаль…
Мы не вспугивали лебедей с глади озер,
Было словно во сне, но ясно все видел взор,

Бегимай пела песню,
красавица, совершенство,
Пять дней косы сплетала она в тугой узор.

В жизни много зеленого,

красного тоже иного,
И в тот год в Бишкек выпала нам дорога,
Жумабай был счастлив, словно сидел в раю:
«На какую руку сядет голубь, ей-богу!»

А потом воспоют этот случай поэты разные,
У кыргызов открыты сердца и лица ясные,
Сердце-голубь в небо взлетало высокое,
Это девушка Бегимай пела песню

прекрасную.
Пой же песню свою, Бегимай, песню пой,
Через горы я перемахну для встречи с тобой,
Вдохновила меня на высокий, далекий полет,

О, как много мечтаний, желаний дано
судьбой!

* * *
Поднимусь на вершину крутого, как жизнь,
холма,
А по склонам его разноцветных лучей

кутерьма,
Вот летит по степи всех быстрей скакун
Кулагер,
А за ним и моя душа устремилась сама.

Дни летят, как Кулагер, минуя хребты,
С водной глади взлетает лебедь,
чтоб достичь мечты,
Я – поэт, и сначала в эту святую жизнь

Мой Жайык вливался, всемирный поток воды!..
И в моих стихах жизни моей мощный рассвет
Я хотел объяснить…
Не понял никто… Это, мол, поэт.

Было много мечты, густились они, как тучи,
Облака тех мечтаний куда разлетелись?
Кто даст ответ?
Я о жизни петь начал песню…

Одну только песню…
Не увидело сердце весны, что цвела
прелестно…

И тогда задрожали березы в большой тревоге,
Сосны встали рядами, прижавшись друг
к другу тесно.
С той поры, как ослабла орда, дело стало

плачевным,
Пищи хватит лишь на день…
Луч вязнет в травах вечерних.
…Потерял свою силу, не поднимет груз

черный верблюд,
Опустела земля, с джайляу откочевало
кочевье…

Я УШЕЛ В ОЗЕРО…

Памяти Талаптана Ахметжана
О Талаптан! Незабвенный друг, дорогой,
И от тебя ускользнула эта жизнь.
Уплыл твой корабль, исчез за крутою волной,

В памяти нашей запечатлелись навсегда,
Как кинокадры, жизни твоей миражи…
О Талаптан! Незабвенный друг, дорогой!
О Талаптан! Ты Алтая гордого сын!

Воля Создателя выше правд и вершин.
Ты воспевал птиц на рассвете, ранней ранью,
Ты выделялся средь нас, сирых и серых,
Тарбагатаю равен был средь нас один.

Но замутилась вода в озере этом,
Утром не встретишь ты меня с добрым
приветом,
Если поранить крыло, гусь упадет,

И над могилой твоей туч черных ход,
В черной шали они висят над планетой.
О Талаптан!
Люди ищут тебя, а ты лишь на снимке…

До этой осени уж не дойти
Из далекой тьмы,

Тайны этой не постигли большие умы,
Вместе с Кайратом, Нурланом,
с друзьями в обнимку
Ты походи, пока не прибудем и мы.

За черным лесом остался твой народ,
В мире бренном кто вину на себя берет?
Дверь в кабинет осталась закрытой на ключ,
Союз писателей – священный Духа оплот –

Дух твой живет здесь, и молод, и могуч.
…Я много думал и не придумал ничего,
Черные воды горького горя, тайна из тайн.
Не то что враги, друзья не поймут всего…

Я возвратился и эту тяжесть с собою понес,
…Я утонул в озере том,
В озере слез, о Талаптан!

БАЯНТАУ

Эта песня осталась в Баянтау, средь степей,
Там, где гладь прозрачная Жасыбая…
Вижу я перевал и пришедших людей,
Слушать, будто Баян в Баянтау распевает…

Здесь с древнейших времен была песня своя,
Если хочешь гореть, там костры и огни…
И сейчас есть возможность степным
соловьям

Показать, как умеют спеть песню они…
Здесь Машхур,
И Олжас,
И Бухар,

Суюндик.
От того Суюндика корень велик,
У просторных степей вкус и запах особый,
Здесь веками настоян певчий язык.

Словно райский сад – заповедник Баян,
Желмая5 легендарная здесь горбами качала,
И деревья, раскинув листвы океан,
Нашей давней мечты осеняли начало.

О блаженные дни – великий Баян.
5 Желмая – верблюдица из казахских легенд.

Направлением верным ведет Баян,
Здесь я путник, что мудростью осиян,
Время нас вскормило, как жеребят,
Вдохновения здесь получаю заряд,

И свидетель тому седой караган6.
Расцветает звездная эта земля,
Каждый год в Баянтау приезжаю и я,
Замолкает мир, внемля местности этой,

Снится Баянаул, в тех снах счастлив я,
Земля песен,
Звезд, творцов и поэтов.

6 Караган – кустарник (степная акация)

ДЕНЬ-ЖЕРЕБЕНОК ПРОВОДИЛ

МАТЬ-НОЧЬ

День-жеребенок проводил мать-ночь,
Чтоб к вечеру самому уйти,
Луна над степью, как лампа, точь-в-точь,
Машинной фарой свечу в пути…

Почему не пошел я по многим следам
И все ждал приговор судьбы?
Уподобился я морским волнам,
Что о берег бьются, пеня горбы.

Приземлившись на тонкую руку ветвей,
Ты ль была моей белой птицей?
Ты вдохнула запах полынных степей,
Ночью песня степная приснится.

Это жизнь моя - мой воздух, моя страна,
Иногда в колыбели тесно,
И за осенями гонялась весна -
Это годы мои, мои песни…

Отстоялось, очистилось небо,
Водоем родниковый, белый.
И летят, звеня, прямо в небыль,
Дни, стремительные, как стрелы…

С ВЕРШИН БАЯНАУЛА НЕ СХОДЯТ

ОБЛАКА

С вершин Баянаула не сходят облака,
Народной этой песни тревожная строка
Мне стала откровеньем,
Причиной вдохновенья:

«Там на вершине сопки с птенцами
птица-мать…
Своих птенцов ей надо от ястреба спасать,
С вершин Баянаула не сходят облака».

Задуматься не хочет ученое начальство,
Народ от наших предков не отличим пока…
С тех пор, как потерял народ наш свое счастье,
С вершин Баянаула не сходят облака.

Пусть с Баянтау начнется сегодня моя песня,
Флаг на ветру трепещет, ты воздуха глотни,
И можешь разорваться, как шар,
вдруг лопнуть-треснуть,

Но в небе моей родины облака плотны…
Сайгаков бьет навылет эпоха самострелов,
Беременное время, в нем прошлые века…
Лежат, не шелохнутся верблюдицею белой,

С вершин Баянаула не сходят облака.

Народ наш каждый день и плачет, и клянется,
Создатель, твое сердце все терпит,
все страдает?
И если над казахами взойдет однажды Солнце,

Неужто не уйдут тучи с Баянтау?
Вот осень. И построен дом теплый в ноябре,
Я в поиске, ищу заветный яркий луч…
Никак я не найду покоя на горе,

Вновь над Баянаулом повисли гроздья туч.

ПО ПРОСТРАНСТВУ СТЕПИ

САНИ ЛЕТЯТ, СКОЛЬЗЯ

По пространству степи сани летят, скользя,
Рассекают снега мои сильные,
мощные кони,
Были славной опорой стране ее сыновья,

Что-то нынче приснились они,
Не дают мне покоя.
Что же больно тебе, душа,
Все ведь верно делаю вроде я,

И леченьем каким сам я был бы
весьма доволен?
Если струны, звеня, не бросают в небо
мелодию,

Старый черный кобыз - он тоже бывает
болен.
Что хочу, я сумею сказать без шума и драк?
И успею ли я дождаться заветного тома?

Не рассохлись ли колья, не качнется ли
шанырак,
И не дрогнут ли стены доброго старого дома?

Путь конечный один,
Пусть ты едешь в телеге другой,
И тебе бы понять, о чем она – песня жизни.
Помни, если ружье уж заряжено, дорогой,

Значит, грянет выстрел,
Предвестие чьей-то тризны.

* * *
«Если весело - играй и смейся,
Я бы играл…»
Не до праздников.

Кто на шею верблюда жизнь повесил…
Я глухому о тайнах своих рассказал,
Ох, проказники…
Я ж не весел.

Если с неба должен жемчуг упасть -
Пусть сегодня падает
Стремя!
Твоим ядом не отравиться - пасть

Разевает время.
Я бы лучше сошел с ума, чем правды-ребенка
Слышать голос, горький, как у жеребенка.
И со всех сторон словно воют волки

Из плохого сна.
В уголках глаз слезинки только,
Все ли моя вина?
И мечта моя - это белый конь, литые копыта,

Но подковы желаний жестоко о камни
избиты…
И надеяться надо на новый день,
И что нежненько

Вот придет рассвет,

И я жду лучи, что всех лучше…
Я бы всем подарил подснежники,
Но в руках моих… о провидение,
Цветы колючек…

Эти строчки о нежелании смерти,
Пожалей, дай будущее без бурь и стихий,
Оказавшись в будущем добром, поверьте,
Я б без рифмы стал сочинять стихи.

МОЙ АУЛ СРЕДЬ ПРОСТОРОВ

ЖАНААРКИ

Мой аул средь просторов Жанаарки,
Слышит музыку сердце - это стихи…
Быть поэтом - работа,
Участь,

Судьба,
Я не знаю, устал ли и я от строки.
Честь - Мечту - я избрал из сотен имен,
День сегодняшний с завтра связал горизонт,

Обожженный огнем, не обуглился я,
И не принадлежу к группе ворон.
Не скажу, что призы мне начальство дало,
Подо мною на скачках не скрипело седло,

Позади скакуны оставались ни с чем.
В аламан-байге мне весною везло.
Эй, поэт, выше знамя рода и чести,
Стихи не сочиняются с кем-нибудь вместе.

Были лебеди песен моих святыней,
Люди, вы не задушите песню из мести.

Мне досталась судьба и с боем, и с кровью,
Только родичам я все тайны раскрою,
В моих горьких глазах весну разглядев,
В небе капля застыла слезою родною.

НАШ АУЛ

Я приехал в аул.
Там песчаный ад…
По всей Сарыарке песчаный буран.
Серьги жен старших братьев печально

звенят,
Тот песок им нанес очень много ран,
Бьют песчинки, звеня, в стеклянный стакан,
Заглушает все радости

Пыль, ураган.
В день приезда ударил песчаный буран,
Пеленой все закрыл серый плотный туман,
И казалось, он пал уже на века,

Этот бедный аул только белый дождь
Сможет вылечить от тоски и песка.
Если б вылечил, я бы дождю помог,
Я б вернулся из дальних моих дорог,

Чтобы дух возродился,
Чтоб верить в аул,
Осторожно я дверь открыл и взглянул,
Колыбель покачать бы пришел, видит Бог.

Я б качал колыбель с моим шалуном,
Приземлилось бы счастье в доме родном,
На прекрасном коне я б скакал по степи,
Был бы сын материнским вспоён молоком,

И народ мой бурям бы не уступил.

Кто увел от аула его времена?
И когда в этот край заходила весна?
И шагнули друзья в заоблачный край.
…Из Афгана вернулся батыр Афганбай,

До райцентра доехать нет денег… Страна…
Здесь красавицы жили,
Добывали здесь соль…
И на конском базаре стоял дружный гул…

В моей Сарыарке расплодилась моль,
И песчаный буран приносит лишь боль,
Так живет мой родной небольшой аул.
Перевод Орынбая Жанайдарова

«ҚҰЛАГЕР» КӨЗІН АШҚАН КҮН

ақын Ғалым Жайлыбайдың «Ақ сиса»
поэмасы туралы ой-толғам
Қарымы құлашты, поэтикалық диапазоны
кең талант иесі Ғалым Жайлыбайдың өлең

өлкесіне тыңнан түрен салған «Ақ сиса» ат­­
ты поэмасы - Бисмиллахи рахмани рахим,
ал бастадым, - деп қасиетті Құран Кәрім­
дегі, әлбетте, әдеттегі оқырман үшін соны

жаңалық – діни канондық сарындағы жыр
нұсқасына түсіріліп, қайта-қайта жарасымды
екпін беріліп баяндалғанындай, яғни Алланың
атымен бастадым деп уәжіп еткен жұмыр ба-

сты пенденің тәңірлік хикметіне мойынсұнған
бейілдегі ұйқас жолдарымен із ашыпты. Өз­
геше ырғақ, жаңаша рухтағы ішкі дауыс.
Бұл арада осы қызғылықты жәйтке оқырман

ретінде де, қаламдас ретінде де жеке тоқтала
кеткенім абзал болар деп түйдім. Олай бо-
латын себебі, қазіргі поэзиямыздағы ауыз
толтырып айтарлықтай поэма пішіміндегі

(форматындағы)
бұрын-соңды
кездеспеген
тосын үлгі, жаңа түр, әсіресе, мені көптен

сусап қалған таңғажайып дүниедей тамсан-
тып таң-тамаша еткен-ді. Бұл тыңнан туған
бастамалық тәсіл тұңғыш ағартушы Ыбырай
Алтынсариннің бабамыздың:

- Кел, балалар оқылық.Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық! - деп келетін, кеңестік
кезеңде мектеп партасынан жадымызда жат-
талып қалған (Бір Аллаға сыйынып сөзі ол
кезде оқулықта айтылмайтын) атақты өлең

жолдарымен әп-әдемі әсем үйлесе кеткен.
Анығына келсек, яғни бұ­рыннан бар санал-
са да, қазіргі компьютер заманының жас
шайырлары үшін дағдыға еніп, анық көрініс

бере қоймаған мұндай эпикалық үрдістің
әр жүрекке мөлдір кәусардай құйылып, ақ
жауын моншақтарындай көңілге айрықша
жағымды жұпарын сеуіп кетері де ұнамды

жәйт. Аталған поэма, қандай да бір болсын
көркем дүниелерді ұлт оқырманына таңдап-
талғап қана ұсынатын, ел баспасөзінің бас
сардары «Егемен Қазақстан» газетінде 2010

жылдың 15 қыркүйегінде жарық көрген. Сия-
сы әлі кебе қоймаған «Ақ сиса» көненің көзі

- күні кешегідей көрінген шақта туған жұрты

зарығып қауышқан аяулы ұлы ақынымыз -
Ілияс Жансүгіровтей жыр жүйрігінің «Құлагер»
поэмасын көз алдымызға еріксіз келтіріп,
шерлі парақтары аяусыз қидаланған, жоғы әлі

де түгенделіп бітпеген талайлы тарихымыздың
мұңлы да зарлы сарынын ұрпаққа жеткізетін
асылдың сынығындай болып көрінді маған.
Ілияс ақынның фольклористикалық жыр бай­

лығы жөнінен қазіргі таңда әлемдік классика
деңгейіндегі шығармалар санатында саналуға
әбден лайықты «Құлагер» поэмасы:
«...Тамсантқан әніменен кәрі, жасын,

Демейміз елге Ақанды сөз қылмасын.
Әңгіме Ақан емес, Құлагер ғой,
Осынан бастамақшы ек сөздің басын...»
сияқты әрі қарай жоғары өрлеп кете бермейтін

бе еді (Ілияс Жансүгіров, Құлагер, поэ­малар
мен өлеңдер, «Жазушы» баспасы, 1994, 20-21
беттер)!?
«Ақ сиса» атты Ғ. Жайлыбайдың көлемді

бұл туындысы І. Жансүгіровтің жасын жыр­
ларының жаңғырығындай күңіреніп, Жаяу
Мұсадай өнерпазды өзек етіп, Құлагер-тағдыр
бей­несінде көздерін әнтек ашып, күлдір-күл­

дір кісінеген қоңыраулы әуездей естілетін
бейкүнә дауыспен біздерге жұмбақ кейіпте үн
қатқандай. Туындының кіріспе бөлім санала-
тын шартты преамбуласы одан әрі қарай парал-

лелизм тәсілімен лирикалық-психологиялық
өлең түріндегі атақты «Құлагердің» сарыны-
мен қоса өрби келе:
Ақынды аяла аспан, аяла күн,

Төр етіп төскейіңді саяладым.

Көлінде Жасыбайдың сайран салып
Ақбеттен асқақтаттым Баян әнін.
Жасыл бел, жасыл әлем, сая бағым,
Айдында аққуымды аяладың.

Жыр етіп алдыңа әкеп жая аламын,
Қазақтың қай алқабын, қай алабын.
Баянсыз баяны бар бақи күннің
Баянды ғұмыры бар Баянаның,-

іспетті ілгеріде европалық шет жұрттар үр­
діс еткен сентименталистік бағыттағы сезім­
талдық-динамикалық қарқынмен үдей түсіп,
шарықтай береді. Көркем шығарманың сюжеті

осылайша сұлбаланып, автор ішкі монологпен
баяу баяндай түсіп негізгі оқиғаға да өз орайы-
мен ойысады. Өйткені, оқиға ХІХ ғасырдың
орта шеніне таяу мезгілдегі ескілікті дәстүр-

салт, имандылық негізі берік орныққан, қазақы
тұрмыстың қаймағы бұзыла қоймаған ұлт
тыныс-тіршілігінің қоңырқай мінезін, қамсыз
күйдегі кезеңін суреттейді. Бұл шақ аузынан от

шашқан зеңбірек сүйретіп, болашақ бекіністер
үшін шаһар сала бастаған отаршылдық сұм
саясат жоспары бойынша «қара шекпенділер»
көшінің қазақтың шұрайлы жерлеріне қара

шегірткедей қаптап, аталған шығарма кейі­
пкерлері: тіпті, ел билеуші Шорманов Мұсаның
да, сол сияқты сирек дарын иесі Байжанұлы

(Жаяу) Мұсаның да ата-баба жері, ен жайлауы

– Жасыбай көлін жағалап, Ақбеттіні аралап

астында ат ойнақтатып, аң жүгіріп, құс ұшқан
жазиралы кең алқабын пәлендей именбестен-
ақ аршындап пышақ үстінен қылдай бөліске
салған кезі-тін. Ғалым ақында «Ақ сиса» атты

ән иесі Жаяу Мұса ақынның оқиғаға тікелей
араласуы:
Тірлігіңнің аты өмір,
Заты жалған,

Керуен соққан күндердің
Хаты қалған.
“Ақ сиса” ақын Мұса өткен
Ақбеттауда –

“Мұстапасы Шорманның атын алған”-,
деп шиеленістің себеп-салдарын ашып берсе,
ал бұл ұлт басына түскен қасіретті хал-ахуал
ұлы жыршы Ілияс ақында:

Арманды ел ақ патшаға арыз қылған,
Арыздан борыш басып, қарыз қуған.
Жер мұның, елдің шерін өлең қылып,
Ақан да жанның бірі жаны ауырған,-

дейтін өткір жыр шумақтарымен баяндалған
(Ілияс Жансүгіров, Құлагер, поэмалар мен
өлеңдер, Сонда. 19-бет).

Халық биік өнер иесі – өзін де, желмен
жарысқан Құлагердей тұлпарын да әспеттеген
ел еркесі Ақан серінің де ата қонысы бұрынғы
зар заман ақындары жырлап кеткендей «аузы

түкті кәуірдің» қолында қалып аһ ұратын, Ақ
патшаның «бөліп ал да, билей бер!» дейтін
зұлым саясатына жалаң қылыш-найзамен ат
қойып қарсы атойлаған сахараның соңғы ха­

ны – асыл текті Кенесарының да Қыр төсін
дү­бірлетіп, Сыр бойына дейін ат шалды-
рып, «айға шапқандай арыстандай» шарасыз
аласұрған шағы еді. Дала өлкелеріндегі әр-

әр жерден бұрқ ете түскен ұлт-азаттық қоз­­
ғалыстары самодержавиелік Ресейді талай рет
әуре-сарсаңға түсірген-ді. Осылайша, 1843
жылғы шілде айының 27-ші жұл­дызында патша

ағзам І Николай Ресей импери­ясы құрамындағы
қазақ хандығына қарсы кең көлемді әскери
қозғалыстарға дем беретін айрықша құжатқа қол
қойып, басы азат қа­зақтың еркіндігіне бұғалық

салды. Осыдан тұп-тура 3 жыл бұрын, яғни...
«1840 жылдардың екінші жартысынан бастап
Баянаула түгелдей Орыс казачествосының за-
пас жеріне айналды. Қыс қыстау, жаз жайлауы

тарылған Шорман тұқымының Айдаболдың
Малқозысымен, Жаяу Мұса елімен егесінің
басталған кезі осы тұс» (Ғ. Жайлыбай, «Ақ
сиса» поэмасынан). Кезең мен кеңістікте қатар

туып, қатар өмір сүрген, даланың әні мен сәніне
айналған арда ұлдары – Баянауладағы «шын-
жыр балақ, шұбар төс» әулеттен жазықсыз
жапа шегіп, абақтыға тоғытылған, ұлы Абайша

айтқанда - «мыңмен жалғыз алысқан» – әнші
Жаяу Мұса мен Құла­гердей серігінен айры-
лып, өмірден өксігі тарқамай өткен Ақандай
серіні байланыстырушы ерекше күш – Қазақ

елінің «алды соқпақ, арты жар» бұлыңғыр
тағдыры мен ертеңгі даму болашағы, Шек-
спирше айтқанда: «болу, болмаса – бордай
тозу» халіндегі халқына қол ұшын созып

жанұшыру, көзсіз көбелектей болып араша түсу
ахуалындағы тар таңдау болатын. Осындайда
әділдігін айтқан бек дұрыс, бұрын-соңды дәл
Ғалым ақындай отаршылдық саясат зардапта-

рын поэзия жанрында жалғанның жарығына
шығарып, бүгінгі өскелең ұрпақ қамы үшін де
ащы шындықтың шырайын бұлайша кіргізіп
айтқандар некен-саяқ деп топшылауға әбден

боларлық. Әйтпесе, қазіргі еркіндіктің саф
ауасымен кең тыныстаған мамыражай кезеңде,
қолмен жазылып, мөр қойылып, тасқа басылған
өз өлкелеріміздің атауларын қайдағы бір қиян

жұрттың әулие-әнбиелерінің атында қалдырып
қойып, дәрменсіз де пұшайман күйге түсер ме
едік дейсің осындайда «Ақ сисаны» саралай
оқып, тереңнен толғана отырып!?

Осы айтылған тарихи-хронологиялық оқи­
ғалар негізінде өмірге келген «Ақ сиса» поэ­
масының идеялық тақырыбы өз басына түскен
тағдыр теперіші арқылы бұқара қауым­ның

мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, іштегі арман-
аңсарын әнмен жеткізе білген Ақ сиса» атты
әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеген әйгілі әнді,
оның авторын оқырманға бүгінгі қазақ өлеңінде

сиректеу ұшырасып қалатын эпикалық өлшем
тұрғысынан таныту екендігін байқап отырмыз.
Әнде ол Жаяу Мұса аузымен төмендегіше ай-
тылады:

«…Сәлем айт,
көп Қаржастың баласына,
Қалдым мен Мұстапаның жаласына.
Әкеңді өлтірген кім мен білмеймін,

Сонда да құнын менен аласың ба?
…Тобылға он екі жыл мен айдалдым,
Артымда елім, жұртым бәрің қалдың.
Адамға еш жазығым жоқ болса да

Нақақтан жазаландым, көп сандалдым».
Ақын бұл арада өз кейіпкерінің төл сөзін
орайымен келтіріп, оны шығармадағы сю­
жет­тік желімен жымдастырып жібергендігін

шын шеберлік ретінде бағалаған жөн. Ол та­
биғатпен сұқбаттасу әдісін қолдана отырып,

жан­дының жансызбен тілдесуі арқылы қаратпа
мәндегі үн қату жолымен өзінің ділгір жауабын
тап­қандай болады. Оның нақты мысалын мына
шу­мақтардан айқын аңғарамыз:

Тазалап зарлы жүрек,
Мұң көңілді,
Ақбеттің ар жағынан күн көрінді.
Баянтау!

Барыңды жай алдымызға
Жасыбай,
Жасырмай айт білгеніңді.
Сол сияқты поэманың желі құраушы ком­

позициялық ерекшеліктері «Құлагер» шығар­
масында негізгі мотивке құрыла­тындықтай,
мұн­да да ол қазақ өлеңінің дәстүрлі формасы-
на, көркемдік табиғатына сай әдемі ырғақпен

үдемелі ыңғайда өріліп отырады:
…Баян Баян болғалы,
Көкалалы көп үйрек
Көліне кеп қонғалы.

Сан жыршылар жырлады
Сан ақындар толғады.
Торсық шеке ұландай
Толып туған толғағы.

Шың басында қырандай
Айналаны шолғаны.
Мұндағы, сан ғасырлардағы көне жыраулар
заманынан бүгінге дейін жеткен, кей тұстарда

түр өзгерістері байқалатын шумақтағы жол-
дар 4 буынды болып келсе (поэманың кей
бөлімдеріндегі шумақтарда ол 7, 11 буынды
да құрайды), бұған қоса, сөз мәнін өңдеп-

жетілдіріп, өзгертіп айту, зат пен құбылыстың
айқындауыш мәнін мейлінше ұғындырып-
танытып көрсету үшін оларды осындай мәндер­
дегі айқындауыштарға теңеп-балап айта­тын

метафоралық құрал ретіндегі салыстырма­лы
бояу-реңктер поэманың өн бойынан молы-
нан ұшырасады. Бұл арада тек тілдік теңеу
құ­ралы бедерленіп қана қоймаған, сондай-ақ

шығар­маның ырғақ әуезділігі, интонациялық-
мелодикалық іс-қызметі де өз міндетін мінсіз
ат­қарып тұрғандай.
Жалпы, шығарманың сюжеттік фабуласы

Баян бойын жайлаған екі қауым елдің шұ­
райлы да шырайлы жер үшін бір-бірімен
қыр­ғи-қабақ дұшпанға айнала жаздаған тала­
сын бейнелейтін текетірес әрекеті арқылы

аңыз оқиғаны одан әрі дамытып, осы өлкедегі
ақылы мен көрігі жұрттан асқан Әппақ ананың
даналығы бойынша:

Ай, ағайын, абайла!
Мәмілеге дау көнбесе айналады дамайға.
Бірлігіңе ендеше
Бітім керек қалайда,- болып тарқатылады.

Ақынның тапқыр тәсілмен келтірген «даудың
мәмілеге көнбеуі» сияқты кереғарлық мінез-
құ­былысты қаншалықты образды санасақ,
«даудың дамайға» түрленуін жалпыдан жалқыға

соншалықты сараланып жіктелуі деп бағаласақ
керек-ті. Ертедегі аңызға сәйкес оқиғаның
соңы бітіммен аяқталып, әлгінде айтылған
Әппақ ана есімі ел аузында Баянаула, БАЙ-

АНА, Баянауыл болып бүгінгі күнге дейін
жетіп отырғандығы, оның жаңарған рухы
түнерген бұлт астынан шыққан сәулесі өткір
ашық күндей жарқ ете түскен.

«Ақ сиса, қызыл сиса,сиса,сиса,
Жүрмейді кімдер жаяу,зорлық қылса
Жиылып орыс,қазақ қашқын дейді,
Көрермін ақыр бір күн туса».

Бұл аталған шумақ – поэма кейіпкері Мұ­
са Байжанұлының ел билеушісі Мұса Шор­
мановтың ауылының тұсынан өтіп бара жа-
тып, аспанға ән әуелетіп, оның қырына ілініп,

жазықсыз жазықты болып, астындағы атынан

айрылып, Жаяу атануға себепші болған атақты
«Ақ сиса» әнінен алынған жолдар. Оны өлең
сүйер қалың көпшіліктің де жақсы білетіндігі
белгілі жәйт. Әйгілі өнерпаздың ішкі сезім

күйіне терең бойлай біліп, оның бүгінгі ұрпағы
әрі жоқтаушысы тұрғысында сөз зерін қағаз
бетіне төккен ақын Ғалым Жайлыбай қызу ша-
быт үстінде поэманың бұл тарауын:

Ай нұрын аялаған асыл күйдің
Рухынан от оранып,
Жасын кидім.
Аттыны ат үстінен домалатқан

“Ақ сиса” аруағыңа басымды идім,-
деп шабыт шалқарымен аяқтаған. Поэманың
стильдік қолданысы – экcпрессивті, эмоцио-
нальды сипатта болып келгендіктен, «рухтан

от орану, жасын кию» шын шебердің ғана
қолынан келетін іс, келісті кейіптеу.
Ғ. Жайлыбай поэмасының тілдік күш-қуа­
тын лингвистикалық тұрғыдан зерделеп тал-

дау – оның эстетикалық өнер табиғатын, хал­
қымыздың тілдік бай элементтерімен қоса жыр
қайнарына суарылған қайталанбас дара қырын
оқырмандардың

ұғынып-түсінуіне
септігін
тигізбек үшін де біздің тараптан өтелуге
тиісті қаламгерлік парыз саналмақ. Оның күллі

мазмұнын бүге-шігесіне дейін қалдырмай оқырманға түп-түгел баяндап шығудың бұл арада аса қажеті бола қоймағандығы да рас.Туындыда бұған қоса ассонанс және аллитерация түрлеріндегі жарасымды дыбыс үндесулерінің алма-кезек қайталанып келуі де әсерлі әдіптелген. Әдетте, І. Жансүгіровтей ұлы ақынымыз «Құ­ ла­герде» былайша: Құлагер шапшытқанда көкке қанды, Тек бала шыр-шыр етіп аттан салды. Жоқ болды ақбоз атты, қара киім, Тұйғынкөк шыға шауып кете берді- (Ілияс Жансүгіров, Құлагер, поэмалар мен өлеңдер, Бұл да сонда, 63-бет) деген әсерлі баяндаумен Ақанға қосылып аузынан ыстық жалын ата аһ ұратыны көпшілікке мәлім. Трагедиялық шарықтау сәті. Бұл жерде ешбір әсірелеу жоқ, тек реалистік деректі сурет қана бар. Атақты шығарманың кульминациялық сәті финалға осылай келіп тоғысса, Ғалымның «Ақ сисасында» оның ширығу сәті төмендегіше апайқын көрінеді: Кесір күндер кеткен жоқ кекке айналып, Өшкен ғайып дүние-ай, өткен ғайып.

Сәлем айтып Қаржастың баласына –
Тобыл жаққа сол ақын кетті айдалып.
Екі дәуір. Екі кейіпкер. Екі шығарма. Желі
бір. Мінез ұқсас. Көркемдік шешім ортақ. Жыр

дүлдүлі Ілияс поэмасының соңғы тарауында
аяқталар әңгіме мазмұнын:
Құйылған «Құлагердей» ән құлаққа,
Күңіреніп Ерейменде өлген атқа.

Алатау, кең даланың Қыр, Сырында,
Ән тарап жатты осындай Арқа жақта...
(Ілияс Жансүгіров, Құлагер, поэмалар мен
өлеңдер, Бұл да сонда, 78-бет),- деп түйіндеген

болса, ал бұл тың туынды:
Қазақ үшін білгенім,
Баянаула – бақ отау.
Ашық болсын күндерің,

Қаратау мен Алатау...
сияқты мәнерде жалғасын тауып, өзінің көркем
де келісті қорытындысын жасайды.
Ұлт поэзиясының жыр жауһарлары қата­

рына тыңнан қосылған, әдебиет сүйер қауым
көптен күткен соны серпінді, ерекше си-
патты дүние – бұл поэмада ән жүйрігі Жаяу

Мұса Байжанұлы оқырманға жақын келіп ақ
қағаз бетінде тура тілдескендей, іштегі мұң-
шерін ақтарғандай болса, 1937-ші жылдың
зобалаңында өз кейіпкерінің ащы тағдырын

айнытпай қайталаған Ілияс ақынның бейнесі
де көз алдымызда заңғар тұлғалана түсіп, бір
сәтке жалт етіп өткендей. Маған сабақтас
дүниедей көрінген «Ақ сиса» шығармасының

мұншалықты ыстық әсерінен соң әйгілі
«Құлагер» мына жарық дүниеге осылайша
аялы көздерін ақырын ғана ашып келе жат-
ты... Расын айту керек, дәл мен үшін, Ғалым

Жайлыбай сынды эпикалық қарымы мол та-
лантты туындыгердің ғажайып сазды сөз энер-
гетикасы арқылы жоғарыда сипатталған ұлы
шығарма сарынының бүгінгі қазақ өлеңінің

жаңа замандағы салқар көшіне «Ақ сиса» аты-
мен шебер де шынайы трансформациялануы
осылайша жүріп өткен еді.
Бақытжан АБЫЗОВ,

ақын, тәржімашы, мәдениеттанушы.

Галым Жайлыбай
Родился 9 февраля 1958 года в ауле Женис
Жанааркинского района Карагандинской области.
В 1993 году окончил факультет менеджмента,

экономики и социального развития. Работал в ми-
нистерстве иностранных дел, в различных респу-
бликанских изданиях. Был заведующим отделом
поэзии журнала «Жулдуз», заместителем главного

редактора газеты «Казах адебиеті», главным ре-
дактором «Казахского радио», с 2007 года первый
заместитель Председателя Правления Союза Писа-
телей Казахстана. Автор сборников стихов «Листья

моей души» (1988), «Звезда сердца», (1996), «Кры-
лья птицы» (2001), «В душе моей простые стихи»
(2006), «Ардакурен» (2008), «Тобылгыжарган»
(2011), сборника статей «Судьбы моей корни». Сти-

хи переведены на русский, украинский, турецкий,
кыргызский и другие языки. Лауреат международ-
ной литературной премии «Алаш» (1999), награж-
ден медалями «Ерен енбеги ушин», «Десять лет не-

зависимости». Неоднократный победитель разных
поэтических конкурсов (мушайра), лауреат премии
международнгого фестиваля поэзии «Вечерняя
звезда» в г. Сапанша (Турция) (2001), награжден

золотой медалью им. С. Есенина Международного
Сообщества Писательских Союзов (МСПС), орде-
ном «Курмет» (2009).

Содержание Сулейменов О.О. Предисловие............................................3 Ақ сиса. Поэма.................................................................5 БЕЛЫЙ СИТЕЦ («Ак сиса»). Поэма..............................39 ПРОЩАЛЬНОЕ СЛОВО или АУЛ ПЕШЕГО МУСЫ....................................................71 БІР-АҚ ӨЛЕҢ... ...............................................................73 «Қаз мойынды ер салып,..»...........................................75 Бір тал үкі.......................................................................77 Көктебеден барады көшіп көктем... ............................80 Сары қыз, сарша тамыз, сары орамал... .....................82 Байғазы – жыр... ...........................................................84 Бөрі сырғақ.....................................................................87 Бесқарағай басынан... ...................................................89 «Бастағы балғын шақтың баяны ұшып,..»..................91 Шағылдың шалғайында шағын ауыл... ......................92 Аспантау аққулары... ....................................................94 «Анашымның ар емізген арманы ем,..».......................96 Үрімжі. Желтоқсанның 16-шы жұлдызы....................98 Ақерке...........................................................................100 Айнам-ай... (Элегия)....................................................102 Бір-ақ өлең... ...............................................................103 Қара Ертіс, қайран Ертіс... ........................................104 Жеделхат... ...................................................................106 «Ұлытауымның дара шыңында…»............................108

МОИ БЕЛЫЕ ПТИЦЫ..................................................109 «Этот белый свет,..».....................................................111 Дом на осенней стоянке..............................................112 Поломанная арба..........................................................114 Девушка Лейла.............................................................116 «В самой глубине моих глаз...»...................................118 Песня Бегимай.............................................................119 «Поднимусь на вершину крутого, как жизнь, холма.…»......................................................................121 Я ушел в озеро… .........................................................123 Баянтау...........................................................................125 День-жеребенок проводил мать-ночь........................127 С вершин Баянаула не сходят облака.........................128 По пространству степи сани летят, скользя..............130 «Если весело – играй и смейся…».............................132 Мой аул средь просторов Жанаарки..........................134 Наш аул.........................................................................136 «ҚҰЛАГЕР» КӨЗІН АШҚАН КҮН ақын Ғалым Жайлыбайдың «Ақ сиса» поэмасы туралы ой-толғам............................................................138

ГАЛЫМ ЖАЙЛЫБАЙ

АК СИСА (БЕЛЫЙ СИТЕЦ)

Поэма
Ответственный редактор: Сафар Абдулло
Компьютерный дизайн: Карпун К.К.
Компьютерная верстка: Корчина Т.Г.

Корректура на русском языке: Корчина Т.Г., Фомина О.А.
Корректура на казахском языке: Искакова Т.
Подписано в печать 00.04.2013 г.
Формат 70х90 1/32

Бумага офсетная. Печать офсетная.
Услов.печ.л ……..Уч. изд.л…….
Тираж 1000 экз. Заказ №_______
ТОО Издательский дом «Библиотека Олжаса»

050029 г.Алматы, ул.Мауленова, 92.
Тел. 267-64-04, 267-63-15.
Отпечатано в типографии

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙